МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 БӘСЕКЕ – РЫНОКТЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ.
1.1. Бәсекенің экономикалық категория ретінде мәні, пайда болу шарттары және қызметтері.
1.2. Бәсекенің түрлері мен нысандары олардың артықшылықтары мен кемшіліктері
1.3. Бәсеке теориясына байланысты классиктердің көзқарастары.
2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
2.1. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі жоғарғы және төменгі салалары
- . Қазақстанда бәсекеге қабілетті өнеркәсіпті дамыту мәселелері
2.3. Қазақстанда әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы іске асырылуының бүгінгі және болашақтағы басымдықтары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде әлемде және отандық экономикада терең әлеуметтік-экономикалық өзгерістер орын алуда. Аталған өзгерістер экономикалық парадигманың өзгеруіне қажетті тарихи алғышарттарды қалыптастырды. Ұзақ уақыт бойы қоғамдық әл-ауқат көздері ең алдымен материалды-техникалық базаның қалыптасуы тұрғысында қарастырылды, ал елдің даму деңгейі материалды өндіріс көлемін арттыру қарқындарымен анықталды. Адам заттай капиталмен бірге өндіріс ресурсы қызметін атқарды. Сонымен қатар, рыноктық экономикаға өтуді іске асырып отырған бұрынғы социалистік елдер мен республикалар қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымның ерекшеліктерін, алдағы өзгерістер мен оның іске асырылу мүмкіндіктерін, шаруашылық жүргізудің рыноктық жүйесінің оптималды үлгісін және тағы басқа негізгі кезеңдерді ескеретін халық шаруашылығын реформалаудың өзіндік әдісін жасау қажет болды.
Біздің еліміздің рыноктық экономикаға өтуіне байланысты рыноктың қызмет ету механизмін және оның негізгі элементтерін талдап, оларды экономикамыздың тиімді дамуына қолдана білу бүгінгі күні өзекті мәселе. Экономика дамуының қозғаушы күштерінің бірі бәсекелестік, барлық салаларда қарқынды дамуда.
Адам Смит бәсекелестікті, сатушылар арасындағы тауарды тиімді жағдайда сату үшін ешқандай сөз байласусыз, әділ жарыспен салыстырды. Оның әрекет ету механизмі «көрінбейтін қол» деп аталады, онда кәсіпкердің субъективті талпынысы мен іс-әрекетінің объективті нәтижесінің арасындағы айырмашылық көрсетіледі. «Әр капиталист тек өз пайдасына ұмтылады, сол арқылы қоғам пайдасын да жүзеге асырады». [2]
Осылайша әрбір кәсіпкердің бәсекеге қабілеті жоғары болуының нәтижесінде әлемдік экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі артады.
Әлеуметтік-экономикалық және индустриялды-инновациялық реформалар өткеретін әрбір мемлекет тарихи тәжірибелерге көз жүгіртіп, уақыт сынынан өткен теорияларды талдайды. Экономиканың қаржы, туризм және қызмет көрсету саласы жақсарып, дами түсті. Жұмыс күшінің өнімділігі артып, шағын және орта бизнес өркендеу үстінде.
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан өзінің нысаналы дамуын „Қазақстан-2030“ ұзақ мерзімдік стратегиясына толық сәйкес жалғастырып келеді. Ендігі жердегі күн тәртібіндегі мәселе әлемдік қоғамдастықта Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі туралы және қазақстандық ғалымдардың, менеджерлердің, бизнесшілердің, мамандардың, жұмысшылардың бәсекеге қабілеттілігі туралы болып отыр.
Бұл міндетті шешу үшін біздің экономикалық, сондай-ақ әлеуметтік салада еуропалық стандарттарға жету стратегиясын әзірлеуге кірісуіміз керек.
Үстіміздегі жылдың 1-наурызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына „Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы“ жолдауын жолдады. Бірнеше басымдықтардан тұратын бұл стратегияны жүйелі жүзеге асыру елімізді халықаралық шаруашылыққа интеграциялай түседі. Біз Қазақстанның жахандық экономикалық үрдістерге сәйкес дамып келе жатқан ел болуын қалаймыз. Әлемдегі жасалған жаңа мен озық атаулыны бойына сіңірген, дүниежүзілік шаруашылықтан шағын да болса өзіне лайық «орнын» иемденген, әрі жаңа экономикалық жағдайларға жылдам бейімделуге қабілетті ел болуын қалаймыз.
Диплом жұмысының мақсаты — Біз қатаң бәсекеге әзір тұрып, оны өз мүддемізге пайдалана білуіміз керек. Қазақстан көп тарапты халықаралық экономикалық жобаларға белсене қатыса алады, қатысуға тиіс те, өйткені олар біздің жахандық экономикаға кірігуімізге жәрдемдеседі әрі сол арқылы біздің қолайлы экономикалық-географиялық жағдайымызға және қолымыздағы ресурстарымызға сүйенеді және де ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуының бірден-бір жолы екендігін атап көрсету керек.
Міндеттері — Мемлекет өз тарапынан іскерлік бастамашылықтың жолындағы заңнамалық, әкімшілік және бюрократиялық кедергілерді ысырып тастауға, жеке меншік капиталдың келешегі үлкен кемел бастамаларына тікелей қолдау көрсетуге міндетті.
Біздің мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының қазіргі сатысы басқарудың принциптері мен механизмдері өмір сүру деңгейі мен сапасын жоғарылатуға, бәсекеге қабілетті ұлттық экономика құруға бағытталуымен сипатталады.
Өнеркәсіптік саланың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және индустриалды-инновациялық экономика жүйесін құрудың негізгі бағыттарын қарастыру.
1 БӘСЕКЕ – РЫНОКТЫҚ ҚАТЫНАСТЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ.
1.1. Бәсекенің экономикалық категория ретінде мәні, пайда болу шарттары және қызметтері.
Бәсеке – шаруашылық жүргізудің ең қолайлы жағдайлары мен жоғары пайда алудың ең жақсы мүмкіншіліктері үшін тауар өндірушілердің арасындағы экономикалық күрес. Сонымен қатар, бәсеке тауарды өндіру мен өткізуде, сондай – ақ капитал салу шеңберіндегі рыноктық субъектілердің әрекет ету бағыттарын анықтайтын рыноктық механизімнің элементі болып табылады.
Бәсеке дегеніміз, бір жағынан, іс-қимыл жасайтын салада ұнамды нәтижеге жету үшін жүріп отыратын экономикалық жарыс, шаруашылық жүргізудің қолайлы жағдайына ие болу үшін, пайданы көп табу үшін тауар өндірушілердің бір-бірімен күресі. Екінші жағынан, ол рынок субъектілерінің өнімді өндіру мен оны өткізудегі және капиталды қолдану сыерасындағы арақатынастары.
Рыноктық экономикадағы қолданылатын бәсекенің нысандары мен ережелерін, мемлекет пен жеке сектордың қызмет ету әдістерін анықтайды.
Бәсеке экономикалық процесс ретінде белгілі бір іс-әрекеттердің жиынтығы болып табылады. Бұл іс-әрекеттер ұлғаймалы ұдайы сатылардан тұрады:
- Өндіріс үшін қажет құрал-жабдықтар, ғимараттар және еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету.
- Өндірісті ұйымдастыру, шикізат пен материалдар және қаржы несиемен жабдықтау.
- Бәсекеге қабілетті өнім шығару.
- Өнімнің сатылу көлемін, орынын, уақытын анықтау.
- Пайданың бір бөлігін инвеститциялық қорға аудару жіне оны өндірісті ұлғайтуға жұмсау.
Бәсеке деңгейі өнімнің рыноктағы өмір сүру уақытына байланысты. Бәсекенің пайда болуының объективті алғы шарттары: әрбір өндірушінің оқшау шаруашылық жүргізуі, олардың рынок коньюктураларынан тәуелділігі, сұраныс үшін басқа сатушыларымен күресі.
Бәсеке өндірушілердің бірін-бірі бақылап отыруына мүмкіндік береді. Тұтынушы үшін олардың арасында күрестің болғаны тиімді. Өйткені, бәсекеде жеңіп шығу үшін шығындарды азайту, тауарлардың сапасын арттыру жолдары қарастырылады, нәтижесінде баға төмендейді. Сонымен қатар, бәсеке нәтижесінде экономикалық мүдделер қайшылығы тереңдей түседі, адамдардың экономикалық жағдайларының алшақтауы күшейді, қоршаған ортаға келтірілген теріс әсер өседі, еңбек ету, табыс табу, демалу құқықтарының қамтамассыз етілуіне кепілдік төмендейді, монополиялық билік артады.
Еліміздегі экономикалық өмірдің шынайы түрде қалыптасқан тәжірибесі нарық пен бәсеке қазіргі экономикалық дамудың оның басқа факторларына қарағанда ең басты және мықты механизмі екендігін көрсетіп отыр. Бәсекенің қазіргі – нарықтық механизімнің басты кезегі болуының негізгі себебі – соңғы он жылдықтарында оның ықпал ету ауқымының кеңінен етек жаюында емес. Мұнда ең басты – бәсеке нарықтың органикалық қасиеті мен оның айырылмас бөлігі болып табылуынада. Нарықтың қатынассыз әкімшілік басқару жүйесінде бәсекені жоққа шығарып, өндірушілерге ешқандай материалды ынта жасамау нәтижесінде түтыну тауарларына деген тапшылық пен бүкіл мемлекет деңгейіндегі дағдарыспен аяқталады.
Бәсеке жағдайында кез келген шаруашылық шаманың қызметі екі түрлі бақылауға ұшырайды. Бір жағынан, ол фирманың шегіндегі ішкі тікелей бақылау болса, ал екінші жағынан нарықтағы бәсекелес фирмалар тарапынан болып, нарықтық қатынастардың түпкі нәтижелері негізінде айқындалатын жанама түрдегі сыртқы бақылау. Бақылаудың екінші формасы алдыңғысына қарағанда анағұрлым қатаң, бірақ әділ болып келеді, яғни кез келген шаруашылық шаманың қызметіне объективті түрдегі бағаны өзінің жеке мүдделеріне сай қандай да бір бәсекелес фирманың тауарына ілтипат қойған сатып алушының өзі береді.
Бәсеке қоғамның шаруашылық өмірінде маңызды рөл атқарады. Ол экономикалық еркіндікті, капиталдың өз өсіміне ішкі тенденцияларды қолдануына бағытталған, сұраныс жиынтығын қайта бөлінуіне субъектілердің өзара күшеюін қарастырады.
Бәсеке нарық механизімінің қажетті элементі, бірақ сипаты әр түрлі болуы мүмкін, ол нарықтық тепе-теңдікке жету әдісіне елеулі әсер етеді. Нарықтық механизім еркін немесе жетілген бәсеке жағдайында, яғни нарықтағы жағдай көптеген сатушылар мен сатып алушылардың, сатылатын өнімдердің біртектілігімен, фирмалардың нарыққа еркін кіруімен сипатталғанда барынша тиімді әрекет етеді.
Бәсеке экономикалық категория ретінде объективті және субъективті маңызда болады. Объективті мағынада бәсеке рыноктағы ерекше жағдайларды белгілейді, яғни жекелеген субъектілер кәсіпкерлер жалпы рыноктағы тауарлардың айналысына және оның бағаына жеке өзі әсер ете алмау сипатымен көрінеді. Бәсеке субъективті тұрғыда бәсекелес шаруашылық субъектілері арасындағы экономикалық қатынастарды көрсетеді, яғни өндіріс пен материалды игіліктерді айырбастау негізінде туындайды.
Бәсекенің пайда болу жағдайы мен бәсекелік орта қалыптасу жағдайы айырмашылығы ажырата білген жөн.
Бәсекенің пайда болуының негізгі жағдайы мыналар болып саналады:
- өндіріс құрал-жабдығына өнім мен табысқа меншік;
- ресурстар мен ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі;
- жекелеген өндірушілердің молдығы, экономикалық өз еріктілік (әрекет түрлерін, ұйымдастырушылық формасы, қаржыландыру көзін, әдісін анықтау және өндіруді, өткізуді басқару және т.б.).
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетістіктерді дамытудың негізгі құралы болып табылады. Бәсекелік рынокта қызмет етуші фирмалар мен кәсіпорындар қоғамның әртүрлі сұранысына бейімделіп, тиімді инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндірістік және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнімдер шығарудың көлемін арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбір кәсіпкердің бәсекеге қабілеті жоғары болуының нәтижесінде әлемдік экономикалық рынокта ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі артады.
Қазақстанның соңғы жылдардағы экономикалық өсуге қол жеткізуінің өзі бәсекеге қабілеттіліктің қалыптасуы мен дамуы есебінен болып отыр. “Қазақстан-2030” даму стратегиясында жеке меншік құқығын қамтамасыз ету, сондай-ақ рынокта еркін бәсекелестік ортаны қалыптастырып және антимонополиялық реттеуді сенімді түрде жүргізу керектігін атап өткен.
Бәсекенің экономикадағы орнын оның негізгі қағидалары арқылы да анықтауға болады.
Бәсекенің негізгі қағидалары:
- рынокқа қатысушылар санының шектелмеушілігі, рынокқа кірудің және одан шығудың абсолютті еркін болуы. Бұл қағида кәсіпкерлік қызметтің еркіндігін, олардың өндірістің бір түрінен екінші түріне өтуін, тұтынушылардың еркін талғамын, әрбір тұтынушы өзінің қажеттілігін ең жоғары деңгейде қамтамасыз етуін талап етеді;
- материалды еңбек, қаржылық және басқа да ресурстардың мобильділігі. Капиталдың еркін айналысы өнеркәсіптің тиімді салаларының дамуына, қосымша ресурс көздерін ашуға, олардың комбинациясын неғұрлым тиімдірек қолдануға мүмкіндік беру;
- сұраныс пен ұсыныс туралы бәсекеге қатысушылардың толық ақпаратта болуы, сондай-ақ рыноктағы баға өзгерісін, пайда деңгейін дер кезінде қадағалап отыруы керек;
- өнімдердің біртектілігі, сапасының, қасиеттерінің ұқсас болып келуі. Ерекше маркалардың болмауы, ондай ерекше маркалар өзінің бәсекелестерін жеңу үшін монополиялық рынокта қолданылады;
- рыноктағы жекелеген қатысушылардың әсер ету мүмкіншілігінің болмауы, бағаның рынок арқылы берілген деңгейі қатысушының белгіленген бағасымен сәйкес келіп отыруы міндетті шарт емес /3, 226/.
Бәсекенің толыққанды және тиімді дамуы экономика дамуына белгілі тиімділіктерді және қолайлы ортаны ұсынады. Оларға:
- Қоғамның өндірістік тиімділігінің өсуі;
- Рыноктық механизмінің толыққанды қызмет етуі;
- Өндіріс факторларының қолданысын жақсарту;
- Оптималды баға құру;
- Тауарлардың және қызметтердің әлемдік стандарттарға өтауі;
- Бизнестің тиімділігі, басқаша айтқанда ел ішіндегі кәсіпорындар іс-қимылының жаңашылдығы;
- Инфрақұрылым немесе елдегі қолданып отырған технологиялардың, қатынас және байланыс жүйелерінің, ғылыми орындардың, ел тұрғындарының білімі мен біліктілігі, жасампаздық қасиеттердің бизнестің жоғары талабына сәйкестігі;
- Инновацияларды енгізу.
Бәсеке жаратылысының негізі шектеулі ресурстарды неғұрлым тиімді қолданатын салаларға бөлу болып табылады. Бәсеке экономикада сонымен қатар тауар өндіру және қызмет көрсетулердің өз өнімдеріне инновациялар енгізуіне ынтасын арттырады. Әлемдік тәжірибеге жүгінсек, бәсекелестік инновациялық тауар пайданың жоғары деңгейін 5-10 жыл шамасында ұстап тұрады /9, 251/.
Рыноктық экономикада рыноктағы көптеген фирмалар мен кәсіпорындар бәсекелік сайыста шаруашылық жүргізуші субъектілер өз бәсекелесіне мардымсыз әрекеттер қолданады. Мұндай әрекеттерді “тиімсіз бәсеке” деп атап, оны бәсекелестіктің кемшіліктері ретінде түсінуге болады. Оларға:
- тауардың сапасы туралы және оның сипаттамасы. Жасау әдісі мен жасалған орны туралы жалған ақпарат тарату;
- бәсекелес туралы жалған немесе қате мәліметтер тарату;
- бәсекелестің тауарлық белгісін, оның фирмасының атын, маркировкасын заңсыз пайдалану;
- тауардың сапасы туралы дұрыс түсінік бермейтін жарнама жасау;
- бәсекелестің тауарын жамандап көрсететін салыстырмалар қолдану;
- келісім бойынша өздері ғана білуге тиісті салаға жататын конфиденциалдық ғылыми-техникалық өндірістік және басқадай информацияны таратып жіберу.
Аталған шарт бұзушылықпен күресу Қазақстанда мемлекеттік антимонополиялық агенттікке жүктелген.
Бәсеке белгілі бір, мүмкіндігінше ыңғайлы үйлестіретін экономикалық, технологиялық, әлеуметтік алғышарттарды қажет етеді. Бұл шарттардың жағдайын бұзу бәсеке пайда болуын қиындатады, кейбір жағдайда жоққа шығаруы мүмкін. Қорытындысында экономикада тоқырау, тиімділіктің төмендеуі, нәтижесінде елдегі халықтың тұрмыс деңгейі құлдырауы мүмкін. Бәсеке бұл қазіргі кезеңдегі нарықтық механизмнің басты элементі, олай деп айту себебіміз оның өсу көлемі соңғы онжылдықта кеңінен ұлғайғандығында емес. Ең бастысы, бәсеке нарықтық органикалық құрамдас қасиеті, оның бөлінбейтін бейнесі, мысалға “нарық тапшылығы” өндірушілер мен сатып алушылар арасында бәсекені қалыптастыруға немесе жоққа шығаруға жеткізеді. Осы арқылы бұл жағдайда бәсеке тек тауар сатып алушылар арасында бәсеке болады /10, 145/.
