АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Кәсіпорын қаржысын басқаруды талдау («Қазпочта» АК мысалында»)

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………..5

 

  1. Компанияның ақша қаражаттарын басқарудың теориялық  негіздері.

1.1 Кәсіпорын қаржысы және оны басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктері………………………………………………………………………………………………….8

1.2      Ақша қаражаттарының мәні мен түрлері………………………………………………15

 

  1. Кәсіпорын қаржысын басқаруды талдау («Қазпочта» акционерлік қоғамының мысалында»)

2.1       Кәсіпорынның қаржылық жағдайының сипаттамасы……………………………24

2.2 «Қазпочта» акционерлік қоғам қаржысын басқару механизмін талдау……………………………………………………………………………………………………………38

2.3    Қаржыны пайдалану тиімділігін бағалау………………………………………………..47

 

  1. «Қазпочта» акционерлік қоғамының қаржысын басқаруды жетілдіру жолдары……………………………………………………………………………………………………….54

 

Қорытынды………………………………………………………………………………………………….63

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі………………………………………………………………..66

 

 

 

Кіріспе

 

       Тақырыптың өзектілігі. Қазіргі кезде көптеген мемлекеттердің экономикасында басыңқы орынды түрлі саладағы өнеркәсіп кәсіпорындары алады. Елімізде қайта өңдеу өнеркәсібі салаларының кәсіпорындарының дамуына көп мән берілетіндігіне қарамастан, өндіруші өнеркәсібінің салалары Қазақстан Республикасының экономикасының өсуіне айтарлықтай үлес қосуда.

         Елде экономика саласындағы жинақталған ғылыми-техникалық әлеуеттің құнды элементтерін жоғалту қаупі өсті. Өнеркәсіп өндірісіндегі құлдырау мен инвестициялық белсенділіктің қысқаруы, төлем жүргізу дағдарысы мен бағалардың инфляциялық өсуі жағдайында кәсіпорындардың қаржылық жағдайы ауыр халге ұшырады.90-жылдардың аяғына қарай экономика саласының жақсаруымен Қазақстанның өнеркәсіп өсуінің үлесі өсе бастады, әсіресе бұл соңғы жылдары байқалды.

          Осы бағыт Президенттің халыққа жолдауында, яғни ел экономикасының өнеркәсіп саясатына арналған 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық стратегиясынан көрінді. Қаржының құрылу процесі мен қаржыландыру көздерінің мәселесі нақтылы микро деңгейде елеулі маңыздылыққа ие болды.

           Шаруашылық жүргізудің рыноктық үлгісі жағдайында кәсіпорындардың қаржылық тұрақтылығы, төлемқабілеттігіне жету үшін қаржы ресурстары болуы қажет және оларды құрудың жетілдірілген тәсілдерін қолдана отырып, жүйелі түрде көбейту қажет.

           Сыртқы қаржылық ресурстарды тарту үшін әлеуетті табысты және инвесторларға тиімді кәсіпорындардың дамуы аса қажетті болып табылады.                Сондай-ақ бұл жердегі тұрақты дамудың шарттарының бірі меншікті қаржы ресурстарының жеткіліктігі және кәсіпорынның қаржы ресурстарын құрудағы қаржы рыногының құралдарын қолдану мүмкіндігі болып табылады.

Қазіргі кезде кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызметін сыртқы қаржыландырудың түрлі жолдары бар, бірақ солармен қатар ішкі қаржыландыруды да жетілдіру қажет. Акционерлік қоғамға айналған және мемлекеттік емес нысанға негізделген көптеген өнеркәсіп кәсіпорындары қаржы қаражаттарының қажеттілігін ұғынуда. Инвестицияларды қаржыландырудың қысқаруынан, яғни қаржы ресурстарының жетіспеушілігінен мәжбүрлі тоқырау пайда болады. Осыған сәйкеc Қазақстандағы шаруашылық жүргізудің рыноктық үлгісі жағдайында кәсіпорынның қаржы ресурстарын, қаржысын құру мен оларды онтайлы басқару мәселесі өте күрделі.

            Қаржы қызметінің басты мақсаты — кәсіпорынның және өндірістің тиімді дамуы және максималды табыс ету үшін қаржы-қаражаттарын қашан, қалай және қайда пайдалануды шешу. Рыноктық экономика жағдайында өмір сүру және кәсіпорынның банкротқа ұшырауын болдырмау үшін, қаржыларды қалай басқару керектігін, капитал құрамы мен білім беру көздері құрылымының қандай болу керектігін, қарыз және меншікті қаражаттардың қанша бөлігін алатынын жақсы білу керек.

       Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың мақсаты шаруашылық жүргізудің рыноктық үлгісі жағдайындағы Қазақстан Республикасы кәсіпорындарының қаржысының құрылуын теориялық және практикалық тұрғыдан қарастыру және мұңдағы оңтайлы жолдарды анықтау.

       Осы жұмыстың негізгі мақсаты, зерттелетін кәсіпорынның ақша қаражатын басқару тиімділігіне анализ жасау. Компанияның ақша қаражатын басқаруды жетілдіру бойынша кеңес беру және оларды жүзеге асыру.                                         Дипломдық жұмыстың мақсатына жету келесі міндетті мәселелерді шешуді қарастырады:

    — шаруашылық жүргізудің рыноктық үлгісі жағдайындағы       кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық қызмет етуінде қаржының мазмұны мен ролін зерттеу;

    —  оңтайлы жолдарды қолдана отырып, кәсіпорындардың  қаржылық әлеуетін көтерудегі негізігі қаржылық құралдардың маңыздылығын түсіндіру;

    — қазіргі кездегі «Қазпочта» АҚ-ң мысалында ақша қаражатына талдау жүргізу.

    —  кәсіпорын қаржысын құруды жетілдіру бойынша шаралар әзірлеу.

    —  кәсіпорындарының қаржы ресурстарына талдау жүргізу.

       Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде кәсіпорынның қаржысын басқарудың теориялық негізі берілген және бұл басқарудың принциптері бөлініп көрсетіледі. Екінші бөлімінде зерттеліп отырған «Казпочта» кәсіпорнына мінездеме беріледі, дипломдық жұмыстың тақырыбымен байланысты кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері көрсетіліп, есеп айырысулар жүргізіледі, олардың нәтижелері бойынша қорытынды қалыптасады және үшінші бөлімде басқару бойынша берілетін кеңестер дәлелденді. Қорытынды бөлімінде «Қазпочта» АҚ-ның қаржысын басқарудың жетілдіру жолдарына ұсыныстар берілді..

        Ақша қозғалысына аудит және талдау жүргізу әдістерін зерделеу және ақша қаражаттарын тиімді пайдалану жолдарын анықтау. Осы мақсатты ескере отырып дипломдық жұмыстың  негізгі міндеттері ретінде келесілерді  атап өтуге болады:

— қаржылық есептіліктің аудитті жүзеге асырудағы және қаржылық жағдайды талдаудағы ақпараттық базасы ретіндегі мәнін ашу;

— ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептіліктің қаржылық есептілік құрамындағы орнын негіздеу;

— нақты кәсіпорын мәліметтерінің негізінде, ақша қаражаттары қозғалысына аудит жүргізу тәртібін ашып-көрсету;

— ақша қаражаттары қозғалысына талдау жүргізу әдістерін зерттеу;

— Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептілікті талдау әдістерін меңгеру және олардың тиімділігін арттыру бойынша шаралар кешенін дайындау.

        Зерттеу пәні. Компанияның ақша қаражаттарын басқару үдерісі жатады.

        Зерттеу объектісіне « Қазпочта» Акционерлік қоғам ақша қаражаттарына талдау жасау.

        Зерттеудің ақпараттық базасы. Зерттеудің ақпараттар базасы ретінде «Қазпочта» акционерлік қоғамға арналған ҚР-ның заңдары мен нормативтік актілері, қоғам қаулысымен бекітілген ережелері, нұсқаулықтар және өзге нормативтік құжаттары, ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, «Қазпочта» акционерлік қоғамның есептік материалдары, ҚР статистикалық агенттіктің сандық мәліметтері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ  қоғамның  активі мен пассивін басқару жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар және т.с.с. пайдаланылды

         Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы – компанияның ақша қаражаттарының қазіргі кезде мекеменің өзбетінділігінің, экономикалық және заңды жауапкершілігінің, сонымен қатар шаруашылық субъектілерінің қаржылық тұрақтылығы мағынасының кенеттен артуымен, кәсіпорынның қаржысын рационалды басқару рөлінің артуымен байланысты анықталады

         Дипломдық жұмысты орындау барысында  Қазақстан Республикасында  бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті, аудит пен талдауды реттейтін нормативті-құқықтық құжаттар, методикалық нұсқаулар, арнайы әдебиеттер, зерттеліп отырған мәселе бойынша шетел  және отандық экономистердің ғылыми еңбектері қолданылды. Зерттеу монографиялық, экономика-статистикалық тағы басқа әдістер негізінде жүргізілді.

        Дипломдық жұмыстың құрылымы.Дипломның құрылымы кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен,  және 10 кесте, 4 суреттен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1.   Компанияның ақша қаражаттарын басқарудың теориялық  негіздері

 

1.1   Кәсіпорын каржысы және оны басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктері

 

        Қаржы — ақша қорларын ауыспалы айналым процесінде қалыптастыру мен оларды пайдалану кезіндегі ақша қатынастарының жиынтығы.

        Мемлекеттік қаржылар деңгейінде елдің біріңғай қаржылық саясатын жетілдіру жүзеге асырылады, бұл өз кезегінде кәсіпорын қызметінің тиімділігіне байланысты.

        Кәсіпорын қаржысы еліміздің қаржы жүйесінің құрылымында елеулі орын алады, мемлекеттік қаржы қорларының басым бөлігі кәсіпорын деңгейінде калыптасады. Республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің 70-80 %-і салық түсімдері есебінен күралады.

         Кәсіпорын қаржысының негізгі қызметтері: бөліп-тарату, бақылау.

        Қаржының бөліп-тарату қызметі арқылы кәсіпорын иелігіндегі барлық ақшалай табыстар мен қорлар қалыптастырылады және пайдаланылады. Қаржылардың бөліп-тарату қызметінің орындалуы арқасында үзіліссіз өндірісті ұйымдастыру жолға қойылады, сонымен қатар бұл құбылыстың басқа да сатыларға әсер етуі қамтамасыз етіледі. Демек, ақша қаражаттарының дұрыс таратылуы кәсіпорын жұмыстарын ынталандырады, олардың барған сайын жақсара беруіне серпінді ықпал етеді.

         Кәсіпорын жұмысында жұмсалған қаржылардың қайтарымына бақылау жасау өте қажет. Бақылау қызметтерінің негіздері қаржы ресурстарының қозғалысынан түрады. Олар өз кезегінде қор ретінде және қордан тыс нысандарда кұрылады.

        Бақылау қызметінің маңызды екі мәні бар: бухгалтерлік, статистикалық және басқа да есептесулердегі қаржы көрсеткіштері, қаржылай ықпалдар.

        Егер бұрынғы орталықтандырылған бюрократтық-жоспарлау жүйе кезінде кәсіпорынды басқару өнім шығару, пайда, өзіндік құн және басқа да көрсеткіштер бойынша қатаң шектеулерге негізделсе, қазіргі рыноктық қатынастар жағдайында ол экономикалық тетіктер арқылы (салықтар, несиелер, мемлекеттік қаржылық қолдау, түрлі жеңілдіктер, сақтандыру және т.б.) жүзеге асырылады.

         Кәсіпорын қаржыларын ұйымдастырудың негізгі принциптері: қаржылық-шаруашылық қызметтегі дербестік, өзін-өзі қаржыландыру және басқару, жұмыстың түпкілікті нәтижелеріне мүдделілік, қол жеткен нәтижелерді еселей түсу,   қаржы резервтерін жасау, қаржыны меншіктік және қарыз деп екіге бөліп ұстау, мемлекеттік бюджет және бюджеттен тыс қорлардың алдындағы міндеттерді бірінші кезекте орындау, кәсіпорын қызметтеріне қаржылық бақылау жасау. Қаржылық қатынастар құрамы кәсіпорындағы ақша қатынастарының мына топтарымен тығыз байланыста болады:

        — контрагентпен алғашқы табыстарды калыптастыру қорларды толық белгіленген ішкі шаруашылық негізінде кұру және пайдалану (жарғылық капиталы,өндірісті дамыту қоры, көтермелеу (ынталандыру) қорлары және.) жөнінде;

          — кәсіпорындармен — қаржыларды бөлу тәртібі бойынша, қаржы ресурстарының қозғалысы қордан тыс нысанда жүзеге асады (келісім-шарт міндеттерін бүзған жағдайда айыппұлдар төлеттіру және төлеу, әр түрлі пай жарналарын (үлес) енгізу, бірлесіп тындырылған қызметтерден түскен пайданы бөлісуге қатысу, басқа кәсіпорындардың бағалы қағаздарын пайдалану және соның негізінде дивидендтер алу.);

          — өнімді түгынушылармен жасалған шарттарды орындау барысында кәсіпорындар келісімдердің нысандары мен түрлерін өздері таңдайды, міндеттердің орындалу шарттарын және санкция қолдану тәртіптерін анықтайды, өзінің өнімдері мен қызметтеріне қарай бағаны қалыптастырады және жеткізушілердің баға негіздерін де бағдарлайды;

            — сақтандыру ұйымдарымен міндетті және ерікті сақтандыру түрлері бойынша;

            — банктер жүйесімен алынған сомаларды және қарыздарды өтеуге бағытталған проценттерді төлеуге байланысты есеп айырысу-кассалық қызметтер көрсету, сонымен қатар банктер ұсынған нақты төлеммен уақытша бос ақша қаражаттарын пайдалану мәселелері бойынша;

           — мемлекетпен бюджеттік және бюджеттен тыс қорларды құру және пайдалану. Ақша қатынастарының бұл бағыттағы жұмысы бюджеттік және бюджеттен тыс қорларға әр түрлі салықтар, алымдар, жарналар жүйесін
енгізу арқылы жүргізіледі;

          — бағынышты басқару құрылымдарымен ішкі салаларда қаржы ресурстарын бөлуде «тікелей» және «көлденең» өзара байланыста болуы [8].

         Ақша қатынастарының бұл топтары кәсіпорын қаржыларының тұтас мазмұнын құрайды. Шаруашылық субъектілерінің ақшалай табыстары және жинақтарының қалыптасуына қарай, оларды банк жүйесі алдындағы міндеттерін орындау, ағымдағы шығындар және өндірістің жұмысын кеңейту, еңбеккерлерді әлеуметтік қамтамасыз ету және материалдық ынталандыруларды  қаржыландыру қажеттіліктеріне пайдаланады.

         Қаржы механизмі — бұл қаржы ресурстарын ұйымдастыру, жоспарлау және тиімді пайдалануды көздейтін өзара тығыз байланысты мына төмендегі бес элементтердің жиынтығы: қаржы әдістері, қаржы тетіктері, құқықтық қамтамасыз ету, нормативті қамтамасыз ету, ақпараттық қамтамасыз ету.

         Қаржы әдістері — бұл қаржы қатынастарының шаруашылық процестеріне ықпалы, яғни тигізетін әсері. Ол кезегінше мына төмендегі екі бағытта іске асырылып отырады: бірінші, қаржы ресурстары қозғалысын басқару жүйесі; екінші рыноктық қатынастар бойынша.

        Қаржы әдістеріне бұдан басқа: шығындар мен түпкі нәтижелерді салыстыра отырып саралау, материалдық ынталандыру, ақша қаражаттарын тиімді пайдалану жатады.

         Рыноктық қатынастардың даму деңгейіне қарай, қаржының өндіріс пен айналыс арасындағы қызметтері коммерциялық есеп айырысуға байланысты.                                    Бұл қаржы-шаруашылық қызметтерінің шығындары мен өндірістің түпкі нәтижелерін ақшалай нысанда бағалау деген сөз.

         Қаржы тетігі бұл – бұл қаржы әдістерін кәсіпорынның іс-әрекеттерінде қолдана білу. 

         Әр түрлі ақпараттар, мысалы, жеткізуші, сатып алушы жөніндегі хабарлар интеллектуалды меншіктің бір түрі болып табылады және кәсіпорынның жарғылық капиталында белгілі бір үлеске ие.

         Басқару адам қызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе. Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

        Адамдардың саналы, мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдардьң объективті заңдылықтары мен талаптарына негізделген. Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып және оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып, мемлекеттік, шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам қаржыны, бағаны, кредитті және тағы басқаларын қоса, өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.

         Қаржыны басқару — бұл қаржыға және шектес экономикалық-әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау үдерісі және қаржылық қатынастардың бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет шараларының жиынтығы. Сөйтіп, қаржыны басқару — бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсаты; қаржы механизмі — бүл мақсатқа жетудің құралы; қаржы саясаты — қаржыны басқарудың тиісті үдерісінің түпкілікті қорытынды нәтижесі. Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің, соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.

        Қаржыны басқарудың мақсаты макроэкономикалық теңгерілімдікте, бюджет- профицитінде, мемлекеттік борыштың азаюында, ұлттық валютаньң беріктігінде, ақырында, мемлекет пен қоғамның барлық мүшелерінің экономикалық мүдделерінің үйлесуінде көрінетін қаржының тұрақтылығы мен қаржыньң тәуелсіздігі болып табылады.

        Қаржыны басқарудың негізіне мына қагидаттар қойылған: басқарудағы демократизм, қаржы мәселелеріне саяси тәсілдеме, басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы үйлесуі, басқарудың ғылымилығы, орталықтандырылған, салалық және аумақтық басқарудағы келісушілік;, басқарудағы жауапкершілік,  шаруашылық шешімдерінің сабақтастығы.

         Қаржыны басқарудың екі аспектісін ажырата білген жөн: біріншіден, мемлекет қаржыны, оның нысандарын экономика мен әлеуметтік сфераны басқарудың тетігі, тұтқасы ретінде пайдаланады және сөйтіп, қоғамдық өндірістің бүкіл үдерісіне ықпал жасайды; екіншіден, қаржының өзі басқарудың объектісі болып табылады: қаржы қатынастарының нысандары, ақша корлары, қаржы аппараты, яғни қаржы мекемелерінің жүйесі  басқарылады.

          Қаржыны басқаруға ғылыми тәсілдеме қажет: бұл қаржылық сипаттағы басқару шешімдерін әзірлеген кезде экономикалық заңдардың талаптарынан басқа, экономикалық талдау нәтижелерінің ескерілетінін, басқарудың экономикалық және әкімшілік әдістерінің ұтымды үйлесуінің қолданылатынын білдіреді. Қаржыны ғылыми басқару іс-қимылға жаңа қаржы әдістері мен тұтқаларын енгізу немесе ескілерінің күшін жою жолымен келеңсіз құбылыстарды уақтылы жеңіп отыруды қажет етеді. Сонымен бірге айқын және уақтылы экономикалық ақпарат, ғылыми негізделген көрсеткіштер, жоғары сапалы перспективалық және ағымдағы қаржылық жоспарлау талап етіледі [9].                             

        Қаржыны басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесіндегідей басқарудың объектілері мен субъектілері бөлінеді. Объектілер ретінде қаржылық қатынастардың сан алуан түрлері бола алады, басқаруды жүзеге асыратын ұйымдық құрылымдар субъектілер болып табылады. Қаржылық қатынастардың сыныптамасына сәйкес олардың сфералары бойынша объектілердің екі тобын бөледі: шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы, мемлекеттің қаржысы. Оларға басқарудың мына субъектілері сәйкес келеді: қаржы службалары (шаруашылық жүргізуші субъектілердің бөлімдері), қаржы және салық органдары. Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдық құрылымдардың жиынтығы қаржы аппараты деп аталады.

         Рыноктық экономиканың қалыптасып, дамуы жағдайында қаржыны басқару қаржы бойынша басқару шешімдерін негіздеуді, бүгінде нашар пайдаланып жүрген әдістерді іске асыруды, басқару функцияларының — реттеудің, қаржы рыногын қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретіндегі қаржы ресурстарын есебін тауып пайдалануды күшейтуді талап етеді. Бұл жағдайда рыноктық экономикаға көшкен Шығыс Европа елдерінің де, сонымен бірге әлеуметтік жағынан бағдарланған рыноктық экономика жағдайында көп жылдар бойы өмір сүріп отырған капиталистік елдердің де тәжірибесін ескерген жөн.

         Өткен кездің оңтайлы тәжірибесіне келеңсіз қарау қаржының дамуына, оны басқаруға қайшы келді: бюджетке төленетін төлемдердің салық нысандары жеткіліксіз пайдаланылды; бюджеттен төленетін субвенциялардан (мақсатты жәрдем қаржыдан) бас тарту болды. Осы және басқа себептерге байланысты қаржының рөлі төмендеді. Экономиканы басқаруды қайта құру жаңа қаржы саясатын жасап, жүзеге асыруды, қаржыны басқарудың қағидалы жаңа әдістеріне көшуді талап етті. Бұл әдістер экономикаға қаржының реттеуші ықпалын күшейтуді қамтамасыз етуі, қоғамдық өндірістің тиімділігін өсіруге, әлеуметтік саланы дамытуға мүмкіндік туғызуы тиіс.

         Ұлттық шаруашылық салаларының қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы басқармалары мен бөлімдері, фирмалардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері мен қаржы службалары жүзеге асырады.

           Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері мен топтары басқарады.

           Бірқатар министрліктер мен ведомостваларда қаржыны басқарудың сызбасы басқарудың басқа функцияларымен: жоспарлауды (болжауды), есепке алуды орындаумен қоса атқарылады. Мұндай жағдайларда жоспарлау — қаржылық немесе қаржыльқ-бухгалтерлік басқармалар жұмыс жүргізеді. Бұл органдар жүйенің шаруашылық-қаржылық қызметін талдайды, қаржыны, айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, шаруашылық айналымына пайдаланылмай жатқан тауар-материалдық кұндылықтарды тартуды, өнімсіз шығыстар мен сыраптарды қысқартуды, ведомствоға қарасты объектілердің залалдылығын азайтуды және жоюды, ішкішаруашылықтық резервтерді жұмылдыруды, ресурстарды пайдалануды жақсартуды, шығындарды төмендетуді, табыстылықты (рентабелділікті) арттыруды пайдалана отырып оның тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар дайындайды.       Олар сонымен бірге ведомоствоға қарасты шаруашылық бірліктерінің қаржылық жұмыстарын реттейтін нұсқаулар, нұсқаулықтар, әдістемелік материалдар дайындайды.

         Министрліктер мен басқа жоғарғы органдардың қаржы басқармаларының аппараты жиынтық қаржыны болжау (жоспарлау), кірістер мен шығыстардың жиынтық балансын бақылау жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады, ведомствоға қарасты шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдерінің жұмысын үйлестіреді.

         Фирмаларда, компанияларда қаржылық жұмысты дербес құрылымдық бөлімше болып табылатын қаржы бөлімі жүзеге асырады. Шағын фирмаларда қаржы бөлімдері өткізім бөлімімен немесе бухгалтериямен (қаржы-өткізім немесе бухгалтерлік-қаржы бөлімдері) қоса атқарылуы мүмкін.

