АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операциялары

Мазмұны

 

 

Кіріспе………………………………………………………………………….. 3

 

  1. Лизингтің пайда болу тарихы, оның экономикалық негіздері
    • Лизингтің тарихи алғы шарттары. Өндірістік күштердің дамуы лизингтік қатынастардың пайда болуы негізі ретінде……………………7

1.2. Лизингке шолу жасау және оның дамуын талдау……….……………….11

1.3. Лизинг шартының обьектілері мен субьектілері…………………………19

 

  1. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операцияларын талдау

2.1. Қазақстан Республикасында лизинг шартының құқықтық

       реттелуі……………………………………………………………..………..26

2.2. Лизинг түрлерін дәрежелеу, лизингтің арендадан

      айырмашылығы……………………………………………………….……..32

2.3. Дамыған елдерде қаржылық лизингке сипаттама беретін

 негізгі ерекшеліктер (халықаралық лизинг)…………………….………..40

 

  1. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердЕ Лизинг қатынастарының даму мәселелері

 3.1. Қазақстан Республикасындағы лизинг…………………….……………..48

 3.2. Лизинг мәмілесін жасаудағы негізгі кезеңдер…………………………..53

 3.3. Лизинг мәмілесін жасауға дайындық және оның

  тиімділігін талдау………………………………………………………….54

 

Қорытынды…………………………………………………………………….58

 

Қолданылған әдебиеттер……………………………………………………..62

 

 

Қосымшалар………………………………………………………………..…83

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  КІРІСПЕ

 

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко­но­микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр.

Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.

        Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2008 жылғы 6 ақпанындағы Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты  Жолдауында: «Елдің қаржы жүйесінің, әсіресе, банк секторының бәсекеге қабілеттілігін және тұрақтылығын арттыру Агенттіктің Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен бірлесе отырып атқаратын басты міндеті болуға тиіс. Мемлекеттік қолдау біржақты болмайды, сондықтан банктер тәуекелдің өздеріне тиесілі бөлігін өз мойындарына алуға тиіс. Егер банктердің акционерлері өздерін дамыту үшін қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілітсіз болса, ондай кезде мемлекет қажетті шаралар қабылдауға дайын болуы керек» деп айта кетті[1].

 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты  Жолдауында: «Қазақстан әлемдік экономиканың өскелең турбуленттілігіне жедел үн қатқан және алдын алу шараларын іске асыруға кіріскен әлемдегі алғашқы мемлекеттердің бірі болды. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо­микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың­нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай­тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік­тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлес­керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле­мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды.» деп айта кетті [2].

Дүниежүзілік экономикада Қазақстан Республикасының интеграциялау процесі шарасыз. Бірақ дамыған капиталистік елдердің қаржылай қолдауынсыз бұл процесс баяу жылжиды. Қазіргі таңда барлық елдер, даму деңгейіне қарамай, сырттан қаржыландыру процестерін қолдануда. Олар мынадай:

— объектілерді қаржыландыру; трансакцияларды қаржыландыру; жобалық қаржыландыру; халықаралық лизинг және тағы басқалар. Халықаралық қаржыландырудың барлық түрлері инвестициялау қызметтің жалпы түсінігіне кіреді. Бірақ соның ішінде бір ғана қаржы операциясы, яғни лизинг механизмі.

— шетел валютасының ауытқуымен байланысты туатын валюттік қауіптен;

— көлік тасымалдаумен байланысты (тауардың бұзылуы, жойылуы) пайда болатын қауіптерден;

— моральдық тозған жабдықтар мен техниканы, технологияны алу қаупінен;

— пасық қызметтестермен жұмыс істеу қаупінен сақтамайды.

Мысалы халықаралық экономикалық қызметтесу мақсатында еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Интеграция, бизнес, прогресс” ұранымен өткен Еуразиялық экономикалық одақтастың бірінші экономикалық форумына қатысты. Ол өз сөзінде ЕврАзЭС шеңберіндегі интеграция мәселелерін, Қазақстанның экономикалық жағдайы мен бизнес жасау мүмкіндіктерін талқылады.

Сондықтан лизинг инвестициялық қызметтің тиімді құралы болып табылады және ол “Инвестициялық қызметті дамыту және Қазақстан Республикасына шетел инвесторларын тарту туралы” ҚР Үкіметінің қабылдаған кешендік бағдарламасында көрсетіліп, сол бойынша жүзеге асырылуда. Лизинг инвестициялаудың әдеттегі формаларымен қатар өзіне тән мүмкіндіктерінің арқасында техниканы қайта қаруландыруға қажетті өнеркәсіп кәсіпорындарын құруға және экономика құрылымын қайта құруға септігін тигізеді.

Қазіргі уақытта лизинг өнеркәсіптік кәсіпорындарға инвестицияларды жұмылдырудың жалғыз ғана тәсілі болып табылады.

Осыған байланысты Қазақстан жоғары оқу орындарының оқу жоспарында “Лизинг” арнайы пәні пайда болды. Лизинг Қазақстанның экономикасын өркендетуге атсалысады. Сонымен қатар лизинг өндірістің дамуына ықпал жасайды.

Стенфорд зерттеу институтының зерттеу нәтижелеріне сәйкес, лизингтің болашағы зор. Лизинг несие арқылы жабдықтарды сатып алу, сату шартынан бірқатар айырмашылықтары бар. Бұл лизинг алушыларды лизинг бизнесіне қатысуға тартады. Лизингтің бірқатар артықшылықтары мынадай:

— мүлікті жоғалту қаупі лизинг берушінің мойнында болады;

— қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын лизинг беруші жүзеге асырады;

— лизинг мүлкін ауыстырып алуға және ең жаңа, қазіргі шығарылған жабдықтармен пайдалануға болады;

— лизинг төлемдерін мүлікті пайдалана бастағаннан кейін де жүзеге асыруға болады;

— лизинг шартында алдын-ала қарастырылған шарт аяқталған соң лизинг алушының символикалық бағамен мүлікті меншігіне сатып алу лизинг алушы үшін өте тиімді.

Лизинг алушының әртүрлі талаптарына бейімделе алатындар үшін де тиімді. Мысалы лизинг төлемдерін өтемақы негізінде де жүзеге асыруға болады (мысалы, сыра өндіру үшін алынған лизинг жабдығының құнын, осы жабдықта өндірілген сыра өтеуге болады).

Лизингтік құқықтық реттелуінзаңмен және нормативті акттармен реттелетін құқықтық-азаматтық мәміле ретінде қарастыра отырып, оның кейде алаңдатушылық туғызатынын айта кеткен жөн. Өйткені әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық құқықтық процестердің даму мен күрделену кезеңінде бізге балама емес, нақты реттейтін Заң қажет. Жоғарыда айтылған мәселелердің барлығы ”Салық және бюджетке иіндетті төлемдер туралы”, “Банктермен банк қызметі туралы”, “Қаржы лизингі туралы” Заңдарға Азаматтық Кодекске сәйкес өзгерістермен қосымшалар енгізуді талап етеді.

“Оперативті лизинг туралы”, “Банк лизингі туралы” заңдар талқыланып, қабылдану керек. Мысалы, қаржы потенциалы мол екінші деңгейдегі банктер лизинг беруші бола алады. Кіші және орта бизнесті қолдау үшін Қазақстан Республикасының Президентінің “Кіші және орта кәсіпкерліктің субъектілерінің қызметіне мараторий туралы” (Мемлекеттік органдар жағынан субъектілер қызметіне заңсыз араласуына және тексеруіне жол бермеу туралы) жариясына сәйкес, лизингтік компанияларын жан-жақты қолдау, салық, несие, амортизация жеңілдіктерін және кеден, салық, банк туралы заңдар саласындағы лизинг қатынастарына қатысушылар үшін преференция-ларды қарастырып, заңды ету керек.

“Қаржы лизингі туралы” заңды талдай отырып және оған баға бере отырып, осы заң актісіне енгізуге қажетті өзгерістерді көрсеткім келеді.

Бірінші: Заңның 12-баптағы 1-тармағының 4-бөлігіне сәйкес лизинг беруші біржақты лизинг шартын бұзған жағдайда, лизинг алушының аванс ретінде төлеген төлемдерін және басқада сомасын қайтарып алуға құқы бар. Бірақ лизингтің қай төлемін аванс ретінде санау керектігін және төлемді қай мерзімге дейін аванс ретінде санау керектігі белгісіз.

Аванс ретінде төленген төлем аванс төлемінің статусын лизинг шартының толық мерзімі ішінде сақтайды. Мұнда лизинг берушінің инициативасымен лизинг шарты бұзылған жағдайда, аванс ретінде төлемдерді жүзеге асырып жүрген лизинг алушы төлемдердің барлығын қайтарып алуға құқы бар. Лизинг алушы лизинг мүлкін пайдаланғандықтан бұл ережені біз дұрыс деп санамаймыз.

Сондықтан біздің ойымызша Заңның 1-тармағындағы 4-бөлімін лизинг алушы мүлікті нақты иеленіп, пайдаланған жағдайда ғана лизинг төлемдерін қайтарып алуға құқы бар деген өзгерістер енгізуге келеді.

Бұл қосымша белгісіздік пен лизинг алушының қиянатшылдығынан сақтайды.

Екіншісі: Заңдағы 15-баптың 2-тармағы 10-бөлігінің негізінде лизинг мүлкінің сақтандырылуы жүзеге асырылады. Заңдағы 20-баптың 2-тармағы бойынша лизинг мүлкін лизинг алушы немесе лизинг беруші сақтандыруы мүмкін, осыдан келе лизинг мүлкін екі жақта сақтандырмауы мүмкін, яғни лизингке қатысушылар лизинг мүлкін сақтандыру жөнінде өз бетінше шешім қабылдаулары мүмкін.

“Астық жинау лизинг компаниясы” жауапкершілігі шектелген серіктестігі Ресей өндірісінің астық жинау комбайындары мен тракторларын жетекші сақтандыру немесе қайта сақтандыру компанияларының сыйлық ставкасы мүлікті сақтандыру ерекшеліктерін есепке алғанда жылдық табыстың 2,5%-тен 6%-ке дейін құрады. Сақтандыру шарты бір жылға жасалады, сақтандыру сыйлығының ставкасы жыл аяқталған соң анықталады.

11-бөлігінің талаптарына сай лизинг келісімінің тағы бір шарты – бұл лизинг мүлкін мемлекеттік тіркеуден өткізу міндетін екі жақтың біреуіне жүктеу.

Егер лизинг нысанасы мемлекеттік тіркеуден өткізуге міндеттелмейтін мүлік болса, онда бұл шарт орындалмай қалуы мүмкін, осыған орай лизинг шартыда жасалмай қалады.

Үшіншісі: Егер лизинг алушы қиянат жасаса лизинг берушінің лизинг мүлкін лизинг алушыдан соттың көмегінсіз алып қоюға, лизинг мүлкін басқа лизинг алушыға беруге құқы жоқ. Бұл лизинг туралы қазіргі заңның тауқыметті мәселесі болып отыр. Біздің ойымызша, осы мәселені шешу үшін Заңның 17, 24-баптарына өзгерістер енгізу керек. Яғни лизинг берушіге лизинг алушы қиянат жасаған кезде, мүлікті өз бетінше соттың көмегінсіз алып қойып, басқа лизинг алушыға беру құқын қарастыру керек. Бұл біріншіден уақытты үнемдеуге, екіншіден мемлекеттік баж төлеудегі шығындар жасамауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңдағы лизинг процестері өте күрделі. Оның дамуын талқылау үшін әр түрлі ұйымдық-экономикалық аспектілерімен айналысатын мамандар керек. Қазақстан экономикасының жаңа күрделі кезеңі модернизацияландырылған, ғылыми негізделген өндірістік, техникалық жабдықтарды, машиналарды, аппараттарды шетелден алу арқылы экономикалық, аграрлық, индустриялық-инновациялық саясатын жетілдіруде лизинг нарығында жұмыс істеудің тәсілдерін жетік білетін мамандар дайындауды талап етеді.

Лизинг идеясының дамуына ескішілдік бөгет жасады. Бірақ лизингті несиелік қаржыландырумен салыстыру нәтижелері және де лизинг артықшылықтарының насихаты оны экономикада қолдауға мүмкінді берді (Стенфордтік зерттеу институтының жұмыстарының нәтижелері бойынша.) Мәселен, қазіргі уақытта еуропалық лизингтік қоғамдар Бірлестігіне (штаб-пәтері Брюсселде) 17 еуропалық мемлекеттердің қоғамдар мен одақтары мүше болуда. 1987 ж. олардың операцияларының көлемі 58,5 млрд. доллар, сонымен қатар қозғалатын мүлік бойынша 50 млрд. долларға дейін жетті. Ал АҚШ-та, Азия аумағында және Австралияда лизингтік көрсеткіштер еуропалықтардан айтарлықтай асып түседі.

Қорыта келе лизингке біздің республикамызда технологиялық жаңа жолдарды ашуға және халықаралық сауда қатынастары жүйесіне енуге мүмкіндік беретін экономикалық қызметтің құралы ретінде баға бергім келеді.

 

 

  1. Лизингтің пайда болу тарихы, оның экономикалық негіздері

 

  • Лизингтің тарихи алғы шарттары. Өндірістік күштердің дамуы лизингтік қатынастардың пайда болуы негізі ретінде.

 

Лизинг идеясы біз үшін жаңалық емес, бірақ “лизинг” термині бүрын бізде қолданылмаған. Лизинг шартының мәнін ашу Аристотель заманына (б. д. д. ІVғ.) келіп тіреледі. Байлық меншікті иелену құқынан емес, сол меншікті пайдалана білу құқынан тұрады. Бұл – Аристотельдің сөзі. Сонымен мүліктің иесі оны иемденіп қана қоймай, сол мүлікті пайдалану нәтижесінде табыс табуы қажет.

Лизинг (to lease, lease) ағылшын тілінен аударғанда “аренда, арендовать” – “жал, жалға беру” деген мағына білдіреді. Лизинг түсінігі отанымыздың және шетелдердің кәсіпкерлік қызметінде кеңінен қолданады. Лизингке байланысты қатынастардың күрделенуі лизингтің мәні жөнінде әртүрлі көзқарастардың пайда болуына себеп болып отыр.

Лизингтің қаржылық-коммерциялық, құқықтық және техникалық аспектілері бар. Лизинг терминінің дәл қай уақытта пайда болғаны анықталмаған. Австриялық зерттеуші В. Хойер “Еуропада бизнесті қалай жасау керек” кітабында “лизинг” терминінің қолданылуын XІX ғасырдың соңғы ширегіне жатқызады. Мұны 1887 жылы “Белл” телефон компаниясы өз телефон аппараттарын сатпай, оларды арендаға беру туралы шешім қабылдаған оқиғамен байланыстырады. Оның пікірі бойынша, 1952 жылы Сан-Францискода “Юнайтед стейтс лизинг корпорейшн” атты бірінші лизинг қоғамының құрылуы лизингтің дамуына күшті себеп болды.

Орыс тілінде “лизинг” терминінің тура аналогы жоқ. Көбіне ли­зингті өндірісте қолданылатын машиналардың, жабдықтардың, көлік құралдары мен құрылыстардың ұзақ уақыттық арендасы деп түсінеді. Францияның, Бельгия мен Италияның лизинг туралы заң актілерінде credіt-taіl (несие – аренда) locatіon fіnancement (аренданы қаржыландыру) operazіon dі locazіone fіnansіatіvo — қаржылық арендасы жөніндегі операциялар деген терминдер қолданылады. Бірақ біздің ойымызша, бұлардың барлығы лизингтің мәнін толық айтпайды.

Лизингтің экономикалық тура мағынасы мүлікті уақытша пайда-лануға берумен байланысты пайда болған мүліктік қатынастардың кешені ретінде түсіндірілуді. Бұл кешен лизинг шартынан бөлек басқа да шарттарды енгізеді, соның ішінде сатып  алу – сату шарты мен несие шарттары (займ) кіреді. Лизингке осы шарттардың күрделі үйлесімділігі тән.

Мүлікті уақытша пайдалануға өткізу кезіндегі қатынастар лизингте өзекті және негізгі қатынастар болып саналады. Мүлікті сатып алу – сату жөніндегі қатынастар көмекші роль атқарады. Бұл қатынастар шарттың басында ғана роль атқарып қоймай, лизинг шарты біткен соң пайдаланушы мүлікті өз меншігіне алу кезінде лизинг қатынастарының толық кешенін аяқтай алады.

Сонымен лизингті мүлікті меншікке сатушыдан сатып алумен және ақыға уақытша пайдалануға берумен байланысты пайда болған қоғамдық қатынастардың кешені деп қарау керек.

Осындай түсіндірме ретінде лизинг шетелдер мен отанымыздың теориясы мен машығында қолданылып келеді.

Сонымен Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі 1999 жылғы 1 шілдедегі жаңа жобасының (ерекше бөлім 565 бабында “лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға міндеттенеді” деп лизингке түсініктеме берілген).

Лизингтің қарама-қайшы екі жақты мәні бар. Экономикалық тұрғыдан қарайтын болсақ, біріншіден лизингті қаржыларды негізгі капиталға қайтару мақсатымен жұмсау деп түсінуге болады. Яғни меншік иесі (лизинг беруші) бекітілген уақытта қайтарып алатын қаржыны белгілі бір мерзімге береді. Лизинг беруші өзінің атқарған қызметі үшін қаржылай марапатталады. Осыған қарай өзінің мазмұны бойынша лизинг несиелік қатынастарға сәйкес келеді және несиелік шарттардың мәнін сақтайды. Екінші жағынан, несие беруші мен несие алушы капиталмен ақша түрінде емес, тауар түрінде іс жүргізетіндіктен лизинг инвестициялауға ұқсас келеді. Лизингті тауарлық несие деп те айтуға болады.

Сондықтан қаржы шарты, нақтылап айтқанда несие операциясы, лизинг шарттарының өзегі болып табылады. Мүліктің иесі пайдаланушыға, яғни лизинг беруші лизинг алушыға қаржылай қызмет көрсетеді: лизинг беруші мүлікті өз меншігіне толық бағасына сатушыдан сатып алып, лизинг алушының аммортизациялық төлемдері есебінен мүліктің бағасын өтеп алады.

Сонымен, егер лизингті мүлікті уақытша ақы төлетіп пайдалануға беру ретінде қарастырсақ, онда оған негізгі қорлардағы тауарлық несие ретінде баға беруге болады.

Несие қатынастарының субьектілеріне қарыз беруші ретінде лизинг беруші, қарыз алушы ретінде лизинг алушы жатады. Лизинг беруші (лизинг компаниялары, банктер, кәсіпорындар және т. б.) лизинг шарты бойынша мүлікті лизинг алушыға (заңды тұлға бола алатын кез-келген мемлекеттік акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі қоғамдар және т. б.) жалға береді. Ал несие обьектілеріне машиналар, жабдықтар, көлік құралдары және т. б. жатады. Қарыз (несие) құнын ұйымдастыру түрі бойынша лизинг коммерциялық кредитке ұқсас болғанмен, олардың арасында айырмашылық та бар.

Ең алдымен бұл коммерциялық несие мен лизингтегі мүлікті иелену қатынастарын қамтиды. Коммерциялық несие беру кезінде уақытша пайдалануға алынған шарт обьектісі несие алушының меншігінде қалады.

Лизинг беру кезінде лизинг алушының мүлікті пайдалануға құқы болғанымен, оны меншіктенуге құқы жоқ. Яғни мүлікті иелену құқы лизинг берушіде қалады да, оны пайдалану құқы лизинг алушыға өтеді. Лизинг алушы осы құқықты иемдену үшін лизинг берушіге лизинг төлемдерін жүзеге асырады. Лизинг мерзімі аяқталған соң, обьект (пайдалануға берілген мүлік) лизинг берушінің меншігінде қалады. Бірқатар лизинг шарттарында, шарт мерзімі біткен соң, лизинг алушының лизинг обьектісін сатып алу құқы қарастырылады. Мұндай жағдайда лизинг берушіге обьект құны толық төленген соң, обьект лизинг алушының меншігіне өтеді.

Коммерциялық несие де, лизинг те сауда және несие шарттарының өзара байланысын болжайды. Коммерциялық несие кезінде несие шарты сатып алу – сату актісімен келісіледі, сауда шарты күшін жоймай, несие шарты да күшін жоймайды.

Лизингтің сатып алу – сатумен тығыз байланысы жоқ. Мүлік лизинг компаниясының меншігінде болады және лизинг компаниясы лизинг алушыға мүлікті сатумен айналыспайды. Сатып алу – сату лизингте сирек кездеседі.

Коммерциялық несие тауар түрінде беріліп, ақша түрінде өтеледі. Лизингте несие тауар түрінде беріледі. Лизингтік төлемдер, өзінің экономикалық тұрғысынан қарағанда, несиені пайдаланғаны үшін, мүлік түрінде төленеді. Келісім-шарт аяқталған соң, шарт обьектісі лизинг берушіге сол зат түрінде қайтарылады.

Лизинг шартының өтемақылық өзгешелігі бар, онда төлем жалға алынған жабдықтардың шығарған өнімі арқылы немесе үстеме қызмет арқылы (встречные услуги) жүзеге асырылады.

Коммерциялық несие қысқа мерзімге беріледі. Классикалық лизинг мүлікті жалға ұзақ мерзімге береді, сонымен қатар орта және қысқа мерзімге де шарт жасасуға болады. Біздің елімізде лизинг дамуының осы кезеңі бірнеше айға жасалған лизинг шарттарының көптігімен ерекшеленеді.

Сондықтан жоғарыда айтылған тұжырымдарға сүйене отырып, лизингтің экономикалық ролі мен мазмұны теорияда және машықта әртүрлі болып талқыланатынын айта кету керек. Біреулер лизингті кәсіпкерлік істі несиелендіру тәсілі деп түсінсе, енді біреулер оны қаржылық арендамен теңестіреді (Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комитетінің 540-бабы), үшінші біреулер лизинг өндіріс құралдарын сатып алу – сатудың бүркемеленген (жасырын) тәсілі десе, төртіншілер лизингті сенім берушінің мүлкін пайдалану деп түсінеді.

Бірақ қазіргі таңда классикалық принциптерге сүйене отырып лизингке мүлік иеленуші және пайдаланушы деген түсініктер беруге болады. Лизингті кәсіпкерліктің ерекше бір түріне жатқыза отырып, мүлікті екі маңызды құқықтық шекке бөлуге болады:

  1. мүлікті пайдалану құқы (пайда, табыс табу мақсатымен пайдалану);
  2. мүлікті меншіктену құқы (меншік обьектісін иелену).

Басқа сөзбен айтқанда лизинг – байлықтың көзі.

Осыдан келе лизингке өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың байланысындағы ахуалын анықтайтын меншіктік қатынастарды жүзеге асыру тәсілі деген мағлұмат беруге болады. Осы анықтаманың негізіне Оттава қаласындағы 1988 жылғы 28-мамырда жазылған (Канада – Оттава) халықаралық лизинг конвенциясындағы лизингке берілген түсініктеме кіреді. Бұл халықаралық құжатқа “лизинг – мүліктік қатынастардың ұш жақты кешені” деген пікір орын алған. “Қаржылық лизинг туралы” Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 5-шілдедегі заңында және “Лизинг туралы” Ресей Федерациясының 1998 жылғы 29-желтоқсандағы Заңында үш субьектінің (лизинг берушінің, лизинг алушының, сатушының) лизингтегі қарым-қатынастары қарастырылады, яғни лизинг мүліктік қатынастардың үш жақты кешені ретінде қарастырылады.

