АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару қалыптасу жобалары

Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару: қалыптасу жобалары

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару: қалыптасу жобалары» тақырыбындағы бітіру жұмысына берілген

 

СЫН ПІКІР

 

          Бітіру жұмысы Қазақстан Республикасындағы бүгінгі күні өзекті мәселелердің бірі болып отырған жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы негізгі және өзекті мәселелерді зерттеп, шешу жолдарын іздестіру болып табылады.

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару: қалыптасу жобалары» тақырыбы бойынша жазылған бұл жұмыста жалпы жергілікті өзін-өзі басқаруға анықтама беріліп, жалпы алғанда оның қоғам дамуындағы  орны мен атқаратын қызметіне кең тоқталған. Жұмыста жергілікті өзін-өзі басқарудың шет елдік тәжірибелері, ондағы орын алған мәселелерге талдау жасалады және де бұндай тәжірибелердің Қазақстандағы қолдану мүмкіндіктері қарастырылады. Сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық, экономикалық механизмдеріне терең талдау жасалады. Елдегі жергілікті өзін-өзі басқаруды құру тәжірибелеріне тоқталған. Қазақстан Республикасындағы қазіргі кезде орын алып отырған мемлекетті орталықсыздандыру мен жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері, оның жүйесін жетілдіру жолдары мен жоспарлары,  болашақтағы жобалары қарастырылған.

Жұмыста кейбір сөйлемдердің құрылымы жағынан стилистикалық қателіктер кездеседі.

Бітіру жұмысының тақырыбы толық, жоспар бойынша жан-жақты ашылып, елдегі жергілікті өзін-өзі басқарудың мәні толық ашылып, осы саладағы барлық мәселелер қамтылған.

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару: қалыптасу жобалары» тақырыбындағы бітіру жұмысы аталған жұмыстарға қойылатын барлық талаптарға жауап береді және жоғары бағалауға болады  деп есептеймін.

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару: қалыптасу жобалары» тақырыбындағы бітіру жұмысына берілген

Рецензия

    Мейрманов Жанбергеннің бітіру жұмысы Қазақстан Республикасындағы  жергілікті өзін-өзі басқару саласындағы өзекті мәселелерді зерттеуге, оларды шешу жолдарын іздестіру болып табылады.

Жұмыста Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық маңызы, орталықсыздандыру мен жергілікті басқарудың негіздері, ондағы мемлекеттің ролі қарастырылған. Жұмыста жергілікті өзін-өзі басқарудың шетелдік тәжірибелеріне талдау жасалынып, жергілікті басқарудың Қазақстандағы құру тәжірибелері қарастырылады. Елдегі жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі, оның механизмдері және болашақтағы жоспарлар мен жобалар қарастырылған.

Жұмыста кейбір сөйлемдердің құрылымы жағынан стилистикалық қателіктер кездеседі.

Бітіру жұмысының тақырыбы толық, жан-жақты ашылып, жергілікті өзін-өзі басқарудың мәселелері жайлы барлық мәселелер қамтылған деп айтуға болады.

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару: қалыптасу жобалары» тақырыбындағы бітіру жұмысы аталған жұмыстарға қойылатын барлық талаптарға жауап береді және жоғары бағалауға болады  деп есептеймін.

 

Рецензент

 

ЖОСПАР

 

Кіріспе.

 

I-ТАРАУ  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

1.1 Жергілікті басқарудың теориялық негіздері: түсінігі және мәні.

1.2 Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті басқару негіздері

1.3 Жергілікті басқаруды мемлекеттік реттеу

 

II ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ЖЕТЕЛДЕГІ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ АНАЛИЗІ

 

2.1 Жергілікті басқарудың дамуының шетелдік тәжірибелері

2.2 Республикадағы жергілікті өзін-өзі басқаруды құру тәжірибелері.

 

III ТАРАУ  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

 

3.1 Қазақстандағы жергілікті басқару механизмі

3.2 Қазақстан Республикасының жергілікті басқару жүйесін жетілдіру жолдары: жоспарлар мен жобалар.

 

Қорытынды

Әдебиеттер тізімі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………3

 

I ТАРАУ  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

 

1.1 Жергілікті басқарудың теориялық негіздері: түсінігі және мәні…………….

1.2 Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті басқару негіздері………………………………………………………………………

1.3 Жергілікті басқаруды мемлекеттік реттеу……………………………………………

 

II ТАРАУ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ЖЕТЕЛДЕГІ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ АНАЛИЗІ

 

2.1 Жергілікті басқарудың дамуының шетелдік тәжірибелері…………………..

2.2 Республикадағы жергілікті өзін-өзі басқаруды құру тәжірибелері……..

 

III ТАРАУ  ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

 

3.1 Қазақстандағы жергілікті басқару механизмі…………………………………..

3.2 Қазақстан Республикасының жергілікті басқару жүйесін жетілдіру жолдары: жоспарлар мен жобалар………………………………………………………..

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………….

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ…………………………………………

 

КІРІСПЕ

 

Бүгінде Республикамызда жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру біздің саяси бағытымыздың өзекті тұғырнамасына айналып, бұл орайда оны қайта құрудың әлемдік үлгілері мен үрдістерін саралау мен сараптау жұмыстары дәйектілікпен жүргізіліп отырғаны да тегін емес.

Көптеген дамушы елдердің тәжірибелері көрсетіп отырғандай, жергілікті өзін-өзі басқарудың тұғырнамасын іске асыру кез келген құқықтық мемлекеттегі демократиялық режимнің қажетті құрылымы болып табылады. Өзінің институттарымен жергілікті өмірдің демократиялық ұйымының дерлік барлық жағын қамти отырып, жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік биліктің көптеген қызметтерін орталықсыздандырудың ұтымды әдістерімен жергілікті өмірдің бүкіл мәселелері бойынша шешімдер қабылдауды аумақтық қоғамдастықтарға көшіруге мүмкіндік береді, осы арқылы азаматтардың белсенділігін көтермелейді және осы сияқты шешімдерге олардың нақты қатыстылығын қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Қазақстан жегілікті өзін-өзі басқару жүйесін құру сатысына қадам басты, сондықтан шетелдік тәжірибелерді талдау мен жинақтауға және солардың негізінде өз еліміздің жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру негізгі мәселелердің бірі болып табылады. Мынаны атап өту қажет: жегілікті өзін-өзі басқарудың үлгілері арасындағы өзгешелік біртіндеп жойылып келеді, дәстүрлі үлгілерден ауысатын таңдаулы үлгілер мен өздерінің жаңалықтарын енгізетін әралуан жүйелер пайда болуда.

Қазақстанның да өз ерекшеліктері бар, оларды жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жүзеге асыру кезінде ескеру қажет.

Зерттеу пәнінің актуалдығы. Қазақстан Республикасындағы экономикалық реформалардың басым бағыттарының бірі мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырылу және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттік басқарудың орталықсыздандырылуы мен жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуымен барлық экономикалық жүйенің қызмет етуі, елдің экономикалық жағдайы байланысты. Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің жыл сайынғы «Қазақстан-2030» жолдауында: «Министерства ішіндегі орталықсыздандыру, орталықтан аймақтарға және мемлекеттен жеке секторларға орталықсыздандыру» қажеттігі жайында атап өткен. [2]

Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған жылдары орын алған мемлекеттік басқаруды айрықша орталықсыздандыру өз міндетін атқарды деуге болады. Бірақ экономикалық тұрақтылыққа жетуге байланысты қазіргі кезде мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселелері белсенді қарастырылуда.

Республика  кең аумаққа ие, осыған байланысты ел аймақтары әртүрлі экономикалық потенциалға ие, бұл олардағы табиғи байлықтардың орналасуымен, климат жағдайымен, тағы басқа да жағдайларға байланысты. Сонымен қатар, аймақтардың демографиялық, этикалық және тарихи ерекшеліктері бойынша бөлінеді. Жоғарыда аталған мемлекеттік факторларды ескере отырып, орталықтандырылған стандарттар арқылы әсер ету механизмімен басқарыла отырып, барлық аймақтардың қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Мемлекеттік басқару деңгейлерінің арасындағы өкілеттілікті бөліп көрсету қажеттілігі осыған байланысты.

Бүгінгі күні жүргізіліп отырған мемлекеттік жергілікті басқару ауыл деңгейіндегі, әкімдер институты – жеткілікті тиімді емес, себебі олар жоғары тұрған әкімдер мен үкіметке тәуелділігі жоғары. Берілген басқару органдары дербес бюджетке ие емес, сондықтан экономикалық дербестікке ие болып табылмайды. Олардың басқарушыларын тағайындау жүйесі әкімдерінің «уақытшалық» психологиясын қалыптастырды, осыған байланысты олардың қызметтері негізінен экономикалық мақсаттылық пен халық қажеттіліктерін қанағаттандыру емес, жоғарғы тұрған органдардың тапсырмаларын орындауға бағытталған. Бұндай жағдайдан шығудың бір жолы болып жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізу болып табылады.

Мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесіне деген жаңа талаптар мемлекеттің басқару жағдайын зерттеу және сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесінің, сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің ғылыми негізделген моделін жасау қажеттілігімен байланысты.

Мемлекеттік басқару жүйесінің дамуы және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері бірқатар ТМД елдерінің ғалымдарының еңбектерінде көрініс тапқан. Атап өтсек, А.С.Автономов, Г.Алимурзаев, Е.Г.Анимица, И.А.Василенко, Т.Г.Морозова, А.Н.Швецов, т.б.

Сонымен қатар, мемлекеттік басқару және жергілікті өзін-өзі басқару мәселелері Қазақстандық  ғалым-экономистердің де зерттеу обьектілеріне айналған. Олардың қатарына Я.А.Аубакиров, Ш.С.Ахметова, У.Б.Баймураторв, М.Б.Кенжегузин, К.Е.Кубаев, Н.К.Мамыров, К.С.Мухтарова, К.К.Шарипбаев және тағы басқаларын атап өтуге болады.

Мақсаты және міндеттері.   Бітіру жұмысының негізгі мақсаты болып Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің дамуы және мемлекеттік басқаруды орталықсыздандырудың ғылыми-практиалық және теориялық-методологиялық аспектілерін зерттеу болып табылады.

Белгіленген мақсатқа байланысты келесідей міндеттер қойылды:

  • қазіргі жағдайдағы мемлекеттік басқару мен жергілікті өзін-өзі басқару орыны және мұндағы пайда болып отырған мәселелер
  • мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін енгізіу
  • Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің тенденциялары мен перспективаларын анықтау
  • мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді қарым-қатынасы әдістерін анықтау болып табылады.

 

 

I ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

 

  • Жергілікті басқарудың теориялық негіздері: түсінігі және мәні

 

Біздің қоғамымыздағы экономикалық реформалардың қазіргі құраушы бөлігі болып  жергілікті өзін-өзі басқару сферасы табылады.

Экономикалық тұрғыдан қарастырғанда, жергілікті өзін-өзі басқару сферасындағы қайта құрулар ең алдымен, демократия принциптеріне сәйкес келетін, әлемде территориалды қоғамдастықтарды дамытудың бірден-бір жолы ретінде мойындалған, адамдардың жақсы өмір сүру деңгейін қамтамасыз ететін тиімді аймақтық экономика құру қажеттілігіне бағытталған.

Жергілікті  басқару – жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мемлекеттік істердің маңызды бөліктерін регламенттеу мүмкіндігі және олардың заң шегінде өз жауапкершілігі мен халық мүддесі үшін басқару.

Өзін-өзі басқару – бұл қандай да бірқоғамдық ұйымның автономдық қызмет етуі, бұл берілген ұйымның мүшелері қабылдаған нормлары мен шешімдерімен қамтамасыз етіледі.

Жергілікті өзін-өзі басқару мемлекетте  3 негізгі мақсатты орындау үшін қызмет етеді: мемлекеттік басқаруда орталықсыздандыруды қамтамасыз ету; жергілікті мәнге ие мәселелерді шешудегі демократиялық бағдарларын дамыту және жергілікті істерді жүргізуде тиімділігін жоғарылату. Осыған сәйкес жергілікті басқаруды елдің конституциялық құрылымының негізі, халықтың жергілікті мәнге ие сұрақтарды шешуге қатысу хұқы және халық билігінің формасы деп анықтауға болады. 

Жоғарыда айтқандарды ескере отырып, жергілікті өзін-өзі басқару – бұл азаматтардың жергілікті мәнге ие  мәселелерді шешу үшін өздігінен территориалдық ұйымдасуы және бұл жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігі мен тәуелсіздігі, қоғамның пікірінің жариялылық пен есептілігі, заңдылығы, жергілікті және мемлекеттік мүдделер сәйкестігі негізінде жүзеге асырылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару – жергілікті істерді сол ортада тұратын адамдардың өздерінің шешу құқығы. Бұл конституциялық құрылымның негізгі бөлігінің бірі болып табылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару теориясына келетін болсақ, бұл мәселеге ең алғаш назар аударғандардың бірі француздық мемлекеттік қызметкер, тарихшы және литератор А.Токвиль болды. Өзінің «Америкадағы Демократия» деген еңбегінде ол: «Қоғамдық институттардың тәуелсіздікті қалыптастыру үшін ойнайтын ролі ғылым үшін мектептің болуы сияқты роль ойнайды. Олар халықтың тәуелсіздікке деген жолын ашады және осы дербестікті пайдалануға үйретеді. Қоғамдық институттарсыз ұлт еркін үкімет құруы мүмкін, бірақ та нақты еркіндіктің рухын сезіне алмайды» деп жазған болатын.[8]

Жергілікті өзін-өзі басқару теорияларын қалыптастыруға герман заң мектебі үлкен үлес қосты. Алғашында неміс ғалымдары жергілікті, қоғамдық жергілікті өзін-өзі басқару мәні мен табиғатын негіздей отырып, еркін қауымдастық теориясын (қауымдастықтың табиғи құқықтары теориясы) алға шығарылды, оның негізін француз және бельгиялық құқықтан алған болатын.

Бұл теория көрсеткендей, қауымдастықтың өз істерімен шұғылдану құқығы адамның еркіндік хұқы сияқты табиғи сипатқа ие, немесе, қауымдастық мемлекеттен бұрын пайда болды және мемлекет қауымдық басқару еркіндігін сыйлауы керек.

Еркін қауымдастық теориясы жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырылуының келесідей негізін құраушы бастауларын алға шығарады:

  • жергілікті өзін-өзі басқару органдарын қоғам мүшелерінің сайлауы
  • қауымдастықпен жүргізілетін істердің өзіндік жұмыстар және мемлекетпен берілген істерге бөлінуі
  • жергілікті өзін-өзі басқару – қауымдастықтың өз табиғаты бойынша мемлекеттік істерден ерекшеленетін өз істерін басқару
  • жергілікті өзін-өзі басқару органдары – мемлекеттік емес, қауым органдары
  • мемлекеттік органдар қауымдастықтың жеке концепциясына араласуға құқы жоқ. Олар тек қауымдастықтың өз компетенциясына шегінен шығып кетпеуін қадағалауы керек.

Бұдан соң, еркін қоғамдық теориясының орнына өзін-өзі басқарудың қоғамдық теориясы келді. Ол да алдыңғы теориялар сияқты мемлекет пен қоғамдастықты қарама-қарсы қоюдан пайда болды және жергілікті қоғамдастықтардың өз мүдделерін жүзеге асыруда еркіндікті мойындау қағидасынан шығады. Өзін-өзі басқару, бұл теорияға сәйкес, жергілікті шаруашылық істерін жүргізу.

Постсоветтік кеңістіктегі жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың советтік басқару кезіндегі ұйымдастырылуын реттеуді қарастырсақ.

Жергілікті өзін-өзі басқаруда орталықсыздандырылған биліктердің болуын негіздейтін жергілікті өзін-өзі басқару идеясы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тәуелсіздігі мен дербестігін қарастыруды мемлекеттің пролетариат диктатурасының тәжірибелік міндеттеріне сай келмеуі, себебі ол табиғаты бойынша орталықтандырылған мемлекет болып табылады.

Жергілікті жерлерде билікті ұйымдастыру негізіне мемлекеттік билік органдарының Кеңестік жүйедегі бүтіндік принципі қойылды. Жергілікті кеңестер және олардың атқарушы комитеті мемлекеттік биліктің және басқарудың жергілікті органдары ретінде қызмет атқарды және біртұтас орталықтандырылған мемлекеттік аппараттың құрылымдық бірлігі болып табылады.

СССР-ң 1936 ж. Конституциясын қабылдаған соң, өкілетті звеноның одақтың республикалық жүйелері жалпы, тең және тікелей құпия сайлау арқылы тағайындалды.  Мемлекеттік жергілікті органдардың бәрі де Кеңес деп өзгертілді.

Кеңестік мемлекеттік құқық теориясы жергілікті Кеңестердің құқықтарын өз қызметінде шешім қабылдау, олардың орындалуын және өмірде жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін жаңа типтегі өкілетті органдар ретінде қарастырды. Жергілікті кеңестер ең көп санды мемлекеттік билік органдары болып табылды. Олардың саны 50 000-нан асты.

Жергілікті кеңестер жеке өздерінің атқарушы аппараттарына ие болды, ол Кеңес депутаттарынан құрылды және солардың басшылығымен жұмыс істеді. Бірақ Кеңестер «жұмыс істеуші корпарациялар» сапасына ие болмады, себебі нақты билік партия органдарының қолында болған еді.

А.Черботаев өзінің «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі қалыптастыру проблемалары» деген еңбегінде тәуелсіз Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуына саяси талдау жасайды: «Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару институттарының дамуы СССР өмір сүрген кезден бастау алған. 1991 жылы 15 ақпанда «ҚР халық депутаттарының жергілікті Кеңестерді және жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң қабылданған. Осы заңға сәйкес, жергілікті өзін-өзі басқару ауыл, село, поселок, қала және аудандық деңгейде халық билігі түрінде жүзеге асырылды. Айта кететіні, ол кез үшін бұл жайт жергілікті өзін-өзі басқарудың демократиялық және жеткілікті дамытылған жүйесі болды. Бірақ оның бірқатар кемшіліктері болды.» Мұнда қоғамдық-территориалды өзін-өзі басқару институты белгілі дәрежедегі дамуға ие болған жоқ. Бұл негізінен қызмет ету үшін қаржылық-эконмикалық негізінің жоқтығымен байланысты болды, себебі қоғамдық меншікті басқару әкімшілік басшыларымен жүзеге асырылды.

Жергілікті қоғамдастықтардың өкілетті органдары – мәслихаттар — өзіндік материалды-қаржылық қаражаттарға ие болмады және әкімдердің олардың алдында нақты есептілігін қамтамасыз етуге қабілетсіз болды.

1996 жылы жеке үйлер мен үй топтарының деңгейінде пәтер иелерінің кооперативтері құрылды және жұмыс істей бастады. Олар тек қалаларда ғана дамыды және кейбір жағдайларда олардың қызметін тиімді деуге болады.

Қазіргі кезде республикадағы өзін-өзі басқаруды құру қажеттілігі мемлекеттің заңдық қызметінде көрініс тапқан. Заңның қабылдануы ең алдымен аймақтық экономиканың қалыптасуына бағытталған. 1998 жылы 8 қазанда ҚР Конституциясына толықтырулар мен өзгерістердің енгізілуі жергілікті өзін-өзі басқарудың қалыптасуын қамтамасыз етудегі келесі этап болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасында келесідей анықтамалар беріледі.