          Қаржы жүйесінің бұл буынында рынок жағдайында басқару қаржы менеджменті деп аталады және шаруашылық жүргізуші субъектілердің кәсіпкерлік қызметі арқылы және соның шеңберінде әлеуметтік-экономикалық үдерістерді және ақша ағындарының қозғалысын басқарудың нысаны болып табылады. Қаржы менеджментінің мәні тиісті службалар тарапынан қосымша қаржы ресурстарын ең тиімді етіп тартуға, оларды неғұрлым ұтымды етіп жұмсауға, қаржы рыногында бағалы қағаздарды сатып алып, қайтып сатып пайдалы операциялар жасауға мүмкіндік беретіндей етіп қаржыны басқаруды ұйымдастыру.

          Төменгі буындарда қаржы менеджментінің объектілері мыналар болып табылады: жылжымайтын және жылжымалы мүлік, мүліктік құқықтар, жұмыстар және қызметтер, ақпарат, зияткерлік(интеллектуалдық) қызметтің нәтижелері, материалдық емес игіліктер.

          Қаржы менеджменті уәждемелерге — адамдардың немесе ұжымдардың қажеттіліктері мен тиісті қылықтарын анықтайтын мақсаттарды іске асыру жөніндегі қызметке негізделеді. Уәждеме іскерлік белсенділікті, еңбек өнімділігі мен сапасын ынталандыру үдерісінде көрінеді.

          Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы бөлімдері (службалары) кредит және есеп айырысу операцияларының (акцияның, вексельдің, факторингтің және басқалардың) жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурстарымен оңтайландыруды жүзеге асырады.                  Шаруашылық серіктестіктерінде қаржыны басқаруды басқа функциялармен қатар, жоғарғы органдар — олардың қатысушыларының жалпы жиналысы (өкілдіктердің жалпы жиналысы), акционерлік қоғамдарда — акционерлердің жалпы жиналысы үйлестіріп отырады.. Атқарушы орган — басқарма өзінің лауазымды адамдарының, соның ішінде қаржыны басқару жөніндегі лауазымды адамдардың құрамына мыналарды кіріктіреді: қаржы жөніндегі вицепрезиденті (басқарушының орынбасарын); ол серіктестіктің (қоғамның) тиісті бөлімшесіне — қаржы бөліміне, топқа, секторға жетекшілік етеді немесе оның бағынысындағы жеке қызметшілер — шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қызметінің бағыттары жөніндегі қаржы менеджерлері жұмыс істейді.

             Қаржы бөлімінің құрылымы (2-суретті қараңыз), әдетте болжамды-талдамалық, есеп-қисап, шағым, оперативтік-қаржылық жұмыстың бағыттарын кіріктіреді.

             Қаржы бөлімінің тұрпаттық құрылымы мыналарды кіріктіреді: жоспарлау-экономикалық бюросы(қаржылық-кредиттік жоспарлау, оперативтік жоспарлау мен бақылау, экономикалық талдау топтары); банк және кассалық операциялар бюросы, есеп айырысу бюросы (сатып алушылармен есеп айырысу, тапсырыс берушілермен есеп айырысу топтары). Валюталық операцияларды жүзеге асыратын кәсіпорындарда валюта тобы құрылады.

             Ірі кәсіпорындарда қаржы қызметін экономика немесе қаржы жөніндегі директордың орынбасары, қаржы директоры, вице-президент(әсіресе, акционерлік қоғамда), қаржы менеджерлері басқаруы мүмкін. Бұл лауазымды адамдарға басқа экономикалық службалар: жоспарлау-экономикалық службасы, бухгалтерия, экономикалық талдау секторы бағынуы мүмкін.

           Ұзақ уақыт бойы отандық практикада мекемелердің қаржылық қызметінің өзіндік мәні болмады, олардың жұмыстары қатаң анықталған формаларды қолдану арқылы есеп айырысуларды жүзеге асыруға нақты нәтиже және элментарлы қаржы жоспары мен есеп беруін құруға жүктелді.           Нақты (нәтиже) тек қана бухгалтерия жұмысында болды, яғни қаржылық бухгалтерлік жұмыстарды деп аталатын  бір қызмет шегінде біріктіру дұрыс болып табылады.

           Қаражаттарды ұйымдастырудың мұндай практикасы ресми кәсіпорындарда болады және әлгі күнге дейін бар. Бірақ кәсіпорын меңгерушісі мынаны  ескеру керек: одан әрі жақсы бухгалтер және әрі жақсы қаржыгерлері бола алмайды.

           Бухгалтер жұмысының негізгісі болып алдынғы құжаттарды шығару және инструкциямен циркулярға сай бухгалтерлік тіркеулерде оларды дәл көрсету.

           Қаржы менеджерінің жұмысы белгісіздік жағдайында шешім қабылдаумен байланысты, ол тәуекел деңгейін бағалай алатын және тәуекелге бара алатын, сыртқы ортада орын алатын жаңаруды тез қабылдай алатын шығармашылық құнға тең болуы керек.

           Қаржы менеджерінің жұмысында — ең бастысы болып оның кәсіпорынды басқарудың жоғары звеносы жұмысының белгілі бір бөлігін құрастыруы немесе қаржылық мінездемедегі басқару шешімдерінн қабылдау үшін қажетті және пайдалы аналитикалық ақпаратпен қамтамсыз етуде болып табылады.

           Мекеменің ұйымдастырушылық құрылымына тәуелсіз қаржы менеджері қаржы проблемаларының  анализіне, кейбір жағдайларла жоғарғы шешім қабылданған басшылыққа рекомендацияларды шығаруға жауап береді.

           Техникалық жоғарғы бөлімі және үлкен өндірістік кәсіпорынның көптеген мамандарын қаржылық қызметтің қызметкерлерінен тіл табысу және оларға нақты тапсырмалар қою қиынға соғады. Нәтижесінде, қаржылық жағдайларды бақылау кей жағдайларда қаржылық қызметтерге жүктеледі.             Қаржыгерлердің ие болатын ақпараты басқару шешмдерін қабылдауда аса маңызды болып табылады.

 

 

 

Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржы бөлімі

      Жоспарлау-

экономикалық

бюросы

Банк және кассалық операциялар      бюросы

Есеп айырысу     бюросы

Бағалы қағаздар

бюросы

ТОПТАР

 

 

 

 

 

 

 

Қаржылық-кредиттік жоспарлау

Оперативтік жоспарлау мен бақылау

Экономикалық талдау

Кредиттік операциялар

Кассалық операциялар

Сатып алушыламен есеп айырьсу бюросы

Тапсырыс берушілермен есеп айырысу

Корпоративтік қағаздардың бюросы

Басқадай құрадардың бюросы

                       

Сурет 1. Шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржысын басқару   

  Қайнар көзі: АльПари журналының мәліметі бойынша

 

       Басқарушы тұлға кәсіпорынның және жалпы алғанда рыноктың ағымдағы жағдайын бағалау үшін келесі қадамдарын жоспарлау керек: ол үшін ақпарат ағымын регламенттеудің қатаң жүйесі қажет. Бұған тән жүйені құрудың бірінші тапсырымы – қызметтің қаржылық аспектісімен байланысты сұрақтарды, көрсеткіштерді, құжаттарды үш негізгі топқа біріктіру  болып табылады.

        1-топ – кәсіпорын деңгейінде шешім қабылдау аясы. Мысалы, көп кәсіпорынның стратегиялық позициясын меншікті капиталдың рентабельділігін болжау, кәсіпорынның табысының құрылымын анализдеу, қаржы рыногын анықтау (қарызға алынған қаражаттың мақсаттылығын бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіш).

        2-топ — тапсырыс берулерді қою аясы. Кәсіпорынның оперативті басқару тиімділігін көрсететін есеп берулер мен аналитикалық  салыстырылымдар немесе бұл аядағы жоспарлау басқарушы мақсаттарды қалыптастыру алады және келесі көрсеткіштерді қолдана отырып есептерді алады. Олар сатылым рентабельділігі, активтер рентабельділігі, ұсталымдарды басқару жүйесі, шығынға ұшырау деңгейі, операциялық тұтқасы, кәсіпорын қызметінің активтілік көрсеткіштері, ақша ағындарын басқару кәсіпорын бөлімшелерінің ақшамен қызметінің сапасын көрсетеді

            3-топ – бақылау аясы. Бұнда орталық звено менеджерлері ақпараттың массивтілігін анализдейді, бұл ақпарат негізінде бөлімшелер бойынша оперативті салыстыруларды қалыптастырады.

        Қаржы-өткізім бөлімдері сатып алушылармен, тапсырыс берушілермен, бюджетпен, банктермен, жоғарғы ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі, қаржылық жоспарлау және талдау, кассалық сияқты топтарға бөлінеді. Осыған ұқсас функцияларды жеке атқарушы — мамандар орындай алады.

        Қаржы бөлімдері жоқ шаруашылық органдарында қаржылық жоспарлау мен қаржы нормативтерінің есеп-қисабы экономикалық службаға, ал оперативтік-қаржылық жұмыс, есеп-қисаптардың барлық түрлері және кассалық жоспарлау бухгалтерияға жүктеледі.    Сурет 1.

       Шаруашьшық жүргізуші субъектілердің қаржы службаларының маңызды міндеттері мыналар болып табылады:

  — табысты немесе пайданы өсірудің жолдарын іздестіру және рентабелділікті      арттыру;

  — өндіріс, инвестициялар, жаңа техниканы өндіру және басқа жоспарлы шығындар жөніндегі тапсырмаларды қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету;

   — мемлекеттік бюджет, банктер, жеткізушілер, жоғарғы ұйымдар алдындағы қаржылық міндеттемелерді орындау;

   —   есеп айырысуларды ұйымдастыру;

    -өндірістік капитал мен күрделі жұмсалымдарды тиімді пайдалануға жәрдемдесу;

    — қаржы ресурстарын дұрыс пайдалануды бақылау, айналым қаражаттарының сақталымдылығы мен тездетілген айналымдылығын қамтамасыз ету және басқалары.

          Кәсіпорындардың қаржысын оперативті басқаруға банк мекемелері қатысады. Екінші деңгей банктері есеп айырысу-кассалық қызмет көрсетуді жүзеге асырады, ақшаға уақытша қажеттіліктерді несиелендіреді.

          Шаруашьшықты жүргізудің рыноктық негізіне көшкеннен кейін кәсіпорын басшыларының, акционерлік компаниялар мүшелерінің ғана емес, сондай-ақ басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістері жағдайында болмашы рөл атқарған қаржы службаларының да рөлі ерекше арта түсті. Кәсіпорындарды дамытудың қаржы көздерін, қаржы ресурстарын неғұрлым тиімді инвестициялаудың бағыттарын іздестіру, бағалы қағаздармен операциялар жасау және қаржы менеджментінін басқа мәселелері рыноктық экономика жағдайында кәсіпорындардың қаржы службаларының негізгі мәселелері болып отыр.

 

  • Ақша қаражаттарының мәні мен түрлері

        Ақша қаражаттарына компанияның кассасындағы және ағымдағы шотындағы ақша кіреді.Ақша қаражаттарының баламалары – алдын ала белгілі ақша қаражаттарысомасына тез айналатын және олардың құны шамалы тәуекелге ұшырайтын қысқа мерзімді, жоғары өтімді салымдар. Ақша қаражаттарының баламалары инвестициялар және басқа да мақсаттардан гөрі, ең алдымен қысқа мерзімді міндеттемелерді өтеуге арналған. Ақша қаражаттарының баламалары ретінде жіктелетін инвестиция ақша қаражаттарының белгілі бір сомасы оңай айналысқа түсуі және құн өзгерісінің шамалы тәуекеліне ұшырауы тиіс. Осылайша, әдетте инвестиция ақша қаражаттарының баламасы ретінде, оның қысқа мерзімі, айталық, үш ай немесе сатып алу күнінен бастап одан аз өтеу мерзімі болған кезде ғана жіктеледі.    Меншік капиталына салынған инвестициялар, егер олар, негізінен, ақша қаражаттарының баламалары болып табылмағанда ғана, мысалы, оларды өтеу күніне дейін көп ұзамастан сатып алынған артықшылықты акциялары болған және сатып алудың нақты күні көрсетілген жағдайда ақша қаражаттарының баламаларынан алынып тасталады. Барлық шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарымен жұмыс істейді. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі бір жағынан ақша қаражаттары есебінің дұрыс жолға қойылуынан да тәуелді. Шаруашылық қызметінде кәсіпорын басқа кәсіпорындармен сатып алынған  негізгі құралдар, материалдар мен шикізаттар, орындалған қызметтер үшін есеп айырысулар жүргізеді. Сонымен бірге кәсіпорын есеп айырысулар жолымен салық органдармен, еден қызметімен, бюджеттпен қарым-қатынасқа түседі.                Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысулар екі формада жүргізіледі: қолма-қол ақшасыз және нақты ақшамен есеп айырысулар арқылы. Банк арқылы кассалық есеп айырысулар жүргізу мемлекеттің кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін жан-жақты бақылауға мүмкіндік береді. Банк мекемелері кәсіпорындардың шаруашылық қызметіне жұмсалатын шығындарын қадағалауға, олардың басқа субъектілермен уақтылы есеп айыысуын реттеуге, банктен түрлі мақсаттар үшін несие алуға мүмкіндік береді.                                                            

 Ақша қаражаттарының есебі алдында келесідей міндеттер тұр:                                       

  • есеп регистрлерінде ақша қаражаттарының белгіленген чектер негізінде дұрыс пайдалануын қадағалау;
  • ақша қаражаттарының мақсатты жұмсалуын қадағалау мақсатымен кезең сайын түгендеу жұмыстарын жүргізу;
  • кассадағы және ағымдық шоттағы ақша қаражаттарының бар болуы мен жұмсалуын бақылау;
  • есеп айырысу тәртібінің орындалуын бақылау.
  • шаруашылық субъектілер мен уақтылы есеп айырысулар жүргізуді қағалау;

         Ақша қаражаттарының бар болуы мен олар бойынша есеп айырысуларды дұрыс ұйымдастыру есеп айырысу тәртібінің бекуіне, дебиторлық және кредиторлық  міндеттемелердің кемуіне, ақша қаражаттарының айналымдылығының жылдамдауына, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының нығаюына алып келеді.

        Компания ақша қаражаттарының және олардың баламаларының құрамын ашуы және оның баланста берілген баламалы баптарын бар ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есебіндегі сомаларды салыстырып тексеруі тиіс.               

        Әлемнің әр түрлі елдеріндегі ақша қаражаттарын басқару практикасының және банк ережелерінің сан алуандығын ескере отырып және  1-«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық стандартын сақтау үшін компания ақша қаражаттарының және ақша қаражаттары баламаларының құрамын анықтау үшін қабылданған әдісті ашады.         Ақша қаражаттарының және ақша қаражаттары баламаларының құрамдас бөліктерін анықтау әдісіндегі кез келген өзгерістің, мысалы, бұрын компанияның инвестициялық портфелінің бір бөлігі деп есептелген қаржы құралдарын жіктеудегі өзгерістің ықпалы есептілікте 8-«Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер» IAS Халықаралық стандартына сәйкес беріледі.   

          Барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банкі мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептеуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпке айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт,келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттен асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.

         Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады. Банк шоттары – бұл банк пен клиенттер арасындағы келісім- шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.

           Корреспондеттік шоттар – банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.

           Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары – бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.

            Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.

           Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.

            Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.

          Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.

           Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.

            Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.

           Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне , яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.

           Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:

  • төлем тапсырмасының нөмірі;
  • төлем тапсырмасының жазылған күні;
  • жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған)

коды (ЖТК немесе ИИК) 

  • жіберуші мен бенефициардың банкі шоттарының нөмірі;
  • бенефициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) – бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі-резиденттік белгісін, ал екіншісі-экономиканың секторын көрсетеді;
  • бенефициар-аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
  • банк-алушы-банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
  • бенефициар банкісі-бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
  • жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) – филиаларалық айналымдарының коды (ФАК немесе МФО);
  • төлем арналымының коды – ҚР ҰБ нормативтік-құқықтық актісімен белгіленген және соның негізінде төлемдерді жүзеге асыратын кодтық белгілер, ал ол үш символдан (белгілерден) тұрады;
  • бюджеттік классификациясының (жіктемесінің) коды – салықтарды кері қайтаруда қойылатын код;
  • валюттелген күні – ақша қаражатын бенефициардың (алушының)

банктік шотына ақша қаражатын аударған күні төлем жасаушының нысанымен анықталады.

        Төлем құжатына кез келген жөндеудің түрін жасауға рұқсат етілмейді.

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасындағы жасалған келісімдері бойынша төлем тапсырмалары: жедел мерзімді, мерзімінен бұрын және мерзімі кейінге қалдырылған болып бөлінуі мүмкін.

        Жедел мерзімді төлем мынадай нұсқалар бойынша жүзеге асырылады: аванстық төлем, яғни тауар тиелгенге дейін; тауар тиелгеннен кейін, яғни тауарлар үшін шоттарды тікелей акцептеу жолымен; ірі мәмілелер кезіндегі ішінара төлемдері.

        Мерзімінен бұрын немесе мерзімі кейінге қалдырылған төлемдер шарттық қатынастар аясында тараптардың қаржылық жағдайына зиян келтірмейтіндей етіп жасалуы керек.

        Субъектілер: жеке өздеріне тиесілі қаражатты (зейнетақы, алимент, жалақы, іс-сапар шығыстары, авторлық қаламақы) жекелеген азаматтардың атына; жалақы төлеуге арналған, банк мекемелерінде аударым алушының атын, оның нөмірін, сондай-ақ егер қаражат шотқа аударылуға тиіс болса, онда ол орналасқан банктің аты мен нөмірін көрсетеді. Тапсырмаға қаражат алушылардың тізбесі қоса беріледі, онда кім, қандай мақсаттарға ақша алатыны көрсетіледі. Байланыс кәсіпорындары кәсіпорындарға жолданған әрбір аударым алушы бойынша барлық аударымдардың жалпы сомасына төрт дана етіп жазылатын төлем құжатттары келіп түскеннен кейін төлейді.

       Чектермен есеп айырысу. Чек беру төлемді жүзеге асырудың бір тәсілі болып табылады, онда төлем чек беруші аттас төлем құжатын ұстаушыға беру жолымен жасайды. Чек беру өз мәні бойынша чекті ұстаушының ақшалай міндеттемесін орындау болып табылмайды, бірақ ол соны орындау үшін жазылған болса да. Аталған міндеттемені орындау тек чек бойынша ақшаны алатын кезде ғана болады.

        Чектер жабылатын және жабылмайтын болып бөлінеді. Біріншісі – депозитттермен қамтылған, ал екіншісі – қамтылмаған болып бөлінеді. Бұл кезде чектердің төленетіндігі жөнінде банктердің кепілдік беруі мүмкін, оның ішінде жабылмайтын чектер бойынша да. Чекті қолданумен байланысты банк пен чек берушінің міндеті мен құқығы, чекті қолдану туралы жасалған келісім-шарттың негізінен шығады, яғни бұл келісім-шартта, банк өз клиенттеріне чек берушіге (заңды және жеке тұлға) чегін төлеуді, яғни чек берушінің міндетін өзіне алады, ал клиенттер өз кезегінде банкі белгілеген (демек чектерді беру мен пайдалану) ережелерін сақтауға міндетті. Чек ұстаушылардың құқығы чек берушіден чекті алған кезінен бастап пайда болады. Чектерге, есеп айырысу шотының төлем құжаттарына қол қою құқығына ие тұлғалар қолдарын қояды және қолдарында кітапша иесінің нөмірінің таңбасы болуы керек. Чектер жарамсыз болып қалатындықтан чекте жазылғандарды түзету және өшіруге болмайды. Егер чекті толтыру кезінде қателіктер жіберілсе, онда чекте және чектің түбіртегінде қишағынан «бүлінген» деп жазу жазылады, мерзімі қойылады және кітапша иесінің қолы қойылады.

         Чекті чек ұстаушы төлеуге чек жазылған күні қабылдайды және төлеуге қабылдаған күннің ертеңіне чек ұстаушы арқылы қызмет көрсететін банкке ұсынылуы тиіс. Чек кітапшасынан алынған чектің күшінде болу мерзімі, жазылған күнін есептемегенде, әдетте , 10 күннен аспайды.

         Банк чек берушіден (немесе чек ұстаушыдан) чекті қабылдамауына болады, егер де мынадай жағдайлары анықталса:

  • егер де жазумен жазылған сомасы цифрмен көрсетілмеген болса;
  • чектің мерзімі өтіп кетсе;
  • төлем құжаттарында жасанды жазулардың белгілері бар болса;
  • чек әртүрлі қолмен және әртүрлі сиямен жазылған болса;
  • чектің қорғалу деңгейі оның талабына сай келмесе (қорғалу деңгейі бестен кем болмауы керек);
  • чекте көрсетілген реквизиттер қате болса;
  • чектегі қойылған қолда үлгі ретінде қабылданған құжаттардағы қолымен сәйкес келмесе;
  • чектің жабу сомалары жеткілікті болмаса;
  • чектің басқа да дефектілері бар болса.

           Дефектісі бар чектер чек ұстаушыларға қолхат жазылып қайтарылады. Чектердің дефектілері табылса, банктің бас бухгалтері ол туралы Клирингтік палатаға хабарлайды, ал олар ондай чектердің өңделуін тез арада тоқтатады. Бұндай дефектісі бар чектерге акт жасалады, ол акт төрт данада болады:

     біріншісі – банкте қалса;

     екіншісі – көшірмесімен бірге ішкі істер органдарына беріледі;

     үшіншісі – Клирингтік палатаға беріледі;

     төртіншісі – чекті беруші банкке беріледі.

Мерзімі өтіп кеткен чек кітапшалары пайдаланбауына байланысты чекті   беруші банкке қайтарылады.

        Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражатын есепке алу Кәсіпорындар банкілердің арнаулы шоттарында жасалатын операцияларының есебі 42  «Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары» деген бөлімшесінің шоттарында жүреді. Олардың қатарына келесі шоттар кіреді:

        1060 «Өзге ақша қаражаты» шоты. Бұл шотта аккредитивтегі ақша қаржыларының қозғалысы есепке алынады. Аккредитив – клиенттің тапсыруымен өзі келісімге отырған контрагенттің пайдасына берілген банкісінің сөзсіз орындалуы тиісті міндеттемесі. Ол бойынша аккредитив ашқан банк (банк эмитент) жабдықтаушыларға төлем жасай алады немесе осындай төлемдерді олар аккредитивкте көзделген құжаттарды ұсынған жағдайда басқа банкілердің жүзеге асыруына өкілеттік бере алады.

