АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақ халқының қалыптасуындағы алаш қауымының орны мен маңызы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

                                                                                          

ӘЛ‑ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

ДИПЛОМ  ЖҰМЫСЫ

 

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ АЛАШ ҚАУЫМЫНЫҢ ОРНЫ МЕН МАҢЫЗЫ

 

 

 

Алматы — 2010

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ …………………………………………………………………………………………….

 

  1. «АЛАШ» ЭТНОНИМІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҒЫНАСЫ ……………………  1.1 «Алаш» этнониміне тарихи көзқарас  ………………………………………………           1.2 Түркеш қағанаты және Алаш ұлысы …………………………………………………..

 

  1. ҮШ САН АЛАШ ЖӘНЕ АЛАШ МЫҢЫ НЕГІЗДЕЛУІ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ ………………………………………………………………….

 

  1. АЛТЫ САН АЛАШ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ………….

3.1 Алты сан Алаш (Жалайыр, Қоңырат, Алшын, Арғын, Найман, Қыпшақ)  қауымдастығына зерттеушілердің көзқарастары ……………………

3.2  Алты сан Алаш − Қазақ этнонимінің синонимі  ………………………………..

 

ҚОРЫТЫНДЫ  ……………………………………………………………………………………….

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ……………………………………………                                                                                                  

 

КІРІСПЕ

 

Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Әрбір мемлекеттің негізгі капиталы халық. Сол себептен зерттеу жұмысы қазақ халқының қалыптасу мәселесіне арналады. Аталмыш тақырып аясында автор негізінен қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін және оған алаш қауымының тигізген үлесін қарастырады.

Диплом жұмысының өзектілігі.  Дүние жүзінде мыңнан астам халық өмір сүреді. Оның әрқайсысының халық болып қалыптасуының өзіндік, ерекшеліктерге толы, жолдары бар. Сол сияқты біздің қазақ халқы да олар секілді халық болып қалыптасу жолында тар жол, тайғақ кешулерді басынан өткерді.

Тарих ғылымы өте күрделі ғылым болып тбылады. Оның құрамында көптеген салалары бар. Белгілі бір халықтың тарихын зерттегенде ол салалардың барлығының өзінше маңызы жоғары. Қазақ мемлекеті өте жас мемлекет. Дегенмен, оның тарихи тамырлары терең, өзгелерден кем емес. Үш ғасырға жуық орыстың боданында болу қазаққа оңай тимегені анық. Қазақ интеллегенциясының қолы байлаулы болды. Халқымыз еркін әрекет етуден қалды. Бірақ қой үстінде бозторғай жұмыртқалайттын да күн туды. Ендігі ұрпақтың еншісінде тәуелсіз халқымызды өркендету, дамыту болмақ. Бұл орайда тарихшыларымыз төл тарихымызды жаңаша көзқараспен, қазақы тұрғыдан жазуға кірісіп те кетті. Алайда, тарихымыз жазылды, мәселелер шешілді деп айтуға әлі ертерек. Қазақстан тарихы белгілі бір дәрежеде жазылғанымен, терең зерттеулерді қажет ететін мәселелер баршылық. Мемлекетіміз орналасқан Орталық Азия территориясында ерте тас дәуірінен бері халық мекендегені белгілі. Сол себептен де қазақ халқының этникалық тарихында ақтаңдақтар көп. Оның ішінде халқымыздың құрамындағы тайпалардың тарихы ақсап келеді.  Олай болса, зерттелінгелі отырған алдарыңыздағы «Қазақ халқының қалыптасуындағы алаш қауымының орны мен мағызы» атты тақырып орынды таңдалынған болса керек.

Айтып өткеніміздей, қазақ тарихында терең зерттеулерді қажет етіп отырған бірден бір сала бұл этникалық тарих. Соған байланысты бүгінгі күні тарихшылардың арасында қазақ халқының қалыптасуының мәселелері алаң туғызып отыр. Оның ішінде қазақ халқының қалыптасу кезеңдері, ру – тайпалық құрамы, орналасу территориясы, этнонимдер этимологиясы және т.с.с. Тәуелсіздік көкжиегі көрініп, халқымыз еркін тыныстана бастағаннан кейін жазылған қазақ тарихы кеңестік кезеңде жазылған тарих деңгейінен өте−мөте көтерілген жоқ, әсіресе бұл жағдайдың ежелгі және ортағасырларға қатысы басымырақ. Себебі қазақ халқының қалыптасуына байланысты кеңестік көзқараспен жазылған тұжырымдар сақталып қалған. Бүгінгі таңда отандық тарихшылардың тарапынан қазақ халқының қалыптасуына байланысты жаңа болжамдар ұсынылуда. Ол болжамдар жаңа деректердің табылуына байланысты пайда болса керек. Мемлекетіміздің қабылдаған «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында жарық көрген қытай деректерінің қазақ тіліне аударылуының нәтижесінде, бұрын соңды белгісіз болған факторлар анықталуда. Ежелгі өркениеттердің иелері болып табылатын қытай императорларының бұйрығымен жазылған жылнамалар қойнауында қазақ халқының ежелгі және ортағасырлар тарихына қатысты мәліметтер орасан зор. Міне, сондықтан да жаңа мәліметтердің негізінде қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы қайта жазылғанын аға буын тарихшылар қолдап отыр. Оның үстіне деректердің негізінде тарихымызда қателіктер кеткендігін байқай тұра оны түзетпеу отанға деген опасыздық емес пе?

Аталған деректердің ішінде қазақ халқының қалыптасу негіздерін анықтауға көмек беретін мәліметтер де баршылық. Мәселе «Алаш» атауынна байланысты. Нақтырақ айтар болсақ, қазақ халқының қалыптасуындағы алаш қауымдастығының рөлі.

Қандайда болмасын этностың қалыптасуы өте үлкен уақыт шеңберінде жүзеге асатын күрделі процесс екендігі баршамызға белгілі. Қазақ этносының қалыптасуы да соған сәйкес сан ғасырлар бойы қалыптасу процесін басынан өткерді. Халқымыз үшін бұл жағдай бірнеше кезеңдерден тұрды. Сонымен бірге қазақ халқының қалыптасуының өзіндік ерекшеліктері бар екендігі баршамызға құпия нәрсе емес. Үш жүзден құралған қайсар қазақ халқымыздың мұндай жағдайда қалыптасуын алдағы тарауларда анықтайтын боламыз. Яғни ол дегеніміз қазақ халқының сақ дәуірінде, түрік кезеңінде, ерте ортағасырлық және дамыған орта ғасырлық кезеңдерде жетіліп, жекелеген тайпалардан құралып, қазақ хандығының құралуына  байланысты халық болып қалыптасу мәселесі.

Олай болса, сан ғасырлардан бері жүздерге, тайпаларға, руларға бөлініп келген қазақ халқының тарихы жазылуда этникалық мәселелердің алар орны зор. Сол себептен  «Қазақ халқының қалыптасуындағы алаш қауымының орны мен маңызы» тақырыбының таңдап алынуы қажеттіліктен туындаған.   

Диплом жұмысының зерттеу нысаны қазақ халқының қалыптасу проблемасы, оның ішінде қазақ халқының қалыптасуындағы алаш қауымдастығының алатын орны болып табылады.

Диплом жұмысының зерттелу пәні Қазақ халқының қалыптасуындағы алаш қауымының орны мен маңызы.

Зерттеудің хронологиялық шеңбері. Қазақ халқының қалыптасу процесі айтарлықтай ұзақ уақытқы созылған. Сол себептен біз зерттеу жұмысымыздың хронологиялық шеңберін ҮІІІ – ХҮ ғасырлар аралығында алып отырмыз. Өйткені қазақ халқының құрамындағы тайпалардың бір тобы осы ғасырдан бастау алады деуге негіз бар. ҮІІІ ғасырда құрылған Түргеш қағанаты заманауи Қазақстан республикасының территориясында пайда болған алғашқы мемлекет болып табылады және оның мемлекеттік құрылымы мен Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымдары ұқсас келеді. Сонымен бірге Түргеш қағанатын құруға атсалысқан тайпалар Қазақ хандығын құруға атсалысқан тайпалардың құрамында кездеседі.——

«Қазақ халқының қалыптасуындағы алаш қауымының орны мен маңызы»тақырыбындағы диплом  жұмысымыздың  негізгі мақсаты тақырыпты  жан­ жақты ашып зерттеу. Ол үшін алдымызға  белгілі бір міндеттер қойдық. Олар:

  • «Алаш» этнонимінің мән мазмұнын ашу;
  • Түркеш қағанаты және Алаш ұлысы арасындағы тарихи сабақтастықты анықтау;
  • Қадырғали Жалайырдың еңбектеріндегі Алаш мыңы қауымдастығының қалыптасуының себептерін анықтау;
  • Үш сан Алашқа кіретін Жалайыр, Қоңырат, Алшын тайпалық бірлестіктерінің қазақ халқының қалыптасуындағы орны мен рөлін айқындау;
  • Алты сан Алаш қауымдастығына зерттеушілердің көзқарастарын ашу;
  • Алты сан Алаш (Жалайыр, Қоңырат, Алшын, Арғын, Найман, Қыпшақ) − Қазақ этнонимінің синонимі

   Диплом жұмысының деректік негізі Тарыхшы қандай да болсын зерттеу жүргізгенде оның  еңбегі тарихи деректерге сүйенуі керек, яғни зерттеу діңгегі дерек болып табылады.  Сол себептен біз өз еңбегімізге дерекнамалық шолу жасағалы отырмыз. Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері шамамен жеті ғасырға созылғандықтан мұндай уақыт аралығында біздің зерттеу обьектімізге байланысты деректер баршылық. Қазақ халқының қалыптасуына тікелей байланысты деректердің болмауы ғажап емес. Себебі ҮІІІ ғасырда «қазақ» этнонимі де қалыптаса қоймағаны белгілі. Сонымен бірге қазақ халқы 45 тайпадан тұратын этнос болғандықтан біз қазақты құраған тайпалардың жеке халық болып қалыптасуының кезеңдерін қарастыратын боламыз. Олай болса аталған уақыт шеңберінде жазылған тақырыпқа қатысты деректерді біз негізінен шартты түрде үшке бөліп қарастырамыз. Олар ортағасырлық тарихшыларының еңбектері, қытай жылнамалары және қазақ халқының ел ауызындағы аңыз — әңгімелері  болып табылады.

          Зерттеуімізде қолданылатын бірінші топтағы деректерге араб тіліндегі жазба деректер – ибн ал-Асирдың, ан-Насавидың (Несеви), Ибн Абд аз-Захирдың, ал-Омаридың, ал-Айнидың, ал-Женнабидың еңбектеріндегі мәліметтер жатса, сонымен бірге түрік тіліндегі деректерге Махмуд Қашқаридың, Қадырғали Жалайырдың еңбектерінің мәліметтері жатады.

Бірінші топқа біз тағы Рашид ад-диннің «Жылнамалар жинағы», Жувейнидың «Тарих-и жахангуша», Казвинидың «Тарих-и гузиде»;  «Таварих-и гузида-йи нусрат-нама», «Фатх-нама», «Шайбани-нама», «Маджму ат-таварих», «Шыңғыс-нама» және «Бабыр-нама», «Тарих-и Рашиди», «Тарих-и Кипчаки»; «Бахр ал-асрар фи манакиб ал-ахрар»; «Фирдаус ал- икбал» еңбегінің мәліметтері жатады.

Тақырыбымызға қатысты қытай деректерін біз негізінен 2006 жылы жарық көрген «Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері» атты кітаптағы Жаңа таңнама, Көне таңнама, Таң жарлығы сияқты деректерді пайдаланамыз.

Ал үшінші топқа жататын деректер негізінен халық ауыз әңгімелері болып табылады. Соған байланысты ескертетін бір мәселе бар. Ол қазақ халқының әдебиеті негізінен ауызша жүргендіктен оларды ең алғаш қағаз бетіне түсіру қазақтардың Ресей бодандығын қабылдағаннан кейін жүзеге асты. Қазақтың тарихын, этнологиясын, дәстүрін жалпы өмірлік болмысын орыс ғалымдары Патшаның бұйрығымен зерттегені құпия емес. Міне, сол мақсатпен қазақ даласына келіп, қазақтарды зерттеуге атсалысқан орыс зерттеушілері халқымыздың аңыз әңгімелерін, жыр дастандарын, шежірелерін қағаз бетіне түсірген. Бұл үрдіс негізінен Кіші жүз қазақтарының Патша үкіметінің қол астына кіруінен бастап етек алады. Ең алдымен кіші жүз қазақтарынан ант қабылдауға келген Тевкелев қазақтар туралы мағлұмат жинағаны белгілі. Осыдан бастап қазақ халұына байланысты мәлімет жинаумен айналысқандардың қатарына Гавердовский, Татищев, Рычков, Гродеков, Потанин, Левшин және т.б. ғалымдар жатады. Қазақ ауыз әдебеиетін қағаз бетіне түсіргендердің қатарында қазақ ғалымдары да бар. Бірақ олардың еңбектері айтарлықтай кешірек жазылды. Ш. Құдайбердіұлы, Ә. Бөкейханов, С. Көпейұлы, Әбілғазы баһадүр сияқты қазақ жанашырларының еңбектерінде де қазақ халқының пайда болуына байланысты деректер кездеседі.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Қазақ халқының қалыптасу мәселесі негізінен біршама зерттелген тақырыптардың қатарына жатады. Дегенмен қазақ тарихында тоқетері айтылып, соңғы нүктесі әлі де болса қойылмаған проблемалар баршылық. Оның негізгі себептерінің бірі  тарихшыларымыздың айтуынша дерек көздерінің жетіспеуі. Дегенмен мұндай кедергілерге бет бұрмай мәселенің мәнісін ашуға талпынушылар да аз емес.

Тақырыптың тарихнамасын әдеттегідей үш кезеңге бөлуге болады. Олар төңкеріске дейінгі, кеңестік кезең және қазірге немесе тәуелсіздік кезеңдері.

Бірінші кезеңнің ерекшелігі тарих ғылымының дами түспеген, ғылыми ойлау жүйесінің қалыптаса  қоймағандығы болып табылады. Дегенмен бұл дәуірдің тарихшылары мәселені мәнісін ашуға бар күш жігерлерін жұмсады. Оларға негізінен Рычков, Гавердовский, Красовский, Мейер, Левшин, Уәлиханов, Броневский,  Гродеков, Толстов, Аристов, Вельяминов-Зернов, Харузин т.б. ғалымдар жатады.

Аталған кезеңге сипаттама беретін болсақ атап өткеніміздей бұл кезеңдегі тарихшылар негізінен мәлімет жинаумен айналысқан. Дегенмен олардың арасында проблеманы шешуге атсалысқандар да кездесді. Мысалға қазіргі ғылымда кең қолданысқа ие қазақтардың автохтондылығы туралы концепцияның негізін салушылар осы кезең өкілдері болып табылады. Ол туралы алдағы тарауларда кеңінен айтатын боламыз.

Келесі кезең −кеңестік кезең.  Бұл дәуір өкілдері де қазақ халқының қалыптасуына арнап  іргелі еңбек немесе монография, әлдебір диссертация жарияламаған. Жүргізілген зерттеулердің ауқымдыларының өзі баяндама көлемінде ғана. Сонымен бірге қазақ хандығының құрылуына байланысты немесе сол іспеттес тақырыптардың етегінде бірге қарастырылады. Қазан төңкерісінен кейін зерттеу тақырыбымыз аясында қалам тартқандар қатарында Тынышбаев, Асфендьяров, Адильгереев, Вяткин,  Куфтин, Чулошников, Султанов, Бернштам, Бартольд, Арғынбаев, Востров, Муканов, Ахинжанов Пищулина, Смагулов, Масанов және т.б. ғалымдар жатады.                           Қозғалып отырған кезеңнің де өзіндік ерекшеліктері бар. Көріп отырғанымыздай, яғни кезеңнің атының өзі айтып тұрғандай, жағарыда аталған тарихшылар зерттеулерін әміршіл әкімшіл жүйенің қыспағында жазған. Олай болса мәселенің обьективтілігіне күмән келтіруге болатындығы айтпай ақ белгілі емес пе? Дегенмен, айқындай түсетін болсақ, қазақ халқының қалыптасуы маркстік лениндік теория тұрғысынан жазылып, тіпті қазақ халқының қалыптасу процесінің аяқталу кезеңін КСРО ның құрылу кезеңіне дейін созып қойған. Оның үстіне кеңес одағына дейінгі жазылған еңбектер өте ауыр сынға душар болады. Ондағы авторларға тағылған мін зерттеулерде қолданылған методология буржуазиялық сипатта субьективті түрде болған. Мұның бәрі дұрыс ақ дегенмен кеңестік кезеңнәі осы әңгімені өрбітіп отырған ғалымдардың еңбектері обьективтілікті ту етіп жазылғанына кім кепіл? Олай болса нағыз обьективтілікке мойын сұнып, отансүйгіштік пен ұлтжандылық сезіммен бұл тақырыпты зерттеушілер әлі алда тосып тұрған -ды.

Соңғы немесе үшінші кезең бұл – Тәуелсіз Қазақстан республикасы немесе қазіргі кезең. әрбір мемлекеттің  өз жанашыры өз халқы болмақ. Сол себептен де қазақ халқының тарихының обьективті тұрғыдан жан жақты зерттелуін кім де болса осы кезеңнен күтері сөзсіз.

Егерде бірінші кезең окілдері Патша үкіметінің таптық езгісіне душар болып еркіндіктен айрылса, екінші кезең өкілдері кеңес үкіметінің әміршіл әкімшіл езгісіне ұшырап еркіндіктен айрылған.

Олай болса Қазақ халқы қалыптасу проблемасының шешуін біз дәл осы кезеңнен күтеріміз анық. Сөздің шыны керек қазақ халқының қалыптасуына байланысты жаңа ғылыми тұжырымдар мен жаңа концепциялардың негізі осы жылдары қалыптасуда. Алдағы кезеңдерде пайда болған қазақ халқының қалыптасуына байланысты автохтондылық және миграциялық концепцияларға  қосымша енді лингвистикалық және антропологиялық концепциялар ұсынылды. Сонымен бірге замандас тарихшыларымыз қазақ халқының қалыптасуында осы концепцияларды пайдалана отырып, оның негізгі кезеңдерін нақтылауға дәлірек айтқанда ескілік сарқыншақтардан, яғни кеңестік кезеңдегі қабылданған кезеңдерге бөлуден өзге жаңа деректердің негізінде қазақ халқының қалыптасу кезеңдерін анықтауға атсалысуда.               Тақырыпқа қатысты, яғни қазақ халқының қалыптасуына байланысты бірқатар проблемалар бар. Оларға тоқталып өтетін болсақ, қазақ хақының қалыптасу кезеңдері, қазақ халқының құрамы, «қазақ» этнонимінің пайда болуы және этимологиясы, «қазақтың» этнос болып құралуы, және соңғы кезде ғалымдар арасында қозғалып жүрген мәселе бұл қазақ халқының қалыптасуында «алаш» қауымдастығының рөлі мен маңызы. Міне, осы іспеттес мәселелерді шешумен аталған кезең өкілдері айналысуда. Оларға тоқталып кетер болсақ: Б. Көмеков, Т. Омарбеков, Б. Кәрібаев, Г. Сабденова, М. Қозыбаев, Н. Мыңжан, С. Жолдасбаев, Т. Сұлтанов, К. Аманжолов, М. Мағауин, З. Қинаятұлы, Б. Ирмуханов және т.б.

Қазақ халқының қалыптасуы проблемасының зерттелу деңгейі атап өткеніміздей негізінен зерттелген тақырыптарға жатады. Дегенмен отандық тарихшыларымыздың айтып жүргеніндей қазақ өз тарихын өзі жан жаққа жалтақтауды қойып жазуға міндетті. Сонымен бірге жаңа дерек көздерін айналымға ендііріп жаңаша нәтижелер шығарудың да кезі жеткені байқалады. Әні міне деп жүргенде тәуелсіздіктің таңының атқанына да жиырма жылдың жүзі де болып қойыпты.

Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі.  Бұл мәселені талдау барысында автор ресейлік және отандық ғалымдардың теориялық тұжырымдарын қолданды. Бітіру жұмысында жалпы ғылыми (талдау, синтездеу, жалпылау және т.б.) және жеке ғылыми (тарихи салыстыру және деректерді талдау) зерттеу әдістері қолданылды.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы зерттеуде қойылған мақсаты мен міндеттерімен, осы күнге дейін айтарлықтай зерттелмеген жаңа материалдармен, сонымен қатар отандық тарихи ғылымда арнайы зерттеу пәні болмаған тақырыпты қоюмен тікелей байланысты.  Тақырыпта Қазақ халқының қалыптасуындағы алаш қауымының орны мен маңызы анықталып, тарихи рөлі айғақталды. Диплом жұмысының барысында тарихи этнонимдердің қазақ ру атауларына байланысты, біздің жағдайымызда халықтың атауына, яғни «алаш» этнонимі тирихи этнонимдердің түріне қарай жіктелінді.  Сонымен бірге мұндай жіктеуді жасау үшін — тарихи этнонимдердің пайда болуының қазақ халқына тән жолдарын анықтау  — жұмыстың ғылыми жаңалығы болып табылады. Жұмысымыздың нәтижесінде Қазақ халқының қалыптасуындағы алаш қауымының маңызы сонда, «Алаш» этнонимі қалыптасқан жаңа этностың автоэтнонимі болып анықталды. 

        Диплом жұмысының құрылымы негізінен кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бітіру жұмысының көлемі 60 бетті құрайды.

