АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақ халқының қалыптасуындағы Маңғыттар тарихы

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

                                                                                          

ӘЛ‑ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

 

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

 

ДИПЛОМ  ЖҰМЫСЫ

 

Қазақ халқының қалыптасуындағы Маңғыттар тарихы

 

 

Алматы — 2010

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………4

 

1 МАҢҒЫТТАРДЫҢ ШЫҒУ МӘСЕЛЕСІ……….……………………………….9

 

2 МАҢҒЫТТАР XIII-XV ҒҒ АЛТЫН ОРДА, ДЕШТІ

ҚЫПШАҚ ҚҰРАМЫНДА……………………………………………………………………….35

 

3 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ  ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ МАҢҒЫТТАР……..………47

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………..53

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……………..………………………..…………..56

ҚОСЫМШАЛАР

 

 

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ халқының объективті тарихының жазылуы — тәуелсіз  Қазақстан Республикасының құрылуындағы басты міндеттердің бірі болып табылады.  Қазақстан тарихын жазу 1990 жылдың соңынан бастап жаңа арнаға түскені белгілі. Бұрын тарихи зерттеулерде айтылмай жүрген тақырыптарға егеменді еліміздің тарихшылары батыл бара отырып, қазақ тарихының көлеңкелі тұстарын ашуға ұмтылуда. Осы кезекте әлі де тыңғылықты зерттеулерді қажет ететін өзекті тақырыптардың бірі – Қазақ этногенезіндегі маңғыттар мәселесі болып табылады.

         Қазақ этносының қалыптасу тарихын, ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы саяси мәселелерін, этникалық және әлеуметтік тарихын тұтас зерделеуде жоғарыда көрсеткеніміздей Қазақ этносының қалыптасуындағы маңғыттар мәселесін зерттеу үлкен орын алмақ. Рас, тамыры тереңге тартқан қаймана қазақ тарихында кешегі және бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отырған тақырыптар мен оқиғалар жетерлік. Мойындау керек, бұл тұста атқарылып жатқан жұмыстар мен зерттеулер де баршылық. Солай бола тұрса да,  қазақ елі сан жылдар бойы аңсаған мемлекеттік егемендігіне жетіп, тәуелсіз ел болып қалыптаса бастағанына біраз жылдар өтсе де, әлі де жеткіліксіз зерттелген мәселелердің бірі – Қазақ этносы қалыптасуының толық тарихы отандық тарих ғылымында өзіндік орын алды  деп кесіп айту асығыстық болар.

Қазақ тарихының тереңге тартқан тамырын барынша бұрмалап, қазақ халқының қалыптасу мәселесіне түпкілікті және шынайы зерттеу жұмысын жүргізуге тыйым салынған кездер болғаны баршамызға белгілі. Мұның өзі, қоғамдық өмір мен ғылымның комунисттік партияның немесе сол тұстағы идеологияға шектен тыс бағыну нәтижесінде пайда болған құбылыс еді. Сол замандағы қазақ ұлтының алдында ұлт болып сақталып қалып, тіл мен дінін және ең керектісі тарихын ұстап қалу мәселесі тұрған болатын. Қазақтың тарихы қолдан бұрмаланып, шынайылықтан ажырады. Тек, ұзақ жылғы үзілістен кейінгі қол жеткен тәуелсіздік тұсында аталған мәселе өз зерттеушісін таба бастады. Алайда, әлі де атқарарлық іс жетерлік.

 Жоғарыда айтылғандардан, біріншіден, Қазақ этногенезіндегі маңғыттар тақырыбы көп жылдар бойы ғалымдардың назарынан тыс келген, бұл тақырыптың тарих ғылымында теориялық және практикалық зор маңызы бар, зерттеуін күтіп тұрған мәселе деген қорытынды жасауға болады және де аталған мәселенің пайда болуына себепкер болған Қазақ халқының қалыптасу мәселесі тарихтағы ірі оқиға. Осыны ескере отырып, қазақ тарихындағы үлкен мәнге ие осы Қазақ халқының қалыптасуымен мәселемізді сабақтастыра отырып қарастыру, зерттеу обьектісінің маңыздылығын арттыра түспек. Сонымен қатар, жалпы алғанда, Қазақ этногенезіндегі маңғыттар тақырыбының тәрбиелік маңызы өте зор. Еліміз егемендікке қол жеткізіп, тәуелсіздік жағдайында аталған тақырыптың өскелең ұрпаққа берер тәлім-тәрбиесі жетерлік. Жоғарыда аталған мәселенің барлығын қорытындылай келе, түйетініміз тақырып бүгінгі күннің кезек күттірмес келелі мәселесі. Бұл зерттеліп отырылған тақырыптың өзектілігінің айғағы болып табылады.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қарастырып отырған мәселеміздің маңыздылығы мен оның бүгінгі күндегі өзектілігін ескере отырып, біз нақты тарихи материалдар негізінде Қазақ этногенезіндегі маңғыттар мәселесін жан-жақты ашып көрсету, жоспар бойынша алынған мәселелерді барынша талдап, қорытындылап жазуды, сол тұстағы тарихи деректердегі мәселеміздің бейнелену дәрежесін талдап баға беру мен зерттеуді диплом жұмысының басты мақсаты етіп алды. Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленген:

  • алдымен мәселеміздің зерттелу деңгейін ашып көрсету;
  • тарихи деректердегі маңғыттар мәселесіне зейін қою;
  • маңғыттардың шығу мәселесіне баға беру;
  • сол тұстағы тарихи жағдайға немесе маңғыттардың Алтын Орда және тағы да басқа ортағасырлық мемлекеттер құрамындағы тарихына баға беру;
  • сонымен қатар, Қазақ халқының қалыптасуындағы маңғыттар роліне барынша тоқталу.Тарихи деректер мен зерттеулерді пайдаланып XIII-XVғғ Алтан Орда, Дешті Қапшақ кезіендегі маңғыттардың этникалық мәселесіне, қазақ халқының қалыптасуы барысындағы маңғыттарды жан-жақты зерттеуге тырысып, тарихи деректер мен зерттеулерді, тарихи әдебиетті салыстыра отырып, құндылығы мен шындығын анықтау, өзіндік тұжырым жасау.

Диплом жұмысның хронологиялық шеңбері. Диплом жұмысының негізгі қамтитын кезеңі – ХІҮ-ХҮ ғасырлар. Бірақ жергілікті Ноғай Ордасының негізгі тайпасы маңғыттардың шығу тегін зерттеу қажет болғандықтан XIII ғасырлардан бастағанды жөн көрдік. Алтын Орда, Дешті Қыпшақ кезеңінен кейінгі қазақ халқының қалыптасу кезеңіне тоқталдық. Зерттеу Қазақ хандығының пайда болуы мәселеміздің пайда болуының түрткісі яғни, қазақ халқының қалыптасуының заңды қорытындысы екенін айқындай отырып, қазақ этногенезіндегі маңғыттар тақырыбындағы көкейкесті мәселелерге дейінгі аралықты қамтиды. Осы аралықтағы уақыт ерекшелігін ескере отырып, осы мәселеге өз зерттеу жұмысын жүргізген түрлі ғалымдар мен сол ХІҮ-ХҮ ғғ дүниеге келген тарихи деректердегі маңғыттар мәселесіне жете мән бердік және бітіруші өз зерттеу жұмысында осы саладағы түрлі мамандардың еңбегін көрсетеді және барынша талдауға тырысады. Әрине, әр еңбектің табиғатына жете мән беріліп, зерттеудің пайда болған уақытымен санасады. Сол тұстағы тарихи жағдай мен еңбектің құндылығы толықтай ашылып көрсетілген.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы.  Аталған диплом жұмысын жазу барысында мен алдыма қойған мақсаттарыма жете отырып, өзім үшін  төмендегідей  жаңалықтар жасадым. Мысалы:

  • ғылыми жұмыста мәселеміздің пайда болуына әсер еткен негізгі мәселе Қазақ хандығының пайда болу мәселесіне барынша талдау жасалынады.
  • Осы төңіректегі авторлардың еңбектерін шынайылық принцип тұрғысынан заңдастырдық және ғалымдар жариялаған еңбектің пайда болу уақытымен санастық
  • Қазақ этногенезіндегі маңғыттар мәселесіне толық талдау жасай отырып, ондағы маңғыттар ролі дәрежесін барынша шынайы көрсеттік
  • Қарастырып отырған мәселеміздің қазіргі таңдағы жазылу шамасына өзімізше талдау жасадық

Диплом жұмысының сыннан өтуі. Аяқтау жұмысы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстанның ежелгі және ортағасыр тарихы кафедрасында дайындалып, талқыланып, қорғауға ұсынылды.

Диплом жұмысының құрлымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Мәселенің зерттелу деңгейі. ХІІІ-ХҮ ғасырлардағы өмір сүрген этностардың соның ішінде әлі де тыңғылықты зерттеулерді қажет ететін тақырыптардың бірі – Қазақ этногенезіндегі маңғыттар мәселесі болып табылады. Бұл мәселені арнайы және жанама түрде  зерттегендерге орыс зерттеушілерінен В.В.Трепавлов, Бартольд В.В, Баскаков Н.А, СултановТ.И, Ахмедов Б.А, жатқызамыз. Ал, бүгінгі таңдағы зерттеушілерден Кәрібаев Б.Б, Аманжолов Қ, А.Күзембайұлы, Е.Әбіл т.б. Тақырыптарға қатысты еңбектерде XIII-XV ғасырларда өмір сүрген Ордалар атап айтсақ, Ақ Орда, Алтын Орда, Ноғай Ордасы тарихында біз қарастырып отырған мәселені арнайы болмаса да жанама түрде қарастырып кетеді. Сондай Ноғай Ордасын құраған маңғыттарға қатысты еңбектерге – ХШ-ХҮ ғасырлардағы мемлекеттер, соның ішінде Ақ Орда, Алтын Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы тағы басқа мемлекеттердің тарихын зарттеуге арналған еңбектер жатады. Бұл мемлекеттердің саяси тарихы сол кездегі жаулап алушылыққа байланыста болғандықтан аз да болса маңғыттардың биі Едігенің басқаруымен жаулап алушылық туралы қарастырылған. Соларға тоқталып көрелік.

Ноғай Ордасы тарихында маңғыттар мәселесі В.В.Трепавловтың «Ногайской Орды» атты монографиясында жан-жақты ашып көрсетілген. Онда біз үшін маңызды Ноғай Ордасының мекендеген жері, ондағы ру-тайпалардың басқару жүйесіне қатысты мәселелер зерттелген. Маңғыттарды зерттегенде бұл еңбек бірден-бір зерттеу қызметін атқарады.

Ал қазақ шежіресіне тоқталған Ш.Құдайбердіұлының «Түрік қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» деген еңбектерінде де қарастырылады. Ш.Құдайбердіұлы қазақ шежіресін зерттеуге қомақты үлес қосқан ірі ғалымдардың бірі.

Ерте орта ғасырлардағы түрікі дәуірін зерттеушілер С.Г.Кляшторный, Т.И.Султанов «Казахстан летопись трех тысячелетий» еңбектерінде  Ақ Орда, Көк Орда, Дешті Қыпшақ сонымен қатар аз да болса Ноғай Ордасына соның ішіндегі маңғыттар жайында да мәлімет келтіреді.  заңдық тұрғыдан зерттеген Т.И.Султанов «Кочевые племена Приаралья в XV-XVII вв» еңбегінде түрік даласындағы ру-тайпаларға көрінісін тарихи оқиғалар негізінде айшықтап береді. Қазақстан тұрғындарының ру-тайпалық құрамын, және қазақ-өзбектің этникалық қарым-қатынасы жайында айта келіп, көшпелі өзбектерді құраған бірнеше руларға соның ішінде маңғыт руында келтіреді.

Б.А. Ахмедов «Государство кочевых узбеков» зерттеуінде Дешті Қыпшақта құраған рулар, Оңтүстік-Батыс Сібірдегі көшпелі узбектер жайында айта келіп, XIV ғасырда Дешті-Қыпшақта ерекше орын алған маңғыттар туралы зерттей отырып, өзіндік баға береді.Осы мәселені Махмуд Худжаевта  зерттеді.

Қазақ этногенезіне рулардың рөліне тоқталғанда К.А.Пищулинаның еңбегін айтпасқа болмайды . Ол моңғол атауымен белгілі болған этникалық топтарды жан-жақты зерттеп берді. Ноғай Орданың мемлекетінің қоғамдық құрылысын Н.Мыңғұлов зерттесе, саяси тарихымен Қ.Аманжолов, Қ.Рахметов айналысты.

Коғамдық құрылыс мәселесін, оньң ішінде Ноғай Орда тарихына қатысты оның басқару жүйесін тарихи тұлғалардьң қызметімен байланысты сияқты зерттеушілер Ноғай Ордсының тарихын зерттеуге үлкен үлес қосты. Сонымен қатар А.Күзембайұлы, Е.Әбіл «История Республики Казахстан», Р.Фахретдин Ноғай Ордасында Ноғай мырзаның жүргізген саясаты туралы іргелі еңбектер жазды. Ал, Ноғай Ордасының этнографиялық мәселесі туралы И.Х.Калмыков, Р.Х.Керейтов, А.И.Сикалиев «Ногайцы»  өз еңбектерінде тоқталып, біршама талдау жасайды.

Ал, ХІV-ХҮ ғасырларда Алтын Орда тарихына байланысты іргелі еңбектер қатарына Н.И.Веселовский, М.Г.Сафаргалиев, В.П.Юдин, Б.Д.Греков, А.Ю. Якубовский, Е.П.Алексеева зерттеулері мен монографиялары жатады. Бұл тарихшылар аталған Ордаларға тоқталғанда, Ноғай Ордасына да ондағы жергілікті маңғыттардың билікке араласуы туралы тарихи оқиғалармен байланыстыра жазады.

Соңғы жылдары «қазақ хандығы» мәселесін зерттеуші Б.Б.Кәрібаев «Ноғай және Маңғыт» жөнінде мақала жазды, сөйтіп өзінің жаңаша тұжырымдарын мерзімді басылымдар арқылы жеткізді Т.Ташенов «Ұлы Маңғыттардың соңғы тұяғы және қоңыраттар династиясы», «қазақ хандығы Маңғыт және Сібір мемлекеттері» жөнінде еңбек жазды.

ХІІІ-ХҮ ғасырлар арасындағы НоғайОрдасының және маңғыттардың жалпы зерттелу деңгейі осындай.

Деректік қоры. Тақырыпқа қатысты дерек көзіне негізінен моңғол жаулап алушылығы, одан кейінгі моңғол дәуірінен кейінгі кезең, Қазақ хандығы дәуірінің деректерін жатқызамыз.

Маңығыттарға қатысты дерек —  Фазлаллах Рашид-ад-Диннің «Жами ат-таварих» (Жалнамалар жинағы) құнды дерек болып табылады. Бұл деректен біз өз мәселемізге қатысты түрік жіне монғол тайпалары мен халықтарының тарихы  туралы деректерді қолданып, оны қазақ этникалық мәселесін маңғыт руымен байланыстырамыз.

Аталған еңбекте негізінен этникалық, көшпелі тұрмыс туралы діни-рухани дамуға қатысты мәліметтер кездеседі.

М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» деген шығармасында орта ғасырларда Жетісуды, Шығыс Дешті Қыпшақты, Тянь-Шань аймағын, Шығыс Түркістанды мекендеген моғолдардың, басқа да халықтардың, атап айтқанда, қырғыздардың, ұйғырлардың, өзбектердің, және басқа тайпалар жйында бірегей материалдар бар.

В.Г.Тизенгаузен жинақтап, кейінірек А.А.Ромаскевич пен С.Л.Волиннің өңдеуінен өткен Алтын Орда тарихына қатысты «Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды» атты деректер жинағы да біз қарастырып отырған мәселеге қатысты негізгі дерек көзіне жатады. Оның ішінде әл-Омаридың, Жувейнидің, Жузжанидің мәліметтері бар. Өтеміс Қажының «Шыңғыс-наме» еңбегінен біз жергілікті маңғыт тайпасының Алтын Орда тарихында сол қанат құамында болғандығы туралы мәліметтер аламыз.

Сонымен бірге біз «Материалы по истории туркмен и Туркмении» /34/, «Материалы по истории Казахских ханств» [37.], Плано Карпини мен Рубруктың /36/ деректерін пайдаланамыз, онда негізінен жекелеген тұлғаларға, олардың жүргізген саясатына қатысты мәліметтер бар.   Камаладдин Бинаидың «Шайбани нама» еңбегінен біз жергілікті тайпалардың үстемдікке жетіп, Шыңғыс тұқымдарын қуыршақ хан ретінде пайдалануы жайлы деректер кездестіреміз [12.].

Келесі дерек ретінде осы Шайбани әулетінің дерегі-Фазлаллах ибн Рузбехан Исфаханидың «Михман наме-ий Бұхара» [12.]. Шығарма біздің мәселемізге қатысты өте құнды дерек береді. Бұнда Шайбани ханның Мәуереннахрда және Дешті Қыпшақта моңғолдық билік дәстүрін орнату жолындағы әрекеті баяндалады. Жергілікті дәстүрдің толық жеңіске жетуін осы еңбекпен байланыстыра қарастырамыз.

Шайбанилық әулет тұсында жазылған Масуд бен Кухистанидың «Тарих-Абулхаир хани» еңбегінде ХҮ ғасырдың ортасындағы этникалық мәселелерді анықтайтын мәліметтер кездеседі [42.].

Әбілғазының «Түрік шежіресі» де маңызы зор дерекке жатады [23.]. Ал Ш.Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ хәм хандар шежіресі» еңбегінен этникалық жағын аңғаруға болады. Қадырғали Жалайырдың «Жылнамалар жинағы», Өтеміс қажының «Шыңғыс-намесі», «Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды» атты екі томдық жинаққа енген материалдар, Рашид ад-диннің «Сборник летописей» атты еңбегі және тағы басқа тарихи шығармалар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. МАҢҒЫТТАРДЫҢ ШЫҒУ ТЕГІ.

 

Маңғыт терминіне тоқталсмас бұрын алдымен маңғыт тайпалыры құраған     Ноғай Ордасының тарихына қысқаша тоқталып өтсек. Ноғайлар – XV-XVI ғғ. Қазақстанның батысында, Орал тауының оңтүстігі мен Еділ өзенінің төменгі бойының шығыс жағында Ноғай Ордасы деген мемлекет құрған тайпалар бірлестігі. Мемлекеттің құрылуының басында есімі бүкіл елге белгілі, атақты Едіге би тұрды. Ноғай Ордасы XIV ғасыр соңында  Алтын Орданың ыдырауы кезеңінде қалыптаса бастайды да, ең күшейген кезі XVI ғасырдың бірінші жартысына сәйкес келеді. XVI ғасырдың екінші жартысынан бастап ішкі таластар  мен билік үшін күрестер нәтижесінде Ноғай Ордасы бірнеше дербес Ордаларға немесе Ұлыстарға бөлініп, XVI ғасырдың екінші жартысынан бастап бұрынғы қуатынан айырылады да, құрамынадғы тайпалар кейінгі ғасырларда Батыс Қазақстаннан Қара теңіздің солтүстік жағалауы аралығында аймақтарға шашырай қоныстанып, жергілікті түркі тілдес халықтарға сіңісіп кетеді.

Қазақ халқының құрамындағы Кіші жүздің көптеген ру-тайпалары да XV-XVI ғасырларда осы мемлекеттің қол астында болады. Олар Ноғай Ордасының саяси-эканомикалық және этно-мәдени тарихына өз үлестерін қосып, оның тарихында терең із қалдырады. Ауыз әдебиетіндегі «қазақ-ноғай» дәуірі деп аталатын кезеңде өмір сүрген, көптеген ақын-жыраулардың шығармалары қазіргі күнде жеке-жеке өмір сүріп жатқан қазақ халқы мен ноғай жұртының ортақ рухани  мұралары болып табылады. Сондай-ақ, XV-XVI ғасырлардағы Ноғай Ордасының тарихы да қазақ халқының ортағасырлардағы тарихының құрамдас бір бөлігі болып саналады. Сондықтан да Ноғай Ордасының тарихына қатысты барлық мәселелерді біз, қазақ тарихының ішкі, қазақ тарихына қатысты бар мәселелер қатарына жатқызамыз. Сондай мәселелер қатарына  әлі күнге дейін тарих ғылмында толық шешімін таппай отырған терминдік мәселелер енеді. Солардың бірі — «Ноғай» мен «Маңғыт» терминдері. Бұл терминдер бір-біріне ұқсас  болғанымен, әрқайсысының ішкі мәндеріде өзгешеліктер бар.

Алдымен «Ноғай» мен «Маңғыт» сөздерінің мәні мен мағынасы туралы түсіндіріп өтелік. Терең мән бермей, сырттай үстіртін қараған адамға бұл екі термин синоним болып көрінеді. Бір жағынан бұл дұрыс та. Бірақ та ол үстіртін қараған адамдар үшін ғана. Ал, мәселеге терең бойлап, ғылыми тұрғыдан қараған адамдарға  «Ноғай» мен «Маңғыт» сөздерінің екі түрлі мәні бар екендігін байқауға болады[47.94].

Қазіргі кезде біз қолданып жүрген «Ноғай» термині-бірден этноним немесе халықтың атауы ретіндегі мәнге ие болған жоқ. Кісі есімінен халықтың атауына дейін «Ноғай» сөзі бірнеше мәнде қолданылады. Алдыменен Ноғай, ол-кісі есімі, тарихи тұлға. XIII-XIV ғасырларда Алтын Орда тарихында Ноғай есімді Шыңғыс ұрпағының екі өкілі болған. Бірі-XIII ғасырда өмір сүріп, сол ғасырдың екінші жартысында империяның батыстағы ұлыстарының  бірін басқарған, қолбасшы және ірі саяси  тұлға болса, екіншісі-XIV ғасырдың ортасында саяси сахнаға көтеріліп, Алтын Ордадағы «дүрбелең жылдардың» басында Сыр бойында дербес хандық  құрған тұлға. Қай тарихи тұлғаның  есімі  халық атына  ие болған деген мәселеде зерттеушілер пікірі  екіге жарылады. Алғашқы және негізгі пікірді айтушылар «Ноғай» сөзінің шығуын XIII ғасырдағы Ноғай мен байланыстырса, екінші пікірді қолдайтындар XIV ғасырдағы Ноғай есімді тарихи тұлғадан «Ноғай» этнонимі шыққан деп түсіндіреді. Біздер де  бірінші пікірді қостай келе, екінші пікірдің  толық негізсіз екендігін айтып өтелік. Екінші пікірдің авторы А.Күзембайұлы мен Е.Әбіл өз еңбектерінде, Өтеміс хажының «Шыңғыс-наме» дерегіндегі мәліметтерге сүйене келе, «Ноғай» термині Ұлы Ұлыста 1359 жылы Бердібектің  өлімінен кейінгі оқиғаларға байланысты пайда болған. 1360 жылы Сырдария жағасында жаңа хандық құрылып, оның басында Қара-Ноғай тұрды және оның есімімен  ол басқарған мемлекет «Ноғайлы Жұрты деген атауға ие болды»-деп түсіндіреді. Одан әрі авторлар, Орыс хан билікке келгеннен кейін, «Ноғайлы» термині екінші қатарға ауысады дейді де, Тоқтамыстың билікке келуімен «Ноғайлы» термині  қайтадан жаңғырады деп жазды. Сөйтіп, Едігенің күшеюімен «Ноғай» термині этникалық мәнге ие болады деп ой түйіндейді. А.Күзембайұлы мен Е.Әбіл шындығында да, Алтын Ордада 1359 жылы Бердібек ханның өлімінен кейін Сыр бойында Тұқай Темір  ұрпағы  Ноғай (деректе-Ноқай) хан боп жарияланып, үш жыл билік етеді. Одан кейін таққа Ноғайдың інісі Тоғлы Темір отырған. «Жошы ұрпақтарының шежіресінде «Ноғайдың шығу тегі-былайша тарқатылады. «Тұқай Темір-Пайму-Тугжаз-Сасы-Ноғай».

