АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау («Бидай-нан» АҚ мысалында)

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау («Бидай-нан» АҚ мысалында)

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………

 

  • БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ  ЖАҒДАЙЫН  ТАЛДАУДЫҢ  ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗІ

1.1. Кәсіпорынның  қаржылық  жағдайының  экономикалық  маңызы………..

1.2. Қаржылық   талдаудың  құрамдас  бөлігі  ретіндегі  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын  талдау…………………………………………………………………….

1.3.  Кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын  талдаудың  міндеттері……………..

1.4. Кәсіпорынның  қаржылық  есептілігі  талдаудың  негізгі  көзі  ретінде……………………………………………………………………………………………………..

 

2 БӨЛІМ. «БИДАЙ-НАН»  АҚ-НЫҢ  ҚАРЖЫЛЫҚ  ЖАҒДАЙЫН  ТАЛДАУ  ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

2.1. Кәсіпорынның  бухгалтерлік  балансын  талдау  және  оның  қаржылық  тұрақтылығы…………………………………………………………………………………………….

2.2. «Бидай-нан»  АҚ  төлем қабілеттілігін және баланс өтімділігін талдау……………………………………………………………………………………………………….

2.3. Шаруашылық субъектісінің рентабельділігін және іскерлік белсенділігін талдау………………………………………………………………………………….

 

3БӨЛІМ. КӘСІПОРЫНДЫ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ РӨЛІ…………………………………………………………………………………

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………….

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……………………………………………..

ҚОСЫМША……………………………………………………………………………………………..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

«Тәуелсіздікті алған алғашқы күннен бастап біз сіздермен бірге  дәйектілікпен құрып  жатқан  жаңа Қазақстан өзінің  дербес даму жолын  таңдап,  жылдан  жылға  әлемдік  қоғамдастыққа  жақындау  процесінде  зор құрмет  пен беделге  қол жеткізе отырып,  алға қарай нық сеніммен ілгеріліп келеді», деп Н.А.Назарбаев 2007 жылдың ақпан айының 28 жұлдызындағы Қазақстан халқына жолдауында атап өтті.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында шаруашылық жүргізудің әкімшіл-әміршіл жүйесінен нарықтық жүйеге көшу жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлік сала, әсіресе кіші және орта бизнес саласы белсенді дамуда. Шаруашылық субъектілерінің қызметінің  тиімділігі тікелей елдегі нарықтық қатынастар дамуынан, сонымен қатар кәсіпкерлер еркіндігінен, яғни оған тиімді көрінетін кәсіпкерлік шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін жеке тәуелсіздігіне тәуелді. Шешімнің тиімділігі кәсіпорынды алдын ала қойылған  стратегиялық және тактикалық мақсаттарына жетуімен анықталады.

   Яғни кез келген  кәсіпорын фирманы басқарудың жалпы мақсаттарына жетуге бағытталатын жүйенің болуынан тәуелді. Бұндай  жүйе болып қаржылық менеджмент табылады. Ол әрқашан жоспарлаудың, басқарудың және қаржылық талдаудың ғылыми негізін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау мен болжаудың әдісі ретіндегі қаржылық талдау қаржылық менеджменттің ажырамас бөлігі болып табылады.

  Талдау басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет негіз болып табылады. Бұл отандық кәсіпорындарда қаржылық менеджмент пен талдау саласында сәйкес білімдері бар жұмысшылардың болуын мақұлдайды.

Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.

Бұл дипломдық жұмыс отандық кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдауды әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіруге арналған, себебі стратегиялық басқаруды әдістемелік қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі кәсіпорын қызметін тұрақтандыру мүмкіндіктерін әлсіретеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты қаржылық талдаудың теориялық негіздерін зерттеу және кәсіпорынды мысалға алу арқылы қаржылық жағдайын талдауды жүргізу болып табылады.

Дипломдық жұмысты жазу барысында келесідей міндеттер қойылған:

— қаржылық талдаудың теориялық негіздерін қарастыру;

— отандық кәсіпорынды мысалға алу арқылы қаржылық жағдайды талдаудың ерекшеліктерін зерттеу;

— кәсіпорынды жетілдірудегі талдаудың ролін анықтау.

Бұл жұмысты жазу үшін әдістемелік негіз болып Қазақстан Республикасының заңдары және басқа да нормативтік актілер, отандық және шетелдік зерттеушілердің монографиялары табылады. Зерттеу үшін тәжірибелік негіз болып «Бидай нан» АҚ қаржылық есептілігі және осы кәсіпорынның басқа да құжаттары алынған.

Бұл дипломдық жұмыс үш бөлімнен,  кіріспеден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1. Кәсіпорынның  қаржылық  жағдайының  экономикалық  маңызы

 

 

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың рөлі маңызды болып табылады. Бұл кәсіпорындар өздері еркіндікке ие болады және меншік иеленушілерінің, жұмысшылардың, коммерциялық әріптестердің және басқа да контрагенттердің алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алады.

Қаржылық жағдай – бұл белгілі бір сәтке кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және шаруашылық қызметінің үздіксіздігін іске асыру мен өзінің қарыздық міндеттемелерін уақытында жабу үшін оны қаржылық ресурстармен қамтамасыз етуінің көрінісі болып табылады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның активтер мен пассивтер, яғни кәсіпорынның қаражаттары мен олардың көздері құрылымдарының ара қатынасымен анықталынады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – капиталдың айналымы процесінде оның жағдайын және уақыттың нақты сәтінде шаруашылық  субъектісінің өзіндік дамуына қабілеттілігін көрсететін экономикалық категория.

Өндірістік және қаржылық қызметі процесінде капитал айналымының үздіксіз процесі жүреді, қаражаттар мен оларды қалыптастыру көздерінің құрылымы, қаржылық ресурстардың бар болуы мен оларға қажеттілік өзгереді.

Қаржылық жағдай тұрақты, тұрақсыз және дағдарысты болуы мүмкін. Кәсіпорынның уақытында төлемдерді іске асыру, кеңейген негізде өз қызметін қаржыландыру, қиын жағдайда өз төлем қабілеттілігін жоғары дәрежеде ұстау қабілеттілігі оның тұрақты қаржылық жағдайы туралы куәландырады.

Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін кәсіпорында жақсы қапитал құрылымы болуы тиіс. Кәсіпорын капитал құрылымының қозғалысын ұйымдастыруды  білуі тиіс.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның тұрақтылығы өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметіне тәуелді болады. Егер өндірістік және қаржылық жоспар тиімді орындалса, онда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайына жағымды әсер етеді. Және де керісінше, өнімді өндіру мен сату жоспарын толық орындамау нәтижесінде оның өзіндік құнының жоғарылауы, түсім мен табыс сомасының қысқаруы және соның нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның төлем қабілеттілігінің төмендеуі пайда болады.

Өз кезегінде тұрақты қаржылық жағдай өндірістік жоспарлардың орындалуына және өндіріс қажеттіліктерін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуіне жағымды ықпал етеді. Сондықтан қаржылық қызмет шаруашылық қызметінің құрамды бөлігі ретінде ақша қаражаттарының түсуі мен шығындалуының жоспарлылығын қамтамасыз етуіне, есеп айырысу тәртібінің орындалуына, меншікті және қарыздық капиталдың рационалды пропорциялары мен оны қолданудың тиімділігіне жетуіне бағытталуы тиіс.

Қаржылық қызметтің басты мақсаты бір стратегиялық міндетке әкеледі – кәсіпорынның активтерін арттыру. Бұл үшін ол үнемі төлем қабілеттілікті және рентабельділікті, сонымен қатар баланстың активтері мен пассивтерінің оптималды құрылымын ұстау тиіс.

Қаржылық тұрақтылық табыстардың шығындардан тұрақты артуының көрінісі болып табылады, кәсіпорынның ақша қаражаттарын бос қолдануын қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану жолымен өндіріс пен өнімді өткізудің процесіне ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылық тұрақтылық өндірістік-шаруашылық қызметі барысында қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының басты құрамдас бөлігі болып табылады. Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы ең алдымен табыстар түсуінің оларды жұмсаудан тұрақты артық болуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын айқындайды. Нарық жағдайларында ол мемлекетке, жабдықтаушыларға, кредиторларға, жұмысшылар және басқаларға төлемдерді жасау үшін жеткілікті мөлшерде өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен табысты тұрақты алуды талап етеді. Сол уақытта кәсіпорынның дамуы үшін барлық есеп айырысуларды жүзеге асыру мен барлық міндеттемелерді орындаудан кейін кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға, әлеуметтік климатты жақсартуға және т.б. мүмкіндік беретін табыс алу қажет.

Қаржылық тұрақтылықтың мәні қалыптастыру көздерімен қорлар мен шығындардың қамтамасыздығы болып табылады.

Кәсіпорындар жұмысының нарықтық шарттарына өтуден бастап, оның қаржылық жағдайының тұрақтылығы туралы және оны сауықтыру жолдарын іздеу мәселесі үлкен рөлге ие.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына көптеген факторлар әсер етеді. Олар келесідей жіктелінеді:

  • пайда болу орны бойынша – сыртқы және ішкі;
  • нәтиженің маңыздылығы бойынша – негізгі және жанама;
  • құрылымы бойынша – жай және күрделі;
  • қызмет ету уақыты бойынша – тұрақты және уақытша.

Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінде жұмысты ұйымдастырудан тәуелді болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорынның ерігіне тәуелсіз. Негізгі ішкі факторларды қарастыруға болады. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең алдымен өндіріс шығындарымен тығыз байланыста шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызметтердің құрамы мен құрылымынан тәуелді болады. Тұрақты мен өзгермелі шығындар арасында ара қатынас маңызды болады.

Шығарылатын өнім түрлері мен өндіріс технологиясымен тығыз байланысты болатын кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының маңызды факторы активтердің оптималды құрамы мен құрылымы, сонымен қатар оларды басқару стратегиясының дұрыс таңдауы болып табылады. Ағымды активтерді басқару өнері ағымды оперативтік қызмет үшін қажетті өтімді қаражаттардың минималды қажет сомасын кәсіпорынның шоттарында ұстауында көрінеді.

Қаржылық тұрақтылықтың маңызды ішкі факторлары қаржы ресурстардың құрамы мен құрылымы, оларды басқарудың стратегия мен тактикасын дұрыс таңдау болып табылады. Кәсіпорында меншік қаржы ресурстары, ең алдымен таза табыс неғұрлым көп болса, соғұрлым кәсіпорынның дамуы тұрақты болады. Бұл кезде таза табыстың жалпы мөлшері ғана емес, сонымен қатар оны бөлу құрылымы, әсіресе оның өндірісті дамытуға бағытталған үлесі маңызды болады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына үлкен әсерін қарыздық  капиталдар нарығында қосымша шоғырланған қаражаттар тигізеді. Кәсіпорын неғұрлым көп ақша қаражаттарды тарта алса, соғұрлым оның қаржылық мүмкіндіктері көп болады, алайда қаржылық тәуекел де артады. Мұнда үлкен рөлді кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің қаржы кепілдігі нысандарының бірі болып резервтер ойнайды.

Жоғарыда көрсеткендерді жалпылай келіп, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін келесі ішкі факторларды бөлуге болады:

  • кәсіпорынның салалық жатқызылуы;
  • шығарылатын өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) құрылымы, жалпы төлем қабілеттілікті сұраныста оның үлесі;
  • төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
  • шығындар көлемі, ақша табыстарымен салыстырғанда олардың динамикасы;
  • қорлар және резервтер, олардың құрамы мен құрылымымен бірге мүлік пен қаржы ресурстардың жағдайы;
  • кәсіпорындарды басқарудың тиімділігі.

Сыртқы факторларға шаруашылық қызметтің экономикалық шарттардың әсер етуін, қоғамда билік ететін техника мен технологияны, төлем қабілетті сұраныс пен тұтынушылар табыстарының деңгейін, ҚР Үкіметінің салықтық және несиелік саясатын, сыртқы экономикалық байланыстарды және т.б. жатқызады.

 Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі кәсіпорынның төлем қабілеттілігі болып табылады. Төлем қабілеттілік – бұл кәсіпорынның өз міндеттемелерін жабу мүмкіндігі.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржы тұрақтылығының маңызды критерийлерінің бірі болып табылады. Сондықтан да онымен тығыз байланыста болады. Нарықтық экономика жағдайларында төлем қабілеттілікке көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі – бұл кәсіпорынның өзінің міндеттемелері бойынша төлемдерді уақытында жүзеге асыру дайындығы.

Бұл үшін кәсіпорынға төлем қаражаттарын иелену қажет, оларға бірінші ретте есеп айырысу, валюталық және т.б. шоттарында бар ақшалар жатады.

Қарыздарды жабу үшін потенциалды қаражаттар болып қаражаттардың қалыпты айналымы кезінде қолма-қол ақшаға айналуға тиісті болатын дебиторлық берешек жатады.

Сонымен қатар қарыздарды жабу үшін қаражаттар болып кәсіпорында бар болатын тауарлық-материалдық құндылықтар табылады. Оларды сату кезінде кәсіпорын ақша қаражаттарды алады. Басқаша айтқанда, теория жүзінде қарыздық қаражаттарды жабу кәсіпорынның барлық ағымды активтермен (айналым қаражаттармен) қамтамасыз етіледі. Яғни теориялық түрде айтатын болсақ, егер кәсіпорында ағымды активтер қысқа мерзімді міндеттемелердің сомасынан артық болатын болса, онда бұл кәсіпорын қарыздарды жабуға дайын. Алайда егер кәсіпорын барлық ағымды активтерді қарызды жабуға бағыттайтын болса, онда сол сәтте оның өндірістік қызметі тоқтатылады, өйткені кәсіпорында өндірістің қаражаттарынан тек қана негізгі құралдар қалады, ал материалдық айналым құралдарды сатып алуға ақша жоқ: олар толығымен берешекті төлеуге кеткен.

Сондықтан ағымды активтердің сомасы ағымды міндеттемелердің мөлшерінен анағұрлым артық болатын кәсіпорындар төлем қабілетті деп есептеуге болады. Кәсіпорындарда қарыздарды жабу үшін ғана емес, сонымен қатар бір уақытта өндіріс процесін үздіксіз іске асыру және өнімді сатуға қаражаттар болуы тиіс.

Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін  талдау  қаражаттардың  бар  болуы мен түсуін бірінші реттегі  қажетті  төлемдермен сәйкес  өлшеу жолымен жүзеге  асырылады. Ағымды және перспективті төлем қабілеттілікті ажыратылады.

Ағымды төлем қабілеттілік балансты  құру мерзіміне анықталынады. Егер кәсіпорында жабдықтаушылармен банктік ссудалар  және т.б. есеп айырысулар бойынша мерзімі өткен берешегі болмаса, онда бұл кәсіпорын төлем қабілетті болып саналады.  

Перспективті төлем қабілеттілік кәсіпорынның төлем қаражаттарының сомасын осы мерзімге оның мерзімді міндеттемелермен  салыстыру жолымен нақты болашақты мерзімге анықталынады.

Төлем қабілеттілік төлем қабілеттілік коэффициенті арқылы белгіленеді.  Бұл коэффициент бар болатын ақша қаражаттары сомасының  белгілі бір мерзімге немесе болашақ кезеңге жедел төлемдер сомасына қатынас  ретінде көрсетіледі. Егер төлем қабілеттілік коэффициенті 1-ге тең немесе одан көп болса, онда кәсіпорын  төлем қабілетті болып есептелінеді. Егер коэффициент 1-ден төмен болса, онда талдау процесінде төлем қаражаттарының жетіспеушілігінің себептерін анықтау қажет.

Төлемдік қаражаттар сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі көзқарастар бар. Ең қолайлысы төлем қабілетті қаражаттарға ақша қаражаттары, қысқа мерзімді бағалы қағаздар жатады, өйткені олар тез сатылып ақшаға айнала алады, сонымен қатар түсімі бойынша сенімі бар дебиторлық берешектің бөлігі жатады. Ағымды міндеттемелер ағымды пассивтерді қосады, яғни өтелуге тиісті міндеттемелер мен қарыздар: банктің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді займдар, кредиторлық берешек және басқа да пассивтер. Төлемдік қаражаттардың ағымды міндеттемелерден артық болуы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін сипаттайды.

Төлем қабілеттілігі жоқтығы туралы есеп айырысу және банктегі басқа да шоттарда ақшалардың болмауы, мерзімі өткен банкке несиелердің, займдардың, қаржы органдарына берешектің бар болуы, еңбек ақы төлеу бойынша қаражаттарды төлеу мерзімін бұзу  сипаттайды. Ең нақты түрде төлем қабілеттілік оны салыстыру түрде қысқа мерзім (апта, жарты ай) ішінде талдау кезінде көрінеді.  

 

  • Қаржылық талдаудың құрамдас бөлігі ретіндегі кәсіпорынның

          қаржылық жағдайын талдау

 

 

Талдау (грек тілінен шыққан- analisis) зерттелетін объектіні құрамдас бөліктерге бөліп орналастыруды білдіреді. Талдау жинақтау (грекше-sinthesis) түсінігіне қарама қайшы болып келеді.

Талдау мен жинақтау экономикада маңызды мәнге ие. Экономикалық талдау экономикалық үрдістерді зерттеумен байланысты арнайы білімдер жүйесінен тұрады.

Танудың теориясы объективтік шындықтың мүмкіндіктері мен заңдылықтарын зерттейді. Барлық ғылымдар үшін әдістемелік негіз ретінде танудың теориясы экономикалық талдаудың мәнін, қажеттілігін және кезектілігін  анықтайды. Ең алдымен ол талдаудың объектісі мен субъектісі түсінігін анықтайды. Объект ретінде адамның материалдық қызмет етуі табылады, ал субъект ретінде адамның өзі қатынасқа түседі.

Экономикалық талдау ғылымының құрылымында бірнеше бағыттар бар. Мысалы, Г.В.Савицкая айтқан: «Бүгінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді макро деңгейде зерттейтін жалпы теориялық экономикалық талдауды және жеке кәсіпорындардың экономикасын зерттеу үшін қолданылатын микро деңгейдегі нақты экономикалық талдауды ажыратады». Ғылыми бағыт ретінде жалпы теориялық экономикалық талдау ХІХ ғасыр экономистерінің еңбектерінде көп таралған, ал шаруашылық  қызметін талдау ғылым ретінде жақында ғана пайда болды. Г.В.Савицкаяның пікірінше бұған екі себеп бар.

Біріншіден, бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру. Ол өндірістік күштердің дамуымен, өндірістік қатынастардың жетілуімен, өндіріс көлемінің кеңеюімен байланысты пайда болды. Кешендік талдаусыз күрделі экономикалық үрдістерді басқару мүмкін емес.

Екіншіден, бұл экономикалық ғылымның дамуымен байланысты. Шаруашылық қызметті экономикалық талдау жалпы ғылымдарды дифференциациялау нәтижесінде құрылды.