 

 

 

 

 

  1. «АЛАШ» ЭТНОНИМІНІҢ МӘНІ ЖӘНЕ МАҒЫНАСЫ

 

  • «Алаш» этнониміне тарихи көзқарас

 

           Бірінші тарауымыздың «Алаш» этнониміне тарихи көзқарас» тақырыбына кіріспес бұрын біз оған байланысты кейбір мәселелерді анықтап алуды жөн көрдік. Ондай мәселеге біз «этноним» ұғымын жатқыздық. Сонымен, «этноним» гректің  ethnos­халық,  onyma­есім, атау деген сөзінен шыққан, яғни ру, тайпа, ел, халық, ұлт атаулары болып табылады. Этнонимдердің  шығуын,  таралуын, қолданылуын және құрылымын этнонимика зерттейді  [Этноним // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Т. 10. / Бас ред. Б. Аяған. – Алматы: «Қазақстан Энциклопедиясының» бас редакциясы, 2007. –704 б. 104].  Олай болса біз алда этнонимикалық зерттеулермен айналысатын боламыз.

Этнонимияның не екенін анықтап алғаннан кейінгі жұмысымыз түрік этнонимдерінің жасалу жолдарымен танысу. Ол үшін біз осы мәселеге қалам тартқан тарихшылардың еңбектерімен танысатын боламыз. Отандық тарихта этнонимия мәселесі қолға алынбаған. Ол ақиқат.  Зерттеулер  негізінен кеңестік кезеңде жүргізілген. Бұл тақырып бойынша жазылған монография немесе диссертация сияқты көлемді зерттеуді кездестірмейміз. Жазылған зерттеулер шағын мақалалар я болмаса ономастика, топонимикаға қосымша тараушалар болып келеді.  Олардың ішінде Т. Жанұзақовтың «Очерк казахской ономастики» деген 1982 жылы  Алматыда жарық көрген еңбегінің  бір тарауы этнонимдер деп аталады [Джанузаков Т. Очерк казахской ономастики. –Алматы: «Наука», 1982. – 175 б.]. Онда автор қазақ ру­тайпаларының атауларының пайда болу тарихын, кейбір этнонимдер мен этнотерминдердің тарихи­этимологиялық мағыналары мен этнонимдердің лексико­семантикалық классификациясы деген мәселелерге ден қояды.        Келесі еңбек белгілі түркітанушы    Н.А. Баскаковтікі.   Орыс зерттеушісі өз назарын түрік этнонимдерінің моделдері мен олардың типологиялық классификациясына аударған [Баскаков Н.А.  Модели тюркских этнонимов и их типологическая классификация. // В кн. Ономастика востока. –Москва, 1980. –Б. 199­207 ].  Р.А. Агееваның «Страны и народы: происхождение названии» атты зерттеуінде этнонимдердің типтерін ажыратады [Агеева Р.А.  Типы этнонимов // В кн. Страны и народы: происхождение названии. –Москва, 1990. –Б. 71­85  ]. 1970 жылы Мәскеуден «Этнонимы» деген жинақ шыққан, онда этнонимдерге қатысты тақырыптарда жазылған мақалалар жарық көрген. Біздің тематикаға В. И. Никоновтың «Этнонимия» [Никонов В.И. Этнонимия // В кн. Этнонимы. –Москва: «Наука», 1970. –Б. 5­33]   атты мақаласы сай келеді. Онда автор этнонимдердің түрлеріне және олардың құрылу заңдылықтарына баса назар аударады. Дәл осы жинақ ішінде Я. В. Чесновтың «О социальной мотивированности древних этнонимов» деген еңбегінде этнонимдердің өздігінен пайда болуынан бөлек этнонимнің пайда болуындағы  мотивацияға көбірек  көңіл бөліну керектігін ескертеді [Чеснов Я.В. О социальной мотивированности древних этнонимов // Этнонимы. –Москва: «Наука», 1970. –Б. 46­50]. К. Утельбаева  «Этноним ­ самоназвание этноса» деген мақаласында этнонимдердің пайда болуына әсер  ететін  факторларды қарастырады [Утельбаева К. Этноним–самоназвание этноса  // Ізденіс. –2008 –№3. –Б. 97­104]. Ал  Қ. Сатпаев атындағы ҚазҰТУ­дың аға оқытушысы М. Карамендина өзінің «Қазақтың ұран­тайпа атаулары» атты мақаласында  қазақ ру­тайпаларының атаулары тотемдік жолмен пайда болғанын дәлелдеуге тырысады [Карамендина М. Қазақтың ұран–тайпа атаулары // Қазақтың тілі мен әдебиеті. –2008 –№7. –Б. 106­112].                                                        

        Зерттеуіміздің нәтижесінде біз қазақ ру­тайпаларының  атауларының пайда болуында белгілі  бір ерекшеліктер мен заңдылықтардың бар екенін байқадық, яғни тайпа этнонимдерінің пайда болуының ерекшеліктерін біз Н. А. Баскаковтың топшалауына негізделіп төрт негізгі аспекті бойынша топтастыруды жөн көрдік. Олар:

Көлемі бойынша этнонимдер: 1)Макроэтнонимдер, яғни ірі­ірі тайпа атаулары: қыпшақ, қаңлы,  үйсін, қоңырат, дулат, найман, жалайыр, керей т.б. 2) Микроэтнонимдер, яғни кішігірім тайпа атаулары: жиеней, жетімдер, болат, батыр, балталы, жайық, көкше, төбет т.б.

       Қоғамдық маңыздылығы жағынан: 1) Автоэтнонимдер, яғни тайпалардың өздерінің атаулары: жағалбайлы, ашамайлы, сіргелі, сыйқым. 2) Аллоэтнонимдер, яғни тайпалардың  сыртынан таңылған атаулар, олар кейін тайпаның немесе халықтың атауына айналуы да мүмкін: қыпшақ (половец, куман),  жетіру, бағаналы, байбақты т.б.

       Мағыналық, яғни семантикалық аспектілері бойынша этнонимдер: 1) Географиялық ­ тайпа атауы өзен, көл, елді мекен атауымен аталуы: найман (Н.А.Аристов. найм өзенінің атауы), қаңлы (кан өзені атымен аталған), жайық, көкше, сарытоғай т.б. 2) Тотемдік ­ тайпа атауы сол елдің тотемінің атауымен аталуы: теке, төбет, алшын, бура, қаршыға, бүркіт т.б. Т. Жанұзақов мұндай тайпа атауларын жабайы және үй жануарлары мен құс атауларынан пайда болған этнонимдер деп көрсетеді. 3) Тайпаның таңбасына қарай аталуы: шекті, сіргелі, шанышқылы, балталы т.б. 4) Тайпаның сол тайпа басшысы не көсемінің атымен аталуы. Кей зерттеушілер бұл жерде тайпаның ата­баба және көсем атауынан шыққанын бөлек қойғанды жөн көреді. Біз болсақ жалпылай  қарастырған дұрыс деп есептейміз. Мысалға, Әлімұлы, Байұлы, Абақ, Ботбай, Жаппас т.б. 5) Тайпалардың өзіндік жеке ерекшеліктері бойынша  аталуы. Олар: а) Келбетіне қарай: таз, ұзын, шимойын, шолақ, қосқұлақ т.б. ә) Шаруашылығына қарай: орманшы, ошақты, қарауыл т.б. б) Құрамы мен құрылымы жөнінен: жетімдер, мырза, қожа, төре т.б. в) Мінез құлқына байланысты: момын, шымыр, берш, батыр, тасжүрек, жомарт т.б.

Этнонимдердің құрылымы бойынша: 1) Қарапайым этнонимдер: барлық бір түбірлі атаулар, алтын, тама, матай, уақ т.б. 2) Күрделі этнонимдер, олар екі жолмен жасалады: а) Түбірлердің қосарлануы арқылы: қаракерей, терістамғалы, есентемір, төртқара т.б. ә) Анықтауыш сөздердің қосарлануы арқылы: сары­үйсін, қырық мылтық, шұбар айғыр, қара қойлы т.б.

Түрік этнонимдерінің жасалу жолын айқындаудың басты себебі қазақ этнонимдерінің сол жолмен жасалуы болып табылады. Олай болса «Алаш» этнонимін соңғы ұсынылған классификацияға салу арқылы оның мән мазмұнын танып білеміз.

«Алаш» этнонимі бүтін бір халықтың атауы болғандықтан ол көлемі бойынша макроэтнонимге жататыны сөзсіз. Ал этнонимдердің қоғамдық маңыздылығы жағынан аталмыш этноним автоэтнонимге жатады. Оның бірден бір себебі көрші елдердің арасында «қазақ» атауымен белгілі болған халықтың өз атауы болып табылуында. Мағыналық, яғни симантикалық жағынан этнонимдер бес топқа бөлінетіні туралы айтқан болатынбыз. Соның ішінде «Алаш» тайпа көсемінің есіміне байланысты аталған, алайда бұл тұжырым даулы. Себебі Алаш сөзінің адам аты екеніне күмән келтіретіндер де баршылық.

Мысалға, «Қазақстан ұлттық энциклопедиясында» «алаш» ұғымына мынадай түсініктемелер берілген: «Алаш (ежелгі түрік сөзі – бауырластар, қандастар, туыстар) – көне заманда, түркі халықтары бөліне қоймаған қауым кезінде дүниеге келген ұғым. Ортағасырлық және одан ерте кезеңдегі деректерде қазақтың өз алдына ел болып хандық құрғанға дейінгі ежелгі тайпаларының ортақ атауы. Алаш аты тарихта кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады.

Тарихта «алаш» атауына байланысты көптеген көзқарастар орын алады. «Алаш» атауының мағынасы тұрмақ, мазмұнының өзі даулы болып отыр. Ғалымдардың арасында кең қолданылатын тұжырымдар: «Алаш» — кісі есімі (Алаша хан, Алаш чор), этноним, көне түрік сөзі, «Алты Алаш», «Алаш мыңы», «Үш сан Алаш» және т.б. Олай болса, біз осындай көзқарастарға тоқталып өтейік.

Жоғарыда аталған тұжырымдардың ішінен біз ең алдымен «Алты Алаш» ұғымынан бастауды жөн көрдік. Мәселенің мән-мағынасын ежелгі Орхон жазуындағы Білге қағанның кешеніндегі «Алты тақ иегерлері» деген сөздің мағынасынан іздестірген белгілі түркітанушылар М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлы кезінде Алты ұлыстық бірлестіктер: қыпшақты, тоғыз-оғызды, басмылды, қарлұқты, түргешті, отыз-оғызды атап көрсете келе, былай деп жазған еді: «Түріктер қағанат орталығын Орда деп атаса, хандықтардың орталығын «алачу» (алаш) деп атаған. Олай болса байырғы түріктердің осы алты тайпасы кейін «Алты Алаш» атанып, күні бүгінге дейін халық жадында сақталып қалған. Бұл атау еуразия құрлығындағы ұлы дала көшпелілерінің ұранына айналған, бүтін оғыз, қыпшақ, қарлұқ, басмыл, он-оқ түргештердің кейінгі ұрпағы – қазақ халқының ұранына айналған. «Алты Алачу» көк түріктердің ұраны болуы да мүмкін. Ол заманда «Алты Алачу» деп ұран салып, ту көтергенде, бүкіл түрік бір тудың астына жиналған да болар. Олай болса алты есірдің (тақ) Алты Алашы көк Түріктің аналогы болмақ. Біздің бұл ойымыз әлі де тереңірек зерттей түсуді, зерделей түсуді қажет етеді» [Жолдасбеков М., Сартқожаұлы Қ. Орхон ескерткіштерінің толық Атласы. – Астана, 2005. -264 б.].

Мұндай пікірдің туындауына себеп «есір» атауының мән-мағынасына байланысты. Түркітанушы Н.Базылхан «Тұнық-ұқ бітіктасының мәтінін талдағанда бұл мәселеге мынадай түсініктеме берген еді: «Көне моңғол тілінде «eseri//esiri>исер» — аласа, арқасыз орындық деген мағына білдіреді. Осы орындықта отырған моңғол дәуірінің бекзаттарына қатысты бәдіздер жайында моңғол археологі Д.Баяр кеңінен зерттеу жүргізіп (қытайша «хучуан» деп аталады және оны қытайлықтар хұннұлардан үйренген – Г.Сүхбаатардың пікірі) моңғол хандарының сиволы – барыс терісін жапқан орындық ерекше қастерленген деп көптеген тарихи деректер келтіреді. Д.Баяр «моңғол дәуірінің бәдіздеріндегі орындықты көшпелілердің «исер» орындығы деп қарастырған орынды және кереге сияқты жиналатын бүктемелі, көшіп-қонуға қолайлы орындық…» дейді.                                                                                                      Бұл ұсыныстар негізінде Қ.Сартқожа «Орхон мұралары» еңбегінде есір // тақ (хан тағы) деп қарастырған.

Аталмыш пікірлердің ішінде «езир // бүркіт, есир // тапалша, арқасыз бүктемелі орындық, хан тағы» деген болжам орынды. Қайсысы дұрыс екені егжей-тегжейлі зерттеудің барысында жан-жақты дәлелденері сөзсіз» [Қазақстан тарихы туралы түркі деректемелері. Т.ІІ. – Алматы, 2005. -110 б.]

Бұл айтылғандар «есір» атауының шынында да «тақ» немесе «орындық» деген мағынада қолданылғанын дәлелдей түсетіндей. Алайда әңгіме хан тағы туралы емес, ханға бағынышты ұлыстарды билеуші туралы болып отыр. Сондықтанда жоғарыда айтылған «алты тақ» иелері аласа орындыққа отырған мемлекетті билейтін ханнан кейінгі ұлыс билеушілері деп қабылдағанымыз жөн сияқты. Дегенменде келтірілген деректер ежелгі түрік-моңғол тіліндегі «есір» сөзіменен «алаша» немесе «аласа» ұғымдарының арасында байланыс бар екенін көрсететіндей.

Әрине бұл айтылғандар ғылыми болжамдар ғана. Мұны зерттеушілердің өздері де ішінара мойындап отырғандай. Біздің ойымызша бұл жерде «Алты тақ иегерлері» деген түсінікті «Алты Алаш» ұғымы ретінде қабылдауға дәлел әлі де жеткіліксіз.

Түрік қағанаттары тұсында «Алты Алаш» атауының жазба деректерде кездесе қоймайтыны белгілі. «Алты есір (тақ)» деген ұғымның Білге қаған мәтінінде бар екені рас. Бірақ бұл, «Алты Алаш» дегенді аңғарта қоймайды деп ойлаймыз. «Алаш» атауының Орхон жазуларында кездеспеуіне қарағанда бұл ұғым VІІІ ғасырға дейін әлі де қолданысқа кеңінен ене қоймаған. Тіптен М.Қашғари өмір сүрген кезеңнің (ХІ ғ.) өзінде де «Алаш» әлі хандық немесе «есір (тақ иегері)» деген саяси мағынаға ие бола қоймаған.

Солай бола тұрса да аталған зерттеушілер «алачу» атауының Махмұд Қашқари еңбегінде де «кіші ордалар» деген мағынаны білдіргенін дәлелдеуге тырысып, бұл тарихи дерек алты кіші хандық құрып тұрған алты үлкен түркі тайпалары одағына қатысты болар деген болжамға жүгінеді. Шынында да М.Қашқари өзінің әйгілі еңбегінде бұл мәселеге «АЛАШҰ – баспана, кепе» деген нақты түсініктеме берген еді (Қашқари М. Түрік сөздігі. 3 томдық. І том. – Алматы, 1997. -166 б.) Дәл осыған ұқсас мағынаны В.В.Радловтан да кездестіреміз. Ол Алаша деген сөзді «аласа, яғни кіші» деп түсіндіреді (Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий. Т.1. – СПб., 1893. -365-366 бб) Бұдан аңғаратынымыз, ХІ ғасырдағы Алашұ диалект түрінде біртіндеп азғана өзгерістерге ұшырап, кейініректе «аласа» деген қазақ сөзіне айналған. Кезінде хан емес екінші қатардағы тұлғаларға түркілер «Алаша» (кіші, аласа) деген есімді берсе, шағындау ұлыстарды да осылай атаған.

Мұнан байқайтынымыз, «алаш» атауы үлкен орданың емес, шағын «аласа (алаша)» баспананың, ал этникалық тілмен айтар болсақ, үлкен қағанаттың емес, жеке ұлыстың атауын байқататын тәрізді. Алайда тарихи деректер ешқашанда VІІІ ғасырға дейін тайпалық одақтарды (Түргештен басқаларын) Алаш атамаған. «Алаш» алғаш рет Түргеш ұлысының жанама атауы ретінде белгілі болды. Мұның себебі іргелі Батыс түрік қағанатының ішінен құрылған Түргеш шынында да шағын ұлыс еді. Ол Бес түріктің бірі болатын.

          Қытай деректерінде Кертау тұтықтығына Түргеш Алаш ұлысының құрылғандығы айтылады. Сонымен бірге бұл атау кейде Түргеш-Алаш ұлысы деп те беріледі  (Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері (б.з. 275-840 жылдары). 2 кітап. – Алматы, 2006. -167, 192 бб.) Бұл мәліметтерден аңғаратынымыз, біріншіден, Түргеш ұлысы (қағанаты емес) кезінде Алаш ұлысы деп те аталған. Және бұл атауды қытай да мойындап отыр (Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері (б.з. 275-840 жылдары). 2 кітап. -143, 330 бб.). Мәселенің байыбына тереңдеп барар болсақ Түргештің Алаш аталуы осы ұлысты басқарған Алаш чор атты әскери қолбасының билік жасауымен де тікелей байланысты екенін байқаймыз. Ол бірде Қалаш чор аталса, бірде Алаш чор аталады. Бұл тұлғаның өзі де қаған емес, әскери қолбасы – «чор» деңгейіндегі, екінші қатардағы, «аласа» бейне.

Мұнда жеке тұлғаның атының Алаш қойылуына таңданудың қажеті жоқ. Түркі тілінде бұл атау кіші «баспана» немесе кіші, аласа қамқоршы деген мағынаны аңғартады.

Сондықтан «алаш» атауы алғаш жеке адамға қолданылып, кейініректе ұлысқа таңылуы да мүмкін. Түркеш ұлысына байланысты айтар болсақ, дәл осылай болып тұр. Тегінде «Алаш» («баспана») деген ұғымды қолданған түргештер оны өздерінің ұлысына қамқоршы тарихи тұлғаға есім ретінде беріп, ал бұл кейінірек ұлыс атына ұласса керек.

           Дегенмен де бұл тұста, яғни көшпелі түріктерге монғолдар үстемдігі орныққанға дейін «Алаш» атауы кең өрістей қойған жоқ. Біртіндеп ол түркі дүниесінде Түргеш ұлысының жойылуына байланысты тарих сахнасынан ысырылды. ХІ-ХІІ ғғ. ғасырға қарай «Алаш» түркіше тек тұрмыстық мәселеде, «баспана, кепе» деген мағынада ғана қолданылды (Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері (б.з. 275-840 жылдары). 2 кітап. -192, 330 б.) Ал монғол билігі тұсында ол тіптен ұмытылды. Енді біртіндеп ойрат-қалмақ тілдеріндегі «Алаш» атауы орныға бастады. Бірақ бұл этноним енді мүлде басқа мағына беретін болды.

Дегенменде «Алаш» этнонимінің қолданылуының кейінгі тарихы да бұл этнонимнің әрі жеке тарихи тұлғаның, әрі ұлыс атауының мән-мағынасын беретіндігін дәлелдей түсті. Бұл жерде әңгіме кейініректе көптеген ғасырлар өткен соң қазақ атанған халықтың арғы бабалары туралы болып отырғаны түсінікті.

Тағы бір басын ашып алуды қажет ететін маңызды мәселе – «Алаш» атауының қазаққа жауынгерлік ұран болуы туралы. Этнограф В.В. Радлов (Ф.В.) (1837-1918) «Алаш» ұғымына бірнеше түсінік бере келе, оны «бүкіл қырғыз (қазақ) халқының жауынгерлік ұраны» деп атап көрсеткен еді (Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий. Т.І. -365-366 бб) Бұл рас. Тарихи деректерге сүйенсек, аты «Алаш» ұранына айналуы мүмкін бірнеше Алаш немесе Алаша деген тарихи тұлғаларға кездесеміз.

         Тарих дүрбелеңдерінде Алаш атанған қайраткер біртіндеп ұмытылып, аңызға айналса керек. Дегенменде халық жадында ол жауынгерлік ұран ретінде аңыз тұлға түрінде сақталып қалған. Алайда тарихи зерттеулер «Алаш» есімін «Алаша» атанған тарихи тұлғамен де қатар береді. Кейде бұл атаулар бірін бірі ауыстырып та қолданылады. Алғашқы «Алаш» атты тұлға жоғарыда аталған Түргештердің Алаш чоры болса, кейін қалмақтар тарихта қанішерлігімен қалған Моғолстан ханы Сұлтан Ахметті өз тілінде «Алаша» деп атаған, оның мағынасын «Қазақ» газетінде Халел Досмұхамедов (Досмұхамедов Халел «Алаш» не сөз? // Қазақ газеті. – Алматы, 1998. -39 б.) А. Бөкейхановтың сауалына (Бөкейхан Ә. Түрік, қырғыз, қазақ һәм ханлар шежіресі // Таңдамалы (Избранное). – Алматы, 1995. -333 б. ) жауап ретінде қайтарады.  Бұл мәселе Т. Омарбековтың «Алаш» атауы туралы не білеміз» атты мақаласында тереңдетіліп қарастырылған. Автор баяндамасында осы мәселеге және тарихта Алаш есімімен қалған тағы бір тұлға, Әбілхайырды  хан көтерген  батырға байланысты мынадай ой түйеді:

1) Алаш-баһадүр – Алаш батыр, әрі Алаш би, ХV ғ. бірінші жартысында Дешті Қыпшақтың үлкен аймағының билеушісі болған.

