АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістері

Мазмұны

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………….

 

І.    Қазақстан халқына жалпы шолу

  • Демографиялық үрдістерді экономикалық және

      әлеуметтік географиялық тұрғыдан зерттеудің негіздері………..

1.2 Қазақстан Республикасы халқының соңғы он жылдағы

       өсу динамикасы……………………………………………………………………….

  • Халықтың тууы мен өліміне экономикалық-

       географиялық талдау………………………………………………………………..

 

  1. Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістердің

              түйінді мәселелері мен даму болашағы.

2.1 Қазақстан халқының табиғи өсуі……………………………………………….

2.2 Қазақстан Республикасының түйінді мәселелері……………………….

2.3 Қазақстандағы демографиялық үрдістердің даму

       болашағы…………………………………………………………………………………

 

       Қорытынды………………………………………………………………………………

 

       Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………..

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдай табиғи өсудің күрт кеміп, сыртқы миграцияның артуы мен  жекелеген аумақтардағы еңбек нарқында жұмыс күшінің жетіспеуімен немесе керісінше жұмыссыздықтың белең алуы мен ерекшеленеді.

Еліміздің аумағында 120 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұратындықтан демографиялық жағдай тереңнен жан-жақты ойланып шешуді қажет ететін түйінді мәселелердің бірі болып қалуда. /1/

Тақырыптың өзектілігі: Бітіру жұмысы Қазақстан Республикасындағы халықтың табиғи өсуін, жастық-жыныстық құрамын еңбек қорларын тиімді пайдалану мәселелерін ашып көрсетуімен өзекті.

Бітіру жұмысының мақсаты:

  • демографиялық үрдістерді зерттеудің экономикалық және әлеуметтік географиялық негіздерін анықтау;
  • Қазақстан халқының өсу динамикасы мен қазіргі кезеңдегі түйінді мәселелеріне талдау жасау;
  • еліміздегі демографиялық үрдістердің даму болашағы мен оған әсер ететін факторларды айқындау.

Бітіру жұмысының міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының халқының өсу динамикасын анықтау;
  • Туу мен өлімге экономикасық-географиялық талдау жасау;
  • Қазіргі демографиялық жағдайды анықтап, оны шешу жолдарын ашып көрсету;
  • Қазақстан Республикасындағы еңбек қорларын тиімді пайдалану мен жұмыссыздық мәселелерін шешу жолдарын анықтау;
  • Халықтың негізгі түйінді мәселелерімен демографиялық үрдістердің даму болашағын айқындау.

Бітіру жұмысының теориялық-әдістемелік негіздері: бітіру жұмысының теориялық негізі ретінде М.Б. Тәтімовтың “Демографическая депопуляция. Казахстан на пути устойчивому развитию”, А.Я. Боярскидің “Демография  негіздері”, А.Я.Квашаның “Демография негіздері” оқулықтарындағы ғалымдардың ой-пікірлерімен Қазақстан республикасының статистика агенттігінің 1996-2006 жылдар аралығында шығарылған жылдық есептерінің сандық деректері алынды. Дәйекті материал ретінде кестелер, диаграммалар берілді. Статистикалық, математикалық талдау, сипаттау, салыстыру әдістері қолданылды.

Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны: бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда Қазақстан халқына жалпы шолу жасалып, демографиялық зерттеу негіздеріне халық санының өсу динамикасына, туу мен өлімге экономикалық-географиялық талдау жасалған.

Екінші тарауда Қазақстан Республикасында демографиялық үрдістердің даму болашағы, халықтың табиғи өсуі, қазіргі кезеңдегі түйінді демографиялық мәселелер мен оны шешу жолдарына талдау жасалған.

Бітіру жұмысының практикалық маңызы: бітіру жұмысындағы теориялық және эмпирикалық маңызы бар деректерді “География”, “Экономика”, “Тарих” мамандықтар бойынша білім алатын студенттер, мектеп мұғалімдерімен оқушылар білім көзі ретінде пайдалана алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І- Қазақстан халқына жалпы шолу

 

1.1 Демографиялық үрдістерді экономикалық және әлеуметтік географиялық тұрғыдан зерттеудің негіздері

 

          Демография халықтың санын, құрамын, өсу динамикасын, аумақтың орналасуын, санындағы өзгерістер мен оған әсер ететін факторлар анықтайтын ғылым /2/.

          Халықтың қоныстануы, халықтың ұдайы өсуі кең тұрғыдан алғанда табиғи өсудің есебімен халықтың санының артып толығуы мағынасын білдіреді.

          Ұдайы өсу үрдісі туумен өлімнің есебінен жүретін табиғи өсуге тікелей байланысты.

          Халықтың ұдайы өсіп, құрамының өзгеруіне механикалық қозғалыстарда (миграция) тікелей әсер етеді. Халықты адамдардың жиынтығы ретінде ғана қарастыруға болмайды. Адамдар бір-бірімен өндірістік қарым-қатынас пен өндіріс әдістерінің өзгеруі тұрғысынан алғанда тапқа бөлінеді. Халық табиғи өсудің үйлесуінің нәтижесінде жүретін ұрпақ алмасуынан қалыптасатындықтан демографиялық құбылыстар адам өміріндегі оқиғалар мен жас ерекшеліктері, жыныстық құрамындағы өзгерістер жатады /3/.

          Сондықтан демография ғылымы адамдардың жастық құрамын, жанұялық өмірлеріндегі өзгерістерді, халықтың білімімен туу мен өлімді, бір жастық  кезеңнен екіншісіне өтуін тіркеп отыруды қажет етеді.

          Демография халықтың жастық-жыныстық, діни, әлеуметтік-таптық құрамы мен оның зерттейтін құбылыстарға тигізетін әсерін және басқада аспектілерін қарастырады. Материалдық өндірістегі өндіргіш күштердің өндірістің көлемімен құрылымы ұрпақ алмауы нәтижесінде жаңарып отыратын халықтың өсу динамикасы мен тығыз байланысты.

          Халықтың өсу динамикасын оқып-үйренуде жетекші орынды ұдайы өсу мен оның құрамдас бөлігі жетекші орындалады.

          Халықтың табиғи қозғалысы туу мен өлім-жітім арқылы жүзеге асыратындықтан демография туу мен өлім-жітімнің ара-салмағын, себеп-салдарын және оларға әсер ететін факторларды зерттейді.

          Зерттеулер туудың мөлшері, оның артуымен келуінің себептерін, жас ерекшеліктеріне байланысты өлім-жітім мен оның артуын себептерін, туу мен өлімге байланысты халықтың өсуін, аумақтық артықшылықтарын анықтау міндеттерін көздейді. Халықтың құрамының ұдайы өсуін зерттегенде демография міндетті түрде бір жастық топтан екінші жастық топқа өту мәселелеріне зор мән беріледі.

          Халықты қоғамдық өндірістің субъектісі ретінде қарастырғанда оны дамытуға мүмкіндік беретін өндіргіш күштер қатарына жататын жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандығына, кәсіби біліктіліктеріне, олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы алатын орнын ашып көрсетуге баса назар аударылады.

          Осыған орай халық қоғамның дамуын жеделдететін немесе тежейтін маңызды фактордың бірі болып табылады./4/

          Қазіргі кезеңде белгілі бір елдің экономикасына талдау жасау көбінесе аумақтың физикалық-географиялық орнының ерекшеліктері мен халқына сипаттама беруден бастайды.

          Халықтың саны мен жастық-жыныстық құрамы туралы деректер алынғаннан кейін таптық құрамы, ауылдың және қалалық елді мекендерде қоныстануы, өндірістің әртүрлі салаларында қызмет етуіне, содан соң өндіріліп сыртқа шығарылатын және сырттан әкелінетін  товарларға және оларды тұтыну мөлшерлеріне талдау жасалады.

          Бірақ халықтың саны, тығыздығы мен өсу қарқыны туралы деректер қоғамдық құрылыс пен бір тарихи формациядан екінші формацияға өтудің себеп-салдары басқада сұрақтарға жауап бере алмайды. Бірақ батыстың кейбір әлеуметтанушылары халықтың өсуі, қоғамның дамуын айқындауда маңызы зор деп есептейді.

          Атап айтсақ, Г.Спенсер халықтың өсуін адамдардың өмір сүру жағдайының өзгеруімен, қоршаған орта жағдайлары мен қоғамдық тәртіптегі өзгерістерге бейімделуі мен байланыстырады. Орыстың тарихшысы М.М.Ковалевский белгілі бір заңдылықтарға бағынатына қарамастан халық шаруашылығының формалары өндірістік ретпен бірінен соң бірін белгілі бір ретпен қарастыру қажет емес. Олардың эволюциялық дамуының маңызы факторы белгілі бір уақытта қандайда бір елде халықтың өсуіне белгілі бір дәрежеде тығызтығы әсер етеді деп жазды.

          Мұндай көзқарастар француз әлеуметтанушысы Ж.Стессельдің, американ биологы Р.Пирлдің еңбектерінде де кездеседі /6/.

          Қоғамдық жағдай жеке тұлғаның қалыптасып дамуына тікелей әсер ететіндіктен оны ескермей демографиялық құбылыстарды түсінуге болмайды. Оған айғақты мысал ретінде идеологиялардың күресін, қазіргі кезеңде елімізде белең ала бастаған діни ағымдардың мисш-өнерлерінің жастардың арасында жүргізіп жатқан насихаттарын атап көрсетуге болады. Мальтус теориясына сәйкес батыс идеологтарының көп келтіретін мысалдарының бірі капиталистік құрылыстағы жұмыссыздықтың туып әлеуметтік жағдайдың құлдырауының себебін халықтың санының артуымен түсіндіруге тырысады.

          Экономиканың халықпен байланысын оқып үйренудің тамыры тереңде жатыр. Ол демографиялық факторлардың қоғамның дамуындағы маңызымен тікелей байланысты. Бұл мәселенің шынайы мазмұны қоғамның тарихының әртүрлі кезеңінде қоғамның дамуына әсер етіп ол тарихи үрдістердің барысында өзгеріп отырды.

          Құлиеленушілік және феодалдық кезеңдерде негізделіп, демографиялық детерменизмге сәйкес халықтың өсу динамикасы табиғатпен биологиялық негізделді. Капитализмге дейінгі ойшылдардың еңбектерінде халықпен табиғат байлықтарының ара-салмағын белгілі бір аумақта тұрғындардың шектен тыс немесе аз қоныстануы мен тығыз байланыстырды /6/.

          Біздің жыл санауымызға дейінгі Ү ғасырда ежелгі қытай философы Конфуций алғаш рет жердің мөлшері мен адамдардың қоныстануының арсындағы байланысты ескере отырып, халықтың оңтайлы саны мәселелерін қойды.

          Ежелгі грек философтары Платон мен Аристотель халықтың шектен тыс қоныстану мәселелерін жер байлықтары мен қамтамасыз етуді күрделендіретін ең күрделі әлеуметтік түйткілді мәселе деп есептеді.

          Халықтың саны мен табиғат байлықтарының арасындағы байланыс тұрғындардың санының шектен тыс өсуі пайдалы және зиынды жақтарын қарастыру феодализм тұсында да өзекті болды.

          Ерте орта ғасыр ойшылдарының өкілдері (Т.Мор, Ф.Кампанелла, Ф.Аквинский) халықтың санының өсуінің қоғамдық пайдасы туралы тезистерін ұсынды. Халықтың санының артуының бастапқы капиталдық жинақталуы кезеңінің ойшылдарының (Т.Мэн, А.Сера, С.Фортрей).

