АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақстан Республикасында жеке меншікті құқықтық реттеу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

 

Д.А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ

 

 

 

 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ, КРИМИНАЛИСТИКА ЖӘНЕ

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ ҚЫЗМЕТІ КАФЕДРАСЫ

 

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕКЕ МЕНШІКТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

 

 

Алматы — 2009

АННОТАЦИЯ

 

«Қазақстан Республикасында жеке меншікті құқықтық реттеу» атты дипломдық жұмысы меншік құқығы және азаматтық меншік құқығы деген екі тараудан тұрады.

Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы. Меншік құқығының мерзімі шексіз, яғни меншік иесіне уақыт кезеңімен анықталатын шектеулер қойылмауы тиіс.

Меншік туралы айтылғанда еңбектің өнімдерінінің тиісті нысандарын иеленуді шартты түрде дәйектейтін өндірістің құрал-жабдықтары мен өнімдеріне иелік жасау жөніндегі белгілі бір қоғамдық қатынастар туралы болады.

Бұл дипломдық жұмыста қазіргі заманның өзекті мәселелеріне талдау жасалынып және Қазақстан Республикасының жеке меншікті құқықтық реттеу заңдарын негізге алып дайындаған.

 

РЕЦЕНЗИЯ

 

«Құқықтану» мамандығының студенті _________________»Қазақстан Республикасында жеке меншікті құқықтық реттеу» тақырыбындағы дипломдық жұмыс шығармашылық жұмыс болып табылады.

Дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі таңдағы маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Автор өз жұмысында меншік құқығының түсінігін, меншік құқығының нысандары мен түрлері, меншік құқығының және өзге де азаматтық құқықтарға ие болу негіздері, азаматтардың меншік құқығы, олардың түрлері, меншік құқығын қорғаудың тәсілдері, меншік құқығының тоқтатылуы.

Дипломдық жұмыс жаңадан қабылданған нормативтік-құқықтық актілерді қолданыла отырып орындалған.

Сонымен қатар, дипломдық жұмыста тәжірибеден алынған мысалдар да бар». Жалпы алғанда, жеке меншікті құқықтық реттеу проблемелары толық зерттеліп оған талдау жасалған.

Дипломдық жұмыс әдістемелік талаптарды дұрыс пайдаланған және жақсы деген бағамен бағаланады.

 

 

 

 

«Құқықтану» мамандығының

студенті _____________________

жазған дипломдық жұмысына

 

ПІКІР

 

Студент_____________________________________________өз жұмысын «Қазақстан Республикасында жеке меншікті құқықтық реттеу» тақырыбына арнаған. Тақырып аясында 2 тараудан тұратын жоспар түзілген. І-тарауда меншік құқығы, соның ішінде меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны, азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері, меншік құқығының және өзге де азаматтық құқықтарға ие болу негіздері мэселелері қарастырылған.

ІІ-тарауда азаматтық меншік құқығы, яғни азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері, азаматтардың меншік құқығының субъектілері, меншік құқығың қорғаудың азаматтық тәсілдері, меншік құқығының тоқтатылуы туралы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес нормативті заң актілерін пайдаланып жазалған.

Тақырып бойынша тәжірибелік мысалдар жеткілікті. Жалпы алғанда дипломдық жұмыс жақсы жазылған және қорғауға жіберілсін.

 

 

 
   


ЖОСПАР

 

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………..

 

1 ТАРАУ. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ……………………………………………………

1.1. Меншік құқығының анықтамасы мен мазмүны…………………………..

1.2. Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының

нысандары мен түрлері………………………………………………………………….

1.3. Меншік құқығына және өзге азаматтық құқықтарға

ие болу негіздері…………………………………………………………………………..

 

2 ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ……………………………

2.1. Азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері………………

2.2. Азаматтардың меншік құқығының субъектілері……………………….

2.3. Меншік құқығын қорғаудың азаматтық тәсілдері……………………..

2.4. Меншік құқығының тоқтатылуы……………………………………………..

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………

 

КІРІСПЕ

 

Ғасырлар тоғысында Қазақстан дербес елге айналып, саяси, әлеуметтік және экономикалық жүйксі әлемдік өркениет үлгісінде қайта құрылды. Кең мағынада алғаңда, қоғамдағы демократиялық принциптердің салтанат құруы тек тәуелсіз елде ғана жүзеге асады. Сондай-ақ шынайы демократиялық бостандықты пайдалана алатындай кемелденуінсіз мемлекеттің тәуелсіздігін баянды ету де мүмкін емес.

Демек, тәуелсіздік -қоғамдағы демократиялық принциптердің орнығуы мен халықтың рухани жаңаруының іргетасы болса, демократия мен рухани жаңару- елдің саяси және экономикалық тәуелсіздігін баянды етудің басты құралы.

Тәуелсіздік қазақ халқының, қазақстандықтардың ғасырлар бойы аңсаған асыл мұраты еді. Ата-бабаларымыз қанын да, жанында аямай, қанша арпалысса да жете алмай кеткен осынау қастерлі мақсатқа біздің ұрпақ XX ғасырдың аяғында қол жеткізді. Әлем жұртшылығы Қазақстанның дербес елдігін таныды, өркениетті мемлекет құруға ұмытылған қадамымызды құптап, қолдау көрсетті.

Біз — тәуелсіздігімізді нығайту, экономикалық жүйемізді түбірінен жаңарту, демократиялық принциптерді орнықтыру, мемлекеттік, ұлттық және мәдени бірегейлену сынды күрделі-күрделі процестерді басымыздан өткізіп жатқан елміз. Мұның өзі қоғамдағы орнықты саяси ахуал жағдайында, халықтың басым көпшілігінің рухани және мәдени жаңаруы арқасында жүзеге асуы мүмкін процестер. Міне сондықтан да ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстанның XXI ғасырдағы басты даму жолын белгілеп берген «Қазақстан-2030»1 атты стратегиялық бағдарламасында халықтың рухани жаңаруына ерекше маңыз берілген. «Адамдардың ой-санасын бір сәтте өзгерту мемлекеттік қолынан келмейді, -делінген, аталған еңбекте,-бірақ мемлекет өзгерістер процесін, обьективті тенденцияларды түсіндіру, маңызды ақпататты халыққа жеткізу жолымен жеделдетуге қабілетті. Адамдардың жаңа дүниетанымы қалыптасқанша ондаған жылдар қажет болады».

Адамдар санасының өзгеруі, халықтың басым көпшілігінің әлемдік өркениет үлгісімен рухани жаңару процесінің күрделі сипатын ашып көрсете отырып, ел Президенті бұл процестің қазіргі таңда қалай жүріп жатқанына да баға береді. «Қоғамыздағы өзгерістер ықпалымен, өзіміз көбіне оны түйсіне де бермей, құндылықтардың сапалық тұрғыдағы өзге жүйесі мен адамдық қарым-қатынастардың жаңа түріне дағдылана отырып, өзіміз де түгел өзгердік,-дейді Президент,-қысқасы біз азаматтық алдық. Мемлекеттік ұжымдық дүниетанымның жекешіл дербес дүниетаныммен алмасу біздің өміріміздің әрбір қырын өзгертті». Бір ескере кететін жай -Президент еңбегінде айтылған «азаттық» сөзі бұл тұста мемлекеттің тәуелсіздігі мағынасында ғана емес, сонымен қатар адамдардың рухани бостандығы мағынасында қолданылып отыр. Ал рухани бостандық, ой еркіндігі, ұлттық философия мен тарих, қазақ ұлтының сонау көне заманнан бүгінгі күнге дейінгі жүріп өткен ұлы тарихи жолын өркениеттік әдіс тұрғысынан тереңірек зерделеу тәуелсіз және егемен Қазақстан жағдайында ғана мүмкін болады. Тек тәуелсіздік пен егемендік жағдайында ғана Қорқыт Ата, Әл-Фараби, Қожа Ахмет Ясауи, т.б. ғұлама ойшылдар мен гуманистер көзқарастары, қазақтың ұлттық дүниетанымы туралы бүкпесіз айтуға, айтып қана қоймай, жүйелі түрде зерттеуге, халқымыздың бай рухани мұрасын игере отырып, ұлттық өзіндік сананы қалыптастыруға, біртұтас ұлт болып бірегейленіп ұюға мүмкіндік алдық.

Жаһандану (глобализация) заманындағы бүгінгі өркениеттің аса бағалы көп сипаттарының ішінде адам құқы мен бостандығы ерекше орынға ие. Сөз жүзіңде адамдардың еркіндігі мен құқын айғайлай жариялағанмен де, тоталитарлық қоғам өз табиғатында шынайы демократия орнатуға дәрменсіздігін танытты. Сондықтан да елдің қожасы деп жарияланған еңбекшілер іс жүзінде партиялық-мемлекеттік мәшиненің елеусіз тегершігіне айналады. Адам қоғамының идеологиялық диктат пен өмір ағысын қатар реттеу жағдайында өзіндік тандау құқығынан мүлде айрылды. Бұл жағдайда ең алдымен тұлғаның демократиялық құқығы мен еркіндігін жоққа шығарған тоталитарлық саяси режим басқаруының салдарынан болды.

Бұл орайда демократияны дамыту -меншік қатынастарын реформалау мен нарықтық экономикаға өту экономиканы тығырықтан алып шығудың, ұлттық мемленеттің қалыптасуына қолойлы жағдай туғызудың толласыз жолы. Саяси саладағы басты мақсат -жас егемен мемлекетті қуатты президенттік республика етіп қалыптастыру болды. Біздің мемлекетімізде барлық азаматтардың тендігі, барлығының заң алдындағы бірдей жауапкершілігі, кімнің қай ұлтқа жататындығына қарамастан, бірдей екендігі әуелден-ақ нақты көрсетілген.

Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша мемлекеттік билік атқарушы, заң шығарушы және тәуелсіз сот сияқты үш тармаққа бөлінген. Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиясы негізінде бүкіл халық қолдайтын ішкі және сыртқы саясатты іске асырып келеді. Ішкі саясат жаңа қоғамды одан әрі тереңірек топтастыруға, тұрғылықты, азаматтық бейбітшілікті және рухани келісімді дамытуға, мемлектті және оның институттарын қалыптастыру мен нығайтуға, халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған. Сыртқы саясат жаһандану, әлемдік ауқымдану заманында Қазақстанның көп векторлы және көп деңгейлі интеграциялық іс-әрекетіне, аймақтық және әлемдік қауіпсіздікті нығайтуға, әлемдік қауымдастықта еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз етуге, жоғары технологияны пайдалана отырып, экономикалық өсуге бағытталған. Мемлекет басшысы Қазақстан халықтары Ассамблеясының VIII сессиясында және Ғылым академиясының жуырда өткен жылдық сессиясында сөйлеген сөздерінде бұл тұрғыда атқарылған іске баға беріп, олқылықтарды орынды сынға алды. Қазіргі кезде ел бірлігін нығайту және жаһандану жағдайында ғылыми-зерттеулерді уақыт талабына орай дамудың жетелдетретінде пайдалану міндеттерін қойды.

Нарықтық экономиканы қалыптастыруда қоғам алдында туындаған басты экономикалық басымдықтар мен мақсатты саралау аса маңызды мәнге ие болды. Сондай мақсаттардың ішінен мыналарды бөліп атауға болады:

— өндірістің мол да сапалы тауарлар шығаруы, сервистік қызметтер көрсетуі жағдайындағы экономикалық өсу, яғни лайықты өмір сүру жағдайында ұмтылу;

— жұмысқа ынталы және қабілетті нақты іспен айналысуына заңнамалық және экономикалық негіз қалау;

— шектеулі ресурстардан аз қалдықпен жоғары өнім алуға тырысатын экономикалық тиімділік;

— бағаның тұрақты деңгейі мен валюталық тұрақтылық, яғни инфляция көрсеткіші болып табылатын бағаның жалпы деңгейін өрескел көтеруден сақтау қажеттігі. Сондай-ақ елдің экономикасының көрсеткіші болып табылатын ұлттық валютаның — теңгенің әлемдік қаржылық рынокта тұрақтануына қол жеткізу;

— кәсіпорындарды, тауар өндірушілер мен қызмет көрсетуді, сондай-ақ тұтынушыларды басқарудың негізгі принциптері ретіндегі экономикалық еркіндік;

— мүгедектерге, жұмысқа жарамайтындарға, қарт адамдарға қамқорлық;

— бүгінгі және келешек ұрпақтың өмірі мен денсаулығының кепілі — айнала қоршаған ортаны, табиғатты аялау;

— елден шығатын және кіретін тауарлар мен қызмет бағасының сәйкестігін жүзеге асыратын сауда тепе-теңдігі.

Осыған орай қазіргі кезендегі мүмкіндікке сәйкес Қазақстан тауар өндіруде бәсекелестікке негізделген экономикалық қарым-қатынас жүйесінде әрқайсысы өз қызметін атқаратын жеке және мемлекеттік меншікті біріктірген әлеуметтік нарық экономикасын қалыптастыру мақсатын іске асырдық.

Егер өндірісті ұйымдастырудың нарықтық үлгісіне тән еркін икемділік, кәсіпкерлік жүйесінің ережелерін сипаттар болсақ, алдыңғы лекке жекеменшік шығады. Жекеменшік ұғымына бұл жерде еркін ілімділік жүйесі жағдайында иеленуге, пайдалануға, сатып алуға, сатуға немесе мұра қалдыруға болатының барлығы жатқызылады. Көп жағдайда нарықтық жүйеде материалдық ресурстар өкімет емес, жеке адамдардың және жеке институттардың меншігі құрайды. Мұндай жеке меншік жеке адамдар мен кәсіпорындарға келісім-шарт жасауға еркіндік бере отырып, материалдық ресурстарды өз қалауынша тұтынуға, бақылау жасауға, пайдаланып жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бәсекелестіктің нәтижелі жұмыс істеуі және оның залал тигізу мүмкіндігін шектеу үшін елімізде арнайы монополияға қарсы заңдар қабылданды, ол заң жеке тұлғалардың өз пайдасын өсіруге тырысқан кезде бір-біріне зиян келтірмеуін қамтамасыз етті. Бәсекелестік тұтынушылар мен сатушылардың істеріндегі жеке мүддесіне шек қояды, сондықтан да ол еркін ілкімділік жүйесінде негізгі реттеуші күш болып табылады. Бұл орайда, бәсекелестік өндірушінің өзін қызықтырған нақты сала өндірісінде кедергісіз енуіне немесе қандай да бір заңды шектеусіз-ақ шығып кетуіне жағдай жасайды. Бәсекелестіктің бұл қыры экономиканың уақыт ағынында өзінің тиімділігін сақтауына аса қажет икемділік сипатының шарты болып табылады. Белгілі бір салаға ену еркіндігі экономиканың тұтынушылар талғамын өзгеруі, ұсынылған ресурстарға немесе жаңа технологияға бейімделуі қажет. Біз киім сәнінің қаншалықты тез өзгеріп жатқандығын көріп отырмыз, сол сияқты нарықтық экономика жағдайында күнделікті тұрмысқа қажетті жаңа тауарлар жарық көріп жатады, автомобильдер де, тағы басқалар да өзгеріп тұрады.

 

 

1 ТАРАУ. МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ

 

1.1 Меншік құқығының анықтамасы мен мазмұны

 

Дүние жүзінің тарихи дамуындағы қай кезеңді алып қарайтын болсақ та, негізгі мәселе меншіктің айналасына топталады. Сондықтан да болу керек, меншіктің азамат даму процесінде алатын орны ерекше.

Меншік ұғымын екі мағынада түсінуіміз қажет. Біріншіден, экономикалық категория, екіншіден құқықтық категория ретінде. Меншік экономикалық тұрғыдан алғанда, өндіріс құрал-жабдықтары мен оның өнімдеріне иелік ету жөнінде пайда болатын қоғамдық қатынастар. Меншік қоғам өмірінің негізгі, яғни алғанда базистік сипаттағы экономикалық санат. Меншік құқығы қондырманың элемент болып саналғанмен қоғамда белгілі бір даму кезеңінде санатқа кері әсер етіп қана қоймай, алдыңғы қатарға да шығуы мүмкін.

Оған бірден-бір дәлел, еліміздің қазіргі даму сипаты. Экономикалық қатынастардың дамуына, олардың қоғам өміріне қатысуына тікелей ықпал жасап отырған біздің экономикалық заңдарымыз.

Меншік құқығы объективті мағына тұрғысында алғаңда, меншік құқығы осы институтты реттеуге бағытталған нормативті актілердің жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы субъективті мағынада белгілі тұлғаның нақты мүлікке байланысты құқықтық қатынасын айқындайды. Меншік иесіне мүлікті пайдалану, иелену және билік ету құқылары тиесілі. Меншік құқығын толығырақ түсіну үшін жоғарыда көрсетілген қағидаларға жеке — жеке тоқталып, олардың мазмұнын ашып көрсеткеніміз жөн болар.

Азаматтық Кодекстің 188-ші бабывда анықталғандай, меншік құқығы дегеніміз субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын және оған билік ету құқығы.

