АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қазақстанның аумақтық тұтастығының қалыптасу

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

                                                                                          

ӘЛ‑ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

ДИПЛОМ  ЖҰМЫСЫ

 

 

Қазақстанның аумақтық тұтастығының қалыптасу 

 

 

Алматы- 2010

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………………………………………………………………………………………

 

1  ҰЛТТЫҚ –МЕМЛЕКЕТТІК МЕЖЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ТАРИХТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЗЕРТТЕЛУІ……………………………………………………

1.1  Большевиктер партиясының ұлттық бағдарламасы- Орта Азия мен Қазақстанды ұлттық-межелеудің теориялық негізі…………………………………….

1.2 Орта Азия мен Қазақстанды ұлттық-межелеудің тарихтық-құқықтық тұрғыдан зерттелу дәрежесі………………………………………………………………………

1.3 Қаз АССР –нің ұлттық мемлекеттік межелеу қарсаңындағы РКФСР мен КСРО құрамындағы құқықтық жағдайы…………………………………………………….

 

2  ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДЫ ҰЛТТЫҚ-МЕЖЕЛЕУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ БАРЫСЫ……………………………………………………………………………

2.1 Ұлттық-межелеу ісіне басшылықтың ұйымдастырылуы………………………

2.2 Қазақ Ревкомы және Қазақстанның тұтастығын сақтау мәселелері………

 

3  ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ  ЖОЛДАРЫ ……………………………………………………………………………………………..

3.1 «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің қазақ жерлерін тұтастан

дыру жолындағы қызметі …………………………………………………………………………

3.2 Орал облысы және Қостанай уезінің, Семей және Ақмола облыстарының Қазақстанға қайта қосылуы……………………………………………………………………….

3.3 Қазақстанның аумақтық тұтастығының қалыптасуының аяқталуы………..

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………………………………………….

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………………

 

 

КІРІСПЕ

 

        Тәуелсіз Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастықтың толық мүшесіне айналып, демократиялық және құқықтық мемлекет құрды. Бұл оңайға түскен жоқ, еліміз қаншама қиын-қыстау жолдан өтті.

        Бұл тақырыпты ашудың алдында 1-ден, мемлекеттік аумақ деген ұғымның мәнін ашып алайық. Мемлекеттік аумақ белгілі бір мемлекеттің егемендігіне қарасты жер шарының бір бөлігі. Мемлекеттік аумақтың құрам дас бөліктері болып құрғақтағы, судағы, жер қойнауындағы  және әуедегі кеңістіктері жатады.

        Әрбір мемлекет өз аумағында толыққанды егемендік билікке ие және ол ерекше аумақтық үстемдік сипатта болады. Мемлекеттік аумақ мемлекеттік шекарамен анықталады. Мемлекеттік шекара — бір мемлекеттің аумағын екінші мемлекеттің немесе ашық теңізден бөліп тұратын сызықтар, ол мемлекеттің аумақтық үстемдігінің шегі.

        Заң ғылымында мемлекеттік аумақтың тұтастығы ұғымы бар. Мемлекет тік аумақтың тұтастығы оның аумағын зорлықпен бөлшектеуге немесе басып алуға  және оның бір бөлшегін бөліп алуға тыйым салу болып табыла ды[17,1]. Қазақстан Республикасы  аумақтық тұтастықтың және мемлекеттік шекараға қол сұғылмайтындығының халықаралық принциптерін негізге алады.

        Республиканың аумақтық тұтастығы еліміздің Конституциясында  бекітілген. Онда «Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлінбеуін қамтамасыз етеді»[17,2],- делінген

        Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі Конституцияның осы бабына ресми түсінік бергенде: «Мемлекет аумағы осы мемлекет өмір сүретін және егемен мемлекет ретінде істейтін кеңістік шегін білдіреді, бұл билік осы аумақтағы ең жоғары және біртұтас тәуелсіз билік болып табылады»[17,3] –дей келе аумақтық тұтастық, қол сұғылмау және бөлінбеуге кіретін ұғымдарды анықтап берді. Аумақтық тұтастық мызғымас конституциялық норма, ол аса қасиетті ұғым. Себебі ол мемлекеттің егемендігін, ұлттық қауіпсіздігін және негізгі материалдық  байлықтарын айқындаушы шарт болып табылады.

        Қазақстанның бүгінгі аумақтық  тұтастығы Қазақ хандығы дәуірінде қалыптасып, халқымыз оның тұтастығын ондаған жылдарға созылған сұра пыл соғыстар кезінде де сақтап отырды. Патшалық Ресейдің отаршылдығы кезеңінде Қазақстан мемлекеттілігін жоғалтып қана қойған жоқ, сонымен қатар оның аумақтық тұтастығынан да айрылды. Қазақстан жерлері патша лық Ресейдің әртүрлі әкімшілік орталықтарына бағынышты болып қалды.

       Қазақ жерлерін тұтастығын қалпына келтіруге алғаш рет 1917-1918 ж. Алашорда үкіметі талпыныс жасады. Алаш қайраткерлері ең алдымен Қазақ станның аумақтық тұтастығын тарихи-этнографиялық тұрғыдан түгендеп берді және оны бір тудың астына біріктіруге нақты қадамдар жасады. Бірақ Алдашорда үкіметінің тарих сахнасынан кетуіне байланысты оның жоспар лары орындалмай қалды.

        Қазақ жерлерін біріктіруде алғашқы шешуші қадам РКФСР Халкомы кеңесінің 1919 ж. 10 шілдедегі декретімен қабылданған «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы уақытша Ережеде» жасалды. Осы Ереженің №3 параграфында  «Қазақ өлкесінің аумағын анық тағанға дейін Түркістан республикасымен, Қазақ съезімен және орталық Кеңес өкіметімен келісе отырып, ревкомның қарауына Астрахан губерния сындағы қазақ аумақтары және мына облыстар: Орал, Торғай, Семей және Ақмола облыстары кіреді»[10,14-б]-деп көрсетілген..

        Мұнда қазақ жерлері түгел қамтылмағанымен, оның көпшілік аумағы қарастырылған, соның ішінде Астрахан губерниясындағы қазақ аумақ-тарының Қазревкомға қарауына берілуінің маңызы зор болды. Өкінішке орай, Астрахан губерниясындағы қазақ аумақтары Қазақстан құрамына толық өте алмай қалды. Басында дұрыс қойылған мәселе кейін дұрыс шешімін таба алмады. Қазревком өз тұрғысында қазақ жерлерін  қайтарып алу барысында біраз әрекеттер жасады. Соның ішінде шешуші табыстары-ның бірі Қостанай уезін Ресей Федерациясының Челябинск губерниясының құрамынан бөліп алып, Қазақстан құрамында сақтап қалуға қол жеткізуі.

        Сондай-ақ Орал облысының тағдыры қыл үстінде тұрды. Әсіресе солшыл ұлтшылдыққа ұрынған Орал облысының большевиктік басшылығы осы облысты Қазақстаннан бөліп әкетіп, РКФСР құрамына қосып алуға барынша әрекет жасады, алайда ол әрекеті сәтсіз аяқталды. Жергілікті шовинист басшылардың бұл әрекетін Мәскеудің өзі де қолдамады.

        Қазақстан жерлерінің тұтастығының қалыптасу барысында Орынбор губерниясы мен Орынбор қаласының алғаш еліміздің құрамына кіргізіліп, кейін оның құрамынан шығарылуы да Орталыққа тәуелділігімізді көрсетеді.

        Қазақ жерлерінің  тұтастығын қалыптастыруда ерекше кезең болған уақиға БОАК пн  РКФСР Халкомының 1920 ж. 26 тамыздағы  «Автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декреті болып табылады.

        Декретте жаңадан құрылған Қазақ АКСР-нің  құрамына Семей, Ақмола, Торғай, Орал облыстары көрсетілген уездерімен, Закаспий облысының Красноводск уезінің 4-5 адай болыстар, Астрахан губерниясының Синеморск болыстығы, Бөкей ордасы тағы басқа жерлері кірді[30,251-б].

        Бұл декрет Қазақстан аумағының тұтастығын қалыптастырудағы  аса ірі де елеулі тарихи оқиға болғанымен, ол еліміздің аумағын толық межелеп бере алмады. Себебі Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан губерния-сының құрамында, Ақмола, Семей облыстары Сібір Ревкомы құрамында қала берді. Қазақстан мен Түркістан арасындағы шекараны анықтау тек 1925 ж. шешілді. Осы облыстардың Қазақстан құрамына қосылуының тарихи маңызы өте зор болды. 1924 ж. межелеу нәтижесінде Орта Азияның саяси –географиялық картасы түбірімен өзгерді. Түркістан Республикасы, Бұқар Халықтық Социалистік Республикасы, Хорезм Халықтық Социалистік Республикасы сияқты мемлекеттік құрылымдар таратылып, тарих сахна-сынан мәңгілікке кетті. Бұлар патшалық Ресей заманындағы әкімшілік аумақтық құрылымнан мұраға қалған көп ұлтты мемлекеттер еді. Осы тарихи процессте Түркістан АССР-нің құрамындағы Жетісу және Сырдария облысының қазақтар мекендеген аумақтары ҚАССР-нің құрамына өтті.

        Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан аумақтарының және қазақ халқының тұтастығы қалпына келтірілуі, қазақ жерлерін өзіне қайтару оңайлықпен шешілген жоқ. Осы тарихи процесс қазақстандық тарих ғылымы тұрғысынан да, тарихи-құқықтық ғылыми тұрғысынан да осы уақытқа дейін толық зерделенбеген. Мысалы, Жетісу және Сырдария облыстарының Қазақстанға өтер кездегі талас тартыстар мен дау-дамайлар, күрес барысы ерекше зерттеуді қажет етеді. Себебі қазақ жерлері өзінен-өзі қайтарыла салған жоқ. Осы жолда көптеген қазақ қайраткерлерінің тері төгілді. Бұл мәселе құқықтық ғылыми әдебиеттерді мүлдем сөз болмады десек те болады. Мысалы 1924-1925 жылдары Түркістан республикасынан бөліген аудандарды басқару жөніндегі Қазақ Революциялық комитетінің атқарған қызметі жөнінде бірді бір әдебиетте айтылмай келді. Бұл орган сол кезеңде аса маңызды тарихи іс-шараларды жүзеге асырып, қазақ жерлері мен қазақ халқын тұтастандыруға бірден бір атсалысқан мекеме болды. Еліміздің саяси-құқықтық тарихындағы осы оқиғаларды зерттеудің бүгінгі тәуелсіз Қазақстан үшін маңызы өте зор.

        Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Диплом жұмысым Қазақстанның аумақтық тұтастығының қалыптасуының  проблемаларын зерттеуге бағытта-лады. Бұл зерттеу еңбегімнің алдына мынадай мақсат қойылды: 1917-1925 жылдар арасындағы зор күрделі тарихи кезеңде Қазақстан аумағының тұтастығының қалыптасуына тарихи-құқықтық тұрғыдан талдау жасау. Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттің межелеуге және басқа тарихи оқиғаларға байланысты мұрағат құжаттарына, дерек көздеріне сүйеніп ғылыми зерттеу жүргізіп, сараптама беру, осы тарихи құқықтық процесстің кезеңдері мен ерекшеліктерін ашу.

        Осы мақсатқа байланысты зерттеу еңбегінің алдына мынадай міндеттер қойылды.

  • мәселенің теориялық және методологиялық негізлерін анықтау, осы тұрғыдан большевиктер партиясының ұлт мәселесі жөніндегі теориясы мен практикасын бүгінгі сыни тұрғыдан таразалау;
  • зерттелініп отырған мәселеге байланысты тарихи және тарихи-құқық тық әдебиеттерге ғылыми тұрғыдан талдау жасау;
  • Қазақ АССР-нің Орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеуге байланысты РКФСР мен КСРО құрамындағы құқықтық мәртебесін зерттеу;
  • «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің қазақ жерлерін тұтастан-дыру жолындағы қызметін саралау;
  • Ақмола, Семей облыстарының Сібір Ревкомның қарамағынан Қазақ-станға өтуінің мәселелерін зерделеу;
  • Орынбор губерниясы мен Орынбор қаласының Қазақстанның құрамында болуы және оның құрамынан шығарылуының тарихи-құқықтық мәселелерін зерттеу;
  • Батыс Қазақстанның, Қостанай уезінің Қазақстанға өтуінің қиындық-тарын көрсету,
  • Қазақстан мен Түркменстан арасындағы шекара белгілеу мәселелерінің барысын қарастыру т.б.мәселелер.

        Зерттеудің дерек көздері:  Еңбекті зерттеу мынадай: «Сборник законов СССР», Образоваине Казахской АССР. Сборник документов и материалов. Алма-Ата: 1957., Юридический энциклопе дический словарь, С.Э. М.,1987., В.И.Ленин ш.т.ж. Т.24. М., М.Қазыбек., Ғ.Маймақов. Құпия кеңестер, М.Шокай. Таңдамалы шығармалар, Т.Рысқұлов т.ш.ж. А, 1997., С.Зиманов, С.Дәулетова, М.Исмагұлов. Казахский ревком. Алма-Ата, 1988. М.Қойкелдиев. Алаш қозғалысы., Алматы.1998. Ғ.Маймақов. Қазақ жері тұтастығының қалыптасуы. 2005 т.б. жинақтар мен тарихи еңбектерге сүйене отырып жазылды.

        Ғылыми зерттеудің жаңалығы: еліміздің тарихи-құқықтық ғылымын да Қазақстанның  мемлекет ретіндегі аумақтық тұтастығының қалыптасуы ның тарихи бейнесі жасалынды. Бұл процесс Орта Азиядағы ұлттық-мемле кеттік межелеумен байланыстыра отырып зерттелінді. Қазақ жерлері-нің басын біріктіру процесіндегі кездескен қиындықтар мен жетістіктер жайлы дерек материалдар пайдаланылды.

        Зерттеудің ғылыми және практикалық маңызы. Қазақ мемлекет тілігінің қалыптасу кезеңін зерттеуде, талдауда тақырыптың мәнін ашып саралау, тарихи-құқықтық ғылым үшін мәні зор. Тың да өзекті мәселе. Зерттеудің тарихи тәжірибелері мен сабақтары тағылым аларлық. Бұл еңбектің материалдарын мектепте және жоғарғы оқу орындарында құқық және тарих пәндерін оқытуда пайдаланудың мәні бар деп есептеймін.

        Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе, Ұлттық-мемлекеттік межелеудің теориялық негізі және тарихтық –құқықтық зерттелуі, Қазақстанның аумақтық тұтастығының қалыптасу жолдары деген тараулар және Қорытынды, Пайдаланған әдебиеттерден тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1    ҰЛТТЫҚ –МЕМЛЕКЕТТІК МЕЖЕЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ ЖӘНЕ ТАРИХТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЗЕРТТЕЛУІ

 

1.1  Большевиктер партиясының ұлттық бағдарламасы- Орта Азия мен Қазақстанды ұлттық-межелеудің теориялық негізі

 

        Орта   Азия  мен    Қазақстанды   ұлттық – мемлекеттік    межелеудің   теориялық  негіздеріне   В.И.Лениннің  ұлт  мәселесі  жөніндегі теориясы,     Ресей  Коммунистік   (большевиктер )  партиясының   ұлттық    бағдарламасы   және   саясаты   жатты.  Большевиктер   партиясының  көсемі   В.И.Ленин   ұлт  мәселесі  жөнінде   үлкен    теория  жасады. Кезінде  оны   ұлт мәселесі туралы ілім деп те атады . В.И.Ленин   мен большевиктер партиясының ұлт саясатының  негізінде  кеңестік  ұлттық – мемлекеттік  құрылыс саясаты  жүзеге асырылды.  Осы кеңестік ұлттық мемлекеттік құрылыстың құрамдас бөліктері  болып; кеңестік федерация; кеңестік автономия; одақтас респуб лика; ұлттық мемлекеттік межелеу; одақтық мемлекет пен  одақтық респуб ликалардың, автономиялы республикалар  мен  облыстардың  өзара  байла ныстары  т.б табылады . 

        Бұл  ұғымдар   кеңестік дәуірінде  ең өзекті   мәселелер болғанымен,   бүгінгі  күнде  тарихи  құқықтық  терминге  айналды. Бұл ұғымдардың  кейбі рінің қазіргі кезде де партиялық мәні  жоғала қойған жоқ. Олар негізінен  ғылым үшін ғана  қажеттілік болып  қалды .

        Енд большевиктер партиясының  ұлт  саясатының  теориялық  жақтарын және олардың ұлттық-мемлекеттік құрылысқа қатыстылығын қарастырып   көрелік .

        Большевиктер  партиясы ең  алдымен  саяси билік үшін күресті. Олар   саяси билікке тек социалистік  революция  арқылы  қол жеткізуге болатын-дығын жақсы білді.Сол үшін де В.И.Ленин социалистік революция  теориясын  жасады.  Ресей көп  ұлтты   мемлекет  болған соң  большевиктер  партиясы ұлт мәселесін  айналып   өте  алмады . В.И.Ленин   ұлт   мәселесінің де  теориясын  жасады. Бірақ большевиктер ұлт мәселесін социалистік    революцияға,  тап  күресіне   тәуелді  мәселе  ретінде  қарады . Ұлттық  қозғалыстарды    социалистік  революцияның   резерві деп  санады .  Осыдан  келіп ұлттардың бостандығын  жариялай  отырып,  большевиктер   партиясы   оны  тек социалистік  революция  шешеді  деп  санады.  Большевиктер партиясы бір қолмен ұлттардың бостандығын, тәуелсіздігін,  өз  мемлекетіне  бере   отырып,  екінші  қолымен ол  тәуелсіздікті   интернационализм  ұраны арқылы  тұншықтырып та отырды. Алдымен  автономиялы  республиканы,  содан  кейін одақтас  республиканы   большевиктер партиясы  ұлттардың  өзін-өзі билеудің  аяқталған  формасы  немесе  егемендігінің   үлгісі  ретінде   барынша дәріптеді.Кеңес өкіметінің алғашқы  жылдарында   кеңестік  ұлттық  — мемлекеттік   құрылысы  шамамен   осындай   схемамен   жүргізілді.   Осылай КСРО құрылды, оның одақтық және автономиялы ұлттық  респуб ликалар  мен   облыстардан   тұратын  субъектілері  құрылды . 

        Марксизмнің ұлт мәселесі   жөніндегі  теориясының  негізін қалаушылар  К.Маркс пен  Ф.Энгельс  «Коммунистік партияның Манифесінде»   ұлт  мәселесін  шешудің  негізі   таптар  күресінде  жатқандығын  негіздеп берген еді. Олар бір индивидиумның екінші индивидиумды қанауының   жойылуына   байланысты, бір  ұлттың  екінші  ұлтты  қанауы  жойылады [21,251 б,]   деген  тұжырым  жасады .

        К.Маркс пен Ф.Энгельстің бұл тұжырымдары марксизмнің  ұлт  мәселесі  жөніндегі теориясының іргетасының бірі  болды . К.Маркс  пен Ф.Энгельстің   «Барлық   елдің   пролетарлары, бірігіңдер!»  деген   жауын-герлік   ұраны  да  жұмысшы  табының   мүддесін  көздеуге  негізделген. Көп  ұлтты   Ресейде  (кейінірек КСРО-да ) ұлт   мәселесінің  теориясы  мен   практикасы,  ұлттық- мемлекеттік құрылысының негіздері В.И.Лениннің, И.Сталиннің т.б   больше виктер  көсемдері  мен  қайраткерлерінің   еңбектерінде   және   большевик тер  партиясының сьездері,  конференцияларының   қаулылары  мен  қарар ларында   дамып  отырды . 

        1903  жылы  РСДЖП-ның  екінші   сьезінде   В.И.Лениннің  басшылы ғымен    қабылданған   партияның   алғашқы  бағдарламасында  «Мемлекет құрамына кіретін ұлттардың бәрінің  өзін — өзі  билеу құқығы» туралы     айтылды .   

        Бірінші   дүниежүзілік   соғыстың      қарсаңында  және  соғыс  жылда- рында  В.И.Ленин   ұлт   мәселесімен    тереңдеп   айналысты, оның теориясы  мен    бағдарламасын    жасады .  «Ұлт   мәселесі  жөніндегі  сын  заметка-лар»  (1913 ж)  «Ұлттардың   өзін — өзі  билеу   құқығы » (1914ж)    кітаптары  мен    көптеген   мақалаларын   жазды . Жалпы  ұлт мәселесіне   қатысты  100-ден    аса  еңбектер   жазған .

