АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдык жумыс: Қазақ тілі пәні бойынша оқу — әдістемелік кешенді жүзеге асыру

Пікір

 

      Студенттің диплом жұмысы Қазақ тілі пәні бойынша оқу-әдістемелік кешенді жүзеге асыру мәсселесіне арналған. Бұл тақырыпты өзекті деуге толық негіз бар. Бұл туралы «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасында: Жалпы білім беретін мектептердің өздігінен дамуының ішкі шарты – оның тұтас оқу-әдістемелік жүйесін жасау», — деп көрсетілген. Мұның өзі әр пән бойынша оқу-әдістемелік кешеннің толық болуын оқыту процесінде атқаратын ерекше рөлі бар екенін дәлелдейді.

     Жұмыстың кіріспе бөлімінде тақырыптың мақсат-міндеттері, объектісі, пәні, әдістері дұрыс көрсетілген.

     Жұмыстың бірінші тарауында «оқу-әдістемелік кешені» ұғымына түсінік беріліп, оқыту процесіне жаңа оқу-әдістемелік кешенді енгізудің мүмкіндіктері мен шарттары туралы жан-жақты баяндалған. Ал екінші тарауда бастауыш сатыдағы Қазақ тілі оқулығымен оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны мен құрылымы талданған.

     Жаңа буын Қазақ тілі оқулығының ерекшеліктері, материалдардың берілу жолына толық талдау жасалған. Сондай-ақ оқыту әдістемесі, дидактикалық материалдар, диктанттар жинағын сабақта пайдалану жолдары туралы сөз болады. Мұғалімдер тәжірибесі, сонымен қатар өзінің сабақ үлгісі келтірілген.

     Қорыта айтқанда ………………………………. диплом жұмысы талапқа сай жазылған, ол тақырыпты толық менгерген. диплом жұмысын қорғауға ұсынуға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе………………………………………………………………………………………………………

 

I тарау. Жаңа оқу — әдістемелік кешенінді мектеп тәжірибесіне еңгізу

                                  маңызы……………………………………………………………………….

1.1. Жаңа оқу — әдістемелік кешенге түсінік және оның атқаратын

                                  қызметі……………………………………………………………………….

1.2. Бастауыш сынып оқыту процесіне жаңа оқу — әдістемелік кешенді    

                                  енгізудің мүмкіндіктері мен шарттары………………………..

 

II тарау. Қазақ тілі пәні бойынша  жаңа оқу — әдістемелік кешенін жүзеге

                                  асыру жолдары ………………………………………………………….

2.1. Қазақ тілі оқулығы мен оқу әдістемелік кешенінің мазмұны мен

                                   құрылымы………………………………………………………………… 

2.2. Мұғалімдер тәжірибесі ………………………………………………………………………

 

Қорытынды………………………………………………………………………………………………

Пайдалынған әдебиеттер…………………………………………………………………………..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

      Әлемдік білім кеңістігінің даму тарихы, оның әр кезеңіндегі айқындаған тенденциялары әр халықтың гүлденіп өркендеуінің, қоғамдағы прогрессивтік өзгерістердің білімге байланыстылығын, жалпы білім саласының маңыздылығын дәлелдейді әрбір мемлекеттің интелектуалдық, экономикалық, парасаттылық және оның  даму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты  екендігін педагогика ғылымы мен білімнің даму тарихы айқындайды .

      Әрбір тарихи кезеңде қоғамда туындаған туындаған талаптарға сай  жас өспірім ұрпаққа берілетін  білімнің мәніне жаңа сипат беріліп, жаңа ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады. Әдетте бұл жеке мемлекеттің білім жүйесіндегі реформалармен жалғасады. Жүргізілетін реформалар тереңдігі, ауқымы сол қоғамның білім мәні бойынша алған ұстанымына байланысты.

       Қоғам дамуының әр кезеңінде жас ұрпаққа берілетін білімніңққ құрамы мен құрылымына қойылатын жаңа талаптар мен соған сай енгізілетін өзгерістердің сипаты сыртқы және ішкі факторлардың негізінде айқындалады Осы тұрғыдан жалпы білімберу жүйесіндегі бетбұрыстардың себепшісі болып жатқан саяси әлеуметтік,экономикалық өзгеістер, әлемдік деңгейдегі білім берудің жаңашыл үрдістері жатады.

      Еліміздегі саяси өзгерістердің нәтижесі болған егемендіктің арқасында білім саласында қоғамның басқа салалары сияқты бетбұрыс басталды. Ең бастысы кең ауқымды ізденістерге бағыт бағдар берерлік нормативтік құқықтық база құрылып, білімберу  саясаты айқындалды. Дәлірек айтсақ; «Білім туралы», «Ғылым туралы» Заңдар мен оларды жүзеге асыруға бағытталған Үкімет қаулылары қабылданды. Аталған заңдар мен қаулыларды   жүзеге асыру шаралары аясында «Білім беруді қолдаудың мемлекеттік бағдарламасының жобасы дайындалды. Сонымен қатар, кейінгі кезде мемлекеттік деңгейде қабылданып жатқан Қазақстан Республикасы дамуының стратегиялық жоспарларында білім саласының дамуына да үлкен мән берілді. Білім беру жүйесін реформалауға қатысты қабылданған, жоба деңгейінде дайындалған құжаттарда білім беру салаларының мақсат, міндеттерін, құрылымын, мазмұнын бүкіл әлемдік талаптар тұрғысынан жаңа сапалық деңгейге көтеру және ұлттық болмысқа сай жаңарту көзделген».

     Қазақстан Республикасы білім жүйесін 2015 жылға дейінгі дамыту тұжырымдамасында «әлемдік білім беру кеңістігіне ықпалдастырылған және тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын көп деңгейлі үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру үшін білім беруді дамытудағы стратегиялық басымдықтарды белгілеу» -деп атап көрсетілген.

      Ал, білім беруді ұйымдастырудың тұжырымдамалық — әдіснамалық негіздеріне келсек, «Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасында: «Жалпы білім беретін мектептердің оздігінен дамуының ішкішарты – оның тұтас оқу — әдістемелік жүйесін жасау», — деп атап көрсете келіп, «Мектепті қайта құру барысында ізгілендіру, демократияландыру, ұлттық және аймақтық ерекшеліктерді ескеру, даралап  және саралап оқыту сияқты жетекші принциптер басшылыққа алынады» – делінген.Сондықтан жалпы білім беру жүйесіндегі басты ұстанымдардың бірі, ғылымның барлық салаларынан білім беру болды. Сөйтіп білім мазмұнының құрамы мен құрылымын анықтауда пәндік принцип басшылыққа алынды.

    Сондықтан  біз диплом жұмысының тақырыбын «Қазақ тілі пәні бойынша оқу — әдістемелік кешенді жүзеге асыру» – деп алдық.  

       Зерттеудің мақсаты: Қазақ тілі пәні бойынша оқу — әдістемелік кешенін жүзеге асырудың  дидактикалық және әдістемелік  жолдарын айқындау.

       Осы мақсаттан туындайтын міндеттер:

  1. Оқу — әдістемелік кешенге түсінік бере отырып, оны жүзеге асырудың мүмкіндіктері мен шарттарын көрсету.
  2. «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу әдістемелік кешеннің мазмұнын талдау.
  3. Оқу әдістемелік кешенін жүзеге асырудың жолдарын айқындау.

Зерттеу обьектісі: Бастауыш сыныптағы оқыту процесі

Зерттеу пәні: Қазақ тілі пәні бойынша оқу-әдістамелік кешенін жүзеге асыру

Зерттеу әдістері:

  1. Тақырыпқа сай ғылыми педагогиалық әдістемелік әдебиеттерді оқып пайдалану
  2. Озат мұғалімдердің іс-тәжірибесімен танысу
  3. Бақылау, әңгіме.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I тарау. Жаңа оқу — әдістемелік кешенді мектеп тәжірибесіне енгізудің                      

                                                          маңызы

 

1.1. Жаңа оқу — әдістемелік кешенге түсінік және оның атқаратын

                                                     қызметі

 

        Қазақстан Республикасының егемендігі, ондағы туындап жатқан әлеуметтік- эконмикалық өзгерістер, Республиканың әлемдік кеңістігіне енуіне байланысты қазіргі кезеңдегі мемлекеттік білік беру саясатының жүзеге асыруын және жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес мазмұны мен оқытудың барлық әдістемелік жүйесін қайта құруды талап етуде.Қоғамның білім беру жүйесіне қойып отырған әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асыруы өз кезегінде жаңа буын оқулықтар мен

оқу- әдістемелік кешенді алып келді.

      «Жалпы білім беретін мектептің  бастауыш сатысындағы білім мазмұнының тұжырымдамасында»  бастауыш мектептің маңызы мен  қызметі, оның білім беру   жүйесіндегі басқа буындармен тек сабақтас

болуымен ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасы ұйытқысының қалыптасуы мен дамуы қуатты жүретін ерекше құнды, қайталанбайтын буын екендігімен анықталып негізделеді делінген.

         Бастауыш мектеп үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы ретінде өзінің. Белгілі қызметін атқарады, оның құрлымы мен мазмұны, оқыту әдістері, оқу-әдістемелік кешендері жаңартылды. Оқу — әдістемелік кешен деп дидактикалық — әдістемелік құралдардың жиынтығын атайды.Оның өзегі оқушының танымдық әрекетіе басқарудың әдістемелік жүйесі тұтастығын қамтамасыз ететін оқулық болып табылады.

       Оқулық – оқу-әдістемелік кешеннің дидактикалық өзегі. Оқулық —  оқушыларға білім берудің негізгі көзі.

       Оқулықтың атқаратын үш міндеті – оқушыға білім беру, ой — өрісін дамыту және тәрбиелеу, әр сыныптың мектептегі оқыту жүйесіндегі қойылган мақсатына қарай айқындалады. Өйткені, оқулық сол сыныпқа

арналған бағдарламада көрсетілген материалдан ғана емес, сонымен бірге оқушының оқулықпен жұмыс істеу бағдарламасын, игерген білімдерін өзіндік бақылау жүйесінен тұрады. Онда оқушының оқу материалымен істелетін жұмыстарды (мысалы: оқып шығу, бұрын алған материалдарына сүйеніп, тапсырманың тастап кеткен тұстарын толтыру, сұрақтарға жауап беру немесе бірнеше жауаптың ішінен дұрысын табу т.б) белгілі бір тәртіппен орындау жөнінде де нұсқау берілген.

       Оқулықтың атқаратын міндеттері үйлестірушілік қызметі оның басқа оқу құралдарын өз төңірегіне топтастырып, олардың ұйытқысы болуынан көрінеді.

       Барлық басқа құралдар оқулықта көрініс тапқан бағдарлама мақсаттары-на қол жеткізуге қызмет етеді. Сөйтіп,оқулықтың бұл қызметі мұғалімнің білім берудің даралық тәсілін жүзеге асыруына, оқушылардың ақпараттар тасқынын бағдарлай білулеріне,алған білімдерін тереңдете түсулеріне және ол білімдерді практикада қолдана білу шеберліктерін қалыптастыуға арналған.

        Бастауыш мектеп үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы ретінде өзінің белгілі қызметін атқарады,оның құрылымы мен мазмұнын оқыту әдістері, оқу әдістемелік кешендері заман талабына сай жаңартылды.

        Білім беру ісі қай кезде болсын озық ойшылдар мен елбасыларының ерекше назарында  болған. Бұл жүйе – көп салалы, өте күрделі жүйе. Ғылымның негізі білімде болса, білімнің іргетасы орта мектепте қаланады. Сондықтан біз елдің келешегін, мемлекетіміздің дамып гулденуін діттер болсақ, ең алдымен: «Орта мектепте білім беру жайы қандай деңгейде» — деген сұрақты алға тартуымыз қажет. Ал білімнің қайнар көзі – оқулықта екенін әсте естен шығаруға болмайды.

