АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Коммерциялық емес заңды тұлғаның құқықтық жағдайы

Мазмұны

 

Кіріспе……………………………………………………………………………………………………….

 

  1. Коммерциялық емес заңды тұлғаның құқықтық жағдайы

1.1 Заңды тұлғаның жалпы сипаттамасы……………………………………………………..

1.2 Коммерциялық емес заңды тұлғаның ұғымы………………………………………..

1.3 Коммерциялық емес заңды тұлғаның құқықтық жағдайы…………………….

 

  1. Коммерциялық емес заңды тұлғаның түрлері

2.1 Коммерциялық емес заңды тұлғаның түрлерінің ұғымы……………………….

2.2 Коммерциялық емес заңды тұлғаның жекелеген түрлері………………………

                        

Қорытынды…………………………………………………………………………………………….

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі…………………………………………………………..

Қосымша…………………………………………………………………………………………………

 

 

Кіріспе

 

Ел президенті Н. Назарбаев өзінің егемен елі тәуелсіз Қазақстанға 2008 жылғы жолдауында халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру, әлауқатын арттыру мақсатын алға қойды.

Дипломдық жұмысымның тақырыбы «Коммерциялық емес заңды тұлғаның құқықтық жағдайы» жалпы қысқаша анықтама беретін болсам ол өз қызметінің негізгі мақсаты кіріс түсіруді көздемейтін және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйым коммерциялық емес заңды тұлға болып табылады.

Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайын ҚР Азаматтық кодексі, Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң, коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлері туралы зандар жене заңға тәуелді нормативтік актілер реттеп отырады.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын занды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында құрылуы мүмкін. Коммерциялық ұйымдардың тізбесіне қарағанда, бұл тізбені толық деуге болмайды. Заң актілерінде коммерциялық емес ұйымдардың өзгеше нысаны бегіленуі мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес нотариалдық палаталар, адвокаттар алқалары, сауда-өнеркесіп палаталары, аудиторлар палатлары, меншік пәтер иелері кооперативтері жөне басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрыла алады.

Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайыршдылық, басқару мақсаттарша қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу; азаматтардың рухани жөне өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, денешынықтыру мен спортты дамыту; заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушылардың) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін .

Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады. Коммерциялық ұйымдардан өзгеше, коммерциялық емес ұйымдар салық төлеу жеңілдігін пайдаланады. Бұл оларды тартымды ұйым ете түседі, өйткені көптеген коммерциялық емес ұйымдар белгілі бір нысаңда кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Одан түсетін кірістер, әдетте, коммерциялық емес ұйымдар қызметін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады бұл негізінен қоғамдық бірлестіктерге қатысты.

 

 

 

 

 

  1. Коммерциялық емес заңды тұлғаның құқықтық жағдайы

 

1.1 Заңды тұлғаның жалпы сипаттамасы

 

Заңды тұлға дегеніміз бұл мүліктік қатынастардын басқа субъектілері ұйымдастырған, құрған және құқықтар мен міндеттер берген субъект. Заңды тұлғаның құрылтайшылары (құрушылары) оны мүліктік қатынастардын субъектілері ретінде өзінен бөлу мақсатында құрады. Мүліктік  азаматтық-құқықтық қатынастар үшін заңды тұлға институтының практикалық маңыздылығы мынада: «заңды тұлға құрылтайшыларының өз кәсіпкерлік тәуекелін өздері үшін орынды болады деп есептейтін сомамен шектеу мүмкіндігі бар»[2;47,50б.].

         Құқықтық санат ретінде заңды тұлғаның әдебиеттерде бір мағыналы анықтамасы жоқ.

Кеңес мемлекеті өмір сүріп тұрған көзенде азаматтық құқық теориясында заңды тұлғалардың мөні туралы алуан түрлі пікірлер кең таралған-ды. Негізінен алғанда, заңды тұлғалар — мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелер зерттеу объектісі болды, мұны экономикада мемлекеттік меншіктің үстемдік етуімен түсіндіруге болатын еді.

         Мемлекеттік ұйымдарға қатысты алғанда, заңды тұлғаның академик А.В. Венедиктов берген барынша толық ұғымы заң әдебиеттеріне «ұжым теориясы» деген атпен енді.