Дерек мәліметтерінде  Қара Ноғай үш жыл хан болды делінсе де, оның елі «Ноғайлы Жұрты» деп аталынды деген мәлімет жоқ. Біздің ойымызша, «Қара Ноғайдың есімімен ол басқарған мемлекет «Ноғайлы Жұрты» деп аталды деген пікір, ол–дерек мәліметі емес, керісінше А.Күзембайұлы мен Е.Әбілдің тұжырымдары. Деректе Қара-Ноғай-есімін елге беретіндей, ел мақтан тұтардай, басқалар оған еліктейтіндей тұлға ретінде көрінбейді. Бар болғаны үш-ақ жыл хан болған адамның мемлекет үшін, ел-жұрт үшін бірдеме бітіре қоюы екі талай. Сол себепті де Қара-Ноғайдың есімін халқы этнонимге айналдырды дегенге сену қиын. Сондықтан да, XIII ғасырдағы тарихи тұлғаның есімі этнонимге айналды деген пікірді қолдай отырып, біз, сол Ноғай туралы айта кеткенді жөн санап отырмыз [47.96].

Ноғай-Жошы ханның оныншы ұлы Буалдан тараған ұрпақ. Эннувейридің дерегінде, «Жошы ұрпақтарының шежіресінде» оның шығу-тегі былайша өрбітіледі: «Жошы-Буал-Татар-Ноғай». Ол Алтын Орда тарихында Берке хан тұсында көзге ілініп, белгілі бола бастайды. Днепр мен Дунай өзендері аралығындағы жерлер Ноғайға әкесінен мұра болып қалады. Алғашқы жылдары Ноғай монғол ұлыстары арасындағы қайшылықтарды бейбіт жолмен шешуге күш жұмсап, ат салысады. 1270-ші жылдардан бастап өз ұлысында билігін нығайтқан Ноғай, ықпалын басқа да ұлыстарға тарта бастайды. Тіпті Алтын Орданың жоғарғы билеуші топтары арасында зор беделге ие болып, кезекті ханды таққа отырғызу Ноғайдың қатысуынсыз өтпейді. XIII ғасырдың соңғы ширегінде Ноғай өз ұлысын Алтын Орда құрамынан бөліп алып, жеке мемлекет ету үшін күрес жүргізеді. Алғашқы кезеңде бұл күрес Ноғай үшін сәтті жүргенімен, XIII ғасырдың 90-шы жылдарының соңына қарай Алтын Орда ханы Тоқтай хан жеңіске жете бастайды да, 1299-1300 жылы Ноғайдың қаза табуымен аяқталады. Ноғайдың ұлдары Алтын Орда ханына тойтарыс бере алмай, жан-жаққа қашуға мәжбүр болады. Тоқтай хан Ұлысты талқандап, ондағы көптеген тайпаларды Еділ мен Жайық өзендерінің аралығына көшіреді.

Ноғай Ұлысы жойылғанымен де, Ноғай есімі ру-тайпалар есінен кетпейді. XIV ғасыр соңында бұл есім Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында жаңадан құрылған мемлекеттегі халықтың этникалық атауына айнала бастады.

Осылайша, XIII ғасырдағы Ұлыс билеушісі, Алтын Орда тарихындағы ірі тарихи тұлға-Ноғай есімі халық атауына айналған деген пікірді біз ғылыми негізде жасалған пікір деп есептейміз. Ноғай жөнінде арнаулы зерттеу жұмысы болғандықтан, біз оның өмірі мен іс-әрекеттері туралы сөздерімізді осымен тәмәдаймыз.

Ноғай есімінің халықтың атына айналуын тарихшылар былайша түсіндіреді. Ноғай Алтын Ордада 40 жыл бойы ірі мемлекет қайраткері болып, оның атақ-даңқы тек қана ұлысында емес, сонымекн бірге шет аймақтарға да жайылды. Оның есімі Алтын Ордада, Венгрияда, Румынияда, Польшада, Балтық жағалауында, Солтүстік Кавказда, тіпті Таяу Шығыс елдеріне танымал болды. Ноғайдың қолбасшылық еңбегін жұрттың бәрінің мойындауы және есімінің өзінен ұлыс тұрғындарының әрі қорқуы, әрі сыйлауы жергілікті тұрғындараға әсер етпей қоймайды. Ұлыс құрамындағы ру-тайпалар өздерін «Ноғай ұлысының адамдарымыз» деп атай бастады. Ал олар өздері тұрған мемлекетті «ежелгі Ноғай жұрты» деп атаған.

XV ғасырдың соңында «Ноғай» термині этникалық мәнде қайта кездесе бастайды. Оған ең алдымен, Едігенің іс-әрекетттері тікелей әсер етеді. Ол бұрынғы Ноғай ұлысының ру-тайпаларын Маңғыт бірлестігіне  топтастырып, жаңа ұлыс Маңғыт ұлысын құрады. Маңғыт ұлысының құруылуымен «Ноғай» термині кең тарала бастайды. «Ноғай ордасының территориясындағы ұлыстардың тұрғындары өздерінің осы ордалық екенін сезініп, «ноғайлықтармыз» деп атай бастаған, XV ғасырдың екінші жартысында бұл жиынтық  атау көршілерге белгілі болды»-деп жазды тарихшы Е.П.Алексеева.

Ноғай сөзі алғашында кісі есімі болып, XIII ғасырдың 70-90-шы жылдарында сол есіммен ұлыс және ұлыс адамдары атала бастаған. Ал XIV ғасырдың соңында бұл атау-қайтадан Еділ мен Жайық аралығындағы  жаңа құрылымдағы ру-тайпалардың жалпы жиынтық атауы ретінде қолданылып, этникалық мәнге ие бола бастайды. Сөйтіп, Ноғай деген этноним дүниеге келеді. Ал жаңа этнонимнің мемлекеті Ноғай Ордасы деп аталғандығын дәлелдеп жатуды артық деп білеміз.

         Енді «Маңғыт» терминіне оралсақ. Біз алдыңғы беттерде «ноғай» термині  мен «маңғыт» термині сырттай қараған адамға синоним сөздер боп көрінеді дегенбіз. «Ноғай» сөзін талдап алғаннан кейін, маңғыт сөзінің мәнін  түсіну онша қиынға соқпайды. «Маңғыт» сөзі XIV-XVII ғғ Шығыста Ноғай сөзінің синонимі  ретінде жиі қолданылды, өткені Ноғай Ордасындағы билеуші әулет маңғыт тайпасынан шыққан болатын»,-деп жазды В.В.Трепавлов. Маңғыт-түркіленген монғол тайпасы, XII ғасырда Монғолияда бөржігіндер мен Амур өзенінің орта ағысы бойындағы Тунгус тайпаларының аралығында мекендеген. В.В.Трепавлов маңғыттардың Монғолия жерінен Еділ мен Жем аралығына келуін мынадай бағыттармен көрсетеді: Маңғыт тайпаларының бір бөлігі Монғолия, Маньчжурия мен Забайкальеден батысқа, Мауереннахрға келіп қоныстнады. XIV ғасырдың бірінші жартысында Шағатай ұлысындағы өзара қырқысулар маңғыттарды Еділ бойына әкелді. 1360 жылы қият тайпасының әмірі Мамай бұл тайпаларды Қырымға алып кетеді. 1380 жылы Тоқтамыс хан мен Мамай арасындағы күресте соңғы жеңіліске ұшырап, маңғыттар жан-жақтағы ұлыстарға шашырайды. Ал 1391 және 1395 жылдардағы Ақсақ Темір мен Тоқтамыс хан арасындағы күрестерде Едігенің ұйымдастыруымен маңғыттар Еділ мен Жайық өзендерінің аралығына көшеді. 1395 жылғы Ақсақ Темірдің соғыстары нәтмжесінде Еділ мен Дон аралығындағы аймақтар, ондағы ру-тайпалар талан-таражға түсіп, қатты күйзеліске түссе Еділ мен Жем аралығындағы маңғыттар мен басқа да түркі тілдес тайпалар Едіге бидің арқасында мұндай апаттан аман қалады. Едігенің басшылығымен XIV ғасыр соңында Маңғыт тайпаларының қоныстанған өңіріне Маңғыт Ұлысы пайда болады. Едіге Маңғыт тайпасынан шыққандықтан және маңғыттар Еділ мен Жем аралығындағы тайпалар ішінде ең ықпалдысы болғандықтан, жаңадан құрылған ұлыс-Маңғыт атауымен аталады.

Ноғай этнонимі рй-тайпалар бірлестігінің жалпы атауы болғандықтан шығыстың жазба деректерінде, халық ауыз әдебиетінің материалдарында бірлестік құрамындағы тайпалардың саны ткралы мәліметтер кездесіп отырады.

«Қырымның қырық батыры» атты батырлар жырының топтамасында Ноғай Ордасындағы тайпалардың санын көрсететін «Тоқсан баулы ноғай елі» деген сөз тіркестері жиі кездеседі. Мысалы:

 

1) «…Соңында Аңшыбай сөйлейді:

                                         — Руымды сұрасаң,

                                         Мұсылман деген ел деді.

                                         Қайратыды сұрасаң,

                                         Қара дауыл сел деді

                                         Тұқымымды сұрасаң,

                                         Тоқсан баулы ноғайдан,

                                         Қырық таңбалы Қырымнан

                                         Шылқытып жатқан жер деді».

 

                                    2) Мамайдың Қозанға (қалмақ билеушісі) жауабы:

                                        «Атамның аты Аңшыбай,

                                        Ұсынғанын жазбаған,

                                         Қойы мыңнан қоздаған,

                                         Сары інген жүзден боздаған,

                                         Тоқсан боаулы ноғайда

                                         Ерлік пен билік озбаған…»

 

                                     3) Ала тайлы Аңшыбай

                                         ………………………

                                        Бергі жағын сұрасаң

                                        Баба Түкті Шашты Әзіз

                                        Керемет қойған пір еді.

                                        Бергі жағын сұрасаң,

                                        Парпария сұлтан хан еді.

                                        Тоқсан баулы ноғайдан

                                        Билеген артық жан еді…»

 

                                    4) «…Тоқсан баулы ноғайлы

                                         Байтақ жатқан ел едің…»

 

                                   5) «…Тоқсан баулы ноғайлы

                                         Қүтқарып алар адам жоқ депді…»

 

                                   6) «…Бір күндері болғанда ақсақал Қарадөңді ертіп кеңеске апаратын болады. Ол-Тоқсан баулы ноғайлының ханы екен…»

 

                                   7) «Сонда тұрып атасы

                                       Тағы бір сөз сұрайды:

                                       Тоқсан баулы ноғай халқы едің,

                                       Балам менің жалқы еді…»

 

                                   8) «Мынау тұрған Қарадөң

                                        Кеудесі толған сана еді,

                                        Тоқсан баулы ноғайлы

                                        Тірі болса бағады…»

 

                                    9) «Тоқсан баулы ноғайдан

                                         Бір қыз іздеп таппадым…» 

 

                                   10) «Құдіретті күшті құдайым,

                                          Көрмедің көздің жасын-ай

                                          ……………………………

                                          Нәріктейін ханымыз

                                          Тоқсан баулы ноғайдан

                                          Артық тұрған жанымыз…»

«Тоқсан екі баулы қыпшақ», «Тоқсан екі баулы өзбек» ұғымдарынан орта ғасырлардағы қыпшақ, «көшпелі өзбектер» тайпалық бірлестігінде 92 ру-тайпаның болғандығы белгілі.Олай болса, «тоқсан баулы ноғай» деген ұғым да XV-XVIII ғасырларда Ноғай Ордасының құрамындағы ру-тайпалар санын көрсетеді.Қазіргі кездегі белгілі ноғайтанушы В.В.Трепавлов әр түрлі дерек түрлері мен мәліметтеріне сүйене отырып, Ноғай Ордасына негізгі 70 тайпаның, ал олардың бөлімшелерімен қоса есептегенде 139 ру-тайпа атауының  болғандығын дәлелдейді. Ал XVII ғасырдағы түрік саяхатшысы Әулие Челеби Қырым мен Солтүстік Кавказдағы ноғайлар туралы қызықты баяндаулар бере келе, ноғайлардың 140 тайпа-рулардан тұратындығын жазады. XVI-XVII ғасырларда жазылған «Маджму ат-тауарих», «Насаб наме-йи узбек», «Тухфат ат-тауарих-и хани» атты ортағасырлық шығармалардың деректерінде 92 тайпаның атаулары келтіріледі. Осы деректерде және В.В.Трепавлов құрастырған ноғай ру-тайпаларының кестесінде қазіргі қазақ халқының құрамындағы көптеген тайпалар ұшырасады [47.76].

         Сөйтіп, «Ноғай» мен «Маңғыт» терминдері туралы жоғарыда айтылған ойларымызды түйіндей келе, мынадай қорытындыға келеміз. Біріншіден, ноғай жеке тайпа тайпаның аты емес, тайпалардың саяси жиынтығының немесе бірлестігінің атауы  болған. Екіншіден, маңғыт-жеке тайпа атауы, билеуші әулет шыққандықтан және саны көп болғандықтан, сондай-ақ саяси бірлестік ішіндегі ең ықпалды тайпа болғандықтан, бүкіл Ұлыс құрамындағы ру-тайпалар жалпылама түрде маңғыттар деп аталған. «Ноғай» термині мен «маңғыт» терминінің түпкі төркіндері өзгеше, бөлек болса да, XV ғасырдан бастап бұл екі термин ортақ мәнге-этникалық мәнге ие ие болады да, Еділ мен Жем өзендері аралығындағы көшпелі түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы ретінде қолдана бастайды. Қос өзен аралығындағы тайпалаврдың этнонимі-ноғай немесе маңғыт деп аталса, ал олардың этносаяси бірлестігі-Ноғай Ордасы немесе аңғыт Ұлысы деген атауға ие болады.

         Ал, Қырымның 40 батыр жырында ноғайлы нұсқайлы жайлы былай келтіреді:

Бұл-Ноғайлы нұсқасы. Тегінде ноғай-қазақ түбіміз бір, Алтай,Ертіс, Оралды қылған дүбір делінеді ғой. Ендігі есет ұстар бір нәрсе осы түгі бірліктен.

Алаштан қазақ тараған

Ноғайлыға қараған,

Жауға алдырмай ноғайлар

Бір-біріне жараған.Ноғайлыдан қазақ бөлініп

Үш жүз болып тараған-ға дейінгі екі аралықта азды-кемді  бес ғасыр жатыр. Бұл кезде қазақтың жүзге, руға бөлінуі әлі анықтала қойған жоқ. Алтын Орданың үш тіреуіндей болған Қоңырат, Маңғыт, Ноғайлы тайпалары үлкен бір арна іспетті десек десек артық болмас.

Ал, Т.И.Султановтың пікірі бойынша Қазақ этникалық базасы этногенезіннің соңғы этапында Өзбек ұлысының тайпалар тобы қалыптасқан.Масуд, Осман Кухистани тізімі бойынша, кшпелі өзбектер ұлысының құрамында XV ғасырдың 30-60 жылдарыкелесідей ру-тайпалары болған. Оның ішінде маңғыт руында атап кетеді; барак, буркут,дурман, ички,йджан, каанбайлы,карлук, кенегес, конграт, кыйат, курлаут,кушчи, мангыт, масит, найман, таймас, табгут (тангут), тубай, туман, уйгур, уйсун, утарчи, хытай, чат, (джат), чинбай, украш-найман [3.8].

         Махмуд, Вали мәліметі бойынша Әбілқайыр әскері құрамында сонымен қатар ойрат, маджар, қыпшақ тайпалары болған. Осы тізімді толықтыру үшін басқа да авторлар еңбектерінен тағы да бірнеше атауларды келтіруге болады.Әбілқайыр хан немересі Мухаммед Шайбани ға тентіреп жүрген кезінде тайпалар мен рулар ішіндегі сенімділері болған рулар, аргун, ас, башгырд, джуркун,, дурман, ички, ички-байри, йети-минг, конграт, кушчи, маджар, мангыт, найман т.б. тайпаларды көрсетеді.Мухаммад Салих еңбегінде 53 тарауында 1503 ж Шайбани ханның Моғол ханымен шайқасын сипаттай отырып, автор 10 мыңға жуық әскер жиналғандығын жазады. Мухаммад Салих өзбек әскерларінің құрамында ру-тайпалық тізімінкелесі реет бойынша көрсетеді: сихиут, кыйат, конграт, буркут, мангыт, найман, дурман, ойрат, және т.б.Қоңыраттардың басында-Хусейн Али, Маңғыттардың басында және адгу, уругу-Хаджи-гази, наймандардың басында Канбар-бий тұрды деп, келтіреді [3.20].

         Ал кейбір деректерде Маңғыт орнына ноғай деген сөзді көп қолданады.Мыс. «қазақ-ноғай» деген секілді.

Ноғайлар мен ноғай-қазақтар. Осы өзара ұқсас этникалық атаулардың бір-бірімен қандай байланысы бар? Ноғайлар түбі түркі жұртына жататын ұлттың біреуі де, ноғай-қазақ — Кіші жүздің аумағындағы жүзге кірмейтін рудың атауы. Ал кейінен кіші жүз құрамына кіргендігі туралы да мәліметтер аз емес. Ал осы этникалық топтардың түбінің бір екені атауының өзінен көрініп тұрғандай.

Әлі күнге дейін біреулер татарды «ноғай» дейді. Меніңше қате түсінік. Татарлар – Еділ бұлғарларының ұрпағы, яғни түркілік бұтақтың өзге сағасынан. Ал ноғайлар қазақтарға қырғыздардан да жақын. Олар «Алтын» Прагада дүниеге келген, Еуразиялық тарихи бағыттың негізін қалаушылардың бірі Г.Вернадский былай деп кесіп айтыпты: «Қыпшақтар – қыпшақтар (половцы) мен қырғыздар». Г.Вернадский патша заманының ғалымы болғандықтан, «қырғыздар» деп қазақтарға, дәлірек айтсақ, отаршылдардың өзінше кемсітіп айтқан атауын қолданған. Ал сол қыпшақтардың тікелей ұрпағы кім? Оны ленинградтық орыс ғалымы, этнограф Ю.Евстигнеев былай дәлелдейді: «Қыпшақтардың тікелей ұрпағы саналатын тұтас халық бар. Тарихи және этнографиялық деректер бойынша (діннен басқа) ноғайларды сол халық деп әбден санауға болады». Өз-өзінен түсінікті, түркі халықтарының ішіндегі тегі жағынан қазаққа ең жақыны – ноғайлар болып шықты…«Сонымен, айналып келгенде, қыпшақтардың қазіргі ұрпағы – қазақтар мен ноғайлар. Олар – бір халық. Ноғай фольклоры толығымен қазақ ауыз әдебиетінің құрамына кіреді. Демек, ноғай – қазақтың құрамдас бөлігі» деп, түйін түйеді журналист Аққали Көптілеуов өзінің «Түркістан» газетінде жарияланған «Ноғай, қазақ бір туған» (2005 жыл) атты мақаласында. Таихшылардың пайымдауы бойынша,

Алматы қаласындағы «Аруна» ЖШС-ының баспасында жарық көрген «Тарих Ата» айдарымен жарық көрген «Қазақ хандығы» атты («Қазақстан балалар энциклопедиясы» сериясы бойынша) кітапта былай делін­ген: «Ноғай Ордасы, Маңғыт Ордасы – ХІV ғасырда Алтын Орданың ыдырауы нәтижесінде пайда болған мемлекет. Ноғай Ордасы ХІІІ ғасырдың екінші жартысында Алтын Орданың әскери қолбасшысы Ноғай әскерінің құрамына енген тайпалар мен маңғыт тайпасынан құралған. Ноғайлар Еділден Ертіске дейін, Каспий мен Арал теңіздерінен Түменге дейінгі аумақта көшіп жүрді. Орданың орталығы Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қала­сы болды. Ноғай Ордасында Едіге би мен оның ұрпақтары билік жүргізді. ХVІ ғасырдың екінші жартысында Ноғай Ордасы бірнеше мемлекеттік құрылымдарға ыдырап кетті. Қасым хан тұсында ата жұртта отырған қуатты Қазақ хандығы әлсіреген ноғайлы ұлысының Жайықтан Еділге дейінгі үлкен бөлігін өз құрамына қосып алды. Ыдыраған Ноғай Ордасының бір бөлігі Кавказда Кіші Ноғай Ордасы Үлкен Ноғай Ордасына бірігіп, тағы бір бөлігі Ресейге кіріптар болып қалады. ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ғасырдың басында Кіші Ноғайлының біраз бөлігі бұрынғы ата қонысы Азау маңына (Доннан Қобанға дейін) ауып, кей бөлігі Түркияға көшті». Өйткені Ресей тарихында мұндай мәліметтер де некен-саяқ. Тіпті солтүстіктегі көршіміз сонау Еділ мен Дон (қыпшақша Дөң) аумағы мен Қобанның (Кубань) кең байтақ даласында ХІІІ-ХVІІІ ғасырларда ешкім тұрмағандай немесе оны тек казактар ғана жайлағандай (олардың бойында да қыпшақтың қаны барын кейбіреулері еріксіз мойындап жүр) түр білдіреді.

