АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақ тілінде орын тәртібі жайлы сөз тіркесі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

                                                                                  

ӘЛ‑ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

Д И П Л О М  Ж Ұ М Ы С Ы

 

 

Қазақ тілінде орын тәртібі жайлы сөз тіркесі

 

 

Алматы — 2011

МАЗМҰНЫ

 

  КІРІСПЕ

 

  1. ОРЫН ТӘРТІБІ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН СӨЗ ТІРКЕСІ

 

  1. ОРЫН ТӘРТІБІ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР

 

  1. ОРЫН ТӘРТІБІ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН КҮРДЕЛІ СӨЗ

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл білімінде орын тәртібі мәселесі төңірегінде бірқатар тілші ғалымдардың зерттеу еңбектерінде, мақалаларында ой-пікірлер айтылып келеді. Ол негізінен тілдік категориялардың ішінде сөз тіркесіне, сөйлем мүшелеріне және құрмалас сөйлем компоненттеріне қатысты зерттелуде. Сонымен қатар құрмалас сөйлемдерді құрмаластырушы тәсіл ретінде де айтылған ой-пікірлер бар.

Сөйлемдегі кей сөздер бірімен-бірі меңгерілуімен іс бітпейді. Олардың кейбірі бірімен-бірі ешбір жалғаусыз қарым-қатынасқа енеді. Әрине, мұнда екінші сөздің аяғындағы жалғау ескерілмейді, тек екі сөз арасы ескеріледі.

«Қабысудың ендігі бір мәнісі – сөздер бір-біріне өте тығыз байланысуынан көрінеді. Бұлардың орны өзгеден берік. Қабыса байланысқан сөздер араларынан қыл өтпестей болып көрінеді» [1;147].

«Қабысу — түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде өте жиі қолданылатын синтаксистік байланыс формасының бірі. Егер қиысуда бағыныңқы сөздің грамматикалық мағынасына, тұлғасына бейімделе, матасуда тиісті жалғауда айтылып байланысса, қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаусыз, тек қатар тұру арқылы тіркеседі. Сонда қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық байланыс амалы сөздердің орын тәртібі болады» [2;47].

Қабысу – сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқымен жалғаусыз, қатар тұру арқылы байланысы. Қабыса байланысатын сөздердің көпшілігі тұрған орындарын өзгертпейді, жұбын жазбайды.

Сөздердің орын тәртібі туралы орыс тіліндегі еңбектерде де жазылған.

Орыс тілінде сөздердің орын тәртібі соңғы жылдары көптеген тілші ғалымдардың назарын аударып жүр. Сөздердің орын тәртібі қазіргі орыс тілінде де, ежелгі орыс тілінде де зерттелген. Алайда зерттеуге нысан болатын нақты мәселелер айқындалған жоқ. Өйткені О.А.Лаптаева.  З.Д.Попова, В.Н.Роговалар орын тәртібін сөйлемнің жеке мүшелерінің орын тәртібіне қатыстыра зерттесе, М.С.Андронова, В.М.Чистиякова жеке ескерткіштер мен шығармалардың орын тәртібі туралы қарастырады, ал И.П.Распопов, А.Мельничук сөйлемнің актуальді, синтагматикалық мүшеленуін зерттеумен байланыстырады.

 …Орыс тілші ғалымы О.Б.Сиротинина орын тәртібі мәселесіне ерекше тоқталып, зерттеген. Ол сөз тіркестерін құраудағы, сөйлем құраудағы сөздердің орын тәртібінің ролі, қызметі жайлы айтады.

Оның айтуынша, «сөздердің орын тәртібі тіліміздегі тіркестерді, сөйлемдерді ұйымдастырып жасаудағы маңызды нәрсе.

Барлық сөз тіркестерінде белгілі орын тәртібі бар: бағыныңқы сыңары әрдайым басыңқыдан бұрын тұрады. Осы қатаң орын тәртібінің өзгеруінен сөз тіркесі бұзылады» [3;3].

Зерттеу нысаны.  Менің жұмысымның зерттеу нысаны — орын тәртібінің функциясы. Мен сөздердің орын тәртібінің функциясын үш бөлімге бөліп қарастырдым.

    1.Орын тәртібі арқылы жасалған сөз тіркесі

  1. Орын тәртібі арқылы жасалған фразеологизм
  2. Орын тәртібі арқылы жасалған күрделі сөз

Зерттеу мақсаты: Орын тәртібі арқылы жасалатын тілдік категориялардың ұқсастығы мен айырмашылығын нақтылау.

Зерттеудің дерек көздері. Бұл тақырып арнайы зерттелмегендіктен, ол туралы ғылыми пікір табу немесе шетел ғалымдарының ғылыми болжамдары мен ойын талқылауға мүмкіндік болмағаны рас. Дегенмен «орын тәртібі» ұғымы бізге белгілі. Сондықтан орын тәртібі арқылы жасалған сөз тіркестерін, фразеологизмдерді және күрделі сөздерді түсіну қиындық туғызбайды.

Ең алдымен Балақаев М., Қордабаев Т «Қазіргі қазақ тілі (синтаксис)», Кеңесбаев І «Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі», Сайрамбаев Т.«Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері », Р.Әмір «Жай сөйлем синтаксисі», Аманжолов С «Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы», Исаев С «Қазіргі қазақ тілі»,  оқулықтарын қолыма алып жете танысып шықтым.Ондағы сөз тіркестерінің, фразеологизмдердің және күрделі сөздің қалай жасалғандығына көңіл аудардым.

Мысалдарды Әуезов М «Абай жолы», Нұрпейісов Ә «Қан мен тер», Мұқанов С «Ботагөз» романдарынан, Б.Майлин әңгімелерінен, Абай мен Жамбыл өлеңдерінен алдым.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ОРЫН ТӘРТІБІ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН СӨЗ ТІРКЕСІ

 

Сөз тіркесіне, сөйлемге материалдық негіз болатын — сөз. Сөздер өзара тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді.

 Қазіргі кезеңде сөз тіркесі синтаксисінің негізгі салалары деп мыналарды көрсетуге болады:

  1. Сөз тіркесінің байланысу формалары
  2. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері
  3. Сөз тіркесі сыңарларының синтаксистік қатынастары
  4. Сөз тіркесінің түрлері

Сөз тіркесі синтаксисінің осы негізгі мәселелерінің қай-қайсысы да өз алдына жеке-жеке зерттеле бастады. Сөз тіркесінің байланысу формалары бірнеше еңбектерде зерттеу объектісі болды. Алайда сөз тіркесінің түрлері мен оны топтастыру мәселелері осы уақытқа шейін зерттеушілердің назарын өзіне аударған емес.

Орыс тіл білімінде сөз тіркесінің синтаксисі үш бағытта айтылып келе жатыр:

Бір топ ғалымдар сөз тіркестерін сөйлем мүшелерінің ішінде қарастырады, енді бір топ ғалымдар, керісінше, сөз тіркестерінің синтаксисін                                    

сөйлем мүшелері тұрғысынан зерттейді.Бұл ғалымдардың пікірінше, сөз тіркесі сыңарлары сөйлем мүшелерінен айрықша емес. Үшінші бір топ зерттеушілер синтаксистің басты саласының негізі етіп, әрі сөз тіркесін, әрі сөйлем мүшелерін де жеке-жеке қарастырып, әрқайсының өзіндік объектілері бар жеке категория деп біледі.  

 «Қабыса байланысқан есімді сөз тіркесінің құрамы әртүрлі: оның бағыныңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, сілтеу есімдігі, үстеу болады да, басыңқы сыңары зат есім, субстантивтенген сын, сан есімдер болады

.

                 Зат есіммен қабыса тіркесетін сөздер:

 Зат есім: темір күрек, ағаш күрек, жел диірмен, түлкі тымақ, етікші бала, жұмысшы адам т.б.

  Сын есім: биік тау, қызық өмір, жақсы талап, малды колхоз, қоралы қой, таудай талап, еріншек бала, жастық шақ, социалистік жарыс т.б.

 Сан есім: үш кісі, мың қой, оныншы мектеп, бесінші бригада т.б.

 Сілтеу есімдігі: бұл қала, мына бала, ана кісі, осы ауыл, сол табыс, ол сұрақ т.б.    

 Есімше: айтылған сөз, келген кісі, айтар сөзім, келетін бала, айтатын сөз  т.б.» [4;37].

 Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің құрамы әртүрлі болады. Етістіктер мен қабыса байланысатын сөздер: үстеулер, еліктеуіш сөздер, көсемшелер, сын есімдер, сан есімдер, жалғаусыз зат есімдер. Есімдіктердің ішінде тек сұрау есімдіктері ғана етістіктермен қабысу жолымен қалай оқиды? қанша сұрайды? қашан келеді? не алды? тәріздес сөз тіркестерін құрайды. Қ а б ы с а  б а й л а н ы с қ а н етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сыңардың ыңғайына қарай: 1) үстеулі сөз тіркестері;  2) еліктеуішті сөз тіркестері;  3) көсемшелі сөз тіркестері;  4) сын есімді сөз тіркестері;  5) сан есімді сөз тіркестері;  6) зат есімді сөз тіркестері; деп бөлінеді.

 

 

                                      Есімді тіркестер

 

Қабыса байланысқан сөз тіркестері. 

 Есімді сөз тіркесінің басыңқы сөзі әр уақытта есім, көбінесе, зат есім болады. Зат есімдердің жетегінде айтылып, оларға бағынып тұратын сөздер де көбінесе есімдер болады. Олар сөз тіркесін құрау үшін өзара қабыса байланысады. Қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаусыз, тек қатар тұру арқылы тіркеледі. Сонда қабыса байланысқан сөз тіркестерінің грамматиқалық  байланыс амалы сөздердің орын тәртібі болады. 

 

                              Зат есімдерден құралған тіркестер

 

 Екі зат есім атау күйінде қабыса байланысып, сөз тіркесін құрау үшін алдыңғысы соңғысына бағынып тұрады. Мысалы:  алтын сағат, ағаш күрек, жібек орамал т.б.

Зат есімдерден құралған анықтауыштың топқа кез келген зат есім ене бермейді. Оған өзара мағыналық байланыста бола алатын сөздер, тілде солай айтылып үйреншікті болған сөздер ғана енеді. Сондықтан тас жол, темір күрек, қол сағат деп айтылады да, керісінше, жол тас, күрек темір, сағат қол деп айтылмайды.

Бірқатар зат есімдер жоғарыдай, анықтауыштың құрамда жұмсалу үшін ол екеуінің алдында басқа анықтауыштар болуды керек етеді.

 а) Аяқ жол деп айтылмайды, жалғыз аяқ жол дегенде ғана олар анықтауыштық құрамға енеді. Арқа отын- бір арқа отын.

 ә) қайнатым шай – бір қайнатым шай,

          үзім нан – бір үзім нан

          асым ет- екі асым ет.

б) қалқан – қалқан құлақ бала

          салпы- салпы ерін ат

          бұлаң – бұлаң құйрық түлкі

          сылтың – сылтың аяқ түйе

в) Бірқатар зат есімдер өзара тіркесу үшін олардың алдында келте, қысқа, биік, ұзын, жұқа, қалың, шолақ, қаба сияқты сын есімдер болады: ұзын құйрық түлкі, биік өкше етік.

 г)  Бірқатар зат есімдер тек қосарланып айтылғанда ғана басқа зат есімдермен тіркесе алады: қора – қора қой, үйір – үйір жылқы, тарам – тарам тамыр.

Зат есімдерден құралған сөз тіркестері мынадай мағыналық қатынаста жұмсалады:

  1. Заттың неден, қандай заттан жасалғанын білдіреді: темір пеш (темірден жасалған пеш), ағаш күрек (ағаштан істелген күрек)
  2. Салыстыру, теңеу мағынасында жұмсалады: қамыс құлақ (ат) – аттың құлағы қамыстай, жібек жүн – жүні жібектей.
  3. Бір затты басқа затқа арнау мағынада қолданылады. Мысалы: ат қора – ат тұратын қора; мал қора – мал қамауға арналған қора; шай кесе – шай ішуге арналған кесе.
  4. Бір зат екінші затты мекеніне қарай анықтайды: тау теке, көл бақа, желке тамыр, төс қалта, қалта сағат т.б. Олардың екі түрі бар.

а) Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары жер – су аты болып, басыңқысы заттың сонда өсіп — өнетінін, сол жақтан екенін білдіреді. Мысалы: тау ешкі, су жылан т.б.

ә) Қабыса байланысқан топтағы екі сөз де жалпы есімі болып, бірі екіншісінің қай жердегі, қай орындағы зат екенін анықтайды. Мысалы: мойын ет, желке тамыр, тамақ без т.б.

  1. Заттың өлшемдік мағынасын білдіреді: бір қора қой, қап – қап астық, бір асым ет т.б.
  2. Кәсіп дәрежені білдіреді: а) инженер қыз ә) суретші Әбілжан т.б.
  3. Адамның жынысын білдіреді: қыз бала, ұл бала т.б.
  4. Даралау мағынасында жұмсалады: қайың аға, алма ағаш, нар түйе т.б.

 

Сын есімді тіркестер

 

Сын есімдер зат есімдерге қатысты болып, зат есімдермен тіркесіп

есімді сөз тіркесінің құрамында өте көп жұмсалады.

 Сын есімдер мен зат есімдер қатар тұру арқылы өзара тығыз қабыса байланысып, есімді сөз тіркесі жасалады. Ол синтаксистік тіркесті құрамы әр алуан болатындықтан, олар әр түрлі анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы: анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сапалық сын есімдер заттың түсін (ақ қар, боз ат, көк шөп, қызыл гүл), заттың көлемдік сапасын (тар жол, қысқа жіп, кең қарай), заттың табиғи күйін (қалың қарағай, салқын жел), адамның, басқа заттың ішкі сырын (жақсы кісі, жаман жолдас, жуас ат), тамақтың дәмін (тәтті тамақ, ащы сорпа), заттың салмақтық белгісін (ауыр жүк, жеңіл чемодан) білдіреді.

 Осындай әртүрлі мағынада жұмсалатын сын есімдер кез келген зат есіммен тіркесе бермейді және барлық сын есімдердің зат есімдермен тіркесу қабілеті бірдей емес. Мысалы: тілемсек деген сөз адамның ғана сынын білдіреді. Сондықтан оны тілемсек кісі, тілемсек бала, тілемсек шал сияқты құрамда айтуға болады, тілемсек ат, тілемсек қоян тәрізді құрамда айтуға болмайды. Сол сияқты асау сөзін  асау ат, асау бие, асау тайлақ сияқты құрамда айтуға болады да, асау бала, асау шал деп айту ерсі болады. Оның себебі әрбір сын есімнің білдіретін лексикалық мағынасы белгілі заттың лексикалық мағынасымен үйлесімді, белгілі затқа тән сапа болады. Сондықтан мысалы, қисық сөзін қисайтуға болатын заттардың, асау сөзін көлік малын білдіретін заттардың сапасы деп айтуға болады.

Заттың түсін білдіретін сын есімдерді кез келген сондай түсі бар затпен еркін тіркестіре беруге болады. Бұл жағынан малдың түсін білдіретін сын есімдердің жұмсалуында үлкен айырмашылық бар: біріншіден, ақ, көк, қара, қызыл, тарғыл, жирен түстерді мал аттарымен тіркестіргенде олардың түсі басқа заттардан ерекше болып ұғынылады;

Екіншіден, ондай түстердің бәрін бірдей барлық малдың түсі ретінде қолдануға болмайды. Мысалы, ақ қой, ақ ешкі, ақ сиыр деп айтылады, ал көк түйе деп айтылмайды.

 Сапалы сын есімдер мен зат есімдер еркін тіркес құрамында айтылғанда, сөз тіркесінің бірінші сыңары түбір қалпын өзгертпейді де, екінші сөзі түрлі тұлғада айтыла береді. Бірақ соңғының жалғаулы болуының бұл сөз тіркесіне ешқандай қатысы болмайды. Сонымен қатар ондағы зат есімнің кейде дербестігі болмай, сын есім күрделі сөз тіркесінің құрамында айтылуы мүмкін. Әдебиеттерден мысалдар:

Үлкен үйдің ортасында… тас шам бар. (М. Әуезов) 

Бірқатар сын есімнің сындық сапасын күшейту үшін оларға басқа сын есімдер қатысты болып та олар күрделі сөз тіркесінің құрамына енеді:  тастай қатты ағаш, сүттей жарық ай.

Қатыстық сындар зат есімдерден жасалғанда, олармен а) басқа зат есімдер не ә) сын есімдер тіркесіп, барлығы жиналып, күрделі есім сөз тіркесінің құрамында айтылуы мүмкін:

а) Қасқыр ішікті, түлкі тымақты жуандар үй-үйге кіре бастады. (С.Көбеев.)

б) Қара торы, өткір көзді жігіт жалғыз келе жатыр. (Ғ. Сыланов.)

 

Сан есімді тіркестер

 

 Сан есімдер – зат есімдерге тән, оларды сан жағынан анықтап тұратын, зат есімнің жетегінде айтылатын, өзінің басыңқылық дербестігі жоқ сөздер. Сан есімдер барлық зат есіммен бірдей еркін тіркесе алмайды. Олар санауға болатын зат, заттардың атын білдіретін сөздермен тіркесе алады да, санауға болмайтын, абстракт ұғымды білдіретін зат есімдермен тіркеспейді.

