Тақырыбы:
Кедендік режимдерді ұйымдастырудың ерекшеліктері мен тәжірибесі
Жоспар
Кіріспе………………………………………………………………….…………3
І-тарау Қазақстан Республикасының кеден режимдерінің теориалық әдістемелік негіздері…………………………………………………….………5
1.1 Кеден режимінің ұғымы, мәні және қағидалары…………………………..5
1.2 Кедендік режимдердің түрлері және тауарды кедендік режимге орналастыру……………………………………………………………….………9
1.3 Кеден режимін ұйымдастырудың ерекшеліктері…………….……..……..20
ІІ-тарау. ҚР Кеден органдарының кедендік режимдердің тәжірибесі мен оған талдау жүргізу…………………………………………………….………29
2.1 Кедендік қызметінің кедендік режимінің қазіргі қолданыстағы тәжірибесі…………………………………………………………………………………………………29
2.2 Кеден режимін жүргізу тәртібі мен ерекшеліктері……………….….……36
2.3 Кедендік режимдер талаптарын бұзған үшін әкімшілік жауапкершілік…47
ІІІ-тарау. Қазақстан Республикасының Кеден режимдерінің мәселелері және шетел тәжірибесі……………………………………………56
3.1 Қазақстан Республикасының Кеден режимдерінің мәселелері…………..56
3.2 Кеден режимдерін ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі…………………67
Қорытынды ……………………………………………………………………………………………71
Пайдаланылған әдебиеттер………………………………….…………..……74
Қосымша 1………………………………………………………………………………………………76
КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда экономиканың дамуы – ел арасындағы және бірыңғай бүкіл әлемдік шаруашылық кешендерімен ерікті түрде сауда жасауға ұмтылудағы, тауарлар мен қызметтер айырбастау, қаржы ресурстарының қозғалысы халықаралық келісімдердің ролін арттырумен сипатталады.
Ұлттық экономика барлық елдерде белгілі бір мөлшерде ашық түрде қалыптасады. Содай-ақ бүкіл әлемдік еңбектің бөлінуі мен бәсекелесте орын алады.
Соңғы кездерде бүкіл әлемдік сауда көлемі әлемдік өндіріске қарағанда шапшаң өсіп барады. Соған қарай сауда құрамында қызмет үлесі жоғарылап келеді, интелектуалдық меншік объектілерді сату өсіп барады, сондай-ақ елдердің арасында ақша құралдары, капитал қозғалысы, несиелер кушеюде. Осыған орай маңызды фактор ретінде кеден режимдерінің мәселелері мен оның жетіспеушіліктерін айқындау маңызды болып отыр.
Сондықтан бұл мәселелердің өзектілігіне осы диплом жұмыс арналып отыр. Бізге кеден режимдерінің теориялық негіздері мен іс-тәжірибелік негіздерін салыстыру қажетті. Кеден режимдерінің ұйымдастыру мәселелерінің себептері мен жағдайларын зерттеу маңызды орын алады. Мақсатты шешу үшін ұйымдастыру мәселесін қоғамда қатыстығын қалыптастыру мен оны алдын-алу жөнінде шаралар қолданылуы тиіс. мәселелердің маңыздылығына қарамастан біздің елімізде кеден режимдерін жетілдіру әліде болса аз өңделген, әсіресе оның жалпы теориялық және ғылыми қойылымы жоспары аз өңделгендігі сол күйде қалуда.
Диплом жұмысының тақырыбын зерттеудің мақсаты – кеден режимдерінің мәселелері мен оны жетілдіру жолдарын анықтау, оның арнайы ерекшелігін және сапасын ашу, қажетті шаралар қолдану арқылы зерттеу.
Диплом жұмысының міндеті — ең алдымен осы жұмыстың мақсатына қойылған жетістікке жету болып табылады. Оларды мына төмендегідей нұсқаулармен ұсынуға болады:
- Кеден режимдерін қолданудағы қазыргі жағдайы;
- Кеден режимдерін теориялық негізіне талдау жасау;
- Кеден режимдерін ұйымдастырудың бүкіл әлемдік тәжірибесін ғылыми негізде зерттеу;
- Кеден режимдерінің мәселелері мен жетілдіру жолдарының негізін ашу;
- Кеден режимдерін ұйымдастырудың ерекшеліктерінің теориялық және іс-тәжірибелік мәселелерін қарау;
Диплом жұмысының әдістемелік негізі — кеден режимдерінің өзара байланысы және өзара ерекшелігі арқылы жалпы ғылыми диалектикалық — логикалық ұғымын негізгі қағидалармен тану болып табылады. Кеден режимдерін ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесін және ерекшеліктер ашу арқылы еліміздегі нарықты, Қазақстандағы өндірушілер мен тұтынушылардың мүддесін қорғау, монополизмге қарсы тұру мен бәсекелестікті кеңейту, сондай-ақ экспортты кеңейтуге мүмкіндік аламыз.
Сонымен қатар мынадай жеке — ғылыми әдістер қолданылады: Формалды – заңды, жүйелік салыстырмалы құқықтық, нақты — әлеуметтік, психологиялық, статистикалық және өзге де осы жұмыстың мәселесін шешуге қажетті әдістер жатады.
Жұмыстың теориялық негізі кеден ісі мәселесі жөніндегі қазақстандық, ресейлік және шетел оқымыстыларының еңбегінен жарық көреді: С.М.Сарсембаев, К.К.Тоқаев, Б.Т.Нұрахметов, В.Г.Драганов, Л.В. Гребенщикова, И.А.Кубасова, А.А.Артемьев, М.Ю. Берновский, Г.П. Брацун, Ю.Г. Кисловский, В.М. Крашенинников, В.Ю. Пресняков, О.В.Шишкина, А.Н. Яцушко, А.В.Лисов, Н.И. Трипонов және тағы басқалар.
Бұл диплом жұмысының басты мәселелерін жан–жақты ұғыну үшін бүкіл әлемдік ғұламалардың іс–тәжірибесін пайдаландық.
Қазақстан – сыртқы саясатты жүргізу барысында тәуелсіз, егеменді Қазақстан Республиканың бірлестігін дамыту ісінде дипломаттардың, министрлердің, экономикалық құрылымның, құқық қорғау органдарының, прокуратура және қауіпсіздік органдарының қызметтері халықаралық арнада экономиканың әр түрлі саласында, әсіресе кедендік және салалық істерінде бағалануда. Дегенмен мемлекеттік сыртқы кедендік қатынасы толық шешілді деп айта алмаймыз. Оған әл де болса Республиканың халықаралық қызметінің конституциялық — құқықтық негіздері жеткіліксіз. Осы мән – жайлардың себебін анықтап зерттеуге көңіл бөлінді.
Кеден режимін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Конституциясында, өзге де заң актілерінде, халықаралық-құқықтық актілерде көрініс алады, сондай-ақ кеден режимдерін ұйымдастыру мәселелері мен жетілдіру жолдары кеден ісі пәнінде іске асырылады.
Маңызды негізгі мәселелері мен жетістіктеріне тоқталады. Яғни тақырыптың аталуымен сәйкес зерттеледі.
Кеден режимдерін ұйымдастыру мәселелері мен оларды жетілдіру жолдарын шешу нәтижелерінен тұрады.
Ең алдымен заңдармен реттелудін ерекшелігін айқындау, мәселелердің себептері мен жағдайларын шешу, мақсатта сай зерттелуін талап етеді. Тереңінен талдауға жатады субьективті және объективті түрде зерделенеді. Кеден режимдерін жетілдірудің алғы шарттары белгіленеді.
І-тарау Қазақстан Республикасының кеден режимдерінің теориалық әдістемелік негіздері.
1.1 Кеден режимінің ұғымы, мәні және қағидалары
«Режим» сөзінің жалпы мағынасы, іс-әрекет, жұмыс атқару деген ұғымды білдіреді. Заң әдебиетінде құқықтық режим әлеуметтік режимнің кейбір обьектілерін, құқықтық нормалармен қамтылған заң құрылғыларымен анықталады. Кеден режимінің негізгі қызметі өзара қатынасқа түсетін рұқсат етілген, тиым салынған, реттеуге бағытталған міндеттемелерді реттеу тәртібі. Құқық субьектісінің әлеуметтік жағдайын және құқықтық реттеу ерекше тәртібін сәйкестендіре отырып, көзделген мақсатқа жетудегі тұлғаның нақты сатысын білдіреді.
Кеден режимі институтының кеден құқықтық реттеу миханизіміндегі орталық орны, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетің тауарлар мен көлік құралдарының таңдалған режиміне қарасты.
Кедендік режим — Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінде белгіленген нормалардың жиынтығы;
Таңдалған кедендік режим жекелеген тауар санаттарын тасымалдауға кеден ресімдеудің тәртібіне және кеден бақылауына, сонымен қатар кеден төлемінің мөлшеріне ықпал ете отырып жасалынатын іс әрекет шеңберін белгілейді.
Кеден режимі арқылы мыналар анықталады:
а) қолдану мақсатына байланысты Қазақстан Республикасы кеден шекарасына әкелінетін тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдау тәртібі;
б) кеден аумағында және одан тыс тауарларды орналастыру шарттары мен пайдалану тәртібі;
в) кеден режимін қолданушылардың (бенифициар) құқықтары мен міндеттері;
г) ерекше жағдайларда тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тұлғаға қойылатын қосымша талаптар.
Кеден режимін белгілеуде бірқатар белгілері бар:
* тауарлардың шығу тегі;
* тауарларды орналастыру бағыты;
* кеден төлемдері мен алымдарын төлеу және салықтық жеңілдіктерді ұсыну;
* кеден заңдарына сәйкес не кеден органдарының рұқсатымен тауарларды кеден режиміне орналастыру;
* тауарларды кеден режимінде орналастырудың мерзімі;
* кеден ресімдеуі аяқталғаннан кейінгі тауар мәртебесі;
* және басқа да белгілер.
Ішкі жағдайға байланысты кеден режимін тағайындау Қазақстан Республикасы Үкіметі елдегі кеден мәселелеріне байланысты шешім қабылдайды.
Кеден режимінің жүйесінде шартты түрде негізгі үш аспектілерін бөліп қарауға болады:
1) нормативтік — реттеу
2) ұйымдастырушылық
3) материалдық – техникалық
|
Кеден режимін құқықтық реттеудің маңызды қағидалары:
* кеден режимін таңдаудың міндеттілігі;
* кеден режимін таңдау еркіндігі мен қайта таңдау;
* кеден режиміне бағыну қағидасы.
Кеден заңдарына сәйкес тұлға кез келген кеден режимін таңдауға құқылы және таңдаудың шығу тегіне, мінездемесіне, мөлшерлемесіне қарамастан кез келген уақытта таңдалған режимінен бастартып, өзге кеден режиміне орналастыруға құқылы.
Кеден режимін таңдауда ЖКД-ғы 1-графаға кеден режимінің сандық кодын жазып, кеден органына тапсырады.
Декларациялау кеден ресімдеуінің ажырамас бөлігі болып табылады, себебі, ресімдеу барысында таурлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының Кеден Кодексіне сәйкес белгілі бір кеден режиміне орналастыру анықталады. Сол себепті, тауар кеден ресімдеуі аяқталған мезеттен бастап, таңдалған кеден режиміне орналастырылған болып есептеледі. ( кеден декларациясына «шығаруға рұқсат етілген» штамп қойылып, кеден органы қызметкерінің жеке нөмірлік мөрі қойылуымен бірге)
Тауарлар мен көлік құралдарын кеден режиміне орналастырылған мезеттен бастап, оларға пайдалану мен иелік ету құқығы таңдалған кеден режиміне сәйкес жүргізіледі.
Тауарлар мен көлік құралдарды белгілі бір кеден режиміне орналастырғаннан кейін пайда болатын құқықтық қатынастарды реттейтін құқықтық жүйенің қайнар көздері:
1) халықаралық келісім шарттар ( Стамбул Конвенцясы, Карнет туралы Конвенциясы, АТА уақытша әкелу/әкету режимін қолдану туралы; МДП Конвенциясы Корнет TIR) транзиттік ресімдерді жүргізудің тәртібін бекітеді және басқа да Үкіметаралық екі жақты келісімдер.
2) Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 187 бұйрығымен бекітілген «Еркін қойма кеден режимімен орналастырылатын тауарларды кедендік бақылау мен кедендік ресімдеудің» ережесі.
3) Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 мамырдағы N 250 бұйрығымен бекітілген «Кеден режимдері шеңберінде ресімделетін тауарлар туралы есептің және есептілік ұсынудың ережесі»
4) Кейбір кедендік режимдерге орналастырылатын немесе жекелеген кедендік режимдерге орналастыруға тыйым салынған жекелеген тауарлардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі N 538 Қаулысы
5) Қазақстан Республикасы Кеден Бақылау Комитетімен басқа да атқарушы органдардың нормативтік құқықтық актілері.
Кеден режимін қолданудың қаншалықты толық және дұрыс регламенттелгенімен де кеден органы мен кеден режимін қолданушы арасында құқық пен реттелмеген ерекше аспектілер орын табады. Мұндай жағдайларда кеден органы лауазымды тұлғасы дирекциялық уәкілеттік кезінде іс жүргізеді. ( өз қалауы бойынша ) бірақ, кеден режимін қолданушы кеден органының шешімін сотта не әкімшілік юстиция каналдары бойынша қайта қарауға құқылы. Кеден режимінің қолдану тәртібін Қазақстан Республикасының Кеден Бақылау Комитетінің бұйрығы мен арнайы жағдайларға байланысты регламенттеледі және реттеледі. Нақты кеден режимі жөніндегі ережелер Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінің баптарына сәйкес өңделеді, барлық өзекті мәселелермен елулі сұрақтар қамтылады.
Басқа аз қолданылатын кеден режиміне байланысты нақты ережелер осы күнге дейін толығымен бекітілген жоқ. Сонда да оларды жүйелендірілмеген құқықтық актілермен реттейді. Мысалы: Қазақстан Республикасының Кеден Бақылау Комитетінің бұйрықтары, шешімдері, хаттары бойынша.
Жүйелендірілген заңдылықтың болмауы, кеден режимін қолдану кезінде кеден ісі саласында берік заңдылықтың нығайуына емес, керісінше Қазақстан Республикасының СЭҚ-гі сыртқы сауда айналымына кері әсерін тигізеді.
Тауарлардың қолдануының мақсаттарына, межелігіне байланысты мынадай экономикалық кедендік режимдерді бөледі:
- қоймалау режимдері (кедендік қойма, еркін қойма) – тауарлардың сақталуы қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін кейбір операцияларды жүзеге асырудан басқа, ешқандай да бір қолдануынсыз өзге белгілеуді күту жағдайында өзгеріссіз сақталуы (мысалы, қайта бүктеу, іріктеу және т.б.
- қайта өңдеу режимдері (тауарларды кедендік аумақта/аумақтан тыс өңдеу, тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу) тауарлардың жағдайын толық немесе жартылай өзгерту мақсатында оларды өңдеу және қайта өңдеу бойынша тек қана белгілі бір операцияларды және алдын-ала бекітілген шарттар мен талаптарды сақтау кезінде тауарлар қолданыла алады;
- тауарларды қолдануды көздейтін режимдер (тауарлар мен көлік құралдарының уақытша әкелу режимі/ тауарлар мен көлік құралдарының уақытша әкету режимі)- шектелген номенклатуралық тауарлар өзінің белгілеуі бойынша қолданыла алады, осы кезде уақытша әкелінген/әкетілген тауарларды өңдеу және қайта өңдеу бойынша әрбір операциялар мүмкін емес және табиғи жойылуынан басқа тауарлардың жағдайын өзгертіп әкелуге тиіс емес.
Ұсынылып отырған кедендік режимдерінің топтастырылған нұсқаларының тәжірибелік маңызы бар, ең алдымен кедендік реттеу механизмінде рөлін түсіну және олардың құқықтық регламентациясында түрлі аспектілерін жіті оқу.
Тауарларды кедендік режимде мәлімдеу және орналастыру.
Белгілі бір режимге тауарларды мәлімдеу күні болып кедендік органда кедендік декларациясын тіркеу күні табылады, тауарларды кедендік режимге орналастыру күні болып Кеден кодексімен бекітілген тәртіпте кеден органның тауарларды шығару күні табылады. Бұл қағида кедендік режимнің қолданудың басталу күні және мәлімдеген кедендік режимнің шарттарына сәйкес кедендік бақылауда болу уақыты және кедендік бақылаудың аяқталу жағдайлары.
Кедендік режимнің шарттары мен талаптарын сақталмағандық үшін жауапкершілік.
Бұл бап кедендік режимді сақталмағаны үшін жауапкершілік жүктелетін тұлғалардың және осы жауапкершіліктен босатылатын жағдайлардың тізімдерін анықтайды.
Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс қайта өңдеу үшін шығарылған тауарларға немесе олардың қайта өңдеу өнімдеріне қатысты мынадай жағдайда тұлғалар жауапкершілік атқармайды:
- қайтарымсыз жоғалу немесе апат не болмаса ырық бермес күш салдары бойынша тауарлар немесе олардың қайта өңдеу өнімдерін қайтармау.
- қалыпты жағдайдағы тасымалдау, сақтау және қолдану кезіндегі табиғи тозу немесе табиғи жоғалу салдарынан тауарлар немесе олардың қайта өңдеу өнімдерінің санының өзгеруі.
- Мемлекеттік органдар немесе шетел мемлекеттерінің лауазымды тұлғаларының әрекеттері салдарынан тауарлар немесе олардың қайта өңдеу өнімдерінің иелігінен шығуы.
1.2 Кедендік режимдердің түрлері және кедендік режимге орналастыру
Тауарлардың кедендік режимдері
Қазақстан Республикасының кеден заңдарын қолдану мақсатында кедендік режимдердің мынадай түрлері белгіленеді:
1) тауарларды еркін айналыс үшін шығару;
2) тауарлардың кері импорты;
3) кеден қоймасы;
4) бажсыз сауда дүкені;
5) тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу;
6) тауарларды еркін айналыс үшін қайта өңдеу;
7) тауарларды кедендік аумақтан тыс жерлерде қайта өңдеу;
8) тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкелу;
9) тауарлар мен көлік құралдарын уақытша әкету;
10) тауарлардың экспорты;
11) тауарлардың кері экспорты;
12) тауарлар транзиті;
13) тауарларды жою;
14) мемлекет пайдасына тауардан бас тарту;
15) еркін кеден аймағы;
16) еркін қойма;
17) арнайы кедендік режим.
Кеден органы кеден декларациясын тіркеген күн тауарларды белгілі бір кедендік режимде мәлімдеген күн болып есептеледі. Кеден кодексте белгіленген тәртіппен кеден органының тауарларды шығарған күні тауарларды кедендік режимде орналастырған күн болып есептеледі.
Декларант кедендік режимнің Кеден кодексте белгіленген шарттары мен талптарын сақтамағандығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Тулғалар кедендік режимнің шарттары мен талаптары кедендік бақылаудағы тауарлардың олар еркін айналысқа шығарылғанға дейін не олар Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге іс-жүзінде әкетілгенге дейін апаттың не ырық бермес күштің әсері салдарынан біржола жоғалуы, зақымдануы немесе жойылуы себепті сақталмайтын, сондай-ақ тауарлардың саны немесе жай-күйі тасымалдаудың, көлікпен тасудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезінде тауарлардың табиғи тозуының немесе табиғи кемуінің салдарынан өзгерген жағдайларда жауапты болмайды.
Тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерлерге қайта өңдеу үшін әкетілген тауарларға немесе олардың қайта өңделген өнімдеріне қатысты мынадай мән-жайларда жауаптылыққа болмайды:
- тауарлардың немесе олардың қайта өңделген өнімдерінің апаттың немесе ырық емес күштің әрекеті салдарынан біржола жоғалуы немесе жойылуы себепті қайтарылмауы;
- тауарлардың немесе олардың қайта өңделген өнімдері санының тасымалдаудың, сақтаудың және пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезінде олардың табиғи тозуының немесе табиғи кемуінің салдарынан өзгеруі;
- тауарлардың немесе олардың қайта өңделген өнімдерінің шетел мемлекеті мемлекеттік органдарының немесе лауазымды адамдарының іс-әрекеттері салдарынан иеліктен шығуы.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары тұлғаның таңдауы бойынша Кеден кодексте көзделген тәртіпте және шарттарда белгілі бір кедендік режимге орналастырылады.
Тауарлар мен көлік құралдарының кедендік режимін тұлға Кеден кодексте көзделген тәртіпте және шарттарда Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілген тауарлар мен көлік құралдарының арналуы мен пайдалану мақсатына қарай басқа кедендік режимге өзгертуі мүмкін.
Тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режимін тағайындау.
Тауарларды еркін айналыс үшін шығару – Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарларды тұрақты пайдалану мен тұтынуға арналған кедендік режим.
Бұл кедендік режим Қазақстан Республикасының территориясына Сыртқы Экономикалық Қатынасқа түсуші мемлекеттерден әкелінетін тауарларға байланысты ең кең тараған кедендік режимінің бірі. Еркін айналысқа шығаруға арналған тауарлар Қазақстан Республикасының территориясында еш шектеусіз қолданыла алады, егер ол тауарлар уақытша әкілінген болмаса.
Шартты түрде енгізген тауарлар мен көлік құралдарының қолданылуына және пайдалануына қойылған біршама шектеулер бар. Шартты түрде енгізілген тауарлар шетелдік тауар мәртебесіне ие бола отырып, кедендік бақылауда болады.
Тауарларды еркін айналыс үшін шығарудың кедендік режиміне тауарларды орналастырудың шарттары.
Тауарларды еркін айналыс үшін шығару:
1) кедендік баждар және салықтар төленген;
2) тарифтік емес реттеу шаралары сақталған;
3) осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген басқа да талаптар орындалған;
4) кедендік ресімдеу аяқталған жағдайларда жүзеге асырылады.
Бұл бапта тауарлардың осы режимге орналасқандығы баяндалады, егер:
1) кедендік баждар және салықтар төленген болса, берілген шарт белгіленген тауарлардың кедендік баждары Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мөлшерлемеге сәйкес төленген және басқа да кеден органдары мен алынған алымдардан (Қосымша Құн Салығы 15% мөлшерлемеде, егер акциздік тауар болған жағдайда акциздік алымдарды төлеген болса) босатылады;
2) тарифтік емес реттеу шаралары сақталған, Қазақстан Республикасының енгізуге тыиым салынған немесе шығаруға, сонымен қатар квоталау, лицензиялау, стандартқа сәйкестігін анықтау, қауіпсіздік талаптарының толық орындалуы, оның ішінде (техникалық, фармакологиялық, санитарлық, ветиринарлық, фитосанитарлық, радияциялық, экологиялық ) стандарттар және де Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қаулыларға сәйкес реттеу шаралары, тарифтік емес реттеу шаралары деп аталады.
3) Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген басқа да талаптар орындалған: Мысалы ретінде Қазақстан Республикасы Кеден Кодексінің 338-бабында көрсетілгендей валюталық бақылау талаптарына сәйкес құжаттарды тапсыру және мәміле паспортын декларациялау;
4) кедендік ресімдеудің аяқталу жағдайлары;
Кедендік ресімдеу түсінігінің негізіне Қазақстан Республикасының Кеден органдары мен кеден шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуші тұлғаның арасындағы байланыс жатады. Сондықтан, кедендік ресімдеу толық аяқталу үшін кедендік ресімдеуіне байланысты барлық ресімдер мен процедуралардың аяқталуы.
Тауарлардың кері импортына кедендік режимді тағайындау
Тауарлардың кері импорты-бұрын Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан таурлар экспортының кедендік режиміне сәйкес әкелінген тауарлар ҚР Кеден Кодекстің 122-бабында белгіленген мерзімдерде, тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды және экспорттық бақылау саласындағы шараларды қоспағанда, кедендік баждардан және салықтардан босатыла отырып, кері әкелінетін кездегі кедендік режим.
Мұндай тауарларға қауіпсіздік талаптары мен Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген экспорттық бақылау толығымен қолданылады. Тауарлар қауіпсіздігі ұғымының негізінде Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінің 7-бабының 14-тармағына сәйкес тауарлардың стандартқа сәйкестігі (техникалық, фармакалогиялық, санитарлық, ветиринарлық, фитосанитарлық, радияциялық, экологиялық) Қазақстан Республикасының заң актілерімен я болмаса Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қаулыларымен реттеледі.
Экспорттық бақылау түсінігі Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңында белгіленген тәртіпте негізделеді.
Тауарлардың кері импортының кедендік режиміне орналастырудың шарттары
- Тауарлардың кері импортының кедендік режиміне тауарларды орналастыру үшін тауарлардың;
1) Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкетілуі кезінде қазақстандық тауарлар мәртебесі болуы;
2) әкету сәтінен бастап үш жылдың ішінде тауарлардың кері импортының кедендік режиміне мәлімделуі;
3) тасымалдаудың, сақтаудың немесе пайдаланудың (қолданудың) қалыпты жағдайлары кезінде табиғи тозудың немесе табиғи кемудің салдарынан өзгеруді қоспағанда, олар өзгеріссіз жағдайда болуы;
4) кеден органдары тарапынан бірдейлендірілген болуы тиіс.
- Тауарларды Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде кәсіпкерлік мақсаттарға пайдалану, сондай-ақ олармен жөндеу операцияларын, техникалық қызмет көрсету және тауарларды қалыпты ұстау үшін қажетті басқа да операцияларды қоса алғанда, олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті операциялар жасау, жөндеуге байланысты операциялар олардың әкетілген сәттегі құнымен салыстырғанда тауар құнының өсуіне әкелетін жағдайларды қоспағанда, тауарларды тауарлардың кері импортының кедендік режиміне орналастыруға кедергі келтірмейді. Бұл ретте әкетілген күнгі құн мен әкелінген күнгі құнның арақатынасы тауарлардың кедендік декларациясында көрсетілетін статистикалық құнның негізінде айқындалады.