Нарықтық экономикада бәсеке бірнеше қызметтер атқарады:
Кәсіпкердің қамтамасыз ету қызметі. Бәсекелестердің көп санын қысқартып, жою мүмкін емес. Керісінше, нарықта монополизмнің әсерінен экономикада қылмыстың артуы, табысқа күресте қару қолданылуы мүмкін. Бұның барлығы қоғамдық мүддені ашық жүргізу бәсекесінде орын алады. Оны қанағаттандырмай жеке мүдделерді қанағаттандыру және жалпы қоғамның қажеттілігін жүзеге асырып орындау мүмкін емес. Бұл жағдайда бәсекені мемлекет қолдап, әртүрлі құқық құралдарымен қорғайды.
Мемлекет қоғамдық маңызды нәтижелерге жету үшін бәсекелестік көлемі мен сапасына кепілдік беретін арнаулы ережелер мен шаралар жүйесін жасайды және қолданады. Бұл деңгейдегі мемлекеттік іс-қызметтер біздің елде нарықтық қатынасты реттеуге керекті басты элемент болып саналады.
Реттеу қызметі. Бұнда негізгі өндірістік ресурстар оған қажеттілік сұраныс көп сфераға және ол тиімді пайдаланылатын орындарға бағытталады. Бұл кәсіпкерлердің тұтынушы қажетсінетін тауарларын шығаруына байланысты.
Бәсекенің дәлелдеу қызметі кәсіпкерлердің нарықта сапа жағынан талапқа сәйкес келетін, бағасы тиімді, өндірістік шығынды азайтуды ынталандыруда қолданылады. Табыс тек осы талаптарды орындағанда нәтиже береді. Болмаған жағдайда шаруашылық жүргізуші субъект шығынға ұшырап басқа бәсекелесіне орнын береді. Егер кәсіпорын сапасы жоғары өнім ұсынса немесе оны аз шығынмен өндірсе, пайда ретінде сыйлық алады, бұны техникалық жетістік ынталандырады. Егер кәсіпорын өз тұтынушыларының қалауына немесе нарықтағы бәсекелестік ережесінің бұзылуына көңіл бөлмесе шығын түрінде жазасын алады немесе нарықтан ығыстырылады.
Бөлу қызметі. Бәсеке тек өте жоғары өнімділікте ғана ынталандырып қоймайды, сонымен қатар табысты кәсіпорындар мен үй шаруашылығы арасында олардың тиімді қосқан үлесіне сәйкес бөлуге мүмкіндік береді.
Бақылау қызметі бәсекеде кәсіпкердің бір жақты іс-әрекетіне шектеу қойып және тұтынушыға таңдау мүмкіндігін береді. Бәсекелік механизм кез келген кәсіпкерге нарықта өз қалауы бойынша үстемдік орнатып, тұтынушыға өз қалағанын жүргізуіне мүмкіндік бермейді.
Әрбір нарықтың өзінің ерекшеліктері болуына қарамастан, бәрібір олардың жалпы бір түйісетін жері, ол әртүрлі нарықта бәсеке қалай жүзеге асырылады және бәсекенің мәні бірегей анықталып талданған бағытта жүзеге асырылады. Ол үшін бәсекені жеделдетіп жетілдіруді бағалау және табиғатын анықтау пайдаланылады.
Әрбір нарықтың өзінің ерекшеліктері болуына қарамастан, бәрібір олардың жалпы бір түйісетін жері, ол әртүрлі нарықта бәсеке қалай жүзеге асырылады және бәсекенің мәні бірегей анықталып талданған бағытта жүзеге асырылады. Ол үшін бәсекені жеделдетіп жетілдіруді бағалау және табиғатын анықтау пайдаланылады.
Бәсекелес сатушылар арасындағы бәстестік әрбір фирма өзінің мақсатты деңгейіне жету үшін және бәстестік үстемдіктегі жетістікке жетуге өзінің бәсекелестік стратегиясын жасайды.
Тауар сатушының салада немесе бәсекелестік ортада нарықта күшті жағдайға жетудегі күресі оның күш қуаты. Пайда бәсекелес фирмалардың өздерінің стратегиясын дамытып өзара бәсекелестік іс-әрекеттерін байланыстыруға мүмкіндік ашады.
Фирмалардың өзара бәсекелестік мүмкіндіктерін былайша сипаттауға болады:
- Фирмлар өте тиімді рыноктық кеңістік үшін күреседі, нәтижесінде өзінің тұтынушыларын иемденеді (өте табысты нарықтық сыбағасын алады);
- Фирманың бәсекелестік стратегиясы және бұл стратегияны жүзеге асыру әртүрлі фирмалар өз пікірлерімен шектеулі себебі бұл рынокта ол қалай жұмыс істейді (тұтынушылардың талғамы және тағы басқа) және заң талапқа сәйкес келеді ме (монополияға қарсы заңдар ол бәсекелестікке рұқсат береді ме т.б.).
Уақыт өте келе фирмалар бәсекелестік стратегияларын өз жағдайларын жақсартуға немесе игерілген үстемдігін қорғау мақсатында жаңартып отырады. Фирма қызметтерінің ұзақтығы кез келген стратегия шеңберінде бір жағынан нарықтағы жетістігіне немесе құлдырауына байланысты, екінші жағынан бәсекелес фирмалар іс-әрекетіне байланысты.
1.2. Бәсекенің түрлері мен нысандары олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.
Бәсекенің түрлері рынок құрылымының жағдайына байланысты болып келеді. Яғни, экономикада рынокты анықтайтын, оны зерттейтін, бағаны белгілейтін сұраныс пен ұсыныс ғана емес, сондай-ақ рынок құрылымы болып табылады. Өйткені әр рынок құрылымында бәсеке түрлері де әртүрлі, соған сәйкес баға құру тәсілі және фирманың қызмет етуі де өзгеше болып келеді.
Бәсеке өз кезегінде салаішілік, салааралық және халықаралық бәсеке болып бөлінеді.Ішкі және салааралық бәсеке қоғамдық еңбектің бөлінісінің заңдылықтарын дамытып, өнеркәсіпті мамандандыруға, салалардың салаішілік, өнеркәсіп орындарының санының артуына және олардың бір-біріне тәуелділігін қамтамасыз етеді.
Салаішілік бәсеке тауарлардың рыноктық бағасын қалыптастырады. Олардың ішіндегі техникалық жағдайы жоғары және еңбек өнімділігі артық кәсіпорындар қосымша пайда тауып отырады. Әрбір саланың компанияларының техникалық жағдайы, еңбек өнімділігі қарқынының деңгейі, тауарлардың жеке құны әртүрлі болып отырады. Салаішілік бәсеке негізінде кәсіпорындар шығынды азайтуға, ресурстарды тиімді пайдалануға, инновациялық өнімдер шығаруға ынталы болады.
Салааралық бәсеке әртүрлі рынокта қызмет етуші шаруашылық салалардың арасында туындайды. Яғни сырттан келетін инвестицияларды өз саласына тартуға, осы саланы жетекші сала ретінде алып шығуы үшін бақталас болып табылады.
Халықаралық бәсеке әртүрлі елдер арасында орын алады. Бүгінгі жаһандану және ғылыми-техниканың жоғары дамыған, экономикалық қатынастардың күрделене түскен жағдайда әрбір ел өзінің егемендігін және экономикалық потенциалын сақтап қалу үшін бәсекеге түседі.
Халықаралық бәсеке келесідей сипатталады:
- бірнеше басты салаларды әлем бойынша өзіне қарату, ноу-хауды дамыту, қаржылық жағдайын жақсарту;
- көп аспектілік, әртүрлі рынок құрылымы мен механизмдеріне бейімді болу;
- рыноктың осы заманға сай жылдам дамуын қамтамасыз ету;
- рыноктық бақталаста айқын басымдылық қасиеттерінің болуы.
Нарықтық бәсекелестікті жүргізу әдісі бойынша былай бөлуге болады:
Бағалық бәсекелестік — бәсекелестіктің нарықтық позициясы бағаны төмендету арқылы үзіледі. Бағалық бәсекелестік сол өнім үшін бағаны қасақана төмендету үшін жүргізіледі. Мұнда бағалық келісушілік етек алады, яғни соның әртүрлі бағамен сатылуы және осы бағалық айырмашылық шығынындағы бағалық айырмашылықтармен анықталмайды. Бағаға келісушілік үш жағдайда болуы мүмкін:
- Сатушы монополист болуға немесе белгілі бір дәрежеде монополиялық билікті уысында ұстауы тиіс;
- Сатушы әртүрлі сату қабілеті бар топта сатып алушыны таба ала білуге тиіс;
- Бастапқы сатып алушы тауар немесе қызметті қайта сата алмайды.
Баға келісушілігі қызмет саласында (дәрігер, адвокат және т.б.), транспорт өнімдері бойынша қызмет көрсетуде, бір базардан екінші базағарға қайта бөлуге келмейтін тауарды өткізу кезінде жиі қолданылады.
Бағалық емес бәсекелестік — өнім сапасын көтеру, тұтынушыларға жақсы қызмет көрсету арқылы табысқа жету. Бағалық емес бәсекелестік ең алдымен, өнім сапасын және оның сату жағдайын жетілдіру арқылы жүргізіледі. Сапаны жақсарту екі негізгі бағыт бойынша жүргізілуі мүмкін:
- Тауардың техникалық сипаттамасын жетілдіру;
- Тұтынушылар мұқтажына тауарды бейімдеуді жақсарту.
Өнім сапасын жақсарту арқылы бағасыз бәсекелестік өнім бойынша бәсекелестік атауын алады. Бәсекелестіктің осы түрі айрықша ерекшеленетін немесе ескі үлгінің жетілген нұсқасынан көрінетін жаңа тауарды шығару арқылы салалық нарықтың едәуір бөлігін иеленуге ұмтылыспен негізделеді.
Сапаны көтеруге негізделген бәсекелестік қарама-қайшылық сипаты бар:
біріншіден, сапаны көтеру, бағаны жасырын төмендетумен өткізуі оңайлатуға қызмет етеді;
екіншіден, сапа, жарнама және жылтыратпа өтеу жолымен сапаны бүркемелеуге жол ашатын субъекті бағалау.
Өнімді өткізу арқылы бағасыз бәсекелестік сату шарттары бойынша бәсекелестік артуын алды. Бәсекелестіктің осы түрі сатып алушыға қызмет көрсетіп, сервисті жақсартуға негізделеді. Бұған жарнама арқылы тұтынушыға әсер ету сауданы жетілдіру, тауарды алғаннан кейін, яғни оны пайдалану барысында сатып алушыға қызмет көрсету бойынша жеңілдік беру кіреді. Бәсекелестіктің мәні тауар сату үшін нарықта сатып алушы үлкен мүмкіндік алу үшін, ал сатушы оны өткізу үшін жағдай жасайтындығынан екі тарап қатысады.
Түбінде, сатушы мен сатып алушы бағаны белгілеу негізінде өзара мәмілеге келуге тиіс, әйтпесе келісім жасалынбайды, ал олардың әрқайсысы орынсыз залал шегеді.
Фирмааралық бәстестік табыспен немесе ұтылыспен бітуі мүмкін. Фирмаға стратегиялық жетістік нарықтық күштерді немесе бәсеке күш-қуаттарын бақылап отыруға мүмкіндік береді. Стратегиялық сәтсіздік фирмаға стратегияны өзгертуге, нарықтағы орнын жоғалтуға немесе саладан шығуына әкеліп соқтыруы мүмкін.
Тауарлар тарапынан бәсеке негізінен бәсекелестікке жарайтын бағаға байланысты. Көбінесе бір сапаға қатысты фирма, басқа сала фирмаларымен бәсекелестік күресте болады. Себебі, оның өнімі олардікінен артық өтімді болады. Осыған байланысты бәсекелестік күштер сатушыларды түйістіреді.
Біріншіден, баға мен тауардың жеткіліктілігі өндірушілерге баға шегін пайда мөлшері көлемін шектейді;
Екіншіден, тауар өндіруші немесе қызмет жасаушы тауарды, қызметті сапалы етіп, шығынды азайту жолымен немесе басқа әдістермен бағасын төмендетуі мүмкін, бірақ тауарды сату неғұрлым баға өзгерісіне тәуелді болған сайын соғұрлым бәсекелес күштердің әсері күшейе түседі;
Үшіншіден, бөлгіштік бәсекелер арқылы сатып алушы қаншалықты деңгейде алмастырушы тауарды немесе қызметті тиімді деп есептейді, бұл қаншалықты деңгейде сатып алушының тауар алмастырушы құнына өтуіне байланысты.
1 кесте – Бағалық емес күрес әдістері
Өнім бойынша бәсеке |
Сату жағдайлары бойынша бәсеке
|
Тауардың жаңа сұрыптамасын арттыру және сол бағада сапалы тауар сату жолымен рыноктағы бәсекелестердің үлесін жаулап алу көзделеді. Мысалы: АҚШ-та ұнның 10мың сорты, консервіленген жүгерінің 4 мыңнан аса түрі бір мезгілде сатылады. |
Бәсеке кезінде тұтынушыларды тартудың көптеген жолдары қолданылады. Оның ішінде: жарнама жасау, сервистік қызмет көрсету, тұрақты сатып алушыларға жеңілдіктер беру және т.б. |
Бағалық емес бәсекенің ерекше әдістері – тауарларды төлем мерзімін кейінге қалдыра отырып сату және лизинг. Лизинг — өндіріс құрал жабдықтарын ұзақ мерзімге пайдалануға беру.
Бәсеке күресінің дәрежесі өнімнің немесе тауарлардың өмірлік циклына байланысты болады. Бұл цикл төрт фазадан тұрады:
- жаңа өнім енгізу және шығару;
- өсу кезеңі;
- өндіріс көлемі максималды дәрежесіне жетеді. Бәсекелестік арта түседі. Бәсекенің нәтижесінде баға түседі
- сұраныс төмендейді һндіріс көлемі азаяды да өндіріс рыноктан ығыстырылады.
Рыноктағы жағдайларға байланысты бәсеке әртүрлі нысанда көрініс табады. Бәсекенің жетілген және жетілмеген нысандары бар, яғни нарықтық мәмлеге қатысушылардың әрекеттері еркін бәсекеге және монополияға негізделеді. Қазіргі кезде нарық субъектілері аралас нысандарға нарықтық типте әрекет етеді. Өйткені ешбір елде еркін бәсеке де, монополия да таза күйінде қолданылмайды.
Жеке фирма өз өнімін өткізуде іс жүзінде нарықтағы айырбас жағдайларына ешқандай әсер ете алмаса, онда осындай болмыс – бәсекелік қабіілеттің ең жоғарғы дәрежесі болып табылатын жетілген бәсеке деп аталады.
Жетілген бәсеке — өзара ұқсас, көлемі шамалас көптеген тауар өндірушілердің арасындағы күрес.
2 кесте – Жетілген бәсеке көрсеткіші
Бәсекелестік жағдайлар |
Жетілген бәсеке |
|
|
1 Фирмалардың саны мен көлемі |
көптеген ұсақ фирмалар |
2 Өндіретін өнім түрлері |
бір үлгідегі өнімдер |
3 Бағаны бақылау |
бақылай алмайды |
4 Салаға кіру және шығу мүмкіндігі |
толық бар |
5 Іс туралы мәлімет алу мүмкіндігі |
толық бар |
6 Бағаға байланыссыз бәсеке |
жоқ |
Мысалдар: |
ауыл шаруашылығы |
Жетілген бәсекелес рыногы дегеніміз — төмендегі шарттар орындалатын нарық:
- Нарықта өнім ұсынатын тәуелсіз сатушылар саны көп және өнімдері біртекті болып келеті;
- Ірі фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесі елеусіз. Сондықтан, оның өнім көлемі туралы өндірістік шешімдері жалпы ұсынысқа ықпал етпейді, соған орай фирмалар нарықтар бағасына да әсер ете алмайды;
- Баға, технология, ықтимал пайда жөніндегі ақпараттар белгілі болады;
- Жаңа фирмалардың салаға кіруіне немесе одан шығуына тосқауылдар жоқ /13, 9/.
Жетілген бәсекенің белгілері:
- рыноктағы сатушылар мен сатып алушылардың саны шексіз,
- рынокқа ену және шығу кедергілері жоқ, өндіріс факторларының қозғалысы жоғары,
- рыноктағы бағаға әсер ету тетіктері жоқ,
- ақпарат алу мүмкіншіліктері бәріне бірдей.
Егер жетілген бәсекенің, кем дегенде, бір шарты орындалмаған жағдайда жетілмеген бәсеке орын алады.
Жетілген (таза) бәсеке үш бағытта жүреді:
- сатушылар арасында;
- сатып алушылар арасында;
- сатушылар мен сатыпалушылар арасында.
Жетілген бәсеке нарығы төменде аталған шарттардың орындалуын тілейді:
- жеке фирманың өндіріс мөлшері елеулі болмайды және ол сол фирма сататын тауардың бағасына әсер етпейді;
- әр өндірушілер сататын тауарлар біртекті тауарлар болады;
- сатып алушылардың баға туралы информациясы толық болады.
- егер біреу өз өнімінің бағасын көтерсе, онда ол сатып алушыларынан айырылады;
- сатушылар өзара баға туралы келісім жасаспайды және әрекеттерін бір-бірімен келіспей жеке жүргізеді;
- өндіруші фирмалардың салаға кіруі мен шығуына жол ашық болады.
Жетілген бәсекелестіктегі нарық үлгісіне мынадай белгілер тән:
- Нарықта көптеген тәуелсіз сатушылар мен сатып алушылардың болуы. олардың әрқайсысы осы тауардың жалпы нарықтық көлемін ғана шығарады немесе сатып алады.
- Біртекті тауарлар және сатып алушылардың сатушыларды бірдей қабылдауы.
- Жаңа өндірушілер саласына кіру үшін кедергінің жоқтығы және саладан еркін шығу мүмкіндігі.
- Нарыққа барлық қатысушылардың толық хабардарлығы.
- Нарыққа барлық қатысушылардың қалыпты мінез-құлқы.
Жетілген бәсеке қалыптасу үшін ондаған фирмалар әрекет жасап, олардың өзара келісім жасауға мүмкіндігі болмауы тиіс /12, 263/.
Жетілген бәсекелі нарықта жұмыс істейтін фирмалар бәсекелі фирма деп аталады, өйткені олардың нарықтағы жағдайы бірдей: бағаға әсер ете алмай, нарықта қалыптасқан бағамен өнімдерін өткізеді.
Жетілген бәсеке жағдайына жеке бір фирманың өніміне сұраныс барынша икемді болады, сондықтан сұраныс қисығы көлденең орналасады. Бұны келесі графиктен көре аламыз.