а) балалық, жастық, сұлулық сияқты сапалық зат есім;

ә) гүрсіл, тарсыл, сияқты құбылыс, процесс аттарын білдіретін зат есімдер;

б) социализм, маркизм, логика, химия сияқты ілім мен ғылым аттарын білдіретін зат есім; 

Сан есімдер арқылы заттың көптігін білдіргенімен бағыныңқы қызметтегі зат есімдер көптік жалғауда айтылмайды. Мысалы: он ешкі, қырық саулық.

 Сан есімдер уақыт, салмақ, көлем өлшемін білдіретін сөздерге және жасар, жастағы сөздеріне қатысты болу арқылы да күрделі есімді сөз тіркесін құрайды. Мысалы:  үш күндік жол, алты айлық азық т.б. Әдебиеттен мысалдар:

Екі мың пұт кеннен сегіз жүз пұттай қара мыс түсіреді. (Ғ. Мүсірепов.)

 

Есімшелі тіркестер

 

Есімшелердің зат есімдермен тіркесуі арқылы анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркестері жасалады, мысалы: орылған егін, жайнаған дала. 

 Мұндай есімді сөз тіркестерінің құрамында жиі кездесетін есімшелер –-ған, -ген тұлғалылар. Бұларға қарағанда  а-тын/е-тін, -ар/-ер, -р тұлғалы есімшелер есім сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде аз айтылады. Оның себебі – есімшелердің білдіретін шақтық мағынада өткен шақ пен шақта жұмсалатын — ған  тұлғалы анықтауыштар қимыл прцесінің нәтижесін, оның зат есіммен тығыз мағыналық байланысын білдіреді, мысалы:  маңыраған қой, боздаған бота, жиналған астық. 

 Келер шақтық есімше зат есіммен тіркескенде көбінесе, оның болашақта болатын, қосымша сапасы ретінде жұмсалады. Мысалы: сауылатын сиыр (салыстыр: сауылатын сиыр).

 Сын есімнен болған анықтауыштар заттың әр алуан сындық сапасын бір қалыпты күйінде білдірсе, есімшелер заттың қимылдық сапасын процесс күйінде білдіреді.

                  Көк шөп – көгерген шөп

                  Ақ үй – ағарған үй

Есімшелі сөз тіркестеріне әдебиеттен мысалдар.

Әр жерде қағылған қадалар… көрінеді. (Ғ. Мүсірепов.)

Әдетте есімшелердің жетегінде, оларға меңгерілетін есімдер болатыны белгілі. Олар көбінше сол тобымен зат есімге қатысты болып, онымен бірігіп күрделі сөз тіркесінің құрамында айтылады. Мысалы:

Төбеде жүрген жау самолеті сирей бастады. (Ғ. Мүсірепов.)

 Есімшелер зат есімдермен ғана емес олардың орнына жұмсалатын басқа есімдермен де тіркесуі мүмкін, мысалы: келген біреу, оқыған жас.

       Оқуға ынталанбайтын жас бар ма қазір. (С. Мұқанов.)

 Көреген, сүзегін, қашаған, береген жатаған тәрізді ертедегі біраз есімшелер бұл күнде есімшелік мағынасын жойып, сын есім қатарында жұмсалады. Мұндай есімшелерден ауысқан сын есімдер де есімді тіркес құрамында айтылады. Мысалы: көреген кісі, сүзеген сиыр.

 

 

Есімдікті тіркестер

 

Есімдіктердің ішінде қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары болып жиі кездесетіндері – сілтеу, сұрау және жинақтау есімдіктері. Олар зат есімдермен тіркесіп, анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы: мына кітап, ана тау,қай аудан?

 Сілтеу есімдіктері заттың айтушыға алыс – жақындық бағдарын нұсқап көрсетіп анықтайды:

Ол осы өзенді жағалап Кресель жақтағы сонау көк мүйіске қарай серуендемекші еді-ау! (Ә.Әбішев)

 Сұрау есімдіктері ол құрамында заттың сұраулық – сапа қатынасын білдіреді, мысалы: қай қала? қанша саулық?

 Жинақтау есімдіктер есімді сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде заттың жинақталған мөлшерлік сапасын білдіреді. Мысалы: барлық жұрт, күллі ел, бүкіл дүние.

 

Үстеу қатысқан есімді тіркестер

 

Үстеулер — өздерінің лексикалық мағыналарына лайық заттың қимылдық сапасын айқындайтын сөздер.

Мезгіл үстеулері сөйлем ішінде зат есім, сын есім, сан есім және бар жоқ сөздеріне қатысты болып, олармен қабыса байланыста көп ұшырайды. Мысалы: бүгін жайлауда, енді көңілді.

Мезгіл үстеулер есімдермен тіркескенде, олардың тіркесу қабілеті айқын болғандықтан және мағыналық байланысы берік болғандықтан тіркеспейді, сөйлемнің жалпы мазмұны керек ететіндіктен ғана есімді сөйлемнің құрамына еніп, есім баяндауышқа мезгілдік мағына үстеу үшін тіркеседі.

Баяндауыш қызметіндегі есімдер мен үстеулердің мезгілдік қатынастағы сөз тіркесін құрауына мысалдар: Қасен қазір колхозшы (С. Көбеев.)

Мезгіл үстеулер сөйлемді баяндауыш болған есімдерге ғана қатысты болатындықтан, олар есімдерден қашықтап тұрып, олармен жанаса байланысуы да мүмкін. Мысалы: Қазір ол – мал бригадирі. (Ғ.М)

 

 Етістікті сөз тіркестері

 

  Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сыңардың ыңғайына қарай былай бөлінеді:

  1. Үстеулі сөз тіркестері;
  2. Еліктеуіш сөзі бар тіркестер;
  3. Көсімшелі сөз тіркестері;
  4. Сын есімді сөз тіркестері;
  5. Сан есімді сөз тіркестері;
  6. Зат есімді сөз тіркестері;

Үстеулі сөз тіркестерін екі топқа бөлген жөн: а) негізгі үстеулер қатысты сөз тіркестері; ә) туынды үстеулер қатысты сөз тіркестері;

 

Негізгі үстеулер қатысты сөз тіркестері

 

Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфологиялық тұрғыдан бөліп жаруға келмейтін үстеулерді айтамыз. (кеше, қазір, енді, жаңа ертең) Бұл топқа, тарихи тұрғыдан қарағанда, екі сөздің бірігу жолымен құралған сөздер, мысалы, бүгін (бұл + күн), биыл (бұл + иыл), қосарлы оқта – текте, жол – жөнекей, жалма – жан тәрізді үстеулер де жатқызылады. Мұндай сөз тіркестері мынандай мағынада жұмсалады. Бұлар мекендік, мезгілдік, амалдық мағынаны білдіреді.

Мезгілдік. Бұл мағынаны білдіру үшін мезгіл үстеулері етістікті сөз тіркесінің құрамында жиі қолданылады. Қазіргі қазақ тілінде мезгіл үстеулері тіркеспейтін бірде-бір етістік жоқ деуге болады. Оның себебі мынада: етістіктің шақты білдіруі – оның басты қасиетінің бірі. Үш шақтың бірінде айтылған етістіктің сол шақтық мағынасын дәлелдеп, айқындай, толықтай түсетін сөз – мезгіл үстеулері.

Етістіктермен қабыса байланысатын мезгіл үстеулерінің сөз тіркестері құрамындағы орын тәртібі еркін болады. Мезгіл үстеуі етістікпен қатар тұрып та, арасына сөз салып тұрып та байланыса береді. Өйткені мезгіл үстеулері сөйлемнің қай шенінде тұрмасын, тек өздері қатысты етістіктермен ғана тіркесе алады, сын есім, сан есім, есімшелер сияқты қай сөздің алдында тұрса, сол сөзге бола қалмайды. Сондықтан кеше келді, жаңа білдім тәрізді сөз тіркестерінің арасына есімдер қойып, үстеуді етістіктнен қашықтауға болады: Кеше қарындасым қаладан келді; Жаңа ғана жолаушылар атқа мінді. Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек (М.Әуезов).

Мезгіл үстеулерінің етістікпен тіркескенлегі мезгілдік мағыналары әр түрлі болады. Мысалы, бүгін, кешке, кеше, ерте, ертең, бүрсігүні, алдыңғы күні, таңертең, күндіз, түнде, күндіз – түнді, ертеңінде, ерте, ертемен тәрізді мезгіл үстеулері қатысқан етістікті сөз тіркестері бір тәулік ішіндегі мезгілдің кезеңдерін білдіреді:

Гудок бүгін бұрынғысынан ұзағырақ айқайлаған тәрізді (М.Горький). Мен кеше Щербаковпен сөйлестім (Ғ.Мұстафин). Ерте тұрып, кеш қалған (Мақал). Қожаш кеш келіп, ерте кетуші еді (С.Көбеев). Ертеңінде таңертең тұтқын үй есігі ашылды (М.Әуезов). Ол күндіз де, түнде де ағаштарды өсірудің қамын ойлады (А.Брагин). Керуен тартып шұбатып, астық тиеп күндіз – түн (Ж.Саин). Жирнше таңертең Құнанбай ауылына бір әдемі тарғыл тазы ертіп келді (М.Әуезов).

Биыл, былтыр, жылда, жылма – жыл, қысы – жазы, күзде тәрізді үстьеулер қатысты сөз тіркестері жыл мезгілі кезеңдерін көрсетеді.

Жеңіп ем былтыр ғана Арғынбайды,

Осы үйде домбырасын даңғырлайды (Жамбыл).

Жылда осылайша… бірнеше айды бірге өткізуші еді (М.Әуезов).

Жаңа, енді әуелі, енді – енді, алдымен үстеулері нтістіктермен тіркесіп, істің алғашқы кезеңін білдіреді.

Біз жаңа соның себебін біліп келдік (М.Иманжанлов). өткені келген почтаны алдымен өзі тексереді («Жұлдыз» журналынан).

Ұдайы, үнемі ылғи ұзаққа үстеулері етістікті сөз тіркесінің құрамында жұмсалып, істің созылу мерзімін білдіреді:

Бұл екі ауылдың арасында мұндай қақтығыс ұдайы болып тұрады. Тары әңгімесі ұзаққа созылды (Ғ.Мүсірепов).

Лезде, қазір, тез, шапшаң, әрқашан, дем арасында үстеулері етістіктермен мезгілдік қатынасқа түсіп, істің шапшаңдық, қайталау кезеңін немесе дүркінділігін мезгілдік ыңғайда білдіреді:

Аудан өкілдері қазір ел ішінде болар (Ғ.Мүсірепов).

Мекендік. Іс-әрекеттің қайда болғанын білдіру – сөз тіркесінің арнаулы қызметінің бірі. Сондықтан мекен үстеулері етістіктермен жиі тіркеседі де,  олар көлемдік қатынаста жұмсалады: Арасында құлын-тай, айнала шауып бұлтыңдап, Жоғары-төмен үйрек-қаз, ұшып тұрса сымпылдап (Абай.)

Амал. Мұндай сөз тіркестері пысықтауыштық қатынаста істің әртүрлі істелу амалын, тәсілін білдіреді. Мысалы: тез, шапшаң, ақырын, әрең, жай, қатты, кілт, жалт сияқты үстеулер етістіктермен тіркесіп, істің қарқынын, даму дәрежесін көрсетеді:

Поезд тез жүріп келеді (С.Мұқанов)

Көп, аз, талай, бірталай, анағұрлым, мұнша, біржолата тәрізді сан-мөлшер үстеулері етістіктермен тіркесіп, анықтауыштық-пысықтауыштық қатынасқа түседі.

Қожаш бастан-аяқ барлық сырын айтты.Ертең біржолата айтамыз (С.Көбеев).

 

Туынды үстеулер қатысты сөз тіркестері

 

Басқа есім сөздерге –ша, -ше, -дай, -дей, -сыз, -сіз т.б. аффикстері жалғану арқылы туынды үстеулер жасалатыны белгілі. Осы аффикстердің соңғы екеуі қатыстық сын есімдер жасап, сөйлем құрамында пысықтауыш мүшелердің де қызметін атқара береді. Қатыстық сын есімдер ондайда үстеуге айналып кетпейді. Ондай тұлғадағы үстеуге айналған сөздер, көбінесе, етістіктермен тіркесте жұмсалады.

Туынды үстеулер қатысты етістікті сөз тіркестері әр түрлі анықтауыштық пысықтауыштық қатынастарда жұмсалады:  ша, -ше қосымшалы үстеулермен (биылша, бүгінше, қазірше, ізінше, артынша) келген сөз тіркестері қимылдың әр түрлі мезгілдік  кезеңдерін білдіреді. Бұл үшін ол үстеулер көбінесе қимыл етістіктермен тіркеседі: биылша барма, бүгінше тоқтай тұр, әзірше жүрмеймін, ізіңше кейін қайт, артынша қарадым.

Қабашбай, ізіңше қалаға тарт. (Ғ.Сыланов.) Бүгінше дем ал, ертең Қызылжарға аттанатын бол! (Ж.Тілеков.)  Бүгінше жатсын осы кухняда. (С.Мұқанов.)

-ша, -ше тұлғалы жанды зат есімдерден жасалған үстеулер салт етістіктермен тіркесіп, сол заттарға тән істің тәсілдерін білдіреді. Мысалы, боташа боздау, өгізше өкіру, қазақша сөйлеу, ерлерше күресу.                   

Олар   пештің үстінде отырып қазақша кеңесті. (С.Мұқанов.)

Кейде ған тұлғалы есімшелер де ша, -ше жұрнағын қабылдап, мезгіл үстеулеріне айналады. Ал мұндай үстеулер көбінесе өзі меңгеретін есім сөзбен бір тіркесте қолданылады да, осы күйінде тұтасымен етістікке қатысты болады:

      Айтыс Ойылға жеткенше басылмады. (Ғ.Мұстафин.)

-дай, -дей, -сыз, -сіз аффикстерін жалғау арқылы есімдерден жасалған үстеулер сирек кездеседі.

Зат есімдер мен –ған тұлғалы есімшелерге дай, -дей жұрнақтары жалғану арқылы жасалған үстеулер салт етістіктермен және сирек болса да, сабақты етістіктермен тіркесіп, қимылдың салыстырмалы сапасын білдіреді. Мысалы: бұлбұлдай сайрау, көріктей көтерілу, сүліктей сору, шыбықтай бұраңдау, безгек болғандай қалтырау.

     Кеудем көріктей көтерілді. (Ғ.Мүсірепов.)

    сыз,-сіз тұлғалы үстеулермен келген етістікті сөз тіркестері қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі амалын, күйін білдіреді. Мысалы: орынсыз сөйлеу, еріксіз күлу, үздіксіз көбею.

    Василий Антонович еріксіз күліп жіберді. (Ғ.Мұстафин.)

 

Еліктеуішті сөз тіркестері

 

Еліктеуіш сөздер –өзіндік  ерекшеліктері бар сөз табының бірі. Еліктеуіш сөздер қазіргі қазақ тілінде көбінесе көмекші не негізгі етістіктермен тіркес құрамында қолданылады. Мысалы: (мылтық) тарс етті, (жарық) жылт етті, (арба) кілт тоқтады, (бала) жалт ,

Етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде жұмсалатын еліктеуіш сөздер етістіктерді мәнерлі түрде еліктеу тұрғысынан сипаттайды. Оның ішінде бір буынды еліктеуіш сөздері бар тіркестер қимыл-әрекеттің шапшаңдық қарқынын меңзейді. Мысалы: жалт бұрылу, тарс жабылу, кілт тоқтау. Ал қосарланып айтылған еліктеуіш сөздері бар етістікті тіркестер қимыл-әрекеттің созылымдығын көрсетеді. Мысалы: жалт-жалт қарау, бұрқ-бұрқ қайнау, тарс-тарс соғу. Сонда олардың мағыналары кісінің көру не есіту сезіміне үйлесімді болып, кейде дыбысқа еліктеуді, кейде қимылға тән әрекеттің көріну амалын білдіреді. Олардың бұл мағыналары белгілі етістіктермен не етістіктер тобымен тіркесте анық ұғынылады, етістіктердің мағыналарына қосақтаулы болады. Сонда да ондай тіркестердің құрамындағы еліктеуіш сөздер өздерінің лексикалық та, грамматикалық та дербестігін жоғалтпайды.

Еліктеуіш сөздер қуану, сағыну, түсіну тәрізді адамның ішкі күйін білдіретін етістіктермен тіркеспейді. Олар көбінесе қимылды немесе заттың әрекетін білдіретін салт етістіктермен тіркеседі. Мысалы: жалт бұрылу, кілт тоқтау, зыр айналу, күрс жарылу, морт сыну, жалт-жалт қарау, тырс-тырс соғу, бұрқ-бұрқ қайнау.

     Социалистік индустрияның дөңгелегі зыр жүгіреді. (Ғ.Мүсірепов.)

Бір буынды еліктеуіш сөздер сирек қолданылады. Оның үстінде, мұндай еліктеуіш сөздердің әрқайсысы белгілі бір етістіктермен ғана тіркесе алады. Мысалы, шыр сөзі айналу етістігімен ғана, кілт сөзі тоқтау, бұрылу етістіктерімен, жалт сөзі қарау, бұрылу, беру сөздерімен, гүрс сөзі жарылу, құлау сөздерімен, қарс сөзі айырылу, жарылу етістіктерімен және морт сөзі сыну сөзімен, ал зыр сөзі жүгіру, айналу етістіктерімен тіркесе алады.

 Қос сөзді еліктеуіштер етістікті тіркестердің құрамында жиі қолданылады. Осымен байланысты мына бір жайды ескерген жөн: кез келген бір буынды еліктеуішті қосарлап айтуға болады (мысалы: гүрс-гүрс, жалт-жалт), ал кез келген қос сөзді еліктеуіштерді бір буынды етіп айтуға болмайды (мысалы: кұж-құж қайнау, лүп-лүп соғу).