Жергілікті өзін-өзі басқару – халықтың өздігінен ұйымдасу жүйесі (ауылдық және қалалық қоғамдастықтар), ол коммуналды меншік, өзіндік қаржы ресурстары және жергілікті өзін-өзі басқарудың сайлау органдары негізінде жергілікті мәні бар сұрақтарды өздері және өз жауапкершіліктерімен шешетін халық топтары тұрып жатқан территорияларды қамтиды.

Жергілікті мәні бар сұрақтар – халықтың осы заңмен көрсетілгендей, ауылдық және қалалық жергілікті қоғамдастықтардағы өмір сүруін қамтамасыз ету жайындағы сұрақтар.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдары – осы заңмен, мемлекеттік органдармен жергілікті мәні бар сұрақтарды шешуге өкілеттілік беретін жергілікті өзін-өзі басқарудың сайлау өкілдіктері немесе атқарушы органдар.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілетті органдары – қалалық және ауылдық қоғамдастықтардың территорияларында әсер ететін, заңдық күші бар, тікелей таңдау жолымен сайланған және халықтың мүддесін қорғайтын және оның атынан шешім қабылдайтын жергілікті өзін-өзі басқарудың сайлау органы.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың атқарушы органы – жергілікті өзін-өзі басқарудың сайлау органдары делегирлеу шегінде және шарттар мен жергілікті қоғамдастық территориясында басқару қызметтерін жүзеге асыратын жергілікті өзін-өзі басқару органы немесе лауазымдық тұлға.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешімі – халық топтары өмір сүріп жатқан территорияда әсер ететін жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілі және орындаушы органның және халық билігінің басқа да формаларының актілері.

Жергілікті басқарудың лауазымдық тұлғасы – жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырушылық қызметтерін орындаушы, таңдап алынған немесе еңбек контракті бойынша жұмыс істеуші тұлға.

Қазақстан Республикасы азаматтары ауылдық және қалалық қоғамдасытқтарда келесі жолдармен жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру құқықтары бар:

— жергілікті өзін-өзі басқару органдарын сайлау арқылы

— халыққа сұрау жүргізу арқылы бастаманы жүзеге асыру

— халықтың құқықтық бастамащылықты жүзеге асыру арқылы

— осы территорияларда тұрып жатқан сайлаушыларды жазалау шараларын құрастыру және орындауға қатысу арқылы. [5]

Жергілікті өзін-өзі басқару органдары жергілікті өзін-өзі басқару обьектілерін пайдалану, иелену, билік еті құқына ие болады. ҚР Заңдары жергілікті өзін-өзі басқаруға кепілдендірілген құқықтырына, дербестіктеріне шектеу қоя алмайды. Осыған байланысты халықаралық келісімдер Қазақстан Республикасымен ратификацияланған, оның заңдары алдында артықшылықтарға ие және сөзсіз қолданылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарын атап өтер болсақ, ауылдық өзін-өзі басқару органдарына келсілер жатады: өкілетті орган — өзін-өзі басқарудың ауылдық кеңесі; атқарушы орган – ауылдық өзін-өзі басқаруды жүргізушія, территориалды өзін-өзі басқару органдары – жергілікті өзін-өзі басқарудың көщелік, кварталдық, үйлік комитеттері; жергілікті өзін-өзі басқару сұрақтарын шешуге өзін-өзі басқару мүшелерінің жиындары, жергілікті халыққа сұрау жүргізу арқылы және басқа да түрлері арқылы қатысуы.

 Ал қалалық өзін-өзі басқару органдарына келсілер жатады: өкілетті орган – қалалық өзін-өзі басқару кеңесі; өкілетті орган – аудандық өзін-өзі басқару кеңесі; қалалық өзін-өзі басқарудың атқарушы органы – қала мэрі; аудандық өзін-өзі басқарудың атқарушы органы – аудан мэрі; территориалды өзін-өзі басқару органы – көще, кварталдық, үйлік жергілікті өзін-өзі басқару комитеттері.

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау және олардың лауазымдық тұлғаларын сайлау жалпы қоғамдық тең жағдайда және тікелей сайлау құқы негізінде жергілікті халық қоғамдастығының құпия дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады. Оның мүшелерін сайлау тәртібі ҚР «Сайлау туралы» заңымен, жергілікті өзін-өзі басқару қаулысымен анықталады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың өкілеттіліктірінің жойылуының негіздеріне келер болсақ, олардың өкілеттіліктері келесі жағдайда тоқтатылады, яғни халықтың сұрауы бойынша, егер сайлауға онда тұрып жатқан қоғамдастықтың территориясындағы халықтың жартысынан азы қатысса; соттың  жергілікті өкілетті органының іс-әрекетінің  ҚР Заңдары мен Қаулыларына сәйкес еместігі жөніндегі шешіміне байланысты әкімшіліктің немесе мәслихаттың шешімдері арқылы тоқтатылуы мүмкін.

 

  • Қазақстандағы мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру және жергілікті басқару негіздері

 

Даму диалектикасы көрсетіп отырғандай, рыноктық қарым-қатынастар жүйесіндегі әлеуметтік-экономикалық жүйе өзінің кез-келген түрінде, оның ішінде аймақтық басқару түрінде де орталықтандыру мен орталықсыздандырудың рационалды бірлігіне негізделеді. Мұндай қарама-қарсы әлеуметтік-экономикалық басқару жүйесі динамикалық, стратегиялық жоспарланған және өздігінен реттелетін жүйе асты мен элементтерден тұратын ұйым түрлеріне негізделген.

Орталықтандыру мен дербестік байланысы диалектикалық сипатқа ие, ол басқарудың орталықтандыру және орталықсыздандыру арақатынасындағы мәселелердің шешілу мүмкіндігін анықтайды.

 Қазақстан Республикасының жеке территорияларының әлеуметтік-экономикалық дамуының біртексіздігі, оның экономикасының күрделі аймақтық құрылымы және жүргізіліп жатқан макроэкономикалық саясаттың табыстылығы оның жергілікті деңгейде іске асырылуына байланыстылығы республикадағы мемлекеттік басқарудың орталықсыздандырылуының қажеттілігін көрсетеді. Оның даму мүмкіндігі макроэкономикалық тұрақтылық пен рыноктық қатынастардың қалыптасуындағы жетістіктерге байланысты. Бұл процесс тек Қазақстанда ғана емес, басқа да ТМД елдерінде, сонымен қатар Орталық және Шығыс Европа елдерінде жүргізіліп жатқан экономикалық, әлеуметтік, институционалдық және қоғамдық қайта құрулардың құрамдас бөліктерінің бірі болып табылады.   Бірақ есте ұстайтын жайт, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру өте күрделі және сондықтан ұзаққа созылатын  перманетті процесс, уақыты дәл бақыланып қойылмайды. Оның жүзеге асырылуы белгілі бір шарттардың болуын, тек қана экономикалық емес, сонымен қатар құқықтық, мәдени, саяси, мақсатты және терең негізделген аймақтық және саясат жүргізілуінің алғышарттары болуын қажет етеді.  Мемлекеттік басқаруда оны орталықсыздандырудың ойластырылмаған қадамдары егер оның жалпы концепциясы ғылыми негізделмесе күтілген нәтиже бермейді және басқарудың жерлердегі тиімділігін жоғарылату жағдайын қамтамасыз етпейді.

Мемлекеттік басқарудың орталықсыздандырылған жүйесінің қалыптасуы жинақталған әлемдік тәжірибенің зерттелуін және әлемдік тәжірибеде қарастырылатын модельдер мен концепциялардың ел экономикасын басқаруды орталықсыздандыруды тереңірек зерттеуді талап етеді.

Басқарудың орталықсыздандырылуының әлемдік тәжірибесін зерттеу маңыздылығы бұл мәселені шешудің варианттарының көптүрлілігімен анықталады және ол келесідей негізгі факторларға негізделеді: әрбір елдің территориялдық-географиялық және демографиялық спецификасы, әкімшілік аудандардың ерекшеліктері, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі, өндірістік күштерді территориалдық орналастыру ерекшеліктері, қазіргі басқарудың жүйесі және бұл жүйе деңгейлері арасындағы қарым-қатынас, елдің саяси құрылымы, қоғамның демократияландырылуының деңгейі, негізделген макроэкономикалық және аймақтық саясаттың және дамудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерінің болуы, мәдени және ұлттық мәдениет және тағы басқалар.

Мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру жүйелеріндегі елдер бойынша айырмашылығы тек оның құрылымы мен дамуының модельдерінің көптүрлілігі мен ғана көрініс таппайды, сонымен бірге бұл процестің өту этапы, мерзімі, жағдайымен көрінеді. Бұл жерде әсіресе бұрынғы тәуелсіз штаттар, контондар, мысалы АҚШ-тағы немесе Швейцариядағы конфедерациялар нәтижесінде пайда болған басқару жүйелері және орталықтандырылған жүйелердің ішінде пайда болған жүйелер айрықша ерекшеленеді. Дамушы елдер үшін, соның ішінде бұрынғы постсоветтік елдер үшін қазіргі кездерге дейін басқарудағы негізгі ерекшеліктері болып мықты орталық билікті құру болды, себебі бұл елдердің ең басты мақсаты тәуелсіздіктерін алғаннан кейін елдің бірлігін және саяси бүтіндігін сақтау, рыноктық және демократиялық өзгерістердің барлығын орталықтан басқару моделі келесі себептер бойынша тиімсіздігін көрсетті:

  • мемлекеттік, аймақтық және жергілікті мүдделердің тепе-теңдігіне қол жеткізілмейді
  • жергілікті ресурстарды тиімді және рационалды пайдалануды қамтамасыз ету қиын немесе мүлде мүмкін емес
  • мемлекеттік басқарудың орталық органдары жергілікті деңгейде қызметтердің шектелген көлемімен қамтамасыз етуге қабілетті немесе жергілікті спецификаны ескермей төмен сапалы тауарлар ұсынуға ған қабілетті болады
  • жергілікті органдардың билігі дербес және қаржылай қамтамасыз етілмегендігі кәсіпкерлікті дамыту үшін экономикалық және институционалдық жағдайларды жасау мүмкіндігінен айырады.

Басқарудың орталықтандырылған моделінен орталықсыздандырылуына өтуі жүйелі  және этап бойынша ғана жүргізілуі мүмкін. Мұнда әрбір даму этапында елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси укладының нақты жағдайына байланысты әртүрлі міндеттер жүзеге асады. Осыған да байланысты басқарудың бұрынғы және жалғасушы орталықсыздандырылуы тәжірибесі бар елдердің мысалдары қызықты болып табылады.

Экономика мен қоғам басқаруының локальді шешімінің көпғасырлы дәстүріне ие елдердің бірі Швеция. Мұнда XIXғ. өзінде-ақ (1862 жыл) жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң қабылданып, муниципалды реформалар жүргізілген болатын. Аймақтық деңгейде ластингтер институты, ал жергілікті деңгейде көптеген заңды құқыққа ие комунналар институты енгізілді. Бұл инситтуттар өткен уақыттар аралығында бірқатар өзгерістерге ұшыраған, нәтижесінде жергілікті басқаруға мемлекеттік саяси жүйе статусы берілді. Қазіргі кезде Швецияда 4 типті 289 комунна бар. Мемлекет пен комунналар арасындағы қызметтердің бөлінуі де уақыт өткен сайын өзгереді. Мысалы, мемлекеттік жергілікті басқару ведомстваларына ақырындап полиция, жол шаруашылығы, жұмыспен қамтамасыз ету берілді. Басқа жағынан, комунналар компетенциясына мектептік білім беру, оқытушыларды жалдау қызметтері берілді. Егер алғашқы уақытта ластингтердің негізгі міндеті – денсаулық сақтауды ұйымдастыру болса, соңғы уақыттарда олардың жауапкершілік сферасына аймақтық даму жоспарын дайындау, транспорттық жоспарлау, мемлекеттік субсидияларды аймақ мәселелері арасында бөлу қызметтері қосылды.

Швециядағы ластингтер мен комунналар қызметі мемлекеттік заң және басқа да нормативті актілермен реттеледі. Айта кететіні, соңғы XXғ. Жылдарында комунналар қызметіндегі мемлекет тарапынан артық шектеулерді жою мне бұларды реттейтін ережелер қысқартылды. Бұған 1991 жылы қабылданған заң да өз әсерін тигізді, оған сәйкес комунналар мен ластингтер жергілікті ұйымдастыру бойынша үлкен еркіндікке ие болды. Нәтижесінде Швециядағы жергілікті өзін-өзі басқару әртүрлілігімен және әр жақтылығымен сипатталады.

Комунна мен ластингтер ұйымдастырудың негізгі модельдері: секторлық, территориялық және функционалды. Мұнда ең көп таралған түрі секторлық модель болып табылады, онда комунна комитеттер негізінде ұйымдасады, ал олардың әрқайсысы белгілі қызметтер сферасымен айналысады. Территориалды ұйымдастыруда комуннаның территориалды аудандарына жауап беретін аудандық комитеттер болып табылады. Бірақ, соңғы жылдары мұндай ұйымдастыру қағидасы көп қолданылмайды, ол тек 20 комуннада ғана әрекет етеді. Себебі экономикалық шығындар мен ресурстарды рационалды пайдалану бойынша мардымсыз эффектімен түсіндіріледі.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың функционалдық моделі соңғы жылдары кең таралуда. Мұнда «тапсырыс беруші-мердігер» қағидасына негізделеді. Бұндай басқаруда тұрақты комитеттер, оның нәтижесінде басқару штаты көлемі қысқарды және орындаушылардың тиімді орналасуы мен өкілеттіліктерінің рационалды бөлінуі орын алады.

Осылайша, басқаруды орталықсыздандырудың шведтік моделі айтарлықтай дамыған, тиімді ұйымдастырылған басқарудың қалыптасқандығын көрсетеді.

Орталықсыздандырудың Филиппиндегі процесінің тарихы тереңде жатыр, бірақ өз дамуына ол жергілікті өзін-өзі басқару туралы Кодекс пен жаңа Конституция қабылдағаннан кейін ие болды. Бұл процестердің одан әрі белсенді бола түсуі үшін 1990 жылы елде арнайы стратегия қабылданды. Ол келесілерді мақсат етіп қойды:

  • орталықсыздандырудың заңдық негізін жетілдіру
  • жергілікті өзін-өзі басқару Кодексін пилотты негізде 14 провинцияда іске асыру
  • жергілікті басқару органдарының мүмкіндіктерін дамыту
  • трансферт-гранттар түріндегі ынталандырушы жүйелерді енгізу, т.б.

Осы стратегияға байланысты провинция, муниципалитеттер, барангайлық басқару органдарына бұрын орталықпен орындалатын міндеттер – денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, қоршаған ортаны қорғау қызметтері берілді. Осы жерде жергілікті салық көлемі 11-ден 40 пайызға дейін өсті, ал жергілікті билік органдары салық салу көлемі бойынша көп өкілеттіліктерге ие болды.

Ал өтпелі экономикалы елдерде орталықсыздандыру процесі әртүрлі өтіп отыр және мұнда түрлі теориялардың дамуын қаржылық және әлеуметтік қамтамасыз ету механизмі толықтай жасалған деп айтуға келмейді. Кнежегу

Қазақстандағы тәуелсізідіктің алғашқы он жылығында экономикалық дамудың рыноктық жолы және қоғамдағы демократияландыруды қалыптастыру бойынша реформалар жүргізілді. Қазақстан Республикасының егемендігінің алғашқы жылдарында мемлекеттілікті нығайтуға, халықаралық аренада позицияларды анықтау және әлеуметтік-экономикалық сферада реформалар жүргізуге басым көңіл бөлінген болатын. Қазіргі жағдайда, егемендіктің жалпыұлттық негіздері негізінен қалыптасты және ондағы приоритетті мәселелердің бірі болып жергілікті және мемлекеттік, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін реформалау, яғни мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру табылады.

Мемлекеттік орталықсыздандыру және жергілікті өзін-өзі басқару сұрақтарын қарастырмас бұрын мемлекеттік басқарудың түсінігі, оның қағидалары мен әдістеріне тоқталып өтуге болады.

Қазіргі кездегі экономикада рыноктық еркіндік, бәсекелестік пен демократиялық тәртіптің болуымен қатар, мемлекеттік әсерге де маңызды орын беріледі. Бұған байланысты мемлекеттік басқару рыноктық механизмнің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек, одан өзге әлеуметтік, экологиялық және таза рыноктық механизмдерді қолдану тиімсіз салаларды реттеу мен елдің мемлекеттілігі мен әлемдік масштабтағы позицияларын нығайтуды қамтамасыз етуі қажет.

Мемлекеттік басқару – мемлекеттің оның органдар жүйесі және ондағы лауазымды тұлғалар арқылы қоғамдық процестерге, адамдардың санасы мен мінез-құлқына, іс-әрекетіне ұйымдастырушылық реттеушілік әсер ету болып табылады.

Мемлекеттік басқару саласындағы атақты маман Г.В.Атаманчук бұған келесідей анықтама береді: «Мемлекеттік басқару – бұл мемлекеттік билік күшіне сүйене отырып, оның тәртіпке келтіру, сақтау және өзгерту мақсатындағы және реттеуші әсер етуі».

Бұл анықтама мемлекеттік басқарудың 3 құрамдас бөлігін қамтиды:

— өзінің жүзеге асыруында ол билікке – мәжбүрлеуге қабілетті қоғамның ұйымдастырылушылық күшіне сүйенеді

— өз әсерін барлық қоғамға таратады, оның негізгі «тізбектік» процестерін, құбылыстарын, байланыстарын басқаруды реттейді

— жүйелік әсер етеді, себебі екі күрделі құрылымның – мемлекетті басқару аппараты мен қоғамның жалпы публикалық (бәрі үшін маңызды) көріністе қызмет етуін біріктіреді.

Қазіргі кездегі мамандардың ойынша, мемлекеттік басқару және мемлекеттік-әкімшілік биліктің 3 сферасымен: заң шығарушылық, атқарушылық және соттық сфераларымен байланысты.

Келтірілген анықтамаларда мемлекеттік басқару жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқарудың ролі туралы айтылмайды. Осыған байланысты мемлекеттік биліктің келсідей дефинициясын ұсынуға болады: мемлекеттік басқару шаруашылық субъектілеріне жергілікті басқару, өз кезгінде жергілікті өзін-өзі басқару деңгейінде билік күштерін қоса алғандағы қоғамның әртүрлі әлеуметтік-экономикалық сфераларындағы басқару, реттеу және қадағалау қызметтерін жүзеге асыруды білдіреді.

Мемлекеттік басқарудың жүйесі қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік басқарудың ұйымдастырылуын зерттейтін ғылыми дисциплинаны құрайды.

Тәжірибе жүзінде мемлекеттік басқару мемлекеттік органдардың мемлекет саясатын жүзеге асыруында және оның мүдделерін қамтамасыз етуінен көрініс табады. Мұнда ұйымдастырушылық, жоспарлау, бағдарлау, талдау, бақылау және тағы басқа қызметтер орындалады және ынталандыру, мәжбүрлеу, жазалау сияқты әдістер қолданылады.