          Халықтың санының артуы мемлекеттің күш қуаты мен байлығының негізі болып табылады деп есептеген көзқарас бастапқы капиталдың жинақталуы кезеңінің ойшылдарының (Т.Мэн, А.Сера, С.Фортрей) еңбектерінде де жалғасын тапты.

          Мұнымен қатар халықтың санының артуы шектен тыс қоныстану қаупін тудырады (Д.Таунсенд, Р.Уоллес) деген көзқараста болды. ҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қоғамдық ой-санада халықтың санының өсуі мен қоғамның дамуының ара қатынасын саяси-экономикалық тұрғыдан бағалау қалыптасты.

          Саяси экономиканың классиктері А.Смит пен Д.Рекардонның еңбектерінде халықтың санының артуы, халықтың саны мен жұмыс күшінің өсуінің ауытқуын экономикалық тұрғыдан қарастырды. Осы түйткілді мәселе А.Смиттің халықтың өсуінің экономикалық заңының негізі болған халықтың санының артуы мен жұмыс күшінің өсу заңының негізгі мазмұнын қарады. Олардың көзқарасына сай басқа товарлар сияқты адамға деген сұраныс халықтың өсуі баяулағанда адамдардың санын арттыруды жеделжетеді. Міне осы сұраныс дүниежүзінің барлық елдерінде, Солтүстік Америкада, Европа мен Қытайда халықтың санының артуын реттеуді жүзеге асыруда /7/.

          Ол алғашында адамдардың жылдан көбеюі бірінші кезеңде баяу, екінші үшінші кезеңде жедел жүріп Қытайдағыдай өсуді стационарды деңгейде ұстауға тура келеді.

          А.Смит халықтың өсуін арттыратын факторлардың қатарына ауылшаруашылық айналымындағы жердің ауданымен оны тиімді пайдалануды жатқызды.

          А.Смиттің халықтың өсуімен жер байлықтарының ауданын шектеу туралы ойын Д.Рикардо да дамытып, халықтың күн көрісіне қысым көрсету тезисін ұсынды. Саяси экономиканың классиктері халықтың санының артуы мен өсу қарқынының шартты түрдегі экономикалық және табиғи климаттық факторлардың әсерінен жүзеге асады деген жалпы қорытынды шығарды.

          Өнеркәсіптік төңкеріс кезеңінде экономикалық өсумен демографиялық қарқындылықтың арасындағы қайшылық  Т.Р.Мальтустың теориясында айқын көрініс тапты. Ол әлеуметтік кедейлік пен саяси сілкіністер мен әлеуметтік дағдарыстардың себептерін демографиялық детерменизм тұрғысынан түсіндірді. Т.Р.Мальтустың теориясына сәйкес халықты өсуі биологиялық табиғи құбылысқа негізделетіндіктен қозғалыс дамуының бастапқы факторы болып табылады. Ол халықтың өсуі мен табиғат байлықтарының арасалмағын жалпы түйінді мәселе ретінде қарастырды. Т.Р.Мальтус алғаш рет экономикалық –демографиялық талдауды кешенді тұрғыдан қарастырды /8/.

          Т.Р.Мальтустың ісін жалғастырушылар оның теориясының екі түйінді ережесіне баса назар аударды. Олар – ауыл шаруашылығындағы өнімділіктің төмендеу заңы мен демографиялық қысым қағидасы, сонымен қатар жинақталу теориясы экономика мен халық стационарлы күйге ұмтылады деген қорытындысы.

          Т.Р.Мальтустың демографиялық детерменизм теориясын сынаған К.Маркс пен оның ізбасарлары демографиялық қарқындылықты әлеуметтік демографиялық даму, тарих өтпелі қоғамдық жүйе заңдылықтарынан бөліп қарастырды. Т.Р.Мальтустыкінен айырмашылығы марксизмнің негізін қалаушылар халықтың шектен тыс артуы мен кедейшілікті әлеуметтік –экономикалық қатынастар тұрғысынан қарастырды. Олар осы негіщде капитализмде халықтың ұдайы өсуі салыстырмалы түрде баяу артуы тән деген ой ұсынды.

          ХІХ ғасырдың екінші жартысымен ХХ ғасырдың басындағы өнеркәсіптік революция Мальтус теориясының негізгі ережелерін жоққа шығарды.

          Индустриялды экономикадан бастап өндіргіш күштердің индустриалдық даму жүйесіне дейін халықтың өсуінің дамуындағы өзгерістер демографиялық үрдістердің әлеуметтік детерменациясын терең зерттеуін қажет етті. Осы зерттеулердің базасында батыс демографтары халықтардың өсіп дамуының жалпы қызметін атқаратын демографиялық өтпелілік теориясын дамыта бастады /9/.

          Демографиялық өтпелілік үрдісінің – мәні туу мен өлім жоғары болатын ұдайы өсудің дәстүрлі типтің біраз өтпелі кезеңінен кейін жоғары экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізетін ұрпақ беретін туу мен өлім төмен ұдайы өсудің қазіргі типіне өту тән.

          Бірақ демографиялық өтпелілік теориясы негізінен халықтың ұдайы өсуінің эволюциясын мәні туу мен өлімді ашып көрсеткені мен демографиялық жүйемен экономиканың өзара қатынасындағы шешуші роль атқаратын техникалық прогресстің немесе жан басына шаққандағы табыстың қайсысының демографиялық динамика мен өндірістің өсуі халықтың өсуіне әсер ететінін ашып көрсете алмайды. Дүниежүзінің қазіргі дамуын демографиялық шындығын жан-жақты ашып көрсету ерекше өзекті мәселе күйінде қалуда. Дамушы елдердің халқының бір ұрпағының өмірінің шегіндегі теңестіру қазіргі кезеңде дүниежүзінің шеткі аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларды шиеленістіргендіктен дамудың жаңа стратегиясын жасау қажеттілігін тудырды.

          Қазіргі кезеңдегі дүние жүзіндегі “демографиялық дағдарыс” дамушы елдердегі әлеуметтік-экономикалық түйінді мәселелермен шектелмейді /10/.

          Дамыған елдерде халықтың санының өсуі күрт төмендеп  туудан өлім артып депопуляцияға ұшырауда. “Нольдік” өсуі әлемдік қауымдастық үшін күрделі әлеуметтік  түйінді мәселе болып қалуда.

          Солардың ішінде халықтың қартаюы 80 жастан асқан адамдардың артуы жұмысшылардың миграциясының әлеуметтік салдары ең өзекті мәселеге айналуда.

          Жұмыс күшінің аймақ, құрылық аралық миграциясының нәтижесінде халықтың құрамындағы өзгерістер бұл мәселені шешудің экономикалық тұрғыдан шешуді түбегейлі қайта қарауды қажет етуде.

 

 

 

 

 

 

1.2 Қазақстан Республикасы халқының соңғы он жылдағы өсу динамикасы

 

          Халықтың ағымдық өсуін бағалау қорытындыларына сүйенеді. Оған жыл сайын еліміздің белгілі бір аумағында туған және сол жерге көшіп келген, өлген және көшіп кеткендердің ара қатынасын есептеп шығару арқылы жүргізіледі. Халықта қалалақы және ауылдық деп бөлу мекен жайына қарай жүргізіледі. Қалалық елдімекендердің қатарына белгіленген заңға сәйкес қала текті кенттер, жұмысшы және шипажайлық кенттер жатқызылады. Өнеркәсіп өнімдері өндірілмейтін қалған елдімекендердің барлығы ауылдық болып саналады. Тұрақты тұрғындарының қатарына белгілі бір елдімекенде тіркелген немесе уақытша сыртта жүрген тұрғындар жатады. Халықтың жалпы санына тұрақты тұрғындардың жастық-жыныстық құралы алынады.

          Қазақстан Республикасының заңына сәйкес еңбекке қабілетті жастағылардың қатарына:

1997 жылғы 1 шілдеден бастап 16 мен 60 жас аралығындағы ерлер, 16 мен 55 жас аралығындағы әйелдер;

1998 жылдан бастап 16 мен 61 жас аралығындағы ерлер, 16 мен 56 жас аралығындағы әйелдер;

1999 жылдан бастап 16 мен 62 жас аралығындағы ерлер, 16 мен 56 жас аралығындағы әйелдер;

2000 жылдан бастап 16 мен 62 жас аралығындағы ерлер, 16 мен 57 жас 6 ай аралығындағы әйелдер;

2001 жылдан бастап 16 мен 63 жас аралығындағы ерлер, 16 мен 58 жас аралығындағы әйелдер жатады /11/.

Халық санағы негізінде ұлты балалардың ұлты ата-аналарына жүргізілген сауалнама арқылы анықталады.

Туу, өлім, жетім, үйленумен ажырасулар жыл сайын шығарылатын статистикалық деректердің қорытындыларыда берілетін азаматтық қол анти ерін тіркеу мекемелерінің деректерінен алынады. Туғандардың қатарына тірі туған балалар ғана жатқызылады.

Халықтың табиғи өсуі, бір жыл ішінде туған және өлген адамдардың ара салмағы (айырмасы) арқылы есептелінеді.

Туудың жастық коэффиценті әрбір жас тобындағы әйелдердің бір жыл ішіндегі тууының орташа деңгейімен сипатталады. Олар бір жыл ішіндегі белгілі бір жас тобына жататын әйелдердің санын босанған әйелдердің санына бөлу арқылы анықтай отырып алынған нәтижелерге ағымдық баға береді. 20 жасқа дейінгі жас топтарына алымы ретінде 15-19 жас аралығындағы әйелдердің саны алынады. 15-49 жас аралығындағы жас топтарының коэффициентін есептегенде тіркеуге алынған 15 ке дейінгіден бастап 50 және жасы одан да үлкен аналар есепке алынады. Өлімнің жастық коэффициенті әрбір жастық топтарының орташа өлімі арқылы сипатталады.

Ол белгілі бір жас тобына жататын адамдардың санын сол топтағы өлген адамдардың санына бөлу арқылы анықталады. Ағындағы жылдық бағалау нәтижесінде алынады /12/.

Қазақстан халқының орташа жасы дүниеге келген бір адамның өмір сүрген жасын есептеу арқылы анықталады. Белгілі бір кезеңде дүниеге келген ұрпақтың әрбір жас кезеңіндегі өлу деңгейі ескеріле отырып есептеп шығарылады. Халықтың миграциясы ішкі істер органдарының келіп түскен келумен кетуге тіркейтін тараптардың статистикалық есебінің сандық деректерінің нәтижелеріне талдау жасау арқылы анықталады. Қазақстан халқының соңғы 6 жылдағы өсу динамикасы 1 кестеде көрсетілген.