        Ұлттардың    дамуының    ұлттық    қозғалыстың  дербес,  тәуелсіз  ұлт-тық – мемлекетке   алып  келетінін    В.И.Ленин   өзінің   ұлттардың  дамуы   туралы  екі  тенденция  туралы    қағидасында   да  дәлелдеп  берді. «Дамушы   капитализм,- деп  жазды  В.И.Ленин, — ұлт  мәселесіндегі  екі  тарихи  тенден цияны  біледі. Біріншісі:  ұлттық  өмір мен  ұлттық  қозғалыстардың   оянуы,  ұлттық  езгінің  барлық  түрлеріне  қарсы  күрес,   ұлттық  мемлекет-тің  құрылуы. Екіншісі: ұлттар  арасындағы  барлық   қатынастардың  дамуы  және  жиіленуі,  ұлттық  оқшауланудың   қирауы,   капиталдың,  жалпы  экономикалық  өмірдің,  саясаттың, ғылымның  және т.б  интернационалдық  бірлігінің жасалуы[26, 14 б.]. В.И.Лениннің осы   сөздерінде   ұлттардың   пайда  болуынан  бастап,   дербес  ұлттық    мемлекет  құруға   дейінгі    жолы  дәл  және нақты көрсетілген. Бұл   да  В.И.Лениннің    ұлт  мәселесі   теориясына  қосқан   ірі    үлестерінің  бірі .

        1917 жылы  Ресей  империясының  құрамындағы  ұлттар мен халықтар да   өзін — өзі  билеу  құқығына   ие   болу  жолында  күрес  жүргізді .Алдымен   Кеңес   үкіметі  Польша  мен  Финляндияның   тәуелсіздігін    мойындады .   Бұл  екі   мемлекеттің  тәуелсіздік  алуы  басқа   ұлттарға  да   әсер  етті . Прибалтика, Украина, Белоруссия, Повольже, Закавказье,  Қазақстан,  Орта Азия, Қиыр шығыс   халықтары қалыптасқан   тарихи мүмкіндікті  пайдала-нып,өздерінің толық тәуелсіздігін жариялауға   әрекет  етті.  Бұл   қалыптас-қан  тарихи   жағдайдан   туындаған   объективтік   құбылыс  еді . 

        Эстония   мен  Латвия  да   Октябрь   революциясынан   соң   бірден –ақ   кеңестер билігі орнады. 1918 жылы қарашада Эстония мен Латвияда   буржуазиялық ұлттық үкіметтер құрылды.1920 жылы ақпанда  және  тамызда   Кеңес  үкіметі   Эстония  және  Латвиямен    бейбіт   келісімге   қол  қойды .   

        Литвада 1918 жылы ақпанда тәуелсіз Литва республикасы    жариялан ды.  1919 жылы  қаңтарда Литваның  буржуазиялық    үкіметі  қуылып,  билік    кеңестерге өтті.  1919 жылы Польшаның    әскерінің    кіруіне   орай   Литвада   кеңес  үкіметі   құлады, буржуазиялық   үкімет   орнады. 1920 жылы    жазда   Кеңес  үкіметі   буржуазиялық    Литвамен    бейбіт    келісімге   қол   қойды  . 

        Украина  мен   Белоруссияда    толық    тәуелсіздікке    басқан қадамдар   сәтсіздікпен аяқталды.1917 жылы Украинада Орталық Рада құрылды.1917 жылы маусымда Рада Украинаның автономиясын жариялады және  үкіметтің ролін атқарған Бас хатшылықты құрды.1918 жылы ақпанда   Кеңес   әскері Киевті  басып   алды  Орталық Рада құлады. Украинада Кеңес билігі орнады. Ұзамай неміс әскерлері Киевті басып   алып, Орталық Рада  билігін   қайта орнатты.1919жылы наурызда тәуелсіз  Украин    Кеңестік    Социалистік   Республикасының   Конституциясы  қабылданды .     

        1917 жылы тамызда Белорусь  Ұлттық   Радасы   құрылды . 1917  жылы   Белорусь  Радасы большевиктердің    күшімен   биліктен   сырғытылды . 1918 жылы    ақпанда   неміс   әскерлерінің   көмегімен  Белорусь   Радасы    қайта   билікке келді.1919 жылы қаңтарда  тәуелсіз Белорусь   Кеңестік  Социалистік Республикасы    құрылды .Ұзамай   оның   конституциясы  қабылданды .

        Украина  мен  Белорусь кеңестік   республикалардың   РКФСР  мен   терезесі тең тәуелсіз социалистік   республика   болуы   большевиктер    үшін   ұлттардың кеңестік түрде өзін-өзі билеу  құқығының   жүзеге   асқандығының    үлгісі  еді . 

        Октябрь революциясынан  кейін   бірден – ақ  Тифлисте  құрылтай   жиналысына сайланған делегаттардың негізінде Закавказье  Комиссариаты  құрылды. Оған көбіне грузин және әзірбайжан помещиктері мен интеллигент тері кірді. Комиссариат  Кеңес үкіметін мойындамады, большевиктердің Құрылтай жиналысын қуып   таратуын     заңсыз  деп   таныды . 

        1918  жылы   сәуірде   Закавказье    сеимі   тәуелсіз   Закавказье   Федера циялық    Республикасын жариялады. Бірақ бұл федерация  ұзақ өмір сүрмеді. Оның орнына   тәуелсіз Грузия, Армения  және  Әзірбайжан республика-ларының құрылғаны    жарияланды . 

        Әзірбайжанның     Кеңестік   Республикасының    уақытша  әскери  рево-люциялық комитеті билікті қолға алған соң, 1920 жылы  29 сәуірде   В.И.Ленинге   жеделхат   жолдап, әскери   көмек    сұрады .

        Ресейдің Қиыр Шығысында 1920 жылы сәуірде Қиыр Шығыс республикасы   құрылды. РКФСР   бұл  республиканы 1920 жылы  мамырда таныды.Қиыр Шығыс   республикасы мен   РКФСР   арасында    шекара   бөлінісі анықталды. Бұл  республиканың    буржуазиялық – демократиялық    сипаттағы  өз   конституциясы    қабылданды .  

        1918-1919  жылдары   Омбыда   Батыс Сібірді   билеген    адмирал Колчак   басқарған    Сібір    үкіметі   орнады.  Бұл  үкімет   1920 жылы   Қызыл  Армияның    тегеуірінімен   құлады .  

        Большевиктер  партиясының     мемлекеттік  билікті   қолға  алған  соң   ұлт мәселесіндегі ең  алғашқы шарасы Ұлт істері өніндегі халық    комисса риатын  құру  болды. Оның  басшысы   болып   И.Сталин     бекітілді

        1917 жылы    екінші    қарашада   РКФСР   Халком   кеңесі  төрағасы  В.И.Ленин    және   ұлт   істері   жөніндегі   халық   комисары  И.Сталин    қол   қойған «Ресей  халықтарының  декларациясы» жарияланды. Осыдан  соң1917 жылы  20  қазанда  В.И.Ленин  және И.Сталин    қол   қойған «Халық   Комиссарлары  Кеңесінің   Ресейдің  және   Шығыстың  барлық   еңбекші    мұсылмандарына   үндеуі»     жарияланды . 

        Большевиктер  партиясының    ұлт   саясатындағы,  ұлттық   мемлекеттік    құрылыс   саясатындағы    жаңа   бағыты  РК(б) П – ның     Х съезінен    бас талды   деп   санауға   негіз   бар. РК(б) П-ның   Х съезінде    ұлт   мәселесі   жөніндегі баяндаманы И.Сталин жасады.И.Сталиннің  баяндамасы   негізінде      «Партияның  ұлт  мәселесі  жөніндегі   кезекті    міндеттері »   деген   қарар   қабылдады . Осы  қарарда   федерацияның    әр    түрінің   қалыптасқандығы  туралы   айтылды.

        Кеңес   Одағы  құрылғаннан   кейінгі   ұлт  мәселесін   қараудың   үлкен   кезеңі   РК(б)П-ның    ХІІ  съезі  болып  табылады . Съезд  1923жылы   17-23 сәуірде   өтті . Ұлт  мәселесі  туралы   баяндаманы  И.Сталин    жасады .    И.Сталин  баяндамасы «Партиялық  және  мемлекеттік құрылыстағы   ұлттық    моменттер  туралы»  деп  аталды. И.Сталин   КСРО-ның    құрылуы  туралы  айта  келіп :«Бұл   Одақтың   негізі – еріктілік  және  Одақ  мүшелерінің  құқықтық  теңдігі» деп  көрсетті .  И.Сталин  осылай   КСРО – ның  ұлттық  — мемлекеттік   құрылысының    теориялық  негізін   қалады.  ХІІ съезде  қойылған   маңызды    мәселелердің   бірі   ұлттардың  «құқықтық    теңдігін»   олардың   нақты   теңдігіне   жеткізу  мәселесі болды .

        РК(б)П-ның  ХІІ  съездінде   ұлт   мәселесінің   Одақ  дәрежесіндегі  теоретигі     әрі   практиктерінің   бірі   Түркістан    республикасының  Халық    Комиссарлары    Кеңесінің    төрағасы    Т.Рысқұлов  сөз  сөйледі.

        Ол   өз  сөзінде   федералдық    орталық  пен  шет   аймақтардың өзара  байланысын нығайту  мақсатында  «Одақтық  органдар    және  ұлттарды   тең   дәрежеде   қамтамасыз   ететін   ерекше   ұлттар   палатасын    құруды »  ұсынды .

        РК(б)П ХІІ   съезі  ұлт   мәселесін ,  ұлттық – мемлекеттік    құрылысты   теориялық   және   практикалық   тұрғыдан   қарастырған  соңғы   партия  съезі  еді .  РК(б) П  ХІІ  съезіндегі   Сталиннің   баяндамасы       және   оның   негізінде    қабылданған   қарар   партия  мен  кеңес   үкіметі   ұлт   мәселе-сіне теориялық та, практикалық  та тұрғыдан  соңғы  нүкте  қойды   деп санау ға   негіз   бар ..

        Сонымен жоғарыда айтылған жайттардан мынадай қорытынды тұжырымдар жасауға болады: 1924  жылы  жүзеге   асқан    Орта     Азия   мен   Қазақстанды   ұлттық – мемлекеттік межелеудің негізінде В.И.Лениннің  ұлт  мәселелері   жөніндегі    теориясының  қағидалары, осының негізінде жасалған   РК(б)П-ның   ұлттық    саясат жатты. В.И.Лениннің, РК(б) П-нің    ұлт    мәселесі    туралы    бағдарламасының  қағидалары    1903  жылдан 1922  жылға   дейін   үлкен  эволюция  жолынан  өтті. Қазан  төңкерісіне   дейін   ұлттардың  дербес   мемлекет    болып шыққанға дейін өзін — өзі билеу құқығын ту қылып көтерген большевиктер партиясы, Қазан  төңкерісінен  кейін бұл ұраннан  өлердей   қорықты .                                 

         Себебі бұл ұрандар большевиктер партиясы үшін өзін-өзі мерт қылумен пара-пар еді. Ресейді ұлттық белгісен қарай ондаған мемлекетке бөліп жіберген болар еді. Бұл жолдағы нақты қадамдар Польша Финляндия, Литва, Латвия, Эстонияның тікелей бөлініп кетуі, Армения, Грузия және Әзірбайжанның 1920 жылы Кеңестік Ресейден тыс тәуелсіз буржуазиялық мемлекеттер болуы, Украин Радасы мен Белорус Радасы, Қоқан (Түркістан) автономиясы, Алашорда үкіметі т.б. толып жатқан ұлттық мемлекеттік құрылымдардың пайда болуы, осының бәрі де большевиктер партиясының, кеңес өкіметінің басшыларын шошытты. Мәселе қарудың күшімен шешілуге көшті. Азамат соғысы басталды.

        Азамат соғысының себептерінің бірі төңкеріс негізінде бұрынғы қанаушы топтардың байлығы мен билігін зорлықпен тартып алу ғана емес, ұлттардың толық дербестікке, егемендікке ұмтылуы да болды. Ұлттық мүдде, ұлттық дербестікке ұмтылу шеткі аймақтардағы күрестің негізгі туына айналды.

         Осындай жағдайда большевиктер партиясы өзінің ұлттық саясатын нақтылады. Кеңес өкіметі қарауындағы ұлттарды уысында ұстап қалу үшін оларға кеңестік түрдегі ұлттық облыстық автономия; ұлттық одақтық республика сияқты мемлекеттік құрылымдарды дүниеге әкелді.

 

 

 

1.2 Орта Азиямен Қазақстанды мемлекеттік межелеудің тарихи-құқықтық тұрғыдан зерттелу дәрежесі.

        Орта   Азия мен  Қазақстандағы ұлттық —  мемлекеттік межелеу тақыры бында  көптеген тарихшы  және құқықтанушы ғалымдар қалам тартты. Бұл тақырыпты ғылыми тұрғыдан  сараптау осы процесс басталған 1924  Орта   Азия мен  Қазақстанды   ұлттық – мемлекеттік  межелеудің  тарихи – құқық тық жылдың өзінде- ақ қолға алынған еді.  Орта Азия мен Қазақстандағы ұлттық – мемлекеттік межелеуді ең алғашқы талдап – таразылаушылар Түркістан АКСР–ы, Бұқар және Хорезм  республикалары ның, Қазақ АКСР – ның басшы мемлекет және партия  қайраткерлері еді. Олар осы аса ірі дәрежедегі саяси науқанды әзірлеуші,  ұйымдастырушы және жүзеге асырушылар болды. Сонымен қатар олар межелеу барысы туралы алдымен баспасөзде мақалалар жариялап, кейінірек шығарылған кітаптары арқылы көпшілікке насихаттаған публицистер ретінде де көрінді. И. Вареикис, И. Зеленский тұрғыдан зерттелу дәрежесі. Зеленский, Ф. Ходжаев, С. Меңдешев, С. Қожанов т. б.  ұлттық – мемлекеттік межелеуді тікелей жүзеге асыруға қатысушылардың еңбектері осы процесті терең зерттеуге негіз болады. Олардың еңбектерінің құндылығы сонда, бұл еңбектер ұлттық – мемлекет ұлттық – мемлекеттік межелеудің практикалық жоспары жасалған десе болады.Олар жүзеге асырған жұмыстарын кейде алдын-ала жоспар түрінде, көбіне ізі суымай тұрып қағазға түсіріп көпшілікке жария  етіп отырды. Бұл қайраткерлердің еңбектері көбіне түсіндіру,осы ұлттық-мемлекеттік межелеу процесінің маңызын дәріптеу  және насихаттау, сол арқылы  Коммунистік партия мен В.И.Лениннің ұлттық саясатын мақтап –марапаттау бағытында жазылды. Мұның өзі олар үшін партиялық  және әлеуметтік тапсырма да болатын.      Орта Азиядағы  ұлттық – мемлекеттік межелеуді алғаш тереңдеп зерттеу шілер осы тарихи процесті жүзеге асырушылар РК(б)П  ОК – нің  Орта Азия бюросының төрағасы және  Түркістан Компартиясы Орталық Комитетінің  жауапты хатшысы И. Зеленский және И. Варейкис болды. Көлемі жүз бетке  жуық болатын осы кітап 1924 жылы тамыздың соңына қарай  жазылып бітсе керек. Оның көпшілігін И. Варейкистің еңбегі құрайды. Бұл кітап сондай – ақ еңбек сол кезеңде түсіндіру, насихаттық қызмет те атқарған. Авторлар ұлттық межелеудің маңызына тоқталып, оны барынша лениндік ұлт саясатының табысы және жергілікті халықтар  үшін аса маңызды оқиға деп дәріптейді. И. Варейкис: «Біз бұл жерде (КСРО – да) ұлт мәселесін шешудің тұңғыш үлгісін көріп отырмыз; Ұлттық межелеу Орта Азиядағы екінші революция, — деп жазады,- Бірыңғай ұлттардың Орта Азияға бытырап, шашырап кеткен еңбекшілерінің өкілдерін қазіргі кезде біз біртұтас кеңестік ұлттық мемлекеттілікке жинастырудамыз. Біз Орта Азияның әр бұрышына шашылып кеткен өзбек, қазақ, қырғыз, түркімен, тәжік т. б. еңбекші бұқарасын біртұтас бірыңғай республикаларға жинаудамыз, дұрысы жинауға көмектесудеміз[4,18-б].

        И. Варейкис пен  И. Зеленскийдің  еңбегінде Орта Азиядағы ұлттық кеңестік социалистік республикасын құру тұжырымы жасалды және олар негізінен бұл тұжырымды партияның орталық комитетінің ұлттық – мемлекеттік межелеуге қатысты құжаттарынан алды. И. Варейкис пен  И. Зеленскийдің еңбегінің құндылығы оның  осы бағыттағы алғашқы зерттеу ғана емес, онда осы процестің ерекшеліктері,  маңызы, ең бастысы мол тарихи деректер қамтуында. И. Варейкис пен  И. Зеленскийдің еңбегі таза партиялық, таптық көзқарас тұрғысынан жазылды. Сондықтан олардың  тұжырымдары да осы  көзқарасқа қызмет етті. И.Варейкис межелеудің, онан кейін құрылатын ұлттық республикалардың  болашағына сенбеді. Ол ұлттық – мемлекеттік межелеуді  КСРО деп  аталатын  үлкен Кеңестік пәтердің ішкі  бөліктері ғана деп санады. Бұл И. Варейкистің ғана емес бүкіл кеңестік ұлт саясатының бағыты еді

        И.Варейкис өз еңбегінде Орта Азия федерациясын құруды жақтады.  РКФСР, ЗКФСР сияқты Орта Азия республикаларының да федерациясын құруды жақтай отырып, ол федерацияны тура қазір құруға болмайды, ол болашақтың ісі деп, оны кейінге сүйікті атамекеніміздің ұлттық бірлігін бөлшектеу мақсатында шетке сырғытты. «Федерация жеке мемлекеттердің одағы, әзірше осы жаңа  мемлекеттер әлі де қалыптаспаса біз оны  қалай құрамыз», — [4,39-б]деп жазды И. Варейкис.

        И.Варейкистің осы бағытын Мұстафа Шоқай кезінде қатты сынға алды. Ең алдымен, М.Шоқай Орта Азиялық федерация идеясының қайдан шыққанын анықтап берді. Ол өзінің  Кеңестік Орта Азия федерациясынан Түркістан ұлттық тәуелсіздік мемлекетіне деген  мақаласында:  1924 жылы Мәскеу большевиктері сүйікті атамекеніміздің ұлттық бірлігін бөлшектеу мақсатында рулық республикалар мен автономиялы  аймақтар құруды ойластырып жатқанда, ұлттық намысы мен иманын жоғалтпаған Түркістан-дық ұлттық коммунистер федерация идеясын көтерген болатын. Түркіс-тандық коммунистер осы федерация идеясын Мәскеу қызыл империалис-терінің   бөлшекте де билей бер деген ұранына қарсы қойған.

        Одан әрі М.Шоқай: «Варейкис ол кезде де Орта Азия федерациясының құрылып қалу себебін ақтап, ресми дәлелдер тапқан болатын. Айлакер Варейкис: Қазіргі күнде Орта Азия федерациясын құру мәселесі тек көзқарастарға ғана емес, сонымен қатар қаржыға да қатысты болып отыр. Федерация дегеніміз жеке – жеке мемлекеттердің одағы. Осы одақты құрай-тын жеке мемлекеттер болмайынша федерацияны қайтіп құрмақпыз! Сондықтан алдымен федерацияға кіретін жеке мемлекеттерді құруымыз тиіс деп шықты. Варейкистің пайымдауы негізінен дұрыс та. Күллі буржуазиялық мемлекеттердің заң оқулықтары федерация туралы осылай түсіндіреді», — [24,157-б]деп жазды М. Шоқай.

        М.Шоқай «Қалай дегенмен де, біз федерация идеясы Ұлттық республи-калар идеясынан артық деген сенімдеміз. Біздің мұратымыз – бөлінбейтін біртұтас Түркістан. Біз келешекте Түркістанымызды бөлінбес біртұтас ұлттық мемлекет түрінде көргіміз келеді. Ту қылып отырған осы ұлттық міндеттің орындалуы әбден мүмкін, ол бізге де нәсіп болатын шығар деген үміттеміз, — деп жазды М.Шоқай[24,159-б].