1 сурет — Икемді сұраныс қисығы.
0 Q
Икемді сұраныс жағдайында бәсекелі фирма Ро бағасымен немесе одан төмен қанша болса да тауар өткізе алады. Тауарын бұдан жоғары бағамен сатпақ болған фирманың өніміне сұраным кемін 0-ге де тең болады.
Осы саладағы фирмалар өнімдерінің көлемін кемітіп, бағаны көтере алмайды. Бағаның қандай да болсын өсірілуі басқа фирмаларды осы салаға тартады да, үсыныс қайта өседі.
Таза бәсекелі нарық күрделі екі мәселені бірақ шешеді: біріншіден, фирмалар тұтынушы қауымға қажетті, яғни пайдалы өнім шығарса, екіншіден, ондай тауарларды минимальды шығын жұмсап өндіреді.
Бәсекенің екінші негізгі түрі ол жетілмеген бәсекелі рынок болып табылады.
Егер осы саланың өндірушілері мен сатушылары келісіп, бағаны көтерсе, немесе осы саланың өнімін тұтынушылар бірауызды болып, бағаны түсірсе, нарық жетілген бәсекеліден жетілмеген бәсекелі түрге бөлінеді.
2 сурет — Жетілмеген бәсекелес
Р
д
д1
д1 д Q
0
Жетілмеген бәсекелес фирма жағдайында ДД сұраныс қисығы төмен жылжиды, өйткені Q сұранысы көп болған сайын соған сәйкес төмен баға белгілейді. Сондықтан монополист фирма рынокқа тауардың үлкен көлемін шығарғанда, оның бағасы төмендейді. Егер фирма толық монополияға ие болса Р, яғни бағаны қысқарту 2, суретте көрсетілгендей оның бәсекелесін ДД сұраныс сызығын солға Д1Д1 жағдайына жылжытады, сондықтан қарсыласушы фирмаға байланысты баға төмендеген күнде енді аз көлемде тауарларды сатуға болады. Жоғарыдағы суретті салыстыруында шығатын қортынды мынадай: сұраныс сызығының көлбеу болуы фирманы жетілген бәсеке ретінде сипаттайды. Егер сұраныс сызығы төмендесе, онда фирма жетілмеген бәсекеде болады.
Кәсіпкерлер мен тұтынушылар бағаға әсер ете алған жағдайда нарық жетілмеген бәсекелі деп аталады.
3 кесте – Жетілмеген бәсеке түрлері.
Бәсекелестік жағдайлар |
Жетілмеген бәсеке |
||
|
Монополистік бәсеке |
олигополия |
Монополия |
Бәсекелестік жағдайлар |
Жетілмеген бәсеке |
||
1 Фирмалардың саны мен көлемі |
көптеген ірі -ұсақ фирмалар |
бірнеше ірі фирмалар |
жалғыз ірі фирмалар |
2 Өндіретін өнім түрлері |
әртүрлі өнімдер |
үлгілі өнімдер |
бірегей өнімдер |
3 Бағаны бақылау |
шамалы әсер етеді |
едәуір әсер етеді |
бағаны бақылайды |
4 Салаға кіру және шығу мүмкіндігі |
бар |
аздап бар |
жоқ |
5 Іс туралы мәлімет алу мүмкіндігі |
бар |
аздап бар |
жоқ |
6 Бағаға байланыссыз бәсеке |
жарнама, сауда белгісі |
әдетке айналған, әсіресе әртүрлі өнім шығару |
мол және қоғамдық ұйымдар мен байланысты |
Мысалдар: |
киім-кешек өндірісі, бөлшек сауда |
ауыр өнеркәсіп, тұрмыстық аспаптар өндірісі |
қоғамдық және жергілікті кешендер |
Кестеде көрсетілгендей, жетілген немесе таза бәсеке қалыптасу үшін мынадай жағдайлардың болуы қажет:
- Белгілі бір үлгідегі тауар өндіретін көптеген фирмалар жұмыс істейтін болуы керек. Әр фирманың осы тауарды өндірудегі үлесі 1 пайыздан кем, сондықтан фирмалар нарық бағасына ешқандай әсер ете алмайды және кәсіпкерлер арасында баға туралы келісім болуы мүмкін емес.
- Бұл салаға басқа кәсіпкерлердің қосылуына немесе бұдан басқа салаларға кетуіне ешқандай кедергі болмайды, яғни капитал бір саладан екінші салаға еркін ауыса алады.
- Кәсіпкерлер арасындағы бәсеке тауардың көлемі мен сапасын арту және өндірістік шығындарды кемітумен шектеледі.
- Кәсіпкерлер мен тұтынушы қауым саланың барлық жағдайынан хабардар болады: өндірушілер технология мен өндіріс ресурстарының бағасы туралы, тұтынушылар тауар бағасы мен сапасы туралы.
Жетілмеген бәсеке монополия, олигополия және таза монополия болып үшке бөлінеді.
Монополия бұл ұсыныстың бүкіл көлемі бір субъектіге тиесілі болатын жағдайдағы нарық нысаны, монополияны осы астар тұрғысынан зерттей отырып, осы субъект басымдығы анықталатын шекте кеңістік шекараларды анықтауға үлкен назар аударылады.
Монополияның пайда болу себептері:
- жаңа және аз шығын жұмсалатын өндіріс технологиясын тек ірі өндіріс орындарында ғана тиімді.
- кейбір салаларда бәсеке өте тиімсіз қоғамға да, кәсіпорындарға да. Мысалы: табиғи монополия.
- сирек кездесетін ресурстардың болуы монополияның шығуына әсер етеді.
- бәсекенің әділетсіздігіне байланысты.
Монополия мына фактілермен байланысты:
- монополиялық жоғары баға;
- монополияның инновацияға шектеулі дайындығы.
Монополияның мынадай белгілерін келтіруге болады:
- монополиялық нарықта бір сатушы және сатып алушы болады;
- өндірілетін өнім ерекше болып табылады, яғни оны ауыстыратын тауар жоқ;
- кедергілерге байланысты жаңа фирмалардың нарыққа кіруі мүмкін емес.
Бұл аталған кедергілердің әртүрлі себептері болуы мүмкін, мысалы:
- кәсіпорындардың үлкен көлемі және өндіріс көлемінен болатын үнем;
- жұмыстың жекелеген түрін орындауға мемлекет беретін лицензиялар жүйесі таңдалады;
- сирек игілік өндірісіне байланысты белгілі ресурстарды пайдалануы меншіктің монополиялық құқығы;
- табиғи монополия кезінде өндіріс жағдайы мен игілік сипатының маңызы;
- бүкіл нарық туралы ақпарат алу қиындығы.
Монополияның негізгі үш түрі бар:
Жабық монополия — бұл бәсекелестіктен заңды шектеулермен, патенттік қорғаумен, авторлық құқықтар институттарымен және тағы басқа қорғалған монополиялар. Мысал ретінде АҚШ пошта қызметінің монополиясын келтіруге болады.
Ашық монополия — бір фирма өнімнің бірден-бір жеткізушісі болып табылатын, атап айтқанда белгілі бір мерзімге, алайда бәсекелестіктен арнайы заңи қорғауы жоқ монополия. Мұндай фирма санатына нарыққа жаңа өнімдермен алғаш рет шыққан фирмаларды атауға болады.
Табиғи монополия — табиғи байлықтарға ие және өндірістің масштаб тиімділігін қамтамасыз ете алатын нарықтық құрылым, сондықтан мемлекет тарапынан реттеледі.
Мемлекеттің баға саясатының негізгі бағыттары болып табиғи монополияға қатысы бар салалардағы баға мен тарифтерді экономикалық реттеу табылады. Қазақстан Республикасы тиімді бағаны қалыптастыру, тарифтерді бекіту саясатын жүргізу үшін шет ел тәжірибесін бақылауы керек.
Мәселен, біздің жас мемлекетіміз енді ғана монополияға қарсы органдарының қызметінің 15 жылдығын тойлап отыр, ал АҚШ антитресталық заңдылықтарын қолданып келуіне 100 жылдан астам тәжірибесі бар. Антитресталық саясат монополиялық биліктің қалыптасуына кедергі жасау үшін бәсекелестікті қолдау және дамыту әрекеті болып табылады. Алғашқы антитресталық заң 1890 жылы қабылданып Шерман заңы деп аталды.
Көп уақытқа дейін АҚШ табиғи монополияны реттеуде тарифтерді шығындық әдіспен және пайданы шектеу арқылы бекітті. Компаниялардың салық төлегеннен кейінгі табыс көздерінеде шек қойды. Мұндай жүйеде компания тарифтері, инвестициялары, пайдалылығы мемлекеттік органдар тарапынан құқықтық ретеуде болды. Тариф құрылымы бағалық дискриминацияға қарсы болды.
Ал олигополия дегеніміз тауардың көпшілігі бірнеше ірі фирма арқылы өндіріледі. Ол фирмалардың рынокқа әрқайсысының әсері айтарлықтай болып табылады. Кейбір олигополия монополист сияқты бағаға әсер етуі мүмкін. Мысалы, бір класты автокөлік нарығы.
Салада бірнеше — ірі фирма болып, оларды үстемдік жасайтын жағдайды олигополия деп атайды. Бұлардың әрқайсысы нарық бағасына әсер ете алады. Салада үлгілі және күрделі өнімдер шығарылғандықтан, жаңа өндірушілердің қосылуы шектелген.
Олигополияның басты ерекшелігі, фирмалардың аздығы мен өнім өндірудегі үлестерінің молдығы. Сондықтан олигаполия монополияға жақын тұрады және одан монополия тууы мүмкін. Олигополияға автомобиль өндірісін жатқызуға болады.
Олигополияның екінші ерекшелігі, салаға қосылуға немесе одан кетуге кедергілердің молдығы. Олар: өндіріс көлемінің модығы, ресурстарға монополиялық бақылаудың барлығы, жарнамаға жұмсалатын шығынның молдығы, т.б.
Үшінші ерекшелігі – жалпыға бірдей өзара тәуелділік. Салада фирмалар саны аз болғандықтан, бәсекелестер бір-бірінің іс-қадамдарын бақылап, бірінен бірі қалмауға әрекет жасайды, әсіресе өндіріс көлемін анықтауда және баға белгілеуде. Мұны олигополисттік өзара байланыс деп атайды.Олигополия кезінде баға қалыптасу жетілген бәсекеге ұқсайды. Мұндайда баға туралы олигополистердің шешімдерін қабылдау жұмысы күрделене түседі.
Олигополия нарығы төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталады:
- Нарықтағы көлемді сату үлесі бар және бір-бірімен бәсекелес бірнеше фирмалар болады;
- Жоғарыда айтылған фирмаларды, көбінесе басым (лидер) фирмалар деп атайды және олар нарықтағы тауарлардың бағасы мен сату көлемінің өзгеруіне едәуір ықпал етеді;
- Олигополиялық фирманың өндіріс шешімдері тек қана тұтынушы іс-әрекетіне ғана байланысты емес, сонымен қатар бәсекелес фирмалардың стратегиялық шешімдеріне де байланысты болады.
Олигополиялық фирмалар тауардың бағасы мен өнім шығару көлемі туралы шешім қабылдағанда өзімен бәсекелес фирмалардың барлық мүмкіндіктерін ескеріп, талдап отырады.
Олигополияның бірнеше моделі бар. Оларға:
- Курно дуаполиясы;
- қарама-қарсы мақсаттары бар екі жақтың ойыны;
- нарықта үстемдік жүргізіп тұрған фирманың моделі және “картель”.
Баға белгілеу мен өнім көлемін анықтауда олигополия нарығы жетілген бәсеке мен монополия аралығында орын алады. Барлық модельдерді қарастырған уақытта олигополиялық бәсеке пайданың азаюына, ал келісім мен бірігу пайданың өсуіне әкеліп соқтыратынын көрсетеді. Пайда қуған жеке фирмалар бір-бірімен қатаң қақтығысқа түсуі мүмкін (“баға қақтығысы”), бұл кезде олардың әрқайсысы рынокты жаулап алу мақсатымен бағаны төмендетеді. Баға бірте-бірте төмендеп, орташа шығын деңгейіне жетеді де, нәтижесінде бұл фирмалардың экономикалық пайдасы нольге тең болады. Ал кейбір жағдайда фирмалар бір-бірімен келісімге келіп, бағаны жоғарылатып, пайдасын максималдауға ынталы болады. Бұл уақытта рынокты бөлу туралы келісім жасалады, басқаша айтқанда, фирмалар бірігіп картель құрады. Сонымен, олигополист фирмаларға өнімді сату көлемі мен баға туралы жасырын немесе ашық келісімге келу тиімді, бірақ бәсекелестіктің күштілігіне байланысты картель ішкі тұрақсыздықпен сипатталады.
Олигополия рыногының теориясын Курно дуаполиясын қарастырудан бастайық. Екі фирма (А және В) бірдей технологияны қолданады және біртектес өнім өндіреді делік. Бұл фирманың әрқайсысы шығарылатын өнім көлемін анықтаулары керек және олар шешімді бір уақытта қабылдаулары қажет.
Курно дуаполиясы моделінің негізі мынада: әрбір фирма өнімді шығару жайлы шешім қабылдаған кезде бәсекелесушілердің өндіріс көлемі тұрақты деп санайды және осы берілген шаманы ғана ескереді. Сондықтан Курно моделінде фирмалардың өзара қатынасы тұрақты баға кезінде өндіріс көлемін таңдау арқылы жүзеге асырылады. Бұл модельдің негізгі кемшілігі — әр фирманың өзімен бәсекелес фирма өнім көлемін өзгертпейді деп болжам жасауы. Ал күнделікті өмірде фирмалар бағаның өзгеруін, бақталастарының өнім шығару көлемін, өндірістік жағдайларын ескеріп отырады.
Олигополиялық бәсекедегі ойын теориясы бір-біріне қарама-қарсы мақсаты бар фирмалардың іс-әрекетін талдайды, сондықтан, олигополиялық бәсекені түсіндіру кезінде қолданылады. Бұл теория олигополиялық фирмалардың стратегиялық өзара байланысын көрсетеді және осы уақытта әр фирма өз бақталасының әрбір іс-әрекетін ескеріп, талдап, бағалайды да, соның нәтижесінде өзі шешім қабылдайды.
Ойын теориясындағы рыноктағы екі бәсекелес фирманың екі балама бағалық стратегиясы бар деп есептейік. Сонда біріншісі — өнімнің бағасын төмендету, екіншісі — бағаны тұрақты бір деңгейде ұстап тұру. Фирмалар өз алдарына қойған мақсаттарына жеткізетін стратегияны талдаулары керек. Фирмалардың стратегиялық өзара қатынастарын ойын деп атаймыз.
Олигополияда фирмалар бәрін қанағаттандыратын бір деңгейдегі бағаны белгілеуі қиын, әсіресе шығындар мен сұраныс өзегеретін болса. Егер рынокта бір басым фирма болып, ол баға белгілеудегі лидер болса, онда жоғарыда айтылған мәселелер өте жеңіл шешіледі. Осы басым фирма баға белгілейді, ал қалған фирмалар ілеспелі фирмалар болады. Іс жүзінде мұндай көрініс барлық олигополиялық рыноктарда кездеседі. Бұл жағдайда лидер фирма бірінші өзінің тауарына деген сұранысты анықтайды.
Дуополия – олигополияның қарапайым түрі, онда белгілі бір тауарды өндіруші фирма екеу-ақ және әрқайсысы бұл өнімге сұранысты қанағаттандыра алатындай болды. Бұндай нарықтық құрылым аймақтарда жиі кездеседі.
Олигополияның тағы бір мүмкін тұрі – квазимонополия (монополия деген сияқты ұғымда). Мұндай жағдай салада жалғыз ірі фирма мен көптеген ұсақ фирмалар болғанда қалыптасады. Ірі фирма нарық бағасын бақылап отырады: өндіріс көлемін өзгерту арқылы бағаны өзгерте алады. Ұсақ фирмалардың жағдайлары жетілген бәсекені еске салады: әрқайсысының жалпы өнім көлеміндегі үлесі шамалы болады, нарық бағасына әсер ете алмай, ірі фирманың белгіленген бағасын сыбайына тигендей көреді. Квазимонополияның мысалы ретінде мүнайдың әлемдік нарығын келтіруге болады.
Жетілмеген бәсеке негізінде, әсіресе олигополиядан, монополия пайда болады. Салада жалғыз өндіруші фирма болғанда және бұл салаға басқа өндірушілердің қосылуына мұмкіндік болмаса, сондай-ақ оның шығаратын өнімдерінің орнына басқа өнімдер жүре алмаса, міне, сонда монополия орын алады.
Таза монополия – жетілмеген бәсекенің соңғы шегіне жатады.Ол жетілген бәсекеге қарама –қарсы тұрады.
Осы табиғи монополияны реттеу мәселесі бойынша экономистер екі көз қарасты ұстайды, яғни бірқатар экономистер табиғи монополия мемлекет тарапынан реттелуі керек десе, екіншілері Қазақстан Республикасы нарықты экономикаға бет бұрған мемлекет. Нарықтық экономиканың басты белгілерінің бірі – еркін бағаны қалыптастыру екені жалпыға мәлім. Сондықтан осы көз-қарасты ұстанушы экономистер – еркін бағаны қалыптастыруға неге кедергі болу керек деп мақалалар жариялауда.
Бірақ, нарық жағдайында бағалы бәсекелестікті ынталандырушылар: ағымды пайданы максимизациялауды, өміршендікті қамтамасыз етуді, қоғам мүдделеріне зиян келтіре отырып нарықтың көп бөлігін иемденуді және баға бекітуде көшбасшы болуды көздейді.
Нарықтық бәсеке – экономикалық бақылаудың ең тиімді де, арзан түрі. Өйткені ол қоғамның ең төменгі деңгейдегі шығындарды талап етеді. Бақылаудың осындай түрі ең маңызды да динамикалы күш бола отырып, қндірушіні үнемі шығындар мен бағаларды төмендетудегі, өтім көлемін арттыруға тапсырыстар мен тұтынушы үшін сапаны жақсарту мақсатында жүргізіп отыратын күрес.
