АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақстан Республикасы валюта жүйесін реттеу және бақылау саясаты

Мазмұны

 

Кіріспе ………………………………………………………………………………                                                                               

 

1.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТА ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ

 ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ  МЕХАНИЗМІ……..…………….

1.1.Валюталық қатынастар мен валюта жүйесiнiң түсiнiгi…………………………

1.2.Халықаралық Валюта Қоры.(Х.В.Қ.)………………………………………….

1.3. Қазіргі валюталық рынок және оның қызметтері……………………………..

 

ІІ.ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ ЖӘНЕ   БАҚЫЛАУ САЯСАТЫ……………

2.1.Валюталық шектеулер………………………………………………………….

2.2.Дамыған елдердегі валюталық бақылау ерекшеліктері………………………..

2.3.Валюта қатынастарын рыноктық және мемлекеттік

     реттеу.  Валюталық саясат………………………………………………………

 

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІН

     РЕТТЕУДІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚНЕГІЗДЕРІ………………………………….

3.1.Қазақстан Республикасындағы ұлттық валюта жүйесі…………………….

3.2. Қазақстан республикасындағы валюталық

       операцияларды жүргізу ережелері және реттеу

       органдары……………………………………………………………………..

3.3. Қазақстан Республикасындағы валюталық

       бақылаудың негізгі принциптері және оны

       жүзеге асыру жолдары……………………………………………………….

 

Қорытынды………………………………………………………………………..

Қолданылған әдебиеттер…………………………………………………………

 

 

Кіріспе

 

         Дүниежүзілік экономика дамуының қазіргі кезеңі ұлттық шаруашылықтардың өзара байланыстарын нығайтып, олардың әрқайсысын дүниежүзілік шарушылықтың құрамдас бір бөлігіне айналдырып отыр.

         Өткен ғасырдың 90-шы жылдары Еуразия кеңістігінің  бірқатар елдері үшін диалектикалық қозғалыс, құбылыстарға толық саяси-экономикалық жаңғыру жылдары болды. Бұл жылдар дүниежүзілік шарушылықтың нығая түсіп интернационалдануына, жаһандану процестерінің   күшеюіне, сондай-ақ ұлттық экономикалардың мейлінше ашықтығы жағдайында дамудың жаңа, ұтымды арналарының пайда болуын жеделдетті.

         Қазақстан Республикасы бұрыңғы кеңес өкіметі тұсында халықаралық валюта-кредиттік және қаржылық қатынастардың субьектісі бола алған жок. Ол кезең қажетті алғышарттар жасалдып, жаңа үрдістер қанат жая қоймаған уақыттар еді.

         Қазіргі Қазақстан тәуелсіз, егемен ел ретінде дүниежүзілік шаруашылыққа интеграцияланып, үйлесім табуға бет алды. Бұл бағытта толымды жетістіктер де жоқ емес. Еліміздің халықаралық валюта-кредитті және қржылық институттарымен мейлінше тығыз байланыстар қалыптастырып, халықарлық экономикалық қатынастардың тең құқықты мүшесі болуға ұмтылысы бұл бағыттағы  маңызды үрдіс болып табылады.

         Қазақстан Респбликасының Халықарлық Валюта Қорына (ХВҚ), Халықарлық Қайта Құру және Даму банкіне (ХҚДБ), Еуропалық қаржылық-кредиттік ұйымдарға мүше болып кірүі ел экономикасы ынтымақтастығын халықаралық деңгейде орнықтыруға көмектесті.

         Шетелдік инвестицияларды пайдалану кез келген мемлекет үшін объективті қажеттілік болып табылады. Мұның өзі әрбір ел экономикасын халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіне кеңінен қарастырып, мұқтаж салаларға капитал келтірудің тиімді жолы екендігі де даусыз.

         Дүниежүзілік шаруашылықтың объективті заңдылықтары, капиталдар қозғалысының халықаралық тәжірибесі көрсетіп отырғандай Қазақстан бұл процесстен шеттеп қала алмайды. Аталған үрдіс қазіргі дүниежүзілік экономика мен халықаралық қатынастардың ерекше белгісі ретінде қарастырылады.

         Қазақстанға шетелдік капитал ағымының тасқынды келуі үшін оған қолайлы инвестициялық ахуал жасау қажет. Бұл мақсатқа жету барысында бірқатар заңдарды, нормативтік-құқықтық келісімдерді айқындап, шетелдік инвесторлармен жұмыс істеу жүйесін толық қалыптастыру керек. Инвестициялық жобалар жолындағы кедергілерлі алып тастап олармен мүмкіндігінше тіл табысуға алғышарттар жасайтын жеңілдіктер мен артықшылықтардың икемді жүйесін қалыптастырып, орнықтыру кезек күттірмейтін шаралар жиынтығы болып табылады.

         Халықаралық валюта қатынастары шаруашылық сферасының құрамдас және күрделі бөлігі болып табылады. Сондықтан, оның ұйымдық-құқықтық аспектілерін, жаңадан пайда болған құбылыстарын, қолданатын әдіс-амалдарын оқып, үйрену бүгінгі күннің басты талаптарының бірі.              Халықаралық валюта қатынастарының мақсаттары мен міндеттерін, оның құрылымын, сондай-ақ жүзеге асыру механизмі мен ерекшеліктерін, дамуының негізгі үрдістері мен өзгешеліктерін қарастырдым.

         Жұмыста халықаралық валюта қатынастары мен валюталық құқықтың құқықтық ғылыми және практикалық мәні бар негізгі мәселелері туралы сөз болады. Сонымен қатар валюта қатынастары жөніндегі халықаралық және ұлттық заң шығармашылығын да кеңінен қамтиды.

         Жұмыста халықаралық валюта қатынастарының түсінігі, жүйесі, ұйымдастыру механизмі, дерек көздері қарастырылады. Жұмыстың бірінші тараулары халықаралық валюта қатынастары мен валюта жүйесінің түсінігін, халықаралық валюта қорын (ХВҚ). Қазіргі валюта рыногын қарастырдым.

         Жұмыстың екінші тарауында валюталық реттеу мен бақылау саясатына, өнеркәсібі дамыған жетекші елдердегі және Қазақстан Республикасындағы экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру ерекшеліктеріне арналған.

         Жұмыстың үшінші бөлімінде Қазақстан Республикасындағы валюта жүйесін реттеудің құқықтық негіздері мен осы жүйені анықтайтын белгілер, валюта операцияларын жүзеге асырудың ерекшеліктері мен принциптері талданып, көрсетілген.       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  І. Халықаралық валюта қатынастары және валюта жүйесі.

 

 1.1Валюталық қатынастар мен валюта жүйесінің түсінігі.

 

         Халықаралық валюта қатынастары дегеніміз – дүниежүзілік шаруашылықта орын алатын валюталық іс-әрекеттер кезінде қалыптасатын және ұлттық шаруашылықтар қызметі нәтижелерінің өзара айырбасын жүзеге асыратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Валюталық қатынастардың жекелеген элементтері вексельдік және айырбастау әрекеттері түрінде ежелгі  Греция мен Римде орын алғандығы  тарихтан белгілі. Валюталық қатынастар дамуының келесі кезеңі ортағасырлық Лион, Антвериен қалаларындағы “вексельдік жәрмеңкелер” болып табылады. Капиталистік өндіріс әдістері қалыптаса бастаған кезеңдерде дами бастаған кезеңдерде халықаралық есептеу жүйесі банктер арқылы дами бастады. 

         Халықаралық валюта қатынастарының өркендеуі өндіргіш күштердің қарқынды өсуімен, дүниежүзілік рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен, шаруашылық байланыстарының интернационалдануы және жаһандануымн сипатталады.

         Халықаралық валюта қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде өзінің оңды әсерін тигізеді.

         Халықаралық экономикалық қатынастар материалдық өндіріс сферасымен қатар бөлу, айырбас, тұтыну сферасын да қамтитыны белгілі ғой. Валюталық қатынастар мен ұдайы өндіріс арасында тікелей және кері байланыстар қалыптасқан. Олардың обьективті негізі халықаралық тауарлар, капиталдар, қызмет көрсетулер айырбасын туындататын қоғамдық ұдайы өндіріс процесі болып табылады.

          Валюталық қатынастар жағдайы ұлттық және дүниежүзілік экономиканың дамуынан, саяси себептерден тәуелді, сондай-ақ халықаралық қатынастарға тән әріптестік және қайшылық сияқты екі үрдістер арақатынасына да тығыз байланысты болып келеді. Сыртқы экономикалық байланыстарда, соның ішінде валюталық байланыстар да бар, саясат пен экономика, дипломатия мен коммерция, өнеркәіп өндірісі мен сауда араласып жататындықтан валюталық қатынастар ұлттық және дүниежүзілік шаруашылықта ерекше орын алады. Дүниежузілік рыноктың капиталдар айналымы процесіне қосылуы ақша капиталы бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетелдік валютаға және шетелдік валютаның ұлттық ақшаға айналып  жатқанын көрсетеді. Мұның өзі халықаралық есептеулерде, валюталық, кредиттік және қаржылық операцияларда орын алып жатады.

         Валюталық қатынастар ұдайы өндіріске қатысты екіншілей (вторичный) болғанымен, бұл қатынастардың салыстырмалы дербестігі бар және олар ұдайы өндіріске қарама-қарсы әсер етеді. Шарушылықтың интернационалдануы  жағдайларында  ұдайы өдірістің сыртқы факторлардан – дүниежүзілік  өндірістің динамикасынан, шетелдік ғылым мен техника деңгейінен, халықаралық сауданың дамуынан, шетелдік капиталдардың келуінен тәуелділігі күшейе түседі. Халықаралық валюта қатынастарының  тұрақсыздығы, валюталық дағдарыстар ұдайы өндіріс процесіне кері әсерін тигізеді.                                           

         Халықаралық валюта қатынастары шаруашылық байланыстарының интернационалдануы негізінде бірте – бірте белгілі бір формаларды иемдене бастады. Нәтижесінде валюталық жүйе қалыптасады. Валюталық жүйе дегеніміз – ұлттық заңнамамен немесе мемлекетаралық келісімдермен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасы. Ұлттық, дүниежүзілік, халықаралық (аймақтық) валюталық жүйелер ажыратылады.

         Тарихқа көз жүгіртсек, ең алдымен халықаралық нормаларға сәйкес ұлттық заңнамамен бекітілген ұлттық валюта жүйелері пайда болған. Ұлттық валюта жүйесі елдің ақша жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады, дегенмен ол салыстырмалы дербес және ұлттық шеңберден шыға береді.  Оның ерекшеліктері экономиканың дамуы және елдің  сыртқы экономикалық байланыстары деңгейімен анықталады. Ұлттық валюта жүйесі дүниежүзілік валюта жүйесімен тығыз байланысты болып келеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі – мемлекетаралық келісімдермен бекітілген халықаралық валюта қатынастарды ұйымдастыру формасы (нысаны). Дүниежүзілік валюта жүйесі ХІХ ғасырдың орта тұсында қалыптасты. Дүниежүзілік валюта жүйесінің қызметтерінің сипаты мен тұрақтылығы оның дүниежүзілік шаруашылық құрылымы принциптеріне сәйкестігі деңгейімен, жетекші(дамыған) елдердің арасалмағы және мүдделерімен өлшенеді.

         Аталған шарттар өзгерген жағдайларда дүниежүзілік валюта жүйесі кезендік дағдарыстарға ұшырайды да, оның салдары ескі жүйенің күйреуі және жаңа валюта жүйесінің жасалуы на әкеледі.

         Дүниежүзілік валюта жүйесінің ғаламдық шаруашылықтағы мақсаттары мен қызметі мен реттелуі механизмдерінің ерекшеліктері бола тұра  оның өзі ұлттық валюта жүйелерімен тығыз байланыста болады. Бұл байланыс сыртқы экономикалық әрекеттерге қызмет көрсететін елдердің валюталық саясатын мемлекетаралық реттеу мен үйлестіру аясында көрініс табады.

         Ұлттық және дүниежүзілік валюта жүйелерінің өзара байланысы олардың ұқсастығын көрсетпейді, себебі олардың мақсаттары мен міндеттері, қызметі мен реттелуі, жекелеген елдердің экономикасына және дүниежүзілік шаруашылыққа әсері әр түрлі.

         Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

         — ұлттық валюта;

         — ұлттық валютаның айырбасталу, аударылу(конвертациялау) мүмкіндіктері;

         — ұлттық валютаның паритеті(құны);

         — ұлттық валюта курсының (бағамының) режимі;

         — валюталық шектеулердің бары немесе жоғы, валюталық бақылау;

         — ел валютасының халықаралық өтімділігін ұлттық реттеу;

         — халықаралық кредиттік құралдар айналымын  пайдалану ережелері;

         — елдің халықаралық есептеулер ережелері;

         — ұлттық валюталық рынок пен алтын рыногының режимі (тәртібі);    

 

         — елдің валюталық қатынастарын басқарушы және реттеуші ұлттық органдар;

         Ал, дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі элементтері болып төменде көрсетілгендер саналады:

         — резервтік валюталар, халықаралық есептесуге арналған валюталық бірліктер;

         — валюталардың өзара айырбасталу шарттары;

         — валюталық париттеттердің үйлестірілген тәртібі;

         — валюталық бағамдау тәртібінің ережелері;

         — валюталық шектеулерді мемлекетаралық реттеу;

         — халықаралық валюта өтімділігін мемлекетаралық реттеу;

         — халықаралық кредиттік құралдар айналымын пайдалану ережелерін                                           үйлестіру;                                                                                                                                                              — халықаралық есептеулердің негізгі факторларын үйлестіру;

         — дүниежүзілік валюта рыноктары мен алтын рыноктарының режимі;

         мемлекетаралық валюталық реттеудіңжүзеге асырушы халықаралық     ұйымдар;

         Ұлттық валюта жүйесінің негізін осы мемлекеттің заңымен бекітілген

ұлттық валюта-ақша бірлігі құрайды. Халықаралық экономикалық қатынастарда пайдаланатын ақшалар валюта болып есептеледі. Халықаралық есептесулерде , әдетте шетелдік валюта басқа елдердің  ақша бірлігі пайдаланылады. Шетелдік валютадағы кез келген төлем құралы  — девиз түсінігінің  анықтаушысы болып табылады.

          Шетелдік валюта валюталық рыноктардағы сатып алу-сату обьектісі

болып табылады, халықаралық есептеулерде пайдаланылады, банктік есепшоттарда сақталады, бірақ осы мемлекет аумағында заңды төлем құралы  бола алмайды. Кез келген елде күшті инфляция мен дағдарыстық жағдай орын алғанда ұлттық валютаны одан гөрі тұрақты шетелдік валюта ығыстырады. Қазіргі кезде мұндай валютаға   доллар жатады. Еуроодақ  елдерінің ортақ валютасы еуро да соңғы уақыттарда доллармен тайталаса алу мүмкіндіктерін көрсетіп бағуда. “Валюта” категориясы ұлттық және дүниежүзілік шаруашылықтың өзара әрекеті мен байланысын қамтамасыз етеді.

         Дүниежүзілік ақша деп халықаралық экономикалық, саяси, мәдени қатынастарға қызмет көрсететін ақшаларды атайды. Дүниежүзілік ақшалардың қызметтерінің формалары ұлттық ақшалар түрін өткен – алтын ақшалардан кредиттік ақшаларға дейінгі жолда қайталайды. Нәтижесінде ХХ ғасырдың валюта жүйесі бір немесе бірнеше ұлттық валютаға негізделеді (мысалы, экю, ал 1999 жылдан бастап еуро).

         Айырбасталу мүмкіндігі бар ұлттық валютаның ерекше категориясына резервтік (негізгі) валюта жатады. Резервтік валюта халықаралық төлем және резервтік қаражат қызметін басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағам ролін атқарады, сондай-ақ дүниежүзілік валюта жүйесіне қатысушы елдердің  валюталары бағамын реттеу  мақсатында валюталық     

интервенция үшін  қолданылатын құрал болып табылады.Қазіргі кезде валюта ретінде  АҚШ-тың доллары, Еуроодақтың  еуросы пайдаланылып отыр.

         Резервтік валюта мәртебесін алудың обьективті алғышарттары болып елдің дүниежүзілік өндірістегі, тауарлар мен капиталдар экспортындағы, алтын-валюта резервтеріндегі жетекші позициясы, кредиттік-банктік мекемелерінің дамыған жүйесі, қарыз капиталдарының ұйымдастырылған және сыйымдылығы жоғары рыногы;басқа елдердің сұранысын қамтамасыз ететіндей еркін валюталық операциялар жүргізу мүмкіндігі мен валютаның еркін айырбасы мүмкіндіктері қарастырылады. Ұлттық валютаның резервтік валюта ролін атқаруы үшін субьективті фактор  — ол белсенді сыртқы саясат, соның ішінде белсенді валюта және кредит саясаты. Ұлттық валютаны резервтік валютаға айналдырудың институтционалдық аспектіне оны (ұлттық валютаны) банктер және халықаралық валюта-кредиттік, қаржылық  ұйымдар арқылы халықаралық айналымға енгізу жатады.

         Резервтік валюта мәртебесі оны шығарушы елге мынадай артықшылықтар береді:төлем балансы тапшылығын ұлттық валюта есебінен жабу мүмкіндігі, дүниежүзілік рыноктағы бәсекелік күресте ұлттық экспортерлердің позициясын нығайту.Сонымен қатар, ұлттық валютаны резервтік валюта роліне жоғарлату сол елдің экономикасына белгілі бір міндеттер жіктейді. Олар:осы валютаның салыстырмалы тұрақтылығын қамтамасыз ету , девальвацияға бармау, сондай-ақ валюталық және сауда шектеулерін алып тастау.

         Валюта жүйесінің келесі элементі оның шетел валютасына айырбасталу дәрежесі. Еркін айырбасталатын, валюталық шектеулері сақталған жартылай  айырбасталатын және айырбасталмайтын валюталар бар екендігі белгілі.

         Валюта жүйесінің тағы бір элементіне валюталық паритет, яғни заңнама арқылы рәсімделетін екі валюта арақатынасы жатады.

         Валюта бағамының режимі де валюта жүйесінің элементі болып табылады. Белгіленген, бір шеңберде тербелетін және рыноктық сұраныс пен ұсыныстан тәуелді қалықтайтын валюталық бағамдар түрлері белгілі.

         Валюталық шектеулердің бар немесе жоқ болуы да валюта жүйесінің элементтерінің біріне жатады. Валюталық құндылықтармен операцияларды шектеу де халықаралық валюта қоры арқылы мемлекетаралық реттеу обьектісі болып саналады.

         Ал, халықаралық кредиттік қаражаттар айналымына келетін болсақ, оларды пайдалану ережелері үйлестірілген халықаралық нормалар аясында жүзеге асады. Олардың ішінде Женевада қабылданған вексельдер және чектер туралы конвенция бар. Халықаралық есептеулерді бір ізге салу құжаттық аккредитивтер  мен инкассолар үшін үйлестірілген ережелерге сәйкес ұлттық және дүниежүзілік валюта жүйелері деңгейіндегі жүзеге асырылады.

         Халықаралық валюта өтімділігін реттеу валюта жүйесінің  тағы да бір элементі болып саналады және оның өзі халықаралық шектуелерді қажетті төлем қаражаттарымен  қамтамасыз ету қызметін атқарады.

         Халықаралық валюта өтімділігі дегеніміз – жеклген немесе бір топ елдердің кредитор алдындағы тиісті халықаралық міндеттемелерін кредиторға қолайлы төлем қаражаттарымен дер кезінде атқару қабілеттілігі. Дүниежүзілік шаруашылық тұрғысынан халықаралық валюта өтімділігі дүниежүзілік төлем айналымын қаржыландыру және кредиттеу көздерінің жиынтығы болып табылады. Ұлттық экономика тұрғысында халықаралық валюта өтімділігі төлем қабілеті  көрсеткіші ретінде пайдаланылады. Халықаралық валюта валюта өтімділігі негізгі компоненттерден тұрады: елдің ресми алтын-валюта резервтері, еуро бойынша есеп шоты, халықаралық валюта қорындағы резервтік позициясы, яғни мүшел квотасының  25% мөлшеріндегі автоматты түрде кредит алу құқығы.

         Халықаралық валюта өтімділігінің көрсеткіші ретінде, әдетте ресми алтын-валюта резервтері сомасының бір жылдық тауар импорты сомасына қатынасы қолданылады.

         Валюталық рынок жән алтын рыногы режимі ұлттық және халықаралық  реттеу обьектісі болып табылады. Валюта жүйесінің  ең маңызды элементіне институционалдықэлемент жатады. Бұған елдегі валюталық қатынастарды ұлттық басқарумен реттеу органдары (ұлттық банк, қаржы және экономика министрліктері, кейбір елдерде валюталық бақылау органдары) жатады.

