АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Кеңестік тарихнамадағы ғұндар мәселесінің зерттелуі

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

 

Д.А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

  

ДИПЛОМДЫҚ    ЖҰМЫС

 

КЕҢЕСТІК ТАРИХНАМАДАҒЫ ҒҰНДАР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2009

МАЗМҰНЫ:

 

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………..5

 

І ТАРАУ. ҒҰН ТАЙПАЛЫҚ ОДАҒЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІНЕ ДЕЙІНГІ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ……………….9

     1.1. Ғұндар мен хұнндар проблемасы……………………………………………………9

     1.2. Ғұндардың шығу тегіне байланысты теориялар……………………………..11

ІІ ТАРАУ. КЕҢЕСТІК ТАРИХНАМАДАҒЫ ҒҰНДАР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ, НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ……………………………………………………………………………………….16

     2.1. Ғұн тарихы XVIII ғасырдағы орыс және шетел ғалымдары еңбектерінде………………………………………………………………………………………….16

     2.2. Ғұн тайпаларының – Л.Н. Гумилев еңбектеріндегі саяси тарихының қарастырылуы………………………………………………………………………………………..26

 

ІІІ ТАРАУ. ҒҰН ТАЙПАЛЫҚ ОДАҒЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫНДА ЗЕРТТЕЛУІ: ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, МАҢЫЗЫ……. 38

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………….47

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………………………..48

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Бітіру жұмысының маңыздылығы.  Қазақ халқы – этногенез жағынан алғанда, үш мың жылдан аса тарихы мен мәдениеті бар халық. Біз тарихқа VІ ғасырда «Түркі» деген атпен енсек те, алтайлықтар, сақтар,ғұндар сақтар,ғұндар мәдениетінің төл мұрагерлеріміз.

Ежелгі дәуірден тарихи тамыр алатын халқымыз ұлы тарихи оқиғалардың  ортасында әрі куәгері болған. Солай десек те, кеңестік тарихнамада 1917 жылғы қазан төңкерісіне дейін қазақ та, түрікмен де, қырғыз да, өзбек пен әзірбайжан да өз тарихында толық қанды мемлекет құра алмаған деп ұлтымызды дәстүрсіз, тамырсыз халық ретінде көрсетуге тырысты. Халқымыздың ежелгі тарихы өз бастауын біздің заманымыздан бұрынғы ІІІ ғасырдан ертедегі ғұндар империясының құрылу кезеңінен бастау алады. Бұл дәуір тарихы тек  бірыңғай археологиялық деректер  тарихы ғана емес көбінесе деректер негізіндегі тарих. Демек бұл кезең біздің рухани қазыналарымыз. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіндегі жаңа даму жолына түсу кезеңінде, тек саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірде ғана емес, қоғамның басқа салаларында жаңа бетбұрыс кезеңі басталады. Бұл өзгерістер үлкен реформалар қоғамдық сананы өзгертуде. Түбегейлі өзгерістер жолына түскен тәуелсіз елімізде халықтың өткен тарихына деген қызығушылық күшейіп отыр. Себебі ертеңгі күнге сеніммен аяқ басу үшін өткеннен тарихи тірек, сабақ іздеудеміз. Осы орайда қазақ халқының халық ретінде қалыптасу процесінің қайнар көзінде тұрған ежелгі тайпалар мен мемлекеттер тарихы аса қызығушылықтар туғызуда. Отанымыздың шыншыл да шынайы тарихын жазып шығу үшін қандай да болмасын бір идеялогиялық жасандылықтан таза, обьективті тарихи зерттеулер қажет. Осы тұрғыдан алғанда ғұн мемлекетінің зерттелу тарихнамасына зерттеу жүргізу өте актуальды мәселелердің бірі деп білеміз. Себебі ғұн тайпалық одағы  тарихын зерттеу ісі сонау ХVІІІ ғасырдан бастап қолға алынғандығымен, жан-жақты толық зерттеліп болды деуге әлі ертерек сияқты. Міне осыған байланысты да ғұндар тарихының зерттелу кезеңдері, әр кезеңнің жетістіктері мен кемшіліктері сараланып, талданып жатыр. Себебі жаңа әлеуметтік және саяси шындықтар  Қазақстан халықтарының сана-сезімін өзгертуде. Дүниеге, қоғамға, халықтың тарихына деген көзқарас өзгерген. Ұлттық сана сезім сонымен бірге ұлтымыздың шынайы тарихына  деген ықылас аса зор. Болып жатқан өзгерістерге өткенмен ұқсастық іздестіріліп, өткенімізді саралап жатырмыз. Сондықтан Отанымыздың тарихының таза көрінісін қалпына келтіру халықтың  тарихи зердесін қайта түлетудің негізі, азаматтылық пен елжандылыққа тәрбиелеудің тамаша факторы болып табылады. Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемлекеттік саясат жөніндегі ұлттық кеңес қабылдаған Қазақстан Республикасының  тарихи санасын қалыптастыру тұжырымдамасында атап өтілгендей, өткенді және қазіргіні ой елегінен өткізу қажеттілігі Қазақстанның оның халқының тарихи тағдырына талдау жасауды жандандырып, тереңдете түсуді де мейлінше талап етеді.

Бітіру жұмысының зерттелу негізі. Бітіру жұмысының өзі ғұн тайпалық одағының зерттелу тарихнамасына арналған. Сондықтан біз жұмысымызды тікелей ғұндар тарихына қатысты әртүрлі зерттеген зерттеушілердің еңбектерін талдауға арнаймыз. Осы ғұндар тайпалық одағының тарихына арналған еңбектер өз кезегінде олардың зерттелу деңгейіне тоқталып өтеді. Осындай еңбектердің бірі 1926 жылы жарық көрген К.А. Иностранцевтің еңбегін атап өтуге болады. Зерттеуші ғалым ХVІІІ ғасырдан бастап өзіне дейінгі кезеңдерде ғұн тарихына қажетті жарық көрген авторлардың еңбектерін талдап шығады. Ол әсіресе шетелдік авторлар, соның ішінде ХVІІІ ғасырдан бастап «хуннология»  мәселесімен айналыса бастаған француз миссионерлерінің еңбектерін тарихи сыннан өткізеді. Бұл еңбекте ХVІІІ ғасырда қытайда қызмет атқарған, қытай және маньчжур тілдерін тамаша білген Гобиль де Майя және т.б. авторлардың шығыстағы көшпелілер  туралы жинақтаған материалдарын пайдалана отырып, өзіміз шығыс халықтары туралы негізгі еңбегін жариялаған Сарбонна университетінің профессоры Денень ХVІІІ ғасырдағы француз мектебі бастаған істі жалғастырушы ХІХ ғасырдағы – Абель Ремюза, сондай-ақ Клапрот, европалық шығыстанушылардың көрнекті өкілдері Э. Шабанн, Паль Пелью, Алри Корбье, Ренс Груссе және тағы басқалар еңбектеріндегі ғұндар тарихына қатысты мәселелер тарихи сыннан өткізіледі. Автор бұл зерттеулердің көтерген мәселелерін, мысалы хуннулар мен ғұндардың айырмашылықтары олардың шығу тегі, шаруашылығы және тағы басқа тұжырымдамаларын талдай келе, өз қорытындыларын жасайды.

Ғұндар тарихының зерттелу тарихнамасына біршама көп көңіл бөлген ғалым Л.Н. Гумилев екендігі даусыз. Ғұндар тарихына қатысты іргелі еңбектердің авторы, белгілі ғалым Л.Н. Гумилев 1960 жылы жарық көрген еңбегінің кіріспе бөлімінде ғұндардың зерттелу тарихына тоқталады. Автор ғұндар тарихын зерттей бастаған қытай тарихнамасынан бастап, Хуннумологиялық екінші кезеңін, яғни жоғарыда айтып өткен  ХVІІІ ғасырдан басталатын европалық зерттеушілер мектебінің өкілдері мен ғұндар тарихын зерттеуде жетекші рөл атқарып келе жатқан орыс ғалымдарының еңбектерінің сипатына, мазмұнына қысқаша тоқталып өтеді. Автор ғұндар мәселесімен тікелей айналыспаса да өз зерттеулері барысында ғұн мәселесіне тоқталып өткен европалық авторлардың еңбектерін сынға алады.

Ғұндар тарихын зерттеуде зор үлес қосқан орыс ғалымдары, соның ішінде қытай тіліндегі барлық деректерді аударып, Орталық Азия тарихы бойынша іргелі еңбек қалдырған Н.Я. Бичурин, оның аудармаларын араб-парсы және грек-рим тарихнамасымен салыстыра отырып бүгінгі күнге дейін құндылығын сақтап отырған Қытай немесе Шығыс Түркістан еңбегінің авторы В.В. Григорьев сондай-ақ орыс саяхатшылары мен ғалымдарының еңбектеріне әділ бағалары берілген. Сондай-ақ Н.А. Аристов, Г.Е. Грум-Грижмайло, Иностранцевтің еңбектері де өз кезегінде аталып өтеді. Автор А.Н. Бернштамның «Ғұндар тарихы очерктері» еңбегін ғұндар тарихын зерттеудегі артқа жасалған қадам болды деп бағалайды.

Бүгінгі Қазақстандық ғалымдарымыздың ішінде ғұндар тарихымен айналысып жүрген, олардың зерттелу тарихнамасындағы ақтаңдақ мәселелерді көтеріп жүрген ғалымдардың ішінен белгілі тарихшы-ғалым Қ.Т. Жұмағұловты атауға болады. Ғалым ғұндар тарихының европалық кезеңіндегі мәселелерімен айналыса отырып, бүгінгі ғұндар тарихнамасындағы проблеманы былай деп атап көрсетеді. Орыс тілді әдебиетте, оның ішінде кеңес медивистикасында да Европадағы ғұндардың тарихи кейбір қысқаша шолулар болмаса тіпті зерттелмеген деп айтуға болады. Бұл жерде ғұндар қозғалысын Европалық мәдениетті жоюшылар қозғалысы ретінде сипаттаған бірқатар батыс европалық ықпалы болған болуы керек. Бұл кездейсоқтықта емес, өйткені бұл ғалымдар мәліметтері кейінгі антик және ерте ортағасырлық хронистердің еңбектерінен алды және ол мәліметтерді сыни електен өткізбей, жеткілікті талдамай, сондай-ақ басқа деректермен салыстырмай пайдаланған.

Ғұндардың зерттелу тарихнамасын көтерген еңбектерге жасаған шолуымызды қорытындылай келе былай деуге болады; Бір қарағанда ғұндар тарихы сонау ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін жан-жақты зерттелген сияқты. Ғұн тарихына қызығушылық білдірген кез-келген адам оларды алып өте беретіндей. Алайда мәселе мүлде басқада.

Бұл зерттеулер ғұндар тарихын жан-жақты зерделеп бере алды ма, әсіресе бүгінгі Қазақстандық тарих ғылымы бұл мәселе бойынша өз оқырмандарын қанағаттандыра ала ма? Осы сауалдарға жауаптар іздестіре отырып, біз ғұндар  тарихына қатысты мәселелер әлі де болса тереңірек зерттелуі қажет деп есептейміз.

Бітіру жұмысының деректік негізі: Ғұндар тарихының әр түрлі мәселелеріне қатысты мол деректер тобын қытай деректері құрайды. Себебі қытай авторлары сол кездегі Қазақстандағы жағдайды анағұрлым жақсырақ білетін еді. Сол кездегі қытай экспанциясының батысқа жылжуы Шығыс Түркістандағы Қазақстан мен Орта Азиядағы жағдайды дәл білу қажеттілігінен тудырды. Осы орайда халықтар мен тайпалардың мінез-құлқы мен әдет-ғұрпы, олардың өмір салты, саяси құрылысы мен соғыс оқиғалары туралы материалдар мақсатты түрде жиналды. Бұл ақпарат барлауды мақсат ететін емшілердің, саудагерлер мен миссионерлердің Орта Азия жеріне сапарларының нәтижесінде алынып, жеткізіліп отырды. Қазақстан халықтары, әсіресе ғұндар туралы алғашқы мәліметтер император У-ди ( б.з.д. 140-86 ж.ж.) облыстарында жіберген тұңғыш қытай елшілерінің жетекшісі Чжан Цзяннің жазбаларында сақталған. Ол «батысқа» б.з.д 138 және б.з.д.115 жылы екі рет саяхат жасаған. Бұл солардың мақсаты ғұндарға қарсы юэчжилермен және Жетісу үйсіндерімен  одақтасуға қол жеткізу еді. Чжан Цзянь өз миссиясы барысында бұлардың шаруашылығының жай-күйіне, олардың әскер санына, қару-жарақтарына ерекше назар аударып, сондай-ақ олардың әдет-ғұрыптарының, мінез-құлықтарының, киім-кешектерінің бәрін жазып алған.

Әулеттік тарихтар ішінен ғұндар туралы кң көлемді, әрі көлемді, әрі бағалы деректер Сыма-Цянның ( б.з.д. 145-86 ж.ж. ). Тарихи жазбалар («иницзи») деген тарихи еңбегінде, атап айтқанда өмір баян бөлімінің «сюнну туралы хикая» деген тарауында келтірілген. «Шицзиден» кейін «Ежелгі хан тарихы» (Цянь-Ханшу) келеді, оны негізінен б.з.д І ғасырда Баньгу жазып, оны оқымысты қарындасы Бань Чжао аяқтаған. Бань Гудың еңбегі ортодоксалдық конфуциалдық еңбектер қатарына жатады, ол тарихи шығармалардың жаңа жанрын – бір әулеттің басқару тарихын бастап берді. Қытай мен Орталық Азияның б.з.д. ІІ ғасырдан бастап жаңа заманға дейінгі тарихи мұрасы болып табылады. Бань Гудың шығармасындағы Сииюй Чжуань немесе Батыс өлке туралы хикая деген арнаулы тарауында ғұндардың иеліктері, соның ішінде ғұн билеушісі (шаньюы) Чжи чжидің солтүстік-батыс Тянь-Шаньдағы иеліктері туралы мәліметтер бар. Бұл еңбекте сондай-ақ қаңлылар мен үйсіндер туралы, жалпы бұлардың экономикалық және әскери жағжайы негізгі жолдар, олардың өзара қарым-қатынастары тағы басқа туралы мәліметтер жинақталған. Жалпы қытай деректеріне тән ерекшелік ол көрші халықтар тарихын баяндаудағы ұлы хандық шовинизм мен қытайлық центризм идеясы тұрғысынан баяндау, осы тұрғыдан көрсету болып табылады. Қытай деректері біршама сыңар жақ болғанына қарамастан, Қазақстан тарихы мен мәдениетін  зерттеуде ерекше құнды. Алайда қытай деректері ғұндар тарихының азиялық тарихына қатысты. Ал, европалық ғұндар тарихы жайлы мәліметтер туралы айтқанда  алғашқы орында Аммиан Марцеллин есімі тұр. Әрине оның сипаттамалары біржақты, соған қарамастан оның қытай деректерімен  сәйкес келетін мәліметтері өте құнды. Европадағы ғұндар тарихына қатысты деректер папа хаттары жылнамалар жазбалары тағы басқа құжаттарда сақталған. Бүгінгі таңда бұл деректерді іздеп тауып, аударып, ғылыми айналымға енгізу өте маңызды мәселе деп білеміз.

Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері;

Бітіру жұмысын жазу барысында біз ғұн тайпалық одағының зерттелу тарихнамасына тоқталып, оның кезеңдерін, әр кезеңдегі зерттеушілердің ғұндар тарихын зерттеудегі қосқан үлестерін осы еңбектерді талдай отырып, бүгінгі таңдағы ғұндар тарихына қатысты  зерттелмей келе жатқан мәселелерді анықтауды, мәселені меңгеруді алдымызға мақсат етіп қойдық.

Бітіру жұмысымызды кіріспе, қорытынды бөлімдермен қатар үш тарауға бөліп қарастырдық. Кіріспе бөлімінде тақырыптың өзектілігінің зерттелу деңгейі мен деректік негізін айқындауды мақсат-міндетімізге қойдық:

І тарауда ғұндар тарихының ХVІІІ ғасырдан бастап, ХХ ғасырдың басына дейінгі европа және орыс ғалымдарының еңбектеріндегі зерттелуі, ал еңбектердің сипаты, негізгі көтерген мәселелері мен авторлардың тұжырымдары сараланады.

ІІ тарауда кеңестік тарихнамадағы ғұндар тарихының зерттелу мәселелері сөз болады. Бұл тарауда белгілі зерттеушілер Таскин, А.Н. Бернштам, К.А. Иностранцев, Л.Н. Гумилев  тағы басқа ғалымдардың еңбектеріне шолу жасалады.

ІІІ тарауымызда тәуелсіздік алған кезеңнен бастап ғұндар мәселесімен айналыса бастаған зерттеушілердің еңбектерінің негізгі бағыттары, сипаттары, ерекшеліктері баяндалады.

Бітіру жұмысы кіріспе, қорытынды бөлімдермен қатар үш тараудан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

І ТАРАУ. ҒҰН ТАЙПАЛЫҚ ОДАҒЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІНЕ ДЕЙІНГІ ҒАЛЫМДАРДЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕ.

 

  • Ғұндар мен хұнндар проблемасы.

 

       Ертедегі Қазақстан тарихы тайпалық одақтар тарихымен байланысты екендігі белгілі. Қазақ халқының этногенез процесінде сақ, үйсін, ғұн, қаңлы және тағы басқа тайпалардың алар орны ерекше. Соның ішінде ерте тайпалық одақтың бірі – ғұн тарихы мәселесі — өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Ғұн тарихын зерттеу ХVІІІ ғасырдан бастау алады және бұлар негізінен орыс және шетелдік ғалымдар еңбектері. Ғұн тарихына байланысты туындайтын өзекті мәселелердің бірі – ғұндар мен хундар проблемасы. Егер хундар тарихы көптеген жағдайда Қытай тарихымен байланыстырылса, ғұн тарихы Европа тарихымен байланыстырылады, ал біреуінің екіншісімен қарым-қатынасы Орта Азия тарихына қатысты.

Сонымен қатар, көтерілетін келесі мәселе: ғұндардың шығу-тегін айыру. Ғылымда шығу-тегіне байланысты үш теория бар: моңғолдық, түркілік, және финдік. Ғұн тарихына байланысты алғашқы мәліметтерді ХVІІІ ғасырдағы ғалым-миссионерлер зерттеулерінен аламыз. Хунну деген атпен белгілі халықтың тарихы Қытайдың ертедегі тарихымен тығыз байланысты. Олай дейтініміз, хуннуларға байланысты айтылған мәліметтер Қытай тарихына қатысты деректерде көптеп кездеседі. Қытайға байланысты алғашқы деректер  миссионер иезуиттерге байланысты. Алғашқылары Қытайда жүріп, тілі мен жазуын үйреніп, жылнамалары мен басқа да шығармаларын жинап, аударумен айналысып жатқанда, басқалары, солардың жіберген материалдары негізінде  еңбектер жазып, елге таратып, сол арқылы европалықтарды  беймәлім тілмен таныстырып отырған. Атап айтсақ, Вербиест, Шаль, Жербильон және Дюсальд – шығыстану саласындағы ұмтылмайтын тұлғалар.

Қытай тарихын зерттей отырып, олар еңбектерінде хунндар мәселесін де көтерген. Бұдан көретініміз, әлі де болса хун тарихына арнайы көңлдің бөлінбегендігі. Олардың ойынша,  хунндар ғұндар болған. Ешқандай дәлел келтірмесе де, оны ат ұқсастығына сәйкестендіреді. Мысалы Гобиль:   « Эти Хунну беспорно те, которых европейская история называет гунноми».

Осындай пікірді негізге алған француз коллегиясы профессоры Дегинь халықтардың Шығыстан Батысқа, Азиядан Европаға қоныс аударудың тарихи жағын қарастыруға тырысады және Қытай мәліметтерін Европа мәліметтерімен біріктіріп қарастырады. Дегиньнің халықтардың бірігуіне байланысты айтқан  пікірлері бүгінде мойындалуда. Бірақ Дегинь ХVІІІ ғасырда өмір сүргендіктен бұл мәселені тереңдете қарастыруға мүмкіндігі болмаған. Себебі, ХVІІІ ғасыр білім-білімнің толыққанды қалыптаспаған кезі. Ал бұл кезде тіл мен ғылым, этнография, этнология әлі ғылым ретінде қалыптаспаған болатын.

Орта Азия халқын сыныптау негізі етіп, олардың этнографиялық ерекшелігі емес, саяси бөліністі алады. Осыған сәйкес, Дегиньде түріктер мен моңғолдар арасында айырмашылық белгіленбей, барлығы татарлар деген атқа ие болған. Оның пікірінше, алғашқылары қытай жылнамаларындағы шығыс варварларымен, кейінгілері батыспен байланысты.

  Бұл жерде Дегинь таза географиялық ерекшелікке негізделген болу керек. Ол « Римские историки знали их (т.е. западских татар) под именем гуннов и рассказали много басен о происхождений этого народа, не говаря отаи, откуда он пришел. В Татарий они назывались Хун-ну и основали большое искусство, которое было разрушено китайдами. Тогда они рассеялись. Одни пошли на Запад и – последствий вступили В Римскую империю. Все знают нашествие знаменитого Атиллы. Другие остались на границах Китая и были разбиты только татарами Ху-жень. Некоторые поселились в Китае, где образовали много государств» — дей келе ғұн деп аталуын Рим тарихшыларының сөзіне негіздейді және олардың қоныс аударудан кейінгі бөлінісін көрсетуге тырысады.