Иелену құқығы дегеніміз мүлікті іс -жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заң түрінде қамтамассыз ету, яғни айтқанда тұлғаның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізудің мүмкіншілігі. Мыс: азамат ұзақ командировкаға кеткенімен өз мүлкінің иесі болып қала береді. Ол мүлікке басқа біреудің қол сұғуға құқықтық меншігі жоқ. Сонымен қатар, мүлікті иелену құқығы басқа субъектіге берілуі де ықтимал. Мысалы: жалға беру және т.б. шарттар. Азаматтық заңдарында көрсетілгендей иелену заңды, заңсыз, адал және арам ниетті де болуы мүмкін.

Пайдалану құқығы дегеніміз мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамассыз етілуі. Пайда кіріс, өсім, жеміс, төл алу және өзге де иелігіндегі мүліктен өзінің тұтынушылық және басқа да қажеттіліктерінін қанағаттандыру мүмкіншілігі. Мәселен, азамат өз автомобилін өзінің шаруашылығында немесе басқа біреуге жалға беру арқылы пайда болуға болады. Пайдалану құқығы да иелену құқығы секілді басқа субъектіге берілуі мүмкін. Мыс: жалға беру шарты. Негізінен пайдалану құқығы мен иелену құқығының арасында тығыз байланыс бар. Мәселен меншік иесі пайдалану құқығын басқа біреуге берместен бұрын ол субъектіге мүлікті иеленуге беруі тиіс, өйткені субъектіде иелену мүмкіншілігі болмаса, пайдалану құқығы мүлдем болмай қалуы да ықтимал.

Билік ету құқығы дегеніміз мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамассыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің өз мүлкіне байланысты кез келген заңға қайшы келмейтін әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіншілік береді. Мыс: сату, айырбастау, сыйға беру, жойып жіберу және т.б. сонымен қатар, меншік иесінің өз мүлкіне байланысты өкілеттілігін жүзеге асыруы басқа тұлғалар мен мемлекеттің құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзбауы тиіс. Меншік иесі өз құқықтарын жүзеге асырған кезде азаматтардың денсаулығы мен айналадағы ортаға келтірілуі мүмкін зардаптарға жол бермеу шараларын қолдануға міндетті.

Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы. Меншік құқығының мерзімі шексіз, яғни меншік иесіне уақыт кезеңімен анықталатын шектеулер қойылмауы тиіс.

Меншік және жеке меншік құқығы дегеніміз — әр түрлі ұғымдар. Меншік туралы айтылғанда еңбектің өнімдерінінің тиісті нысандарын иеленуді шартты түрде дәйектейтін өндірістің құрал-жабдықтары мен өнімдеріне иелік жасау жөніндегі белгілі бір қоғамдық қатынастар туралы болады.

Меншік дегеніміз — қоғам өмірінің шарты. Меншік базистік сипаттағы экономикалық санат, ал меншік құқығы дегеніміз қондырмалық тәртіптегі ұғым болып табылады.

Меншік құқығы объективті және субъективті мағыналарға байланысты бөлінеді. Объективті мағына тұрғысынан алғанда меншік құқығы өндіріс құрал-жабдықтары мен өнімдеріне иелік жасау, пайдалану және өкімдік жүргізу қатынастарын дәйектейтін құқықтық нормаларының жиынтығы болып табылады. Меншік құқығы дегеніміз субъективті мағынасында — белгілі бір адамның нақты мүлікке қатынасты құқығы болып табылады. Меншік иесіне мүлікті иелену, пайдалану және оған өкімдігін жүргізу құқықтары тиесілі. Бұл құқықтар дәлірек айтқаңда, меншік иесінің өкілеттілігі адамның меншік құқығының мазмұнын құрайды.

Иелену құқықғы дегеніміз — мүлікті іс жүзінде иеленуді жүзеге асыруды заң жүзінде қамтамасыз ету: Ие болу құқы деп -адамның өз қалауынша мүлікке ықпал жүргізуінің мүмкіндігін құрайтын мүлікке нақты ие болуды айтады. Мысалы, мемлекет жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне және т.б. ие болса, азамат жеке автомобильге, жиһазға және т.б. ие.

Ие болу құқы заңмен қорғалады. Мүлікке ие болу құқығы басқа адамға берілуі мүмкін. Мысалы, комиссия шарты бойынша берілген мүліктің сақтаушысы, комиссионер, заңдық негізде ие болу құқығын және т.б. жүзеге асырады.

Пайдалану құқығы дегеніміз — заттың пайдалы табиғи қасиеттерін шығарып, одан табыстар, сондай-ақ басқа да тиімді игіліктер көру мүмкіндігі. Пайдалану құқы кезінде меншік иесіне өзіне тиесілі мүлікті кәдеге жаратуы, өзнінің тұтынушылық сезінуін қанағаттандыру үшін одан пайда табуы қажет. Мысалы, адам кір жуғыш машинаны өзінің шаруашылық мақсаттарына пайдаланса, ал азық-түлік өнімдерін қоректену үшін пайдаланады және т.б.

Мүлікті, техниканы шаруашылық мақсатта пайдалану, сондай-ақ ұғымдарда жүзеге асырады. Олар өз алдарына қойылған мақсатты орындау үшін пайдаланады. Пайдалану құқығы да заңмен қорғалады.

Билік ету құқығы дегеніміз — мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеуін қамтамасыз етілуі. Билік ету құқығы меншік иесінің мүліктін заңдық жағдайын анықтап, өзгерте отырып, мүлікке байланысты құқықтық қатынастарды белгілейді немесе тоқтатады (мысалы, сату, айырбастау, сыйлау, жойып жіберу, жедел басқармаға өткізу және т.б.). Билік ету құқығы тек меншік иесіне ғана тиесілі.

 

1.2 Азаматтық кодекс бойынша меншік құқығының нысандары мен түрлері

 

Меншік азаматтардың, заңды тұлғалардың, қоғамдық бірлестіктер мен мемлекеттің меншігі болып бөлінеді.

Азаматтардың меншігі. Азаматтардың меншік құқығы объектісінің ауқымы кең. Бұл зерделілік және материалдық қызметтің, кәсіпорындардың тұтыну заттарын қосқандағы материалдық объектілердін өнімдері, өндірістін құрал жабдықтары, патенттер, лицензиялар, ақшалар, соның ішінде шетел валютасы, акциялар, басқа да бағалы қағаздар мен басқа да мүліктер. Азаматтардың меншігі жеке түрде де болуы мүмкін.

Ол азаматтардың физикалық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған.

Азаматтардың жеке меншігі оларға пайда алу үшін қажет (мысалы, өндіріс құрал-жабдықтары).

Азаматтардың меншік құқығының иайда болуына мыналар негіз болады:

Мемлекеттік немесе басқа да кәсіпорындарда, ұйымдарда жұмыс істеудің нәтижесінде алныған, қоғамның өндіріске қатысудан түскен еңбек табыстары;

Қолөнерлік, іскерлік өнеркәсіптін, ауылшаруашылығының, халыққа қызмет етудің аумақтарындағы және тағы басқа жеке шаруашылықты жүргізу, азаматтардың жеке еңбек қызметі;

Несиеге, сақтандыру және басқа да мекемелерге салынған қаражаттар, акциялар және басқа да бағалы қағаздардан жеке меншік ретінде түскен табыстар;

Мұрагерлік бойынша және заң рұқсат ететін басқа да негіздер бойынша мүлікке ие болу. Мысалы, еңбекшілер қажеттіліктерінің біраз бөлігі қоғамдық қорлар есебінен зейнетақы, жәрдемақы, тегін білім алу, медециналық қызмет көрсету және т.б. есебінен қанағаттандырылады.

Сөйтіп, меншік құқығының пайда болуының негізгі бастаулары деп азаматардың қоғамдық өндірістегі еңбегінен түсетін ақыларды айтамыз. Азаматтардың меншік құқығының пайда болуына азаматтар жасайтын әр түрлі азаматтық-құқықтық мәмілелер жатады.

Азаматтардың меншік құқығының субъектілері сол азаматтардың өздері болып табылады.

Азаматтардың меншік құқығының мазмұны ретінде меншік иесінің иелену, өзіне тиісті мүлікті пайдалану және оған өкімдігін жүргізу құқығын түсінген жөн. Меншік иесі өзінің бұл құқықтарын ешқандай шектеусіз пайдалану мүмкіндігіне ие. Заң жеке мүлікті азаматтардың қоғам мүддесіне нұқсан келтіріп пайдалануына тыйым салады. Бұл талап бұзылған жағдайда мүлік сот тәртібімен ақысыз тартып алынып, мемлекет меншігіне өткізілуге жатады.

Меншік иесі өз мүлкіне өкімдік жүргізуге кез келген уақытта құқылы. Атап айтқанда, ол мүлкін сатуға, кепілдікке беруге, сыйға тартуға, мұрагерлікке қалдыруға және т.б. өкімдерін жүргізе алады.

Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншік құқығы. Заңды тұлғалардың жеке меншігі деп ұйымдық кәсіпорындардың және басқа да кооперативтердің, шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік емес басқа да заңды тұлғалардың, бірлестіктердің мүлкі танылады.

Кооперативтік меншік құқығының субъектілері — заңды тұлға болып табылатын кооперативтік ұйымдар.

Тұтыну кооперациялары дегеніміз — ол тұтыну қоғамдарының селолық, аудандық одақтары (аудандық тұтыну одағы), тұтыну қоғамдарының облыстық, республикалық одақтары.

Сондай-ақ құқық субъектісі болып мойындалуы мүмкін балық аулаушылардың, тұрғын үй және басқа да кооперациялар болады (егер олар заңды тұлға болып табылса).

Кооперативтік ұйымдардың, олардың бірлестіктерінің меншік құқығының объектілері жарғылық міндеттерді жүзеге асыру үшін қажет өнідіріс құрал-жабдықтары және басқа да мүліктер болып табылады. Аталған меншік құқығының объектісіне, оларды қорларға бөлінетін заттардың тұтас тізбесі кооперативтік ұйымдардың тиісті жарғыларында (ережелерінде) беріледі.

Кооперативтік ұйымдардың мүліктері негізгі, айналымдағы, арнаулы қорларға бөлінеді.

Негізгі қорларға өндірістік емес мақсаттағы құрал-жабдықтар — үйлер, құрылыстар, сондай-ақ әр түрлі ауыл шаруашылығы машиналары, көлік құралдары түріндегі құралдар да жатады. Бұлар олардың мүлкінің басым бөлігін құрайды.

Айналым қорларына кооперацияның шаруашылық қызметіне қатысты шикізат, тұқым, әр түрлі дақылдар қорлары және жанармай, тынайтқыш және т.б. жатады.

Кооперативтік ұйымдардың арнаулы қорлары мәдени-тұрмыстық мұқтаждықтары, әлеуметтік қамтамасыз етуді, алеуметтік сақтандыруды, материалдық ынталандыруды қанағаттандыру үшін құрылады. Сондай-ақ, оларға бір мақсатта қолданатын тұқымдық, малазықтық, сақтандыру қорлары жатады.

Негізгі айналым және арнаулы қорлар кооперативтік ұйымдары мүшелерінің арасында бөліске түспейді.

Жарна қоры кооперативтік ұйымдары мүшелерінің ерікті пайлық жарналарынан құралады. Шығып кеткен кезде кооператив мүшесі өзі енгізген мүлкін қайта талап етуге құқылы.

Кооперативтік ұйымдар өз мүшелерінің қалауынша демократиялық негізде және жарғыларына сәйкес мүлікке иелік етуге, пайдалануға және өкімдік жүргізуге құқылы. Кооперативтік ұйымдардың меншігін құрайтын мүліктерге өкім жүргізу құқығына заң тек олардың өздерінің ғана ие екенін атап көрсетеді. Бұл аталған ұйымдар шарттарды, өз мүлкіне қатысты әр түрлі операцияларды дербес жасай беруге болатынын білдіреді. Мысалы, өздерінің ғимараттарын, құрылыстарын, машиналарын, көлік-құралдарын басқа мемлекеттік, қоғамдық ұйымдарға бере алады немесе басқа әрекеттерді жүзеге асырады. Бұл ерекше қүзыретке не мемлекеттік, не одан жоғары тұрған органдар қол сұғуға құқы жоқ.

Қарыздық міндеттемелер бойынша аталған ұйымдар негізгі жабдықтардың, тұқымның және малазықтық қордан басқа өз мүліктеріне жауап береді. Ұжымшарды немесе кооперативтің басқа түрін таратқан кезде бюджеттен, банктер мен және басқа да несие берушілермен есеп айырысқаннан кейін қалған мүлік кооператив мүшелері арасында бөліске түседі.

Заңды тұлға ретінде шаруашылық ұйымдардың және серіктестіктердің меншігі қатысушылар салымдары есебінен жинақталған, шаруашылық қызметінің нәтижесінде алынған және олар басқа негізде алған объектілер жатады.

Шаруашылық қоғамдары мен серіктестіктерінің қатысушылары кәсіпорындар, мекемелер және ұйымдар, мемлекеттік органдар, сондай-ақ жекелеген азаматтар бола алады. Шаруашылық бірлестіктерінің меншігіне оған кәсіпорындар мен ұйымдар ерікті түрде берген, сондай-ақ олардың шаруашылық қызметінің нәтижесінде алынған мүліктер жатады.

Шаруашылық бірлестігі өзіне енген кәсіпорындар мен ұйымдарының мүліктерін иеленуге құқы жоқ.

Шаруашылық бірлестіктерінің меншік құқығының объектісі оның шаруашылық қызметінің нәтижесінде алынған мүлік болып табылады.

Қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдардың жеке меншік құқығы. Қоғамдық бірлестіктерге кәсіподақтар және азаматтардың ортақ мүдде мақсатының нәтижесінде бірігуден туған басқа да қоғамдық ұйымдар жатады. Кәсіподақтардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың меншік құқығына олардың жарғыларында көзделген қызметті материалдық тұрғыдан қамтамасыз ететтін объектілер, сондай-ақ олардың қаражаты есебінен құрылған кәсіпорындар жатады.

Меншіктің бұл түрі үшін кооперативке қарағанда қоғамдасудың жоғарғы сатысы тән. Бұлар өз иеліктерінде орасан соманы құрайтын қоғамдасқан мүліктері бар кәсіподақтардың, спорт қоғамдарының және т.б-ның мүшесі милиондап саналатын ұжымдары.

Кәсіподақтардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың меншіктерінің маңызды ерекшеліктері олардың өндірістік емес мақсаттарда пайдаланылуымен тұжырымдалады. Олардың басты мақсаты мәдени-тәрбиелік, спорттық, сауықтыру, ғылыми, қорғаныс сипатындағы және т.б. әр түрлі жұмыстарды ұйымдастырып, өткізу жолымен адам жан-жақты тәрбиелеу.

Бұл ұйымдар, сондай-ақ меншік құқығындағы өздеріне тиесілі мүліктерді жарғыларына сәйкес иеленіп, пайдаланып, өкімдік жүргізе алады.

Кәсіподақтардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың меншік құқығының субъектілері, бір жағынан, осы ұйымдардың жүйелері, мысалы, кәсіподақтар жүйелері, ал екінші жағынан, жекелеген қоғамдық ұйымдар болып табылады.

Кәсіподақтардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың меншік құқығының объектілері ғимараттар, құрылыстар, санаторийлер, демалыс үйлері, мәдениет сарайлары, клубтар, стадиондар, мәдени-ағарту қорлары және басқа да қоғамдық ұйымдардың меншік құқығының объектілерінің ауқымы мен сипаты олардың арнаулы құқық қабілеттілігінде шартталған.

Қоғамдық ұйымдардың меншік құқығы объектілерінің спецификалық құқықтық режимі олардың негізгі және ақша қаражаттарының бөлінуімен тұжырымдалады.

Негізгі құрал дегеніміз — несие берушілердің талабы бойынша өндіріп алуға болмайтын кәсіпорындар, ғимараттар, құрылыстар және т.б.

Ақша қаражаты әкімшілік-шаруашылық шығындарға, күрделі жөндеуге ұйым мүшелеріне материалдық көмек көрсетуге және т.б. жұмсалады.

Кәсіподақтардың және басқа да қоғамдық ұйымдардың меншік құқығының пайда болуына басты негіз мүшелікке кіру және ай сайынғы мүшелік жарналар болып табылады. Мысалы, кәсіподақтар бюджет табысы құнның жалпы сомасының үштен екісін осы жарналар құрайды. Бұдан басқа осы қоғамдық ұйымдардың меншігі әр түрлі кәсіпорындардың, мекемелердің жекелей алғанда, мәдени-бұқаралық, спорттық, ғылыми-техникалық және т.б. азаматтық-құқықтық мәмілелердің қызметінен түскен әр түрлі табыстардан құралады. Мысалы, сатып алу-сату, жеткізу, күрделі құрылыс салуды мердігерлікке алу және т.б. шарттар жасасу жолымен.

Қоғамдық ұйымдарды таратқаннан кейін қалатын мүлік олардың жарғыларында көзделген мақсаттарға жұмсалады. Қазіргі кезенде жеке меншіктің елеулі бөлігін иеленетін әр түрлі шаруашылық серіктестіктері кең тараған. Бұл меншікті құрудың, пайдаланудың, сондай-ақ құқықтық ережелерінің тәртібі үшін өзіндік сипаттар тән.