        М.Шоқайдың РК(б)П   ОК – нің Орта Азия бюросы туралы пікірлері де қызықты. Оның «Орта Азия бюросы» деген мақаласы бар. М. Шоқай Орта Азия бюросының шын бет пердесін ашып көрсетті. «Ол Ресей коммунистік партиясы Орталық Комитеті тарапынан ол жердегі «Тәуелсіз кеңес республикалары» партия комитеттері іс – қимылдарын бақылап отыру үшін арнаған бюроның барлық мүшелерін тек Мәскеу тағайындайды. Оның барлық жауапты орындары – мәселен бірінші және екінші хатшылары, үгіт –маңызды буынның басшылары – Түркістанмен ешқандай байланысы жоқ, бұрын бұл өлкеге аяқ баспаған адамдардың қолына ұстатылды. Тек көз алдау үшін олардың арасына Мәскеуге шын берілген бірен – саран түркістан-дықтарды қосып қояды», -[24,160-б] деп орталықтың ұлт саясатын да,Орта Азия бюро-сының жұмысын да қатты сынға алады. 1925ж. Мәскеуден Сыртқы істер халық комиссариатының баспасынан М.Немченко деген автордың « Нацио-нальное размежевание Средней Азий» атты 28 беттен тұратын кітапшасы шықты. Мазмұнына қарағанда кітапша Орта Азиядағы ұлттық аумақтық межелеуді іс-жүзіне жүргізгенге дейін жазылып бітіп, жарыққа 1925ж. шыққанға ұқсайды.                          

        Қорыта айтқанда Орта Азия мен Қазақстанды ұлттық межелеудің тарихнамасы туралы мынадай түйіндер жасауға болады:

        1-ден, Орта Азия мен Қазақстанды межелеу ісі өткен ғасырдың 50-60ж.ж.Өзбекстан мен Ресей ғалымдары тарапынан біршама зерттелінді деуге болады. Дегенмен бұл мәселе жеке тақырып ретінде алынып зерделенбеді. Аталмыш мәселеге басқа тақырып аясында көбіне қысқа шолу сипатында тоқталады. Сондықтан ғалымдар бұл мәселені көбіне Түркістан респуб ликасының соңғы кезеңіне және Орта Азияда ұлттық республикаларды құру процесіне тоқталу барысында қарастырды. Демек, межелеу мәселелері осы тақырыптарға орай жалпы тұрғыдан зерттелді. Мұны жоғарыда талданған ғалымдарШ.З.Уразаевтың, Х.Т.Тұрсыновтың, А.А.Гордиенконың, М.Х.Хаки-мовтың, А.Ағзамхожаевтың еңбектеріне қатысты айтқан орынды. Оның үстіне бұл әдебиеттерде сол кезеңдегі идеология мен саясатқа сәйкес партияның принциптеріне қайшы келетін мәселелер әдейі қара бояумен көрсетілді немесе олар туралы ештеме айтылмады. Бұл авторлар межелеу процесінің Қазақстанға қатысты жақтарын тым аз қарастырды. Бұл олардың мүмкіндігіне кіре де бермеді.

        2-ден, Межелеуге қатысты ғылыми-зерттеу еңбек жазған қазақстандық  авторлар тым аз. Көрнекті ғалым А.Нүсіпбековтың 1953 ж. жарық көрген шағын кітабынан басқа бұл салада еңбек жоқ дерлік. Оның үстіне бұл еңбек те межелеуді жан-жақты қамти алмады. Аталмыш кітапта да экономикалық межелеу, сондай-ақ межелеу барысындағы қайшылықтар, талас-тартыстар, айтыстар сөз етілмеді. Оның да себебі бар,ол кезеңде сталиндік тоталитарлық  бақылау мен цензура барынша күшейіп тұрғандығын еске алған жон.          

        Өзбекстандық ғалымдар біз қарастырып отырған бұл тақырыпты саяси –құқықтық тұрғыдан біршама зерттеді.Ал біздің республикамызда ұлттық межелеу процесі саяси-құқықтық тұрғыдан әлі де зерделеніп зерттеле қойған жоқ.. Күні бүгінге дейін ұлттық мемлекеттік межелеу біздің елімізде негізінен таза  тарихи  тұрғыдан жазылып келді.. Сондықтан да бұл тақырыпты тарихи –құқықтық тұрғыдан зерттеу аса маңызды да  өзекті мәселе  болмақ… [21,25-б].                     

        Осы айтылған себептердің өзі Орта Азия мен Қазақстанда 1924-1925ж.ж.жүзеге асқан республикалар өміріндегі аса ірі саяси шаралар –ұлттық-мемлекеттік межелеу процесін тарихи –құқықтық тұрғыдан зерттеудің мәні үлкен  екенін, оның өзектілігін көрсетеді. Шындығында ұлттық-мемлекеттік межелеу  процесі тарихи –құқықтық ғылымның да зерттеу объектісі жаңа ұлттық  республикалар мен автономиялы облыстар ,нақтылап  айтқанда, мемлекеттер құрылды, олардың аумақтары,шекаралары айқындалып, анықталды…   

       ҚАКСР-сы  межелеу процесі басталынбастан бұрын құрылса да, оның межелеу шараларына тікелей қатысы болды. Межелеу барысында Қазақстан ның қазіргі аумақтық тұтастығы қалыптасып, қазақ халқының негізгі көпші лігі өз Отанына – Қазақстанға бірікті.

1.3  Қаз АССР –нің ұлттық мемлекеттік межелеу қарсаңындағы РКФСР мен КСРО құрамындағы құқықтық жағдайы

        Қазақстанның РКФСР құрамындағы орнын анықтайтын құқықтық акті лердің бірі – РФКСР Халкомының 1919 ж. 19 шілдедегі «Қазақ өлкесін бас қару жөніндегі Ревком туралы уақытша ереже» атты декреті болып табыла ды. Оның 1-ші бабында  «Жалпы қазақ съезі шақырылғанға және Қазақ өлке сінің автономия жариялағанға дейінгі осы өлкені» басқарудың жоғарғы әскери азаматтық билікті жинақтаған Ревком құрылады» делініп, Декретке Ревкомға бағынышты Қазақстан шекарасы нақты көрсетілді. Декретте төмен дегідей Казревкомның міндеттері мен өкілеттіліктері нақты анықталып көрсетілді:

  1. Аумақтық кеңістігінің анықталу;
  2. Қазақстанның БОАК жанындағы өкілдігінің анықталу;
  3. Кеңес өкіметінің принциптерінің жергілікті халықтың дәстүрі, әдет-ғұрыптарының ұштасуының құқықтық жағдайын ескеру;
  4. Қазақстан Конституциясын дайындау туралы ұсыныс жасау;
  5. Қазақ өлкесінің бюджетін құру және оның Ресей федерациясы бюджетіне қатысты принциптерін көрсету;

        Осылайша, 1919 ж. 19 шілдеде Казревкомды құру туралы декретте Қазақ өлкесінің РКФСР мен ТКСР-ның алғашқы және болашақ Каз АССР-мен құқықтық қатынасының негіздері қаланды.

        1920 ж. 26 тамыздағы декреті:

1.Қаз АССР құрылғандығын ,

2.Қаз АССР –нің РКФСР-дің құрамдас бөлігі екендігін,

3.Қаз АССР –нің құрамына кіретін облыстар мен уездерді дәл анықтап заңдастырды.

         Сібір Ревкомы мен Қаз АССР ОАК төралқасы құрамына Қазақ Ревкомы өкілдері кіретіндігі заңдастырылды. Қазақ Ревкомының өкілдері сол өлкелердегі қазақтардың мүддесін қорғап, өз жұмыстарында Қазревкомға есеп беріп отырды, оның директиваларын орындауға міндетті болды.

        Осылайша, 1920 ж.26 тамыздағы декретте Қаз АСС-нің РКФСР құрамындағы негізі қаланды.

        Ендігі  сәтте республиканың құқықтық жағдайын анықтайтын құжаттың негізі Конституция қажет болды. Қазақ АССР-інің құқықтық жағдайы РКФСР құрамындағы басқа республикалардың құқықтық жағдайына ұқсас болды. РКФСР орталық органдарының шешімдері Қазақ АССР органдары үшін міндетті. Солар Қазақ АССР –ының органдары үшін жоғарғы мемлекеттік органдар болып табылады.

        Кеңестік Конституция жергілікті билікке кең мүмкіндіктер беру негізінде құрылған еді. Егер автономиялы республиканың ОАК  қаулысы РКФСР ОАК – ның шешімдері мен қаулыларымен сәйкес келмейтін болса, онда, автономиялы республикалар өз қаулыларын тоқтата тұрып, ол жөнінде БОАК –ге хабарлауы тиіс. Автономиялы республика ОАК мен Халкомдары БОАК  мен РКФСР ХАЛКОМ-дарына  (бұл екеуі ең жоғарғы орган болып табылады) бағынышты.

        1922 жылы 30 желтоқсанда  СССР құрылды. Қазақ АССР оның құрамы на  РКФСР арқылы АССР  ретінде кірді.  Қазақ АССР мен РКФСР арасын дағы құқықтық қатынастар терең орнатылмады. 1922 ж. 18 қазанда Қазақ АССР ОАК «Федерация орталықтарының декреттері мен қаулыларының күшіне енуінің тәртібі» деген қаулы қабылдады. Онда БОАК –ының қаулы лары Қазақстанда міндетті, заңдық күші бар және ол орындалуға тиіс. Сонымен қатар ОАК даярлаған декреттер мен қаулылар міндетті түрде БАОК келісімімен ғана заңды күшіне ене алады. ОАК жергілікті жердің тұрмыстық әдет-ғұрыптық ерекшеліктеріне қарай өзгерістер енгізуге құқылы.

        Қазақстан мен РКФСР арасындағы жағдайда реттеп отыратын Мәскеу де Қазақстанның Ұлт істері жанындағы өкілдігі болды. Ол Қазақстанның мүддесін қорғады. Ортақ мәселелерді осы өкілдік арқылы шешіп отырды.

        1918 ж. 11 мамырда Ұлт істері жөніндегі халкоматтың Қазақ бөлімі құрылды. Бастығы Х.Тұнғаншин болды. 1922 ж. 30 желтоқсанда РКФСР-дің Ұлт істері жөніндегі Халкомының орнына КСРО-ның Ұлттар палатасы құрылды. Ол палата Қазақстан мен РКФСР арасындағы құқықтық қатынас тарды тең дәрежеде шеше алмады.

        РКФСР Халкомы кеңесі төрағасының орынбасары Т.Рысқұловтың 1926 ж. Мәскеуде ұлт республикалары мен облыстарының басшы өкілдерімен өткізген мәжілісінің материалдары Ресей Федерациясы мен Қазақстан арасындағы құқықтық қатынастардың өз дәрежесінде шешілмегендігін нақты көрсетеді. Осы мәжілісте сөз сөйлеген Қазақстан өкілі Ә Досов: «Мәселені автономиялы республикалардың құқықтық қарым-қатынасы айқын белгілене тіндей етіп қою керек. Қазір біріккен халық комисариаттарында да Конститу цияны жаппай бұза бастады» деп  «адам  төзуге болмайтын» жағдай қалып тасқанын[33,511-б] ашына айтты.

        РКФСР орталық органдарының тұтастай автономиялы республикалар ды, олардың автономиялылығын жоққа тән ету, өзіне бағындыру құлшы-нысы ерекше басым болды.

        Қорыта айтқанда, РКФСР мен Қазақ АССР арасындағы құқықтық қаты настар жалпы тұрғыдан шешілгенімен, заңдылық көбіне сақтала бермеді. Мұның өзі Қазақстанның автономиялы құқығына нұсқан келтірді. Бұл мәсе леде РКФСР мен КСРО-ның автономиялы республикаларға деген құқықтық зорлығын осыдан-ақ байқауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2    ОРТА АЗИЯ МЕН ҚАЗАҚСТАНДЫ ҰЛТТЫҚ-МЕЖЕЛЕУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ БАРЫСЫ

 

2.1  Ұлттық-межелеу ісіне басшылықтың ұйымдастырылуы

 

        Орта Азия мен Қазақстандағы ұлттық-мемлекеттік межелеу Мәскеудегі орталықтың соның ішінде РК (б)П ОК –нің тікелей басшылығымен, жоспары мен және жіті қадағалауымен жүргізілді.

        1924 ж. 21 қаңтарда РК (б) П ОК –ның хатшысы әрі РК (б)П ОК-нің Орта Азия бюросының төрағасы  Я.Э. Рудзутакқа Ташкентте Түркмен АКСР-ның Бұқар және Хорезм КСР-ларының жауапты қызметкерлерімен Орта Азияны болашақта ұлттық принципіне қарай мемлекеттік межелеудің мүмкін дігі мен мақсаттылығы туралы кеңес өткізу туралы тапсырма берді.Орта Азия бюросы осы жұмысты ақырына дейін жүргізді.

        Орта Азия үшін мұндай орган алғаш рет 1919 ж. басында Түркістан істері жөнінде Ерекше Комиссия ретінде құрылды. Ортаазиялық бюроға Я.Рудзутак, И.Зеленский, К.Бауман, И.Варейкис, Карклин сияқты орталық өкілдерімен қатар, жергілікті халықтар өкілдері А.Икрамов, С.Қожанов, А.Рахымбаев, Ф.Хожаев, Т.Рысқұлов т.б. кіріп, ауысып отырды.1924 ж. Бұқар КП-сы ОК-ті, Хорезм КП ОК, Хиуа КП ОК, Түркістан КП ОК  мәжіліс терінде ұлттық кеңестік республикалар құру жөніндегі шешімді мақұлдады.

        24-наурызда  Түркістан ТКП комитетінің мәжілісінде Сырдария, Жетісу облысының қазақтары Қазақ АССР-ның құрамына қосылу керек деген ұсынысына өзбектер, түркімендер қарсы шықты. Оған Қожанов тойтарыс берді. 1924 жылы 2-сәуірде ТКП-нің ОК-нің пленумы Орта Азияда ұлттық біртекті республика туралы ұсынысты қабылдады. Оның мазмұны мынадай болды:

        1.Түркістан АССР-і, Бұхар АССР-інің өзбектер мекендейтін аумағы сондай-ақ Тәжік автономиялы, Өзбек КСР республикалар құру керек деп санады.

  1. Түркістан КП ОКП Хорезм республикасы Амудария облысымен тым шалғайда жататынын ескеріп Қарақалпақтар мекендейтін аймағына автоно-мия беруін жақтап, бұдан былай оның ерекше аумаққа республика болып қала беруін мойындайды.
  2. Түркістан АССР-нің қазақтар мекендейтін аудандары, қырғыздарға автономия беруді, қамтамасыз ету арқылы Қырғыз Қазақ АССР-не өтуге тиіс,
  3. Жаңадан құрылған республикалар: (Өзбек, Түркімен КСР-лары) және өмір сүріп отырған Хорезм ХКР-ын  Орта Азия аумағында партия жолы бойынша РК ОКА-ның Орта Азия бюросының басшылығымен жаңа эконо мика жолы бойынша Орта Азиялық экономикалық кеңес арқылы өткізілуі тиіс.
  4. Көрсетілген әр республика оларды мекендейтін халықтардың еркімен РКФСР немесе КСРО құрамына кіруі тиіс.
  5. Ташкент қаласы, РК ОК-нің орта бюросы және Орта Азия эконо миялық кеңесі орналасқан орын ретінде өзбек СССР құрамына кіреді.

        1924 жылы сәуірде Қазақ автономиясының бюросы Орта Азияның меже леу туралы мәселесін қарап, Түркістан АКСР құрамындағы қазақтар мекен дейтін Сырдария және Жетісу облыстарын Қазақ АКСР құрамына алу қажет тігі туралы арнайы шешім қабылдады.

         1924 жылы 5-ші сәуірде Түркістан, Бұхар, Хорезм республикасын меже леу және ұлттық республикаларды құру туралы  мәселе РК ОК саяси бюро сында қаралды. 1924 жылы 28-ші сәуірде Орта Азия бюросының ұлттық мем лекеттік межелеуді пісіп жетіледі деп есептеп ол туралы арнайы қаулы қабылдады.  Орта Азия бюросының қаулысыменен, үш республикасының өкілдерінен тұратын ұлттық мемлеттік межелеудің мәселелерін алдын ала даярлайтын орталық комисия құрылды. Осы кезеңнен бастап Орта Азиядағы ұлттық мемлекеттік межелеуді даярлау, жүргізу де жоспарлы жұмыс жүзеге аса бастады. 1924 жылы 5-ші мамыр мәжілісінде қазақ, өзбек, түркімен комисиялары деп аталатын үш қосалқы комиссия құрылды. Құрамына қыр ғыз халқының өкілдері кіргізілді. Қосалқы комиссия бірден-ақ жұмысты қолға алды. Әр комиссия өз ұлтына өз республикасына көбірек тартып қалуға тырысты. Шекараны айқындау, экономикалық игіліктерді бөлу, болашақ республиканың астанасын облыстағы орталықтарын Орта Азияны мекендеп жатқан халықтарын олардың ұлттық құрамына қарай кіріп жатқан, аумағымен қоса қай республиканың құрамына беру сияқты аса күрделі де, даулы мәселерді шешу үшін қосалқы комиссиялар орталық комиссияға ұсыныс білдіруге тиіс болды. 1924 жылы РКП ОК-ң Орта Бюросы орталық комиссиясының және қосалқы комиссияның жұмыстарын қоыртындылап төмендегідей қорытынды қабылдады: Бұл қаулыда — қазақ жерлері туралы комиссия ұсынысы өзгерді. Түркістан, Бұхар және Хорезм республикалар ұлттық аумақтық белгісіне қарай межелеудің барысында жаңадан бөлінетін ұлттық аумақтық бірлестіктің федерациясын құрмау қажеттілігі мойындалсын. КСРО-ға тікелей кіретін тәуелсіз КСРО –лар құқығындағы Өзбек және Түркімен республикалары, Өзбек республикасы құрамындағы Тәжік автономиялы облысы құралсын. Түркістан республикасын мекендейтін қазақтар қазіргі өмір сүріп отырған Қазақ республикасына қосылсын.

        1924 ж. мамыр айында ұлттық-мемлекеттік межелеуді дайындау бары сында үлкен қайшылықты оқиға болды. Хорезм республикасы басшылығы ұлттық-мемлекеттік межелеуге ашық қарсылық көрсетті.Олар түркмен, өзбек, қарақалпақ сияқты ұлттық белгісіне қарай,оларды жаңа ұлттық респуб ликаларға бөлу дұрыс емес. Тіптен олар Түркістан республикасының Аму дария бөлігін Хорезмге қосуды талап етті.

        Хорезм басшылар «Көне Хорезм символы» болып табылатын өздерінің мемлекеттілігін жоғалтқысы келмеді. Шамасы келсе соны сақтап қалуға тырысты. Сондықтан да елді ұлттық межелеу арқылы жойып жіберуге ашық қарсы шықты.Хорезм республикасы басшыларының бұл күресі Мәскеудің саясатына өз әсерін тигізбей қоймады.

        РК (б) П –і Хорезм КП-ның АК –нің шешімімен санаспай тұра алмады. Сондықтан өз шешімінде орта Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелуді тек Түркістан және Бұқар республикалары шеңберінде жүргізіп, оған Хорезмді қоспады.Саяси Бюро 1924 ж. 12 маусымында қабылдаған қаулысында  Түркімен және Өзбек тәуелсіз кеңес республикалары құрылсын, Түркістан-ның қазақтары Қазақ АКСР-не біріктірілсін, РКФСР құрамындағы Қара қырғыз автономиялы облысы және Өзбек КСР-і құрамындағы тәжік автоно миялы облысы құрылсын деген шешім шығарды. Қаулыда Хорезм респуб ликасын межелеу туралы сөз болмады. Бұл Мәскеудің жасаған тактикасы еді. Ұзамай Хорезм басшылары өз бағыттарын өзгертуге, ұлттық-мемлекеттік межелеуді жақтауға мәжбүр болды.

        Ортаазиялық бюроның мүшесі, Түркістан КП жауапты хатшысы И.Варейкис кәсіпқой революционер, табанды басшы, Азиядағы ұлттық-мемлекеттік межелеудің авторларының әрі оны жүзеге асырушылардың бірі болды. И.Варейкис баспасөзде межелеу жайлы үнемі жариялап тұрды. 1924 ж. И.Зеленскиймен бірігіп, Орта Азияны ұлттық межелеу туралы кітап жазып, тамыз айында Ташкентте басып шығарды.

        1924 ж. «Орта Азияны ұлттық-межелеу туралы» деген көлемді мақаласы «Туркестанская правдада» жарық көрді.  Онда И.Варейкис: «біз Орта Азия ның ұлттық құрылысындағы аса үлкен реформаның, шынында нағыз револю- цияның қарсаңында тұрмыз»-деп[4.39-б] жазды.

        Варейкис осы мақаласында Түркістан, Бұқар өзбектерінен Өзбек Респуб ликасын, Түркістан, Бұқар, Хорезм түркмендерінен Түркімен Республика сын құру керек деген ұсыныс айтқан еді. Түркістанның жартысын алып жатқан қазақтар мекендеген аудандар КАЗ АКСР-нің құрамына өтеді.