      Граната гүрс-гүрс жарылды. (Ғ.Мүсірепов.)

Еліктеуіш сөздерге етіп, еткізіп түбірлес көмекші етістіктердің жалғасуы арқылы олардың негізі етістіктермен тіркесу қабілеті арта түседі. Бұл жағдайда да ондай сөз тіркестері амал пысықтауыштық қатынаста жұмсалады:

Мария апайдан басқаның бәрі де мырс етіп күліп жіберді. Қара теңіз бұрқ-бұрқ етіп қайнап жатқандай.

 

Көсемшелі сөз тіркестері

 

 Көсемшелер – синтаксистік қызметі жағынан етістіктің үстеуге ұқсас бір түрі. Олар жіктік жалғауларын қабылдап, көсемшелік қасиетін жойып ала береді, бірақ көсемше тұлғаларында оқшау тұрып, күрделі мүшенің, мысалы баяндауыштың, құрамында, сонымен қатар толық мағыналы сөз ретінде етістікпен қабыса байланысып пысықтауыштық қатынаста да айтылады. Көсемшелер тек етістіктерге қатысты болып, тек етістіктермен ғана тіркесе алады. Олардың етістіктермен тіркескіштік қасиетін мынадан көруге болады: етістіктердің модальдық, шақтық, видтық т.б. мағыналарын түрлендіру үшін немесе әр түрлі пысықтауыштық қатынаста жұмсалуы үшін етістіктер көсемше тұлғалары арқылы бірінің үстіне бірі жамалып, өз ара қат- қабаттала береді. Мысалы: асықпай оқыды,- асықпай оқып отыр еді,- асықпай оқып кетіп бара жатыр еді;

Осылардың ішінде тек асықпай сөзі ғана пысықтауыш мүше қызметінде дербес қолданылған да, қалған көсемшелер тұтас бір түйдекті тіркес құраған. Кейде осы тәрізді қат – қабатталудың нәтижесінде бір сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалатын тіркес құрамында бес етістік, ал екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқара алатын тіркестер құрамында он етістікке дейін болады. Мысал үшін мына төмендегі тіркестерге назар аударайық: 

  1. Жүгіріп кету, жүгіріп кетіп бара жатыр, жүгіріп кетіп бара жатыр еді; Асықпай оқып отыр, асықпайоқып отыра берді. 3. Асығып оқып кетіп бара жатып, сүрініп кетіп, жығылып қала жаздап еді. Соңғы мысалда 11 сөз бар. Бұлар мынадай синтаксистік топтар құраған: соңғы төрт сөз баяндауыш қызметінде (жығылып қала жаздап еді), қалған үш топ әр түрлі пысықтауыш қызметінде айтылған: 1) асығып оқу; 2) оқып кетіп бара жатып сүріну; 3) сүрініп кетіп жығылу.
  2. Көсемшелердің етістіктермен тіркесуі олардың тұлғасы мен мағыналық үйлесіміне байланысты болады. Мысалы, сөйлеу етістігімен кісінің ішкі, сыртқы күйін білдіретін көсемшелер ғана тіркесе алады: ашуланып сөйлеу, ызаланып сөйлеу, күлемсіреп сөйлеу, қылмыңдай сөйлеу, қызараңдап сөйлеу, қутыңдап сөйлеу, күле сөйлеу, қылымси сөйлеу.

             Етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде көсемшелер барлық тұлғада бірдей жұмсалмайды. Бұл қызметте  ып, -іп, -п   тұлғалы көсемшелердің болымды түрі жиі жұмсалады да, а, -е, -й  тұлғалы көсемшелер сиректеу, ал ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалылары одан да гөрі сирек кездеседі.

            Көсемшелі сөз тіркестері пысықтауыштық   қатынастарды, атап айтқанда, қимылдық амалын, мезгілін және мақсатын білдіреді. Сонда көсемшелер етістіктің – қимыл процесін білдіретін сөздердің – қимылдық сапасы ретінде жұмсалады. Ол үшін көсемшенің кез келген тұлғасының бірін жұмсаса болады деп қарау дұрыс емес. Олардың әрқайсысының өзіне ғана тән ерекшеліктері барлығын сөз тіркесі құрамында анық байқауға болады:

-ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер амал пысықтауыш қызметінде көбінесе салт етістіктермен тіркеседі. Мысалы: Амантай орнынан ұшып тұрды.

Дегенімен ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер сабақты етістіктермен де тіркеседі. Мысалы: Әйгерім әнін Абай мүлгіп тыңдады. 

ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер өздеріне қатысты есімдермен бірге күрделі сөз тіркесінің құрамында да қимылдың амалын, мақсатын т.б. білдіреді. Мысалы: Қаланың солтүстік жағында … нардай шөгіп бір тау жатыр.

а, -е тұлғалы көсемшелер мен етістіктерден құралған сөз тіркестері қимылдық амалын, тәсілін барынша айқын түрде хабарлайды. Мысалы: Лиза Рахметке қадала қарады.  

Кейде ғалы, -гелі, -қалы, -келі және а –, -е  тұлғалы көсемшелер өздеріне қатысты болатын есімдермен бірге сөз тіркесінің құрамында қимылдық мақсатын білдіреді:

[Айғырды] Шығайбай үйірге салғалы… құлың алғалы алыстағы елден алдырыпты.

ғалы, -гелі, -а, -е  тұлғалы көсемшелермен келген тіркестер күрделі не үйірлі мүше қызметінде мезгілдік қатынаста жұмсалады. Мысалы: Ел жата Олжабек … көше жөнелген.

Қос сөз түрінде келген көсемшелер етістіктермен тіркесіп, қимылдық дүркінділігін, созыңқылығын білдіреді: Сөйлей – сөйлей шешен боларсың. (Мақал)

Бұлардың барлығы көсемшелердің мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан да етістіктермен қабысу жолмен тіркесіп, етістікті сөз тіркестерінің ең көп таралған тобын құрайтындығын дәлелдейді.

 

Сын есімді сөз тіркестері

 

Сын есімдердің етістіктермен тіркесуі – сирек кездесетін құбылыс. Барлық сын есім етістікпен тіркесе бермейді, барлық етістікке сын есім бірдей қатысты бола бермейді. Сын есімдер етістіктермен тіркескенде, қимылға не күйге тән қасиетті, сапаны білдіреді. Барлық етістік бірдей ондай сапалық пысықтауышы болуын керек етпейді.

Сын есімді сөз тіркестерін құрайтын етістіктер сан жағынан көп емес, тек кісінің   (не заттың) ішкі сезімін, күйін, қабылдау қабілетін білдіретін сөйлеу, түсіну, оқу, жазу, секіру, ойнау сияқты және кейде қимылды, қозғалысты білдіретін кес, піш, байла, тура тәрізді сабақты етістіктер бірқатар сын есімдермен мағыналық байланыста бола алады.

Сапалық сын есімдердің ішінде мұндай сөздер етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары болады: жақсы, жаман, қатты, ұзын, қысқа, кең, оңай, қиын, ұзақ т.б. Мысалы: жақсы сөйледі, жаман жазды, оңай түсінді, ұзын кесті, кең пішті, майда турады. Мұндай етістікті сөз тіркестері пысықтауыштық қатынасты білдіреді:    

 [Олар] дойбыны өте жақсы ойнады. (Ғ. Мүсірепов.) 

Қатыстық сын есімдердің ішінде сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде  -сыз, -сіз, -дай,-дей тұлғалы сөздер көп жұмсалады: Мысалы: Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді. (М. Әуезов)

 

                                   Сан есімді сөз тіркестері

 

Сан есімдер заттың сандық сапасын білдіретін сөз ретінде есімді сөз тіркестерінің құрамында жиі қолданылатыны белгілі. Сонысына қарап сан есімдерді есіммен (зат есіммен) тіркесу үшін жаратылған сөздер деуге болады. Дегенмен олар етістіктермен де тіркесе береді. Сан есімдер етістікті сөз тіркестері құрамында пысықтауыштық қатынаста қимыл процесін сандық сапа тұрғысынан пысықтайды. Бұл қызметте сан есімдер атау тұлғасында етістіктермен қатар тұрады. Сонымен қатар сан есімдер рет, есе тәрізді сөздермен қосарланып та жұмсалады: үш рет келді, екі есе көбейді т.б.   

Есептік сан есімдер ал, айт, сөйле, кел, қара, жүр, өл, тіріл, секір, сүрін, тәрізді етістіктермен қабыса тіркеседі. Сан есімдер бұл қызметте қимыл мен күйдің қайталану мөлшерін білдіреді.   Мысалы: Жанбота туды екі алды.   (Ғ. Мұстафин.)

Қосарлы сан есімдер етістіктермен тіркесіп, іс-әрекеттің шамамен алғандағы қарқынын білдіреді: Мысалы Би- болыстар екі – үш қонып …. ауылнайға қарай кетті.  (С. Көбаеев.) 

Сан есімдер етістікті сөз тіркесі құрамында рет, дүркін сөздермен қосарланып, қимылдың дүркінділік дәрежесін көрсетеді: Мысалы [Ғайша]бірер рет көзінің астымен Қожашқа қарап қойды. Шалқар Жүністі қамшымен екі-үш рет сілтеп өтті.

Сан есімдер есе сөзімен қосарланып келіп, етістіктермен тіркескенде, қимылдың сандық тұрғыдан даму дәрежесін білдіреді: Жұмыс аумағы үш есе ұлғайды. (Ғ. Мұстафин.)

Мезгіл мағыналық есімдер мен сан есімдер тобы етістіктермен тіркесіп, күрделі сан  мөлшерін білдіреді: алты ай іздеді, бес километр жүгірді, он сағат істеді. Мұндай сөз тіркестерінің сан — мөлшерлік мәні көбінесе мезгілдік, мекендік болады: Ауылдастар …. бір төбені бір ай қазды.             (Х. Ерғалиев.) Үйдегі бір нанды бір ай жейді аз-аздап. (Абай                     Зат

Зат есімді сөз тіркестері

 

Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің үлкен бір тобы зат есімді тіркес болады. Зат есімдер сабақты етістіктермен қабыса тіркесу арқылы әрі мағыналық, әрі грамматикалық тығыз байланыстағы сөздер тобын құрайды. Сөз тіркестерінің бұл түрі тура обьектілік  қатынаста жұмсалады. Жалғаусыз табыс септіктегі зат есімге сабақты етістіктің қимылы ауысып түсіп, онымен біте қайнасқан байланыста тұрады. Мысалы: жер жырту, киім тігу, бала оқыту, кітап оқу, мылтық ату, қымыз ішу.

Кейбір зат есімдер етістіктермен бір тіркесте жиі қолданылуының нәтижесінде және, керісінше, өздерінің бұрынғы дербестілігін айрылып, түйдекті тіркес қалпында баяндауыштың не басқа бір мүшенің құрамына еніп кетеді. Мысалы: сөз сөйлеу, темекі тарту, орақ ору, жол жүру, төсек салу.                Мұндай тіркестердегі зат есімдер, сырт қарағанда, қимылдың обьектісі болып көрінгенмен, қолдану тәжірбиесінде табыс жалғауын қабылдамайды. Ал жоғарыда келтірілген  (жер жырту, киім тігу т.б.) зат есімдер табыс жалғаулы болып та немесе жалғаусыз да жұмсала алады. Бұл ерекшелік алдыңғылардың  (сөз сөйлеу, орақ ору) құрамындағы сөздердің тығыз байланыста екенін, дербестілігінің жоқтығын көрсетсе, соңғылардың        (жер жырту, киім тігу) оларға қарағанда, арасының алшақтығын аңғартады.

Қабыса байланысқан зат есім мен етістікті сөз тіркестерін тіркесу ерекшелігіне қарай екі топқа бөлуге болады: 

1.Нақтылығы зат есімдердің қимылды, қозғалысты білдіретін етістіктермен тіркесі. Мысалы: ағаш кесу, пішен ору, таяқ ұстау, ет турау, гүл отырғызу, шам жағу, тері илеу, үй салу, кілем тоқу. 

Шанаға екі қап сұлы сал, толтыра шөп сал.  (Ғ. Мүсірепов.)    

Осындай сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары етістіктердің мағыналық ерекшеліктеріне үйлесімді болып ығғайласа тіркеседі. Сондықтан, мысалы, тоқу етістігіне тоқылып жасалатын зат атауларының бірі обьект бола алады, ал тоғыту етістігі қой тоғыту, қозы тоғыту тәрізді бірен – саран сөз тіркестерінің ғана құрамында жұмсалады.

  1. Абстракт зат есімдердің күйді, сезімді білдіретін етістіктермен тіркесі. Сөз тіркестерінің бұл түрі сирек құралады. Өйткені ақыл, мінез, қылық, тамаша, жақсылық тәрізді абстракт зат есімдердің обьектілік қызметі солғын болады. Оның үстіне, бұндай сөздері бар тіркестер сөйлем құрамында көбінесе лексикалық тіркес ретінде ұғынылады. Бұлар – жақсылық қылу, сыр білдіру, ақыл беру тәрізділер. Әдебиеттен мысалдар:

 

Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң – қыс келіп әлек салды. (Абай.) 

 

 … 21-22 жылдардағыдай билік айтып олжа түсіретінзаман емес. Сары оған мынандай сөз айтты. Досбол Хасеннің үстінен арыз бермекші. (Б. Майлин.)

Сөйлем мүшелерінің барша түркі тілдерге ортақ бұлжымас заңдылығын былай көрсетуге болады, — деп жазады Қ. Жұбанов, — анықтауыш анықтайтын сөздің алдында, толықтауыш толықталатын сөздің – алдында, ол сөйлемнің барлық мүшелері баяндауыштың алдында тұрады.

«Күн ұзаққа деген қазіргі сөйлеуімізде жиі қолданылатын екі сөздің тізбегін алатын болсаң, мұндағы сөздердің орналасу тәртібінің қазақ тіліне тән еместігін оңай байқаймыз, өйткені мұның анықтауыш сөзі анықталатын сөзден кейін тұр, егер қазақ синтаксисіндегі сөздердің тіркесу жөн-жосығына салсақ, мұндағы сөздер ұзақ күн болып тіркесуі керек еді. Осы жерде автор жоғарыдағы күн ұзаққа деген тізбек пен синоним болып келетін ұзақты күн деген тіркеске де назар аударады. Бұл тіркесті күн ұзаққа деген тіркеспен синонимдес етіп тұрғанты деген меншіктік  аффикстің қызметі деп көрсетеді. Қ. Жұбанов. Расында да, бұл жерде меншіктік аффиксті алып тастасаң, тіркесіміз ұзақ күн болып шығар еді. Бірақ ұзақты күн  деген мен ұзақ күн дегендер мағыналары басқа – басқа тіркестер. Кейінгі тіркес күннің ұзақтығын мен астрономиялық тұрғыда ғана білдіреді. Сөйтіп, автор күн ұзаққа деген тізбектің ұзақты күн деген сөз тізбегімен қатар өмір сүруіне назар аударта келіп. Қазақ тілінде «сөздердің орналасу тәртібі ертеректе қазіргіден басқашарақ болған, яғни анықтауыш сөз анықталатын сөздің алдында келмей, одан кейін тұрған. Ал мына күн ұзаққа деген тіркес болса, ал қазіргі тілімізде ескі тілдік заңдылықтың қалдығы ретінде сақталған»[4;581].

 

            Қазақтағы кісі аттарында жиі байқалатын, әсіресе әйел адамдардың аттарындағы Күнсұлу, Айсұлу, Таң сұлу, сондай-ақ ер адамдардың есіміндегі Күн жарық, Ай жарық, Таңжарық, дегендердегі күн, ай, таң көздерінің сұлу, жарық деген сын есімдердің алдында келуін автор мысалға келтіреді.

             «Сөздердің орналасуындағы көне тәртіптің мысалдары тілімізде әрине некен – саяқ қана. Олай болмаған жағдайда көне тәртіптің қазіргі тәртіпті ығыстырып шығаруы кәдік қой. Анықталатын сөздің анықтауыштан бұрын келуі біздің қазіргі грамматикалық түсінігіміз тұрғысынан алғанда оғаш көрінетіне рас. Сондықтан біздің анықталатын сөзді  анықтауыш сөз деп қабылдау салуымызға таң қалуға да болмайды»[4;581].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2   ОРЫН ТӘРТІБІ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР

 

    «Фразеологизмдер — тіліміздің тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі. Өзінің көнелену жағынан да, тұлға, мағына тұрақтылығы жағынан да, стиль жағынан да оларға тән ерекшеліктер бар. Тілімізде көкейге қонымды, көркем, орамды алуан түрлі тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Тіл қазынасына жататын қат-қабат тіркес, тізбектерді халық орынды пайдаланады. Мақал –мәтелдермен барабар жоғары бағалап, оларды қастерлей сақтап келеді. Тіл-тілдің өзіне лайық ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан байқалатыны мәлім. Сол қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық көрінеді» [5;589].

     Тіл арқылы қатынас жасағанда, сөздер дара күйінде емес, бір-бірімен тіркесіп қолданылады. Тіркес екі түрлі болады:                                                                                                  

      1) Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге болатын еркін тіркес. Мысалы: үлгілі қыз — үлгілі бала, диктант жазу — хат жазу, кітап оқу  — газет оқу, ертегі айту — ән айту.

      2) Мағынасы біртұтас, құрамын өзгертуге, басқа сөзбен алмастыруға болмайтын, бір сөздің орнына ғана жұмсалатын тіркес – тұрақты тіркес. Мысалы: қой аузынан шөп алмас – момын, бос адам туралы айтылады.