Алайда В.В.Ковалев экономикалық талдаудың жоғарыда айтылған бөлімдері орталықтан жоспарланатын экономикаға тән деп ойлайды. Сондықтан ол экономикалық талдаудың әрекет ету саласы туралы басқаша түсінікті ұсынады (1 сызба). Бұл сызбаның элементі болып нақты әлеуметтік экономикадағы қоғамдық даму заңдылықтарының әрекетін зерттеумен байланысты ғылым ретіндегі экономикалық теория табылады. Экономикалық теория басқа қоғамдық ғылымдар (статистика, бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті талдау, қаржылық талдау және т.б.) үшін теориялық негізін құрайды.

 

Экономикалық  теория

 

 

 

 

1 сызба. Қаржылық талдау және оның экономикалық талдау жүйесіндегі орны.

Көрсетілген сызбада есептік талдамалақ қызметі үш пән түрінде: бухгалтерлік есеп, қаржылық талдау, шаруашылық қызметін талдау ретінде көрсетілген.

Қаржылық талдаудың төмендегідей мақсаттары бар:

— кәсіпорынның ағымдағы және болашақтағы қаржылық жағдайын бағалау;

— кәсіпорын дамуының мүмкін деңгейлерін бағалау;

— қаражаттардың мүмкін көздерін және мүмкіндіктерін бағалау;

— капитал нарығындағы кәсіпорынның жағдайын болжау.

Қаржылық талдаудың негізінде қаржылық есептілікті талдау жатыр. Кез келген ғылымның негізін оның пәні мен әдістері құрайды. Қаржылық талдаудың пәні – қаржылық ресурстар және олардың ағымдары. Қаржылық талдаудың әдісі – бұл  теориялық категориялардың ғылыми зерттеу құралдарының жиынтығы.

Қаржылық талдаудың категориялары — бұл осы ғылымның жалпы, ең негізгі түсініктері. Қаржылық талдаудың ғылыми құралы- бұл шаруашылық субъектісінің қаржылық қызметін зерттеудің жалпы ғылыми және нақты ғылыми тәсілдерінің жиынтығы. Қаржылық талдаудың принциптері оның әдістемесін тұрақтандырады. Оларға жүйелілік, кешенділік, тұрақтылық, объективтілік және басқалары  жатады. Қаржылық талдаудың әдістері екі деңгейге бөлінеді:

— Формалдық емес әдістер логикалық деңгейде талдамалық үрдістерді бейнелеуге негізделген. Оларға психологиялық, морфологиялық талдау, көрсеткіштер жүйесін құру, талдамалық кестелер жүйесін құру және т.б. әдістері жатады. Бұл әдістерді қолдану белгілі бір субъектілікпен сипатталады, себебі бұл жерде тәжірибе, білім үлкен мағынаға ие.

— Формалдық әдістер негізінде қатаң формалданған талдамалық тәуелділіктер жатыр. Мұндай әдістердің ондаған түрлері белгілі. Олардың кейбіреуін  атасақ: шаруашылық қызметті талдаудың және қаржылық талдаудың классикалық әдістері, дифференциалды, логарифмдік, интегралдық, пайыздық сандар, жай және күрделі пайыздар әдістері; экономикалық статистиканың әдістері: орташа және салыстырмалы шамалар, графикалық, индекстік әдістер; байланыстарды зерттеудің математикалық — статистикалық әдістері: корреляциялық талдау, регрессиондық талдау, дисперсиондық талдау, факторлық талдау; эконометриялық әдістер; матрицалық әдістер; спектрлік талдау, өндірістік қызметтер теориясының әдістері, сала аралық баланс теориясы  әдістері; экономикалық  кибернетика  және  тиімді  бағдарламалау  әдістері: жүйелік талдау әдістері, сызбалық бағдармалау әдістері, сызбалық емес бағдарламалау әдістері; шешім қабылдау теориясы әдістері: сызба теориясы әдістері, ойын теориясы, жаппай қызмет ету теориясы, жоспарлау және басқару әдістері.

Сөз жоқ, аталған әдістерінің барлығы қаржылық талдау шеңберінде тікелей қолданылмайды, себебі қаржыны тиімді талдау мен басқарудың негізгі нәтижелері  арнайы қаржылық құралдарының көмегімен жеткізіледі.

Кәсіпорынды қаржылық талдаудың маңызды құрамдас бөлігі оның қаржылық жағдайын талдау болып табылады. Кәсіпорынның қазіргі жағдайда өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін басқару қызметкері ең алдымен өзінің кәсіпорнының қаржылық жағдайын нақты бағалай білуі қажет. Бұл үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау әдістемесін білуі, сәйкес ақпаратты қамтамасыз етуі, берілген әдістемені тәжірибеде жүзеге асыра алатын мамандандырылған қызметкерлері болуы қажет.

 

1.3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың міндеттері

 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы – шеңбер айналымы үрдісінде капиталдың жағдайын бейнелейтін және белгілі бір мерзімде шаруашылық субъектісінің өзін өзі дамытуын көрсететін  экономикалық категория. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы субъектінің даму тенденциясын, оның бәсекелестер арасындағы оның жағдайын бейнелейді. Қаржылық жағдайды бағалау үшін бірнеше жылғы қаржылық жағдайын анықтау қажет. Ол қаржылық ресурстардың қамтамасыз етілгендігімен, оларды мақсатқа сай орналастырумен, басқа жеке және заңды тұлғалардың қаржылық қарым қатынасымен, төлемқабілеттілігімен және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады.

Қаржылық жағдайды талдау төмендегілерден тұрады: қаржылық есептілік негізінде кәсіпорын қызметінің тиімділігі, кәсіпорынды банкрот болудан сақтау мақсатында кәсіпорынның төлемқабілеттілігін анықтау, қаражаттарды кәсіпорынға инвестициялауды бағалау, оның акцияларын сатып алу.

Талдаудың негізгі мақсаты – қаржылық қызметтегі кемшіліктерін дер кезінде анықтау және жою, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның төлемқабілеттілігін жақсарту. Бұл жағдайда келесідей міндеттерді шешу қажет:

— әртүрлі өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметтің көрсеткіштері арасындағы байланысты зерттеу негізінде қаржылық құралдардың түсуі бойынша және кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға оларды пайдалану бойынша жоспардың орындалуына баға беру;

— мүмкін қаржылық нәтижелерін, экономикалық рентабельділікті, меншіктік және қарызға алынған құралдардың қолда барын болжау;

— қаржылық құралдарды тиімді пайдалануға және кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыруға бағытталған арнайы шараларды құрастыру қажет;

  • қаржылық жағдайдың жалпы бағалауы және оның есеп беру кезеңі ішіндегі өзгерісі;
  • активтер мен оларды қалыптастыру көздері арасындағы сәйкестікті зерттеу, оларды бөлу тиімділігі мен қолдану тиімділігі;
  • айналым капиталының шамасын, оның өсімділігін (кемуін) және ағымды міндеттемелермен қатынасын анықтау;
  • қаржылық-есептік және несиелік тәртіпті сақтау;
  • кәсіпорын активтері мен міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
  • ағымды активтердің айналымдылығын есептеу, оның ішінде дебиторлық берешек пен запастарды есептеу;
  • баланс өтімділігін, қаржылық тұрақтылықтың абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштері мен кәсіпорынның төлем қабілеттілігін анықтау;
  • кәсіпорынның табыстылығын бағалау;
  • кәсіпорын табыстылығының салыстырмалы көрсеткіштерін және олардың деңгейіне әсер ететін факторларды есептеу;
  • кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болжауы, яғни оның қаржылық стратегиясын дайындау.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау негізінен салыстырмалы көрсеткіштерге негізделеді, себебі инфляция жағдайындағы баланстың нақты көрсеткіштерін салыстыру  қиынға соғады. Талданып жатқан кәсіпорынның қаржылық жағдайының салыстырмалы көрсеткіштерін  банкроттық мүмкіндіктерін болжау және тәуекелдік деңгейін бағалау  үшін жалпы қабылданған нормалармен, басқа кәсіпорындардың сәйкес мәліметтерімен салыстыруға болады. Қаржылық жағдайды талдаумен тек қана басшылары мен кәсіпорынның арнайы қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар оның құрылтайшылары, ресурстарды қолданудың тиімділігін зерттеу мақсатында инвесторлар, несиелеу шарттарын бағалау және тәуекел деңгейін анықтау үшін банктер, төлемдерін уақытында қайтару үшін жабдықтаушылар, қаражаттардың бюджетке түсу жоспарын орындау үшін салық инспекциясы айналысады.

Осыған байланысты талдау ішкі және сыртқы болып бөлінеді.

Ішкі талдауды кәсіпорын қызметкерлері жүргізеді, оның нәтижелері жоспарлау, бақылау және қаржылық жағдайды болжау мақсатында қолданылады. Оның мақсаты — қаржылық қаражаттардың жоспар бойынша  түсуін қамтамасыз ету, ең көп пайда алу үшін меншіктік және қарызға алынған қаражаттарды тиімді орналастыру.

Сыртқы талдауды жарияланатын есептілік негізінде бақылау органдары, жабдықтаушылар, инвесторлар жүргізеді. Оның мақсаты — неғұрлым көп пайда алуды қамтамасыз ету үшін қаражаттарды тиімді орналастыру мүмкіндігін бекіту.

Сыртқы талдау келесідей ерекшеліктерге ие:

— талдау субъектілерінің, кәсіпорынның қызметі туралы ақпаратты пайдаланушылардың көп болуы;

— талдау субъектілерінің мүдделерінің және мақсаттарының әртүрлі болуы;

— есеп стандарттарының, типтік әдістемелердің болуы;

— талдауды тек сыртқы есептілікте қолданылуындағы міндеттердің шектеулілігі;

— кәсіпорынның қызметі туралы ақпараттарды қолданушылар үшін талдау нәтижелерінің ашықтығы.

        Кәсіпорын бір-бірімен байланысты бірнеше топтардан тұратын күрделі құрылым. Құрамдас топтарының ішінен бөліп көрсетуге болады:

— негізгі – кәсіпорынның табысына тікелей мүдделі топтар, себебі олардың табысы кәсіпорынға тәуелді. Бұлар кәсіпорын қожайындары, инвесторлар, қарыз берушілер, басшылар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, салық органдары.

— негізгі емес – кәсіпорын табысына тікелей мүдделі емес топтар. Бұлар сақтандыру компаниялары, аудиторлық фирмалар және т.б.

Қаржылық жағдайды бағалау үшін кәсіпорын қызметкерлері талдау әдістемелерін білу қажет. Ғылыми әдебиеттерде қаржылық жағдайды талдауға қатысты ортақ әдістеме жоқ. Дүйсембаев К.Ш. келесідей сатыларды ұсынады:

— баланс активтерінің құрылымын және өсуін талдау;

— баланс активтерінің құрылу көздерінің құрылымын, құрамын және өсуін талдау;

— баланс өтімділігін талдау;

— кәсіпорынның төлемқабілеттілігін талдау;

— кәсіпорынның несиеге қабілеттілігін талдау.

     Шеремет В.Д. қаржылық жағдайды талдауды бөлшектеп қарастырады:

— бухгалтерлік баланс баптарының құрылымын және өсуін бағалау;

— қаржылық тұрақтылығын талдау;

— баланс өтімділігін талдау;

— қаржылық көрсеткіштерді талдау;

— төлемқабілетсіз кәсіпорынның балансының қанағаттанарлықсыз құрылымын бағалау әдістемесі;

— пайданың, айналым капиталы қозғалысының және ақша қаражаттарының ағымының өзара байланысын талдау.

 Любушин Н.П. келесі сатыларды қарастырады:

— кәсіпорын балансының актив құрылымының өзгерістерін талдау;

— кәсіпорын балансының пассив құрылымын талдау;

— кәсіпорынның қаржылық жағдайының көрсеткіштерінің жиынтығы және оларды анықтаудың әдістері;

— баланс өтімділігін талдау.

Өзінің талдау сызбаларын Половинкин С.А., Балабанов И.Т. , Коровин А.В.  және басқа да авторлар ұсынған.

Біздің пікірімізше, талдауды келесі сызба бойынша жүргізген жөн:

— бухгалтерлік баланс активтерін талдау;

— баланс активтерінің құрылу көздерін талдау;

— кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдау;

— кәсіпорынның төлемқабілеттілігін және баланс өтімділігін талдау;

— субъектінің іскерлік белсенділігін және рентабельділігін талдау;

— кәсіпорынның банкроттық ықтималдығын  анықтау.

      Активтер – бұл, шын мәнінде, өзінің кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыру мақсатында кәсіпорын иелігіндегі мүліктер. Активтерді талдауға оның құрылымын және өсуін талдау кіреді. Пассивтің құрылымын және өсуін талдау кәсіпорынның өз қызмет етуінде пайдаланатын құралдарының құрамы туралы мәлімет береді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы – бұл шаруашылық субъектісінің қызмет етуге және дамуға, өзінің активтері мен пассивтерінің теңдігін сақтауға қабілеттілігі. Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайы нарықтық экономика жағдайында үлкен мәнге ие.

Өтімділікті талдау үшін ең алдымен активтің, баланстың, кәсіпорынның «өтімділігінің» не екенін анықтау қажет. В.В.Ковалев кез келген активтің өтімділігі деп оның ақшаға айналу қабілеттілігін түсінеді. Өтімділік деңгейі осы айналу жүзеге асырылатын уақыт кезеңінің ұзақтығымен анықталады. Кезең қысқа болған сайын осы активтің өтімділігі жоғары. Бұл қорытындылар профессор А.Д.Шереметтің қорытындыларымен сәйкес келеді: «активтің ақшаға айналуына аз уақыт кеткен сайын оның өтімділігі жоғары болады».

Ван Хорн ДЖ.К. өтімділік – бұл ақшаға тез айналатын активтер деп көрсетті.

Кәсіпорынның өтімділігі —  бұл баланс өтімділігіне қарағанда жалпы ұғым. Баланс өтімділігі төлем қаражаттарын ішкі көздері есебінен жүзеге асырады. Бірақ кәсіпорын қарыз қаражаттарын сырттан әкелуіне болады.

Кәсіпорынның төлемқабілеттілігі қаржылық тұрақтылықтың негізгі белгісі болып табылады. А.Д.Шеремет кәсіпорынның төлемқабілеттілігі деп дер кезінде техникамен және материалдармен жабдықтаушылардың төлем талаптарын қанағаттандыру, несиені қайтару, қызметкерлердің еңбекақысын төлеу, бюджетке төлемдерді төлеу қабілеттілігін түсінеді.

Ағымдық және күтілетін төлемқабілеттілікті айырады. Ағымдағы төлемқабілеттілік баланстың құрылу күнімен анықталады. Күтілетін төлемқабілеттілік төлем құралдары сомасын осы күндегі жедел міндеттемелермен салыстыру жолымен кез келген белгілі күнге анықталады.

Сонымен қатар талдау толық болу үшін кәсіпорынның балансының көрсеткіштерінің айналымын, сонымен қатар оның рентабельділігіне талдау жүргізу қажет.

Талдау үшін ақпараттың негізгі көзі болып кәсіпорынның қаржылық есептілігі қызмет етеді. Сондықтан қаржылық есептіліктің құрамын және оны құру негіздерін жақсы білу қажет.

 

1.4.    Талдау  үшін  негізгі  ақпарат  көзі  ретіндегі  кәсіпорынның  

 қаржылық  есептілігі

 

Есептілік деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз.

Қаржылық  есептілік  ұйымның  қаржылық  жағдайы  туралы,  қызмет  нәтижелері  және  қаржылық  жағдайындағы  өзгерістер  туралы  ақпараттарды  көрсетеді.

Қазақстанның  кәсіпорындарының  қаржылық  есептілігі  есептіліктің  халықаралық  стандарттарына  сәйкес  келеді  және  өзіне  бухгалтерлік  баланс,  шығындар  мен  табыстар  туралы  есепті,  ақша  қозғалысы  туралы  есепті,  меншікті  капиталдағы  өзгерістер  туралы есепті,  есеп  саясаты  туралы  ақпаратты  және түсіндірме  хатты  біріктіреді.

Қаржылық  есептілік  көптеген  қолданушылардың  жалпы  қажеттіліктерін  қанағаттандырады. Алайда  қаржылық  есептілік  пайдаланушыларға  экономикалық  шешімдер  қабылдау  үшін  қажет ақпаратпен қамтамассыз ете алмайды, себебі ол негізінен  өткен кезеңдердің  нәтижелерін көрсетеді.

Қаржылық есептілік сонымен бірге ресурстар үшін басшылықтың жауапкершілігін немесе кәсіпорын басшылығының  қызметінің нәтижесін  көрсетеді.  Басшылықтың қызметін немесе жауапкершілігін  бағалағысы келген  пайдаланушылар  мұны  экономикалық  шешім  қабылдау  үшін  істеуі  мүмкін. Мұндай  шешімдерге,  мысалы,  кәсіпорындағы  инвестицияны  сақтап  қалу  немесе  несие  туралы  шешімдер  немесе  басшылықты  қайта  тағайындау  туралы  шешімдер  жатады.

Қаржылық  есептілікті  пайдаланушылар  қабылдайтын  экономикалық  шешімдер  кәсіпорынның  ақша  қаражаттарын  және  олардың  эквивалентін  құруға,  сонымен  қатар  оларды  құрудың  өз  уақытында  болу  қабілеттігін  бағалауды  талап  етеді.  Бұл  қабілеттілік,  мысалы  кәсіпорынның  өз  жұмысшыларына,  жабдықтаушыларына  төлеу  қабілеттігін,  пайыздарын  төлеуін  қамтамасыз  етуін,  қарыздарын  өтеуін  және  өз  құрылтайшылары  арасында  пайданы  үлестіруін  анықтайды.  Пайдаланушылар  кәсіпорынның  ақша  қаражаттарының  және  оның  эквивалентін  құруға  қабілеттігін,  егер  олар  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайының  өзгерістері  мен  нәтижелері  туралы  ақпараттармен  қамтамасыз  етілген  жағдайда  жақсы  бағалай  алады.  Кәсіпорынның мүлкі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәліметтерді уақытында жеткізіп беріп отыратын ақпараттық мәліметтің негізгі қайнар көзі — бухгалтерлік баланс (баланстық  есеп).  Кәсіпорынның  қызметінің  нәтижесі  туралы  ақпарат  негізінен  табыстар  мен  шығындар  есебінде  келтіріледі.  Қаржылық  жағдайдың  өзгерісі  туралы  ақпарат  есептіліктің  жеке  нысанының  (меншікті  капиталдағы  өзгерістер)  көмегімен  қаржылық  есептілікте  көрсетіледі. 