         Ұлттық валюталық заңнама ұлттық және шетелдік валютамен операцияларды реттейді (иемдену, әкелу және әкету, сатып алу-сату құқықтары).

         Халықаралық валюталық реттеуді Халықаралық  валюта қоры жүзеге асырады, ал Еуропада бұл мәселелермен Еуропа орталық банкі шұғылданады. Аталған институттар Халықаралық валюта-кредиттік және қаржылық қатынастары қауіпсіз, дағдарыссыз дамыту режимін

 талдау жасап, оның тұрақтылығын қамтамасыз етуге ұмтылады.

         Әлемдік шаруашылық дүниежүзілік валюта жүйесіне белгілі бір талаптар қояды. Сол талаптарға сәйкес дүниежүзілік валюта жүйесі: халықаралық айырбасты сенімді төлеп-есептесу қаражаттарының жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етуге тиіс; дүниежүзілік экономикалық өзгерістеріне бейімделген, салыстырмалы тұрақты және икемді валюта механизмін қалыптастыру қажет; қатысушы елдердің мүделеріне сай қызмет атқару керек. Аталған талаптардың орындалуына ұдайы өндірістің қайшылықтары, дүниежүзілік шаруашылық құрылымындағы өзгерістер және дүниежүзілік аренадағы күштер арақатынасы едергі келтіріп бағады.

         Валюталық гегемония орталықтары – валюта сферасындағы үстемдіктер елдер дамуының біркелкі болмауынан кезеңдік ауысуларға тап болып тұратын жағдайы бар. Мысалы, бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін валюталық үстемдік Ұлыбританияның қолында болды. Дүниежүзілік соғыс нәтижесінде қаржылық орталық Еуропадан АҚШ-қа қарап ауысты. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін бірден-бір үстем валюта ролін доллар атқарып кетті.

ХХ ғасырдың 70-90- жылдары валюталық үстемдіктің үш бірдей орталығы қалыптасып үлгерді. Олар: Батыс Еуропа, АҚШ және Жапония. Мұның өзі доллардың монополиялық тұғырын едәуір шайқалтқан еді).

         Халықаралық қатынастар жүйесіндегі экономикалық операцияларды ұлттық валюталардың бір-біріне айырбасынсыз жүргізу мүмкін емес. Халықаралық сауданың дамуына байланысты ұлттық валюталардың айырбас құны пайда болды және мұның өзі дүниежүзілік қауымдастықтың экономикалық қызметінің ажырамас бөлігіне айналып отыр.

 

                                 Валюта сыныптамасы.

 

         Критерий

 

    Валюта түрлері

1) Валюта деңгейі бойынша

Ұлттық

Шетелдік

Халықаралық

Аймақтық

Евровалюта

2) Елдің валюта қорына қатынасы

Резервтік

Басқа да валюта

3) Қолдану режимі бойынша

Еркін конверсияланатын

Жекешеленген

Ішкі конверсияланатын

Сыртқы конверсияланатын

Конверсиялық емес

4) Валюта операциялар түрі бойынша 

Келісім-шарт баға валютасы

Төлем валютасы

Несие валютасы

Клиринг валютасы

Векскель валютасы

5) Басқа валюта бағамына қатынасы

Күшті (қатты)

Әлсіз (жұмсақ)

6) Материалды зат формасында

Қолма-қол

Қолма-қолсыз

7) Құрылу принципі бойынша

 “ қоржын” түрі

қарапайым

 

Қайнар көзі. Основы международных валютно-финансовых и кредитных отношений/ Под редВ. В. Круглова. М., 1998

 

         Валюта жүйесінің ең маңызды элементтерінің бір валюта бағамы болып табылады. Валютаның бағамы дегеніміз – жекелеген елдердің валюталарының  ар қатыс немесе басқа елдің валютасы арқылы көрсетілетін жеке бір ел валютасының “бағасы”. Қазақстандағы валюта бағамы  шетелдік валюта бірлігіне айырбасталатын теңгенің санымен анықталады.

         Валюта бағамы өте құбылмалы, ширақ қозғалысты болып келеді. Оған төлем балансының жағдайы, елдегі инфляция деңгейі еркін ауысатын валюталарға деген сұраныс пен ұсыныстың ара қатысы, жекелеген елдер тауарларының дүниежүзілік рыноктағы бәсекелестігі, саяси және әскери факторлар, сондай-ақ бірқатар басқа да жанама факторлар әсер етді.

 

                 Валюта бағамы түрлерiнiң сыныптамасы

 

Критерилерi

 

Валюта бағамы түрлерi

1.     Белгiлеу тәсiлi

 

Өзгермелi

Белгiлемелi

Аралас

 

2.Есептеу тәсiлi

Паритеттi

Нақты

3. Мәмiле түрi

Жедел мәмiле

Спот-мәмiле

Своп-мәмiле

4.Тағайыдау тәсiлi

Ресми

Бейресми

5. Валютаның өтiмдiлiк паритетiне қатынасы

Өсiңкiреген

Төмендетiлген

Паритеттi

 

6.Мәмiле қатысушыларға қатынасы

Сатып-алу бағамы

Сату бағамы

Орташа бағамы

7. Инфляцияның есебi бойынша

 

Нақты

Номиналды

8.Сату тәсiлi бойынша

Қолма-қол  бағамы

Қолма-қолсыз бағамы

Айырбас бағамы көтерме

Банкнотты

 

Қайнар көзі. Основы международных валютно-финансовых и кредитных отношений/ Под редВ. В. Круглова. М., 1998

 

         Валюталардың айырбас бағамы валюталық рыноктағы  қажетті  валютаға деген  сұраныс пен ұсыныс ара қатысымен анықталады. Жарым-жартылай ауысатын валютаға шетелдік валютаның шектеулі санына айырбасталатын және халықаралық төлем айналымының барлық түрінде қолданылмайтын валюталар жатады.

         Дүние жүзі елдерінің басым көпшілігіінің валютасы, соның ішінде Қазақстанның валютасы жарым-жартылай ауысатын валюталарға жатады. Қазақстандық теңгенің еркін ауысу мүмкіндігіне жету үшін елдің саяси-экономикалық және қаржы-қаржат тұрақтылығы, алтын-валюта рзервтерінің қорлануы, дүниежүзілік қауымдастық елдерімен валюталық ынтымақтастық механизмінің қалыптасуы қажет.

         Ауыспайтын валютаға шетелдік басқа валюталарға айырбасталмайтын, тек ел ішінде ғана ұлттық ақша бірлігінің есебінде айналымда болатын валюта жатады.

         Дүниежүзілік қаржы орталықтары дегеніміз – банктердің маманданған  қаржы-несие институттарының топтасқан жері. Бұл орталықтарда халықаралық валюта, несие, қаржы операциялары жүргізіледі және бағалы қағаздармен , алтынмен байланысты келісімдер жасалады.

         Дүниежүзілік қаржы орталықтарының ішіндегі ең ірілері – Лондон , Нью-Йорк, Майндағы Франкфурт, Париж, Цюрих, Токио валюта рыноктары. Ағымдағы ғасырдың 90-шы жылдарында халықаралық валюта келісімдерінің 50%-ке жуығы дүниежүзілік валюта рыногының негізгі үш орталығында жүзеге асырылады. Олар: Лондон валюта рыногы – күніне187 млдрд доллар, Нью-Йорк күніне 129 млрд доллар, Токио – күніне 115  млрд доллар көлемінде валюталық операцияларды жүзеге асырып келді. Халықарлық валюта операцияларының бір тәуліктегі жалпы көлемі 90-шы жылдардың ортасына қарай 1 трлн. 230 млрд долларға жетті

         Валюталық рыноктары халықарлық есептесулерді жедел жүзеге асыруды, дүниежүзілік валюта рыноктарының несие және қаржы рыноктарымен өзара байланысын нығайтуды қамтамасыз етеді.                  

 

         1.2.Халықаралық Валюта Қоры (ХВҚ)

 

         Халықаралық валюта қоры (International Monetary Fund,IMF,штаб-пәтері Вашингтонда) ең маңызды халықаралық валюталық-қаржылық ұйым болып есептеледі.Өзінің анықтамасына сәйкес, ол кооперативті үкіметаралық валюталық-қаржылық ұйым. Халықаралық валюта қорының мүшелігіне тек қана мемлекеттер кіре алады. 1944 жылы Бреттон-Вудс конференциясы шешімімен құрылып, өз қызметін 1947 жылдың 1-ші наурызынан бастады. Қор дүниежүзілік валюта жүйесінің қызметі мәселелерімен шұғылданады. Мақсаты: халықаралық валюталық ынтымақтастықтың дамуына, дүниежүзілік сауданың кеңеюіне, мүше-елдердің ұлттық валюталарының тұрақтануына, олардың төлем балансы мәселелерін қысқа мерзімді несиелер арқылы шешуіне көмектесу.

         Қазақстан МВФ-ке 1992 жылы мүше болып кірді. Аталған қаржылық ұйымға мүше болу мақсатында Қазақстанда 1992 жылдың маусымында “Қазақстан Республикасының Халықаралық валюта қорына, Халықаралық қайта құру және даму банкіне,Халықаралық қаржы корпорациясына, Халықаралық даму ассоцияациясына, Инвестицияларға кепілдік беру жөніндегі көп жақты агенттігі мен Инвестициялық шиеленістерді реттеуші халықаралық орталыққа мүшелігі туралы” арнайы заң қабылданды.

         МВФ өзін коопративтік ұйым деп атауына қарамастан оны акционерлік қоғам деген дұрыс болар еді, себебі қорға мүше елдердің ондағы үлесі қор капиталындағы квоталары мөлшеріне тәуелді.

         Қор мүшелерінің квотасын (үлесін) анықтау өте маңызды мәселе, себебі оның мөлшеріне елдің Қор капиталына қосатын жарнасының көлемі мемлекеттің Қордағы дауыстар саны мен қордан алатын қаржысының ең жоғарғы сомасы тікелей тәуелді, сондай-ақелдің қарыз алудың арнайы құқығындағы (С.Д.Р) және Қор құрған халықаралық резервтік активтегі үлестері де осы квоталарға байланыстыра белгіленеді.

         СДР бірлігінің  құны оның корзинасын құрайтын бес негізгі валюталардың доллармен есептегендегі рыноктық құнның қосындысынан тұрады. Корзинаның құрамы әрбір ьес жылда қайта қаралады.

         Айта кетейік, Валюталық корзина (қоржын) дегеніміз – бір валютаның орташа бағамын басқа валюталардың  белгілі жиынтығына қатысты өлшеу әдісі.

         Төменде корзина құрамының 1996 жылғы 1-ші қаңтарындағы көрсеткіштері келтірілген (процент есебімен, жақшаның ішінде корзинаның 1996 жылға дейінгі құрамы).    

 

   АҚШ доллары

   Неміс маркасы

   Жапон иенасы

   Француз франкі

   Фунт стерлингов

         39 (40)

         21  (21)

         18 (17)

         11 (11)

         11 (11)

 

         Квота көлемі СДР-мен белгіленеді. Төменде жекелеген елдердің  МВФ-тағы квоталары көрсетілген.

 

 

      Млн.СДР

        %

     Барлық квоталар

      144859,0

     100,00

      Соның ішінде:

     АҚШ

     Германия

     Жапония

     Ұлыбритания

     Франция

     Сауд Арабиясы

     Италия

     Канада

      Ресей

 

      26526,8

       8241,5

       8241,5

       7414,6

       7414,6

       5130,6

       4590,7

       4320,3

       4313,1

 

      18,31

      5,69

      5,69

      5,12

      5,12

      3,54

      3,17

      2,98

      2,98

 

Қайнар көзі..Байгісиев. М. К. Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық. 2004.

 

         Квота көлемі МВФ-тың әрбір мүшесінің иемденетін дауыстары санын анықтайды. Базалық 250 дауысқа 100 000 СДР квотаға бір дауыс қосылып отырады.

         Сонымен қордағы дауыстың жалпы санын былай шығаруға болады:

         250 * 179 + 144 859 млн. СДР: 100 000 СДР =1493340.

Сонда АҚШ-тың үлесі 17,78 %-ке тең болады.

         Елдің қордағы дауыс санының маңыздылығы екі жағдаймен анықталады. Біріншіден, ең маңызды шешімдер мысалы квоталарды қайта қарау мен СДР-ды бөлуге байланысты шешімдер басым дауыспен (85%-тен кем дауыс болмауы керек еді ғой. Екіншіден, квота мөлшері ең мол алғашқы 5 мемлекеттің әрқайсысы өзінің атқарушы директорын тағайындауға құқылы. Басқа атқарушы директорлар бір топ мемлкеттер атынан тағайындалады.МВФ-тың жарғысында қордың жаңа мүшесінің квотасын есептеу әдісі берілмеген, сондай ақ тұрақты түрде қайта қаралып отыратын квоталардың да есептеу әдісі көрсетілмейді. Квоталарды соңғы уақыттардағы қайта қарау  нәтижелеріне зер салсақ, онда жиынтық ішкі өнімнің ағымдағы операциялардың, сондай-ақ ағымдағы түсімдердің тербелісі мен мемлекеттік резервтердің көрсеткіштері пайдаланылғанын көрер едік.

         Әрбір ел өзінің квотасын мынадй тәртіппен төлейді: 25 %-ін резервтегі активтермен (қордың келісуімен СДР жәнееркін ауысатын валюта түрінде) ал, қалған 75%-ін ұлттық валютамен төлейді. Ұлттық валюталардың көпшілігіне сұраныс сирек, жоқтың қасы. Тәжірбие көрсетіп отырғандай рынокта тек жиырма шақты ұлттық валюталар ғана тұрақты сұранысқа ие болып отыр.

         МВФ-тың негізгі басқару органдарына басқарушылар Кеңесі, Атқарушы кеңес (Директорат), басқарушы кеңестің уақытша комитеті және даму жөніндегі комитет жатады. МВФ-тың ең жоғары органы бақарушылар Кеңесі (ол ережеге сәйкес жылына бір рет шақырылады). Әрбір ел өз ішінен тұрақты бір басқарушыны және басқарушының бір орынбасарын тағайындайды (ол, әдетте қаржы министрі немесе орталық банк басшысы).

   Атқарушы кеңес (24 мүшеден тұрады және тұрақтытүрде жұмыс істейді) қордың ағымдаағы қызметін басқарады. Шешімдер МВФ-тың қызметкерлері талдап жасаған материялдар мен құжаттар негізінде қабылданады. Басқарушылар кеңесі өзінің өкілеттігінің едәуір бөлігін Атқарушы кеңеске де беруі мүмкін. Атқарушы кеңестегі ең жоғарғы мансап:басқарушы директор. Бұл қызметті 1987 жылдан бері Мишель Комедессю (Франция) атқарып келеді. Басқарушы Кеңестің Уақытша комитетінде Қордағы басқарушылар, министрлер мүшелікте боладыжәне олар кеңесші оргар болып есептеледі, әдетте жылына екі рет жиналады. Олардың құзырыңдағы мәселелерге дүниежүзілік валюта жүйесінің проблемалары жөніндегі баяндамаларды басқарушылар кеңесіне ұсыну, сондай-ақ зер салып, қадағалады талап ететін, валюта жүйесіне кенеттен қауіп төндіру мүмкін қателер жөнінде, сондай-ақ Келісімнің баптарын өзгерту туралы ұсыныстар жасау жатады.

         Даму жөніндегі Комитет (24 мүшесі бар) әдетте қаржы министрлігінен тұрады.Ол МБРР мен МВФ-тың басқарушы Кеңестеріне баяндамалар мен ұсыныстар дайындайды.

         МВФ-тың ресурстары жөнінде айтар болсақ, квоталарға жазылу Қордың ең көлемді қаржы көздеріне жатады. 90-шы жылдардың орта шеңінде квоталардың жалпы көлемі 145 млрд СДР-ды құрады.

         МВФ-тың өзіне тән жекеменшік ресурстарынан бөлек жекелеген елдерден қарыз қаражаттарын алуына мүмкіндігі бар. 60-шы жылдардың басынан бері бес жылда бір рет МВФөзімен қарым-қатынастағы бірқатар мемлекеттер мен банктерден қалыптасқан несие желілері арқылы қарыз қаражаттарыналып келеді (шамамен 25 млрд.долл.). Бұл несие желілері”қарыз алудың жалпы ережеліне” сәйкестендірілген. Бұдан басқа МВФ өзіне мүше-елдер үкіметтерінен немесе олардың ақша-кредит мекемелерінен несиелер алып тұрады. 80-шы жылдарға дейін МВФ аталған кредиттерді белсенді түрде таратты да, белгілі бір дәрежеде өзінің қызмет сипатын өзгертіп, кәдімгі қатардағы банктерге ұқсап кетті. Бірақ, 1982 жылы МВФ қаражат қорлары негізінен квоталар есебінен қалыптасатын ұымға айналмауы тиіс деген шешім қабылданды. Сондықтан МВФ-тың қарыз алу арқылы жиналатын қаражат көлемі жалпы квотвлар көлемінің 60 %-нен аспауы тиіс шектеу қойылды.

         Қор мамандарының есептеуі бойынша жақын бірнеше жылдарда МВФ- тың кредиттеріне сұраныс өсе түседі, сондықтан күн тәртібінде қордың ресурстарын көбейте, толықтыра түсу мәселесі тұр. Барлығын қосқандағы квоталардың көлемін шамамен 290 млрд. СДР – ға жеткізу мақсаты айқындалып келеді. 1995 жылдың қазан айында МВФ пен МБРР – дің жыл сайынғы біріккен сессиясында қор басқарушылары квоталарды едәуір ұлғайту идеясына оң көзқарас білдірді және қарыз алу туралы Бас келісім негізінде жиналатын ресурстардың көлемін екі есеге арттыруды мақұлдады. Бірақ, мемлекеттердің көпшілігі квоталардың тек 60 – 70 % — ке ғана көбейтілуін жақтап, соны талап етіп отыр.

         Ал, енді бұл ұсыныстарды Қор мүшелерінің бекітуі 2-3  жылға созылуы ықтимал және осы жорамалдың өзі қазір шындыққа айнала бастады.

         МВФ ресурстарын пайдалану мәселесіне келсек, төлем балансын қаржыландыруға қажеттіліктер туған шақта кез келген мемлекет жәрдем беру жөніндегі өз өтінішін айта алады. Тек қана мүдделі мемлекет қаржының қажеттілігін дәлелдеуі тиіс. Бұл мақсатқа үш дербес эленттен тұратын критерйй пайдаланылады: елдің төлем балансының жағдайы, халықаралық резервтер сальдосы және елдің резервтік позициясының динамикасы. Бұл элементтердің дербестігі олардың әрқайсысының қордан қаражат алу жөніндегі сұраныстың негізі бола алатындығын көрсетеді.

         МВФ-тың мүшелігіндегі әрбір ел өзінің талап етуімен қордағы ресурстарының 25% көлеміндегі квотасын кері қайтарыпалуына мүмкіндік бар. Қажет болған жағдайда әрбір мүше ел өзінің 25%-тік квотасынан астам кредит алу үшін МВФ-қа қолқа салуына құқы бар. Сонымен, қордың әрбір мүшесі өзінің резервтік үлесіне сәйкес қаражатқа қол жеткізуі  мүмкіндігімен қатар валютаны сатып алуды қосымша төрт кредиттік үлес бойынша жүзеге асырылуы құқылы.

         Бұл үлестер бірінші және жоғарғы кредиттік үлестер деп аталады. Бұлардың арасында едәір айырмашылықтар бар. Айталық, жоғры кредиттік үлестерден қаражат бөлу барысында МВФ несие алушыларға қтаң талап қояды. Олардың ішінде кредитті кезеңдерге бөліп алу, пайдалану критерийлерін бұлжытпай орындау және төлем балансын тұрақтандыру жөніндегі бағдарламаның орындалуын әлсін-әлсін талдау, экономикалық өсуді қамтамасыз ету, жұмыспен қамту деңгейін жоғарлату, сытқы сауда өрісі мен төлемдердегі шектеулерді жою сияқты талаптар. МВФ-тың мұндай талаптарын оның кредит алушы елдерге жасап отырған шектен тыс  қаталдығының көрінісі деп те бағалай тындар баршылық.

         “Кредитік үлестер” механизмінен бөлек МВФ-тың мүшелері қаржы ресурстарын компенсациялау және төтенше қаржыландыру (МКЧФ), буфер- лік запастарды қаржыландыру (М.Ф.Б.З.) және кеңейтілген түрде кредиттеу  (М.Р.К.) механизмдері арқылы алуына да мүмкіндіктері бар.