      «Орын жағынан әбден қалыптасқан, құрамын өзгертуге келмейтін, бәрі тұтасып бір мағынаны білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі ретінде қолданылатын тіркесті тұрақты тіркес дейміз. Олар ғылым тілінде фразеология, фразеологизм деп аталады» [6;29].

      Фразеологизм, тұрақты тіркестер – екі немесе бірнеше сөздердің тіркесуі арқылы тұтас бір мағынаны білдіретін сөз тіркестері. Қазақ тіл білімінде бұл термин тұрақты тіркес, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тіркес, фразеологиялық орам, фразеологиялық тұлға, фраза сияқты атаулармен аталып жүр. Фразеологизмдер құрамына қандай тіркестер енетінін анықтау үшін зерттеушілер тіл білімінде олардың қолданылу тиянақтылығын, мағына тұтастығын, тіркес тұрақтылығын басты белгі етіп алады.

  1. Фразеологизмдердің қолдану тиянақтылығын сөйлеуде, айтылуда бұрыннан қалыптасқан даяр қалпында жұмсалатын еркін сөз тіркестерімен салыстырғанда анық байқалады. Мысалы: бет моншағы үзілу – ұялу, ит арқасы қиянда – қашық, алыс жер.
  2. Фразеологизмге тән мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сөздердің жеке мағыналарына үнемі сәйкес келе бермейді, тіркес ішіндегі сыңарлар тұтасып барып, бір мағынаны білдіреді. Мысалы: қабырғасынан күн көріну – жүдеу, арық, тас бауыр – мейірімсіз. Бұл тіркестердің құрылымы әртүрлі болғанымен, әрқайсысы мағына тұтастығымен ерекшеленеді. Фразеологизмдердің мағына тұтастығы жеке сөзбен бірдей емес. Сөз – лексикалық мағына, номинативті атау болса, фразеологизмдер мағына тұтастығы мен сөзбен баламалық қатыста емес, жанамалық қатыста тұрады. Фразеологизмдерге тән басты белгі – туынды мағынада жұмсалып, әрдайым бейнелі мән тудыруы. Фразеологизмдер мағынасында жағымды немесе жағымсыз, әйтеуір эмоциялы – экспрессивті реңі бар. Сондықтан сөз дегенді көптеген зерттеушілер «бүтін бітімді», ал фразеологизмді «бөлек бітімді» деп есептейді.
  3. Тұрақты тіркес тізбегіндегі сөздер айтушының қалауынша емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасады. Сол себепті де сөздердің жігі ажырамай тұрады. Құрамындағы сөздер басқа сөздермен алмастыруға, сөздердің тұрақты орын тәртібін ішінара өзгертуге келмейді. Сөздердің орын тәртібі нық келеді. Мысалы: пендешілік жасау дегеннің орнына адамшылық жасау десе мағына бүтіндей өзгереді немесе «бүйрегі бүлк етпеу» дегеннің орнына «жүрегі бүлк етпеу» десек, мағына тұтастығы онша өзгерімен, стильдік жағы солғындап, дыбыс үйлесімі кемиді. Бұл тұрақтылықтар оның тілдік бірлік ретінде танылуына мүмкіндік береді.
  4. Фразеологизмдерді зерттеу барысында тұрақты тіркестерді тар және кең мағынада түсіну деген ұғым қалыптасқан. Фразеологизмдерді тар мағынасында түсінуді негізге алып жақтайтындар – мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді фоазеологизмдер қатарына енгізбейді. Ал кең мағынада түсіндіруді негізге алатындар (Мұратов, Ғ.Ахунзянов т.б.) терминдерді, күрделі сөздерді, мақал-мәтел, газет айдарларын (штамп) фразеологизмге жатқызады.
  5. Орыс тіл білімінде бұл туралы пікірлерде қайшылық бар. Алайда орыс фразеологиясында соңғы кезде В.Виноградов бастаған зерттеушілер бұрынғы классикалық зерттеу үлгілерін қайта қарауды ұсынады. Олар фразеологизмді тану үшін бөлек бітілуі мен даяр қалпында жұмыс істеу белгісін басшылыққа алады.
  6. «Тілдегі фразеолгиялық құрам – лексиканың ең бай құнарлы көзі. Фразеологизмнің жаңа ұғым, жаңа түсініктермен көбейіп қалыптасуы сол ұлт тілінің даму ерекшеліктерін және ұлт мәдениетінің танымдылық қасиетін көрсетеді» [7;437].
  7. Сөз тіркестерінде жиі қолданылатын «зат есім – зат есім» типті тіркестер орын тәртібі арқылы жасалған фразеологизмдер де жиі кездеседі. Мысалы:  бой тұмар, бел бала, жел өкпе, кебіс ауыз, ит өлім, оқ жылан, от жүрек, орақ ауыз, тас керең, үй күшік, шыбын жан. Екі зат есім атау күйінде келіп, сөз тіркесін құрау үшін алдыңғысы соңғысына бағынып тұратын болса, ал фразеологизмде ондай бағыныңқы + басыңқы сыңар болмайды. Мысалы: қыз, студент, шөп дегендер басыңқы сыңар, ал әдемі, үлгілі, жасыл (қандай? деген сұраққа жауап береді) дегендер бағыныңқы сыңар. Ал фразеологизмде бірлік, мінез, жүрек дегендерді басыңқы сыңар деп ауыз, болса, тас сөздерін бағыныңқы сыңар деп айта алмаймыз. Себебі олар сөйлемге бір ғана сұраққа жауап беріп, бір ғана мүше болып енеді.

Мысалы:

Ауыз бірлік – ұйымшылдық, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарлықтай ынтымақ татулық, бір сөзділік. Ауыз бірлік қыла, ашулы болған кектісің.  (Жамбыл.)

Бала мінез – бала  сияқты әрнәрсеге сенгіш, аңқау, алаңсыз, жан. Бала мінез ойынша бұрынғылар, Аңқау екен мазақтап соны сынар. Артқа қарап, ақ бейіл шалға күліп. Абыройсыз атақсыз көрге құлар (Абай.) 

 Ауыз су – адам ішуге жарамды тұщы су туралы айтылады. Кедей ауылға ауыз судың өзіне іш тарлық істеп құдық басына барған қатын, баланы сабап жіберді. (Ә.Н.) 

Жел сөз – алып қашпа өтірік бекер әңгіме. Жел сөзге жаны құмар келіншек әңгіме үстінде талай – талай сөздерді де айтып үлгерді. 

 Ит жанды – жаны сірі, сүйретіліп жүріп те өлген – тірілгеніне қарамай әрекет ететін кісі. Ит жанды жау сонша өнермен, көк жұлын боп дымы құрып жатса да, әлі көктен, жерден соққылап тұр өкпен ұрып. (Ә.Ә.)

 Ит жүрек – қызық қуанышы жоқ, құлазуға көнген көңіл. Инсерге жан таба алмай, сенделеді ит жүрек. Тірлікте бір қана алмай, Бұл не деген тентірек. (Абай.)

Ит мінез – ыржаңы мен ашуы қатар жүретін жағымсыз қылық. Жас баладай жеңістік қой байлаулы емес ақыл ой. Ойлағаны айт пен той, ыржаң – қылжаң ит мінез. (Абай.)

Пісте мұрын – кішкене қыр мұрын. Жібектей талдап өрген қолаң шашы, Аққудай суда жүзген, көрсең формы. Маржандай отыз тісі, пісте мұрын кең маңдай, қасы қара, өткір көзді. (О.Ш.)

 Орын тәртібі арқылы жасалған «зат есім – зат есім» типті фразеологизмнің екі сыңары да зат есімнен болғанымен, сөйлемге енгенде бірде зат есімнің, бірде сын есімнің орнына жұмсалады. Мысалы: осы сенің ит мінезің маған ұнамайды, десек, бұл жердегі фразеологизм ит мінезің – зат есім мағынасында жұмсалып тұр. Ал, ол өзі ит мінез адам десек, бұл жердің сын есім қызметін атқарып тұр. Сонымен қатар ит жанды деген фразеологизмді -ды деген жұрнақтың арқасында сөйлемге тек сын есім қызметінде енеді. Ит жанды Қаламқастың өмірі қорлықпен өтті.

Фразеологизмдердің ішіндегі кейбір сөздер семантикалық жағынан ерекше байқалып, түп қазық есебі қызмет атқарады. Ондай сөзді ұйтқы сөз деп атаған дұрыс. Орын тәртібі арқылы жасалған «зат есім – зат есім»типті тұрақты тіркестерде  де ұйтқы сөздер кездеседі. Мысалы, «мінез» сөзімен келетін фразеологизмдер:

Бала мінез – бала сияқты әр нәрсеге сенгіш, аңқау, алаңсыз жан.

Жылқы мінез – 1. Шыдамды төзімді; 2. менсінбей кету жылқы сияқты ақырып кету.

Сиыр мінез – сүйкімсіз қылық  (әр нәрсеге орынсыз соқтыққанда айтылады).

Бұл келтірілген мысалдар орын тәртібі арқылы сөздердің екінші сыңарының ұйтқы болып келуі.Фразеологизмдерге бірінші сыңарда ұйтқы болып «тас» сөзімен келетін, орын тәртібі арқылы жасалған «зат есім – зат есім» типтегі тұрақты тіркестер:

 Тас жүрек – қатыгез, мейірімсіз

Тас бауыр – мейірімсіз, туыстық, сезімсіз, ешкімге жаны ашымас, басы ауырмас.

 Тас боран – суырып соққан қатты боран.

Тас күрең – түк есімейтін саңырау.

Тас көңіл – бауырмалдығы жоқ, мейірімсіз.

 Тас маңдай – сорлы, бақытсыз.

 Тас өнім – қатыгез, мейірімсіз қаза.

Фразеологизмге ұйытқы болатын сөз оның семантикасына байланысты  алынады. Мысалы: «тас» сөзін алсақ, тас табиғаттың бір бөлшегі, суық,  қатты әрі түсі де сұрғылт, тартымсыз. Сондықтан онымен тіркесетін фразеологизмдердің беретін мағынасында мейірімсіздікпен, қатыгездік,  қаталдық, салқын қандылықпен байланысты. 

 Қабыса байланысатын сөз тіркестерінің жиі қолданылатын тағы бір түрі – сын есімді сөз тіркестері.

 Сөз тіркестерінде кездесетін  «сын есім – сын есім» типті тіркестер фр-р де тек бірен сараң. Олар зат есімге –дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы да жасалады, яғни зат есім –дай, -дей, -тай, -тей жұрнағы сын есім. Мысалы: айнадай мөлдір, айдай сұлу, өрімдей жас т.б.   

 Орын тәртібі арқылы жасалған «сын есім – зат есім» болып келетін фразеологизмдерді іштей екі сөзден құралған фразеологизмдер  және үш сөзден құралған фразеологизмдер деп бөліп қарастарамыз. Екі сөзден құралған «сын есім – зат есім» типті фразеологизмдер.

Адал ақы – адам еңбекпен тапқан табыс, бейнетпен келген төлем. Мысалы: «Байтал түгіл, бас қайғы» дегендей, төрт жылда төрт, қара да таппай, табан ақы маңдай теріміз  тамағымыз бен киімізден артылмады (Ж.Т.)

Ай қабат, алтын кірпік – асқан сұлу, өте көркем қыз, ару әйел. Мысалы: Ай қабақ, алтын кірпік, қызыл ерін, кел десең неге аяйын аттың терін. Сары ағаш сазға біткен секілденіп қай жерде отыр екен бұраң белім (Х.Ө).

Ақ жауын – ұзаққа созылып, майдалап жауатын жаңбыр. Мысалы: Бірақ, әлі сыймай ішінде болатын қара желде, тіпті июньде болатын жайлаудағы ақ жауында, бұршақ астында, ұзақ салқын күндерде солардың ішінен әлі де шығатын шығысы  аз емес. (М.Ә.)

Жарық дүние — өмір, әлем, тіршілік дүниесі. Мысалы: жас бөбек жарық көрген жаңа, жаңа ғана көрсеткен жарық дүние менмін ана. (С. Кер.)

Жауыр сөз – айтыла – айтыла, үнемі қайталанып, жұртты мезі еткен машықты әңгіме. Жаттанды, қолдан қолға өткен, бедері кеткен ескі тиын секілді жауыр сөздер оқушыны селт еткізбеуі заңды. (Л.Ж.)

Жез таңдай – шешен, сөзге шебер кісі.

Кәрі буын – егде тартқан тіс қаққан. Мысалы: үшеуімізде кәрі, көпті көрген көне екенбіз. (Қ.Е.)                          

Кәрі тарлан – көпті көрген көне, жасы орта жастарға келген, егде тартқан, ыстық – суықты көп көрген адам. Мысалы: Мұғалімді жақан дойбыдан келістіріп тұрып ұтты дегенде, — Ой жарайсың, кәрі тарланым – деді Керей (М.М.)  

Өткір тілді – кесіп түсер тура сөзді кісі, бет-жүзі деп иба етіп жатпас тура айтар тіл. Мысалы:  өлсем орным қара жер сыз болмай ма? Өткір тіл ұялшақ қыз болмай ма? Махаббат ғадауат пен майдандасқан Қайран менің жүрегім мұз болмай ма? (Абай.)

«Фразеологизмдердің ішіңдегі кейбір сөздер семантикалық жағынан ерекше байқалып, түп қазық есебі қызмет атқарып», ұйтқы сөз болатынын жоғарыда айтып өттік. Сондай сөздер орын тәртібі арқылы жасалған «сын есім – зат есім» болып келген екі сөзді фразеологизмдердің көп бөлігін құрайды. Мысалы: «ақ» сөзімен келетін екі сөзден құралған, орын тәртібі арқылы жасалған фразеологизмдер:

Ақ бата – 1) Біреудің болашағына, тағдырына деген жақсы, тілек, ізгі ниет, адал көңіл қалауы. 2) Құдалық салттың береке – бірлігі, ынтымаққа келген уәделі байламы.

 

Ақ өлім – тағдырдың дегенімен болған тура қаза.

Ақ білек – 1. Сұлу перизат, 2. Қара жұмыстан қашатын мырзалар.

Ақ дидар – сұлу келбет, ақ құба өң жүз

Ақ жарқын – жайдары, ашық көңілді.

Ақ жаулық — әйел, жұбай, қатын.

Ақ жаулық – ұзақ созылған жауын.

Ақ жол – ақиқат, әділ, адал жол.

Ақ жүрек – ақ, адал, көңіл.

Ақ иық – мұзбалаң ерекше қыран.

Ақ көз – надан, оқымаған, қараңғы.

Ақ көкірек – ашық жан, мейірімді адал ниет.

Ақ неке – адал жар некесі.

Ақ орда – үлкен киіз үй.

Ақ саусақ – ешқашан жанын қинап, қара жұмыс істемейтін.

Ақ семсер – саны мен қанжардан ірі, екі жүзді қару.

Ақ сұмқар —  1. қыран құс 2. ер азамат баламасы.

Ақ тамақ – қыздың әдемі, сұлу тамағы.

«Қара» сөзімен келетін, орын тәртібі арқылы жасалған екі сөзден құралған, «сын есім – зат есім» болып келетін фразеологизмдер:

Қара орман – барлық мал мүлік, сайман, даулет.

Қара ат – мал жейтін, жусан тәрізді жабайы шөп.

Қара сирақ – тақыр кедей.

Қара сөз – 1. ауызекі халық сөзі; 2. өткір, шешен сөз.

Қара су – тек қана су.

Қара суық – жер қара кездегі жаңбырсыз, ызғарсыз жел.

Қара табан – еңбегін сатып күн көрген жарлы кедей.

Қара таяқ – қалада оқыған адамға ертерек кезде қойылған кекесін ат.

Қара түйнек – мал ауруы.

Қара түнек – көзге ешнәрсе көрінбейтін, қап – қара, көзге түкте көргісіз қараңғы.

Қара үй – ескі киіз үй.

Қара шаңырақ – үлкен үй, тәрбие алған, ұшып шыққан ұя.

Қара шапан – жібектен басқа матадан тігіп жасалған.

Қара азық – ет майдан басқа тамақ.

Қара бауыр – без бүйрек, қаспай хан, қайырымсыз адам.

Қара бет – ұятсыз, арсыз.

Қара бұқара – қанаушы топқа қарсы тұратын еңбекшілер.

Қара дауыл – екпінді, суық ызғарлы жел.

Қара жау – қас дұшпан.

Қара жаяу – көліксіз.

Қара жел – жауын-шашынсыз, азынап соққан жел.

Қара жұмыс – дене еңбегі.

Қара жүрек – рақымы жоқ, қан құйлы адам.

            Бұл келтірілген мысалдар орын тәртібі арқылы фразеологизмдердің «сын есім – зат есім» болып жасалуына бірінші сыңардың ұйтқы болуы.Дәл осылай екінші сыңар да фразеологизмдерге ұйтқы бола алады. Мысалы, «сөз» сөзімен келетін орын тәртібі арқылы жасалған «сын есім – зат есім» болып келетін фразеологизмдер:

Ақтық сөз – қиыла өтінген соңғы тілек.

Асыл сөз – бағалы  сөз, өсиет, ақылды пікір.

Бос сөз – бекер  әңгіме, орынсыз айтылған сөз.

Жауыр сөз – айтыла айтыла үнемі қайталанып, жұртты мезі еткен, машықты әңгіме.

Нұрлы сөз – жақсы, ақылды сөз.

Өрелі сөз — көп жайды топшылап барып айтылған сөз.