- Таурлар экспортының кедендік режиміне сәйкес әкетілген, таурлардың кері импортының кедендік режиміне орналастырылатын тауарлар жағдайының тұрақтылығы, олардың әкелу фактісі, әкетілген күні құжаттамамен расталуы тиіс.
- Тауарлардың кері импортының кедендік режиміне тауарларды орналастыруға осы баптың 1-тармағының талаптары сақталған кезде және, егер әкетілген тауарлардың бөлігі ғана кері әкелінетін жағдайда да жол беріледі.
Бұл бап бойынша:
1) Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы шығарылған тауарлар қазақстандық тауар мәртебесіне ие болу қажет. Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінің 7-бабының 9-тармағына сәйкес қазақстандық тауар-қазақстанда шығарылған, өңделген, қайта өңделген Қазақстан Республикасының аумағында еркін пайдалануға арналған мемлекет меншігіндегі тауарлар;
2) шығарған мезеттен бастап үш жыл ішінде кері импортталған тауарларға арналған;
Қазақстан Республикасының Кедeн заңдарына сәйкес шығарылу уақыты негізінде ЖКД-ң тіркеу уақыты алынады. Бұл экспорт кеден режиміндегі тауарлардың ЖКД-ң анықтама нөмірінің 1-элементі болып табылады.
3) тауарлар экспортының кедендік режиміне сәйкес әкелінген, тауарлардың кері импортының кедендік режиміне орналастырылған тауар жағдайының тұрақтылығы, олардың әкетілу фактісі, әкетілген күнгі құжаттамамен расталуы тиіс.
Тауарлардың өзгеріссіз қалыптағы критерийі дегеніміз: СЭҚ ТН коды бойынша тауарлардың өзгеріссіз қалуы; Қазақстан Республикасының Кеден шекарасы арқылы экспорт режимінде Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шығарылған тауарлардың тауарлық наменклатурасына, осы тауарлардың санатына жататын тауарлардың техникалық және өзге де сапаларының өзгермеуі, табиғи тозу мен табиғи кемудің салдарынан, ұсақ жөндеу жұмыстарын, тауарды сақтау мақсатында олармен жасалатын өзге де операцияларды қоса алғанда кері импортталған тауарларға мұндай өзгерістердің салдарынан өзіндік құны өспеген жағдайда қалыпты өзгерген жағдайда рұқсат етілмейді. Сонымен қатар осы категорияға жататын тауарлар Қазақстан Республикасының Кеден заңнамасына сәйкес тасымалдаудың қалыпты жағдайымен табиғи тозуды есепке ала отырып, әкелінетін мезеттегі өзіндік құны ЖКД-ң 45-графасында АҚШ долларымен көрсетіледі. Экспорт режимі бойынша Қазақстан Республикасының аумағынан тыс шығарылған тауарлар кері импорт режимінде әкелінетін тауарлар қағаз жүзінде расталуы қажет. Бұл жағдайдың расталу міндеті ниет білдіруші тұлғаға жүктеледі.
4) келесі кезекте кеден органдары тарапынан бірдейлендіру жүргізіледі.
Бірдейлендіру түсінігінің негізінде Қазақстан Республикасының Кеден Кодексіне сәйкес кедендік бақылаудың шарттарын бұзбастан тауарлар мен көлік құралдарын тасымалдауды айтамыз.
Кері импорт кедендік режиміне орналастырылған тауарларға қойылатын ерекше талаптар:
— ҚР-ң аумағынан тыс комерциялық немесе басқа да мақсаттарда пайдалану;
— Кез келген тұлғалар арқылы тауарларды тасымалдау еркіндігі;
— Кері импорт кедендік режиміне орналастырылған тауарлар кедендік ресімделуі қажет;
— Бұл тауар қабылдаушының орналасқан жеріндегі кеден органында ресімделуі тиіс;
1) Қазақстан Республикасының Кеден аумағынан тыс тауарлардың шығарылғанын растайтын ЖКД;
2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес арыз декларация немесе тауар қауіпсіздігі жөніндегі сәйкестік сертификаты;
3) Кедендік алымдармен төлемдердің алынғанын растайтын құжат (чектер, түбіртектер және т.б.)
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес экспорттық бақылаудан өткен тауарларға рұқсат;
Кері импорт кедендік режиміне орналасқан тауарлар сыртқы экономикалық мәміле шартына сай келмеген жағдайларда немесе басқа да дефектілері байқалса ол тауар жіберушіге қайтарылады.
Әкетілімдік кедендік баждарды қайтару
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 1 тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
- Тауарлардың кері импортын жүзеге асыратын тұлғаға бұрын төленген кедендік баждар, егер әкету кезінде кедендік шекарадан өткен сәтте тауарларға қатысты олардың ақаулары болса не тұлғаға қатысты емес мән-жайлар бойынша сыртқы экономикалық мәмілелер аяқталмаған жағдайда және осы себептер бойынша тауарлар жеткізушіге не ол атап көрсеткен өзге тұлғаға қайтарылған болса, мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқық мирасқорлығы жағдайларын қоспағанда, тауарларды әкеткен адамның өзі тауарларды әкелген;
2) тауарларды пайдалану ақауларды немесе тауарларды қайтаруға әкеп соққан өзге де мән-жайларды анықтау үшін қажетті жағдайларды қоспағанда, тауарлар Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерде пайдаланылмаған және жөнделмеген;
3) 2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 4 тармақша өзгертілді (бұр. ред. қара)
4) тауарлардың әкетілуі кезінде Қазақстан Республикасының кедендік шекарасынан өткен күннен бастап алты айдың ішінде кері импортталған жағдайлар сақталғанда қайтарылады
- Экспортталған тауарлар легінің бір бөлігін тауарлардың кері импортының кедендік режиміне орналастыру кезінде, төленген сомалардың қайтарылуы осы бөліктің экспортталған тауарлардың легіне сандық қатынасы бойынша жүргізіледі.
- Әкетілімдік кедендік баждарды қайтару ҚР Кеден Кодексінің 44-тарауында белгіленген тәртіппен кері импорттауды жүзеге асырған тұлғаға жүргізіледі.
Кеден қоймасының кедендік режимін тағайындау
Кеден қоймасы – тауарлардың қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды қоспағанда, әкелінген тауарларды кедендік баждар, салықтар алмай және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай, кеден қоймасы мәртебесі бар арнайы үй – жайларда немесе орындарда кедендік бақылауда сақтауға арналған кедендік режим.
Қазақстан Республикасының заңдарына немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған қаулыға сәйкес сақтауға орналасқан тауар техникалық, фармакалогиялық, санитарлық, ветиринарлық, фитосанитарлық, радияциялық, экологиялық қауіпсіз болуы қажет.
Кеден қоймасы кедендік режиміне орналасқан тауарды сыртқы нарыққа байланысты тиімді сатуға арналған. Мысалы: сыртқы нарықтағы таурға деген сураныс жоғары болған жағдайда немесе ішкі нарықтағы тауарға қойылған сұраныстың ара — қатынастың салыстырмалы түрде бағаланып отыруға мүмкіншілік береді.
Сол себепті кеден қоймасында кедендік режиміне орналақан тауарларды орналастырушы тұлға оның сыртқы сауда операциясын тиімді жүргізе алады. Бұл режимнің басты артықшылығы таңдау еркіндігінде.
Тауарларды кеден қоймасының кедендік режиміне орналастырудың шарттары:
- Кеден қоймасының кедендік режиміне, тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тауарларды қоспағанда, кез келген тауарлар орналастырылуы мүмкін.
- Басқа тауарларға зиян келтіруі мүмкін немесе сақтаудың ерекше жағдайларын талап ететін тауарлар мұндай тауарларды сақтаудың талаптарына сәйкес жабдықталған кеден қоймаларына орналастырылуы тиіс.
2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 3-тармақпен толықтырылды
- Тауарлардың кедендік құны ҚР Кеден Кодексінің 39-тарауында әкелінетін тауарлар үшін белгіленген тәртіппен айқындалады
Бұл бапта тауарларды кеден режиміне орналастырудың шарттары қарастырылған аталынған шарттарды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен 2003 жылдың 10-шы шілдесіндегі №681 Қаулысымен қабылданған.
Кеден қоймасында сақталған кезеңде жарамсыз болған, бүлінген немесе зақымданған тауарларды өзге кедендік режимге орналастыру
Бұл кеден режиміне кеден қоймасындағы сақталу кезеңінде ырық бермес күштің әсері салдарынан жарамсыз болған, бүлінген немесе зақымдалған тауарлар, егер олар жарамсыз, бүлінген немесе зақымданған жағдайларда әкелінгендегідей болса, декларант таңдаған кедендік режимге орналастырылуға жатады.
Бұл бапта ырық бермес күштің салдарынан тауарлардың бүлінуі жөнінде мәлімет берілген. Мұндай тауар арнайы кеден режиміне орналастырылуы тиіс, себебі: аталған тауар Қазақстан Республикасының кеден аумағына тозған, бүлінген, кеміген жағдайда әкелінген деп танылуы тиіс. Ырық бермес күш қайта қалыпқа келмейтін төтенше жағдай (зіл-зала, мысалы: су тасқыны, жер сілкінісі, қоғамдық жайттар, әскери күй-жай).
Келісім шартты бұзуға мәжбүр болған тұлға мен зиян келтіруші тұлға арасындағы құқықтық ара-қатынас.
Тиімсіз жағдай түсінігі негізіне тауарды пайдалануға мүмкіншілік бермейтін жағдай айтылады.
Тауардың бүлінген жағдайы деп, тауарды пайдалану үшін міндетті түрде күрделі жөндеу мен қаржылай шығындарысыз пайдалану мүмкін еместігін айтамыз.
Зақым-тауар бүтіндігінің бүлінуі немесе күрделі жөндеусіз қалыпты жай-күйінің бұзылуы.
Кеден қоймасын құруға арналған барлық талаптарға сай үй-жайлар мен ашық алаңдар белгілі бір меншікте болуы тиіс. Бұл жағдайда аталған орындар ҚР-ның Кеден органдары берген лицензия бойынша жеке тұлғаларының меншігі немесе жалға алынған аумақ.
Мемлекеттік кәсіпорын өзінің меншігіндегі мүлікке иелік ету, пайдалану құқығын ҚР-ның Азаматтық Кодекстің заңдарына сәйкес іске асырады.
Жалға алу шарты бойынша жалға алушы тұлға меншігіндегі ғимаратты ҚР-ның Азаматтық Кодексінің 581-бабы бойынша жалға беруге немесе уақытша пайдалануға рұқсат бере алады, егер жалға беру мерзімі үш жылдан аспайтын болса.
Аталған бап кеден қоймасын жабдықтаудың нақты талаптарын бекітеді. Кеден қоймасын реттеуде қолданылатын үй-жайлар мен алаңдардың негізгі қызметі:
- тауарлардың сақтауын қамтамасыз ету;
- бөгде адамдардың қол жетімділігін болдырмау;
- сақталуын тауарларға қатысты жүргізілген кедендік бақылауын қамтамасыз ету.
Кеден қоймасы реттеуде пайдаланатын ғимараттар мен үй-жайлардың өрт қауіпсіздігі, санитарлық және техникалық нормаларға, қауіпсіздік пен еңбекті қорғау талаптарына сәйкес келетін қажетті тиеу түсіру техникасы болуға, сақтауға орналасқан тауар мен көлік құралдарының сипатына сәйкес келетін сертификатталған таразы қондырғылары болуы қажет.
Кеден қоймасы реттеуде пайдалынатын үй-жайлар мен орындардың жарамдылығын ҚР-ның Кеден Кодексінің 130-бабына сәйкес және Кедендік Бақылау Агентствосының төрағасы бекіткен 2003 жылы 21 мамырда №226 «Тексеру және жеке тексеріп қарау актілерінің нысандары мен ғимараттар және үй-жайлардың талаптарға сәйкестігін бекіту туралы» бұйрықтарын анықтайды.
Бажсыз сауда кедендік режиміне тағайындауды қарастыратын болсақ:
Бұл кеден режимінің ерекшелігі басқа да кеден режимдерімен салыстырғанда анықталады, мысалы: кеден қоймасының режимі. Бажсыз сауда дүкенінде орналасқан тауарлар тұрақты сақтауға емес кеден бақылауындағы тауарларды өткізу мен Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс шығаруға орналастырылған. Осы кеден режимінің Басты ерекшелігі де осыда.
Аталған тауарларды сату Қазақстан Республикасының өткізу пунктерінде орналасқан бажсыз сауда дүкенінде іске асады. Бажсыз сауда дүкені режимінде Қазақстандық тауарлармен қатар шет елдік тауарлар да орналасады.
Тауарларды бажсыз сауда дүкенінің кедендік режиміне орналастырудың талаптары
- Бажсыз сауда дүкенінің кедендік режиміне Қазақстан Республикасына әкелінуге және Қазақстан Республикасынан әкетілуге тыйым салынған, Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық айналымнан алынған тауарларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген өзге де тауарларды қоспағанда, кез келген тауарлар орналастырылуы мүмкін.
- Қазақстан Республикасының аумағында сатылуы шектелген тауарлар бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимінде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген талаптар сақталған жағдайда сатылады.
- Бажсыз сауда дүкенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын тауарлар бажсыз сауда дүкенінің кедендік режиміне орналастыруға жатпайды.
2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды
- Тауарлардың кедендік құны ҚР Кеден Кодексінің 39-тарауында әкелінетін тауарлар үшін белгіленген тәртіппен айқындалады
Бұл кеден режиміне енгізілген тауарлармен қатар отандық (импортталған) тиым салынбаған тауарлар орналаса алады. Мұндай тауарлардың тізбесін 2003 жылы 10 маусымда қабылданған №681 қаулысымен анықталады.
Бажсыз сауда дукені кеден режиміне орналасуға тыйым салынған тауарлар:
- қару-жарақтың барлық түрі, оқ-дәрілер, әскери техника, оларды өндіруге арналған жиындық бұйымдар, есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ оларды тұтынуға арналған керек жарақтар;
- мемлекеттік және қоғамдық құрылысқа нұқсан келтіруге бағытталған соғысты, терроризмді, зорлық-зомбылықты, нәсіпшілдікті насихаттайтын баспа және бейнелеу материалдары, сондай-ақ порнографиялық мазмұнды материалдар;
- әскери техникалық мақсаттарға арналған тауарлар;
- салмағы ауыр тауарлар (20 кг аса) және көлемі үлкен тауарлар (ұзындығы, ені, биіктігі 200 см асатын);
- спирттің барлық түрлері.
Бажсыз сауда дүкенінің жұмысын жабдықтауға арналған тауарларды бұл режимге орнгаластыруға болмайды. Соның ішінде: оргтехника, мұздатқыш бұйымдары, сүрелер (полка), кеңсе бұйымдары және т.б.
Бажсыз сауда дүкенінің қызметіне қойылатын біліктілік талаптары
- Бажсыз сауда дүкенін құруға арналған үй-жай мынадай талаптарға сәйкес болуы тиіс:
1) ол дүкен иесінің меншігінде болуы не кемінде үш жыл мерзімге жалға алынуы керек;
2) сауда залы жеке тұлғалардың Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы жол жүрген кезде әкететін тауарларын кедендік ресімдеуді жүргізу үшін белгіленген орыннан тыс жерде болуы тиіс;
3) өрт қауіпсіздігі талаптарына, санитарлық және техникалық нормаларға сәйкес болуы керек.
- Бажсыз сауда дүкенінің аумағында сауда операцияларын, сондай-ақ тауарларды сақтауды қамтамасыз ету және тауарларды сатуға әзірлеу (орамасын ашу, ыдысынан босату және басқалары) жөніндегі операцияларды жүзеге асыруға арналған орындар болуы тиіс.
Осы мақсаттар үшін бажсыз сауда дүкенінің аумағында қоршалған орындар:
1) сауда залы (сауда залдары);
2) бажсыз сауда дүкенінің қоймасы (қоймалары) болуы тиіс.
- Бажсыз сауда дүкенінің сауда залы және қоймасы тек бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимі талаптарына ғана сәйкес пайдаланылуға тиіс. Аталған орындарды өзге мақсаттар үшін пайдалануға жол берілмейді.
2007.12.01. № 222-III ҚР Заңымен 146-бап жаңа редакцияда (күшіне енетін мерзімін қара) (бұр.ред.қара)
Білікті талап етудің маңызды шартына бажсыз сауда дүкен ретінде қолдануға сай және қойылған талаптарға сай келетін ғимараттар және ашық алаңдарды иемдену жатады. Ол үшін белгілі бір жеке тұлғаның немесе ұжымның иелігінде аталған орын болуы тиіс. Мұндай орын осы бапқа сәйкес белгілі біреудің меншігінде немесе жалға алу шарты бойынша иелігінде болады. Бұл орынға пайдалану, иелену, билік ету Қазақстан Республикасының
Меншік иесі бажсыз сауда дүкенін сатуға, жалға беруге, кепіл зат ретінде пайдалануға, жарғылық капитал ретінде серіктестікке, қорға, ұйымдарға қоюға құқығы жоқ (Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 200-бабы).
Жалға алу шарты бойынша жалға алушы тұлға ғимаратты Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 581-бабы бойынша жалға беруге және уақытша пайдалануға рұқсат бере алады, егер жалға беру мерзімі 3 жылдан аспайтын болса.
Аталған бап бажсыз сауда дүкенін жабдықтаудың нақты талаптарын бекітеді. Бажсыз сауда дүкенінің аумағы бірнеше жекеленген бөлмелерден тұруы тиіс:
- сауда-саттық залы;
- бажсыз сауда дүкенінің қоймасы.
Сауда залдарының тәртібі бойынша оған Қазақстан Республикасының кеден аумағына келушінің қол жеткізілімін болдыртпау тиіс. Бажсыз сауда дүкен қоймаларыи бірнеше міндет атқарады:
- тауарлардың сақталуын қамтамасыз ету;
- бөгде адамдардың қол жеткізілімін болдыртпау;
- осы тауарларға қатысты кеден бақылауын жүргізу.
Бажсыз сауда дүкенін құруға арналған орындардың жарамдылығын Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінің 145- бабы бойынша және Кеден Бақылау Агенттігі төрағасының 2003 жылы 21 мамырдағы №226 бұйрығы бойынша кеден органдарының жарамдылығын анықтайды.
Тауарларды кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режимін тағайындау
- Тауарларды кедендік аумақта қайта өңдеу — тарифтік емес реттеу шараларын қолданбай және кедендік баждарды және салықтарды алмай, қайта өңдеу өнімдерін кейіннен Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тыс жерлерге әкете отырып, Қазақстан Республикасының кедендік аумағында шетелдік тауарларды қайта өңдеу үшін пайдалануға арналған кедендік режим.
- Осы тарауда белгіленген жағдайларда кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта өңдеу режиміне орналастырылған шетел тауарларын қазақстандық тауарлармен ауыстыруға жол беріледі
Осы баптың мазмұнын ашудың барысында, мен, бұл кеден режимінің айырмашылығын байқай отырып бірнеше қорытындыға келдім. Біріншіден, тауар Қазақстан Республикасының кеден аумағына тек қайта өңдеу мақсатында кіргізіле алады.
Екіншіден, тауарды қайта өңдеуге кіргізетін тұлға барлық кеден алымдары мен салықтардан босатылады, бірақ өңделген тауарларды шығаруға міндеттеледі немесе басқа да кеден режимінің барлық міндеттемелеріне сай орналастырылады.
Кодексте кедендік баж және салық төлемдері тек мына жағдайда жүзеге асырылады, егер өңдеу заттары Қазақстан Республикасының шекарасында кеден режимдеріне сай кең айналымға салынса және де қайта өңдеуде СЭҚ ақша қаражаттары қолданылмаса.
Шет елдік тауарларды Қазақстандық тауарларға ауыстыру мақсатында осы режимде орналастырылған Киото Конвенциясының арнайы «Ғ» қосымшасында қарастырылған.
Тауарларды кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыру талаптары
- Тауарларды кедендік аумақта кедендік қайта өңдеу режиміне тауарларды орналастыруға:
1) ҚР Кеден Кодекстің 157-бабында белгіленген тәртіппен кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы берілген жағдайда жол беріледі. Егер қайта өңдеудің мақсаты жөндеу болса, аталған қорытындыны беру талап етілмейді;
2) кедендік режим осы Кодекстің 160-бабына сәйкес қайта өңдеу өнімдерін, балама тауарларды әкетумен аяқталатын жағдайды қоспағанда, кеден органдары шетел тауарларын қайта өңдеу өнімдерінде бірдейлендірген жағдайда жол беріледі.
- Егер тауарларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тізбе бойынша кедендік қайта өңдеу режиміне орналастыруға тыйым салынса, кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта өңдеу режимін пайдалануға жол берілмейді.
- Кедендік аумақта тауарларды кедендік қайта өңдеу режимін осы Кодекстің 374-бабына сәйкес декларант ретінде болуы мүмкін тұлға мәлімдеуі мүмкін.
- Шетел тауарларын қайта өңдеу жөніндегі операцияларды жүзеге асыру кезінде қазақстандық тауарлар пайдаланыла алады.
Бұл бапта тауарлардың кеден аумағында қайта өңдеу режиміне орналасуының негізгі шарттары көзделген. Қазақстан Республикасының кеден аумағында қайта өңдеу режимін таңдау үшін қайта өңдеу талаптарын өкілетті орган бекітеді. Белгіленген жағдайды, шикізаттың нақты мөлшерін, қайта өңдеу өнімінің шығу нормаларын мемлекеттік орган қарастырады (мыс., Энегетика және миниралдық ресурстар министрлігі мен Индустрия және сауда министірлігі ). Егер қайта өңдеу мақсаты жөндеу болып табылса, онда көрсетілген қорытындылардың қажеті жоқ.
Эквиваленттік тауарлар кодексте берілгендей сыртқы мінездемесі техникалық сапа жағынан кіргізілген тауарлармен сәйкестікке алатын тауарды айтамыз. Тауарды бірдейлендіру талаптары Қазақстан Республикасының кодексінің 160-бабында көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2003 жылы 10 шілдеде қабылдаған №681 қаулысына сәйкес спирт өнімдерінің барлық түрлері кеден аумағында қайта өңдеу режиміне орналастыруға жатпайды.
1.3 Кеден режимін ұйымдастырудың ерекшеліктері
Зан, бойынша кеден режимі Қазақстан кеден шекарасы арқылы кедендік мақсат үшін өткізілетін тауар мен көлік құралдарының мәртебесін айқындайтын ережелер жиынтығын білдіреді және бұл «Кеден ісі туралы» Заңда мазмұндалған. Бұл айқындама ТМД қатысушы — мемлекеттердің Кедендік заңдарының негізінде және Ресейдің Кеден Кодексінде аталып кеткен түжырымға ұқсас. Соңғысынан айырмашылығы «Кеден ісі туралы» Жарлықта 14 кеден режимі анықталған еді («Кеден ісі туралы» заңда бұл түзетілген), сол кезде-ақ 15 режим бекітілген: тауарларды еркін айналысқа шыгару; тауарлардың кері импорты; тауарлардың транзиті; кеден қоймасы; бажсыз сауда дүкені; кеден аумағында тауарларды қайта өңдеу, кеден бақшауымен тауарларды ұқсату; тауарларды уақытша әкелу және әкету; еркін кеден аймағы еркін қойма; тауарларды кеден аумағынан тыс қайта өңдеу, тауарлар экспорты, тауарлардың кері экспорты, тауарларды жою, мем-лекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту.
«Еркін қойма» режимі алғаш заңда кеден режимінің бір түрі «еркін кеден аймағы» режимімен бірге бекітілген еді, бірақ іс жүзінде екі түрлі режим туралы әңгіме болып отыр.
Кеңес Одағы Кеден Кодексі жабық мемлекетке жауап беретін үш кеден режимін қарастырды: КСРО аумағында және
осы аумақтан тыс еркін айналыс үшін; КСРО кеден аумағына уақытша әкелу немесе осы аумактан уақытша әкету мақсатында; КСРО аумағы арқылы транзит үшін. М. А. Сәрсембаев тауарлар мен көлік құралдарының өткізілуінің темендегідей қағидаларын атап кетеді: мемлекеттердің кедендік шекаралары арқылы өтуін камтамасыз ету қағидасы; ұлттық және жалпы адамзаттық қүндылықтарға шығын келтіретін тауарларды кедендік шекара арқылы өткізуге тыйым салу қағидасы; тауарларды әкелу мен әкетуге шектеудің мүмкіндігінен туындайтын қағида (Сәрсембаев М. А. 44 бет.).
Тауарларды еркін айналысқа шығару режимі әкелінген тауардың кеден аумағында қалуы немесе түтынылуы үшін белгіленеді. Мұнда оларды әкету үшін ешқандай міндеттеме берілмейді. Осы көрсетілген режим бойынша тауар өткізу үшін кеден төлемдері мен салықтарын төлеу, экономикалық сая-сат шараларын және басқа шектеулерді сақтау, кеден рәсімдерін аяқтау қажет.
Тауарларды еркін айналысқа шығару мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
— кеден төлемдері мен салығын төлеу;
— тарифтік емес реттеу шарасы мен валюталық бакылау аймағындағы талаптарды сақтау;
— заңда қарастырылған басқа да талаптарды орындау;
— кеден ресімдеуін аяқтау барысында. Тауарлардың кері импорты кедендік режим ретінде экспорттық кедендік режиміне сәйкес кеден бажы мен салығы алынбай, сондай-ақ, тауарларға экономикалық саясат шаралары қолданылмай әкетілген тауарды кері әкелу мүмкіндігі үшін арналған.
Заң бойынша кері импортталатын тауар әкетілген кезден бастап үш жыл ішінде кеден аумағына табиғи тозу мен кемуіне байланысты болған өзгерістерден басқа уақытта тауар әкетілген кездегі күйінде қайтарылуы тиіс. Ресей заңдылығы және Кеден заңдарының негіздері 10 жылдық мерзімді белгілеген.