         Елімізде білім беру жүйесін реформалауда атқарылып жатқан ауқымды  іс-шаралардың қатарында жаңа буын оқулықтарын шығару міндеті тұрды. Үкіметтің арнайы қаулысымен 1996 жылдың  26 қыркуйегінде бекітілген  жалпы білім беретін мектептер үшін оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындаудың және басын шығарудың мақсатты бағдарламасы бекітілген болатын. Бағдарламаға сәйкес 2000-2001 оқу жылында еліміздің барлық 1-4 сынып оқушылары жаңа буын оқулықтармен  толық қамтамасыз етілді. Бұл — қазіргі уақытта мыңнан аса оқулықтар  мен оқу-әдістемелік кешендер тугел қамтамасыз етілді деген сөз .

        Жалпы қазақ тілінде оқытатын мектеп ашып,оқулық жазу ісі  ХХ ғасырдың алғашқы 10-15 жылында едәуір жандана түсті. Бұл кезде қазақ зиялыларының әмбебап дарынды және қоғамдық – саяси белсенділігі кушті, қуатты шоғыры қалыптасқан еді.Олардың көпшілігі алғашқы қадамдарын  мұғалімдіктен бастаған,ағарту ісіне жетік кісілер еді. Олар халықтың болашағын жас ұрпақты оқытып,оларға жаңаша білім,тәрбие беретін ұлттық мектеппен байланыстыра қарастырды. Қазақ топырағындағы ояну кезеңнің ең көрнекті кемел тұлғасы Ахмет Байтұрсынұлы «Мектеп-оқу таза ана тілінде жүретін мектеп болу керек, ондағы оқу мазмұны халық білімін, бағзыдан бірге жасасып келе жатқан салт-дәстүр, тәрбие жол-жосығымен, бостандыққа ұмтылған мақсат – мұратыменетене қабысып жатуы,заманауи білім беруі керек» деп жазды. Ғұламаның 1910 жылы жарық көрген тұңғыш  басылым Әліппесі мен 1912-1914 жылдары басылып шыққан «Оқу кітаптарында» жоғарыда аталған талаптар басшылыққа алынған.

       Қазақ даласында ағартушылар идеялары өріс алып, оқуға ұмтылыс арта түскенімен, ұлт мектептерінің дамуы өте баяу болды, оқулықтар мен оқу құралдары да талап деңгейінен төмен, кездейсоқ, жүрдім-жаздым жазылады.

Оның басты себептерінің ьірі- патша үкіметінің ұлттық оянуға түрткң болатын үрдістерге  жол бермей,бүратана халықтарды орыстандыру бағытын

күейте түсуі еді. Қазан университетінің профессоры, миссионер Н.М.Ильминский  «Мектеп ашу арқылы бөгде халықтарды оқыту жүйесін алға қоятын мақсаты — оларды орыстандыру және тіл жағынан да, дін жағынан да орыстарға мүлде қосып жіберу» деп, тап сол кезеңде жазған болатын (Бейсембаев К. Из истории общественной мысли Казакстана – второй половины ХХ века, Алма-Ата, 1957,142-бет.).

      Жоғарыда айтқанымыздай алпыс жылдан аса уақыт бойы Карпат тауларынан Чукоткаға дейін, Челюскин мүйісінен Кушкаға дейінгі алып елде қоғамдық даму деңгейі, мәдениеті мен ұлттық менталитеті, дүние танымы  әр – түрлі көптеген ұлттар өмір сүрді. Бірақ, олардың мектептерінде бұл ұлттар  жайлы білім нанымы  мүлдем аз, тіпті мүлде жоқ, тек қана ірі қала мектептерінің ерекшеліктерінбілетін авторлар дайындаған оқу жоспары,оқу  бағдарламалары, оқулықтар мен басқа да оқу құралдары пайдаланылды. Бұл өз  кезегінде орыс тілінен басқа ұлт мектептеріндегі оқушылардың білім сапасына теріс ықпалын тигізді.

      Осындай жағдайдаы ескере отырып, республика ғалымдары  еліміздің саяси-экономикалық, әлеуметтік даму тенденциясын, республикамыздың аймақтық ерекшеліктерін, әлемдік деңгейдегі  білім беру  бағытының даму ерекшеліктерін, ескере отырып,  базистік оқу жоспарын  дайындап  мектепке енгізуді бірте-бірте  жүзеге  асырып  келеді.  Біздің базистік оқу  жоспары-ның Ресейдегі  сәйкес құжаттан  айырмашылығы  үлкен.  Сондықтан, бұл нормативті   құжат  негізінде  дайындалған  оқу бағдарламаларының, оқулықтар мен  оқу-әдістемелік  кешендердің  Ресейдегі  осы аттас  мәселелерден  айырмашылығы  үлкен. Соған  қарамай, кейбір  мектептерде   Ресей  оқулықтарын  пайдалану  жағы  бар.  Мұнда  Ресей  оқулықтарын  пайдаланудың  тәуелсіздігімізге, ішкі ісімізге  қол сұғу  жағын ескермей-ақ, таза  педагогикалық, әдістемелік жағын  математиканың мысалында қарап көрейікші. Ресейде  қазір  бастауыш  математикаға  арналған  оқулық  көп.  Бірақ, ол  оқулықтардың  өзіндік  ерекшеліктері  бар. Мұнда  тіпті адамның, жер-судың, тау-тастың, ауыл-қаланың,  аттары  немесе  мақалада  айтылған  рубль-теңге  сияқтылар  жайлы  мәселені есептемегеннің  өзінде  олардың  мектептерінің  құрылымы  біздікімен  барлық  кезде  сәйкес  емес.  Сондықтан, біздің  кітап  дүкендеріміздегі   кейбір  Ресей  оқулықтары үш жылдық  бастауыш  мектепке  арналған және мұндағы ең бір ескеретін  жәй,  мектепке  арналған  және  мұндағы ең бір ескеретін  жай,олардың кейбіреуі- байқау  оқулықтары.  Мысалы:

       1.В.В.Давыдов, С.Ф.Горбов.    Г.Г.Микулина. О.В.Савельева.

       Әйгілі  ақын  М.Жұмабаев  1921жылы   «Бостандық  туы» газетінде  жарияланған  «Жазылшақ  оқу  құралдары  һөм  мектебіміз» деген  бағдарламалық  мақаласында:»Қазақтың  тағдыры,  келешекте  ел  болуы  да  мектебінің  қандай  құрылуына  барып  тіреледі.   Мектебімізде  таза, сау,берік  һәм  өз  жонымызға  қабыстын,  үйлесетін   негізге  құра  алмасақ,  келешегіміз  күңгірт»   деп, сол  кезеңдегі  қазақ  зиялыларының  ортақ  ойын  білдірді. Жас кемеңгер  М.Әуезов: «Ел  болам  десең  -бесіңді  түзе!»  деген  қанатты  сөзін  де  осы  кезеңде  айтқан  еді.   Бірақ  зиялылардың  ұйытқы  тобы- 20-жылдардың  аяғына  қарай  ұзамай  шеттеліп,оның  ақыры  жаппай  қадалауға  ұласты.  Соның  салдарынан  оқулық  жазу  ісі  іркіліске  ұшырады ал  олардың «ұлт  жанына  қабысуы»  туралы  мәселе  жайына  қалды.   

        1926 жылы қабылданған  еңбек  мектебінің  жарғысы  бойынша 

Қазақстандағы  білім беру  жүйесі  КСРО—лық  ортақ  жүйеге  көшірілді.  Осы  тәртіп, негізінен,кеше Кеңес Одағы  тарап  кеткенге  дейін  сақталды. 

        Ғасыр  басынан  бергі   40-50 жыл  ішінде  тәжірибелі  де  білімді  көрнекті  қазақ  оқығандары  жазған  оқулықтар    мен   оқу  құралдары  «зиянды  дүниелер»  ретінде  кезек-кезегімен    жинап  алынып   немесе  жойылып    жіберіліп  отырды. Сөйтіп  қазақ  оқулықтарын  жасаудың  жарты  ғасырға  жуық  тәжірибесі  де,  мазмұндық-әдістемелік  сабақтастығы  да   еленбей  қала  берді.   Соның  салдарынан   қазақ  тілінде  оқулық  түзеудің  біртұтас   әдістемелік-дидактикалық    ұстанымдары  көпке  дейін   жасалмады,  әр  автор  оқулықты  өз  білгенінше  жазды.   

         КеңесОдағы  кезінде  қолданылған  ана  тілі  мен  әдебиетінен   басқа  оқулықтардың  бәрі   дерлік  аударма   оқулықтар  еді.   Орыстың  үлкен  оқымысты,  тәжірибелі   педагогтары  жазған  ол  оқулықтардың   ғылыми-әдістемелік  сапасының   жоғары  болғанын  жоққа   шығарудың    жөні  жоқ. Қазақ  жастарының  бірнеше  ұрпағы  солардың аудармаларынан   оқып, пән   негіздері   бойынша  тиянақты,  терең   білім  алып  шықты.    Әйтсе   де,   жоғалтқандары да  аз  емес.  Әлгі  оқулықтарды  оқып  отырып,  олар  өздерінің  қазақ  деген  жұрттың  перзенті   екенін,  елінің  тарихы   мен   салт-дәстүрі,  даңқты  ата-бабалары, сүйікті  атамекені,  тіпті  қазақы  аты-жөні  барын  еске  түсірерліктей   де  ештеңе  кездестірмеді.   Төл  оқулықтар-дың   өзінде   орыс  тіліндегідей    жазылатын   әрі   айтылатын  жат  жұрттық сөздер,  жер-су,   кісі  аттары  өріп   жүрді.     Тіліміз  қатты  шұбарланып,   жанға  жағымды  байырғы  әуен-мақамы   бұзылды.   Мәңгүрттік   дерт   осылайша  шым-шымдап  бойға  жұға   берді.  

        Дегенмен   қазақ   тілінде  оқитын   орта  мектептер  мен   жекелеген   факультеттерге   арнап   шын   мніндегі   сапалы    оқулықтар   жазған  аса  көрнекті   ғалымдар: Н.Сауранбаев, І.Кеңесбаев, М.Балақаев,  Қ.Жұмалиев, С.Аманжолов,  Е.Бекмақанов,  Б.Кенжебаев,  М.Ақышжанов,    М.Ғабдуллин,  Т.Тәжібаевтің,  оларға  ілесе  шыққан  дарындар: С.Қирабаев,  З.Қабдолов,  А.Нұрқатов,  К.Аханов,  Ә.Хасенов,Х.Әбілқаевтің,  гуманитар  емес  саланың   қазақша  ғылыми   тілін   қалыптастырып,  аударма-түсіндірме  сөздіктерін   түзеп,  оқулықтарын  сапалы  етіп   аударған  белгілі   ғалымдар:  О.Жәутіков,  Б.Бірімжанов,  Т.Дарқанбаев,  М.Ысқақов,   Т.Мұсақұлов,  Р.Бөкейхановтар-дың  еңбегін   ерекшелеп  атамау   әділеттік   болмас  еді.   Олар  өз  оқулық-тары  арқылы  егемендікке  ие  болар   ұрпақтарды   даярлауға  үлкен  үлес   қосты.   Ендеше  ХХ ғасырдың    алғашқы   ширегінде   қазақтың    кемеңгер   зиялылары    көтерген   оқу  құралдарының    «ұлт   мінезді»  болуы  жайын-дағы  өміршең    идеяларын, уақыт   өзгерістерін   ескере  отырып, жүзеге     асыратын  кез  енді  туды.  