Дегенмен қай халықтың болмасын шығу-тегін қарастыруда бір саяси тарихпен шектелуге болмайды. Дегинь еңбегінде этнографиялық ерекшеліктер айтылғанымен де, ол хуннулардың түріктермен де, моңғолдармен де байланыстылығын мойындайды. Мысалы, оның « Гунни в последствий носили имя турок», « Гунни татарий происходили отдревних хунну», — сияқты ой-пікірлері дәлел бола алады.

Автордың мәселені саяси тұрғыдан қарастырғанын білгеннен кейін оның моңғолдық, түркілік, финдік теорияларының ешқайсысын жақтамағандығы белгілі. Соған қарамастан, біраз авторлар, Дегиньде хуннулардың моңғолдық теориясының негізін салушы ретінде қараған. Себебі, моңғол тарихына қатысты пікірлері негізге алынған. Қорыта айтқанда, Дегиньнің пікірінше, біріншісін Хуннулар көшпелі мемлекет болған, олардан кейін түріктер мен моңғолдар шыққан, екіншіден, Атилла ғұндары – хунн мемлекеті тұрғындарының ұрпақтарфы екендігін көреміз.

Келесі автор, француз ғалымы Каен. Ол өзінің Хуннулардың шығу-тегіне байланысты пікірлерін Пависса мен Рамбонның редакциялауымен шыққан жалпы тарихтың, екінші томының ХVІ тарауында білдіреді. Онда автор: «Древнее имя, которое Китайцы давали тюрков, было Хун-ну. Это слово не имеет ни этнтческого, не национального характера: она ни турецкое, ни монголское, а китайское и очен древнее»  — деп сөздің шығу төркіні туралы өз ойын білдіреді.

Ал, Хундардың ғұндарға қатысын автор төмендегідей түсіндіреді: « Когда искали происхождение гуннов, т.е. того народа который пришел в Европу под предводительством Атиллы, тратили по пусту время, чтобы доказать, что эти варвары были или не было то же самое, что Хунну, о которых говорят китайцы ; это напрасный спор и поиски за решением задачи, которая не имеет решения. Мы можем сказать наверно, что все турки были Хун-ну, но мы не можем сказать, чтобы все Хунну были турки. Если давать Хун-ну общий смысл, который давали этому имени китайцы до ІІ века, то Гунны были Хунну, как турки, монголы и маньчжуры, но среди Монголов Чингиз-хана».[1] Каен Хуннулардың шығуына байланысты пікірін осылайша білдіреді.

Қорыта айтқанда миссионерлер материалдары негізінде жасалынған тұжырымдарды тек саяси тұрғыдан ғана қарастырғандығын көреміз. Осыған орай, олардың басқа, яғни этнографиялық, территориялық жағы қарастырылмаған. Дегинь болса, моңғол тарихына байланысты ой білдіргенімен, Хуннулар мен ғұндарды моңғолдық деп мойындамайды, ал Каен этнографиялық мәселелерді шешуде саяси сыныптаудың тұрақсыздығын көреміз.

 

1.2. Ғұндардың шығу тегіне байланысты теориялар.

 

Хуннулар мен ғұндардың шығуына байланысты қалыптасқан алғашқы теория – моңғолдық теория болды. Бұл теорияға байланысты көзқарастар екіге бөлінеді:  Біреулері ғұн мәселесін, оларды моңғолдар деп қарастыру тұрғысынан шешуге тырысса, екіншілері ғұн мәселесіне тиіспей, тек хуннулармен айналысқан.

Дегиннен кейін ғұндардың шығу тарихына байланысты пікірді Паллас  — айтқан. Ол Қытайлық хуннулар мәселесіне тиіспей, тек европалық ғұн мәселесін көтерген. Оның еңбегі «путешествие по разным провинциям Российской империи » екі бөлімнен тұрады және моңғол топтарының тұрмысы мен тарихына арналған. Бірінші бөлімнің бас жағында  Паллас моңғолдардың ежелгі тарихын береді. Осы жерде ғасырда Батыс Европадағы үрей тудырған ғұндардың шығу-тегін жанап өтеді. Онда: « Оюоты, именно та ветв монгольского народа, которая известна в Западной Азий и европе под именем Халмыков. По древнейшим сказаниям этого народа задано до Чингизхана самая большая и могущественная часть его совершила поход в Малую Азию и исчезла там до Кавказа. Очень можеть быть, что это сказание говорит о древних гуннах, безобразие и отсутствие бороды у которых, описанные у Алемина Марцелина, равно как и указываемые их древние местоприбывания на севере от Китая, не могут относиться ни к какому другому народу. В Восточной Азии, кроме как монголами, их братыями…» [2] —  , Палластың ғұндар туралы бар айтқаны осы. Тікелей ғұн тарихына байланысты болмаса да, оның еңбекте түйген пікірі түркілік теорияны нақтылаушылар жағынан сынға алынды.

Осы тұста ғұндар туралы Гунман мен Энгель жазған. Бірақ олар тек саяси тарихын ғана қамтығандықтан, онда ғұндардың шығуы туралы айтылмаған. Ал шығу-тегі туралы мәселе көтерген келесі автор Пергман. Оның 1804 жылы Ригада жарық көрген еңбегі [3] —  халмыктардың дініне, тарихына, этнографиясына байланысты хаттардан тұрады. Ал бізге қатысты мәселе он төртінші хатта (14) берілген. Онда Паллас секілді ғұндардың шығу проблемасын ғана қарастырады және Палласта моңғолдық теорияның негізін салушы деп баға береді.

Ол:     « Г. Паллас насколько я знаю, впервые выставил астроумную гипотезу, что древние Гунны, которые наводками значительную часть Европы, были монгольские народы. Наружнось Гуннов6 равно как и предание о бывшем действительно движений калмыкских орд на Запад6 побудили к этой гипотезе знаменитых авторов»  —   — деп өз ойын білдіреді. Одан ары Бергман ғұндар туралы Алемин Марцелина, Проколи мен Приск деректеріне сүйенеді. Оның ойынша, калмыктар мен ғұндар арасында ұқсастық көп. Мысалы, олардың күнделікті іс-қимылдары, атап айтсақ, ғұндардың адам етіне әуестігі, ал калмыктар оны тек жауларын қорқыту үшін ғана пайдаланған. Бергманның осы секілді пікірлерін Абель Ремюза атты автор да сынға алады. Ол:   « Прежде чем принять это мнение мне кажется необходимым расследовать, как называються Малая Азия и Кавказ монгольских книгах, которые могли быть написаны самое раннее, при Чингиз хане через много столетий после экспедиций».Ол өзінің күдігін, әлі де болса тақырыптың зерттеле түсу керектігімен түсіндіреді.

Сонымен, Бергманға келсек, оның ғұндар мен калмыктардың ұқсастығы туралы айтқан пікірлері қате: Себебі кейбір ұсақ-түйек бұрмалаушылыққа сүйеніп екеуін бір халық деп атау дұрыс емес. Кейінірек, ғұндар мен моңғолдар ұқсастығына байланысты пікірлер көп айтылған. Мысалы, Клапрот оларды физикалық жағынан жақындатады.

Паллас пен Бергман гипотезасын қарастыру барысында, біз олардың келтірген негіздерінің әлсіз екендігін және болашақта моңғолдық теорияны жақтауда екі автор еңбегіне емес, нақты фактілерге сүйену қажет екендігіне көз жеткіздік.

Келесі автор, француз тарихшысы Амедей Тьерри біршама бөлек, бірақ ұқсастықтары бар көзқарас ұсынады. Ол шығу-тегі туралы тек өзінің пікірін білдіреді.   «На востоке имя финнов исчезло, уступив место названием союзов, которые, образовывшись около Урала, воздействовали то на Европу, то на Азию, еще на последнюю. Самым знаменитым в этих союзов был кажется, союз гуннов который покрывал своими ордами оба склона Уральского хребта и долину Волги. Одан ары Птоламей мен Дионисей мәліметтеріне сүйеніп, ғұндардың ішкі құрылысы туралы ойларын білдіреді. Олар екі, одан да көп топқа бөлгендігін, шығыс және каспийліктер-ақ, ал батыстықтар – қара ғұн деп аталғандығын келтіреді. [4]

Моңғолдық теорияны  жақтаушы алғашқы таптық пікірлері нақты фактілерге негізделмеген, сондықтан да олардың ғылыми мәні жоқ десек қателеспейміз.

Келесі таптық пікіріне келсек, хуннулардың моңғолдық теориясын жақтаушылардың бірі – ірі моңғолтанушы Шмидт. Оның еңбегі Орта Азия тарихының әртүрлі мәселелерін қамтиды. Соның ішінде, хуннулар мен ғұндарға отызға жуық беті арналған. Ориенталист бола тұра, Шлидт Дегинь шығармасын көңіл бөле отырып, өз еңбегін оны сынаудан бастайды. Шмидтің пікірінше, Дегиньнің ең үлкен кемшілігі моңғол тілін білмеуі. Өз сөзіне сүйенсек: «У Дегина монголы являются турецкой ордой» деп қателігін көрсетеді. Шмидт мұндай қателесудің себебін Ту-гю сөзімен байланыстырады, яғни ту-гю сөзінің түрік деген мағына беруі. Оның ойынша: «Ту-гю были турки, более ранние Хунну тоже турки, и позднейшие Монголы – турецкая орда»[5] .Шмидт ту-гю де Хунну де түркілер емес, таза моңғолдар болған.

Көрнекті қытайтанушы (синола)Иаканод Бюгукин пікірі Шмидт пікірімен тұстас болған. Ол алғаш рет  бұл туралы 1828 жылы Санкт-Петербургте жарық көрген «Записка о Монголий» атты еңбегінде, одан кейін «Сбораний сведений о народах, обитавших в Средней Азий в древние времена» атты еңбегінде жазған. Көптеген қытай тіліндегі жылнамаларды аударумен айналысқан. Бүгінгі таңда Бичурин еңбектері қайта басылып шығып, еліміз тарихын зерттеуде көптеген құнды мәліметтер береді. Ал енді, еңбектеріне тоқталсақ, «Записки о монголах» атты еңбегі төрт бөлімге бөлінген.  1. Автордың Пекиннен орыс шекарасына дейінгі жолы. 2. Моңғолияның географиялық және статистикалық сипаты. 3. Тарихи мәліметтер жинағы (қытай жылнамалары негізінде). 4. Қытайлардың Моңғолияны билеу жылдары сөз болады. Біз қарастырып отырған мәселе, әрине, бірінші тарауда Синелог және солтүстік-шығыс, Азия тарихшысы ретінде Бичурин тек Хунну тарихын ғана қарастырған. Ол:  «Более чем за двадцать веков до н.э. считался монгольский народ до своими стадами по пустыням, сопредельным северному Китаю», — дей келе, Орта Азия халықтарының құрамы өзгермегендігіне тоқталады. Тағы бір сөзін бөлетін нәрсе, Иакинаф бойынша, хуннулар христос туғаннан 15 жылы Қытай императоры Ван Маннан өз аттарын Гуннуға өзгерту туралы ұсыныс алған. «Хунну по китайский Хун-ну или Сюн-ну, значит: злой раб, а гунну значит: почтительный раб. Итак хунну с 13 г. По Р.Х. начали называться гуннами» — [6]  деп аталуына байланысты өз ойын білдіреді. Иаканаф ойынша: екіге бөлінген ғұндарды бір бөлігі жаңа жеңімпаздарға, ал екінші, алдымен оңтүстік хуннулармен бірге Ұлы Қорғанның оңтүстік жағына қоныс тепсе, кейін ол жерден кетіп Урумча, Тарбағатай, Шығыс Түркістанға қоныс тепкеннен кейін қытайлар шабуылына душар болды. «После сего северные Гунны действовали слабо и наконец мало по малу и самое имя их исчезло. Несмотря на некоторые поколения Гуннов долго еще существовали в Тарбагатае под другими именами и в последствий усилились известным по своим военным подвигом»  — деп келтіреді Иакинаф.

         Осылайша Иакинаф Хуннулар мен ғұндардың моңғолдық теориясына жатпағандығын көреміз. Ал, екінші еңбегінде Иакинаф моңғолдардың Қытайлармен көрші тұрғандығын атап өтеді. Онда: «Монголы с незапамятных времен смешанно жили с китайцами на северных пределах Китая…, Хунь-юй, Хань-юнь, и хунну суть три разные названия одному и тому же народу, известному ныне под названием Монголов; Почти за двадцать столетий до Р.Х. Монголы и Гунгузы в китайской истории представляются как два самобытные народа. Одни тюрки6 по причине отдаленности несколько позже ознакомились с жителями Срединного государства» — делінеді. [8] Сонымен қатар, бұл еңбекті Хунну атына байланысты: «Китайцы, при голосовом переложений сего слова на свой язык, употребили две буквы: хун – злой и ну – невольник. Но монгольское слово Хунну есть собственное имя и значение китайских букв не имее» — дей келе, алғашқы манью Мо-де атын, моңғолдың «модо» — орман деген сөзімен байланыстырады. Хуннудың ғұн болып өзгеруіне байланысты былай дейді: «Здесь изменено не подлинное народное название Монголов, в голосовое переложения названия на китайский язык».

         Қорыта айтқанда ғұндардың моңғолдық теориясы көптеген ғалымдар пікірлерінде орын алғанына қарамастан, аса қатты сынды көтере алмайтындығын көреміз. Себебі, ғалымдардың көбі олардың моңғолдармен байланыстылығын, нақты мәліметтермен негіздей алмауында. Біршама бағасын алған пікірлер  Иакинаф Тьерри пікірлері болса, Коуорс монғолдық теорияны  жандандырушы ретінде танымал. Уақыты жағынан монғондық теориядан кейінгі келесі теория хундар мен ғұндарды бір бірінен айыратын, яғни хұндарды түркілерге, ғұндарды финдерге жатқызған теория. Алғаш ғылымға енгізіп таратқан Клапротт боллды. Егер монғолдық теория уақыт өте қалыптасса, түркілік немесе финдік теориялар бірден қалыптсһасқан болатын. Клапроттан бұрын түркілік теорияны алғаш  Абель релюза  көтерген болатын. Ол монғолдар туралы айта келе, олардың Хунуларға қатысын былайша сипаттайды: « Монголы наверно часта  входили, по крайней  мере в качестве вассалов или подданых, в состав тех  стршных  союзов, которые  образовывались к северу от Китая  и угрожали  целой Азий, под именем Хат-хэ, Гу-гю, Хуань гуань, а в еще более древнее время Хунну, Хань-юнь и др.» [9]  — деп, моңғолдар туралы ежелгі мәліметтерді жинай  отырып, хуннулар екіге бөлінген дейді. Оның ойынша, солтүстік хуннулар – түркілер, оңтүстік хуннулар – моңғолдар.

Сонымен қатар, ол Хуннулар туралы түркі халықтарына арналған тарауда да қарастырады:  «Если вероятно, что империя Хунну, рассматриваемая на всем ее большом протяжений, заключала в себе многие тунгузские, монгольские, Сибирские, готские и может быть финские племена, тем не менее, можно сказать наверно, что главное ядро и господствующих народ были Турки». 

         Осының бәрінен біз Релюза Хуннулардың шығу-тегіне көңіл бөліп, олардың ұрпақтарын түріктер деп санағандығын көреміз.

         Автор Клапрот Хунндардың шығуын, қозғалуына байланысты өз пікірін білдіреді. Мысалы Солтүстік Хуннулардың Батысқа жылжуын Орта Азиялық халықтардың  қоныс аударуына түрткі болды дейді. Олар босатқан территорияларда, Амур мен Селенга арасында және Алтай таулары аймағында моңғол және тунгус тайпалары келіп орын тепті. Хуннулардың осы бөлігінен, яғни солтүстікке кеткен бөлігінен нәтижесінде Гу-гюлар шықты. Клапрот өз ойынша: «Финны были германизованы, так восточные отуречены». [10]  Клапрот өзінің «Tableaux historigues de I Asie ( Paris, 1826)» атты еңбегінде тарихи және этнографиялық түсініктеме береді. Солтүстік Хуннулардың 91-92 ж.ж. Батысқа көшуін мойындай тұра, былай дейді: «остатки северных Хунну перешли в своем бегстве в Цзиньвэй и направились на Запад к Кан-гюю или Согдлане…, они были принуждены остановиться к северу от Гуй-цу или нынешного Куча, стране, имевшей несколько тысяч ли протяжения, и в которой они пребывали некоторое время под именем Юэ-бо или Юе-бань. Позже они пошли на северо-запад и жили под тем же именем в стране, расположенной по обе стороны гор Улу-тай и Аглик-тау, которые служили южной границей Илииской степи… После этого история не упоминает об этих Хунну, которые вероятно смешались с другими турецкими народами».

         Ал ғұндарға келсек, алғаш Диопаинт Периегета айтқан ойға сүйенген. Ол 4 халық: скиф,Гунн, Каспии және албан туралы айтқан. Оған Клапрот:  «были вероятно гунским племенем, наиболее выдвинувшимся на запад». Сонымен қатар, Клапрот хунндар мен ғұндар арасындағы айырмашылықты дәстүрлерінен де көреді. Қытай жылнамалары бойынша хуннулар киіз палаткаларда тұрса, ғұндар өгіз шегілген арбамен жүрген делінеді. Клапрот бойынша «бұлардың барлығы сипаттық өзгешеліктер». Осылайша Клапрот Хуннулар ғұндарға қатысы жоқ түркілер дейді.

         Қорыта айтқанда, хуннулар мен ғұндардың моңғолдық және түркілік теориялары бір-біріне қарама-қайшы екенін көреміз. Өйткені, ол Хуннулардың да, ғұндардың да моңғолдық теориясын және олардың өзара байланыстылығын жоққа шығарады.

         Келесі туындайтын теория – финдік теория. Олардың арасында айырмашылық хуннулар мен ғұндарды бір халық дей тұра қытайлық хуннуларды – финдерге жатқызады. Финдік теорияны алғаш ұсынған Сен-Мартен. Тарихи-этнографиялық тұрғыдан Сен Мартен, Хуннулар мен ғұндарды әртүрлі тайпаларға жатқызғанымен, олардың аттары  ұқсас болғандығына тоқталады. Соңында бұл теорияны алғашқы екі теориямен салыстырғанда ымыраласу теориясы деп атауға болады. Оның артықшылығы хуннулар мен ғұндардың байланыстылығы.

         Қорыта келгенде, ғұн тайпалық одағының мәселелерінің төңкеріске дейінгі ғалымдар пікірі, үш теория моңғолдық, түркілік, финдік теорияларға негізделетіндігін көреміз. Жоғарыда тоқталған авторлар еңбектері толыққанды еңбек болмағандығымен, бүгінгі таңда қазақ халқының қалыптасуына негіз болған ежелгі тайпалардың тарихы туралы көптеген мәліметтер алуға болады. Аталмыш еңбектердің тарихнамалықтан гөрі, деректік маңызы зор десек қателеспейміз. Ескеретін нәрсе, оған сыни тұрғыдан қараған дұрыс.

         Сонау   ХVІІІ ғасырдан бастап зерттеле бастаған ғұн тарихы, кейін де жалғасын тапты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ. КЕҢЕСТІК ТАРИХНАМАДАҒЫ ҒҰНДАР МӘСЕЛЕСІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ДЕҢГЕЙІ, НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.

 

2.1. Ғұн тарихы XVIII ғасырдағы орыс және шетел ғалымдары еңбектерінде.

 

Кеңес өкіметінің құрылуы тарих ғылымының зерттелуіне, соның ішінде Қазақстан тарихының көптеген мәселелерін зерттеуде айтарлықтай өзгерістер енгізді. Осы кезеңге тән көптеген еңбектер жарық көріп, көптеген проблемаларға бірыңғай баға берілді. Бірақ осы объективті себептерге қарамай тарих ғылымында біз қарастырып отырған проблема бойынша көптеген құнды еңбектер жарыққа шықты. Кеңес кезеңіндн ғұндар мәселесін зерттеуде айтарлықтай үлкен жұмыс атқарған Ғұндар тарихының зерттелу тарихнамасына біршама көп көңіл бөлген ғалым К. Иностранцевтің Ленинград қаласында 1926 жылы жарық көрген Түркітану семинариясына кірген «Хунну и Гунны» атты еңбегі ғұн тарихын зерттеген ХVІІІ ғасырдағы орыс және шетел ғалымдар еңбектеріне жан-жақты талдау жасайды. Мұнда зерттеушіні қызықтырған мәселе ғұн тарихына байланысты туындайтын өзекті мәселелердің бірі – ғұндар мен хунндар проблемасы болып табылады. Ол өз еңбегінде « Егер хунндар тарихы көптеген жағдайда Қытай тарихымен  байланыстырылса, ал біреуінің екіншісімен қарым-қатынасы Орта Азия тарихына қатысты»[11]  — деп негізгі бағытын түсіндіреді.

Сонымен қатар, көтерілетін келесі мәселе: ғұндардың шығу-тегін айыру. Ғалым аталған еңбекте ғылымда шығу-тегіне байланысты үш теория қарастырады. Олар моңғолдық, түркілік және финдік. Ғұн тарихына байланысты алғашқы мәліметтерді ХVІІІ ғасырдағы ғалым-миссионерлер зерттеулерінен алады. Ол: «Хунну деген атпен белгілі халықтың тарихы Қытайдың ертедегі тарихымен тығыз байланысты. Олай дейтініміз, хуннуларға байланысты айтылған мәліметтер Қытай тарихына қатысты деректерде көптеп кездеседі. Қытайға байланысты алғашқы деректер миссионер-иезуиттермен байланысты. Алғашқылары Қытайда жүріп, тілі мен жазуын үйреніп, жылнамалары мен басқа да шығармаларын жинап, аударумен айналысып жатқанда, басқалары, солардың жіберген материалдары негізінде еңбектер жазып, елге таратып, сол арқылы европалықтарды беймәлім тілмен таныстырып отырған. Атап айтсақ, Вербиест, Шаль, Жербильон және Дюсальд – шығыстану саласындағы ұмтылмайтын тұлғалар».