       РКФСР құрамында болуы үшін қырғыздар өз автономиялы облысын құрады. Тәжік автономиялы облысы Өзбек республикасы құрамында болады деп тұжырымдады.

       И.Варейкис межелеудің саяси сипатын дұрыс ажыратып, бағалай білді.  Ол межелеу арқылы: «Біз Орта Азия халықтарының өзін-өзі басқару мәселе сін жақын кезең үшін түпкілікті шешеміз» -деп [4. 51-б]жазды.

        И.Зеленскийдің де пікірлерінің үлкен мәні болды. Ол: «Біз халықтардың бөліну құқығын, жеке мемлекет болу құқығын мойындаймыз. Олардың Кеңес Одағына кіруін жақтаймыз. Себебі кіші мемлекеттер немесе халықтар әр уақытта ірі жыртқыштардың жемтігі болып кетуі мүмкін»- деп[4.52-б] көрсетті.   И.Варейкиспен бірге жазған «Национально-гсоударственное размежевание Средней Азии» деген еңбегінде межелеудің жалпы бағытын жасады.

        Сонымен,  Орта Азия мен Қазақстанды ұлттық-межелеу мәселесінің нәтижесі: Жаңа республикалар мен облыстардың құрылуы төмендегідей шешілді.

        1924 ж. 16 тмазыда Аумақтық комиссияның 1-ші мәжілісінде шекаралар мәселесі толық, жан-жақты талқыланды.

        1924 ж. 5 қыркүйекте Амудария обкомының пленумында Қарақалпақ автономиялы облысы құрылды деп жарияланды.

        1924 ж. 15 қыркүйекте ТАКСР өлкесіндегі қазақ жерлері Қазақ АКСР-не қосылсын деген қаулы қабылданды. Түрк ОАК-нің төтенше 3-ші съезінде Түркістан Республикасы таратылды.

        1924 ж. 19 қыркүйекте БХКР өз территориясын біраз бөлікке бөліп,  БКСР деп атын өзгертті.

        1924 ж. 29 қыркүйекте Бүкілхорезмдік V құрылтай  ХКСР –сын ұлттық-межелеу туралы қаулы қабылдады.  Нәтижесінде Хорезм республикасы құра мында Түркмен, Қырғыз, Қарақалпақ облыстары құрылды.. ХКСР құрамын дағы өзбектер ӨЗБЕК КСР құрамына, түркмендер Түркмен КСР-нің құра мына өтті. Қырғыз, қазақ, қарақалпақ халықтарына Қырғыз, Қазақ Авто номиялы КСР құрамына кіруіне құқық берілді. ХКСР жойылды. Тажік авто номиялы облысы өзбек КСР-нің құрамына кірді. 1924ж. 14 қазанда  БОАК шешімімен Түркістан автономиялы республикасын РКФСР құрамынан шығарып, өзбек, қырғыз, қарақалпақ, түркімен, тәжік халықтарына өздерінің бірыңғай ұлттық мемлекеттеріне бірігуіне рұхсат берді.

 

2.2  Қазақ Ревкомы және Қазақстанның тұтастығын сақтау мәселелері.

 

        Қазақ өлкесі туралы алғашқы орган-РКФСР Ұлт істері жөніндегі халық комиссариатының жанында 1918 жылғы 11 мамырда құрылған Қазақ бөлімі болды. Бұл бөлім «қазақ халқының өзін-өзі басқаруын дайындаудың ұйымдық-практикалық басталуы» ретінде ойластырылды. Қазақ бөлімінің меңгерушісі Мұхамедияр Тұнғаншин, оның орынбасары Сейітқасым Қошымбетов болды. Оларды ұлт істері жөніндегі халық комиссараты И.Сталин тағайындады.

        Қазақ бөлімі ұлттық жалпы мәселелерімен айналысты. Ол белгілі бір аумақпен шектелмеді, ол қазақ халқын толық қамтуға тырысты. Қазақ мемлекеттігі мен оның аумақтық тұтастығы жолындағы маңызды қадам 1919 жылы РКФСР Халкомкеңесінің төрағасы В.И Ленин қол қойған «Қырғыз Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық комитет туралы» декрет болды.Осыған байланысты қабылданған «Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитет туралы уақытша ережеде» Қырғыз Қазақ аумағын анықтағанға дейін Түркістан республикасымен, Қазақ сьезімен және орталық  кеңес өкіметімен келісе отерып Революциялық  Комитеттің қарауына Астра хань губерниясының  қазақтар мекендейтін аумағы және облыстары: Орал, Торғай,Ақмола және Семей кіреді деп көрсетілді. Ережеде Қазақстанның аумағы тұтастығының алғаш негізі қаланды. РКФСР Халкомкеңесі Қазрев комның юрисдикциясына жататын аумақтарды заңды түрде анықтап берді. Бұл Ережеде Түркістан АКСР-на қарайтын жерлерден өзге қазақ жерлері түгелдей Қазревком қарауына берілген.

        Ережеде «Қазақ өлкесінің аумағын анықтағанға дейін» деген сөздер бар және Қазревкомның мынадай міндеттері көрсетілген:  

«Революциялық комитет мақсат қояды:

      А. Қазақ өлкесі шеңберінде бүкіл кеңестік қызметті ұйымдастыру және біріктіру;

      Б. Жергілікті халықтың жағдайына,әдет-ғұрпына және тұрмысына қарай Орталық  Кеңес өкіметінің барлық қаулыларын өмірге ендіру;  

      В. Жергілікті кеңестердің қызметіне бақылау жасау;

      Д. Таза жергілікті сипатта пайда болған барлық мәселелерді шешу; 

      Е. Қазақ автономиясы туралы ереженің жобасын жасап,оны жалпы сьез дің бекітуіне тапсыру;

      Ж. Қазақ өлкесімен РКФСР және Түркістан Кеңестік Республикасы ара сындағы қатынастарды реттеу»[18.47-б].

        Біз осындағы «а»және «е» тармақтарының астарына назар аударсақ, Қаз -ревкомның міндеттерінің бірі Қазақстанның аумақтық тұтастығын қалпына келтіру екенін көреміз. Себебі Қазақ автономиясын дайындау барысында, бұл мемлекеттік бірліктің қандай аумақта қызмет ететіндігін анықтап алу қажет еді. 

        Азамат соғысы қызу жүріп жатқан жағдайда Қазревком Түрккомис сиямен, Түркістан майданымен тығыз байланыста жұмыс істеді.1919 жылы Қазревкомның Түрік комиссия мүшелері В.Куйбышев, Ш.Элиава, Я.Рудзутак және Түркістан майданы революциялық-әскери кеңесінің және 1 Армияның, Орынбор губпарткомы мен губаткомы мүшелері қатынасқа кеңейтілген мәжі ліс болды. Мәжіліс қазақ халқын біріктіру мәселесін талқылады. Түрккомис сия төрағасы Ш.Элиава «Бүкілқазақтың сьезін» шақыруға асығу қажеттігін ұсынды.   

        Осы мәжіліс «Кеңестік және кеңестік емес белсенді қызметкерлердің» Ақтөбе қаласында конференциясын шақыру туралы қаулы қабылдады.

         Ақтөбедегі сьезге (дұрысы –конференция –Ғ:М )  Түркістан Респуб ликасы ОАК-нің төрағасы Т:Рысқұлов ерекше көңіл бөлді .Т.Рысқұлов «Бүкіл қазақ сьезінің ашылуына» деген үлкен жолдама хатын жазды. Хат 1919 ж «Известия –Турцик-а» газетінің 25 желтоқсандағы  37 санында жарияланды. Т.Рысқұловтың хатын  Қазақсанның аумақтық тұтастығын қалыптастыру туралы сьезге тапсырылған  аманат-тапсырма деп бағалауға болады. Сьезд өзінің сипаты және ол шақырылып отырған жағдайға орай, қазақ халқының тарихи және саяси өмірде аса ірі рөл атқаруы тиіс еді. 

        «Бұл съезд өзінің құрамының әр түрлілігіне қарамастан , қазақ халқының одан арғы тағдырын шешуге және оның өмірінің әлеуметтік құрылысының дұрыс жолын белгілеуге тиіс». [33.695-б]Осылай Т.Рысқұлов съездің маңызы мен міндетін дәл анықтап берді.

        «Съездің алдында тұрған ең басты мәселе РКФСР –дың орталық үкіметі принципті түрде мойындаған Қазақ Республикасының автономиясын практикалық жағынан жүзеге асыру жолдарын анықтау, яғни, республика шекарасын анықтау…»[33. 698-б]. Қазақ Республикасының шекарасын қалай анықтау туралы да Т.Рысқұлов нақты және батыл ұсыныстар айтады.

        Түркістан қазақтарының делегаттары съезге нақты анықталған аманат пен кетті және оларда қойылған сұрақтарға қажетті жауаптар берілгендей келе Т.Рысқұлов: «Бұл аманатқа сәйкес Сырдария облысы Амудария бөлімімен, Жизақ уезінің бір бөлігі және бүкіл Жетісу облысы аумақтық жағынан Қазақ Республикасына қосылуы тиіс, тек ол Қазақ респуб ликасының орталығын Ташкент қаласына сөзсіз көшіру  шартымен болуы қажет»- деп[33. 698-б] , бұлтарыссыз, қадап жазды.

         Т.Рысқұлов мұның өзі тек бүкіл қазақтарды, біріктіру мүддесінен ғана емес, басқа да барлық түркі халықтарымен және бүкіл шығыспен бірігу мүд-десінен туып отыр, онда Ташкент езілген шығыс халықтарының нағыз революциялық орталығы болатын еді деп барынша назар аудара көрсетті. Т.Рысқұлов хатында сонымен қатар әлеуметтік құрылысты жетілдіру, отырықшылыққа көшу, отаршылдықтың қалдықтарын жою, қоныс аударған орыс шаруаларымен қарым-қатынасты жақсарту т.б. тағы да толып жатқан маңызды мәселелерді көтерді.

         Ақтөбедегі 1920 ж. конференция Қазақстанның аумақтық тұтастығын қалыптастыру жолындағы үлкен белес, бүкіл халықтың үні болды.

          Қазревкомның жанында болашақ Қазақ Республикасының шекарасын анықтаумен және оны РКФСР Халком кеңесі мен БОКА алдында және бүкіл қазақтық құрылтай съезіне ұсынатын арнайы комиссия жұмыс істеді. Комис-

сия үш адамнан тұрды.

         Қазақ Республикасының тарихи шекарасын анықтауда және оны қорғап қалуда нағыз қайнаған күрес жүрді. Шекара үшін күрес Сібір ревкомымен, Астрахань губерниясымен, Челябинск губерниясы өкілдерімен болды. Қазақ-станның өз ішіндегі орыс ұлт өкілдері басым аудандар мен қалаларда шекара мәселесінде және олардың әкімшілік жағынан қайда бағынуы туралы мәселеде қатты күрестер мен пікірталастар жүрді. Бұл даулар мен талас-тардың қазақ халқының және оның аумағының тағдырын шешуде үлкен маңызы болды. Осы мәселелердің шешілуіне РКФСР Халкомкеңесінің төр-ағасы В.И.Лениннің де үлесі зор болды.

        Қазақстаның аумақтық тұтастығын құру, қазақ халқын бірыңғай ұлттық мемлекетке біріктіру және Қазақ мемлекетілігі болып табылатын Қазақ авто-номиясын құру қорыта айтқанда мынадай үлкен обьективті қиындықтарға кездесті;                                              

      1.Патшалық Ресейдің отаршылық саясаты негізінде Қазақ өлкесі бірнеше әкімшілік-аумақтық бөліктерге бөлініп, олар бір-бірінен тым алыс жатқан орталықтардан басқарылды. Омбы, Орынбор, Астрахань, Ташкент сияқты бір-бірінен тым алыс жатқан орталықтар қазақ халқының тұтастығын шын мәнінде шашыратты. Қазақтардың өзара байланыстары нашарлап, ұлт ретіндегі бірлігі жойылуға жақындады.

       2.Жоғарғы мемлекеттік қызметте жүрген, соған орай қолындағы билігін елдің тұтастығы жолына пайдалана білген, дайындығы мол, беделді қазақ қайраткерлері тым аз болды. Қазақстанның мүддесіне Бүкілресейлік мүдде тұрғысынан қарады. Мұның өзі бұрынғы кеңестік қоғамдық –саяси ойда айтылған да зерттелген де мәселе емес. Дегенмен осы факторды біз терістей алмаймыз.

      3.Үшіншіден, қазақ даласы географиялық тұрғыдан кең аумақты алып жатқандықтан жоғары мемлекеттік қызметте жүрген аз ғана қазақ зиялылары да жер-жерде, шалғайда көп мәселелерді қоян-қолтық әрекет етіп шеше алмады. Мемлекеттік қызметтегі нағыз патриоттық  рухтағы қазақ зиялылары Орынборда, Ташкентте, Алматыда шоғырланды. Азамат соғысы мен револю-цияның  от көрігінде шыңдалу мектебінен өткен зиялы топтардың топтасуы-на мүмкіндік береді.

  1. Елдегі тап күресі, азамат соғысы біртұтас халықты тұрғыдан екі жікке бай мен кедейге бөлді, үстем қанаушы тап пен кедей тап арасында бітпес, ымыраға келмес күрес күшейді. Қазақтың аса беделді және терең білімді қайраткерлері Алаш туы астына  жиналғандықтан, олар кеңес үкіметінің жауы ретінде биліктен аластатылып қана қоймай, қуғын- сүргінге ұшыады, олардың мемлекеттің, елдің аумақтың тұтастығы, халық бірлігі туралы күрестері аса құнды ойлары мен идеялары өте қауіпті құбылыс ретінде саналып саяси тұрғыдан айыпталды. Мұның өзі автономия, мемлекеттік және аумақтық тұтастық мәселелерінің ұлттық сипатының жойылып, бұл өзекті мәселенің бірінғай большевиктік рух тұрғысынан шешіліп, жүзеге асуына алып келеді. Бұл мәселедегі большевиктік рухты Орта Азия мен Қазақстанды ұлттық мемлекеттік межелеу авторларының бірі жоғарыда аты аталып, пікірі келтірілген И.Варейкистің мына сөзі дәл бейнелей алады: «Бізде КСРО деп аталатын үлкен «кеңес пәтері» бар, ал ұлттық- мемлекеттік бірліктер, жеке республикалар және автономиялы облыстар болса тек сол үлкен бір пәтердің жеке-жеке бөлмелері ғана»[40,52-б].
  2. Өлкенің қазақ қоғамының жалпы әлеуметтік экономикалық, мәдени жағдайы тым төмен болды. Жалпы халықтың саяси белсенділігі туралы айтуға болмады. Осындай жағдайда жұмыстың дерективалық әдістері, рево-люциялық заңдылық пен революциялық мақсаттылық сияқты зорлық пен күштеуге арналған әдісері әрқашан бірінші қатарға шығып отырды, әрі шеуші роль атқарды.

       Осының бәрі де сол кезең үшін обьективті факторлар болды, мұнымен санаспауға бллмайтын еді. Бұл факторлар автономия түріндегі Қазақ мемлекеттілігін құру, оның аумақтық тұтастығын, қалыптастыру ісінде де терең із қалдырды.            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3     ҚАЗАҚСТАННЫҢ АУМАҚТЫҚ ТҰТАСТЫҒЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ  ЖОЛДАРЫ

 

3.1 «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің қазақ жерлерін тұтастан дыру жолындағы қызметі.

 

        1917 жылғы 5 желтоқсанда Орынборда ұлттық-демократиялық «Алаш» партиясы өкілдерінің ұйымдастырумен 2 Бүкілқазақ сьезі ашылды. Сьездің бастапқы мәселесі ұлттық автономия түріндегі мемлекетке қол жеткізу болды. Сьезд қаулысында:    

        «1.Бөкей елі, Орал, Торғай, Ақмола, Семей, Жетісу, Сырдария облыс- тары, Ферғана, Самарқанд облыстарындағы һәм Әмудария бөліміндегі қазақ уездері: Закаспий облысындағы һәм Алтай губерниясындағы іргелес болыс- тардың жері бірыңғай, іргелі қазақ –қырғыз халқы, қаны, тұрмысы, тілі бір болғандықтан өз алдына ұлттық-аумақтық автономиясы құрылсын.             

        2.Қазақ –қырғыз автономиясы «Алаш»деп аталсын»[20.231-б].

        Алаш автономиясы партия бағдарламасында көрсетілгендей «қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия республикасының бір ағзасы болуы, реті келмесе бірден-ақ жеке болу» сипатында болды. Сьезде «Алаш» автономиясының орталық атқарушы — үкімет органы Ұлттық Кеңесі — Алашорда үкіметі құрылды. Бұл орган автономияның орталық өкімет билігі болып табылады.

        Қазақ даласында бұл кезде қазақ халқының атынан өкілдік білдіретін басқа орталықтанған өкімет болмады. Кеңестер болса бытыраңқы түрде, Қазақстан аумағында әлі де бір орталыққа бірікпеген, көбіне келімсек боль-шевиктер басқарған, қарудың күшіне негізделген, жергілікті халық арасында беделге ие бола қоймаған дәрежеде еді. Ал «Алаш» қайраткерлері болса ұзақ жылдар ұлттық тәуелсіздік жолында күресіп келе жатқан халықтың танымал көсемдері дәрежесіне жеткен азаматтар болатын.Оның дәлелі Ресейдің Құрылтай жиналысына болған сайлауда «Алаш» өкілдерінің үлкен жеңіске жетуі еді. Осындай жағдай да РКФСР үкіметінің басшылары «Алаш» автономиясы басшыларымен уақытша келіссөздерге баруға мәжбүр болды.

        1918 жылдың күзінде Алашорда үкіметі атынан РКФСР Халкомкеңесі В.И.Ленинмен және Ұлт істері жөніндегі холық комиссары И.Сталинмен Халел Досмұхамедов және Жаханша Досмұхамедов келіссөздер жүргізді.

        И.Сталин 1918жылғы 18-19 наурызда Алаш басшылары Ә.Бөкейханов және Х.Ғаббасовпен әңгімелесті. И.Сталин «Алаш» өкіметін мойындауға мәжбүр болып, Алашорданың да кеңес үкіметін мойындауын шарт етіп қойды. Сонымен қатар И.Сталин саясатқа салып, Алашорда үкіметін жария-лаған Бүкілқазақ сьезінің шешімдерінің заңды екендігін құптай отырып, сонымен бірге автономия, федерация алу немесе түбінде «басыбайлы бөлініп кету секілді ұлт ниеттерін жарыққа шығару» үшін Қазақстандағы кеңес өкіметін мойындап, және онымен бірге отырып жалпы Қазақстандық сьезд шақырып ортақ тұжырымға келіп, оны орталыққа табыс етуді ұсынды[20.352-б].

       1918 ж. 10-23 қыркүйектк Уфада мемлекеттік  мәжілістің тапсырмасымен БРУ үкімет құрылып Ресейдің біртұтастығын сақтап қалу деген себеппен Ресейдегі облыстық, автономиялы үкіметтерді тарату жөнінде шешім қабыл-дады. Сондықтан да кеңес үкіметі Қазақстанда Алаш үкіметіне қарсы қоятын Кеңестік үлгідегі Қазақ автономиялы республикасын құруға қызу кірісу үстінде болды.

       Бүкілресейлік Уақытша үкімет 1918 ж.4 қарашада «Алаш» үкіметі өз қызметін тоқтатсын» деген үкім шығарды. Бұл үкімет кейбір  ұлттарға мәде-ни-ұлттық автономия беретінін жариялады.

        Сонымен Қазақстанда екі автономия жарияланды:

1-шісі; қазақ патриоттарының бастауымен төменнен көтеріліп, халықтың ортасынан бастау алған Алаш автономиясы болса,

2-шісі; жоғарыдан бүкілресейлік Атқару комитеті мен РКФСР ХКК декретінің күшімен құрылған Кеңестік автономия болды.

        Алаш автономиясы қалыптасқан тарихи жағдайларға орай ұзақ өмір сүре алмады.Оның себебі: тәуелсіздік жолындағы  күресте ұлттық-демокра -тияшыл күштердің әлі пісіп жетілмегендігі болды. Осылайша, 1917 ж. желтоқсандағы II Бүкіл Қазақ съезінің құрылтайлығымен құрылған, сол арқылы қазақ халқының еркімен құрылған Алаш автономиясы бір жылдай ғана өмір сүріп тарих сахнасынан кетті.

        Алашорда үкіметі ұзақ өмір сүрсе де, тарихта өшпес із қалдырды. Олардың басшылары қазақтың тұңғыш ұлттық-демократиялық мемлекетін құрып оны саяси-құқықтық жағынан негіздеді.  