Қаржылық  есептіліктің  құрамдас  бөліктері  бір — бірімен  байланысты,  себебі  олар  операцияның  бір  түрінің  әр  түрлі  аспектілерін  бейнелейді.  Алайда  есептіліктің  әр  нысаны  бір – бірінен  өзгеше  ақпаратты  көрсетеді,  олардың  ешқайсысының  бір – бірімен  мәні  сәйкес  келмейді  және  пайдаланушылардың  нақты  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  тиіс  барлық  ақпаратты  бермейді.  Мысалы,  табыстар  мен  шығындар  туралы  есеп,  егер  баланс  пен  және  қаржылық  жағдайының  өзгерісі  туралы  есеппен  бірге  қолданылмаса,  кәсіпорынның  қызметінің  нәтижесі  туралы  толық  бейнені  бермейді.  Қаржылық  есептілік  сонымен  бірге  ескертулер  (түсіндірме  хат),  қосымша  материалдар  және  басқа  да  ақпараттан  тұрады.  Мысалы,  ол  пайдаланушылардың  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін  маңызды  баланстық  және  табыс  пен  шығын  есебінің  бабтары  туралы  қосымша  ақпаратты  беруі  мүмкін.  Ол  кәсіпорынға  әсер  ететін  тәуекелдерді  және  баланста  бейнеленбеген  кез  келген  ресурстар  (мысалы,  пайдалы  қазбалар  қорлары)  мен  міндеттемелерді  ашып  көрсету  мүмкін.  Географиялық  және  өндірістік  сегменттері  туралы  және  кәсіпорынға  баға  ауытқуының  әсері  туралы  ақпаратта  қосымша  ақпарат  ретінде  ұсынылуы  мүмкін.  Кәсіпорынның  қаржылық  жағдайы  туралы  толығырақ  ақпарат  беру  үшін  «Қаржылық  есептілікті  ұсыну» бірінші  қаржылық  есептіліктің  халықаралық  стандарты  қолданылады.  №1  халықаралық  қаржылық  есеп  беру  стандарты  Қаржылық  есептіліктің  халықаралық  стандартына  сәйкес  құрылатын  және  ұсынылатын  қаржылық  есептіліктің  барлық  нысандарын  ұсынуда  қолдануы  тиіс.

№1 ХҚЕБС – та  былай  делінген:  «Қаржылық  есептілік  олардың  нақты  ақпараттық  сұраныстарына  жауап  беретін  есептілікті  талап  ету  мүмкіндіктерін  жоқ  пайдаланушылардың   қажеттіліктерін  қанағаттандыруға  арналған.  Ол  кәсіпорындардағы  жеке  немесе  құжаттық  бөлім  ретінде  ұсынылатын  есептін  нысандарын  біріктіреді». 

Қаржылық  есептіліктер – ақшалай  өлшемдер  шаруашылық  бірліктерінің  үлгісі.  Жоғарыда  айтылғандай  қаржылық  есептіліктің  толық  жинағы  өзіне  келесі  компоненттерді  біріктіреді:  бухгалтерлік  баланс,  табыс  және  шығыс  туралы  есептілік,  меншікті  капиталдың  өзгерісі  туралы  есептілік,  ақша  қозғалысы  туралы  есептілік  саясаты  және  түсіндірме  хат.

Бұл  есептіліктер  көптеген  теңдеулермен  байланысты.  Бухгалтерлік  баланс  белгілі  бір  мерзімге  мысалы,  есепті  кезеңнің  аяғына  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын  бейнелейді.  Баланс  кәсіпорынды  активтердің  иесі  ретінде  сипаттайды.  Активтер — өткен кезең  оқиғалары  нәтижесінде  кәсіпорын  бақылап  отыратын  және  болашақта  экономикалық  пайда  күтілетін  ресурстар.  Активтердің  үш  негізгі  сипттамасы  бар:

— ақша  қаражаттарының  немесе  оның  эквиваленттерінің  құрылуына  тікелей  немесе  жанама  салынатын  болашақтағы  экономикалық  пайданы  береді;

— кәсіпорынның  осы  болашақ  экономикалық  пайдаларды  бақылап  отыруға  қабілеттілігі  бар;

— өткен уақыттардағы  келісімдердің  және  басқа  оқиғалардың  нәтижесі  болып  табылады.

Актив  төмендегідей  жағдайларда  қысқа  мерзімді  деп  жіктелінуі  тиіс:

— оларды  өткізуге  немесе  сату  үшін  ұсталынады немесе  компанияның  операциондық  қызметінде  пайдаланылады.

— ол  қысқа  мерзім  ішінде  коммерциялық  мақсатта  ұсталынады  және  оны  есептік  кезеңнен  12  ай  ішінде  өткізу  жоспарланады.

— ол  оны  қолдануға  мен  қойылмаған  ақшалай  қаражаттары  және  оның  эквиваленттері  түріндегі  актив  болып  табылады.

Барлық  қалған  активтер  ұзақ  мерзімді  деп  есептелінуі  тиіс.

Міндеттемелер — өткен кезең  оқиғаларынан  пайда  болған  және  экономикалық  пайда  әкелетін  кәсіпорын  ресурстардың  ағымына  әкелетін  кәсіпорынның  берешегі.  Міндеттемелер  3  негізгі  сипаттамаға  ие:

— активтердің  ағымы  немесе  қызмет  ұсыну  түрінде  төлеуге  әкелетін  міндеттер;

— міндеттемелерді  орындау  кәсіпорын  үшін  міндетті  болып  табылады.

— өткен  кезеңдегі  келісімдер  нәтижесі  болып  табылады.

Міндеттемелер  қысқа  мерзімді  деп  жіктелінуі  тиіс,  егер  де:                                                        

— оны  компанияның  операциондық  кезеңінің  қалыпты  жағдайында  өтеу  көзделінсе;

— оны  өтеу  есепті  кезеңнен  бастап  12  ай  ішінде  көзделінсе.

Меншікті  капитал – оның  барлық  міндеттемелерін  шегеруден  кейін қалған  кәсіпорынның  активтерінің  бөлігі,  яғни  меншікті  капитал – бұл  құрылтайшылардың  фирмадағы  үлесі.  Ол  қалдық  үлес  болып  табылады,  себебі  фирмалың  міндеттемелерді шегеруден   кейін  қалған  сомманы  көрсетеді.  Меншікті  капитал  акционерлік  капитал  және  бөлінбеген  пайдадан  тұрады.

Шешім  қабылдайтын  пайдаланушыға  көмек  ретінде  баланс  баптары  әдетте  жалпы  сипаттамаларға  сәйкес  топталады.  Мұндай  топтау  баланстың  әр элементтерінің  атауына  сәйкес  келеді,  активтер,  міндеттемелер  және  меншікті  капитал.  Әр  элементтердің  атауына  сәйкес  баптар  кіреді.

Балансты  құрудың  пайдалылығы  мынада:  баланс  көптеген  қаржылық  коэффициенттерді  есептеу  үшін  негіз  болып  табылады.  Баланс  сонымен  бірге  өндірістік  кәсіпорынды  және  жаңа  өндірістерді  игерудегі  оның  саясатын  бағалауға,  активтерін  бағалауға  мүмкіндік  береді.

Алайда  кейбір  шектеулер  бар.  Баланста  активтер  танылған.  Барлық  құндары  ағымдық  болып  табылмайды.  Ақша  қаражаттарының  құндары  ағымдағы  болып  табылады,  бірақ  ғимараттардың  және  құрал  жабдық  сияқты  баптардың  құндары  өткен  кезеңдегі  құны  болып  табылады.  Осыдан  басқа  баланс  көптеген  қосылған  сомалардан  тұрады (алдағы  кезең  шығындары,  жинақталған  тозу).  Кейбір  міндеттемелер  де  қосылған  болып  табылады.  Мысалы,  табыс  салығы.

Табыстар  мен  шығындар  туралы  есепті  көбінесе  қаржылық  шаруашылық  қызметтердің  нәтижесі  туралы  есеп  деп  атайды.  Ол  есепті  кезеңнің  басындағы  баланс  пен  есепті  кезеңнің  соңындағы  балансты  байланыстырушы  буын  ретінде  қызмет  етеді.  Шешім  қабылдаушы  тұлғалардың  пікірінше,  табыс  және  шығын  есебі  ағымдағы  пайданы  алу  туралы  ақпараттардың  бастапқы  көзі  болып  табылады.  Инвесторлар,  кредиторлар,  инвестиция  саласындағы  бухгалтерлік – аналитиктер  және  басқа  да  мамандар  бұл  ақпаратты пайданы  және  ақша  қаражаттарының  қозғалысын  болжау  үшін  қолданады.  Табыстар  мен  шығындар  есептілігіне  қандай  баптар  кіру  керектігі  туралы  бірыңғай  пікір  жоқ,  сонымен  қатар  табысты  қашан  мойындау  керектігі  туралы  да  әр  түрлі  пікірлер  бар.

Табыстар – бұл  келіп  түсулер  немесе  басқаша  жолмен  активтердің  көбеюі  немесе  кәсіпорынның  негізгі  қызметінің  нәтижесі  болып  табылатын,  мысалы,  тауарларды,  қызметтерді  сатудан  міндеттемелердің  азаюы  жолымен  экономикалық  ресурстардың  көбеюі.

Шығындар – бұл  активтердің  азаюы  немесе  кәсіпорын  қызметінің  нәтижесі  болып  табылатын  міндеттемелердің  пайда  болуының  экономикалық  ресурстардың  азаюы. №1 ХҚЕБС – табыстар  мен  шығындарды  талдауда  екі  бағыт  бар:

— шығындар  сипаты  бойынша:  шығындар  табыстар  мен  шығындар  туралы  есептілікте  олардың  сипатына  сәйкес  (амортизация,  материалдады  сатып  алу,  транспорт  шығындары  және  т.б.)  біріктіріледі  және  компания  ішінде  әртүрлі  бағыттар  арасында  қайта  бөлінбейді.

— шығындар  қызметтерінің  әдісі бойынша: шығындар  сатудың,  бөлудің  немесе  әкімшілік  қызметтерінің  өзіндік  құнының  бөлігі  ретіндегі  олардың  қызметіне  сәйкес  жіктелінеді.

Қаржылық  есептіліктің  маңыздылығы,  оны  сауатты  баяндау  талдау  және  менеджмент  саласындағы  көптеген  алдыңғы  қатарлы  зерттеушілер  еңбектерінде  айтылған.  Мысалы.  В.В.  Ковалев  былай  дейді:  «Есептілікті  құру  мәдениеті  есептілікті  құратын  компания  жағынан  да  оның  сыртқы  серіктестері  жағынан  да  бизнесті  табысты  жүргізудің  маңызды  факторы  болып  табылады».

Қаржылық есептіліктің мақсаты — халықаралық бухгалтерлік есептің №1 «Қаржылық есептілікті ұсыну» стандартында көрсетілгендей бұл қолданушыны заңды тұлғаның қаржылық жағдайы және оның қызметінің нәтижелері мен есепті кезеңдегі қаржылық жағдайында болған өзгерістер туралы пайдалы, маңызды әрі дәл ақпараттармен қамтамасыз ету болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «БИДАЙ НАН» АҚ  НЕГІЗІНДЕ  ҚАРЖЫЛЫҚ  ТАЛДАУДЫҢ   ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

  • Кәсіпорынның бухгалтерлік  балансын  және  оның  қаржылық  

          тұрақтылығын  талдау

 

 «Бидай  нан»  АҚ  кәсіпорны  1947  жылы  қарашада  құрылған  Теміртау  нан  зауыты  негізінде  1985 жылы  27 қарашада  құрылды.  Қазіргі  кезде  «Бидай  нан»  АҚ – бұл  материалдық –техникалық  базасы  дамыған нан  пісіруде  көп  жылғы  тәжірибесі  бар  көпсалалы  кәсіпорын.  Табиғи  монополияны  қадағалау,  бәсеке  құқығын  қорғау  және  кімнің  бизнесін  қолдау  байланысты  ҚР  Агентік  Департаменттерінің  түсіндірмесіне  сәйкес  «Бидай  нан»  АҚ  нанды  өндіру  және  өткізу  бойынша  нарықта  алдыңғы  қатардағы  шаруашылық  субъектілердің  реестріне  (тіркеліміне)  кіргізілген.  «Бидай  нан»  Акционерлік  қоғамының  басты  бәсекелестері  болып  Қаражал совхоздарының  наубайханасы,  «Қарағанды  нан»  АҚ – ң  кондитерлік  өнімдерді   шығару  жөніндегі  наубайханасы  табылады.  «Бидай  нан»  АҚ  келісімшарттық  негізде  Теміртау  қаласының  250  жеке  кәсіпкерімен  және  Қарағандының  300 – дей  жеке  кәсіпкермен  (өнімдердің  23%)  жұмыс  жасайды.

«Бидай  нан»  АҚ – ның  қаржылық  жағдайын  талдауды  кәсіпорынның  бухгалтерлік  баланс  көрсеткіштерін  талдаудан  бастайды.

Бухгалтерлік  баланс  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын  талдау  және  бағалау  үшін  жылдық  қаржылық  есептіліктің  ең  көп  ақпараттандырылған  түрі болып  табылады.  Бухгалтерлік  баланстың  мәні  өте  зор,  сондықтан  қаржылық  жағдайды  талдауды  көп  жағдайда  баланс  талдауы  деп  атайды.

«Бидай  нан»  АҚ – ң  бухгалтерлік  балансының  активтерін  қарастырсақ  оның  өсуін  және  құрылымын  талдау  кәсіпорынның  мүліктерінің  және  олардың  жеке  түрлерінің  құнының  нақты  немесе  салыстырмалы  түрде  өсуін  азаю  мөлшерін  бекітуге  мүмкіндік  береді.  Активтердің  өсуі  кәсіпорын  қызметінің  кеңейгенділігін,  ал  азаюы  кәсіпорын  қызметінің  тарылғандығын  көрсетеді.

Алайда  мүлік  құнының  өсу  себептерін  талдағанда  инфляция  әсерін  ескеру  қажет.  Себебі  инфляция  жоғары  деңгейі  бастапқы  мәліметтерді  нақты  мәліметтерден  елеулі  ауытқуына  әкеледі.  Отандық  тәжірибеде  шаруашылық  процестер  есебі  тек  қана  негізгі  құралдардың  баланстық  құның,  өндірістік  қорларының,  дайын  өнімнің  және  тауарлардың  құның  құрастыру  кезінде  жүргізіледі.  Баланс  мәліметтері  бойынша  кәсіпорын  активтерінің  құрамын  және  қозғалысын  талдау  1 қосымшада  келтірілген.

1 қосымшада  көрсетілгендей  активтердің  нақты  құның  көрсететін  баланс  валютасы  2004 жылы 28444740  теңгеге,  2005 жылы  12168525  теңгеге  (сәйкесінше  26% -ға  және  8%)  өскені  көрсетілген   бұл  «Бидай  нан»  АҚ – ң  табысты  жұмысын  және  оның  дамуын  көрсетеді.  Бірақта  осы  қорытындыны  нақтылау  үшін  активтер  қалай  орналастырған  не  есепті  кезеңде  неге  көп  көңіл  бөлінген  кәсіпорынның  өндірістік  жағдайы  қандай  осыған  көңіл  аудару  керек.  Бұл  үшін  алдымен  өндірістік  мүмкіндік  көлемін  анықтайық.  Өндірістік  мүмкіндік  көлеміне  негізгі  құралдардың,  өндіріс  қорларының,  аяқталмаған  капиталдың  салымдардың  құны  және  жабдықтардың  құны  кіреді  өндіріс  мүмкіншілігі  құнының  өсімі  кәсіпорынның  даму  үрдісін  және  оның  материалдық – базасын  бейнелейді.  Активтердің  жиынтық  құнындағы  кәсіпорынның  өндірістік  мүмкіншілігі  құнының  үлес  көлемі  өндірістік  мүліктердің  көрсеткіштердің  мәнін  сипаттайды.  Бұл  көрсеткіштердің  мәні  0,5 – тен  аспауы  тиіс.  Яғни  тікелей  өндіріс  процесіне  тартылатын  мүліктердің  құны  кәсіпорынның  барлық  активтерінің  құнының  жартысын  құрауы  тиіс.   Бұлай  болмаған  жағдайда  егер  кәсіпорын  қызметтерінің  қаржылық  нәтижелері мұндай  активтерді   меншікті  қаражат  есебінен  толтыруға  мүмкіндік  бермесе,  өндірістік  мүліктерді  көбейту  үшін  ұзақ  мерзімді  қарыз  қаражаттарын  тарту  қажет.

Кесте 1

«Бидай  нан»  АҚ –ң  өндірістік  мүмкіндігінің  көрсеткіштерін  талдау.

 

Көрсеткіштер

2004 жылдың  басына 

2005 жылдың  басына

2006  жылдың  басына

теңге

%

теңге

%

Теңге

%

1

Барлық  активтер

110435876

100,0

138880616

100,0

151049141

100,0

2

Негізгі  құралдар

36300001

57,23

71440537

51,4

73539331

48,68

3

Өндірістік  қорлар

24240504

21,5

32234475

32,21

41401937

27,41

4

Аяқталмаған  құрылыс

 

 

4911618

3,53

967677

0,64

5

өндіріс  мүмкіндігі

87440506

79,18

108586630

78,18

11590845

76,3

6

өндіріс  мүмкіндігінің  өзгерісі 

 

 

2114625

 

7322315

 

 

Жалпы  алғанда өндіріс  мүмкіндігінің  қозғалысы  қалыпты  бірақта  активтердегі  оның үлестік  көлемі  2004 жылдың  басы  мен  салыстырғанда  елеусіз  шамаға  азайған.  Кәсіпорын  жоғары  өндірістік  мүмкіншілікке  ие.

Қосымша  1  мәліметтерінен  көргеніміздей  қаражаттарды  ұзақ  мерзімді  және  ағымдағы  активтер  арасында  үлестіру  талданған  кезеңде  іс  жүзінде  тең  мөлшерде  жүргізілген.  Сонымен  бірге  материалдық  және  дайын  өнім   қорларының  өсуі  байқалды.  Бұл  өнімге  сұраныстың  төмендегені  туралы  және  өндірісті  жоспарлаудағы  қателік  туралы  жанама  түрде  хабар  беруі  мүмкін.   Дебиторлық  берешектердің  тез  өсімі  байқалады.  Несиеге  сату  көлемінің  өсуі  берешекті  қайтармау  қаупін  өсіретінің  және  активтердің  жедел  өтімділігі  көрсеткішін  төмендететінің  айта  кету  қажет.  Осының  бәрі  қорытындысында  «Бидай  нан»  АҚ – ң  төлем  қабілеттілігіне  кері  әсерін  тигізеді.  «Бидай  нан»  АҚ  активтерінің  жағдайын  дәлірек  сипатауға  мүмкіндік  беретін  кейбір  көрсеткіштерді  есептейік. 