Ноғай руларының ыдырауы жөнінде өмірдегі кездескен адамның айтқанына назар салсақ. Қазақ жігіті: Мен 1982 жылы Оралдан келе жатып, Ресейдің Урбах Астансасынан «Мәскеу-Астра­хан» пойызына отырдым. Мен кірген купеде бір шешен шал кемпірімен отыр екен. Екеуіне мұсылманша амандасқанмын, солайша іркілмей жауап берді.Біраздан соң, әлгі шал қазақша сайрай жөнелді. Кемпірінде үн жоқ. Көзі көк, ақ сары, шашы жирен түсті болған соң, «Сол ұлттың адамы ғой» деп ойладым. Өзінің қазақ жерінде өсіп-өнгенін айтып болып, қария қасындағы кемпірін нұсқады: – Мынау бәйбішем – ноғайдың қызы. Сөйлесіп көрші. Бір-біріңді түсіне аласыңдар ма?! Бұрын ноғай атты түркі тектес халық бар екенін, олардың Кавказда тұратынын естігенім де, оқығаным да бар. Әңгімені кемпірдің өзі бастады. Сөздері жатық, пәлендей біздің тілі­мізден айырмашылығы жоқ. Менің сөзімді ол да түсініп отыр. Арада сүт пісірімдей уақыт өткен соң, өзім өсіп-өнген Жәнібек ауданында ноғай-қазақтардың өмір сүріп жатқанын, солардың өздеріне қатысы қандай екенін сұрадым. Серіктес кейуана сәл ойланып отырып, тіл қатты: – Мен ешқандай тарихшы да, тіпті шежіреші де емеспін. Орта мектепті де бітіргенім жоқ. Тек әжелерімізден естігенімді айтайын. Олар бізге туыс болып келеді. Осыдан қанша жыл бұрын екенін білмеймін, біздің бабаларымыз Еділ мен Қобан, Дон бойын емін-еркін жайлапты.Содан орыстар бізді тықсырып, қырып-жойып қуғасын, ноғайлар үш жаққа бөлініп кетіпті. Бір бөлігі Қырым татарларына барып, бас сауғаласа керек. Түбі бір туыс халық барғандарды паналатыпты. Екінші бөлігі қазақ жағына кеткен. Сіздегі ноғайлар солардың ұрпағы сияқты. Қазақтың арасына сіңіп кеткесін, сондай атау алған шығар. Үшінші бөлігі Кавказға кетіп, шешендерге қоңсы қоныпты. Шешендерді ол кезде «абректер» деп атаған және жауынгер халық болған соң, басқыншылар тайсалған сыңайлы. Тегі мен тілі бөлек болса да, діні мұсылман шешендер бабаларымызды қанатының астына алыпты. Мен: «Ноғайлардың бәрі де осындай көк көз, ақ сары ма?» дегенімде, «Бәрі емес, бірақ басым көпшілігі» деп жауап берді. Кейін есіме араб шежірешілерінің қыпшақтардың арасында да көк көз, ақ сары, жирен шаштылардың жиі кездесетіні туралы жазған мәліметтер де бар.

Сақмардан келген  Біздің облыстағы Жәнібек, Бөкей ордасы, Қазталов аудандарын кеңінен жайлаған, ешқандай жүзге кірмейтін «төрт таңбалы ноғай» деп аталатын жерлестеріміздің ата-бабалары халықтың ауызекі шежіресі бойынша Сақмар өзенінің бойын мекендесе керек. Сақмар – көрші Орынбор облысындағы өзен атауы. Ал олардың бұл аймаққа қашан және қалай келгені біз үшін жұмбақ. Мүмкін, жоғарыда көрсетілгеніндей, сонау Қобан жағынан жан сауғалап келген шығар…Ноғай-қазақтан Шомбал би сияқты атақты адам шығыпты. Одан бергіде ноғай-қазақтан өрбіген Ғұмар Қараш, Мұстахим Ықсанов сынды тұлғалар өлкеміз тарихында ойып тұрып, өз орнын алды. Бұл бізге мәлім тұлғалар ғана… Ортақ тұлғалар Біле білсек, Едіге батыр әрі би, Доспамбет (1490, Азау (Азов) 1523, Қажытархан), Шалкиіз Тіленшіұлы (1465-1560), Қазтуған жырау (1420 жылы дүниеге келген, қайтыс болған жері мен жылы белгісіз) қазаққа да, ноғайға да ортақ.Ғалымдардың айтуынша, екі халықтың салт-дәстүрі де бір-біріне қатты ұқсас болған деген деректер бар.

 Негізінен тарихи деректер бойынша Ноғай Ордасын құраған Маңғыт тайпасынан шыққан тарихи тұлғалар да аз емес. Солардың ішінде Ноғай Ордасының негізін қалаған Ер Едіге (Едіге би), Құттықия, Нұраддин, Мусса, Оқас Мамай және т.б. Және де, тарихта даулы мәселелердің бірі Баба Түкті Шашты Әзізді бір зерттеушілер маңғыттан шыққан десе, кейбіреулер оны қожа деп  дәлелдейді. Мұндағы тарихи тұлғалардың шыққан тегі туралы зерттегенде, Батырлар жырының маңызы жоғары.(Қырымның қырық батыры, Қобыланды батыр, Алпамыс батыр, Едіге батыр т.б.) Бұлар аңыз-әңгімелерде аз емес. Кез-келген мәселенің  деректері мен зерттелуі, этникалық, саяси, діни-рухани алғышарттары, хандықтың құрылуының барысы мен кезеңдері, маңызы ондағы басты ру-тайпалардың қатысуы зерттеліп қояды да ал, ең басты рөл атқарған тарихи тұлғалар мәселесі назардан тыс қалуда. Сол себепті бұл жұмыс маңғыт ру-тайпасының этникалық жағын қарастыру болғандықтан, сол рудан шыққан тұлғалардың бір екеуіне тоқталуды жөн көрдім.

 

Едіге батыр

 

Тарихи деректер Едігенің тарихта болғанын, 1352-1419 жылдар арлығында өмір сүргенін, Ақ Орданың әмірі болғанын, кейінде 1396-1411 жылдары Темір Құтлық Алтын Орда тағында отырған кезінде оның Едіге ықпалында болғанын, ал, Темір Құтлық өлген соң Алтын Орда ханы тағына 1399 жылы Едігенің тікелей араласуымен Шәдібектің отырғанын, сондай-ақ Едігенің Ноғай Ордасының да негізін қалағанын дәлелдейді.Алайда кейбір зерттеушілер (Гумилев, Сафаргалиев, Абилев) оны Ноғай Ордасының емес, Осы Орданың негізі болған Маңғыт жұртының билеуші үйінің негзін салушы ретінде қарастырады [1.73].

Зерттеуші В.В.Трепавлов «Едіге» жырының татар үлгісіне және Әбілғазының «Түрік шежіресіне» сүйеніп Едігенің маңғыт руынан шығуы туралы пікірдің шындыққа келетінін атап көрсетті [1.63].

Қалай десекте Едігенің өз заманындағы аса беделді тарихи  тұлға болғаны күдік туғыза қоймайды.Ортағасырлық автор Әли Бинайдың «Шайбани-намесінде» Едіге бектің (автор Едігені осылай атайды) маңғыт тайпасынан екендігі және оның Сайын ханның, яғни Батудың тағын басып алғаны, оның тұсында «аймақтың халқының бақуатты, тыныш және алаңсыз өмір сүргені» атап көрсетіледі [37.97].

Енді тарихшы болғандықтан біржақты қарастырмастан, бүгінгі таңдағы ғалымдар Р.Сыздықова мен М.Қойгелдиев жарыққа шығарған XVII ғасырдың алғашқы жылдарының ескерткіші Қадырғали би Қосымұлының жылнамалар жинағындаЕдіге би дастаны баяндалып, онда Едігенің түп атас араб жерінен таратылады.Қысқаша айтсақ ол төмендегідей: Мұхаммед пайғамбардың ең бірінші төрт халифтерінің бірі  Абу-Бакирден-Шамда патша болған.Махмуд аталығ-оның ұлы сұлтан Катиб аталығ-оның ұлы сұлтан һармаз (Мысыр патшасы)-сұлтан Халид (Сарсар патшасы)-сұлтан Уәлид-сұлтан Мулуд-Әбу Алфеис (Антакияда, (Анатолияда) патша болған)-сұлтан Салим-сұлтан Садық-сұлтан Абулхақ (Мадайинде (Мединада) патша болған) Жалаладдин (Кастинатин (Константинопольда) патша болған)-Баба Туклас (Баба Түкті Шашты Әзіз) (Қаббада патша болған)-Терме аталығ-Каричи аталығ-Ислам Қия-Қадыр Қия-Құтлу Қия-Едіге би [38. 254].

 Бұл шежіре бойынша Едігенің арғы ата-бабалары Терме аталығтан бастап Еділ-Жайық бойын мекен еткен және сонда дүниеден өткен.Тек Едігенің өзінің әкесі Құтлу-Қия ғана Қаратау өңіріндегі Құмкент қаласында дүниеден қайтқан.Қадырғали би дастанындағы шежірені осылай баяндайды.Біздің ойымызша Едігенің түп атасын пайғамбар халифынан, араб дүниесінен тарату Едігені құдіретті етіп көрсету үшін қолдан әдейі жасалған. Мұндай пиғыл академик Қ.Сәтбаев ел аузынан 1927 жылы жазып алып, өзі алғы сөзін жазып, Мәскеуде жарияланған «Ер Едіге» жырында да, Шоқан Уалиханов және т.б. жинаған деректерде де байқалады.Оларда Едігені Бабай Түкті Шашты Әзіз диуанаға тұрмысқа шыққан перінің қызының баласы ретінде баяндалады.Ал, тарихшы Ибрагим Хальфин болса Бабй Түкті Шашты Әзіз бір кездерде арабжерінде Меккеде патша болған деген пікірді айтады.Әубәкір Диваев жариялаған «Мырза Едіге батыр» эпосында Баба Түкті Шашты Әзіз айтылмаса да Едіге бәрібір перінің қызынан туады.

Бірақ бір нәрсенің басы ашық- Едіге бір кездері түркі халықтарының отаны, алтын бесігі- болған, қазіргі қазақ жерінің Қаратау өңірінен шыққан ірі тарихи тұлға.Едігенің данышпандығы мен ержүректігін де барлық тарихшылар бірауыздан мойындайды.Бірақ кейбір Ресей тарихшылары оны ноғайдың маңғыт әулетінен шыққан десе, академик Қ.Сәтбаев және жекелеген шығыс тарихшылары оны түріктің қоңырат руынан шыққанқайраткер деп көрсетеді.Оның Маңығт екенін мойындай отырып, бірақ ноғайлығына күмән келтіргендер де бар. Мысалы, Л.Н.Гумилев өзінің «Деревня Русь и Великая степь» атты көлемді еңбегінде: «Шығу тегі жағынан Едіге маңғыт еді, бірақ оның тірегі Еділ мен Жайықтың төменгі ағыстары аралықтарында көшіп жүрген түрік тайпалыры ноғайлар болды»,- дегенді айтады [21.255].

Ноғайдың өз ішінде ақ маңғыт атты ел бар, сонымен қатар кезінде Батый әскерінің құрамында Дешті Қыпшаққа келіп жергідікті түркі тайпаларының құрамына сіңісіп кеткен маңғыттардың кейіннен  қоңыраттармен бірге Әділқайыр хан мемлекеті құрамындағы ең ірі тайпалардың бірі болғанын және Ноғай Ордасының осы маңғыттар мен ноғайлылардың ортақ мемлекеттері болғанын тарихтан білеміз. Сондай-ақ, қазақтың Орта жүзіндегі Қоңырат тайпасының Жаманбайынан таралған ноғай деген рудың бар екені және белгілі [39.392].

Ортағасырлық  жазба деректерде  Едіге туралы мәліметтерді 1376 жылдан бастап қана береді.Олардан аңғаратынымыз осы кезеңге дейін Едіге Алтын Орданың солтүстік қанатының яғни қазіргі қазақ жерінің ханы Ұрыс ханның сарайында болып, соған қызмет жасаған.Жоғарыда көрсетілген жылы ол Ұрыс ханға қарсы күресте Әмір Темірден көмек сұрап келіп жатқан Тоқтамысқа келіп, соның жағына шығады. Тегінде Едігені Әмір Темірге Тоқтамыс таныстырған [40.335]. Бірақ ортағасырлық деректер Едігенің Ұрыс хамен неліктен жанжалдасқанын түсіндіре қоймайды. Алайда Едіге Тоқтамыспен де соңына дейін бірге болмады.Ол Алтын Орда билеушісі Тоқтамысты тастап, Мауереннахрдағы Әмір Темірге келді.Н

Низам-ад-дин Шами бұл туралы былай жазады: «Бұл кезде Темір Бұхарада еді. Қашып келген Едіге (Идигу-мангут) Ұрыс ханның әскерлерін жинап, Тоқтамыстың ізімен келе жатқанын мілімдеді» [41.289]. Осы үзіндіден көріп отырмыз, Едіге Әмір Темірге келейін деп келмеген.Өміріне қауіп төнгендіктен Низам-ад-дин Шами айтқандай амалсыз «қашып келген».

Зерттеушілер Тоқтамыстың Ягайлоға хатына сүйеніп Едігенің Темірге кеткен жылын 1389 ж. деп көрсетеді [1.65].

1391 ж. Әмір Темір Тоқтамыс әскерлерін Еділ өзенінің саласы Қондыршы бойында талқандағанда Едіге бұл шайқаста Әмір Темір жағында қатысқан.

В.В.Трепавлов «Едігенің сақығы түсініті:ол әміршіні алдағаны үшінжазалаушы жорықтан сақтанды» [36.123]. Осы жолдарда жазған В.В.Трепавлов өзінің еңбегінің дәл осы бетінде Едігенің Әмір Темірден кетуін «сатқындық ретінде біржақты қабылдауға болмайтынын», мұнда «қандай да бір болмасын себепті жағдайдың орын алуы мүмкін екенін» де атап көрсеткен.

Алтын орда  деп аталған байтақ хандық құрамында болғаны ал, ол елдің Ертіс пен Еділде, сонау Дон мен Днепр бойын ең жайлап жатқаны бүкіл әлемге аян. Сол байтақ елдің он бес жылдай билеушісі болған ер Едігенің қолында билік болғандықтан ел бірлігін сақтап қалуыға тырысты.

Қалай дегенмен де Едіге туралы жырланған жырларда, айтылған аңыздарда «Ел қамын жеген Едіге» деген теңеу зерлі шапанның арқауындай үзілмей, жалғасып тұрады.

Едіге туралы деректер дүниежүзілік тарихта мол. Ол туралы қазақ халқының түкпір-түкпірінде сақталып қалған жырлар да жеткілікті.

Бодандық бұғауында жүріп, елінің ұлттық бет-бейнесін сақтап қалуды өмірінің мақсаты еткен даналарымыз, халқының қамқоры болған көзі ашық азаматтарымыз Едіге туралы, Едіге мен Баба Түкті Шашты Әзіз туралы мол деректер қалдырып, елдің ұлттық байлығына, рухани қазынасына айналдырған. Зерттеушілер  олардың ең алғашқысы да, әдеби тұрғыдан ең көркемі де Ш.Уалиханов қалдырған нұсқа деп пайымдайды. Жырдың бұл нұсқасында Тоқтамыс ханның аузымен:

…Қырымнан дау келсе

 Ал, Едігем, соны сен бітір деді.

Қырымнан жау келсе

Ал, Едігем соны сен қыр деді,-делінді.

Бұл Едігенің сол кездегі Алтын Орда халқына, солардың қазіргі бір ұрпағы-қазақ халқына еткен еңбегінің бағасындай. Сол ұлы тұлғаға тағылатын Ер, Би деген атақтардың куәсіндей.

Бір жыр-аңызда: «Баба Түкті Шашты Әзіз Баланы іздеп Ніл дарияны қыдырады. Ніл дарияның басында, Құмкент шаһарының қасында жібек орамалға ораулы баласын тауып алды. Ессіз, күнсіз туды деп, атын Едіге қойды …» дейді.

Қаныш Сәтбаев қалдырған нұсқада да Тоқтамыс хан:

         Жауырындары жақталы,

         Түйме баулы тартпаулы.

         Ал қаракес тон берді,

         Мұны үстіңе ки,- деді.

         Көк ала жорға ат мін,- деді.

         Көнте белбеу бу,- деді.

         Тұтам бауы сом алтын

         Ақ сұңқар құс беремін

         Ұшан-теңіз шүй,-деді.

         Қырымнан қиын дау келсе,

         Төресін соның бер,-деді.

         Қырымнан қалың жау келсе,

         Едігем соны қыр,-деді, дей келіп, Едіге мен Баба Түкті Шашты Әзіз әулие атамыздың жақындығы мынадан байқалады: «Дария жағасында алтын шашын алдына алып тарап отырған қызды көрді. Қыз жақын келгенде суға шомылып кетті. Баба Түкті Шашты Әзіз де қыздың артынан шомылды. Дарияның астында  алпыс-ақ  отау тұр екен. Отауға кіріп барды…»Аңызды қысқарта келе айтарымыз, бабамыз сол қызға үйленеді, бірақ қолтығындағы қанатын Баба Түкті Шашты Әзіз көріп қойғандықтан перінің қызы  бойындағы алты айлық баласымен ұшып кетеді және.. өзің іздеп тауып ал,-дейді. Аңыздың жалғасы: «Баба Түкті Шашты Әзіз Баланы іздеп Ніл дарияны қыдырды. Ніл дарияның басында, Құмкент шахарының қасында жібек орамалға ораулы жатқан  баласын тауып алды. Атын Едіге қойды…

Тоқтамыс хан мен Едіге арасы суысады. Хан Едігеден жеңіліп, елінен айырылып, өз ісіне өкінеді. Сонда айтқаны:

Едігем менің ер еді,

Едігемнің мінгені

Аузы ақтан кер еді.

Едігемнің Ашу ісі сол еді,

Өзінен бір жас үлкенге

Әзіз ағам, сіз біліңіз дер еді.

Өзінен бір жас кішіге,

Үкім, сен тұра тұр, мен сөйлейін дер еді.

Ескіден кегі бар еді,

Кете алмай-ақ жүр еді,-

Көре алмасы көп болды,

Көтермесі жоқ болды.

Едіге сынды батырдан

Қапыда сөйтіп айырылдым…

Едіге туралы жазылған жырдың бір нұсқасын жазып алып қалдырғандардың бірі-Ә.Диваев. Оның түсініктемесінде: «Хижрәдтің 790-шы жылғы Тоқтамыс ханның Ятайлыға жіберген бұйрығында Едігенің аты аталған.

«…Бір күні Тоқтамыс  хан намаз оқиын деп мешітке келе жатыр екен, жолда етіктің ішінде жатқан Баланы көріп, тауып алады. Сол себепті етіктен алынып Едіге қойылыпты» делінеді. В.В.Радловтың кітабында.

Артында 2 томдық естеліктер қалдырған Мәшһүр Жүсіп «Ер Едіге » деген жыр-нұсқасында:

«Едіге деген ер екен,

Елдің қамын жер екен.

Ел шетіне жау келсе,

Мен шығайын дер екен.

Өзінен бір жас үлкен болса,

Әзізім, сіз білесіз дер екен.

Едіге деген ер екен,

Елдің қамын жер екен.

Өзіңнен бір жас кіші болса,

Ботам, сен тұра тұр,

Мен сөйлейін дер екен.

Едіге деген ер дүрмін

Үзілмес жібек кендірмін.

Өзі білмегенге,

Білгеннің тілін алмағанға

Еменнен шоқпар шекесіне

Шық еткізетін мен дүрмін,-дейді.

Және де: «Қазақ үш жүзге бөлінбей тұрған біртұтас кезінде орталарында Баба Түкті Шашты Әзіз атанған диюана болыпты. Қаратау маңындағы Мыңжылқы деген таудың бауырында бір бұлақта дәрет алып, намаз оқуы үшін меншікті мекенжай етіп жүріпті…

…Ер Едігенің өзі тұрақ қылған жері Ұлытау, Кішітау екен. Өлерінде Ұлытаудың басында отырып, Кейқуаттың сөзіне құса болып жарылып өлген екен. Сондағы өлерінде айтқан өсиеті:

— Мені бұл жерге жер қазып көмбеңдер, қорған тас қалап қойыңдар, Нұралы (баласы) жер үстінде болса «Ат айналып қазығын; диірмен айналып шүмегін табар» дегендей, бір табар. Сонда мені Қаратудың  бауырында Қарақалпақ атасы Созақтың қара обасының  қасында Баба Түкті Шашты Әзіз атам бар, соның қасына апарып қойсын».

Осы соңғы аманатына орай оны Ұлытауға аманатқа қойған. Едігенің қойылған жері «Ақ мешіт әулие» аталып кеткен. Бұл өсиет бізге Керейттен шыққан Сары сопының баласы Жалаңаяқ әзден жеткен. Ол да өзін сол жерге қойдырыпты.

— Жалаңаяқ бізден қазақтан шыққан. Оның сүйегін бұл жерге қоймаймыз. Сарыарқаға апарып, қазақ ортасына қоямыз,-деп Бәіштің Ақпаны сарт жұртымен дауласып, сол замандағы қазы, муфтилердің хат-мөр алып, сүйегін Арқаға алып кетеміз деп көрін ақтарған екен. Жалаңаяқтың денесі шірімей, сасымай, сап-сары болып жатыр екен деседі. Қол созып ала бергенде кенеттен алай-дүлей боран соғып кетеді. Сонда олар «қойылған жерінен қозғағанымызды  құдай да, әруақ та ұнатпады-ау» деп, қайта орнына жерлеп үстін белгі тұрғызыпты. Сонда арық Қоңырбай Ақпанға:

— Мен сенен бұрын өлемін, мен осы жерге алып келіп қойыңдар,-депті. Өзінің өсиеті бойынша арық Қоңырбай сол араға жерленген.

Осы жерде Баба Түкті Шашты Әзіздің аманатқа қойылатынын Ер Едігеге Жалаңаяқ айтқан. Ал, кейінен әздің осында жерленген.

…………………………

Біреуінен туғаны

Парпария деген ұл туады.

Папариядан қарағым,

Құттықия деген ұл туады.

Ол Құттықияны қарасаң,

Жарлы бала бұл кедей.

Хандығынан айырылып,

Отырып еді жалғыз үй.

Қуқанат еді баққаны,

Бақташысы өлгесін

Қуқанаттың қасына ,

Қондырған Құттықия әкеңді.

Сол уақыььа сен өзің

Іште қалған бала едің.

Қуқанатты баққанда

Қалмақтың ханы Сәтемір

Жіберген екен бір кемпір

Парпарияның досы еді,

Баққаны болса Қуқанат

Бір балапан берсін деп

Бір кемпірді жіберді

Балапанды аларға…

…Құттықия балапанжы жіберді де оны Тоқтамысхан біліп қойып, Құттықияның басын алады.

Алдынғы нұсқаларда айтылатын Едігенің Тоқтамысқа кешпейтін кегі осы әкесінің өлімі болса керек.