  • Алаш басқарған аймақты бірнеше тайпа мекен еткен және әр тайпаның өз калантары немесе билеушісі болып, бәрі Алашқа бағынған.
  • 1426-27 жылдары, яғи Әбілқайыр сұлтан Алаштың жұртына келіп қыстағанда, Алаш шамамен 40-60-та болған деп есептеуге болады. Ұлыс басқару үшін тек батырлық қана емес, сонымен бірге ақылы, байлығы мен жасы басқа ру-тайпа, аймақ билеушілерінен артық болуы керек, бірақ 70-80-ге келген кәрі шал да болмауы керек.
  • Алаш батыр Шыңғыс ұрпағынан емес, егер де ол хан тұқымынан болса, онда оны ортағасырлық шығармалардың тәртібіне сай хан, сұлтан не оғлан деп атаған болар еді. Жергілікті ру-тайпа көсемдеріне, би, батыр не баһадүр деген қосымша атаулар пайдаланылған. Олай болса, Алаш баһадүрді жергілікті тайпалардың бірінен шыққан Дешті Қыпшақтағы үлкен бір ұлыстың билеушісі деп санауымыз керек. (Қазақ ру–тайпаларының тарихы. Т. Х, 1–кітап, Найман / «Алаш» тарихи зерттеу орталығы; Авторлар: Ғабжалилов Х., Омарбеков Т., Кәрібаев Б.ж.б. –Алматы: «Алаш», 2008. –457 б.)

           Осы жолдардың авторы белгілі отандық тарихшымыз Талас Омарбеков аталған тарихи тұлға халық арасында үлкен беделге ие болғанын Орталық Қазақстанда оның құрметіне салынған «Алаша хан» мавзолейіне қарап қорытынды жасайды. Алаш батырдың ел арасындағы сыйлылығы оның тіпті «хан» деген атақ берілуіне себеп болған.

 Мұндай фактілердеге орай атақты тарихшымыз келесі қорытындыға келеді: «Алаштың тірі кезінде-ақ ұлыс адамдары өздерін “Алаш ұлысының адамдарымыз”, “Алаш адамдарымыз” немесе “алаштықпыз” деп атап, Алаш сөзіне этникалық мән беріп, этнонимге айналдыра бастайды. Алаш сөзі автоэтноним ретінде ХVІ ғасырға дейін-ақ қалыптасып болса керек.

ХV ғасыр ортасында Қазақ хандығы құрылып, Дешті Қыпшақ тайпалары ХV ғасырдың 70-жылдары Қазақ хандығының құрамына енсе де, өз атауларын автоэтноним түрінде сақтап қала берген, тек көрші елдер ғана оларды “қазақтар” деп аллоэтноним берген деп түсінеміз.

Осылайша ХVІ ғасырдың соңына дейін бүкіл Қазақстанды мекендеген тайпалар алаш аталынып кетеді. Алаш – Қазақ этнонимдері бір этносты білдіретін синонимге айналады. Бірақ та алаш этнонимін тек қана Дешті Қыпшақ адамдары қолданса, қазақ этнонимін көршілер қолданады. Халық санасында алаш сөзі жердің, елдің, халықтың, мемлекеттің тұтастығының символы ретінде сақталып қалды».

         Т. Омарбековтың бұл ойларын Н.Мыңжанның: «Алаш» аты ертеде жалпы қазақ қауымының ұраны болған; қазақтың байырғы шежірелерінде «Алаш» сөзі «Қазақ» атауының синонимі ретінде қолданылған» деген жолдары дәлелдей түсері анық. (Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. -26-27 бб.)

Жоғарыда келтірген мәлііметтерімізді қорытындылар болсақ, «Алаш» – көне тірік сөзі, оның мағынасы ХІІ ғасырда жазылған құнды дерек көзі болып табылатын М. Қашқаридің «Диуани лұғат ат–түрк» еңбегінде берілген шағындау орда немесе баспана деген ұғымды аңғартатын. Осыған байланысты ол кейде «аласа», «төменірек» деген мағынада да қолданылғандықтан Түркі қағанынан кейінгі әскери ұлыс басшыларына Алаш есімі берілген жағдай да орын алған. Мұндай дәстүр кейініректе ХІV-ХV ғасырларда да жалғасын тапты. Бұл ханнан кейінгі Кіші ұлысты билеуші дегенді білдірді деуге болады. Осы тұста Түргеш қағанатындағы Алаш чор халқына қалаулы болғандықтан, еліне қамқоршы, баспана бола білгендіктен оны «Алаш» атап кетсе керек. 

Сонымен бірге ортағасырларда Дешті – Қыпшақ даласының батыры Алаш баһадүр халыққа сіңірген ерен еңбегі үшін оның қол астындағы халық өздерін «алаштықтармыз» деп атаған. Бұл жағдай «Алаш» халық арасында ұранға айналуын да түсіндіретін секілді, яғни халқымыз батырларының есімдерін ұранға қосқаны баршаға белгілі. Тарихта кездесетін «Алаш мыңы», «Алты Алаш» деген ұғымдар да осыған байланысты болса керек деп тұжырымдауға негіз бар. Бүтін бір халықтың өзін «Алаш» атауы халықтың өздік есімін туғызуы заңды құбылыс. Олай болса біздің осы тараудың ең басында келтірген тарихи этнонимдердің классификациясы бойынша «Алаш» этнонимін жіктеуіміз дәлелденді.

  • Түркеш қағанаты және Алаш ұлысы

 

         ҮІІІ ғасырдың басында әйгілі Батыс түрік қағанаты құлайды. Оған тиесілі ұлан – байтақ жер оны мекендеген «он оқ елі» жаңа қағандық – Түргеш қағанатына өтеді. Түргеш қағанаты Жетісу мен Еренқабырғаны мекендеген ежелгі үйсін, дулат тайпалары мен басқа да түркі тайпаларының басын біріктірген бес дулаттың белді тайпасы – түркеш құрған ежелгі феодалдық мемлекет.        Алайда тарихта түргеш мемлекетінің пайда болуына байланысты пікірлер түрлі, яғни нақты датаға байланысты. Егер осы мәселеге байланысты Ә. Дәулетхан «Біз қытайдың «Билік ғибадатханасында» көрсетілген дереккөзіне сүйене отырып, басқа да тарихи оқиғалар хронологиясын сараптай келе, Түргеш қағанаты 699 жылы құрылған деп қараймыз» десе [Дәулетхан Ә. Түргеш қағанатының құрылуы (699-766) // Қазақ тарихы. №1, 2000. – Б. 6-11. 6], С. Жолдасбайұлы қағанаттың өмір сүрген уақытын – 704-766 деп белгілейді [С. Жолдасбайұлы. Ежелгі және ортағасырлардағы Қазақ елінің тарихы. Алматы, «Кітап», 2010. 336-б. 142]. Ал Н. Мыңжан болса «Таң патшалығы Ожелыны «Хуайды жүн уаң» (игі хан) деп жариялайды» деп жазады.

         Түргештер туралы алғашқы деректер «Күлтегін» ескерткішінде және қытай жазба деректерінде кездеседі. Түргеш тайпалары VI ғасырда Шу, Іле өзендері аралығындағы үлкен аймақты мекендеді жөне Жетісудағы керуен жолдарының көбі солардың бақылауында болды. Бұл кезде түргештер Батыс Түрік қағанатының сол қанатына енген, адам саны жағынан басым тайпа болған. [http://stud.kz/sms/kupitm/5789]                                                                                          Түргештер жөнініде ең алғашқы жазба мәліметі әйгілі қытай тарихшысы  Сы Магуаң құрастырған «Билік  ғибадатнамасында»кездестіреміз. Онда «Ту Шишы деген батыс түріктің бес дулат тайпасының бірі, Іле өзенінің орта және төменгі ағысында оңтүстіктен солтүстікке қарай жайыла қоныстанған» деп жазылған. Ал Күлтегін тас ескерткішінде: «Түргіс қаған түркіміз, будунум ерті» деп айқын жазылған. Мұндағы түргеш этнонимінің мағынасын араб тарихшысы әл-Идриси «Түргеш – нағыз түрік, шын түрік»деген мағынаны білдіреді дейді. Қазақ  шежіресі бойынша түргешті «Сары үйсін» дейді.

         Тарихи дерек көздеріне жүгінер болсақ, түргештер ҮІ ғасырдан бастап Батыс Түрік қағанаты құрамында Ілі өзені мен Шу өзені аралығында, Іле Алатауынан Балқаш көлінің оңтүстігіне дейінгі аса құнарлы, байтақ өлкеде өмір сүрген. Олар мал шаруашылығын негіз ете отырып егіншілікпен де, қалалық өмірге бейімделіп, сауда саттықпен де, қолөнерімен де молвнан  айналысқан. Ең бастысы – Шығыс пен Батысты жалғап жатқан сауда, керуен жолының басым бөлігі түргештер бақылауындағы қалаларды басып өткен. Осындай қолайлы жағдайлар түргештердің тез арада еңсе тіктеп, қуатты мемлекет ретінде бой көтеруге, сөйтіп аса күрделі саяси, экономикалық және әскери мүдделер тоқайласар алаңға айналуына себепші болды.   

         Түркештер тарих сахнасына шығар қарсаңда қазіргі қазақстан аумағындағы саяси, әскери жағдай өте шиеленісті болып еді. 651 жылы іргесі шайқалған Батыс Түрік қағанатын қалпына келтіру үшін таң империясының озбырлығына қарсы көтерілген Шбара Хилаш қаған алты жылдан кейін, яғни 657 жылы жеңіліп, қолға түседі. 659 жылы отаршыл империя астанасында құсалықтан өледі.

Батыс Түрік тайпалары бас иесіз қалады. Ел бытыраңқылыққа ұшырайды. Осы орайды пайдаланған Таң империясы 658 жылы бұл тайпаларды басқаратын екі үлкен әскери аймақ құрған құрған болатын. Оның біріншісі — Іле өзенінің орта және төмен сағасына орналасқан Суого Мухэ тайпасын тізгіндеу тапсырылған Вен Лу уәли мекемесі, екіншісі – Алаш (Алишә) тайпасын тізгіндеу міндеттелген Жие сан уіли мекемесі. Көріп отырғанымыздай қағанаттың ішінде екіге бөлініс пайда болып мемлекеттің шырқы бұзылып, Ашина әулетінің билігі шайқалады. Ол туралы Л. Гумилев: «ҮІІІ ғасырдың орта шенінен былай қарай әулетті қолдап тұрған Ашин тұқымына деген дәстүрлі сый құрмет сейіліп, соңғы хандар өздерін қытайлықтардың сенімді малайы және өз халқының жаулары ретінде танытқандықтан, оларды бүтіндей сыйламайтын болды» дейді.

Қағанатта жағдай күрт өзгереді. Кезінде Асана Хусараның қол астында баға Тархан болып жүрген Үгіл (Ожелы) он оқ халқының осындай көңіл күйін дәл басқан ақылды, көсем ретінде мойындалып, көптің қолдауына ие болады. Асана Хусара өзіне берілген 60-70 мың адамдық халқын бастап Таң империясын паналайды. Оған қараған ел мен жер Үгіл басқарған түркештерге өтеді.

Үгіл ұлан-байтақ қағанат аумағын басқарудың жаңа жүйесін жасауға кіріседі. Бүкіл елді ру-ұлыстың қоныстану жағдайына қарай 20 әкімшілік аймаққа бөледі. Әр аймаққа басқаратын 20 бақылаушы өкіл әкім белгілейді де, олардың қолына 7000-нан әскер беріп, 140 мыңдық сайлауыт армия жасақтайды. Бүкіл елді түріктердің ел билеу дәстүрі бойынша оң және сол қанат болып екі үлкен ұлысқа бөледі. Өзіне –өзі әбден сенген Үгіл қалың қолды бастап Батыс түрік қағанатының бұрынғы астанасы Суябқа шабуылдап, басып алады да, Шу өзенінің батысындағы уақытша ордасын көшіріп, осында әкеледі. Суяп – ұлы астана, ал Іле өзені бойындағы Қойлық (Күнгіт) қаласы кіші астана болып белгіленеді.

Түргеш қағанаты күн сайын қанатын жайып, бүкіл батыс түрік қағандығының елі мен жеріне иелік етеді. Қытай деректеріне қарағанда, 704 жылдары Түргеш қағандығының аумағы едәуір кеңееді.   

Түргеш қағандығы – Батыс түрік қағанаты билік еткен аумақта шаңырақ көтергендіктен, халықтың этникалық құрамына да ерекше өзгеріс ене қоймады. Қалыптасқан үрдіс блйынша, қағандық он оқ қағандығы, халқы ан оқ немесе он оқ жебе халқы деп атала береді.  Түргештер мұрагерлікке алған Батыс түрік қағанатының негізгі халқы жергілікті түркі тілдес, салттас үйсін, қаңлы, дулат, қарлық, теле, басмыл, оғыз, шығыл, т.б. тайпалары және олармен араласып, сіңісіп кеткен басқа тайпалардан құралған «он оқ халқы» еді. Оларды Таң патшалығының көмегімен Ышбара Хилаш  қаған Шу өзенінен шекара еткен «бес арыс дулат» пен «бес тайпалы нүшбе» қылып, екі қанатқа бөліп басқара бастайды.

Түргештердің этникалық құрамына тарихшылар әр түрлі талдаулар жасап жүр. Мәселен, Н. Мыңжан «Түргештер – Батыс түрік қағанатындағы бес арыс ел Дулаттың белді тайпасы. Дулаттар ежелгі үйсін күнбиі Елжаудың ортаншы ұлы Дулының үлесіне тиген он мың үйден өсіп өрбіген. Демек түргештер ежелгі үйсін Дулы ұлысының ұрпағы. Олар шежіре деректерінде «Сары үйсін» деп те аталады…. Дулат ұлысы заманымыздан бұрынғы ІІ ғасырдағы ежелгі үйсін заманынан бері Іле өзенін мекендеген» — деп жазады.                             Тұтастай алғанда он оқ халқының тең жарымын құраған бес арыс дулат ру-ұлыстарының этникалық мекен жайы Жетісу, Тарбағатай және Еренқабырға қңірі болған. Ал, олардың тайпалық құрамы ескі тарихи жазбалар мен шежірелерде былай айтылады:

  1. Чимойын Лүй-чор ұлысы, Тарбағатай өңірін мекендейді.
  2. Қойлау – Күлүч-чор ұлысы – Манас өзенінің солтүстігі мен батысында.
  3. Ысты – Тон-шор ұлысы – Бұратола өзені аңғары.
  4. Түргеш – Алаш шор ұлысы, Іле өзенінң ортаңғыжәне төменгі аңғарының терістік бетінде.
  5. Жаныс – Шопан-чор ұлысы, Қарашәр мен Жұлдыз өзені аңғарында.

         Тарихшы Н. Мыңжан «Қытай тарихи сөздігі, түрік тарауына» сілтеме жасай отырып, аталмыш түргеш, қойлау, шимойын, ысты, жаныс дегендер тайпа аттары. Алаш, Лүй, Күлүш, Тон, Шопан дегендер тайпа бастықтарының аттары болар, ал чор деген олардың лауазымы деген байламға келеді.

         Он оқ халқын құрайтын екінші бестік «Бес тайпалы Нүшбе» деп аталады. Олар төмендегідей келеді:

  1. Аэғыз Күл – Еркін ұлысы.
  2. Касо – Күл – Еркін ұлысы.
  3. Барысқан тон Ашбар – Еркін ұлысы.
  4. Азғыр Ниқұқ – Еркін ұлысы.
  5. Касо – Шопан – Еркін ұлысы.

         Мұндағы Арғыз, Касо, Барысхан дегендер тайпалардың аттары, ал Күл, тон Ашбар, Нижұқ, Шопан дегендер сол тайпаны билеген көсемдердің аттары, ал Еркін солардың лауазымы.

         Қытай деректерінде Кертау тұтықтығына Түргеш Алаш ұлысының құрылды делінсе,   Ежелгі Дулулардың құрамында болған Бес ұлыстың бірі – Түркеш-Алаш чор (Ту Шишы Хелошы) ұлысы Іле өзенінің ортаңғы және төменгі аңғарында мекендегені белгілі [Дәулетхан Ә. Хұн-түрік-қазақ тарихын зерттеу мәселелері (Ерте орта ғасыр – орта ғасыр). Екінші кітап. – Алматы, 2005. -143 б.]. Сонымен бірге бұл атау кейде Түргеш-Алаш ұлысы деп те беріледі.  Бұл мәліметтерден аңғаратынымыз, біріншіден, Түргеш ұлысы (қағанаты емес) кезінде Алаш ұлысы деп те аталған. Және бұл атауды қытай да мойындап отыр [Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері (б.з. 275-840 жылдары). 2 кітап. -143, 330 бб.].            Мәселенің байыбына тереңдеп барар болсақ Түргештің Алаш аталуы осы ұлысты басқарған Алаш чор атты әскери қолбасының билік жасауымен де тікелей байланысты екенін байқаймыз. Ол бірде Қалаш чор аталса, бірде Алаш чор аталады [Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері (б.з. 275-840 жылдары). 2 кітап. -192, 330 б.]. Бұл тұлғаның өзі де қаған емес, әскери қолбасы – «чор» деңгейіндегі, екінші қатардағы, «аласа» бейне.Осы «чор» атауына байланысты мәселені айқындамай, ежелгі «алаш» атауын түсіндіріп беру қиын тәрізді. Қытай жылнамасында осыған қатысты мынадай жолдар бар: «(Қағанның) ұлдары мен інілері тегін, өзге ұлыстардың әскербасылары шад деп аталды. Олардың ең ірі ұлығы – құтлы чор, одан кейінгісі – аба, одан кейінгісі – елтебер, одан кейінгісі – тұдын, одан кейінгісі — іркін» [Қытай жылнамаларындағы қазақ тарихының деректері (б.з. 275-840 жылдары). 2 кітап. -123 б.]. Бұдан байқайтынымыз, құтлы чор мәртебесі қағанның қызметінен кейінгі тегін және шад дәрежелерінен соң тұр. Жеке тұлғаның атының Алаш қойылуына таңданудың қажеті жоқ деп ойлаймыз. Түркі тілінде бұл атау кіші «баспана» немесе кіші, аласа қамқоршы деген мағынаны аңғартып отыр емес пе?                            Сондықтан «алаш» атауы алғаш жеке адамға қолданылып, кейініректе ұлысқа таңылуы да мүмкін. Түркеш ұлысына байланысты айтар болсақ, дәл осылай болып тұр. Тегінде «Алаш» («баспана») деген ұғымды қолданған түргештер оны өздерінің ұлысына қамқоршы тарихи тұлғаға есім ретінде беріп, ал бұл кейінірек ұлыс атына ұласса керек.                                                          Бұл мәселеге байланысты Т. Омарбековтың мынадай ойы бар: «Тағы бір назар аударарымыз: VІІІ ғасырдағы Бес түрік Дулу құрамындағы Түргештерді Алаш атты тарихи тұлғаның басқарғаны. Дулу бірлестігінде және жалпы Түркі қағанатында қабылданған саяси жүйеге сәйкес, жергілікті тайпа бірлестіктерін басқаратындар «чор» деген лауазымға ие болатын. Сондықтан да бұл этносаяси бірлестік қытай жылнамаларында «Түргеш-Алаш-чор ұлысы» деп те көрсетілген. Қорыта келгенде айтарымыз, «Алаш» атауы VІІІ ғасырда «Түргеш» этнонимінің синониміне айналса, ал ХV ғасырдан кейін «Қазақ» этнонимі «Алаш» этнонимінің синониміне айналды.                                        Батыс түрік қағанаты күшті мемлекет ретінде нығайған VІІ ғасырда Түргештер Тарбағатайдың батысынан Іле мен Шу өзендері аралығына дейінгі аралықта өздеріне туыстас Кергештермен бірге көшіп-қонып жүрді және олардың рубасылары біртіндеп Батыс түрік қағанатындағы билікті басып алды. Түргештердің дербес қағанаты 699 жылы негізделді. Оның алғашқы билеушісі Үшелік (Л.Гумилевте – Учжилэ) қаған еді. Ол туралы және оның қаған тағына қалай отырғаны туралы қытай жылнамаларында төмендегідей түсініктеме берілген: «Түргеш Үшелік – Батыс түріктің басқа бір бұтағы. Ол бұрын Құжыраның (Н.Мыңжанда – Ашына Құслы – Т.О.) қол астында Баға тарқан болған еді. Кейінірек Құшыра жазаның рақымсыз түрлерін қолданғандықтан, бұқарасы одан бойын аулақ салды. (Үшелік) өз ұлысына ерекше жанашыр болғандықтан, алыс-жақындағы Хулардың (қытайлықтар түркітілдестерді ұнатпай, осылай атаған – Т.О.) бәрі оған берілді. Оның қол астында әрқайсысы 7000 сарбазға қолбасшылық ететін 20 тұтықтық құрылды. Бұлар Суябтың солтүстік-батысына ірге теуіп, кейінірек бірте-бірте Суябты басып алып (қытай жылнамалары бұл оқиғаның 691 жылы болғанын айтады – Т.О.), ордасын сол жерге көшірді. Шекарасы солтүстік-шығыста Түрікпен, оңтүстік-батыста Ху мемлекеттерімен тұтасып, оңтүстік-шығыста Шижоу, Тиңжоу дуандарына дейін созылды. Елі әбден әлсіреген Құшыра патшайым У (Зэтян) билігі тұсында сарайға бағынды да, өз жұртына қайта баруға батылы жетпеді. Үшелік оның жер-суын өзіне қосып алды».                                                                                  Көріп отырмыз, Ашына әулетінің соңғы тұяқтарының бірі болып табылатын Құшыра қаған шын мәнінде беделден жұрдай болып, ақырында өзінің еліне сенбей, қашып кетіп, Қытайдың әйел патшайымына барып паналады. Мұның өзі Түргеш Үшеліктің мемлекет билігін өзінің қолына алуына толық жол ашты. Біздің ойымызша, осы Үшеліктің бұрынғы чор лауазымында Түргештерді басқарып жүрген тұстағы аты Алаш болған. Үшелік есімі оған қаған тағына отырған соң қосымша берілген деуге негіз бар» [Т. Омарбеков. Түргеш – Алаш егемен елі.  http://anatili.kz/?p=5949].                             Дегенмен де бұл тұста, яғни көшпелі түріктерге монғолдар үстемдігі орныққанға дейін «Алаш» атауы кең өрістей қойған жоқ. Біртіндеп ол түркі дүниесінде Түргеш ұлысының жойылуына байланысты тарих сахнасынан ысырылды. ХІ-ХІІ ғғ. ғасырға қарай «Алаш» түркіше тек тұрмыстық мәселеде, «баспана, кепе» деген мағынада ғана қолданылды.  Ал монғол билігі тұсында ол тіптен ұмытылды. Енді біртіндеп ойрат-қалмақ тілдеріндегі «Алаш» атауы орныға бастады. Бірақ бұл этноним енді мүлде басқа мағына беретін болды.            Дегенменде «Алаш» этнонимінің қолданылуының кейінгі тарихы да бұл этнонимнің әрі жеке тарихи тұлғаның, әрі ұлыс атауының мән-мағынасын беретіндігін дәлелдей түсті. Бұл жерде әңгіме кейініректе көптеген ғасырлар өткен соң қазақ атанған халықтың арғы бабалары туралы болып отырғаны түсінікті.