Сонымен қатар аталмыш ғалым ХVІІІ ғасырда өмір сүрген ғалымдардың пікірлерін қарастыра отырып олардағы негізгі кемшіліктерінің бірі ретінде , олардың бұл мәселені тереңдете қарастыруға мүмкіндігі болмағандығын, ХVІІІ ғасыр білім-ғылымның толыққанды қалыптаспаған кезі еді деп түсіндіреді. Ол:  «Ал бұл кезде тіл мен ғылым, этнография, этнология әлі ғылым ретінде қалыптаспаған болатын». Бірақ, мұндай объективті себептерге қарамастан ғалым өз еңбегінде, осы ғалымдардың еңбектерін талдай отырып, өте құнды тұжырымдар келтіреді.

Келесі ғұн мәселесіне қытай деректері арқылы баға берген синнолог ғалым В.С. Таскин болып табылады. Ол өзінің еңбектерінде хұн тарихын қытай деректері арқылы жан-жақты қарастырады. Оның «Материалы по истории сюнну» [12] атты еңбегі ғұн тайпасының тарихы жайлы, соның ішінде саяси, әлеуметтік, күнделікті тұрмысы жайлы мәліметтер келтіреді. Оның «Вопросы истории и историографии Китая» жинағында жарияланған «Скотоводство у сунну по китайским источникам» атты еңбегінде негізінен ғұндар мәселесінің шаруашылығы жайлы пайымдалады. Ол: «Малдарының бәрі дерлік бүкіл жыл бойына жайып бағылды. Сондықтан жазда қуаңшылық, қыста көктайғақ болуы, мал індеті үлкен апатқа ұшыратып отырды, деректемелер мұны жиі көрсетеді» [13].

В.С. Таскин өз еңбегінде ғұндардағы жерге жеке-меншік туралы былай дейді: «Ғұндарда ауыл-ауыл болып көшу әдісі қолданылған деп топшылауға, ал деректемелерде айтылған әркімде бөлінген жер алқабы болды» деген сөздері жеке меншік шаруашылықтарға жаюға болады». Біздің заманымызға дейінгі VІІ ғасырдағы Ғұндардағы рулық қауым туралы ғалым «Высшие сохраняютпростату в отношении низших, а низшие служат высшим руководствуясь искренностью и преданность». Ғалым қытай деректеріне сүйене отырып ғұндар мен Қытай елі арасындағы сауда-саттық қатынастың дамуы жөнінде? «…После этого (в 152 г.) император Сяоцзин снова заключил с гуннами мир, основанный на родстве, открыл рынки на пограничных пропускных пунктах, послал гуннам подарки и отправил принцессу, согласно прежнему договору».

Ғұндар тарихын зерттеуде үлес қосқан орыс ғалымдары, ішінде А.Н. Бернштамның «Ғұндар тарихының очерктері» атты еңбегін атап көрсетуге болады. Ғалымның негізгі зерттеу жұмыстары археологиялық мәліметтерге сүйене отырып жазылған. Оның «Социально-экономический строй орхоно-енисейских тюрок VІІ- VІІІ веков» [14], «Кенкольский могильник»  атты еңбектері негізінен осы проблемаға арналған. Ол өз еңбегінде: «Ғұндар тұрмысында қолданылған тұрмыста және шаруашылықта темір семсерлер, ай сияқты және айқаспа бәйегі бар қанжарлар болды. Темірді қыздырып соғып, жебе ұштарының екі түрі: ұңғылы үш қырлы кішкене ұштар және сабы бар шомбал жебе ұштары жасалды». Сонымен қатар, ғалым ғұндардың Қазақстан территориясындағы Қауыншы және Отырар – Қаратау мәдениеттерінің ескерткіштері Сырдарияның орта ағысы мен Қаратау баурайында тарағандығы туралы да баяндайды [15].

Ғұндар тарихына қатысты іргелі еңбектердің авторы, белгілі ғалым Л.Н. Гумилев 1960 жылы жарық көрген еңбегінің кіріспе бөлімінде ғұндардың зерттелу тарихына тоқталады. Автор өзінің «Хұндар» [16], «Қытайдағы хұндар»[17], атты еңбектерінде, ғұндар тарихын алғаш зерттей бастаған қытай тарихнамасынан бастап, Хунномологиялық екінші кезеңін толық қарастырады. Автордың хұндар туралы кітабы «Дала трилогиясының» бірінші бөлімі болып табылады. Батыс және Шығыс тарихы жазба деректерін мейлінше молынан пайдалана отырып, оқуға жеңіл бедерлі тілмен жазылған осы бір еңбекті ғылыми жұртшылық оң қабағымен қабылдады. Қытайда солтүстік жағындағы беймаза, көшпелі көршісі ретінде танылған және адамдардың саны олардан 30 есе кем болса да, ұлы көршісінің тынымсыз шабуылынан өзінің дербестігі мен тәуелсіздігін сақтап қалған шалымды да шақар халық хұннудың қиын тіршілігін, тағдыр талайын, олардың мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық, саяси құрылысының ерекшеліктерін бай материалдар негізінде қызғылықты баяндайды.

Гумилев ғұндардың ата-бабалары жөнінде былай дейді: «Б.з.д. дейінгі XVІІ ғ. Солтүстік Қытайда соңы орасан зор нәтижеге жеткізген екі оқиға болды.1797 жылы Қытай бекзаты Гун-лю, патшаның қырына алынады да, батыстағы жұндарға қашып кетеді. Тегі, оның соңына қыруар жақтастары ерген болуға тиіс, өйткені ол ана жақта өзіне шағын қала салдырып, Қытайдың Ся патшалығынан бөлініп, дербес билік жүргізеді. Бастау хаттардың хабарына қарағанда, Гун-лю «батыс жұнға еніп кетеді». Алайда, 300 жыл бірлесіп өмір сүрсе де, эмигрант-қытайлар бәрі-бір жұндарға сіңісіп кете алмайды, сөйтіп 1327 жылы олардың кінәз Шань-Фу бастаған ұрпақтары, жұндардың қудалауы мен Отанына қайтып келеді де, терістік Шэнь-сиден қоныс тебеді (Цишань тауының етегі). Осы бір жаңа құрылған тайпадан Чжоу әулеті шығады. Шағын кінәздің болып тұрғанның өзінде, Чжоу жұндарға қарсы ұдайы күрес жүргізіп келгенді, сөйтіп б.з.д. 1140-1130 ж.ж. кінәз Чан «жұндар – иелерді Гин және Ло өзендерінен» теріскейге қуып тастайды.

Жұндар біраз уақыт Чжоудың алым-салық төлеушілері болып тұрады, бірақ б.з.д  Х ғ. Шамасында « дала  борыш төлеуін тоқтатады да, қажырлы күрес басталып кетеді». Жұндар айырылып қалған жерлерін қайтарып алуға ұмтылады. Қытайдың көптеген кінәздіктерге бөлінуі олардың ілгері жылжуына себеп болады.

 Дәп осы кездері Гобидің түскей бетімен жалғасып жатқан иен түзде  хуньюй тайпалары жамырап көшіп жүретін. Бұлардың екеуі де хұндар еместі, өйткені ол  дәуірде хұндар әлі атымен жоқ тұғын. Бірақ Ся әулеті құлатылғанынан кейін,қуғында жүріп көз жұмған соңғы патша Цзе-күйдің ұлы Щун  Вэй үй ішімен,  қол астындағы ел-жұртымен солтүстік даласына кетіп қалады. Қытайдың тарихы, дәстүрі бойыншаШун Вэй хундардың арғы аталары болып есептеледі. Бұл дәстүрге сәйкес, хундар қытай келімсектері болып есептеледі. Бұл дәстүрге сәйкес, хундар қытай келімсектері мен даланың көшпелі тайпаларының сүйек жаңғыртып, араласуынан пайда болған. Осынау аңыз деректердің тарихи ақықатқа тек болмашы болжам түрінде ғана жақын келетіні даусыз.

Бірақ оның қажетті дәні бар екенін жоққа шығару дұрыс болмас еді. Шан дәуірінің жазбаоарында өздерінен бұрынғы әулет еске алынбаған дегенді тиек етіп, Ся кезеңінің болғанын мүлде қабылдамай тастауға біраз әрекет жасалғанымен, тіпті ежелгі қытай дәуірін күмәндана зерттеуші Латтимордың өзі де хикаяның аңыз екендігін мойындайды.

Ал, Шун Вейдің қарулас серіктері араласып кететін сол бір жұмбақ тайпалар хяньюань мен хуньюйлар кімдер болған? Анторпологиялық деректеріне сүйнесек, бұл арада ол кезде еуропеоидті талпақ бас тұрпаттылармен моңғолоидті сопақ бет тұрпаттылармен яғни қытайлармен араласып будандасады. Моңғолоидті жалпақбет тұрпаттылар Гобидің теріскей жағында таралған еді», — яғни Хяньюнь мен хуньюй тайпаларының, қытайлардың «қарабасты арғы аталары сонау б.з.д. ІІІ мыңжылдықта далаға тықсырып тастаған Терістік Қытайдың байырғы жұртының ұрпақтары деп қорытынды жасайды.Осынау тайпалармен Шун Вейге ріп келген қытайлар араласып кетеді де , хундардың ежелгі дүниедегі ең бірінші этникалық субстраты құрылады, сөйтіп хундардың арғы аталары құмшағылды шөлдерді басып өтетін дәуірден кейін барып, хунға айналады. Тап сол кезде Халханың иен жазығында халықтар қайта тоғысады да, соның нәтижесінде тарихи хундар пайда болады. Соған дейін олар ХV яғни дала көшпелілері деп аталған. Демек хундардың ата-бабалары шөлді жеңген ең бірінші халық болған. Ал бұл ол үшін қайсар да ержүрек болуы керек еді.

Хундардың арғы аталарының осы кезеңдегі, сол сияқты екінші кезеңдегі тарихы қытайдың тариххаттарында жеткілікті түрде түсірілмеген. Тау жұндары мен өркениетті Қытай арасындағы аралық буын болған. Олар батыста Хами көгалжайынан, Шығыста Хинганға дейінгітаулар бөктеріндегі кең алқапты уыстарында ұстап тұрған еді. Олардың сансыз көп тайпалары ыдырай қоныстанатын болған, өздерінің билеуші тақсырлары мен рубасыларына бағынған , көптеген рулары сан рет бас қосса да, біржолата біріге алмаған. Кейде ежелгі түз хундары көршілерінің жортуыл-жорықтарына қатысқанына күмандануға болмайды. Олардың дүниеде бар жоғын қытайлар тек сондай жолмен ғана біліп отырған.. Сол себепті де ежелгі кезеңдегі көне хундар жөніндегі деректер үзік-үзік болып келеді. Осы соңғы жайт кейінгі хундарды бірде хяньюй және хуньюйлермен бірдей деген әртүрлі болжамдардытудырған, сонда өздерінің ата-бабалары секілді, хундардың да таулық емес, далалық жұрт екені ұмытылып қала берген.

Осы айтылған жәйттарға байланысты жун деген жұмбақ этнонимнің беті ашылады. Сыма-Цяннің қате жазуынан ба, әлде дәл айтпаған сөзінен бе, әйтеуір жұндарды хұндармен бірдей деп санауға тырысушылар да болған, бірақ бүкіл бастаухаттарда жұндар ұдайы дилилермен бірге жүреді, ендншн бәлкім Бичуриннің өз аудармасында оларды бірыңғай халық ретінде – жун-ди деп пайымдауы дұрыс шығар.

Келтірілген көзқарас еуропа мен американ тарихшылары айтатын көзқарастан алшақтап кетеді. Мәселен, Мак Говерн жұндар мен дилилерді хундар деп есептейді, тек екеуінің этнографиялық ерекшеліктерінің  сәйкес келмейтініне ғана таң қалады. Бұл тақырыпты егжей-тегжейіне дейін  Латтимор дәйекті талдаған, ол жұндар мен дилилер Қытайдың ішкі жағын мекендеген және дала көшпелілері емес, отырықшы таулықтар болған яғни тіпті де хұндар емес деген қорытындыға келген, бірақ олардың этникалық тегі туралы ләм деп тіл қатпайды.

Барша авторлар жундар мен дилилердің Қытай ішіндегі қытайлардан және одан тыс жердегі хұндардың ата-бабаларынан айырмашылығын анықтауға келгенде кәдімгідей қиналады, ал бұл айырмашылықтың сол кездің адамдары үшін айдан анық болғаны тарихи оқиғаларды байыптап талдаудан көрініп тұр. Бұл арада мәселені Грумм-Гржимайлоның «динлин» теориясы дейтін еңбегі толығынан шешеді.

Гумилев хұндардың арғы тарихы туралы былай сөз қозғайды: « Хұндар тарихының тым ежелгі кезеңін оқып, зерттегенде Сібірді мекендейтін халықтар мен олардың ареалы күтпеген мәнге ие болады. Жоғарыда көрсетілгендей-ақ, ежелгі хұндар қытай тарихында б.з.д.  ХVII ғ.тұңғыш  рет 

аталады. Оарды келесі жолы еске салу  б.з.д. 882 және 304 ж.ж болады. Демек хұндардың арғы аталарының бір жарым мың жылға жуық тарихы бұлдыр тұманға батып қалған. Осы бір кезеңге жақынырақ жерден жарық түсіру үшін біз Сібір археологиясына көңіл бөлуіміз керек.

  Б.з. д. II мыңжылдықта археолгтар Оңтүстік Сібірде синхронды дербес екі мәдениет: шығыста-глазков және батыста-андронов мәдениеттері болғанын айырады. «Байқал өңіріндегі аумақты бір-бірімен туыс тайпалар тобы мекендеген, олар бәрінен бұрын қазіргі заман эвенкілерінің, эвендер мен юкагирлердің арғы аталары болуға тиіс. Олардың мәдинеті… Амурдың  жоғарғы жағы мен Солтүстік Манчжурияны,  сол сияқты моңғолияны, тіпті Ұлы Қытай қорғаны мен Ордосқа дейінгі дейінгі жерді мекендеушілер мәдинетіне мейлінше жақын болған. Демек, осы бір аса кең областы неолит пен ерте қоланың мәдинеті жағынан бір-бірімен туыс аңшылары мен балықшылары тайпаларының жайлағаны ғажап емес… олар, әсілі, бір-біріне туыс тайпалар тілінде сөлескені тәрізді». 

  Кейінірек осынау тайпалардың оңтүстік бөлігімен – глазков мәдинетінің иелерімен хұндардың кейбір аталары соқтығысып қалып, араласып кетеді. Б.з.д. 1700 жылдан 1200 ж қоса есептегенде, Оңтүстік  Сібаірдің батыс жартысымен Қазақстаннан Оралға дейінгі жерді Андронов мәдениеті алып жатты. Ақ нәсілге жататын со мәдениеттің иелері б.з.д.  ХVIII ғ. Минусин қазан шұңқырын игеріп алып, Енсейдегі глазков мәдениетімен қосылып кете жаздады. Андроновшылар егіншілерме отырықшы малшылар болды, металдардан қоланы ғана білді, олаодың молаларында көптеген әсем өрнекті қыш құмыралар қалды. Андронов мәдинеті батыспен байланысты. «Андронов ескеткіштерінің төменгі Еділ, Дон мен дон даласының қима ескерткіштеріне өте ұқсас  екені сан рет аталады.» Бірақ, б.з.д. ІІ мыңжылдықта Оңтүстік Сібірде бірінші рөлді андроновшылар да, глазковшылар да ойнаған жоқ.

Жоғарыда біз «Шасай құм елін» яғни Гобидің шет-шетін мекендеген динлиннің ата-бабалары туралы айтқанбыз. Саян-Алтай таулы өлкесін де, Минусин қазан шұңқыры мен Туваны да солар қоныс еткен болатын. Олардың тұрпаты төмендегіше сипатталады «орта бойлы, ұзын бойлылары да жиі кездеседі, дене бітімі шымыр, мығым, атжақты, тәні ақ, беті қызыл шырайлы, ақсары шашты, дөңес тік мұрынды,жиі-жиі құсмұрынды болып та келеді, көздері көгілдір». Бастаухаттар негізінде жасалған осынау қорытындылар археология деректерімен де дәлелденді. Б.з.д. 2000 ж. болжалды түрде даталанатын афанасьев мәдениетінің отаны Саян-Алтай қыраттары болған.

1200 ж. шамасында Минусин даласында андронов мәдениетін оңтүстіктен, Терістік Қытайдан Сары өзен бойынан жер ауып қоныстанғандар әкелген жаңа, қарасу мәдениет» ығыстырады. Батыс Сібірге бірінші рет қытай стилі келеді. Бұл жәй ғана ауысып келе салған нәрсе емес. Жаңа мәдениет пен бірге зираттар да жаңа нәсілдік тұрпат – моңғолоидтер мен европеойдтердің  буданы пайда болады., ал сонда еуропеоидтердің буданы пайда болады, ал сонда еуропеоидтердің брахикранды (талпақбас), ал моңғолоидтері қушықбет болып келеді, өздері «азиялық діңнің қиыршығыстық нәсіліне жатады».  Мұндай нәсіл терістік Қытайда Яншао дәуірінде құрылған еді. Оның өкілдері сырттай қарағанда, кәзіргі өзбектерге ұқсайды., ал өзбектердің өзі еуропеоидтермен моңғолоидтердің араласуынан шыққан халық.

Осынау Қытайдан келген еуропеоидті жұмбақ брохикранды элементті дилилермен салыстыру мәселесі сұранып тұрғандай болады. Бірақ Сібір мен Қытайда әртүрлі тұрпатты еуропеоидтік элементтің болуы бізді мәселені төмендегіше шешуге лаждың жоғынан көндіреді: дилилер мен динлиндер                                     — еуропалық нәсіл діңінің халықтары, бірақ әр-түрлі нәсіл тұрпаттары; ұқсас болғанымен бірдей емес.

Дилилер мен динлиндерді бір санайтын Г.Е. Грумм-Гржимайло: «неолит дәуірінде Оңтүстік Сібірді мекендеген атжақты нәсілдің, біздің білуімізше, есте қалмас ерте замандардан бері Сары өзен өңірі облысындаөмір сүрген ди тайпаларымен яғни динлиндермен әйтеуір бір генетикалық байланысы бола қойды ма екен? Бәрінен бұрын одан жұрағаттары осы уақытқа дейін Азияның Қиыр Шығысында сақталып қалған нәсілді көруге болады. Алайда қытайлар тек сол атжақты нәсілді динлиндер деп атаған, ал Саян тауын «Динлин» дейді екен. Динлиндер тарих сахнасынан б.з. ІІ ғ. орта кезінде жоқ болып кеткен, ал дилилер – дилилердің даладағы тобы – оған ІV ғ. келіп аяқ басқан. Ендеше Енисей қырғыздары түскейден келген дилилермен емес, тап со Сібір аборигендері (байырғы тұрғыны) динлиндермен байланысы болған. Саян тауларының түскей бетінде көшіп-қонып жүрген динлиндердің оңтүсті бұтағы хұндардың арғы аталарымен араласып кетеді, қытайлар хұндардың сыртқы айырма белгісі дөң мұрындары екенін бекерден-бекер айтпаған. Шин Мин хұндардың бірін қалдырмай қырып тастау жөнінде бұйрық берген кезде 350 ж. «көптеген дөң мұрынды қытайлар қаза табады». Сонымен хұндардың оңтүстіктен келген арғы аталары араласып кететін халық – сол динлиндер болған

Қытай тарихы хундардың арғы аталары ху тайпаларының тарихқа дейінгі өмір-тіршілігін сақтап қалған. Оның қызық болатын бір жері, осы сипаттамадағы хулар тарихи хұндарға әлеуметтік қарым-қатынас жағынан ұқсай бермейді, бірақ тұрмыстық тәлім-тәртіп машықтары оларға жақын келеді.

Көне замандарда, тегі хундардың арғы аталарында ешбір мемлекеттік құрылымдар болмаған. Жеке-жеке отбаслары жылқылардан, ірі қара мен қой-ешкіден тұратын малын айдап, көшіп-қонып жүрген, түйелері мен есектері азырақ болған.

Көшпалі тұрмыс пен даламен әйтеуір жөн-жосықсыз көше беру емес. Көшпелілер көктемде құнарлы көкорай шалғыны адам мен малды «кел мұндалап» шақыратын тау ішіне, жайлауға қарай қозғалатын, ал күзде қар аз жауатын жазық далаға түсетін, онда мал қыс бойы тебіндер жайылып, нәр-қорегін табатын. Көшпелі халықтың жайлауы мен қыстауларының жері әрбір ру мен отбасына бөлініп берілетін және олардың жеке-меншігі болып болып табылатын. Хундардың арғы аталарында да жағдай тап сондай болатын.

Алайда атап өтетін бір жәйт, Сыма Цянь, бәлкім, хұндардың өз тұрмысының бұдан басқаша болуы мүмкін емес деп білетін кейбір белгілерін тым ежелгі заманға жатқызған шығар. Дегенмен  ол көшпелі малшаруашылығының  ху экономикасындағы рөлін ұлғайтып жіберген деп ойлаймыз, бірақ неолит дәуіріндегі  Ішкі Моңғолия дала тұрғындары малшаруашылығы болмады деп кесіп айтуға негіз жоқ.