 

 

 

 

 

1 кесте

Қазақстан халқының 2001-2006 жылдар аралығындағы өсу динамикасы

 

Халықтың жалпы санының өсуі

2001

2002

2003

2004

2005

2006

Жыл басына халық саны, адам

14865610

14851059

14866837

14951200

15074767

15219291

Соның ішінде:

 

 

 

 

 

 

қала

8413399

8419331

8457152

8518242

8614651

8696520

Ауыл

6452211

6421728

6409685

6432958

640116

6522771

Жалпы халық санынан,%

 

 

 

 

 

 

қала

56,6

56,8

56,9

57,0

57,1

57,1

ауыл

43,4

43,2

43,1

43,0

42,9

42,9

 

2 кесте

1997 –2001 жылдар аралығындағы Республикалық жеке аймақтардағы халықтың өсу динамикасы

мың адам есебімен

 

1997

1998

1999

200

2001

Қазақстан Республикасы

15480,6

15188,2

14957,8

14896,1

14841,9

Ақмола

937,8

897,3

837,4

820,0

810,3

Ақтөбе

705,3

694,6

683,1

678,6

672,6

Алматы

1584,6

1569,1

1559,5

1562,0

1561,8

Атырау

436,4

437,9

439,3

443,0

447,1

Шығыс Қазақстан

1600,2

1562,3

1532,5

1518,8

1504,3

Жамбыл

998,5

989,7

984,2

985,1

985,7

Батыс Қазақстан

640,3

629,3

618,4

610,8

604,4

Қарағанды

1501,0

1461,1

1413,7

1398,9

1381,6

Қостанай

1133,0

1076,5

1022,3

995,2

972,3

Қызылорда

589,2

592,2

595,7

601,2

605,5

Манғыстау

309,9

314,7

316,3

318,1

323,7

Павлодар

865,8

837,8

807,4

792,4

776,8

Солтүстік Қазақстан

804,3

756,7

726,9

715,6

706,4

Оңтүстік Қазақстан

1969,4

1966,4

1973,7

1998,6

2025,4

Астана қаласы

287,4

300,5

318,1

322,4

324,1

Алматы қаласы

1117,7

1120,1

1129,3

1135,4

1139,9

 

          2002 жылы 1 қаңтарда қазақстан Республикасының халқының саны 14820,9 мың адам болса соның 8348,9 мыңы (56,3%) қалалы жерде, 6472,0 мың адам (43,7%) ауылды жерлерде тұрды.

          Ал 2006 жылғы 1 қаңтардағы Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің деректеріне сүйенсек 15219,29 мың адамды құрады. Соның ішінде 8696,52 мың адам (57,1%) қалада, 6522,77 адам (42,9%) ауылдық жерлерде тұрады /13/.

          Аталған алты жыл ішінде Қазақстанның халқы 398391 адамға арқан ауыл халқы 0,8% кеміп, қала халқы 0,8% артқан.

 

 

 

3 кесте

1991-2002 жылдар аралығындағы халықтың санының динамикасы

 

Жылдар

Халық саны

Туғандар

Өлгендер

Табиғи өсу

Барлығы

Соның ішінде

әйел

ерлер

әйел

ерлер

әйел

ерлер

әйел

ерлер

1991

16358,2

8446,0

7912,2

172,4

180,8

63,1

71,2

109,3

109,6

1992

16451,7

8498,8

7952,9

164,1

173,5

64,7

72,8

99,4

100,7

1993

16426,5

8489,5

7937,0

152,8

162,7

72,1

84,0

80,7

78,7

1994

16334,9

8446,5

7891,4

147,5

158,1

74,2

86,1

73,3

72,0

1995

15956,7

8250,8

7705,9

133,7

142,4

75,8

92,9

57,9

49,5

1996

15675,8

8110,0

7565,8

122,8

130,4

73,8

92,2

49,0

38,2

1997

15480,6

8013,7

7466,9

112,9

119,4

71,3

88,8

41,6

30,6

1998

15188,2

7876,5

7320,7

107,5

114,9

68,3

86,0

39,2

28,9

1999

14957,8

7752,4

7205,4

102,3

109,5

66,4

79,5

35,9

30,0

2000

14896,1

7719,9

7176,2

106,0

111,4

65,7

83,1

40,3

28,3

2001

14841,9

7693,0

7148,9

104,9

111,3

65,3

82,3

39,6

29,0

2002

14820,9

7688,5

7132,4

 

 

 

 

 

 

 

диаграмма

Қазақстан Республикасының халықтар саны

ауыл халқы

қала халқы

 

 

              1      2        3       4       5       6        7       8       9     10      11      12

           1991 1992  1993 1994 1995 1996 1997 1998 1999  2000 2001 2002

 

4 кесте

Қала және ауыл халқының саны

 

 

1997

1998

қала

ауыл

қала

ауыл

Қазақстан Республикасы

8635,2

6845,4

8499,4

6688,8

Ақмола

427,2

510,6

397,0

482,3

Ақтөбе

392,5

312,8

389,2

305,4

Алматы

486,0

1098,6

475,0

1094,1

Атырау

254,0

182,4

254,9

183,0

Шығыс Қазақстан

931,3

668,9

913,9

648,4

Жамбыл

465,2

533,3

457,9

531,8

Батыс Қазақстан

260,2

380,1

257,1

372,2

Қарағанды

1232,8

268,2

1199,8

261,3

Қостанай

593,4

539,6

578,5

498,0

Қызылорда

357,4

231,8

359,1

233,1

Маңғыстау

247,3

66,2

248,4

66,3

Павлодар

540,4

325,4

526,5

311,3

Солтүстік Қазақстан

295,9

508,4

281,7

475,0

Оңтүстік Қазақстан

750,3

1219,1

739,8

1226,6

Астана қаласы

287,2

300,5

Алматы қаласы

1117,7

1120,1

 

          Жалғасы

 

 

1999

2000

2001

қала

ауыл

қала

ауыл

қала

ауыл

Қазақстан Республикасы

8368,8

6589,0

8322,2

6573,9

8283,2

6558,7

Ақмола

381,7

455,7

374,9

445,1

370,6

439,7

Ақтөбе

384,0

299,1

379,7

298,9

375,4

297,2

Алматы

451,5

1108,0

450,9

1111,1

448,3

1113,5

Атырау

255,9

183,4

257,6

185,4

260,6

186,5

Шығыс Қазақстан

900,3

632,2

890,8

628,0

882,6

621,7

Жамбыл

452,6

531,6

450,9

534,2

448,9

536,8

Батыс Қазақстан

252,7

365,7

248,5

362,3

247,6

356,8

Қарағанды

1161,5

252,2

1150,8

248,1

1138,8

242,8

Қостанай

551,9

470,4

536,3

458,9

522,7

449,6

Қызылорда

360,9

234,8

363,8

237,4

365,4

240,1

Маңғыстау

248,5

67,8

249,7

68,4

255,0

68,7

Павлодар

511,9

295,5

502,7

289,7

494,5

282,3

Солтүстік Қазақстан

274,6

452,3

271,3

444,3

268,5

437,9

Оңтүстік Қазақстан

733,4

1240,3

736,5

1262,1

740.3

-1285,1

Астана қаласы

318,1

322,4

324,1

Алматы қаласы

1129,3

1135,4

1139,9

 

5-кесте

2006 жылдың 1 қаңтарына жынысы мен жас топтары бойынша халық санын бөлу

 

Адам

Пайызбен

Барлық халық

15219291

100,0

ерлер

7324780

48,1

әйелдер

7894511

51,9

Жалпы халық санынан мына жастағылар, жасы:

 

 

0-4

1229254

8,1

5-9

1088163

7,2

10- 14

1363162

9,0

15-19

1578619

10,4

20-24

1417963

9,3

25-29

1232590

8,1

30-34

1143787

7,5

35-39

1057663

6,9

40-44

1101748

7,2

45-49

1039373

6,8

50-54

813829

5,3

55-59

618794

4,1

60-64

340369

2,2

65-69

531248

3,5

70 және одан асқандар

662729

4,4

Жалпы халық санынан мына жастағылар,

жасы:

 

 

еңбекке қабілетті жасқа жетпегендер

3982106

26,2

еңбекке қабтетті жастағылар

9652452

63,4

еңбекке қабілетті жастан асқандар

1584733

10,4

 

 

6 кесте

Қазақстан халқының жыныстық топтарының саны (мың адам есебімен)

 

1998

1999

2000

Барлық халық

Соның ішінде

Соның ішінде

Соның ішінде

Соның ішінде

Соның ішінде

әйел

ерлер

әйел

ерлер

әйел

ерлер

Мың адам

Қазақстан Республикасы

15073,0

7263,1

7809,9

14 927,0

7190,8

7736,2

14 869,1

7162,6

7706,5

Ақмола

858,3

417,7

440,6

828,

403,1

425,6

815,2

396,6

418,6

Ақтөбе

688,9

333,9

355,0

680,9

329,9

351,0

675,7

327,3

348,4

Алматы

1564,3

764,9

799,4

1560,8

763.9

796,9

1561,9

765,2

796,7

Атырау

438,6

214,8

223,8

441,1

215,9

225,2

445,0

217,9

227,1

Шығыс Қазақстан

1547,3

741,4

805,9

1525,6

730,5

795,1

1511,6

723,3

788,3

Жамбыл

987,0

470,1

516,9

984,7

468.7

516,0

985,4

469,0

516,4

Батыс  Қазақстан

623,9

301,6

322,3

614,6

297,0

317,6

607,5

293,5

314,0

Қарағанды

1437,4

648,5

752,9

1406,2

668,9

737,3

1390,2

660,8

729,4

Қостанай

1049.4

502,3

547,1

1008,7

482,3

526,4

983,7

470,1

513,6

Қызылорда

594,0

296,3

297,7

598,5

298;8

299,7

603,4

301,1

302,3

Маңғыстау

315,5

156,0

159,5

317,2

156,7

160,5

320,9

158,6

162,3

Павлодар

822,6

393,2

429,4

799,9

381,9

418, 0

784,6

374,1

410,5

Солтүстік Қазақстан

741,8

359,3

382,5

721,3

349,2

372,1

711,0

344,0

367,0

Оңтүстік Қазақстан 

1970,0

971,7

998,3

1980,1

980,5

1005,6

2012,0

9937

1018,3

Астана қаласы

309,3

143,8

165,5

320,3

148,7

171,6

323,3

150,0

173,3

Алматы қаласы

1124,7

511,6

613,1

1132,4

514,8

617,6

1137,7

5174

620,3

Пайыз есебімен

Қазақстан Республикасы

100

48,2

51,8

100

48,2

51,8

100

48,2

51,8

Ақмола

100

48,7

51,3

100

48,6

51,4

100

48,7

51,3

Ақтөбе

100

48,5

51,5

100

48,5

51,5

100

48,4

51,6

Алматы

100

48,9

51,1

100

48,9

51,1

100

49,0

51,0

Атырау

100

49,0

51,0

100

48,9

51,1

100

49,0

51,0

Шығыс Қазақстан

100

47,9

52,1

100

47,9

52,1

100

47,8

52,2

Жамбыл

100

47,6

52,4

100

47,6

52,4

100

47,6

52,4

Батыс  Қазақстан

100

48,3

51,7

100

48,3

51,7

100

48,3

51,7

Қарағанды

100

47,6

52,4

100

47,6

52,4

100

47,5

52,5

Қостанай

100

47,9

52,1

100

47,8

52,2

100

47,8

52,2

Қызылорда

100

49,9

50,1

100

49,9

50,1

100

49,9

50,1

Маңғыстау

100

49,4

50,6

100

49,4

50,6

100

49,4

50,6

Павлодар

100

47,8

52,2

100

47,7

52,3

100

47,7

52,3

Солтүстік Қазақстан

100

48,4

51,6

100

48,4

51,6

100

48,4

51,6

Оңтүстік Қазақстан 

100

49,3

50,7

100

49,4

50,6

100

49,4

50,6

Астана қаласы

100

46,5

53,5

100

46,4

53,6

100

46,4

53,6

Алматы қаласы

100

45,5

54,5

100

45,5

54,5

100

45,5

54,5

 

 

2 диаграмма

Қазақстан Республикасының жастық-жыныстық пирамидасы

Ерлер

 

әйелдер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7-кесте

Қазақстан халқының табиғи өсуі

 

 

 

Туғандардың саны

1997

1998

1999

2000

Барлық тұрғындар

Қазақстан Республикасы

232356

222380

211815

217379

Ақмола

12126

11384

9737

10066

Ақтөбе

10479

10174

 9096

9518

Алматы

23990

23599

 22195

22862

Атырау

8823

8270

  18181

8235

Шығыс Қазақстан

18687

17808

16654

16713

Жамбыл

17210

16358

15382

16692

Батыс  Қазақстан

9116

7945

7034

7530

Қарағанды

18923

18258

16778

16014

Қостанай

13099

12173

10756

10687

Қызылорда

13527

13530

12727

12490

Маңғыстау

6800

6647

5936

6065

Павлодар

10003

9359 .

