Жоспар
Кіріспе……………………………………………………………………………………..
- Нарықтық экономика және кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың мәні мен маңызы…………………………………………………………………………………………
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері және анықтау әдістемелері………………………………………………………………………………….
- «Шваб шұжық» кәсіпорнында ауылшаруашылық шикізатын өңдеудің тиімділігі және оның бәсекеге қабілеттілігі
2.1 Кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштері………………
2.2 Өнім өндірудің экономикалық тиімділігі………………………………….
2.3 Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті…………………………..
- Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
3.1 Ауылшаруашылық өнімін өңдеудің технологиясын жақсарту……………………………………………………………………………………..
3.2 Кәсіпорынның бәсекелестік жағдайда жұмыс істеуін
жақсарту…………………………………………………………………………………….
Қорытынды.……………………………………………………………………………….
Қолданылған әдебиеттер.…………………………………………………………..
Кіріспе
Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білдік, кейбіреуінің салдарын әлі де сезініп келеміз.
Республикамыздың, Үкіметіміздің алдында жоғарыда аталған, яғни нарықтық экономиканың амал – тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп елімізді дамыған елдердің қатарына қосу сияқты міндеттер тұр. Бұл дегеніміз тұрғындарымыздың әл-ауқатын арттырып, әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болу.
Қазақстан экономикасының өрлеуі және ондағы бәсекенің қалыптасуы мен дамуы өркениетті ел болудың негізгі шарты болып отыр. ”Қазақстан-2030” атты даму Стратегиясы бәсекелестік нарықтарды құру, монополияға қарсы құралдарды реттеуді қамтамасыз етудің қажеттілігін атап көрсетеді. Қазіргі таңда бәсекеге қабілетті мемлекет, экономика құру мемлекетіміздің негізгі мақсаты болып отыр. Себебі Дүниежүзілік Сауда Ұйымына (ДСҰ) кіруді жоспарлап отырған жас мемлекет үшін бәсекеге қабілетті өнім шығару өте қажетті болып табылады. 2006 жылдың 1-наурызында Қазақстан Республикасының жолдаған Жолдауы да «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деп аталды. Жеті басымдылықтан тұратын биылғы жылғы Жолдауында «Қазақстанның әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі – елдің экономикалық дамуының сапалық серпілісінің негізі» деп ерекше атап көрсетілді.
Бүгінгі таңда нарықтағы сауда күрделеніп отыр және ол жаңа шарттарға сай жаңа басқаруды талап етіп отыр, әсіресе бәсекеге қабілетті өнім өндіру бағытында күрделі жұмыстар атқарылуды қажет етіп отырған жағдай бар, яғни бәсекелестік ортаға қатысушылар тарапынан қоғамдық қажеттілікті жылдам қанағаттандыруға, инвестицияны меңгеруге, ғылыми-техникалық процессті дамытуға, шығындарды азайтуға, сапаны көтеруге итермелейтіні белгілі. Осылайша бәсекелестік процесске қатысушылар іріктеліп, халықаралық еңбек бөлінісіндегі ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігін көтереді.
Негізінен төлем қабілеті жоқ, өте тиімсіз кәсіпорындар жүргізетін дағдарысқа қарсы басқаруды мемлекет тарапынан қолдау сан алуан түрде көрініс алуы мүмкін, яғни оларға салықтық жеңілдіктер, қарыздың құрылымдануы, банктік несие алуға кепілдік, өнімді өткізу нарығын кеңейтуге жәрдемдесу, мемлекеттік тапсырыстарға ұсыну жатады.
Шаруашылық жүргізудің нарықтық тетіктеріне сәйкес әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың пайда болуы және жоғары сапалы өнім өндіру барысында бәсекеге қабілетті өнім түрлерін өндіру өте қажетті болып отыр. Сондықтан дипломдық жұмыстың мақсаты – шаруашылық жүргізудің нарықтық механизмін кеңінен енгізу арқылы бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімін өндейтін кәсіпорындарды жақсарту болып табылады.
Жұмыстың мақсатын орындауға орай төмендегідей міндеттер қойылады:
- нарықтың экономика жағдайында бәсекеге қабілеттіліктің мәні, маңызы мен көрсеткіштерін зерттеу;
- ауылшаруашылық өнімін өндейтін кәсіпорынның бәсекеге қабілетті өнім өндіру мүмкіндіктері мен тиімділігін талдау;
- бәсекеге қабілетті өнім өндірудің негіз жолдарын анықтау бағытында зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектілері – Шығыс Қазақстан облысының Ұржар ауданында орналасқан «Шваб шұжықтары» ЖШС болып табылады. Бұл кәсіпорынның бәсеке қабілетін арттыру, қаржылық тұрақтылығы жөніндегі механизмдер жүйесі, төлем қабілетін қалпына келтіру үлгілері, кәсіпорынның Қазақстан аймағында қызмет ете алуының тәжірибесі болып саналады. Атқарылатын жұмыс құрылымы жұмыстың мақсаттарымен және тапсырмаларымен анықталады. «Кәсіпорынның өнім сапасы және оның бәсекелік қабілеті» деп аталған екінші тарауда «Шваб шұжықтары» ЖШС-і мысалға алынып, оның жалпы сипаттамасы, қаржылық тұрақтылығы және төлем қабілеті жайлы айтылады.
«Кәсіпорынның бәсеке қабілетін арттыру жолдары» деген үшінші тарау кәсіпорынның бәсекесі мен оның Қазақстан жағдайларына бейімделуіне, «Шваб шұжықтары» ЖШС қолданған қаржылық сауықтандыру жоспарларына арналады.
Аталмыш зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасының заңдары мен экономикалық мәселелері бойынша ақпараттық басылымдардағы нормативтік-құқықтық құжаттар зеттеліп қолданды. Зерттеудің мәліметтік базасы ретінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері және «Шваб шұжықтары» ЖШС -ң мәліметтері пайдаланылды.
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ КӘСІПОРЫННЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ
1.1 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың
мәні мен маңызы
Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы отандық тауар өндірушілерге шығаратын өнімдердің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін алдыңғы қатарға қойды. Бәсекелік отанның дамуы шығарған өнімдердің сапасын қанағаттандыруға итермелейді. Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін негізгі фактор екенін уақыттың өзі дәлелдейді. Өнімнің бәсекелік қабілетінің мазмұны «бәсеке» терминімен тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасы «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Заңында: «бәсеке – рынок субъектінің өз бетімен жасаған іс-әрекеттері, тиісті тауар рыногындағы тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) айналасының жалпы жағдайына олардың әрқайсысының бір жақты ықпал ету мүмкіндігін, тиімді шектейтін және тұтынушыларға қажетті тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) өндіруді ынталандыратын жарыстастығы» – деп көрсетілген.
Бәсекелестік – бұл өндірушілер арасындағы күрес немесе жабдықтаушылар, кәсіпорындар, фирмалар арасындағы өнім өндіру және өнімді тиімді өткізу үшін күрес. Нарық жүйесінде бәсекелестік тұтынушылар үшін сайыс. Бұл нарықтағы өзіне лайықты орын алу үшін күрес. Ол тауарлардың сапасы мен арзандығына байланысты. 19 ғасырдың ортасында нарықта еркін бәсекелестік кең өріс алды. Мұндай нарық сұраныс пен ұсыныс негізінде бағаның ауытқуымен болды. Ол тұтынушылардың талабы мен есептесіп, тауардың сапасын жақсартуға еңбек өнімдерін арттыруға, өндірісті ұлғайтуға өнім бірлігіне шығынды азайтуға ынталандырды.
Бәсекелестіктің негізгі 2 түрі бар:
1.сала ішіндегі бәсекелестік – бұл саланың тауар өндірушілері арасында болады. Онда ең жоғарғы еңбек өнімділігі бар, ғылыми техниканы қолданып кәсіпорын жоғары табысқа жетеді, ал артта қалған кәсіпорынның табыстары төмен болады, тіпті күйреуі мүмкін.
2.салааралық бәсекелестік – бұл халық шаруашылығы салалар арасындағы күрес. Мұнда төмен деңгейдегі пайда табатын саладан капитал пайда деңгейі жоғары салаға құйылады. Оның қортындысында жаңа сапалы тауарлар көптеп шығарылып халықтың әл-ауқаты жоғарылайды. Ол саладағы пайда деңгейі төмендегенде ғылыми техникалық жетістіктер негізінде жаңа тауарлар пайда болады, сапасы жоғарылайды, халықтың табысы көбейген сайын сұраныс өседі, осылай жаңа сатыға өсе береді.
- Еркін бәсекелестіктің негізгі белгілері – бұл шексіз нарыққа қатынасушылардың әрқайсысы кәсіпкерліктің қай түрінен болмасын айналасуы және кәсіпкерлікті қоюға еркі бар. Кәсіпкерліктің алуан түрі бар:
- өзі араласып кәсіп жасайды;
- жұмысшылар жалдайды;
- акция облигация сатып алады;
- акциясын банкке салады, кейбірулер өндірісті қаржыландырады т.б.
Әрбір кәсіпкер немесе бәсекелестікке қатынасушылар өз ақшаларына қосымша пайда тауып байлығын арттыруға тырысады, кем дегенде сол пайда арқылы күн көруге тырысады.Еркін бәсекелестік жағдайын ұсыныс пен сұраныстың ауытқуы бір салада өнімді көп шығарып дағдарысқа ұшыраса 2-ші салада тауар жетіспейді. Бұл фирманың табысы өссе 2- шісі күйрейді. Сонда өндіріс пен капитал шоғырланып орталықтанады. Ол монополия құруына әкелді, яғни нарықты басып алады. Жетілмеген бәсекелестік нарығы бұл таза монополия. Монополиялық бәсеке – бұл олигополия. Таза монополия өнім шығаратын бір фирма бәсекелестігі жоқ. Оның 4 ерекшелігі бар:
- сатушы тек қана бірфирма
- сатылатын тауарлардың орнын басатын тауар жоқ.
- монополист нарықты билейді және бағаны бақылайды
- нарыққа кірер жерге өте алмайтын кедергі қояды.
Нарықтық экономиканы дамытудағы бәсекенің мәнін XVIII ғасырда ағылшынның кемеңгер экономисі Адам Смит әйгілі «көрінбейтін қол» қағидасында ашып көрсеткен. Адам Смит бойынша бәсеке механизм іспеттес, сол арқылы жеке көзқарастар мен экономикалық тиімділік қалыптасады, салалар арасында игіліктердің тиімді бөлінуі жүзеге асады, пайда мөлшері теңеледі.
Қазіргі ғалым экономистер өз еңбектерінде бәсекеге қатысты көзқарастарын жаңа ойлармен сипаттап, бәсеке теориясының дамуына өз үлестерін қосуда.
Ресейлік ғалым А.Ю. Юдановтың пікірінше «нарықтық бәсеке – нарық сегментінің тиісті бөлігінде, тұтынушының шектеулі көлемдегі төлем қабілеті бар сұранысы үшін фирмалар арасындағы тартыс».
Бәсеке – белгілі бір мақсатқа жету үшін заңды немесе жеке тұлғалар (бәсекелестер) арасында болатын тартысты бейнелейді дейді Г.Л. Азоев пен А.П. Челенкоев.
Бәсеке – бұл субъектінің объективті немесе субъективті қажеттіліктерін заңдылық шеңберінде, не қалыпты жағдайда қанағаттандыру үшін бәсекелестерімен тартыс барысында жеңіске немесе басқа да мақсаттарға жетуде өзінің бәсекелестік артықшылықтарымен басқару үрдісі. Бәсеке қандай да бір қызмет аясында жақсы нәтижелерге жету үшін болатын экономикалық жарыс, тауар өндірушілердің тиімді шаруашылық жағдайы үшін, мол пайда алуға бағытталған күрес деп айтса да болады.
«Нарықтық экономиканың анықтамалығында» бәсеке дегеніміз – жеке өнім өндірушілер, жұмыс істеушілер, қызмет көрсетушілер арасында өз мүддесі жолындағы бәсекені айтады. Нарықтық экономикада бәсекелестік негізгі реттеуші қызмет атқарады. Оның күш-қуаты стихиялы сипатқа ие, егер ол басқа мехенизмдермен түзетіліп отырмаса экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және басқа да қажетсіз зардаптарға ұрындыруы мүмкін.
Қазақстандық бір топ ғалымдар бәсекелестік қабілетке төмендегідей анықтама береді: «бәсекелестік қабілет — өнімдердің нақты қоғамдық қажеттіліктерге сәйкестік деңгеймен, сондай-ақ оны қанағаттандыруға кеткен шығындармен бейнелейді». Сол сияқты, тамақ өнеркәсібінің бәсекелестік қабілетін жүйелі түрде зерттеген ғалым-экономист С.Б. Ахметжанова «бәсекеге қабілетті өнім, бәсекелестердің нарыққа ұсынған ұқсас тауарларымен салыстырғанда, сапасы мен бағасы жағынан ерекшеленеді» деген пікір білдіреді.
Өнімнің бәсекелік қабілетін оның бағасы арқылы сипаттау әрекеттері де қолданылуда. Бұл бағаны қалыптастырудың квалиметриялық әдістемесін жақтайтындардың анықтамаларында көрсетеді. Олардың пікірінше, тауардың бағасы – оның тұтынушылық және құндық қасиеттерін бейнелейтін әмбебеп сипатқа ие. Бағасына байланысты тауарлардың айырмашылықтары қалыптасады, осы себепті тауарлар бір-бірімен бәсекеге түседі. Алайда, бұл көзқарасты баға бәсекесі теріске шығарады, өйткені, біркелкі тұтынушылық сипатқа ие тауарлар әртүрлі бағамен сатылуы мүмкін.
Өнімнің бәсекелік қабілетін екі топ факторлармен анықтайтын салыстырмалы сипатпен қарастыру жағдайлары да кездеседі, яғни, өнімнің сапасы мен қарастырылатын өткізу нарығының талаптары арқылы. Шындығында, өнім бәсекеге қабілетті болу үшін өткізілетін нарықтың тиісті талаптарына сай жоғарғы сапалы болуы тиіс. Алайда, бұл жағдайдың өзі өнімнің бәсекеге қабілетті екендігін көрсетеді. Бәсекелестік қабілет өнімді өткізу барысында басқа тауарлар мен салыстыру арқылы анықталады.
Қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі және оған кеткен шығындылық арқылы анықталатын өнімнің салыстырмалы сипаттағы бәсекелік қабілеті тұтынушылардың бір өнімнен екіншісін жоғары бағалау арқылы анықтайтынын ескермейді. Осыған байланысты, өнімнің бәсекелік қабілеті – оның ұқсас басқа өніммен айырмашылығында ғана емес, салыстырмалы ерекшелігінің де болуында.
Негізінен, өнімнің бәсекелік қабілеті оның нақты қажеттілік үшін құндылығымен анықталады. Әр бір тұтынушы қандай да бір өнімді сатып аларда оның қажеттілігін өтеудегі тиімділігінескереді. Егер, өнім тұтынушылардың қажеттілігіне сай болып тұрса, онда оның бәсекелестік қабілетін бағалау құнына қарай ауысады. Яғни, тұтынушы, бір жағынан, өнімнің пайдалану тиімділігін ескерсе, екінші жағынан, оған кеткен шығынды ойлайды.
Бұл жерден шығатыны, өнімнің бәсекелік қабілеті – бұл өнімнің бәсекелес өндірушілерінің ұқсас өнімдерімен салыстырғанда жоғары тұтынушылық қасиеттерімен, төмен бағамен, тартымдылығымен және оның қажеттілікті өтеу құндылығымен ерекшелену сипаты. Бұл анықтама өнімнің бәсекелік қабілетінің маңызын мейлінше толық түрде бейнелейді деген ойдамыз.
Жалпы алғанда, өнімнің бәсекелік қабілеті бірнеше маңызды қасиеттерге ие:
1) бәсекелік қабілет – салыстырмалы шама, яғни ол ұқсас өнімдермен теңестіру арқылы анықталады;
2) ол динамикалық шама, яғни уақытқа байланысты өзгереді, тауардың өмірлік циклына және басқа да жағдайларға тәуелді;
3) әр бір тұтынушылардың жеке талғамы әр бір өнімнің бәсекелік қабілетіне өздігінше әсер етеді. Сондықтан, өнімнің бәсекелік қабілеті құбылмалы сипатқа ие;
4) бәсекелік қабілет нақты, яғни ол өнімнің белгілі бір түріне, нарыққа, ҒТП даму деңгейіне, қоғамдық еңбек жүйелеріне және т.с.с. байланысты.
5) бәсекелік қабілетке әсер етуге болады, ол оның құндылығын арттыру үшін маңызды.
Осы жағдайларға байланысты, бәсекелік қабілетті жүйелі түрде, уақытқа және қоғамдық талаптарға сай, тұтынушы үшін де, өндіруші үшін де зерттеу қажет.
Сонымен жоғарыда айтылған өнімнің бәсекелік қабілетіне қатысты анықтамаларды жинақтай келе, келесі пайымдауларды атап өтуге болады:
– өнімнің бәсекелік қабілеті – бұл тек нарықтық экономикаға тән категория. Бәсеке жоқ жерде өнімнің бәсекелік қабілеті туралы сөз болуы мүмкін емес;
– бәсекелік қабілет – салыстырмалы түсінік, өйткені ол тұтынушы талғамын қанағаттандыруға бағытталған тауарларды бір-бірімен салыстыру арқылы анықтайды;
– өнімнің бәсекелік қабілеті – бұл өнімнің бәсекелес өндірушілердің ұқсас өнімдермен салыстырғанда жоғары тұтынушылық қасиеттерімен, төмен бағамен, тартымдылығымен және оның қажеттілікті өтеу құндылығымен ерекшелену сипаты. Басқаша айтқанда, өнімнің нақты нарықта сәтті өткізілуі – оның бәсекелік қабілетін көрсетеді;
– бәсеке қабілеті өнімді қалыптастыру тұтынушылардың талғамын қанағаттандыратын сапалық және құндық, әрі тартымдылық сипаты тиімді ерекшеліктер арқылы жүзеге асады;
– өнімнің бәсекелік қабілеті уақыт ағымына, өткізу нарығына, халықтың өзгермелі сұранысына тәуелді өзгермелі құбылыс.
Өнімнің бәсекелік қабілеті, түпкі нәтижеде, кәсіпорынның бәсекелік қабілетін анықтайтын көрсеткіш екенін ескерсек, осыған қатысты анықтаманы да келтіре кеткен жөн.
Өнімнің бәсекелік қабілеті сияқты, кәсіпорынның бәсекелік қабілетіне қатысты біріңғай қалыптасқан тұрақты анықтама жоқ. Бұл мағынаға қатысты бірнеше көзқарас қалыптасқан, олардың негіздері болып кәсіпорынның нарықтағы үлесі, табыстылығы, өнімді өткізу көлемі саналады.
М. Портердің негіздеуінше кәсіпорынның бәсекелік қабілетін анықтайтын бес бәсекелік күші бар:
– бір саланың бәсекелес кәсіпорындары арасындағы тартыс;
– ауыстырмалы-тауарлар шығаратын кәсіпорындар тарапынан болатын
бәсеке;
– салаға жаңа бәсекелестердің ену қаупі;
– тасымалдаушылардың саудаласу мүмкіндіктері;
– тұтынушылардың саудаласу мүмкіндігі.
Тағы бір анықтама былайша пайымдалады: «кәсіпорынның бәсекелік қабілеті» деп – оның бәсекелес кәсіпорындармен салыстырса технология, тәжірибелік іскерлігі, персоналдардың білімі, стратегиялық және ағымды жоспарлау, сапа, коммуникация сынды артықшылықтарымен ерекшеленуін айтады.
Біздің көзқарас бойынша, төмендегі анықтама кәсіпорынның бәсекелік қабілеті туралы мағынаны толық және әдістемелік тұрғыдан дұрыс ашады: «бәсекелестермен салыстырғанда бағалық және бағалық емес сипаттары бойынша тауарлары тұтынушыларға ұнамды, дер кезінде жоспарлап, дайындап, өткізуге нақты мүмкіндігі бар кәсіпорын бәсекеге қабілетті» болып саналады.