Баланс  валютасындағы  ағымдағы  активтердің  үлесін  анықтайық,  ол  үшін  кәсіпорынның  активтерінің  мобильдігі коэффицентін  есептейміз:

   Км = Aғымдағы  акивтердің құны

             Кәсіпорынның  барлық  мүліктерінің  құны                (1 формула)

Км  мәні  жоғары  болған  сайын  фирманың  тоқтаусыз  жұмысын  қамтамасыз  етуге,  несиемен  есеп  айырысуға  оның  өсуі  құрылымды  алға  итеруші  болып  табылады  —  мүлік  мобильді болған сайын  оның  айналғыштағы  және  оны  қолданудың тиімділігі жеделденеді.

Кәсіпорының  активтерінің  орналасу  тиімділігін  мобильдік  және  иммобилизацияланған  қаражаттардың  арақатынасы  коэфицентін  сипаттайды:

 

Кми = Ағымдағы активтер құны

          Ұзақ мерзімді активтер құны                                          (2 формула)

 

Кәсіпорнының  минималды  қаржылық  тұрақтылығына  міндеттемелер  ағымдағы  активтермен  жабылатын  жағдайда  жетеді,  мұндай  тұрақтылықтың  белгісі  келесі  шарт  орындалғанда  көрінеді:

 

Кми  >  К3,  мұнда  К3 = тартылған капитал

                                        Меншікті капитал                                (3формула)

 

Одан  кейін  кәсіпорынның  мүліктік  жағдайында  қандай  өзгерістер  болғанын  зерттеу  қажет.  Бұл  жерде  кәсіпорын  мүліктерінің  жалпы  құнындағы  негізгі  құралдардың  нақты  ( қалдық )  құнының  үлесінің  өзгерісі  аса  маңызды  орнынға  ие.

Негізгі  құралдардың  үлестік  көлемі  баланс  активтерінің  барлық  сомасының  50% — нан  аз  болмауы  қажет.  Сонымен  бірге  негізігі  құралдардың  тозу  көрсеткіштерін  анықтау қажет:

 

Ки = негізгі құралдардың тозу сомасы  

         Негізгі құралдардың бастапқы құны                                   (4формула)

 

Айналым  қаражаттарын  талдау  мақсатында  ағымдағы  міндеттемелерді  жабуға  бағытталатын  қаражаттардың  жалпы  сомасындағы  төленуге  дайын  қаражаттардың  үлесін  көрсететін  олардың  мобильділігі  көрсеткішін  есептеп  көрсету  қажет:

 

Кмо = ақша қаражаттары мен қысқа мерзімді қаржылық салымдар

                    Ағымдағы активтердің құны                                       (5формула)

 

2-кестедегі  көрсеткіштерді  көрсетейік.

Кесте 2

«Бидай  нан»  АҚ –ң  коэффициент  көрсеткіштері 

 

Көрсеткіштер

 

01.01.04

01.01.05

Өзгерістер

01.01.06

Өзгерістер

1

Мобильденген  және  иммобильденген  қаражаттардың  арақатынасы

0,75

0,82

0,07

1,03

0,21

2

Тартылған  және  меншікті  қаражаттардың  арақатынасы

0,98

1,43

0,45

1,72

0,29

3

Негізгі  құралдардың  үлес  салмағы

0,57

0,51

-0,06

0,48

-0,03

4

Негізгі  құралдардың   тозу коэффициенті

0,29

0,29

 

0,35

0,04

5

Айналым  қаражаттарының  мобильділігі

0,012

0,014

0,002

-0,006

0,002

6

Ағымдағы  активтердегі  дайын  өнім  үлесі

0,12

0,014

0,02

0,09

-0,05

7

Ағымдағы  активтердегі  дебиторлық  берешектер  үлесі

0,20

0,23

0,03

0,28

0,05

 

8

Ағымдағы  активтердегі  материалдар  үлесі

 

0,51

 

0,52

 

0,01

0,54

0,002

 

 

Кесте 2-де  көрсетілгендей,  жиынтық  активтердің  мобильділігі  талданатын  кезеңде  өскенін  көрсетеді.  Бұл  жағдай  мүліктің  мобильділігін  көтеруді  және  оны  қолданудың  тиімділігінің  өсуін  көрсетеді.  Бірақ  баланстан  көргеніміздей,  ағымдағы  активтер  үлесінің  көбеюі  негізінен  тауарлы – материал  қорлар  үлесінің  өсуі  есебінен  болған.  2005 жылдың  басында  66,3% — ға  және  2006 жыл  басында  57,7%-ға  өсуі  ағымдық  активтердің  осы  азғана  өтімді  бабының  өсуімен  сипатталады.

Талданатын  кезеңдегі  мобильденген  және  иммобилизацияланған  қаражаттардың  арақатынасы  өсуде,  бірақ  ағымдағы  активтердің  өсу қарқыны  міндеттемелердің  өсу  қарқынынан  артта  және  К2  коэфиценті  барлық  жылдарда  К3  коэфицентінен  кіші.  Нәтижесінде  кәсіпорын  өз  міндеттемелерін  ағымдағы  активтермен  жаба  алмайды.  Қаржылық  тұрақтылықтың  минималды  шарты  сақталынбаған.

«Бидай  нан»  АҚ  мүліктеріндегі  негізгі  құралдардың  үлес  салмағы  2006 жылдың  басында   2004  жыл  басымен  салыстырғанда   8,5% — ға  төмендеген,  негізгі  құралдардың  тозуы  30%  деңгейінде  тұр.  Кәсіпорынның  машина  мен  құрал – жабдықтардың  үлес  салмағын  көбейте  отырып,  ғимараттардың  және  басқа  да  негізгі  құралдардың  құнын  азайтуға  тырысуы  фирма  саясатының  активтердің  айналғыштығын  тездетуге,  капиталдардың  мобильділігін  көтеруге  бағытталғандығы  айқын.  Айналым  қаражаттарының  мобильділігі  2006  жыл  басында  кәсіпорынның  төлемқабілеттілігі  көрсеткіштерінің  төмендеуіне  әкеледі.

Ағымдағы  активтерде  дебиторлық  берешектің  үлесі  өсті,  бұл  кредиторлармен  өзара  тез  есеп  айырысуды  жүзеге  асыруда  қиындықтар  тууына,  дебиторлық  берешектің  қайтармау  қаупін  көбейтуі  және  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайына  кері  әсер  етуі  мүмкін.

Талдаудың  келесі  этапы – баланс  активтерінің  құрылу  көзін,  яғни  пассивтерді  талдау.  Кәсіпорынға  мүліктердің  келіп  түсуі  сатып  алуы  меншікті  және  тартылған  капиталдардың  есебінен  жүзеге  асырылуы  мүмкін.  Олардың  қатынасы  кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығын  анықтайды.

Тартылған  қаражаттар  меншікті  қаржылық  ресурстар  жетіспегенде  ғана  тартылуы  қажет.  Бұл  жерде  сыртқы  тартылу  көздерінен  қаржылық  тәуелсіздік  сақталу  керек.  Активтердің  пайда  болу  көздерін  талдау  үрдісінде  меншікті  және  тартылған  капиталдың  нақты  көлемі  белгіленеді,  есепті  кезеңде  олардың  өзгерісіне  әкелген  себептер  анықталады.  Ең  бастысы  меншікті  капиталға  көп  көңіл  бөлінеді  себебі  меншікті  қаражаттар  көзінің  қоры  бұл – қаржылық  тұрақтылық  қоры.  Бухгалтерлік  баланстың  пассив  бөлігінің  құрылымы  мен  өсуі  қосымша  2-де  келтірілген.  Қосымша  2  мәліметтеріне  сәйкес  2006 жылдың  басынан  бастап  акционерлік  қоғамда  меншікті  капиталдың  үлесінің  және  нақты  мәнінің  төмендеуі  байқалған.

Сонымен  қатар  кәсіпорынның  ұзақ  мерзімді  міндеттемелері  90%-ға,  ағымдағы  міндеттемелері  40% — ға  өскен.  Бұлардың  кәсіпорын  қызметіне  қаншалықты   кері  әсер  еткені  байқауға  көрсеткіштер  көмектеседі.  Оларды  есептеу  тәртібі  қосымша  2– де  келтірілген. 

Бұл  коэффициенттерді  есептеу  олар  кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығының  салыстырмалы  көрсеткіштері  болғандықтан  да  маңызды.

Осы  көрсеткіштердің  мәнін  талдау  арқылы  баланстың  активтері  мен  пассивтері  туралы,  оның  әртүрлі  баптарына  тұрақтылығы  туралы  айтуға  болады,  бірақ  та  тек  қана  бұл  көрсеткіштер  тереңірек  талдау  үшін  жеткіліксіз.  «Бидай  нан»  АҚ – дағы  активтердің  пайда  болу  көздерінің  құрылымын  зерттеу  үшін  талдамалық  кесте  құрайық.

Кесте  3

    «Бидай  нан»   АҚ –ның  қаржылық  тұрақтылығы  көрсеткіштері.

 

Көрсеткіштері

2004  жыл  басына

2005 жыл  басына

2006  жыл  басына

Норматив

1

Тәуелсіздік  коэффициенті

0,50

0,35

0,22

>0,50

2

Қаржыландыру  коэффициенті

1,01

0,35

0,22

>1,00

3

Тартылған  және  меншікті  қаражаттар  қатынасы

0,98

0,70

0,29

>1,00

4

Қаржылық  тұрақтылық  коэффициенті

0,65

0,59

0,65

>0,90

5

Қарыз  қаражаттарын  ұзақ  мерзімді  тарту  коэффициенті

0,23

0,60

0,35

 

6

Дебиторлық  және  кредиторлық  берешектер  қатынасы

0,33

0,63

0,57

>2,00

7

Маневр  жасау  коэффициенті

 

 

 

>0,50

8

Тауарлы – материалдық  қорларын    жабу

0,65

0,94

3,15

0,60 – 0,80

 

3– кестенің  негізінде  «Бидай  нан»  АҚ – дағы  пайда  болу  көзі  талданған  кезең  ішінде  жағымсыз  тенденцияға  ие  және  жалпы  қабылданған  нормативтерге  сәйкес  келмейді. 

Тәуелсіздік,  қаржыландыру,  қаржылық  тұрақтылық коэффициентінің  төмендеуі,  олардың  нормативтерден  артта  қалуы  кәсіпорын  қызметінің  көп  бөлігі  қарыз  қаражаттары  есебінен  қаржыландыратындығын,  соның  нәтижесінде  болашақта  қаржылық  қиындықтар  туу  қаупін  көбейтеді.  Егер 2004  жылы кәсіпорын  100 теңге  меншікті  қаражатқа  98 теңге  қарыз  қаражаттарын  тартса,  ал 2006  жылы  100 теңге  меншікті  қаражатқа  172 теңге  қарыз  қаражаттарын  тартқан.

Кәсіпорынның  өзінің  айналым  капиталы  жоқ,  барлық  талданған  кезең  ішінде  оның  көлемі  жағымсыз  болды.  Маневрлік  коэффициенті  де,  сәйкесінше  жағымсыз.  Бұл  кәсіпорын  қаражаттарының  мәні  АҚ–ның  меншікті  капиталы  төмендесе,  онда  міндеттеменің,  оның  ішінде  ұзақ  мерзімді  міндеттемелердің  қарқынымен  өсетінің  көрсетеді.  Кредиторлық  берешектің  тек  жартысы  ғана  дебиторлық  берешекпен  қамтамасыз  етілген  меншікті  қаражаттарының  кейбір  өтімді  бөлігінің  ақшаға  айналуын  төмендетуі  мүмкін.  Талдаудың  келесі  маңызды  бөлігі  болып  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын  оның  қаржылық  тұрақтылығын  жіктеуге  мүмкіндік  беретін  қаржылық  тұрақтылықтың  нақты  көрсеткішін  зерттеу  табылады.

Қаржылық  тұрақтылықтың  нақты  көрсеткіштері  болып  ТМҚ – ды  олардың  пайда  болу  көзінің  жабу  деңгейін  сипаттайтын  көрсеткіштер  табылады.  Бұл  келесі  көрсеткіштер:

— меншікті  капитал  мен  ұзақ  мерзімді  активтер  арасындағы  айырма  ретінде  анықталатын  меншікті  айналым  капиталдарының  болуы;

— алдыңғы  көрсеткіштерін  ұзақ  мерзімді  міндеттемелер  саласына  көбею  жолымен  анықталатын  ТМҚ – дың  пайда  болуының   меншікті  және  ұзақ  мерзімді  тарту  көздерінің  болуы;

— алдыңғы  көрсеткішті  қысқа  мерзімді  несиелер  мен  қарыздар  саласына  көбейту  жолымен  анықталатын  ТМҚ – дың  пайда  болуының  басты  көздерінің  басты  шамасы.

ТМҚ – ны  оның  пайда  болу  көздерімен  қамтамасыз  етудің  үш  көрсеткішін  есептеу  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайының  тұрақтылық  деңгейі  бойынша  келесі  4 типке  жіктеуге  мүмкіндік  береді.

— қаржылық  жағдайдың  нақты  тұрақтылығы  теңсіздікпен  сипатталады.  Меншікті  айналым   капиталы  ТМҚ  көлемінен  артық.  Бұл  қатынас  ТМҚ  меншікті  айналым  капитал  есебінен  жабылатыны  көрсетіледі,  яғни  кәсіпорын  сыртқы  кредиторлардан  тәуелді  емес;

— қаржылық  жағдайының  қалыпты  тұрақтылығы  теңсіздікпен  сипатталады.  ТМҚ – ның  пайда  болуының  меншікті  және  ұзақ  мерзімді  тартылған  көздері  ТМҚ  көлемінен  аз;

— тұрақсыз  қаржылық  жағдай  теңсіздікпен  сипатталады.  ТМҚ – ның  пайда  болуының  негізгі  көздерінің  жалпы  сомасы  ТМҚ  құнынан  аз.  Мұндай  кәсіпорын  өздерінің  ТМҚ  бөлігін  жабу  үшін  негізделмеген  жабулардың  қосымша  түрлерін  тартуға  мәжбүр.

— кризистік  қаржылық  жағдай  алдыңғы  теңсіздікке  қосымша  ретінде  кәсіпорындарда  өз  мерзімінде  жабылмаған  несиелер  мен  борыштар  болатын  жағдайда  сипаттайды. 

Ақша  қаражаттары,  қысқа  мерзімді  бағалы  қағаздар  және дебиторлық  берешек  тіпті  оны  кредиторлық  берешегін  де  жаппайды.

«Бидай  нан»  АҚ – ның  қаржылық  тұрақтылығының  нақты  көрсеткіштерін  талдау  үшін  4 – ші  талдамалық  кестені  пайдаланайық.

    Кесте  4

 «Бидай  нан»  АҚ – дағы  ТМҚ –ның  олардың  пайда  болуының  қалыпты  көздері  мен  қамтылуы. 

 

Көрсеткіштер

2004 жылдың  басына

2005 жылдың  басына

өзгерістер

2006 жылдың  басына

өзгерістер

Кестенің  жалғасы

 

1

2

3

4

5

6

7

1

Меншікті  капитал

55619885

48963008

-6656877

34251081

-14711327

2

Ұзақ  мерзімді  активтер

63220011

76364155

13144154

74507008

-1857147

3

Меншікті  айналым  капиталы (1-2)

— 7600116

-27401147

-19801031

-40255927

-12854780

4

Ұзақ  мерзімді  міндеттемелер

16696025

32761764

16065739

64207779

31446015

5

Меншікті  және  ұзақ  мерзімді  пайда  болу  көздері (3+4)

9095909

5360617

-3735292

23951852

18591235

6

Қысқа  мерзімді  несиелер

 

 

 

 

 

7

ТМҚ – ң  негізгі  пайда  болу  көздерінің  жалпы  сомасы (5+6)

9095909

5360617

-3735292

23951852

18591235

8

ТМҚ

36152996

46297419

Ю144423

53829150

7531731

9

Меншікті  айналым  капиталының  артықшылығы (жетіспеушілігі) (3-8)

-3753112

-73698566

-29945454

-94085077

-20386511

10

ТМҚ меншікті  және  ұзақ  мерзімді  пайда  болу  көзінің  артықшылығы (жетіспеушілігі) (5-8)

-27057087

-40936802

-67993890

-29877298

-70814100

11

ТМҚ –ның  негізгі  пайда  болу  көздерінің  жалпы  сомасының  артықшылығы (7-8)

-27057087

-40936802

-67993890

-29877298

-70814100

Сонымен,  «Бидай  нан»  АҚ – ның  қаржылық  жағдайы  тұрақсыз  деп  сипатталады,  себебі  кәсіпорын  «қалыпты»,  яғни  негізделген  деп саналмайтын  жабудың  қосымша  көздерін  тартуға  мәжбүр. «Бидай  нан»  АҚ — дағы қарыздарды  тартудың  қаншалықты  негізделгенің  тексеру  үшін  тағы  бірнеше  көрсеткіштерді  есептеп  шығару  қажет.  Кәсіпорын  қарыз  қаражатарын  өзіне  қауіпсіз  шеңберінде  ғана  пайдалануына  болатыны  белгілі.  Бұл  шекті  анықтау  үшін  қаржылық  тірек  әсері  деп  айтылатын  арнайы  көрсеткіш  қолданылады.  Оның  көмегімен  қарызға  алудың  қауіпсіз  көлемі  мен  жағдайлары  туралы  сұрақ  шешіледі.  Қаржылық  тіректің  әсері – бұл  несиені  қолдану  көмегімен  алынатын  меншікті  қаражаттар  рентабельділігінің  өсуі. 

Қаржылық  тірек  әсерін  формула  бойынша  анықтаймыз:

 

ЭФР = (1-СКПИ) * (ЭР — ССП) * қарыз қаражаттары

                                                         Меншікті қаражаттар             (6 формула)   

Мұнда:  ЭФР – қаржылық  тірек  әсері;

СКПИ – корпаративтік  табыс  салығы  ставкасы;

ЭР – активтердің  таза  рентабельділігі;

ССП – қарыз  процентінің  ставкасы.

Активтердің  таза  экономикалық  рентабельділігін  есептеу  2.3  бөлімінде  келтірілген.  Активтердің  таза  экономикалық  рентабельділігі  мен  қарыз  процентінің  орташа  есептесу  ставкасы  арасында  айырма  дифференциал  деп  аталатын,  ал  қарыз  қаражатының  меншкті  қаражаттарға  қатынас  тірек  иығы  (плечо)  деп  аталатын  ЭФР –ді  есептеу  үшін  келесідей  түрде  талдамалық  баланс  құрылады:

— пайда  болу  көздерінің  орташа  көлемі  минус  құрылтайшылармен  есептесу  зияндары,  жарғылық  капитал,  қосымша  капитал,  қаржыландыру,  есепті  жылдағы  және  өткен  жылдардағы  жал  міндеттемелері  алынады;

— қосымшадан  есепті  кезеңде  кәсіпорын  иелігінде  болған  (кредиторлық  берешексіз)  қарыз  қаражаттардың  барлық  сомасы  алынады;

— бірінші  пункт  екіншімен  сәйкес  келеді.  Бұл  талдамалық  баланстардың  пассиві  деген  сөз,  ал  активті  автоматты  түрде  пассивке  теңестіреміз.