         Практика жүзінде МВФ-тың кредитіне қол жеткізу  негізінен стенд-бай кредиттері мен кеңейтілген кредиттеу жөніндегі келісім-шарт шеңберінде жүзеге асырылады.

         Стенд-бай кредиттері жөніндегі келісімдерді МВФ-тың қордың мүшесіне шешім шарттарына сәйкес анықталған сома шектерінде және көрсетілген кезең ағымында сатып алуға берілген құқық деп түсіну қажет.

         Кеңейтілген түрде кредиттеу жөніндегі келісім-шарттың мәнін МВФ-тың қайсібір мүше-елге оның валюта алуына берген кепілдігі ретінде түсіну керек. Аталған қаражат келісілген көлемде, әдетте үш немесе төрт жылға беріледі.

         90-шы жылдардың бірінші жартысында МВФ-ке мүше-елдер қордан кредит алу үшін жыл сайын шамамен 20-30 келісім-шарт жасап келді. 1996- шы қаржы жылында  стенд-бай  кредиті үшін 22 келісім-шарт, кеңейтілген түрде кредиттеуүшін 9 және құрылымдық өзгертулер үшін 28 клісім-шарттар жалпы сомасы 30,5 млрд. С.Д.Р.-ға жасалды.

         80-шы жылдардың соңы, 90-шы жылдардың басында дүниежүзілік шаруашылықта болып өткен терең өзгерістер МВФ-тың алдында жаңа ситуацияларға беімделу қажеттілігін қойды. Қордың атқарушы органдары дүниежүзілік валюталық жүйені реттеудегі МВФ-тың орны мен рөлінің маңызын әлденше атап көрсетті. Бұл көзқарас қорға мүшелердің тарапынан да қолдауға ие болды. Бірақ, батыс елдері ғалым-экономистердің МВФ-ке қатысты пікірлері алуан түрлі. Мысалы, Карнеги Меллон университетінің (Питтсбург, АҚШ) саяси экономия пәнінің профессоры А. Мельтцердің пікірінше, МВФ – ты жою қажет, себебі ол дүниежүзілік қаржы ресурстарын өзім білермендікпен қайта бөлетін ұйымға айналып отыр. Оның ойынша қордың Россия мен Мексикаға берген қарыз – қаражаттары қажетті экономикалық реформаларды жүзеге асыруға көмектесіп отырған жоқ.

         Мексикаға стенд – бай кредитін беру жөніндегі келісім – шарт бұл ұйымның тарихында кездеспеген оқиға болды: себебі, қарыздың мөлшері 17,8 млрд. Долларға немесе бұл мемлекеттің МВФ – тағы квотасының        688 % — ін құрады, яғни Мексиканың жайшылықтағы сұранысынан едәуір көлемде асып түскен қаражат сомасы болды. Сөйтіп, МВФ мексикандық экономиканы қайта құру бағдарламасына теңдесі жоқ қолдау көрсетті. Бұл арада басқа латынамерикандық елдер үшін мексикандық рыноктың маңызы да есептелмей қалған жоқ.

         90 – шы жылдардың алғашқы жартысында Қор алдындағы өздерінің міндеттемелерін жүйелі түрде орындамайтын елдерге МВФ тарапынан қатаң шаралар қолдану үшін бірқатар құқықтық ережелер бекітілді. Бұл шаралар “келісім – шарт баптарына үшінші өзгерту” деп аталады, ол өз еүшіне 1992 жылдың соңына қарай енді. Қорға берілген бұл құқықтық шаралары алғаш рет Судан еліне қатысты қолданылды, кейінірек оның әсерін Заир мемлекеті де басынан кешірді.

         1995 жылдың соңына қарай МВФ жаңа бастама көтерді. Ол, Қорға мүше-елдердің өздерінің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерін жедел, оперативті түрде беріп отыруын міндеттеген шаралар еді. Егер талап етілген көрсеткіштер аталған уақытында жеткізілмейтін болса, ондай елдер Қор көмегінен қол үзетін жағдайға душар болатын болды.

         Жалпы алғанда, 90 – шы жылдардың бірінші жартысы МВФ – тің ережелері мен саясатын белгілі дәрежеде қатаңдатуға алып келді. Мұны Қор өкілдері әлемдік экономиканың қажеттіктеріне дер кеэінде шұғыл құлақ асу деп түсіндіреді.

         Халықаралық валюта қоры бірқатар халықаралық ұйымдармен тығыз қатынастар орнатқан, айталық өзіне қызметі жақын Бүкіл дүниежүзілік банк тобымен қаржы – қаражат қатынастары ойдағыдай даму үстінде. Бүкіл дүниежүзілік банк тобының өзі де баршаға аян Бреттон – Вудс конференциясының шешімдері негізінде құрылғаны белгілі.                

 

1.3.Қазіргі валюталық рынок және оның қызметтері.

 

         Валюталық рынок дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валюта бағамындағы бағалы қағаздарды сату-сатып алу операцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ валюталық капиталды инвестициялау операциялары шеңберінде туындайтын экономикалық қатынастар сферасы.

         Дүниежүзілік валюталық рыноктар қаражат ағындары мен қозғалысына, тауарлардың қызмет көрсетулердің еларалық ауысуына, сондай-ақ кпиталдарды қайта бөлу процестеріне қызмет етеді.

         Ұлттық валюта рыноктары ел ішіндегі ақшаның үздіксіз қозғалысын қамтамасз етеді және отандық рынокты дүниежүзілік валюталық орталықтармен байланыстырушы қызметін атқарады.

         Ұлттық рыноктардың дүниежүзілік валюта рыноктарына қатысу дәрежесі ел экономикасының дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялану деңгейіне, оның валюта кредиттік және салық салу жүйесінің жай-жапсарына, валюталық бақылау мен реттеу мүмкіндіктеріне, елдің саяси ахуалының тұрақтылығына, сондай-ақ географиялық орналасуына тікелей бағынышты.

         Халықаралық валюта және қаржы-несие рыноктары дүниежүзілік шарушылықтың, халықаралық экономикалық қатынастардың ең маңызды буындарының бірі.

         ХХ ғасырдың соңғы 15-20 жылы қаржы рыноктарының қарқынды өсуімен айқындалды. 1980 жылдан бастап дүниежүзінің дамыған елдерінің қаржы активтеріолардың ішкі жиынтық өнімдерімен салыстырғанда 2,5 есе жедел көбейген. Дүниежүзілік валюта және сауда операцияларының құндарының арақатысы 1980 жылы 10:1 болса, 1992 жылы бұл көрсеткіш 60:1 болған.   

 

Дүниежүзілік валюта, несие, құнды қағаздар рыноктары қалыптасуының                                     

алғышарттары:

1) капиталдың өндіріс пен банктерде шоғыр- лануы;

2)шаруашылық байланыстардың интернационалдануы;

3)банкаралық телеком- муникациялардың дамуы;

 

         Валюта рынктары – сұраныс пен ұсыныс негізінде шетелдік валютаны ұлттық валютаға курсы бойынша сатып алу мен сатуды жүзеге асыратын орталықтар.

         Дүниежүзілік қаржы орталықтары дегеніміз – банктердің, мамаданған

несие-қаржы институттарының топтпасқан жері. Онда халықаралық валюта, несие, қаржы операциялары жүргізіледі және құнды қағаздармен, алтынмен байланысты келісімдер жасалады.

         Едәуір уақыт аралығын қамтыған қатаң бәсеке нәтижесінде ас ірі банктер мен биржалар, мамандандырылған несие-қаржы институттары шоғырланған дүниежүзілік қаржы орталықтары қалыптасты. Мұндай орталықтар қатарына Лондан, Цюрих, Париж, Нью-Йорк, Майндағы Франкфурт, Сингапур, Гонконг қаржы-қаражат орталықтары жатады.  Бұлардағы валюта операциларының көлемі 1973-1992 жылдар аралығында күніне 10-12 млн доллардан 900 млрд. долларға дейін өсті.

         90-шы жылдардың басында халықаралық валюта келісімдерінің 50%-ке  жуығы дүниежүзілік валюта рыногының үш орталығына жүзеге асырылды. Олар: Лондон валюта рыногы – күніне 187 млрд.доллар, Нью-Йорк —  129 млрд:доллар, Токио күніне 115 млрд. доллар валюта операцияларын жүзеге асырады. Халықаралық валюта операцияларының бір тәуліктегі жалпы көлемі 90-шы жылдардың ортасында 1 трлн. 230 млрд. Долларға жетті.Дүниежүзілік қаржы орталықтарының пайда болуының алғышарты мен негізін ұлттық валюта рыноктары және алтын рыноктары құрайды.

         Қазіргі валюта рыноктарына мынандай ерекшеліктер тән:

   1) дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының  интернационалдануы  негізінде валюталық рыноктардың әлемдік өріске шығуы және валюталық келісімдердіжүзеге асыруда автоматты байланыс құралдарын кеңіне қолдануы;

  2) валюталық операциялардың оаталықсыздануы және олардың компьютерлерді қолдану арқылы бүкіл әлемдік сипатқа ие болу;

  3) валюта операцияларн үйлестіру мәнінің артуы;

  4) алыпсатарлық келісімдер көлемінің ұлғаюы;

  5) валюта бағамдарыын тұрақсыздануы.

     Валюта рыноктары халықаралық есептесулерді жедел жүзеге асыруды, дүниежүзілік валюта рыноктарының несие және қаржылық рыноктарымен өзара байланысын нығайтуды қамтамасыз етеді. Валюта рыноктарының көмегімен банктердің, кәсіпорындардың, сондай-ақ мемлекеттік валюта резрвтері толықтырылып отырылады.

         Сонымен қатар, валюталық рыноктар механизмі экономиканы мемлекеттік реттеуге, бір топ елдердің, мысалы, Еуропалық Одақ елдерінің, макродеңгейінде пайдаланылады. Нақты қызмет шеңберінде валюта рыноктары биржаларының брокерлік фирмалардың, банктердің және трансұлттық корпорациялардың жиынтығы.

         Халықаралық несие-қаржы қатынастары дүниежүзілік несие және қаржы рыноктарындағы қарыз капиталының қозғалысымен байланысты қатынастар жүйесін қамтиды.

         Халықаралық несие рыногында ақша капиталының еларалық ауысуы қайтарымдылық, мерзімдік , прцент төлеу принциптері жағдайында жүзеге асады.

         Дүниежүзілік несие рыногы қарыз капиталы рыногының бір бөлігі, оған дүниежүзілік ақша рыногы мен дүниежүзілік капиталдар рыногы кіреді.

         Дүниежүзілік қаржы рыногы да қарыз капиталы рыногының бір бөлігі, мұнда құнды қағаздарды шығару, сату мен сатып алу жүзеге саырылады.

         Қарыз капиталының дүниежүзілік рыыногы дегеніміз аталған капиталдың дүниежүзілік шаруашылықтағы қоозғалысын қамтамасыз етуші әр түрлі компаниялардың, банктердің, валюта-несие мекемелерінің жиынтығы.

         Халықаралық несие-қаржы рыногының дамуы ХХ ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап қарыз капиталының ерекше бір бөлігі болып саналатын еурорыноктың пайда болып, өрістеуіне ықпал етті.

         Еурорынок – бұл еуровалюта негізінде несиелер мен займдар бойынша операциялар жүргізілетін рынок.

         Еуровалюта – бұл шығарушы елді қоса есептегенде, барлық шетелдік банктердің есеп-шоттарына аударылған және барлық елдердің банк операцияларында қолданылатын жекелеген мемлекеттердің еркін ауыстырылатын валютасы.

 

          Еурорыноктың пайда болу себептеріне мыналар жатады:             

  • АҚШ долларын шетелдерге шығару мүмкіндікиерінің

пайда болуы;

  • Долларға Еуропадағы сұраныстың ұлғаюы;
  • АҚШ-тың өзінде жасалатын валюталық

операциялардан гөрі еркінрыноктағы операциялардың  анағұрлым қлайлы болуы;

  • Еуропалық банктердің халықаралық валюта

операциялары қаржыландыру құралын жедел табуға ұмтылуы.

         Еуровалюта рыногында алғашында еуродоллар үстемдік етті. Еуродоллар – бұл Батыс Еуропалық банктердің вклад түрінде алған АҚШ-тың доллары.

         Еурорыноктың қазіргі операцияларының 70%-тен астамы еуродоллар арқылы, 20 % еуромарка (Алмания) және6 % швейцарлық франк арқылы жүзеге асады. Қаржы рыногында валюталық және несиелік тәекелділіктің кепілдіктері қалыптасты. Бұл кепілдіктердің қатарына форвардтық, опциондық және т.б. процеттік ставкалар, валюта бағамын және құнды қағаздардың индекстері бойынша жасалатын келісімдер жатады.

         Форвардтық келісім – тауарларды көрсетілген уақытта сату мен сатып алу жөніндегі алдын ала жасалатын операциялардың түрі.

         Опцион дегеніміз – мерзімдік келісім бойынша валютаннны сатушы мен сатып алушының біреуіне берілетін құқық.

         Еурорыноктың дамуы жаңа халықаралық қаржы орталықтарының (Сингапур, Гонконг, Кувейт т.б.) пайда болуына игі әсерән тигізді. 1981 жылдың соңында Нью-Йоркте халықаралық банк қызметінің еркін аумағы пайда болды

           Валюталық рыноктың ең маңызды қызметтеріне мыналар жатады:

 — халықаралық есеп айырысулардың дер кезінде жүзеге асыру;

валюта бағамын реттеу;

 — валюталық резервтерді диверсификациялау (жаңа өрісте қолдану) ;

 — валюталық тәуекелділікті сақтандыру;

 — валюталық рынокқа қатысушылардың валюталар бағамының айырмашылығы есебінен пайда табуы;

 — ұлттық экономиканы мемлекеттік реттеуге бағытталған және дүниежүзілік шаруашылық шеңберінде үйлестірілген валюталық саясат жүргізу.

Валюталық  рынокқа қатысушылар қатарына банктер, валюталық биржалар, брокерлік фирмалар, сыртқы сауда және өндірістік компаниялар, халықаралық валюта-кредиттік және қаржы ұйымдары жатады. Коммерциялық тәуекелдік деңгейіне қарай валюталық рынокқа қатысушы кәсіпкелрді, инвесторларды, спекулянт алып-сатарларды, биржа ойыншыларын бөліп атауға болады.

         Валюталық рыноктағы кәсіпкердің мүддесі меншікті капиталын пайдалану арқылы жүргізетін коммерциялық операцияларында тәуекелдік деңгейін мейлінше төмендету.

         Инвесторлар да өзінің немесе басқаның капиталын салым ретінде пайдалану барысында кздейсоқтықтан сақ болуын қарастырады.

         Валюталық рыноктағы көрнекті тұлғаның бірі – хеджер. Оның басты мақсаты өзін-өзі валюта бағамының қолайсыз ауытқуларын сақтандыруды қамтамасыз етеді.

         Қазіргі кезде валюталық рыноктық күн сайынғы айналымы кезіндегі АҚШ-тың 500 млн долларынан 4 трлн долларға дейінгі қаражат  көлемін қамтығанын көріп отырмыз. Осы айналымның 20% азиялық рынотың,40% еуропалық және 40% американдық рыноктарының үлесіне тиіп отыр. Ең қарқынды дамушы рынокқа АҚШ-тың валюта рыногы жатады. 90-шы жылдардың соңына қарай американдық валюта рыногының айналымы 120 %-ке жетті. Осы уақыттың ішінде Лондон рыногының айналымы небәрі 107% -ке өсіп отыр   

           Сонымен қатар, ішкі (ұлттық) валюта рынрктары да жедел даму үстінде. Ішкі валюталық рынок дегеніміз жекелеген мемлекет аумағында орналасқан және өзінің клиенттеріне валюта қызмет түрлерінің барлығын көрсететін банктер операциялар жиынтығы.

           Валюталық реттеуде қолданылатын шаралардың сипатына қарай еркін және шектеулі валюталық рыноктарды бір-бірінен ажыратуға болады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ІІ ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ МЕН БАҚЫЛАУ САЯСАТЫ.

 

         2.1. Валюталық шектеулер.

 

         Әрбір мемлекеттің валюталық рыногының құрылымы сол елдің экономикасын мемлекеттік реттеу саясатының пәрменділігіне, мемлекетік органдардың валюта-кредиттік жәнем қаржы-қаражат қатынастарына араласу  деңгейіне тікелей бағынышты болып келеді.

         Мемлекеттің аталған мәселелерге араласуы бірінші кезекте валюта бағамын тұрақтандыру мен олардың төлем балансын жөнге келтіруге бағытталған валюталық реттеу қызметтерімен айқындалады.

         Валюталық шектеулер елдің резиденттері мен резиденттері еместердің валюталық операцияларын, олардың төлемдерін, инвестицияларын, ұлттық және шетелдік валютаны басқа елден аударуы тәртібін, шетелден тапқан пайданы елге қайтару жолдарын реттеуге бағытталған белгілі бір шараларды қолдану жағдайларын қарастырады. Валюталық реттеу кешеңді шаралар (заң шығармашылығы, әкімшілік, экономикалық және ұйымдық) түрінде, елдің валюталық саясатының бір бөлігі спатында валюталық құндылықтармен операциялар жүргізудің тәртібін орнатуды және елдің дүниежүзілік валюта рыногына тең серіктес ретінде қатысуын көздейді. Валюталық бағамдарды қолдану түрлеріне қарай валюталық рыноктарды бір және қосарланған режимді рыноктар деп ажыратады.

         Бір режимді валюталық рынок дегеніміз биржалық саудаларда орныққан валюталық бағамдары еркін қалықтайтын рынок. Көптеген елдер үшін бұл ұзақ мерзімді экономикалық дамудың және валюталық реттеу мен бақылау саясатын икемді қолданудың нәтижесі.

         Қосарланған режимді валюталық рынок дегеніміз мемлекет өз капиталдары қозғалысын ұлттық және халықаралық қарыз капиталдары шеңберінде реттеу үшін қолданатын бір деңгейде бекітілген және қалықтайтын бағамдары бар рынок.

         Еркін валюта рыногы және еркін ауысатын валютасы бар елдер (АҚШ, Батыс Европа елдері, Жапония т.б.) өздерінің экономикалық өсіп-өркендеу барысында капиталдар қозғалысына қатаң шектеулер қойып келді. Ағымдағы валюталық операцияларды жүргізу қажетті сәт келгенге дейін мемлекеттің уысында болды. Кейінірек, шектеулерді алып тастау мүмкіндіктері пайда болғаннан соң валюталық ресурстар ел ішінде де, одан сыртқы рыноктарда да еркін ауысу дәрежесіне жетті.

         Соңғы уақыттарға дейін валюталық бақылаудың негізгі мақсаттарына жету үшін қолданылатын күшті құралдардың бірі капитал қозғалысына шектеулер қою болып келді. Бірақ, Батыс Европа, АҚШ және Жапония сияқты өнеркәсібі дамыған елдердің ішкі қаржы рыноктарының жетіліп өсуі, сондай-ақ бұл елдердің халықаралық валюта-қаржы құрылымдарымен байланыстарының нығаюы ақша-несие саясатында өте маңызды реформаларды жүзеге асыру қажеттігін алға тартты. Сондықтан аталған елдерде 60 – шы жылдардың бас кезінде валюталық шектеулер алынып тасталды да, валюталық бақылаулардың құрсауы босаңсыды.

         Нәтижесінде бұл елдердің резиденттерінің құқықтары едәуір кеңейтіліп, резиденттер еместердің қызметтеріне негізгі шектеулер жойылды. Сөйтіп, капиталдар қозғалысын реттеу бірте-бірте рыноктық механизм мен ақша-несие саясаты құралдарының еншісіне тиді.

 

2.2. Дамыған елдердегі валюталық және экспорттық бақылаудың      

       ерекшеліктері. 

 

         Валюталық және экспорттық бақылаудың негізгі мақсаттары елдің экономикасын ақша-несие жүйесінде кенеттен пайда болатын өткір ауытқуларды қорғау, капиталдар қозғалысы туынданатын валюта резервтерінің кеміп кетуінен сақтау, сондай-ақ ұлттық экономика қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

         Экспорттық бақылауды жүзеге асыру дамыған елдер үшін халықаралық міндеттемелерін ойдағыдай орындау құралы болуымен қатар тиімді сыртқы саясат жүргізудің ұтымды әдісіне айналды. Бұл елдерде стратегиялық маңызды тауарлар мен қосарланған қажеттіктерді атқаратын тауарларға бақылау едәуір күшейтілді.    

         Өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде экспортқа бақылаудың күшейюіне капиталдар қозғалысының интернационалдануы себепші болды. Капиталдар қимыл-қозғалысының интернационалдануы халықаралық деңгейде “лас” ақшалардың жуылып-тазартылуы сияқты жағымсыз көріністі де қоса алып келді. Сондықтан, қазіргі кезде экономикасы дамыған елдер валюталық және экспорттық бақылауды жүзеге асырумен қатар өздерінің негізгі істерінің бірі ретінде қылмыстық табыстарды ресмилендіруімен байланысты заңсыз қаржылық операциялардың бетін ашу, тергеу және жолын кесу мәселелеріменде шұғылданады.

         Заңсыз қаржылық операцияларға қарсы күресуде халықаралық ынтвмақтастық Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) шеңберінде осы беделді ұйымның басшылығымен жүргізіп келеді. Қылмыстық табыстардың жолын кесу үшін Европалық Одақ, сондай-ақ ФАТР (Financial Action Task Forse) халықаралық ұйымы тарапынанда бұл мәселеге айрықша шаралар жиынтығы қолданылады. ТАСФ ұйымы 1989 жылы жетекші индустриалды елдер “жетіліктің” (АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Жапония, Канада, Италия, Франция) инициативасымен құрылып, қазіргі кезде өз құрамына 26 мемлекетті топтастырып отыр.

         Өнеркәсібі дамыған елдерлегі валюталық және экспорттық бақылау механизмі осы елдердің әрқайсысының дамуындағы тарихи ерекшеліктерге сәйкес қалыптасты. Сондықтан да шығар олардағы валюталық және экспорттық бақылаудың үйренуге жарарлық ерекшеліктері күні бүгінге дейін сақталып келеді.

         Италияның валюталық және экспорттық бақылау жүйесі Европадағы ең қатаң жүйелерінің бірі. өзінің дамуында ол бірқатар кезеңдерден өтті. Бұл елдегі экспорттық-импорттық операциялар тек Сыртқы сауда министрлігінің рұқсатымен жүзеге асырылып келді. Соңғы жылдары итальяндық валюта бюросы бас лицензия нысанында валюталық операциялар жүргізуге рұқсат беретін болды да, өкілетті банк-агнттер бір рет қана пайдаланатын лицензияларға жол ашты.

         Соғыстан кейін алғашқы жылдарда валюталық ресурстардың шектеулігіне байланысты сыртқы сауда операциялары екіжақты клиринг (тауарларды, құнды қағаздарды және қызмет көрсетулерді төлеуде валютаның қатысуынсыз өзара есептесу түрі) негізінде жүргізілді

         Қалыптасқан жағдай Батыс Еуропа елдерін көпжақты клиринг практикасына өтуге итермеледі. Осы мақсатта 1950 жылы құрылған Еуропалық төлем одағы шеңберінде Италия өзінің валюта резервтерін толықтыруға мүмкіндік алды да, американдық доллары үнемдеу есеіе итальяндық лираның еркін ауысуы жағдайына көшуін жеңілдетті.

         Қазіргі кезде Италияныңсыртқы сауда министрлігі мен қазынашылығы капиталдар қазғалысымен байланысты операцияларға рұқсат беру режимінде қайта оралу мәселесін қарастыруда, бірақ оған ОЭСР-дің принциптік келісімі қажет екендігі белгілі.

         1995 жылы итальяндық валюта бюросында (ИВБ) қылмысты табыстарды ресмилендіру мақсатында мемлекеттік қаржы институттарын пайдалануға қарсы күресетін арнайы басқарма құрылды. Сондай-ақ ИВБ өзінің қызметінде статистикалық өңдеу мен талдаудың аталған көрініске қарсы күресетін қазіргі заманғы құралдарын пайдаланып отыр. Сол үшін ИВБ-да арнаулы компьютерлік бағдарлама жасалып,тиімділік деңгейі жоғары жұмыс істейтін болды. Бұл жүйеге кіретін бағдарламалар ақша аударулардың уақытын, географиялық зоналарын және”лас” ақшаларды жуып-тазартуға мүдделік белгілерін дәл басып анықтайды.  

         Валюталық бақылау және экономикалық өрістегі ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресу жүйесінде Италияныңқаржы гвардиясының алатын орны ерекше маңызды. Табыстарды жасыру, заңсыз пайда табудың, сондай-ақ стратегиялық маңызы бар ресурстар мен технологиялар қылмысты сауданың жолын кесу мәселелерімен Қаржы гвардиясының Бас командованиесінің 2-ші басқармасының мамандары шұғылданады. Бұдан басқа басқарма есіркі бизнесі мен қару-жарақ төңірегіндегі мафияалық құрылымдардың әрекеттерінің жолын кесу оперативтік шараларын үйлестіріп отырады.

         Экспорт-импорт операциялары бақылау ісінде итальяндық кеден қызметі де көрнекті роль атқарады. Бұл мекеменің қаржы өрісіндегі заңсыз қимылдар жөніндегі мәліметтері ИВБ-ға және Қаржы гвардиясына жөнелтіліп отыр.

         Италия өзінің сыртқы экономикалық қызметін либерализациялау шарашларын 1988 жылы аяқтады. Дегенмен, онда валюталық және экспорттық-импорттық бақылау сақталып қалды. Еуропалық Одақ шеңберіндегі банктік ақпараттармен алмасу шаралары, ИВБ мен Қаржылық гвардияның ақпараттар ағыны банктері тұрақты түрде толықтырып , тиімді

 

пайдалануда.

         Қазіргі ездегі валюталық айналымға  бақылау жүйесі фискалдық мониторинг (байқау, бағалау, болжау) пен валюталық заңдылықты бақылау шеңберінде жүргізіледі.

         Ұлыбританияда валюталық бақылау органдарының негізгі міндеті ұлттық валюта резервтерін сақтап қалу және төлем балансының тепе-теңдігін мейліеше қамтамасыз ету.

         Қазіргі валюталық және экспорттық бақылаудың дүниежүзілік соғыстан бұрын 1939 жылы қаланған блатын. Олар “қаржыларды қорғау туралы жарлық және импорт-экспорт және кеден өкілеттігі жөніндегі Заңды” қабылдаумен нақтыланған.

         Валюталық және экспорттық бақылауды реттеуші нормативтік құжаттардың қазіргі кездегі ең маңыздыс деп 1990 жылы қабылданған “Экспотр және импорт туралы Заңды” айтуға болады.

         Валюталық бақылау жөніндегі Заң валюталық құндылықтар (алтын, валюта, төлем құжаттары, құнды қағаздар, қарыз міндеттемелері) айналымы өрісіндег іміндеттер мен шектеулерді, қозғалмаайтын мүлікке байланысты (импорт, экспорт, трансферт, мүліктік мәселелерді реттеу) операцияларды қатаң тәртіпке ұстауға арналған.

         Ұлыбританияның экспорттық және валюталық бақылау органдары жүйесінің құрамында қазынашылық; Ағылшын банкі; өкілетті банктер, сондай-ақ кеден және акциз мекемелері бар. Бұлардың барлығы да валюталық лицензиялармен қамтамасыз етілген. Дегенмен, қазынашылық өзінің өкілеттігінің  басты бөлігін Англия банкіне беріп отыр, сондықтанвалюталық бақылау мәселелері осы аталған банктің тікеклей құзырында.

         Англия банкі Ұлыбритания аумағында орналасқан өз филиалдарын, көптеген коммерциялық банктердің қызметін қадағалап, басқарып отырады. Бұл банктердің барлығы Англия банкінің рұқсатымен қең көлемдегі операцияларды жүзеге асырады.

         Кеден және акциздер мекемелері Англия банкі белгіленген бірқатар өкілеттер мен міндеттемелерге қызмет атқарады. Солардың ішінде тауарлар мен валюталардың қимыл-қозғалысына бақылау жұмыстарына ерекше мән берілген.

         Валюталық бақылау Заңына сәйкес айрықша есептегі аумақтар деп аталатын жерлерде Валюталық бақылау заңы арқылы ерекше режим орнатылған. Бұлардың қатарына Ұлыбританияның құрама корольдігі және Солтүстік Ирландия, Норман аралдары, Мэн аралы; Ирландия республикасы және Гибралтар бұғазы жатады. Қазынашылық өз тарапынан бұл тізімді және “шетелдік стерлинг аумағы” деп аталатын елдер тізбесін әлсін-әлсін қайта қараудан өткізіп отырады. Фунт стерлинг тараған зоналарға қазіргі кезде 59 мемлекет пен аумақтар кіреді.

         Ұлыбританиядағы валюталық бақылаудың тағы бір қызметіне айрықша есептегі аумақтар құрамына кірмейтін елдерден ағылшын тауарлары экспортынан түскен төлемдерді дер кезінде қаййййййтаруды қамтамасыз ету қызметі жатады. Капиталдардың бұл тасқыны резиденттер еместердің стерлингтік және шетел валюталық шоттарынан резиденттердің шоттарына қарай ағылады.

         Капиталдар қозғалысымен байланысты келісім-шарттарды реттеу тікелей және портфелдік инвестицияларға бақылау орнатуды көздеді. Айрықша есептегі аумақтардан тыс елдерге капиталды тікелей инвестициялау жағдайында резиднттер валюталық бақылау мекемелерінен рұқсат алуы тиіс.

         Ұлыбританияда экспорттық бақылау қазіргі кезде  жоғарыда көрсетілге валюталық және экспорттық  бақылауға бірдей әсері бар нормативтік актілермен реттеліп отырады. 1992 жылы жарық көрген тауар  экспорты және бақылау жөніндегі мемлекеттік жарлық лицензиялық бақылауға арналған нақты шаралар жүйесін белгілеген.

         Ұлыбританиядағы экспортты басқару қызметін экспорттық лицензияларды беретін, құрамында сауда және өнеркәсіп министрліктері бар экспортты бақылаушы Департамент жүзеге асырады.

         Экспортты бақылау жүйесіне, сондай-ақ экспорттаушылардың тиісті ережелерді мүлтіксіз орындауын іс жүзінде қадағалайтын мекемеге кедендік және акциздік басқармалар кіреді. Жоғарыда келтірілген Жарлық ережелеріне қосымша бақылау шаралпрына БҰҰ мен Еуропалық Одақ құптаған заңдық және номативтік актілер де жатады.

         Қазіргі кезде Ұлыбритания ерекше экспорттық режимді бұрыңғы Югаславия республикаларында, Аргентиаға, Гайтиге, Қытайға, Иранға, Иракқа, Израилге,  Либерияға, Ливияға, Бирмаға, Сомалиге, Оңтүстік Африка Республикасына және Сибирияға қатысты қолданып отыр.

         90-шы жылдардың бас кезінде-ақ Франциядағы валюталық және экспорттық бақылау қызметтеріндегі басты назар қылмыстық жолмен табылған капиталдарды тазалллап алуға тырысушылыққа  қарсы күресте қолданылатын әдістерді жетілдіру мен оның құқықтық негізін нығайтуға аударылды. Есірткілер саудасынан түсетін қылмыстық табыстарды ресмилендіру жолдарына ерекше мән беріледі.

         1990 жылы Францияның экономика, қаржы мен бюджет министрлігінің жанына мемлекеттік бақылау мекемесі ретінде заңсыз қаржы операцияларын тергеу тобы (ТРАКФИН) құрылды. Аталған топ ең алдымен есітке саудасынан түскен капиталдарды жуып, тазарту жөніндегі статистикалық есептеулр мен ақпараттарды талдау жұмыстарымен шұғылданады.

         ТРАКФИН-нің штаб-пәтері Парижде орналасқан. Қызмеикерлерінің саны 18 адамнан тұрады,оның 12-сі валюталық операцияларды бақылау мекемесінің бұрыңғы қызметкерлері. ТРАКФИН тобының іс-әрекеті қатаң құпиялық жағдаййййййда жүргізіледі.

         ТРАКФИН заңды тергеу жұмыстарын дербес атқармайды.Егер есіртке бизнесімен байланысты заңсыз  валюталық операциялар фактілері  ашылса, топ қызметкерлері – ұлттық кеден басқармасы мен полицияның ірі  қаржылық заң бұзушылықа қарсы күресетін Оталығына жібереді. қылмыстың басқа түрлері жөніндегі талдау материалдары тергеу мекемелеріне тапсырылады.

         Францияда және басқа да батыс   елджерінде әскери және қосарланған қажеттікті атқаратын тауарлардың экспортын бақылауда әр елдің өзіне тән заңдық базасын жасау және жетілдірумен қатар ортақ мекеме шеңберінде де   үйлестірілген іс-шаралар атқару қолға алынды.

         Франция дуниежүзілік қару-жарақ рыногында өзінің берік орнын күні бүгінге дейін   сақтап қалды. Бұл елдің әскери экспортының 75%-і дамушы елдрлің рыногына бағытталған және сол елдердің рыногында өзін еркін сезінеді.

         Дүниежүзілік қару-жарақ рыногын игеру және экспортты ұйымдастыру ісінде Франция едәір тәжірбие жинақтағанмемлекет. Елдің экспорттық саясатының негізінде мына принциптер жатыр:

  1. Қару-жарақ және қосарланған қажеттіктерді атқаратын өнімдер экспортына мемлекет тарапынан қатаң бақылау қою;
  2. Экономикалық мүдделердің басымдығы Франция қару-жарақ пен әскери техниканы импорттаушыға қатаң саяси талаптар қоймайды;
  3. Экспортталған өнімнің жоғары сапасын қамтамасыз ету және тиісінше оларды жоғрғы бағаға сату.

Германияның бөлшек сауда жүйесінде шетелдік еркін ауысатын

валюталар айналымда жоқ,  олардың    еміс маркасына еркін айырбасталу мүмкіндігі ғана бар. Бұл өрісте ешқандай шектеулер жоқ. Валюта айырбасы банктерде, жинақ кассаларында, айырбастау пунктерінде жүріп жатады.

         Германияға келіп жатқан капиталдар есебінен негізіне банктер мен кредиттік ұйымдар жүргізеді де, қажетті ақпараттарды әлсін-әлсін федералдық банкке немесе жергілікті банктерге жіберіліп отырады.

         Экспорттық тізімде жоқ тауарлар экспорты ФРГ-дан шетелдерге еркін жіберіледі. Экспортты бақылау экспорттаушыға берілетін рұқсат арқылы жүзеге асырылады.

         1992 жылдың 3 желтоқсанында ФРГ үкіметі Экспорттық тізімді өзгерту туралы шешім қабылдады. Бұл тізім сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асыру тәртібі жөніндегі заңның қосымшасы ролін атқарады.

         ФРГ-ның халықаралық қызметіндегі маңызды бағыты Шығыс және Орталық Елдерімен тиісті мемлекетаралық клісім-шарттар жасау арқылы  қылмыспен  күресуді күшейте түсу. Қазірдің өзінде Венгрия, Чехия және Польшамен аталған мәселе төңірегінде оңды тәжірбие қалыптасып отыр. Осындай келісімдер Славакия, Украина, сондай-ақ Балтық жағалауы елдерімен де жасасуға дайындалып жатқан  көрінеді.

         Валюта қозғалысы мен сауда келісімдер жөніндегі сыртқы есептеулер және инвистициялар төңірегіндегі мәселелер Жапонияда “Шетелдік валютаны және сырқы сауданы бақылау туралы” негізгі заңмен реттеледі. Бұл заң мыналарды реттейді:

  • банктер мен айырбас пунттерінде шетелдік валюталармен жасалатын келісімдер;
  • шетелге жіберілетін және шетелден келетін төлемдер;
  • инвестицияларды қосқандағы кпитал қозғалысымен байланысты клісімдер;
  • сыртқы сауда клісімдері.

Валюталық реттеудің негізгі құралы белгілі бір операцияны

лицензиялау болып табылады. Төлем операцияларын лицензиялаудың мақсаты мүдделі компанияларды өз лоперацияларын өкілетті банктер арқылы жүзеге асыруға итермелеу. Банктің клиенттерден алатын төлемді олардың қосымша бақылау қызметінің өтемі болып есептеледі.

  Жапониядағы экспортты реттеудің құқықтық негізі болып 1980 жылы

жарық көрген “Сыртқы сауда мен валюталық айырбасты бақылау туралы” заң есептеледі. Аталған заңға сәйкес экспорттық бақылаудың бағыттарына мыналар жатады:

         — ішкі сұраныс пен ұсынысты реттеу мақсатындағы белгілі бір тауарлар экспортына бақылау жасау. Олардың қатарында балық ұны, күріш, түсті металдар т.б. бар;

         — жекелеген рыноктардағы (тоқыма бұйымдары, жеңіл машина жасау тауарлары) тәртіптілікті сақтау мақсатындағы экспортты бағалау;

  • халықаралық келісім-шарттарда арнайы көрсетілген (жабайы аңдар,

құстар, өсімдіктер олардан жасалған бұйымдар) тауарлар экспортын қадағалау;

  • эксорттауға тыйым салынған тауарлаға (есірткелер,ұлттық

қазыналар) бақылауды күшейту;

  • пайда болуы күдікті тауарларға немесе импорттаушы елдегі үшінші

бір тұлғалардың құқығына зиянды (авторлық құық, патент,өнеркәсіптік үлгі т.б.) тауарлар экспорттыңбақылау;

  • Жапония үкіметі сауда санкцияларын  қолданатын елдерге

бағытталған экспортты қадағалау; 

  • Жапония қаржы министрлігі бекіткен тәртіппен айырмашылығы бар

жолмен экспортталған тауарға төлемдер ізін бақылау т.б.

Жапония  экспорттық лицензиялардың әрекет мерзімі 3 ай деп белгіленгн, дегенмен күрделі жабтықтар немесе маусымдық тауарлар жіберілетін жағдайларда лиценнзия мерзімінің ұзартылуы да мүмкін.

Экспортты бақылау және экспорттық лицензияларды беру ісі толығымен Жапонияның сыртқы сауда басқармасының экспорттық бөлімінің жауапкершілігіне толық жүктелген.          

 

     2.3.Валюта қатынастарын рыноктық және мемлекеттік реттеу.

 

        . Дүниежүзілік тәжірбие көрсетіп отырғандай рыноктық және мемлекеттік реттеу жүзеге асырылады. Рынок шеңберінде валютаға сұраныс пен ұсыныс қалыптасып, оалрдың бағамдық арқатынасы анықталады. Рыноктық реттеу құн, сондай-ақ сұраныс пен ұсыныс заңдары арқылы жүргізіледі.Валюта рыноктарында орын алатын бәсекелестік тайталаста бұл заңдар валюта айырбастарының салыстырмалы эквиваленттігін, тауарлар, қызмет көрсетулер, кпиталдар, кредиттер қозғалысымен байланысты халықаралық қаржы ағындарымен дүниежүзілік шаруашылық қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді. Өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде экспортқа бақылаудың күшейюіне капиталдар қозғалысының интернационалдануы себепші болды. Капиталдар қимыл-қозғалысының интернационалдануы халықаралық деңгейде “лас” ақшалардың жуылып-тазартылуы сияқты жағымсыз көріністі де қоса алып келді. Сондықтан, қазіргі кезде экономикасы дамыған елдер валюталық және экспорттық бақылауды жүзеге асырумен қатар өздерінің негізгі істерінің бірі ретінде қылмыстық табыстарды ресмилендіруімен байланысты заңсыз қаржылық операциялардың бетін ашу, тергеу және жолын кесу мәселелеріменде шұғылданады.

         Баға механизмдері және рыноктағы валюта бағамдарының динамикасы арқылы экономикалық агенттер валюта сатып алушылардың  сұранысы мен ұсынысы туралы ықтимсалды мүмкіндіктерден хабардар болып отырады. Сондықтан да, рынок валюталық операциялар жөніндегі қажетті ақпарат көзі болып саналады және сол ролді сенімді атқарады. Дегенмен, мемлекет валюта қатынастарының дүниежүзілік шаруашылық байланыстарындағы маңызды ролін ескеріп, әрдайым алғашында жанама түрде араласып келеді.

         ХХ ғасырдың 30-шы жылдарында алтын стандарт жүйесі жойылуына байланысты валюта бағамының стихиялы реттеушісі ретіндегі елтын белгі механизмі өз әрекетін тоқтатқан болатын. Бағамдық арқатыстардың едәуір және жедел шайқалу-тербелістері валюталық дағдарыстар ұлттық және дүниежүзілік экономикаға кері әсері етіп, ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдайларды туындатып келді.

