АЛТЫНОРДА
Новости

Дипломдық жұмыс. Қазақстан республикасында банктік сыйақыны құру саясатын жетілдіру бағыттары

ЖОСПАР

 

 

КІРІСПЕ ……………………………………………………………………………4

 

І. Теориялық бөлім……………………………………………………………………………………..8

БАНКТІК СЫЙАҚЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

1.1. Банктiк сыйақы (мүдде) және оны қолдану механизмi …………..8

1.2. Несие бағасын анықтайтын және оған әсер ететiн факторлар….13

1.3. Банктік сыйақы мөлшерлемелері: жәй және күрделi ……………18

 

ІІ. Негізгі бөлім

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРІНДЕ СЫЙАҚЫ ЕСЕПТЕУІН ТАЛДАУ

         2.1. Банктердің сырттан тартқан қаражаттары бойынша сыйақы құру саясатының барысын талдау …………………………………………….21

         2.2. Несиелік операциялары бойынша сыйақы құру саясатының барысын талдау …………………………………………………………………..33

         2.3. «Казкоммерцбанк» АҚ банктік сыйыақы құру саясатын талдау……………………………………………………………………………….43

 

ІІІ. Талдау бөлімі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНКТІК СЫЙАҚЫНЫ ҚҰРУ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

         3.1.Банктік сыйақы құру саясатын жетілдіруде атқарылатын іс – шаралар…………………………………………………………………………….53

         3.2. Банктік сыйақы құру сасатын жетілдіруде ақша-несие саясатының тиімділігін арттыру жолдары ……………………………………62

 

ҚОРЫТЫНДЫ ……………………………………………………………………70

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР …………………………………………..74

 

КІРІСПЕ

 

         Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының экономикалық дамуының негізігі мақсаттарының бірі – бұл экономиканың нақты секторының жоғары бәсекелестігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы проблеманы шешуде үлкен рөлді экономиканың қаржылық секторы атқарады, әсіресе банктік секторы.

         Банктік сектор тауарлар мен қызметтердерді ұсынатын жоғары технологиялық және жоғарыбәсекелестік өндірістерді қажетті ақшалай ресурстарымен қамтамасыз етеді.

         Қоғамдық ұдайы өндіріс құрылымында экономиканың нақты секторының кәсіпорындары мен банктер әр түрлі бағыттағы, ал кей кезде бір біріне қарама- қарсы мүдделерді ұстайды.

         Өздерінің экономикалық мүдделерін сақтай отырып өндірістік қатынастарға түсуші жақтар бір бәрімен қарым- қатынастарға түсіп қарсыласқа түседі,  бірақ оның нәтижесінде бір біріне жетістіктерге жету үшін объективті жағдайларын жасайды.

         Бірақ қоғамда кәсіпорындар мен банктер жеке- дара экономикалық мүдделеріне ұмтылады, сондықтан олардың  екі жақты қанағаттандыратын келісімге келуі қиындыққа соғады.  Сонымен қатар, екі жақтың бір бағытта жұмыс істеуіне көптеген сыртқы факторлары кедергі болып келеді.

         Коммерциялық банктер коммерциялық құрылым бола отырып әр қашанда жоғары пайданы алуға ұмтылады, ол үшін олар өзінің негізгі қызметін- қаржылық делдалдық- атқарып өзінің капиталына сыйақылар қосып жетіп отырады.

         Бұл нәтижеге жету үшін коммерциялық банктер тиімді сыйақы құру саясатын қалыптастырыу тиіс.

Банк саясатын қалыптастырудағы негізгі кезең мақсаттарды анықтап, оны жүзеге асыру мақсатында тиісті құралдарды дұрыс таңдай білу болып табылады. Әрбір банк үшін өзінің мақсаттары айқын болуы маңызды.

    Макроэкономикалық деңгейдегі коммерциялық банктердің Ұлттық Банкпен біріге отырып қол жеткізуге тиіс мақсатына банк жүйесі мен  экономиканың қалыпты дамуын қолдау болып табылады.

    Коммерциялық банктің жалпы мақсаты, оның саясатының табыстылылығы, рентабельділігі, өтімділігі, тәуекел деңгейінің төмендігі, депозиттік және несиелік  портфельдің оңтайлылығына қол жеткізуден көрінеді.

Коммерциялық банктерінің қызмет етуінің  басты сипаттарының бірі ол тиімді сыйақы мөлшерлемесін құру болып табылады. Банктік сыйақыны құру принциптерін білу кез келген кәсіпкер үшін несиені оңтайлы пайыздарымен алуға немесе уақытша бос ақшалай қаражаттарын тиімді орналастыруға мүмкіндік береді.

Базалық ставка (prime rate) құрылымына:

  • банктің ақшалай қаражаттарының максималдық құны ( әдетте, халықтың депозиттік сертификаттары бойынша ставкалары);
  • банктің операциондық шағындары;
  • пайда нормасы кіреді.

    Банктің сыйақы құру  саясатын (немесе пайыздық)   оның жалпы саясатының құрамды бөлігі ретінде қарастыра отырып, біз банктік сыйақы құру  саясаттың мақсаттарының банктің стратегиялық мақсаттарына қарағанда шектеулі байланыста болып, банк саясатының мақсаттарымен үйлестіріліп жасалынатынына көз жеткіземіз. Банктің стратегиялық мақсаттары сияқты, сыйақы құру саясаты да салымшылардың қаржыларын тарту немесе несиеге орналастыру  арқылы табыс табуды көздейді. Осыдан, банктік сыйақы құру  саясаттың мақсаты сырттан тартатын қаржыларды өз пайдасына шоғырландыру және тиімді активтік операциялары арқылы банктің өтімділікке деген мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге бағытталады.

    Сонымен, банктің алдына қойған мақсаттары сан алуан болуы мүмкін, бірақ оларды қызметтің стратегиялық бағыттары мен жалпы аяққы мақсаттардан бөлек қарастыру қажет. Банктің дамуындағы жеке мақсаттарға сүйене отырып, оның жалпы мақсатын анықтауға болады. Бұл аяққы мақсат белгілі бір өлшемдер арқылы өлшеніп отыруы тиіс. Ол – нақты, қарапайым, өлшемді болуы тиіс. Егер, қойылған мақсатты сандық өлшеммен өлшеуге болмайтын болса, онда ол уақыт өлшемімен өлшенуі тиіс.

    Нақты бір коммерциялық банктің деңгейінде оның саясаты банктің рентабельділігі, өтімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету мақсатында банк операцияларын ұйымдастыру мен жүзеге асыру шараларынан көрінеді.

    Банктің стратегиясын оны жүзеге асырудың мақсаты мен әдістері деп анықтап, ал тактикасын мақсаттарға жетудегі нақты бір әдістер мен тәсілдердің жиынтығы деп белгілеуге болады. Стратегия мен тактика бір-бірімен тығыз байланыста болады. Тактика стратегияны іс жүзінде жүзеге асырудың нақты құралы болып табылады. Сондықтан, банктің стратегиялық мақсаттары мен ағымдағы міндеттердің үйлесуі коммерциялық банктерге өз қызметіндегі келеңсіз жағдайлардың болмауының алдын алуға мүмкіндік береді.

Банктік сыйақы құру саясаттың рөлі банктің ресурстарды шоғырландырып, оларды инвестициялау, депозиттік процессті дамыту мен оның тиімділігін арттыру барысында банк қызметінің басым бағыттарын одан әрі жетілдіру жолдарынан көрініс табады. 

    Жұмыстың мақсаттары. Жұмыстың мақсаты болып банктік сыйақының экономикалық мазмұнын анықтау және қазіргі нарықтық экономика жағдайында Қазақстанда  әлемдік тәжірибені оқып біліп банктік сыйақының құру саясатын жетілдіру бағыттарын белгілеу.

Қойылған мақсат жұмыстың келесі міндеттерін анықтайды:

-Банктік сыйақы қалыптасуының саясатының теориялық сұрақтарын оқып білу, оның құрылымын анықтау, «банктік сыйақы»  түсініктін экономикалық мазмұнын нақтылау және оған толық анықтама беру;

-Ел экономикасында банктердің сыйақы құру саясатының барысына талдау жасап, оған әсер ететін факторларды анықтау;

-Талдау нәтижелері бойынша қорытындыларды қалыптастыру және отандық банктер үшін банктік сыйақыны құру саясатын жетілдірудегі практикалық ұсыныстарды өндеп шығару.

Жұмыстың пәні және объектісі. Жұмыстың пәні ретінде банктік сыйақыны саясатын қалыптасытыру құралдары, қолдану механизмі және әдістерімен байланысты теорилық және практикалық сұрақтар саналады. Жұмыстың объектісі Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің сыйақысын құру саясаты болып табылады.

Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланған әдебиеттер тізімі келтірілген.

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          І. Теориялық  бөлім

          БАНКТІК СЫЙАҚЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАЗМҰНЫ

 

1.1 Банктiк сыйақы (мүдде) және оны қолдану механизмi

 

     Ссудалық сыйақы (мүдде), төлем мөлшерiн өлшеу үшін қолданылатын өлшем бiрлiгi. Теориялық тұрғыдан алғанда оны төлеудiң көзi, қарыз алушының несиенi пайдалану нәтижесiнде алынған таза табысы болып табылады.

    Әлемдiк банк тәжiрибесiнде ссудалық сыйақының (мүдденiң) бiрнеше түрлерi қалыптасқан, оларды төмендегiдей бiрқатар белгiлерi бойынша жiктеуге болады.

Кесте 1. Ссудалық сыйақы (мүдде) түрлерiнiң жiктелуi

 

                 Жiктелу белгiлерi

Ссудалық сыйақы түрлерi

1. Несиенiң нысандары бойынша

·        коммерциялық сыйақы,

·        банктiк сыйақы,

·        тұтынушылық сыйақы,

·        лизингтiк келiсiм сыйақысы, мемлекеттiк несие сыйақысы

2. Несие мекемелерiнiң түрлерi бойынша

·        орталық банктiң есептiк сыйақысы, банктiк сыйақы,

·        ломбардтық сыйақы

3. Инвестиция түрлерi бойынша

·        Айналым қаржыларына несие берудiң сыйақысы,

·        негiзгi қорларды инвестициялаудың сыйақысы,

·        бағалы қағаздарды инвестиция-лаудың сыйақысы

4. Несиелеу мерзiмдерi бойынша

·        қысқа мерзiмдi ссудалар бойынша сыйақы,

·        ұзақ мерзiмдi ссудалар бойынша сыйақы,

·        орта мерзiмдi ссудалар бойынша сыйақы

5. Несие мекемелерiнiң операцияларының түрлерi бойынша

·        депозиттiк сыйақы,

·        ссудалық сыйақы,

·        банкаралық несие бойынша сыйақы т.б.

     Банктiк сыйақы (мүдде) несие қатынастарының субъектiлерiнiң бiрi банк болғанда пайда болады. Банктiк сыйақыны қарастырған кезде несие мекемелерi ссудаға негiзiнен өз меншiгiндегi қаржыларды емес, сырттан тартылған қаржыларды беретiнiн ескерген жөн. Банктың алатын табысы уақытша бос қаржыларды қайта бөлу кезiндегi делдалдық қызмет көрсеткенi үшін өтемақы болып табылады.

     Мұндағы ескерте кететiн бiр жағдай, Қазақстан Республикасындағы банк жұйесiнiң заңнамаларында болып жатқан өзгерiстер мен толықтыруларға сәйкес 1997 жылдың орта шенiнен бастап »процент» терминiн »сыйақы (мүдде)» терминiне алмастырған.

     Сыйақы нормасын есептеу кезiнде әрбiр нақты келiсiмде коммерциялық банктер келесi жағдайларды ескередi:

  • негiзгi сыйақы мөлшерлемесiнiң деңгейi. Ол қамтамасыз етiлген несиелер бойынша несиелiк қабiлетi өте жоғары клиенттерге белгiлi бiр кезеңде белгiленедi;
  • әрбiр жеке келiсiмдегi жағдайды ескере отырып, тәуекелдiлiкке орнатылатын үстеме.

     Негiзгi сыйақы мөлшерлемесi несиелiк салымдардың шамамен алынған өзiндiк құнына және ссудалық операциялардың алдағы кезеңдегi табыстылығының деңгейiне байланысты келесi формула бойынша есептеледi:

 

Негiзгi сыйақы ставкасы=О1 + О2 + Тж

 

Мұндағы:

О1 – жоспарланған кезеңдегi барлық несие   ресурстарының орташа нақты бағасы

О2 – банк қызметiнiң қалыпты жұмысын қамтамасыз  етумен байланысты жоспарланған шығындардың алдағы кезеңде қаржыларды тиiмдi жайғастырудан күтiлетiн   шығындар көлемiне қатынасы

 Тж – банктiң ссудалық операцияларының     табыстылығының жоспарланған деңгейi

     Несие ресурстарының орташа нақты бағасы ресурстардың жеке түрлерiнiң бағасы мен оның банктiң шоғырландыратын ресурстарының жалпы сомасындағы үлес салмағымен анықталады.

     Өз кезегiнде, банктiң тартатын жеке ресурстарының орташа нақты бағасы келесi формула бойынша анықталады:

 

 

 

                                      ДС

          СД = ———————————-  х 100%

                   1 — мiндеттi резерв нормасы

 

 

Мұндағы:

 

СД – банктiң тартатын мерзiмдi депозиттерiнiң орташа  нақты бағасы

          ДС – депозиттiк сыйақының орташа рыноктық деңгейi.

 

Осылайша талап еткенге дейiнгi салымдар мен басқа да ресурстардың орташа нақты бағасын да анықтауға болады.

     Тәуекелдiлiкке қойылатын үстеме келесi белгiлерге байланысты ажыратылады:

  • қарыз алушының несиелiк қабiлетi;
  • ссуданың қайтарымын қамтамасыз ету;
  • берiлетiн несие мерзiмi;
  • сыйақыны белгiлеу әдiстерi;
  • несиелеу мерзiмдерiн қарыз алушының сақтауы;
  • банк пен клиенттiң өзара қарым-қатынасының берiктiгi.

     Банктiк сыйақыны (мүдденi) қолданудың қазiргi кездегi механизмi төмендегi жағдайлармен сипатталады:

  1. Сыйақы (мүдде) деңгейi несие ресурстарына деген сұраныс пен ұсыныстың үлесiмдiлiгiн ескере отырып несиелiк келiсiмге қатысушылар арасындағы келiсiм шартпен анықталады.
  2. Ссудалар бойынша сыйақыны (мүденi) коммерциялық банктер несиелiк келiсiмнiң нақты жағдайларын ескере отырып белгiлейдi: ссуда көлемi мен оны өтеу мерзiмi, ссуданың кепiлмен қамтамасыз етiлуi, қаржыларды тартумен байланысты шығындар, несиенi мақсатты бағытта қолдануын бақылаумен және несиенi рәсiмдеумен байланысты шығындар, банктiң қалыпты жұмысын қамтамасыз етумен байланысты шығындар, қарыз алушының несиелiк қабiлетi т.б.
  3. Банктiң пассивтi операциялары бойынша сыйақының мәнi салымдарға уақытша бос ақшаларды тартуды ынталандыратын құрал ретiнде арта түсуде.
  4. Сыйақы мөлшерiн белгiлеу және алу тәртiбi несиелiк келiсiмге қатысушы екi жақтың өзара келiсiмi бойынша анықталады. әдетте сыйақыны ай сайын белгiлеу тәртiбiн пайдаланады. Банк тәжiрибесiнде көбiне жәй сыйақыларды ссуданың шамамен алынған күндерi бойынша белгiлеудi қолданады.
  5. Сыйақыны төлеудiң көзi қазiргi жағдайда несиелiк салымдардың бағытына қарай әртүрлi болып келедi. Қысқа мерзiмдi ссудалар бойынша көлемдер өнiмнiң өзiндiк құнына кiрсе, ұзақ мерзiмдi ссудалар мен мерзiмi өтiп кеткен ссудалар бойынша шығындар кәсiпорынның жаңа табысына салық төленiп болған соң жатқызылады.
  6. Сыйақыны қазiргi кезде пайдаланудың механизмiнiң

ерекшелiгi, сыйақымен байланысты банктiң кiрiстерi мен шығыстары оның материалдық мүдделерiмен тiкелей байланысты болып келедi.

      Қазiргi жағдайда, экономикадағы нарықтық қатынастардың даму процесi, соның iшiнде несиелiк қатынастар саласында, ссуда бойынша сыйақы рөлiнiң артып отырғандығын дәлелдеп отыр.

     Сыйақыны қолдану саясаты ақша-несиелiк реттеу құралдарының маңызды құрамды бөлiгi болуымен қатар,  несиелiк қатынастарды басқарудың экономикалық тәсiлi ретiнде де рөлi арта түсуде.

     Банктiк сыйақыны (мүдденi) қолдану механизмi дегенiмiз банктiң сыйақыны қолдану саясатын жұзеге асыруға мүмкiндiк беретiн элементтердiң жиынтығы болып табылады. Бұл механизмнiң жеке элементтерi төмендегiдей:

  • сыйақы деңгейiнiң қалыптасу әдiстерi;
  • сыйақы ставкаларын жеке ыңғайда келу белгiлерi;
  • орталық банк тарапынан сыйақы нормасын реттеу әдiстерi;
  • сыйақы бойынша төлемдердi белгiлеу және алу тәртiбi;
  • сыйақыны төлеу көздерi;
  • несие мекемесiнiң кiрiстерi мен шығыстарын қалыптастырудағы сыйақының алатын орны.