        Оқытудың    мектептік, сыныптық   жүйесі   өмірге   келгелі, адамзат  өзінің   ұзақ   тарихында   жинақтаған  бағалы  білім, тәжірибелерін, ашқан  ғылыми  жаңалықтарын,  жасаған   рухани-мәдени   құндылықтары  мен  тәрбие,  өнеге   үрдістерін  жеткіншек   ұрпағына  шама-шарқына   шақтап,  сатылап   жеткізудің,  амалдап  үйретудің   оқулықтан   қолайлы   құралын   ойлап   тапқан   ешкім   жоқ. Білім   берудің   компьютерлік, аудиовизуал-дық   және   басқа   жаңа   құралдары    кеңінен,  тіпті   жаппай   іске  қосылып     отырған   біздің   дәуірде  де  мектеп  оқулығының   рөлі   арта   түспесе,  кемімейтіні    даусыз.

         Білім    беруді   қоғамның   әлеуметтік-экономикалық  құрылымынан,  мәдени   құндылықтарынан,  ұлттық  дәстүр,  рухани   негізден   бөле-жара  қарауға   болмайды.    Сонымен  қатар  онда   ғылым   мен   техниканың,   педагогиканың   жаңалықтары  да    барынша   ескерілуі   тиіс. Осы   екі   арна   мемлекеттік   оқу   бағдарламасында,  сол   негізде   оқу   құралдарын да    көрініс   тауып,   тоғыстырылуы   қажет. Жас  ұрпақты   халқымыздың     рухани  байлығымен   және   қазіргі    замандық   біліммен   қаруландырып    қана   қоймай,  олардың   бойына   жаңа   сапалы  дағдылар   мен  икемділіктерді   дамытуда  да  жаңа   буын   оқулықтарымыз   үлкен  рөл атқаратын   болады. Алмұндай  ауқымды, тарихи  мәнге   ие   міндеттің   үрдісінен   шығу   және  оны  біршама   қысқа   мерзімде  ойдағыдай  іске  асыру  біз  ойлағандай   оңай   шаруа   емес. Оқулық   шығаруға   қажетті   объективті    және   субъективті   шарт-жағдайлары  сайма-сай  өркениетті   елдердің  өзінде жаңа оқулықты құрастыра бастаудан оны   пайдаланушыларын-оқушылар   мен   оқытушыларға   жеткізуге   дейін,  шамамен,  бес  жылдай   уақыт   кететін   көрінеді. 

      Көрнекті    француз   педагогі   Р.Сегэн өзінің мектеп оқулықтарын талдауәдістемесі арналған іргелі еңбегінде қолжазбаны дайындау, редакциялау, басып шығару мен тарату 6 жыл керек депті. Мұндай пікірді орыс ғалымдары қолдайды. Ал француз тілінен орысшаға аударылып басылған «Мектеп оқулықтарын әзірлеу және талдау» (1998 ж.) атты көлемді зерттеудің авторлары алғашқы материал жинау және жоспар құруды, авторлар ұжымын жасақтап, оларды оқулық құраструға үйретуді де әзірлік кезенге жатқызып. соның бәріне кететін уақытты ұзарту түседі.

     Жаңа сапалы пән оқулықтарын түзу үшін, ғылымның не маман педагогтың қолына құлшынып қалам алуы ғана жеткіліксіз. Іс жүзінде атына заты сай оқулық жазу – орасан қиын іс ал оған қойылатын талаптар — өз алдына бір ғылым. Оқулық теориясын, оқулық жазуға қойылатын  дидактикалық талаптарды үңіле зерттеп,сол негізде жазбақшы оқулығына қатысты тыңғылықты әзірлік жұмысын жүргізбей тұрып, кімде болса, төтеден киіліп, сапалы оқулық хазып шығам десе, онысы көпіршілік. оқулық жазудың машақатын басына өткерген әйгілі ғалым, академик А. Колмагоров оның қиындығын жаңа бір реактивтік ұшақ құрастырып шығумен теңнген екен. мұның қаншалық дәл сәтті салыстыру екенін оқырманөзі пайымдай жатар, бірақ оның жеткіншек ұрпақ алдыңғы авторлық жауапкершілікті анық сезінуден туған аталы сөз екені даусыз.

      Авторлар көптеген мәселелерді өз түсінігі ауқымында шеше отырып, негізінен, бұрынғы немесе қазір Ресейде орыс тілінде жазылып, жарық көріп жатқан оқулықтарды бағдар етуде. Ал ресейліктердің өздері, атап айтқанда, жаңашыл озат ұстаздары соңғы 20-30 жылда оқу сапасы нашарлап, оқушылардың үлгірімі төмендеп кеткенін негізгі себебін оқулықтарының сапасыздығынан көреді.

       Бұл орайда ана тілімізде оқулық жазудың бұрын-соңды тәжірибелнрін зерттеп, жинақтаудың да берері аз болмас еді. Өкінішке орай, бұл жөнінде әзірге, тиіп-қашты ғана сөз болып жүр, қазақ тілінде оқулық жасаудың ғылыми ұстанымдарын арнайы зерттеген еңбектер жоқ. Егемен ел ретінде өзіміздің ұлттық төл оқулықтарымызды шығаруға кіріскен қазіргі кезде бұл оқулық, әсіресе айқын байқалуда.

        Білім мазмұнын мектепте тиімді оқытып, оның басты мақсатын жүзеге асыру оқытуды оқу- әдістемелік жағынан қамтамасыз етумен тікелей байланысты.

        Әрбір комплекске кіретін ең негізгі деген оқу — әдістемелік құралдардың тізімі:

  1.  
  2. Оқу әдістемелік.
  3. Оқулық
  4. Оқу құралдары (хрестоматия, анықтамалықтар, жазу дәптері, күнделік)
  5. Таратылып берілетін дидактикалық материалдар.
  6. Көрсетілім материалдары (кесте, карта, сурет, муляж, табиғи материалдар).
  7. Аудивизуальды құралдар.
  8. Оқулыққа әдістемелік нұсқау.

       Оқулық теориясы саласындағы іргелі зерттеулер авторларының айтуынша да және баспа тәжірибесінде сан рет өзіміздің де  көзіміз жетіп жүргендей, оқулық түзеушіге пәнді терең және жетік білуінің өзі де еске

жеткіліксіз, оқулық авторы мұның сыртында жан-жақты білімдер, ой-өрісі кең оқымысты, жалпы оқулыққа, оның ішінде өзі жазғалы отырған пән оқулығына қойылатын дидактикалық-әдістемелік талаптардан жете хабардар адам болу тиіс. Сонымен қатар оқушылардың жас ерекшеліктері мен психологиясы жөнінде терең түсінігі, бағдарламада көрсетілген білімдерді анықта тұжырымды, тартымды да жүйелі жеткізе алатындай қалам шеберлігі де болуы керек. Бұларға қоса, кейбір пән оқулықтары үшін автордың мақсатты түрде айлар, айлар, жылдар бойы жинап-теріп, талғап-іріктеген сапалы да мол материалы болмаса, басқа шартты толық болмағанымен, діттеген мақсатын ойдағыдай іске асыра алмауы әбден мүмкін.

     Оқулық жазуға ыждағатты арнайы әзірлік қажетекеніне мысалды алыстан іздеудің қажеті жоқ. Жоғарыда айтқанымыздай, егемендік алғалы бері республикамызда ғылымның әр саласына жататын пәндер бойыншакөптеген жана оқулықтар жазылып, жарық көрді.Олардың авторлары ішінде педагогикалық жоғары оқу орындарының ғалым-оқытушылары  мен тәжірибелі мектеп мұғалімдері, еліміздің бетке ұстар оқымстылары бар. Бірақ сол оқулықтардың кейбіреуі туралы қолжазба күйінде де, жарық көргеннен кейін де сын-ескертпелер айтылғанын, тіпті аударма оқулықтармен ауыстырғандары да барын құпиялардың қажеті жоқ. Ал ғылымда зор атағы бар көрнекті  ғалымдарымыздың қаламынан шыққан қолжазбалардың да бәрі бірдей рецензенттер мен редакторларды селт еткізіп, тамсандыра қойған жоқ. Сонда бұны немен түсіндіруге болады? Оқулықтардың кейбірі авторларлардың тақырыптарды жете игермеуіне, жазуға шорқақтарына, қазақша сөз қорлығының тапшылығына және т.б. байланысты кедір бұдырлау, жүйесісдер аударма сияқтылау болып кетсе, тағы іреулері пәнді емес, ғылымды баяндаған монографияларға ұқсанқырап кетеді. Алғалқыларында дидактикалық шарттылықтарды сақтауға тырысушылық болғанымен мағына бұлдырлығы, түрлі ұғым, анықтама, заңдарды дәлелдеп тұжырымдауды орашолақтық орын алса , сонғылаында әдістемелік талаптарды жөнді ескерілмеген болып шығады.

      Оқулықта ғылым негіздерін, оның зандары мен әдістерін жай ғана баяндап қоюмен іс бітпейді, бұл жағынан бұның басқа кітаптардан айырмашылығы: Оқулық, ең алдымен, теориялық материалды оқытуды мақсатына сай талғап, іріктеп алуымен, білімдерді баяндап жеткізудің өзіндік әдістемелік формасымен және бірізділігімен, тәрбиелік мақсаттағы материалдың болуымен, пәннің маман емес оқырманға – оқушыға арналғанын ескерумен ерекшеленеді.

        Оқулық сонымен қатар әйтеуір бір оқырманға емес, белгілі бір дәрежеде дайындығы бар, белгілі бір оқу сатысындағы, яғни белгілі бір сыныптағы оқушыларға арналады. Оқулықтың атқаратын үш міндеті: білім беру, дамыту, тәрбиелеу – міне, осы сыныптың мектептегі оқыту жүйесіндегі реттік орнына карай айқындалады. Өйткені оқулық сол сыныпқа арналған бағдарламада керсегілген материалдан ғана емес, сонымен бірге оқушының оқулықпен жұмыс істеу бағдарламасынан, игерген білімдерін езіндік бақылау жүйесінен тұрады. Онда оқушының оқу материалымен істелетін жұмыстарды

(мысалы, оқып шығу, бұрын алған мағлұматтарына сүйеніп, тапсырманың   тастап   кеткен  тұстарын  толтыру,  сұрақтарға  жауап  беру  немесе  бірнеше  жауаптың  ішінен  дұрысын  табу, т.б.) белгілі  бір  тәртіппен  орындау  жөнінде  де  нұсқау  беріледі.

         Оқулық қатаң түрде бағдарлама байынша жазылады . онда қамтылатын материал бағдарламада көрсетілгеннен көп те, аз да болмауы тиіс. Тек кейбір жағдайда ғана автор оқулық мазмұнының  логикасынан туындайтын азды-көпті орынды ауытқуларға баруы мүмкін. Әйтпесе, оқулықты бағалауда: онда пәнді оқып – үйренудің бағдарламада тұжырымдалған жалпы мақсатының көрініс тапқан-тапағаны : пәннің тәрбиелік жағынан қаншалық қамтылғаны : ғылымның тәжрибесімен байланысын көрсететін материалдың бар-жоғы: бағдарламада санамалап көрсетілген материалдардың бәрінің кірген-кірмегені : оқу материалын баяндаудың бірізділігі (бағдарлама бойынша) мен белгіленген көлемнің сақталған – сақталмағаны тәрізді мазмұндық  және әдістемелік тұтастықты білдіретін шарттар негізге алынуы тиіс.

         Әрине материалдың ғылыми деңгейі, бағдарламалық қағидаларды баяндау мен ашып түсіндірудегі әдеби (жазу) және әдістемелік шеберлік: материалды білім сатысы мен оқушылардың жеке ерекшеліктеріне сай тапқырлықпен әрі иланымды етіп жаза білу, фактілік материалдарды әрбір параграфқа шақтап өрі дұрыс сұрыптап ала білу: оқулықтың сол сыныптың  басқа оқулықтарымен (мысалы, физика мен химия, әдебиет пен тарих, әдебиет пен тіл тарих пен география, т.б.) және төменгі, жоғары сыныпқа арналған сол пән оқулықтарымен байланысы, сөздік құрамы, сөйлемдік құрылымы ( сөздің тура немесе аыспалы мағынада көбірек қолданылуы, жәй, құрмалас,күрделі,аралас құрмалас сөйлемдерді қолдану, т.б.) стилі (баяндау,суреттеу,сипаттау тәсілдерін, бейнелі, көркем айшықты сөздерді орынды қолдану, т.б.) және т.б. оқулық сапасын анықтайтын басты критерийлер болып табылады .