         Президент Н.Ә.Назарбаев «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметінің саяси әректені жо,ары бағалап, өзінің «Тарих толқынында» атт ыкітабының бір бөлігін  «Алаш мұрасы және осы заман» деп атады. Онда Алаш мұрасы жан-жақты зерделенді. Елбасы: «Алаш паритясының жетекшілері ұсынған көптеген қағидалар күні бүгінге дейін өз маңызын жсақтап отыр. Бұл ұлттық емес патриоттық ұйым алдына қойған мақсаты қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, осы заманғы шындыққа бейімдеу еді»,-дей келе «Қазақ халқы өзінің басты мақсаты –ұлттық мемлекеттігін қалпына келтіруге нақтылы мүмкіндік алды. Алайда оқиғалардың бейбіт өрбуін Ресей қоғамындағы тың дағдарыс бұзып кетті. Оның өзі большевиктер апртиясының диктатурасына әкеп соқтырды»,-[26. 173-174 б]деп жазды. Қазақстанның аумақтық тұтастығын құруды алғаш күн тәртібіне қойып, осы жолда күрес бастаған «Алаш» партиясының қайраткерлері мен Алаш үкіметі болатын.

       Кеңес өкімет азамат соғысы жылдарында-ақ Кеңестік Қазақ автоно-миясын құруды қолға алды. Автономия беруді ұлттық өзін-өзі билеудің көрінісі деп санаған кеңес өкіметі сол арқылы ұлттардың бетін өзіне қаратуға қол жеткізуге тырысты. Алаштықтар өз істерін ақырына дейін жеткізе алмады. Бірақ олар Қазақстанның аумақтық тұтастығының тамырларын, оның дәл аумағын түгендеп беріп кетті. Қазақстанның аумақтық  тұтастығын қалыптастыру жолындағы Алаш қайраткерлерінің тарихи ролі осында болса керек.

3.2  Орал облысы және Қостанай уезінің, Семей және Ақмола облыс-тарының Қазақстанға қайта қосылуы.

 

        Қазақстанның батыс аймағында орналасқан Орал облысы  басшылары республика аймағының тұтатығына нұсқан келтіріп, Орал облысын қайткен күнде Ресей қарамағында қалдыруға әрекет жасады.. Орал облысы 1920 ж. наурыз айында Орал губерниясы болып өзгертілді. РКФСР Халкомы кеңесінің 1919 ж. 10 шілдедегі Қазревкомды құру туралы декретінде Орал облысының Қазақ өлкесіне кіретіндігі және Қазревкомға бағынышты болатын облыстардың ішінде тайға таңба басқандай жазылғанына қарамас-тан, облыс басшылары өз әрекетін жалғастыра берді.  Бұл туралы Қазревком КРФСР Ұлт істері жөніндегі халкоматына Орал облыстық ревкомы өзін өлкелік ревком қарауына кіретінін мойындағысы келмейді деп шағымданған жедел хат жіберді. Алайда, шовинистік пиғылдағы Орал облревкомы өзінің сепертистік әрекетін жалғастыра берді. Олар Мәскеуден көмек сұрап, өздерін қалайда  Мәскеуге тікелей бағынатыны туралы шешім қабылдауын өтінді. Орал облысын Қазақстан аумағына бермеу көзқарасындағы шовинистік басшылардың әрекеті мәселені қатты шиеленістіріп кетті.

        Бірақ Мәскеу Орал басшыларының арандатушылық әрекетін қабылдама-ды, Казревкомды қолдады. Жағдайды тез арада шешу мақсатында Мюрат бастаған арнайы комиссия құрып, істі тез аяқтауды соған тапсырды.   И.Сталиннің Орал облысы Қазақстанға қосылуы тиіс деген ұсынысын да тыңдағысы келмеген Орал басшылары мен губревком мүшелерімен Мюрат келіссөздер жүргізіп, губревкомның құрамын өзгертті. Оралдағы жағдайды Мәскеу назарында ұстап тұрды. Орал мәселесіне нақты нүктені БОАК және РКФСР Халкомының 1920 26 тамыздағы  «КАЗ АССР-ын құру туралы» декреті қойды.. Декретте Орал облысы толығымен Қазақ АКСР – ы құрамына кіретіні көрсетілді.

        Қостанай уезінің Қазақстанға қосылуы. Қостанай уезінің Ресейдің Челябі губерниясының құрамында қалып қою қаупі тұрды. Қостанай уезі БОАК –тің 1919 ж. 27 тамыздағы  «Сібір ревкомын құру туралы» декретіне сәйкес Челябі губерниясына қосылып келген .

        Қостанай уезінің партия ұйымдары Челябинск губпарткомына бағына-тын еді. Қазревком құрылған соң, Қостанай уездік атқару комитеті екі секцияға – қазақ және орыс  — бөлінді. Орыс секциясы Челябинск губаткомы-на, қазақ секциясы сөз жүзінде Қазревкомға бағынды.

        Челябі губерниясы табиғаты тамаша, шөбі шүйгін, егін шаруашылығына да, мал шаруашылығына да қолайлы жерлерді уысынан шығарып алмауға барынша жанталасып бақты.  Олардың ойынша уездегі халықтың басым көп-шілігі  немесе 51 %–орыстар,сондықтан ол Ресейге қарауға тиіс деп дәлел-деуге тырысты. Олар бұл орыстарды түгелдей патшалы Ресейдің отаршыл-дық саясатының нәтижесінде қоныс аударғанын есіне де алмай, Қостанай уезін орыстардың тарихи отаны деп мәселе көтерді.

        Қазревкомның Қостанай уезі жөніндегі бағытын Қазревком мүшесі Ахмет Байтұрсынов негіздеп берді. Торғай облысы табиғи жағдайына байла-нысты бір-бірінен ерекше айырмашылығы бар солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлінеді. Солтүстік бөлігі Ақтөбе және Қостанай уездерінің, ал оңтүсті-гі Ырғыз және Торғай  уездерінің иелігінде. Солтүстік бөлігінде суы мол, далалығында бетеге, боз, селеу жақсы өседі. Шабындық, жайылым жерлері мол. Оңтүстік бөлігі бұған қарама-қайшы, жазда оңтүстік Қостанайдың жайылымынсыз, қыста солтүстік оңтүстіктің қары аз уездерінсіз малын сақтай алмайтын, сонда барып паналайтын. Сондықтан бұл екі аймақты бөлу қазақтар үшін, ақылға сыймайтын нәрсе еді. Бұл біріншіден: Екіншіден: Көшіп қонып жүрген қазақтар үшін орыстар уезде халықтың 51 % құрайды деген де дүдамал нәрсе. А.Байтұрсыновтың бағытын басшылыққа алған қаз-ревкомның басшылары Қостанай уезінің қазақтардың тарихи отаны екенін тілге тиек етті. А.Байтұрсыновтың өзі де осы өлкенің азаматы еді. Бірақ челябіліктер уезді оңайлықпен бере салғысы келмеді.

        А.Байтұрсынов еліміздің солтүстік бөлігі болып табылатын Қостанай уезін жоғалтудың қандай үлкен зардабы бар екендігін былай деп мәлімдеді: «Егер егіншіліктің дамуына байланысты солтүстіктің шөбі шүйгін бай мол жайылымдарына көшу қысқарса, онда оңтүстіктің көшпелі шаруашылықтары да зор иесіздікке ұшырап жатқан шөлейт аймақты пайдаланудан басқа ештеңе қалмайды . Сондықтан мұндай шара немен тынатындығын айтпаса да түсінуге болады»[40.94-б].

        А.Байтұрсыновтың ықпалымен Қазревком Қостанай мәселесімен тұрақ-ты айналысты. 1919 ж. 12 қыркүйекте қазревком Орталық биліктің алдына Қостанай уезін Қазақ өлкесі құрамында қалдырып, беруді сұраған ұсыныс қойды. Қостанай уезі Қазревкомының табанды бағыты күресінің арқасында өз нәтижесін берді. 1920 ж. 26 тамызда қазақ АКСР құру туралы РКФСР БОАК пн Халкоматының кеңесінің декреті бойынша түпкілікті түрде Қазақстан құрамына кірді.

        Семей және Ақмола облыстарын Қазақстанға қосу мәселесі қиын-дықтары. Қазақстанның   үлкен  аймағы  Семей  және  Ақмола  облыстары ның   республикаға    бірігуі   ауыр  да  қиын, ұзаққа   созылап  барып  талас-тартыспен   шешілген   мәселе   болды. Қазақ   АКСР-ы   құрылғанға   дейін олар  Омбыда  орналасқан  Сібір  ревкомына   бағынып   келді.  Бұлай  ету  патшалақ   Ресей  кезіндегі   бұл  екі  облыстың   әкімшілік  жағынан  Омбы   генерал-  губернаторлығына    бағынып  келгендігінен  еді.  Қазревкомның   бұл  екі  облысқа    ешқандай   құзыреті    жүрмеді.  Сібірревком   өкілдері   Ақмола, Семей  облыстарын   Қазақстанға   бермеудің   амалдарының   бәрін   де   жасады.

        Қазақстанның шекарасы, соның ішінде Ақмола және Семей тағдыры   В.И.Лениннің қатысуымен болған РКП ОК-де және БОАК-тің мәжіліс терінде   бірнеше  рет  талқыланды.  1920  жылы   ақпанда РКП ОК-ті, 1922 жылы  ақпан   мен  майда   БОАК-те   талқыланды,  1920 жылғы 9-10 тамыз да БОА төралқасы жанында  В.И.Лениннің   басшылығымен   Қазақ  өлкесін  басқаруға,  оның   аумағын  анықтауға,  Қазақ   республикасы  мен РКФСР- дің   арақатынасын   анықтауға  арналған  арнайы  мәжіліс болды. Мәжіліс ке Қазақстанның, Сібревкомның РКФСР-дың   осы   мәселеге   мүдделі    орталық   органдарының  өкілдері   түгелдей   қатысты.

        1920  жылғы   16  тамызда   Қазақстанның   аумағы    туралы  мәселе БОАК-тің әкімшілік комиссиясының төрағасы М.Владимирскийдің   басшы лығымен тағы да талқыланды.«Мәселенің ерекше маңыздылығына  байланысты,-деп ескертті М.Владимирский,- комиссияның барлық   мүше лерінің   қатысуы   аса   қажетті»[40. 95 б.].

        Ақмола  және  Семей  облыстарының   тағдыры   заң  жүзінде  1920  жылғы   24  тамызда  БОАК   төрағасы    М.Калинин    мен  РКФСР   Халком кеңес   төрағасы   В.И.Ленин  қол  қойып, 26  тамызда  жарияланған Қырғыз автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы туралы декретте шешіл ді.

        Декретте  осы  екі  облыстың  Қазақ  АКСР-ы  құрамына   кіретіндігі   айтылды: А) Семей  облысы  құрамында:   Павлодар,  Семей,   Өскемен,  Зайсан, Қарқаралы уездері;Б)Ақмола облысы  құрамында: Атбасар, Ақмола,  Көкшетау, Петропавл  уездері  мен  Омбы   уездерінің   бір  бөлігі.

        1920  жылғы  4-12  қазанда  Орынбор  қаласында  кеңестердің   Бүкіл қазақ   құрылтай  съезі  болып  өтті.  Құрылтай   съезі  Қазақ  АКСР-да  Кеңес  үкіметін  ұйымдастыру   туралы   қаулы  қабылдады.  Съезд   Қазақ   АКСР- ның   орталық  мемлекеттік   органдарын:  Қазақ  АКСР  Орталық  Атқару   Комитетін   құрып,  оның  төрағалығына   Меңдешовті   бекітті.  Қазақ  АКСР-да    Халық  Комиссарлары  Кеңесінің  төрағасы  болып  Р.Радусь — Зенкович   бекітілді.  Салалық   атқарушы   органдар —  халық   комиссариаттары  құрылды.  Осылайша   Қазақстанның   заңды   басқару-шысы    мемлекеттік   органдары   құрылып,  өз   қызметтерін   бастады.

        Қазақ   АКСР-нің  жаңа  өкіметінің   алғашқы    міндеттерінің   бірі   Қазақстанның   аумақтық   тұтастығын    қалпына  келтіру   болды. 1920  жылдың қазан-қараша  айларында  Қазақ ОАК-тің   Сібір   ревкомы жанын- дағы өкілетті өкілдігі туралы  ереже  жасалып   бекітілді. Ережеде   өкілетті   өкілдік өзара комиссияның   қаулыларын   орындау    жолында   Сібір   рев-комы мен Қазақ АКСР арасындағы  барлық   мәселелерді  принципті   түрде  шешу үшін  шаралар қолдануға, Қаз АКСР халкоматтарына күрделі   мәселелерді  шешуге ықпал етуге құқылы.Өкілдік өз жұмысында тек  Қазақ ОАК  алдында  ғана  жауапты деген мәселе көрсетілді..

        Ақмола   және  Семей   сблыстарын   Қазақстанға   қосу   мәселесі   өлке-дегі ең жоғарғы саяси билік  органы  Қазақ   облыстық   комитеті бюросында қаралып отырды. Осы екі облысты қосу мәселесі 1921 ж. наурызда басталды десе болады. Арнайы комиссияның төрағасы С.Меңдешов, мүшелері С.Сейфуллин, Әлібеков, Досов, Заромский Комиссияның жұмысы кешенді бағытта жүргізілді. т.б. болды. Төтенше комиссия аталған губернияларда қалыптан тыс жағдайлардың белең алуы, уездегі қызметкерлерді шақырып әкету, тым жөн –жосықсыз азық-түлік пен малды салғырт түрінде тартып алудың өршіп отырғандығын, азамат соғысының қақтығыстарының әлі де бітпегендігіне алаңдаушылық білдірді. 1921ж. наурыз –сәуір айлары аралы ғында құрамында Ә.Әйтиев, С.Сейфуллин, Заромский, Сергеев, Лященко, т.б.-лар бар Төтенше комиссияныі нәтижелі ісінің арқасында Омбы губинспекициясымен Петропавл, Атбасар, Көкшетау, Ақмола уездік жұмыс-шы инспекцияларын Қазақ респубилкасы құрамына өткізу туралы шешім қабылданды. Сол актінің мәтінінен мысал келтірейін.

        1.Қазіргі кезде қызмет етуші Петропавл, Көкшетау, Атбасар және Ақмола қалаларындағы әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері қызметкер –лері толық құрамында, істерімен, инвентармен, кассадағы толық қаржысы мен және басқа да уездік қоймаларындағы қамтамасыз ету заттарымен қоса, ҚКАСР қарауына 1921 жылдың 20 сәуірінен бастап өтеді.

        2.Омбы губерниялық әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне қарасты барлық, істер, жазбалар, қаржылар Қазақ республикасы құрамына өтуіне байланысты Құрбатовқа ерекше тізіммен тапсырылсын.

        3.Қызметкерлердің штатын көбейту үшін Перопавл қаласына Омбы губер-ниялық қамтамасыз ету бөлімінен екі нұсқаушы Ткач пен Елфимов жолдастар ауыстырылады және олардың Петропавлға ауыстырылуы туралы жеделхат дайындалсын. [40.103-б].

        Осы акті Ақмола облысына қарасты мекемелерді Қазақстан құрамына қайтарып алу жолында Қазақ ОАК өкілдерінің қаншама түпкілікті және нақты жұмыстар  атқарғанын көрсететін  құқықтық сипаттағы мұрағаттық құжат.Ол Қазақ Республикасы өкілдерінің көрсетілген облыстарды қабылдау мәселесіне қаншалықты жауапты қарағандығын көрсетеді.Қазақ ОАК-нің Төтенше уәкілетті комиссиясы аталған облыстарды қабылдап алуға барынша ынтамен кірісті. Төтенше уәкілетті комиссияның мәжілістеріің бірі  Омбы қаласында 1921 ж. 18 сәуірде  С.Меңдешовтың төрағалық етуімен өтті. мәжілісте Халық ағарту, Азық-түлік, Қаржы, Ішкі істер халық комиссариат -тарының Ақмола, Семейдің губерниялық аппараттарын қабылдау және ұйымдастыру жұмыстарын өткізу; Сібір ревкомынан аталған мекемелерді қабылдап алу жөніндегі олардың баяндамалары тыңдалды және осы бағытта істелініп жатқан жұмыстарды одан әрі жеделдету тапсырылды.

        Аталған облыстарды Сібір ревкомынан бөліп алуға Қазақ ОАК–тің, оның төрағасы С.Меңдешовтың Төтенше өкілетті комиссияның төрағасы ретінде үлкен табандылықпен жүргізген қажырлы күресі өз нәтижесін берді. 1921 ж. Ортасына қарай Ақмола және Семей облыстары түгелімен Қазақ станның құрамына өтіп бітті..

        1921 жылы 4 қаңтарда Қазақ АКСР және Сібір ревкомының аумақ жөніндегі арнайы комиссиялары кездесіп, екі жақ Омбы облысының Омбы уезін бөлу туралы өз нұсқауларын бір-біріне тапсырды. Қазақстан жағының пікірін жоғарыда келтірдік. Ол Омбы уезін Омбы қаласымен қоса өзіне қалдыруды жақтады. Мұнда Омбы қаласының ұзақ жылдар Қазақстанның үлкен бөлігінің тарихи орталығы болып келгендігі назарға алынды.

        Сібір ревкомы болса Омбы уезін түгелдей Омбы облысы қарамағында қалдырып, оны қалай болғанда да Қазақстанға бермеудің амалын жасап бақты. Қазақ АКСР-ның үкіметтік комиссиясы Омбы уезін бөлу мәселесінде Сібір ревкомымен келісімге келе алмады.

        Сібір және Орал әскерлері меншігіндегі жерлердің   қазақтарға қайта берілуі Қазақ жерлерін қайтаруда Қазақ ОАК-тің 1921 жылғы 19 сәуірде «Патша үкіметі Сібір және Орал казак әскерлерінің меншігіне бөліп берген жерлерді қазақтың еңбекші халқына қайтарып беру туралы» декретінің де үлесі бар. Бұл декретте:

        1) «1904 жылы мамырдың 31-де Мемлекеттік кеңестің жоғарғы дәрежеде бекітілген пікірімен Сібір казак әскерлерінің меншігіне берілген Семей губерниясындағы Өскемен, Семей, Павлодар уездерінің, Ақмола губерния-сындағы Омбы және Петропавл уездерінің шегіндегі Ертіс өзенінің сол жағалауында және Ақмола губерниясындағы Зверинолов станциясы, Петро-павл — Омбы ескі жолының оңтүстік жағында жатқан он шақырымдық өңір — қазақтардың ежелден тұрып келе жатқан мекені ретінде және оны Сібір казак әскерінен жалға алып келген еңбекші бұқарасына қайтарып беріледі;

        2) Қазақ Орталық Атқару Комитеті I сессиясы қарарының (1921жылғы ақпанның 15-дегі N 8 бюллетені) 2-параграфына сәйкес Орал губерниясы шегіндегі Орал өзенінің сол жағалауындағы 1882 жылы патша үкіметі еңбекші қазақ халқын шеттетіп, Орал казак әскерінің меншігіне алып берген өңір қазақтардың еңбекші бұқарасына қайтарылады;

        3)Қазақ егіншілік халық комиссариатына қазақ кедейлерін он шақырымдық өңір мен Орал өзенінің сол жағалауындағы өңірінде қоныстандыру үшін бірінші кезекте жерге орналастыру жұмысын жоспарға енгізу тапсырылады.

        4)Орал өзенінің сол жағалауындағы жерлерді патша үкіметі 1869 жылдан бастап басып ала бастаған, 1882 жылы бұл басып алуды үкімет арнайы бекітеді және ол жерлер 1884 жылы түпкілікті бөлініп алынды.

        5)Оралдың сол жағалауындағы жерлерді казак әскерлері тарапынан тартып алу Қазан төңкерісіне дейін созыла берді.

        Қаз ОАК-тың 1921 жылғы 19 сәуірдегі Орал өзенінің сол жағалауындағы жерлерді еңбекші халыққа бөліп беру туралы декреті Орал губерниясы және Гурьев уездік атқару комитеті тарапынан дер кезінде орындалмады. Тіптен олар декретті көпшілік халықтан жасырып, оның мәнін өзгертуге дейін тырысты. Ол туралы Қазақ АКСР Егіншілік халық комиссариатына Орал губерниясы Гурьев уезінің Еспол және Сімбірті болыстарының азаматтары-ның уәкілдері Есенжан Әлжанов пен Л.Бақтыбаев 1921 жылғы 14 желтоқ-саңда сұраныс жасады[40.109 б.].