     Ссудалық сыйақыны қолдану механизмi, бiр жағынан алғанда, тауарлы өндiрiстiң экономикалық категориясы ретiндегi сыйақының мәнiмен анықталса, екiншi жағынан банктiң жүргiзетiн сыйақылық саясатына байланысты болып келедi. Бiздiң елiмiзде банктiк сыйақыны қолдану тәжiрибесi жалпы қалыптасқан шаруашылық механизмiне байланысты құрылып, мемлекеттiң сыйақы көлемiн белгiлеу саясатының мазмұнына қарай бейiмделiп келген болатын. Соңғыларының бағыт-бағдары өзгерген жағдайда банктiк сыйақыны қолдану механизмiне де өзгерiстер енгiзiлiп отырды.

1.2. Несие бағасын анықтайтын және оған әсер ететiн факторлар

     Макроэкономикалық деңгейiнде нарықтық қатынастардың дамуы мен несиеге деген төлемдердiң еркiн ауытқуы жағдайында сыйақы табыстың орташа нормасына қарай талпынуы тиiс.

Табыстың орташа нормасынан төменге не жоғарыға ауытқуға әсер ететiн факторларды:

  • жалпы;
  • жеке деп екiге бөледi.

Жалпы факторларға:

  • сырттан алған қаржылардың сұранысы мен ұсынысының ара қатынасы;
  • Қазақстан Республикасының Орталық Банкi саясатының реттеушiлiк бағыты;
  • ақшаның инфляциялық құнсыздануы деңгейiн жатқызатын болсақ, жеке факторлар коммерциялық банктiң қызмет ету жағдайымен және қарыз алушымен жасалған келiсiм шарттың жағдайларымен анықталады.

Сонымен бiрге, жеке факторлар ссудалық сыйақының жеке формаларымен ерекшеленедi.

Мысалы, депозиттiк сыйақы деңгейi, жоғарыда қарастырылған жалпы факторлармен қатар:

  • банктiң активтi операциялары бойынша сыйақы деңгейiне
  • тартылатын депозиттiң көлемi мен мерзiмiне
  • банк тұрақтылығына байланысты болып келедi.

     Банктiң активтi операциялары бойынша сыйақы деңгейiне әсер ететiн жеке факторларға мыналар жатады:

  • ссуда көлемi мен оны өтеу мерзiмi;
  • несиенi қайтарудың қамтамасыздығы мен оның сипаты;
  • қарыз алушының несиелiк қабiлетi мен оның банкпен қарым-қатынасының берiк болуы.

     Банктiң ссудалық капиталының өзiндiк құны мына формула бойынша анықталады:

 

 

       Ссудалық капиталдың        Банк шығындары

            өзiндiк құны           =

                                                         жұмыс iстеп тұрған

                                                      активтер

 

     Банк шығындары негiзгi екi элементтерден құралады:

  • ресурстарды қалыптастырумен байланысты шығындар;
  • банктiң қалыпты жұмысын қамтамасыз етумен байланысты шығындар.

          Шығындардың бiрiншi тобына, әдетте, тартылатын депозиттер бойынша төлем жасау, Қазақстан Республикасының Орталық банкiнiң ресурстарына жасалынатын төлемдер, банкаралық ссудалар төлемдерi т.б. жатады.

Шығындардың екiншi тобына банктiң басқа да ағымдағы (яғни, төленген сыйақыларды шегерiп тастағандағы) және әкiмшiлдiк-басқарушылық шығындары кiредi, соның iшiнде:

  • банк құжаттары мен құндылықтарын тасымалдау үшін автокөлiк құралдарын жалға алумен байланысты шығындар;
  • бланктiк материал және тағы басқа да материалдарды дайындау, сатып алу және жеткiзумен байланысты шығындар;
  • есептеу орталықтарының қызметiне төлем жасаумен байланысты шығындар;
  • пошта және телеграф шығындары;
  • амортизациялық аударымдар;
  • несие мекемелерiнiң қызметкерлерiне еңбек ақы төлеумен байланысты шығындар;
  • банк ғимаратын жөндеу және ұстаумен байланысты шығындар және т.б.

           Жоғарыда қарастырылған шығындар банктiң уақытша бос ақшаларды шоғырландыратын делдалдық қызметiмен байланысты болғандықтан, несиелiк ресурстар құнының қымбаттауына жатқызылуы тиiс.

            lс жұзiнде ссудалық капиталдың өзiндiк құны банктiң активтi операциялары бойынша сыйақы деңгейiн анықтау барысында өте маңызды жағдай болып табылады.

          Ссудалық сыйақының жоғарғы деңгейi нарықтық жағдайларға байланысты болса, төменгi деңгейi банктiң қаржыларды тартумен және оның қалыпты жұмысын қамтамасыз етуге кеткен шығындарға байланысты анықталады. Ол несиелеу ресурстарының сапалық құрамына байланысты болып келедi.

Кез келген коммерциялық банктің негізгі қызметі- активтік және пассивтік операцияларының пайыздық мөлшерлемелерінің арасындағы айырмашылық негізінде  қаржылық делдалдық болып табылады. Коммерциялық банк әр қашанда пайыздық маржаны асыруға ұмтылады.

Сурет 1. Коммерциялық банктік сыйақы құру саясатының негізгі принципі.

     Қазіргі кезде экономиканы қаржыландыруда үлкен рөлді коммерциялық банктер атқарады. Банктер бұл қызметті өздеріне оңтайлы шарттар негізінде жасайды, яғни әр қашанда өзінің капиталына пайыздық ставкаларын қосады және олардың негізіне өздерінің таза табыстарын қалыптасып отырады.

Нарықтық экономика жағдайында кез келген коммерциялық банктің іс- әрекеті тәуекелдікке негізделеді, соның ішінде банктік сыйақы мөлшерлемесін анықтауда пайыздық тәуекелдіктер ұшырасады.

Пайыздық тәуекел пайыз ставкаларының өзгерiсi жағдайында туындайды. Пайыздық қаржы талдау үшiн пайыздық ставкалардың өздерiне қандай активтер мен мiндеттемелер еезiмтал келетiндiгiн анықтау қажет. Пайыздық қаржы бағалау үшiн банк өзiнiң портфелi бойынша талдаудың етандартты әдістемесiн қолдануы қажет. Пайыздық көрсеткiштердiң iшiнде:

  • Абсолюттiк пайыздық маржа (М)- активтiк операциялар бойынша банктiң жиынтық табысы (ПТ) және пассивтiк операциялар бойынша пайыздық табыстың айырмасы.
  • Пайыз спредi (салыстырмалы проценттiк маржа)-активтер бойынша орташа пайыздық ставканың мәнi (Еа) және банкке қажеттi шығындар, пассивтер бойынша пайыздық ставка (Еп ).

 

Е=Еа-Еп

 

Пайыздық тәуекелдердi басқару екi негiзгi мiндеттерден тұрады- банктiң активтiк және пассивтiк операцияларын басқару. Активтiк операцияларды басқару банктiң өтiмдiлiк деңгейiмен және нарықтың ағымды конъюнктурасына, бәсекелестiк деңгейiне тiкелей байланысты. Пассивтiк операцияларды басқару банк клиенттерiнiң сандық тәуекелi. Пайыздық тәуекелдердi басқарудың бiрнеше көзқарастары бар (кесте 1).

 

 

Кесте 1. Пайыздық тәекелдердi басқару әдістерi

 

Жағдайлар

үсыныстар

1.Пайыз ставкаларының төменгi өсiмi күтiлуде

1.Тiркелген ставка бойынша қарыз қаражаттардың мерзiмiн арттыру.

2.Тiркелген пайыздық ставкалардағы несиелердi қысқарту.

3.Инвестиция мерзiмдерiн қысқарту.

4.Бағалы қағаздар түрiндегi инвестициялардың бөлiгiн сату.

5.Қаржылiгi жоғары несие желiлерiн жабу.

2.Пайыздық ставкалар өсуде, лардың максималды деңгейi күтiлуде

1.Қарыз қаражаттарының мерзiмдерiн қысқарту.

2.Инвестициялық мерзiмдердiң уақытын ұзарту.

3.Тiркелген пайыздық ставканы несиелердiң үлесiн арттыруға дайындық.

4.Бағалы қағаздар инвеетициясының үлесiн арттыруға дайындық.

5.Тiркелген ставкалы қарыздарды уақытынан бұрын қайтару мүмкiндiгiн қарау.

3.Жоғары пайыздық ставкалардың төмендеуi күтiлуде.

1.Қарыз қаражатының мерзiмiн қысқарту.

2.Тiркеген ставкалы несиелер үлесiн арттыру.

3.Инвестициялық портфель мөлшерi мен мерзiмiн арттыру.

4.Пайыздық ставкалар төмендеуде және минимум деңгейге жеруi мүмкiн

1.Қарыз қаражаты мерзiмдерiн ұзартуды бастау.

2.Инвестициялар мерзiмiн қысқартуды бастау.

3.Өзгермелi ставкадағы несиелердiң үлес салмағын арттыру.

4.Бағалы қағаздар түрiндегi инвестицияны қысқарту: тiркемелi ставкадағы акцияларды iрiктеп сату.

 

 

           1.3 Банктік сыйақы мөлшерлемелері: жәй және күрделi

          Сыйақы мөлшерлемесi – белгiлi бiр кезең iшiнде, әдетте бiр жылда, қарызға алған капиталға төленетiн сыйақылық төлемдердiң салыстырмалы мөлшерi болып табылады.

Сыйақы мөлшерлемесiнiң екi түрін ажыратады:

  • тiркелген (кесiмделген) сыйақы мөлшерлемесi;
  • еркiн сыйақы мөлшерлемесi.

     Тiркелген немесе кесімделген сыйақы мөлшерлемесi – қарызға алған қаржыларды пайдаланудың барлық кезеңiнде, қайта қарастыру құқығынсыз белгiленетiн мөлшерлемелер.

     Еркiн сыйақы мөлшерлемесi – орта және ұзақ мерзiмдi несиелер бойынша орнатылатын мөлшерлеме. Ол белгiлi бiр кезеңдерде қайта қарастырылып отырады.

     Банк тәжiрибесiнде сыйақы мөлшерлемесiн белгiлеудiң әртүрлi әдiстерi мен тәсiлдерi қалыптасқан. Мысалы, банк тәжiрибесiнде жәй және күрделi мөлшерлемелер қолданылады.

     Жәй сыйақы  мөлшерлемелерi ең алдымен, қысқа мерзiмдi несиелеуде қолданылады. Мұнда әр тоқсанда бiр рет немесе басқа уақыт аралығында сыйақы мөлшерлемесi белгiленiп, оны несие берушiге төлейдi. Қазiргi кездерi, әдетте, көп жағдайларда айтылған тәсiл қолданылады. Бұл жағдайда, қарыз алушының төлемдерiнiң жалпы сомасы қарыздың негiзгi сомасын ескергенде келесi формула бойынша есептеледi:

 

                                         S=P(1+ni)          (1)

 

Мұндағы:

                   S – бастапқы қарыз сомасын қосқандағы несие бойынша

               төленетiн төлем сомасы

              Р – бастапқы қарыз

              i – сыйақы (мүдде) мөлшерлемесi

              n – ссуданың жылдармен есептегендегi ұзақтығы немесе

              360/365 күнде ссуданың пайдалану кезеңiнiң қатынасы

     Банк тәжiрибесiнде сыйақыны белгiлеудiң iс-жосығына керi операцияны жұзеге асыру өте жиi кездеседi. Ол, мысалы, дисконттық вексельдер айналымы жағдайында орын алады. Бұл жағдайда бастапқы қарызды анықтау кезiнде келесi формула қолданылады:

 

 

                                                   S

                                 P =                                        (2)

                                               1+ni

 

     Мысалы, банк келесi шартпен вексель шығарды делiк:

Номинал бойынша вексельдiң сомасы 1000 т., 3 айға 120 жылдық сыйақымен шығарылды.

 Төлем сомасы вексельдi жайғастырғанда келесiдей болады:

 

                                                   1000

                              Р=                                        =769 тенге

                                             1+1,2*(90/160) 

 

Вексельдердi есепке алудың iс-жосығында  мерзiмi өткенге дейiнгi төлемдер сомасын анықтау үшін келесi формула қолданылады:

                                       S = P(1-nd)       (3)

 

Мұндағы,

d – жәй есептiк мөлшерлеме

          Мысалы, банк вексельдi мiндеттеменi өтеудiң белгiленген күнiнен 20 күн бұрын есепке алады. Мұнда вексель сомасы 1000 тенге, жылдық есептiк мөлшерлеме –130 %.

Бұл жағдайда, есепке алынатын вексель сомасы 930 тенгенi құрайды, яғни:

Р=1000(1-1,3*(20/360)) =930 тенге

 

     Банк тәжiрибесiнде күрделi сыйақы мөлшерлемесiн, әдетте, ұзақ мерзiмдi несиелеу кезiнде пайдаланады. Мұнда белгiленген сомалар қарыз берушiге келiсiм мерзiмi аяқталғанға дейiн төленбей, негiзгi қарыз сомасын арттырып отырады. Отандық тәжiрибеде күрделi сыйақы мөлшерлемелерiн белгiлеу әдiсi жеке тұлғалардың депозиттiк шоттары бойынша кеңiнен тараған.

     Бұл әдiстi пайдалану барысында белгiленген қаржылар мөлшерi қарыз сомасына жатқызылып, оларға сыйақы белгiлеп одан әрi жалғасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         ІІ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНКТІК

              СЫЙАҚЫНЫ ҚҰРУ САЯСАТЫН ТАЛДАУ

 

        

       2.1. Бантердің сырттан тартқан қаражаттары бойынша сыйақы   

              мөлшерлемесін құру саясатының барысын талдау

 

Қазақстан Республикасында қазіргі нарықтық экономика қалыптасуы жағдайында коммерциялық банктер табыс табу үшін келесі саясатты құрып отыр, яғни теңгелік депозиттерін орта есеппен жылдық 6,2 % қабылдап, экономиканың нақты секторын 15 % несиелейді, бұл кезде қор нарығы облигациялардың алғашқы орналастырылуын қамтамасыз етіп экономиканы

8-10% несиелейді.

Банктік сыйақыны құру  саясаты банктің қызметіндегі саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Банктің саясаты, әдетте банктің дамуындағы жобалар мен даму жоспарлары түрінде жасалынады.

Банктің саясатын жалпы алғанда және оның сыйақыны құру саясатын жеке алғанда, нарықтық экономика жағдайында олар екі факторлар түріне байланысты болып келеді. Бірінші топқа банктің сыртқы саясатын анықтайтын  факторларды жатқызуға болады. Олардың ішіндегі маңыздыларына төмендегі факторлады жатқызуға болады:

  • Ел экономикасының жалпы жағдайы, инфляция деңгейі, ЖІӨ өсу қарқыны, бюджет тапшылығы және т.б.;
  • ҚР Ұлттық Банкінің және Қаржы министрлігінің ақша-несие саясатының әсері;
  • Орталық банктің мемлекеттік органдардан тәуелсіздігі, елдің қоғамдық өміріне араласуы;
  • Тұрғын халықтың табыс деңгейі, мәдени-тұрмыстық жағдайы;
  • Банктің қызметіндегі аймақтық ерекшелік;
  • Бәсеке деңгейі;
  • Банк қызметі мен өнімдерінің баға деңгейі және т.б.

Екінші топ факторларына банктің ішкі саясатын анықтайтын

 факторлар жатады. Атап айтқанда:

  • Депозиттердің тұрақтылығы;
  • Банктің көрсететін қызметінің түрлері мен ауқымы;
  • Банк мамандарының біліктілік деңгейі, тәжірибесі және іскерлік қабілеті;
  • Банк клиентурасы;
  • Депозиттік және несиелік портфельдің сапасы;
  • Банктің баға саясаты;
  • Тәуекелді-менеджмент деңгейі және т.б.

    Банктің сыйақы құру саясатының негізгі принциптері (қағидалары) дәл бүгінгі күнге дейін арнайы зерттеудің объектісі болмаған.

    Банктік сыйақы құру саясаттың принциптері банктік процесстің негізі болып табылады, яғни оларды терең игерген сайын, банктің қызметінің тиімділігі өтімділік және табыстылық тұрғысына алғанда оңтайлы болып отырады.

   Коммерциялық банктің сыйақы құру саясатының жалпы принциптеріне – орталық банктің макроэкономикалық деңгейде жүргізіп отыратын мемлекеттік саясатына ортақ коммерциялық банктің сыйақы құру саясатының принциптерін жатқызамыз. Олардың ішіндегі маңыздыларына жататындары мыналар: ғылыми негізділігі, оңтайлылығы, тиімділігі және сонымен бірге пайыздық саясаттың элементтерінің бірегейлігі мен үздіксіз байланысы.

    Коммерциялық банктің пайыздық саясатының өзіне ғана тән принциптеріне: банктің қызметінің табыстылығы, пайдалылығы (себебі кез келген коммерциялық банктің қызметіндегі басты мақсаты – табыс табу болып табылады), және сонымен бірге қауіпсіздік пен сенімділік принциптері жатады.