Жарғылық қор құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға болыа табылатын коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестіктігі болып танылады делінген (Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестіктері туралы» заң күші бар Жарлығы, 1-бап).

Серіктестік өз қызметін тауар-ақша қатынастарын кең пайдалану жолымен өзін-өзі қаржыландыру принциптері негізінде құрады.

Құрылтай құжаттарында серіктестіктің түрі, мақсаттары және қызмет мерзімдері, қатысушылардың (құрылтайшылардың құрамы, фирмалылығы, атауы және тұратын жері) туралы мәліметтермен бірге серіктестік мүлкінің (жарғылық қоры) көлемі, кіріс пен шығыстың бөліну тәртібі көрсетілуі тиіс.

Серіктестік қатысушылардың оған берген, шаруашылық қызметінің нәтижесінде өндірілген бұйымдардың, сондай-ақ заң тыйым салмаған басқа негізінде алынған бұйымдардың иесі болып табылады.

Серіктестіктің мүлкі бастапқыда қатысушылар салымдары есебінен құрылады. Қатысушылар салымдарының құрамына ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтар және басқа да материалдық құндылықтар, бағалы қағаздар, ақша қаражаттары және т.б. кіруі мүмкін.

Серіктестіктің құрылтай құжаттарында көрсетілген (жарғылық қорда) барлық қатысушылардың мүліктегі үлестері олардың салымдарына адекватты болады. Серіктестік заңды тұлға болып табылады.

Серіктестік дегенде бір-біріне жарғылық қорды құрудың ерекшелігімен және олардың қатысушыларының серіктестік міндеттемелері бойынша жауапкершілік ерекшеліктерімен ажыратылатын толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосалқы жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғамдар жатады.

Толық серіктестік қатысушысының үлес мөлшерін, олар салатын салымның мөлшерін, құрамы мен енгізу тәртібін, олар салатын салымның мөлшерін, құрамы мен енгізу тәртібін, олардың серіктестік ісіне қатысу нысанын белгілеуі тиіс.

Толық серіктестік қатысушысының үлесінің (үлес бөлігінің) өтуінің белгілі бір тәртібі бар. Толық серіктестікті серіктестік қатысушыларының өз үлесін басқа қатысушыға немесе үшінші бір адамға өткізуі басқа қатысушылардың келісімімен ғана іске асады. Сенім серіктестігі дегеніміз — серіктестік міндеттемелері бойынша өз мүлкі мен қосымша жауапкершілікті мойнына жүктейтін бір немесе бірнеше қатысушылардан тұратын (толық серіктестік), сондай-ақ толық серіктестіктің мүлігіне бір немесе одан да көп қатысушылар (салымшылар) салған салым сомасымен шектелетін серіктестік. Егер сенім серіктестігіне екі немесе оданда көп толық жауапкершілігі бар қатысушылар қатысса, олар жолдастарының қарыздары бойынша ортақ жауапкершілікті мойындарына алады.

Сенім серіктестігі туралы құрылтай шартына толық жауапкершілігі бар әрбір қатысушы үлесінің көлемі, олар салған салымның көлемі, құрамы мен тәртібі, олардың серіктестік ісіне қатысу нысаны, сондай-ақ серіктестік мүлкіндегі салымшылар үлестерінің жинақталған мөлшері енгізілуі тиіс.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік дегеніміз — құрылтай құжаттарында белгіленген жарғылық қоры белгілі бір үлестермен мөлшерлерге бөлінген, бір немесе бірнеше адамдар құрған серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің қатысушылары серіктестік қызметіне байланысты өздері салған тәуекел етеді және міндеттемелер бойынша жауап бермейді.

Бұл серіктестіктің құрылтай құжаттарына әрбір қатысушының үлесінің мөлшері, олар салған салымның мөлшері, құрамы мен тәртібі, серіктестік органдары және бірауызды болуды қажет ететін мәселелердің тізімін қосқандағы құжатында көрсетілген салымның кем дегенде 50%-ін енгізу керек. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік резервтік (сақтандыру) қорын және оның қызметі және еңбек ұжымының әлеуметтік дамуы үшін қажетті басқа да қорларды құрады.

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік дегеніміз қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық қордағы өз салымдарымен жауап беретін, ал бұл соммалар жетпеген жағдайда өз салымдарының мөлшеріне сәйкес өздері тиесілі мүліктермен қосымша жауап беретін серіктестік.

Қатысушылар жауапкершілігінің мөлшері құрылтай құжаттарында көрсетіледі.

Акционерлік қоғам дегеніміз — жарғылық қоры бірден номиналдық құны бар акциялардың белгілі бір санына жарғылық қоры бөлінген серіктестік; акционерлік қоғамның қатысушылары (акционерлер) өздерінің барлық мүліктері мен міндеттемелер бойынша жауап береді.

Қоғам жарғысында көрсетілгендей, ашық немесе жабық қоғам болуы мүмкін. Ашық қоғамның акциялары басқа акционерлердің келісімінсіз қолдан-қолға өте береді. Жабық қоғамның акциялары басқа акционерлердің көпшілігінің келісімімен ғана қолдан-қолға өтуі ықтымал.

Қоғамның құрылған сәтінен бастап жарғылық қор бірдей номиналдық құны бар он еселенген акциялардың көрсетілген санынан тұруы тиіс. Қоғамның жарғылық қоры тиісті нормативтік актіде көрсетілгеннен аз болмауы керек.

Басқа шарттармен бірге акционерлік қоғамның жарғысында шығарылатын акциялардың түрлері, олардың номиналдық құны, акциялардын саны, кәсіпорындар алған акция төлеуге байланысты міндеттемелердің орындалмауының салдары, кірісті бөлудің және шығынды өндіріп алудың тәртібі көрсетіледі. Акционерлік қоғамға оның шаруашылық қызметіндегі шығындарды жабу үшін акцияларды шығаруға тыйым салынады.

Діни ұйымдардың меншігіне ғимараттар, мәдени заттар, өндіріс объектілер, ақша қаражаты және оның қызметін қамтамасыз ету үшін басқа да заттар жатады.

Діни ұйымдардын меншік құқығының көзі — өздерінің жеке қаражаттары есебінен алынып құрылған, азаматтар тегін берген, ұйымдар немесе мемлекет заңға қайшы емес жағдайда берген мүліктер болып табылады.

Мемлекеттік меншік құқығы. Республика аумағында мемлекеттік меншік құқығының субъектісі Қазақстан Республикасы болып табылады. Мемлекеттік мүлікке иелік жасау, оны пайдалану және өкімдік жүргізу құқығын оның атынан белгіленген заңды тәртіппен меншік құқығын реттеп отыратын Қазақстан Республикасының Парламенті жүзеге асырады. Ол бұл құқықтарын Үкіметке де беруі мүмкін.

Өздерінің құзырететірне сәйкес жергілікті өкілдік және атқарушы органдары Үкімет бергек құқыққа сүйене отырып, мемлекеттік мүлікке ие болу және пайдалану құқығын жүзеге асырады.

Мемлекеттік меншік құқығының объектілері мүліктің кең ауқымы болып табылады. АК-тің 193-бабында: «Жер, оның қойнауы, су әуе кеңістігі, өсімдік және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар тек қана мемлекеттік республикалық меншікте болады» делінген.

Заңда мемлекеттік меншік құқығын жерге байланысты жүзеге асырудың ерекшеліктері де атап көрсетілген. Ауыл шаруашылығы мақсатына жатпайтын қозғалмайтын мүлікті, яғни салынып бітпеген объектілерді жекешелеген кезде азамат немесе заңды тұлға алынған мүлік құқығына бір мезгілде ие болады. Қазіргі заңда белгіленген қағида бойынша мемлекет меншігіндегі жерді алып сатуға, сыйлауға, кепілдікке беруге және өз бетінше жер учаскелерін айырбастауға немесе басқадай мәмілелер жасауға болмайды.

Мемлекет меншігінде басқа да мүліктер: билік органдары мен басқару органдарының, біздің халқымыздың мәдени және тарихи құндылықтары, республикалық бюджедттің қаражаты, мемлекеттік банктің, сақтандыру, резервтік қорлардың қаражаттары және басқа да мүліктер болуы мүмкін.

Мемлекеттік меншіктің құқығының маңызды объектілері, сондай-ақ өнеркәсіп саласында зауыттар, фабрикалар, құрылыс саласында — құрылыс трестері, көлік саласында — темір жолдар, теңіз кемелері, автокөлік, ауыл шаруашылығында — өндірістің, шаруа қожалықтарының және айналым қорлары мен барлық жабдықтары, сауда саласында — машиналар, сондай-ақ басқа да ғимараттар, құрылыстар, мемлекеттік кәсіпорын өнімдері және т.б. мүлікке жатады.

Мемлекеттік меншіктін пайда болуының негіздері әр түрлі. Мемлекеттік меншік құқығының тууына кеңейтілген өндіріс көлемі маңызды себеп болады.

Мемлекеттік меншік құқығының пайда болуының басқа да негіздер көп. Атап айтқанда, жеке меншік иесінен мемлекеттік немесе қоғамдық мүдде үшін оған құнын төлей отырып, мүлкін тартып алу (реквизиция); құқық бұзғандығы үшін санкция есебінде мүліктің өтуі және т.б. нәтижесінде туындайды.

Мемлекет өзінің меншік құқығын тек дербес қана емес, мүлік, шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқықтары деңгейінде беретін әр түрлі салалық, қаражаттық, ауыл шаруашылығы органдары арқылы пайдаланады.

Өз мүлкін кәсіпорындарға бекіте отырып, мемлекет шаруашылық жүргізу құқығы деңгейінде меншік иесі белгіленген шеңберде мүліктерді кәсіпорындарға пайдалану, иелік ету және басқару сондай-ақ өкілдік жүргізу құқығын ұсынады.

Заң өз қызметін шаруашылық жүргізу құқығы деңгейінде іске асыратын мемлекеттік кәсіпорынға:

өзіне тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдықтарды және кәсіпорынның басқа да негізгі қорларын өзге адамдарға сатуға және беруге, уақытша пайдалануға немесе жалға беруге, ауыстыруға;

кәсіпорынның филиалдарын және еншілес кәсіпорындар құруға;

жеке кәсіпкерлермен бірігіп, кәсіпорындармен бірлескен өндірістер құруға, оларға өзінің өндірістік және ақша капиталын салуға тыйым салады.

Оралымды басқару құқығын меншік иесінің қаражаты есебінен қаржыландыратын және өз қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгіленген шекте сол мүлікті иеленіп, пайдаланады. Сонымен бірге оған билік ету құқығын жүзеге асыратын қазыналық кәсіпорындардың заттық құқығы болып табылады.

Мүліктік құқықты жүзеге асыру сәтінде (өз атынан) кәсіпорын жұмыс барысындағы кемшіліктердің салдарынан туындайтын шығындар үшін жауапты болады. Мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындардың қарыздары үшін мемлекет жауап бермейді.

Оралымды басқару құқығының субъектілері барлық ұйымдар емес тек заңды тұлға болатын ұйымдар ғана бола алады. Бұл ұйымдардың құрамына кіретін өндірістік бірлестіктер өздеріне сеніп тапсырған мүлікті жедел басқару құқығына ие бола алмайды. Өйткені, бұл жекелеген участкелер, бөлімшелер азаматтық құқықтың субъектісі ретінде көріне алмайды.

Оралымды басқару құқығының мазмұны өзіне тапсырылған мүлікті мемлекеттік ұйымның иелік ету, пайдалану және өкімдік жүргізу құқығымен тұжырымдалады. Алайда, бұл өкілеттіліктің көлемін, шеңберін меншік иесі — мемлекет анықтайды.

Бұл өкілеттіктерді ұйым пайдаланып жүрген нормативтік актілердің шеңберінде жүзеге асырады.

Оралымды басқару құқығының объектісі — мемлекеттік ұйымдарға бекітіліп берген, мемлекет меншігі болып табылатын мүліктер. Олар: негізгі, айналым және арнаулы қорларға бөлінеді. Мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың негізгі және айналым қаражаттары, құралдары, олардың жарғылық, баланста көрсететін жарғылық қорды құрайды.

Негізгі қорларға өндірістік емес мақсаттағы, мейлінше, маңызды заттар, мысалы, ғимараттар, құрылыстар, көлік құралдары және т.б., сондай-ақ бір жылдан артық пайдаланылуда тұрған әрі министрліктер және ведомстволар белгіленген лимиттен құны жоғары объектілер жатады.

Кәсіпорындардың негізгі құрал жабдықтарға билік ету құқығы шектеулі. Заң мемлекеттік кәсіпорындарды, ғимараттарды, құрылыстарды, құрал-жабдықтарды және т.б. мүліктерді осы мүліктердің иесінің келісімімен ғана беру тәртібімен жүзеге асыра алатынын белгілеген.

Ұйымдардың қарыздарын негізгі қорлардан өндіріп алуға болмайды. ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтарды және басқа да негізгі қор кепіл бола алмайды. Алайда, ұйым жарамсыз болып қалған ғимараттарды, құрылыстарды, машиналарды сатуға келмесе, өз мақсатымен пайдаланылмайтын болса, қалпына келтіру мүмкін емес жағдайда баланстан шығынға шығаруға құқы бар.

Айналым қорлары дегеніміз — өндіріс цикліне қатысатын заттар. Атап айтқанда, шикізат, отын, материалдар, жартылай дайын өнімдер, дайын бұйымдар, ақшалар және шаруашылық процесінде бірақ рет қатысатын, өзінің заттай әрі ақшалай нысанын өзгертетін басқа да жабдықтар. Айналым қаражатына, сондай-ақ бір жылдан аз мерзімге пайдалынатын заттар да жатады. Жеке және заемдық айналым қаражаттары да бар. Кәсіпорындардың жеке қаражаты оның мақсатына сәйкес құрылған сәттен бастап пайда болады. Заемдық құжаттар дегеніміз — банкі несиелері немесе жоғары тұрған органның уақытша қаражаттық көмегі.

Қарыздар бойынша кәсіпорын айналым қаржысын мемлекеттік ұйымның, кәсіпорынның қалыпты қызметін қамтамассыз ету шеңбері мен шегінде ғана өндіріп алуды жүзеге асырады; жекелей алғанда, шикізат және басқа да заттардан номативтен артық қорларын ғана өндіріп алуға болады. Ал тұқымдық немесе мазалығы қорларынан өндіріп алуға жатпайды. Сондай-ақ, зиян шегу жағдайларын, кінәлә адамдарды анықтауды жете тексергеннен кейін ғана кәсіпорын балансынан айналым қаржысын шығынға шығаруға болады.

Белгілі -бір мақсаттар үшін арнайлы қорлар құрылады. Табыстың артық есебінен құралатын амортизациялық, материалдық ынталандыру, әлеуметік мәдени шаралар, өндірісті дамыту қорлары және тиісті нормативтік актілерге сәйкес тәртәппен белгіленген басқа да ресурстар.

Амортизациялық қорлар күрделі жөндеу үшін тауар бұйымдарын сатудан түскен ақша құнын есептеу жолымен негізгі қорларды қалпына келтіру үшін және т.б. құрылады.

Материалдық ынталандыру қоры өз міндеттерін орындауда жоғары еңбек көрсеткішіне жеткен жұмысшылар мен қызметшілерге сыйлық беру мақсатында құрылады. Бұл қаражаттар жұмысшылар мен қызметшілерге материалдық жәрдем беру үшін де жұмсалады.

Жұмысшылар мен қызметшілердің мәдени тұрмыстық қызмет көрсетуін жақсарту үшін әлеуметтік мәдени шаралар қоры құрылады.

Техника мен еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру — әрқашанда маңызды сміндеттердің бірі. Бұл кәсіпорында экономикалық ынталандыру жасау үшін белгіленген тәртіппен өндірісті дамыту қоры құрылды. Нарықтық экономика жағдайында меншіктің әр түрлі нысандарын құру, бәсеке мен кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің кең бағдарламасы жүзеге асырылады. Мемлекеттік меншікті қайта жаңғыртудың құқықтық негіздерін, ережелері мен процедураларын белгілейтін Қазақстан Республикасының 1991 жылғы 22 маусымдағы «Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру» туралы Заңы жүзеге асуда.

Мемлекет меншігінен алу дегеніміз — бұл шаруашылық басқару функциясы және тиісті өкілетті беру жолымен мемлекеттік кәсіпорындардан тікелей шаруашылық субъектілеріне беру.

Жекешелендіру дегеніміз — мемлекет меншігінің объектілерін, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды, ұйымдарды қайта жаңғырту жолымен құрылған акционерлік қоғамдардың акциялары мемлекеттен алып, заңды және жеке тұлғаларға беру. Мемлекет меншігінен алу және мемлекет меншігін жекешелендіру жұмыстарын Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитеті және оның аумақтық органдары жүзеге асырады. Олар Қазақстан Республикасының меншігіне қатысты мемлекет мүддесін білдіреді.

Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру объектілеріне не жатады? Барлық өндірістік және өдірістік емес салалардағы мемлекеттік меншіктер: кәсіпорындар, бірлестіктер, ұйымдар, олардың құрылымдық бірліктері мен бөлімшелері, сондай-ақ мәдени тұрмыстық мақсаттағы, әлеуметтік аядағы мемлекеттік тұрғын үй қорындағы объектілер және басқа да құнды заттар жатады.

Қазақстан Республикасының тек мемлекеттік меншігінде тұрған объектілерді жекешелеңдіруге болмайды. Мемлекет меншігінен алу және жекешелендірудің Ұлтық бағдарламасына сәйкес Республика Үкіметі мемлекеттік қорғаныс және қауіпсіздік әлеуметтік даму, айналадағы ортаны және халықтың денсаулығын қоғау мүдделерін ескере отырып, мемлекет меншігінен алуға және жекешеленуге жинайтын объектілердің тізбесін бекітеді.

Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру субъектілері сатып алушы, сатушы және делдал облып табылады.

Сатып алушы біздің Республиканың азаматтары, егер меншіктері мемлекетке тиісті болмаса шет мемлекеттің азаматтары және азаматсыз адамдар, сондай-ақ республика аумағында тұратын заңды тұлғалар бола алады.

Сатушы рөлін мемлекеттік мүлік жөніндегі Қазақстан Республикасының инвестициялар жөніндегі мемлекеттік Комитеті және Қаржы министрлігі атқарады.

Сатушы және сатып алушы берген рецензияның негізінде де тараптардың бір жағының сенімхатымен коммерциялық негізде әрекет жасайтын мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың — делдадық қызметін пайдалана алады.

Заң мемлекет меншігінен алу және жекешелендірудің белгілі бір тәртібін белгілеген. Мемлекет меншігінен алу және жекешелендірудің белгілі бір тәртібін белгілеген. Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру туралы шешім қабылдаған сатушы меншік иелерінің, жергілікті өкілді және атқарушы органдарының, кәсіпорын әкімшілігінің, оның еңбек ұжымының, қаржы органдар мен банктің өкілдерінен, басқа да мамандардан сату жөнінде комиссия құрады.

Мемлекет меншігінен алу және жекешелендірудің төмендегідей нысандары бар:

— Мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғамға басқа да шаруашылық қоғамына немесе серіктестікке айналдыру.

Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкін немес мемлекеттік акцияларды конкурстарда, иә болмаса, аукциондарда азаматтардың, сондай-ақ мүлкі мемлекеттік меншікке жатпайтын заңды тұлғалардың сатып алуына болады.

— Меншік иесінің шешімімен акционерлік қоғамдардың және диверсификацияланған холдингтік компаниялардың акционерлік компаниялардың акцияларын, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешеннің қайта өңдеу және қызмет көрсету кәсіптікорындарының акцияларын сатып алу.

Мемлекет меншігінен алу және жекешелендіру негізінен ақылы түрде жүзеге асырылады. Алайда, мемлекет мүлкінің бір бөлігі азаматтар мен заңды тұлғаларға өтеусіз негізде берілуі мүмкін. Мемлекеттік меншік объектілерін сатудан түскен қаражаттар мемлекет меншігі болып табылады да, арнайы есеп-шотқа түседі.

Жекешелендіру тәртібін және қаражатты жұмсау бағдарын Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.

 

 

1.3 Меншік құқығына және өзге де заттық

құқықтарға ие болу негіздері

 

Меншік құқығының азаматтық құқықтық субъектілері әр түрлі негіздерде ала алады. Азаматтық кодекстің 235-бабы меншік құқығына ие болуына әдейі арналған. Бірақ та, заң меншік құқығын алудың негіздерінің түпкілікті дәрежеде тізімін жасады деуге болмайды. Азаматтық кодекстің 235-бабында «тәсіл» ұғымы қолданылмайды (бір нәрсені жүзеге асыру кезіндегі әрекеттер немесе әрекеттер жүйесі). Меншік құқығы оның пайда болуы мен заңды байланыстыратын заңдық фактілер негізінде алынуы мүмкін. Мұндай заңдық фактілер негізделуімен көрінеді (АК-тің 7-бабы).

Меншік құқығын алуда бастапқы және туынды негіздерін шектеу өлшеміне бір жағдайда еркіндік өлшемі, ал келесі бір жағдайда құқық қабылдаушылық сай келеді, оның соңғысына ерекше баға беріледі.

Бастапқысына жататын талап деп мынаны айтамыз: зат бұрын болмады және меншік құқығы оған бірінші рет тағылды немесе зат бұрын болса, меншік құқығы оған бұрынғы меншік иесінің құқығынан тәуелсіз жүзеге асады. Сондықтан да Азаматтық кодекстің бастапқы негіздеріне мыналар қатысты: жағңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының пайда болуы (236-бап, 1- тармақ); өңдеу (236-бап); иелену мерзімі (240-бап); олжа (245-бап); қараусыз жануарлар (246-бап); меншік иесінен алынған мүлікті иелену (248-бап); көмбе (247-бап).

Туынды негіздер меншік иесі құқығын алуда бұрынғы меншік иесінің құқығына тәуелді болуымен сипатталады. Жаңа меншік иесі пайда болуына байланысты одан бұрынғысының құқығы бір мезгілде тоқтатылады. Алдымен меншік құқығына ие болу негіздерінің жалпы сипаттамасына тоқталайық.

Меншік құқығының туынды негіздерінің пайда болуы шартқа (сатып алу-сату, заем, несие т.б.), сондай-ақ мұрагерлікке (заң мен өсиет бойынша) байланысты, ол заңды тұлғаларды қайта құрған кездегі құқықты мирасқорлық тәртібімен жүзеге асады. Туынды негіздерге сонымен қатар мүлікті тәркілеу (АК-тің 249-бабы 4-тармақшасы), жекешелендіру (АК-тің 240-бабы 3-тармағы), реквизациялау (АК-тің 249-бабы 3-тармағы), жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын иеліктен айыру (АК-тің 249-бабы 5-тармақшасы), күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған реттер (АК-тің 249-бабы 6-тармақшасы) және заңда көзделеген басқа жағдайлар да оған жатады.

Жаңа меншік иесіне тек заттық ғана меншік құқығы емес, осы затқа байланысты құқықтар мен міндеттердің барлығы ауысады. Мәселен, үй сатып алған адамға сол үймен байланысты жасалған жалдау немесе кепіл шарттары көшеді. Тағы бір мысал: мұраны қабылдап алған мұрагер мұра қалдырушының борыштарына өзіне ауысқан мұралық мүліктің нақты құны шектерінде жауап береді. Сондықтан да меншік құқығына ие болудың туынды негізіне әрқашанда мирасқорлық қасиет тән меншік құқығына ие болуға байланысты жаңа меншік иесі бұрынғы меншік иесі еншілеген барлық өкілеттілікті түгелдей  өзіне алады деуге болмайды. Мәселен, бұл жаңа меншік иесіне қандай мүліктің ауысуына және оның иесі кім екеніне (мемлекет, заңды тұлға немесе жеке тұлға), жаңа иеленушінің меншік құқығы қандай болатындығына (мемлекеттік немесе жеке меншік) байланысты.

Енді меншік құқығының бастапқы негіздеріне тоқталайық. Азаматтық кодекстің 235-бабының 1-тармағы меншік құқығын алудың бастапқы негіздерінің біріне дайындалған немесе жасалған затқа құқықты жатқызады. Меншік құқығы бұрын болмаған затқа да пайда болады. Егер заңда өзгеше көзделмесе, затты дайындап не оны жасаған адам соның меншік иесі атанады. Жаңадан дайындалып дасалған заттар қозғалатын не қозғалмайтын болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 236-бабына сәйкес салынып жатқан үйлерге, құрылыстарға, өзге де мүлік кешендеріне, сондай-ақ өзге де жаңадан жасалып жатқан қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы осы мүлікті жасау аяқталған кезден бастап пайда болады. Егер заң құжаттарында немесе шартта құрылысы аяқталған объектілерді қабылдап алу көзделген болса, онда тиісті мүлікті жасау осылайша қабылдап алынған кезден бастап аяқталған болып есептеледі. Қозғалмайтын мүлік мемлекеттік тіркелуге тиіс реттерде, оған меншік құқығы осылайша тіркелген кезден бастап пайда болады.

Қозғалмайтын мүлікті жасау аяқталғанға дейін, ал тиісті жағдайларда — оны мемлекеттік тіркеуден өткізгенге дейін мүлікке қозғалмайтын мүлік жасалатын материалдар мен басқа мүлікке қозғалмайтын мүлік жасалатын материалдар мен басқа мүлікке меншік құқығы туралы ережелер қолданылады.

Заң бастапқы негіздерге мүлікті пайдалану нәтижесінде алынған жемістерді, өнімді, табысты жатқызады (АК-тің 235-бабы 1-тармағы). Заң күйіндегі жеміс дегеніміз — өздігінен өсіп өнген органикалық дүние, ол затқа айналып, өзінен табыс түсіреді. Жемістер табиғи болуы мүмкін (ол табиғат не адам күшімен өндіріледі), сондай-ақ оны таза табиғи өнеркәсіп өнімі деп бөледі (бұйым, өнім және т.б.) немесе табыстар көзі болып табылады (мысалы, жалға ақы төлеу немесе пайыздар (және т.б.). Зат табиғи жемістер мен өнім және табыс түріндегі жемістердің ара-жігін ашып көрсетеді, бұл АК-тің 193-бабында қарастырылған:

мүліктерді пайдалану нәтижесінде алынған түсімдер(жемістер, өнімдер, табыстар), егер заңдарда немесе бұл мүлікті пайдалану туралы шартта өзгеше көзделмесе, осы мүлікті занды негізінде пайдаланушы адамға тиесілі болады.

Меншік құқығын алудың бастапқы негізіне өңдеу жатады да (бір тұлға материалды өңдеп, одан екінші бір зат жасайды). Сонда әлгі өнімге құқық алатын оны жасаған адам ба, әлде материлдың меншік иесі ме? Азаматтық кодекстің 237-бабына сәйкес шартта өзгеше көзделмегендіктен, адам өзіне тиесілі емес материалдарды өңдеу арқылы дайындаған жаңа қозғалатын затқа меншік құқығын материалдардың меншік иесі алады. Алайда, егер өңдеу құны материалдардың құнынан едәуір асып кетсе, жаңа затқа меншік құқығын адал жұмыс істеп, өңдеу өзі үшін жүзеге асырған адам алады. Алайда, егер өңдеу құны материлдардың құнына едәуір асып кетсе, жаңа затқа меншік құқығын адал жұмыс істеп, өңдеуі өзі үшін жүзеге асырған адам алады. Бұл екі жағдадйда да өңдеушігн жасаған жұмысының құнын төлеу немесе меншік иесіне материалдың құнын өтеу мәселесі туындайды. Бұл сұрақтың шешімі мынадай: өз материлдарынан дайындалған затқа меншік құқығы алған материалдардың меншік иесі ол затты өңдеуді жүзеге асырған адамға оның құнын өтеуге, ал ол адам жаңа затқа меншік құқығын алған ретте соңғысы материалдардың меншік иесіне олардың құнын қайтаруға міндетті.

Өңдеуді жүзеге асырған адамның ықылассыз әрекеттірінің нәтижесінде материалынан айырылған меншік иесі жаңа затты өз меншігіне беруді және өзіне келтірілген заладардың орнын толтыруды талап етуге құқылы (АК-тің 237-бабының 2,3-тармақтары).

Меншік құқығының пайда болуының бастапқы негіздеріне өнімді жинауға, балық, аң аулауға арналған көпшілі қолды заттарды меншікке айналдыру да жатады. Заңдармен жергілікті әдет-ғұрыпқа немесе меншік иесі берген жалпы рұқсатқа сәйкес ормандарда, бөгендерде немесе басқа аумақта жиде теруде, балық аулауға, заң аулауға, басқа нәрселерді жинауға немесе аулауға жол берілгсн ретте, тиісті заттарға меншік құқығын оларды жинауды және аулауды жүзеге асырған адам алады. (АК-тің 241-бабы). Мысалы, осы нормаға сәйкес азаматтар мен заңды тұлғалар өз әрекеттері кезінде берілген ережені сақтау талап етіледі (аң аулау, балық аулау және т.б.). мұндай ережені бұзған тұлға тиісті жауапкершілікке тартылады.

Меншік құқығын алудың бастапқы негізінде Азаматтық кодекс тұңғыш рет иелену мерзімін де енгізді. Бұл негізді қолдану жөнінде жоғарыда иелену мерзіміне орай айтып кеткен болатынбыз (АК-тің 240-бабы). Кеңес үкіметінің азаматтық кодексінде тек талап мерзімі ғана болғанды. Бірақ иелену мерзімі институты мүлдем енбеген еді. Қазақстан Республикасы заңына иелену түңғыш рет енгізіліп отыр. Иелену мерзімі деп — қозғалатын мүлікке азамат немесе заңды тұлғаның адал, ашық және ұдайы иеленген құқығын айтамыз. Ал оның мерзімі — 15 жыл, ал қозғалмалы мүлікке — 5 жыл. Қозғалмайтын немесе басқа мүліктерге меншік құқығы бұл мүлікті иелену көнелігіне сөйкес алған тұлғада тіркеу кезінен бастап пайда болады.

Иелену мерзімі бойынша құқығын алудың қажетті жағдайды мынадай болады: иелену, яғни «тура өзінің мүлкіндей көру», адалдық, ашық, үздіксіз болуы және мерзім. «Тура өзінің мүлкіндей көру» теңеуі тек мүлікті ұстау ғана месе, оны заңға сәйкес иелену болып табылады. Мысалы, мемлекеттік меншіктегі жерді пайдалану оны өз меншігіне алу дегенді білдірмейді. Бұл орайда ол оны мейлі ұзақ уақыт пайдалана берсін, бәрібір осы талап сақталады. Яғни, мемлекеттік жер пайдалануға берілген екен, оны иеленуші өзіне меншіктемей, басқаның мүлкі деп есептеуі тиіс.

Иелену мерзімінің қажетті шарты оны адалдықпен иелену, яғни мүлікті иеленуші өз иелігінің заңдық негізін естен шығармайды. Иелену мерзімінің тағы бір маңызды шарты иелену ешқандай бүкпесіз, әділ жүзеге асыру деп түсіну керек, сондықтан ол басқа тұлғалар тарапынан не заңдық, не әлдекімнің қолдан жасалған кедергілеріне ұшырамайды. Міне сол себепті АК-тің 240-бабының 4-тармағында тұлғада болып, оның иелеуіне орай талап етілуі мүмкін мүліктер жөніндегі иелену көнелігінің өтуі тиісті талаптар бойынша талап қою мерзімі бітуінен ерте басталмайды делінеді.

Үздіксіз пайдалану иелену мерзімінің шарты ретінде иелену мерзімінің уақыты бітпейінше мүлікті басқа біреуге бермеуді білдіреді. Демек мұндай құқық іс жүзінде де, заң жүзінде де тоқтатылмауы керек.

Иелену мерзімі меншік құқығына айналуы үшін қозғалмайтын мүліктер үшін — 15 жыл, ал қозғалмайтынына — 5 жыл мерзім керек. Иелену мерзіміне жүгінетін азамат немесе заңды тұлға өздері құқықты мирасқорлары болып табылатын тұлғаның осы затқа иелік еткен уақытының бәрін өз иелігіне қосып алуына болады. Мысалы, мұрагерлер мүлікке заң және өсиет арқылы ие болып, оған иелік етуді жалғастырады.

Иелену мерзіміне виндикациялық талаптан туындайтын (өзгенің заңсыз иеленген өз мүлкін) талап ету талап қою мерзіміне байланысты мерзім енбейді (АК-тің 260-263, 265-баптары).

Заң мүлікке меншік құқығын алғанға дейін оларды өз мүлкіндей иеленуші азамат немесе заңды тұлға өз иелігін мүліктің меншік иелері болып табылмайтын, сондай-ақ заң құжаттарында немесе шартта көзделген өзге де негіздерге сәйкес оларды иеленуге құқығы жоқ үшінші жақтардан қорғауға құқылы екендігін бекітеді (АК-тің 240-бабы).

Егер тұлғаға сотта оның меншік құқығын танудан бас тартылған ретте мүлікті иеленуші тұлға меншік иесіне айналады (АК-тің 240-бабы, 5-тармығы).

Азаматтық кодексте иесіз заттарға меншік құқығын алу тәртібі мен негізі көрсетілген. Меншік иесі жоқ немесе меншік құқығынан бас тартылған зат иесіз болып есептеледі.

Азаматтық кодекстің 240-бабына сәйкес иесіз қозғалмалы затқа меншік құқығы иелену мерзімін алады. Иелену құқығы меншік иесі бас тартқан қозғалмалы мүлік жөніндегі ережені жоққа шығармайды (АК-тің 243-бабы), атап айтқанда олар олжа (АК-тің 245-бабы),қараусыз жануарлар (АК-тің 245-бабы) және көмбе (АК-тің 247-бабы) жөнінде болады.

