АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі тарихи аспектісі (1991-2007 жж.)

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

 

 

Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

 

Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі: тарихи аспектісі (1991-2007 жж.)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2011

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ ………………………………………………………………………………………………………3  

 

1    РЕСПУБЛИКАМЫЗДА МҰНАЙГАЗ ӨНДІРІСІНІҢ  ДАМУЫ

     (1991-2007 жж) ……………………………………………………………………………………….. 7

 

1.1 Қазақстан Республикасының мұнайгаз саласының жалпы даму тарихы

        (1991-2007жж) ……………………………………………………………………………………….7  

1.2  Тәуелсіздік жағдайында мұнайгаз саласындағы орын алған  қиыншылықтар

        ……………………………………………………………………………………………………………. 23

 

2   МҰНАЙГАЗ САЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕК РЕСУРСЫМЕН ҚАМТАМАСЫЗ            ЕТІЛУІ: ТАРИХЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ КҮНІ ………………………………………… 29

 

  • Мәселенің Кеңес үкіметі тұсындағы жағдайы ………………………………………. 29
  • Егеменді еліміздегі мұнайгаз саласының мамандармен қамтылуы ………… 36

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ   ………………………………………………………………………………………. 50

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ …………………………………………. 53

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Тақырыптың өзектілігі.  Жер көлемі жөнінде әлемдегі ең ірі мемлекеттің бірі саналатын Қазақстан сондай – ақ орасан зор табиғат байлығы мен адам ресурстарына да ие. Еліміздің басшылығы осы ресурстарды тұрғындардың әлауқаты деңгейін көтеру бағытында пайдалану үшін табанды жұмыс жүргізеді.

Қазақстанда мұнай өндіру тарихы 1899  жылдан бастау алады. Ең алдымен, Қазақстандағы мұнай өндіру өнеркәсібі бастауында мұнай және газ жобалары экономикаға құйылар инвестицияның өсуіне ықпал ететін өз мәніндегі катализаторға айналады. Арада жүз жыл өткен соң, Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев “..мұнай ұлттық индустрияның тек маңызды саласына айналған жоқ, ол мемлекет тәуелсіздігінің символына, жарқын болашаққа деген үмітке айналады. Бүгінде Қазақстан мұнайы Қазақстан халқының игілігі үшін жұмыс істеуде ” деген тарихи мәні бар сөзін айтты [1]. Шынында да тәуелзіздік жылдарында мұнайгаз саласы өз дамуында таңқаларлық прогреске ие болды. Бұл табыс ең алдымен еліміз басшылығының тұрақты да белсенді, әрі дәйекті саясатының , оның ішінде шетелдік инвестиция тартуға жұмсаған күш – жігерінің арқасында мүмкін болды.

Мұнай, газ, көмір өнеркәсібі–дүниежүзілік энергетиканың негізі. Мұнай өнеркәсібінің ерекше үлкен маңызы бар. Мұнай мен табиғи туындылардың Жердің бетіне шығатыны туралы жергілікті халыққа ежелгі кезден белгілі болды. Бұған Майтөбе (масляный холм), Қараарна (черное русло), Майкөмген (место захоронения масла), Қарашүңгіл (черная впадина), Жақсымай (хорошее масло), Қарамай (черное масло), Қаратоң (черный затвердевший грунт), Мұнайлы (нефтяное) және басқалары сияқты көптеген орографиялық және гидрографиялық объектілер: шатқалдардың, бұлақтардың, құдықтардың және т.с.с. қазақша атаулары соған айғақ..

Мұнайгаз және энергетика кешені Қазақстандық экономика дамуының басты стратегиялық ресурсы болып табылады және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіру стратегиясының жүзеге асырылуында өзекті рөл атқарады. Білікті мамандар мен сарапшылардың пікірінше, еліміздің мұнай-химия саласын дамыту дегеніміз – экономиканың екінші тынысын ашу деген сөз. Бұған дейін Қазақстан экономикасы нақ осы қуатты мұнай-газ секторының арқасында жедел көтерілгені белгілі. Біз соның нәтижесінде басқа салаларды да едәуір дамыта алдық. Демек Қазақстанға осы жеделділікті одан әрі ұстап тұруы үшін аталған сектордың өнімдерін одан әрі тереңдетіп өңдеу мәселесін қолға алатын уақыт жетті.

Осыдан келе мынадай ой түйіндейміз, біріншіден, қарастырып отырған Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі  мәселесі көп жылдар бойынан бергі енді ғалымдардың назарына ілініп, оның тарихи аспектісі ашыла бастады, бұл тақырыптың тарих ғылымында теориялық және практикалық және еліміздің экономикасын көтеруде зор маңызы бар, өз зерттеуін күтіп тұрған мәселе деген қорытынды жасауға болады. Бұл зерттеліп отырылған тақырыптың өзектілігінің айғағы.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тақырыптың маңыздылығы мен оның бүгінгі күндегі өзектілігін ескере отырып, автор нақты тарихи материалдар негізінде Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ өнеркәсібі мәселесін  ашып көрсету, жоспар бойынша алынған мәселелерге қатысты жекелеген авторлар еңбегін, ондағы негізгі мәселеміздің бейнелену дәрежесін талдап баға беру мен зерттеуді диплом жұмысының басты мақсаты етіп алды. Көрсетілген мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттер белгіленген:

  • Ең бастысы әрине, қарастырып отырған мәселеміздің пайда болуына түрткі болған Қазақстан Республикасында мұнай-газ өнеркәсібінің дамуы мен сол тұстардағы тарихи жағдайға баға беру:
  • Қазақстан Республикасындағы мұнайгаз саласының мамандармен қамтылуы немесе осы жайындағы негізігі өзекті мәселелердегі орын алған олқылықтар мен оларды жеңу жолдары
  • Тәуелсіздік жылдарындағы егеменді еліміздің осы мұнай-газ саласының мамандарының негізгі идеяларын талдау
  • Қазіргі таңдағы кейбір олқылықтар немесе қазір таңдағы айтылуы тиіс мәселелерді көрсетіп беру.

Диплом жұмысының хронологиялық шеңбері. Зерттеу 1991-2007 жылдар аралығын қамтиды. Осы аралықта ұзақ жылдық үрдіс нәтижесінде Қазақстан Республкасының құрылуы мен мемлекеттілігінің қалыптасуы басты себепкері ретінде қарастырыла келе, осындай мемлекеттің экономикалық секторында өзекті мәселеге айналған мұнай-газ саласының дамуы мен ондағы негізгі мәселелер талданады. Осы мәселеге қатысты өз зерттеу жұмыстарын жүргізген Тәуелсіз Қазақстан Республикасының зерттеушілерінің еңбегін көрсетеді және барынша талданады. Әрине, әр еңбектің табиғатына жете мән беріліп, зерттеудің пайда болған уақытымен санасады. Сол тұстағы тарихи жағдай мен еңбектің құндылығы толықтай ашылып көрсетілген.

Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Жалпы, Қазақстан Республикасының мұнайгаз мәселесі Отандық тарихнамада толығымен талданған деп айту асығыстық болар. Себебі, қазіргі таңдағы тарихшылардан гөрі аталған мәселе көлемінде осы саланың мамандары, яғни экономистер мен тағы да басқалары айналысуда.  Аталған мәселе Отандық тарихнамадан бұрын, Кеңестік кезеңде де өз зерттеушілерін тауып отырған. Алайда, Кеңес  үкіметі тұсында ғылым мен қоғамдық өмір комунисттік партияның қатаң бақылауында болғаны белгілі. Аз ұлттардың тарихы, соның ішінде тамыры тереңнен бастау алатын қазақ халқының тарихы барынша бұрмаланып, батырлық еңбектерін жасыруға тырысқаны бүгінгі күні анықталып отыр. Қарастырып отырған мәселеміздің Кеңестік кезеңіндегі зерттеушілерінің қатарында мынандай авторларды атауға болады. Мысалы: Г.Чулановтың «Промышленность дореволюционного Казахстана (Историко – экономический очерк.)» [2], Т. Шаукенбаевтың «Экономика нефтяной промышленности Казахстана» [3], К.Е Темиргалиевтың «Борьба за нефть Казахстана. Партийное руководство  развитием нефтяной промышленности» [4], М. Козыбаевтың «Казахстан – арсенал фронта» [5] және тағы да басқа еңбектер.

Аталған авторлар еңбектерінде қарастырып отырған мәселеміз туралы едәуір стаистикалық мәліметтер мен Кеңестік кезеңдегі Қазақстан мұнай-газ саласының даму тарихы жөнінде мол мәлімет келтірген.

Ал, тәуелсіздік тұсындағы еңбектерде біршама шынайы жазушылық байқалады. Себебі, жоғарыда айтып өткеніміздей қазіргі таңда тарих ғылымы ешбір идеолгияға тәуелді немесе қандай бір топ өкілдерінің мүддесіне қарай жазылып жатқан жоқ. Алайда, барлығымыз байқап жүргеніміздей бүгінде  Қазақстан  тарих ғылымы үлкен бір өтпелі дағдарысты бастан өткізуде. Тарихи зерттеулерде компелятивті зерттеулер көбейіп бара жатқаны шындық. Дегенмен, аталған мәселеміз туралы М.М Есалиеваның «Рабочие кадры нефтяной промышленности Казахстана» [6], И.Кожыбай мен К.Джакиевтің «Ембі мұнайы 100 жылда (1899-1999)» [7], А.Ш Алтаев «Социальное развитие рабочих промышленности Казахстана  (1970-1990гг)» [8], М.Ж Ташеневтың «Рабочий класс Казахстана в 1960-1985 гг. (на примере промышленности)» [9], Т.С. Садыков «Жезқазған өнеркәсіп аймағының қалыптасу және даму тарихы (XIX ғ. ортасы-XXғ)» [10] және  М.Х Асылбеков пен В.В Козинаның «Казахи (Демографические тенденции 80-90-х гг.)» [11] атты еңбектерін атап өтуге болады.

Аталған авторлар еңбегінде қазіргі таңда Қазақстан Республикасының экономикалық саясатының шешуші секторына айналған мұнайгаз саласының қарастырып отырған кезеңдегі жай-күйі мен орын алған күрделі мәселелері жөнінде қарастырып өткен.

Сонымен қатар, аталған мәселеміздің басқа да зерттеулері бар. Осы да және де басқа да зерттеулер диплом жұмысы барысында барынша қолданылды.

Жоғарыда аталған зерттеулер мен мақалалар диплом жұмысы барысында кеңінен әрі, барынша қолданылды.

Ғылыми жұмыстың методологиялық негізі. Зерттеудің методологиялық негізін тарих ғылымының мынадай жалпы теориялық принциптері құрады: қажетті деректерді табу  және оларға сипаттама берудегі тарихи таным; оқиғалар мен жағдайларды зерттеуде тарихи объективтілік, нақтылық; қоғамдық құбылыстардың дамуын және өзгеруін зертеудегі нақтылы-тарихи әрекет; танымдағы жан-жақтылық, олардың бір-бірімен ара қатынасы және  байланыстары.     

Ғылыми жұмыста қоғамдық ғылымдар саласындағы зерттеушілердің еңбектері және ондағы көтерілген концептуалдық мәселелер өткен және қазіргі кезеңдегі  байланыстық мағына дәрежесінде пайдаланылды.

Қойылған міндеттерді орындау барысында жалпыға мәлім зерттеу әдістері қолданылды. Ғылыми әдістің жалпыдан жалқыға көшу принципін сақтай отырып,еңбекте анализ, синтез, салыстыру және басқада әмбебаптық зерттеу әдістері барынша пайдаланылды.

Диплом жұмысының деректік негізі. Қарастырып отырған мәселеміздің деректік негізін осы кезеңдегі мәселемізге қатысты Үкіметтің қаулылары мен елбасының Жарлықтары және түрлі статистикалық мәлімет сақтаған құжаттар құрайды. Мысалы: Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 1095 Жарлығы [12] және  «Казахстан в цифрах» [13] атты құжаттар жинағын атауға болады. Аталған деректер диплом жұмысы барысында толығымен қолданылып, өзіндік тұжырым жасауға пайдаланылды.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Аталған диплом жұмысын жазу барысында мен алдыма қойған мақсаттарыма жете отырып, өзім үшін  төмендегідей  жаңалықтар жасадым. Мысалы:

  • ғылыми жұмыста мәселеміздің пайда болуына әсер еткен негізгі мәселеге барынша талдау жасалынады.
  • Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласы жайлы өз зерттеуін жүргізген авторлардың еңбектерін тарихилық принцип тұрғысынан заңдастырдық, яғни еңбектің пайда болу уақытымен санастық
  • қолда бар, яғни табылған деректер мен зерттеулер негізінде авторлардың еңбектерін, ондағы мәселеміздің бейнелену дәрежесін барынша  шынайы көрсеттік және ең бастысы мұнайгаз саласының осы жылдар аралығындағы дамуына жете тоқталдық:
  • Экономикамызда шешуші факторға ие болып отырған осы бір салада мамандардың қамтылуы жайлы толық мәлімет келтіріп, ондағы орын алған олқылықарға тоқталдық:
  • Егеменді еліміздің мамандар зерттеулеріндегі қазақ мемлекетінің мұнай-газ мәселесінің жазылу шамасына да өзімізше талдау жасадық.

Диплом жұмысының сыннан өтуі. Диплом жұмысы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасында дайындалып, талқыланып, қорғауға ұсынылды.

Диплом жұмысының құрлымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        1    РЕСПУБЛИКАМЫЗДА МҰНАЙГАЗ ӨНДІРІСІНІҢ  ДАМУЫ

              (1991-2007 жж.)

 

1.1 Қазақстан Республикасының мұнайгаз саласының жалпы даму

              тарихы (1991-2007 жж.)

 

        Мұнай, газ, көмір өнеркәсібі–дүниежүзілік энергетиканың негізі. Мұнай    өнеркәсібінің ерекше үлкен маңызы бар.

Адам мұнайды өте ертеден білген. Оны жарық, жылыту, дәрі дайындау үшін пайдалануға болатынын Геродот пен Плутарх та айтқан. ХІХ ғасырда алдымен керосин шамның, одан соң іштен жанатын двигательдің ойлап табылуы оны өндіруді арттыруға түрткі болды. ХХ ғасырда бастапқы энергетика байлықтарының басқа бірде-бір түрі адамзаттың экономикалық және әлеуметтік дамуына мұнай секілді үлкен ықпал ете алмады.

Мұнайды дүние жүзінің 80 елінде өндіреді. Бірақ бұл саланың географиясын “бірінші одаққа” жаятын елдер анықтайды. Олардың көпшілігі үшін мұнай өнеркәсібі халықаралық маманданудың маңызды, кейде бірден-бір саласы болды.

Күні бүгінге дейін еліміздің әр қиырындағы мұнай және газ өндірісі кеніштері мен жаңадан салынып жатқан мұнай, газқұбырлары салынып жатыр.

       Осыдан он жыл бұрын еліміз тарихта тұңғыш рет төл тәуелсіздігін жариялап, өз алдына дербес өмір сүре бастағанда, Жетісу өнірінен–ару Ақ Жайыққа қазалы Маңғыстау жерінен сонау Алтай тауларына дейінгі жерге ғана емес, сол бір қасиетті қара жердің астындағы бар байлығына да ие болып қалған едік қой. Дегенмен, сондай мол байлыққа ие болу деген бар да, оны ұқсатып, ел игілігіне айналдыра білу деген мәселе тағы бар ғой.

Еліміз осындай үлкен таңдаудың алдында тұрып, Қазақстанның санды жас тәуелсіз мемлекет үшін қазіргі таңдағы басты міндет төл тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктетіп, ел экономикасының күш–қуатын арттыра түсу деп білді де, келешекте осынау биік мақсат–мұратты жүзеге асыруға бірден–бір қолайлы стратегиялық бағыт–бағдар- мұнай мен газ өндірісі саласын өркендетуді қолға алды. Ол кезіндегі мұнай мен газ өндірісі еліміздің бүтіндей энергетикалық алыбымыздың 1/3 бөлігі мазут пен көгілдір отынды (газды) пайдалану арқылы жасалып келгендігін ескерсек, онда бұл көрсеткіш 37% дейін жетіп жығылар еді[20. 54б].

Қазақстан Республикасы да әлемдегі ежелден мұнай өндіруші елдер қатарына жатады. Оның тарихы 1899 жылы Аты­рау облысының Қарашұңғыл елді меке­ніндегі С. Леман экспедициясы қазған №7 ұңғыдағы (барлығы 21 ұңғы бұрғы­лан­ған) 40 метр тереңдіктен жеңіл мұнай атқылауынан бастау алғаны белгілі. Сөйтіп 1997 жылға дейін Қазақстан қойнауынан 617 миллион тонна мұнай, 110,969 миллиард текше метр жаңғыш газ өндірілді. Еліміз өз тәуелсіздігін ал­ғаннан кейін жүргізілген барлау жұмыс­тары оның алынбаған қорлары әлі де мол екендігін анықтап берді. Барлау жұмыстарының алғашқы кезеңінің өзінде 5,3 миллиард тонна қара алтын қорының барлығы айқындалып, мұның өзі елімізді мұнайдың дәлелденген қоры жөнінен әлемдегі он екінші орынға шығарды. Сонымен қатар 2015 жылға таман мұнай өндірудің көлемі бойынша әлемдегі алғашқы ондық елдерінің қата­рына қосыламыз деген болжам да бар [23.45-52бб].

Ал, осы мұнай-газ өнеркәсібінің тарихы тіпті тереңнен бастау алады.  XVI ғасырдың аяғында Патшалық Ресей Қазақстанның байтақ еліне назар аудара бастады және XVIІ ғасырда империяның шығыс шекараларын нығайту, оңтүстік елдерге сауда жолдарын іздеу мақсатында көпестер отрядын, әскери типографтар мен табиғат зерттеушілерді оқтын-оқтын жіберіп тұрды. Атырау облысының аймағындағы мұнай туралы алғашқы мәліметтер 1717 жылы І Петрдың Жарлығымен Ембі өзенінің төменгі ағыны арқылы Хиуаға әскери-топографиялық экспедицияны ұйымдастырған Бекович-Черкасскийдің жазуларында, одан кейін 1869 жылы географ Н. Северцевтің жарияланған есебінде (Ш.Есенов және басқалары, 1968) анықталды.

1768 жылы ұйымдастырылған ғылыми экспедицияның (С. Гмелин, И. Лепехин, П. Паллас) есептерінде Батыс Қазақстанның геологиясы мен пайдалы қазбалары – көмір, мұнай, жанғыш жіктастар мен минералдық заттар туралы кейбір мәліметтер бар. 1874 жылы Қарашүңгілдегі, Доссор мен Иманқарадағы мұнайдың шығуын зерттеген Ресейдің Геологиялық комитетінің тау-кен инженері Д.Кирпичников: «Мұнайдың қорлары бар екені сөзсіз, алайда, ауызсу, елді мекендермен қатынасу жолдары, пішендікке ыңғайлы шабындықтар мен дала болмағандықтан, бұл байлақты пайдалану өту қиын» деп жазған.        

Сол кездегі білімді адамдардың бірі Григорий Силыч Карелин 1827 жылы Қазақ даласының батыс аймағына барып, топографиялық түсіруді жүргізді, өңірдің флорасы мен фаунасын зерттеді. Осы жерде Бөкей ханның баласы Жәңгір ханмен кездесті. Г.С. Карелин Жәңгір ханға қатты әсер қалдырды және Жәңгір хан оған кеңесші болып жұмыс істеуді ұсынды. 1832 жылы Карелин Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігін зерттеу бойынша ірі экспедицияның жетекшісі болып тағайындалды. Экспедиция журналының кіріспесінде ол: «Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауларына географиялық тұрғыдан лайық назар аударылған жоқ. Бұл елсіз далаға жолшыбай болмаса, теңізшілер де сирек келетін. Кемінде 900 шақырым жердегі Гурьев пен ескі Маңғышлақ арасындағы жерге бірде-бір табиғат зерттеуші де келген жоқ. Жері байтақ болғандықтан, Орта Азиямен болашақта сауда жасауға және саяси қатынастарымызға негіз болатын жерге қатыстылығының біз үшін маңызы зор» деп жазды [19.47-56бб].

Содан бері, қазақ даласында бірнеше мұнай-газ саласындағы мекемелер мен қызметкерлер өз жұмысын атқарды. Мысалы: Орал-Каспий мұнай қоғамы (ОКМҚ), «Ембі-Каспий», «Ағайынды Нобельдердің серіктестігі», «Ембі», «Орал мұнайы» және басқалары ең ірілері болды. 1894 ж. петербургтық кәсіпкерлер тобы мұнай кен орындарын іздеуге және барлауға концессия алды. 

Мұнай өндіру тарихында 1912 жылғы 10 сәуірдегі үкіметтік актімен құрылған «Ембі» мұнай-кәсіпшілік және сауда акционерлік қоғамы (1911-1919 жж.) ерекше орын алады. Оның құрылтайшылары толық стат кеңесшісі Э.Л.Нобель, стат кеңесшісі Т.В.Белозерский және текті құрметті азамат И.И.Стахеев (ҚР ОММ, 681-қор, 1-тізімдеме, 13-іс) болды. Мұнай-кәсіпшілік акционерлік қоғамының барлық қаржы операциялары Орыс-Азия банкі арқылы жүргізілді.

Қазақ даласындағы мұнай-газ өндірісі сонымен қатар, Кеңес үкіметі тұсында өз дамуын тапты. Батыс Қазақстанның жер қойнауын кешенді зерттеу бойынша республикалық ғылыми зерттеулердің қалыптасуында академик Қ.И.Сәтбаевтың бастамашылығымен 1949 жылы Гурьев қаласында жүргізілген ҚазКСР ҒА-ның көшпелі сессиясының маңызы зор болды. Сол кезде оның басшылығымен, мұнай геологиясы, игеру, бұрғылау техникасы мен технологиясы саласындағы белгілі ғалымдар мен мамандардың қатысуымен көмірсутегіні іздеу мен барлаудың, өндіру мен тасымалдаудың негізгі проблемалары қаралды. Мұнда В.Федынскийдің, Н.Байбақовтың, П.Авровтың, Б.Дьяковтың, П.Неволиннің, Ю.Васильевтің, Н.Чарыгинның, С.Оруджевтың, П.Еникеевтің, С.Өтебаевтың, Н.Калининнің, Ж.Досмұхамбетовтың, Н.Имашевтың, Г.Хәкімовтың және басқаларының еңбектерін атап өткен жөн.