8729

8732

Солтүстік Қазақстан

9263

8331

7806

7844

Оңтүстік Қазақстан 

45895

43632

44804

45189

Астана қаласы

3187

3388

3605

4430

Алматы қаласы

11228

11524

12395

14312

Қала халқы

Қазақстан Республикасы

112402

112002

106541

112154

Ақмола

4827

4672

4140

4480

Ақтөбе

5425

5052

4549

5197

Алматы

7385

7233

6667

6784

Атырау

5030

4826

4765

5245

Шығыс Қазақстан

9420

9507

8988

9158

Жамбыл

6257

6086

5791

6535

Батыс  Қазақстан

2814

2581

2348

2617

Қарағанды

15316

14964

14139

13856

Қостанай

5736

5488

4952

4842

Қызылорда

8080

8020

7554

7337

Маңғыстау

4915

5127

4314

4458

Павлодар

5721

5703

5398

5554

Солтүстік Қазақстан

2605

2436

2373

2549

Оңтүстік Қазақстан 

14456

15395

14563

14800

Астана қаласы

3187

3388

3605

4430

Алматы қаласы

11228

11524

12395

14312

Ауыл халқы

Қазақстан Республикасы

119954

110378

105274

105225

Ақмола

7299

6712

5597

5586

Ақтөбе

5054

5122

4547

4321

Алматы

16605

16366

15528

16078

Атырау

3793

3444

3416

2990

Шығыс Қазақстан

9267

8301

7666

7555

Жамбыл

10953

10272

9591

10157

Батыс  Қазақстан

6302

5364

4686

4913

Қарағанды

3607

3294

2639

2158

Қостанай

7363

6685

5804

5845

Қызылорда

5447

5510

5173

5153

Маңғыстау

1885

1520

1622

1607

Павлодар

4282

3656

3331

3178

Солтүстік Қазақстан

6658

5895

5433

5295

Оңтүстік Қазақстан 

31439

28237

30241

30389

Астана қаласы

Алматы қаласы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жалғасы

 

 

 

 

Өлгендердің саны

1997

1998

1999

2000

Барлық тұрғындар

Қазақстан Республикасы

160138

154314

145880

148834

Ақмола

10452

10084

9465

9292

Ақтөбе

6820

6717

6322

6722

Алматы

14474

14204

13597

13950

Атырау

4237

3986

4033

3916

Шығыс Қазақстан

20695

19639

18450

18656

Жамбыл

9075

8602

8187

8889

Батыс  Қазақстан

6481

6385

6452

6370

Қарағанды

18937

18082

16356

16622

Қостанай

12373

11955

11504

11555

Қызылорда

4769

4658

4418

4459

Маңғыстау

2588

2439

2322

2410

Павлодар

9413

9053

8369

8343

Солтүстік Қазақстан

9859

9313

8665

8912

Оңтүстік Қазақстан 

14809

14392

13485

13747

Астана қаласы

2948

3054

2832

2932

Алматы қаласы

12208

11751

11423

12059

Қала тұрғындары

Қазақстан Республикасы

99662

96878

91180

93939

Ақмола

5168

5200

4849

4775

Ақтөбе

4413

4127

3928

4274

Алматы

5653

5562

5177

5292

Атырау

2607

2517

2574

2500

Шығыс Қазақстан

13309

12851

12061

12067

Жамбыл

4715

4385

4191

4635

Батыс  Қазақстан

3013

2965

3025

3191

Қарағанды

16459

15791     

14277

14652

Қостанай

6790

6858

6603

6809

Қызылорда

3062

3080

2917

2958

Маңғыстау

2064

2031

1877

1993

Павлодар

5990

5816

5367

5538

Солтүстік Қазақстан

4254

3991

3774

3810

Оңтүстік Қазақстан 

7009

6899

6305

6454

Астана қаласы

2948

3054

2832

2932

Алматы қаласы

12208

11751

11423

12059

Ауыл тұрғындары

Қазақстан Республикасы

60476

57436

54700

54895

Ақмола

5284

4884

4616

4517

Ақтөбе

2407

2590

2394

2428

Алматы

8821

8642

8420

8658

Атырау

1630

1469

1459

1416

Шығыс Қазақстан

7386

6788

6389

6589

Жамбыл

4360

4217

3996

4254

Батыс  Қазақстан

3468

3420

3427

3179

Қарағанды

2478

2291

2079

1970

Қостанай

5583

5097

4901

4746

Қызылорда

1707

1578

1501

1501

Маңғыстау

524

408

445

417

Павлодар

3423

3237

3002

2805

Солтүстік Қазақстан

5605

5322

4891

5102

Оңтүстік Қазақстан 

7800

7493

7180

7293

Астана қаласы

Алматы қаласы

Соңы

 

 

Табиғи өсу

1997

1998

1999

2000

Все население

Қазақстан Республикасы

72218

68063

65935

68545

Ақмола

1674

1300

272

774

Ақтөбе

3659

3457

2774

2796

Алматы

9516

9395

8598

8912

Атырау

4586

4284

4148

4319

Шығыс Қазақстан

-2008

-1831

-1796

-1943

Жамбыл

8135

7756

7195

7803

Батыс  Қазақстан

2635

1560

582

1160

Қарағанды

-14

176

422

-608

Қостанай

726

218

-748

-868

Қызылорда

8758

8872

8309

8031

Маңғыстау

4212

4208

3614

3655

Павлодар

590

306

360

389

Солтүстік Қазақстан

-596

-982

-859

-1068

Оңтүстік Қазақстан 

31086

29240

31319

31442

Астана қаласы

239

334

773

1498

Алматы қаласы

-980

-227

972

2253

 

 

8 кесте

1990-2002 жылдар аралығындағы Қазақстан халқының санының өзгеруінің құрамдас бөліктер

 

Жылдар

 

Жыл басындағы халықтың саны

Өзгерістер

 

Жалпы өсу

Табиғи өсу

Миграциялық өсу

Халықтың жыл соңындағы саны

1990

16313,7

44,5

233,5

-189,0

16358,2

1991

16358,2

93,5

218,9

-125,4

16451,7

1992

16451,7

-25,2

200,1

-225,3

16426,5

1993

16426,5

-91,6

159,4

-251,0

16334,9

1994

16334,9

-378,2

145,3

-523,5

15956,7

1995

15956,7

-280,9

107,4

-388,3

15675,8

1996

15675,8

-195,2

87,2

-282,4

15480,6

1997

15480,6

-292,4

72,2

-364,6

15188,2

1998

15188,2

-230,4

68,1

-298,5

14957,8

1999

14957,8

-61,7

65,9

-127,6

14896,1

2000

14896,1

-54,2

68,6

-122,8

14841,9

2001

14841,9

-21,0

68,6

-89,6

14820,9

2002

14820,9

 

          Жоғарыда көрсетілген 1-2 және 6-7 кестелердің деректеріне сүйенсек Қазақстан Республикасының халқының саны 1992 жылға дейін артып 16451,7 мың адамға жеткен. Содан кейін бұрынғы КСРО-ның ыдырап одақтас Республикалардың арасындағы шаруашылықтық байланыстардың үзілуінен туындаған экономикалық дағдарыстың салдарынан елімізде мекендеген орыс, неміс, украин, белорус сияқты басқа ұлт өкілдерінің тарихи отандарына көшуіне байланысты халықтың саны бірден кеміп, жаппай сыртқа көшу белең алғандықтан 1994 жылы халықтың жалпы  өсуінің ең төменгі кері көрсеткіші –378,2 мың адамға жетті.

          1992-2006 жыл аралығындағы Қазақстандағы 1000 адамға шаққандағы туудың жалпы коэффициенті 22,1 ден 14,6 дейін кеміді, бірақ соңғы 5-6 жылда еліміз ұстанған мемлекеттік демографиялық саясатқа, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының артуына байланысты туудың біртіндеп артуы байқалуда. Қазақстан Республикасының аумағы 2724,9 мың км2 болғандықтан халықтың орташа тығыздығы 5,5 адам /3/.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3 Халықтың тууы мен өліміне экономикалық-географиялық талдау

 

          Халықтың тууына экономикалық-географиялық талдау. Қазақстан Республикасының халқының санының артуына табиғи өсу тікелей әсер етеді. Оның төмендеуі туудың кемуімен тығыз байланысты.

          Қазақстан Республикасында 1996 жылы әр 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткіші 22,10/00 болды. 1995 жылы ол 17,20/00. 1957 жылы 15,20/00, ал 2000 жылы туу коэффициенті 14,60/00  дейін келіп кетті /17/.

          Туудың ең жоғарғы коэффициенті Оңтүстік Қазақстан (22,50/00) Қызылорда (20,70/00) облыстарында тіркелген. Туудың ең төменгі көрсеткіші Солтүстік Қазақстан (11,00/00), Павлодар (11,10/00) облыстары мен Алматы (12,60/00) Астана (13,70/00) қалаларында тіркелген.

          Туудың жалпы көрсеткішінің артуы ауыл тұрғындарының есебінен артуда. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің деректеріне сай 1997 жылы қалалардағы әр мың адамға шаққандағы туудың жалпы көрсеткіші 13,10/00 болса ал ауылдың жерлерде ол көрсеткіш 17,70/00 болды. Айырмасы 4,60/00 құрады. 1998 жылы қала мен ауылдың туудың жалпы көрсеткішнің айырмасы –3,30/00, 1999 жылы –3,20/00 ал 2000 жылы –2,50/00 құрады. Қорыта айтқанда қалалармен қатар ауыл тұрғындарының арасында туудың жалпы көрсеткішінің келуі байқалады. Қала тұрғындарының арасындағы туудың төмендеуі әр мың адамға шаққанда 12,80/00 болса 2002 жылы ол көрсеткіш 13,50/00 дейін көтерілді. 1999 және 2000 жылғы туудың көрсеткіші 16,0 тең болды.

          1992 жылдан басталған экономикалық дағдарыстың нәтижесінде халықтың әл-ауқаты мен өмір сүру деңгейінің құлдырауы демографиялық жағдайға да нұқсан келтіліп туу күрт төмендеді.

          1992 жылы дүниеге келген балалардың саны 337,6 мың болса, 2000 жылы 215,2 мың адамды құрап ол көрсеткіш 122,4 мыңға дейін кеміді. Туудың кемуі Қазақстанның барлық облыстарында байқалуда. (5 кесте). Оның себебін жанұяның өзінен және олардың өмір сүруіне әсер ететін сыртқы жағдайлардан іздестіру қажет. Қазіргі кездегі жанұя балаларға экономикалық тұрғыдан қызығушылық тудыруда. Өйткені дүниеге келген әрбір бала жанұяның деңгейін төмендетіп, үйдегі жұмысқа көп уақытты бөлуді қажет етеді. Балаларды күтіп тәрбиелеу үшін әйелдердің үйде көп еңбек етуіне тура келеді /18/.