        Казактар өкілдері Гурьев уездік мекемелерінің басшыларын қорқытып, болмаса сатып алып өздері жайлап отырған жерлерді қазақтарға бермеудің амалын жасап бақты. Олар жергілікгі халықты сотпен, шынында қамшымен қорқытып декретті орындамау әрекеттерін жасады. Мұның өзі қазақтардың қарауында жері жоқтықтан, олардың «сайда саны, құмда ізі қалды» деуге болады, яғни құнарсыз жерлерде қалғандықтан малы жұтап, өздері аштықтан қырылуға ұшырады.

        Қазақтарға шұрайлы жерлерден шөп шабуға, тіптен сулардан балық аулап күнелтуге де казактар тарапынан жол берілмеді.

        Е.Әлжанов пен Л.Бақтыбаевтың Қазақ ОАК-тің декретінің орындалмауы және бұрмалануы туралы сұранысы егіншілік халкоматыңда қаралып, онда Орал губаткомы, әсіресе Гурьев уездік жер бөлімі тарапынан декретті жүзеге асыруға көңіл бөлінбегені, жергілікті халықтың жерсіз қалғандығы мойындалыды.Қазақ егіншілік халық комиссариатының 1922 жылғы 1 сәуірде қабыл-даған «ҚазОАК-тың 1921 жылғы 19 сәуірдегі патша үкіметінің Орал казак әскеріне тартып әперген Орал өзенінің сол жак жағалауын қазақ еңбекші халқына кайтарып беруді жүзеге асыру туралы уақытша нұсқауда» былай деп жазылды:

        «1.Декреттің 1-тармағының негізінде 1922 жылдан Орал казак әскеріне Оралдың сол жақ жағалауындағы тартып әперілген ойпатты жерлер станицалық жер бөлімдерінен алынып, уездік жер бөлімдерінің атқару комитеттерінің өкілдеріне беріледі.

Ескерту1:Оралдың сол жақ жағалауындағы ойпатты жерлер Елек қаласынан басталып, Орал өзенімен төмендеп Гурьев қаласына дейін жетеді. Оның шекарасы болып бір жағынан Орал өзені (солтүстік және батыс жағынан) екінші жағынан Орал губерниясының жерді пайдалану аймағы болып табылады .

  1. Шабындық жерлер 1-ші кезекте атқару комитетінің жер бөлімдері арқылы жергілікті қазақ халқына беріледі, екіншіден Орал губерниясына оң жағалаудан көшіп келген жайылым жерлері жоқ еңбекші казактарға беріледі;
  2. Орал өзенінің сол жақ жағалауындағы ойпатты жерлердегі ормандар халық арасында бөлінуге жатпайды, олар уездік жер бөлімдерінің орман басқармасында қала береді;
  3. Мыналар Орал губерниялық жер бөліміне тапсырылады:

        а) тез арада Орал өзеніне тиіп жатқан казак станицалары мен қазақ болыстарын осы нұсқаудың мазмұнымен таныстырып, оның нақты жүзеге асуы қадағалансын;

  1. Бұрын Сібір казактарына берілген Зверинолов-Омбы төте жолы бойындағы және Ертіс өзенінің батыс жағалауындағы Павлодар, Өскемен, Семей уездері арқылы өтетін он верстік жерлер[40.109 б.].

        Осылай Орал, Ертіс өзендері бойындағы бір кездері патша үкіметі казак әскерлеріне тартып әперген жерлер қазақтарға қайтадан қайтарылды.

 

3.3  Қазақстанның аумақтық тұтастығының қалыптасуының аяқталуы

 

        Күрделі мәселелердің бірі Батыс Қазақстандағы Манғышлақ (Маңғыстау) ауданы мен ТАКСР құрамындағы Түркімен (бұрынғы Закаспий) облысының Красноводск уезінің аражігін межелеу болды. Адай уезінің көшпелі қазақтары мен түркімендердің иомут тайпаларының арасы жиі-жиі шиелінісіп тұрды. Шиелініске көбіне жайылымға, құдықтарға талас, өрісте жүрген малдың қолды болып кетуі т.б. себеп болды. 1917-1918 жылдары қазақтар мен түркімен-иомуттар арасында қақтығыстар орын алды. Бұл шиеленіс Хиуа ханының 1919 жылы Жунаид ханға қарсы күреске адай уезінің қазақтарын шақыруына байланысты онан әрі өршіп кетті.

Қазақ АКСР-ын құру туралы 1920 жылғы 26 тамыздағы декрет бойынша Қазақстанның құрамына:

а) Закаспий облысының Маңғышлақ уезі, осы облыстың 4-ші және 5-ші адай болыстары кіреді деп көрсетілген.

Дегенмен Красноводск уезімен Қазақстанның шекарасын анықтау тым созылып кетті.

Қазақтар мен түркімендердің шекара дауының үлкен тарихы бар. Олардың арасындағы шекара 1892 жылы орнатылған екен. Бірақ онда адай уезінің қазақтары түркімендер көп тұратын Красноводск уезіне бағынышты болып қалған.

Ол кезде екі халық арасындағы демаркациялық сызық үшін «Хиуа» жолы деп аталатын жол саналды. Бұл жолдың басы «Бұрнақ» деп аталатын құдықтан басталып, «Қасқыр бұлақ», «Сүюлі», «Темірше», «Ақ ойық», «Ақтам», «Қазықты», «Шырышты» т.б. құдықтар арқылы өтетін.

Осы сызықтың солтүстік-батыс жағы қазақтарға, оңтүстік-шығыс жағы түркімендерге карайтын. Бұл оңдаған жылдарға созылып, әрбір көшіп-қонушы қазақтар мен түркімендерге белгілі болған.

Көшіп-қонушы қазақтар көктем мен жазды Үстіртте өткізіп, малын жайып, шыңырау құдықтардан суаратын. Күз болып, суық түсісімен қары аз, жылы оңтүстікке қарай малын айдайтын. Қазақтар «Жаңғақ» деп атап кеткен бұл жерлерде жазды күні тұру мүмкін емес. Күннің аптап ыстығы тіршілік етуді қиындататын. Күзгі жауындардан соң мұнда малға қажетті түрлі шөптер жеткілікгі болып өседі. Сондықтан қазақтар ерте кезден осы өңірді қыстау ретінде пайдаланатын. Қазақтардың бұл жерлерге симаған бөлігі оңтүстік-батысқа таман Қарабұғаз шығанағына қарай «Аққұм» аталып кеткен қыстауға орналасатын. Малшы қазақтар үшін мұнда бораннан, желден қорғайтын ойпаң жерлер, ықтасындар да мол болатын.

Осының бәрі де «Жаңғақ», «Аққұм» деп аталатын қыстаулардың Адай уезінің құрамдас бөлігі болып табылатындығы және олардың Красноводск уезіне қосылып кетуіне еш негіз жоқтығын көрсетеді.

Ал түркімендер, дәлірек айтқанда, олардың иомут тайпасы ешқашан бұл жерлерді мекендемеген. Тіпті бұл жерлерді жайлау мен қыстауға берген күннің өзінде де олар оны пайдаланбас еді. Себебі жазда олар Қызылқұмда жайлап, қыста Оңтүстік-шығыста қыстап жүретін. Бірақ та солай бола тұра түркімен-иомуттар аталған жерлерге иелік еткісі келді. Олардың бұл жерлерге дауласуы экономикалық мүддеден емес, қазақтармен бұрыннан келе жатқан қырғи-қабақтық, барымташылық, жауласушылық әрекеттердің салдары болды. 

        Оның үстіне 1920 жылғы 26 тамыздағы БОАК-тің және РКФСР Халкомкеңесінің декреті бойынша аталмыш аумақтар Қазақ АКСР-не берілген болатын. Бұл даулар тіпті 1925 жылға дейін созылды.

        Түркімендер мен қазақтар арасындағы шиеленіс бірін-бірі шауып кетуге ұласып отырды. Кеңес органдарының 1921 жылы бір жыл бойы екі жақты келістірмек әрекеттері нәтиже бермеді. 1920 жылы Түркімен обкомының шешімімен Б.Карпов дегеннің 100 атты әскер отряды шығып екі халық арасына көлденеңі 40 шақырым болатын бейтарап аймақ орнатты. Мұнымен де іс бітпеді, өзара шапқыншылық, мал айдап барымталап кету әрекеттері тоқталмады. Қанға-қан деп кек алу да пайдаланбай қалған жоқ. 1921 жылы 8 тамызда Красноводскіде түркімен-иомуттар мен адай уезі қазақтары арасында аралас съезд болды. Съезд Түркімен жағының обкомының қысымымен өтті. Бұл съезде қазақтарға тиімсіз шекара белгіленді. Оның үстіне бұл шекараны БОАК бекітпеді. Бұл шекара 1920 жылғы 26 тамыздағы декретте белгіленген шекараға қайшы болды.

        1923 жылғы 31 желтоқсанда БОАК төралқасы адайлар мен иомуттар арасындағы шекара дауы туралы арнайы комиссия төрағасы Косаревтың баяндамасын тыңдап мынадай қаулы алды:

        1) Косарев жолдастың комиссиясының ұсынысы қабылдансын;

        2) Маңғышлақ ауданы мен Красноводск ауданындағы көшпелі халықты (яғни қазақтарды — Ғ.М.) бірыңғай әкімшілік бірлікке біріктіру кажет деп есептелсін;

        3) Жаңа әкімшілік бірліктің шекарасын анықтау және оның бағыныш тылық нысанын белгілеу БОК-тің ұйымдастыру бөліміне тапсырыл сын [40. 111 б].»

        1924 жылғы 20 ақпанда БОАК-тің төралқасы осы мәселеге қайта оралды. А.С.Енукидзенің комиссисының баяндамасын тыңдаған соң БОАК төралқасы 1923 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысына өзгеріс енгізіп, жаңаша қаулы қабылдады. Бұл қаулы бойынша шекара Қарабүғаз шығанағы арқылы орта географиялық ендік бойымен өтетін болып, 1921 жылғы 8 тамызда Красно-водскіде өткен мәжілісте қазақтар мен иомуттар арасында белгіленген шекараға сәйкес бекітілді.

        Бұл, әрине, қазақтардың мүддесіне қайшы қаулы еді. А.С.Енукидзенің комиссиясы мәселені терең зерттемеді және Түркістан АКСР-ы Халкомкеңесі төрағасы Ш.Исламовтың жетегінде кетті.

        БОАК төралқасының 1924 жылғы 20 ақпандағы қаулысы бойынша Адай уезіне тиесілі аумақтың үлкен бөлігі, соның ішінде жоғарыда көрсетілген қыстау үшін аса қолайлы «Жаңғақ», «Аққұм» атты жерлер Красноводск уезіне кетіп қалды. Бұл жерлер ешқашан түркімендер көшіп қонған жерлер болма-ған, тек қазақтардың ғана пайдаланып келе жатқан жерлері еді.

        Түркістан АКСР-ы Халкомкеңесінің төрағасы Ш.Исламовтың ықпалы-мен болған БОАК-тің мұндай қате қаулысына ҚазОАК төрағасы, БОАК төралқасының мүшесі С.Меңдешев, БОАК-тағы Қазақ Республикасының өкілі М.Х.Мұрзағалиев, Адай ревкомының төрағасы Ж.Мыңбаев БОАК-ке алты беттен тұратын көлемді ресми хат жолдады[34. 156 б].

        Хатта БОАК төралқасының 1924 жылғы 24 ақпандағы қаулысының дұрыс емес екендігі, Красноводск уезіне қазақтардың аса қажетті аумағының жөнсіз кеткендігі жан-жақты дәлелденіп, бұл қаулының күшін жоюды, оның орнына шекараның БОАК-тің 1920 жылғы 26 тамыздағы декреті бекіткен күйінде қалдыруды сұрады.

        Мәселе мұнымен тынбады. Қазақтар мен түркімендер арасы шиеленісе түсті. 1924 жылғы 31 наурызда Түркістан ОАК-ті шиеленісті толық жойған-ша бұл ауданды бірыңғай әкімшілік ауданға біріктіру туралы шешім қабыл-дауға ақыры мәжбүр болды. Онда арнайы ревком құрылды және оның қарауына тәртіп сақтау үшін арнайы әскери бөлім берілді. Бұл мәселе түпкілікті шешімін тек 1925 жылы тапты.

        Орынбор қаласы мен Орынбор губерниясының Қазақстанға косылуы және одан бөлінуі өз алдына үлкен даулы мәселе. Орынбор екі ғасырдай Қазақстанның батыс аймағының әкімшілік орталығы болды. Қазақстанның тағдыры Орынборға көп байланысты еді. 1919 жылы Орынбор губкомының мәжілісінде Орынбордың Қазақстанға қосылуы туралы шешім қабылданды. 1920 жылғы 7 шілдеде Орынбор Қазақстанға қосылды. Орынбор 1920-1925 жылдар арасында Қазақстанның астанасы болды.

        1919 жылы Орынбор губерниясының жер көлемі 17360386 десятина шамасында болды. Орынбор губерниясы, Орск, Верхнеуралъск, Троицк және Челябинск уездерінен тұрды. Оның үлкен бөлігі Башқұрт АКСР-не өтті. Онан кейін Орынбор губерниясы қарауына бұрынғы Орынбор және Орск уездерінің қалған бөліктері, яғни аумағы 3.591.743 десятина көлеміндегі сегіз аудан кірді. Олар: Орынбор, Покровск, Краснокамск, Елек, Петровск, Орск, Исаево-Дедовск және Шарлық аудандары болатын. 1920 жъшы Орынбор губерниясына Торғай облысын түгелдей және Орал облысының бір бөлігі берілгеннен кейін оның жер аумағы 58128749 десятинаны құрады. Енді губерния жоғарыда аталған сегіз ауданнан, бес уезден: Қостанай, Торғай, Ақтөбе, Ырғыз, Темір тұрды. Осындай аумақтағы құрамда губерния тек 1921 жылдың ортасына дейін ғана өмір сүрді. 1921 жылдың ортасында Орынбор губерниясынан соңғы бес уезд қайта бөлініп, губерния 1919 жылғы 3.591.743 десятина аумағына, сол сегіз ауданымен кайта түсті.

        Орта Азия мен Қазақстанда жүргізілген ұлттық-мемлекеттік межелеуге байланысты Орынбор каласы мен Орынбор губерниясы Казақстанның құрамынан алынып, РКФСР қарамағына берілді.

        Қазақстаннан бөлінген соң Орынбор губерниясының бұрынғы шекарасын қалпына келтіру жұмысы қолға алынды. 1921 жылдың күзінде Орынбор губерниясына тағы да Орал, Қостанай, Ақтөбе губернияларының, Башқұрт АКСР-ның бір бөлігі қосылып оның аумағы 4672224 десятинаға жетті. 1922 жылы губернияны аудандарға бөлу жойылып, ол үш уезге: Орынбор, Орск және Каширинск (Исаево-Дедово) бөлінді. Осындай аумақта Орынбор губерниясы 1925 жылдың басына дейін, Орта Азия мен Қазақстан-дағы ұлттық-мемлекеттік межелеу жұмысы аяқталғанға дейін өмір сүрді.

        Орынбор губерниясына Башқұрт АКСР-нің бір бөлігі, Самара, Челя-бинск губернияларының бір бөлігі, Қостанай және Ақтөбе губернияларының бір бөлігін қосу жоспарланды. Атап айтқанда, Ақтөбе губерниясының Ақбұлақ ауданын Орынборға қосу қарастырылды. Мұнда 95.817 адам тұрды. Олардың 64.9%-ті орыстар, 34.6%-ті қазақтар болды. Орынборға қосылуға Ақтөбе губерниясының Ақбұлақ ауданының 19 болысы, жалпы 19 399 кв.верст жерімен өтуі тиіс болды. Сондай-ақ Орал губерниясының Елек ауданы, 6 болыс, Елек қаласымен Орынбор губерниясына өтеді деп ұйға-рылды. Мұнда 29 396 адам тұрды. Олардың 97.8% орыстар болды. Елек ауданының жер аумағы 3402 кв.верст106 көлемінде еді[40.114 б].

        Қостанай губерниясының Денисов уезінің бір бөлігі Орынбор губер-ниясына қосылуы тиіс болды. Бұл бөліктің аумағы 26 227 кв.верст еді, онда 52 246 адам қоныстанды. Олардың 30 660-ы орыстар, 19 897 қазақтар болды. Мұндағы орыстар егін шаруашылығымен айналысса, қазақтар егіншілікпен және мал шаруашылығымен айналысты.

        Орынбор губерниясының бұрынғы ескі аумағының көлемі 44 856 кв. верст болатын. Онда 541 458 адам тұрды. Олардың 86% орыстар, 2.8% қазақ тар еді. Орынбор губерниясына жаңа жерлер қосылған соң оның аумағы 116.708 кв верстке ұлғайып, халқының саны 981 819 адамға жетті. Оның 81.7% орыстар, 7.1% қазақтар, 2.7% башқұрттар.

        Орынбор губерниясын кұру кезінде ұлттық фактор ғана емес, экономи-калық тартылыс факторы көбірек басшылыққа алынды. Орынбор, Орск, Троицк қалаларының үлкен экономикалық орталықтар ретінде маңындағы аудандарды өзіне тартуы табиғи нәрсе еді. Бірақ экономикалық факторды ұлттық фактордан жоғары қойғанын байқауға болады.

        Жаңадан құрылған Орынбор губерниясының жобаланған аумағы мен ондағы халықтың саны мынадай болды.

Орынбор губерния

сына беріле тін аумақ тар

 

 

Кеңістік аумақ

Халық саны

 

 

Соның ішінде

 

Кв.вер

ст

Деся

тина

орыс

тар

Қазақтар

Баш

құрт

тар

Басқалар

Қазіргі шекарадағы (1925)Орынбор губерния сы

44.855

4676.224

591.468

509.52

16.23

2.8%

266

65227

11.1%

Ақтөбе губерниясы

ныңбір бөлігі

19.339

2092.300

95.817

62.263

64.94%

33174

34.62%

420

0.44%

Қостанай губерниясының бір бөлігі

26227

2734139

52246

30660

58.69%

19897

30.08%

1689

3.23%

Орал губерниясының бір бөлігі

3402

354600

29336

28660

97.8%

97

0.3%

579

1.9%

Башқұрт губерниясының бір бөлігі

10820

1.128000

116.882

75040

64.2%

26087

22.32%

15755

13.48%

Челябі губерниясы

ның бір бөлігі

7923

826000

26070

26070

100%

Самара губернияс

ының бір

 бөлігі

4.081

425412

70000

70000

100%

Қорытынды

116708

12166575

981819

802165

81.7%

69431

7.1%

26353

2.7%

83870%

 

         Бұл кестеден Орынбор губерниясының қарауына Қазақстанның үш губерниясынан 402828 кв.верст немесе Орынбор губерниясының өзінің аумағына жақын көлемдегі үлкен аумақ кеткендігін көреміз. Бұл ата-бабаларымыз мекендеген тарихи қазақ жерлерінің аумағының өте үлкен бөлігін жоғалту болды.

        Түркістан өлкесінің Қазақ АССР- құрамына толық қосылуының аяқталуы Жетісу және Сырдария облыстары «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы» 1867 жылы 11 шілдедегі уақытша ережеге сәйкес құрылған. Жетісу облысы қазіргі Алматы, Жамбыл және Семей облыстарының бір бөлігін, Солтүстік Қырғызстанды алып жатты. 1867-1872 жылдары Түркістан генерал-губернаторлығына, 1882-1897 жылдары Далалық (Орталық Омбыда) генерал-губернаторлығына, 1897-1918 жылдары Түркістан генерал-губернаторлығына, 1918-1924 жылдары Түркістан АКСР-на кірді. Жетісу облысының құрамында ол Татарлардың алдында Верный, Жаркент, Лепсі, Талдықорған және Бішкек уездері болды. Сырдария облысында 1867 жылы 11 шілдедегі уақытша ережеге сәйкес құрылып, Түркістан генерал-губернаторлығының құрамында болды. Ережеге сәйкес Сырдария облысының құрамына Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент, Әулиеата, Ташкент,  Жизақ, Ходжент уездері кірді.  1924 жылғы ақпандағы мәлімет бойынша осы екі облыстың межелеу кезінде Қазақстанға өтетін жер көлемі 602713 кв. версті құрады. Түркістан АКСР-ның аумағындағы Сырдария және Жетісу облыстарында 1468724 адам тұрды. Олардың 159813 –і қала тұрғындары, 1308850 мыңдай ауыл тұрғындары болды. 

        Сырдария облысында 679361 адам, соның ішінде қалаларда 77675, ауылда 602186 халық тұрды.