Ежелгі хұндар тарихының осы бір кезеңін сипаттау жолындағы маңызды нәрсе мына төмендегі ескертпе болып табылады: «Садақты ата білетіндердің бәрі сауатты атты әскери қатарына кіреді… Шапқыншылық жасау үшін әркім әскери жаттығулармен айналысады…Күштілер тағамның тәуірін, майлысын жейді, кәрі-құртаңдар солардан қалған сарқытты талшық етеді. Жастар мен тегеурінділерді жұрт қадірлейді, жасы жеткен шал-шауан мен дәрменсіздерді ескере бермейді… Әдетте бірімен бірі аттарын атап сөйлеседі; қосымша ат қойып, айдар тағып тағып жатпайды». Мұның бәрі рулық байланыстардың белгіл тұрғыда әлсірегенін, әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерге қара күштің өктемдік ете бастағанын көрсетеді. Айрықша маңызды бір нәрсе, осынау рулық қарым-қатынастар дәуірінде бастаухат рулардың аттарының болмағанын атап өтеді, ал кейініректегі тарихи дәуірлерде ол өзара рулық қатынастардың толық салтанат құрғанын анық айтады. Жоғарыта келтірілген жайыттар,  хұндардың арғы аталарының шыққан тегінің ортақтығы емес, тарихи тағдыр-талайының ортақтығы байланыстырып тұрғаны ежелгі хұн этногенезінің бастапқы кезіне жатады деп болжауға болады.

Бірақ рулық қарым-қатынастардың әлсірей түскенінің өз себептері болуға тиіс еді, бұлай дейтініміз, көрсетілген құбылыстармен бірге, біз рулық қатынастардың басыңқы болғанын айдан анық көрсететін институттар мен әдет-ғұрыптарды да байқаймыз. Мысалы, некенің түрі қосақты отбасы емес, көпәйелді отбас болғанын және әйелдер басқа да дүние-мүлікпен бірге мұра болып берілетін болған: өгей шешесі баласына, келіні аға-інісіне ауысып отырған. Мұны тек әйелдер ахуалының мүшкіл болғаны деп қарау дұрыстыққа жатпайды: көбінесе некенің түрі әйел жесірленіп қалған күнде, оның қайыр сұрап кетпеуінің кепілі болған, өйткені жаңа күйеуі оған отбасы ошақ қасынан орын беріп, асырауды міндетіне алған және оны «тас түссе- талайыңнан» деп, тағдыр тәлкегіне тастай салмаған. Бұның бәрі ежелгі этногенезі процесінде әлде бір үзіліс болғанын меңзейді, ол тегі бәрінен де бұрын хундардың арғы аталары Қытай жұрты ішінде тұрған кездері болған тәрізді.

 Жазылған жәйлерді археологияның мәліметтерімен тексеріп шығайық.

1927-1937 ж.ж. швед экспедициясы Ішкі Моңғолиядан неолит мәдениетін ашқан еді, сонда оның кейінгі кезеңі « егер кейінірек демесек, 2000 ж. шамасы» деп даталанады. Бұл мәдениет «тек белгілі дәрежеде ғана байланысып тұрған».

Неолиттік мәдениеттің иесі сол баяғы даланың аңшы тайпалары болатын, оларға Қытайдан ең әуелі талқандалған дилер, сосын олардың тақтан құлатылған жеңімпаздары – Ся әулетінің жақтастары қашып барады. Барлық жерден де терістік-қытай неолиттік мәдениеттің шым-шымдап тарап жатқаны көзге түседі. Неолитті мекендеуші тұрмысын қалпына келтіріп көруден шығатын қорытынды олар өзендер мен көлдер бойын жағалап, тұрақты мекен-жайларында өмір сүрген аңшылар, балықшылар мен терімшілер болған.

Сонымен, сөйтіп өз ішінде Қытайдан қуылғандардың қос толқынын қабылдаған ежелгі хулар нарративті және заттық деректердің келісімді көрсеткіштеріне қарағанда, мемлекеттік ұйымдары жоқ және олардың қажеттігін де білмейтін өте жабайы халық болған. Олардың мәдениет алдында сіңірген еңбегі сол, көшпелі мал шаруашылығын игергенмен кеін, құлазыған шөлді – Гоби құм теңізін басып өте алды яғни өздерінің замандастары – финикиялықтардың теңізбен жүзуді үйренісімен, Еуропаны ашқаны секілді, бұлар да Сібірді ашты. Осы бір екі жаңалық ашудың да тарихтың тағдыры үшін маңызы болды.

Бізге ху көшпелілері мен Шан-Инь мемлекеті арасындағы соғыстар туралы ештеңе де мәлім емес. Алайда, археологиялық материал сол дәуірде Қытай мен далалықтардың өзара тығыз байланыста болғанын мегзейді. Олардың арасында ірі қақтығыстардың болмауы да ғажап емес, өйткені, бірінші жағынан «тағылар» әлі де нашар ұйымдасқан еді, екінші жағынан, бұлардың да, аналардың да ортақ жауы бартұғын, ол – Чжоу кінәздігінің өскелең күш-құдіреті болатын.

Чжоу ванынң салтанат құруы, Қытайдың өзімен қоса, дала халықтары үшін де, олардың тарихын анықтап берген үлкен оқиға болды. Тіпті көтеріліске дейін Чжоу кінәздігі Қытайдың терістік тайпаларына қарсы қалқаны болады. 1158 ж. шамасында Вэнь-ван хяньюндерге шабуыл жасап    « қорқытып тастайды». Вэнь-ван ұдайы арпалысып-айқасып жүріп, теріскей «тағыларын» яғни жұндарды бағындырады және дала хулуларын тықсырғаны сондай, олар қытай шекарасынан алысырақ кетуді мақұл көреді, ал жүретін жол біреу ғана – солтүстікке қарай кету болатын.

Б.з.д. ежелгі хундардың  өзінің арғы аталарынан едәуір айырмашылығы болғанын атап өту қажет. Сыма Цянға сүйене отырып, Дегин, б.з.д. 1200 ж. шамасында біз хун патшалығының құрылғанын көрсетуіміз керек деп есептейді. Тап сол кездері ежелгі хұндар Хэбэйден бастап, Баркөлге дейін созылып жатқан сайын даланы мекендеген  және Қытайға жортуыл жасап тұрған. Олардың тұрмысы мен жөн-жоралғысын сипаттаудан кәдімгідей ілгері жылжығанын көреміз. Олардың үййлері болмайды, өздері жер өңдемейді, шатырларда ғана тұрады. Олар жасы үлкенін құрметтейді, жылдың белгіленген бір уақытта іс-әрекеттерін реттеуге жиналады». Сол себепті де олардың шөптен асып барып, глазков андроновмәдениетінің бытырап шашылып жатқан иелерінен басым түскеніне таң қалуға болмайды.

Ежелгі ғұндардың археологтар тапқан екінші датасы – шамамен б.з.д. 1200 ж. жоғарыда атап өткеніміздей, осы датаның о жақ-бұ жағында оңтүстік көпелілері Гоби шөлін алғаш рет басып өтеді, сол уақыттан бастап шөлден өтуге болатыны анықталады, сөйтіп байырғы хұндар оның екі жақтағы аймағын да игереді.

Бәрінен бұрын: тап сол уақытта құм теңізін кешіп өту неліктен мүмкін болды? – деген сауал туады. Әсілі, көшпелі малшаруашылығының дамығаны сондай, ежелгі хұндар жайылым-өріс іздеп терістікке қарай қозғалған болуы тиіс, сонда осынау мал өсіру шаруашылығы оларды жегінді күш-көлікпен толық қамтамасыз еткен. Тастағы таңбаларда хұндардың арғы аталары құм теңізі арқылы өткен «кеменің» бейнесі басылып қалған. Бұл — өгіздер жегілген дөңгелекті киіз үй, өйткені арба ат жегуге қолапайсыз және ауыр. Осы болжам дұрыс болғанымен жеткіліксіз. Б.з.д. ІІ мыңыешы жылда климаттың өзгергенін де және оған байланысты жер бедерлерінің өзгеруін де естен шығаруға болмайды. Бәлкім, б.з.д. І мыңжылдықтың ортасына таман аяқталған ауа-райының суу және аздап лғалдану процесі де тап сол кезде басталған шығар. Ксеротермикалық қуаңшылық кезеңі субатлантикалық ылғалды кезеңмен ауыса бастайды, соған сәйкес Гоби шөлінің шекаралары да жылжуы керекті, Сол кездегі төменгі Еділ бойынан Қазақстан мен Моңғолия арқылы Хинганға дейін белдеу болып тартылатын көлдер саны көбеюі керекті. Сонымен бірге «тайга теңізі» оңтүстікке қарай шабуылға шықты. Орманды далалар дүлей тоғайға айналды, міне осы жайт Сібірді мекендеушілердің экономикалық базасын ойсыратып тастады. Жағдай оңтүстік көпелілерінің пайдасына шешілді, олар мұны өз игілігіне асыра білді. Жазба деректерде дала үшін болған мыңжылдық күрес ізі сақталмаған, бірақ б.з. бұрынғы ІІІ ғ. таман ежелгі хұндар Гоби шөлінен Сібір тайгасына дейінгі ұлан даланың қожалары болып алған еді. Енесей мен Абаканың жағыларында ағаш тамдармен қатар көшпелінің дөңгелек киіз үйі де пайда болады.

Бірақ егер хұндар Оңтүстік Сібірдің аборигендеріне қалай ықпал жасаса, соңғылары оларға да тап солай әсер етті. «Ангара мен Жоғарғы Лена бойындағы тас ғасырдың аяғы мен қола ғасырының бас кезіндегі неолит балықшыларының өмірі бұрын бейнеленіп келгендейін, тіпті де мамыржай, тыныш та тату-тәтті тіршілік болмаған…Рулық тұрмыс жағдайында рулар мен тайпалардың өзара қақтығыстары әдетке айналып кеткені мәлім». Сонда «Қызыл қырқыстың мақсаты — өз басың мен әйелдеріңдішаруашылықтың қияметтей қиын қам-харекетінен құтқаратын және «байлық табатын құлдарға ие болу». Алайда «байлық» деген сөздің мағынасы, бұл терминді біздің түсінуімізден мүлде басқаша болған. Ол кезде бұл «құндылықтардың» күнделікті өмірде ешқандай маңызы болмаған. Олардың иелері оны өзіне мақтаныш еткен, бірақ олары өлі қазына ретінде, қамбаларда жатқан. Бұлары нефриттің өңделген бөлшектері, теңіз бақашанақтары, маржан т.б. секілді жалтырап көз жауын алатын, бірақ іс жүзінде пайдасы аз заттар болатын. Байкал маңын ежелгі мекендеушілердің мәдени байланыстары Оңтүстік Маньчжурия мен Солтүстік-шығыс Қытайға дейін созылып жатыр. Бұл арада негізінен нефриттен жасалған әсемдік заттарын (дискілер, сақыналар, жартылай дискілер), моншақтарды, теңіз бақашанақтарын, айрықшы маңыздысы – металл шикізаттарын айырбастап отырған. Археологияның жаңа мәліметтері негізінде, б.з.д. ІІ мыңжылдықта Ангарадан Уссуриге дейінгі аумақта дербес мәдени кешен болған – деп қорытынды жасауға болады. Б.з.д. ІІ мыңжылдықта  және І мыңжылдықтың  бас кезіндегі Байкл маңындағы тайпалардың  өмірін сипаттайтын, А.П. Окладников жинаған археологиялық материалдар құлдық қауымға қоса, рулық қатынастардың басым болғандығының суретін жасайды, сонда тұтқынғаалу, сатып алу арқылы әкелінген құлдар еңбек –бейнеті көп және үй ішінің лас-жиіркенішті жұмыстарын падаланылған, сол сияқты қанды құрбандыққа шалынған. Жоғарыдағы сипаттамаға қарағанда, ежелгі хундар Халқының аборигендерінен  жабайырақ болған, ендншн олардың мәдениетінен көп үлгі алуға тиіс еді. Расында да, б.з.д. ІІІ Ғ., хұн этногенезінің жаңа айналымы шебінен, глазков мәдениеті тайпалары үшін Окладников болжап айтқан нәрсені, яғни рулық қарым-қатынасты тұрмыстағы құлшылықпен ұштастырған қимыл-әрекетті, біз, ежелгі хұндардан көреміз.

Ежелгі хұндардың б.з.б. 1200 жылдан 214 жылға дейінгі тарихы (аз бөлігін қоспағанда) жазба деректерге түспеген, бірақ сол 1000 жылда қыруар оқиға өткеніне шәк бар ма.

Оңтүстік Сібірдің барша жерінде, қола дәуірінде  өлген еркектің моласына әйелдін немесе кәнизәгін бірге қою ғұрпы болғаны археологиялық зерттеулермен дәйектелген. Бұған қоса, сол сияқты құрбандыққа шалынған еркектер де табылған. Мұны «туом» әдет-ғұрпы деп қарауға болады, ол қантөгу арқылы соғыс киесін шақырудың өте ежелгі замандардағы ғұрпы. Бұл әдет төменгі Лена өңірі тайпаларында болған, ол ел есінде әлі күнге дейін сақталған.

Алайда біз әлдеқандай беріректе болған осыған ұқсас жайттардан да хабардармыз. Қидандар арасында соғыс кезінде жауыққан елге бара жатып, жолай аталар аруағына бағыштап, бір қылмысты кісіні «құрбандық атап», «мыңдаған оқпен» атып тастайды екен. Соғыс аяқталысымен, тап әлгідей етіп, олар аруақтар жолына «алғыс құрбаны» ретінде жаулардың біреуін шалған. Тап осындай  әдет б.з.д. ІІ ғ. хұндар арасында болғаны бастаухатқа түскен. Мұндай байланысқа күмән келтіруге болмайды, өйткені қидандар , әсілі, глазков мәдениеті иелерінің оңтүстік-шығыс тармағы болып саналған, ежелгі хундар болса, 1200 жылдан б.з.д. глазковтықтармен тығыз байланыс жасап тұрған, ал терістік төңірегіндегі мәдениеттер қамтуындағы төменгі Лена аймағының тайпалары оңтүстік Байкал өңірінен тұтас «тайга теңізімен» бөлініп жатқан, сол себепті де ежелгі хұндардың олармен байланысы шүбәлі мәселе.

Әсіресе А.П. Окладниковтың  мына төмендегі қорытындысы аса маңызды: глазков уақытында «жер астында тағы бір дүние тіршілік ететіні, оған өлілері өзені апаратыны жөніндегі идеяға сәйкес, өлікті жерлеудің жаңа ғұрпы пайда болады, сөйтіп өліктердің о дүниедегі тағдыр-талайы туралы басқа түсінікке негізделген ескі әдет-ғұрып алмастырылады».

А.П.Окладников көзқарастың осы алмасуын матриархаттың патриархалды рулық қарым-қатынасқа өтуіне байланысты салыстырп қарастырады. Бұл бүкіл өмір жайлы түсінікті күрт өзгертеді де, ең әуелі ата-бабалар рухына табынудан келіп көрінеді: «Бұл заманның ұғымы бойынша, өлілер аруағының қайтып келуі тірілерге бақытсыздық пен бәле әкеледі, ал бұрынырақ кезде  ол өмір мен өлімнің  айналым-алмасуындағы болмай қалмайтын, жазмыштың ісі  болып есептелетін

Глазков уақытына жататын екі қабырдағы жерлеу рәсімін шамандық деп түсіндіруі А.П. Окладниковтың аса маңызды байқауы және түйіндеуі болып табылады. Алайда шаманизм немесе аруақтармен өте жақын түрде, тіпті жыныстық қатынас жасау, егер әлгіде сипатталған жерлеуді шын мәнінде шамандық деп мойындасақ, онда ол жоғарыда айтылған танымға тіпті де сәйкес келмейді, ендншн олар кейінірек пайда болған деп қорытынды жасаған дұрысырақ, яғни оларды б.з.д. 1200 ж. кейінірек болған деп есептеу керек, сөйтіп оны бұрын Қытайда болған, сосын, тегі, хұндармен бірге Сібірге келген оңтүстік шаманизммен салыстырған жөн. Мұндай болжам А.П. Окладниковтың жалпы концепциясына да, ол жинаған материалға да қайшы келмейді, өйткені оның өзі де Аносово деревнясі жанындағы моладан табылған сүйек қасықтарды Ордостың қола қасықтарымен салыстырады. Шаманизм, өзгелерден гөрі ертерек туған діннің дамуы негізінде, Сібірде өздігінен дербес пайда болған деп болжау әлі дәлелденіп, дәйектелмеген, әсілі, тіпті дәлелдене алмайтын болжам; бұған керісінше, Сібір мен Қиыр Шығыстың мәдени байланыстарының қола дәуірінен бергі іздері сайрап жатыр.

Байкал өңірі балықшы тайпаларының мәдениеті мен әлеуметтік қарым-қатынасын сипаттап жазудың біздің тақырыбымыз үшін екінші кезектегі, бірақ елеулі маңызы бар. Ежелгі хұндар осынау мәдениетті мың жыл ұдайынан өз бойына дарытып, оны өзінше өңдеп-жөндеген, кейінгі хұн мәдениетінің қытай мәдениетінен өзгеше, тіпті оған қарама-қарсы өзіндік дербес бейнесі осынау фактінің нәтижесі болып табылады

Ежелгі хұндардың мекен-жайы «Цзиньшуде» дәлме-дәл көрсетілген. Хұндар жері оңтүстігінде Янь мен Чжао елшіліктерімен қосылатын, терістік Шамоға дейін жететін, шығыста терістік, ал батыста алты жұн тайпаларымен ұштасатын яғни ежелгі хұндар жайлаған жерлер шекарасы қазіргі Ішкі Моңғолияның – Баргіні қоспағанда – шекарасымен сәйкес келетін. Кейін, жүре келе, ол тарыла түсті, өйткені Хинганның шығыс бетіндегі далаға дунхулар, дәлірегі хорлар, моңғолоидты нәсіл халқы келіп мекендеді. Терістік Қытай тұрпаттылар моңғол тұрпаттыдан мүлде басқа екендігін атап өту қажет. Қытайлар қушық бетті, сылыңғыр, сымбатты келеді де, моңғолдар  жалпақ бетті, тапал бойлы, талпақ болады. Құба түзден біз осынау екі тұрпатты да көреміз: қытайлар таза моңғолды дунху немесе шығыс хулар деп атаған, ал хулар – ежелгі хұндар ішінде динлиндер кейпіндегі, мәселен, дөң мұрындылар араласқан қытайлық қушық бет тұрпаттылар басым болатын. Әлбетте, ежелгі хұндар мен дунху-хорлар сан ғасыр бойы әбден араласып кеткенді, міне осы араласу ежелгі хұндардың тәлім-тәртібін, жүріс-тұрыс салттарын едәуір дәрежеде анықтап берген еді. Оларда даланың бас асаулығы жүйелі іске деген қытайлық ынта-ықыласпен, моңғолдың қажырлы төзімімен үйлесіп жататын.

Сол дәуірде ежелгі хұндардың теріскей бетін динлиндер мекендейтін. Олар Саян қыратының Енесейден Селенгаға дейінгі қос жотасын жайлап алғанды. Енесей бойында, динлиндердің гяньсун атты бейтаныс бір тайпамен араласуынан шыққан халық – қырғыздар қоныстанған болатын, ал олардың батысында Алтайдың  солтүстік жотасында сырт бейнесі динлиндермен аумайтын, тегі солармен туыс жұрт – қыпшақтармен арғы аталары хам-харекет етіп жататын.

 

 

2.2. Ғұн тайпаларының – Л.Н. Гумилев еңбектеріндегі саяси тарихының қарастырылуы.

 

Лев Гумилев ежелгі хұндардың Қытайға бірінші басып кіруі туралы былай сөз қозғайды: « ІХ ғасыр аяқталып қалған кез. Қытайда чжоудың вандары әл-ауқатынан айрыла бастаған, ал вань Сюань өзінің бүліншілікке бейім бодандарының наразылығынан сезіктене бастайды.

Тап сол кезеңдері ежелгі хұндар тұңғыш рет әлемге өздерінің кім екенін көрсетеді. Қытай поэзиясы оларды « Тәңірінің тәкаппарлары» десе, добал проза – «жауыз тұтқындар» деп атады.

Қайта жаңарып, құрамдасып үлгерген, сол себепті де айбарлы да қаһарлы көрінетін хұндар жөніндегі тұңғыш поэтикалық дерек б.з.д. 822 ж. жатады.

Ежелгі хұндардың жорығына әділ баға беруге бұл деректер тым аз. Бұл жорық жәй ғана барымта-сырымтаның іс-әрекеті ме, әлде аумақты жер жаулап алуға бағытталған сойқанды соғыс па – айыра қою қиын. Әуелгісінің болуы ықтимал, бірақ ондай болғанның өзінде, әсілі, ұйымдасқан қалың қол қозғалғанға ұқсайды. Дұшпанның шабуылын тоқтату үшін, соған қарсы жұртты жаппай жұмылдыру қажет болған, қанша айтқанмен, соғыс жеңіл болмаған тәрізді.

Бір ғажабы, осы жәйттен кейін де хұндар тағы да 500 жылға жуық еске алынбайды. Тегі, оларды жұндар теріскейге тықсырып тастаған секілді.