Коммерциялық банктің сыйақы құру  саясатың мақсаттары мен негізгі қағидалары және оны анықтайтын факторлар банктің пайыздық саясатын құруда негіз болады.

    Сонымен, жалпы банктің сыйақы құру саясатының негізгі принциптері келесідей кестеден көрініс табады (сурет 2) .

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2. Банктің сыйақы құру  саясатының принциптері

 

Жалпы, жоғарыда айтылған принциптерді сақтау банктің сыйақы құру (пайыздық) саясатының тиімділігін арттырудың алғышарты болып табылады.

    Сонымен, банктік сыйақыны құру саясаттың принциптері мен мақсаттарын, оған тікелей және жанама түрде әсер ететін факторлар жиынтығын ескере отырып жасағанда ғана бұл саясат тиімді және оңтайлы болады деп саналады. Ал банктің тиімді де оңтайлы пайыздық саясаты банктің өзінің, экономиканың өркендеуі мен гүлденуіне оң әсерін тигізері сөзссіз.

    Жоғарыда тілге тиек етілген жағдайлар банктің тиімді  пайыздық саясатын жасаудағы жалпы көзқарастарды біріктіруге мүмкіндік береді. Алайда іс жүзінде пайыздық саясатты қалыптастырып, жүзеге асыру үшін көптеген факторларды ескере отырып терең талдау жұмыстарын жүргізіп отыру маңызды шарт болып табылады.

Депозит банктің маңызды ресурстарның бірі болып табылады, өйткені ол  шын мәнінде тұрғын халықтың, кәсіпорындар мен ұйымдардың банк жүйесінің қатысуымен оның басқа клиенттеріне беріп отырған несиесі болып табылады.

    Тұрғын халықтың уақытша бос қаржыларын тарту бүгінгі күннің көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады. Экономиканың өсуін көбіне ішкі инвестициялық салымдар анықтайтын болады. Банктің міндеті — экономикаға инвестициялау мақсатында аталмыш қаржыларды тарту болып табылады. Ал, банктердің сенімді ресурстық базасы бола тұрмай, олардың тұрақты және қалыпты өз бетінше дамуына мүмкіндіктері жоқ. Атап айтатын болсақ, ресурстардың шектеулі болуы кезінде, банктер әрине несиелік операцияларды өз бетінше дамыта алмайды. Сондықтан да банктердің оңтайлы да тиімді депозиттік саясатын қалыптастыру проблемасы бүгінгі күннің кезек күттірмес проблемаларының қатарына қосылып, жақын арада өз шешімін табуды талап етеді.

    Ал әзірге қазақстандағы коммерциялық банктердің депозиттік саясаты көбіне банктің өзінің мүдделеріне қарай ойысып отыр, бұл жағдай банктердің “пассивтерге күресінің” нәтижесіне әсерін тигізбей қоймайды.

         Коммерциялық банктердің алғашқы қызметтерінің бірі болып халықтың және заңды тұлғаларының уақытша бос ақша қаражаттарын тарту болып табылады. Сол қаражаттарын тарту үшін банктер ақша қаражаттарының иелеріне белгіленген сыйақыларды төлейді.

Қазақстан Республикасында 2007 ж. басына 34 коммерциялық банктері  және олардың 418 филиалдары қызмет етуде.

 

Кесте 2. ҚР 2003-2007 жж. аралығында мерзімді депозиттерінің құрылымы (млрд.тн).[1]

 

              2003

          2004

             2005

      2006

    2007

KZT

ЕКВ

KZT

ЕКВ

KZT

ЕКВ

KZT

ЕКВ

KZT

ЕКВ

Мерзімді депозиттер, барлығы

1489

820

1584

763

1576

759

2523

839

3180

923

О.і.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қысқа мерзімді

864

476

871

420

626

400

984

343

1110

360

Ұзақ мерзімді

625

344

713

343

950

359

1539

496

1971

563

 

Егер 2 кесте мәліметтеріне қарасақ ҚР жылдан жылға қарай депозиттердің көлемі асып тұр. Құрылымы бойынша ұзақ мерзімді депозиттер салмағы 2007 ж. 61 пайыздан асып тұр. Теңгелік депозиттердің үлес салмағы 2003 ж. 64 пайыздан 2007ж. 70,9 пайзға жетіп тұр.Мұның барлығы ҚР экоомикасының тұрақты болуының және ұлттық валютаға сенімділіктің арттуын көрсетеді.

Шет елдерде банктер депозиттердi тартудың көптеген әдiстерiн қолданып отырады. Мұнда, кей жағдайдарда банк депозиттiк шотта үлкен сомасы бар қарыз алушылардың ссудалары бойынша барынша төмен сыйақы ставкасын белгiлеп отыру арқылы ынталандырса, кей жағдайларда банкте өте iрi сомада ақшаларын сақтайтын клиенттерге қызмет көрсету төлемiн төмендетiп, кейде оны төлеуден мүлде босатып отырады. Қалыпты қаржы жағдайы бар, банк алдында өз мiндеттемелерiн кiршiксiз орындайтын осындай клиенттердi аталған жолдармен ынталандыру зерттеушiлердiң ойынша бiздiң жағдайда да толығымен қолдау  таба алар едi.

    Бiздiң елiмiзде осы күнi бүгiнге дейiн депозиттiк опреациялар бойынша белгiленетiн сыйақы стакаларына аса көп назар аударылмай келдi. Халықтық Банкiнiң тұрғын халықтың жинақтарын тартудағы монополиялық жағдайы және салымдардың дамымаған жүйесi проценттiк саясаттың дамуына тосқауыл болып келдi.

    Қазақстандағы нарықтық шаруашылықтың қалыптасуы мен банк жүйесiнiң реформалануы проценттiк саясаттың сипатына толығымен өзгерiстер енгiздi. Банктер сыйақы (мүдде) ставкасының деңгейiн өздерi анықтай бастады.

    ҚР Орталық Банкiнiң сыйақы ставкалары арқылы реттеп отыру қабiлетi әлемдегi жалпы тенденциялар ағымына ендi, алайда Қазақстандағы сыйақы ставкасының деңгейiнiң өзi шет елдегi ставкалармен ешбiр салыстыруға келмейдi.  Мысалы, 1995 ж. желтоқсан айында Германияның Бундесбанкi бiр жылдың iшiнде үшiншi рет экономиканы жандандыру мақсатында қысқа мерзiмдi проценттiк ставкаларын төмендеттi.  Бұл шара басқа да еуропалық мемлекеттердiң орталық банктерiнiң проценттiк стакаларды төмендетуiне әсерiн тигiздi. Германиядағы есептiк және ломбардттық ставкалар 3 % және 5% дейiн төмендетiлдi және ең төменгi рекордттық деңгейге төмендедi. Ұлыбританияда базалық проценттiк ставкалар төмендетiлген күннiң ертеңiне Швейцарияда (2 ден 1.5 %), Бельгияда (3.5 тен 3 %), Нидерландыда (3.25 тен 2.75 %), Австрияда (3.5 тен 3%), Данияда (4.75 тен 4.25 %), Ирландияда (7 тен 6.5%) базалық проценттiк ставка төмендетiлдi. Ал Жапонияның Орталық Банкi 1995 ж. қыркүйегiнде есептiк стаканы 0.5 % деңгейiне дейiн төмендеттi (кесте 3). Мамандардың айтуына қарағанда, мұндай шаралар қаржы сферасының тұрақтылығын нығайтады, бiрақ үкiмет органдарының  мемлекеттiк шығындарды қысқартуына мәжбүрлейдi.

Халықаралық несиелер бойынша банктік сыйақы мөлшерлемелері ішқі нарықтардағы кредитор мен қарыз алушының еліндегі ұлттық сыйақы мөлшермелерінен өзгеше болып келеді. Бұл кезде, әдетте әлемдік ірі қаржылық орталықтардағы мөлшерлеме қолданылады.

Мысалы, Лондонда ұсынатын несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемесі LIBOR (London Inter Bank Offer Rate) , Бахрейнде- BIBOR, Сингапурда- SIBOR, Франфрукт- на- Майнеде – FIBOR, еуропалық нарықта- EURIBOR, Парижде – РIBOR деп аталады. Әлемдік нарықта сыйақы ставкалары сауда күні барысында орын алған сұраныс және ұсыныс негізінде анықталады, бірақ бұл жерде маңызды болып қаржылық орталықтың белгілеген ставкасы саналады.

Төмендегі кестеде аса ірі қаржылық орталықтарында орын алған сыйақылардың ставкалары көрсетілген. Кесте мәліметтері көрсетіп отыр, соңғы жылдары Германияда  (2,5 %) және Японияда сыйақы ставкалары тұрақты болып тұр (0,1 %). Сыйақы ставкалары Ұлыбританияда 2006 ж. 1991 ж. салыстырғанда 3 есеге төмендеді , яғни 11,77 % дан 3,75 % дейін. Мұның себептері бұл елдерде инфляция өсу қарқыны төмендегендігін көрсетеді.

 

Сурет 3.  Экономикасы дамыған мемлекеттерінде сыйақы ставкасының 1992-2006 жж.серпіні ( орташа жылдық пайыз).

3 суретке қарап байқауға болады экономикасы дамыған елдерінің барлығында сыйақы ставкасы төмендеу тенденциясында, әсіресе Франция, Ұлыбритания елдерінде. Барлық елдерде өсу қарқыны 2000-2001 жж. байқалды.

ҚР жеке тұлғаларының екінші деңгейлі банктеріне салымдары 2007 ж. 2006 ж. салыстырғанда 73,3 % өсті немесе 437,3 млрд. теңгеге. Мұның себебі мерзімді салымдарының қалдықтары 76,6 % өсуі болды. Клиенттерінің ағымды және карт шоттары  бойынша қалдықтары 58,4 % өсті, ал бірінші таплапқа дейін салымдарының көлемі -56,3% өсті.

Заңды тұлғаларының салымдары 2007 ж. өткен жылмен салыстырғанда 91,1% өсті (оның ішінде мерзімдісі- 123,9% өсті)  немесе 739,6 млрд. теңгеге. Бірақ сонымен қатар бірінші талапқа дейінгі салымдардың көлемі  12,3 % төмендеді. Салымдарының валюта түріне қарай үлесіне қарайтын болсақ, онда байқауға болады: теңгелік салымдарының үлесі 2007 ж. өткен жылмен салыстырғанда 110,3% өсті, ал шетелдік валютада 73,0 % өсті. Бұл құбылыс ұлттық валюта- теңгенің тұрақтылығының көрсеткіші.

2007 ж. екінші деңгейлі банктерінің таза жиынтық табысы салықтарды төлеуден кейін 101,8 млрд. тн. құрады (2006 ж. таза жиынтық табыс 73,1 млрд. тн. құраған еді). Ал жалпы көлемде коммерциялық банктерінің табысы 2007 ж. 907,9 млрд.тн. (2006 ж.-503,3 млрд.тн.) құрады, ал шығындары 2007ж.- 780,4 млрд.тн. ( 2006ж.- 420,6 млрд.тн) көлемде болды.

Коммерциялық банктерінің табыстарының құрылымында 68,3 % банктік сыйақыны алуымен байланысты болды. Сонымен бірге айтып кету керек, банктік сыйақыны алумен байланысты табыстарының 87 % банктердің клиенттеріне қойған талаптарынан құрылды. Бұл көрсеткіштер қазіргі кезде қазақстандық банктер табыстарды өздерінің негізгі қызметтерінен алып отырғанын көрсетіп отыр, әр қашанда бұл оң (позитивтік)  фактор.[2]

 

Кесте 3. Экономикасы дамыған елдерінде белгіленген сыйақы ставкалары ( бір жылға)*

                                                                                                                   пайыз

мемлекет

1991

1992

1993

1994

1995

1996

1997

1998

1999

2000

2001

2003

2004

2005

2006

АҚШ

 

3,5

3,0

3,0

4,75

5,25

5,0

5,0

4,5

5,0

6,0

1,25

0,75

2,0

2,0

2,0

Германия

 

8,0

8,3

5,8

4,5

3,0

2,5

2,5

2,5

2,5

2,5

2,5

2,5

2,5

2,5

2,5

Япония

4,5

3,15

1,75

1,75

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

0,5

Ұлыбритания

11,77

9,39

5,46

4,76

5,98

5,89

6,56

7,21

5,2

5,77

5,08

3,89

3,59

3,75

3,75

Франция

9,49

10,35

8,75

5,69

6,35

3,73

3,24

3,24

3,39

3,39

3,39

3,39

3,39

3,39

3,39

*Мәлімет көзі. Банки Казахстана, 2007ж., №1, 48-49 бет

 

Осы өсімдер 2007 ж. да жалғасуда. 2007 ж. ақпан айына резиденттерінің салымдары қантар айымен салыстырғанда 5,7 % өсіп 3180,7 млрд.тн. жетті.  Заңды тұлғаларының депозиттерінің көлемі 7,3 % өсіп 2103,3 млрд. тн. жетті. Жеке тұлғаларының депозиттерінің көлемі 2,7 % ұлғайып 1077,4 млрд. тн. жетті.

2007 ж. ақпан айында теңгеде салынған депозиттер көлемі 5,8 % өсіп 2236,0 млрд. тн. жетті, ал шетелдік валютада- 5,5 % өсіп 944,1 млрд. тн. жетті.

Жалпы алғанда халықтың (резиденттер еместерді қоса алғанда)  2007 ж. ақпан айында 2,9 % 1093 млрд. тн. жетті, оның ішінде теңгелік депозиттердің үлесі жалпы депозиттік портфелінде  70,2% ден 70,9 % өсті.

2007 ж. ақпан айында банктік сыйақының мөлшері заңды тұлғалары үшін 4,7 % ( қантар айында- 5,2%), ал жеке тұлғаралы үшін -9,5 % ( қантарда- 9,9%) құрады. (сурет 4) [3]

 

 

 

Сурет 4. ҚР коммерциялық банктерініңде теңгелік депозиттері бойынша сыйақы ставкаларының 2003-2007 жж. аралығындағы серпіні.

Сыйақы ставкалары 2003-2007 жж. аралығында қысқа мерзімді депозиттері бойынша 6,7% нан 7,3 % өсті, яғни өсім 109 % құрады. Ал ұзақ мерзімді депозиттері бойынша 13,7 % 2003 ж. 7,6 % 2007 ж. төмендеді, яғни 45% төмендеді. Мұның себептері ҚР инфляция деңгейінің төмендеуі және Ұлттық Банктік тиімді ақша- несие саясаты болып тұр.

Суретке  (4) қарағанда ҚР 2003-2007 жж. аралығында теңгелік қысқа мерзімді депозиттері бойынша сыйақы ставкалары тұрақты қалыпта деп айтуға болады, ал ұзақ мерзімді депозиттері бойынша 2003-2005 жж. аралығында 13,7 % ден 5,2 % төмендеді, 2006 ж. 2,2 % өсіп 7,4 % құрады.

Ол деген 2006 ж. соңына қарай коммерциялық банктер өздерінің ресурстық базасын мықтылай бастады және кішкіне мөлшерде банктік сыйақы ставкасын орта – және ұзақ мерзімді депозиттері бойынша көтерді. Бұл коммерциялық банктердің іс- әрекеттінің, яғни пайыздық саясатының  оңтайлы сипаттайды.

 

Сурет 5. ҚР коммерциялық банктерініңде валюталық депозиттері бойынша сыйақы ставкаларының 2003-2007 жж. аралығындағы серпіні.

Сурет (5) көрсетіп отыр клиенттердің шетелдік валютада салыңған депозиттері бойынша банктік сыйақы ставкалары күрт өзгеріске ұшыраған жоқ. Қысқа мерзімді депозиттері бойынша банктік сыйақы мөлшері 2005 ж. 1,7 % өсіп 7 % жетті, 2007 ж. ж. қарай бактік сыйақы ставкасы 2003 ж. басымен салыстырғанда өзгерген жоқ. Ұзақ мерзімді депозиттері бойынша пайыздық ставкалары 2003-2007 жж. 10,4% тұрақты қалыпта болды.

Қазақстандық коммерциялық банктерінің іс- әрекетінде оң жағдайдың бірі шетелдік валютадағы ұзақ мерзімді депозиттері бойынша банктік сыйақы ставкалары қысқа мерзімді ставкаларына қарағанда жоғары болып тұрғаны.    Қорыта, атйтқанда ҚР коммерциялық банктері өздерінің ресурстық базасын нығайтуда, оның сапасын жақсартуда дұрыс бағытта жұмыс істейді.

Қазiргi кезде қазақстандық банктердi толғандыратын көкейтестi мәселелерiнiң бiрi — бұл банк қызметiн сақтандыру, банк клиенттерiнiң мүдделерiн қорғау  болып отыр.

Коммерциялық банктердiң сенiмдiлiгi олардың қызметiндегi маңызды элементтердiң бiрi болып табылатындығы бiзге мәлiм. Ал сол сенiмдiлiктi қамтамасыз етудегi шешушi факторлардың бiрiне банк жүйесi өте дамыған елдердiң барлығында қолданатын депозиттердi сақтандыру шаралары жатады.

    Депозиттердi сақтандырудың басты мақсаттары мыналар:

  • қоғамның банкке деген сенiмiн қамтамасыз ету;
  • банктiң салымшылары мен акционерлерiнiң мүдделерiн қорғау;
  • банк қызметiне бақылау жасауды күшейту және т.б.