 

1.3 Жергілікті басқаруды мемлекеттік реттеу

 

Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржылық-экономикалық қаматмасыз ету мақсатында мемлекеттік органдар билігі келесідей шараларды орындауы керек:

  • мемлекеттік меншіктің обьектілерінің муниципалды меншікке берілуін заңдық реттеу
  • жергілікті өзін-өзі басқару органдарына олардың жеке мемлекеттік өкілеттіктері орындауы үшін заңмен белгіленген материалдық және қаржылық қаражаттар беруді жүзеге асыру
  • мемлекеттік минималды әлеуметтік стандарттарды жасау және тағайындау
  • республикалық бюджет пен жергілікті қоғамдастық бюджеті арвсындағы қатынастарды реттеу
  • минималды бюджеттік қамтамасыз ету нормативті негізінде минималды жергілікті бюджеттің тепк-теңдігін қамтамасыз ету
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық дербестігін қамтамасыз ету
  • мемлекеттік билік органдары қабылдаған шешімдердің нәтижесінде пайда болған жергілікті өзін-өзін басқарудың қосымша шығындарының орнын толтыру
  • жергілікті міндеттерді орныдауда мақсатты мүлік және аймақтық бағдарламалар арқылы қатысу

Мемлекеттік басқару адамдардың қоғамдық іс-әрекеттілік қызметтерін оптимизациялауға және олардың қажеттіліктерін максималды қанағаттандыруға мақсатталуы тиіс. Жоғарғы иерархиялық құрылымның басқарушылық іс-әрекеті басқарылушы жүйемен тікелей байланыстар арқылы жүзеге асады. Басқарушылық әсерге жауап беру кері байланыс бойынша түсетін ақпараттармен анықталады. Мұндағы басқару субъекті ретінде мемлекеттік басқару органдарының жүйесі мен ондағы лауазымдық тұлғалар қарастырылса, обьекті – қоғамдық процестер, адамдар, шаруашылық субъектілері болып табылады.

Мемлекеттік басқарудың келесідей қағидаларын атап өтуге болады: мақсаттылық, орталықтандыру мен орталықсыздандырудың оптималды қатынасы, конкурстық таңдау, басқарудың кадрларын даярлау, динамикалық тепе-теңділік, қабылданған шешімдердің қолдануға икемділігі, басқару ақпараттарының сенімділігі мен уақыттылығы, ақпараттардың басқару функцияларына сай келуі, жауапкершілік, мерзімділік және кері байланыс, кешенділік, иерархиялылық пен бөлінушілік, басқарудың ескі ұйымдастыру формаларынан жаңаларына өтуі.

Отандық экономист И.Н.Дауранбаев берген бұл қағидалар жүйесі біздің ойымызша, отандық мемлекеттік басқарудың мемлекеттік трансформацяланып жатқан жағдайында адекватты болып табылады.

Мемлекеттің қызметтері оның қалыптасуы , дамуы мен нығаюы кезінде жүзеге асырылады. Қызметтер мақсаты қоғам алдына қойылған мәселелерге байланысты. Ішкі функциялары: экономикалық, саяси, әлеуметтік, экологиялық, салық салу және қаржылық бақылау, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін сақтау мен заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету. Сыртқы қызметтері: әлемдік экономикаға интеграциялану, елдің қорғанысы, басқа мемлекеттермен қарым-қатынасы, т.б. Қызметтердің орындалуын ұйымға бекітілген ресурстармен қамтамасыз етіледі: материалдық, қаржыдық, ақпараттық және нақты жағдайға байланысты басқа да ресурстар.

 Бұл жерде жоғарғы билік бұтақтарына төменгілердің тәуелділігі байқалады. Бұл әсіресе облыс пен аудан деңгейінде ерекше көзге түседі.

Мемлекеттік билік органдарының қызметтері мен құрылымдарына талдау жасап өтсек, мұнда «Мемлекеттің басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді бөлу және бюджетаралық қатынастарды одан әрі жетілдіру концепциясына» байланысты мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру саласында келесідей мәселелерді атап көрсетуге болады:

— жалпылай алғанда, мемлекеттік басқару жүйесінде мемлекеттің қызметтерін жүйелелі мен жақсарту әрі толық аяқталған жоқ. Мұнда мемлекеттік қызмет пен оның органдарының компетенциясын заңмен белгілемегендіктен, мемлекеттік органдар қызметі кеңейе түседі және заңға қайшы ретсіздіктер орын алуы мүмкін.

Рыноктық өзгерістердің экономикада тереңдеуі мемлекеттің сөзсіз жеке экономика сфералары және қоғам өмірін реттеу мен басқарудан алшақтауын қажет етеді. Бірақ тек мемлекетке тән емес қызметтер әлі күнге дейін мемлекетпен іске асырылып отыр.

  • орталық және жергілікті мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы қызметтер мен өкілеттіліктердің нақты, анық бөлінбегендігі салдарынан екі жақты қызметтер сақталып отыр.

Тәжірибе жүзінде мемлекеттік басқару органдарына жеке мемлекеттік қызметтерді беру орын алады. Бұл орталықпен бекітіледі және олардың қызмет етуін қаржылық қамтамасыз етпейді.

Жеке бақылау – қадағалау қызметі (лицензиялау, аттестация) астанадан жүзеге асырылады, бұл қосымша әкімшілік тосқауыл болып табылады және ол іскерлік белсенділік пен кәсіпкерлік бастамашылықты белсендіруге кедергі келтіреді.

Жергілікті мемлекеттік басқарудың территориалды деңгейде жалпымемлекеттік міндеттерінің көбеюі алдыңғы жылдары басталкған орталықтан жекелеген қызметтерді  және өкілеттіліктерді, сонымен қатар территориалды даму бойынша бірқатар мәселелерді шешу жауапкершілігін жергілікті мемлекеттік басқару деңгейіне беру процесін жалғастыру қажеттілігі туып отыр. Осыған байланысты, соңғы жылдар тәжірибесі көрсеткендей, кейбір қызметтерді жергілікті мемлекеттік басқарудың тиімділігі де орын алуы мүмкін.

  • мемлекттік басқару деңгейлері бойынша өкілеттіліктер жалпы сипатқа анықталған және нақты регламенттелмеген. Осының нәтижесінде «облыс-аудан» деңгейіндегі өкілеттіліктер біртұтас және тұрақты сипатқа ие емес, іс жүзінде облыс билігінің қарамағына берілген және жерлерде субъективті сипат алады.

Бүгінгі күні жергілікті органдардың билігінің функционалдық қызметі региондарда әр түрлі және оның әкімшілік-территориалық бірлігінің басшысынн әр ауысқаны сайын жиі өзгерістерге ұшырайды.

Кейбір аудандарда облыстық отралықтар деңгейіндегі жеке қалалық звенолық басқармалар облыстықпен біріктірілген райондық (қалалық) бөлімдер облыстық атқарушы орган ретінде қызмет етеді.

Жергілікті мемелекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктер мен қызметтердің нақты бөлінбеуі шығындардың қай бюджеттен орындалуына байланысты түсінбеушіліктерге әкеледі.

Осының салдарынан жергілікті мемлекеттік басқару органдары тек халыққа көрсетілетін қызметті қамтамасыз етуге жауап беріп қана қоймай, облыстық билік органдарының бөлімшелерінің қызметтерін де атқарады, ал олардың бюджеттері транзитті шоттарға айналады. Осыған байланысты, төменгі бюджет органдарына кейбір өкілеттіліктерді оларды қаржылық қамтамасыз етусіз беруге көшу қажеттігі туындайды.

Шығындарды жүзеге асыруда жеткілікті жоспарлау мен дербестіктің болмауы аудандық (қалалық) билік деңгейлерінің шешім қабылдауындағы мемлекеттік халыққа көрсетілетін қызметтрдің сапасына әсер етеді.

  • комуналды меншіктерді жергілікті мен мемлекеттік басқару деңгейлері бойынша бөлу сұрақтары шешімін таппаған.

Комуналдық меншікті иелену жергілікті органдар үшін негізгі мәселе болып табылады. Бүгінгі күні комуналды меншікті облыстық, аудандық және ауылдық деп заңды бөлу жоқ. Сонымен бірге жеке меншік, бюджет сияқты мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлері үшін қызметінің негізі болып табылады.

Мемлекеттік қызметтердің жерлерде жүзеге асуы тиімділігі көбіне мүліктің әлеуметтік инфраструктура обьектілері бойынша бөлінуі сипатына байланысты.

  • биліктің ауылдық, поселоктық, қалалық,қалалық мәні бар аудан орталықтары деңгейлерінде мемлекеттік басқарудың толыққанды толыққанды институттары мен механизмдері жоқ.

Қазақстан Республикасының ауылдық жерлерінде 6,5 млн. адам өмір сүреді, бірақ бұл деңгейде белгілі бір билік вакумы орын алады – жергілікті басқару органдары қалыптастырылмаған, әкімшілік-территориалдық бірлік әкімдері шаруашылық және экономикалық сфераларда шешім қабылдау кезінде дербестікке ие емес.

Бүгінгі күнде республиканың көптеген аудандары бюджеттерінің табыс бөлігінің түсімдерінің жеткілікті деңгейін дербес қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие бола алмай отыр.  Бұл әсіресе ауылдық жерлерде тереңдеуде.

Осы жерде, мемлекеттік басқарудың орталықсыздандыру негізінде басқарудың осы деңгейінде толыққанды мемлекеттік билік институттарын құру қажеттілігі орын алуда.

  • бюджет аралық қатынастардың қазіргі жүйесі орта мерзімді кезеңде тұрақтылықтың болмауымен, табыстарды бөлуде нақты және түсінікті қағидалардың жоқтығымен ерекшеленеді.

Аймақтар арасындағы табыстардың бөлінуінің әркелкілігі салдарынан территорияның экономикалық дамуының тереу диференциациясына әкеледі, бұл аймақтардың бюджеттік қамтамасыз етілуінің белсенді саясатын жүргізуді қажет етеді.

  • жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуды жүзеге асырудың жеткіліксіз тиімділігі.

1999 жылдың басында мемлекеттік бюджеттердің қаражаттарының шектелмегендігі жағдайында бюджеттегі заң бойынша жергілікті бюджеттердің тепе-теңсізігін реттеу мақсатында жергілікті атқару органдарына өз аймақтарының экономикасын дамыту мен көтеруі үшін қарыз алу мүмкіндігі берілген болатын.

Бұған сәйкес, жергілікті атқару органдарының алған қарыздары ҚР Үкіметінің қарыздарымен салыстырғанда марапаттаудың жоғары деңгейімне және аз уақытқа алынады. Осындай жағдайларда бірқатар жергілікті органдар қарыз алғаннан кейін жеңілдіктер беру, арнай трансферттер белгілеу, қарыздың реконструкциясын жүргізуге өтініш білдіреді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДЕГІ ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ АНАЛИЗІ

 

2.1 Жергілікті басқарудың дамуының шетелдік тәжірибелері

 

Бүгінгі күні Қазақстандағы демократиялық бастаулардың дамуы үшін халықтың территориалды қоғамдастықтары үлкен мәнге ие болып отыр. Мұнда халықтың бір территориалды қоғамдастықтары бір-бірімен араласады, әрекеттеседі, өмір сүру қабілеттігі, өзіні-өзі басқару және басқару көзқарасымен белгілі бір бүтіндікті көрсететін қала, поселок, ауылдарда тұрады.

Нақ осы территориалды қоғамдастықтар шегінде адамдардың шексіз қажеттіліктері өз бастауын алады, байланысады, бағдарланады, кей жағдайларда аяқталады. Сондықтан жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі ерекшелігі боп жергілікті мүдделерді, қажеттіліктерді, мұқтаждықтарды жүзеге асыру табылады. Территориалды қоғамдастықтардың шегінде халықтың жергілікті мүдделері ғаламдық, ведомствалық мүдделермен ұштасып отырады.

Адамдардың территориалды қоғамдастықтарға бір нәрсе өндіру үшін, бірдеме сату және тұтынуы мақсатымен ерікті, саналы түрде бірігуі әрбір адамның, тіпті болмағанда көптеген адамдардың ұстанымдары, мотивтері, ұмтылыстары, тілектерін ескеру негізінде жүзеге асырылады. Территориалды қоғамдастықтың белгілері болып қатыстылық сезімі, адамның мүдделерінің қоғамдастық мүдделерімен психологиялық идентификациясы, біртекті моральды-этикалық құндылықтар табылады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың өзіне тән жолын Ресей де жүріп өтті. Қазір Ресей Федерациясында 14 мыңға жуық муниципалды ұйымдастықтар қызмет етеді. Ресейде жергілікті өзін-өзі басқарудың жергілікті заңдық негізі жасалған. Оның субъектілерін реттейтін негізгі заңдық акті болып «Ресей Федерациясындағы жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың жалпы қағидалары туралы» федералдық заң табылады.

1995 жылы қабылданған бұл заңның бірінші пунктінде қарастырылғандый, «Ресей Федерациясындағы жергілікті басқару – Ресей Федерациясының Конституциясымен мойындалады және кепілдендіріледі, және халықтың мүдделері, олардың тарихи және басқа да жергілікті дәстүрлеріне байланысты жергілікті мәні бар сұрақтарды шешудегі тікелей тұрғындар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын халықтың қызметі».

12 статьяда жазылғандай, «Ресей Федарациясында жергілікті өзін-өзі басқару мойындалады және кепілдендіріледі. Жергілікті өзін-өзі басқару өз өкілеттіліктері шегінде дербес әрекет етеді. Жергілікті өзін-өзі басқару азаматтардың референдум, сайлау және басқа да органдары арқылы жүзеге асырылады. Жергілікті өзін-өзі басқару тарихи және басқа да жергілікті әдет-ғұрыптарды ескере отырып жүзеге асырылады.

Федералды заңда жергілікті өзін-өзі басқаруға анықтама беріледі. Сонымен қатар, Ресей Федерациясының заңдарында жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты басқа да анықтама беріледі. Мысалы, Сверлов облысының және Санкт-Петербургтің заңдарында жергілікті өзін-өзі басқаруға өзгеше анықтама беріледі.

«Жергілікті» терминімен қатар ресейлік заңдарда қалалық және ауылдық өзін-өзі басқаруды сипаттау үшін «муниципалды» термині қолданылады. «Муниципалитет» терминінің пайда болуы (латын тілінде «munisipium»: «munis» — ауырлық, «capio» — аламын, қабылдаймын) Ежелгі Римнің республикалық дәуіріне жатады. Ондағы өзін-өзі басқару құқығына ие болғанқалалар осылай аталған.

Ресей Федерациясының 1993 жылғы Конституциясының 12 статьссына  сәйкес жазылғандай, «Ресейде жергілікті өзін-өзі басқару мойындалады және кепілдендіріледі. Жергілікті өзін-өзі басқару өз өкілеттіліктері шеңберінде дербес».

Ресейде тарихи 2 басқару жүйесі қалыптасқан: жергілікті мемлекеттік басқару және жерлік,қалалық өһзін-өзі басқару.

90-шы жылдардың басынан бастап өзін-өзі басқарудың жаңа түрі – муниципалды басқару түрі қалыптаса бастады. Бұлардың барлығы да жергілікті өзін-өзі басқарудың біртұтас жүйесін сипаттайды. Бірақ РФ Конституциясцнда қарама-қайшылықтар бар, мұнда «жергілікті өзін-өзі басқару органдары мемлекеттік билік органдарының жүйесіне кірмейді» делінген.

Мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқарудың бөліну мәселесі облыс орталықтарының мэрлері мен губернаторларының арасындағы шиеленістік байланыстан көрінеді. Мұндай  барлық деңгейлерінің өкілеттіктерінің күрделі жүйесінің байланысы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының іс-әрекетіне кедергі келтіреді. Әрбір әкімшілік-территориялық деңгей өздерінен жоғары тұрғандардан мүмкіндігінше көп хұқық және аз жауапкершілік алуға тырысады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі мәселесі – істің қаржылық-экономикалық жағы болып табылады. Аймақтардағы бюджетаралық қатынастар дұрыс ұйымдастырылмаған , мұнда территориялық және салықтық база қалыптастыру, дамыту және жұмыс істеу  мүмкін емес, себебі бәрібір сенің тапқан ақшаңды тартып алады. Басқа жағынан, дотациялық терртиториялар да дамуға қызығушылық танытпайды, себебі бәрібір әруақытта өздеріне тиесілі трансферттерге ие болады. Бұл негізгі мәселе.

1997 жылы «Ресей Федерациясындағы жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық негіздері» туралы Федералды Заң қабылданды. Бұл заң актінде жергілікті қаржы, жергілікті бюджет, жергілікті бюджетті қалыптастырудағы жергілікті органдардың өкілеттіліктері туралы ережелер берілген.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық негізін қалыптастырудың негізгі құралы болып олардың жергілікті бюджетті дербес қалыптастыру, толықтыру, тағайындау және орындау, сондай-ақ оның орындалуын бақылау табылады. Бірақ заңның шыққанына қарамастан, облыс және қала басщылығы өз қалаулары бойынша пайыз ставкалары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары бюджетіне аударымдарды өзгертеді; федералды салыққа тиесілі үлесі жетпейді; жергілікті жерлерден жиналатын салықтың жоғары бюджетке аударымдары талап етіледі.

Бұған Шарипбаев келесідей тұжырым жасайды: «тарихи тәжірибе де, нақты заңдарда, жергілікті өзін-өзі басқару идеясына бергілен адамдардың болуы да, жергілікті өзін-өзі басқарудың білікті мамандарының болуы да —  егер бұл институт мемлекеттің мәні бар қажеттілігі болмаса, жергілікті өзін-өзі басқарудың дұрыс жұмыс істеуіне кепіл бола алмайды».

Жергілікті өзін-өзі басқарудың Беларусь Республикасындағы тәжірибесін де қарастырып өтуге болады. Мұнда жергілікті өзін-өзі басқару органдары мемлекеттік басқару органдарынан тәуелсіз әрекет етеді. Зерттеулерге сәйкес, Беларусь Республикасының жергілікті өзін-өзі басқару органдары келесідей қызметтермен айналысады:

  • территориялардың жарғыларын қабылдау
  • жергілікті заң актілерін шығарумен
  • бюджетпен
  • жергілікті салықтарды жинау және жоғары тұрған бюджет деңгейлеріне салықтық аударымдарды ретке келтіру
  • жергілікті белгілер (символ) мен марапаттарды тағайындау
  • жергілікті референдумдар өткізу

Қырғызстанда да жергілікті өзін-өзі басқару тәжірибесі жинақталған. Алғаш рет Бішкек қаласында 2001 жылы жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту Агенттігі мен Бішкек қаласының жергілікті өзін-өзі басқаруына қолдау көрсету концепциясы жасалды және ол депутаттардың Қалалық Кеңесімен қабылданды. Оның негізінде жүйелі және мақсатты түрде жергілікті өзін-өзі басқаруды одан әрі реформалау жүзеге асырылуда, әрекет етуші жергілікті саясаттардың жасалуы мен орындалуында қала территориясының нақты даму жобалары жасалуда.

Жергілікті өзін-өзі басқаруда дамыту бойынша Агенттік – бұл Бішкек қаласының Мэриі мен «Сорос-Қазақстан» қорының бірігіп жасаған бағдарламасы болып табылады. Олар соныме қатар келесідей мәселелерді шешумен айналысады:

  • қызметкерлердің мамандықтарын жоғарылату, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының басқару мәселелерін шешуде қолдау көрсету, басқару құрылымын тиімді ету, резервтік кадрлар дайындау, қызметкерлердің аттестациясын жүргізу
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың тиімді жүйесін қалыптастыру, қалалық басқаруды жақсарту, басқару сапасын жоғарылату, бюджеттен тыс қорларды тарту
  • территорияларды дамытудың нақты бағдарламаларын жасау, территориалдық даму бағдарламаларына рұқсат беру, қалалық қызметтермен біріге отырып жергілікті мәселелерді шешу.

Халықта белсенді азаматтық позицияларды қалыптастыру, әлеуметтік шиеленістерді төмендету. Бірақ, зерттеушілердің пікірінше, Қырғызстандағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының заңды құқықтары бар, бірақ жергілікті жерлерде халық тұрмысының деңгейін жоғарылатудың нақты механизмдерінің болмауы Кеңештердің беделін төмендетеді.