        Оқытудың бірден-бір мақсаты -өзіне тән педагогикалық тәсілдер арқылы жеткіншек ұрпақты адам баласының өзінің ұзақ тарихында жинақтаған білім, тәжрибесімен қаруландыра отырып, сол қоғамның мұраттарына сәйкес тәрбиелеу жеке тұлға етіп қалыптастыру. Бұл мақсат, негізінен, оқу құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Соған орай оқулық әдебиет өзі ұсынатын білімдерді дидактикалық талаптарға сүйеніп,айырықша ыждағатпен елеп – екшелеп алады да, өмірдің ( табиғаттың) өзінде солай болғандай етіп жүйелейді. Мұны оқытудың білім беру\, дамыту, тәрбиелеу ұстанымдарына сай жүзеге асыру — өз алдына бір ғылым. Бұл ғылымнан оқу құралдарын жасауға қатысы бар адамдардың бәрі ( афторларды жасақтап,оқу құралдарын әзірлеу үрдісін басқарушылар афторлар, арнаулы редакторлар мен рецензенттер, сарапшылар сынақтан өткізушілер оқұ -әдістемелік кеңес пен бағалау комиссияларының мүшелері, баспа редакторлары мен  техникалық –көркемдеушілер, суретшілер, т.б.) жақсы хабардар болуы керек.

 

1.2. Бастауыш   сынып  оқыту  процесіне  жаңа  оқу-әдістемелік  кешенді 

       енгізудің  мүмкіндіктері  мен  шарттары 

 

      Білім  беру  жүйесін  жетілдіру  шараларына  әлеуметтік  тұрғыдан 

қарап,  халықтың   рухани  байлығын  арттыруға  себеп  болатын  негізгі  проблема   деп  қарау  керек.

      Республика  мектептерін  төл  оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік  кешенмен 

қамтамасыз  ету  мәселесі  тек   қана  соңғы  он  шақты  жылда  ғана көтеріліп

отырған  жоқ.   Бұл  әріден  келе  жатқан,  нақтырақ  айтсақ,  бастауын  қазақ  халқының   ұлы  ағартушысы  Ы.Алтынсариннің  өзінен  алатын, бір жарым ғасырға жуык уақыт бойы күн тәртібінен түспеген маңызды мәселелердің бірі. «Ы.Алтынсарин өзі екі оқу құралын – «Қазақ хрестоматиясын» (1889) және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің құралын» (1889) жазып, бұлардың  орыс-қазақ мектептеріне төлтүйме оқулық ретінде ұсынды» (Жарықбаев Қ. Қалиев С. Қазақ тілім тәрбиесі. Оқу құралі-алматы, Санат, 1995, 176-бет)  

Сол сияқты «Ы.Алтынсарин орыс-қазақ мектептері үшін мтематика оқулықтарын таңдап алуға зор маңыз беріп, сол кездегі орыс бастауыш мектептерінде қолданып жүрген оқу құралдарын ең жақсыларын еңгізуге тырысты». (Қосанов Б.М. Қазақстандағы әдістемелік математикалық ой-пікірдің қалыптасу тарихы. Оқу құралы. Р.Б.К.1999 ж. 35-бет). ХХ ғасырдың басында қазақ халқының жарық жұлдызындай болған М.Әуезов «Қазақтың рухани көсемі» деп бағаланған Ахмер Байтұрсынұлы бастаған қазақ оқымыстылары бұл істі жана сатыға көтерді. Басқа салалардың мамандары бола тұра, олар мектепте оқу құралдарымен қамтамасыз етудің зор маңызын түсініп, осы іске бел шеше кірісті. соның нәтижесінде Қазан иөңкерісіне дейін-ақ тек қана қазақ тілі пәні ғана емес, жаратылыстану, математика пәндерінен төл оқулықтары қазақ балаларының қолына түсе бастады. Ахмет Байтұрсынов Қазақстандағы халыққа білім беру мәселесін басқарған 1920 жылдары бұл іс жандана түсті. Бұл уақытта қазақ авторлары дайындаған оқу құралдары тек қазақ мектептерінде ғана емес «қырғыз тіліне аударылып, туысқан Қырғыстан мектептерінде пайдаланады» (Баймұханов Б. «Развитие школьного математичесгогообразование в в Казакстане», математика в школе №4 1982 ж. 10-бет). 1920-30 жылдары бір ғана математика пәнінен оқулықтары мен  оқу-әдістемелік кешенді дайындауға М.Дулатов, К.Жәленов, Қ.Сатпаев, с.Қожанов, Ә.Қасымов сияқты ағаларымыз атсалысқан. Мұнымен бірге физикадан, табиғаттанудан, жоғрапиядан, жануартанудан, ана тілінен оқу-әдістемелік Құралдар дайындалды.

      Ахмет Байтұсынұлының 1926 жылы Қызылордада жарық көрген «Әліппе» оқулығының фразасы сол жылы «Қазақстан мемлекет баспасында

басылған кітаптар» деген аталым 41 оқу-әдістемелік кешендердің тізімі берілген. (А.Байтұрсынұлы «Әліп-би» Қызылорда Қазақстан мемлекет баспасы 1926 жыл.)

      Демек, қазақ мектептерін оқу құралдарымен қамтамасыз ету барысындағы  Ы.Алтынсарин салған сара жол 1930 жылдары көлемінде толық болмаған, сол заман тұрғысынан қарағанда қандай деңгейде шешеім тапты деп қорытындылауға болады.

     1930 жылдардың басында ескі КСРО бойынша мектепке байланысты мәселелердің жүйелені бір ізге түсуі., Қазақстанда 1930 жылы Республика халық ағарту комиссариаты қарамағындағы ғылыми педагокикалық, кобинеттің  негізінде Педагогикалық ғылыми-зерттеу институтының құрылуы бұл шаруаға жаңа серпін, жаңа сипат беруі керек еді. Бірақ осы кезенде жарық көрген ВКП(Б) орталық комитеттің қаһарлы қаулылары Қазақстандағы қауырт дамып келе жатқан бұл мәселені пышық кескендей тыйды. Тіл және әдебиет сияқты бірнеше пәндерден басқа барлық пәндердің оқулықтарымен басқа оқу-әдістемелік кешендері тек қана орталықта дайындалып, жергілікті жерлерде олардың аудармаларын ғана пайдалану міндеттелінді. Соның негізінде Қазақстанда математика, физика, химия, биология, т.б. пәндердің оқулық пән оқу-адістемелік кешен тұрмақ, араға он шақты жыл салып барып бірлі жарым, құрал әрең жарық көрді. Дегенмен, бұрын республика ғалымдары ешбір әрекет жасамай, қол құсырып қарап отырды деген ой туса керек. « 1971-75 жылдарда институт ( әңгіме 1966  жылы Ы.Алтынсариннің аты берілген ғылыми  зерттеу институты жайында болып отыр) ғалымдар мен қызыметкерлерінің қатынасуымен 65 бағдарлама, қазақ  және ұйғыр мектептеріне арналған  83 оқулық, 50- ден астам оқу — әдістемелік нұсқаулар мен жетекші құралдар, көрнекі құралдар мен дидактикалық материалдар басылып шықты» ( Білім академиясының тарихы беттерінен. Қазақстан мектебі, №7-8 1999 жыл, 8-бет). Дегенмен, бұл құралдардың дені жоғарыда айтқанымыздай, қазақ тілі мен әдебиеті, ұйғыр тілі мен әдебиеті, Қазақстан тарихы мен географиасы сияқты пәндерді оқытуға арналған еді.

          Жеткіншек ұрпақтың санасын өз қажетінше қалыптастыруға бағытталған Мәскеу шенеуніктерінің, ғалым — педагогтарының бұл әрекетіне барлық республикалардағыдай Қазақстанда да қарсылық болды. Және де бірте — бірте ұлттық сананың өсуіне байланысты, бұл жағдай жекелеген ғалымдардың пікірі ғана емес, мемлекеттің халыққа білім беру саясатының бір бағыты мәртебесіне көтеріле бастады. 1980 жылдары сол кездегі Оқу министірлігінің белді қызметкері Самарқан Егізбаев, сол кездегі КСРО Педагогика ғылымдары академиясы Оқытудың мазмұны мен әдісиері ғылыми — зерттеу институтының Қазақ филиалының ғылыми қызметкері Төлеген Оспановтардың батыл қадамдарының арқасында бастауыш мектепте математикадан республика ерекшеліктеріне лайықталған (адаптированный) оқулық пен әдістемелік кешен дайындау мәселесі Мәскеу ғалым -педагогтарымен келісілді және осы бағытта қызу жұмысттар қолға алынды. Алайда, бұл мәселеніде Мәскеу ғалымдарының кереғарлығына байланысты аяғына дейін жеткізуге мүмкіндік болмады. Дегенмен, жарты қадам болса да бұл мәселе алға жылжыды, яғни 1- сынып математикасының оқулығы мен 

  № 1 және №  2  дәптерлері (Моро М.И., Степанова С.В., Оспанов Т.Қ. математика: Төрт жылдық бастауыш мектептің 1- сыныбына арналған оқулық. Алматы, Мектеп, 1986 М.И. Моро, Т.Қ. Оспанов. Математика дәптері № 1 және № 2. Алматы, Мектеп. 1986 жыл) қазақ баласының табиғатына жақындауын, әліппе мен математиканың пәнаралық байланысын жүйеледі.

     Қорыта айтқанда; 1920-1939 жылдары республика мектептерін төл оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз ету мәселесі біршама шешімін тапқанмен, одан кейін 60 жылдан астам уақыт бойы  КСРО – да қалыптасқан саяси жағдайға байланысты бұл мәселе тұралып қалды.

     Еліміздің тәуелсіздік жолындағы күресі мен ие болуы ұрпақ тәрбиесі мәселесін жаңа құндылықтар негізінде ешкімге жалтақтамай қайта қарауға мүмкіндік берді. Соның арқасында және мемлекетіміздің білім саясатын анықтайтын азаматтардың жігерлі қимылының негізінде бұл күнге дейінгі республиканын үш тілдегі бастауыш мектептерінің алғашқы үш сыныбы жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерімен толық қамтамасыз етілді. Ал, төртінші сыныпта жаңа буын оқулықтармен қамтамасыз ету хұмысы қазіргі кезде қызу жургізілуде.

      Біздің ойымызша, республика мектептерін жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешендерімен қамтамасыз етдің бірнеше жағы бар.

 

  1. Саяси жағы.

     Қазақстан Республикасы – 1992 жылдан бері бүкіл әлем елдері мойындаған, БҰҰ бастап әлемдік деңгейдегі әр түрлі ұымдарға мүше, тәуелсіз мемлекет. Сонымен бірге, әлемдік деңгейде қабылданған, мойындалған, танымал және талқылауға түспейтін бірқағида – ол тәуелсіз мемлекеттін тәуелсіз идеологиясының болуы. Сондықтан  Қазақстан Республикасы да қоғамның даму деңгейі мен бағыты, халықтың ұлттық құрамының арасалмағы мен әр ұлттың өзіндік менталитеті, мемлекетің географиялық орналасуы, т.б. жағдайлары ескеріліп, өзінің идеологиялық саясатын белгілейтіні және оны іс жүзіне асыратыны хақ.