Кеден органдары кері импортты түлғаға бүрын төлеген кеден төлемін қайтарып береді. Өз кезегінде тауарларды өткізуші түлға экспортқа шығару кезінде төлемдер ретінде немесе өзге жеңілдіктер нөтижесінде алған сомаларын қайтарады. Осы сомалардан басқа олардан Қазақстан Республика-сының Ұлттық Банкі белгілеген ресми пайыздық мөлшер бойынша пайыздар өндіріліп алынады.
Кедендік режимнің кері импортының тауарларының қатарына төмендегі тауарлар түрлерін енгізуге болады:
— экспорттың кедендік режиміне сәйкес бұрын Қазақстан Республикасының аумағынан тыс әкетілген тауарларды;
— әкетілген кезінен бастап үш жыл ішінде Казақстан Республикасының кеден аумағына әкелінген тауарларды;
— дұрыс тасымалдау жөне сақтау жағдайларындағы табиғи тозуы мен шығынның болуы табиғи күштің немесе апаттың салдарынан тауарлардың бұзылуы, сапасының төмендеуі, сондай-ақ бұл тауарларға сақгап қалу мақсатында оның құнын өзгермейтіндей кішігірім жөндеу жұмыстарының жүргізілуі сияқты өзгерістердің болмаған жағдайында, әкетілген кезін-дегідей сол қалпында сақгалған тауарларды;
Табиғи тозу не тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайлары кезіндегі тозуды анықтау сол тауарға қатысты стандартпен анықталады. Табиғи немесе апаттық күштер салдарынан өзгеріске ұшырау жағдайы, фактісі Кдзақстан Республикасының шет елдегі консулдық мекемесімен құжаттай куәландырылып бекітілуге тиіс.
Әкелу уақыты кедендік декларацияны қабылдау күнінен бастап есептеледі.
Шет мемлекеттің аумағынан кедендік бақылау негізінде өткізілетін, кеден телемі, салығы алынбайтын, экономикалык саясат шаралары қолданылмайтын «тауарлар транзиті» деп аталатын кедендік режим жүзеге асады. Бұл жағдайда Ресей заңы мемлекетгің екі кедендік органдарының (тағайындайтын және жіберетін кеден органдары жөнінде сөз болуда) «кедендік бақылауына» тиісті анықтамаларды, түсініктемелерді береді.
Қазақстан заңы бойынша тауарлар транзиті ережесіне кіретін тауарларға ерекше талаптар қойылады. Тауарлар транзиті кеден органдарының сұқбаты негізінде жүзеге асырылады!
Тауарлар транзиті режиміне Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарларды кіргізуге жол берілмейді.
Тауарлар транзитінде жауапкершілік тасымалдаушыға жүктеледі. Тауарлар жоғалған болса, кеден органдарының рүқса-
тынсыз берілген болса және занда қарастырылған басқа да жағдайда кеден бажы мен салықтарын төлеуге тиісті.
Мына жағдайларда тауарлар транзитіне рүқсат беріледі:
— көлік құралдарына қатысты жабдықтау талаптарын сақтаса;
— кедендік баж және салықгың төленуін қамтамасыз ететін өкілетті банктің кепілдігін алғанда немесе ҚР кеден органының депозитіне қажетті ақыны төлеген жағдайда;
— кедендік алып жүру барысында.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 1995 жылғы 12 мамырда Қазақстан МДП-ның Кітапшасын қолданып халықаралық жүк тасымалдау 1975 жылғы 4 қарашадағы Кеден конвенциясына (конвенция МДП) қосылды.
1997 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасы Үкіметінің «МДП кітапшасын қолданып халыкаралық жүк тасымалдау жүйесін дамыту шаралары туралы» № 1301 Қаулы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық автомобильдік тасымалдау одағына МДП кітапшасын беру құқығын және жүктерді тасымалдауға сәйкес кепілдік ұсынды.
Кеден қоймасының режимі әкелінген тауарлардың кеден бажын, салығын алмай және экономикалық саясат шараларын қолданбай кеден бақылауы негізінде сақтауға, сондай-ақ кеден бажын, салығын, экономикалық саясат шараларын қолданбай, экспортқа шығарылатын тауарларды нақты экспортқа шығарғанға дейін кеден бақылауы негізінде сақтау үшін арналған.
Кеден қоймасы режиміне әкелу мен әкетуге тыйым салынбаған тауарлардың кез келгенін жатқызуға болады. Кеден қоймасы режиміне сәйкес тауарды сақтауға арналған кез келген арнайы белгіленген және соған лайықтап жасалған үй-жай немесе орынды анықгау операциясы жүргізіледі. 1995 жыл-ғы 16 қазанда кеден комитетінің бүйрығымен кеден қоймасы туралы ереже бекітілді. Кеден қоймасы арқылы өтетін тауарларға байланысты декларантқа жүктеледі. Кеден қоймасына сақтауға тауарларды қойған түлғаға декларантпен ортақ (солидарлы) жауапкершілік жүктеледі.
Кедендік режимін өзгертпей тауарларды бір кедендік қоймадан екінші қоймаға тасу барысында, сақтау мерзімі тауарды кеден қоймасына алғашқы орналастырылған күнінен бастап есепке алынады.
Осы көрсетілген мерзімнен кешіктірілмей тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс әкетілуі немесе басқа кеден режиміне мәлімделінуі тиіс.
Бажсыз сауда дүкені режимі Қазақстан Республикасының кеден аумағында (әуежайларда, кеме жайларында, халықаралық қатынас үшін ашық шекара өткелдерінде) орналасқан тауарларды кеден бажы, салығы алынбай және экономикалық саясат шаралары қолданылмай белшек сауда ретінде кеден бақылауынан сатуды жүзеге асыруға арналған.
Аталған режимде қызмет ететін дүкен иелері белгілі бір төлем ақыны төлеуді көздейтін лицензияны алған қазақстандық азаматтармен шектеледі. Дүкен иелеріне заң белгілі бір талаптар қояды, берілген лицензиялар қайтарылып, өз қызметін тоқтатуы мүмкін.
Отандық және шетелдік түлғалардың өндірістік мүмкіндіктері кеден заңы рұқсат ететін тауарларды кайта өңдеу операцияларымен айтарлықтай толықтырылады. Оған мыналар жатады:
— сәйкестендіру өңдеудің басты шарты болған жағдайында;
— өңдеу өнімдерін әкелінген тауарларға сәйкестендіруге мүмкіндік беретін шетел тауарларының өз белгілерін өңделген өнімдерінде сақтап қалатындай, бірақ өзіндік ерекшелігін жоғалтпайтындай тауарларды қайта өңдеуді қарастырады;
— әкелінген тауарлардың басты белгілерін сақтай отырып, құрастыру, жинақтау, лайықтауды қоса алғандағы тауарды кайта жасау, өндеу;
— тауарды қалпына келтіру, жөндеу;
— өнімдерді өндеу өндірісін жеңілдетуге көзделген, өндеу процесінде толық немесе жартылай қолданылатын кейбір тауарларды пайдалану.
Шетел тауарларын Қазақстан кеден аумағында қайта өңдеу үшін кеден аумағында тауарларды ұқсату немесе өңдеу режимі қарастырылған.
Мұнда егер ұқсатылатын өнім немесе өндеу Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге экспортқа шығарылатын болса, онда экономикалық саясат шарасы қолданылмайды және әкелінген кеден бажы мен салығы қайтарылып беріледі. Осы режим бойынша Казақстандық түлғаға бекітілген шарт негізінде кеден органының рұқсаты қажет (Ресей Федерациясында ол құжат — лицензия).
Кеден аумағында тауарларды қайта өңдеу үшін қойылатын талаптар:
— орталық кеден органының талаптарына сай бекітілген өндеу шарттарын айқындайтын міндеттемелерін отандық түлғаның көрсетуі;
— декларанттың таңдауы бойынша шет мемлекеттен әкелінген тауарлардың кеден бажын төлеуі немесе оларды өкілетгі банктік кепілдемесі түрінде телеуді қамтамасыз етуі есептелген соманы ҚР кеден органына депозит ретінде енгізу;
» — «Кеден ісі туралы» Заңда қарастырылған басқа да талаптарды орындау.
Шет ел тауарын қайта өңдеу, өңдеу операциясын жүзеге асыру барысында пайдалынылуы мүмкін. Отандық тауарларды пайдалануда шет елге жіберуде құзіретті мемлекеттік органның шешімі негізінде тарифтік емес реттеуге немесе кеден баждары шараларын қолдануға жол беріледі (қазіргі кезде — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі).
«Кеден ісі туралы» Заң Кеден комитетінен басқа да мемлекеттік органдардың ұқсатуға кететін азық-түліктер саны мен қайта өңдеу мерзімі мәселесі бойынша ведомстволық актілеріне сілтеме жасайды.
Қайта өңдеу азық-түлігін экспорттаған жағдайда кеден органы алынған кеден бажы мен салығын экспорттаудан 2 жыл кешіктірмей қайтарып береді. Шет ел тауарлары мен азық-түлікті қайта өңдеуге қатысты шет елден шығарылатын тауарға кеден бажы мен экономикалық саясат шаралары қолданылмайды.
Қолдану шарттарына сай аталған режимді қайталайтын кеден бақылауы негізінде таруарларды өңцеу сияқты кедендік режимді жүзеге асыру қарастырылуда. Бұл режимде тауарларды өңдеу операциялары, кедендік мақсатта өнімдердің өңделуі, мөлшері, мерзімі, рұқсаттың болуы жоғарыда аталған режимдегідей қайталанады. Бірақ та бұл жағдайда кеден бақылауы-ның орны болады және бұл режим экономикалық саясат шараларын қолданудан жалтару және шықкан елін анықгау ережесін айналып өту үшін қолданылмайды.
Бүл режимді қолдануға жол берілмейді, егер:
— ҚР Үкіметінің анықтауы бойынша қайта өңдеу режиміне жатқызуға тыйым салынған тауарлар тізбесіне жататын болса;
— Қазақстан Республикасына қайта өңдеу үшін тауар тікелей қайта өңдеу операциясын жүзеге асырмайтын түлғамен әкелінсе;
— қайта өңдеу мерзімі алты айдан асып кетсе;
— қайта өңдеу операциясы ұқсатуды жұзеге асыруға тиісті кәсіп-орынның әдеттегі технологиялық процесіне сәйкес келмесе;
— тауарды қайта өңдеуді жұзеге асырушы тұлғамен:
— Егер кеден заңының талаптарын орындауды қамтамасыз ету мүмкін болмаса;
— Бұрын әкелінген тауарға қайта өңдеу режимін жүргізудің бекітілген тәртібі бүзылғандықган ол аяқталмаған болса;
— Бекітілген төртіп алдын-ала бірнеше рет бұзылса;
— ҚР заңының талаптарында айтылғандай кедендік тәртіп контрабанда белгісі бойынша бұзылса.
Соңғы екі кеден режиміне жақын келетін — Қазақстан Республикасының кедең аумағьінан тыс жерлерде тауарларды қайта өңдеу режимін атауға болады. Бұл режимнің айырмашылығы экономикалық саясаттың шаралары, кеден төлемі мен салығынан толық және ішінара босатылуымен катар, қайта өңдеу және қайта өңделген тауарларды кедендік аумақтарда еркін айналымға шығару мақсатымен Қазақстан тауарларын мемлекеттік кедендік аумақтан тыс жерлерде пайдалану мен шығаруда жатыр,
Осы көрсетілген қайта өңдеу операциясы бойынша рұқсаттың болуы, шығу саны мен уакытын анықгау Кеден комитетінің нормативтік регламентін және басқа да органдардың нормативтік регламентациясын талап етеді. Өңделетін тауарларға еркін айналым үшін қайта өңделеген тауарларды шығару барысында соммасы қайтарылатын әкетуге тиісті қойылатын кеден төлемі тағайындалады.
Заң төлемдерден босататын жағдайды да қарастырады. Қажетті өңдеуден өткен тауарлардың еркін айналымға шығаруға болатындығын мәлімдеген жағдайда әкелінетін тауарға койылатын кеден төлемі жүзеге асуы мұмкін, немесе тауар иесі бүл төлемнен ішінара босатылуы мүмкін.
Заңда әкетілген тауар кеден төлемінен толық босатылған жағдайда, оны қалпына келтіру тегін жүргізілетіні жөне төлемнен тек жартылай босатылса ақыға жөнделетіні туралы айтылып кеткен (бүл жағдайда кеден төлемінің сомасы қайта өңделетін тауар кұны мен оны жөндеуге кеткен шығын екеуінің жиынтығынан түрады).
Тауарларды уақытша әкету немесе әкелу режимі кеден аумағында немесе одан тыс жерлерде тауарларды кеден бажынан, салығынан толық немесе ішінара босата отырып және
экономикалық саясат шекараларын қолданбай оларды пайдалану үшін арналған.
Осы режим бойынша тауарлар табиғи тозуы не тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайларында өзгеріске ұшырамаса қайтарушы тиіс. Қазақстан Республикасының Үкіметі аталған кедендік режимге жіберілмейтін және кедендік төлемдер мен салықтан босатылатын тауарлар мен көлік қүралдарының санатын белгілейді. Заң бойынша кедендік төлемді және қайта әкелу, шығару міндеттемесін алдын-ала тағайындау қажет. Көрсетілген міндеттемелер мен мақсатқа сай уақытта әкелу және уақытша әкету мерзімдері екі жылдан аспауға тиіс.
Тауарды уақытша енгізу, әкелу және уақытша әкету, -әкелу (әкету) міндеттемесі болған жағдайда; тауарларды идентификациялауды қамтамасыз еткен жағдайда; кеден төлемдерін, салығын төлеген жағдайда уақытша енгізген немесе шығарылған тауарларды кәсіпкерлік мақсатта колданбаған жағдайда жүзеге асуы мүмкін (Бүл талап кедендік төлем, салықтан толық босатылған, уақытша енгізілген немесе уақытша шығарылған тауарларға байланысты қолданылмайды).
Үкіметтің шешімі бойынша жүзеге асатын кеден төлемінен ішінара немесе толық босату жағдайы біршама қиындық туғызады. 1994 жылғы 22 шілдеде қабылдаған № 827 Үкімет қаулысында ережесі бекітілген мемлекет шекарасынан тыс шикізатты өндеу деп аталатын операцияларды өткізген уақытта көптеген заң бұзушылықгар кездесетін,
Келесі кедендік режимдерге еркін кеден аймағы және еркін қойма режимдері жатады. Кеден заңдылығы бойынша еркін кеден аумақтарын құру Үкіметтің қүзырында.
1996 жылдың 26 қаңтарында ҚР Президентінің «Ерекше экономикалық аумақтар туралы» заң күші бар Жарлығына сәйкес аталған аймактар құрылған жағдайда бірден еркін кеден аймақтарына айналады.
Арнайлы экономикалық аймақтарда (АЭА) кедендік реттеудің ерекшелігі төмендегі мәселелерде көрініс алады:
— АЭА аумағы — еркін кеден аймағының режимі жүзеге асатын Қазақстан аумағының бір бөлігі болып есептеледі;
— АЭА аумағында орналасқан тауарларға тиісті кедендік рәсімдеу кеден салығының, төлемі төленбей, экономикалық саясат шаралары қолданылмай жүзеге асырылады;
— Кеден аумағының талабына сай қажетті өңдеуден өткен, аталған аумақта толық өндірілген тауарлар, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс экспортталса кеден төлемдері мен экономикалық саясат шараларының қолдануынан босатылады;
— АЭА аумағынан ҚР басқа аймақтарына немесе оның аумағынан тыс аумақта шығарган кезде кеден төлемдері мен экономикалық саясат шаралары тауардың шыкқан еліне байланысты қолданылады;
— АЭА аумағынан ҚР басқа бөлігіне тауарларды енгізу барысында СТ-1 үлгісі бойынша тауардың шығуы жөніндегі сертификат көрсетілсе, Кедендік Одаққа енетін елдердің тауарларынан, АЭА аумағында өндірілген, өнделген тауарлардан да кеден төлемі алынбайды;
— Казақстан Республикасы тыс экспорттауға жататын АЭА-тан Қазақстан Республикасының қалған кеден аумағына әкелінген тауарлар кері кайтарылса, немесе бекітілген мерзімі ішінде шын мәнінде экспортталса, кеден төлемі алынады, сондай-ақ кері қаржыландыру арнайы пайыздық ставкісінен пайыздар алынады;
— АЭА-тан тауарды әкету және әкелу АЭА шекарасындағы ‘ әкімшілік-аумақта орналасқан арнайы кеден күзеті арқылы жүзеге асуға тиіс;
— Кеден заңы мен АЭА туралы ережеде бекітілген тәртіпті бұзу сәйкес жауапкершілік шараларын қолданғуа әкеледі.
Еркін қоймалардың орналасуы мен жабдықгалуына талап, есеп және тауарлар, көлік құралдарын өкелу және шығару, еркін қойма мекемелеріне қойылатын талаптар лицензиясы бар отандық тұлғалармен ғана бақылауға алынады немесе реттеледі.
Еркін қойма жөніндегі ережелер Кеден комитетінің 1996 жылғы 19 сәуірдегі бұйрығымен бекітілген. Тауарлармен өндірістік және кәсіпкерлік операцияларды жүзеге асыруға болады, тек ұсак саудаға рұқсат етілмейді.
Еркін кеден аймақтарында кедендік реттеуді қолданбай Қазақстанның біртұтас кедендік аумағын сақтаған дүрыс. Оның себебі Кеден аумағының өзгеруі кедендік шекараның өзгеруіне алып келетіндігінде жатыр. Кеден органдарының қызметі де бұл орайда жете анықталмаған. Кеден басқаруы-ның басты мәселелері қажет болмағандыктан кеден органдары
шартты түрде ғана орналасады. Сондай-ақ кеден органдары-ның бақылау қызметін сақтау бұл аймақтарда олардың ерекше қызмет етуін талап етеді.
Еркін қоймаға орналастыруға қайта өңдеуге арналған (спирттен басқа) тауарларға және жабдықтарға жол беріледі.
Еркін кеден аймағы мен еркін қоймада келесі операцияларды жүзеге асыруға жол беріледі. Олар:
— осы тауарлардың сақталуын қамтамасыз етуге;
— тауарларды сатуға және жөнелтуге дайындау, сорттау, орау, қайта орау, тиеу т. б. операциялар;
— қайта өңдеуге қатысты операциялар.
Еркін кеден аймағы мен еркін кеден қоймасы аймағынан Қазақстан Репсубликасы шегінен тыс тауарларды әкетуде кеден төлемдері мен тарифтен тыс реттеу шаралары қолданылмайтын тауарлар:
— шетелдік;
— еркін кеден аймағы мен еркін қоймада өндірілген;
— еркін кеден аймағы мен еркін қоймада қайта өңделген. Еркін кеден аймағы мен еркін қоймадан шыққан тауар-
дың шыққан елі арнайы сертификатпен анықталады.
Тауардың экспорты режимі де кеден режимдерінің қатарына енеді. Бұл режимде тауарлар Қазақстан территориясынан тыс аумақта пайдалану мақсатымен еліміздің кеден территориясынан тыс сыртқа шығарылады.
Ресей кеден заңы осы режимде тауардың кері әкелінуі туралы міндеттеменің жоқтығын атап кетеді.
Әкету бажын төлеу, кедендік басқа да төлемдерді төлеу, экономикалық саясат шарасын сақгау және басқа да талаптарды орындауы осы режимнің шартгы негізі болып табылады. Әкету бажының ставкасын Үкімет бекітеді, автордың көзқарасы бойынша мұндай отандық тауар өндірушілердің мұдде-сін қорғау, экспортты жетілдіруді мақсат ету маңызды, өйткені Кеден Одағы мен Қазақстан мүддесін ұштастыру қажет.
Кеден зандарын унификациялау Кеден Одағы қатысушыларының кабылдаған шешімдерін, атап айтқанда кедендік тарифті орындауына байланысты.
Тауарларды кері экспорттау — кедендік режим ретінде Қазақстан аумағынан кеден заңына сай әкелген уақытта алынған кеден төлемі мен салығын кайтару немесе кеден төлемі
мен салығынсыз, экономикалык; саясат шараларын колданбай шетел тауарларын кері экспорттау.
Кері экспорт дегеніміз — өңделмеген, бұрын шетелден алып келінген, аукционда, тауар биржаларында сатылған тауарларды ҚР Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 10 карашада тауарларды кері экспорттау және 1994 жылы 15 сәуірде кері экспортқа рұқсат беру женіндегі Келісімді бекітті.
1995 жылғы 20 шілдеде № 1003 Үкімет Қаулысымен тауарлардың кері экспорты тәртібі бекітілді.
Кеден заңы бойынша тауарлар кері экспортының мынадай шарттары анықталған:
— егер тауарлар тікелей және кері экспортқа ғана арналған тауар ретінде мәлімделген болса, кеден аумағына әкелінген кезде әкелу төлемі мен салықтары алынбайды, экономикалық саясат шаралары қолданылмайды;
— іс жүзінде кері экспорт белгіленген мерзім ішінде жүзеге асырылмай қалған жағдайда кеден бажы, салықтар, сондай-ақ Казақстан Республикасы Ұлттык Банкі белгілеген кайта қаржыландырудың пайыздық ставкасы бойынша олардан пайыздар алынады;
— әкелу барысындағы төлемі кеден төлемі мен салығы тауарды Қазақстан Республикасынан тыс әкеткені нақты негізде дәлелденгеннен соң қайтарылады.
Келісімге катысушылардың мемлекеттік шеңберін ТМД елдері қамтиды. Олар тарифтік немесе тарифтік емес реттеуді: қолданады және өзінің кеден аумағынан алып кеткен жағдайда сыртқы экономикалык жеңілдіктер береді. Бекітілген тәртіп бойынша кері экспорт дегеніміз екі жақтық біреуінің кеден территориясынан тауарларды алып кетуді, сондай-ақ, аталған кеден аумағынан әкетілген тауарларды келісімге келген елдер катарына жатпайтын баска елге шығару мақсатын көздейді.
Кері экспорттың жалпы шарттары әкелінетін тауарлардың тек кана кері экспортқа тиісті болуымен тығыз байланысты. Бұл жағдайда бекітілген төлемдер экономикалық саясат шаралары жүзеге аспайды. Тауарларды кері экспорттау Кеден комитетінің рұқсаты бойынша халықаралық келісімдер мен анықгалган жағдайларда жүзеге асуы мүмкін.
Тауарларды жою кеден режимі кеден телемдері мен салығы алынбай және тарифтік емес реттеу шаралары қолда-
нылмай, кеден бақылауымен тауарларды пайдалануға жарамсыз етуге немесе жоюға алып келетін шараларды қүрайды. Көркем өнер, тарихи және археологиялық, Қазақстан Республикасы мен шетел мемлекеттері халықтарының мұрасы болып табылатын, жойылып кетуге жақын тұрған өсімдіктер мен жануарлар түрі, кепіл ретінде кеден органы қабылдаған зат, кеден ережесін бүзғаны үшін және кылмыстык іс бойынша алынған тауар немесе көлік қүралы, тәркілеу жөніндегі сот шешіміне катысты тауар мен көлік қүралы т. б. тауарлар жоюға жатпайды.
Тауарларды жою тиісті құзыретті органның қабылдаған шешімі негізінде жүзеге асады (Мемлекеттік кіріс министрлігі).
Мемлекет пайдасы үшін тауарлардан бас тарту кеден режимі бойынша кеден бажы мен салықтары алынбайды, экономикалық саясат шаралары қолданылмайды. Тұлға мемлекет пайдасы үшін тауардан бас тартады. Бүл үшін кеден комитетінің рұқсаты қажет. Осы режимді таңдаған тұлғаның, кедендік рәсімдеуді жасаған соң, көрсеткен режимді басқа режимге өзгертуге күқығы жоқ.
ІІ-тарау. ҚР Кеден органдарының кедендік режимдердің тәжірибесі мен оған талдау жүргізу
2.1 Кедендік қызметінің кедендік режимінің қазіргі қолданыстағы тәжірибесі
Кеден режимдерінің басым көпшілігін қолдану жөніндегі рұқсат беру жүйесі осы жүйені орындалуы түрлі жағдайларға қарамастан сол немесе өзге де режимнің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс талаптармен ауыстырыла отырып, алынып тасталды; уақытша сақтау қоймаларының қызметіндегі «бұрмалаушылықтарды» жоюға қадам жасалды; кеден рәсімдері оңайлатылды; кеден декларациясын, қүжаттарды тексерудің және тауарларды қарап-тексерудің мерзімдері (үш күнге дейін) нақтыланды. Аталған өзгерістер сыртқы эқономикалық қызметтің адал қатысушыларын қолдауға бағытталған. Мұнымен бір мезгілде сыртқы экономикалық қызмет теріс пиғылды қатысушыларына қатысты талаптар өзгерді, кеден заңдарын бұзған жағдайларда қолданылатын санкциялар күшейтілді, сондай-ақ қолданылып жүрген кеден заңдарында көзделген жеңілдіктер шектелді немесе мейлінше анық айқындалды. Тауарларды алдын ала, кезеңдіқ декларациялау жөніндегі рәсімдер көзделді. Заңға интеллектуалдық меншік құқығын қорғау жөніндегі жаңа тарау енгізілді. Транзит кедендік режиміне қатысты өзгерістер енгізілді.
Қазіргі уақытта Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аумағында толық не белгілі бір шарттылықтармен қатысатын, 12 мемлекетті біріктірген еркін сауда аймағы, Кеден одағы, Орта Азия Экономикалық Қауымдастық, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық жұмыс істейді. Өткен кезең ішінде мемлекеттік және үкіметтік деңгейде Тәуелсіз мемлекеттер достастығын, Кеден одағын қалыптастыру ісінде принципті маңызы бар бірқатар құжаттарға қол қойылды. Бұл – Тәуелсіз мемлекеттер достастығына қатысушы мемлекеттердің кеден заңдарының негіздері, Сыртқы сауданың кеден статистикасын жүргізудің бірыңғай методологиясы, Тәуелсіз мемлекеттер достастығы сыртқы сауда кызметініц бірыңғай тауар номенклатурасы туралы келісім
Кеден одағы туралы келісімді дамытуда өзара саудадағы кеден рәсімдерін бірдейлендіретін және оңайлататын бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық кұжаттарға қол қойылды және іске асырылып жатыр. Қазақстан Республикасы кеден қызметінің ресей кеден қызметінің жанындағы өкілдігі ашылды.