         Рыноктық және мемлекттік валюталық реттеу бірін-бірі трлықтырып отырады. Біріншісі, бәсекелік негізінде даму үрдісін ынталандырады, ал екіншісі болса, валюта қатынастарын  рыноктық реттеудің жағымсыз нәтижелерін жоюға бағытталған. Бұл екі реттегіштің әрекет шектері нақты жағдайлардағы жетістіктер мен кемшіліктер арқылы анықталады. Сондықтан бұлардың арақатысы жиі өзгерістерге ұшырайды. Дағдарыс қиыншылықтары соғыс соғыстан кейінгі бүліністер жағдайында мемлекеттік валюталық реттеу басымдыққа ие болса, валта экономиклық ситуация оңалған шақта валюталық операциялар ырықтандырылып, бұлсферадағы рыноктық бәсеке алға шығады. Бірақ, қандай жағдайларда болмасын мемлекет валюта қатынастарынрегламенттеу және бақылау мақсатында валюталық қадағалаудан бас тартпайды.

         Рыноктық экономиканы реттеу жүйесіндегі валюталық саясаттың алатын орны ерекше. Валюталық саясат дегеніміз елдің ағымдағы және стратегиялық мқсаттарына сәйкес халықаралық валюта өрісінде және басқа да экономикалық қатынастардажүзег асырылатын шаралар жиыетығы. Бұның өзі экономикалықөсудің тұрақтылығын, жұмыссыздық пен инфляция деңгейлерінің төменділігін, төлем балансының тепе-теңділігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады.

         Валюталық саясаттың бағыттары мен формалары  елдің валюта-экономикалық жағдайымен, дүниежүзілік шаруашылық эволюциясымен, дүниежүзілік аренадағы күштер арасалмағымен анықталады. Әртүрлітарихи кезеңдердеалдыңғы қатарға валюталық саясаттың нақты мәселелері шығып отырады. Валюталық саясат мемлекетаралық қатынастардың принциптерін — әріптестік немесе бітіспеушілік жағдайларындағы әлсіз әріптестерді қанау дамушы елдердің ішкі істеріне қол сұғу, басқа мемлекеттергеқоқан-лоққы көрсету анықтайды.

         Валюталық саясаттың негізін ресми қағида айналдырылған белгілі бір теорияны құрайды. Заң жүзінде валюталық саясат валюта заңнамасымен қалыптастырылады. Ал, валюталық заңнама дегеніміз мемлекеттер арасындағы екіжақты және көпжақты келісімдер арқылы валюталық құндылықтармен операциялар жүргізу тәртібін реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.Қазіргі валюталық келісімдердің тарихы Алтындық манета одағынан (1865-1926ж.ж)бастау алады.

Аталмыш одақтыңнегізгі мақсаты мүше-елдер үшін бірдей ақша бірлігін орнықтыру болатын. 1857 жылғы Париж келісімі алғашқы дүниежүзілік валюта жүйесін – алтын –монета стандартын қалыптастырды. Одан кейін 1922 жылы Генуя конференциясы алтын-девиздік стандартты өмірге алып келді. 1944 жылғы Бреттон-Вудс келісімі соғыстан кейінгі валюта жүйесі принциптерін бекітті. Ямайка валюта келісімі қазіргі дүниежүзілік валюта жүйесінің принциптерін орнықтырды.

         ХХ – ХХІ  ғасырлар шектерінде Еуропалық біртұтас Экономикалық Одақ ортақ валюта – Еуропаны айналымға ендірді.

         Валюталық саясатты жүзеге асыру құралдарының бірі валюталық реттеу. Валюталық реттеу дегеніміз ұлттық, мемлекетаралық аймақтық деңгейлерде жүзеге асатын валюталық операциялар жүргізу тәртібін мемлекеттік регламенттеу әрекеттеі. Тікелей валюталық реттеу заңнамалық актілерді және атқарушы билік іс-қимылдарын жүзеге асыру негізігнде жүргізіледі. Бұл кездерде экономикалық, атап айтқанда валюта-кредиттік әдістер арқылы рыноктағы экономикалық агенттердің әрекеттеріне әсер етіледі. Шаруашылық байланыстардың жаһадануына мемлкетаралық валюталық реттеуіс-қимылдарын жанданып, дамуына әкеледі. Бұл әрекеттердің мақсаты мынадай:

         — дүниежүзілік валюта жүйесінің құрылымдық принциптерін орнықтыру;    

         — жекелеген  елдердің валюталық саясатын үйлестіру;

         — валюталық дағдарыстың шығу жылдарын бірге іздестіру;

         — жетекші мемлкеттердің басқа елдерге қатысты валюталық саясатын келістіру;

         Аймақтық валюталық реттеу экономикалық  интеграциялау бірлестіктер шеңберінде және дамушы елдердің аймақтық топтарында жүзеге асады.

         Валюталық қатынастарды реттеу істері бірнеше деңгейлерден тұрады:

мол валюталық ресурстары бар және валюталық операциялардың белсенді қатысушылары болып табылатын ұлттық және халықарылық банктер мен корпарациялар;

         —  ұлттық мемлекеттер (қаржы министрлігі, орталық банк, валюталық бақылау органдары);

         — халықаралық деңгейдегі валюталық институттар;

валюталық , кредиттік, қаржылық нысандарда үйлестірілетін мемлекетарлық                            реттеу қажеттілігінің себептермен түсіндіріледі:

         — валюталық, кредиттік, қаржылық қатынастарды қоса есептегнде                   ұлттық экономикалардыңөзара тәуелділігінің күшейе түсуі;

         — рыноктық және мемлекеттік реттеу арақатысының рынок пайдасына қарай ауысуы;

         — дүниежүзілік аренадағы күштер арасалмағының өзгеруі; АҚШ-тың дербес жетекшілігі әріптестік пен бәсекелестіктің үш орталығына – АҚШ, Батыс Еуропа, Жапония ауысуы;

         — жас бәсекелестер – жаңа индустриалды елдердің дүниежүзілік аренаға шығуы;

         Валюталық бағамдардың пайыздық ставкалардың тербелуіне мұнай бағалар серіктестеріне, биржалық, валюталық, банктік дағдарыстарға байланыстытұрақсыздыққа душарболған дүниежүзілік валюта, кредит, қаржы, рыноктарының орасандануы және т.б.

         Ұлттық экономикалық саясаттықабсалютті автаномдануы соның ішінде                 

валюта, кредит, қаржы саясатының оқшаулануы әрбір мемлекеттің дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциолану жолдарын бөгейтін кедергі екендігін бүгінгі күнде баршаға мәлім жағдаят болып отыр.

         Халықарлық валюта қатынастарын реттеуде ХХ ғасырдың 70-ші жылдары ортасынан бастап, үнемі жоғары деңгейдегі Кеңестер ұйымдастырып келе жатқан “Үлкен жетіліктің рөлі  едәір екендігі белгілі болған жағдайда, олардың іс-әрекеттеріне тоқталмай өтуге болмайды. Бұл кездесулерді өткізудің басты себептерінің бірі кезінде орын алған дүниежүзілік энергетикалық дағдарыс болды. Жетекші елдер үшін мұнай бағасы жоғарылуы экономикалық зардаптарына қарсы келісілген шаралар қлдану мақсатында ұйымдастырылған Кеңеңс тұрақты дәрежеге жетіп, дүниежүзілік экономикалық және саяси мәселелерді талқылайтын Жетілікке айналды. 1998 жылдың мамыр аяғындағы Бирмингемдегі (Ұлыбритания) кездесуден кейін  Үлкен Жетелік Ресейдің қосылуымен Үлкен Сегіздікке айналды. Қазіргі кездегі Сегіздіктің кездесу-кеңестерінің негізгі себептері дүниежүзілік шаруашылық байланыстарының жаһандануы, экономикалық, саяси дамудың қиыншылықтары, әріптестіктің тұрақсыздығы сияқты болып келеді. Мемлекеттер басшыларының тұрақты кеңесулері ортақ экономикалық 

және саяси стратегия жасауды көздейді. Жоғары деңгейдегі кездесулер алдында, әдетте ұлттық және халықаралық деңгейдегі дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бұл кездесулерде үкімет өкілдерінің алдын ала  талқылаулары ықтимал қайшылықтарды жойып, кедергілерді алып тастауға арналады.

         Валюталық саясат өзінің мақсаты мен формасына байланысты құрылымдық және ағымдық болып екіге бөлінеді. Құрылымдық валюталық саясат – дүниежүзілік валюта жүйесіне құрылымдық өзгерістер енгізуге

бағытталған ұзақ мерзімді шаралар жиынтығы болып табылады. Мұның өзі валюта реформасы түрінде барлық елдердің мүдделеріне сай принциптік жетілдірулер нысанында жүзеге асады. Сонымен қатар, принциптік жетілдірулер кезінде әрбір ұлттық валюта артықшылықтарға қол жеткізуге ұмтылатыны да шындық. Ағымдағы валюта саясаты валюта бағамын, валюталық операцияларды, валюта рыногы мен алтын рыногын күнделікті, оперативтіреттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар жиынтығы.

         Валюталық саясаттың мынадай формалары белгілі. Олар – дисконттық, девиздік, саясат және аталған формалардың түрлері – валюталық интеграция, валюта резрвтерін диверсификациялау, валюталық шектеулер, валюта ауысуы деңгейін реттеу, валюта бағамының режимі, девальвация және ревальвация.

         Дисконттық (есептеу) саясат бір жағынан капиталдардың халықаралық қозғалысына, екінші жағынан ішкі кредиттер, ақша массасы, жиынтық сұраныс динамикасына әсер ету арқылы валюта бағамы мен төлем балансын реттеуге бағытталған орталық банктің есептеу ставкасын өзгртуі болып табылады.

         Қазіргі кезде дисконттық саясаттың тиімділігі төмендеп тұр, себебі бұл саясаттың ішкі және сыртқы мақсаттарында қайшылықтар бар екендігімен түсіндіріледі.. Егер пайыздық ставкалар коньюктураны жандандыру мақсатында төмендетілге болса, капиталдардың күтуін туындатып, төмен балансына кері әсерін тигізеді. Ал, есептеу ставкасы төмен балансын жақсарту мақсатында жоғарлатылса, онда тоқырау жағдайындағы экономикаға теріс әсер ететін болады.

         Дисконттық саясаттың нәтижелілігі елде шетелдік капиталдың келуі қарқынына тәуелді, бірақ экономикалық тұрақсыздық кезеңінде пайыздық ставкалар капиталдар қозғалысының көрсеткіші бола алмайды. Халықаралық капиталдар мен кредиттер қозғалысын реттеу есептеу ставкасының төмен балансына әсерін кеміиеді. Жетекші елдердің дисконттық саясаты бәсекелестерге теріс әсер етеді, дамушы елдер ұлттық мүдделеріне қайшылығына қарамастан пайыздық ставкаларын жоғарылатуға немесе төмендетуге мәжүр болады. Сондықтан да оқтын-оқтын пайыздық ставкалар “соғысы” қаулайды.

         Девиздік саясат мемлекеттік  органдардың шетел валютасын (девиз) сатып алу, сату жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі. Ұлттық валюта бағамын жоғарылату мақсатында орталық банк шетел валютасын сатып алады. Девиздік саясат көбінесе валюталық интервенция нысанында жүзеге асады, яғни ұлттық банк валюта рыногы операцияларына араласып, шетел валютасын саудалайды. Оның сипатты белгісіне салысырмалы ірі көлемдері мен қолданудың қысқа кезеңі жатады. Валюталық интервенция ресми алтын-валюта резервтері есебінен немесе орталық банктердің қлттық валютадағы “своп! Банкіаралық келісімдері арқылы өзара кредиттер берумен жүзеге асады.

         Валюта резервтерін дивесификациялау валюта резервтері құрылымын

олардың құрамына әртүрлі валюталарды енгізу жолымен халықарлық есептесулерді қамьамасыз ету, валюталық интервенция жүргізуді және валюта ысырабына жол бермеуді мақсаткерлікпен реттеуге бағытталған мемлекеттердің, банктердің, трансұлттық компаниялардың саясаты. Бұл саясат әдетте тұрақсыз валютаны сатып, орнықты валюталарды, соның ішінде халықаралық  есептесулерге қажетті валюталардысатып алу жолымен жүзеге асырылады.

         Валюталық паритеттер және валюталық бағамдар режимі ұлттық және мемлекетаралық реттеу обьектісі болып табылады. Бреттон-Вудс келісімдеріне сәйкес мүдделі елдер Халықаралық Валюта Қорында ұлттық бағамдарын рыноктық бағамдар негізінде долларға қатысты белгілеп алды да, алтынның ресми бағасына сәйкес валюталардың алтын құрамын анықтауға қол жеткізеді.

         Дүниежүзінде валюта бағамының оншақты режимі қолданылады, себебі Халықарлық Валюта Қорының өзгертілген жарғысы (1978 жыл) мүше – елдерге таңдау еркіндігін берген болатын.

         Қосарланған валюта рыногы – валюта бағамдарының белгіленіп бекітілген және тербеліп қалықтау режимдерінде аралық орын алатын валюталық саясат формасы. Валюталық саясаттың бұл формасының мәні валюта рыногы екі бөліктен тұратындығында болса керек: коммерциялық операциялар мен қызмет көрсетулер бойынша ресми валюта бағамы қолданылады да қаржылық операцияларда рыноктық валюта бағаланылады. Ал, коммерциялық және қаржылық бағамдардың арасы тым алшақтап кеткен кезде орталық банктер оларды түзету мақсатында валюталық интервенцияны қолданады. Қосарланған валюта рыногы валюталық резервтерді үнемдеуге жол ашты, себебі валюталық интервенция қажеттілігін кемітті.

         Девальвация мен ревальвация валюта саясатының дәстүрлі әдістері болып табылады. Девальвация – ұлттық валюта бағамын шетелдік валютаға немесе халықаралық валюта бірліктеріне қатысты төмендету. Бұл шараның объективті негізі ресми валюта бағамының рыноктық бағамнан артық кетуін қалайды. Ревальвация – ұлттық валюта бағамын шетелдік валютаға немесе халықаралық валюта бірліктеріне қатысты жоғарылату.

         Девальвация және ревальвация түсініктерінің эволюциясы экономикадағы өзгерістерді, салық ішінде ақша – кредит және валюта жүйесіндегі өзгерістерді көрсетеді. Алтын стандарт кезіндегі девальвация мемлекеттің ақша бірлігіндегі алтын құрамының азаюын көрсетсе, девальвация жағдайында валюта бағамының өзгерістері күнделікті, стихиялы түрде рыноктың ахуалына қарай тербеле береді және заңнамалық ресми белгілеу қажетті кезеңдерде жүзеге асады.

         Валюталық саясатта екі қарама – қарсы астасып, араласып жатады. Оның біріншісі іс қимылдарды үйлестіру арқылы валюта мәселелерін шешуді ортақ жолдарын іздестіру; екіншісі — әрбір мемлекеттің басқалар есебінен артықшылыұтарға жетуге ұмтылысы, оларға өзіне қажетті шешім, ұстанымды қабылдату болып табылады. Міне, сондықтанда оқтын – оқтын елдер арасында өткізу рыноктары үшін, капиталдарды орналастыру сферасы үшін, шикізат көздері үшін валюталық “соғыстар” орын алады. Мұның өзі валюталық саясаттың әртүрлі жолдары мен әдістерімен жүргізіледі. Ол әдістерге , бізге белгілі болғандай девальвация мен ревальвация, валюта бағамдары режимінің көптүрлілігі, валюталық интервенция, валюталық шектеулер сияқты әдістер жатады.

         Валюта қатынастары тарихында валютаның еркін ауысуына өтудің екі нұсқасы белгілі – бірден, естен тандыра  және бірте – бірте қажетті алғышарттар жасап алғаннан соң. Валютаның еркін ауысуын енгізу ұлттық валюта бағамының төиендеуі, ресми валюта резервтерінің кемуі орын алады, себебі шетелдік валютаға сұраныс өтеді. Мұндай девальвация импортты қымбаттатады, ал өз кезегінде инфляцияны күшейтіп, валютаның азаюына итермелейді. Ал, девальвацияның экспортты ынталандырушы әсері туралы айтатын болсақ, бұның өзі экспортқа жөнелтетін бәсекелік мүмкіндігі бар тауарлар болған кезде ұтымды болмақ.

         Резиденттер және резидент еместер үшін валютаның еркін ауысуы кезегін анықтауда дүгиежүзілік тәжірибеге сүйенген жөн. Бұл тәжірибе бойынша әдетте, артықшылық алғашында шетелдік әріптестерге беріледіде, оларды тең құқылы ынтымақтастыққа шақырудығ ыңғайы қалыптасады.

         Операцияларды таңдау мәселесінде Халықаралық Валюта Қорының жарғысына жүгіну қажет сияқты. Аталмыш жарғының талаптарына сәйкес қаржылық операцияларға (капиталдар қозғалысы) қарағанда, ағымдағы операциялар бойынша валютаның еркін ауысуын енгізу бірқатар артықшылықтарға және мүмкіндіктерге қол жеткізеді, себебі валюталық еркін ауысуының басым критериі – ағымдағы операциялар бойынша валютаның шектеудің басқа да кедергілердің жоқ екендігінде болса керек.

         Қаржылық операциялар бойынша валюталардың еркін ауысуының еларалық тарауының кешеуілдеуі капиталдардың халықаралық интеграциясы, соның ішінде тікелей және портфельдік инвестициялар, бағалы қағаздар мен мәмілелер, кредиттік операциялар, тауарлар мен қызмет көрсетулер қазғалысынан едәуір жедел жүзеге асады, ал мұның өзі төмен балансы мен валюта бағамына белгілі дәрежеде әсер етеді. Сондықтан, қаржылық операциялар бойынша валюталық шектеулерді алып тастау баяу жүреді, оларды іске асыру ұлттық экономика мүдделерін қорғау мақсатында қолға алынады.

         Валюталық операцияларды ырықтандыруға ұмтылыстарға қарамастан мемлекеттердің резервтерінде ұлттық экономика қажеттіліктеріне сай протекционистік шаралар жиынтығы қолдануға әрдайым дайын екендігі даусыз ақиқат.

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІН РЕТТЕУДЕУДІҢ   ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

 

3.1. Қазақстан Республикасы ұлттық валюта жүйесі.

 

Қазақстанның ұлттық валюта жүйесі қазіргі кезде өзінің қалыптасу және даму дәуірін бастан кешіріп отыр. Дегенмен оның негізгі тенденциялары мен пішіні жеткілікті түрде анықталды деп айтуға болады. Біздің мемлекет дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға бағыт алып, 1992 жылдың 15 шілдесінде Халықаралық валюта қорына (МВФ) мүше болып кірді.

         Ұлттық валюта жүйесі дүниежүзілік валюта жүйесінің құрылымдық принциптеріне сәйкес қалыптасты. Қазақстан Республикасының қазіргі валюталық жүйесімен оның негізгі элементтерін мұқият қарастырып көруге мүмкіндіктер жеткілікті деп есептейміз.

         Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз – ұлттық заңдармен немесе мемлекетаралық келісімшарттармен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру мен реттеу нысаны. Ұлттық, дүниежүзілік, халықаралық, аумақтық деп жіктелетін валюталық жүйелерді мақсаты мен атқаратын роліне сәйкес ажыратуға болады.

         Тарихи тұрғыдан алып қарағанда, ең алдымен ұлттық заңдармен бекітілген, халықаралық хұқық нормаларына сәйкестендірілген ұлттық валюта жүйесі пайда болды. Ұлттық валюта жүйесі елдің ақша жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналады. Дегенмен, оның салыстырмалы түрде дербестігі және ұлт шекарасынан шығу мүмкіндіктері бар екендігі де белгілі. Оның ерекшеліктері елдің экономикалық жағдайы мен сыртқы экономикалық байланыстары ашып, анықтайды.

         Ұлттық валюта жүйесінің дүниежүзілік валюта жүйесімен байланысы сыртқы экономикалық әрекеттерге қызмет көрсетуші ұлттық банктер арқылы жүзеге асады.

         Ұлттық және дүниежүзілік валюталық жүйелердің өзара байланысы олардың ұқсастығын емес, керісінше ерекшеліктерінің айғағын паш етеді. Олардың мақсаты, қызмет ету жағдайлары мен реттеулері, жекелеген еолдер экономикасымен дүниежүзілік шаруашылыққа әсері әр түрлі деңгейлі екендігін күнделікті практика көрсетіп отыр.

         Ұлттық және дүниежүзілік валюта жүйелерінің байланысы мен ерекшеліктері олардың элементтерін қарастырған шақта белгілі болады.