         Қазіргі уақытта заңды тұлғаның мәні жөніндегі мәселе ғалымдардын теориялық пікір таластарында соншама кең таралмаған. Әдебиеттерде көздесетін соңғы пікірлердің ішінен заңды тұлғаның «мақсатты мүлік ретіндегі» анықтамасын атап көрсетуге болады. Е.А. Сухановтың пікірі бойынша, «…осы заманғы коммерциялық практикада азаматтық немесе сауда (коммерция) айналымына қатысуға әдейі арналған дербестелген мүлік ретіндегі заңды тұлғаның мәнін түсіндіретін «мақсатты мүлік» теориясын қостайтын дәлелдер жеткілікті»[31;57,73б.].

         Шетелдерде заңды тұлғаға қатысты екі теория барынша кең таралған — жалған теория және шындық теориясы, бұларға ортақ нәрсе — ұжымдық құрылымдардын құқық субъектілігін дәлелдеу.

         Заңды тұлғаның жалған теориясы герман заңгері, XIX ғ. пайда болған құқық тарихы мектебінін басшысы К.Ф. Савиньидің есімімен байланысты. Ол құқықтың нақ субъектісі адам және тек адам болып табылады деп тұжырымдады. Оның түжырымдамасы мынаған негізделді: заңды тұлға дегеніміз қарапайым өтірік арқылы қолдан жасалған құқық субъектісінен басқа ештеңе емес, құқық субъектіліктін бірден-бір мүмкін болатын иелері — жеке тұлғалар заңды тұлғадағы құқықтық қатынастардың нақты субъектілері болын қала береді.

         Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, жалған теориядан туындайтын заңды тұлға пайда болуының рұқсат ету тәртібі және арнайы құқық қабілеттілігі, ең алдымен, мемлекеттің пайда табу мақсаттарын көздемейтін адамдар бірлестіктеріне бақылау жүргізілуін қамтамасыз етуге бағытталған болатын. Жалған теория Англия мен АҚШ-та кең таралған.

         Заңды тұлғаның өмір сүруін мойындау Англия мен АҚШ-та корпорация құқығынын іргелі принципі болды. XIX ғасырда жоғарғы судья Д.Маршаддың корпорацияға берген мынадай кең таралған анық-тамасы АҚШ-тағы теория мен практикада мәлім болды: «Корпорация — бұл көрінбейтін, сөзілмейтін және заң жүзінде ғана өмір сүретін жасанды құрылым».

         Шындық теориясы, немесе XIX ғ. герман заңгері Гиркенің есімімен байланысты органикалық теория заңды тұлғаны мемлекеттің қалыпты тіршілік етуіне қажетті құқықтың нақты өмір сүретін субъектісі ретінде, олде бір әлеуметтік шындық ретінде мемлекеттен тәуелсіз емір сүретін одақтас тұлға ретінде қарастырды.

         Шын мәнінде, Гирке де «нақты» одақтас тұлғаны адамға ұқсас құрастыра отырып, Савиньи ұсталған идеалистік ұстанымды басшылыққа алды. Органикалық теорияның қазіргі ізбасарлары заңды тұлғаны құқық тәртібі құқықтар мен міндеттер берген мүдделердін оқшауланған бірлігі ретінде қарастырады.

         Батыстағы құқықта заңды тұлғаны азаматтық-құқықтық қатынастардың дербес қатысушысы ретінде әрекет ететін ұйым немесе мекеме ретінде түсінеді. Дегенмен, батыс мемлекеттердің азаматтық заңдары заңды тұлғаға мұлде анықтама бермеуді артық көреді (ФРГ-де 1978 ж. дейін «заңды тұлға» деген терминнің өзі болған емес, Италиянын Азаматтық кодексінде 1942 ж. заңды тұлғалардың дәрежеленуі ғана берілген), немесе заң шығарушылар жалпылама және өте қысқаша тұжырымдамалармен шектеледі. Мәселен, Швейцарияның 1907 ж. Азаматтық Заңдар жинағының 52-бабы заңды тұлғаларды әлде бір ерекше мақсат үшін бірлескен құрылымды, дербес мекемесі бар адамдар құрамасы ретінде анықтайды.