          Туудың төмендеуіне шаруашылықтық-тұрмыстық факторда күшті әсер етеді. Атап айтсақ тұрғын үй мәелесі туудың артуын жетеп қана қоймай жанұяның қалыпты қызметі мен тұрақтылығына да әсер етеді.

          Қазақстан Республикасының халқының басым бөлігін 3-4 адамнан тұратын жанұялар, шамалы  бөлігін 8-9 адамнан тұратын жанұялар құрайды.

          Еліміздегі экономикалық және саяси мәні бар түйінді мәселелер адамдарға мемлекеттарапынан көрсетілетін қамқорлықты ығыстырмауы тиіс.

          Неке мен жанұяның құндылықтарын жоғалтуға болмайды. Қазіргі кезең де адамдарға, көп көңіл бөлініп олардың бақытты да жарқын болашағына баса назар аудару қажет. Халықтың табиғи өсуін арттыру үшін жастарды аз қамтамасыз етілген жанұяларды қолдайтын демографиялық саясат ұстанып, ана мен баланы қорғау мәселесі мемлекет тарапынан дұрыс жолға қойылуы қажет.

          Халықтың өліміне экономикалық-географиялық талдау. 1987 жылдан бастап ауылда, ал 1988 жылдан бастап қалаларда балалар өлімінің арту үрдісі байқала бастады. Тұтас алғанда 1970-1988 жылдар аралығында әр мың адамға шаққандағы 1 жасқа дейінгі балалардың өлімі 25,8 ден 29,80/00 дейін артты. 1997 жыллы 24,9, 1999 жылы 20,7 ал 2000 жылы 19,20/00 дейін төмендеді. Қазіргі кезеңде бір жасқа дейінгі балалардың өлімінің біршама кемігеніне қарамастан дүниежүзінде 35 орын алады. Бүгінгі таңдағы балалар өлімінің төмендеуін туудың азаюымен түсіндіруге болады /19/.

          2000 жылғы балалар өлімінің әр мың балаға шаққандағы ең жоғарғы көрсеткіші Павлодар, (26,40/00) және Маңғыстау (25,80/00) облыстарында байқалды. Ең төменгі көрсеткіші Алматы облысында (13,60/00) Астана (14,90/00) Алматы (13,60/00) қалаларында тіркелді. Қазіргі кезеңде бір жасқа дейінгі балалардың өлімінің төмендеу үрдісінің артуы байқалуы жалғасуда. Шамамен әрбір екінші баланың өлімі тыныс алу мүшелерінің аруы мен іште жатқанда дұрыс жетілмеуінен туындайтын аурулардан өледі. Бұл аурулар дың пайда болуына қолайсыз экологиялық жағдайлар әсер етеді. 1997 жылғы өлімінің деңгейі әр 100000 адамға шаққанда 76,9 құрады. Облыстардың шегінде  аналардың өлімінің ең жоғарғы көрсеткіші. Шығыс Қазақстан облысында (146,2) және Алматы облысында (134,3) ең төменгі көрсеткіші Маңғыстау (44,9) Қызылорда (39,3) облыстарында байқалды.

          Аналардың өлімінің құрылымында жасанды түсік тастау (21,5%) ішкі ағзалардың әртүрлі аурулары жатыр сыртындағы жүктілік. Қазақ әйелдерінің 70% қаназдықтан зардап шегуде. Оның өзі жүктілікке әсер етеді.

          Бүгінгі таңда ересек адамдардың арасында әсіресе ауыл тұрғындарының артуы белең алуда.

          Қазіргі кезеңдегі адам өліміне әсер ететін әлеуметтік аурулардың қатарына құрт (туберкулез) бруцеллез, асқазан-ішек, буын-сүйіек, қатерлі ісік ауруларын жатқызуға болады. 2000 жылы әр 1000 адамға шаққанда өлім 10,00/00 құрады. Өлімнің ең жоғарғы коэффициенті Солтүстік Қазақстан (12,50/00) Шығыс Қазақстан (12,30/00) облыстарында байқалды. Ал ең төменгі коэфициенті Оңтсүтік Қазақстан облысында (6,80/00) Астанада (9,10/00) , Алматыда (10,60/00) тең болды /20/.

          1997 жылы 1991 жылмен салыстырғанда 1996 жылмен салыстырғанда 5890 ағам кем 31562 адамға артық, яғни 160138 адам қайтыс болды. 1998 жылы 154340, 1999 жылы 145880. Адам қайтыс болды 1997 жылмен салыстырғанда 1999 жылы  14358 адамға келгенімен 2000 жылы 14834 адам өліп, 1999 жылмен салыстырғанда 2954 адамға артты.

          Қазақстан Республикасындағы адам өлімінің 47,5%. Қанайналу жүйесінің аурулары, 12,7% жаңадан пайда болған аурулар, 13,9% улану мен апат салдарынан болатын бақытсыз жағдайлар 8,6% тыныс мұшелерінің аурулары мен қолайсыз экологиялық жағдайлар әсер етеді.

          2001 жылғы дерек бойынша еліміздің халқының орташа жасы 65,6 жыл. Әйел адамдардың орташа жасы 71,1 ал еркектерде 60,7 жыл. Ерлер мен әйелдердің орташа жастарының айырмасы 10,9 жыл.

          АҚШ-та ерлердің орташа жасы 73, ал әйелдердікі 75, Германияда 73,3, әйелдердікі 79,9. Жапонияда ерлердікі 76,4, әйелдердікі 82,5 жыл. Салыстыру деректеріне талдау жасасақ дамыған елдерге қарағанда Қазақстанның әйелдері 3-11 жыл, ал ерлер 14-21 жыл кем өмір сүреді.

 

 

 

 

 

 

 

2.Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістердің түйінді мәселелері мен даму болашағы.

2.1 Қазақстан халқының табиғи өсуі

 

          1991-2001 жыл аралығында табиғи өсу 1261,6 мың адамды құрады. Соның ішінде 378,7 млн. немесе 30% қалаларда, 882,9 млн. немесе 70% ауылдық жерлерде дүниеге келді.

          2001 жылы еліміздің аумағындағы табиғи өсу 1000 адамға шаққанда 4,60/00 құрады. Табиғи өсудің көрсеткіштері 8 кесте мен 2,3 суретте көрсетілген /21/.

          2001 жылғы табиғи өсу 68,6 мың адамды құрады. 2001 жылы 2000 жылмен салыстырғанда 1178 бала дүниеге келді. Ал балалар өлімі керсінше 1265 кеміді. 2001 жылғы табиғи өсуге әсер ететін қолайлы фактордың бірі үйленген жастардың саны 2000 жылмен салыстырғанда 1000 адамға артық. Үйлену 0,2%, өлімнің 0,2% артуы жатады.

          Қолайсыз факторға ажырасудың 0,2% артуын атауға болады.

          1999 жылғы санағының деректеріне сай Қазақстан Республикасында 130 тарта ұлттар мен  ұлыстардың өкілі тұрады. 2006 жылғы 58,6% Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің деректері бойынша 2006 жылы еліміздің халқының саны 15219291 адамға жетті оның 8913315 немесе 58,6% қазақтар, 3979322 немесе 26,1% орыстар құрайды. Басқа ұлттар 16,3% құрайды.

 

 

 

 

 

 

 

9 кесте

Қазақстан Республикасы халқының 1991-2001 жыл аралығындағы әр 1000 адамға шаққандағы табиғи қозғалысының қарқыны

 

Туу

Өлім

Сәбилердің өлімі

Табиғи өсу

неке

ажырасу

Миграциялық өсу

1991

21,5

8,2

27,4

13,3

10,1

3,0

-з,о

1992

20,5

8,4

26,0

12,1

8,9

3,0

-10,9

1993

19,3

9,5

28,3

9,8

8,8

2,7

-13,6

1994

18,9

9,9

27,2

9,0

7,5

2,7

-25,4

1995

17,5

10,7

27,3

6,8

7,3

2,4

-15,1

1996

16,3

10,7

25,4

5,6

6,6

2,6

-11,3

1997

15,2

10,4

24,9

4,8

6,6

2,3

-17,0

1998

14,8

10,2

21,6

4,6

6,4

2,4

-13,5

1999

14,2

9,8

20,7

4,4

5,8

1,7

-8,6

2000

14,6

10,0

19,6

4,6

6,1

1,8

-8,3

2001

14,6

10,0

19,4

4 6

6,3

2,0

-6,4

 

2-диаграмма

1991-2001 жыл аралығындағы Қазақстан халқының табиғи қозғалысының жалпы коэффициенті

туғандар

 

 

өлгендер

 

 

табиғи өсу

 

          10 кесте

Қазақстан Республикасының халқының 1999-2002 жыл аралығындағы ұлттық құрамы

 

Жылдар

 

 

 

 

Мың адам

Халықтың жалпы өсуі пайыз есебімен

Халық санағының деректері бойынша

2002 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша

Халық санағының деректері бойынша

2002 жылғы 1 қаңтардағы дерек бойынша

1989

1999

1989

1999

Барлық халық

16199,2

14953,1

14820,9

100,0

100,0

100,0

қазақтар

6496,9

7985,0

8266,4

40,1

53,4

55,8

орыстар

6062,0

4479,6

4196,5

37,4

30,0

28,3

украиндар

875,7

547,1

495,4

5,4

3,6

3,3

өзбектер

331,0

370,7

390,8

2,0

2,5

2,6

немістер

946,9

353,4

272,6

5,9

2,4

1,8

татарлар

320,7

249,0

237,2

2,0

1,7

1,6

ұйғырлар

181,5

210,3

217,1

1,1

1,4

1,4

белорустар

177,9

111,9

101,2

1,1

0,7

0,7

Кәрістер

100,7

99,7

98,8

0,6

0,7

0,7

әзербайжандар

89,0

78,3

81,3

0,6

0,5

0,6

түріктер

49,5

78,7

80,9

0,3

0,5

0,6

Басқа ұлттар

567,4

389,4

382,7

3,5

2,6

2,6

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

11 кесте

2006 жылдың 1 қаңтарына халықтың ұлттық құрамы

 

Барлық халық

15219291

100,0

Соның ішінде:

 

 

Қазақтар

8913315

58,6

Орыстар

3979322

26,1

Украиндар

448807

2,9

өзбектер

428904

2,8

Немістер

222711

1,5

Татарлар

229644

1,5

Ұйғырлар

229781

1,5

Белорустар

92299

0,6

Корейлер

101723

0,7

Әзірбайжандар

87851

0,6

Түріктер

85240

0,6

Басқа ұлттар

399694

2,6

 

12 кесте

Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы халықтың жыныстық құрамы

Облыстар

әйелдер

ерлер

Қазақстан Республикасы

51,8

48,2

Ақмола

51,3

48,7

Ақтөбе

51,6

48,4

Алматы

51,0

49,0

Атырау

51,0

49,0

Шығыс Қазақстан

52,2

47,8

Жамбыл

52,4

47,6

Батыс Қазақстан

51,7

48,3

Қарағанды

52,5

47,5

Қостанай

52,2

47,8

Қызылорда

50,1

49,9

Маңғыстау

50,6

49,4

Павлодар

52,4

47,6

Солтүстік Қазақстан

51,6

48,4

Оңтүстік Қазақстан

50,6

49,4

Астана қаласы

53,6

46,4

Алматы қаласы

54,5

45,5

 

1999 жылмен салыстырғанда  қазақтардың саны 2006 жылы  928315 адамға немесе 5,2% артты, орыстар керісінше 500278 адамға немесе 2,9% кемиді.