«Бидай  нан»  АҚ  үшін  қаржылық  тірек  әсерін  5 кестеде  келтірейік.

Кесте 5

  «Бидай  нан»  АҚ  үшін  қаржылық  тірек  әсерін  есептеу

 

Көрсеткіштер

2005жыл  сомасы

2004  жыл  сомасы

1

2

3

4

1

Жарғылық  капитал

17152692

17152685

2

Бөлінбеген  табыс (кезеңге  орташасын  алғанда)

18916752

24063561

3

Қосымша  төленбеген  капитал  (орташа)

11075200

11075200

Кестенің  жалғасы

 

4

Кезең  үшін  меншікті  қаражаттардың  пайда  болу    көздерінің орташа  сомасы (1+2+3)

47144644

52291446

5

Кезеңдегі  қарыз  қаражаттарының  сомасы

64207779

32761764

6

Талдамалық  баланс  пассиві (4+5)

111352423

84582892

7

Аналитикалық  баланс  активі

111352423

84582892

8

Корпоративтік табыс  салығының  ставкасы, %

30

30

9

Активтердің  таза  экономикалық  рентабельділігі ставкасы, %

1.77

9.00

10

Қарыз проценттерінің  орташа  есеп  ставкасы, %

18.60

22.00

11

Дифференциал, %

-16.83

-13.00

12

Тірек  иығы

1.30

0<5Z

 

5 кестеде  көрсетілгендей, «Бидай  нан»  АҚ – ң  дифференциалы  кері  мәнге  ие,  сондықтан,  қаржылық  тірек  әсерін  есептеудің  мәні  жоқ.  Дифференциал  қаражаттарының  қарыз  шегін  көрсетеді.  Оның  кері  мәні  «Бидай  нан»  АҚ  қарыз  қаражаттарын  тарту  арқылы  меншікті  қаражаттар  рентабельділігін  азайтатынын  көрсетеді.  Несиені  тарту  негізделген  болу  үшін  кәсіпорын  өзінің  экономикалық  рентабельділігін  ең  болмағанда  қарыз  проценттерінің  орташа  есептесу  ставкасына  сәйкес  келетін  соммаға  дейін  өсіруі  керек.  Бұл  үшін  «Бидай  нан»  АҚ  тек  қана  өзінің  таза   пайдасын  өсіріп  қана  қоймау  керек (шығындарды  азайту,  өнімдердің  айналымдығын  өсіру  және  т.б.),  сонымен  бірге  кәсіпорын  балансын  күрделендіретін  активтердің  бөлігінен  құрылу  қажет  (дебиторлық  берешек,  қорлар,  рентабельділік  емес  ғимараттар,  машиналарды  ең  мүмкін  шегіне  дейін  азайту).

Біз  өндіріс  шығындарын  азайту  қажеттілігі  туралы  сөз қозғағандықтан,  зерттелетін  кәсіпорынның  өнімінің  өзіндік  құнының  құрылымын  және  оны  шығару  көлемін  өзгерту  жолымен  пайдаға  әсерінің  мүмкіндігінің  қандай  екенін  тексеруге  болады.  Бұл  үшін  өндірістік  леверидж  (операциондық  тірек  әсері)  деп  аталатын  көрсеткішті  есептеу  қажет.  В.В.Ковалев  ұсынған  формуланы  қолданайық.

 

 КПрл = жалпы  табыстың  өсу  қарқыны  (пайызбен)

   Пайыздық құн түріндегі сату көлемінің өсім қарқыны        (7 формула)

 

Өндірістік  леверидж  өндіріс  көлемінің  өзгерісіне  жалпы  пайданың  сезімталдық  деңгейін  көрсетеді.  Техникалық  қамтудың  деңгейінде  тұрақты  шығындардың  және  леверидж  деңгейінің  үлесінің  көбеюі  жүзеге  асады.  Соңғысының  өсуімен  тұрақты  шығындарды  өтеу  үшін  қажет  пайданы  толығымен  ала  алмау  қаупі  деңгейі  көбейеді.  «Бидай  нан»  АҚ–да  жағдай  дәл  осылай.  2005 жылы  өндірістік  леверидж  деңгейі  (-1,58)  құрады.  Бұл  сатудан  түскен  пайда  13,58 %-ға  өскен  кезде  кәсіпорынның  жалпы  табысы  20,58 %-ға  төмендейтінін  білдіреді.  Бұл  берілген  кәсіпорынмен  байланысты  қауіптерді  көрсетеді.

Қаржылық  жағдайдың  тұрақтылығы  басқа  көрсеткіштерді  қалпына  келтіру  үшін  қажет:

— капиталдың  ағымдық  активтерге  айналуын  жеделдету,  соның  нәтижесінде  бір  теңге  тауар  айналымына  шаққанда  оның  салыстырмалы  қысқаруы  байқалады;

— қорлар  мен  шығындарды  негізді  түрде  азайту  қажет  (нормативке  дейін);

— меншікті  айналым  капиталын  ішкі  көздер  есебінен  толтырып  отыру.

 

 

  • «Бидай нан»  АҚ–ның  балансының  өтімділігін  және  төлем  қабілеттілігін  талдау

 

  • бөлімінде өтімділік  пен  төлем  қабілеттілігіне  байланысты

теориялық  сұрақтар  қарастырылды.  Сондықтан  оларды  бағалауға  көшейік.

Баланстың  өтімділігін  талдау  олардың  өтімділік  деңгейі  бойынша  топталған  активтері  бойынша  қаражаттарды  оларды  жабу  мерзімі  бойынша  топталған  міндеттемелермен  салыстырады.  Отандық  тәжірибеде  топтастыруды  анықталған  қатаң  тәртіпте  жүргізеді:  активтер — өтімділігі  жоғарыдан  бастап;  пассивтер – жедел  төлемнен  бастап.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.

А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) — айналым қаражатының ең қозғалғыш бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез айналады.

А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш, басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін. Есеп айырысу қүжаттары бойынша жіберілген, сатып алушылар уақытында төленбеген тауарлар бойынша, төлеу уақыты ұзарып кеткен борыштардың өтімділігі анағұрлым төмен, себебі төлемнің қашан келіп түскені белгісіз. Бірақ нарықтық экономикада уақытында қайтарылмайтын борыштар көбіне болмайды, себебі оны қайтарып алуға алдын ала шаралар қолданылады. Кез келген дебитор айыппұл төлеу қаупінен, тіпті банкрот болып жарияланудан қорқып, өзінің қарыздарын уақытында төлеуге тырысады. Сондықтан нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеп жатқан кәсіпорынның өтімді қаражаттарын есептегенде ақша қаражаттарына қысқа мерзімді дебиторлық борышын да қосады. Бірақ әлі қалыптаспаған нарықтық экономика, инфляция, әріптестер арасында шаруашылық байланыстар бұзылған жағдайларда дебиторлық борыштың барлығы бірдей ақша қаражатына тез айнала алмайды. Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін. Сатуға арналған дайын өнім және материалдық құндылықтар қорының өтімділігі бұдан да төмен болады.

А3. Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің II бөлімінің «Тауарлы-материалдық қорлар» бабы және баланс активтерінің I бөліміндегі «Ұзақ мерзімді инвестициялар» жарғылық қорға басқа кәсіпорындардың салған салымдар мелшеріне азайтылған бабы. Бірақ бұл кезде «Алдағы кезең шығындары» бабы есепке алынбайды. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді. Әсіресе бұл аяқталмаған өндіріске тиісті: егер, мысалы, темір қаңылтырды сатып алушыны табу оңай болса, одан жасалған штампталған жартылай өнімді сатып алушыны табу анағұрлым қиын. Бұл белгілі бір бұйымды дайындауға арналған жартылай өнім барлық адамға бірдей керек емес болуы мүмкін. Сондықтан немістер өтімді активтерді есепке алғанда аяқталмаған өндірістің құнын қоспайды. Алайда американ кәсіпорындарда аяқталмаған өндіріс құнын өтімді активтердің құнына қосуға жол беріледі.

А4. Қиын өткізілетін активтер — баланс активінің I бөлімінің алдындағы топтарға еңгізілген баптарынан басқа барлық баптары. I бөлім жиынынан «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.

Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады-кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Бұдан кейін бағалы қағаздарға салынған қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар, дебиторлармен есеп айырысулар тұрады. Активтің бұл қарастырылған баптары негізінен кәсіпорынның «өтімділігін», өтімді капиталын, яғни активтің бірінші кезектегі міндеттемелерді төлеу үшін қаражаттар алынатын бөлігін керсетеді. Өтімділігі бұдан төмен элементтер тауарлы-материалдық қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған. Баланс пассивтері оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.

П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер — бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсатты қарыздарын (несиелерін) өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығын білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер — қысқа мерзімді несиелер мен заемдар жэне жұмыскерлерге арналған қарыздар.

Пз. Ұзақ мерзімді міндеттемелер — ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

П4 Тұрақты міндеттемелер — пассивтің I бөлімінің «Меншікті капитал» баптары. Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтың жиыны баланс активінің «Алдағы кезең шығындары» бабы бойынша сомаға азайтылады.

Өтімділік  деңгейі  бойынша  топталған  активтер  қосымша 5–те  келтірілген.  Төлену  мерзімі  бойынша  баланс  пассиві  баптарын  топтау  қосымша  6–да  келтірілген.  Баланс  өтімділігін  анықтау  үшін  актив  және  пассив  бойынша  келтірілген  топтардың  нәтижелерін  салыстыру  қажет.  Баланс  нақты  өтімді  деп  саналады,  егер  келесідей  қатынастар  орындалса:

А1>П1

А2>П2

А3<П3

А4<П4

Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін туғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздік «баланстау» сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуы қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражаттарының барын дәлелдейді.

Егер бір жүйенің бір немесе бірнеше теңсіздігінің қолайлы нұсқадағыға қарама — қарсы мәні болса, онда баланс өтімділігінің абсолютті өтімділіктен азды — көпті айырмашылығы болады. Бұл кезде активтердің бір тобы бойынша қаражат жетіспеушілігі олардың басқа топ бойынша артылғанымен орны толтырылады, бірақ өтем тек құндық мөлшері бойынша жүзеге асырылады, өйткені нақты төлем жағдайында аз өтімді активтер неғұрлым өтімді активтердің орнын баса алмайды. Баланстың топтастырылған баптарын кесте түрінде көрсету орынды болады.

«Бидай  нан»  АҚ – дағы  баланс  баптарын  топтастыруды  6–шы  кестеге  біріктірейік.

Кесте 6

 Актив  өтімділігі  деңгейлерін  міндеттемелерді  өтеу  мерзімділігі  деңгейімен  салыстыру.

 

Актив

                              Сомасы,  теңге

01.01.2004

01.01.2005

01.01.2006

1

А 1

1316721

1920217

966645

Кестенің  жалғасы

 

2

А 2

15316452

22886692

28517464

3

А 3

30582702

37709551

4705024

4

А 4

63220001

76364155

74507008

5

Барлығы

110435876

138880616

151049141

6

 

                                Сомасы, теңге

01.01.2004

01.01.2004

01.01.2004

7

П 1

38119966

37155873

52390281

8

П 2

9

П 3

16696025

52761764

64207779

10

П 4

55619885

48963008

34251081

11

Барлығы

110435876

138880616

151049141

12

 

     Төлем  артықшылығы (жетіспеушілік). теңге

01.01.2004

01.01.2004

01.01.2004

13

А1 – П1

-37983245

-35235626

-51623636

14

А2 – П2

15316452

22886692

28517464

15

А3 – П3

13886677

-15052213

-17150755

16

А4 – П4

7600116

27401147

40255927

           

 

Төлем  қаражаттарының  бірінші  тобы (А1)  талданатын  кезең  ішінде  төлем  міндеттемелерін (П1) жаппайды.  Екінші  және  төртінші  топта  активтер  пассивтерден  асып  түссе де,  өтем  тек  қана  құнды  көлемі  бойынша  болып  тұр,  себебі  нақты  төлем  жағдайында  аз  өтімділікті  активтер  ең  өтімді  активтерді  алмастыра  алмайды.  Осымен  қатар  меншікті  айналым  капиталының  елеулі  жетіспеушілігі  байқалады.  Мұның  барлығы  «Бидай  нан»  АҚ  балансының  өтімсіздігі  туралы,  ал  кәсіпорынның  өзі  төмен  төлем қабілеттілігі  туралы  айтуға  мүмкіндік  береді.  Келтірілген  сызбаны  талдау  баланс  өтімділігін  бағалауға  мүмкіндік  береді.  Өтімділіктің  жалпы  көрсеткіші  мына  формула  бойынша  есептеледі:

                  Кол = A  1 + 0,5 A2 + 0,3 АЗ

                                   П1 + 0,5 П2 + 0,3 ПЗ                                        (8 формула)

Мұнда Кол – жалпы  өтімділік  коэфициенті.

Бұл  көрсеткіштің  мәні 0,9–дан  кем  болмауы  тиіс,  ол  кәсіпорынынң  міндеттемелерінің  барлық  түрлерін  есептеу  қабілетін  көрсетеді.

Аталған  көрсеткіш  есептілік  негізінде  потенциалды  серіктестердің  ішінен  сенімді  серіктестіктерді  таңдауда  қолданылуы  мүмкін.

«Бидай  нан»  АҚ  үшін  бұл  коэффициентінің  мәні  2004 жылдың  басында  0,42, 2005 жылдың  басында 0,46, 2006 жылдың  басында  0,41 құрады.  Жалпы  өтімділік  коэфициентін  нормативпен  салыстырғандағы  төмен  мәні  «Бидай  нан»  АҚ – ның   төлем  қабілетсіздігін  көрсетеді. 

Алайда  бұл  көрсеткіш  қысқа  мерзімді  міндеттемелерді  жабуға  кәсіпорынның  мүмкіндігін  сипаттайды,  сондықтан  бұл   көрсеткіштермен  қатар  кәсіпорынның  төлем  қабілеттігін  бағалау  үшін  өтімділік  көрсеткіштерінің  толық  жүйесі  қолданылады.  Олардың  ішінде  маңыздысы  болып  нақты  өтімділік  коэффициенті,  жабудың  аралық  коэффициенті  және  жалпы  жабу  коэффициенті  табылады.

Бұл көрсеткіштер кәсіпорынның басқарушылары үшін ғана емес, сонымен қатар талдаудың сыртқы субъектілеріне де керек: абсолютті өтімділік коэффициенті – шикізат пен материалдардың жабдықтаушыларына; жедел өтімділік коэффициенті – банктерге; ағымды өтімділік коэффициенті – инвесторларға.

Абсолютті өтімділік коэффициенті (ақша резервтердің нормасы) ақша қаражаттар мен қысқа мерзімді қаржылық салымдардың қысқа мерзімді қарыздардың сомасына қатынасы ретінде анықталынады. Ол қысқа мерзімді міндеттемелердің қай бөлігі бар болатын ақша қаражаттардың есебінен жабылу мүмкіндігін көрсетеді. Оның шамасы неғұрлым жоғары болса, соғұрлым қарыздарды жабу кепілдігі жоғары болады. Алайда оның шамасы аз болған кезде де кәсіпорын әрқашан төлем қабілетті бола алады, егер ақша қаражаттарының түсуі мен кетуін көлем мен мерзім бойынша теңестіре алса. Абсолютті өтімділік коэффициентінің мәні 0.20 – 0.25 болса, ол жеткілікті болып танылады. Егер кәсіпорын ағымды уақытта өз қарыздарын 20 — 25% өтей алса, онда оның төлем қабілеттілігі қалыпты деп есептелінеді.

Жедел өтімділік коэффициенті – ақша қаражаттары, қысқа мерзімді қаржылық салымдар мен қысқа мерзімді дебиторлық берешек жиынтығының қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер сомасына қатынасы. Ол дебиторлармен есеп айырысуларды өз уақытында жүргізу шартында кәсіпорынның болжамды төлемдік мүмкіндіктерін көрсетеді, яғни ағымды міндеттемелердің қай бөлігі тек ақша қаражаттары есебінен ғана емес, сонымен қатар жеткізілген өнім, орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет үшін күтілетін түсімдер есебінен өтеліне алатындығын сипаттайды. Бұл көрсеткіштің қалыпты мәні Кж.өт. ≥ 0.7.

Ағымды өтімділік коэффициенті (қарыздарды жабудың жалпы коэффициенті Каө) – ағымды активтер сомасының қысқа мерзімді міндеттемелер сомасына қатынасы. Ол ағымды активтермен ағымды пассивтерді жабу дәрежесін көрсетеді.

Ағымды активтердің қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелерден артық болуы шығындарды өтеу үшін резервті қорды қамтамасыз етеді. Осы қор неғұрлым көп болса, соғұрлым кредиторлардың қарыздар жабылатындығына сенімі жоғары болады. Каө ≥ 2 болу керек.

Тек осы көрсеткіштер бойынша кәсіпорынның қаржылық жағдайын толығымен бағалауға болмайды, өйткені бұл процесс өте күрделі және екі-үш көрсеткішпен оған толық сипаттама беру қиын. Өтімділік көрсеткіштері – салыстырмалы көрсеткіштер және де егер бөлшектің алымы және бөлімі пропорционалды өссе, олар уақыт ағымында өзгермейді. Ал қаржылық жағдай сол сәтте өзгеруі мүмкін, мысалы, табыс, рентабельділік деңгейі, айналымдылық коэффициенті және т.б. төмендеп кетуі мүмкін.

Кәсіпорынның  төлемқабілеттілігі  қаржылық  тұрақтылықтың  маңызды  элементтері  болып  табылады.  Сондықтан  онымен  тығыз  байланысты.  Қаржылық  жағдайдың  басқа  да  көптеген  көрсеткіштері  сияқты  төлем  қабілеттілігі  де  сандық  көрсеткіштерінен  басқа  сандық  өлшенбейтін  және  кәсіпорынның  қаржылық  икемділігіне  тәуелді  сапалық  сипаттарға  ие.  Қаржылық  икемділік  бұл   кәсіпорынның  болжанбайтын  оқиғаларымен  байланысты  ақша  қаражаттарының  түсіміне  қарсы  тұру   қабілеттілігі.  Яғни  бұл  әр  көздерден  қарыз  алу,  акционерлік  капиталды  көбейту,  активтерді  сату  және  орналастыру  кәсіпорынның  қызметінің  деңгейін және  сипатын  өзгерту  қабілеттілігі.

Төлем  қабілеттілігі  көрсеткіштерінің  ішінде  ағымдық  өтімділік  коэффициенті  кеңінен  қолданылады. Себебі:

— ол  ағымдық  активтермен  ағымдық  пассивтердің жабу  деңгейін  көрсетеді.  Бұл  өлшем  жоғары  болған  сайын  қысқа  мерзімді  міндеттемелерді  төлеуде  сенімділік   те  жоғары;

— ағымдық  активтердің  ағымдағы  пассивтерден  асып  кетуі  ағымдық  активтерді  сату  немесе  жою  кезінде  шығынның  пайда  болуы  кедергі  келтіреді.  Бұл  қарсы  әрекет  күшті  болған  сайын  кредиторлар  ішінде  қолайлы.