     Ал жеткіншек ұрпақты тәрбиелеу (мұнда тәрбие ұғымы кең мағынада қолданылыып отыр) дегеніміз – ол терең осы мемлекетте өмір сүретін, алдыңғы тоқын бастаған істерді жалғастыратын, оны жетілдіретін, салып барып бірлі-жарым  құрал жарық әрең жарық көрді. Дегенмен бұрын республика ғалымдары ешбір әрект жасамай, қол құсырып қарап отырды дегн ой туса керек. «1971-1975 жылдары институт (әңгіме 1966 жылы ы.Алтынсарин аты берілген ғылыми-зерттеу институ жайында болып отыр) ғалымдар мен қызметкерлерінің қатысуымен 65 бағдарлама, қазақ және ұйғыр мектептеріне арналған 83 оқулық, 50-ден астам оқу-әдістемелік нұсқаулар мен жетекші құралдар, көрнекті және дидактикалық материалдар басылып шықты». (Білім акедемиясы тарихы беттерінен. Қазақстан мектебі,   №7-8. 1999 жыл. 8-бет).  Дегенмен бұл құралдардың дені жоғары айтқанымыздай, қазақ тілі мен әдебиет, ұйғыр тілі мен әдебиет, Қазақстан  тарихы мен географиясы сияқты пәндерді оқытуға арналған еді.

      Жеткіншек ұрпақтын санасын өз қажетінше қалыптастыруға бағытталған Мәскеу шенеуліктерінің, ғылым-педагогтарының бұл әректіне барлық Респуликалардағыдай Қазақстанда да қарсылық болды. және де бірте-бірте ұлттық сананың қалыптасуын байланысты, бұл жағдай жекелеген ғалымдардың пікірі ғана емес, мемлекеттің халыққа білім беру саясатының бір бағты мәртебесіне көтеріле бастады. 1980 жылдары сол кездегі оқу министірлігінің белді қызметкері Самарқан Егізбаев, сол кездегі КСРО педогогика ғылымдары академиясы Оқытудың мазмұны мен әдістері  ғылыми-зерттеу институның Қазақ филиалының ғылыми қызметкері Төлеген Оспановтардың батыл қадамдарының арқасындабастауыш мектептерінде математикадан республика ерекшеліктеріне лайықталған оқулық пен әдістемелік кешен дайындау мәселесі Мәскеу ғылым-педогогтарымен келісілді және осы бағытты қызу жұмыстар қолға алынды. алайда бұл мәселеніде Мәскеу ғалымдарының кереғарлығына байланысты аяғына дейін жеткізуге мүмкіндік болмады. Дегенмен жарты қадам болса да бұл мәселе алдыға жылжыды, яғни 1-ші сынып математикасың оқулығы мен №1 және №2 дәптерлері (Моро М.И., Степанова С.В., Оспанов Т.Қ. Матаматика: Төрт жылдық бастауыш мектептің 1-ші сыныбына арналған оқулық. Алматы. Мектеп. 1986 жыл. М.И.Моро, Т.Қ.Оспанов. математика одан  соң өз кезегінде келер ұрпаққа қалдыратын тұлғаларды қалыптастыру деген сөз.

       Демек, ертеңгі ұрпақтың дүние танымын қалыптастыру мәселесі – ол мемлекеттің басты идеологиялық бағттарының бірі. Сол себепті, «мемлекет білім берудің жалпыға міндетті стандарттарға сай келуі керек», — деп еліміздің басты заңы Конституцияда да ашып жазған (ҚР Конституциясы. ІІ бөлім. 30 бап. 40 пункт). Ал, «Білім беру саласындағы қоғамдық қатынастарды…» реттейтін, «…осы аядағы мемлекеттік саясаттың негізгі үрдісі…» белгілейтін ҚР Білім туралы заңында білім беру жүйесі міндеттерінің «азаматтық және елжандылық, өз Отанына – Қазақстан Республикасына сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, Канституцияға қайшы және қоғамға қарсы кез-келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу» (ҚР білім туралы заңы. І-тарау. 8-ші бап. 3-ші пункт. «Заң» газеті 14.07.1999жыл) деп атап көрсетілген.

      Демек, «Ел болам десем, бесігіңді түзе» (М.Әуезов) демекші, мемлекеттің ертеңі, қауіпсіздігі бүгінгі мектеп парталарында отырған оқушылардың санасын қалыптастыру мақсатында оларға қандай дәннің себілуіне байланысты. Ал, дәл бүгінгі күн үшін «дән» дегеніміз – оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендер.  олар арқылы біз жеткіншек ұрпақты «ұлша тәрбиелесек, ұл құлша тәрбиелесек, құл болады» (А.Байтұрсынов) Сондықтан, жаңа сипатты мазмұндағы мектепті оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету – ол мемлекеттік деңгейдегі саяси іс демекшіміз.

 

  1. Әлеуметтік – экономикалық жағы.

      Кез-кеген тәуелсіз мемлекет өзіне қажетті заттарды қолынан келгенше өзінде өндіруге күш салады. Оның негізгі екі себебі бар. Біріешіден, дайын өнім барлық кезде қымбат. Ал, озінде жоқ болған соң біреуге ділгір, тәуелді болып, қымбатта болса сатып алуға, яғни мемлекетке келу жолы оңай емес, аса қажетті валютаны өз кәсібінде дамытуға емес, сыртқа, өзгенің өнеркәсібін дамытуға кетіруге кететін ұмытпайық.

      Екіншіден, дайын өнімді өзінде шығару отандық өнеркәсіпті дамытудың бірден-бір кепілі. Ал бұл дегеніміз – салық арқылы қазынаға – мемлекеттік бюджетке түсетін ақша және көптеген  адамдар үшін өмірлік қажеттілік болып саналатын жұмыс орны.  Ал бюджеттік ақша неғұрлым көп болса, халықтың әлеуметтік жағдайы да соғырлым тез көтерілетіне дау жоқ. Сол сияқты, қазіргі жағдайда халықты жұмыспен қамтамасыз ету әлемдік проблемалардың бірі болып тұрғанда, өз еліміздің әрбір жұмыс орны жайлы мәселені ешкім атүсті қарай алмаса хақ.

       Милиондаған таралыммен басылатын оқулықтарды өз елімізде шығару әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан қарағанда да өте маңызды.  сондықтан, еліміздегі қазіргі оқу құралдарын шығаруды батыл қолға алып, ауқымды көп істер тындырып отырған көп салалы «Атамұра» сияқты корпорацияларды қолдау керек.

 

3.Ғылыми – педогогикалық жағы.

      Кез-келген оқу құралын дайындау бұған дейін жарық көрген осы аттас немесе осы мазмұндасоқу құралдарын зерттеуден басталады. Онда, әсіресе, оның жарық көрген уақыты мен оған қоғам дамуының ерекшеліктері, басты идеясы мен оның жүзеге асу тәсілдері сияқты мәселелерге ерекше назар аударылады. Сол сияқты оқулық авторлары, өз пәндері бойынша шет елдерде жарық көрген оқулықтар мен басқа оқу құралдарын ерекшелігін зерттейді. Ары қарай материалды іріктеу, орналастыру, суреттердің қажеттілігін негіздеу, оқулықтың бағдарлану аппаратын жүйелеу сияқты мәселелер шешімін табады. Яғни, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді өзімізде дайындау республикамызда

      -салыстырмалы педагогика;

      -оқулық теориясы;

      -педогогика тарихы;

      -жекелеген пәндерді оқыту кешені;

 -этнопедогогика сияқты педагогика ғылымының маңызды салаларының   дамуына ігі ықпал жасайды;

 

 

       Бұл ғылымды менгерту – жаңа буын оқулықтарын оларға қойылатын талаптарын деңгейінен шығарудың басты шарты десек, екінші үлкен талап – білім мажмұнының анықталуы. Оқулықтың мазмұнын сөз еткенде, кейінгі жылдары білім беру стандарты туралы әңгіме қозғайтын болып жүрміз.

      Білім беруді стандарттаудың негізгі нысандары оның құрылымы, мазмұны, оқу жүктемесінің көлемі және оқушылардың даярлығының деңшейі болып табылады. Стандартпен белгіленген нормалар мен талаптар білім берудің негізгі жақтарының сапасын бағалау кезінде эталон ретінде қабылданады.          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II тарау. Қазақ тілі пәні бойынша  жаңа оқу — әдістемелік кешенін жүзеге

                                  асыру жолдары

 

2.1. Қазақ тілі оқулығы мен оқу әдістемелік кешенінің мазмұны мен

                                   құрылымы

 

      Ана тілі – бастауыш мектептегі негізгі де маңызды пән, имандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеудің негізі, қарым-қатынас жасау мен дүние танудың құралы, баланың интелектісі мен шығармашылығын дамытудың арнасы. «Қазақ тілі» пәні арқылы оқушы қоршаған ортаны таниды, ұлттық мәдениетті, моральдық дүниетанымды сезіне бастайды, сөйлеу машығында оқушының өзіндік ерекшелігі айқындала түседі. Бұған қоса тілді оқу барысында, оқушылар алғашқы тілдік мағлұматтарды менгереді, ақыл-ойы, сөйлеу дағдылары жетілдіріледі.

      Бастауыш сатыда қазақ тілін оқытудың негізгі мақсаты – оқушылардың оқуға, сауатты жазуға және тіл арқылы қарым-қатынас жасау қызметінің барлық түрлерін (тыңдау, оқу, сөйлеу, жазу) меңгеруге үйрету, ойлау қабілетін дамыту, өз ойы мен сөзін еркін жеткізе алатындай етіп тәрбиелеу.

      Бұл мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер қойылады:

  • Сөйлеу туралы қарапайым ұғым беру, ауызекі және жазба тілде қарым-қатынас жасауға қажетті сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;
  • Тілдік құбылыстарды талдап, олардың мәнін ажырата білу дағдыларын қалыптастыру, оларды өзара салыстыра білуге, топтай және жинақтай білуге үйрету;
  • Оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес орфографиялық дағдыларын қалыптастыру және пунктуациялық ережелерді практикалық түрде меңгерту;
  • Оқушылардың сауатты көркем жазуын жетілдіру.

 

     Жоғарыда көрсетілген мақсат-міндеттерді жүзеге асыру үшін «Қазақ тілі» оқыту процесін оқу-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету қажет. Бұл туралы стандартта былай жазылған: «Бастауыш мектепте «Қазақ тілі» пәнін оқыту Қазақстан Республикасы білім беру саласындағы орталық атқару органдары жыл сайын шығаратын ғылым негіздерін алдағы оқу жылында оқыту туралы нормотивтік құжатқа  сәйкес жузеге асырылады».  «Қазақ  тілі» пәнінен   оқулықтар   мен   оқу-әдістемелік   кешендер   тізімі: Қазақ  тілі   оқулығы 2 сынып, Қазақ  тілін   оқыту  әдістемесі, (2 сынып, Қазақ  тілінен  үлестірмелі  

дидактикалық   материалдар,  «Диктанттар  жинағы 2 сынып». Стандартта   көрсетілген   кешендер  оқу   процесінде  пайдаланылда.

         Ең   алдымен,  оқулыққа   тоқталайық.  Оқулық   оқу-бағдарламасына  сай   оқу  пәнінің  мазмұнын  жүйелі   түрде   баяндайтын   кітап.  Оқулыққа   қойылатын   негізгі  талаптар;

 

  • оқу бағдарламасына   сәйкес   болу, 
  • оқушылар үшін   ұғымды,қысқа  және  қызықты   болу
  • көрнекіліктермен жақсы  жабдықталу,
  • тілі балалардың   жас   ерекшеліктеріне   сәйкес  болуы,
  • тексеру және  оқу  нәтижелерін   түзетуге   арналған   сұрақтар 

     мен  жаттығулардың   болуы.

 

      Оқулық-білім   беру,  тәрбиелеу   құралы.  Сондықтан  да  мұғалім  оқу-тәрбие   ісінде   оны   негізгі   құрал   ретінде   басшылыққа   алады.  