4 кесте — Нарықтық бәсекенің артықшылықтары мен кемшіліктері
Артықшылықтары:
|
Кемшіліктері:
|
— қоғамға қажет тауарларды өндіруде ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндіктердің болуы; — тез өзгеріп отыратын өндіріс жағдайларына икемді болып, оларға тез үйлесуге көмектесе алатындығы; — тауарлардың жаңа түрлерін жасау саласына жаңа техника мен технология енгізуге, өндірісті ұйымдастырып, басқарудың жетілген әдістерін қолдануға, — ғылыми-техникалық жетістіктерді ұтымды пайдалануға жағдайлар тудыратындығы; — өндірушілерді көптүрлі қажеттіктерді қанағаттандыруға, тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға мақсаттандыруы.
|
— ұдайы өндірілмейтін ресурстарды (ормандар, табиғи жануарлар, жер, теңіз, мұхит қоймалары) сақтауға көмектеспейді; — қоршаған ортаны қорғауда негативтік бағытта болады; ұжымдық пайдалануға — бағытталған тауарлар мен қызметтер (дамбалар, жолдар, қоғамдық көлік) өндірісінің дамуын қамтамасыз етпейді; — фундаменталдық ғылымның, жалпы білім беру жүйесінің, қалалық шаруашылықтың көп элементтерінің дамуына жағдай жасамайды; — еңбек, табыс, демалу құқықтарына кепілдік бермейді; — әлеуметтік әділетсіздік пен қоғамның байлар мен кедейлерге бөлінуіне бөгет жасайтын механизмдері жоқ.
|
Нарық қатынастары қашанда жұп қатынастар болады: «сатушы-сатып алушы», т.б. Осы қатынастар өндіріс пен тұтынудың байланысын сипаттайтын ұсыныс пен сұраныс түрін алады.
Бәсекелестіктің даму ауқымы бойынша мынадай жайттар болуы мүмкін:
- жеке (нарықтың бір қатысушысы “ауырдың үстімен, жеңілдің астымен” — тауар мен қызметтің сауда-саттығында ең қолайлы жағдайды алуға ұмтылады;
- жергілікті (қандай да бір аймақты тауар қожайындары арасында жүргізіледі);
- салалық (нарық салаларының бірінде ең жоғары табыс алу үшін күрес жүргізіледі);
- салааралық (үлкен табыс алу мақсатында өз жағына сатып алушыларды тарту үшін әртүрлі сала өкілдерінің бәсекелестігі);
- ұлттық (сол елдің ішінде отандық тауар иелерінің бәсекесі);
- ғаламдық (кәсіпорынның шаруашылық бірлестігінің және әртүрлі мемлекеттердің әлемдік нарықтағы күресі);
Бәсеке қоғамның шаруашылық өмірінде маңызды рөл атқарады. Ол экономикалық еркіндікті, капиталдың өз өсіміне ішкі тенденцияларды қолдануына бағытталған, сұраныс жиынтығын қайта бөлінуіне субъектілердің өзара күшеюін қарастырады.
Бәсеке нарық механизімінің қажетті элементі, бірақ сипаты әр түрлі болуы мүмкін, ол нарықтық тепе-теңдікке жету әдісіне елеулі әсер етеді. Нарықтық механизім еркін немесе жетілген бәсеке жағдайында, яғни нарықтағы жағдай көптеген сатушылар мен сатып алушылардың, сатылатын өнімдердің біртектілігімен, фирмалардың нарыққа еркін кіруімен сипатталғанда барынша тиімді әрекет етеді.
Егер нарықтық қатынастар тек жағымды артықшылықтарымен көрінетін болса, және олардың айтарлықтай кемшіліктері болмаса, онда нарықты мемлекет тарапынан реттеудің қандай қажеттілігі бар? Бірақ, біз шадаспауымыз керек, нарықтық қатынастар өзінен өзі қалыптаспайды және нарық үйлесімділікке, жоғары тиімділікке кепілдеме бермейді, сондықтан да мемлекет тарапынан үнемі бақылау мен бағаны реттеуді қажет етеді.
Тағы бір дәлел біз түгілі дамыған АҚШ, ҰлыБритания, Франция және т.б. мемлекеттерінің өзі монополиялық кәсіпорындар қызметін мемлекет тарапынан реттеп отыр.
Табиғи монополист кәсіпорындарының көрсететін қызметінің әлеуметтік маңызы зор болғандықтан оны реттеуде ең бастысы қызмет бағасына көңіл бөлінеді.
Мемлекет табиғи монополия субъектілері мен олардың қызметін пайдаланушылар арасындағы мүдделердің тепе-теңдігіне қол жеткізу және табиғи монополия секторына инвестицияны тарту үшін қолайлы жағдай құру мақсатында 2002 жылы Қазақстан Республикасында тарифттік саясатты жетілдіру негізіне келесі принциптер алынды: саланы демонополизациялау үрдісімен байланысты тарифтердің құрылымын құру, тарифтерді тағайындау кезінде тұтынушылар мен мемлекеттің мүдделерін есепке алу, өндіруші мен инвесторлар көзқарасы жағынан жалпы кәсіпорынның зиянсыздығын (пайдалылығын) қамтамасыз ету.
Осыған байланысты табиғи монополия ортасындағы тарифтік саясатты дамыту Концепциясы бойынша тарифтерді есептеу және бекіту кезінде тарифтерді қалыптастырудың жаңа әдістерін қолдану қажеттілігі есептелген:
- іске қосылған реттелетін активтер базасына пайда ставкасын есептеу әдісі;
- орта мерзімдегі кезеңдегі тарифтерді орнату әдісі.
Яғни, табиғи монолияларға қарсы басқарманың міндеті бір жағынан, табиғи монополия субъектілерінің қызметінің тиімділігін қамтамасыз ету болса, екінші жағынан тұтынушылар құқығы мен оңтайлы бәсекелестікті қорғау мақсатында икемділікті байқату керек.
1.3. Бәсеке теориясына байланысты классиктердің көзқарастары.
Ұлы классик ағылшын экономисті Адам Смит, бәсекені – тауар сатылуының ең бір тиімді жағдайда сатушылар арасында болатын келісімсіз таза бақталаспен байланыстырады. Бұл механизмін кәсіпкердің субъективті жету мақсатымен оның іс-әрекетінің объективті нәтижесі арасында айырмашылықты көрсететін «көрінбейтін қол» дап атаған, онда былай деген «Әрбір жеке адам өзінің жеке ұтысын көздейді, ол қоғамның пайда емес . . . мұндай жағдайда және басқа да жағдайларда ол көрінбейтін қол арқылы мақсатына жақындайды және бұл оның жоспарына енбесе де өзінің жеке мүддесін көздей отырып, ол бұл жағдайда саналы түрдегідей артық қоғамдық мүддеге өте тиімді әсер етеді».
Бәсеке экономикалық категория ретінде субъективті және объективті мазмұны бар. Объективті мазмұны – осы рынокта кәсіпорынның жеке субъектілері тауар айналымның жалпы шартына шешуші әсер ете алмайтын рыноктағы маңызды жағдайы ретінде көрсетеді. Ал субъективті – мазмұны материалдық игілік айырбасы мен өндірісінің қалыптасуына байланысты экономикалық қатынас пен шаруашылық субъект бәсекенің арасындағы бәсекені қарастыруын көздейді. Бұл экономикалық қатынастың мазмұны, шаруашылық субъектілердің нақты еркіндікті жүруі, өндіріс пен материалдық игілік айырбасына байланысты жеке және әртүрлі әрекеттердің арасындағы күрес болып табылады.
Бәсекеге байланысты классиктердің көзқарасына келетін болсақ: А. Смит экономикадағы тек айырбас құнын қарастырып, оның мәнін білуге мынандай қортынды жасайды жұмысшылапрдың сандары бірдей еңбектің құны барлық кезде, барлық жерде бірдей, сондықтан тек еңбек тауардың шын бағасын, ал ақша олардың номиналды бағасын құрайды.
А. Смит табиғи баға қою механизмін еркін бәсеке және төлеуге қабілетті сұраныс пен ұсыныспен байланыстырады. Егер сұраныс ұсыныстан жоғары болса, онда сатып алушылардың арасында бәсеке пайда болады, яғни жоғарғы бағаға келіседі, сондықтанда рынокта баға өседі. Ал, егер ұсыныс сұраныстан жоғары болса, бәсеке сатушылар арасында пайда болады, онда олар тауардың өтуіне байланысты бағасын төмендетеді. Сұраныс пен ұсыныс тең болса, онда рыноктық шамалы ғана табиғи баға тең болады. Сонымен тауардыың өз нақтылы бағасына сатылады деп қортындылайды.
Бірақ табиғи баға еркін экономика жағдайында қойылады. Егер мемлекеттің араласуымен болса, онда монополия пайда болады.
Монополиялық баға – бұл өте жоғарығы бағалар болып табылады. Еркін рынок жағдайында баға төменірек болады.Сондықтан еркін бәсеке пайда нормасын теңестіреді және олардың шығындарынан құтқарып, салалар арасындағы капитал мен еңбекті тиімді бөлінуіне әкеледі.[1]
А. Смиттің табиғи тәртіп концепциясына ұқсас елдің байлығын ұлғайту өндіріс көлемінің заттай мөлшеріне сәйкес болу шарты деп – Давид Рекардо еркін бәсеке мен экономика либерализм саясатының басқа принциптерін атайды. Оны мынандай сөздерден білуге болады «Пайда келтіретін ел, егер ол тамақ өндіретін шектен әкелуге еркіндік берсе, пайда нормасын немесе жер рентасын өсірмей ақ капиталдың қорлануын көбейте алады». Сондықтан классиктердің методологиялық сипаттай келе, Кондратьев: «Бірақ ол да Смитпен бірге және табиғи құқық доктринасы ғылыми шындық деп есептеді, еркін бәсеке жағдайында болмайды, жалпы еркін бәсеке режимі жалпы бірқатар іс-тәжірибелік кері кетуімен бірге ұлттық мүддеге және мақсатқа сай келеді».
Д. Рекардо сырттық сауда көзқарастарын ары қарай зерттей келе, оның ішкі сауданың айырмашылығымен салыстырады, яғни ол салыстырмалы артықшылық заңын ашты: ел өндіруде ең көп абсолютті артықшылыққа ие тауарларға немесе аз абсолютті артықшылыққа ие емес тауарлар экспортына мамандануы қажет. Бұл заңның негізгі қағидасы: егер әр район өнім өндіруде ең көп саластырмалы тиімділігін маманданған болса, онда екі мемлекет үшін сауда өзара пайдалы болады.
Сонымен қатар, Д. Рекардоның пікіренше, еркін бәсеке жағдайында жалақымен болған уақиға сияқты, пайданың да құлдырауы тенденциясы байқалады, өйткені қоғам мен байлықтың дамуына орай, қажетті қосымша өнім көп шығындар мен еңбек жұмсауды қажет етеді.
Батыс мемлекеттері экономикасында нарықтық қатынастар мен бәсеке бірнеше он жылдықтар ішінде қалыпты жағдайларда дамып отырды. Ондағы бірқатар экономисттердің пікірі бойынша бәсекенің нарықта жоғары орын алуының себебі, жоспарлы шаруашылыққа қарағанда жүргізілген мемлекет тарпынан болған саясатқа тәуелсіз болуында. Бұндай тенденцияның болуы өндіргіш күштердің ғылыми-техникалық прогресс пен бүтіндей экономикалық тәртіптің дамуына байланысты.
Экономикалық тарихтың тәжірибесі экономикадағы шоғырлану мен орталықтандырудың бәсекеге қарағанда күш алып кеткендігін көрсетіп отыр, сондықтанда да заманға сай техниканың өршіп дамуы бәсекені әлсіретеді – деген сауал кеңінен етек жайды. Бірақ индустрализация прогрессіне сай жоғарыда айтылған ойға қарсы процесстің болғандығын көрсетіп отыр, яғни жаңашыл техниканы қолдану бәсекенің күшеюі үшін заңды даму жолдарын қолданып, қазіргі экономиканың ілімдерінде айқындала бастады. Сонымен. Экономика бәсекенің дамуына ықпалын тигізетін ғылыми-техникның революциясының 4 негізгі элеметтерін көрсетуге болады.
Біріншіден, комуникациясының өршігіне түрде жетілуіне, көлік құралдары мен байланыс техникасының арзандануына байланысты көптеген жергілікті нарықтар өзара байланыса отырып, өздерінің тұйықтығын жоғалтты. Бұрындары олигополияның және монополияның позицияларға ие болған сатушылар бәсекелестік күреске белсенді түрде қатыса бастады. Бұл құбылыс қандайда бір шамада әр мекемеге қатысты болады.
Екіншіден, техникалық прогрес субинституттары бәсекенің дамуына айтарлықтай әсерін тигізеді. Жеңіл өнеркісіпте мұндай прогресс ең алдымен жасанды және синтетикалық талшықтарды өндіру арқылы іске асса, ауыр өнекәсіпте темірдің орнын басушылыр кеңінен қолдануда, құрылыста түбегейлі жаңа қасиеттерге ие композитті және басқа да материалдарды өолданумен, ал ауыл шаруашылығында генді инженерияның негізінде болған «жасыл» революциясы арқылы іске асты.Бұның бәрі сұраныс сипаттарына айтарлықтай өзгерістер енгізе отырып, нарықтық қатынастарды монополиялыұ бәсеке қисынына қарай ығыстыра бастады.
Үшіншіден, заманға сай өндірістік аппарат жаңаша технолгиялық жетістіктермен қарулана отырып, әртүрлі факторларға бейімделудің айтарлықтай мүмкіншіліктерін берді. Осы жөнінде В. Ойкен келесі түрдегі қорытындылар берді: «Өндіріске бейімделуге дайындық» ұғымынығ маңызы мекеменің өндірісті бір нарықтан келесісіне көшіру қабілетінен тұратын нақты шектеулік маңызы бар. Ол тек соғыс уақытында ғана емес, шамалап бейбіт заманда да айқындалып, соңғы жарты жылдықта өршу сипатына ие болды. Осылайша, өңдеуші өнеркәсіптің өндірістік бағдарламалары ылғи да өзгеріске ұшырап отырады, ал бұл XIX-XX ғасырлар қарсаңында байқалмаған құбылыс еді (Мысалы: пеш өндіруші зауыт тоңазытқыштары өндіруге көшіп, ал соңынан – радиотауарлар өндіруге көшіп, бәсекелес ретінде жаңа нарықтарға шығады т.с.с.) Осы ретте кейбір саладағы технологиялық екпіндер нарықтық барлық қатысушыларына әсерін тигізеді. Бұнда өндірістік бағдарлама мен өндірілетін бағдпрлама мен өндірілетін тауарлардың өзгерісіне байланысты тікелей (нарықтағы шығарылуы) бейімделу мен екінші жағынан сол біріңғай және бұрынғы тауарлардың өте бәсекелі нарықтарға шығарылуы арқылы іске асатын жанама түрде бейімделуді бөліп жарып қарастыруға болады.
Төртіншіден, ең шешуші фактор бәсекенің болашақтағы позициясын нығайтатын деген технологиялық негізде өндіріс пен қоғамды аөпараттандыру мен жаңалықтарды ылғи да өнімге айналдыру.Олар теория жүзінде абсолютті монополияның болуын тыю мен қатар, іс жүзінде барлық нарықтарды біріктіріп, әлеуметті түрде бір-біріне тең барлық нарық мүшелеріне ақпараттық өнім мен жаңалықтар (патент пен лицензия) ретінде негізгі тауарға айналды. Мұнда ақараттар мен жаңалықтарды кеңінен қолдану қызметтің кез келген түрінің тиімділігін көтеруге қабілетті екенін көрсетіп отыр. Түпкі нәтижесінде ақпарат инновация аясындағы төңкерістің негізінде мемлекетте, тұтынушылар да, тіптен өндірушілердің өздері де өндіріске тиімді түрде бақылау жасауға қабілетті бола отырып, монополиялық қиянатпен селсоқ бәсекеге қарсы тұрып, экономикалық процесстерді прогрессивті бағытта жұргізе алады.[3]
Дж. Кейнспен құрылған экономикалық ілімде бағыт өзінің экономикалық үлгісінде шешуші рөлді мемлекет тарапынан жүргізілетіндігін макроэкономикалық реттеу бюджет пен несие арқылы іске асырылып,қоғамның экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, шаруашылық байланыстардың жарым жартылай немесе бүтіндей құлдырау қауіпінің алдын алу мен сол мезетте еңбек бастылық пен өндірісті арттыру мәселелерін шешуге септігін тигізеді.
Осы іліммен қатар неолибералды доктрина мойындалып, оның негізгі шарты қазіргі күрделі де, айнымалы экономикалық жағдайда тиімділікті арттырудың маңызды тәсілі болып табылатын жетілген бәсекеге өалыпты жағдайлар жасау. Яғни сәйкес заңдылықтар, сыртқы экономикалық байланыстар иен әлеуметтік жіне еңбектік кепілдіктердің негізінде сапалы түрде бәсекелік механизмдерді құру.
XX – ғасырдың басында экономикалық ғылымның бір бағыты Л.Вальрас пен В.Паретоның күш салуларының негізінде дұрыс математикалық негізге салынып, «жалпы тепе – теңдік ілімі» деп аталады. Қазіргі аталмыш ілім неоклссикалық ілімдердің қатарына қосылып, барлық ең беделді деген экономикалық тұжырымдамаларының қтарына қосылды. Жалпы тепе-теңдік ілімі жетілген бәсеке үлгісін құруда негізгі бағыт болып қабылданды. Паретто бойынша ситуация біреудің жағдайын мүмкіндікте отырып, келесінің жағдайын жақсартуға болмайтын жағдайда ғана тиімді болып табылады. Бірақ, бұл тұжырымдамаға сай тиімділік тұжырымдамасы шектелген деп есептеледі, өйткені ол кейбіреулерінің жағдайларын нашарлата отырып, ал кейбіреулердің жағдайын жақсартатындай саяси шараларды көптеген шынайы жағдайларды салыстыруға келмейді. Бұл идеяның негізгі пайымдылығы сол, кез келген жағдайда ресурстар шығындарын қысқарту идеясы – жемісті идея болып саналады.
Дегенмен де жалпы тепе – теңдіктің талдау нарықты экономика қызметінің маңызды ерекшеліктерін айқындауға мүмкіндік бергенмен, бәсеке процесінің механизмі туралы жеткілікті түрде түсінік бере алмайды. Үлгілер негізінен бәсекелестік қызметтің түпкі нәтижелеріне бағыттала отырып, динамикалы өзгерістері аз қамтылған. «Жетілген бәсеке» үлгілерін зерттеу технологиялық жаңалықтардың басты ролі атқаратындығын көрсетуге, бәсекелестік емес жарыстың ерекшеліктерін шынайы түрде көрсетуге мүмкіндіктерге пайда болады.