  Аккредитивтің келесі түрлері ашылады:

  • жабылатын (депоненттелген); қайтарып алынатын немесе қайтпайтын; дәлелденген және трансферабельдік (аудармалы) болып бөлінеді.
  • Жабылатын (депоненттелген) аккредитивті ашқан кезде банк-эмитент орындаушы банкке аккредитивтің сомасына тең ақша сомасын (жабылатын) оның билігіне беріп, ал ол өзінің міндеттемесінің әрекет ету мерзімінде осы ақшаны мүмкіндігінше аккредитив бойынша төлем жасау үшін пайдаланатын жағдаймен келіседі.
  • Қайтарып алынатын аккредитивті банк-эмитент бенефициармен алдын-ала келіспей-ақ (мысалға, келісім-щартта қаралған жағдайды сақтамаған жағдайда) жоюы немесе өзгертуі туралы жағдайды төлеуші тек банк-эмитент арқылы бенефициарға бере алады. Бірақ өзгерту мен жоюдың алдында орындаушы банк, аккредитив жағдайына сәйкес, бенефициар қойған және бенефициар банкісі қабылдаған құжаттарды төлеуге міндетті.
  • Қайтпайтын (немесе қайтарып алынбайтын) аккредитивте банк-эмитенттің барлық жағдайын орындаған кезде аккредитив бойынша төлем жасауды қатаң түрде өз міндетіне алады. Қайтпайтын аккредитив бенефициардың келісімінсіз өзгертуге немесе жоюға жатпайды.
  • Бенефициар аккредитивтің пайдалануын өз мерзімінен бұрын тоқтата алады, егер де бұндай жағдай шартта қаралса.
  • Дәлелденген аккредитив – бұл банк-эмитент болып саналмайтын басқа орындаушы банктердің қосымша кепілдігі бар болса ғана жүзеге асатын аккредитив.
  • Трансферабельдік (аударма) аккредитив – бұл бенефициардың өзінен басқа (екінші бенефициар болып саналатын) бірнеше тұлғаның немесе аккредитивті толық немесе ішінара пайдаланатын мүмкіндігін қарастыратын аккредитив.

        Аккредитив тек бір ғана бенефициармен есеп айырысуға арнаулы мүмкін. Аккредитив бойынша есеп айырысу тәртібі және оның мерзімі бенефициар мен төлеушінің арасындағы келісім-шартта белгіленеді. Сондай-ақ келісімнің ішінде: банк-эмитенттің атауы, аккредитивтің түрі және оны пайдалану тәсілі, аккредитивтің ашылғаны жөнінде жабдықтаушыны хабардар ету тәсілі, аккредитив бойынша қаржы алу үшін бенефициар ұсынған құжаттардың толық тізімі және нақты сипаттары, тауарларды тиегеннен кейін құжаттарды ұсыну мерзімі, оларды рәсімдеуге қойылатын талаптар, басқа қажетті құжаттар мен шарттары болуы қажет.

       Егер аккредитив қысқа мерзімге берілген немесе ұзақ мерзімге берілген несиелердің есебінен ұсынылған болса 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыздар» шотында, ал егер аккредитив есеп айырысу шотынан ұсынылған болса 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаттары»  шотында аккредитивтің ашылуы мүмкін, ол кезде жоғарыдағы шоттар (1030) кредиттеледі де 1060 «Өзге ақша қаражаты» шоты дебеттеледі.

        Аккредитивтің мерзімінің өтуіне байланысты жабдықтаушыға қызмет көрсететін банктегі аккредитив жабылады. Аккредитивтің жабылғаны жөнінде атқарушы банк банк-эмитенті хабар етеді. Жабдықтаушыға қызмет көрсететін банке пайдаланылмаған сомалар оның көрсетуімен қаржылар алынған шотқа қайтадан аударылады; сатып алушының өзімен тұтастай немесе бөлшектеп кері қайтарылған аккредитивтің сомаларына банк-эмитенттен мәлімдеме келіп түскен күні кемітіледі.

        Аккредитивтің жабылғаны жөнінде банк-эмитентке хабарлама жіберіледі.

         1060 «Өзге ақша қаражаты» шоты  бойынша есеп айырысу чек кітапшаларындағы чектер арқылы есепке алынады.  

         Чекбұл өзінің шот есебінен қаражатты алушының (чек ұстаушы) шотына белгілі бір соманы аудару жөніндегі арнаулы қағазға (бланкке) толтырған клиенттің (чек берушінің) өзіне қызмет көрсететін банкке берген жазбаша тапсырмасы.

          1060   «Өзге ақша қаражаты» шотында айрықша сақтауды талап ететін қаражаттар есепке алынады. Бұлар үкіметтің жәрдемі ретінде алынған қаражат, жергілікті бюджеттен мақсатты қаржыландыру, мектепке дейінгі балалар мекемелерін қаржыландыратын кәсіподақ және басқа да ұйымдардың қаражаты, мәдени-ағарту мекемелерінің, демалыс лагерьлері, ата-аналардың балаларын балалар мекемесінде ұстауға жұмсайтын қаражаттары, кәсіпорынның өтініші бойынша жеке шоттан күрделі қаржыны қаржыландыруға шоғырландыратын және жұмсалатын қаражаттар.

           1050 «Жинақ шоттардағы ақша қаражаттары» шотында субъектінің   құрамына кіретін филиалдардың, құрылымдық бірліктердің ақша қаражаттары көрініс табады, онда ағымдағы шығыстарын (еңбек ақы, кейбір шаруашылық шығыстары, іс сапар шығыстары т.б.) жүзеге асыру үшін жергілікті банк мекемелерінде ағымдағы шотын ашады.

Ақша қаржысы, құнды қағаздарын және есеп берудің бланкілерін   түгендеу

        Кассаны түгендеу кезінде кассада тұрған ақша белгілері мен басқа да құндылықтардың нақты бар болуы тексеріледі. Қатаң есептегі бланкілер де тексеруден өткізіледі. Кассадағы ақша белгілері мен басқа құндылықтардың нақты бар болуын есептеу кезінде қолма-қол ақшалар, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, чектер, вексельдер, коносаменттер және заңға сәйкес құнды қағаздар ретінде шығарылған басқа да құжаттар) және ақша құжаттары (маркілер, демалыс үйлеріне және санаторийлерге жолдама, авиабилеттер және т.б.) есепке алынады. Кассадағы қолхаттар есепке алынбайды, яғни олардағы көрсетілген ақшаның сомасы қалдыққа қосылмайды; кассада осы кәсіпорынға тиісті емес ақша қаржылары және басқа да құндылықтардың бар болуы жөніндегі кассирдің мәлімдемесі қабылданбайды.

        Түгелдеу актісінде ақша қаржысының бар болуы түгелдеу күні жасалған есепке алудың мәліметтерімен салыстырылады және нәтижесі анықталады. Кем шығу немесе артық шығу табылған жағдайда актіде оның пайда болу себебі және сомасы көрсетіледі.

       Кәсіпорын кассасында сақталатын құнды қағаздар мен ақша құжаттарын түгелдеу оларды парақтап қайта есептеу жолымен жүргізіледі. Тексеріс құжаттардың жекелеген түрлері бойынша актіде атауы, нөмірі, сериясы және нақтылы бағасы көрсетіліп жүргізіледі.

        Жол үстіндегі ақша қаражаттарын түгелдеу осы шотта тұрған сомаларды: банк мекемелері, байланыс бөлімшелері берген квитанцияларының деректерімен бірге түсімді өткізу кезінде, банк инкоссаторларына түсімді өткізуге берілетін жолдама тізімдемесінің көшірмесін өткізу кезінде және т.с.с; бас кәсіпорынға аударылған сомалар бойынша немесе керісінше одан түскен сомалармен қатаң олардан мерзімі, тапсырманың нөмірі, сомасы және аударымды қабылдаған банк мекемесінің немесе байланыс бөлімшесінің атауы көрсетіліп, түскен мәлімдеме деркетерімен бірге салыстырып тексеру арқылы жүзеге асырылады.

        Банктерде есеп айырысу (ағымдағы), валюталық және арнайы шоттарда тұрған ақша қаражаттарын тізімге алу, кәсіпорын бухгалтериясының деректері бойынша берілген деректермен салыстырып, тексеру арқылы жүзеге асырылады.       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Кәсіпорын қаржысын басқаруды талдау («Қазпочта» акционерлік қоғамының мысалында»)

 

2.1  Кәсіпорынның қаржылық жағдайының сипаттамасы

 

       Пошта  саласы ежелгі адамзат институттарының бірі болып саналады, өмір салауатына қарамастан пошта байланысы  адамдар арасындағы  ең оңай қарым-қатынас жасау жолы болған. Сонымен қатар ол бүгінгі банк жүйелерінің болашақ үлгісі болып табылады.

       Қоғам мемлекет 100% қатысатын акционерлік қоғам болып табылады.Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік 2000 жылғы 7 қаңтардағы             

N 30503-1910-АҚ.

       Қоғам Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорын және оның еншілес мемлекеттік кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы N 1940 қаулысына сәйкес Республикалық мемлекеттік почта байланысы кәсіпорын қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған және 2000 жылғы  7 қаңтарда әрқайсысының номиналды бағасы 1000 теңге 903660 акциялардан тұратын 903660 мың теңге сомасындағы жалпы капиталмен тіркеледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының  Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігінің мәселері туралы  2003 жылғы  22 шілдедегі N 724 қаулысымен Қоғам акцияларының мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының  Ақпараттандыру және байланыс жөніндегі агенттігіне берілді.

        Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 20 желтоқсандағы «Республикалық мемлекеттік почта байланысы кəсіпорны жəне оның еншілес мемлекеттік кəсіпорындарын қайта ұйымдастыру туралы» №1940 Қаулысына сəйкес құрылған.

        Қоғам ұйымдастыру-құқықтық нысандағы акционерлік қоғам болып құрылған заңды тұлға жəне өз қызметін осы Жарғыға жəне Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес жүзеге асырады. Қоғам Қазақстан Республикасында жəне шетелдерде филиалдар мен өкілдіктер ашуға құқықты, оларға өзінің меншікті мүліктерінің есебінен негізгі жəне айналым қаражаттарын үлесіне береді жəне олардың қызмет тəртібін анықтайды. Филиалдың немесе өкілдіктердің мүліктері Қоғамның балансындағы есебінде болады. Қоғам филиал немесе өкілдік ашар кезде    Қазақстан Республикасының заңдарымен анықталған тəртіп бойынша қаржы рыногы мен қаржы ұйымдарын реттеу жəне қадағалау жөніндегі уəкілетті органдарды хабардар етуге міндетті.Филиалдар немесе өкілдіктер қызметінің басшылығын Қоғамның Басқарма Төрағасы тағайындаған тұлғалар жүзеге асырады. Филиалдар мен өкілдіктердің басшылары Қоғам Басқармасының Төрағасы берген сенімхат негізінде əрекет жасайды.

        Қоғамның қаржы-шаруашылық қызметі мүліктік, экономикалық жəне қаржылық дербестік негізде жүзеге асырылады.  Қоғам өз акционерінен оқшауланған өзіне тиесілі мүлікке ие жəне оның міндеттемелері бойынша жауапкершілік тартпайды. Қоғамның дербес балансы, атауы мемлекеттік жəне орыс тілдерінде көрсетілген мөрлері бар.

           Қоғамның банк шоттары бар, сатып алу жəне өз атынан мүліктік жəне жеке мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді жүзеге асырады, соттарда қуынушы жəне жауапкер бола алады, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қарама-қайшы келмейтін басқа да əрекеттерді жүзеге асырады.

Қоғамның заңдармен бекітілген тəртіпте тіркелген тауарлық белгісі жəне рəмізі, сондай-ақ мемлекеттік, орыс жəне ағылшын тілдерінде жəне қажет болғанда басқа тілдерде жасалған мөртабалары, фирмалық бланкілері жəне басқа көзге көрініп байқалатын құралдары болады. Қоғамның ресми тілі — мемлекеттік жəне орыс тілдері болып табылады.  Қоғам мемлекеттік тіркеуден өткен сəттен бастап заңды тұлға құқығын иеленеді.

           Қоғам мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқылы:

—  почта байланысы саласында уəкілетті органмен бекітілген түрлері мен көлеміне сəйкес мемлекеттік почта төлемдерінің белгілерін шығаруды ұйымдастырады;

—  хаттардың (жай, тапсырысты, құндылығы жарияланған), почта карточкаларының (жай, тапсырысты), бандерольдардың, сəлемдемелердің (қарапайым, құндылығы жарияланған, соның ішінде ірі габариттілер).

—  пакеттер мен почта контейнерлерінің қабылдануын, өңделуін жəне табыс етілуін қамтамасыз етеді; почта арқылы ақша аударуды жүзеге асырады;

—  жеделдетілген жəне курьерлік почта қызметін көрсетеді; жасалынатын

келісім-шарттар негізінде мерзімді баспа басылымдарының жазылым жəне бөлшек сауда арқылы таралуын, тасымалдануын жəне жеткізілуін ұйымдастырады;

— өз меншігіндегі немесе жалға алынған авиа, теміржол, автомобиль, ат арба, теңіз жəне өзен көліктерін пайдалану арқылы почта жəне арнайы байланыс жөнелтімдерін тасуды ұйымдастырады.

-жасалынған келісім-шарттар негізінде үйге жеткізіп берумен қоса зейнетақы, жəрдемақы, стипендия, жұмысақы төлеу жөніндегі қызметті жүзеге асырады;

— Дүниежүзілік почта конвенциясында жəне оның Атқарушы регламентінде,   Дүниежүзілік Почта Одағының басқа да актілерінде, арнайы байланыс жөнелтімдерін алмасуды тоқтату туралы үкіметаралық келісімдерде  қарастырылған міндеттемелерге сəйкес халықаралық почта жөнелтімдерінің қабылдануын, өңделуін, жіберілуін, жеткізілуін жəне (немесе) табыс етілуін қамтамасыз етеді;

— почта жəне арнайы байланыс, филателия салаларында пайдалану мен коммерциялық қызмет мəселелері жөнінде шетел почта операторларымен жəне почта əкімшіліктерімен, Дүниежүзілік Почта Одағымен, Аймақтық почта одақтарымен ынтымақтастық жасайды жəне хат алмасуды жүргізеді;

— арнайы байланыс жөнелтімдерін қабылдауды, өңдеуді, сақтауды тасымалдау мен жеткізуді жəне (немесе) табыстауды қамтамасыз етеді;

— азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау, тасымалдау кезіндегісімен қоса меншік иелерінің мүліктерін қорғау сияқты қорғау іс-əрекеттерін жүзеге асырады;

— ұлттық жəне халықаралық почта жəне арнайы байланыс қызметтері рыноктарында почта жөнелтімдерін жіберудің бірыңғай технологиялық жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз етеді жəне Қоғам көрсететін почта жəне арнайы байланыс қызметін пайдалану көрсеткіштері мен сапасы үшін жауапкершілік тартады;

— транзит еркіндігін жəне почта кеңістігінің біртұтастығын қамтамасыз ету арқылы      Қоғамның почта жəне арнайы байланыс қызметтеріне байланысы

торабын халықаралық почта жөнелтілімдерін қабылдау, жіберу жəне табыс ету үшін ұсынады;

— Дүниежүзілік Почта Одағының Актілерінде қарастырылған халықаралық почта жөнелтімдерімен алмасу үшін шетелдік почта операторларымен өзара есеп айырысуларды жүргізу;

— Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес қаржылық қызметті жүзеге асырады жəне қаржы қызметін көрсетеді;

— бюджетке коммуналдық төлемдер мен салықтарды жəне басқа да міндетті төлемдерді қабылдауды ұйымдастырады;

— почта тораптары арқылы халық тұтынатын тауарларды сатады;

— Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес бағалы қағаздарын шығаруың жүзеге асырады;

— несиелер, қарыз облигациялар алады;

— Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес вексельдер мен

облигациялар шығарады;

— Қазақстан Республикасының заңымен белгіленген жағдайларда

кепілдіктер жəне басқа да қаржылық міндеттемелер қабылдауға жəне беруге;

— сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырады;

— төлем карточкаларын шығаруды ұйымдастырады;

— Қазақстан Республикасының заңдарына сəйкес банктің қарыз беру

операцияларын жүзеге асырады.

— Қоғам бағалы қағаздар рыногында мынадай кəсіби қызмет түрлерін

жүзеге асырады:

1) брокерлік-дилерлік;

2) трансфер-агенттік.

— Қоғам Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбайтын басқа да қызмет түрлерін жүзеге асыруға құқықты.

        Егер жоғарыда аталғандармен қоса қандай да бір іс-əрекетті жүзеге асыру үшін құзырлы органның арнайы рұқсаты (лицензия, сертификат) немесе халықаралық органдардың тіркеуі жəне/немесе рұқсаты қажет болса, онда Қоғам қызметтің мұндай түрін Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген тəртіп бойынша тиісті рұқсат (лицензия, сертификат) алғаннан кейін жəне соған сəйкес жүзеге асырады.

         Ұйымдастырушылық басқару құрылымы. Қазіргі кезде Қоғамда үш деңгейлі басқару жүйесі жүзеге асырылады. 1-деңгей –Қоғам филиалдарын тікелей  басқаратын  Орталық  ақпарат.

2-деңгейге 20 филиал кіреді:14 облыстық филиал,    «Астана қ. почта тасымалдау бөлімі» филиалы, «Алматы қ. почта тасымалдау бөлімі»филиалы, «Алматы почтамты» Алматы  филиалы, Республикалық арнайы байланыс қызметі филиалы, «Астана почтамты»  Астана филиалы,«Почтажабдықтау» филиалы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             
     
   
 
     
 
   
 
     
 
   
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2. АҚ Қазпочтаның» басқару құрылымы.

Қайнар көзі: «Қазпочта» акционерлік қоғамның жылдық есебі 2009ж

3-деңгей облыстық филиалдардың қоластындағы 18 қалалық почта баланыс тораптары  (ҚПБТ) мен 156 аудандық почта байланысы тораптарынан (АПБТ) тұрады.Облыстық филиалдар,ҚПБТ-лар мен АПБТ-лар,599 қалалық почта байланысы бөлімдері мен  2530 ауылдық почта байланысы бөлімдері, 66 жылжымалы почта байланысы бөлімшелері және 361 почта байланысы пункттерінің қызметін бақылау, үйлестіру мен басқару  қызметтерін атқарады.

         2007 жылы Басқармамен бекітілген  «Қазпочта» АҚ желісін дамыту жоспарына сәйкес 2008 жылы 12 қалалық, 66 ауылдық почта байланысы бөлімшелері, почта байланысы пункттері ашылды. Жылдарға Қазпочта АҚ инфрақұрылымын дамыту бағдарламасы жасалды.Сурет 3.

        «Қазпочта» акционерлік қоғамының басшылығы өз алдына компанияны республиканың қалалық болсын,ауылдық болсын тұрғындары үшін почталық және қаржылық қызметтер кешенінің  толық ауқымын көрсетуге бағытталған экономиканың жеке сегментіне айналдыру мақсатында қойылды.

          Қазіргі қазақстандық почта-почталық және банктік қызметтердің қосындысы.Бұған Қазақстанның почта саласын  2000 жылы басталған және өз қызметін  диверсификациялауға бағытталған, сонымен қатар почталық және банктік қызметтердің бөлек түрлерін қамтитын почта –жинақ жүйесін қалыптастыруды қарастыратын реформалау септігін тигізді.

          2003жылғы 8 ақпандағы «Почта туралы» ҚР Заңына және басқа да нормативтік  құжаттарға сәйкес почта-жинақ жүйесі қызметін дамыту бойынша мемлекеттік саясаттың жолсерігі ретінде «Қазпочта» акционерлік қоғамы ұлттық почта операторы анықталған еді. ҚР қаржы рыногы мен қаржылық  ұйымдарды реттеу және қадағалау агенттігі , сонымен қатар ҚР Ұлттық банкі лицензияларының негізінде Қоғам қаржылық қызметтердің кейбір түрлерін көрсетуге құқылы болды. Реформалау нәтижесінде соңғы жылдар ішінде қазақстандық почта дамуының ең маңызды жетістіктері –көрсетілген қызметтер ауқымын кеңейту, яғни почталық қызметтерден  басқа қаржылық қызметтердің кейбір түрлерін , банктік және агенттік қызметтер көрсету. Өз қаражаты және республикалық  бюджет есебінен материалдық –техникалық негізді жаңарту үрдісі басталды.

           2000-2008 жылдар аралығында 15.0 млрд. теңгеге жуық инвестиция тартылды.Нәтижесінде почта бөлімшелері ғимараттарының күрделі және техникалық жабдықталу деңгейі көтерілді, жұмыс орындары кассалық техника, компьютерлік және банктік құрал –жабдықтармен қамтылды, қазіргі бағдарламалық өнімдер алынып, автокөлік пен почталық вагондар паркі жаңартылды.

           2008жылы 462 013.6 мың теңге сомасына 249 жаңа автомобиль, оның ішінде республикалық бюджеттен бөлінген қаражат – 251 900,0мың теңге .Бұған қоса Компания жалпы сомасы 582 960,0 мың теңгеге 7 жаңа почта вагонын сатып алды, бұл кезегінде Астана Ақтау Астана қосымша теміржол бағдарын ашуға және Алматы Петропавл Алматы бағдары бойынша вагондардың жүру жиілігін арттыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 2008 ж жалпы сомасы 136 589 .5  мың теңгеге 1370 бірлік почталық жабдық сатып алынды.

Бүгінгі күні республикалық кез келген почта бөлімшесінде зейнетақы, жәрдемақы , мекен жайлық әлеуметтік көмекті алып қана қоймай, бұған қоса жалақыны алуға,коммуналдық, салықтық және басқа да төлемдерді төлеуге , ақша айырбастау операцияларын жүргізуге, агенттік қызметтер                    (АльянсБанк, ҚазақстанХоумКредит пен «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұтынушылық несиелерін  беру);  EMS қызметін ( жедел почта қызметі) алуға болады. Көрсетілген қызметтер ауқымы айтарлықтай кеңейді, атап айтқанда, директ-мейл қызметі ( шоттар, жарнамалық  материалдарды және т.б. мекен- жай бойынша мекен- жайсыз жөнелту), ірі габаритті  банкоматтар қызметі және т.т

          Компания ең маңызды міндеттерінің бірі ауылдық почта байланысы бөлімшелері үшін ғимараттар салу.Соңғы жылдары Қазпочта Ауылдық аймақтарды  дамыту  мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ауылдық жерлерге өзінің почталық қызметтерімен бірге қаржылық қызметтер көрсететін байланыс бөлімшелерін жаңарту арқылы зор назар аударуда. Почта байланысы объектілерін салуды қаржыландыру республикалық бюджет және компанияның өз қаражаты есебінен жүргізілуде.

           Қазақстан халқының жартысына жуығы ауылды жерде  тұрады. Дегенмен, еліміздің қаржылық жүйесінің тұрақты өсуі  туралы барлық мәлімдемелерге  қарамастан, рыноктың бұл сегменті банктер қызметімен қамтылмаған деуге болады.Ауылды банк саласы ықпалына қосу тұтастай экономикалық дамуына әсер етеді.Әлбетте, бірде бір коммерциялық банктің аудан орталықтары  мен ауылдарды айтпағанның өзінде, кішкентай қалалардың бәрін қамти алатын кең филиалдық желісі жоқ.

          Қазақстан ұлттық почта операторы қызметін дамыту бойынша 2007 жылы асырылған негізгі шаралар  20.10.04 ж.№1077 Қазақстан Республикасы  Үкіметі қаулысымен , «Мемлекеттік активтерді басқару жүйесін  2007 жылға дамыту» республикалық бюджеттік бағдарлама паспортымен және «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару  қазақстандық холдингі»  АҚ «Қазпочта» АҚ-ның хабарланған акциялары көлемін ұлғайту туралы» 06.04.07 жылғы №43-п бұйрығымен бекітілген  ҚР почта-жинақ жүйесінің  2005-2010 ж.ж.-ға даму бағдарламасына сәйкес 2533.7 млн.теңге сомасына қарапайым акцияларды шығару арқылы «Қазпочта» АҚ жарғылық капиталы өсірілді.