          Қазақстан Республикасының ұлттық құрамының өзгеру қарқыны 10 кестеде берілген.

          Қазақстан Республикасының халқының жастық құрамына демографиялық және әлеуметтік-экономикалық факторлардың ықпалының әсерінен қалыптасады.

          Статистика агенттігінің 2006 жылғы 1 қаңтардағы деректеріне сай әйелдердің саны 7894511 немесе 51,9% құрайды. 2001 жылдың бірінші қаңтарындағы мен салыстырғанда әйелдер 206011 адамға артқан.

          Ерлердің саны 7324780 адам немесе 48,1% құрады. 2001 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 192382 адамға артқан.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2. Қазақстан Республикасының түйінді мәселелері

 

Қазақстан Республикасындағы қазіргі демографиялық жағдай. 1991-2006 жыл аралығында Қазақстан республикасында 3,3 млн адам дүниеге келді. Соның ішінде қалада 1540 мың адам немесе 48% ауылды жерде 1760 мың немесе 52% дүниеге келді. 1991-2001 жыл аралығында 1514,5 мың ұл бала (51,5) және 1426,6 мың қыз (48,5) дүниге келді. Соның ішінде 727,2 мың ұл мен 684,8 мың қыз қалада 787,3 мың ұл мен 742 мың қыз ауылды жерлерде дүниеге келді. 2001 жылғы туудың жалпы коэффициенті ауылды жерлерде әр мың адамға шаққанда 16,0%, қалалық елдімекендерде 14,6% құрады.

          2002 –2006 жыл аралығындағы Қазақстан Республикасы өкіметінің бағдарламасының кезеккүттірмейтін мәселесінің бірі демографиялық үрдістердегі кері үдерістер мен  сыртқы миграцияны азайтып, еліміздің халқының санын арттыру бағытындағы саясат ұстану болып табылады /23/.

          Бұл саясат республикамыздың даму болашағы мен ұлттық қауіпсіздігін арттыруда ерекше орын алады.

          Қазіргі уақытта демографиялық депрессия әліде жалғасуда осыған орай Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің деректеріне сүйенсек 2006 жылғы еліміздің халқының саны 1991 жылмен салыстарғанда 1290709 мың адамға келіп кеткен.

          Статистикалық деректерге сүйенсек 2001-2006 жыл аралығында  табиғи өсудің миграцияның әсерінен орта есеппен жылына 77220 адалға артып, отыру үрдісі байқалуда. Табиғи өсу осы қарқынмен артқан жағдайда халық санының 1992 жылғы деңгейіне әліде шамамен 10-12 қажет болады.

          Соңғы 10 жылда халықтың санының кемуіне байланысты күрделі демографиялық жағдай қалыптасты. Өкімет тарапынан жүргізілген халық санын арттыру бағытындағы демографиялық саясаттың, халықтың әл ауқатының артуына орай 2001-2006 жылдардың аралығында халықтың табиғи өсуінің арту үрдісі байқалып демографиялық депрессия тоқталды. Әлеуметтік-экономикалық ахуалдың артуы тұтас алғанда халықтың әл-ауқаты көтеріліп, жан басына шаққандағы тұтынуды арттыруда. Жан басына шаққандағы тұтыну деңгейінің тұрақты түрде артуы арнайы факторларға немесе елдің ресуртарының базасына, халықтың санының технологиялық және ақша-қаржы қорларының, өңдеуге қолайлы товарларды өндіру мен қызмет көрсету деңгейінің көрсеткіштерінің артуы, эко-жүйелерінің күйі әсер етеді. Қорыта айтқанда қазіргі кезеңде елдің саяси тәуелділігі ғана емес жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің артуы мен қатар елдің екі стратегиялық қорлары физикалық (негізгі өндірістік қорлар мен өңдеуге дайын шикізат пен сонымен қатар  айналымдағы ақша қорлары) және адамның дамуының үйлесімді әрекетінің артуыда әсер етеді /24/.

          Өкімет жоғарыда аталған екі стратегиялық қордың әрқайсысының ықпалын ескере отырып әлеуметтік-экономикалық саясат жүргізуі тиіс. Ол үшін адам ресурсының қарқындылығын ынталандыратын саяси, және әлеуметтік-экономикалық сипаттағы іс шараларды жүзеге асыру қажет. Қазақстан Республикасындағы 1998 жылғы жалпы ішкі өнім 1990 жылғының 39% құрады.

          Жалпы ішкі өнімнің салыстырмалы көрсеткіші 1991-1998 жылдардың аралығында жоспарлы экономиканың ыдырап еркін саудағы негізделген нарықтық экономикаға өтуіне сай терең депрессия болғанын көрсетеді. Өндірістің дамуының терең құлдырауын тоқтатып ел экономикасындағы өрлеуді қамтамасыз ету біршама ұзақ уақыт қажет.

          1997-1998 жылдар аралығындағы өндірістің құлдырап экономикалық дағдарыстың тууына төмендегі-факторлар әсер етті:

  • бұрынғы КСРО-ның құрамына енген тәуелсіз мемлекеттердің арасындағы шаруашылықтың байланыстардың үзілуі;
  • негізгі өндірістік қорлардың техникалық тұрғыдан ескіруі;
  • өндірісті ұйымдастырумен басқарудың нарықтық жүйесін толық меңгерілмеуі;
  • товар-ақша қатынасының дұрыс жолға қойылмауы;
  • бұрынғы кеңестік мемлекеттерде өндірілген өнімдердің бәсекелестікке шыдамай оларды шетелдік товарлардың ығыстыруы; /25/
  • өндірістік орындарының жаппай тоқтауына байланысты жұмыссыздық белең алып халықтың әл ауқатының төмендеуі.

Өндірістің құлдырау жағдайында Қазақстанда 1998 жылы еңбекке жарамды халықтың қарқынды бөлігінің 7% шаруашылық салаларында еңбек етті. 1994 жыл мен салыстырғанда  жұмыссыздық 1,7 есе артып аталған уақыт аралығында жұмыссыздар саны 388,6 мыңға артты. 1995 жылы шаруашылықтың барлық салаларында халықтың 41,8% еңбек етсе 1998 жылы 41% еңбек етті. Халықтың еңбекке жарамды қарқынды бөлігінің 73,4% 1998 жылы 72,3% шаруашылық салаларында еңбек етті.

Қазақстандағы демографиялық үрдістердің негізгі түйіткілді мәселелері бұрынғы КСРО-ның ыдырауына байланысты қазіргі ғаламдану кезеңінде нарықтың экономикаға өтуге, бұрынғы одақтас республикалардың арасындағы өндірістік байланыстардың үзілуі саяси және әлеуметтік-экономикалық дағдарыстар нәтижесінде  Украина, Тәжікстан, Грузия, Ресей, Азербайжан, Өзбекстан, Қырғыстан Республикаларында ұлтаралық наразылықтар туындатты. Аталған қиындықтар қоғамды байлар мен кедейлерге жіктеп, босқындардың санының артуына әкеп соқтырады.

Нәтижесінде қоғамда әлеуметтік-экономикалық және саяси дағдарысты жағдайлар туындады.

Біріншіден халықтың экономикалық дағдарыстың салдарынан халықтың материалдық тұрғыдан кедейленуінің әсерінен азық түлік емес товарларға жұмсалатын шығын 38,9 дан 22,9% дейін кеміді. Ұзақ пайдаланылатын товарлардың тозуы түйінді мәселелердің біріне  айналды. Екіншіден өндірістің тоқтауы жұмыссыздықпен жұмыс істейтін адамдардың кедейленуіне әкеп соқтырды. Адамдардың материалдық тұрғыдан кедейленуі жұмыстан айырылуына байланысты туындап, әлеуметтік оқшаулануды тереңдетті.

Кедейлендірудің бұл түрі жұмыссыз ретінде тіркелумен ғана шектелетіндіктен статистикалық жұмыссыздыққа әсер етпейді. Оның деңгейі 1994 жылы 0,8% құрады.

1993-1994 жылдар аралығында халық шаруашылығында еңбек ететін адамдардың саны 354700 адамға кемігенімен тіркелген жұмыссыздардың саны небары 52223 адам болд /26/.

Халықтың экономикалық қарқынды бөлігіндегі үй шаруашылығымен айналысатындардың саны 1991 жылы 9% тен 1993 жылы 17,8% дейін артып 1246800 адамға жетті. Аталған деректерге талдау жасайтын болсақ тіркелген жұмыссыздар 52223 болғанымен жүздеген мың адам жұмыс іздеп жүрді.

1994 жылы қаңтар-шілде аралығында жұмыссыз ретінде еңбекпен қамтамасыз ету қызметінен көмек сұрағандардың 34,5% ғана жұмыспен қамтамасыз етіледі. Осыған орай жұмыс істемейтін азаматтар табысты қайдан алады деген мәселелер туындады. Алматы қаласында жүргізілген әлеуметтанулық зерттеулер еңбек нарқындағы кездейсоқ жұмыстардан табатынын анықтады. Онда жұмысқа талдау ырықтандырылмаған жұмыс берушілер еңбекпен қамтамасыз ету қызметінде тіркеу деп қашатынын, және жұмыс берушінің еңбек ақы төлеуді кешеуілдетенінін көрсетті. Сауалнама жүргізгендердің ішінде жоғары орта арнайы және орта кәсіби білімді адамдар болды. Олардың көбі өтпелі кезеңде ұлттық экономикаға қажетсіз болып табылғандықтан байқалмайтын жұмыссыздардың қатарын толықтырды. Олардың басым бөлігін мемлекеттік өнеркәсіп кәсіпорындарының жұмысшылары мен инженер-техниктері құрады. Өнеркәсіптік өндірісте еңбек қорларының артықтығы әліде байқалуда.

1994 жылы 1993 жылмен салыстырғандағы жалпы ішкі өнім 26,9% кеміді. Осыған орай 1990 жылдардың ортасы мен соңына қарай Қазақстанда жұмыс істейтін кедейлер қалыптаса бастады. Олардың саны жылдан жылға арта берді. Еңбек ақы ретінде өндірілген өнім төлеу белең ала бастады.

1993-1998 жылдар аралығында өндірістің тоқтап экономикалық депрессияның күшеюінің салдарынан ауылды жерлермен ескі өндірістік қалалардан халықтың төменде көрсетілген категорияларының жаппай көшу үрдісін тудырды:

  1. Әлеуметтік салаларды қаржыландырудың тоқтатылып, бұрынғы салалық жіктелудің өзгеруіне байланысты мұғалімдердің, дәрігерлердің, басқа да зиялы қауым өкілдерінің ауылдық жерлерден көшуі белең алды.

          Жаппай көшу ауыл халқына мәдени және әлеуметтік қызмет көрсетуді қиындатты. Ол ауыл халқының мәдени біліктілік қуатын қалыптастыру деңгейімен болашақта еңбек нарқындағы бәсекелестік қабілетін төмендету қаупін тудыруда.

          Халықтың 1993-1994 жылдар аралығында өндірістік салада еңбек ететін бөлігі 11,8% соның ішінде ғылым мен мәдениетте еңбек ететіндердің саны 14,5% кемиді. Өндірістік емес салада еңбек ететіндердің еңбек ақысының төмен болуы қызметкерлердің басқа салаларға ауысу үрдісін тудырды.