Қырғызстан Республикасының тәжірибесінен шығатын қорытынды – жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту үшін құқықтық және ұйымдастырушылық жағдайлар ғана жасау жеткіліксіз, жалпы алғанда елдің экономикалық жағдайы жоғары болуы керек, себебі, мықты мемлекеттің «артықшылықтары» жергілікті өзін-өзі басқарудың сапасында көрініс таппауы мүмкін емес. [9]

Батыс елдері тәжірибелерінде жергілікті өзін-өзі басқарудың 3 негізгі типін бөліп көрсетеді:

  • англосаксондық тип (АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия, т.б)
  • француздық тип немесе континенталды (Франция, Италия, Бельгия, Испания, Латын Америкасы, Таяу Шығыстың бірқатар елдері)
  • аралас тип (Жапония, ГФР)

Англосаксондық жергілікті органдардың терең автономиясы мен және олардан жоғары тұрған органдарға, орталыққа тікелей бағынуының нақтылығының  жоқтығымен сипатталады. Бұдан басқа англосаксондық модельге өкілетті орталық органдардың орнында халық сайлаған әкімшілік-территориалды бірліктерді қорғаудың жоқтығы тән. Бұл елдерде (ең алдымен АҚШ-та) өкілетті органдармен қатар халықпен бірнеше  лауазымдық тұлғалар сайлануы мүмкін. Көбінесе маңызды өкілеттіліктерге жергілікті өкілетті органдарының иелері ие болады. Олар жеке шешімдер дайындау мен қабылдауда маңызды роль ойнайды. Англосаксондық елдерде жергілікті органдар қызметіне бақылау жасау жанама жолмен жүзеге асады: орталық министирлік, сонымен қатар сот арқылы.

Француздық немесе континенталдық жергілікті өзін-өзі басқару типі ең алыдмен орталық биліктің жергілікті органдардың үстінен әкімшілік бақылаудың дамыған жүйесімен ерекшеленеді. Бұл тип иерерхиялық пирамиданы еске түсіреді, мұнда әртүрлі директивалар мен ақпараттар жоғарыдан төменге беріледі, яғни орталықтан территориярға, мұнда орталық биліктен жергілікті жерлердегі агенттік ұйымдар жүйесі белсенді жұмыс істейді. Орталық биліктің қолында процедуралар, қаражаттар мен әдістердің үлкен гаммасы бар (жою, мақұлдау, уақытша тоқтату, орнын толтыру, пікір шеттету, жіберу), олар тек бір мақсатты көздейді — өздеріне жергілікті қоғамдастық қызметті бағынышты ету.

Италияда мұндай иерархиялық бағыныштылық көбінесе Консттитуцияда қарастырылғандай, аудандардың шет аймақтар (провинциялар), коммуналар мен басқа да жергілікті ұйымдастықтардың актілерінің заңға сәйкестігіне бақылау жүргізу құқығынан көрініс табады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың франциялық модель шегінде өкілетті органдар тек заң мен территориялық-әкімшілік ұйым ретінде мойындалатын тек әкімшіліктік-территориялық бірлікте ғана құрылуы мүмкін. Биліктің басқа бөлімшелерінде өкілетті органдар тіптен болмайды (мысалы, аймақтарда, контондарда). Жергілікті өзін-өзі басқарудың сайлау органдарымен қатар тағайындалған шенеуніктер (префекттер, комиссиялар) және бақылаушы муниципалитеттер әрекет етеді. Франциядағы 80-жылдардағы басқарудағы реформалар нәтижесінде аймақтық деңгейде басқару өкілеттіліктері күшейтілді және жергілікті территориалды ұйымдардың өкілеттіліктері бірқатар кеңейтілді, олардың жеке істерін шешуінде үлкен дербестік қамтамасыз етілді, жергілікті органдардың әртүрлі деңгейлері арасындағы бағыныштылық дәрежесі төмендетілді. 1983 жылғы 7 қаңтардағы заңдарға сәйкес, қатаң шектеу қойылған істерді қоспағанда бірде бір территориалды коллектив біріне-бірі қамқоршы бола алмайды: аймақтық департамент пен әлеуметтік мәселелер жөніндегі коммуналар үстінен денсаулық сақтау, білім беру, транспортта, т.б. сонымен қатар орталықтың жергілікті құқық қорғау органдарына байланысты әкімшілік бақылау бірқатар жеңілдетілді.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың бірқатар елдерде (ГФР, Жапония, Австралия) англосаксондық және француздық модельге ұқсас, бұл жерлерде басқарудың «аралас» түрі жайлы айтуға мүмкіндік береді. ГФР-да жергілікті басқарудың территориялық органдары біртекті мемлекеттің орталықсыздандырылған бөлшегі болып табылады. Олардың үстінен қадағалау жергілікті өзін-өзі басқарудың конституциясына және федералды, жер заңдарына сәйкестігін қамтамасыз ету керек. Басқаша айтқанда, мемлекет өз өкілеттіктерінің бір бөлігін жергілікті өзін-өзі басқару органдарына делигерлейді. Бүтіндей федерация және жеке жерлер, нәтижесінде мемлекеттік басқарудың жалғыз субъекті болып табылмайды: общиналар мен аудандар оларға жүктелген қызметтерді немесе өзін-өзі басқарудың институты ретінде немесе мемлекеттік органның оған өкілеттіліктерді делегирлеу шегіндегі бұйрығына сәйкес мемлекет атынан орындайды. Жергілікті өзін-өзі басқарудың аралас моделінің спецификалық варианттарын бүгінде Оталық, Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінің муниципалды жүйелері көрсете алады.

Дамушы елдердегі жағдай басқаша, мұнда дамыған демократиялардан алынған англосаксондық немесе француздық өзін-өзі басқару моделі тек авторитарлы мәнге ие саяси жүйенің сыртқы қабығы ретінде көрініс  табады. Көптеген елдерде өкілетті органдар мүлде болмауы мүмкін, мұндай жағдайларда ұйымдастырушылар ретінде орталық үкіметпен тағайындалған шенеуніктер болады.

Советтік модель аталған 3 модельден тіптен өзгеше, ол басқа да ерекшеліктерге ие. Ол Кеңес Одағына және басқа да социализм бағытын ұстанған елдерге тән болған, сонымен қатар ол бірқатар ол бірқатар социалистік болашаққа бағыт ұстанған дамушы елдерге де тән болды. Қазіргі кезде бұл модель бұрынғы немесе өзгерген түрінде әлі де өздерін социалистік елміз деп санайтын аздаған елдерде, мысалы, ҚХДР, ҚХР, Куба сияқты мемлекеттерде сақталып отыр.

Жоғарыда қарастырылып өткен жергілікті өзін-өзі басқарудың 3 типі арасындағы әр елдің тарихи, географиялық және ұлттық ерекшеліктеріне байланысты анықталатын, сонымен қатар саяси режимге, құқықтық жүйенің жағдайына байланысты маңызды айырмашылықтардың болуына қарамастан олар бірқатар жалпы сипатқа ие болады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың әртүрлі басқару модельдерінің қызмет етуі қазіргі заманғы демократиялық мемлекетке тән көптеген ұқсас қағидалар негізінде құрылады. Олардың ішіндегі бірқатарын атап өтейік.

 Шетелдік ғалымдар елдің саяси жүйесіндегі жергілікті органдар ролі мен орнын талдау кезінде олардың мемлекет механизмінің құрамдас бөлігі екендігіне басымдық беріледі. Бұл елдердің қабылданған заңдарындағы «жергілікті өзін-өзі басқару» термині ұйымдар мен жергілікті органдардың іс- әрекетін сипаттау үшін әдетте олардың барлық басқа мемлекеттік органдардан бөлектенуін – олардың локальді сипатын көрсетеді.  Жаңашыл шетел ғалымдары, ереже бойынша, жергілікті өзін-өзі басқаруды жерлердегі мемлекеттік басқарудың салыстырмалы түрде орталықсыздандырылған формасы ретінде трактаттайды. Осылайша дат ғалымдарының ойынша, жергілікті өзін-өзі басқару органдары реттелмейтін «мемлекет ішіндегі мемлекет» болмайды, бірақ мемлекеттің жалпы жүйесіндегі салыстырмалы түрде үлкен тәуелсіздікке ие жергілікті саяси бірліктер болып табылады. Фин ғалымдары жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік ұйыммен байланысын көрсете отырып, сонымен қатар құқықтық теорияда мемлекетте жергілікті өзін-өзі басқаруды қалай түсінуі керектігі жайында біртекті пікір жоқ екендігін атап өтеді. Бірақ та, олардың айтуынша коммуналар өз территориясын басқаруда мемлекет сияқты тәуелсіз құқыққа ие болмайды. Басқаларының ойынша коммуна мен мемлекет тең құқылы және бір-біріне тәуелді емес, жергілікті өзін-өзі басқарудың екіжақты сипаты (тек жергілікті істерден дербестік және жергілікті деңгейде жеке мемлекеттік қызметтерді орындау) муниципалды басқарудың дамуы дуализмдік теориясында көрініс тапты.

Әлеуметтік қызмет ету теориясының негізінде негізгі басымдық жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өзінің басты қызметтерінің бірқатарын орындауына беріледі. Ол қызмет өзін-өзі басқару бойынша территория тұрғындарынан мүдделерін қорғау, ұсыныс және олардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Осылайша, жергілікті билік – бұл құрылым, оның мақсаты – күш көрсету, қысым жасау емес, халыққа арнайы қызмет көрсету.

Муниципалды органдардың құқықтық және саяси өкілеттіктері ереже бойынша басқарудың одан да дәрежелерінен бастау алады. Мысалы; АҚШ-та дәстүрлі батыс демократиясына мәйкес, өзін-өзі басқару органдарын құқықтық және саяси құқығы мен міндеттері конституция мен штат заңдарында қарастырылған жағдайда жүзеге асырылады. Мемлекет жергілікті әкімшілік үшін біртекті «ойын ережесін» орнатады, жергілікті органдардың құрылуы мен қызмет етуінің негізгі қағидаларын реттейді. Мұнда жетгілікті басқарудағы құқықтық реттеуді негізінен федерация субъектілеріне жүктейді. Жергілікті органдардың, федерацияның штат субъектілерін тәуелділігі мен бағыныштылығы сонау 1868 жылы құрылған болатын. Жергілікті органдардың қызметі туралы жай барлық федерацияның суъектілерінің конституциясында бар.Тәжірибе жүзінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары жергілікті мәні бар мәселерді шешуде кең автономияға ие болады. Гомруль қағидасы муниципалды органдардың штаттың араласуына байланыссыз жергілікті мәселелерді өздері шешуі және көптеген муниципалиттердің қолында бар өзін-өзі басқару хартиясына өздері түзетулер енгізуді білдіреді.

Мексика болса бұған қарама-қарсы мысал болып табылады, АҚШ, ГФР және тағы басқа федеративті мемлекеттерден ерешелігі, жалпы өзін-өзі басқару мұнда федерация субъектілерін сатып алуға айырбасталмайды, керісінше ұлттық конституциямен жергілікті регламенттеледі.

Унитарлы елдерде өзін-өзі басқаруды конституциялық реттеу көлемі бойынша да бірдей емес. Мысалы 1958 жылы Франция конституциясында «Республиканың территориалды коллективтері болып комунналар, департаменттер табылады» деп қана жазылса, ал Испанияның 1978 жылғы конституциясында мемлекеттің территориалды ұйымдастырылуы туралы жеке бөлім бар, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару туралы да айтылған.

ГФР негізгі заңында 1949 жылы өзін-өзі басқаруға құқық бекітілді және кепілдік берілді: «общиналарға заң шегінде өз жауапкершілігімен жергілікті қоғамдастықтың барлық ісін реттеуге құқық берілу кере. Община одақтары сонымен қатар өздерінің заңдық компетенциясы шегінде заң негізінде өзін-өзі басқару құқына ие болады». [9]

Өзін-өзі басқару туралы конституциялық жағдайлар ағымдағы заңда да нақтыланады, өз кезегінде ГФР әрқилы жерлерінде жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық мәселелері бойынша заңдық компетенцияға сәйкес, өзін-өзі басқарушы территориялық одақтар туралы әртүрлі ережелер жүзеге асырылады.

Ірі қалалар үлкен автономияға ие және соған сәйкес, соған сәйкес үлкен қалалар мен поселоктармен салыстырғанда көп жауапкершілікке ие болады. Батыстағы көптеген ірі қалалар өзін-өзі басқарудың өз қаулылары мен соған сәйкес арнайы заңдарға ие.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі жүйесі болып жергілікті өкілетті органдар табылады. Олар белгілі бір заңдық статусқа ие, бұл оларға әкімшілік-территориялық бірліктерге сәйкестік шегінде және құралған халыққа өкілеттілік қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бұл қызмет еркін, тікелей және жарыстық сайлаулар арқылы жүзеге асады.

Франция Конситуциясының 11 бөлімі жергілікті коллективтерге арналған. Бұл конституциялық ұйымға сәйкес, оған коммуналар, депортаменттер жатады.

Венгрия Конституциясында айтылғандай, жергілікті сайлаушылардың ауылдағы, қаладағы және аймақтағы ұйымдары жергілікті істерді басқаруға құқығы бар.Жергілікті өзін-өзі басқару жергілікті істерді басқарудағы сайлаушылар общинасына байланысты тәуелсіз және демократиялық басқару болып табылады.

Еуропалық хартияда жергілікті өзін-өзі басқару туралы бұның органдарының құқығы мен нақты мүмкіндіктері мемлекетті істердің маңызды бөлігін іске асыру және онымен басқару құпия, ерікті, тең дәрежеде, тікелей және жалпы халықтық дауыс беру арқылы сайланған кеңес мүшелерімен, кеңестермен немесе жиындармен жүзеге асырылады.

«Қызмет көрсету» концепциясын жүзеге асыру Батыс Еуропа елдерінің бірқатарында және АҚШ-та жергілікті басқарудың жүйесіндегі маңызды өзгертулердің орын алуына әкелді. Бұл икемсіз иерархиялық құрылымдарды жоюға, жауапкершілікті жеке коммуналдық басқармалар мен ведомстваларға беруге (оның ішінде қаржы мәселесіне байланысты да) әсер етті. әлеуметтік-экономикалық мақсаттарға жету жауапкершілігі басқару иерархиясының мүмкіндігінше төменірек деңгейіне ауыстырылады, яғни мұнда биліктің азаматпен қарым-қатынасы орын алады.

Орталық және Шығыс Еуропа, бұрынғы кеңес елдерінде орын алып отырған өзгерістер орталықтадырылған бұйрықтық құрылымдарға балама іздеумен байланысты. Ең алдымен, жергілікті билік органдарының саяси сипаты таратылды және басқарудың жаңа демократиялық түрлері тағайындалды. Сонымен қатар мұндағы өтпелі кезең әлі де аяқталған жоқ, әлемдік тәжәрибені және ұлттық ерекшеліктерді есекере отырып өзін-өзі басқарудың общиналық түрлеріне өтудің қиын мүмкіндіктірі әлі де жалғасын тауып отыр.

Шетелдерде жергілікті өзін-өзі басқарудың құрылымы қалыптасқан әкімшілік-административті, территориалдық бөлінуіне сәйкес құрылады. Олар унитарлы мемлекеттерде орталық биліктің компетенциясына жатқызылса, федералды мемлекеттерде көбінесе федералды субьектілерінің компетенциясына жатқызылады.

Шешілетін мәселелердің маңыздылығы неғұрлым мәнді болса, берілген мәселені шешумен биліктің соғұрлым деңгейі айналысады.

Кейбір елдер әкімшілік-территориялық басқарудың 2 жұлдызды (Дания, Жапония, Литва) басқалары 3 жұлдызды (Италия, Испания, Португалия, Польша, Румыния, Латвия), 4 жұлдызды (Германия) және кейде тіпті 5 жұлдызды жүйесін иеленеді (Франция). Бірқатар халық саны аз ұсақ аралдық мемлекеттерде ӘТД мүлде болмайды, ол Сингапур сияқты қала-мемлекетте де жоқ.

Өзін-өзі басқарудың төменгі деңгейін жекелеген халық қоныстанған қала, село құрастырады. Төменгі бірлік ретінде, сонымен қатар ауылдық халық қоныстанған пункттер мен қалалық аудандар (әлемдегі көптеген ірі қалалардағы), тіптен кварталдар болуы мүмкін. ӘТД-ң орталық буынын жоғары тұрған бірліктер, мысалы Италиядағы провинциялар мен облыстар, Жапониядағы префектуралар, Франциядағы конондар құрауы мүмкін. Бірақ та ӘТБ-ң барлық түрлері мен деңгейлеріне жергілікті өзін-өзі басқару қағидалары таралмайды және кез келген әкімшілік-территориялық білікте өздерініі өкілетті органдары құрылмайды.

Франциядағы жергілікті өзін-өзі басқарудың сыртқы көрінісі өзгермегендігіне қарамастан, мәні бойынша мұнда орталық биліктен барынша тәуелсіз және дербесірек болу эволюциясы орын алады. Ең ұсақ ӘТБ болып комунна табылады (олардың саны шамамен 40 мыңға жетеді). Комунналар қалалық және ауылдық болуы мүмкін. Оның өзін-өзі басқару органы 6 жылға сайланатын муниципалды кеңес болып табылады. Муниципалды кеңестің орындаушы органы болып мэр-үкімет агенті немесе сайланған тұлға табылады. Ол заңдардың орындалуын қадағалайды және мемлекеттік аппараттың жеке бөліктерінің қызметін бақылаушы болып табылады.

Мысалы, Г.Т.Телебаев пікірінше, Қазақстан үшін унитарлы Францияның тәжірибесі тиімді болып табылады. Комунналар жедел еркіндікке ие болады және ұсақ қамқоршылықтан босатылады, мемлекет өз кезегінде жергілікті органдарға әлеуметтік-экономикалық мәселелердің маңызды бір бөлігін аудара отырып, одан да көлемді істер үшін ресурстар босатуға мүмкіндігі бар.

Ұлыбританиядағы жергілікті өзін-өзі басқарудың территориялық негізі – графтық болып табылады. Оның ішінде метрополитендік, ол ірі қалалық агломерацияларға сәйкес келеді. Графтықтарға заң жүзінде жергілікті билік органдарының барлық маңызды қызметтері берілген. Графтық құрамына кіретін аймақтар екінші дәрежелі қызметтерді атқару өкілеттілігіне ие болады. Үлкен Лондон территориясы 60 муниципалды аудандарға бөлінген.

Жалпы өзін-өзі басқарудың ГФР-дағы негізгі территориалдық бірліктер – общиналар, яғни қалалар мен ауылдар (ГФР-ң территориясының барлығы община территориясына бөлінеді), ауылдық аймақтар. Олардың құрамына бірнеше общиналар кіреді және қала-аудандар мен үлкен қалалар (100000 тұрғыннан аса халқы бар) кіреді. Олар аудандарға бағынышты емес. Осы барлық территориялық құрылымдар ұйымдық рәсімделген құқықтық негізде дербес басқару субъектілері болып табылады. Общиналар орталық ретінде де қарастырылады, мұндай жағдайда олар мемлекеттік басқарудың азаматтарға жақындатылған орталықтары ретінде, немесе, азаматтардың жергілікті қоғамдастықтары шегінде пайда болатын немесе оған тікелей қатысы бар мәселелердің барлығын шешу орталықтары ретінде қарастырылады.