Чжао вандары өкіметті «найзаның ұшымен, білектің күшімен» ұстап тұрған. Мұндай жағдай шексіз ұзаққа  созылмаса керекті. Б.з.д. 842 ж. астана халқы Ли-ванға қарсы көтеріліп, сарайға лап қояды. Ли-ван қашып кетеді. Өкімет билігін өз қолына  Чжоу-гун мен Чжао-гун дегендер алып, көтерілген халықтың талабын қуаттайды. Олардың регенттегі билік құрған дәуірі (842-827) «Жалпы жұрт ынтымағы» (Гунхе) деген танымал атаққа ие болады. Осының арқасында әулет аман қалады, бірақ ежелгі хундарды тойтарғанына, Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Сюй патшалығымен соғыста жеңіске жеткеніне қарамастан, оның күш-қайраты қайта қалпына түспейді.

Қытайда әзірше еншіге берілген иеліктер көп болғанымен, олардың көлемі шағынтұғын. Сол себепті де ванның (патша) кез келген кінәзінің алдында даусыз артықшылығы бар еді. Бірақ иеліктер іріленіп, соған байланысты жеке кінәздар қуаты артқан кезде, вандардың олармен санасуына тура келеді. Бірақ әманда олай бола бермейтін: әр билеушінің жеке басының мүдде-мақсаты мен құмар-құштарлықтары саяси есепке килігіп, оны ысырып тастайтын. Мәселен, Ю-ван Бао-сы атты аруға ғашық болып, өзінің заңды зайыбы Шэн деген кінәздің қызын көзіне ілмей кетеді. Кінәз қорлық көрген қызын жақтап шығады; олардың арасында күрес-тартыс басталады да, өкпелі кінәз көрші «тағылар» тайпаларын көмекке шақырады. Осы арада жұндар мен дилер қарсы шабуылға шығады. 771 ж. гуаньжүндер феодалдық соғысқа араласып, Қытай еліне басып кіреді. Ю-ван айқаста қаза тауып, гуаньжұндер Қытай жерін мекендеп тұрып қалады. Олар Гин мен Вэй өзенднрінің арасындағы облысты басып алып, «Кіндік мемлекетті әрі қарай тықсыра береді». Анталай ұмтылып келе жатқан жауды жасқай алмаған, Чжоу үйінен шыққан Пин-ван, шығысқа, Лоян жаққа кетіп қалады, бірақ б.з.д. 770 ж. кінәз Сян гуанжундерді тойтарып тастайды. Сол уақыттан бастап, Чжоу патшалығы іс жүзінде ыдырап құлдырай түседі.

Бұдан кейінірек шығыста шаньжундар белсенділік танытады. 706 ж. олар Янь кінәздігін бұзып-жарып, Ци кінәздігіне өтеді де, Ци кінәзінің әскерін олардың астанасы түбінде талқандайды. Арада 44 жыл өткеннен кейін барып, Ци елшілігінің кінәзі Хуань-гун оларды  Қытай шегіне қуып жібереді. Қытайдың ұлы философы Күнцзы: егер осы жеңіс болмаса, « біз бәлкім, жуынып-таранбай жүруді, киімімізді сол жақтан ілгектеп, басқа тайпалар өктемдігін бастан кешірер ме едік» — деген еді. Алайда, алауыздық жанжалдар бұрынғыша қытайлардың өз күшін біріктіруіне бөгет болады, 644 ж. жұндар  Цзинь еншілігін талапайға салады, ал оның кінәзі империялық одақтың бастығы болатын. 642 ж. жұндар өздерінің бұрынғы жауы Ци елшілігінің бүлікші кінәзіне көмекке барып, Вэй елшілігін шауып, талап-тонап құлазытып кетеді».

Мүде тәңірқұт және хұндар мемлекетінің пайда болуы. Тұман шаньюйдің әр әйелінен екі ұлы болған. Көңілі сүйетін кіші ұлына тәж-тақты қалдыру үшін, ол үлкен ұлы Мүдені құрбан етіп, оны юечжилерге аманат етіп береді. Сосын оларға тосын шабуыл жасайды да, Тұман, жаулары енді енді баласын өлтіреді деп ойлайды. Бірақ Мүде жанкешті, батыл жігіт болып шығады. Ол юечжилердің бір атын ұрлап мінеді де әкесіне қайтып келеді, әлбетте, әкесінің опасыздығын біліп келеді. Мүденің мәрттігіне қайран қалған Тұман, оны өлтіргені былай тұрсын, қайта қоластына бір түменді, яғни 10.000 шаңырақ береді. Мүде қолма-қол атты әскерін соғыс өнеріне жаттықтыра бастайды, атқанда ысқырып дыбыс шығаратын жебені қолдануға үйретеді. Ол әскеріне садақтың өзі ысқырмалы оқты жібергеннен кейін барып атуға әмір етеді; бұл бұйрықты орындамау өліммен жазаланатын болған. Сарбаздарының тәртібін сынап көру үшін, ол өз арғымағын ысқырып ұшатын жебемен атып салады және оны атпағанның басын кесуге әмір береді. Біраз уақыттан кейін Мүде өзінің айдай сұлу әйелін атады. Оның қасындағы кейбір жақын-жуықтары панасыз келіншекті атудан аза бойы – қаза тұрып жүрексініп, садақтарын түсіре қояды. Олардың бастары табанда кесіледі. Осыдан кейін бір күні аңда жүрген Мүде ысқырғыш жебесін азынатып, әкесінің арғымағын атады, енді бұл жолы жалтарып қалған жан болмайды. Сарбаздарының әзірлігі жеткілікті екеніне көзі жеткен Мүде, әкесіне еріп аңға шыққанда, оған ысқырғыш жебесін жөнелтеді, сол сәтте Тұман шаньюйге түйрелген жебенің көптігі сондай, ол бірден кірпіге айналады. Жұрттың асып-сасып әбігерге түскенін пайдаланып, әкесін өлтіріп, таққа отырған содырға мойынсұнғысы келмеген, өгей шешесін, інісі мен рубасыларын  түгел қырып, Мүде өзін шаньюй деп жариялайды. Мұндағы өзара қырқыстан хабардар болған дунхулар, соны желеу етіп, хұндардың қазынасы – желжетпес жүйрік аты мен Мүденің нақсүйер әйелін беруді талап етеді. Ақсақалдар бұған ашуланып, олардың бетін қайтарғысы келгенде, Мүде тұрып: «соның керегі не, жұртпен тату көрші болып тұрып, солардан бір ат пен бір әйелді аяймыз ба? – дейді де екеуін де береді. Сосын дунхулар мал жаюға қолайсыз, қу мекиен құла түз танабын тағы талап етеді. Обалы нешік, о жер иесіз болатын, шекара қарауылдары оның екі шетінде: батысында хұндар, шығысында дунхулар тұратын. Хұндардың рубасылары: сол бір құнарсыз, пұшпақты «берсек те, бермесек те – бәрі бір», несіне дауласамыз деп есептейді. Бірақ Мүде «Жер – мемлекеттің негізі, оны неге бермекпіз?!» дейді сазарып, сөйтіп жер берілсін деп ақыл айтқандардың басын алады. Осыдан кейін ол дунхуларға қарсы жорыққа аттанады. Олар дұшпан бас салар деп ойламаған, сол себепті де тасталқан болып жеңіледі. Олардың күллі жер-суы, мал-жаны мен дүние-мүлкі жеңімпаздар қолына көшеді. Дунхудың қалған жұрнағы Ухуань тауына барып қоныс тебеді де бұдан әрі ухуань деген атпен мәлім болады. Маньчжурияның  бүкіл далалық бөлімі Мүденің қарамағында қалады. Дунху жорығынан кейін ол әскерін таратпайды, қайта юечжилерге лап қойып шауып, оларды батысқа қуып тастайды. Осы кезден былай қарай хұндар мен юечжилер арасында бір ұзаққа созылған соғыс басталып кетеді, оның егжей-тегжейі бізге беймәлім. 205-204 ж.ж. Мүде Ордастағы лэуфань мен баянь тайпаларын бағындарады және Қытайға алғаш рет жортуылдар жасайды, ол кезде мұнда Цинь әулеті құлап, азамат соғысы ел апшысын қуырып жатқан. Мүде әскерінің саны 300.000 деп есептелетін. Хұн мемлекетінің Сыма-Цянь хабарлаған негіздерінің ұзын-ырғасы осындай еді.

Бәлкім, мұндағы көп нәрсені тарихшының өзі және оның куәгері қосып, боямалаған шығар, бірақ, тегі, басты нәрсесі дұрыс тәрізді: Мүде хұндардың 24 руын біріктіріп, осылай деп аталатын мемлекетті құрады, оның күштілігі сондай, қытайлар оны Кіндік империясымен салыстыратын болады.

203-202 ж.ж. Мүде солтүстік шекарада соғыс жүргізіп: хұндармен туыс – хуньюй тайпасының, кюеше – қыпшақтардың, олардың шығыс көршілері, Саянның жоғарғы Енесейден Аңғараға дейінгі теріскей жоталарында тұратын динлиндердің, Батыс Моңғолия аумағын, Қырғызнор көлінің төңірегін жайлаған қарғыздардың және цайли деген беймәлім халықтың иеліктерін бағындырады. Арт жағын – тылын қамтамасыз еткен Мүде Қытайға назар аударады. 202 ж. Қытайдағы азамат соғысы Хань әулетінің негізін салушы, қытай тарихында Гаоцзу лауазымымен белгілі болған Лю Банның жеңісімен аяқталады. Бірақ ел әлі қирап бүлінуден арыла алмай жатқан, тап сол кездері солтүстіктен хұндар тасқыны қаптайды. Олар Маи бекінісін қамауға кіріседі, ақыранда оның коменданты, кінәз Хань Синь амалсыздан беріледі. Қытай дәстүрі бойынша, жауға берілу опасыздықпен бірдей, жеңімпаздың бодандығына өту деп саналатын. Ешбір жағдай-себеп берілгенге арашашы бола алмайтын, өйткені ол өзін-өзі өлтіре алатын еді – деп күні бұрын болжанып қойылатын, ал ол мұны жасай алмаса – парызы өтелмегені. Сол себепті де кінәз Хань Синь үшін шегінетін жол қалмаған еді, сосын ол жаңа қожасына адал қызмет етуге кіріседі. Хұндар оңтүстікке қарай сәтімен жылжып, Гуэчжу қыратынан асып, 200 ж. жылдың қысында терістік Шаньсидің астанасы – Цзиньян қаласына келіп жетеді. Гаоцзу оларға қарсы әскерді өзі бастап шығады, бірақ қатты суық болып, сарбаздардың үштен бірінің қолдарын үсік шалады.

Мүде көшпелілердің дағдылы әдісін қолданады: шегінген сыңай танытып, қытайдың таңдаулы әскер бөлімдерін ертіп торуылға әкеліп енгізеді, хұндар қытай армиясының алғы бөлімдерін императорды бас қылып, Пинчек қаласына жақын жердегі Байдың қыстағы маңында қоршап алады. Бір қызығы Мүденің – аттарының түс-түгіне қарай  — қара,ақ,сұр, жирен түсті – төрт әскери бөлімі бар еді. Жеті тәулік бойы  қытай әскері қоршау ішінде нәр татпай, ұйқы көрмей хұндардың тынымсыз шабуылына төтеп берумен болады. Ақырында қытай тыңшысы Мүденің әйеліне жол тауып барып, оның тілін тауып пара береді. Ол күйеуіне «кемеңгер кісі» Гаоцзумен бітімге келуге кеңес бере бастайды, хұндар қытай жерін алғанымен, бәрібір оны мекендеп қала алмайтыныцн айтады. Осындай тоқтамға келген және ең бастысы кезінде қосымша күш жібермекші болып уәде беріп, бірақ жібермеген Хань Синьді екі жүзді деп күдіктенген Мүде, бұдан әрі соғысты тоқтатуға мәжбүр болады да, Гаоцзу әскерінің өтіп кетуіне жол ашуға бұйрық береді. Қытай әскері хұндарға  кезеулі садақтарын тартқан күйі, ашылған жолмен жүріп өтеді де, өздерінің негізгі қолдарына барып қосылады, ал Мүде кейін қайтады. Бұл – хұндарың аса ірі жорықтарының бірі, ал егер картаға қарасақ, хундардың Қытай жеріне онша ұзап кірмегеніне қайран қаламыз. Бүкіл соғыс науқаны Шаньсиде ғана қанат жайған: Маи мен Пинчэн қалалары шекарадан 90 және 40 шақырым, ал Цзиньян 250 шақырым жерде. Күллі соғыс әрекеті, Пинчэн түбіндегі Байдың қыстағына шоғырланады, сонда Сыма-Цянь қытай әскерінің санын 320 мың сарбаз деп шамалайды, ал тарихшы хундар санын 400 мың адам тау ішіндегі көлемі     30 х 40 шақырым қазан шұңқырға орналасуы керекті яғни хұндардың ерулі аттары болмағын деп есептегеннің өзінде, әрбір салтаттыға 30 шаршы м. Келеді екен, ал олардың ортасында қытай әскері тұрып төтеп берген деп есептесек – бұдан да аз болады. Мұның ақылға қонбайтыны анық. Бірақ осы коэфицентті алып,Мүденің қолын 20-40 мың салтатты деп болжасақ, оның неліктен бітімге келуге ұмтылғаны бірден білгілі болады: өйткені 600 шақырым жерге созылып жатқан орасан зор қытай әскері тіпті алғы әскерін жоғалтқанның өзінде одан әлдеқайда қуатты еді. Гаоцзу мен Мүде «бейбітшілік пен туысқандық» келісім-шартын жасасады.

«Бейбітшілік пен туысқандық» шартының мәнісі – қытай патшасының сарайы өзінің ханшайымын шетел билеушісіне бергенде, оған жыл сайын келісім-шартта көрсетілген мөлшерде тарту-таралғы жіберіп тұруға міндеттелген болатын. Бұл бүркемеленген алым-салық болатын. Мүде ханшайым мен тарту-таралғыны алғанымен,Зань Синь мен басқа да өзіне қашып келген бүлікшілерді бұрынғыша қолдай берді. Соғыс іс жүзінде жалғаса түседі. Хань Синь мен оның жақтастары Қытайдың солтүстік облыстарын тақырлап талапайға салады. 197 ж. Хань Синь жағына Чжао мен Дай елшіліктерінің әскер бастығы Чэнь Си өтеді. Ол хұндармен одақтасу жөнінде келісімге келеді. Бірақ көп ұзамай  император әйел Люй Хоу Чань Синьді азғырып астанаға алдырады, мұнда келісімен оның басы шабылады.

Қытай әскері Фань Куайдың басшылығымен екі жыл бойы соғысып, бүлікті басады, бірақ шетелге басып кіруге жүрегі дауаламайды, өйткені Янь кінәздігінде жаңа бүлік туады. Көтерілісшілер көсемі Лу Гуан хұндар жағына шығады, сөйтіп жортуылдар енді Қытайдың шығыс облыстарына жайылады. Қытай соғыстарында әскербасылардың опасыздығы жиі қайталанатын  құбылысқа айналады. Сәтсіздіктен сәтсіздікке ұрынған Гаоцзу 195 ж. дүние салады. Мұрагер тым жас болғасын оның міндетін анасы, императордың әйелі Люй Хоу атқарады, оның тұсында өзара ұрыс күшейе түседі. 192 ж. Мүде император әйеліне некелі жолмен тұрмыс құруға ұсыныс жасайды. Оның ұғымында Қытай империясы зайыбының қалың малы ретінде берілуі керекті, сөйтіп ол бүкіл Қытайды қолына қаратпақшы еді. Император әйелінің ызаланғаны  сондай, әуелі елшілерді дарға асып, сосын соғысты қайта бастмақшы болады. Бірақ айналасындағылар  оның «жабайы немеге» ренжімеуін сұрайды да, Мүдеге қалыңдықтың кәрілігі себепті ұсынысының қабылданбайтыны айтылып, сыпайы жауап жолданады.Қытай министрлерінің  қауіптенгеніне қарама-қарсы, Хұндардың қожасы жауапқа қанағаттанады да, бүлік пен бұлғақтан әлсіреп, азып-тозған Қытайға  өзінің қаһарлы әскерін қаптатып жібермейді. Өткен соғыста хұндардан көрген сұмдықтан олар әлі естерін жия алмаған еді. Өз өлеңдерінде: «Пыхин-ченнің түбінде қасіреттен қамалдық, жеті күн бойы дәм татпай, садақты тарта алмадық» деп мұңдарын айтатын. Содан кейін арада сегіз жыл өтеді, жас империяның күш-қайраты сыртқы жауға тойтарыс беруге жетпейтін, бірақ Мүде осыны біле тұра соғысты бастамайды. Мүның себебі оның тыныштыққа құмарлығы еместі. Батыс шекарада юечжилермен жүріп жатқан қажырлы соғыс басылар көрінбейді. Дунхулар мен саян-алтай тайпаларын оп-оңай жеңген Мүдеге батыс көшпелілерімен жүргізген күресі мүлде қиындап кетеді. Тап сол арада Азияның тағдыры шешіліп жатқан еді; юэчжилер мен хұндар арасындағы жекпе-жек кейінгі 2 мың жылда Ұлы Далада кімнің басым болатынын анықтап беруші еді, оның этногенез үшін де орасан зор маңызы бар-тұғын.

Мүде күшін шашыратпас үшін Қытайды жайына қалдырады. Оның бұл ісі хан әулетінің дүр сілкініп, буынын бекітуге мүмкіндік жасайды. Император қызметін атқарушы әйел шекара бойындағы басараздықпен доқ көрсетіп жүрген әскербасыларының сазайын тартқызады, олардың көбі күресте қаза табады да ішіндегі нағыз қайсары терістік-батыс Кореяға қашып кетеді. Шығыс бетте бейбітшіліктің болуына хұндардың айырықша маңыз бергенін мынадай бір фактіден көреміз. 177 ж. шекарадағы хұн кінәздерінң бірі Қытайға басып кіреді. Император Вэнь-ди жау бетін қайтару үшін, атты әскер мен әскери арбаларды жинап, жорыққа шығады, бірақ хұндар соғысқа  кіріспей, шегініп кетеді. Вэнь-ди соғысты құба түзге шығармақшы болады, бірақ шекарадағы әскербасы Син Гюйдің  көтерілісі оны бұл бетінен қайтаруға мәжбүр етеді. Тап сол кезде кешірім сұрап хұндардың елшілігі келеді, олар кінәлі кінәздің шекарадан алынып, Батысқа жөнелтілгенін хабарлайды. О жақта ол юэчжилерді жеңіп, өз кінәсін жуады. Хұндардың күш-қайратын ескеріп, қытай сарайы кешірімді қабыл алады, біраздан кейін олармен бейбіт қарым-қатынасты қалпына келтіреді. Келісім-шарт бойынша, хұн мемлекеті қытай имперясымен бірдей-тең екені мойындалады және алдияр тақсырларбір-бірін бауырым деп атайтын болады. Бұл хұндардың бұрын болып көрмеген табысы еді. Сол уақытқа дейін бірде-бір көшпелі кінәз қытай императорымен иық теңестіруді армандап та көрмеген болатын. Хұн шаньюйінің хатынан біз 177 ж. күллі елден жинаған хұн әскерінің  юэчжилерді талқандағанын білеміз. Жеңіс нәтижесі көз тойдырып, көңілді тоғайтатындай еді; хұндар қазіргі Шығыс Түркістан, Үйсін жерлеріндегі барша кінәздіктерді, кяндердің жер-суын басып қалған еді.

Хұн мемлекетінің құрылымы. Хұндарды өздерінің, тұрақты әскерге емес, халық жасақтарына арқа сүйейтін рубасылары басқарып отырған. Шаньюй, өзге рубасылар ішіндегі басты тұлға саналған және өзінің абырой-беделінен өзге ешқандай нақты күші болмаған. Егер оның жеке басы руластрының арасында сый-құрметке, демек, олардың қолдап-қостауына лайық болмаса, әлбетте, шаньюй кең көлемде  соғыс жүргізе алады деу ақылға қонбас еді. Тарихи оқиғалар барысында жеке адамның рөлі әр қашанда бірдей бола бермейді, бірақ өкімет аппараты болмаған жағдайда, көсемнің қабілет-дарыны кейде кездейсоқ жәйттардың сәйкес келуіне тәуелді болатын тарихи оқиғалардың нәтижелі болу-болмауын тікелей шешеді. Далалық Азиядағы жетекші тайпа юечжилер де, дунхулар да емес, хұндардың болғандығы тап осы жәтпен түсіндіріледі, ал хұндар жеңіліп қалған күннің өзінде оқиғалардың жалпы ауаны бұзыла қоймас еді.

Мұның үстіне әбден қалыптасып кеткен  пікірлерге қарамастан б.з.д. 1 мың жылдықта хұндардың көшпелі шаруашылығына қарағанда, әлдеқайда жоғары дәрежеде ұйымдастырылған еді. Алайда өзіміз мүдделі болып отырған хұндар этногенезінің проблемасы үшін бәрінен де мәнді болып табылатын нәрсе, Мүде мен оның мұрагерлері дәуіріндегі хұндардың саяси жүйесі, әлеуметтік құрылысы мен мәдениеті яғни сол кездегі хұндардың тәртіп-тәлімі машығының күллі қосындысы олардың содан бұрынғы өмір салтынан едәуір дәрежеде өзгеріп кеткенді. Сол себепті де біз пассионарлы серпін нәтижесінде хұндар этногенезі тап сол кезде сапалы бір секіріс жасады деп болжауға болады. Этногенездің табиғи процесінің содан былайғы барысы хұндар этносына оның тарих білетін тұрпатын, түр-түсін береді. Бұнымен бірге естен шығармайтын бір жайт, Мүденің хұн мемлекетін құруы – пассионарлық өрлеу фазасының анық кезеңінің  ең бастапқы шағы болып табылады. Мүденің өзіне дейін болып келген әлеуметтік қатынастарды тек қана жетілдіріп, аздап реформалап қана қойғаны кездейсоқ нәрсе емес. Десек те жұрттың бұрыннан келе жатқан тәрбие-тәртібіне, тұрмыс-салтына келгенде Мүде жасаған жұмыстың көлемі Тау басындағы уағыз бен Шыңғысхан реформаларының көлемінен әсте кем емес.