Осыған орай классикалық лизинг үш жақтың — лизинг берушінің, лизинг алушының, сатушының қарым-қатынастарын алдын-ала қарастырады. Лизинг операциясының мәні мынада: артық қаржысы жоқ потенциялды лизинг алушы лизинг беруші компанияға лизинг шартын жасау жөнінде іскерлік ұсыныс жасайды.

Осы шартқа сәйкес лизинг беруші лизинг алушы таңдаған мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алып, лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және пайдалануға береді. Шарт аяқталған соң мүлік лизинг берушінің меншігінде қалады. Кешеннің құрамына екі шарт кіреді:

1) сатып алу – сату шарты (лизинг компаниясы мен сатушы арасындағы шарт, бұл жерде мүлікті жасап шығарушы ретінде сатушы, сатып алушы ретінде лизинг компаниясы болып табылады);

2) лизинг шарты (лизинг компаниясы мен пайдаланушы арасындағы шарт, яғни лизинг компаниясы сатушыдан сатып алынған мүлікті пайдаланушыға, лизинг алушыға уақытша иеленуге береді).

Егер сатушы мен лизинг беруші немесе сатушы мен лизинг алушы бір ғана тұлға болатын болса, онда шарт жасаушылардың құрамы екі адамнан ғана тұрады.

 

.1. Сүреті.

                               Мүлікпен қамтамасыз ету

 

 

                       Сатып алу-сату                      Лизинг

                             шарты                              шарты

 

Мүліктің ақысын төлеу                     Лизинг төлемдері               

                           Несие     Несиені        Сақтандыру             Сақт.

 шарты          өтеу                      шарты         ережесі

 

 

 

 Бұл жерде: ЛБ – лизинг беруші,

ЛА – лизинг алушы,

МС – мүлікті сатушы,

ҚҰ – қаржы ұйымдары,

СК – сақтандыру компаниялары.

 

 

Қымбат жобаны жүзеге асыру кезінде тұлғалардың саны көбейе түседі. Бұл лизинг берушінің шартқа басқа қаржы көздерін (банктерді, сақтандыру компанияларын, инвестициялық қорларды және т. б.) қатыстыруымен байланысты. Енді біз мына суретте  (1.1-сүреті) лизинг шарты мен қаржы ағымдарының жалпы желісін (үлгісін) көрсеткіміз келіп отыр.

Лизинг – ұйымдық форма және меншікке қатысты бола тұрып, қожалықтың белгілі бір жүйесін қамтамасыз етеді. Әрбір экономикалық дәреже сияқты лизингтің мазмұны және оны қолданудың әртүрлі тәсілдері бар. Өндіріс күштері мен өндірістік қатынастар элементтерімен өзара байланыса отырып, лизинг өндірістің ұйымдастыру – құқықтық формасларына, материалдың негізіне (кәсіпкерлік істің заттық элементтеріне, мүлікті сатып алу-сатуға, несиелендіру шарттарына сүйенеді және оның әлеуметтік-экономикалық негізі бола алады).

 

 

1.2 Лизингке шолу жасау және оның дамуын талдау

 

Лизинг бизнесінің тарихы мен дамуы зерттеле келе, ол дүние жүзінің көптеген елдерінде қолданыла бастады, сонымен қатар лизинг кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыруда ең орынды тәсіл болып саналады.

Осылайша лизинг қатынастарындағы нағыз шу 20-ғасырдың 50-жылдарының басында Америкада болған еді. Лизингке белсенді түрде өндірістік құралдар, технологиялық жабдықтар, машиналар, механизмдер, кемелер, ұшақтар және т.б. өткізіле бастады. Бұл бастамаға АҚШ Үкіметі жоғары баға бере отырып, осы қызмет жағдайын жасаудың мемлекеттік бағдарламасын жасады. Бұл лизинг қызметін едәуір жандандырды. Бірқатар жағдайларға байланысты лизинг тез дами бастады. Бұл лизинг бизнесі қалыптасуының бастамасы еді.

Бекітілген оқиға лизинг қызметін көрсететін компаниялар мен фирмалар пайда болды. Осындай лизинг қызметі олардың кәсіпкерлік қызметінің негізін қалады.

Лизинг АҚШ-та, Канадада, Еуропада 60-80 жылдары қарқынды дамыды, ол жуық арада оның географиялық шекаралары кеңейе түсті. Лизингтік нарық Австралияда, Жапонияда пайда болды. Лизингтің өсуі мен даму деңгейі 80-жылдардың аяғында былай сипатталады: егер АҚШ-та мүлік лизингі өндірісітік инвестициялары жалпы көлемінің 98%-ін құраса, Австралияда – 30%-тен астам, Ұлыбрита-нияда – 20%, Францияда – 17%-ке жуық,, Италияда – 14%, Герма-нияда – 15%, Австрияда – 9%-ке жуық, Канадада 8% құраса, қазіргі таңда мүлік лизингі осы аталған елдерде 1,5-2,0 есе өсті. Ресейде ол 1996 жылы 12%-тін құраса, 2000 жылы 20%-ке дейін өсті.

Мысалы, АҚШ-та 1987 жылы лизингке өткізілген мүліктің жалпы санының 33,2%-тін есептеу техникасының құралдары, 9,5%-ін оргтехника, 21,9%-ін өнеркәсіп жабдықтары, 4,9%-ін көлік құралдары, 1,2%-ін құрылыс машиналары, 10,1%-ін сауда-саттық жабдықтары құрады.

1987 жылы АҚШ-тағы лизинг жеке түрлерінің ара-қатынастық теңдігі мына төмендегідей болған:  жасалған шарттардың жалпы құнының 65%-ін қаржы лизингі шарттары, 10%-ін оперативті лизинг шарттары, 25%-ін “леведж-лизинг” шарттары құрады.

Осының барлығы бізге кәсіпкерліктің жаңа түрінің даму қарқыны мен динамикасының негізін құрайтын аренданың бір түрі – лизинг туралы мағлұмат беріп отыр. Сондықтан лизингтің мәнін, оның негізгі қасиеттері мен потенциалын, принциптері мен ұйымдастыру түрлерін анықтап алу керек. Лизинг жүйесінің экономикалық механизмі мен артықшылығын білу арқылы ғана оны кәсіпкерлік істе кеңінен қолдануға болады.

Лизинг барысында қалыптасатын қатынастардың күрделілігі оның пайда болуы мен мәнін анықтайды.

Сонымен, лизинг – қатынастардың ұйымдық-экономикалық түрлерінен тұратын кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрі. Күрделі әлеуметтік-экономикалық құбылыс ретінде, ол көпқұрылысты экономиканы қалыптастыру жөніндегі маңызды, яғни қаржылық, өндірістік, салықтық және амортизациялық жеңілдіктерді қолдану функцияларын қамтиды.

 

 

Лизингтің тартымдылығы

Бірде  бір  қызмет  түрі,  егер  де ол шарт жасасушы  екі жаққа да

пайда әкелмейтін болса, ол кеңінен қолданылмайды. Лизингтің қандай артықшылығы шарт жасауға қатысушыларды қызықтырады?

  1. Мүлік түріндегі инвестициялау қаржы несиесіне қарағанда қаражатты қайтармау қаупін кемітеді, өйткені кепілдік ретінде қолданылатын мүлік лизинг берушінің меншігінде қалады.
  2. Лизинг 100%-тік несиелендіруді шамалайды және тез арада төлемдерді жүзеге асыруда талап етпейді, бұл ақша шөндірістік қорларды жаңалауға, қымбат мүлікті алуға мүмкіндік береді. Ал әдеттегі несие алу кезінде кәсіпкер несиенің бір бөлігін алдын-ала өз қаржысы есебінен төлеуі керек.
  3. Кәсіпорындар мүлік сатып алу үшін несие алудың орнына лизинг арқылы мүлік алуға тырысады, өйткені лизинг мүлкі кепілдік ретінде саналады. Шетелдерде кейбір лизинг компаниялары лизинг алушыдан ешқандай қосымша кепілдік талап етпейді.
  4. Лизинг шарты несиеге қарағанда қолайлы, өйткені екі жаққа да төлеудің қолайлы жоспарын ойлап табуға мүмкіндігін туады. Мұндай лизингтік төлемдер лизингке алынған мүлік арқылы шығарылған тауарларды сатып болғаннан кейін жүзеге асырылады. Төлемдердің мөлшері белгіленіп немесе кейде ауысып отырады.
  5. Лизинг алушы үшін лизинг мүлкінің бүлінуі қаупі жеңілдетіледі, өйткені мүлік лизинг алушының меншігіне өтпейді, ол уақытша пайдаланылады.
  6. Лизинг мүлкі лизинг алушының балансына есепке алынбайды, бұл лизинг алушыны мүлікке салық төлеуден босатады.
  7. Лизинг төлемдері өндіріс шығындары мен лизинг алушы шығарған өнімнің айналымына қатысты.
  8. Лизинг төлемінің көлемін азайту жолымен лизинг алушыға амортизациялық және салықтық жеңілдіктер беріледі. Жеңілдетілген амортизация салықты кемітіп, материалдық-техникалық базаны жаңартуды тездетеді.
  9. Мүлікті өндіруші ұзақ мерзімді шарт қатынастарымен шарт объектілерін жаңалау жолымен өз өнімін өткізудің қосымша мүмкіндіктерін қарастырады.
  10. Халық шаруашылығының көзқарасы бойынша лизинг өнімді өткізу, өндірісті дамыту, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізу жаңа жұмыс орындарын ашу, импорт өнімін алмастыратын өнім шығару құралы ретінде қызмет атқарады. Сондықтан мемлекет лизинг қатынастарын кеңейтуді қолдап отыр.

Енді біз несие мен лизинг механизмін қолданудың ерекше өзгешеліктерін мысал ретінде көрсеткіміз келіп отыр.

1.1. Кестесі.

Несие және лизинг механизмін қолданудың ерекше өзгешеліктері

Несие

Лизинг

Инвестициялар кез-келген кәсіпкерлік қызметке жұмсалады

Инвестициялар өндірістік қызметті күшейтуге, күштерді дамыту мен модернизациялауға жұмсалады

Керекті құралдардың жоқтығына байланысты қаржыны жұмсауды қадағалау, бақылау

Қаржы жұмсауды бақылау қамтамасыз етілген, өйткені лизингке нақты бір мүлік (құрал-жабдықтар, машиналар және т.б.) беріледі

Несие алу үшін, оны қайтарудағы 100% кепілдік керек

Кепілдіктің көлемі өзі кепілдік болып табылатын лизингке берілген мүліктің (құрал-жабдықтар мен машиналардың) құнына төмендейді

Алынған мүлік кәсіпорынның балансына әсер етеді, оған амортизация есептеленеді

Мүлік лизинг берушінің немесе лизинг алушы-кәсіпорынның балансына әсер етеді. Жеңілдетілген (3-коэффициентімен) амортизация есептеледі

Несиені өтеу алдын-ала қарастырылған салықтар салынатын кәсіпорынның тапқан табысы есебінен жүзеге асырылады

Лизинг төлемдері (өнімнің құнына кіреді) салық базасын төмендетіп, өндірістің дамуына жағдай жасайды

 

Лизинг алушы мүлікті пайдаланудың ақысын лизинг берушіге ли­зинг төлемдері түрінде жүзеге асырады. Төлемнің көлемі, тәсілі, түрлері мен мерзімі екі жақтың келісімі бойынша бекітіледі. Лизинг төлемдерінің жалпы сомасына:

-лизинг мүлкінің құнын өтейтін сомма;

-лизинг келісімі бойынша мүлікті алу үшін пайдаланған реесурстардың ақысын лизинг берушіге төлеу;

-лизинг берушіні делдалдық қызметі үшін комиссиялық марапаттау;

-егер лизинг мүлкін лиизинг беоруші сақтандырған болса, сақтандыру қаржысын өтеу;

-шартта алдын ала қарастырылған лизинг беоушінің қосымша қызметін өтеу;

-егер лизинг беруші мүлікке салған салықты төлеген болса, салық сомасын өтеу;

-шартта алдын-ала қарстырылған лизинг берушінің басқа да шығындарын өтеу кіреді.

Лизинг алушы төлемдерінің барлық сомасы оның өндіретін өнімінің өзіндік құнына қарасты, бұл салық базасын төмендетеді.

Егер лизинг мүлкінің аммортизациясын лизинг алушы белгілесе, онда осы мүліктің ақысын төлеуге арналған төлемдерді қоспағанда, лизинг төлемдерінің сомасы өзі өндіретін өнімнің өзіндік құнына жатқызылады.

Сонымен жоғарыда атап өтілген лизинг төлемдерінің құрамы Ресей Федерациясының экономика министрлігі 1996 ж. 16-сәуірде бекіткен лизинг төлемдерінің есебі жөніндегі методикалық ұсыныс-тарға сәйкес Ресей Федерациясының қаржы министрлігімен келісілді.

Лизинг шартында екі жақ лизинг төлемдерінің жалпы сомасын, олардың түрлерін, есептелуін, төлеу мерзімі мен тәсілдерін келісіп шешеді (1.2. кестесі).

1.2. Кестесі.

Лизинг төлемдері операциясының кешені

Төлеу түрі бойынша

Есептеу тәсілі бойынша

Төлеу мерзімі бойынша

Төлеу тәсілі бойынша

Ақшалай

 

Инвестиция-

лаған түрде

Біруақытта

Тең үлеске

бөліп төлеу

Өтемақы

түрінде

Аванс түрінде

 

_______

Төлем көлемін біртіндеп көбей-ту арқылы

Аралас           

 

Ең кем түрінде

 

_______

Төлем көлемін

біртіндеп азай- ту арқылы

 

_______

Көмескі түрінде  (неопределенн.)

 

_______

 

_______

Лизинг механизмінің — кепілдік көлемі жағынан инвесторлар үшін қажетті артықшылығы бар. Егер несиелендірудің басқа түрлерінде инвестор несие алушыдан алынған қаржы мен оның процентін қайтаруда 100%-тік кепілдік талап етсе, лизинг процесін жүзеге асыру кезінде лизинг жобасы мен келісімнің шартына қарай инвестордың кепілдік жөніндегі талабы 40%-ке төмендеуі мүмкін.

 

 

Инвестициялық қызмет әһуалын талдау

Инвестициялау, соның ішінде лизинг механизмі арқылы инвести-циялау көбіне жұмсалған қаржыны қайтару, сақтандыру кепілдігіне, сол сияқты, лизинг алушының уақытша немесе толық төлеу қабілеттілігіне байланысты.

Әр инвестор инвестициялау кезінде туатын қауіп-қатерді азайтуға мүдделі. Қазақстан Республикасының бірқатар қаулылары, осындай қауіп-қатерді азайтуға мүмкіндік жасап отыр. Қазақстан Республика-сының бірқатар қаулылары, “Инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы” 1997 жылғы 28-ақпандағы және “Шетел инвестициялары туралы” 2004 жылғы 27-желтоқсандағы және “Сырттан қарыз алу және сыртқы қарыздарды басқару туралы” 1997 жылғы 10-сәуірдегі негізгі заңдары инвестициялық қауіп-қатерді азайтуға мүмкіншілік туғызады және осы заңдарға сәйкес шетелден қаржыландыру мен мемлекеттік қолдаулар қарастырылады. Бірақ қазіргі таңда инвестициялық құқықтық қатынастар қажетті деңгейде реттелмеген-діктен, бұл инвестициялық қызметтегі барлық субьектілер қызметін мемлекеттік регламенттеуге ғана қатысты.

Инвестициялық бизнес біздің экономикамыздың жақсы дамыған салаларына қолайлы жағдай туғызып отырғандықтан, шетел инвес-торларының контингентін көбірек жұмылдыру мақсатымен барлық субьектілердің құқықтық қарым-қатынастарын жөнге салатын және отанымызда шетел инвесторларына жаңа жоғары статус беретін жаңа құқықтық құжат шығару Үкіметке тапсырылған. Сондықтан, жоғарыда аталған “Инвестицияларды мемлекеттік қолдау”, “Шетел инвестициялары туралы” Заңдар өз күшін жойды және қазір инвестициялық қызметті жаңа нормативті акт, яғни “Инвестициялар туралы” Қазақстан Республикасының заңы реттейді. Мемлекеттік қаржылай қолдау белгілі бір инвестициялық (соның ішінде лизингтік) категориялар бойынша өнім өндірісінің мына төмендегідей көлемімен қамтамасыз етеді:

-шетел аналогында жоқ өнім өндірісі – 50%;

-дүниежүзілік үлгі деңгейіндегі сыртқы нарықтық сұранымда бар экспорттық өнім өндірісі;

-импорттың орнына жүретін, бірақ импорттық тауарлардан  30% арзан өнім өндірісі;

-ішкі нарықта 20%-тік сұранымға ие өнім өндірісі;

Осыған орай мемлекеттік қолдау көлемі кепілдік түрінде категория жобасына байланысты бекітіледі, және жұмсауға қарызға алынған қаржы процентінің белгілі көрсеткішінен асып түспеу керек.

Жобалауды инвестициялауды жақсарту екі жақтың мүдделерін едәуір кеңейту арқылы қамтамасыз етіледі.

Сонымен, лизинг шартына бірнеше кепілдіктер жұмылдырылуы мүмкін: мүлікті өндіруші (сатушы), лизинг беруші, лизинг алушы, кепілдік банк – несие беруші, сақтандыру компаниясы, республика-лық және жергілікті басқару органдары.

Мүлік қаупін бөлуді ұйымдастыру құқықтық және экономикалық қамтамасыз етумен анықталады.

Ұйымдастыру және экономикалық қамсыздандыру инвестиция-лық жобаға инвестициялық көлемнен гөрі көп қаржысы бар бірнеше қатысушыларды кепілдік ретінде тартып, әрекеттегі шаруашылық ұйымдарды қарастырады.

Инвестициялық жобаның инвестициялярын қорғауды республи-калық және аймақтық деңгейде кепілдікке қойылған мүліктің көмегімен де жүзеге асыруға болады. Кепілдікпен қамсыздандырудың негізгі түрлері:

-жетекші банктің кепілдіктері (контркепілдіктер),   веселдері, жетекші банктер кепілдендірген кәсіпорындар мен ұйымдардың векселдері;

-айналымдағы өтімді өнімдердің бағалы қағаздарының кепілі, жылжымайтын мүлік;

-лизингке берілген мүліктің ақысы (құны)  

және т. б.

Бірақ барлық кепілдіктер, әсіресе шетел инвесторлары үшін, өтімді болып саналмайды. Сондықтан шетел инвесторларын пайдаланған кезде, басқа да кепілдік қою шартта қолданылады. Мысалы, лизинг келісімі мерзімімен салыстырылған уақытқа өндірілген өнімнің экспорты жөнінде шетел сатып алушыларымен бұзылмайтын шарт жасалады.

Егер шарттар өндірушіге (сатушыға) белгіленген қаржының түсуіне кепілдік берсе, онда мынадай шаралар жузеге асырылуы мүмкін:

-осы шарт бойынша лизинг берушімен төлемдер жөнінде ымыралы келісім жасалады (переуступка);

-лизинг алушының өндірген өнімін сатудан түскен қаржы шетел банкінің  шотына  жіберіледі және сол жерде қаржының ең кем бөлігі

банкте әрдайым қалып отырады;

-лизинг берушіге төлем төлеуді өз уақытында жүзеге асыру банкке жүктеледі;

-белгілі бір кепілдікпен қамтамасыз ететін, кем дегенде екі лизинг төлеміне тең сома лизинг шарты күшіне енгенге дейін лизинг берушіге алдын-ала аударылады;

Осыған орай, берілген сома лизингтік борыш ретінде саналады.

Инвестициялық қызметте сақтандыру компаниялары аса маңызды кепілдеме беруші болып табылады. Ол лизинг шарттарын жасау кезінде лизинг алушының есебінен лизинг мүлкін тасымалдауды сақтандырады, монтаж жүргізеді, сонымен қатар лизинг шарттары бойынша міндеттемелер орындалмай қалған жағдайда болатын шығындардан сақтандырады.

Халықаралық қаржы лизингі бойынша серіктестердің (партнеры) өзара қарым-қатынасын лизинг мүлкін сақтандыруды қарастыратын 1988 жылы құрылған Оттава конвенциясы басқарады.

Лизингке берілетін мүлік саны көп болған жағдайда сақтандыру ұйымдары сақтандырудың ұжымдық түріне көшуі мүмкін. Мұндай жағдайда егер сақтандырушының біреуі сақтандыру сомасының тек 15-20%-тін алса, қалғанын басқа сақтандырушыға облигаторлық, немесе факультативтік (қосымша) сақтандыру шарттары бойынша тапсырады.

 

 

Лизингтің халықшаруашылық қызметі

Ғылыми-техникалық прогрестің әсерімен өндіріс пен айналым саласының жетілуі, шруашылықтың экономикалық жағдайларының терең өзгеруі, біздің еліміздің экономикасы үшін материалдық база мен  негізгі  қорларды  модификациялауды жаңарту үшін әдеттен тыс

әдістерді іздеу енгізудің жағдайын туғызып отыр.

Осындай әдістердің бірі – лизинг, ол бірнеше халықшаруашылық қызмет атқарады.

Лизингтің қаржылық қызметі анық көрсетілген, өйткені лизинг — қаржыны негізгі қорларға бөлудің түрі. Техникалық прогрестің өсуіне байланысты халық шаруашылығының инвестициялық талаптары бюджеттің қаржысы, кәсіпорындар мен ұйымдардың өз қаржысы, ұзақ мерзімді банк несиесі есебінен, яғни тек қана әдеттегі қаржы көздері есебінен қанағаттандырылмайды. Осыған орай, қаржыланды-рудың басқа жолдарын іздеуге талап қойылады. Сондықтан кәсіп-орындардың инвестициялық талаптарын қанағаттандыру үшін, лизинг әдеттегі қаржы көздеріне қосымша қызмет атқарады. Өзінің экономи-калық мәні жағынан барлық атап өтілген қаржы көздерінің ішінен ұзақ мерзімді банк несиесіне ең жақыны лизинг болып табылады. Лизинг бизнесінің масштабын кеңейту болашақта ұзақ мерзімді несие пайдалану сферасын түсіруі мүмкін, бірақ жалпы алғанда негізгі қорларды қаржыландыру мен несиелендірудің көздеріндегі қарызға берілетін қаржы үлесінің жалпы өсуіне әсер етеді. Қазіргі жағдайда қаржы қызметін жүргізуде лизинг маңызды роль атқарады. Лизинг алушы кәсіпорын өз қапжыларын бірден жұмсамай-ақ немесе банктен несие алмай-ақ лизинг аркылы өзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндік алады. Бұл – лизингтің басты айырмашылығы. Сонымен қатар, лизинг несие алуға шек қойылған кезде де, қарыз алу мүмкіндігі жоқ кезде де қажетті мүлікті пайдалануға мүмкіндік береді.

Бұрын айтылып кеткендей, лизингтің артықшылығы – лизинг төлемдерін жүзеге асырудың тәртібінде. Төлемақының мөлшері мен мерзімін лизинг беруші мен лизинг алушы өзара келісіп шешетіндіктен, олардың арқайсысының мүдделері есепке алынады. Мысалы, өз қаржыларының жағдайына қарай лизинг беруші мен лизинг алушы бірінші төлемді кейінге қалдыру жөнінде, төлемді бірте-бірте ұлғайту немесе керісінше аванс төлеу арқылы төлемді бірте-бірте кемітуді келісіп, бір шешімге келеді. Бұдан бөлек, лизинг төлемдерін лизингте алынған мүлікте шығарылған өнімді сатудан түскен табыс арқылы, тек ақшалай емес, тауар түрінде жүзеге асыруға болады.