Нарықтық бәсекенің дәстүрлі түрімен салыстыруға келетін бәсеке күштерімен монополияның өзара оңтайлы әсерінің идеясын тарихи даму кодексін И. Шумпетер үсынды. Онымен ең алғаш рет ғылыми айналымға айналған «тиімді бәсеке» және «тиімді монополия» ұғымдары енгізіліп, бұлардың негізгі шарттары кәсіпқойлық жаңашылықтарға негізделген жаңалық енгізу процессі еді.
Шумпетердің көзқарасы бойынша тиімді бәсеке тек динамикалы экономика жағдайында ғана іске асады. Динамикалы экономиканың негізгі шарттары – жаңалықтар енгізуге бағытталған еркін «капиталистік» несиені кеңінен қолдану, инновация ағынының үздіксіз жүріп отыруы және нарық коньюктураның тез өзгеруі. «Жаңалықтар» мен «жаңа өндірістік бағдарламалар» фирма қызметінің жаңа жақтарын, сондай-ақ өндіріс және басқару құрылымдарын қайта құруды қамтиды. Ал бұл, өз кезегінде, бәсекені өндірушілердің құрамы мен өзара қарым-қатынасына, сұраныстың құрылымына, шығындар мен бағалардың қалыптасу шарттарына, сондай-ақ бүкіл нарықтың ортаға ықпал етуші ретінде қолдануға мүмкіндік береді. Бұндай бәсеке барысында пайда мен жоғары пайдаға ие болу шығындарды үнемдеу мен сонымен қатар жаңа өнімдерді құру мен олардың сапасын арттыру арқылы іске асады.
Бәсеке мен ықпалы айтарлықтай артып отырған монополияның әсері бар нарықтық талдауды екі тұрғыда қарастыруға болады: таза монополияның болуына, не болмас, таза бәсекенің болуына сүйене отырып, содан кейін ғана нарықтағы жалпы қалыптасқан жағдайды талдауға көшу. Оның бірінші жолын Америка зерттеушісі Э. Чемберлин 1933 жылы шыққан өзінің «Монополисттік бәсеке» деген әйгілі еңбегінде алғашқы жолын негіздеп берді. Европада және сондай-ақ Англияда Дж. Робинсонның 1933 жылы шыққан «Жетілмеген бәсекенің экономикалық ілімі» деген еңбегі екінші шартты қолданушылардың арасында та\басқа жетті.
Э.Чемберлиннің бұл еңбегінің басты құндылығы бәсеке мен монополияның синтезі негізінде жасалған нарықтардың қалыптасуы мен даму іліміне, шығындар мен бағалардың қалыптасуы мен сұраныс пен ұсыныс заңдылықтарын анықтауда қосқан үлгісінде болып отыр. Оның баян етулері бойынша – монополиялық бәсеке ұғымы – ол бәсеке мен монополиялар альтернативті ұғымдар деп танылатын экономикалық ғылымның дәстүрлі көзқарасына жасалған өзгеше ілім. Э. Чемберлин нарықты экономика жағдайында өнімнің дифференциясының мазмұны тек оның қасиеттері ғана емес, сондай-ақ сату барысындағы өткізу мен қызмет көрсетудің барлық шарттары мен сатушылардың кеңістікке орналасу барысына да жатқызады.
Э.Чемберлин сұраныс проблемасын жаңаша талқылауға салды, мұнда ол сұраныстың көлемі мен иілмелілігін негізгі, тәуелсіз факторлар деп қарастырмайды, оның ойынша, сұраныс – монополист ықпал ете алатын параметірлердің бірі. Бүл оның өткізу шығындары категориясы концепциясында негізделген, өйткені дамыған экономикада бұл категорияның маңызы өндіріс шығындары мен пара пар. Егер өндіріс шығындары өнімді сұранысқа бейімделу мен сұранысты арттырумен байланысты болса, өткізу шығындары сұраныстың өнімге бейімделуіне, сраныстың өзін ұалыптастыру мен өзгертуге бағытталған. Шынайы экономикалық өмірде бұл факторларды бөліп жарып қарастыруда қиыншылықтарға кезігуге болады, өйткені Э. Чемберлиннің айтуы бойынша: «. . . мұнда шығындардың бір түрі аяқталып, келесісі басталады дейтін нақты нұсқау жоқ».
Дегенменде дамыған нарықта бәсекелестік тенденция монополияға қарағанда басымырақ және қуаттырақ екендігін дәлелдеп отыр. Ал нақтысында бәсекелестік күресте бірден ірі, бірден ұсақ, бірден мықты тіптен кейде әлсіз де фирмалар ұтып шығады. Ендеше неліктен монополия бәсекені тіптен жоққа шығармайды деген сауалдың негізінде өзара бәсекелес фирмалардың әртүрлілігі болып отыр. Бәсекенің қазіргіережесі мықтының әлсіздігіне қарсы күрес емес: ондай болған жағдайда аса қуатты монополиялар әлсіз деген қарсыластарын нарықтық арнадан ығыстырып жіберер еді.
1991 жылы американ экономисі М.Портер «Елдің бәсекелестік артықшылықтары» атты зерттеуін жариялады. Бұл зерттеуден халықаралық сауданың мәселелері өте тиянақты қарастырылады. Осы тәсілдің бір алғышарты: «халықаралық рынокта елдер емес, фирмалар бәсекелеседі. Бұл процестегі елдің атқаратын ролін түсіну үшін фирмалардың бәсекелік артықшылықты қалай құрап және қалай нығайтатынын түсіну қажет». Сыртқы рыноктағы табысқа жету дұрыс таңдалған бәсекелестік стратегияға байланысты. Бәсекелестік артықшылықтар стратегиясы:
М. Портер бойынша бәсекелестің негізгі бірлігі сала, яғни тауар өндіретін және қызмет көрсететін және өзара тікелей бәсекелестін бір топ бәсекелестер болып табылады. Салаларда бәсекелестік артықшылықтардың ұқсас негіздері бар өнімдер шығарылады. Фирманың сала ішіндегі бәсекелестік стратегияна таңдауына екі басты әсер етеді:
1 Фирманың іс-әрекеттері бәсекелестік ерекшеліктері бар.
Сала құрылымы. Сала ішіндегі бәсекеге бес түрлі фактор (М.Портер бойынша күштер) әсер етеді.
- жаңа бәсекелестердің пайда болуы;
- орнын баса алатын тауар немесе қызметтің пайда болуы;
- жеткізушілердің саудаласу мүмкіндігі;
- сатып алушылардың саудаласу мүмкіндігі;
- бар бәсекелестердің арасындағы жарыс (бақталас).
Осы бес фактор саланың пайда көлемін анықтайды, өйткені олар бағаға, фирма шығынына, капитал болуына және т.б. жағдайларына әсер етеді.
Әрбір саланың өз құрылым болады. Мысалға фармацевтикалық өнеркәсіпте жаңа бәсекелестердің пайда болуы өте сирек, ал іскі бәсеке ғана негізін де емес, ғылыми зертеулер, жаңа дәрі шығару сияқты факторларға байланысты. Жоғары бағалар тұтынушылардың қорқытпайды, ал жеткізушілер оларға қатты әсерін тигізбейді. Орнын баса алатын тиімді өнімді жасау өте қиын және оған көп уақыт қажет болады.
2 Фирманың салада алатын позициялары (орын)
Фирманың саладағы позициясы ең алдымен иеленетін артықшылықтарымен анықталады. Фирма тұрақты бәсекелестік артықшылыққа ие болса, өз қарсыластарынан озады. Ол үшін:
- Төменірек шығындар. Бәсекелестеріне қаағанда ұқсас тауарды жасау, өндіру мен сатудағы фирмалық аз шығындармен жүзеге асыра алатын мүмкіндігі.
- Тауарлар дифференциясы (бөлшектеу). Фирманың тауардың жоғарырақ сапасы, немесе ерекше тұтыну қасиеттері, немесе сатудан кейінгі қызмет көрсетудің кең мүмкіндіктері арқылы тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттыру мүмкіндігі. Бәсекелестік артықшылық бәсекелестерге қарағанда жоғары өнімділікті береді.
Фирманың сала ішіндегі позициясына әсер ететін тағы бір маңызды фактор – бәсекелесу сферасы немесе фирманың сала шекараларында бағытталған мақсаттар ауқымы.
Фирма өзі үшін, қанша түрлі тауарды шығару, сатудың қай каналдарын пайдалану, қай тұтынушыларға қызмет көрсету, әлемінің қай аймақтарында өз өнімін сату мен қандай ұқсас салаларда бәсекелесу қажеттігін шешуі қажет.
5 кесте – Фирманың сала ішінде позицияларын анықтауда пайдаланатын негізгі типтік стратегиялар көрсетілген
|
Бәсекелестік артықшылық
|
||
|
Төмен шығындар |
Дифференциация |
|
Бәсекелесу аумағы |
Кең нысаны |
Шығындарды үнемдеу есебінен үздік шығу |
Дифференциация |
Тар нысана |
Шығындарға барлық көңілді бөлу |
Дифференциация |
Типтік стратегиялар концепциясының мәні болып, әр стратегия бәсекелестік артықшылыққа негізделген, сондықтан фирма қолда бар артықшылыққа байланысты өз стратегиясын таңдауы керек.
Бәсекелестік артықшылыққа фирма өз іс-әрекетінің жекелеген түрлерін ұйымдастыру мен орындау негізінде қол жеткізеді. Осының нәтижесінде сатып алушылар үшін белгілі бір құндылықтар жасалады. Түпкілікті құндылық фирма ұсынған тауар мен қызметті үшін тұтынушының қанша ақша төлеуге дайын болуына байланысты. Әрине, қажетті іс-әрекеттер шығынынан жоғары болғаны дұрыс. Бәсекелестік артықшылыққа жету үшін, сатып алушыларға бәсекелестерге құндылығы бар тауарларды ұсынып, бірақ оны төменірек шығындарымен өндіру (аз шығындар стратегиясы) қажет немесе сатып алушыларға жоғары баға алуға болатын жоғары құндылықты тауар ұсыну дифференциация (бөлшектеу) стратегиясы.
Фирма құндылықтарының тізбегі – бір іс-әрекетті жүзеге асыру әдісі басқа іс-әрекетті түрлерінің тиімділігі немесе құнына әсер етуінен пайда болған байланыстар негізіндегі іс-әрекеттүрлерінің жүйесі. Осы байланыстарды басқару бәсекелестік артықшылықтардың шешуші негізгі болуы мүмкін.
Фирмалар өз саласында бәсекелесудің жаңа түрлерін тауып, онымен рынокқа шықса бәсекелестік артықшылыққа қол жеткізеді.
Бәсекелестік артықшылыққа жетудің жаңа түрлерінің пайда болу себептеріне:
- Жаңа технологиялар (Германиядағы рентген апаратурасының өндірісі);
- Сатып алушылардың жаңа немесе өзгерген сұранысы (тез тамақтанудың американ компаниялары);
- Саланың жаңа бөліктерін (сегменті) пайда болуы (Жапонияда көп мақсатты, аз көлемді автокөтергіштер өндірісі);
- Өндіріс құны немесе компоненттердің өзгеруі (елдердегі еңбек күші құны қатынасының өзгеруі);
- Мемлекеттік деңгейдегі реттеу (стандарттар, қоршаған ортаны қорғау, сауда шектеулері, т.б. сияқты).
Жоғары да бәсеке мен бәсеке стратегиясы туралы айтылғанның бәрі сыртқы және ішкі рынокқа бірдей дәрежеде қолданылуы мүмкін.
Соған қарамастан, халқаралық бәсекенің ерекшеліктері бар.
М. Портер бәсеке ерекшеліктеріне қарай екі сала түрін өзгешеленеді:
- Көп түрлі ұлттық (multido mestic) салалар. Халықаралық ауқымда ондай сала ұлттық салалар жиынтығы болады да және елде бәсеке әртүрлі өтуімен сипатталады.Бәсекенің бір стратегиясын мұндай салаларда жүргізу мүмкін емес (мысалы, жинақ банктер саласы).
- Глобалды салар, ол әлем бойынша бір бәсекелесу аймағы болуымен ерекшеленеді. Осындай салаларда бәсекелестік артықшылыққа жету өте маңызды болады, өйткені оны бүкіл дүние жүзінде пайдалану мүмкіндігі туады. Осындай салаларда бәсекелестік артықшылыққа жету өте маңызды болады, өйткені оны бүкіл дүние жүзінде пайдалану мүмкіндігі туады. Осыв салаларда көптеген елдерде сатылуға арналған бір тәсілді қалыптастыратын және пайдаланылатын глобалды стратегия қажет. Көп ұлтты компаниялардың өмір сүруі глобалды стратегиясы барын көрсетпейді, өйткені көп түрлі ұлттық салаларда көп түрлі ұлттық салаларда көп ұлы компаниялар филиалдары жеке дара жұмыс істейді. М. Портер глобалды стратегияда бәсекелестік артықшылыққа жетудің екі жолын көрсетеді.
1 Іс-әрекет конфигурациясы, елдің ерекшеліктерін пайдалану үшін іс-әрекетті әр түрлі елдерде орналастыру болып табылады.
Бір елде өндірістік іс-әрекеттің түрлерін шоғырландыру кезінде, тауар экспорты арқылы сыртқы рынокқа шығу, ал өндірісті әр түрлі елдерде орналастыру кезінде, тікелей шетел инвестициялары арқылы сыртқы рынокқа шығу жүзеге асырылды.
Іс-әрекеттің түрлерін орналастыру кезінде ел төмендегідей критерийлер бойынша таңталады:
- Факторлардың минималды құны;
- ГЗТКЖ (НИОКР) өткізу үшін қажетті жағдайлардың болуы;
- Маманданған дағдыларға қол жеткізу мүмкіндігі;
- Сатып алушылармен қатынастардың даму дәрежесі т.б.
2 Филиалдар іс-әрекетін үйлестіру, оған кіретіндер:
- (информация) ақпаратпен алмасу;
- Жауапкершілікті бөлу.
Үйлестірудің (координация) өзі бәсекелестік артықшылық болып табылады, өйткені ол әр түрлі жерде алынған білім мен тәжірибе жинақталуына әсер етеді. Соның арқасында фирмалар рыноктағы өзгеріске тез жауап қайтаруына мүмкіндік алады.
Бәсекелестік артықшылық детерминанттары.
Бәсеке ретінде тепе-теңдік емес, тұрақты болатын өзгерістер түсініледі. Әрбір сала тұрақты түрде жаңарып, жетіле бергендіктен, осы процесті ынталандыруда тұрғылықты мемлекет маңызды орын алады. Тұрғылықты мемлекет (страна базирования) – бұл қажетті дағдылы еңбек күші бар, негізгі технология, өнім, стратегия әзірленетін ел.
М.Портер жергілікті фирмалар бәсекелесетін және оның халықаралық табысына әсер ететін ортаны қалыптастыруда мемлекеттің 4-қасиетін көрсетеді.
3 сурет — Елдің бәсекелестік артықшылығының детерминанттары
Фирмалар стратегиясы
|
Факторлар параметрі
|
Сұраныс параметрі |
Ұқсас және қолдаушы салалар |
Бұл детерминанттар, әрқайсысы бөлек және бәрі бірге жүйе ретінде осы елдің фирмаларының пайда болып, іс-әрекет ететін ортасын қалыптастырады.Елдердің қандай да бір салада табысқа жетуі осы елдердегі ортаның серпімді түрде дамуына тікелей байланысты, сонымен қатар ол фирмалардың алдына күрделі міндеттер қоя отырып, қолда бар бәсекелестік артықшылықтарды тиімді пайдалануға және жаңа артықшылықтар іздеуге мәжбүр етеді. Елдер ұлттық «ромб» өзара күшейетін, яғни әрбір детерминант басқаларына әсер ететін салаларда немесе олардың бөліктерінде (сегмент) табысқа жету мүмкіншілігіне ие.
Жоғары бәсекелестік қабілетіне жету үшін ішкі рыноктағы күшті бақталастық өте маңызды орын алады.Үкіметтің орны (рөлі)
Ұлттық артықшылықты қалыптастырудағы үкіметтің рөлі төрт детерминантқа әсер етуінде:
- Факторлар параметріне – субсидия, капитал рыногына қатысты саясат, тағы сол сияқтылар арқылы;
- Сұраныс параметріне — әр түрлі стандарт қою мен мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру жолымен;
- Туыстас салалар мен жабдықтаушы салалардың даму жағдайына – жарнама құралдарына бақылау орнату мен инфрақұрылым дамуын реттеу;
- Фирмалар құрылымы, бақталастағы мен стратегияларына — өзінің салық салу саясаты, монополияға қарсы заңы, инвестицияны реттеу мен бағалы қағаздар рыногындағы іс — әрекеттер және т.б. арқылы.
Осы барлық төрт детерминант кері әсер беруі мүмкін. Үкіметтің орны да оң немесе теріс болуы мүмкін.
2 ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
2.1. Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігі жоғарғы және төменгі салалары
Қазақстан нарықтық-бағдарлы экономиканы дамыта отырып, дүние жүзілік деңгейде өзінің қандай орында екенін білгісі келеді. Ауқымды экономикада ұлттар өзінің өмір сүру деңгейі өсуі мен тұрақтылығына қол жеткізу үшін бәсекелеседі.
Монополияға қарсы жаңдарды жүзеге асырушы мемлекеттік қызметтер екі принципті басшылыққа ала алады. Біріншіден, заңды қатал сақтап отыру, екіншіден “парасаттылық принципін” ұстау. Өйткені көп жағдайларда трестерге қарсы заңдардың ресми жалпы түрде жазылғаны сонша АҚШ федералдық соты осы заңның қолдану сферасына іс істемекші болған қандай да болсын келісімге келуші екі жақты жатқыза алады. Сондықтан “парасаттылық принципі” бойынша тек жөнсіз, ақылға сйымайтын сауданы шектеулер ғана Шерман заңының қолдану сферасына жатады. Бірақ ақылға сыйымсыз шектеулер деп нені есептеуге болады? Бұл мәселелердің бәрі трестерге қарсы заңдарды жүзеге асырудың қандай қиын екенін көрсетеді.