         Заңды тұлғаның барынша толық анықтамасын Латын Америкасы елдерінің азаматтық кодекстерінен табуға болады. Чилидің 1865 ж. азаматтық кодексі заңды тұлға ұғымына мынадай тұжырымдама береді: «Құқықтарды жүзеге асырып, азаматтық міндеттерді атқара алатын, құқықтық және құқықтық емес қатынастарға түсе алатын ойдан шығарылған адам заңды тұлға болып табылады». Колумбиянын, Сальвадордын, Эквадордың азаматтық кодекстерінде де осындай анықтамалар бар[26;121,226б.].

         Жоғарыда келтірілген заң практикасының негізінде заңды тұлға институты азаматтық құқықта басты орындардың бірін алады деп атап көрсетуге болады.

         Заңды тұлға институтын заңды тұлғалардың құқық қабілеттілігін, олардың ұйымдық-құқықтық нысандарын, заңды тұлғаларды құру, қайта құру және тарату тәртібін белгілейтін нормалардын жиынтығы, азаматтық құқықтың сала тармағы ретінде анықтауға болады.

         Заңды тұлғаның жария анықтамасы ҚР АК-ның 33-бабының 1-тармағында баянды етілген: «Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.

Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы бөлуға тиіс»[24;33,47б.].

         Заңды тұлғаның белгілері. Заңды тұлғаның анықтамасынан кез келген ұйымнын заңды тұлға ретінде таныла бермейтінін көреміз. Ұйым заңды тұлға мәртебесін алу үшін мынадай белгілердін жиынтығы болуы қажет:

— ұйымдық бірлік;

— мүліктік оқшауланушылық;

— дербес мүліктік жауапкершілік;

— азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету.

         Ұйымдық бірлік. Азаматтық кодекс заңды тұлғаны ұйым ретінде анықтайды. Иңдивидтердің жай ғана белгілі бір мөлшерін емес, өзара әрекеттесу мен қызмет етудің белгілі бір ережелеріне бағынған азаматтар ұжымын ұйым деп түсінеді. Заңды тұлғаның азаматтық-құқықтық қатынастарда біртұтас тұлға ретіндегі сыртқы еркін білдіретін әрекетін көптеген тұлғалардан тұратын ұжымдық құрылым — заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі деп түсіну керек[25;107,137б.].

         Сонымен бірге, ұйымдық бірлікті ұдайы көптеген адамдардың міндетті түрде қатысуына әкеп тіреуге болмайды. Соңғы онжылдықта көптеген елдерде капиталдың орталықтануы жағдайында бір ғана қатысушыдан (жеке немесе заңды тұлғадан) тұратын заңды тұлғалар әдеттегі құбылысқа айналуда. Мысалы, ФРГ-де 70-жылдардың басына қарай 42000 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердін шамамен 9300-і, яғни 22%-ы бір адамнан тұратын компанияларға айналған. Германияда бір ғана мүшеден тұратын акционерлік қоғамдар құруға (1968 ж. 10 мамырдағы Заң) және бір адамнан тұратын жауапкершілігі шектеулі серіктестік құруға (1980 ж. 4 мамырдағы Заң) рұқсат ететін заң актілері қабылданған. Франция, АҚШ, Норвегия, Швеция, Швейцария, Дания, Англия секілді бірқатар елдердің заңдарыңда да осындай құбылыстар байқалады. Бұларда Франция мен АҚШ-пен салыстырғанда бір адамнан тұратын корпорациялар құруға ресми түрде тыйым салынғанымен, әлде бір оқиғалардын нәтижесінде корпорациянын, компанияның қалған бір мұшесіне корпорацияның борыштары бойынша шектеусіз жауапкершілікті жүктеу арқылы компанияны жанама жолмен тану жүзеге асырылады[26;121,226б.].

         Біздің еліміздің заңдары бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғаның қызмет етуіне жол берген жоқ. Қазіргі АК бір қатысушыдан тұратын заңды тұлғалар құруға мүмкіндік беруді көздейді (АК-ның 40, 58-баптары).

         Заңды тұлғаның ұйымдық бірлігі оның құрылтай құжаттарында корсетіледі. АК-ның 41-бабына сәйкес, заңды тұлғалар өз қызметін жарғынын және құрылтай шартының не жарғысынын негізінде жүзеге асырады. Жарғыны кәсіпорын құрылтайшысы (құрылтайшылары) бекітеді, ал құрылтай шартын — құрылтайшылар жасайды. Жарғыда заңды тұлғаның атауы, тұрғылықты жері, нысанасы, қызмет мақсаты және басқа да қажетті мағлұматтар бөлуы тиіс. Жарғының болуы — заңды тұлғаның — мемлекеттік кәсіпорыннын қызмет етуінін міндетті шарты[2;47,50б.].