Өнім мен кәсіпорынның бәсекелік қабілеті тығыз байланысты болғанымен, мағыналары жағынан ерекшеленеді. Негізгі ерекшелену белгілері мыналар:
– біріншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті белгілі бір қысқа уақыт аралығында анықталса, кәсіпорынның бәсекелік қабілеті, салыстырмалы түрде, ұзақ уақыт бойынша анықталады;
– екіншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті тұтынушылардың әсеріне тікелей байланысты. Ал кәсіпорынның тиімділігін кәсіпкердің өзі анықтап, керек кезінде өндірістік-өткізу қызметіне қажетті стратегияларды енгізіп отырады. Кәсіпорынның бәсекелік қабілетті деңгейі туралы мәлімет инвесторлар мен әріптестер үшін маңызды. Тұтынушы үшін өндірістің тиімділігі мен шығындық көлемі қызықтырмайды;
– үшіншіден, кәсіпорын бірнеше өнім түрін шығарумен қатар, өндіріске байланыссыз басқа да қызмет түрлерімен айналысуы мүмкін (мәселен, инвестициялық, делдалдық және т.б). Кәсіпорынның бәсекелік қабілеті барлық өнім ассортиментінің бәсекелік қабілетіне және әр бір қызмет түрінің орындалу тиімділігіне байланысты.
– төртіншіден, өнімнің бәсекелік қабілеті кәсіпорынның бәсекелік қабілетін анықтайды, бірақ толық көлемде емес. Мәселен, өнімнің бәсекелік қабілетін бағаны төмендету арқылы қамтамасыз етуге болады. Алайда, осы өнімді өндіруге кеткен шығын көлемі толық жабылмай, табыс болмауы да мүмкін. Бұл кезде кәсіпорынның қаржылық жағдайына кері ықпал болып, оның бәсекелік қабілеті төмендеуі де мүмкін.
Сонымен кәсіпорынның бәсекелік қабілеті, өнімнің бәсекелік қабілетіне қарағанда, экономикалық маңызыжағынан кең ұғымды білдіреді.
Әлемдік тәжірибеде, өнімнің бәсекелік қабілеті келесі факторлармен анықталады:
– өнім сапасының нарықтық және нақты тұтынушылардың талабына сай болуымен;
– сатып алуға, жеткізуге кеткен шығындармен; – тұтынушыларға тиімді уақытта жеткізу жағдайымен; – кәсіпорынның нарығындағы беделімен және сенімді әріптес болатындығы туралы дәлелімен.
Біздіңше, өнімнің бәсекелік қабілеті 1-суретте көрсетілген негізгі кешенді үш факторларға тәуелді:
- Міндет – өнімнің қандай мақсатқа пайдаланатынының оның функционалдық мүмкіндіктерін, сол арқылы осы өнімді тұтынушылар тобын анықтайды.
- Жоғары сапа – бағалық емес бәсекеде үлкен мәнге ие. Сондықтан, сапаны өнімнің бәсекелік қабілетінің кешенді көрсеткіші ретінде қарастыруға болады.
- Баға – тауар құнының ақшалай көрінісі. өнімге деген сұраныс пен ұсыныс тең болғанда баға мен құн да теңеседі. Ұсыныстың сұраныстан артуы бағаны төмендетеді, ал керісінше нарықтағы сұраныс артса, онда өнімнің бағасы құнынан әлде қайда жоғары болады. Нарықтық экономика жағдайында баға объективті экономикалық заңдылықтарға, ең алдымен, құн заңына сай қалыптасады. Бағалық бәсеке кезінде төмен баға өнімнің бәсекелік қабілетінің кепілі болады.
1-сурет. Бәсекелік қабілеттің кешенді үш факторы.
Аталған 3 факторды кешенді түрде қарастырған жөн. Көп функционалды міндеті, жоғары сапасы және тиімді бағасы бар өнім бәсекеге қабілетті бола алады. Бұл факторлар үнемі бір-бірін толықтырып отырулары қажет. Автордың пікірінше, өнімнің бәсекелік қабілетін қалыптастыруда кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру, ең алдымен, Халықаралық сапа стандарттарының талаптарына негізделуі тиіс. Тамақ өнімнің сапасы адам өмірінің қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Сондықтан да, өндірілетін өнімнің стандартқа сай болуын қадағалау маңызды жағдай.
Жалпы экономикалық қауіпсіздік ұғымын басты назарда ұстау қажет – яғни, мұнда экономикалық тез қарқынмен ұзақ мерзімді тұрақты дамуы қалыптасады. Бұл жағдай өндіріске қажет ресурстың толықтығын, ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті өнімді тиімді әдіспен, жан басына шаққандажеткілікті көлемде өндіру, оны тоқтаусыз өткізуді қамтамасыз етеді. Бәсекелік қабілеті арттыру механизмі – бұл кәсіпорынның нәтижелі жетістікке жету жолында атқаратын іс-әрекеттерді арқылы сипатталады. Дұрыс таңдала білген механизм осы кәсіпорынның нарықтағы бәсекелестерімен ұзақ уақытқа ұтымды жағдай жасауына негіз болады. Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизмі нарықтық сұраныс пен ұсыныстың жалпы жағдайына, қоғамның дамуына, адамзат, мәдениеті мен ой-санасына, қауіпсіздік пен эстетика, экология талаптарына, сонымен қатар, кәсіпорынның мүмкіндіктеріне сай болуы тиіс. Тамақ өнімдері өзінің тұтыну қасиеттеріне сай басқа сала өнімдерімен ерекшеленеді. Ең алдымен, ол қасиеттерге: адам ағзасына тигізетін әсері, құрамындағы белок, май және органикалық қосындылардың үлесі, сақталу мерзімі, иісі, түсі, дәмі жатады. Осы қасиеттер бұл сала өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру жағдайына өзіндік ықпалын тигізеді.
Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру мерзімі іс-әрекеттің жиынтық көрінісі ретінде оларды жүзеге асыратын бірнеше тетіктерге тәуелді. Бұл тетіктерді өзіндік сипаттары бойынша, 4 топқа бөлінеді:
1 топ – өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру;
2 топ – өнімнің бағасын қалыптастыру немесе кәсіпорынның баға саясатын реттеу;
3 топ – өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру;
4 топ – өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті мемлекеттік қолдау.
Бұл тетіктердің әрбірі белгілі бір дәрежеде нарықтағы тұтынушылардың сұранысы мен талап-тілектеріне, тауардың өмірлік кезеңіне байланысты ықпал етуі мүмкін. Қандайда бір бәсекелік тетікті қалыптастыру немесе оны іске асыру әр кәсіпорынның өнім шығару сипаты мен ол өнімді өткізу ерекшеліктеріне байланысты ұсынылған топтағы тетіктерді іске асырудың көптеген бағыт-бағдары және жолдары бар (2 сурет).
Бәсекелік қабілетті қалыптастыру тетіктері
Өнім сапасын арттыру — Халықаралық сапа стандарттарын енгізу; — Өнімнің орган олептикалық қасиеттерін жақсарту; — Ғылыми техникалық және инновациалық жетістіктерді енгізу; — Өндірісті диверсификациялау; — Өнімді дифференциациялау; — Еңбек күшінің ықпалы. |
Баға саясатын реттеу — Нарықта баға стратегиясын айқындау; — Өнімнің өзіндік құнын төмендету мүмкіндіктерін іздестіру; — Бағаны қалыптастыру әдістерін анықтау; — Нарықтық бәсеке жағдайына байланысты өнімнің бағасын белгілеу. |
Өнімнің тартымдылығын арттыру — Өнімнің сапалық және бағалық тиімділіктерін жарнамалау; — Кәсіпорынның сауда белгісін нығайту және танымалдылығын кеңейту; — Өнімнің сыртқы келбеті мен жағымдылық қасиеттерін арттыру; — Маркетингтік жүйенің стратегиясы мен тактикаларын дайындау. |
Өндірісті мемлекеттік қолдау — БСҰ кіру қарсаңында өндірушілерді заңдылық тұрғыдан қорғау; — Инвестиция- лық саясат ұстану; -Экономикалық қолдау шараларын енгізу; — Өзара байланысты салаларды кешенді дамыту; — Бәсекелік ортаны дамыту. |
2 сурет. Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру жолдары.
Ендігі кезекте, өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизміндегі ұсынылған негізгі тетіктердің құрамалары мен олардың маңыздылығын сипаттап өтейік.
Әлемдік нарықтың қатаң талаптары мен бәсекелік шарты отандық шұжық өндіруші кәсіпорынның сол талаптар мен шарттарды ұстануын қалайды. Өйтпеген жағдайда, әлемдік нарықта осы өнім түрлері бойынша негізгі өндірістер саналатын мемлекеттер, өздерінің бәсекелік ықпалымен, еліміздің ішкі нарығын және енуге мүмкін болатын көршілес мемлекеттердің нарықтарын «игеріп алуы» қиын емес.
Әсіресе, бұл мәселе елдердің Халықаралық Сауда ұйымына кіру барысында өткір күйінде қалып отыр. Ішкі нарықтың сыртқы өндірушілерге кедергісіз ашылуы отандық өнімнің оларға тосқауыл боларлық бәсекелік қабілетіне сүйенеді.
Қазіргі кезде әлемнің 130 жуық мемлекеті әлемдік сапа жүйесін бақылайтын Халықаралық стандарттау ұйымына мүшелікке өткен. Бұл ұйымның дацындаған, 7 қағидадан тұратын сапаны басқару стандарттарына отандық шұжық шығару кәсіпорындары өнімдерін сәйкестендіру — әлемдік нарықта бәсекелесудің алғы шарты. Ол қағидалар кәсіпорынды мыналарға міндеттейді:
- үрдістерді айқындауға;
- олардың реттілігі мен өзара байланыстарын белгілеуге;
- оларды тиімді пайдалану мен бақылаудың әдістерін анықтауға;
- осыған қажетті ресурстармен және ақпараттармен қамтамасыз етуге;
- үрдістерді бақылауға, өлшеуге және талдауға;
- жоспарланған нәтижелерді алуға және осы үрдістерді әрдайым жетілдіруге қажетті шараларды іске асыруға;
- ИСО 9001:2000 талаптарына сай осы үрдістерді басқаруға.
Сондықтан да, ішкі нарықтағы шұжық өнімдерінің бәсекелік қабілеті, ең алдымен, олардың сапасына байланысты. Жалпы мағынада, өнімнің сапасы – «бұл оның белгіленген мақсатына сай нақты қажеттіліктерді қанағаттандыруға жарамдылығын сипаттайтын қасиеттердің жиынтығы». Өнімнің бәсекелік қабілетін қалыптастыруда кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру, ең алдымен, Халықаралық сапа стандартының талаптарына негізделуі тиіс. Тамақ өнімдерінің сапасы адам өмірінің қауіпсіздігімен тікелей байланысты. Сондықтан да, өндірілетін өнімнің стандартқа сай болуын қадағалау маңызды жағдай. Стандарттағы талаптар тамақ өнімдерінің адам ағзасына тигізер әсерін, өнімнің химиялық, биологиялық құрамын анықтап, олардың шекті мөлшерін белгілейді, олар адам ағзасына қажетті заттармен толық болуы тиіс (белоктар, майлар, көміртегілер, минералдық элементтер, витаминдер, т.б). Бұл стандарттар әлемдік нарыққа шығудың тұтынушылардың өзгермелі сұранысын қанағаттандырудың, өндірістік жүйенің тиімділіктерін бақылаудың дұрыс шешімі болмақ.
1.2 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің көрсеткіштері
және анықтау әдістемелері
Егеменді ел болып, тәуелсіздігімізді алып нарықтық экономикаға көшуімізге байланысты ел экономикасы түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Әсіресе еліміздің экономикалық өміріндегі шаруашылық қатынастар жүйесіндегі терең әрі ауқымдды өзгерістер көрініп, еркін бәсеке, бәсеке қабілеттілік, еркін сауда, жеке меншік билігі т.б. осы секілді ұғымдар ене бастады. Ал өз кезегінде ұйымдық-құқықтық формалардың яғни әртүрлі шаруашылық жүргізуші субъектілердің жұмыс жасауы, қызмет көрсетуі, өнім өндіруі – бәсеке және бәсеке қабілеттілік ұйымдарын одан әрі өрбіте түсті.
Жоғары тұрақсыз және сыртқы орта факторларының анықталмағандық жағдайында ұзақ мерзімдік перспективада кәсіпорынның әрі қарай гүлденіп, өркен жаюының кепілдігін қамтамасыз ететін бәсеке қабілеттілік пен бәсеке қабілетті басқару жүйесі, сондай-ақ бәсеке қабілетті стратегия тиімді басқарудың мақсатты құралы ретінде әртүрлі функционалдық бағыттағы және әртүрлі бизнес аясында жұмыс істейтін, тауарлар өндіріп, қызмет көрсететін ұйымдар үшін әсіресе өзекті болып отыр.
Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындар үшін кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру ең негізгі мәселе болғандықтан көпшілік тарапынан осы бір мәселеге көп көңіл аударуда. Ол сату нарықтары, өткізу көлемдері, қосымша табысты табуды көздейтін өндірушілердің экономикалық стратегияларының басты ажырамас құралына айналды. Осыған сәйкес кәсіпорындар әрі шығарылатын өнімдердің бағаларын төмендету арқылы әрі нарықта бар өнімдерден сапалық көрсеткіштері жағынан ерекшеленетін өнімдерін өндіру арқылы бәсекелестерді ығыстыруға және нарықтағы жағдайларын нығайтуға ұмтылуы керек.
Бәсеке қабілеттілік ұғымы көпжақты болып, кәсіпорын іс-әрекетінің тауар секілді құрамдас бөліктерін сондай-ақ оның негізгі сипаттамалары болып табылатын сапа және өндіріс технологиясын қамтиды. Сонымен қатар ғылыми әдебиеттерде ұлттық экономиканың және аймақтық бәсеке қабілеттілігі ұғымдары қолданылады. Әр ұғымның құрылымы объектінің бәсеке қабілеттілігі оның бәсеке қабілеттілігі элементерінен және мақсатқа жетуде олардың өзара ұйымдасуынан тұратынын негіздейді.
Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігі – қатысты өлшем, өйткені ол сату уақыты мен нарықта бәсекеге түсетін ұйымдардың салыстырмалы нәтижелерінде көрінуі мүмкін.
Осы арада кәсіпорының бәсеке қабілеттілігі – бұл экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық мүмкіндіктердің жиынтығы.
Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігі – бұл бәсекелестік күрес жағдайында өзінің алып отырған нарықтық үлесін сақтап қалуға немесе кеңейтуге жеткілікті әлеуеті.
Кәсіпорының (фирманың) бәсеке қабілеттілігі – кәсіпорынның ұлттық, халықаралық нарықтағы жағдайын анықтайтын кешенді экономикалық көрсеткіштерін және потенциялын қамтиды.
Байқалғанындай бәсеке қабілеттілігінің екі жағы бар. Бұлардың біреуі оның элементі және құраушы бөліктері (тауардың жоғары сапасы, тауардың қосымша қызметі, барлық қызмет көрсету мерзіміндегі нақты қызметі т.с.с) және нақты жағдайдағы тауар сату міндеттерінің нақты шешімі (жеке қабілеттіліктері бар нақты сатып алушы, оның мүмкіндігі және өзіндік талғам шкаласы бойынша нарықта бәсекелесуші кәсіпорындардың ішінен ұнайтынын шешуі, сатушының жеке қасиеттері). Бәсекелелік күрестегі жеңіс бәсеке қабілеттілік нәтижесін бейнелейді. Ал бәсеке қабілеттілік пен бәсекенің қатынасын потенциал – потенциялды қолдану қатынасы ретінде сипаттауға болады.
Әдетте бәсеке қабілеттілік бейімділік және жаңашылдық секілді екі ажырамас бөліктерден тұрады. Бейімділікті икемдеу қасиеті, кәсіпорының сыртқы ортамен қатынасының формасы және ұйымшылық қайта құрудың үрдісі ретінде түсінеміз. Өз кезегіндегі жаңашылдықты жаңару мүмкіндігі және минималды өзіндік құн, технологиялық, ритмділік критерилері бойынша ұйымшылдық процестерді қайта құру ретінде ұғынамыз. Егер де бейімділік кәсіпорынның сыртқы орта өзгерістерінде деген реакциясын көрсетсе, онда жаңашылдық өз іс-әрекетінде шешім қабылдау және жаңа элементтерді игерудің негізінде өзгерген іс-әрекет бағытын сипаттайды.
Бәсеке қабілеттіліктің екі қасиетін қалыптастыруда кәсіпорындар ұйымның жекелей элементтеріне сүйенеді. Жеке тұғыдан алғанда бейімділік қасиеті ұйымның әркелкі өнімдер өндіретін технологиялық құрал-жабдықтары және тұтастай алғанда техникалық базасы болмайынша қалыптаспайды.
Бәсеке қабілеттілік ұғымының екінші қасиеті болып табылатын жаңашылдық жаңалықтың екі түрін игеру мүмкіндігіне сүйенеді. Бір тұсы бұл өндірістің техника-технологиялық жаңартылуымен байланысты техникалық жаңалық болып табылады. Мұның құрамына құрал-жабдықтар мен аппаратура, өндірістің техникалық құралдары және НИОКР-ді техникалық қамтамасызету, сондай-ақ, өнімдерді өндіру технологиясы аясындағы жаңалықтарды игерудің әдістері мен тәсілдері кіреді.
Жаңашылдықтың келесі ажырамас бөлігіне — әлеуметтік жаңалықтар жатады. Мұндай жаңалықтың техникалық базасы ретінде игерілген әлеуметтік технологиялардың жиынтығы қарастырылады.
Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігінің деңгейіне негізінен мынандай басты факторлар әсер етеді:
– өндірістік технологияны жетілдіру дәрежесі мен ғылыми-техникалық
деңгейі;
– жаңа өнер табулар мен жаңашылдықтарды қолдану;
– қәзіргі заманға сай автаматтандырылған және роботтандырылған
өндіріс құралдарын енгізу.
Сонымен бейімділік пен жаңашылдық ұйымның бәсекеқабілеттілік қасиетін қалыптастыруға қажетті және жеткілікті жағдайларды айқындайды.
Бүгінгі таңдағы маңызды мәселелердің бірі – кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін жоғарылату мәселесін шешетін және сол ұйымның нарықтық орта элементтерімен бәсеке қабілетті басқару жүйесін құру. Осы орайда шаруашылықтың жаңа жағдайларында нарықтық қатынастарға бейімделген басқару жүйесін құру процесін жеделдеткен жөн. Сонымен қатар бәсеке қабілетті басқару жүйесінің ақпараттық қамтамасыз етілуін және стратегиялық бағыт-бағдарын күшейте түсу керек.
Кәсіпорынның бәсеке қабілетті басқару жүйесі негізінде кәсіпорынның потенциалды мүмкіндіктерін және сыртқы орта талаптарын ескере отырып, ақпараттық технология негізінде өздерінің міндеттерін арнайы функцияландырылған әдістер мен тәсілдер арқылы орындайтын органдар жиынтығы түсініледі. Бәсеке қабілетті басқару жүйесі – бұл қоршаған орта факторларының ықпалы негізінде өзін-өзі реттеу қабілеті бар күрделі ағза.
Кәсіпорынның бәсеке қабілетті басқару жүйесінің ең негізгі қағйдасы – бұл кәсіпорынның қызмет етуі мен дамуының стратегиясы және мақсаттарды таңдаудағы негізделген өндірісті басқару жүйесінің бағыт-бағдары негізінде жаңа технология мен жаңа өнім енгізу, кәсіпорынның материалдық- техникалық базасын ескере отырып оның потенциалды мүмкіндіктерін бағалау және бәсекелестік ортаның жағдайын болжау негізінде қызметтердің перспективалы бағыттарын анықтау түсініледі.