Бәсеке заңы әсер ететін маңызды бағыттар:
- Бәсеке тепе-теңдік бағаны қалыптастыруға жағдай жасайды. Егер, баға төмендесе, онда сұраныстың көлемі ұсыныстың көлемінен жоғары болып, сатып алушылар арасында бәсеке пайда болады. Нәтижесінде баға көтеріліп, сұраныс пен ұсыныс қайта теңеседі. Ал, баға өскен жағдайда, сүраныстың көлемі ұсыныстың көлемінен төмендеп, сатушылар арасында бәсеке пайда болады. Нәтижесінде сұраныс пен ұсыныс қайта теңескенге дейін баға төмендейді.
- Тауар өндіру мен өткізудің қоғамдығ қалыпты жағдайларын қамтамассыз етеді. Жалпыға бірдей «Ойын ережесін» басшылыққа алма.ан тауар өндірушілер зиян шегеді. Мысалы: жетілген бәсеке кезінде жоғары пайда алу мақсатынада сатушы бағаны өсірсе, онда сол тауарға сұраныс көлемі төмендеп, пайда мөлшері азаяды.
- ҒТП-ны ынталандырады және өндірістің тиімділігін арттырады. Бағалық бәсекеде кім төмен бағада өнім сатса, сол бәсекеге қабілетті болып табылады. Бірақ бағаның төменгі деңгейі барлық шығындарды өтеп қана қоймай, жоғары пайда алуды қамтамасыз етуі тиіс. Сондықтан кәсіпкер өндіріске жаңа техника мен технология енгізеді, еңбек процесін ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін іздейді. Яғниғ ресурстарды үнемді пайдалану жолдарын қарастырады. Нобель сыйлығының лауреаты Ф. Хайектің пікірінше: «Бәсекеге арқа сүйген қоғам басқаларға қарағанда өз мақсатына сәтті жетеді. Бәсеке өнімдерді қалай тиімді өндіруге болатынын көрсетеді».
- Рыноктық субъектілердің бәсекелік күресі әлеуметтік – экономикалық теңсіздікті күшейтеді. Бәсекеге қатысушылардың мүмкіншіліктері (қаржылық, ресурстық, меншіктің болуы) әртүрлі екендігін ескерек, үлкен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігі жоғары болуы заңды.
- Рыноктық шаруашылықтың монополиялануына әкеледі. Шағын кәсіпорындар бәсекелік күреске шыдамай банкрот болады немесе өзара бірігеді. Нәтижеде ірі бизнестің рөлі артып, жетілген бәсеке жетілмеген бәсеке типіне ауысады.
Қазақстан Үкіметі «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» жаңа заң жобасын Мәжілістің қарауына ұсынды. Айта кету керек, бұдан бұрын Қазақстан Үкіметі «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» заң жобасын әзірлеп, 2004 жылы сәуірдің 29-ында ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізген болатын. Алайда, оны қарау барысында Мәжіліс депутаттары тарапынан заң жобасы бойынша бірқатар ескертулер мен ұсыныстар туындады. Сондықтан ол ұсыныстар осы заң жобасын 2005 жылы қыркүйектің 21-інде Үкіметке кері қайтаруға негіз болды.
Осыған байланысты Үкімет Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттарының ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, заң жобасын біршама пысықтады. Бұдан басқа, Қазақстан Президентінің ағымдағы жылғы Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың жалпыұлттық жоспарын және Қазақстан Үкіметінің 2006 — 2008 жылдарға арналған бағдарламасын орындаудың желілік кестесінің 96.3-тармағына сәйкес Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясының міндеттерін заңнамалық қамтамасыз етуді іске асыру мақсатында Үкімет көрсетілген заң жобасын жаңа редакцияда әзірледі және қарауға енгізді. «Бәсеке және монополистік қызметті шектеу туралы» Қазақстан Заңын қолдану үдерісінде монополияға қарсы органның құзыретін шынайы түрде күшейту, сондай-ақ нарық субъектілерінің келісімдерді, экономикалық шоғырлануды, кемістіктерді жоюды жүзеге асыру үдерістерін дәл мемлекеттік реттеу және көрсетілген Заңның кейбір нормаларын басқа нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес келтіру қажеттілігінің туындауы заң жобасын әзірлеудің негізгі себептері болып табылады.
Бұдан басқа, экономикалық шоғырлануды реттейтін нормалар дәл белгіленді. Сондай-ақ нарық субъектілерінің монополиялық қызметті, бәсекеге қарсы іс-әрекеттерді жүзеге асыруына, нарық субъектілерінің үстем жағдайын теріс пайдалануына және келісілген іс-әрекеттеріне тыйым салулар белгіленді. Ерекше қатынастары бар нарықтың бірнеше субъектілерінің монополистік қызметінің алдын алу және жолын кесу үшін «адамдар тобы» деген ұғым енгізіледі.
Заң жобасында монополияға қарсы органның нарық субъектілеріне қатынасы бойынша мемлекеттік органдардың бәсекелестікке қарсы іс-әрекеттерін айқындау тәртібі белгіленді. Сондай-ақ монополияға қарсы органның нарық субъектілерінің экономикалық шоғырлануына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру қызметі бекітілді.
Заң жобасы жиынтық үлес бойынша үстем жағдайға ие бірнеше нарық субъектілерін тану үшін сандық және сапалық өлшемдерді өзгертуді ұсынып отыр.
Заң жобасында бәсеке және монополистік кызметті шектеу туралы заңнаманы бұзушылықты уәкілеттік орган жүргізетін тергеу жөніндегі нормалардың бірінші рет белгіленгендігін атап өту қажет.
Тұтастай алғанда, заң жобасы бәсекелестікті дамыту және монополистік қызметті шектеу мақсатын көздейтін тиімді іс-шараларды жүзеге асыруға бағытталған. Сондай-ақ, заң жобасы Заңдағы қайшылықтар мен кемшіліктерді жоюды, тиісті тауар нарығында үстем жағдайға ие нарық субъектілерінің қызметін реттеу әдістерін дамытуды көздейді. Республикалық бюджет комиссиясының 2006 жылы сәуірдің 10-ындағы хаттамасына сәйкес, осы заң жобасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Бәсекелестікті қорғау комитетінің аумақтық органдарын құруға 2006 жылға арналған республикалық бюджеттен 56 млн. 450 мың теңге көлемінде қаржы шығындары көзделген.
Біздің мемлекетіміз әлемдік экономикадағы өзінің орны мен ролін дамыту және сезінудің жаңа кезеңінде тұр. Тұтас алғанда, Қазақстанның нарықтық-бағдарлы экономикаға көшуі жөніндегі қажетті негізгі шаралар жүзеге асырылып қойды. Қазіргі таңда Қазақстан экономикалық тұрғыдан осыдан он жыл бұрынғы тәуелсіздік алғандағыдан әлдеқайда алдыңғы қатарлы және бәсекеге қабілетті мемлекетке айналғандығын баса айту керек.
Бәсекеге қабілеттілікті экономиканың тұрақты өсуінің салдары ретінде қарастыру керек. Тұрақты даму дегеніміз елдегі қазіргі ұрпақтың қажеттілігін болашақ ұрпақтың қажеттілігін қанағаттандыратын мүмкіндіктерге нұқсан келтірмей қанағаттандыру. Бұл бір-бірімен байланысты мынадай үш бағыттағы алға басушылық – экономикалық, әлеуметтік және экологиялық.
Президент Н.Назарбаев өзінің Жолдауында индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келудің маңызын ерекше атап өтті, биылғы жылдың соңына дейін біздің келешегі бар барлық Қазақстандық, ауқымды өңірлік және аймақтық кластерлерді (бәсекеге қабілетті салалар жиынтығы) айқындалып алуымыздың қажеттігі айтты.
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан экономикасының әлеуетті секторларының бәсекеге қабілеттілігін бағалау және оларды дамытуға ұсыныстар жасау мақсатында АҚ «Маркетингтік – аналитикалық зерттеулер орталығы» мен J.E. Austin Associates, Inc. (JAA) – дің келісім шартқа тұруын тапсырған болатын. Зерттеулер жүргізудің нәтижесінде Қазастан экономикасының бәсекелік қабілеттілігі жоғары салалары анықталады. 2004 жылдың желтоқсан айында АҚ «Маркетингтік – аналитикалық зерттеулер орталығы» Қазақстан Республикасының экономика салаларының бәсекеге қабілеттілігін бағалау бойынша ұлттық зерттеулердің 2-ші кезеңін аяқтады.
1-ші кезеңінде 150-ге жуық экономика салалары талданды. Бәсекеге қабілеттілік екі негізгі параметірлер бойынша бағаланады:
- Саланың дамуы үшін Қазақстанда экономикалық базаның болуы: компаниялар, адам ресурстары, технология, инфроструктура;
- Саланың Қазақстан экономикасындағы рөлі: ЖІӨ-гі, жұмыспен қамтамассыз атудегі, шикізаттық емес экспорттағы, динамикалық өсудегі үлесі және т.б.
Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің Жолдауында индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келудің маңызын ерекше атап өтті /2/. Кластерлік үлгі (модель) қазіргі заманда экономиканы дамыту, әсіресе оны инновациялық негізде дамытуға қолданып отырған көптеген елдердің озық тәжірибесі. Кластер – бәсекеге қабілетті өндірістің және оған байланысты салалардың жиынтығын жасау және оларды бір-біріне сәйкес үйлестіру әдісі. Ал енді шетелдік тәжірибеге сүйенген соң, кластерлік дамытуға себепші болып отырған университеттер мен ғылыми орталықтар. Президенттің Жолдауында көрсетілгеніндей, біздер экономиканы дамытудың, әсіресе оны инновациялық тұрғыдан дамытудың кластерлік үлгісі біздегі әрбір аймақтың экономикасын үйлестіруге көмегін тигізетіні сөзсіз. Осындай үлгі біздегі өндірістің, әсіресе металлургия, химия, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығына, машина жасау салаларына да сұранып тұр.
2005 жылы тамақ өнiмдерi өнеркәсiбi кластерi, мұнай-газ машиналарын жасау өнiмдерi кластерi, туристiк қызметтер кластерi, тоқыма өнiмдерi өнеркәсiбi кластерi, металлургиялық өнiмдер өнеркәсiбi кластерi, көлiк-логистикалық қызметтер кластерi, құрылыс материалдары өнеркәсiбi кластерi сияқты 7 пилоттық кластерлер құру және дамыту жөнiндегi жоспарлар бекiтiлдi.
Бұл жоспарлар көрсетiлген салалардың жүйелi проблемаларын (саланы дамытуды ынталандыру үшiн заңнаманы жетiлдiру, кадрлар даярлау және қайта даярлау, стандарттау мәселелерi, инфрақұрылымды дамыту және т.б.) шешу жөнiндегi iс-шараларды және әрбiр жекелеген кластерлердiң мiндеттерiн (бизнес стратегияларды тұжырымдау кластер шеңберiнде инвестициялық жобаларды iске асыру, кластерiшiлiк кооперацияны күшейту) шешуге бағытталған шараларды қамтиды.
Кластерлiк идеяларды дамытуда индустриялық аймақтар құру сияқты нақты өндiрiстi мемлекеттiк ынталандыру құралын пайдалану барынша перспективалы болып көрiнедi. Бұл тетiк қазiргi уақытта Астана қаласында (Құрылыс материалды) және Қарағанды облысында (Металлургия-Металл өңдеу) пилоттық кластерлердiң жобаларын iске асыру шеңберiнде байқаудан өтiп жатыр.
Оң нәтижелер алған жағдайда осы тәжiрибенi барлық өңiрлерге тарату көзделiп отыр: Павлодар қаласы (өнеркәсiп), Өскемен қаласы (металлургия-металл өңдеу), Алматы, Жамбыл, Қостанай облыстары (ауыл шаруашылығы өнiмдерiн қайта өңдеу), Батыс Қазақстан облысы, Солтүстiк Қазақстан облысы, Шығыс Қазақстан облысы, Алматы қаласы (машина жасау).
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасындағы индустриялы аймақтарды қалыптастыру мен дамытудың тұжырымдамасы әзiрленуде.
Жалпы алғанда, бұл құралдың жеке меншiк-мемлекеттiк әрiптестiктi дамытуда табысты пайдаланудың барлық алғышарттары бар. Бұл ретте, құрылымдық қаржыландыру құралын пайдаланғанда бұл ұстаным өнеркәсiп салаларын дамыту үшiн айтарлықтай экономикалық әсерге ие болуы мүмкiн.
Егер Қазақстанның қазіргі экономикалық жағдайын бәсекеге қабілетті кластер жасау тұрғысынан талдайтын болсақ, онда белгілі бір кластер қалыптастыру қуаты мұнай және химиялық, жеңіл және тамақ индустриясы, биотехнология, ауыл шаруашылық машина жасау саларында да бар.
Қазақстан экономикасына кластерлік үлгіні қолдану бизнес қарқыны, нарықтық мүмкіндіктер, өндірістік-технологиялық тізбектер, өндірістік емес тізбектер және болашақ шеберліктердің/біліктіліктердің шоғырлануы сияқты кластер сипатын терең зерттеуді талап етеді
4сурет — Кластерлік үлгі
- Өндірістік-технологиялық тізбектер
- Бизнес қарқыны
- Өндірістік емес тізбектер
- Нарықтық мүмкіндіктер
- Шеберліктердің/біліктіліктердің шоғырлануы
Әлбетте, кластер сипатының жеке бөліктері зерттеуге өте күрделі, мысалы, болашақ шеберліктерді бағалау жүйесі. Оқытудың қандай жүйесі, қызметкерлерді іріктеу, біліктілікті көтеру болашақта талаптарды қанағаттандыра алады?
Шын мәнісінде, плюстері мен минустарымен қоса, белгілі бір мінез-құлық типі мен шешім қабылдау мәдениеті бар Қазақстан менеджері профилін жасау керек. Осы бір үлкен мәселе әлі де зерттелмей келеді. Барлық ЖОО мен басқа оқу орындары ұсынған оқыту бағдарламалары дәл осы болашақ дағдылар мен білім есепке алынбастан жасалған. Бұған дәлел Қазақстан мен шетел компанияларының жоғары біліктіліктегі топ-менеджерлеріне деген үлкен сұранысы және компания қызметкерлерінде көптеген қажетті дағдылар мен білімнің жоқтығы.
Бәсекелестіктің бес күші үлгісі саланың келесідей экономикалық сипаттамаларын талдауға мүмкіндік береді: нарық өлшемін (жылдық табыс, жалпы өндіріс көлемі, сату өсу қарқыны); нарыққа ұсынылып отырған тауардың өміршеңдік кезеңіне (ену, өсу, кемелдену және құлдырау); саладағы бәсекелестер санына (ұқсас тауар өндіруші компаниялар саны); нарықтағы әр компанияның нарық үлесіне; салаға кіру берьерінің деңгейіне; саладағы инновация деңгейіне; нарықта ұқсас тауарлардың шығу жиілігі, технологияның өзгеру дәрежесі; шығындарды қысқару мүмкіндігіне: өндіріс масштабында, жеткізушілерге, өндірістік қуаттың толық жұмыс істеуіне және “тәжірибе қисығына”, саланың пайдалылығына, сұраныстың икемділігіне.
- . Қазақстанда бәсекеге қабілетті өнеркәсіпті дамыту мәселелері
Экономиканың негізгі секторы болып саналатын өнеркәсіпті қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебі, өнеркәсіп кез-келген мемлекет экономикасының түп қызығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшін инновациялық-инвеститциялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабілетті тауар өндіруге мүмкіндік берері сөзсіз.
Өйткені егемендік алғаннан кейінгі макроэкономикалық көрсеткіштерге назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалады. Тіпті соңғы екі – үш жылда ЖІӨ-нің өсу деңгейі 10% көлемінде болып отыр. Бұл шама еліміңз үшін үлкен жетістік, яғни әлем бойынша ЖІӨ өсімі бойынша басты орындардаымыз.
Бірақта мұндай жетістіктерге жетуіміз жер қойнауымыздағы минералды қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұндай және метал бағасының өсуімен тікелей байланысты. Дамыған елдердің қай-қайсысын алып қарамасақ олар шикізаттық өндірістен сервистік – технологиялық өндіріске өтіп кеткен, ал шикізаттық өндіріспен даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады екен. Елбасы атап өткендей, еліміз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшін және экономикамыз шикізаттық өндіріске тікелей байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшін реформалар жүргізіп және ұзақ мерзімді стратегиялар міндетті түрде керек болады.
Яғни еліміз осы мәселелерді шешіп жоғары бәсеке қабілетті алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшін, тұрақты экономикалық өсуді және экологиялық тиімді өндірісті қамтамассыз ету мақсатында «Қазақстан Республикасының Индустриалды-иновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясын қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады». Стратегияның негізгі мақсаты – бәсекелестікке шыдайтын, импорт алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсіптер құрып, қызмет көрсету саласын дамыту./9,17бет/.
Қазақстан өнеркәсібі кен өндіру, өндіру және электр энергиясын, газ бен су өндіру және бөлу секторларынан тұрады. Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанда өнеркәсіпті дамытуға барлық жағдайдың бар екендігі белгілі. Шикізат қорларының молдығы, еңбек ресурстарымен білімді және интелектуалды мамандардың жеткіліктілігі, жаңа өндірістер құру үшін аймақтардың кеңдігі, географиялық жағынан орналасу тиімділігі, ішкі және сыртқы нарық шығудағы бірқатар артықшылықтар – мұның бәрі өнеркәсіп салаларын, соның ішінде өңдеу мен айналысатын кәсіпорындардың алдында жаңа мүмкіндіктер ашады. Әрине отандық өнеркәсіптің қарқынды дамуына теріс әсерін тигізер факторлар мен кедергілер жоқ емес.
Қазақстан экономикасы негізінен ауылшаруашылық және минералды-шикізат секторына негізделеді
1 диаграмма — ҚР өнеркәсібі (2006 жыл)
Мысалы, ҚР өнеркәсіп өндірісі құрылымында шикі мұнай мен жолай газ өндіру үлесіне 38,9% ; металлургия өнеркәсібіне -20,7% ; машина жасау өнеркәсібіне – 2,4% ; жеңіл өнеркәсіпке – 1,4% және химия өнеркәсібіне — 0,9%-дан келді.