            Көріп отырғанымыздай, Түргеш қағанаты біз қарастырып отырған Алаш қауымдастығымен тікелей байланысты. Оның негізгі себебі ғалымдардың айтқанындай Алаш этнонимінің тарихи тұлғаның есімі болуы. Яғни ХҮ ғасырда құрылған Қазақ хандығының негізгі халқының автоэтнонимі «Алаш» атауы осы түргештерден бастауын алады. Түргештердің деректерде – Алаш ұлысы аталуы өте маңызды тарихи факті. Осы уақыттан бастау алған Алаш атауы ғасырлар бойы жалғасын тауып, ел арасында ұмыт қалмай қазақ халқының қалыптасуында да елеулі рөл атқарады.  Себебі кезінде қытай деректерінде Түргештердің аллоэтнонимі ретінде қызмет атқарған «Алаш» атауы, енді Қазақ хандығы дәуірінде автоэтнонимге айналып, жаңадан құрылған халықтың өздік атауы болып қалыптасады.   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ҮШ САН АЛАШ ЖӘНЕ АЛАШ МЫҢЫ НЕГІЗДЕЛУІ ЖӘНЕ ЭТНИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫ

 

 «Үш сан Алашқа кіретін Жалайыр, Қоңырат, Алшын тайпалық бірлестіктерінің қазақ халқының қалыптасуындағы орны мен рөлі» атты тарауымызды біз халықтардың немесе дәлірек айтқанда этностардың пайда болу заңдылықтарына және қазақ  халқының қалыптасу шарттары мен негізгі концепцияларына және ондағы үш сан Алашқа кіретін Жалайыр, Қоғырат, Алшын бірлестігінің орны мен рөліне арнауды жөн көріп отырмыз. Олай болса осы мәселеге қатысты терминдерге анықтама бере кетейік.                                      Этнос — (халық, тайпа, жұрт, ұлт) жалпыға ортақ, сыртқы кескін-кейпі ғана емес, едәуір тұрақтанған ерекше мәдениеті (тілін қоса) мінез-құлқы бар, сол сияқты өзінің бірыңғай екенін және басқа этникалық топтардан бөлектігін түсінетін сана-сезімі бар, оның бұл қасиеті өз атымен (этноним) бекітілген адамдардың тарихи қалыптасқан тұрақты бір тұтастығы [1 www.irgetas.com] [] немесе этнос деп өзіндік жалпы белгілері мен ерекше мәдениеті, психологиясы, тілі, сонымен бірге өз қауымы мен атауын сезінетін белгілі бір ааумақта тарихи тұрғыдан қалыптасқан адамдардың тұрақты био-әлеуметтік қауымдастығы [2 Этнос // Қазақстан. Ұлттық энциклопедия. Т. 10. / Бас ред. Б. Аяған. – Алматы: «Қазақстан Энциклопедиясының» бас редакциясы, 2007. –704 б.  ].  Халық дегеніміз этнос болса, халықтардың шығу тегі этногенез болып табылады. Этногенез дегеніміз әртүрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы. Этногенез үрдісінің негізгі екі түрі болады. Біріншісі жергілікті бірнеше тайпалық топтардың биологиялық жолмен жаппай араласуы арқылы және екінші түрі жаңа заманда басқа жерге қоныс аударған бірнеше халықтар өкілдерінің тікелей ықпалының нәтижесінде қалыптасу. Бұл екі процестің де қазақ халқының қалыптасуында орын алғанын көре аламыз [2.704].

 Қазақ халқының қалыптасу тарихы, ол деп отырғанымыз этногенез мәселесі күрделі, әрі өз шешімін таппаған проблемаларға жатады, дегенмен оған өз үлесін қосып мәселенің нүктесін қоюға тырысып жүрген де ғалымдардың бар екенін жасыра алмаймыз.  Қазақ халқының қалыптасуы мен этникалық тарихы тарихнамасында бірнеше мәселелер өз шешімін таппай отыр, олар қазақ халқының шығу  тегі, қалыптасқан мерзімі және саяси фактор мәселесі.  Бірінші мәселе бойынша негізінен екі көзқарас қалыптасқан: алғашқысы ХVІІІ ғасырдың ортасында қалыптасқан миграциялық концепция  болып табылады. П.И. Рычков, С. Броневский, Н. Малов негізін салған бұл көзқарас бойынша қазақтар Қазақстан территориясына көшіп келген және бұл жердің байырғы тұрғындарына еш қатысы жоқ. Ал ХІХ ғасырдың бас кезінен бастап қазақ халқының қалыптасуының автохтонды концепциясы  пайда болды. Я.П. Гавердовский алғаш болып «скифтер қазақтардың ата­бабалары» деген тұжырым жасайды. Бұл гепотизаны кеңірек қалыптастырып дамытқан С.П. Толстов қазақтар қазақстан территориясында андрон, сақ, үйсін т.б тайпаларынан бастау алатын, бір территорияда мекендеген, этно­тарихи байланысты халықтар болып табылатындығын айтады [3.58]. Масанов Н. Этногенез и этническая история казахского народа // В кн. История Казахстана: народы и культуры.– Алматы: «Дайк Пресс», 2001. –600 б.                                Екінші мәселе қазақ халқының қалыптасуының уақыты мен оның аяқталу мерзіміне байланысты. А.И. Левшин қазақ халқы моңғол шапқыншылығына дейін қалыптасты деген пікір айтады [4], оның көзқарасын  А. Вамбери, Х. Адильгереев, М. Ахинжанов қолдайды [5]. Өз тарапынан В. Вельяминов­Зернов ең алғаш болып этно­саяси  гепотиза  ұсынады [45]. Автордың айтуы бойынша қазақтың алғашқы хандары  Керей мен Жәнібектің Жетісуға көшіп келуі халықтың қалыптасуының соңғы сатысы болып табылады. Дәл осы кезден бастап қазақ халқы жеке тарихи субьект ретінде әлем тарихы сахнасында шығады.  Н. Красовский жеке қазақтық версияны ұстанып,  қазақ халқының қалыптасуында өзбектер ешқандай рөл ойнамайды, олар дара халық ретінде  ХVІ ғасырдың соңына қарай қалыптасып, «қазақ» деген атауға ие болады дейді [46].                                  

Үшінші мәселе саяси фактор мәселесі болып табылады.  Бұған байланысты құнды пікір айтушылардың алғашқыларының бірі Ш. Уәлиханов. Оның пікірінше қазақ халқының қалыптасуы қазақтарда жеке саяси қоғамның, яғни мемлекеттіліктің  қалыптасу уақытымен тең келеді. Автордың айтуынша қазақтар әртүрлі тайпалардан құралған, мүдделері сәйкес саяси  бірлік болып  табылады.  ХІХ ғасырдың соңында оның пікірімен В. Вельяминов­Зернов, Н. Красовский келіседі [45.,46]. Ал осы кезде А. Харузин «қазақтар саяси бүтін, бірақ  этнографиялық  және  антропологиялық тұрғыдан әр түрлі болып табылады», деген пікірін жеткізеді [47.50] Осыған ұқсас тұжырымдар  кейінгі  уақыттарда да кең тарады. К.А. Пищулина мен Б.Е. Кумеков ХV ғасырдың соңы мен ХVІ ғасырдың басында қазақ халқын құраған этникалық топтар мен этникалық территорияның қалыптасуы халықтың консолидациялану процесін тездетті дейді [48].                                                                                                   Қазақстан тарихының этно­саяси мәселелерімен айналысып жүрген қазіргі  зерттеушілердің пікіріне тоқталар  болсақ,  қазақ халқы негізінен түрік  халықтарынан  құралған деген пікірді ұстанады. Ол түрік тайпалары екі бөліктен тұрады: автохтонды жергілікті Хұндар, Аландар, Үйсіндер, Қаңлылар тәрізді тайпалар бірлестігінен және шығыстан Алтай­Саян, Моңғолия аймағынан батысқа көшіп келген ежелгі түркі тайпаларының бірлестігінен тұрады, яғни қазақ халқы осы екі бөліктен құралған түрік бірлестіктерінің бастан кешірген тарихи процестердің нәтижесінде қалыптасқан этнос болып табылады. Олай болса, бұл  бүгінде қазақты құраған қырық үш тайпаның басым көпшілігінің ата­тегі, тарихи тамырлары ежелгі  және орта ғасырларда  аталмыш аймақтарда  бастау алады  деген сөзге саяды [49.234].                        Ал түркі тектес ру­тайпалардың қалыптасуы, қазіргі ғылымда қалыптасқан түсінік бойынша,  Алтай дәуірінен бастау алады. Бұл әсіресе тілдік ерекшеліктерден айқын көрінеді. Бұны Н.А.Баскаков өзі жасаған түрік тілдерінің дамуының жалпы сызбасында дәлелдеген болатын [50]. Ол сызбадан біз әсіресе түркі тілдес халықтардың тарихи отаны Саян­Алтай  өңірі екендігінің дәлелін көре аламыз. Яғни алғашқы түрік тайпаларының рулық­тайпалық бірлестіктері және мемлекеттік одақтары негізінен осында дүниеге келген және қазіргі қазақ жері арқылы батысқа қанат жайған. Бұдан шығатын қорытынды кейінгі қазақ руларының ата­бабаларының терең тамырлары сонау түркі дәуірлеріне таралып кеткен.                                                 Қазақ халқының этногенез мәселесінде халықтың антропологиялық деректері де көп орын алады. Қазіргі кезде Ғылым академиясында қазақтардың этногенезі мен нәсілдік генезі проблемаларын Қазақстанның ежелгі халқының этносы мен мәдени дәстүрлерінің тарихымен тығыз байланыста алып, кешенді зерттеу үшін мейлінше бағалы негіз болатын мол антропологиялық бірегей материал жинақталған. Бұл материал хронологиялық реті онша үзілмей, төрт мыңжылдыққа жуық уақытты (қазіргі заманнан қола дәуірін қоса алғанда) қамтиды. Мұндай ертедегі тайпалар біріңғай этноаумақтық және шаруашылық­мәдени ортақтығы арқылы тұтас анропологиялық ұйытқы болған деп санауға негіз бар. Сайып келгенде, кейіннен жергілікті тайпалар одақтарының, соның ішінде жалпы қазақ халқыының этностық және нәсілдік­генетикалық дамуы үшін алыстағы ата­бабаларының негізін салған да солар. Олардың сабақтастығы туралы мәдени және антропологиялық деректердің бүкіл жиынтығы осыдан көз жеткізеді.                                                        Белгілі бір аумақтағы қазіргі және ертедегі адамдар жиынтығының биологиялық тарихындағы осы бір күрделі прцестің негізгі қырлары әдетте физикалық антропологиялық жекелеген бөлімдері бойынша қарастырылады; оларға мыналар жатқызылады: тірі индивидуумдардың антропометриясы (басы мен денесін өлшеу); серология (қан топтары); одонтология (тіс морфологиясы); дерматоглифика (қолдың алақандары мен саусақтарындағы тері бедері); краниология (бас сүйек  морфологиясы); ертедегі халықтардың палеоантропологиясы (қазып алынған сүйек қалдықтары) және басқалар.  Осылардың көрсеткіштері қазақ халқының этникалық тарихындағы нәсілдік­генетикалық процестерді анықтайтын биологиялық алғышарттарды тануға жеткілікті дәрежеде ақпарат береді [74.265].                                           Қазақтың арғы тегі ежелгі замандарда осы күнгі Жоңғария мен Жетісу өңірін мекендеген сақ, үйсін, қаңлы т.б. және Моңғолия, Саян­Алтай өңірлерінен көшіп келген найман, меркіт, жалайыр, қоңырат т.б. тайпалардан шыққан деген тұжырым ежелгі тайпалар атының қазіргі қазақ халқының арасында сақталып отыруына ғана қарап айта салған жай болжал, жадағай емеурін емес, қайта дәйекті ғылыми тұжырым екені анық. Мұны көптеген шежірелік және тарихи жазба деректермен қатар археологиялық және анропологиялық зерттеулер даусыз дәлелдеп отыр. Қазіргі анропологиялық жіктеу бойынша қазақтың анропологиялық типі оңтүстік сібірлік немесе тұран нәсілінің негізгі уәкілдерінің бірі есептеледі. Бұл нәсіл ерте кезде еуропа тектес және моңғол тектес тайпалардың бір­біріне араласуынан пайда болған. Қазақтың анторопологиялық  типінің негізгі сипаттамалары: краниологиялық тұрғыдан қарағанда бас сүйегі ұзыншақ, беті жалпақ келеді. Олардың бас сүйек көрсеткіші брахигранияға (83 мм.) яғни жұмыр бастыларға жатады. Ал маңдай сүйегінің ені орташа (96,3 мм.), бет сүйегі биік (75,1 мм.), ені тым жалпақ (40,7 мм.). Мұрын сүйектерінің көтеріңкілігі орташа (24,9 мм.), көз ұялары биік (35,4 мм.) және жалпақ (40,7 мм.). Қазақтың көзі, шашы көбінесе қара қоңырлау, бет түктері аздау келеді, көбінде орта бойлыдан артпайды. Дене бітімінің орта шамамен кейбір көрсеткіштері: дененің жоғарғы бөлігінің ұзындығы 74,1 см, төменгі бөлігінің ұзындығы 87,5 см, қолының ұзындығы 62,8 см, иығының жалпақтығы 37,6 см, жамбасының жалпақтығы 27,6 см, кеуде аумағының кеңдігі 85,8 см. Қазақтардың арасында қанның АВО жүйесінің ішінде (І) О тобы басым (58,1%=r; 33,6%); (ІІ) А тобы (21%=r; 28,8%)  мен (ІІІ) тобы (21%=r; 28,8%) өзара шамалас.                                                                       Қазақтар арасында палиодоциялық (жоғары күрек тістері астыңғы тістен сәл асып тұрады) тіс қабыну формасы өте жиі кездеседі. Күрек тістерінің бедерлері шамамен 63,5% шұңқырлау келеді. Жоғарғы және төменгі азу тіс бедерлерінің ішінде 5+5 түрлері жиірек кездеседі (82%). Осы көрсетілген антропологиялық анықтамалар қазақ антропологиялық типінің негізгі екі нәсілдік жүйеден құралғандығын көрсетеді. Оның бірі европейттік, екіншісі моңғолоидтық нәсілдер. Бірінші жүйе қазақ даласының негізгі тұрғындарына тән қасиет, ал соңғы жүйені Орталық Азиядан  ауып келген   моңғол тектес тайпалар әкелген. Бұл айтылғандар осы заманғы қазақ ұлтының  антропологиялық типі туралы жүргізілген ғылыми зерттеулердің қорытындысы.                                                                                                   Б.з.б. үшінші ғасырдан біздің дәуіріміздің бесінші ғасырына дейін жасаған үйсін жөнінде жүргізілген археологиялық және палеоантропологиялық зерттеулерде айтылған үйсін антропологиялық типі осы заманғы  қазақ антропологиялық типінің арғы тегі екенін айқындайды. Үйсін антропологиялық типі Балқаш көлінен бастап Тянь–Шань таулы аймақтарын мекендеген тайпалар арасында жиі кездеседі. Бұған тән ерекшеліктер: бас сүйектері домалақтау, маңдайы сәл тікшелеу, көз ұялары биіктеу, қыр мұрынды, жақ сүйектері ірі әрі  шығыңқы. Үйсін антропологиялық типі нәсілдік жағынан сақ дәуірінде өмір сүрген тайпаларға өте жақын. Демек, үйсіндерді сақ тайпаларының тікелей ұрпақтары деп тұжырымдау өте орынды. Сақ антропологиялық әсері де айқын сезіледі. Өйткені кейбір бас сүйектерінен, бет пішін құрылыстарынан моңғол нәсілі тектес тайпалардың нәсілдік элементтерінің әсерлері анық байқалады. Осы күнгі қазақ халқының антропологиялық құрамының негізін қалауға үйсін антропологиялық типінің үлкен әсері болған. Жетісу қазақтарының көптеген рулары үйсін антропологиялық нәсілі екені айқын [60.47­48].                                           Осындай күрделі этно­саяси процестерді зерттегенде және оларды сипаттағанда бүгінде қазақ халқын құраған көптеген тайпалардың атауларын, яғни, этнонимдерін анықтап алу басты міндетке айналып отырғаны тарихымыз үшін құпия емес. Өйткені, Моңғол қыратындағы және Алтай­Саян өңірлеріндегі көптеген тайпалық бірлестіктер және тайпалар өздерінің кейбір атауларын сақтап  қалғанын байқаймыз. Біздің заманымызға дейінгі Үйсіндер мен қаңлыларды айтпағанның өзінде, б.з­дың алғашқы ғасырларындағы Дулға, Дулу, Теле, Оғыздар және т.б. этнонимдер кейіннен қазақты құраған көптеген түркі тайпаларының тарихи тамырларына алып баратынын байқар едік. Бұл әсіресе, моңғол жаулауы қарсаңындағы Моңғол қыратындағы этникалық құрамдарды  зерттегенде айқын көріне бастайды. Осы жерде мынаны баса  айтуға болады: қазақты құраған ежелгі түркі тайпаларының атаулары, яғни этнонимдері туралы алып­қашты әңгімелер тарихымызды бұрмалауға жол ашады. Бұл мәселеде сөз төркінін қисынсыз өзгерте бермей нақты деректерге жүгінген жөн болар еді. Ежелгі жалайырлар құрамына кірген он рудың құрамынан, сонымен қатар керей, ұйғыр, таңғұт, қаңлы, қидан тайпалары құрамында жүрген руларды да кездестіреміз. Өйткені көшу бағыттары бір болған көрші көшпелі тайпалардың кейбір руларының өзара кірме, қоңсы болып, біртіндеп бір тайпаға бірігуі ол кезде әдеттегі жағдай еді. Мұндайда ежелгі түркі тайпаларының басым көпшілігінің атауларының бұл тұста  тапонимдерге, яғни жер­су аттарына байланысты болғанын ұмытпауымыз керек. Біздің зерттеулеріміз бойынша, Жалайыр тайпасының аты Аргун өзеніне құятын Қалайыр өзенінің атымен, Найман тайпасының атауы Найм өзенімен, керейлер аты Керулен өзенімен, Тама тайпасының аты То­тома өзенімен, Табын тайпасының аты Орхонның сағасы Үш Табын өзенімен, Қаңлы атауы Кан өзенінің атымен, Қарлық аты Қарлық өзенімен, Үйсін аты Хара үснейрумен тығыз байланысты дер едік. Этникалық құрамы әртүрлі болған рулар әртүрлі құтты қоныстарда, жер өзен бойларында ортақ жаулардан қорғану үшін ортақ бірлестіктер құрды. Тайпа болып бірігу үшін бір кіндіктен таралу міндетті емес еді.  Ол кезде тұңғыс­манчжур, түркі, моңғол тілдерінің өзара жақын диалектілерде болғаны және белгілі. Рулық, тайпалық ерекшеліктерді, оқшаулануды моңғолдардың күшеюі күйрете түсті. Енді тарих сахнасына қазақты құраған түркі тайпаларының орта ғасырлардағы бабалары ірі тайпалық бірлестіктер, тіптен шағын мемлекеттер ретінде бой көрсетті.  Рашид­ад­дин ұлыстық, мемлекеттік мәселесінде түркі тайпаларын екіге бөліп қарастырған еді. Олардың алғашқысы   Шыңғыс ханға дейін өздерінің дербес ұлыстары, билеушілері болған тайпалар, екіншісі моңғолдардың саяси ықпалында болғандар. Бұлардың алғашқысына керейт, найман, оңғұт, қыпшақ, қарлұқ және т.б. кірсе, ал екінші топқа жалайыр, татар, меркіт, қоңырат, хушин (үйсін), қатаған және т.б. моңғол аталғандар жатты [75.23­24].                                                                               Қазақ халқының этникалық тарихын, яғни этногенез мәселесін қарастырып кетуді жөн көрудегі негізгі себебіміз қазақ ру­тайпаларының этнонимдерінің  шығу  тарихының да осы мәселемен өте тығыз байланыстылығымен түсіндіріледі. Біздің айтқымыз келіп отырғаны, жоғарыда атап өткеніміздей, қазақ халқы негізінен екі бөліктен құралған:  жергілікті тайпалар мен шығыстан қоныс аударған тайпалар болып табылады. Ал соңғыларының көшіп келу процесі, тарихтан белгілі болып отырғандай, моңғол шапқыншылығының аяқталу кезеңімен тең келеді.  Сонымен біз қазақ халқының ру­тайпаларының этнонимдерінің  қалыптасу тарихы қазақ халқының қалыптасу тарихымен қатар жүреді демекпіз. Себебі қазақ халқы  көптеген  ру­тайпалар бірлестігінен құралған этнос екені мәлім. Ал этноним дегеніміз  р у, тайпа, ел атауы болып табылады, ал р у, тайпаның өзі болмаған жағдайда этнонимнің де болуы мүмкін емес, олай болса бұл екі процесс, яғни  ру, тайпа халықтың және этнонимнің қалыптасу процесі қатар жүретін ажырамас процесс болып табылады деген сөз.                                                  Моңғол үстіртінде тарих төріне әйгілі болған б.з.б. ІІІ ғасырдан б.з. ХІV ғасыры немесе әйгілі Хұндардан Моңғол империясы қанат жайғанға дейінгі он жеті ғасырға созылған уақыт кеңістігінде бұл сахарада Түркі, Тунгус, Моңғол тектес дүйім  қауым өмір сүріп келді.  Енді осынау ұлыс тайпалардың орналасу жағрафиясына мән беріп көрейік. Онон өзенінің жоғарғы саласы, Хэрленнің батысындағы таулы өлкелерді ежелгі моңғол тайпалары, Хэрленнің төменгі сағасы және Тула өзенін бойлай керейіт, жалайыр тайпалары мекендейтін.             Орхон, Селенга өзендерінің жоғарғы ағысынан Алтай тауына дейінгі үстіртте Найман ұлысы тұрды.  Найманның шығысында Селенга бойында ойраттар, ал Байкалдың  шығысы  Селенганің төменгі бойын Меркіт тайпасы, шығыс  моңғол сахарасын Қоңыраттар Инь Шань жотасы, Эдзин өзені бойын Онгууд (уақтар), Хөлөн буйр, Бұйра көл маңын татарлар және Тунгус тектес Солондор мекен етті.   Аталмыш тайпалар өзінің этноқұрамы жазынан үш топқа бөлінеді. Қазіргі Моңғолия  территориясының бел ортасында немесе Хэрлен, Онон, Тула үш өзен бойында ежелгі  моңғол тайпалары, Моңғол үстіртінің орталық шебінен батыс шебіне дейін Түркі тектес тайпалар, ал Бұйра көлден Амурға дейінгі сахарада Тунгус тектес тайпалар тұрып жатты.        Моңғол даласында билік үш топтың қолына алма­ кезек ауысып, бірі билік құрғанда қалған екі топ оған бағынышты болды. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІІ ғасырдан Шыңғыс хан басшылығындағы іргелі Моңғол мемлекетін құрғанға дейін Моңғол үстіртінде ертефеодалдық жеті мемлекет шаңырақ көтерді. Олардың төртеуі түркі тектес тайпалардан ( Хун, Түрік, Ойғыр, Қырғыз), қалған үшеуі Тунгус тектес ( Жоужань, Сянби, Қидан) мемлекеттер еді.        Ертедегі қытай  жазбаларында  батыстағы көшпенділерді  Сюнну, Дунху,  Сушень  деп этникалық үш топқа бөліп қарады.  Соңғы жылдары қалыптасқан Түркі тілді, Моңғол тілді, Тунгус тілді деген ұғымға сай келеді.  Сушень мәселесіне келсек, ­деп жазады   В.В. Бартольд,­ мұнда түрлі шүршіт­тунгус тайпалары туралы сөз болып тұрғанын аңғарамыз. Ал көптеген ғалымдардыңдәйегіне жүгінсек, Сюнну тобына түркі тілді халықтар жатады.       ІХ­Х ғасырлардағы қытай жазбалары «татар» атауының жиынтық мағынасына сүйене отырып батысындағы көшпенділерді енді «Ақ», «Қара» және «Тағы» татарлар деген тауларды шығарды. Бұл тарихи жұмбақты Европа тарихшылары ежіктеп шешті. Мысалы тарихшы П.И.Кафаров қытай тарихи жазбаларындағы «Ақ татарлар» дегені түркілер, «Қара татарлар» дегені ежелгі моңғолдар,  ал  «Тағы татарлар» дегені Тунгус тектес деп жазды.       Моңғолия жерінде түркі тектес халықтардың қолымен іргетасы қаланған әйгілі Қарақорым, Балықлық, Байбалық орыны бар. Әйгілі руна жазу ескерткіштері, тас жазу тамғалары, көптеп кездеседі.                                       Моңғол  жерінде түркі халықтарының мың­мыңдаған бейіт және бейіт тастары халықтың жортып өткен жолын, басып өткен белін әйгілеп тұр. Бірақ түркі тектес халықтар бұл мекенде мәңгі бақи тұрақтап қала алмады. Хун, Үйсін, Қаңлы, Йозылардың бұрынғы көшін айтпағанның өзінде тек ІХ ғасырдан соңғы уақыттарда 2 дүркін батысқа қарай жылжуға тура келді. Алғашқы жылжу Қидан мемлекетінің тұсынан басталды. Бірақ бұл жылжу Моңғол жерін түркі тектес тайпалардан біржолата тазарта алмады. Найман, Керейіт, Онгууд, Меркіт, Жалайыр қатарлы көптеген тайпалар жылы орындарын суытпай қала берді.                                                                                   1206 жылы Шыңғыс хан ел билігіне қол жеткізгенге дейін «Моңғол үстірті» деп аталатын далада моңғолдық билік болмады, тіптен «Моңғол» аты да аталмайтын болатын. Міне, сондықтан неміс ғалымы П. Рачневский «Моңғол тегі, моңғолдардың шын тарихы Шыңғыс ханнан басталады » деп тұжырымдаған. Оны ағылшын  ғалымы Фальер Фокс моңғол тарихшысы    Ш. Нацагдорж  да қосылады [31.4­9].                                                                        Осыған байланысты түркі тектес халықтардың екінші жылжуы тарих сахнасынан Шыңғыс хан  бастаған моңғолдар бой көтерген тұстан басталады.    Қазақстан территориясына Моңғолиядағы түрік тайпаларының қоныс аудару немесе жылжу процесінің екіншісін, осы мәселемен айналысып жүрген тарихшыларымыз, шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастырады.  Бұл процесс негізінен ХІІ ғасырдың соңғы жылдары мен ХІІІ ғасырдың бірінші жартысы аралығында өтеді. Ол негізінен Шыңғыс ханның іс­әрекеттеріне және оның ұрпақтарының жүргізген саясаттарына тікелей байланысты болады.  Оларға тоқталар болсақ:

  1. Бірінші кезең ­ ХІІ ғасырдың соңы мен ХІІІ ғасырдың алғашқы жиырма жылдығын қамтиды. Бұл тарихи кезеңде Моңғолиядағы тайпалар арасындағы кескілескен күрестерде жеңілгендер жеңгендердің қол астына қараса, бағынғысы келмегендер батысқа қарай, Дешті Қыпшақ территориясына  қарай  а у а көшеді;
  2. Екінші кезең ­ 1219­1224 жылдардағы жаулап алулар мен одан кейінгі ұлыстардың құрылуына байланысты,  әскер мен тайпалардың    Шыңғыс ханның ұлдарына бөліп берілуіне байланысты қоныстанулары жатады.
  3. Үшінші кезең ­ ХІІІ ғасырдың 40­60 жылдардағы Шыңғыс ханның немерелері арасындағы билік үшін күресте жеңген топтың жеңілген жаққа тәуелді, соларға бағынышты тайпаларды өзара бөлісуге байланысты болған жағдайларды жатқызамыз [51.57].

         Қазақстан территориясына қоныс аударып келген бұл найман, меркіт, керейт, жалайыр, уақ, қоңырат  тайпалыры негізінен республика территориясының әртүрлі бөліктеріне  орналасқан болатын. Олардың тағдырлары да әрқилы өрбіді. Мысалға меркіт тайпасы көптеген қиыншылықтар мен моңғолдар тарапынан келген зорлықтарды басынан кешіріп, ақырында өздерінің рулық дәрежесін сақтай алып, қазіргі кездегі қазақ шежіресінде жеке  ру ретінде Керей тайпасының құрамында өз орынын алған.       Ал моңғолдардан жеңілген наймандардың бір бөлігі батысқа қарай жылжиды да қазіргі Қазақстанның шығысындағы Ертіс, Зайсан, Марқакөл маңына келіп орналасады. Келесі  бір бөлігі Күшлік ханмен ілесіп,  Шығыс Түркістандағы қарақытай билеушісіне кетеді. 1212 жылы ол Жетісу мен Шығыс Түркістандағы билікті иеленіп, наймандарды топтастыруға ұмтылады. 1218 жылы моңғолдардың қолынан Күшілік өлтірілгенімен, наймандар бұл өңірге орнығып қалады. Осылайша, 1219­1224 жылдарға дейін Моңғолия жеріндегі билік үшін   жүргізілген соғыстарда жеңіліс тапқан наймандар  бірнеше бөлікке бөлініп кетіп, бір тобы Дешті Қыпшақтың шығыс бөлігіне, ал бір тобы Жетісу жеріне келіп орнығады. Наймандардың Дешті Қыпшаққа келесі бір орнығуы ұлыстардың құрылуы мен одан кейінгі ХІІІ ғасырдың 40­60 жылдарындағы тарихи дамулары барысында  жалғасын табады.                                                        Шыңғыс ханнан жеңілген керейттер де бірнеше бөлікке бөлініп кетеді. 1203 жылғы қақтығыста жеңілген керейттер тобы Ырғыз өзенінің маңына келіп,  қазіргі қазақ халқының Кіші жүзінің Жетіру тайпалық бірлестігінің керейт руын  құрайды, ал шығыста қалып қойған керейттер тобы Орта жүздің Керей  руына бірігеді.  Сөйтіп, кезінде үлкен бір тайпаны құраған керейттер тайпасының тағдыры осылай өрбиді.                                                                         Моңғолиядағы   ыдыраған  тайпаның келесісі жалайырлар да кең байтақ қазақ жерінен пана табады. Олар Шағатай мен Үгедей ұлыстарының құрамында Жетісу, Жоғарғы Ертіс, Тарбағатай аймақтарына қоныстанады. Жалайырлар қазіргі таңда  қазақ халқының Ұлы жүзінің белді тайпасы болып табылады.               Осы іспеттес тағдырды басынан қоңыраттар да кешірген. Олар    Жошы мен Шағатай ұлысының құрамына бөлінген болатын. Қазіргі кезде Қазақстан территориясының оңтүстігін мекендейтін Қоңыраттар да Орта жүздің белді тайпасы болып келеді.                                                                                         Қоныс  аударып  келген  бұл  тайпалар   сан   жағынан    өте  аз болғандықтан, бүкіл аумақтағы этнопроцестерге қатысады, бірақ оған ықпал ете алмайды. Бірнеше ұрпақтар ауыса келе, бұл келгендердің бәрі де  Жошы  ұлысындағы этнос құрамына сіңісіп кетеді, кейбірі өздерінің рулық, тайпалық  құрылымын сақтап қалса, кейбіреулері басқа күштірек тайпалардың құрамына енеді [51.58­62].                                                                                                         Моңғол жаулаушылығына дейін Шығыс Дешті Қыпшақта өмір сүрген  тайпалар мен жаулап алу барысында көшіп келген тайпалар көп ұзамай­ақ бір­бірімен араласудың нәтижесінде ортақ этнониммен атала бастайды да, ХV ғасырдың ортасында Үш Сан Алаш бірлестігі қазақ этносын қалыптастырады.                   

 

 

 

 

 

 

 

  1. АЛТЫ САН АЛАШ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

 

3.1 Алты сан Алаш (Жалайыр, Қоңырат, Алшын, Арғын, Найман, Қыпшақ)  қауымдастығына зерттеушілердің көзқарастары

 

         Халқымыздың күнделікті өмір салтында «Алты сан Алаш болғанда» деген сияқты сөздер көп кездеседі. Оның бірден бір себебі қазақ – алаштың ұрпағы, алайда мұндағы «Алаш» бір жеке тұлға емес – Алты сан Алаш қауымдастығы. Егер Үш сан Алаштан қазақ этносы пайда болса, Алты сан Алаштың да құрамына Үш сан Алашпен қоса алғанда қазақ халқының тарихында елеулі орын алатын тайпалар – найман, қыпшақ, арғын да кіреді. ХVІ ғасырда жазылған Сайф ад-дин бен Дамулла Шах Аббас Ахсикентидің «Маджму ат-тауарих» атты еңбегінде Көшпелі өзбек ұлысындағы 92 тайпалар арасында қазақты құраған жоғарыда аталған жалайыр, қоңырат, алшын, арғын, найман, қыпшақ тайпалары қоғамдағы рөлдері маңызды болғандықтан, тізімдегі алғашқы ондықтың қатарында тұр [Маджму ат-Таварих. // Материалы по истории киргизов и Киргизии (второе изд.). – Бишкек, 2002. -228 б]. Ахсикентидің аталмыш дерегінің мәліметтерін сөзбе-сөз берер болсақ, алғашқы ондыққа кіретін бұл тайпалар төмендегіше көрсетілген [Маджму ат-Таварих. // Материалы по истории киргизов и Киргизии (второе изд.). -228 б.]:

  1. минг 6. конгурат

ﻤﻴﻧﻚ                                          ﻗﻮﻨﻔﻮﺮﺍ ﺖ

  1. юз 7. алчин

ﻴﻮﺯ                                           ﺍﻠﺠﻴﻦ  (ﺁﻠﭽﻴﻦ) 

  1. кырк 8. аргун

ﻗﺮﻖ                                          ﺍﺮﻏﻮﻦ

  1. джалаир 9. найман

ﺠﻼﻴﺮ                                        ﻨﻴﻤﺎﻦ

  1. сарай 10. кыпчак

ﺴﺮﺍﻯ                                        ﻗﺑﺠﺎﻖ (ﻗﭙﭽﺎﻖ)

Сондықтанда «Алты сан Алаш» атанған бұл тайпалардың «үлкені» шынында да жалайыр. Ал енді жоғарыда аталған «үш сан Алаш мыңына» жатқызылған тайпалар осы тізімдегі кейіннен қазақты құраған алғашқы үш тайпа. Дәлірек атап айтар болсақ, жалайыр, қоңырат, алшын еді деуге ғылыми негіз бар. Алайда бұл жерде «үш сан Алаш мыңын» қазақтың үш жүзімен шатастырмауымыз керек деп ойлаймыз. Қазақ жүздері кейінірек ХVІ ғасыр соңына қарай пайда болды. Осындайда кейінгі қазақ қоғамында қалыптасқан Ұлы жүзде жалайырды «аға баласы» ретінде тану сонау Шыңғысхан дәуірінен бастау алып, Ақ Орда мемлекеті тұсында «Алты Алашта» кеңінен таралса керек деген ой туады. Бұл Қазақ хандығы қалыптасар қарсаңындағы этно-саяси ахуал. Олай болса біз осы «Алты сан Алаштың» құрамына кіретін тайпаларға, алғашқысынан бастап сипаттама беріп өтейік.

         Қазақ халқының сан жағынан ең көп болып келетін тайпасы жалайырлардың  ұраны ­ Бахтияр, Қаблан; таңбасы ­ т (тарақ). Тайпаның этнонимінің зерттелуі де қазіргі таңда қолға алынбай отырған тақырыптардың бірі болып табылады. Жалайырларға қатысты өз пікірін білдірген З. Қинаятұлы өз зерттеуінде «жалайыр» этнонимінің мағынасы «Жат жалалылар» деп  айтады. Ол өзінің сөздерінің растығын ҚХР­да басылған «Ұлттар туралы анықтама» дәлелдейтінін айтады. Онда «жалайыр» атауын «жалшы» ұғымынан шыққан деп көрсетеді деп өз сөздерін дәйектеуге тырысады [31.155­156].                 Жалайыр этнониміне зерттеу жүргізген Қазақстандық синолог Ю.А. Зуев тайпа этнониміне байланысты былай деп жазады: «Сам термин джалаир является монгольским вариантом названия царского племени Второго уйгурского каганата Йаглакар~йала эр. В пользу этого утверждения имеются и другие доводы» [72.105].                                                                                          Тайпа атауының  шығуы мен оның этимологиясына байланысты өз көзқарасын, жалайыр тайпасына жүргізген арнайы зерттеуінде Алаш тарихи зерттеу орталығының ғалымдары, білдіреді. Олар этнонимнің  шығу тарихына байланысты жаңа болжам жасайды. Зерттеушілердің болжамының негізінде Рашид­ад­диннің бірегей еңбегіндегі «Қалайыр» деген сөз жатыр. Авторлар деректе келтірілген бұл сөздің даударылуында немесе оның о баста дұрыс жазылуына күмән келтіреді. Сөйтіп, өздерінің жүргізген шағын «лингвистикалық»  зерттеуінің нәтижесінде «қалайыр» деген сөз «жалайыр» деген сөз деген қорытындыға келеді.                                                                           Ал этнонимнің этимологиясы жөнінде аталмыш зерттеу орталығының мүшелері «жалайыр» сөзінің  осы уақытқа дейін, мағынасын ашарда, тек  сөздің түбірі «жал»­ды ғана алып, соның  мағынасын айтып екінші бөлігі «айыр» есепке алынбай жүргенін ескертеді. Сөйтіп, олар «жалайыр» сөзінің мағынасын былай деп көрсетеді: этноним «ежелгі түркі дәуірінен мағыналары   е ш б і р өзгермеген «жал» және «айыр» сөздерінен тұрады және оларды біріктіріп оқығанда «жылқының жалын айырған» немесе өзен болса «жал тәрізді айырылып ағады» дегендей түсініктерді береді.      Айтылғанғандардың бәрін қорытар болсақ, Қалайыр деп жазылған сөздің шын мәнінде «жалайыр», яғни жал тәрізді айырылып ағатын өзен екенін айқындағандай боламыз. Кезінде осы Жалайыр өзенінің бойында тағдыр тауқыметімен ойдан, қырдан тоғысқан оғұздарға, қыпшақтарға, қырғыздарға және моңғолдарға туыстас әртүрлі рулар ортақ жауларынан қорғану үшін Жалайыр өзенінің аңғарын ата қонысқа айналдырған, осында басы біріккен  қауым еді [73.146].                                          Сонымен қорыта келгенде түйіндеріміз Жалайыр жеке адамның есімі емес, бір тайпа елді асыраған, сақтаған өзеннің аты. Тарихи деректерде айтылып жүргендей ол өзен Қалайыр емес Жалайыр. Осы өзен бойында Жужан қағанаты (ІV­VІ ғғ.) және Түрік қағанаты (VІ­VІІІ ғғ.), Ұйғыр қағанаты (VІІІ­ІХ ғғ.) тұсында топтаса бастаған рулар Қидандар империясы (Х­ХІІ ғғ.) кезінде әбден күшейіп, жалайырлар деген атпен тарих сахнасына шықты» деп тұжырымдайды [73.151].

         Көне жазбалар бойынша, жалайырдың арғы атасы мерке, одан – шуманақ пен сырманақ, бұл ағайынды екі рудың біреуі Сырдарияның, екіншісі Шумен Таластың бойын мекендеген. Жалайыр тарихы туралы ғалымдардың негізгі сүйенері – Қадырғали Жалайридың еңбегі. Автордың шыққан тегі Жалайыр болғандықтан,  оны Оғыз ханнан бастап Шыңғыс дәуіріне дейін жеткізген.          Жалайырлар Оғыздың дулу, шұмугун руларымен бірге түрік қағандарының құрамында болған. Жалайырлар лияу және жин әулеті кезінде Маңғолиядағы белді ұлыстардың бірі болған. Олардың жан саны мол, өріс-қоныстары ұлан-ғайыр өңірді алып жатқан. Бқлардың бір шеті Онон бойында болса, енді ббір қанаты Қарақорымның Қадыма деген деген жеріне дейін өрістеген.  Парсылық Рашид-ад-диннің айтуынша, ол кездегі жалайыр ұлысы он ірі тайпаға бөлінген. Олар: жат, тоқырауыт, қанқауыт, құмсауыт, оят, нылқын, қорқын, төлеңгіт, торы және саңғұт.  Жоғарыдағы тайпалардан көптеген рулар өрбіп отырған. Ежелгі Жалайыр жеті күренге бөлінеген.. күрен – ен далада алқа-қотан жиналып отыратын ауылдар шоғыры еді. Шамамен жалайырлардың осы жеті күренінен де жетпіс мың үй болған деп есептеуге болады.шыңғыс хан маңғолдар арасындағы тайпаларды бағындырған кезде жалайырлар оағн бағынып, оның әскери күшіне айналды. Жалайырлардың Шыңғыс армиясына қызмет еткен адамдаынан көптеген әйгілі батырлар, қолбасы, мың басылар шықты.  Шыңғыс ханның Орта Азияға жасаған жорықтарында армия қатарында көптеген жалайырлар болған. Қазақтың құрамындағы жалайырлар да сол жолмен келген деседі.  