Әдетте көшпелі мемлекеттерді  тайпалар одағы немесе әскери тәртіпке бағынатын орда-адамдар нөпірі ретінде қарайды. Хұндар жәйіне келсек, бұл екі түсінік дұрыс емес. Хұндар руларға бөлінетін бірден-бір тайпа болған; тайпалар одағынан оның айырмашылығы осы. Олардың ішінде өздерінің рулық ұйымы болған, ендеше нөпірі (орда) деп есептесек ағаттық. Хұндардың саяси жүйесі күрделі. Осы мәселені талдап түсіну үшін бастаухатқа айырықша көңіл бөліп зерттеуге тиістіміз, сосын оны жіліктеп қарап, хұндардың саяси тәртіп-тағылымының өзіндік жүйесін түсіндіріп көрейік.

 Хұн  мемлекетінің басында шаньюй тұрған, оның аудармасы «ұлылар ұлығы». Оның бодандарына қарсы қойылған хан еместігі атынан-ақ көрініп тұр, ол басқа да тең хұқылы жиырма төрт  рубасы арасындағы  біріншісі. Шаньюйдің билігі — өкіметі мол болған, бірақ шексіз еместі. Оның билігін ру ақсүйектері – рубасылары шектеп отырған, олардың әрқайсысының қол астында жалпы саны 2 мыңнан 10 мыңға дейін қарулы салтатты сарбаздары болған. Әуелде шаньюй сайланатын сияқты көрінеді, кейінірек жүре келе, сайлау іздері таққа отырғызу рәсімдерінде де, сол сияқты сиректе болса,  сайлану фактілерінде сақталып отырған; мұндай жайттар жаңа шаньюйді сайлау үшін, 85 және 60 ж.ж кінәздәр жиналысы шақырылған кезде де қайталанған. Бірақ сайлау институтының шарты ғана мәні бар еді. Тақты мұра етіп қалдыру мүлде кейін барып әдетке айналды. Шаньюй тақты баласына жиі-жиі тапсырып отырса да, өкіметті біреудің басты  түрі өсиет қалдыру болған. Меніңше, біз бұл арада бұрынғы әдет-ғұрыптың бірте-бірте өзгеріп кеткенін байқаймыз, мұның мәнісі – сайлаулар емін-еркін өтпей, біртіндеп марқұм  болған шаньюйдің ерік-жігерін жәй ғана мақұлдай салу рәсіміне айналды деген сөз еді.  әскери және дипломатиялық қызметеріне  қоса, діни-ғибадат міндеттері  де шаньюйдің моинында болатын:  жылыма-жыл құрбандық шалынатын  ғимарат  шаньюй қосыны қасында еді, және оның өз басы күн сайын екі мәрте Күн мен Айға ресми түрде табынаты.

Мүденің дәуірінде хұндардың текті үш руы болған: Қоян,Лань мен Сюйбу. Қоянның  түрік сөзі екені бесенеден белгілі; Сюйбу да – «өлке» деген түрік сөзі; Лань —  қытай сөзі, «орхидеяны» білдіреді, ежелгі заманда ол қытайлардың ұлттық гүлі болған. Осынау үш рудың үйлесуінен хұндардың шыққан тегінің ізін айырып білуге болады: Шун Вейден – Ланьдар шыққан, ал Қоян мен Сюйбу бағы заман хуларының ұрпақтары болып табылады. Қытай қоян руының бастаушысын кінәз демей, хан (ван) деп атаған, бұл осы рудың мүшелерін шаньюйдің туысқандарынан жоғары қойғандық. Шаньюйден шыққан ру Си Люань-ди деп аталған. Жоғарыда көрсетілген фамилиялар, өкіметті бөліп билеген, өйткені шаньюй әйелдерді тек аталған рулардан алған, ал мемлекеттегі жоғары шендер мұра етіп қалдырылған яғни тек атақты кісілер меншігінде болған, мәселен, мемлекеттік  сот тек Сюйбу руынан ғана тағайындалған. Осынау атақты рулармен бірге жәй-қатардағы рулар көп болған, оларды өз кінәздары басқарған. Оларды рубасылары деп атауға болмайды, өйткені олар сайланбаған, билікті мұра ретінде алып отырған. Кейде олар өз бетінше дербес рөл атқаруға да тырысқан, бірақ басқарушы топ әманда жікшілдік ағым мен бейбастықты басып тастайтын болған. Осы машықпен олар шаньюйлердің үстемдігін де шектеп отырған, өйткені текті рудың әрбір мүшесінің  қорғаушыларының көп болғандығы сондай, іс жүзінде олар орталық өкіметтің қаһарына ұшыраймыз деп жасқанбаған, сол себепті де ол өз руының мүдде-мақсатына қайшы келмейтін нәрсенің бәрін де істей береді екен.

Хұндардың шен-шекпендік жүйесі мен басқару аппараты өте күрделі де қолапайсыз үлкен болған. Шығыстық және батыстық болып бөлінетін шенеуніктердің яки дәлірегі бекзаттардың бірнеше дәреже-деңгейін бөліп көрсетуге де болады. «Шығыстық» пен «батыстық» сөздері «аға» және «кіші» дегенді білдірген. Бірінші басқыш – чжуки – кінәз. Екінші басқыш – лули – кінәз; үшіншісі – ұлы жетекші; төртіншісі – ұлы дуюй; бесіншісі – ұлы данху. Осынау жоғары шендердің бәрі ұдайы шаньюй руының мүшелері болған. Олардың бәрінің рулық әулеті еншіліктері болмаған, бірақ оны қызмет орнымен бірге алып отырған. Қызметі жоғарылатылған күнде, шаньюймен туыстық дәрежесіне сәйкес, оның елшілігі де өзгертілген. Ханзадалар мансапты қызметті тек ақсүйек белгісіне қарай алатын болған.

Бұл белгі оныңталанты мен іске жарамды-жарамсыздығына сәйкес келмеген. Сол себепті де  текті ақсүйектерге қоса пассионарлы талант ақсүйектігі, қызметінен көтерілген тектілер болған. Оларды «гудухэу» деп атаған, олар жоғары мәртебелі бекзаттардың «көмекшілері» болып басқару істерінің бәрін атқарған. Бұл ежелгі хұндардың өсіп-өну процесіндегі пассионарлық өрлеу нәтижесінен туған шын мәніндегі нағыз жаңа адамдар еді. Соңғы жәйт олардың этностағы өзгеше қызметтерімен дәлелденеді. Жоғары мәртебелі бекзаттар секілді «гудухэу» жеке рулармен емес, басқарудың орталық жүйесімен байланысты болған, бұл барлық уақыттар мен халықтардың пассионарилеріне ортақ сипат болған. Және өздерінің аттарынан көрініп тұрғандайын, олар ежелгі хұн этносының үйреншікті адамдары емес, дұрысын айтсақ, төтенше тұрпатты адамдары еді. Шынында да Қытайдың «гу дуы» түріктің бұрмалаған «құт»-«бақыт» деген сөзі. Демек, «гу-духэу» дәлме-дәл «бақыт-құт бегі». Мұны «тас түссе – талайымнан» деп көзсіз ерлікке баратын пассионарлы мәрттердің – ержүрек сарбаздар мінез-құлқының символикалық бейнеленуі деп қарауға әбден болады. Ұлы Даланың келесі бір моңғолдық кезеңінде – Шыңғысхан дәуірінің осы тұрпаттағы пассионарлық тұлғасының да өзіндік поэтикалық аты болған. Арада бір жарым мың жыл өткеннен кейін дала батырларын «Ұзын арқан – кең тұсау» адамдары деп атайды.

Барша бекзаттардың жеке жасақтары болған. Жоғары мәртебелерінде – 10 мыңнан, ал төмендегілерінде – бірнеше мыңнан. 24 бекзаттан басқа рудың текті жайсаңдары, әулеттердің өзіндік бастықтары – рулармен байланысты кінәздар болған. Алашань тауының бөктерінде көшіп жүретін кінәздар – Хучжоу мен Хуньше, шығыс шекарадағы – Сижу мен Гуси және басқалары осындай кісілер тұғын. Мүденің дәуірінде олардың рөлі болмашы ғана еді, бірақ кейінірек, орталық өкіметтің дәрменсіз кезінде, олар күшейе бастады.

Сонымен біз хұн ақсүйектерінің үш категориясын анықтадық: текті ханзадалар, қызметімен көтерілген тектілер және ру жайсаңдары. Осындай аса қуатты күшпен шаньюйлер лажсыздан есептесіп отырған, өйткені олардың көмегінсіз ештеңе де істей алмайтын. Бекзаттар мен рубасылары тек дәстүрге ғана емес, өздерінің жауынгер жасақтарына да арқа сүйеген, сол себепті де шаньюйлер өздерінің тоңтеріс кінәздар алдында дәрменсіз көрінетін. Бұл әрине ішінара үкімет қолына тұсау болған, өйткені шаньюйлердің  билігін шектеп, олардың тежеусіз деспотқа айналып кетуіне бөгет жасап отырған.

Сол сияқты хұндардың өзіндік әдеттегі хұқық жүйесі де болған, ал қытайлар: «олардың заңы жеңіл және орындауға қолайлы» деп атп өтеді. Ауыр қылмыс жасау, оның қару-жарақты жалақтату өлім жазасына кесілген; ұрлық істеу дүние-мүлікті ғана емес, ұрының отбасын да тәркілеу арқылы жазаланған; ұсақ қылмыс жасағандардың беті тілінетін болған. Соттау мерзімі 10 күннен аспаған, ал бір мезгілде абақтыға ондаған адам ғана қамалады екен.

Алайда пассионарлық сілкініс хұндардыңхұқты дамуына әсер етеді. Әдеттегі хұқықпен бірге Мүде кезінен бастап, әскери тәртіпті бұзғандары және жауынгерлік міндетінен жалтарғаны үшін өліммен жазаланатын мемлекеттік хұқық пайда болды. Пассионарлық өрлеу кезеңіне тән осы бір төтенше заңдар Афинадағы Драконттың заңдарына немесе Шыңғыс ханның Ясасына ұқсайды, бұл заң хұндардың басын қосып біріктіруге және оларды Кіндік Азияның аса қуатты этносына айналдыруға себебін тигізеді.

Азаматтық хұқтан біз көптеген көпелілерге ортақ жәйтті – жер-суды иелену жүйесін көреміз – «әр біреудің бір танап жері болған, оты мен суының молдығына қарай, бір жерден екінші жерге көшіп-қонып жүрген» Біз қолымыздағы текске – мәтінге қарап, жер-су танабына кім ие болғанын – кінәз басқарған ру ма, әлде жеке отбасы ма – бұл жөнінде түпкілікті қорытынды жасай алмаймыз. Екінші болжамның дұрыстығын VІ-VІІ ғ.ғ. түріктеріне қолданылған осы сияқты тұжырымдама және оны түсіндіретін мәтіні мақұлдайды «Осынау елде жайылымдары кең, топырағы құнарлы; тукюлер бөліскенде неге дауласты екен». Алайда хұндар заманында 24 рудың әрқайсысы өз танапты жін иеленген; бұл болжаудың кейбір дәлел-дәйектері де бар. Б.з. І ғ. ортасына дейінішкі ұрыс-соғыстың  бәрін де рулар тұтас күйінде қатысады, жайылымдық жер-суларды  ру-ру болып иеленгендеріне бұл қосымша дәлел болып табылады. Тау ормандарын тегі, бірлесіп иеленген тәрізді, өйткені Қытаймен шекарадағы орманды қыраттарды сақтау ісіне шаньюйдің өзі қамқорлық жасаған, ал оларды «төменгі» кінәздер, яғни туыстары пайдаланған. Құлазыған құнарсыз жерлерді иемдену күллі хұн халқының еркінде болған. «Жер – мемлекеттің негізі»,-деген Мүде, осы шарт хұндардың бұдан былайғы тарихында қатаң сақталған. Хұндар құлшылықты білген, бірақ оларды Таяу Шығысқа тән қарыз беріп құлдану тәсілі болмаған. Көбінесе тұтқындар мен тұтқын әйелдер құлдыққа ұшыраған, олар шамасы шаруашылық жұмыстарына жегілген тәрізді. Хұндардың күллі тарихынан біз құлдармен сауда жасаудың ешбір ізін таба алмадық, ал хұндар құлдарды қатты бағалаған, оларды Қытайға жасаған жорықтары әрдайым адамдарды құла түзге айдап кетумен тынып отырған.

Мүденің реформалары жан тәсілімге жақындаған ежелгі хұн этносын хұндардың қызылкөз басқыншы мемлекетіне айналдырады, этникалық жастық оның күшіне күш қосады. Тәртіптің «Сен кім болуға тиісті болсаң, со бол!» деген қатыгез де қайсар өктемдігі этникалық жастықпен байланысты. Шыныда да сол заманда әрбір хұн жауынгерге айналады, оның өзі сөзсіз бағынуға міндетті бастығы болады. Бірақ ескі рулық жүйе бұзылмайды, әскери жасақтар бабында, кейінірек моңғолдарда Шыңғыс хан тұсындағыдайын, төменнен көтерілгендер емес, текті ханзадалар мен рубасылары тұрады. Шаньюй мен текті кісілердің өкіметті  бөліп билеуі екі жақтан да зорлық-зомбылық болмауын шектеп тастайды. Жалпы көпке ортақ әскери міндетті  ендіру, бастықтарға көзсіз бағыну мен шен-шекпен жүйесін жасауын, ең бастысы – аумаққа мемлекеттің негізі деп қарауын пассионарлық сілкініс  нәтижесінен туған жаңа тәртіп-тәлім негізінде мүлде жаңа этносты  жасау деп қабылдауымыз керек.

Жауынгер болып туған қатардағы хұн, өмір бойы содан айнымай, сарбаз болып қалуға тиіс. Бірақ, бұл оның ар-намысына тиіп жатсада, ол өз жағдайының нашарлап кетпейтініне  кепілдік алады, өйткені оны өз руы  ешқашанда тағдырға тәлкек еткізіп тастап кетпейді. Ол соғыс олжасы есебінен байып алады – олжа оның бөлінбес меншігі. Қарапайым хұн өмірі тыныштық кезінде жылына 2-4 рет көшіп-қонудан, әскери жаттығулардан, көктемгі және күзгі мамыражай еркіндік тұсында рахаттанып тынығудан құралған. Қытай министрлерінің шекара құлдарының: — хұндардың сарбаздары «көңілді тұрады» деген сөзін тектен-тек қайталап айтпаса керек. Сол себепті де қытайлар жиі-жиі  солардың арасына қашып кетуге тырысқан.

Қытайлар хұн әскерінің жалпы санын 300 мың адам деп есептеген. Бұл едәуір асырылып көрсетіліп сипыр секілді, өйткені барша еркектің  бәрі әскер қатарында болды десек те, онда Моңғолия аумағында небәрі 1,5 млн. Адам болып шығады, бұл яғни қазіргіден екі есе көп. Бұл көне қытай жылнамаларының көбейтіп көрсететін әдетінің бірі болуға тиіс.

Жеңіл жарақтанған хұн салтаттысының негізгі қаруы – садақ болған. Осы бір салтатты сарбаз жаяу әскермен де, ауыр қаруланған салтаттымен де айқасып қала қойса, көпке шыдамайды, бірақ олардан гөрі қимылы әлдеқайда оңтайлы, шалт келеді.

Хундардың тактикасы жауын әбден титықтатып құлату болатын. Пинчән қаласының түбінде хұндар қытай әскерінің алдыңғы шоғырын қоршап алады. Қытайлықтар оңтүстік тұрғындарының бойы үйренбеген аяздан және аштықтан қатты әлсірейді, өйткені олар арттағы азық-түлік көліктерінен кесіліп тасталған еді. Соған қарамастан хұндар шабуыл жасаудан жүрексінеді. Бірақ бұл арада гәп олардың қорқақтығында немесе тым сақтығында емес, қол айқасының хұндарға қажеті жоқтұғын. Қоршалған жауын қажымай-талмай мазалап, тыныштығын кетіріп, оны әбден шаршатуға тырысады, шаршатқанда сарбаздың  қаруы қолынан түсіп қалатындай, ол қарсылық көрсетпек түгілі, еңсесі түсіп, көзін жұмып ұйқтап кететіндей етіп титықтатады.

Табанды тайталаста тұрақсыздау келетін хұндар бұл кемшілігін әртүрлі әдіс-айламен толтыратын. Жорта шегінген болып, олар кеудемсоқ дұшпанын тоспа-торуылға түсіріп, қамап алатын. Егер жау лап қойып, шабуылға шықса, хұн салтаттылары  «дүр етіп ұшқан құс шоғырындай» бытырап кететін де, енді бір сәттен кейін қайта жиналып, қайтадан ұрысқа кірісетін. Оларды қуалап тастау – оңай, талқандау – қиындығы, құртып жіберу – мүмкін емес-ті.

         Әскери қызмет әрбір хұнның борышы болғандықтан да, ол үшін оған ешбір сый-сияпат, тарту-таралғы жасалмайтын. Жауын жойған жауынгерге «кесе толы шарап пен тартып алған олжасын алуға хұқы берілетін. Ал, тегі, соғыссыз түскен олжа, шаньюйдің үлесін айырып қойғанда, өзара бөліске салынған, әйтпесе әлгіде кетірілген сипатты түсіну қиын. Соғыс хұндарға аз табыс әкелмеген және өзге қимыл-әрекетпен салыстырғанда, онша қауіпті де болмаған, өйткені хұн сарбазының міндеті жауды едәуір жерден атып тастау немесе оны әбден әлсіретіп, шалажансар күйінде қол-аяғын матап, үйге әкеліп құл етіп қою.

         Хұндар – көшпелі халық; оларда мал өнімдері мол болған, ал егіншілік тағамдарына, маталарға мұқтаждық азайып көрмеген. Айырбас саудасында қытай мен соғды көпестері анайы көшпелілерді алдап кетеді екен. Бірақ саудадан кеткен есесін, сәтті шабуылмен қайтарып, «әділдікті» асырып отырған. Өзіміз көріп отырғандайын, хұндардың ұрыс-тартыстағы табыстары олардың әл-ауқатын арттырған, ал ынтымақтасып бас қосуы ішкі қақтығыстар мен тәуелсіз тайпалар тіршілігіне араласып, оларды ұдайы талап-тонау әрекетін азайтуға себебін тигізген.

         Шаньюй – ойсеңгір мен бекзаттарды асырау үшін де қаржы керек, оны халықтан жинап ала алмайсың. Алым-салық түз халқының табиғатына жат: азат жауынгер өз еркімен ешкімке ештеңе де төлемейді, өйткенітөлеу фактісінің өзімен ол еркіндігіне келтірілгенін көреді.  Ал осынау қаржы басы байлаулы яғни бағынышты тайпалардан – алым-салық түрінде, жаулардан – соғыс олжасы түрінде түскен. Кіріптар дұнхулар алым-салық орнына өгіз, жылқы, қой терілерін берген. Ауыр алым-салықты қазіргі Шығыс Түркістанның аса бай егінтаранды  аудандары төлеген. Хұндар, әсілі, темір қаруды да со жақтан алған тәрізді, өйткені Лобнор көлінің төңірегінде,  Жокянь мен Лэулань (Шань-шань) кінәздіктерінде тұратын танғұттардың сондай жарақты жасаумент даңқы жайылған еді.  Ұлпан терілері, тегі, теріскей шекардан – қыпшақтардан, динлиндер мен хакастардан түсіп тұрған. Бірақ бағындырылған тайпалармен бірге шаньюйлер табысының елеулі бір көзі Қытай болған. Қатайлар өздеріне қорлық санап, алым-салықты тікелей төлеуден үзілді-кесілді бас тартқан. Алайда олар хұндарға тарту-таралғы жіберіп тұрған,иол алым-салықтың бүркемеленген түрі болатын. Мәселен, 176 ж. мүде елшілікпен Қытайға жұпыны тарту етіп, бір атан  мен екі мініс атын, төрт-төрттен екі күйменің жегінде аттарын жібергенде, ол бұған оюмен өрнектелген астарлы шапан, ұзын қамқашекпен, шашбастырғыш алтын мүйіз тұмсық, доғалы алтынмен көмкерілген белдік пен он бума кестеленген қырмызы және жысыл түсті жібек мата жібереді

Әсіресе қатыгез көршісінің залымдық усойқы саясаты мен жортуыл-жорықтарының салдарынан алты бақан лауыз болып бөлініп, ең соңында әлсіреген хұндардың туған ел-жұртын тастап, қазіргі Қазақстан жерінің Арқа жағын басып өтіп, Еділ-Жайық аймағына барып қоныстанып, жергілікті халық угорлармен араласып кететін қаіретті тарихы оқушыны қатты тебірентеді. Олар сол арада екіжүз жыл тұрып, нығайып алғаннан кейін қуатты сарматтар мемлекетін талқандап, Қара теңіздің теріскейі арқылы қаптай шауып Еуропаға ауыз салады. Сөйтіп сол көне құрлық тарихына жан бітіріп, батырлығымен, қаһарлы да қанішер қаталдығымен бүкіл батысты жанын түршіктіре жаулап алған атышулы ғұндар эопеясын бастады. Ол өз еңбектерінде тарих ғылымында қалыптасқан, Ресей мен Батыста әбден жайылып қалыптасқан еуроцентристік көзқарасты қиратты. Сөйтіп тарихшылар назарын мүлде соны салаға – бұрын адамзат өркениетінің «арамтамағы» аталған көшпенділер тақырыбына аударды. Тек аударып қана қоймай, өз көршілері Қытай, Индия, Иран сияқты, оларды да дамыған өркениеті болғанын өз еңбектерінде дәлелдеп дәйектеп шықты.