   Депозиттердi сақтандыру жүйесi ең алғаш АқШ-да қалыптасқан болатын. қазiргi кезде АқШ-да мемлекет банктердiң және басқа да қаржы институттарының банкроттықа ұшыраған жағдайында олардың клиенттерiнiң салымдарының сақталып қалуына кепiлдеме бередi. АқШ аумағындағы осы сияқты қызмет көрсету түрiмен айналысатын маңызды институттардың бiрiне депозиттердi сақтандырудың федералдық корпорациясы жатады (ДСФК). Ол банктiң барлық салымшыларын сақтандырумен айналысады. ДСФК 1930-1933 жылдар аралығындағы бiрқатар банктердiң банкроттыққа ұшырағанының нәтижесiнде көптеген салымшылар өз қаржыларын жоғалтуын байқаған соң, 1934 жылы құрылған болатын. Қазiргi кездегi ДСФК-ның басты мiндетi банк жүйесiнiң тұрақтылығына деген сенiмдi қамтамасыз етiп отырады.

 

2.1. Несиелік операциялары бойынша банктік сыйақы құру саясатының барысын талдау

 

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының экономикасының дамуын талдап келесі тұжырымды байқауға болады. ҚР экономикасының нақты секторында және ЖІӨ қалыптастыруда банктік сектордың үлесі аса маңызды.  Мұның дәлелі коммерциялық банктерінің активтерінің ЖІӨ арақатынасының 01.01.2003 ж.  8,0 % (260,7 млрд.тн.) дан 01.01.2007 ж. 16,7 % (1129,5 млрд.тн) өсуі. Бұл дегеніміз ҚР ЖІӨ 1/6 бөлігі банктік сектор үлесімен жинақталды. Ал сырттан тартылған міндеттемелер есебінен ЖІӨ көлемі 5,4 % өсіп 363,3 млрд.тн. құрады.

Сонымен бірге банктік секторының негізгі көрсетікштері де қарқынды өсуде. Егер, 2003 ж. банктік активтерінің үлес салмағы ЖІӨ 25,1 %, ссудалық портфелі- 15,9 %, клиенттерінің депозиттері- 15,9 % құраса, қазір соңғы 4 жыл ішінде бұл көрсетіштер күрт өзгерді, яғни 01.01.2007 ж. банктік активтерінің үлес салмағы ЖІӨ 61,8 %, ссудалық портфелі- 41,9 %, клиенттерінің депозиттері- 34,6 % құрады.

Бұл тенденция Қазақстан банктік сектордың тұрақты дамуын көрсетеді және банктік сектор халықтың және кәсіпорындардың уақытша бос ақшалай қаражаттарын қажетті экономиканың салаларына келуін қамтамасыз етіп отыр.

Сурет 6. ҚР банктік секторының ЖІӨ қалыптастыруындағы үлесі, пайыз.

Қазіргі кезде банктік сферасында орын алған бәсекелестік жағдай қазақстандық банктерді банктік қызмет көрсету аясын кеңейтуге итермелейді, яғни сан алуан депозиттер түрлерін ұсыну дан бастап шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықты несиелеудің жаңа түрлерін іздестіруге.

ҚР екінші деңгейлі банктері постсоветтік территориясында 2006 ж. сонында жоғары жетістіктеріне жетіп отыр. Қазақстанда 2006 ж. қараша айында ЖІӨ ссудалық портфельдің арақатынасы 41,1 % құрады, ал Ресейде бұл көрсеткіш- 36,8 %, Украинада- 32,6 % құрады.[4]

ҚР бұл экономикалық өсу себептері тек жалпы экономиканың қарқынды өсуі, халықтың материалдық хал- ахуалының нәтижесі емес, сонымен бірге банктік секторының аса ірі көлемде ішқі және сыртқа әлемдік нарықтардан қаражаттарды тартып алуға мүмкіндігінің мол балғаны, оған негізді төмен тәуекелдік деңгейі және жоғары табыстылық деңгейі болып тұр. (көршілес мемлекеттермен салыстырғанда). Ал ресейлік коммерциялық банктер қаражаттардың басым бөлігін шет мемлекеттерінде салғанды жөн деп санайды.

 

            Несие нарығында кез келген банк  жоғарғы бәсекелiк қабiлетке жету үшiн, өздерiнiң қаржылық ресурстарын жоғарғы тиiмдiлiкпен пайдалану мүмкiндiгiн беретiн мумкiндiктерiн дамытып, жетiлдiру тиiс. Бәсекелестiк артықшылықтарын келесi  екi әдiспен жүзеге асыруға болады.

§     клиенттерге бәсекелестерге қарағанда несие беру бойынша ең төмен сыйақы ставкасын ұсыну.

  • клиенттердi бәсекелестермен салыстырмалы сервистiк қызмет көрсету шарттары мен өнiмдердiң несиелiк стандартымен клиентердi қамтамасыз етуде   несиелеу формалары мен құралдарын диверсификациялауды алуда жүзеге асыру.

    Несиелiк пайыздар банк табысының негiзгi көздерiнiң бiрi болып табылады. Оларды анықтау мәселелерiндегi қателiктер банктiң төлем қабілеттiлiгiмен байланысты және тiптi олардың өмiрiн қауiпке қойуы мүмкiн. Мұның барлығы қаржы нарықтарындағы өзгерiстердiң тез болуынан болады. Банктiк операциялардың табысының төмендеуiнде пайыздық саясатпен үйлестiрiлген депозиттiк саясат жүргiзiлуi керек.

    Қазiргi кезде банктердiң экономикалық қызметтерiнiң көз назарынан несиелiк операциялардың табыстылығын құраушы бiрнеше көрсеткiштер қалып қойуда. Оларды анықтау, топтастыру, талдау, тиiмдi басқару өзектi мәселелерге айналуда.  Әрине деректер ағымының қалыптасқан мониторингiсiз займдық операциялардың нәтижесiн болжау мүмкiн емес. Есептi кезеңдегi  банктiң несиелiк қызметiн талдау талдау қызметiнiң жұмысының бөлiгiнiң бiрi болып табылады. Қазiргi кездегi қызметтiң негiзгi кезеңi банктiң депозиттiк саясатының негiзгi бағыттарын болжау. Қазiргi кезде ресурстарды тарту және орналастару бойынша экономикалық негiзделген шешiмдердi банк iшiнде өтетiн экономикалық процестер ғана емес оның сыртындағы процестер жөнiнде де жан жақты ақпаратсыз қабылдау мүмкiн емес. Мысалыға несиелiк портфельдiң тиiмдiлiгiн анықтау үшiн тартылатын және орналастырылатын ресурстардың көлемiнiң, несиелiк операциялардың табыстылығын және несиелiк тәуекелдер көрсеткiштерi мен инфляцияны ескергендегi шығындардың, сыйақының орташа ставкаларының және пайыз маржасының салыстырмалы талдауынсыз анықтау мүмкiн емес. қазақстанның филиалдармен тармақталған iрi банктерiнде орталықтанған депозиттiк саясатты жүргiзу тәжiрибеге ендiрiлуде. Бұл сыйақы ставкаларының банктiң жоғарғы басшылығымен ретелiнуiнен болып отыр. Ал, ол келесi себептермен болады:  бiрiншiден, банктiк нарық реттелiнетiн ставкалар және тарифтер режимiнде қызмет етедi, және де екiншiден, олардың вариациялары банк имиджiне әсерiн тигiзiп, олардың клиенттермен, бәсекелестермен өзара қатынасы бiр өнiмдi өзге өнiммен ауыстыруға ықпал етедi. Мұндай көзқарастар банк басқармасы жүргiзетiн орталықтанған депозиттiк саясат пен олардың филиалдарының нарықтық мақсаттары арасында алшақтықты туындайды.  Сыйақы ставкалары бәсекеге қабілеттi болуы тиiс. Екiншi жағынан әрбiр аймақтық нарықтың өзiнiң ерекшелiктерi бар. Ол нарықтарда тек осы нарықа тән өздерiнiң клиенттерi мен банк өмiмдерi мен қызметтерiне қажеттiлiктер бар. Осыған байланысты, бiздiң ойымызша филиал басшылары сыйақы ставкаларын басқаруы тиiс, және де оларға банк басшылығымен депозиттiк саясатты жүргiзуде икемдiлiк берiлуi тиiс. Әртүрлi қарыз алушылар үшiн несие беру және қызмет ету технологиялары және процедураларын ұйымдастыруға әртүрлi көзқарастарда аймақтық нарықтарды дамытумен байланысты бiрқатар факторлар бар.Олар банктiң депозиттiк саясаттарына үлкен әсерiн тигiзедi. Мұндай факторларға жататындар сыртқы аймақтық ерекшелiктер, жалпы аймақтық өнiмдер, филиалдың өзiнiң және халықтың табысы. Мұндай факторларды есепке алмау, соңғы нәтижесiнде бәсекелiк позицияның төмендеуiне әкеледi. Аймақтардың экономикалық дамуындағы айырмашылықтар , әртүрлi аймақтық жалпы өнiмдерде көрiнiп , инфляция қарқыны мен табыс деңгейiнде көрiнедi. Ал мұндай жағдайлар икемдi де, тиiмдi депозиттiк саясаттарды жүргiзу қажеттiлiгiн туындайды. Онда өзгермелi iшкi және сыртқы факторлар ескерiлуi тиiс.  Аталған факторларды ескере отырып, банк филиалдарының депозиттiк саясаттарын диференциациялау қажет. Ол ресурстарды тарту және клиенттердi несиелеу облыстарында қамтуы тиiс.

    Фишер нәтижесi деп аталынатын теңдеуден ұлттық валютадағы мерзiмдi депозиттердiң (S)  аймақтық номиналдық базалық сыйақы ставкалары  жергiлiктi нарықтардағы ресурстардың нақты құнының (R) мөлшерiн  аймақтағы болжамдық инфляция деңгейiнiң үстемесiн қосу арқылы анықтауға болады.

                                         R*1

                           S= R+1+——-, % жылдық.  

                                                  100

    Ресурстар құнының (R) алғашқы мөлшерi ретiнде аймақтық нарықтарда қалыптасқан ұлттық валютадағы талап еткеге дейiнгi депозитер бойынша сыйақының орташа ставкасы алынады. Клиенттердi несиелеуде икемдi экономикалық негiзделген көзқарастар аймақтық факторларды ескергендегi  филиал қызметерiнiң несиелiк қызметiнiң тиiмдiлiгi мен бәсекелiк қабiлетiн арттыруда қажеттi.

Рентабельдiлiк шегi ретiнде банк филиалдарына табыс алмай отырып ресурстарды тару және орналастырумен байланысты шығындарды жабу мүмкiндiгiн беретiн, несиелер бойынша сыйақы ставкасының минимальдi ставкасы түсiндiрiледi. Несиелер бойынша рентабельдiлiктiң  диференсацияланған шегiн тәжiрибеге ендiру банктерге жергiлiктi жерлерде белсендi депозиттiк саясатты жүргiзуге банк басшылығының шешiмi және нақты қызмет нәтижелерiне тәуелдi филиалдардың бәсекелестiк позицияларын күшейту мүмкiндiгiн беретiн , икемдi және экономикалық негiзделген депозиттiк саясатты жүргiзу.

    Сыйақының базалық ставкасын құруда клиенттердi несиелеудегi жоғары тәуекелдiлiктi ескере отырып, пайыздық емес және өзге табыстар және де шығындар арасындағы қатынасқа үлкен көңiл бөлу қажет. Бiр жағынан, пайыздық емес өзге табыстардың банкке қажеттi шығындардан артуы және де банктердiң активтi операцияларды жүргiзу тәуекелi төмендеп, пайыздық емес және өзге табыстар есебiнен банктер қызметiн жүзеге асырады. Екiншi жағынан банктiк шығындар пайыздық емес және өзге табыстардан артатын болса , банктiң активтiк операцияларды жүргiзуге тәуелдiлiгi артады.  Мұнда банктiң шығынсыз жүмысын қамтамасыз ету үшiн пайыздық емес шығындармен табыстардың терiс салüдосы сыйақы ставкасын өсiрумен жабылады. Егер тәжiрибеде мұндай факторларды ескерсек, бәсекелестермен салыстармалы несие нарығының аймақтық сегменттерiнде ұтымды жағдайда пайыздық емес табыстардың шығындардан айырмашылығы жоғары филиалдар болады.

    Ендеше жоғарыда айтылған мәселелерден банк филиалдары үшiн пайыздық емес және өзге табыстардың пайыздық емес шығындар арасында нормативтер белгiлеуi тиiс. Бiздiң ойымызша норматив 1.0 және 1.2 аралығында табылуы тиiс.

    Несиелер бойынша рентабельдiлiк шегi  филиалдардың бiрiншi тобына мына формуламен есептелiнедi:

 

                              К1 = Sr+ P+ R+ Dm,% жылдық.

 

мұнда:

          Sr — қазақтан Республикасының Ұлттық Банкiнде депозиттердi мiндеттi резервтеу нормасын ескергендегi, филиалдардың ресурстарды тарту бойынша нақты сиақы ставкасы, қазiргi кезде 8% тең.

                                            Sn

                                    Sr=————%, жылдық.     

                                          ( 100- r),

 

Мұнда:

          Sn- филиалдардың тартылған ресурстары бойынша сыйақының орташа номиналдық ставкасы.

          r- қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнде депозиттердi мiндеттi резервтеу нормасы.

          P- займдер бойынша мүмкiн шығындарға құрылған филиал резервтерiнiң орташа қалдығының несиелер бойынша жалпы қарыздың орташа көлемiне қатынасымен анықталынатын мiндеттемелердi қайтармау тәуекелiне премия.

          Dm- филиалдың орташа активiне пайыздық емес табыстың және пайыздық емес шығының қатынасымен анықталынатын жеткiлiктiлiк маржа  деңгейi.

    Несиелер рентабельдiлiгiнiң шегi филиалдардың екiншi тобы үшiн келесi формуламен есептелiнедi:

 

                      К2 = Sr+ P+ R,% жылдық.

 

    Филиалдардың үшiншi тобы бойынша несиелер бойынша рентабельдiлiк шегi келесi формуламен анықталынады.

                                    (Dn- N * Rn)

               К3= Sr+ P+ R——————*100,% жылдық.

                                          Adcp

 

    (К1,К2,К3) көрсеткiштерiнiң мәнiн есептеуде коммерциялық банктің филиалы қызметiнiң алдынғы кварталдағы орташа көрсеткiшiне пайдалану қажет.

Қазіргі кезде қазақстандық банктер шаруашылық жүргізуші субъектілеріне несиелерді екі жақа тиімді шарттарымен беруде. 2003 ж. екінші деңгейлі банктердің жеке және заңды тұлғаларға берілген несиелері бойынша сыйақы мөлшері орташа бір айда 2-3 % құрады. Екінші деңгейлі банктердің несиелері 2006 ж. ішінде 1,7 есеге өсіп 2007 ж. 12 қантарына 3008,8 млрд.тн. жетті. Несиелік портфельде ең көп үлес салмақты сауда, құрылыс, көлік  салаларына берілген несиелер алып тұр[5].

 Сурет 7. ҚР ЕДБ берген несиелері бойынша банктік сыйақыны серпіні ( пайыз).

 

 

Кесте 4. ҚР ЕДБ берген несиелері бойынша банктік сыйақы ставкалары[6]

 

 

2001

2003

2004

2005

2006

2007

Берлген несиелері бойынша орташа сыйақы

16,1

14,4

12,6

13,1

13,0

12,9

О.і.

 

 

 

 

 

 

Заңды тұлғаларына

14,0

13,1

11,7

12,3

12,1

12,0

О.і.

 

 

 

 

 

 

Шағын бизнес субъектілеріне

16,6

16,4

15,0

14,6

14,3

14,0

Жеке тұлғаларға

20,5

19,4

17,5

17,8

17,4

17,2

О.і.

 

 

 

 

 

 

Тұтыну мақсаттарына

20,2

19,8

19,6

19,1

19,0

 

Кесте 4 мәліметтеріне қарағанда ҚР ЕДБ несие беруде келесі бағытта жұмыс істейді. Заңды тұлғаларға берілетін несиелер бойынша сыйақы ставкалары 2001-2007 жж. аралығында 2 % төмендетілді, ал шағын бизнесті қолдау мақсатында бұл сыйақылар осы мерзімде 2,6 % төмендетілді, яғни 15,6 % орташа бір жылда.

Жеке тұлғаларға берілетін несиелері бойынша банктік сыйақы ставкалары 2001-2007 жж. 3,3 % төмендетілді, яғни 16 %.  

Жалпы алғанда коммерциялық банктер экономиканы қаржыландыруда банктік сыйақы ставкаларын жылдан жылға қарай төмендетіп тұр.

Соңғы жылдары Қазақстанда коммерциялық банктер беріп жатқан несиелердің салалық құрылымы да өзгеріске ұшырады. Соңғы жылдары саудаға берлген несиелердің үлес салмағы қысқарып келіп тұр. Ал оның орнына құрылыс, көлік  салаларына берілген несиелер көлемі өсіп тұр. Басқа салалары ішінде жылжымайтын мүлкпен, сақтандыру, қаржылық секторында, білім беру, денсаулық сақтау, т.с.с жасалатын операцияларға берілетін несиелер үлесі өсіп жатыр. Бұл көрсетіштер осы салалардың тұрақты дамуын және несиелік қабілеттілігінің асқанын көрсетіп отыр.