1956 жылы, тұтастай алғанда, республиканың минералдық-шикізат ресурстарын, оның ішінде көмірсутегі шикізатын одан әрі өсіруге бағытталған геологиялық-барлау жұмыстарының бүкіл кешенін орталықтандырылған жоспарлау және мақсатты жүргізу бойынша Қазақ КСР Геология министрлігі ұйымдастырылды [22. 12б].

1958 жылдың аяғында ҚазКСР-дің Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі Гурьев қаласында Батыс Қазақстанның барлық мұнай өңдейтін бұрғылау кәсіпорындарын біріктірген Батыс Қазақстан геологиялық басқармасын құрды. БҚГБ өз қызметінің уақытында Каспий ойпаңындағы (Теңізден басқа), Маңғыстауда және Бозащы түбегіндегі ең маңызды мұнай-газ кен орындарын ашуға тікелей қатысты.

1959-1960 жылдары  Кеңқияқта (Ақтөбе облысы) және Прорвада үлкен мұнай кен орны анықталды. 1960 жылдың 11 тамызында Прорвадағы алғашқы терең ұңғымадан мұнай мен газ фонтаны атқылады. Орал-Ембі өзен аралығында геологиялық-барлау жұмыстарын күшейту нәтижесінде Мартыши (1962), Оңтүстік Батыс Қамысты (1962), Жаңаталап (1964), Гран және Октябрьское (1969) жаңа кен орындары ашылды. Ембіде мұнай өндіру 1968 жылы 2 млн. тонна, ал 1972 жылы – 3 млн. тонна болды.

       60-шы жылдардың басында роторлық бұрғылаудың орнына анағұрлым жылдам турбиналық бұрғылау енгізіле басталды, бұрғылау станоктардың паркі ұлғайды, 3,0-4,0 мың метрге дейінгі тереңдікті игеруге мүмкіндік берген олардың техникалық мүмкіндіктері айтарлықтай өсті, бұл, ең алдымен, терең, тіреу және параметрлік ұңғымаларды бұрғылау, кешенді зерттеудің барлық кезеңдерінде барлаудың геофизикалық әдістерді (сейсмикалық-барлау, гравибарлау, ГЗС пен каротаждың барлық түрлері) қолдану арқылы Каспий маңы ойпаңын аймақтық зерттеуден көрінді [24.13-19бб].

Міне, осындай даму тарихы бар қазақ елінің мұнай-газ өндірісі тәуелсіздік жағдайында да өз даму тарихына ие.

Еліміздегі кен байлықтың бірі мұнай мен газ өнеркәсібінің қарқынды дамуы айырықша екенін жақсы білеміз. Шетел инвесторларын Қазақстанға өндіріске, мұнай-газ саласына ауқымды инвестиция салуда. Мұнайгаз саласы Атырау өңірінде ғана емес, ел эканомикасының өркендеуіне тың серпін берген бірнеше жоба іске асырылды. Әрине, айтуға жеңіл болғанымен Теңіз Новороссиск бағытындағы мұнай құбырын тарту үшін қаншама келіссөздер жүргізілді. Осы жобаның қазақ мұнайын Қара теңізге тіке шығаратын төте дәліз болатыны біраз елдің қызығушылығын тудырады. Ал, «Теңіз» кен орын мол көлемде инвестиция құйған «Шеврон» секілді әлемдік тәжірибиесі бар компанияның біздің еліміге бет бұруында.

Қазіргі кезде Каспий қайраңын игеру бағытында мүдделестік танытқан шетелдік компаниялар мұнай мен газ дайындау зауытын тұрғызуды қолға алды. Таяудағы жылдарда теңіз мұнайын игеру басталмақ.

Атасу-Алашанқай құбырының іске қосылуы да қазақ мұнайының және бір бағытқа тасымалдауына кең жол ашты. Міне осындай жобаларға инветиция салған шетелдік енвесторларға мұнай мен газ секілді байлықты игеріп қана қоймай, елдің әлеуметтік дамуына, инфра құрылымдарды жетілдіруге барынша қолдау білдіруді тапсыруының маңызы айрықша.

Еліміз осы зор көлемдегі шетелдік инвестицияларды игеру арқылы өзінің өндірістік әлеуетін күшейте бастады. Тек 1992-2001 жылдар ішінде мұнай-газ саласына 8 млрд. доллар көлемінде шетелдік инвестиция тартылды.

Ресми айғақтарға сүйенсек, республика мұнай қоры жағынан әлемде 13-ші орын алады екен. Шетел инвесторларының Қазақстанға қызығушылығы жоғарылай бермек. Ал, республиканың мұнай компаниялары өздерінің стратегиялық серіктестеріне «жайлы инвестициялық климат» жасауды қолдайды [23.10-12бб].

1993 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы 40 жыл мерзімде американдық Шеврон компаниясымен инвестициялық келісім шарт жасасты. Бұл аса бай кен орны – Теңізді игеруге бағытталды. 1997 жылдың қарашасында «Қарашығанақ» газ конденсаты өнімін бөлісу туралы АҚШ-пен ұзақ мерзімге келіссөз жасалды. Арнайы құрылған «Қарашығанақ интеграциялық ұйымына» «Аджип» (Италия) 32,5%-бен «Тексако» (АҚШ) 20%-бен, «Лукойл» (Ресей) 15%-бен компаниялар енді. Инвесторлар Қарашығанақты игеру мен барлауға 11 млрд. доллар беруді жоспарлады. 1997 жылдың маусымында Қазақстан Республикасы Қытай ұлттық мұнай компаниясымен «Ақтөбемұнай» акциясының 60%-ын сату туралы шарт жасады.

Сөйтіп: мемлекетіміздің алдында қазірде әрекет етуші инвестициялық жобаға мемлекеттік тұрғыда қатысуды кеңейту мақсаты қойылды. Жалғыз мемлекеттік «Қазақойл» компаниясы елімізде өндірілетін мұнайдың 15-16%-ын ғана бере алады.

2001 жылы Қазақстан мұнайгаз саласы өзінің жеке дамуының 10 жылдығын атады. 55 мұнай кен орындарында тәулігіне 109485 тонна мұнай өндіріледі. Республика аумағында ірі мұнай қорының болуы шетел инвесторларының табысты қызметін қамтамасыз етеді. Алынған инвестицияның басым бөлігі Қазақстан экономикасының минералды – шикізат қорын дамытуға бағытталған. Тек 2001 жылдың жарты жылдығында кенді пайдалануға 1920,1 млн. доллар жұмсауды оның 80%-ын тікелей шетеледік инвесторлардың түсті, 20%-ы отандық компаниялар үлесінде. Қазақстан сарапшыларының анықтауышна, кен көздерінің пайдалану компанияларының белсенді инвестициялық қызметі республиканың әлеуметтік-экономикалық жағдайына жағымды әсер етеді. Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің мәліметтеріне сүйенетін болсақ, кенді пайдалану объектілеріне 2001 жылдың 1 шілдесіне дейін тартылған жұмысшы саны 179337 болған, оның 177572-сі Қазақстан жұмыс күштері (жұмысшылар мен білікті мамандар) қазіргі уақытта [25. 17б].

Қазақстан экономикасының негізгі өзегі – мұнайгаз кешені. Бұл сала еліміздің стратегиялық дамуында үлкен маңызды орында. Мұнай ұлттық экономиканың әрі қарай дамуының басым бағыттарын айқындайды.

Қазіргі таңда осы саладағы негізгі компаниялар мен олардың өнім өндірудегі үлесін мына кестеден байқауға болады:

мекемелер

 

қаңтар

 

маусым

желтоқсан

 

Жыл басынан бері

1

2

3

4

5

ННК «Казахойл»

529.0

559.9

556.1

6570.1

ПО «Өзенмұнайгаз»

335.2

353.0

354.8

4169.8

ОАО «Казахойл-Эмба»

193.8

206.9

201.3

2400.3

ННК «Казахойл»

1134.6

1159.7

1154.1

13743.0

СП «Тенгизшевройл»

1043.6

1045.1

1046.1

12480.9

СП «Арман»

15.8

25.2

24.9

272.3

СП «Эмбаведьойл»

1.2

0.9

1.5

12.0

СП «Гюрал»

0.9

0.8

0.9

10.0

СП «Казахойл-Тельф»

11.1

17.9

14.2

173.0

СП «Казтуркмунай»

25.5

27.8

18.4

273.5

СП «Карақұдықмунай»

19.9

25.3

28.8

305.7

СП «Матин»

16.3

15.6

18.3

202.2

СП «Тенге»

0.4

1.1

0.9

13.4

Прочие предприятия

1637.0

1654.7

1967.9

19649.3

АО «Мангистаумунайгаз»

364.3

369.0

369.7

4409.0

АО «Актобемунайгаз»

235.6

261.3

339.1

3258.2

АО «Карачаганак Петролеум Оперейтинг»

455.5

368.2

472.1

3999.2

СП «Харрикейн  Кумколь Лтд.»

284.7

308.1

355.1

3607.0

СП «Тургай Петролеум»

80.5

118.2

173.2

1500.2

АО «Каражанбасмунай»

 

 

93.0

69.6

133.9

1248.4

 

1

2

3

4

5

АО «НПЦ Мунай»

1.5

2.1

0.6

17.2

АО «Анако»

9.1

8.2

9.5

102.9

СП «Казгермунай»

43.4

74.2

50.5

808.7

СП «Светландойл»

0.2

0.7

0.5

4.5

СП «Сазан курак»

14.0

12.7

14.2

166.4

СП «Куатамлонмунай»

14.7

16.7

14.8

201.4

ЗАО «Алмаз Интернейшнл Трейдинг Компани»

0.8

0.4

0.9

12.0

«Тексако Норс Бузачи Инк.»

10.8

16.5

26.7

226.2

СП «Партекс (Казахстан) Корп.»

 

 

5.6

 

5.4

 

62.7

СП «Алтиес Петролеум Инт.»

3.0

3.2

1.7

29.1

Барлығы

3300.6

3374.3

3678.0

39962.4

 

«Қазмұнайгаз» ұлттық компаниясы – геологиялық барлау, бұрғылау, өндіру, тасымалдау, көмірсутегі ресурстарын қайта өңдеу сияқты мәнді мәселелерді шеше алатын көптармақты, күрделі құрылым, әлемдік банктің мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасы инвестициялық қатынас жағынан әлем елдерінің арасында 20-шы орында. Ресми мәліметтерге сүйенсек тек 1999 жылы Қазақстан Республикасына 1,5 млрд. АҚШ доллары тартылған. Ал еліміздің тәуелсіздігінің 10 жылы ішінде оның көлемі 10 млрд. долларға өсті. Еуропалық қайта құру мен даму банкі инвестиция тарту көлемі жағынан еліміздің ТМД елдері ішінде Польша мен Венгриядан кейін үшінші орынды иеленетінін анықтаған.

Ірі мұнай компаниялары, атап айтқанда «Шеврон», «Эксон», «Амоко» және басқа әлеуметтік компаниялардың инвестициялық ресурстарының басым бөлігі көмірсутегі орындарын барлау мен өңдеуге және мұнайгаз қайта өңдеу жұмыстарына жұмсалды. Мәселен, 60 жылдардың аяғы мен 70 жылдардың басында ОПЕК елдерінің мұнай өнеркәсібінде аса мәнді құрылымдық өзгерістер жүрді. Бұл мұнай өндіруге мемлекеттік бақылау қойылуымен тығыз байланысты. Ирак, Венесуэла, Иран, Индонезия, Кувейт, Катарда — 100%, Ливияда — 80%, Сауд Арабиясында — 60% болды. Бұл саладағы мемлекеттік сектордың маңызды міндеті — ұлттық мұнай компанияларының қызмет ауқымын кеңейте түсті.

Яғни бүгінгі таңда еліміздің мұнайгаз кешенінің қарқынды дамуы аймақтық салаларда әлеуметтік-экономикалық түбегейлі өзгерістердің болуына ықпал етеді. Ол факторлардың сыртқы инвестиция арқылы шешімін табуы осы аймақтардағы әлеуметтік-экономикалық түбегейлі өзгерістердің болуына ықпал етуі сөзсіз.

   Қазақстан Республикасының ұлттық экономикасы құрылымындағы мұнай-газ секторы:

Еліміздің мұнайгаз кешенінің меншікті ішкі құрылымы бар, оның құрамында мынадай құрылымдық элементтерді бөліп көрсетуге болады:

  • өндіру;
  • тасымалдау;
  • мұнай мен газды өңдеу.

Өндіретін және тасымалдайтын кәсіпорындар үшін қажетті мұнайгаз жабдығын, сондай-ақ сауданың көтерме-сауда желісін (автомобильге май құю станцияларын және басқа) өндіретін кәсіпорындарды да осында (яғни мұнайгаз кешенінің құрамына) жатқызған дұрыс. Дәл қазір мұнай өндіру саласы Қазақстан ұлттық экономикасының құрылымында жетекші орын алып отыр. Салық түсімдері есебінен ол бюджеттік кіріс бөлігіне едәуір үлес қосуда, сондықтан да экономика басқа да (экспортталмаған) салаларын және әлеуметтік саланы қаржылай қолдауға, сондай-ақ тұрғындардың өмір сапасы стандарттарын орнатуға мүмкіндік береді [25.21-23бб].

Қазақстан Республикасының көмірсутегі әлеуеті бағамдар бойынша әлемдік қордың жалпы көлемінде айтарлықтай маңызды. Мұнайдың расталған қоры бойынша Қазақстан әлемнің жетекші елдері қатарына кіреді. Қазақстан барлық ТМД республикалары арасында Ресей Федерациясынан кейін көмірсутегі қоры бойынша екінші орынды иеленеді. Құрлықты қоса алғанда, Қазақстан Республикасының көмірсутегі шикізатының бекітілген алынатын қоры мынадай: мұнай – 30 млрд.барр. (4.0 млрд.тонна); газ – 3.0 трлн.м3

Қазіргі уақытта мұнай мен газконденсатының расталған қоры шамамен 2,7 млрд.тоннаны құрайды. Егер өндіру жылына 17,5 % өссе және 2015 жылға қарай қазіргі 35 млн.тоннадан шын мәнінде 400 млн.тоннаға дейін жететін болса, онда оның барлық көлемі сол 2,7 млрд.тоннаға жететін еді. Мұнайдың болжамды ресурстарының бағалаулары 3,4 млрд.тонна мен 12 млрд.тонна арасында өзгеруде, бұл ретте осы тақырыптағы жарияланымдарда қандай қорлар – геологиялық, яғни жалпы немесе тиімді алынуы мүмкін (каспийлік өңірдің кенорындарындағы алынатын қор геологиялық қордан 4-5 есе аз) қорлар ма екендігі туралы сирек айтылатындығы түсініспеушілік тудырады. Мәселен, әлі барланбаған алынатын қор шамамен 6 млрд. құрасын (АҚШ Геологиялық қызметінің күрделі еңбектерінде көрсетілген бағамдар бойынша, орташа есеппен алғанда 2,8 млрд.тонна кезінде, Қазақстан ресурстарының 1млрд. пен 7 млрд.тонна арасында өзгеретіндігін есекеретін болсақ, бұл өте қуанарлық болжам). Онда, мұнай өндіруді 2015 жылға қарай 400 млн.тоннаға жеткізе отырып және оны одан әрі осы деңгейді сақтай отырып «саудтық» нұсқа қолданылған жағдайда, Қазақстанға мұнай 2030 жылға дейін жетер еді. Әрине бұл Норвегия, Англия, Канада, Қытай және басқа да мұнай өндіруші елдердің мұнай өндірісінің болжанып отырған 8 және 15 жыл аралығында өзгеретін пайдалану уақытынан көп. Бірақ, Сауд Аравиясының (өндірудің қазіргі деңгейі сақталғанда және болжамды ресурстарды ескермегенде 85 жыл) және Ирактың (120 жыл) қорларын пайдалану мерзімінен және біздің қалауымыздан анағұрлым аз. Ресурстар туралы жоғарыда айтылған болжамдар кезінде өндіруді 2015 жылға дейін жылына 10 % өсіре отырып және оны кейіннен 150 млн.тонна деңгейінде ұстап, біркелкі пайдалану нұсқасын қолданған дұрыс болар еді, бұл жағдайда – мұнай 2067 жылға дейін жетеді. Келтірілген есептер көп жағдайда шартты сипатқа ие екендігі түсінікті. Бір жағдай анық: мұнай өндірісін дамыту стратегиясы ұзақ мерзімді негізде және барланған мұнай қорын ескере отырып, құрылуы және түзетілуі тиіс.

Қазақстанның мұнай мен газын тасымалдауды екі компания жүзеге асырады: «КазТрансОйл» және «КазТрансГаз» , бұлар «ҚазМұнайГаз» МК АҚ бала компаниялары болып табылады. ҚазТрансОйл кіріспесінде алты жарым мың шақырымнан астам магистральды мұнайқұбырлары орналасқан олардың ішінде – «Өзен-Атырау-Самара», «Қаламқас-Қаражанбас-Ақтау», «Жаңажол-Кеңқияқ-Орск», «Омск-Павлодар-Шымкент-Шарджоу», қырыққа жуық насосты-тарту стансалары болса, мұнайқоймасының жалпы көлемі миллион шаршы метрін алып жатыр. Теміржол цистерналарына құюдағы терминал қуаттылығы жылына 5 млн. тоннаны құрайды [25. 20-24бб].

«ҚазмұнайГаз» АҚ қарамағында 300 газалу агрегаттары орнатылған 9 мыңнан астам магистралды газқұбырлары, 26 компрессорлы стансалары бар. Компания халықаралық газ транзиті бойынша қызмет көрсетеді, қазақстандық газды экспертерлерге жеткізуді жүзеге асырады, сонымен қатар газды ішкі рынокқа жеткізумен айналысады. Газды Қазақстан территориясы арқылы халықаралық транзиттеу «Оренбург-Новопсков» және «Союз» (Ресей газы), «Орта Азия-Орталық» (түркімен мен өзбек газы) магистралды газқұбырлары бойынша, сонымен қатар «Бұқара-Орал» және «Бұқара газсору ауданы – Ташкент — Алматы» (өзбек газы) құбырлары арқылы жүзеге асады. Жалпы көлемдегі тасымалдаудағы Қазақстандық магистралды газқұбыры бойынша халықаралық транзит 90 процентті құрайды.

Көлемі жағынан ірі Газды тасымалдау бағыты «Орта Азия-орталық» (ОАО МГ) магистралды газқұбыры болып саналады. Газ құбырларын жаңарту бағдарламасы ОАО МГ қуатының жылына біртіндеп 54,6 млрд. шаршы метрден 100 млрд. шаршы метрге ұлғаюында қаралады.

Газдың экспорттық бағыттағы даму аясында ҚМГ қазақстандық және мүмкін ортаазиялық және ресейлік газдарды Қытайға жеткізуді талқылайды. Қытайдағы жаңа салынған газқұбырының («Батыс-Шығыс» жобасы) қатарына енгізу есебімен қытай жағы газды Қазақстаннан импорттау мәселесіне қызығушылық танытқан болатын.

Қазақстандық газды экспорттау мәселесі «ҚазМұнайГаз»МК» АҚ мен «Газпром» ААҚ әлеуетті негізінде құрылған біріккен кәсіпорын болып табылатын «КазРосГаз» компаниясы қызметі аясында қарастырылады.

Бүгінгі таңда, Қазақстанда Атырау, Павлодар, Шымкент мұнай өндіру зауыты және Теңіз, Қазақ, Жаңажол газ өңдеу зауыттары істеп жатыр. Мұнай зауыттарының жалпы өндірістік қуаты жылына 20 млн тонна құрайды. Осымен қатар, олардың қуат қабілеттілігі тек 40 %-ға пайдаланып келеді, бұл қондырғылардың жұмысына және 60 % құрайтын шикізат өңдеу тереңдігіне кедергі келтіреді. Газ өңдеу зауыттары 6,25 млрд текше метр газды өңдеп, ілеспе газдың тек 60 % өңдейді. Осының салдарынан, жалпы көмірсутегін өңдеу мұнай мен газды айырумен ғана шектеліп, мұнай-химия шикізаты пайдаланудан тыс қалады. Ал осы шикізат полистирол, техникалық резина, шиналар сияқты бұйымдар өндіретін кәспорындардың іске қосылып, қалыпты жұмыс жасауына аса қажет.

Мұнай өнімдері өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасы Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі жүзеге асырады.

Өзге мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өз құзыреті шегінде мұнай өнімдері өндірісінің және (немесе) айналымының жекелеген мәселелерін реттеуге құқылы. Мұнай өнімдері өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу мыналардан тұрады:

  • мұнай өнімдерін өндіру жөніндегі қызметті лицензиялау;
  • мұнай өнімдерін өндірудің уәкілетті орган бекіткен ең аз көлемін, шикі мұнайды және (немесе) газ конденсатын жеткізу көлемдерін белгілеу;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің, ол белгілейтін уәкілетті және өзге де мемлекеттің органдардың құзыреттеріне сәйкес, сондай-ақ мұнай өнімдері өндірісінің және айналымының бірыңғай деректер қоры арқылы мониторинг жүргізу жолымен, ілеспе жүкқұжатын енгізу және жариялау тәртібін белгілеу арқылы мұнай өнімдері айналымына бақылау жасауды жүзеге асыру;
  • мұнай өнімдерінің сапасын бақылау.