Өтімді  қаражаттардың  болуы  оларға  тиімді  қажеттілік  шегінде  көптеген  фактрларға  тәуелді:  кәсіпорын  көлемі  және  оның  қызметінің  көлемі,  өндіріс  саласы,  өндіріс  циклының  ұзақтығы,  материалдар  қорларын  жаңартуға  қажет  уақыт,  кәсіпорын  жұмысының  маусымдылығы,  жалпы  экономикалық  конъюктура. 

2 – ге  тең  ағымдағы  өтімділік  коэффициенттерінің  нормативтік  мәні Қазақстанда  салалық  ерекшеліктеріне  және  өндіріс  типін  ескерместен,   кәсіпорын  банкроттығы  туралы  шешім  қабылдау  үшін  критетийлердің  бірі  болып  табылады.  Жеке  алғанда  Ресей  аналитигі  А.В. Газарям  былай  деп  жазады:  іс  жолын  болашақта  ақша  қаражаттарының  бар  болуын  сипаттайтын  бұл  көрсеткіш  біріншіден  үлкен  болғаны  қолайлы.  Осы  жағдайда  ұйым  өзінің  ағымдағы  міндеттемелерін  қысқа  мерзімде  төлей  алады».

Кәсіпорынның  кредиторлары  жағынан  қарағанда  мұндай  нұсқа  қолайлырақ  болады,  ал  менеджерлердің  көзқарасымен  қарағанда  қорлардың  көп  жиналып  қалуы,  қаражаттарды  дебиторлық  берешекке  тарту  кәсіпорын  активтерін  дұрыс  басқармаумен  байланысты  болуы  мүмкін.

Көптеген  кәсіпорын  үшін  аралық  өтімділік  коэффициентінің  төлем  деңгейі  мен  жалпы  жабу  коэффициенттерінің  жоғары  деңгейінің  сәйкестігі  тән.  Бұл  кәсіпорында  шикізат  қорларының, материалдардың  дайын  өнімдердің,  аяқталмаған  өндірістің  өзгерістерінің  көп  болғанымен  байланысты.  Бұл  шығындардың  негізсіздігі  қорытындысында  ақша  қаражаттардың  жетіспеуіне  әкеледі.  Өтімділік  көрсеткіштерін  есептеу  тәртібі  қосымша  7 – де  келтірілген.

 

 

  Кесте 7 

«Бидай  нан»  АҚ  ағымдағы  активтерінің  өтімділігі  көрсеткіштері,  теңге

 

Көрсеткіштер

 

01.01.2004

01.01.2005

01.01.2006

1

2

3

4

5

1

Ағымдағы,  оның  ішінде

47215875

62516460

76541133

1.1

Ақша  қаражаттары

1316721

1920217

966645

1.2

Дебиторлық  берешек,  басқа  активтер

9746158

14298824

221745338

1.3

ТМҚ

36152996

46297419

53829150

2

Ағымдағы  міндеттемелер,  оның  ішінде

38119966

37155843

52590281

2.1

Қысқа  мерзімді  несиелер

 

 

 

2.2

Кредиторлық  берешек 

29445140

22484709

377617731

 

Салықтар  бойынша  жабдықтар

 

 

 

3

өтімділік  көрсеткіші

 

 

 

3.1

Нақты  өтімділік  коэффициенті

0,03

0,05

0,02

3.2

Аралық  жабдықтар  коэффициенті

0,30

0,44

0,43

3.3

Жалпы  коэффициенттер

1,24

1,68

1,45

 

 «Бидай  нан»  АҚ – ның  өтімділік  көрсеткіштері  нормативке  сай  келмейді,  бірақ  жалпы  жабу  коэффициенті  барлық  талданатын  кезең  ішінде  қолайлы  мәңге  ие.  Бұл,  негізінен,  басқа  ағымдағы  активтер  арасында  жоғары  емес  өтімділігі  бар  материалдар  мен  дайын  өнім  қорларының  қабілетімен  байланысты.

 Осыған  байланысты  төмендегідей  қорытындыларға  келуге  болады.

 Бірінші,  «Бидай  нан»  АҚ – ның   балансы  өтімсіз,  төлем  қаражаттардың  елеулі  жетіспеушілігі,  әсіресе, 2006 жылдың  басында  байқалады.  Ақша  қаражаттарын  көбейту  және  ТМҚ,  қорлардың  көлемін  азайту  қажеттілігі  туады. 

 Екіншіден,  кәсіпорын  ағымдық  төлем  қабілеттігіне  ие.  Бұл  нәтижесінде  оның  қаржылық  икемділігін  төмендетеді.

 Кәсіпорынның  қаржылық  ұзақтылығына  қауіп  бар.  Ол  жабдықтарға  қарызды  жабуда  қиындықтарға  ұшырауы  мүмкін.  Алайда  жоғарыда  айтылған  қауіптерді  төмендететін  факторлар  бар,  мысалы,  активтердің  айналымдығының  жоғары  қарқыны,  рентабельділік  көрсеткіштерінің  өсуі  және  нәтижесі  ретінде  өндірістің  жоғары  табыстылығы.  Сондықтан  өтімділік  және  төлем  қабілеттілік  көрсеткіштерін,  басқа  активтердің  айналымдылығын  және  рентабельділігін  талдау  қажет.    

 

  • Шаруашылық субъектісінің  іскерлік  белсенділігін  және   

          рентабельділігін  талдау

 

 

Шаруашылық  субъектісінің  қаржылық  саладағы  іскерлік  белсенділігі,  ең  алдымен,  оның  қаражаттарының  айналым  қарқынынан  көрінеді. Оны  талдау  айналғыштықтың  әртүрлі  қаржылық  коэффициенттерінің  деңгейі  мен  динамикасын  зерттеуде  жатыр. Субъектінің  қаржылық  жағдайы  оның  активке  салған  қаражаттарының  нақты  ақшаға  айналу  жылдамдығынан  тікелей  тәуелділікте  болады. Активтің  жекелеген  түрлері  айналымның  әртүрлі  қарқынына  ие, яғни  ақшаға  айналудың  әртүрлі  қарқынына  ие. Қаражаттардың  айналымда  болу  ұзақтылығы  ішкі (салалық, қызмет  ету  аясы, субъект  масштабы)  және  сыртқы (экономикалық  ситуация  және  онымен  байланысты  шаруашылық  жағдайлары)  факторлардың  жиынтықты  әсерімен  анықталады.

Қаражаттардың  ақшаға  айналғыштығы  субъектінің  төлем  қабілетіне  тікелей  әсер  етеді. Сонымен  қатар, қаражаттар  айналымының  қарқынының  жеделділігі  барлық  басқа  жағдайларда  шаруашылық  субъектісінің  өндірістік-техникалық  потенциалын  көтеруді  бейнелейді.

Іскерлік  қабілеттілік  көрсеткіштері  және  оларды  есептеу  тәртібі  қосымша  8-де  келтірілген. Сонымен  қатар  кезең  үшін  шаруашылық  субъектісінің  негізгі  қызметі  бойынша  кәсіпкерлік  тиімділігін  сипаттайтын  іскерлік  қабілеттілік  коэффициентін  келесі  формула  бойынша  анықтауға  болады:

 

Ид/а = DN / ФК * Д0 /S                                       (9формула)

 

Мұнда:   Ид/а – іскерлік  қабілеттілік  коэффициенті;

S — өткізілген  өнімнің  толық  құны;

Д0 /S – негізгі  қызметтің  табыстылығы;

ДМ — өнімді  өткізуден  табыс;

Фк – қалыптасу  капиталы (ұзақ  және  қысқа  мерзімді  инвестицияларды  шегергеннен  кейінгі  активтер).

 

«Бидай  нан»  АҚ-ның  іскерлік  белсенділігі  көрсеткіштері  8-кестеде  келтірілген.

 

 

 

8 кесте

 «Бидай  нан»  АҚ-ның  іскерлік  белсенділігі  көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

 

01.01.2005

01.01.2006

Өзгерістер

1

Негізгі  құралдардың  айналғыштығы

5,40

5,70

0,30

2

Меншікті  капиталдың айналғыштығы

7,02

9,99

2,97

3

Ағымдағы активтердің айналғыштығы

6,69

5,98

-0,71

4

Ағымдағы активтер айналымының ұзақтығы

53,81

60,20

6,39

5

Материалдық айналым қаражаттарының айналғыштығы

5,73

6,23

0,50

6

Дайын өнімнің айналғыштығы

51,863

54,174

2,315

7

Дебиторлық берешектердің айналғыштығы

30,54

23,08

-7,46

8

Дебиторлық берешектердің айналымының орташа мерзімі

11,80

15,60

3,8

9

Кредиторлық берешектердің айналғыштығы

15,64

13,81

-1,83

10

Кредиторлық берешектердің айналымының орташа мерзімі

23,02

26,07

3,05

11

Ақша қаражаттарының айналғыштығы

226,8

288,3

61,50

12

Перманетті капитал айналғыштығы

4,76

4,62

-0,14

13

Іскерлік белсенділік индексі

0,176

-0,063

-0,239

             

 

Кестеде  көрініп  тұрғандай, 2005 жылы  капиталдың  жалпы  айналғыштығы  0,06-ға  төмендеген, бұл  оларды  тарту  көздерінен  тәуелсіз  барлық  қолда  бар  ресурстарды  пайдалану  тиімділігінің  төмендегенін  көрсетеді.

Бірақ  осы  уақытта  негізгі  қорларды  пайдалану  тиімділігі, меншікті  капиталдың  айналғыштығы  жоғарылаған. Алайда  бұл  пассив  балансындағы  оның  үлестік  салмағының  төмендеуіне  әкелді.

Ағымдағы  активтердің  айналымдық  коэффициентінің 71%-ға  төмендеуі  байқалды,  бұл  айналымға  ағымдағы  активтердің  тартылғанын  көрсетеді.  Айналым  ұзақтығы  жуықтап  алғанда 7 күнге  көбейді,  яғни  өндіріс  және  айналым  уақыты  ұзарды. 

Материалдық  айналым  қаражаттарының  және  дайын  өнімнің  айналғыштығы  жеделдетілді,  бұл  «Бидай нан»  АҚ–ның  өніміне  сұраныстың  көбейгенін  көрсетеді.

Дебиторлық  берешекпен  күрделі  жағдай  туды:  оның  айналымының  орташа  мерзімі  төрт  күнге  көбейді,  бұл  кәсіпорындағы  несиеге  сатудың  көбейгенін  және  ақшалай  қаражаттардың  азайғанын  көрсетеді.  Сонымен  қатар  кредиторлық  берешектердің  айналым  көрсеткіші  азайды.  Егер   «Бидай нан»  АҚ  өз  шоттарын  төлеуді  2004 жылы  орташа  алғанда  23 күнде  төлесе,  ал  2005 жылы  26 күнде  жүргізді.  Бір  жағынан  алғанда,  бұл  «Бидай нан»  АҚ–ның  төлем  қабілеттілігінің  нашарлағаны  туралы  айтып  тұр.

Талдау  толығырақ  болу  үшін  іскерлік  белсенділік  көрсеткіштерін  толықтырып  отыратын  рентабельділік  коэффициенттерін  талдайық.

Рентабельділік көрсеткіштері – бұл кәсіпорынның табысын қалыптастырудың нақты ортасының маңызды сипаттамасы. Сондықтан олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын салыстырмалы талдау мен бағалаудың міндетті элементтері болып табылады. Өндірісті талдау кезінде рентабельділік көрсеткіштері инвестициялық саясат пен баға құрудың құралы ретінде қолданылады. Рентабельділіктің негізгі көрсеткіштерін келесі топтарға біріктіруге болады:

  1. Өнімнің, сатудың рентабельділігі (басқару тиімділігін бағалау көрсеткіштері);
  2. Өндірістік қорлардың рентабельділігі;
  3. Кәсіпорындарға салымдардың рентабельділігі (шаруашылық қызметтің табыстылығы).

Өнім рентабельділігі сатылған өнімнің бірлігіне қанша табыс келетіндігін көрсетеді. Осы көрсеткіштің өсуі сатылған өнімді (жұмысты, қызметті) өндіруге кеткен шығындардың өзгермеуі кезінде бағалардың өсуінен немесе тұрақты бағалар кезінде өндіріске шығындардың төмендеуінен болады. Өнімнің рентабельділігі көрсеткіші өзіне келесі көрсеткіштерді қосады:

А.Д.Шеремет  және  Р.С.Сайфулин  рентабельділіктің  келесі  көрсеткіштерін  есептеуді ұсынады:

        Кәсіпорынның  жалпы  рентабельділігі:

Жалпы  рентабельділік = Баланстық  пайда /  Мүліктің  орташа 

                                                                   құны* 100%                (10формула)

 

Жалпы  рентабельділік  активтің  әрбір бір  теңгесі жалпы  табыстың  қанша  ақша  бірлігін  әкелетінін  көрсетеді,  кәсіпорынның  таза  рентабельділігі:

Таза  рентабельділік  =  кәсіпорынның  таза  табысы / мүліктің  орташа           

                                          құны*100%                                   (11формула)

 

 

Меншікті  капиталдың  таза  рентабельділігі: 

Меншікті  капиталдың  таза  рентабельділігі =  кәсіпорынның  таза  табысы / меншікті  капиталдың  орташа  шамасы                         (12формула)

Өндірістік  қорлардың  орташа  рентабельділігі:

 

Өндірістік  қорлардың  орташа  рентабельділігі = жалпы  (баланстық) пайда / негізгі  өндірістік  қорлардың  және  материалдық  активтерінің  орташа  құны  * 100%                                                                                     (13формула)

 

Прыткина Л.В.  жалпы  активтер  мен  қысқа  мерзімді  және  ұзақ  мерзімді  инвестициялар  арасындағы  айырмашылық  ретінде  анықталатын  капиталдың  рентабельділігін  есептеуді  ұсынады. 

Қызмет етуші  капиталдың  рентабельділігі  =  өнімді  өткізуден  табыс / қызмет  етуші  капиталдың  орташа  сомасы                                     (14формула)

Кесте 9

   «Бидай  нан»  АҚ-ның  2004 – 2005  жылдардағы  рентабельділік  көрсеткіштері (%).

 

Көрсеткіштер

 

2004

2005

Өзгерістер

1

Кәсіпорынның  жалпы  рентабельділігі

105

72.7

-33

2

Кәсіпорынның  таза  рентабельділігі

9.02

1.77

-7.25

3

Меншікті  капиталдың  таза  рентабельділігі

21.50

6.12

-15.38

4

Өндірістік  қорлардың  жалпы  рентабельділігі

120.53

84.84

-35.69

5

Қызмет  етуші  капиталдың  рентабельділігі

294.54

288.991

-5.55

           

 

9 кесте  мәліметтерінде  көрсетілгендей,  2004   жылы  кәсіпорын  активтерінің  бір  теңгеге  шаққандағы  құны  жалпы  пайданың  1,05 теңгесін  әкелген.  2005  жылы  бұл  көрсеткіш  0,33  теңгеге  төмендеді,  яғни  активтерді  қолдану  тиімділігі  түскен.  Бұл  көп  жағдайда  әлі  өз  құндарын  өтеуді  бастамаған  өндірістік  желілерді  сатып  алумен  байланысты. 

Кәсіпорынның  таза  рентабельділігі  де  7,25% — ға  төмендеді,  бұл  кәсіпорын  активтерінің  айналғыштығының  және  негізгі  қызметтен  түскен  табыс  деңгейінің  төмендеуімен  байланысты. 

Меншікті  капиталдың  таза  рентабельділігі  кәсіпорынның  өндірістік  қызметінің  тиімділігін  сипаттайды.  Талданылған  кезеңде  бұл  шама  15,38% — ға  төмендеді,  бұл  айналымдылықтың  және  табыстылықтың  төмендеуімен  байланысты.

Қызмет  етуші  капиталдың  рентабельділігі  қызмет  етуші  капиталдың  өсу  қарқынынан  өнімді  өткізуден  түскен  пайданың  өсу  қарқынының  асып  кетуімен  байланысты  5,55% — ға  төмендеді.  Осының  нәтижесі  ретінде  өндіріс  қорларының  жалпы  рентабельділігі  де  35,69 % — ға  төмендеді.  Стоянова Е.С.  рентабельділікті  талдауда   негізінде  экономикалық  рентабельділіктің  өзгертілген  формуласы  жатқан  Дюпон  формуласын  қолдануды  ұсынады. 

Экономикалық  рентабельділік = Таза  пайда / Актив * Айналым/Айналым                                                                      (15формула)

Экономикалық  рентабельділік = Таза  пайда / Айналым * 100* Айналым / Актив + Коммерциялық  маржа * 100* Трансформация  коэффициенті        (16формула)

Кесте 10

«Бидай  нан»  АҚ-ның  экономикалық  рентабельділігін  Дюпон  формуласы  бойынша  есептеу

 

Көрсеткіштер

 

2005

2006

1

Коммерциялық  маржа, %

 

3,06

0,61

2

Трансформация  коэффициенті

 

2,94

2,88

3

Экономикалық  рентабельділік

 

9,00

1,76

 

10 Кестеде  көрсетілгендей,  «Бидай  нан»  АҚ-ның  экономикалық  рентабельділігі  9 % — дан  1,76 % — ға  дейін  төмендеді.  Бұл  негізінен коммерциялық  маржаның  (сатудың  таза  рентабельділігі)  төмендеуі  есебінен  болды.  Экономикалық  рентабельділікті  көтеру  үшін  айналымды  көбейту  қажет.  Бұл  жерде  өсірілген  айналым  астында «толтырылмаған»  актив  (себебі  активтің  әрбір  басы  артық  теңгесі  кәсіпорын  даму  үшін  кедергі  болуы  мүмкін )  болмауы  керек  және  таза  пайда  өнімді  өткізуден  түскен  пайдаға  қарағанда  тез  қарқынмен  өсуі  қажет.  Сонымен  бірге  тауар  бағасын  өсіруге  болады,  бірақ  бұл  жол  бәсекемен  және  сатып  алушылар  мүддесімен  шектелген.  Дұрыс  ойластырылмаған  баға  саясаты  кәсіпорын  жағдайын  одан  әрі  қиындатуы  мүмкін.