 

Кесте 5. ҚР ЕДБ берген несиелерінің салалық құрылымы, млрд.теңге[7]

 

 

2004

2005

2005/

2004

2006

2006/

2005

2007

2007/

2006

сауда

292,0

422,5

44,7

682,1

61,4

821,3

20,4

өнеркәсіп

289,7

340,3

17,5

480,7

41,2

585,2

22,0

а/ш

9,4

15,4

65,0

16,4

6,7

19,5

19,0

құрылыс

95,0

211,7

122,8

384,0

81,4

493,6

28,5

Көлік

28,6

52,2

82,6

114,7

119,6

150,3

31,5

байланыс

8,0

28,0

251,7

23,2

-17,3

30,1

29,7

басқалары

349,3

696,9

99,6

13075

87,6

15621

19,4

барлығы

1072,0

1797,0

64,8

3008,8

70,3

4934,4

64,0

 

Бұл бағыт сонымен бірге ҚР Үкіметі тарапынан кең қолданып тұр. ҚР арнайы Индустриалды- инновациялық даму Бағдарламасы қабылданған, Ауылшаруашылықты қолдау бағдарламасы, шағын және орта бизнесті қолдау, тұрғын құрылысын дамыту стратегиясы, олардың барлығы банктік сектордың тиімді дамуына өз септігін тигізеді.

Сурет 8. ҚР 2007 ж. ЕДБ несиелік портфелінде салалардың үлес салмағы, пайыз

Қазіргі кезде Қазақстанда банктік ставкаларының ең төмен мөлшерлемелері көлік (8,9 %) және байланыс (10,1%) кәсіпорындарына тиісті.

Мұның себептері бұл салаларының монополизациялануының жоғары деңгейі болып тұр, яғни бұл секторда аса ірі компаниялары « Ksell» АҚ, « K Mobile » АҚ, «Эйр Астана» АҚ және «Қазақстан Темір Жолы», т.б. аса жоғары табысты болып табылады, сондықтан оларды несиелеуде банктердің тәуекелдік деңгейі төмен болып келеді. Сондықтан бұл салараныда банктік сыйақы ставкалары да төмен басқаларға қарағанда.

 

 

Кесте 6 ҚР ЕДБ берген несиелері бойынша банктік сыйақы ставкаларының өзгеруі (пайыз)[8]

 

 

2003

2004

2005

2006

2007

Заңды тұлғаларға

14,0

12,8

13,1

12,1

12,0

О.і.

 

 

 

 

өнеркәсіп

9,5

10,2

10,5

10,3

а/ш

14,0

13,2

12,9

12,6

құрылыс

15,2

12,6

11,9

11,2

сауда

15,3

13,8

13,5

13,0

Көлік

11,4

14,4

8,9

8,2

байланыс

6,2

8,5

10,1

9,8

Басқа салалары

15,4

15,7

15,0

15,0

 

Кесте 8 мәлімететріне қарағанда ҚР коммерциялық банктері банктік сыйақы ставкаларын жылдан жылға қарай төмендетіп отыр, сбебеі бұл кәсіпорындардың табыстылығы асып отырғандан несиелік тәукелдер төмендеп тұр, сондықтан банктер бәсеке жағдайында өздерінің сыйақы мөлшерлемелерін төмендетуге мәжбүр болады.

Қорыта айтқанда, қысқа мерзімді ссудалары бойынша банктік сыйақы мөлшерлемесі банктік қаражататрының құнына, ағымды базистік ставкадан, клиенттің несиелік қабілеттілігіне, қарыз алушымен банк арасындағы ағымды және песрпективаляқ қатынастарының хал- ахуалына тәуелді болады ( кейбір кезде басқа да факторлар әсер етеді).

Егер банктердің клиенттердің несиелік қабілеттілігін анықтауға және ссуданың сапасын талдауға кеткен тұрақты шығындарын талдасақ, онда келесі нәтиже шығаруға болады: ұсақ ссудалары бойынша сыйақы ставкасы ірі көдемдегі ссудаларының сыйақы ставкаларына қарағанда жоғары болып келеді.

 

2.3. «Казкоммерцбанк» АҚ банктік сыйақы саясатының құруын талдау

«Казкоммерцбанк» АҚ ірі және орта қазақстандық өнеркәсіптік кәсіпорындарына және трансұлттық компанияларына қызмет көрсетеді. Негізінен банк келесі бағыттарда өз жұмысын атқарады:

  • Саудалық қаржыландыру
  • Жобалық қаржыландыру
  • Қысқамерзімді несиелеу
  • Шағын және орта бизнесті несиелеу.

       Сонымен бірге банк жеке тұлғаларына тұтыну несиелерін ұсынады.

2005 ж. бастап ЕҚДБ бағдарламасы негізінде банк шағын және орта бизнесті несиелеуде белсенді қатыса бастады. Қазір ҚР гағын және орта бизнесті несиелеуде банктің несиелері 24 пайызды құрайды.

Валюталық тәуекелдерді сақтандыру мақсатында банк несиелерді АҚШ долларында беруде (барлық несиелердің 77 пайызы АҚШ долларында берілген) 

2006 ж. соңына қарай клиенттерінің депозиттерінің көлемі 30,5 % ұлғайып 210 млрд.тн. жетті ( жеке тұлғаларының депозиттері 8,7 %, ао заңды тұлғадарының – 56,7 % өсті). Теңгелік депозиттерінің үлес салмағы 32,5 % 42,5 % көтерілді.

 

Кесте 7.    «Казкоммерцбанк» АҚ депозиттерінің құрылымы (2007ж)[9]

 

 

Млн.тг.

Үлес салмағы, %

Депозиттер, тенге

 

 

Бірінші талапқа дейінгі

59235

29,9

Мерзімді

53135

26,9

барлығы

112370

56,8

Депозиттер, шет валютада

 

 

Бірінші талапқа дейінгі

25755

13,0

Мерзімді

57712

29,2

барлығы

195837

42,2

Клиенттердің барлық шоттары

195837

99,0

О.і.

 

 

Заңды тұлғалары

112668

57,5

Жеке тұлғалары

83169

42,5

Берілген пайыздар

1990

1,0

барлығы

197827

100

Кесте деректері көрсетіп отыр банк депозиттік саясатты жүргізуде дұрыс бағытта жұмыс жасап отыр.

Банктің қаржы ресурстарын қалыптастыруда дәстүрлі көздерінің бірі болып клиенттердің депозиттері табылды.

Соңғы жылдары мемлекеттегі макроэкономикалық өсу тенденциялары халықтың табыс деңгейі асады деп болжау жасалынып тұр. Сондықтан банк осы бағытта тиімді сыйақы саясатын құру және жоғары сапалы қызмет көрсету  арқылы өз іс- әрекеттін күшейтеді.

Банк 200 ж. бастап жеке тұлғаларға несие беру стратегиясын қатты қолдауда. Қазіргі кезде банк жеке тұлғаларды несиелеуде жетекші банктердің бірі болып табылады. Соңғы жылы жеке тұлғаларға несие беру көлемі 129 % ссудалық портфелінде үлесі 5 % артты.

«Казкоммерцбанк» АҚ жылдан жылға таза табыстар көлемін арттырып келуде.

 

                 Сурет 9. «Казкоммербанк» табысының динамикасы.

 

Банктің табыстылығы соңғы жылдары 2 еседен арттып өсті.

Банктің табысы ішінде пайыздық  (28 % өсім) және пайыздық емес ( 29 % өсім)  табыстар бір қалыпты өсу бағытында.   

 

Сурет 10. «Казкоммерцбанк» АҚ таза пайыздық табыс пен операциондық шығындарының серпіні.

 
   

 Сурет 11  Таза пайыздық табыстардың динамиаксы ( «Казкоммербанк» және  «БанкТуранАлем» )

 

Сурет 11 мәліметтеріне қарағанда көруге болады «Казкоммерцбанк»  АҚ таза пайыздық табыстары бойынша жетекші орын алуда. «ТұранӘлемБанк» салыстырғанда өсім 58 пайызды құрайды.

Қазіргі кезде «Казкоммерцбанк» өзінің қаржылық нәтижелерін асыру мақсатында жаңы бағытта шағын және орта бизнесті несиеді ұсынып отыр. Бұл жерде банктік сыйақы мөлшерлемесі  төмен 16 % 27 % бір жылда, несиелеу мерзімі 18 айға дейін. Бұл несиені алу үшін бизнес- жоспар қажет емес, несиені құжаттауға 14 күн кетеді, қажітті экспертиза тегін жасалынады.

Сонымен бірге банк шағын және орта бизнесті несиелеудің барлық  ауқымын алу үшін микронесиелеуді де ұсынады.

Несие сомасы:

 $ 500 — $ 30 000

Мерзімі:

12 айға дейін

Банктік сыйақы:

Валютада  2-2,6% бір айға

Несиелеу салалары:

Сауда, қызмет көрсету, өндіріс

 

Казком барлық кәсіпкерлерді «Несиені аулау маусымы» атты жаңа акцияға қатысуға шақырады. Өту мерзімі: 2007 жылдың 1 сәуірінен 29 маусымына дейін

Аулау маусымында Казком несие алуға шақырады:

  • Несие бойынша өзгермелі сыйақы мөлшерлемесі – бұл несиені өтеудің басында несиені ең үлкен пайыздық сыйақы мерзімінде несиені төмендетілген сыйақы мөлшерлемесімен өтеу.
  • Несиелеу мерзімі 12-ден 120 айға дейін – несиелеу бағдарламасының шарттарына сәйкес;

 

Кесте 8-  “Казкоммерцбанк” АҚ қаржылық нәтижелері (млн.тенге)

 

 

Көрсеткіштер

2003

2004

2005

2006

2006/

2005, %

Пайыздық табыстар

24500

35106

56102

85790

153

Пайыздық шығындар

11257

18623

27143

45185

166

Пайыздық активтерінің құнсыздануына резерв құруға дейінгі таза пайыздық табыстар

13243

16482

29019

40605

140

Резервтер

7341

5887

11221

17832

159

Таза пайыздық табыс

5901

10594

17798

22772

128

Таза пайыздық емес табыстар

11604

9923

11779

15261

129

Операциондық табыстар

17506

20518

29577

38033

128

Операциондық шығыстар

7955

8969

9511

13367

140

Операциондық пайда

9550

11549

20076

24666

123

Салыққа дейінгі пайда

8257

11258

19357

22900

118

Салық төлеуге кеткен шығындары

276

2091

9573

2337

-74

Таза табыс

7978

8760

9784

20563

2 есе

1 акцияға пайда (тенге)

25,94

25,89

24,35

51,17

2 есе

*мәлімет көзі.  “Казкоммерцбанк” АҚ жылдық есептері www.kkb.kz.

 

Қазкоммерцбанктің коммерциялық жылжымайтын мүлікті несиелеу шарттары

 

Несие мерзімі: 

  • 5 жылға дейін (ЕЖДБ желісі бойынша – 4 жыл)

Сыйақы мөлшерлемесі: 

  • шет. валютасымен айына 1,3%-дан бастап
  • теңгемен айына 1,6%-дан бастап

Бастапқы жарна: 

  • алынатын коммерциялық жылжымайтын мүлік құнының 15%- нан бастап.

Несиені қамтамасыз ету: 

  • Сатып алынған жылжымайтын мүлік
  • Басқа да қамтамасыз етулер

Ерекше артықшылықтары: 

  • Бастапқы бизнесті несиелеу мүмкіндігі
  • Несиені өтеудің жеке кестесі (негізгі қарызды өтеу үшін жеңілдетілген кезең болуы)

Қосымша артықшылықтары:

  •  Қосымша қамтамасыз ету енгізген жағдайда, 100% мөлшерінде несие алу мүмкіндігі
  • Несиені  бірден немесе бөлшектеп алуға болады (егер жобаны қаржыландыру ресурстарды біртіндеп игеруді болжаса)

«Қазкоммерцбанк» АҚ жаңа автомобиль сатып алуды несиелеудің «Татымды несие» атты  жаңа бағдарламасын ұсынады. Аталған бағдарлама Қазкоммерцбанктің тиімді несие шарттары арқылы қазіргі заманға сай жаңа автокөлікті елдің кез келген автосалонынан жоғары дәрежелі қызметпен сатып алуға ерекше мүмкіндігін береді.

Несиелеу шарттары:

  • Несие валютасы: теңге, АҚШ доллары және ЕУРО
  • Несие бойынша сыйақы мөлшері: жылына 12% — барлық валюта бойынша
  • Несиелеу мерзімі: кез келген валютада 12 айдан 60 айға дейін 
  • Бастапқы жарна: 0 %
  • Несиенің ең жоғарғы сомасы: автомобиль құнының 100 %
  • Автомобилді сақтандыру: жоқ
  • Несиені қамтамасыз ету: алынатын автомобиль/жылжымайтын мүлік/Банктегі ақша салымы
  • Несиені ұйымдастырғаны үшін комиссия: 0 теңге 
  • Мерзімінен бұрын өтегені үшін комиссия: 0 теңге
  • Қарыз шотын жүргізгені үшін комиссия: несие сомасынан 0,4%:
  1. алынған автокөлікті ерікті түрде сақтандырған жағдайда комиссия мөлшері 0,2%-ы құрайды
  2. кепілдікке жылжымайтын мүлік ұсынған жағдайда, комиссия мөлшері 0,1%-ы құрайды
  • тиімді пайыздық мөлшерлеме 18,43%

Бұл іс- шараларда көріп отырмыз «Казкоммерцбанк» әр түрлі клиенттеріне және әр түрлі несиелеу объектісіне дифференцияланған банктік сыйақы ставкаларын ұсынып отыр. Бұл терең маркетингтік зерттеулер жүргізудің нәтижесі болып табылады.

Соңғы жылы банк Nissan Teana, Nissan Murano и Nissan Pathfinder автокөліктерін несие алуға келесі ұсыныстар беріп отыр. Бұл несие бойыгша сыйақы мөлшерлемесі 3 пайыз жылдықтан жоғары болып келеді.

         Банк болашақта өзінің тиімді стратегиясын сақтау үшін депозиттерді тартуда да сыйақы құру саясатын жетілдіріп отыр.

Қазіргі кезде банк келесі депозиттер түрін ұсынады:

  • Үздік салым,
  • Еркіндік салымы,
  • Классикалық салым,
  • Зейнетақы салымы,
  • Балалар салымы,
  • Сенімгерлік

Бұл депозиттерді ұсынуда банк сыйақы саясатын келесі бағытта құруда.

«Үздік» салымы бойынша сыйақы мөлшерінің жылдық %-ы.

 

3 ай

6 ай

12 ай

13 ай

18 ай

24 ай

36 ай

37 ай

60 ай  

Теңге

5.9 %

6.0 %

9.0 %

9.5 %

9.7 %

10.0 %

10.0 %

11.0 %

10.5 %

АҚШ доллары

3.9 %

4.0 %

5.0 %

6.5 %

6.5 %

6.5 %

6.5 %

7.5 %

7.5 %

Еуро

3.5 %

4.0 %

5.0 %

5.4 %

5.5 %

6.0 %

6.5 %

7.0 %

6.5 %

 

 

 

«Еркіндік» салымы бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің жылдық %-ы.

 

1 ай

2 ай

3 ай

4 ай

5 ай

6 ай

7 ай.

8 ай

9 ай

10 ай

11 ай

12 ай

13 ай

18 ай

Теңге

5.5 %

5.7 %

5.9 %

5.9 %

5.9 %

6.0 %

8.0 %

8.3 %

8.5 %

8.7 %

8.9 %

9.0 %

9.9 %

10.0 %

АҚШ доллары

3.5 %

3.7 %

3.9 %

3.9 %

3.9 %

4.0 %

4.8 %

4.8 %

4.9 %

4.9 %

4.9 %

5.0 %

6.2 %

6.4 %

Еуро

2.0 %

2.5 %

2.7 %

2.9 %

3.1 %

3.3 %

3.5 %

3.7 %

3.9 %

4.1 %

4.3 %

4.5 %

5.0 %

5.5 %

«Классикалық» салымы бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің жылдық %-ы.

 

6 ай

12 ай

18 ай

24 ай

36 ай

Теңге

6.0 %

9.0 %

9.7 %

10.0 %

10.0 %

АҚШ доллары

4.0 %

5.0 %

6.5 %

6.5 %

6.5 %

Еуро

4.0 %

5.0 %

5.5 %

6.0 %

6.5 %

«Зейнетақы»  салымы бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің жылдық %-ы.

 

3 ай

6 ай

12 ай

18 ай

24 ай

36 ай

37 ай

60 ай

Теңге

5.9 %

6.0 %

9.0 %

9.7 %

10.0 %

10.0 %

11.0 %

10.5%

АҚШ доллары

3.9 %

4.0 %

5.0 %

6.5 %

6.5 %

6.5 %

7.5 %

7.5 %

Еуро

3.5 %

4.0 %

5.0 %

5.5 %

6.0 %

6.5 %

7.0 %

6.5 %

«Балалар»  салымы бойынша сыйақы мөлшерлемесінің жылдық %-ы.