Қазақстан Республикасының кеден қызметі 1992 жылдан бастап Дүниежүзілік кеден ұйымының мүшесі болып табылады.
Кеден қызметінің маңызды шарты кеден инфрақұрылымының болуы болып табылады. Тұтастай алғанда кедендік бақылаудың техникалық құралдармен, байланыспен, автокөлік құралдарымен жарақтандырылуы республика бойынша 30% шамасында.
«Мемлекеттік шекарада бақылау-өткізу пункттерінің құрылысын салу туралы» Қазақстан Республикасы Үқіметінің 10. 03. 1998 жылғы № 193 қаулысымен 1998-1999 жылдары құрылысын салу жоспарланған 112 бақылау-өткізу пункттері айқындалды. 1998 жылы 7 тұрақты кеден посты мен 25 модульдік үлгідегі пост пайдаланылуға қосылды. 1999 жылдың аяғында жайластырудың бірінші кезеңі аяқталады. Республика кеден шекарасының бүкіл периметрі бойынша 105 пост іске қосылды.
1999 жылы халықаралық стандарттарға жауап беретін, шекарада мүддесі бар барлық қызметтер үшін қажетті жағдайлар жасауды көздейтін «Жібек жолы» (Өзбекстанмен шекарада) және Бақты (Қытай Халық Республикасымен шекарада) өткізу пункттерінің құрылысы басталды.
Кеден комитеті қызметі тауарлар мен көлік құралдарын кедендік тазартуды жеделдетуге септігін тигізуге арналған кеден маңының инфрақұрылымын құру жөніндегі жоспарлы жұмысты жүргізді. 1999 жылдың 1 қаңтарына дейінгі жағдай бойынша 94 уақытша сақтау орыны, 22 кеден қоймасы жасалды және бұлар жұмыс істеп тұр.
“Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Заңның тиісті баптарын атқару үшін 1998 жылы кеден органдары елдің сыртқы саудасының кеден статистикасын қалыптастыруға кірісті.
Кеден органдары бүгінгі күні: орталық кеден органы, кеден басқармалары мен кедендер, кеден постылары кіретін бірыңғай жүйені құрайды. Мамандандырылған кеден ұйымдары – Орталық энергетикалық кеден, Ақпараттық-статистикалық кеден, Орталық кеден сараптамасы құрылды. Республика кеден органдарының саны 1999 жылдың аяғында 5995 бірлік, оның ішінде Орталық аппаратта 124 бірлік болды.
Кедендік режим – Қазақстан Республикасының кедендік аумағында не одан тыс жерлерде өткізу, пайдалану мақсаттарына қарай тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кедендік аумағы арқылы өткізу кезіндегі олардың кеден ісі саласындағы мәртебесін айқындайтын, Кеден кодексінде белгіленген нормалардың жиынтығы.
Бекітілген тәртіпті орындау шартынан кейін тауарлар мен көлік құралдары кедергісіз кеден шекарасынан өткізілуі мүмкін.
Бірақ тәжірибе көрсетіп отырғандай сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың мемлекет бекіткен тәртіптің талаптарын өз еркімен орындауға тырысатын топпен қатар, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың белгілі бір саны білмегендіктен немесе қасақана нормалар мен ережелердің бөліктерін орындамайды немесе қателік жібереді. Бұл мемлекет табысының жоғалуына және кеден органдары немесе басқа да мемлекеттік ведомстволардың қызметіне зиян келтіреді.
Мемлекет сыртқы, ішкі, экономикалық, қаржылық, салық, сыртқы сауда, кедендік, әскери саясатының, сондай-ақ мемлекеттік, экономикалық және қауіпсіздіктің басқа түрлерін қамтамасыз етуін іске асырылуына мүдделенгендіктен, ол сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларының барлығына құқықтар ұсыну бойынша және оларға қойылған міндеттерді олар өз еркімен орындауын кедендік бақылау және кедендік ресімдеуді жүзеге асыратын кеден органдарының көмегімен қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды қабылдайды
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметі тауарлық номенклатурасына және шығарылған еліне сәйкес тауарлардың кодын анықтау дұрыстығын және тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын бақылау, валюталық бақылау және кеден құнын бақылау және кеден төлемдерін бақылау.
Осы кезде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметі тауарлық номенклатурасына және шығарылған еліне сәйкес тауарлардың кодын анықтау дұрыстығын және тарифтік емес реттеу шараларының сақталуын бақылау жүргізіледі, сондай-ақ:
- уәкілетті кеден органдарымен тауарларды алдын ала жіктеуді жүзеге асыру жағдайларында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Сыртқы экономикалық қызметі тауарлық номенклатурасына сәйкес тауарларды алдын ала жіктеу бойынша құжаттарды тексеру;
- тауарлардың шығарылған елін растайтын құжаттар мен мәліметтерді тексеру және осыған байланысты жеңілдіктер мен преференцияларды табыс ету;
- тиісті кеден режиміне тауарларды орналастыру шарттардың орындалуын бақылау жүргізеді;
- қолданыстағы заңнама талаптарына сыртқы сауда келісім-шарттары және басқа да құжаттар шарттарының сәйкестігін тексеру;
- кеден декларациясында мәлімделген мәліметтердің, валюталық бақылауды жүргізу үшін табыс етілген құжаттардың мазмұнындағы ақпараттардың сәйкестігін тексеру;
- кеден құнын анықтаудың таңдалған әдісіне және оны растайтын құжаттарға сәйкес тауарлардың кеден құнын мәлімдеу дұрыстығын тексеру, қажетті жағдайларды кедендік ресімдеуді жүргізу барысында кедендік төлемдер мен кедендік құнын түзету;
- тауарларды уақытша (шартты) бағалау іс-әрекеттерін атқарады.
Сонымен қатар, бұл кезде кеден төлемдерін төлеу үшін жауапты тұлғада кеден төлемдерін және алдында жасалған жектізілімдер бойынша кедендік төлемдерді төлеу мерзімдерін ұзарту немесе мәулеттік мерзімдерді пайдаланғаны үшін пайыздарын, кеден ережелерін бұзған жағдайда айыппұлдың сомасын, кеден төлемдерін уақытында төлемегені үшін берешекті төлеу бойынша қарыздардың бар жоқтығы тексеріледі. Қарыздар болған жағдайда тауарлдар мен көлік құралдары оларды толық төленгеннен кейін ғана шығарылуы мүмкін.
Кеден органдарының лауазымды тұлғасы декларанттың жүктің кедендік декларациясын табыс етудің белгіленген мерзімдерін сақтауын тексереді. Бұл мерзімдер бұзылған жағдайда декларанттан декларацияны уақытында төлемегені үшін берешек өндіріліп алынады.
Жүктің кедендік декларациясы және оның электрондық көшірмесіндегі, оларда мәлімделген мәліметтердегі кеден төлемдерін есептеуге әсер бөліктерінің дұрыс толтыруы, толықтығы және нақтылығы тексеруден өткізіледі. Мәлімделген тарифтік және салықтық жеңілдіктер мен преференциялардың негізділігі, мәлімделген жеңілдіктерді анықтайтын немесе кеден төлемдерін төлеудің және есептеудің айрықша тәртібін бекітетін құжаттар тексеріледі. Тарифтік және салықтық жеңілдіктерді табыс ету немесе кеден төлемдерін төлеудің айрықша тәртібін қолдану кеден органының мамандырылған бөлімшесінің тиісті рұқсаты бар болған жағдайда жүргізіледі.
Сондай-ақ кеден ресімдеуі кезінде кеден органының есеп-шотына қаражаттардың нақты түсуі тексеріледі. Олар түспеген жағдайда жүктің кедендік декларациясы сол күйінде қалады.
Бұл кезең аяқталғаннан кейін лауазымды тұлға бірінші парақтың екінші бетіне “Тексерілді” деген жазу жазады, мерзімді және аяқталған уақытын белгілейді, қолын, жеке нөмірлік мөрін қояды және декларацияны келесі кезеңге өткізеді.
Кеден режиміне орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарын шығару мүмкіндігі туралы немесе олардың шығарылуы мүмкін еместігі туралы шешім қабылдаумен аяқталады. Шығару туралы шешімді кеден ресімдеуі және кеден бақылауы бөлімінің бастығымен немесе уәкілетті лауазымды тұлғамен қабылданады және бұл шешім жүктің кедендік декларациясы және жүктің кедендік декларациясының нөмірін көрсете отырып, көліктік құжаттарға “Шығарылуға рұқсат етілді” штампыны қоюмен расталынады. Штамп және нөмір лауазымды тұлғаның жеке нөмірлік мөрімен бекітіледі.
Егер тауарларды шығару мүмкін еместігі анықталса, олар “Тексерілді” жазуының орнына “Шығарылуға жатпайды” жазуы жазылады және шығарылуы мүмкін еместігінің себебі қысқаша баяндалады. Шығарылмау туралы шешімді кеден ресімдеуі және кеден бақылауы бөлімінің бастығымен немесе уәкілетті лауазымды тұлғасымен ғана қабылдануы мүмкін. Жүктің кедендік декларациясы және көліктік құжаттарға “Шығарылуға тыйым салынады” штампысы қойылады
Кеден органының рұқсатымен және декларанттың дәлелді жазбаша өтініші бойынша жүкітің кедендік декларациясында мәлімделген мәліметтер өзгертілуі немесе толықтырылуы Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 385-бабына сәйкес жүргізіледі.
Егер тауарларды шығару туралы шешім қабылдау үшін құжат міндетті болып табылса, кедендік декларацияны тексеру мерзімінің ішінде декларант салық органына тиісті құжатты беру туралы міндеттеме табыс ете отырып, мәлімделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмесін беруі мүмкін.
Жекелеген құжаттар декларанттың дәлелді өтініші бойынша көрсетілген мерзімде табыс етілмейтін жағдайда кеден органдары осындай құжаттарды алу үшін қажетті мерзімде бірақ кедендік декларацияны тіркеуден кейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей осындай құжаттарды табыс ете отырып олардың көшірмесін беруге рұқсат етеді. Декларант белгіленген мерзімдерде құжаттарды өткізбегені не бұрын өткізген құжаттардың көшірмелерінде дұрыс емес мәліметтерді мәлімдегені үшін жауапты болады. Егер тауарлардың кейінгі легіне кедендік ресімдеу жүргізілетін құжаттар кеден органына бұрын берілген болса, онда осындай құжаттардың көшірмелерін беру жеткілікті.
Кеден органының істерінде тауарларды шығару туралы шешім қабылдау үшін міндетті құжаттар қалған жағдайда, декларант үшін кеден органы осы құжаттардың көшірмелеріне осындай құжаттар қалатын кеден органын көрсете отырып жазба жасайды. Бұл жазба кеден органы лауазымды тұлғасының жеке нөмірлік мөрімен куәландырылады.
Келісім-шарттар, шот-фактуралар (инвойстар), көлік құжаттары, кедендік төлемдердің және салықтардың төленгенін растайтын құжаттар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы тауарларды шығарғаннан кейін декларантқа қайтарылуға тиіс және жүктің кедендік декларациясы тіркелген күннен бастап бес жыл бойы сақталады.
Жүктің кедендік декларациясын беру осылардың негізінде жүктің кедендік декларациясы толтырылып, мыналарды растайтын қажетті құжаттар кеден органына қатар табыс етілуімен жүргізілуге тиіс:
- декларанттың өз атынан жүктің кедендік декларациясын беруге өкілеттігін растайтын декларанттың штатындағы жеке тұлғаға сенімхат не брокерлік қызмет көрсетуге шарт және кедендік ресімдеу бойынша маманның біліктілік аттестаты;
- кедендік ресімдеуге жататын тауарларға меншік, билік ету немесе пайдалану құқығын растайтын сатып алу-сатуға немесе айырбасқа сыртқы сауда шарты (келісім-шарты), кедендік ресімдеуге жататын тауарларға билік ету немесе пайдалану құқығына келісім не өзге құжат;
- Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткізуді растайтын көлік құжаттары;
- тауарлардың кедендік құнын растайтын — шот-фактура (инвойс), шот-проформа, арнайы тізбе және тауарлардың кедендік құнын анықтау және мәлімдеу үшін көзделген өзге де құжаттар;
- тауарлардың шығуын растайтын – тауарлардың шығуы туралы декларация не тауарлардың шығуы туралы сертификат;
- кедендік режимнің талаптарына және кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктің болуына қарай кедендік төлемдерді және салықтарды төлеуді немесе олардың төленуін қамтамасыз етуді растайтын:
- қолма-қол ақшасыз тәртіпте төлемнің орындалуы туралы банктің белгісімен төлемдік тапсырманы немесе қолма-қол ақшамен төлеу кезінде — кеден органының, банктің кассалық кіріс ордеріне берілетін түбіртек;
- кедендік төлемдердің және салықтардың төленуін растайтын құжаттар;
- кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу бойынша жеңілдіктер беруді растайтын құжаттар;
- кедендік бажды, қосылған құн салығын төлеу бойынша мерзімді ұзартуды (мәулеттік төлеуді) растайтын құжаттар;
- тауарларды межелі жерге жеткізуді растайтын – тауарлар жеткізуді бақылау құжаты не Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес өзге де құжаттар;
- валюталық бақылау саласындағы талаптардың сақталуын растайтын – Қазақстан Республикасының валюта заңдарына сәйкес талап етілетін құжаттар;
- мәлімделген кедендік режимдерге қарамастан, тауарларды әкелу кезінде стандарттардың міндетті талаптарына сәйкестігін растайтын – фитосанитариялық (карантиндік) сертификат, ветеринариялық сертификат. Көрсетілген сертификаттар оларға сертификаттар беру міндетті тауарлар үшін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген жағдайларда ғана беріледі;
- сыртқы экономикалық қызметке қатысушының санатын растайтын сыртқы экономикалық қызметке қатысушының есеп карточкасы.
Кедендік декларацияда көрсетілуге тиіс мәліметтер тізбесі кедендік төлемдерді және салықтарды есептеу және алу, кедендік статистиканы қалыптастыру және Қазақстан Республикасының кеден заңдарын қолдану мақсаттары үшін қажетті мәліметтермен ғана шектеледі.
Декларант тауарларға қатысты таңдалған кедендік режимдердің талаптарына сәйкес жоғарыда көрсетілген құжаттарға қосымша мынадай құжаттар беріледі:
- еркін айналыс үшін тауарлар шығарудың кедендік режимі:
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты;
- өлшеу құралдары үлгісін бекіту туралы немесе өлшеу құралдарын метрологиялық атестаттау туралы сертификат не Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес метрологиялық қадағалау қолданылатын тауарлар үшін жұмыстар атқару шарты;
- Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдардың рұқсаттары және өзге де құжаттар;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға және экспорттық бақылауға жататын тауарлар үшін – лицензия;
- тауарлар экспортының кедендік режимі:
- Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген жағдайларда мемлекеттік органдардың рұқсаттары және өзге де құжаттар:
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялауға және экспорттық бақылауға жататын тауарлар үшін – лицензия;
- тауарлар кері импортының кедендік режимі:
- Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тауарларды әкетуді растайтын жүктің кедендік декларациясы;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты;
- Әкетудің кедендік баждарын қайтаруды қамтамасыз ету үшін әкетудің кедендік баждары төленгенін растайтын құжат;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экспорттық бақылауға жататын тауарларға рұқсат;
- тауарлар транзитінің кедендік режимі:
- кедендік мөрлер мен пломбаларды қойып тауарларды тасымалдау үшін көлік құралын (контейнерді) жіберуді растайтын құжаттар;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экспорттық бақылауға жататын тауарлар транзитіне рұқсат;
- кеден қоймасының кедендік режимі – тауарларды сақтауға кеден қоймасының иесімен жасалған шарт;
- бажсыз сауда дүкенінің кедендік режимі – өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен тиісті уәкілетті мемлекеттік орган таныған шетел сертификаты;
- кедендік аумақта тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимі – тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы;
- еркін айналыс үшін тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимі – тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік органның қорытындысы;
- кедендік аумақтан тыс жерде тауарларды қайта өңдеудің кедендік режимі:
- тиісті уәкілетті мемлекеттік органның тауарларды қайта өңдеудің талаптары туралы қорытындысы;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экспорттық бақылауға жататын тауарларға рұқсат;
- тауарларды және көлік құралдарын уақытша әкелудің кедендік режимі:
- тауарларды және көлік құралдарын әкету туралы міндеттеме;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты;
- тауарларды және көлік құралдарын уақытша әкетудің кедендік режимі – тауарларды әкелу туралы міндеттеме;
- еркін кеден аймағының кедендік режимі – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты;
- еркін қойманың кедендік режимі:
- тауарларды сақтауға еркін қойма иесімен жасалған шарт;
- кәсіпорынның декларацияланатын тауарларды пайдалана отырып, қайта өңдеу жөніндегі операцияларды өткізу мүмкіндігін растайтын технологиялық құжаттамасы;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты;
- тауарлар кері экспортының кедендік режимі:
- Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды әкелу кезінде ресімделген жүктің кедендік декларациясы не уақытша сақтау орындарындары тауарларды мәлімдеу кезіндегі қысқаша декларация;
- Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес экспорттық бақылауға жататын тауарларға рұқсат;
- Қазақстан Республикасының бекіткен халықаралық шарттарда тауарлардың кері экспортына тауарларды шығарған елдің уәкілетті органының рұқсаты болған жағдайларда кері экспортқа жол берілетін кезде – осындай рұқсат;
- тауарларды жоюдың кедендік режимі – тиісті уәкілетті мемлекеттік органдардың қорытындылары;
- мемлекет пайдасына тауардан бас тартудың кедендік режимі – Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сертификат беру міндетті тауарларға өнімінің қауіпсіздігіне сәйкестілік сертификаты;
- арнайы кедендік режим:
- Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар бойынша тиісті уәкілетті мемлекеттік орган растаған тауарлар тізімі;
- тауарлар бойынша көлік ұйымы растаған тауарлар тізімі;
- тауардың ілеспе құжаттары;
- тауарлардың әкетілуін растайтын құжаттар;
- кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындаған өзге де құжаттар
Декларант белгіленген тәртіппен толтырылған жүктің кедендік декларациясын оның электрондық көшірмесімен бірге, сондай-ақ кедендік мақсат үшін қажетті құжаттарды кеден органына береді. Жүктің кедендік декларациясы мен кедендік мақсат үшін қажетті құжаттарды кеден органының қабылдаған күні мен уақыты кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен ресімделіп, қоса берілетін құжаттардың тізімдемесінде көрсетіледі және кеден органы лауазымды тұлғасының жеке нөмірлік мөрімен куәландырылады. Куәландырылғаннан кейін тізімдеме декларантқа қайтарылады.
2.2 Кеден режимін жүргізу тәртібі мен ерекшеліктері
Кеден органдарының қызметін талдау айтарлықтай қысқа мерзімде Қазақстан Республикасында жұмысқа қабілетті кеден қызметінің қалыптасқандығын көрсетті. Кеден ісінің заңнамалық базасы құрылды және дамып келеді. Мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін толтырудың, сыртқы экономикалық қызметті реттеудің, контрабаңдаға және кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтарға қарсы күресудің тетіктері қалыптастырылды. Тармақталған кедендік инфрақұрылым құрылуда. Кеден органдарын басқару жүйесінің калыптасуы аяқталып келеді. Кеден қызметінің кадрлық құрамы қалыптастырылды. Кеден органдарының практикалық қызметіне компьютерлеңдіру және ақпараттық қамтамасыз ету элементтері енгізілуде.
Қазақстан Республикасының кеден органдарының 2004 жылға арналған негізгі міндеттері республиканың кеден шекарасын басып өтетін тауарлар мен азаматтар үшін кеден рәсімдерін максимальды түрде оңайлату және экономикалық контрабандамен күресті күшейту, кеден режимін жүргізу тәртібін бекіту болып табылады.
«Кеден органдарының алдында есеп және есептілік жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 мамырдағы N 250 бұйрығымен бекітілген Кеден режимдері шеңберінде ресімделетін тауарлар туралы есептің және есептілік ұсынудың ережесі.
- Жалпы ережелер
- Осы Кеден режимдері шеңберінде ресімделетін тауарлар туралы есептің және есептілік ұсынудың ережесі (бұдан әрі — Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 110, 132, 144, 161 және 185-баптарына сәйкес әзірленді және кеден қоймасында сақталатын тауарлар туралы есептілікті ұсыну нысаны мен ережесін, тауарды кеден органдарының сақтауға қабылдауы туралы құжаттың нысанын, бажсыз сауда дүкеніне түсетін және одан өткізілетін тауарлар бойынша есеп және есептілігінің нысанын, сондай-ақ тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағында/нан тыс қайта өңдеу кеден режимін пайдалану туралы есептіліктің нысанын белгілейді.
- Тауарлар туралы есеп жүргізу мен есептілік
- Кеден қоймасы, кеден органы құрған бажсыз сауда дүкені, уақытша сақтау қоймасы және кеден қоймасы арқылы айналымға түсетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік аумағында/нан тыс қайта өңдеу кеден режимімен өткізілетін тауарлар есебін жүргізуге жатады.
- Кеден қоймаларының және бажсыз сауда дүкендерінің иегерлері белгіленген нысандар бойынша (1, 2-қосымша) есеп жүргізеді және тоқсан сайын кеден қоймасына келіп түскен, сақталынып жатқан және әкетілген тауарлар және оларды сақтау мерзімдері, сондай-ақ бажсыз сауда дүкеніне келіп түскен және одан өткізілетін тауарлар туралы кеден органдарына есептілік береді.
- Кеден қоймасында сақталынып жатқан, бажсыз сауда дүкеніне келіп түскен және одан өткізілетін тауарлардың есебін жүргізу кітабы есеп жүргізудің автоматтандырылған жүйесіне қарамастан жүргізіледі. Есеп жүргізу кітаптары алдын ала түптелген, тігілген, нөмірленген және қызмет аймағында кеден қоймасы не бажсыз сауда дүкені кеден органы басшысының не оның орнындағы адамның қолымен, кеден органының мөрімен куәландырылған болуы тиіс. Есеп жүргізу кітаптары күнтізбелік жыл бойынша жүргізіледі.
Есеп жүргізу кітабының нысаны белгіленген үлгіден ауытқуына осы үлгіде көрсетілген барлық мәліметтердің болу шартымен жол беріледі.
- Кеден қоймасының (бажсыз сауда дүкенінің) иегері кеден органдарының лауазымды адамдарына есеп жүргізу құжаттарына мүмкіндік беруге және кеден органының лауазымды адамдарына бірінші талап етуі бойынша ұсынуға тиісті.
- Соңғы жазба жасалғаннан кейін есеп жүргізу кітаптары кеден органына тексеруге тапсырылады. Тексеру аяқталғаннан кейін кітаптар иесіне сақтау үшін қайтарылады. Есеп жүргізу кітабын тексергеннен кейін қосымша жазбалар мен түзетулерге жол берілмейді.
- Кеден қоймасындағы (бажсыз сауда дүкеніндегі) тауарлардың есебін жүргізу құжаттары есебін жүргізу кітабындағы соңғы жазба бойынша тауарлардың шығарылған күнінен бастап 5 жыл сақталады.
- Кеден органдары есептілікті белгіленген графиктен тыс ұсынуды талап етуге құқылы. Мұндай жағдайда кеден қоймасының, бажсыз сауда дүкенінің иегері есептілікті қызмет аймағында кеден қоймасы (бажсыз сауда дүкені) орналасқан кеден органы басшысының жазбаша талап етуін алғаннан кейін үш күннің ішінде ұсынуы тиіс.
- Егер кеден қоймасында, бажсыз сауда дүкенінде тауарлардың есебін жүргізудің автоматтандырылған жүйесі пайдаланылса, онда оның иегері кеден органдарына мұндай жүйеге ену мүмкіндігін беруге тиісті.
- Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағында/одан тыс қайта өңдеу кеден режимін пайдаланған жағдайда тауарларды аталған кеден режимдерімен орналастырған тұлға кеден органына белгіленген нысан бойынша (3-қосымша) толық есептілікті ұсынады.
- Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден органдары құрған уақытша сақтау қоймаларына орналастырушы тұлға, белгіленген нысан бойынша (4-қосымша) есепке жататын тауарларды кеден органының сақтауға қабылдағанын растайтын құжат беріледі.
- Қорытынды ережелер
- Осы Ереженің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылық көзделген.