  1. Қазақстаннан білікті мамандардың тарихи отандарына көшуі экономиканың ғылым мен мәдениеттің дамуына, нарықтық қатынасқа өту кезеңінде халықаралық еңбек бөлінісіндегі алатын орынына азап кедергі келтірді.
  2. Ауылды жердегі өндіріс орындарының тоқтауының салдарынан облыс орталықтары мен Алматы, Астана, Қарағанды сияқты ірі қалаларға ауыл тұрғындарының жаппай қоныс аударуы ірі қалаларың жалған урбандануын арттырып олардың маңында тұрмысы төмен кедей адамдар қоныстанған Айгерім, Шаңырақ, Бақай сияқты барақ текті үйлері басым мөлтек аудандар пайда бола бастады /28/.

          Ауылдан қалаға көшу-қарқынының артуы бұрынғы ауыл тұрғындарының кедейленуін одан ары арттырып мектептің, аурухананың, басқада әлеуметтік инфрақұрылымдардың болмауы сияқты түйінді мәселелер туындатты.

  1. Ел ішіндегі миграцияның адамдардың кедейлену мәселесімен күресу қабілетінің болмауынан кедейленуді одан ары тереңдетті.

          Әлеуметтік болжамдарға сүйенсек ішкі миграцияның күшеюі тұрақты қонысы жоқ үйіз-күйсіз адамдардың санын арттыру қаупін тудыруы мүмкін. Сондықтан қазіргі кезеңнің ең түйінді демографиялық мәселесінің бірі Қазақстан халқын сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады. Ипотека мен салынып жатқан қазіргі үйлердің көбі қарапайым халықтың қалтасы көтере алмайды.

  1. Студенттердің степендияға өмір сүру мүмкін болмағандықтан комерциялық құрылымдарда бос уақытында еңбек етуі сапалы білім алып білікті маман ретінде қалыптасуына кері әсер етуде.
  2. Мүмкіндіктері шектеулі мүгедектерді еңбекпен қамтамасыз ету ісінің дұрыс жолға қойылмауы оларға деген қамқорлықты күшейтуді қажет етуде.

          Халықтың әлеуметтік ресурстары өз жағдайларын жаңартып қиындықты жеңуге төменде көрсетілген әлеуметтік факторлар әсер етуде.

  1. Адамдардың біртіндеп кедейленуге қарсы тұрып жеңе білетіндей өмірлік тәжірибелер жинақтауы нәтижесінде денсаулығымен интеллектуалдық дамуына кедергі келтіргеніне қарамастан орта жағдайына бейімделуі /29/.

          Адамдардың іс-әрекетін екі топқа бөліп қарауға болады. Олар енжар және қарқынды іс-әрекеттер. Енжар іс-әрекетте күнделікті қажетті азық-түлікпен киімге жұмсалатын қаржыны үнемдеумен шектеледі. Ал қарқынды іс-әрекетте күнделікті тұтынатын заттар мен азық-түлікті өздері өсіріп үй шаруашылығына қажетті бұйымдарды өздері даярлайды. Әйелдер көше саудасына белсене араласады.

  1. Жанұя институтында өмірлік іс-әрекетінде жеке құндылықтардың артуының байқалуы әлеуметтік сауалнама барысында жанұя мүшелерінің жеке жауапкершілігінің артқаны, кедейленуге қарсы қарқынды түрде күрес жүргізу күшейіп келеді.
  2. Адамдардың өзінің мәдени-кәсіби күш қуаты мен қабілетін кәсіпкерлікті дамыту ісіне жұмылдыру артуда. Бұлар әсіресе шетелдерден білім алған адамдардың арасында айқын байқалуда. Сонымен қатар өз ісін дамытуға туыстық байланыстарды кеңінен тарту арқылы жақсы таныстары мен туыстарына сүйену үрдісі байқалуда.
  3. Жылжымайтын мүліктерге ие болып, оларды нарықтық айналысқа енгізу кеңінен таралғанымен оның пайдасын аз ғана әлеуметтік топтар көруде. Бірақ солардың ішінде тұрғын үй нарқы ғана Қазақстан халқына жақсы табыс әкелетін нарықтық тетік болып қалуда.
  4. Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік экономикалық ахуалдың төмендеуі орыстар мен украиндар, немістер, беларустардың тарихи отанына жаппай сыртқа көшу үрдісін күшейтті.

          Қазақстаннан көшкен эмигранттардың басым бөлігі Германияға, Израильге, Грецияға, АҚШқа,, Ресейге, Украин мен Беларусияға қоныс аударуда. 1989-1993 жылдар аралығында елімізден 350 мың неміс Германияға қоныс аударды /30/.

          Сыртқа қоныс аударғандардың орынын Ресей, Өзбекстан Монғолия мен Қытайдан Ауғаныстаннан көшіп келген оралмандар басуда. 2001-2006 жылдар аралығында табиғи өсумен қатар сырттан көшіп келген оралмандардың есебінен қазақтардың саны 900 мыңға дейін арту үрдісі байқауда.

          Қазақстан Республикасының халқының өсуіне әсер ететін маңызды фактордың бірі табиғи жолмен тұрақты түрде ұрпақ алмасу нәтижесінде жүретін ұдайы өсу болып табылады. Ұдайы өсуге үрдісіне әлеуметтік-экономикалық жағдайлар әсер етеді. Тууға әйелдердің қоғамдағы орыны, олардың оқуға қоғамдық еңбекке тартылу дәрежесімен материалдық жағдайы мен ертеңгі күнге деген сенімділік пен мемлекеттің қақорлығы әсер етеді. Сонымен қатар ұлттық дәстүрмен ұстанатын діни сенім-нанымыда әсер етеді.

          Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық жағдайға сай туу біртіндеп төмендеп бара жатыр. Оған өмір сүру деңгейінің төмендеуімен қатар екінші дүниежүзілік соғыс кезінде дүниеге келгендердің санының аз болуына сай сол кезеңде дүниеге келген ұрпақтың фертильді жасқа келуі сияқты бірқатар факторлар әсер етеді /31/.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Қазақстандағы демографиялық үрдістердің даму болашағы

 

          Қазақстан Республикасында халықтың табиғи өсуі 1993 жылға дейін артқанымен 1994 жылдан бастап сыртқы миграцияның күшеюіне байланысты күрт кеміп теріс сальдо миграция байқалды. 1999 жылы ол көрсеткіш – 1259 мың адамға жетті. 1999 жылғы халық санағының деректері бойынша еліміздің халқының саны 14957,8 мың адамды құрап, 1989 жылмен салыстырғанда 1235,8 мың адамға кеміп болды.

          Қоғам өмірінің негізгі параметрлерін көтеруге отандық экономиканың тұрақты дамуының алғышартын қалыптастырған жағдайда ғана қол жеткізуге болады.

          Қазіргі кезеңде Қазақстан кезек күттірмейтін міндеттердің бірі ретінде аумақтың тұтастығын, экономиканы  тұрақтандыру, азаматтық келісім мен зайырлы мемлекет ретінде қалыптасу ұлтаралық келісімлі қамтамасыз ету болып табылады.

          Мемлекеттің алдындағы демографиялық түйткілді мәселелерді шешу 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының қоршаған орта жөнінідегі конференциясы Рио-де-Жанейро қаласында қабылданған тұрақты даму тұрғысынамасына сәйкес жүзеге асырылуда.

          Рио-де-Жанейро декларациясының қағидаларында мемлекеттерді қазіргі кезеңнің ғаламдық талаптарын жүзеге асыруға бағдарлайтын ережелер бар.

          Қабылданған тұрақты даму тұғырнамасында қоршаған ортаны біздің қоғамның құрамдас бөлігі ретінде тануға негізделген. Сондықтан экологиялық қауіпсіздікпен адам қоғамын дамыту мәселелері мемлекет үшін тұрақты дамуды қамтамасыз ететін басым бағыттардың бірі болуы тиіс /32/.

          Тұрақты дамудың басты астарларына:

  1. Адамдарды үздіксіз дамытуға баса назар аудару;
  2. Күнделікті тұтынуды дамытуды көздейтін экономикалық;
  3. Кедейшілікті жеңуді көздейтін әлеуметтік;
  4. Қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғауды көздейтін экологиялық.
  5. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы тиімді заң намаларды қабылдауды көздейтін, құқықтық;
  6. Мемлекеттер мен халықтардың арасындағы ынтымақтастықтың жаңа деңгейін құруды көздейтін халықаралық;
  7. Қоршаған орта мен дамудың тұтас ғаламдық жүйесін құруды көздейтін ғаламдық астарлары жатады.

Бірақ тұрақты даму терминінің нақты анықтамасы жоқ. Болғанымен оның қағидаттары жасалуда. Ол болашақ ұрпаққа зиянын тигізбейтін әрбір әлеуметтік топтардың қажеттіліктері мен қызығушылықтарын теңестіре отырып, қоғам мен табиғаттың үйлесімді әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады.

Тұрақты дамудың қағидаларына сәйкес қазіргі әлемдік қауымдастықтың ұстанымына сай тұрақты дамуға өту үшін Қазақстан өз тұғырнамасын жасады. Аталған тұғырнама елдің күрделі дағдарыстан, тұрақты дамуға өтіп бірқалыпты қызметін қамтамасыз етуді көздейді.

Қазіргі кезде Қазақстан үшін демографиялық дағдарыстан өтуге бағытталған, ұлтаралық татулықты қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарлама қажет. Еліміздің тұрақты дамуында адам ресурсы жетекші орын алатын негізгі компонент болып табылады.

Елімізде қазақстардан басқа 100 астам ұлт мекендейтіндіктен көп ұлтты мемлекет болып саналады.

Ұлтаралық келіспеушіліктің өзін ақылға салып шешу қажет /33/.

Ұлтаралық келісім, әлеуметтік әріптестік пен ынтымақтастық түбегейлі экономиканың реформаны жүзеге асыруға, азаматтық қоғамның демографиялық институттарын құруға жол ашатын маңызды фактор болып табылады.

Мемлекеттің әлеуметтік саясатының негізгі мақсаты халықтың өмір сүру деңгейін төмендетпеу. Кезек күттірмейтін бастапқы мәселенің бірі жұмыссыздықтың деңгейі мен кедейлікті төмендетіп, халықтың нақты табысын арттыру.

Қазақстан халқының орташа жасы. 1990 жылдардың бірінші жартысында халықтың орташа жасы қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайға сай төмендеп, 1990 жылдың екінші жартысының соңына қарай қайта арту үдерісі байқала бастады.

Эмпирикалық зерттеулердің қорытындыларына сай халықтың денсаулығының жағдайы мен жасының ұзақтығының 51,2% өмір салтына, 20,4% адамның биологиялық деректері мен тұқымқуалауына, 19,9% қоршаған орта жағдайына, 8,5% денсаулық сақтаудың даму деңгейіне байланысты екенін көрсетті. Туған күннен бастап күтілетін өмір сүру ұзақтығы адамның дамуын айқындайтын денсаулық сақтау жүйесінің тиімділігіне, жекегелеген топтардағы мінез құлықтың жағдайды қамтитын біртұтас кешенді көрсеткіштердің интегралдық мәнін қамтиды.

Интегралдың мәнінің көрсеткіштері демографиялық, әлеуметтік және экологиялық факторларға жіктеледі. Бірінші демографиялық факторға халықтың миграциясы жастық жыныстық құралы, жанұялық-некелік қатынастар, этникалық құрамы, репродуктивтік мінез құлқы тағыда басқалар жатады. Екінші әлеуметтік факторға адамдардың өмір салты, тамақтану деңгейі, мәдениеті, еңбек ету жағдайы, әлеуметтік-гигиеналық деңгейі және медициналық қызметі көрсету жатады /34/.