 

12 айдан жоғары

Теңге

9.0 %

АҚШ доллары

5.0 %

Еуро

5.0 %

«Сенімгерлік» салымы бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің жылдық %-ы.

 

12 айдан жоғары

Теңге

8.0%

АҚШ доллары

4.5%

Еуро

4.5%

 

«Казкоммерцбанк» АҚ құрған сыйақы саясаты әр қашанда кез келген клиенттің ойынан шығуды көздейді. Мұның барлығы үлкен жетістіктердің, тиімді менеджмент, маркетинг жүйесінің қалыптасуының нәтижесі. Банк қызмет көрсетуде және табыс алуда қолда бар барлық мүмкіндіктерді қолданып отыр.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Талдау бөлімі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАНКТІК СЫЙАҚЫ ҚҰРУ

САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ

 

3.1. Банктік  сыйақы құру саясатын   жетілдіруде

       атқарылатын іс-шаралар

 

    ҚР коммерциялық банктер бүгiнде сырттан қаржыларды тартып, оларды өзiнiң ресурстары ретiнде қолдануға бағытталған депозиттiк саясат жүргiзiп отыруы тиiс. Олар банктiк шоттарда клиенттердi өз қаржыларын сақтауға ынталандыра бiлiп, салымшылардың мүдделерiн тек артуы тиiс.

  1. Салымшыларды ынталандырушы ең маңызды фактор, әрине, депозиттер бойынша төленетiн, инфляцияның деңгейiнен жоғары болып келетiн сыйақы мөлшерi болып табылады. Сонымен бiрге, кез-келген банктiң тиiмдi сыйақылық саясатын келесi жағдайларды ескере отрып қалыптастыру керек:
  • бiрiншiден, уақытша бос қаржыларды мүмкiндiгiнше оңтайлы көлемде тарту;
  • екiншiден, банктiң қалыпты коммерциялық қызметiн қамтамасыз ететiн деңгейде пайда алу;
  • үшiншiден, салымшыларды әлеуметтiк-экономикалық тұрғыдан қорғау кепiлдiгiн қамтамасыз ету.

Осы қойылған мiндеттердi қамтамасыз ету үшiн бiрқатар шараларды жүзеге асыру қажет.

   Коммерциялық банктiң сыйақылық саясатын жетiлдiру мақсатында бiрқатар жағдайларды ескерген жөн:

  • бiрiншiден, салымшылар өз салымдары мен жинақтарын банкте ұзақ мерзiм және тұрақты түрде сақтауы үшiн ынталандыру қажет;
  • екiншiден, тенгенiң күн санап төлем қабiлетiнiң төмендеуiн және тиiсiнше, тұрғын халықтың жинақтарының құнсыздануын есепке ала отырып, банктегi салымдарға индекстердiң көмегiмен түзетулер енгiзiп отыру қажет.
  • Үшiншiден, банктiң сыйақылық саясатын жетiлдiру барысында, тұрғын халықтың табыс деңгейiнiң өсiп, жiктелiп отырғандығын ескерген жөн.

   Жоғарыда қозғалған мәселелер банктiң оңтайлы депозиттiк саясатын қалыптастыру барысында қолдау табуға тиiстi негiзгi принциптердi анықтауға мүмкiндiк бередi.

  1. Салымдар бойынша белгiленетiн сыйақы (мүдде) деңгейi банкте салымдарды сақтау мерзiмiмен үйлесiм табуы тиiс. Мұндай үйлесiмдi белгiлеiдiң басты мақсаты-болашақта салымдарды ұзақ мерзiмдерге тартуды қамтамасыз ету болып табылады.
  2. Сыйақы (мүдде) деңгейi банк қызметiнiң рентабельдiлiгiн қамтамасыз ету және банк қызметiнде сыйақымен байланысты тәуекелдiң болуы мүмкiндiгiн ескеруi қажет.
  3. Мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының жаңа кезеңiнде тұрғын халықтың белгiлi бiр топтарына жеңiлдiктер берiлiп отырады. Бұл шара, салымдар бойынша ставкаларды әлеуметтiк тұрғыдан жiктеп отыруға мүмкiндiк бередi. Сондықтан да, банктiң сыйақылық саясатын қалыптастыру барысында осы принциптердi кешендi түрде есепке алып отыру маңызды деп саналады.
  4. Банктердiң депозиттiк саясатын жүзеге асырудағы шешушi жағдай бұл сырттан тартылып, банктiң өзiнде шоғырландырылған ресурстарын тиiмдi пайдалану болып табылады. Салымшылар мен клиенттерден ақылылық негiзiнде қаржыларды тарту олардың өздерiне қайтарылуы тиiс. Экономиканың тұрақсыздығы жағлайында мұндай қаржылар мүмкiн болатын шығындардан сақтандырылып қоюы тиiс. Бұл ресурстады пайдаланудағы қосымша ынталандыру көзi болып табылады. Себебi, банк қаржыларды уақытша пайдалануға ала отырып, пайдаланғаны үшiн сыйақы төлеп, оларды қайтарып қана қоймай, өзiне табыс алып келетiндей етiп оларды пайдалануы тиiс. Осы орайда несие ресурстарының құрылымын оңтайлы ету проблемасы соңғы жылдары өзектi мәселеге айналып отыр, өйткенi көптеген банктерде капиталаның ресурстық бөлiгi мерзiмдерi бойынша несиелiк салымдар мерзiмiне қарғанда қысқа болып келедi.

Бұл проблема  коммерциялық банктерге ерекше қауiп алып келедi. Бұл жағдайларда банк несие ресурстарын бөлiп-тарату және пайдалану тәуекел деңгейiнiң төмен деңгейiнде табыстың ең жоғары шегiне жетуi қажет. Коммерциялық банктердiң депозиттiк саясаты салымшылардың екi категориясына – заңды және жеке тұлғаларға бағытталып құрылуы тиiс. Мұнда банк клиенттердiң әр тобының ерекшелiктерiн ескеруi тиiс. Сонымен бірге клиенттің категориясына қарай банктік сыйақы ставкасы бекітілуі тиіс.

III. Банк пен оның клиенттерiнiң арасындағы өзара тиiмдi қарым-қатынас банктік сыйақы құру саясатты жүзеге асырудың iргетасы болып саналады. Салымшылардың санын арттыру үшiн, банк олардың мүдделерi мен талаптарын ескергенi жөн. Сонымен бiрге, банк қызметкерлерiнiң сыйақы құру саясатты жүзеге асыруы барысындағы жауапкершiлiгiн де есепке алу керек. Несие саясатын жүргiзу барысында банктердiң басым көпшiлiгi ссуда беру кезiндегi өкiлеттiктер жүйесiн қалыптастырып отырады. Мұндай көзқарас депозиттiк саясатқа қатысты алғанда да қалыптасуы тиiс. Банк пен клиент өзара бiр-брiне мүдделi әрiптестiк қатынас қалыптастырып отыруы тиiс және де клиенттерге өз қаржыларын банкте сақтаған езiнде құқықтарының ауқымын кеңейтiп, табысының деңгейiн арттыруға мүмкiндiк берiп отырған дұрыс болар едi. Осыған байланысты, депозиттердi тарту үшiн клиенттермен жеке келісiм шартттарға отыру арқылы оларға тиiстi сомада қажет болған жағдайда несие берiп отыру банктiң депозиттiк саясатының тиiмдi бағыттарының бiрi болып табылар едi. Сонымен бірге көр жылдар бойы қарым- қатынастар жасап отырған клиенттері үшін банктік сыйақы мөлшерлемесін төмендетуге болады.

  1. Банктік сыйақыны құру саясатты одан әрi жетiлдiрудiң банк тәжiрибесiндегi бағыттарының бiрiне сыйақы құру саясатты қалыптастыру барысында банк маркетингiнiң тәсiлдерiн  жетiп меңгерiп, оны iс жүзiнде қолдана бiлу болып табылады. Қазақстандық коммерциялық банктердiң басым көпшiлiгi банктік сыйақы құру саясатты қалыптастырудың экономикалық негiзiне маркетингтi қолданбайды және оған көңiл бөлмейдi. Ал дәл қазiргi кезде банктiң жетiстiктерге жетуiнiң алғышарттарының бiрi маркетингтiң көмегiмен банктiң тұрақты бәсекелестiк қабiлетiн қалыптастыру болып табылады. Сондықтан да банк маркетингiнiң негiздерiн банк тәжiрибесiне енгiзу арқылы банктiң қалыпты қызметiн қамтамасыз етiп етiп, бәсекелiк қабiлетiн арттырудағы маңызы зор.
  2. Осы айтылған мәселелерден басқа, банктік сыйақы құру саясатты жасау барысында коммерциялық банктер баланс өтiмдiлiгiнiң шарттарын сақтап келесi ұсыныстарды ескерiп отырғаны абзал:
  • Депозиттiк ресурстар мерзiмi мен сомасы бойынша активтi операциялармен үйлесiп отыруы тиiс;
  • Депозиттiк операцияларды банк өзiне барынша жоғары табыс деңгейiн қамтамасыз ету мақсатында жүргiзуi тиiс;
  • Депозиттер арасында мерзiмдi депозиттерге қаржы тарту мәселесiне көбiрек көңiл бөлген жөн;
  • Қосымша қызмет түрлерiн көрсету мен жеңiлдiктер беру арқылы салымдардың саны мен көлемiн ұлғайту үшiн депозиттiк операциялрдың ауқымын кеңейткен жөн;
  • Банкте ақша қаржыларының түсуi мен жайғастырылуына бақылау жасап отыратын арнайы жүйе қалыптастыру керек.
  1. VI. Қазiргi кездегi қазақстандық және шет елдiк банк тәжiрибесiн зерттеу нәтижесiнде депозиттердi тарту барысында банктік сыйақы құру саясаттың ұйымдастырушылық нысандарын (сыйақы құру саясатты жүзеге асырудың әдiстерi мен тәсiлдерiн) қолданған дұрыс болатындығын байқадық.

Сонымен, банктік сыйақыны құру саясаттың фукционалдық нысандарына банктегi депозиттiк және несиелік  процесстi оңтайлы етудегi банктiң стратегиясы мен тактикасын қамтитын арнайы маркетингтік зерттеулер, ғылыми негіздеоген қағидалар, арнайы қабылданған  құжаттарды жатқызуға болар едi.

Қазiргi кездегi шет елдiк коммерциялық банктер комиссиондық төлемдердiң табыс көлемiндегi үлесiне көп көңiл бөледi. Соңғы жылдары табыс көлемiндегi комиссиондық төлемдердiң үлесiнiң артуы тенденциясы айқын байқалуда. Бүгiнгi таңда ол 30-40 % құрап отыр. Көптеген елдердiң коммерциялық банктерi бұл деңгейге жетудi өзiнiң қызметiндегi перспективалы мақсаттардың қатарына қойып отыр. Ал қазақстандық банктерде бұл комиссиондық төлемдердiң үлес салмағы небәрi 3-5 % деңгейiнде қалыптасқан. Бұл отандық коммерциялық банктер қызметiнiң болашақта жетiлдiрудi талап ететiн бағыттарының бiрi болып отыр. Отандық банктер төмендегi әдiстеменi қолдана отырып, комиссиондық төлемдердiң табыс деңгейiндегi үлесiн арттыруына болар едi:

 

      Банк тарапынан клиенттерге банктiк ұсыныс жасау әдiстемесi

 (банктiк ұсыныс құрылымы)

 

     Банктiң базалық қызметi немесе операциясы (проценттiк табыс

                           немесе  комиссиондық төлемдер)

 

      Пакеттiк ұсыныс = Базалық өнiм + Парабанктiк өнiм

      Жалпы ұсыныс = Базалық өнiм + Парабанктiк өнiм + Банктiк                                         емес өнiм

 

    Банк жүйесi мамандарының  ойынша салымдарды тарту үшiн осындай көзқарасты қазақстандық банктер қолданғаны дұрыс болар едi деп пайымдауға болады.

Бұл жерде әлбетте айтылып кететін жайт бұл пайыздық тәуекелдіктерді төмендетудің әдістері. Себебі пайыздық тәуекелдерді басқа да тәуекелдерімен байланыстырып дұрыс анықтамау коммерциялық банкті қолайсыз жағдайларына алып келуі мүмкін.

Пайыздық тәуекелдерді басқарудың қазіргі кездегі тәсілдерін одан әрі жетілдіруде жүргізіліп жатқан шаралар:

  1. Сыйақы тәуекелін сақтандыру. Тәуекелді менеджменттің несиелік тәуекелді сақтандыру әдістеріне ұқсас, тәуекелдің бұл түрімен байланысты жауапкершіліктердің барлығын сақтандыру ұйымдарына беруді көздейді.
  2. Өзгермелі пайыздық ставкалардығы несиелерді беру. Мұндай тәсілдерді қолдану арқылы банктер нарықтың пайыздық ставкалардың өзгеруіне сәйкес берілген несиелер бойынша пайыздық савкаларының мөлшеріне өзгерістер ендіріледі. Нәтижесінде банктер нарықтың несиелік пайыздық өзгеруінен мүмкін болатын шығындарды болдырмау мүмкіндігін білдіреді.
  3. Мерзімдік келісімдер. Пайыздық тәуекелден мұндай тәсілдерді қолдана отырып қорғану, банк және клиент арасында тіркелген пайыздағы және белгілі бір мөлшердегі қарызды белгіленген күні беруі туралы арнайы форвардтық келісімдерді жасауды білдіреді. Осылайша болашақтағы несиенің мөлшері және берілетін күні, және де ол несие бойынша төлем алдын ала белгіленеді. Мұндай мақсаттағы келісімдерді жасай отырып банктер өздерін нарықты пайыздық ставкалардың төмендеуі кезінде болатын шығындардан өздерін қорғай алады. Ал, егер нарықтық пайыздық ставка жоғарлайтын болса, онда несие өз мөлшердегі төлемге беріледі. Хеджирлеудің мұндай әдісі клиент пен пайыздық ставкалардың тербелістерімен байланысты тәуекелдерді бөлу мүмкіндігін береді.
  4. Пайыздық фьючерстік келісім шарттар. Олар мерзімді пайыздық ставкалармен ойындар жүргіуге арналған келісім шарттар болып табылады. Өзге де фьючерстік келісім шарттарға ұқсас, пайыздық фьючерстер де нарыктың пайыздық ставкалардың тербелісне негізделген алыпсатарлыққа және де пайыздық тәуекелдерді жабуға қолданылады.
  5. Пайыздық опциондар. Пайыздық опциондар болашақтағы қандайда бір күннің келуіне байланысты немесе оған дейін тіркелген бағада қандайда бір қаржылық құралды сату немесе сатып алу құқын опцион иесіне беретін келісім.
  6. Пайыздық своптар. Пайыздық своп ретінде әртүрлі шарттарда осы бір сомаға жасалған несиелік міндеттемелер бойынша пайыздық төлемдермен айырбас дегенді түсіндіреді.

    Нарықтың тәуекелдерді одан әрі жетілдіру жолдары:

  1. Бағалы қағаздарды сату–сатып алудың фьючерстік келісімдері. Мұндай келісім шарттар алдын ала тіркелген бағам бойынша өзінің иесіне сату немесе сатып алу құқын береді. Бұл келісім шарттар өзге қаржылық фьючерстік келісім шарттарға ұқсас бағалы қағаздардың нарықтық құнының тербелісіне негізделіп, осы тербелістен болатын шығындарды болдырмау тәуекелін төмендетеді.
  2. Қор  опциондары. Қор опциондары белгіленген мерзім ішінде акцияларды сату және сатып алу құқы. Тәуекелді менеджменттің бұл тәсілі арқылы акциялардың бағамдарының өзгерістерімен байланысты тәукелдермен байланысты шығындарды болдырмау мүмкіндіктерін береді.
  3. Инвестициялық портфельді диверсификациялау. Бағалы қағаздардың құнсыздануынан қорғанудың  маңызды құралы банктің инвестициялық портфелін диверсификациялау.

Экономиканың дамуындағы қазіргі кезеңде банктің ресурстарын қалыптастыру проблемасы банктер үшін бірінші кезектегі мәселе болып табылады. Банктердің қызметінің ауқымы ресурстар жиынтығының көлеміне байланысты болып келеді. Мұндай жағдай банктердің арасындағы ресурстарды тартуға деген бәсекесін күшейте түседі.

   Қазақстандық банктер үшін несиелік портфельді оңтайлы ету сұрақтары маңызды болып отыр. Банктің ағымдағы өтімділігін қамтамасыз ету тактикалық міндет болып табылады. Банктердің оңтайлы депозиттік саясаты салымшылардың мүдделеріне бағытталып жасалуы тиіс. Мұндағы басты ынталандырушы фактор несиелер бойынша инфляция деңгейінен төмен болып келетін сыйақы мөлшерін төлеу болып табылады. Несиелік саясаттың басты міндеті- банк пен клиент мүдделерін үйлестіру болып табылады.

   Несиелік саясаттың мақсаты- клиентке тиімді сыйақы мөлшерін төлей отырып, оған қызметтердің бірнеше түрлерін көрсету  және қажет болған жағдайларда банктің өтімді болу мұқтаждықтарын уақытша бос қаржыларды тарту арқылы қанағаттандыру болып табылады. Икемді несиелік саясат тұрғын халықтың мүдделерін қорғай отырып, олардың қаржыларын біліктілікпен қолдана білуі тиіс.  Сондықтан да біз бүгінгі таңдағы әлемдік тәжірибеде қалыптасқан банк қызметіндегі депозиттік саясатты қалыптастырудың әдістемелерін оқып біліп, осы алған білімді еліміздің банк жүйесінің практикасында қолданғанымыз абзал.