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 мамырдағы N 250 бұйрығымен бекітілген «Кеден режимдері шеңберінде ресімделетін тауарлар туралы есептің және есептілік ұсынудың ережесі»
1-қосымша
Кеден қоймасындағы тауарлардың есебін жүргізудің нысаны
1-кесте: кеден қоймасындағы сақталатын тауарлар туралы есеп
Р/б N |
|
Тауар атауы |
Мөлшері |
|
Мөлшері |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
таблицаның жалғасы
|
Ескерту |
9 |
10 |
2-кесте: Кеден қоймасында сақталатын тауарлардың есебін жүргізу
кітабы
Р/б N |
|
Тауар атауы |
Мөлшері |
|
Мөлшері |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
таблицаның жалғасы
|
Жауапты адамның аты-жөні, қолы |
9 |
10 |
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы27 мамырдағы N 250 бұйрығымен бекітілген «Кеден режимдері шеңберінде ресімделетін тауарлар туралы есептің және есептілік ұсынудың ережесі»
2-қосымша
1-кесте: Бажсыз сауда дүкенінің қоймасына орналастырылған тауарлардың есебін жүргізу кітабы
Р/б N |
Тауарды бажсыз сауда дүкені- нің қой- масына орналас- тырған күні |
ЖКД N |
Тауар атауы, мәртебесі (отандық, шетелдік) |
Тауарға ілеспе құжат- тардың N |
Орын саны |
Салмағы, нетто |
Тауарды баж- сыз сауда дүкенінің қоймасына қабылдаған адамның аты-жөні, қолы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
таблицаның жалғасы
Бажсыз сауда дүкенінің қоймасынан сауда залына орналастырыл ған күні |
Бажсыз сауда дүкенінің қоймасынан сауда залына орналастырылғандардың мөлшері (дана, литр) |
Бақылаушы кеден органының уәкілетті лауазымды адамының аты-жөні, қолы |
9 |
10 |
11 |
2-кесте: Бажсыз сауда дүкенінен өткізілетін тауарлардың
есебін жүргізу кітабы
Р/б N |
Тауарды сауда залына орналастырған күні |
|
Салмағы, нетто |
Тауарды өткізген күн |
Бажсыз сауда дүкенінде тауар ды өткізген жауапты тұл ғаның қолы |
Ес- керту |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 мамырдағы N 250 бұйрығымен бекітілген «Кеден режимдері шеңберінде ресімделетін тауарлар туралы есептің және есептілік ұсынудың
ережесі»
3-қосымша
- Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасында
қайта өңдеу кеден режимін пайдалану туралы есеп нысаны
1-кесте. Қайта өңдеу үшін әкелінген тауарлар
Р/б N |
ЖКД N |
Тауар атауы |
СЭҚ ТН бойынша коды |
Өлшем мөлшері Әкелінген тауарлардың бірлігі мен кедендік құны |
|||
|
|
|
|
Іс жүзінде |
|
Іс жүзінде |
Келісім-шарт бойынша |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
СЭҚ ТН кодтары бойынша барлы. ғы 1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
таблицаның жалғасы
Төленген кедендік тауарлар мен салықтар |
||
Кеден бажы |
ҚҚС |
Акциз |
9 10 11 |
||
6 7 8 |
2-кесте. Қайта өңдеу кезінде пайдаланылған қазақстандық тауарлар
Р/б N |
Тауардың атауы |
СЭҚ ТН бойынша коды |
Өлшем бірлігі |
Мөлшері |
Құны |
1 2 3 4 5 6 |
3-кесте. Қайта өңдеу өнімдері
Р/б N |
іЖКД N |
Тауар атауы |
СЭҚ ТН бойынша коды |
|
Кедендік құны |
Кеден режи. мінің коды |
|
|||
|
Іс жү зі н де |
Шығыс норма лары бойын ша |
Іс жү зі н де |
Келі- сім- шарт бойын ша |
|
ҚҚС |
Кеден бажы |
Акциз |
||
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 12 |
||||||||||
СЭҚ ТН кодтары бойынша барлығы 1 2 3 4 5 6 7 8 9 |
||||||||||
4-кесте- Қайта өңдеуден кейін қалған қалдықтар
Р/б N |
ЖКД N |
|
СЭҚ ТН бойынша коды |
|
Мөлшері |
Кеден- дік құны |
Кеден режи- мінің коды |
Ескерту |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
СЭҚ ТН кодтары бойынша барлығы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
5-кесте. Қайта өңдеу процесінде әкелінген және пайдаланылмаған
тауарлардың қалдығы
Р/б N |
ЖКД N |
Тауардың атауы |
СЭҚ ТН бойынша коды |
|
Мөлшері |
Кеден- дік құны |
Кеден режи- мінің коды |
Ескерту |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
СЭҚ ТН кодтары бойынша барлығы 1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
- Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан
тыс жерлерде қайта өңдеу кеден режимін пайдалану
туралы есеп нысаны
1-кесте. Қайта өңдеу үшін әкетілген тауарлар
Р/б ЖКД Тауар СЭҚ ТН Өлшем мөлшері Әкетілген тауарлардың N N атауы бойынша мен бірлігі кедендік құны коды |
||||
|
Іс жүзінде |
Келісім-шарт бойынша |
Келісім-шарт бойынша |
Іс жүзінде |
1 2 3 4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
СЭҚ ТН кодтары бойынша барлы. ғы 1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
таблицаның жалғасы
Төленген төлемеде |
Кеден бажы |
9 |
6 |
2-кесте. Қайта өңдеу кезінде пайдаланылған шетелдік тауарлар
Р/б N |
Тауардың атауы |
СЭҚ ТН бойынша коды |
Өлшем бірлігі |
Мөлшері |
Құны |
1 2 3 4 5 6 |
3-кесте. Қайта өңдеу өнімдері
Р/б іЖКД Тауар атауы СЭҚ ТН Өлшем Кедендік Төленген кедендік N N бойынша мөлшері құны тауарлар мен салықтар коды мен бірлігі |
|||||||
|
Іс жү зі н де |
Шығыс норма лары бойын ша |
Іс жү зі н де |
Келі. сім- шарт бойын ша |
Кеден бажы |
ҚҚС |
Акциз |
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 11 |
|||||||
СЭҚ ТН кодтары бойынша барлығы 1 2 3 4 5 6 7 8 |
4-кесте. Қайта өңдеуден кейін қалған қалдықтар
Р/б N |
ЖКД N |
|
СЭҚ ТН бойынша коды |
|
Мөлшері |
Кеден- дік құны |
Кеден режи- мінің коды |
Ескерту |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
СЭҚ ТН кодтары бойынша барлығы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
5-кесте. Қайта өңдеу процесінде әкетілген және пайдаланылмаған
тауарлардың қалдығы
Р/б N |
ЖКД N |
|
СЭҚ ТН бойынша коды |
|
Мөлшері |
Кеден- дік құны |
Кеден режи- мінің коды |
Ескерту |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
СЭҚ ТН кодтары бойынша барлығы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Қазақстан Республикасының
Кедендік бақылау агенттігі
төрағасының 2003 жылғы
27 мамырдағы N 250 бұйрығымен
бекітілген
«Кеден режимдері шеңберінде
ресімделетін тауарлар туралы
есептің және есептілік ұсынудың
ережесі»
4-қосымша
Р/б N |
Тауарға ілеспе құжаттар- дың атауы, нөмірі |
УСҚ қабыл- данған тауарлардың атауы |
Мөлшері |
Тауар құны (тең) |
Сақтау мерзімі |
Сақтаған- дығы үшін кеден алымдары- ның ставкасы |
|
Орын |
Сал- мағы (бр- утто /нет то) |
|
|
|
|
|
|
1 2 3 4 5 6 7 8 |
|||||||
таблицаның жалғасы
Сақтағандығы үшін кеден алымдарының сомасы |
УСҚ тауарларды беру кезіндегі ЖКД |
9 |
10 |
___________________________________________
(кеден органы)
N _____ ҚОЙМА КУӘЛІГІ
200 __ жылғы «____» _____________
__________________________________________________________________
(тауарларды УСҚ орналастырған тұлғаның толық атауы немесе аты-жөні)
уақытша сақтау қоймасында сақтауға мынадай тауарлар қабылданды:
Барлығы:______________________________________________________
(уақытша сақтау қоймасында сақтау үшін төлеуге жататын
______________________________________________________________
кеден алымдарының сомасы
______________________________________________________________
(цифрмен және жазбаша))
Қабылданды: _____________ Берілді: _______________
Мөлшері (ор ы, салмағы) Мөлшері (орны, салмағы)
____________ ___________ _____________ ____________
қойма бастығы. кеден органы қойма бастығы. кеден органы
ның қолы, лауазымды адамының ның қолы, лауазымды адамының
аты-жөн қолы, ЖНМ аты-жөні қолы, ЖНМ
___________________________ _______________________________
тауарларды уақытша сақтауға УСҚ-нан тауарларды алған
тапсырған тұлғаның лауазымы, тұлғаның лауазымы, аты-жөні,
аты-жөні, қолы қолы
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 187 бұйрығымен бекітілген
Еркін қойма кеден режимімен орналастырылатын тауарларды
кедендік бақылау мен кедендік ресімдеудің ережесі
- Жалпы ережелер
- Осы Еркін қойма кеден режимімен орналастырылатын тауарларды кедендік бақылау мен кедендік ресімдеудің ережесі (бұдан әрі — Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің (бұдан әрі — Кеден кодексі) 242, 243-баптарына сәйкес әзірленді және еркін қойма кеден режимімен орналастырылған тауарларды кедендік ресімдеу мен бақылау, сондай-ақ еркін қоймалардағы тауарлардың есебін жүргізу тәртібін айқындайды.
- Кеден кодексінің 88-бабына сәйкес еркін қойма — бұл оған тауарлар мен көлік құралдарын еркін қойма кеден режиміне сәйкес орналастыруға әдейі арналған, бөлігі уақытша сақтау үшін пайдаланылатын қойма.
Еркін қоймалар кеден ісі мәселелері жөніндегі уәкілетті органның лицензиясын алғаннан кейін құрылады.
- Еркін қойманың аумағы кедендік бақылау аймағы болып табылады.
- Уақытша сақтау орны ретінде пайдаланылатын еркін қойма бөлігіндегі тауарлар мен көлік құралдарын уақытша сақтау жағдайларын қоспағанда, тауарлар еркін қоймаларда мерзімдері шектелместен болуы мүмкін.
Тауарлар мен көлік құралдарын еркін қоймада уақытша сақтау мерзімі Кеден кодексінің 91-бабына сәйкес айқындалады.
- Еркін қойма кеден режимімен орналастырылған шетелдік тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге тауарлардың қайта экспортының кеден режиміне сәйкес әкетіледі.
Іс жүзінде әкетуді бақылау Кеден кодексінің 113-бабына сәйкес кедендік бақылаудағы тауарларды жеткізуге қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
- Тауарларды еркін қоймаға орналастыру кезінде
кедендік ресімдеу
- Еркін қойманың бөлігі уақытша сақтау орны деп танылған жағдайда, қойманың тиісті бөлігіне тауарлар кейін оларды еркін қойма кеден режимімен орналастыру үшін уақытша сақтау рәсіміне сәйкес уақытша сақтау мақсатында орналастырылуы мүмкін.
Еркін қоймаға шетелдік тауарларды орналастыру жүк кедендік декларацияның негізінде жүзеге асырылады.
- Қазақстандық тауарларды еркін қоймаға орналастыру, сондай-ақ қазақстандық тауарларды еркін қоймадан Қазақстан Республикасының аумағына шығару кеден органына тауарға ілеспе құжаттарды ұсыну жолымен оңайлатылған нысан бойынша жүргізіледі. Кедендік ресімдеуді жүргізуші кеден органының лауазымды адамы тауарға ілеспе құжаттарда есеп жүргізу кітапшасы бойынша тіркеу нөмірін көрсетеді және оны қолымен және жеке нөмірлік мөрімен куәландырады.
- Еркін қойма еркін қойма кеден режимімен орналастырылатын тауарларға кедендік ресімдеу жүргізу орны болуы мүмкін.
- Тауарларды еркін қойма режимінде кедендік ресімдегеннен кейін еркін қойманың уақытша сақтау орны ретінде пайдаланылатын оңшаланған бөлігіндегі тауарлар еркін қойманың қалған бөлігіне ауыстыруға жатады.
- Уақытша сақтау орындарында (еркін қоймадан басқа) уақытша сақтаудағы тауарларды еркін қоймаға орналастыру мақсаттарында ауыстыру еркін қойма кеден режиміне сәйкес ресімделген жүк кедендік декларацияның негізінде жүргізіледі.
- Тауарларды еркін қоймадан әкету кезінде қойманың иесі кеден органын осы ниеті туралы алдын ала хабардар етуге міндетті.
- Еркін қойма арқылы айналымда болатын тауарлар
туралы есеп және есептілік
- Еркін қойма арқылы айналымда болатын тауарлар міндетті есепке алуға жатады. Кеден органдары еркін қоймаға орналастыратын және одан әкетілетін тауарлардың есебін кедендік есеп құжатының нысанында жүргізеді. Кедендік есеп құжаты ретінде жүк кедендік декларация пайдаланылады.
- Қазақстандық тауарлар есеп кітабына міндетті тіркеуге жатады. Кедендік есеп құжаты ретінде тауарға ілеспе, не өзге де құжаттар пайдаланылады.
- Еркін қоймалардың иелері есеп жүргізеді және кеден органдарына әкелінетін, сақталатын, қайта өңделетін, сатып алынатын, сататын және қоймадан әкетілетін тауарлар туралы кемінде үш айда бір рет есептілік ұсынады.
- Еркін қоймалардағы тауарларда болатын кез келген өзгерістер есеп құжаттарында көрініс табуы тиіс.
- Еркін қоймадағы тауарлардың есебін жүргізу нысанын кеден органдары қойма иесімен келісім бойынша айқындайды. Бұл ретте есеп жүйесіне:
1) еркін қоймаға әкелінетін тауарлардың есебін жүргізу кітабы;
2) еркін қоймадан әкетілетін тауарлардың есебін жүргізу кітабы;
3) кедендік есеп құжаты енгізіледі.
- Есеп кітаптары шетелдік және қазақстандық тауарлар үшін есеп жүргізудің басқа жүйелерінің, оның ішінде автоматтандырылғанының пайдаланылғанына қарамастан, белгіленген нысанға сәйкес (1, 2-қосымшалар) жүргізіледі.
- Есеп жүргізу кітаптарына жазбалар мынадай тәртіппен енгізілуі тиіс:
1) орналастырылған тауарлар туралы — тауарлардың еркін қоймаға орналастырылған сәтінде, бірақ тауарларды еркін қоймаға әкелген сәттен бастап бір тәуліктен кешіктірмей;
2) әкетілетін тауарлар туралы — тікелей тауарларды еркін қоймадан әкету кезінде.
- Мұндай құжаттарда: тауарлардың атауы мен бірдейлендіру белгілерінің, олардың мөлшерінің, тауарлар мен көлік құралдарын еркін қойманың шегінде ауыстыру туралы мәліметтердің, олармен еркін қоймада болатын кез келген өзгерістердің көрініс табуы шартымен, еркін қоймада сақталатын, дайындалатын және қайта өңделетін тауарлардың есебін жүргізу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу үшін қолданылатын құжаттар пайдаланылады.
- Кеден органдары Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету үшін жеткілікті болып табылатын кедендік бақылау нысандарын қолданады.
- Егер уақытша сақтау органында және еркін қоймада тауарлар мен көлік құралдарының есебін жүргізудің автоматтандырылған жүйесі пайдаланылса, онда оның иесі кеден органдарына мұндай жүйеге қол жетімдігін ұсынуға міндетті.
- Кеден кодексінің 477-бабына сәйкес кеден органы уақытша сақтау орындарында және еркін қоймаларда сақталудағы тауарларға түгендеу жүргізуге құқылы.
- Еркін қойма арқылы айналымда болатын тауарлардың есеп құжаттары тауарлар шығарылған күннен бастап, есеп кітаптары үшін — тауарлар шығарылған күнінен бастап есеп кітабындағы соңғы жазба бойынша бес жыл сақталады. Бұл ретте осы тармақта көрсетілген есеп құжаттары күнтізбелік жылдар бойынша жүргізіледі.
- Қорытынды ережелер
- Еркін қойма кеден режимінің талаптарын бұзғандық үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауаптылық көзделеді.
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағы N 187 бұйрығымен бекітілген Еркін қойма кеден режимімен орналастырылатын тауарларды кедендік бақылау мен кедендік
ресімдеудің ережесіне
1-қосымша
Еркін қоймаға әкелінетін тауарлардың
есебін жүргізу кітабы
N р/б |
Таурлардың қоймаға орналас- тырылған күні |
Кедендік есеп құжатының, тауарға ілеспе құжаттың нөмірі |
Тауарлар- ды қоймаға орналасты- рушы тұлға |
Тауар- көліктік құжаттардың нөмірлері |
Тауардың атауы |
Орындар- дың саны |
Жалпы салмағы (кг) |
Тауарды қоймаға қабылдаған адамның қолы |
Ескерту |
Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 7 мамырдағыN 187 бұйрығымен бекітілген Еркін қойма кеден режимімен орналастырылатын тауарларды кедендік бақылау мен кедендік ресімдеудің ережесіне
2-қосымша
Еркін қоймадан әкетілетін тауарлардың
есебін жүргізу кітабы
N р/б |
Тауардың қоймадан іс жүзінде әкетілген күні |
Кедендік есеп құжатының, тауарға ілеспе құжаттың нөмірі |
Тауардың атауы |
Орындардың саны |
Жалпы салмағы (кг) |
Тауарды берген адамның қолы |
Ес- керту |
2.3 Кедендік режимдер талаптарын бұзған үшін әкімшілік жауапкершілік.
Жалпы кеден ісі саласындағы кеден ережелерін бұзған үшін әкімшілік жауапкершіліктіңін мінездемесіне тоқтала кетсек.
Обьект. Кеден режимінің ережелерін, шарттарын сақтамау тауарларды тасымалдау тәртібіне кеден ресімдеуіне жүргізу тәртібіне кері әсерін тигізеді. Кеден режим қолдануда қоғамдық қатынастардың екі жақты бағыты байқалады. Біріншіден, кеден режимі тауарлар мен көлік құралдарын Қазақстан Республикасының кеден шекарасынан өткізудің негізі болып табылады. Екіншіден, тауарлар мен көлік құралдарының белгілі бір кеден режиміне орналастыру процедурасын белгілейді. Бұл көзқарас кеден режимін тасымалдау процедурасының негізгі бөлігі ретінде қарастырылады.
Сондықтан да жалпы кеден режимін бұзуда Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының тасымалдау тәртібін дұрыс сақтамағандықтан таңдалған кеден режиміне қойылатын әкімшілік жауапкершілік белгіленеді.
Субьект. Кеден режимін бұзушы субьектісі болып,кеден ісі саласында талаптарды орындауға шақыратын нормативтік құқықтық актілерде бекітілген заңды міндеттемелер жүктелген тұлға болып табылады.
Кеден режимін бұзған үшін жауапты субьект тікелей кеден режимін қолданушы заңды немесе жеке тұлға болады. Себебі, кеден заңнамасымен таңдалған режим бойынша Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына билік ету, иелену, пайдалану құқығы бар тұлға.
Өкінішке орай, осы күнге дейін кеден режимін қолданушы мәртебесі нормативтік құқықтық дәрежеде бекітілмеген. Негізінде кеден режимін қолданушы тұлға, кеден брокері, кеден тасымалдаушысы, декларант, кеден құқығының арнайы субьектілерімен қатар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары есебінен туындайтын барлық құқықтық қатынастарға қатысушы болып табылады.
Обьективтік жағы. Кеден режимі қарастырып отырған құқық бұзушылықтың обьективтік жағы деп, бекітілген шарттардың, шектеулердің, талаптардың орындауын айтамыз. Кеден режимін бұзу құрамын анықтауда бекітілген шарттарын, шектеулерін, талаптарын орындамаумен қатар, бекітілген мерзімде бұзуда құқық бұзушының факторы болып табылады. Құқық бұзушылықты уәкілетті орган қарастыруда кеден заңнамасы бойынша істің барлық жағдайын ескере отырып, қоғамдық қауіптің дәрежесін анықтағаннан кейін ( егер экономикалық зиян келмесе ) Қазақстстан Республикасының Кеден Кодексінде аталған заңдар бойынша әкімшілік жазаның ең жеңіл түрі тағайындалады.
Құқық бұзушылықтағы обьективтік жақтың кейбір ерекшелігі баптың диспозициясынан шығады. Қазақстан Республикасының Кеден Кодексінің баптарына сәйкес шығаруға міндетті тауарлардың Қазақстан Республикасы кеден аумағында қалуы немесе Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелуге тиіс тауарлардың енгізілмеуі құқық бұзушылық болып табылады. Егерде Қазақстан Республикасының кеден аумағына кіргізілмеген немесе шығарылмаған ( кеден аумағынан тыс қайта өңдеу кеден режимі бойынша) тауар иесімен осы жағдайда кеден заңдарын бұзған үшін қарастырылған заң бойынша жауапқа тартылады.
Субьективтік жағы. Жасалған құқық бұзушылыққа байланысты кеден заңнамасы жеке тұлғамен салыстырғанда кінә көлеміне байланысты заңды тұлғаларды жауапершілікке тартпайды. Олар құқық бұзушылық фактісіне жауапты болады. Егер құқық бұзушылық ырық бермес күштің салдарынан жасалған болса бұл жағдайда заңды тұлғалар құқық бұзушылық үшін жауапкершілікке тартылмайды. Заңдық білімі жоқ кәсіпкерлікпен айналысушы тұлғалар ерекше мәртебеге ие болады: жеке тұлғалар санатына жата отырып, қағидаларға сәйкес заңды тұлғалар үшін белгіленген жауапкершілікке тартылады. Бекітілген шектеулер, шарттар, талаптар орындалмаған тауарлар мен көлік құралдары кеден ережесін бұзудың ерекше обьектісі болып табылады. Берілген жағдайдың нақты белгісі болып, құқық бұзушылықтың ерекше обьектісінің мөлшері санкцияда белгіленген айып мөлшеріне тікелей әсер етеді.
433-бап. Төленген кедендiк төлемдер мен салықтарды тиiстi негiздерсiз
қайтаруға, төлемдер мен өзге де өтемдер алуға не оларды
қайтармауға бағытталған iс-әрекеттер
Қазақстан Республикасының кеден органына — төленген кедендiк төлемдердi қайтаруға, төлемдер және өзге де өтемдер алуға немесе оларды қайтармауға не тиiстi негiздемесiз толық көлемiнде қайтаруға құқық беретiн дұрыс емес мәлiметтерi бар құжаттар беру, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, —
лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып немесе онысыз, лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде, заңды тұлғаларға екi жүз елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 434-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 434-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
192-бап. Тауарларды уақытша әкелу мерзімдері
2005.20.06 № 62-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.26.07. № 312-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді(бұр.ред.қара)
- Тауарды уақытша әкелу мерзімдерін декларант мұндай әкелудің мақсаттары мен мән-жайларына сәйкес белгілейді, бірақ оны осы бапта көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды уақытша әкелудiң кедендiк режимiне орналастыру күнінен бастап үш жылдан асыруға болмайды.
Декларанттың жазбаша өтініші бойынша тауарларды уақытша әкелу мерзімдерін кеден органы ұзартуы мүмкін. Декларант тауарларды уақытша әкелу мерзімдерін ұзарту туралы мәселені шешу үшін аталған мерзімдердің аяқталуына дейін он бес жұмыс күнінен кешіктірмей кеден органына растаушы құжаттарын қоса тіркеп, мұндай ұзартудың қажеттілігі туралы өтініш табыс етеді. Тауарларды уақытша әкелу мерзiмiн ұзарту туралы өтінiшті қарау мерзiмi өтініш алынған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауға тиiс
Тауарларды уақытша әкелудің мерзімдерін ұзарту кезінде кедендік ресімдеу үшін кедендік алымдар алынбайды, кедендік декларация берілмейді.
Кеден органының уақытша әкелу мерзімін ұзарту туралы шешімі декларантқа жазбаша нысанда беріледі, шешімнің екінші данасы кедендік жүк декларациясымен бірге кеден органында сақталады.
Тауарларды уақытша әкелу мерзімін ұзарту туралы өтініш берген кезде декларант кедендік тексеріп қарау үшін кеден органына осы тауарларды, ал тауарлар кедендік ресімдеуді жүзеге асырған кеден органының қызмет аймағынан тыс жерде болған жағдайда, өздері тұрған қызмет аймағында тауарлардың бар-жоғы және өзгеріссіз қалыпта тұрғандығы туралы кеден органының қорытындысын ұсынуға міндетті.
- Осы Кодекстің 190-бабының 1-тармағында көзделген жағдайда уақытша әкелу мерзімі Қазақстан Республикасының кедендік аумағына тауарларды нақты әкелу кезінен бастап есептеледі. Уақытша әкелу мерзімдерін үш жылдан аса уақытқа өзгерту осы баптың 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес жүзеге асырылады.
- Осы Кодекстің 191-бабында аталған тізбеге енгізілген лизинг нысаналары үшін тауарларды уақытша әкелу мерзімдері лизинг шартының талаптарына сәйкес белгіленеді. Аталған лизинг нысаналары үшін уақытша әкелу мерзімдерін кеден органдары Қазақстан Республикасының қаржы лизингі туралы заңдарының талаптары сақталған жағдайда лизинг шартына ұсынылып, енгізілген өзгерістер негізінде лизинг нысанасын уақытша әкелген тұлға жүгінген жағдайда өзгертеді.
- Шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің, сондай-ақ бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, олардың қызметкерлерінің ресми және жеке пайдалануы үшін әкелінетін тауарларды олардың Қазақстан Республикасында аккредиттелуінің бүкіл мерзіміне Қазақстан Республикасына уақытша әкелуге жол беріледі.
ӘҚБК-нің 26-тарауында Кеден істері саласындағы әкімшілік
құқық бұзушылық туралы көрсетілген.
400-бап. Кеден бақылауы аймағының режимiн бұзу
Кеден бақылауы аймағының шекарасы арқылы және оның шегiнде тауарлардың, көлiк құралдарының және мемлекеттiк органдардың (кеденнен басқа) лауазымды адамдарын қоса алғанда, адамдардың орын ауыстыруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз осы аймақта кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру не кеден бақылауы аймағының режимiн бұзатын өзге де iс-әрекеттер жасау, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, —
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге — айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 401-бап өзгертілді
Тауарлар мен көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерге әкету ниетi туралы хабардар етпеу немесе анықталмаған хабар беру
- Тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерге әкету ниетi туралы Қазақстан Республикасының кеден органын хабардар етпеу, егер тауарлар мен көлiк құралдары кедендiк бақылау режимiнде тұрса не тауарларды және көлiк құралдарын әкету оларды осындай режимге қоюды ұйғарса, —
ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
- Тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерге әкету ниетi туралы Қазақстан Республикасының кеден органына анықталмаған хабар беру, егер мұндай хабардар етпеудi Қазақстан Республикасының кеден органы белгiленген тәртiппен тiркеген болса, сол сияқты хабардар етуден кейiн тауарлар мен көлiк құралдарын көрсетiлген орынға және оны уақытында әкелмеу, —
жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 403-бап өзгертілді
Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу және қайта өңдеу
өнiмдерiн ауыстыру
- Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу, яғни кеден заңдарымен белгiленген талаптарды, шектеулердi және тауарларды қайта өңдеу жағдайлары туралы мiндеттеме беру шарттарын, оларды қайта өңдеу тәртiбi мен мерзiмдерiн, қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу мөлшерiн сақтамау, осындай тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жүргiзу, —
лицензия күшiн тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
- Отандық тауарлардың қайта өңдеу өнімдерін басқа тауарлармен ауыстырудың белгіленген тәртібін бұзу, —
айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не тауарларды қайта өңдеуге берілген лицензияның, арнайы рұқсаттың қолданылуын тоқтата тұруға әкеп соғады.