Едіге туралы жырдың Мұрын жырау жырлаған нұсқасында да,Нұртуған жырлаған нұсқада да Едігенің әкесінің аты Құттықия.Тек қана айырмасы Мұрын жырауда Едігенің аталық шежіресі төмендегідей:

Аңшыбай,

Парпария,

Құттықия,

Едіге,

Нұрадын,

Мұсахан,

Орақ,

Мамай,

Қарасай болып келсе, Нұртуған жырауда Едігенің арғы аталары арабтар, қожалар еді деп арғы атасы

Бабанияз, одан

Сұлтанияз, одан

Қыдырнияз, одан

Мәулімнияз, одан

Едіге деп таратады.

Осы аталған екі жыр нұсқада да Едігенің асқан ерлігі, еліне қамқорлығы  жан-жақты суреттеледі.

Едіге батырды қарақалпақ елі де жырлайды.Қарақалпақ жырынан байқағанымыз Түкті Әзіз бен Шашты Әзіз екі адам.

Үзінді келтірелік:

…Хорезм жұртында бір Түкті Әзіз деген кісі жасапты, сол Түкті Әзіз жайтын жердегі бір тауда Жәміл Шайх дегеннің бұлағы бар екен. Түкті Әзіз күнде сол бұлаққа келіп тұратын болған.Қап тауындағы перілердің патшасының Шашты Әзіз деген қызы болады да сол қыз да кейде осы бұлаққа келетін болған.Шашты Әзіз бір сапарында осы бұлақтың үстінен түсіпті, Күн өте ыстық болғандықтан қыз шомылып тұрғанда Түкті Әзіз келіп қалады.

Аңыз екеуін үйлендіреді.Едіге атты ұл өмірге келеді.Тоқтамыс ханның қолында өсіп, үлкен ерліктер көрсетеді.Сол кезде алтынордалықтардың, бұл күнгі қазақ халқының ата жаулармен қантөгіс күрестер жүргізеді.

Біз атап отырған жыр нұсқаларында Едіге елін Сүйген ерер ретінде көрінеді.Елінің жау жаққа ұстар қалқаны елі дау жаққа ұстар қамқоры, биі болған.Елі сүйген ердің аты ешқашан ұмытылмақ емес.Талай-талай жыр шығарылып, сан түрлі аңыздың ауыздан ауызға мұра болып қалуы М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының «Едіге батыр» атты кітабының 1996 жылы Алматыдағы «Ғылым» баспасынан жарық көрді, жазушы Мұхтар Мағауиннің ұлы Едіге Мағауиннің «Ел қамын жеген Едіге» атты ғылыми еңбек жазуы сол тақырып бойынша ғылыми атақ қорғау соның дәлеліндей.Ел жадына тағы салып кетеріміз-Баба Түкті Шашты Әзіздің Едігенің атасы екендігі және Едіге батырдың төре тұқымынан емес, қожа тұқымынан да емес, түркі тектес тайпалардың ұлы екендігі.Ұзақ жылдар бойы Алтын Орданы билеп жүріп, хан атағын алмауы да Ақсақ Темір тарихына ұқсас тектіліктің, мәрттіктің куәсіндей.

«Едіге батыр» жырында Сыпыра жырау Тоқтамыс ханға қызмет етіп жүрген Баланы сынамақ болып:

Табақ тартқан жас бала,

Аты-жөнің кім?-дейді. Сонда Едіге тұрып сөйлейді:

…Атам атын сұрасаң,

Ала тайлы Аңшыбай.

Баба Түкті Шашты Әзіз..

Аңшыбайдың баласы!

Шашты Әзіздің баласы..

Парпария деген сұлтан хан еді.

Өз әкемді сұрасаң

Құттықия бек еді,

Өзім атым-Едіге!- деп, жауап береді.

           — Едіге Ұлытау бойындағы Едігетауының басына қойылған, жатқан жері төрт бұрыш пирамида тәрізді тау тасынан оба тұрғызылғаны (ел аузынан, М.Мағауин және Едіге Мағауиннің зерттеу жұмыстары);

— Ұлытаудағы Едіге тауының басында Тоқтамыс ханның қатар жатуы (ел аузынан, жазушы, ғалым Ақселеу Сейдімбековтің пікірі).

— Едіге Ұлытауда аманат қойылып, кейін Созақтағы Құмкент маңындағы Баба Түкті Шашты Әзіздің қасында жерленуі (Мәшһүр- Жүсіп естелігі ел аузынан);

— Тоқтамыс батыр Сібр өлкесінде жерленген. (Орыс жылнамалыры М.Мағауиннің деректерінен, М.Жүсіп естелігі, Едіге жырлары);

— Баба Түкті Шашты Әзіз Едіге батырдың бабасы (ел узынан, Едіге жырларынан).

Едіге ұрпақсыз қалған жоқ. Тарихшы Мұқамежан Тынышбаев өзінің «Қырғыз-қазақтардың шығуы және қазақ хандығының құрылу тарихы» деген іргелі еңбегінде Едігенің тұқымын таратады. Бұл бойынша Едігенің 5 баласының үлкені Нуреддиннен белгілі батырлар, өз заманында мәшһүр қайраткерлер таралған. Олардың араларында Орақ батыр, Қарасай, Қазы, Ормамбет би, Тарғын батыр тәрізді аңызға айналған тарихи тұлғалар бар.Ибн Арабшахтың айтуынша Едігенің 20-ға тарта балалары болған,ал оның өзі Дешті Қыпшақты 20 жылдай билеген. «Оның патшалық құрған күндері адамдарда жарқын із, ал билік еткен түндері уақыт ағымында шұғылалы болып қалды». Едіге батыдың өмірі Ақсақ Темірмен ұқсас. Ол түркі тілдес тайпалардың бірінен шыққан.Сондықтан да хан атлмаған ер Едіге, би Едіге аталған.Едігенің бабасы Әулие Баба Түкті Шашты Әзіз Едіге Ұлытауға аманат қойылып, кейіннен Созақ ауданындағы Құмкент маңындағы Баба Түкті Шашты Әзіз бабасының қасына әкелініп жерленген деген қорытындыға келдік.Сонымен қатар Едіге туралы бұрмаланып жазылған деректер кеңестік тарихнама тұсында жазылған деректер болып табылады. Күллі түркі жұрты батылдығына, ерлігіне, қайраткерлігіне тәнті болып, бас иген Ер Едіге тәрізді ірі тұлғаларымызды білу міндетті. Оның шындығын кейінгі ұрпаққа айқын дәлелдеп беру біздің борышымыз. Егер кейінгі толқын жас ұрпақ соған қарап, талпынып өссе, оның қайраткерлік, отаншылдық рухқа толы бейнесін үйренсе ұлттық тарихымыздың міндеті орындалды деп есептеп, Отан алдында маңызы жоғары болар еді.

 

Баба Түкті Шашты Әзіз

 

 Едіге батыр жаңадан ұлт болып қалыптасып келе жатқан халқымыздың бірлігін сақтау үшін  жан аямай күрескен, батыс пен шығыстытағы жауларға ойсырата соққы берген ел қорғаған ер кейпінде бейнеленеді.Едігемен қатар аты аталатын Тоқтамыс хан болса Москваның өзін шауып, орыс жұртына қырғидай тиген жайы бар. Міне, осы «Едіге» жырына байланысты Баба Түкті Шашты Әзіз есімі-әулие, пір, қолдаушы, жарылқаушы, енді бір деректерде сол Едіге батырдың әкесі, кейде бабасы ретінде айтылады.Г.Н.Потанин жазып баспаға дайындаған еңбекте де, Шоқан жазбаларында да Баба Түкті Шашты Әзіз Баба Ғұмар (бір жерлерде Омар) деген әулиенің баласы. Ғұмардың көзі бір сұлуға түскен екен. Ол содан ғайыптан жүкті болып қалып,осы бала туады.Баланың түр-тұрпаты мүлде өзгеше, үсті -басы түк басқан, ерекше жан. Содан сонны кейін Баба Түкті Шашты Әзіз деп кеткен екен дейді.

Мұрын жырау бұдан 500 жыл бұрын Сыпыра жырау жырлаған, кейін оны Нұрым жырау жырлап одан өзінің үйренгенін айтады.Сол Мұрын жырлаған «Қырымның 40 батыры» жырларын қалайда жазып алу үшін аранйы экспедиция шығарып, оған қаржы бөлу керектігін айтқан.Бізге қатысты жері: сол қырық батырдың ішінде біз сөз етіп отырған Баба Түкті Шашты Әзіздің де аты аталатындығы.Мұнда Шашты Әзіздің әкесі туралы тың дерек келтіріледі.40 батыр мына ретпен беріледі:

                   1.Ала тайлы Аңшыбай батыр

2.Оның ұлы Баба Түкті Шашты Әзіз,

  1. Ер Көкше
  2. Ер Қосай

5.Парпария батыр

6.Оның ұлы Құттықия батыр

7.Оның ұлы Едіге

8.Оның ұлы Нұрадын

9.Оның ұлы Мұсахан

10.Одан Орақ, Мамай

11.Олардан Қарасай, Қази.

Міне бұлар Аңшыбай бауырынан тараған ұрпақтар [32.26].Бұлардың арасында Баба Түкті Шашты Әзіз де бар. Бұл-Ноғайлы нұсқасы. Тегінде ноғай-қазақ түбіміз бір, Алтай,Ертіс, Оралды қылған дүбір делінеді ғой. Ендігі есет ұстар бір нәрсе осы түгі бірліктен.

Алаштан қазақ тараған

Ноғайлыға қараған,

Жауға алдырмай ноғайлар

Бір-біріне жараған.Ноғайлыдан қазақ бөлініп

Үш жүз болып тараған-ға дейінгі екі аралықта азды-кемді бес ғасыр жатыр. Бұл кезде қазақтың жүзге, руға бөлінуі әлі анықтала қойған жоқ. Алтын Орданың үш тіреуіндей болған Қоңырат, Маңғыт,Ноғайлы тайпалары үлкен бір арна іспетті десек, одан жеке руға теліп, бөлек жүзге шығарудың қажеті жоқ.Сондықтан кей зерттеушілер айтатындай Едіге мен Шашты Әзізді Маңғытай руынан еді деп беріге, бері болғанда көп беріге әкеліп пендешілік танытудың қажеті жоқ.

Қ.Сәтбаев жазған нұсқада «Едігенің әкесі-Бабай Түкті Шашты Әзіз сынды керемет күшті әулие, шешесі-су перісінің қызы»-деп жазады.

Мұнан бөлек «Батырлар жырының» 5 томында «Парпария» жыры бар. Онда «Парпарияға әкесі Баба Түкті Шашты Әзіз әулие болған. Өзінің смешіті бар Тақуа» деп айтылады.

Сөйтіп Баба Түкті Шашты Әзіздің Қазақ ауыз әдебиетіндегі бейнесін, шығу тегін ноғайлап алғанымызда «Орақ-Мамай» жырында Мамай айтқандай

Бергіжағым сұрасаң

Баба Түкті шашты Әзіз

Кремет қонған пір-

Ұлсыздарға ұл Берген,

Қызсыздарға қыз берегн

Тарығып жатқан пақырдың қолынан тартып

Қолтығынан сүйеп демеген-дегендей ұлы әулие, жарылқаушы пір, әрауақ қонған әзіз, ерекше қасиеттің Адамы болып шығады. Осы ретте біз эпостағы Баба Түкті Шашты Әзіз бен тарихи тұлаға  Шашты Әзіздің ара-жігін ажыратып алуымыз керек.

Бұл жөнінде филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Ғылым Академиясының мүше-корреспонденті Р.Бердібаевтың мына сөзін еске алуымыз керек. «…Эпостың тарихи ерекше роль атқарған дәл, нақты тұлғалар мен оқиғаларды іздемеу керек, табиғаттың мейірімсіз дүлей күші мен басқыншы жауларды жеңген, халық ой –санасында қорытылған батырдың жинақы образын іздеу керек. Баба Түкті Шашты Әзіз әулиенің жеке өзі тарихи тұлға ретінде зерттелуі өте кем. Ол барлық жерлерде дерлік, жыр кейіпкері ретінде танымал болып келген. Әсіресе, Едіге  жырында (ал, бұл жырдың орыс ғалымдары мен фольклоршылары жазып алған 30-ға жуық нұсқасы бар). Едігенің бірде туған әкесі, бірде атасы, бірде арғы бабасы болып әйтеуір Едігенің тегін адам емес екендігін дәріптеу жағы басым болып отырады.Олай айтылудың қисыны да бар: өйткені екеуіде көне Құмкент шаһарында туып өскен, сол жерді мекендеп, суын сулап, жерін жайлаған. Мәңгілік жай тапқанда, екіншісі пәлен уақыттан кейіноның басын қарайтып, күмбез соқтырғаны, ал сол белгінің әлі күнге дейін сол жеде  әле тұрғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Әйтсе де өз алдына жеке тарихи тұлға ретіндегі Шашты Әзіздің бейнесі  түріктерге, дәлірек айтқанда осы өңірді жайлаған ертедегі дала түріктеріне ислам дінінің келуін іздеу керек.

Ислам діні Түркістан өлкесіне хиджраның 150 жылы (жаңаша 772 жыл) ене бастайды.Мұны біз жуырда Түркістан қаласында жарық көрген «Иасауи тағлымы» атты кітапта Исқақ баб туралы жазылған деректен біліп отырмыз. Ал, біз әңгіме етіп отырған Баба Түкті Шашты Әзіз болса Исқақ бабтың замандасы, бірге жүріп исламды дала халқына насихаттап, алдымен өзі сол дінді қабылдаған адам.Бұл жөнінде ел ішінде мынадай аңыз бар: Араб әскербасы Кутейбаның қатыгездік саясаты жақсылық әкелемейтінін, дінді әр ел өз еркімен қабылдаудың соғыс жолынан гөрі әлдеқайда тиімді екенін ойланып, Исқақ баб соңынан ілесіп келген әскерді кері қайтарып жібереді.Ол кезде әскер басы  өзінің немере інісі Әбдіжәлил баб болатын.Дала халқына сауда-саттық, бейбіт өмір сүру жолын ұсынып, ислам дінін ауызша үгіт арқылы ендіруді көздейді.Сонда сол жердің жергідікті сәуегейі Баба Түкті Шашты Әзіз келіп: «Мен саған жәрдем етейін, сенің дінің маған ұнады» дейді. Сонда ел басындағыларды, көпшілікке ықпалы бар адамдарды, әр әулеттің үлкендерін шақырып, бір жерге жинап, ислам дінінің кереметін көрсетеміз дейді.Құмкент шаһарының маңына көп халық жиналатын орынға отын жинатып үйгізіп, оның ортасына  темір тақта орнатып, отқа май құйып, әлгі темірге Баба Түкті Шашты Әзізді отырғызып жағалай от қояды.Май құйылған отын тез арада жалынға орап Шашты Әзізді көрсетпей жібереді.Халық бұл оқиғаға таң-тамаша қалып, әрі өз көсемдерінің отқа оранып кеткенінен тіксініп, бүлік шығара жаздайды.Ал бұл кезде Исқақ баб қолына қүран алып бар ықылас, пейілімен Аллаға жалбарынып дұға оқумен болады. Біраздан соң от саябыр тапқанда жалынның ортасында Баба Түкті Шашты Әзіз көрінеді.Бұлда ештеңе болмағандай, беріліп құран оқып отыр екен. Мұны көрген бар халық бас иіп, ислам дініне кірген екен дейді.Содан бастап сол маңнан жан-жаққа дін тарай бастаған екен.

Көп ұзамай Исқақ баб дүние салады.Ол сол өзі дін орталығы еткен Баба ата қаласында жерленеді.Содан бастап Баб ата атанып кетеді. Қазіргі Бабата шаһарында  Исқақ бабқасалынған еңселі кесене бар.

Жалпы, Баба Түкті Шашты Әзіз туралы кейінгі кезде қазақстандық көптеген авторлар қалам тартып, оның шыққан тегі,өзінің кім болғандығы туралы әртүрлі пікірлер айтуда.Бәріне де уақыт төреші, Баба Түкті Шашты Әзіз заманынан бері он екі ғасыр өтіпті, сол кезден бері ел жадында Қаратаудың қойнауында, Құмкент шаһарының қасында, Жылыбұлақтың басында бір әулие бар деп келінген.Мейлі ол ноғайлы болсын, қоңырат болсын, сақ болсын әйтеуір, осында туып өскен, осы жерден мәңгі тұрақ тапқан киелі аруақ! Халық қашанда әулием, жарылқаушым, пірім қысылғанда қол ұшын беретін жебеушім деп қадір тұтады.Ол ел санасында  жиһан кез де емес, шұқшиған ғалым да емес, үнемі зікір салып жүретін бақсы да емес (С.Ақатаев), тұрақты мекен жайы бар, қасиетті орны бар, болмыс- бітімі бөлекше жаралған қасиет иесі. Ал, басына ақ сәлде орап, көк есегіне мініп, қолына аса таяғын ұстап кезіксе-Ол –оның рухы деп ұққан жөн.

Шаты Әзіз әулиенің сағанасы жайлы бірер сөз айтсақ, ең лағашқы белгіні Алпамыс батырдың ата-анасы байбөрі мен Аналық әжеміз қойған. Жырда «Мола жоқ, тамы жоқ, жап-жалаңаш жер еді»делінеді ғой.Сол жерге Аналық тас үйіп, белгі соға бастайды, сөйтсе, қойған тастары  өзінен өзі қиюласып бой көтере бстайтыны бар. Одан соңғы сағананы- тарихи тұлға ретіндегі, өз бабасы есебіндегі адамға Едіге батыр соқтырады.Бұл туралы В.Бартольд 200 жылдан соң айтты, осындай пікіді жазушы С.Бақбергенов те жазады. Едігенің сағананы салынуда күмән жоқ, бірақ оның уақыты дұрыс емес.Сағана біздіңше Шашты Әзіз дүние салғаннан кейін 200 емес, кемінде 500 жылдан кейін соғылған. Өйткені, Баба Түкті Шашты Әзіз әулие VIII ғасырдың екінші жартысы мен XVIII ғасырдың басында өмір сүрген деп білуіміз керек.Ал, Едігенің бүкіл «Қазақия» әмір боған уақыты 1410-1419 жылдар. Демек, XV ғасырда. Онан соң қаншама жаугершілік замандар өтті, сағананың әлднеше мәрте қирап, қайта жөнделгені ақиқат.Біздің дәуірімізде, XX ғасырда 1925 жылы жаз айында қайта тұрғызылғаны туралы жуырда күмбезді қайта жөндеу үстінде қыштардың арасынан жазылып қойылған қағаз табылғаны айғақтайды.Ел ішінде Шашты Әзіз күмбезі әулие бір күрсінген сәтінде жарылып кетіпті деген аңыз бар.Бәлкім рас та шығар.Әулие күрсінсе  ұрпағының басына түскен тауқыметке  налып күрсінеді ғой.Ал, бұл ұрпақ осы ғасырдың өзінде үш ашаршылық  пен қаншама нәубетті басынан кешірді емес пе? 1930 жылғы «Аллаһу»- дан кейін қожа- молдаларды, дінге сенушілерді қамшымен қуыңдар деген ұранмен не бір сағаналар қолдан қиратылып, кірпштерін басқа мақсатқа  пайдаланған жағдай болды.

Баба Түкті Шашты Әзіз! Қара бура! Алғашқысын күллі мұсылман қауымы білсе, соңғысы-кіші жүз атамыздың жауынгерлік ұранына айналған һәм қасиетті, һәм батыр, бүкіл сайын далаға Мекке орнына Мекке болып тұрған әйгілі Қожа Ахмет Иасауи бабамызды ақ жуып, жамбасын жерге тигізген, жаназасын шығарған тақуа тұлға.

Енді осы әулие бабамыз туралы ел аузындағы ; зерттеулердегі деректерге тоқталайық.

Біздің бәріміз де әйгілі «Алпамыс» дастанындағы:

         Бұрынғы өткен заманда,

         Дін мұсылман аманда,

         Жиделі-Байсын жерінде

         Қоңырат деген елінде

         Байбөрі деген бай болыпты,

         Төрт түлігі сай бопты,

         Мұнша малдан не пайда,

         Бір перзентке зар бопты,- деген жолдарды жаттап өскен едік қой.

Міне,осы Байбөрі атамыз бен Аналық апамыз сол қыруар байлықтан бақыт таппай, перзент сұрап жер-дүниені кезіп, әулие-әмбиелерді аралып кететін еді ғой.Көп мал шашып, садақа таратып, қойдан-қошқар, жылқыдан айғыр, түйеден- бура жаратып Арыстанбаб, Әзіреті сұлтанға көп күн түнеп, одан да әрі тау –тас кезіп, бір нышан бола ма деп кете беретін еді ғой. Әбден шаршап,шалдығып, арып-ашып бабтардың бәріне түнеп, Қаратаудан әрі, Теріскейге қарай асатын еді.Одан соң бабтардың ең шеткісі Ысқақ бабқа түнеп, одан да нышан болмаған соң асу асып, сіз даланы кезеді емес пе?

         Күдер үзіп бәрінен,

         Одан да әрі жөнеді.

         Бет алдына қараса,

         Асусыз асқар бел еді.

         Белден арман қараса,

         Жалтырап жатқан көл еді.

         Көп жағалай қараса,

         Суы тынық айнадан

         Атылып тасып қайнаған

Жылыбұлақ дер еді.

Басына бақ қараған

Моласы жоқ, тамы жоқ

Төңірегі жалаңаш

Жағалай біткен шөңгелі… деген жерге келетін.

Міне, осы шеңгелдер иелігі келіп, етегін тартып одан әрі жүргізбейді.Бұл жақсылықтың нышаны еді. Екі мұңлық сол жерге түнеп, етегінің бірін төсеніш, бірін көрпе қылып, бүк түсіп жатып қалады.Бір уақтар болғанда таң алдында басына басына ақ сәлдесі, астында көк есегі бар, аса таяқты ақ сақалды диуана таяғымен түртіп бұларды оятып тұр екен. «Тілектерің қабыл болды! Тәңірге барып, сендер үшін перзент сұрадық, бір ұл, бір қызды болатын болдыңдар! Ұлыңның аты-Алпамыс, қызыңның аты-Қарлығаш»,-деп бата беріп ғайып болып кетеді. Бұл –Баба Түкті Шашты Әзіз әулие еді.Дәл осыған ұқсас  жағдай Шора батыр жырында да кездеседі. Төскейге малы сыймай жатқан Нәрік атамыз бен Құлқаныс әжеміз бұл байлықтан не пайда, бір перзентке зар болған соң деп, мойындарына бұршақ сап ел кезіп, әулие аралап кетеді.Бұлар да барлық әулие, баптарды қоймай, бәріне бірнеше күннен түнеп, еш бір нышан болмаған соң, ары қарай бет алды лағып кетеді. «Инеліктей ілініп, инедей шөпке сүрініп, аяғынан әл кетіп, аш күзендей бүгіліп, зорға жүріп ғаріптер:

Қаратаудан асыпты,

Таудан арғы далада,

Даладан арғы салада.