         Қоңырат – қазақ халқының құрамына енген тайпалардың бірі. Олар туралы алғаш деректер еліміздің Лиау патшалығы кезіндегі жылнамаларда кездеседі. Лияу және Жин патшалығы кезінде (ХІІ ғ.) қоңыраттар моңғолия үстіртіндегі елеулі тайпалардың бірі болған. Олардың өріс-қоныстары керулин өзенінің төменгі ағысы мен Ергуна өзенінің алқабында еді. Қоңыраттардың батысында маңғол тайпалары, шығыс оңтүстігінде Жин патшалығының шекара шегі тұрған. Парсы тарихшысы Рашид-ад-диннің айтуынша ол кезде қоңыраттар үшке бөлінген: жорлық-мерген, қабай-шері, тасбуда. Ол қоңыраттарды ежелгі қият тайпасынан шыққан деп есептейді және бұл уәжді Н. Аристов қолдайды. Бұлар ежелгі аңыздарда айтылатын ергене құтының тұрғындары болған. Шежіре дерегі бойынша қоңыраттар екі үлкен бірлестікке бөлінген. Оларды В. Радлов «алты ата көктің ұлы, алты ата көктің құсы» деп атаған. Қазақ шежірелері болса қоңыраттарды «алты ата көтенше, жеті ата көктің ұлы» деп он үш тайпаға таратады.                                                        Рашид­ад­диннің еңбегінде қоңыраттар Эргунэ­кун деген жерді мекендеген Нукуз бен Қиян деген адамдардан тараған. Бұлардан туған үш ұл алтын құмырадан жаралған, бұл сөздің мәнісі әкелері ақылды, білімді адам болғанға келеді дейді автор. Сол Қияннан тараған ұрапақ көбейіп, сан­сан руға бөлінгендіктен, оларды қият деп атаған. Осы Қияттан қоңырат тарайды [10.160].                                                                                                      Қоңырат этнонимінің этимологиясы жөнінде С. Аманжолов былай деп жазады: «само название конграт (конгр­караковый, ат­конь) показывает, что это одно из древних тюркских племен, носящее тотемическое название. Тотемическое название ­ это собственный выбор данного рода и племени» [24.62].                                                                                                                         С. М. Абрамзон да қоңырат атауы екі сөзден құралған деп қарайды: қоңыр­бурый +ат­конь деп оны былай түсіндіреді « среди родовых названии, указывающих на большое значение масти лошадей в войсковых формирований у киргизов, отметим следующее:  боз­белый, сивый, тору­гендой, күрең­ темно­рыжий и т.д. не исключено что название конырат имеет полное отношение к  древней военной организации» [71.129].                                      А. Әбдірахманов та осы пікірді қолдап тайпаның бұлай аталуының мәнін  ашуда  өзінің уәжін келтіреді. Тайпа атауы оның мүшелерінің жауынгерлері жауға қоңыр атқа мініп шығуына байланысты болуы ықтимал. Өйткені көне заманда арнайы әскери форманың болмағаны белгілі. Ендеше өз әскерін өзгеден айыру үшін біріңғай түсті атқа мініп жаугершілік жасауы заңды. Кей жағдайда әскерін жаудан айыру үшін біріңғай түсті бас киім де киген: қара қалпақ, қызыл бас т.б. Мұндай атаулар кейін халық атауына да айналып отырған  дейді [22.112­114].                                                                                         Моңғол үстіртін мекендеген соңғы түрік тайпаларының этникалық тарихын зерттеумен айналысы жүрген белгілі тарихшымыз Зардыхан Қинаятұлы да бұл қоңыраттардың атауның берілудегі негізгі болжамды қолдап былай дейді: «Ертедегі тәңіріге табыну (тотемизм) салты бойынша әрбір ру­тайпалар өздерін айдың сәулесі, күннің нұры, су перісі, киелі ағаштан немесе арлан бөрі, ақ бұғы, алып қыран, ақ тұйғыннан тектінің ұрпағы, тұлпардың тұяғы деп аруақтандырып көрсететін шежірелік мирас бар. Қоңырат та солай» [31.124]. 

         Қазақ тарихында алшындардың ойнар рөлі зор. Себебі Алшындар бір ғана ру емес, ол – тайпалар  бірлестігі. Алшын – Кіші жүздің құрамындағы тайпалардың жалпы атауы, былайша айтқанда Кіші жүз деген сөздің баламасы.  Алшындар туралы алғашқы деректер ҮІІ-Х ғасырларға жататын құжаттарда көпетеп кездеседі. Олардың ежелгі мекені Алтай таулары, бірақ Х ғасырда олар Алтай бойынан ойысып, Арал және Каспий теңізі маңындағы ежелгі тайпалармен араласып кеткен. Бір бөлігі қыпшақтармен бірге (қаңлы құрамында) батысқа қарай жорыққа шығып, Мысырға дейін барған; онда Мысыр билеушілерінің құрамында болып, мәмлүктер әулетінің үстемдігін орнатуға белсене араласқан. Алшындар Х-ХІІ ғасырларда Қырымда болған. ХІІ-ХІҮ ғасырларда Алшынның кейбір рулары Ноғай ордасының нығаюы үшін белсене күрескен [«Қазақстан» Ұлттық энциклопедия. – Алматы, «Қазақстан энциклопедиясы», 1998, — 720 б. 322]. Алшындар туралы А.И. Левшин өз еңбегінде былай дейді: «Меньшая орда прежде составлялась из сильного племени Алчин и семи малых родов, которые не имея силы противостоять в междоусобиях и барантах многочисленным алчинцам, были соединены знаменитым в народе киргизским ханом Тявкою в одно поколение, известное ныне под именем семиродского. Название древнего алчинского племени, состоявшего из поколений алимулинского и байулинского, еще находим в бумагах хана Абулхайра».   

         Кіші жүздің рулық құрамы туралы 1748 жылы алғаш мәлімет беретін А.И.Тевкелев онда алшындар туралы да айтады: «Ірі ру Алшын, ал алшын екіге, яғни Қаракесек пен Байұлы болып бөлінеді. Қаракесек бәрінен де ірі, алты рудан тұрады, олар: Шекті, Қаракесек, Шөмекей, Төртқара, Қаркете, Қарасақал… Қаракесекке қарағанда Байұлы орташа 12 рудан тұрады, атап айтқанда олар: Адай, Жаппас, Алаша, Байбақты, Беріш, Масқар, Таздар, Есентемір, Алтын, Шықтар, Шеркес, Тана… Жетіру, яғни жеті ру Кіші жүздегі ең шағын рулар, атап айтқанда, олар: Табын, Тама, Кердері, Керейіт, Жағалбайлы, Телеу, Рамадан».

Нақ осы жерде А.И.Тевкелев жетіруға кіретін рулардың бұрын бытыраңқы болып, неғұрлым күшті рулардан теперіш көріп келгенін айтады. Олар өздерін бірігу ғана сақтап қалатынын аңғарып, Тәуке ханның ақылымен, туыстық жағынан байланысты емес одақ – Жетіру болып бас қосқан.

Кіші жүздің рулық құрамы туралы келесі бір мағлұмат П.И. Рычковтың еңбегінде бар, ол былай деп жазады: «бүкіл кіші орда екіге бөлінген – Алшындар мен Жетіру және бұл ордадағы аса атақты  рулар немесе аймақтар: Алшын, Адай, Масқар, Тама, Табын, Кете, Қаракете, Шөмекей, Шекті, Жағалбайлы» [Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежіресі хақында. – Алматы: Атамұра, 2000 – 464 б.]. Бұл тізім, көріп отырғанымыздай толық емес.                                                        

Қазақ халқының пайда болуы мен этникалық тарихын қарастыратын тағы бір ғалым бұл- М.Тынышпаев. Ол өз еңбегінде      : «Младшая орда, составляющая в данное время 2/5 всего киргизского населения, состоит из одних только алчинов. История некоторых даже малочисленных киргизских род – алчын, также восходит в глубь веков» дей келе олардың тамырларын Сотүстік алтай мен Оңтүстік Ресейден іздейді және алшын деген тайпа Қазақстаннан тыс территорияларда да кездесетініне көзін жеткізеді. Ал қазақтардың құрамындағы алшындарды автор үшке бөлінетінін айтады, олар: қаракесек, байұлы және жетіру. Ғалымның айтуынша: «В 12-14 веках оснавная группа алчина (байулы) занимала южные и юго-восточные русские  степи. От них на юго-восток расположились 2 другие группы (каракесек и жетыру). Приведенные выше летописные даты показывают, что в конце 14 века алчины составляли ядро полунезависимой орды чингизида Ногая, перед которым одинаково трепетали Южная Русь, Литва, Польша, Болгария, Сербия идаже более отдаленная Византия» деп алшындардың тарихтағы алар орнын ашып көрсетеді.                    

          Арғын этнонимінің мағынасы туралы  Н.А.Аристов, А.Н.Кононов, С.Аманжолов, Т.Жанұзақов тәрізді ғалымдар — “көпсанды” немесе “аралас” деген мағынаны аңғартатынын айтады. Сонымен бірге Т. Омарбеков бастаған бір топ ғалымдар Арғындардың тарихын он кезеңге бөліп көрсетеді.                      Б.з.д. ІІІ ғасырдан – б.з. ІІІ ғасырына дейінгі аралықта олар ғұндар немесе ғулар деген атаумен қазіргі Қазақстан және Моңғолия аймақтарында ерсілі-қарсылы жортып жүрді. Бұл Арғын бабаларының тарихындағы алғашқы кезең болып табылады.

Б.з. ІІІ ғасырынан — б.з. Ү ғасырына дейін Арғындардың бабалары Алун атанып, алғаш Қаңғулар одағында, онан соң Гаогюйлар құрамында өмір сүрді. Бұл Арғындар тарихындағы екінші кезең болса керек.

Б.з. ҮІ-ҮІІ ғасырларында түркі тілдес ғұндардың, гаогюйлердің және тұнғұс тілдес сәнбилердің араласуынан Арғындардың бабалары Арағұн немесе Арағу деп аталатын болды. Бұл Арғындар тарихындағы этникалық дамудың үшінші кезеңі еді.

Арғындардың бабалары Арғу деген атпен басмыл-қарлұқ тайпалық одақтарында мүше болған заманда Түрік қағанаттарынан бастау алып, Ұйғыр және Қидан бірлестіктерінің ықпалына түскен қилы замандарды да бастан өткізді. Бұл мемлекеттердің күрделі тарихы Орхон жазуларында тасқа өшпес таңба болып жазылған. Бұл Арғын бабаларының арғы тарихының келесі төртінші кезеңі болып табылады.

Б.з. ХІІІ ғасырынан бастап бұл тайпаның құрамындағы бұрынғы басмыл және қарлұқ рулары Жетісу аймағындағы түркі тайпаларының кейбір руларын қосып алып, тарихқа Аргун немесе Аркенут деген атаумен әйгілі бола бастады. Бұл Арғын тайпасының жаңа сапалық өзгеріске ұшырап, қазақ деген халықты қалыптастыруға бейімделе бастаған тұсы еді. Осы кезең Арғын тайпасының дамуындағы мүлде жаңа уақыт, яғни бесінші кезең болып табылады.

Моңғол Ұлыстары тұсында алғаш Шағатай Ұлысында, соңынан Жошы Ұлысында төрелердің қисапсыз жортуылдарына қатысқан Арғындар байырғы қазақ жеріндегі сан-салалы түркі тайпаларымен тығыз қарым-қатынаста болып, өзара топтаса түсті. Бұл Арғын тайпасының қазіргі атауымен аталған, өзіндік дамуының жаңа алтыншы кезеңі еді.

Қазақ хандығының құрылуына байланысты Арғындар мүлде жаңа саяси одаққа белсенді мүше болды. Осы мемлекетті нығайтуға атсалысқан хандар және рубасылары Арғындардың мықты қолдауын айқын сезінді. Бұл Арғын тайпасының кең өрісте, мол тыныспен өзіне туыстас қауымдастық ішінде гүлдене жайқалған, көркейіп өсіп-өнген тұсы еді. Бұл Арғындар тарихындағы жаңа жетінші кезең болса керек.

Ресей боданы болған, өз тағдырына өзі ие бола алмай, тізгіні жаттың қолында кеткен қазақ үшін аса ауыр заман Арғындардың да тағдырына қайшылықты ықпал жасады. Бұл Арғындар тарихындағы сегізінші кезең – ХҮІІІ ғасырдан басталып — ХХ ғасырдың алғашқы онжылдықтарына дейін созылатын тарихи мерзім. Бұл жерден біз Арғындардың тарихы сонау тереңнен бастау алатынын көріп отырмыз.

Наймандар – ежелгі түркі тілдес ұлыстырдың бірі. Олар ерте кезден бастап Ертіс өзені мен Орхон өзенінің аралығын мекен еткен ежелгі түрті тектес көшпелі тайпа одағы. Найман тайпалар одағы ҮІІІ ғасырдың орта шенінде Жоғарғы Ертіс пен Орхон аралығында сегіз-оғыздеген атаумен пайда болды. Сегіз оғыздар Хангайдың батысынан Тарбағатайға дейінгі жерді, яғни өзіміз кейіннен наймандар деп атайтын жерді алып жатты. Х ағысрда Орталық Азия даласын, «Ляо-Шиге қарағанда», жауынгер көшпелі тайпалар мекендеген, бұл деректемесде олар цзу-бу деген ортақ атаумен аталады. Олар тура Тарбағатайға дейінгі Орталық Азия аумағынан қоныстанған. Қидандардың Ляо әулеті кезеңінде «Ляо-ши беттерінде» найман атауы пайда болады. Ол, бәлкім, цзу-будың батыс тобы деп саналуы мүмкін. Түрікше мағынасында «»сегіз тайпаның одағы деген баламасы бар, яғни найман деген маңғол атауын да оларға Ляо әулеті кезінде маңғол тілдес қидандардың бергені күмәнсіз. Найман тайпалар одағы ХІІ ғасырдың бірінші жартысында Елюй Даши бастаған қидандардың Жетісу жеріне кетуіне байланысты атаған.

Х-ХІІ ғасырлардың басында наймандар Ляо империясына вассалдық тәуелділікте болды. Оның батыс шегінде, яғни Шығыс Қазақстан мен Батыс Моңғолия жерінде тұрған. Жетісуда қарақытайлар мемлекеті құрылғаннан кейін наймандардың жерлері солардың иеліктерімен көрші болды. Рашид-ад-дин наймандар жөнінде бір бөлігі жазира жазықтарында мекендеген көшпелілер дейді. Деректемелердің көрсеткеніндей, кеш дегенде ХІ ғасырда найман тайпалары Селенга мен Орхон өзендерінің сағасынан Алтай тауларының шығыс сілемдеріне дейінгі шығыстан батысқа қарай аумақты алып жатқан. ХІІ аяғында-ХІІІ ғасырдың басында Шыңғыс ханның жаулаулары басталғанда Наймандар маңғолдардан батысқа қарай қашып, Қыпшақтарды пана қылады. Солай тегі түрік найман тайпасы кейінгі Қазақ хандығының белді тайпаларының біріне айналады.                                                                   Найман  этнонимінің қалыптасуына байланысты отандық тарихнамада  көптеген пікірлер  орын алады. Оның бірден бір себебі  найман тайпасының арғы тарихы туралы нақты деректердің болмауымен түсіндіріледі.  Жалпы қалыптасқан негізгі алты көзқарас бар. Олардың алғашқы тобына бұл этнонимді жеке тарихи тұлғадан таратушылардың пікірлері жатады; екінші көзқарас бұл этнонимді өзеннің атауымен байланыстырады; үшінші көзқарас найман атауын моңғолдың «сегіз» деген сандық көрсеткішінен шығарады;  төртінші көзқарас «найман» этнонимінің «найы» түбірінің көне түрік тілінде «дос» деген мағынаны беретіндігі туралы; бесінші көзқарас найман атауы «сегіз өзен елі» деген мағынаны білдіруі мүмкін дейді; соңғысы бұл этнонимді «үлкен мәлін» деген көне түркі сөзі деп таниды [65.135]

Алаш тарихи зерттеу орталығының зерттеушілері найман сөзіне байланысты өз қорытындыларын білдіреді: Найман тайпасының алғашқы қонысын Найм өзені тәрізді шағын өзен бойынан іздестіру дұрыс емес сияқты. Өйткені, бұл аймақта оңтүстік Байкал өңірінен наймандар қидандар шабуылының кезінде Х ғасырда қоныс аударды. Ал найман этнонимі бұдан әлдеқайда бұрын, ІХ ғасырда белгілі болды. Егер наймандар тарих сахнасына Х ғасырда шыққан болса,    Шыңғыс ханның кезінде қуатты тайпа болмас еді. Бұдан біз наймандардың бұрыннан ңрң тайпа болғанын байқаймыз. Олар VІІІ­ІХ ғасырларда біздің ойымызша, сегіз­оғыздар бірлестігі еді. Ал олардың бастауында Сір­енда мемлекеті мен одан бұрын Телелер одағы тұрған еді.  Сегіз­оғыз тайпасын сол кезде көршілес өмір сүрген моңғол тектес қидандар өз тіліне икемдеп «сегіздер», яғни наймандар деп атаған. Қидандар оларды тайпасының санына қарап атаған жоқ. Себебі алғашында сегіз тайпадан құралғанымен кейін олардың құрамындағы тайпалар саны өскен болатын. Солай бола тұрса олардың атаулары сегіз мағынасын сақтап қалды. Айта кететін бір мәселе, түркі руна жазуларында VІІІ ғасырларда найман емес Сегіз­оғыз атауы кездеседі. Олай болса, ІХ ғасырға қарай қырғыздар талқандаған және қалдықтары біртіндеп қидандарға бағынған сегіз оғыздар және тоғыз татарлар бірлестіктері қидан тілінде «найман» атанып, Х ғасырда жаңа тайпалық құрылым төңірегіндегі көршілеріне осындай этнониммен белгілі болды [65.161­163].

Қазақ халқының құрамындағы ежелгі тайпалардың бірі – қыпшақтар. Олар халқымыздың және тіліміздің қалыптасуында маңызды рөл атқарды. Қыпшақ атауы түрлі тілде алуан түрде беріледі. Ерте заманғы деректерде қыпшақ сөзі – хуша, уже түрінде айтылады да, ал ортағасырлардағы деректерде «шыңса» деп аталады. Араб, парсы, моңғол, түркі тілдерндегі деректерде «қыпшақ», «қифшақ» сияқты варианттарда да айтылады. Батыс европа деректерінде «коман», «куман» делінсе, орыс деректерінде «половцы» деп аталады. Венрглер оларды «кун», қытайлар «сеянто», «сир», үйғырлар «сея» деп те атаған. Осы мәселені жалғастырып, қыпшақ этнонимінің этимологиясына тоқталып өтейік.                                                                             Қыпшақ атауын Ш. Құдайбердіұлы былай түсіндіреді: «Бұл қаңлыдан бөлініп елсіз бос жерге кеткендіктен қыпшақ атанған. Мағынасы ­ бос, шөл, елсіз деген сөз» [21.35].                                                                                       С. Атаниязов өзінің түркмен этнонимдерінің сөздігінде қыпшақ тайпасына өз анықтамасын береді. Онда: «гыпшақ– 1) слово кыпчак обозначает пустое место, дупло, пустая внутренность, дикое поле. 2) как и слово кумук название состаит из куб//к ы п (по туркменский губа) ‘желтый, рыжий’, аффиесов уменьшительности ­ча и мн.ч. ­к, т.е. ‘желтенькие, рыженькие’» [25.60].                                                                                                                Қыпшақ атауына байланысты Н. Аристов  Рашид­ад­дин мен профессор Березиннің тұжырымдарының бар екенін ескереді. Березин қыпшақ  этнонимін  түріктің кыпмак ­жыпылықтау (мигать) деген сөзімен түсіндіреді десе, ал  аталмыш автор бұл мәселеге байланысты тығырыққа тірелгенін айтады. Себебі ол Қыпшақ аталатын өзенді де, елді мекенді де Саян­Алтайдан таппағанын мәлімдейді [18.280­281].                                                                                            Қыпшақ сөзінің этимологиясын ашуға тырысқан С.Г. Кляшторный этнонимнің негізгі мағынасы  неудачный, злосчастный, злопалучный деп түсіндіреді. Оның бұлай тұжырымдауына негіз болған тайпаның түрік ескерткішінде «сир», ал ұйғыр ескерткішінде «қыпшақ» атануы болып табылады. Автордың айтуынша алғашында «сир» немесе «сеяньто» аталған тайпа ірі соғыстан күйрей жеңілген соң, жаңа атаудың астына тығылып, діни­нанымдық  тұрғыда  атын жоғарыда көрсетілген мағынадағы «Қыпшақ» атауына өзгертеді [55.116­138].                                                                                  С.Г. Кляшторныйдың бұл пікірін өз зерттеулерінде С.М. Ахинжанов қолданады. Автор көзқарасты дұрыс деп есептеп, гипотезаны әрі қарай дамытуға тырысады. Сөйтіп, сенімдік тұрғыдан ауыстырылған тайпа атауын түсіндіру үшін жаңа аңыз туындағанын айтады. Ол баршамызға белгілі Оғыз хан туралы дастан.  Онда хан өзі атау таңған тайпаның өсіп өркендеуіне барынша көмек көрсетеді.  Ал В.В. Радловтың келтірген версиясы бойынша Оғыз хан Қыпшақ деген атауды беруіне мынадай оқиға себеп болады: «событие произошло на земле, которая обширно проросла деревьями. Чтобы переправиться через реку, Огуз каган приказал срубить деревья. Во время переправы он якобы сказал ребенку, только что родившемуся на плоту, сооруженному из деревьев: «О, будь ты так же князем, как и я, и пусть имя твое будет Кыпчак» деген тілек айтатын көрінеді [56.185]. Бұл уәж дұрыс болса     С.М. Ахинжановтың айтып отырған  тұжырымы шындыққа сай келеді деуге болады [57.45­62].                                                                                               С. Г. Кляшторныйдың бұл пікіріне келіспейтіндігін бізге Қ. Салғараұлы жеткізеді. Автордың ойынша оның тұжырымы мүлдем шындыққа жанаспайды. Себебі Ж. Баласағұнның еңбегінде келтірілген қыпшақ­қоба тіркесінің мағынасы сорлы, бейшара, жолы болмаған деген емес, «қыпшақ қобы» деген қыпшақ өркөкірек, қыпшақ мақтаныс деген ұғымдарды білдіреді дейді де төл тарихын қазақтың өзі зерттеп, сырт көзқарастарға налымау керектігін баса айтады [58.4,6].                                                                                                    Рашид­ад­дин еңбегінде: «Когда Огуз потерпел поражение от племени итбарак с каторым он воевал, он остался на острове, образуемом течением двух рек, и там остановился. В это время некая беременная женщина, муж каторой был убит на войне влезла в дупло большого дерева и родила ребенка. Про это происшествие рассказали Огузу. Он сжалился над ней исказал: «Так как у этой женщины нет мужа, то этот ребенок будет моим сыном». Действительно он стал на положении сына Огуза, последний дал ему имя Кипчак. Это слово производно от слова кабук, что по тюркский означает­дерево со сгнившей сердцевиной. Все кипчаки просходят от этого мальчика» деген мәліметтер келтірілген [10.84].