         Қазақстан Республикасы ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтеріне мыналар жатады:

         1.Ұлттық валюта бірлігі;

         2.Ұлттық валютаның еркін ауысуы, айырбасталу мүмкіндігі;

         3.Ұлттық валютаның паритеті. Паритет – валюталардың алтын мөлшеріне сәйкес арақатысы. Ұлттық валюта бағамының режимі;

         4.Валюталық шектеулердің деңгейі және валюталық бақылау;

         5.Валюта өтімділігін ұлттық тұрғыдан реттеу;

         6.Халықаралық кредит қаражаттары айналымыреттеу;

         7.Елдің халықаралық есептеулерін реттеу;

         8.Ұлттық валюта рыногы мен бағалы металлдар рыногының тәртібін қадағалау;

         9.Елдің валюталық қатынастарын басқарушы және реттеуші органдары.

         Ұлттық валюта жүйесінің негізін осы мемлекеттің заңымен бекітілген ақша бірлігі құрайды. Қазақстанның ұлттық валютасы Елбасының 1993 жылғы 12 қарашасындағы “Қазақстан ұлттық валютасын енгізу туралы” жарлығы негізінде 1993 жылдың 15 қарашасынан бастап айналымға енгізілді. Сөйтіп, Қазақстанның ұлттық ақшасы мен валюталық жүйесі бұрынғы КСРО республикаларының ақшасы мен валюталық жүйесінен дараланды.

         Қазақстан Республикасы ақша бірлігі болып тенге бекітілді. Ол 100 тиыннан тұрады. Қазақстанның айналымдағы ақша белгілері банкноттар мен монеталардан құралады.

         Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің айналымға шығарған банкноттары мен монеталары Республиканың бүкіл аумағында барлық төлемдер үшін, есепшотқа салу үшін, сақтау үшін, аудару үшін, аккредитивтерге айналдыру үшін ешбір шектеусіз қабылданады.

         Ақша қаражаттарын шығару, олардың айалымын ұйымдастыру және айналымына шек қою тек қана Ұлттық банктің шешімімен жүзеге асады. Банкноттар мен монеталардың қажетті санын анықтаушы, олдарды өндіруді қамтамасыз етуші және сақтаушы да Ұлттық банк болып табылады.

         Теңгенің баға масштабы ҚР да орнықтырылмаған және дүниежүзілік тәжірибеге сәйкес теңгенің алтын құрамы белгіленбеген. 1976 жылы Халықаралық валюта қорының Кингстондағы кезекті кеңесінде валюта жүйесінің жаңа негіздері қалағаны белгілі. Аталған кеңестің шешімдеріне сәйкес алтынның құн өлшемі ретіндегі және валюта бағамдарын анықтаушы қызметі жойылды, сөйтіп бұдан бұлай алтын бағасы еркін анықталатын кәдуілгі тауарға айналды.

         Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бұқаралық ақпарат құралдарында теңгенің алтын – валюта резервтерінен қамтамасыз етілуі туралы оқтын-оқтын жариялап тұрады. Бұл хабарламалардың сыртқы экономикалық қатынастардағы маңызы жоғары, ал ішкі айналымдағы ақша бірлігі көрсетілген құнына сәйкес қабылдау барлық тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

         Қазақстан Республикасындағы бірлен – бір төлем құралы қазақстандық теңге. Қазақстан аумағындағы жеке және заңды тұлғалардың ішкі есептесулер үшін теңгеден басқа төлем құралдарын пайдалануға құқықтары жоқ. Ондай құқы Ұлттық банктың арнаулы лицензиясы бар тұлғаларға бріледі.

         ҚР-дағы ақша айналымы тауарлар айналымы процесін, қызмет көрсетулерді және әртүрлі төлемдер үшін пайдаланылатын қолма-қол және қолма-қол емес ақша қозғалысынан тұрады.

         Жалған банкноттар мен монеталар жасаған адамдар заңмен қоданылады.

         Негізгі валюталық саясаттың бірі – теңге құныныңтұрақтылығын рнықтыру және оны еркін ауысатын валюталарға айырбастауды мейлінше ырықтандыру. Мұның өзі бір жағынан, теңдестірілген, екінші жағынан, шетелдік тауарлар мен валюталар үшін ашық ұлттық рыноктың бодуын талап етеді. Теңгенің еркін ауысатын валюталармен салыстырғандағы бағамның орнықтылығы Қазақстан экономикасы үшін дүниежүзілік рынокқа шығудың тиімді жолы.

         Қазақстанның қазірдің өзінде теңгенің ел ішінде еркін ауысуына іс жүзінде қол жеткізіліп отыр. Ішкі еркін ауысуы дегеніміз – теңгенің ішкі валюта рыногында шетелдік валютаға өзгермелі курс бойынша еркін айырбасталу мүмкіндігі. Ал, теңгенің толық ауысуы мүикіндігіне жетуі үшін елдің саяси экономикалық және қаржы-қаражат тұрақтылығы, алтын-валюта резервтерінің қорлануы, шетелдермен валюталық ынтымақтастық механизімінің қалыптасуы қажет.

         1996 жылғы 24 желтоқсанда қабылданған Қазақстан Республикасы “Валюталық реттеу туралы” Заңының 3 бабында былай делінген:

         1) халықаралық міндетемелерді орындау мақсатында және төтенше жағдайлар туындаған реттерде ҚР-сы Президенті кез келген валюталық операцияларды шектеу немесе тоқтата тұру жөнінде шешім қабылдауға құқылы;

         2) ҚР-сы Ұлттық банкі резиденттердің экспортық операцияларды валютамен төлеуіне шектеулер қоюға экспорттан түске валюталық түсімдерді сатуға міндеттеуге құқылы.

         Болашақта Қазақстан МВФ-тың мүшесі ретінде МВФ жарғысының  VІІІ бабына сәйкес төлем балансының ағымдағы операциялары үшін валюталық шектеулерді алып тастау мақсатын көздеуде.

         Теңгенің бағамы қандай бір болмасын батыс елдерінің валютасына немесе валюталық қоржынына ресми түде байланған жоқ. Қазақстанда валюта бағамының қалықтауы  тәртібі енгізілген. Мұның өзі елдегі валюта биржалар анықтайтын сұраныс пен ұсыныс арақатысына тәуелді. Теңгенің бағамы ең алдымен қаржылық инструменттердің Алматы биржасы (AFINEX) мен банкаралық валюта операцияларын өткізу Орталығындағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты қалықтайды. Бұл мекемелерде шетелдік валюта бірлігін теңге санына теңгеріліп отырады. АҚШ долларының теңгелік бағамын AFINEX-тегі саудуласу нәтижелеріне сәйкес Ұлттық банк анықтайды. Өзге валюталар кросс-курс негізінде, долларға қатысты бағамы арқылы белгіленіп отырады.

         Халықаралық кредит қаражаттары айналымына келсек, бұл мәселедеҚазақстан үйлестірілген халықаралық нормаларды, соның ішінде Женевия конвенциясын басшылыққа алды.

         ҚР-дағы банктер мен есептеу орталықтарындағы құжаттар айалымы Ұлттық банктің “Бұрыңғы одақтастар республикалар банктері арасындағы есептесулерді ұйымдастыру туралы” ережелеріне сәйкес анықталады.

         Қазақстан Республикасының төлем жүйесінің дамуы және жетілдіруі Ұлттық банк анықтаған стратегияға сәйкес және Халықаралық валюта қоры мен Дүниежүзілік Банкпен бірлесе жүргізіледі. Қабылдаған стратегияға сәйкес төлем жүйесі жарақтандыру екі кезеңнен тұрады. І кезеңде аралық төлем жүйесі құрылып, Республикалағы төлемдер мен есептеулер жағдайы біршама жақсарды. ІІ кезеңде ұзақ мерзімді төлем жүйесі құрылып, іс жүзінде өзінің қызметін атқара бастады.

         Қазақстанның валюталық жүйесінің тағы бір элементі халықаралық валюта өтімділігі дегеніміз – елдің халықаралық міндеттемелерін кредиторға ұнамды төлем қаражаттары арқылы дер кезінде төлем мүмкіндігі. Халықарлық валюта өтімділігі, қысқашы айтқанда елдің төлем қабілетінің көрсеткіші.

         Халықарлық валюта өтімділігі төрт компоненттен тұрады: елдің ресми алтын-валюта резервтері, СДР мн ЭКЮ-дегі есепшоттары, МВФ-тегі резервтік позициясы, ресми алтын, валюта резервтерінің тауар импортының жылдық сомасына қатысты.

         1993 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасы Президентінің “Мемлекеттің валюталық резервтерін қалыптастырудың кезек күттірмейтін шаралары және валюталық шығындарды тәртіптеу туралы” Жарлығы шықты. Осы жарлыққа сәйкес “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің алтын, валюта резервтерін қалыптастыру және пайдаланудың тәртібі туралы” ережелер кешені жасалды. Онда Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің алтын, валюта резервтері елдегі ақша-несие саясатын жүргізетін, Қазақстан теңгесінің ауысу қабілетін тұрақтандыратын және өтімді валюта рыногының қызметін орнықтыратын, сондай-ақ ішкі және сыртқытеңге құнын қамтамасыз ететін ең басты құралдарының бірі екендігі көрсетілген.

         Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің алтын – валюта резервтері мыналардан құралады:

         а) монета түріндегі алтын, күміс, платина және платина тобына жататын басқа металдар;

         б) еркін ауысатын шетелдік валюталар;

         в) еркін ауысатын валюта түріндегі дебиторлардың Ұлттық банк алдындағы міндеттемелер. 

         Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері мынадай жолмен жинақталады:

          а) монета түріндегі алтынды, күмісті платиналық топқа жататын металдарды сатып алу;

          б) Қазақстан Республикасы резиденттері мен резиденттері еместерден шетелдік валютаны теңгеге сатып алу;

          в) Ұлттық банк берген несиелерден, дипозиттік, дилінгтік операциялардан проценттер алу;

          г) Ұлттық банк жүзеге асырған сатулар, депонирлеу және басқа да монета түріндегі алтын, күміс операциялары және т.б.

          д) халықарлық қаржы ұйымдарынан, банктерден алынған проценттер;

          г) Ұлттық банктің консультациялық, ақпаратты-баспагерлік т.с.с. қызметтері үшін алынған төлемдер;            

         Ұлттық банк алтын, валюта резервтерді мынадай мақсаттарға жұмсайды:

  • жалпы ақша-кредит саясаты шеңберінде айыбас курсы

саясатын жүргізу үшін, ішкі валюталық рыноктағы шетел валютасына сұраныс пен ұсыныс арақатысы мен теңдігін қамтамасыз ету мақсатында шетел валютасын сау.

  • Қазақстан Республикасы үкіметінің және Ұлттық банктің

өзінің теңгелік қажеттіктерін атқару мақсатында шетелдік валютаны теңгеге айырбастау;

  • белгілі бір мемлекеттің валютасын сатып алуды басқа бір

мемлекеттің валютасын сату арқылы жүзеге асыру; 

         — мемлекеттік қарыздың, пайыздардың, коммисиондық төлемдердің негізгі сомаларының қайтарылуын қамтамасыз ету.    

         Қазақстан Республикасы банк жүйесін бұдан былайғы реформалау Ұлттық банктің бағдарламасына сәйкес валюталық рыноктың банкіаралық рыногын тереңдету, форвардттық валюта келісімдерін кеңейту мен валюта рыногын хеджирлеу аспаптарын дамыту бағытында өрістемек. Мұның өзі шетелдік инвесторлардың мүддесін қорғау және лоар үшін қолайлы ахуал орнықтыру ісінде маңызды қадам болары даусыз.

         Ұлттық Банктің интервенциялары валюта бағамының қысқа мерзімді шайқалуларын тоқтатумен шектеліп, ақша базасының негізгі параметрлерін сақтау қажеттіктері шеңберінен шықпайтын болады. Сонымен қатар, айырбас бағамына қатысты саясат бәсекелікті арттыру бағытында, экспортты мейлінше дамыту және елдің импортты  алмастыратын салаларын ынталандыру мақсатында өрбиді.

         Қымбат бағалы металдар рыногы Қазазқстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы шілдедегі заң күші бар “Қымбат бағалы металдар мен асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы” Жарлығына сәйкес әрекет етуде. Бұл Жарлық бағалы металдар саласындағы  мемлекеттік монополиядан мемлекеттік реттеудегі өтуді заңдастырды.

         Аталған жарлық қымбат бағалы металдар мен асыл тастарға байланысты мынадай әрекет түрлерін реттейді:

  • қымбат бағалы металдар мен асыл тастардың

барлануын, өңделуін, құрамында қымбат бағалы металдар бар қалдықтарды дайындап қайта өңдеуі;

2) қымбат бағалы металдарды аффинаждауға байланысты

сақтау мен меншік құқығының өзгеруін сатып алу-сату және банктік операциялар; 

  • зергерлік бұйымдар жасауды.

Бұл әрекеттердің барлығы лицензиялауға жатады. Қазақстан аумағындағы қазып алынған шикізатты аффинаждаудан түске қымбат бағалы металдар алғашқы саудада өткізіледі, ал шетелдік инвесторлардың үлесі ҚР-ның үкіметі белгіленіп тәртіп бойынша сыртқа шығарылады.

         Сонымен, бұл Жарлықты қабылдаудағы мақсат – аффинажлалға қымбат бағалы металдар рыногын түпкілікті ырықтандыруға қол жеткізіледі.

          ұлттық банк өзінің негізін сатып алушы ролін сақтап қалды, тек қана бұрын Қаржы мнистрлігі төлеген 20 проценттік қосылған құнға салық ұлттық банктің шығындарына жатқызылды. Мұның өзі, әрине, ұлттық банктің ішкі рыноктағы әрекеттеріне бірқатар кедергі жасайтыны рас еді.

          ұлттық банктің лицензиялары Халықтық банкке, Тураналем банкіне, Казкоммерцбанкіне, Центркредит банкіне берілген. Лицезия алуға дәмесі бар бір қатар коммерциялық банктердің өтініші қарастырылуы үстінде.

 

 

  • Қазақстан республикасындағы валюталық

операцияларды жүргізу ережелері мен реттеу огандары.

 

Қазақстан Республикасы валюталық операцияларды

жүргізу  тәртібін 2001 жылғы сәуірдегі ҚР Ұлттық Банкі бекіткен “Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесі” реттейді.

         Қазақстан Республикасы аумағындағы резиднттер және резиденттер еместер жүргізетін  валюта операциялары Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Резиденттер мен резидент еместер уәкілетті банктердегі банктік есепшоттарды Ұлттық Банктің нормативті-құқықтық актілерінде көзделген тәртіппен ашады, жүргізеді және жабады. Резидент және резиднт емес валюта операцияларын жүзеге асырған кезде, уәкілетті банкке Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес ұсынылатын талап етілген құжаттарды беруге міндетті. Осы ережеде және Ұлттық Банктің басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, резидент және резидент емес мұндай құжаттарды бермесе, уәкілетті банк олардың төлемдерін немесе ақша аударымын жүзеге асыруға құқылы емес.

         Резидент Ұлттық Банктің лицензиясын және тіркеу куәлігінің болуы талап етілетін валюта операциялар бойынша төлем жасаған немесе ақша аударған кезде, резидент уәкілетті банкке осындай лицензияның және тіркеу куәлігінің тұпнұсқалары мен нотариат куаландырған кошімелерін ұсынуға міндетті. Берілген құжаттар тексерілгеннен кейін, олардың көшірмелері уәкілетті банкте қалады, ал тұпнұсқалары резидентке қайтарылады.

         Осы аталған валюта опереацияларын жүргізу нәтижесінде алынған ақша резиденттің пайдасына түскен жағдайда Ұлттық Банктің лицензиясын немесе тіркеу куәлігін ұсынбаса да, уәкілетті банк түскен ақшаны резиденттік банктік есепшотына аударуға құқылы, сондай-ақ резидентке мұндай құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы алдын ала жазбаша хабарлауға тиіс. Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес міндетті түрде жүзеге асырылатын төлемдерді қоспағанда, уәкілетті банкке талап етілген құжаттарды бергенге дейін резиднттің төлемдерді немесе ақша аударуды жүзеге асыру үшін, мұндай ақшаны жұмсауға құқығы жоқ. Резидент Ұлттық  Банктің лицензиясын немесе тіркеу куәлігін  бермеген жағдайда оның банктік есепшотына ақша аудаылғаннан күннен бастап, 30 күннен кейін уәкілетті банк мұдай фактілер туралы Ұлттық Банкке хабарлауға міндетті. Ұлттық Банк лицензиясы болуы талап етілетін капитал қозғалысымен байланысты операциялар бойынша, төлемдер мен ақша аударымдары тиісті түрде валюталық  бақылау жасау міндетті жүктелетін бір уәкілетті банк арқылы өткізілуге тиіс. Уәкілетті банк өзгерген жағдайда, резидент мәлімені орындауға және валюталық бақылауға қабылдаған бұрыңғы банкке бұл жөнінде хабарлауға міндетті. Мәлімені орындауға және валюталық бақылауға қабылдаған бұрыңғы уәкілетті банкке бергені тралы лицензияның, түпнұсқасына тиісті жазбалар жасауға, сонымен бірге оның толық атауын көрсетуге міндетті.

         Резиденттер арасындағы операциялар бойынша барлық төлемдермен ақша аударымдары валюта операцияларын жүргізу Ережесінде, Ұлттық Банктің басқа да нормативтік-құқықтық актілерінде, салық және кеден заңнамасына көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен жүргізілуі тиіс. Уәкілетті банктер резиднттерінің және резидент еместердің валюталық операцияларды жүргізу жөнінде банктік қызметке ақылы тараптардың келісуі арқылы ұлттық валютасымен алады. Резиденттер арасында жасалған шарттар бйынша, оның ішінде банктік қызмет көрсету көзделген шарттар бойынша тұрақсыздық ойынпұлдары ұлттық валютамен төленеді.

         Уәкілетті банктер валюталық құндылықтарды резиденттерге немесе резидент еместерге шетел валютасымен және ұлттық валютамен кредиттер беру үшін кепілдік ретінде қабылдай алады. Ұлттық банк Қазақстан Республикасы Үкіметінің ұсынысы бойынша шетелдік инвестор мен мемлекет уәкілеттігі бергн заңды тұлға немесе мемлекеттік органқұрған резиденттерге-заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасы Үкіметінің инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін 100 миллион АҚШ долларынан кем болмайтын сомаға рұқсат беруге, Қазақстан Республикасының резиденттерімен операциялардың жекелеген түрлерін шетел валютасымен жүргізуге құқылы. 

Валюталық қызметін жүзеге асыратын негізгі орган  —

Қазақстан Республикасының ұлттық банкі. Оның өзіндік, дара құқықтық дәрежесі бар және валюталық мәселелерді шешетін, сондай-ақ номативтік актілерді талдап жасайтын орган болуымен қатар, өзінің валюталық операцияларын жүзеге асыратын жанама реттеу органы нкендігімен анықталады.

         Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі біртұтас мемлекеттік қаржы саясатын үйлестіретін және бақылайтын басты атқарушы орган.

          Министрлік өзінің қызметін атқаруда ҚР-сы Конституция 

 Мен заңдарын, Президент Жарлықтарын басшылыққа алады.

           Министрлік мемлекеттік қаржыны басқаруды жүзеге асырады, мемлекеттің бюджет, салық саясаты экономикалық тұжырымдамасын жасауға қатысады, бюджет шығындары мен сыртқы қарыздар көлемінің басым бағыттарын анықтайды, мемлекеттің ішкі және сыртқықарыздарын басқарады, республикалық және жергілікті қазынаның қаражаттарын мақсатты және тиімді тиімді түрде пайдалануды бақылайды, мемлекеттік кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық әрекеттерін қадағалайды, сондай-ақ зайда көрсетілген шеңберде салааралық қатынастарды үйлкстіреді.

          Біртұтас мемлекеттік қаржы саясатының валюталық реттеу жөніндегі шараларынжүзеге асырудағы негізгі міндеттерге мыналар жатады:

  • мемлекеттік қаржыны басқару;
  • мемлекеттің қаржылық және бюджет тік саясатын

қалыптастыру;

  • шетелдік капиталды басым бағыттар арналарымен

пайдалану мәселесінде мемлекеттің саясатты жүргізу;

  • мемекеттің сырттан алған займдары мен гранттарын тиімді пайдалануды бақылау жәнет.б.