ГФР-да өзін-өзі басқаруға шек қоятын көптеген заң актілері бар. өзін-өзі басқару мемлекеттің юридикалық бақылауында болып табылады. Берілег жағдайда бұл функцияны аумақтық басқару сияқты мемлекеттік инстанция орындайды. Ол жер министерствалары мен аудандық әкімшілік арасында, немес үлкен қалалар мен аудан орталықтары арасындағы аралық орын алады және мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейлі қызметін атқарады. Сонымен қатар федерациялар мен жерлер общиналарға өз компетенцияларына кіретін мемлекеттік басқарудың кейбір міндеттеріне қайта сенім білдіреді. Тапсырыс бойынша басқару сферасы құрылады, оларға өз кезегінде полицияның әлеуметтік тәртіпті қамтамасыз етуі бойынша міндеттері мекемелерімен қатар жатады.

Мемлекеттік общиналар адамдардың күнделікті қажеттіліктерін қанағатандыруы бойынша негізгі басымдыққа ие болады. Соңғы жылдары басқарудың аудандар арасындағы және аудандар ішіндегі басқару звенолары пайда болды. Олар комуннааралық серіктестік және координация қызметін өз мойнына алады.

АҚШ-та барлық ел үшін жергілікті өзін-өзі басқару органдары жұмыс істейтін әкішілік-территориялық бірліктерге бөлу қағидалары орын алмайды. Әрбір штат өзінің жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін қалыптастырады.

АҚШ-та федералды үкімет және федералды штат үкімететтерімен қатар (олардың саны 50) 82 000 жергілікті басқару органдары бар. АҚШ-тағы жергілікті басқару органдары жалпы функцияларды жүзеге асыруға өкілетті органдарға (графтықтар, муниципалиттер және тауншиптер) және белгілі бір функцияларды орындау үшін құрылатын арнайы бір мәні бар органдарға бөлінеді.

Штаттардың әкімшілік-территориялық бөлінуінің дәстүрлі бірліктері болып  графтықтар табылады. Олардың көбі колониальды кезеңде пайда болған.

Француздық  модельді ұстанатын елдерде «негативті» басқару қағидасы орын алып отыр. Осыған сәйкес, жергілікті органдар заңмен тыйым салынбаған барлық іс-әрекетті жүзеге асыруға құқылы болып табылады. Жергілікті органдардың өкілеттіліктерінің құрамы мен көлемі мұнда заң бойынша мемлекеттік органдарға берілмеген бос қалған кеңістікпн байланысты болады. Жергілікті органдар компетенциясына шетелдерде ең алдымен қаржылық-экономикалық қызмет, оның ішінде жергілікті бюджетті қабылдау, жергілікті жоспарлау, муниципалды шаруашылықты реттеу, территорияның экономикалық дамуына қолдау көрсету кіреді. Бұл органдардың компетенциясына халықтың күнделікті әлеуметтік және әлеуметтік әл-ауқаттылығымен оның өмір сүруін қамтамасыз етуімен байланысты сфералар кіреді. Жергілікті органдар қоғамдық тәртіпі сақтауда жауапты болып табылады. Олар жергілікті полиция күштеріне бұйрық бере отырып, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін белгілейді және қамтамасыз етеді.

Қазіргі кездегі әлемдегі елдер заңдарында жергілікті органдардың өкілеттіліктері міндетті және факультативті «ерікті» болып бөлінеді. Міндеттілерге жалпы мемлекеттік мәнге ие және міндетті түрде орындалуы тиіс өкілеттіліктер жатады. Олардың құрамына кіретіндер: сумен қамтамасыз ету, электр және газбен қамтамасыз ету, транспорт және денсаулық сақтау, білім беру, т.б.

Факультативті өкілеттіліктер ереже бойынша, нақты қаржылық мүмкіндіктерге байланысты жергілікті биліктің өз қалауы бойынша жүзеге асырылады. Олар әдетте әлеуметтік және мәдени қызметтермен байланысты болады. Оларды атап өтсек, қоғамдық парктер, библиотекалар, мүгедектер мен кедейлер үшін үйлер тұрғызу және т.б. қамтамасыз ету.

Жергілікті органдар айналаны қорғау ісі бойынша да кең құқыққа ие болып табылады. Олар экологиялық нормативтерді орындау бойынша бақылау ұйымдастырады. Нормативтерді бұзған жағдайда жергілікті билік органдары айыппұл белгілеуге өкілетті болады. Берілген өкілеттіліктер негізінде жергілікті биліктер автономды әрекет етеді және кейде өздерінен жоғары тұрған органдарға жасалынған жұмыс нәтижесі туралы есеп береді. Олар жоғарыдағы басқару деңгейінің бақылауынсыз шешімдер қабылдау құқына ие. Мысалы мэрлер аймақ басшылығының немесе штат губернаторлары алдында есеп беруге міндетті емес. Заңда анықталған жағдайларда жергілікті органдар алым және салық туралы шешім қабылдайды, шығындар статьясын анықтайды, басқару саясатын қалыптастырады.

Жалпы айтқанда, жергілікті органдарға бақылау жүргізу унитарлы мемлекеттерде орталық үкімет пен ережелер бойынша бір немесе бірнеше министерствалар арқылы жүзеге асырылады. Франция мен Италияда, мысалв, мұндай органдар ішкі істер министрліктері қасында, ал Ұлыбританияда қоршаған ортаны қоғау ісі бойынша министрлігіне, Жапонияда – жергілікті өзін-өзі басқару министрлігі ведомствасының құрамына кіреді. Федералды мемлекеттерде жергілікті органдардың іс-әрекеті ереже бойынша федерация субьектілерімен бақыланады. Қазіргі уақытта көптеген дамыған елдерде, оның ішінде Батыс Еуропа еледерінде орталық аймақтар және өзін-өзі басқару арасындағы қатынастарды реформалау процесі өз жалғасын тауып отыр. Бірқатар үкіметтер мемлекеттік деңгейді орталықсыздандыру саясатын жүргізіп отыр. Бұл кезде жергілікті органдарға көптеген мәселелерді шешуге автономды билік беріледі. Басқалары, крісінше жергілікті территориалды коллективтердің ісіне араласуды күшейтіп отыр.

Жергілікті басқару ұғымы әлемнің қазіргі кездегі елдерінде 2 түрлі органдарды қамтиды:

  • жергілікті өкілетті орган, ол әкімшіл-территориалдық бірлікке сәйкес халықпен сайланады;
  • орындаушы немесе атқарушы орган, олар көбіне өкілетті органдардың шешімдерін орындайтын және жылдам басқаруды жүзеге асыратын органдар.

Жергілікті өзін-өзі басқару азаматтардың міндетті түрде өзін-өзі басқаруға қатысуын білдіреді. Олар сайлаушылар, жергілікті саяси және әлеуметтік ұйымдар мүшесі ретінде, тағайындалған лауазым иелері немесе қызметшілері ретінде жиын органдары ретінде өзін-өзі басқаруға мүмкіндіктері бар.

Батыс елдерінің мысалдары көрсеткендей, жергілікті деңгей мен орталық арасында орын алатын күрес мемлекет азаматтарымен норма ретінде бағаланады. Мысалы, Германияда консерваторлар мемлекет муниципалды ұйымдарға сәйкес емес қаржыландыру шығындарына жол бермеу талабын ұстанып отыр. Сонымен қатар консерваторлар федералды аймақтардың муниципалды ұйымдастықтарға өз өкілеттіліктерінің бір бөлігін беруді, сол арқылы олар приоритетті шараларды таңдап алуына жол беруді талап етуде.

 

2.2 Республикадағы жергілікті өзін-өзі басқаруды құру тәжірибелері

 

Билікті оқыту негіздері XIX және XX ғасырларда дами бастады. Бірқатару сұрақтар бойынша қарама-қайшылықтарға қарамастан, жергілікті өзін-өзі басқарудың даму кезеңінің барлығында да ғалымдар мен саясаткерлер пікірлері «еркін қауым» көзқарасында ұштасады және олардың ойынша, ұлттар еркін үкімет құрулары мүмкін, бірақ толықтай халық билігінің қауымдық институттарынсыз бұл жүзеге асырылмайды.

Мемлекеттің және хұқықтың даму шегінде біздің уақытта еркін қауцмдастық идеялары жергілікті өзін-өзі басқару теорияларында трансформацияланды және белгілі Еуропалық Хартиялар түрінде жүзеге асырылды.

Бірақ қазіргі кезде жергілікті өзін-өзі басқаруды түсіну оңай емес және ол бірнеше онжылдықтың дискуссиясы мен тәжірибесінің нәтижесі болды. Көзқарастардың айырмашылықтары келесідей: жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқару жүйесінің бір бөлігі ғана болып табыла ма; жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік емес, көбінесе шаруашылық сипатқа ие; жергілікті өзін-өзі басқару екіжақты мемлекеттік-қоғамдық (аралас) сипатқа ие. Мемлекеттердің даму тарихына үңілсек, олардың әрқайсысы осы жолдардың біреуімен жүрген.

Біздің мемлекетіміздің дамуы мен заңдарына сәйкес және көптеген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру концепциясы келесідей көзқарастарға негізделеді: жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік басқару жүйесіне кірмейді, жергілікті маңызы бар сұрақтарды шешуде өзі жауапкершілікті және дербес, сонымен қатар ҚР мемлекеттік саясатына сәйкес заңдары негізінде жұмыс істейді. [17]

Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметі жергілікті халық мүддесіне сай мемлекеттік емес және шаруашылық сипатқа ие болады. Осы концептуалдық тәсілдемелер біздің бұған әрі жергілікті өзін-өзі басқарудың ҚР экономикалық моделін жасау бойынша тәжірибелер әзірлеудің негізіне алынған. Жергілікті өзін-өзі басқарудың мұндай концепциясы халық билігін жүзеге асыруға мүмкіндік береді және тұрғындарға дербес және өз жауапкершіліктерімен мемлекеттік қадағалау және қаржылық базаның меншіктік, мүліктік негізінде жергілікті мәні бар сұрақтарды шешуге мүмкіндік берді. Жалпы жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару органдары мемлекеттің өзімен берілген жеке мемлекеттік өкілеттіліктерге ие болуы мүмкін.

Жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту – қоғамда демократияны дамыту мен жергілікті мамандардың жалпы біліктілігін дамыту, басқарудағы иерархиялық баспалдақтарды жою, бюрократияны жою және елдің басшылары жүргізіп отырған демократиялық реформаларды тежеп отырған парақор шенеуніктердің негізін жоғалту. Бұл жергілікті өзін-өзі басқарудың дамуының қоғамдық-мемлекеттік мазмұны.

Бірақ, жергілікті өзін-өзі басқаруды азаматтық қоғамның негізгі құрамдас бөлігі екендігін Конституциялық мойындауға қарамастан, көптеген сұрақтар аяғына дейін қарастырылып, нормативті тағайындалмаған.

Айтылып өткендей, өзін-өзі басқарудың даму кезеңіндегі негізгі мәселе басқару мен өзін-өзі басқарудың арақатынасы болып табылады. Бүгінгі күнде, мемлекет жергілікті органдардың дербестігін мойындайды, қабылданған шешімдердің заңға сәйкестігін қадағалау құқығын сақтап қалады. Мұндағы айта кететін жайт, мұндағы жергілікті өзін-өзі басқару мемлекетпен делегирлерген, соның қадағалауымен жергілікті мәселелерді шешудің мемлекеттік қызметін атқарады. Бұл жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік сипаты.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың бұлардан басқа негізгі қызметі – шаруашылық реттеу. Әрбір жергілікті қоғамдастық өзінің «жергілікті шаруашылығын» (немесе муниципалды шаруашылық) иемденеді. «Шаруашылық» — бұл анықталған қызмет сипатымен, белгілі бір территориямен және меншік түрлерімен шектелген шаруашылық жүргізуші субъектілер жиынтығы. Осы жерден жергілікті өзін-өзі басқарудың аталған қызметі – шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметін реттеу қызметі шығады. Сәйкесінше, жергілікті шаруашылық аралас сипатқа ие. Жергілікті шаруашылықты жүргізу үшін және реттеу қызметін жүзеге асыру үшін жергілікті қоғамдастық өзін-өзі басқару органдарын құрады. Бұдан шығатыны – жергілікті шаруашылық – бұл мекемелер және кәсіпорындардың жиынтығы, олар жеке, коммуналды мүлік немесе өзіндік материалды-қаржылық, еңбек ресурстары негізінде өз шаруашылық қызметін жүзеге асырады. Жергігілікті өзін-өзі басқару органдары барлық жергілікті халыққа коммуналды қызметтер және басқа да қызметтер, бірінші қажеттілік тауарларымен қамтамасыз етуді мақсат тұтады. Жергілікті өзін-өзі басқаруда мүлікті, билікті еңбекті және басқаруды жинақтаушы – жергілікті қоғамдастықтың өзі болып табылады. Бұл жүйеде барлық субъектілер – жеке немесе коммуналды жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мекемелер — барлығы да өз компетенциясының шегінде тең болып табылады. Осыған сәйкес жағдайда біз шаруашылық өзін-өзі басқарумен істес боламыз, мұнда шаруашылық, мысалы мемлекеттік мекемелермен салыстырғанда, шаруашылық қызметте ауқымды құқықтарға ие болуымен ерекшеленеді.

Бұдан басқа, «шаруашылық өзін-өзі басқару» қызмет нәтижелерін пайдаланудың қоғамдық сипатына ие болып табылады.

Соңында, жергілікті шаруашылық қызметі өздерінің субъектілерінің қажеттілігі мен олардың сұранысына негізделіп құрылады, сондықтан да ол тұтынушылық сипатқа ие болып табылады. Бұған сәйкес, ол тұтынушылық кооперация принципіне негізделген өз шаруашылық қызметін ұйымдастыруы мүмкін. Мұндай ұйымның үлескерлері (құрылтайшылары) аулалық шаруашылық иелері ретінде қызмет атқара алады, мұндағы құқықтық негіз ретінде тұрғын үйге, жайлы үйлер салуғаға меншік хұқығы болуы мүмкін. Осыған сай, жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдастырушылық –экономикалық механизмін жасаудағы құқықтық негіз ретінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй қатынастары туралы» заңы қызмет етуі мүмкін. Қарастырылып отырған жергілікті өзін-өзі басқарудың шаруашылық типі территориалдық сипатына байланысты құрылады. Мұнда территория жергілікті өзін-өзі басқару сипатын көрсететін өзін-өзі басқару органдары өкілеттіліктерінің шегін белгілейтін обьективті шарт болып табылады.

 Әлемдік тәжірибеде территорияларда корпоративтерден әкімшіліктік-территориалдық сипатқа дейін компактті өмір сүруі орын алады және қазірге дейін жергілікті өзін-өзі басқаруды халық қоныстанған пункттер негізінде ұйымдастырудың жалпы тенденциясы байқалады. Біздің елімізде ауылдар мен поселоктер өте көлемді республика территориясында бір-бірінен алшақ орналасқан, бұндай ұйымдастыру қағидасы тиімсіз және қолдануға икемді. Бұл сонымен қатар жергілікті өзін-өзі басқарылатын бірыңғай жүйесін құруға ықпал етеді. Бірақ мұнда халық орналасқан орталықтың тұрғындар санын ескеру қажет.

Өздігінен басқарылатын жүйелер олардың негізін қандай ұйымдар құрайтындығына байланысты 2 типке бөлінеді. Егер де олардың негізін өндірістік, профессионалды қызметпен байланысты ұйымдасқан немесе саяси бағдарламалардың бірімен байланысты ұйымдасқан немесе саяси бағдарламалардың бірімен байланысты ұйымдастырылған коллективтер құрайтын болса, онда өзін-өзі басқаруды корпоративті жүйесі туралы сөз болып отыр. Корпоративті басқару жүйесіне кәсіподақ мысал бола алады. Егер де ұйымның негізі болып адамдардың территориялық қоғамы болса, яғни «байланыс жүйесімен, қарым-қатынас және әсер ету жүйесімен байланысқан, бір шаруашылық территориясында өмір сүру нәтижесінде қалыптасқан, тарихи қалыптасқан және үздіксіз даму үстіндегі адамдардың жиыны» болып табылса, онда өзін-өзі басқарудың мұндай бірлігі территориалды сипатқа ие болады (мысалы, қала, село).

Өзін-өзі басқарудың бұл екі типі бір-бірімен тығыз байланысты болғанымен, үлкен айырмашылықтарға ие болып табылады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық негіздері Қазақстан Респубикасының 89 статьясында негізделген: «Қазақстан Республикасында жергілікті мәні бар сұрақтарды халықтың дербес шешуін қамтамасыз ететін жергілікті жергілікті өзін-өзі басқару мойындалады». Бұл қоғамды демократизацияландыру жолында үлкен жетістік болып табылады және тәжірибе жүзінде жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі жағдайлары мен механихмін құру мақсатындағы жұмыстардың одан әрі дамуының құқықтық негізін қамтамасыз етеді. [1]

Мұндай жобаларға ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы», «ҚР жергілікті өзін-өзі басқару туралы», «ҚР тұтыну кооперациясы туралы» және тағы басқа заңдарында бекітілген құқықтық нормалар ықпал етті.

Бұдан басқа, зерттеулердің алғашқы этапында өзін-өзі басқарудың англосаксондық типін (АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Австралия, Жаңа Зеландия); француздық немесе континентальдық типін (Франция, Италия, Бельгия, Испания және Латын Америкасының, Таяу Шығыстың бірқатар елдері) және аралас типі тән (ГФР, Жапония және тағы басқа елдер) басқа елдердің тәжірибелері мұқият зерттелген. Бірақ олардың ешқайсысы біздің елдегі өзін-өзі басқару моделін құруға дайын рецепттер бермейді. Осыны және елдің унитарлығын ескере отырып біз жергілікті өзін-өзі басқарудың жеке өзіндік жүйесін қарастыруға талпыныс жасадық.

Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың ұйымдық-құқықтық және әлеуметтік-саяси мәселелерінің жетілмегеніне байланысты қазіргі кезге дейін нормативтік базасы жоқ.

Жергілікті өзін-өзі басқару жеткілікті экономикалық дербестікке ие, корпорация ретінде муниципалитет статустына ие, коммерциялық, жеке және мемлекеттік құрылымдардан ерекшеліктерге ие болады және мемлекеттік-коммерциялық сипатқа ие.

Толықтырушы ерекшеліктері болып территориалдық негізделуі болашақтағы және компактті өмір сүруші халықтың мүддесін көздейтін әлеуметтік бағытталуы.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың мемлекеттік сипаты ең алдымен Қазақстанда ҚР Заңдарында жергілікті деңгейде басқару республикалық және аймақтық басқару деңгейінде мойындалғандығымен анықталады. Ол мемлекттің бастамашылығымен құрылған ережелер бойынша қалыптасады және жергілікті қоғмдық мүддесіне сай мемлекеттің кепілдігімен және қадағалауымен жұмыс істейді, сондықтан да жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатына сәйкес құрылады және қызмет етеді.