Ойдым-ойдым жер көрді.

Адыр-адыр бел көрлі.

Сол жерге келгенде

Бір құдайым дем берді.

Суы тынық айнадан

Бұлағы тасып қайнаған

Басында үлкен қайыр ағаш

Төңірегі жалаңаш

Моласы жоқ,тамы жоқ

Бір сұмдықты көреді.

Бұлақтың арғы бетінде

Басына әлем байлаған

Ақ Қарабас сұр жылан

Шаңлақтап түбінде ойнаған

Ақ шеңгелге кез келді.

Су ішкелі Құлқаныс

Бұлаққа таман жүреді.

Қатарынан өткізбей

Иіліп келіп ақ шеңгел

Етегінен іледі.

Мұны жақсылықтың нышаны деп ұққан анамыз Құлқаныс сол жерде жетегінде қалған ең соңғы көк қошқарды құрбандыққа шалады. Түнімен Аллаға жалбарынып, көз жасын көл қылады.Ал, Нәрік бай бұл кезде тағдырына налып, өз алдына безіп, бет ауған жағына кетіп бара жатыр еді, қалың шеңгел мұны одан әрі жібермей, ұстап қалады.Ол сол құлаған жерінде бүкшиіп жатып қалады.

Бұл кезде Құлқанысқа дауыс естіледі.

Баба Түкті- бабаңмын,

Басыңды көтер, балам-ай,

Сенің үшін Құлқаныс,

Дәргәһіне Алланың

Алты брып, бес қайттым,

Бесеуінде де бос қайттым.

Көп жалынып қоймадым,

Осы жолы құш қайттым.

Жаппар ием жарылқап

Бір ұл берді баянды.

Өмір жасы болды ұзақ

Кел, қолыңды жай енді,- деп бата береді.

Шашты Әзіз әулие бұл перзентке назары мүлдем ауып, ықыласы түсіп әрдайым баланың  Аман-есен дүниеге келуіне қамқоршы болып жүреді. Жұбайының жерігін басам деп, жолбарыс аулаған Нәрікті шындап келген өлімнен Аман алыр қалған, өзіне қарай атылған нән жолбарысқ мірдің оғы боп тиіп өлтіреді.Бала аман-есен өмірге келгенде есі қалмай қуанған жұрт бір-бірінен сүйінші сұрап жатады.Жұрт балаға қандай ат қоярын блмей қиналады.Сонда тағы да әулие сол ауылға диуана кейпінде келіп: «Баланың атын Шора деп, Ер Шора деп қойыңдар» деп бата беріп, ғайып болып кетеді.

Баба Түкті Шашты Әзіз әулиенің кереметтері басқа да батырлар жырында үнемі кездесіп отырады.Мысалы, «Қобыланды батырда» батыр жауға аттанғалы тұрғанда анасы былай деп жалбарынатыны бар:

Қалғып кетсе қағып жүр,

Адасып кетсе бағып жүр.

Қозыма келген пәлені 

Ықылас атты-Шашты Әзіз

Жәрдемші болып соғып тұр. («Батырлар жыры 1-том»).

Мұндай жолдар басқа жырларда да, лиро-эпостық дастандар да кездеседі. «Қыз Жібек» жырында Төлеген Ақжайыққа аттанарда анасы жалғызын жаратқанға, онан соң осы Шашты Әзіз әулиеге тапсыратын.Сөйтіп, Баба Түкті Шашты Әзіз  әулие халық жадында  ел қорғаған батырлардың  демеушісі, қиналаған, қысылғаншақта сүйеніші, баласы үшін жалбарынғанда  медет қылар пірі екенін ұғындық.

Қазақ–кеңес энциклопедиясында: «Баба Түкті Шашты Әзіз-Қорқыттың замандасы (9 ғасыр)-Ислам дінін бірінші болып қабылдап, оны моындаса да, ескі тәңірге табыну салты басым болғандықтан «Шашты Әзіз» атанған» деп жазады. Бір деректерде оның шын есімі Баба Туклас.Оның әкесі Керемет әзиз.Енді бір деректе Баба Түкті Шашты Әзіздің бір замандарда Меккеде патша болғандығы айтылады.Енді бір нұсқада-әйгілі Қожа Ахмет Иасауидің арғы бабалары, ислам діні Орта Азияға тарай бастағанда  өмір сүрген кісі делінсе, енді бір деректе Бабай Тукластың баласы,Еділ Жайыққа дейін келген оның Құтлыбек ұлынан туған.Едіге батырдың атасы делінеді. Баба Түкті Шашты Әзіз мұсылмандар арсында әулие саналған.Ертеде Мекке қажыға барушыларең алдымен Мұхамедтің, онан соң Әлем-Мұзтазы-Сейіттің, содан соң осы Баба Түкті Шашты Әзіздің қабіріне барып тәу ететін болған.

«Орақ-Мамай», «Қарасай-Қази» жырларында Орақ батырдың жетім   қалған қызы Қибаттың айтқаны:

Арғы атамды сұрасаң,

Ала тайлы Аңшыбай.

Ежелден артық ер еді.

Ақ сүйек туған төре еді.

Бергі жағын сұрасаң

Баба Түкті Шашты Әзіз.

Керемет қонған пір еді.

Бергі жағын сұрасаң

Парпария сұлтан хан еді.

Тоқсан баулы ноғайды

Билеген артық жан еді.

Бергі жағын сұрасаң

Құттықия бек еді.

Шынжырла туған ер еді…

Осындай жолдарды «Қырымның 40 батыры» жырының әрқайсысынан молынан ұшыратасыз [32.27].

Көптеген жазба деректерде Баба Түкті Шашты Әзіз-«Баба Туклас» деген атпен кездеседі. Бұл туралы «Қобыланды жырында» былай деп жазады:Жауға бенде болғаным..

Жауға жақындап келгенде,

Қара басып өзімді,

Жеті пірден жаңылдым.

Ұйқы басып көзімді

Ықылас Ата Шашты Әзіз

Омар менен Оспандай

Ішім толып пұшманға-ай,

Жеті пірді жаңылып

Жазым түстім дұшманға-ай,

Егер пірді жад етсем

Дұшпан батыр болар ма,-деп бармағын шайнайды- деп, келтіреді[35.1.252], осыған қарап Баба Түкті Шашты Әзізбен Баба Тукластың негізі яғни екуінің да ұғымы бір.(бір адам).

 

Маңғыт билерінің шежіресі

Құттықия

 

Едіге

 

         Нураддин    Қазы      Мансұр    Қағбат    Наурыз

 

         Оқас           Қожас    Темір     

 

         Мұса          Жаңбыршы   

 

         Алшағыр              Сыдық                   Жүсіп   

 

         Шағым                Мамай                  Смайыл

 

         Әлмұхаммед         Ақмырза        Бекмырза

 

   Орақ

 

         Қарасай                  Қазы                Дінахмед

 

                                                                      Орыс 

 

                             Орманбек     Естерек    

                                                                                                                [8.365].

 

 

 

 

 

 

  1. МАҢҒЫТТАР XIII-XV ҒҒ. АЛТЫН ОРДА, ДЕШТІ ҚЫПШАҚ ҚҰРАМЫНДА

 

XV ғасыр-Евразия халықтарының тарихындағы белесті ғасырлардың біріне жатады. Бұл ғасырда түркі тілдес халықтардың саяси тарихы тұрғысынан  алып қарағанда, 200 жылдай өмір сүріп, түркі халықтары мен славян халықтарын бір саяси құрылымда біріктірген Алтын Орда секілді алып империяның ыдырауы процесі өтеді.Екінші жағынан, Алтын Орданың ыдырауы процесі нәтижесінде осы ғасырда түркі тілдес халықтар өздерінің ұлттық мемлекеттерін құра бастайды.Сонымен бірге Алтын Орда құрамында болған көптеген түркі тілдес тайпалар әр түрлі тарихи жағдайларға байланысты жеке этно-саяси бірлестіктерге, этностарға біріге бастады. Алтын Орда дәуірндегі қайнаған қызу этникалық процестер XV ғасырда белгілі бір тарихи аймақтарға тұрақтанып, қазіргі күндерге дейін өмір сүріп отырғанұлттардың қалыптасуына жағдайлар жасады. Көптеген ру-тайпалар осы ғасырда Алтын Орда аумағында құрылған және құрыла бастаған этностар құрамына енеді, жаңадан пайда болған этно-саяси құрылымдардың басты бір бөлшегіне айналды.Қазіргі кезде қазақ халқының құрамындағы қыпшақ, найман, қоңырат, керей, жалайыр, секілді ірі тайпалар мен Алшын, Жетіру тайпалық бірлестіктеріндегі ру-тайпаларды өзбек, қарақалпақ, башқұрт, татар, ноғай, халықтарының этникалық құрамынан кездестіруге болады. Әрине, аталған әр халықтың этникалық тарихында жоғарыда аталған және аталмай қалған ру-тайпалардың этнопроцестерге қатысуы сонау түркі дәуірінен басталады.Ал XV ғасыр сол ру-тайпалар үшін үлкен бір этно-саяси бірлестіктен бөлініп, жекелеген этносаяси бірлестіктерге бірігудің басы болды.Сөйтіп, Алтын Орда дәуіріндегі тайпалар саяси жағдайларға байланысты бөлшектеніп, кейінгі тағдырлары жеке бір этносаяси жеке этносаяси құрылымының  тарихымен тағдырлас болды. Міне, сол себепті де XV ғасырды-түркі тілдес тайпалар тарихында бөлінудің аяқталған ғасыры және жеке халық, ұлт болуда бірігудің басталған ғасыры болды деп есептейміз.Қазақ халқының құрамына енген тайпалар осы этносаяси процестердің ішінде болып, оның құрамындағы рулар қазақ халқымен қатар, башқұрт, татар, ноғай, ұарақалпақ, өзбек халықтарының құрамына енеді.

 XIII   ғасырдың 40-шы жалдарының басында Жошы Ұлысының негізінде құрылған Алтын Орда империясы өзінің ең шарықтау, дәуірлеу кезеңін XIV ғасырдың бірінші жартысында Өзбек, Жәнібек хандар тұсында басынан өткерді.    

XIV ғасырдың ортасына дейін Алтын Орда мынадай ағымдар қалыптасып болып, жетекші рөлге айнала бастады.

Бірінші Жергілікті тайпалар мен түркіленген монғол тайпаларының Алтын Ордадағы рөлі өсіп, олардың мемлекеттің саяси өміріндегі ықпалы артады;

Екінші Осыған байланысты Шыңғыс хан ұрпақтарының бұрынғы дербес, шексіз билігі әлсіреп, жергілікті ру-тайпа әмірлеріне тәуелді бола бастайды;

Бүкіл мемлекеттік құрылым мен жүйеде монғолдарға дейінгі жергілікті дәстүрлер ене бастайды, ол процес бірте-бірте үстемдік ала бастайды.

Бірінші келтірілген жергілікті тайпа мен түркіленген монғол тайпаларының рөлінің бір көрінсі ретінде Алтын Орда тарихында Едіге бидің (1396-1411жж.) көрінуімен маңғыт тайпасының рөлі айқын өседі. Маңғыт тайпалары Алтын Ордада сол қанат құрамында болған.Ал, жалпы сол қанат оң қанатқа қарағанда беделді, құрметті боп есептеледі.Алтын Орданың сол қанаты дегеніміз-Жайық өзенінен шығысқ қарай жатқан жерлер мен сол аймақта мекендеген тайпалар болып саналады.Едігенің дәуірінде, яғни XIV ғасырдың соңы мен XV ғасырдың басында Алтын Орда тарихында сол қанатттағы тайпалардың жиынтық атауы-Маңғыт жұрты немесе кейіннен Ноғай елі деп аталды.

Мөңке Темір мен Тудан Мөңке тұсында еркін сырқы саясатты жүргізген Ноғай өзінің Тоқтадан бір ұрпаққа үлкендігін пайдаланып, Алтын Орда тағына құқығын алдыға тартқан болатын. Бұл күрес ақыры Ноғайдың женіліп, өлтірілуімен тынады.

Тоқта мен Ноғай арасындағы соғыс Алтын Ордадағы өзге де билік үшін күрес үлгілері сияқты, тақтан бір жағынан — ұл, екінші жағынан — іні немесе немере іні үміткер болатын заңдылықтың көрінісі болатын. Тоқта хан билігін державада нығайтуға ұмтылған билікті әкеден балаға беру идеясын алып жүруші ретінде шықса, Ноғай үлкендік ханзадалардың үлкен мәселесінде мойындалатын ескі дәстүрдің сақтаушысы болды. Бұл соңғы тәртіп Алтын Орданы таза көшпелі мемлекет ретінде сақтау тенденциясынан шыққан болатын. Бұл өз кезегінде Дешті Қыпшақтағы ежелден келе жатқан қыпшақтық билікті мұралану формасы еді. Осы дәстүрді сақтаған Мөңке Темірден соң да ресми түрде қыпшақтық дәстүр жалғасты: Мөңке Темірден соң оның інісі Тудан Мөңке, Тудан Мөңкеден соң немере інісі Төле Бұға, одан соң немере ініс Тоқта билікке келеді [46. 100].

XIII-XIV ғасырларда ортақ бір саяси құрылымға негіз болып, жалпы атаумен қыпшақтар танған түркі тілдес тайпалар, сол саяси құрылымның ыдырауымен, жаңа этно-саяси құрылымдарға негіз болды және соған сәйкес жаңа этнонимдерге ие бола бастайды. Осылайша жалпы атау мен кең мағынадағы «қыпшақ»атауының орныны нақты ноғай, башқұрт, қарақалпақ, «көшпелі өзбек» этнонимдері ығыстырды.

К.Аманжолов, Қ.Рахметов «Ноғай Ордасына қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық жер аумағы Қазақ хандығына бірікті. Олар қазіргі кіші жүзге-Алшын Одағының тобына (Жетіру, Кердері, Керейт, Рмадан), Әлімұлына (Қаракесек, Қарасақал, Кете, Төртқара, Шөмекей, Шекті), және Байұлы, (Адай, Жаппас, Алаш, Байбақты, Малқар,Беріш, Таз, Есентемір, Тана, Қызылқұрт, Шеркеш, Ысық) сияқты ру бірлестіктері кірді». Бұлардың көпшілігі-Алтын Орда дәуіріндегі ноғайлар. Сондай-ақ Солтүстік Кавказда, Қырымда кездесіп отырды [9.73].

 XV ғасырдағы Шығыс Дешті Қыпшақтың-XV ғасырдың бірінші ширегінде көптеген ұсақ ұлыстардың және Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы, Қазақ хандығының Орта және Кіші жүздері сияқты ірілері саяси бірлестіктерінің этникалық құрамы іс жүзінде бірдей болды. Олардың құрамына мәдени-тұрмыстық, тілі, шауашылығы жағынан айырмашылығы жоқ деуге болатын белгілі түркі жіне түкіленген тайпалардың бөліктері белгілі бір мөлшерде енген.Деректемелерде екінің бірінде өзара жауласушы түрлі Жошы ұрпақтары бодандарының арасында рулық-тайпалық тегі бір әмірлер, бектер мен феодалдық көшпелі үстем таптың басқа да өкілдері айтылады. Деректемелерде қыпшақ, найман, қоңырат, қарлұқ, уйсін, керей, маңғыт, сияқты ірі тайпалардың өкілдері мейлінше жиі айтылады.Бұлардың бәрі-Орта Азия мен Қазақстанның түркі халықтарына  ортақ, 92 көшпелі «өзбек» тайпаларының ең кейінгі тізімі бойынша белгілі. XIII- XIV ғасырлардағы буырқанған оқиғалар Орта Азия-Қазақстан аймағының кең-байтақ аумағына шашыратып, аралыстырып жіберген түркі және түркіленген тайплар мен рулар.

XIV ғасырдың 50-60 жылдарынан Ақ Орданы, яғни Дешті Қыпшақ аумағын мекендеген тайпалар қыпшақтардың орнына көбінесе өзбектер деп атала бастады. Соңғы жылдардағы тарихи әдебиетте ол кезде, XIV және XV ғасырларда өзбек атауының этноним ретінде емес, Шығыс Дешті Қыпшақтың жергілікті түркі және сіңісіп кеткен монғол тайпаларын көрсететін жиынтық, саяси атау ретінде қолданылғаны жөнінде әбден негізделген пікір анықталды. Бұл кезеңде Шығыс Дешті Қыпшақта өзбек атауының этноним болмағыны   XVI ғасырдың басындағы әр оқиғадан хабары бар автор Рузбихан Исфахани  берген түсіндірмеден айқын көрінеді. Ол саяси бағдарымен ғана емес, этникалық дамуы оқшаулануының ежелгі дәстүрімен де  бөлінген «үш халықты», үш тайпа (таифе) тобыг өзбектерге жатқызған, олар:Шайбанилер, яғни көемдері Мұхаммед Шайбаниге бағынған шығыс-қыпшақ тайпаларының бөлігі немесе олардың бөлімшелері және «қазақтардың» өздері, Жетісуды жайлаған қазақ руларынан басқа Еділден Сырдарияға дейінгі ұлан-байтақ далада көшіп жүрген, қазақ хандарының бодандарын  «қазақтар» деп түсінген. «Михман-наме» авторы маңғыттарды да-Ноғай Ордасы халқының Батыс Қазақстан аумағында мекендеген және  XV-XVI ғасырлар шебінде жетекшілері қазақ хандары мен Шайбани ұрпақтарының Дешті Қыпшақтағы билік үшін күресіне араласқан бөлігінде өзбектерге жатқызған (қазақ тайпаларының бұл бөлігінің дәстүрлі атауы кейіннен ноғай ретінде ұзақ уақыт бойы сақталып қалды, ал Жәнібек хан тұсында «ноғайлар мен қазақтардың екі туыс ордасының» одақтық қатынастарының заманы, Ш.Ш.Уалихановтың айтуынша, эпоста «алтын ғасыр» ретінде жырланған).

Алтын Орданың  XV ғасырдың бірінші жартысында ыдырау процесі кезеңінде Дешті Қыпшақтағы тайпалар негізінен екі үлкен этникалық топқа топтастырылады.Бірі ноғай (маңғыт) ру-тайпалар бірлестігі болса, екіншісі-көшпелі «өзбектер» деп аталған ру-тайпалар бірлестігі болды. Тарихи заңдылықтар бойынша ру-тайпалардың біріктіріліп, белгілі бір аймақта мекендеп, ортақ этнос болып қалыптасуына эканомикалвқ, діни-рухани факторлармен бірге, саяси факторлар да жетекші рөл атқарады. Осы заңлдылыққа сәйкес ноғай (маңғыт) ру-тайпалық бірлестігінің қалыптасуына  Ноғай Ордасы ықпал етсе,  көшпелі «өзбектер» тобының пайда болуына 1428-1468/69 жылдары Дешті Қыпшақта 40 жыл өмір сүрген көшпелі «өзбектер» мемлекеті немесе Әбілқайыр хандығы әсер етті.

Жоғарыда аталған екі этникалық бірлестіктердегі ру-тайпалардың тізімдерін жазба дерек мәліметтері арқылы бір-бірімен салыстырамыз. Және де көрсетілген ру-тайпалар арасынан қазақ халқының құрамына енген тайпаларды анықтап, оларға сипаттамалар береміз.

Бүгінгі таңдағы таришы ғалымдардың XV-XVI ғасырлардағы Дешті Қыпшақ тайпалары атты құрастырған кестеге назар салайық.Кестенің  бірінші  бағанына «Маджму ат-тауарих» дерегіндегі 92 баулы «көшпелі» өбек тайпаларының тізімі берілді.Бұл ерек XVI ғасырда Ферғанада тәжік тілінде жазылған. Яғни,ол XV-XVI ғасырлардағы Дешті Қыпшақ тайпаларының толық тізімін қамтыған алғашқы дерек болып саналады. Бұл дерек туралымәліметтері көрсетілген әдебиеттерден табуға болады.

Екінші бағанада «Насаб-наме-йи узбек» атты тарихи шығармадағы 92 баулы «көшпелі» өзбек тайпаларының атаулары берілген. Бұл дерек зерттеушілердің пікірінше, XVI ғасырдың екінші жартысы  мен XVII ғасырдың басыда жазылған.Кестенің келесі бағанасында «Асамийи наваду ду фирка-йи узбек» («Тоқсан екі баулы өзбек атауы») атты деректегі тайпалар атаулары  берілген.Бұл дерек мәліметтері әлі толық зерттелмеген және оның нақты қай кезде жазылғаны да белгісіз. Дегенмен де 92 тайпа атауларының тізімінде берілуіне қарай деректі XVII-XIX ғасырларда жазылған деп топшылаға болады.

Төртінші бағанадағы тайпалар тізімі зерттеуші В.В.Трепавлов құрастырған кестенің материалдары негізінде берілді. Автор ноғай ру-тайпалық бірлестігіне енген ру-тайпаларды XVI-XVII ғасырлардағы орыс деректерінің мәліметтеріне сүйеніп жасаған [6.33].

 

Енді осы төрт бағанаға қарап Дешті Қыпшақтың құрамындағы 92 баулы көшпелі өзбектерді қарастырайық.