Ал Қазақстан мұнайына шетелдік инвесторлардың келуі 1993 жылы “Шеврон” корпорациясымен Теңіз кен орны бойынша келісім жасаудан бастау алғаны белгілі. Қазіргі күні Қазақстанда “Эксон Мобил”, “Шелл”, “Эни”, “Шев­рон Тексако”, “Тоталь”, “Бритиш петро­леум”, “Лукойл”, Қытай ұлттық мұнай корпорациясы секілді әлемге танымал аса ірі компаниялар жұмыс істеуде. Шетелдік инвесторлар мен Қазақстан Республикасы еліміздің табиғи ресурстарын игеруді бірлесе отырып, табысты жүргізуде. Сондай бірлескен кәсіпорындардың бірі – Теңіз мұнай кен алаңын игеру мақсатында құрылған “Теңізшевройл” жауапкершілікгі шектеулі серіктестігі. Аталған жоба бойынша шетелдік инвестиция қаржысының көлемі 20 млрд. АҚШ доллар. Күні бүгін жарғылық қордағы үлестері бойынша “Қазмұнайгаз” ( 20% ), “Шеврон Оверсиз Компани” ( 50% ), “ Эксон Мобил Қазақстан Венчурс Инк.” ( 25% ) және ЛукАрко (5%) компаниялары ТШО – ның серіктестері болып саналады.

1993 жылдың 3 желтоқсанында ҚР Үкіметі SHELL (Голландия), STATOIL (Норвегия), MOBIL (АҚШ), BP (Англия), TOTAL (Франция), AGIP (Италия) шетелдік компанияларымен операторы «Қазақстанкаспийшельф» МК, ал консорциумның директоры Ж.Н.Марабаев болған халықаралық консорциумды құру туралы халықаралық келісімге қол қойды.1994-1996 жылдары кемінде 100 мың км2 алаңындағы су айдынында сейсмикалық, экологиялық, инфрақұрылымдық және басқа да зерттеулер жүргізілді. Сейсмикалық жұмыстармен Каспийдің қазақстандық секторының аймақтық құрылымы зерттелді, өте көп локалдық тұтқыштар, оның ішінде Қашаған, Құрманғазы, Қаламқас-теңіз және басқалары анықталды, олардың үлкен бөлігі іздеу бұрғылауды орнату үшін нақтыланды. 1997 жылы Қаазсқтанның Үкіметі ОКИОК консорциумымен өнімді бөлу туралы келісімге (ӨБК) қол қойды және 1999 жылы іздеу бұрғылау басталды. 20 жылдың шілдесінде Консорциум Шығыс Қашағандағы №1 ұңғымада мұнайдың табылғаны туралы жариялады. Сол кезде, ұңғымадан алынған мұнайы бар капсуланы қолында ұстап тұрып, Қазақстанның Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Бүгін Қазақстан халықы үшін бақытты күн. Қашағанда мұнайдың ашылуы — біздің тәуелсіздігіміз, болашақта гүлденуіміз, халқымыздың өмірін жақсарту үшін үлкен көмек. Қазақстандықтардың үміттері ақталды» деді.

2003 жылы ТШО – да шикі мұнай өндіру көлемі тәулігіне орта есеппен 35 мұнай тонна ( 277 мың баррель ) деп есептегенде 12,75 млн. тоннаға жетті. Бүгінгі өнім көлемін 1993 жылғы жылдық көрсеткіш – 940 мың тоннамен салыстырғанда, арада өткен жылдарда өндіріс деңгейінің қаншалықты өскендігін көреміз [26.9-12бб].

Еліміз өз тәуелсіздігіне ие болғаннан бастап Қазақстанның мұнайы мен газын тасымалдау және сыртқы рыноктарға шыға­ру мәселесі де республиканың өзін­дік мүддесіне сәйкес жаңаша шешімін табуда және барынша жедел дамып келе­ді. Мәселен, мұнай және газ құбырлары­ның жалпы ұзындығы 1990 жылы 3,5 мың шақырымды құраса, 1997 жылы ол 10,8 мың шақырымға жеткізілді. Мұнан кейінгі жылдардың өзінде мұнайды құбыр арқылы тасымалдаудың жаңа бағыттары ашылды. КТҚ желісі іске қосылып, Батыс елдері нарығына шығу мүмкіндігі қамтамасыз етілсе, Қазақстан мұнайын өте шапшаң қарқынмен дамып келе жатқан жаңа рынок Қытай Халық Республикасына жеткізетін мың шақырымдық Атасу – Алашаңқай мұнай құбырының салынуы әлем назарын аударған үлкен оқиға болды.

Жерінен табылған көмірсутегінің мол қоры сол елдің күрт дамуына негіз қалаға­нымен, егер осы мүмкіндік өз уақытында дұрыс пайдаға асырылмаса, сол байлық­тың ақыр соңында бақ орнына сорға ай­на­луы да ғажап емес екендігін бірқатар елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Бұған ең әуелі африкалық мемлекеттер мысал бола алады. Бұл құрлықта жер шарындағы мұнайдың барланған қорының 7,2 пайызы сақталынып отырғанымен, одан халықтың шекесі шылқып отырғандығы шамалы. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан бастап қолдарына жаппай тие бастаған тәуелсіздіктің қадір-қасиетін дұрыс баға­лауға мүмкіндіктері жетпеді ме (бұл құр­лық елдері халықтарының білім деңгейі тө­мен екені белгілі), жоқ әлде заман ағы­мына сәйкес лайық­ты саясат түзей алмай қалды ма (кейбір сарапшылар қара құрлықтың дамуына осында етек алып кеткен сыбайлас жемқорлық пен тәртіптің осалдығы кері әсер етіп отыр дейді), әлде сол тәуелсіздік қолдарына тым кештеу келіп тиді ме (Африка елдеріне жаппай тәуелсіздік берілуінің себебін құрлықтағы маңызды шикізат қорларының таусыла бастауымен байланыстыратындар да бар), әйтеуір Африканың көп халқы кедейлік пен кикіл­жің шырмауынан шыға алмай-ақ қойды.

Мамандардың пікіріне қарағанда, көмірсутегі шикізатын тиімді пайдалана білу мәселесі көп жағдайда сол ел үкіметінің іскерлігіне байланысты болып келеді. Өйткені, жер қойнауынан табылған мұнайдың мол қоры осы саланың шикі­заттық бағытының жеделдетіле дамуына мүмкіндік ашады да экономикалық қызметтің басқа салаларының тең дәрежеде дамуын бұзады. Осыдан барып көмірсутегі шикізатына тікелей қатысы жоқ салалар зардап шеге бастайды. Әр сала бойынша еңбек ететін адамдардың алып отырған жалақыларында үлкен айырмашылықтар пайда болады. Демек, Үкімет елдің мұнай-газ саласында игеріліп жатқан үлкен байлық көзіне екінші бір сала адамдарының, мәселен ауыл халқы­ның қол жетімділігін қамтамасыз етуге тиіс. Мұны қалай жүзеге асыруға болады?

Екіншіден, жерінен табылған мол шикізат көзі, халықты жеңіл күнкөріс жо­лы­на қарай жетектеп, сапалық тұрғыдан дамуына кері әсер етуі де ғажап емес. Мәселен, араб мемлекеттері шылқыған байлық үстінде отырғанымен бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштері жөнінен Оңтүстік Шығыс Азия елдерінен көп төмен жатыр. Мұндай жағдайда “өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай” дегендей халықты да сын тезіне салып, экономика­ны да талап дәрежесінде дамытудың қан­дай жолдары бар. Үкімет міне, осындай күрделі мәселелерге дер кезінде жауап беріп, соған сай әрекет жасауы тиіс.

Шетелдік сарапшылардың деректеріне қарағанда, бірқатар елдердің үкіметтері осындай мәселелермен дер кезінде шұғылданбағандықтан артынан үлкен қиындықтарға ұшыраған екен. Мәселен, әлемдік барланған мұнай қорының 6,3 пайызына иелік еткен Венесуэла елі өз экономикасының жоғарыдағыдай айықпас дертке душар болғандығын 40 жыл бойы ұға алмай келген. Ал Бразилия экономи­касы, серпінділік стратегиясы дер кезінде жасалынбағандықтан, дамудың 4 пайыздық қарқынына да төтеп бере алмай, шабандықтың күйін кешкен [18.2-6бб].

Қазақстанның мұнай дәурені 40 жылға есептелгені белгілі. Міне, осы уақыт ара­лығында Қазақстан мұнай мен газ арқылы кіретін инвестиция мен оны сатудан түсе­тін қаржыны пайдаланып, өзінің әлеумет­тік-экономикалық даму деңгейін жаңа сапалық арнаға көшіріп, әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің бірі ретінде қалыптасып үлгеруі керек. Елімізде мұның айқын тұжырымдамасы бар. Ол – “Қазақстан-2030” стратегиясы. Бұл стратегияны тәуел­сіз Қазақстанның тұңғыш Президенті, қазіргі Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев­тың алға қойған басты мақсаты, келер ұрпаққа тапсырар үлкен аманаты десе де болады. Елбасы болашақ Қазақстанды Орталық Азия барысы бейнесінде көргісі келеді. Осы үшін қазіргі қалыптаса баста­ған материалдық игіліктерді интеллектуал­дық игілікке айналдырудың, яғни адам сапа­сын арттырудың, сөйтіп қазақстан­дық­тарды әлемдік бәсекеге қабілетті ұлт ретінде қалыптастырудың барлық амал­дарын қарастырып бағуда.

Қазақстан үшін таңдауға лайық осын­дай маңызды стратегиялық өнім түрле­рінің бірі мұнай мен газ екендігі дау ту­дыр­маса керек. Жоғарыда айтып кетке­німіздей, осы өнімдерді шикізат күйінде сыртқа сату арқылы біз еліміздің басына түскен қиындықтарды аз жылда ескере алдық. Енді оны өңдеп іс қылу арқылы экономикалық дамудың жаңа да неғұрлым сапалы кезеңіне кіріспекпіз. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін Қазақстан Үкіметі шетелдік Nexant компаниямен бірлесіп, мұнай-химия өнеркәсібін дамытудың алдағы он жыл мерзімге арналған Бас жоспарын әзірлеген болатын.

Жоспар бойынша 2025 жылға дейін мұнай мен газдан қосымша құны жоғары көптеген өнім түрлерін алатын өндірістік кешендердің тұтас жүйесі қалыптаспақ. Жобаның бірінші кезеңін іске асырған жағдайдың өзінде ғана еліміздің батысын­дағы Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған кен орындарының шикізатын пайдаланатын бірнеше зауыт тұрғызылып, олар елімізге мұнай мен газдан түсетін табысты еселей түсетін болады.

Ал бас жоспарды жасауға қатысқан сарапшылардың болжауынша, алдағы уақытта әлемдік қауымдастықтың мұнай-газ өнімдерінің өзіне ғана емес, олардан жасалған бұйымдарға деген зәрулігі де арта беретін болады. Осы зәрулікті өтеу үшін ғана таяудағы 15 жылдың ішінде әлем бойынша этилен өндіретін 100, пласт­масса өндіретін 400 және аралық өнімдерге арналған 200 мұнай-химия зауыттарын тұрғызу қажет екен. Демек мұнай-газ шикізатына бай Қазақстанның халықаралық рыноктарда туындауы мүмкін осы бір олқылықтардың орнын толтыруға бағытталып отырған бұл ізгі ниеті әлемдік қауымдастықтың іскер топтары тарапынан қолдауға ие болуы әбден мүмкін.

Екіншіден, соңғы уақытта мұнай мен газ шикізатының және олардан өндірілетін өнімдер бағасының жылдан жылға ғана емес, айдан айға шарықтап өсіп келе жат­қан­дығын бұқаралық ақпарат құралдары­ның дүркін-дүркін хабарлауы бүгінгі қоғамның еті үйренген ағымдағы үрдісіне айналғанына да біраз болды. Мәселен, мұнайдың бір баррелі осыдан екі жыл бұрын ғана халықаралық рынокта 20-22 доллардан саудаланса, қазір 60 долларға дейін шарықтап отыр. Мұның өзі мұнай мен газдан жасалынған бұйымдар баға­сының да артатындығын, демек аталған жоспар жүзеге асқан жағдайда одан үлкен тиімділік күтуге болатындығын аңғартады.

Дегенмен, мұнайды шикізат күйінде алуға қарағанда Бас жоспарды жүзеге асырып, оны өңдеу ісін жолға қоюдың әлдеқайда күрделірек міндет екендігін де мойындауымыз керек. Өйткені, оған тек қаржы инвестициясы ғана емес, білім мен ғылымның, жаңа технологиялардың инвестициясы да қажет болатыны түсінікті. Демек “Үлкен істің басы қалай бас­талса, аяғы солай аяқталады” деген­дей, Бас жоспардың ойдағыдай жүзеге асуы Қазақстан мұнай-химия саласына қандай инвесторлардың келетіндігіне, олардың қандай технологияға сүйеніп жұмыс істейтіндігіне де көп байланыс­ты. Сондықтан бұл жерде әңгіме жаңа технология, білім, ме­нед­жерлер, контрактлер мен клиенттер секілді кешенді инвестициялар жайында болып отыр” деп ендігі инвесторларға қойылар талаптың да бұрынғыға қара­ғанда күрделене түскендігін орынды ескертіп өтті.

Әрине, Қазақстан Үкіметі еліміздің мұнай-химия өнеркәсібін дамыту ісінде тек сыртқы инвестор­лар­дың келуін ғана күтіп отыра бер­мейтіні түсінікті.

Айта кететін бір мәселе, Қазақстан мұнай-химия кешенін дамытуда жаңа өндірістік бағыт ретінде халықаралық рыноктарда сұраныс көлемі ұлғайып келе жатқан газ өнімдерін өңдеу мәселе­леріне басымдықтар беру көзделуде. Себебі, газды этанға өңдеу арқылы оның әр 1 мың текше метріне 300 доллар қо­сым­ша құн қосуға толық мүмкіндік бар екен. Сонда әр жыл сайын осы істің өзі­нен ғана 1 миллиард АҚШ долларынан астам табыс кіреді деп жобалануда [22.10-14бб].

Міне, осындай шараларға инвестор­лардың келуіне қолайлы жағдай туғызу, мұнай-химия өндірісін инвестициялық тартымды салаға айналдыру үшін Үкімет тарапынан салық жеңілдіктері қарасты­рылып, республиканың Салық кодексі жаңа баптармен толықтырылды. Атырау облысынан арнаулы экономикалық аймақ артықшылықтарын қолдана оты­рып, Ұлттық мұнай-химия технопаркін құру жоспарға енгізілді.

Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облы­сын­да мұнай-газ мәшинелерін жасау кластерін құру жөніндегі жұмыс қолға алынады. Осы мақсат үшін мәшине жасау кәсіпорындары, білім беру ұйым­дары, жобалау институттары, консал­тинг­тік компаниялар мен өңірлік техно­парктер көлденеңнен ықпалдасты­рыла­ды. Сонымен сайып келгенде айтары­мыз, Nexant компаниясы әзірлеп, Қазақстан Үкіметі бекіткен Бас жоспарға сәйкес елімізде таяудағы он жылдың ішінде ірі көмірсутегі кен орындарының маңайынан 8-10 мұнай-химия кешені тұрғызылмақ. Сонымен қатар мұнай-газ компанияларына сервистік қызмет көр­се­ту жандандырылмақ. Бұл отандық шағын және орта бизнестің дамуына ықпал етпек. Бұл шара Қазақстанның халықаралық еңбек бөлінісіндегі орны мен рөлін одан әрі бекітіп, табыс көле­мін молайтады деп күтілуде. Соған сай қолдау шаралары ұйымдастырылуда.

Сонымен қатар, қазіргі таңда мұнай-газ саласында бірнеше жоба бойыншада жұмыстар атқарылуда. Мысалы:

«Теңіз» жобасы.

1993 жылдан 2005 жылға дейінгі кезеңде барлығы 111 млн. тонна шикі мұнай шағарылды, соның ішінде 2005 жылы – 13,5 млн.т.

— 2006 жылы 13,6 млн. тонна шикі мұнай шығару жоспарлануда;

— 2003 жылдан бастап Екінші Буын Зауыты (ЕБЗ) жобасы және құны 3,5 млрд. АҚШ доллары болатын Шикі Газ Айдаулары (ШГА) іске асырылуда;

— Осы жобаларды пайдалануға енгізумен бірге «Теңіз» кен орнында мұнай шығару жылына 22 млн. тонна деңгейге жетеді;

Жобаларды аяқтау 2007 жылдың аяғына белгіленді.

Солтүстік – Каспий жобасы

Солтүстік – Каспий жобасы Каспий теңізінің Қазақстан секторындағы маңызды жобалардың бірі болып табылады. 2005 жылдың мамырында жобада «ҚазМұнайГаз» «Бритиш Газдың» үлесін алғаннан кейін, қатысушылардың құрамы келесі түрде болды: «Аджип ККО», «Шелл», «Тоталь», «ЭксонМобил» – 18,52%, «КонокоФиллипс» – 9,26 %, «ҚазМұнайГаз» және «Инпекс» — 8,33%-дан. Қашағанда Солтүстік-Каспий жобасын жүзеге асыру шеңберінде:

— 2005 ж. 1 бағалау-пайдалану және 2 пайдалану ұңғымалары, 2006 ж. 1 бағалау-пайдалану және 2 пайдалану ұңғымалары бұрғыланды.

Осы аталған жобалар міндетті түрде белгілі бір мемлекеттік жоба немесе бағдарлама негізінде жүзеге асады. Республикамыз үшін маңызды тапсырмалардың бірі Каспий теңізінің Қазақстан секторын игерудің Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру болып табылады. Бағдарламаның бірінші кезеңін 2003-2005жылдар аралығында аяқтады. – КТҚС кешенді игерудің жағдайларын жасау және екінші кезеңді 2006-2010жылдар аралығынада да қарқынды игеруді іске асыруға кірістік. Министрлік Бағдарламаның екінші кезеңіне Каспий теңізінің Қазақстан секторын игеру шараларының жоспары жасалып және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылдың 13 шілдесінен № 673 қаулысымен бекітілді.

Екінші кезеңде көмірсутекті теңізден өндіру және КТҚС игерудің бірінші мұнай-газ жоспары бойынша экономикалық нәтижелердің өсуі басталады.

Қазіргі уақытта Каспий құбыр желісі консорциумының (КҚК) өткізу қабілеттілігін кеңейту жобасын іске асыруға үлкен мән берілуде. КҚК мұнай құбыры қазақстандық мұнайды экспорттық жеткізудің ірі бағыты болып табылады, ол бойынша мұнай айдау көлемі тұрақты артуда. Мұнай құбыры қуатын ұлғайту шарттары келісілді, ол қуатты ақыр аяғында жобалық деңгей — жылына 67 млн. тоннаға дейін арттыру жоспарлануда.

Қазақстандық мұнайды экспорттаудың екінші ірі бағыты – «Атырау — Самара» мұнай құбыры. Батыс Қазақстанда мұнай өндірілімі көлемінің жоспарланған өсімін ескеріп, осы мұнай құбырларының қуатын жылына 20-25 млн. тоннаға арттыру туралы қызығушылық бар. Қазіргі кезде бұл мәселе ресейлік тараппен пысықталу деңгейінде.

Экспорттың басқа бағыты «Құрық-Баку-Тбилиси-Джейхан» көлік жүйесін жасау жобасы болып табылады, болжам бойынша, мұнай Каспий теңізінің қазақстандық жағалауынан Бакуге және одан әрі «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры арқылы тасымалданады.

2006 жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы Президенттері «Мұнайдың Каспий теңізі арқылы Қазақстан Республикасынан Әзірбайжан Республикасы аумағына одан «Баку-Тбилиси-Джейхан» жүйесі арқылы халықаралық нарыққа тасымалдануына қолдау мен көмек көрсету жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасында Келісімге» қол қойды  [22.5-14бб].

Қазіргі уақытта мұнайды басқа елдерге және әртүрлі бағытта тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жүйе жасалды десе де болады, бұл Қазақстанда жұмыс жасайтын, мұнай өндіретін барлық компанияларға дерлік қазақстандық мұнайды өткізу нарығының ең қолайлысын және тұрақтысын таңдап алуға мүмкіндік береді.

Әрине, егеменді еліміздің экономикалық секторында негізгі шешуші роль атқаратын-мұнай-газ саласын үнемі ізденістер мен соңғы ғылыми жаңалықтарсыз елестету мүмкін емес. Сол себепті де осы салада бірнеше конференциялар мен бас қосулар болып тұратыны шындық. Мысалы: 2005 жылдың 18 наурыз күні Алматыда мұнай-химияны дамыту тақырыбында өткен I конференциясында қазақстандық ғалымдар тобы мен қатысты мекемелердің өкілдері осы саланы дамыту мәселелерін терең талқылаған болатын. Ірі мұнай өндіруші елдердің қатарындағы Қазақстанның көмірсутегі шикізат өнімдерін әрмен қарай мұнай-химия өндірісінде өңдеуден өткізуге талпыну өте орынды. Қазақстан өкіметі құлдыраған кәсіпорындарды қалпына келтіріп, жаңадан өндіріс көздерін құруға үміт артып отыр. Бұл энергетика және минералды ресурстар дайындаған 2015 жылға дейінгі мұнай-химия және химия салаларын өркендету бағдарламасында қомақты орын алды.

2005 жылы 23 қараша күні Астана қаласында өткен «Қазақстандағы мұнай-химияның дамуы, қазіргі кезеңі және болашағы» тақырыбындағы II халықаралық конференциясында мұнай-химия саласының даму бас жоспары талқыланып, ғылыми мәселелері мен әлемдік озат технологияларды ендіру, саланың бәсеке ортасындағы мүмкіндіктері және келешектегі өнімдерді әлемдік полимерлер нарығына шығару әдістерін игеру  мәселелері қарастырылды. II конференциядағы ҚР Премьер – Министрі Даниял Ахметовтың айтуы бойынша көмірсутектерді өндіру мен барлау жұмыстарына лицензия алатын компанияларға қойылатын негізгі талаптардың бірі — мұнай-химия кешеніне қатысуы болмақ. Осыған қоса айтылған кешендерде «экономикалық ерік аймақ» ашу (СЭЗ), қатысушыларға түрлі салықтық жеңілдіктер беру ниетіне қарағанда, өкіметтің инвестициялық саясатының маңызды саланы дамытуға бет бұрғанын көрсетеді.