Суық сөз – жағымсыз, жаман хабар, алып қаштысы көп қауіпті әңгіме.

Ыстық сөз — тәтті, көңіл жалыны шарпуымен туған сөз.

  Орын тәртібі арқылы, жасалған екі сөзден құралған. «Сан есім – зат есім» типті тіркестер фразеологизмдерде көптеп болмаса да біршама кездеседі. Мысалы:

Бір жапырақ – азғантай, зәрудей, бір жұлым.

Бір жұтым – бір ұрттап жұмарлық. Мысалы: бұйырмаса пендесі, дария кешіп жүргенмен, бір жұтым суға зар болар. (А.Ә.)                              

 Бір киер – кейде, оқта-текте киіп шығатын киім. Байлық көзімен қарағанда Ұлпан тыр жалаңаш еді, әжесінен, шешесінен қалған ол – пұлдан қиыстырып берген «бір киері» бар.

 

Жеті ата – арғы ата, ата-баба. Алаштан азап көп көрдім, өлген соң батыр қапыда. Әлді болған адам жоқ, өзім түгіл жұрағат, жеті атадан затымда.(О.Ш.)

 

Жеті дария – алыс, қиыр шет. Аялап ақырын ұстап, алып ұшып, Бауырға басып алып кетсем ұшып. Жерінен жеті дария арман етіп. Апарып алтын тауда жатсам құшып. (І.Ж.)

 

Жеті дұшпан – жеті түрлі жау, жеті түрлі кедергі. Бұрынғылар айтқандай, әйел – жеті дұшпанның бірі, ер жігітке опа берген бе? (Ә.Н.)

 

Жеті жұрт – көп ел. Мысалы: Сізге патша жіберді, Құралай қызын бергелі, Көріңіз ханның бақтысын жеті жұрттың жақсысын, Күлмес хан сізді шақырады.(М.З.) 

 

Жеті қазына – байлық көзі, байлық құт-берекенің бірі. Диірмен де жеті қазынаның бірі ғой, соған барғалы   қор жинап алды.(Ғ.Т.)

«Фразеологизмге кейбір сан есімдер де ұйытқы болады екен, көбінде олар жеті, бір, қырық, үш сандармен келеді. Бұлардың дені халықтың ескі наным сенімдерімен туған. Бірақ бертін бұл ұғым дерексізденіп екінші бір салаға ауысқан деуге де болады. Мысалы: ит сөзінің алыстыққа тікелей қатысы болмаса да  «ит арқасы қиянда»  дегеннің алыстық ұғым баламасы бар. Сол сияқты «жеті атасынан түк көрмеген» дегенде жеті сөзі де уақыттың көрсеткішіне айналған. Ал басты жеті жалмауыз, жұт жеті ағайынды дегендегі жеті сөзі жалпы көптік мағына беріп тұр, яғни жеті саны екі түрлі қасиетке ие болған»[5;612].

Осы күнге дейін көптеген зерттеушілер тек екі сөздің тіркесі,яғни «сын есім – за         т есім», «зат есім – зат есім», «зат есім – етістік » т.б. сөз болып келеді. Мен фразеологиялық сөздіктен мысал жинау барысында үш сөздің орын тәртібі арқылы тіркесіп фразеологизм болатынына да назар аудардым. Олар «сын есім – зат есім- зат есімді» типті болып келеді. Мысалы:

Ала қанат қар – ақтаңдаң жер, қары ала құла еріген жер. Мысалы: жағалауды қыстаған ауылдар күн жылт етісімен қаптай көшіп шыққанда, қыр әлі қыс ызғарынан айыға қоймай, қара жел ызғыған жонда ала қанат қар жатты. (Ә.Н.)

Ала сапыран заман – жаугершілік, қатты дүрбелең уақыт. Мысалы: Шырағым, ел тыныштығын жоғалтқан бір аласапыран заман болып кетті емес пе, — деді ақсақал уһілеп – жылы-жылы сөйлесе жылан інінен шығады, қатты-қатты сөйлесе мұсылман дінінен шығады. (І.Е.)

Алтын бесік отаным – туып өскен құтты ұя, ел, отан, мекен. Мысалы: Шаттыққа қуанышқа тоя ма адам. Бұлар ер жанын аямаған айналдым алтын бесік отанымнан, Осындай ұл-қыз туып аялаған. (О.М.)

Екі ауыз сөз – қысқа, нақты, тұжырымды әңгіме, пікір Мысалы: Әділ бидің аузынан іс кетпейді, жәбірлікті нәпсі үшін істетпейді. Ердің құнын екі ауыз сөзбен айтып, Абыройын кісінің еш төкпейді. (А.Ә.)

Жеті ата тау – ежелгі дұшпан. Мысалы: жөні келер іс етсем – жанаңдаған, кесе келсем көрмессіп ба жабаңдаған. Бірде тату бірде араз құтылма дос. Досым түгіл, жеті ата жаудай жаман.(Б.К.)

Жеті дуан ел – байтақ ел, дүйім жұрт. Мысалы: өрмекшінің әкесіне ол бергенін, сол асқа жеті дуан елді шақырып, шұжықтай семіз шіркейді шалып, сайдан ақ май ағызғаннын жырлапты. (Қ.Е.)

Бір мойын жер – жарты гектар шамасында жер. Мысалы: Бұрын кедей шаруалар бірігіп мойын жердей егіс салатын. (Шым. Арыс)

Осы «сан есім – зат есім – зат есім» типті фразеологизмдер құрамындағы зат есімге –лы, -ты, -ді жұрнақтарының жалғануы арқылы да жасалады. Мысалы:

Алпыс екі айлалы адам – қу, амалы көп адам. Мысалы: Айдаһардан кем емес, аузын ашқан айбарлы. Алты жүз кірген соғысқа алпыс алты айлалы.  (Д.Б.)

Екі жүзді адам – кісінің көзінше бір түрлі, сыртынан екінші түрлі сөйлейтін опасыз адам. Мысалы: Есеңгіреп жүрмесең. Енді неге даттайсың, Екі жүзді адам болмасақ, Байды неге мақтайсың?  (Жамбыл.)

Алты басты айдаһар – айбарлы да, күшті, дүлей. Мысалы: Ондай жағдайда, алты басты айдаһар болса да, Қоңырқұлжа Ахметтерден өш алу оңайға түседі. (І.Е.)

Қазақ тіл білімінде сөз тіркестері соңғы жылдары тек сөз тарапының негізінде топтастырылып, үлкен екі топқа: етістікті, есімді сөз тіркестері деп қарастырылып жүр. Осы принцип қазіргі кезде мектеп, жоғарғы оқу орындарына арналған еңбектерде толығымен қолдау тапты. Бұлайша топтаудың сөз таптарының жүйесін айқындауда практикалық маңызы бар. Бірақ тіліміздегі барлық сөздердің тіркесі осы екі түрдің айналасына топталады деп тұжырымдауға болмайтын сияқты.

«Тіл-тілде барлық сөздер үнемі есімді, етістікті сөз тіркестері ретінде кепе бермей, өзіндік ерекшелігімен топталатыны да бар. Мәселен, тұрақты тіркес тобы   мен түйдекті тіркес тобын алайық. Олар сол тобымен не етістікті,  не есімді тіркестерге қатысты болмай-ақ сөз тіркесінің бір сыңары ретінде жұмсалатындығы айқын» [5;152].

Тілімізде сөз тіркесінің аумақты тобын етістіктер құрайтыны белгілі. Етістікті сөз тіркестері көп түрлі болып келеді. Ойды білдіруде де етістіктің сөйлем құрамындағы мәні басқа сөздермен салыстырғанда ерекше. Бұл жайында белгілі тілші Г.Д.Санжеевтің мына пікірі орынды айтылған: «Етістік көп қолы бар жан сияқты, өйткені ол сөздердің әртүрлі тұлғаларын бір жерге топтастырып, сөйлем, сөз тіркестері және фразеологиялық единицаларды құрамына енгізе алады» [2;7].

Етістік қатысты фразеолгизмдердің де көп бөлігін «зат есім – етістік» типті тіркестер құрайды. Мысалы:

Ас батпады – тамақ сіңіре алмады. Мысалы: Оған бүгін кекірек атып, ас батпай қойды, дәмге ернін ғана тигізді.

Атақ құмар – лауазымға үйір, жақсы кісі, білгіш кісі боп көрінуге құмар.

Мысалы: Қит етсе, трибунаға шығып, аттан салу – атақ құмар өзімшілердің ісі. (Ә.Т)

Аяқ баспады – жоламайды, сақтанды, жуымады. Мысалы: Жамандық, жақсылыққа қарар салқын, Долылыға тез басылып, қайтар қарқын. Ұлыққа қошеметшіл секілді. Қатерге аяқ баспас көрмесі артып. (Абай)

Бақ қонды – дәулет бітті, атақ – дәрежесі артты. Мысалы: Өлді Оспан кетті Шопан, Енді кім бақ қонар. (Абай.)

Бала сүйді – перзентті болды. Шаруа жиып кенеліп, Бала сүйіп, мал жиып, Керсеніне бал құйып, өмірде сүрер ме екенсің? (Д.Б)

Бас бұзар— бұзақы, сотқар, тентек адам. Мысалы: Күресіп онымен де кедей табы, Дұшпанын жоғалтуға арадағы. Аластап бас бұзардан сойқандығы, Адымдап келе жатыр колхоздағы. (И.Б)

Нұр жауды – басына бақыт қонды, құт береке болды. Мысалы: Ап жыландай тығылып, өлең келді алқымнан. Көп дулаттың баласы, Басыңа сенің нұр жауып, Қыдыр болдың халқыңнан. (Ш.Қар.)

Cабақ алды – үйренді, тәлім алды. Мысалы: Сол басшыдан жоғалтқан, Тоңар мұздап сол жүрек? Сабақ алған оқыған Сарнар жырын жеткіншек. (Ғ.О)

Отау тікті— өз алдына жеке шаңырақ болды. Мысалы: Майасар мырза болса, сен де мырза «-деп» астына ат менгізіп, үстіне отау тікті. (А.Х)

От салды – шағыстырды, айдап салды араздастырды. Мысалы: неше рет екеуіміздің арамызға от салып, сенің қоныс аударып, көшіп кетуіңе олар себеп болып еді. (Қ.Е)

Енді «сын есім – етістік» типті болып келген фразеологизмге тоқталайық.

Сын есімдердің етістікпен тіркесуі – сирек кездесетін құбылыс. Барлық сын есім етістікпен тіркесе бермейді, барлық етістікке сын есім бірдей қатысты бола бермейді. Сын есімдер етістіктермен тіркескенде, қимылға не күйге тән қасиетті, сапаны білдіреді

«Сын есімдердің етістікпен тіркесі, біріншіден көптеген тарихи уақыттың жемісі,екіншіден,сын есімдердің барлығы бірдей етістікпен тіркесе береді деуден аулақпыз. Мұндай кезде сын есімдердің көбіне сапалық түрлері мол кездеседі. Қатыстық сын есімдердің ішінде кейбірі    -сыз,  -сіз, -дай, -дей, -лы, -лі, -ың, -ің, -к жұрнақты түрлері ғана болмаса басқа түрлері ондай тіркесте жұмсалмайды»[5;157].

Жалпы сын есімдер мағынасы жағынан сапалық және қатыстық болып бөлінсе, лоар құрылысы жағынан дара және күрделі де болып бөлінетіндігі белгілі. Сын есімдер етістікті сөз тіркесінде тек бағыныңқы қызметте ғана жұмсалады.

Сын есім мен етістіктің бірігіп тіркес құрауы орын тәртібі арқылы жасалған фразеологизмдер де кездеседі.

Салқын қарады – ренішті, жылы шырайсыз жүзбен назар салды, жақтырмады, немқұрайдылық көрседеті. Мысалы: Соңғы сөзінің тұсында Жандос пен Карповқа түйе салқындау қарап қою қасты қабақтарын түйе түсіп сөз тастаған. (М.Ә.)

Салқын сөйледі – реніш, сырын айтты деген мағанада. Мысалы: Ол әуелі үнсіз күйде Айсұлуды құшып қысып отырды да, ақырын бой жиып, салқын сөйледі. (М.Ә.)

Cалқын тартты – суынды, көңілі қалды. Мысалы: Айнығыш ер тартса салқын. Бал сұрасаң береді у Қазымырлап сөздің уытын Қасиетпен бетті жу. (Абай.)

Көсемшелердің синтаксистік қызметі жағынан етістіктің үстеуге ұқсас бір түрі. Олар жіктік жалғауларын қабылдап, көсемшелік қасиетін жойып ала береді, бірақ көсемше тұлғаларында оқшау тұрып, күрделі мүшенің, Мысалы, баяндауыштың құрамында, сонымен қатар толық мағыналы сөз ретінде етістікпен қабыса байланысып, пысықтауыштық қатынаста да айтылады.

Көсемшемен етістік бірігіп сөз тіркесін құрайтын болса, дәл солай екеуі бірігіп орын тәртібі арқылы жасалған фразеологизмдердің де біраз бөлігін құрайды.

Айдап салды — біреуге өшіктіре итермеледі (жұмсады) Мысалы:   -Мына кісіден сұра, осы кісі жақсы біледі, — деп Ушаков Байжанды Рязановқа қарай айдап салып жатыр. (Ғ.М.)

Айрандай ұйып отыр — өте тату, ауыз бірлігі күшті, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып отыр. Мысалы: Қырбайың не? Айрандай ұйып отырған емес пе еді? (Ә.Н.)

Айқара ашты – ұзыннан іліп қойды, шалқасынан ашты, киімнің не көрпенің бір ұшын басқа, бір ұшын аяққа жіберіп, тұмшалана жамылды, қос қолдап қапсыра құшақтады. Мысалы: Машинаны көре салысымен, сақшы қораны айқара ашты, машина үйдің алдына келіп тоқтады. 

Айырып алғысыз – 1) өте ұқсас, егіздің сыңарындай, 2) бөлшектеуге қимайтындай.

Ашылып сөйлемейді- ойын ортаға салмады, пікірін бүгін қалды, күмілжітіп сөйледі. Мысалы: Бірақ Таңат оған ашылып сөйлеген жоқ, қайта шаруасын онша анықтамай, тартына көмескі ғып айтқан. (М.Ә.)

Басып озды – қуып жетіп, озып кетті. Адымы алыс атпенен жарысқанда басып озар байталды ыржыңдатып. (Жамбыл.)

Баурап алды — өзінің ырқына, еркіне көндірді, еліктіре тартты. Мысалы: Әлде баурап алды ма әп тіршілікті сол маңда? Қарға бөліп, қалғыған елеңдейді таулар да. (С.А.)

           Орын тәртібі арқылы жасалған етістікке қатысты фразеологизмдер       -лық, -дай жұрнақты сын есім етістікпен тіркесуі арқылы да жасалады.

Аймандай қылды —   әшкереледі, масқара ұятты болды. Ол кеше аймандай болуға таяп қалды. (А.Т.)

Арадай талады – барлығы бірдей тұс-тұстан жабылып жеп жібере жаздады. Адамның кейін өзі еске алуға жиіркентіп, бастан өткен кездері болады. Ойы құрғыр бір қозғалып кеткен соң-ақ, қанша құсаң да ұясы бұзылған арадай өршелене талайды. (Т.А.)

Балалық жасады – білместік істеді, балалықпен әбес іс етті. Мысалы: Далада үсіп я қасқырға ұйырып жүрсе … Япыр – ай, балалық жасамаса не қылсын. (Т.А.)

 Бұл келтірілген мысалдар етістік қатысты екі сөзден құралған фразеологизмдер болатын. Ал кейбір тұрақты тіркестер «сын есім – зат —  етістік » болып үш сөзден құралып орын тәртібі арқылы жасалды.    

Әңгір таяқ ойнатты – билеп төстеді, үстемдік етті, әлекке түсірді. Мысалы: Орынбор бізбен әзір жауласпай отырса, ол-ана Кеністің шаруасы. Ертең кеніс кете қалса басымызға әңгір таяқ ойнататыны даусыз.

Ала арқан кесісті – ат кекілін кесісті, бір жола араздасты, бөлінді.

Ала көз қылды – араз, қырғи қабақ болған адамдар туралы айтылады. Мысалы: Үйлесімінен шекара жасап, екі семьяны ала көз қылып, шайқастырып қойды.  (С.Ад.)

 

                           Үстеулерге қатысты фразеологизмдер

 

Үстеулерді қимыл  процесімен байланыста айтылатын сөздер деп қараймыз, сондықтан олар етістіктермен тіркесу үшін жаратылған сөздер деуге болады. Үстеулер етістіктердің алдында қабыса байланыста жұмсалып өте жиі кездесетіндіктен ондай сөз тіркестеріне ерекше назар аудару керек.

Сөз тіркесінде жиі кездесетін үстеу мен етістіктің тіркесі орын тәртібі арқылы жасалған фразеологизмдерде кездеспейді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3   ОРЫН ТӘРТІБІ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН КҮРДЕЛІ СӨЗ

 

Күрделі сөз – сөз жасаудың бір түрі. Күрделі сөз құрамындағы әрбір сыңарлардың мағыналық және грамматикалық дербестілігі күңгірттенеді. Сондықтан оның әрбір сыңары жеке-жеке мағынаны білдірмей, сол жинағымен немесе тобымен бір-ақ мағынаны білдіреді.