Лизингтің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктері де бар. Мысалы, лизинг алушы үшін өз қаржысы есебінен немесе несиеге алынған қаржы есебінен сатып алынған мүліктен гөрі, лизинг арқылы алынған мүлік қымбатқа түседі. Осыған орай, шарт жасаспақ бұрын лизингтің пайдалы және жағымсыз жақтарын, сол сияқты лизинг алушы кәсіпорынның қаржылық жағдайына лизингтің қалай әсер ететінін талдау керек.

Лизингтің өндірістік қызметі лизинг алушының лизинг мүлкін өз иелегіне сатып алуда емес, сол мүлікті уақытша пайдалануда болып табылады. Бұл әсіресе техниканың ескіру қаупі бар аса қымбат құралдарын пайдалануда тиімді.

Дүниежүзілік тәжірибе лизингтің тез дамуын ғылыми-техникалық процестің жедел дамуымен байланыстырады. 60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басында шетелде лизингке байланысты шудың шығуы лизингтің бірінші обьектілері болып табылатын көлік құралдарымен бірге электрондық-есептеу техникасына сұранымның өсуімен байланыстырылады. Сондықтан өндірісті материалдық-техникалық қамсыздандырудың ең прогрессивті (жетік) тәсілі болып табылады. Ол ең озық техниканы пайдалануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, лизинг лизинг алушыға өзінің өндірістік қызметінде жеке құралдарды ғана қолдануға емес, толық өндірісті қолдануға мүмкіндік береді. Осыған орай, анағұрлым озық техниканы қолдануға, оны толық игеруге және жоғары техникалық деңгейде ұстауға жағдай жасалады. “Мокрый лизинг” кезінде лизинг алушыға техникалық қызмет көрсетіліп қана қоймай, оған сақтандыру қызметі, маркетинг, шикізатпен және жұмысшы күшімен қамтамасыз ету қызметі көрсетіледі.

Лизингке шапшаңдық пен икемділік тән. Сондықтан лизингті маусымдық (ауыл шаруашылық және өңдеу салалары) қозғалмалы жұмысы бар (құрылыс) халық шаруашылығы салаларында пайдалану өте тиімді. Егер лизингтің қаржылық және өндірістік қызметтері еліміздің экономикасына күмән келтірмесе, онда оның өткізу функциясы әзірге жүзеге асырылмайды. Өндірілген өнімнің қосымша жолы ретінде лизинг ролін шектеу өнім деңгейінің жалпы төмендеуімен және техникалық өнім нарқының теңгерілуімен анықталады. Лизингті тек тауар өткізудің жаңа нарқын жеңіп алу және тұтынушылар санын көбейту мақсатымен қолданса ғана оның өткізу қызметі маңызды роль атқарады.

Лизинг арқылы тұтынушылар санына мүлікті өз меншігіне алуға қаражаты жоқ немесе сол мүліікті әрдайым керек ете бермейтін кәсіпорындар кіреді. Кейбір жағдайларда кәсіпорындар, өзіне керекті құралдарды сатып алмай тұра, олардың үлгілерін өндірісте сынап көру үшін лизингке сүйенеді.

Жоғарыда аталып өткендей шет елдерде, әсіресе Англия мен АҚШ-та лизинг қызметі соңғы кездерге дейін аса маңызды роль атқаруда. Мысалы Қазақстан Республикасының “Қаржы лизингі туралы” 2000 жылғы 5-шілдедегі заңында лизинг алушыға берілген затты қолдану мерзімі аммортизациялық мерзіммен өлшенеді. Яғни лизинг алушы алынған заттың құнын толық немесе едәуір бөлігін (70%-тен астам) шартқа сәйкес белгіленген мерзім бойынша төлеп отыруға тиіс. Қазіргі салық жүйесі лизинг беруші үшін де, лизинг алушы үшін де жеңілдіктер алудың бірнеше жолдарын ашып отырған. Лизинг обьектісінің қызметі негізінде емес, шарт мерзімінің негізінде жеделдетілген аммортизация тәсілін қолдану лизинг берушіге салықты азайту нәтижесінде жеңілдіктер алуға мүмкіндіктер береді. Бұдан бөлек оның инвестициялар бойынша құралдар құнының 10%-і мөлшерінде салық жеңілдіктеріне құқы бар. Мүлікті қолданушыға да лизинг қолайлы, өйткені салық заңы лизинг төлемін ағымдағы шығындар ретінде қарастырады, сондықтан олардың сомасы пайдаланушының салық салынатын жалпы табысынан алып тасталынады.

Сонымен қорытындай келе кез-келген салада лизинг кәсіпкерлігінің табысты болуы оның мазмұны мен өзіне тән ерекшеліктерін дұрыс түсіне білуге, әсіресе осы механизмді сауатты меңгеруге байланысты. Лизингтің басқа, тікелей несиелендіруге қарағанда артықшылықтары мен мүмкіндіктері көп, сондықтан лизинг кәсіпкерлігін дамытуды шарт жасаушы екі жақ та қалайды. Сонымен, мүлікті өндіруші (сатушы) өз өнімін өткізудің қосымша жолын табады, сауда-саттық көлемін ұлғайтады, ал лизинг беруші өз қаржысын тиімді пайдаланады, лизинг алушыға кәсіпкерлік қызметі үшін қажетті мүлікті пайдалануға мүмкіндік туады.

Бірақ, лизинг механизмінің кейбір кемшіліктері де бар: инфляция салдарынан мүліктің қалған құнының бағасы жоғарылау салдарынан, лизинг алушы артық қаржы жұмсауға мәжбүр болады; ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктеріне қарамай, қолданылатын мүлік моральдық ескіруі мүмкін, осыған қарамай, лизинг төлемдері шарт аяқталғанша жүзеге асырылуы тиіс.

 

 

 

1.3. Лизинг шартының обьектілері мен субьектілері

 

Лизинг шарттарын жасау кезінде лизинг обьектісін анықтау өте маңызды.

Қазақстан Республикасының 565-бабында былай делінген: “Лизинг шартының обьектілері мен нысанасына бағалы қағаздар мен табиғи ресурстарынан басқа кәсіпкерлік қызметте қолданылатын кез-келген тұтынылмайтын зат жатады”. Ресей азаматтық заңы мен көптеген елдердің заңдарында жер учаскесінің (танабының) лизинг шартының обьектісіне жатпайтындығы көрсетілген, ал біздің республикамыздың азматтық заңына сәйкес, жер учаскесі лизинг шартының обьектісі бола алады, ал бағалы қағаздар шарттың нысанасы бола алмайды.

Сонымен, нарықта айналымға тиым салынбайтын және өндірістік циклда жабылмайтын кез-келген мүлікті лизингке өткізуге болады. Лизинг обьектілерінің өзгешеліктеріне қарай жылжымалы мүлік лизингі және жылжымайтын мүлік лизингі болып екіге бөлінеді.

Жылжымалы лизинг обьектілеріне:

-ауыр машиналары мен жабдықтар (жылу-техникалық, турбиндік құралдар, электроқозғағыштар және т. б.);

-жұмыс машиналары мен өннеркәсіптің әртүрлі саласына қажетті құралдар (полиграфиялық жабдықтар, құрылыс техникасы, станоктар және т. б.);

-есептеу және оргтехника құралдары;

-көлік құралдары (темір жол жылжымалы құралы, теңіз бен өзен кемелері, автокөліктер, ұшақтар және т. б.);

-теле- және арақашықтық байланыс құралдары;

-және т. б.

Жылжымайтын лизинг обьектілеріне:

-өндірістік ғимараттар;

-құрылыстар (мұнай және газ скважиналары, гидротехникалық және көліктік құрылыстар) жатады. Лизинг обьектісіне жаңа мүліктер ғана емес, бұрын пайдаланғандар да жатады.

Лизинг обьектісіне жылжымайтын мүліктер (үйлер, құрылыстар, кәсіпорындар мен цехтар) жатса, сол мүліктер тұрған жер учаскесін пайдалану үшін лизинг алушыға беру қарастырылады. Қазіргі таңда тұрмыста және жанұяда пайдаланылатын мүлікті лизинг обьектісі ретінде қарастыруға қажет-ақ. Батыс елдерде осы аталған мүлік түрлері лизингке жиі беріледі. Бұл шетелдегі автокөлік пен құрылыс техника нарығының ерекшеліктерімен байланысты. Бірақ бұл мүліктер кәсіпкерлік қызметте қолданылмағандықтан, олар, такси ретінде пайдаланылатын жеңіл автокөліктерді қоспағанда, лизинг обьектілері бола алмайды. Әрине, заң бойынша айналымға тиым салынған мүліктер де лизинг обьектілері бола алмайды. Сонымен Қазақстан Республикасының “Қаржы лизингі туралы” заңының 4-бабына сәйкес лизинг обьектілеріне ғимараттар, құрылыстар, машиналар, жабдықтар, инвентарлар, көлік құралдары, жер учаскелері және кез-келген тұтынылмайтын заттар жатады.

Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды.

Заң актілері жер учаскелерінің жеке категорияларын пайдалануға басқа да шектеулер қоюы мүмкін.

Лизинг нарқының субьектілеріне лизинг берушілер, лизинг алушылар, мүлікті өндірушілер (сатушылар), сонымен қатар лизинг операцияларына тікелей қатынаспаса да, делдалдық, ақпараттық және консалтингтік қызмет көрсететін брокерлік және консалтингтік фирмалар жатады.

Лизинг алушы мен лизинг беруші, яғни шарт жасасатын екі жақ, лизингтің негізгі субьектілері болып табылады.

Лизинг беруші – лизинг алушы көрсеткен мүлікті өндірушіден (сатушыдан) өз меншігіне сатып алып, лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша пайдалануға беретін заңды тұлға болып табылады. Заң бойынша кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға да лизинг беруші бола алады. Лизингтік қызмет нарығында лизинг берушінің функциясын шаруашылық серіктестік пен акционерлік қоғам түріндегі лизинг компаниялары, яғни мамандандырылған коммерциялық ұйымдар орындайды.

Банктер, басқа да несиелік-қаржылық мекемелер де лизинг беруші бола алады, көбіне олар лизинг мүлкін өндірушілер, яғни машина жасайтын зауыттар, құрылыс фирмалары және т. б. болып табылады.

Лизингтік қызметті жүзеге асыру құқығын лицензия береді.

Лизинг шарты бойынша лизинг мүлкін ақы төлеп уақытша иемденіп, пайдаланатын заңды тұлға немесе заңгерлік білімі жоқ кәсіпкер ретінде тіркелген азамат лизинг алушы болып табылады.

Лизинг шарты бойынша мүлік алуға үміттенген кез-келген кәсіпорын лизинг алушы бола алады.

Өндіруші (сатушы) мүлікті лизинг шарты бойынша лизинг берушіге сататын заңды тұлға.

Сатушы – лизинг алушы таңдаған мүліктің иесі және лизинг берушімен сатып алу-сату шартын жасасатын заңды немесе жеке тұлға.

Өндірушінің (сатушының) қызметін лизинг қызметі нарқында кәсіпорындар, яғни лизинг мүлкін жасап шығарушылар орындайды, бұлардың орнында машиналармен және жабдықтармен көтерме сауда жасайтын фирмалар да бола алады.

Банктер мен басқа да несиелік-қаржылық мекемелер, тікелей лизинг беруші бола алмаса да, лизинг қызметі нарқына қатыса алады, өйткені олар лизинг берушіні мүлік сатып алуға қажет қаржымен қамтамасыз етеді.

Лизинг қызметі нарқында жұмыс істейтін брокерлік фирмалар өте маңызды роль атқарады. Олардың міндеті серіктес (партнер) іздеуден, делдалдық қызмет атқарудан, нарыққа қатыспаушыларды ақпаратпен қамтамасыз етуден тұрады.

Консалтингтік фирмалар нарыққа қатысушылардың барлығына, ең бірінші лизинг алушыға, консалтингтік көмек  көрсетеді. Егер сатушы мен лизинг беруші бір ғана тұлға болса, онда шарт жасасушылардың құрамы қысқартылады. Мұндай жағдайда лизинг мәселелерімен лизинг арқылы нарықта тауарларды өткізу үшін тауар өндірушілер құрған лизинг компанияларының фирмалары, сонымен қатар өндіруші кәсіпорынның құрамындағы арнайы бөлімшелер (маркетинг басқару қызмет орындары) айналысады.

Халықаралық лизингте лизинг берушінің, лизинг алушының, сатушының қызметін атқаратын шетелдік заңды тұлғалар Қазақстандық лизинг нарқының субьектісі болып табылады.

Осыған орай біздің алдымызда лизинг қатынастарын қалай жетілдіруге болады және лизинг шарттарын жасаудың дұрыс ыңғайын таба келе, лизинг шарты элементтері арасындағы заңды шектеулерді қалай жүргізу керек деген сұрақ туады. Бұл жерде, сөзсіз, азаматтық-құқықтық қатынастарды басқару ретіндегі лизинг келісімінің елеулі шарттарын қарастыру арқылы осы сұрақтарға жауап таба аламыз.

Іс жүзінде лизинг шарттары көбіне шарт жасаушылардың күрделі құқықтық, коммерциялық, қаржылық мәселелерін қарастырады. “Қаржы лизингі туралы” заң лизинг қатынастарының әр субьектісінің құқықтық статусын белгілейді. Сонымен, осы аталған заңның 5-бабында былай делінген: лизинг берушінің лизинг алушыға уақытша пайдалануға берген мүлкіне меншік құқы лизинг шартында белгіленген барлық мерзім ішінде сақталады. Лизинг мүлкін уақытша иелену мен пайдалану құқы лизинг шарты мемлекеттік тіркеуден өткен заматта лизинг алушыға өтеді.

Лизинг алушы банкрот болған жағдайда лизинг нысанасы конкурстық жиынға кірмейді.

Лизинг алушының лизинг мүлкін пайдалану нәтижесінде алған өнімдері мен тапқан табыстары және басқа да жетістіктері лизинг алушының меншігінде қалады. Егер лизинг алушы мүлікке зиян келтірмей, өз қаржысы есебінен жетістіктерге жетсе, лизинг берушінің жазбаша келісімі бойынша, егер өзгеше шарттар көзделмесе, шарт аяқталған соң, сол жетістіктерге жұмсалған қаржыны өтеп алуға құқы бар. Егер заң актілерімен және лизинг шартымен өзгеше көзделмесе, лизинг берушінің рұқсатынсыз лизинг алушы өндірген бөлінбейтін жетістіктерінің құнын өтей алмайды.

Лизингке берілген мүлікке иелену, пайдалану құқы басқа тұлғаға өтсе, бұл жағдай лизинг шартын өзгертуге немесе бұзуға себеп бола алмайды.

6-бапта былай делінген:

Егер шартта өзгеше көзделмесе, лизинг берушінің жазбаша келісімімен, лизинг алушының лизинг мүлкін сублизингке өткізуге құқы бар. Бірақ лизинг алушы лизинг төлемдері жөніндегі міндетін сублизингке қабылдаған үшінші тұлғаға жүктей алмайды.

Сублизинг шартының мерзімі лизинг шартының мерзімінен асып түсе алмайды. Егер заң актілерімен және лизинг шартымен өзгеше көзделмеген болса, сублизинг шартын жасауда лизинг шартындағы ережелер қолданылады. Егер лизинг шарты мерзімінен бұрын тоқтатылса, сублизинг шарты да тоқтатылады.

Заң, Азаматтық Кодекс және басқа да заң актілері негіздерімен лизинг шарты күшін жойса, оған сәйкес сублизинг шарты да күшін жояды.

7-бапта көрсетілгендей, лизинг алушының лизинг мүлкіне деген құқығын қорғау жеке меншік құқын қорғаумен тең қамтамасыз етіледі. Лизинг алушы талаптар қоюға, басқа да жолдармен лизинг шарты кезінде өз атынан құқықтарын қорғауға хақы бар.

8-бапқа сәйкес лизинг шарты алдын-ала бекітілген бағамен лизинг алушының лизинг мүлкін меншігіне алу құқы мен міндеттерін қарастырады.

Осы заңның 9-бабы “Жылжымайтын мүлікті иелену құқын және осыған байланысты мәміле жасау құқын мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы” Заңын Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы бойынша жүзеге асыруды міндеттейді. Жылжымайтын мүліктің лизинг шарты жылжымалы мүлік кепілін жүзеге асыратын органдармен міндетті түрде мемлекеттік тіркеуге алынуы тиіс. Бұл тәртіпті Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.

Лизинг беруші ретінде банк операцияларының жеке түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдардың лизинг қызметін лицензиялауды Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі 10-бапқа сәйкес іске асырады.

Жеке кәсіпкер болып табылатын басқа да заңды және жеке тұлғалар лизинг қызметін лицензиясы жоқ лизинг беруші ретінде жүзеге асырады.

Ең маңыздысы “Қаржы лизингі туралы” Заң лизинг қатынастарындағы әр субьектінің құқықтары мен міндеттерін анық көрсетеді.

11-бапта көрсетілген лизинг берушінің

  1. құқықтары:
  • оған тиісті төленбеген лизинг төлемдерін және шығын орнын талап етуге құқы бар;
  • лизинг шартына сәйкес лизинг алушының лизинг шарттарын орындауын бақылауға құқы бар;
  • лиизинг алушы лизинг мүлкін қайтару жөніндегі міндеттерін бұзған кезде өтіп кеткен мерзімге және шығындарды өтетуге талап қоюға құқы бар;
  • заңда қарастырылған жағдайларға байланысты лизинг алушыдан лизинг мүлкін қайтарып алуға құқы бар.
  1. Лизинг берушінің міндеттері:
  • лизинг шарты бойынша лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан өз меншігіне сатып алуға міндетті;
  • сатып алу-сату шартын жасау кезінде лизинг мүлкін белгілі бір лизинг алушыға тапсыратыны жайында сатушыға жазбаша түрде хабарлауға міндетті;
  • лизинг алушыға лизинг шарттарын түсіндіре отырып, лизинг мүлкін пайдалануға беруге міндетті;
  • лизинг беруші лизинг шарты мен Қазақстан Республикасы заң актілерінде қарастырылған және заңға қайшы келмейтін басқа да құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға міндетті.

12-бабы лизинг алушының құқықтары мен міндеттерін орнатқан.

  1. Лизинг алушының құқықтары:
  • лизинг алушының лизинг шарты бойынша лизинг мүлкін иеленуге және пайдалануға құқы бар;
  • лизинг мүлкінің сапасы мен жинағы жөнінде, оны жеткізу мерзімі жөнінде және де сатушы мен лизинг берушінің арасындағы шарт ұқыпты орындалмаған жағдайларда талап қоюға құқы бар;
  • лизинг беруші шартты бұзған жағдайда, лизинг шарты бойынша, өз міндеттерін лизинг алушының алдында орындамайынша лизинг төлемдерін тоқтатып қоюға құқы бар;
  • лизинг шартын бір жақ, яғни лизинг беруші тоқтатқан жағдайда аванс ретінде төлеген сомасын қайтаруды талап етуге құқы бар;
  • егер лизинг беруші лизинг алушыны мүлікпен өз уақытында қамтамасыз етпесе немесе лизинг шартында көрсетілгендей лизинг мүлкін пайдалануға кедергі болып табылатын мүліктің жөндеуге келмейтін кемшіліктері болса, лизингтен бастартуға, басқа мүлікке ауыстыруға, лизинг шартын бұзуға құқы бар;
  • егер лизинг беруші лизинг шартын орындамаса немесе тиісті орындамаса, шығындарды өтеуін талап етуге құқы бар;
  • егер лизинг алушының өзі жауап бермейтін кейбір себептерге байланысты лизинг шартында қарастырылған мүлікті пайдалану жағдайлары тым нашарлап кетсе, онда лизинг сомасы мен төлемдерін талап етуге құқы бар.
  1. Лизинг алушының міндеттері:
  • лизинг мүлкін лизинг шартының тәртібі бойынша қабылдауға міндетті;
  • лизинг төлемдерін өз уақытында төлеуге міндетті;
  • мүлікті лизинг шартына сәйкес пайдалануға міндетті;
  • шартта қарастырылғандай, мүліктің ескіруі мен өзгеруі ескеріліп, лизинг беруші өткізген мүлікті сол күйде сақтауға міндетті;
  • өз қаржысы есебінен лизинг мүлкін тәртіппен ұстауға, соның ішінде лизинг мүлкіне байланысты коммуналдық төлемдерді уақытында жузеге асыруға, жөндеу жұмыстарын жүргізуге міндетті;
  • лизинг берушіге лизинг мүлкінің жайын біліп тұруға бөгет жасамауға міндетті.

Сатушының құқықтары мен міндеттері 13-бапта көрсетілген және олар сатып алу-сату келісімінің шарты бойынша бекітіледі. Егер лизинг шартына лизинг беруші де, лизинг алушы да, сатушы да қатысса, онда сатушының құқықтары мен міндеттері лизинг шартына сәйкес бекітіледі.

Заңның 14-бабы лизингке қатысушылардың жауаптылығын қарастырады. 14-бапқа сәйкес лизинг берушінің, лизинг алушының, сатушының жауаптылықтары лизинг шартымен, сатып алу-сату шартымен, Қазақстан Республикасының заң актілерімен бекітіледі.

  1. Мүлікті сатушы лизинг алушының алдында сатып алу-сату шарты жөнінде, соның ішінде лизинг мүлкінің сапасы мен жинақталғаны жөнінде, онымен қамтамасыз ету жөнінде жауапты. Ал лизинг алушы Азаматтық кодекстегі сатып алушы үшін қарастырылған құқықтарын пайдалануға және міндеттерін орындауға тиісті. Лизинг алушы сатып алу-сату шартына қатыспағандықтан, пайдалануға алған лизинг мүлкін сатып алуға мідетті емес. Егер сатушы лизинг алушының талаптарына келісім берсе, онда лизинг мүлкін лизинг берушіге өткізу кезіндегі өзгерістерді (мүлік жинақтығы, қамтамасыз ету мерзімі ж. т. б.) лизинг берушімен келісіп шешуге міндетті.
  2. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, сатушыны лизинг алушы таңдамаған болса, лизинг берушінің алдында сатушы міндеттерінің орындалуына жауап бермейді. Мұндай жағдайда лизинг шарты бойынша лизинг алушы лизинг берушіге де, сатушыға да, егер олардың жауаптылықтары ортақ болса, өз бетінше талаптар қоюға құқы бар.
  3. Егер лизинг беруші мүлікті лизингке өткізу жөнінде сатушыға ескертпесе, онда ол лизинг алушының алдында сатушының міндеттерін орындауға жауапты.