Кәсіпорының бәсеке қабілеттілігін жоғарылату стратегиясының жүйесін келесідей үлгіде көрсетуге болады:
- Кәсіпорының сыртқы ортада жүзеге асыратын атап айтқанда тауарлық,
баға белгілеу, жабдықтаушылармен қарым-қатынас, ақша және бағалы
қағаздар нарығындағы іс- әрекет, трансакциялық шығындарды төмендету,
сыртқы экономикадағы қызмет стратегиясы.
- Кәсіпорының ішкі ортасында жүзеге асырылатын, яғни өндіріс
шығындарын төмендету, инвестициялық қызмет, қызметкерлерді
ынталандыру, ақпаратпен қамтамасыз ету стратегиялары.
Кәсіпорының тауарлық стратегиясы келесілерді қарастырады:
– кәсіпорынның спецификасына жауап беретін, тауарлар мен қызмет
көрсетулердің потенциалды нарығын қалыптастыру және зерттеудің
тәсілдері мен ережелері;
– кәсіпорынға неғұрлым тиімді шаруашылық жүргізудің стратегиялық
аймақтарын іздеудің әдістерін;
– кәсіпорынның сыртқы тиімділігін қамтамасыз ететін аймақтарды
басқару әдістерін.
Ал тауарлы стратегияның негізгі міндеттеріне төмендегілер жатады:
– стратегиялық перспективті міндеттерін өзіндік ресурстар және
нарықтық потенциялды мүмкіндіктермен үйлесуі;
– тауар (технологиялар) сұранысының өмірлік циклдерін талдау;
кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін жоғарлатуды қамтамасыз ететін
тауар ассортиментін әзірлеу.
Бәсекеге қабілеттілікке жетудің ең оңай жолы – ұйым өзі бәсекелестерінің әлсіз тұстарын немесе артықшылықтары жоқтығын анықтап, басымдығын нығайту. Яғни, кәсіпорын бәсекелестері сондай табысқа ие болмаса, бәсекеде жауап бере алмаса, біраз шығынға ұшырайды.
Кәсіпорын айтарлықтай жеңіске ие болмаған күнде де қолда бар ресурстарға, нақты тәжірибеге сүйене отырып, өз стратегиясын әзірлеуі керек. Қолда бар ресурстар мен біліктілікті қолданбайтын стратегияны құру әрқашан тиімсіз болмақ.
2.»ШВАБ ШҰЖЫҚ» КӘСІПОРНЫНДА АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ ШИКІЗАТЫН ӨҢДЕУДІҢ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ
2.1 Кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштері
Шваб шұжық кәсіпорны 1994 жылы құрылды. Бұл кезде Нұрсилинов А.К. және Рахымғалиев Ж.Н. деген екі кәсіпкер өз кәсіптерін біріктіріп, «Айгерім Сауда Үйі» АҚ- ын құрады. Олардың меншік иелену мен басқарудағы үлестері және құқықтары тең болды. Сол кезеңдегі қызметтерінің негізгі бағыты – жұмыс істеп тұрған дүкен мен ЖҚС-рының желісі арқылы жиһаздар мен мұнай өнімін өткізу болатын. Өз республикамыздағы және мемлекеттер арасындағы құлдырап кеткен орталықтандырылған қамсыздандыру жүйесі қызметтің жаңа түрін тудырады: Өзбекстанға, Ресейге және Қазақстанның мұнай-газ өндіру аймақтарына тауарлық етті даярлау және көптеп өткізу. Еттің ірі партияларын қайта өндіру, сою, жеткізу үшін 1995 жылы «Айгерім СҮ» АҚ Семей ет комбинатының филиалы болып табылатын Ұржар қасапқанасын сатып алып, 1000 тоннаға дейін ет сақтауға арналған тоңазытқыш орната отырып ішкі құрылымын өзгерту арқылы оны ет комбинатына айналдырады. Бұл мақсаттарда Аягөз ет комбинатының да акциясының біраз бөлігі сатып алынады, кәсіпорынның сауықтыру жұмыстары жүргізіліп, мал сою және ет өнімдерін қайта өндіру жұмыстары қалпына келтіріледі.
Обылыстағы шұжық өндіруші жалғыз өнеркәсіп орны- Семей қаласындағы ірі ет комбинатының тоқталуымен нарықтық бұл нишасы өнімді қарапайым әдіспен, арнайы жабдықталмаған жағдайларда өндіретін, тұтынушылар сұранысын саны жағынан да, сапасы жағынан да қанағаттандырмайтын ұсақ кәсіпкерлермен тола бастады. Кәсіпкерліктің болашағы соңғы өнімді өндіруде жатқанын сезінгеннен кейін қызметтің бұл бағыты келешекте басымдылыққа ие болды. 1996 жылы ғимараттарын жөндеуден өткізіп, бұрынғы ет комбинаттардың қолдануында болған құрал-жабдықтарды сатып алып, құрастырып және оларға мамандарды жұмылдырып, «Айгерім СҮ» Ақ шұжық өнімдерінің өндірісін толығымен игерді. Өндіріс шикізаты: шошқа және ірі-қара мал еті- халық пен шаруа қожалықтарынан сатып алу арқылы дайындалды, материалдар мен қоспалар Ресей мен Қазақстан кәсіпорындарынан сатып алынады.
Кейіннен цех Қазақстан мен Ресейде жасалған сүрлеу және қайнату камераларымен, толтыру машинасымен және басқа қажетті құрылғылармен толықтырылды. Өнім стандарттау комитетімен сертификатталған; тұтынушылар сұранысына ие болады. Шұжық өнімдерінің таратылуы мақсатында Семей, Өскемен және Алматы қалаларында бөлшек сауда және көптеп сату желілері құрылған. Өндіріс көлемі айына 50 тоннаға дейін жеткізілді. Пісірілген және жартылай сүрленген шұжықтың 50-ден астам түрі, деликатестік және ұлттық тағамдардың 15 түрі, сонымен бірге: мал майы, көже-сорпа қоспалары өндіріледі. Алайда мұнымен кәсіпорынның техникалық дамуы тоқтап қалды. Бірінші кезекте тауарлық ет өндіруге, ал содан кейін ғана шұжық өнімдерін өндіруге қалыптасқан комбинат техникалық жағынан қайта құрылымданбады. Физикалық ескірген және моральдық тозған құрал-жабдықтар өнімнің сапасы мен тауарлық түрінің жақсаруын қамтамасыз етуге, ассортиментті кеңейтуге, өнімділікті көтеруге қабілетсіз болып отыр. Фарыш өндіру мен батондарды толтырудың вакуумды технологисын пайдаланатын қазіргі заман машиналарының болмауы өнімнің сақтау уақыты мен тарату уақытын ұзартуға мүмкіндік бермей отыр.
Малды союдан кейін артылып қалған терілер фирманың жаңа бағытын- кейіннен жеке кәсіпорынға айналған тері және тон өнімдерін шығару өндірісі ашылды.
Кәсіпорынның төмендегідей өндіріс қуаттары бар:
- Негізгі өндірісатік цехтар:
- Мал сою және етті бөлшектеу цехі;
- Жіліктеу цехі;
- Шұжық цехі;
- Тері кептіру цехі;
- Ет тоңазытқышы;
- Дайын өнім тоңазытқышы;
- Малды союға дейін ұстау орны;
- Сапаны бақылау зертханасы.
2.Қосалқы цехтар мен өндірістік қызметтер:
- Механикалық цех;
- Гараж;
- Әкімшілік-тұрмыстық корпус.
- Өндірістік емес бөлімшелер:
- Асхана.
Өндіріс келген шикізат пен дайын өнім сапасын бақылау зертханасымен жабдықталған. Арнайы құрылған бөлімше шикізат пен материалдарды, дайын өнімді сынықтан өткізіп, технологиялық процесс нормаларының сақталуын бақылайды.
Қолда бар өндіріс қуаттары бір ауысымды 5 тоннаға дейін өнім шығаруға мүмкіндік береді.Алайда, сауда тапсырыстарына бейімделген өндіріс өндіріліп жүрген тауар ассортименті мен сапасының орташа айлық 70 тоннасын ғана шығаруға мүмкіндік ашты.
Шұжық цехіне сиыр, жылқы және шошқа еті сою цехінен жартылай бөлінген күйде немесе тоңазытқыштан суытылып, ерітілген күйде әкелінеді. Мал етін тазартып, семіздігіне байланысты сорттап, өлшейді.
Бөлшектеу – мал еті арнайы бөлшектеу консерінде пышақпен бөлшектенеді. Мал етінің сүрленген өнім өндіруге арналған сан етін, төсін және төс етін бөліп алады, қалған бөліктері жіліктеуге кетеді.
Жіліктеу – мақсаты- етті сүйектен ажырату. Сүйектердің жекелеген түрлері (омыртқа) алынбаған етімен сорпа жиынын, қуырдақ, сүрленген шошқа сүйектерін өндіруге және одан арғы таратылуға бағытталады.
Сұрыптау және сіңірінен айыру – оның мақсаты –сіңірлерді, ірі пленкаларды, шеміршектерді, қан тамырларын және ұсақ сүйектерін бөліп алу. Бұл жұмыстар жалпақ және ұзын дүзі бар арнайы пышақ арқылы қолмен жүргізіледі. Етті қоспалық тамырлары мен майлылығына байланысты сұрыптайды.
Етті тұздау – тұздалуға кететін ет және өнімдері шұжық өнімінің түріне байланысты ұсақталады. Етті инъектер арқылы тұздайды. Сүрленгген қатты шұжықтар мен деликатестер үшін етті 400-600 грамм бөліктермен тұздайды. Тұздау уақыты мен тұз мөлшері –ережелерге сәйкес әр өнім түріне байланысты әр түрлі.
Фарш дайындау – тұздау жұмыстары аяқталғаннан соң, етті екінші қайта куттерде ұсақтайды. Бір еттарту машинасына 10кг ет сияды, тарту жылдамдығы 380 порция/мин.
Термиялық өндеу – шұжық өнімдерін термиялық өндеу жұмысы тұндыру, сүрлеу (өнім түріне байланысты қуыру, қайнату, ыстық және суық сүрлеу), суыту және кептіруден тұрады. Толтырғыштар мен жасанды орамаларды қосу кезінде қайнатылған шұжық, сардельки және сосискаларды тұндырудың қажеті жоқ.
Сүрлеу – температураға байланысты сүрлеудің үш түрін ажыратады:
Қақтау-70-120 С температурада 30-150 мин аралығында қысқа уақыттық сүрлеу (қайнатуға дейін). Ыстық сүрлеу-35-50С температурада 12-48 сағат сүрлеу. Суық сүрлеу-18-22С температурада 2-5 тәулік сүрлеу.
Түтінің әсерінен ылғалдың 10-20%-ға жоғалуы, хлорлы натрий концентрациясының өсуі нәтижесінде сүрленген ет өнімдерінің сақталуы уақытын ұзартуға мүмкіндік болады. Шұжық өнімдерін сүрлеу үшін сүрлеу және жылулық камералар пайдаланылады.
Жылулық өндеу – шикі ет өнімін дайын күйге дейін жеткізу, микро ағзалардың вегативті түрлерінің көпшілігін жою, ферменттерді жұмылдыру, ақуыздарды денатурациялау және ірілендіру, коллаинді желатинге айналдыру. Жылулық өндеуге қайнату мен булау жатады. Қайнату кезінде өнімді суда, сорпада немесе буға толы ауда қыздырады. Термиялық өндеудің ұзақтығы шұжық өнімдерінің әр түріне арналған технологиялық ережелерге сәйкес келуі тиіс.
Шұжықтарды кептіру – бұл процесс ауданы желдету және температуралық, ылғалдық шарттарын бақылау құрылғыларымен жабдықталған камерада жүргізіледі. Кептірудің мақсаты – сақтау кезіндегі шұжықтардың төзімділігін жоғарылату. Кепкен шұжықтарға деген сұраныс кезіндегі шұжықтардың төзімділігін жоғарылату. Кепкен шұжықтарға деген сұраныс жоғары болады, яғни бұл олардың дәмдік ерекшіліктеріәмен және өнімді сақтау жағдайлары болмаған кезде сақтауға деген қажеттілікпен түсіндіріледі.
Өнімді орап, түю – өнім сәйкесінше атауы белгіленген вакуумды немесе аллюминий қаптамаға оралады.
Активтерді талдау кезінде есепті жылда олар қалай жұмсалғандығына және негізгі назар қайсысына аударылғандығын анықтау қажет. Сонымен қатар компанияның өндірістік потенциалының жағдайы, оның негізгі құралдары жайлы мәліметтерді білу маңызды. Ол үшін өндірістік потенциал көлемін анықтап алайық. Оның құнына негізгі құралдардың құны мен өндірістік запастардың, аяқталмаған өндірістің құндары қосылады. Өндірістік потенциал құны 2005 жылдың басына қарай (1-кесте) 19 718 мың теңге, жыл соңында 14 521 мың теңге болды, яғни ол 5 197 мың теңгеге немесе 26,3%-ға қысқарған.
1-кесте. «Шваб шұжықтары» ЖШС активтерінің, өзіндік капиталының және міндеттемелерінің динамикасы.
Көрсеткіштер |
Жыл соңына есептелген абсолютті өлшем, мың теңге |
Құрылымы, % |
||||
|
2003 |
2004 |
2005 |
2003 |
2004 |
2005 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
I. Ұзақ мерзімді активтер, оның ішінде |
8 057 |
15 302 |
14 474 |
100,0% |
190% |
179,6% |
Негізгі құралдар |
8 057 |
15 302 |
14 474 |
100,0% |
190% |
179,6% |
II. Ағымдағы активтер |
17614 |
62 670 |
34 969 |
100,0% |
356% |
198,5% |
тауарлық-материалдық қорлар |
— |
4416 |
47 |
0.0% |
0% |
0.0 % |
Дебиторлық берешек |
15 804 |
53 783 |
34 108 |
100,0% |
340% |
215,8% |
Қысқа мерзімдік ақшалай салымдар |
1 698 |
4 |
4 |
100,0% |
0% |
0,2% |
ақшалай қаражаттар |
20 |
4 467 |
810 |
100,0% |
22335% |
4050,0% |
Өзге түрдегі ағымдағы активтер |
92 |
— |
— |
100,0% |
0% |
0,0% |
Барлығы |
25 671 |
77 972 |
49 443 |
100,0% |
304% |
192,6% |
I. Меншікті капитал |
6 090 |
24 223 |
23 117 |
100,0% |
398% |
379,6% |
II. Ұзақ мерзімді міндеттемелер |
— |
— |
— |
100,0% |
0% |
0.0% |
III. Ағымдағы міндеттемелер |
19581 |
53 749 |
26 326 |
100,0% |
274% |
134,4% |
Несиелік берешек |
19 581 |
53 749 |
26 326 |
100,0% |
274% |
134,4% |
Барлығы |
25 671 |
77 972 |
49 443 |
100,0% |
304% |
192,6% |
Өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициенті келесідей шекті мәнге ие болады:
Кө ≥ 0.5. Егер ол 0,5-тен төмен түсіп кетсе және кәсіпорынның өз қаржы жағдайы жеткіліксіз болса, онда өндірістік мақсаттағы мүлікті ұлғайту үшін ұзақ мерзімдік займдық қаражаттарды тарту жөн болады.
Өндірістік мақсаттағы мүлік коэффициенті 2005 жылы 0,29-ға тең болды, ол ұсынылған мәннен әлдеқайда төмен.
Баланс валютасындағы ағымдық активтердің үлесін анықтаған маңызды. Кәсіпорын активтерінің жұмылдыру коэффициенті ағымдық активтер құнының кәсіпорынның барлық мүлкінің құнына қатынасымен анықталады. Оның мәні неғұрлым көп болған сайын, кәсіпорында да тоқтаусыз жұмысты қамтамасыз етуге, кредиторлармен есеп айырысуға мүмкіншілігі соғұрлым көп болады.
Кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы негізгі қордың нақты құнының үлес салмағының өзгеруі де маңызды орын алады, себебі бұл көрсеткіш оның кәсіпкерлік қызметінің жүзеге асу ауқымын анықтайтын негізгі бағыттардың бірі. Жалпы мүлік құнындағы негізгі қор құнының үлес салмағы коэффициенті баланс активіндегі барлық құнның 50%-нан кем болмауы керек. Бұл коэффициент қалдықты құн бойынша есептелген негізгі қордың баланс валютасына қатынасымен анықталады.
Аталмыш кәсіпорында ол 2005 жылдың басында 19,6 %-ды, ал жыл соңында 29,3 %-ды құрады.
Негізгі құралдардың техникалық жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып тозу коэффициенті саналады. Бұл коэффициент тозу құнының олардың нақты кезеңдегі алғашқы құнына қатынасымен анықталады. Кейбір экономисттердің пікірінше, 50%-дан асатын тозу коэффициенті жағымсыз әсер деп танылады. Мұндай деңгейдегі коэффициентке ие болған кәсіпорын моральды және физикалық тозған құралдарға ие деп айтуға болады.
2-кесте. «Шваб шұжықтары» ЖШС техникалық жағдайының 2005 жылдың көрсеткіштері.
№ |
Көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі (мың тг) |
Жыл басына |
Жыл соңына |
1 |
Алғашқы құн бойынша есептелген негізгі құралдар |
мың тг |
15 901 |
15 607 |
2 |
Негізгі құралдардың тозуы |
мың тг |
599 |
1 133 |
3 |
Қалдық құн бойынша есептелген негізгі құралдар |
мың тг |
15 302 |
14 474 |
4 |
Негізгі құралдардың тозу коэффициенті |
мың тг
|
3,77% |
7,26% |
5 |
Негізгі құралдардың жарамдылық коэффициенті
|
мың тг |
96,23% |
92,74% |
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын келесі бір көрсеткіш – ол қаржыландыру коэффициенті болып саналады. Бұл коэффициент өзіндік капиталдың тартылған капиталға қатынасымен есептеледі:
Кқ = Өк / Тк
Мұндағы, Өк — өзіндік капитал;
Кқ – қаржыландыру коэффициенті;
Тк — тартылған капитал.
Бұл коэффициент кәсіпорын қызметінің қай бөлігі өз қаржысына, қай бөлігі жұмылдырылған құралдармен қаржыландырылатынын көрсетеді.
Қаржыландыру коэффициентінің көлемі < 1 болған жағдай төлем қабілеттілігіне қауіп төндіреді және несие алуға да өз кедергісін тигізуі мүмкін. «Шваб шұжықтары» ЖШС-де бұл коэффициент 2005 жылдың соңында 1,65 тең болды.
Қазіргі әдебиеттерде кәсіпорынның қаржылық жағдайын оның тұрақтылық деңгейі бойынша келесі төрт түрге бөліп жүр:
- қаржылық жағдайының абсолютті тұрақтылығы;
- қаржылық жағдайының кәдуілгі тұрақтылығы;
3) тұрақсыз қаржылық жағдай;
4) дағдарыстық қаржылық жағдай.
Кәсіпорындағы еңбек ресурстарының тиімді пайдалануына көптеген факторлар ықпал етеді, солардың қатарына құралдардың жарамдылық және техникалық деңгейі, өнімдерді өндіруге қажетті материалдық-ресурстық құндылықтардың дұрыс жеткізілуі және басқа да факторлар бар.
Еңбек ресурстарын талдаудың негізгі мақсатына келесілер жатады:
- кәсіпорынның, оның құрылымдық бөлімшелерінің еңбек ресурстарымен қамтылу деңгейі, олардың жіктелуі және біліктілік сипаттары;
- кадрлар ағымдылығының жағдайын анықтау және зерттеу;
- еңбек ресурстарын тиімді пайдалану резервтерін анықтау, соның нәтижесінде маңызды ұсыныстар жасау.