Иесіз қозғалмайтын заттарды олар табылған аумақтағы жергілікті атқарушы органның мәлімдеуі бойынша қозғалмайтын мүлікті мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын орган есепке алады. Иесіз қозғалмайтын затты есепке алғаннан соң бір жыл өткеннен кейін коммуналдық меншікке билік ететін орган бұл затты коммуналдық меншікке түсті деп тануды талап етіп, сотқа жүгінеді. Коммуналдық меншікке түскені сот шешімі бойынша танылмаған иесіз қозғалмайтын зат оны тастап кеткен меншік иесінің иеленуіне, пайдалануьіна және билік етуіне қайта қабылдануы, не иелену мерзіміне (АК-тің 240-бабы) сәйкес меншікке алынуы мүмкін.

Меншік құқығынан бас тарту мақсатымен меншік иесі тастап кеткен немесе қалдырып кеткен жылжымалы заттар Азаматтық кодекстің 243-бабы 2-тармағына сәйкес басқа тұлғаның меншігіне өтуі мүмкін. Тұлға өзінің иелігіндегі не пайдаланудағы жер учаскісінеде жатқан заттарды, тіпті оның құны жиырма айлық есептік көрсеткішінен кем бола тұрса да, ол тасталған металл сынықтары болсын, жарамсыз өнім болсын, оны өзінің меншігіне айналдыра алады. Сөйтіп, бұл заттарды меншік қатнастарына қарай керегіне жаратады. Ал басқа тасталған заттар сол тұлғаның өтініші бойынша сотта қаралып, шынымен иесіз болып табылатын болса, иеленушінің меншігіне кіреді.

Азаматтық кодекс меншік иесі заттынан бас тарту нормаларын қарастырады. Азамат немесе заңды тұлға өзіне тиесілі мүлікке меншік құқығынан бас тарта алады, бұл жөнінде ол жариялайды, не бұл мүлікке қандай да болсын құқықтарын сақтау ниетінсіз өзінің мүлікті иеленуде пайдаланудан және оған билік етуден шеттейтінін айқын дәлелдейтін басқа да әрекеттер жасайды. Бұл тұжырым Азаматтық кодекстің 250-бабында бекітілген. Бірақ та бас тартқан бұрынғы иесі затты басқа тұлғаның өз меншігіне алуына дейін тиісті құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға әкеп соқтырмайды, демек затты бұрынғы иесіне қайтару мүмкіндігіне бола береді.

Азаматтық кодекстің 244-бабына сәйкес өз бетімен құрылыс салуды жүзеге асырған оған меншік құқығын алмайды, ал өз бетімен салынған әлгі құрылыс қозғалмайтын мүлік қатарына жатпайды. Себебі ол құрлысты салу кезінде заңды бұрмалағандықтан мемлекеттік тіркеуден өте алмайды. Мұндай жағдайда меншік құқығы тек құрылыс материалдарына қана қатысты болады. Заңдарда бекітілген тәртіппен осындай мақсаттарға арнап белгіленбеген жер учаскісінде салынған, сондай-ақ қажетті рұқсаты алынбаған тұрғын үй, басқа қора-қопсы, құрылыс немесе өзгеде қозғалмайтын мүлік өз бетімен салынған құрылыс болып табылады. Өз бетімен салынған құрылыс оны салушы адамның өз күшімен немесе оның есебінен бұзылады. Сот сондай-ақ құрылыс салынған жер учаскесі өзінің заңды пайдалануында болған адамның өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тануы да мүмкін. Бірақ та сот өз бетімен құрылыс салуда меншік құқығын оны салған адамға емес, құрылыс салынған жер учаскесінің иесіне тиесілі деп тануы мүмкін. Бұл ретте құрылысқа меншік құқығы танылған адам оны жүзеге асырған адамға сот белгілеген мөлшерде құрылысқа жұмсаған шығындарын өтейді. Егер құрылысты сақтап қалу басқа адамдардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін бұзуға әкеліп соқтырса, неазаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін болса, аталған адамдардың өз бетімен салынған құрылысқа меншік құқығын тануға болмайды.

Ерекше жағдайларда әлеуметтік-эканомикалық тиімділігі ескеріле отырып, өз бетінше салынған құрылыс сот белгілеген мөлшерде құрылыс шығындары өтеліп, коммуналдық меншікке берілуі мүмкін (АК-тің 244-бабы).

Олжа деп біреудің меншігіндегі, иелігіндегі жоғалған заттың екінші бір адамның тауып алуын атайды. Табылған олжаны меншіктену үшін мынадай жағдайлар болуы тиіс: 1) алдымен әңгіме жоғалған зат жөнінде болуы керек. Зат жоғалды деп оны ешкім иеленбегенін, бірақ қожайынсыз да қалмағанын айтады. Мысалы, автобуста біреу портфелін ұмытып кетті делік, немесе қалтасынан ақшасы түсіп қалды; 2) жоғалған зат табылуы тиіс. Егер оны біреу тауып алса, ол тауып алушы болып есептеледі. Затты тауып алушы мен оның өкілетті иесі арасында құқықтық қатынас пайда болады, сол арқылы құқықтар мен міндеттер туындайды.

Зат меншік иесінің шаруашылығында жатып, оны иесі затынан саналы түрде бас тартса, онда ол иесіз мүлікке айналады, бірақ та оны олжа деуге келмейді.

Жоғалған затты тауып алушы бұл туралы оны жоғалтқан адамға немесе заттың меншік иесіне немесе оны алуға құқығы бар өзіне белгілі басқа адамдардың біреуіне дереу хабарлап, табылған затты оған қайтаруға міндетті. Егер зат үй-жайдың немесе көліктің иесі болып табылатын адамға тапсыруға тиіс. Мұндай ретте осы иеленуші затты тапқан адамның құқықтарын иеленіп, оның міндеттерін мойнына алады.

Егер табылған затты алуға құқығы бар адамның өзі не тұрған жері белгісіз болса, затты тауып алушы олжа туралы полицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімдеуге міндетті.

Азаматтық кодекстің 245-бабы 3-тармағынада тауып алушының міндеті айқындалған. Сонымен затты тауып алушы оны өзінде сақтауға не полицияның, жергілікті атқарушы органның немесе олар көрсеткен адамның сақтауына тапсыруға құқылы. Тез бұзылатын затты немесе сақтауға кететін шығындарды оның құнына сәйкес келмейтін затты тауып алушы түсім сомасын растайтын жазбаша дөлелдер алып, сата алады. Табылған затты сатудан түскен ақша сақталуға және затты алуға заңды құқығы бар адамға қайтарылуы немесе бұл заттың өзі үшін белгіленген тәртіп пен жағдайларда басқа адамдардың меншігіне берілуі тиіс. Затты тауып алушы оның жоғалтқаны немесе бүлдіргені үшін өзінің жасыру ниеті болған немесе өрескел абайсыздық жасаған ретте ғана және сол заттың құны шегінде жауапты болады (АК-тің 245-бабы, 3-тармағы).

Егер олжа туралы полицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімденген кезден бастап алты ай өткенше жоғалған затты алуға заңды құқығы бар адам анықталмаса және затқа өзінің құқығы туралы оны тапқан адамға полицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімдемесе, затты тауып алшы оған меншік құқығын алады. Егер затты тауып алушы тапқан затын меншігіне алудан бас тартса, ол коммуналдық меншікке өтеді (АК-тің 245-бабы 4-тармағы).

Осы орайда мына мәселеге де көңіл аудара кеткен жөн: затты тауып алушы және алуға заңды құқығы бар адамға қайтарып беруші ол адамнан затты сақтауға, өткізуге, сатуға байланысты қажетті шығындарды және затты алуға занды құқығы бар адамды табуға кеткен шығындарды өтетіп алуға құқылы. Жаңа кодекстің бұрынғысынан бір ерекшілігі затты тауып алған адамға сыйақты біреуді қарастырған, яғни затты тауып алушы затты алуға құқығы бар адам зат қүнының отыз пайызы мөлшерінде сыйақы алуға құқылы. Егер табылған зат оны алуға заңды құқығы бар адам үшін ғана құнды болса, сыйақынының мөлшері тараптар есептеп шығарған баға бойынша белгіленеді. Егер затты тауып алушы өзінің жала туралы мәлімдеу міндетін орындамаса немесе олжаны жасырып қалуға өзге де әрекеттер жасаса, сыйақы алу құқығынан айырылады.

Қараусыз жануарларға меншік құқығын алу да Азаматтық кодекстегі олжа туралы ережелерге өте ұқсас келеді (АК-тің 246-бабы). Қараусыз немесе қаңғып жүрген немесе қожайынының меншігінен әлдебір себептермен адасып қалған мал, қолға үйретілген үй жануарлары басқа біреудің отарына, үйіріне барып қосылса, оны жайылып адасып жүрген деп есептейді. Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды және басқа да үй жануарларын немесе қолға үйретілген үй жануарларды ұстап алған адам оларды меншік иесіне қайтаруға, ал егер оның өзі немесе тұрған жері белгісіз болса, осындай жануарларды ұстаған кезден бастап үш күннен кешіктірмей табылған жануарлар туралы полицияға немесе жергілікті атқару органына мәлімдеуге міндетті, олар өз кезегінде меншік іздестіру шараларын қолға алады.

Жануарлардың меншік иесін іздестіру кезеңіндегі жануарларды ұстаушы адам оларды өзінің бағуында және пайдалануында қалдыруы, не ол бағу мен пайдалану үшін қажетті жағдайы бар басқа адамға тапсыру мүмкін. Жануарларды ұстап алған адамның өтініші бойынша оларды бағу мен пайдалану үшін қажетті жағдайы бар адамды іздеп табуды және оларға жануарларды беруді жергілікті атқару органы жүзеге асырады.

Жануарларды меншік иесіне қайтарған ретте жануарларды ұстап алған адам және жануарды бағып, пайдаланып келген адам сол меншік иесінен жануарларды пайдаланудан алған пайданы есепке жатқыза отырып, оларды бағуға байланысты өз шығындарына өтем алуға құқылы (АК-тің 246-бабы, 4-тармағы).

Қараусыз немесе қаңғып жүрген малды, басқа да үй жануарлырын немесе қолға үйретілген жануарларды ұстап алған адам олардың меншік иесінен осы Кодекстің 245-бабы 6-тармағына сәйкес сыйақы төлеуді талап етуге құқылы (АК-тің 246-бабы 5-тармағы). жануарлар басқа адамның меншігіне көшкененнкейін олардың бұрынғы меншік иесі келген ретте сол жануарлардың өзіне үйірсектігі сақталғанын немесе жаңа меншік иесінің оларға қатал, өзге де мейірімсіз қарағанын дәлелдейтін жағдайлар болған кезде, меншік иесі жаңа меншік иесі меншік иесімен келісім бойынша белгіленетін шарттармен, ал келісімге келмеген кезде — сот арқылы оларды өзіне қайтарып беруді талап етуге құқылы (АК-тің 246-бабы 6-тармағы).

Қараусыз заттар құрамында көмбе де бар, көмбе дегеніміз — жерге көмілген немесе басқа әдіспен жасырылған, меншік иесін анықтау мүмкін болмайтын не заңдарға сәйкес оларға құқығынан айырылған ақша немесе өзге де бағалы заттар болып табылады (АК-тің 247-бап). Бұрынғы азаматтық заңда көмбені мемлекет меншігі деп қарастырды, ал жаңа Азаматтық кодекс бойынша көмбе жасырылған жер учаскесі иесінің немесе қозғалмайтын мүлікті меншіктенушінің және көмбені тапқан адамның, егер олардың арасындағы шартта өзгеше белгіленбеген болса, меншігіне тең мөлшерде бөлінеді.

Азаматтық кодекске орыс құқығында кездесетін көмбені бөтен біреудің жерінен іздеуге болмайтыны туралы енгізілді. Егер бағалы затты іздеу мақсатында қазу не іздестіру жер учаскесін пайдаланушы немесе қозғалмайтын мүліктің меншік иесінің рұқсатынсыз болса, көмбе табылған күнде ол сол жер учаскесі иесінің меншігіне беріледі (АК-тің 247-бабы 1-тармағы). Тарих және мәдениет ескерткіштеріне жататын заттардан тұратын көмбе табылған ретте олар Қазақстан Республикасының меншігіне берілуі тиіс. Бұл орайда овдай көмбе табылған жер учаскесін пайдаланушы немесе қозғалмайтын мүлікті меншіктенуші және көмбені тапқан адам осы көмбе құнынын елу пайызы мөлшерінде сыйақы алуға құқылы. Сыйақы — бұл адамдар арасында осы баптың 1-тармағында көзделген ережелер қолданыла отырып бөлінеді.

Меншік иесінен алынған мүлікті иелену меншік құқығын алудың бастапқы негіздеріне жатады. Мәселен, егер адам заң құжаттарында белгіленген тәртіп пен жағдайлар бойынша меншік иесінен заңды негіздерде алынған мүлікті иеленсе, бұл адам мүлікке меншік құқығына ие болады. Оған мысалға меншік иесінен мүлікті меншік иесінің мүлікке міндеттілігі бойынша өтетіп алуын айтуға болады, сондай-ақ бұған реквизациялау және т.б. қатысты.

Жоғарыда айтып өткеніміздей, меншік құқығын алудың туынды негіздері мирасқорлыққа сүйенеді. Меншік құқығын алудың ең көп тараған туынды негізі затты бөтен біреуге беру болып табылады. Осындай жағдайларда шарт бойынша затты алушының меншік құқығы дәл қашан пайда болғанын анықтау маңызды. Иеліктен айырылған заттардың кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлінуі қаупі сатып алушыда меншік құқығы пайда болумен бір мезгілде соған көшетін болғандықтан, аталған мәселе іс жүзінде маңызды рөл атқарады (АК-тің 190-бабы).

Азаматтық кодекстің 238-бабы шарт бойынша мүлік алушының меншік құқығы, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, зат берілген кезден бастап пайда болатынын бекітеді.

Егер мүлікті иеліктен айыру туралы шарт мемлекеттік тіркеуге немесе нотариалдық куәландыруға жататын болса, алушының меншігі құқығы тіркелген немесе нотариат куәландырған кезден бастап, ал шартты нотариаттық куәландыруы да, мемлекеттік тіркеу де қажет болған жағдайда ол тіркелген кезден бастап пайда болады.

Азаматтық кодекстің 238-бабының диспозитивтік норма екендігін заң мәтінінен байқаймыз, ондағы тұжырым меншік құқығы ауысар сәтте тараптардың келісімімен немесе арнаулы заңмен өзгертілуі мүмкін. Тараптар мынадай келісімге келе алады: меншік құқығы (шаруашылық жүргізу құқығы, оралымды басқару құқығы) мүлік алушы да шарт жасалған сәттен басталады, заттың толық қүнын төлеу жеткізілгеннен кейін жүзеге асады және т.б.

Азаматтық кодекстің 239-бабына сәйкес, заттардың алушыға тапсырылуы сол сияқты, егер заңда немесе шартта көзделмесе, алушыға жәнелту үшін көлік ұйымына өткізу және иеліктен айырылған заттарды жеткізіп беру міндеттемесінсіз алушыға салып жіберу үшін почтаға өткізу берілу деп танылады. Егер затты иеліктен айыру туралы шартты жасасу кезінде-ақ ол алушының иелігінде болса, зат оған сол кезден бастап-ақ жіберілген деп танылатыны тұжырымдалған.

Затқа коносамент немесе өзге де өкімші құжат беру заттарды беруге теңестіріледі (АК-тің 239-бабы 2-тармағы).

Меншік құқығына ие болу негіздерінің тізбесі Азаматтық кодекстің 235-бабында қарастырылған, бірақ ол бәрін бірдей қамтыды деп айтуға болмайды. Оған алдымен Азаматтық кодекстің 235-бабында көрсетілген тізбелер қатысты: атап айтқанда, мына төмендегілер жатады: тұтыну (тұрғын үй-құрылыс, саяжай, гараж немесе өзге) кооперативінің мүшелері, жарна жинақтауға құқығы бар, пәтер, саяжай, гараж және кооператив осы адамдардың пайдалануына берген өзге де үй-жай үшін өзінің үлестік жарнасын толық төлеген басқа адамдар аталған мүліктің меншік құқығына ие болады. Демек, бұл заттарды иелену үшін үлестік жарнасын төлесе жетіп жатыр.

 

 

2 ТАРАУ. АЗАМАТТАРДЫҢ МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫ

 

2.1. Азаматтардың меншік құқығының ұғымы мен түрлері

 

Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабы мен Азаматтық кодекстің 191-бабына сөйкес азаматтардың меншік құқығы азаматтардың жеке меншігі түрінде көрінеді. Жеке меншік— жеке тұлғаның, жекелеген азаматтардың меншігі.

Азаматтардың меншік құқығының пайда болу жағдайына байланысты иеленудің — жеке және ұжымдық түрлері болады. Ал оның жеке түрі екі жолмен жүзеге асады: а) пайда түсіруді көздемей, дене және рухани қажеттілікті қанағаттандыру үшін болатын экономикалық қызметтің меншік түрі; ә) пайда түсіруге бағытталған жеке меншік.

Жеке кәсіпкерлік — азаматтардың тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы пайда немесе жеке табыс табуға бағытталған ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкерлердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады (АК-тің 10-бабы).