 

Тұжырымдама

  1. Байлық көзі мүлікті меншіктенуде емес, мүлікті пайдалануда, яғни табыс табу үшін мүлікті меншікке сатып алмай-ақ, пайдалану құқын иеленудің өзі жеткілікті.
  2. Дүниеүзілік тәжірибе лизинг механизмінің келешегі бар екенін дәлелдеп отыр, өйткені лизинг сатушыдан алынған мүлікті пайдалануға берумен байланысты пайда болатын мүліктік қатынастардың кешенін қамтамасыз етеді.
  3. Лизинг мазмұны бойынша несиелік қатынастарға сәйкес келеді, бірақ қарызданушы мен несие беруші капиталды ақша түрінде емес, тауар түрінде қолданғандықтан, лизинг капитал инвестиция-ларына ұқсас келеді.
  4. Лизинг механизмінің инвесторларға қажетті кепілдік көлемінде де артықшылықтары бар.
  5. Лизинг механизмі арендамен өзара байланысты, бірақ ол кәсіпкерліктің жаңа ұйымдастыру-құқықтық формаларын құра отырып, күрделі үш жақты негізден түрады және оның несиелік, инвестициялық шарт қасиеттері, арендалық қызмет көрсету қасиеті бар.
  6. Көпшіліктің түсінігі сияқты, лизинг — қаржы арендасы емес, өндірістік құралдарды сатып алу-сату тәсілі емес, сенімхат берушінің келісімі бойынша мүлікпен пайдалану емес, лизинг — өзара байланысы бойынша өндірістік күштер мен өндірістік қатынастардың ахуалын анықтайтын меншік қатынастарын жүзеге асыратын тәсіл болып табылады.
  7. Лизинг шаруашылықтың ерекше формасы ретінде кәсіпорын-ның өндірістік процестеріне (еңбек құралдары мен жұмыс күштерін пайдалануға) жалпы әсерін тигізеді.
  8. Лизинг экономиканың ең маңызды қаржылық, өндірістік, қамтамасыз ету, салықтық және аммортизациялық жеңілдіктерді пайдалану функцияларын қамтиды.
  9. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстардан басқа, кәсіпкерлік қызметте қолданылатын кез-келген тұтынылмайтын зат лизинг шартының мүлкі немесе обьектісі бола алады (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Комитетінің 566-бабы).
  10. Лизинг берушілер, лизинг алушылар, сатушылар мен мүлікпен қамтамасыз етушілер, несиелік-қаржылық мекемелер және т. Б. Лизинг нарқының субьектілері бола алады.

 

  1. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің лизингтік операцияларын талдау

 

   2.1 Қазақстан Республикасында лизинг шартын құқықтық реттеу

 

Өзара байланысты субьектілердің мүдделерін ескере отырып, оларды құқықпен қамтамасыз ету – лизингтік механизм тиімділігінің ең маңызды шарттарының бірі.

Қазақстандағы лизинг құқықтық орта құруда және шаруашылық операциялардың белгілі бір формасы ретінде қалыптасудың үш кезеңін өтті.

Бірінші кезеңде лизинг туралы заңның болмауы кәсіпкерліктің осы түрінің дамымағандығымен байланыстырылады.

Екінші кезеңде лизинг қызметі арнайы нормативті және заң актілерінсіз арендаға сәйкес жүзеге асырылды. Мұндай белгісіздік лизинг процесіне қатысушылардың қызметіндегі қауіп деңгейін ұлғайтты және кәсіпкерлік инициативаға бөгет жасап, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін машықта қолдануға шек қойды.

Үшінші кезеңде лизинг шарттарының арнайы базасы жедел қалыптаса бастады.

Қазақстанда “лизинг” термині бірінші рет азаматтық заңдарда емес, банк операцияларын басқаратын заңдарда қолданыла бастады. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесінің 1990 жылғы 6-желтоқсандағы қаулысымен бекітілген “Қазақ ССР экономикасын тұрақтандыру және нарыққа өту” бағдарламасындағы “Қаржылық-несиелік саясат” бөлімінде банктердің қызметіне “лизинг-факторинг” операциялары кірді.

Қазіргі таңда лизинг 1999 жылғы 1-шілдеден бастап күшіне енген Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінде (ерекше бөлім) заңды түрде бекітілді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде тек қана мүлікті жалдау тұжырымы бар, ал лизинг туралы тұжырым жоқ, соған сәйкес ол лизингтің құқықтық шеңберін анықтай алмайды.

Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексіне терең өзгерістер енгізілгенімен, ол 1963 жылғы 28-желтоқсанда қабылданған түрінде әрекет істеуде. Бірақ Жаңа Азаматтық кодексте (ерекше бөлім) лизинг тұжырымы баяндалған және оған “лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан меншігіне алып, оны лизинг алушыға ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беруге міндеттенеді” деген анықтама берілген.

Сонымен қатар, лизинг қызметі салықты есепке алу мақсатында салық туралы заңда да көрсетілген.

“Салықтар және бюджетке міндетті төлемдер туралы” 2005 жылғы 24-сәуірдегі Заңына Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен толықтыру және өзгерту арқылы “лизинг, лизинг бойынша операциялар” деген түсініктер енгізілді.

Біздің республикамызда ұзақ уақыт бойы нормативтік базаның болмағандығына қарамай, лизинг қаржы арендасы ретінде кәсіпкерлік қызмет субьектілерінің машығында қолданылып жүргенін жоққа шығаруға болмайды. “Банктер мен банк қызметі” туралы 2005 жылғы 31-тамызда қабылданған заңның күші бар Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығында көрсетілгендей, банк туралы заңдар екінші дәрежедегі банктердің лизинг операцияларымен айналысу мүмкіндігін қарастырады.

Тек Ұлттық Банктің лицензиясы бар банктер ғана лизинг операцияларын жүзеге асыра алады.

Бұл кепілдік 30-баптың 3-тармағының астында бекітілген.

Осы уақытқа дейін лизинг қызметінің жұмыс тәртібін белгілейтін басқа да нормативтік актілер, Үкімет пен мемлекеттік басқа органдардың қаулылары қолданылып келді. Мысалы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Азияттық Банкті дамытудың бағдарламалық займын ауылшаруашылық секторлар үшін жүзеге асыру туралы” 1996 жылғы 15-шілдедегі Қаулысы лизинг негізінде қаржыландыруды ең алғаш рет ұсынған болатын.

Сонымен қатар лизинг қызметіне “Инвестициялар туралы” Қазақстан Республикасының заңы, дәлірек айтқанда “Инвестициялар туралы” 2007 жылғы 8-қаңтардағы Қазақстан Республикасының заңы және де лизинг бизнесінің экономикалық қызметіне байланысты басқа да заңдар қарастырған инвестициялық құқықты жүзеге асырудың құқықтық және экономикалық режимі кіреді.

Қазақстан Республикасының кедендік заңы бекіткен шетелге шығару және шетелден әкелу режимі қолданылатын лизинг нысаналарының тізімін Қазақстан Республикасының Үкіметі анықтайды.

Сонымен қатар лизинг қызметі көп жақты және екі жақты халықаралық келісім-шарттармен басқарылады. Осы халықаралық құжаттардың нормалары мемлекет ішіндегі заңдардың нормаларынан басым келеді.

2000 жылғы 5-шілдеде “Қаржы лизингі туралы” №78-ІІ негізгі заң қабылданды. Осы заң қаржы лизингі процесінде пайда болатын қатынастарды реттейді және бұл заң инвестицияларды лизинг қызметі негізінде жұмылдандыруға бағытталған.

Біз өткен тарауда кейбір жалпы ережелерді, лизинг қатынастарының құқықтық негіздерін, “Қаржы лизингі” туралы Заңның негізгі түсініктерін қарастырдық. Лизинг шарты лизинг қатынастарының негізі болғандықтан, біз шарт жасаудың талаптары мен шарттарын анықтағымыз келді.

“Қаржы лизингі туралы” заңның 15-бабында былай делінген:

  1. Лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беруге міндеттенеді.
  2. Лизинг шартында мынадай маңызды талаптар болуға тиіс:

1) лизинг мүлкі;

2) мүлікті сатушының және мүлікті таңдаушының атауы;

3) лизинг алушыға мүлікті берудің талаптары мен мерзімі;

4) төлемдердің мөлшері мен мерзімділігі;

5) лизинг мүлкінің құны;

6) шарттың мерзімі;

7) егер шартта лизинг алушының меншігіне мүліктің көшуі көзделсе, осындай көшудің талаптары;

8) лизинг мүлкін сипаттау;

9) лизинг мүлкін күтіп ұстау және жөндеу тәртіптері;

10) мүлікті сақтандыру;

11) мүлікті лизинг берушінің атына мемлекеттік тіркеуден өткізу міндеттерін шарт жасасушы жақтардың біріне жүктеу;

12) лизинг шарты бойынша лизинг алушының міндеттерін орындауын лизинг берушімен бақылау тәртібі;

13) шарт жасасушылардың жауаптылығы;

Осы шарттар мен талаптардың біреуі орындалмаса лизинг шарты жасалмаған болып табылады.

  1. Шарт жасасушы жақтардың келісімі бойынша лизинг шартына басқа да талаптар кіруі мүмкін.
  2. Лизинг шарты жазбаша түрде жасалмаса, ол өз күшіне енбейді.

Осы Заңның 16-бабында лизинг шартының күші көрсетілген:

  1. Лизинг шарты, Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленген басқа жағдайларды қоспағанда, шарт жасасушылар белгілеген мерзімге жасалады. Мұндай жағдайда лизинг шартының мерзімі мүлік құнының едәуір бөлігін төлеп біту мерзімінен кем болмау керек.
  2. .Лизинг шарты барлық жақтар өз міндеттерін орындап болған кезде ғана және заң актілері қарастырған басқа жағдайларда ғана өз күшін жояды.

17-бап лизинг шартын өзгерту және жою негіздерін қарастырады.

Бірінші тармақ:

  1. Шартқа отырған жақтардың біреуінің талабы бойынша заң актілерімен немесе келісім шартпен қарастырылған жағдайда, соттың тәртібімен шарт өзгертілуі немесе өз мерзімінен бұрын күшін жоюы мүмкін.
  2. а) егер лизинг алушы лизинг мүлкін күтіп ұстамаса,

ә) егер лизинг алушы лизинг берушінің жазбаша түріндегі ескертулеріне қарамай, лизинг мүлкін шарт талаптарын бұза отырып пайдаланса,

б) егер лизинг алушы лизинг шарты бойынша белгіленген мерзімде екі-үш рет төлемақыны жүзеге асырмаса, лизинг берушінің талабы бойынша, шарт бұзылып, мүлік лизинг алушының есебінен лизинг берушіге қайтарылады;

  1. а) егер лизинг шартына сәйкес лизинг мүлкін пайдалануға лизинг беруші бөгет жасаса;

ә) егер мүліктің оны пайдалануға кедергі жасаайтын кем-кетіктері болса және бұл жайында лизинг беруші алдын-ала лизинг алушыға ескертпеген болса;

б) егер лизинг беруші мүлікті өз мерзімінде лизинг алушыға өткізбесе, лизинг алушының талабы бойынша лизинг шарты бұзылып лизинг мүлкі лизинг берушінің есебінен өзіне қайтарылады.

Лизинг алушыны немесе лизинг берушіні ауыстыру 18-бапқа сәйкес былай шешілген:

Егер Заң және лизинг шарты, Қазақстан Республикасының заң актілері өзгеше көздемесе, лизинг беруші мен лизинг алушы лизинг шарты бойынша өз құқықтарын еекі жақты келісім бойынша басқа бір үшінші тұлғаға өткізе алады.

Лизинг мүлкі мына төмендегі ережелер бойынша беріледі (19-бап):

  1. Лизинг мүлкін сатушы лизинг алушыға, егер шартта өзгеше көзделмесе немесе міндеттеме мәнінен өзгеше туындамаса, лизинг алушы орналасқан жерде тікелей береді.
  2. Лизинг мүлкі лизинг алушыға барлық өзінің керек-жарақтары-мен және соған қатысты құжаттарымен (мүліктің жиынтықтылығын, қауіпсіздігін, сапасын, пайдалану, жөндеу, монтаж тәртібін куәландыратын құжаттарымен) бірге өткізеді.
  3. Егер лизинг алушыға осы керек-жарақтар мен құжаттар өткізілмесе және соның салдарынан лизинг алушы мүлікті пайдалана алмаса, осының барлығын лизинг берушіден талап етуге немесе лизинг беруші есебінен өзіне мүлікті қайтарып беруге құқы бар.
  4. Егер лизинг беруші лизинг алушыны мүлікпен өз уақытында қамтамасыз етпесе, лизинг алушы мүлікті талап етуге немесе шартты бұзуға құқы бар. Мұндай жағдайларда шығындарды лизинг беруші өтейді.

20-баптың 1-тармағында лизинг мүлкінің бұзылу немесе кездейсоқ жойылу қаупі лизинг алушыға мүлікті өткізу кезінде өтеді.

Лизинг шарты лизинг алушының немесе лизинг берушінің лизинг мүлкін сақтандыру міндеттерін қарастыруы мүмкін. Егер мүлікті сақтандыруға міндетті жақ мүлікті сақтандырмаса, онда екінші жақ мүлікті сақтандырып, кеткен шығынды сақтандыруға міндетті жақтан сақтандыру төлемдері ретінде өтеп алуға құқы бар.

21-бап бойынша – лизинг шартының мерзімі кезінде төленетін шарт шарт жасасқан кездегі баға бойынша құнының барлық немесе елеулі бөлігінің аммортизациясы жүзеге асырылатын төлемдердің ішіне:

  • лизинг мүлкімен қамтамасыз етуге, оны пайдалану үшін жұмыс қалпына келтіруге жұмсаған лизинг берушінің шығындарын өтеу;
  • лизинг бойынша марапаттау кіреді.

Салықтың, бухгалтерлік есеп берудің, экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асырудың жалпы мәселелерін белгілі бір тәртіпке бағындыратын көптеген заңды және нормативті құжаттардың ережелері лизинг компанияларының қызметіне жанама түрде қарайды. Сондықтан лизингтік есеп беру бухгалтерлік есеп жөніндегі заңдылықтардың талабына сәйкес жүзеге асырылады (22-бап).

23-бап: Лизинг нысанасы мына төмендегі тармақтардың ережелері бойынша лизинг берушіге қайтарылады:

  1. Егер лизинг шарты мерзімінен бұрын сот тәртібімен күшін жоймаған болса және лизинг шарты бойынша лизинг мүлкін лизинг алушының иелігіне өткізу немесе сатып алу құқықтары алдын-ала қарастырылмаса, онда лизинг алушы лизинг мүлкін лизинг шарты бойынша қайтаруға міндетті.

2 Лизинг алушы лизинг мүлкінің тозуын ескере отырып, оны алған кездегі күйінде қайтаруға міндетті.

  1. Егер қайтарылған мүліктің жағдайы №2-тармаққа сәйкес келмесе лизинг алушы лизинг берушіге келтірген шығындарды өтеуге міндетті.
  2. Егер дұрыс пайдаланбау нәтижесінде лизинг мүлкі өз мерзімі-нен бұрын бұзылса, онда лизинг алушы мүлікті қайтарып, келтірген шығындарды өтеуге міндетті.
  3. Егер лизинг алушы лизинг мүлкін қайтаруға тиісті болып, оны қайтармаса, онда өтіп кеткен мерзім үшін лизинг берушінің төлемдерді талап етуге құқы бар. Егер лизинг төлемдерінің көлемі лизинг берушіге келтірген шығындарды өтей алмаса, онда осы шығындарды өтеуді талап етуге құқы бар.

24-баптың 1-тармағы:

  1. Егер лизинг алушы лизинг мүлкін шартқа сәйкес пайдалан-баса;

а) егер лизинг алушы лизинг берушіге мүлікті тексеріп тұруға шек қойса;

ә) егер лизинг алушы лизинг шартының мерзімі өткен соң 2-3 рет төлемдерді жүзеге асырмаса Қазақстан Республикасы заңы бекіткен тәртіп бойынша лизинг беруші мүлікті қайтарып алуға құқы бар.

  1. Лизинг мүлкін даусыз қайтарып алу Қазақстан Республикасы-ның Азаматтық кодексіне сәйкес бұйрық тәртібінде жүзеге асырылады.
  2. Сот бұйрығын шығару үшін лизинг беруші мына құжаттарды көрсетуге тиіс: 1) өтініш-қағаз, 2) лизинг шарты, 3) лизинг мүлкін лизинг алушыдан қайтарып алу себептері жөніндегі жазбаша ескерту, 4) лизинг алушының жүзеге асырған төлемдерін дәлелдейтін құжат.
  3. Лизинг алушы сот бұйрығының көшірмесін алғаннан кейін он күндік мерзім ішінде бұйрық шығарған сотқа лизинг мүлкін қайтарып алу талабына қарсылық білдіре алады.

Қаржы лизингі төңірегіндегі мәселелерді егжей-тегжейлі қарастырып көрейік. Біздің ойымызша, осы мәселелерді шешу үшін, қазіргі заңға қосымшалар мен өзгерістер енгізу керек сияқты.

Қаржы лизингінің мәнінің анықтамасы жайында, ғылыми жұмыс және  халықаралық қатынастар жөніндегі проректорі, экономикалық ғылымдарының докторы, профессор, ҒҰ­А-ның мүше-корреспонденті В.В. Григаруктің пікірін, яғни ұсынысын негізге алсақ:

 “Қаржы лизингі туралы” Қазақстан Республикасының қазіргі заңында барлық белгілері атап өтілген қаржы лизингісіне анықтама берілген. Бірақ “Салықтар мен бюджетке міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Кодексінде қаржы лизингі белгілері басқаша сипатталған.

Сонымен заңның 2-бабына сәйкес шарт аяқталған соң лизинг мүлкінің лизинг алушының меншігіне өтуі, егер алдын-ала шартта қарастырылса ғана және бұл қаржы лизингісінің міндетті белгісі болып саналмасағана жүзеге асырылады. Бірақ,Салық  кодексінің 74-бабында лизинг мүлкінің лизинг алушының меншігіне өтуін міндетті белгісі деп санайды. Қорыта, егер лизинг шарты мүлікті алушының меншігіне өткізу мәселелерін қарастырмаса Заң талаптарына жауап бере алады. Ал салық салу мақсатында бұл шарт лизинг ретінде қарастырылмайды.

Сонымен қатар, Заң мен Салық салу кодексі (2001 ж. 21-шілдеден) қаржы лизингі мәнін анықтауда әр түрлі терминдер қолданады. Мысалы, егер Заң қаржы мерзімін лизинг мүлкінің құнын толық немесе кем дегенде 50% аммортизациялық төлеу мерзімімен теңдестірсе, салық салу кодексі (74-бап) лизингтің осы мерзімін негізгі қаржылардың пайдалы қызметі шегінде арттыру керектігін айтады. “Негізгі қаржыларды есепке алу” бухгалтерлік есебі стандартында “пайдалы қызмет мерзімі” түсінігіне анықтама берілген және ол негізгі қаржыларды аммортизациялық мерзімін анықтауда қолданылады (5-тармақ). Осы стандарттың 6-тармағы пайдалы қызмет мерзімін негізгі қаржыларды пайдалану арқылы, экономикалық пайда түсіруді шамалау мерзімі ретінде анықтайды. Пайдалы қызмет мерзімі әркімнің өз пікірінше анықталатындықтан, осы мерзімді салық салу органдарының өкілдері мен лизинг шартына қатысушылар әрқилы түсіндіреді. Пайдалы қызмет мерзімін белгілеудегі айырмашылықтар салық салу мен айыппұл санкцияларының жұмыс тәртібін қайта қарастыруға мәжбүр ететін қаржы лизингісіне жатпайтын, жорамалдап жасалатын мәмілелерді мойындауға әкеп соқтырады. Осы мәселелердің анық шешілмеуі, және салық салу нәтижелерінің қайта-қайта қарастырылуы қаржы лизингі мәмілелерінің құқықтық қаупін ұлғайтып, лизингтің дамуына кері әсер етеді.

Бұдан бөлек, біздің ойымызша лизингтің ең кем критерийлері мәмілені қаржылық лизингке жатқызуда анықтаушы роль атқара алмайды, өйткені лизинг мүлкінің пайдалы қызмет мерзімі ұзаққа созылып, қаржыландырудың мақсатқа сәйкес мерзімінен әлдеқайда асып түсуі мүмкін. Бұл талап қаржы лизингі шарттарының жасалмай қалуына әкеп соқтырады.

Бізбен, осы мәселе бойнша “Астық өндіру лизингтік компания” ЖШС-нің бас директоры И.Е. Тагашев толығымен келеседі.Лизинг үлгісінде несиелік қаржыландыруды жұмылдыру жөніндегі коммерциялық банктермен жұмысы бойынша осы ЖШС-нің тәжірибесі несие мерзімі үш жылдан төрт жылға дейін созылатындығын көрсетті. Бұл лизинг мүлкінің пайдалы қызмет мерзімінен әлдеқайда төмен.

Сонымен қатар, бизнес-жоспарлар арқылы пайда алу мерзімі мүлікті пайдалану мерзімінен әлдеқайда кем. Лизинг алушылар үшін несиелендірудің ұзақ мерзіміне шыдау қиынға түседі.

Машықта қаржылық мерзімге шек қою компанияларды пайдалы қызмет мерзімін іс жүзіндегі мерзімнен қысқартуға мәжбүр етеді, бұл жасалған мәмілені қаржы лизингі ретінде санамай, соңында салық салу тәртібін қайта қарастыруға әкеп соқтырады. Бұл – біріншіден. Екіншіден қаржы лизингі келісім-шартындағы мерзім іс жүзіндегі пайдалы қызмет мерзіміне қағаз жүзінде сәйкес келеді, бірақ төлемдер графигі лизинг алушы лизинг мүлкінің толық құнын бірінші 4-5 жылда төлейтіндей етіп жасалады, Лизинг мүлкінің қалған аз бөлігін төлеу келісім-шарт мерзімі аяқталғанша созылады.

Егер лизинг алушы лизинг шарты аяқталғанша төлемдерді толық жүзеге асыра алмаса, төлемдерді толық төлеп болғаннан кейін ғана лизинг мүлкімен пайдалану құқы беріледі. Егер лизинг алушының лизинг мүлкін пайдалануға құқы болмаса, онда ол бірқатар қиыншылықтар көруі мүмкін, соның ішінде, мысалы, төлемдерін толық жүзеге асырып қойған мүлікті кепілдікке қоя алмайды.

Сонымен қатар, Салық салу кодексіндегі 74-баптың редакциясы қаржы лизингі мәмілесін сипаттайтын халықаралық ережеге (нормаға) сәйкес келмейді. Бұрынғы заңның 43-бабына сәйкес (қазір ол “Салықтар және бюджетке міндетті төлемдер туралы” Қазақстан Республикасының Заңына 2001 ж. 23-қаңтарда “Өзгерістер мен қосымшалар енгізу” туралы №147-ІІ Қазақстан Республикасының салық салу Кодексін қабылдау арқылы 74-бапқа ауыстырылған) арендалық мәміле, егер мына төлемдегі көрсетілген шарттарға жауап бере алса, лизингтік мәміле деп саналған. Ол шарттар мынадай:

  • аренда мерзімі негізгі құралдар мерзімінен 80% асу керек;
  • жалға алушы, яғни арендатордың, бекітілген бағамен немесе аренда аяқталған кезде белгіленген бағамен негізгі құралдарды сатып алуға құқы бар;
  • жалға алынған негізгі құралдар құнының қалдығы 20% кем болуы керек;
  • толық арендалық мерзімдегі төлемдердің құны жалға алынған құралдар құнының 90%-нен жоғары болу керек.

Біздің ойымызша, бұрынғы 43-баптың редакциясы қаржы лизингі институтының халықаралық экономикалық түсінігіне сәйкес келеді.

Салық салу Кодексіндегі 74-баптың қазіргі редакциясы сол бапта көрсетілген бір ғана белгіге емес, барлық белгілерге жауап беретін мәміле ғана лизинг шарты бола алатынын қарастырады. Осыған байланысты, халықаралық стандартқа сай келмейтін қазіргі редакция Қазақстанда лизингтің даму процесін әлсіретіп тастады, өйткені қазіргі таңда лизинг алушылар мен лизинг берушілер мәміледе Салық салу кодексінің 74-бабында баяндалған шарттардың барлығын орындауға мәжбүр болып отыр. Ал жалпы дүниежүзілік машықта осы шарттардың біреуі ғана орындалса жеткілікті болып саналады.