Күрделі сөз де жалаң сөз сияқты көптеледі, септеледі, жіктеледі, ондай кезде оның сыңарларының әрқайсысы бөлек-бөлек өзгермей, тұтас күйінде түрленіп, бір тұлғаға ие болады. А.И.Смирницкий тіл біліміне тұтас тұлғалану және ажыратыла тұлғалану деген терминдерді енгізді де, тұтас тұлғалану күрделі сөзге тән де, ажыратыла тұлғалану сөз тіркесіне тән деген қорытынды жасайды.

Күрделі сөз 1) оның сыңарларының арасында синтаксистік қатынастар сақталмайды;  2) күрделі сөздің құрамындағы әрбір сыңар сөйлемде өз алдына дербес мүше бола алмайды, мұндай қызметті күрделі сөз тұтасқан күйінде атқарады;  3) күрделі сөздің әрбір сыңары сөйлемде басқа сөзбен өздігінен қатынасқа түсе алмайды, күрделі сөз мұндай байланысқа тұтасқан күйінде ғана түсе алады;  4) Күрделі сөздің әрбір сыңарына жеке-жеке сұрақ қойылмайды, барлығы бір сұраққа жауап береді;  5) Күрделі сөздің әрбір сыңарының орны жылжымалы емес, тұрақты;  6) Күрделі сөз тұтасымен басқа сөзбен синтаксистік байланысқа түседі;

Р.С.Әмірдің зерттеуі бойынша «Сөз тудыру, сөздің грамматикалық мағынасын құбылту үшін пайда болған тіркестер сөз тіркесі қатарына жатпайды: қызыл балық, ақ боз, ақ баттауық, көк ала.Мысал ретінде келтірілген сөздер – күрделі сөздер. Бұлардың компоненттері бастапқыда синтаксиске тән тәсілдер арқылы қосылғанымен, қазір бір ұғымды білдіретін сөз қалпына енген. Көп жағдайда осылай құралған тіркестер жүре келе бірігіп, біріккен сөздерге айналып кетеді»[7;56].

Яғни зерттеуші еңбегінде қазіргі таңда күрделі сөздер деп танылып жүрген сөздердің әуелгі сипаты еркін сөз тіркестері болғанын айтып отыр.

Қ.Жұбанов зерттеуінде қазақ тіліндегі күрделі сөздерді екі түбірдің кірігуі, қаласуы (бірігуі) және қосарлануы арқылы жасалады дей келіп «бірнеше сөздер қосылып бір екпінге ең соңғысының екпініне бағынып, бәрінің не біреуінің сыртқы формасы өзгеріп, не өзгермей-ақ, бәрінің не біреуінің бұрынғы мағынасы өзгеріп, содан бәрі жиналып бір-ақ нәрсенің аты болып, бір-ақ мағына беретін сөйлемде бір ғана мүше болып,бірақ сөздің орнына жүретін болса, соны кіріккен сөздер деп  айтамыз «[4;165] деген ойларын оқуға болады.

К.Аханов өзінің зерттеуінде күрделі сөздердің басты белгілерін жалпы тіл біліміндегі қалыптасқаннегізгі белгілерге сүйене отырып, былайша анықтайды: семантикалық тұтастық, морфологиялық тұтастық, синтаксистік тұтастық. Зерттеуші бұдан әрі әрбір тұтастыққа терең тоқталып, ғылымдағы әртүрлі қөзқарастарға сүйенеді. Негізгі бір түйіндейтін тұжырым бұл кезеңде семантикалық зерттеулер аз болғандықтан да, авторлар сөздің семантикасын айқындауға бара бермеген де, көбінесе күрделі сөздің негізгі айырмашылығы мен ерекшелігін морфологиялық және синтаксистік тұтастықтан іздейді.

«Күрделі сөздің жеке сыңарлары өздігінен белгілі бір парадигматикалық қатардың мүшелері бола алмайды. Күрделі сөз тұтасқан (бүтін) күйінде ғана парадигматикалық қатарға мүше ретінде ене алады. Мұның өзі күрделі сөздің морфологиялық жақтан тұтастығын, бір бүтін екендігін көрсетеді» [8;65] – деп жазуында үлкен мән бар деп білеміз. Сөздің парадигматикалық қатарға мүше болып, бір бүтін күйінде жұмсала алуы дегеніміз түптеп келгенде жаңа ұғымды айқындайтын жаңа атаудың, яғни туынды сөздің пайда болғанын анықтайтын негізгі фактор.

К.Аханов күрделі сөздің құрылымдық тұтастық белгісінің мәнісін былайша түсіндіреді: «Күрделі сөздің, әсіресе идиомалық мағынасы бар күрделі сөздің сыңарлары орын алмаспайды, қалыптасқан күйінде басқаша түрде тіркесе немесе біріге, я қосарлана алмайды. Егер күрделі сөздің сыңарлары орын алмастырып, қалыптасқан  күйінен басқаша тіркесе алса, онда ол өзіне тән мағынасынан да айырылады, күрделі сөз болудан қалады » [8;652].

Яғни автордың пайымдауынша, құрылымдық тұтастығы мен құрастырушы сыңарларының орнының бекемдігі жағынан күрделі сөз тұрақты тіркестермен ұқсас келеді.

К.Аханов зерттеуінде «Күрделі сөз бен синтаксистік (еркін) сөз тіркесі және олардың бір-бірінен жігін ажырату мәселелері» атты арнайы тарауша бар. Онда күрделі сөздерді синтаксистік еркін сөз тіркестерінен ажыратудың қиындығы барлық күрделі сөздерге тән емес, тек күрделі құрамды сөздерге ғана тән екенін автор ашық айтады. Автор «боз торғай, қара торғай, ащы шек, тоқ шек» деген сияқты сөздерді мысалға келтіре отырып, мұндағы боз, қара, ащы, тоқ сөздері соңғы сыңарлардың анықтауышы емес, олардың, сынын да, сапасын да білдірмейді. Бұлар тұтас атау ретінде жұмсалады деп нақты тілдік дәлелдер арқылы айқындап көрсетеді.

Күрделі сөздер жөнінде өзіндік ғылыми ой айтып, олардың басқа сөздерден басты айырмашылығын көрсетіп берген ғалым – А.Ысқақов болды. «Күрделі сөз кемінде екі я онан да көп дара сөзден (жалаң я туынды түбірлерден) құралып, ритм ырғақ жағынан бір ұдай, лексика-семантикалық жағынан біртұтас, лексика-семантикалық жағынан бір бүтін тұлға болып бірлескен тұрақталған құрама сөзді айтамыз…».

«Күрделі сөз дегеніміз – сөздердің жай синтаксистік тіркесі емес, араларындағы синтаксистік қатынастарын жоғалтып, семантикалық мағынасы жағынан да  тұтас бір бүтін тұлға ретінде қалыптасқан тіркес. Күрделі сөздің кейбіреулері (мысалы, біріккен сөздер) синтаксистік тәсіл мен морфологиялық тәсілдің комбинациялануынан, яғни екеуінің де ерекшелігінің тоқайласуынан (қонағасы, ендігәрі) туса, кейбіреулері тұтас сөз тіркесінің лексикалануынан (ата мекен, ер жеткен, жапан түз, күн тәртібі, ауыз бірлік), кейбіреулері сөз тіркесінің идиомалануы негізінде пайда болған» |9. 96|.

Зерттеу нысанына негізінен ешқандай қарама-қайшы пікір туғыза қоймайтын біріккен сөздер, кіріккен сөздер, қосарланған тіркестер, фразалық тіркестер алынады.

Мұның да өзіндік себебі бар болуы керек, өйткені бұл еңбек жоғары оқу орындарына оқулық ретінде ұсынылған, сондықтан, онда ғылыми пікірталастан бұрын, студентке толық түсіндіру идеясы басым болары түсінікті. Күрделі сөздің жасалу жолы туралы «Күрделі сөздердің қай-қайсысы болса да әуел бастағы жай сөз тіркестерінен шыққан. Бұлардың қалыптасуларына әртүрлі синтаксистік амал-тәсілдер негіз болған.

Кейбір сөздер бастапқы жай сөз тіркестерінің компоненттері (бүгін, биыл, ағайын), кейбір күрделі сөздер жарыса, қабаттаса қолданылған компоненттердің қосарлануы арқылы жасалған (ата-ана, жер-су, ел-жұрт). Ал кейбір күрделі сөздер әуелі сөз тіркесінің тұрақты тіркеске айналуы арқылы қалыптасқан (ала жаздай, күні бүгін, темір қазық)» |9. 93| — дей отырып, күрделі сөздің өзі әуел баста жай сөз тіркесінен жасалғанына баса назар аударады.

Ғалым аталған еңбегінде бірінші рет қазақ тіліндегі лексикалану процесіне мән береді. «Жай синтаксистік тіркестің тұрақты сөз тіркесіне тән қасиетке ие болып, бір ұғымның атауы ретінде жұмсалуын лексикалану дейміз» – деп жазады да, ондай тіркестердің құрамындағы сыңарларының логика-семантикалық, грамматикалық байланыстары көмескіленбейтіндігі, өз орындарында тұрып, біртұтас лексикалық мағынаны беретіндігі жөнінде пікір айтады.

Автордың пайымдауынша, еркін сөз тіркестерінің лексикалануынан туындайтын сөздер көбінесе термин сөздер мен күрделі атау сөздер: «Лексикаланған тіркестен күрделі термин сөздер мен атау сөздер көп туады» [8. 94].

Сөз тіркестерінің сөзбен, фразеологизммен ара қатынасын анықтаған Т.С.Сайрамбаев болды. Ғалым «Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері» атты монографиялық зерттеуінде соңғы кезде  (ХХ ғасырдың 80-жылдары) сөз тіркестері туралы еңбектерде оның зерттеу нысандары туралы теориялық таластың көбейе түскенін айта келіп,  сөз бен күрделі сөз, сөз бен сөз тіркесі арасындағы ара қатынасты ашып көрсету қажеттілігі бар екенін тілге тиек етеді.

Сөз тіркесі синтаксисінің үлкен мәселесінің бірі – күрделі сөздер мен сөз тіркестерінің айырмашылығы. Бұл мәселе тіл-тілдердің барлығында да арнайы зерттеліп жүр. Күрделі сөз бен сөз тіркесі құрылымы жағынан алғанда ұқсас екені белгілі. Мысалы: Екі басында екі пұттық гирдей домалақ темірі бар сом тұтқасын айналдырып тұрған жалпақ бетті, қошқар мұрынды, қалың ерінді зор қара жігіт Матвей Степановичтің әніне қосылмақ болды (Ә.С.). Сұлулық жерден өніп, көктен жауған, Тапқан ол тыныштықты таза ауадан (І.Ж.). Осы сөйлемдегі жалпақ бетті, қошқар мұрынды, қалың ерінді күрделі сын есімдері, жерден өну, көктен жауу, тыныштықты табу – жай сөз тіркестері. Бұлардың әрқайсысы екі-үш сөзден жасалған. Алайда сөз тіркесінің құрылымында айырмашылық бар. Мысалы: жерден өну, көктен жауу, тыныштықты табу деген сөздер бірі басыңқы, бірі бағыныңқы қызметте жұмсалып, меңгеріле байланысқан сөз тіркесін құрап тұр. Ал жалпақ бетті, қошқар мұрынды, қалың ерінді деген күрделі сын есімдер осы қалпында сөз тіркесі бола алмайды, өйткені олардың әрқайсысы бір-біріне басыңқы-бағыныңқы қызметте жұмсалмай, екеуі бірігіп басқа бір сөзді анықтап, бағыныңқы қызметте жұмсалып тұр.  Бұлардың бағыныңқы қызметте жұмсалып, күрделі сөз жасауында –ды/-ді жұрнағының да тікелей әсері бар. Жалпақ бетті, қошқар мұрынды, қалың ерінді сөздерін жалпақ бет, қошқар мұрын, қалың ерін деп, –ды/-ді жұрнағын қоспай айтсақ, бұл сөздер бірі бағыныңқы, бірі басыңқы қызметте жұмсалған жай сөз теркесі болар еді.  Сонда өз алдына жай сөз тіркестері  енді –ды/-ді жұрнақтарының әсерінен күрделі сөзге айналған.

Сөйтіп күрделі сөздер құрылымы жағынан сөз тіркестеріне ұқсас, ал мағыналық жағынан олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Айталық, күрделі сын есімдер  қаншалықты екі сөзден құралғанымен, бір ғана мағынада заттың сынын білдіреді.

Күрделі сөз бен сөз тіркесін ажыратуда мына сияқты мәселелерге көңіл бөлген жөн.

Әрбір сөз табының күрделі түрі, оның жасалу жолдары.

Жалпы күрделі сөздер, олардың түрлері, бір-бірінен айырмашылығы.

Күрделі сөздердің сөз тіркестерінің жеке сыңарларынан және бүтіндей жай сөз тіркестерінен айырмашылығы.

Олардың мағыналық ерекшеліктері т.б.

Жалпы күрделі сөз бен сөз тіркесі Н.Н.Прокопович, Н.И.Филичева, Ю.Сеидов, А.Хаджиев, М.Балақаев, А.Ысқақов, К.Ахановтардың еңбектерінде арнайы сөз болады.

Азербайжан ғалымы Ю.Сеидов күрделі сөз бен сөз тіркестерінің айырмашылығымен бірге, бұл екі категорияның бір-біріне ұқсастық жақтарын да қарастырады.

Біріншіден, мұнда автор «күрделі сөз де, сөз тіркесі де екі сөздің бірігуінен жасалады»[9;28] деп көрсетеді. Бұған біз де қосыламыз. Бірақ олардың өздеріне тән белгілерін ажыратып алу керек. Күрделі сөзде екі сөз бірігіп бір-ақ мағынаға ие болса, сөз тіркесін екі сөздің бірігуі дегеннен гөрі, екі сөздің тіркесі ретінде қарастыру қажет. Олай болса, Ю.Сеидовтың сөз тіркесі мен күрделі сөздердің құрама сыңарлары бірыңғай формадағы бірыңғай сөз таптарынан жасалады дейтін пікірі сын көзбен жасауды қажет етеді. Өйткені бұл пікірге қарағанда, күрделі сөз бен сөз тіркесінің әрбір сыңарлары бір сөз табынан жасалатын сияқты.  Оның үстіне олар тек бір грамматикалық формада жұмсалатын категория делінеді. Мысалы: қызыл ала, он екі, оқып отыр сөздері әрқайсысы бір сөз табынан, яғни сын есім, сан есім, етістіктен құралған. Алайда күрделі сөздер әр уақытта бір сөз табынан құралмайды, оған таяқ жеу, ала жаздай, құрмет қыл, бас бұзар сөздері дәлел бола алады.

Екіншіден, сөз тіркестері тек бір ғана сөз таптарының шеңберінде келеді деу де бір жақты. Алтын сағат, темір күрек, оқып айтты сияқты сөз тіркестері бір ғана сөз таптарына жататын компоненттерден құралғанымен, әр түрлі сөз таптарынан жасалған сөз тіркестері де тілімізде аз кездеспейді.

Ал, Ю.Сеидовтың күрделі сөз бен сөз тіркестерінің әрбір сыңары бір грамматикалық формада жұмсалады деуі де тілдік фактілермен дәлме-дәл келе бермейді.

Үшіншіден, автор сөз тіркесі мен күрделі сөздердің құрама сыңарларының орналасуы бірдей болып келеді және күрделі сөз бен сөз тіркесінің құрама сыңарлары грамматикалық бірыңғай байланысқа түседі деуі де ойланарлық. Сөз тіркестері әрі аналитикалық, әрі синтетикалық тәсіл арқылы байланыса алатын болса, күрделі сөздерде көбіне орын тәртібі басым болады.

Сонымен күрделі сөз бен сөз тіркестерінің ұқсастығы олардың жасалу жолында емес, сөз санының көлемінде. Саны жағынан екеуі де екі немесе одан да көп сөздерден құралады. Ал сыңарларының өзіндік ерекшеліктері  тұрғысынан оларды ұқсастық жоқ.  Өйткені сөз тіркесінің әрбір сыңары толық мағыналы, синтаксистік қызметі бар, біріне-бірі бағыныңқы-басыңқы қызметте жұмсалуға тиісті сөздер болса, күрделі сөздердің сыңарлары кейде толық мағыналы, кейде дербес мағынасы жоқ сөздер де болады, олардың арасында сөз тіркесіндегідей толық грамматикалық байланыс жоқ. Сол тобымен бір-ақ сөз табы қызметінде жұмсалады.

Бұл екі синтаксистік топтың өзара айырмашылықтары жөнінде Н.И.Филичева:

Күрделі сөз сөз тіркесіне қарағанда лексикалық мағына жағынан біртекті.

Сөз тіркесі – синтаксистік категория, күрделі сөз – сөз жасаудың бір түрі.

Сөз тіркестерінің әрбір сыңарлары дербес, бірақ өзара синтаксистік байланыста болса, күрделі сөздер өзара тығыз мағыналық байланыста тұрады.

Сөз тіркестері бір-бірімен берік синтаксистік байланыста құралса, күрделі сөзге синтаксистік қатынас міндетті емес.

Сөз тіркесі мен күрделі сөз формасы жағынан ұқсас дейді. К.А.Аханов сөз, яғни күрделі сөздің сөз тіркесінен айырмашылығын ажырататын жалпылама белгілер делініп семантикалық тұтастық, морфологиялық тұтастық, синтаксистік тұтастық белгілері аталып жүр дей келе, осы үш топтың әрқайсысына жеке-жеке тоқталады.

І.    Семантикалық тұтастық белгі. 1. Күрделі сөз құрамындағы әрбір сыңарлардың мағыналық және грамматикалық дербестілігі күңгірттенеді.

Сондықтан оның әрбір сыңары жеке-жеке мағынаны білдірмей, сол жинағымен немесе тобымен бір-ақ мағынаны білдіреді. Мысалы: қолғап.