26 сәуірде Алматыда өткен III Халықаралық мұнай-химия конференциясында Атырау облысында жаңадан салынатын мұнай-химия кешені жобасының таныстыру рәсімі өтті. Қазіргі заманға сай құрылатын кешен қуаты жылына 400 000 тонна тығыздығы төмен және жоғары полиэтилен, 400 000 тонна жүйелі полиэтилен және 400 000 тонна полипропилен өндіретін болады. Жобаның жалпы құны 3,5 млрд АҚШ долларға бағаланып отыр. Көзделген жобаны жүзеге асыруға BASSELL, Shell International сияқты әйгілі әлемдік мұнай-химия компаниялары мен қаржы институттары ат салысуға ынтасын білдірді. Жақында, осы мақсатта, аталмыш компаниялармен тиісті Меморандумға қол қойылған болатын. Қазақстан жағынан қатысушылар «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру», «ATOLL» және жекеменшік «SAT&Company» кәсіпорындары болды [16.2-6бб].

       Соңғы жылдары Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінен табылған “қара алтын” қорын қоспағанда қазіргі таңда ел еншісінде 15млрд. тоннадан астам мұнай мен көгілдір отын (газ конденсаты) және 6трил. шаршы метрден астам табиғи газ қоры бар екен.Дегенмен, еліміз күні бүгінге дейін тек сол қолдануда ғана емес, кейін оны нарық базарында жоғары бағаға сатып, одан түскен қаржыны елдің басқа да толып жатқан қажеттліктерін өтуге жұмсап, тұтастай ел игілігіне айналдыра білуде де болса керек.

Соған қарай, еліміз соңғы жылдары өзінің мұнай мен газ қорының көлемін молайту мақсатында итальяндық “Аджип”,ұлыбританиялық “Бритиш газ”, норвегиялық “Статойл”, француздық “Тоталь”, нидерландтық “Шелль”компанияларымен бірлесіп, кең көлемді геофизикалық барлау жұмыстарын жүргізіп, үлкен табыстарға да қол жеткізді. Мұның сыртында соңғы жылдары еліміздің әр қиырындағы шағын мұнай және газ өндірісі кешендерінен табылған байлық қоры тағы бар.

Тәуелсіз Қазақстан үшін ендігі кезектегі тағы бір басты міндет-өз иелігіндегі сол мұнай мен газ шикізатының мол қорын әртүрлі тасымал жолдары арқылы экспортқа шығарып, одан ел қазынасына қомақты қаржы түсіру.

        Міне, осыған байланысты, 90-жылдардың орта кезінде елімізде көптеген шетелдік компаниямен біріккен Каспий Құбыр Консурциумы құрылып, аз уақыттың ішінде–ақ қыруар жұмыстар тындырылып үлгерді.

Сонымен бірге, қазіргі кезде Қазақстанның мұнайын темір жол тасымалы арқылы Еуропа елдеріне жеткізіп, нарық базарында сатудың қолайлы мүмкіндіктері де қарастырылу үстінде.

Сондай–ақ, бүгінгі Қазақстанның сапалы мұнайына қызығып отырған елдер мен осынау мол байлықты әлемдік мұнай базарына шығарып, сатысуға қол ұшын беруге өтініш білдіріп отырған елдер де аз емес. Қазақстан жағы өз кезегіндегі осының бәрін ескере келіп, Батыс Қазақстанның мұнайын Ақтау қаласындағы теңіз порты арқылы Әзірбайжанның Баку теңіз айлағына, одан әрі Кавказдың құбыр жолдары арқылы Қара теңіздің жағалауына дейін тасымалдап, Иран елімен мұнай алмасуды да бірден–бір қолайлы бағыт деген тұжырымға келіп отыр.

Сонымен мұнай мен газ қорының молдығы жағынан қазірдің өзінде-ақ Екінші Кувейт аталынып жүрген  тәуелсіз Қазақстанның жерасты байлығын игеру жұмыстары қызу қарқынмен басталып та кетті деуге негіз бар.

Еліміз өз иелігіндегі ондаған іргелі мұнай-газ өнеркәсібі кеніштерін игеруде де осындай қолдау-көмекке – шетелдік несиелерге арқа сүйеп отыр.

Алыс-жақын шетелдердің миллиондаған долларлармен есептелетін әлгіндей  қомақты қаржы көздері қазірдің өзінде-ақ ел қазынасына ағып келіп жатыр. Қарапайым есеппен алғанда, бүгінге әлдіндей мол қаржының бір бөлігі үлкенді-кішілі кеніштерді игеруге жұмсалады, ендігі бір бөлігі ел тұрғындарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартып, ауыл-село, қалаларды өркендетуге де кеңінен пайдаланып келеді. Осындай қолайлы мүмкіндіктердің арқасында соңғы алты-жеті жылдың ішінде Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында жаңадан емхана, мектеп, мәдениет үйлері мен спорт сарайлары салынып, пайдалануға берілсе, енді бір жерлерде жергілікті жастардың шетелдердің небір атақты деген жоғарғы оқу орындарын білім алуларына да түрлі жағдайлар жасалынуда. Осыған қарап, егер,

соңыра Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде мол мұнай қоры мен қазыналы Қарашығанақтың көгілдір орынын игеріп, экспортқа шығару ісі толық көлемде жүзеге аса бастайтын болса, бүтіндей ел-жұртымыздың жағдайы күн өткен сайын жақсарып, қалалары мен ауылдары гүлденген үстінде гүдене берер еді деуге де толық негіз бар.

Отандық мұнайшыларымыз бен газ өндірісі саласы мамандарының талайдан бергі тындырып келе жатқан жанқиярлық еңбектерімен қазірдің өзінде-ақ таныс болуға тиіс. Жоғарыдағыдай стратегиялық бағыттағы жұмыстармен бірге соңғы жылдары еліміздің әр қиырынан кішігірім мұнай-газ кен орындарында да көптеп ашып, қатарға қосуда. Мәселен, еліміздің Батыс өңірі мен Қызылорда облысынан ашылған осындай кеніштердің мұнайы мен газын Қазақстанның әр қиырына дейін жеткізіп, елдің ішкі өндірістік және тұрмыстық қажеттіліктеріне жұмсау да көзделініп отыр. Соның ішінде, Батыс Қазақстанның Ақсай қаласынан тартылған газ құбырын Солтүстік Қазақстан облысындағы ауыл-село, қалалар арқылы Астана қаласына дейін жеткізу жоспарлануда. Ал, “Қуатмулонмұнай” атты тағы бір шетелдіктермен бірлескен компания бүгінде еліміздің Шығыс өңірін энергетикалық кіріптарлықтан құтқарып, осы аймақтағы кәсіпорындар мен шаруашылықтарды өз жанармайы һәм өз көгілдір отынымен қамтамасыз ету мақсатында да ілгері жұмыстар жүргізіп келеді.

Оның үстіне, осы жуықта ғана Батыс Қазақстанның Чинарев кенішінен мұнайдың мол қоры табылғандығы туралы да ақпарат таратылды.

        “Қазақойл” ұлттық мұнай-газ компаниясы мамандарының пікіріне жүгінсек, бұл жаңа кеніштің мұнайы көлемі жағынан Қазақстандағы қазіргі іргелі деген мұнай кеніштерінің бәрінің де мұнай қорынан асып түседі екен.

Демек, мұнайлы Қазақстанның жарқын болашағы мен бақытты күндері де әлі алда.

 

1.2     Тәуелсіздік жағдайында мұнайгаз саласындағы орын алған                           

                  қиыншылықтар

 

 Қазақстан Респубикасының мұнай-газ саласы өзінің қалыптасу тарихында өте ауыр да, дағдарыстық жылдарды басынан өткізді. Осы жылдар аралығында стратегиялық секторымыздың қалыптасу үшін көптеген жұмыстар атқарылғаны шындық. Қазақстан Республтикасының қорда жатқан мұнай-газының өлшемі де баршылық. Мысалы: табылғандары-4000, болжам бойынша-17000 (млн тонна) Қазақстанның қолға алынған табиғи газдың мөлшері-22,5 трлн куб метр болса, ендігі кезектегі мүмкін болатын мөлшер-10 трлн куб метр. 2000 жылы Қазақстанда 66 негізгі көзі табылса, оның жетеуі газ шығаратын аймақ болып табылады және олардан алынатын өнім пайызы жалпы өнімнің 1,5% құрайды.

Баршамызға белгілі болғандай 90-жылдары мұнай-газ саласын өзгерткен жағдайлар орын алды. «Қазмұнайгаз» мемлекеттік компаниясы да өндірістің жалпы дағдарысына сай ауыртпашылықты бастан кешірді. Осы бір компанияның 1993 жылдың қаңтар айындағы балансына сай 103 мұнай орындарына ие болған. Мысалы: мұнай-1727482 мың тонна болса, газ-723576 млн куб метр болды. Осы бір мұнай-газ орындарының 63 мұнай орының жетеуі енді ғана өсу үстіндегі мұнай орындары (Теңіз, Жаңажол, Құмкөл, Қаражанбас, Батахан, Оңтүстік-Шығыс Қамысты).  Ал, қалғандары өте төменгі сын көтермейтін жағдайда. Себебі, құрал-жабдықтардың өзі көнеден қалған [27.10б].

90- жылдарда Республикамыздың мұнай кешені саласында жағдайдың ауыр болғанын айта кеткен жөн. Жағдай ауырлауына сонымен қатар, мұнай өндірудің баяулауы, қаржының орынды жұмсалмауы, банк жүйесінің тұрақсыздығы, сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыстың дұрыс орын алмауы және салық жүйесінің дұрыс жүргізілмегендігі де әсер етті. Сонымен қатар, мұнай-газ орындары мен көздерін пайдалануда да біраз олқылықтар байқалды. Мысалы:

— мұнайды өндіру жоспары мен орналасу тәртібінің сәйкес келмеуі

— жұмысшылардың жұмысын қадағалайтын сенімді техниканың болмауы және судың, ауаның, мұнай-газ жұмыстарының шығынын есептейтін сенімді бақылаудың жоқтығы:

— осы саладағы бақылау үшін арналған техникалық құралдар жаңа заманға сай келмеуі сияқты келеңсіздіктер орын алды.

Осы сәтте мұнай-газ саласы мен экономиканы тұрақтандырудың бірден-бір жолы мынандай төмендегі шешімдерге келу болды:

  • инвеститициялық үрдісті жандандыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;
  • мұнай-газ саласындағы қаржылық жағдайды тұрақтандыру, қаржы, салық, несие жүйелерін қалыпқа келтіру және тез арада қазақстандық мұнай тасушылар мен шет елдік тұтынушылар арасындағы келісім шартқа қол жеткізу:
  • мұанй-газ кешендері саласындағы жылу мен энергияны сақтау үшін экономикалық жағдай жасау:
  • мұнай-газ өндірістерін жекешелендіру мен акциясын сату үшін қолайлы жағдай туындату болды.

Ал, осы тұстағы мұнай-өндіріс саласында дамудың төмендеуі мен жұмысыздық байқалды. Сонымен қатар, инвеститициялық белсенділіктің болмауы, техниканың жетпеуі мен мұнай-газдың бәсекеге қабілетті бола алмауы ашық байқалды.

Өндірісте біршама күрделі мәселелер туындады. Негізінен осы жерде басшылар алдында тұрған міндет үш топты біріктіру болды.

  • өндірістік инфрақұлымы саласына:

а) өндіріс құрылымының қаржыланбауы

б) ескірген және қазіргі заманға лайықталмаған негізгі қорларды;

в) мемлекет ішіндегі өндірістің дамымаған өндіріс түрлерін;

г) өндірісті басқарудың тиімді жүйесінің болмауы;

д) қазақстандық жоғарғы технологиялық және сапалы өнімді қамтамасыз ететін мекеменің болмауы;

           2) өнімді өндіру саласы бойынша:

                а) экологиялық қауіпсіздіктің төмен жағдайы, өнімнің төмен техникалық көрсетіші, осы саладағы өнім шығарудың төмен көрсетіштері.

            3) өнімді қолдану саласы

                а) нарықтағы ірі кәсіпорындарының даралану (монополиялық) жағдайы, қазақстандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы стратегиялық мақсаттарының болмауы 

                б)қазақстандық өнімнің ішкі нарықта бәсекеге қабілетсіздігі

Сонымен қатар, мұнай-газ орындарын өңдеуде біршама қиындықтар кездесті:

  • пайдалы қазба орындарын өңдеуде сын көтермес өндіріс құралдарымен жұмыстың жүргізілуі
  • жұмыс шығынын реттейтін сенімді техникалық құралдың болмауы
  • қолданысқа енгізілетін пайдалы қазба орындарының тапсырылу жоспарының орындалмауы

Осы тұста және де мұнай-газ өндіру мөлшерінің күрт төмендеуі байқалды. Оның басты себептері:

  • мұнайды өндіретін, дайындап, таситын құралдардың ескіруі
  • керекті құрал-жабдықтар мен қосалқы материалдар алу үшін қаржының жетіспеуі байқалды.

Көптеген компаниялардың қаржылық жағдайы әлі де болса төмен дәрежеде сақталып, өнім өндіру қарқынының күрт төмендеуіне әкелген дағдарыстың байқалды. Көптеген компаниялардың мұнай-газ саласындағы қарыздары миллиардтаған тенгемен өлшенді [29.1-5бб].

Жалпы алғанда 1991-1997 жылдар Қазақстан Республикасындағы мұнай-газ өнімінің қарқынын мына кестеден көруге болады:

Көрсеткіш

1991ж.

1992ж.

1993ж.

1994ж.

1995ж.

1996ж.

1997ж.

1

2

3

4

5

6

7

8

Энергетика и жанармай өндірісі

 

 

26531,4

 

 

25848,4

 

 

22975,4

 

 

20278,9

 

 

20640,8

 

 

22960,0

 

 

22775,5

Газ және мұнай

мың/тонна

 

 

 

22036,1

 

 

 

21933,6

 

 

 

19572,2

 

 

 

18544,1

 

 

 

18122,8

 

 

 

21049,7

 

 

 

23405,9

Мұнай

мың/тонна

 

 

4553,3

 

3914,5

 

3403,2

 

1734,8

 

2518,0

 

1910,4

 

2369,6

6 кестенің жалғасы

 

 

1

2

3

4

5

6

7

8

Газ өнімі

Мың/тонна

 

 

18002,2

 

 

16865,5

 

 

14777,9

 

 

11774,8

 

 

10854,3

 

 

11126,9

 

 

9190,7

Автокөлік жанармайы

мың/тонна

3561,2

3374,6

2895,8

2207,4

2179,7

2296,0

1818,2

Керосин,

Мың/тонн.

 

1110,7

 

1000,6

 

525,4

 

250,1

 

248,7

 

267,9

 

232,4

реактивті

двигателдер

үшін жанармай

мың-тонн.

 

 

1109,7

 

 

1000,6

 

 

524,6

 

 

248,1

 

 

248,2

 

 

247,7

 

 

199,1

Дизелді жанармай

 

5007,9

 

4545,7

 

4333,9

 

3471,9

 

3303,3

 

3295,4

 

2820,7

Жанармай мазуты

 

 

6066,4

 

 

5846,0

 

 

5063,1

 

 

4172,2

 

 

3792,9

 

 

3857,8

 

 

3205,8

өндірілген мұнай мың/тонн

 

768,0

 

435,6

 

299,6

 

112,0

 

51,7

 

65,5

 

50,9

Газ

млн.куб.м.

 

 

7885,1

 

 

8112,6

 

 

6685,4

 

 

4487,9

 

 

5915,8

 

 

6524,0

 

 

8115,2

Соның ішінде табиғи

 

6403,7

 

6005,9

 

5416,0

 

3349,0

 

4215,7

 

3645,4

 

4282,9

Мұнайлы

 

1481,4

 

280,7

 

1269,4

 

1138,9

 

1700,1

 

2878,6

 

3832,3

Тотықтырылған газ

 

 

426,7

 

 

392,0

 

 

364,2

 

 

250,3

 

 

215,7

 

 

203,1

 

 

159,0

 

 

Осы бір кестеден байқайтынымыз қарастырып отырған кезеңде өндіріс өнімдерін өндіру қарама-қайшылыққа толы. Атап айтар болсақ, 1991 жылмен салыстырғанда 1997 жылы мұнай өндіру 23405,9 тоннаға өссе, ал мұнайдан алынатын өнім дайындау қарқыны тым төмендеген.

Мұнай-газ саласы еліміздің экономикасының негізі. Негізгі мұнайлы аймақ Батыс Қазақстан болып табылады. Атырау мен Маңғыстау облыстарында мұнайдың 70% шоғырланған.

Мұнай-газ саласындағы шет елге экспорттау мәселесі қазіргі таңға дейін өзекті болып отыр. 1999 жылдың өзінде экспортталған мұнай 20,66 млн тоннаны көрсетіп және сол үшін 1,7 млрд доллар алынса, 2000 жылдың алғашқы жарты жылдығында 10,5 млн тонна шикі мұнайды экспорттап және ол үшін 1,6 млрд доллар алған.

 

       7 кесте – Негізгі экспортталған тауарлар (АҚШ-тың млн доллары)

 

Жылдар

1997 г.

1998 г.

1999 г.

2000 г.

2001 г.

2002 г.

Барлық экспорт

6497,0

5334,1

5871,6

8812,2

8639,1

9670,3

Экспорт көлеміндегі мұнай мен газ

1671,1

1650,5

2309,3

4249,0

4254,7

5027,9

 

Мұнай өңдеу өнімдері

128,5

52,5

57,8

100,3

129,9

119,3

Табиғи газ

20,6

22,6

25,0

37,5

79,1

215,3

Қазақстандық мамандар 2000-2004 жылдар аралығындағы мұнайды экспорттаудың жалпы шығынын есептеп шықты. Соның ішінде экспорттауда Қазақстан 3,5 млрд доллар жоғалтса, ал Б. Құсаиновтың пікірніше тек «Бермуд үшбұрышында» жарты миллион қазақстандық долларлар жоғалған.

Мұнайгаз саласында жасалған реформалар барысында дамудың жоғарылауы мен төмен құлдырауын байқауға болады. Мысалы:

8 кесте –1990-2000 жылдар аралығындағы Қазақстан Республикасында мұнай өндіру өндірісінің экономикалық даму динамикасы

 

 

 

Көрсеткіш

1990 ж.

1995 ж.

1996 ж.

1997 ж.

1998 ж.

1999 ж.

2000 ж.

өндіріс өнімінің көлемі

млн тенге

 

 

 

834

 

 

 

66312

 

 

 

102370

 

 

 

142264

 

 

 

118275

 

 

 

339145

 

 

 

683279

Жалпы өндіріс өнімініндегі өнімінің пайыздық көрсеткіші

 

 

 

 

1,8

 

 

 

 

10,0

 

 

 

 

14,2

 

 

 

 

17,5

 

 

 

 

14,6

 

 

 

 

29,7

 

 

 

 

38,0

өндіріс орыныдары мен мекемелерінің жалпы саны

 

 

 

 

6

 

 

 

 

19

 

 

 

 

22

 

 

 

 

32

 

 

 

 

47

 

 

 

 

28

 

 

 

 

51

Соның ішіндегі негізгі өндіріс саны

 

 

 

 

6

 

 

 

 

18

 

 

 

 

22

 

 

 

 

32

 

 

 

 

44

 

 

 

 

28

 

 

 

 

50

өндірііс орындарындағы жұмысшылар саны

 

 

 

11,5

 

 

 

15,2

 

 

 

16,2

 

 

 

25,0

 

 

 

34,4

 

 

 

31,4

 

 

 

32,5

Жұмысшылардың орта есептегі жалақыларының көлемі

 

 

 

 

 

 

15892

 

 

 

25550

 

 

 

32911

 

 

 

32576

 

 

 

42172

 

 

 

65142

Шығын көлемі

Млн тенге

 

 

 

295

 

 

 

11380

 

 

 

25709

 

 

 

3977

 

 

 

-12460

 

 

 

78473

 

 

 

246450,9

Осы салаға салынған инвестиция

 

 

 

 

30240

 

 

24305

 

 

45843

 

 

82920

 

 

138827

 

 

275387

 

Кестеден көріп отырғанымыздай мұнай-газ өндіру 1996 жылдан бастап жақсы көрсеткішке ие бола бастаған. өндіріс өнімінің көлемі 80 есе өссе, мекемелер мен өндіріс саны 8 есе көбейе түскен.

Республикамыздағы осы мұнай мен газ саласының ең басты мәселесі көптеген техникалық құрылыстар 20-30 жыл бұрын салынған. Соңғы бес жыл көлемінде 360 миллион доллар шамасында инвеститицияға зәру, яғни қажет етеді  [29.5-12бб].

Жалпы айтқанда, Республикамызға осы мұнай-газ саласын басқаруда біраз күрделі мәселелер қалыптасып қалды. Мысалға алатын болсақ, өндіріс саласындағы жаңашыл технологиялар жетіспеді, ғылымның соңғы жаңалықтары да осы салаға дер кезінде тартыла бермеді және де мұнай-газ саласындағы мамандардың жетіспеушілігі де терең байқалды. Сонымен қатар, осы салаға тән өзіндік күрделі мәселелерде жетіп артылды.

Қазіргі таңда да егеменді еліміздің экономикасының шешуші секторы болып осы мұнай-газ саласы болып табылады. Көптеген осы саланың мамандарының айтуынша осы бір сектор әлі де болса осы ролінен айрылмақ емес.