Тауарларды жою тәртiбiн бұзу
Меншiк иесiнiң немесе мүдделi адамның тауарларды жою тәртiбiн бұзуы, яғни кеден заңдарымен белгiлеген тауарларды жою, жою нәтижесiнде пайда болған қалдықтарды тиiстi кедендiк режимде орналастыру талаптарын, шектеулердi және шарттарды сақтамауы, —
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 423-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара)
Белгiлi бiр кедендiк режимде орналастырылған тауарлармен
және көлiк құралдарымен заңсыз операциялар жасау, жай-күйiн
өзгерту, пайдалану және билiк ету
Тауарлармен және көлiк құралдарымен олардың кедендiк режимiне сай келмейтiн операциялар жасау, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және билiк ету, сол сияқты осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, өзге де шектеулердi, талаптарды және кеден режимi шарттарын сақтамау, —
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар және көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшi тоқтатыла тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 424-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 424-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара
Тауарлар мен көлiк құралдарын декларацияламау немесе жалған
декларациялау
- Қазақстан Республикасының шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарларды және көлiк құралдарын декларацияламау немесе жалған декларациялау, яғни тауарлар мен көлiк құралдары, олардың кедендiк режимi және кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi басқа да мәлiметтер туралы белгiленген жазбаша, ауызша немесе өзге нысанда мәлiмдемеу немесе жалған мәлiмдеу, осы Кодекстiң 409, 413, 414, 424-428, 432-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, —
лицензияның, арнаулы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) қолданылуы тоқтатыла тұрып, орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған салық мiндеттемесi сомасының екi жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
- Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, —
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онысыз, орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған салық мiндеттемесi сомасының үш жүз процентi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
05.12.03 ж. N 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 430-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 430-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енеді) (бұр.ред.қара
Кедендік төлемдерді және салықтарды төлеу
мерзімдерін бұзу
Кедендік төлемдерді және салықтарды белгіленген мерзімдер ішінде төлемеу, —
лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе біліктілік аттестатының (куәлігінің) қолданылуын тоқтата тұрып немесе онсыз, жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге — орындалмаған салық міндеттемесі сомасының жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — отыз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу проценті мөлшерінде, бірақ екі жүз елу айлық есептік көрсеткіштен кем емес айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге
тауарларды және көлiк құралдарын әкетпеу не осы аумаққа
қайтармау
- Белгiленген мерзiмдерде, егер мұндай әкету мiндеттi болып табылса, бұрын әкелiнген тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетпеу, егер мұндай қайтару мiндеттi болып табылса, бұрын әкетiлген тауарларды және көлiк құралдарын Қазақстан Республикасының кеден аумағына қайтармау, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, —
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің бестен он беске дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
- Қайта әкетудiң немесе әкелудiң дәлелi ретiнде Қазақстан Республикасының кеден органына жалған құжаттар, заңсыз жолмен алынған құжаттар не басқа тауарларға және көлiк құралдарына қатысты құжаттар беру, не аварияның немесе жойқын күштiң әсерi салдарынан, табиғи тозуы немесе азаюынан тауарлар мен көлiк құралдарының жойылуы немесе шығын болуы себебiнен бұған мүмкiндiктiң болмауы, не шет мемлекет органдарының және лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерiмен байланысты олардың иелiктен шығарылуы, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, —
әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің бестен он беске дейінгі мөлшерінде, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
«Кеден органдарының алдында есеп және есептілік жүргізу туралы» Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының 2003 жылғы 27 мамырдағы N 250 бұйрығымен бекітілген Кеден режимдері шеңберінде ресімделетін тауарлар туралы есептің және есептілік ұсынудың ережесі
- Жалпы ережелер
Осы Кеден режимдері шеңберінде ресімделетін тауарлар туралы есептің және есептілік ұсынудың ережесі (бұдан әрі — Ереже) Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің 110, 132, 144, 161 және 185-баптарына сәйкес әзірленді және кеден қоймасында сақталатын тауарлар туралы есептілікті ұсыну нысаны мен ережесін, тауарды кеден органдарының сақтауға қабылдауы туралы құжаттың нысанын, бажсыз сауда дүкеніне түсетін және одан өткізілетін тауарлар бойынша есеп және есептілігінің нысанын, сондай-ақ тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағында/нан тыс қайта өңдеу кеден режимін пайдалану туралы есептіліктің нысанын белгілейді.
- Тауарлар туралы есеп жүргізу мен есептілік
Кеден қоймасы, кеден органы құрған бажсыз сауда дүкені, уақытша сақтау қоймасы және кеден қоймасы арқылы айналымға түсетін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кедендік аумағында/нан тыс қайта өңдеу кеден режимімен өткізілетін тауарлар есебін жүргізуге жатады.
- Кеден қоймаларының және бажсыз сауда дүкендерінің иегерлері белгіленген нысандар бойынша (1, 2-қосымша) есеп жүргізеді және тоқсан сайын кеден қоймасына келіп түскен, сақталынып жатқан және әкетілген тауарлар және оларды сақтау мерзімдері, сондай-ақ бажсыз сауда дүкеніне келіп түскен және одан өткізілетін тауарлар туралы кеден органдарына есептілік береді.
- Кеден қоймасында сақталынып жатқан, бажсыз сауда дүкеніне келіп түскен және одан өткізілетін тауарлардың есебін жүргізу кітабы есеп жүргізудің автоматтандырылған жүйесіне қарамастан жүргізіледі. Есеп жүргізу кітаптары алдын ала түптелген, тігілген, нөмірленген және қызмет аймағында кеден қоймасы не бажсыз сауда дүкені кеден органы басшысының не оның орнындағы адамның қолымен, кеден органының мөрімен куәландырылған болуы тиіс. Есеп жүргізу кітаптары күнтізбелік жыл бойынша жүргізіледі.
Есеп жүргізу кітабының нысаны белгіленген үлгіден ауытқуына осы үлгіде көрсетілген барлық мәліметтердің болу шартымен жол беріледі.
- Кеден қоймасының (бажсыз сауда дүкенінің) иегері кеден органдарының лауазымды адамдарына есеп жүргізу құжаттарына мүмкіндік беруге және кеден органының лауазымды адамдарына бірінші талап етуі бойынша ұсынуға тиісті.
- Соңғы жазба жасалғаннан кейін есеп жүргізу кітаптары кеден органына тексеруге тапсырылады. Тексеру аяқталғаннан кейін кітаптар иесіне сақтау үшін қайтарылады. Есеп жүргізу кітабын тексергеннен кейін қосымша жазбалар мен түзетулерге жол берілмейді.
- Кеден қоймасындағы (бажсыз сауда дүкеніндегі) тауарлардың есебін жүргізу құжаттары есебін жүргізу кітабындағы соңғы жазба бойынша тауарлардың шығарылған күнінен бастап 5 жыл сақталады.
- Кеден органдары есептілікті белгіленген графиктен тыс ұсынуды талап етуге құқылы. Мұндай жағдайда кеден қоймасының, бажсыз сауда дүкенінің иегері есептілікті қызмет аймағында кеден қоймасы (бажсыз сауда дүкені) орналасқан кеден органы басшысының жазбаша талап етуін алғаннан кейін үш күннің ішінде ұсынуы тиіс.
- Егер кеден қоймасында, бажсыз сауда дүкенінде тауарлардың есебін жүргізудің автоматтандырылған жүйесі пайдаланылса, онда оның иегері кеден органдарына мұндай жүйеге ену мүмкіндігін беруге тиісті.
- Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағында/одан тыс қайта өңдеу кеден режимін пайдаланған жағдайда тауарларды аталған кеден режимдерімен орналастырған тұлға кеден органына белгіленген нысан бойынша (3-қосымша) толық есептілікті ұсынады.
- Тауарларды Қазақстан Республикасының кеден органдары құрған уақытша сақтау қоймаларына орналастырушы тұлға, белгіленген нысан бойынша (4-қосымша) есепке жататын тауарларды кеден органының сақтауға қабылдағанын растайтын құжат беріледі.
- Қорытынды ережелер
Осы Ереженің талаптарын бұзғаны үшін Қазақстан Республикасының әкімшілік заңдарына сәйкес жауаптылық көзделген.
Қазастан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 415-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден органына есеп-қисапты бермеу есеп жүргiзу тәртiбiн сақтамау
Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен кедендiк бақылауда тұрған не еркiн кеден аймағы мен бос қоймалар аумағында тұрған әкелiнетiн, әкетiлетiн, келiп түсетiн, сақталатын, ұқсатылатын, дайындалатын, сатып алынатын және сатылатын тауарлар туралы белгiленген есеп-қисапты кеден органына бермеу, сол сияқты, осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мұндай тауарларға есеп жүргiзу тәртiбiн сақтамау және қылмыс белгiлерi болмаған кезде, —
лицензияның, арнайы рұқсаттың немесе бiлiктiлiк аттестатының (куәлiгiнiң) күшiн тоқтата тұрып, айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 2005.21.10. № 80-III Заңымен 416-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)
III. Қазақстан Республикасының Кеден режимдерінің мәселелері және шетел тәжірибесі
3.1 Қазақстан Республикасының Кеден режимдерінің мәселелері
Қазақстан Республикасында кеден режимдерін ұйымдастыру мәселесі жаңа қалыптасқан ел болғандықтан өте күрделі ойландыратын өзекті мәселе. Осы мемлекеттің кеден режимі жайындағы мәселесін ашып көрсету үшін ТМД елдеріне және өзге де мемлекеттерде негізге алатын барлық елге тән қағидаларды атап көрсеткеніміз жөн.
Қатысушы елдер арасында біртұтас экономикалық кеңістікті сақтау және күшейту;
Біртұтас экономикалық кеңістік ауқымында тауар мен қызметтің еркін қозғалысын қамтамасыз ету;
Қатысушы елдер арасында үшінші елмен байланысты жасауда кеден саясатындағы келісімді және кеден заңдары мен кеден қағидаларын жеңілдетуді қамтамасыз ету;
Қатысушы елдер экономикасын дамытуды жандандыру және ішкі рынокты қорғау тәрізді.
Талқыланатын мәселелер мен келісімдерге ортақ кеден тарифі және осы террироия көлемінде алып келінетін, сырқа шығарылмайтын тауарлар мен басқа да заттарға бірдей ішкі салық салу жатады. Тәртіп бойынша осы кеден одағы ауқымында айналымға түскен заттардан кеден бажы, салық және т.б. алымдар алынбайды. Кеден саясатына жататын ұсыныстарды қарстыру және қабылдау кезінде оның негізгі бағыттарын көрсету керек:
- Жалпы кеден тарифі, үйлесімділік жүйе негізінде
қалыптасқан анықтама және тауарларды кодтау;
- Кеден бажының мөлшерлемесін өзгерту немесе алып тастау тәртібін қадағалау;
- Тарифтік жеңілдіктерді және артықшылықтарды беру;
- Кеден бажын, оның ішіндегі әдейі арналған антидемпингтік, өтемақылық тәртіпті қолдану;
- Кедендік тіркеу және ұйымдастыру тәртіптерін қадағалау;
- Жалпы кеден тарифінің номенклатурасының бөлігіндегі өзгерістер.
Кеден режим мәселесі мынаған сүйенеді:
- Кеден саясаты принциптерінің келісімдерін нығайту;
- Кеден кеңесі туралы жағдайды күшейту;
- Кеңес жиналысының келісімін (регламенті) айқынды шолу;
- Кеден баж мөлшерлемесінің өзгеруі емесе тасталуы туралы жағдайларды кеңінен талқылау;
- Кеден мақсатындағы тәртіптерге жан-жақты объективті түрде баға беру;
- Елдің шығу тәртіптерін анықтау.
Кеден режимінің мақсаттары мен қызметтерінен басқа мынадай құқық берілуі тиіс:
— әкелетін және шығарылатын тауарлара қойылатын кеден баж салығы мөлшерлемесінің көлемін
анықтау құқы, сондай-ақ оларға кіргізетін өзгерістер;
— мерзімдік кеден баж салығын анықтау құқы;
— жеке бастың қолданатын заттарына қойылатын кеден
баж салығы мөлшерлемесін өзгерту немесе алып тастау
құқығы;
- кеден одағына кіретін елдер арасына жинақтау, монтаждау, өңдеу, қайта өңдеуге жіберілген тауарларды кіргізуге кеден баж салығын салығын қайтару жағдайын анықтау құқығы;
- кеден одағына мүше елдерде шығарылмайтын немесе өте аз мөлшерде шығарылатын, сондай-ақ ғылыми техникалық прогрестің жетістіктерін қолдану арқылы сирек шығарылатын тауарларға кеден бажын қолданбау құқығы;
- Қазақстан, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасының жалпы кеден рыногын және біртұтас кеден аумағын қорғау мақсатында жалпы кеден тарифінің номенклатурасына өзгеріс енгізу құқығы;
- Кеден одағына мүше 3 елдің сыртқы экономикалық қызметін әр түрлі тиімді әдістермен реттеуді қолдану құқығы және осы елдер арасында максималды түсінісу мүмкіншілігін қамтамасыз ету.
Қазақстан қазіргі кезде дүниежүзілік сауда ұйымына босағасында тұр. Халықаралық бұл ұйымға мүше болу, біздің республикамызға әлемдік рынокқа кіруіне есік ашады және оның пайдалы жақтары бар, сонымен бірге жаңа дамып келе жатқан отандық өнімнің әлемдік рынокқа шығуына жаңа мүмкіндіктер береді. Бірақ әлемдік кеңістіктегі ғаламдық интеграциялық процестерді сөз еткенде, аймақтық байланыстарды ұмытпау керек.
Қазақстан Республикасының экономикалық тиімділігі төмендегі себептерге байланысты:
- ТМД елдері экономикасының ынтымақтастығы мен өзара бағыныштылығының жоғары көрінісі;
- Шаруашылық құрылымның артта қалуы;
- Әлемдік рынокта өнімдердің бәсекелесу мүмкіндігінің төмедігі;
- Рыноктың инфрақұрылымының нашар дамуы;
- Халықаралық өмір сүру деңгейінің төмендеуі т.б.
Сонымен, осындай жағымсыз фактордың болуы аймақтық интеграциялық дамудың қажеттілігі бар екенін, оның ішінде кеден одағы аумағындағы ынтымақтастықты тереңдету қажаттілігін көрсетті.
Кеден одағының мақсаты және принципі сыртқы сауданы тарифтік және бейтарифтік реттеу әдістері болып табылады, осыған байланысты кеден одағын құруда жаңа өзгерістер және жаңалытар енгізілуі керек:
- Тарифтік және бейтарифтік реттеу құралы болып біртұтас кеден тарифі жатады. Өңделген Конституциялық жоба бойынша барлық тауарларды 3 топқа бөлуді ұсынады. 1 топқа импорттық кеден баж салығы тура келетін шаралар; 2 топқа импорттық кеден баж салығы шамалы және шартты емес болып келетін тауарлар, бірақ өзара келісудің нәтижесінде бірдей мөлшерлеме қойылады; 3 топқа кеден одағына мүше елдердің айрықша немесе айырмашылығы бар өнімдері кіреді, бұл жағдайда протекционистік шараларды қолдану қажеттілігі туады.
- Кеден одағына мүше елдер арасындағы өзара саудада тарифтік және сандық шектеулер алынып тасталад.
- Тауарлар мен қызмет көрсетудің экпорты мен импорты
Бірдей тәртіп қабылдауды, мемлекеттік бақылауға және реттеуге жататын өнімдерді 4 топқа бөлуді ұсынады.
Кеден тарифтік реттеу коммиссиясының рөлін айта кету қажет, оның мақсаты кеден одағын дамыту және өркендету, сондай-ақ мүше елдердің кеден тарифтік, бейтарифтік реттеу мәселелерін қабылдауда бір шешімге келуін қамтамасыз ету.
Дегенмен, кеден одағы құрылуымен бірге, салық акциз саясатының жақындасуынан проблемалар туындайды, жанама салық жинауда айырмашылықтар бар екені көрнеді.
Айта кететін жағдай, кез-келген қауымдастық бірлігінде серіктестіктердің тең құқықтығының сақталуы болып табылады.Cондықтан әлде бір экономика жағынан өктем және ерекше жағдайда болса, онда кеден одағына мүше елдер сол елге бағыныштылыққа ұшырайды.
Қазіргі кезде Қазақстан кеден ісі өкілеттігін құру жұмысы жүріп жатыр. Бұлар халықаралық келісімдердің басқару және бақылау механизмдерінің іске асыру жұмыстарымен шұғылданады. Бүгінгі күнде келісім ауқымында “Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кеден ісін басқару бірлігі” екі елде де ашылады.[13]
Қазақстан Республикасының келесі қадамы кеден ісі өкілеттілігін Брюссельде ашу, бұл жерде дүниежүзілік сауда ұйымының штаб-пәтері орналасқан. Бұл сұрақты шешу мәселесі Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдастыққа кірудің жаңа сатысы болып табылады.
Соған қрамастан Орталық Азия одағының дамыуына бірнеше объективті себептер ықпал етеді. Олар кедендік территориялық еңбек бөлу нәтижесіндегі өзара бағыныштылық, шамамен экономиканың даму деңгейінің мәдени-тарихи дамуының ұқастығы, сонымен бірге сыртқы факторларға бірлесіп қарсы тұру күшінің бірігуі және т.б.
Сауда рыноктарының қызметін ұйымдастырудың осы ережесі (бұдан әрі- Ереже) Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан сауда рыноктарының қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайтын және «Аса маңызды азық- түлік тауарларының бағаларын тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 12-желтоқсандағы №1623 қаулысының 4-тармағына,»Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы «Қазақ КСР-ң » 1991 жылғы 5- маусымдағы Заңына, Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» 2007 жылғы 16 шілдедегі №433 -1,»Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» 2008 жылғы 7-маусымдағы №53, «Сертификаттау туралы» 2007 жылғы 16-шілдедегі №434-1 , «Халықтың санитарлық эпидемиологиялық саулығы туралы» 2005 жылғы 8-шілдедегі Заңдарына , «Өнім мен тауарлар сатуға және пайдалануға жарамсыз деп танылған жағдайда оларды жою немесе одан әрі қайта өңдеу тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы үкіметтік 2006 жылғы 29-желтоқсандағы №1891 қаулысына, «Азық-түлік рыноктарын орнықтыруға ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық гигиеналық талаптар» туралы 2002 жылғы 4-қыркүйектегі №4 . 01. 063. 02. санитарлық ережелер мен нормаларға жасалынған (бұдан әрі — СанЕмН) сәйкес әзірленген.
Осы Ереже сауда рыногының барлық субъектілеріне (рынок әкімшілігіне, сатушыларға рынокты басқа қызметкерлеріне) қолданылады.
- Осы Ережеде мынадай терминдер қолданылады: Сауда рыногы
(бұдан әрі -рынок)- жергілікті атқарушы органда айқындаған жер учаскесінде, іргелес аумақтан оқшау орналасқан, сауда жабдықтарымен, мұқаммалмен, сондай-ақ өлшемнің бақылау құралдарымен жарақтандырылған, сауда орындарын 10 күнге дейінгі мерзімге немесе жазбаша нысанда жалға алуға шарттар жасау немесе атқару практикасы болған кезде заңды немесе жеке тұлғалардың тауарларды сатуы (жұмыстарды орындау, қызмет көрсету) жүзеге асыруға арналған тұрақты немесе уақытша негізде жұмыс істейтін, аумаққа шаруашылық қызметін көрсету, басқару және күзет функциялары орталықтандырылған, оқшау мүліктік кешен. Рынок қызметі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Жабық рынок — тұрақты инженерлік коммуникациясы бар, жерге іргетаспен берук байланыстырылған күрделі ғимарат. Жабық рыноктағы сауда орындарының өздеріндегі тұрақты үлгілерді бөлімдермен (олардағы тауарларды алдын-ала сатуға дайындауды жүзеге асыратын) байланысы жоқ. Әдетте сатушылардың күнделікті ауысымына рұқсат беріледі, жабық рыноктардың сауда орындарындағы тауарлық запас бір жұмыс күнімен шектеледі.
Көтерме рынок — бұл әрі өткізу немесе өндірісте пайдалану мақсатында тауарларды топ-тобымен (үлкен санымен) сатып алу -сатуды жүзеге асыратын рынок. Бөлшек сауда — бұл қызмет көрсетуді және тұтынушылардың тікелей өздеріне, тұрмыстық және отбасылық пайдалануына арналған тұтыну мақсатындағы тауарларды даналап немесе бірнеше сандық мөлшерде сатып алу сатуды жүзеге асыратын рынок.
Сауда объектісі — бұл сауда қызметін жүзеге асыру үшін сауда қызметінің субъектілері пайдаланатын мүліктік кешен.[16]
Сауда қызметі (сауда) — бұл тауарларды сатып алу-сату, тауарларды сатуға дайындау процесінде қызмет көрсету және осы процеске ілеспе қызмет көрсетуді жеткізіп беруді және сақтауды жүзеге асыруға бағытталған жеке және заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің түрі.
Тауар — бұл азаматтық айналымның шығармаған, материалдық- заттай нысандағы өндірістік-экономикалық қызметтің кез-келген өнімі.
Дүкен — сауда жабдықтарымен, мұқаммалмен, сондай-ақ өлшеу приборларымен жарақтандырылған, сатып алушыларға тауарлар сатуға арналған және уәкілетті орган белгілеген нормалар бойынша сауда, қосалқы, әкімшілік-тұрмыстық үй-жайларымен , сондай-ақ тауарларды қабылдауға, сақтауға және сатуға дайындауға арналған үй-жайларымен қамтамасыз етілген күрделі тұрақты құрылыс немесе оның бір бөлігі. Дүңгіршек — бұл сауда жабдықтарымен, мұқаммалмен сондай-ақ өлшеу приборларымен жарақталған, рынок әкімшілігі арнайы бөлген жер учаскесінде орнатылған және тұтыну тауарларын бөлшектеп сатуға арналған күрделі емес жылжымалы құрылыс.
Шатыр — бұл оңай жиналып-құрылатын құрастырмалардан тұрғызылған, сөрелермен, мұқаммалмен сондай-ақ өлшеу приборларымен жарақтандырылған, сауда залы және тауарларды сатуға арналған үй-жайы жоқ, арнайы белгіленген жерде орнатылған, алаңында сауданың бір күндік тауар запасы орналастырылған құрылыс.
Сауда шығын рыногы (бұдан әрі — шағын рынок) — бұл сауда орындарының санын 25-тен аспайтын, тауарларды зауыттық орамада (ыдысты) даналап, сондай-ақ азық-түлік тауарлары үшін сақтау жағдайларын талап етпейтін тауарларды сатуға арналған рынок.
Рыноктағы сауда орны — сатушының (сатушылардың) тауарларды, сауда мұқаммалын орналастыру және сатуға арналған тауарлар запасын сақтау үшін сөрелермен жабдықталған жұмыс аймағы.
Сауда орны өткізілетін тауарлардың ассортименті есепке алына отырып, қажетті санитарлық-техникалық жағдайларға сәйкес болуы тиіс.
Сауда қызметінің субъектісі — бұл сауда қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға.
Рынок әкімшілігі — рынок қызметін тікелей басқару үшін рыноктың меншікті иесі (иегері) құрған басқару аппараты.
Рыноктың меншік иесі (иегері) — бұл Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әрекет ететін, сауда қызметін жүзеге асыру үшін сауда орындарын беру және басқа да қызметтерін көрсету мақсатында рыноктың мүліктерін иелену, пайдалану, билік ету құқығы бар заңды және/немесе жеке тұлға.
Сатушы — Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес дербес құқық субъектісі болып табылатын, өзінің сауда қызметін жүзеге асыру үшін, рынок қызметтерін пайдаланушы заңды және немесе жеке тұлға.
Сауда мұқаммалы — сауда қызметін жүзеге асыруға арналған заттар.
- Рыноктағы сауданы және қызмет көрсетуді арнайы
жабдықталған сауда қатарлары мен орындары, сондай-ақ рынок аумағында орналасқан дүкендер, дүңгіршектер, шатырлар желісі арқылы көтерме және бөлшек сауда түрінде заңды және/немесе жеке тұлғалар жүзеге асырады.
- Сауда рыноктарын жобалау, салу, қайта жаңарту өз қызметі
шенінде белгіленген тәртіппен тиісті органдармен келісілген жобалар бойынша қолданыстағы нормативтік кесіндерде көзделген талаптарға сәйкес жүргізіледі. Белгіленген тәртіппен іске қосу (қабылдау) кесімі рәсімделгенге дейін рынокты пайдалануға тыйым салынады.
- Тауарлық — салалық белгісі бойынша рынок аймағын
мамандыруды және аймақтандыруды, сондай-ақ рынокта жүзеге асырылатын мәмілелердің көлемі мен сипатына байланысты рыноктың үлгісін қолданыстағы нормативтерге сәйкес рынок әкімшілігі айқындайды.
- Рыноктар былайша жіктеледі: тауарлар мамандануы бойынша:
1)Азық-түлік тауарларын өткізу бойынша — азық-түліктік;
2) Өнеркәсіп тауарларын тұрмыстық техниканы және тағы басқаларды өткізу бойынша — азық-түліктік емес;
3) Тауарлардың жекелеген топтарын (автомобиль, мал және т.с.с) өткізу бойынша мамандандырылған;
4) Мамандандырылған сауда аймақтарында азық-түлікті және азық-түліктік емес тауарларды өткізу бойынша-әмбебап Мәмілелердің көлемі мен оларды жүзеге асыру тәсілдері бойынша:
- бөлшек;
- көтерме;
түрлері бойынша:
- жабық;
- жабық емес;
- аралас;
- Рыноктардың жұмыс режимін рыноктар әкімшілігі белгілейді.