         АҚ «Қазпочтаның »  мақсаттары мен міндеттері.

         Почта-жинақ қызметтерінің нарығында Қоғамның серпінді дамуын қамтамасыз ету үшін алдыңғы перспективада келесі өзекті мақсаттар белгіленген:

— почта-жинақ қызметтеріне еркін қатынасын жоғары сапалы деңгейде қамтамасыз ететін, аймақтық инфрақұрылымын дамыту мен жаңарту.

— көрсетілетін қызмет жиынын кеңейту және қазіргі банктік өнімдер мен Интернет — хабардар қызметтерін енгізу үшін технологиялық негізді құру.

— почта-жинақ қызметтерін дамыту үшін қаржы тетігін қалыптастыру.

— қазіргі заманда басқару технологияларын ендіру.

         2008 жылдың негізгі міндеті почта байланыс бөлімшелерінің жеке желілерін жетілдіру, бұл оларды күрделі жабдықтау, техникалық бекемдеу,

банктік, компьютерлік және почталық жабдықтарымен жабдықтау жолымен

жүзеге асырды.

Қазіргі технологияларды енгізу, материалды-техникалық базаның жаңартылуын іске асыру үшін Қоғам инвестицияларын күрделі және ақпараттық-техникалық жарақтандыру деңгейінде почта-жинақ қызметтерінің үйреншікті жиынын сапалы негізде көрсетуге мүмкіндік беретін, аймақтық инфрақұрылымның дамуына жібермек. Аймақтық желі мен жолдардың кең арнасын оңтайландыруды қарастыратын почта байланысының пайдаланым көрсеткіштерін жақсартуға, соның ішінде почта жөнелтілімдерін жеткізу мерзімі мен жиілілігін арттыруға бағытталған шаралары негізгі шаралар болып белгіленген.

Алға қойған мақсаттарға, көрсетілетін қызмет жиынын кеңейту мен жаңа түрлерін енгізу арқасында қол жеткізбекпіз, соның ішінде:

    — EMS Kazpost шабармандық қызметін және халықаралық жедел почта саласындағы әлемнің ірі почта әкімшіліктерімен ынтымақтастықты дамыту.

    — Тапсырыстар бойынша, соның ішінде Интернет арқылы сәлемдемелік сауда жүйесінің шеңберінде сервистік қызмет көрсетумен қатар «Тауар-Почта» каталогтары бойынша почта саудасын  ұйымдастыру мен дамыту;

    — Халықтың тұрғын үй құрылыс жинақтарын қатыстыру және тұтынушылық несие беру жөніндегі агенттік қызметтерді дамыту;

    — Зейнетақылық көшірмелерді жеткізу, несие беру, мәмілелер жасасу жөнінде сақтандыру ұйымдарға, зейнетақы қорларға, банктерге көрсетілетін агенттік қызмет ауқымын ұлғайту;

    -2008 жылы POS-терминалдар мен бакоматтардың жеке желілер базасында почталық төлем карточкасын шығару мен қызмет көрсету, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалар үшін құнды қағаздар мәмілесін тіркеу пунктарын құру арқылы трансфер-агенттік қызметті дамыту сияқты жоғары технологиялық қызметтерге ерекше зейін қойылатын болады.

       Қазақстанның индустриалды-инновациялық экономикасының дамуына қолғабыс ету үшін технологиялық дамудың негізгі платформасы ретінде қызмет ететін және бірыңғай ақпараттық аумаққа қатынасын қамтамасыз ететін, технологиялық процестерді жетілдіру мен автоматтандыруды жалғастыру.

       Негізгі шаралар ретінде төмендегілер анықталған:

—   корпоративтік ақпараттық жүйесін ендіруді аяқтау;

—   қоғамның почта байланыс бөлімшелерінің жеке желілерін жетілдіру;

—   қоғамның материалдық-техникалық базасының жетілдіруін іске асыру;

—   жоғары технологиялық қызметтерді ендіру үшін техникалық негізді құру.

— ауылдық жерлерде почта-жинақ жүйесінінің кезекті дамуы өндіріс технологиялардың жаңартылуы мен қазіргі жабдықтауды ендіруді қарастырады, бұл қала мен ауыл арасындағы әлеуметтік маңызы зор қызметтерге қолжетерлікті қамтамасыз ету деңгейі бойынша үзілісті қысқартуға мүмкіндік береді. Банктік қызметтердің қамтуын кеңейту мақсатында, әсіресе ауылды жерлерде тұратын халық үшін Қоғам көрсететін қаржылық қызмет түрлерін кеңейту жұмысын бастамақ. Осыдан басқа, алдыңғы жоспарда басқа банктік қызметтерге, сонымен қатар қорлардың шағын бизнес субъектілеріне микронесие беру қызметтеріне қосылу арқылы көрсетілетін агенттік қызметтер аясын кеңейту аясында Қоғамның қызметін жандандыру.

         Төлем карточкалардың Ұлттық банкаралық жүйесінің мемлекеттік даму бағдарламасының шеңберінде микропроцессорлық карточкалардың шығарылымын жүзеге асыру жоспарлануда және солардың базасында бірыңғай қолма-қол бөлшекті төлем жүйесін құру. 2005 жылы қалалық жерлерде орнатылған банкоматтар мен 15 POS-терминалдардың базасында ірі ауылдар мен аудандар деңгейінде микропроцессорлық карточкаларды шығару арқылы ақшалай төлемдер жүйесі іске асырылды. 2005 жылы POS-терминалдар мен бакоматтар желісі негізінде бөлшекті банктік қызметтердің қолма-қол төлеу механизмі енгізілмек. Бұл еңбекақы, зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу механизмін жетілдіруге; коммуналдық төлемдерді жинау, көлік және байланыс қызметтерін төлеу процестерін оңтайландыруға; бюджеттік, салық, кедендік және өзге міндетті салымдарды қолма-қол алуды жүзеге асыруды және қолма-қол ақшаны эмиссиялау шығынын қысқартуға мүмкіндік туғызады. Мемлекеттің «электрондық үкіметін» құру жобасын іске асыру үшін, қазіргі ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды ендіру арқылы Қоғамның аймақтық желілерін жетілдіру жоспарлануда.

       Почта байланыс бөлімшелерінің бөлшекті желілері арқылы «электронды үкімет» жүйесіне еркін қол жеткізу халық пен мемлекеттік органдардың кеңестік-құқықтық қызметтер деңгейіндегі мекен-жайлық әрекеттестігін, сонымен қатар олардың төлемдерін қамтамасыз ететін ақпараттық арнаның жұмыс істеуін сипаттайды. Осылайша, ең алдымен, халықтың виртуалды қызмет көрсету арқылы ақпараттық қорларға және министрліктер мен ведомствалар қызметіне кол жетерлікті қамтамасыз ету көзделуде, бұл почта байланысының автоматтандырылған бөлімшелерінде мемлекет ұсынған әлеуметтік маңызы зор қызметтерге уақытылы кіруге мүмкіндік береді.

        Құнды қағаздардың ұлттық нарығының техникалық инфрақұрылымын дамыту және оларды халық арасында таратуда қолғабыс ету үшін Қоғамның аймақтық желісі негізінде трансфер- агенттік қызметін дамыту жөнінде шаралар өткізілмек. Осы жоба халықтың қаржы құралдарын нақты субъектілерді инвестициялау мен даму бағдарламаларына тартуға мүмкіндік береді. Қаржы нарығындағы жеке операцияларды қолдау бағдарламасының құрылуы, клиенттің қаржы құралдарын сенімді басқару, алдыңғы ақпараттық технологияларды қолдану сияқты жағдайлар клиенттерді тартып бекітуіне, ұзақ мерзімді тиімді әріптестік жүйесін құруына мүмкіндік жасайды. Қоғамның кеңінен тараған бөлімшелерінің негізінде Қазақстанның облыс орталықтарында, аудандар мен қалаларында әртүрлі қаржы институттары және олардың клиенттері арасында бағалы қағаздар нарығында қолданыстағы құжаттарды қабылдау-табыстауды қамтамасыз ететін пункттер ашылатын болады, сонымен қатар жеке тұлғаларға бағалы қағаздармен меншік құқығын беретін мәмілелер жасауға мүмкіндік беретін, бағалы қағаздарды сату-сатып алу пунктері жұмыс істейтін болады.

         Интернет — хабардар қызметін дамыту аясында филателия өнімдерін сату, «Интернет-жазылым» жобасын енгізу, сонымен қатар Интернет арқылы каталогтар бойынша тауарларды сату жобасы енгізілетін болады.

         Бүгінгі таңда «Қазпочта» АҚ кең ауқымда пошталық, қаржылық, агенттік, трансфер-агенттік қызметті және басқа да қызметтерді көрсетеді, сондай-ақ, ақпараттық, ақша және тауар ағыны өтетін жүйе болып табылады.

         «Қазпочта» АҚ пошталық қызмет көрсетуді жүзеге асырады:

— жазбаша хат-хабарлар, бандерольдар мен сәлемдемелерді жөнелту мен жеткізу;

— ірі габаритті және ауыр салмақты жүктерді жіберу мен жеткізу;

— EMS-Kazpost шабармандық қызметі;

— мерзімді баспасөз басылымдарына жазылуды қабылдау, тасымалдау, жіберу, жеткізу мен бөлшек сауда арқылы сату;

— арнайы байланыс қызметі;

— филателия;

— аралас электронды пошта (пошталық жеделхат).

          Қазақстан почтасы қаржы жағдайын тұрақтандыру және тұрақты өсу сатысына нық қадам басуда: бiртiндеп почта байланысы қызметiнiң сапасы жақсаруда, почта-қаржылық қызметтер саласы кеңеюде, қазiргі заманғы коммерциялық қызмет көрсетулер дамуда.                                                                                 2007-2008 жылдар кезеңiнде ақылы почта алмасудың өсу үрдiсi байқалды.

          2008 жылы почта жөнелтілiмдерiнiң жалпы саны 109,8 млн. бiрлiктi құрады және 2007 жылмен салыстырғанда 12%-ға өстi. Ақылы почта алмасудың көлемi 2009 жылы 4,5 млн. бiрлiкке немесе 2008 жылдың деңгейiне қатысты 4%-ға өсiрілдi (1-кесте).        

Кесте 1

Ақылы почта жөнелтiлiмдерiнiң және мерзiмдiк  басылымдар динамикасы

                           млн.теңге

Атауы

2007жыл

     2008жыл

2009жыл

   2008жылға     қатысты

    % бен 2009ж

Ақылы почта жөнелтілімде.

рiнiң және мерзiмдiк

басылымдардың

саны (млн.бiр.),

 

97,67

109,8

114,3

104,0

Оның iшiнде:

— жазбаша хат-хабарлар

— сәлемдемелер

— мерзiмдiк басылымдары

 

 

14,47

1,3

81,9

 

15,1

1,3

93,4

 

15,5

1,3

97,5

 

102,6

100,0

104,4

 Қайнар көзі: «Қазпочта»  акционерлік қоғамының 2008-2009 жылғы қаржылық есептілігі негізінде автормен құрастырылған.

          «Қазпочта» АҚ алуан түрлі «EMS Kazpost» қызметін ұсынады – амандығын және кепілді жеткізіп беруін қамтамасыз ету арқылы барынша қысқа мерзімде «қолдан қолға» принципі бойынша Сіздердің хат-хабарларыңызды, құжаттарыңыз бен басқа да почта жөнелтілімдеріңізді жедел жеткізіп беру:

-жедел мерзім ішінде Алматы қаласының ішінде хат-хабарлар, құжаттар мен басқа почта жөнелтілімдерін жеткізіп беру;

— Қазақстан Республикасы бойынша хат-хабарлар, құжаттар мен басқа почта жөнелтілімдерін жіберу және жеткізіп беру;

— ТМД елдері мен Қиыр Шетелдерге хат-хабарлар, құжаттар мен басқа почта жөнелтілімдерін жіберу және жеткізіп беру.

         «EMS Kazpost» қызметі 100-ден астам әлемнің почта әкімшіліктерін біріктіретін, Дүниежүзілік Почта Одағындағы халықаралық кооперативтің мүшесі болып табылады. Бүгінгі күні «EMS Kazpost» қызметін:Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, Дүниежүзілік Банктің Тұрақты Өкілдігі, «АБН АМРО Банк Қазақстан» ЖАҚ ЕАБ, Ислам Даму Банкінің Аймақтық Өкілдігі, «REUTERS Eastern Europe Ltd» филиалы, ШНОС ААҚ, «Procter&Gamble” ЖШС сияқты және тағы да бірқатар ірі корпоративтік клиенттер пайдаланады.

          «Қазпочта» АҚ экспресс-почта («EMS Kazpost») қызметі қазіргі қалпында 2000 жылдың қаңтар айында құрылған еді. Бірақ, 1999 жылдың соңынан бастапа-ақ, қызметті ұйымдастыру және қалыптастыру жөнінде мынадай орасан жұмыстар атқарылған болатын:қажетті нормативтік құжаттарды әзірлеу және бекіту, Дүниежүзілік Почта Одағындағы (ДПО) Халықаралық Кооперативке кіру, ДПО мүше-елдерімен және Қазақстан Республикасы ішінде ірі корпоративтік клиенттермен халықаралық хат-хабарларды экспресс-жеткізіп беруге бірқатар шарттар жасасу.

          Бүгінгі күні «EMS Kazpost» қызметі Қазақстан почтасының ең жылдам дамып келе жатқан құрылымының бірі болып табылады, яғни құжаттар, тауарлар, хат-хабарларды жедел (экспресс) жіберу және жеткізу мен қосымша сүйемелдеуші қызметтер көрсету жөнінде түрлі қызметтер көрсетеді. EMS жөнелтілімдерін қабылдау пункттері Қазақстанның барлық облыстық филиалдарында және бірқатар аудан орталықтары мен облыс орталықтарынан төмен ірі қалаларда бар.

          Электронды байланыс құралдарының қарқынды дамуына қарамастан іс қағаздарын, тауарлар мен басқа қажетті материалдық заттарды қолмен ауыстыру қажеттігі әлі де бар, сондықтан да «EMS Kazpost» болашаққа сеніммен қарауда.

          Арнайы байланыс қызметі қабылдау, тасымалдау және жеткізуді жүзеге асырады:

— пакетті және сәлемдемелік хат-хабарлар;

— маңызды іскерлік және жедел сипаттағы жөнелтілімдер;

— кез келген заңмен қорғалатын құпия мазмұндағы жөнелтілімдер;

— бағалы және жоғары бағалы жөнелтілімдер;

— халықаралық жөнелтілімдер;

— техника, құралдар, аппаратуралар, бұйымдар мен заттар салынған орамдар.

         Арнайы байланыс қызметін пайдаланудың арқасында қымбат бағалы және сирек кездесетін жер металдары, асыл тастар, зергерлік бұйымдар, өнер және көне заттар, банк құжаттамалары, банкноттар, арнайы чектер, несиелік карточкалар, бағалы заттар, қару-жарақ, психотроптық және есірткі заттар сияқты құнды жүктерді жеткізе аласыздар. Құндылықтарды инкассациялау жөнінде қызмет көрсетуге байланысты Шарт жасасқан кезде біз мынадай қызмет түрлерін ұсынамыз:

— халықаралық қолма-қол ақша тасымалдау;

— қолма-қол ақшаны жеткізу;

— ақшалай түсімді жинау;

— Клиенттің материалдық-жауапты тұлғасын (кассирді) алып жүру;

— Кассадағы артық ақшаны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кассалық операциялар орталығына шығару.

          Арнайы байланыс қызметінің артықшылығының бірі қолма-қол ақшаны тасымалдау және сақтау, бағалы металдар мен одан жасалған заттар кез келген күтпеген жағдайлардан сенімді сақтандырылған, Арнайы байланыс қызметі қосымша қызмет көрсетуді ұсыну мүмкіншілігі бар:

— Арнайы байланыс қызметінің жауапкершілігімен құнды жүктерді сақтау;

— Қарулы күзетпен көлік қызметін көрсету;

— жөнелтілімдерді орында қабылдау үшін жөнелтушінің мекенжайына курьерді шақыру;

— жөнелтілімдерді экспресс-жеткізу;

— арнайы курьермен жедел және бағалы сипаттағы жөнелтілімдерді жеткізу;

— жөнелтілімнің табыс етілуі туралы хабарлама;

— жөнелтілімді буып-түю.

 

 

 

Сурет 3. «Қазпочта» акционерлік қоғамның қызметтері

Қайнар көзі: «Қазпочта»  акционерлік қоғам

Пошта секторында «Казпост-секьюритиз» деп аталатын бірегей жобаны қамтиды. Ол бүгінде Қазпочтада енгізілуде. Мұнда Алматы қаласы Аймақтық қаржы орталығы алаңында құнды қағаздармен түрлі операцияларды жүргізу ұйғарылады.

     Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы аумағында ішкі және халықаралық жөнелтімдерді бақылау автоматтандырылған жүйесін енгізу арқылы қазақстандық пошта халықаралық EMS қызметі сапасын сәтті дамытуда. Бұл сертификаттау деңгейінде өз үлесін тигізді. 2006 жыл қорытындылары бойынша «EMS-Kazpost» қола деңгейіне қол жеткзді.

      Қазіргі кезде «IPS-Light» халықаралық бақылау жүйесі барлық облыс орталықтарында орналастырылған. 2006 жылы EDI форматында жөнелтімдер бойынша мәліметтерді жөнелту арқылы бақылау жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырыла басталды. Бұл жұмыс «International Post Corporation» компаниясымен бірлесіп атқарылуда.

«Электронпост.kz» БК» ЖШС – «Қазпочта» АҚ, «Eesti Elektronpost» АҚ мен «Аstermann LLP» бірлескен кәсіпорны. Негізгі қызмет аясы – ақпараттық логистика (АЛ) қызметтерін көрсету.

        «Электронпост.kz» құруға Қазақстан рыногында терім жұмыстарынан алушыларға жөнелтімдерді жеткізуге дейінгі барлық қызметтер жиынтығын ұсынатын кәсіпорыннның жоқтығы себеп болды.

Кәсіпорын өз жұмысында қазіргі кезде Орта Азияда бірегей болып табылатын соңғы технологияларды қолданады.

Кәсіпорын өз қызметін Алматы қаласында атқарады.

         Қазақстан Республикасының банктік заңнамасы қарастыратын операцияларды жүзеге асыру лицензиясы, сонымен қатар бағалы қағаздар рыногында номиналды ұстаушы ретінде клиенттер шотын басқару құқығымен брокерлік-дилерлік қызмет ету және трансфер-агенттік қызмет лицензияларына сәйкес «Қазпочта» АҚ кең ауқымда қаржылық қызмет көрсетуді жүзеге асырады:

— депозиттер;

— заңды тұлғалар / жеке тұлғаларға банктік шот ашу және жүргізу;

— ақша аударымдары;

— банкноттар, монеталар мен құндылықтарды инкассациялау және жіберу;

— бюджеттік мекемелердің қызметкерлеріне еңбекақы мен басқа да төлемдерді төлеу;

— зейнетақы, жәрдемақы және өзге әлеуметтік төлемдер төлеу;

— салық  және басқа да төлемдерді қабылдау;

— коммуналдық төлемдерді қабылдау;

—  төлем карточкалары қызметін көрсету;

— валютаны сату / сатып алу операциялары бойынша (Қазақстан Республикасы          валютасы, еркін конверттелетін және жұмсақ валюталар);

— қолма-қол шетел валютасымен байланысты айырбас операцияларын ақшаны клиентке жеткізуге дейін ұйымдастыру;

— рынокқа ақша тарту мен орналастыру;

— құнды қағаздарды номиналды ұстау мен брокерлік қызмет көрсету бойынша қызмет көрсету;

— трансфер-агенттік қызметтер.

           Қазақстанда почта-жинақтау қызметтер рыногын сипаттау үшiн оның кейбiр сегменттерiн қарастырайық.

           Қазақстанның курьерлiк қызмет көрсету рыногында 30-дан астам компаниялар, соның iшiнде мынадай халықаралық iрi компаниялар «DHL», «FedEx», «TNT», «UPS», «OCS», «Pony Express», сондай-ақ Қазақстанның жекелеген облыс орталықтарында қызметтен ұсынатын бiрқатар отандық компаниялар бар. Аталған компаниялар өз қызметiн Қазақстанда 7-8 жыл көлемiнде жүзеге асырып жүр және Ұлттық почта операторына елеулi бәсекенi құрайды.

           Бүгiн баспа өнiмдерiн тарату бойынша қызметтер рыногында Ұлттық почта операторынан басқа мынадай «Аргументы и факты» ЖШС БК, «Евразия пресс» ЖШС, «Эврика-пресс» ЖАҚ, «Дауыс» БТММ АҚ, «Бико» ЖШС, «Бурда-Алатау пресс» ЖАҚ сияқты баламалы құрылымдар, сондай-ақ жекелеген облыс орталықтарында қызмет көрсететiн басқа да компаниялар жұмыс iстеуде. Облыстық газеттер редакцияларында Ұлттық почта операторының облыстық филиалдарына бәсекелестiк тудыратын, жергілiктi газеттердi таратып қана қоймай, республикалық және ресейлiк басылымдарды да тарататын бөлiмшелер құрылған.    Егер буындары баламалы құрылымдар қабылдайтын жазылымдар Ұлттық почта операторының филиалдары арқылы жеткізілсе, бүгiнде осындай басылымдарды жеткізетiн жекеменшік қызметтер құрылуда. Бұл ретте Ұлттық почта операторы басылымдар мен жазылымдарды тарату бойынша қызмет көрсету рыногының ең iрi субъектiсi болып қала береді: оның еншісiнде республикада таратылатын мерзiмдi жазылымды басылымдар тираждарының 85%-ға жуығы, оның iшiнде 42%-ы шалғай ауылдық және шекаралық аудандарды қоса алғанда, Ұлттық почта операторы ауылдық жерлерге жеткiзетiн республикалық мерзiмдi басылымдар.

          Соңғы жылдары ақша аударымдар рыногы үдемелi түрде өсуде. Рыногтың негiзгі қатысушылары — Western Union, MoneyGram, Contact (АКБ «Русславбанк» — Ресей Федерациясы) және Анелик («Банк Анелик» ЖШБ — Армения). Қазақстан рыногына Travelex Worldwide Money Ltd халықаралық аударымдар жүйесi қызығушылық танытуда. Қазақстандық қатысушылар арасында мынадай екiншi деңгейдегi банктер бөлiнiп шығуда: ЦентрКредит Банкi, Қазақстан Халық Банкi, Каспийский Банкi және басқалар. Бұл рыногта Ұлттық почта операторының еншiсi 1%-дан төмен, бiрақ ол кеңейтiлген өңiрлiк желiсiнiң болғандығынан жоғары даму потенциалына жетуде. Оған мынадай цифрлар дәлел бола алады: соңғы бес жыл iшiнде Қазақстан аумағында орналасқан коммерциялық банктер мен есеп-айырысу кассалық бөлiмшелер саны тиiсiнше 91 және 266 бiрлiкке, филиалдардың тармақталған желiсi және жинақтау қызметтерi мен зейнетақы төлеу бойынша ұзақ тәжiрибесi бар Халық банкiнде — 14 және 743 бiрлiкке қысқарды. Қазiргi уақытта әлеуметтiк төлемдер рыногындағы Халықтық жинақ банкiнiң еншiсiне 51%, Ұлттық почта операторына — 47%, екiншi деңгейдегі банктер еншiсiне 2% тиедi. Бұл ретте республиканың ауылдық елдi мекендерiнде төлемдердiң 100%-ын Ұлттық почта операторы жүргiзедi.