3-кесте. Кәсіпорындағы еңбек ресурстарының жағдайын жалпы бағалау
№ р/р |
Көрсеткіштер |
2004 ж. |
2005 ж. |
2005 ж. %-бен 2004 ж. |
|||||||
адам |
% |
адам |
% |
||||||||
1. |
Барлық қызметкерлер саны |
92 |
100,0 |
97 |
100,0 |
105,4 |
|||||
1.1 |
Соның ішінде: — жұмысшылар |
65 |
70,6 |
68 |
70,1 |
104,6 |
|||||
1.2 |
— басшылар |
12 |
13,0 |
12 |
12,4 |
100,0 |
|||||
1.3 |
— мамандар |
7 |
7,6 |
9 |
9,3 |
128,6 |
|||||
1.4 |
— қызметшілер |
5 |
5,4 |
5 |
5,1 |
100,0 |
|||||
1.5 |
— басқалары |
3 |
3,3 |
3 |
3,1 |
100,0 |
|||||
2. |
Жас мөлшерлері |
||||||||||
2.1 |
16-дан 24 жасқа дейін |
6 |
6,5 |
8 |
8,2 |
133,3 |
|||||
2.2 |
25-тен 29 жасқа дейін |
17 |
18,5 |
18 |
18,6 |
105,9 |
|||||
2.3 |
30-дан 49 жасқа дейін |
57 |
62,0 |
60 |
61,9 |
105,3 |
|||||
2.4 |
50-ден жоғарылары |
12 |
13,0 |
11 |
11,3 |
91,7 |
|||||
Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтылу дәрежесі ондағы персоналдың жоспарлы санының нақты көрсеткішімен сәйкестігі арқылы анықталды. 3 кесте мәліметтеріне сүйенсек «Шваб шұжықтары» ЖШС қызметкерлерінің ішінде негізгі үлес салмақты жұмысшылар алатынын байқаймыз. Егер 2004 жылы олардың үлесі – 70,6 % 2005 жылы – 70,1 % құрады.
Жас мөлшері бойынша еңбек ететін кәсіпорын қызметкерлерінің топтамасы мынаны көрсетті: ең көп үлес 30 бен 49 жас аралығындағы еңбеккерлерге тиесілі болып отыр, олардың саны 2005 жылы 3 адамға артып, 60 адамға теңелді.
Бұл жобаның есептемелеріне өндіріс көлемі мен сату түсімдерінің пессимистік көрсеткіштері алынған. Қолда бар құрал-жабдықтардың қуаты бір ауысымда (смена) 5 тонна өнім шығаруға, ал тәжірибеленген жүйе оны өткізуге мүмкіндік береді. Жаңа құрал-жабдықтар бір ауысымдағы өндіріс қуатын 7 тоннаға дейін жеткізіп, сатудан түсетін табысты айтарлықтай көтермелеуге әсер ететін өнімнің жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндік ашады. Тек «сосискалар» өндірісі ғана 4 тоннаға дейінгі өсімді береді. Өнімді таратудың бағалары қазіргі бағаның төмендетілуіне негізделген, ол да жобаның тұрақтылығын күшейтеді. Сатудан түскен түсімдердің 5%-ы – сауда шегерімі болып табылады, яғни бұл да өнімді өткізу көлемінің өсуі кезіндегі табыстардың көбеюіне әкелетін факторлардың бірі болып отыр.
|
|
|
|
|
|
|
|
|
||||
Сурет 3. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін факторлар
2.2 Өнім өндірудің экономикалық тиімділігі
Кәсіпорының қаржы тұрақтылығының деңгейінің анықтамасы қаржылық талдау деректерінің негізінде құрылады, яғни шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық тұрақтылығын бағалау үшін оның қаржылық жағдайына талдау жасау қажет.
Қазіргі кезде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының келесідей бағалау көрсеткіштерін, яғни олардың тиімділігі мен жеткіліктілігі тұрғысынан оңтайлы болып табылатын көрсеткіштерді таңдап жүр.
Кәсіпорынның дамуының негізгі көрсеткіштерінің серпінін төменде келтірілген кесте бойынша талдаудан өткізуге болады:
4-кесте. «Шваб шұжықтары» ЖШС-ң 2003-2005 ж.ж. дамуының негізгі көрсеткіштері
№ |
Негізгі көрсеткіштер |
Өлшем бірлігі |
2003ж. |
2004ж. |
2005ж |
% |
1 |
Активтердің құны |
мың тг |
43100 |
75355 |
112020 |
259,9 |
2 |
Негізгі өндірістік қорлардың құны |
мың тг |
4900 |
6237 |
6948 |
141 |
3 |
Пайда |
мың тг |
82434 |
84791 |
92505 |
112,2 |
4 |
Жалпы шаруашылық шығындар |
мың тг |
73100 |
80701 |
89504 |
122,4 |
5 |
Қызметкерлердің орташа жылдық саны |
адам |
60 |
63 |
76 |
126 |
6 |
Қызметкерлердің орташа айлық еңбекақысы |
мың тг |
9200 |
11500 |
13000 |
141,3 |
Баланстар мен өтемділік коэффициенттері құрылымының талдауы кәсіпорынның қаржылық тұрғыдан тұрақты екендігін көрсетті. Ол шаруашылық іс-әрекетті жүргізуге және шұғыл міндеттемелерді дер кезінде өтеуге арналған айналымдық қаражаттармен жеткілікті мөлшерде қамтылған.
Мекеменің қаржылық жағдайының құрылымы мен динамикасын зерттеу үшін бухгалтерлік есеп беру мәліметтерінің негізінде салыстырмалы талдамалық кестелер құрастырылады.
Тәжірибеде балансты талдау екі кезеңде жүзеге асырылады:
- Балансты оқу – нәтижесінде есептік кезеңдегі баланс баптарының өзгерісін анықтайды. Мұнда негізгі және айналым капиталдарының ара-қатынасына назар аудару керек;
- Баланс ішіндегі байланыстарды талдау – бұл зерттеу кәсіпорын ресурстарымен тиімді пайдалану талаптарына сай келу тұрғысынан негізгі баланстық топтарға баға береді.
Кәсіпорынның өндіріс қажеттіліктері, әсіресе, шикізат бірінші кезекте халықтан малды және сойылған күйдегі етті сатып алу жолымен қамтамасыз етіледі. Статистика басқармасының мәліметтеріне сәйкес Ұржар және Аягөз аудандарында (ет комбинатының қызмет ету аймағы) ірі қара малдың саны 31.12.2004 жылы- 123589 бас болды. Сонымен қоса, егер жалпы облыс бойынша мал басының төмендеуі көрініс алса, бұл аудандарда табындардың тұрақты сақталуы байқалады. Ет комбинатының жылдық өнім өндіру бағдарламасының қажеттілігі 700 тонна жағдайында тауарлық етке есептегенде сиыр етінің запастары тек бұл аудандарда 16577 тоннаны құрап отыр. Етті халықтан кен шаруа қожалықтарынан сатып алу және оны дайындау жөніндегі тәжірибеленген жүйесі сиыр етімен қамтамасыз етуде қиындық тудырмайды. Ет коминатының шошқа етіне деген жылдық қажеттілігі 500 тонна. Ол да облыс аумағындағы аудандардан, әсіресе Бородулиха және Новошульбинск аудандарынан сатып алу арқылы қамтамасыз етіледі. Шошқа санының өткен жылғы өсімі – 122,8%-ды құрады.
Бір мерзімдік келісім-шарттар бойынша шошқа етін шошқа санының артықшылығына ие болып отырған Павлодар облысынан (Алтын-Дән ЖШС; Прилинг ЖШС; Ертіс АҚ ) сатып алынды.
1998 жылдан бастап қазіргі күнге дейінгі шұжық орамасының тұрақты жеткізушісі болып «Атлантис-Пак» компаниясы (Дон өзеніндегі қаласы.) саналады. Ұзақ мерзімдік келісімдерге сәйкес орамалар комбинаттың тапсырысы бойынша қажетті мөлшерде және түрлі диаметрде жеткізіледі. Әр түрлі түстегі орамаларға шұжық түрлері бойынша Шваб шұжықтары ЖШС-нің логотипі және өнім аты белгіленеді. Сондай-ақ, комбинат Қазақстандағы шұжық қоспаларының өндірушісі Шаллер компаниясымен де ұзақ мерзімдік және тікелей байланыстарға ие.
Шұжық өнімдері – тұрғындардың тұрақты сұранысына ие болатын еттен жасалған тағамдық өнім. Сұраныс көлемі басқа бірдей жағдайлар кезінде тікелей өнімнің сапасы мен бағасына байланысты болады. Семей шұжықтары өзінің сапасына байланысты тек қала, облыс, республика тұтынушыларына ғана емес, бұрынғы КСРО-ның басқа аймақтарына да белгілі болған.
Ет комбинаты сатып алуға дайындалып жүрген құрылғылар жоғары сапалы өнім өндіруге және өндіріс көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта кәсіпорын келесі түрдегі өнімдерді шығарады:
- Қайнатылып пісірілген шұжықтар – Столовая, Чайная, Молочная, Краснодарская, Отдельная, Докторская, Русская, Говяжья (бірінші және жоғарғы сұрып), Сардельки, Ветчина, Шпикачки, Аппетитная;
- Қайнатылып-сүрленген – Сервелат, Любительская, Деликатесная;
- Жартылай сүрленген – Таллинская, Краковская, Украинская, Охотничья;
- Деликатестер – Буженина, Балық, Кеудешілер, Корейка, Филейка, Пастрома (шошқа және сиыр етінен), Карбонат, қысылған ет, шпик (тұздалған және венгриялық).
- Қосымша өнімдер – май (шошқа және сиыр майы), сүрленген шошқа қабырғалары, сорпа жиындары.
Кейінгі өнеркәсіптік қайта өндеуден өткізу үшін ішек шикізаты мен теріні, ал иттердің тағамын өндіруге ет сіңірлері мен шаңдырларды өткізеді.
«Швав шұжықтары» ЖШС-нің басшылығы өнім өткізу нарығын маркетингтік зерттеуге үлкен назар аударады. Өнімді өткізу және маркетинг бөлімшелерінің мамандары нарықтардың сұранысы мен ұсынысын зертеп, танысады, бәсекелестер тауарларының сапасы мен бағасын талдайды. Техникалық бөлім мен ет комбинатының технолог-мамандарымен бірлесе отырып үнемі үлгілердің салыстырмалы тексерулері, дәмдік дегустациялары жүргізіледі.
«Шваб шұжықтары» ЖШС-нің 2006 жылға дейінгі стратегиясын құру кезіндегі маркетингтік зерттеулердің негізгі тапсырмалары болып мыналар саналады:
- Тұтынушылар сұранысының ішінде аса ұнайтын өнім түрін анықтау;
- Ұлғайған көлемді нарықтың игере алу мүмкіндіктері;
- Бәсекелестердің, әсіресе шетелдік бәсекелестер өнімінің әлсіз жақтарын анықтау, және нарықтан ығыстыру мүмкіндігі;
- Шикізат пен материалдардың шеткіліктілігі.
Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстары аймақтарындағы өнім нарығын кең ауқымды зерттеу фирма тапсырысы бойынша ресейлік әлеуметтік коммуникациялар институтымен жүргізілді. Осы институт пен маркетингтік қызметтің зерттеулері ет комбинатының негізгі даму бағыттарын ашып көрсетті:
- өнімнің барлық түрі бойынша, деликатестерді қоса алғанда өндіріс көлемін ұлғайту;
- өнімнің жаңа түрлерін (сосискалар мен шала сүрленген шұжықтар) меңгеру, ассортиментті кеңейту;
- тауарды ұсақ бөліктермен вакуумды қаптамаға үйлестіру;
- сапасын жоғарылату;
- тауар бағасын төмендету.
«Шваб шұжықтары» ЖШС құрастырған даму бағдарламасы мен 2006 жылға дейінгі өндірістік бағдарламасы енгізуге жоспарланып жүрген және бұрыннан енгізілген өндіріс қуаттарының мүмкіндіктеріне сүйеніп құрылды. Погрессивтік құрал-жабдықтарды, технологияларды, ораманың жаңа түрлерін енгізу тек өндіру көлемін өсіріп қана қоймай, сондай-ақ өнімнің сапасын, тауарлық түрін, сыртқы бейнесін, оның сақталу уақытын біршама жақсартады.
Жоспарға негізделген экономика тұсында барлық өндірілген өнім мемлекеттік тапсырысқа сәйкес ұқсату мекемелері – ет, сүт зауаттарына, астық қабылдау пункттері мен іріленген қоймаларға тікелей жөнетілетін. Ал, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында өнімді ұқсату, сауда жұмыстарымен айналысу, өзіндік сауда тораптарын құру т.б. үшін қолайлы ұйымдастыру-экономикалық шаралар көзделмейтін. Мұндай көрініс тіпті аграрлық реформаны жүргізудің алғашқы кезеңінде де орын алды. Мәселен, өнімдерді белгілі өңдеуден өткізбей жатып тек сол күйінде айырбастап (бартер) жіберу, өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы шарттыққатынастардың маңызымен, тауарға деген сұраным мен ұсынымның алшақтауымен санаспау, т.б.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін дер кезінде сату (мәселен, егін шаруашылығы өнімдерінің көпшілігін жаңа піскен, балауса кезінде), сөйтіп оарды тұтынушыларға сапалы, экологиялық жағынан таза күйінде жеткізу күні бүгінге дейін шешімін таппай отырған мәселе. Сондықтан халыққа отандық өндірісіміздің есебінен сатылған тауарлардың көлемі жағынан өсуі тым мардымсыз. Әсіресе, мал мен құс шаруашылығы өнімдерін өткізудің жәйі қанағаттанарлық емес. Мәселен, 2003ж. барлық сатылған ет, малдың тірілей салмағымен есептегенде бүкіл еліміз бойынша 1140 мың теңгені құрады, бұл 2002ж. қарағанда 15,3%, ал 1996ж. салыстырғанда екі еседен аса кем. Мұның бірінші себебі етке сатылған мал санының күрт азаюы. Мәселен, 2003ж. тек 4,9 млн қой сатылды, яғни 2002 ж. салыстырғанда 3,6 есе аз. Екінші себебі етке өткізілген малдың қондылығы мен орташа салмағының төмендігі, атап айтқанда, өткізілген ірі қараның әрқайсысының орташа салмағы 280-300кг, қой 35-39кг, жылқы 275-315кг аралығынан аспады.
Қазіргі кезде ауыл азаматтарының бүкіл табысының 17-19 пайызы (ҚР Статистикалық агенттігінің мәліметтері бойынша) олардың меншігіндегі өнімді (тірілей малды, сүтті, көкеністі, картопты, мүлікті, жемшөпті, т.б.) сатудан түскен. Алайда аграрлық кәсіпте мұндай мөлшерде өндірілген тамақ өнімдері мен шикізатты өткізуде, әсіресе, жеке қосалқы шаруашылық иелері көптеген қиындықтарға кездеседі. Оның ең басты себептері: өндірілген өнімнің көлемінің кішігірімділігі, яғни көтерме саудаға жарамсыздығы, сауда орындарының қашықтығы, көпшілік өнімнің (сүттің, көкеністің, еттің, т.б.) тез бұзылатындығы, жабдықталған мұздатқыштар, тасу, тұтыну құрал-саймандары бар қоймалардың жеткіліксіздігі, көлік қатынастарының нашарлығы, жол ақысының қымбаттығы.
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізуде еркін сауда жүйесі өз өміршеңдігін көрсетуде. Оның негізгі арналарын: елді қоныстарда орналасқан кәсіпкерлік орталықтарына,қоғамдық тамақ өнеркәсібі субъектілеріне келісім-шарттар бойынша тапсырыстау, базарларға шығарып сату, айырбастау, т.б. барынша толық пайдалану ауыл тауарлары өтімділігіне пайдалы әсерін тигізеді. Еркін сауда жүйесі тек ауылдық тауар өндірушілер үшін ғана емес, сонымен қатар, ауылдық жерлерде шағын бизнестің түр-түрімен айналысатын кәсіпкерлер үшін де тиімді. Олар мұнда тұтынушыларға тек өздері өндірген тауарлар мен қызмет түрлерін ұсынып қана қоймай, қажетті шикізаттарды арзан қақпен, сапасына қарай іріктеп таңдап ала алады.
Бүгінгі таңда еліміздің барлық аймақтарында, облыс, аудан орталықтарында, ірі-ірі поселкелер мен темір жол станцияларында базарлар ұйымдастырылған. Бұлардың негізгі мақсаты ел тұрғындарына сауда-саттық бағытында қажетті қызмет көрсету, халықтың азық-түліктің сапалы да арзан түрлері жөніндегі талғамын қанағаттандыру, бәсекелесті дамыту, жергілікті бюджетті толықтыру.
Соңғы 2-3 жыл аясында республика ішкі нарығында отандық тауар өндірушілердің үлес салмағы біртіндеп артып келеді. Бірақ қазіргі мәселе өндірілетін өнім мөлшерін өсірумен қатар оның өтімділігін неғұрлым жоғарыдеңгейге көтеру болып табылады. Бұл үшін:
– өңдеу кәсіпорындарының жұмысын жақсарту, оларды айналым қаржысымен, бәсекеге қабілетті құрал-жабдықтармен, мамандармен қамтамасыз ету керек;
– ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауарлылық көрсеткіштерін жақсарту, нарықтық инфрақұрылымды жетілдіріп, өнімнің түрлері бойынша нарық арналарын талапқа сай дамыту, ауылдық тауар өндірушілердің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсеке жағдайынан үнемі хабардар болып отыру қажет.
5 кесте. «Шваб шұжық» ЖШС бойынша 2004-2005ж.ж. негізгі экономикалық көрсеткіштері.
№ |
Негізгі көрсеткіштер |
өлшем бірлігі |
2004ж |
2005ж |
Ауытқу |
% |
1 |
Өнімді өткізуден түскен табыс |
мың, тг |
35640 |
47240 |
11600 |
|
2 |
Өнімнің өзіндік құны |
мың, тг |
23405 |
28300 |
4895 |
|
3 |
Жалпы табыс |
мың, тг |
12235 |
18940 |
6705 |
|
4 |
Кезең шығындары |
мың, тг |
7560 |
8323 |
763 |
|
5 |
Негізгі қызметтен түскен табыс |
мың, тг |
4675 |
10617 |
5942 |
|
6 |
Негізгі емес қызметтен түскен табыс |
мың, тг |
11590 |
12448 |
858 |
|
7 |
Салық төлегенге дейінгі табыс |
мың, тг |
16265 |
23065 |
6800 |
|
8 |
Таза табыс |
мың, тг |
11385 |
16145 |
4760 |
|
9 |
Өткізілген өнімнің 1тг кеткен шығын |
тг |
0,87 |
0,78 |
-0,9 |
|
10 |
Өнім рентабельдігі |
% |
|
|
|
|
11 |
Сату рентабельдігі |
% |
0,32 |
0,34 |
0,02 |
|
12 |
Өндіріс рентабельдігі |
% |
13 |
19 |
6 |
|
13 |
Жұмысшылардың еңбек өнімділігі |
адам |
584 |
705 |
121 |
|
14 |
Жұмысшылар саны |
мың, тг |
61 |
67 |
6 |
|
15 |
Еңбек ақы қоры |
мың, тг |
14640 |
16080 |
1440 |
|
16 |
Өндірістік негізгі құралдардың орташа жылдық құны |
мың, тг |
33340 |
28506 |
-4834 |
|
17 |
Айналым құралдарының орташа жылдық құны |
тг |
51842 |
41126 |
-10719 |
|
18 |
Амортизация |
тг |
|
|
|
|
19 |
Қор сиымдылығы |
|
0,9 |
0,6 |
-0,3 |
|
20 |
Қор қайтарымдылығы |
|
1,06 |
1,6 |
0,54 |
|
21 |
Қормен қарулану |
|
546,5 |
425,5 |
-121 |
|
Кестеде берілген көрсеткіштерді факторлық талдау барысында төмендегідей қорытынды жасауға болады.
Өнімді өткізуден түскен табыс. Әрине, өнімді өткізу ол кәсіпорынның шығарылған өнімнің ең соңғы кезеңі деп айтсақ болады және ол кәсіпорын үшін өте маңызды. Бұл өнімді өткізу жұмысының эффектісі оның цехтерінен, түскен табыстарының талдауында және тағы басқа қаржы көрсеткіштерінде байқалады, яғни өнімді өткізуден түскен табыс 2004 жылы 35640 мың тг құраса, 2005 жылы 47240 мың тг болып, 11600 мың тг-ге артты немесе 133%-ға өсті.