Біздің ойымызша, осындай қиын жағдайдан шығу үшін заң ережелері мен Салық салу заңдарында өзгерістер енгізу керек:

  • азаматтық және салықтық заңдарында қаржылық лизингке бірдей түсініктеме беру керек;
  • немесе Салық Кодексі қаржылық лизингке салық салу мақсаттарын жүзеге асыру үшін лизингке түсініктемені Қазақстан Республикасының қазіргі заңдарына сәйкес беру керек.

 

 

        2.2 Лизинг түрлерін дәрежелеу, лизингтің арендадан айырмашылығы

 

Лизингті іс жүзінде мақсатты пайдалануды ұйымдастыру үшін оның түрлерін, формаларын және жүзеге асыру тәсілдерін дұрыс анықтаудың маңызы зор.

Лизинг қатынастарының түрлері мәмілені ұйымдастыру формаларына, олардың мерзіміне, екі жақ міндеттерінің көлеміне, лизинг обьектісі ерекшкліктері мен оларды аммортизациялау шартына, лизинг төлемдерінің көлеміне, салық салудың жеңілдіктеріне, нарық секторларына байланысты бөлінеді (2.1.кестесі):

 

 

2.1. Кестесі.

Лизингтің негізгі түрлерін дәрежелеу

Белгілері

Лизингті ұйымдастыру мен жүзеге асыру техникасының формалары

Лизинг обьектісі

Мәміленің ұзақтығы

 

 

 

 

Аммортизациялаудың шарттары

Нарық саласы

Мәмілені ұйымдастыру түрлері

Қызмет көрсету көлемі

 

Лизинг төлемдерінің түрлері

Салық салу жеңілдікте- ріне қатысы

Жылжымалы және жылжымайтын мүлік

Обьектіні пайдаланудың нормативті мерзімдегі қаржы лизингі.

Обьектіні пайдаланудың нормативті мерзімінен кем уақыттағы оперативті лизинг

Жеделдетілген толық аммортизациялау

Толық емес аммортизациялау

Ішкі, халықаралық, транзиттік

Тура, жанама, қайтарымды, “леведж- лизинг”

Таза, толық және толық емес қызмет, кешенді, басты қызмет көрсету

Ақшалай, өтемақылық, аралас

 

Анық түрде, жалған түрде (фиктивн.)

 

 

Мүліктің екі негізгі — қаржылық және жедел (оперативтік) түрі бар. Қаржылық лизингте (fіnance lease, оны кейде толық аммортизациялық деп те атайды) мүлік шарт бойынша нормасы қызмет мерзіміне тең немесе одан біршама кем мерзімге, яғни аммортизациялық бөлектеудің нормасы есебіне салынған мерзімге беріледі.[3] Егер шарт жасаушы жақтар қызметтің нормативті мерзімінен  кем мерзім белгілесе, мүліктің қалған құны шарт мерзімі біту уақытына белгіленеді. Қаржы лизингі кезінде мүлікті және сатушыны таңдау құқы лизинг алушыға беріледі. Шартта лизинг алушының келісімі мен тапсырмасы бойынша сатушының мүлкін таңдауды лизинг беруші жүзеге асырады. Барлық жағдайларда, лизинг беруші мүлік алу кезінде, сатушыны мүліктің лизингке өткізілетіні жөнінде ескертуі тиіс.

Қаржы лизингі кейбір ерекшеліктерімен сипатталады.

2.2. Кестесі.

Қаржы лизингіне қатысушылардың қарым-қатынасы

Өзара қарым-қатынастардың мазмұны

Орындау әдісі

Лизинг мүлкі мен сату- шыны таңдау

 

Мүліктену

 

 

 

 

 

Лизинг процесіне қатысу- шылардың (сатушы, ли-зинг беруші, лизинг алу- шы) қарым-қатынасы

 

Мүлікпен қамтамасыз етуге жауаптылық

 

 

Мүлікті сатып алу құқы

 

 

Сервистік қызмет көрсету және мүлікті сақтандыру

 

Мүліктің кездейсоқ бұзы- лу, жоғалу, жойылу қаупі

 

Лизинг мерзімінің ұзақ- тығы

 

Шарт мерзіміндегі лизинг төлемдерінің көлемі

 

Лизинг мүлкін есепке алу

Лизинг алушы жүзеге асырады

 

 

Лизинг беруші мүлікті лизинг алушыға өткізетіні жөнінде сатушыға ескерте отырып, толық немесе жарым-жартылай қаржыландыруды жүзеге асырады

 

 

Ынтымақты қарым-қатынастар ретінде

 

 

 

 

Егер сатушыны лизинг беруші таңдама- ған болса, лизинг алушыны мүлікпен қамтамасыз етуге сатушы жауапты

 

Бұған лизинг алушының шарт біткенге дейін құқы бар

 

Лизинг алушы жүзеге асырады

 

 

Мүлікке оны қабылдаған күннен бастап лизинг алушы жауап береді

 

Мүлікті өтеу және қызметтің нормативті мерзіміне жақын

 

Шарт жасасқан кезде лизинг мүлкіне бекітілген бағаның толық құны

 

Лизинг берушінің балансында және ли- зинг алушының 001 балансынан кейінгі есебінде немесе өзара келісімдері бой- ынша жүзеге асырылады

 

Қаржы лизингі барысында қаржыны қосымша жұмылдыру арқылы лизинг мүлкін табу процедурасы сияқты, кепіл берудің, кепілдікке қоюдың, сақтандыру жүйелерінің де маңызы зор.

Лизинг мүлкін алу процедурасы үш варианттан тұрады: бірінші вариант бойынша лизинг алушы шартқа ақы төлеу арқылы мүлік пен оның сатушысын өз бетінше таңдайды және шарт бойынша мүлікпен пайдалану құқы лизинг алушыға өтеді; екінші вариант бойынша лизинг беруші сатушыны таңдайды және мүлікпен қамтамасыз ету жөнінде лизинг алушының алдында жауапты; үшінші вариант бойынша лизинг беруші лизинг алушыны сатушымен жасалатын операциялар жөнінде агент болуға уәкіл етеді.

Қаржы лизингі мүліктің ең кең тараған түрі. Ол мүлікті лизингке ұзақ мерзімге өткізуді және оны пайдаланған мерзімі үшін құнын толық өтеуді қарастырады.

Оперативті лизинг шарты бойынша (operatіng lease, оны толық емес аммортизациялық лизинг деп те атайды) лизинг алушыға мүлік оның нормативті жұмыс мерзімінен кем мерзімге беріледі, бұл мүлікті лизинг алушыға бірнеше рет өткізуге мүмкіндік туғызады. Осыған байланысты лизинг төлемдері бір келісім-шарт ішінде мүліктің толық құнын өтемейді. Лизинг беруші мүлікті уақытша пайдалануға бірнеше рет беруге мәжбүр болады және егер лизинг обьектісіне сұраным болмаса, оның қалған құнын өтеу жөніндегі қауіп лизинг беруші үшін есейе түсуі мүмкін. Оперативті лизинг шартының мерзімі шарт жасаушы жақтармен 1 сөтке мен үш жыл шегінде бекітіледі. Сондықтан көбіне лизинг алушыға қажетті қысқа мерзімді, бір жолғы маусымдық жұмыстарды орындайтын мүліктер (автокөліктер, ұшақтар және техниканың басқа да түрлері) және моральдық жағынан тез ескіретін техника лизинг шартының обьектісі бола алады. Оперативті лизинг кезінде мүлікті лизинг алушы таңдайды, бірақ таңдау мүмкіндігі лизинг беруші қоймасында бар мүлікпен шектеледі.

Оперативті лизинг мынадай белгілермен сипатталады:

-лизинг шартының мерзімі мүлік қызметінің нормативті мерзімінен әлдеқайда қысқа, соған орай лизинг беруші мүлік құнының бір келісім-шарт есебінен өтелуінен үміттенбейді;

-мүлік лизингке бірнеше рет өткізіледі;

-лизингке лизинг алушының тапсырысы бойынша арнайы алынатын мүлік емес, лизинг компаниясында бар мүлік өткізіледі. Басқа сөзбен айтқанда лизинг компаниясы, мүлікті иелігіне ала отырып, оның нақты пайдаланушысын алдын-ала білмейді. Сондықтан оперативті лизинг бойынша мамандандырылған лизинг компаниялары жаңа және бұрын қолданылған лизинг мүлкі нарқының коньюктурасын жетік білулері тиіс;

-мүлік мәмілесі екі жақты сипатталады (лизинг беруші-лизинг алушы);

-техникалық қызмет көрсету, сақтандыру жөніндегі міндеттер лизинг компанияларына жүктеледі;

-егер лизингке алынған мүлік белгісіз жағдайлармен пайдалануға жарамсыз болып табылса, онда лизинг алушының шартты бұзуға құқы бар;

-лизинг мүлкінің кездейсоқ бұзылу, жойылу қаупі лизинг берушінің мойнында болады;

-оперативті лизинг кезіндегі лизинг төлемдері қаржы лизингі кезіндегі төлемдерден жоғары болады, өйткені лизинг беруші мүлікті қайта беру үшін клиенттердің болмай қалу қаупін және мүліктің бұзылу қаупін ескеруге тиіс;

-егер лизинг алушыда қаржы болмай қалған жағдайда, оның мүліктің ақысын бөліп төлеу арқылы қолдануға құқы бар. Бұл оперативті лизингтің қаржы лизингісінен айырмашылығы;

-лизинг мүлкін қайтару кезінде лизинг алушы мүлік құнының айырмашылығын (мүліктің құнының қалдығы мен мүлік құнын жабудағы айырманы) келісім-шартта белгіленген мерзімде өтейді;

-шарт мерзімі аяқталған кезде мүлік лизинг алушыға қайтарылады. Лизинг алушының тілегі бойынша лизинг шарты мерзімі жаңа шарттар бойынша ұзартылуы мүмкін, және оның мүлікті өз меншігіне алуға да құқы бар.

Сонымен, біздің ойымызша, оперативті лизинг баршаға таныс аренда болып табылады.

Қазақстанда лизингті оперативті және қаржы лизингтеріне бөлу шарт обьектісінің өтелу деңгейі бойынша жүзеге асырылады. Заң актілерінде және нормативті құжаттарда бұлар жүйелі анықталған.

Бухгалтерлік есепте “қаржы лизингі” мен “оперативті лизинг” терминдері тек қана лизинг мәмілелерінде есепке алумен байланысты, мұнда қаржы лизингі лизинг берушімен мүлікті және оны иемденуге байланысты түсетін пайдалар мен қауіптерді қоса лизинг алушыға өткізілетін және лизинг мерзімінің соңында мүлік те лизинг алушыға өтетін мәміле ретінде анықталады. Осыған сәйкес, лизинг алушы қаржы есептерінде лизинг мүлкінің құнын және лизинг берушінің алдында лизинг төлемдері бойынша міндеттеріне байланысты бар сомасын көрсетуі тиіс.

Толық аммортизацияланған лизинг қаржылық лизингтің параметрлеріне сәйкес келеді: шарттың ұзақтығы мүлікті аммортизациялаудың нормативті мерзіміне тең келеді, лизингке мүлік бір рет алынған кездің өзінде, оның құны толық өтеледі.

Ресей Федерациясының заңына сәйкес қаржылық лизингте шарт жасаушы жақтардың келісімі бойынша салық салу органдарын ескерту арқылы қарастырылатын лизинг мүлкінің жеделдетілген аммортизациясы (3-коэффициентімен) қарастырылған. Мұнда жеделдетілген аммортизация механизмін қолданатын жоғары технологиялық салалар мен мүліктің белгілі бір түрлерінің тізімін атқарушы өкіметтің федералдық органдары бекітеді.

Мүлік құнын жарым-жартылай өтеуге жол беретін толық емес аммортизациялық лизинг мазмұны бойынша оперативті лизинг параметрлеріне сәйкес келеді.

Лизинг мәмілесінің негізгі қатысушыларының қайсібір елде орналасуына байланысты лизинг ішкі және халықаралық болып екіге бөлінеді. Ішкі лизинг кезінде лизинг шартына қатысушылардың барлығы бір елдің заңды тұлғалары (азаматтары) болулары керек. Егер лизинг беруші мен лизинг алушы әртүрлі елдерде орналасқан болса, онда лизинг халықаралық болып саналады. Егер мүлік шетелден алынатын болса, лизинг алушы орналасқан ел үшін халықаралық лизинг импорттық  деп аталады.

Егер мүлік лизинг  беруші орналасқан елден алынатын болса, онда лизинг экспорттық боп саналады. Импорттық лизинг кезінде сатушы шетелде орналасады, ал экспорттық лизингте-лизинг алушы шетелдік серіктес (партнер) болып табылады.

  Бұдан басқа тағы да тура халықаралық лизинг бар. Мұндай мәміледе барлық операциялар екі елдің каммерциялық ұйымдары арасында жасалады. Бұл жағдай лизинг алушыға экспорттық несиені өзі тұрып жатқан елінен алуға және осы арқылы өз мүлкінің өтім қарқын кеңейтуге мүмкіндік, берілді; лизинг беруші осы мүлікті пайдалануда толық қарастыруды және кәсіпорын өндірісін шұғыл түрде жабдықтандыруды қамтамасыз етеді. Шетел машығында халықаралық лизингтің тағы бір түрін қолданады. Бұл-транзиттің (өткінші) лизинг. Бұл лизингте шартқа қатысушының барлығы әртүрлі елде орналасады: бір елде орналасқан лизинг беруші басқа елден несие немесе қажетті мүлікті  алып, үшінші елде орналасқан лизинг алушыға өткізеді.

  Операциялар жүргізудің формаларына, ұйымдастырушысына, техникасына қарай лизинг-тура лизинг, жанама лизинг, қайтарымды және “леведж-лизинг” болып бөлінеді.

  Тура лизингте — лизинг беруші мен өндірушінің функцияларын бір тұлға орындайды.

  Жанама лизинг — лизингке мүлікті делдал арқылы өткізуді қарастырады. Көптеген лизинг мәселелері мүлікті жарым-жартылай сатуға ұқсас келетін жанама лизинг процедурасы негізінде жасалады. Өзі лизинг беруші болып табылатын делдал өндірушінің мүлкін қаржыландырып, лизинг алушыға береді, сонан соң одан лизинг төлемдерін алады.

  Қайтарымды лизингте лизинг беруші мен қамтамасыз етуші (сатушы) өз жабдықтарын немесе кәсіпорын толығымен лизинг алушыға сатады және сол мүлікті иемдену және пайдалану құқын сақтай отырып, оны лизингке алады. Сатылған мүліктің ақшасын лизинг беруші кез-келген өндірістік және  инвестициялық мақсатта қолдана алады, ал лизинг шарты бойынша лизинг төлемдерін әдеттегі тәртіпте жүзеге асырады.Қайтарымды лизинг айналымды жеткілікті қаржысы жоқ кәсіпорындарды қызықтырады, өйткені лизинг беруші мүлік кепілдігіне несие бергендей болады.

  “Леведж-лизингке” бір немесе екі лизинг беруші мен (лизинг компаниялармен) өз көлемінде инвестициялана алмайтын және инвестициялануға 5-7 немесе одан көп лизинг берушілерді (лизинг компанияларын) жұмылдыратын лизинг беруші (лизинг компаниясы) мүлік құнының бір бөлігі ғана төлейді, ал мүлікті алуға қажетті қалған сомманы басқа лизинг берушілер төлейді. Мұндай жағдайда лизинг берушінің меншігінде болады,бірақ ол лизинг төлемдерін алу құқын өзінің қарыз берушілеріне ( басқа лизинг берушіге) беру мүмкін.

   Лизингті дәрежелеужің үшінші белгісіне сәйкес лизинг алушыға сервистік қызмет көрсету көлемі бойынша лизинг таза, толық, толық емес қызмет көрсетуші және басты болып бөлінеді.

  Таза лизингте — лизинг беруші лизинг алушыға қайсыбір қызмет көрсетуге міндетті емес. Таза лизинг кезінде қолданылатын мүлікті пайдалану, жөндеу және сақтандыру кезіндегі шығындарды лизинг алушы өтейді және олар лизинг төлемдеріне кірмейді.

  Толық лизинг — техникалық қызмет көрсетудің кешендік жүйесін, мүлікті жөндеуді, сақтандыруды, және де қызметкерлерді, маркетинг пен жарнама дайындауды қарастыруды. Мүлікті өз меншігінде қалдыра отырып, лизинг беруші де шарт мерзімі аяқталмағанша салық төлеп отырады. Лизинг алушыны қосалқы бөлшектермен және пайдаланатын материалдармен қамтамасыз ету мүлік сервистік қызметінің маңызды және күрделі элементі болып табылады. Дүниежүзілік тәжірбие мүліктің үздіксіз жұмыс істеуіне қажетті маңызды түйіндер мен детальдарды ауыстыру қорын құрудың тиімділігін дәлелдеп отыр.

  Толық емес қызмет жинағы лизингі шарт жасаушы жақтардың мүліктің техникалық қызметі жөніндегі функцияларын алдын-ала өзара келісіп бөлісуді қарастырады. Мысалы, лизинг беруші мүлікті пайдалануға берілген нормаларды және оның күнделікті қызметін қадағалауға жауапты, ал мұны алушы лизинг мүлкін жарамды күйінде ұстау жөніндегі шығындарды төлейді.

  Кешенді лизингте лизингке берілетін лизинг мүлкінің ақысын төлеуден бөлек, лизинг беруші өнім өндірісін ұйымдастыруды бастау үшін алушыға қажетті лизинг мүлкі бойынша (шикізаттың бастапқы көлемін сатып алу ж.т.б.) қосымша қаржы бөлуді инвестициялайды. Машықта қолданылатын басты лизинг шартында лизинг алушының, жаңа шарт жасаспай-ақ, лизингке мүлікті алу үшін қосымша тапсырыстар жасау құқын қарастырады. Басты лизинг-лизинг алушы мен лизинг берушінің тұрақты қызметтестігі кезінде лизинг алушыға қосымша мүлік қажет болған жағдайда, жаңа шарт жасаспай-ақ, екеуінің арасында жалпы келісім жасасуға мүмкіндік береді.

 Лизинг төлемдері бойынша лизинг ақшалай лизинг, өтемақы лизингі, аралас лизинг болып бөлінеді.

Егер барлық төлемдер ақша түрінде жүзеге асырылса, ақшалай лизинг қолданылады. Өтем ақы лизинг төлемдерді лизинг объектісіне өндірілген өнім арқылы өтеу түрінде немесе жауапты қызмет көрсету түрінде қарастырылады, аралас лизинг бартерлік мәміле элементтерінен тұратын ақшалай және өтемақы төлемдерінің байланысу негізінде жүзеге асырылады.

  Салық және амортизациялық жеңілдік белгілері бойынша лизинг нағыз және жалған лизинг болып екіге бөлінеді.

  Нағыз лизинг қазіргі заңға және кәсіпкерлік қызметтің лизингтік түрінің экономикалық мазмұнына сәйкес келеді. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодекісіне, “Лизинг туралы”  Қазақстан Республикасының заңына және басқа да нормативті құжаттарға сүйене келе, нағыз лизингтің мына төмендегі белгілерін атап өтуге болады:

Лизинг беруші шартың аяғына дейін мүліктің иесі болып табылады, ал экономикалық иесі лизинг алушы болып табылады, лизингке берілген мүлік тек ғана кәсіпкерлік мақсатты пайдаланылады; жалпы ереже бойынша лизинг беруші мүліктің бұзылу қаупіне жауап береді; белгіленген жеңілдіктермен пайдаланады, егер шартта өзгеше көзделмесе, мүліктің бастапқы құнын жарым-жартылай немесе толығымен төлейді; лизинг шарты ұзартылған жағдайда, мүліктің нарықтық құны мәмілені пролонгациялау кезінде есепке алынады;

Лизинг алушы мүліктің тек нарықтық бағамен сатып алады және ол лизинг берушімен мүлікті сатып алудағы қаржыландыруға қатыса алмайды; лизинг алушыға көрсетілетін қосымша қызметтің құны (сақтандыру, жөндеу және тағы басқа жұмыстар) лизинг төлемдеріне кіреді; салық қызметіне декларация жасау кезінде, лизинг алушыға түскен табыстан лизинг төлемдерін шегеріп тастауға мүмкіндік беріледі.

  Жалған лизингке саудагерлік сипаттама беріледі. Ол елімізде қазіргі салық және басқа жеңілдіктері есебінен пайда түсіру арқылы жүзеге асырылады. Егер жалған лизингте белгілі бір шарт бойынша лизинг алушыға мүлікті сату кезінде толық амортизациялау және мүлікті келісілген уақыт ішінде алдын-ала сынау арқылы ұзақ уақыт пайдалану шарттары қарастырылған болса, онда лизинг төлемдерінің орнына бөліп-бөліп төлеу арқылы сауда саттық операциялары жүзеге асырылады.

  “Қаржы лизинг туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабында банктік лизингі қарастырылған. Мұнда банк лизинг беруші болып табылады.

  Мәмілелеудің көлемі бойынша лизинг майда лизинг, стандартты лизинг (орта) және ірі лизинг болып үшке бөлінеді.

  Майда лизинг (Ресей Федерациясының 100-200 мың руб. дейін) көптеген елдерде кеңінен қолданылады. Бұл мәміледе өндірістік емес мүліктер қолданылады (компьютерлер, телефон стансалары, қауіпсіздік жүйелері және тағы басқа)

  Орташа лизинг Р. Ф. 200мың-2,5млн. руб. дианазонында жүзеге асырылады. Стандартты лизингте кеңінен қолданылатын мүлік түрлері (кішігірім зауыттар, технологиялық жабдықтар және тағы басқа) пайдаланылады.

  Ірі лизинг шарттарында (20,0млн. руб аса ұшақтар, кемелер, энергетикалық жабдықтар және тағы басқа қолданылады. Бұл нарық секторындағы жұмыс үлкен қаржы ресурстарын және жеке тапсырыс берушілерге арнайы қаржы жобаларын жасап бере алатын лизинг алушы мамандарды (лизинг компанияларын) дайындауды талап етеді.

 

  Лизингтің арендадан айырмашылығы

  Лизинг пен аренда қатынастарының арасында ұқсастықтар көп, алайда олардың арасында мына төмендегідей айырмашылықтар бар:

  1. Лизингке лизинг беруші және лизинг алушымен қатар сатушы да қатыса алады, ол арендаға сатушының қатысы жоқ.
  2. Лизинг қатынастарында лизинг алушы белсенді роль атқарады, бұл арендалық қатынастарға сай емес. Мүлік пен оның сатушысын лизинг алушы таңдайды. Лизинг беруші мүліктің лизингке өткізілетіні жөнінде сатушыны ескертуге міндетті. Ал арендаға сатушының ешқандай қатысы жоқ.
  3. Лизингтің арендадан айырмашылығы лизинг алушыға лизинг кезінде сатушыға тән құқықтар берліп, міндеттер жүктеледі. Яғни сатушы мүлікті лизинг берушіге емес, уақытша пайдаланатын лизинг алушыға өткізеді. Ал лизинг берушінің мойнында лизинг мүлкінің  ақысын төлеу міндетті және сатушымен сауда саттық шартын бұзу құқы ғана қалады.
  4. Аренда және лизинг шарттарында мүліктен табылған кемшіліктердің қаупін бөлу әртүрлі жолдармен іске асырылады. Аренда шарты бойынша жалға беруші жалға алушының алдында мүлікті пайдалануға кедергі жасайтын кем-кетіктерге жауап береді. Ал лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушының алдында мүліктің кем-кетіктеріне және мүлікті пайдаланған азаматтардың денсаулығына, өміріне мүліктің келтірген зияны үшін жауап бермейді. Егер лизинг беруші сатушы мен мүлікті өзі таңдаған болса, онда лизинг алушы алдында кемшіліктер мен келтірген зияны үшін жауап береді. Лизинг беруші  жауаптылығының бұлай шектелуі сатушы мен мүлікті лизинг алушының өзі таңдауымен байланысты. Сонымен қатар,лизинг беруші лизинг объектісінен табылған кем-кетіктеріне байланысты кепілдік міндеттерін орындаудан да босатылады. Бұл міндет сатушы мен лизинг алушыға жүктеледі, лизинг беруші осы кем-кетіктерді түзетуді талап етеді.
  5. Лизинг объектісі лизинг берушінің меншігінде қалсада лизинг алушы жауап береді. Мүліктің кездейсоқ жойылу қаупі лизинг алушыға жүктелетіндіктен, ол лизинг берушінің алдындағы барлық қаржылық міндеттерін орындауға тиіс. Сондықтан, егер, кездейсоқ, шарт жасасушы жақтардың кінәсінсіз, мүлік жэойылған болса, лизинг алушы лизинг төлемдерін жалғастыруға немесе шартта бекітілген мүліктің жалпы соммасын өтеуге міндетті. Ал аренда жалға алушыға мұндай міндеттер жүктелмейді.