Жүктелген міндеттерге сәйкес Қаржы министрлігі мынадай негізгі қызметтерді атқарады:

  • басқа мемлекеттік органдармен бірлескен іс-қимылдар

нәтижесінде ақша айналымын нығайтып, ұлттық валютаны тұрақтандыру бағытында қажетті шаралар жасауға атсалысады;

  • мемлекеттің қаржы ресурстарын басқаруға қатысады;
  • Экономиканы қаржылық сауықтыру, мемлекеттің ішкі

және сыртқы қарыздары жөніндегі шараларды жасап, қолднау бағытында ‡кіметке ұсыныстар енгізеді;

  • қаржы мәселелері хақында халықаралық қаржы

ұйымдарымен келісім-шарттар дайындауды көздейді және ықпалдастық пен қауымдастықты дамыту істеріне қатысады;

  • қаржы рыноктарының инфрақұрылымын

қалыптастыру және олардыңолардың қызметтерін

реттеу жөніндегі ұсыныстар енгізеді;

  • қаржылық заңдарды қолдану тәжірбиесін

қорытындылайды және жетілдіру жолдарын қарастырады;

  • мемлекеттік қарыз міндеттемелерін орналастыру және

оларды өтеуді жүзегеасырады, сондай-ақ жергілікті займдардышығару ережелерін бекітеді;

  • мемлекеттің ішкі қарыздарын есептейді және

мемлекеттік құнды қағаздарды тіркейді

  • қымбат бағалы металдармен операциялар жүргізіледі, сондай-ақ қымбат бағалы металдар мен бағалы тастар қорының есебін таңдайды.

Қазақстан Республикасының банктік жүйесі екі деңгейден

тұрад. Қазақстан Республикасы ұлттық Банкі мемлекеттік банк жүйесінің жоғары деңгей болып табылады. ұлттық Банк Қазақстанның алықаралық банктердегі, басқа елдер банктеріндегі, сондай-ақ халықаралық қаржы-кредит ұйымдарындағы мүдделерін қорғайды.

          ҚР-сы ұлттық банкі өз әрекетінде ҚР-сы Конститциясын, Президенттің заң күші бар “ҚР-дағы банктер және банк қызметі туралы” 1995 жылдың 31 тамызындағы және Президенттің заң күші бар “Қазақстан Республикасы ұлттық банкітуралы” 1995 жылдың 30 наурызындағы және 1997 жылдың 11 маусымында қабылданған Қазақстан Республикасының “ҚР-ның банктік қызметтері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен қосымшалар кіргізу туралы” Заңын басшылыққа алады.

          ұлттық банк өз міндеттеріне сәйкесбарлық банктердің орындауы міндетті номативтік құқықтық актілер шығарады. ұлттық банктің негізгі міндетіне ҚР-сы ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету ісі жатады.

          Валюталық реттеу саласында ұлттық банк шетелдік валюталар мен құнды қағаздардың ҚР-дағы айналым өрісі мен тәртібін белгілейді, сондай-ақ резиденттер және резидент еместердің валюталық операцияларын жүргізудің ережелерін бекітеді.

        ұлттық банк валюталық құндылықтарды алып кету тәртібі мен нормаларын орнықтырады, сондай-ақ қолма-қол ұлттық валютадағы төлем құралдарының қозғалысын қадағалайды.

          ұлттық банк банктік операциялардың жекелеген жүргізуші басқа банктер мен ұйымдарға лицензия беру тәртібін бекітіп, оны беруді ұйымдастырады.

         ұлттық банк халықаралық есеп айырысуларды ұйымдастырады, шетелдермен валюта-қаржылық және кредит-есептесу қатынастарын жетілдіреді, шетелден кредиттер келтіру мәселесінің шешімін ұсынады т.с.с

 

         ұлттық банктің маңызды қызметтерінің бірі — ұлттық валюта бағамын шетелдік валютаға қатысты реттеу қызметі.

         ұлттық банк валюталық құндылықтармен мынадай операцияларды жүзеге асырады:

  • шетелдік валюталарды сатады және сатып алады;
  • шетелдік мемлекеттердің үкіметтері немесе халықаралық

қаржы ұйымдарының шығарған  және кепілдік берген қазынашылық вексельдерімен, басқа да құнды қағаздармен операциялар жүргізеді;

  • қажетті құқықтары бар шетелдік орталық бантер мен

халықаралық қаржы ұйымдарына есепшоттар ашады;

  • аффинаждалған алтынды және басқа қымбат бағалы

металдарды қабылдайды және сақтайды;

  • ҚР-сы аумағында, сондай-ақ сыртқы рынокты

аффинаждалған алтынды және басқа да қымбат бағалы металдарды сату, сатып алу операцияларын жүргізеді.

          ұлттық банктің алтын-валюта резервтері қазақстандық теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз етуі тиіс. 2003 жылдың қараша айында Қазақстанның ұлттық валюта енгізгеніне он жыл толды. Бұл жылдар егеменді Қазақстанның ұлттық банкінің орталық банк ретінде қалыптасу және даму жолдары болды. ұлттық банк ‡кіметтен және Парламенттен тәуелсіз негізгі реттеуші және бақылаушы органның міндетін күшейте түседі

         ұлттық банк Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді. Қазақстан ұлттық банкінің жоғары басқару органы – басқарма, оның құрамына төраға мен оның орынбасарларынан басқа Қазақстан Республикасы Президентінің және ‡кіметінің өкілдері кіреді.

         Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейден тұрады. ұлттық банк банк жүйесінің жоғары деңгейі болып табылады. Банк жүйесінің екінші деңгейіне негізінен коммерциялық банктер жатады.

          1993-1994 жылдары инфляцияның жоғары деңгейде болған кезінде ұлттық банк еркін айырбас бағамы режимін ұстанып және реттеу құралдарын жетілдіре отырып, қатаң ақша-кредит саясатын жүргізеді. Осындай ақша-ақша-кредит және валюта саясаты ұлттық банктіңинфляция қарқынын және теңгенің құнсыздану қарқыны төмендетіп, оң нәтижелерге жетуіне мүмкіндік береді.

          Халықарлық кредиттерді мемлекеттік реттеу мынадай мақсаттарды көздейді:

  • төлем балансы, валюта бағамы, қарыз капиталы

рыноктарына әсер ету үшін қарыз капиталының халықаралық қозғалысын реттейді;

  • кризистік құбылыстардан шығу үшін біріккен

мемлекетаралық шаралар қолданады;

  • қарыз алушыларға қатысты келісілген кредиттік

саясат жүргізеді.

            Егер,сыртқы займдаға байланысты Қазақстан Республикасында ратификацияланған халықаралық клісім-шарттарда басқа ережелер қолданылған болса, онда сол халықаралықкелісім-шарттардың қағидалары пайдаланылады.

           Сырқы займдардың мынадай түрлері:

  • ҚР-сы үкіметінің және ҚР-сы ұлттық банкінің сыртқы займдарынан құралған мемлекеттік сыртқы займдар;
  • ҚР-сы мемлекеттік кепілдігі берілген мемлекеттк емес сыртқы займдар;
  • ҚР-сы мемлекеттік кепілдігінсіз алынған мемлекеттік емес сыртқы займдар;

Сыртқы займдардың негізгі нысандарына мыналнр жатады

— сыртқы займ туралы келісім-шарт;

— міндеттейтін бағалы қағаз;

  Сыртқы қағаздарды басқару және шетелдік кредиттерді

пайдалану жөніндегі мәселелер бойынша мемлекеттік органдар төмендегідей өкілеттерді пайдаланады.

  • Қазақстан Республикасыны Парламенті ҚР-сы

Конституциясына сәйкес өзіне жүктелген өкілеттікті пайдалана отырып, республикалық бюджетті бекітеді және мемлекеттік займдар жөніндегі халықаралық келісім-шарттарды ратификациялайды.

  • Қазақстан Республикасының ‡кіметі.

а) жыл сайын, ағымдағы жылдың 1-ші тамызына дейін

алдағы 10 жылдық кезеңге шеттен алып пайдаланыналын займдардың бағдарламасын жасап, қабылдайды және мемлекеттің бюджеттік саясатына сәйкестендіре әрекеттер жүйесін жасап, оны қолданады;

б) шеттен алып пайдаланатын займдардың қажеттігі

жөніндегі шешім қабылдайды, ол туралы қол қойылатын құжаттарды әзірлейді, мысалы, займдық қаражаттарды кетіру, есепке алу, пайдалану, сондай-ақ сыртқы займдарды дер кезінде қайтару мәселелері жөніндегі шешімдерді жүзеге асырады

в) кезекті қаржылық жылға арналған республикалық

бюджет құрамындағы мемлекеттік сыртқы займдардың сомасын анықтайды, шеттен алып пайдаланылатын қаражаттар сомасының шектерінде кепілдіктер берді;

г) мемлекеттің шеттен алып пайдаланатын займдары 

төңірегінде ҚР-сы атқарушы органдарының қызметін үйлестіреді және ‡кіметтің сыртқы қарыздары;

         д) мемлекттік кепілдігі бар мемлекеттік емес шттен алыппайдаланатын займдарға кепілдік береді.

  1. Қазақстан Республикасы ұлттық банкі:
  • ҚР-сы Үкіметінің мақылдауымен Үкіметтің сыртқы займдарын атқарады;
  • Мемлекеттік емес сыртқы займдарды тіркеуді жүзеге асырады және солар жөніндегі келісімдің
  • зайымдық қаражаттар келтіру қажеттілігі жөнінде шешімдер қабылдайды, шетелдік кредиторлармен келіссөздер жүргізеді, займдар жөніндегі тиісті құжаттарға қао қояды, займдарды қабылдайды, есебін жүргізеді,пайдаланады, сондай-ақ займдық қаражаттарды атқару және қайтару мәселелерімен шұғылданады, т.с.с.
  1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі
  • мемлекеттік инвестициялар бағдарламасына сәйкес

алдағы 10 жылдық кезеңге шеттен алып пайдаланатын займдардың бағдарламасын жасайды;

  • мемлекеттің сыртқы қарызын атқару жұмыстарын жүзеге асырады;
  • ҚР-сы Үкіметінің мақылдауымен мемлекеттік емес рсыртқы займдарға кепілдіктер береді де оларды тіркейді;
  • ҚР-сы Ұлттық банкінің мақұлдауымен мемлекеттік кепілдіктерді бар мемлекеттік және мемлекеттік емес займдарды пайдалану мақсатында екінші деңгейлік банктерге өкілеттер береді.

ҚР-сы мемлекеттік сыртқы займдары бойынша займ беруші

шетелдік кредиторлар болады да, займ алушыға ҚР-сының Үкіметі мен Ұлттық банк жатады.

         ҚР-сының Үкіметі ұлттық банктің сыртқы займдарын кепілдік беруге құқылы. Мұндай кепілдіктердің шарттары тараптардың өзара келісімдері негізінде анықталады.

         Қазақстан республикасының мемлекеттік кепілдіктері тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет құрамында бекітілген  лимит шегінде беріледі.

         ҚР-сының мемлекеттіккепілдіктері Үкіметтің жыл сайын бекітетін экономиканы басым секторлары тізбесіне сәйкес қарастырылып, беріледі. Кепілдік беру туралы келісім-шарт тараптар қол қойған күннен бастап өз күшіне кіреді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктердің барлығы да тіркеуден өтуі қажет.

         ҚР-сының мемлекеттік кепілдігі кредиттері төлейтін күн келгеннен бері шетел кредиторының талабына сәйкес ең азы 30 күн уақыт ішінде орындала бастауы тиіс.

         Шетел кредиторлардың мүдделерін қорғау жөнінде мынадай шаралар белгіленген:

  • шетелдік кредиторлардың алдындағы міндеттемелер,

соның ішінде ҚР-сының мемлекеттік кепілдігі бар міндеттемелердің төлем мерзімін бір жақтың шешімімен кейінге қалдыруға болмайды;

  • сыртқы займдарды келтіруді қиындататын

мемлекеттік органдар мен жауапты қызметкерлердің қабылдаған актілердіңзаңдық күші болмайды;

  • Егер ҚР-сында шетелдік кредиторлардың мүдделеріне

нұсқан келтіретін болса, олар шеккен  зиянның орны толығымен толтырылады;

  • мемлекеттік органдардың заңсыз іс-қимылдары

себебінен шетелдік кредиторлар шығын тартса, сол кредиторлардың өздері таңдаған валютамен зиян келтірген мемлекеттік органның бюджеттегі қаражаты есебінен шығынның орны толтырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 1997 жылғы

31 наурыздағы “ҚР-сы мүше болып кірген халықаралық қаржы ұйымдарындағы операцияларды есептеу туралы” нұсқауына сәйкес ҚР-сының Ұлттық банкі Қазақстанның қаржылық агенті және халықаралық қаржы ұйымдарындағы дипозитариі болып есептеледі.

         Халықаралық валюта қорында (МВФ) ҚР-ның Ұлттық банкі өзінің есепшоттарын ашқан болатын. МВФ-пен жүргізілетін операцияларды сенімді қамтамасыз ету мақсатында үш негізгі есепшоттар ашылған. Оларға МВФ-пен операциялар үшін пайдаланылатын есепшот, әкімшілік операцияларыүшін пайдаланылатын есепшот және бағалы қағаздар есепшотыжатады. Аталған үш есепшоттың барлығы да МВФ-тың жалпы ресурстарының есепшоттары деп аталады.

         Қазақстан МВФ-тың капиталына жазылуы  МВФ-ке ҚР-сы Қаржы министрлігінің қолдан-қолға өтпейтін процентсіз векселін көрсету арқылы жүзеге асырылады.

         Халықаралық Қайта құру  және даму (МБРР) банкнің капиталына Қазақстанның жазылуы екі бөліктен  — негізгі және қосымша  бөліктерден тұрады. Негізгі бөлік жалпы соманың 0,875 %көлемінде шетелдік валютаме төленеді. Жалпы соманың 7,875 % ұлттық валютамен немесе Қаржы министрлігінің жай векселін шығау жолымен төленеді. Жалпы соманың 91,25% МБРР-дің талабына сәйкес төтенше жағдайларда төленеді. Қосымша бөліктің 10% шетелдік валютамен, 90 % ұлттық валютамен немесе Қаржы министрлігі шығарған жай, қарапайым векселмен төленеді.

         Халықаралық даму ассоцациясынының капиталына жазылу екіге бөлінеді. Бірінші “төленген” бөлігі жазылу басының 10%-ін құрайды және ол АҚШ долларымен төленеді. Екінші “төленбеген” бөлігі жазылу бағасының 90%-ін құрайды да ұлттық валютамен төленеді немесе оның орнына Қаржы министрлігінің жай векселімен атқарылады.

 

3.3. Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылаудың  

       негізгі принциптері және оларды жүзеге асыру.

 

         Валюталық бақылау дегеніміз шетелдік валютаның қолда бар көлемін және оның басқа валюталарға айырбастау бағамын реттеу. Егер валюталық құқық пәніне сәйкестендіре анықтайтын болсақ, онда валюталық бақылау – бұл Қазақстан Республикасының валюталық реттеу жөніндегі заңдарын мұқият орындау мақсатындағы ұйымдық-құқықтық шаралар 1996 жылдың 24 желтоқсанында қабылданған “Валюталық реттеу туралы” Қазақстан Республикасының заңының 6-шы бабында “Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары мен агенттері жүзеге асырады. КР-сының заңдарына сәйкес валюталық реттеу қызметін жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік орган дар Қазақстан Республикасындағы валюталық орган дар болып табылады. Алған лицензияларға сәйкес өздері операциялар жүргізген кезде валюта заңдарына бақылау міндеті жүктелген өкілеттік берілген банк тер мен өкілеттік берілген, бірақ банк тік емес қаржы мекемелері валюталық бақылау агенттері болып табылады. Валюталық бақылау органдары өз қызметтерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін тартуға және оларды міндетті түрде орындауы үшін жекелкген тапсырмалар беруге құқылы” делінген.

         2001 жылғы 20 қыркүйекте қабылданған “Қазақстан Республикасында експорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы” нұсқауының ҚР-да тауарды экспорттаудан шетел валютасымен және теңгемен түсімнің толық және уақытылы түсуін, сондай-ақ шетел валютасымен және теңгемен валюта қаражатын тауарды импорттау мақсатына пайдаланудың заңдылығы мен негізділігіне експорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыу тәртібін белгілейді.

         Экспорт-импорт валюта бақылауының мақсаты  мен бағыттарына мыналар жатады:

  1. Валюта бақылауының мақсаты экспорттық түсімнің толық

және уақытылы түсуін, сондай-ақ шетел валютасымен және теңгемен қаражатты импорт  мақсатына пайдаланудың заңдылығын және негізділігін қамтамасыз ету болып табылады.

  1. Валюта бақылауының негізгі бағыттары:

а) жүргізілетін экспорт-импорт валюта операцияларының

заңға сәйкес келуін немесе қажет болған жағдайда ҚР-сы Ұлттық банкінің тиісті лицензияларын немесе тіркеу куәліктерінің болуын анықтау;

б) төлемдердің негізділігін тексеру;

в) экспорт-импорт валюта операциялары жөніндегі есептің толық және дұрыс болуын тексеру.

  1. Егер ҚР-сы Ұлттық банкінің лицензиясында өзге мерзім

белгіленбеген болса, экспортер экспорт түсімін тауар экспортталған күннен бастап 120 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде ҚР-ның уәкілетті банктеріндегі өзінің есепшоттарына аударуға, ал экспорт түсімін Алу мүмкін болмаған жағдайда бұрын экспортталған тауарды қайтаруға міндетті.

ҚР-сы Ұлттық банкінің тиісті лицензиясы болса, экспорт түсімін экспортердің шетел банктері және басқа да қаржы институттары тіркелген мемлекеттердің заңдары бойынша тиісті құқығы бар мекемелердің есепшотына аударуға болады.

  1. Импортер ҚР-на құны тауарға төленген ақша сомасына

тең келетін тауарды әкелуге барлық шараларды қолдануға міндетті, ал ол тауар әкелңнбеген жағдайда ҚР-сы Ұлттық банкі берген лицензияда өзгеше көзделмеген болса, бұрын аударылған ақшаны келісім-шартта белгіленген мерзімде, бірақ аударылған күннен бастап 120 күнтізбелік күннен кешіктірмей уәкілетті банктегі өзінің есепшотына қайтаруы керек.

Тауар белгіленген мерзімде жеткізілмген жағдайда импортер ҚР-сының заңдарына сәйкес ҚР-сы Ұлттық банкінің лицензиясын Алу үшін шара қолдануға міндетті.

         Резидент импорт бойынша тауарға төленетін ақшаны

импорт күнінен бастап 120 күнтізбелік күннен асатын мерзімде аударған жағдайда импортер ҚР-ның заңдарына сәйкес ҚР-сы Ұлттық банкінің тіркеу куәлігін алуға міндетті.

  1. Резидент пен резидент емес арасында шетел валютасымен

және теңгемен жүргізілетін операциялар бойынша жасалған төлемдер мен ақша аударымы тек олардың банк тік есепшоттары арқылы жүзеге асырылады.

  1. Сыртқы экономикалық келісім шарттың әрқайсысы

бойынша резиденттің есепшотын жүргізіп отыратын бір

банк қол қоятын бір мәміле паспрты рәсімделеді, оған кейіннен экспорт түсімі түсіп отыруға, не импорт бойынша төлем жасалып отыруға тиіс.

  1. Резидент-субъектілердің экспорт-импорт операциялары

бойынша сыртқы экономикалық қызметін ҚР-сының заңдарына сәйкес салық және кеден органдары, ҚР-сының ұлттық банкі тексеріп отырады.

Валюталық бақылау органдары мен агенттері өздерінің уәкілеттігі және қызмет бабы шектерінде валюталық операцияларға бақылауды жүзеге асыруға міндетті.

         Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместері жүргізіп жатқан валюталық операцияларының қолданыстағы заңдарға, лицензия шарттарына және тіркеу куәліктеріне сәйкестігін тексеру валюталық бақылау агенттерінің бастр міндеттерінің бірі болып табылады.

         Валюталық бақылау органдары өз қызмет бабының шектерінде норматив тік актілер шығарады, анықталған заңды бұзу фактілерін жоюды талап етеді, сондай-ақ ҚР-сының резиденттері мен резидент емесреріне міндетті заңдардың орындалуын қадағалайды.

         Валюталық бақылау органдары өз қызметі бабында валюталық бақылау агенттерін жекелеген тапсырмаларды орындауға жұмылдырып отыруға құқылы. Соңғылары болса өз кезегінде мұндай тапсырмалардыорындауға міндетті.

         Валюталық бақылау агенттері құқық қорғау органдары мен Қазақстан Ұлттық банкіре өздеріне белгілі болған валюталық заңдарды бұзу фактілерін хабар лап отыруға міндетті.