Кәсіпкерлік қызметін ұйымдастыру түріне орай жеке кәсіпкерлік заңды тұлға құрылуымен (АК-тің 14-бабы), сондай-ақ заңды тұлға белгілерінің болмауына байланысты заңды тұлғаны құрмай-ақ жүзеге асады (АК-тің 19-бабы және Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» заңының 1-бабы).

Азаматтардың жеке меншігідегі мүліктерді, егер заңда өзгеше көзделмесе, біріктіруге болады. Онда мүлік бір мезгілде бірнеше адамның иелігінде болып, олардың әрқайсысының үлесі айқындалады не айқындалмай-ақ бола бареді, оны былайша айтқанда, үлестік меншік және бірлескен меншік деп те атайды.

Азаматтардың меншігі экономикалық категория ретінде жеке меншіктенудің барлық түрлерін қамтиды. Азаматтық құқық азаматтың мүлікке меншік қатыстылығын, оны иеленуін, пайдалануын және билік етуін реттейді және бұл мүлікті қорғауды жүзеге асырады. Осындай меншік қатынастарын реттейтін нормаларының жүйеге келтіретін жиынтығы азаматтардың меншік құқығын құрайды, бұл объективтік мағынадағы меншік құқығы болып табылады. Меншік құқығы субъективті тұлғалық мағынада азамат құқығының заң нормалары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иеленуі, пайдалануы және билік етуі.

Меншік құқығының субъектісі жеке тұлға болып табылады. Бірақ, ол жалданған жұмысшы, жеке кәсіпкер, заңды тұлғаның кәсіпкер-құрылтайшысы қатысушы түрінде, яғни әрқилы рөлдерде көріне береді. Азамат өзінің үлесін қосу арқылы мемлекеттік емес заңды тұлғаны қалыптастырады. Азаматтар ғана толық серіктестіктің қатысушылары және сенім серіктестігіндегі толық серіктер бола алады (АК-тің 58-бабы, 3-тармағы). Азамат меншік иесі ретінде көбіне көп жеке кәсіпкердің рөлінде болады.

Заң жеке кәсіпкерлікті жеке және бірлескен кәсіпкерлікке бөледі. Жеке кәсіпкерлік бір адамның меншік иелігіндегі мүліктің дербес базасын енгізіледі, сондай-ақ ол оған заң бойынша пайдалануға, билік етуге құқылы.

Бірлескен кәсіпкерлік бір топ адамның ортақ меншігіндегі мүліктерден құралады, демек әрқайсысы өзінің үлесін ортаға салады, сондай-ақ олар сол мүлікті бірлесіп пайдалану, билік ету құқықтарына ие болады.

Бірлескен кәсіпкерлік жалпы бірлескен меншік (жұбайлардың бірлескен жалпы меншігі), шаруа қожалықтарының ортақ меншігі, жекешеленген тұрғын үйге деген немесе оның ортақ меншігіндегі үлесті меншігі негізінде жүзеге асырылады.

Бірлескен кәсіпкерліктің нысандары мынадай болады:

1) ерлі-зайыптылардың бірлескен ортақ меншігін жүзеге асыратын ерлі-зайыптылар кәсіпкерлігі;

2) шаруашылық қожалығы немесе бірлесіп тұрғын үйді жекешелендіру негіздерінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;

3) жай серіктестік, бұл орайда кәсіпкерлік қызмет меншіктің ортақ үлесіне сәйкес жүзеге асырылады.

«Жеке кәсіпкерлік туралы» заңның 9-10-баптарына сәйкес, егер азамат өз мүлкін айналымға салатын болса, онда меншік иесі ретінде жеке кәсіпкердің меншігі екі жағдайда болуы мүмкін: а) кәсіпті тіркеуді талап етуі; ә) кәсіппен тіркеусіз шұғылдана беру. Заң азамат-кәсіпкердің тіркеуге байланысты қызметін нақты айқындайды. Жалдамалы қызметкерлердің еңбегін тұрақты пайдаланатын кәсіпкерлер, кәсіпкерлік қызметтен түсетін жылдық жиынтық табысы Қазақстан Республикасының заң актілерінде көрсетілген салық салынбайтын жылдық жиынтық табыс мөлшерінен асатын жеке кәсіпкерлер міндетті түрде мемлекеттік тіркеуден өтуге тиіс. Осы аталған жеке кәсіпкерлер тіркеуден өтпесе, оның қызметіне тыйым салынады.

Заңды тұлға құрмай-ақ кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушы азаматтар мемлекеттік тіркеуден өзі барып өтуі тиіс және жеке кәсіпкер ретінде ол тұрғылықты жері бойынша аумақты салық органында есепке тұруы қажет. Азаматтық кодекстің 19-бабы бойынша олардың мемлекеттік тіркеуді өз бетімен жасауына рүқсат етілмейді («Жеке кәсіпкерлік туралы» заңның 9-бабы). Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру кәсіпкерлік қызметті заңды тұлға құрмай-ақ жүзеге асыратын азаматты жекелеу тәсілі болып табылады. Егер жеке кәсіпкер лицензиялауға тиісті қызметті жүзеге асырса, оның осындай қызметті жүзеге асыруға құқық беретін лицензиясының болуы міндетті. Лицензия «Лицензиялау туралы» заңда белгіленген тәртіппен беріледі.

Жеке кәсіпкер жалдамалы еңбекті пайдаланып, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқылы, ол бұл ретте өзінің жұмысшыларымен еңбек шартын немесе жалға беру шартын жасайды. Бұл орайда қолданылып жүрген заңдарға сәйкес азаматқа оның еңбегі арқылы түскен табыстың бір бөлігі тиесілі болады. Азамат меншік иесінің келісімімен өзі жалданып істейтін серіктестікке салым сала алады, сөйтіп бұл серіктестіктің тапқан табысын салған салымның көлеміне орай алады. Еңбек шарты бойынша жалданған жұмыскерге еңбек заңының нормалары қолданылады.

«Жеке кәсіпкерлік туралы» заңның 9-бабы 3-тармағына сәйкес азамат өзінің кәсібін мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асыра алады, яғни кәсіпкерлік қызметпен айналысуы үшін субъект құқығын алу талап етілмейді. Заңда көрсетілгеніндей, мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің болмауы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін кедергі болып табылмайды. Сөйтіп, кез келген жеке тұлға заңмен тыйым салынбайтын жағдайда кәсіпкерлікпен шұғылдануға құқылы. Өз қызметін мемлекеттік тіркеусіз жүзеге асырушы жеке кәсіпкердің өзі мәмілелер жасасқан жағдайда өзінің кәсіпкер еместігіне сілтеме жасауға құқығы жоқ («Жеке кәсіпкерлік туралы» заңның 9-бабы 4-тармағы).

Заң жеке кэсіпкердің өз атынан кәсіпкерлік қызметпен айналысатындығын, құқықтар мен міндеттерді алып, оларды жүзеге асыратындығын бекітеді. Сөйтіп, азамат өзінің кәсіпкерлік қызметіне байланысты мәмілелер жасаған кезде, егер мәміле жасау жағдайының өзінен анық туындамаса, өзінің жеке кәсіпкер ретінде әрекет жасайтындығын көрсетуі тиіс. Мұндай көрсетудің болмауы жеке кәсіпкерді тәуекел етуден және жеке кәсіпкердің өз міндеттемелері бойынша жауаптылығынан босатпайды («Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 25-бабы).

1.Қазақстан Республикасының Конституциясында

«Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады», — деп көрсетілген (26-баптың 1-тармағы).

Азаматтық кодекстің 191-бабы 2-тармағына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесілі бола алмайтын жекелеген мүлік түрлерінен басқа кез келген мүлік және меншікте болуы мүмкін. Жеке меншікте болатын мүліктің саны мен құны шектелмейді.

Азаматтық құқықтардың объектілері Азаматтық кодекстің 3-тарауында реттелген. Азаматтардың меншік құқығын шектеу тек заңмен жүзеге асырылады, оған мыналар қатысты: а) азаматтардың меншік құқығына алуға немесе пайдалануға жарайтын мүліктердің аясын шектеу; ә) осы мүліктің саны мен құнының белгілері бойынша шектеу; б) бұндай шектеу әдетте жер учаскесінің аумағын белгілегенде қолданылады; в) арнайы заң құжаттарында көрсетілген шектеулер. Мәселен, берілуге рұқсат етілмейтін теңіз порттары мен айлақтар және т.б. айтуға болмайды. Бір ескеретін жағдай, кез келген мүлік азаматтардың меншік құқығының объектісі бола алады, біз олардың мейлінше маңызды деп аталатындарына ғана тоқталмақшымыз.

  1. «Жер туралы» заңның 2-бабына сәйкес жер құқық объектісі болып табылады, яғни жерге жеке меншік азаматтардың меншігі түрінде болады («Жер туралы» заңның 15-бабы 2-тармағы). Сонымен, жер азаматтық айналымға енеді екен, сондықтан да жер қатынасы мүліктік қатынасқа жатады. Мысалы, Заңның 33-бабына сәйкес жер учаскесінің меншік иелері жердің бүлінуіне байланысты жұмыстар жүргізу кезінде топырақтың құнарлы қабатын алуға, пайдалануға және сатуға бағытталған шаралар жүргізуге міндетті. Демек, топырақтың құнарлы қабаты бөлек алынған кезде дербес құныдылққа ие болады екен. Бұл арада топырақтың мұндай құнарлы бөлігі өз мағынасынан гөрі материалдық ерекшеліктерге ие болады, өйткені, ол пайдалану кезінде материалдық тыңайтқыштармен тыңайтылып, өнімділігін артырады, яғни ол иеншік құқығының дербес объектісі ретінде көрінеді.

«Жер туралы» заңның 18-бабына сәйкес азаматтардың жеке меншігінде өзінің мақсатына сәйкес үйлер мен ғимараттарды қамтуға арналған жерлерді қоса алғанда, құрылыс салуға берілген немесе өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын-жайлар, үйлер, ғимараттар және олардың кешендері салынған жер учаскелері бола алады.

Жеке меншікке берілетін жер учаскелерінің көлемі Қазақстан Республикасының «Жер туралы» заңының 35-бабымен реттеледі. Осы бапта азаматтардың меншіне ақысыз берілетін жер учаскесінің көлемі анықталған: ауылдық жерде жеке қосылқылық шаруашылық жүргізу үшін — суарылмайтын жер 0,25 га, суармалы жер — 0,15 га; тұрғын үй құрылысын салу және қамтамасыз ету үшін — 0,10 га; бау-бақша және саяжай үшін — 0,12 га. Жер учаскелерінің ең көп берілетін көлемі жергілікті атқару жағдайды ескере отырып жүзеге асырылады.

Жеке меншікке берілетін жер учаскесінің көлемі, егер заңмен тыйым салынбайтындай болса, онда қала салу мен жобалау-техникалық құжаттарға сәйкес жер бөлу жөнінегі тәртіппен айқындалады. Бұл орайда азаматтарға берілетін жер учаскесі, оның ішінде шетел азаматтары да бар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 8-мамырда қабылданған «Жеке меншікке берілетін немесе мемлекеттік пайдалануына берілетін жерге ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес ақылы жүзеге асарылады. Қорғаныс, ерекше күзетілетін табиғат аумақтарының орман және су учаскелері, елді мекендер жерлеріндегі жалпы пайдаланудағы жерлер, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы жерлер, жеке қосалқы қожалық, бау-бақша және саяжай құрылысынан басқасы, жеке меншікте болмайды (Заңның 18-бабы, 2-тармағы).

  1. Азаматтардың менгік объектісінің маңызды түрінің бірі — тұрғын-жай болып табылады. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңға сәйкес азамат, егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы аумағының қай жерінде тұратындығына қарамастан, жеке меншігіне заңды түрде тұрғын үй сатып ала алады. Бұл орайда бір азаматтың меншігіндегі тұрғын үйлердің саны мен көлеміне шек қойылмайды.

Тұрғын үй немесе оның бір бөлігіне меншік құқығы мынадай негіздер бойынша пайда болады: 1) үйдің бір бөлігін салу; 2) сатып алу — сату, айырбастау, сыйға тарту, өмір бойы күтіп ұстау, шартымен алып қою мәмілелері мен заңда қайшы келмейтін басқа да азаматтық-құқықтық мәмілелер жасасу; 3) тұрғын үйді мұраға немесе құқықтың әмбебап түрде ауысуы ретімен алу; 4) жалға алушының мемлекеттік тұрғын үй қорының үйінде әлі өзі тұратын тұрғын үйді немесе тұрғын үй-жайды жекешелендіру (сатып алу немесе тегін алу) жолымен меншігіне алуы; 5) тұрғын үй (тұрғын үй-құрылыс) кооперативі мүшесінің тұрғын үй-жай үшін пайыз жарнасының бүкіл сомасын төлеуі; 6) шарттық міндеттеме, соның ішінде азаматтың үй салуға өз қаражатымен немесе еңбегіне қатысуы туралы шарт негізінде тұрғын үй-жайды меншікке беру; 7) заңды тұлғалардың мемлекеттік месе меншік нысанына негізделген тұрғын үйді сату не тегін беру жолымен өз қызметкерлерінің немесе өзге азаматтың меншігіне беруі; 8) мемлекеттік немесе заңды тұлғаның мемлекететтік меншік нысанына негізделген тұрғын үйді заңда белгіленген шарттармен өз қызметкерінің не өзге адамның меншігіне беруі; 9) жеке меншікте болған тұрғын үйдің бүзылуы немесе күштеп алынуы салдарынан тұрғын үйден айрылуының өтімі ретінде тұрғын үй беру; 10) Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынбаған басқа да негіздер бойынша («Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 12-бабы).

Қазіргі кезде бағалы қағаздар азаматтық құқықтардың объектілері ретінде кеңінен танымал. Олар азаматтардың меншік құқықтарының объектілері болып есептеледі (АК-тің 129-140-баптары). Азаматтардың меншік құқығының бұл объектісінің ерекшеліктері арнайы заң актілерінде көрсетілген.

Азаматтардың меншік құқығы дегеніміз — оны өзіне тиесілі мүлікті иемдену, пайдалану және оған билік ету өкілеттілігі болып табылады.

 

2.2 Азаматтардың меншік құқығының субъектілері

 

Ортақ меншік құқығы. Мүлік тек бір ғана адамға ғана емес, екі немесе одан да көп адамдарға тиесілі болуы мүмкін. Мұндай жағдайда бір материалдық объектіге қатысты бірнеше субъектінің ортақ меншік құқығы пайда болуы мүмкін. Азаматтық Кодекстің 290-бабының мазмұнынан көрініп тұрғандай, ортақ меншік құқығындағы мүлік немесе бірнеше кооператавтік және қоғамдық ұйымдарға тиесілі болады. Мысалы: бірігіп салынған аурухана; мемлекетке және бір не бірнеше өндірістік кооперативтер мен қоғамдық ұйымдарға тиесілі объект; балық консервілеу зауыты; екі немеме одан да көп азаматтардың ортақ меншігі болып табылатын тұрғын үй.

Заңда азаматтар мен ұйымдардың ортақ меншігі көзделген. Мұндай меншіктін пайда болуының жекелеген түрлері де кездеседі. Мысалы, сыйлағанда, заң бойынша мүрагерлікке қалдырғанда, мемлекетке мүлікті өсиетпен қалдырғанда, АК-тің 209-баптың талаптарынан көрініп тұрғандай, ортақ меншік екі немесе көп адамның меншігіне бөлуге болмайтын мүліктер түскенде туындайды.

Ортақ меншіктің екі түрі бар: үлестік және бірлескен. Ортақ үлестік меншік меншік иесінің әрқайсысының үлесін анықтаумен сипатталады. Мысалы, ортақ үйдің нақты бөлігі немесе мұра және т.б. Ортақ үлестік меншіктің қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің, меншікті бөлудің, жеке шығарып берудің тәртібі және т.б. осы интитутқа қатысты т.б. мәселелер АК-тің 210-218-баптарында мазмұндалған. Ортақ біріккен меншікте үлесте анықталмайды да, бөлектенбейді. Барлық қатысушылар біртұтас мүлікті пайдаланып, оған өкімдерін жүргізеді (мысалы, ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі).

Ортақ меншік мұралаудың немесе белгілі бір ортақ еңбекті сіңірудің және зат құрауға ортақ жабыдқтар жұмсаудың, күш біріктірген жұмыстын нәтижесіндегі мектептердің, ауруханаладың құрылыстары және т.б. нәтижесінде туындауы мүмкін. Заң бойынша азаматтар өздерінің жеке тұрмыстық мұқтаждықтарын өтеу үшін өзара шарт жасасуы (мысалы, тұрғын үйдің құрылысын бірлесіп салу) мүмкін. Өзінің біріккен іс-әрекетімен ұйымдар ортақ шаруашылық мақсатына жету үшін ортақ меншік құрайды: бірлесіп құрылыс салып, пайдалану немесе мемлекеттік кооперативтік мекемені, иә болмаса, кәсіпорындарды салып, пайдалану, әр түрлі құрылыстарды, жолдарды және т.б. тұрғызып жасау.