         Қазақстандағы депозит рыногын дамыту және оған ауылдық жерлердегi тұрғындарды тарту мақсатында «Почта туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ұлттық почта операторының шұғыл депозиттерге тартқан халық салымдарының сақталуы мемлекеттiк бағалы қағаздарға және басқа да өтiмдi қаржы құралдарына орналастыру жолымен мемлекет арқылы қамтамасыз етіледi.           Бiрақ, бұл қызметке қол жетiмдiлiктiң кеңеюiне қарамастан, Ұлттық почта операторының жүйесiне орналастырылған салымдар үшiн төленетiн сыйақы деңгейiнiң төмендiгi депозиттiк қызметтердiң тартымдылығына керi әсерiн тигiзедi, ол банктiк секторда орналастырылған, депозиттердiң жалпы сомасының шамамен 1% құрайтын, олардың азын-аулақ үлесiмен расталады.

         Осылайша, Қазақстандағы почта-жинақтау рыногы тек қана қалалық деңгейдегі бәсекелестiктің жоғары деңгейiмен сипатталады. Ауылдық жерлерде Ұлттық почта операторы почталық және қаржылық қызметтер рыногының iс жүзiндегi бiрден бiр қатысушысы болып табылады, бірақ почталық инфрақұрылымның және телекоммуникациялық технологиялардың жетілмегендiгi оларды сапалы түрде көрсетуге мүмкiншiлiк бермейдi.

          Жүргізілген талдау көрсеткендей почта-жинақтау қызметтерiн сапалы түрде көрсетуде ауыл мен қала арасында алшақтық проблемасы байқалады, оның коммерциялық компаниялардың рыноктың тартымды бөлiктерiнің басып алуы мен өз қызметiн көбiнесе ауылдық жерлерде жүзеге асыратын, Ұлттық почта операторы үшiн бәсекелестiктiң тең емес жағдайында мемлекеттің реттеуiнсiз күшейiп кетуi мүмкiн. Осыған байланысты осы Бағдарлама почта-жинақтау рыногында Ұлттық почта операторының бәсекеге қабiлеттiлігін арттыруға бағытталған.

          Почта-жинақтау қызметтерi дамуының шетелдiк тәжiрибесi рыногтың

ырықтандырылуымен, сондай-ақ технологиялық эволюцияның халықаралық деңгейдегi құрылымдық өзгерiстерiне байланысты әлемдiк және аймақтық шеңбердегi (тиiсiнше кiрiстердiң де) почта алмасуларының күрт төмендеуi жағдайында почта индустриясын дамытудың жаңа стратегиясын жасап шығару қажеттілігі 2002-2004 жылдарға Пекиндiк почта стратегиясын бекіткен 1999 жылғы тамыз-қыркүйек айларында өткен Дүниежүзiлiк Почта Ұйымының XXII Конгресiнде жарияланған болатын. Осы стратегияның негізiн қалаушы қағида ретiнде әр түрлi қызмет түрлерiн, бiрiншi кезекте рыногқа бейiмделген, қаржылық қызметтердi енгiзу, және почта қызметiнiң сапасын көтеру қабылданған болатын.

         Әр түрлі қызметтерді қосу түрлi экономикалық даму деңгейіндегі көптеген елдерде оң нәтижелерге алып келдi. Ұлттық заңнамалық ерекшелiктерiне байланысты әр түрлi елдер почталық институттарға қосымша ретiнде почталық банктерді құру нұсқасын қалай таңдаса, филиалдық желi негізiнде почталық, қаржылық және агенттік қызметтердiң тiкелей үйлесуiн де солай таңдайды.

         Осылайша, Францияда көрсетiлетiн қызметтер аясы почталық қызметтерден басқа, бiрқатар банктiк қызметтердi, соның iшiнде, ипотекалық несиелеу, логистика қызметтері және өзге де қызметтерден тұрады. Германияда — аударым операциялары, есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, несиелеу, лизинг, электрондық коммерция, депозиттер қабылдау, логистика қызметтерi. Италияның почталық саласын осындай жолмен реформалау почта әкiмшілігіне 2000 жылдың 1 жартыжылдығында-ақ жедел қызметтердiң терiс нәтижесiнiң анағұрлым (336-дан 19 млрд. лирге дейiн) төмендеуiне алып келдi. 7 миллионнан астам адамдардың есепшоттары орналасқан, Нидерландының почта-жинақтау жүйесi елдiң барлық төлемдерiнiң 50%-дан астамын жүзеге асырады және де аса iрi қаржы қызметтерiн көрсетушілердiң бiрi болып табылады.

         Жапонияда почталық, қаржылық және сақтандыру қызметтерiнiң бiр мекеме аясында бiрегей үйлесуi iске асырылған. Жапонияның почта-жинақтау жүйесі әлемдегi аса ірі қаржы мекемелерінің бiрi болып саналады, оның бiрден-бір артықшылығы елдiң әрбiр елдi мекенінде болуы. Оның желiсi шамамен 150 мыңдай адам жұмыс iстейтiн, 24 100 почталық бөлiмшелердi құрайды. Жапондық почта-жинақтау жүйесi елдiң депозиттiк жинақ рыногының шамамен 20%-на қызмет көрсетедi. Халықтың депозиттерi 253 триллион йеннен аса немесе 2,2 триллион АҚШ долларын құрайды.

        Швейцарияның қазiргi заманғы почта қызметiнiң басым бағыттарына мынадай төрт сектордағы қызметтер жатады: қаржылық, көлiктік, почталық жөнелтілiмдер және логистика. Қаржылық секторда қызмет нақты қызметтерді қарастыратын банктермен келiсiм негiзiнде жүзеге асады. Қазiргi уақытта елдегi төлемдердiң 2/3-ci почта арқылы жүзеге асырылады, шоттардың саны шамамен 2,3 млн. бiрлiкті құрайды. Негiзгі қаржылық қызметтер спектрiне депозиттер, сақтандырудың түрлі үлгiлерi, ссудалар кiредi. Соңғы кездерде енгiзiлген қызметтердiң бiрi ипотекалық несиелеу болып табылады.

        Қытай почтасы жазбаша хат-хабарлар, почталық сәлемдемелер мен аударымдар, мерзімдік баспа басылымдарына жазылу, оларды жеткiзу және филателия қызметi сияқты дәстүрлі қызметтердi көрсетумен қатар, EMS жөнелтілiмдерiн, басымдылықты почта, электрондық почтаны жеткiзуге, почталық жинақтаушы касса қызметiн дамытуға, және агенттік қызметтердi көрсетуге кiрiсті. Қытайдың почта саласын реформалау кезiнде почталық жинақтаушы кассасы және почта арқылы төлем қызметi (ақша аударымдары) сияқты банктiк қызметтердi дамытуға басты назар аударылады.

         2000 жылы почтаны реформалаудың әлемдiк беталысы Қазақстан Республикасына жеттi. Қазақстан советтiк кезеңнен кейінгі кеңiстiктегі тиiмділігі шетелдiк тәжiрибемен және отандық почта операторының қол жеткiзген нәтижелерiмен расталатын почта-жинақтау моделiнiң негiзiн қабылдаған бiрiншi ел болды.

         ТМД және Балтық елдерi осы жолмен почта саласын дамытуды бастады.

Шетелдердегі почта саласын реформалау, мемлекеттің қолдауымен, ұлттық операторларды қаржыландыруға жәрдемдесе отырып, жүзеге асырылғандығын айта кеткен жөн.

 

 2.2 «Қазпочта» акционерлік қоғам қаржысын басқару механизмін талдау

          Қаржы ағымдары кәсіпорын активтеріне трансформацияланады. Қаржы ағымдарын кәсіпорын активтеріне орналастыру рационалдығына және осы активтерді құрылымының оңтайлылығына кәсіпорын пайдасының сапасының, рентабельдігінің өзгеруінің артуы, сәйкесінше оның қаржылық жағдайының жақсаруы тәуелді.

          Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалау. Активтер құрылымы ең алдымен, кәсіпорын мүлкінің мобильділі деңгейін сипаттайды, сондай–ақ, осы мобильділік қандай элементтер есебінен қамсыздандырылады, төмендейді немесе артатынын анықтауға мүмкіндік береді. Активтер құрылымына кәсіпорынның төлем қабілеттілік және қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері тікелей тәуелді. Сонымен қатар, бұл құрылым іскерлік белсенділік коэффициенттері көрсеткіштерінің жүйесіне де үлкен әсер етеді. Кәсіпорын балансындағы салымның басымды бағыттарын анықтауға жеткілікті негізді база болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы сақталған кезде, қарыз қаражаттары мен меншікті қаражаттардың қатынасының коэффициенті кәсіпорынның мобильді қаражаттарының құнының иммобильденген активтер құнына қатынасының мәнінен жоғары болуы тиіс.

          Кәсіпорынның мүліктік жағдайын бағалауда бірнеше көрсеткіштер есептеледі.

          Кәсіпорынның активтерін орналастырудың тиімділігін сипаттайтын көрсеткіш – бұл мобильді және иммобильді қаражаттардың қатынасының коэффициенті. Ол ағымдағы активтердің ұзақ мерзімді активтерге қатынасымен анықталады. Бұл коэффициенттің оңтайлы және критикалық мәні 0,5-тен төмен болмауы керек. Талдау жүргізілген кезеңде ол 1,09, ал 2006 жылы 1,88 болған, яғни 1,74 есе төмендеген. Бұл коэффициент деңгейінің төмендеуі иммобильді қаражаттардың артуының нәтижесінде болған. Бірақ, көрсеткіш белгіленген критикалық нормадан жоғары. Сондықтан, бұл кәсіпорынның міндеттемелері ағымдағы активтермен жабылатындығын, яғни кәспорынның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді.

 Кесте 2

 «Қазпочта » акционерлік қоғамының мүліктік жағдайы

                                                                                                                   млн. теңге

К    Коэффициенттердің

             аты

норма

Нақты мәні

2008ж.

2009ж.

Кәсіпорын

Қарамағындағы

шаруашылық

қаражат сомасы

234 675 240 8

209 309 113 9

Негізгі қордың тозуы

0,5

256 392 6/

398 212 7 =0,64

283 890 7/

577 070 0 =0,48

Мобильді  және

иммобильді 

 қаражаттардың

қатынасы

0,5

153 288 525 7/

813 867 151 =1,88

 

108 920 965 5/

100 388 148 4 =1,08

Негізгі қордың

 нақты құнын анықтау коэффициенті

0,5

591 562 824/

234 675 240 8

=0,25

849 274 527/

209 309 113 9 =0,4

Негізгі қордың

актив бөлігі

593 104 169/

119 140 839 4 =0,5

776 518 363/

146 370 022 8 =0,53

 Қайнар көзі: «Қазпочта»  акционерлік қоғамының 2008-2009 жылғы қаржылық есептілігі негізінде автормен құрастырылған.

 

          Кәсіпорынның мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі қорлардың нақты (қалдық) құнының үлес салмағындағы өзгерістер маңызды болып табылады, себебі, бұл көрсеткіш оның кәсіпкерлік қызметінің ауқымын анықтауға негіз болады. Негізгі қорлардың нақты құнының коэффициенті   кәсіспорынның баланс активтерінің құнының 50%-дан аз болмауы керек. Біздің жағдайда көрсеткіш 0,4 құраған. «Қазпочта» акционерлік қоғамында бұл көрсеткіштің мәні  2008 жылы 0,25, ал есепті кезеңде   ол   60%-ға өскен. Бұған   жаңа  машиналар   мен құрал-жабдықтар сатып   алу   әсер   еткен.    Бұл   есепті  кезеңде кәсіпорынның   материалды-техникалық   базасындағы   оң  нәтиже,   ол  негізгі   қорлардың активті   бөлігінің   үлесінің   артуымен   байланысты болған және негізгі қорлардың тиімді пайдаланыла бастағандығын көрсетеді.

          Негізгі  қорлардың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіш – бұл   тозу коэффициенті.  «Қазпочта» акционерлік қоғамында негізгі қорлардың   тозу   коэффициенті   2008 жылы – 0,64,   ал 2009 жылы — 0,48, яғни 0,16 пунктке төмендеген.  Тозу   коэффициентінің   шекті    мәні    50%-дан   аспауы   керек.   Зауыттың   негізгі   қорларының   тозуы   2008 жылы нормаға   сай   болмаған,   алайда   негізгі   қорлардың жаңартылуы нәтижесінде бұл көрсеткіш есепті кезеңде норма шегіне сәйкес  келеді. Мұнда негізгі қорлардың актив бөлігі де өскен.

Зауыттың төлемқабілеттігін талдау. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және баланстың қанағаттанарлықсыз құрылымын белгілеу бойынша әдістемелік ережелер құрамындағы төлем қабілеттілік критерийлерін қарастырайық. Кәсіпорынның төлемқабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Сондықтан, нарықтық жағдайда оған көп көңіл бөлінеді. Төлемқабілеттілік деп кәсіпорынның өзінің барлық міндеттемелері бойынша өз уақытында төлемдер жүргізуге дайындығы түсіндіріледі. Баланс өтімділгін талдау қажеттігі қаржылық шектеулердің  күшеюімен  және  кәсіпорынның  несие қабілеттігін бағалау  қажеттігіне  байланысты  туындайды.

          Меншікті айналым қаражатының ептілігі – кәсіпорынның мобильді нысандағы меншікті қаражаттарының бөлігін көрсетеді.

          Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы жабу коэффициенті) –– барлық ағымдағы (мобильді) активтердің ағымдағы міндеттемелерге қатынасымен анықталады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті айналым қаражаттарының айналысының орташа ұзақтығына тең кезеңде кредиттің күтілетін төлем қабілеттігін көрсетеді.  Ол ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерді қаншалықты дәрежеде жабатындығын анықтауға мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысумен, дайын өнімді тиімді өткізумен және материалды айналым қажеттілік туындағанда сатумен бағаланатын кәсіпорынның  несие қабілеттігін бағалау қажеттігіне байланысты туындайды.

Кесте 3

Кәсіпорынның төлемқабілеттілігі

                                                                                                                       мың теңге

Көрсеткіштер

2007ж

2008ж

2009ж

МЕНШІКТІ КАПИТАЛ, соның ішінде:

2639417

4254075

5341825

Жарғылық капитал

2212123

3656832

4556832

Қосымша төленбеген капитал

119860

117463

115114

Резервтік капитал

128320

307434

479781

Бөлінбеген табыс

179114

172347

190098

Қайнар  көзі: «Қазпочта»  акционерлік қоғамының 2007-2009 жылғы қаржылық есептілігі негізінде автормен құрастырылған.

         Мәселен, 2005-2007 жылдарда республикалық бюджет қаражаты есебінен Ұлттық почта операторының жарғылық капиталын қосымша            5,77 млрд. теңгеге, оның ішінде 2005 жылы – 1,4 млрд. теңгеге, 2006 жылы –     2,0 млрд. теңгеге, 2007 жылы — 2,3 млрд. теңгеге ұлғайту қажеттілігі туындайды. 2005-2007 жылдары жоспарланған қаржы шығындарын болжау «Сәйкес қаржы жылына республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылатын болады. Тартылған қаржы көздері келесі іс-шараларды таратуға бағытталады (Кесте 4):

 

Кесте 4

Қаржы салымы бағыттары

млрд.теңге

 

Іс-шаралар атауы

 

 

Қолданыстағы бюджеттік  бағдарлама

2009 ж.

Оның ішінде

жылдар бойынша

2007ж.

2008 ж.

2009 ж.

1.Инфрақұрылымды

дамыту

ауылдық жерлерде

қалада

 

2. Магистралды

тасымалдау жүйесін

  дамыту

 

3. Банктік

технологияларды дамыту

 

0,4

 

0,73

 

 

 

0,33

 

 

0,05

 

 

 

0,33

1,10

 

 

 

0,61

 

 

0,06

 

 

 

0,20

1,10

 

 

 

0,91

 

 

0,35

Барлығы:

0,4

1,44

1,97

2,36

Қайнар көзі: «Қазпочта»  акционерлік қоғамының 2008-2009 жылғы қаржылық есептілігі негізінде автормен құрастырылған.

       Кәсіпорынның мүліктерінің жалпы құнындағы негізгі қорлардың нақты (қалдық) құнының үлес салмағындағы өзгерістер маңызды болып табылады, себебі, бұл көрсеткіш оның кәсіпкерлік қызметінің ауқымын анықтауға негіз болады. Негізгі қорлардың нақты құнының коэффициенті   кәсіспорынның баланс активтерінің құнының 50%-дан аз болмауы керек. Біздің жағдайда көрсеткіш 0,4 құраған. «Қазпочта» акционерлік қоғамында бұл көрсеткіштің мәні  2008 жылы 0,25, ал есепті кезеңде   ол   60%-ға өскен. Бұған   жаңа  машиналар   мен құрал-жабдықтар сатып   алу   әсер   еткен.    Бұл   есепті  кезеңде кәсіпорынның   материалды-техникалық   базасындағы   оң  нәтиже,   ол  негізгі   қорлардың активті   бөлігінің   үлесінің   артуымен   байланысты болған және негізгі қорлардың тиімді пайдаланыла бастағандығын көрсетеді.

         Негізгі  қорлардың техникалық жағдайын сипаттайтын маңызды көрсеткіш – бұл   тозу коэффициенті.  «Қазпочта» акционерлік қоғамында негізгі қорлардың   тозу   коэффициенті   2008 жылы – 0,64,   ал 2009 жылы — 0,48, яғни 0,16 пунктке төмендеген.  Тозу   коэффициентінің   шекті    мәні    50%-дан   аспауы   керек.     

          2009 жылы «Қазпочта» ААҚ-ның жазба хат-хабарлар бойынша шығыс төлемақылы алмасу 15,1 млн.дана болды.Соның ішінде Қазақстан Республикасы бойынша 9,9 млн.дана халықаралқ алмасу 5,2 млн.дана болды, қызметтің бұл түрі бойынша 2009 жылы 817,4 млн.теңге табыс алынды.2009 жылы мерзімді басылымдар жеткізуде айтарлықтай өрлеу байқалды.Олардың саны 2008 жылмен салыстырғанда 15,0 млн.бірлікке немесе 16,4 % артып, есепті жылы 106,6 млн.дана болды.Мерзімді басылымға жазылудың сандық көрсеткіші 99,1 млн. Бірлікпен сипатталады, ол алдыңғы жылдан 17,2% артық.Мерзімді басылымдардан алынған табыс өсімінің құндық мағынасы 19,6%. (сурет 5)

Кесте 5

Ұлттық почта операторының почта-жинақтау қызметтерінің динамикасы

 

Көрсеткіштер

2007ж

2008ж

2009ж

Барлық табыстар

332583

385888

406173

Почталық қызметтер

167831

218068

190656

Жазбаша

хат-хабарлар

44557

54760

53570

Сәлемдеме

19139

26572

24852

Жедел қызметтер

48439

53500

48884

ЕМС қызмет

17509

28305

21698

Арнайы байланыс қызмет

35634

49157

41468

Қаржылық қызмет

116279

167679

143194

Ақша аударымдары

19951

24200

19862

Коммуналдық,

салықтық төлемдерді

                     қабылдау

27430

45364

34424

Зейнетақы төлеу

34105

45660

49121

Жалақы        төлеу

22920

26250

28461

Түрлі қаржылық қызметтер

953

6219

840

Ақша инкассациясы

10128

14799

6435

Агенттік қызметтер

30460

30239

24111

Күнделікті сұраныс

 тауарлары

4559

6570

5890

Жалға беру

4603

6154

4704

Қайнар көзі: «Қазпочта»  акционерлік қоғамының 2008-2009 жылғы қаржылық есептілігі негізінде автормен құрастырылған.

         Есепті кезеңнің қорытындысы бойынша 1,3 млн.дана сәлемдеме жеткізілсе, 0,2 млн.дана EMS жөнелтілімдер өңделді.Есепті жылы қызметтің бұл екі түрінен алынған табыс,атауларына сәйкес 363,8 млн.теңге және 176,6 млн.теңге болды.

           Почта байланыс желісінің Республиканы тұтас қамтуы нәтижесінде елімізде жазылу арқылы таратылатын газет  пен жорналдар таралымының 100% «Қазпочта» ААҚ өндірістік объектілері, почта байланысы бөлімшелері арқылы рәсімделеді және жазушыларына жеткізіледі.

          «Қазпочта»  акционерлік қоғамының төлемқабілеттігін талдау. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау және баланстың қанағаттанарлықсыз құрылымын белгілеу бойынша әдістемелік ережелер құрамындағы төлем қабілеттілік критерийлерін қарастырайық.             Кәсіпорынның төлемқабілеттілігі оның қаржылық тұрақтылығының маңызды белгілерінің бірі болып табылады. Сондықтан, нарықтық жағдайда оған көп көңіл бөлінеді. Төлемқабілеттілік деп кәсіпорынның өзінің барлық міндеттемелері бойынша өз уақытында төлемдер жүргізуге дайындығы түсіндіріледі. Баланс өтімділгін талдау қажеттігі қаржылық шектеулердің  күшеюімен  және  кәсіпорынның  несие қабілеттігін бағалау  қажеттігіне  байланысты  туындайды.

Меншікті айналым қаражатының ептілігі – кәсіпорынның мобильді нысандағы меншікті қаражаттарының бөлігін көрсетеді.

           Ағымдағы өтімділік коэффициенті (жалпы жабу коэффициенті) –– барлық ағымдағы (мобильді) активтердің ағымдағы міндеттемелерге қатынасымен анықталады. Ағымдағы өтімділік коэффициенті айналым қаражаттарының айналысының орташа ұзақтығына тең кезеңде кредиттің күтілетін төлем қабілеттігін көрсетеді.  Ол ағымдағы активтердің ағымдағы міндеттемелерді қаншалықты дәрежеде жабатындығын анықтауға мүмкіндік береді және дебиторлармен өз уақытында есеп айырысумен, дайын өнімді тиімді өткізумен және материалды айналым қажеттілік туындағанда сатумен бағаланатын кәсіпорынның  несие қабілеттігін бағалау қажеттігіне байланысты туындайды.

Кәсіпорын өтімді қаражаттардың бар болуын қамтамасыз ету үшін оған деген қажеттілікті оңтайлы шегінде ұстауды реттеуі тиіс. Өтімді қаражаттар құрамындағы тез өтімді активтерді анықтау үшін қатысты көрсеткіштің бөлімінде дебиторлық қарыздар мен өзге де активтер жатқызылады. Бұл көрсеткіш дебиторлық қарыздың 1 айналымының орташа ұзақтығына тең кезеңге кәсіпорынның күтілетін төлем қабілеттігін анықтайды.