         Мемлекеттік   стандартқа   сай   жасалған   бағдарлама   негізінде      негізінде   жарияланған  «Қазақ   тілі»   оқулықтары   бұрынғы   оқулықтармен   салыстырғанда   мүлде   жаңа. Оның  жаңалығы — біріншіден, бағдарлама   талабына   орай   оқулықта  материалдардың    орналасу  реті   өзгерген. Нақты  айтқанда, синтаксис   материалдары    бұрын   оқу  жылының   соңына  таман   өтілетін  болса, енді «мәтін»    тарауына   жалғасып   2-тоқсаннан бастап  оқытылады. Екіншіден,  тілден   берілетін   пәндік   білім  мазмұны   жаңартылып,  толықтырылған.   Ең   бастысы   тілді    қоғамдағы   қарым-қатынас   жасау  құралы,  қоршаған   ортаны  танып — білу   ретінде  үйрету көзделген.   Бұрын   балалардың   орфографиялық   білім   дағдысын  қалыптастыру   грамматикалық    ұғымдарды   меңгертуге,  байланыстырып    сөйлеуді  дамытуға   бағытталған   жұмыстармен  байланыссыз   жүргізілсе,  немесе  грамматикалық   ұғымдарды   меңгерту   тілдің   лексикалық  және  синтаксистік   жүйесін   оқытумен   ұштастырылмаса,  енді   осының   бәрі  де  бір   мақсатқа – оқушылардың  өз  ойларын   мазмұнды   грамматикалық   тұрғыдан   сауатты,  стильдік   жағынан   жатық,  дәл  бейнелеп   айта   және   жаза   білу   дағдыларын   қалыптастыруға   бағындырылған. Үшіншіден,  оқушылардың   сөздік   қорын   молайту, сөз  мағыналарын   дұрыс   ұғынып, сөздерді   орынды  жұмсай   білу   дағдысын   қалыптастыру-ға   айрықша   назар   аударылған.    Дәлірек   айтқанда,   «сөз»   тарауы   жаңа  мазмұнда   оқушыларды   алғашқы   лексикалық    ұғымдармен    таныстыру  мақсатында   қарастырылған.   Сөз   мағынасына    қатысты   жүргізілетін    жұмыс    оқулықтың   өн   бойында   үздіксіз   беріліп  отырған.   Төртіншіден, байланыстырып  сөйлеуді  дамытуға,   ойлау   қабілетін   жетілдіруге   бағытталған. «Мәтін»  тарауы   оқулыққа   жаңадан   қосылған.   Мәтінмен    жұмыс   оқушылардың   сөйлеу  дағдысы   мен  машығын    қалыптастырудың   негізі   бола   отырып, өтілген   тілдік   объектінің   лексикалық  және  грамматикалық   жақтарын   тереңірек   түсіндіріп,  талдай, жинақтай    білуіне,  олардың   өзара   бірлікте  болатынын   аңғартуға  мумкіндік  береді. 

      Оқулықтың   құрылымы  мынадай: өткенді   қайталау,  тіл  және сөйлеу,

дыбыс  пен  әріп,  мәтін,  сөйлем,  сөз    және  оның   құрамы,  сөз   таптары

тараулары   бағдарламада   көрсетілген   ретпен   орналасқан.     Ең   соңында

жыл  бойы   өткенді   қайталау  тақырыбы   берілген.   Сыныптан   сыныпқа

өткен  сайын   біртіндеп   күрделеніп   осы  ретпен   беріліп  отырады.

     Оқулықтағы   материалдардың, тілдік  ережелердің  бала   ұғымына  лайық  болу  жағын   ескере   отырып,  берілетін  тапсырмаларды   біртіндеп    күр-делендіріп,   оқушылардың    шығармашылық   ойлауын   дамытуға  бағыт

ұсталған.   Ондай   тапсырма   түрлері  оқулықта   арнайы  шартты   белгімен  көрсетілген.    Әрбір  жаңа  тақырыпты   өткенде   оқушыны   сол  өтілгелі   отырған   тілдік   ережелермен   түсініктерді  саналы  түрде  ұғынып,  солардан  өзі қорытынды   жасайтындай   материалдар  мен  тапсырмалар    берілген.    Яғни   оқулықта жүйелі   білім   беру   жұмысы  оқушыларға   түсіндірілгелі  отырған жаңа  тілдік  объектіге   қатысты   тапсырмаларды   орындату   арқылы    байқату   мен    салыстырудан   басталады.  Мысалға   «тұрлаусыз  мүшелер»   тақырыбын    алайық.  175 — жаттығуда   мынадай   тапсырмалар   берілген: 

  1. Екі бағандағы   сөйлемдерді   салыстырып   оқы.
  2. Сөйлемдердегі сөйлем  мүшелеріне  назар   аудар.

     Қандай   айырмашылық   байқадың?  

Жадыра келді.             ||      Жадыра   қалаға    келді.

Қоңырау соғылды.      ||      Қоңырау   қайта-қайта   соғылды.

Мал өседі.                    ||      Мал   төлден   өседі. 

Су ақты.                       ||      Су  арықтан   ақты.

 

     Аталған   жаттығуды  орындау   барысында  балалар  екінші  бағандағы    сөйлемдерде   тұрлаулы  мүшелерден  басқа  да  сөздер   барын  байқайды.

176-жаттығуда   осы  байқату  жұмысы  нақтылана  түседі. Бұл  жаттығуда   мынадай  тапсырмалар  ұсынылған:

  1. Сөйлемдерді көшіріп  жаз.
  2. Қарамен жазылған    сөздерге    сұрақ  қой.
  3. Қарамен жазылған   сөздер  бастауышқа  қатыстыма, баяндауышқа  қатысты  ма.
    • Әсия гүлді  ұнатады.
    • Әдемі гүл    өсті.
    • Біз ұшақпен   ұштық.
    • Ұшақ әуежайға   қонды.

       Осы    жаттығудағы    қарамен   жазылған    сөздерге   сұрақ          қойып, тұрлаулы мүшелермен   салыстыру   нәтижесінде   оқушылар   тұрлаусыз   мүшенің   не  екенін   өздері-ақ    пайымдайды.   Міне,  осыдан   кейін  барып    тілдік  ережемен   мәліметтер   беріледі.    Біз  бір   ғана   мысал  келтірдік.   Барлық  тақырып   осылайша   ұсынылған.Әрбір   тақырыпқа   байланысты  берілген   жаңа ұғымдарды толық меңгерту үшін оқулықты ережеден кейін тағы да бірнеше жаттығу материалдары берілген. Әрбір жаттығу тапсырмалары біртіндеп күрделеніп, ретіне қарай түрленіп отрады. Ал бұрынғы оқулықтарда өтілгелі отырғантілдік материалдарды  оқушының өздері саналы түрде ұғынып, солардан тұжырым жасайтындай  тапсырмалар жоқ болатын.

 

 

Мысалы, 4-сыныптағы «Зат есімнің жіктелуі» тақырыбын алып салыстырайық:

 

Бұрынғы оқулықта

Жаңа оқулықта

 

 

Зат есімдердің жіктелуі

Зат есімнің жіктелуі

 

жекеше                                       көпше         І.    Мен пионермін      Біз пионерміз                   ІІ.  Сен пионерсің        Сендер пионерсіңдер            

      Сіз пионерсіз          Сіздер пионер-сіздер          ІІІ. Ол пионер              Олар пионер-лер                                                                              

Өлеңді көшіріп жаз

         Шалға

Мен кәдімгі шалғымын

Қыстай біраз қалғыдым

Мені көрсе

Шілдеде,

Жапырылар шалғының

Қорқақ болсаң-көжексің,

Мықты болсаң-өжетсің.

Жігітің де шалғыдай

Өткіріне не жетсін!

                                           (М.Мырза Әли)                      

Қарамен жазылған сөздердің астын сыз, олардың қай сөз тобы екенін айт. Түбірі мен жалғауын ажырат. Бұл сөздер сөйлемнің қандай мүшесі болып отырғанын байқа.

 

·Сөйлемдерді оқып, көшіріп жаз.

Мен мұғаліммін. Сен оқушысың. Айнұр -студент. 

Сөйлем мүшесіне талда. Сонда не байқадың.

 

Зат есімдер сөйлемде баяндауыш болғанда жіктік жалғауларын жалғайды.

Жіктік жалғаулар баяндауыштың қай жақ екеніне байланысты жалғанады.                                                                                                         

 

Жекеше

І-жақ.   –бін,-бын (қызбын)

              -мын,-мін (кезекшілік)           

              -пын,-пін (артистпін)

ІІ-жақ.  –сың,-сің (қызсың)  

ІІІ-жақ.  –жалғауы жоқ (қыз)

 

Көпше

І-жақ.   –быз,-біз (қобыз)

              -мыз,-міз (кезекшіміз)

              -пыз,-піз (артистпіз)

ІІ-жақ.  –сыңдар,-сіңдер (кезекшісіңдер)

ІІІ-жақ.  –жалғауы жоқ (кезекшілер)

 

Зат есім сөйлемде баяндауыш болғанда, оған І,ІІ-жақ жіктік жалғау жалғанады.

Жіктік жалғаулар баяндауыштың қай жақ екеніне байланысты жекеше, көпше турде жалғанады.

             Жекеше         Көпше

І-жақ.   –бін,-бын     –быз,-біз

              -мын,-мін     -мыз,-міз

              -пын,-пін      -пыз,-піз

ІІ-жақ.  –сың,-сің      –сыңдар,-сіңдер

ІІІ-жақ.  –жалғауы жоқ

 

 

 

 

Сөйлемдерді оқып, қарамен жазылған зат есім қай жақта айтылғанын, оның жіктік жалғауын айтындар.

1. Мен окрабатпын. Сен кезекшісің. Ол-ұста.

2. Біз сонитармыз. Сендер кезекшісіңдер. Олар ұсталар.

Сөйлемдегі бастауыш, баяндауышты табыңдар.

 

     Кестеден көріп отырғанымыздай, бұрыңғы оқулықта оқытылғалы отырған тілдік ұғым дайын ереже бірден берілсе, кейіңгі оқулықта әуелі жаңа ұымды  байқатуға алдымен екі жаттығу беріледі де, сол арқылы оқушыларға тиісті анықтама айтқызу көзделеді, ереже содан соң ғана ұсынылған.

    Тағы бір мысал келтірейік. «Есімдік» тақырыбына бұрыңғы оқулығыеда бірден мынадай жаттығу берілген: Төмендегі сөздерді оқып, олардың есімдік екенінін біліп алыңдар.

Мен, сен, ол, біз, кім, не, бұл, неше, қанша, қайда, қандай т.б.

Содан соң Есімдіктер мыналар: мен, біз, сіз, сен, ол, өзі, кім, неше, т.б. деген мағлұмат берілген.

    Ал қазіргі оқулықта алдымен мынадай жаттығу берілген

Өлеңді көшіріп жаз.

             Ыбырай

Бар баланың атасы,

Үздіктердің сақасы,

Ол осірген күріштің

Ақ алтындай сапасы.

      Қарамен жазылған сөздің астын сыз, оған сұрақ қой. Ол сөзінің қай сөз табының орнына жұмсалып тұрғанын байқа.

      Ол деп кімді айтып отыр? Ыбырай Жақаев туралы не білесің? (Өлеңнің тұсында Ы.Жақаевтың суреті салынған.)

      Ол жаттығудан соң ғана есімдіктің анықтамасы берілген.