Қазiргi уақытта машина жасау кәсiпорындары 230 астам өнiм атауларын шығаруды игердi, оның iшiнде 125 тонна жүк көтеруге қабiлеттi жедел бұрғылау қондырғысы, ұңғымаларды жөндеуге арналған көтергiш агрегаттар, арнаулы техника, резервуарлар, сыйымдылықтар, тұндырғыштар және сепараторлар, 6 және 8 тонна жүк көтеруге қабiлеттi тербелме-станоктар, ортадан тепкiш және поршеньдi сорғылар, фонтанды арматура, ысырмалар, вентильдер, мұнай эмульсияларын қыздыратын пештер және басқа да жабдықтар.
Қазақстан қара және түстi металдардың, 84 өнеркәсiптiк минералдардың, сондай-ақ энергия тасығыштардың коммерциялық запастарына ие.
«Металлургия» кластерi машина жасау және металлургия кәсiпорындары кластерiнiң басқа да қатысушылары үшiн шикiзат өндiретiн кластер құрушы компаниялар технологиялық дәйектi тiзбекте құрылған кәсiпорындар мен өндiрiстердiң кешенiн бiлдiредi.
Қара металлургия саласында және тау-металлургия кешенiнiң түстi саласында негiзгi шаруашылық субъектiлерi — «Миттал Стил Темiртау» акционерлiк қоғамы және «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiгiнiң iрi компаниялары болып табылады.
Жеткілікті дамыған металлургиялық және отын-энергетикалық кешендері, өндірістің қол жеткізілген жоғары дәрежеде шоғырлануы кластерлердің әлемдік экономикада бәсекеге қабілеттілікті жасау базасы ретінде қарастыра алады. Біздің экономикамыздың артықшылықтарының бірі сондай-ақ білікті әрі арзан жұмыс күші болып табылады.
Қазiргi уақытта республика өнеркәсiбiнiң металлургия секторында мынадай проблемалар бар:
- руда құрамында пайдалы құрамдауыштар аздығы;
- пайдалы қазбалы кен орындарының көп құрамдауыштығы;
- жоспарлау, жобалау және басқару процестерiн автоматтандыру деңгейiнiң төмендiгi;
- негiзгi қорлардың тез тозуы;
- тау-кен машина жасаудың өз кәсiпорындарының қуатының аздығы;
- минералды шикiзатты кешендi, қауiпсiз және қалдықсыз өндiру және қайта өңдеудің жаңа үнемдi технологияларын дамытудың төмен қарқындылығы;
- тұтынушылардың алыс орналасуы;
- жер қойнауын пайдалану, табиғат қорғау қызметi саласындағы нормативтiк-заңнамалық және салық базасының нақты ахуалының барабар болмауы;
- мамандар даярлау мен қайта даярлаудың осы заманғы жүйесiнiң болмауы;
- тау-кен саласының кәсiпорындары қызметiнiң шашыранды сипаты (үйлесiмнiң болмауы).
Металлургия саласын табысты дамыту үшiн Қазақстан Азия нарығын ерекше назарға ала отырып, қосылған құнымен металлургиялық өнiм өндiру үшiн қуаттар құруға шоғырлануы қажет.
Әлеуеттi инвесторларды тарту жөнiндегi жүргiзiлген жұмыстың нәтижесiнде мұнай-химия өндiрiстерiн салудың жобалары инвестициялық жобалары бойынша әртүрлi компаниялардан, оның iшiнде мұнай-химия өндiрiстерiн және мұнай-химия технологияларын пайдалануға қосу жөнiндегi жетекшi әлемдiк көшбасшыларынан ұсыныстар түстi: Linde и Lurgi (Германия), АВВLummusGlodal (Швейцария), Mitsui&Co.Ltd., Marubeni Cosmo, Itochu, Тоуо Engineering Corporation жапондық компаниялары, Лукойл (Ресей), Ваsеl (Нидерланды Корольдігі) және басқалар.
2007 жылдан бастап Атырау облысында Теңiз, Қашаған және Солтүстiк Каспий кен орындарының iлеспе газының базасында елде бiрiншi бiрiктiрiлген газ-химия кешенiнiң құрылысын бастау жоспарланып отыр.
«Атырау облысындағы Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркi» арнайы экономикалық аймағын құру кезiнде қазақстандық экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн қамтамасыз етуге ықпал етуi тиiс Ұлттық технопарктiң моделi пайдаланылатын болады.
Өнеркәсіптің аздаған қайта өңдеу секторының , әлсіз әртараптандыру мен экономиканың төмен бәсекеге қабілеттілігінің сәйкес келуі тепе-теңдіксіз экономикалық дамуы қаупін туғызады және кірістегі теңсіздікті қиындатады. Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады десек қателеспейміз:
- өтпелі кезеңдегі жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алуда жіберілген қателіктер осы кезге дейін өзінің теріс «жемісін» беруде;
- кәсіпорындардағы табиғи және моральдық тозығы жеткен негізгі қорлардың үлес салмағының 80% көлемінде болуы;
- жаңа техника мен технологияны, шикізат пен комплект бұйымдарын импорттау өндіріс шығындарының артуына әсерін тигізеді, соның салдарынан өнім бағасы қымбаттайды;
- отандық тауар өндірушілерді қолдау шаралары және импорт алмастыру саясатын тоқтаусыз және табанды тұрде жүргізудің болмауы;
- өнеркәсіп кәсіпорындардың сыртқы және ішкі инвеститцияларға мұқтаждығы, мемлекет бюджетіне тәуелсіз даму үшін өз қаржыларынан құралатын амартизациялық, сақтандыру. Резервтік, даму қорларын құра алмай отырғандығы;
- өнеркәсіп салалары арасындағы салааралық, салаішілік компаниялар мен фирмалардың аздығы;
- өндірістік инфрақұрылымның жетілмеуі, сонымен бірге, өнеркәсіпке қызмет көрсетуші әр тұрлі инновациялық, инжинерингтік, маркетингтік, консалтингтік құрылымдардың ұсақ түрдегі қызметтерден аса алмауы;
- ішкі рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы (шағын экономика);
- өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның жетклікті дәрежеде дамымауы;
- мұнай-газ және кен-металургиялық кешенге жатпайтын экоомика саларында қорлардың тез тозуы.
Бірақ та біздің экономикалық өсуіміз толықтай шикізат түрінде болып отыр, ал бұл әлемдік тәжірибе бойынша ел экономикасына тиімсіз. Ол өзімен бірге көптеген шығындарды ала келеді, әсіресі жергілікті экологиялық мәселелерді туғызады және көп мөлшерді жұмысшы күшін қажет етеді. Әлемдегі дамыған елдердің барлығы шикізатты және өндірісті экономикадан толық құтылып, сервистік – технологиялық экономикаға көшіп отыр. Шикізат пен өндірістік экономика дамушы және даму жағынан артта елдерге өтуде.
Елбасымыздың жолдауы бойынша Қазақстан әлемдегі алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы керек. Енді осы мақсатты жүзеге асыру үшін индустриалды – инновациялық дмуда сервистік –технологиялық экономикаға өту үшін 2003-2015 жылға арналған индустриалды – инновациялы стратегиясы жасалды.
Бүгінгі таңда өңірлердің тиімді дамуы аумақтардың өндіріс әлеуеттерін іздестіруге, сондай-ақ оларды іске асыру тетіктерін дамытуға байланысты болмақ. Осы мақсатқа қол жеткізудегі ерекше рөл қаржыландырудың нарықтық көзі ретінде ішкі және сыртқы инвестицияларды тартуға беріледі. Облыстың әлеуетін бағалау және іске асыру – соның бастамасы.
Біздің облысымыздың әлеуетін іске асырудың негізгі тетігі – кәсіпкерлік, институционалдық капиталды, халық қаржысын бизнесті дамыту, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту жобаларына салуға қолайлы ықпал ететін шарттардың жиынтығы ретінде инвесторлар үшін инвестициялық ахуал жасау.
Үлесіне барлық өнеркәсіп өндірісі көлемдерінің 80%-дан астамы тиетін қайта өңдеу өнеркәсібі басымдық дамуға ие болады.
Қазіргі таңда таңы бәр маңызды мәселелер қатарына өнеркәсіпте жаңа салаларды қазақстанның экономикалық, географиялық ерекшелігіне ұарай ұүру, олардың құрылымын жетілдіре түсу болып саналады.
Сонымен бірге, өнеркәсіптің индустриялық деңгейін көтеру үшін:
- өнеркәсіп салаларында фирмааралық кооперациялар құру;
- әртүрлі дамыған елдердің компанияларының стратегиялық альянстарына кіруге талпыныс жасау;
- ғылыми-өндіріс ресурстарды шоғырландыыру арқылы шағын ғылыми-техникалық кластерлер құру, экономикалық тиімді ғылыми парктер, шағын бизнес инкубаторларын, технополистер мен аймақтық бәрлестіктер құру;
- ҒЗТКЕ-ның әр түрлі субьектілері арасындағы қауымдастықты ұйымдастыру;
- тозығы жеткен құрал-жабдықтарды жаңарту үшін несие жүйесін және лизингтік қатынастарды дамыту;
- БСҰ-на кіру үшін өнеркәсіптің жоспарын құру, күреске басымдылық нарықтағы қатаң бәсекелестік күреске басымдылықкөрсетуге бейім ірі өнеркәсіп кәсіпорындарын ұйымдастыру қажет деп ойлаймыз.
Қортынылай келе, отандық өнеркәсіпті дамыту шараларына нарықтық тетіктерді тиімді пайдалану мақсатында ресурстарды үнемді пайдалану, экологиялық проблемаларды шешу, өндірістік құрылымды дамыту, өнеркәсіп салаларының құрылымын жетілдіру, бәсекеге қабілетті жоғары сапалы тауар өндіру мүмкіндігі бар өңдеу салаларына қолдау көрсету, әлеуметтік-экономикалық мәні зор және тағы басқа шараларды іске асыру алдағы экономикасы тұрақты дамыған, индустриялды ел болуымызға тікелей жол ашпақ.
2.3. Қазақстанда әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы іске асырылуының бүгінгі және болашақтағы басымдықтары
Бәсекелестіктің бес күші үлгісі саланың келесідей экономикалық сипаттамаларын талдауға мүмкіндік береді: нарық өлшемін (жылдық табыс, жалпы өндіріс көлемі, сату өсу қарқыны); нарыққа ұсынылып отырған тауардың өміршеңдік кезеңіне (ену, өсу, кемелдену және құлдырау); саладағы бәсекелестер санына (ұқсас тауар өндіруші компаниялар саны); нарықтағы әр компанияның нарық үлесіне; салаға кіру берьерінің деңгейіне; саладағы инновация деңгейіне; нарықта ұқсас тауарлардың шығу жиілігі, технологияның өзгеру дәрежесі; шығындарды қысқару мүмкіндігіне: өндіріс масштабында, жеткізушілерге, өндірістік қуаттың толық жұмыс істеуіне және “тәжірибе қисығына”, саланың пайдалылығына, сұраныстың икемділігіне.
Біріншіден, стратегия елге бағдар беруі және оның экономикасын тұрақты өсу міндеттеріне бағындыруы тиіс; екіншіден, стратегия ұзақ мерзімді даму көрінісін бейнелеуі және тарихи ерекшеліктер мен елдің негізгі құндылықтарына сүйенуі тиіс; үшіншіден, ол барлық мүдделі адамдардың үкімет, бизнес, еңбек ұжымдары мен ауыл өкілдерінің қолдауымен және қатысуымен жасалуы тиіс; төртіншіден, бюджеттік артықшылықтарды бейнелейтін нақты әрі айқын көзделетін мақсаттарға негізделеді.
Экономика ғылымында бәсекеге қабілеттілік ұғымы даулы мәселе. Бұл бәсекеге қабілеттілік пен оның анықтамалары көрсеткіштеріндегі едәуір айырмашылықтарына байланысты.
Қазіргі заманғы зерттеулер бәсекеге қабілеттіліктің үнемі өсіп отыратын кіріс факторы ретінде білімнің маңыздылығын дәлелдей түседі. Сонымен қатар, экономиканың өсуі тұрақты болған сайын бәсекеге қабілеттілік факторы ретіндегі білім мен жаңа технологияға сүйену дәрежесі соғұрлым жоғары. Білім тұрақты экономикалық өсудің, дәлірек айтсақ, бәсекеге қабілеттіліктің сыни факторына айналды. Әрбір жеке елдің айрықша құзыреті – білім қалай игеріледі және жасалады. Қазақстан экономикасы қаншалықты бәсекеге қабілетті және күшті және әлсіз жақтары қандай.
2 диаграмма — Қазақстан экономикасының күшті жақтары
- арзан жұмыс күші
- базалық нарықтық экономика
- дамыған өнеркәсіп кешендері
Қазақстан экономикасының күшті жақтарына нарықтық-бағдарлы экономиканың базасын қалыптастыруды жатқызуға болады. Сыртқы рыноктарды ашу және сауданы жекелей ырықтандыру әлемдік экономикаға өндіріс құрылымының бейімделуіне жағдай жасайды. Негізгі нарық институттары мен оның инфрақұрылымдары қалыптасты. Өндірістің едәуір құлдырауынан соң (шамамен 60%)-ға ) оның қатыстық тұрақтануына қол жеткізілді. Бай минералды-шикізат қорының болуы сыртқы рынок күшін тиімді пайдалануға және ұлғайтуға жағдай жасайды Қазақстан экономикасының әлсіз жақтары оның күшті құрылымдық бүлінуінен көрінеді, бұл қайта құру кезінде тіпті өршіп кетті.
4 сурет — Қазақстан экономикасының әлсіз жақтары
- Ішкі рыноктың тарлығы мен шашыраңқылығы
- Шығындық сипат
- Жұмыспен қамтылмаған өндіріс орындары
- Әлсіз байланыс : ғылым мен өндіріс
- Қорлардың ескіруі
- Банктер – нағыз экономика
Отандық өндірушілердің әлсіз жақтары көбіне қазақстандық экономиканың шығындық сипатымен түсіндіріледі.
Экономика халықтың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу негізгі міндетіміз болып табылады. Біз бұған өз экоомикамыздың бәсекелестік қатілетін арттыру арқылы еліміздің 2010 жылға дейінгі жоспарына сәйкес қол жеткіземіз.
2004 жылғы Елбасымыздың “Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті халық” атты халыққа кезекті Жолдауынан бәсекенің ұлттық экономикамыз үшін маңызы ерекше екенін көруге болады. Бұл біздің еліміз үшін өзекті мәселенің бірі. Бүгінде қазақстандықтар бүкіл әлем мемлекеттерімен, олардың халқымен, экономикасымен, білім-біліктілігімен бәсекеге түстік. Ал енді осыған сәйкес болудың, қамданудың, бәсекеге қабілеттіліктіпәрменді түрде жасаудың тиімді жолдарын айқындаудың мезгілі жетті.
Бүкіл әлемдегі ең бірінші ел АҚШ экономикада болсын, әлеуметтік салаларда болсын бәсекеге қабілеттіліктің басқа елдерден жоғары болуын ұлттық қағида деп есептеп, соған сәйкес саясат жүргізеді. Ал Еуропалық Одақ болса, 2001 жылы Лиссабонда алған шешімінде Еуропа экономикасының бәсекеге қабілеттілігін дүниежүзінде ең жоғары дәрежеге жеткізуді көздеп отыр. Әлемнің тағы басқа елдері де өздерінің бәсекеге қабілеттілігін күннен-күнге арттыруда. Шығыстағы жаңа индустриялық мемлекеттер – Оңтүстік Корея, Сингапур, Малайзия, Тайланд небәрі 25-30 жылдың ішінде шаруашылықтың көптеген салаларының бәсекеге қабілеттілігін әлемдік деңгейде көтере білді. Қытай елінің осы саладағы іс-қимылы, қол жеткізген табыстары бүкіл дүниежүзін таңдандыруда. Басқа да көптеген елдер өздері шығарған тауарлардың, көрсетіп отырған қызмет түрлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру қамында. Бұл заман талабы, өйткені жаһандану үрдісінен ешкімде тыс қалмайды. Өкінішке орай, Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан халықаралық сараптаушы ұйымдардың наразынан тыс қалып отыр.
Егер еліміз бәсекеге қабілетті экономиканы дамытқысы келсе, онда ол, сөзсіз, бәсекеге қабілетті кәсіпорын қалыптастыруы тиіс. Осындай өзгеріс ортаға біліммен және шебер әсер ете білу экономиканың тұрақты өсуінің кілті болып табылады. Осындай өзгеріс орталар «бәсекеге қабілеттілік текшесі» деп аталатын нәрсені құрайды және «modus operandi» деп аталатынды бейнелейді.
Әрине, осы орта факторларының көпшілігі күрделі сипатта болады, өйткені көбінесе олар дәстүрді, тарихты, құндылықтар жүйесін және басқа да сол халықтың әлеуметтік және мәдени сипатын бейнелейді.
5 сурет — Өзгермелі бәсекеге қабілетті орталар
- инфрақұрылым
- экономикалық жетістіктер
- бизнес тиімділігі
- үкімет тиімділігі
Өзгеріс орталар факторлардың 4 тобын қамтиды: экономикалық нәтижелер; үкімет саясатының тиімділігі; бизнес тиімділігі; инфрақұрылым /5. 91б/
Дегенмен, осы бізде істеліп жатқан шаралар баршылық, ал шешуін күтіп тұрған мәселелер одан да көп.
Біріншіден, біз рынок экономикасын насихаттап қана емес, оны жан-жақты дамытып жатқан елміз. Ал, бәсеке рынок экономикасының негізгі құралы. Екіншіден, ауылды жаңғырту, ауылдық мекендерді жақсарту бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Бұл ауыл экономикасының бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді деген сөз. Үшіншіден, 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық бағдарлама қабылдадық.
Аталмыш бағдарламаның келешек үшін маңызы зор, себебі бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын, инновацияға жетекші болатын бірден-бір сала — өндіріс. Төртіншіден, тас және темір жолдарды, жалпы байланыс жүйесін жаңартып немесе күрделі жөндеуден өткізіп жатырмыз.
Осындай маңызды шаралар соңғы үш-төрт жылда қолға алынуда. Оның бірден-бір дәлелі соңғы жылдары ішкі ұлттық өнім жылдан-жылға көбейіп келеді. Бірақ экономикамыз әлі де болса шикізат бағытында болып отыр. Ал әлем тәжірибесі көрсеткеніндей, дамыған және жаңа индустриялы дамушы елдер экономикалық дамудың шикізаттық бағытынан сервистік-технологиялық өндіріске көшіп кеткен.