Өнімнің өзіндік құны. Бұл кәсіпорын жұмысшының қалай жүріп жатқанын сипаттайтын көрсеткіш, яғни бұдан кәсіпорынның қаржылық жұмысы, өндіріс жұмысының кеңдігі, шаруашылық субъектілерінің қаржылық деңгейін көруге болады. Жалпы алғанда, өнімнің өзіндік құны 2004 жылы 23405 мың тг құраса, 2005 жылы 28300 мың тг болып, 4895 мың тг-ге немесе 121% өсті.
Жалпы табыс. Жалпы табыстың соммасы 2004 жылы 12235 мың тг құраса, 2005 жылы 18940 мың тг болып, 6705 мың тг немесе 155% өсті.
Кезең шығындары. Бұл көрсеткіш жалпы шығындар, өнімді өткізуге кеткен шығындар, пайыз шығындары, курстық ерекшелік шығындары. Осылардың қосындысы кезең шығындарын береді және мұны 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 763 мың тг-ге өсті, яғни 110% өсті. Оған себеп болған өткізу бойынша шығындар мен пайыздарды төлеуге кеткен шығындар көлемі жоғары болған.
Негізгі қызметтен түскен табыс. Бұл көрсеткіш 2004 жылы 4675 мың тг құраса, 2005 жылы 10617 мың тг болып, 5942 немесе 227% өсті.
Негізгі емес қызметтен түскен табыс. Бұл көрсеткіш 2004 жылы 11590 мың тг құраса, 2005 жылы 12448 мың тг болып, 858 мың тг-ге артты.
Салық салғанға дейінгі табыс, 2004 жылы 16265 мың тг болса, 2005 жылы 23065 мың тг-ге өсіп 6800 мың тг құрады. Бұл көрсеткіштің осылайша өсуі әртүрлі факторларға байланысты.
Таза табыс. Бұл көрсеткішті есептеу үшін таза табыс соммасына, жиынтық табыс, салық, табыс салығы кіреді. Осы 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда 4760 мың тг, яғни 142% өскен.
Өткізілген өнімнің 1 тг шаққандағы өнімі. Бұл көрсеткішті есептеу үшін өзіндік құн, кезең шығындары және түскен табыс кіреді. Бұл көрсеткіш 2004 жылы 0,87 болса, 2005 жылы 0,78 мың тг құрап, -0,9 мың тг көрсетіп отыр.
Өнім рентабельдігі 2004 жылы бұл көрсеткіш 0,52% болса, 2005 жылы 0,72% көтерілді.
Сату рентабельдігі 2005 жылы 0,2 теңгеге дейін кеміген, себебі өнімнің өзіндік құны 1,5 есе өскен.
Өндіріс рентабельдігі. Осы көрсеткіш кәсіпорын өндірісінің эффектілігін есептеуде қолданылатын ең негізгі көрсеткіш болып табылады. Ол өндірістегі 1 теңгеден алынған пайданы көрсетеді. Өндіріс рентабельдігі 146% өскен.
Жұмысшылардың еңбек өнімділігі өндіріс қызметінің нәтижелігін көрсететін маңызды көрсеткіш. Бұл көрсеткіш бір адамның орташа жылдық өндіру көлемін сипаттайды. Ол 2005 жылы 168% өскен. Бұл жақсы нәтиже.
Өндірістегі негізгі құралдардың орташа жылдық құны. Бұл көрсеткіш кәсіпорынның орналасқан жерін, мекемесін, тасымалдайтын транспортты машиналары жатады және бұлардың қосындысы арқылы негізгі құралдардың орташа жылдық құнын табу үшін, осы көрсеткіштердің бәрін қосып, әр жылды жеке-жеке (2) бөлеміз. Бұл көрсеткіш 2005 жылы 28506 мың тг құрапты.
Қор сиымдылығы. Бұл көрсеткіш қор қайтарымдылық көрсеткішіне кері көрсеткіш болып табылады. Оның қасиеті сонда, оның алымын бірнеше бөлек цех және құрал-жабдықтар группаларға бөліп тастауға болады. Бұл техникалық өндірістік учаскілеріне деген жерін, қор пайдаланудағы жалпы көрсеткішін анықтауға мүмкіншілік береді. Қор сиымдылығы былтырғы, яғни 2004 жылы салыстырғанда 53% өскен.
Қор қайтарымдылығы. Негізгі өндірістік қорларды пайдаланудағы жалпы көрсеткіш ретінде, кәсіпорынның эффектілігін көрсетеді. Бұл көрсеткіш халық шаруашылығында, өндірісте көп қолданылады. Осы көрсеткішті 2004 жылмен салыстырғанда 2005 жылы 198% өскен.
Қормен қарулану көрсеткіші бойынша кәсіпорында оның өскені байқалады. Мысалы 2005 жылы 425,5 тг болса, 2004 жылы 546,5 тг болған, яғни -121 тг кеміді.
Жалпы алғанда шаруашылық зерттеу жылдарын ауылшаруашылық өнімдерін өндп, оны тұтынушыларға жеткізу барысында оңды нәтижелерге жеткенін байқаймыз.
2.3 Өнім сапасы және оның бәсекелестік қабілеті
Қай тауардың болмасын бәсекелік қабілеті оның тұтынушы қызығушылығына ие және осы сұранысты қанағаттандыратын көрсеткіштерінің жиындығымен анықталады, ал белгіленген шектен шығатын басқа көрсеткіштер бағалауда есепке алынбауы тиіс, яғни өндірушіге әсер ететін көрсеткіштерге тұтынушы мен бере қоймайды. Осылайша тұтынушыны өнімнің жобаланып, өндіріліп, тасымалданып, нарыққа түсуіне дейінгі жағдайлар қызықтырмайды, ал қызығушылық тудыратыны, өнімнің тұтынушылық құрамы. Мысалға, егер басқа барлық сипаттамаларды сақтай отырып, өндірушінің өндірістегі материал сиымдылықты, еңбек сиымдылықты төмендетуіне қол жеткізсе, онда бұл өнімнің сапасы міндетті түрде жоғарылайды, бірақ тұтынушы қызығушылығы, өндірістің шығындарды және материалдық шығындарды төмендету мен байланысты өнім бағасы төмендемесе еш өзгеріссіз болады. Бәсекелік қабілетті бағалауда талданып отырған және бәсекелес өнімнің параметрлерін сатып алушының талаптарының деңгейімен салыстырып, алынған көрсеткіштерді салыстыру керек.
Сапа тұрғысынан алғанда қолдану саласында ғана емес сондай-ақ конструктивті және технологиялық ерекшеліктеріне байланысты тек бір текті өнімдерді салыстыруға болады.
Ал бәсекелестік тұрғысынан алғанда, есепті ретінде нақты бір сұранысты қанағаттандыру алынатындықтан, элементтік базасына, атқаратын функциясына, дайындалу технологиясына байланысты әртекті бірақ, сол бір сұранысты түрлі жолдармен қанағаттандыратын өнімдерді салыстыруға болады.
Заңи күші бар нормативтік құжаттарға сәйкес орындалған сапа талдауы өнімге бәсеке қабілетті баға деңгейін бермейді. Бұл өнімді өткізу кезінде анықталады, яғни сатып алушы әрекетіне тәуелді.
Сатып алушы әрекетінің үлгісі сатып алушы әрекетінің кей функцияларымен – Z, сатып алушы қалауымен (қай жағдайда рационалды емес) – D, сыртқы ортаның көптеген факторларымен – X, сатып алушының мінез-құлқымен – Y, анықталмаған фактор мәнімен – Q, түсіндіріледі:
z = f (D,X,Y,Q)
Тұтынушы үшін сапа міндетті сипаттама болғанымен, белгілі бір өнімді сатып алу шешімін қабылдау үшін жеткіліксіз. Басқаша айтқанда бәсекелік қабілет тек тауардың үздік сипаттамаларымен ғана емес, ал клиенттің сатып алуына бағытталған тартымдылығымен де сипатталады. Атап өтетін жәйт, тауардың ерекшеліктерінің жиынтығымен анықталатын сапасы мен бәсекелік қабілеті әр саладакөрініс табуы мүмкін. Тауар сапасы – жобалау және өндірілу аясында қалыптастырылып, оны қолдану үрдісінде, яғни тұтыну аясында байқалады. Өнімнің бәсекелік қабілеті оны сату нәтижесінде анықталады, немесе ұсыныс аясында.
Өнімнің сапасы өзгермеген жағдайда да оның бәсекелік қабілеті кәсіпорынның бәсекелестік ортасымен анықталатын түрлі факторларға әсер етіп, өзгеріп отырады.
Өнімнің бәсекелік қабілеттілігі дегеніміз – тауардың барлық нарық шарттарына сәйкес келе отырып, өндіруші мен тұтынушының мүдделері сақталатын, тауар мінездемесінің тұтынушы талаптарына толық сәйкес келуі. Яғни, тауар тек қана техникалық, эстетикалық, эргономикалық және тағы басқа қасиеттерге ие бола қоймай, оның сатылуына да ( баға, сервис, фирма престижі, жеткізілу мерзімі) жауап беру керек. Өнімнің бәсекелік қабілеті бірнеше маңызды қасиеттерге ие: бәсекелік қабілет –салыстырмалы шама, яғни ол ұқсас өнімдермен теңестіру арқылы анықталады; ол динамикалық шама, яғни уақытқа байланысты өзгереді, тауардың өмірлік циклына және басқа да жағдайларға тәуелді; әрбір тұтынушының жеке талғамы әрбір өнімнің бәсекелік қабілетіне өздігінше әсер етеді. Сондықтан, өнімнің бәсекелік қабілеті құбылмалы сипатқа ие; бәсекелік қабілет нақты, яғни ол өнімнің белгілі бір түріне, нарыққа, ҒТП даму деңгейіне, қоғамдық еңбек жүйесіне және т.с.с. байланысты; бәсекелік қабілетке әсер етуге болады, ол оның құндылығын арттыру үшін маңызды.
Сондықтан өнімнің бәсекелік қабілетін талдау мен бағалау мәселесі осы екі ағымға сәйкес теориялық және қойылма аппаратты қолдану негізінде шешіліп, келесі мәселелердің шешімдерін қарастырулары керек:
- өнімді нақты сатып алушылардың талаптары мен сұраныстарын зерттеу;
- өнімді өткізу жағдайы, фирмалар және бәсекелес тауарлар жайлы мәлімет жинау мақсатымен нарық мониторингін ұйымдастыру;
- өнім сапасы көрсеткіштерінің өндірушіге де тұтынушыға да қолданыста біркелкі жүйесін жасау;
- зерттеліп отырған мәселенің жалпылама үлгісін құрастыру, соның ішінде бәсекелік қабілетке әсер ететін және олардың байланыстарын анықтайтын көптеген факторлардың құрылуы;
- өнімнің бәсекелік қабілетін мөлшерлік бағалауда жалпы әдістердің қалыптасуы, осы мәселеге қатысты жекелеген әдістерді, алгоритмдер мен шешімдер үрдісін дайындау;
- жалпы өнімнің бәсекелік қабілетінің және оны анықтаушы факторлардың дамуын талдау;
- нарықтық қажетті бөлігін немесе тапсырылған табыс көлемін беретін өнімнің бәсекелік қабілетін деңгейін анықтау;
Осы мәселелер шешімдерін ауыл шаруашылығы өндірісіне ендіру, ауыл шаруашылық саласына негізделген моделдерін құру бұл салада өндірілетін өнімдердің бәсекелік қабілетін көтерудің негізін қалаушы факторы болып табылады.
Біз ашық нарықтық экономика құрудамыз, сондықтан бәсекелік қабілетін мәселелері шешілмей экономикалық дамуда оң нәтижелерге қол жеткізу мүмкін емес.
Өнімнің бәсекелестер шығаратын дәл осы өнімінен айырмашылығы:
- Жаңадан сойылған етті пайдалану кеңінен тоңазыту, одан кейін еріту процесіне, яғни ет сапасының жоғалуына жүгінбеуге мүмкіндік береді;
- Өндірудің жеделдетілетін әдістерінен ерекше –оны қалыптастыру кезінен бастап өндіру жоғары шыдамдылық пен еттің табиғи жетілуін қарастыратын өндірістің дәстүрлі технологиясна бейімделген. Бұл технология жоғары температурада жылулық өндеуді болдырмайды да, соның есебінен шикізаттың пайдалы қасиеттерін сақтап қалуға жол ашады;
- Қоспалар мен дәмдеуіштерді дайындаудың дәстүрлі әдістемесін сақтаумен қатар Шваб шұжықтары ЖШС-нің өнімдерінде өзіндік құнды 15% -ға дейін азайтуға, дайын өнімнің шығарылуын 30%-ға өсіруге мүмкіндік беретін, өнімге құнды физиологиялық және технологиялық қасиеттер беретін Шаллер фирмасының қоспалары мен дәмдеуіштері пайдаланылады;
- Өндірісте қайнатылып пісірілген шұжықтарға арналған жоғары сапалы орамаларды шығаратын Атлантис –Пак фирмасының өнімі де өз қолданысын тапты;
- Қайнатылып пісірілген, қайнатылып-сүрленген шұжықтардың 50-ден астам түрін, сонымен қоса дәмді ет өнімдерінің 15 түрін өндірудің тәжірибеленген технологиясы өнімді тұтынушылар сұранысына және сауданың апталық тапсырыстарына байланысты әр түрлі ассортиментте шығарылуына мүмкіндік береді;
- Өндірістегі қалыптасқан дәстүр мен жаңашылдықтың үйлесуі сатып алушыларға қолайлы бағада сатылатын өнімнің дәмдік қасиеттерін жоғарлатуды қамтамасыз етеді.
Шваб шұжықтары ЖШС басшылығының назары өнімді жергілікті газеттерге, радиода және теледидарда үнемі жарнамалап отыруға аударылады. Сатып алушыға әсер етудің тағы бір түрі ретінде жарнама тақталары, ет комбинатының өнімдері жайлы көп түсті буклеттер мен газет беттеріндегі мақалалары шығып отыр.
Барлық өнім Шваб шұжықтары деген логотипін, өндірушіні, өнімнің атауын, сұрыбын көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар тауардың сыртқы түрін келбетті ететін орамамен қапталады.
Жобаны жүзеге асыру жоспары. Қарастырылып отырған жобаны жүзеге асыраудан кейін өндіріс көлемі 2006 жылы айына 75 тонннаға дейін өседі деп болжаланған. Жоба бойынша негізгі өндіріс өсімі отандық өнеркәсіп нарығында әлі көрініс алмаған және тұрғындардың жоғары сұранысына ие болған сосиска өндірісін меңгерудің есебінен жүзеге асуы қарастырылған. Аталмыш жобамен қарастырылған комбинаттың өндірістік даму бағдарламасының негізгі бағыты – көлемдерді өсіру, шұжық пен деликатестер сапасын жақсарту, өнімді қаптау.
Өнімді Семей, Өскемен, Қарағанды, Алматы қалаларында орналасқан филиалды желілері және жеке кәсіпкер-таратушылар арқылы азық-түлік тауарларын сататын ұйымдарға көп мөлшерде өткізеді. Алматыда, сонымен қоса, өзінің арнайы дүкендері арқылы бөлшектей сатады. Тек қана шұжық өнімдерін сататын арнайы маманданған дүкендерді құру экономикалық тиімсіздікті көрсетті. Сондықтан, кейін тек көптеп сату жолы ғана қарастырылады. Көптеп сату кезіндегі бағалар бөлшек саудаға қарағанда 10%-ға арзан, сәйкесінше тарату көлемі де азырақ болады. Өнімді аптасына екі рет Алка моделіндегі рефрижераторлы автокөліктермен жеткізеді.
Өнім нарығын талдау. Шваб шұжықтары ЖШС өнімінің негізгі тұтынушылары болып Семей, Алматы, Өскемен қалаларының және ауылдық жерлерінің тұрғындары саналады. 2001 жылдың тамызында Шығыс-Қазақстан, Павлодар және бұрынғы Семей облыстарында ресейлік коммуникациялар институты жүргізген маркетингтік зерттеулер нәтижелері шұжық өнімдерінің тұтынуы мен нарық мүмкіндіктері жайлы жеке-жеке талдау береді. Сөйтіп, әрбір облыста ет комбинаттарының қызмет етуі жағдайында Семейде күнделікті шұжық өнімдерін сатып алатын адамдар үлесі Павлодар облысында1,5 есе, ал Өскеменнен екі есе артық екені анықталды. Сатып алушылар арасында 36-45 жас аралығындағы тұрғындардың үлесі жоғары. Сатып алушылардың көпшілігі (77,8%) отандық өндірушілер өніміне көп қызығушылық танытады. Зерттеулер көрсеткендей, Ұржар ет комбинатының өнімі үш облыстың 14,3% тұрғындарының көңілінен шыққан. Семейде оған сұралғандардың 37,4%-ы дауыс берді. Өткен жылы нарықтағы жағдай айтарлықтай өзгерді. Өндіріс көлемін екі еседен аса көтерген Шваб шұжықтары ЖШС Ленингор комбинатының аса жоғары өнімін ығыстырып , Семей қаласы нарығының 45%-ын және Өскемен қаласы нарығының 30%-ын ұстап тұр.
Бәсекелес фирмаларды талдау. Ұржар ет комбинаты өнімдерінің Семей және Өскемен қалаларындағы негізгі бәсекелестері Риддер қаласының ет комбинаты (Шем-Азат АҚ) мен Павлодарлық Рубикон ЖШС; Алматыда Беккер и К ЖШС, Қарағандыда Тұлпар, Бекон фирмалары болып отыр. Сонымен қатар, Өскеменде ет комбинаты (Шығыс ет АҚ), Қарағандыда Грин фирмасының шағын цехі, Семей қаласындағы Руц ЖШС-нің ет комбинаты, Алматыдағы шұжық цехтары мен 40 тарта ұсақ өндірушілер бәсекелес болып отыр.
Маркетингтік қызмет жүргізген Шваб шұжықтары ЖШС бәсекелестері өнімінің бағасы мен сапасын салыстырулары мынаны көрсетті :
- Өскемен ет комбинатының (Шығыс ет АҚ) шұжықтары сатып алушыға 1996 жылдан бері таныс. Нарықта тек сапасының төмендігіне байланысты (негізінен 1 және 2 сұрыптар) 15%-ға кем бағасы үшін ғана қалып отыр. Ассортименті тар болып табылады.
- 1997 жылдан бастап нарықта соңғы үлгідегі құрылғыларды өндірілген, жоғары сапалы, көптеп сату бағасы төмен болып келетін Павлодарлық Рубикон ЖШС-нің шұжықтары пайда болды. Алайда, цехтің әлсіз қуаттары мен таратудың шағын көлемдері сезінерлік бәсеке тудырмайды.
- Шем-Азат АҚ-ның Риддер ет комбинаты өндіретін қайнатылған шұжықтары табиғи орамаларға байланысты жоғары дәм сапасына ие болып, нарықты 1994 жылдың өзінде-ақ жаулап алды. Оның барлық өнім түрлері бойынша бағасы Ұржар ет комбинатымен салыстырғанда 10%-ға жоғары және сату уақыты шұжықтар бойынша 72 сағатты, ал сардельки бойынша бар жоғы 48 сағатты құрайды.
- Семейлік Руц ЖШС-нің негізгі өнім түрі болып ет консервілері саналады. Оған қосымша шығарылатын қымбат шұжықтар бәсеке тудырмайды.
- Оңтүстік астана нарығында басымдылық жағдайға ие болған Алматылық Беккер и К ЖШС жоғары сапалы шұжықтар өндіреді. Оған қоса, сатып алу талғамы бүгінгі күннің өзінде де 45 тоннаға дейін өнім өндіруге мүмкіндік беріп отыр.