Жергілікті жерлерде мемлекеттік саясатты жергілікті өзін-өзі басқару органы жүзеге асырады. ҚР Конституциясының 89-бабының 2 пунктіне сәкес «жергілікті өзін-өзі басқару халықтың сайлауы жолымен жүзеге асырылады». [1]

 Әлемдік және өзіндік тәжірибелерге сүйене отырып, ҚР жергілікті өзін-өзі басқарудың негізінде келесі қағидаларды атап өтуге болады:

  • Жергілікті өзін-өзі басқару компетенциясы және жергілікті мәні бар мәселелерді шешуде өз компетенциясы шегінде салыстырмалы дербестікке ие, сонымен қатар өз территориясында халық мүддесін көрсетуде жауапкершілікке ие және бұл жағдайда дербестікке ие болады. Бұл қағиданы жүзеге асыру үшін жергілікті өзін-өзі басқару қоғамдық қатынастардың халықтың аумақтық ұйымдасуы, билік құрылымдарының араласуынсыз жергілікті мәселелерді шешуге байланысты біртұтас жүйесін көрсетуі керек.
  • Жергілікті өзін-өзі басқарудың бірлігі ретіндегі территориалды тип. Бұл Қазақстанның поселоктері мен ауылдарындағы адамдардың жиынының тарихи қалыптасқан әдет-ғұрыптарын және құндылықтарын ескереді.
  • Мемлекеттің барлық халқы қоғам басқаруындағы жергілікті өзін-өзі басқару желісімен қамтылғандықтан, жергілікті өзін-өзі басқару конституциялық тәртіптің негізінің бірі болып табылады және мәні бойынша қазіргі заманғы демократиялық қоғамды ұйымдастырудың негізін құрайтын принцип болып табылады.
  • Жергілікті өзін-өзі басқару институттарын құру мемлекеттіліктің одан әрі дамуының «фундаменті» болады. Ол сонымен қатар қоғамның өздігінен жоғары ұйымдасуының азаматтық қоғамының құрылуының әлеуметтік негезінің пайда болуы және республиканың бүтіндігін нығайтуды ескере отырып мемлекеттің өзінің тиімділігін жоғарылатудың негізі болып табылады. Бұл үшін мұнда мемлекет пен оның аумақтық қоғамдастықтарының мүдделерін сәйкестендіру механизмі мен мемлекеттік билік, аймақтық және жергілікті басқару құрылымдарының, ал ең алдымен нақты жергілікті территориалдық қоғамдастықтардың мүдделелін қанағаттандыратын басқару жүйесі жасалған.
  • Жергілікті өзін-өзі басқару институты барлық елді оны заңмен қамтамасыз етуді қамти отырып, рыноктық инфраструктураның жүйесінің құрылуының базасы болады және дамушы мемлекеттік саясаттың нақты күнделікті кері байланысы болады.
  • Қоғамдық басқарудың бірыңғай жүйесін құрудың негізгі проблемасының бірі мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқарудың бөлінуі және сонымен бір уақытта олардың органикалық үйлесімі механизмін іздестіру болып табылады.

Мұндайдың жоқ болуы, жергілікті өзін-өзі басқаруды заңды мойындауға қарамастан, ол жергілікті мемлекеттік басқарудың жалғасы болып табылады. Бұл үшін мемлекеттік минималды шығындар заң жобасына келесідей шараларды қосу қажет.

  • Мемлекттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару қызметтерін нақты бөліп көрсету
  • Заңның жоғары тұруы
  • Мемлекет минималды шығындар мен анықталған әрбір жақтың өз міндеттері мен жауапкешіліктерін қатаң орындауы

Бұл қағиданың, яғни мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару арасындағы қызметтердің заң жүзінде бөліну қағидасының орындалуының күрделілігі – жергілікті өзін-өзі басқару қызметтеріне араласпаудың кепілі болып мемлекеттің өзінің болуы табылады. Сондықтан жергілікті өзін-өзі басқару институты мемлекеттің өзінің маңызды қажеттілігіне айналу механизмі қажет. Бұл норманы варианттардың бірі ретінде электораттың территория халқы өкілетті сайлап алынған билік орындары мен сайланған әкімдердің кері байланыстық жүйесі арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі бар.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі қызметтері:

  • жергілікті қоғамдастықтың кодексін жасау және қабылдау
  • жергілікті қоғамдастық шекарасы мен территория құрамын белгілеу
  • ҚР Үкіметімен жергілікті қоғамдастықтың меншігіне берілген қоғамдық меншікті басқару
  • жергілікті өзін-өзі басқару органдарын анықтау, олардың өкілеттіліктерінің мерзімі мен қызметін бөліп көрсету
  • заңға сәйкес мүлік және қаржы туралы қабылданған ережелер негізінде жергілікті өзін-өзі басқаруды жүргізу
  • жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджетінің қалыптасуы мен шығындары тәртібін қабылдау
  • жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен лауазымды қызметкерлерін заңға сәйкес сайлау ережелерін қабылдау
  • ауыл немесе поселок халқының мүдделерін жоғары басшылық органдарына, басқа жергілікті органдарға және шаруашылық субъектілерге көрсету және қорғау
  • жергілікті қоғамдастық территориясында білім беру денсаулық сақтау мекемелеріне және әлеуметтік-мәдени сферасын қолдау және дамуына ықпал ету
  • жергілікті қоғамдастық территориясын қамтамасыз ету және әл-ауқаттылығы бойынша шаралар ұйымдастыру: парктер, көшелер, су қоймалары, демалыс орындары және тағы басқа
  • халыққа транспорттық қызмет көрсетілуін ұйымдастыруды қамтамасыз ету
  • коммуналды қызмет пен бірінші қажеттілікті товарлармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру
  • жергілікті қоғамдастық территориясында ветеринарлық қызметтер ұйымдастыру
  • жергілікті қоғамдастық территориясында кәсіпкерліктің дамуына және заңды және экономикалық кеңес беруді дамытуға ықпал ету
  • жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаулысын қабылдау.                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЖЕГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ

 

3.1 Қазақстандағы жергілікті басқару механизмі

 

Жергілікті өзін-өзі басқарудың негізгі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңында анық көрсетілмеген, 2001жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңға сәйкес комуналды меншік және жергілікті мемлекеттік басқарудың экономикалық негізі болып табылады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық негізін жергілікті қауымдастықтың мүлкі және оның территориясындағы жанұялардың жеке үй шаруашылықтары құрайды.

Жергілікті өзін-өзі экономикалық механизмінің мақсаты – үй шаруашылығы мен территориалардағы халықтарды қызметтер мен алғашқы қажеттілік тауарларымен жеке жанұя экономикалық жағдайын есепке ала отырып рыноктық бағадан жоғары емес бағамен қамтамасыз етуі болып табылады.

Өзін-өзі тауарлар мен қызметтер ұсынысы (көлемі) үй шаруашылығының берген өтінімі (қажеттіліктер) негізінде құрылады. Бұлар қоғамдық бастамаларда жұмыс істейтін товарлар мен қызметтер түрі бойынша Кеңеспен өңделеді. Мұндай өтінімдерді жинау және оларды өңдеуді Жамият қызметкерлері жүргізеді. Комиссия өтінімдерді Кеңеске ұсынады, ол кейіннен оларды жергілікті қоғамдастық жиынында бекітеді. Олар қабылдаған жұмыс көлемдері үй шаруашылығы кооператив иелерінің оның құрылымдық бөлімшелері үшін жұмыс түрлері бойынша (жылу, құрылыс-жөндеу жұмыстары) және тауар түрлері бойынша (нан, шұжық, т.б) өндірістік артельдер үшін бағдарламалар болып табылады. Жұмыс көлемдері нақты уақытқа құрылады (жыл, квартал, ай, декада және т.б).

Үй шаруашылығына (халыққа) тауарлар мен қызметтерді өткізу «модельдің» жылжуына байланысты 2 вариант арқылы жүзеге асырылады.

1-модель. Шерудің алғашқы этапында – кооперативті сауда орталығы арқылы (копторг).

2-модель. Несиелік серіктестік арқылы және кооперативті сауда орталығы.

Өндірістік артельдер (құрылысшылар дайындаушылар және т.б.) өндірістік цехтар (нан пісіру, шұжық пісіру және т.б.) КСДХ-ң шаруашылық есебі статусымен жұмыс істейді немесе КСДХ-пен бекітілгін дербес кооператив ретінде жұмыс істейді. Шаруашылық субьектілерінің жергілікті өзін-өзі басқаруға кеткен шығындар олардың қызмет етуіндегі ережелер мен нормаларды құрастыруға кеткен шығындар жергілікті қоғамдастық бюджеті есебінен жүзеге асырылады.

Сонымен, жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық құрылымы 3 ірі горизонтальды блоктар және экономикалық биліктің 3 деңгейлі иерархиясынан тұрады. Бірінші блок Жамият және Кеңеспен іске асырылатын қажеттіліктердің көлемінің құрылуы; екінші блок үй шаруашылығы меншік кооперативі және оның құрылымына бірінші қажеттілік тауарлары мен коммуналдық қызметтерді ұсынудың шаруашылық блогы; үшінші блок – жергілікті қоғамдастық бюджетін құрастыру және орындау жүйесі.

Көлденеңінен: жоғары экономикалық билікке жергілікті қоғамдастық Жиыны ие болады, ол үй шаруашылығы басшыларынан тұрады. Кеңес негізінен бақылау-ревизиялық және жоспарлық қызметті жүзеге асырады, сонымен қатар Жамият КСДХ-мен бірігіп, орындаушы-шаруашылық қызметті іске асырады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық механизміне келсек, бұл — өмірді қамтамасыз ету, тұрып жатқан территория шегінде коммуналды қызметтер мен тауарларды ұсыну мен тұтыну процесінде пайда болатын үй шаруашылығы (халық) мен қоғамдастық субъектілері арасындағы қаржылық қарым-қатынас жүйесін сипаттайды.

Жергілікті қоғадастықтың қаржылық қатынастың қатысушылары; қоғамдастық мүшелері, үй шаруашылығы, шаруашылық субьектілер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары және оның жеке жұмысшылары, жергілікті қоғамдастық бюджеті және мемлекеттің фискалды ұйымдары. Жергілікті қоғамдастықтың бюджеттік бөлігінің табысты қаржылық көздері болып халықтың ерікті салым түрлеріндегі жергілікті алымдар, шаруашылық субъектілерінің табыстарынан шегерімдер; жергілікті қоғамдастыққа тиесілі мүлікті арендаға беруден түсетін табыстар, заңды және жеке тұлғалардың ерікті аударымдары, жергілікті қоғамдастықты қолдауға байланысты әртүрлі бюджет деңгейлерінен бөлінетін қаражаттар.

Жақсы басқарудың басты критериі – жауапкершілік. Негізінен жергілікті басқару органы халық алдында жауапты болуы керек, себебі олардан салық жинап қызмет көрсетеді. Сонымен қатар жергілікті басқару органдары үкіметтен қаржылық көмек алады, сондықтан олардың алдында тікелей жауапты болуы керек. Жауапкершілік ақпаратты талап етеді. Ақпаратпен қамтамасыз етуі жақсы жөнге келтірілген қаржы жүйелеріне сүйенеді.

Ақпараттың екі бағыты бар: бақылау және басқару. Басқару қойылған мақсаттарға жету үшін ресурстарды тиімді пайдалануға мүдделі. Бақылау – қорларды мақсаты бойынша пайдалану.

Қаржылық жүйелер басқарудың мүмкіншілігіне және олардың іс-әрекетіне, бөлшектеріне, күрделігіне, көлемдеріне байланысты өзгереді. Қаржылық есеп арқылы олар қайнар көз бен қорларды пайдалану туралы ақпаратты ғана емес, сонымен қатар үкімет жұмысы жайында ақпаратты беру керек. Қаржылық есеп жүйесімен құрылатын ақпаратты жергілікті өзін-өзі басқару органдарын жұмыс істетіп жауапкершілігін арттыру қажет. Қолда бар ресурстарды тиімді пайдалану ақпаратты басқаруға кіреді. Оның негізгі екі аспекті бар: бөлудегі тиімділікті жақсарту және бақылау проблемасын шешіп жақсарту.

Ақпараттың мақсаты – қадағалау, яғни қорларды мақсаты бойынша пайдалануын қадағалау. бұл жергілікті бюджетті алдын ала мақұлдауды талап ететін мемлекеттерді ынталанырувы мүмкін. Бірақ көбінде қаржылық бақылау жүйелері жергілікті биліктің құралы болып саналады және олардың меншікті әрекеттерін аудиттеу мен бақылау үшін керек (меншікті қорларды, гранттарды, несиелерді) белгілеуі және мақсаты бойынша пайдалану кепілдігін қамтамасыз ету.

Жақсы және ақпараттанған қаржылық бақылау және бақылау жүйесін бақылау жергілікті бақылау үшін маңызды болып табылады. Шын мәнінде бұл жүйелер ақпаратпен ғана қамтамасыз етіп қана қоймайды, сонымен қатар ол қоғамды жақсы басқару үшін қажетті болып есептеледі. Бұл жүйелер қоғам қызметін айқындатады және жауапкершілікті арттырады. Мұны жүзеге асыру үшін ақпарат қол жетерлік және мерзімді болуы керек.

Ақпарат жарияланып қана қоймай, жеңіл формада, халық түсінетіндей болуы керек. Бұл жағдайда, әр азамат, қоғамдық ұйымдар, мүдделер бойынша барлық топтар жән т.б. жергілікті қоғамдық шешімдерін Жергілікті басқару органдары коммуникациялардың көмегімен қоғамдық мәселелерді қабылдау және талқылауға қатысуға дайын болады, жалпы түсінікті ілгерілеуді жасауда көптеген істер атқаруы мүмкін.

 

 

Ендігі жерде мемлекеттік орталықсыздандыру моделін келесі суретпен көрсетіп өтуге болады.

 

 

Сурет-1.[10]

 

Жергілікті қоғамдастықтың бюджеті келесілерге жұмсалады: артта қалған, әлсіз дамыған үй шаруашылықтарын қолдау, шаруашылық және басқа да  жергілікті қоғамдастықпен құрылған субъектілердің қызмет етуіне нормалар, ережелер, жағдайлар жасау, территорияны қамтамасыз ету, көріктендіру, территорияда бөлім мен денсаулықты қолдау, мемлекеттік басқару органдарының тапсырмаларын орындау және өзін-өзі басқару жұмысшыларының біліктілігін жоғарылату.

Мұндағы әрбір үй шаруашылығының бюджеті жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқарудың экономикалық механизмі оның толығуына және оны келесілердің есебінен үнемдеуіне бағытталған: жалпы қоғамдастық субьектілерінің жұмысқа қабілетті халқына жұмыс орындарын ұйымдастыруы; КСДХ-ң құрылтайшыларының (үй шаруашылық басшыларының) табыстың бір бөлігін алуы; көп балалы жанұялар мен экономикасы әлсіз үй шаруашылықтарына бірінші қажеттілікке ие тауарларға бағаны төмендету және коммуналдық қызметтер тариферіне жеңілдіктер орнату.

Үй шаруашылығының экономикалық дамуына және жергілікті қоғамдастықтың бюджетінің нығаюына байланысты «жиналыстың» шешімі бойынша үй шаруашылығына орнатылған кезекпен үй сату құрылысына, жеке ауласының дамуына (жөндеу жұмыстарына) несиелер беріледі.  

Бұл жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігі мен тәуелсіздігі қағидасына сай, коммуналды меншікті жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қарамағына беру қажеттілігі қаралуда.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық негізін «ҚР жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасына сәйкес, жергілікті қоғамдастық табыстары құрайды. [3]

Жоғарыда айтылғандар ҚР Шет елдерден айырмашылығы, Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржылық негіздері болып жергілікті бюджет табылмайды. Бұндай жағдайда жергілікті өзін-өзі басқару институттарының құрылуы мен олардың тиімді жұмыс істеуіне жағымсыз әсер етеді. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылары негізінен жергілікті бюджеттен бөлінеді, ал оны мемлекеттік басқару органдары жүогізуі біріншілердің екіншілерінен тәуелділігін көрсетеді.

Осылайша, біздің ойымызша, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының тиімді қызмет етуі үшін олардың қаржылық тәуелділігін жою қажет. Ол үшін олардың компетенциясына жергілікті бюджетті пайдалану құқығын беру жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастырудың моделін жасауға негіз болады. Ол келесідей сипат алады:

 

 

 

 

 

Мемлекеттік басқарудың органдары

Өкілетті билік

Атқарушы билік

Соттар

Облыстық атқару органдары

Облыстық өкілетті орган

Аудандық атқарушы органдар

 

 

 

         Аудандық және қалалық кеңестер

Ауылдық, аймақтық, аудандық

Селолық, қалалық кеңес

Жамият

Жергілікті өзін-өзі басқару

         

                                                                                                            Сурет-2.[15]

 

 

Мұнда, ауылдық деңгейдегі модельге сәйкес, тек жергілікті өзін-өзі басқару жұмыс істейді. (Жергілікті қоғамдастық ассоциациясы). Ал аймақ және қалалық мәнге ие аудан орталықтары деңгейінде жергілікті және мемлекеттік басқару органдары бірігіп жұмыс істейді.

Мұнда жергілікті өзін-өзі басқарудың аймақтық органдары жұмыс істейді. Мұндағы мемлекеттік басқарудың түрі келесідей болуы мүмкін: әкімдер ролі Еуропалық елдердегі префекттер роліне тең болады, олар территориялық органдар мен  ведомствалардың қызметін бағдарлап, жергілікті өзін-өзі басқаруға мемлекетті қадағалаіу жүргізеді.

Қазіргі кезде мемлекеттік басқарудың қатаң вертикалдығы жағдайында және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің жоқтығынан жергілікті мемлекеттік басқару (аудан деңгейінде) ешқандай өкілеттіліктерге ие емес.

Жергілікті ассоциациялар көмекші сипатқа ие және олар жергілікті өзін-өзі басқарудың  дамуына әсер етеді. Олар жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қатысушыларынан құрылуым мүмкін.

Мемлекеттік жергілікті басқару органдарының орталыққа байланысының болмауы аймақта біртұтас мемлекеттік саясат жүргізеді. Мысалы, жергілікті өзін-өзі басқару бюджетін қалыптастыруда мемлекттік қадағалау жүргізуде көмекшілік қызмет атқарады.

Мемлекеттік басқарудың жоғарғы деңгейінде орталықсыздандыру процесін реттеп отыратын арнайы орган құру қажет. Бірқатар шет мемлекеттерде (Жапония, Қырғызстан) үкімет құрамында жергілікті өзін-өзі басқару сұрақтары бойынша министрліктер жұмыс істейді. Біздің елде жергілікті өзін-өзі басқару және аймақты дамыту бойынша комитет құрылу ұсынылуда.

      Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет шегінде толықтай теңестіру қағидасын ұстанады, мұнда субвенциялар мен алымдар механизмін қолданады.

Субвенциялар көлемі бюджеттік жүйенің вертикалды тепе-теңсіздігінің көрсеткіші ретінде территориялы органдардың олардан жоғары тұрған биліктерден тәуелділік деңгейін көрсетеді.

Шығындардағы субвенция үлесі жоғары болған сайын жоғарыдан бақылау соғұрлым жоғары және төменгі бюджеттің еркіндігі шектеледі.

Республикалық бюджеттен бөлінген субвенциялар:

 

облыстардың атауы

2003ж.

2004ж.

2005ж.

Ақмола

3928

4153

4391

Алматы

5891

6055

8298

Шығыс Қазақстан

275

 

 

Жамбыл

2286

3158

4866

Батыс Қазақстан

335

254

 

Қостанай

 

 

841

Солтүстік Қазақстан

2971

3192

3732

Оңтүстік Қазақстан

5959

7902

12115

Қызылорда

3169

2403

1262

Барлығы

24814

27118

35504

 

                                                                                                      Кесте-1.[11]

 Мұнда субвенцияның динамикалық өсімі байқалады, мұндай жағдай жергілікті органдардың жергілікті бюджет табыстарын көбейтуге тырыспайтындығын көрсетеді.

 

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі 2 звенолылықпен сипатталады: республикалық звено, оған республикалық бюджет сәйкес келеді және жергілікті звено – жергілікті бюджет.

Шетелдерді жергілікті бюджеттің табыстары 4 негізгі бөліктерден құралады: салалық, субвенция, салықтық емес түсімдер және қарыздар.