Сондықтан да, қазіргі таңда қазақ мұнай-газ саласы сыртқы және ішкі факторлардың әсер етуімен дамып жатқан жайы бар. Осы жағдайды ескере отырып елімздің үкіметі де бірнеше маңызды бағдарламалар қабылдауда. Осының барлығы болашақта осы бір салалардың және Қазақстан Республикасының экономикасының дамуына үлкен үлесін тидірер деген сенімдеміз.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

      

 

 

  1.   МҰНАЙГАЗ САЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕК РЕСУРСЫМЕН   

           ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ: ТАРИХЫ ЖӘНЕ БҮГІНГІ КҮНІ

 

       2.1 Мәселенің Кеңес үкіметі тұсындағы жағдайы

 

Кеңес кезеңінде мұнай саласы мемлекет меншігіне алынды, барлық отандық және шетелдік ұсақ серіктестер, кәсіпорындар мен фирмалар таратылды. Олардың орнына іздеу мен барлау құқықтары берілген әр түрлі тресттер ұйымдастырылды. 1920 жылы мұнай кен орындарын өнеркәсіптік игеру үшін өз қолына пайдалану және іздеу бұрғылауды шоғырландырған 1922 жылы «Ембімұнай» тресті болып құрылған Мәскеу қаласындағы Орал-Ембі ауданының мұнай кәсіпшіліктерін басқару құрылды. Доссор мен Мақатты игерумен қатар 1930 жылы Байшонаста, 1931 және 1932 жылдары Сағыз бен Ескенеде тиісінше мұнай иірімдерінің ашылуына әкелген күмбездерде бұрын іздеу жүргізді. Мұнайды жинау, тазалау және тасымалдауға дайындау Доссор мен Мақатта жүргізілді, онда конструкциясы қазіргі инженер-конструкторларды таң қалдыратын үлкен сыйымдылықтар (2-3 мың (3) метрге дейін) жиналды. 20-шы жылдары мұнай сыйымдылықтарының көлемдері Доссорда 37 482 т, Мақатта – 16 142 т. болды. Ракушаның мұнай айдау зауыттарында 141 717 т. мұнай, 5 528 т. дистиллят, ал Ескенің резервуарларында – 1394 т мұнай болды.

Қазан революциясына дейінгі кезеңде жалпы Ресейде инженер мамандығы жоғарғы санаттағы болып есептелді. Өйткені, 1914-1915 жылдар аралғында Ресей жоғарғы оқу орындарында 10,7 мың адам, ал 1955 жылы КСРО-ның жоғарғы оқу орны 245 мың осы мамандықтағы адамдарды дайындап шықты [25.14-20бб]. 

Кеңес үкіметі өзіндік оқу жүйесін қалыптастыра бастады. Мысалы: 1918 жылы Мәскеу тау академиясы ашылып, осы академия ішінде мұнай технологиясы кабинеті жұмыс жасай бастады. Ал, 1923 жылы институтта өзіндік жеке мұнай факультет өзіндік жұмысын жасай бастады. (1930 жылы академия жеке мамандық бойынша бөлініп, соның ішінде Мәскеу мұнай институты да бар) Сонымен қатар, 1920 жылдан бастап мұнай мамандарын жасақтауда Грозный мұнай техникумы жұмыс жасай бастаған. (1923 жылдан бастап Грозный мұнай институты деп атала бастады)

1940 жылдан бастап инженер-техника және мұнай мамандарының жалпы саны 1 миллионды құрап, 1925 жылдық көрсеткіштен 7,5 есеге жоғары болды.

1950 жылдың 1 қаңтарына қарай «Қазақстанмұнай» бірлестігінің 131 адамы жоғары білімді болса, ал арнайы лорта білімі барларының жалпы саны 397 маман болды. Ал, 1957 жылдың 1 желтоқсанында ауыл шарушылығында арнайы орта білімді қазақтар жұмыс атақарады. 1940-1956 жылдар аралығында КСРО бойынша осы бір мамандық иелерінің саны 2,9 есе өссе, Қазақ КСР-да осы көрсеткіш 5 есеге өскені байқалған. Осы бір кезеңде сонымен қатар, ауыл шаруашылығы және мәдениет саласының аса бір өркендеген кезеңі болды десек қателеспес едік.

Осы КСРО көлемінде мұнай-газ мамандарын оқытып шығаруда И. Губкин атындағы Мәскеудің мұнай-химиясы және газ өндірісі институты да өз үлесін қосуда. Мыслаы: 1930-1957 жылдар аралығында әртүрлі мамандықтар саласы бойынша 6663 инженер дайындап шықса, 1921 жылы 2 қаңтарында құрылған М. Азизбеков атындағы Азербайжан мұнай және химия институтының 1932 жылғы түлектерінің 274 маманының 117-сі сол жерде қалса, қалғаны КСРО көлеміне таратылып, өз еңбектерін көрсетті.

1948 жылы И. Губкин атындағы  Мәскеудің мұнай-химиясы және газ өндірісі институтының Уфадағы филиалы Уфа мұнай институты деп өзгертіліп, 20 жыл ішінде 7 мыңнан астам мамандарды дайындап шықты.

Осы саланың маманы М. Милионшиков былай деді: «мұнайшыға тән қасиеттердің бірі өз істеріне берілгенді, ал Грозный мұнай институты өзінің түлектеріне осы бір қасиетті ерекше мықты сіңірді» деп жалпы мұнайшылардың таңдаған мамандығы ауыр да қажетті екендігін айтып кеткен [30. 308б].    Мына  1946-1957 жылдар аралығында мұнай техникумдарында көптеген түлектерін шығарып, оларды сәтті жұмысқа орналастырды:  1946-860 адам.,  1947- 999.,   1948-1872,   1949-2390,  1950-3476,  1951-3155,  1952-2825, 1953-3473, 1954-4115, 1955-4250,  1956- 5035, 1957-5693, барлығы 38143 мамандар; мұнай институтарының инженерлері — 23920, соның ішінде  1946-752, 1947-924, 1948-1600, 1949-1418, 1950-1353, 1951-1707, 1952-2259, 1954-2515, 1955-2735, 1956-3016, 1957-3189 адам [30, 54б]. 

КСРО жоғары оқу орындарындаөндіріс орындары үшін геология мен пайдалы қазбаларды барлау ісі бойынша төмендегідей мамандарды дайындады.  1950ж – 1 721 мың адам,  1955 жылы. – 3 976 мыңадам; пайдалы қазбалар орындарын зерттеу ісі бойынша 1950 жылы – 1 353 мың адам,  1955 жылы – 5 290 мың адам;  энергетики саласы бойынша 1950 жылы – 2 390 мың адам, 1955 жылы – 4 957 мың адам.

Барлық бітіріп шыққан  инженер-түлектер  1959 жыл – 108,6 мың адам,в 1962 мың. – 115,6 мың адам,  1965 жылы. – 159,2 мың адам.

1951-1959 жылдар аралығында  КСРО жоғарғы оқу орындарында жалпы саны 1 938,6 мың жоғарғы санаттағы арнайы мамандар дайындады. Лардың саны 731 мыңнан көп еді.  1958 жылдың соңына қарайауыл немесе халық шарушылығындағы орта және арнайы білімді мұнай-газ саласының мамандары (әскери емес адамдар) 7,5 миллион адамдар құраса, оның  3 миллионн жоғарғы оқу орнын тәмәмдағандар еді [31, 193б].

1950 жылы өндіріс пен өнеркәсіп саласындағы жұмысшылардың инженер мен мұнай-газ саласының мамандары 8,3 % құрады, ал 1960 жылы бұл көрсеткіш өсе түсіп 8,9 % жетті, ал 1970 жылы – 11,7% құрады.  1971 жылы КСРО жоғары оқу орындарында 287 мың мұнай-газ инженері дайындалса, ал салыстырмалы түрде алғанда АҚШ-та 52 мың мұнай-газ инженері дайындалды. КСРО-ның Халық шаруашылығында 1971 жылы 2 млн. 650 мың инженерлер жұмыс жасады  [31, 75б].

Ал, осы мамандардың алған білімін жетілдіріп отыру мақсатында білімдіру жетілдіру институттары ашылып, осы мақсатта 1968 жылы КСРО-ның мұнай өндіру және мұнай-химиясы өндірісі Министрлігінің жұмысшылары мен басқару мамандарының білімін жетілдіру институты ашылды [236, с.13].

Иә, осындай ауыр да, қажетті қызметті атқарған мұнайшы мамандар өз кезегінде мемелекет тарапынан марапатталып отырған. 1940-1959 жылы 69 мың адам түрлі медальдар мен ордендермен марапатталған. 22 жұмысшы Социалисттік Еңбек ері атағына ие болды.

1966-1970 жылдар аралығында КСРО-ның жоғарғы оқу орындарынан 2622,4 мың арнайы мамандар дайындалып шықты, олардың инженерлері – 1002,8 мың адам болса, ол әрине  38,3% құрайды.

Барлығы 1971 – 1980 жылдар аралығында ресурстік базаны нақтылап, күшейту мақсатында Қазақстан жоғарғы оқу орындарына бюджеттен 278 миллион сом ақша бөліп, оның 37 миллион министерстваның кейбір салаларына қарай бөліп және шарт бойынша оның  63 миллионы өндіріс мекемлеріне келісім бойынша берілді .

1960-1987 жылдар аралығында ауыл шаруашылығында орта және арнайы білімді мұнай-газ мамандары Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында– 5,3 есеге өсті.

149,2 миллион КСРО-дағы әйелдердің 65 миллионы қоғамдық өндірістерде қызмет атқарды. Жоғарғы және арнайы білімді көпшіліктің   60% әйелдер құрады. Сонымен қатар, әйелдердің үлесі инженерлік өндіріс саласында да өсе түсіп, 50% жетті.

Кеңес үкіметі тұсында жоғарғы білімді мұнайгаз саласындағы инженер мамандардың саны көптеп өсе бастады. Мысалы: егерде 1928 жылы 48 мың адамды құраса, ал  1940жылы бұл көрсеткіш 250 мың адамға дейін өсті, ал 50-жылдардың соңында миллиондық көрсеткішті көрсетті.  1989 жылғы статистикалық көрсеткішке сүйенсек 6 миллион жоғарғы білімді мұнай-газ инженерлері болған.

Патшалық Ресей тұсында өте аз санды және жекелеген топ қана болған, мұнай-газ саласының инженерлері мамандығы жалпы мамандыққа айналып, үлкен сұранысқа ие болды  [32, 109б].

1920-1982 жылдар аралығында КСРО-ның білім беру жүйесінде өндіріс орындарына жоғарғы санаттағы инженер-техникалық мамандар дайындап, соның ішінде мұнай-газ саласының мамандары да бар. Сөз жоқ осы мамандықты игерген ададмдар қоғамның еңбек етуші тобын көбейте түсті.

1935 жылға дейін Одақтың өндірістік статистикасында америка үлгісі бойынша өтпелі жетістікке немесе жұмысшылардың тұрақтану себебіне есеп берді. Ол коэффициент негізінде құрылып және ол ең кіші екі көрсеткішті бөлуменен есептелді. Яғни, белгілі бір уақыт аралығында жұмысқа алынғандар мен жұмыстан шығарлығандар санын сол уақыттағы жұмысшылардың орта санына бөлуменен саналды. Егерде сол уақыт аралығында  400 адам жұмысқа алынып, жұмыстан шығарылғандар саны1 200 адам болса, сол айдағы жұмысшылар саны  1620 адамды құраса, онда коэффициент жұмысқа алынғандар мен шығарылғандар санының төменгі көрсеткішін (бұл жерде 200), жұмысшылар санына бөлінеді (1620), ал бұл көрсеткіш  200:1620 х 100 = 12,3% . Өндірістегі өтепелілік коэффициентінің дәл әрі нақты көрсеткішін білу үшін осы бір тәсіл мен қатар, жұмысшылардың саны мен олардың жұмыстан босағандарының санына бөлу арқылы да алуға болады [240, с.379].

1990 жылға дейін өндірістің барлық салаларында жұмысшы кадрларының тұрақтамауы байқалды. Осы мәселе бойынша жхүргізілген зерттеулердің нәтижесіне қарағанда, анкетадағы сұрақтарға жауап берген жұмысшылардың мәліметіне қарағанда жұмысшылар жұмыс орында және басқа жағдайда өздерінің лауазымына разы болмайды екен. Ал, жұмыстан кетуінің немесе кетірілуінің себептерін төмендегідей:

1) кәсіптік себебі, өзінің игерген мамандығына қатысты ұстанымы, жұмысының кәсіптігілімен сай келуі ескеріледі;

2)  өндірістің жұмысты ұйымдастыруымен байланысты себебі, бұл жұмысшының күн тәртібі ескерілуі тиіс, яғни жұмыстың ауысымы, орындалатын өнімінің мөлшерінің қалыпты болмауы, жұмыстың ыңғайлылығы;

3)  жұмыстағы жағдайдың қаралуына байланысты себебі, ол жерде басшылықтың жұмысшының жұмсайтын еңбек күшімен санасуы, жұмыстың жұмысшының жүйке жүйесіне әсер етуімен және жұмыстың денсаулыққа әсер етуімен байланысты ;

4) жұмысшының өмірлік ұстанымына, денсаулығына қатысты, оның отбасылық жағдайына байланысты өзіндік себебі;

 5) жұмысшының жеке өміріне қатысты себебі,  ол жерде жұмысшының алып жүрген жалақы мөлшері, тұрғын-жаймен қамтамасыз етілуі, баласы болған жағдайда оның да балабақша және тағы басқа мекемелерімен қамтылуы;

6) жұмыстағы әріптестермен ара-қатынасыны байланысты себебі.

Жұмысшылардың тұрақтамауына байланысты өндіріс орынының өзіне  тікелей қатысты себептері:

– жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауына байланысты белгілі топтардың жалақысының тым аз болуы;

– өндірістегі денсаулыққа зиян істермен айналысатын жұмысшылардың түрлі жеңілдікке ие болмауы;

– жекелеген топтардың тұрғын үймен қамтылмауы;

– жұмысшылардың балаларына арналған мекемлердің болмауы;

– үй мен жұмыс арасында жолдың қашықтығы немесе ұзақ уақыт жол жүруге кетуі;

– жаслған жұмыспен оған төлентін ақшаның сай келмеуі;

– жұмыстағы зиянды аймақтардағы жұмыстың көптігі және соған сай ақшаның төленбеуі;

– маманға өндірістің риза болмауы және т.б.

Жұмысшылардың тұрақтамауы өдірістегі күрделі мәселе болып табылады.. КСРО бойынша жалпы жұмысшылардың 22,1%, Қазақ КСР бойынша – 32,7% құрайды [32.128б].

КСРО бойынша 1950 жылы.  39 756 адам болса, соның ішінде Қазақстанда  – 2156 адам; 1955 жылы  сәйкесінше 62791 және    2592 адам; 1960 жылы. — 70310 және 2732 адам;в 1965 жылы.– 77 596   2852 адам. Өндірілген мұнайдың бір жұмысшыға шаққандағы көрсеткіші (тоннада) 1950 жылы. КСРО бойынша  – 938 құраса, Қазқхстанда – 490; ал 1955 жылы сәйкесінше  1076   және  540; 1960 жылы– 2087  және  589; 1965 жылы.– 3128 және  709.   Қазақстандағы жұмысшылардың қамтылу саны 1950 жылы. – 2950 адам, 1960 жылы – 3 500, 1965 жылы. – 8 100 адам. 1965 жылдың басында  мұнай-газ саласындағы жалпы жұмысшылар саны 700 мың адамды құраса, оның 300 мыңдай адамы  мұнай саласымен тікелей байланысты болды [34, 243б].

 Көріп тұрғанымыздай КСРО бойынша қарастырып отырған уақыта мұнай-газ саласындағы жұмысшылар саны 2 есеге өссе, Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш  1,3 есеге өскен.

 1962-1963 жылдар аралығында, соғыстан кейінгі жылда бала санының тууында жоғарғы көрсеткіштер байқалды. Бұл сөз жоқ жұмысшы санының көбеюіне әсер етті. 1966-1970 жылдарда өткен бесжылдықпен салыстырғанда жұмысшылардың табиғи өсіміның өскені байқалды. 80-жылдары жұмысқа қабілетті адамдардың саны күрт кеми бастады. Ол әрине бала тууына тікелей байланысты.  1964 жылы өндіріске қабылданған жұмысшылардың 70 пайызы бригадалық тәсілмен үйретілді[242, с.94]. 

 Егерде 60-шы жылдары жұмысшы саны 42% өссе, ал 70-ші жылдары –21 пайызға, соңғы 80-ші жылдары –5% пайызға өскен. Әрине, жұмыс күшінің азаюына әсер еткен ол-заман дамыған сайын қол жұмысынан гөрі электр энергиясының, механиканың негізгі жетекші роль атқара бастауы.

 Республикадағы жұмысшы санына келер болсақ, 1960 жылы 2270 мың адам деп есептелінсе, ал 1985 жылы. – 4641 мың, ал болса ауыл шаруашылығындағы жұмысшылардың 71% құрады.

М.Ж Ташеневтың 1963 жылғы санағы бойынша мұнай саласында 1933 казақ жұмыс істесе, 1977 жылы-4134,  1983 жылы-4303 адам істеген. Мұнай өндірісінде 1963 жылы ер адамдар  80,5% құраса, ал әйелдер 19,5% құрады, 1977 жылы сәйкесінше 64 және 36 пайызға шықты,  1983 жылы-58,7 және  41,3 пайыз болды. 1962 – 1977 жылдар аралығында. КСРО-дағы мұнай-газ саласының жұмысшылар саны 2,7 мыңнан 5,1 мың адамға дейін өсті. 1983 жылы бұл көрсеткіш 2,6 мыңға дейін қысқарды. Ол болса да аймақтағы мұнай технологиясындағы орын алған жаңалықтарға тікелей байланысты [9.109б].

1961 жылмен 1973 жыл аралығында жаңадан 117 училищ кәсіби техникалық білім беретін метептер ашылды, олардың жалпы саны 400 жетіп артылса,  жыл сайын 135 мың мамандарды оқытып шықты. 1966 жылы  Доссора мен Гурьевтегі  кәсібтік техникалық училищилерде  741 адам 9 мамандық бойынша бітірді. 1966 жылы «Қазақстанмұнай» бірлестігі жүйесінде 30-ға дейінгі 742 жұмысшы Республиканың түрлі оқу орындарында білім алды 1966-1970 жылдары Қазақстанның өндіріс орындарына 60517 кәсіптік-техникалық училищенің түлектері келіп қосылды. 1961-1980 жылдар аралығында кәсіптік -техникалық училищеге 705692 қазақ қабылданды. 1968-1978 жылдары аралығында кәсіптік-техникалық училище республикамызда Қазақстанның көп салалы идустриясы үшін 300 мамандық бойынша 1,5 млн. квалифицияланған жұмысшыларды  шығарды. 1973 жылы Қазақстандағы мұнай-газ өндірісіндегі  694505 жұмысшылардың 3719 адамы Жоғарғы оқу орынының дипломына ие болғандар еді, 4282-аяқталмаған доғары білімді, 24052-орта арнайы білімді болса және 158615-орта білімді болды [9,  342б].

70-ші жылдары  барлық өндіріс салаларының мамандарын дайындау мерзімі қысқарды. Мысалы: машина жасау ісі бойынша орташа 120 күннен 108 күнге, қара  металлургияда –78 күннен 56 күнге, мұнай өндірісінде 25 күннен 18 күнге, в көмір саласы бойынша 27 күннен 22 күнге.   70-ші жылдары құрылыс пен өндіріс саласында жұмышы көлемі азайып, тіпті олардың да қысқартуларға тап болғаны анықталды. 1986 жылы мұнай-газ өндірісіндегі жұмысшы саны 52%-дан 49% төмендеген.  1975 жылы КСРО-да әртүрлі саладағы білім алушылар саны 90 млн. адамды құрады. Сонымен қатар, жаңа енгізілген тәсіл бойынша 22 млн. 240 мың жұмысшылар  училище және кәсіптік-техникалық білімі барлар қатарына кірді. 1979 жылғы көрсеткіш бойынша  мұнай-газ өндірісіндегі жұмысшылардың 29,7% жоғарғы және орта арнайы білімі болса, 41,2% — аяқталмаған орта білімге ие болған екен. Кәсіби-техникалық білім жүйесі бойынша 100 мамандық бойынша мамандар дайындалды. 1941 жыл мен 1975 жылдары аралығында кәсіби-техникалық мекемелерде 33 млн. жоғарғы санаттағы мамандар дайындалды.

КСРО-дағы соңғы ғылыми жаңалықтарды ендіру циклы немесе уақыт аралығы  70-ші жылдары 17,5 жыл көрсетсе, бұл уақыт сол кездегі АҚШ-та – 6-8 жыл при көрсетсе, 70-ші соңында бұл көрсеткіш 4-5 жыл азайса, ал негізінде жаңа технологияны КСРО-да 6-8 жылда игерсе, АҚШ-та – 2 жылда игерген. Көптеген шет елдік елдер осы мұнай-газ салаларында ескі техниканы көп қолдана бермеді. Көптеген қаражат шешуші фактор-жұмыс орынын ашуға жұмсалды. Жұмыссыздық мәселесіне қарсы 1971-1975 жылдары аралығында өндірісте 2 млн.,  1976 – 80жылдары более 1 млн. жаңа жұмыс орындарын ашты. КСРО-да мұнай-газ және тағы да басқа сала өндрісіндегі станоктар саны жұмысшылардан көп болды. КПСС ОК Саясибюросының  15 қарашасында 1984 жылғы отырысында мынандай мәлімдеме жасалды: КСРО-дағы машинажасау саласындағы бір күнде 14% бар техникалар жұмыс жасалмайды, жұмышылар арасында бос сеңделу орын алған [39, с.365].

1961 – 1980 жылдары Қазақ КСР 160 млрд. сом капитал салынды, іске 2 мың ірі кәсіпорындармен, цех және өндіріс ашылды.

1985-1992 жылдар аралығындағы ауыл шарушылығында жұмыс істеген жұмысшылар санына келер болсақКСРО-дағы орын алған дағдарыс пен соңы КСРО-ның ыдырауымен аяқталғанына тікелей байланысты болды. Ал,  бұл жағдай Республикалар арасындағы шарушылық байланысын да үзіп кетті.