Әйгілі ғалым А.Бернштам: «Қыпшақтар – бейне үйсін, қаңлы сияқты ежелгі елдердің бірі. Қыпшақ туралы алғашқы мәліметтер Жұңғоның заманымыз,а дейінгі 201 жылдары «Тарихи жазбалар» еңбегңнде кездеседі дейді. 

Қытайдың Хан патшалығы дәуіріндегі деректемелерде айтылатын хуша (қыпшақ) тайпалары Ертіс өзенінің алқабын, Нарым жіне Қалбин тауларының бөктерін қоныстанған көшпелі ел еді. Олардың шығыстағы көршілері чештер, батыстағы көршілері Іле аңғары мен Жетісу жерін мекендеген үйсіндер болатын. Бұл дәуірдің деректерінде, олардың талай рет һұндар шабуылына ұшырағандығы және оларға тәуелді болғаны айтылады.

Қыпшақтар ҮІІ ғасырда Ертіс өзенінің басымен Алтай тауларын мекендеп, түрік қағандығының құрамына қосылды. Түрік қағанаты әлсірей бастаған кезде тарих сахнасына шығуға талпына бастады.

         ҮІІ-Х ғасырларда қыпшақтар қимақ мемлекетінің құрамына қосылып, оның батыс бөлігі саналды. ХІ ғасырдың басына қарай Қимақ мемлекетінің өкімет билігі қыпшақ тайпасының қолына көшті. Осыдан тартып бұрынғы қимақ   қол астындағы тайпалар «қыпшақ» деп аталды.

         ХІ ғасырдан бастап қыпшақ бірлестігі көптеген түркі тілдес тайпалардың басын біріктіріп, сол бірлестіктің ішіндегі түрік тайпалары жинақтаушы атпен оларды қыпшақ  атай бастады. Сөтіп олар ХІІІ ғасырдың басына қарай мейлінше күшейіп, олардың территориясы Ертіс пен Донның , Орал тауы мен Қара теңізге дейін жетті. Осы аумақты мекендегендердің ортақ өздерінің тілдері болды, ал жерлері – «Дешті қыпшақ» деп аталды.

 Қазақ халқын құрайтын бұл алты тайпаның, көріп отырғанымыздай, тарихи тамырлары тереңде жатыр. Олардың пайда болуының ертелігімен қоса, беделі де соғұрлым жоғары болғанын ХVІ ғасырда жазылған Сайф ад-дин бен Дамулла Шах Аббас Ахсикентидің «Маджму ат-тауарих» атты еңбегіндегі 92 баулы Көшпелі өзбектердің тайпаларының алғашқы ондығының құрамында «Алты сан Алаш» руларының орын алуы дәлел болып отыр.                                    «Алты сан Алаш» тарихи тамырларын ежелгі түркі дәуірінен іздестіріп жүрген зерттеушілеріміз де баршылық. Мәселенің мән-мағынасын ежелгі Орхон жазуындағы Білге қағанның кешеніндегі «Алты тақ иегерлері» деген сөздің мағынасынан іздестірген белгілі түркітанушылар М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлы кезінде Алты ұлыстық бірлестіктер: қыпшақты, тоғыз-оғызды, басмылды, қарлұқты, түргешті, отыз-оғызды атап көрсете келе, былай деп жазған еді: «Түріктер қағанат орталығын Орда деп атаса, хандықтардың орталығын «алачу» (алаш) деп атаған. Олай болса байырғы түріктердің осы алты тайпасы кейін «Алты Алаш» атанып, күні бүгінге дейін халық жадында сақталып қалған. Бұл атау еуразия құрлығындағы ұлы дала көшпелілерінің ұранына айналған, бүтін оғыз, қыпшақ, қарлұқ, басмыл, он-оқ түргештердің кейінгі ұрпағы – қазақ халқының ұранына айналған. «Алты Алачу» көк түріктердің ұраны болуы да мүмкін. Ол заманда «Алты Алачу» деп ұран салып, ту көтергенде, бүкіл түрік бір тудың астына жиналған да болар. Олай болса алты есірдің (тақ) Алты Алашы көк Түріктің аналогы болмақ. Біздің бұл ойымыз әлі де тереңірек зерттей түсуді, зерделей түсуді қажет етеді» [Жолдасбеков М., Сартқожаұлы Қ. Орхон ескерткіштерінің толық Атласы. – Астана, 2005. -264 б.].  Алайда мәселенің мұндай шешімімен Т. Омарбеков келіспейді: «Түрік қағанаттары тұсында «Алты Алаш» атауының жазба деректерде кездесе қоймайтыны белгілі. «Алты есір (тақ)» деген ұғымның Білге қаған мәтінінде бар екені рас. Бірақ бұл, «Алты Алаш» дегенді аңғарта қоймайды деп ойлаймыз. «Алаш» атауының Орхон жазуларында кездеспеуіне қарағанда бұл ұғым VІІІ ғасырға дейін әлі де қолданысқа кеңінен ене қоймаған. Тіптен М.Қашғари өмір сүрген кезеңнің (ХІ ғ.) өзінде де «Алаш» әлі хандық немесе «есір (тақ иегері)» деген саяси мағынаға ие бола қоймаған» дейді.

Кейінгі ғасыр деректерінде, соның ішінде халық ауыз әдебиетінде де «Алты сан Алаш» немесе «Алты Алаш» ұғымдары көп кездеседі, мысалға: Қамбар батыр жырындағы «Тамашаға жиылсын, Алты Алаштың баласы» деген жолдар немесе Махамбеттің «Алты сан Алаш ат бөліп, тізгінін берсе қолыма» деген тіркестерден «Алты сан Алаштың» болмысы – қазақ сияқты көрінеді.

          Мұның өзі «Алаштың» қазақтың қалыптасу тарихына қатысты этноним екендігін аңғартады. Қытайдағы ортағасырлар тарихын зерттеп жүрген Ж.Мырзахан өзінің зерттеуінде «Алты сан Алаш» атауының қолданылуын ХІІІ-ХV ғасырлар аралығына, қазақ халқының қалыптаса бастаған кезеңіне апарады. Нақтырақ айтар болсақ, ол былай деп жазады: қазақты құраған көшпелі тайпалар «… Шыңғысхан тұсында «Алты сан Алаш» (қыпшақ, найман, жалайыр, қоңырат, алшын, қаракесек) аталып, Жошы ұлысына берілгеннен кейін Ақ Орда хандығы құрылғанда ұйытқы болады да, оның қарулы күші екі қанатқа бөлінгенде Алаш мыңы деп аталады»[i]. Мұндағы «Алты сан Алаш» атауы Шыңғысхан тұсында шыққан дегенге келісу қиын. Өйткені аталып отырға қазақты құраған тайпалардың өзі бұл тұста моңғолдар жорығына байланысты ыдырап, қайта құрылу қарсаңында тұр еді. Бұл жаңа қазақ шежіресі басталар қарсаңындағы ғасырлар. Сондықтан да қазақты құраған ірі тайпалар жаңа руларды қалыптастырып, ес жиып, ХІV ғасыр соңынан бастап қана «Алаш» атана бастады. Ал олардың «Алты сан Алаш» аталатыны біздің ойымызша, ХV ғасырдың алғашқы жартысы. Бұл кезде Жалайыр, Қоңырат, Алшын, Арғын, Найман, Қыпшақ тайпалары әбден күшейіп, қазақ тәрізді халыққа этникалық негіз болуға толық дайын болды. Олардың қарулы күштері екі қанатқа бөлініп, «Алаш мыңы» аталатыны да осы кез. Осы айтылған пікірді жоғарыда біз атап кеткен Қадырғали Жалайырдың деректері де растай түседі. Онда мынадай жолдар бар екенін білеміз: «… Алач мыңы болады үш сан. … Алач мыңы арасында үлкені тарақ тамғалы жалайыр болады. Шыңғыс хан заманынан бері бір мәртебеден (үлкендік) Тебребекке (В-би) тиді, одан Шайх-Софы-бекке тиді, одан Айтулы-бекке тиді, одан Итбаға-бекке тиді, одан – Қарач-бекке тиді, одан Тоңқа-бекке тиді. Алач мыңының ағасы болып келген осылар. (Бұл) Өзбекия арасында мағлұм-мәшһүр» [Сыздықова Р., Қойгелдиев М. Қадырғали би Қосымұлы және оның Жылнамалар жинағы. – Алматы, 1991. -27 б.]. Бұл деректерден байқайтынымыз, үш саннан тұратын Алаш мыңын топтастыра бастаған тұлғалар Шыңғыс хан заманынан бері қарай белгілі. Қадырғали Жалайыри бабамыз тіптен олардың есімдерін де атап береді.   Шындығында да жоғарыда келтірілген деректер «Алаш» атауының «Алаш – Алаш ұлысы – Алаш мыңы – Алты сан Алаш» тәрізді эволюциялық өзгерістерді бастан кешіргенін тағы да дәлелдей түседі. Бұл әлеуметтік-саяси және этникалық өзгерістердегі үрдістердің нәтижесі еді. Алайда мынаны да ұмытпағанымыз жөн, уақыт өте келе «Алаш мыңы» немесе «алты сан Алаш» атаулары мен ұғымдары жаңа атауға – «қазақ» атауына орын беруге мәжбүр болды. Біздің ойымызша, бұл Қазақ хандығының біртіндеп тарих сахнасына шығуына байланысты болған өзгеріс. Бұрынғы Алаш ұлысының аймағында жаңа, қазақ атанған түркі халқының қожалық жасай бастауы «Алаш» атауын біртіндеп ығыстырып шығарды.

Ал «Алты сан Алаш» атауы ХV ғасырға дейін тарих сахнасына шыға қойған жоқ еді, өз өзінің алдындағы «үш сан Алаш мыңы» атты атаудың толықтырылған жалғасы.                                                                     Жоғарыда айтылғаннан байқағанымыздай қазақ тарихшыларының арасынан Алты Алаш тайпаларының құрамына байланысты, оның тарих сахнасына шығуына байланысты көзқарастары әртүрлі болса да Алты сан Алаш – қазақ халқының құрамындағы негізгі және белді тайпалар екеніне байланысты, әрі қазақ халқының қалыптасуында маңызды орын алатындығына байланысты ойлары бір жерден шығады.

 

  • Алты сан Алаш − Қазақ этнонимінің синонимі

 

           Зерттеушілер екі жүз жылға жуық уақыт бойы «қазақ» терминінің шығуын түсіндіруге және оның семантикасын ашуға әрекет жасап келеді. Айтылған көзқарастар ауқымы өте кең, мейлінше иланымды ғылыми болжамдардан қиыннан қиыстырылып шығарылған этимологияларға дейін бар. Алайда, қазақ сөзін түсіндіретін түпкілікті пікірді, тегінде, әзірше ешкім айта алған жоқ. Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуына байланысты соңғы уақытта жалпы қазақ халқының тарихы мен мәдениетіне және атап айтқанда қазақ терминіне ден қою едәуір арта түсті. Ғылыми басылымдар мен газет-журналдардың беттерінде қазақ терминіне қатысы бар жарияланымдар пайда болды. Бірен-сарандарында ғана болмаса, оларда баяндалған пікірлер өткен кездерде айтылған көзқарастарға негізделген.                                                   Қазақ атауының шығу тегі туралы мәселені шешкен кезде зерттеушілердің едәуір бөлігі тайпа атауына терминологиялық сәйкестікті іздестіру жолына түсті. Алдын ала атап өткен жөн, бұл әдістемелік тәсіл, зерттеушілік практиканың көрсетіп отырғанындай, салғастырылатын ұғымдардың жақындық дәрежесі туралы неғұрлым айқын тұжырымдар жасау үшін әлі де көп жеткіліксіз. Қазақ сөзіне үндес терминдерді ғалымдардың Қазақстан аумағынан едәуір алыс жерлерден тапқаны аз кездеспейді. Бұл орайда олардыңэтникалық байланыстарының терендігін көрсете алатын тарихи-мәдени сипаттағы жүйелі сәйкестіктерді анықтау қажетінен айналып өтілді. Тарихнамада қабылданған ұқсастыру жөнінде мынадай негізгі болжамдар бар. Н. М. Карамзин мен А.Вамберидің ізімен зерттеушілер көбінесе Византия императоры Константин Багрянородныйдың (X ғасырдыңорта шені) Кавказдың солтүстік-батысында жатқан «Казахия елі» деп айтқан мәліметтерін келтіреді. Айтылуының үндестігі негізінде авторлар «Казахия» терминінде қазақ этнонимі көрініс тапқан деп санайды. Сөйтіп осы негізде қазақ халқы X ғасырдан бастап белгілі болған деген тұжырым жасалады. «Казахия» деп оқудың дұрыстығына қатысты біз түзету жасауға тиіспіз, ол мынадай: түпнұсқада (грекше) екінші сөзде «дзета» (з) емес, қайта «сигма» (с) берілген. Демек елдің атауы Касахия деп оқылуға тиіс. Константин Багрянородныйдың хабарын түсіндіре келіп, В.Минорский Касахия деп касогтар айтылып отырғанын әбден айқын көрсеткен. Казахия және қазақ халқы атауын ұқсастыру тарихшылардың қосымша материалдар, атап айтқанда, мұсылмандар дүниесінің жазбаша деректемелерінен алынған материалдар тарту мүмкіндігін кеңейтті.                                                                                                Мәселен, араб тарихшысы әрі географы әл-Масудидің (X ғ.) «Китаб ат-танбих ва-ль-ишраф» деген шығармасында Кубань өзені ауданындағы кавказ халықтары мен тайпаларының атаулары арасында кашак этникалық қауымы — әл-касакия атап өтіледі. Көрнекті неміс шығыстанушысы И.Маркварт бұл екі терминнің бір ғана этнос-касогтардың атауын беретіндігін көрсетті. Кім жазғаны белгісіз парсы тілді «Худуд әл-алам» деген географиялық еңбектің (Хғ.) аландар өлкесі туралы хабарлары да қарастырылып отырған тақырып аясына жатады, онда Қара теңіз жағалауында орналасқан Касаг қаласы, әдебиетте жазылып жүргеніндей, этникалық қауым емес, нақ қала туралы деректер келтіріледі. Касогтар туралы орыс жылнамаларында да айтылады. «Повесть временных лет»шығармасын да Кубань өзенінің оңтүстігінде орыс княздары Святослав (965 ж.) пен Мстиславтың (1022 ж.) касогтармен жүргізген соғыстары туралы ақпарат бар. Касог термині бірінші рет VIII ғасырдың аяғы — IX ғасырдың басында монах Епифанийдің шығармасында ауызға алынады. Бұл ақпардан касах, касахия, касак, кашак, касог атаулары алдыңғы орта ғасырлардағы белгілі бір шағын кавказ тайпасын білдірудің әр алуан түрлері болып табылады деген тұжырым шығады. Кавказтанушылар касогтарды (ертедегі грузин ескерткіштерінде кашаг түрінде белгілі) Кіші Азияның хет-то-несит дәуіріндегі каска/кашка этнонимімен көптен бері жақындастырып жүр. Осыдан касогтардың қазақтарға қосылысы туралы көзқарас қаншалықты ақталған және дәлелденген деген заңды сұрақ туады. Қазақ этнонимінің касог, касахия атауымен байланысы туралы пікір — мейлінше декларативтік сипаттағы пікір, олардың арасыңда ешқандай тарихи сәйкестік болмаса да, ол пікір сөздердің үндестігінен туындайтын болжамға негізделген. Касогтар автохтондық кавказ тілдерінің біреуінде сөйлейтін абхаз-адыгей тобының ерекше кіші тобына кірген. Тілі, шыққан тегі, тұрмыс жағдайы және дене тұрпатының ерекшеліктері жағынан олардың қазақтардан және олардың түркі тілдес ата-бабаларынан айырмашылығы күшті. Касогтардың этникалық бөліну процестері және соларға байланысты Кавказдан орта ғасырлар дәуірінде Қазақстан аумағына көшуі байқалған жоқ. Касогтардың көршілері Балқанға барып қоныс теуіп, оған қазіргі Болгария атағын берген ертедегі түркі тілдес бұлғарлардың тарихи аренада атқарғаны сияқты рөл оларға берілмеді.                    Сондықтан касогтардың қазақтармен байланысы туралы пікір ешқандай сын көтермейді. Әдебиетте қазақ сөзін араб тарихшысы Ибн Асам әл-Куфи айтады-мыс деген 3. В. Тоганға сілтеме жасайтын көзқарас та бар. Біз денқойып отырған термин Арран мен Дағыстанда хазарларға қарсы соғыс жүргізген араб қолбасшысы Марванға арналған «Китаб әл- футух» тарихи шығармасында (IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың басы) айтылады. Еңбектің түпнұсқасында былай деп жазылған: «736 жылы Марван Касак деп аталатын жерде қыстап шықты, Кура өзенінен өтіп, Шаки қаласына беттеді». Контекстен әл- Куфидің туындысында қазақ термині болмағаны, бірақ Үлкен Кавказдың таулы ауданында, Азербайжанның батысында орналасқан Касак деген жердің аталатыны көрінеді. Касак және қазақ терминдерін VIII ғасырдағы хронологиялық проблемаларға байланысты ғана емес, сонымен бірге бір-бірінен алшақ жатқан тарихи, географиялық және шаруашылық-мәдени өлшемдер кешені бойынша да салғастыруға болмайды. Фин алтайшысы Г. И. Рамстедке барып тірелетін тағы бір пайымдауды көрсете кетуге болады, ол қазақ терминін монғолдың «хасаг-терген» деген сөз тіркесінен шығарады. «Қасиетті жылнамада» (XIII ғ.) айтылатын бұл қос сөзді ұғым арбаны білдірген. Иранист А. А. Семенов қолдаған бұл көзқа-растың еш дәлелі жоқ. Оның иланымды болмайтын себебі — синхрондық тұрғыдан алғанда да, тарихи перспективасы тұрғысынан алғанда да «хасаг-терген» термині Қазақстанды мекендеген түркі тілділер арасында арбаның атауы ретінде көрініс таппаған. Енисейден табылған VIII ғасырдағы ертедегі түрік ескерткішінен В. В. Радлов «қазғақым оғлым» (менің асырап алған ұлдарым) деген тіркесті оқыған.              Сыртқы ұқсастығы жағынан ғана емес, сонымен қатар «қазғақ» және «қазақ» терминдері мәндерінің жақындығы негізінде В.П.Юдин бұл сөздерді салыстыруға болады деген. Зерттеушінің пікірінше, «қазғақым» ұғымындағы «ғ» дыбысының VII—VIII ғасырларда түріктердің ауызекі сөзінде қолданылуы әбден мүмкін, ал кейініректе түсіп қалып, бұл сөздің қазақ түріне ие болуы ықтимал. Ол «қазғақ» түріндегі «қазақ» терминін кейіннен этникалық мағынаға ие болған саяси мәні жағынан алып қараған. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонетикасының зандылықтарымен үйлеспейтіндігі себепті ол бұдан кейін мамандар тобынан қолдау таппады. Сонымен бірге нарративтік деректемелердің басқа материалдары негізінде Қазақстан аумағы шегінде шоғырланған бірнеше салыстырулар жасалды. Олардың бірі үш қарлұқ тайпасының «хасактар» (хаски) деп оқылуы жөнінде И. Маркварт айтқан пікір болып табылады, зерттеушілер соңғыларын қазақтармен салыстырды. Бірқатар авторлар қазіргі кезде де осы көзқарасты ұстанғанымен, оны дәлелденген деп санауға болмайды. Тоғыз қарлұқ тайпасының атауларын XIII ғасырдағы парсы тілдес әдебиетші Ауфидің «Джавами әл-хикаят ва лавами ар-риваят» антологиясының көрінеу бұрмаланған мәтіні бойынша Маркварт ұсынғандай оқу алдын ала, сындарлы емес сипатта болды. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанда мекендеген қарлұқ конфедерациясы туралы қарастырылып отырған мәліметтер ІХ-Х ғасырларға жатады. Неғұрлым ертеректегі жазбаша ескерткіштерден, атап айтқанда, әл-Марвазидің арабша географиялық еңбегінен алынған материалдарға В.Минорскийдің текстологиялық және салыстырмалы-тарихи талдау жолымен қарлұқтардың тайпалық Құрамы жөніндегі контекстің оқылуына елеулі түзетулер енгізді. Бұл ретте, «хасактардың» орнына «баскиль» деген негізделген коньюнктура енгізілді.                                                Фирдоусидің (935—1020) «Шахнамасында» қазақ халқы және қазақ хандары туралы айтылғаны жөнінде А.Левшиннің пайымдауы негізінде кейбір ғалымдар қазақ халқының құрылуын X ғасырға жатқызады. Солай бола тұрса да, ғылыми әдебиетте шығыстанушылар парсы авторының тарихи дастанында «қазақ» термині туралы ешқандай ақпарат жоқ екенін талай рет көрсетті. Бұл түсініспеушілікті түсіндіруге болады және оған қайран қалуға болмайды, өйткені А.Левшин өз білімі қаншалықты мол болғанымен, қазақтар мен олардың ортасының тарихшысы, алайда ол парсы және араб тілдерің білмеген. Сонымен, ұсынылатын болжамдардың көп жағдайларында салыстыруға келмейтін атаулар салыстырылды. Сонан соң, этнонимдер нақты-тарихи көзқарастардың бүкіл жиынтығында емес, қайта оқшау алып қарастырылды. Соның ішінде этникалық процестердің өзі — этностағы уақыт жағынан өзгерістер ескерілмеді. Әдетте, деректемелерде этнонимнің пайда болуы халықтың құрылу уақытымен сәйкес келе бермейді. Зерттеу жұмыстарында этноним мен этностың нақты-тарихи жағдайлардағы арақатынасы проблемаларын талдап шешу қажеттігін түсіну әсте де барлық уақытта бірдей бола бермейді. Ал белгілі бір этноним этностың (тайпаның, тайпалар одағының, халықтың, ұлттың) әр түрлі жай-күйін білдіре алады. Мәселен, бәз-баяғы бір этноним (қыпшақ) жағдайында III ғасырдан XIII ғасырға дейін қыпшақ этносы этникалық дамудың әр түрлі бес жағдайында — Ішкі Азиядағы тайпадан Қазақстан аумағында қыпшақ халқы қалыптасуының аяқталу кезеңіне дейінгі жағдайда болды. XIII ғасырдағы монғол шапқыншылығы қыпшақ халқының белгіленіп қалған құрылу процесін үзіп тастады. Монғолдарға дейінгі кезеңнен айырмашылығы, одан кейін қыпшақ қоғамындағы тарихи процестің дамуы олардың өзінің этникалық қалыптасуы бойынша жүрмей, олардың бөлшектенуі, ең алдымен қазақ халқының, сондай-ақ толып жатқан өзге де түркі тілдес халықтардың құрылуына қатысу арнасына түсті. Бұл кезеңде қыпшақтар этникалық дамудың енді басқа бір таксономикалық деңгейінде болды. Сөйтіп қыпшақтардың тарихи құрылған этникалық қауымдары қыпшақтардың белгілі бір этнонимі жағдайындағы серпінділігі мен өзгеруі кезінде қалыптасты. Бір этнонимді басқаларымен салыстыру жай ғана декларациялауды емес, қайта асқан дәл зерттеулер жүргізуді сөзсіз қажет етеді. «Қазақ» сөзінің өзі қыпшақтар мекендейтін аймақта пайда болған деп санауға барлық негіздер бар. Бір қатар түркологтардың пікірі бойынша, «қазақ» терминінің бастапқы таралған жері Шығыс Дешті Қыпшақпен байланысты болған.                                   Қыпшақ тіліне тән осы фонетикалық ресімделуінде «қазақ» сөзінің пайда болуынА.Н.Самойлович уақыты жағынан ерте дегенде XI ғасырға жатқызған. Жазбаша әдебиетте «қазақ» термині 1245 жылы мамлекеттік Египет мемлекетінің қыпшақтары ортасында жасалған араб-қыпшақ сөздігінде жазбаша деректемелер ішінде бірінші рет қолданылған деп саналып жүр. Онда «қазақ» сөзіне «еркін, кезбе» деген мән беріледі. Бұл семантика «қазақ» терминіне әлеуметтік мағына берілген және өз руынан, тайпасынан, мемлекетінен бөлініп шығып, тіршілік құралдарын соғыс істеріне қатысу арқылы тапқан индивидтерді, адамдарды білдірген деп санауға мүмкіндік берді және ол қазақшыландыру институтымен байланыстырылды. «Қазақ» ұғымының пайда болуы уақыты жағынан XIII ғасырдан неғұрлым ертерек кезге жатады деп санауға да болады, алайда жазбаша Ескерткіштерде хронологияны нақтылайтын ешқандай да тікелей деректер жоқ. Айта кетелік, бұл жөнінде жанама мәліметтер бар. Қазаққа айналу институтының сипаттамасы мен жұмыс істеу уақытын сипаттау үшін X ғасырдағы араб географы Ибн әл-Факихтің шығармасында мейлінше қызықты мәліметтер бар, бұл шығармасында ол оғыз ханзадасы Балқиқ ибн Жабғудың мынадай мазмұндағы әңгімесін келтіреді: «Менің аталарымның бірі,- дейді Балқиқ, сол кезде патша болған әкесіне ашуланып, одан бөлініп кетіпті. Ол өзіне келгендерді, жасақтарды және талап-тонауды ұнататын басқа да адамдарды серік етіп алыпты. Ол елдің шығысы жағына бет алып, адамдарға шабуыл жасап, өзінің және өз серіктерінің жолында кездескендерін қолға түсірген». Бәрінен де IX ғасырға жататын қазаққа айналудың осы, тегінде, классикалық суреттеуінде Ибн әл-Факих «қазақ» терминінің синонимі ретінде арабтың «су’луқ» сөзін алса керек. «Салақа» деген атпен әрекет жасайтындар бәдәуилерде тайпада өзіне орын таба алмаған, сондықтан топтар құрып, талап-тонау арқылы бақытын іздеуге аттанған кедей және алғыр адамдарды білдірген. Терминдегі айырмашылықтарына қарамастан, екі түрлі көшпелі қоғамдардағы қазаққа айналу институтының мазмұны жағынан сәйкес келуі айқын аңғарылады. Балқиқ ибн Жабғу ханзаданың суреттелген әңгімесі, сірә, Сырдариядағы оғыз билеушілері жабғулардың тарихи арқауы, орта есеппен алғандағы көрсеткіштер бойынша, IX ғасыр деп белгіленетін оқиғаларымен байланысты болса керек.          Өкінішке қарай, Ибн әл-Факих арабтың «су’луқ» терминінің оғыз синонимін келтірмейді. Айта кетейік, оғыздарда мұндай ұғым сол кездің өзінде-ақ қыпшақгар ортасы қабылдап алған «қазақ» термині болуы мүмкін. Мұндай сілтеме оғыздар мен қыпшақтардың сан ғасырларға созылған аса тығыз этникалық-саяси және этникалық-мәдени өзара байланыстарының сайып келгенде генетикалық, тілдік, әлеуметтік және шаруашылық-мәдени жақындығын қалыптастырған объективті мән-жайларынан ғана туындамайды, сонымен қатар ол жазбаша деректемелердің қосымша материалдарына да негізделген. Мәселен, XIII ғасырда хорасан түрікмендері арасында антропоним құрамында «қазақ» термині ұшырасады. «Данишкеде-и Маққул у Манқул» кітапханасы қолжазбасы бірінің колофондағы белгіде былай деп айқын қолтаңбамен жазылған: «Бұл қолжазбаны Біләл ибн Жабрайыл бин Мұхаммед Әли ат-Туркмани әл-Қазақи сатып алған, хижраның 660 жылы» (яғни біздің заманымыздағы 1262 ж.). Бұл тікелей жеке есімдегі әл-қазақи сөзін, сірә, этникалықтегін (түрікменнің) көрсететін басқа нисбамен қосарластырыла ұштастырылған нисба ретінде қабылдаған жөн. Әл-қазақ терминінің түрікмен этнонимімен ұштастырылуы бұл ұғымның әдеттегідей әлеуметтік сипаты болмай, қайта этникалық сарыны болған деп санауға мүмкіндік береді. Қарастырылып отырған есімнің өзінде, 3. В. Тоганның пікірінше, хора-сан түрікмендері қоғамындағы қыпшақ қазақтарының өкілі айтылып отыр. Одан кейінгі уақытта Рашид ад-Дин Раб-и-Рашидидің хорезм-хорасан жазбасына жататын «Вақфнаме» деген жазбаша құжатында сөзсіз этникалық сипаты бар «қазахлу», «қазахлар» атауының кездесуіне қарағанда, бұл аймақта қазақтар айтарлықтай топ болған. Ол кезде «қазақ» түрі қыпшақтардың тіл нормаларына сәйкес келсе, түрікмен-оғыз ортасына «қазақ» деп жазылған терминнің занды болғаны атап өтерлік. Баяндалған материал ІХ-Х ғасырларда Шығыс Дешті Қыпшақ қыпшақтарының қоғамында «қазақ» атауымен әлеуметтік, ал XI-ХІІ ғасырларда этникалық әлеуметтік топтардың болғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Алайда бұдан монғолдардан бұрынғы уақытта қазақ этносының қалыптасуы туралы, оның бер жағында қазақ халқының құрылуы туралы тұжырым жасамаған жөн. Оның бер жағында басқасы да айқын XI-XII ғасырларда қыпшақтайпаларының топтасуы қазақ қауымдастығы қалыптасуының маңызды кезеңі болды. ХІ-ХІІ ғасырларда Қыпшақ хандығында этникалық процестердің даму барысында қазақ халқының этникалық ұйытқысы қалыптасады. Монғолдардың жаулап алуы қыпшақ тайпаларының едәуір топтары Дешті Қыпшақ шегінен бытыратып жіберді. Қыпшақтардың орын ауыстыруы қазақ терминінің орын алуына және оның әмбебап мәнге ие болуына себепші болды. «Қазақ» сөзі тұтас алғанда алуан түрлі еріктілерді айту үшін қолданылды. Соңғы кезде қазақ халқының этникалық тарихын зерттеумен айналысып жүрген «Алаш» зерттеу орталығының белді мүшелері болған отандық тарихтың бетке ұстарлары Т. Омарбеков пен Б. Кәрібаевтар қозғап отырған тақырыпқа қатысты мынадай қорытындылар шығарады:                                                                   Біріншіден, «қазақ» сөзі – зерттеушілердің бәрі дерлік мойындап отырғанындай көне түрік сөзі, түрік тілдес тайпалардың ортасында қолданыста болып, өз руынан, елінен, мемлекетінен бөлініп кетіп немесе қашып кетіп, өз бетінше ешкімге бағынбай, дербес, еркін, азат жүрген адамды, адамдарды білдірген. Алғашқы кездегі «қазақ» сөзі тек әлеуметтік мәнде ғана ерте түрік дәуірінен Х ғасырға дейін қолданылған.