Нәтижесінде    «Бидай  нан»  АҚ-ның  іскерлік  белсенділігі  туралы  қорытынды  жасауға  болады.  Нәтижесі  ретінде  өз  активтерін  пайдалану  рентабельділігі  төмендеген,  сондықтан  кәсіпорын  өзінің  инвестициялық  саясатын  жетілдіруі  қажет,  жеке  алғанда  инвестициялық  жобаларды  экономикалық  және  қаржылық  талдау  әдістерін  қолдануды  көрсетеді.  Өндірістік  шаруашылық  қызметті,  қаржы  саясатын  жетілдіруді    және  кәсіпорын  баға  құруды  толық  талдаған  жағдайда  өзінің  қаржылық  қызметін  тұрақтандыру  және  оны  тұрақты  деңгейге  көтеруге  мүмкіндігі  бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. КӘСІПОРЫНДЫ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ  ЖАҒДАЙЫН  

ТАЛДАУДЫҢ РОЛІ

 

Кәсіпорынды  жетілдірудегі  қаржылық  жағдайын  талдаудың  рөлін  бағалау  қиынға  соғады.  Себебі  екіншісін  біріншісінсіз  жүзеге  асыру  мүмкін  емес.  Кәсіпорынның  өткенін  және  қазіргі  қызметін  зерттемей  тұрып,  оның  болашағын  болжау  мүмкін  емес.  Даму  болашағын  талдау  тікелей  ағымдағы  қызметін  талдаудан  шығады  және  кәсіпорынды  стратегиялық  басқарудың  ажырамас  бөлігі  болып  табылады.  Талданып  отырған  кәсіпорын  тұрақсыз  қаржылық  жағдайға  ие.  Бұл  жағдайда  даму  болашағы  жөнінде емес,  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын  сауықтыру  әдістері  туралы  айту  қажет.  Бұны  алдын  ала  талдаусыз  мүмкін  емес.

Бірақ  та  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайы  туралы  ақпаратты  осы  кәсіпорынның  басшысы  да  ала  алмайды.  Ол  кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығын  анықтауға  мүмкіндік  беретін  көрсеткіштермен  бір  тоқсанда ең  аз  дегенде  бір  рет  бухгалтерлік  есептілікке  қол  қойғанда  кездеседі.

Менің  пікірімше,  қаржылық  тұрақтылық  деңгейі  кәсіпорын  кез  келген  стратегиялық,  басқарушылық  шешімдерді  қабылдау  негізінде  енуі  тиіс.  Әрине  қаржылық  талдауды  күнделікті  жүргізу   қиынға  соғады.  Себебі  ол аяқталған  есептік  көрсеткіштерді  талап  етеді.  Бұл  отандық  кәсіпорында  арнайы  бөлімдерді  жүргізуге  немесе  талдау  мен  менеджмент  саласында  сәйкес  білімдері  бар  жұмысшылардың  болуын  қолдайды,  себебі  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын  талдаудың  әдістемесін  жетілдіру  және  дамыту  басқару  сапасын  көтерудің  негізгі  факторы  болып  табылады.  Кәсіпорынды  стратегиялық  басқарудың  әдістемесінің  кемшіліктері  көптеген  кәсіпорындар  жұмыстарының  мүмкіндіктерін  азайтады.

Айта  кету  қажет,  қазір  кадрлардың  біліктілігін  жоғарылатуды  ең  басты  міндеттер  қатарына  қойған  қазақстандық  фирмалар  өте аз.  Көп  жағдайларда  бұл  мәселе  бойынша  компаниялар  бір  күнмен  өмір  сүруде.  Кадрлар  мәселесі  ірі  компанияларда  да сонымен  қатар  ұсақ  фирмалар  да  стратегиялық  сипатқа  ие.

Кәсіпорын  қызметі  жоғары  деңгейге  жету  үшін  менеджмент  оның  қаржылық  тұрақтылығын  және  төлем  қабілеттілігін  жоғарылатуға  бағытталған  стратегияны  ұстап  тұруы  қажет.  Кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығы  және  дербестігі  оның  дамуы  үшін  негіз  болып  табылады.

Екінші  бөлімде  қаржылық  жағдайды  талдау  негізінде     «Бидай  нан»  АҚ–ның   балансының  құрылымын  қанағаттанарлықсыз  деп  таптық.  Бұл  жағдай  көптеген  факторларға  байланысты:  инвестициялық  стратегияның  жеткіліксіздігі,  негізделмей  қолданылатын  несиелер,  менеджменттің  төмен  деңгейі.  Осылардың  барлығы  пайданың  төмендеуіне,  дебиторлық  берешектердің  өсуіне,  қолма–қол  ақшаның  жетіспеуіне  әкеледі.  Бұл  жағдайда  кәсіпорынның  банкроттық   ықтималдығын  анықтау  үшін  қосымша  есептеулер  жүргізу  қажет.

Нарықтық  экономикасы  бар  дамыған  елдерде  банкроттықты болжауды анықтау  үшін  Э.Альтманның  көп  факторлық  модельдері  қолданылады.

1968  жылы  ол  болжаудың  5  факторлық  үлгісін  ұсынды.  Модельді  жасап  шығаруда  66  өндіріс  субъектілерін  зерттеді.  Олардың  жартысы  1946 – 1965  жылдар  аралығында  табысты  жұмыс  істеген.  Осының  бәрі  оған  5  негізгі  көрсеткіштерді  атап  көрсетуге  көмектесті.  Э.Альтманның  моделі  (несие  қабілеттілік  индексі)  төмендегідей  бейнеленеді.

Z = 3, 3 Ki + 1, 0 K2 + 0,6 K3 + 1,4K4 + 1,2 K5                      (17формула)

Бұл  модель  бойынша  болжаудың  дәлдігі  1  жылға  95% — ды,  2  жылға  83% — ды  құрайды.

Біздің  қаржылық  есептілігімізде  анықталғандай  бұл  көрсеткіштер  келесідей  анықталады:

                     Меншікті  айналым  қаражаттары

     К1 = ——————————————————                          (18формула)

                               Барлық  активтер   

 

                                  Бөлінбеген  пайда

     К2 = ——————————————————                          (19формула)

                                     Барлық  активтер

  

          Салықтар мен пайыздарды төлеуден бұрынғы пайда

  К3 = ——————————————————————          (20формула)

                                    Барлық  активтер    

 

                    Меншікті капиталдың  нарықтық құны

                   (жай және артықшылығы бар акциялар)

К4 = ——————————————————                          (21формула)

                Тартылған капитал (баланс бойынша қарыз

                                   қаражатарының  сомасы) 

 

                            Өткізуден түскен пайда

     К5 = ——————————————————                          (22формула)

                                Барлық  активтер   

 

    «Бидай  нан»  АҚ–ның    қаржылық  есептілік  көрсеткіштері  бойынша  банкроттық  ықтималдығы  аз  ғана  мөлшері.  Егер  2004  жыл  басында  Z = 3,4564,  ал  2005  жылы  ол  3,1219 – ға  төмендеді.  Бірақ  келесі  кезеңде  өткізуден  түскен  пайданың  жоғары  көлеміне  байланысты  банкроттық  ықтималдығы  азайған.  Баланстың  қанағаттанарлықсыз  құрылымында  шаруашылық  суъебктісінің  нақты  мүмкіндіктерін  тексеру  үшін   6  ай  мерзімге  төлем  қабілеттілігі  коэффициенті  есептелінеді:

 

Кв =    КТл  + ПВ (КТл  ККл)                                                             (23формула)

                        КТл

КТл  және ККл – есепті  кезеңнің  басы  мен  аяғына  ағымдық  өтімділік  коэфициентінің  нақты  мәні.

 ПВ – төлем  қабілеттілігін  қалпына  келтірудің  бекітілген  кезеңі (ай);

 По – есепті  кезең;

 КТл  = 2,0.

     «Бидай  нан»  АҚ – на  2005 жыл  басындағы  берілген  көрсеткіштерді  есептейміз.  Ол  0,6675 – ке  тең,  сондықтан  да  жақын  арадағы  алты  айда  өзінің  төлем  қабілеттілігін  қалпына  келтіру  мүмкін  емес,  себебі  КВ – 1- ден  аз.  Егер  осы  коэффициент  көрсеткіші  1 – ден  көп  болса,  онда  алты  айдан  артық  мерзімге  кейінге  қалдыруға  болады.   Баланстың  қанағаттанарлық  құрылымында  қаржылық  жағдайының  тұрақтылығын  тексеру  үшін  үш  ай  мерзімге  төлем  қабілеттілік  коэффициенті  есептелінеді: 

       Ку = КТл + П ( КТл – ККл ) / КТл                                                 (25)

Ку – төлем  қабілеттіліктің  белгіленген  кезеңі.

— бір  немесе  бірнеше  тапсырыс  берушілердің  төлемеу  қаупін  азайту  мақсатында  мүмкіндігінше  тапсырыс  берушілердің  көп  санына  негізделуі  керек; 

— дебиторлық  және  кредиторлық  берешектердің  арақатынасын  сақтап  отыру  керек. 

     Кәсіпорынның  бюджетке  және  бюджеттік  емес  қорларға  төлемдері  бойынша  берешектері,  сонымен  қатар  олар  бойынша  өсімақылар  кәсіпорынға  критериялық  жағдайдан  шығуына  кедергі  келтіруі  мүмкін.   Сондықтан  кәсіпорын  өзінің  бар  берешектерінің   құрылымын  өзгерту  керек.

    Көрсетілгендей,  кәсіпорын  табысты  қызмет  ету  үшін  айналым  активтерін  көбейту  қажет.  Себебі  кәсіпорын  іс  жүзінде  тартылған  капиталды  қолданбайды,  сондықтан  бұл  мәселені  шешудің  жақсы  нұсқасы  төмен  пайызбен  ұзақ   мерзімді  несие  тарту  болар  еді.  Сөз  жоқ,  мұндай  инвесторды  табу  қиын,  алайда  несиені  алуға  мүмкіндіктер  көбейеді,  егер  ол  несиені  кепілдікке  өз  мүлкін  қою  арқылы  алуға  тырысса,  бәрібір  ол  мүліктердің  көпшілігі  қолданылмайды.

    Сонымен  қатар  қолданылмайтын  негізгі  құралдардан  (бұл  негізінен  сауда  аумақтары)  құтылуға  (жалға  беру,  сату)  тырысу  қажет.  Нәтижесінде  ағымдағы  қызметін  жүргізу  үшін  қажет  қаражаттарды  алады  және  өзінен  артық  жүкті  түсірер  еді.  Алайда  бұл  сауда  орындарын  қолдану  аймағын  табудың  қиындығы  себептеріне  байланысты  сатып  алушылар  мен  жалға  алушыларды  табу  өте  қиын. 

            Сондықтан  өздерінің  негізгі  құралдарын  тиімдірек  қолдану  бойынша  мүмкіндіктерін  іздестіру  қажет,  бизнестің  бәсекеге  қабілеттілігін  көтеру  үшін  өте  икемді  баға  саясатын  жүргізуге  ұмтылу  қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Сонымен,  жоғарыда  айтылғандарды  түйіндей  келе,  келесідей  қорытындыларға  келдік.

 Кәсіпорынның  қаржылық  жағдайын  талдау  қаржылық  талдаудың  бөлігі  табылады.  Егер  кәсіпорынның  жағдайы – бұл  капиталдың  айналым  шеңбері  үрдісіндегі  жағдайын  бейнелейтін  экономикалық  категория  болса,  онда  кәсіпорынның  қаржылық  жағдайы  бұл  одан  да  кең  түсінік.  Ол  субъектінің  даму  тенденциясының, оның  қаржылық  және  тауар  нарығындағы  орнын  бейнелейді,  ал  қаржылық  жағдайын  бағалау  үшін  субъектінің  бірнеше  жылғы  қаржылық  жағдайын  анықтауға  қажетті  көзі  болып  қаржылық  жағдайы  туралы  мәліметтерді,  қызмет  етудегі  өзгертулер  мен  нәтижелерді  көрсететін  қаржылық  есептілік  табылады. 

 Қаржылық  жағдайды  талдаудың  құндылығы  мынада:  оның  негізінде  кәсіпорынның  даму  болашағын  бағалау  жүргізіледі.  Даму  болашағын  талдау  өткен  және  ағымдағы  қызмет  етуді  талдаудан  шығады  және  кәсіпорынды  стратегиялық  басқарудың  ажырамас  бөлігі  болып  табылады.  Алайда,  егер  фирма  тұрақсыз  қаржылық  жағдайда  болса,  онда  бұл  жағдайда  дамудың  болашағы  жөнінде  емес,  ал  оның  қаржылық  жағдайын  сауықтыру  әдістері  туралы  айту  керек.  Мұны,  сонымен  қатар,  алдын  ала  талдаусыз  жүргізу  мүмкін  емес.  Бұл  дипломдық   жұмыста  талдау  объектісі  ретінде  нан  өндіруге  мамандандырылған «Бидай  нан»  АҚ –ның  қаржылық  шаруашылық  қызметі  таңдап  алынды,  талдау  төмендегі  бағыттар  бойынша  жүргізіледі:

  1. кәсіпорынның төлем  қабілеттілігін  және  баланстық  өтімділігін  талдау;
  2. шаруашылық субъектінің  рентабельділігін  және  іскерлік  белсенділігін  талдау.

Талдаудың  мәліметтері  негізінде  төмендегі  қорытындыларға  келдік:

— бухгалтерлік  баланс  баптарын  талдау  активтерді  ағымдағы  ұзақ  мерзімге  үлестіру  бірдей  мөлшерде  өткенін  көрсетеді.  Ағымдық  активтердің  ең  үлкен  үлестік  бөлігін  ең  аз  өтімділігі  бар  материалды  қорлар  құрайды.  Талдау  кезеңі  соңында  активтердің  құрылу  көздерінің  ең  үлкен  үлестік  бөлігін  міндеттемелер  алып  отыр,  бұл  ұзақ  мерзімді  несиелердің  өсуімен  байланысты;

— кәсіпорын  тұрақсыз  қаржылық  жағдайға  ие,  яғни  тауарлы – материалдық  қорлардың  құны  меншікті  айналым  капиталымен  және  қарыз  құралдарымен  жабылмайды;

— бухгалтерлік  балансы  төмен  өтімділігімен  сипатталады,  себебі  ағымдағы  активтердің  көп  бөлігі  қорлармен  байланысты;

— кәсіпорынның  іскерлік  белсенділік  көрсеткіші  кәсіпорынның  негізгі  қызметтен  зиян  шеккеніне  байланысты  теріс  мәнге  ие.  Таза  рентабельділік  пен  сату   рентабельділігі  көрсеткіштерінің  мәні  азайған.

Менің  пікірімше  «Бидай  нан»  АҚ –ның  қаржылық  жағдайын  тұрақтандыра  алмаудың  негізгі  себептерінің  бірі  болып  кәсіпорында  бәріне  ортақ  стратегияның  болмауы  табылады.  Мұндай  стратегияның  болуы  оның  тактикалық  қаржылық  және  материалдық  мүмкіндіктерімен  салыстыруға  көмектеседі.

Жоғарыда  айтылғандардан  кәсіпорынның  фирманы  басқарудың  жалпы  мақсаттарына  жету  үшін  бағытталған  жүйенің  болуына  қажеттілігі  көрініп  тұр.  Мұндай  жүйе  болып   қаржылық   менеджмент  табылады.  Сондықтан  қаржылық   менеджментті  кадрлармен  қамтамасыз  ету   стратегиялық  сипатқа  ие  болу  қажет.

Сонымен  қатар, кәсіпорынды  қаржылық  сауықтыру  үшін  келесі  шаралар  қолдануы  керек:

— кәсіпорын  өзінің  ағымдық  активтер  құрылымын  жақсарту  керек:  Материал  қорларын,  дайын  өнімді  қысқарту  керек.  Дебиторлық  берешектер  көлемін  азайту  қажет.  Мұндай  шаралар  қорларды  сақтау  бойынша  шығындардың  азаюына  әкеледі,  олардың  бүлінуін  төмендетеді, дебиторлық  берешектер  сапасын  жақсартады,  оны  төлеу  мерзімін  тездетеді,  соның  нәтижесінде  кассаға  қолма – қол  ақшаның  түсуін  көбейтеді.  Сонымен  бірге  кәсіпорындағы  қолданылмайтын  аумақтар  мен  құралдардан  құтылу  қажет,  яғни  кәсіпорынның  тұрақты  шығындары  азаяды;

— кәсіпорын  өзінің  меншікті  капиталдарын  көбейту  керек,  оның  негізгі  көзі  болып  бөлінбеген  пайда  табылады. Меншікті  капитал  көлеміне  жанама  түрде  рентабельділіктің  өсуі  және  коммерциялық  саясат  деңгейі  әсер  етеді.  Жоғарыда  айтылған  шараларды  орындау  қаржылық тұрақтылықтың  біртіндеп  тұрақтануына  әкеледі  және  өтімділік  көрсеткіштері,  кәсіпорынның  төлем  қабілеттілігі  өседі:

— пайданы  көбейту  үшін  өнім  сапасына  көп  көңіл  бөлу  қажет (бұл  оған  деген  сұранысты  көтереді,  бәсекелестері  арасында  фирманың  беделі  артады)  және  өндіріс  шығындарын  азайту  (бағаны  төмендету  нәтижесінде,  қорытынды  пайданы  көбейтуге  болады).  Шығындарды  төмендету  тиімсіз  технологиялар  мен  техникалардың  үлес  салмағын  азайтуға,  қорлардың  азаюына,  дебиторлық  берешектер  сапасының  өсуіне,  жалпы  және  әкімшілік  шығындардың  мөлшерінің  төмендеуіне  әкеледі:

— айналым  көрсеткіштерін  жоғарылату  үшін  аса  тиімді  маркетингтік  стратегия  жасап  шығаруы,  жарнаманы  кеңінен  қолдануы  және  әртүрлі  әдістермен  өнімнің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  қажет;

— фирманың  маңызды  мақсаттарының  санатында  кәсіпорындағы  аудиттің  және  қаржылық  менеджменттің  рөлі  мен  мағынасын арттыру  сияқты  мақсаттар  болуы  қажет.

   Жоғарыда  айтылған   шараларды  орындаған  жағдайда   «Бидай  нан»  АҚ  өзінің  қаржылық  жағдайын  тұрақтандыра  алады  және  өндірістік  және  қаржылық  әрекеттер  жаңа  сапалы  деңгейге  шығара  алады.