 Лизинг шартында туатын қауіптерді осылай бөлу дұрыс боп саналады, өйткені лизинг беруші мүлікпен лизинг алушыны өз өтініші бойынша қамтамасыз етеді.

Арендада барлық қауіптер  жалға берушіге жүктеледі, сондықтан, егер мүлік жарамай қалса және оған жалға алушының кінәсі болмаса, оның шарты өз мезгілінен бұзуда талап етуге құқы бар. Осыған сәйкес жалға алушы төлемдерді жүзеге асырмайды.

  1. Егер лизинг алушының өтінішімен немесе кінәсімен лизинг беруші шартты тоқтатса, лизинг алушы лизинг төлемдерін жалғастыруға немесе шартта көрсетілген лизинг мүлікінің жалпы сомасын төлеуге, ал кейбір жағдайда келісім-шартты орындамағаны үшін айыппұл төлеуге міндетті.

 

 

 

2.3. Дамыған елдерде қаржылық лизингке сипаттама беретін

           негізгі ерекшеліктер (халықаралық лизинг)

 

  Лизингтің дүниежүзілік даму ерекшеліктері. Лизингтің ұзақ және табысты тарихы бар. Аренда туралы ең алғашқы құжаттар біздің дәуірімізге дейінгі 2000-жылы пайда болған, бұл кезде коперативті лизинг түрінде ауылшаруашылық жануарлар мен еңбек құралдары арендаға өткізілген. Орта ғасырда Венецияда сауда кемелерін пайдаланушыларға арендаға якорлар өткізілген, олар жүзу сапары аяқталған соң меншік иесіне қайтарылған және қайтадан арендаға өткізілген.

ХІХ ғасырдың орта шенінде темір жолдың қарқынды даму дәуірінде  АҚШ-тың Ұлыбританияда темір жол вагондары лизингке өткізілген, ал 1877ж. Bell телефон компаниясы телефон аппараттарын сатпай, оларды аренда шарты бойынша өткізуге шешім қабылдаған.

Екінші дүниежүзілік соғыста АҚШ үкіметі біздің елімізді аренда шарттары бойынша соғыс құралдарымен, мүліктермен қамтамасыз етіп отырған. Бұл операция бізге “Лоид-лиз” ретінде белгілі.

 

 

Қазіргі заман

Қазіргі заманның лизинг индустриясын қалаушы Генри Шонфельд болып табылады. Ол 1952жылы Сан-Францискода негізгі қызметтің мүлкі лизинг болып табылатын Unіted States Leasіng Corporatіon компаниясын құрды. (Қазір бұл компания Unіted States Leasіng Іnternatіonal Іnc (n SLеasіng) деп ерекшеленеді). Яғни оларды банктер, қаржы топтары, құралдарды өндірушілер бақылаған емес. Бірақ U.S. Leasіng компаниясы өзінде бар капитал санына қарамай өзінің активтерінен әлдеқайда асып түсетін сомаға қызмет көрсетті.

АҚШ-та мұндай жағдайдың болуы 1963 жылға дейін банктерге лизинг беруші ретінде лизинг бизнесіне қатысуға салынумен байланысты еді. Бұған қарамай банктер лизинг компанияларын несиелендіруге белсене кірісті. 50-жылдары АҚШ-та лизинг индустриясы қарқынды дамыды. Жоғары сұраным, лизинг шарттарындағы жаңа тиімді құралдар, 100%-к қаржыландыру, ыңғайлы төлем жобалары салық және амортизациялық жеңілдіктер жасауда орын алған лизингтің тез дамуына жағдай туғызды.

Құрал-жабдық өндірушілер (General Eleetrіe Ran Xepox, LBM және тағы басқа) тікелей сауда мен салыстырғандағы лизингтің артықшылығын түсініп, шағын лизинг кәсіпорындарын аша бастады. АҚШ-та осындай компаниялар “Cartіves”  аталды. 1963 жылдан АҚШ-тың кейін лизинг бизнесіне банктер қатыса бастды. Сонымен Ақш-та 60 жылдардың соңына қарай лизинг компанияларының үш түрі пайда болды  (тәуелсіз, шағын фирмалар, банктердің филиалдар).

1960-жылы U.S. Leasіng және Mercantіle Credrs Cjmnany Ұлыбританияда бірінші лизинг компаниясының негізін қалады. Италияда, Францияда лизинг компаниялары 1961, 62,63-жылдары құралды.

60-жылдардың аяғында лизинг индустриялары Батыс Еуропаның көптеген елдерінде пайда болды. Бірақ алғашқы кезде лизинг Еуропада АҚШ-тағы дамыған жоқ. Көбіне бұл лизинг операцяларының азаматтық, сауда, салық заңдары жағынан екі ұшты болумен  байланыстырылды.

Жапонияда “Orіent leasіng” бірінші лизинг компаниясы 1963жылы құрылды. U.S. Leasіng-тен айырмашылығы, ол акционерлік қоғам түрінде ұйымдастырылды. Жапонияда банктердің лизинг компания капиталдарына қатысуына шек қойылды.

Жапония мен АҚШ-қа қарағанда, Еуропада банктер мен қаржы институттар бірінші лизинг компаниясының ұйымдастырушылары болып табылады. Дамушы елдер лизингті кеш, бірақ тез қолдай бастады. Индияда бірінші лизинг компаниясы 1973 жылы, Оңтүстік Кореяда-1977жылы құрылды. Сонымен Батыс Еуропадағы лизинг өзінің көлемі және дамуы деңгейі бойынша Шығыс Еуропа мен ТМД елдерін басып озса, АҚШ-тағы лизинг Еуропадағы лизингтен анағұрлым жоғары дамыды.

АҚШ-та және Еуропада лизингтің кең қолданылуы сол елдердің қолайлы экономикалық жағдайларымен түсіндірілді. Яғни бұл елдерде (50-жылдардан бастап АҚШ-та, 60-жылдардан бастап Батыс Еуропа елдерінде) инвестициялар есебінен лизинг механизмі арқылы дамитын кәсіпкерлік бизнеске қолдау көрсетілді.

Елдегі бизинг дамуының деңгейі мен тереңдігін мына төмендегілер анықтайды.

  • Нормативті заң базасы;
  • Мемлекеттік реттеу;
  • Макроэкономикалық жағдайлар, инвестициялық ьнарықтық аһуалы (инвестициялық жеңілдіктер, банк процентінің, әсіресе салық салу процентінің деңгейі, инфляция дәрежесі және тағы басқа);
  • Бухгалтерлік есеп жүйесін пайдалану.

 

Дүниежүзілік интеграцияға байланысты лизингтің дамуы

Баршаға белгілі лизингтің дамыту экономикалық және заңды екі концепциядан тұрады.

Лизингті халықаралық көлемде үйлестіруге толық экономикалық және валюттік одақтасу арқылы қол жеткізуге болады. Мысалы лизинг қызметін реттейтін және де экономикалық шарттардың заңды нормаларын топтастыруды жүзеге асырып жатқан Еуропаның одақтас елдерінде:

  • Салық жүйесін қалыптастыру;
  • Амортизация тәртіптерін жақындастыру;
  • Лизинг қызметінің бухгалтерлік есеп беруін қалыптандыру байқалады.

Салық салуды, инвестициялық жеңілдіктерді, кедендік-валюттік реттеуді интеграциялау лизинг қызметінің негізгі экономикалық аспекті болып табылады, бұл кейбір елдердің ұлттық заңдарын қалыптандыруды талап етеді, өйткені салық салудағы амортизация нормасындағы, бухгалтерлік есептегі кез-келген айырмашылықтар елдер арасындағы бәсекелестік шарттарын бұрмалауға әкеп соқтырады. Еуропа одақтастығы ішіндегі экономикалықжағдайлар нарықтық ең үлкен сегменттерін қамти отырып, корпорацияларға салық салуды қалыптандырады.

Еуропа одақтастығы жүзеге асырылатын салық реформалары мынадай принциптерді қарастырады:

  • Табыс қай елден алынса, сол елде салық салынады;
  • Корпаративті салық пен салық жеңілдіктерін төмендету қамтамасыз етіледі;
  • Салық жеңілдіктерін беру шарттары мен тәсілдері жақындастыры-лады; салық салу ставкалары қалыптандырылады, салық базасын есептеудің бірдей принциптері дискриминацияға жол берілмейді;

Салық жүйесін қайта қарастыра отырып, Еуропа одақтас елдері тікелей лизинг механизмімен байланысты мүлікті амортизациялауды ұқсастыруды қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайларда көптеген елдер салық базасын төмендететін және амортизациялық қорларды ұлғайтатын жедел жетілген амортизация режимін қолданады.

Сондықтан 1982 жылы бухгалтерін есептің халықаралық стандарттары жөніндегі комитет лизинг операцияларына арналған бухгалтерлік есеп стандартын (ІАS-17) жариялады, бұл стандартта қаржы және оперативті лизинг анықтама беріліп, олардың негізгі айырмашылықтары көрсетілді.

(ІАS-17) стандартына сәйкес,қаржы лизингі ретінде мүлікпен бірге оны иемдену қаупі мен пайдалардың барлығы лизинг алушыға өтетін лизинг шарты болып саналады. Лизинг шартының соңында лизинг мүлкін меншіктену құқы лизинг алушыға берілуі де, берілмеуіде мүмкін. Қаржы лизингісінде лизинг мерзіміндегі төленетін төлемдер лизинг берушіні лизинг құнын қайтарып алумен, лизингке салынған капиталдың үстінен пайда көрумен қамтамасыз етеді.

(ІАS-17) стандартындағы оперативті лизингке қаржы лизингсінен айырмашылығы бар кез-келген лизинг жатады.

Лизинг механизмін халықаралық қалыптандыру (унификациялау)

Лизинг инвестициялық процестерді активтендіруге, өндіріс көлемін ұлғайтуға, дұрыс бәсекелестікті дамытуға селін тигізетіндіктен, оған Дүниежүзілік банкі, Еуропалық қайта құру және дамыту банкі, Еуропалық одақтастық комиссиясы, Еуропалық экономикалық комиссиясы және басқа да халықаралық құрылымдар жан-жақты қолдау көрсетеді.

Егер әдеттегі сатып алумен салыстырғанда артықшылықтары болса, ұлттық лизинг операциялармен салыстырғанда, шығындарға жол бермейін лизинг төлемдерінің жеңілдетілген процедуралары анықталған болса және де лизинг жөніндегі ұлттық заңда шағын айырмашылықтар болса, халықаралық лизингтің дамуға мүмкіндігі бар. Лизингі тиісті елдерде лизинг теориясы мен машығын көрсететін материалдар негізінде және құқықты қалыптандыру жөніндегі халықаралық институтта өңделген лизингтіккелісімдер мен шарттардың халықаралық үйлесімі жасалған.

(ІАS-17) стандарты бойынша лизингті дәрежелеу.         2.1. Суреті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лизингті үйлестіру заңының жобасы алғаш рет 1979 жыл қарастырылды. Ол Еуропа лизингі ұйымының қатысуымен жасалып, бірнеше конференциялар мен симпозиумдарда қарастырылды, соның нәтижесінде 1998 жылы Оттава қаласында (Канада) лизинг жөніндегі халықаралық конференцияға 55 елдің өкілдері қатысумен УНИДРУА конвенциясы қабылданды.

         УНИДРУА Конвенциясы қарастырған негізгі ережелер.

  • Лизинг — дербес құқықтың институты.
  • Лизинг арендаға, сатып алу-сату шартына немесе ұқсас, бірақ олардың ешқайсысына қатысы жоқ және екі келісімнің – сатып алу-сату шарты мен лизингтің бірігуін көрсететін мәміле.

 

Халықаралық лизингтің ұйымдары

Лизингті қолданатын көптеген елдерде лизинг коппаниялар өз мүделерін қорғау және лизингті дамыту үшін ұлыттық лизинг ассоциацияларын құрған Ресейде “Рос-лизинг” Ресейлік лизинг ассоциациясы осындай ұйым болып табылады.

Сонымен қатар лизинг саласын халықаралық деңгейде көрсету үшін, басқа да халықаралық ұйымдармен араласу үшін, форумдар мен пікірсайыстар өткізу үшін, лизинг саласында терең білім алу үшін, планетамыздың үш континентінде ұлттық лизинг ассоциациялары жергілікті ұйымдар ашқан.

Еуропада мұндай ұйым leaseeurорe (Еуропа лизинг) – Еuropean Federatіon of Equіpment Leasіng Company Assocіatіons (лизинг құралдары жөніндегі компаниялардың Еуропалық федерациялық бірлестігі) деп аталады. Штаб-квартирасы Брюссельде орналасқан. Ол 1972 жылы ашылды. Азиядағы ұйым хатшылығы Сингапурде орналасқан Asіlease (Азия лизинг) – Asіa Leasіng Assocіatіons деп аталады. Оның негізгі 1972 жылы қаланды. Оңтүстік Америкадағы хатшылық Мексикада орналасқан. Felalease (Филализинг) Latіn Amerіcan Leasіng Federatіon (Латин Америкасының лизинг федерациясы) деп аталады. Оның негізі 1983 жылы қаланды.

1984 жылы лизинг компаниясының осы үш федерациясы мен ассоциациясы АҚШ пен Австралияда World Leasіng Counsel, яғни (халықаралық лизинг кеңесін) құрды.

Сонымен қатар, жеңіл және ауыр автокөліктер мен ұшақтар, компьютерлер лизинг бизнесіне қатысылып, үш мамандандырылған ассоциациялардың негізін қалады. Олар: жеңіл және ауыр машиналарды жалға беретін Еуропалық ассоциациясы; ұшақты лизингке берушілердің халықаралық ұйымы; компьютерлер лизингі мен саудасының Еуропалық жеңіл және ауыр машиналарды жалға беретін Еуропалық ассоциациясы; ұшақты лизингке берушілердің халықаралық ұйымы; компьютерлер лизинг мен саудасының Еуропалық ассоциациясы.

90 — жылдардағы лизинг

Лизинг 80 ж. аяғы мен 90 ж. басында барлық елдерде қарқынды дамыды.

Оған лизингтің бізге белгілі барлық артықшылықтары және мемлекеттердің лизинг қызметін қолдауы әсер етті, өйткені қызметті активтендірудегі лизингтің маңызды рөлін көптеген елдердің үкіметтері түсінді.

Лизингтің дүниежүзілік капитал нарығында маңызды роль атқаратыны кездейсоқтық емес. Бұл нарықтық үлесіне кейбір батыс елде инвестицияларының 30%-тен астамы келеді.

Сонғы 15 жыл ішінде лизинг айналымы дүние жүзі бойынша 5 есе өсті және London Fіnancіal Group көрсеткіші бойынша бұл 2004 жылы 356,4 млрд. АҚШ долларына жетті.

 

 

2.2. суретінде 2008 ж. дүниежүзі лизинг бизнесіндегі әр континенттің үлесі көрсетілген.

2.2. Сүреті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Австралия мен Жаңа Зеландиянің үлесі 1,7 % құрайды. Лизинг айналымының негізгі көлемін үш континент: Солтүстік Америка, Азия және Еуропа құрайды, 2008 ж. олардың үлесідүниежүзілік лизинг мәмілері көлемінің 93,9 құрады.

Солтүстік Америка қазіргі лизингтің отаны бола отырып, дүниежүзілік лизинг бизнесінде 1-орынға ие. Солтүстік Америкадағы лизинг нарығының 95% АҚШ құрайды бұл дүние жүзілік лизингтің 40%-не жуық.

АҚШ-тағы лизинг құрал – жабдық инвестициясының 30%-ін қамтамасыз ететін негізгі инвестициялық құрал болып негізгі инвестициялық құрал болып табылады.

Азиядағы лизинг айналымдарының едәуір көлемі Жапонияда орын алған.

Мұнда лизинг айналымы 2008 жылы АҚШ-тың 73,67 млрд. долларын немесе барлық жасалған мәмілелердің 81,7%-ін құрайды. Жапония лизинг көлемі бойынша АҚШ-тан кейін екінші орынға ие . Жапония өз континентінде лизинг айналымдарының көлемі бойынша бәсекелестіктен тысқары қалуда.

 

 

 

Жетекші дүниежүзілік лизинг компаниялар

Жетекші дүниежүзілік лизинг компанияларының 2.3 кестесінде жаңа лизинг шарттарының көлемі бойынша тізбегінің 2008 жылдағы дүниежүзілік жетекші компанияларының бірінші ондығы көрсетілген.

2.3. Кестесі.

Атауы

Мемлекет

2008ж. көлемі

млрд.дол.

1.

GMAC

АҚШ

17,634

2.

GE Capіtal

АҚШ

17,374

3.

Orіx Corparatіon

Жапония

8,986

4.

Lombard North Central

Ұлыбритания

7,032

5.

Socіate Generale

Франция

5,356

6.

Delіs Fіnancіal Servіces

Германия

5,354

7.

AT &T Capіtal

АҚШ

4,566

8.

BOT Fіnancіal Corp

АҚШ

4,459

9.

ІBM Credіt Corp

АҚШ

3,600

10.

NWS Bank

Ұлыбритания

3,581

 

2008 жылы лизинг айналымының көлемі бірдей, яғни 17,634 пен 17,374 млн АҚШ долларын құраған GMAC (General Motors Acceptance Corp) және GE Capіtal екі американдық компания дүниежүзіндегі ең ірі компаниялар болып саналады,бірақ 90 жылдардың ортасында GF Capіtal компаниясы анағұрлым өсіңкі дамыды. Активтерінің көлемі бойынша 49, 994 млрд АҚШ долларын құраған GE Capіtal компаниясы басқа барлық компаниялардан екі есе басып озды. Ол ішкі нарықты ғана емес, сыртқы нарықты да жеңіп алды. 2004 жыл GE Capіtal компаниясы Жапония қаржы бизнесіне кірген бірінші шетел компаниясы болып табылады. Ронгкоштағы (Unіted Merchanіs Fіnance) ірі қаржы компаниясын толық бақылауға алды, Еуропаны трейлердің үлкен партиясымен қамтамасыз етті.

Бірінші ондықта үшінші орынға ие болған жапондық Orіx Corporatіon лизинг компаниясы және төрт еуропалық компаниялар кірді. Яғни дүниежүзілік лизинг  бизнесіндегі жетекші орындарға General Motors, General Electrіc Daunar Benz (delіs) ІBM ірі өндіріс орындары құрған қаржы құрылымдары кіреді.

 

Тұжырымдама

  1. Экономиканың аһуолы инвестициялық саясатқа және оны жүзеге асыру механизміне, сонымен қатар инвестициялаудың ерекше түрі – лизингтің қолданудың жаңа әдістерін іздеуді талап етеді.
  2. Лизинг нарығының инфрақұрылымын қалыптастыру Қазақстан Республикасының нарықтық бағдарламасымен қарастырылған.
  3. Барлық өзара байланыстағы субъектілердің мүделерін ескере отырып, құқықпен қамтамасыз ету – лизинг механизмі жоғары тиімділігінің негізгі шарттарының бірі.
  4. Лизинг қатынастарының түрлері мәмілені ұйымдастыру түріне, олардың ұзақтығына, шарт жасаушы жақтардың міндеттерінің көлеміне, лизинг объектілерінің ерекшеліктері мен олардың амортизациялық шарттарына, салық жеңілдіктері мен рынок секторларының қатынасына, шартқа қатысушылардың орналасқан еліне және бизинг мәмілелерінің көлеміне байланысты.
  5. Лизинг-қаржы лизингі және оперативті лизинг болып екі түрге бөлінеді. Мұндай бөлу олардың бухгалтерлік есебі мен ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты.
  6. Дүниежүзі лизинг нарығының дамуы қатысушы елдердің көбеюімен, өндірістің қарқынды дамуымен ғана емес, ол жалпы экономикалық деңгейден төмен халықаралық лизингтің интеграциялануымен және кеңеюімен байланысты.
  7. ТМД елдерінің Еуропа одақтастығы тәжірибесін үйренуге ұмтылуды, осы елдерде лизинг қызметінің қалыптасуына әсер етеді деген үміттеміз.
  8. Лизинг нарқының кеңеюі өндіріс пен қаржы саласын көпұлттандырудың объективті факторы болып табылады.
  9. Лизинг келісімдерін стандарттау, инвестициялық қызмет көрсету мен мүлікті өткізу жолын кеңейту лизинг қызметі нарығын дамытудағы негізгі себептер бола алады.

Қазақстандағы макроэкономикалық жағдай, кеден, салық, ұйымдық заңдарының ерекшеліктерін Қазақстанда халықаралық лизинг нарығын анағұрлым тиімді дамытуға жағдай жасап отыр.

 

  1. Қазақстан Республикасындағы екінші деңгейдегі банктердЕ Лизинг қатынастарының даму мәселелері

 

3.1 Қазақстан Республикасындағы лизинг

 

2007 жылдың 14-қантарында Алматы қаласында Қазақстан қаржышыларының үшінші конгресі өтті, оған Президент Н.Назарбаев қатысты, сөз сөйледі. Форум жұмысына экономмикалық блок уәзірліктерінің (министрліктерінің) басшылары, Парламент депутаттары, қаржы құрылымының өкілдері қатысты. Бұл форумға сонымен қатар, Премьер-Министр Иманғали Тасмағанбетов қатысты.

Күн тәртібіндегі маңызды мәселе – қаржы секторының даму концепциясының жобасын талқылау. Өткен жылдың қорытындысы форумға жиналғандардың көңілін көтеру, бұған өткен жылдың табысты өзгерістері негіз бола алады. Moody’s халықаралық рейтинг агентствосының Қазақстанға инвестициялық рейтинг беруі елімізді жаңа сапалы статуспен және қаржы жүйесімен куәландырады.

Конгресте Н. Назарбаев еліміздің келешектегі қаржы жүйесінің дамуына көз жүгіртті, яғни сапалы жаңа деңгейдегі мәселелерді шешуге өту жөнінде сөз алды. Нақты он бір мәселелердің ішінде біреуіне аса назар аударылды. Бұл келешекте қаржы лизингісінің дамуына кедергі жасайтын тауқыметті мәселелерді жан-жақты талқылау және қажет болса, заңға осыған сәйкес өзгерістер енгізу.

“Интеграция, бизнес, прогресс”. Осындай ұранмен 19-ақпанда Мәскеуде Еуразиялық экономикалық қоғамдастығының бірінші форумы ашылды.