- Рынок аумақтарын ұстауға, жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптар.
- Рынокты ұйымдастыру кезінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес
Санымен өртке қарсы ережелер, сәулет, құрылыс, ветеринарлық, экологиялық және басқа да талаптар міндетті түрде сақталуы тиіс.
- Рынок аумағында орналасқан құрылыстар, сондай-ақ
Тиісті бейіндегі (үлгілік) объектілері үшін белгіленген қауіпсіздік техникасы ережелеріне, ветеринарлық, санитарлық, өртке қарсы және басқада талаптарға жауап беруі тиіс.
- Рынок аумағындағы ғимараттар мен жабдықтардың орналасуы
тұтынушылардың сауда орындарына еркін келуін, өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын және апатты жағдайда немесе төтенше жағдайларда адамдар мен материалдық құндылықтарды шұғыл көшіру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
- Рыноктың санитарлық жай-күйі Мемсанэпидқадағалау
органдары мен мекемелері белгіленген талаптарға сәйкесболуы тиіс.
- Рынок аумағының көрнекі орындарына мынадай барлық
қажетті объектілеріне сауда қатарлары, анықтама бюросы, дертханалар, санитарлық желілері, бақылау таразылары, құқықтық тәртіпті қорғау органдарының бөлмелері және т.б-лары көрсетіле отырып, «Рынок жоспары» орналасады.
- Рынок аумағы сауда қатарларына (көкөніс, жеміс жидек, ет,
сүт, тұрмыстық тауарлар, киім, аяқ киім және т.б.),тамақтану орындарына, бақылау таразыларына, автобус аялдамаларына шығуға бағытталған сілтемелермен және т.б жарақаттандырылады.
Әрбір азық-түлік сауда залында өлшеуді бақылау құралдары орнатылады. Өлшеу құралдары Қазақстан Республикасының қолданыстағы Қорыта айтқанда кеден режимінің мәселесі тиімді қалыптастыру достастық ауқымда интеграциялық процесті жандандыру және дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мен әлемдік қауымдастыққа араласу мақсатында жүргізіледі.
Қазақстан халықаралық стандарттарға сәйкес кеден ісін жетілдіруге тырысады. Осыған байланысты республикада 2008-2010 жылдарға кеден қызметін жетілдіру концепциясы мен бағдарламасы қабылданды. Оларда мынадай үш аспектіге негізделіп принциптер қойылған:
- экономиканың тиімді дамуы үшін жағдайлар жасау;
- ұғаулы импорттан халықты қорғау, кеден органдрының құқық қорғау қызметі;
- бюджеттің кіріс бөлігін толықтыру;
Мұндағы басты мақсаттар мен міндеттер кеден қызметтерінің даму мен жетілуіне жәрдемдесу; кеден жүйелерінің сәйкетендіріуі мен үйлесімділігін қамтамасыз ету; бір жағынан халыаралық сауданы жеңілдетіге, басқа жағынан, халықтың әлеуметтік-экономикалық хал-ахуалын жақсартуға бағытталған бақылау мен фиаскалдық функцияларын тиімді атқару үшін жағдайлар жасаумен мағлұмдалады. Қазақстанда кеден ісінің дамуы кеден ұйымының талаптарға сәкестендірілуге тырысуынан байқауға болады. Бұны деректер мен бекітетін болсақ, ағымдағы жылдың 8 айы ішінде кеден қызметтері бюджетке 35,7 млрд.тенге жинады, бұл 14,4 млрд. Тенгеге өткен жылғы көрсеткіштерден көбірек. Валюталық бақылау бойынша жұмыс күшейді, бұл осы жылы 7,6 млрд. Тенгені сауда келісімшарттары бойыша шетелден валютаның қайтарылмауын қысқартуға мүмкіндік жасады. үш жылдық қабылданған бағдарлама шеңберінде реформалау мәселелеріне қатысты айтсақ, кеден комитетіне осы мақсаттар үшін бюджат жобасында келесі жылға 1600 млн. Теңге бөлу қарастырылған.
Енді кеден комитетінің жүктерді жөнелтуден бұрын инспециялауды енгізбекші болып жатқандығы туралы біраз айта кетейік. Бұны жүзеге асыру әлі толық анық емес, дегенімен кеденшілер осыған бейімделуде. Кеденшілер Қазақстанға әкелінетін тауарлардың нақты құнын тәуелсіз объективті бағалаудың пайда болуына мүдделі, себебі импортерлер көбінде төмендетіп береді. Бұл әрине, кеденшілерді субъективизм мен коррупицияланғандықта айыптау сілтеу жасамайды. Негізінде мемлекеттік бюджет ұтуы тиіс, себебі кеденшілердің өзінен шығатын бағалаулар бойынша, импорт құнын төмедетуден болған шығындар осы баптар бойынша 30-40%-ті құрайды. Алайда мемлекеттік құрылымдарда жүктерді жөнелтуден бұрын инспецияны енгізудің мүмкіндігіне қатысты ортақ пікір жоқ.
Кеденшілердің пікірінше, мұндай механизм экспортқа да жаралуы тиіс, бұл әрине, бизнесмендердің қарсылығын туғызады.
Кәсіпкерлердің пікірінше, жөнелтімнен бұрынғы инспекция олардың бизнесіне қосымша ауыртпалық түсіреді. Кеденшілер пікірі бойынша, ұсынылған шара халықаралық стандарттарға сәйкес. Ол кейбір Еуропалық пен Латынамерикалық елдерде енгізілген, ал ТМД-да ол тек Грузия мен Арменияда- “Белгілі коррупция денгейі” бар елдерде енгізілген.[11]
Осы жылдың қараша айында экпорттың бақылауға жатқызылған, Қазақстан өнімінің бақылау тізімінің күшіне енгендігі туралы айта кетейік. Бұл біршама көлемді құжатқа 1200- ден аса тауарлар атауы енгізілген. Экспорттық бақылауға жатқызылған қандай өнім десек, бұл Қазақстан Республикасының “Қару-жарақ, әскери техника, қосарлы пайдалалынатын өнімнің экспорттық бақылауы туралы” Заңында былайша тұжырымдалады: әскери техника, қосарлы пайдаланылатын өнім, ядролық пен арнайы ядролық емес материалдары, жабық, техникалық, ғылыми-техникалық ақпарат пен қызметтерді қоса алғанда, яғни жаппай зақымдау қаруы мен оны жеткізудің түрлі амалдарын жасау барысында қолданылатын немесе қолданылуы мүкін өнімдер.
Бұл бақылау халықаралық, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделері негізінде жүзеге асырылады.
Эскпорттық бақылауға жатқызылған өнімнің қысқаша анықтамасы мынадай: экспорттық бақылаудың халықаралық режимдеріне сәйкес және ұлттық мүдделерде бақыланылатын өнім. Бақылау тізімдері – экспортты, импортты, транзитті бақылау мен лицензиялауға жатқызылатын, тауарлар, қызметтер мен технологиялардың заң жүзінде рәсімделген тізімдері, бұл экспорттық бақылаудың басты нұсқаулығы болып табылады.
Экпорттық бақылаудың халықаралық режимдерімен бақыланатын тауарлар.
Ядролық жабдықтаушылар тобы (ГЯП) – ядролық материалдар, технологиялар, жабдық және т.б.
Австралиялық топ (АГ) – қосарлы падаланылатын химикаттар мен технологиялар, ауыру қоздырушылар және т.б.
Ракеталық технологияларды бақылау режимі – ракеталық қаруды жасау кезінде қолданылытын жабдық, материалдар мен технологиялар.
Вассенаар уағдаластықтары (ВД) – жай қару-жарақ пен әскери техника, шикізат және т.б.
Бірақ тізім артықшылықтарына қарамастан қолданушылар үшін біршама күрделі, онда 1266 атау бар және тауарды қосарлы кодтау кәсібі тәсілдемені қажетсінеді.
Әрине, жоғарыда аталған режимдермен бақыланатын соншама қомақты тауарлар тізімі толық көлемде республикада жүргізілмейді, бірақ бұл тауарларды бақылаудың қамтамасыз етілуіне қауіпсіздік шаралары ғана емес, сондай-ақ, саяси, экономикалық критерийлері себепші. Дегенмен, республикадағы экспорттық бақылау жүйесі заңдылықты және нормативтік базаның болуына қарамастан, жетілгеннен әлі алыс. Бақыланатын Қазақстандық тауарлар экспортымен байланысты бірқатар жайсыз оқиғалардың куәсі болдық. Өкінішке орай, экспортты нормативтік шеңберлеу біздің өніміміздің экспорты барысында пайда болуы мүмкін мәселелердің шешімі емес. Халықаралық талаптар мен республиканың ұлттық мүдделеріне сәйекес келетін, бүкіл бақылау организмінің өміршеңдігі қажет. Экспорттық ағымдарды кеңейту кез-келген мемлекеттің мүддесіне сай екендігі айқын, бірақ дегенмен де, жекеленген елдер мен бүкіл халықаралық қауымдастық мүдделері потенциялды қаупі бар тауаралар мен технологиялар экспортын шектеуді талап етеді. Осы қарама-қайшылықтарды шешу, еркін сауда принциптерін жақтау мен қауіпті экспортты шектеу қажеттілігі арасындағы оңтайлы тепе-теңдікті табу экспорттық бақылаудың ұлттық жүйесінің басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Кеден режимдерін жетілдіру үшін қазіргі қолданылып жүрген режим түрлерін дұрыс қолдануымыз керек. Осыған кедендік бақылау негізу мәселесіне көңіл бөлінуі тиіс. Тауар айналымының күшейтуіне жағдайлар туғызылады, яғни кедендік рәсімдеу арқылы енгізіледі.
Кеден режимдерін жетілдіру үшін мынадай шаралар қолданылуы тиіс.
- дер кезінде заңсыздыққа жол бермеу;
- рұқсат қағазы арқылы тауар және көлік құралдарын өткізу;
- кедендік бақылауды және кедендік рәсімдеуде одан әрі жандандыру;
- кеден саясатын енгізу;
- кеден төлемдері мен салықтардың өз уақытында төленуіне бақылауды күшейту;
- тарифтік емес шараларын жасау;
- экономиалық қауіпсіздік және экономикалық мүдделерді қамтамасыз ету;
- сыртқы экономикалық байланыстарды өмір талабына сәйкес өзара тиімді келіссөздер арқылы дамыту;
- белгілі бір ережеде көрсетілген шектен аспайтындай тауарларды өткізуге жеңілдік және кепілдік енгізу;
- валюталық бақылауды енгізу, яғни кез-келген елдің бір-бірінен кемітпейтін, аспайтын курсты белгілеу;
- әрбір елдің өздеріне жүктелген халықаралық міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз ету;
- кеден режимдері мүлтіксіз орындалуы тиіс;
- тағайындалған мерзім тұрақты орындалуы тиіс;
- өкілеттгі бар Банкінің тарапынан күш қолдануға жол берілмеуі керек;
- материалдық техникалық база құру;
- байланыс жүйелерімен құрылым құру;
- ішкі тұтынушы нарықты қорғау;
- экономикалық негізді қорғау;
- тыйым салынған заттарды әкелуге, әкетуге жол бермеу;
- тіркеуден өткізу;
- тауарларды өткізу тәртібі;
- кедендік бақлаудың орны мен уақытын белгілеу;
- кеден органдарының өзге органдармен өзара әрекет етуін бекіту;
- алынған нәтиже жөнінде мәлімет жинау;
- нарықта тауарларды еркін өтуіне жол бермеу;
- тарифтік және сандық шектеуді алу;
- ұлттық режимді орнату;
- балалас салық салуды қысқарту;
- жұмыс күшін шектеуден бас тарту;
- адамдырдың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету;
- валдық ішкі өнімді қысқарту;
- еркін тауар айырбас енгізу;
- бірыңғай сауда режимін орнату;
- жалпы кеден тарифтері мен тарифтік емес сыртқы сауданы реттеу шарасын енгізу;
- үшінші елде тауарлардың санкциаланбаған реэкспортына жол бермеу үшін қолайлы бақылау механизмін белгілеу;
- Екі жақты және көп жақты негізінде сауда және саудасыз операциялар бойынша төлемдік-есептік қатынасты жүзеге асыру;
- 3 елге қатысты сыртқы экономикалық байланыты бірыңғай реттелуін қолдану;
- шаруашылықтың экономикалық шартына жақын болу;
- өзара келісілген елдермен сыртқы экономикалық кедендік шекарасында бір қалыпты кедендік бақылауда жүзеге асыру;
- өзара бірлескен кеден статистикасын енгізудің жалпы тәртібін және ацизделінген тауарлардың кедендік рәсімделуін анықтау;
- импорттық ставканың жаңа түріне көшу;
- импорт шығарушы мен экспорт шығарушылардың мүдделерін қорғау;
Еркін сауда орталығын құру саудаға төтеп беретін факторларды жояды. Бұл бірте-бірте өзара кеден баждары мен тарифтік емес шектеулерді алып тастауға әкеп соқтырады. Бір жақты тәртіпте кеден баждарын немесе жаңа сауда барьерлерін көтеруге жол бермейді. Сондай-ақ мемлекетаралық әлеуметтік-саяси процестер реттелінуі тиіс.
Реимпорт тауарлары (ремонт) жөндеуден кейін жүзеге асырылады. Импорт шығаратын елде тауарлар қайта сатылмайлы.
Кеден режимдері сауданың, өнеркәсіптің және халықаралық тасымалдауды дамытуға бекітілген. Тасымалдау арқылы еліміздің экономикасын көтеру керек. Шығарылған тауарлар әр уақыт шығарылған аумақта еркін айналымға түсіп отырады.Сөйтіп аса қолайлы сауда режимінде ұсынылады. Реимпорт тауарлары экспорт режиміне сәйкес анықталынады.Кеден режимдерін ұйымдастыруды жетілдірудің көзі жедел орындалатын кедендік рәсімдеу және кедендік бақылау процедурасы болып табылады.
Кеден режимдерін жетілдіру жолында мынадай негізгі қағидаларды басшылыққа алу қажет.
- заңдылық;
- тиімділік;
- жедел;
- объективтілік;
- өз уақытылы;
- саясаи және әлеуметтік-экономикалық құрылымдық;
- нақтылық;
- жүйелік;
- объективтік ақиқат;
- құқықтар мен бостандықтардың қорғалуы;
Кеден режимдерін тек түрге бөіліп қоймай, оны іс-жүзінде жүзеге асырылуын қамтамасыз етуіміз керек.
Тауарлардың немесе көлік құралдарының тұғырнамасын реттейтін ережелер әрқашан әр кезде мүлтіксіз бұзылмай сақталуы тиіс. Өйткені атап өткен кез-келген түрінің өз тағайындалуы, қойылатын талабы, ерекшеліктері болады. Оларды әр ерекшелігіне қарай бөліп қарастырмаса, ол қиындыққа соқтырады.
Бүгінгі таңда Қазақстан елі өз тәуелсіздігін алған кезден бастап, әр қилы кеден режимдерін ұйымдастыру мәселелері кеңінен толғандырып келеді.
Оны болашаққа жетілдіру үшін әлі де болса үлкен жұмыс атқарылуы тиіс: Бірақ осы кезге дейін жеткен үлкен іс-тәжірибелеріміз оған дәлел бола алады. Қорыта келгенде жоғарыда айтылған негізгі қағидаларды қолға алынып, жетілдіру жолындағы мақсаттар орындалса, өз кезегінде Қазақстанның кеден режимдері ішкі және сыртқы экономиканы ұлғайтып, жетпеген жетістіктерін жан-жақты объективті түрде толығымен қалыптастырады, деп кәміл сенеміз.
3.2 Кеден режимдерін ұйымдастырудың әлемдік тәжірибесі
Қазіргі кездегі сыртқы сауданы реттеудің негізгі элементі кеден режимдері болып табылады.
Өнеркәсібі дамыған елдердің кедендік режимдері, әдетте, көп бағаналы болып келеді, бірдей тауар шығарушы елге байланысты түрлі баждар салынуы мүмкін. Ең жоғары баждардан тұратын жалпы тарифті мөлшерлемесінің бағанасы қолайлы жағдай режимін пайдаланбайтын мемлекеттерге таралады.
Қолайлы жағдай режимі халықаралық сауда келісімінде 3 мемлекет пайдаланатын өзара келісілген елдердің бір-біріне құықтар және жеңілдіктер беруін (яғни, баждар, салықтар, алымдарға қатысты) ұйғарылған келісім.
Келісімді баждар бағанасы (қолайлы жағдай режимі) бас тарифтер және сауда бойынша келісім шеңберінде көп жақты сауда келісімдері нәтижесінде қойылған баждардың төмен мөлшерінен жасалады.
Өнеркәсібі дамыған елдердің кедендік ұйымдастыру келісімдері баждар бағанасын және жеңілдік мөлшернемелер бағанасын қамтиды. Олар дамушы елдерге қатысты немесе қолайлы жағдай кеден режимін ұсыну келісімімен байланысты елдерге тиесілі әрекет етеді.
Алыну әдістерін пайдалану кезінде тауардың нақты бағасын білу мақсатымен тауарларды кедендік бағалау процесін жүзеге асыру қажет.
Кейбір әдісте алым-салым мөлшері өзгермейді.
Ол тауарлардың бағасын тез өзгертіп отырады. Сондай-ақ техникалық жағынан күрделі өнімдердің импортын реттеп отыруға өте ыңғайлы әдіс.
Өнеркәсібі дамыған елдердің, әсіресе Батыс елдерінің кеден режимінің ерекшелігі- тауарларды кодтау және талдау үйлесімділік жүйеге негізделеді. Үйлесімділік жүйенің пайда болуына көптеген себептер әсер етеді. Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы, көптеген жаңа тауарлардың пайда болуына және өзге де факторлар сыртқы саудада нақты жүйелі топтастыруды тудырады.Халықаралық сауда статистикалық мәліметтерін жинау, салыстыру және талдауды жеңілдету мақсатымен коммерциялық құжаттарды жүйелендіру шығындарды азайту, сыртқы сауда өнеркәсіптік және көліктік ұлттық статистиканың арасында жоғары байланысқа жету.[5]
Тауарларды сипаттау және кодтау үйлесімділік жүйелерінің негізгі элементтеріне үйлесімділік жүйе номинклатурасымен тауарларды классификациялаудың негізгі ережелері жатады.
Өндіруші ел болып тауар толығымен өндірілген немесе жеткілікті өңдеуден өткен ел болады. Мұнда өндіруші ел деп- елдер тобы, кедендік елдер одақтары, ел аумағы немесе бөлігі аталуы мүмкін.
Нақты бір тауар не елге қатысты жеткілікті өңдеу критерийлері көп айтылмаса, оны жалпы ереже қолданады. Оған сәйкес тауар жеткілікті өңдеуден өтті деп есептеледі.
Кейбір жағдайларда шетел өнімінің мөлшерден көп болып кеткенінде ұлттық экономикаға теріс әсер етуі мүмкін, сол кезде оған шек қойылады.
Сыртқы сауда айналымын реттеудің мұндай әдісі тәуекелді және ыңғайсыз болып келеді. Сондықтан кедендік баждар орнату тиімдірек.
Кедендік шекара арқылы алып өтуге рұқсат етілмеген немесе шектелген тауарлар және транспорттық құралдар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес иелеріне қайтарылады немесе кеден органдары арқылы конфискацияланып, соттың шешімімен мемлекет меншігіне ауысып аукционға шығарылып, сатылуы мүмкін.
Әлемде барлық тауарлық жүйелердің бірде біреуі классификациялық топтарды бірдей түсіндіретін түсініктермен қамтамасыз етілмеген, сондықтан ол үйлесімділік жүйенің жетістігі ғана емес, сонымен қатар өнеркәсібі дамыған елдерді кедендік баждар мөлшерлемелерін анықтауда қажетті шарт болып, табылады.
Кодтау жүйесі, тауарларды кодтау – нақты бір жүйемен анықталған ережелер бойынша топтастыру объектісін белгілі түрінде немесе белгілер тобы түрінде көрсетуге мүмкіншілік беретін техникалық әдіс. Топтастырудың кодтық жүйесі мәліметті ыңғайлы түрде жинауда, беруде және өңдеуде қолданылады, кодталған мәліметтерді ЭВМ–де өңдеуде ыңғайлау үшін де қолданылады.
Канаданың кедендік тарифі тауарларды сипаттау және кодтаудың үйлесімділік жүйесіне негізделген.
Қолайлы жағдай режимі – ТСБА (тарифтер мен сауда Бас ассоциациясы) (ТАГГ) мен дүниежүзілік сауда ұйымына мүше барлық елдерге және Канадамен екі жақты сауда келісімдері бар елдерге берілген.
Канадаға импортталатын тауарларға көбіне ең қолайлы режим тәртібі тарифтерінің мөлшерлемелері қолданылады. Канада кедендік бажын азайтуды және ТСБА шеңберіндегі келісімдермен анықталатын “бұл азайтуларды нақты деңгейлермен” байланыстыруды міндетіне алады. Мұндай келісімдер барысында Канада импортталатын тауарлардың үлкен бөлігіне қолайлы жағдай режимінің тарифтік мөлшерлерінің одан әрі азайтылуын жүргізу міндетін алуға дайын екендігін білдіреді. Бұл тариф бойынша тауарлардың көбі бажсыз есептеледі.
Ең дамыған үлкен жетістік құрамына енетін Канаданың сыртқы сауданың реттеудегі кеден тарифтік құралдарын пайдалану тәжірибесін қарастырып өту дұрыс болып көрінеді.
Канаданың кедендік тарифі тауарларды сипаттау және кодтаудың үйлесімділік жүйесіне негізделеді. Канадаға әкелетін тауарлардың барлығы қызметпен бақыланып отырады. Әкелінетін тауарлар импорты жазбаша түрде тіркелуі керек. Әдетте, кедендік баждар Канадаға тауар жеткізілгеннен кейін төленеді.Осы уақытта тауарларға салынатын кедендік баж мөлшері анықталады. Мұнда ең алдымен кодтау және үйлесімділік жүйенің сипатталуымен тауар позициясы анықталады, ал кейін- бұл тауарлар категориясына қолданылатын кедендік баждың мөлшерлемесі қойылады.
Аргентинаның сыртқы саудасын реттеу тәжірибесін де экспортты бақылау жүйесін қарастыру маңызды. Аргентинада ұлттық өндіріс тауарларын экспортын бақылауда шаралардың ең жиыны қолданылады. Мұнда экспорттық баждар кең қолданылады және олар тауардың түріне, өндірістік өңдеу дәрежесіне қарай сан алуан болып келеді. Ұлттық кедендік экспорттық номенклатураға енген тауарлар әдеттегі және әдеттегі емес болып экпорт тауарларына бөлінеді.
Аргентинаның сыртқы саудадағы мемлекеттік реттеу тәжірибесі ерекше көңіл бөлуді қажет етеді және басқа елдерді экспорттық қадағалауында қолдану мүмкіндігін алады.
Әдеттегі емес тауарлар экспортын ынталандыру үшін олардың өндірісін және экпортын несиелерді сақтандыру және салықтарды жартылай қайтару жеңілдік режим жүйесі арқылы қолданылады.
Шығыс Европа елдерінде кедендік тарифтерді қолдану ішкі және сыртқы себептерге байланысты экономикалық реформалар жүргізу ұлттық шаруашылық тиімділігін арттыру мақсатында экономикалық құралдарды пайдалануды кеңейту қажеттілігі туады.
Қолайлы жағдай жасау режимінің бағанасы бойынша баждар мөлшерлемелері максималдық мөлшерлемеден көп кіші, олар тарифтің сәйкес бағанасында көрсетіледі немесе оларды есептеу әдісі ерекше түрде анықталады.
Шет мемлекеттерден әкелінетін тауарларға, яғни болгар тауарларына қолайлы жағдай режимі қолданбайды, кеденде баж салығы 2 бағана негізінде есептеледі, екі рет ұлғаяды.[11]
Кедендік бақылауға Болгария мемлекетінің шекарасына әкелінген тауарлардың барлығы қаралады. Бақылау кедендік органың кедендік деларациясы арқылы жүзеге асады. Бұл стандартты декларация, яғни Еуропа одағына мүше елдері де қолданады. Кедендік декларациямен бірге инвойс-шоттың, әкелінген тауарларының ерекшелігін көлік құжаттарын, егер керек болса сақтандыру полюсін, тауарлардың сертификаттарын көрсетеді немесе тауарлық жеңілдік тарифімен қолданылса немесе тауарға рұқсат болса, онда арнайы экспорттық немесе импорттық режим қолданылады.
Сонымен қатар, Европа елдерінің кедендік реттелуі Батыс Европа елдерінің арасындағы сауда жолында кедендік барьерлер алынып тасталынған. Одан келіп 3,5 жыл ішінде Батыс Европа елдерінде біртіндеп кеден баждарының төмендеуі кезеңіне әкеліп тіркелді. Келіссөздерге қарай Европа одағында 2 реттен сыртқы тариф төмендетілді. Сөйтіп тариф ставкілері импорт тауарларының бағасынан 5-10% құралды. Сыртқы әлемде тауар айналымы 3 ретке көтерілді. Кеден барьерлерінің алынуы өзара Европа саудасында әрбір мемлекет өз алдына ерекшелік танытатын салық, субсидия, санитарлық нормалар мәселесі бойынша заңдар болуымен қамтамасыз етілді.
Кеден режимдерін бүкіл әлемдік тұрғыда құрудың бастапқы міндеттері:
— Экономикалық-әлеуметтік негізде әрекет ету;
— бүкіл қауымдастықты, тұрақтылықты мемлекет аралық өзара көмектесуді бекіту;
— нарықты дамыту болып табылады.