Тез өтімділік коэффициентінің формуласы:

kб.л.=(ДС+ДЗ)/ТО                                                                                                          (1)

Мұндағы:       ДС — ақша

                        ДЗ — дебиторлық қарыз

                       ТО — ағымдағы міндеттемелер

            Критикалық өтімділік коэффициенті дебиторлармен өз уақытында есеп айырысу кезінде кәсіпорынның болжанған төлем мүмкіндіктерін, яғни тек ақша қаражаттарыман ғана емес, сонымен қатар орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтерден түсетін түсімдер есебінен ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігін жабу мүмкіндігін көрсетеді. Тез өтімділік (критикалық, аралық жабу) коэффициентінің төменгі шегі: kб.л.≥1 .

          Кәсіпорынның бұл көрсеткіші де төмендеу қарқынын көрсеткен, яғни 2006 жылы 0,54-тен 2007 жылы 0,3-ке дейін төмендеді. Бұл осы көрсеткіш бойынша да зауыттың балансының өтімділігінің өте төмендігін білдіреді.

          Абсолютті өтімділік коэффициенті ақша қаражаттарының ағымдағы міндеттемелерге қатынасымен анықталады. Бұл ағымдағы қарыздың қандай бөлігінің жақын уақытта жабылу мүмкіндігін анықтайды. Коэффициенттің ұсынылған мәні: kа.л.≥0,2.

          Бұл төлемқабілеттіліктің өте қатаң белгісі, ол ағымдағы міндеттемелердің қандай бөлігі тез арада жабыла алатындығын көрсетеді. Кәсіпорынның бұл көрсеткіші 0,002 тең, ол белгіленген шектен өте төмен.

          Осыған сәйкес кәсіпорынның запастарды қалыптастыру және шығындар көздерінің қаражаттарымен қамсыздандырылуының қаржылық жағдайын бағалайтын абсолютті көрсеткіштердің маңыздылығын анықтайтын рольге сәйкес қаржылық жағдайдың тұрақтылығының басты қатысты көрсеткіштері болып меншікті айналым қаражаттарының көлемінің кәсіпорын запастары мен шығындарының құнына қатынасына тең меншікті қаражаттармен қамсыздарылғандық көрсеткіштері табылады.

          Өтімділіктің 3 негізгі көрсеткіштерін қорытындылай келе, кәсіпорынының активтерінің өтімділігі өте төмендігін сипаттайды.

         Кәсіпорын ақша қаражаттары қозғалысының талдауы.

          Кәсіпорын қызметіне комплексті бақылауды жүргізу барысында қаржылық нәтижелер ақша қаражаттары қозғалысы берілгендігін есеп ала отырып талдауы қажет.   Бұл ақша қаражаттарының түсуі мен шығуының бөлігі есепті кезеңнің тез ақша қозғалысының нәтижесіне әсер етуіне байланысты, себебі берілген кезеңде құралатын қызмет түрінен түскен табыстар мен шығындар ретінде қарастырылмайтындықтан тыс және кенет жағдайлардан түскен табыстар мен шығындар (алдыңғы кезеңдер табыстары мен шығындары, аванстарды алу және төлеу) табыстар мен шығындар түрінде мыналарды қарастырмайды, қаржылық жағдайға тікелей әсер ететін (кредиттерді алу және қайтару, негізгі қаражаттарды сатып алу, қаржылық салымдар және т.б.) қаржылық нәтижеге әсер ететін амортизация сияқты шығынның түрі өзінің экономиканың құрылымы жағдайы ақша қаражаттары қозғалысы  арқылы көрініс таба алмайды. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық нәтижесін анализдеп қана қоймай берілген кезеңдегі ақша қаражаттары қалдығы; өзгерісінде және бұл өзгеріс құрылымынанда көрініс табатын ақшаның нәтижелерін де  талдау қажет.

          Талдаулардың ақпарат көздері болып №4 форма “ақша қаражаттары қозғалысы жөнінде есеп берулер” табылады, оның құрамынан келесі формула бойынша нақтыландыруға болады:

  d0 + +d —d=d1                                                                                                                     (2)

мұнда, d0; d1 – есепті кезеңнің басы мен ағымдағы кәсіпорын ақша қаражаттарының қалдығы;

              +d – период кезеңіндегі ақша қаражаттарының түсімі;

                d – период кезеңіндегі  ақша қаражаттардың шығуы (шоғырлануы).

         Ақша қаражаттарының қозғалысы кәсіпорын қызметінің түрлі жақтарымен байланысты болуы мүмкін, сондықтан да № 4 формада ақша қаражаттарының түсімдері мен шығындары ағымдағы, инвестициялық , қаржылық қызмет бөлігінде көрсетілген.

          Ақша қаражаттардың қозғалысы алдыңғы кезеңдегі ақша қаражаттардың қозғалысымен салыстырылады. (алдыңғы жылдың осыған ұқсас  кезеңіндегі). Ақша қаражаттары шығындары түскен динамикасының бағыты анықталады.Кесте 6

          2007 жылы 2009 жылмен салыстырғанда операциялық қызметтен ақша қорының келіп түсуі 15373010,28 теңгеге азайды.Ақша қорының келіп түсуі, көбіне сатып алушылардан -2007жылы ағымдағы қызметтен ақшалардың түсуінің жалпы сомасы    және         операциялық қызметтен ақшалардың түсуі құрамының қалған бөлігін басқа да келіп түсулер құрайды. 2007 жылы 2009 жылмен салыстырғанда ақшаның шығындалуы 13878835,38 азайды, 427941777,62 құрады.Операциялық қызметтен ақшалардың шығуының төмендеуі, жабдықтаушыларға аударымдардың 566961,42 теңгеге төмендеуінен болды, ал қалған баптар ( мысалы, еңбекақы, салықтар, басқа да төлемдер) бойынша өскені байқалды.

          Инвестициялық қызметтен ақша қорының қозғалысы бойынша мәліметтер ерекше, 2007жылы да, 2009жылы да сәйкесінше және сомасына ұзақ мерзімді активтерді ( көбіне негізгі құралдарды алуға) ақшалар жетіспейді. 2009жылы ағымдағы және де инвестициялық қызмет үшін ақша қорының жалпы жетіспеуі қарыздық негізде қаржылық ресурстарды тарту есебінен жабылған. Жылы ақша қорының таза өсуі теңгені құраған.жылы операциялық қызметтен түсулердің жоғары болуының есебінен инвестициялық қызметтен ақшалардың жетіспеуі жабылған және банктік несиенің бір бөлігі өтелген.

            Дұрыс жағдайда кәсіпорын қызметін ақша қаражаттары шығу ағымынжабатын ақша қаражаттары ағымы қамтамасыз етуі қажет.

            Ақша қаражаттары қозғалысының құрылымдық анализін жүргізгеннен кейін, кәсіпорынның есепті кезеңде тапқан таза табысы мен ақша қаражаттары қалдығының өзгерісі арасындағы байланысын орнату қажет және де бөлінбеген табыс қандай ақша қаражаттарына айналғанын қарастыру және табыс көлемінің период бойындағы ақша қаражаттарының ағымының  сомасынан айырмашылығын қандай факторлар шарттайтынын көрсетеді.

             Есепті кезеңдегі ақша қаражаттары  қалдығының таза табысқа қарасты өзгерісін алу үшін, капиталдар мен резервтердің өзгерісін келесідей факторлар несиелер мен қарызға берулердің өөзгерісі, несиелік қарыздар мен басқа да міндеттемелердің, пассивтердің өзгерісі, амортизациялық айналыстан тыс активтер қолданылымының өзгерісі және де мына факторларды азайту керек; айналыстан тыс активтер өзгерісі, жинақтар өзгерісі; дебиторлық қарыздар мен қысқа мерзімді салымдар өзгерісі.

             6 кестеден есепті кезең бойындағы ақша қаражаттары қалдығының таза табысқа (бөлінбеген) қарасты өзгерісін талдаймыз, талдауға арналған институтар “бухгалтерлік баланстың” №1 формасында келтірілген. Қате рәсімделген таза табыс  пен ақша қаражаттарының өзгерісі туралы берілген анализдің нәтижесі; кәсіпорынның таза табысының 1193 мың. теңгеге өскенін, оң факторлардың жалпы сомасының – 1281 мың. теңгеге кемігенін сонымен қатар, теріс факторлардың жалпы сомасының –95 мың .теңгеге кемігенін көрсетеді.

 

Кесте 6

Ақша қаражаттарын қозғалысы туралы есеп

                                                                                                              млн.теңге

Көрсеткіштер

 

 

 

2007ж

2008ж

2009ж

2007жылы

2009жыл

ауытқуы

В

1

2

3

4

Операциялық

 қызметі бойынша

 ақша қозғалысы

 

 

 

 

1.Түсімдер

443 968 197

488 583 871

428 595 186

153 730 10

Дайын өнімді

(товарлар, жұмыстар ,қызметтерді) өткізу

612 454 1

724 481 6

714 257 6

-101 803 5

алынған аванстар

973 411 7

104 155 05

230 388 68

-133 047 51

сыйақылар

611 38

703 08

295 23

316 14

басқалары

428 048 401

470 853 241

398 384 218

296 641 82

2.Шығындалу барлығы,

соның ішінде:

441 820 613

487 661 284

427 941 777

138 788 35

жабдықтаушылар

мен  мердігерлерден төлемдер

248 633 9

262 806

191 9377

566 961

Төленген аванстар

973 2250

102 675 23

224 892 83

-127 570 33

Еңбекақы бойынша төлемдер

228 206 2

390 112 4

294 516 0

-663 098

Жинақтаушы зейнетақы қоры

228 206

433 458

321 920

-937 13

Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры

0,00

650 18

490 06

490 06

Салық

111 128 2

145 567 4

149 325 2

-381 970

Сыйақы төлеу

246 92

152 480

140 169

-115 477

Басқа да төлемдер

425 955 781

468 757 944

398 583 607

273 721 74

Ақша қызметтерінің операциялық нәтижесі өсуі(+) /азаюы( -)

214 758 4

922 587

653 409

149 417 4

 Қайнар көзі: «Қазпочта» акционерлік қоғамның 2008-2009 жылғы қаржылық есептілігі негізінде автормен құрастырылған.

Мыналарды ескеру керек, есепті кезеңдегі өзгерістер оң да, теріс те болуы мүмкін.

Берілген мәліметтерді формула арқылы көрсетейік;

=P4 + ()-()                                                  (3)

мұндағы, -ақша қаражатарының өзгерісі;

   P4  —   есепті кезең пайдасы;

   капитал мен резервтердің пайда табумен байланысты емес басқа да факторлар есебінен өзгерісі;

   несиелер мен қарызға берулердің өзгерісі (ұзақ және қысқа мерзімді);

   несиелік қарыздың өзгерісі;

    амортизация айналыстан тыс активтер қолданылымның өгерісі;

  айналыстан тыс активтер өзгерісі;

   жинақтар өзгерісі;

      дебиторлық қарыздар мен қысқа мерзімді қаржылық салымдар өзгерісі [1].

 

        2.3 Қаржыны пайдалану тиімділігін бағалау

    

         Кәсіпорынның қаржылық жағдайының және оның қаржы ағымдарын басқару тиімділігінің маңызды сипаттамаларының бірі – ұзақ мерзімді перспективада қызметінің тұрақтылығы. Ол кәсіпорын балансының құрылымын, оны кредиторлар мен инвесторларға тәуелдігінің дәрежесімен байланысты. Бірақ, кредиторларға тәуелділік дәрежесі қаржы ағымдарының меншікті және қарыз көздерінің қатынасымен ғана анықталмайды. Бұл меншікті капиталды, айналым және айналымнан тыс активтер құрамын, және зияндардың болуын немесе болмауын және тағы басқа бағалауды кіріктіретін көп қырлы түсінік. Негізгі қорлар немесе өндірістік запастарға капитал салымын жабу үшін қаражат көздерінің өзгеру шегінің шекті мәні кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға және тұрақтылығын арттыруға әкелетін шаруашылық операцияларының ағымын басқаруға мүмкіндік береді.

          Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын тереңірек бағалау қатысты шамалар болып табылатын қаржылық тұрақтылық коэффициенттері көмегімен жүргізіледі [2].

          Меншікті капиталдың нақты мөлшерімен қатар, оның капиталдың жалпы сомасындағы үлес салмағын анықтау қажет (тәуелсіздік немесе автономия коэффициенті). Бұл көрсеткіштің ұсынылған мөлшері 0,5-тен аз емес. «Қазпочта» акционерлік қоғамында коэффициент 2008 жылы 0,5-ке тең болған, ол 2007 жылмен (0,4) салыстырғанда 0,1 пунктіге немесе 25%-ке өскен. Бұл мән кәсіпорынның қарыз қаражаттарына тәуелділігін және меншікті қаражаттарының  епсіздігін көрсетеді. Бұл көрсеткіштің 2007 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 25%-ке дейін өскендігі, кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігінің артқандығын және алдағы кезеңдерде қиындыққа ұшырау тәуекелінің төмендегендігін көрсетеді.

          Тәуелділік коэффициенті (kзкк  немесе kз=1- kн) авансталған капиталды (баланс валютасы) қарыздың үлесін көрсетеді және бұл 60%-дан 50%-ға азайған. 2007 жылы кәсіпорын қаржыландырудың сыртқы көздеріне тәуелді болған, алайда 2008 жылы қарыз қаражатына тәуелсіздік шегіне дейін төмендеткен.

           Меншікті капиталдың ептілігі  коэффициенті   кәсіпорынның   қаржылық тұрақтылығын   сипаттайтын   көрсеткіштердің   бірі. Ол кәсіпорынның меншікті қаражаттарының қайсы бөлігі мобильді формада екенін көрсетеді, соған  байланысты  осы   қаражаттарды   еркін   жұмсауға  мүмкіндік  береді  (kмо.к.: Ск).  Кәсіпорынның ептілік коэффициенті белгіленген нормадан өте төмен және 0,01 тең, яғни меншікті қаражаттардың көп бөлігі айналым қаражатына емес, негізгі қорлар мен өзге де айналымнан тыс активтерге жұмсалған.

        Кәсіпорын қаражаттарының көлемін сипаттау үшін автономия, қарыз және меншікті қаражаттардың қатынасы, маневрлік коэфиценттерімен қатар, көздердің шектелген топтарының құрылымының өзгеруіндегі әртүрлі тенденцияларды көрсететін жеке көрсеткіштер де қолданылады. Мұндай көрсеткіштерге, бірінші кезекте, ұзақ мерзімді несиелер мен қарыз қаражаттары   мөлшерінің  кәсіпорынның  меншікті  қаражаттары  және  ұзақ мерзімді несиелері   мен  зайымдарының  көздерінің сомасына  қатынасына тең қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффицнеттері жатады.

       Тартылған және меншікті қаражаттардың арақатынасының (kз/с) коэффициенті (қаржы тұтқасының иығы) – кәсіпорын активтерінің қай бөлігі    қарыз қаражаты есебінен қаржылатындырылатындығын көрсетеді, оның   нормасы 1-ден төмен.      2008 жылы 0,002 құраған. Сонымен   қатар, ол 1 теңгеге қанша қарыз қаражаты тартылғанын білдіреді.

       Осылайша, қаржылық тұрақтылық коэфиценті абсолютті көрсеткіштер негізінде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдаудың  қорытындыларын растайды.

Кесте 7

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы

                                                                                                                       млн.теңге                                                                            

      Коэффициенттердің аты

Норма

Нақты мәні

2007ж.

2008ж.

Меншікті капиталды

жинақтау

     коэффициенті

≥0,6

946 929 816/

 234 675 240 8 =0,4

101 340 422 4/

209 309 113 9 =0,5

Қаржылық тәуелділік

коэффициенті

1-0,4=0,6

1-0,5=0,5

Меншікті  капиталдың

ептілік коэффициенті

0,5

133 062 665/

  946 929 816 =0,14

952 274 0/

101 340 422 4 =0,01

Қарыз капиталды жинақтау коэффициенті

0,2-0,5

300 000 0/

  234 675 240 8

=0,0013

210 413 0/

   209 309 113 9 =0,001

Ұзақ мерзімді салымдардаң

құрылымдық коэффициенті

0,2-0,5

0

0

Тартылған және меншікті

капиталдың қатынасын көрсететін коэффициент

  (қаржы тұтқасының иығы)

0,2-0,5

300 000 0/

946 929 816 =0,003

210 413 0/

   101 340 422 4 =0,002

 

 Қайнар көзі: «Қазпочта»  акционерлік қоғамының 2006-2007 жылғы қаржылық есептілігі негізінде автормен құрастырылған.

Табыстылықты бағалау рыноктық экономика жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізгі және соңғы мақсаты – табыс алу болғандықтан, осы көрсеткішті талдау өте қажет.

 

       Өткізілген өнімнің табыстылығы таза табыстың қалыптасуында өткізілген өнімнен түскен табыс басты роль ойнайды. Ол таза табыстың өткізілген өнімнен түскен түсімге қатынасымен анықталады. Кәсіпорынның активтерге салған әрбір 1 теңгеден алынған таза табысы өткізілген өнімнің табыстылығына тәуелді.     «Қазпочта» акционерлік қоғамында бұл көрсеткіш 2007 жылы 1%-дан 2008 жылы 4%-ға дейін өскен, яғни таза табыстың 4%-ын өткізілген өнімнен түскен түсім құрайды.

        Сату көлемінің табыстылығы жалпы табыстың өткізілген өнімнен түскен табысқа қатынасымен анықталады. Сату көлемінің табыстылығының деңгейіне өткізілгенөнім құрылымының, оның өзіндік құны мен шығару құнындағы өзгерістер әсер етеді. Талдау объектісінде бұл көрсеткіш есепті кезеңде 27,8% құрады, ол 2007 жылмен салыстырғанда 5%-ға өсті.

     Негізгі қызметтің табыстылығы төмендегі формуламен анықталады:

      DоД=Dо/(SN+Pn)                                                                                              (5)

 

      Мұндағы: Dо – негізгі қызметтен түсетін табыс

                 SN — өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны

                           Pn – кезең шығындары.

          Бұл көрсеткіш кәсіпорынның шаруашылық қызметінің тиімділігімен қатар, баға белгілеу процесінің де тиімділігін көрсетеді. Кәсіпорынның 2008 жылғы негізгі қызметінің табыстылығы 5%-ды құраған.

          Активтердің табыстылығының деңгейі кәсіпорында инвестициялық шешім қабылдауға және шаруашылық қызметті қаржылық жоспарлау, бағыттау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Кәсіпорынның активтеріне немесе жобаларға жаңа қаражаттар салу қажеттілігін бағалау кезінде олардан күтілетін табыс есептеледі және бұл есептеулер шешім қабылдау үшін негіз болып табылады:

Dа=таза табыс/жалпы активтер                                                                 (3) 

           Жалпы активтердің табыстылық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 3,3 пунктіге өскен және 4,2% құрады.

           Тәжірибеде ағымдағы активтердің табыстылығы кең қолданылады. Ол кәсіпорынның ағымдағы активтерге салынған 1 теңгеден қанша табыс алатындығын көрсетеді. Коэффициент таза табыстың ағымдағы активтерге қатынасымен есептеледі. Ағымдағы активтердің табыстылығы 2007 жылы 1,4%-дан 2008 жылы 8,1%-ға өскен. Бұл ағымдағы активтерге салынған қаражаттың 8,1 тиын табыс әкелетіндігін көрсетеді.

          Меншікті капиталдың табыстылығы төмендегі формуламен табылады:

Dск=таза табыс/меншікті капитал                                                              (4)

          Кәсіпорынның қызметінің тиімділігін сипаттайтын маңызды көрсеткіштердің бірі – қор қайтарымдылық. Ол негізгі өндірістік қорларды пайдаланудың тиімділігін көрсетеді. Қор қайтарымдылық талдау кезеңіндегі өткізуден түскен түсімнің негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық құнына қатынасымен анықталады:

       f= Dn/F                                                                                                          (5)

 

Кесте 8

Кәсіпорын табыстылығын бағалау

                                                                                                                     млн.теңге

 

Коэффициенттердің аты

Нақты мәні

2007ж.

2008ж.

Өткізілген өнімнің табыстылығы, %

207 263 29*100%

/ 185 082 451 8 =1%

885 629 30*100%

/ 201 160 523 8=4%

Сату көлемінің

табыстылығы, %

 

 

421 376 724*100/

185 082 451 8

=22,8%

559 607 624*100%

/ 201 160 523 8= 27,8%

Негізгі қызмет

 табыстылығы, %

965 152 28/

(145 199 761 4+

463 092 396)=5%

Активтер табыстылығы

(ROA), %

207 263 29*100%

/ 234 675 240 8=0,9%

885 629 30*100%

/ 209 309 113 9=4,2%

Ағымдағы активтер табыстылығы, %

207 263 29*100%

/ 153 288 525 7=1,4%

885 629 30*100%

/ 108 920 965 5=8,1%

Негізгі капитал

табыстылығы, %

207 263 29*100%

/ 1191408394=1,7%

885 629 30*100%

/ 1463700228=6,1%

Меншікті капитал

табыстылығы

(ROE), %

207 263 29*100%

/ 946 929 816=21,9%

885 629 30*100%

/ 101 340 422 4=87,4%

 Қайнар көзі: «Қазпочта»  акционерлік қоғамының 2007-2008 жылғы қаржылық есептілігі негізінде автормен құрастырылған.

 

Мұндағы:    fқор қайтарымдылық

                     Dn өткізуден түскен түсім

                     F негізгі өндірістік қорлар.

 

   Өнімдердің көп түрін шығаратын кәсіпорындар үшін жалпы қор қайтарымдылық көрсеткіштерін есептеген құндық көріністегі өнім көлемі негізге алынады.

Негізгі қорлардың қор қайтарымдылығы 2008 жылы 1,4 тең, яғни негізгі қорлардың 1 теңгесі 1,4 теңге болып қайтады. Бұл зауыттың негізгі өндірістік қорларының оң жұмыс істеуінің нәтижесі.

 

 

 

Кесте 9

Кәсіпорынның іскерлік белсенділігі

 

Коэффициенттердің аты

Нақты мәні

2006ж.

2007ж.

Қор қайтарымдылығы, %

185 082 451 8/

 119 140 8394=1,6

201 160 523 8/ 1463700228=1,4

Есептегі қаражат

айналымдылығы (айналым)

185 082 451 8/ 153 288 525 7=1,2

201 160 523 8/

108 920 965 5=1,9

Есептегі қаражат

айналымдылығы (күн)

360/1,2=300

360/1,9=189,5

ТМЗ айналымдылығы

(айналым)

142 944 779 4/

664 871 488=2,15

145 199 761 4/

641 042 721=158,6

ТМЗ айналымдылығы

(күн)

360/2,15=167,4

360/158,6=158,6

Кредиторлық

борыштың

айналымдылығы (күн)

101 619 737 3*360/ 1429447794=256

326 028 131*360/ 145 199 761 4=80,8

Операциялық

циклдың ұзақтығы (күн)

300+167,4=467,4

189,5+158,6=348,1

Дебиторлық борышты

жабу коэффициенті

467,4 -256=211,4

348,1-80,8=267,3

Капиталдың

айналымдылығы

753 181 272/

185 082 451 8 =0,4

320 415 867/

189 494 458 0 =0,2

Қайнар көзі: «Қазпочта » акционерлік қоғамының 2007-2008 жылғы қаржылық есептілігі негізінде автормен құрастырылған

     «Қазпочта» акционерлік қоғамның еңбек өнімділігі 2007 жыл 2009 жылмен салыстырғанда 496 млн.теңгеге артты, сонымен қатар жалақы мөлшері 150 37 млн.теңгеге көбейді.Осыған байланысты қызметкерлердің саны да 283 мың адамға көбейді.