         Валюталық бақылау органдары мен агенттері өз қызметтерін атқару барысында мәлім болған резиденттер мен резидент еместердің коммерциялық құпияларын сақтауға міндетті. Бақылауды жүзеге асырушы адамдар тапсырылған міндеттемелерді қажетті деңгейде атқара алмағаны үшін ҚР-сының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

         Қазақстан Республикасында валюталық операциялар жүргізуші резиденттер мен резидент еместердің :

  • валюталық бақылау органдары мен агенттерінің

тексерістері актілерімен танысуға;

  • ҚР-сының заңдары бекіткен тәртіпке сәйкес валюталық

бақылау органдары мен агенттерінің іс-қимылдарына  шағымдануға;

  • ҚР-сының заңдары мен нормативтік-құқықтық актілерінде

көрсетілген басқа да шараларды жүзеге асыруға құқықтары бар.

Резиднттер мен резидент еместердің міндеттері:

  • валюталық бақылау органдары мен агенттеріне өздері

жүзеге асырған валюталық операциялар жөніндегі талап етілген құжаттар мен ақпараттарды дер кезінде және толықтай беруге тиіс;

  • тексеру жүріп жатқанда, сондай-ақ олардың нәтижесі

бойынша орган дар мен агенттерге түсініктеме беруге міндетті;

  • тексеру акті сінде келтірілген фактілермен келіспеген

жағдайда оның себебін жазбаша түрде көрсетіп, тапсыруға міндетті;

  • валюталық бақылау органдары ашқан заңды бұзу

фактілерін заң талабына сәйкес жоюға міндетті.

         Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу мен бақылауды жүзеге

асыратын бір ден-бір орган ҚР-сының Ұлттық банкі. Ол өз функцияларын ҚР-сы Президентінің заң күші бар “Ұлттық Банк туралы” жарлығына, оның 56-бабына сәйкес атқарады. Ұлттық банк республика аумағында орналасқан банктердің және олардың филиалдарының қаржылық-шаруашылық қызметтерін тек середі, лицензия беруді, бақылауды жүзеге асырады.

         Банктердің қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ету мақсатында, олардың депозитшілерінің (салымшыларының) мүдделерін қорғау үшін, сондай-ақ ҚР-сының кредит жүйесінің тұрақтылығын қолдау шеңберінде Ұлттық банк төмендегідей реттеу қызметтерінің жүзеге асырады:

  • пруденциалдық нормативтерді және банк тер үшін міндетті

басқа да лимиттер нормаларын бекітеді;

  • банк тер үшін орындалуы міндетті инструкцияларды және

басқа да норматив тік актілерді дайындап, шығарады;

  • банктердің қызметін тексереді;
  • банктерді қаржылық жағынан сауықтыру мақсатында

нұсқаулар береді;

  • банктерге шектеулі шаралар қолданады;
  • банктерге секциялар жариялап, он қолданады.

Валюталық бақылаудың маңызды органдарының біріне ҚР-

Сы Қаржы министрлігінің  Қаржылық бақылау комитеті жатады. Бұл орган Қазақстан Үкіметінің 1997 жылғы 4-ші шілдесіндегі Қаулысымен құрылып, бекітілген.

         ҚР-сы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті —  мемлекеттік орган болып есептеледі және ол мемлекеттік меншіктің  мемлекеттің кепілдігімен келтірілген сыртқы қаржылық займдардың, мемлекеттң бюджеттен тыс қор қаржаттарының тиімді және мақсатқа сай пайдалануын бақылауды жүзеге асырады.

         Өз қызметін атқаруда Комитет Конституцияны, ҚР-сы заңдарын, Президент пен Үкімет актілерін, басқа да нормативті актілерді басшылыққа алады.

         ҚР-сындағы экспорт пен импортқа валюталық бақылауды ұйымдастыру ісі ҚР-сыҰлттық банкінің басқармасы 2001 жылғы 20 қыркүйектегі бекіткен “ қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы) Нұсқаулыққа сәйкес жүзеге асырылады.

         Валюталық бақылау органдары мен агенттігі ҚР-дағы валюталық бақылауды өз құзіретті шегінде ҚР-сның заңдарына сәйке жүзеге асырады.

  Қазақстан Републикасының Ұлттық банкі:

  • ҚР-сының Мемлекттіккіріс министрлігінен және

уәкілетті бактерден алынған мәліметтер негізінде экспорт-импорт валюталық бақылаудың нәтижелері туралы ақпараттарды жинақайды және талдайды.

  • уәкілетті банктерге есеп беру айынан кейінгі айдың 5-

нен кейін кешіктірмей тауарлардың ҚР-сының кеден шекарасы арқылы нақты орын ауыстыруы жөніндегі ақпаратты ұсынады.

  • валюталық түсімнің немесе тауардың ҚР-ның аумағына

уақытылы түсуін қамтамасыз етпеген экспортелер-импортерлер жөніндегі ҚР-ның кіріс министрлігіне келісілген тәртіппен ақпарат береді.

  • барлық банктер мен олардың филиалдарының толық

почта мекен-жайларын, сондай-ақ көрсетілген мәліметтерге кез келген өзгерістерді көрсете отырып, ҚР-ның кіріс министрлігіне банктер мен олардың филиалдарының тізімдерімен келісілген тәртіппен ай сайын жіберіп отырады.

  • Банктердің валюталық бақылау бойынша

бағдарламалық қамтамасыз етілуіне техникалық талаптарды белгілеуге құқылы.

       Мәліме паспортын ресімдеу барысында экспортер немесе импортер келісім-шарт жасалғаннан кейін, күні бұрын тараптардың кез келгені келісім-шарт бойынша өз міндеттемелерін орындауға кіріс-кенге дейін кеден ортанында және банкте мәліме паспортын рәсімдеуге міндетті. Экспортер –импортер кеден органына мәліме паспортының үш данасын береді. Сонымен бірге, экспортер-импортер экспорт жөніндегі мәліме паспортыменқоса кеден органына экспорт жөніндегі мәліме паспортын жасауға негіз болған  келісім-шарттың түпнұсқасын және оны нотариат куәландырған көшірмесін және МП электронды көшірмесін беруге міндетті. Экспорт импорт  бйынша құжаттар жасау үшін кеден органының жауапты адамы әзірлеген келісім-шарттың түпнұсқасы не оның нотариалыды куәландырылған көшірмесін бірге “көшірмені растаймын” деген жазумен және жек нөмірлі мөрмен расталған көшірмесін пайдаланады.

         Резидент еместермен факс бойынша келісім-шарт жасасақаннан кейін экспортер-импортер мәліме паспортын рәсімдеген күннен бастап бір айдың ішінде келісім-шарттың түпнұсқасын не наториат куәландырылған көшірмесін беруді міндеттей отырып, оның факсимилді көшірмесін кеден органына беруге құқылы. Экспортер-импортер келісім-шарттың түпнұсқасын немесе не оның нотариат куәландырған көшірмесін бергенне кейін кеден органының жауапты адамы экспорт-импорт бойынша мәліме паспорты жөніндегі істі жасау кезінде бұрын қабылдаған факсимльді келісім-шартты “көшімесін растаймын” деген жазуымен растайды. Келісім-шарттың түпнұсқасы мен оның факсимильді көшірмесінің мәтіндері сәйкес келмеген жағдайда кеден органы құқық қорғау органдарына осы факт бойынша ақпарат жібереді.

         Кеден органының жауапты адамы құжатты өткізген күнді есептемегенде екі жұмыс күні ішінде берілге құжаттарды қарайды, мәлімепаспорты деректерінің келісім-шарт талаптарына сәйкес келуін тексереді және мәліме паспортын рәсімдеуден бас тартуға негіз болмаса, экспортер-импортр берген мәліме паспортының даналарына қол қояды.

         Уәкілетті банк экспортердің банктік есепшотына экспорт түсімін есептеуді және импорт мақсатынатөлемдер жасауды мәліме паспортын рәсімделгеннен кейін ғана жүзеге асырады.

         Уәкілетті банктің нақты түскен ақшаны мәліме паспортына енгізу үшін банкаралық құжатта қажетті деректер блмаған жағдайда, уәкілетті банк оларды экспортердің-импортердің банктік есепшотына аударды және сонымен қатар бірегейлендіруге болмайтын осындай түсімдер туралы оғанхабарлайды. Экспортер-импротер уәкілетті банктің жазбаша хабарламасын алғаннан кейін, уәкілетті банкке келісім-шарт деректемелері мен мәліме паспортының нөмірін көрсете отырып, түске соманың сипатытуралы жазбаша хабарлауға, ал егер осы келісім-шарт бойынша ақша басқа банкке түссе, басқа банкке де уәкілетті банктегі өзінің банктік есепшотына түскен ақщаны толық сомада аударуға тапсырма беруге міндетті. Экспортер-импортер тапсырмамаенқоса басқа банк үшін аударымды жүзеге асыруға негіздеме болатын аударым өтінішімен бірге мәліме паспортыныңуәкілетті банк куәландырған данасын береді.

         Егер келісім-шарт бойынша валюта төлемінің кодымен сәйкес келмесе, уәкілетті банк экспортер-импортердің клісімімен оның банктік есепшотынатүскен ақшаны экспортер-импортер келісілге бағам бойынша келісім-шарт талаптарында көзделген валютаға айырбастайды. Экс-портер-импортер көрсетілген айыбастаудан бас тартқан жағдайда экспортер-импортер экспорт-импорт жөніндегі мәліме паспотына қосымша парақресімдеуге және төлем валютасына тиісті түсініктемелермен бірге  келісім-шарт бойынша валюта бағамының есебін кеден органына ұсынуға міндеті. Кеден органы көрсетілген есепті келісім-шарт талаптарында және есептесуде пайдаланылатын нақты бағамға сәйкес келу тұрғымынан қарағанда және есеп негізделіп саналған жағдайда кейінен ақшаның, тауардың және валютамен түсуін,  қайтарылыун есепке алады. Есептеу шетел валютасының ҚР-ның Ұлттық банкі белгілейтін ресми  ресми бағамы арқылы, не төлем жасалатын күні шетел валютасының теңгеге кросс бағамы арқылы жүзеге асырылады.

         ҚР-сының Ұлттық банкі ресми бағамын белгілемейтін валютамен келісім-шарт жасаған жағдайда, қайта есептеу уәкілетті банктің экспортерге-импортерге хабарлайтын осы валютаның АҚШ долларын ағымдағы рыноктық бағамы бойынша жүзеге асырылады. Мұнан кейін теңгемен қайта есептеу ҚР-сының Ұлттық банкі белгілеген теңгенің АҚШ долларына ресми бағамы бйынша жүзеге асырылады.

         Қазақстан Республикасындағы экспорт-импорт валюталық операцияларын жүзеге асыратын экспортерлер мен импортерлерінің құқықтары:

  • валюталық бақылау органдары жүргізген тексеру

материалдарыментанысуға;

  • кеден органдары мен уәкілетті банктер тарапынан

негізсіз бас атарту болған жағдайда немесе мәміле паспорты уақытылы рәсімделмеген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне шағым беруге;

  • ҚР-сының заңдарында белгіленгентәртіппен

валюталық бақылау органдары мен агенттерінің іс-әрекетіне шағым беруге;

  • ҚР-сының басқа нормативтік-құқықтық актілермен

көзделген басқа да іс-әрекет жасауға құқылы;

         Міндеттері:

  • ҚР-сы Ұлттық банкінің тиістілицензиясы болған

жағдайда уәкілетті банктегі өз есепшотына келісім-шарт бойынша экспорттық түсімнің толық көлемде және ҚР-сының заңдарында белгілеген мерзімде есептелуін, ал экспорттық түсімді лу мүмкін болмаған жағдайда шетелдік тарапқа бұрын жіберілген тауарды қайтаруды қамтамасыз етуге;

  • Импортталатын тауарлардың толық көлемде және

келісім-шартта белгіленген мерзімде алынуын, ал тауарларды жеткізу мүмкін болмаған жағдайда уәкілетті банктегі импортердің есепшотына бұрын шетелдік тарапқа аударылған аванс төлемінің сомасын қайтаруды қмтамасыз етуге;

  • олардың бар болуы туралы талап Қазақстан

Республикасының заңдарында белгіленген жағдайда ҚР-сы Ұлттық банкінің лицензиясын және тіркеу куәлігін алу үшін барлық қажетті шараларды қолдануға;

  • валюталық бақылау органдары мен агенттеріне

экспорт-импорт операцияларын жүзге асырылғандығы туралы барлық сұралған құжаттар мен ақпараттарды беруге;

  • валюталық бақылау органдарының қызметкерлерін

экспорт–импорт операцияларын жүзеге асыруға байланысты кез келген құжаттарды тексеруге жіберу;

  • валюталық бақылау органдарына олардың тексеру

жүргізу барысында, сондай-ақ тексеру нәтижелері бойынша түсініктемелер беруге;

  • өздері жүргізген экспорт-импорт операциялары

бойынша олрадың келісім-шарттың қолдану мерзімі ішінде, бірақ кемінде бес жыл сақталуын қамтамасыз ете отырып, есепке алуға және есеп беріп отыруға;

  • валюталық бақылау органдарының анықталған тәртіп

бұзушылықтарды жою жөніндегі талаптарын, нұсқауларын, ұйымдарын орындауға;

  • ҚР-сының заңдарында белгіленген басқа да міндеттерді орындауға міндетті.

Валюталық реттеу туралы заңның алдында жеке және

Заңды тұлғалар әкімшілік,азаматтық-құқықжәне қылмыстық жауапкешілікте болады.

         Респуликамыздағы банк жүйесі қалыптасуу кезеңінен әлдеқашан өтіп кетті. Қазіргі қызмет көрсеуқарқынды әлемдік аренаға көтерілу шегіндегі іс-шаралар жиынтығы екені белгілі.     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

          Халықаралық өндірістің дамуы, ғылыми-техникалық революция, шарушылық өмірді интернационалдандыру-дың басқа да факторлары лицензияларымен, ноу-хаумен, ғылыми-техникалық және өндірістік тәжірбиенің басқа да түрлерімен сауданы ынталандырды. Дүниежүзілік статистикада қабылданған ережелерге сәйкес “қызмет көрсетулер” бөліміне инвистициялар бойынша төлемдер мен түсімдер және халықаралық кредиттер бйыша проценттер кіреді.

         Әрбір елдің көпқырлы, кешенді халықаралық экономикалық қатынастары оның халықаралық опеацияларының баланстық есебінде көрініс табады.

         Халықаралық валюта қатынастарының өркендеуі өндіргіш күштердің қарқынды өсуімен, дүниежүзілік рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен, шаруашылық байланыстарының интернационалдануы және жаһандануымн сипатталады.

         Халықаралық валюта қатынастар халықаралық экономикалық қатынастардың дамуына жалпылама түрде өзінің оңды әсерін тигізеді

         Халықаралық валюталық реттеуді Халықаралық  валюта қоры жүзеге асырады, ал Еуропада бұл мәселелермен Еуропа орталық банкі шұғылданады. Аталған институттар Халықаралық валюта-кредиттік және қаржылық қатынастары қауіпсіз, дағдарыссыз дамыту режимін

 талдау жасап, оның тұрақтылығын қамтамасыз етуге ұмтылады. 

         Халықаралық валюта қоры бірқатар халықаралық ұйымдармен тығыз қатынастар орнатқан, айталық өзіне қызметі жақын Бүкіл дүниежүзілік банк тобымен қаржы – қаражат қатынастары ойдағыдай даму үстінде.

         Халықаралық валюта және қаржы-несие рыноктары дүниежүзілік шарушылықтың, халықаралық экономикалық қатынастардың ең маңызды буындарының бірі.

         Валюта рыноктары халықаралық есептесулерді жедел жүзеге асыруды, дүниежүзілік валюта рыноктарының несие және қаржылық рыноктарымен өзара байланысын нығайтуды қамтамасыз етеді. Валюта рыноктарының көмегімен банктердің, кәсіпорындардың, сондай-ақ мемлекеттік валюта резрвтері толықтырылып отырады.

         Әрбір мемлекеттің валюталық рыногының құрылымы сол елдің экономикасын мемлекеттік реттеу саясатының пәрменділігіне, мемлекетік органдардың валюта-кредиттік жәнем қаржы-қаражат қатынастарына араласу  деңгейіне тікелей бағынышты болып келеді.

         Өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде экспортқа бақылаудың күшейюіне капиталдар қозғалысының интернационалдануы себепші болды. Капиталдар қимыл-қозғалысының интернационалдануы халықаралық деңгейде “лас” ақшалардың жуылып-тазартылуы сияқты жағымсыз көріністі де қоса алып келді. Сондықтан, қазіргі кезде экономикасы дамыған елдер валюталық және экспорттық бақылауды жүзеге асырумен қатар өздерінің негізгі істерінің бірі ретінде қылмыстық табыстарды ресмилендіруімен байланысты заңсыз қаржылық операциялардың бетін ашу, тергеу және жолын кесу мәселелеріменде шұғылданады.

         Дүниежүзілік тәжірбие көрсетіп отырғандай рыноктық және мемлекеттік реттеу жүзеге асырылады. Рынок шеңберінде валютаға сұраныс пен ұсыныс қалыптасып, оалрдың бағамдық арқатынасы анықталады. Рыноктық реттеу құн, сондай-ақ сұраныс пен ұсыныс заңдары арқылы жүргізіледі.Валюта рыноктарында орын алатын бәсекелестік тайталаста бұл заңдар валюта айырбастарының салыстырмалы эквиваленттігін, тауарлар, қызмет көрсетулер, кпиталдар, кредиттер қозғалысымен байланысты халықаралық қаржы ағындарымен дүниежүзілік шаруашылық қажеттіліктеріне сәйкестігін қамтамасыз етеді

         Қазақстанның ұлттық валюта жүйесі қазіргі кезде өзінің қалыптасу және даму дәуірін бастан кешіріп отыр. Дегенмен оның негізгі тенденциялары мен пішіні жеткілікті түрде анықталды деп айтуға болады. Біздің мемлекет дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға бағыт алып, 1992 жылдың 15 шілдесінде Халықаралық валюта қорына (МВФ) мүше болып кірді.

         ҚР-сының Ұлттық банкі ресми бағамын белгілемейтін валютамен келісім-шарт жасаған жағдайда, қайта есептеу уәкілетті банктің экспортерге-импортерге хабарлайтын осы валютаның АҚШ долларын ағымдағы рыноктық бағамы бойынша жүзеге асырылады. Мұнан кейін теңгемен қайта есептеу ҚР-сының Ұлттық банкі белгілеген теңгенің АҚШ долларына ресми бағамы бйынша жүзеге асырылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер.

 

1.Айдарханова.К.Н. Становление и развитие валютного законодательство в РК. Вестник КазНУ. Сер.юрид. Алматы 2005

  1. Авдокушин Е. Ф. Международные экономические отношения М., 2001 3.Байгісиев. М. К. Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық. 2004.
  2. Бертаева. К. Валютная политика Казахстана положительные тенденций и противоречие, Транзитная экономика 2003.
  3. Бұхарбаев. Ш. М.Валюта-бюджет 2004. Банки Казахстана. 2003.

6.Ваймнова. Ж.К. Валютный рынок Банки Казахстана 2003.

  1. Вернер. ФҒ Эбке. Международное валютное право. М., 1997.
  2. Жас алаш “ Халықаралық Валюта Қоры”. Мәлік.А 12.06.2004
  3. Ерешов.М. Валютная политка в условиях глобализаций. Финансист. 2002.

10.Международные валютно-кредитные и

финансовые отношения/ Под ред. Л.Н. Красавиной. М. Финансы и стсатитика.2000.

  1. Международные экономические отношения / Под ред. Р. И. Хасбулатова. М., 1991.

12.МобиусМ. Руководство для инвестора по развивающимся рынкам. М., 1995.

13.Международные финансовые организаций сокращают кредитование Казахстана. Финансист. 2002.

  1. Мировая экономика и междунардные отношения. Доронини. “ировой финансовый рынок на попрге ХХІ “
  2. Мамыров. Н. Қ. Халықаралық экономикалық қатынастар. Алматы. 1998.
  3. Носкова И.Я:, Максимова Л.М. Международные экономические отношения., 1997.
  4. Линдерт. П. Х. Экономика мирохозяйсивенных связей. М., 1992.
  5. Основы международных валютно-финансовых и кредитных отношений/ Под ред. В.В. Круглова.М., 1998.

19.Основы внешнеэкоомическихзнаний/ Под ред. И.П. Фамилинского. М.,1994

  1. Пебро М. Международные экономические, валютные и финансовые отношения.М.,1994.
  2. Петров. С. И. Международные финансовые рынки и финансовый менеджмент. 2001.

22.Рубков Б.Б. Зарубежные фондовые рынки.

  1. Смыслов. Д. В. Международный валютный фондғ на рубеже столетий/ Деньги кредит 1994.
  2. Темниченко. М. И. Междунарлдные финансовые рынки и финансовый менеджмент. 2001.
  3. Халықаралық экономикалық қатынастар Р. Е. Елемесов. Алматы. “ Қазақ Университеті”