Европалық экономикалық Одақтың ғасырлардан келе жатқан тәжірибесін ала отырып, ішкі нарықты тереңінен кедендік режимдерді, (ережелерді) сақтай отырып ұлғайту қажет. Ол үшін өзге елге де және біздің елге де экономикалық және кедендік шығындар тудырмайтын, барлық елге ортақ режимді немесе ережені орнатуды басты мәселе ретінде қою керек. Сонымен қоса, әлемдік мемлекеттер арасында өзара міндеттемені бекіту жолымен:
— маңызды тауарларды өндіруде бір-бірімен бірлесіп атқаруға;
— бір-біріне жеңілдіктер ұсыну арқылы саудада білестікті кеңейту;
— ірі өндірістік кәсіпорындарды енгізуде бірлестіктің қамтамасыз етілуіне жан-жақты күш жұмсау керек.
Тек ұқыпты жүргізілген кеден саясаты және тиімді қолданылған кеден режимдері ғана мемлекеттің бірыңғай экономикалық және кедендік кеңістіктерін көрсетуге мүмкіндік туғызады.[9]
Бірыңғай экономикалық және кедендік кеңістік – кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарының тиісті кеден режимдеріне сәйкес өтіуіне тиісті құжаттарменен тексеруден өтіуін талап етеді.
Бүкіл әлемдік тәжірибеде толық көлемде сыртқы сауданың режимін жүргізу туралы өңделіп жасалынған. Сонымен қоса, келешекте бірыңғай кеден аумағын құру жоспарланған. Ол дегеніміз ішкі шекарадағы кедендік бақылау жүргізуді сыртқы шекараға ауыстыруды танытады.
Қорытынды
1991 жылы Қазақстан мемлекетінің тәуелсіз мемлекет ретінде өмір сүруінің 18 жылдығы атап өтілді. өткен 18 жыл ішінде мемлекетіміз өзін өмір сүруге қабілетті халықаралық мемлекеттер қауымдастығының жеке мүшесі, заңды субъектісі ретінде таныла білді. Осы мерзім ішінде Қазақстан мемлекеті жоспарлы экономикадан нарық экономикасына көшті, демократиялық мемлекет басқару жүйесін қалыптастырды. Мемлекеттік басқару органдары, соның ішінде кеден органдары, өте күрделі, әрі қарама-қайшылықты даму жолынан өтіп, әкімшілік биліктің, басқарудың өзіндік іс тәжірбиесін жинақтады.
Бұнын бәрі ҚР-ның Президенті Н.А Назарбаевтың “ қазақстан 2030” стратегиялық бағдарламасының мақсатты жүргізіліп келе жатқаның білдіреді. Ежелгі тарихи дәуірден осы кезенге дейін мемлекеттің басқару механизмімен кеден органдарының орны әсіресе белгілі бір мемлекеттің өзге көршілес алыс жақын мемлекеттер мен экономикалық, саяси, қарым – қатынастарына байланысты ерекшеленіп тұрады. Кеден органдары осы 18 жыл ішінде құрлымы көп өзгерістерге ұшырады. ҚР-да дербес кеден саяастын жүргізетін кеден органы 1991жылғы 12 желтоқсанында президент жарлығы бойынша құрылды. 1992 жылдың қараша айында Қаржы министірлігінің құрамындағы Бас кеден басқармасы болып қайта құрылды. Кеден органдары 21 ғасырға аяқ басқалы бері бірақ рет өзгеріске ұшырады. Кеден органдарының кәзіргі құрылымы Кедендік Бақылау Комитеті мемлекеттік мекеме деп аталады. Кеден органдары атқаратын қызметтері тауарлармен көлік құралдарын өткізу кезінде іске асыратын ( кедендік бақылау, режим тандау, кедендік төлемдер, және тағы басқалар ) шаралар кеден органдарының үздіксіз жұмыс атқару нәтижесінде реттеліп отырады. Әсіресе тауарлар мен көлік құралдарына кедендік режимдерді тағайындау және осы режимдерге оларды орналастыру өте жауапты іс сондықтан да оларды тандау кезінде білікті мамандардың жұмыс істеуі кеден органдары үшін жалпы орын алған мәселерді, сондай-ақ кеден ережелерінін бұзылуын болдырмау, керісінше олардың алдын алу болып табылады.
Біздін яғни болашақ кеден мамандарының міндеттері енді – енді қалыптасып келе жатқан кеден құқығы мен құрлымын жетілдіру. Яғни уақытпен бірге өзгеріп отыратын прогрестен қалмай, керісінше онымен бірге кеден саласында жанадан қалыптасуы мүмкін кедендік режимдерге орналастыру барыстарын барынша онайлату, тауарлар мен көлік құралдарының айналымын ұлғайту яғни жүріс тұрысын женілдету. Сонымен қатар кедендік режимдердің барлығы тауарлар мен көлік құралдарының жүріс тұрысын женілдетуді қарастырлылған.
Кеден режимдері және кеден ісі тек экономикалық қызмет ісінің құралы ғана емес, ол басқа елдерменен жаңа экономикалық және кедендік байланыстың реттеушісі болып табылады. Сондықтан кеден режимдерінің мәселелері мен оларды жетілдіру жолдары кедендік қатынастардың бүкіл әлемдік және шетелдерде орын алатын тәжірибені есепке алады. Бұл мәселені өз еліміздің тауар өндірушілеріміздің табысын қамтамасыз етуге және экономиканы дамытуға бағыттаймыз.
Өзге елдермен бірігіп тексеру арқылы, кеден шекрасы арқылы тауарларды өткізуді қамтамасыз ету және жекелеген түрде қарау тиіс. Тауарлар және өзге де мүлік кедендік жүк декларациясын ұсыну мен өткізілуі керек. Сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметті мемлекет реттеу шараларын қолдану арқылы қамтамасыз ету керек.
Кеден мекемесі өткізілетін тауарларды лицензия негізінде есепке алуы тиіс.
Мүлікті жіберу тәртібі жалпы ереже бойынша жүргізілуі тиіс.
Кеден режимдерін жетілдіруде мына қағидалар қолданылуы керек:
- мемлекеттің кеден шекарасы арқылы тауарлардың өтуін қамтамасыз ету;
- ұлттық және бүкіл адамзаттың құндылығына зиян келетін тауарлардың өткізілуіне тыйым салыну;
- тауарларды әкелу және әкетуге шектеу жасау мүмкіндігі;
- тауарларды өткізуші жеке немесе заңды тұлғалардың жауаптылығының болуы.
Мемлекттің ішкі және сыртқы саясат жағдайы нарықтық жүйеге өту кезінде жан-жақты сауда болуын қамтиды. Бұл нарыққа өту кезінде шекара арқылы өткізілетін тауарлардың сәйкесінше кеден режиміне сай тексерілуі қамтамасыз етіледі. Сөзсіз, елдер келіссөздер жүргізу арқылы сауда режимін қалыптастырумен ішкі экономиканы жүзеге асырады. Көптеген елдерде экономикалық өту кезінде құрылымдық реформалар күрделі мүмкін емес мәселені шешу үшін тарифті қорғалауды қажет тұтады. Бұл тарифтік емес шараларға, сондай-ақ қорғау шаралары мен субсидияға да қатысты. Біздің ел ашық түрде кеден режимінің міндетін орындау мәселелеріне тіркеледі, өйткені сыртқы сауда заңдары, статистикалық жүйе және мағұлматтар енді құрылу сатысында.
Сондықтан ең бастапқы еліміздің ұлттық экономика қалпын анықтап алуымыз керек. Содан соң барып кеден режимдерін ұйымдастыруға тоқталуымыз керек.
Қорыта келгенде кеден режимдерін ұйымдастырудың заңдылығын анықтап көрсете білуіміз қажет.
Тауарлар мен көлік құралдарының құқықтық, ұйымдық, технологиялық мәнісін тереңінен қарау керек.
Жалпы кедендік режимнің жасалуын, оған байланысты нормативтік-құқықтық базалардың қалыптасуын, кеден режимінің мәселесі бойынша бүкіл қауымдастықтың оны шешудегі үлесін қамтамасыз етілуін іске асыру керек. Дегенмен кеден режимдерінің алатын оры ерекше. Бүгінгі таңда бар балық кеден режимдерігің дамуы халықаралық тасымалдау, өз елімізде өнеркәсіп және саудныңөз деңгейінде өсуіне әсері бар.
Жүргізілген зерттеудің нәтижесінде келесідегі тұжырымдарды жасауға болады.
- Кеден режимдерін ұйымдастыру және жетілдіру жолдары нарықтық экономика жағдайында мемлекттің алдына қойған негізгі мақсаты болып табылады. Келешекте қолайлы немесе ыңғайлы кеден режимін қолдана отырып, тауарлар мен көлік құралдарын өткізудің негізгі көзіне айналыуына бағыт береді. Кеден режимін ұйымдастыру және жетілдір сауда саясатын шешуге,экономиканың дамуына, бәсекелестікті кеңейтуге және нарықты, тұтынушылар мен өнідушілерді қорғаудың жолы болып табылады.
- Кеден режимін ұйымдастырудың ерекщелігі мынадайға тән: оның тұрақтылығымен, құқықтар мен міндеттерінің тууы мен анықталады, сондай-ақ кеден заңдарының тәртібімен реттелетін құқықтық нормалардың жүйесімен анықталады.
- Әрбір өткізілетін тауарлар немесе көлік құралдары кеден ережелеріне сәйкес өткізілуі тиіс.
- Кеден режимдерін ұйымдастырылуы кедендер рәсімделумен байланысты болуы керек. Сонымен қоса, іc жүзінде жүзеге асырылуы тиіс.
- Бүкіләлемдік тәжірибеде кеден режимдерінің ұйымдастырылу негізі әр елде ұқсастығымен маңызды болып танылған.
- Кеден режимі тауарлардың тағайындалуына, кеден аумағы, кеден аумағынан тыс жерде болуы шартына қарай кеден шекарасы арқылы тауарларды өткізу тәртібі белгінеді. Содай-ақ белгілі бір шетке тауарларды қолдану, тауарларды өткізетін тұлғаның міндеттері мен құқықтарын белгілеу ережесін сақтау керек. Берілген нақты ереже бойынша өткізілетін тауарға қойылатын талап болуы тиіс.
Заңды тәртіпте кеден режимі тек:
а) белгілі бір процедураға сәйкес;
б) қоғамдық қажеттілік жағдайында;
в) заңды негізбен ұйымдастырылуы қажет;
Кеден режимдері дұрыс заңды ұйымдастырылуы үшін негізге қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс. Яғни, заңда көрсетілген кедендік төлемдер мен салықтар төленілуімен, тарифтік емес реттеу шараларын сақтау мен кедендік немесе валюталық бақылау жүргізілумен, кедендік рәсімделінуімен орындалу керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
- Қазақстан Республикасының Конституциясы. А., 1995:
- Қазақстан Республикасыны Кеден Кодексі ( ресми мәтін)
- Алибеков С.Т. Таможенное право Республики Казахстан. – Алматы: Кітап, 2006.
- Гребенщикова Л.В., Кубасова И.А., Сарсембаева М.А. Таможенное законодательство и международное таможенные конвенции.- А: “Дәнекер”, 1996 – 44 с.
- Положение о таможенном перевозчике – Азия. Экономика и жизнь, Алматы – 1995 №19 -№20
- Положение о порядке перемещения физическими лицами транспортных средств через таможенную границу Р.К. от 31 декабря 1996 г. – Казахстанская правда — Алматы – 1997. 11 января, — с.3.
- М.А. Сарсембаев «Таможненное право» А., 2000ж.
- Международное право. Словарь. М.: Наука, 1982-1986. ФомичевВ.И. Международная торговля — М.Инфра — М.
- Правовое регулирование ВЭД (внешне экономической деятельности) ч. 1-Алматы: Ғылым, 1995-с 26-27.
- Сарсембаев М.А. Международно-правовоые отношения государств Центральной Азми — Алматы: Ғылым, 1995-с 326- 330, 334.
- Шимитсофф. К. Экспорт: право и практика международной торговли. М.: «Юридическая литература», 1993.
- Петров Ю, Кудрявцева и практика таможенного регулирования (Пособие )- М.: ИПО, «Автор», 1994 -448с.
- Перевозка грузов через границу (ГТД) // Алматы: Дәнекер- 1993,с 101-111.
- Порядок таможенного контроля за ввозом иностранных товаров для переработке на таможенной территории Р.К. // Азия- экономика и жизнь. — Алматы: 1996,№31,32,33.
- Ю.В. Воробьев «Основы таможенного дела», М.,1995.
- Б.Т. Нурахметов. Таможенное дело в Р.К. (вопросы и ответы), Алматы.: «Жеті-жарғы», 2000г.
- Кеден ісін ұйымдастыру. Мадиярова Д.
- Кеден органдарының құқықтық мәртебесі: теориялық және практикалық мәселері. Жақашев.
- Основы таможенного дела. Под ред. В.Г Драганова, М.,»экономика», 1998г.
- Розенберг. М.Г. Международная купля-продажа товаров. — М.:Юр.лит, 1995 -288с.
- Укреплению Таможенного Союза мешает нестыковка интересов государств / Азия — экономика и жизнь. — Алматы, 1996.-№35 (55) — Август — с.
- Сарсембаев М.А. Единое экономическое пространстранство Казахстана, Кыргызстана и Узбекстана: место ироль частных предпринимателей в этом пространстве. — Алматы: Дәнекер,1996.
- Ишиков Ю.В. Формирвание интеграционногопрацесса в Западной Европе: тенденции противоречия. — М., 1999.
- А.Д. Еримов «Основы управлени и организации в таможенном дело», Санк — Петербуг 1999 г.
- Создана управление нешних свзей казахстанской таможни-Азия-Экономика и жизнь, 1995 17 (ноябрь) с.21.
- Д.М.Мадиярова, А.Е.Қалдыбаева, Ұ.А.Текенов, С.О.Есімбаева «Кеден ісін ұйымдастыру және басқару».Алматы, «Экономика», 2000ж.
- Авдокушин Е.Ф. Международные экономическое отношения.Москва, Информационно — внедренческий центр Маркетинг»1997г.
- Интеграция отдельных стран с переходной экономикой в международную торговую систему и ее последствия для их торговли с развивающимися странами / Доклад секретариата ЮНИКТАД на конференции ООН по торговле и развитию // UNCTAG/ІTC/TSB04.1998.
- Международные экономические отношения. Под ред. В.Б.Буглай, Н.Н. Ливенцева. Москва, «Финанси и статистика»1996 г.
- Нургалиева С. Сквозь тернии к интеграции. // Вестник Министерства государственных доходов Республики Казахстан. №6(9), июнь 2000 г.
- Основы внешне-экономических знаний. Под ред. И.П. Фоминского. М., 1998.
- Основы внешне-экономических знаний. Слоаврь. М., 1995.
- Таможенные склады: пособие для таможенных учреждений. А- 92;
- Козырин А.Н. Таможенные режимы — Статут Москва 2000 г.
Қосымша
Кеден режимдері
Кеден режимінің аталуы |
Кеден режимінің мазмұны |
Кеден режимдерінде тауарларды өткізудің негізгі шарттары және басқа да қойылған талаптар |
|
1 |
2 |
3 |
|
Реимпортталатын тауарлар |
Экспорттық кеден режиміне сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағымен өткізілген қазақстандық тауарлар барысында.Кеден режимі белгілі бір мерзімде салық, кедендік баж алынбайтын, сондай-ақ тауарларға экономикалық саясат шараларын қолданбастан қайта әкілінеді. |
Тауарлар: — экспорттық режимммен шығарылған бұрынғы ССР Одағы аумағымен 1991 жылдың 31-желтоқсанына дейін; Қазақстан Республикасының аумағымен 1992 жылдың 1-қаңтарында тауарлар шығарылған болуы тиіс; — әкету кезіне дейін: Қазақстандағы шығу тегін; ерікті айналымға шетелден шығу тегін, барлық кеден төлемдерін толық төлей отырып шығарылғанға дейін; Қазақстан аумағына |
|
|
|
Шығарылған кезінен бастап 10 жыл ішінде әкелінген туарлар болуы тиіс. — әкетер кезінде қандай жағдайда болса да сол күйінде тауарлар болуы тиіс. Сондай-ақ мына жағдайларды: сақтауға, көліктендіруге кеткен өзгерістерді қоспағанда. |
|
Кедендік Қойма |
Әкелінген тауарлар кедендік баж және салықтар (НДС және акциздер) алынбастан және тауарларға экономикалық шаралар қолданбастан кедендік бақылаудағы |
Кедендік қойма режимінде әкелуге және әкетуге тыйым салынған тауарларды және өзге де тауарларды қоспағанда кез-келген тауарлар өткізіледі. тауарлардың тізімін |
|
|
Кеден режиміне сәйкес шығару үшін тағайындалған тауарлар Қазақстан Республикасының кеден заңдарына көрсетілген ретте жеңілдік ұсыну мен кедендік бақылаумен сақталынады. |
Сақтауға жол берілмейді. Қару-жарақ, әскери технкиа, өндіріске қажетті арнайы өнімнің кешені, күшті әсері бар улы заттар, кәсіпорынның қалдықтары т.б. Кеден қоймасы тек осы режимде өткізілетін тауарларды сақтау үшін қолданылады. Кеден қоймасы, оның иесі кеден кеден органы кеден қоймасы режиміне өткізілмеген тауарларды сақтау үшін пайдалануы мүмкін. Тауарлар кеден қоймасына кеден органының өкілеттігі бар лауазымды тұлғалық қатысуы немесе рұқсатымен қойылады. Тауарларды осы режимде өткізу кезінде |
|
|
|
кедендік жүк декларациясы (ГТД) ұсынумен өткізіледі. |
|
Бажсыз сауда дүкені |
Бұл кеден режимінде тауарлар кеден аумағында ешқандай кедендік бажсыз, НДС, акциздер және тауарларға экономика саясатының шараларын қолданбастан кедендік бақылаумен іске асырылатын тауарлар. |
Тауарларда кедендік рәсімдеу өндірісінің орны болып тек дүкен қоймасы танылады. Егер де келген немесе тауарды апару орны болып уақытша сақтау қоймасы танылса, онда кедендік бақылау жолымен тауарларды апару ережелеріне сәйкес бажсыз сауда қоймасында тауарларды өткізу жатады.Бажсыз сауда дүкені қоймасына тауарларды өткізу кеден органының өкілеттігі бар лауазымды тұлғаның рұқсатымен немесе қатысуымен жүргізіледі. Осы режимде тауарларды өткізуге |
|
|
|
мына жағдайлар: -Қазақстан Республикасына әкелуге немесе әкетуге тыйым салынған тауарлар; — өзге мемлекеттік органының бақылауындағы тауарлар, егер де олардың рұқсаты болмаса; -өндірістік теникалық тағайындауға жататын тауралр және т.б. |
|
Кеденлік аумақта тауарлардың өңделуі |
Шетел тауарларын монтаждау, жинау, өңдеу,жөндеу оперцияларын жасау тауар өңдеуге әкелінген кезде кедендік төлемдер алынады,одан соң қайтарылады. |
Кеден органдарының келісімі болуы тиіс заңды және жеке тұлғалар келесі шарттарды орындауы керек: -әкелінген тауарлар өңдеу өнімдеріне үйлесімді болуы тиіс; -өңдеу өнімі экспортын немесе өндірістік қуаттардың пайдалануының |
|
|
|
Ыталандыру жолдарын алдын-ала қарасыру ; -кеден органдары белгіленген қайта өңдеу мерзімдері мен қайта өңделу өнімінің шығу мөлшеріне сәйкес болуы тиіс. |
|
Кедендік бақылау кезінде өнімдерді қайта өңделуі немесе орындалуы. |
Кедендік режимде шетел тауарлары белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының кедендік аумағында кеден баждары мен салықтарды алмастан, сондай-ақ тауарларға экономика саясатының шараларын қолданбастан кедендік бақлаумен өнімдерді қайта өңдеу үшін ерікті айналымға тауарларды |
Кеден органы бастығының жазбаша рұқсатымен Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінетін тауарларды мына төмендегідей шарттарды ескеріп бақылау жүргізу арқылы қайта өңдеу режимімен өткізуге жол беріледі. — қайта өңдеу бойынша операцияларды |
|
|
шығарумен немесе өзге кедендік режим кезінде өнімді қайта өңдеуге өткізумен байланысты режим. |
Тұлғалық статусы бар болуы; -операциялар кәсіпорынның кәдімгі технологиялық ісіне сәйкес қайта өңделуі. |
|
Кедендік аумақтан тыс жерде тауарлардың қайта өңделуі немесе орындалуы. |
Бұл кедендік режимде Қазақстандағы тауарлар экономика саясатының шараларын қолданбастан шығарылады және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде тауарларды қайта өңдеу мақсатында және ерікті айналымға шығару кезінде кеден бажы мен салықтардан толық немесе жартылай босатылуы үшін пайдаланылады |
Қайта өңдеудің классикалық тізбегі қолданылады. Кеденнің арнайы келісімі керек, сонтай-ақ өңделу мерзімі мен өңдеу өнімі белгіленуі тиіс. Кедендік төлемдер алынады, бітақ өңдеуден кейін қайтарылады. |
|
Уақытша Тауарларды әкелу және (шығару) |
Кедендік төлемнен жартылай немесе толық босатылады. Өзгеріссіз күйінде кейін қайтарылады. -Тауарлардың |
қайта әкелу және әкету жөніндегі міндеттемесін ұсыну кезінде тауарлар жіберіледі және кеден төлемдерін төлеу қамтамасыз етіледі. |
|
|
өзгермеген жағдайында және кеден белгілеген уақыт аралығында қайтару тиіс (2 жылдан аспайтын уақыт аралығында). |
Уақытша әкелінбейтін тауарлар; -ас өнімдері; -ішімдік; -темекі өнімдері; -өндірістаік қалдықтар; -квоталандырылған тауарлар және т.б. |
|
Еркін кеден шекарасы |
Кеден режимінде шетел тауарлары өткізіледі және аумақтық шекара немесе өткізілетін орында кеден баждарын және салықтарды төлеместен, сондай-ақ экономика саясатының |
Ерікті кеден шекарасы кеден режимінде аумақ Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі бойынша құрылады. |
|
|
шараларын қолданбастан тауарларды өткізеді, ал Қазақстандық экспортты кедендік режиміне сәйкес шығаруға пайдаланылатын импорттарда орналастырылады және қолданылады. |
|
|
Еркін қойма |
Кеден режиміне шетел тауарлары өткізіледі, қойылады және аумақтық шекара немесе өткізілетін орында кедендік бажсыз, салықсыз, содай-ақ |
Ерікті қойма кеден режимі әрекет ететін орын немесе қойма кеден органының лицензиясымен құрылады. Оның әрекет ету мерзімі 6 ай. Хаықаралық |
|
|
Тауарларға экономика саясатының шараларын қолданбай-ақ пайдаланылады, ал Қазақстандық тауарлар экпорты |
Бірлестіктің қазқстандық агенттігімен анықталады. |
|
|
Кедендік режиміне сәйкес пайдаланылатын импорттарда орналастырылады және пайдаланылады. |
|
|
Тауарлар реэкспорты
|
Кедендік режимінде шетел тауарлары Қазақстан Республикасы кеден аумағынан шығарылады немесе шетке шығарылуын лардың тәуелсіз немесе кедендік баж және салықтарды қайтарумен және заңға сәйкес экономика саясатының шараларын қолданбай-ақ тауарлар өткізіледі. Кеден органының шешімімен тауарлар реэкспортына жол беріледі. |
Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелу кезінде кеден баждары салықтар төленбейді және экономика саясатының шаралары қолданылмайды. Егер тауарлар реэкпорты үшін ерекшк тікелей тағайындалған тауарлар ретінде Қазақстан Республикасының кеден органына арызданса шара қолданылмайды. Фактілі әкету кеден декларациясы қабылданған күшінен бастап 6 |
|
|
Заңдар Үкімет актілері немесе халықаралық шаттар сондай-ақ өзге де өкілеттігі бар органдардың шешімімен анықталады. |
Осы мерзімде қолданбаса,онда кеден баждары, салықтар, орталық Банкінің белгілеген ставкісімен, осы банкіге кредит ұсынумен (процент) өсім ақы төленеді. |
|
Тауарларды жою |
Кеден режимінде кеден бақылау кезінде шетел тауарлары мен көлік құралдары пайдалануға келмесе, жойылады. Кедендік баждар, НДС, акциздер, өзге де салықтар төленьейді, сондай-ақ экономика саясатының шаралары қолданылмайды. Бұл режимде тауарларды қою кеден органдарының рұқсатымен шешіледі. |
Тауарларды және көлік құралдарын жою жеке шотының есебімен мүдделі адамдармен жүргізіледі. Жою режимі кіріс келтіру мақсатына қолданылмайды. Бұл режимде мыналар жойылады: -әкелінген шетел тауарлары және көлік құралдары; -транзит, кеден қоймасы, бажсыз сауда дүкені, кеден аумағында қайта өңдеу, уақытша әкелу, еріуті кеден шекарасы, |
|
|
Тауарларды және көлік құралдарын жою мемлекет үшін ешқандай шығын келтірмейді. |
Кеден қойма, реэкспорты, содай-ақ жіберілген тауарлар мен көлік құралдары режимдеріндегі шетел тауарлары мен көлік құралдары. |
|
Мемлекет пайдасына тауарлардан бас тарту. |
Кдендік режимде тұлға тауарлардан, көлік құралдарынан кедендік баж, НДС, акциздер немесе салықтар төлемейді.бұл міндет кеден органдарына жүктелген, сондай-ақ, экономика саясатының шаралары қолданылмайды. Бұл режимде таңдаған тұлға ұсынылған режимді кеден органының рұқсатын ағаннан кейін өзгертуге болмайды. |
Бұл режим ьойынша мыналар бас тартылады: -фактілі Қазақстан Рыспубликасының кеден шекарасы арқылы өткізілген, әкелінген тауарлар мен көлік құралдары; -Қазақстан Республикасына әкелінген тауарлар мен көлік құралдары және өзге кеден режиміне өткізілген; -кеден деларациясы берілген немесе |
|