Қазақстанның жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттері табыстары (2005ж.) келесідей көрініс табады:

 

 

Кассалық орындалу

Барлығына пайыз ретінде

Салықтық түсімдер

266 161

75,6

Субвенциялар

73 118

20,8

Салықтық емес түсімдер

12 388

3,6

Барлығы

351 867

100

 

                                ҚР жергілікті бюджеттерінің құрылымы.Кесте-2. [20]

 

Мұнда көріп отырғанымыздай жергілікті бюджеттің құрылымдарында басымдық салықтық түсімдерге беріледі – олар ¾ бөлігін құрайды; одан кейінгі орын 1/5 – субвенция түріндегі трансферттерге берілсе, салықтық емес түсімдердің ролі мардымсыз — 3,6 пайыз.

 

облыстар

 

 

Облыстардың жалпы ішкі өнімдері

 

 

 

 

 

Шығындар үлесі

 

 

Әр адамға шаққандағы ЖҚҚ

Қызметтергі шығындар

Білім беру

Денсаулық сақтау

Әлеуметтік қамтамасзданддыру

Мәдениет және өнер

Қызметтерге шығындар

Білім беру

Денсаулық

Әлеуметтік қамсфздандыру

Мәдение және өнер

 

Ақмола

100

75,7

35,5

24,8

10,2

5,2

67,4

32,0

20,9

10,8

3,7

Ақтөбе

100

62,2

31,9

14,0

15,4

4,9

52,1

26,2

11,8

11,4

2,7

Алматы

100

76,8

50,5

16,2

6,1

4,4

63,3

40,8

11,3

9,0

2,2

Атырау

100

28,2

10,9

11,2

2,5

3,6

18,11

8,8

4,0

3,3

2,0

 

Шығыс Қазақстан

100

46,5

21,8

15,3

6,3

3,1

56,0

26,7

16,9

9,0

3,4

 

Жамбыл

100

79,9

41,5

23,4

11,6

3,4

74,8

38,5

19,4

14,4

2,5

 

Батыс Қазақстан

100

77,1

38,8

21,4

11,8

5,1

53,4

27,8

16,9

6,8

4,9

 

Қарағанды

100

53,3

13,8

16,5

8,5

4,5

44,4

20,0

12,4

8,5

3,4

 

Қостанай

100

65,2

31,7

20,5

7,8

5,2

61,0

27,8

18,5

10,7

4,0

 

Қызылорда

100

69,5

28,3

26,7

9,7

4,8

68,3

26,4

25,7

12,5

3,7

 

Маңғыстау

100

38,9

16,7

12,9

5,0

4,3

30,9

14,4

8,9

4,5

3,1

 

Павлодар

100

61,1

31,8

17,8

10,1

4,9

60,2

28,5

16,3

9,5

5,9

 

Солтүстік Қазақстан

100

74,4

39,1

23,0

8,7

3,6

63,9

32,1

18,0

11,1

2,7

 

Оңтүстік Қазақстан

100

80,3

40,2

23,2

7,9

9,0

72,3

42,1

17,2

14,8

3,2

 

Астана қ.

100

20,7

7,4

6,6

2,8

3,9

19,6

7,2

5,9

3,2

3,3

 

Алматы қ.

100

27,1

10,6

10,0

3,9

2,6

26,9

11,2

8,8

4,7

2,2

 

Барлығы

100

50,1

23,6

15,5

6,7

4,3

45,1

22,0

12,2

7,8

3,1

 

 

                                                                                                         Кесте-3. [15]

 

Жоғарыда көрсетілген кесте жалпы қосылған құнда аймақтар бойынша жан басына шаққандағы шығындар үлесін көрсетеді. ЖҚҚ-ң жан басына шаққандағы үлесі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым бір адамға шаққандағы қызмет көлемі аз болатындығын көреміз.

Кестеден көріп отырғанымыздай, Атырау, Маңғыстау және Алматы қалаларында ЖҚҚ-ң ең жоғарғы үлесіне ие екендігін көреміз.

Осылайша, жергілікті басқару органдарының әлеуметтік қызметтерге  шығыстары ЖІӨ өндірісіне сәйкес келмейді.

Жергілікті және республикалық бюджеттердің шығыстық өкілеттіліктері және  жауапкершілігі  мақсатты болып табылады:

  • республикалық және жергілікті бюджет шығыстарын бөлуде ифнвентаризация жүргізу
  • бюджеттік заңдарға өзгерістер енгізу қажет. Ол заң бюджетті нақтылайтын процедуралар болып табылады
  • обьективті қажеттіліктердің әрбір бюджеттік жүйенің, қаржылық, ресурстық және басқа да салалардағы бағалау.

 

Жергілікті өзін-өзі басқарудың бюджеті сұрақтарын шешу үшін халықтан жиналатын бір реттік салымдар немесе ерікті салымдардан құралады. Ал бюджеттен тыс қорлар құрамы ұйымдар мен азаматтардың ерікті салымдарынан құралады және жергілікті өзін-өзі басқару басшылығымен ұйымдастырылған шаралардан түскен табыстардан құралады.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қаржыландыру көздері:

— халықтың ерікті түрде өзіне-өзі салық салуы түріндегі жергілікті алымдары

— жергілікті қоғамдастықпен құрылған шаруашылық субъектідерінің табыстарынан шегерімдер

— жергілікті қоғамдастыққа тиесілі мүліктерді жалға беру арқылы түскен табыстар

— заңды және жеке тұлғалардың ерікті қаржылай көмектері

— жергілікті өзін-өзі басқаруды мемлекеттік қолдау тәртібінде әртүрлі бюджеттерден бөлінетін қаражаттар

Аталған қаржыландыру көздерінің есебінен жергілікті қоғамдастықтың табыстары мен шығындары жүйесі түріндегі жергілікті өзін-өзі басқару бюджеті қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекттік басқару

 

 

 

 

Республика

 

 

 

  Республикалық бюджет

Облыс, республикалық маңызы бар қалалар

 

 

Жергілікті бюджеттер (аймақтық бюджет)

 

МСУ

 

 

 

 

 

 

Қалалар, кенттер,қалалық аудандар

 

 

 

Қалалық муниципалды бюджеттер

 

 

 

Ауылдық муниципалды бюджеттер

 

 

 

    3-сурет. Қазақстан Республикасындағы бюджеттік жүйенің моделі[9]

 

Жергілікті өзін-өзі басқарудың жүйесін құру арқылы Қазақстанда 3 деңгейлі бюджет жүйесін енгізуді ұсынамыз. Бұл жалпы қоғамның қаржылық дербестігін қамтамасыз етеді.

 

Алматы қаласының экономикалық даму жағдайын талдау

 

Бүгінгі таңда Алматы қаласы Қазақстанда ғана емес, Орталық Азиялық аймақтардағы ірі мегаполистердің бірі болып табылады.

Қала территориясында 170 ірі орта өнеркәсіптік кәсіпорындар бар. Алматы бүгіннің өзінде теледидар, кілем және кілем өнімдерін, нан және ашытқылар өндірісін жүзеге асырады. Қала кәсіпорындарымен жіп, маталар, шай, кіржуғыш машиналар, электрлі счетчиктер, жүк тасымалдайтын автомабильдер, қалпақ пен бас киімдер, маргаринді өнімдер, коньяк пен темекі өнімдері, 10 және одан да көп жолаушылар тасымалдайтын автомабильдердің мәнді көлемі шығарылады.

«АХбК-ОЗАТ» АҚ, «Автоқұрама зауыты» БК, «Алматы кілем» АҚ, «Ырысты — ВРЗ» АЖШС сияқты ірі кәсіпорын және құрылысы аяқталмаған обьектілердің тізімі, универсалды спорт кешені,, құрылысқа дайындығы 50 пайыз және одан да жоғары пайызды құрайтын тұрғын үйлердің құрамы (10 мың шаршы метр) қалаға инвестициялық тартымдылық берді.

Алматы күшті құрылыс кешеніне, темір жол, автомабиль және авиациялық кешенінің ірі тараптарына ие болып отыр. Қала шетел партнерлері  мен біріккен өндірістің, белсенді сыртқы экономикалық қызметтің бар екендігін көрсетеді.

Алматы қаласы ірі өнеркәсіп, қаржылық, ғылыми, мәдени – білім орталық, республикалық мәні бар қала мәртебесіне ие, бюджетке жалпы республикалық түсімдердің 1/5 пайызын қамтамасыз етеді.

Қала экономикасында кейбір тұрақтанулар, сонымен қатар халық әкімшілігінің жоғарылату және салық салынатын негізгі кеңейту бойынша шаралар кешенін қабылдау бюджетке салықтық түсімдер мен басқа алымдар көлемінің тұрақты өсуі қала маңызын жоғарылатуда. Қала 2003 жылы мемлекеттік бюджетке 148,8 млрд.теңге сомасында салықтық және салықтық емес түсімдер жинағын әкелді. Бұл көрсеткіш 2002 жылмен салыстырғанда 17,1 пайызға көп екендігін көреміз.

Жоспарланған бюджет 10,6 пайызға орындалды, оның ішінде республикалық бюджетке – 14,1 пайызға, жергілікті бюджетке – 3,9 пайызға.

Өнеркәсіптік секторлар өндіріс көлемін көбейтудің жаңа тенденциясы сақталуда. 2003 жылға өнеркәсіптік өнімнің алдыңғы жылмен салыстырғанда өнімділігі 10,6 пайыз құрады, ал 2001 жылы қаланың өнеркәсіп орындарымен оларды импортизация бағдарламаларына қатысуға тарту нәтижесінде 3 млрд.теңгеге жуық сомаға келісім шарт жасалған болатын. Осы жылы қала кәсіпорындарымен 3 жаңа өнім өндірісі жасалынды: «электромаш» АҚ – автомабильдерге құрамдыс бөлшектерді өндіруді, «істер» АҚ – резинотехникалық өнімдер, темір жол, жол үстін бекіту детальдарын жасауды қолға алғанын айтуға болады.

Төлеу қабілеттілігі жоқ кәсіпорындарды қалпына келтіру үшін инвестиция тарту бойынша шаралар қабылданған болатын. 125 аукцион өткізілді.

Бюджетке қарыздың 454 млн.теңгесі сөндірілді.

 

Мемлекеттік меншікті жекешелендіру және қайта құру облысында басымдықты бағыт адресті сату мен қолданылмайтын обьектілерді кейіннен өз меншігіне алумен жалға беру арқылы шағын бизнесті қолдау болып табылады. 2004 жылы мемлекеттік меншікті жекешелендіруден  бюджетке 520 млн. теңге түскен болатын.

Алматы қаласының территориясында мемлекеттік кәсіпорындар ғылым, мәдениет, білім және денсаулық сақтау салаларында, әлеуметтік салаларды сақталған.

Кәсіпкерлерге жекешелендірушілік көмек түрінде үстіміздегі жылы 85 обьект сатылған және жалға берілген, 546 жер учаскесі сатылған, тауарлар мен қыметтердің өндірісін дамытуға пәтерлерді қайта жабдықтауға 148 рұқсат берілген.

Өнеркәсіпте, саудада, қызмет көрсету және басқа да сфераларда заңды қызмет көрсету үшін кәсіпкерлерге жағдай туғызу есебінен көлеңкелі айналымдағы ақшалар азайып, бюджетке салық түсімдері көбейеді. 1998 жылмен салыстырғанда бюджетке төлемдер 4,5 есе көбейді.

Аймақта жыл сайын еңбекке жарамды халықтың жұмыссыз жүрген бөлігін еңбекке орналастыру бойынша жоспар-әрекеттер жүзеге асырылады.

Квота және мемлекеттік тапсырыс есебінен 1,5 мыңнан көп адам, еңбекпен қамту орталықтарымен 6 мыңнан көп адам жұмысқа орналастырылды.

Жоғарыда айтылып өткендей, Алматы қаласының экономикалық жағдайын көтеруде қала әкімінің ақпараты белсенді түрде жұмыс істеуде. Әкімшіліктің құрамында осындай мәселелерді шешу үшін ыңғайлы болу мақсатында ұйымдастырылған.

Қазақстан Республикасының Президентінің 2003 жылғы 10- ақпан №1019 Жарлығымен Алматы қалалсының 2003-2010 жылдара арналған Мемлекеттік даму бағдарламасы бекітілді. Бағдарлама Республикалық маңызы бар қаланың жаңа көрінісін құруға және оның қаржылық, ғылыми, білім және мәдениет пен республиканың туристік орталығы ретінде бекітуге негізделген.

Алматы қаласының әкімшілігі жылына екі рет жарты жылдың нәтижесін Қазақстан Республикасы Президентінің әкімшілігіне және үкіметке Бағдарламаның жүзеге асуы туралы ақпарат беріп отыруы керек.

Бағдарламаны дайындаушылар Қазақстан Республикасының экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі және Алматы қаласының Әкімшілігі.

Бұл Бағдарламаны жүзеге асыру үшін республикалық, жергілікті бюджетінен және тұрғындардың қаржылары, экономикалық ұйымдарының гранттары, шетелдік және отандық инвестициялар қолданылады. Инвестициялық қаражаттарға қажеттілік , бюджеттік қажеттіліктерді қосқанда 711 млрд. теңгені құрайды. Оның ішінде 470 млрд. теңге мемлекеттік қаражаттар.

Жыл сайынғы кейбір салаларға деген қаржылық қажеттілік:

  • айналма жолдарды салу – 10-12 млрд.теңге
  • метрополитен құрылысы – 12-15 млрд. теңге
  • білім беру және денсаулық сақтау обьектілеріне – 3,5 млрд.теңге
  • өзен жағаларын жөндеу, лайға қарсы шараларды жүргізу – 5 млрд. теңге
  • энергетикалық обьектілерді салу, кеңейту және жөндеу – 10-15 млрд. теңге

Бағдарламаның жүзеге асуы қаланың қаржылық, өндірістік, кадрлік, ғылыми және мәдени потенциалын максималды қолдануға мүмкіндік беруі тиіс және осының негізінде халықтың өмір деңгейін, сапасын көтеруге ықпал етуі тиіс.

Әлеуметтік салада халықтың жалпы өмір сүру деңгейі көтеріледі. Жоспарланып отырған кезең аяғында қала саны 1млн 178 мың адам болады, оның ішінде 680 мыңы экономикалық белсенді халық құрайды. Табиғи өсім жылына 2500-3000 адам. Орташа айлық жалақы 9 жылда 60-70 пайызға өсіп, 30-35 мыңға жетеді деп күтілуде.

Алматы қаласы бойынша салықтардың көлемін 2005 жылы 200 млрд. теңгеге, ал 2010 жылы – 250 млрд. теңгеге жеткізу көзделген.

Алматы қаласы мемлекеттік бюджетті толықтырудың негізгі көзі болып табылады. Бұл оның табыстылы бөлігінің 20 пайызын қамтамасыз етеді. Республикалық бюджетке барлық аударулардан кейін қаланың иелігінде, яғни жергілікті бюджетінде барлық жиналған салықтардың 20-25 пайызға жуығы қалады.

Жалпы 2004 жылы ортақ бюджетке Алматы қаласынан 129 млрд. теңге жинақталған. Салықтар мен төлемдер құрылымы келесідей:өнеркәсіп – 11,3 пайыз;құрылыс – 6,7 пайыз;сауда – 11,8 пайыз.

Бюджетке түсімдер шағын кәсіпкерлік саласынан түсуде, яғни өндірістік сферадан түсімдер үлесі көбейіп, сәйкесінше сауда – делдалдық қызметтерден салықтардың азайғанын көруге болады.

Қазіргі уақытта салықтық жүйе өте күшті орталықтандырылғандығымен ерекшеленеді. Биліктің жергілікті органдарында жергілікті салықтарды реттеу бойынша құқықтары жеткіліксіз, бұл салықтар мен төлемдерді жинау болжамдарын орындауға кері әсерін тигізуде. Мысалы, нарықтарда тауарды жүзеге асыру құқығына салық салуды ҚР Үкіметі  анықтайды. Бүгінгі таңда жүргізіліп жатқан бюджеттік саясат аймақтық дамудың инициативасын дамытуға мүмкіндік жасамайды, себебі тапсырыстардың жеке көздерін басқарудағы дербестіктерді ескермейді. Бір тұрғынға жалпы нормативті үлесті шығынына негізделген  бюджеттік алым тәжірибесі аймақтық ерекшеліктерді есепке алмайды.

Алматы қаласының даму перспективаларын ескере отырып, экономикалық салық төлеушілерді атап өтсек: тамақ өнеркәсібі, ақпараттық технология, химиялық өнеркәсіп, машина жасау, қызмет көрсету сферасы.

Салық пен төлемдерді жинауды өсіруде аймақтарды ынталандыру мақсатында биліктің жергілікті органдарының өкілеттілігін кеңейту керек. Оларға жергілікті салықтарды реттеу бойынша құқық беріп, өздерінің жергілікті бюджеттерінің табыс бөлігін қалыптастыруға мүмкіндік беру қажет. Алматы қаласының жергілікті бюджетінде, аймақтық ерекшеліктрді ескере отырып, жиналған салықтардың 30 пайыздан кем емес бөлігі қалуы тиіс.

 

3.2 Қазақстан Республикасының жергілікті басқару жүйесін жетілдіру жолдары: жоспарлар мен жобалар

 

Жергілікті өзін-өзі басқару үшін заңнамалық негізді әзірлеу мен енгізуге талай рет ұмтылыс жасалды. Еліміздің Конституциясы қабылданған кезінде, 1995 жылдан бастап жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң бірнеші рет ұсынылды, алайда олардың бірде-бірі оны дамытудың объективті қажеттіліктеріне сай келмеді.

1997 жылы «Жергілікті өзін өзі басқару туралы» заң әзірленді, бірақ ол қабылданбады. Екі жыл өткен соң, яғни 1999 жылы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңы да нақ осы жағдайға ұқсас жағдайға тап болды. 2000 жылы осы заңның жаңа нұсқасы, сондай-ақ Парламеттің депутаттар тобы әзірлеген баламалы жобасы қаралды, алайда ол да нәтижесіз болды. Бұл жоспарларды іске асырудың әртүрлі деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді шектеудің болмауы және тұтастай алғанда, азаматтық қоғамның жеткілікті дәрежеде дамымауы кедергі жасалды.

«Жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңның әлі күнге дейін қабылданбай отырғандығы, біздің ойымызша, бұл жағдайда арнайы тұжырымдаманың жоқтығына байланысты туындап отырған жай деп айтуға болады.

Бір кездері Үкімет Парламентке мемлекеттік басқаруды аудандық деңгеймен шектеп, ал жергілікті өзін-өзі басқаруды аудандық деңгейден төмен бүкіл ауылдық аймақтарды міндетті түрде қамтитын заң жобасын енгізген. Алайда, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару – екеуі екі бөлек, екеуі бірін бірі толықтырады, бірақ алмастыра алмайды. Және де Конституцияда өзін-өзі басқару азаматтардың міндеті емес, құқы деп көрсетілген. Сондықтан оған міндеттеуге заңдық негіз жоқ. Бұл – біріншіден. Екіншіден, жергілікті өзін-өзі басқаруды тек ауылдарда ғана жүзеге асыру қалада тұратын адамдардың құқығын шектеу болар еді. Өйткені, Ата Заңымызда «Қазақстан Республикасында жергілікті маңызы бар мәселелерді тұрғын халықтың өзі шешуін қаматамасыз ететін жергілікті халықтың өзін-өзі басқаруы танылады» деп айқын көрсетілген. Сондықтан Үкімет бұл заң жобасын қайтарып алып, Парламентке жаңа заң жобасын ұсынды. Онда да төменгі деңгейде әкім мен жергілікті өзін-өзі басқару қалай әрекеттеседі деген сауал алдан шықты. Мемлекеттік билік пен өзін-өзі басқарудың конституциялық негізі, атқаратын қызметі, өкілеттілігі әртүрлі болғанымен, жергілікті биліктің осы екі органының бір-бірін  қайталайтын тұстары да жеткілікті болатынын қаперден шығаруға болмайды. Сондықтан бұл жобаны да Үкімет қайтарып алған болатын. Біздің ойымызша, біз жергілікті өзін-өзі басқару туралы жаңа заңды қабылдауға пісіп жетілдік. Әрі мемлекет басшысының 2006 жылы заңды қабылдау жөнінде нақты тапсырмасы да бар. Соңғы жылдары биліктің орталық және өңірлік деңгейлері арасындағы функциялар мен өкілеттіктердің ара-жігін ажырату жөнінде үлкен істер атқарылды. Бұл жергілікті өзін-өзі басқаруға қажетті алғышарттардың тууына негіз қалап отыр.