       «Қазақ тілі» оқулығының құрылымы мен мазмұнын мұғалімдерге таныстырып, ондағы материалдарды оқыту әдіс-тәсілдерін көрсететін оқу-әдістемелік кешеннің бірі – қазақ тілін оқыту әдістемесі. Әр сыныпқа жеке-жеке арналған, яғни 2-4 сыныптарын оқулықтарын әрқайсына оқыту әдістемесі жазылған. Оларда, ең алдымен, оқулықтың құрылымы туралы түсінік беріледі, содаң соң оқулықтағы материалдардың күнтізбелік үлгі жоспары  (барлығы 136 сағат, апта санына төрт сағаттан) көрсетіледі. Одан әрі оқулықтағы материалдар бөлім-бөлім бойынша жеке-жеке талданып, әдістемелік ерекшеліктері, сабақ үлгілері ұсынылады. Мұғалімдер үшін бұл әдістемелік құралдардың мәні зор, олар сабақ барысында үнемі пайдаланады. Сөзіміз дәлелді болуы үшін әдістемеден бір мысал  келтірейік: «Есімдер тобына жататын сөз табының бірі- есімдік. Есімдіктер заттың атын, сынын немесе санын білдірмейді, бірақ олардың орнына жұмсалады. Есімдікпен оқушылар 4-ші сыныпта алғаш рет танысады. Бұл тақырыпты  оқытудың негізгі міндеттері:

  1. Есімдік туралы алғашқы түсінік беру, есімдіктің тілде атқаратын қызметін көрсету, оқушыларды есімдікті сөйлеу мәдениетінде дұрыс қолдануды үйрету.
  2. Жіктеу есімдіктерімен таныстыру, олардың үш жақта айтылатынын білдіру.
  3. Оқушыларды қажет жағдайда зат есімді есімдікпен алмастырып қолдануға дағдылау.
  4. Жіктеу есімдіктерінің септелуін меңгерту.

 

     Ең алдымен, есімдіктің зат есім, сан есім, сын есімдердіңорнына қолданылатын сөз табы екенінен мағлұмат беріледі. Есімдік осы аталған сөз таптарының орнына жұмсалатындықтан, оған қойылатын сұрақтар да солардың сұрақтарымен бірдей болып келетіне байқатылады. Бұл үшін мынадай сөйлемдер талданады: 1.Сәуле дукенге келді. Ол кітап сатып алды. 2.Бұл кісіні жақсы танимын. 3.Асқар кітапханадан бірнеше кітап алды.

     Бірнеше сөйлемдегі ой иесі – Сәуле екендігі, оған жалғас сөйлемдегі ол сөзі Сәуле сөзінің орнына жұмсалып тұрғаны түсіндіріліп, оған кім? деген сұрағы қойылатыны байқаталыды. Екінші сөйлемде бұл сөзіне назар аударылып, оның қай? сұрағына жауап беріп, сан есім орнына жұмсалып тұрғаны сұрақ-жауап әдісімен түсіндіріледі. Осы мысалдарды талдау нәтижесінде оқушылар есімдердің орнына жұмсалатын сөздер есімдік деп аталады деген қорытындыға келуі қажет». Келтірілген үзіндіде мұғалімге нақты әдістемелік нұсқау берілген, тақырыптың негізгі міндеттері мен меңгерту жолдары көрсетілген. Әдістемедегі ұсынылған мысалдарды талдау барысында оқушылар шынында да, оқушылар есімдік не екнін пайымдай алды.  Басқа тақырыптар туралы осыны айтуға болады.

      Оқу-әдістемелік кешеннің келесі бір түрі диктанттар жинағы. 2,3,4 -сыныптарының әр қайсына жеке-жеке диктанттар жинағы жасалған. Бұл — өте қажетті құрал. Өйткені, бастауыш сыныптарда жазу жұмысының көптегентүрі бар. Соның бірі — диктант. Бұл ұғым өз бетімен ойын қағаз бетіне түсіруді және айтып тұрғаннан жазуды меңзейді. Оның түрлері: сөздік диктант, терме диктант , көру диктанты, өздік диктант, шығармашылық диктант, ескерту диктанты, бақылау диктанты.

     Сөздік диктанты белгілі бір сөздердің жазылуын есте сақтау үшін пайдаланады. Диктантқа ұсынылатын сөздердің саны 8-12 сөзден  аспауы керек. Сөздік диктанты өтіліп отырған тақырыпқа байланысты мұғалімнің қалауымен жүргізіледі.

     Терме диктанты белгілі бір ережені қалай менгергенін байқау үшін сабақ үстінде жүргізіледі. Мұғалім диктант мәтінін оқыр алдында, қандай ережеге көңіл аудару керек  екендігін ескертеді. Оқушылар мәтінді түгел жазбай, мұғалім оқып отырған мәтіннен тек берілген тапсырмаға лайықты сөздер мен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді ғана теріп жазады.    

  Көру диктанты мұғалімдер тәжірибесінде пайдалы, диктантқа үйрететін жұмыстардың ішіндегі ең бастысы болып есептеледі. Бұл диктант оқушылардың көру, есту, есте сақтау, затты тану сияқты қабілеттерін дамыту мақсатында жүргізіледі. Көру диктанты үшін әріп, буын, жеке сөздер, сондай-ақ жазылуы қиын сөздер мен  сөз тіркестер, шағын мәтіндер, жұмбақтар, мақалдар, жаттауға берілген өлеңдерден бір шумақ алуға болады. Диктант мәтіндері алдын ала үзіліс кезінде тақтаға немесе аумақты қағазға жазылып қойылады. Оларды оқушылардың екі-үш рет оқып шығуына, асықпай көріп жадында сақтауына 1-2 минут уақыт беріледі. Содан кейін мұғалім оны жауып қояды.  Оқушылар мәтінді еске түсіріп, дәптеріне жазады.

     Шығармашылық диктант — үйрету диктанттарының ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі, оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын, білім денгейімен, өздігімен жұмыс істеу шеберліктерін арттыру көрсеткіштері. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөлем құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты өзгешеліктері болады.

     Ескерту диктанттың көлемі, орфографиялық емле, сөздік қоры жағынан бақылау диктантына жақын келеді. Мұнда осыларды бақылау диктантына жақын келеді. Мұнда осы уақытқа дейінгі өтілген барлық материал түгел қамтылып, оқушыларды бақылау диктанына тікелей әзірлейді.

  Бақылау диктанты бұрын өтілген материалдарды оқушылар қандай дәрежеде менгергенін және сауаттылық деңгейін қандай екенін анықтау мақсатымен жүргізіледі. Диктанттың бұл түрі белгілі бір тарауды оқып бітіргеннен кейін және тоқсанның және жылдың аяғында өткізіледі.

     Оқу-әдістемелік кешеннің тағы маңызды түрі: дидактикалық материалдар. Қазақ тілінде дидактикалық материалдар 2,3,4-сыныптардың әрқайсына жеке-жеке басылып шықты.

     Дидактикалық материалдар шәкірттердің сабаққа қызығушылығын арттырып, ойлау қабілетінде ерекше рөл атқарады, әрі оқулық материалдарын толықтыра туседі.

 

Мысалы: Сөз жұмбақты шеш. Оның шешімдегі сөзіне қатысты екі сөйлем құрап жаз.

1

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Көздерін түртіп, тыңдасаң,

     Тіл табысып кетесің.

  1. Судан шошаң шашылар,

     Су тоқтаса, басылар

Бұл «Ф» дыбысы тақырыбына берілген

 

 

 

  • Немесе, мына ребусты алайық. Тапсырма былай берілген:

                 50 ‘  Ы   —   50

Шешуінде «Ел құлағы елу» деген мақал шығады.

 

  • Мына тор көздерінің ішінде екі өзеннің аты жасырылған. Олар қай өзендер?

 

Е

 

 

 

І

 

 

  • Баспалдақпен қалай қарай жүргенде сөйлем дұрыс оқылады?

 

 

 

     Тағы осылар сияқты дидактикалық материалдарды оқушылар бар ынтасымен орындайды.

 

 

  • Мұғалімдер тәжірибесі

 

     Ана тілінің маңызы мен қоғамдық қызметі аса зор. Біріншіден, ол — қатынас құралы. Әр халық өкілдері бір-бірінің ойын, ең алдымен ана тілі арқылы түсінеді, бір-бірімен ана тілінде сөйлеседі. Екіншіден, әр адам ана тілінде оқып білім алады., тәбиеленеді, өнер үйренеді, халықтың тарихымен, әдеп-ғұрпымен танысып, тұрмыс тіршілігін танып біледі. Үшіншіден, ана тілі халықтың рухани, мәдени байлығының, экономикалық және тарихи дамуының құралы. Сондықтан ана тіліміз – қазақ тілін оқытудың білімдік те, тәрбиелікте рөлі ерекше. Мұғалім ана тілінен берілетін теориялық білім арқылы өзін қоршоған ортаға көз қарасын қалыптастырады. Еліне, халқына берік, нақыз патриот етіп тәрбиелейді.

     Қазақ тілі оқулығында және оқу-әдістемелік кешендегі материалдарды бір-бірімен ұштастырып, дұрыс пайдаланып білім беру, тәрбиелеу мұғалімнің міндеті.

     Мұғалімдер тәжірибесінде, күнделікті сабақ барысында оқулық үнемі пайдаланады. Өйткені негізгі білім алу көзі – оқулық.  Жаңа білім беру кезінде де, оны есте сақтап бекіту кезінде де оқулықтың атқаратын қызметі ерекше. Бұған кез-келген мұғалімнің сабағынан көз жеткізуге болады. Мысалы Алматы қаласындағы №148 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Қосабаеваңың сабағын алайық:

 

 

 

Сан есім

3.Қосабаева,

№148 мектептің бастауыш сынып мұғалімі

      Сабақтың мақсаты: Сан есім туралы алған білім мен білігін оқушылар есіне толық қалыптастыру және оны күнделікті өмітле қолдана білу керек.

  • Сан есім туралы ұғымдарын кеңейтіп, жан-жақты дамыту.
  • Шапшандылыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу

 

Сабақтың түрі: Қайталау сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ жауап, суреттермен, қима қағаздармен жұмыс.

Сабақтың көрнектілігі: Мақал-мәтелдер, қима қағаздар, дидактикалық ойындар.

Негізгі кезең: «Кім қырағы, шапшаң? » ойыны.

Мақал-мәтелдер оқыту.

а) Піл күшті, піл күшті емес.

б) Біреу білмегенді, біреу біледі.

— Неге?

Оқушылар жауабы.

— Осы мақалдың жазылуынан не байқадыңдар?

— Олай болса бүгін біз, сан есім туралы білімімізді ортаға саламыз.

«Мың бір жұмбақ».

— Санға байланысты қандай жұмбақтар білеміз? Бес ін, бес іннің аузы – бір ін. Бес, бір сан есім сұрағы қанша? (Оқушылар жауабы)

     456-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табу. (ауызша)

     Екі немесе бірнеше сан есім сұрағы қанша?

     Заттың екі бейнесі берілген. Егер қима қағаздардағы сұрақтарға жауап берсендер, заттың толық бейнесі шығады.

— Поезд, автобус туралы не айтуға болады?

      457-жаттығу. Мәтінді көшіріп жаз, сан есімдердің астын сыз. Реттік сан есімдерді сөз құрамына талда.

Суретпен жұмыс.

— Суреттегі берілген сандарды ата. Олар қандай сан есімдер? Оларды реттік сан есімдерге айналдыр.

     458-жаттығу. Есептік сан есімдерді реттік сан есімдерге айналдырып, көп нүктесінің орнына жазу, реттік сан есімдердің құрамындағы жұрнақтардың астын сыз.

      Сурет байынша мақал-мәтел құрастыру.

     459-жаттығу. Мақалды жатқа жаз. Сан есімнің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету.

      Бір кісі                          Мың кісі

      Сөз тіркесін жаса

      Сан есім     Сын есім    Зат есім

      алты            қызыл         алма

      460-жаттығу. Анограмма шешу. (ауызша)

Сан есімдерді таүып сөз құрамына талда. Қос сөзі қандай сан есімнің орнына жұмсалып тұр?

Қос екі. Қос жолар, қос ішек, қос аққу.

    Қорытындылау:

а) мақал таратып, оның ішіндегі сан есімдерді тауып, реттік сан есімдерге айналдыру.