1980-1981 жылдары Қазақстаннның 55 Жоғарғы оқу орындарында кешкі және сыртқы бөлімде 102,6 мың өндірісшілер оқыса, 236  техучилищелерде-881 мың, 773 жұмысшы жастарының мектептерінде – 320,3 мың адам білім алды.  1981-1985 жылдары кәсіби-техникалық білім беру жүйесі  өндіріске 143406 жас мамандарды табыстады, соның ішінде мұнай-газ саласына -3381 түлек жіберілді.. Қазақстанның ауыл шаруашылығында 20% қазақтар еңбек етсеөндірістің – 12% қазақтар болды, ал Республика көлеміндегі жоғары білімді қазақтар 3% құраған екен [9, 237б].

1 қаңтар 1983 жылы КСРО-ның өндіріс саласында еңбек етушілер саны 37,6 млн. адам болып, қоғамдағы осы бір мамандыққа деген дұрыс көзқарастың қалыптасқандығын көрсетті.

1983 жылы  КСРО-да тұңғыш рет жұмысшы ұжымы және олардың қызмет атқаратын басқарушы мекемелер мен өндірістер туралы заң қабылдады.  Бұл құжат жұмысшы ұжымының қоғамдағы статусын анықтап берді, олардың қоғамдық қатынастағы ролін көтерді.  Олар әлеуметтік және экономикалық жоспарлауда, ұжымдық келісім шарттарды жасауда, еңбек заңының сақталуында, жалақының дұрыс әрі уақытылы берілуінде үлкен табыстарға жете бастады.

1989 жылы жоғарғы білімді мамандар саны 764.9 адамды құраса, арнайы орта білімді  – 1070.0 мың адам, сол жылы жоарыда атаған оқу орындарынан 42.0 түлек, соның мұнай-газ саласына қатыстылары – 11.0 мың түлекті құраған екен.

Сонымен қатар, 1985 жылдары жоғарғы білімді мұнай-газ саласының мамандарының ұйымдастыруымен геологиялық барлау мәселесі қолға алынды. Геологиялық-барлау ішкі саланы түбегейлі қайта реформалау кезеңі 1985 жылы басталып, әлі күнге дейін жалғасуда. 1986 жылы орталықтандырылған басқарудың артық буындарын тарату мақсатында Қазақ КСР-дің Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі таратылды. Оның орнына КСРО-ның Геология министрлігіне тікелей бағынышты Орал қаласында «Каспиймаңыгеология» бас аумақтық басқармасы (БАБ) (Т.Әкішев, Г.Семенычев, Э. Воцалевский) және Алматы қаласында «Қазгеология» бас үйлестірушілік геологиялық басқармасы (Е.Овчинников, Х.Өзбекғалиев) құрылды. «Каспиймаңыгеология» БАБ құрамына «Оралмұнайгазгеология», «Ақтөбемұнайгазгеология», «Қазгеофизика» қазақстандық геологиялық-барлау және геофизикалық бірлестіктерінен басқа, «Маңғышлақмұнайгазбарлау» кешенді экспедиция, сондай-ақ Каспий маңы ойпаңының ресейлік бөлігінде және Калмыкия, Астрахан, Волгоград, Саратов пен Пенза облыстарымен шектес аудандарда мұнай мен газ бойынша іздеу-барлау және геофизикалық жұмыстармен айналысатын Ресей Федерациясының геологиялық-барлау және геофизикалық ұйымдар кірді.Торғай бассейніндегі мұнай мен газ бойынша іздеу-барлау жұмыстарымен  «Қазгеология» ГКГУ айналысты. Аталған екі Бас басқарма республикада 1991 жылдың ортасына дейін, кейін Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі болып құрылған Геология және жер қойнауын қорғау комитеті құрылғанға дейін жұмыс істеді. Одан кейін осы геологиялық құрылым бірнеше рет қайта құрылды және қазіргі уақытта ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігінің құрамындағы Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті болды. Саланы қайта құрудың осы кезеңінде барлық өндірістік бірлестіктер бастапқы кезде холдингтер, ал одан кейін акционерлік қоғамдар (АҚ), бірлескен кәсіпорындар (БК) және жауапкершілігі шектеулі серіктестер (ЖШС) болып қайта құрылды. Геологиялық-барлау жұмыстарын мемлекеттік қаржыландыру тоқтатылды, ал жер қойнауын пайдалану жаңа республикалық заңнамаға сәйкес келісім-шарттық негізде жүргізіле бастады. Мұнай мен газ бойынша геологиялық-барлау жұмыстар саласындағы анағұрлым ірі жобаларды халықаралық консорциумдар мен интеграцияланған ұйымдар жүзеге асырды.Геологиялық-барлау жұмыстардың қалыптасқан жүйесі қазіргі уақытта да қолданылады.

1985-1992 жылдар аралығындағы ауыл шарушылығында жұмыс істеген жұмысшылар санына келер болсақ КСРО-дағы орын алған дағдарыс пен соңы КСРО-ның ыдырауымен аяқталғанына тікелей байланысты болды. Ал,  бұл жағдай Республикалар арасындағы шарушылық байланысты да үзіп кетті.

Кеңес өкіметі заманында мұнай-химия өнеркәсібі жалпы одақтық өндіріс шеңберінің бір бөлігі ретінде салынып, басым көпшілігі негізінде ресейлік шикізаттарды өңдеп, дайын өнімдері бүкіл Совет елінің сұраныс нарығына бағытталған болатын. Кейіннен, экономикалық және өндірістік қарым – қатынастардың үзілу салдарынан, қазақстандық мұнай-химия кәсіпорындары шикізат тапшылығы мәселесіне тіреліп, басым көпшілігінің 60 %-дан аса өндіріс қуаттары тозу – қажалуға жетіп,  өндірісін тоқтатуға мәжбүр болды.

 

 

  • Егеменді еліміздегі мұнайгаз саласының мамандармен

           қамтылуы

 

Өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында республикадағы мұнай мен газдың дайындалған қорлар көлемін ұлғайта алатын ірі кен орындарын ашуды Каспий теңізінің су айдынын игеру есебінен ғана жүзеге асыру мүмкін екені анық болды. Мұнай мен газды өндіру көлемінің артуы, Каспий шельфінің перспективті кен орындарын игеру мұнай-газ-көліктік инфрақұрылымының динамикалық дамуын талап етеді. Осыған байланысты жаңа экспорттық жүйелерді жасау және бар жүйелерді кеңейтуге байланысты жұмыстар өзекті болып табылады.

Қазіргі уақытта Каспий құбыр желісі консорциумының (КҚК) өткізу қабілеттілігін кеңейту жобасын іске асыруға үлкен мән берілуде. КҚК мұнай құбыры қазақстандық мұнайды экспорттық жеткізудің ірі бағыты болып табылады, ол бойынша мұнай айдау көлемі тұрақты артуда. Мұнай құбыры қуатын ұлғайту шарттары келісілді, ол қуатты ақыр аяғында жобалық деңгей — жылына 67 млн. тоннаға дейін арттыру жоспарлануда.

Қазақстандық мұнайды экспорттаудың екінші ірі бағыты – «Атырау — Самара» мұнай құбыры. Батыс Қазақстанда мұнай өндірілімі көлемінің жоспарланған өсімін ескеріп, осы мұнай құбырларының қуатын жылына 20-25 млн. тоннаға арттыру туралы қызығушылық бар. Қазіргі кезде бұл мәселе ресейлік тараппен пысықталу деңгейінде.

Экспорттың басқа бағыты «Құрық-Баку-Тбилиси-Джейхан» көлік жүйесін жасау жобасы болып табылады, болжам бойынша, мұнай Каспий теңізінің қазақстандық жағалауынан Бакуге және одан әрі «Баку-Тбилиси-Джейхан» мұнай құбыры арқылы тасымалданады.

2006 жылдың 16 маусымында Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы Президенттері «Мұнайдың Каспий теңізі арқылы Қазақстан Республикасынан Әзірбайжан Республикасы аумағына одан «Баку-Тбилиси-Джейхан» жүйесі арқылы халықаралық нарыққа тасымалдануына қолдау мен көмек көрсету жөніндегі Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасы арасында Келісімге» қол қойды.

Жаңа нарықтарды игеруге қатысты «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырының тартылуын атап өту қажет, ағымдағы жылдың 29 шілдесінде «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбырын пайдалануға қабылдау бойынша Мемлекеттік қабылдау комиссиясының актісіне қол қойылды. Оның өткізгіштік қабілеті жылына 10 млн. тоннаны құрайды, одан әрі жылына 20 млн. тоннаға шейін кеңейту жоспарлануда. «Атасу-Алашанькоу» «Қазақстан-Қытай» мұнай құбырын салу жобасын іске асырудың бірінші кезеңі болып табылады, одан соң «Кенкияқ-Құмкөл» мұнай құбырын және түйіндес мұнай-транспорттық жүйелерді салу болжануда.

Қазіргі уақытта мұнайды басқа елдерге және әртүрлі бағытта тасымалдауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жүйе жасалды десе де болады, бұл Қазақстанда жұмыс жасайтын, мұнай өндіретін барлық компанияларға дерлік қазақстандық мұнайды өткізу нарығының ең қолайлысын және тұрақтысын таңдап алуға мүмкіндік береді.

Мұнайды теңізбен тасымалдауды дамыта отырып, біз өзіміздің танкерлік флотымызды жасауға кірістік. Қазіргі уақытта пайдалануға – дедвейті 12000 тонна «Астана» және «Алматы» екі танкері берілді. Танкерлік тасымалдау мұнай мен мұнай өнімдерін қауіпсіз және сапалы тасымалдау бойынша қызмет көрсетуге сұранысты толықтырады.

Кеңес кезеңінде теңіздің осы аумағында екі рет геофизикалық зерттеулер жүргізілді. Теңіз су деңгейінің түсуіне байланысты оның беті қысқарғанда, теңіз суынан босатылған кеңістікте де іздеу және егжей-тегжей геофизикалық жұмыстар орындалды. Теңіздің суы таяз аумағының едәуір бөлігінде жерүсті геофизикалық зерттеулер жүргізілді. Осы зерттеулердің қорытындыларын кешенді интерпретациялау арқылы қазіргі Қашаған, Центральная, Құрманғазы, Оңтүстік Жамбай құрылымдар тобының контурларына сәйкес келетін ірі құрылымдар белгіленді. Олар ХХ ғасырдың 80-ші жылдарының аяғында «Қазгеофизика» бірлестігінде салынған 2П шағылдыратын бет бойынша Каспий маңы ойпаңының жиынтық құрылымдық картасында бірінші рет көрсетілді. 1993 жылы осы карталар CGG француз компаниясымен бірлесіп, жете әзірленді және Атлас түрінде шығарылды. Атласқа түсіндірме жазбада аталған құрылымдардың үлкен перспективалары болжанды. Карталардың атласын сол кездегі ҚР Геология министрлігі мақұлдады, одан кейін ол таратылып, шетелдік мұнай компанияларына, оның ішінде Қазақстанда жұмыс істеуге ниет білдірген «Қазақстанкаспийшельф» ААҚ-қа да берілді. 1988-1989 жылдары осы материалдар КСРО-ның Мемлекеттік жоспарында қаралды және бүкіл аудан КСРО-ның стратегиялық резервтерінің аймағына жатқызылды. 1992 жылдың желтоқсанында Қазақстан Каспийде іздеу жұмыстарын бастау ниеті туралы бүкіл әлемге жариялады. Осы жылдың екінші жартысында қазақстандық мамандар тобы «Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игерудің мемлекеттік бағдарламасын» әзірледі. Каспийдің су айдынындағы мұнай-газ кен орындарын геологиялық-геофизикалық зерттеу және игеру жөніндегі бағдарламаны іске асыру үшін ҚР Үкіметінің 1993 жылғы 13 ақпандағы №97 қаулысымен «Қазақстанкаспийшельф» мемлекеттік компаниясы құрылды.

Міне, осы егеменді еліміздің мұнай-газ саласындағы мекемелердің жұмысшылардың қамтылуы мәселесі де күрделі еді. Осы мәселеге тоқталатын болсақ.

1990-1991 жылы Каспий аймағында мерзімдік уақытта жұмысшылардың жалпы саны 27 мың адамды құраса, осы көрсеткіштің 70%  республикаға тиесілі. Сонымен қатар, осы бір кезеңдегі қоғамның жалпы жұмысқа қабілетсіз бөлігі де біршама болды, сөз жоқ осы адамдардың басым көпшілігі 30 жасқа дейінгі адамдар еді. Ал, жұмысқа тартылғандардың шындығы керек, әрбір үшіншісінің бірінің арнайы білімі жоқ еді [33, с.48].

Жалпы, Қазақстан аумағындағы 41,5 % қазақтардың 1992 жылғы көрсеткішке қарағанда өндіріс орындарындағы қазақтардың үлес салмағы 28,6% құрады.  Жалпы қазақтардың басым көпшілігі жұмысқа тартылған аймақтардың қатарында Кызылорда облыстарында (85,0%), Атырау облысында (75,0%) және Манғыстау облыстарында  (70,7%) тіркелді  [34, 101б].

Осы бір тұста баса назар аударып көрсететін тағы бір факт ол-өндіріс орындарының жекешелендірілу. Бұл жағдай болса жұмысшы қауымының күрт төмендеуіне алып келді. Мысалы: 1994 жылы республика көлеміндегі  1060,5 жұмысшы адам өз еркімен жұмыстан босатылға , ал, сол тұста орын алған қысқартуларға байланысты – 150,3 адам, соның ішінде өндіріс орындарынан 259,6 адам және 23,8 адам, ал 1997 жылы – 811,4 адам өз еркімен, ал қысқартуға сай сол кезде 405,6 адам жұымстан босатылса, соның ішінде өндіріс орындарынан 184,9 адам және 71,6 адам жұмыстан бостаылған .

Экономиканың нарықтық қатынасқа өту барысында осы мұнай-газ саласының даму қарқыны түрлі кезеңде түрлі болды. Ол әрине, жұмысшы саны мен құрамына әсерін тигізді.

1994-1997 жылдары арасындағы жұмысшылардың өсу қарқыны мен жалпы статистикасы төмендегідей:

1994 жыл: республика бойынша жұмысшының жалпы саны  9240,5 мың адам болса;  Ақтөбе обласында – 403,0 мың адам; Атырау облысында — 238,2 мың адам; Батыс-Қазақстан облысында – 360,9 мың адам; ал Қызылорда обылсында – 345,6 мың адам; ал осы жылы Манғыстау обылысында – 188,4 мың адамды құрады.

1995 жыл: жалпы Қазақстан Республикасы көлемінде – 9153,0 мың адам; соның ішінде Ақтөбе обласында – 396,8 мың адам; ал Атырау облысында – 239,2 мың адам; ал Батыс Қазақстан облысында – 360,4 мың адам; Қызылорда облысында  – 351,4 мың адам; ал Манғыстау облысында  – 186,8 мың адамды құрады..

1996 жыл: сәйкесінше Қазақстан Республикасы көлемінде– 9140,1  және Ақтөбе обласында-198,3 мың адам; Атырау облысында — 400,4 мың адам; Батыс Қазақстан облысында -244,2 мың адам; Қызылорда облысында-357,4 мың адам; ал Манғыстау облысында  -350,0 мың адам;

1997 жыл: сәйкесінше Қазақстан Республикасы бойынша-8813,6 мың адам: Ақтөбе обласында – 395,1 мың адам; Атырау облысында -245,9 мың адам; Батыс Қазақстан облысында -352,4 мың адам; Қызылорда облысында-318,2 мың адам; ал Манғыстау облысында -201,1 мың адам [35, 21-22бб].

Өнеркәсіп пен өндіріс орындарындағы жұмысшылардың жалпы саны төмендегідей болды: 1994 жыл бойынша мынандай – 1120579 адам, олардың жұмысшылар – 930240 адам, қызметкерлер – 190339 адам, ал 1995 жылы – сәйкесінше 1025468 адам, жұмысшылар – 852594 адам, қызметкерлер – 172874 адам; ал 1996 жылы – 915640 адам, жұмысшылар – 762219 адам, қызметкерлер – 153421 адам, ал 1997 жылы – 878153 адам, жұмысшылар – 722729 адам, қызметкерлер – 155424 адам:

жанар-жағар май саласында: сәйкесінше 1994 жылы – 102905 адам, олардың негізінде жұмысшылар – 84827 адам, қызметкерлер – 18078 адам; ал 1995 жылы – 95556 адам, олардың жұмысшылар – 77737 адам, қызметкерлер – 17819 адам; ал 1996 жылы – 85687 адам, олардың жұмысшылар – 69362 адам, қызметкерлер – 16325 адам; ал 1997 жылы – 76659 адам, олардың жұмысшылар – 59317 адам, қызметкерлер – 17342 адам; в

Мұнай өндіру саласында 1994 жылы: 11872 адам, олардың жұмысшылар – 8947 адам, қызметкерлер – 2925 адам; ал 1995 жылы – 15156 адам, олардың жұмысшылар – 11026 адам, қызметкерлер – 4130 адам; ал 1996 жылы – 16187 адам, олардың жұмысшылар – 12087 адам, қызметкерлер – 4100 адам; ал 1997 жылы – 40160 адам, олардың жұмысшылар – 30405 адам, қызметкерлер – 9755 адам;

мұнай өңдеу саласы бойынша 1994 жылы: 8821 адам, олардың жұмысшылар – 6970 адам, қызметкерлер – 1851 адам; ал 1995 жылы – 6591 адам, олардың жұмысылар – 5288 адам, қызметкерлер – 1303 адам; в 1996 жылы – 6840 адам, олардың жұмысшылар – 5442 адам, қызметкерлер – 1398 адам; ал 1997 жылы – 8130 адам, олардың жұмысылар – 6392 адам, қызметкерлер – 1738 адам;

 Ал газ саласында: ал 1994 жылы – 2059 адам, олардың жұмысшылар – 1371 адам, қызметкерлер – 688 адам; ал 1995 жылы – 1596 адам, олардың жұмысшылар – 1064 адам, қызметкерлер – 532 адам; ал 1996 жылы – 2824 адам, олардың жұмысшылар – 2018 адам, қызметкерлер – 806 адам; ал 1997 жылы – 3167 адам, олардың жұмысылар – 2183 адам, қызметкерлер – 984 адам. Көрсетілген статистикалық мәліметтерге қарағанда өндіріс-өнеркәсіптің жұмысшыларыының құрамы әр жылда түрлі өзгертіліп отырған. Ол әрине, сол тәуелсіздігіміздің алғашқы жылдарында осы салалардағы орын алған қиыншылықтарға тікелей байланысты еді.

Мұнай өндірумен айналысатын облыстардағы (Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Батыс-Қазақстан облыстарында, Қызылорда облыстарында және  Манғыстау облыстарында) өндіріс-өнеркәсіп жұмысшыларының жалпы санына келетін болсақ, 1994 жылы жалпы саны 145545 адам, оның ішінде  жұмысшылар – 118256 адам, ал 1997 жылы – 138381 адам, оның ішінде  жұмысшылар – 110925 адам, 1994 жылы Республикадағы жұмысшылардың орта есептегі жалақысының орта көлемі 1712 тенге, ал Атырау облысында  — 2129 тенге, ал Манғыстау обласында – 3091 тенге, ал 1997 жылы сәйкесінше 8417 тенге, 11252 тенге және 18034 тенге [35,21,22бб].

КСРО ыдырағаннан кейін Қазақстанның мұнай-газ саласы үлкен артта қалушылық пен дағдарысты бастан кешірді. Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласы нарықтық қатынасқа стратегиялық жоспарлар құрып, соған сәтті кірудің қамын жасады. Еліміздегі  жұмыс жасайтындардың жалпы санына келетін болсақ, 1997 жылы бұл көрсеткіш 820715 мың адам, в 1998 жылы – 769600 мың адам, оның ішінде   мұнай саласының (Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Батыс-Қазақстан облыстарында, Қызылорда облыстарында және  Манғыстау облыстарында) в 1997 жылы – 133712 мың адам, в 1998 жылы – 122477 мың адам[36, 70б].

        Өндірістегі өндірістік-өнеркәсіптік жұмысшылардың жалпы саны: 756,3 мың адам (1998), 668,3 мың адам (1999), 653,8 мың адам (2000), оның ішінде  тау-кен амақтарында сәйкесінше 120,0 мың адам (1998), 125,3 мың адам (1999), 130,9 мың адам (2000),  соның ішінде өңделмеген мұнай мен табиғи газды өңдеуде  34,4 мың адам (1998), 31,4 мың адам (1999), 32,5 мың адам (2000).  2000 жылы өндіріс орынындағы орта жалақының мөлшері 20647 тенгені құрады, тау-кен өндірісі – 32059 тенге, мұнай мен табиғи газды өңдеуде 65142 тенге.

Мұнай өңдеуші аймақтарда (Ақтөбе облысы, Атырау облысы, Батыс-Қазақстан облыстарында, Қызылорда облыстарында және  Манғыстау облыстарында) өндірістегі жұмысшылардың жалпы саны 2000 жылы ең төменгі жағдайда – 13260 адам Қызылорда облысында тіркелсе және жоғарғы көрсеткіш 28359 адам Ақтөбе облысында тіркелген, ал жалақының орта есептегісі 18673 тенге Батыс Қазақстанда тіркелген. Мысалы: 40468 тенге Маңғыстау облысында 31858, ал сол кезде республикадағы орта есептегі жалақы – 20647 тенгені құрады.

Рспублика көлемінде барлық аудандарды қаржы жағынан қамтамасыз етіп отырған аймақтардың бірі Атырау облысы,  1998-2000 жылдар аралығында осы аталған аймақ өте жақсы көрсеткіштерге ие болған: өндіріс пен өнеркәсіп өнімінің көлемі 1998 жылы  85728 миллион тенгені құраса, ал 1999 жылы – 205117 млн. Тенгені құрады, ал 2000 жылы – 392991 млн. тенге, 2000 жылы өндіріс пен өнеркәсеп оырндарының жалпы саны 215, ал жалақының орта есептегісі 54710 тенге [37,  16б].