Үшінші экологиялық факторға атмосфера ауасының, судың, топырақтың тамақтың ластануы, радиялық фон тағыда басқалар жатады.

2001 жылғы орташа жас еркектерде 60,2, әйелдерде 71,1 жыл болды. Орташа жастық гендерлік тұрғыдан жіктелуі байқалуы 12 кестеде келтірілген.

 

12 кесте

Қазақстан Республикасындағы адамдардың орташа жасы

 

 

Жылдар

 

Барлық халық

Соның ішінде

Әйелдердің өмір сүру ұзақтығының артуы

Ерлер

Әйелдер

1991

67,6

62,6

72,4

9,8

1992

67,4

62,4

72,3

9,9

1993

65,4

60,1

70,8

10,7

1994

64,9

59,7

70,3

10,6

1995

63,5

58,0

69,4

11,4

1996

63,6

58,0

69,7

11,7

1997

64,0

58,5

69,9

11,4

1998

64,5

59,0

70,4

11,4

1999

65,5

60,3

71,0

10,7

2000

65,4

59,8

71,3

11,5

2001

65,6

60,2

71,1

9,9

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Қазіргі өтпелі кезеңде Қазақстан Республикасындағы демографиялық жағдай табиғи өсудің күрт кеміп, сыртқы миграцияның артуы мен  жекелеген аумақтардағы еңбек нарқында жұмыс күшінің жетіспеуімен немесе керісінше жұмыссыздықтың белең алуы мен ерекшеленеді.

Еліміздің аумағында 120 ұлт пен ұлыстың өкілдері тұратындықтан демографиялық жағдай тереңнен жан-жақты ойланып шешуді қажет ететін түйінді мәселелердің бірі болып қалуда. /1/

Тақырыптың өзектілігі: Бітіру жұмысы Қазақстан Республикасындағы халықтың табиғи өсуін, жастық-жыныстық құрамын еңбек қорларын тиімді пайдалану мәселелерін ашып көрсетуімен өзекті.

Бітіру жұмысының мақсаты:

  • демографиялық үрдістерді зерттеудің экономикалық және әлеуметтік географиялық негіздерін анықтау;
  • Қазақстан халқының өсу динамикасы мен қазіргі кезеңдегі түйінді мәселелеріне талдау жасау;
  • еліміздегі демографиялық үрдістердің даму болашағы мен оған әсер ететін факторларды айқындау.

Бітіру жұмысының міндеттері:

  • Қазақстан Республикасының халқының өсу динамикасын анықтау;
  • Туу мен өлімге экономикасық-географиялық талдау жасау;
  • Қазіргі демографиялық жағдайды анықтап, оны шешу жолдарын ашып көрсету;
  • Қазақстан Республикасындағы еңбек қорларын тиімді пайдалану мен жұмыссыздық мәселелерін шешу жолдарын анықтау;
  • Халықтың негізгі түйінді мәселелерімен демографиялық үрдістердің даму болашағын айқындау.

Бітіру жұмысының теориялық-әдістемелік негіздері: бітіру жұмысының теориялық негізі ретінде М.Б. Тәтімовтың “Демографическая депопуляция. Казахстан на пути устойчивому развитию”, А.Я. Боярскидің “Демография  негіздері”, А.Я.Квашаның “Демография негіздері” оқулықтарындағы ғалымдардың ой-пікірлерімен Қазақстан республикасының статистика агенттігінің 1996-2006 жылдар аралығында шығарылған жылдық есептерінің сандық деректері алынды. Дәйекті материал ретінде кестелер, диаграммалар берілді. Статистикалық, математикалық талдау, сипаттау, салыстыру әдістері қолданылды.

Бітіру жұмысының құрылымы мен мазмұны: бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші тарауда Қазақстан халқына жалпы шолу жасалып, демографиялық зерттеу негіздеріне халық санының өсу динамикасына, туу мен өлімге экономикалық-географиялық талдау жасалған.

Екінші тарауда Қазақстан Республикасында демографиялық үрдістердің даму болашағы, халықтың табиғи өсуі, қазіргі кезеңдегі түйінді демографиялық мәселелер мен оны шешу жолдарына талдау жасалған.

Бітіру жұмысының практикалық маңызы: бітіру жұмысындағы теориялық және эмпирикалық маңызы бар деректерді “География”, “Экономика”, “Тарих” мамандықтар бойынша білім алатын студенттер, мектеп мұғалімдерімен оқушылар білім көзі ретінде пайдалана алады.

 

Қорытынды

 

          Қазақстандағы әлеуметтік-демографиялық жағдай күрделігімен ерекшеленген еді. КСРО кезіндегі әкімшілік- әміршілікдік экономиканың кемшіліктері болғанымен еліміздің халқының санының артуында бірқатар жетістіктерге қол жетті. Олардың ең негізгісі бала дүниеге келген күннен бастап әлеуметтік қойлайлы жағдай туғызылып, ана мен баланы қорғау, сапалы білім мен тәрбие беру ісіне мән берілуін  жатқызуға болады. Кеңестік кезеңде хақтың жаппай сауаттылығы мен өмір сүру ұзақтылығы артты. Сонымен қатар халықтық табысы артуына сай Қазақстан 1992 жылы адамдардың даму индексіне сай дүние-жүзіндегі 173 елдің ішінде 61 орынға ие болды /35/.

          Нарықтық экономикаға өтуге байланысты Қазақстан өтпелі кезеңнің төрт түйінді мәселесіне тап болды.

  1. КСРО-ның ыдырауына, өндірістік байланыстың болмауына байланысты өндіріс тоқтап халықтың табысының шектен тыс кемуі;
  2. Жұмыссыздықтың жедел өсуі;
  3. Кедейліктің анамен бала өлімінің артуы;
  4. Қылмыс пен өлімнің артуы қоғамдық тәртіпті бақылаудың төмендеуі.

Аталған түйінді мәселелер бұрынңы КСРО құрамына енген барлық мемлекеттерге тән болды.

1992-1997 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында ұлттық табыс екі еседей кеміді. Соның нәтижесінде елімізде жаппай жұмыссыздық белең алып тыныш өмір сүруге үйренген халыққа кедейшілікке душар болу қаупі төнді. Соған қарамастан еліміз нарықтық экономикаға негізделген жаңа қоғам құру ісіне араласты. 1998 жылдан бастап экономикалық дағдарыстың депрессияның кезеңінен өтіп біртіндеп кәсіпкерлікке негізделген жаңа кәсіпорындар іске қосылып ұлттық табыстың артуы байқала бастады. Болашақта Қазақстандағы адамдардың дамуын азаматтардың өмір сүру деңгейі, білімі мен денсаулық сақтау ісі айқындайды.

Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық жағдай халықтың дамуына тікелей әсер етуде. Ұлттық табыстың артуы соңғы алты жылда табиғи өсудің біртіндеп артуына әсер етті.

Ел орданы Алматыдан Астанаға көшіру көп ұлтты Қазақстан Республикасының орталық және солтүстік бөлігін нығайту мен қатар жас мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық және саяси-құқытық тұрғыдан тұрақты дамуын қамтамасыз етті /37/.

Урбандалу үрдісі әліде жалғасып келеді. Нәтижесінде ауыл тұрғындарының әлеуметтік кедейленуі мен жұмыс күшінің жетіспеуі айқын байқалуда. Қалаға көшу барысында ауылды жерлер білікті мамандардан айрылуда.

Республикада ерлермен әйелдердің санының теңеуі байқалуда. Олардың айырмасы небары 2% шамасында.

Еліміздің жастық құрамына жасалған талдауларға сәйкес болашақта демографиялық карта үрдісі байқалуы мүмкін екенін көрсетті. Қазіргі кезеңде ересек жастағы әйелдердің санының артуы байқала бастады.

Еліміздің ұстанған демографиялық саясатына сай соңғы он жылда қазақ халқының санының табиғи өсудің, сырттан көшіп келген орымандардың есебінен арту үрдісі жүріп жатыр. Олардың басым бөлігін орыстар көп қоныстанған солтүстік, солтүстік-шығыс облыстарға қоныстандыру жекелеген аймақтарда жергілікті тұрғындардың үлес салмағын арттырды. Нәтижесінде Қазақстан халқының табиғи өсуі мен сыртқа көшуінің ауытқуы төмендеп біртіндеп артуы байқалды. 2001-2006 жылдар аралығанда Қазақстанның халқы шамамен хылына 65-70 мыңға артып келеді.

Халықтың табиғи өсуіне экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және дәрігерлік-биологиялық факторлармен қатар жанұялық қарым-қатынас әсер етеді /38/.

Қазіргі кезде елімізде әйелдердің жағдайын жақсарту бағытында жұмыстар жүргізілуде. Оны Қазақстан Республикасының президенті жанындағы «Жанұяның, әйелдермен демографиялық мәселелер» жөніндегі кеңес үйлестіреді.

Әлеуметтік зерттеулерге жасалған талдаулардың қорытындылары нарықтық экономиканың экономикалық жағдайды, жақсартуға бағытталған іс-шаралар жүзеге асырылғаны мен денсаулық сақтау мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін, ушықтыратынын көрсетті. Өтпелі кезеңдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер төменде көрсетілген бірқатар түйткілді мәселелерді тудырды.

  • қоғамның материалдық жеткіліктілігі тұрғысынан айқын жіктеліп халықтың аз қамтылған бөлігінің артуы;
  • халықтың экологиялық апатты аймақтардан біршама қолайлы аймақтарына қоныс аударуының кеңеюі;
  • халықтың денсаулығының нашарлауы, аналардың және ерлердің өлімінің құрылымдарының өзгеруі;
  • демографиялық жағдай нашарлап табиғи өсудің келуіне байланысты халық санының күрт азаюы;
  • жалғыз басты аналар басым толық емес жанұялардың санының артуы;
  • мектепке дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекемелер жерлерінің жеке меншікке айналдырылуы;
  • қоғам нашақорлық пен спиртті ішімдікті қолданатын адамдардың санының артуы үрдісінің белең алуы.

Жоғарыда аталған түйінді мәселелер еліміздің демографиялық дағдарысқа ұшырау қаупінің бар екенін айғақтайды /39/.

Сондықтан еліміздегі демографиялық жағдайды тұрақтындару үшін төмендегі ұсыныстарды енгізу қажет:

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер ісі және демографиялық саясат жөніндегі кеңес өкіметке елімізде қалыптасқан демографиялық ахуалды тұрақтандыру үшін күрделі жағдайдан шығудың тиімді демографиялық саясат жүргізу жөнін ұсыныс енгізуі тиіс.
  2. Көп балалы жанұяларға материалдық тұрғыдан ынталандыру арқылы табиғи өсуді арттыру шараларын жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан арнайы қаржы бөліп демографиялық депрессиямен депопуляцияның алдын алу қажет.
  3. Қазақстан Республикасының парламентіне жыл сайын демографиялық жағдай тақырыбында парламенттік тыңдау өткізу туралы ұсыныс даярлау.
  4. Қазақ халқының демографиялық дамуын түбегейлі зерттеулер жүргізу.
  5. Қазақстан Республикасының мемлекеттік демографиялық саясаты еліміздің алдына қойған стратегиялық міндеттеріне сәйкес жүргізілуі тиіс.

Қорыта айтқанда Қазақстан халқының алдында еліміздің тәуелсіз мемлекет ретіндегі қалыптасуы жүзеге асыру міндеті тұр.

Адамның күш қуаты кез келген мемлекеттің ең басты байлығы болып табылатындықтан оны сапалық тұрғыдан дамыту еліміздің басым бағыттарының бірі болып табылады.