Бұл форумға ЕврАзЭС елдері халықаралық кеңесінің төрағасы ретінде еліміздің Президенті Н. Назарбаев қатысты. Форумға Беларусь, Қазақстан, Ресей, Тәжікістан үкіметінің басшылары мен өкілдері, қоғамдас мемлекеттердің ғылыми-қаржы құрылымдарының қызметкерлері, мыңға жуық кәсіпкерлер қатысты. Сонымен қатар, форумға ЕврАзЭС-тегі бақылаушы мемлекеттер – Молдава мен Украинаның – өкілдері қатысты.

Осы кең көлемді форумның мақсаты –  интеграциялық өзара әрекеттің болашағы жөнінде пікір алысу, қоғамдас елдердің тығыз серіктестігіне қатысты ұсыныстар жасау, инвестицияларды нақты жобалар мен бағдарламаларға лизинг механизмі арқылы жұмылдыру үшін жағдай жасау.

 

Қазақстанда лизинг қатынастарының даму

тарихы жөнінде қысқаша мағлұмат

Лизинг, лизинг операциялары бірінші рет 1990 жылы “Прокат және лизинг-1991” бағдарламасы жасалған кезде еске салынды. Бұл бағдарламаның мәні – аймақтың қамтамасыз ету органдарында техникалық құралдарды несиеге беру көлемін 1990 жылы 24 млн. рубльден 2005 жылы – 50 млн. рубльге дейін, ал лизинг мәмілеллерінің көлемін 5 млн. 55 млн. рубльге дейін өсіру. Осы жүйе ұйымдастырылғаннан кейін бірінші материалдық ресурстар министрлігінде, онан соң “Казконтракт” корпорациясына жүзеге асыруды бақылау жойылған болатын.

1992 жылы республикада 120 коммерциялық банктер, 20 лизинг фирмалары, соның ішінде “КРАМДС-лизинг” ортақ кәсіпорын және басқалар жұмыс істеді.

1994 жылға қарай Қазақстанда ұшақтар лизингісіне қатысты және ауыл шаруашылық техникасы нарығында қатысты шетел партнерларымен қызметтесу жүзеге асырыла бастады.

1994-1998 жылы арасындағы Үкімет Қаулыларында, мемлекеттік лизинг компаниясын құру, лизинг бойынша қамтамасаыз етуді ұйымдастыру жөніндегі Үкіметтің кейбір қаулыларында, Қазақстан Республикасы ұлттық Банкі 1991 жылы қабылдаған ережелерінде және де лизинг қоры мен лизинг Департаментін құру жөніндегі Министрлер кабинетінің Қаулыларында көрсетілген заңды жоба жұмыстарын қарастыру кезінде лизинг қатынастарын құқықтық реттеу туралы сұрақтар пайда болады.

Енді біз лизинг қатынастарындағы кейбір жетістіктерді, Қазақстанда лизинг компанияларының құрылуын және олардың қазіргі уақыттағы қызметін қарастырамыз.

Мысалы ауыл шаруашылығын дамыту үшін машина-тракторлық парктерді жаңарту мен кеңейту талаптары қойылып отыр. Көптеген кіші және орта ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің әлсіз қаржы жағдайлары осы салалардың инвестицияланбағандығынан болып отыр, осыған орай олар жаңа қажетті техника сатып ала алмайды. Осы себептермен ауылшаруашылық Министрлігі лизинг қатынастарын дамытуға ортақтасып отыр.

Барлық елдерде негізгі құралдарды жаңалауда лизинг механизмі өте тиімді болып саналады. Осыған орай Ауылшаруашылық Министрлігінің инициативасы бойынша Үкімет деңгейінде мемлекеттің 100% қатысуымен “КазАгроФинанс” жабық акционерлік қоғамын құру туралы шешім қабылданды, оның басты мақсаты – ауылшаруашылық өндірушілерін лизинг негізінде қамтамасыз етудің бағдарламасын жүзеге асыру. Осыған байланысты республика аймақтарын қамту үшін филиалдар мен өкілеттіліктер ашылған.

Бірінші кезеңде “КазАгроФинанс” ЖАҚ-на мемлекеттен тауарлық несие ретінде АҚШ-тың “Джон Дир” өндірісінен 630 астық жинау комбайндарын өткізілді. Олар республикаға 1992 жылы “Кең Дала” Акционерлік қоғамымен үкіметтің кепілдігімен несиелік қаржыларға әкелінген болатын. Бірақ бұл акционерлік қоғам несиені өтеу жөніндегі міндеттерін орындай алмағандықтан, мемлекет осы қарыздарды өтеп, 1999 жылы комбайндарды алып қоюға мәжбүр болды. Осы шығындарды өтеу үшін осы комбайндар лизингке беріліп, ауыл шаруашылық тауар өндірушілеріне ақы төлеп пайдалану үшін “КазАгроФинанс” Жабық акционерлік қоғамына өткізілді. Осы комбайндамен екі маусым бойы астық жинау жұмыстары атқарылуда, республика бюджетіне 1,9 млрд. теңге (13 млн. доллардан аса) қарыз өтелді.

“ҚазАгроФинанс” жабық акционерлік қоғамы Павлодар трактор зауытының ақтап шығару үшін, төрт жүз Т-95 тракторларының 9 жылғп лизингке беру жобасын жүзеге асыруда.

Бұл импорты ауыстыру саясатын өткізудегі отанымыздың ауыл шаруашылық машина өндірісін қолдау болып табылады. Екі жыл ішінде отынымыздың ауыл шаруашылық тауар өндірісінің кәсіпорындарына 8,6 млрд. теңге сапасын құрайтын технрка лизинг бойынша берілді. Бұл лизингтің шарттары жеңілдетілген: лизинг инозімі 7 жылға дейін,  лизинг төлемдері жылына бір жүзеге асырылады.

2000 жылы лизинг алушылардың төлемдері 100%  орындалды, былтыр бұл көрсеткіш 96%-ке жетті.

Яғни лизингті ұйымдастыруға бөлінген 2190 млн астам теңге республика бюджетіне қайтарылды.

2001 жылы “КазАгроФинанс” өз қаржысы есебінен Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарына ауыл шаруашылық қызмет көрсетуге қажетті үш машина-трактор станцияларын (МТС) салды. Бұл станциялар ауыл шаруашылық өндіруушілерге 20 млн. теңгеге жуық сомаға қызмет көрсетеді.

Қазіргі таңда ауылшаруашылық техникасын жөндеуді, МТС арқылы қызмет көрсетуді, қосалқы бөлшектер мен ауыл шаруашылық құрал-саймандарын өткізуді жүзеге асыратын сервистік орталық концепциясы жасалуда.

Жуық арада “КазАгроФинанс” жабық акционерлік қоғамы мемлекеттік органдармен және кәсіпкерлермен кездесуінде лизинг алушымен лизинг берушінің жағдайларын жақсарту жөнінде бірнеше ұсыныстар жасады. Олар мыналар:

— қосымша құнға салықты лизинг объектісінің құнынан емес, лизинг төлемдерден алу керек;

— лизинг алушы аванстық 10%-тік негізде төлейді;

— лизингтің орта мерзімі 7 жыл;

— лизинг алушы сатушыны өзі таңдайды;

— сатушы (ауыл шаруашылық тауар өндірушісі) тауарды қайтып сатып алу керек.

Біз отанымыздың басқада лизинг компаниялары жөнінде сөз алғымыз келіп отыр.

Жаңа авияциялық техниканы пайдалану есебінен авиациялық көлікті қауіпсіздендіру мақсатында лизинг негізінде авиаоператорлар-мен қамтамасыз ету үшін, Үкімет өз қаулыларымен белгіленген капиталда мемлекеттің 100% қатысуымен “КазАвиаЛизинг” жабық акционерлік қоғамын құрды.

Бекітілген заң тәртібі бойынша жабық акционерлік қоғамның жарғы капиталын қалыптастыру, авиациялық мүлікті лизингке алу мен өткізуді негізгі қызметі ретінде анықтай отырып, жабық акционерлік қоғамның мемлекеттік тіркелуі қамтамасыз ету, қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иемдену мен пайдалану құқын Көлік пен коммуникация министрлігіне тапсыру және көлік пен коммуникация министрлігімен бірге осы қаулыдан шығатын басқа да шараларды қолдану.

Республика Үкіметінің кейбір шешімдеріне қосымшылар еңгізілген. Осы қаулының орындалуын бақылау Премьер-министрдің орынбасары Карим Масимовқа жүктелген.

Жабық акционерлік қоғамның кіші компаниясы “ТуранАлемБТА-лизинг Банкі” астаналық аквабаққа қаржылай көмек берді. Соның арқасында соңғы құралдармен және тренажерлармен, соляриймен жабдықталған аквабақ Астананың тұрғындары мен қонақтарын қуантуды. “Лизинг-БТА” мен оның серіктестерінің бұдан басқа жеткен жетістіктері аз емес.

Сонымен қатар ауыл шаруашылығын өркендету жылы “Астана-Қаржы” кәсіпорны шетел өндірісінің астық егу мен жинау техникасымен қамтамасыз етуге тапсырыстар қабылдауда. Бұл лизингтің шарттары мына төмендегідей:

— бірінші жарна техника құнының 15%-ін құрайды;

— лизинг мерзімі 7 жылға дейін созылады;

— процент қою 1 жылдық табыстың 10%-іне тең;

— лизинг төлемдері жылына бір рет асырылады.

Біздің республикамыздың лизинг бизнесінің құқықтық талқылаумен реттеуін анық көрсету мақсатында біз Қазақстан Республикасының салық кодексіне кейбір қажетті өзгерістер енгізуді көрсеткіміз келіп отыр:

  1. Заңның 21-бабына сәйкес лизинг төлемдері мерзімді төлемдер болып табылады. Олар:

— лизинг берушінің мүлікке жұмсаған шығындарын өтеу;

— лизинг бойынша ақы төлеу. Лизинг төлемдерінің бірінші бөлігі 7-бухгалтерлік есептің стандартына берілген “тауарлық-материалдық қорларды есепке алу” бойынша тауарлық — материалдық қорлардың өз құнын өтеу деп түсіндіріледі. Сонымен лизинг төлемдері 2 бөліктен тұрады: лизинг нысанасының өз құнын өтеу және лизинг бойынша ақы төлеу. Бірақ, Салық кодексінің 10-бабындағы 1-тармағының 2-бөлігі бойынша ақы төлеу лизинг төлемдерінің барлығын және лизинг мүлкінің өз құнын қамтиды. Осыған орай, Салық кодексіндегі қаржы лизингі бойынша ақы төлеу түсінігі Заңдағы түсінікке сәйкес, бірақ салық салу мақсатындағы қаржы лизингі бойынша ақы төлеу түсінігі Салық кодексінің 10-бабының 3 -тармағына сәйкес келеді.

Біздің ойымызша салық кодексіндегі ақы төлеу түсінігін анықтауда лингвистикалық қате жіберілген, соның салдарынан осы түсінікке лизингі мүлкінің өз құнын өтеудегі төлемдерді де жатқызуға болады, өйткені Салық кодексінің 222-бабы қаржы лизингісіне мүлікті өткізу кезінде лизинг алушыға тиісті ақы төлеу сомасының бөлігін қосымша құнға төлеу салығынан босатуды қарастырады. Салық кодексін құрастырушылар лизинг төлемдерінің құрамында ақы төлеуде басқа құнға қосымша салықтан босатылмайтын лизинг мүлкінің құнын да қарастырған болулары керек. Бұл құнға қасымша салық бойынша салық есебінен құру ережелерімен расталған. Сондықтан, біздің ойымызша, сол кодекстегі ақы төлеу түсінігі Заңдағы түсінікке сәйкес болу қажет.

Лизинг берушінің айналымдағы қаржыларының шығынын азайту мақсатында лизинг берушінің қосымша құнға салық төлеу мерзімі мен лизинг төлемдерін алу мерзімін бір уақытқа белгілеу керек. Сол себепті біз Салық кодексі 216-бабының 2-тармағына мына тармақ астын қоюды ұсынамыз:

“негізгі құрал ретінде лизинг алушыға тиісті мүлікті қаржы лизингісіне өткізу кезінде шартқа сәйкес лизинг төлемін алу мен айналымды іске асыру бір мерзімде жүзеге асырылуы тиіс. Осыған сәйкес мүлікті лизинг беру кезіндегі салық салынатын айналымның мөлшерін белгілеу мақсатында Салық кодекісінің 217-бабын мына редакцияда толықтыру керек: негізгі құрал ретінде лизинг алушыға тиісті мүлікті лизингке өткізу кезінде салық салатын айналвмның мөлшері төленетін ақы мен қосымшы құнға салықшы қоспағандағы айналымды жүзеге асыру мерзіміне төленетін лизинг төлемнің негізінде анықталады.”

  1. Жоғарыда атап өтілгендей, лизингке мүлікті өткізу Салық кодексінің 74-бабына сәйкес жүзеге асырылса және лизинг алушы мүлікті негізгі құрал ретінде қабылдай алса ғана қосымша құнға салықтан босатылады.

Қосымша құнға салық импорт кезінде есепке жатқызу тәсілі бойынша төленсе, лизинг алушы алынған тауарлардың құнына есептелген қосымша құнға салық сомасын лизинг берушіге төлеуге мәжбүр болады, ал егер лизинг алушы осы аталған тауарларды тікелей сатушфыдан алса, онда лизинг мүлкін алу кезінде салық сомасын лизинг берушіге төлемес еді.

Лизинг механизмі арқылы алынған мүлік тікелей сатып, алу мен немесе импортпен алынған мүлікпен салыстырғанда қымбатқа түседі. Бірақ жаңа ауылшаруашылық техникасын сатып алуға тек ірі ауылшаруашылық құрылымдарының ғана шамасы келетінін айта кеткен жөн, ол ресидің орта және кіші тауар өндірушілері үшін қазіргі таңда техниканы жаңалау мен ескірген комбайндар мен тракторларды модернизациялауда лизинг ең қолайлы тәсіл болып табылады.

Осы мәселені шешу үшін Салық кодексінің 228-бабына лизинг алушы мүлік алу кезіде қосымша құнға салық жөнінде  жеңілдіктер қарастыратын 2-тармақты қосу керек.

  1. Салық туралы бұрынғы заңда қосымша құнға салық салынатын өз айналымдары пайда болғанша салықсыз техниканы импорттауға мүмкіндік беретін ауылшаруашылық өндірісінде қолданылатын импорттық тауарларды есепке жатқызу тәсілі ауыл шаруашылығы үшін, сонымен қатар агролизинг үшін жеңілдіктердің бірі болып саналатын.

Бұл жеңілдіктің ауыл шаруашылығы үшін маңызы зор. Есепке жатқызу тәсілі лизинг компанияларына импорттық ауыл шаруашылық техникасын зауыттан алған бағамен қосымша құнға салықсыз лизингке өткізуге мүмкіндік берген.

Бірақ Салық кодексінің 25-бабында ауыл шаруашылық жатқызу техникасы импорттық тауарларды есепке жатқызу. тәсілін қолдануға рұқсат берілген тізімнен алынып тасталған. Бірақ біз республикамызды ауыл шаруашылық техникасымен қамтамасыздан-дырудың қазіргі жағдайына байланысты ауыл шаруашылық өндірісінде қолданылатын импорттық тауарларды пайдаланудағы осы жеңілдіктің алып тасталуына қарсымыз.

Осыған орай, 250-бапты ауыл шаруашылық өндірісінде пайдаланатын тауарды импорттау кезінде қосымша құнының салықты (НДС) есепке жатқызу тәсілі бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік беретін редакцияда баяндауды ұсынамыз.

 

 

 

  • Лизинг мәмлелерін жасаудың негізгі кезеңдері

 

Лизингте оның даму кезеңіне түріне, мөлшеріне, коммерциялық ұйымдастыру түрлеріне байланысты лизинг процесін басқарудың өндірістік тәсілі орын алуды мүмкін, мұнда лизинг операцияларына дайындалу және оларды жүзеге асыру жөніндегі барлық жұмыстарды мүлікті өндіруші-кәсіпорынның өндірістік бөлімшелер орындайды. Бұл жаңа техниканы тез өткізуге, оны сапалы жөндеуден өткізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді, өйткені кәсіпорынның жоғары мамандандырылған кадрлары мен техникалық мүмкіндіктері бар. Бірақ өндірілетін өнім көлемінде лизинг үлесінің ұлғаюына байланысты, мұндай ұйымдық форма қатысушылардың экономика-лық мүдделерін қанағаттандыра алмауы мүмкін, сондықтан белгілі бір кезеңде басқарудың жоғары деңгейін қолдану қажеттілігі туады.

Лизинг операцияларының осындай деңгейін қамтамасыз етуді кәсіпорындардың, ұйымдардың (банктердің), сонымен қатар (ең көп тараған) ерекше мамандандырылған сомалардың дербес бөлімшелері жүзеге асыра  алады.

Осы компаниялардың тиімділігі лизинг процесін ұйымдастыру-дың, құжат айналымының, жарнаманың, нарық зерттеудің, лизинг мүлкін техникалық қызметпен қамтамасыз етудің, оны жөндеудің, қосымша қаржы ресурстарды жұмылдырудың лизинг қызметін қамтамасыз ететін мәселелерді шешуге бағындырылғанымен түсіндіріледі.

 

Лизинг процесі үш кезеңде жүзеге асырылады:

Бірінші кезеңде заңды келісімдер (шарттар) жасау жөнінде дайындық жұмыстар атқарылады.

Мұның алдында әр мәселенің шарттары мен ерекшеліктер түпкі-

лікті зерттеледі, сонан соң лизинг алушыдан лизинг берушіге өткізілетін тапсырыс; лизинг алушының төлемді жүзеге асыру қабілеттілігі және лизинг жобасының тиімділігі жөніндегі тұжырым; лизинг алушының мүлікпен қамтамасыз етушіге жіберетін тапсырыс-наряды; лизинг мәмлелерін жасау үшін берілетін несие жөніндегі банкпен келісім-шарт хатталады.

Лизинг процесінің екінші кезеңінде үш-екіжақты шарттардағы лизинг мәмлесінің заңды қортындысы жүргізіледі.

Мұнда мына құжаттар заңды түрде хатталады: мүлікті лизингке сатыпалу-сату шарты; мүлікті пайдалануға қабылдау акті; лизингке берілетін мүлікке техникалық қызмет көрсету жөніндегі лизинг келісімі.

Үшінші кезең мүлікті пайдалану мерзімін қамтиды. Мұнда барлық лизинг операциялары бойынша бухгалтерлік есепке алу және есеп беру  жүргізіледі, лизинг берушіге лизинг төлемдерін төлеу жүзеге асырылады,ал лизинг мерзімі аяқталған кезде мүлікті одан әрі пайдалану жөнінде шарт жасалады.

Лизинг механизмін іске қосу алдында үлкен ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі.

Біріншіден осы механизмге жарнама ұйымдастыру қажет, потенциялды лизинг алушылар үшін оның артықшылықтарын көрсету керек. Осыған орай лизинг нарығы мен оның негізгі бағыттарын, лизинг мүлкінің белгілі бір түрлеріне сұранымын зерттеу, нарық бағасының ауытқуын, лизинг қызметінің (техникалық қызмет, жөндеу жұмыстары) бағасы мен тарихын бағалау өте маңызды.

Машықта лизинг компаниялары нарықты зерттеп болған соң, өздерінде бар лизингке берілетін мүліктің тізімін жасайды. Мұның негізгі мақсаты-потенциалды лизинг алушыларды іздеу. Бірақ мүлікпен қамтамасыз етушіні, сатушыны лизинг алушының өзі таңдайды. Сонан соң ғана ол лизинг берушіге немесе банкке жүгінеді.

 

 

 

  • Лизинг мәмлесін жасауға дайындық және оның тиімділігін таңдау

 

Кез-келген лизинг мәмлесі лизинг алушының лизинг берушіге мүлікті сатып алу немесе уақытша пайдалануға алу жөніндегі тапсырысынан басталады. Тапсырыс (тапсырыс-өтініш) еркін түрде жасалады, бірақ тапсырыста міндетті түрде мүліктің атауы, оның параметрлері, техникалық және экономикалық сипаттамалары және де мүлікпен қамтамасыз етушінің мекен жайы мен реквизиттері көрсетілуі тиіс. Лизинг мәмілесін жасаудағы инициатива лизинг алушыдан шығуы керек, өйткені ол өзіне қандай мүлік керек екенін, оның өндірушісінің кім екенін жақсы біледі.

Сонымен қатар лизинг алушы өзіне керекті мүлікпен қамтамасыз етушіні, жабу жөнінде  лизинг беруге өтініш жасаса да болады. Бірақ бұл жағдайда да сатушы мен мүлікті лизинг алушының өзі таңдап, қалағанын алады.

Бұған қарамай лизинг компаниялары мәміле жасауға белсенді қатысады.

Ол лизинг алушылардың қызықтыру үшін өз қызметі жөнінде және лизинг артықшылықтары жөнінде жарнама компанияларын жүргізу жабдықтардың жетілдірілген түрлері мен олардың бағасы жөнінде, мүлікпен қамтамасыз етушілер жөнінде ақпарат жинайды, басқа да сұранымдар мен факторларды талдайды.

Лизинг алушы тапсырыспен қатар, лизинг беруші талап еткен барлық құжаттарды дайындайды. Құжаттардың стандартты жиналысына нотариуспен қудаландырған құрушы құжаттардың көшірмесі ең соңғы жылдың немесе тоқсанның бухгалтерлік баланысы; мәмленің экономикалық негізі мен оның тиімділігінің талдануы (бизнес-жоспар); мәмлені кепілдікпен қамтамасыз ету кіреді.

Қажет болған жағдайда лизинг беруші лизинг алушыдан қосымша ақпарат талап етуі мүмкін.

Мысалы “Иитерроcлизинг” лизинг компаниясы жобасын қарастыру үшін лизинг алушыдан мынадай бөліктерден тұратын лизнес-жоспарды талап етеді.