Осы күнге дейін жалғасып келе жатқан, нәтижесінде 83 холдингті және акционерлік компаниялар қайта ұйымдастырылған монополиясыздандыру саясаты нарықтың монополиялану дәрежесін төмендетуге бағытталған болатын. Жасанды жолмен дүниеге келген ұйымдастыру – басқару бірліктерінің негізгі мақсаты өндірістің топтана түсуін шектеу ғана емес, ең алдымен мемлекеттік ұйымдық басқару монополизмін жою, әлсірету еді. Қайта ұйымдастыру барысында бұрын холдингті құрылымдарға кірген кәсіпорындар өзара бәсекеге түскен шаруашылық жүргізуші субъектілер ретінде нарыққа енуге мүмкіндік беретін шаруашылық дербестік алды. Нан өнімдері (“Астық” мемлекеттік акционерлік компаниясы), тамақ өнімдері (“Тағам” акционерлік қоғамы), медициналық препараттар (“Фармация” мемлекеттік акционерлік холдинг компаниясы) жүйелерін және “Құрылыс материалдары”, “Мұнай өнімдері” холдинг компанияларын монополиялансыздандыру осы тауарлар мен қызметтердің бәсеке нарығын дамытуға әкелді.
Қазақстан дамыған сайын еліміздің басқа мемлекеттермен халықаралық экономикалық қатынастары да дами бастады. Сондықтан қазіргі таңда Қазақстан Республикасының ДСҰ-на кіру мәселесі әлі де өзектілігін жоғалтқан жоқ.
ДСҰ-на кіру аясында Қазақстанның барлық салаларын талдап, дайындық деңгейлері туралы отандық экономист-ғалымдардың сан алуан пікірлері баспасөз беттерінде жиі айтылып жүр. Ұлттық экономикамыздың негізгі салаларының бірі аграрлық сектор болып табылатындықтан, оған ерекше мән беру керек.
Халықтың басым бөлігі аграрлық секторда қызмет еткенімен, бұл сала ДСҰ-на кіруге дайын емес деп айтуға болады. Қазақстанның ауылшаруашылығына бағытталған жалпы инвестицияның көлемі 5 пайыздан аспайды. Салыстырмалы талдаудан байқағанымыздай, елімізде егістіктің 1 га шаққандағы мемлекеттің көмегі 7 АҚШ долларынан келеді екен, ал Канадада — 83, АҚШ-та — 107, Финляндияда — 500, Швейцарияда — 4214. Бұдан көретініміз Қазақстан Республикасындағы ауылшаруашылығына бағытталған мемлекеттік көмектің дамыған елдермен салыстырғанда едәуір төмен. Ал ДСҰ-на мүше болған жағдайда бұл көмектің көлемі күрт азаяды, тіпті жойылуы да мүмкін. Сондықтан, аграрлық сектордың өнімдері шетелдің қатаң бәсекесіне төтеп бере алатындай деңгейге жеткізетін бірқатар шаралар атқарылуы тиіс.
ДСҰ-на кіру ауылшаруашылық өндірістің көлеміне кері әсерін тигізеді, себебі ДСҰ-на мүшелік еркін сауда саясатының аясында өзге елдердің талабын қанағаттандыруды да көздейді. ДСҰ-на кірген жағдайда отандық ауылшаруашылық кәсіпорындары өнімдерінің басым көпшілігі сапалы әрі арзан импорттың ағымынан ішкі нарықтағы өз үлестерін тез төмендетіп алады. Бұған мысал ретінде көршілес Қытай мемлекетіндегі ет өндірісінің өзіндік құны Қазақстандағымен салыстырғанда 2 есе арзандығын алуға болады. Қазіргі таңда әзірге Қазақстан ДСҰ-на мүше болмағандықтан, Қытайдан келетін ет өнімдеріне әкімшілік қорғау механизмдерін толығымен қолдана алады.
ДСҰ-на Қазақстан жеткілікті деңгейде дайындықсыз кіретін болса, үкімет тарапынан ауылшаруашылықты ішкі қолдау аясында туындайтын проблемаларға байланысты еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төнеді және республикамыздың ауылшаруашылығына бағытталған көмектің қысқаруына келісіп, ішкі қолдауға байланысты проблемалармен беттеседі.
Сонымен қатар, ДСҰ-на кіру қазақстандық кәсіпорындардың өндіріс тиімділігін арттыруға жетелейтінін жоққа шығаруымыз керек. ДСҰ-ның кейбір келісім-шарттары және ұлттық экономикамыздың ашықтығы отандық өндірушілерге бірқатар бағыттарда әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті болуына ықпалын тигізеді.
ДСҰ-на тез кіру керек деген ұстанымды қолдайтын ғалымдар ұлттық экономикамызға инвестициялық ағымдар көбейеді деп үміттенеді. ДСҰ шеңберіндегі инвестициялық қызметті реттейтін заңнамалық құжаттардың республикамыздың өнеркәсіптік секторындағы маңыздысы инвестициялық шаралар жөніндегі Келісім болып табылады. Бұл келісім ДСҰ нормасына қайшы келетін инвестициялық шаралардың тізімін анықтайды. Олардың қатарында:
- шетелдік қатысуы бар кәсіпорындар өндірісінің үрдісіне отандық тауарлардың белгілі бір көлемін әлде құнын нақты қолдану немесе сатып алудың талабы;
- импорттық тауарларды қолдану немесе сатып алуды жергілікті өнімнің көлемі елде құнымен байланыстыру талабы;
- тауарлардың импорттарын, аталған кәсіпорын шотындағы валюталық түсімдердің көлеміне байланыстыра отырып, өндіріс мақсатына арналған шектеу талабы, яғни шетел валюталар түсімін шектеу;
- бекітілген көлемде немесе кәсіпорын өнімдері өндірісіндегі үлесіне сай экспорт көлемін шектеу талабы.
Қазақстан мен дүниежүзі сауда ұйымы елдері арасындағы келісімдер ерекшелігі: Республикасы экономикасында қазірше шикізат секторы істейді, әлі дайын азық өндірісі жеткілікті дамымаған. Бұл жаман жағы, ал жақсы жағы Қазақстанның сыртқы сауда айналымының көтеріңкі болуы, экспорт пен азықтың импорттағы өтетін үлкен үлесі бар минерал шикізаты.
Республиканың сауда тауарлары мен қызметіне кіру, ауылшаруашылық құжаттары, саудадағы техникалық барьерлер, санитарлық және фитосанитарлық шаралар, саудалық құқық пен интеллектуалды меншік тауарлары талқылаулар келісімге келді.
Қазіргі таңда қолданылып жүрген импортты ауыстыру бағдарламасын іске асыруға аталған келісім тосқауыл болатыны айқын. Қазақстан ДСҰ-на мүше болғанда, инвесторларды бақылауды жойылтып алып, импортты ауыстыру бағдарламасы аясында да ел ішіндегі өндірістік қажеттіліктерге арналған тапсырыстың бөлігін үйлестіруге талап ете алмайды. Осыған орай, Қазақстан ДСҰ-на кіргеннен кейін, инвесторлар қызметтерін реттеу проблемасы одан сайын қиындай түседі.
ДСҰ-на кірген жағдайдағы мүмкін жағымды салдары ретінде келесілерді атап өтуге болады:
- сыртқы сауданың дамуына мүмкіндік беретін заңнамалардың халықаралық нормаларға сай бейімделуі;
- кейбір қазақстандық экспортерларға жаңа нарықтың ашылуы;
- импорттық тарифтің төмендеуі салдарынан отандық өндірушілерге арналған импорттық қосалқы бөліктердің арзандауы;
- тауарлық өнімдер мен қызметтерге халықаралық стандарттардың енуі;
- сыртқы сауда айналыммен елімізден капиталдың сыртқа кетуінің мөлдірлігі, яғни төлем балансының тұрақталуы;
- мемлекет инвестициялық рейтингісінің жақсаруы;
- тиімділігі төмен өндірістердің жойылуы;
- ішкі нарықтағы тауарлар мен қызметтердің сан алуан түрлерінің көбеюі.
Дегенмен де, шетел нарықтарына қол жеткізуге мүмкіндік беретін ДСҰ-на кіруінің пайдасы ДСҰ-ның күрделі жүйесіндегі өз құқықтарын қорғай алатын үкіметтің механизмі болып, еліміз бәсекеге қабілетті тауарлар шығарса ғана, ұзақ мерзімді перспективада байқалады.
Ұйымға кіру импорттық тауарлар мен қызметтерге бір мезетте жол ашуымен қатар, бұндай ағымдарды қадағалайтын ұлттық реттеулерге шектеу қоюды көздейтін біршама жеңілдіктерді талап етеді. Бұдан ДСҰ-на кірудің төмендегідей жағымсыз салдары туындайды:
- бірқатар салалардағы өндірістің төмендеуіне әкелетін ішкі нарықтағы шетелдік тауарлар мен қызметтер өндірушілері тарапынан пайда болатын бәсекелестіктердің күшеюі;
- сауда және төлем балансының нашарлауы;
- қымбаттаған энергоресурстардың ішкі тұтынуының төмендеуі ұлттық өндіріс дамуына жағымсыз әсерін тигізуімен қатар, инфляцияның өсуіне ықпал жасайды;
- импорттың көбеюі және агроөнеркәсіп кешеніндегі кейбір өндірістердің төмендеу мүмкіндігі;
- қызметтер өндірісі даму жағдайларының нашарлауы;
- эксопрттық баждардың азаюы, стратегиялық маңызы бар шикізаттарды сыртқа шығарудың мемлекеттік бақылауының төмендеуіне әкеледі;
- Қазақстанның аумағындағы шетел кәсіпорындары қызметтерін мемлекет тарапынан бақылаудың жойылуы;
- ТМД сонымен қатар, ЕврАзЭҚ шеңберіндегі экономикалық интеграцияның нашарларуы.
Жоғарыда аталғандарды қорыта келе, ДСҰ-на кіргеннен кейін Қазақстан Республикасы экономикалық мүдделері балансы алғашқыда теріс болғанымен, ұзақ мерзімді перспективада жағымды сипатқа ие болатын оң балансы болады.
Жаһандану жағдайында нарықтық экономиканың даму қарқынына ілесуіміз қажет, халықаралық деңгейде сапалы астық өнімін экспортқа шығару осы саладағы бәсекелестік қабілетті арттыра түспек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Еліміздегі экономикалық өмірдің шынайы түрде қалыптасқан тәжірибесі нарық пен бәсеке қазіргі экономикалық дамудың оның басқа факторларына қарағанда ең басты және мықты механизмі екендігін көрсетіп отыр. Бәсекенің қазіргі – нарықтық механизімнің басты кезегі болуының негізгі себебі – соңғы он жылдықтарында оның ықпал ету ауқымының кеңінен етек жаюында емес. Мұнда ең басты – бәсеке нарықтың органикалық қасиеті мен оның айырылмас бөлігі болып табылуынада. Нарықтың қатынассыз әкімшілік басқару жүйесінде бәсекені жоққа шығарып, өндірушілерге ешқандай материалды ынта жасамау нәтижесінде түтыну тауарларына деген тапшылық пен бүкіл мемлекет деңгейіндегі дағдарыспен аяқталады.
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетістіктерді дамытудың негізгі құралы болып табылады. Бәсекелік рынокта қызмет етуші фирмалар мен кәсіпорындар қоғамның әртүрлі сұранысына бейімделіп, тиімді инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндірістік және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнімдер шығарудың көлемін арттыруға ынталы болады.
Бүгінде Қазақстан ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін келесідей шараларды атқаруымыз керек:
- индустрияны кластерлік тұрғыдан дамыту;
- мамандар дайындауды дүниежүзілік стандарттарға жеткізу;
- шетелдік инвестицияларды өнеркәсіптің өңдеуші саласына бағытталуын
ынталандыру;
- елдегі инновациялық күштерді қалыптастыру және нығайту;
- мемлекеттік мекемелердің қызметін индустриалды-инновациялық дамудың
мақсаттарына сәйкес қайта құру;
- отандық өнімдердің халықаралық рыноктарда бәсекеге қабілеттілігін
арттыру үшін әлемдік стандарттар мен сертификаттарға көшу;
- инновациялық қызметке мемлекеттік қолдау көрсету, шағын инновациялық
бизнесті ынталандыру.
Экономиканың негізгі секторы болып саналатын өнеркәсіпті қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебі, өнеркәсіп кез-келген мемлекет экономикасының түп қызығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшін инновациялық-инвеститциялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабілетті тауар өндіруге мүмкіндік берері сөзсіз.
Президент Н.Назарбаев өзінің Жолдауында индустрияны дамытуға кластерлік тұрғыдан келудің маңызын ерекше атап өтті, биылғы жылдың соңына дейін біздің келешегі бар барлық Қазақстандық, ауқымды өңірлік және аймақтық кластерлерді (бәсекеге қабілетті салалар жиынтығы) айқындалып алуымыздың қажеттігі айтты.
Қорыта келгенде, бәсекені дамыту еліміздің алда тұрған ең өзекті мәселелердің бірі. Елбасымыз халыққа Жолдауында “мемлекетіміз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсетті. Сондықтан, еліміз алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатыран қосылуы үшін тұрақсыз экономикалық дамуға әкелетін шикізат бағытынан қол үзіп, қазіргі заманғы жоғары дамыған ғылыми-техникалық экономикаға өтуді қажет етеді. Оның алғашқы қадамдары ұлттық экономикамызда жасалу үстінде, яғни экономикамыздың шикізат бағытынан ғылыми-техникалық шикізат бағытына өтуі үшін “2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын” қабылдап, оны іске асыруда. Бұл стратегия алғашқы жылдан бастап экономикамызға оң нәтиже бере бастады.
Қазіргі кезде елімізде шикізат қоры жеткілікті десек те болады, бірақ оны өндіруге бізде технологияның дамуының әлі төменгі дәрежеде болуы оған ықпалын тигізіп отыр. Сондықтан біздің Президентіміз Н.Ә.Назарбаев өзінің “Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті халық” деген Жолдауында шетелден қосымша инвестицияны дамымай қалған салаларға орналастыратын болсақ, сапалы, бәсекеге жарамды тауар шығарып, өндіріп, оны шетел, яғни халықаралық рынокқа шығаратын болсақ, онда еліміз дамыған елдер қатарына қосылады деп атап көрсетеді.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Назарбаев Н.Ә. «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика, бәсекеге қабілетті экономика». Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы. Астана, 2004 жыл 19 наурыз.
2 Назарбаев Н.Ә. 2003-2015 жылдарға арналған «Индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы». Алматы, 2003 жыл.
3 Әубәкіров Я.Ә., Досқалиев С.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жәйшібеков Ж.Қ. Экономикалық теория негіздері. Алматы, 1998.
4 Шеденов Ө.Қ., Ядгаров Я.С., Досқалиев С.Ә. Экономикалық ілімдер тарихы. Алматы: “Қазақ университеті”, 2003.
5 Сағадиев К., Экономика Казахстана: очерки актуальных проблем
Алматы: 2004
6 Автономов А. История экономических учений. Москва, 2000.
7 Майбурт Э.М. Введение в историю экономических мыслей. Москва, 1996.
8 Блауг М. Экономическая мысль в ретроспективе. Москва, 1994.
9 Всемирная история экономических мыслей (6 том). Москва, 1990.
10 Әкімбеков С., Жанайдаров О.А., Баймұхаметова А.С. Экономикалық теория. Астана, 2002.
11 Тасмағамбетов И.Н., Тәжин М.М., «Экономика. Әлемдік экономика» 5 том Алматы, 2005.
12 Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ., Тілеужанова М. Микроэкономика. Алматы, 2000.
13 Марченко Г. Бәсекеге қабілеттілік экономикалық категория ретінде //Егемен Қазақстан, 2004 жыл.
14 Сағадиев К. Бәсекеге қабілеттілікті өзіміз жасауымыз керек //Егемен Қазақстан, 2004 жыл 16 мамыр.
15 Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Учебник для вузов. СПб.: “Питер”, 1999. — 464 с.
16 Мухамедиев Б.М. Микроэкономика. Алматы: “Қазақ университеті”, 2003. — 219 с.
17 Туленков Н. Ключевая роль стратегического менеджмента в организации //Проблемы теории и практики управления. 1997. — №4.
18 Ансофф И. Новая корпоративная стратегия. СПб.: Издательство Питер, 1999.
19 Дэниелс Дж., Радеба Ли Международный бизнес: внешняя среда и деловые операции. Пер. с англ., 6-е издание. — М.: Дело, 1998. — С.17.
20 Бейсенбаев Ж.Т. ДСҰ-ға кірудегі АӨК-нің бәсекелестік артықшылықтарын дамыту //Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілігі: теориясы, тәжірибесі, болашағы (ҚР-ның тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Алматы, 2006, 7-8 желтоқсан. — 60-64 бет.
21 Сәкібаев Қ.С. Компанияның бәсекелестік стратегияларын құру негіздемесі //Вестник ҚазҰУ (экономика сериясы), 2006. — 4 (56). — 87-91 стр.
22 Салимбаев З.Д. Проблемы устойчивого развития рынка аграрной продукции Казахстана //Вестник КазНУ (экономическая серия), 2006. — 4 (56). — 107-109 стр.
23 Елшібаев Р.Қ. Ұйымдық-құқықтық нысандардағы кәсіпорындар қызметінің тиімділігін арттыру тетіктері //Бірінші Рысқұлов оқулықтары халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясының мақалалары. Алматы, 2006. — ІІ бөлім, 16-19 май. — 469-473 бет.
24 Бибатырова И.А. Антимонопольное регулирование (учебное пособие). Алматы, 2003.
25 Закон РК “О недобросовестной конкуренции”. Алматы, 2002.
26 Закон РК “О конкуренции и ограничении монополистической деятельности”. Алматы: Дәнекер, 2002.
27 Нұрманов А.А. Қазақстан экономикасының ауылшаруашылық қарым-қатынасының жаһандану шарты //Қазақстанның ұлттық бәсекеге қабілеттілігі: теориясы, тәжірибесі, болашағы (ҚР-ның тәуелсіздігінің 15 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. Алматы, 2006, 7-8 желтоқсан. — 185-190 бет.
28 ww.google.kz
30 www.kizi.kz
33 www.habar.kz