      2007-2009 жылдарға Қоғамның шығыстарын қалыптастыру кезiнде жыл сайын қызметкерлердiң еңбекақы мөлшерiн өсiру, сондай-ақ инвестициялар тарту нәтижесiнде амортизациялық аударымдарды өсiру және ғимараттарға күрделі жөндеу жұмыстарын жүргiздік

 

Сурет 4. «Қазпочта» АҚ еңбек көрсеткіштерінің динамикасы.

 Қайнар көзі: «Қазпочта»  акционерлік қоғамының 2007-2008 жылғы қаржылық есептілігі негізінде автормен құрастырылған.

Ағымдағы активтердің (мобильді қаражаттардың) немесе айналым капиталының айналымдылығының коэффициенті. Ол төмендегідей анықталады:

Kот.а.= Dn/ТА                                                                                                                  (6)

 

мұндағы: Kот.а. –  ағымдағы активтердің айналымдылығы

                 Dn –  өткізуден түскен түсім

                 ТА – ағымдағы активтер

Кесте  10

Қызмет көрсетулердiң өзiндiк құнының құрылымы

                                                                                                                     млн. теңге

 

Баптардың атауы

 

2007 жыл

 

2008 жыл

2009 жыл

 

Қызмет көрсетудiң

өзiндiк құны

 

 

 

Барлығы:

3730,5

 

4245,0

4566,2

Оның ішінде:

Тiкелей шығыстар

2535,2

2851,3

3110,8

 

Үстеме шығыстар

769,5

907,8

959,3

 

негізгі қызметтер

бойынша басқа да

шығыстар

 

425,8

 

485,9

496,1

 Қайнар көзі: «Қазпочта»  акционерлік қоғамының 2007-2008 жылғы қаржылық есептілігі   негізінде автормен құрастырылған.

 

Сурет 5 Қызмет көрсетулердiң өзiндiк құнының құрылымы

 Қайнар көзі: «Қазпочта»  акционерлік қоғамының 2007-2008 жылғы қаржылық есептілігі   негізінде автормен құрастырылған

2007 жылы негiзгi қызметтен сомасы 5 783,9 млн. теңгеге, ал негiзгi емес қызметтен сомасы 180,9 млн. теңгені құрады. Сонымен өндiрiстiк шығыстар (негізгі қызмет түрлерiнiң өзiндiк құны) 3 730,5 млн. теңгенi құрайды, оның iшiнде:

      —  материалдар — 313,7 млн. теңге;

      —  қызметкерлерге еңбекақы төлеу (өндiрiстiк персонал) – 40 106 млн. теңге;

      —  еңбекақы төлеуден түскен аударымдар — 370,2 млн. теңге;

      —  үстеме шығындар — 769,5 млн. теңге;

      —  басқа шығындар — 425,8 млн. теңге;

      —   Кезең шығындары — 1 929,2 млн. теңге.

       —  Негiзгі емес қызметке байланысты шығындар — 120,3 млн.теңге.

        2007 жылы сатылған өнiмдердiң (жұмыстардың, қызмет көрсетулердiң) өзiндiк құн құрылысында едәуiр үлесiн тiкелей өндiрiстiк шығындар құрайды (68% астам). Үстеме өндiрiстiк шығыстар 20%-ға жуығын құрайды, негiзгі қызметтен басқа да шығындар — 11%.(7 )

    2007 жылы Қоғам табыстардың жоспарлы деңгейi асқан жағдайда, шығындардың ауыспалы баптарын түзетуді қарастыратын, икемдi бюджет жүйесіне өтедi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «Қазпочта» акционерлік қоғамының қаржысын басқаруды жетілдіру жолдары

 

             Қаржыны басқару сәттілігі кәсіпорынның капитал құрылымына тікелей байланысты. Капитал құрылымы кәсіпорынның активтерін көбейту бойынша шараларына сәйкес келуі немесе қарсы келуі мүмкін. Ол сондай-ақ қарыз міндеттемелері бойынша төленетін тұрақты пайыздық табыс компанияның белсенділігінің болжанатын деңгейіне тәуелсіз болғандықтан пайда нормасына тікелей әсер етеді. Егер фирманың қарыздық төлемдерінің үлесі жоғары болса, онда қос капиталды іздеуде қиыншылықтар тууы мүмкін.

           Кәсіпорынның меншікті қаржы ресурстарының көбеюіне әкелетін бұйымдарды көбейту, өндіріс көлемін көбейту, шығындарды азайту арқылы алынатын табыс сомасына байланысты.[1]

           Сәйкесінше бүгінгі таңда компанияның негізгі міндеті өндіріс шығындарын төмендетумен қатар өнім сапасын жаңарту.

            Іріктеу нақты критерийлердің көмегімен жүргізіледі: өткен кезеңдегі төлем тәртібін сақтау тауарлардың қажетті көлемін төлеу бойынша сатып алушының болжамды қаржылық мүмкіндігін сақтау; ресурстағы төлемқабілеттілігінің деңгейін, қаржылық тұрақтылық деңгейін сақтау және сатушы кәсіпорынның экономикалық және қаржылық жағдайын сақтау (тауар болуы, қолма-қол ақшаға деген қажеттілік, т.б.)

            Экономикасы жақсы дамыған елдерде ең көп қолданылатын сызба мыналардан тұрады:

   — сатып алушы алынған тауарды төлеген жағдайда несиелеу кезінен бастап он күн ішінде екі процент жеңілдік алады;

   — егер несиелеу кезеңінің 11-30 күн аралығында төлем жүргізілсе, сатып алушы тауардың толық құнын төлейді;

   — төлемді бір ай ішінде төлемеген жағдайда сатып алушы қосымша айыппұл төлеуге мәжбүр болады, оның мөлшері төлеу уақытына байланысты өзгеріп отырады.

            Кәсіпорынның алдында тұрған мәселелері –бұл:

    — серіктестерді іздеу;

    — тиімді өндірісті қалыптастыру;

    — еңбектің шығармашылық сипатын қалыптастыру;

    — пайдалы синергетикалық әсер алу;

    — миссияларды жүзеге асырудың толықтығы.

            Мәселелерді шешуге тәсілдерді қалыптастыру. Алдында ұсынылған проблемалар сыныптамасын және оларды шешу мүмкіншіліктерін тереңірек қарастырайық.

            Серіктестерді тарту кезінде екі стратегия қолданылуы мүмкін:

      — тұрақты, сенімді және тексерілген серіктестерді іздеу;

      — берілген рынок конъюнктурасына сәйкес серіктестерді іздеу.

            Бірінші стратегия сенімді серіктестерді іздеу және тексерудің трансакциондық шығындарына, сонымен қатар келісім-шарттарды заңдастыруға, серіктестердің өз міндеттемелерін орындамаудан болатын зияндарға, сотта өз мүдделерін қорғау шығындарын үнемдеуге мүмкіндік береді.

           Екінші стратегия жақсы жағдайлар ұсынатын серіктестермен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Стратегияның кері жақтары серіктестердің өз міндеттерін орындамауынан болатын жоғалтулар.

           Серіктестерді тарту саясаты келесідей негізде қалыптасады:

       —  серіктестерді тарту бойынша жұмыстарды экономикалық ынталандыру;

       —   бөлімшелердің экономикалық құқықтарын;

       —   интеграциялар (серіктестердің қатынастарын рәсімдеу әдісі).

Серіктестерді тарту бойынша жұмыстар жеткілікті дәрежеде экономикалық ынталандырылмаса кәсіпорын жұмысшылары бұл мәселелерді сырттан ғана бақылап отырады. Бөлімшелердің экономикалық құқықтары оларға серіктестерді дербес іздеумен айналысуға мүмкіндік береді. Ал, ол жіберіп алынған мүмкіндіктер құнын төмендетеді.

           Интеграция — серіктестердің дұрыс емес әрекеті, сонымен қатар ескі серіктестердің кетуі және жаңа серіктестерді іздеу нәтижесінде зиян шегу тәуекелін төмендете отырып, серіктестермен қатынасты бекітуге мүмкіндік береді.

           Тиімді бизнесті қалыптастыру. Тиімді бизнесті қалыптастыру қолдағы бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану және жаңа мүмкіндіктерді іздеу жатады.

           Қолда бар мүмкіндіктерді тиімді пайдалану прблемасы өндірістік процесті рационалды ұйымдастыру арқылы шешіледі. Өндірістік процесті рационалды ұйымдастыру бойынша шаралар төмендегілерді пайдалануды қамтиды:

       — тік ұйымдастырушылық құрылымды;

       — тік интеграцияны;

       — масштабтарды үнемдеуді.

          Тік ұйымдастырушылық құрылым – қатынастардың ресми иерархиясына негізделген ұйымдастырушылық құрылым.

           Көлденең ұйымдастырушылық құрылым – бейресми байланыстарға негізделген қатынастарды білдіретін ұйымдық құрылым. Ол бірдей ранг тұлғаларына есептелген, сондықтан бір қызметкердің екіншісіне бұйрық беруі мүмкін емес.

         Жаңа мүмкіндіктерді тиімді іздеу. Жаңа мүмкіндіктерді тиімді іздеу келесілерге жүгінеді:

        — көлденең ұйымдық құрылымдар;

        — көлденең интеграция;

        — өзгерістерге бейімделу және жаға мүмкіндіктер іздеу;

        — сапалық бәсеке;

        — тәжірибе жинақтау.

         Қызметкерлердің әлеуметтік тартымдылығы келесілерге мүмкіндік береді:

         —    қызметкерлерді өндіріс процесіне тарту;

         — тік ұйымдастырушылық құрылымның инерттілігі мен ресмилігі нәтижесінде туындайтын мәселелердің бір бөлігін шешу;

         —    тәжірибе жинақтау процесін жеделдету.

         Пайдалы синергетикалық әсер алу. Қазіргі заманғы кәсіпорын – күрделі өзін-өзі ұйымдастырушы жүйе болып табылады. Бұл рыноктық экономика жағдайында кәсіпорынның рыноктық конъюнктураның өзгеруін алдын-ала анықтау тиістілігімен байланысты.

         Қазіргі уақытта көптеген кәсіпорындар мемлекеттік және коммерциялық секторларда клиенттері бар.Мемлекеттік тапсырысты орындау мен коммерциялық сұранысты қанағаттандыру арасында синергетикалық әрекетке бағытталу қосымша бәсекелік артықшылық алуға мүмкіншілік береді: өнімнің төмен өзіндік құны және жоғары сапасы.

         Кәсіпорын өнімнің аралас түрлерін шығара отырып, синергетикалық әсер ала алады, мысалы, білім мен тәжірибені жедел жинақтау, бір құрылғыларды пайдалану және өімдерді рынокта жылжытудың барлық арналарын  пайдалану арқылы.[2]

         Миссияларды жүзеге асырудың толықтығы. Кәсіпорын миссиясы – бұл кейбір қажеттіліктерді қанағаттандыру, мысалы «Қазпочта» акционерлік қоғамының миссиясы – ғимараттарды жөндеу, салу қызметін көрсету арқылы халық қажеттігін қанағаттандыру. Миссияны нақты түсіну өте күшті және ұзақ тиімді синергетикалық әсер беретін ассортимент портфелін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

          Төлемқабілеттілік пен өтімділікті, қаржылық жағдайды жақсарту мақсатында кәсіпорын төмендегідей шаралар жасауы қажет:

        — маркетингті жақсарту, тұтыну рыногын зерттеу және сегменттеу, өткізу рыногын кеңейту;

        — кәсіпорынның ақша қаражаттарын дұрыс және үнемді бөлу;

        — өнімді сатып алушыларды дебиторлық қарыздарды өз уақытында өтеуге ынталандыру;

        — шот фактураларды сату, яғни дебиторлық қарыздарды (факторинг).

        «Қазпочта» акционерлік қоғамы  жоғарыда көрсетілген іс-шараларды орындаса өзінің өтімділігі мен төлемқабілеттігін жақсарта алады.                   

     Көрсетілетiн қызмет сапасын жоғарылату және олардың бәсекеге қабiлеттілігін көтеруге негiз ретiнде материалдық-техникалық базаны жетілдiрудi және жаңартуды жүзеге асыру үшiн сырттан қаржыландыру көздерiн тарту жоспарланып отыр.

      Көрсетiлетiн қызметтердi, әсiресе ауыл тұрғындары үшiн көрсетілетiн қызметке қол жетiмдiлiктi қамтамасыз ету мақсатында әлемдiк тәжiрибенi пайдалану арқылы қолданыстағы технологияларды жетiлдiру жоспарланып отыр.

      Өндiрiс қызметiнiң тиiмдiлігін арттыру үшiн iшкi резервтердi жаппай жұмылдыру және білiктi персоналды тартуды көздейтiн жаңа сапалы негiзде тұтынушылардың сұранысын ескере отырып көрсетiлетiн қызмет түрлерiнiң аясын кеңейту.

      Таяу перспективадағы даму басымдықтары ретiнде мынадай қызмет бағыттары белгiленген:

    — почта жөнелтілімдерiнің көлемiн арттыру, қызмет көрсету сапасын жақсарту, технологиялық процестер мен почта маршруттарын оңтайландыру;

    — тiркелетiн почта жөнелтiлiмдерiнiң қадағалап байқау жүйесiн енгізу, 2005 жылдан бастап «KazSat» Қазақстан Республикасының байланыс және хабар таратудың ұлттық геотұрақты серігіне ауысу;

    — почта байланысын пайдаланудың сапалық көрсеткiштерiн бағалау нормативтерiн қайта қарау, почта жөнелтiмдерiн жеткiзудiң бақылау мерзiмдерiн қысқарту мақсатында қайта қарау;

   — салымдар бойынша пайыздарын автоматты есептеу және бухгалтерлiк есепте жүргiзілетiн операцияларды көрсету үшiн Қоғамның бөлiмшелерiнде ашылған барлық дербес есепшоттарды орталықтандырылған түрде жүргiзу;

   — екiншi деңгейдегі банктерге заңды тұлғаларға есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету жөнiндегі қызметтердi ұсыну жұмысын жандандыру;

   — «Western Union» жүйесi бойынша ақша аударуда клиенттердiң шеңберiн кеңейту.

      Сондай-ақ, почтаның әлеуеттi мүмкiншiлiктерiн пайдалану мақсатында агенттiк қызмет желiлерiн құру және дамыту, сонымен қатар көрсетiлiп жүрген қызметтердi жандандыру үшiн мынадай жаңа қызмет түрлерiн енгiзу жоспарланып отыр:

    —  жеке және заңды тұлғалардан салық және басқа да мiндеттi төленетiн төлемдердi қабылдау;

    —  зейнетақы қорларына зейнетақы жинақтары туралы хабарламаларды жеткiзiп беруге байланысты салымшыларды шарт жасасуға тарту жөнiнде агенттiк қызмет көрсету;

    — банктермен, сақтандыру ұйымдарымен, брокерлермен-дилерлермен, бағалы қағаздар портфельдерiн басқару жөнiндегi қызмет пен зейнетақы жинақтаушы қорлардың зейнетақылық активтерiн басқару жөнiндегі инвестициялық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдармен және басқа банктiк емес қаржы мекемелерiмен ынтымақтастық қарым-қатынас жасау.

    —  2004 жылы Интернетке ұжымдық қолжеткiзу пункттерiн ұйымдастыру арқылы Интернет-қызметiн дамытуға ерекше көңiл бөлiнетiн болады. Бұл сондай-ақ интернет-дүкендер мен филателия өнiмдерiн бөлшек сауда арқылы сататын, арнайы пункттердi ашу жолымен филателия қызметiн дамытуға мүмкiндiк туғызады.

      2004 жылы қызметкерлердiң еңбегiн автоматтандыру мен жеке және заңды тұлғалар бойынша деректер базасын жетiлдiру үшiн тікелей почтамен жiберiлетiн материалдарды жасақтаушы жабдықты орнату нәтижесiнде директмаркетинг қызметiн көрсету жөнiндегі жұмыс жандандырылатын болады.

      Сонымен қатар жаңа қызмет түрлерiн енгізудi және дамытуды жалғастыру жоспарланып отыр:

      1) тапсырыстар бойынша сәлемдемелiк сауда жүйесiнiң шегінде сервистiк қызмет көрсету арқылы «Тауар-Почтамен» каталогтары бойынша почталық сауданы ұйымдастыру және дамыту, оның iшiнде Интернет арқылы;

      2) трансфер-агенттік қызметтер;

      3) қазiргі технологиялардың, филиалдардың республикалық желiлерi және халықаралық ынтымақтастықтың озық нысандарының базасында электронды почталық сауданы дамыту.

      ЕMS Kazpost курьерлiк қызметiнiң жұмысындағы басым бағыттары оны жаңғыртып жетiлдiру мен бәсекелестiк қабiлетiн арттыру болып табылады. Соған байланысты мынадай мiндеттер шешiлуде:

      1) Қазақстан бойынша EMS Kazpost курьерлiк қызмет жүйесiн автоматтандыру;

      2) EMS халықаралық кооператив жүйесiне сәйкес келетін жеделдетiлген почта жөнелтілiмдерiн компьютермен бақылап қадағалау жүйесiн енгізу;

      3) EMS қабылдау пункттерiн кеңейту;

      4) әлемнiң iрi почта әкiмшiлiктерiмен халықаралық жедел почта саласындағы ынтымақтастық;

      5) почталық қызмет көрсетудiң сапасын жақсарту.

          Акция ұстаушылардың көбі өздері қаражат салған ұшырайтын ресурстағы және үлкен проблемалары туралы түсінігі болмағандықтан, олардың табысқа байланысты үміттері өте жоғары және орындалуы мүмкін емес. Сала неғұрлым бәсекеқабілетті болса, соғұрлым акция ұстаушыларына құрылғы мен ғимараттарды жаңарту және жетілдіруге зерттеулерге, оқытуға, компьютерлендіруге инвесторлар тарапынан көбірек қысым көретілуі мүмкін. Осы бағыттардың ешқайсысы инвестицияның бір жылда немесе одан да көп уақыттан кейін қайтарылуын жеделдете алмайды. Қаржы ресурстарын басқаруды жүргізуде капитал құнын анықтауды дұрыс шешу керек.

         Қаржы ресурстарын тиімді құру үшін кәсіпорында қаржы ресурстарының мониторингін жүйелі түрде жүргізіп отыру қажет. Ол үшін 6 сатыдан тұратын қаржы ресурстары мониторингінің қолдануға болады. Кәсіпорынның қаржы ресурстарына мониторинг жүргізу кезінде кәсіпорынның қаржы ресурстарын құрудың тәсілдері мен құралдарын таңдау бойынша шаралар жүргізіледі.[3]

         Қазіргі кезде бәсеке жағдайларында әр компанияның өндіріп жатқан тауарлардың немесе көрсетілетін қызметтің сапасын үнемі көтеру проблемасымен жиі кездесетіндігін атаған жөн.

         Рынокта тек тауарлары мен қызметтері тұтынушылардың талабын толық қанағаттандыратын фирмалар ғана тұрақталып қалады. Ұсынылатын тауардың немесе қызметтің сапасы компанияның бәсекеге қабілеттіліктің шешуші факторы ретінде маңызды рөл атқарады. Тек жоғары сапалы қызмет көрсетуге ұмтылу кез келген компанияның стратегиялық өзегі болып табылады.

         Сондықтан біздің компанияның басшылығымен 2004 жылдың басында ISO 9000:2000 халықаралық сапа стандарттарына сәйкес біздің кәсіпорында сапа менеджментінің жүйесін (СМЖ) енгізу туралы шешім қабылданған болатын. Жүйенің мақсаттары «2004-2005жж. компания жұмысында сапа саласындағы саясат» атты арнайы құжатта баяндалған. Аталмыш жүйені құруды бірнеше кезеңмен жүзеге асыру жоспарланып отыр. Ең алдымен филиалдың бүкіл персоналын осы жұмысқа жұмылдыру керек. ИСО стандарттарының философиясы кәсіпорынның ішінде жалпы мәдениетке және әр қызметкердің сапа мәселелеріне көңіл бөлуіне әсер етеді. Сондай-ақ, мамандардың кәсіби шеберлігін жоғарылату, оларды уәждеу жүйесін жетілдіру, сонымен қатар ресурстардың барлық түрлерін оңтайлы пайдалану біздің қамқорлығымыз болып табылады.

         2008 жылы, EMS жөнелтімдерін халықаралық айырбас жөніндегі типтік көпжақты келісімге ресми түрде қосылғаннан кейін, «Қазпочта» АҚ-ның барлық облыстық филиалдарында EMS жөнелтімдерін бақылаудың ішкі жүйесі және  сонымен бірге EMS жөнелтімдерін жөнелткен сәттен бастап, алушының қолына тиген уақытқа дейін бақылауға мүмкіндік беретін IPS Light халықаралық бақылау жүйесі орнатылды. ДПО EMS кооперативінің ортақ жиналысы бүкіл әлем бойынша жоғары сапалы бәсекеге қабілетті шабармандық жедел қызметті дамытуға өз үлесін қоса отырып, EMS операторларының EMS жөнелтімдерін қадағалау халықаралық жүйесіне мәліметтерді енгізудегі жоғары сапасы үшін тағайындалатын сертификаттау жүйесін енгізді. 

          29 маусымда  2009 жылы Бішкекте Ислам Даму Банкінің (ИДБ) Қырғыз Республикасы почтасын реформалау бойынша техникалық гранты аясында мемлекеттік кәсіпорын «Қырғыз почтасы» ұйымдастырылған қорытынды конференцияда Ислам Даму Банкі мен қазақстандық почташылар ішінде сарапшылар тобы арасында келісім жасалды.

         Жоғарыда аталған жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру үшін компанияда жаңа құрылымдық бөлімше-Сапа қызметі құрылды. Қазпочтаның алдында үлкен әрі жауапты міндеттердің тұрғандығын көріп отырсыздар. Оларды ойдағыдай шешу үшін серіктестердің тәжірибесін зерделеу өте қажет. Осыған орай, Қазақстан мен Ресей ұлттық операторлары арасындағы қалыптасқан іскерлік қарым-қатынасты атағым келеді.

  Даму перспективалары

           2004 жылы Қазақстан Үкіметі Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейін почта-жинақ жүйесін дамыту Бағдарламасын бекітті. Бұл құжат өзінде почта операторы мен қаржы институтының міндеттерін ұштастыратын, почта-жинақ жүйесінің даму жолдарын анықтайды. Халықаралық стандарттар деңгейінде халыққа және экономиканың нақты секторына қызмет көрсету оның мақсаты болып табылады.

     Бағдарлама екі кезеңді ұсынады:

     2005 — 2007 жылдары – қазіргі технологияларды енгізумен ұлттық почта операторының материалдық-техникалық базасын жетілдіру кезеңі;

     2008 – 2012 жылдары — елдің бүкіл аумағын қамтитын және халықаралық стандарттар деңгейінде почта-жинақ қызметіне еркін қол жеткізуді қамтамасыз ететін инфрақұрылымды қарқынды дамытудың аяқталу кезеңі.