  1. Жобаны сипаттау және қортындысы (қажетті ресурстардың көлемі мен несиені қайтару мерзімімен шамалап көрсету).
  2. Компания туралы мәлімдеме (қызметтің негізгі түрлері, менеджмент жәнеоның инвесторларға және олардың құқықтарына қатысы, өндірістік инфрақұрылымның, жер учаскесінің сипаты, көлікті меңгеру);
  3. Өнім мен қызмет көрсету (тауарлар мен қызметке сипаттама беру, олардың сырт көрінісін сипаттап қана қоймай, нарыққа шығу деңгейін көрсету, егер мүмкін болса сарапшылардың тізімін беру);
  4. Нарыққа шолу жасау;
  5. Өндірістік жоспар (өндіріс ұйымы мен шикізат пен материалдардың шығу әдісі, қолданылатын технология мен жабдықтар).
  6. Жұмыстарды орындау кестесі (жобаны жүзеге асырудағы негізгі кезеңдердің календарлық жоспары және оны жүзеге асырудағы қаржы ресурстарының керектігі).
  7. Басқару мен ұйымдастыру (негізгі қатысушылар, кәсіпорын-ның ұйымдық жобасы, ішкі байланыстар мен ұйым шегіндегі жауап-

тылықты бөлу, сыбайластармен қамтамасыз етушілер);

  1. Компанияның капиталы мен заңды формасы (кәсіпорынның меншік формасы мен құқықтық статусы, қазіргі кездегі бар және болашақта керек болатын қаржы деректері).
  2. Кесте түріндегі және график түріндегі қаржы жоспары, өткен жолдардың қаржы көрсеткіштер, есептік көрсеткіштердің деректері, компанияның даму сценариі, тауар өткізу көлемі, ақша шығындары мен кірістерінің балансы (қаржы ағымының жобасы), кіріс пен шығын кестесі (кірістің қалыптасуы өзгеруі), кәсіпорын активтері мен пассивтерінің жобаланған балансы (бұл құжаттың құрылымы кәсіпорынның жалпы қабылданған есеп балансының құрылымына сәйкес келеді), шығынсыздыққа жетудің графигі (өндіріс көлеміндегі шығындарды жабуға қажетті сауда деңгейі көрсетеді); барлық көрсеткіштер мен модельдер бюджет есебіне жалғану керек.
  3. Қаржының қосымша айналымы туралы деректер;
  4. Қауіпке баға беру және ұсынылатын кепілдіктер;

Бизнес жоспарға мына құжаттар қосылады:

— банктен анықтама (есеп бойынша статистика);

— жылдың басына және салық инспекциясының мөрі соңғы есеп беру мерзіміне ұйымның N1 және N2 форма бойынша (01 есебінің мағынасын аша отырып) баланстық есеп беру;

— нотариуспен және ұйым мөрімен куәландырылған жабдықтар алу үшін қаржыландыратын келісімдщердің көшірмелері, кейбір жағдайларда келісім шарттардың түпнұсқасы лизинг компаниясының жауапты қызметкерімен куәландырылады;

— ұйым мөрі мен қойылған қолдардың үлгілерінің қарточкасы (нотариуспен куәландырылған бір дана);

— ұйымның жарғысы мен құрушы келісім (нотариус куәландырған

көшірмелер);

— белгілі бір тіркеу палатасында немесе жергілікті органдарда тіркелу тураыл куәлік (нотариус куәландырған көшірме, салық инспекциясының есепке алу туралы анықтамасы). Сонымен қатар, салиқалы банктердің, ұйымдардың және компаниялардың ұсынған хаттары қажет. Мұны мына төмендегілер қамтамасыз ете алады:

— банк кепілдігі (контркепілдік) және банктердің вексельдері;

— ірі бюджет ұйымдары мен кәсіпорындардың вексельдері;

— лизинг төлемдерінің қорлары;

— салиқалы компаниялардың кепілдігі;

— бағалы қағаздар кепілі;

— айналымдағы ликвизітті тауарлардың кепілдігі;

— жылжымайтын мүліктің кепілдігі;

— қамтамасыз етушінің қайта сатып алу кепілдігі;

— шарт жасау кезінде келісілген баға көлемінде дайын өніммен қамтамасыз етудің өкілетті банктерде расталған форвордтық контрактары;

— ликвидтік акциялардың РЕПОСЫ;

— өкілеттік банктергі экспортшылармен контракт бойынша экспорттан пайда түсіру;

— басқа да мүлік пен активтердің кепілдігі;

— өкілетті банктердегі лимиттермен бірге мемлекеттік және муниципалдық қорлардың расталған кепілдіктері;

— Лизингке берілген мүліктің құны бөліп-бөліп төлеу ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда мүліктің нарықтық қалдық құнын есепке алу бойынша қамтамасыз еткен есепке алу бойынша қамтамасыз еткен замматтан бастап контракт бағасының дисконтымен монтаж жөніндегі шығындар, сақтандыру шығындары, мүлікті сатып алуға байланысты кеткен шығындар алып тасталынып бағаланады.

Лизинг беруші осы қажетті құжаттардың барлығын алған соң лизинг жобасын жан-жақты тексеруден өткізеді.

Лизинг беруші лизинг алушының лизинг төлемдерін жүзеге асыру шамасын контракт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда мүлікті қайтадан лизингке өткізу немесе сату мүмкіндігін бағалауға міндетті.

Халықаралық лизинг кезінде мынадай мәселелер туындайды: төлем валютасын таңдау, валюта бағытының өзгеруін бағалау, лизинг алушының кедендік режимі, елдер арасында екі жақтан салық салуды болдырмау туралы келісім, шетел капиталының меншік құқын қорғау.

Леведж-лизинг кезінде кепілдік құқығымен, сақтандырумен кепілдіктің түрлеріне байланысты басқа да қосымша сұрақтар пайда болуы мүмкін.

Лизинг беруші лизинг мәмілесін жасау жөнінде шешім қабылдаса лизинг алушының өтініші бойынша мүлікпен қамтамасыз етуге тапсырыс жібереді. Онда лизинг алушының заңды мекен-жайы мен банк реквизиттерімен қоса мүлік пен оның барлық параметрлері және лизинг алушының орналасқан жері көрсетіледі. Егер қосымша жұмыстарды орындау қажет болса, бағасын (ақысын) көрсете отырып, осы жұмыстарды орындауға тапсырма береді.

Мүлікпен қамтамасыз етуші тапсырысты алған соң, тапсырыс алғаны жөнінде және жұмыстарды орындап болғаны жөнінде лизинг берушіге хабарлайды.

 

Тұжырымдама

  1. Қазақстанның үлкен нарығы, индустриалдық базасы, ғылыми-техникалық потенциалы, шикізаттың мол  қоры және тағы басқалар

инветорларды қатты қызықтырады.

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі шетел инвесторларын қаржыларды белгілі бір экономика бағыттарына жұмсауға жол береді, интеграцияға мүмкіндік туғызады және лизинг бизнесімен айналысатын ұлттық, бірлескен, шетел кәсіпорындарын құруға құқықтық, экономикалық жағдай жасайды.
  2. Заң асты актілерінің нормалары (Қазақстан Республикасының Салық Кодексі) заңдардың негізгі нормаларына сәйкес құрылуы керек, сонымен қатар салық салу ережелерін шектеуді, талқылауды, орындауды және лизинг беруші мен лизинг алушының лизинг операцияларына бухгалтерлік есеп жүргізуді дұрыс анықтап алу керек.
  3. Лизинг операцияларын кәсіпорындар мен ұйымдардың маркетинг қызмет құрамындағы дербес бөлшектер, сонымен қатар лизингтік құрылымдар (компаниялар) өз бетінше басқара алады, бұл лизинг процестерін жетік басқаруға мүмкіндік туғызады.
  4. Нақты шарттарға сәйкес лизинг қызметін басқару формалары лизингтік нақты түріне бір уақытты және бір кеңістікте әртүрлі біріктірулер жасайды.
  5. Лизинг компаниясының құрамында маркетингтік зерттеулер өткізу жөнінде, лизинг мәмілесінің жобасын инвестициялау мен талдау жөнінде, келісімдік жұмыстар мен экспертизалар, техникалық бақылау жүргізу жөнінде құрылымдар қарастырылады.
  6. Лизинг процесін ұйымдастыру ең басты бағыттар бойынша, яғни өндірісті жоғары сапалы өніммен қамтамасыз ету және қызмет көрсету салаларын дамыту арқылы жүзеге асырылады.
  7. Лизинг процесі үш кезеңде қалыптасады: бірінші кезеңде дайындық жұмыстары жүргізіледі; екінші кезеңде лизинг мәмілесін заңды түрде жасау жүзеге асырылады; үшінші кезең мүлікті пайдалану

мерзімін қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

2007 жылдың 14 ақпанында өткен Қазақстан Қаржыларының үшінші конгресінде Президент Н.Назарбаев қатысып, сөз сөйледі. Ол Үкіметке экономикалық өсуіне себін тигізетін кіші және орта бизнесті дамыту үшін он бір нақты сұрақтарды шешуді міндеттеді.

Дүниежүзілік экономикада Қазақстан Республикасының интеграциялау процесі шарасыз. Бірақ дамыған капиталистік елдердің қаржылай қолдауынсыз бұл процесс баяу жылжиды. Қазіргі таңда барлық елдер, даму деңгейіне қарамай, сырттан қаржыландыру процестерін қолдануда. Олар мынадай:

— объектілерді қаржыландыру; трансакцияларды қаржыландыру; жобалық қаржыландыру; халықаралық лизинг және тағы басқалар. Халықаралық қаржыландырудың барлық түрлері инвестициялау қызметтің жалпы түсінігіне кіреді. Бірақ соның ішінде бір ғана қаржы операциясы, яғни лизинг механизмі.

— шетел валютасының ауытқуымен байланысты туатын валюттік қауіптен;

— көлік тасымалдаумен байланысты (тауардың бұзылуы, жойылуы) пайда болатын қауіптерден;

— моральдық тозған жабдықтар мен техниканы, технологияны алу қаупінен;

— пасық қызметтестермен жұмыс істеу қаупінен сақтамайды.

Мысалы халықаралық экономикалық қызметтесу мақсатында еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “Интеграция, бизнес, прогресс” ұранымен өткен Еуразиялық экономикалық одақтастың бірінші экономикалық форумына қатысты. Ол өз сөзінде ЕврАзЭС шеңберіндегі интеграция мәселелерін, Қазақстанның экономикалық жағдайы мен бизнес жасау мүмкіндіктерін талқылады.

Сондықтан лизинг инвестициялық қызметтің тиімді құралы болып табылады және ол “Инвестициялық қызметті дамыту және Қазақстан Республикасына шетел инвесторларын тарту туралы” ҚР Үкіметінің қабылдаған кешендік бағдарламасында көрсетіліп, сол бойынша жүзеге асырылуда. Лизинг инвестициялаудың әдеттегі формаларымен қатар өзіне тән мүмкіндіктерінің арқасында техниканы қайта қаруландыруға қажетті өнеркәсіп кәсіпорындарын құруға және экономика құрылымын қайта құруға септігін тигізеді.

Қазіргі уақытта лизинг өнеркәсіптік кәсіпорындарға инвестицияларды жұмылдырудың жалғыз ғана тәсілі болып табылады.

Осыған байланысты Қазақстан жоғары оқу орындарының оқу жоспарында “Лизинг” арнайы пәні пайда болды. Лизинг Қазақстанның экономикасын өркендетуге атсалысады. Сонымен қатар лизинг өндірістің дамуына ықпал жасайды.

Стенфорд зерттеу институтының зерттеу нәтижелеріне сәйкес, лизингтің болашағы зор. Лизинг несие арқылы жабдықтарды сатып алу, сату шартынан бірқатар айырмашылықтары бар. Бұл лизинг алушыларды лизинг бизнесіне қатысуға тартады. Лизингтің бірқатар артықшылықтары мынадай:

— мүлікті жоғалту қаупі лизинг берушінің мойнында болады;

— қызмет көрсету мен жөндеу жұмыстарын лизинг беруші жүзеге асырады;

— лизинг мүлкін ауыстырып алуға және ең жаңа, қазіргі шығарылған жабдықтармен пайдалануға болады;

— лизинг төлемдерін мүлікті пайдалана бастағаннан кейін де жүзеге асыруға болады;

— лизинг шартында алдын-ала қарастырылған шарт аяқталған соң лизинг алушының символикалық бағамен мүлікті меншігіне сатып алу лизинг алушы үшін өте тиімді.

Лизинг алушының әртүрлі талаптарына бейімделе алатындар үшін де тиімді. Мысалы лизинг төлемдерін өтемақы негізінде де жүзеге асыруға болады (мысалы, сыра өндіру үшін алынған лизинг жабдығының құнын, осы жабдықта өндірілген сыра өтеуге болады).

Лизингтік құқықтық реттелуінзаңмен және нормативті акттармен реттелетін құқықтық-азаматтық мәміле ретінде қарастыра отырып, оның кейде алаңдатушылық туғызатынын айта кеткен жөн. Өйткені әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық құқықтық процестердің даму мен күрделену кезеңінде бізге балама емес, нақты реттейтін Заң қажет. Жоғарыда айтылған мәселелердің барлығы ”Салық және бюджетке иіндетті төлемдер туралы”, “Банктермен банк қызметі туралы”, “Қаржы лизингі туралы” Заңдарға Азаматтық Кодекске сәйкес өзгерістермен қосымшалар енгізуді талап етеді.

“Оперативті лизинг туралы”, “Банк лизингі туралы” заңдар талқыланып, қабылдану керек. Мысалы, қаржы потенциалы мол екінші деңгейдегі банктер лизинг беруші бола алады. Кіші және орта бизнесті қолдау үшін Қазақстан Республикасының Президентінің “Кіші және орта кәсіпкерліктің субъектілерінің қызметіне мараторий туралы” (Мемлекеттік органдар жағынан субъектілер қызметіне заңсыз араласуына және тексеруіне жол бермеу туралы) жариясына сәйкес, лизингтік компанияларын жан-жақты қолдау, салық, несие, амортизация жеңілдіктерін және кеден, салық, банк туралы заңдар саласындағы лизинг қатынастарына қатысушылар үшін преференция-ларды қарастырып, заңды ету керек.

“Қаржы лизингі туралы” заңды талдай отырып және оған баға бере отырып, осы заң актісіне енгізуге қажетті өзгерістерді көрсеткім келеді.

Бірінші: Заңның 12-баптағы 1-тармағының 4-бөлігіне сәйкес лизинг беруші біржақты лизинг шартын бұзған жағдайда, лизинг алушының аванс ретінде төлеген төлемдерін және басқада сомасын қайтарып алуға құқы бар. Бірақ лизингтің қай төлемін аванс ретінде санау керектігін және төлемді қай мерзімге дейін аванс ретінде санау керектігі белгісіз.

Аванс ретінде төленген төлем аванс төлемінің статусын лизинг шартының толық мерзімі ішінде сақтайды. Мұнда лизинг берушінің инициативасымен лизинг шарты бұзылған жағдайда, аванс ретінде төлемдерді жүзеге асырып жүрген лизинг алушы төлемдердің барлығын қайтарып алуға құқы бар. Лизинг алушы лизинг мүлкін пайдаланғандықтан бұл ережені біз дұрыс деп санамаймыз.

Сондықтан біздің ойымызша Заңның 1-тармағындағы 4-бөлімін лизинг алушы мүлікті нақты иеленіп, пайдаланған жағдайда ғана лизинг төлемдерін қайтарып алуға құқы бар деген өзгерістер енгізуге келеді.

Бұл қосымша белгісіздік пен лизинг алушының қиянатшылдығынан сақтайды.

Екіншісі: Заңдағы 15-баптың 2-тармағы 10-бөлігінің негізінде лизинг мүлкінің сақтандырылуы жүзеге асырылады. Заңдағы 20-баптың 2-тармағы бойынша лизинг мүлкін лизинг алушы немесе лизинг беруші сақтандыруы мүмкін, осыдан келе лизинг мүлкін екі жақта сақтандырмауы мүмкін, яғни лизингке қатысушылар лизинг мүлкін сақтандыру жөнінде өз бетінше шешім қабылдаулары мүмкін.

“Астық жинау лизинг компаниясы” жауапкершілігі шектелген серіктестігі Ресей өндірісінің астық жинау комбайындары мен тракторларын жетекші сақтандыру немесе қайта сақтандыру компанияларының сыйлық ставкасы мүлікті сақтандыру ерекшеліктерін есепке алғанда жылдық табыстың 2,5%-тен 6%-ке дейін құрады. Сақтандыру шарты бір жылға жасалады, сақтандыру сыйлығының ставкасы жыл аяқталған соң анықталады.

11-бөлігінің талаптарына сай лизинг келісімінің тағы бір шарты – бұл лизинг мүлкін мемлекеттік тіркеуден өткізу міндетін екі жақтың біреуіне жүктеу.

Егер лизинг нысанасы мемлекеттік тіркеуден өткізуге міндеттелмейтін мүлік болса, онда бұл шарт орындалмай қалуы мүмкін, осыған орай лизинг шартыда жасалмай қалады.

Үшіншісі: Егер лизинг алушы қиянат жасаса лизинг берушінің лизинг мүлкін лизинг алушыдан соттың көмегінсіз алып қоюға, лизинг мүлкін басқа лизинг алушыға беруге құқы жоқ. Бұл лизинг туралы қазіргі заңның тауқыметті мәселесі болып отыр. Біздің ойымызша, осы мәселені шешу үшін Заңның 17, 24-баптарына өзгерістер енгізу керек. Яғни лизинг берушіге лизинг алушы қиянат жасаған кезде, мүлікті өз бетінше соттың көмегінсіз алып қойып, басқа лизинг алушыға беру құқын қарастыру керек. Бұл біріншіден уақытты үнемдеуге, екіншіден мемлекеттік баж төлеудегі шығындар жасамауға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңдағы лизинг процестері өте күрделі. Оның дамуын талқылау үшін әр түрлі ұйымдық-экономикалық аспектілерімен айналысатын мамандар керек. Қазақстан экономикасының жаңа күрделі кезеңі модернизацияландырылған, ғылыми негізделген өндірістік, техникалық жабдықтарды, машиналарды, аппараттарды шетелден алу арқылы экономикалық, аграрлық, индустриялық-инновациялық саясатын жетілдіруде лизинг нарығында жұмыс істеудің тәсілдерін жетік білетін мамандар дайындауды талап етеді.

Лизинг идеясының дамуына ескішілдік бөгет жасады. Бірақ лизингті несиелік қаржыландырумен салыстыру нәтижелері және де лизинг артықшылықтарының насихаты оны экономикада қолдауға мүмкінді берді (Стенфордтік зерттеу институтының жұмыстарының нәтижелері бойынша.) Мәселен, қазіргі уақытта еуропалық лизингтік қоғамдар Бірлестігіне (штаб-пәтері Брюсселде) 17 еуропалық мемлекеттердің қоғамдар мен одақтары мүше болуда. 1987 ж. олардың операцияларының көлемі 58,5 млрд. доллар, сонымен қатар қозғалатын мүлік бойынша 50 млрд. долларға дейін жетті. Ал АҚШ-та, Азия аумағында және Австралияда лизингтік көрсеткіштер еуропалықтардан айтарлықтай асып түседі.

Қорыта келе лизингке біздің республикамызда технологиялық жаңа жолдарды ашуға және халықаралық сауда қатынастары жүйесіне енуге мүмкіндік беретін экономикалық қызметтің құралы ретінде баға бергім келеді.

 

           ҚОЛДАНЫЛҒАН  ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру – мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Жолдауы // Оңтүстік Қазақстан №22-23 (18436) 9 ақпан, 2008 жыл
  2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауы // Оңтүстік Қазақстан 10 наурыз, 2009 жыл
  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы 7 қазан 1998 жылы № 284-І, Алматы, ЖШС “Баспа”.
  4. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (Жалпы және Ерекше бөлімдер) – Алматы: ЮРИСТ, 2002.–309б. (2002 жылғы 21 мамырдағы ҚР-ның № 323 – ІІ Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулар).
  5. Закон Республики Казахстан “О финансовом лизинге” от 05 июля 2000 года № 78-ІІ ЗРК.
  6. Закон Республики Казахстан “О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)” от 12 июня 2001 года № 210-ІІ.
  7. Закон Республики Казахстан “Об инвестициях” от 8 января 2007 года.
  8. Указ Президента Республики Казахстан имеющую силу Закона “О банках и банковской деятельности” от 31 августа 2005 года № 2444.
  9. Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 января 2000 года № 118 “О внесении изменений и дополнений в Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 апреля 1997 года № 558”.
  10. Правила составления Декларации по НДС (Форма 300.00), утверждены приказом Министра государственных доходов РК от 18.09. 2001года № 1306.
  11. Справочник бухгалтера за 2000 год “Казахстанские стандарты бухгалтерского учета и методические рекомендации к ним, введенные в действие с 01.01.1997 года” Часть ІІ.
  12. Лещенко М.И. Основы лизинга: Учебное пособие / М.И. Лещенко. – М.: Финансы и статистика, 2002.-336 С.
  13. Коган Э.Э. Правовые и основы лизинга / Э.Э.Коган // Институт рынка.-1996 — № 3. – с. 61-73.
  14. Григарук В.В. Законодательное регулирование агролизинга/ В.В. Григарук // Научно-практический журнал “Транзитная экономика”. –2002. -№ 4-5. –с. 83-90.
  15. Тагашев Н.Е. Совершенствование регулирования финансового лизинга в сельскохозяйственном производстве / И.Е. Тагашев // Научно-практический журнал “Транзитная экономика”. –2002. № 6. –с. 106-109.
  16. Прилуцкий Л.Н. Финансовый лизинг / Л.Н. Прилуцкий – М.: “ОСЬ-89”, 1997.
  17. Волков Н. Международный финансовый лизинг / Н. Волков Н. Экономика и жизнь. –1996. -№ 20. –с. 42.
  18. Конвенция по международному финансовому лизингу. Оттава, 28.05.1988.
  19. Казахстанская права от 20 февраля 2007 г. — № 51. – с. 1.
  20. Казахстанская права от 15 февраля 2007 г. — № 47-48. –с. 1-2.
  21. Казахстанская права от 1 марта 2007 г. — № 61-5-62. – с. 7.
  22. Абдраим Р. Развитие финансового лизинга в Казахстане: реальность и перспективы / Р. Абдраим // Аль Пари. — 2000. — №5. –с. 41-44.
  23. Аубекеров С. Лизинг как объект гражданского права Республики Казахстана / С. Аубекеров, С. Суханкина // Фемида. –2001. — № 5. –с. 40-42. ГРНТИ 06.75
  24. Валиженич Л.В. и В.В. Правовое регулирование финансового лизинга / Л.В. и В.В. Валиженич // Банки Казахстана.-2001. -№3. –с. 9-14. ГРНТИ 06.71.25
  25. Газман В.Д. Лизинг в России / В.Д. Газмон // Финансы. –1999. -№ 8. – с. 16-18. ГРНТИ 06.71.
  26. Газман В. Лизинг в малом предпринимательстве: организационно-правовое обеспечение / В. Газман// Хозяйство и право. – 1998. –с. 7-8. ГРНТИ 72.25.
  27. Гусаков Б. Лизинг- катализатор Экономического роста / Б. Гусаков, Ю. Сидорович// Финансы. –2001. — № 1. – с. 12-15 ГРНТИ 82.15.
  28. Атыгаева З.Ж. Лизинг как форма инвестиционного финансирования: оценка, учет и налогообложение / З.Ж. Атыгаева, М.А.Розинов // Бюллечень бухгалтера. 2001.- № 42. –с. 7-10. ГРНТИ 06.
  29. Н.Кулешова Правовое регулирование договора лизинга в Казахстане / Н. Кулешова // Предприниматель и право. –1999. № 10-11. –с. 21-22.
  30. Н. Н.Кулешова Правовое регулирование договора лизинга в Казахстане / Н. Кулешова // Предприниматель и право. –1999. № 13-14. – с. 19-21.
  31. Р. Маметова Правовое регулирование договора лизинга в Казахстане / Р. Маметова //Предприниматель и право. –2000.
  32. Танайлова Ю.А. Договор финансовой аренды (лизинг) / Ю.А. Танайлова // Предприниматель и право. –1997. — № 21. 9-13.
  33. Муржунов Т. Лизинг: Инвестиции, выгодные нам. Это лучше кредитов: /Т. Муржуков// Внешнеэкономическая деятельность. –2004. — № 8. – с. 55.
  34. Гражданское и торговое право капиталистических стран. Учебник. М.: МО, 1993. с. 235.
  35. Кабатова Е.В. Лизинг: правовое регулирование, практика / Е.В.Кабатова. – М.: ИНФРА-М, 1998. – 204 С. – (Библиотека журнала “Консультант директора”).
  36. Сагадиев К.А. Лизинг в Казахстане / К.А.Сагадиев, А.С. Смагулов, А.И. Мырзахметов. – Алматы: Агроуниверситет, 2000. – 202 С.
  37. Чекмарева Е.Н. Лизинговый бизнес: Практическое пособие по организации и проведению лизинговых операций / Е.Н.Чекмарева. – М.: Экономика, 2004. – 127 С.