 

  • «Маджму ат-тауарих» бойынша 92 көшпелі өзбек тайпалары: Минг, Юз, Кырк, Жалайыр, Сарай, Қоңырат, Алшын, Арғын, Найман, Қыпшақ, Қалмақ, Чакмак, Қырғыз, Қырлық, Түрік, Түркмен, Байаут, Бурлан, Шымырчык, Кабаша, Нуджин, Килечи, Килекеш,Бурат,Убрат,Қият, Хытай, Қаңлы, Уруйз, Жуналахи, Куджи, кучи, Утарчи, Фуладчи, Джыйыт, Джуйут, Джулджут, Турмаут, Оймауыт, Арлат, Керейт, Онгут, Тангут, Мангут, Джалаут, Мамасит, Меркіт, Буркіт, Қият, Қоралас, Оглен, Кары, Араб, Илачи, Джубурган, Кышлык, Керей, Дурмен, Табын, Тамма, Тама, Рамадан, Үйсін, Бадай, Хафиз,Уйурджи, Джурат, татар, Юрга, Баташ, Каучин, Тубай, Телеу, Кердері, Санхиян, Кыргын, Ширин, Оглан, Шамбай, Чаркас, Уйғыр, Анмар, Ябу, Таргыл, Тургак, Теит, Кохат, Фахыр, Ууджалык, Шуран, Дераджат,Кимат, Шуджа ат, Авган.
  • «Насаб-наме-йи узбек» дерегіндегі 92 көшпелі өзбек тайпалары: Минг, Йуз, Кырык, Узбек, Ункажат, Жалайыр,, Сарай, Қоңырат, Алшын, Арғын, Найман, Қыпшақ, Чакмак, Азак, Қалмақ, Тарлык, Тудак, Бурлак, Самарчик, Қыпшақ, Келечи, Кинакаш, Буйрак, Урат, Кийат, Хитай, Тункли, Узжулачи, Койчи, Утаджи, Булатчи, Джуйут, Джат, Чилчут, Бувмаут, Уймаут, Арлат, Керейт, Ункут,Танкут, Мангыт, Чалчувут, Месит, Меркіт, Бүркіт, Қият, Қоралас, Укалан, Кары, Араб, Илачи, Жубурган, Тишлык, Керей, Түркмен, Дурман, Табын, Тамма, Рамадан, Муйтан, Үйсін, Бадайи, Хафиз, Қырғыз, Мажар, Кучалык, Сауран, Бахрин, Уйрис, Жубрат, Бидай, Татар, Табаш, Мачкыр, Сулдуз, Тубай, Телеу, Кердері, Биктийа, Каркын, Ширин, Оглан, Курлат, Баглан, Шымбай, Чехилкас, Уйғур, Агар, Йабу,Таргыл, Тургак, Кохат.
  • «Асами-йи наваду ду фирка-йи узбек » 92 көшпелі өзбек тайпалары: Минг, Йуз, Кырык, Онг, Ункаджат, Жалайыр, Сарай, Хитай, Қыпшақ, Найман, Чакмак, Урмак, Тудак, Бустан,Самарчик, Қалмақ, Карлык, Қатаган, Арлат, Арғын, Барлас, Буйтай, Кенегес, Келачи, Буйрак, Уйрат, Қият, Қоңырат, Қаңлы, Уз, Джулаучи, Джусулачи, Каджи, Утарчи, Курлаучи, Джуйут, Джид, Чулчут, Буйазит, Оймуыт, Керейт, Баган, Ангыт, Тангут, Мангыт, Меркіт, Бүркіт, Маду кийат, Укалан, Алшын, Кары, Гариб, Шеберган, Кышлык, Түркмен, Дурман, Табан, Там, Табын, Рамадан, Митн, Үйсін, Буса, Хафт, Қырғыз, Татар, Бачкыр, Сулдуз, Килаучи, Дужар, Джурат, Бадай, Оглан, Курлаут, Шымбай, Мехди, Чилкас, Ұйғыр, Агаркур, Нукуз, Қара тушлуб, Йабу, Таргыл, Кохат, Шауран, Ширин,Тамма, Бахрин, Керей,Сатхийн, Мугал, Қаян.
  • В.В.Трепавлов құрастырған ноғай ру-тайпалары бірлестігі: Аз, Аксюрют, Алшын, Бадай, Байис, Байұлы, Батар, Баяут, Бодрак, Борлак, Булачи, Буркут, Бутас, Жалайыр, Джуют, Дуван, Дурмен, Казак, Қаңлы, Қара-Қытай,, Қат, Қатаган,Келечи, Кенегес, Кенекей, Кенитерк, Керейт, Керей, Кигит, Қыпшақ, Қырғыз, Киргин, Кирк, Китай, Кишлик, Қият, Кула-аян, Қоңырат, Маджар, Мангыт, Машкир, Меркіт, Месит, Минг, Найман, Нукус, Онгут, Сарай (чик), Сиджиут, Солут, Тама, Темір-Ходжа, Тогай, Тогунчи, Тойтюбе, Түркмен, Турчак (Тургак), Узбек, Оймауыт, Үйсін, Чалджиут, Чат, Чубалачи, Чумишли, Шакманчи, Шемерден, Юз, Кулачи, Телеу, Ұйғыр, Шымбай.

Бірінші қатардағы 92 тайпаның 17-і, екінші қатардағы 92 нің 17-сі, үшінші қатардағы 92-нің 14-сі және төртінші қатардағы ноғай одағындағы 70-тайпаның13-і қазақ халқының құрамына енген ру-тайпалар болып саналады. [6.33].

Т.И.Султанов тайпалардың  дректік реттік берілуін былай деп түсндіреді: «Тізімдегі ру немесе тайпаның реттік номері – тайпаның не рудың маңыздылығын немесе сол өңірдің әскери-саяси өмірінде аталатын, орнын көрсетеді.Ру-немесе тайпа атауы тізімде жоғары  тұрса, дерек авторы сол тайпаға не руға ерекше мән бергені немесе керісінше болғаны»,-деп келтіреді.

XIII-XV ғасырлардағы этникалық процестерде алдыңғы тайпалар мен бұл тайпалар етене араласып, біте қайнасып кетеді. Ортақ тіл, ортақ дін, ортақ мәдениет, ортақ шаруашылық түрі, ортақ территория және ортақ саяси құрылымдар бұл тайпаларды, жалпы «қыпшақ», «ноғай» және көшпелі «өзбектер» деп аталатын этникалық топтарға біріктіреді.Сөйтіп, XIII ғасыр басында Қазақстан аумағына келген тайпалар да қазақ халқының қалыптасуында негізгі рөлі атқарады.    

Келтірілген тізімнен көрініп тұрғандай ру және тайпа аттары бір бөлігі оның үш қатарында бар, кейбіреулері екі қатарында , ал жекелеген ру мен тайпа аттары тек бір қатарда кездеседі.Үш қатарда кездесетін ру мен тайпа аттары: дурман, ички, конграт,кушчи, мангыт, найман, уйсун;екінші қатарда кездесетіндері: буркут (бірінші және үшінші қатар), татар (екінші мен үшінші қатар),тубай (бірінші мен екінші),туман (бірінші мен екінші қатар), хытай (бірінші мен екінші). Қалған ру-тайпалық аттар бір ғана қатар тізімінде кездеседі.

  Мухаммад Салих келтірген Шайбани хан әскерінің құрамында ру және тайпалардың ішінде дурман, мангыт, найман, уйсун, конграт, ички конграт Өзбек ұлысынан шыққан деп болжау келтірген.

Өзбек және «өзбек-қазақ» тайпаларын зерттеу үшін жазылған жаңа тарихи –этнографиялық материал құрамына «92 баулы өзбек» тайпасы көшпелілер тайпасы тізіміне  жатады. Сайф-ад-Дин Ахсикенти мәліметі бойынша Ферғанада XVI ғасырда жазылған еңбегінде, автор 92 рудың бөлінуі жөнінде айтады. Осы аталған рулардың бөлінуі XVI ғасырдың бірінші жартысынан кеш емес тіпті, одан да ерте кезеңнен басталған болуы керек дейді.В.В. Бартольд «өзбек рулары» алдын 32 болған, кейін барып 92 болды десе, А.Вамбери  32 «өзбек» тайпасының тізімін келесі ретпен жариялаған: қоңырат, қыпшақ, хытай, маңғыт, найман, кулан, ногай, кенегу, ошун, т.б. деп көрсетеді [3. 26.]

  Жалпы Т.И.Султанов «Кочевые племена Приаралья в XV-XVI вв.» атты еңбегінде; Маңғыт-«бұрынғы кезде Шығыс Азияны мекендеген моғол тектес халықтарының бірінің аты».Бұл этноним Алтайдан Қырымға дейінгі жерді мекендейтін қазіргі түркі тілдес халықтардың ру-тайпа аттарының арасында кездеседі. Маңғыт этнонимі сонымен қатар  Байкал Арал маңы тунгус-маньчжурларының ру-тайпа атауларының арасында кезедесетінін айтады. А.Хорошкин. Орта Азия халықтары (тарихи этнографиялық этюд.) жазбасы бойынша ауызша деректерге  негізделеген тайпалардың қатарына сүйенсек, бұл Бұхар хандығы халықтарының этнографиялық топтарын және олардың мемлекетіндегі жағдайын бейнелейтін маңғыт-қазақ үлгісін жазады [3.36].

       Дешті Қыпшақ көбінесе қыпшақтар болған.Олардың яғни қыпшақтардың оңтүстік бағыттағы шекарасы Хорезм мемлекетінің солтүстік-шығыстағы иеліктерімен шектеседі. XI ғасырдың ортасында қыпшақ тайпалары Еділден ары өтіп, орыс, Византия тарихына ілінеді.

Қыпшақ тайпаларының XI ғасырдың 30-40 жылдары осыншама зор аймакта этносаяси билік орнатуы жаңа бір дәуірдің басталғанын көрсете жаңа дәуірге сәйкес жаңа атау қалыптасты. Қалыптасқан этносаяси жағдайды араб-парсы тарихшылары мен географтары тез аңғара білді. Олар бұрынғы «Маффазат ал-Гузия» ұғымының орнына «Дешті Қыпшақ» —  қыпшақтар даласы атауын қолданады [44. 395]. 

XIII ғасырдың басында моңғол жаулаушылығымен бірге келген моңғолдық басқару жүйесі жергілікті халық тарапынан қарсылық көрмеген күйі жалғаса берді. Алайда, моңғол жаулап алушылығынан ХІҮ ғасырдың ортасына дейінгі кезең із-түссіз болған жоқ. Бұл кезде этникалық процестерге байланысты моңғолдық этникалық компоненттер трансформацияға ұшырайды. Дешті Қыпшақтағы мүндай этникалық өзгерісті ХІҮ ғасырдағы араб географы әрі саяхатшысы әл-Омари былайша баяндайды: «Ежелде бұл мемлекет қыпшақтардың елі болатын. Бірақ татарлар оларды бағындырып, Қыпшақтарды қол астына қаратты. Кейін олар араласып, жақындасып кетті де олардың (қыпшақтардың) жері моңғолдардың табиғи және нәсілдік қасиеттерінен асып түсті. Олардың бәріі бір рудың адамдары секілді қыпшақ болып кетті» [45. 235].

Ноғай Ордасының негізін қалаған Едігенің жеке өзінің шешімдері әртүрлі жағдайларға байланысты Ноғайлардың, басқа да көшпелі халықтардың әдеттік құқығының негізі болды. «Едіге заңы» мен «Едіге ұрпақтарының заңдары» Шыңғыс ханның «Ясасының» баламасына айналды.

Енді жоғарыдағы терминдердің шығуын қарастырайық. «Нұрадин»- бұл Едігенің ұлының аты, ол Ноғай Ордасының биінің мұрагерінің лауазымдық титулына айналған. Ноғай Ордасының «хан» титулы алынып тасталып, ежелгі даланың «би» титулы қалпына келтіріліп, жоғары билеуші би деп аталды, орыстар оны «князь» сөзімен берді.

Едіге саясатын, оның Дешті Қыпшақ тарихындағы үлесін В.П. Юдин «Едігеизм» деп атап, ол чингизизм идеологиясының өзгеріске ұшыраған түрі деп көрсетеді. Сөйтіп, Ноғай Ордасы Алтын Орда деңгейінен төмен болды дейді [43. 56].

Көшпелі Өзбек мемлекетінің тарихын зерттеген Б.А. Ахмедов билердің рөлі туралы: «XIҮ ғасырдың аяғы жэне ХҮ ғасыр бойы Дешті Қыпшақтың саяси өмірінде маңғыт тайпалары маңызды рөл атқарды. Маңғыт тайпасының бір әмірі Едіге он бес жыл бойы (1396-1411 ж.ж.) Алтын Орданың билігін өз қолында ұстады, ал оның балалары Алтын Орданың бөлек облыстарды басқарып, Жошылық хандардың тұсында жоғары мемлекеттік лауазымдар иеленді. Едігенің үлкен ағасы Исатай Тоқтамыс ханның билігі түхында (1381-1395ж.ж.) оның түмен басыларының бірі, ал Полад хан тұсында (1409-141 Іж.ж.) әмірлердің әмірі деген атақ алады. ХҮ ғасырдың аяғы-ХҮІ ғасырдың басында Уақас би, Муса мырза, Жаңбыршы тағы да басқа Едігенің ұрпактары саяси өмірде белсенді рөлге ие болды. Маңғыт әмірлері мен басқа да көшпелі тайпалардың көшбасшылары чингизидтерден тек қана өз мүдделеріне сай саясат жүргізетін өкілдерді ғана хан сайлады. Керісінше жағдайда оны тақтан тайдырып тастады» [5. 145].

         ХV ғасырдың екінші жартысы Дешті Қыпшақтағы моңғолдык дәстүр толық жойылды. Оған әсер еткен тағы бір фактор – діни-рухани фактор болды. Бұл этникалық, саяси факторлармен тығыз байланысты жүргендіктен оларды ажырату қиындық туғызды.        ХV ғасырдың ортасында Дешті Қыпшақ аумағында Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан тарихының ортағасырлық кезеңіндегі ең басты, ең ірі оқиға болып саналады. Хандықтың құрылуымен Қазақстан тарихындағы ортағасырлық дәуірдің бір кезеңі аяқталып, келесі, жаңа кезеңі басталады. Ол ХV ғасырдан басталатын – кейінгі ортағасырлар кезеңі. Бұл кезең – хронологиялық тұрғыда ХV-ХVІІІ ғасырлар аралығын қамтыса, атаулық тұрғыда – Қазақ хандығы дәуірі деп аталады. Бұл дәуірдің басталуы – Қазақ хандығының құрылуымен тікелей байланысты.

Үш мың жылдық тарихтың барысында Қазақстан аумағындағы барлық этникалық, мәдени, рухани, саяси, діни, мемлекеттік дамулар ХV ғасыр ортасында тоғыса келе, ұлттық сипатқа ие болады. Жаңадан пайда болған этноқауымдастық – маңғыт халқы, жаңадан құрылған мемлекет – Қазақ хандығы, ал олардың территориясы – Ноғай деген атауларға ие болады. Егерде ежелгі дәуірлерден ХV ғасырдың ортасына дейінгі Ноғай Ордасының аумағында болған тарихи даму міндетті түрде Қазақ хандығының құрылуына алып келсе, ХV ғасырдың ортасынан басталған барлық тарихи дамулар барысы Қазақ хандығының және қазақ этносының атауымен тікелей байланысты болады.

ХV ғасыр ортасына дейін қазіргі Қазақстан аумағында жиырмадан астам мемлекеттер өмір сүріп, олардың атаулары сол мемлекеттегі жетекші тайпаның атауымен аталғаны белгілі. Мысалы, Қимақ, Оғыз, Қыпшақ, Түргеш, Қарлық, Қаңлы, Үйсін, Ноғай және т.б. мемлекеттер.

Сондай-ақ ХV ғасыр ортасына дейін қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген этноқауымдастықтар – «көшпелі өзбектер», қыпшақтар, оғыздар, түркілер, сақтар деген жалпылама атаулармен аталынып келсе, Қазақ хандығының құрылуымен Дешті Қыпшақта бір ғана этноним – маңғыт этнонимі пайда болады да, бұл атау қазірге дейін өз мәнін жоғалтпай келе жатыр.

Осылайша, Қазақ хандығының құрылуының маңызы туралы ойларымызды түйіндей келе, бұл оқиға – этно-саяси, мемлекеттік тұрғыдан алғанда ұлттық сипатқа жол ашқан, қазіргі кезеңдегі этникалық ұғымдардың бастауы болған.

Хандықтың құрылуының алғышарттарына келсек, онда оның ең алдыменен, этносаяси, рухани және мемлекеттік дамулардың заңды қорытындысы, нәтижесі деп білеміз.

Маңғыт ру-тайпасының қазақ хандығына да қатысы бар себебі:

  1. Қазақ хандығының құрылуы – ең алдыменен, Қазақстан аумағында қола дәуірінен бері үздіксіз жалғасып келе жатқан этникалық процестердің заңды қорытындысы болып табылады.
  2. Қазақ хандығының құрылуы – Қазақстан аумағында бері дегенде, сақтар заманынан бері үзбей дамып келе жатқан, этникалық процестермен қатар жүрген мемлекеттілік дамуының да нәтижесі болып есептеледі.
  3. Қазақ хандығының құрылуы – ХІV – ХV ғасырлардағы Қазақстан аумағында болған мемлекеттік құрылымдар мен көршілес аймақтардағы мемлекеттердің ішкі және сыртқы саяси қатынастарының нәтижесінде жүзеге асады.

         Бұл тұжырымдар – тарих ғылымында әбден мойындалған, тарихшылардың бәрі құптаған тұжырымдарға жатады.

         Ал енді осы мәселелерге қазақ халқын құраған ру-тайпалар қалай қатынасты деген мәселеге келсек, бірден айтарымыз сол, бұл жөнінде ауыз толтырып, ештеңе айта алмаймыз. Мәселенің мәнінен алыстау адамға бұл сұрақ тіпті түсініксіздеу болып келеді. Кәдімгі қарапайым түрде айтсақ, Қазақ хандығының құрылуында қазақ халқын құраған қандай тайпалар басты роль атқарды, қандай тайпалар қазақ этносының қалыптасуының өзегі, ұйытқысы бола білді дегенге саяды.

Қазақ хандығының құрылуы барысында жанама түрде қатысы бар жазба дерек түрлері деп – Керей мен Жәнібектің Әбілқайырдан бөлініп, Моғолстанға көшіп келуін баяндамаса да, ХV ғасырдың орта тұсында Дешті Қыпшақтағы, Мәуереннахрдағы, Моғолстандағы мемлекеттік құрылымдардың ішкі және сыртқы саяси жақтарынан мәліметтер беретін жазба деректерді айтамыз. Қазақ хандығының құрылуы негізінен, Дешті Қыпшақтағы Әбілқайыр хандығы, Мәуереннахрдағы Темір әулетінің мемлекеті және Моғолстандағы моғол билеушілері арасындағы саяси қатынастар нәтижесінде құрылғандықтан, жоғарыда аталған мемлекеттердің 1540-1560 жж. тарихын баяндайтын дерек мәліметтері Қазақ хандығы құрылуының алғышарттарын, барысын түсінуге, кейбір мәселелерді анықтауға жанама түрде жәрдем бере алады. Біздің мәселемізге жанама қатысы бар деректер мыналар:

Ш.Құдайбердіұлы 1911 жылы жарық көрген «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» атты тарихи шығармасында қазақ халқының қайдан шыққанын баяндай келе, Керей мен Жәнібек хандардың Әбілқайыр ханнан бөлініп, Моғолстанға көшіп келуін айтып өтеді. Керей мен Жәнібектің «Әбілқайырға өкпелеген себебін біздің қазақ былай айтады»,- деп Шәкәрім қажы, Ақжол биді Қобыланды батырдың өлтіргендігін, Керей мен Жәнібектің Әбілқайырдан кінәліні жазалауды сұрағанын, шығарылған шешімге қанағат тұтпаған екі сұлтан ханға өкпелеп, көшіп кеткенін түсіндіреді. Осы деректе алғаш рет Қазақ хандығының құрылуына байланысты Дешті Қыпшақтың ру-тайпаларының атаулары кездеседі. Жәй ғана айтылып қоймайды, оқиғаға тікелей қатыстырылып айтылады.

ХХ ғасырдың екінші жартысында бұл мәселе Б.А.Ахмедов, К.А.Пищулина, Т.И. Сұлтанов еңбектерінде қарастырылады.  Аталған авторлар, жалпы алғанда, Ноғай Ордасындағы тайпаларды соның ішінде маңғыттар жөнінде бұған дейінгі тұжырымдарды жоққа шығармайды. көрсетеді.

1428 жылы Ақ Орда ханы Барақ хан қайтыс болғаннан кейін, Дешті Қыпшақтың солтүстік-батыс бөлігіндегі Шибан ұлыстарының бірінде 17 жасар шибанилық сұлтан Әбілқайырдың келгені көпке мәлім. 40 жыл билігінің алғашқы кезеңінде Әбілқайыр хан алдыменен, Шибан ұлысының басын қосса, келесі кезеңде Дешті Қыпшақтың жекелеген аймақтарының бәрін бір саяси жүйеге енгізеді. Сөйтіп, ХV ғасырдың 40-шы жылдарының екінші жартысында Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақтағы жалғыз билеушіге айналады. Әбілқайыр ханның билігін мойындаған барлық аймақтар Әбілқайыр хандығының территориясына жатқызылса, ол аймақтардағы ру-тайпалардың бәрі «көшпелі өзбектер» атты ортақ этнониммен атала бастайды. Біз, сөз етіп отырған Маңғыт тайпасы да осы «көшпелі өзбектер» этноқауымдастығының құрамында болады.

          Маңғыт тайпасының атауы тек қана 92 баулы көшпелі тайпалар қатарында айтылып қоймайды. Біз бұл тайпаны және оның кейбір бөліктерін 1428-1457 жылдар аралығындағы Дешті Қыпшақтың саяси тарихына қатысты болған оқиғалардың қақ ортасынан да кездестіреміз.

Масуд бен Осман Кухистанидың «Тарих-и Абулхайр-хани» еңбегіндегі мәліметтерде Әбілқайыр ханды қолдаған ру-тайпалардың қатысуымен жеті ірі оқиға болады. 1) 1428/29 жылы Әбілқайырды қолдап, оны хан етіп көтеру. Осы жиынға Қият, Маңғыт, Шынбай, Итжан, Қағанбайлы, Табгут, Дурман, Құсшы, Отаршы, Тубай, Таймас, Жат, Қытай, Барақ, Ұйғыр, Қарлұқ, Кенегес, Үйсін, Қоңырат, Құрлауыт, Ички, Минг секілді Дешті Қыпшақтың ру-тайпаларымен бірге Найман тайпасының әр руы мен бөлімінің басшылары қатынасады. Бұл тайпалар да «көшпелі өзбектер» қауымдастығындағы тайпаларға жатып, 92 баулы тайпаның бірі болып саналады. Әбілқайырды хан сайлауға қатынасқан тайпалар ішінде Жалайыр, Арғын, Алшын, Қыпшақ тайпаларының атаулары кездеспейді. Біз, мұның себебін былайша түсіндіреміз. Алдыңғы аталған тайпалар ХІІІ ғасырдан бері Шибан ұлысында мекендеп, тек қана Шибан әулетінің билігіне мойынсұнған тайпаларға жатады. Шибан ұлысының аумағына Сырдың төменгі ағысы бойы, Арал теңізінің солтүстік жағалауларымен солтүстікке қарай башқұрттарға дейінгі жерлер енген. Сонымен бірге ХV ғасырдың бірінші ширегіне дейін бұл ұлыста Шибан әулетінің билігі үзілмеген. Бірнеше ғасыр бойы түркі және монғол тілдес тайпалардың бір ұлыста өмір сүруі оларды жақындатып жібереді. Тіпті олар «шибандықтар» деген ортақ этнониммен атала бастайды. Ал Жалайыр, Арғын, Қыпшақ тайпаларына келсек, олар да ХІІІ-ХV ғасырлар аралығында Дешті Қыпшақтағы басқа ұлыста – Орда Ежен ұлысында өмір сүреді. Ол тайпаларды ордаежендіктер деп атауға болады. Ордаежендік тайпалардың, яғни Жалайыр, Арғын, Алшын, Қыпшақ тайпаларының Әбілқайырды хан сайлауға қатыспауын, олардың Орда Ежен әулетінің билігіне адалдығын, беріктігін көрсетеді. Сөйтіп, ордаежендік тайпалар Әбілқайырды хан сайлауға қатыспағандықтан, 1428/29 жылғы оқиғаға байланысты деректерде айтылмайды.