        Бұрынғы Сырдария облысынан Қазақстанға мына уездер өтті: Қазалы Ақмешіт, Түркістан, Шымкент уездері толығымен, Әулиеата уезінің 38 болыстығының 24 болысы, Ташкент уезінің 37 болыстығының 17 болысы, Мырзышөл уезінің 8 болыстығының 2 болысы өтті. Халықтың негізгі бөлігін жергілікті көшпелі мал шаруашылығының және аздап егіншілік пен айналысатын қазақтар құрады. Қазалы Ақмешіт, Түркістан, уездерінде қазақтардан өзге халықтар жоқтың қасында еді. Қазалы уезінде 84964 адам тұрса, соның 1,4 % ғана орыстар болды. Ақмешіт уезінде 102771 адам тұрса соның 2,5 %-і, Түркістан уезінде 79800 адам болса соның 0,2%-і ғана орыстар болды.

        Ташкент, Шымкент, Әулиеата уездерінде орыстар ертерек келіп қоныстануына байланысты, мұнда олардың саны біршама көп болды. Оның үстіне бұл уездерде отаршыл орыстарды қызықтыратын шырайлы жерлер өте көп еді. Ташкент уезінде орыстар халықтың 7,9% -ын құрады. Әулиеата уезінде орыстар 13,7 % немесе 18000 адам болды. Шымкент  уезінде орыстар 13,8 %-ін құрып, 20 мыңдай адам болды.

        Жалпы Сырдария облысының тұрғындарының 90,6%-і жергілікті халық құралды. Онда 9 %-дан орыстар, қалғандары аз халықтар өкілдері болды. Жетісу облысы туралы мәліметтердің жиынтығы Т. Рысқұловтың 1923 жылы көктемде «Джетысуские вопросы» атты кітабынан алуға болады. Сол кезде Түркістан АКСР-і Халық Комиссарларының Кеңесінің төрағасы болған Т. Рысқұлов Жетісу облысына сапарының қорытындысы ретінде осы шағын кітабын жазды. Облыстың сипатын Т. Рысқұлов «бұл типтік түрдегі қазақ облысын бейнелейді. Мұнда қазақ өмірінің тамыры басқа жердегіден қаттырақ бүлкілдеп соғады және қазақ тұрғындарының тұрмыс тіршілігінің ерекшеліктері көзге ұрғандай айқын көрінеді»[32. 7 б.]-деп жазды.

        Т. Рысқұловтың дерегінше Жетісу облысында 1915 жылы 1223 мың халық тұрды. Осы халықтың 883 мыңы қазақтар,  200 мыңы орыстар, 86 мыңы ұйғырлар, 20 мыңы дұңғандар, 10 мыңы татарлар, 21 мыңы өзбектер болды. 1915 жылғы деректер бойынша Жетісу облысы 353 мың кв. верст жерді алып жатты. Патша өкіметі Жетісудың шырайлы жерлерін тартып алған болатын, әсіресе, Жетісу казак әскері негізгі шырайлы жерлерге иелік етті. 1921-22 жылғы жер-су реформасы кезінде бұрын патша өкіметі тартып алған жерлердің бір бөлігі жергілікті халыққа қайтарылды. 1923 жылдың басында Жетісу облысындағы оқу-ағарту ісінің халі өте мүшкіл болды. Ол туралы Т. Рысқұлов: «ол жердегі не халыққа білім беру бөлімі, не ондағы халық ағарту комиссариатының инспекторы облыстағы мектептердің санын дәл білмейді»[32.8 б.] -деп жазды. Оқытушылар жоқ, оқулықтар жоқ дерлік. Кейбір жас мұғалімдер ауылдарға барып, халықтан 2-3 айда «еңбекақысын» жинап алып қайтып кетіп жатады. Бірақ  халықтың оқу-білімге құштарлығы жақсы. Т. Рысқұлов ұзын ырғасы жүріп өткен 500 версттен аса жол бойында (қалалармен үлкен селоларды қоспағанда)  өзіміздің газетіміздің бірде- бірін  ұшырастыра алмағанын атап көрсетеді.

        Қазақтар арасында мал ұрлау, жылқы ұрлау өте өршіп тұр. Кейбір байлар кәсіпқой ұрыларды ұстайды. Бай-манаптардың экономикалық жағдайының  көтерілуіне байланысты кедейлердің әйелдерінің  байларға тиіп кетуі басталған. Бұл кейде зорлау, кейде еркін түрде жүріп жатты. Денсаулық сақтау ісі тым жоқтың қасында болды. Түрлі індеттер, аурулар  халықты баудай түсіріп, өлім көбейген.

        1924 жылы 14- қазанда «Советская степь» газетінде «Орта Азиядағы Ұлттық-мемлекеттік межелеу және Түркістандағы Қазақ облыстарының Қазақсанға қосылуы » деген баяндамаларға тезистер жарияланды.

        Сондай-ақ республиканың басшы өкімет органдары даярлаған «Түркістанның қазақ аумағын Қазақ АКСР – не біріктіру мәселесі және Орта Азияны ұлттық принцип бойынша мемлекеттік межелеу проблемасы» деген баяндама тезистері жасалды.

        Тезистер 4 бөлімнен және 30 тармақтан тұрады.

Тезистердің 2-тармағында болашақ Қазақ Республикасының шекарасын анық-таудың негізіне КСРО – да қалыптасқан тәжірибеге сәйкес үш принцип қойылуы тиіс.

  1. Аудан жағдайының табиғи – тарихи бірыңғайлығы;
  2. Оның экономикалық жағдайының бірлігі;
  3. Халықтың ұлттық мәдени және тұрмыстық жағыдайының бірлігі, осы соңғы принцип басым рөль атқарады, алдыңғы екі принцип оған тәуелді болып келеді де, тек ерекше жағдайларда ғана маңызға ие болады.

        1921 жылы қаңтарда Әулиеата қаласында Түркістан қазақтарының І съезі шақырылып, онда осы мәселе талқыға түсті. Съездің қаулысында «… съезд түркістандық қазақтарды Қазақ республикасына біріктіру туралы қаулы  етеді. Бірақ қазіргі кезде Түркістанда қазақ кедейлері мүдделі болып отырған жер реформасының асығыс жүргізіліп жатуына байланысты, Түркістандық қазақтарды Қазақ Республикасына біріктіруді ашық қалдырып, оны шешуді Қазақ ОАК –і мен Қазақ бөліміне (ТүркОАК – нің бөлімі – Ғ. М.) тапсырады. Толық біріккенге дейін екі республикада қазақ халқына қатысты іс – шараларды өзара келісіп жасауы тиіс. Тұрақты түрде байланыс орнату және ақпарат алмасып тұру үшін республикаларда өзара өкілдіктер құрылуы керек. Түркістан республикасынан өкілді таңдауды Түрк ОАК-тің Қазақ бөліміне тапсырылсын» [6. 85 б.]

         Тезистерде Қазақ республикасының ежелгі жерлерін қосып алу жөнінде талабы анық жазылды.Тезистердің 7 – ші тармағында: «ұлттық белгісіне қарай іс жүзінде Қазақ АКСР –ы үшін немесе оның топографиялық көлемі үшін межелеуді жүргізу жалпы қазақ аумағы ұғымы тұрғысынан жүруі тиіс және оған қазақ халқы немесе онымен туыстас мәдени ұлттық топтар: қырғыздар, қарақалпақтар, құрамалар, абсолютті немесе салыстырмалы басым тұратын кеңістіктер жатады». Бұл тармақтан қазақ қайраткерлерінің мәселені тереңнен, тым әріден қойып отырғанын анық байқап отырмыз. Олар қалыптасқан тарихи қолайлы жағдайды сәтті пайдалана отырып, тек қазақтар мекендеп отырған жерлерді ғана емес, олардың ата қонысы болған, кейінен қазақпен бірге «ауылы аралас, қойы қоралас» тұрып жатқан қырғыз, қарақалпақ және құрмалар тұратын елді мекендерді де Қазақ республикасы аумағына әділ түрде біріктіруді мақсат етті.

        1924 жылы 21 қарашада Қазақ ОАК-тің төралқасы жаңа шекараны анықтау үшін арнайы орган «Түркістан АКСР-нан бөлінген аудандарды баскару жөніндегі революциялық комитет» құрылды. Ревкомның қызметі 1925 жылдың ортасына дейін созылды. Қазақ ОАК-тің хатшылығының 1925 жылы 25 маусымдағы «Орта Азиядағы межелеуге байланысты негізгі жұмыстардың аяқталуына және Қазақ АКСР-ның орталығының Қызылорда қаласына көшуіне байланысты Түркістан АКСР-нан бөлінген аудандарды басқару жөніндегі революциялық комитеттің онан әрі қызмет етуінің маңызы жоқ және ол жойылсын[6. 254 б.]» — деген қаулысымен таратылды.        .

        1919-1920 жылдары қызмет еткен Қазақ Революциялық комитетінің қызметі С.Зиманов, Т. Дәулетова және М.Исмагуловтардың кітабында жан-жақты көрсетілген.»Революциялық комитеттер ұйымдық және функционал дық жағынан күрделі соғыс жағдайына және күрделі бейбіт жағдайға да көбірек ыңғайланып құрылған органдар болды[40.126 б.]».

        Түркістан АКСР-нан өткен аудандарды басқарушы ревком құрамы жағынан шағын ұйым болды. Құрамында барлығы 16 адам ғана болған. 

        Ревкомның құрамына Орымбаев, С.Есқараев, Ларионов, Тоқтыбаев, Күзембаев т.б. кірді. Ревкомның төрағасы алдымен Орымбаев болды. Хатшысы болып Ларионов тағайындалды. 1925 жылы каңтардың 22-нен ревкомның төрағасы болып Ә.Досов тағайындалды.

        Қазақ ОАК-ті 1924 жылғы 21 қарашада бекіткен ревком туралы ереже былай деп аталады: «Түркістан Кеңестік Социалистік Республикасынан (ТКСР) Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы құрамына бөлінген аудандарды басқару жөніндегі Революциялық комитет туралы ереже». Бұл ереже мынадай 12 тармақтан тұрады:

        1.ТКСР құрамынан бөлініп, ҚКСР құрамына өтетін аумақтарды басқару үшін революциялық комитет кұрылады.

        2.Революциялық комитетті Қазақ АКСР ОАК-і өзі белгілеген кұрамда тағайындайды.

        3.Революциялық комитет өз қызметінде тікелей Қазақ АКСР
ОАК-ке және Халкомкеңесіне бағынады.

        4.Революциялық комитеттің міндеттері:

        а) Қазақ аудандарының бөлінуінен және олардың Қазақ АКСР-на қосылуы фактісінен   туындайтын аумақтық, сондай-ақ экономикалық сипаттағы мәселелерді алдын ала дайындау және шешу;

        б) Орта Азия республикалары мен ТАКСР-нан бөлінген қазақ аудандары арасында пайда болатын мәселелерді реттеу;

        в) қайта қосылған аумақтарда Қазақ АКСР-ы орталык өкімет орындарының барлық қаулыларын жүзеге асыру;

        г) таза жергілікті маңызы бар барлық мәселелерді шешу;

        д) Кеңестердің Бүкілқазақтық 5 съезіне қайта сайлауды дайындау және жүргізу;

        е) қосылған аумақтардағы әрекет етуші барлық үкімет органдарының әкімшілік және шаруашылық болсын қызметін біріктіру және жұмыстарын ұштастыру;

  1. Революциялық комитетке мына құқықтар беріледі:

        а) облыстық, губерниялық, уездік, болыстық атқару комитеттерінің, сондай-ақ ауылдық және селолық кеңестердің, олардың атқару комитеттерінің таза жергілікті маңызы бар қаулылары мен өкімдерін жоюға   және ондай жоюдың маңыздылары туралы Қазақ АКСР ОАК-не хабарлап отыруға;

        б) Орталық Атқару Комитеті алдына қосылған аумақтарда жалпы мемлекеттік мәні бар шаралар өткізуге ұсыныс жасау, сондай-ақ қазір әрекет етушілеріне қорытындылар беруге, кажет болған жағдайда оларды жою  туралы мәселе қоюға;

        в) облыстық, губерниялық, уездік, болыстық атқару комитеттерінің және ауылдық және селолық кеңестердің, сондай-ақ олардың атқару комитеттерінің жеке құрамдарын қайта қарауға;

        Ревкомның қарауы бойынша олардың мүшелерін ауыстыруға, бірақ облыстық, губерниялық атқару комитеттерінің мүшелерін ауыстыру тек Қазақ ОАК-тің алдын ала рұқсат етуімен болады.

        6.Қазақ АКСР-на қосылған аудандарда әрекет етуші барлык кеңес мекемелері мен ұйымдары Қазақ ОАК-ке Революциялық комитет арқылы бағынады.

        7.Революциялық комитеттің барлық қаулылары Қазақ АКСР- на қосылған аумақтарда әрекет етуші жергілікті өкімет органдары және оларда тұратын халықтар үшін орындауға және жүзеге асыруға міндетті.

        8.Революциялык комитеттің өзінің ведомстволық бөлімдері болмайды:

— соңғылары Революциялық комитетке бағынышты Қазақ АКСР-ның орталық органдарының тиісті уәкілдерімен ауыстырылады.

        9.Революциялық комитет мезгіл-мезгіл Қазақ ОАК-і мен Халқомкеңесіне есеп беріп түрады.

        10.Революциялық комитетке өзінің мемлекеттік мөрі мен мөр-табанын жасау құқығы беріледі.

        11.Революциялык комитет өзінің жұмысын Қазақ ОАК-тінің немесе оның төралқасының қаулысымен тоқтатады.

        12.Революциялық комитеттің қызметіне байланысты барлық шығындар Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің сметасы бойынша өтеді [40. 153 б.]. .

        Ревкомның алдында түрған міндеттің бірі өзінің басшылығымен жұмыс атқаратын аппарат жұмысын жолға қою болды.

        Ревкомның атқарған үлкен істерінің бірі Шымкент уезінің орталығын Беловодск селосына көшіру, ал Шымкентке Сырдария губерниясының орталығын көшіру мәселесі болды. Бұл мәселемен ревкомның тапсырмасымен С.Есқараев және Б.Аралбаев айналысты. Губерниялық мекемелерді Шымкентке көшіру үшін алғашында 79000 сомнан аса қаржы бөлінді.

        Сондай-ақ оның орынбасарлары, аппарат қызметкерлері де тағайындалды. 

        Ревкомның жұмыстары қиындықтармен жүрді. Қазақ АКСР-ның кейбір халық комиссариаттары Ревкомның уәкілдерімен санаса бермеді. Олар ревкомның уәкілдері арқылы жұмыс істеудің орнына бұрынғы жергілікті билік орындармен байланыстарын жалғастыра берді. Осыған орай ревком Қазақ ОАК-ке шағым жасап жәрдем беруді өтінді. Ревкомның шағымында Ішкі істер, Ішкі сауда және Қаржы халық комиссариатының Қазақ ОАК-тің қаулысын орындамай, ревкомның уәкілдерін тыңдамау туралы өкім де бергенін жеткізді. 

        Біріншіден, Көкайрақ шатқалы Алматы уезі қазақтарының пайдалануында болған. 1912 жылы қырғыз старшыны ШабданЖантаев патша әкімшілігінің қолдауына сүйеніп бұл жайлауды тартып алады. Бірақ 1921 жылы Үлкен Алматы болысының қазақтары Көкайрақ шатқалын қайырып алған.

        Екіншіден шекара Кебен, Алматы өзендері және биік таулар сияқты табиғи шектер арқылы өтуі тиіс.

        Осы уәждерді айта келе ревком Қазақ Халкомкеңесі алдына Орта Азияны Межелеу жөніндегі орталық комиссия алдына Қарқара ауданындағы және Көкайрақ шатқалындағы Қазақ АКСР-ы мен Қарақырғыз (қырғыз) автономиялы облысы арасындағы шекараны қайта қарап оны табиғи шектер негізінде жүргізу мәселесін қойды.

        Орта Азияны аумақтық межелеумен қатар, экономикалық жағынан межелеу де жүзеге асырылды. Түркістан АКСР-ы ОАК-нің төтенше 4-ші сессиясы 1924 жылы 18 қарашада Түркістан республикасын тарату жөніндегі комитетін (Ликвидком) құрды.

Орта Азия Экономикалық Кеңесі 1924 жылдаң 25 карашасында өзін-өзі жойды. Оның бүкіл жұмысы аппаратымен қоса Орта Азияда КСРО-ның Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің (ЕКҚ) уәкілетігінің карауына өтті Бұл уәкілетік карамағына, атап айтқанда, аса ірі мекемелр: Банктер комитеті, Орта Азия астық жөніндегі кеңесі, Өлшем комиссиясы, Одақтық синдикаттар мен трестер конторы, Су шаруашылығының Орта Азия басқармасы т.б. Одақтық Орта Азиялық сипаттағы мекемелер өтті ЕКҚ уәкілетіігі (УполСТО) Орта Азиядғы аса ірі кұзіретті орган болып қала берді. Орта Азия Экономикалық Кеңесі өз қызметін тоқтатуға арналған мәжілісте Орта Азиядағы мемлекеттік мүлікті бөлу (межелеу) үшін және мемлекеттік аппаратты қайта құру үшін «Орта Азия Тарату комитетін» құрды. Тарату комитетінің төрағасы болып КСРО уәкілі бекітілді.

         Сондай-ақ Қазақстан өкілі Орта Азия Тарату комитетінің Ауыл шаруашылығы банкісінің Қазақстанға тиесілі бөлінетін мақсатты несиесінің мөлшеріне де наразылық білдірді. Мұнда Қазақстанның шаруашылқ мүддесі біршама шектелген еді. Ветеринарлық қызметті бөлу мәселесінде де Қазақстан өкілі ерекше пікірі жағдайында қалды. Тарату комитетінің 1925 жылғы 15 сәуірдегі «Туркмануфактураны» бөліске салғанда да Қазақстан, Түркіменстан және Қарақалпақ өкілдері наразылық білдіріп, ерекше пікір лерін қосып өткізді.

         Экономикалық межелеуде алдын ала бөліс сандары оны жасау барысын дағы асығыстық қарқынының көрінісі болды. Сондықтан ол сандарды түзеу басқа ұлттар делегациялары атынан талап етілді.  Тарату комитетінде де экономикалық бөліс үшін біршама күрес жүрді. Әркім өз жағына көбірек тартты. Оның жұмысы көп жағдайда таласты көңіл-күй жағдайында өтетін деп атап көрсетті

        Осы Қазақ бюросының 1924 жылғы 12 қыркүйектегі мәжілісінде межелеуге қатысты көптеген мәселелер көтерілді. Солардың ішінде Ташкент қаласындағы жылқы зауытына қатысты қазақ, қырғыз және түркімен өкілдерінің ерекше пікірін Орта Азия бюросына жеткізудің қажеттігі көрсетілді. Сондай-ақ «Упсырзаг» мекемесіне қатысты да осы үш халық өкілдерінің РК(б)П ОК-нің Орта Азия бюросына берілген ерекше пікірін қолдау туралы қаулы қабылданды.

        Сонымен қатар Қазақ бюросы РК(б)П ОК-ның Орта Азия бюросынан өз қаулыларына мейлінше нақтылық пен анықтылық беруді сұраған арнайы қаулы қабылдады.169 Себебі Орта Азия бюросы мен оған тікелей қызмет істеген Тарату комитетінің көптеген шешімдерінің бұлдыр және түсініксіз, объективтісіз шешімдері көбейіп кеткен болатын.

        Қазақстан өкілдерінің Экономбюро мәжілісіне неліктен шешуші дауыспен қатыса алмайтындығына РК(б)П ОК Орта Азия бюросының төрағасы И.Зеленский Казақстан партия ұйымының бастығы Нанейшвилиге арнайы хат жазып түсіңдірген болды. «Оңда осымен РК(б)П ОК-нің Орта Азия бюросының пленумының шешімін және Құрамысовтың Орта Азиядағы Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің өкілеттігі жанындағы Экономбюроға Қазақ АКСР-ы өкілдерінің қатысуы туралы қатынас кағазының көшірмесін жіберіп отырмын. Осыған орай сіздердің өкілдеріңіздің Экономбюро құрамына шешуші дауыспен кірмеуі Қазақ обкомының Орта Азияның партиялық және экономикалық бірлестігіне кірмеуіне байланысты екенін хабарлаймьн»[166 б.], — деп жазды.

        Осылайша Қазақстан Орта Азиядағы аса ірі экономикалық және саяси бірлестіктен шет қақпай болып қалды. Мұның өзі межелеу барысында Қазақстанның мүддесінің аяққа тапталып қалуына әкеліп соғып отырды.