Бүгінгі таңда жүйені өмірге енгізу үшін аса маңызды жағдайлар жасалды – соңғы уақыт ішінде мемлекеттік билік органдары жүйесінде өкілеттіліктерді шектеумен байланысты мәселелердің айтарлықтай бөлігі заңдық деңгейде шешіліп отыр. әкімшілік реформасын кезең-кезеңмен асыру Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару реформаларын жүзеге асыруға мүмкіншілік беретін алғышарттардың бірі болып табылады.

Қазіргі уақытта арнайы құрылған ведомствааралық Комиссия «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасын әзірледі, ол Ұлттық комиссия отырысында егжей-тегжейлі қарастырылды және оның мүшелері тұтастай оны мақұлданды.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың арнайы сайлау органдарын – Кеңестерді құру көзделуде, олардың мүшелерін тікелей жергілікті қоғамдастық сайлайтын болады.

Кеңесті Төраға басқарады, оны Кеңестің не жергілікті қоғамдастықтың мүшелері сайлайды. Оның міндеті – Кеңес және жергілікті қоғамдастық қабылдаған шешімдерді орындау.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың қарауына жергілікті деңгейдегі барлық түбегейлі мәселелерді шешуді беру қарастырылып отыр. Әдеттегісіндей, нақ осындай деңгейдегі мәселелер аса өміршең және биліктің жоғары сатыларында жүгіпінді болмай дереу шешуді талап ететін мәселелер. Атап айтқанда, Кеңестер елді мекендерді абаттандыру мен жасыл желекке бөлеу, көшелерді жарықтандыру, олардың санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мәселелерін және басқа да жергілікті маңызы бар мәселелерді шешетін болады.

«Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңның жобасы әзірленіп, қабылданған жағдайда оны одан әрі үзеге асыру  жөніндегі шараларды қабылдау кезекті мәселеге, қажеттілікке айналады.

Осымен байланысты Үкіметтің іс-қимылдары жоспарына ұсыныстар жобасымен көзделіп әзірленген 2007-2009 жылдарға әзірленген Қазақстан Республикасында жергілікті өзін-өзі басқаруды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы осы бағыттағы тағы бір қисынды қадам болды.

Жергілікті басқару органдары – бұл мемлекеттік құрылымдары қызметін ешқандай да қайталамайтын дербес басқару бірліктері екенін естен шығармау керек, бұл орайдағы мемлекеттің басты міндеті – жергілікті өзін-өзі басқару органдарының дербестігіне кепілдік беру.

2005 жылдан бастап аудандық деңгейдегі ауыл-селолар және кенттер, сонымен қоса, қалалар мен аудан орталықтарында әкім аппараты құрылды. Оларға заңды тұлғалар мәртебесі беріліп, бұрынғы қызметіне қосымша шаруашылық саласындағы біраз жұмыстар бекітілді.

Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің құрылуына орай жұмыс тобының мүшелері аудандар, аудандық маңызы бар қалалар әкімдерінің сайланып қойылуына дайындық жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Өткен жылы сонымен қатар, жекелеген аудандар әкімдерін алғашқы эксперименттік сайлаулары өткізілді. Елдің төрт аудандарында әкімдердің байқап көру сайлауы болды, оларды мәслихаттың депутаттары сайлады. Тұтастай алғанда оң тәжірибе жинақталды. Бүгінгі күні сайлауды ұйымдастыратын мемлекеттік билік органдарын, сайлау комиссияларын, қатардағы сайлушыларды қатты ойландыруы керек. Сөз жоқ, бұл орайда ақпарат құралдарының тигізер ықпалы да зор болмақ. Біздіңше, алдымен сайлаушыларға ұсынылатын кандидат туралы толық және шынайы ақпарат берілгендігі қажет. Олардың атқарған қызметтері, жеткен табыстарымен қатар, әсіресе болашақ қызмет кезеңіне арналған бағдарламасының мазмұндық, өміршеңдік маңызына сайлаушылардың мән берері сөзсіз.

Белгіленген ереже бойынша, облыс әкімі кем дегенде екі кандидатты мәслихат депутаттығына ұсынады, ал мәслихат депутаттары солардың бірін таңдауы керек. Өздері тұратын өңірдің басшысын өздері таңдауы, әрине, мәслихаттарға берілген үлкен өкілдік. Бұл олардың өкілдігін арттыра түседі. Десек те, осы құрылымның беделі мен маңызын арттыруда бұдан өзге де нақты шаралар қабылдануы керек. Бізде Парламенттің өкілеттілігін арттыру керек деген пікірлер де айтылып жүр. Сол секілді жергілікті жерде  өкілетті органның да құқығын, белсенділігін арттыру керек деген сөздер жиі айтылады. Және аудандық, қалалық, облыстық мәслихаттардың өкілдігін осы қазіргі Конституцияның аясында оған еш өзгеріс енгізбей-ақ арттыруға болады. Мәселен, мәслихат депутаттарының санын көбейту. Одан ешкім зардап шекпейді және де ол облыстық бюджетке салмақ салмайды. Өйткені, мәслихат депутаттары еңбекақы алмайды. Ал депутаттар саны көбейген сайын олардың халықпен араласуы жиілейді. Сөйтіп, халықтың оларға өздерін толғандыратын мәселелерін айтып, көмек алуға мүмкіндіктері артады. Екіншіден, олардың хұқықтарын арттыру керек. Аудандық бюджетті бекіту мен бақылаудың құқығы толық соларға тапсырылса, олардың белсенділігі де, жауапкершілігі де, салмағы да артар еді. Мұндай жағдайда аудан әкімі олармен санасып, жеке-дара билігін шектер еді. Мәслихаттарға жергілікті жерлердегі кейбір түйінді мәселелерді шешу құзіретін беруден әкімдердің билігі төмендемейді. Қазір жергілікті жерлерде кәсіпкерлікпен айналысқысы келген кейбір адам қажетті бір қағаз алу үшін облыс орталығына немесе астанаға баруына тура келеді. Ал осындай мәселелерді мәселелерді жергілікті жерлерде шешілсе, халыққа тиімді болар еді. Қазір елімізде билікті орталықсыздандыру бойынша көптеген заңдарға өзгерістер енгізілді. Осы шараларды толық жұмысқа қосу қажет. Себебі, істеліп жатқан жұмыстар әлі де халықтың көңілінен шықпай отыр. Ал мәслихаттарға аталған мәселелерді шешу құқын берсек, орталықсыздандыруға байланысты жасалған нақты қадам болып табылар еді. Мұндағы негізгі мақсат – халықтың билікке тәуелділігін азайту, яғни адам құқын қорғау, оған ешкімнің қол сұқпауына жол бермеу болып табылады.

Жергілікті өзін-өзі басқару заңына сәйкс сайланған билік пен өкіметтік билік органдары арасындағы қатынаста олар бір-біріне қайшылық туғызуы мүмкін. Бірақ заң олардың билік шегін нақты ажыратып беруі керек. Мәселен, жергілікті жерді дамытудың бас жоспары болады. Мемлекетік орган соның жалпы іске асырылуын бақыласа, сайланбалы билік органдары өз аумақтарындағы оның жүргізілуіне бақылау жасауы қажет.

Еліміз осы маңызды үрдістердің бастау алар кезеңінде отырғанын ескеріп, респубика аудандары мен әкімдерінің шамамен 30 пайызында үстіміздегі жылы аталған санаттағы әкімдердің сайлаулары өткізілетін болады. Бұл жайында Мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысында Мемлекет басшысы да айтқан болатын.

Әділет министрлігі ұсынған жоба бойынша жергілікті өзін-өзі басқару ең төмен деңгейде – ауыл-село, кенттерде жүргізілмек. Бүгінгі күні 7262 ауыл-село, 167 кент болса, соның ішінде 2336 елді мекенінде ауыл әкімдері бар. Біздің ойымызша, жергілікті өзін-өзі басқаруды әкімдері жоқ, билік жетімсіздігі сезілетін ауылдардан бастау керек. Бірақ оны құру не құрмауы азаматтардың өз еркінде екенін де естен шығармау керек. Дәлірек айтсақ, өз азаматтардың құқықтарын білуі абзал.

Заң жобасында жергілікті өзін-өзі басқару тек ауылдарда ғана емес, қалаларда да құрылатындығы көрсетілген. Қай-қайсысында да құрылу тетіктері бірдей. Алдымен ынталы топтар жасақталып, олар сол жердегі еңбекке жарамды 18 жасқа толған азаматтарының 50 пайызының қолын жинайды. Сосын оны әділет органдарында тіркеуден өткізген соң, Орталық сайлау комиссиясы ҚР «Сайлау туралы» Заңына сәйкес, сайлау өткізу жөнінде шешім қабылдайды. Мемлекеттік комиссияның 6 маусымда Елбасы Н.Назарбаев төрағалық еткен отырысында осы мәселе талқыға салынған болатын.

Қазақстан азаматтарының әкімдерді сайлауы жайлы алғашқы идея 1996 жылы «Азамат» қоғамдық қозғалысымен ұсынылған болатын.

Негізгі заң жобасы әзірленді. Мемкомиссия жергілікті өзін-өзі басқару кезең-кезеңмен өткізілуі керек деген тұжырымға келді. Бұл ретте азаматтардың жергілікті жерлерде өзін-өзі басқару құрылымдарын құру бастамашылығының ресімдері барынша жеңілдетілді. Атап айтқанда, Мемкомиссия жергілікті өзін-өзі басқару органын – Кеңесті құру үшін белгілі бір елді мекен азаматтарының жиынын ұйымдастыру қажет деген тұжырымға келді.

Байқап көру аясында, ал ол 2-3 жыл бойына созылуы мүмкін, ауыл әкімдерінің қызметтерін қайталаушылыққа ұрынбау үшін өзін-өзі басқаруды әкімдері жоқ аудандарда енгізуді бастау ұсынылып отыр.

2006 жылғы қазанда еліміздің 49 ауданы мен 10 қаласында сайлау өткізу жоспарланып отыр, мұның өзі осы деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бірліктің жалпы санының шамамен үштен бірін құрайды.

Бұл мәселеде қазақстандық билік саяси прогресс танытып отыр. Әлемде атқарушы биліктің сайланбалылығы жөнінде айқын стандарттар жоқ. Халықаралық нормаларға сәйкес басты мәселе – атқарушы биліктің сайлау органдарының алдындағы есептілігін қамтамасыз ету болуға тиісті. Сонымен қатар Қазақстанмен көршілес елдерде әрқилы тәжірибелер бар – мысалв, Ресейде өңірлер басшылығын тікелей сайлаудан бас тартып, іс жүзінде оларды тағайындауға қайта оралды. [20]

Жаңа заң жобасында бұрынғы нұсқалардағы қосымша тұстар ескеріліп, мемлекеттік істермен шаруашылық жүргізу шекаралары айқындалған. Жергілікті өзін-өзі басқару осы шаруашылық жүргізумен айналысады.

Бұл құрылым қандай көздерден қаржыландырылады деген сұрау ең негізгі мәселе болып табылады. Әділет министрлігі ұсынған жобада қаржыландырудың бірнеші көздері бар:

  • мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қаржы
  • жергілікті қауымдастық өкілдері өз еріктерімен төлеген төлемдер
  • ақылы қызмет көрсету түрлерінен түсетін қаражат
  • жергілікті қауымдық мүлік
  • Қазақстан Республикасының заңнамаларында рұқсат етілген көздерден түсетін қаржылар.

Бұл ретте мемлекеттік бюджеттен түсетін қаражаттың көлемі  8 млрд. теңгеден асады. Оны арнайы бюджеттік бағдарламалардан өзге мақсаттарға, мәселен, төрағаның немесе аппараттың еңбекақысына жұмсауға болмайды. Ал басқа көрсетіліп отырған көздерден түседі деп болжамдалған қаражат көздері мүлдем мардымсыз. Олардың тіптен түспеуі де мүмкін. Сондықтан бұл проблеманы шешуде әлі де біраз істердің атқарылуы қажет.

Тұтастай алғанда, жергілікті өзін-өзі басқару туралы заңды қабылдау мен әкімдердің сайлауларын өткізу осы бағыттағы жұмыстардың түбегейлі аяқталуын әсте де білдірмейді, дайындалып жатқан өрісті шаралар – бұл Қазақстанның саяси жүйесін жетілдіру бастауларына қарай жасалған алғашқы қадам.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Н.Назарбаев Мемлекеттік комиссияның отырысында сөйлеген сөзінде айтып өткендей, «Елдің болашағын ойлай отырып, әуелі экономиканы өркендетуге барынша күш салған осы 15 жылдағы еңбегіміз өз жемісін беріп отыр. Алдымен халықтың әл-ауқатын жақсартып, мемлекеттің мәртебесін жетілдіру, оның абыройын дүние жүзі алдында асқақтату, Қазақстанның беделін сақтау бізге оңай соққан жоқ. Бүгінге дейін қаншама заңдар қабылданды. Осы қолданыстағы Конституциямыздың арасында толайым табыстарға қол жеткізіп отырмыз. Сондықтан да егер Конституцияға өзгерістер енгізсек, ол түбегейлі өзгеріске ұшырамауы керек. Өйткені өткен сайлауда еліміздің түгелдей дерлігі бүгінгі жүргізіліп отырған саясатты жақтады. Өзгерістер енгізуде әруақытта халықпен ақылдасып отырғанымыз абзал». Ал халық билігі, яғни демократияны одан әрі дамытудың бірден-бір көзі жергілікті өзін-өзі басқаруды жүзеге асыру екендігін айтып өту керек. Жергілікті өзін-өзі басқару – нақты демократия, іс үстіндегі демократия деп кездейсоқ айтылмаса керек.

Соңғы жылдары мемелекеттік құрылымының либерализациасы мен демократизациасы шараларының нәтижесінде жергілікті өзін-өзі басқару институтын қайта жандандыру қажеттілігі туралы пікірлер орын алды. Қоғамдастықтың өзіндік ұйымдастырылуынсыз жоғарғы стандарттар, азаматтық қоғамдастықты қалыптастыру және Қазақстанның бүтіндігін нығайтуды қамтамасыз ету мүмкін емес.

Бүгінгі күндегі Қазақстандағы жергілікті өзін-өзі басқарудың даму этапы күрделі әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерден хабардар етеді. өтпелі кезеңнің екіжақтылығы мен анықсыздығын, республикадағы көптеген процестердің анықсыздығын білдіреді.

Қазақстандағы демократиялық бастамаларды дамыту үшін халықтың территориалды біртектілігі үлкен орын алады. Жергілікті өзін-өзі басқарудағы зерртеулердің нәтижесінде жергілікті өзін-өзі басқарудың дамыған және ТМД елдеріндегі дамуын қарастыруының да мәні зор.

Батыстың өзін-өзі басқару тәжірибесін зерттеу нәтижесінде берілген басқару жүйесі еркін демократиялы, экономикасы дамыған елдерде басты роль атқарады деп айтуға болады.

Ағылшын-саксон үлгісінде жергілікті органдар оларға заңмен берілген өкілеттіктер шегінде іс-қимыл жасайтын дербес құрылымдар ретінде қарастырылады. Муниципалдық басқарудың төменгі органдарының жоғары органдарға тікелей бағыныштылығы болатын жергілікті жерлерде орталық үкіметтің өкілдері жоқ.

Жергілікті өзін-өзі басқарудың континенталдық немесе француз үлгісі жергілікті жерлердегі тікелей мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды ұштастыруға негізделген. Франциядағы өзін-өзі басқарудың ерекшелігі мынада: белгілі бір аумақтың бір мезгілде мемлекеттік және муниципалдық басқарудың бірлігі ретінде әртүрлі мәртебе болады.

өзін-өзі басқарудың аралас үлгісінің ерекшелігі континенталдық және ағылшын-саксон үлгілерін ұштастыру болып табылады. Мысалы, Германияда муниципалды басқарудың бірыңғай жүйесі жоқ: әрбір жердің үкіметі әрбір қала (қауым) үшін өзін-өзі басқарудың үлгісін ұсынады.

Мынаны атап көрсету керек: жергілікті өзін-өзі басқарудың үлгілері арасындағы өзгешелік біртіндеп жойылып келеді. Дәстүрлі үлгілерден ауысатын таңдаулы үлгілер мен өздерінің жаңалықтарын енгізетін әралуан жүйелер пайда болуда.

Қазақстанның да ерекшеліктері бар, оларды жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін жүзеге асыру кезеңінде ескеру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Конституция РК. 30 августа 1995г.
  2. Казахстан – 2030. Послания Президента страны народу Казахстана.-Алматы:Білім,1998г.
  3. Закон РК о местном государственном управлении,2000г.
  4. Закон об административно-территориальной структуре Казахстана.
  5. Проект закона «О местном самоуправлении».
  6. Қазақстан Республикасы аудандарының облыстық маңызы бар қалалары әкімдері сайлауын өткізу ережесі, 2006ж.
  7. Алматы қаласының 2002-2010 ж даму бағдарламасы
  8. Анимица Е.Г., Тертышный А.Т. Основы месного самоуправления, Москва, 2000
  9. Кубаев К.Е., Местное самоуправление, Алматы университеті, 2003
  10. М.Б.Кенжегузин, С.А.Абдуллаев, «Децентрализация государственного управления», Алматы-2003
  11. Нургалиев К.Р. Экономика Казахстана, Алматы, 1997г.
  12. Региональная экономика, под ред Морозовой, Москва 1998г,
  13. Пикулькин А.В. Система государственного управления,2000,399
  14. Швецов А. Потребности муниципальных образований в финансовых средствах и бюджетно-налоговые возможности их удовлетворения//РЭЖ 2001,№7.
  15. Децентрализация власти – глобальный шаг в развитий страны//Юридическая газета, №8,2000г.
  16. Исмагамбетов Т. Выборы акимов и месное самооуправление//Континент.№11,2000г.
  17. Иманқұлов М.Заң-тәртіп-АПК.//Алматы Ақшамы, 30 наурыз, 2006ж.
  18. Кемел М.Жергілікті өзін-өзі басқару, бүгін және ертең.//Егемен Қазақстан,16 наурыз,2005ж.
  19. Мырзатаев Н. ҚР ауыл, округ әкімдерін тағайындау мен сайлаудың өзекті мәселелері//Заң, №3,2005ж.
  20. Танкиева А. Жергілікті басқару//Қаржы-Қаражат,№3,2004ж.
  21. А.Төлеуханқызы. Басқарудың тиімділігі мен мөлдірлігін арттыру — өмір талабы.//Егемен Қазақстан, 9 маусым, 2006ж.
  22. Е.Смаил. Саяси реформалар: нақты істер уақыты.//Егемен Қазақстан, 9 маусым, 2006ж.
  23. Ж.Самратов. Халықтың билікке тәуелділігін азайту – демократияның басты қағидаты.//Егемен Қазақстан, 16 маусым, 2006ж.