Үшінші нұсқада: Сармантай, одан Найман, одан Шүкірші (Сүгірші), оның лақап аты – Өкіреш». Одан әрі шежіреде Өкірештің бірінші әйелінен Келбұқа (Рысқұл), Кетбұқа (Мәмбет), екінші әйелінен – Қытай, бұл Төлегетай атанады. Ал үшінші әйелінен – Найманбай, Сарымырза, бұлардың ұрпағы Сарыжомарт атанатындығы баяндалады. Көріп отырғанымыздай, қазіргі қазақ шежіресі бүкіл Наймандарды Өкіреш атты тұлғадан таралады деп көрсетсе, ХVІ ғасырдың дерегінде Өкіреш-найман деп сол дәуірдегі Найманның бір бөлігін ғана атаған. Бір тайпаның бөлімі, не руы Өкіреш деп аталуына қарағанда, шынында да Өкіреш шежіреде айтылғандай, тарихи тұлға болған. Кухистани дерегіндегі Найман тайпасындағы тоғыз ру бөлімінің үшеуі Өкіреш-найман деп аталғанына қарағанда, Шибан ұлысындағы өкірештердің саны біршама көп болып, жеке-жеке үш рулық бөлімдерге жіктелген секілді.

Ал ХІV ғасырдың екінші жартысынан бастап монғолдар билеген аймақтарда жағдай жергілікті ру-тайпалар пайдасына шешіле бастайды. Тіпті жекелеген аймақтарда жаңадан құрылған мемлекеттер жоғарғы биліктің сипатына қарай бір-бірінен өзгешеленеді. Мысалы, ХІV ғасырдың соңында құрылған Ноғай Ордасында жоғарғы билік маңғыт билерінің қолында болып, шыңғыстық әулеттің ол билікке ешқандай қатысы бола алмады. Сол себепті де біз, Шыңғыс ұрпақтарының жоғарғы билікке ешқандай ықпалы жүрмеген Ноғай Ордасында қалыптасқан мемлекеттік жүйені – Едігелік немесе Ноғайлық мемлекеттік жүйе деп атаймыз. Осындай мемлекеттік жүйенің екінші түрі Мауереннахрда қалыптасады. 1370 жылы Самарқан тағын иеленген Ақсақ Темір бүкіл атқарушы билікті өзі иеленеді де, формальды түрде жоғарғы билікте Шыңғыс ұрпақтарының өкілін қалдырады. Бірақ та онда ешқандай құқық болмайды. Мұндай мемлекеттік жүйені – Темірлік мемлекеттік жүйе дейміз.

Біз бұған дейін, Әбілқайыр хандығының халқын ортағасырлық деректер «көшпелі өзбектер» деп атайтындығын, ал оның 92 көшпелі тайпадан тұратындығын айтып өткенбіз. 1509 жылы жазылған «Михман наме Бұхара» еңбегінде автор Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани «көшпелі өзбектердің» үш топқа бөлінгендігін айтады. Оның біріншісіне – маңғыттар, екіншісіне – шибандықтар, ал үшіншісіне – қазақтар жатқызылған [3.20 ].

Осы жерде алдын-ала мынадай жағдайды ескерте кетелік. Дерек мәліметінің авторы өз еңбегін жазған кезде Дешті Қыпшақтағы «көшпелі өзбектер» этноқауымдастығы ыдырап кеткен болатын. Ол осы этноқауымдастықтың Әбілқайыр хандығы жойылғаннан кейін ғана үш топқа бөлініп кеткендігінен хабардар етеді. Қазақ хандығы құрылғанға дейін «көшпелі өзбектер» құрамында маңғыттар және шибандықтармен қатар, үшінші бір ру-тайпалар тобының болғаны белгілі. Осы үшінші топты ХVІ ғасыр басында Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани қазақтар деп атап отыр.

Сонымен, «көшпелі өзбектер» этноқауымдастығы Әбілқайыр хандығы тұсында үш ру-тайпалар тобынан тұрған.

Бірінші топтың ру-тайпалары жалпы атаумен – маңғыттар деп аталған да, олар кейіннен Ноғай Ордасының этникалық негізін қалаған. Маңғыттардың не себепті «көшпелі өзбектер» этноқауымдастығының құрамында айтылатындығына түсініктеме бере кетелік.

Маңғыт тайпасының шығу-тегі мен тілі монғолдық болса да, ХІІІ-ХІV ғасырларда Дешті Қыпшақтың қыпшақ тілдес тайпалары арасында қыпшақтанады. ХІV ғасырдың соңында Едіге бидің басшылығымен Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында Маңғыт ұлысының негізі қаланады. Кейбір әдебиеттерде Маңғыт ұлысындағы барлық ру-тайпаларды маңғыттар деп атай береді. Соған байланысты біз, маңғыт атауы деректер мен зерттеу әдебиеттерінде тар және кең мағынада қолданылған дейміз. Тар мағынадағы маңғыт ұғымына – Маңғыт ұлысындағы жетекші тайпа атауы жатқан. Ал кең мағынадағы ұғымға осы ұлыстағы жетекші тайпа мен басқа да ру-тайпалардың жиынтық атауы енген. Біз де маңғыт атауын қолданғанымызда осы тайпаның кең мағынадағы мәнін негізге аламыз. 

Едіге бидің тұсында негізі қаланған Маңғыт ұлысы Нұраддиннің билігі кезінде Алтын Ордадан бөлектеніп дербес Ордаға айналады. ХV ғасырдың 30-40 жылдары Маңғыт ұлысын Нұраддиннің ұлдарының бірі – Оқас би басқарып, ол өзінің сыртқы саясатында Әбілқайыр ханды қолдайды. Оқас би мен Әбілқайыр ханның жеке достығы туралы «екеуі бір кеседен бал ішкен» деп айтылады. Екі билеуші арасындағы достық қатынас екі елді одақтастыққа алып келеді де, маңғыттар Әбілқайыр ханның барлық жеңістеріне өз үлестерін қосады. Оқас би ханның барлық жорықтары мен соғыстарына қатынасады. Сол себепті де ортағасырлық авторлар маңғыттарды «көшпелі өзбектердің» құрамдас бір бөлігі деп таниды. Сөйтіп, Фазлаллах ибн Рузбихан Исфахани маңғыт тайпаларын «көшпелі өзбектер» этноқауымдастығындағы бір ру-тайпалық топ деп жазған.

Дешті Қыпшақ құрамында ұзақ уақыттар бойы ортақ этно, саяси, рухани, шаруашылық кеңістікте өмір сүрген тайпалар бір-бірімен өте жақындасып, мидай араласып кетеді. «Көшпелі өзбектердің» бұл тобындағы тайпалардың шығу тегіне назар аударсақ, онда олардың монғолдық және түркілік этнокомпоненттер екендігіне көз жеткіземіз. Шибанилықтардың құрамындағы этнокомпоненттердің арасалмағы бір-бірінен өте алшақ емес, жақындау.

 «Көшпелі өзбектердің» бірінші рет бөлініске ұшырауы 1449 жылы болады. Маңғыт биі Оқас осы жылы қайтыс болғаннан кейін, оның орнына келген мұрагерлері Әбілқайыр ханмен одақтастықтан бас тартады да, маңғыттарды бөліп алып кетеді. Маңғыттардың бөлініп кетуі «көшпелі өзбектерді» біршама әлсіретіп жібереді. Кейінен көп ұзамай «көшпелі өзбектер» екінші бөлініске ұшырайды.

1450 жылға дейін Әбілқайыр ханның жеке басының беделі мен өзі басқарып отырған мемлекетінің қуаты нәтижелі, жемісті жорықтар барысында әбден өсіп, өзінің ең шарықтау шегіне жетеді. 1428 жылы 16-17 жасар Әбілқайырды хан сайлағанда жергілікті ру-тайпа көсемдерінің өзіндік мүдделері болатын. Басқаша айтқанда, екі дәстүр арасында билікке байланысты қайшылықтар пісіп-жетіледі. Әбілқайыр ханның қолында билік, күш болғандықтан, жергілікті күштер ашық күреске шықпай, өз қарсылықтарын іштей, жасырын түрде көрсетеді.

 Қазақ хандығының этникалық негізін 92 көшпелі тайпадан тұрған «көшпелі өзбектер» этноқауымдастығындағы туыс тайпалар тобы құрады. Біз, ол тайпалар тобын ордаежендік әулетті қолдаушы тайпалар деп атадық. Осы тайпалар ішінде ордаежендік топқа кейін қосылса да, Маңғыт тайпасы өзіндік роль атқарады.

Осылайша, ХV-ХVІІ ғасырлар аралығында қазақ тарихындағы терең мәні бар этникалық процестерге Маңғыт тайпасының қатысуын,  олардағы атқарған рөлі мен қосқан үлесін талдай келе, Маңғыт тайпасы қазақ халқының қалыптасуы мен Қазақ хандығының құрылуында өзіндік ерекше маңыз атқарып, ұйтқы болған, шын мәніндегі қазақтың нағыз іргелі, ірі тайпасының бірі болып есептелмесе де көбінесе қазақтың Кіші жүз құрамына кіреді деген деректерге тоқталамыз.     

 

 

 

 

 

 

 

III. ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ  ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ МАҢҒЫТТАР

 

XIV-XV ғасырларда Қазақстан аумағының тұрғындарына байланысты «қазақ» атауымен қатар деректемелерде «өзбек», «өзбек-қазақ», «моғолдар», «ноғайлар» ұғымдары аталады.Бұл атаулар осы кезеңде өмір сүрген Ақ Орда, Моғолстан, Әбілқайыр хандығы Ноғай Ордасы мемлекеттернің тұрғындрына қатысты айтылады. Олар халқыты емес, этно-саяси қауымдастықты құрады.Тарихи-этнографиялық  әдебиетте белгілі бір тарихи-этнографиялық аймақ шебінде құралған мемелекет тұрғынының этносаяси қауымдастық деп аталатынын білміз.Қандай халық болса да, зінің ұзаққа созылған қалыптасу жолында көбіне көп әртүрлі феодалдық мемелкеттер шеңберінде оқшауланып қалады да,басқа халықтар бөлшектерімен біргеөздерінің жекелеген құрамаларымен әр түрлі этносаяси қауымдастық құрайды.Көшпелі қрғам жағдайында мемелекеттердің шекаралары әдетте халық болып топтасып, сол мемлекеттердің шеңберінде уақытша этносаяси қауымдастық құрған рулардың, тайпалар мен өзге де этникалық бөлімшелердің көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылық кезінде этникалық қоныстануының өзгермелі шекараларымен сәйкес келе бермейді.

Қазақ халқының қалыптасуында маңғыттардың рөлі, қазақтардың этникалық тарихы Әбілқайыр хандығы мен оның көшпелі өзбектерінің этносаяси қауымдастығы мен де, Ноғай Ордасымен де (маңғыттар), оның этносаяси қауымдастығымен (қазақ-ноғай) де, байланыста болған.

Қалыптасып, жатқан қазақ халқының жекелеген бөліктерінің  саяси жағынан Моғолстан, Ақ Орда, Ноғай Ордасы мемлекеттеріне бөлшектеліп, кетуі қазақтардың этникалық тарихының барысына ықпал етті-ол қалыптасқан халықтың ертедегі этникалық орталықтар аумақтарның табиғи-географиялық жағынан оқшаулануы себепті желден айқындалған жүздерге бөлінуін орнықтырды.

Қазақ халқының қалыптасу кезеңінде Қазақстанның этникалық тарихы өте күрделі болды.Ғаысрлар бойында бұл жерде көптеген халықтар мен тайпалардың тағдыры тоғысып жатты.Осындай жағдайда біз қарастырып отырған маңғыттар тағдыры не болды?

Қазақ халқының қалыптасуы бірнеше кезеңге бөлінеді. Алғашқыда ұзақ уақыт мекен еткен еуропалық текті нәсілдер уақыт өте келе моңғол тектестер болып өзгерді. Соғыстар мен қақтығыстар нәтижесінде тек маңғыт рулары ғана емес, сонымен қоса сол кездегі түркі руларның да бөлшектену, бөліну, қоныс аудару процесін күшейте түсті.

XIV-XV ғғ. бірінші жартысында, Ақ Орда тұсында көшпелі өзбек хандығындағы Қазақстан жерінде тайпалардың этникалық құрамы тұқрақтанып қалпына келеді, көптеген жергілікті және ауып келген түрік, моңғол  тайпалары арасындағы айырмашылықтар жұмсарып барып жойылады да, әр алуан тайпалар бірлестіктерінің, бәріне ортақ этникалық белгі пайда болады. Осынау мемлекеттер халқының  құрамы жағынан  шын мәнінде полиэтникалық болған. Ақ Орданың, Әбілқайыр хандығы (Көшпелі өзбектер мемлекеті) мен Ноғай ордасы халықтарының (маңғыттардың) эканомикалық құрамы бірдей еді.Оларда сол уақыттың жазба деректерінде жинақтауыш этно-саяси термин «өзбек»атымен белгілі болған қыпшақ, үйсін, қоңырат, керейт, маңғыт, арғын, қарлық, қаңлы, найман, сияқты түркітілді тайпалар мекендеген.Деректер бұлардан басқа бүркіт, қият, отаршы, жат, шымбай, кенегес, дүрман, қарлауыт, таймас, шатбақлы, мажар, ойрат, т.б. рулар мен тайпалар  екі атын атайды. Бұл тайпалардың көпшілігі қазақтың Орта және Кіші жүздерінің құрамынан белгілі.Оның басқа бөлегі XV-XVI ғғ. шамасында Орта Азияға өздерімен бірге «өзбек» атын ала кетеді. Ноғай Ордасындағы қыпшақ, қаңлы, найман, үйсін мен қоңырат тайпалыры, маңғыт, алшын, кітәй, тама, ас, т. басқалар мен бірге ноғай халқының құрамына енеді.Бұлардң бәрі  XIII-XIV ғғ. дауылды оқиғалары кең, аймақтың ұланғайыр  территориясына араластырып шашып жіберген, Орта Азия мен Қазақстанның бірқатар түрік халықтарының бәріне ортақ түрік және түріктенген рулар мен тайпалар болатын. Бұл халықтар кемелденген орта ғасырлар дәуірінде  бір мерзімді құралдып қалыптасады және бұл қалыптасу томаға-тұйық, оқшау өтпейді, этникалық топтардың қарым-қатынасы, мемлекеттік бірлестіктердің саяси байланысы, халықтың шаруашылық  және мәдениет саласындағы алыс-берсі, аралас-құралас жағдаында өтеді.Жоғарыда аталыр кеткен мемелекуеттер шеңберінде этникалық-саяси даму процесі белгілі дәрежеде өзбек, ноғай (маңғыт), қарақалпақ, сібір татарлары, қазақтардың бәріне бірдей ортақ болады [13.144].

  Әлгіде аталып өткен тайпалардың Ақ Орда, Ноғай Ордасы (маңғыт ұлысы), Әбілқайыр хандығы, Моғолстан мемлекеттерінің құрамында болуы, олардың жалпыға ортақ, мәселен, Алтын Орда хандарына қарсы тізе қосып күресуі көршідгі феодалдық мелекеттер билеушлерінің  жаулаушылық саясатына  тойтарыс беру қажеттігі халықтың этникалық бірігуіне себепші болды. Сол сияқты кең мағынасымен алғанда мәдениеттің де – рухани және материалдық мәдениетті қосқанда-ортақтығы елді топтастыратын фактор болып табылады [13. 145 ].

Сол уақыттағы Қазақстан этникалық тарихының негізгі мән-мазмұны-халықтың қалыптасу процесінің аяқталуы, қазақ жүздері тайпалары құрамының сараланып бөлінуі, ежелгі автохтонды этникалық өзекті толықтырған тайпалар мен рулардың, өздерінің XVII-XIX ғғ. жазылған деректерде жазылған, кейініректегі территорияларына келіп қоныстануы десек қателеспейміз. Ал XV-XVI ғғ. шамасында жүздер қалыптасып бітеді, бірақ олардың құрылуы, тайпалардың қайта бөлініп, ара жігін ашуы одан бұрынғы ғасырларда, халық болып қалыптасудың ұзаққа созылған қам-харакеті, қыпшақтар мен өзбектердің, ноғайлылармен (маңғыттармен), моғолдардың этникалық-саяси қауымдастығы арқылы және бұлармен бір мезгілде кейбір рулар мен тайпалардың құралып жатқан басқада түрік халықтары  қатарына қосылуы үстінде өтеді. 

Қазақ халқының этникалық бірлесуі процесінің біржолата  аяқталуы оның бірнеше мемлекет құрамына  енген, кейбір жеке тарихи қалыптасқан бөлшектерінің бытыраңқылығынан кешеуілдеп қалады. XIV-XV ғғ. көптеген жұрттың көшіп қонып, сапырылысып жатқанын атап өту керек. Мәселен, Темірдің соғыстары кезінде моғол топтары  Жетісудан Орта Азияға қоныс аударды. Әбілқайыр тұсында оған Моғолстаннан калучи және бұлғашы тайпалары көшіп келеді; бір кездері керейлер Жетісудан Орта жүзге кетіп қалады, маңғыттар-ноғайлар батыстан Сырдария бойына ауып келеді; XIV ғ бітер шақта Мұхаммед Шайбани ханға еріп, Шығыс Дешті Қыпшақтың көптеген рулары мен тайпалары Орта Азия кетеді.

Неігізінен қазақ халқының құрылуы этникалық-әлеуметтік организмдер ретінде халықтар қалыптасуының  жалпы заңдылықтары негізінде, таптық, феодалдық қатынастардың қалыптасуымен және нығаюымен, аумағының, тілінің, материалдық және рухани мәдениеті ортақтығының қалыптасуымен байланысты.

XIV-XV ғасырларды тұрғындардың ұзақ уақыт бойы жекелеген мемлекеттер жүйесіне-бұрынғысынша моңғол ұлыстарына енуі жоғарыда әр түрлі фактордың  ықпалын күшейте түсті, соның салдарынан Қазақстан аумағында этникалық шоғырланудың үш жүз түріндегі әр қилы тараптары пайда болды.

Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Батыс Жетісудың жері баяғыдан бері қазақ халқының құрылып, қалыптасуының басты-басты екі этникалық торабының–ежелгі Қазақстанның аса ірі екі этникалық-саяси қауымдастығының тоғысқан жері болатын, олар-Орталық Солтүстік және Оңтүстік Қазақстандағы Қыпшақ тайпалар одағы мен Оңтүстік Шығыс Қазақстандағы Үйсін тапалар одағы еді. Олар қазақтың Орта және Ұлы жүздеріне негіз болды. Олардың этникалық территориясы Сырдарияның орта ағысы мен Қаратау алқабынан солтүстікке және солтүстік-шығысқа қарай созылып жататын. Сырдарияның төменгі жағынан солтүстік-батыс пен солтүстікке қарай қазақтың Кіші жүзінің жері көсіліп кететін. Шынында да үш жүздің бәрі түгелдей ортағасырлық Түркістан жеріне яғни қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының қомақты бөлегіне келіп шығатын.Түркістанда (Сырдария бойының қалалары мен Қаратау  өңірнің облысы ) XIV-XV ғғ.қыпшақ,қаңлы, қоңырат, арғын, дулат, маңғыт, жалайырлар, қазақ пен өзбектің басқа да тайпалары мен руларының өкілдері тұрған.Олардың кейбіреулері (қыпшақ, қаңлылар) ұл араны ежелгі заманнан бері мекендеген; екіншілері (қоңырат, жалайырлар) монғол басқыншылығы кезінде қоныс аударған, бұлар өз қатарына көртеген жергілікті рулар мен тайпалар жұрнағын қосып алып, оларға өз атын береді; үшіншілері (дулт, арғын, маңғыт ж.б.) Темір мен Барақ тұсындағы, Әбілқайыр мен Жәнібек, соғол ханы Жүніс Мұхаммед Шайбани кезіндегі соғыстар мен аласапыран  көші-қон салдарынан осы араға келіп тұрақтап қалған. Деректер сол кездегі Түркістан территориясында қазақтар мен өзбектердің, қарақалпақтардың, бірге тұрғанын хабарлайды. XVI ғасырдың соңғы кезінде факфті-мүліктер қағазда Сығанақпен оның айналасындағы  тұрғындар құрамында қазақтар, түріктер (өзбектер) арабтар, (баяғы жаулаушылар ұрпағы), қарақалпақтар болғаны айтылады. Қазақтар мен өзбектер, маңғыттар мен моғолдар құрамына кірген әртүрлі рулар мен тайпалардың ұзақ уақыт Түркістан жерінде болуы жергілікті халықтың құрамында тек Оңтүстік Қазақстанға тән ғана айрықша этникалық компоненттіңпйда болуан апарып соғады.Қзақ хандығының нығаюымен жіне халықтың топтасу процесінің жеделдеуімен бірге, оның құамына Моғолстан мен Сібір хандығы, Ноғай Ордасы (маңғыт), билешілерінің қол астында болған қазақ рулары мен тайпалары кіреді. Ноғай Ордасының ыдырауы, ноғайлардың территориялық және этникалық жағынан қазақтарға жақындығы ноғай ұлыстары шығыс тобының Қазақ хандығына қосылуының алғы шарты қызметін атқарады, сөйтіп ноғайлардың бұл бөлегі Кіші жүз құрамына қазақ этносына енеді [13.147].

Негізінен Зайн ад-Дин (XVI ғ.) «Бадам әл-вакан» деген шығармасында Қазақстан терминімен Жетісудың Оңтүстік Батысындағы, Шу мен Таластағы жерлерді, яғни Жәнібек пен Керей хандарының қол астында болған қазақтар қоныстанған аудандарды атайды. Міне, бұл қазақ хандғы тұңғыш рет өз туын тіккен өлке еді.Зайн ад-Дин Васифиден гөрі «Михман-намеи й Бұхара»-ның авторы қазақтардың қоныстарын әлдеқайда батысқа таман орналастырады.Ол қазақтар )Мұрындық пен Қасым хандардың тұсында) Итильден (Еділден) Сырдариға дейін көшіп-қонып, қыстауға соның өң  бойына орналасады деп жазады. Сырдария мен Аралдың солтүстігінедегі кең жазық далалық жерлердімекендеушілерсанатына ол сондай-ақ маңғыттар (ноғайлар) мен шайбани өзбектерді атайды.

Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы мен Қазақ хандығының құрылуы XV ғасырдың ортасында бір тарихи кезеңде жүзеге асқан ірі оқиғалар қатарына жатады. Ұлттық сипаттағы Қазақ хандығының құрылуы — Қазақстан аумағында ежелден бері үздіксіз дамып келе жатқан мемлекеттіліктің бір кезеңі, көрінісі, жаңа сипат пен жаңа сатыдағы түрі болса, қазақ халқының да осы кезеңде өмірге келуі — ең бері дегенде қола дәуірінен басталған этникалық процестердің заңды қорытындысы болып есептеледі.. Дегенмен де, жалпы этникалық мәселелерге байланысты зерттеулер баршылық. XIX ғасырдан бері бұл мәселе төңірегінде тарих ғылымында бірталай еңбектер жарық көрген’. Ал  «көшпелі өзбектер» этноқауымдастығын құраған Дешті Қыпшақтың көшпелі тайпалары жөніндегі арнайы этникалық тұрғыдағы зерттеуге Т.И. Сұлтановтың ғана еңбегі жатады.  Автордың монографиясының жарық көргеніне ширек ғасыр уақыт өтсе де, ондағы көтерілген мәселелер мен алынған ғылыми нәтижелер әлі күнге дейін өзінің маңыздылығын жойған жоқ.

Әбілқайыр хандығының тарихын жеке монография түрінде жариялаған тарихшы Б.А.Ахмедов шығыс жазба дерек мәліметтерінің негізінде «көшпелі өзбектер» мемлекетінің саяси мәселелеріне басты назар аударған. Этникалық мәселелерге шығыстанушы-ғалым онша көңіл бөлмеген.

Қазақстанның оңтүстігіндегі және қазақ этносы мекендеген басқа аумақтардағы тұрғындардың этникалық қауымдастығы  проблемасының маңызы аса зор. Жазба дерек және археологиялық материалдар бұл аудан тұрғындарының Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісуды мекендеушілермен саяси-шаруашылық және мәдени даму дәстүрімен ғана емес, этногенетикалық туыстығымен, ортақ этносаяси тағдырларымен де байланысты болғанын дәлелдейді. Қазақстандағы екі ірі этнисаяси бірлестіктердің кейіннен қазақтардың Орта жіне Ұлы жүздерін құраған Орталық Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанды мекендеген Қыпшақтар Одағы мен Оңтүстік-Шығыс Қазақстанды мекендеген Үйсіндер одағының түйіскен жері болатын.Олардың этникалық аумақтары солтүстік пен солтүстік-шығыста Ортаңғы Сырдария мен Қаратау алқабында көсіліп жатты. Сырдарияның төменгі сағасынан солтүтік-батысқа және солтүстікке қарай созылған кең-байтақ жерді қазақтың Кіші жүзі иеленді.Үш жүздің үшеуіде дерлік ортағасырлық Түркістан жерлеріне, яғни қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының басым бөлігіне шектес орналасты. XIV-XV ғасырларда Түркістанда (Сырдария бойындағы қалалар мен Қаратау ареалы аймағында) қыпшақтар, қаңлылар, арғындар, дулаттар, маңғыттар, жалайырлар, қазақ және өзбек рулары мен тайпаларының басқа да өкілдері тұрды.[13.301].

Олардың біреулері (қыпшақтар мен қаңлылар) бұл жерлерді көне заманнан бері мекен еткен; екіншілері (қоңыраттар, жалайырлар) монғол шапқыншылықтары кездерінде көшіп келген, олар өз құрамындарына бірқатар жергілікті рулар мен тайпалар жұрнақтарын қосып алып, өз есімдерін берген; үшіншілері (дулаттар, арғындар, маңғыттар және т.б.) Темір Барақ, Әбілқайыр мен Жәнібек, моғол ханы Жүніс пен Мұхаммед Шайбани соғыстары мен миграция тұсында пайда болған.Деректемелер бұл уақытта Түркістан аумағында қазақтардың, өзбектердің, қарақалпақтардың бірге тұрғанын хабарлайды. XVI ғасырдың аяғындағы вақфтық граотада Сығанақ пен оның төңірегіндегі тұрғындар құрамында Қазақтар, түріктер (өзбектер), арабтар (ежелгі заман шапқыншыларының ұрпақтары), қарақалпақ та болғанын айтады.Қазақтар мен өзбектердің, маңғыттар мен моғолдардың құрамына кірген әр түрлі рулар мен тайпалардың ұзақ уақыт Түркістан аумағында болуы жергілікті тұрғындарды этникалық шұбарлыққа үшыратты.[13.302].

Жалпы қахақ халқының қалыптасыуы кезеңінде жоғарыда айтқанымыздай, көптеген халықтар мен тайпалар тоғысып жатты. Қазақ хылқының қалыптасып, қазақтар мекендеген этникалық аумақ қазақ жері болып бекімей тұрып, ірі этникалық және этно-саяси топтардың пйда болып, кейінен тарап, кеткен маңғыт руының түбінде әр түрлі себептерге байланысты Ресейдің Астрахань, Ставрополь аймақтарында, Солтүстік Кавказ өлкелеріне, Дағыстанда, Шешенстанда, Туркияда, Румынияда, Қырым Ресейге қосылған соң Қырым Ноғайлары (маңғыттары) деп атаған. Қазақ халқының қалыптасуының барысында жоғарыдағы аталған елдерге тарап кетеді. Бүгінгі таңда олардың ұрпақтары сол аталған елдерде өмір сүруде. Қазақ халқының қалыптауының аяқталып біткен кезеңінде Қазақстанның Атырау, Орал, Ақтөбе облыстарында яғни Батыс Қазақстанда да маңғыттар руы кездеседі. Сондықтан болар, Батыс Қазақстан бөлегінің көбісі Кіші жүз рулары, қазіргі таңда маңғыттарды кірме ру ретінде қазақтың Кіші жүзіне жатқызуы осы жағрафиялық жағдайына байланысты болуы әбден мүмкін. Ал, маңғыттардың Оңтүстік Қазақстанда да өмір сүруі кезіндегі саяси жағдайға немесе этно-саяси топтармен бірге келген болар. Себебі, Қазақстан халқының және басқа қазақтар мекендеген аумақтардың этникалық бірігу мәселесінің өз ерекшеліктері бар.Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Батыс Жетісу аумақтары ертеден ежелгі Қазақстандағы екі ірі этнисаяси бірлестіктердің кейіннен қазақтардың Орта жіне Ұлы жүздерін құраған Орталық Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанды мекендеген Қыпшақтар Одағы мен Оңтүстік-Шығыс Қазақстанды мекендеген Үйсіндер одағының түйіскен жері болатын. Осы Қыпшақ руларының ішіндегі түркі-тілдес рулар мен бірге, және де діни жағдайларға байланысты да Қазақстанның Оңтүстігіне келген. Қазақстанның қай жерінде қандай рулар болды, олардың барлығы Мыс: Оңтүстік Қазақстанда тұрған рулар Оңтүстік Қазақстанға тән ерекше этникалық жиынтық болды. 

Еділ мен Жайықта емін-еркін көшіп жүрген маңғыттар бүгінде жоғарғы аталған елдерде, олардың ұрпақтары өмір сүріп жатыр.Мыс: 2002 жылғы есеп бойынша Ресейдегі Ноғай (маңғыт) халқының барлық саны 91 мың адамды құраған.Қырым Ресейге қосылған соң, 500 Қырым ноғайлары (маңғыттары) Туркияға көшіп кетті.

 

 

  ҚОРЫТЫНДЫ

Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихында зор маңызға ие болған тарихи оқиғалардың қатарында ерекше орын алатын ірі оқиғаға Қазақ хандығының құрылуы жатады. Қазақ хандығының құрылуы ХІІІ-ХҮ ғасырларда Дешті Қыпшақта болған этникалық процестердің және ХҮ ғасырдың I жартысында жоғарыда аталған аймақтар мен Мәуереннахрда, Оңтүстік Сібір мен Батыс Сібірде, Алтын Орда мен Ноғай Ордасында, болған этно-саяси процесттердің  қарым-қатынастары барысында болған заңды дамудың нәтижесі. XIII ғасыр басында бұл аймақтардың этникалық топтардың картасы моңғол жаулап алуына байланысты толығымен өзгеріп, этникалық процестер барысы біршама тежеледі. XIII ғасырдың басына дейін қыпшақ дәуірінде Қазақстан аумағындағы этникалық процесс халықтық деңгейге жақындаған еді. Ортақ этникалық кеңістік қалыптасып болған да болатын. Бірақ оның толығымен шегіне жетуіне саяси-әлеуметтік ұйым-мемлекет қажетті шарттар жасай алмады. XV ғасырдың ортасынан бастап Ноғай Ордасы  ішкі және сыртқы факторлардың нәтижесінде бытыраңқылық күйге түсті де, XV ғасыр басындағы моңғолдар шапқыншылығына төтеп бере алмады. ХV ғасыр басында өзінен әлдеқайда мықты мемлекеттік жүйеге орын берді. Соның нәтижесінде этникалық процесс жаңа бір тарихи дәуірді — моңғол үстемдігі дәуірін басынан өткеруге тура келді.

Ноғай Ордасының мемлекеттік жүйесі XIV-XVғғ. Алтын Орда  мемлекетінен ыдырауынан бастау алып, түрік дәуірінде жалғасын тапқан терең тамырлы жүйе болды. Бұл мемлекеттік этникалық құрылымы XIV-XV ғғ. Дешті Қыпшақтағы ру-тайпалардан тұрды. Бұл елдің этникалық процесі моңғол дәуірінде біршама уақытқа үзіліп барып, қайта жанданды. XIII — ХҮ ғасырларда этникалық процестің дамуы қыпшақтық бағытта жүреді.XIҮ ғасырдан бастап моңғолдық этнокомпоненттер жергілікті кеңістікке толығымен сіңіседі де, өзіндік этноерекшеліктерінен айырылады. Сол сияқты, осы кезеңде мемлекеттік жүйе де жергілікті этностың ыңғайына бейімделеді. Сөйтіп бұрынғы тежелген этникалық процесс жаңа қарқында, жаңа сапада дами бастайды. ХІҮ ғасырда пайда болған Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір хандығы, Мәуереннахр секілді мемлекеттер моңғол жаулап алушыларының емес, жергілікті халықтардың мемлекеті еді. Бірақ бұл мемлекеттер жергілікті этникалық күштерге негізделгенімен, мемлекеттік жүйеде моңғолдық жүйе сақталып қалады.

Қазақ тарихын құраған ру-тайпалар мен ноғай (маңғыт этнонимі ) этно-тарихи байланысы болған.

XIII ғасырдың басында мемлекеттердің барлығында дерлік түркі монғол ру-тайпалары жерлердің бәрінде орнықты. ХІҮ ғасырға дейінгі аралықта аймақтарда жүрген этникалық процестер моңғолдық элементтерді толық жойып, қыпшақтандырды. Моңғолдар жергілікті халықтардың тілін, әдет-ғұрпын, дәстүрін, дінін қабылдады. Әсіресе ислам дінінің ХІҮ ғасырдың бірінші жартысында моңғол билеушілері арасында мойындалуы бір болмыс, бір дүниетанымның қалыптасқанын көрсетті. Тек хандық билікті басқару мен мұралануда Шыңғыс хан енгізген моңғолдық дәстүр сақталып қалды.

Ноғай Ордасындағы ру-тайпалардың бөлінуіне сол кездегі мемлекеттердің  арасындағы күрес ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы жаулап алынған жерлердегі тарихи оқиғаларға негіз болды. ХІҮ ғасырдан бастап жергілікті ру-тайпалардың басшылары мемлекеттік билікке араласа бастайды. Оған мысал ретінде Дешті Қыпшақтағы Едіге, қият Мамай, Жыр Құтлы, Исатай, Теңіз Бұға, Мәуереннахрдағы Әмір Темір мемлекетін, Моғолстандағы дулат тайпасының әмірлері Болатшы, Қамараддин, Құдайдат т.б. әмірлердің билікті өз қолына алуын айтуға болады.

Аймақтарда ХІҮ-ХҮ ғасырларда болған Дешті Қыпшақ ру-тайпаларының шашырауы нәтижесінен барып, жтникалық ұғымдарыдың жалпы аты атала бастады. Аймақтардағы этникалық даму ХҮ ғасырда жаңа этностарды дүниеге әкеледі. Жаңа этностар болса өзінің этносаяси, территориялық мүддесін қорғай алатын және оларды дамытатын жаңа саяси кұрылымдарды өмірге әкеледі. ХҮ ғасырдың ортасында этникалық, рухани процестердің дамуы тарих сахнасына Қазақ хандығы мен қазақ халқын шығарады.

Қазақ хандығы — толыққанды жергілікті этностың саяси құрылымы болды. Халық пен мемлекет арасындағы өзара қатынастардың қалыптасып, нығаюы халықтық сана-сезімнің пайда болуымен тығыз байланысты. Бұл Қазақ хандығының бағытын айқындады, олардың этникалық сана сезімін қалыптастырды. Егерде Қазақ хандығы құрылғанға дейін Дешті Қыпшақ тұрғындары жалпы атаумен «көшпелі өзбектер» деп аталып келсе, ХҮ ғасырдың ортасынан бастап жалпы этноним нақтыланады. Қазақстан аумағында ХІ-ХІҮ ғасырлардағы «қыпшақтар», ХІҮ-ХҮ ғасырлардағы «көшпелі өзбектер» атауын ХҮ ғасырдың ортасынан бастап «қазақ» атты этноним ығыстырып шығарады. Қазіргі күнге дейін бұл этноним осы территорияның негізгі этносы ретінде қолданып келеді. Сөйтіп, Қазақ хандығының құрылуы аймақтарда ежелден бері жалғасып келе жатқан этникалық процесті жаңа белеске жеткізіп, халықтық деңгейге көтереді. Қазақ хандығы дәуірі деп аталатын жаңа бір дәуір басталады.

         Бұрын Ноғай одағына қараған қазақ тайпалары және олардың этникалық территориясы Қазақ хандығына бірікті. Бұрын Ноғай одағының астанасы болып келген Сарайшық қаласы да қазақ хандығына өтті. Бұл қазақ хандығының, қазақ тайпаларының және қазақтардың этникалық территориясыын біріктіру жолында жасаған жеңісті қадамдарының бірі болды.

XIII-XV ғғ. Ноғай Ордасындағы маңғыттар әр түрлі саяси жағдайларға байланысты, олар территориясы мен этникалық тұрақтылығынан айырылды. Бүгінгі таңда олардың ұрпақтары Орыс жерлерінде (Астрахан) өңірінде болса, Қарақалпақсатн, Өзбекістан, Қазақстанның Батыс және Оңтүстік аймақтарында кездесіп отырады. Ноғай ордасының ыдырауы, оған қарасты қазақ тайпалары мен олардың мекендеген жерлерінің қазақ хандығына қосылуы хандықтың батыс,солтүстік және оңтүстік жағындағы жағдайда өзгеріс тудырды.

Жалпы қорыта айтқанда қахақ халқының қалыптасыуы кезеңінде жоғарыда айтқанымыздай, көптеген халықтар мен тайпалар тоғысып жатты. Қазақ хылқының қалыптасып, қазақтар мекендеген этникалық аумақ қазақ жері болып бекімей тұрып, ірі этникалық және этно-саяси топтардың пайда болып, кейінен тарап кеткен маңғыт руының түбінде әр түрлі себептерге байланысты Ресейдің Астрахань, Ставрополь аймақтарында, Солтүстік Кавказ өлкелеріне, Дағыстанда, Шешенстанда, Туркияда, Румынияда, Қырым Ресейге қосылған соң Қырым Ноғайлары (маңғыттары) деп атаған. Қазақ халқының қалыптасуының барысында жоғарыдағы аталған елдерге тарап кетеді. Бүгінгі таңда олардың ұрпақтары сол аталған елдерде өмір сүруде. Қазақ халқының қалыптауының аяқталып біткен кезеңінде Қазақстанның Атырау, Орал, Ақтөбе облыстарында яғни Батыс Қазақстанда да маңғыттар руы кездеседі. Сондықтан болар, Батыс Қазақстан бөлегінің көбісі Кіші жүз рулары, қазіргі таңда маңғыттарды кірме ру ретінде қазақтың Кіші жүзіне жатқызуы осы жағрафиялық жағдайына байланысты болуы әбден мүмкін. Ал, маңғыттардың Оңтүстік Қазақстанда да өмір сүруі кезіндегі саяси жағдайға немесе этно-саяси топтармен бірге келген болар. Себебі, Қазақстан халқының және басқа қазақтар мекендеген аумақтардың этникалық бірігу мәселесінің өз ерекшеліктері бар.Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік Батыс Жетісу аумақтары ертеден ежелгі Қазақстандағы екі ірі этнисаяси бірлестіктердің кейіннен қазақтардың Орта жіне Ұлы жүздерін құраған Орталық Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанды мекендеген Қыпшақтар Одағы мен Оңтүстік-Шығыс Қазақстанды мекендеген Үйсіндер одағының түйіскен жері болатын. Осы Қыпшақ руларының ішіндегі түркі-тілдес рулар мен бірге, және де діни жағдайларға байланысты да Қазақстанның Оңтүстігіне келген. Қазақстанның қай жерінде қандай рулар болды, олардың барлығы Мыс: Оңтүстік Қазақстанда тұрған рулар Оңтүстік Қазақстанға тән ерекше этникалық жиынтық болды. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. В.В. Трепавлов История Ногайской Орды. М.,2002. 752 б.
  2. С.Г.Кляшторный, Т.И.Султанов Казахстан летопись трех тысячелетий А., 1992.-373 б.
  3. Т.И.Султанов «Кочевые племена Приаралья в XV-XVI вв.» А., 1982.-123 б.
  4. Пищулина К.А. Юго-Восточный Казахстан в середине ХІҮ- начале ХҮІ вв. А., 1977
  5. Ахмедов Б.А. Государство кочевых узбеков. М., 1965. 193 б.
  6. //Алаш журн. №2 (2), 2005 151 б.
  7. Калмыков И.Х., Керейтов Р.Х., Сикалиев А.И.Нойгайцы. Историко-этногрфический очерк.-Черкаск. 1988. 26 б.
  8. А.Күзембайұлы, Е. Әбіл История Республики Казахстан Астана., 2000.400 б.
  9. К.Аманжолов, Қ.Рахметов Түркі халықтарының тарихы. А., 1997.-278 б.
  10. Сафаргалиев М. Г. Распад Золотой Орды. — Саранск, 1960.
  11. Рашид-ад Дин. Сборник летописей. Т. II. М.-Л., 1960.
  12. Фазлаллах ибн Рузбехан Исфахани. Михман наме-ий Бухара. М., 1976.
  13. Қазақстан тарихы очерктер А., 1994
  14. Баскаков Н.А. Ногайский язык и ого диалекты.-М-Л., 1940 -184 б.
  15. Б.Қ.Албани тарихи таным А., 1994.
  16. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарих-и Рашиди. А., 2003
  17. В.Г.Тизенгаузен Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды, т.II М.-Л., 1941,
  18. Греков Б.Д., Якубовский А.Ю. Золотая Орда и ее падение. М.-Л., 1950.
  19. Сборник материалов, относяшихся к истории Золотой Орды.Т.І,Спб., 1884.т. II. М.-Л., 1960.
  20. Қазақстан тарихы II том.А., 1998.633 б.
  21. Л.Н.Гумилев өзінің Деревня Русь и Великая степь.-М.,1992.-458 б.
  22. Веселовсккий Н.И.Хан из темников Золотой Орды. Ногай и его времия.1922.Т.XIII.№6.

Қазақ ру-тайпаларының тарихы VII том.Рамадан 2006. 46 б.

  1. Әбілғазы. Түрік шежіресі. А., 1992.
  2. Құдайбердіұлы Ш. Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі. А.,
  3. Қадығали Жалаири. Шежірелер жинағы. А.,1997.
  4. // Алаш журн.№2(5), 2006 Б.Б. Кәрібаев «ноғай» және «маңғыт» атаулары жөнінде
  5. Ибрагимов С.К. Материалы по истории таджиков и узбеков Средней Азии. Т.ХІІ. Вып.І. Сталинабад, 1954.
  6. Бартольд В.В. Сочинения. Т. Ү. М., 1968. 395-б.
  7. Қазақ энциклопедиясы 2 том. 6 б.

30.Х.Құрбанғали. Таурих хамса: (Бес тарих). Екінші басылым.А.,  1992-304 б.

  1. С.Шаухаманов //Таң-шолпан журн. №3 2005
  2. Д.Тұрантегі, Ж. Боранбай Баба Түкті Шашты Әзіз Шымкен 1996.-42 б.
  3. Мәшһүр Жүсіп «Ер Едіге » жыр
  4. Қ.Тобылдиев Қазақ батыры. Астана 2008.
  5. Батырлар жыры (1.Қырымның 40 батры, 2.Алпамыс, 3.Қобыланды батыр)
  6. Т.Омарбеков, Ш.Омарбеков Қазақстан таихына және таринамасына ұлттық көзқарас А., 2004.-379 б.
  7. Материалы по истории Казахских ханств XV-XIII вв. (Извлечение из персидских и тюркских сочинений).-А.,1969-97 б.
  8. Сыздыкова Р., Қойгелдиев М.Қадырғали би Қосымұлы және оның жинамалар жинағы. А.,1991.-272 б.
  9. Қазақ совет энциклопедиясы.- Т.7, Б.451.; 8 томы, 392 б.
  10. Шараф ад-Дин Йазди. Зафар- наме.-Ташкент.,1972.-1440 б.
  11. Низам-ад-дин Шами. Книга повед. //Прошлое Казахстана в письменных источниках V в. До н.э.-XV в.н.э.// (Извлечения из источников). Құрастырған Е.Бекмаханов А.,; Өлке, 1997.-370 б.
  12. Махмуд ибн Уәли. Бахр ал -асрар фи манакиб ал ахийар// МИКХ,

        1969.

  1. Юдин В.П. Орды: Белая, Синяя, Серая, Золотая…//Утемиш Хаджи. Чингиз- наме. А., 1992
  2. Бартольд В.В. Сочинения. Т. Ү. М., 1968. 395-б.
  3. Сборник материалов, относяшихся к истории Золотой Орды. Т.І, Спб., 1884. т. II. М.-Л., 1960.
  4. Федоров-Давыдов Г.А. Общественный строй Золотой Орды. М., 1973. Федоров-Давыдов Г.А. Кочевники Восточной Европы под властью Золотоордынских ханов. М., 1966.