    Осы бағдарламаны жүзеге асыру мемлекетке тұрақты қаржылық нәтиже алуға мүмкіндік береді. Қазпочтаның 2007 жылдан бастап-ақ мемлекеттік пакетке дивидендтер төлей бастайтындығы болжамдалады, жалпы сомасы                                2010 жылы 230 млн. теңгені құрайды.

         Сондай-ақ, ұлттық оператор тарапынан 2005-2010 жылдары мемлекеттік бюджетке түсетін салық төлемдерінің жалпы сомасы шамамен 13 млрд. теңгені құрайды деп жоспарлануда. Осы бағдарлама шеңберінде почтада микрочиптары бар төлем карточкаларын енгізу жоспарлануда, оған СТН, жеке куәлік, жүргізуші куәлігінің деректері енгізілетін болады. Бұл Ұлттық төлем карточкасы бүкіл Қазақстан аумағында айналымда болады. Ол почтада беріледі, почта оның эмитенті болады. Бұл жоба жылдың соңына дейін іске қосылады деп ойлаймын. Сонымен қатар банкоматтар сатып алу, почта терминалдарын бүкіл республика бойынша орнату жоспарланып отыр.

         EMS-жөнелтілімдері мен жазбаша хат-хабарларды қадағалау жүйесінің жобасын жүзеге асырамыз. Біздің компания қызметінің нәтижелі болуына 16 мыңнан астам қызметкерлерді біріктіретін, бүкіл аймақтық және құрылымдық бөлімшелердің келісілген жұмысы елеулі дәрежеде мүмкіндік туғызуда.     Менеджментті күшейту, персоналды оқыту, қызмет көрсету сапасын және көрсетілетін қызмет деңгейін көтеруге жол ашатын, қазіргі ақпараттық-технология жүйелерін енгізу және жетілдіру сияқты мәселелерге көп көңіл бөлуге тырысамыз.

           «Қазпочта» АҚ кезінде дәл саланы сауатты басқарудың арқасында дағдарысты ахуалдан шықты. Бірақ, менеджменттің барлық деңгейінде тиімді шешім қабылдау үшін толық, тез әрі сенімді ақпарат қажет, ал оны автоматты жүйені енгізбей алу мүмкін емес. Сондықтан бүгінгі күні Қазпочтада аналитикалық және бухгалтерлік есепті, сұрыптау тораптары мен банктік және почталық қызмет көрсететін жұмыс орындарын, әкімшілік-шаруашылық қызметті және т.б. кешенді автоматтандыратын, Корпоративтік ақпарат жүйесі (КАЖ) енгізілуде. КАЖ енгізу мақсаты-ақпараттың қолжетерлігі, шүбәсіздігі, толықтығы және әлбетте, кез келген есептілік негізінде салу мүмкіндігі сияқты талаптарға сай келетін бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру. КАЖ банктік және почталық қызмет, бюджетті басқару және әкімшілік-шаруашылық қызмет, сонымен қатар электронды құжат айналымы бойынша интеграцияланған модульдерден тұрады. Орталық аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің, пайдаланушылардың, жұмыс орындарын автоматтандыруды қарастыратын КАЖ келесі ішкі жүйелерден тұрады:банктік қызмет, АСУ РПО (тіркелетін почта жөнелтілімдері), әкімшілік-шаруашылық бөлігі, бюджеттеу, құжат айналымы және почта-банктік терминал (ПБТ).

          Почта-банктік терминал — почталық байланыс кәсіпорындарымен көрсетілетін қызметтер бойынша почта-банктік операцияларды автоматты ресімдеу, есепке алу және бастапқы өңдеу үшін арналған почта терезелерінің жұмысын автоматтандыруды қамтамасыз ететін бағдарламалық кешен. ПБТ келесі операцияларды орындау үшін арналған:

— ішкі және халықаралық почта жөнелтілімдерін қабылдау және табыстау;

— аударымдарды қабылдау және төлеу;

— мерзімді басылымдарға жазылуды қабылдау, жеткізу және есепке алу;

— мерзімді басылымдарды, почтаның халық тұтынатын тауарларын сату;

— жеделхаттар қабылдау;

— зейнетақы, жәрдемақы, стипендия және еңбекақы төлеу;

— халықтан төлемдер қабылдау;

— халықтан салымдар қабылдау және төлеу;

— валютамен айырбастау операциялары;

     — Ішкі шаруашылық операцияларын тіркеу.

   Қазпочта ТМД аумағында бірінші болып пошта-жинақ жүйесін құрастырып енгізген бірден-бір пошта әкімшілігі болып табылады. «Қазпочта» АҚ-ның сапалы пошта-жинақ жүйесін құрастырудағы жұмысының нәтижелері Байланыс саласындағы аймақтық достастықпен сәтті деп танылды. Ал Қазақстандағы жаңа пошта жүйесінің үлгісі Достастық  елдері пошта әкімшіліктері үшін болашағы мол даму жолы ретінде атап өтілді.

Қазіргі кезде қазақстандық поштаны көп функционалды қаржылық супермаркетке айналдыру үрдісі жедел іске асырылуда. Мұнда жақын арада пошталық, қаржылық және басқа да қызметтер көрсетіледі. Қазақстан сияқты үлкен мемлекетте ақпараттық қоғамның дамуы жағдайында әмбебап логистикалық операторының қызметінсіз мүмкін емес.

  Пошта саласында жүріп жатқан өзгерістер, тұтастай алғанда компанияның алға жылжуына негіз қалады. «Standard & Poor’s» халықаралық рейтингтік агенттігі 2005 жылы «Қазпочта» АҚ-ға ұзақ мерзімді несиелік ВВ+ «Тұрақты» рейтингісін берді. Бұл компанияның тұрақты дамып келе жатқан кәсіпорын екенін дәлелдейді.

         «Қазпочта» АҚ 2006 жылдың қаңтарынан «Самұрық» мемлекеттік холдингісіне кіреді. Бұл даму институтын құрғанда алға қойған басты мақсаттар корпоративтік басқару, мемлекеттің қызығушылығын қорғау мен макроэкономикалық тұрақтылықты одан әрі қолдау болды. Бір жыл ішінде алға қойған міндеттер мен мақсаттарды орындауда бірлесіп жасалған жұмыстар жемісті болды. Осы уақыт ішінде осындай мемлекеттің шешімін дұрыс қабылдау мен түсіну де келді.

    Директорлар кеңесінде жай ғана поштаның даму тұжырымдамасын емес, сонымен қатар ұлттық пошта операторының инфрақұрылымын жаңартатын бағдарламаны қамтитын 2007-2009 жылдарға дамудың стратегиялық бағыттары бекітілді. Мұндай жаңартудың негізгі міндеттері пошта байланысы бөлімшелерінің жеке желісін оларды жан-жақты қамтып, техникалық нығайту мен ақпараттық коммуникациялық және банктік жабдықтармен қамту арқылы жетілдіру болып табылады.

    Стратегиялық маңызды міндеттерді орындауды ұйғарады. Бірінші кезекте қаржыландыру көздерін аймақтық желіні қалалық, аудандық, ауылдық деңгейде дамытуға толық мобилизациялау қажет. Бұл жан-жақты әрі ақпараттық-техникалық жабдықтау деңгейінде стандартты пошта-жинақтау қызметтерінің тізімін сапалы негізде көрсетуге мүмкіндік береді. Екіншіден, бұл қайта жабдықталған пошта байланысы бөлімшелерінде «электронды үкімет» жүйесіне қосылу, несиелеу, тұрғын үй салу жинақтарын жасау үшін теле- және ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді дамыту есебінен көрсетілетін қызметтер аясын кеңейтуге мүмкіндік береді. Компанияның даму жоспарын іске асыру пошта-жинақтау қызметтерін көрсету деңгейін көтеруге, пошта жөнелтімдерін тасымалдау жиілігін арттыру, сонымен қатар тұтастай алғанда аймақтық желі мен тораптық бағдарларды оңтайландыратын тораптық бағыттар бойынша пошталық жөнелтімдерді жеткізу мерзімін қысқартуға септігін тигізеді.

«Қазпочта» АҚ қызметінің тағы бір оңды нәтижесі клиенттер мен әріптестер жағынан компания қызметтеріне деген жоғары қызуғышылық болып табылады. Пошта – Қазақстан халқының бәріне дерлік қол жетімді бірегей күшті желілік құрылым. Қазпочта ең пәрменді филиалдық желіге ие. Республикада мұндай желіге іспеттес желі жоқ. Қазпочтаның барлық облыстық филиалдарында «K-mobile» мен «K-cell» ұялы байланыс қызметтері үшін төлемдерді қабылдаудан жаңа жобаларды іске асыру бойынша бағдарламалық өнімдер сәтті қолданылып келеді.

2006 жылдың мамырында Қазпочта құнды қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті іске асыруға лицензияны алды. Бұл компанияның трансфер-агенттік қызметтерді көрсетудегі жұмысын кеңейтуге мүмкіндік берді. Қазіргі кезде «Қазпочта» АҚ өзінің қызметін құнды қағаздар рыногында белсенді түрде дамытуда. Мұнда негізгі екі бағытты атап өтуге болады.

 «Қазпочта» АҚ құнды қағаздар рыногында трансфер-агенттік желіні дамытуды айқындайды. Осыған байланысты «Самұрық» мемлекеттік холдингінің «Қазақтелеком» АҚ-ның 4,6% жай акциялары мемлекеттік пакетін «Қазпочта» АҚ трансфер-агенттік пункттері арқылы сату тәжірибесі сәтті болды. Қазпочтаның трансфер-агенттік пункттері инвесторлар мен сатушылар арасында байланыстырушы түйін қызметін атқарады. Трансфер агенттік желі арқылы акцияларды сатып алу өтініштері бүкіл Қазақстан бойынша қабылданды. Аймақтардағы инвесторлар акцияларды сатып алу келісімін өздері тұрған жерден-ақ жүзеге асырды. Бұл жобаны іске асыру трансфер агенттік желіні қолданудың инвесторлар үшін де, Қазпочта үшін де тиімді екенін көрсетті. Бұған дейін трансфер агенттік қызмет қор рыногында табысты қызмет түрлеріне жатпайды деп есептелген.

Бірінші тәжірибе сәтті өткендіктен бұл бағыт одан әрі де белсенді дами береді. Жақын болашақта халыққа «Қазпочта» АҚ-ның барлық ірі қалалық және аудандық пошта байланысы тораптарында орналасқан трансфер агенттік пункттері арқылы акциялар сату жоспарлануда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

       Қорыта келе Қазпочта Қазақстанның қаржыгерлер Қауымдастығының толық құқықты мүшесі болып банктермен, сақтандыру компанияларымен, зейнетақы қорлары мен банктен тыс ұйымдармен белсенді ынтымақтастық қарым-қатынас жасап келеді.

       Қаржылық секторға тереңірек интеграциялануы үшін депозиттер қабылдау, тұтынушылық қызмет көрсету және микронесие беруге байланысты Қазпочтаның агенттік қызметін көрсету жөніндегі қызметін жандандыру жоспарланып отыр. Бүгінгі күні Western Union жүйесінде ақша аудару осы жоспардың маңызды бөлігі болып табылады (Western Union пункттері Қазақстанның барлық облыстық және аудандық орталықтарында жұмыс істейді).

       Біз теңгемен (несие беру құқығынсыз) және шетел валютасында банк операцияларын жүргізуге, сонымен қатар брокерлік және дилерлік қызмет көрсетуге бағалы қағаздар бойынша лицензиялар алдық.

       Таяуда Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлерінің IV Конгресінде мемлекет басшысы Н. Назарбаев республиканың қаржылық қоғамдастығының алдында тұрған бірінші кезектегі мақсаттардың арасынан трансфер-агенттердің қызметтері үшін заң шығаратын базаны және қор рыногында халықпен жұмыс үшін тиісті инфрақұрылымды құруды ерекше атап өтті.

       Президенттің ойынша, бірыңғай трансфер-агентті құру жобасы «Қазпочта» АҚ базасында жүзеге асырылуға тиіс. Бірыңғай трансфер-агентті ұйымдастыру Қазақстанның барлық азаматтарына қаржы құралдарына қол жеткізуге мүмкіндік береді.

        Трансфер-агенттік қызмет халықтың Қазақстан Республикасының қор рыногына кіруіне рұқсат беру мақсатымен құрылады. Қазіргі кезде бағалы қағаздар рыногының бүкіл инфрақұрылымы Алматыда шоғырланған.

         Біздің республикамыздың өзгешелігін (оның үлкен аумағын, көлік желілерінің дамымағандығын, халық тығыздығының төмендігі мен елді мекендердің бір-бірінен шалғай орналасқандығын) ескере отырып, елде кең тараған филиалдарының желілері мен дамыған материалдық-техникалық базасы бар трансфер-агентке сұраныс пайда болды. Бұндай талаптарға бүгінгі күні Ұлттық почта операторы — «Қазпочта» АҚ сай келетіндігі танылды.

          Бастапқы трансфер-агенттік пункттерді ашуды облыстық филиалдардан бастау, соңынан аудандық байланыс тораптары деңгейіне кеңейту және ауыл аумақтарын қамту жоспарланып отыр. Соның нәтижесінде біздің ықпалымыз қаржылық орталықтан алшақ орналасқан аймақтарға жайылады.

       Бүгін почтада дәстүрлі хаттар, ашық хаттар, бандерольдар мен сәлемдемелерді жіберуден басқа коммуналдық және салық төлемдерін төлеуге, валюта айырбастауға немесе сатып алуға, жалақы, зейнетақы немесе стипендия алуға болады.

       Почта тұтас бірқатар қаржылық қызметтерді көрсетеді:халықтан депозиттер қабылдайды, құндылықтарды инкассациялау мен тасымалдауды жүргізеді, зейнетақы қорлары мен сақтандыру компанияларына брокерлік және агенттік қызметтер көрсетеді. Әсіресе «Қазпочта» АҚ қызметі ауылдық жерлерде өте қажет, өйткені ол қаржылық, мәдениет, ақпараттық және сауда орталығы қызметін атқарады.

        Сонымен қатар 2000 жылғы 1-ші наурызынан бастап Қазақстан Халық банкі республиканың ауылдық елді мекендерінде зейнетақы және жәрдемақы төлеу жөніндегі функциясын Қазпочтаға бергендігін атап өткен жөн. 2002 жылғы 9-шы қаңтарда «Қазпочта» АҚ мен «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» (МЗТО) арасында Қазақстан Республикасының бүкіл аумағы бойынша зейнетақы және жәрдемақы төлеу туралы Бас келісімге қол қойылды, яғни Қазпочта аталмыш қызметті көрсету жөнінде МЗТО тікелей агенті болды.

       Қазіргі кезде қаржыны және кәсіпорынды басқару тиімділігіне кәсіпорын қызметінің нәтижесі толығымен байланысты екені мәлім. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын күшейтудің негізгі жолдары қаржы ресурстарын тиімді құру және олардың жеткіліктілігін қамтамасыз ету.

Рыноктық үлгідегі шаруашылық жүргізу жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорындардың қаржысының қалыптасу проблемасын зерттеу кезінде келесі ұсыныстар мен қорытынды жасалды:

  1. Рынотық үлгідегі шаруашылық жүргізу жағдайында қаржы ресурстары түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы экономика саласындағы және меншік нысанындағы кәсіпорын ақша құралдарының құрылуында маңызды орын алады. Кәсіпорынның тиімді ұйымдастырылуы арқылы кәсіпорынның қаржысының өсуі жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде қызмет ету саласындағы және бүкіл елдің макроэкономикалық көрсеткіштерінің жоғарылауына әкеледі. Мемлекеттің жоғары макроэкономикалық көрсеткіштері инвестициялық салымдардың сақталуын қамтамасыз етеді және кәсіпорынның қызмет етуін жақсартады.
  2. Баланс баптары негізінде қаржының құрылуында түрлі қаржы құралдарын қолдану қажеттігін көрсетті. Ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар қор рыноктарына қатысуы керек. Қор рыноктарына қатысу арқылы мұндағы қаржылық құралдарды тиімді пайдалану барысында кәсіпорынның қаржы ресурстарын түрлендіріп, оларды көбейте түсуге болады.
  3. Рыноктық шаруашылық жүргізу үлгісінде кәсіпорын қызметін қаржыландырудың түрлі тәсілдері мен әдістері мәлім. Осыған сәйкес, кәсіпорын қаржысын түрлі негізде құрудың әдістерін жүйелеу мүмкіндігі туындайды. Мысалы, қарыздық негізде – несие, ссудалар; қайтарылмайтын негізде – құрылтайшы жарналары, лизинг, инвестициялар; өтелмейтін негізде – гранттар, дотациялар және трансферттер; тартылған негізде – эмиссия, корпоративтік бағалы қағаздарды сату және орналастыру; қаржылық негізде – факторинг, форфейтинг, франчайзинг, опциондар және т.б.; дисконттық негізде – депозиттер бойынша пайыздық сыйақылар.
  4. Қазақстан өнеркәсібінің қаржылық әлеуетінде нақтылы салалардың қаржысы маңызды орын алады. Белгілі бір саланың қаржылық жағдайын білу үшін осы саладағы қызмет етуші бір кәсіпорынның қаржылық мәліметтерін талдау маңызды. Мен өз жұмысымда «Қазпочта» акционерлік қоғамын талдадым. Осы талдауда мен кәсіпорынның техникалық – экономикалық сипаттамасын, оның жалпы жағдайын қарастырдым, қаржылық есеп берудегі көрсеткіштер негізінде кәсіпорынның мүліктік жағдайын, іскерлік белсенділігін, қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын бағаладым. Сондай – ақ Альтман моделі бойынша кәсіпорынның банкроттыққа ұшырауының ықтималдылығын есептедім.
  5. Қаржыны тиімді құру үшін кәсіпорында қаржы ресурстарының мониторингін жүйелі түрде жүргізіп отыру қажет. Ол үшін дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде алты сатыдан тұратын қаржы ресурстары мониторингінің кезінде кәсіпорынның қаржы ресурстарын құрудың тәсілдері мен құралдарын таңдау бойынша шаралар жүргізіледі. Мониторингті тиімді түрде жүргізу үшін ондағы көрсетілген сатылы үрдістерді міндетті түрде орындап, келесі кезеңге өтіп отыру керек. Сондай – ақ мұндағы әрбір кезең өз алдына өте маңызды болып табылады.
  6. Кәсіпорынның қаржысын құруды жетілдіру бойынша шаралар кешені ұсынылды. Олардың ішінде: жетілдірілген және балама тәсілдерді қолдану негізінде кәсіпорынның қаржылық әлеуетін жоғарылату резервтері ұсынылды; кәсіпорынның қаржы потенциалын жоғарылату үшін 2015 жылға дейін Қазақстанды индустриалды-инновациялық дамыту стратегиясын жүзеге асыруға белсенді қатысу қажеттігі қаралды; кәсіпорынның қаржылық жоспарлау және болжау құралдарының тиімділігін жоғарылату, қарыз қаражаттарын тарту және басқалары қарастырылды.

Еліміздің рыноктық үлгідегі экономикасы жағдайында барлық өнеркәсіп салаларындағы кәсіпорындар мен өндірістік ұйымдар осы жоғарыда көрсетілген әдістер мен тәсілдерді қолданып, аталған ұсыныстар бойынша қызмет жүргізілу барысында, өзінің ұйымдық – құқықтық ерекшелігіне қарай ұстанатын болса, онда олардың өндірістік қызметі, өнім өндірудегі сапалылық, пайдалылық көрсеткіштері жоғарылап, Қазақстанның экономикалық – қаржылық жағдайын жақсартуда айтарлықтай үлес қосатыны сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Р.Ә.Әмірқанов ,А.Қ. Тұрғұлова.Қаржы менеджменті; Алматы, 2010

2 Гуйда Т.В. Формирование и использование финансовых ресурсов. М.: МФИ, 1998 г, 47 стр.

  1. Балабанов И.Т. Финансовый менеджмент. М.: Финансы и статистика, 1995 г, 17 стр.
  2. Ілиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С.Қ. Қаржы. Алматы, 2009 ж, 32 бет.
  3. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғам туралы» Заңы, №497, 15.01.2007 ж.
  4. Дж.К.Ван Хорн. Основы управления финансами. М.: Финансы и статистика, 1996 г, 112 стр
  5. Моляков Д.С. Финансы предприятий отраслей народного хозяйства. М.: Финансы и статистика, 1996 г, 38 стр.
  6. 8. Кошкарбаев К.У. «Принципы и методы управления финансовыми ресурсами предприятия», Қаржы-Қаражат, 2005 ж, №2, 37 бет.
  7. Сайлаубек Н.Т . «Кәсіпорынның қаржы ресурстарын басқарудың мәні», Мир финансов, №7 – 2007 ж., 36 бет.
  8. Финансовый менеджмент. Под ред. Стояновой Е.С., М.: Перспектива, 1999 г, 69 стр.
  9. Дүйсембаев К.Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы, 2000 ж, 99 бет.
  10. Дүйсембаев К.Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы, 2000 ж, 96 бет.
  11. Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. Алматы: Центраудит-Казахстан, 2002 г, 156 стр.
  12. Татарникова А. «Анализ финансового состояния фирмы», Мир финансов, 2004 г, №5, 42 стр.

15.Дүйсембаев К.Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы, 2000 ж, 107 бет.

16.Дүйсембаев К.Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы, 2000 ж, 118 бет.

17.Дүйсембаев К.Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы, 2000 ж, 125 бет.

  1. 18. Кошкарбаев К.У. «Основные направления повышения эффективности управления финансовыми ресурсами путем совершенствования организации расчетов на предприятиях», Қаржы-Қаражат, №11, 67 бет.
  2. 19. Янковский К.У., Мухарь И. «Способы и методы оценки бизнеса», Мир финансов, 2005 г, №6, 34 стр.
  3. 20. Кошкарбаев К.У., Тургулова А.К. «Определение политики управления структурой капитала предприятия».Вестник КазГау. «Казахстан в XXI веке», 2002 г, №1, 39 стр.
  4. Әмірханов Р.Ә., Тұрғұлова А.К. Қаржы менеджменті, Алматы 2000 ж, 61 бет.
  5. Макеев С. «Управление активами фирмы в условиях кризиса», Мир финансов, 2006 г, №8, 44 стр.
  6. Н.Ә Назарбаев. Қазақстан 2030. Барлық қазақстандықтардың тұрмыстық жағдайының гүлденуі, қауіпсіздігі және жақсаруы. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Егемен Қазақстан, 2003 ж, 21 қазан.
  7. Постановление Правительства Республики Казахстан от 27 марта 2006 года № 210.
  8. Об утверждении Плана развития акционерного общества «Казпочта» на 2006 — 2009 годы
  9. Закон Республики Казахстан «О связи» от 5 июля 2004 года N 567
  10. www.kazpost.kz
  11. ҚазЭУ хабаршысы № 23.122- бет
  12. ҚазЭУ хабаршысы №13 14-бет

 

[1] Кошкарбаев К.У. «Основные направления повышения эффективности управления финансовыми ресурсами путем совершенствования организации расчетов на предприятиях», Қаржы-Қаражат, №11,  67 бет.

[2] Әмірханов Р.Ә., Тұрғұлова А.К. Қаржы менеджменті, Алматы 2000 ж, 61 бет.

[3] Макеев С. «Управление активами фирмы в условиях  кризиса», Мир финансов, 2006 г, №8, 44 стр.