Қазақстан экономикасының дамуына кедергі болатын мәселелердің бірі, оның көптеген өнімдерді шикізат ретінде өндіруді себеп болғаны белгілі. Өңдеуші, өндіруші салалардың жете дамымауы ел экономикасына кері әсерін тигізеді.
Қазіргі нарықтық экономика өндіріліп жатқан өнімге өзгеше талаптар қойып отыр. Бұл қазіргі әлемде кез-келген фирманың әрі қарай дамуы мен қызмет етуі, тауарлар мен қызметтер нарығындағы тұрақты жағдайы оның бәсекеге қабілетті өнім өндіру деңгейімен анықталатындығына байланысты.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып дамуы шаруашылық жүргізудің нарықтық механизмін кеңінен енгізу, әлемдік нарықтық жүйеге ену барысында республика экономикасының бәсекеге қабілетті болуының тетіктерін жеделдетудің маңызы зор екенін белгілі. Сондықтан ұлттық экономика саласында өндірілетін өнімнің бәсекелік қабілеттілігін арттыру қажет.
Осы орайда өндіріс технологиясын жетілдіру және түпкілікті тұтанатын адам қажеттілігінің дамуы әсерінен сапалы өнім өндірудің маңызы ерекше. Мәдениет пен білім деңгейінің өсуі күнен-күнге тұтынушылардың талабы мен қалауын өсіріп отыр. Осыған байланысты, өнім сапасы мәселесі тауар өндірушілер алдында тұрған экономикалық және әлеуметтік мәселелердің негізі болып отыр.
Тауарлардың бәсекелік қабілеті – нарықтық қатынастарға қатысушылардың нарықтағы коммерциялық табысының шешуші факторы. Тауарлардың бәсекелік қабілеті оның нарықтағы салыстырмалы қалпын анықтаушы, тұтыну және құндық қасиеттерінің жиынтығы ретінде анықталатындығы белгілі.
Өнімнің бәсекелік қабілеті келесі элементтерден тұрады:
- Өнімнің бағалық бәсекелік қабілеті:
1.1. бағаның негізгі өнім өндірушілер арасында өзара салыстырылуы;
1.2. сұраныс пен ұсыныс қатынастарына байланыстыбағаны
дифференциялау жүйесінің жұмыс жасауы;
1.3. өнімді тұтынушыларды жеңілдіктер жүйесімен тартуы.
- Өнімнің сапасы:
2.1. өнімнің техникалық- функционалдық қасиеттері;
2.2. қосымша пайдалылықтың болуы;
2.3. өнімнің танымалдылық деңгейі.
- Өнім өткізу, жарнама және қызмет көрсету жүйелерінің бәсекелік қабілеті:
3.1. өнім өткізу жүйелерінің тұтынушыларға қолайлылығы;
3.2. жарнаманың тиімділігі;
3.3. қызмет көрсету жүйелерінің қолайлылығы мен сенімділігі.
Ғалымдану жағдайында өнім өндірушілер арасында олардың бәсекелік қабілетін одан әрі дамыту тұрғысынан іргелі проблемалар туындап отырғаны белгілі. Демек, Қазақстан үшін ең өзекті мәселе болып отандық өндірушілер қызметінің тиімділігін өсіруге сүйеніп, елдің бәсекелік қабілетін арттыру табылады.
Жалпы өнімнің бәсекелік қабілетін арттыруға бірнеше факторлар әсер етеді. Оларды 2-ге бөлуге болады: сыртқы және ішкі.
Сыртқы факторларға мемлекет деңгейінде қабылданатын бағдарламалар мен заңдар жатады. Ең бірінші кезекте 2001 жылдың 27 қаңтарында қабылданған Қазақстан Республикасының «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» заңын айтуымыз керек.
Бұл заңның мақсаттары:
- Еркін бәсекені, кәсіпкерлікті дамыту, тұтынушылардың мүдделерін қорғау және тауар нарықтарының тиімді жұмыс істеуі үшін жағдайларды қамтамасыз ету.
- Заң кәсіпкерлікті қолдау, монополистік қызметті болғызбау, шектеу, тыю және реттеу жөніндегі мемлекеттік реттеуді және құқықтық шараларын анықтайды.
Сонымен қатар, 1998 жылдың 11 маусымында қабылданған Қазақстан Республикасының «Теріс пиғылды бәсеке туралы » Заңы, 1999 жылдың 21 тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының «Демпингке қарсы шаралар туралы» Заңы, «Сапа» бағдарламасы, «Жеңіл және тамақ өнеркәсібі салаларында импорт алмастырудың 2001-2003ж.ж. арналған бағдарламасы», «Сертификаттау туралы», «Стандарттау туралы», «Субсидиялар мен орын толтыру шаралар туралы » және т.б. заңдар.
Бәсекелік қабілет мемлекеттік қолдау емес, бәсекелестермен қатаң күресте жетілетіні баршамызға мәлім.
Өнімнің бәсекелік қабілетін басқару жүйесінде оны бағалаудың маңызы зор. Тауардың бәсекелік қабілетін зерттеу әдістемелерінің көптігіне қарамастан, олардың жаңару үрдісі жалғасуда.
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау оны пайдаланудың жолдары мен түрлеріне байланысты анықталады:
- Егер мақсат ұқсас тауарлар қатарындағы берілген тауардың орнын анықтау болса, онда маңызды параметрлер бойынша оларды тікелей салыстыру арқылы;
- Егер зерттеу мақсаты тауарды нақты бір нарықта өткізу перспективаларын бағалау болса, онда талдауда жуық арада нарыққа шығатын бұйымдар жайлы мәліметтерді қосатын стандарттар мен заңдылықтардың өзгерісі жайлы ақпарат пайдалануы керек.
Айта кететін жағдай, бәсекелік қабілет салыстырмалы шама болып табылатындығын ескерген жөн. Нарықтық жүйенің белгілі бір уақыт аралығында бәсекелі болған тауар келесі бір жағдайда қойылған талапқа сәйкес келмеуі мүмкін. Яғни, тауардың нарықта өткізілуінің нақты жағдайлары мен бәсекелестердің өнім өндіру барысындағы күрделі іс-әрекеттердің сапалы деңгейіне байланысты. Сондықтан өнімнің бәсекелік қабілетін бағалаудың жалпы ережелері төмендегідей болып келеді:
- тауарды өткізу нарығын таңдау және талдау,
- ұқсас тауарларды өндіретін және өткізетін бәсекелестерді зерделеу,
- салыстыру бағасы ретінде бәсекелік қабілеті жоғары ұқсас тауарларды негізге алу,
- бағалауға тиісті параметрлердің қажетті тобын анықтау,
- өнімдердің сәйкес топтары бойынша бірегей көрсеткіштер жиынын белгілеу,
- тауар топтары бойынша көрсеткіштерді талдау, анықтау және талдау әдістемелерін таңдау,
- кәсіпорын тауарларының бәсекелік қабілетінің интегралды көрсеткіштерін есептеу,
- тауар өңдеуге қатысты кәсіпорынның тауар саясатын әзірлеу.
Тауардың бәсекелік қабілетін бағалауда мына негізгі қағидаларға көңіл бөлген жөн:
- интегральділік қағидасы – бәсекелікке әсер ететін факторлары арасындағы байланыстарды нақтылауды және нығайтуды қамтамасыз етеді,
- кешенділік қағидасы – тауардың бәсекелік қабілетін құрастырушыларды және оған әсер етуші факторларды анықтауды ескереді,
- диалектілік қағидасы – факторлар жиынтығын даму үстінде қарастыруды ескереді.
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалаудың төмендегідей негізгі түрлерін атап айтуға болады:
- Тестілік сату. Бұл бағалау әдісінің негізгі мақсаты –зерттеліп отырған тауарды сату орындарында тұтынушылардың оны қабылдауын байқау. Бұл әдіс өте сенімді ақпарат бере алады. Алайда бұл өте көп қаржы керек етеді, себебі кез – келген кәсіпорын сапасына сенімсіз өнім шығаруға бармайды.
- Фокус – топтар:
- ақпаратқа толы әдіс,
- респонденттердің бағаланып отырған өнімге шынайы қатынасын анықтауға жол береді,
- өнімді дайындаудың кез-келген кезеңінде бағалау жүргізуге жол береді.
- Хол – тестер (Hall – test). Оларды сапалы зерттеу нәтижелерін тексеру үшін.
Көп жағдайда тауардың бәсекелік қабілеті мәселесі пайда болған жағдайда оны маркетингтік зерттеу негізінде шешу кең таралған.
Тауардың бәсекелік қабілетін маркетигтік жолмен бағалау әдістемесі 4 кезеңнен тұрады:
- Тауарға деген тұтынушылардың талаптарын анықтау,
- Тұтынушылардың сұранысы негізінде тауардың күтілетін бәсекелік
қабілетін бағалау,
- Фирманың бәсекелес фирмаларға қатысты маркетингтік қызметінің
бәсекелік қабілетін бағалау,
- Тауардың нақты бәсекелік қабілеті жайлы қорытынды жасау және
оны арттыруға күш салу нүктелерін анықтау.
Бұл әдіс, сатып алушылардың осы кәсіпорын тауарларына деген қатынасын, сонымен қатар фирманың ішкі орталарының артықшылықтары мен кемшіліктерін, сыртқы ортасының мүмкіндіктерін пайдалану мен қатерлерін айналып өту тиімділігін ескеруге мүмкіндік береді.
Соңғы кезде көптеген ғалымдар мен тәжірибешілер фокус – топтау әдісіне қызығушылық танытуда. Бұл әдіс белгілі-бір тәртіппен ұйымдастырылып жүргізілетін терең топтық сұхбат. Осы әдістің пайдаланылуы бірқатар себептерге байланысты.Әлеуметтік сұрау нәтижесінде алынған мәліметтер тұтынушылардың белгілі-бір тауарға деген қатынасын көрсетеді. Ал тауарды өндірушілердің кемшіліктері мен олардың артықшылықтарын анықтау үшін тереңірек зерттеу жүргізу қажет. Ал осы фокус-топтар әдісі бұған зор мүмкіндік береді.
3 Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолдары
3.1 Ауылшаруашылық өнімін өңдеудің технологиясын жақсарту
Қазақстанның экономикасын дүниежүзілік шаруашылық жүйесіне интеграциялаудың негізгі бағыттарының бірі Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына (бұдан әрі БСҰ)ену болып табылады.
Біздің облыстың жағдайына келетін болсақ, қазіргі уақытта индустриялық сектордың кәсіпорындары жабдықтардың тозуынан, кадрлардың, жаңа технологиялардың жетіспеуінен және өндірілген өнімдерін өткізуден көп қиындық көруде. Жалпы облыс экономикасының өсіп отырғанынан қарамастан, олардың алдында әлі де болса көп теген қиындықтар тұр. Себебі, республикамыз БСҰ – ына енген уақытта рыногтың ашық болуы, бағалардың ырықсыздандырылуы, сапасы жоғары тауарлар шығаратын көптеген бәсекелестердің пайда болуы біздің кәсіпорындарымыздың алдынан көптеген проблемаларды туындатады.
Осы орайда өндіріс технологиясын жетілдіру және түпкілікті тұтанатын адам қажеттілігінің дамуы әсерінен сапалы өнім өндірудің маңызы ерекше. Мәдениет пен білім деңгейінің өсуі күнен-күнге тұтынушылардың талабы мен қалауын өсіріп отыр. Осыған байланысты, өнім сапасы мәселесі тауар өндірушілер алдында тұрған экономикалық және әлеуметтік мәселелердің негізі болып отыр.
Өнімнің сапасы тек оның органолептикалық сипатымен ғана емес, экономикалық сипатымен де ерекшеленеді. Экономикалық категория ретінде сапа тұтыну құнымен байланысты. Өнімнің сапасын ең алдымен бағалайтын – ол тұтынушы. Нарықтық жағдайда кәсіпорын өнімінің жоғары сапасы оның имиджін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Өнім сапасын өздігінен енгізетін шаруашылықтар кейбір қиыншылықтарға ұрынады. Бүгінгі күнге дейін дәлелденген рекомендация және әдістемелік жұмыстар жоқтың қасында, ал болған күннің өзінде олар нарықтық жағдайларға сәйкес келмейді.
- Стандартпен және нормативтік техникалық құжаттамамен орындаушыларды, басқарушыларды, мамандарды қамтамасыз ету;
- Өнім сапасын жақсартудағы ғылыми техникалық жетістіктері туралы ақпараттың берілуі;
- Өнімдердің жаңа тиімді техникаларын құру, өнеркәсіптік негізде өнімдерді ұйымдастыру;
- Өнім сапасын және оның есебін болжау;
- Материалдық-техникалық базаны құру.
- Заңдық-құқықтық қамтамасыздандыру;
- Өнім және жұмыс сапасын бақылау;
- Жоғарға сапалы өнімді өндіруді материалдық ынталандыру.
Шығарылатын өнім сапасына, сонымен бірге оның бәсекелік қабілетіне, кәсіпорынның негізгі қорлардың деңгейі және жағдайы әсер етеді.
Өнімнің сапасын арттырудың келесі бір бағыты — өндіріске алдыңғы қатарлы ғылыми-техникалық және иннвестициялық жетістіктерді енгізуге негізделуі тиіс. Қазіргі кезеңде, өндірістің техникалық, экономикалық және технологиялық деңгейін жоғарылату арқылы өнімнің сапасын арттыруға және инвестиция таратуға мүмкіндік беретін бұл бағыт бәсекелік қабілеттің маңызды бөлігіне айналған.
Өнімді өңдеу аймағымызда жетекші және ғылыми жаңалықтарды үнемі енгізіп отыруды талап ететін салалардың бірінен саналады. Бұл сананың кәсіпорындары шығаратын көптеген арнаулы тауарлар күні бүгінге дейін дүниежүзілік рыногта сұранысқа ие. Алайда біздің кәсіпорындарымыздың мүмкіндіктері жөнінде дүниежүзілік рыногта ақпарат аз болатындықтан , олардың өнімдері тиісті дәрежеде тұтынушыларын таба алмайды. Өнім өндіру саласының кәсіпорындары алдарында тұрған проблемаларын өздері жеке шеше алмайды. Бір қатар кәсіпорындар толық қуатымен жұмыс істей алмай отыр. Қолда бар ресурстарды тиімді пайдалана алмаудың және маркетингтің дұрыс жұмыс істемеуінің салдарынан олар шығаратын өнімдердің өзіндік құны да жоғары болып қалуда. Жабдықтарының ескі, өнім сапасын басқару жүйесінің төмен дәрежеде болуы себепті жабдықтарын әр 2-5 жыл сайын жаңалатып отыратын шетелдік зауыттармен біздің кәсіпорындар тең дәрежеде бәсекелесе алмайды. Осыған орай «Шваб шұжықтары» ЖШС-нің өндірістік жабдықтарды жаңартуды, жаңа технологиялық процестерді енгізуді, өнімдердің перспективалы түрлерін шығаруды көздейтін перспективлық инвестициялық даму жобаларын жасауда және де бұл өндірісті дамыту жөнінде перспеквалы жұмыстар жүргізуде.
БСҰ-ына енгеннен кейін өте күрделі бәсекелестік жағдайында жұмыс істеу үшін біздің кәсіпорындарымыз өздерінің артықшылықтарын пайдаланып, кемшіліктерін жоюлары тиіс. Енді қалған уақытта өздерінің жұмыстарының тиімділігін артыру үшін кәсіпорындарымыз қолда бар күш-мүмкіндіктерді барынша пайдалануы қажет. Мемлекет те, жергілікті билік органы ретінде біздер де кәсіпорындарға өз өнімдерін өз елімізде және жаңадан қосылатын тауар өткізу рыноктарына өткізуге, менеджментті жақсартуға және басқа да жағдайларда мүмкіндігінше көмектесіп отыратын боламыз.
Облыстың өнеркәсіп кәсіпорындарының бәсекелестік қабілетін арттыру, олардың өнімдерінің отандық рынокта да, сондай-ақ сыртқы рынокта да өтімді болуы үшін өндірісті жаңғыртумен және түрлендірумен бірге олар-да ИСО-9000 сериялы халықаралық сапа стандарттары негізінде сапа менеджментін енгізу қажет болады.
Қазіргі уақытта дүние жүзінде 300 мыңнан астам кәсіпорын ИСО 9000 стандарты бойынша жүргізілетін өздерінің сапа жүйесін сертификаттаған. Қазақстанда ондай кәсіпорындар көп емес, алайда олардың қатары әжептәуір өсіп келеді. Мұндай жұмыстар біздің облыстың кәсіпорындарында да жүргізілуде. Олардың бұл талпыныстарын түсінуге болады, өйткені, сапалы өнім шығарумен ғана бәсекелестік күресте басымдыққа ие болуға болады. Сонымен бірге кәсіпорындарда сапаның сертификатталған жүйесінің болуы олар үшін халықаралық рынокқа шығудың да, сондай-ақ еліміздің ішкі рыногында табысты жұмыс істеудің де алғы шарты болып отыр.
Облыс кәсіпорындары шығаратын өнімдердің бәсекелестік мүмкіндігін арттыру және олардың халық-аралық стандарттарға көшуіне көмектесу мақсатымен департамент бұл бағыттағы жұмыстарды жандандыру жөнінде ұдайы жұмыстар жүргізіп, өнім сапасын арттыру мен сапа жүйесін енгізу жөнінде семинар-кеңестер өткізіп отырады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік стандарттау комитетінің Солтүстік Қазақстан филиалы – «Экспертиза мен сертификаттау Ұлттық орталығы» ААҚ-ымен бірлесе отырып аймақтың тамақ және 9 ұқсату өнеркәсібі кәсіпорындарында сапа және сапаның халықаралық жүйесін енгізу мәселелері жөнінде екі семинар кеңес өткізілді. Олардың жұмысына тамақ өнімдерін шығаратын және ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсататын 19 кәсіпорынның басшылары мен мамандары қатысты.
Ауыл шаруашылық өнімдерін ұқсататын және тамақ өнімдерін шығаратын кәсіпорындардың басшылары, аудандық ауыл шаруашылығы басқармалары мен ресми тіркелген лабораториялардың басшылары үшін Бүкілдүниежүзілік Даму Банкі мен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министірлігінің ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігі жөнінде жасаған бірлескен жобалары бойынша «Сапаны басқару және ауыл шауашылық өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» және 2005-2009 жылдарға есептелген «Қазақстанның ауыл шаруашылық өнімдерінің бәсекелестік қабілетін арттыру» деген компоненттердің тұсаукесері ұйымдастырылады.
Қазақстанның БСҰ-ына енуі үшін экономиканың барлық салаларын дайындау жөніндегі стратегиялық міндеттерді шешу мақсатымен ғылымды көп талап ететін жоғары технологиялы өндіріс пен жоғары қосылған құны бар, бәсекелестік қабілеті бар өнімдерді шығаруға жағдайлар жасауға ерекше көңіл бөлінбек.
БСҰ-ына енгеннен кейін өте күрделі бәсекелестік жағдайында жұмыс істеу үшін біздің кәсіпорындарымыз өздерінің артықшылықтарын пайдаланып, кемшіліктерін жоюлары тиіс. Енді қалған уақытта өздерінің жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін кәсіпорындарымыз қолда бар күш-мүмкіндіктерді барынша пайдаланулары қажет. Мемлекет те, жергілікті билік органы ретінде біздер де кәсіпорындарға өз өнімдерін өз елімізде және жаңадан қосылатын тауар өткізу рыноктарына өткізуге, менеджментті жақсартуға және басқа да жағдайларда мүмкіндігінше көмектесіп отыратын боламыз.
Қорыта айтқанда, БСҰ-ына енгеннен кейін біздің әрқайсымыздың жауапкершілігіміз еселеп арта түседі және барлық дәрежедегі мамандардың біліктігіне қойылатын талаптар да елеулі түрде күшейеді. Ол БСҰ-ның ережелері мен принциптерін тек мемлекеттік дәрежеде ғана емес, сонымен бірге жеке кәсіпорындар мен өндірістерде де үйреніп, оны іс жүзінде табысты түрде қолдану қажеттігінен туындайтын болды. Сондықтан біздің негізгі міндетіміз осы жұмыстарға дайын отыру болып табылады.