        Осыған наразылық ретінде РК(б)П Қазақ обкомының бюросы 1925 жылы 13 ақпандағы қаулысында экономикалық межелеудің Қазақстан мүддесіне кереғар жүріп жатқандығын көрсетіп, мынадай қаулы қабылдады:

        Экономикалық межелеу Қазақстан үшін өте-мөте әділетсіздікпен жүргізіліп отыр деп есептеп, РК(б)П Орталық Комитеті мен ОК-тің Орта Азия бюросынан даулы мәселелерді тез. арада шешіп беру тұрақты түрде талап етілсін.

        Бұл жағдайды ұлттық-мемлекеттік межелеуді жүргізудегі «географиялық фактор» деп атауға болады. Екінші фактор — ұлттық фактор болды. Жоғарыда көрсетілген ұлттық-мемлекеттік межелеудің тағдырын шешкен құзіретті органдарда мәскеулік эмиссар-еуропалыктар мен өзбек ұлтының өкілдері басым болды. Бұған дейін Орталык Аумақтық комиссияда өзбек жағынан үш адам болуың орнына алты адам еніп кеткенін, мұның өрескел бұрмалаушылықтарға әкелгендіктен қазақ, түркімен, қырғыз өкілдерінің наразылығын тудырғанын айтқанбыз. Көп жағдайда қазақ, түркімен, қырғыздардың атынан өкілдік етуге орыс ұлтының өкілдері кіріп кетіп жатты. Олар Орта Азия бюросының әділетсіз шешімдеріне қарсы шығудың орнына оны қолдап, қолпаштап отырды. Себебі олар шынында республикалар мен автономиялы облыстардың атынан өкілдік жасап отырған Орта Азия бюросының өкілдері болатын. Орта Азия бюросы КСРО Еңбек және Қорғаныс Кеңесінің Орта Азиядағы уәкілеттігі жанындағы Экономикалық бюроға бірде-бір Қазақстан өкілін жолатпай қойды. Тек Қазақстан жағының табаңды талабынан кейін барып оның өкілін кеңесші дауыспен ғана Экономбюроға кіргізді. Мұның бәрі де ұлттық-аумақтық және экономикалық межелеу барысында көптеген әділетсіздіктерге жол беріліп, жаңадан құрылып жатқан республикалар мен автономиялы облыстардың мүдделерінің сақталмауына әкеліп соқты.

        Мал шаруашылығы түркістандық Қазақстанда басым болды. Сондай-ақ Түркіменстан мен Қырғызстанда да мал шаруашылығымен біршама жоғары дәрежеде айналысты. Өзбекстанда бұрынғы Бұқар жерінде қаракөл елтірісі көп өндірілді.

Мал басы республикалар мен автономиялы облыстарда былай бөлінді:

Мың бас                                                                                           %

Қазақстан                                                                                         5.845        42,9

Өзбекстан                                                                                         2.589        19

Қырғызстан                                                                                      1.881        13,8

Түркіменстан                                                                                   1.701        12,5

Тәжікстан                                                                                         962  7,1

Қарақалпақстан                                                                                381  2,8

даулы аудандар                                                                                269  1,9

барлығы                                                                                           13.628      100

Орта есеппен Қазақстан мен Қарақалпақстанның әр шаруашылығына — 22.3 бас малдан, Өзбекстанда 4 бастан, Түркіменстанда — 10.2, Қырғызстанда — 11.6-бас малдан келген[40.167 б.].

        Өнеркәсіп саласында мақта өңдеу кәсіпорындары жетекші орын алды. Олардың көбі Өзбекстан аумағында орналасқан болатын. Орта Азияда 132 мақта тазалау зауыттары болса, олардың 110-ы немесе 83% Өзбекстан аумағында орналасқан.

        Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін Орта Азияда 12 млн. пүт көмір өндірілсе, 1924 жылы тек 5 млн. пұт көмір өндірілді. Көп шахталар қирады. Жұмыс істеп тұрған шахталардың ірілері Сүлікті Өзбекстанға берілсе, Қызылқия Қырғызстан еншісіне тиді. 

        Банктер республикалар мен автономиялы облыстар арасында былай бөлінді.

        1925 жылдың 1 сәуірінде Орта Азияда барлығы 55 несиелік мекемелер филиалы жұмыс істеді. Олардың 34 филиалы Өзбекстанда, Қазақстанда — 7, Түркіменстанда — 10, Қырғызстаңда — 3 және Мәскеу каласында (Орта Азия коммерциялық банкінің бөлімі) орналасты. 1925 жылғы сәуір-маусым айларында жаңа республикаларға несие бөлінді. Өзбекстан үлесіне — 81.1%, Түркіменстанға -1%, Қазақстанға -5%, Қьірғызстанға -1.1%.[407 169 ,7] Жоғары оқу орындары (САГУ,САКУ), Метеорологиялық институт, Пастер станциясы; Биологиялық институт, мемлекеттік кітапхана т.б. мекемелер барлық республикаларға қызмет етеді деп келісілгенімен шын мәнінде біршама мекемелер акционерлік қоғамдарға айналдырылды. Солардың ішінде жоғарыда айтылған мақта мекемелері болды. Астық кәсіпорындары да акционерлік қоғамдарға айналдырылды. Революция және одан кейін азамат соғысы жылдарында астықтың өте аз келуіне байланысты Орта Азияда мақта өндіру соғыскда дейінгі мөлшерден 10%-ке дейін кеміп кетті.

        Осы жағдайлар ескеріліп, астықпен айналысатын бірыңғай орталық «Средазхлеб» (Орта Азия астық ) акционерлік қоғамы құрылды. Бұл қоғамнан түркістандық Қазақстанның үлесі бөлініп берілді. Бірақ түркістандық Қазақстанның бүкіл Орта Азияның астығының 45% өндіретінін ескеріп, бұл өлкені толық бөлудің жөнсіз екендігі мойындалды. Сөйтіп түркістандық Қазақстан астық өндіру жағынан Орта Азиямен бірыңғай астық рыногына кірді. Су шаруашылығын басқарудың бірыңғай жүйесі сақталып қалды. Орта Азия шаруашылығы үш үлкен жүйеге бөлінді: Амудария, Сырдария және Шу-Балхаш жүйелері. Амудария Өзбекстан мен Түркіменстанды, Сырдария Қазақстан мен Өзбекстанды, Шу-Балхаш Қазақстан мен Қырғызстанды суландырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

        Тәуелсіз Қазақстанреспубликасының бүгінгі аумағының тұтастығы оңайлықпен қалпына келе қойған жоқ. Қазақстан республикасының-Консти-туциясының  91- бабының 2-ші тармағында : «Конституцияда белгіленген мемлекетің біртұтастығын және аумақтық тұтастығын ,Республиканың басқару нысанын өзгертуге болмайды»,- деп көрсетілген.  Бұл ұғымдардан «мемлекеттің ьіртұтастығы», оның «аумақтық тұтастығы» және «басқару нысаны»тұрақты және мызғымас екендігі туындайды. Мемлекеттің аумақтық тұтатығы халық үшін қасиетті ұғым ғана емес, заңды аумақтық кеңістік болып табылады. Бұл тұтастық заңдар, жарлықтар немесе басқа да бір мемлекеттік органдардың шешімімен өзгертілмейді. Республика аумағының тұтастығын тіпті референдумға шығаруға болмайды.

        Қазақстанның патшалық Ресейдің отары болған кезеңде оның аумағы бірнеше бөліктерге бөлініп, тұтастығын түгелдей жойған болатын. Қазақтар дың тарихи мекені болған аумақ қазақ елі деген саяси-географиялық атауынан  да айрылып, Орынбор өлкесі, Сібір өлкесі, Түркістан өлкесі, Дала сияқты атаулармен аталып кеткені белгілі. Тіпті қазақ халқын да өз атауымен атамай, «қырғыз», «қырғыз-қайсақ» деп кемсітіп атады.

        Қазақстан аумағының тұтастығын қалыптастыру туралы әрекет 1917 жылдан басталды деуге толық негіз бар. Бұл күрестің басында Алаш қайраткерлері жүрді. Олардың осы жолдағы азаматтық әрі тарихи еңбектері қазақ жерлерінің байырғы тарихи географиялық аумағын дәл де, нақты анықтап, бұл аумақтарды Қазақ халқына заңды түрде қайтарып беру мәселесін күн тәртібіне өткір қоя білуінде еді. Халықтың қалың ортасынан жарып шыққан Алаш қайраткерлері қазақ жерлерінің межесін кімнен болса да артық білді. Бірақ тарих олардың әрекетінің жүзеге асырылуына мүмкіндік бермеді.

        Қазақстанның аумақтық тұтастығының қалыптасуына кеңес үкіметінің, атап айтқанда, оның алғашқы басшысы В.И.Лениннің үлкен еңбегін атап кеткен жөн. В.И.Лениннің тікелей қол қоюымен қабылданған  «Қазақ рев-комы туралы»(1919ж.10.07) декретте болашақ Қазақстан аумағының сұлбасы жасалды. Қазревком қазақ жерлерін қайтарып алу жолында қыруар жұмыстар жүргізді.

        Қазақстан аумағының тұтастығын қалпына келтіруде 1920 ж.26 тамыздағы БРОАК пен РКФСР Халкомкеңесінің «ҚАКСР-сын құру туралы декретінің» үлесі ерекше болды. Бұл декрет Қазақ АКСР-нің аумақтық тұтастығының алғашқы құқықтық негізін қалады. Алайда бұл декрет Қазақ -станның аумағын толық көрсетіп бере алмады. Семей және Ақмола облыстары уақытша сібір ревкомының қаруында қалды. Оларды қайтару оңайлықпен іске аспады.

        Қазақстан мен Түркменстан арасындағы мемлекеттік шекараны анық-таудың да мәні зор еді. Бұл мәселе 1919 жылдан 1925 жылға дейін созылды.

        Республика аумағының тұтастығын қалыптастыруда Орынбор қаласы мен губерниясының Қазақстан құрамында болуы және одан бөлініп кетуі де өз әсерін тигізді. Оңтүстік аудандарды түгелдеу үстіндегі республика басшы-лығы  Орынбор губерниясына кетіп бара жатқан қазақ жерлері үшін күресе алмады.

        Қазақстанның аумақтық тұтастығын түпкілікті қалыптасуы 1924ж. жүргізілген Орта Азия мен Қазақстандағы ұлттық-мемлекетік межелеуге тікелей байланысты. Бұл аса үлкен көлемдегі  және күрделі тарихи-құқықтық процесс болды. Соның нәтижесінде Орта Азия мен Қазақстанның саяси географиялық картасы  мүлдем өзгерді. Орта Азиядағы бұрынғы көп ұлттық Түркістан АКСР-ы, Бұқар ХСР-ы, Хорезм ХСР-ы оларда мекендейтін халықтардың өз еркімен таратылды. Нәтижесінде Өзбек ССР, Түркмен КСР-ы, Тәжік АКСР-ы, Қырғыз және Қарақалпақ автономиялы облыстарын құруға құқықтық негіз жасалды. Сондай-ақ ТАКСР –дың Сырдария Және Жетісу облыстарында ежелгі ата қонысында тұрып жатқан қазақ халқы Қазақстан құрамына кіруге мүмкіндік алды.

 

        Қазақстанның аумақтық тұтастығының қалыптасуының республикамыз үшін мынадай қорытындылары бар:

        1.Қазақстанның аумақтық тұтастығы толығымен қалыптасты. Патша заман ында әртүрлі әкімшілікорталықтарға бағынып келген қазақ жерлері біртұтас Қазақ АКСР –ның құрамына бірікті.Сырдария және Жетісу облыстары қосылғанға дейін Қазақ АКСР-нің жер көлемі 1.941 127 кв. верст болса,осы облыстар қосылғаннан кейін 2.699.127 кв. верст болып үштен бірге өсті. Қазақстанның бүгінгі күнгі аумағы толығымен қалыптасты.Мұның өзі аса ірі тарихи- құқықтық маңызы бар оқиға.

        2.Қазақ жерлерінің тұтастығының қалыптасуына орай қазақ халқының да басым көпшілігі Қазақ АКСР-нің құрамына бірікті Қазақстанның халқы

1924 ж. дейін 3 млн. 903 мың адам болса, ұлттық межелеуден кейін 4 млн. адамнан асты. Межелеуге дейін қазақтардың саны республика халқының 50 пайызынан кем болса, межелеуден соң 61,3% пайызын құрады. Мұның өзі Қазақстанның қазақ ұлтының мемлекеті екендігін толығырақ тануға негіз болады[40. 173]

        Сондай,-ақ қазақтардың үштен бір бөлігінен астамы, алыс шетелдерді айтпағанда, Өзбекстан, РКФСР, Түркменстан т.б.республикаларда қалып қойды.

  1. Қазақ АКСР-нің құрамына Қарақалпақ автономиялы облысы кірді.1932 ж.ол РКФСР құрамына өтті. 1936 ж. Қарақалпақ автономиялы республика мәртебесіне жетіп, Өзбек ССР-нің құрамына өтті
  2. Қазақстанның жаңа астанасын белгілеу күн тәртібіне қойылды.Орынбор қазақ даласынан шалғай қашықта орналасқандықтан, асананы қазақтар қалың орналасқан ортаға ауыстыру мәселесі көтерілді.Ұзақ, күрделі талдаудан өтті.Қазақтардың асананы Ташкент қаласы ету жөніндегі ұсынысы сәтсіз аяқталды.Республика астанасы ретінде Шымкент, Ақтөбе, Әулиеата және Семей өалалырыныңы аттары аталды. Ақырында Қазақстанның астанасына Ақмешіт таңдалып оның аты Қызылорда болып өзгертілді.
  3. Қазақстанның аумақтық тұтастығының қалыптасуымен қазақ халқының Қазақ АКСР-на топтасуының тағы бір тарихи-құқықтық қорытындысы қазақтардың өзінің «қазақ» атауының заңдастырылуы болды.Патша заманында әдейі кемсітіліп айтылып келген «қырғыз» атауынан қазақтар бірден арыла алмады.1920 ж. 26 тамыздағы декрет бойынша Қырғыз АКСР-ы деп аталып, қазақтардың өзі «қырғыз» болып қала берді. Тек 1925ж. кеңестердің бүкілқазақтық Vсъезі бұл қателікті түзеді.
  4. Ұлттық мемлекеттік межелеудің басты қорытындыларының бірі –Қазақстан мен Өзбекстанның шекараларының анықталуы.Екі республика арасындағы шекара 1924-1925жылдардағы ұлттық мемлекетік межелеугеден соң да көптеген кішігірім өзгерістерге ұшырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Бейсембаев Ленин и Казахстан
  2. Сәрсембаев М.Н. Международное право. Учебное пособие.Алматы., 1999 стр 471
  3. Бугай И.Н. Чрезвычайные органы советскойй власти : ревкомы 1918 –

          1921 г.г. М.Наука. 1990

  1. Варейкис И.,Зеленский и. Национальное-государственное 

           размежевание Средней Азии.Ташкент, 1924

  1. Гордиенко А.А. Создание советской национальной государственности  

           в  Средней Азии. М., 1959 .

  1. Декларация прав народов России.. 2 октябрь1917г. Хрестоматия по         

            новейшей ист. Казахстана Алматы. 2002

  1. Зиманов С. З. Ленин и советская национальная государственность  в

            Казахстане. Алма-Ата, 1970

  1. Зиманов С.З. От освободительных идей к советской   

            государственности        в Бухаре и Хиве. Алма-Ата. 1976

  1. Зиманов С.З. Даулетова С., Исмагулов М. Казахский революционный

            комитет. Алма-Ата, 1981.

  1. Егемен Қазақстан, 2002 ж. 24 сәуір Протоколы Рев. Комитета по

            управлению Казахским краем. (1919-1920 г.г.)

  1. Егемен Қазақстан .2002 ,11 қыркүйек. Қазақ-өзбек шкеарасы хақында,

           ҚР Сыртқы істер министрлігінің түсіндірмесі.

  1. Исаев И.А. История государства и права России. 2- ое изд. Москва.,
  2. 608-609 стр.
  3. История государства и права Советскоог Казахстана Т-1. (1917-1925

           г.г)  под ред. д.ю.н. С.Зиманова и к.ю.н М.А.Биндера

  1. Ижанов З. Қостанай уезі қалай Челябіге өтіп кете жаздады. Егемен

           Қазақстан. 2002., 24 сәуір.

  1. История государственности государства и права Киргизской ССР. 1970
  2. История коммунистических организации Средней Азии. М .1959.   
  3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы заңы.

             (1993, 13  қаңтар)Алматы .,1993 1-бап.

  1.  Қазыбек М.,Маймақов Г. Құпия кеңестер, Алматы, Санат, 1999       
  2. Қойкелдиев М.   М.Шоқай және Түркістан. А.1998 ,29-б
  3. Қойкелдиев. Алаш қозғалысы.Алматы, 1997
  4. К. Маркс, Фр. Энгельс Таңдамалы шығармалар жинағы. 3-томдық.

              Алма- Ата; 1957. 251 б.

  1. Қазыбек М., Маймақов Г.Қазақ жері тұтастығының қалыптасуы.  

              Алматы. 2005.

  1. Казахстан : этапы государственности. А., 1997
  2. Қазақ совет энциклопедиясы., 1977. 10-том
  3. Мұстафа Шоқай таңдамалы шығармалар.1-том. Алматы.1998.
  4. Ленин В.И.Т.Ш.Ж. 24 том. М.138 б.
  5. Ленин В.И. О праве нации на самопределение. П.С.С 25-т.
  6. Ленин В.И. К вопросу о национальностях или об «автономизации»

      П.С.С Т-45

  1. В.И.Ленин «О культурно-национальной» автономии. Т.Ш.Ж. 24 Т
  2. Нусупбеков А. Воссоединение казахских земель в едином Казахском советском государстве.А. 1953
  3. Образование КАЗ АССР Сборник документов и материалов. Алма-Ата; 216
  4. Объединение казахских земель в КССР.Алма-Ата ,1953
  5. Петухова Н.Е. Создание областных бюро ЦК РКП (б) и некоторые

            стороны их деятельности.,(1920-1922 г.г.)Вопросы истории

            КПСС.1965           

  1. Рыскулов Т. Выступление на XIIсъезде РКП (б) по национальному вопросу.
  2. Рыскулов Т.. Собрание сочинений в трех томах. А., 1997

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мал басы республикалар мен автономиялы облыстарда

былай бөлінді:

 

республикалар

 

Мың бас

 

%

Қазақстан

5.845

42,9

Өзбекстан

2.589

19

Қырғызстан

1.881

13,8

Түркіменстан

1.701

12,5

Тәжікстан

962

7,1

Қарақалпақстан

381

2,8

даулы аудандар

269

1,9

барлығы

13.628

100

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Қазақ өлкесінің аумағын анықтағанға дейінгі

Қазревкомның  міндеттері»

 

А

Қазақ өлкесі шеңберінде бүкіл кеңестік қызметті ұйымдастыру және біріктіру;

Б

Жергілікті халықтың жағдайына,әдет-ғұрпына және тұрмысына қарай Орталық  Кеңес өкіметінің барлық қаулыларын өмірге ендіру;  

В

Жергілікті кеңестердің қызметіне бақылау жасау;

Г

Таза жергілікті сипатта пайда болған барлық мәселелерді шешу

Д

Қазақ автономиясы туралы ереженің жобасын жасап,оны жалпы сьез дің бекітуіне тапсыру;

Е

Қазақ өлкесімен РКФСР және Түркістан Кеңестік Республикасы ара сындағы қатынастарды реттеу».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңадан құрылған Орынбор губерниясының жобаланған аумағы мен ондағы халықтың саны мынадай болды.

Орынбор губерния

сына беріле тін аумақ тар

 

 

Кеңістік аумақ

Халық саны

 

 

Соның ішінде

 

Кв.вер

ст

Деся

тина

орыс

тар

Қазақтар

Баш

құрт

тар

Басқалар

Қазіргі шекарадағы (1925)Орынбор губерния сы

44.855

4676.224

591.468

509.52

16.23

2.8%

266

65227

11.1%

Ақтөбе губерниясы

ныңбір бөлігі

19.339

2092.300

95.817

62.263

64.94%

33174

34.62%

420

0.44%

Қостанай губерниясының бір бөлігі

26227

2734139

52246

30660

58.69%

19897

30.08%

1689

3.23%

Орал губерниясының бір бөлігі

3402

354600

29336

28660

97.8%

97

0.3%

579

1.9%

Башқұрт губерниясының бір бөлігі

10820

1.128000

116.882

75040

64.2%

26087

22.32%

15755

13.48%

Челябі губерниясы

ның бір бөлігі

7923

826000

26070

26070

100%

Самара губернияс

ының бір

 бөлігі

4.081

425412

70000

70000

100%

Қорытынды

116708

12166575

981819

802165

81.7%

69431

7.1%

26353

2.7%

83870%