 

2.3 Меншік құқығын қорғаудың азаматтық-құқықтық тәсілдері

 

Меншік құқығын қорғаудың азаматтық-құқықтық тәсілдері деп виндикациялық және негаторлық талаптардан тұратын заттық-құқықтық тәсіл мойындалады.

Виндикациялық тәсіл дегеніміз  — бөтен заңсыз иеліктегі мүлікті меншік иесінің талап етуі туралы арызы. Бұл арыз меншік иесінің иелену құқығы жоғалған жағдайда қайта қалпына келтіруге бағытталады. Виндикациялық талап меншік иесі иелену құқығын өз затына, шыныда да жоғалтқан жағдайда, егер де ол зат бөтен адамның иелігінде заңсыз тұрса, тектес заттардың жалпы бөлігінен жекелеген белгілері бойынша ажыратуға болатын болса талап етілуі мүмкін.

Виндикациялық талап заңсыз иеге, мысалы, оны ұрлап алу жолымен жасаған адамға қойылады. Бұл жағдайда затты тартып алып меншік иесі бөтен адамның иелігінен өз затын талап етуге құқылы болғандықтан, оған қайтарып беру керек.

Шексіз виндикация құқығы барлық заттарға, құнды заттарға байланысты жүре береді.

Мемлекеттік мүліктер, сондай-ақ кооперативтік және қоғамдық ұйымдардың мүліктері және басқа да мүліктер иелері өзгенің заңсыз иеленген өз мүлкін талап етуге құқылы. Мұндай талапты қоя отырып, мемлекеттік ұйымдар, заңды тұлғалар жедел басқарудағы өз құқықтарын қорғап қана қоймайды, мүлкі мемлекетке берілген меншік иесінің құқығы да қорғалады.

Негаторлық талап дегеніміз — құқық бүзушылық иелену құқығынан ажыратуға байланысты бэлмаса да, бұзылған меншік құқығын қалпына келтіру. Бұл талап жағдайында меншік иесі затты иелену құқығын жоғалтпайды. Алайда, үшінші бір адамдардың кінәсынан пайдалану және өкілдік жүргізу құқығын жүзеге асыруға кедергі келтіретін бөгетер пайда болады: мысалы, заңға қарсы тұлға меншік иесінің үйін иеленіп алады, соның салдарынан меншік иесі өз мүлкін пайдалану құқығынан аластатылады.

Заң меншік иесі болып табылмайтын, бірақ заң немесе шарт күшін мүлікке ие болтаны (АК, 256-бап) адамға, мысалы, тасымалдаушы, сақтаушы, кепілдік ұстаушы, жалдаушы және т.б. адамға қорғану құралдарын береді.

 

2.4 Меншік құқығының тоқтатылуы

 

Қазіргі Азаматтық кодекстің бүрынғысынан бір ерекшелігі, 1.4-тараудағы «Меншік құқығы мен өзге де заттық құқықтардың тоқтатылуы» деген арнайы тарау енгізілуі болып табылады. Азаматтық кодекстің 249-бабы меншік құқығын тоқтатудың негізгі үлгі тізімін ұсынады: меншік құқығы меншік иесі өз мүлкін басқа адамдарға берген, меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан, мүлік қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлікке меншік құқығынан айырылған жағдайда тоқтатылады.

Меншік құқығын тоқтатудың аталған негіздерінде меншік құқығынан бас тартуды ерекше бөліп қараған жөн (АК-тің 250-бабы). Меншік құқығынан бас тарту болған жағдайда мына бір жағдайды есте ұстау керек, яғни меншік құқығынан бас тарту осы мүлікке басқа тұлға меншік құқығын алған кезге дейін тиісті мүлікке қатысты меншік иесінің құқықтары мен міндеттерін тоқтатуға әкеп соқтырмайды. Айталық, азамат немесе заңды тұлға өзіне тиесілі жер учаскесіне меншік құқығынан бас тарта алады, бұл жөнінде ол жариялайды, не бұл жер учаскесіне қандай да болсын құқықтарын сақтау ниетінсіз өзінің мүлікті иеленуден, пайдаланудан және оған билік етуден шектейтінін айқын дәлелдейтін басқа да әрекеттер жасайды. Жер учаскесінің меншік иесі немесе жерді пайдаланушы меншік немесе жер пайдалану құқықтарын (басқа жаққа кету, учаскені ұзақ уақыт бойы пайдаланбау және т.б.) бас тартатындығын дәлелдейтіндей іс-әрекет жасаған жағдайда, бұл учаске иесіз мүлік ретінде есепке алынады.

Иесіз мүлік ретінде есепке алынған күнен бастап бір жыл өткен соң мұндай жер учаскесі жергілікті атқару органының талап етуі бойынша сот шешімі негізінде мемлекет меншігіне қайтарылады («Жер туралы» Заңының 74-бабы, 2-тармақ).

Заң меншік иесінен мүлікті ықтиярынсыз алуға байланысты қатынастарды бүге-шігесіне дейін реттейді. Меншік құқығын алып қою үшін:

а) негіз заңда қарастырылған болуы керек;

б) соттың шешімі болуы міндетті.

Азаматтық кодекстің 249-бабы 1-тармағы меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүліктен ақы өндіріп алу қатынасы енгізілген. Мұндай өндіріп алу, егер шартта өзгеше көзделмесе, тек сот шешімімен жүзеге асады (АК-тің 251-бабы, 1-тармағы), бірақ бұл норма диспозитивті болып келеді. Ақы өндіріп алынатын мүлікке меншік иесінің меншік құқығы заңдарда көзделген тәртіп бойынша меншік құқығы көшетін адамның алып қойылған мүлікке меншік құқығы пайда болған кезден бастап тоқтатылады.

Мүлікті меншік иесінен ықтиярынсыз алып қою заң құжаттарына сәйкес белгілі бір адамға тиесілі бола алмайтын жағдайда жүзеге асады (АК-тің 249-бабы, 2-тармағы). Егер заң құжаттарымен жол берілетін негіздер бойынша заң құжаттарына сәйкес адамның өзіне тиесілі бола алмайтын мүлік оның меншігінде болып шықса, бұл мүмліктің меншік иесі, егер заң құжаттарында өзге мерзімдер белгіленбесе, осы мүлікке меншік құқығы пайда болған кезден бастап бір жыл ішінде иеліктен айыруға тиіс. Егер меншік иесі мүлікті көрсетілген мерзімде иеліктен айырмаса, ол сот шешімімен иеліктен ықтиярынсыз айрылуға тиіс, бұл орайда меншік иесіне мүлікті иеліктен айыру жөніндегі шығындары шегеріліп, оның құны өтеледі.

Мұндай тәртіп мынадай жағдайға да қатысты, егер азаматтың немесе заңды тұлғаның меншігінде заң құжаттарымен жол берілген негіздер бойынша сатып алуға арнайы рұқсат қажет болып шықса, ал меншік иесі оны беруден бас тартса, бұл зат осы меншік иесіне тиесілі бола алмайтын мүлік үшін белгіленген тәртіп бойынша иеліктен айырылуға тиіс (АК-тің 252-бабы, 2-тармағы).

Ықтиярсыз алып қою негіздеріне реквизициялау да жатады. Реквизициялау дегеніміз дүлей апаттар, авариялар, жұқпалы аурулар, індеттер және төтенше сипаттағы өзге де жағдайлар болған ретте мүлік қоғам мүддесі үшін мемлекеттік билік және басқару органдарының шешімі бойынша заң құжаттарында белгеленген тәртіп пен жағдайларға меншік иесінен оған мүліктің құны төлене отырып алып қойылуы болып табылады. Меншік иесіне реквизицияланған мүліктің құны өтелген бағаны оның сот тәртібімен даулауына болады. Сондай-ақ мүлкі реквизицияланған адам реквизия жүргізуге байланысты жағдайлар тоқтатылған кезде сақталған мүлікті өзіне қайтарып беруді сот арқылы талап етуге құқылы екендігін ерекше атап өткен жөн (АК-тің 253-бабы, 3-тармағы).

Тәркілеу заң құжаттарында көзделген реттерде мүлік меншік иесінен жасаған қылмысы немесе өзге де құқық бұзушылығы үшін санкция түрінде сот тәртібімен тегін алуы мүмкін екендігін білдіреді (АК-тің 254-бабы). Тәрілеу тәркіленетін барлық мүліктің бәріне қолданады. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 51-бабында оған мынадай тұжырымдама берілген, мүлікті тәркілеу дегеніміз сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу, сондай-ақ мүлікті тәркілеу пайдакүнемдік ниетпен жасалған қылмыс үшін белгіленеді және Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көзделген жағдайларда ғана тағайындалуы мүмкін.

Мүлікті ықтиярсыз ақысыз сот шешімімен мемлекет меншігіне алып қою мынадай жағдайларда жүзеге асады: егер мәміле қылмыстық мақсатқа бағытталып, екі тарапта да жұмысқа ниет болған жағдайда олардың мәміле бойынша алғандарының немесе алуға тиісті болғандарының бәрі сот шешімі немесе үкімі бойынша тәркіленуге тиіс (АК-тің 157-бабы, 4-тармағы). Аталған жағдайда кінәлі жақ алғанынан немесе аларынан айырылады, сондай-ақ келісімде көзделген мүлікті пайдаланудан да құр қалады.

Жерді және басқа табиғи ресурстарды алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының тоқтатылуы мүмкін. Азаматтық кодекстің 255-бабына сәйкес мемлекеттік органның меншік иесінен мүлікті алып қоюға тікелей бағытталмаған іиешіміне, соның ішінде меншік иесіне тиесілі үй, өзге де қора-қопсы, құрылыстар мен өсімдіктер бар жер учаскесін алып қою туралы шешіміне байланысты қозғалмайтын мүлікке меншік құқығының заң құжаттарымен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана меншік иесіне құны тең мүлік беріп және өзге де келтірілген залалдарын өтей отырып, немесе меншік құқығының тоқтатылуынан келтірілген залалдардың толық көлемінде өтей отырып, тоқтатылуына жол беріледі. Меншік иесі меншік құқығын тоқтатуға әкеп соқтыратын шеіммен келіспеген жағдайда оны дау сот тәртібімен шеілгенге дейін жүзеге асыруға болмайды. Дауды қарау кезінде меншік иесіне келтірілген залалдарды өтеудің барлық мәселелері де шешіледі.

Жер учаскесін алып қоюға қала салу мен жер орналастыру құжаттарында тағайындалған, бекітілген тәртіпке сәйкес қала мен елді мекен салуға арналған бас жоспар мен аумақты шектеу сызбасы негіз болады.

Қазақстан Республикасының «Жер туралы» Заңына орай дер учаскесін мемлекеттік қажеттер үшін сатып алу тәртібі қарастырылған. Сатып алу туралы шешімді құзыретті атқарушы орган қабылдайды және жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген тәртіп бойынша тіркеуге жатады. Жер учаскесінің меншік иесіне немесе мемлекеттік немесе жер пайдаланушы сатып алу туралы шешім қабылдаған орган жер учаскесі сатып алынардан кемінде бір жыл бұрын жазбаша түрде хабардар етуге тиіс. Меншік иесі немесе жер пайдаланушы осындай хабар алған күннен бастап бір жыл өткенге дейін жер учаскесін сатып алуға меншік иесінің немесе жер пайдаланушының келісімімен ғана жол беріледі («Жер туралы» Заңның 67-бабы).

Мемлекеттік қажеттілік үшін сатып алынатын жер учаскесі үшін ақы төлеу (сатып алу бағасы), оның мерзімі және басқа да шарттары меншік иесінің немесе жер пайдаланушының келісуімен беліленеді. Сатып алу бағасын белгілеу кезінде оған жер учаскесінің немесе оны иелену құқықтарының және ондағы жылжымайтын мүліктің нарықтық құны, сондай-ақ үшінші тұлғалар алдындағы өз міндеттемелерін мерзімінен бұрын тоқтатуына байланысты олар шеккен шығынды қоса алғанда, жер учаскесінен айырылуына байланысты меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға келтірілген барлық шығындар енгізіледі («Жер туралы» Заңының 69-бабы).

Меншік иесі меншік құқығын тоқтатуға әкеп соқтыратын шешіммен келіспеген жағдайда оны дау сот тәртібімен шешілгенге дейін жүзеге асыруға болмайды. Дау қарау кезінде меншік иесіне келтірілген залалдарды өтеудің барлық мәселелері же шешіледі.

Сот мүлікті алып қою мәселесін меншік иесіне құны тең мүлік беріп өзге де келтірілген залалдарын өтей отырып немесе меншік құқығының тоқтатылуынан келтірілген залалдарын толық көлемінде өтей отырып тоқтату арқылы жүзеге асырады (АК-тің 255-бабы, 1-тармағы).

Жер учаскесін алып қоюға қаралатын талап бір жыл өткен соң, бірақ меншік иесіне немесе жер пайдаланушыға хабарлама жіберілген сәттен бастап екі жылдан кешіктірменй қойылуға тиіс («Жер туралы» Заңның 70-бабы).

Дауды шешу кезінде меншік иесіне келтірілген залалды қалпына келтіру мәселесі де қаралады.

Осы баптың ережелері мемлекеттік органның мүлік орналасқан тау баурайларын, су айдыны учаскелерін және басқа да учаскелерді алып қою туралы шешіміне байланысты тиісінше қозғалмайтын мүлікке меншік құқығы тоқтатылған кезде қолданылады (АК-тің 255-бабы, 3-тармығы).

Күтімсіз ұсталған мәдени және тарихи қазыналарды сатып алу оны меншік иесінің күтіп ұстамай, оның мәнін жоғалту жағдайына жол берген кезде жүзеге асады (АК-тің 256-бабы). Заң бұл объктілердің айрықша бағалы екевдігін және оның аса бағалы екендігін әрі мемлекетпен қорғалатынын заңдастырады. Бұл объектілер сот шешімімен сатып алу немесе жария саудаға сатып алу арқылы алынуы мүмкін.

Азаматтық кодекстің 249-бабының 3,4-тармақтарына сәйкес меншік құқығының тоқтатылуы тізіміне жекешелендіру мен мемлекет иелігіне алу көзделген. Жекешелендіру дегеніміз — мемлекет мүлкін жеке тұлғаларға, мемлекеттік емес заңды тұлғаларға және шетелдің заңды тұлғаларына сату болып табылады, ол меншік иесі мемлекеттің еркімен, арнайы заңмен айқындалған іс-әрекет шеңберінде жүзеге асады («Жекшелендіру туралы» Президент Жарлығының 1-бабы).

Мемлекет иелігіне алу дегеніміз — азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке меншігіндегі мүліктерді мемлекет қарауына айналдыру болып табылады. Мұндай үрдіс заң құжаттары негізінде жүзеге асады әрі Қазақстан Республикасы меншік құжаттарын тоқтататын заң құжаттарын қабылдаған ретте, осы құжаттарды қабылдау нәтижесінде меншік иесіне келтірілген залалдарды меншік иесіне Қазақстан Республикасы толық көлемінде өтейді (АК-тің 266-бабы).

Азаматгық кодекс мүліктің кездейсоқ жойылуы немесе кездейсоқ бүліну қаупі тәрізде меншік құқығын тоқтатуды және оның басқа біреуге ауыспайтындығын да реттейді. Оған мүлікті тұтынуға байланысты мәселелер де жатады (мысалы, құрал-жабдықтардың тозуы, азық-түліктің бүлінуі және т.б.). затың жойылуы әдетте біреудің кінәсінен емес, аяқ астынан болатын жағдайларда, төтеп бергізбейтін күштерге байланысты орын алады, ондайда оның нәтижесіне ешкім де жауап бермейді. Ал мүліктің кездейсоқ жойылуына меншік иесі жауапты болады (АК-тің 190-бабы).

Затты құртып жіберу меншік иесінің еркімен де, еркінен тыс болуы да мүмкін. Мысалы, мұндай жағдай табиғат күшінің әсерінен немесе бөтеннің мүлкін жойған субъектілердің теріс қылығынан орын алады делік. Оның соңғы жағдайында меншік иесі келтерелген мүлік залалдың орнын толтыруды талап етуге құқылы, ал егер мүлік сақтандырылып қойылса және апат гәтижесінде жойылса, онда шығынды сақтандырушы өтейді.

Меншік иесі болып табылмайтын тұлғаның заттық құқықтарын тоқтату Азаматтық кодекстің 249-2547 баптарындағы меншік құқығын тоқтату ережелері арқылы жүзеге асады, сондай-ақ заң құжаттарында, заңды тұлғаның жарғысында немесе меншік иесінің мүлік иесімен жасасқан шартында белгіленген тәртіп бойынша меншік иесінің шешімімен тоқтатылады (АК-тің 258-бабы).

Меншік құқығының пайда болуы және тоқтатылуының негіздері дегеніміз — нақты адамның нақты затқа байланысты меншік құқығын алуын немесе жоғалтуын заңды түрде байланыстыратын заңды фактілер.

Меншік құқығының пайда болуының (иеленуінің) екі тәсілі бар: бастапқы және туынды.