Грек-рим тарихнамасымен салыстыра отырып бүгінгі күнге дейін өз құндылығын сақтап отырған «Қытай немесе Шығыс Түркістан» еңбегінің авторы В.В. Григорьев сондай-ақ орыс саяхатшылары мен ғалымдарының еңбектеріне әділ бағасын беруге тырысқан. Сондай-ақ Н.А. Аристов, С.И. Руденко [18], Г.Е. Грум-Грижимайло [19], еңбектері де ғұндар мәселесін жан-жақты қарастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ ТАРАУ: ҒҰН ТАЙПАЛЫҚ ОДАҒЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН ТАРИХНАМАСЫНДА ЗЕРТТЕЛУІ: ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, МАҢЫЗЫ.

 

         Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы, Кеңес Одағының құлауы үлкен тарихи оқиғалар болды. Кеңес өкіметінде 80-жылдардың 2-ші жартысынан бастап орын үлкен әлеуметтік-экономикалық және саяси басқару мен қоғамдық қатынастарда орын алған өзгерістер легі адамдардың көзқарастарын өзгертті, олардың қоғамға, дүниенің дамуы мен Отан тарихына деген ынта-ықыластары өсті. Қазақ халқы да өзінің өткен тарихына үңіліп, ешбір боямасыз, қандай да болмасын бір жасандылықтан, белгілі бір шек қоюшылықтан таза тарихын білуге ұмтылды. Міне, тәуелсіз Қазақстан тарихының алдында осы талап-тілекті қанағаттандыру міндеті тұрды. Соның ішінде жоғарыда өзіміз сөз етіп отырған ғұндар тарихы бар еді. Себебі, Еуразиядағы халықтардың Ұлы қоныс аударуына  қуатты серпін берген ғұндар тарихы Шығыс пен Батыс тарихында  маңызды орын алады. Барлық Еуропа континентін іс жүзінде қамтыған және оның саяси, этникалық, мәдени тұлғасын түбегейлі өзгерткен қоныс аудару процестерінің шыңы ІV-VІІ ғасырларға дәл келеді. Еуропа орталық Азиядан келген ғұндарды б.з.д. ІV ғасырлардағы қытай деректері өздерінің қауіпті қарсыластары мен соғыста бірталай жетістіктерге жеткенін білеміз. Бірнеше ғұн-қытай соғысының барысында ғұн тайпаларының барысында ғұн тайпаларының барысында ғұн тайпаларының одақтары Цин императорлары жаулап алған жайылымдық жерлерді қайтарып, қытайдан тұрақты түрде мата мен астықтың келіп тұруына қол жеткізді. Б.з.д. ІІ ғасырдан бастап қытайлар өз күштерімен ғұндарды бағындыра алмағандықтан, оларға өзге көшпелі халықтардың көмегімен соққы берді. Б. з.д. ІІ ғасырдың бірінші жартысында ғұн тайпаларының  Шығыс Қазақстанға, Жетісу аймағына кейін Батыс Сібірдің угор тайпаларымен бірге Орал, Каспий жағалауларына, кейін және жайықтың арғы жағындағы  далаларға көшіп қонуы басталды. Бұл аймақтағы ғұндардың жергілікті тайпа ұйымдарымен ассимиляциялану процесі жүрді. ІV ғасырдың ортасында олар Волга мен Дон аймағына енеді. Азов аймағы және  Солтүстік Кавказдағы  алаңдарды, Боспор патшалығын жаулап алып,  ғүндар Доннан өтіп, Оңтүстік-Шығыс  Еуропадағы Остгот патшасы *** көп тайпалы державасын 375 жылы талқандайды. Бұл жыл халықтардың  Ұлы қоныс аударуына алып келген жыл болды.  Міне, бұл оқиғалар тізбегін қазақстандық тарих ғылымы, қазақстандық медевистика ортағасырлар      тарихы дәуірі мен өркениетінің  бастамасы ретінде қарастырады [20].

          Ата-бабаларымыз екі мың жылдар бойы Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейін, Сібірден Үндістанға дейінгі мемлекеттердің дамуында маңызды роль атқарады.  Кең байтақ  далаларда көшіп қонып жүрген тайпалар мен тайпа  Евразияның этникалық және  мамлакеттік бейнесін талай өзгертті. Бұл жағдай ғұн  тарихына қатысты, себебі, ғұн тарихы түркі тарихының және Қазақстан тарихының ең маңызды болігінің бірі. Қазақстандық ғалымдар ғұн мәселелерін  жан-жақты  зерттеуде. Жоғарыдағы тарауларымыздан көріп отырғанымыздай ғұн тайпалық одағы тарихының  тек азиялық кезеңі  көп қарастырылған, ал Европалық ғұндар мәселесі назардан тыс қалды. Бұған кеңестік және шетелдік тарихнамада ұзақ жылдар бойы қалыптасқан «европа мәдениетін талқандаушы», «жабайы» тағы басқа ұғымдар дәлел. Бүгінгі Қазақстандық ғалымдар мәселесінің осы жағына баса назар аударып отырғаны байқалады. Атап айтар болсақ, осы тақырыпта зерттеулер жүргізіп жүрген ғалымымыз тарих ғылымдарының докторы, профессоры, Германияның Гетинген Университетінің құрметті профессоры Қ.Т. Жұмағұлов /46/. Ғалым ғұндар тарихына әсіресе олардың Европадағы кезеңіне қатысты, атақты ғұн билеушісі Аттила (Еділ) патша тарихына қатысты көптеген ғылыми мақалалардың авторы. Зерттеуші ғалым ғұндар тарихына қатысты көптеген мәселелерді көтеріп, оларға деректер негізінде нақты жауаптар берді.

         Автор ғұндардың зерттелу тарихы жайлы былай ой түйеді: « Осы жерде мына жағдайды айта кеткен жөн. Ғылымда Азиялық хуннулардың (ғұндардың) тарихы біршама зерттелген, ал Европадағы ғұндардың тарихы жөнінде мұны айта алмаймыз. Бұл тарих әлі де өзінің шынайы зерттеулерін күтіп отыр. Л.Н. Гумилев былай деп жазған еді: « Аландарды талқандап және оларды өздеріне қосып ала отырып, ғұндар аса зор тайпалық одақтың басын құрды… ІV ғасырдың жетпісінші жылдары олар Дониал өтті және остготтарды талқандай отырып тарихтың «халықтардың ұлы қоныс аударуы» деп аталатын жаңа дәуірін бастап берді… Біз әңгімемізді доғаруымызға болады, өйткені жаңа ашылғалы отырған парақ Европа тарихына арналады» [21]. Бұдан ары ғалымбелгілі зерттеуші, шығыстанушы-ғалым Л.Н. Гумилев пікірінің астарына үңіле түседі: «Келтірілген дәйек сөзді астарында бұл тарих Батыс тарих мамандарының зертелулерінен өзіне тиесілі, лайықты орны алуға тиіс деген ой жатыр. Алайда орыс тілді  әдебиетте, оның ішінде Кеңес медевистикасында  да Европадағы ғұндардың тарихы, кейбір қысқаша  шолулар болмаса тіпті зерттелмеген деп айтуға болады. Бұл жерде ғұндар қозғалысын еуропалық мәдениетті жоюшы «Азияттар» қозғалысы ретінде сипаттаған бір қатар Батыс еуропалық авторлардың мәліметтері кейінгі антик және ерте ортағасырлық хрониктердің (жылнамашылардың) еңбектерінен алды және ол мәліметтерді сыни електен өткізбей жеткілікті талдамай, сондай-ақ басқа да деректермен салыстырмай пайдаланған» [22].

         Зерттеуші ғұндар тарихын зерттеуде ғалым дамуының қазіргі деректерді әр түрлі типтері мен топтарының (табиғи-географиялық, этнографиялық, археологиялық, жазба және т.б.) бірін-бірі толықтырып отыратын мәліметтерін қатар пайдалану  тәсілімен бірге пәнаралық бағыттар да кеңінен дамыту керек деп есептейді.

         ІV-V ғ.ғ. Еуропадағы ғұндар тарихынан Евразия тарихы, жалпы Евразия түсінігі бастау алады. Шайқастар мен үстін-үстін болып отырған көшіп-қонулармен бірге ол Шығыс пен Батыстың әр қырлы әрекеттесулерінің, дәстүрлері мен мәдениеттерінің синтезінің үлгісі де болады, ал бұл әрекеттесудің салдары өз кезегінде, сапалы түрде жаңа өркениеттің, жаңа қоғамдық қатынастардың қалыптасуына ықпал етті. Бұл мақалада дәл осы мәселелерге, атап айтқанда 451 жылы деп аталатын ғұндардың бірінші европалық соғысына байланысты V ғ. ортасындағы халықаралық қатынастар мәселелеріне арналады. Осы дәуірдегі оқиғаларды зерттеу  үшін деректер ретінде автор ең алдымен, кеінгі антик және ерте ортағасырлық авторлардың көбіне латын тілінде жазылған шығармаларын (хроникаларды, папалардың хаттарын т.б.) сондай-ақ археология, этнология, лингвистика және басқа да пәнаралық ғылым ретінде пайдаланды. Автор бұл материалдарды 1995-1999 жылдары Германия университетінің шақыруымен Герман Археологиялық институты, Гете атындағы Франкфурт университеті, Г. Август атындағы Гетинген университеті және Роман-Герман коиссиясында ғылыми сапарлары өткен кезде жинақталған. Біз қарастырып отырған мақаласында автор ғұн тарихының осы кезеңіне қатысты деректерді талдай түседі. Бұған ғалымның шет тілдерін еркін меңгергені де ғылыми құндылығын арттыра түсері даусыз. Сол бір қымқуат, күрделі уақыттың замандасы болған Простер Тиро, Аттиланың батысқа қарай жорығын сол дәуірдегі басты оқиға деп атай отырып, былай жазады: «Өз бауыры өлтірілгеннен кейін Аттила, одан сайын күшейе түсті, мыңдаған көршілес халықтарды өзімен бірге готтарға қарсы жүргіземін, деп түсіндірді. Ол Рейіннен өткеннен кейін барлық галл қалаларын қорқыныш биледі. Біз готтармен бірге, біріккен күшпен өзімсінген өжет жауды қарсы алуға бел байладық. Осы жерде әр жақта шашырап жатқан күштерді шұғыл жинақтап, жауға қарсы қоя білген патриций Аэций ерекше көзге түсті» [23].

         Сол дәуірдің маңызды деректерінің қатарына, өкінішке орай әлі күнге дейін жеткілікті зерттелмей отырған папа хаттарының материалдары мен архивтері жатады. Бұл материалдар тарихшы үшін теңдесі жоқ, қайталанбас маңызды дерек көздері болып табылады, өйткені ол сол уақыттың шымшытырық оқиғаларын қайта қалпына келтіруге, көз алдымызға елестетуге мүмкіндік береді. Мысалы, Шығыс Рим империясының императоры Маркианға (450-457 ж.ж.) 457 ж. 23 сәуірінде  жазған хатында пап Ұлы Лев І (440-461), Батыс пен Шығыстың христиандық қос императорлары күш біріктіргенде ғана варварлардың еретиктік пыйғылдары мен шапқыншылықтарына қарсы тұруға болатынын айтады. Ал 451 ж. мамыр айында Византияның императоры Никея қаласында әлемдік собор шақыруға шешім қабылдағанда, Пап соборды кейінге қалдыруды талап етті, өйткені батыстың бірқатар провинцияларының епископтары төніп отырған соғыс қаупіне байланысты байланысты өз шіркеулерін тастап кете алмайтын еді. Алайда папаның 451 ж. 20 шілдедегі хатынан көретініміздей маркиян соборды қалай болғанда да  шақыруды ұйғарды, Лев І бұл соборға өз өкілі ретінде епископ Пасханиді жібереді. Қ.Т. Жұмағұловты ғұн мәселесіне арналған бірнеше зерттеулерінің бірі ғұндардың Галлияға жорығына арналған. Ғұн тарихының ақтаңдақ беттерінің бірі болып табылатын мәселені автор тамаша қоя білген.

         Неге Аттила өзінің жорығын Италияға емес, Галлияға ұйымдастырды? Бұл мәселе тереңірек зерттеуді қажет етеді: 450-451 ж.ж. Аттиланың екі Рим империясымен де қарым-қатынастары нашарлап кеткен еді. 450 жылы шілдеде Шығыс Рим империясының императоры Феодосий ІІ қайтыс болғаннан кейін өкімет басына кеген Маркиан ғұндарға бұған дейін үнемі төлеп отырған алымын өтеуден бас тартты. Ромейліктер Аттиланың елшілеріне, егер ол бізге қарсы соғыс ашпайтын болса, біз оған сый-сияпат көрсетіп отырамыз (дары), ал керісінше жағдайда, бізде оны соғыспен қарсы аламыз деп уәде береді.

         Приск Панийскийдің жазбаларына сенетін болсақ Аттила осымен бір уақытта Римге де, атап айтқанда Батыс-Рим империясының императоры Валентиниан ІІІ-ге елшілік жіберіп, одан өзінің қарындасы Гонорияны, өзіне тиесілі байлығымен қосып әйелдікке беруді талап етті. Бұған император, Гонория басқа кісімен сөз байласып қойғандықтан келісім бере алмайтындығын айтады.

          Прискінің көрсетулеріне қарағанда екі елшілік те осылайша нәтижесіз аяқталады. Аттила не істерін білмей, ақырында сабырға келе отырып Батысқа жорыққа аттануға шешім қабылдайды. Бұл жерде оны империяға емес, готтар мен франктерге қарсы соғысқанын айта кеткен жөн; италиялықтардың билеушілеріне бар байлығымен бірге Гонорияға қол жеткізу үшін, ал готтарға вандалдардың королі Гейзерихтің өтінішімен қарсы шықты.

         Осы тұста, император Валентиниан ІІІ-ң қарындасы ретінде Римде айтарлықтай ықпалы болған Гонорияға байланысты оқиғаға біраз тоқталып кеткен жөн болар. VІ-VІІІ ғ.ғ. Грек хронисі Иоанн Антиохийский Прискінің деректеріне сүйене отырып мынандай мәліметтер береді; Рим императорының қарындасы – Гонория сарай шаруашылығының меңгерушісі – Евгений деген біреумен байланыста болады, бұл байланыс ашылып қалып, Евгений өлім жазасына кесіледі, ал Гонорияны өзі танымайтын бір сарай маңындағы шонжармен некеге күшпен көндіреді. Бұған ашуланған Гонория, ең алдымен өз ағасының сарайында  ешқандай билікке араласа алмай қалғанына ызасы келді, сөйтіп өзінің қызметшісін (әтек Гиацинфусты) Аттилаға көмек сұрай жібереді. Егер Аттила өзін бұл қорлықтан құтқарса, оның жары болуға және өзін азат етуге кеткен шығынның бәрін өткеруге уәде етті…[24].

         Ғұндарға жау көзқарастағы Валентиниан ІІІ мен оның әскери қолбасшысы Аэцийдің Гонорияның жай ғана сөз жүзінде болса да билікті бөлісуші болғанын қаламағаны түсінікті жай. Ал Аттилаға келетін болсақ, ол Рим империясымен күресте «жалған қалыңдық» Гонория арқылы Римдегі билеуші топқа ықпал жасап отыруды ойлады. Өзінің елшісі арқылы Аттила Гонориямен бірге оның әкесінің байлығының тең жартысын да талап етті, өйткені бұл байлық заң бойынша, императордың қызы ретінде соған тиесілі еді. Римдіктер Аттиланың бұл шарттарын қабылдамағандықтан, ол енді өзінің бүкіл әскерін әзірлей бастады.

         Жақындап келе жатқан қақтығыстың себептерінің қатарына рипуарлық франктердегі тақ үшін күреске байланысты оқиғаны да жатқызуға болады. Соңғылар Солтүстік Галлия аумағында орналасқандығы белгілі. Франктердің королі қайтыс болғаннан кейін, оның балаларының арасында тақ үшін күрес басталды. Пристің айтуы бойынша үлкен ұлы Аттиламен, ал кіші ұлы Аэциймен жақындаса бастады.

         Жоғарыда біз вандалдардың королі – Гейзерих жөнінде айтып кеткен болатынбыз. Иоданның айтуы бойынша «Аттиланың бар мақсаты дүниені талқандау, құртып-жою екендігін түсінген вандалдардың королі Гейзерих толып жатқан тарту-таралғылар жасау арқылы оны вестготтармен соғысқа итермелейді, өйткені вестгот королі Теодерих өз қызының қорлығы үшін одан кек алуға дайындалып жүрген еді; Бұл қыз кезінде Гейзерихтің ұлы Гунерихке ұзатылған болатын, бастапқыда ол өзінің бұл некесіне көңілі тоушы еді, бірақ кейін күйеуінің өте қатыгез екендігіне көзі жетеді, ақырында өз күйеуін у беріп өлтірмекші болды деген жаламен қыздың құлақ-мұрнын кесіп әкесінің үйіне қайтарып жібереді. Табиғат берген сұлулығынан айрылған байқұс, адам шошырлық халге түседі, осындай көз көріп, құлақ естімеген қатыгездік тіпті бөгде адамдардың да ашу-ызасын туғызады, мұның өзі Теодерихтің кек алу туралы ойын одан сайын күшейте түседі».

         Ғұндардың әміршісін Иорданның сипаттауына қарағанда, ол өте қатыгез әрі айлакер адам болған, ұрысқа түспес бұрын ол алдымен ақыл-айламен әрекет ететін. Әрине бұл жерде әр кез қолданылып келген «мақсатқа жету жолындағы әдіс-тәсілдің бәрі жақсы» деген мәңгілік қағидаға байланысты амал-айлалар жөнінде сөз болып отыр. Шынында да Аттила император Валентинианға өз елшісі арқылы өзінің Рим империясына қарсы шықпайтынын, өз дауын тек вестгот королімен шешетінін айтты.

         Римдіктер өте шұғыл қимылдады. Император Валентиниан ІІІ вестгот королі Теодерихке елшілік жіберіп, мынаны айтты: («Тайпалардың ішіндегі ең ержүрегі – сіздердің тайпаларыңыз бүкіл әлемге озбырлық жасап отырған қатыгез билеушіге (тиран) қарсы бізбен күш біріктірсе бұл сіздің тарапыңыздан ақылмен атқарылған іс болар еді. Ол бүкіл әлемді өз құлына айналдырмақшы, ол ешбір себепсіз-ақ соғыс аша береді, өзінің іс-әрекеттерінің бәрін заңды деп есептейді. Өзінің даңғойлығын ол шынтағымен өлшеп, тәкаппарлығын өзімшілдігімен басады. Ол күн мен құдай заңын жек көріп, өзін табиғаттың жауы етіп көрсетеді. Өзінің өзгелерге жау екенін жар салып, жария етуші – шын мәнінде жұрттың жаппай қарғысына ие болады. Еске алыңыздаршы, мен сіздерден онсыз да ұмыту мүмкін емес жағдай жөнінде өтініп тұрмын: ғұндар ашық соғысқа шықпайды, ашық шайқаста болатын бақытсыздық жалпыға ортақ құбылыс, лоар зұлымдықпен, жасырынып келіп тиіседі, — бұл асқан жауыздық! Мен өзім жөнінде айтпаған күнде де, сіздер қалай ғана өздерңізге жасалған озбырлық үшін кек алуға ұмтылмайсыздар? Сіздердің қаруларыңыз аса қауіпті, сондықтан да өздеріңізге жасалған зұлымдық үшін кек алуға бар күштеріңізді жинақтаңыздар! Өздеріңіз мүшесі болып отырған империяға да көмектесіңіздер. Бізге бұл одақтың қаншалықты қажет, қаншалықты қымбат екенін жауымыздан сұраңыз!»).

         Рим императорының ғұндарға қарсы бірігіп соғысуы туралы өтініші мен талаптарын Теодерих қабыл алып, елшілерге былай деп жауап қайтарылды: «О, римдіктер, сіздердің тілектеріңіз орындалды. Сіздер Аттиланы бізге де жау еттіңіздер! Ол бізді қай жерде ұрысқа шақырса да біз соғысуға дайынбыз; әртүрлі тайпаларды жеңіл дандайсып алған даңғойлар мен қалай күресуді готтар да біледі. Мұның себебі дәйекті соғыстан мен ешқашан қорықпаймын, оның үстіне жоғары мәртебелі императордың өзі қолдап отырса біздің алдымызда еш қауіп жоқ». Комиттер көсемінің жауабын айқаймен қолдап жатты; оларға халық қуанышпен үн қосты; барлығын жауынгерлік рух билеп кетті; барлық жаулары  — ғұндарға қарай тез арада аттануға асықты.