«Айгерім СҮ» АҚ-ның жабылуымен, өндіріс сол тұлғаларымен құрылып, басқарылатын «НҰ-Ра Концерні» ЖШС-не берілді. Өндіріс көлемін өсіру, сапаны жақсарту, өзіндік құнды төмендету, қазіргі уақытқа сай және бәсеке қабілеттілігі жоғары өнімнің ассортиментін кеңейту арқылы, яғни құрал-жабдықтарды жаңарту арқылы, ал ол үшін айтарлықтай инвестиция арқылы кәсіпорынның даму бағдарламасы өткір мәселеге айналды. 1999ж. наурызында бірінші кезекте қажетті 3 құрылғы сатып алынды (куттер, клипсатор, мұзды-генератор). Бұл германиялық өндіріс-фирмаларының құрылғылары жоғары технологиялық болып табылады. Сөйтіп, К-120 ДС Ультра маркалы куттер өте жақсы құрастыруды, тартылған етке бір қалыпты түр беруге, дайын өнімнің сапасын жоғарылатып, сыртқы түрін жақсартуға мүмкіндік береді. Етті ұсақтаудың жоғары деңгейі ақуыздық клеткалар мен ферменттердің бөлінуіне жол ашып, дәмдік қасиеттерін жақсартады, ал бұл процесті вакуумдау майдың қышқылдануын және ақуыздың ыдырауын болдырмайды да, ол өнімді сақтаудың ұзақтығын өсіреді. Клипсатор батондары қолмен байлаумен айналысатын 8 жұмыс орнын босатып, өнімнің сапасы мен тауарлық түрін жоғарылатуға, өзіндік құнды төмендетуге мүмкіндік береді.
Технологиялық қабыршақты мұзды даялауға арналған мұзды-генератор мұз өндіру процесінде қауіпті болып саналатын аммиакты қосатын және сағатына 182 Квт электр энергиясын пайдаланатын энергосиымды компрессорлы құрылғыдан айырылуға, оған қоса, өндіріс шығындарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді.
2000 жылдың 26-мамырында бұл кәсіпорын «Шваб шұжықтары» ЖШС болып қайта тіркеуден өтті.
Тұтынушылармен келісімшартқа негізделген тауарлық ет өндірісі «Айгерім СҮ» АҚ-на көп мөлшердегі ет өнімін даярлау, уақытша сақтау мен тасымалдаудың және жеткізу мен өзара есеп айырысудың тәжірибесін үйретті. Еттің соңғы өнімдерін өндіру-технологияның дамуы мен жетілуін, қосымша құрылғылардың, жаңа толықтыру қоспаларының енгізілуін тудырды. Бұл ассортимент түрін кеңейтуге, сапасын жақсартуға, біртіндеп бағасын төмендету арқылы мөлшерін көбейтуге мүмкіндік берді. 2003ж. 441 тонна шұжық пен дәмді тағамдар өндіріліп, сатылды, ал тауарлық өнім көлемі 105 млн. теңгені құрады.
Ет өнімдері мен шұжықтарды дайындау технологиясының негіздері барлық өндірушілер үшін бірдей және айтарлықтай өзгерістерге ұшыраған жоқ. Сонымен қоса, технологиялық процесте қолданылатын жаңа машиналар мен құрылғыларды іс ке қосу негізінде үнемі жетілдірулер болып тұрады. Негізгі мақсат болат сапаны жақсарту табылады. Етті өндеу мен шұжық өндірісінің әлемдік топбастары, әрине, технологиялық құрылғылардың жаңа үлгілерін құрастырушы Германия болып табылады. Сондықтан Гермения өндірушілердің тәжірибелермен танысу технологияны жетілдіру бағытында аса зор орын алды, өндіріс жөніндегі директор К. Б. Сейтханов Германиядағы ет өндеу құрылғылардың көрмесіне қатысты, Schaller Lebensmitteltechnik фирмасының ғылыми орталығының ашылуында Қазақстан атынан сөз сөйлеген. Онымен қоса, «Новосибирск», «Черепаново», «Омбы» ет комбинаттарының жұмыс тәжірибесі де зерттелген. Томскідегі ет комбинатында директормен бірге өндіріс технологы мен шебері де тәжірибе алды. 1996 жылдан бастап технологияға «Атлантис-Пак» фирмасының (Дон өзеніндегі қаласы) полиамидті және коллагенді орамалар ендірілген. Бұл орамадағы шұжықтың сақталу уақыты бұрынғы 48 сағатпен салыстырғанда 10 тәулікке жеткен. Оның негізгі ерекшілігі мынада: жылулық өндеу кезінде бұл орамалардың тесіктері ашылып, түтінің бүкіл өнім бойына тарап, соған байланысты керемет дәмге ие болуына жол ашылады.
Технологиялық процесті дамыту бағдарламасының басты шарасы болып өнімді тарату уақытары бойынша сертификаттау табылады. Өнімге деген жаңа республикалық Техникалық шарттардың іске қосылуы (Ресейде қызмет етіп келеді) сақтау уақытын ресми түрде заңдастырады, отандық шұжық сапасына деген сенімді және тауардың өтімділігін жоғарылатады.
6-кесте. Шикізат пен негізгі құралдар қажеттілігінің тізімі
Шикізаттың атауы |
Өлш. бірлігі |
Көлемі |
Бағасы |
Жеткізуші |
|
теңге |
шетел валюта |
||||
Тірі сиыр еті |
кг |
400000 |
190 |
|
Индосектор |
Сойылған сиыр еті |
кг |
300020 |
310 |
|
Индосектор |
Сойылған шошқа еті |
кг |
300025 |
240 |
|
Индосектор, Шаруа қожалықтары |
Данпро |
кг |
14868 |
396,46 |
|
“Euro Azia” ЖК Алматы |
Майстермикс Р 7270/11 |
кг |
8060 |
849,6 |
|
“Euro Azia” ЖК Алматы |
Смукс 3030/15 |
кг |
1152 |
1115 |
|
“Euro Azia” ЖК Алматы |
Қант |
кг |
1776 |
76 |
|
Бөлшек сауда |
Тұз |
кг |
95232 |
3,95 |
|
Бөлшек сауда |
Бұрыш әр түрлі |
кг |
1729 |
297 |
|
Бөлшек сауда |
Сарымсақ, сарымсақ эссенциясы |
кг |
1519 |
138 |
|
Бөлшек сауда |
Полиамидті орама |
кг |
640,6 |
34,12 |
$ 105 |
«Атлантис-Пак», Ростов на Дону қ-сы |
Тағамдық фосфат |
кг |
4500 |
298,94 |
РР 26 |
«Пищекомплект» АҚ |
Нитрит |
кг |
160 |
1064,38 |
РР 143 |
«Пищекомплект» АҚ |
Бұл жобаның есептемелеріне өндіріс көлемі мен сату түсімдерінің пессимистік көрсеткіштері алынған. Қолда бар құрал-жабдықтардың қуаты бір ауысымда (смена) 5 тонна өнім шығаруға, ал тәжірибеленген жүйе оны өткізуге мүмкіндік береді. Жаңа құрал-жабдықтар бір ауысымдағы өндіріс қуатын 7 тоннаға дейін жеткізіп, сатудан түсетін табысты айтарлықтай көтермелеуге әсер ететін өнімнің жаңа түрлерін шығаруға мүмкіндік ашады. Тек сосискалар өндірісі ғана 4 тоннаға дейінгі өсімді береді. Өнімді таратудың бағалары қазіргі бағаның төмендетілуіне негізделген, ол да жобаның тұрақтылығын күшейтеді. Сатудан түскен түсімдердің 5%-ы-сауда шегерімі (скидка) болып табылады, яғни бұл да өнімді өткізу көлемінің өсуі кезіндегі табыстардың көбюіне әкелетін факторлардың бірі болып отыр.
3.2 Кәсіпорынның бәсекелік жағдайында жұмыс істеуін жақсарту
Бүгінгі таңда Қазақстан ірі ауыл шаруашылық өнімдерінің өндірушісі және оларды экспорттаушы болып табылады. Қазір біздің негізгі бағытымыз ауыл шаруашылық өнімдерінің және басқа сала өнімдерінің өткізу нарықтарын кеңейту үшін БСҰ-на мүше болу. Бұл үшін барлық саладағы өндірілетін өнімдердің жоғары сапалы және бәсеке қабілетінің өте жоғары болуы шарт. Сондықтан, біз өндірістерге әлемдегі соңғы жетістіктерді, жаңа технология, жаңа құрал-жабдықтар, жаңа ұйымдастырушылық-басқарушылық әдістер енгізуіміз керек. Бұл үшін ең алдымен қаржы көздері қажет, қазіргі кезде негізгі қаржы көздері болып-шетелдік және отандық инвестициялар, мемлекет тарапынан бөлінетін субсидиялар басым бағыттары болып: өнеркәсіптік, өңдеуші және ауыл шаруашылығы табылады.
Өнімнің бәсеке қабілеті өнімді бәсекелес өнімдердің жалпы сипатымен, сонымен қатар тұтынушы талғамын салыстырып талдауға және индекстік әдіспен бағаланады. Егер өнімнің физикалық қасиеті болмаса баллдық есептеу әдісі қолданылады. Бұл әдіс (дифференциалды) бәсекені қамтамасыз ету мақсатында тұтынушының тауарды таңдап алған кезде әр бір параметірдің ықпал етуін көрсетпейді, тек қана өнім параметірлерінің өсуін немесе төмендеуін бақылауға болады. Өнімнің бәсекелік қабілет көрсеткішін есептеуде оның сапасы мен бағасын бейнелейтін жекелік, топтық және интегралдық индекстерді қолданады. Көп жағдайда қолданылатын бұл индекстердің ерекшелігі, жоғарыда аталған әдістер сияқты, бағаланатын өнімнің әр бір көрсеткіштерін үлгілі өнім көрсеткіштерімен салыстыруында. Бұл келесі формуламен есептелінеді: К= Р/С* max. Мұндағы: Р – тиімділігі (өнімнің сапасы); К — өнімнің бәсекелік қабілеті; С — өнімді алуға және пайдалануға кеткен шығындар; Экономикалық параметрлер бойынша көрсеткіштердің топтық есебі келесі формуламен есептеледі: Тэп =3/3э Мұндағы: 3/3 э – салыстырылып отырған өнімге және эталонға сәйкес тұтынушының барлық шығындары.
Кәсіпорынды көтеру жолдары:
- өнімнің сапасын арттыру шаралары немесе кәсіпорынның сапа жүйесін жетілдіру;
- өнімнің бағасын қалыптастыру немесе кәсіпорынның баға саясатын реттеу;
- өнімнің тартымдылығын арттыру немесе кәсіпорынның маркетингтік жүйесін жетілдіру;
- өнімнің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету немесе өндірісті мемлекеттік қолдау.
Өңдеуші және тамақ өнеркәсіптері өнімдерінің бәсекелік қабілетін анықтау үшін келесі формула ұсынылады:
БҚқ ТҚДқ Бб СҰДқ
= * *
ТҚДб Бқ СҰДб
Мұндағы: БҚқ-қарастырылып отырған тауардың бәсекелік қабілет көрсеткіші;
ТҚДқ және ТҚДқ –қарастырылып отырған және бәсекелес тауарлардың тұтыну құнының деңгейін бағалау;
Бб және Бқ – қарастырылып отырған және бәсекелес тауардың бағасы;
СҰДқ және СҰДб – салыстырылып отырған тауарлардың сатылуының ұйымдастырлу деңгейін балмен бағалау.
Әрбір бағаланып отырған бұйымға эксперттермен 0-ден 10-ға дейін баға қойылады. Егер ТҚД 10-ға тең болса, онда тауардың бүкіл тұтыну қасиетінің деңгейі бұл қасиеттерге тұтынушымен қойылған талаптардың деңгейіне толығымен сәйкес келеді.
БҚД квалиметрия ережелеріне сәйкес, орташаланған геометриялық шамалар ретінде анықталады.
БҚД= q1 m1* q2 m2 *…* qn mn
q1, q2, …, qn – бұйымның жекелеген тұтыну қасиеттерінің баллдық бағасы;
m1 m2,…, mn – тұтыну қасиеттерінің салыстырмалы маңыздылығының коэффиценті.
Нарықта тауарды таңдай отырып, сатып алушы тек оның бағасы мен тұтыну қасиеттеріне ғана қызықпайды. Ол үшін маңызды рөлді тауардаң сатылуының ұйымдастырылу деңгейі де атқарады. Ол негізінен сатуды ұйымдастыру орны мен уақыты көрсеткіштері.
СҰД = b1 n1* b2 n2 *… *bp np
b1 b2…..bp – тауардың сатылуын ұйымдастыру деңгейін сипаттайтын әр түрлі көрсеткіштердің баллдық бағасы;
n1 n2….np — тауардың сатылуын ұйымдастыру деңгейінің көрсеткіштерінің салыстырмалы маңыздылығының коэффиценті.
Сатып алушы А тауарын және басқа бәсекелестердің тауарларының бәсекелік қабілет деңгейін, бағасын және сатудың ұйымдастырылу деңгейін салыстырады, және осы салыстыру негізінде бір тауарды қалайды.
1.1-ші формуладан бәсекелік қабілетті арттырудың негізгі бағыттары шығады. Бұл бағыттарды үш топқа бөлуге болады:
техникалық, экономикалық және ұйымдастыру.
Техникалық бағыт ең алдымен өнімді дайындау технологиясын, дәмін, иісін, сіңімділігін және т.б.-ны жетілдірумен байланысты.
Экономикалық бағыт бағалық саясатпен тікелей байланысты.
Мұнда мәселе бағаның төмендеуіне әкелетін бағалық бәсеке жайлы болады. Фирмалар кейде нарықта қалу үшін ғана бағаны тауардың өзіндік құнынан төмендетеді де шығынға ұшырайды. Бұл одан да көп шығын болдырмай және уақыт жеңуге жол беретін соңғы шара. Уақытты ұту өндірісті қайта құруға, жаңа технология енгізуге және шығындарды қысқартуға жорл береді.
Нақты өнімнің бәсекелік қабілет деңгейін арттыру үшін өндіруші:
- сату бағасын төмендетеді;
- өнімнің сапасын және тұтыну қасиеттерін арттырады;
- тауардың сатылуын ұйымдастыру деңгейін жақсартады.
Бағаны белгілі деңгейге дейін төмендетуге болады. Өзара байланысты үрдістердің байланысы келесідей: бағаны төмендету- сату көлемін ұлғайту — өнімді көп мөлшерде шығару -өнімнің өзіндік құнын шартты тұрақты шығындар есебінен және озық технологияны пайдалану арқылы төмендету – пайданы көбейту.
Нарықта меңгеру мен нығаю саласында кәсіпорының болашақ табысы маркетингтік қызметті ұйымдастыру деңгейіне тәуелді, өйткені ол кәсіпорынның өндірістік бағдарламасының қалыптасуына баға белгілеу саласындағы оның стратегиясына, дайын өнім өткізуді ынталандыруына, жаңа тауарларды дайындау мен меңгеруіне бағытталған басқару шішімінің сапасына әсер етеді.
Кәсіпорындағы жұмыстың сапасындағы бәсекелестік күресте кәсіпорынның табысқа тәуелділігі шет елдегі дамыған және жабылып қалған компаниялардың тәжірибесі дәлелдейді. Көптеген фирмалар өздерінің маркетингтік жол ұстануын айтқанымен, тәжірибеде қолданбайды. Олар маркетингтің формальды элементтерімен шектеліп қалады. «Шынайы маркетигті» қолданатын кәсіпорындар өндіре алатын өнімді емес, тұтынушыларға қажетті өнімді өндіруге қарай философиясын бағыттаумен ерекшеленеді. Өндірісті сатып алушының қажеттілігіне және керектігіне бағыталуы өнімнің тиімді дайындалуы мен бәсеке қабілеттілігін арттыруына жағдай жасайды.
Осылайша, маркетигтік жұмыс сапасын өнімнің бәсеке қабілеттілігі және формализмнен босанудың маркетигтік құаушысы деп атауға болады, маркетингтік қызметті ұйымдастыруда ең маңызды сәті болып жете білмеу табылады. Онымен біздің республикамызда азық-түліктік кәсіпорынға маркетигті енгізерде санасу қажет. Сонымен қатар, біздің кәсіпорындарды тұтынушымен басқаратын, оған қызмет көрсететін кәсіпорындарға айналдыру үшін бір жылдық емес күш қажет. Одан бөлек, әр кәсіпорынның өндірушілік, қаржылық мүмкіндігіне тәуелді шығаратын өнім түріне маркетингтің қазіргі концепциялық талдауы кәсіпорынның қызметін жетілдіруге сәйкес келетін келесі бағыттарды ерекшелуге болды:
- кәсіпорынның қызметіне әсер етуші, басқарылатын және басқарылмайтын факторларды зерттеуді түсіндіретін нарықты кешенді зерртеу;
- тұтынушылардың потенциалды сұранысы мен қанағаттандырылмаған қажеттіліктерді өтеу;
- өнімнің негізгі қозғалу мүмкіндігі ретінде жарнамалық қызметті ұйымдастыру, жарнама құраушысы түрінде азық-түлік өнімдері үшін қораптар мен ораманың жаңашыл түрлерін қолдану;
- азық-түлік өнімдерін өткізудің оптималды әдістері мен нысандарын таңдау;
- өнім ассортимнтін басқару, өндірісті үйлестіру мен жоспарлау;
- баға саясатын жасау, оның тиімділігін тексеру және қажетті жағдайда жетілдіру;
- нарықтық жаңалық тауар өндіру, мысалы, ұлттық тағам өнімдері;
- материалды-техникалық қамтудың экономикалық тиімді ұйымдастырылуы мысалы «дәл уақытында» жабдықтау жүйесін пайдалану арқылы;
- кәсіпорындағы старатегиялық және жедел жоспарлауды ұйымдастыру;
- маркетинг бақылауын ұйымдастыру.
Кәсіпорындардың өндірістік-өткізу мүмкіндіктерінің талдауы да маркетингтік зерттеудің маңызды түрі болып табылады, оның бөлек құраушылары бұрын қолданған, бірақ кешенді тәсілі болған жоқ, себебі өндірістің қызмет өнім сапасына тәуелсіз мемлекетпен кепілдендірілгендіктен, өнімді өткізуді ескермеді. Нарықтық экономика жағдайында, кәсіпорындардың маркетингтік қызметі нарық талаптарын зерттеп, оларды кәсіпорындардың нақты мүмкіндіктерімен сәйкестендіруі және негізделген өндірістік бағдарламаны және нарықтағы кәсіпорын стратегиясын жасап шығару қажет.
Жоғарыда жүргізілген зерттеулер, маркетингтік қызметтермен нарықтық даму болжамын, кәсіпорынның нарықтағы мінез-құлық стратегиясы мен ұстанымын, оның тауарлық, бағалық, өткізу және коммуникациялық саясатын біріктіретін кәсіпорындардың өндірістік-өткізу қызметінің ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және орта мерзімді жоспарын жасаудың негізі болып табылады.
Осылайша, нарықтық экономикаға көшу, кәсіпорындардың жаңаша жұмыс істеу қажеттілігін, экономикалық мінез-құлықтың жаңа түрін игеруді, өндіру-өткізу қызметін нақты нарық жағдайына және тұтынушылар сұранысына бейімдеуді, бәсекелестермен жарысу арқылы жүргізуді талап етеді, бәсекелесті күрестегі табыс маркетинг концепциясын қолдануды қамтамасыз етуі мүмкін, ол туралы шетелдік тәжірибенің оң әсері куаландырады. Енгізуге қатысты, отандық тамақ кәсіпорындарындағы маркетинг, бүгінгі күні инвестицияға ие, кейбіреулерді қоспағанда, дайындық кезеңінде болып отыр.