ІІ.   Морфологиялық тұтастық белгі. Күрделі сөз де жалаң сөз сияқты көптеледі, септеледі, жіктеледі, ондай кезде оның сыңарларының әрқайсысы бөлек-бөлек өзгермей, тұтас күйінде түрленіп, бір тұлғаға (формаға) ие болады. Автор А.И.Смирницкийдің пікірін қолдай келіп, тіл біліміне тұтас тұлғалану және ажыратыла тұлғалану деген терминдерді енгізді де, тұтас тұлғалану күрделі сөзге тән де, ажыратыла тұлғалану сөз тіркесіне тән деген қорытынды жасайды.

Осының ішінде сөздің тұтас тұлғалануының арасына басқа да сөздерді сала беруге болады деп А.И.Смирницкийдің пікірін проф. К.Аханов та қолдайды.

ІІІ. Синтаксистік тұтастық белгі. Күрделі сөз 1) оның сыңарларының арасында синтаксистік қатынастар сақталмайды; 2) күрделі сөздің құрамындағы әрбір сыңар сөйлемде өз алдына дербес мүше бола алмайды, мұндай қызметті (сөйлемге мүше болу қызметін) күрделі сөз тұтасқан күйінде атқарады; 3) күрделі сөздің әрбір сыңары сөйлемде басқа сөзбен өздігінен қатынасқа (байланысқа) түсе алмайды, күрделі сөз мұндай байланысқа тұтасқан күйінде ғана түсе алады.

Ю.Сеидовтың күрделі сөздің бір сыңарында ғана екпін болып, екінші сыңарында екпін болмайды деуі бір жақты пікір. Бұл пікір көбіне жүріп еді, айтып жүр сияқты күрделі етістіктер ыңғайында ғана дұрыс. Ал сан есім, сын есімдерден жасалған  қызыл ала, түлкі тымақты, он екі, алты жүз, жиырма бес сияқты күрделі сөздерде екпін бірінде басым, екіншісінде солғын емес.

Күрделі сөз бен сөз тіркесінің арасындағы айырмашылықтар деп мынаған тоқталады:

Күрделі сөз – сөз жасаудың бір түрі, ал сөз тіркесі – синтаксистік категория.

Күрделі сөздің әрбір сыңары бір-бірімен тығыз мағыналық байланыста айтылады, ал сөз тіркесінің сыңарлары бір-бірімен синтаксистік байланыста болады.

Күрделі сөздің әрбір сыңарында жеке-жеке мағына болуы да мүмкін. Бірақ оның сыңарларының жеке-жеке мағына болғанымен, тұтас сөздің мағынасы сыңарларының мағынасынан гөрі күңгірттеу болып келеді, ал сөз тіркесінің әрбір сыңарының мағынасы айқын болады.

Күрделі сөздің әрбір сыңарына жеке-жеке сұрақ қойылмайды, ол екеуі бір-ақ сұраққа жауап береді, ал сөз тіркесінің әрбір сыңарына жеке-жеке сұрақ қойылады.

Күрделі сөздің орны тұрақты, сөз тіркестерінің орны жылжымалы.

Күрделі сөз тұтасымен морфологиялық өзгерістерге ұшырамайды. Яғни оның әрбір сыңары жеке-жеке морфологиялық өзгерісте болмайды, сол тобымен тұлғаланып көптеледі, септеледі, жіктеледі. Сөз тіркесінің әрбір сыңары түрлі морфологиялық өзгерістерге ұшырайды.

Күрделі сөз тұтасымен басқа сөзбен синтаксистік байланысқа түседі, сөз тіркесінің әрбір сыңары жеке-жеке синтаксистік байланыста жұмсалады |13;38|.

Профессор Н.Оралбаеваның  2001 жылы «Қазақ тілінің сөзжасамы» атты оқулығы жарық көрді. Аталған еңбекте күрделі сөздерге, олардың жасалу жолдарына, түрлеріне кеңінен тоқталады. «Аналитикалық тәсіл арқылы екі я одан да көп сөзден құралып, бір лексикалық мағына беретін сөздер күрделі сөздер деп аталады» [10;53] — дейді де күрделі сөз қанша сөзден құралса да бір сөз болып саналатынын, бір сөздің қызметін атқаратынына баса назар аударады. Қазақ тіліндегі күрделі сөздерге әуе серігі (стюардесса), жол сілтеуші, құрбан айт, нағашы жұрт т.б. жатқызуы бір ғасырда бірнеше рет өзгерген тіл білімі кеш дамыған түркі тілдерінде күрделі сөз мәселесі шешілді деу мүмкін еместігін ескертеді. Күрделі сөздің негізгі белгілеріне біріншіден оның құрамындағы сөздердің мағына бірлігі, тұтастығын жатқызса, сөз ретінде дара сөздің де, күрделі сөздің де тілде атқаратын қызметі бірдей, өйткені олардың қайсысы болса да дербес сөздерге жататындығын, лексикалық бірлік тобын құрайтындығын тілге тиек етеді. Сондықтан күрделі сөздің лексикалық мағынаны білдіруі оның екінші белгісіне жатқызылады [10;55].

Зерттеуші күрделі сөздің сыңарлары қалай болса солай, кез-келген сөзден жасала бермей төмендегідей заңдылықтар бойынша жасалатындығына тоқталады:

Күрделі сөздің құрамындағы сыңарлар мағыналық қатысы бар сөзден құралады.

Сөздердің сыңарлары толық мағыналы сөздерден болады. Күрделі сөздің мағынасын жасайтын оның сыңары толық мағыналы дербес сөздер болуы керек деген тұжырымын толық қуаттап, зерттеуімізді басшылыққа аламыз.

Күрделі сөздің тіл білімінде түп төркіні сөз тіркесі деп саналып кейбір сөз тіркестері бірте-бірте мағыналық дамуға ұшырап, құрамындағы сыңарларының мағынасы жымдасып, кірігіп бір мағынаға көшкендігін сөз етеді. Күрделі сөздің жасалуын: а) біріккен, кіріккен сөздер; б) қосарланған сөздер; ә) тіркескен күрделі сөздер; в) қысқарған сөздер деп әрқайсысына жеке-жеке талдау жасайды.

Мұндағы бізге қажетті тұсы тіркескен күрделі сөздер болғандықтан осыған тоқталдық. Зерттеуші тіркескен күрделі сөз деп екі не одан да көп мағыналы сыңарлардан жасалып, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздерді айтады. Тіркескен күрделі сөздердің сыңарлары бөлек жазылатындығын ескертеді. Тіркескен күрделі сөздерге мыналарды жатқызады: бал қаймақ, бал қурай, ала ауыз, ауыйз әдебиеті, ауыл шаруашылық, бел омыртқа, бұзау балық, жалаң аяқ [18;70].

Күрделі сөздер жайында арнайы зерттеу  еңбек жазған Б.Қасым күрделі сөздердің негізгі теориялық мәселелеріне назар аударады. Автордың әсіресе зерттегені  күрделі сөздердің уәждемесі, Орхон-Енисей, ортағасырлық жазбалар мен халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі күрделі аталымдардың  (бұл Б.Қасым термині) қалыптасу жолы мен дамуы Б.Қасым өз еңбегінде күрделі сөздің негізгі белгілерін көрсетеді. «Қазақ тіліндегі күрделі сөздер, уәждеме және аталым» атты зерттеуінде былай деп жазады: «Қазақ тіліндегі күрделі сөздер – біріншіден, тұтас бір ұғымды білдіреді, екіншіден құрамындағы сыңарлар үнемі мағыналық бірлікте болады, үшіншіден, сыңарлар өзара ыңғайласа құралып, тұтастықта жұмсалып, бір ұғымның күрделі аталымын қалыптастырады. [11;66].

Автор одан әрі күрделі сөздердің жасалуында сыртқы тұрпаты  мен ішкі мазмұны жағынан біркелкі еместігін көрсете отырып, олардың сыртқы тұрпаты ғана емес, ішкі мазмұнының ерекшелігіне де кеңінен назар аударады. «Күрделі сөздің аталым ретінде басын құраушы, біріктіруші — ішкі-лексика семантикалық мазмұн – олардың қалыптасуының негізгі жолы болып табылады» — деген ой айтады. Сөйтіп, сөздің күрделенуі, номинациялануы және туынды сөзге тән тілдік заңдылықтарға бағынатынын айта отырып, мынадай заңдылықтарды айқындап көрсетіп береді:

сіңісу: қарлығаш, қолғап..

элипсис: егеуқұйрық, кезқұйрық..

үндесу: қолғабыс, қолғанат..

ықшамдау: сармай, саруайым..

эндоцентрлі: теміржол, желбау..

экзоцентрлі: қарашаңырақ, қарашығын..

трансформация: тұсаукесер, құлаққағыс..

Автордың пайымдауынша, бұл көрсетілген заңдылықтар мен белгілер күрделі сөздің мағынасын құраушы болса, сөйтіп, ұғым белгілерінің туындауына қызмет етеді [11;67].

Сөзжасамның аналитикалық тәсіл арқылы жаңа сөз жасауы туралы профессор А.Б.Салқынбай еңбектерінде де айтылады. Бұл жұмыс негізінен тілдің тарихи байланысты болғандықтан, көбінесе, тарихи деректер негізінде әңгіме болады. автор аналитикалық сөзжасам тәсілін  тарихи ең көне тәсілге жатқыза отырып, «аналитика-семантикалық жүйе негізінде біріктіру, қосарлау, тіркестік арқылы жаңа туынды мағына жасауға болады. Сөздердің себепші негіз ретінде  жұмсалу мүмкіндігі мол, әрі сөзжасамдық қалып сипаты кең»[12;260], — деп жазады.  Туынды сөздердің мағынасына ерекше мән берген ғалым, мынадай ой айтады: «Бұрынғы еркін тіркес қалпын сақтай отырып, тұрақтаған сөз тіркестері құрамындағы себепші негіздер мағынасы мотивацияланып (негізделіп), абстракцияланып, ассоциацияланып жаңа атаулық мән иеленеді. Туынды ерекше сема сөзжасамдық мағына  ретінде бағаланады» [12;288]. Автордың пайымдауынша, аналитикалық сөзжасамдық тәсіл арқылы жасалған «туынды сөздің мағынасының ішкі семантикалық құрылымы күрделі болады, әрі оған екі негіз мағынасы да бірдей қатынасып, ортақ жаңа сема жасайды. Туынды сөз мағыналарында себепші негіздердің тура не ауыспалы мағынасы болуы мүмкін» [12;239].

Атаудың көпшілігі баспасөз беттерінде қалыптасатыны сөзсіз. Ақпарат құралдары тілін зерттеуші ғалымдарымыз С.Исаев |6|, Б.Әбілқасымов |14|, Б.Момынова |13|, А.М.Свиридов |16|, Г.Н.Қарашева |15|, еңбектерінде атаулардың жасалуы туралы ғылыми пікірлер кездеседі. Б.Момынова өзінің «Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы)» атты зерттеуінде былай деп жазады: «Тілдік бірліктерді экстралингвистикалық объектілерімен байланыстырушы номинация арқылы тіл өзінің ең басты коммуникативтік функциясын атқарады. Ал сөз тіркесі құрамындағы ұғым атауын білдіріп тұрған сөз өзін атаулық мәнге жеткізіп тұрған сөзбен байланысқа түсу арқылы номинативтік ұғым тудырады» [13;16]. Автор одан әрі номиативтілікті білдіретін тіркестерге мынадай мысалдар келтіреді: еңбек кітапшасы, ұлт мәселесі, халық соты, ашық хат, жабық мәжіліс т.б.

«Атаулық тіркес терминін қалыптастырған профессор С.Исаев екенін жақсы айта отырып, автор өзінің ғылыми ойларын талдап көрсетеді. «Қазақ» газетінің тілін |13| зерттей келе Б.Момынова осы кезеңде дүниеге келген, тілде тұрақталып қалған атаулық тіркестерді – бірегей қолданыстар, жаңа мағыналы сөз деп бағалайды. Тілдік бірліктерді жасалу жолына қарай бірнеше топқа бөледі:

а) байырғы сөздердің тіркесуі арқылы ана тілі, ұлт мәселесі, ұлт намысы, ұлт жұмысы, темір жол, ауыз хабар, алым құлағы т.б.

ә) төл сөздер мен орыс тілі элементтерінің тіркесуі арқылы: жүргінші пойыз, алаш партиясы, партия ұраны, партия басшылары, социализм жолы т.б.

б) екі компоненті де орыс тілінің элементі болып келетін атаулық тіркестер: партия программасы, переселен законы, народни сот т.б. [11;162].

Б.Момынованың пайымдауынша, «номинативті тіркестер, еркін тіркестер базасында анық экспликациялық категориялар негізінде жасалады. Сөз тіркестерінің сөйлеу процесінде біртіндеп лексикалық единицаға айналуы (номинативтенуі) қазақ тіліндегі сөзжасамның ең бір өнімді және көне тәсілдерінің бірі болып саналады [13;162].

Автор «Қазақ» газетінде жекелеген сөздер мен сөз тіркестерінің кімдердің қаламынан туындағанын айыру мүмкін екенін және олардың аса ұтымды және өміршең екеніне назар аударады. Айталық, ана тілі, жабық мәжіліс, ашық хат тіркестер Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларында алғаш рет қолданғанын орынды атап көрсетеді.

В.М.Жирмунский «О границах слова»  деген мақаласында  сөз тіркесіндегі лексикалану процесінің болу мүмкіндігін анықтаған.

Лексикалану дегеніміз – тілдік элементтің және әртүрлі тілдік элементтер жиынтығының жеке атау сөзге айналуы.

Қазақ тіл білімінде лексикалану мәселесі туралы осындай әр жерде айтылған ойлар болмаса, тақырып кең ауқымда әлі де зерттеу нысанына айнала қоймаған. Бұл мәселені кеңірек зерттеуге талаптанған еңбек Ә.Аблақов, С.Исаев, Е.Ағманов зерттеулері болды. Ғалымдар өздерінің «Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы мен лексикалану процесі» атты еңбегінде «Сөз тіркесінің лексикалануы» деген тақырыпша береді. Онда лексикалану процесінің тарихи процесс екенін, әрі оның өзіндік даму жолы болғанын айта келіп: «Сөз тіркестерінің сөйлеу процесінде біртіндеп лексикалық единицаға айналуы (номинативтенуі) қазақ тіліндегі  сөз жасаудың ең бір өнімді тәсілдерінің және оның ішінде көне тәсілдерінің бірі болып саналады» — деп жазады. Ғалымдар кәрі жілік, тоқпан жілік, ортан жілік, су жылан, оқ жылан деген тіркестерді мысалға келтіре отырып, бұл тіркестер әуел баста еркін сөз тіркестерінің қатарына жатқанын, өйткені аталған тіркестердің алдыңғы сыңарлары соңғы сыңарларының қасиетін, белгісін білдіріп, өздері толық лексикалық мағынасын сақтаған, сөйлемде белгілі бір қызмет атқарғанын айтады. Бірақ тілдің дамуы барысында, үздіксіз қолданыстың нәтижесінде лексикаланып, тіркес құрмындағы алдыңғы сыңарлардың қасиетін, белгісін білдіру мүмкіндігінен айырылып, мағыналық дербестіктен қол үзіп, заттың атауына ауысқанын, сөйтіп күрделі сөздердің қатарына қосылғанын талдап жазады. Сөйтіп, әуел бастағы еркін сөз тіркесі сөйлеу процесінде қолдану нәтижесінде жаңа мағыналы туынды сөзге айналғанын тәптіштеп түсіндіреді. Ғалымдар осындай лексикалану  процесі нәтижесінде пайда болған сөздерге жер-су атауларын да қоса келіп, мұның өзі тілдің тарихи қалыптасуы мен дамуы бойында жасалатын  процесс екенін айтады.

Еркін сөз тіркесінен бірте-бірте қалыптасқан сөздерге, сондай-ақ бой жету сөзін ала отырып, оның бой жеткен тұлғасына дейін даму жолында бұрынғы қолданыстарында бойға жетіп, бойға толып т.б. түрінде де қолданыста болғанын нақты мысалдармен жазып, дәлелдейді. Яғни бұдан жасайтын негізгі түйініміз, ғалымдар еркін сөз тіркесінен жаңа атаулар жасаудың тарихи процесс екенін, әрі оның қазақ тілінде, сондай-ақ барлық түркі тілдерінде бар құбылыс екенін дәлелдеп келтіреді.

Зерттеу нысанымызға сәйкес біз матаса байланысқан сөздердің лексикалануын айқындаймыз. Қазіргі тілімізде әбден қалыптасып кеткен мынадай атаулар бар: Қазақстанның халық әртісі, Еңбек Ері, ұзартылған күн ежимі, үйлестіру кеңесі, магнит таспасы, сөз орамы, еңбек нормасы, тіл білімі, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері бас штабының Байланыс департаменті, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД), сөйлеу тілі, сөйлеу стилі, ана тілі, Каспий теңізі, Балқаш көлі, Республика алңы, Абай кітапханасы, Пушкин мектебі, Өзбекстан Республикасы, Ресей мемлекеті, Есіл өзені, Шу өзені, Көксу өзені, Ақсу-Жабағылы қорығы, Тянь-Шань тауы, Кеңестер Одағы, мал шаруашылығы, Қазақ университеті, филология факультеті, тарих факультеті, химия факультеті, экономика факультеті, Дыбыс жүйесі, т.б.