Егеменді еліміздің мұнай-газ саласында жұмыс атқаратын жұмысшылардың жалпы саны 44543 адамды құраса, ал 2000 жылы өндіріс орындарының кеңеюіне байланысты-50000 адам санын құрап, соңғы кездердегі жақсы көрсеткішке келді [38,  51б].

        17 кесте –  Жалпы халықтың жұмыспен қамтылу мәселесі

(мың адам көрсеткішінде)

 

 

1999 жылы

2000 жылы

2001жылы

2002 жылы

Барлығы

6105,4

6201,0

6698,8

6708,9

Өндіріс орынды қоса есептегенде

904,5

855,2

830,4

824,0

Мұнай-газ саласы бойынша

129,0

136,8

166,5

167,3

 

 2002 жылы жалпы халықтың жұмыспен қамтылуы 14,8%, соның ішінде тау-кені мамандары ішінде – 2% құрады.

 

        18 кесте – Жеке шаруашылық негізінде Республика халқының жұмыспен қамтылуы мың/адам пайыздық негізде

 

1999 жылы

2000 жылы

2001жылы

2002 жылы

Барлығы

6105, 100%

6201,0  100%

6698,8  100%

 

6708,9  100%

Мемлекеттік

1399,4

22,9%

1315,5  21,2%

1682,5

25,1

1677,2

25,0%

Жеке меншік

4585,4

75,1%

4755,7  76,7%

4873,0

72,8

4870,7

72,6%

Басқа да мемлекеттер мен олардың азаматтарының үлесі

119,9

2,0%

129,8

2,1%

143,3

2,1

161,0

2,4%

 

Кестеден байқағанымыздай жеке өндірістерде халықтың 70% жұмыс жасаса, ал мемлекеттік өндіріс орыныдарында  22 –ден 25%-ке дейін болып отыр.   1999-2002 жылдар аралығындағы жалдамалы жұмысшылар саны туралы  19 кестеден мәлімет ала аламыз.     

 

        19 кесте –  Ірі және кішігірім өндіріс орындарындағы жұмысшылардың жұмысқа тартылу үлесі (мың/адам)

 

 

1999 жылы

2000 жылы

2001жылы

2002 жылы

Барлығы

2290,9

2201,4

2286,2

2337,8

Өндіріс орынды қоса есептегенде

616,1

656,5

666,6

673,1

тау-кені маман

124,3

130,6

147,8

155,5

 

Әйелдер жоғарғы санатты, әрі жауапты жұмысшылар болып табылады. Сонымен қатар, өндірісте де сауатты.  

 

        20 кесте – Ірі және орта кәсіпорындарда қызмет ететін, жұмысқа тартылған         әйелдер саны (мың/адам)

 

 

2000 жылы

2001 жылы

2002 жылы

Барлығы

1007,5

1044,0

1063,5

Өндіріс орыны

212,6

210,7

209,3

Тау-кен ісі

33,3

37,3

38,4

 

Ірі және орта кәсіпорындарда қызмет ететін, жұмысқа тартылған әйелдер саны 3,6% аспады.

20 ақпаннан 10 наурыз аралығында 1994 жылы 8 маманы Атырау мен Шымкент облыстарында білімін жетілдіру мақсатында Жапонияға іс-сапармен барды.

Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері арасынан мұнай-газ саласының мамандарын дайындайтын мынандай Жоғарғы Оқу Орындаары белгілі:  Губкин атындағы Мемелекеттік мұнай және газ Академиясы,  Уфа мемлекеттік мұнай техникалық университеті, КБТУ, КАЗҰТУ, Ш.Есенова атындағы Актау мемлекеттік университет, Атырау мұнай-газ институты, Атырау политехникалық колледжі,  Жаңаөзен мұнай-заз колледжі , Магистрлік  халықаралық бағдарламасы. 

26.11.2003 жылы «Ембімұнайгаз» компаниясының қолдауымен «Ең үздік маман» атты конкурс жарияланып,  нәтижесінде 24 адам өз ісінің маманы деп танылып, оларға компания атынан көмек ретінде 52631тенге беріліп. Олардың қатарында мынандай адамдарды атауға болады: К. Бисенова, К. Алтыналиева, Б. Каирова, А. Нуржанова, М. Манкешова,  Н. Нысанбаева, А. Тампиева  және тағы да басқа бұрғышылар мен мұнай-газ саласының мамандарды кірді [38, 15б].

Осыдан 11 жыл бұрын басталған мұнай-газ саласының мамандары арасынан қазақстандық мамандар 50 % құраса, жыл сайын бұл көрсеткіш өсе түсіп, ол 80 % дейінгі көрсеткішті көрсетті, алайда бұл ең жоғарғы шек емес. Компания өзінің жұмысшыларын жаңа заман талаптарына сай жоғарғы білім беру бағдарламаларымен қамтамасыз етіп, мансаптық өсуіне де жағдай жасауда. 1993 жылдан бастап аталған компания 4000 қазақстандық мамандарды тартып Атырау қаласының орталығында білімнің соңғы бағдарламалары бойынша біліктіліктерін шыңдады. Қазіргі таңда «Тенгизшевройл» компаниясын 400 адам шет елге осы мақсатта жіберіп, шет тәжірибесін үйренуді көздеп отыр,ал кейбірі ұзақ мерзімді сапарларға шығып, тіпті жанұясын өзімен бірге алып кеткен. 350 қазақстандық мұнай-газ саласынының мамандары 2006 жылда шет елде мансаптық өсу мақсатында шет елде болып қайтты және шамамен болашақта белсенді қазақстандық мамандар арасынан 800 адамды осындай мақсатпен шет ел асыру ойластыруда. «Тенгизшевройл» сонымен қатар  «Игілік» атты әлеуметтік шараны да қолға алуда. Жыл сайынғы бұл бағдарлама 8 миллион АҚШ долларының көлемінде шаралар өткізуде. Бағдарламаның мақсаты жергілікті инфрақұрылымды дамытып, газ тораптарын тартып, жаңа мектептермен емханаларды салу, қарттар үйінің жылу энергиясын қалыпқа келтіріп және тағы басқа да іс-шараларды атқаруда. Құрылыстың немесе компанияның өрістеу кезінде 20 000 жұмысшылар оырын салынып, соның 80 пайызын қазақстандықтар иеленді.

Қазіргі таңдағы мұнай-газ салаларындағы көпетеген мамандар қазіргі ТМД елдерінің оқу орындарын тәмәдаған.

Баршамызға белгілі болғандай ешқандай да шаруашылықтың түрі адамның қатысуынсыз жүзеге аспайды.  Адам – басқару жүйесіндегі ең ауыр да, керекті тұлға.  Ол өзіндік мақсаты мен қызығушылығы бар, басқару саласының белсенді буыны. Адамның басқару саласындағы қызметін үлкен екі топқа бөлуге болады техникалық басқару жүйесіндегі және әлеуметтік-экономикалық басқарудың қызметі. Бұл жүйелерде ең бастысы қызмет адам мен адамның байланысы.

Қазақстандағы осы бір мұнай-газ саласының әрбір негізгі инженері АҚШ-тың жоғарғы оқу орынын тәмәмдаған. Осындай тәжірибесі мол жерлерде біліктілік шыңдап және оқу орынын тәмәмдаған адамдардың жұмыстары көп жағдайда нәтижелі болуда.Мысал ретінде «Schlumberger» компаниясын алуға болады. Бұл франко-американдық компания әрбір жылы АҚШ пен Европаның 80-нен астам елінен жүзге тарта мамандарды шақырып, қызмет атқарады. Өзінің жұмыс істеу барысында сол мамандар интернацианалды рухпен тәрбиеленіп, тез сіңісіп кеткен. Бұл жерлерде жұмыс істеу көп жағдайда ұлттан гөрі, жұмыс істей алу қабілетіне тікелей байланысты.

        Мұнай-газ өндірісінің жүз жылдығына орай, 500-ге тарта осы саланың мамандары медальдар мен ордендермен наградталды. «Отан» ордені Жанажол мұнайбарлау экспедициясының мүшесі В.Айтқалиевке,  «Құрмет» ордені И.Дальянға, Е.Катаевқа, А.Дуйсенбаевқа, Н.Нугмановқа, М.Танкибаевқа берілген. медалью  «Ерен енбек үшін» атты орденімен 12 адам наградталды.

       «Құмкөл тәуелсіз мұнайшыларының кәсіби бірлестігінің» Жарғысында (29.03.1999 жылғы құрылтай жиналысындағы) осы саланың мамандарынынң бірнеше бағдарламалары қарастырылған. 2000 жылғы өндірістік бағдарламада осы саланың техникалық қауіпсіздігі және еңбек туралы айтылған.

Мұнай өндіріс орыны климаттық және табиғи жағдайларға және сол саланың мамандарынан тек кейбіріне ғана тән қасиеттерді талап, соның ішінде батырлық пен ұлтжандылықты керек ететін сала. Осының бір жарқын мысалы мұнайшы Р. Өтесіновтың бастан кешкені. 1969 жылдың 28 қазанында Р. Өтесінов аса бір ауыр  аварияға тап болып, нәтижесінде 1 топтағы инвалид болып қалды. Қандай болса да қиыншылыққа қарамастан, кандидаттық диссертациясын сәтті қорғап, мұнайшылардың өмірі мен олардың ауыр мамандығы туралы жаза бастаған [39, 280б].

 К. Құдабаев көп жылғы ерен еңбегі ескеріліп Ленин орденімен наградталған. «Жайықмұнай» мұнай саласының мамандарының Гурьев қаласындағы тұрғын үй мәселесіне көп көңі бөліп,  Аққыстау елдімекеніндегі тұрғын үй салуға ерекше мән берген [40, 174б].

1960 жылы барлық дамыған елдерде аптасына мамандар мен жұмысшылар 60 сағат жұмыс істесе, жылына  51 апта алты күндік жұмыс күнінде жүрді. ХХ ғасырдың соңына қарай барлық дерлік жұмысшылар аптасына 40 сағат жұмыс атқарды, жылына 47 апта бес күндік принцип бойынша жұмыс атқарды. (12 апта демалыс берілген).   Жұмыс сағаты жылына 3 000 сағатқа кеміді,  ал жылына мысалға 1 500 сағат Германияда немесе 1850 сағат жылына  АҚШ елдерінде кеміді.

Іс тетігін қашанда шебер маман шешетіні белгілі. Қазір олардың қажеттілігі экономиканың барлық саласында, соның ішінде мұнай-газ кешенінде, қатты сезілуде. Рас, ғасырдан аса уақыт көмірсутегін өндіріп отырған елде мұнайшылардың талай ұрпағы қалыптасқан. Дегенмен, әлемдік талапқа жауап беретін озат техника мен озық технологияны игеретін мамандарымыздың әлі тапшы екендігін уақыт көрсетті. Теңіз немесе Қашаған кеніші тәрізді дүниежүзілік салмағы бар жобаларды жүзеге асыруда жергілікті мамандардың әлсіздігі байқалады. Қазір, жасыратыны жоқ, қазақстандық инженерлер мен жұмысшылар, негізінен, аса шеберлікті қажет етпейтін міндеттерді ғана атқарып жүр. Егер мұндай ахуалды түзей алмасақ, онда әлі біраз жыл бойы шетелдік мамандарға тәуелділіктен құтыла да алмаймыз.

Міне, «Партнерс KZT» компаниясының атқарушы әріптесі Зарина Арслановнаның айтуынша, ұлттық оқу шарасы аясында жасалып жатқан жұмыстар осы олқылықтың орнын толтыруды көздейді. Үстіміздегі жылы «KazOilSim» жобасына Ұлыбритания, АҚШ, Біріккен Араб Әмірліктері секілді шет елдерде оқып жатқан қазақстандық студенттер мен мұнай компаниялары кызметкерлері қатарынан 1000 шақты маман тартылмақ. Мамандардың айтуынша, жобаның мақсаты – мұнай-газ саласында қазіргі және келешек отандық кадрларды дайындау. Олар тек қолдарында дипломы бар инженерлер ғана емес, сонымен қатар өз ісінің жетік білгірлері де болуы шарт. Болашақта қазақстандық мамандар өз елінде ғана емес, дамыған шет елдерде де қызмет істей алатын дәрежеге көтерілуі тиіс.

Сол үшін де қазіргі таңда осы мұнай мен газ саласындағы мамандарды шет елдік оқу орындарында оқытып немесе шет елдерде тәжірибе алмасу мәселесін қарастырудамыз. Мысалы: қазіргі кездерде Қазақстандық мұнай-газ мамандары Норвегияда кәсіптік шыңдаудан өтеді. Мұнай-газ саласына арнап мамандар дайындау саласындағы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға Маңғыстау облысының әкімі Болат Палымбетов, «Н.Назарбаевтың білім қоры» директорының орынбасары Светлана Мырзабекова мен Норвегия білім беру орталығының басқарушы директоры Оле Имсланд қол қойды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

       Тараптар кәсіптік білім беру жүйесін дамыту және мамандардың кәсібін шыңдау мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық орнатуға келісті. Мұнайгаз индустриясына арнап мамандар дайындау жөніндегі білім беру бағдарламаларын жасау Қазақстан мен Норвегия арасында 2004-жылғы мамыр айында қол қойылған мұнайгаз саласындағы ынтымақтастық туралы келісімде қарастырылған.

       С.Мырзабекованың айтуынша, Қазақстанда кәсіптік-техникалық білім беру жобасы 2004-жылғы тамыздан бастап қолға алынған.

        Жобаны Норвегиялық мамандар мен білім беру қоры бірлесіп іске асыруда. «Жоба Норвегияның кәсіптік-техникалық білім беру жүйесінің үлгісінде Қазақстандағы ерекшеліктерді ескере отырып жасалған»,- деді ол. Жобаның басты міндеті — Қазақстанның мұнайгаз индустриясына арнап мамандар дайындау болып табылады. Жобаның бірінші кезеңінде Ақтаулық оқытушыларды Норвегияда оқыту көзделген.

       Облыс әкімінің айтуынша, қазіргі жағдаймен облыстағы колледждерде мұнайгаз пәндері бойынша дәріс оқитын оншақты оқытушы іріктеліп, тіл дайындығынан өтуде. Олар биылғы маусым айында Норвегияға 6 айлық оқуға аттанады. «Алдағы уақытта олар Ақтаулық студенттерді жаңа әдістеме мен Еуропалық стандарттарға сәйкес оқытатын болады»,- деді Б.Палымбетов. [41. 2б]

      Жоба аясында Ақтау энергетикалық колледжінің негізінде дәнекерлеушілер, монтаждаушылар сынды мұнайгаз саласының мамандарын әзірлейтін еліміздегі тұңғыш колледж ашылады.

      Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мемлекетаралық қарым-қатынастар аясында қарастырылған пилотты жоба Ақтауда биылғы жылдың ақпан айында жүзеге асырыла бастады.

       Қазір қазақстандық еңбек нарығын барынша қорғау, оны алдымен отандық мамандармен толықтыру мақсатында ауқымды жұмыстар жасалып жатыр. Облыстық әкімдік те өз тарапынан шетелдік компаниялардағы сырттан келген мамандарды жергілікті жастармен ауыстыруға бағытталған шараларды кеңінен жүзеге асырып жатыр. Әр оқу орны тек дипломды маман емес, шын мәнінде өз ісінің шеберін дайындауы тиіс.

       Мұнай-газ саласындағы жұмысшылар немесе кадрлар мәселесін шешуде бірнеше ассосациялар да өз үлесін қосуда. Мысалы: «KazEnergy» Ассоциациясы 2005 жылы 2 қарашада құрылды және Қазақстан Республикасы жанар-жағармай және энергетикалық кешеннің тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасауға жәрдемдесуге арналған, тәуелсіз коммерциялық емес өз еркімен біріккен заңды тұлғалардың бірлестігі болып табылады. Ассоциация мұнай, газ мамандары және басқа да жер қойнауын пайдаланушылар, энергетиктер, тасымалдаушылар, сонымен қатар мұнай-газ және энергетикалық кешеннің қызметтері мен өнімдерін пайдаланушылардың кең шеңберінің бәріне ортақ «ақпараттық айлақ» болуы тиіс.

Миссиясы

Ассоциация Қазақстанның жанар-жағармай және энергетикалық кешеннің тұрақты дамуына қолайлы жағдай жасауға жәрдемдесу мақсатында құрылған, коммерциялық емес өз еркімен біріккен заңды тұлғалардың бірлестігі болып табылады.

Көруі

Орталық Еуразия энергетикалық орталығының жауапты саясатын жүзеге асыратын, бәсекеге қабілетті Қазақстанның эффективті және тұрақты дамып келе жатқан мұнай-газ және энергетикалық өнеркәсібі.

Мақсаттары

  • Мемлекеттік огандар және Ассоциация мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, заң шығарушы қорды үйлесімдету
  • Жер қойнауын пайдаланушылар, электр қуатын өндірушілер, энергетика секторының өнімдері мен қызметтерін тұтынушылар үшін баршаға ортақ ақпараттық алаң құру
  • Сала ішіндегі жергілікті, аймақтық және халықаралық деңгейдегі кәсіпкерлік пен ынтымақтастық жобаларын қолдау және дамыту
  • Ассоциация, оның мүшелері және түгелдей саласының жағымды имиджін аймақтық және ғаламдық деңгейде көпшілікке тарату
  • Қазақстан қоғамының экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және ғылыми-техникалық салада белсендеуін ынталандыру

Принциптер мен құндылықтар

Демократиялылық. Қауымдастықтың барлық мүшелері меншігінің ауқымы мен нысанына қарамастан ұйымда тең құқықтар мен міндеттерді иеленеді. Қауымдастық басқарудың осы заманғы демократиялық жүйесінің дәйекті жақтаушысы болып табылады және қазақстандық қоғамда ұйымдық құрылымның тиімді жоғары бәсекелестігін қалыптастыруға ықпал етеді.

Белсенділік. Қауымдастық мүшелері арнайы бағдарламалардың жүзеге асырылуына және ұйымның ағымдағы жұмысының басқарылуына белсенді қатысады. Қауымдастық мұнайгаз және энергетика кешенінің ғана емес, сонымен бірге, тұтастай алғанда, қазақстандық қоғамның дамуына бағытталған стратегиялық бастама кешенін іске асыра отырып, жүйелі белсенділік танытады.   

Экологиялылық. Қауымдастықтың барлық мүшелері өзінің жұмысында Қазақстан Республикасының экологиялық стандартарын қатаң түрде ұстануы керек. Қауымдастық ұзақ мерзімді перспективада қазақстандық экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасай отрып, елде экологиялық жағынан таза, ресурстарды үнемдейтін технологияларды әзірлеу мен енгізуге ықпал етеді.

Кәсібилік. Қауымдастық мүшелері кәсіби өзара іс-қимылдың халықаралық стандарттарына және ұйымның өз ішіндегі араласуға сай келуге тырысады. Қауымдастық мамандандырылған бағдарламаларды іске асыру арқылы елдің мұнайгаз және энергетикалық кешенінде жоғары білікті мамандар корпусын қалыптастыру және дамыту үшін жағдай жасауға ұмтылады.

Ашықтық. Қауымдастықтың барлық мүшелері қауымдастық аясында жұмысының жүзеге асуында барынша жариялылық принциптерін ұстанады. Қауымдастық құрылымдық мөлдірлік деңгейін арттыру арқылы мұнайгаз секторының кәсіпорындарына қоғамдық сенім ахуалын қалыптастыруға бағдарланған кешенді бағдарламаны іске асырады.

Жауапкершілік. Қауымдастық мүшелері әлеуметтік жауапты бизнес идеологиясын көрсететін компания болып табылады. Қауымдастық әлеуметтік әріптестік мәдениеті мен мұнайгаз және энергетика кешені кәсіпорындары, Қазақстан халқы және халықаралық бірлестіктер арасындағы ынтымақтастықтың дамуына жағдай жасайды.

Инновациялылық. Қауымдастықтың барлық мүшелері өзінің жобалары мен бағдарламаларын жасауға, оларды ұсынуға және ұйым аясында жүзеге асыру үшін алға шығаруға құқылы. Қауымдастық елдің мұнайгаз секторы кәсіпорындарының өндірістік және басқару практикасына инновациялық технологиялар мен өнімдерді енгізуге ұмтылады.

Тиімділік. Қауымдастық мүшелері ұйымның басқару және атқарушы органдарынан тиімділікті талап етуге құқылы. Қауымдастық елдің отын-энергетика кәсіпорындарын жұмылдыру және олардың интеграциялануына күш салу жолымен Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттыруға бағытталған «жаңа деңгейдің тиімділігі» идеологиясын насихаттайды.

Стратегиялық даму

Мұнайгаз және энергетика кешені Қазақстандық экономика дамуының басты стратегиялық ресурсы болып табылады және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіру стратегиясының жүзеге асырылуында өзекті рөл атқарады. Бұл стратегияны 2006 жылғы қаңтар айының 18-інде Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаев таныстырды және KazEnergy Қауымдастығы үшін ұзақ мерзімді институционалды дамудың базалық құжаттарының бірі болып табылады. Осы құжат аясында қауымдастықтың құрылуының орталық идеясын қысқа әрі өте айқын түсіндіретін және оның дамуының негізгі стратегиялық басымдықтарын анықтайтын өзекті міндеті былай түсіндірілген: «елдің отын-энергетика секторының жаңа тиімді деңгейін ұйымдастыру».

Әрине, мұндай игі бастамалар мен қатар Елбасының Жарлығының негізінде де біршама мұнай-газ саласының мамандармен қамтылу үрдісі іске асуда. Мысалы, Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 1095 Жарлығы. Аталған жарлықта мұнай-газ саласында жұмысшы кадрлар мәселесін шешудің мынандай жолын көрсеткен.

       Аталған мәселені жеңу үшін мұны кезең бойынша іске асыру тиіс.

        Кезең бойынша жаңа жұмыс орындарын құру болжамы:

      1-шi кезең 2003-2005 жылдар — 2620 бiрлiк;

      2-шi кезең 2006-2010 жылдар — 16530 бiрлiк;

      3-шi кезең 2011-2015 жылдар — 25390 бiрлiк.