Өнімдердің бәсеке қабілеттілігі оны шығарушы кәсіпорындарға да, мемлекетке де тиімді, осы тұрғыдан, оған қол жеткізудің экономикалық негіздері мемлекет деңгейінде де, кәсіпорын деңгейінде де құрылуы керек. Мемлекет деңгейіндегі мұндай экономикалық механизмнің қызметі ең біріншіден, қаржы-несие және салық саясатында тәуелді. Қаржы-несие тетіктерін пайдалану, біздің ойымызша келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:
- азық-түлік өнімдерін өндіруді дамытуға несие ұсынысы;
- несиенің жаңа нысандарының дамуы.
Жаңашыл кезеңде үлкен мәнге тауар өндірушілер арасындағы бәсекенің дамуына жәрдемдесетін азық-түлік өндіру бойынша ұйымдастырушылық құрылымдарды қолдау бойынша қаржылық және несие тетіктері ие. Жаңаларын құру және әрекет етуші шағын кәсіпорындарды дамыту бойынша қаржыландыру іс-шараларын жекешелендіру құралдары есебінен, шаруашылық етуші субъектілерін тіркеуден, осы үшін салықтан босатылатын екінші деңгейлі банктерден несиеден республикалық және аймақтық мақсаттық қорларды құру қажет.
Қазақстанда экономиканы одан әрі дамыту еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси өркендеуінің басты басымдылығы болып қалуда, ал экономикалық өсудің максималды жоғары қарқынына жету — міндеті болып отырғаны белгілі. Осы орайда, мемлекеттің тарапынан экономиканы максималды либерализациялау және инфрақұрылымды құру жөніндегі оңтайлы істерді белсенді түрде жүзеге асыру көзделген. Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін» атты Қазақстан халқына жолдауында ұлттық экономикамыздың дамуының төмендегідей жолдары ерекше атап өтіледі:
- Экономиканы әрі қарай либерализациялау және бәсекені жүйелі жалғастыру және бюрократиясыздандыру арқылы дамыту;
- Қазақстан экономикасының айқындылығын күшейту;
- Индустриялы – иновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру;
- Ауылды дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру;
- Иинфрақұрылымды дамыту.
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау нәтижелері мен өнім жайлы сараптама қортынды шығару және нарықтық мәселелерді шешу үшін, өнімнің бәсекелік қабілетін оңтайлы түрде арттыру жолдарын таңдау қажеттігі туындайды.
Өнімнің бәсекелік қабілетін бағалау нәтижесінде келесі шешімдер қабылдануы мүмкін:
- қолданылатын шикізат пен материалдардың құрамы мен құрылымын өзгерту,
- өнімді жобалау тәртібін өзгерту,
- өнімді дайындау технологиясы сапасын бақылау, өнімді сақтау әдістерін және тасымалдау жүйесін өзгерту,
- қажетті жағдайда өнімді өткізу тәртібін өзгерту,
- өнімді әзірлеуге, өндіруге және өткізуге қажет инвестиция тарту және оның ұтымдылығын анықтау,
- жабдықтаушыларды ынталандыру жүйесін өзгерту,
- импорт құрылымын және импортталатын өнім түрлерін өзгерту.
Компанияның қазіргі уақыттағы және келешектегі мақсаттары.
Компанияның қазіргі уақыттағы және келешектегі мақсаттары-тұрғындар үшін жоғары сапалы тауарлар өндірісін үнемі дамытып отыру және Қазақстан нарығын отандық өніммен толықтыру. Шваб шұжықтары ЖШС өзінің мақсаты ретінде өндірілетін өнімнің мамандануын тереңдете отырып меңгерілген нарықты кеңейтуді таңдап отыр. Өндірістің бағдарлама шұжық өндірісінің көлемін қазіргі кездегі орташа айлық 50 тоннадан 2007 жылға қарай 75 тоннаға жеткізуді қарастырып отыр. Бұл жоба бойынша қойылған мақсаттарға жету өндірілетін өнім сапасын өсіруге, еңбек өнімділігі мен тартылған ет сапасын жақсартуға жол ашатын технологиялық жетілген, өнімділігі жоғары құрылғыларды сатып алу арқылы шешіледі.
Елбасы кезекті Жолдауында Қазақстанның таяу жылдары әлемнің ең дамыған елу елінің қатарына міндетті түрде енуін мақсат етіп қойды. Әрине, мұндай талап қою әбден негізді. Әлемдік экономикалық форумның деректеріне сүйенсек, Қазақстан бәсекелестік индексінің өсуі жағынан рейтинг бойынша ТМД мемлекеттерін соңына қалдырып, көш бастап 61-ші орында тұр.
Кейінгі кезде мемлекеттік ірі кәсіпорындарымыз шетелдік фирмаларға басқаруға беру үрдісі күшейіп кетті….. Мұны үкіметіміз де қолдап отыр. Үкіметтің уәжі – пайда таппайтын, масыл кәсіпорындардың бізге еш қажеті жоқ. Сонда қалай, талай жыл жұмыс істеп, өнім беріп келе жатқан өндіріс орындары бір күннің ішінде тоқырап, пайдасыз, табыссыз болғаны ма? Үкімет бұрын қайда қараған? Ендігі босаған жұмысшылар жұмыссыздар санатына қосылғанда не ұтамыз? Кәсіпорындарды шетелдіктерге басқаруға 3 жылға, 5 жылға бердік делік. Олар өндіріс ошақтарымызды түбегейлі иемденіп кетпей ме? Біздің жұмысшыларымыз бен мамандарымызды ? Міне, бұл төңіректе сан қилы сауалдар туатыны даусыз. Онсыз да көтерем қойдай тұралаған экономикамыз осындай демеушілікпен (әлде кенеушілікпен бе?) құлдырап кетуі кәдік қой. Мәселені, жан-жақты, жақсы мен жаман, ұтымды мен ұтымсыз жақтарын безбендеп, саралаған жөн. Басқаруға беру дегеніміз жекешелендіру алдындағы дайындық, дейді экономистер. Ол – санациясының, яғни банкротқа ұшыратпаудың, одан әрі қарай оны экономикалық сауықтырудың бір түрі. Бұл арқылы кәсіпорынның шынайы нарықтық бағасын анықтауға болады екен.
Алайда, талдама жасай келе көзіміз жеткені: бүгінгі күні инфляцияны ескергендегі негізгі қорларды қайта бағалау мәселелерін кешігіп шешуге байланысты бірде бір кәсіпорынның тіпті амортизациялық қорының жоқтығы, былайша айтқанда, тозған негізгі қорларды еш толтыра алмайтын қабілетсіздігі.
Қазақстанда біраз ақша көлеңкелі айналымда жүр. Сарапшылардың айтуы бойынша, ІЖӨ-дегі көлеңкелі экономиканың үлесі шамамен 25-30 прцент. Заңсыз табыс кесірінен айтарлықтай қаржы бюджетке түспей отыр. Осыдан барып, көлеңкелі экономикадан мемлекет зардап шегеді. Жолдауда Елбасы осы мәселені де реттеуді міндеттеді.
Ауыл шаруашылығында шаруашылық жүргізудің экономикалық тетіктерінің негізгі элементтерін қарастырған кезде, олардың өндірістік қатынастар жүйесі мен өндіргіш күштердің өзара байланысын қамтамасыз ететіндігіне баса көңіл аударылуы қажет. Өндірістік қатынастар жүйесі арқылы ғана экономикалық заңдар талабы іске асады. Өндірістік қатынастардағы қарапайым байланыстардың сызықтық емес тәуелділікке айналу прцесін негізге ала отырып, меншік түрлерінің даму тарихын қарастырып өткен жөн.
Қазіргі қоғамның нарықтық жүйемен даму кезінде меншікке байланысты қатынастар ең бір күрделі, іргелі, негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Нақ осы қатынастар агроөнеркәсіп кешені мен оның буындарының қазіргі кезеңдегі дамуы мен қызмет етуінде басты орын алып отыр. Меншік түрі атқаратын қызметі мен мәні бойынша экономиканың даму қарқынын не жеделдетеді, не байаулатады.
Экономиканың дамуы әлеуметтік экономикалық қатынастардың тұрақтылығын, конъюнктуралық ауытқуларға төзімділігін қамтамасыз ететін негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Бұған барлық меншік нысандарының қызмет етуі арқылы ғана жетуге болады. Дегенменен, тек меншік пен шаруашылық жүргізудің нысанының монополиясы арқылы экономиканың тиімділігін қамтамасыз ету мүмкін емес. Қаншама тиімді болмасын, жеке бір меншік нысанын бөліп алып, оны дамытуға бар күш-жігерін салу қате, бұдан гөрі түрлі меншік нысандарына негізделген кәсіпкерлік қызмет түрлерінің біртұтас өміршең, икемді секторын қалыптастырып, дамыту маңыздырақ.
Ұжымдық түрдегі кәсіпкерлік қызмет экономикалық жағынан өндірістің тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Мұнда, жұмыскерлер саны технологиялық қажеттіліктермен анықталып, еңбекті алмастыру мүмкіндігін алады.
Көп салалы экономика жағдайында жергілікті агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы ұйымдадастыру – экономикалық тетіктерін басқару аспектілері толық жетілмен болды.
Ауылдық жерлердегі барлық ұйымдастырушылық-құқықтық шаруашылық түрлерінің дамуына әсер ететін негізгі фактор, сала аралық қатынастарды мемлекеттік реттеу тетігінің қалыптасу тиімділігі, ауыл шаруашылығындағы өндірушілер мен өнеркәсіптік қор өндіруші салалар арасындағы өнім айырбасының баламалығы, сонымен қатар инновациялық кәсіпкерлікті ынталандыру болып табылады.
Қазіргі жағдайда, ішкі ортаның тез өзгеру қарқынына байланысты «өткеннен келешекке» принципі негізінде шешім қабылдау, басқару шаралар мен қалыптасып қалған өндірістік–экономикалық жағдайлардың сәйкес келмеуіне әкелуі мүмкін, ал бұл мәселе өз кезегіндегі күрделі негативті нәтижелерге алып келуі мүмкін. Оперативті басқарудың концептуалды негізі болып «келешектен осы шаққа» принципі бойынша шешім қабылдау идеясы қызмет етеді, бұның методологиялық негізгі ретінде жүйелі талдау саналады. Бұл жерде эвристикалық әдістер қолданылады, бұл дегеніміз келешек жағдайлар сценарийін жасауды жетілдіру, эксперттік бағалауларды қолдану, сонымен бірге стохастикалық программалау және имитациялық моделдеу, түрлі мөлшердегі және типтегі ақпараттық жүйелерді де пайдалану.
Жүргізілген реформалар барысындағы жағымсыз аспектілердің бірі ретінде ауыл шаруашылық өндірушілері сатып алатын материалды – техникалық ресурстарға және өткізілетін ауыл шаруашылық өнімдеріне баға диспоритеті болып табылады.
Агроөнеркәсіптік кешенді жоғары тиімділікпен дамыту перспективасы көбіне қайта өңдеуді ұйымдастыру көлеміне және ауыл шаруашылық дайын өнімін сақтау және өткізуге байланысты.
Сондықтан да қазіргі кезде өткір проблемалардың бірі болып ауыл шаруашылық өнімдерін өндірушілер ынта–жігерін интеграциялау саналады. Қатынастар өзара экономикалық және моральдік қызығушылықтарын қанағаттандыру принципі негізінде құралады.
Сондықтан да нарықтық жағдайда шаруашылық етудің экономикалық тетігінің бір элементі ретінде аграрлық өндірісті бағдарламалау, өндірісті қоса алғанда, ауыл шаруашылық өнімін қайта өңдеу және өткізу болып табылады. Ауыл шаруашылығының маңызды артықшылығы ретінде негізгі өндіріс құралы болып жер, табиғи ресурс және ұлттық байлық ретінде пайдалануы жер өңдеудің ғылыми – негізделген жүйесі есебінде іске асырылуы тиіс.
Кері жағдайда топырақтың құнарлығы төмендеп, оның өнімділігі азайып, соңғы кезекте еңбек өнімділігі, материалдық және қаржылық қорларды негісіз жұмсау болып табылады.
Жоспарлау ауыл шаруашылығында белгілі бір принциптер негізінде жүзеге асырылады. Олар кез – келген әлеуметтік – экономикалық қатынастарда қолданылуы мүмкін, ал басқалары бұл қатынастардың қайта қалыптасуы болып табылатындықтан аграрлық саясаттың өзгеруіне байланысты өз қызметін тоқтатады. Жоспарлау мемлекеттік реттеу әдісі ретінде, нарықтық экономикасы дамыған елдерде кеңінен қолданылады.
Мақсатқа бағытталған жоспарлауға жататын сілтеме ретінде мыналарды атауға болады: оның құрылымындағы көпжақтылықтың қалыптасуы мен жеке меншік формаларының өзара қарым – қатынасы;
АӨК –гі экономикалық қатынастардың қайта қалыптасуы, АӨК –нің өзінің халық шаруашылығының басқа да салаларымен қарым –қатынасы, АӨК және мемлекет арасындағы қарым –қатынастар. Басқаша айтқанда әңгіме негізінен салааралық қатынастар жөнінде болып отыр, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп арасындағы өзара алмасу эквиваленттілігі және т.с.с.
Жоспарлаудағы басты мәселені салалық аспектіге бұруға тура келеді. Бұл шаруашылық қызметпен тікелей байланысты, жеке өнім түрлерін (астық, сүт, киім, т.с.с.) өндірумен айналысатын өндірісті дамыту, қолдау, ішкі нарықты қорғау, экспортты немесе импортты ынталандыру сияқты экономикалық шаралар жүйесін анықтау. Ауыл шаруашылық өндірісінде, мысалға, жоспарлауға өзіндік тәсіл керек, бұл оның өндірісі балансына негізделген, қолдану (тұтыну), өсудің болжамды мүмкіншіліктерін бағалау, өндіріс көлемін қысқарту қажеттілігі, мақсаттар мен міндеттерге адекватты шаралар жүйесін анықтау.
«Шваб шұжық» өндірісіндегі және оны өткізудегі қалыптасқан жағдайлар оның сыртқы және ішкі нарықтардағы өткізілуін қажет етеді. Мұндай бағалау ауыл шаруашылық өнімдерін сұраныс және ұсыныс нарықтарындағы өзін-өзі реттеуді толықтырып отыратын экономикалық шаралардың дамытылуына қажет етіледі. Нарықтық қатынастар жоспарлаудың нысандары мен әдістеріне, сондай-ақ, оның негізін құраушы принциптеріне әсер етеді.
Шұжық өндірудегі жоспарлауда төрт кезекті этапты ескерген жөн: нарықтағы қызмет бағдарламасының негізділігі; өнімді және шикізатты өндірушілердің мақсаттары мен міндеттерін анықтау; өндірістің дамуын жүзеге асыру; нарықтағы тұтынушылардың төлем қабілетті сұранысын қанағаттандыратын өнімді және шикізатты өндіру есебінен табысты анықтау.
Қорытынды
- Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы, шаруашылық жүргізудің нарықтық механизмінің кеңінен енуі, республика экономикасының бәсекеге қабілетті болуының маңызы зор екені белгілі. Сондықтан ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, оны өңдеп бәсекеге қабілетті түпкі өнім алу агроөнеркәсіп жүйесіндегі кәсіпорындардың негізгі мақсаты болып отыр.
- Ауылшаруашылық шикізатын өңдеп, одан әр түрлі өнімдер алу мақсатында жұмыс істейтін кәсіпорындардың бірі – Шығыс Қазақстан облысының Ұржар ауданында орналасқан «Шваб шұжық» ЖШС-і, ол 1994 жылы құрылған. Кәсіпорын мал етін өңдеп, одан әр түрлі дайын өнім алу барысында Германияның қондырғылар мен технологияларды пайдаланады. Сонымен қатар Ресейдің, Новосибирск, Омск қалаларында орналасқан сәйкес кәсіпорындардың озық тәжірибелерін игеріп отыр.
- Соңғы жылдары жаңа технологияларды пайдалану негізінде бір аусымда 5 тоннаға дейін әр түрлі дайын өнім шығарады, оның құрамында тек сосисканың өзін 4 тоннаға жуық шығарады. Жақын арады кәсіпорынның қуатын 7 тоннаға дейін жеткізу көзделген.
- Шаруашылықта жүргізілген ұймдастыру-экономикалық жұмыстардың негізінде кәсіпорынның өнім өткізуден түскен табысы 2004 жылы 35640 мың теңге болған, яғни 133% өскен, ал жалпы табыс тиісінше: 12235 және 18940 мың теңге болып, 155% өскен. Соның нәтижесіне өндіріс рентабельдігі 13%-тен 19% өскен.
- Өнім сапасы оның бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі екені белгілі. Сондықтан сапалы өнім өндіру үшін кәсіпорында дайын өнімнің шығарылуын 30% өсіруге мүмкіндік беретін құнды физиологиялық, технологиялық қасиеттер беретін Шаллер фирмасының қоспалары мен дәмдеуіштері пайдаланады. Өндірісте жоғары сапалы орамаларды шығаратын Атлантис-Пак фирмасының өнімі де қолданыс тапты.
Соның нәтижесінде қайнатылып сүрленген шұжықтардың 50-ден астам түрлерін, сонымен қатар дәмді ет өнімдерінің 15 түрін шығаруды жолға қойды. Өндірілген өнімді Семей, Өскемен, Қарағанды, Алматы т.б ірі қалаларда сату жүйесі де қалыптасып келеді.
- «Шваб шұжық» ЖШС негізгі бәсекелестері Риддер қаласының ет комбинаты ( Шем-Азат АҚ) Повладарлық Рубикон ЖШС, Алматының Биккер и К ЖШС т.б. Зертелген кәсіпорынның бәсекелес кәсіпорындармен салыстырғанда ұтымды жағы өнімнің өзіндік құны өзгелерден — 10% төмен және сақталу мерзімі 72 сағат.
- Кәсіпорын өзінің өнім өндіру қуатын көбейту мақсатында арнаулы бағдарлама жасаған. Осы бағдарлама мен сәйкес шұжық өндірісінің көлемін қәзіргі кездегі 50 тонна орташа айлық мөлшерден 2007 жылы 75 тонннаға жеткізу көзделіп отыр. Бұл жоба бойынша өнім сапасын жоғарлату, еңбек өнімділігін арттыру негізгі бағыт ретінде танылып отыр және сапа менеджмент өндіруге аса зор көңіл бөлуде.
- Кәсіпорынның жұмысын жақсарту және бәсекеге қабілетті өнім өндіру барысында ішкі және сұранысты ескере отырып маркетингтік жүйені одан әрі жақсарту қажет. Ол үшін кәсіпорынның ішкі мүмкіндіктерін есептей отырып, тұтынушылардың сұранысына байланысты өнім ассортиментін одан әрі кеңейту қажет.
- Мелекет тарапынан, әсіресе ауылшаруашылық шикізатын өңдейтін кәсіпорындарды қолдау жүйесін одан әрі жақсарту және жаңа технологиялық қондырғыларды ендірген жағдайда салықтық жеңілдіктер беру жағын дамыту қажет сияқты.
Қолданылған әдебиеттер
1 Назарбаев Н.Ә. Қазақстан -2030 Қазақстан халқына жолдауы
2 Егемен Қазақстан 2000 ж. 29-желтоқсан
3 Аграрлық нарық проблемалары 2003ж. № 1,2,3,4,5,6
4 Үкімет Бюллетені 2004ж. №2
5 Астана ақшамы 2001ж 4-желтоқсан
6 КазЭУ хабаршысы 2004ж №5
7 Қаржы-қаражат 1996ж №6
8 Жас алаш 2004ж 30-қыркүйек
9 Егемен Қазақстан 2005ж 19-мамыр
10 Қаржы-қаражат 2003ж №3
11 Савицкая Г.В. «Анализ хозяйственной деятельности предпрития»
12 Куатова Д.Я. «Экономика предприятия»
13 Агро Инфром 2005ж №6
14 Заман Қазақстан 1998ж 7-тамыз
15 Ана тілі 2006ж 9-наурыз
16 Экономика Статистика 2005ж №1
17 Солтүстік Қазақстан 2004 3-қараша
18 Заң 2002 №7