Бастапқы тәсіл кезінде (негізінде) мүлікке деген меншік құқығы бірінші рет пайда болады: мүлік бұрын ешкімге тиесілі емес, оның бұрыңғы иесі жоқ. Меншік құқығының мұндай тәсіліне, мысалы, иесіз заттың мемлекетке өтуі (АК, 242-бап), жеміс өнімдерін алуы (214-бап), иесі белгісіз қазынаның (көмбені) алуы (247-бап), мемлекеттің мүлікті реквизициялауы, тәркілеуі (253-254-баптар) және т.б. жатады.

Туынды тәсіл (негіз) дегеніміз — мүліктің бір адамнан екінші адамға өтуі нәтижесінде пайда болатын меншік құқығын алудың тәсілі. Мұнда әрқашанда құқықты иеленушілік болады. Мысалы, бұрынғы меншік иесі мен сатып алушының еркі бойынша сатып алу-сату, қарыз беру, айырбастау, сыйға тарту және т.б. шарттардың нәтижесінде болатын тәсіл.

Алушының меншік құқығы пайда болу сәтінің маңызды құқықтық мәні бар. 235-бап бойынша затты алушының, еиленушінің меншік құқығы (ал мемлекеттік ұйымдарда — жедел басқару құқығы) шарт бойынша, егер заңда немесе шартта басқаша жағдай көзделмесе, затты берген сәттен бастап пайда болады.

Иеленушіге затты беру өткізу деп мойындалады. Мысалы, иеленушіге көлік ұйымдарының жеткізуі үшін тапсыруы және жеткізу міндеттемесінсіз бөлектенген заттарды иеленушіге почта арқылы тапсыру әрекеттері де нақ осындай.

Сөйтіп, затты өткізген, берген сәттен бастап иеленушінің оған деген меншік құқығы пайда болады. Мысалы, адам ақшасын төлеп дүкеннен костюм сатып алады, алған сәттен бастап бұл костюм оның меншігіне айналады. Алайда, тараптардың келісімі бойынша жекелеген жағдайда меншік құқығы шарты ресімдеген, яғни жасаған сәттен бастап пайда болуы мүмкін. Заңда, осындай-ақ мұндай құқықтың пайда болуындағы ерекше жағдайлар да көзделген (227-бап).

Меншік құқығының пайда болуының мәнін меншік иесі меншік құқығын алумен иеліктен айрылған заттардың кездейсоқ жойылуы немесе кездейсоқ бүлінуі қауіпі де жаңа иесіне бір мезгілде көшеді. (190-бап). Бұл жағдайда тараптардың ешқайсысы да кінәлы емес болып табылатын мүліктің жойылуы туралы болып отыр. Егер иеліктен айырушы адам заттарды өткізуді кешіктіре берсе немесе иеленуші қабылдап алуды кешіктірген тараптың жауапкершілігі өтеді (АК, 190-бап, 2-тармақ). Мысалы, жеткізіп берушінің қоймасында тұрған тауарға (өрттен) кездейсоқ жойылу қауіпі төнсе, онда өртке дейін жеткізіп берушіге дер кезінде рұқсат қағазын бермегендіктен жауапкершілік алушыға жүктеледі.

Меншік иесінің еркіне қатысты және қатыссыз меншік құқығының тоқтатылуының әр түрлі негіздердері бар. Біріншіге, мысалы, сатып алу-сатудағы жағдайлар жатады.

Меншік құқығының тоқтатылуы меншік иесіне еркіне қатыссыз жағдайлардан тууы мүмкін. Мысалы, мүлікті тәркілегенде, оны табиғат апаты құтқарғанда және т.б.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Егер Қазақстан экономикасын бүгінгі әлемдік қауымдастықтағы қазіргі үлгімен егжей-тегжеймен салыстырсақ, онда маңызды айырмашылықтың бірі өндіріс құрал-жабдықтарын жеке иемденетін адамдар тобының аз екендігіне көз жеткіземіз. Сондықтанда экономикалық реформа бағлармасында мемлекеттік меншікті бірте-бірте азаматтар қолына көшіретін кең көлемді жекешелендіру ерекше орын алады. Бірақ бұл мәселені жедел шешуге тырысқан алғашқы талпыныс аса күрделі кедергілерге тап болады. Материалдық байлықты бөлудегі советтік тенгермешілік принципі бұл жағдайда тиімсіз болып шықты, себебі барлық адамды бірдей жекешіл және шаруашылық иесі етіп шығару мүмкін емес. Мәселе мынада, жекеменшік иесі болу, яғни беріле жұмыс істеу басқару, өндіріс тиімділігін қамтамасыз ету, өз бостандығымен тәуекел ету деген сөз. Сөз жоқ, көпшілік адамдардың меншік иесі болуға өндіріс нәтижесі үшін жауапты болуға, өз қаражатын жұмсауға, жағдайы мен тыныштығын тәрк етуге мүмкіндігі жоқ, тіпті ондай болада алмайды. Қазақстан Республиканының жекешелендіру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы шаруашылықтын нарықтық жүйесіне ену сәтінде адамдардын барлығына бірдей жағдай жасауды көздейді. Ал ілкімділік саласында мамандық түрін немесе жалдамалы еңбекті қалау адамның жеке басының ісі болмақ. Осылайша, қоғам еркін ілкімділік, кәсіпкерлік жүйесінің ережелері мен басты тетіктерін игере отырып, бірте-бірте нарықтық жүйеге енді.

Қазақстанның 10 жыл тәуелсіз дамуының басты нәтижелері: этносаралық үйлесімпділік және саяси тұрақтылық, рухани келісім, бейбітшілік, экономикалық өсу, ұлттық мүдде негізінде ішкі және сыртқы қауіпсіздікті одан әрі нығайту, әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды қарқынды жүргізу, тәуелсіз елдің демократиялық саяси жүйесін қалыптастыру. Осындай қырулар жұмыстың барысында кейбір қателіктер мен кемшіліктер болса да, негізгі стратегиялық бағытымыздың дұрыстығына әбден көзіміз жетті.

XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзілік дамуда  жаһандану процесі басталып, тез қарқын алды. Дамыған елдер үстемдік жүргізу әрекеттеріне қарай (АҚШ және оның ең жақын әріптестері), географиялық орналасуына қарай (Батыс Еуропадағы мемлекеттер Шығыс Азия елдері), көмірсутегі шикізатын шығару мүмкіндігіне қарай (ОПЕК елдері) топтасып алып, ықпал жүргізу аймақтары үшін тауар шығару елдері үшін нағыз талас басталды.

Жаһанданудың басты бір талабы қандай да болсын бір қауымдастықтың құрамына кіру қажеттігі болып қалды.

Осындай жағдайда Қазақстан өзінің дербес дамуын жаһандану процесімен үлестіруге мәжбүр болады. Былай алып қарағанда, еліміздің өз еркімен өркенденуіне барлық мүмкіндіктер бар сияқты. Қазба байлығымыз жеткілікті, шетелдік инвестициялармен бірге жаңа технологиялар да келіп жатыр, ойлы да байыпты саясаттың арқасында кадрлар даярлау ісі де оңалып қалды. Елбасы Нүрсұлтан Назарбаевтың көргендікпен айтып жүргеніндей, жаһандану жағдайындабай елдердің жүлдызы жанады. Олай болса, ата-бабаларымыз бізге мүра ретінде қалдырған жердің қойнауындағы байлық, егер дұрыс пайдалана білсек, ұтымды саудалай алсақ, еліміздің өркендеуіне негіз, халқымыздың әлауқаты артуына азық бола алады. Алайда сол байлықтарымызды өндіру де оны өнімді айналдыру да сыртқа шығарып сату да Қазақстанның әлемдегі талай-талай елдермен ықпалдастықта болуын, интеграцияға түсуін талап етеді. Бұл тұрғыда Нұрсұлтан Әбішұлы Академиясының сессиясында жан-жақты айтып берді.

Ендігі міндет Азияның барысы болуға ұмтылған мемлекеттің даналық пен өкілеттікті, айбат шегу мен икемділікті қатар алып жүруінде болса керек. Мұндайда жақсы мағынасындағы мемлекеттік шамшылдық та, ақылды тәуекел де қажет. Осы айтылғандарды ой сарабына салып көрсек, республика Президентінің Орталық Азия мемлекеттерімен экономикалық қауымдастықты, Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғыстан және Тәжікстан кіретін Еуразиялық экономикалық қауымдастықты дамытуға, Шанхай ынтымақтастық ұйымын Қазақстан үшін барынша тиімді пайдалануға жанын сала әрекет етіп жүргенін түсінуге болатындай. Бүгінде Қазақстан Ішкі дербес дамуын жалғастыра отырып, дүниежүзінің барлық бұрышынан өзіне әріптестер іздеуде. Бұл тұрғыдағы әрекеттердің де нәтижесіз емес екенін көзіміз көріп жүр.

Еліміздің осындай ұмтылыстары оны қоғамдық дамудың барысында мынандай мәселелерге байланысты басқа елдермен, әлемдік қауымдастықпен ықпалдасуға итермелейді.

-дүниежүзілік термоядролық соғыс қауіпін сейілту, экстремизмге, халқаралық терроризмге қарсы пәрменді күресу және планетадағы әлем халықтарының өзара түсінік мен жалпы адамзатгық ынтымақ негізіндегі бейбіт қатар өмір сүруіне қолайлы жағдай туғызды:

— адамзаттық өркениеттің айнала қоршаған табиғатқа жүргізген парықсыз өктемдігінен туындаған әлемдік экологиялық дағдарысты еңсеру:

— жаһандану әлемдік ауқымдану жағдайында түркі халықтарының оның ішінде қазақ халқының өзіндік мәдениетін, тілін, әдеп-ғұрпын, дінін, ұлттық сипатын сақтау және дамыту;

— дамыған және дамушы мемлекеттер арасындағы алшақтықты, батыстың индустриялды елдері мен басым көпшілігі аштық пен қайыршылық, сауатсыздық күйін кешіп отырған Азия, Африка, Латын Америкасы елдері арасындағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінің өсіп бара жатқан алшақтығын азайту:

— маңызды табиғи байлықтарға, азық-түлікке, шикізат пен энергия көздеріне бақылау жасау:

— бүгінгі ғылыми-техникалық прогрестің жағымсыз зардаптарын болжай білу және оның жетістіктерін адамзат мүддесі үшін тиімді пайдалана білу.

Көріп отырғанымыздай, адамзат ХХІ ғасыр шегінде планетаның барша мемлекеттері мен тіл тауып, жұмыла кіріскенде ғана шеше алатын қоғам дамуынын аса маңызды жаһандық мәселелеріне маңдай тіреп отыр. Мемлекетаралық күштерді үлестіріп отыру мақсатында халықаралық ұйымдар құрылу үстінде. Қазақстанның Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі Кеңесті шақыру жөніндегі бастамасы да осындай мақсаттан туындаған анық.

Егер бүгінгі заманның жаһандық мәселелері тоғысын мұқият сараласақ, олардың бір-бірімен іштей байланысып жатқандығына көз жеткізу мүмкін емес. Мұның өзі әрқайсысын басқалармен бірге кешенді қарастырғанда ғана толық шешуге болады. Мәселен, дамушы елдердегі көптеген мәселелер кедейліктен туындап отыр, яши екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары адам басына шаққандағы ұлттық табыс деңгейі тұрғысынан дамыған және дамушы елдер арасындағы айырмашылық елеулі болса, қазір бұл айырмашылық тіпті өсіп кетті.

XXI ғасырда ғылыми жаңалықтар мен зерттеулердің мәні өлшеусіз өсетін болып отыр. Мұның өзі республика зиялылары мен ғылымдарынан жаңа технологиялар мен техникаларды талдап жасауға барынша ден қойып, оларды ел илігіне қызмет еткізуді, Қазақстанның Ресей және Қытай сияқты ұлы көршілерімен тарихи тағдырластығының, Орта Азиядағы елдермен туыстық тамырластығының дәнекерлерін тауып солардың негізінде бүгінгі ынтымақтастықтың қажеттігін ғылыми негіздеуге талап етеді.

Қазақстан дербес дамуды үйренді, сол жолмен нақ жүріп келеді. Енді жаһандану жағдайында өзі соған кіріге отырып , оның серпінділігін сезінуші жақ қана емес, сездіруші жақ ретінде де әрекет етуді игеруі керек.

 

БИБЛИОГРАФИЯ

НОРМАТИВТІК-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995ж. (өзгертулер мен толықтырулар 1998ж)
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Жалпы бөлімі 27 желтоқсан 1994ж
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі . Ерекше бөлім 1 шілде 1999ж
  4. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. 13 шілде 1999ж
  5. Қазақстан Республикасының Жер кодексі. 2005ж.
  6. Қазақстан Республикасьшың «Шаруа (фермер) қожалығы туралы» Заңы. 31 наурыз І998ж.
  7. Қазақстан Республикасының «Астық туралы» Заңы 19 қаңтар 2001ж.
  8. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңы 19 маусым 1997ж.
  9. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар » Шаруашылық серіктестіктер туралы» Жарлығы. 2 мамыр 2005ж.
  10. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығы. 17 сәуір 1997ж.
  11. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Жарлығы 19 маусым 1995ж.
  12. Қазақстан Республикасы Президентінің заң күші бар «Өндірістік кооператив туралы» Жарлығы 5 қазан 1995 ж.
  13. Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы » Заңы 21 қаңтар 1997ж.
  14. Қазақстан Республикасының » Шаруа (фермер ) қожалықтары туралы» 31 наурыз 1998 ж.
  15. Қазақстан Республикасының «Ауылшаруашылық серіктестіктер және олардың ассоциациялар туралы» Заңы 25 желтоқсан 2000 ж.

 

АРНАЙЫ ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. 1. Авилов Г.Е. Хозяйственные товарищества и общества в Гражданском кодексе России/ В кн. ГРажданскийкодекс России. Проблемы, теория, практика: Сборник памяти С.А. Хохлова/ Отв. Редактор А.Л.Маковский; Исследовательксий центр частного права.-М.,1998.с.177.
  2. Аскназий С.И.Об основаниях правовых отношений между государственными социалистическими организациями. Ученные записки Ленинградского юридического института. Вып. 4.Л., 1947.
  3. 3. Басин Ю.Г Юридические лица по гражданскому законодательству Республики Казахстан: Понятие и общая характеристика :Учеб. Пособие. Изд, 2. испр. и доп. — Алматы: ВШП «Әділет», с.3.
  4. Байделдинов Д. Экологическое законодательство РК. Алматы 1995г.
  5. 5. Бектұрғанов Ә. Қазақстан Республикасының жер қатынастары. Алматы 1997ж.
  6. Бектурғанов Ә. Жерге меншік құқығы. Алматы. Фемида, 1997 ж.
  7. Боголюбов С.А. Земельное право. Москва 1997г.
  8. Гражданское право. В 2-х томах. Учебник под ред. Е.А. Суханова.- М: «БЕК», 1994 г.
  9. Гражданское право, В 2-х томах. Учебник под ред. Е.А. Суханова.- М:, Изд. 2 перераб. и доп. «БЕК «1998г.
  10. 10. Гражданское право. Учебник часть I. Под ред. А.П. Сергеева , Ю.К Толстого. М. проспект 1997г.
  11. Есімқұлов С.Т. «Жерді қалай пайдаланған жөн» .»Заң» газеті 1997ж.
  12. Н.А.Назарбаев Казахстан 2030. Процветание, безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев/ Послание Президента Республики Казахстан Н.А. Назарбаева народу Казахстан.
  13. 13. Назарбаев Н.А. Послание народу Казахстана 30 сентября 1998 г. О положении в стране и основных направлениях внутренней и внешней политики: демократизация общества, экономическая и политическая реформа в новом столетии //Казахстанская правда, 1998г 1 октября
  14. Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы . Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында. 2005ж. 18 ақпан
  15. Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы .Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы. 2006ж. 1 наурыз.
  16. 16. Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқық/ Ерекше бөлім, оқулық, I-бөлім/. Алматы, 2005ж.
  17. Жайлин Ғ.А. Азаматтық құқь қ/ Ерекше бөлім, оқулық, II-бөлім/. Алматы, 2005ж. 18.Жайлин Г.А. Ащеулов А.Т. Гражданско-правовая ответственность за вред, причиненный преступлениям против личности. Алматы . изд. КазГЮУ, 2000г.
  18. Ынтымаков С.А. Азаматтық құқық/Жалпы бөлім, практикум, I- бөлім/Алматы, 2004ж.
  19. Белякова М.А. Гражданская правовая ответственность за причинение вреда. Теория и практика. 1986г.
  20. Грибанов В.ГІ. Ответственность за нарушение гражданских прав и обязанностей. М. 2000 г.
  21. Бризиский А.В. О возмещение ущерба гражданам. М. 1995 г.
  22. Толеугалиев Ғ. ҚР азаматтық құкығы. І-том. Алматы 2001ж.

24.Сергеев А.П. Гражданское право. Санкт-Петербург. 1996 г.

25.Суханов Е.А. Гражданское право. М. 1998 г.

  1. Стамкулов Ә, Бектурғанов А.»Жерге меншік құқығының кейбір мәселелері». Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің хабаршысы. 1995ж № 3.
  2. Стамкулов Ә. Қазақстан Республикасының экология құқығы. Алматы «Жеті Жарғы» 1995 ж.