   Қазіргі кезде несиелік саясатты қалыптастыру барысында банк екі маңызды міндеттерді шешуі тиіс:

1) Банк өзіне қажетті қаржыларды мүмкіндігінше төмен шығындармен қайдан алуына болады?

2) Клиенттері сұраныс білдіретін қажетті деңгейдегі несие ресурстарына жеткілікті болатын  депозиттерге банк мекемесі қалай кепілдік бере алады?  Қойылған сұрақтардың шешімін табу оңай шаруа емес. Осы орайда, банктің несиелік саясатын қалыптастыру барысында банктер өзге де Отандық банктер мен шет елдік банктердің осы саладығы тәжірибесін зерделей отырып, өзінің депозиттік саясатын қалыптастыруы тиіс, өйткені банктің депозиттік саясатының мақсаттары төмендегі шарттарды қамтуы тиіс деп ойлаймыз: тәуекел деңгейін төменгі шегіне жеткізу мақсатында мақсатты рыноктарды анықтап, несиелік рыноктың жағдайына талдау жасау; қаржыларды депозитке тарту, депозит портфелін тиімді басқару арқылы табыстың ең жоғарғы деңгейін қамтамасыз ету.

   Мұндағы айта кететін тағы бір жайт, бұл барлық коммерциялық банктер үшін бірдей, ортақ саясаттың болмайтындығы. Әрбір нақты банк өзінің депозиттік саясатын  түрлі факторлардың әсерін ескере отырып қалыптастырады.

   Несиелік саясаттың принциптері мен мақсаттарын, оған тікелей және жанама түрде әсер ететін факторлар жиынтығын ескере отырып жасағанда ғана несиелік саясат тиімді және оңтайлы болады деп саналады. Ал банктің тиімді де оңтайлы несиелік саясаты банктің өзінің, экономиканың өркендеуі мен гүлденуіне оң әсерін тигізері сөзсіз.

        Сонымен, банктер бүгінде сырттан қаржыларды тартып, оларды өзінің ресурстары ретінде қолдануға бағытталған депозиттік саясат жүргізіп отыруы тиіс. Олар банктік шоттарда клиенттерді өз қаржыларын сақтауға ынталандыра біліп, салымшылардың мүдделеріне иек артуы тиіс. Салымшыларды ынталандырушы ең маңызды фактор, әрине, несиелер бойынша төленетін, инфляцияның деңгейінен жоғары болып келетін сыйақы мөлшері болып табылады.  Сонымен бірге банктердің несиелік саясатын жүзеге асырудағы шешуші жағдай бұл сырттан тартылып, банктің өзінде шоғырландырылған ресурстарын тиімді пайдалану болып табылады. Банк пен оның клиенттерінің арасындағы өзара тиімді қарым-қатынас депозиттік саясатты жүзеге асырудың іргетасы болып саналады. Салымшылардың санын арттыру үшін, банк олардың мүдделері мен талаптарын ескергені жөн.

      Қазақстандық коммерциялық банктердің қызмет аясы кеңейген сайын, банк қызметіндегі несиелдік портфельді басқару тәуекелі де ұлғая бермек. Бірақ, Отандық коммерциялық банктер әлемдік тәжірибеде белгілі барлық тәуекелдің түрлерімен кездесті деуге болмайды. Алайда олардың саны өсіп барады, ал бұл проблема Отандық банк жүйесі үшін жаңа болып табылады, сондықтан да банктердің депозиттік саясатын жүргізу әдістері бойынша қандай да бір тереңдетілген зерттеулер жүргізілген жоқ. Осы орайда банктердің депозиттік саясатын қалыптастыру барысында пайда болатын тәуекелдерді зерттеу Қазақстанның банк жүйесін реформалау кезіндегі өзекті проблемалардың бірі болып отыр.

   Қазіргі кездегі қазақстандық және шет елдік банк тәжірибесін зерттеу нәтижесінде депозиттерді тарту барысында несиелік саясаттың ұйымдастырушылық нысандарын (депозиттік саясатты жүзеге асырудың әдістері мен тәсілдерін) қолданған дұрыс болатындығын байқадық. Ол  депозиттік саясатты жұмат түрінде болу керектігін дәлелдейді.

 

3.2. Банктік сыйақы құру саясатын жетілдіруде ақша- несиелік  

       саясатының тиімділігін арттыру жолдары

 

Соңғы 10 жылдары ҚР банктік секторы бірқалыпты тұрақты дамып келе жатыр. Мұның негізі республикада орын алған оңтайлы сыртқы экономикалық конъюнктура және жоғары макроэкономикалық даму қарқыны болып тұр.

2007 ж. статистикалық көрсеткіштеріне қарайтын болсақ, онда көруге болады тауарлар мен қызметтерінің сыртқы экономикалық айналымы 33,8 % өсіп 55,4 млрд.тн. дейін өсті, тауарлар және қызметтерінің экспорты- 34,5 % ұлғайып 30,4 млрд. тн. жетті, ал импорт- 32,9 % немесе 25,0 млрд. тн. жетті.

2006 ж. ішінде инфляция қарқыны 7,5 % құрады. (2003 ж- 6,6 %, 2004-6,8%, 2005- 6,7%).

ҚР орын алған экономикалық белсенділік инфляциялық процестерді күрделендірді.

Мемлекетте ақша қаражаттарына орын алған сұраныстың жоғарлауы ақша агрегаттарының көлемін өсуіне алып келді. 2006 ж. ішінде ақшалай масса 25,2 % өсіп 2065,3 млрд. тн. ( 2005- 69,8 %) жетті. Мұның негізін коммерциялық банктері тарапынан ішқі несиелендіру көлемінің өсуі себеп болды. Өткен жылы экономикаға берілген несиелердің көлемі 74,7 % өсті.[10]

Бұл жағдайда коммерциялық банктер өздеріне табыс табу үшін тиімді сыйақы құру саясатын қалыптасытуры тиіс.  

Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі пайыздық саясаттың негізгі мақсаты — теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша массасының өсім қарқының азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлірек айтқанда, пайыздар үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі. Яғни жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруі керек.

Қазақстандағы жоғары карқынды инфляцияға қарсы күресте пайдалануға мүмкіндік беретін келесі бір факторға шетел валютасына деген шектен тыс сұранысты азайту шаралары жатады.

  Қаржы операцияларының барлық түрлері бойынша пайыздык мөлшерлемесінің деңгейі Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша индикативті анықталады. ҚР ҰБ бірнеше сатылы қайта қаржыландыру ставкасын 7 % 8 % дейін  ресми түрде көтерді. Сауданың түрлері бойынша төленетін пайыздық мөлшерлемелер өзара кейбір негізгі себептермен ерекшеленеді. Олардың арасынан мыналарды бөліп көрсетуге болады:

  • қарыз мерзімінің әр түрлілігі,
  • пайызды төлемеуімен байланысты тәуекелдің деңгейі,
  • пайыздык мөлшерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі.

     Мемлекетгік қазыналық міндеттемелер, банкаралық несие, Ұлттық банкінің ноталары бойынша пайыздық мөлшерлемелер сауда мәніне сай келеді. Банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін, банктің өз міндеттемелері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады.

    Банк резервтерінің шамадан тыс өсуіне байланысты (Ұлттық банкідегі корреспондентгік шоттағы каражаттар) резервтік талаптардын мөлшерін азайтып қана коймай, сонымен қатар, резервтеудің баламалы тәртібіне ауысу мүмкіндігі пайда болды. Яғни экономикалық нормативтерді орындайтын банктердің корреспонденттік шоттағы қаражаттарының мөлшері резервті талаптардан кем болмау керек еді.

   Ұлттық банк орташа айлық қалдыкқа байланысты пайызды банктің корреспонденттік шоты бойынша төлейді (резервтік талаптан аспайтын).

        Резервтер бойынша пайызды төлеу резервтік талаптардың жоғары болу жағдайында несие-лер және тартылған депозитгер бойынша банктердің пайыздық мөлшерлемесі арасындағы айырманы азайту қажеттілігінен туындайды.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей міндетті резервтер деңгейінің тым жогары болуы қаржы делдал түріндегі банкі жүйесінін тиімділігін элсіретеді, өйткені резервтердің минималды нормасының үлкеюі несие ресурстарының экономикаға құйылуына кедергі жасайды.

Үкіметтің несиелеу көлемі әрқашан бюджет тапшылыгының деңгейімен және оны баламалы көздер арқылы жабу мүмкіндігімен анықталды. Қаншалықты бюджет тапшылығы жоғары болса, солгүрлым несие эммиссиясының ықтималдығы үлкен болады да, ол инфляцияға ыкпал етеді. Сөйтіп үкімет оған балама инфляциясыз көздерді кеңейтуге мән береді, ондай көздерге: сыртқы қарыздар және үкіметтің бағалы қағаздары жатады.

Жоғарыда аталған мәселелердің барлығы Қазақстан Респуликасының ақша-несие саясатын жүзеге асыруының одан әрі жетілдіре түсуін айқындайды. Экономикада инфляциялық астардың сакталуына ақша агрегаттарының едәуір өсуі ықпал етті. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза халықаралық резервтерінің өсуі 2007 жылы акша базасының 82,3%-ға 577,9 млрд. теңгеге дейін ұлғаюына алып келді. Екінші деңгейдегі банктер жүргізетін белсенді кредит саясаты 2007 жылы ақша массасының 68,2%-ға 1634,7 млрд. теңгеге дейін өсуіне себеп болды. Осы кезеңде айналыстағы қолма-қол ақша, ең бастысы, тұтыну сұранысының өсуі салдарынан 59%-ға 379,3 млрд. теңгеге дейін өсті.

Инфляцияның төмендеуін тежеуге Қазақстанға экспорттан және капиталдың әлемдік нарықтарында қарыз алу арқылы шетел валютасының едәуір әкелінуі ықпал етті. Тауарлар экспортының рекордтық көрсеткіштері резиденттердің ағымдағы операциялары бойынша жоғары қарқынмен өскен шығыстарының орнын толығымен өтеді және тұтастай алғанда ағымдағы операциялар шоты бойынша оң балансты камтамасыз етті. 2006 жылғы 9 айдың корытындысы бойынша ағымдағы операциялардың оң сальдосы 232 млн. АҚШ долл. астам болды.

2006 жылы АҚШ долларына қатынасы бойынша теңге бағамының нығаю үрдісі жалғасты. Өткен жылы ол номиналдық көрсетуде 9,3%-ға нығайды, бұл инфляциялық процестердің баяулауына ықпалын тигізді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі теңгенің нақты айырбас бағамының айтарлықтай нығаюына жол бермеу үшін, сондай-ақ бағам ауытқуларын жүмсарту үшін ішкі валюта нарығына сатып алушы ретінде қатысты. Тұтастай алғанда 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетел валютасын таза сатып алуының көлемі 3,6 млрд. АҚШ долл. болды. Нәтижесінде 2006 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің таза халықаралық резервтері 87,1%-ға 9,3 млрд. долл. дейін ұлғайды.

Инфляцияның өсуіне жол бермеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетел валютасын сатып алуы, негізінен, қысқа мерзімді ноталар шығарумен, репо операцияларын жүргізумен және банктерден депозиттер тартумен реттеліп отырды. 2006 жылы айналыстағы ноталар көлемі іс жүзінде екі есе (99,5%-ға) 369,1 млрд. теңгеге дейін, жүргізілген репо операцияларының көлемі — 60,1%-ға 782,4 млрд. теңгеге дейін, тартылған теңгелік депозиттердің көлемі — 2,5 есеге 775,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2006 жылы инфляцияның өсу қарқынын тежеу үшін ресми ставкалардың реттеуші ықпалдарын күшейту жөнінде шаралар қабылдады. Атап айтқанда, 2006 жылдан бастап қайта қаржыландыру ставкасының экономикалық ролін арттыру үшін вексельдерді қайта есепке алу ресми қайта қаржыландыру ставкасына сэйкес вексель айналысының өз жүйесін қатар дамыта отырып жүргізіледі.

Өткен жылдарға тән ресми ставкаларды инфляцияның төмендемеуі жағдайларында біртіндеп төмендету саясаты оларды тұрақтандыру және арттыру саясатына ауысты. 2005 жылдың аяғындағы деңгейде: қайта қаржыландыру ставкасы ( 7%), ең аз резервтік талаптардың нормативі (6%) сақталды. 2006 жылдың ішінде репо операциялары бойынша ресми ставканың түрлі бағыттағы динамикасы болды. Тамызда оның деңгейі 4,5%-дан 3,5%-ға дейін төмендеді, сонымен бір уақытта дэліздің рұқсат етілген ауытқулары ±150 базистік тармақтан ±200 базистік тармаққа дейін кеңейді, ал қазан — желтоқсан аралығында бұл ставка 4,25%-ға дейін біртіндеп жоғарылап, дәліздің рұқсат етілген ауытқулары ±200 базистік тармақта сақталды. «Овернайт» заемдары бойынша ресми ставка 8,0%-дан 8,5%-ға дейін ұлғайды.

Ақша-кредит саясатын қатайту кредиттер бойынша нарықтық ставкаларға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми ставкалары әсерінің сипатын өзгертуді болжайды. Егер өткен жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шаралары экономиканы кредиттеу, оның ішінде ставкаларды төмендету бойынша банктер қызметтерін жандандыру жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталса, «экономиканың қызып кетуін» болдырмау қажеттігі жағдайында ставкаларды төмендету мәселесі енді өзіндік мақсат ретінде қойылмайды.

Экономикадағы ставкалардың деңгейі нақты жағдайды негізге ала отырып пайда болатын тәуекелдер мен факторларға балама нарықтық негізде қалыптасуы тиіс. Сонымен бірге қайтарылуына Жеке тұлғалардың салымдарына кепілдік беру (сақтандыру) қоры кепілдік беретін жеке тұлғалардың жаңадан тартылатын салымдары (депозиттері) бойынша сыйақысының шекті ставкаларын белгілеу тәжірибесі қайта қаралуға тиіс.

Активтері үнемі өсіп келе жатқан жинақтаушы зейнетақы қорлары инвестициялау үшін үзақ мерзімді қүралдардың жетпеуі жағдайында активтердің едәуір бөлігін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарына салады, соған байланысты ақша-кредит саясатының банктік өтімділікке ықпалын төмендетеді. Сондықтан Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қаржы секторын шолуда зейнетақы активтерін есепке алудың методологиялық аспектілерін және тиісті шаралар қабылдау үшін олардың ақша-кредит саясатына ықпалын зерделеуді ниет етіп отыр.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі валюта нарығында «енжар позиция» деп аталатын бағытты ұстануға ниеттеніп отыр, бұл Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта нарығына қатысуын азайтуды білдіреді. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің іс-әрекеті валюта бағамының уақытша және алып-сатарлық ауытқулары салдарының әлсіреуіне ғана бағытталады.

Бағамның ауытқуы ақша сұранысы мен ұсынысының арақатынасына байланысты болады. Әлемдік валюталардың аса жоғары құбылмалылығы жағдайында валюта нарығындағы ахуал көбінесе әлемдік нарықтағы ахуалға қарай айқындалады.

Валюталың реттеу және валюталық бақылау саласында Қазақстанда валюталық режимді одан әрі ырықтандыруға бағытталған саясат жалғасады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңының жобасы қарауда жатыр. Осы заң жобасы Ұлттық валютаның толық айырбасталу қағидаттарына кезең кезеңмен көшуі үшін тиімді база құру мақсатында әзірленді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жаңа заң жобасының тұжырымдамасына сэйкес валюталық операцияларды жүргізу тэртібін, лицензиялау мэселелерін, валюталық операцияларды тіркеуді, валюталық операциялар туралы хабарламаны және экспорт-импорт валюталық бақылау рәсімдерін реттейтін заңға тэуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауды бастады.

2007 жылдың 1 қаңтарынан бастап валюталық операцияларды лицензиялау толық жойылады, сондай-ақ сыртқы сауда келісім-шарттарында айқындалған мерзімдерге байланысты валюта түсімдерін қайтаруды талап ету белгіленетін болады, бұл валюталық операцияларды жүзеге асыру тэртібін едәуір жеңілдетеді және валюталық заңнама талаптарын орындауға сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың шығасыларын азайтады.

Жеке сектордың инвестициялық шешімдер қабылдауына және шетел нарығына қазақстандық капиталдың неғұрлым белсенді экспансиясы үшін жағдайлар жасауға мемлекеттің экімшілік араласуын азайту күтіліп отыр.

Валюталық режимді толық ырықтандырудың міндетті талаптарының бірі заңсыздық белгілері бар операцияларды шектейтін және бақылайтын жүйенің болуы болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Үкіметінде заңсыз жолмен алынған ақшны жария етуге (жылыстатуға) қарсы іс-әрекет жүйесін қүру жөніндегі кешенді шаралар кіретін заң жобасы жатыр. Ол барлық мүдделі тараптардың, оның ішінде олардың ақпарат ағындары құрылатын жүйенің іргетасы болып табылатын банктердің қатысуымен және олардың мүдделерін ескере отырып, ақшаның жылыстауымен күрес жөніндегі тиімді жүйені құруды қарастырады.