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» Қазақстан Республикасы ның президенті  Н.А.Назарбаевтың халққа 28.02.2007  жылғы жолдауы .
  2. Қаржылық есептілік және  құрастыруға концептуальдық негіздер.  10.2002жылғы.
  3. Савицкая Г.В. Анализ хозяйственной  деятельности  предприятия. – 5-ое изд.Минск:ООО «Новое знание», 2001
  4. «Қаржылық есептілікті ұсыну» №1 ХҚЕС.
  5. Бухгалтерлік есептің «Қаржылық есептілікті ұсыну» №1 халықаралық стандартың қолдану бойынша әдістемелік нұсқаулар.
  6. Финансовый учет. Проект  по  развитию  малого  и  среднего  бизнеса  в  Центральной  Aзии:  Учебное  пособие.  Алматы:  Корпорация «Карана», 2002 
  7. «Қаржылық есеп беруді ұсыну» № 30 БЕС 17 .01.2003 жыл
  8. Радостовец В.К.,Радостовец В.В.,Ғабдуллин Т.Ғ.,Шмидт   О.И.
    Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. \ өңделіп және толықтырылып 3-ші басылымы. — Алматы: қаз Аудит Орталығы, 2002 ж.
  9. Любушин Н.П., Лещева В.Б., Дьякова В.Г. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия.М.: Юнити-Дана, 2001
  10. Ковалев В.В.  Введение  в  финансовый  менеджмент. – Финансы и  статистика,2001 ж.
  11. Әбдіманапов Ә.Ә.  Бухгалтерлік  есеп  теориясы  және принциптері. -Алматы: АЙАН, 2001 ж.
  12. Рахимбекова Р.М., Кеулімжаев Қ.К., Айтхожина Л.Ж., Кинхузова К.К.,
    Сальменова А.Т. Финансовый учет на предприятии. — Алматы:
    Экономика, 2003 г.
  13. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы. — Алматы, Экономик С, 2003 ж.
  14. Половинкин С.А.  Управление  финансами  предприятия. М.: ИДФБК – ПРЕСС, 2001ж.
  15. «Ақша қозғалысының есебі» №4 БЕС. ҚР Ұлттық комиссиясының қаулысымен бекітілген, 28 тамыз 2002 ж №390 қаулысымен енгізілген өзгертулермен бірге

10.Толпаков Ж.С. Бухгалтерский учет.- Караганда, 2004 г.

  1. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов  Э.Т.,  Жұмағалиев  Ж.Г.  Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау \ Оқу құралы. — Алматы: Экономика, 2001 ж.

12.Баймұханова С.Б., Балапанова Ә.Ж. Бухгалтерлік есеп: Оқу құралы. -Алматы, Қазақ университеті, 2001 ж. 13.ҚР Ұлттық комиссиясының 13 қаңтар 1996 ж № 3 қаулысымен бекітілген

  1. Газарян В.В. Значение анализа  финансового  состояния  предприятия  для  выводов  в  аудиторском  заключении //Бухгалтерский  учет. 2001 ж. — №7

14.Тасмаганбетов Т.А.,Омаров А.Ш., Әлібекова   Б.А.,Рабатов О., Байболтаева Н.Э., Радостовец В.К. Қаржы есебі. — Алматы: Дәуір,1998ж.

15.Ержанов М.С., Ержанова А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция счетов. — Алматы: Ержанов и К, 2003 г. 16.Попова Л.А.,Жұматова М.Қ.,Нурхалиева Д.М.,Омашева А.Б.

Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Оқу құралы.-Карағанды:Қар МУ

баспасы, 1998 ж.

17.Шеремет А.Д. Методика финансового анализа  деятельности

коммерческих организации: М., 2004г

18.Хотинская Г.И. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: на примере предприятии сфере услуг:  Учебное пособие- М.: Дело и Сервис,2004г

19.Чечевицына Л.Н.,Чуев И.Н.Анализ финансово — хозяйственной

деятельности — М.: ИЦК «Маркетинг», 2001г

 20.Ефимова О.В., Мельник М.В. Анализ финансовой отчетности: Учебное пособие — М.: Омега — Л, 2004г

21.Ковалеев В.В.  Финансовый учет-2004.

22.МСФ//Журнал-Долг Бико. 2005-2007

23.Абрютина М.С., Грачев А.В. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия: учебно-практическое пособие. — Москва: Дело и сервис, 2000

24.Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ: учебное пособие. – Москва-Новосибирск: Дело и сервис, 1999

  1. Анализ и диагностика финансово-хозяйственной деятельности предприятия: учебное пособие для ВУЗов, под ред. П.Табурчака, В.М.Тумина, М.С.Сапрыкина. Ростов-на-Дону: Феникс, 2002

26.Аньшин В.М. Инвестиционный анализ: учебное пособие для программ подготовки управленческого персонала. — Москва: Дело, 2000Демеуов Б. «Анализ и оценка финансового положения компании в конкурентной среде», Қаржы-Қаражат, №6, 2003, стр. 68

  1. Жуйриков Р. «Основные элементы финансового анализа и способы проверки статей баланса», Банки Казахстана № 3, 2004, стр. 36-37
  2. Конырбаев А. «Анализ финансовых коэффициентов», Бухгалтер + Компьютер № 5, май 2001, стр. 18-22

29.Федотова М.А. Как оценить финансовую устойчивость предприятия.      // Финансы. – 2004. —  №3. —  с. 14.

30.Финансовая отчетность ТОО « Экспо» за 2003-2005 жж.

 

Қосымша  1

«Бидай  нан» АҚ – ның  актив  балансының  құрылымы  мен  динамикасы

 

Көрсеткіштер

2004 жыл басында

 

2005 жыл басында

Жыл ішіндегі өзгерістер

2006 жыл басында

Жыл ішіндегі өзгерістер

Сома,тенге

%-дық үлеспен

Сома,тенге

%-дық үлеспен

Сома,тенге

%-дық үлеспен

Сома,тенге

%-дық үлеспен

Сома,тенге

%-дық үлеспен

 

I. Ұзақ мерзімді активтер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Материалдық емес активтер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Бастапқы  құн

20.000

0.02

20.000

0.01

0

0

 

 

-20.000

-100.0

2

Жиналған  тозулар

 

 

8000

0.00

8000

-8000

-100.0

3

Қалдық құн

20.000

0.02

12000

0.0

-8000

-0.4

-12000

-100.0

4

Жер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5

Құрылыстар мен ғимараттар

500.000

0.4

854100

0.6

354100

70.8

854100

0.5

0

0

6

Құрал – жабдықтар мен машиналар

38862109

35.2

56121636

40.4

17259527

44.4

58695327

38.8

2575692

4.6

7

Негізгі құралдар мен басқалары

18159844

16.4

12840412

9.2

-5319392

-29.3

20285141

13.4

7444619

57/9

8

Жиналған тозу

25225917

22.8

28716006

20.7

3490089

13.8

36521392

24.2

7805386

27.2

9

Қалдық құн

63200001

57.2

71440537

51.4

8240536

13.0

7353931

48.7

2098794

2.9

10

Аяқталмаған іргелі құрылыс

 

 

4911618

3.5

4911618

 

967677

0.6

-3943941

-80.3

 

Барлығы

63220001

57.2

76364155

54.9

13144154

20.8

74507008

49.3

-1857147

-2.4

 

 

 

Қосымшаның  жалғасы

 

 

 

ІІ. Ағымдағы активтер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тауарлы – материалдық қорлар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11

Материалдар

24240504

21.9

32243475

23.2

7993971

32.9

41401937

27.4

9167462

28.4

12

Аяқталмаған құрылыс

6342198

5.7

54750076

3.9

-867122

-13.6

5655087

3.7

180011

3.3

13

Дайын өнім

5570294

5.0

8587868

6.2

3017574

54.1

6772126

4.5

-1815742

-21.1

14

Дебиторлық берешек

9746158

8.8

14298824

10.3

4552666

46.7

21745338

14.4

7446514

52.0

15

Ақша қаражаттары

1316721

1.2

1920217

1.4

603497

45.8

966645

0.6

-953572

49.6

16

Басқа да ағымдағы активтер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы

47215875

42.7

62516460

45.0

15300585

32.4

76541133

50.6

140246703

22.4

 

Барлығы

110435876

100

138880616

100

28444740

25.7

151049141

100

12168525

8.7

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша  2

 

«Бидай  нан» АҚ – ның  пассив  балансының  динамикасы  мен  құрылымы

 

Көрсеткіштер

2004  жыл басында

2005 жыл басында

2006 жыл басында

Сома, теңге

%

Сома, теңге

%

Сома, теңге

%

 

Барлығы

110435876

100.0

138880616

100.0

151049141

100.0

 

1. Меншікті капитал

 

 

 

 

 

 

1

Жарғылық капитал

17152685

15.5

17152685

12.3

17152700

15.00

2

Қосымша төленбеген капитал

11075200

10.0

11075200

8.0

 

 

3

Бөлінбеген табыс

27392000

24.8

20.735123

14.9

17098381

11.3

 

Барлығы

55619885

50.3

48963008

35.2

34251081

11.3

 

2. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

 

 

 

 

 

 

4

Ұзақ мерзімді несиелер

16696025

15.1

32761764

23.6

64207779

42.5

 

Барлығы

16696025

15.1

32761764

23.6

64207779

42.5

 

3. Ағымдағы міндеттемелер

 

 

 

 

 

 

5

Кредиторлық бершек

29445140

22.6

22484709

16.2

37761791

25.0

6

Салық бойынша берешек

8674836

7.8

14671134

10.5

5996308

9.8

 

Барлығы

38119966

34.5

37155843

26.7

52590281

34.8

 

 

 

 

 

 

Қосымша  3

 

Кәсіпорынның  қаржылық  тұрақтылығына  қатысты  көрсеткіштер

 

Көрсеткіштердің  атауы

Есептеу

Көрсеткіштердің мәні

Норматив

1

2

3

4

5

1

Дербестік коэффициенті

Меншікті капитал / жиынтық капитал

Кәсіпорынның қарыз  қаражаттарынан қаншалықты тәуелсіздігін және меншікті қаражаттарын айналымға шығаруын көрсетеді

 

↑↓0,5

2

Қаржыландыру коэффициенті

Меншікті капитал / тартылған капитал

Кәсіпорын қызметінің қай бөлігі меншікті қаражаттар есебінен, қай бөлігі қарыз қарыз қаражаттар есебінен қаржыланатынын көрсетеді

 

↑↓ 1

3

Борыштық және меншіктік қаражаттардың ара – қатынасы

Қарыз қаражаттары/ меншікті капитал

Кәсіпорынынң меншікті қаражаттарының 1 теңгеге қаншалықта қарыз қаражаттарының тартылатынын көрсетеді

 

↑↑ 1

4

Қаржылық тұрақтылық коэффициенті

(Меншікті капитал + ұзақ мерзімді міндеттемелер) / жиынтық капитал

Кәсіпорынның мүліктерінің қай бөлігі тұрақтылар есебінен құрылғанын көрсетеді

 

↑0,9

5

Ұзақ мерзімді қарызда тарту коэффициенті

Ұзақ мерзімді міндеттемелер / (меншікті капитал + ұзақ мерзімді міндеттемелер)

Кәсіпорын қарыз қаражаттарын өндірісті кеңейтуге және жаңартуға қаншалықты тиімді қолданғанын бағаланады

 

 

 

Қосымша 3 жалғасы

 

6

Кредиторлық және дебиторлық берешектердің ара қатынасы

Дебиторлық қарыз / кредиторлық қарыз

Кәсіпорынның кредиттік берешегінің қаншалықты дебиторлық берешектермен жабылғанын көрсетеді

 

↑2

7

Маневрлік коэффициент

Меншікті айналым капиталы / меншікті капитал

Меншікті қаражаттардың қай бөлігі айналыста екенін көрсетеді

 

↑0,5

8

ТМҚ – ны жабу коэффициенті

ТМҚ / меншікті капитал

ТМҚ қаншалықты меншікті қаражаттармен жабылғанын көрсетеді

 

0,6 – 0,8

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 4

 

«Бидай  нан»  АҚ бухгалтерлік  балансының  пассивінің  өсу  қарқыны

 

 

Көрсеткіштер

2001ж. өсім қарқыны

 

2002ж. өсім қарқыны

 

базистік

цептік

базистік

цептік

 

Барлығы

0,26

0,26

0,37

0,08

 

I.Меншікті капитал

 

 

 

 

1

Жарғылық капитал

0

0

0

0

2

Қосымша төленбеген капитал

0

0

 

 

3

Бөлінбеген пайда

-0,24

-0,24

-0,38

-0,18

 

Барлығы

-0,12

-0,12

-0,39

-0,30

 

II.Ұзақ мерзімді міндеттемелер

 

 

 

 

4

Ұзақ мерзімді несиелер

0,96

0,96

2,84

0,95

 

Барлығы

0,96

0,96

2,48

0,95

 

III.Ағымдағы міндеттемелер

 

 

 

 

5

Кредиторлық берешек

-0,24

-0,24

0,28

0,64

6

Салық бойынша берешектер

0,69

0,69

0,71

0,01

 

Барлығы

-0,03

-0,03

0,38

0,41

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша  5

 

Баланс  активтерін олардың  өтімділік  деңгейі  бойынша  топтау

 

 

Топ

Белгілері

Актив тобына кіретіндер

 

Ең өтімді активтер

 

А1

-ақша қаражаттарының барлық статьялары – бағалы қағаздар

 

Тез өткізілетін активтер

 

А2

— қысқа мерзімді дебиторлық берешек – дайын өнім және тауарлар

 

Жәй өткізілетін активтер

 

А3

— өндірістік қорлар – ҚҚС – ұзақ мерзімді инвестициялар – құрылтайшылармен есептесу – аяқталмаған өндіріс – алдағы кезең шығындары кіргізіледі

 

Қиын өткізілетін активтер

 

А4

— МЕА – негізгі құралдар – салымдар – басқа кәсіпорындарға жарғылық капиталға салымдар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

Қосымша 6

 

Баланс пассивтерін оларды төлеу мерзімі бойынша топтау

 

Топ

Символ

Пассив баптары тобына кіретіндер

 

Ең жедел міндеттемелер

П1

Кредиторлық берешек –уақытында төленбеген қарыздар, дивидент бойынша есептесулер-еңбекақы бойынша есептесулер-басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер

 

Қысқа мерзімді міндеттемелер

П2

Қысқа мерзімді несие және қарыз –жұмысшылар үшін қарыздар

 

Ұзақ мерзімді міндеттемелер

П3

Ұзақ мерзімді несиелер және қарыздар

 

Тұрақты міндеттемелер

П4

Меншікті капитал-баланс активіндегі алдағы кезең шығындары бабы бойынша шама сомасына азайтылған «меншікті капитал» пассивтің 1-ші бөлімі бабы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                          

 

Қосымша 7

 

Кәсіпорынның өтімділік көрсеткіштерінің мәнін есептеу тәртібі

 

 

Көрсеткіш атауы

символ

Есептеу тәртібі

Мәні

Шегі

Абсолютті өтімділік коэффициенті

Кал

Ақша қаражаттары және тез өткізілетін бағалы қағаздар/ең жедел және қысқа мерзімді міндеттеме

Ағымдағы міндеттемелердің қай бөлігінің тез өтелетіндігін көрсетеді

>0,2

Жабу «өтеу» коэффициенті

Кпп

(Алымы Кал+дебиторлық берешек және басқа да активтер)/ең жедел және қысқа мерзімді міндеттемелер

Ағымдағы активтердің қай бөлігінің тек қана ақша қаражаттарының есебінен ғана емес, тауарлар, жұмыстар, міндеттерден күтілетін түсімдер есебінен өтелетінін көрсетеді

>1

Жалпы жабу коэффициенті(ағымдағы өтімділік)

Ктл

Ағымдағы активтер/ең жедел  және қысқа мерзімді міндеттемелер

ТМҚ-ны сату жағдайында бағаланатын кәсіпорынның төлем мүмкіндігін бекітуге мүмкіндік береді.

>2

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                         

 Қосымша 8

 

Іскерлік  белсенділік  көрсеткіштері  және  оларды  есептеу  тәртібі

 

 

Атауы

 

Есептеу тәртібі

Талдау  үшін  мәндері

1

2

3

4

1

Трансформация    коэффициенті

Өткізуден  табыс  /  кезеңде  орташа  алғандағы  баланс  валютасы

Бір  жылда  өндірістің  және өнімнің  кезеңін  өткізілген  және өнімнің  қанша  ақша бірлігін  әкелгенін  көрсетеді

2

Негізгі  құралдардың  айналғыштығы

Өткізуден  түскен  пайда /  орташа  алғанда  бір  жылғы  қалдық  құны

Негізгі  өндірістік  өндірістік  қорлардың  пайдалану  тиімділігін  сипаттайды

3

Меншікті  капитал  айналғыштығы

Өткізуден  түскен  пайда  /  орташа  алғандағы  жылдық  өлшем

Меншікті  капиталды  пайдаланудың  тиімділігін  сипаттайды

4

Ағымдағы  активтердің  айналғыштығы

Өткізуден  түскен  пайда  /  орташа  алғандағы  жылдық  ағымдағы  активтер  мөлшері

Оның  айналғыштығын  тездету  ағымдағы  активтердің  қажеттілігін  төмендетеді

5

Бір  айналым  ұзақтығы

360 / ағымдығы  активтердің  айналғыштығы

Айналғыштықты  тездету  айналымнан  қаражаттарды  шығаруды  көрсетеді

6

Қосымша  тартылған қаражаттар  коэффициенті

Есепті  жылдағы  өткізуден  түскен  пайда / есепті  жылдағы  айналым  кезеңі — өткен  жылдағы  айналым  кезеңі

Айналымдағы  қосымша  тартылған  қаражаттар  шамасын  көрсетеді

 

 

 

Қосымша  8  жалғасы

 

1

2

3

4

7

Материалдық  айналым  қаражаттарының  айналғыштығы

Өткізілген  өнімнің  толық  өзіндік  құны / өндірілген  қорлардың  орташа  құны

Мәні  жоғары  болған  сайын  айналым  капиталы  өтімділік  құрылымға  ие  болады

8

Дайын  өнім  айналғыштығы

Өткізуден  түскен  пайда / орташа  алғанда  бір  жылғы  дайын  өнім

Өсу  өндірістің  өнімге  сұраныстың  көбейгенін,  ал  төмендеу  жиналып  қалуды  білдіреді

9

Дебиторлық  берешек  айналғыштығы

Өткізуден  түскен  пайда / кезеңдегі  орташа  дебиторлық  берешек

Дебиторлық  берешек  сапасын  бағалау  үшін  қолданылады

10

Дебиторлық  берешектің  орташа  мерзімдік  айналымы

360 / дебиторлық  берешек  айналғыштығы

Фирма  клиентіне шотын  төлеуге  қолданылатын  уақытын  сипаттайды

11

Төлеуге  тиісті  шоттың  айналғыштығы

Өткізуден  түскен  пайда / төленуге  тиісті  шоттардың  орташа  шамасы

Субъект  берешектерін  төлеу  жылдамдығының  өзгерісін  көрсетеді

12

Төленуге  тиісті  шоттардың  орташа  мерзімі

360 / төленуге  тиісті  шоттардың  айналғыштығы

Субъект  қарыздарын  қайтарудың  орташа  мерзімдік  көрсеткіші

13

Ақша  қаражаттарының  айналғыштығы

Кезеңдегі  ақша  қаражаттарының  айналғыштығы / ақша  қаражаттарының  орташа  қалдығы

Субъектің  ақша  қаражаттарына  мұқтаждығын  сипаттайды 

14

Ақша  қаражаттарының  айналым  ұзақтығы

Ақша  қаражаттарының  орташа  қалдығы * 360 / кезеңдегі  ақша  қаражаттарының  айналымы

Ақша  қаражаттарының  жеткілігін  бақылауға  мүмкіндік  береді