         Ғұндармен күрес Рим империясымен вестготтарды және басқа да герман тайпаларының одақтарын біріктірді. Бұрынғы болған қайшылықтар мен қақтығыстар, соның ішінде Аэций мен вестготтар арасындағы қайшылықтарда ұмытылды. Римнің вестгот корольдігі мен Батыстың басқа да тайпа одақтарының біріккен әскерін патриций Флавий Аэций басқарды. Бұл кісі кезінде, Римдегі билік күшін күрес уақытысында ғұндарға қашып кетіп, солардан қолдау тапқан еді. 433 ж. ғұн әскерімен Италияға оралып, мемлекеттегі жоғарғы лауазымдарын қайтарып алыр, империяның қарулы күштерінің қолбасшысы болып тағайындаған еді. Аэцийдің ғұндар елінде болуымен байланысты, оның өзінің болашақ жауы – жас Аттиламен кедескені жөнінде айта кеткен жөн. Өзі кепілдікте отырған уақытта Аэций ғұндармен жақынырақ танысуға мүмкіндік алды, ол үшін кейінгі уақытта әсіресе маңызды болғаны – ғұндардың әскери ұйымын және олардың соғыс жүргізу тәсілдерін зерттелуі еді. Кейбір жағдайларда Аэцийдің ғұн жалдамалы отрядтарын өсіріп айтып отыр. Алайда қазір Аттиланың армиясы ең көп 100 000 –нан 120 000 мың адамға дейін болғанын; оның қарсыластарының күші де шамамен осынша болғанын нақты айтуға болады.

         Аттиланың жағында үлкенді-кішілі 25 тайпа болды. Оның әрқайсысы өз қатарына 10 000-ға дейін әскер немесе түмен шығара алатын еді. Солғыс жағдайында атты әскердің 1/3-і әдетте туған жерді қорғау үшін (тыл) қалдырылатын деуге болады. Аттила жорыққа ең көп дегенде (25х6,600 салт атты) 165000 жауынгер жиналуы мүмкін еді. Бұған қоса әскердің алдыңғы (авангард) бөлімдері одақтас рулар мен тайпалардан тұрды, ал олар шайқаста аса белсенділік таныта қоймайтыны белгілі. Сонымен бірге біз ғұндардың билеушісі осымен бір уақыттта Шығыста да, атап айтқанда Кавказда ұрыс қимылдарын жүргізуді жоспарларын есепке алуымыз керек. Осының бәрі соңғы нәтижеде ғұн әскерінің, жоғарыда келтірілген санының (100 мыңнан 120 мыңға дейін) дұрыс екендігіне негіз береді, оның үстіне бұл сан кейінгі антик заман мен кейінгі орта ғасырлардың басындағы дәуірге іс жүзінде сәйкес келеді.

         Алайда ол (Аттила) жеңілген сыңайын көрсетпеді: керісінше ол қаруларын жарқылдатып, кернейлерін дамылсыз боздатып шабуылдаймын деп қорқытты. Аттила үңгірдің аузында аңшылардың қоршауында қалып, найзалардың ұшына іліккен арыстанның кебін кигендей. Артқы екі аяғынан тұра алмасын білсе де, ақырған зор айқаймен төңіректің зәре-құтын қашырды.

         Вестготтар өлген корольі үшін қалай да өш алып, кек қайтаруды ойлады. Алайда, вестготтардың күшейіп кеткенін қаламаған Аэций жас Торисмунд, ғұндар қайтар жолында оның корольдігіне шабуыл жасау мүмкін дегенді айтып тоқтатты. Аттила болса, готтардың кетіп жатқанын көрсе д, жау жағы тағы бір қулық жасап жаткан жоқ па екен деген бос  қалған жұртында, ұзақ уақытқа меңіреу тыныштықтың орнауы, ақыры жеңіс жайлы ойлантып, көңілді қуанышқа кенелтіп, қуатты корольдің рухы, тағдыры жөніндегі бұрынғы сеніміне қайыра қанат қақты» [25]. Алайда Аттила ғұн державасының орталығы – Паннонияға оралуға бел байлады. Европаның біріккен күштерімен шайқаста үзіліс жасау керек деп тапты. Оның әскері ақырын Римге қарай бұрылды. Оның жолында Труа қаласы жатқан еді. Бұл жөнінде азды-көпті деректер сақталған. «(Труа епископы Луптың өмірі)» дерегінен бұл қала өз епископының арқасында аман қалғаны жайлы білеміз: «Бұған дейін бүкіл Галлия жеріне шашырап елді әбден аздырған ғұн әскерлері көп кешікпей қайта оралды. Көптеген қалалар қулық пен сұмдықтың арқасында бағындырылып , ал көбісі жайдан-жай қиратылды, жау әскері Труаға да жетті, бұл қорғансыз, бекіністері жоқ қала еді. Бұл жерде қамқоршы әрі тақуа ізгі ниетті епископ Лукп өз басын құтқаруды ойламай, қаланы жаратушыға жалбарыну арқылы аман алып қалғаны белгілі. Кейінірек қатыгез де қатал Аттила осы епископқа өзімен бірге Реинге дейін баруды бұйырып, оған ешкім тиіспейтінін ескертті. Аман-есен Реинге жетіп алған соң, Аттила өз аудармашысы Онегезий арқылы Лупқа алғысын айтып, оны еліне қайтарды» [26].

         Германия арқылы Аттила өз әскерімен Паннонияға оралды. Біз жоғарыда өзімізге дейін жеткен жазба-деректер Римдік, Византиялық және басқа да ерте ортағасырлық авторлардың еңбектеріне сүйене отырып, Галлияға жорығын қайта қалпына келтіруге тырысты. Соңғылары өздерінің ғұндарға берген сипаттамаларында асыра сілтеушіліктерге жол беріп, оларды қалыптасып қалған дәстүрге сай «жабайы варварлар» ретінде көрсеткен. Мысалы, өзімізге белгілі Иордан былай дейді «тарихшы Пристің айтуы бойынша осы бір мейірімсіз ру Меотия көлінің жағалауына келіп қоныстанып алып, тек аң аулауды ғана кәсіп етіп, одан басқа істі білмеді. Тайпа көлеміне дейін өсіп алып, өзінің зұлымдығымен және ұрлық-қарлығымен көршілес тайпалардың тынышын кетірді».

         ІV-V ғ.ғ. межесінде өмір сүрген испан монахы Орозий ғұндар адам аяғы жетпейтін, биік тауларда ұзақ уақыт ешкіммен араласпай, жеке өмір сүрген, деп көрсетеді. Бұл хабарды ғұндардың Орта Азияны мекен еткен кезіндегі алыста қалған оқиғалардың жаңғырығы деп ұққан жөн.

         Ғұндардың тегеуріні алапат болғаны соншалық,  ІV-VІ ғ.ғ. хронистері осы бір айырықша айбатты тайпалар бірлестігінің қайдан шыққаны жөнінде тек «акдемиялық қызығушылықпен» ғана қарастырып қойған жоқ. Батыс хроникаларының авторлары ғұндарға көбіне дұшпандық көзқараспен қарады, сондықтан да тарихшы жалғыз ғана осы деректер негізінде шындықты қалпына келтіре алмайды. Қазіргі заманғы археологиялық қазбалардың және пәнаралық зерттеудің мәліметтері ғұн қоғамында қолөнер,сауда өнері және қоғамдық өмірдің басқа да салалары айтарлықтай дәрежеде дамығанын көрсетіп отыр.

         Иорданның жазбаларының арқасында біз Каталаун даласындағы аламан шайқас жайында біліп отырмыз. Алайда оның тарапынан да бұл оқиғаны баяндауда асыра сілтеушіліктер жіберілген. Оның жазбаларын оқығанда мынадай сұрақтар өзінен-өзі туындайды: түн жамылып жеңімпаздар қашып кетіп, ертеңіне ұрыс алаңында жеңіліс тапқандардың өлі денелері жатуы әлемдік тарихта болған ба еді?.

          Бұл жерде бізге оқиғаны дәл қалпына келтіру үшін сол күндердің куәгерлерінің мәліметтері айырықша маңызды. Ондайлар әрине өте аз, сирек, бірақ әйтеуір бар екен. Мысалы, Проспер Тиро Каталаун шайқасы жөнінде былай деп жазады: (Бұл шайқаста екі жақтың ешқайсысы да жеңіске жеткен жоқ. Өлгендердің санына өлшем жоқ…) [28].

         Батыстағы ғұндар державасы өзіне көпшіліктің назарын аудартпай тұра алмады. Мысалы, «адамзат тарихы философиясының идеяларында» И.Г. Гердер, ғұндар патшасы Аттила Метео тәрізді Еуропа аспанында жарқ етті… Ол өз қол астындағыларға әділетті, мейірбан, жауына айбатты,  римдіктер алдында өркөкірек, әрдайым асқақ болды: қалың қолымен Батысқа бер бұрды, бүкіл Германияны шауып өтіп Ресей мен Рейннен әрі асты, Галлияның қақ жартысын қаратып қан қақсатты – оның алдында бүкіл Европа қалшылдап, діріл қақты, ақырында барлық Батыс халықтары бас қосып, әскер жиып, оған қарсы шықты. «Аттила – тактикалық жағынан данышпандық танытты, өз әскерін Каталаун жазығына шоғырландырған себебі, бұл жерде сәтсіздік жағдайында кейін қарай шегінуге жол ашық еді: оған қарсы Римдіктер, готтар, леттер, армориктер, бреондар, бургундтар, сакстар, аландар, франктер өз әскерін жылжытты. Шайқастарға ол өзі тікелей басшылық етті. Ұрыстарда қан судай ақты, вестготтар патшасы айқас алаңында жан тапсырды; сансыз сарбаз шейіт болды, ал ұрыстың нәтижесін болмашы ғана кездейсоқ сәттер шешті. Аттила Рейннен өтіп, кейін қайтты, оның артынан ешкім қуған жоқ».

         Осы аса ірі шайқасқа баға берген кезде Батыстың бірқатар жаңа және қазіргі заман тарихшылары мәліметтерді ерте орта ғасырлық хронистерден ала отырып, оны сыни електен өткізбей-ақ пайдаланды. Ал мұның өзі  тарихи шындықты объективті түрде бағалауды қиындатары даусыз.

         Бельгия тарихшысы А. Пиренн: «451 жылы көктемінде Рейннен өткен Аттила Луараға дейінгінің бәрін қырып-жойып, қиратты. Германдықтардың көмегімен оны Аэций Труаның маңында тоқтатты. Франктер, бургундтар мен вестготтар және басқалар жақсы одақтастар болып шықты; Римдіктердің әскери өнері мен германдықтардың ержүректігі осы жерде бәрін шешті. 453 жылы Аттиланың қайтыс болуы оның соңынан державасының да құлауына, ыдырауына алып келді, соның арқасында Батысты қауіптен құтқарды».

         Батыс тарихнамасының ғұндар тарихын бағалаудағы дәстүрі көбінесе орыс, кеңес тарихнамасында да, соның ішінде, Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі тарихнамаға да ықпал етті. Ғұндар тарихына байланысты жалпы шолуларда «Каталаун даласындағы (Мауриак түбіндегі, Труа маңы) шайқаста Аттила жеңіліс тапты, түсірген олжасының елеулі бөлігінен айырылып қалып, кейін шегінуге мәжбүр болды», — деп көрсетіледі. Қазіргі заманғы жинақтаушы басылымдар мен оқулықтарда да осы пайымдаулар қайталанады: «Каталаун даласында ұрыс болып, онда ғұндар Аттила таққа отырғаннан бергі уақытта алғашқы рет күл-талқан болып жеңілдің. Бұл шайқас, расында да әлемдік тарихтағы аса маңызды шайқастардың бірі деп есептеледі, өйткені Каталаун даласында тек Галлиядағы рим үстемдігінің тағдыры ғана емес, сондай-ақ белгілі дәрежеде бүкіл батыс өркениетінің тағдыры да шешілген еді».

         Біздің ойымызша Галлиядағы жағдайды Аттила жорығының шектен тыс кең қанат жаюынан және осынау алып аймақта ғұндармен әлеуметтік және этникалық жағынан байланысы жоқ көптеген тайпалар мен құрылымдарды ұзақ уақыт бір басшылықта ұстап тұрудың мүмкін еместігінен деп түсіндіруге болар еді, шынында да ғұндардың күш-қуаты 451 ж. «халықтар шайқасынан» кейін де сарқылып, бітіп қалған жоқ еді. Бұл Аттиланың бұрынғы, рухты кездеріндегі жеңістеріне ұқсамаса да,бірақ жеңіліс деп те айтуға болмайды. Бұған дәлел – бұдан бір жыл өткеннен кейін-ақ Аттила енді Рим имперясының дәл жүрегі болып табылатын Италияға жорық жасады. Бұл біздің ойымызша ғұн қолбасшысының галл соғысының барысында пайда болған стратегиясының мәні болар [29].

         Жалпы алғанда, өз зерттеулерін негізінен еуропалық ғұндар тарихының мәселелеріне арналған ғалым «Ғұндар тарихымен Азия және Еуропада, шын мәніндегі Европа, Евразия тарихы басталады. Соғыстар мен қоныс аударумен қатар ол Шығыс пен Батыстың сан қырлы қарым-қатынасының, дәстүр мен мәдениет синтезінің үлгісі болып табылады. Бұл саналы жаңа өркениет пен қоғамдық қатынастарды қалыптастырды» [30] деген тұжырым жасайды. Ғұндардың европалық тарихына қатысты ортақ тұжырымды да автор сөзімен қорытайық: «Ғұн империясы Европа және Евразия тарихының тағдырына өзінің объективті әсерін ортағасырлардың жаңа дәуір мен өркениетке өтуі кезеңінде тигізді. Рим империясы құлағаннан кейін өркениет кеңейе түсті, ол Алпіден Солтүстікке қарай – Батыс, Орталық, Шығыс Еуропада дамыды. Ескі Рим империясының орнына келген бүгінгі гүлденген Европа түсінігінің мәні өсе түседі. Ғұндар алғашқы евразиялықтар болды» [31].

         Тәуелсіз Қазақстанның тарих ғылымы ғұндар тарихына қатысты мәселелерді әлі де болса зерттей бермек. Осы салада археолог ғалымдар да үлкен жұмыстар жүргізіп жатыр. Ғұндар тарихының зерттеуіндегі маңызды сәттердің бірі жаңадан жарық көріп жатқан 4 томдық Қазақстан тарихының жинағы. Осы еңбектің 1998 жылы жарық көрген алғашқы томында ғұндар тарихының мәселелері академиялық негізде жан-жақты баяндалған.[32]

         Тәуелсіз Қазақстанның тарихнамасына жасаған шолуымызды қорыта келе, былай деуге болады. Жалпы осы кезеңде ғұндардың тарихы көптеп шығып жатқан оқулықтар, әр түрлі дәрежедегі шағын мақалаларда көрініс тауып келе жатқанымен, толық зерттеле қоймады. Жоғарыда атап өткен ғалым, зерттеуші Қ.Т. Жұмағұлов сияқты ғалымдарымыз ғана ғұндар тарихының өзекті мәселелерін тың деректер негізінде қарастырып келеді. Алайда бұл мәселе осы авторлар еңбегі арқылы жан-жақты зерттеліп бітті деуге әлі ертерек. Бұның өзі тарихшылардың бірнеше ұрпақтарына жүк болар мәселе деп есептейміз. [33]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

         Сонымен жұмысымызды қорыта келе біз мынандай қорытындыға келдік. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіндегі жаңа даму жолына түсу кезеңінде, тек саяси, әлеуметтік-экономикалық өмірде ғана емес, қоғамның басқа салаларында жаңа бетбұрыс кезеңі басталды. Осы орайда қазақ халқының халық ретінде қалыптасу процесінің қайнар көзінде тұрған ежелгі тайпалар мен мемлекеттер тарихы аса қызығушылықтар туғызуда. Міне осыған байланысты да ғұндар тарихының зерттелу кезеңдері, әр кезеңнің жетістіктері мен кемшіліктері сараланып, талданып жатыр. Себебі жаңа әлеуметтік және саяси шындықтар Қазақстан халықтарының сана-сезімін өзгертуде. Ұлттық сана-сезімнің оянуы, ұлттық тарихымыздың шынайы түрде жазылуын қажет етеді. Қазіргі таңдағы осындай сұраныстар негізінде тарихымыздың тек қана өз шеңберімізде ғана емес, сонымен қатар бүкіл әлемдік контексте қарастыру мәселесі туып отыр. Мол тарихымыздың ең күрделі де негізгі кезеңін алып жатқан сонау ғұн дәуірі де тарих ғылымы үшін жоғарыда көрсетілген контексте қаралу сұранысына ие екендігіне біз тағы да көз жеткіздік. Өйткені ғұн тарихы біздің еліміздің тарихын, мәдениетін таныстыратын тарих. Бітіру жұмысын жазу барысында біз ғұн тайпалық одағының зерттелу тарихнамасына тоқталып, оның кезеңдерін, әр кезеңдегі зерттеушілердің ғұндар тарихын зерттеудегі қосқан үлестерін осы еңбектерді талдай отырып, бүгінгі таңдағы ғұндар тарихына қатысты зерттелмей келе жатқан мәселелерді анықтауды, мәселені меңгеруді алдымызға мақсат етіп қойдық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР МЕН ДЕРЕКТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Иностранцев К. Хунну и гунны…, С. 4-5.
  2. Паллас П.С. Путешествие по родным провинциям Российской империи.  Ч.  1-3, Спб., 1773-1783
  3. Nomadische atreifeien unter den Kalmuhen in den Jakren 1802 und 1803 // Иностранцев К. Хунну и гунны…, С. 17-22.
  4. Бичурин Н.Я. Собрание сведений о народах, обитавших в Средней Азий в древние времена. Спб., 1828 г. С. 47
  5. Бичурин Н.Я. Собрание сведений… Т.1., С. 107
  6. Иностранцев К. Хунны…, С., 51-52
  7. Иностранцев К. Хунны…, С., 62-64
  8. Иностранцев К. Хунны и гунны…, С. 4-5
  9. Таскин В.С. Материалы по истории сюнну. М., І., 1968.
  10. Таскин В.С. Скотоводство у сюнну по китайским источникам.-// Вопросы истории и историографии Китая. М., 1968., С., 38-40.
  11. Бернштам А.Н. Социально-экономический строй Орхоно-Енисейских тюрок VІ- VІІІ веков. М., -Л., 1946.
  12. Бернштам А.Н. Кенкольский могильник. М., 1940.
  13. Бернштам А.Н. Древний Отрар. –«Изв. АН КазССр, сер. Археол.» 1951, вып.3, С. 93-97.
  14. Гумилев Л.Н. Хұндар. Алматы, 1998. 12 б.
  15. Гумилев Л.Н. Хұндар Қытайда. Алматы, 1998. 14 б.
  16. Руденко С.И. Культура хуннов и ноинулинские курганы. М. – Л., 1962.
  17. Грум – Гржимайло Г.Е. Западная Монголия и Урянхайский край Л.1926
  18. Жұмағұлов Қ.Т. Проблемы исследования Евразийской истории. Историческая наука в ХХІ веке. / Материалы международных бекмахановских чтений 24-25 мая 2001 года /. Алматы, 2001.ч.2., С. 120-126.
  19. Жұмағұлов Қ.Т. Гунны в Европе // Наука Казахстана. 198, 18-30 ноябрь.
  20. Жұмағұлов Қ.Т. Великое переселение народов в Евразийском прострнстве  // Вестник КазНу, серия историческая 2002, №2, №3.
  21. Жумагулов Қ.Т. Гунны и раняя история Казахстана // Вестник КазНу , серия историческая 2002, №1.
  22. Жумагулов Қ.Т. Гунны в европе  к современной постановке  и трактовке проблемы.      // Вестник КазНу, серия историческая 1998, №4.
  23. Жұмағұлов Қ.Т. Ғұндар алғашқы евразиялықтар еді  //  Қазақ әдебиеті. 2002. 12 сәуір.
  24. Жұмағұлов Қ.Т. Завоевание Аттилой Северной Италии // Вестник КазНУ, серия историческая, 2000. №1
  25. Жұмағұлов Қ.Т. Ғұндардың Галлия (Франция)  жеріндегі шайқасы. // Вестник КазНу, серия историческая, 2001. №1. 96-бет.
  26. Жұмағұлов Қ.Т. Гунны в европе к современной постановке и трактовке проблемы.  // Вестник КазНу, серия историческая 1998, №4. С. 3-10.
  27. Жұмағұлов Қ.Т. Ғұндардың Галлия (Франция) жеріндегі шайқасы. // Вестник КазНу, серия историческая,2001.№1. 85-б.
  28. Жұмағұлов Қ.Т. Ғұндардың Галлия (Франция) жеріндегі шайқасы. // Вестник КазНу, серия историческая, 2001. №1. 90-б.
  29. Жұмағұлов Қ.Т. Ғұндардың Галлия (Франция) жеріндегі шайқасы.                        // Вестник КазНу, серия историческая, 2001, №1. 95-б.
  30. Жұмағұлов Қ.Т. Ғұндардың Галлия (Франция) жеріндегі шайқасы. // Вестник КазНу, серия историческая, 2001. №1. 96-б.
  31. Жұмағұлов Қ.Т. Гунны и раняя история Казахстана // Вестник КазНу, серия историческая 2002, №1.
  32. Бұл да сонда
  33. Жұмағұлов Қ.Т. Гунны и раняя история Казахстана     // Вестник КазНу, серия историческая 2002, №1.