Алғашқы кезең:

      шетелдiк жұмыс күшiн тартумен (жоғары бiлiктi қазақстандық мамандармен ауыстыра отырып);

      Жұмыс күшiн алдымен Маңғыстау және Атырау облыстарының аумағында тұратын азаматтар қатарынан тартумен, негiзгi үйретiлген контингенттi басқа аймақтардан орналастырумен;

      еңбекпен қамту мәселелерi бойынша аймақтық уәкiлеттi органдарға өтiнiш жасаған азаматтарды жұмысқа тұрғызумен;

      теңiз және мұнай операцияларын жүргiзу жөнiндегi мамандықтар бойынша үш айдан бiр жылға дейiнгi мерзiмде бiлiктiлiгiн арттыру курстарында және жоғары оқу орындарында Қазақстан азаматтары қатарынан кадрларды жедел даярлаумен сипатталатын болады. Бұл ретте Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асырушы компаниялардың жұмыс iстеп жүрген бiр шетел маманына Қазақстан Республикасының 10 азаматын оқып-үйренуге жiберу принципiнiң орындалуын сақтауды қамтамасыз ету қажет.

      Екiншi кезең:

      шетелдiк мамандардың орнын қазақстандық мамандармен ауыстыру;

      қолдағы қажеттiлiктердi ескере отырып, қазақстандық мамандарды қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру.

      Үшiншi кезеңге кадр қажеттiлiктерiн Қазақстан Республикасының жоғары және орта оқу орындарының түлектерiмен қамтамасыз ету жоспарланып отыр.

      Кадрлар даярлау. Кадрларды кәсiби даярлауды КТҚС-ын игеруге қатысушы ұйымдар (ең алдымен, жер қойнауын пайдаланушылар) мен бiлiм беру ұйымдары жүргiзетiн болады. Кәсiби бағдар жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органдар, жекеше жұмыспен қамту агенттiктерi арқылы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында мұнай-газ бен iлеспе салалар жұмысшыларының кәсiби және әлеуметтiк перспективалары туралы мәлiметтердi жариялау жолымен жүзеге асырылатын болады.

      Мұнай-газ кешенiнiң жаңа ұйымдарын құру кезiнде кәсiби бағдардың нeгiзгi құралдары:

      кадрлардың салалық және аумақтық құрылымын қалыптастыру;

      халықтың мақсатты топтарына жұмыс орындарын берудiң басым құқығы;

      жас мамандарға олардың алған мамандықтарына сәйкес жұмыс орнын ұсыну арқылы ынталандыру;

      кадрлардың бiр лауазымнан екiншi лауазымға көлбеу және тiкелей ауысып отыруын қамтамасыз ету;

      теңiз мамандығы мамандарының жеткiлiктi санын уақтылы даярлау, сондай-ақ тиiстi салалық бағдарлама әзiрлеу және жүзеге асыру жолымен жағалау объектiлерiн кадрмен қамтамасыз ету болуы тиiс.

      2005-2015 жылдары теңiз мұнай-газ операцияларына қатысу үшiн жұмыспен қамтылатын мамандардың қажеттiлiгiн қанағаттандыру мақсатында:

      жеделдетiлген кәсiптiк даярлықты;

      кәсiптiк орта бiлiм берудi;

      жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк бiлiм берудi жетiлдiру жоспарланып отыр.

      Мұнай-газ өнеркәсiбiнiң республикада жетекшi орын алып отырғанына байланысты оның даму перспективасы осы саладағы кадрларды даярлау мәселелерiне жаңа қағидаттарды талап етедi.

      Осыған байланысты еңбек рыногында жоғары кәсiптiк бiлiмi бар мамандарға сұраныс құрылымын орта және ұзақ мерзiмдi болжау әдiстемесiн әзiрлеу және оны енгiзу қажет болады.

      Мұнай-газ саласы үшiн мамандар даярлауға мемлекеттiк тапсырыс көлемiн көздеу қажет.

      Мамандар даярлау үшiн қаржыландыру көзi ретiнде iрi компаниялардың мақсатты бiлiм беру гранттарын тағайындау практикасын кеңейту қажет.

      Елдегi қазiргi бiлiм беру ұйымдарына батыстың озық бiлiм беру технологияларын тарта отырып, жоғары бiлiктi кадрлар даярлау жөнiндегi компаниялардың тәжiрибесiн мақсатты енгiзу қажет.

      Мұнай-газ саласы үшiн кадрлар даярлаудың Еуропада жетекшi позиция ұстап отырған британ жүйесiнiң тәжiрибесi зерделеуге тұрады. Сонымен, көптеген ағылшын колледждерi мен университеттерi күндiзгi бакалавр және магистр бағдарламаларымен қатар бiлiктiлiгiн арттырудың дистанциялық курсын ұсынып отыр.

      Теңiз операциялары адам өмiрiнiң, қоршаған орта мен теңiз объектiлерi қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету керек екендiгiн ескерсек, онда кеме экипаждарын қоса алғанда, мамандар оқытуды халықаралық конвенциялар мен стандарттардың талаптарына сәйкес жүргізу қажет.

      Осы мiндеттердi iске асыру үшiн оқудан өткендiгi туралы тиiстi куәлiк пен халықаралық үлгiдегi теңiз жұмысшылары дипломдарын бере отырып, кадрларды даярлауға және қайта даярлауға арналған теңiз оқу-жаттығу орталығын құру қажет.

      Ұлыбритания Ұлттық оқу ұйымында бар мұнайгаз өнеркәсiбi үшiн оқыту стандарттарын (ОРIТО) пысықтау және енгiзу тәжiрибесiн барынша пайдалану керек. Осы ұйымның оқыту стандарттары мұнайгаз саласы үшiн дүние жүзiне танылған.

      Тренинг-провайдерлердi аккредитациялай, ОРIТО тарапынан осы орталықтарды кейiн инспекциялай және аудиттей отырып, оқыту процесстерi ОРIТО стандарттарына сәйкес болуы тиiс тренингтiк орталықтар құруда осы ұйымның әлемнiң түрлі аймақтарында пысықтаған практикасын пайдалану мүмкiншiлiгі туды. Бұл ретте қолданылатын стандарттар Қазақстан жағдайына бейiмделуi және оның ерекшелiгiн көрсетуi керек екендiгiн атап өткен жөн.

      Саланың ең жақсы шетелдiк оқу орындарындағы бiлiм беру тәжiрибесi Қазақстан Республикасында пайдаланылуы мүмкiн.

      Осыған байланысты, мысалы, мұнай iсi бойынша жоғары бiлiмдi мамандар даярлауға британдық тараптармен бiрлесе отырып ұйымдастырылған Қазақстан-Британ техникалық университетi (ҚБТУ) құрылды. Қазақ-Британ университеті 5 түрлі мамандық ашты. Соның екеуі жабылды да, қазір үшеуі ғана қалды. Онда дайындайтын мамандықтар бұрғышылар, экономистер және мұнайды игерушілер. Яғни мұнайды құбырмен ағызушылар. Алдымен мұнайдың шоғырланған жерін табатын мамандар керек. Францияның бастамасымен халықаралық стандарттарға сәйкес мұнайхимия және мұнай өңдеу саласындағы мамандарды оқыту, жаңа технологиялар саласында тәжiрибе мен бiлiм беру мақсатында Қазақстан-Франция «ҚазФраМұнай» мұнай орталығы құрылды.

      Сонымен, аталған iс-шараларды жүзеге асыру қазақстандық мамандарды кәсiптiк даярлауды сапалы деңгейге көтеруге мүмкiндiк бередi [12. 1-9бб].   

Жалпы, соңғы жылдары тұрақты өткізіліп отырған мұндай семинарлардың, конференциялардың мұнайгаз саласындағы мамандар үшін маңызы зор екендігін ешкім жоққа шығармайды. Оның барысында кен орындарын зерттеу мен игеру, мұнай мен газды өндіру және тасымалдау, теңіз жобалары, сараптамалар мен болжамдар, экологиялық және әлеуметтік мәселелер, бұқаралық ақпарат құралдарының компаниялармен және жұртшылықпен байланысы, т.б. сан салалы тақырыптар қозғалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 Қазақстан әлемде мұнайгаз шикізатына бай мемлекеттер қатарынан саналады. Мұның өзі дүние жүзіндегі елдердің бізге деген қызығушылығын одан әрі арттырып отыр. Іргедегі Азия да, кәрі құрылық Еуропа да, мұхиттың ар жағындағы Америка да қазақ даласындағы мұнай мен газ көзінен өзіне қомақты үлес алып, энергетикалық сұраныстарын қамтамасыз етуге құштар.

Осы салада қалыптасып отырған проблемалар да түпкілікті шешіліп болған жоқ. Қазақстан өз байлығын ел мүддесі үшін тиімді етіп қалай пайдалана алады? Бұл бағытта қазіргі қолға алынып жатқан шаралар қандай? Міне, осы сұрақтардың тарихи аспектісінде біз жоғарыда қарастырып отырған мәселеміз бойынша диплом жұмысымызды жазып, өзімізше қорытындыладық.

 Жалпы, Қазақстанның мұнайгаз саласында еңбек етіп жатқан бірқатар батыстық компаниялар өкілдерінің пайымдауынша, еліміз шетелдік инвесторлармен бірлесе жұмыс жасауға әлі де тартымды. Әйтсе де, дүниежүзілік деңгейде алып қарағанда әрі шапшаң дамып келе жатқан, әрі саяси ахуалы бізден де тәуір өзге де мемлекеттер бар. Міне, солар Қазақстанға бәсекелестік туғызып, сайып келгенде, әлемдік инвесторлардың назарын өзіне аударып әкетуі де ықтимал. Мамандар осындай мүмкін жәйдан да сақтандырады.

 Ал, мұндай тұжырым жасауға толық негіз де бар. Өйткені, Қазақстан егемендік алған алғашқы жылдармен салыстырғанда енді шетелдік инвесторлар алдына батыл талаптар қойып, олармен терезесі тең дәрежеде тілдесетін деңгейге көтерілді.

Диплом жұмысы барысында қазақ даласындағы мұнайгаз саласының даму тарихына толық талдау жасалды деп айтуға толық негіз бар. Жұмыс барысында патшалық Ресей мен Кеңес үкіметі кезеңінде аталған саланың даму қарқынын статистикалық мәліметтеріне сүйене отырып өзімізше талдау жасауға тырыстық. Біз білетініміздей, жалпы қазақ мұнай-газ саласы өз тарихында бірнеше кезеңді өз басынан өткізді. Сол кезеңдердің ең бір баяндысы болуы тиіс, ол әрине егемендік жағдайындағы мұнай-газ саласының дамуының тарихи кезеңі. Сөз жоқ, аталған кезеңнің алғашқы жылдарында-ақ әлемдегі алпауыт мемлекеттер еліміздің осы бір байлығына өз қызығушылықтарын білдірді. Тіпті, елімізде осы салада орын алған қиыншылықтар жоқ емес. Мысалы: мұнайгаз саласының мамандарының жоқ болуы немесе олардың тапшылығы, техникалық жабыдықтардың сол Кеңестік дәуірден қалғандығы, яғни жаңа техникаға деген сұраныстың артуы, ғылымның соңғы жаңалықтарының осы салаға сол тұста әлі де болса енгізілмеуі және тағы басқа себептер. Осы аталған себептердің толық әрі нақты, статистикалық мәліметерін ғылыми жұмыс барысында толық көрсетіп өттім. 

Іс тетігін қашанда шебер маман шешетіні белгілі. Қазір олардың қажеттілігі экономиканың барлық саласында, соның ішінде мұнай-газ кешенінде, қатты сезілуде. Рас, ғасырдан аса уақыт көмірсутегін өндіріп отырған елде мұнайшылардың талай ұрпағы қалыптасқан. Дегенмен, әлемдік талапқа жауап беретін озат техника мен озық технологияны игеретін мамандарымыздың әлі тапшы екендігін уақыт көрсетті.

Әрине, аталған мәселелер күні бүгін өз шешімін тауып жатқандығы да шындық. Осы бағытта еліміз дамыған алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибесін өз пайдасына жарату мақсатында тәжірибе алмасу, әлемдік сұранысқа сай, жоғарғы талапты білім бағдарламаларымен өз жұмысшы қызметкерлерінің біліктілігін көтеру үшін түрлі шаралар қабылдауда. Алайда, әлі де болса көңіл толмас жағдайларда жетерлік. Мысалы: мұнайгаз кеніштерін іздеу мен барлау жұмыстарын жолға қою үшін мемлекет тарапынан қаржыландырылатын және тек осы мақсатта ғана жұмыс істейтін арнайы мамандандырылған Мемлекеттік компания құру қажет. Екіншіден, кен көздерін ашу ісі тек білікті инженер-мамандардың қолынан келетіні белгілі. Оларды дайындау тек саусақпен санарлық университеттерінің үлесінде. Осынау үлкен оқу ордаларындағы ұстаздар жағдайының көңіл көншітпейтіні де бұл іске көлеңкесін түсірмей отырған жоқ. Осындағы білімді де білікті оқытушылардың бірсыпырасының жалақының аздығынан өндіріске кетіп қалуы жиілеуде. Ал олардың «орнын басады-ау» деген жас таланттарымыз да аспирантура, магистратурада қалмай, күнкөріс қамымен жалақысы көп өндіріске кетуде. Сірә, «сананы тұрмыс билейді» деген ежелгі қағида осындайдан айтылса керек.

Еліміздің экономикалық базасын жасайтын сапасы жоғары және әлемдік нарыққа бейімделген инженерлер дайындауға жұмсалған, қаржы күні ертең еселеп қайтады. Бұған дәлеліміз – қазіргі күні ел экономикасына шаш-етектен пайда әкеліп, мемлекет бюджетін толтырып жатқандар мұнай-газ кеніштерін ашқандар да дәл осы өзіміздің оқу орнының кешегі түлектері болатын.  Негізгі осы бір жайтта диплом жұмысы барысында толық талданды.

Қалай болған күнде мұнай-газ және энергетика кешені Қазақстандық экономика дамуының басты стратегиялық ресурсы болып табылады және Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіру стратегиясының жүзеге асырылуында өзекті рөл атқарады. Білікті мамандар мен сарапшылардың пікірінше, еліміздің мұнай-химия саласын дамыту дегеніміз – экономиканың екінші тынысын ашу деген сөз. Бұған дейін Қазақстан экономикасы нақ осы қуатты мұнайгаз секторының арқасында жедел көтерілгені белгілі. Біз соның нәтижесінде басқа салаларды да едәуір дамыта алдық. Демек Қазақстанға осы жеделділікті одан әрі ұстап тұруы үшін аталған сектордың өнімдерін одан әрі тереңдетіп өңдеу мәселесін қолға алатын уақыт жетті.

        Зерттеу проблемасы өте күрделі болғандықтан толығымен шешімін тапты деуге болмайды. Дегенмен, диплом жұмысы барысында мен зерттеу жұмысын жүргізе отырып, айтарлықтай қорытындылар жасадым. Алдымен, еліміздегі байлықтың бірі мұнай мен газ саласы болып табылады. Яғни, елімізде осындай үлкен таңдаудың алдында тұрып, жас тәуелсіз мемлекет үшін қазіргі таңдағы басты міндет төл тәуелсіздігіміздің тұғырын биіктетіп, ел экономикасының күш–қуатын арттыра түсу үшін, келешекте осынау биік мақсат–мұратты жүзеге асыруға бірден–бір қолайлы стратегиялық бағыт–бағдар мұнай мен газ өндірісі саласын өркендетуді қолға алуда. Десек те, атқарылған істен атқарар іс жетерлік. Сонда да, мұнайлы Қазақстанның жарқын болашағы мен бақытты күндері де әлі алда деп айтуға толық негіз бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН СІЛТЕМЕЛЕР ТІЗІМІ:

 

  • Назарбаев Н. Казахстан-2030: Барлық қазақстандықтардың дамуы,                                       

          қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы. Қазақстан халқына Президенттің     жолдауы. – Алматы: Білім, 1997. – 176 б.

  • Чуланов Г. Промышленность дореволюционного Казахстана (Историко –              экономический очерк.). – Алма-Ата: АН  Каз. ССР, 1960. – С. 102
  • Шаукенбаев Т. Экономика нефтяной промышленности Казахстана. –Алма-Ата: Казахстан, 1974. – С. 167
  • Темиргалиев К.Е. Борьба за нефть Казахстана. Партийное руководство       развитием нефтяной промышленности. – Алма-Ата: Казахстан, 1982. – С. 179
  • Козыбаев М. Казахстан – арсенал фронта. – Алма-Ата: Казахстан,1970.-С. 476
  • Есалиева М.М. Рабочие кадры нефтяной промышленности Казахстана: дисс. к.и.н.: – Алматы, 1995. – С. 158
  • Кожыбай И., Джакиев К. «Ембі мұнайы 100 жылда (1899-1999)» . – Атырау, 1999. – 95 б.
  • Алтаев А. Ш. Социальное развитие рабочих промышленности Казахстана (1970-1990гг) : дис.  д.и.н.: – Алматы, 1996. – С. 322  
  • Ташенев М.Ж. Рабочий класс Казахстана в 1960-1985 гг. (на примере промышленности): дис. д.и.н.. – Екатеринбург,1997. – С. 471
  • Садыков Т.С. Жезқазған өнеркәсіп аймағының қалыптасу және даму тарихы (XIX ғ. ортасы-XXғ): т.ғ. д. дис.: – Алматы, 1999. – 0599РК
  • Асылбеков М.Х., Козина В.В. Казахи (Демографические тенденции 80-90-х гг.). – Алматы: Оркениет, 2000.- С. 102
  • Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторын игерудiң мемлекеттiк бағдарламасы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 16 мамырдағы N 1095 Жарлығы // akorda.kz
  • Казахстан в цифрах . – Алматы, 2003. с.- 341
  • Назарбаев Н. Казахстан на пути ускоренной экономической, социальной и политической модернизации. Қазақстан халқына Президенттің жолдауы. Алматы:  Атамура , 2005. – С. 48
  • Назарбаев Н.А. Казахстанский путь. – Караганда: ТОО «АСКО», 2006. –С. 372
  • Бурханов К.Н., Мажитов С.Ф. Казахстанский масштаб глазами зодчего // Страна и мир. – 2007, №3
  • Назарбаев Н.А. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Қазақстан халқына Президенттің жолдауы // Егемен Қазақстан – 2007, №2.
  • Ергин Д. Добыча. Всемирная история борьбы за нефть, деньги и власть /пер. с анг. – Москва: ДеНово, 1999. – С. 968
  • Нефтяная энциклопедия Казахстана. – Астана,1999. – Т.1-669 С.; Т.2– С.

            558

  • Асылбеков М.Х., Козина В.В Демографическое развитие республики Казахстан в условиях суверенитета. – Алматы: Оркениет, 2001.- С. 112
  • Байдосов З.Б. и др. Актюбинская нефть: история и современность. – Актобе, 2000. – С. 449
  • Габдуллин Х. От Карачунгула до шельфа Каспия. – Уральск, 2001.– С.194
  • Нурша А.К. в Дипломатическая борьба вокруг каспийской нефти в конце ХХ – начале ХХI вв. – Алматы, 2002. – С. 30
  • Кобенова Г.И. Зарождение и развитие «Актобемунайгаза» (1928 – 2000 гг.). – Уральск, 2004. – С. 139
  • Серикова Л.С. Қазақстанның мұнайгаз кешендерінің даму тарихы (1985-2000 жж.). – Орал, 2005. – 148 б.
  • Абишев А. Каспий: Нефть и политика.2-ое изд. – Астана, 2004.-С. 380
  • Буранбаева Л.М., Жуламанов Р.К. Концепция промышленной политики Республики Казахстан. – Алматы: Институт развития Казахстана, 1994. – С. 23
  • Есентугелов А.Е. Институционально-структурные преобразования экономики в Казахстане. – Алматы: НИИЭРО, 1994. – С.124
  • Есентугелов А. Рыночная экономика – выбор Казахстана. – Алматы: «Каржы — Каражат», 1995. – С.184
  • Ибрагимов И.А., Аббасов А.Н. Пятьдесят славных дел. – Баку:Азерб. гос. изд., 1971.- С. 308
  • Лутченко А.И. Создание инженерно-технических кадров в построения социализма в СССР 1926-1958 г.- С. 165
  • Крыштановская О.В. Инженеры: становление и развитие профессиональной группы. – М.: Наука, 1989. — С. 53
  • Бейсенов С.Д., Мухамбетов Т.И. Рынок и проблемы занятости в Республике Казахстан. Алматы : Гылым, 1992. – С. 138
  • Межэтнические аспекты социальных и экономических реформ Республики Казахстан: Методические рекомендации. – Алматы: КИСИ, 1993 г.
  • Труд и занятость населения в Казахстане. Статистический сборник Алматы: Национальное Статистическое Агентство. 1998
  • Яновская О.А. Формирование и развитие интегрированных корпоративных структур в Казахстане. – Алматы: Экономика. — 2000
  • Промышленность Казахстана и его регионов. Статистический сборник 1998-2000г Алматы: Агентство РК по статистике 2001
  • Сейдалы А.С. Современное состояние и перспективы развития нефтегазодобывающей отрасли за рубежом и в Казахстане. Аналитический обзор. – Алматы: КАЗГосИнти, 2001. – С. 114
  • Кулиев Ж. Рахмет Отенисинов. А. 2006
  • Султангалиулы К. Куаныш Кудабаев. А. 2006
  • Атырау облыстық газеті. 12. 05. 2004
  • Зиманов С.З. Государство и контракты в сфере нефтяных операций. – Алматы: Жеты Жаргы, 2007. — С.176
  • Карибджанов Е.С. Международный нефтяной бизнес в Казахстане. – Алматы, 1994. — С.112
  • Сабденов О. Экономическая политика переходного периода на рубеже XXI века. – Алматы: Казахстан, 1997. – С. 368
  • Сабден О. Что делать для восстановления экономики Казахстана? –Алматы: Санат, 1999. – С. 600