ә)  Сонымен, балалар сан есімдікті еске түсірдік.

     Бағалау.

     Үйге тапсырма. Сан есімге байланысты екі жаңылтпаш жазып келу.

 

       Тағы бір мысал келтірейік. Алматы облысы, Ұйғыр ауданы. Кішідихан бастауыш мектебінің Ш.Шормақованың сабағы.

 

Сабақтың тақырыбы: Етістік.

Сабақтың мақсаты: Етістік сөз табы туралы толық терориалық білім беру, етістіктің негізгі лексикалық мағынасы мен қызметі туралы ұғымдарын кеңейту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау, әңгімелеу, түсіндіру, сұрақжауп, ауызша, жазу жұмысы.

Көрнекті құралдар: Тақырыпқа байланысты кестелер, топтамалар, ақ сүйек, жаңа технология.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды қазақ тілі сабағына даярлау.

           Қазақ тілім-өз тілім-ана тілім,

           Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

           Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

           Болашағым, бақытым, дара тілім!

-Міне, балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі сабағы.

ІІ. Өткенді пысықтау.

а) үй тапсырмасын тексеру,

б) өтілген материалды пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Етістік. Зат есімді еске түсіре отырып етістік сөз табына көшу.

Жаңа сабақтың сөзжұмбақ арқылы тақырыбын табу.

-Зат есім дегеніміз не?

Мысалдар келтіру: Домбыра, асық, оқушы.

-Ал енді, осы зат есімдерді қатыстырып, сөйлем құрайық. Құраған сөйлемдеріміз заттың ісін, қимылын беретін болсын.

Мысалы: Мен домбыра үйрендім. Балалар асық ойнады. Оқушы сабақ оқиды.

— Сұрақ қойып, заттың ісін, қимылын білдіретін сөздерді табу.

— Оқушылардың өзіне ереже шығарту.

Заттың ісін, қимылын білдіретін сөздерді етістік дейміз.

Сұрақтары: Не істеді? қайтты? неғылды?

Етістік. Сергіту сәті. Поэзия минөті. (шығармашылық жұмыс)

-Оқушылардың өздерінің тіл туралы шығарған өлеңдерін кезек-кезек оқыту.

 

  1. Оқулықпен жұмыс.

380-жаттығу. Ауызша орындалады. Етістіктерді тауып, оларға сұрақ қою.

  1. Дәптермен жұмыс.

381-жатығу. Жұмбақты жатқа жазу.

           Аузымен сурет салады,

           Демімен ағаш жарады.

Дара, күрделі етістік екенін ажырату.

Күрделі етістікке айналдыру.

384-жаттығу. 1)Зат есімнен жасалған етістіктер.

          жырла, ойла, шегеле, биле, туады.

2) Сын есімнен жасалған етістіктер

          ақта, қарала, жаңала, ұсақта.

— Туынды етістікиер қалай жасалады?

— Жұрнақтар арқылы.

385-жаттығу. Тиым сөздер. (мысал келтіру). (Плакатпен жұмыс)

            Көргенде жас, пәк бала,

            Дастархан аттама!

            Жоқ әдетті шығарма,

            Түнде көлден, су алма.

            Мінді сөзді туында

            Малды бастан ұрма.            (М. Әшімбай)

            Құр бекерден ермекке,

            Бос бесікті тербетпе.

            Тұзды баспа, Шоқты шашпа.

            Дастарханға емінбе,

            Көп алдында керілме.           (М. Әшімбай)

 

VІ. Ақ сүйек ойыны.

Берілген мақалдарды морфографиялық, синтаксистік, фонетикалық талдау.

1 топ. Синтаксистік талдау. (сөйлем мүшесі)

               Атаңның баласы болма,

               Адамның баласы бол.

2 топ. Сөз құрамына талдау.

              Атаңның баласы болма,

              Адамның баласы бол.

3 топ. Баласы сөзіне фонетикалық талдау.

         Б – дауыссыз ұяң

         А – дауысты жуан

         Л – дауыссыз үнді

         А – дауысты жуан

         С – дауыссыз қатаң

         Ы – дауысты жуан

VІІ. Жаңа сабақты қортындылау.

-Қане, балалар!

Өлең айттық, жұмбақ шештік,

Дәптерге жазу түсірдік.

Сонымен сабақта нені оқып үйрендік!?

— Етістікті (ережені қайталау, сұрақтары)

-Сызба бойынша қорыту. Вендиограмасы.

VІІІ. Бағалау, үйге тапсырма беру.

382, 383, 384 – жаттығу.

-Балалар біз өз тілімізді неге ана тілі дейміз?

— Өйткені бұл тіл, анамыздың ақ сүтімен дарыған. Осы тіл анамыздың ақ сүтімен бүкіл ізгі қасиетткрді бойымызға сіңіреді. Сондықтан анымыздың сөйлеген тілін – ана тілі дейміз.

           Өз тілінде сөйлеп шықты сан ұрпақ,

           Қазақ тілі — өз жұлдызың көктегі.

           Қазақ тілі – көгіңдегі шамшырақ,

           Қазақ тілі — өмір де, өлең де,

           Қазақ тілі – тамыр жайған теренге.

           Қазақ тілі – болашаққа жетелеп,

           Ұрпақтарды танытады әлемге!

-деп оқушылар хормен айтады.

 

            Оқу-әдістемелік кешендерді пайдалана отырып өзімнің 2-ші сыныпқа арналған сабақ үлгімді ұсынамын:

Сабақтың тақырыбы: «Сын есім»

Сабақтың мақсаты:

Сын есім туралы білім мен білігін қалыптастыру.

Сын есім туралы ұғымдарын кеңейтіп, жан-жақты дамыту.

Шапшандыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: Сұрақ-жауап, сөздік, көрнекілік, жазбаша жазу жұмысы.

Көрнекі құралдар: Тақырыпқа байланысты сызбалар, суреттер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды қазақ тілі сабағына даярлау.

          Қазақ тілім — өз тілім – ана тілім,

          Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

          Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені

          Болашағым, бақытым, дара тілім!

-Міне балалар, кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі – туған тіліміз қазақ тілі сабағы.

ІІ. Өткенді пысықтау.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.
  2. Өтілген сабақтағы материалды пысықтау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Көрнекілік және сұрақ-жауап әдісі арқылы (алма, лента, бояу қарандаштарды көрсетіп) олардың дәмі, тусі, тағы басқа белгілерін анықтату жұмысы жүргізіледі.

Мысалы: — Мынау не?

 — Алма.

 — Алманың түсі қандай?

— Түсі қызыл.

                — Дәмі ше?

                — Дәмі тәтті! т.б. осындай жұмыстар арқылы оқушылар заттың түсін, түрін, дәмін білдіретін сөз табтары — сын есім деген тұжырымға келеді.

  1. Оқулықпен жұмыс.

370,371,372-жаттығуларды орындау.

  1. Дидактикалық материалдармен жұмыс.

а) Жұмбақтарды көшіріп жазыңдар.

б) Заттың көлемін білдіретін сөздерді тауып, астын сызыңдар. Оларға сұрақ қойыңдар.

Кішкене ғана тостаған,

Көтеріп мені тастаған.                          (Үзеңгі)

 

Зер-зер кілем, зер кілем,

Көтерейін десем, зор кілем.                 (Жер)

 

Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.              (Қой)

 

  1. Терме диктант. (Сын есімдерді теріп жазу)

Мамық, шағала, нәзік, жейді, ашады, үкілі, аяулы, мөлдір, қарайды, санайды, ұзын, кең, дәстүр,әсем.

ІV. Сабақты қорыту:

Сонымен бугінгі сабақта не үйрендік?

Сын есім қандай сұраққа жауап береді?

Сын есім не үшін қажет?

  1. Бағалау.

VІ. Үйге тапсырма. 373-жаттығу.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

      Қазіргі кезде біздің елімізде білім берудің жаңа жұйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Бұл педогогика теориясымен оқу – тәрбие процесіңдегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Сол себепті бастауыш сатыда оқытылатын әрбір пәнді оқу-әдістемелік кешенмен қамтамасыз етудің мәні зор. Осыған орай жаңа буын оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешен жасалып, бірнеше жылдан бері пайдаланып келеді.

    Оқу-әдістемелік жүйенің  базасын түбегейлі жаңартудың бағыттарын, жаңа мазмұнның теориялық негіздерін анықтап, тұжырымдаған құжаттар бар.Олар: ҚР білім министірлігі құптап, бекіткен Қазақстан Республикасы мектептерінің және осы мектептердегі білім мазмұнының тұжырымдамасы.

     Бастауыш мектептің маңызы мен  қызметі – оның үздіксіз білім беру жүйесіндегі басқа буыедармен сабақтас болуы. Бастауыш саты оқушыларының жас ерекшеліктеріне сай таным мүмкіндіктерін және оқыту мақсатының оқушы тұлғасын тәрбиелеуге бағдарланатынын ескерсек, мұнда негізінен оқушыда мәдениеттің базистік қырларын қалыптастыру бірінші орынға шығады. Осығае орай білім мазмұнын былай жіктеуге болады: Камуникативтік мәдениет (ана тілі), ақыл-ой мәдениеті (математика, жаратылыстану, қоғамиану), эстетика және адамгершілік медениеті, еңбек мәдениеті, еңбек тәрбиесі.

     Бастуыш сатыда білім берудің жоғарыда көрсетілген мақсат-міндеттерін жүзеге асыру әр пәннің рөлі мен орны бар. Бұл тұрғыда оқулықтардың міндеті орасан зор. Солардың бірі «Қазақ тілі» оқулығыныңда өзіндік қызметі бар. Оқулықтағы материалды меңгертуге бағыт-бағдар беретін әдістемелік құралдар, шығармашылық жұмыс істеуге мүмкіндік беретін дидактикалық материалдар және диктанттаржинағы да ұлкен рөл атқарады. Сондықтан оқу-әдістемелік кешендердің көп тиражбен таратылғаны жөн.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиттер

 

  1. ҚР жалпы орта білім берудің мемлекетік жалпыға міндетті стандарттары. Жалпы бастауыш білім. А.2002

 

  1. Уәйісова Г.И., Әміров Р.С. , Жұмабаева Ә.Е. Қазақ тілі. Екінші (сыныпқа арналған оқулық) А.2004

 

  1. Уәйісова Г.И., Жұмабаева Ә.Е. Қазақ тілі оқыту әдістемесі (2 сынып) А.1998

 

  1. Уәйісова Г.И., Жұмабаева Ә.Е. Ізмұқанов М. Қазақ тілінен диктанттар жинағы. (2 сынып) А.1998

 

  1. Ізғұтынова Р., Солтанғазина М. Қазақ тілінен диктант материалдар. (2 сынып) А.1998

 

  1. Уәйісова Г., Балақиев И., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. 3-ші сыныпқа арналған оқулық. А.2005

 

  1. Уәйісова Г.И., Жұмабаева Ә.Е. Қазақ тілі оқыту әдістемесі 3-ші сыныпқа. А.1999

 

  1. Уәйісова Г.И., Жұмабаева Ә.Е. Ізмұқанов М. Қазақ тілінен диктанттар

жинағы 3-ші сыныпқа. (2 сынып) А.1999

 

  1. Жұмабаева Ә.Е., Әбдірахманова Қ. Қазақ тілінен диктант материалдар. (3 сынып) А.1999

 

  1. Уәйісова Г.И., Асылов Ұ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. 4-ші сыныпқа арналған оқулық. А.2006

 

  1. Уәйісова Г.И., Асылов Ұ., Солтанғазина М. Қазақ тілі оқыту әдістемесі 4-ші сыныпқа. А.2006

 

  1. Жұмабаева Ә.Е. Қазақ тілінен диктант материалдар. (4 сынып) А.2000

 

  1. Дәулетпекова Ж., Солтанғазина М. Қазақ тілінен диктанттар жинағы. (4 сынып) А.2000