Екіншіден, Х-ХІІІ ғасырларға дейінгі аралықта «қазақ» сөзі өзінің негізгі мағынасын сақтаса да, мәні аздаған өзгерістерге ұшырайды. Осы кезеңде «қазақ» сөзінің әлеуметтік-этникалық мәнге ауыса бастағанын байқаймыз.         Үшіншіден, ХІІІ ғасырдан ХV ғасырдың ортасына дейін монғолдар жаулап алған аймақтарда билік үшін болған саяси күрестердің әсері бұл сөзге де тиіп, қазақ сөзі – уақытша саяси-әлеуметтік мәнге ие болады.

Төртіншіден, Қазақ хандығының құрылуы кезеңінде, яғни Керей мен Жәнібек хандардың басшылығымен «көшпелі өзбектер» қауымдастығының бір бөлігі одан бөлініп кетіп, оншақты жылдан соң олардың Дешті Қыпшаққа қайта келгеніне дейінгі аралықта қазақ сөзі – саяси-этникалық мәнде қолданылады да, соған сәйкес «өзбек-қазақ» атауы пайда болады.

Бесіншіден, Қазақ хандығының Дешті Қыпшақтың басым бөлігінде билігінің орнығуына байланысты, ондағы барлық тайпалар ортақ этникалық атаумен – қазақ атауымен атала бастайды. Біз бұл атауды таза этникалық мән дей отыра, қазақ сөзін этноним деп ұғынамыз.

Міне, ХV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуымен қатар этникалық мәнге ие болған қазақ сөзі күні бүгінге дейін өз мәнін жоғалтпай, еліміздің байырғы, негізгі, басты, мемлекет құраушы халқының атауы ретінде қолданылып келе жатыр.

         Алты сан Алаш  − Қазақ этнонимінің синонимі деген тұжырымымызға оралатын болсақ, мұндағы біздің негізгі айтайын дегеніміз бірінші тарауымыздың бірінші бөлімінде қарастырып, дәлелдеген «Алаш» этнонимінің қазақ халқының автоэтнонимі деп алатын болсақ, онда мұндағы келтірілген «Алты сан Алаштың» құрамына кіретін тайпалар халқымыздың қалыптасуында негізгі рөл атқарушылар болып табылатынын екінші тараудың екінші бөлімінде айтқанбыз. Олай болса өздерін «Алаш» атаған алты тайпа бүтін бір этностың пайда болуына ХҮ ғасырдың ортасында жұмыла атсалысты. Нәтижесінде өзінің жеке территориясын иемденіп, мемлекет билеушісі «хандарын» сайлаған, өздерін «Алаштықпыз» деп атаған халық қалыптасты.  Өздерін «алаш» атаған, бірақ Әбілхайыр ханның Көшпелі Өзбек мемлекетінен бөлініп шығып, дербес мемлекет құра білген халқымызды сыртынан өз руынан, елінен, мемлекетінен бөлініп кеткендіктен, оларды өзгелер – өз  бетінше ешкімге бағынбай, дербес, еркін, азат жүргендер деген мағынада «қазақ» деп атады. Ол туралы кезінде Н.Мыңжан: «Алаш» аты ертеде жалпы қазақ қауымының ұраны болған; қазақтың байырғы шежірелерінде «Алаш» сөзі «Қазақ» атауының синонимі ретінде қолданылған» [Мыңжан Н. Қазақтың қысқаша тарихы. -26-27 бб.], — дегенді айтса, Т. Омарбеков « «Алаш» атауы VІІІ ғасырда «Түргеш» этнонимінің синониміне айналса, ал ХV ғасырдан кейін «Қазақ» этнонимі «Алаш» этнонимінің синониміне айналды» дейді [http://anatili.kz/?p=5949 ] .  Бұдан түйетін қорытындымыз қазіргі таңда өзгелердің сырттан таңған атын иемденген этностың автоэтнонимі – Алаш болса, аллоэтнонимі – қазақ, яғни екі этнонимнің астарында да бір этнос жатыр. Олай болса, Алты сан Алаш (Жалайыр, Қоңырат, Алшын, Арғын, Найман, Қыпшақ) – қазақ этнонимінің синонимі болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Тынышбаев М. История казахского народа. –Алматы: «Санат», 1998.–224 б. 
  2. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз­қазақ һәм хандар шежіресі. –Алматы: «Қазақстан; Сана», 1991.–80 б.
  3. Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. –Алматы: «Санат», 1997. –608 б. 
  4. Муканов М. Этническая территория казахов в ХVІІІ­начале ХХ веков. –Алма­Ата: «Қазақстан», 1991. –62 б.
  5. Востров В., Муканов М. Родоплеменной состав и расселение казахов (ХІХ­ХХ).–Алма­ата: «Наука», 1968. –256 б.           
  6. Муканов М. Этнический состав и расселение казахов Среднего жуза. – Алма­ата: «Наука», 1974.  –200 б.                     
  7. Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежіресі хақында. –Алматы: «Атамұра», 2000. –464 б.              
  8. Аманжолов К. Түркі халықтарының тарихы. 1–кітап. –Алматы: «Білім», 2005. –304 б.                                                            
  9. Қинаятұлы З. Моңғол үстіртін мекен еткен соңғы түрік тайпалары.                    –Астана: «Ел Орда», 2001. – 208 б.                               
  10. Ирмуханов Б. Усунь и этногенез казахского народа. –Алматы, 2006
  11. Масанов Н. Этногенез и этническая история казахского народа // В кн. История Казахстана: народы и культуры.– Алматы: «Дайк Пресс», 2001. –600 б.
  12. Левшин А. И. Описание киргиз­кайсацьих или киргиз­кайсацких орд и степей.– Алматы: «Санат», 1996
  13. Вамбери А. Путешествие по средней Азии. –СПб., 1865; Адильгереев Х. К истории образования казахского народа // Вестник АН КазССР, 1951.–№1(70). –С. 81­96;
  14. Ахинжанов М. Об этногенезе казахского народа. –Алма­Ата, 1957
  15. Харузин А. К вопросу о происхождении киргизского народа //
  16. Этнографическое обозрение, 1895. № 3. –С. 49–92
  17. Омарбеков Т. Орта ғасырлардағы қазақ ру­тайпаларының этно­саяси мәселелері (VІ­ХІІІ) // В кн. Тарихпен өрілген тағдыр. –Астана: «Ана­тілі, ата­тарих», 2007. – С. 234­239
  18. Баскаков Н.А. Алтайская семья языков и ее изучение.– Москва: «Наука», 1981. –136 б.                            
  19. Кәрібаев Б.Б. Моңғол жаулап алушылығына байланысты Қазақстан аумағына тайпалардың қоныс аударуы // ҚазҰУ хабаршысы, тарих сериясы, ­ 2008. –№3. –Б. 57­63                          
  20. Әбілғазы Түрік шежіресі.–Алматы: «Ана тілі», 1992. – 206 б.
  21. Кляшторный С.Г. Султанов Т. Казахстан. Летопись трех тыысечелетий. – Алма Ата: «Рауан», 1992. –275 б.
  22. Қазақтың көне тарихы / (дайындаған М. Қани ). –Алматы: «Жалын», 1993. –400 б.
  23. Бартольд В.В. Киргизы. –Москва, 1939
  24. Қазақ ру–тайпаларының тарихы. Т. Х, 1–кітап, Найман / «Алаш» тарихи зерттеу орталығы; Авторлар: Ғабжалилов Х., Омарбеков Т., Кәрібаев Б.ж.б. –Алматы: «Алаш», 2008. –457 б.
  25. Мыңжан Н. Қазақтың қысқа тарихы. –Алматы, – 400 б.
  26. Зуев Ю. Ранние тюрки: очерки истории и идеологии. –Алматы, 2002
  27. Қазақстан тарихы. Этникалық зерттеулерде. Т. І. Жалайыр. –Алматы: «Алаш», 2008. –488 б.
  28. Қазақстан тарихы (Көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. Т.ІІ. –Алматы: «Атамұра», 1998. –640 б.                             
  29. Омарбеков Т.О. Қазақты құраған түркі тайпалары (VІ­ХІІІ ғғ.) // Қазақстан музейлері, –2006. – №4. –Б. 22–24.
  30. Баскаков Н.А Ногайский Язык и его диалекты. М–Л. -246 б.
  31. Гродеков Н. И. Киргизы и каракиргизы Сыр-дарьинской области. Т.1 Ташкент, 1889. 2б.
  32. Потанин Г.Н Казак-киргизские и алтайские предания, легенды и сказки. Живая старина СПб 1917
  33. Вяткин М. очерки по истории казахской ССР. М., 1941
  34. Кляшторный С.Г. Султанов Т.И Государство и народы Евразийских степей. Древность и средневековье. СПб., Петербургское востоковедение, 2004.- 287б.
  35. История Казахстана в русских источниках ХVІ-ХХ веков Т.ІІІ. Журналы и служебные записки А.И.Тевкелева по истории и этнографии Казахстана.─Алматы: «Дайкпресс»,2005 — 484с.
  36. Рычков П.И., Рычков Н.П. Капитан жазбалары (Ауд. Шәймерденов Р.). ─ Алматы: «Ана тілі», 1995. 104 б. 65-66 б.
  37. История Казахстана в русских источниках ХVІ-ХХ веков Т.V. Первые историко этнографические описания казахских земель. Первая половина ХІХ века. –Алматы: «Дайк-пресс», 2007 – 620с.
  38. Валиханов Ч.Ч. Собрания сочинении в 5 т. Т.1. –Алма-ата: «Издательство АН Каз ССР», 1961 –С.205
  39. Аристов Н.А. Этногенез и этническая история казахского народа. –Астана: «Алтынкітап», 2007. –378 б.
  40. Қазақ қайдан шықты: Н. И. Гродековтың топшалауы // Алаш № 3(3) 2005, — Б.44
  41. Потанин Г.Н. Казак-киргизские и алтайские предания, легенды и сказки. Живая старина. СПб., 1917, -С.54-65

 

  1. Вельяминов­Зернов В.В. Исследования о Касимовских царях и царевичах. Ч. 2. СПб., 1864. –498 б.
  2. Красовский М. Материалы для географии и статистики России. Область Сибирских киргизов. СПб., 1868.ч.2.
  3. Асфендиаров С. История Казахстана. –Алматы: «Қазақ университеті» 199 100-101
  4. Бартольд В.В. История изучения востока в Европе и Роосии. –Л., 1925

Чулошников А. Очерки по истории Казах-Киргизского народа в связи с общими историческими судьбами других тюркских племен. Оренбург, 1924. Ч.1. С. 104.

 Вяткин М. Очерки по истории Казахской ССР. 1941, С. 97-101.

Адильгереев Х.М. К истории оброзования казахского народа // Вестник АН Каз ССР –С. 82-83

   Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка.                               –Алматы: «Санат», 1997. –608 б.          

Қазақ ССР тарихы. Т.2. Алматы, 1984.

Кляшторный С.Г. Султанов Т.И Государство и народы Евразийских степей. Древность и средневековье.  СПб., Петербургское востоковедение, 2004.- 287б.

Қазақстан тарихы (Көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. Т.ІІ.                   –Алматы: «Атамұра», 1998. –640 б. 

 Қазақ Ұлттық энциклопедиясы Т.4. Алматы, 2002, -Б.86-87  

Аманжолов К. Түркі халықтарының тарихы. 3-кітап. Алматы: 1996

 Арғынбаев Х., Мұқанов М., Востров В. Қазақ шежіресі хақында. –Алматы: «Атамұра», 2000. –464 б. 

Сабденова Г. Е. Қазақ халқының қалыптасуының негізгі кезеңдеріне көзқарас. //  Алаш № 1 (4), 2006 – С. 106-115.

Көмеков Б. Е. Қазақ халқының қалыптасуы // Қазақ әдебиеті. – 1993, 16-шілде.