«Экономиканың қызып кетуін» алдын алу жөнінде уақтылы шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттык Банкі елге шетел валютасының келу жағдайын бақылайтын болады және қажет болған жағдайда туындайтын тэуекелдерді төмендету бойынша шаралар қабылдау мүмкіндігін қарастырады.

         Қаржылық нарықтағы сыйақы мөлшерлемелерін реттеу және коммерциялық банктердің артық ликвидтілігін стерилизациялау құралы болып ЕДБ –ің  ҚР ҰБ депозиттері және қысқа мерзімді ноталарының эмиссиясы болып табылады. ҚР Ұлттық банкі депозиттерді тартудың көлемдерін  шектемейді, бірақ оларға белгіленген сыйақы ставкаларын  белгілеіді.

ҚР ҰБ нарықтық сыйақы ставкаларын белгілеуде өз рөлін артырады. Ол үшін ҰБ банктік сыйақы ставкасының депозиттерді тарту бойынша ең төменгі және банктік қаражаттарды  несиеге берудегі ең жоғары ставкасының щегін белгілейді.

Кесте 9 ҚР 2008-2009 жж. ақша- несиелік саясатының негізгі көрсеткіштерінің болжамы [11]

 

            2008

2009

Инфляция (орташа жылда), %

5,0-7,0

5,0-7,0

Қайта қаржыландыру ставкасы, %

7,5

7,5

ҚР ҰБ алтын валюталық резевтері, млрд. АҚШ доллары

11,2

12,5

өзгеруі, %

15,4

11,7

Ақшалай масса, млрд.тн

1184

1416

өзгеруі, %

26,1

19,6

Ақшалай масса, млрд.тн.

3561

4413

өзгеруі, %

27,7

23,9

Резиденттерінің депозиттері, млрд.тн.

2830

3525

өзгеруі, %

27,0

24,6

Банктердің экономикаға несиелері, млрд.тн.

4782

6028

өзгеруі, %

30,1

26,1

Жеке түлгалардың мерзімді теңгелік депозиттері бойынша орташа алынатын сыйақы ставкасы, %

7,5-9,5

9,5-10

Заңды тұлғаларға берілген теңгелік кредиттер бойынша орташа алынатын сыйақы ставкасы, %

12.2-14,2

12-13

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Біздің елiмiзде отандық коммерциялық банктердiң қызметтерiнiң жаңа  механизмiн қалыптастыру өркениеттi елдерде кеңiнен дамыған нарықтық-қаржылық құрылымдардың жылдар бойы қалыптасқан тәжiрибесiне сүйене отырып қалпына келтiрудi талап етедi. Сондықтан да шаруашылық жүргiзудiң әр түрлi жағдайына бейiмдiлiгi мен тиiмдiлiгiн әлдеқашан байқаған, әрi қатаң бәсекелiк күресте ұзақ тарихи таңдаудың жемiсi болып табылатын банктiң депозиттiк саясатын қалыптастыруға қатысты шет елдiк тәжiрибелердi зерттеудiң маңызы зор.   Алайда, батыстың экономикалық теориялары нарықтық экономика субъектiсi ретiндегi  Қазақстандық коммерциялық банктердiң қажеттiлiгiн толығымен қамтамасыз ете алмайды, яғни  отандық коммерциялық банктер өз қызметiне шет елдiк тәжiрибенi автоматты түрде көшiрiп, өзiне бейiмдей алмайды. Олар Қазақстан экономикасында тек экономикалық қайта құру нәтижесiнде қалыптасатын елiмiздiң  өзiне ғана тән ерекшелiктерiн ескере отырып қолдау табуы мүмкiн.

      ХХI ғасырдың басындағы дүниежүзiлiк шаруашылықтың айтарлықтай ерекшелiктерiнiң бiрi – халықаралық экономикалық қатынастардың жедел әрi қарқынды дамуы болып отыр. Ел Президентi Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында осы орайда былай делiнген: “Азиялық Барыс болу үшiн бiздiң басымдықтарымыздың қатарына макроэкономикалық көрсеткiштер саласындағы алдыңғы қатарлы халықаралық тәжiрибе енгiзiлуi тиiс. Ол- инфляция мен бюджет тапшылығының төмен болуын, ұлттық валютаның күшейуiн, жинақтау нормасының жоғары болуын көздейдi. Бұл рецепт Жапонияда, Кореяда, Индонезияда, Тайванü мен Чилиде iске асты. Қазақстанда да iске асады” /8/.

    Бүгiнде бiз әлемдiк экономикада әр түрлi халықаралық банктердiң кең қанат жайып, тамырын терең тарта бастағанның куәсi болып отырмыз. Бұл құбылыс ұлттық экономиканың мейлiнше ашықтыққа ұмтылысынан, халықаралық құрылымдардың жақындасып, өзара көмек арқылы нығайып, дами бастағанынан байқалады.

Банктердiң мiндеттерi – тұрғын халықтың уақытша бос қаржыларын шоғырландыру болып табылады, себебi, тұрақты ресурстық базасы болмаған банктер тұрақты дами алмайды. Сондықтан, банктердiң оңтайлы депозиттiк саясатын қалыптастыру проблемасы шешуiн табуды талап ететiн басқа да бiрқатар проблемалардың қатарында болып отыр.

Банктердiң депозиттiк портфелдi кез келгенде уақытта депозиттер бойынша клиенттердiң сұранысына тәуелдi: Маңызы жағынан жоғары болатын факторлардың бiрi банктердiң қаражат алу әдiстерi, депозиттердiң түрлерiне сыйақы ставкасы мен қызмет төлемдерiн ескергендегi, депозиттiк шоттарды пайдаланушы клиенттердi тарту болып табылады.

    Соңғы жылдарда клиенттер тарапынан үлкен сұранысқа ие болған депозиттер мерзiмдi депозиттер болып табылады. Депозиттердiң жинақ және мерзiмдi категорияларының iшiнде жоғарғы табысты жинақ салымдары, әсiресе ақша нарығының депозиттерi,салымдары  бойынша реттелiнбейтiн және нарық жағдайларына қарай өзгеретiн депозиттер, табыстылығы төмен депозиттердiң есебiнен жоғарғы қарқынмен өсуде. Сыйақы төленбейтiн талап еткенге дейiнгi депозиттер төмендеп кеттi. Егер банктер өз ерiктерiмен депозиттiк портфль құрамы жөнiнде шешiм қабылдайтын болса, онда талап еткенге дейiнгi депозиттердi таңдаған болар едi.    

    Қазақстанның тәуелсiз мемлекет ретiнде қалыптасуы мен тәуелсiз банк жүйесiн құруы барысында елiмiздегi екiншi деңгейлi банктердiң қызметi заң жүзiнде 1993 жылдың 13 сәуiрiнде қабылданған “ҚР Банктер және банк қызметi туралы” Заңымен бекiтiлген болтын. Алайда, банктердiң салымдарды тарту қызметi толығымен 1995 жылдың 31 тамызында қабылданған “ҚР Банктер және банк қызметi туралы” Заңымен реттеледi.

    Екiншiден, депозиттер бойынша белгiленетiн сыйақы ставкасының маңызы зор. Мұндағы байланыс өте үлкен: банк неғұрлым сенiмдi және тұрақты болса, соғұрлым сыйақы ставкасы төмен, және керiсiнше, ұсақ және кiшiгiрiм банктер өте жоғары сыйақы ставкасын ұсынады. Сонымен бiрге, ресурстарды беру мерзiмi мен сыйақы ставкасы арасында да өзара байланыс болады.

    Ресурстарды тартудың мерзiмi жоғары болған сайын олар бойынша белгiленетiн сыйақы ставкасы да жоғары болады. Бұл банктердiң клиенттердi тартып, оларға қолайлы жағдайлар қалыптастырумен түсiндiрiледi. Сыйақы ставкасының орташа мөлшерлемесi қазір ҚР коммерциялық банктерінде жеке тұлғалары үшін 9,5 %, ал заңды тұлғалары үшін – 5,0 % құрап отыр.

Коммерциялық банктердің сайықы ставкасы банктің барлық қаражаттарының құнына ( залықтың депозиттік сертификаттары юойынша сыйақы ставкасы); операциондық шығындары көлеміне және пайданың нормасына тәуелді.

Теориялық тұрғыдан алғанда банктердің әр түрлі клиенттеріне банктік сыйақының мөлшерлемесінің айрмашылығы тек клиенттердің несиелік қабілеттілігіне тәуелді болуы тиіс. Бірақ, нақты тәжірибеде  көп жылдар бойы бакнпен тығыз қатынастарды сақтаған, айналымдары қарқынды, банктік шоттарында аса ірі көлемде қалдықтары бар, банктің сан алуан түрлі қызметтері мен пайдаланатын (аккредитив, жалақы карточкалары, валюта айырбастау. т.с.с.)  кәсіпорындар басқа клиенттерге (олармен бір деңгейде несиелік қабілеттілігі болса да ) қарағанда несиелерді «арзанырақ» бағамен алады.

Сонымен бірге банктік сыйақының мөлшерлемесіне клиенттерге қызмет көрсету шығындарының құнынын көлемі де әсер етеді.  Мысалы, кейбір қызмет түрлері бойынша шығындылық жоғары болып келеді, сондықтан банк оларды жабу үшін банктік сыйақы мөдщерлемесін көтереді немесе клиенттерден арнайы төлемдер алады. Сондықтан ұсақ көлемдегі несиелері бойынша банк олардың шығындылығын жабу үшін ірі көлемдегі несиелерге қарағанда жоғары банктік сыйақы мөлшерлемесін қоюға тырысады.

Бүгінгі күнде Қазақстанда банктік секторының қарқынды өсуі және тиімді банктік сыйақы саясаты көптеген кәсіпкерлер және халық үшін банктік қызметтеріне қолжетімділікті қамтамасыз етті. Бұл жағдай өз кезегінде банктер мен клиенттердің арасында тығыз байланыстар, екі жақтың экономикалық мүдделерін асыруға, республиканың экономикасын одан әрі жандандыруға, 50 жоғары бәсекелес елдерінің қатарына қосылуға  және халықтың өмір деңгейін асыруға өз септігін тигізеді.

Сонымен, диплом жұмысын жазу нәтижелерiн қорыта келе бiз төмендегiдей тұжырымдар жасай аламыз:

1)Банктік сыйақы құру  саясатты жүзеге асырудың негiзiнде оңтайлы банктік сыйақы құру саясаттың теориялық тұрғыдан негiзделген моделi жатуы тиiс. Ол банктiң ресурстық базасына талдау жүргiзуден алынған мәлiметтерге сүйене отырып жасалуы тиiс,

2)Қазақстандық коммерциялық банктердiң сыйақы құру саясатының негiзiне “Банктік сыйақы құру  саясатты қалыптастыруға арналған басшылығының стратегиясы” алынуы тиiс. Ал банктік сыйақы құру  процесстi ұйымдастырудағы тактика банктiң өзi жасаған iшкi Ережелерiнде қарастырылуы тиiс.

3) коммерциялық банктер банктік сыйақы саясатының жетілдіру мақсатында мемлекеттегі орын алған инфляциялық, сыртқы және ішқі факторларды толығымен зерттеуі  тиіс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Н.А. Назарбаев “Концепция внешней политики требует адаптации к современным условиям”/ Казахстанская правда, 04.10.2005
  2. Н.А. Назарбаев. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» ҚР халқына Жолдауы. Астана
  3. 1-12.2007,1-12.2007,1-12. 2005 ҚР Ұлттық банкінің статистикалық бюллетендері
  4. Интернет жүйесіндегі ҚР Ұлттық банкінің сайты:
  5. http // natіonalbank.kz
  6. ҚР Президентінің 31.08.1998 ж. “ҚР банктер және банк қызметі туралы” Жарлығы, 68, 68-1, 69, 70, 71, 72, 73, 74, 75, 76 және т.б баптары
  7. АллаХвердян Д.А. Финансово-кредитный механизм развитого социализма- М.: Финансы, 1976 ж.
  8. Ачкасов А.И. Активные операции коммерческих банков – М.: Консолтбанкир, 1996 ж.
  9. Банки на развиваюьихся рынках. Укрепление руководства и повышение чувствительности к переменам. 2 том/ Д.Мак Нотон и др. – М.: Финансы и статистика, 1996 ж.
  10. Лаврушин О.И. Банковские операции- М.: Инфро,1998
  11. Банковский портфель – 1. Книга банкира. Книга клиента. Книга инвестора/ О.Н. Антипова және басқалары – М.: Соминтэк,1996 ж.
  12. Банковский портфель – 1. Книга менеджера. Книга банковского финансиста. Книга банковского юриста/ О.Н. Антипова, Г.М. Антонов және басқалары – М.: Соминтэк,1996
  13. Лаврушин О.И. Банковское дело– М.: БиБНКЦ,1998 ж.
  14. Колесникова В.И, Кроливецкая Л..П. Банковское дело– М.: Финансы и статистика, 1998 ж.
  15. Белоглазова Г.Н. Коммерческие банки в условиях формирования рынка- Л.: ЛФЭИ, 1991 ж.
  16. Белугин М.И. Сберегательное дело. Есептік-несие техникумдарына арналған оқулық — М.: Финансы и статистика, 1985
  17. Бор М.З., Пятелко В.В. Стратегическое управление банковской деятельностью.-М.: Приор,1998 ж.
  18. Бухвальд Б.Р. Техника банковского дела-М.: ДИС,1993
  19. Валравен К.Д. Управление рисками коммерческого банка/М.Э. Ворд редакциясымен жазылған оқу құралы- Дүниежүзілік банктің экономикалық даму институты.-Вашингтон,1998 ж.
  20. Василишен Н.И. Регулирование деятельности коммерческого банка-М.: Финансист информ,1998 ж.
  21. Гамидов Г.М. Банковское и кредитное дело – М.: ЮНИТА,1996
  22. Деятельность банков: современный опыт США – М.:Экономист,1992
  23. Долан Э.Дж., Кэмпбел К.Дж. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика, ағылшын тілінен аудармасы.- СПб,1998 ж.
  24. Кейнс Дж.М. Общая теория занятости, процента и денег-М.: 1978
  25. Котлер Ф. Основы маркетинга- М.: Прогресс, 1996
  26. Льюис К.Ф. методы прогнозирования экономических показателей. – М.: Финансы и статистика,1993 ж.
  27. Мамонова И.Д. Банк и платежная дисциплина. – М.. финансы и статистика, 1998 ж.
  28. Маркова О.М. Коммерческие банки и их операции. – М.: Банки и биржи:ЮНИТА,1998 ж.
  29. Нуреев Р.М. Деньги, банки и денежно-кредитная политика. – М.: Финстат информ,2005 ж.
  30. Лаврушин О.И. Основы банковского менеджмента-М.: Инфра- М, 2005 ж.
  31. Озиус М.П. Пужном Б.Б. Банковское дело и финансовое управление рисками-Вашингтон,1998ж.
  32. Рид Э, Коттер Р, Гилл Э. Смит Р. Коммерческие банки-М.: Космополис,1991
  33. Лаврушин О.И. Российская банковская энциклопедия-М.: Инфра- М, 1998 ж.
  34. Тосупян Г.А. Банк для клиента – М.: Златоцвет,1993
  35. Усоскин В.М. Современный коммерческий банк. Управление и операции. –М.: Все для Вас,1993ж.
  36. Қаржы-несие сөздігі. –Алматы,2005 ж.
  37. Хейне П. Экономи÷еский образ мышления в банковской практике-М.: Новости,1996 ж.
  38. Ширинская Е.Б. Операции коммерческих банков и зарубежный опыт-М.: Финансы и статистика,1998 ж.
  39. С.И. Ожегов. Словарь русского языка. – М.: Советская энциклопедия, 1970 ж.
  40. Қазақстанның тәуелсіздік алған он жыл ішіндегі банк жүйесі, ҚР Ұлттық банкі, 2005
  41. А..Г. Мельников “О необходимости целостной системы гарантирования вкладов ”/ Деньги и кредит, 2005
  42. ОҚО Ұлттық банк филиалының дайындаған статистикалық мәліметтері, 2003-,2007 жж.
  43. «Тұран Әлем Банк» АҚ жылдық есеп беруі, 2007 ж.
  44. kkb.kz
  45. stat.kz.
  46. mf.afn.kz

 

 

 

 

 

 

[1] Мәлімет көзі: ҚР Статистикалық Агенттігінің деректері. Алматы, 2007ж

[2] Мәлімет көзі: Банки Казахстана, 2007 ж.,№ 3, 5-7 бет

[3] Мәліметтер көзі: Банки Казахстана, 2007 ж., № 4, 5-6 бет

[4] ҚР Статистикалық Ұлттық Агенттігінің жылдық есептері. Алматы. 2007.

[5] www.afn.kz

[6] Мәлімет көзі. Интернет. www. Nationalbank.kz.

[7] Мәлімет көзі. Интернет. www. Nationalbank.kz.

 

[8] Мәлімет көзі. ҚР Статисткалық Агенттігінің жылдық деректері. Алматы, 2007.

 

[9] www.kkb.kz.

 

[10] www.nationalbank.kz.

[11] Ақпарат көзі: ҚР ҰБ статистикалық деректері. www.nationalbank.kz.