Қазақстанның халық әртісі немесе Еңбек Ері деген сөздер ХХ ғасырдың тек орта кезінен бастап қалыптасқан атаулар Қазақстан халық, әртіс сөздері бұрын жеке-жеке қолданылып, кең мағынасында жұмсалып келген еді. Олардың бір атау ретінде жұмсалуын өзінің тарихи даму жолы бар Кеңес заманында деген ұғыммен сәйкес Қазақстанның халық әртісі деген атау қалыптасты. Кеңес дәуіріне дейін болған әртістердің мұндай атағы, даңқы болмағандықтан, ондай атау да болған жоқ.

Ә.Аблақов, С.Исаев, Е.Ағманов өздерінің «Қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің дамуы мен лексикалану процесі» деген зерттеулерінде «Матаса байланысқан сөз тіркесі және оның дамуы» деп аталатын тарауша бар. Осында Арал теңізі, Республика алаңы т.б. сияқты сөздердің күрделі сөз ретінде анықталатынын айта келе былай деп жазады: «Бұлар сөйлеу процесінде туған синтаксистік тіркестер емес, осы тұлғасында даяр бір бүтін лексема ретінде, синтаксистік тіркестердің лексикалану процесі негізінде қалыптасқан даяр бүтін ретінде қолданылады, сөйтіп, сыңарлары арасындағы синтаксистік қатынастар жымдаса түсіп, бір сөздің баламасы ретінде жұмсалады да, әдетте сөз тіркесінің бір сыңары ретінде ғана қолданылады» [16;272].

Яғни матаса байланысқан сөз тіркестерінің негізінде қалыптасып, пайда болған жаңа мағыналы атауларды ғалымдар лексикалану процесінің негізінде жасалған деп анықтайды. Осы негізге сүйене келіп, біз де матаса байланысқан сөздердің негізінде жасалған атауларды туынды сөз ретінде танимыз. Грамматикалық тұрғыдан алып қарағанда, олар бір ғана сұраққа жауап береді, бір сөйлем мүшесі болады, сөз тіркесінің бір ғана сыңарының қызметін атқарады. Ал мағыналық тұрғыдан бір ғана заттың немесе құбылыстың атауы болады.

Р.Әмірдің «Жай сөйлем синтаксисі» атты оқулығында матаса байланысу туралы былай деп  жазады: «Матасу деп сөз тіркесіне енген екі сөздің де біріне-бірі іліктес грамматикалық формалар алып байланысу амалы айтылады. Бұл формалар  — ілік жалғауы мен тәуелдік жалғауы» [7;20].  Ғалым матаса байланысқан тіркестерді байланысу амалының көрінісіне қарай толық құрамда және толымсыз құрамда деп екіге бөледі. «Сөз тіркесіне бағыныңқы сөз ілік жалғаусыз формада кіріксе, матасу байланысу амалының толық емес (толымсыз) құрамда жұмсалғаны» деп жазады [7;20]. Түркологияда матаса байланысқан  тәсілді терең зерттеген ғалымдардың, соның ішінде С.С.Майзель еңбектеріне сүйене отырып, зерттеуші толық формалы матасу арқылы тіркескен сөздердің арасына басқа сөздер кіріге алатынын ескертеді.

С.С.Майзель матаса байланысқан сөз тіркестерінің өзіндік ерекшеліктерін ескере келе, оларды берік изафет және босаң изафет деп бөледі. Түрколог ғалымдардың пайымдауынша, сөз тіркесі релятивтік (қатыстық) байланысты білдіретін жағдайда  ғана матасу амалы толымсыз құрамда жұмсалады деген ойды Р.Әмір еңбегінен оқи аламыз.

Р.Әмір осы релятивтік байланысқа түскен сөздер ғана матасудың толымсыз, толымды түрін қатар жұмсап, тіркеседі дей келіп, «Терминдік атау ретінде жүретін релятивтік тіркестер матасудың тек толымсыз түрі арқылы байланысады» — деп жазады да, оған мынадай мысалдар келтіреді: халық шаруашылығы, тау-кен институты, ауа-райы [7;21]. Зерттеушінің көрсетуінше, матасудың бұл түрі компоненттердің тығыз, нық байланысып, тіркестің тұтас атау ретінде көрінуіне септік етеді.

Демек, ғалым матаса байланысқан сөздердің босаң қалпында, яғни релятивтік байланыстағы тіркестердің атаулық қызметке ұласу мүмкіндігі болатынын ашық айтып отыр. Біз автордың осы пікіріне толықтай сүйене отырып, оны дамытуға талаптанамыз.

Шынында да, матаса байланысудың толық құрамды түрі атаулық мағынада жұмсала алмайды. Олардың байланысу тәсілінің өзі  сөздердің еркін тіркес екенін айқындай,  мағыналық жағынан саралап,  әрқайсысының қойылатын сұрағы мен сөйлем мүшесі болу қызметін жекелеп, даралап тұрады.

Ал толымсыз түріндегі жағдай өзгеше. Мұнда сөздің мағынасы тұрақталып, белгілі бір ұғымды атау үшін жұмсалуға жақындық, лайықтылық бар. Оның өзін ескі бағытта қарастыруға болар еді. Біріншіден, тұлғалық жағы: бағыныңқы мүшенің ілік жалғауынсыз болып келуі. Екіншіден, мағыналық жағынан бір бүтін тұлға ретінде қалыптасуға мүмкіндігі. Мұның өзі ең алдымен зерттеушілер көрсеткендей, заттың белгілері тыңдаушыға толық таныс болмай, абстрактылы ұғым есепті көрінсе, онда анықтауыш сөз ілік жалғауын түсіріп тіркеседі.

Тілімізде кездесетін ат арба, есек арба, өгіз арба сияқты сөздер жеке атау ретінде танылады. Мысалы: ауыл ат арбамен жүк тасуды қайтадан әдетке айналдыра бастағандай. Ол өмір бойы есек арбамен жүк тасуды кәсіп еткен. Камила кешегі шуақ күнде қасына Тоқбайдың Күләшін ертіп ит арба сүйретіп, тезек теруге шыққан. Олар шөпті маяға өгіз арбамен тасиды.

Мұндай мысалдарды әсіресе соңғы кездерде  ресми бекітілген терминдерден  мол ұшырастыруға болады.

Бұл сөздердің әуел бастағы сипаты еркін тіркес түрінде болғаны күмәнсіз. Айталық,  аттың арбасы немесе атқа жегетін арба, өгізге жегетін арба т.б. тіл дамуына келе-келе сөз өзінің қазіргі арнайы мағынасында әбден тұрақтап, бір бүтін тұлға, жеке атау сөз ретінде жұмсалуға қалыптасқан.

Ғалымдар атап көрсеткендей,  қазіргі көптеген термин ретінде  танылатын атау сөздердің де тегі матаса байланысқан еркін сөз тіркестері екенін айқындауға болар еді.

Матаса байланысқан сөздер синтаксистік деривациялық сипатта ғана  бір-бірімен бйланысып қоймай, сондай-ақ лексикалық деривация да жасай алатынын аңғаруға болар еді.  Айталық тілімізде қалыптасып кеткен Кеңестер Одағы, ағалар алқасы, азық-түлік бағдарламасы, өмір салты, магнит таспасы, даңқ мемориалы, Әуезов аудиториясы, Абай үйі, Пушкин кітапханасы т.б. сияқты атау сөздердің лингвистикалық табиғатын осылай түсіндіре аламыз.

2002 жылы ғана шыққан Қазақстан Республикасы мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінің тілдерді дамыту департаменті бекітіп шығарған «Терминологиялық жинақ»  бойынша жаңа атаулардың сипатын айқындар болсақ, көпшілік сөздер изафет негізінде пайда болғанын аңғарамыз. 

Терминком бекіткен атауларды біз толықтай жаңа мағыналы атау ретінде танимыз. Аталған жинақта бекітілген терминдер мен атаулардың тізімін қарап отырып көптеген мысалдар табуға болар еді.

Мысалы: абай өлеңі (абаев стих), абай шумағы (абаева строфа), басқару жүйесі әкімшілік-басқару қызметтері қимыл белсенділігі, ерік белсенділігі, таным белсенділігі, мемлекеттік өкімет актілері, мемлекеттік басқару актілері, жиын алгебрасы, акцент жүйесі, ырғақ акценті, архив коллекциясы, архив қоры, тыныс демікпесі, кітапхана ғимараты, кітапхана үйі, кітапхана шәкірттілігі, кітапхана көркейтілуі, документ бланкісі, дін оқуы, кепек-күбі кәсіпшілігі, боярлар думасы, бауырластар зираты, бұрғы үйшігі, орман қоңыр топырағы, бюджет жүйесі, пікірлер бюллетені, машинка бюросы, вавилон аласапыраны, товар әкелімі, Ұлы Отан соғысы, сонет шоғы, сенім грамоталары, мал дәрігері, мал санитары, мал технигі, жүзім шаруашылығы, су қорғау шарлары, су құбыр, соғыс өнері,  соғыс жағдайы, соғыс тұтқыны, соғыс қимылдары, соғыс қылмыстылары, соғыс салығы, ерін тәрбиесі, отбасы тәрбиесі, ақыл ой тәрбиесі т.б.  Мұндай мысалдарды көптеп табуға болады.

Мысалдарды жинағанда аңғарылған жайт, толымды матаса байланысқан сөз тіркестері де көп мөлшерде болмаса да жаңа атау жасай алатындығы. Мысалы: Құжаттың кіріс номері, әдебиеттің тәрбиелік мәні, халықтың ұдайы өсуі, шарттың күшін жою, әдебиеттің идеялылығы, т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі қазақ тілінде орын тәртібі жайлы сөз тіркесінде, оның ішінде қабыса байланысқан сөз тіркестеріне қатысты айтылады.

Орын тәртібі арқылы арқылы жасалған сөз тіркестері де қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркестері сияқты есімді тіркес және етістікті тіркес деп бөлінеді. Біз жұмысымызда сөз тіркесінің басыңқысы зат есім болатынын мысалдармен дәлелдедік. Ешқандай жалғаусыз, тек орын тәртібі арқылы зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістіктің есімше формасы және үстеу – есім сөздермен байланысады. Басыңқы сыңары негізінде зат есім болады да, бағыныңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, үстеу болады.

Қабыса байланысатын сөз тіркестерінің жиі қолданылатын түрі – зат есімнен құралатын тіркестер.  Сын есімді тіркестер де, сан есімді тіркестер де  зат есімдермен тіркесіп, есімді сөз тіркесінің құрамында өте көп жұмсалатындығына келтірілген мысалдар дәлел болады.

 Етістікті сөз тіркестерінің грамматикалық діңгегі етістік болады да, соның негізінде басқа сөздер етістіктің маңына топтанады, яғни қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары үстеу сөз, еліктеуіш, көсемше, сын есім, сан есім, зат есім болады да, басыңқы сыңары етістіктен жасалады.

Орын тәртібі арқылы жасалған фразеологизмдерді сөз тіркестері сияқты басыңқы, бағыныңқы сыңар деп қарастырмаймыз, себебі о баста фразеологизм сөз тіркесінің үлгісімен жасалды десек те, тіркес құрамындағы барлық сөздің бірігіп, бір ғана мағына беруі – оны сыңарларға ажыратуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан орын тәртібі арқылы жасалған фразеологизмдерді құрамындағы сөздер санына байланысты қарастырдық. Құрамындағы сөздер санына байланысты тек қана зат есімдерден, сын есімдерден,  және әртүрлі сөз таптарынан құралған фразеологизмдер деп бөлдік.

«Фразеологиялық сөздіктен» мысал жинау барысында байқағанымыздай  тек зат есім мен зат есімнің тіркесінен кұралған фразеологизмдердің саны өте көп екенін аңғаруға болады. Бұған жоғарыдағы «ақ», «қара»  сөзімен келген, орын тәртібі арқылы жасалған фразеологизмдер дәлел болады.

«Сын есім – зат  есім» типті тіркестер де орын тәртібі арқылы жасалған фразеологизмдердің ең көп бөлігін, яғни  25% құрайды.

Осы күнге шейін зерттеушілер тек екі сөздің тіркесі, яғни «сын есім- зат есім», зат есім- зат есім», «зат есім- етістік» сөз болып келеді деген. Фразеологиялық сөздіктен мысал жинау барысында үш сөздің орын тәртібі арқылы тіркесіп фразеологизм болуына назар аудардым.Олар көбінесе «сын- есім- зат есім- зат есім» типті болып келеді. Сонымен қатар құрамындағы зат есімге –лы, ты, —ді жұрнақтарының жалғану арқылы үш сөзді фразеологизм жасалады.

Етістікке қатысты фразеологизмдердің де көп бөлігін «зат есім – етістік» типті тіркестер құрайды.

Көсемшемен етістік бірігіп сөз тіркесін құрайтын болса, екеуі бірігіп орын тәртібі арқылы жасалған фразеологизм де бола алады.

Орын тәртібі арқылы жасалған фразеологизмдерді жинау барысында орын тәртібі арқылы тұтасып, фразеологизм болуға есімдерден құралған сөз тіркестері , соның ішінде «сын есім – зат есім» типті тіркестер бейім келетінін аңғарамыз.

Күрделі сөздерді бағыныңқы, басыңқы деп бөлмейміз. Олар тіркесу арқылы, бірігу арқылы және кірігу арқылы жасалады.

Р.Әмір матасудың толымсыз түрі күрделі сөз жасайтындығын айтады

Сонымен дипломдық жұмысымды қорыта келгенде орын тәртібі арқылы тек сөз тіркесі ғана емес, фразеологизмдер де, күрделі сөздер де жасалады. Орын тәртібі арқылы тұтасып, фразеологизм болуға есімдерден құралған сөз тіркестері, соның ішінде «сын есім – зат есім » типті тіркестер бейім келеді.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

І Негізгі әдебиеттер

  1. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. – Алматы: Санат,1994. – 318б
  2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі грамматикасы (синтаксис). –Алматы: Мектеп, 1971. -340б
  3. 3. Сиротинина О.Б. Порядок слов в русском языке. –Москва, 1985. -260б.
  4. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөнінде зерттеулер. –Алматы: Ғылым, 1999. -581б.
  5. Кеңесбаев І. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі. –Алматы: 1997. -589б.
  6. Исаев С.М. Қазақ тілі. –Алматы: Университет «Қайнар», 1993. -170б.
  7. 7. Әмір Р. Жай сөйлем синтаксисі. –Алматы: Санат, 1998. -192б.
  8. Аханов К. Грамматикалық теориялардың негіздері. –Алмты: Санат, 1996
  9. Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері. –Алматы: Мектеп, 1981. -198б.
  10. Оралбай Н. Қазақ тілінің сөзжасамы: Оқулық. –Алматы, 2001
  11. Қасым Б. Қазақ тіліндегі күрделі сөздер: уәждеме және аталым. –Алматы, 2001
  12. Салқынбай А.Б. Тарихи сөзжасам (семантикалық аспект): Монография. –Алматы: Қазақ Университеті, 1999
  13. Момынова Б. Газет лексикасы (жүйесі мен құрылымы). –Алматы: Арыс, 1999
  14. 14. Әбілқасымов Б. Алғашқы қазақ газеттерінің тілі. –Алматы, 1971
  15. 1 Қарашева Н. Грамматические особенности языка казахской публицистики начало ХХ века (на материале журнала «Айкап»). АКД. 1959

 

  1. Свиридова Г.М. Казахстанские средствамассовой информации в 1998 году. В 2-х частях. –Алмты, 1999

 

  1. 17. Қазақ тілі энциклопедия. –Алмты: «IDK-TIPO» редкциялық баспа орталығы, 1998.
  2. Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту. –Алматы: Метеп, 1989. -96б.
  3. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі / Сөз тіркесі және жай сөйлем синтаксисі. –Алматы: Ана тілі, 1992. -237б.
  4. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. –Алматы: 2007. -240б.
  5. 21. Балақаев М.Б. Основные типы словосочетаний в казахском языке. –Алмты: 1957. -240б.
  6. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі (морфология). –Алматы: 1974. -407б.
  7. Сәрсенбаев Р. Қазақ тілі фразеологиясы (арнаулы курс. Лекция). –Алматы: Қазақ Университеті, 1973. -29б.
  8. 24. 15. 16. Жұбанов Қ. Исследование по казахскому языку. А-А, 1999.
  9. Исаев С. Қазақтың мерзімді баспасөз тілінің дамуы. –Алматы: Қазақстан, 1983
  10. Момынова Б. «Қазақ» газетіндегі қоғамдық-саяси лексика. –Алматы: Арыс, 1998
  11. 27. Майзель С.С. Изафет в турецком языке. М-Л., 1957

 

 

ІІ Қосымша әдебиеттер

  1. Руднева Л.Г. Синтаксис современного русского языка. –Москва: 1968. -256с.
  2. Сауранбаев Н., Бегелиев Г. Қазақ тілінің грамматикасы. –Алмты: 1948. -258б.
  3. Балақаев М. Қазақ тілінің грамматикасы. –Алмты: 1940. -116б.
  4. Қазақ тілінің грамматикасы. ІІ бөлім.: Синтаксис / М.Балақаев, А.Ысқақов, Т.Қордабаев, А.Хасенов. –Алмты: 1967. -300б.
  5. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. –Алмты: Ана тілі, 1992. -448б.
  6. Жиенбаев С. Синтаксис мәселелері. –Алмты: 1941. -43б.
  7. Спринчак Я.А. Очерк русского исторического синтаксиса. – Киев, 1964. -87с.
  8. Гасанов М.К. Синтаксис «Дехнамэ» (определенные словосочетания и сложные предложения). –Баку: 1963. -120с.
  9. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. –Москва: 1951. -318с.