         Мүліктік оқшауланушылық — заңды тұлғаның іргелі белгісі, бұдан оның дербес мүліктік жауапкершілігі туады. Заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығы оған мүліктін бекітіліп берілуінен, бұл мүлікке билікжүргізе алуынан көрінеді. Ю.К. Толстой «заңды тұлғаның белгісі, бәрінен бұрын, оның оқшауланған мүлкінін бөлуы емес, ұйымның қызмет етуінін мүліктік оқшауланушынық секідці принципі, ал бұл екеуі бір нәрсе емес» деп әділ атап көрсеткен. Мәселен заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығы ол тіркелген сәттен басталады (мысалы, АҚ үшін төленген қаржы[18].

         Заңды тұлғалардың оқшаулану дәрежесі түрліше және ол осы мүліке меншіктің түріне (мемлекеттік, жеке) байланысты. Егер бұл мемлекеттік кәсіпорын болса, онда мүлік оған шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі және ол осы арқылы басқа кәсіпорындардың мүлкінен оқшауланады[30;110,167б.].

         Өзін-өзі өтеу және дербес бухгалтерлік баланстың болуы — заңды тұлғалардың мүліктік оқшаулануының көрінісі. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс (АК-ның 33-бабының 1-тармағы).

         Дербес мүліктік жауапкершілік заңды тұлғаның мүліктік оқшауланушылығына сүйенеді.    Бұл белгі АК-ның 44-бабында былайша көрініс тапқан: әрбір заңды тұлға өз міндеттемелері бойынша дербес азаматтық-құқықтық жауапкершілік атқарады, тұлғаның борыштары бойынша оның құрылтайшысы (немесе құрььлтайшылары) да, мемлекет те жауап бермейді. Сонымен бірге, кейбір жағдайларда несие берушілердің мүдделерін қамтамасыз ету үшін бұл жалпы ережеден кейбір ерекшеліктер көзделген. Мәселен, қазыналық кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер және несие берушілердің борыштары бойынша өзінін барлық мүлкімен емес, олардың қолында бар ақшасымен ғана жауап беретін мекемелер үшін ерекшеліктер белгіленген (ҚР АК-ның 207-бабын қараңыз), мысалы, қазыналық кәсіпорынның ақшасы жетіспейтін жағдайда, ҚР Үкіметі немесе тиісті жергілікті атқарушы орган оның міндеттемелері бойынша ортақ жауаптылықта болады (АК-ның 1998 ж. 16 желтоқсандағы редакциясының 207-бабының 1-тармағындағы 2-абзацты қараңыз). Заңды тұлғаның банкроттыққа ұшырауы оның құрылтайшысының немесе мүліктің меншік иесінің іс-әрекеттерінен туындайтын көзде және заңды тұлғалардың кейбір түрлері құрылтайшыларының олардың борыштары бойынша субсидиарлық ортақ жауаптылығы туатын жағдайларда заңды тұлғаның жауап беруінін жеке ережелері белгіленген (АК-ның 70, 84-баптары, 96-бабының 3-тармағы). Бұған қоса, заңды тұлғалар құрылтайшыларының (қатысушыларының) олардың борыштары бойынша қосымша жауаптылығы құрылтай құжаттарында көрсетілуі мүмкін[24;33,47б.].

         Азаматтық айналымда өз атынан ерекет ету, атап айтқанда, заңды тұлғаның өз атынан мүліктік және мүліктік емес өзіндік құқықтарды иелену, міндеттер атқару, сотта талапкер және жауапкер бөлу мүмкіндігінен де көрінеді.

         Заңды тұлғаның атауы белгілі бір ұйымды құқықтық қатынастардың субъектісі деп тану үшін оны даралаңдыру және нақтыландыру құралы болып табылады. Азаматтық айналымда өз атынан әрекет ету — заңды тұлғаның басқа белгілерінен шыққан туынды болып табылады. Мәселен, АК-ның 38-бабына сейкес, заң шығарушылар заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысанын нақ осындай атаумен байланыстырады. Мысалы, қазыналық кәсіпорынның фирмалық атауында кәсіпорынның қазыналық болын табылатыны көрсетілуге тиіс[2;47,50б.].

         Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлғаның міндетті түрде фирмалық атауы болуға тиіс. Мұнда заңды тұлғаның бөгде фирмалық атауды пайдаланғаны үшін кінәлі субъектілерді материалдық жауаптылыққа тартуға дейінгі фирмалық атауды пайдалану ерекше құқығы бар. Басқа тұлғалар белгілі бір ақы үшін заңды тұлғаның фирмалық атауын пайдалана алады[25;107,137б.].

         Заңды тұлға фирмалық атаумен қатар, тауарлық белгі, қызмет керсету белгісі (сауда маркасы) секілді дараландыру құралдарын да пайдалануы мүмкін. Тауарлық белгі (қызмет керсету белгісі) дегеніміз — бұл тіркелген ауызша, бейнелік, көлемдік немесе басқа да таңбалар, олар бір шаруашылық жүргізуші субъектілердің тауарларын немесе көрсететін қызметін басқа шаруашылық субъектілерінін осы тектес тауарлары мен керсететін қызметінен айыруға мүмкіндік береді (1993 ж. 18 қаңтардағы «Тауарлық белгілер, қызмет көрсету белгілері және тауарлардын шығарылған орындарының атауы туралы» Заңның 4-бабы) Заңды тұлғаның даралану құралы ретіндегі тауарлық белгінің немесе қызмет көрсету белгісінің заңды тұлғаның өнімдерін тұтынушылар үшін де, заңды тұлғаның өзі үшін де зор практикалық маңызы бар. Мысалы, өндірушіге сапасыз тауары үшін шағым айтып, талап қою үшін қайырылу қажет болатын жағдайда тауарды дайындаушыны тауарлық белгі бойынша табу мүмкіндігі бар. Сонымен бірге, тауарлық белгі, тауарлық марка белгілі тауардың өндірушісін айыру құралы болып табылады[28;57,74б.].

         Тауарлық белгіге теңестірілетін қызмет керсету белгісін негізгі міндеті қызмет көрсету болатын заңды тұлғалар тіркеп отырады.

         Тауардың шығарылған орнынын атауы да заңды тұлғаны дараландыру құралы болып саналады. Қасиеттері едеуір дережеде табиғат жағдайларына немесе олардың шығарылатын жерлеріндегі адам факторларына байланысты болатын өнімдерді дайындайтын ұйымдар тауардың шығатын орнынын атауын тіркеуге және пайдалануға құқылы (мысалы, Вологда шілтері, Дымково ойыншықтары). Тауарлық белгіден өзгеше, тауардың шығарылатын орнының атауын пайдалану құқығы айрықша құқық емес, оны сол жерде осындай тауар дайындайтын басқа заңды тұлғалар да пайдалануы мүмкін.

         Сонымен, заңды тұлға дегеніміз — бұл меншігінде, шаруашылықты жүргізу құқығында, оралымды басқаруында оқшауланған мүлкі бар және өз міндеттемелері бойынша осы мүлкімен дербес жауап беретін, азаматтық айналымда өз атынан әрекет ететін ұйым.

         Заңды тұлғаның органдары. Заңдар немесе құрылтай құжаттары арқылы құқықтың басқа субъектілері алдында арнайы уәкілеттіксіз (сенім хатсыз) өз атынан әрекет етуге уәкілетті заңды тұлғаның адамдары мен ұжымдық құрылымдары заңды тұлғаның органдарына жатады.

         Заңды тұлғаның органдары дара (директор, президент, басқарушы) не ұжымдық (алқалық) болуы мүмкін. Мысалы, жалпы жиналыс, басқарма, директорлар кеңесі және т.с.с. ұжымдың органдарға жатады.

         Заңды тұлғалардың органдарын тағайындау, сайлау түрлері мен тәртібін, олардың өкілеттіктерің заңды тұлғалардың жекелеген түрлері туралы заң актілері мен құрылтай құжаттары анықтайды[28;57,74б.].

         Заңды тұлғаның органы мүліктік қатынастарда дербес субъект ретінде емес, заңды тұлғаның атынан әрекет етеді. Сондықтан заңды тұлға үшінші тұлғалардың алдында өзінін органы құрылтай құжаттарында белгіленген өз өкілеттігін асыра пайдаланып қабылдаған міндеттемелері бойынша жауап береді (АК-ның 44-бабының 4-тармағы).

         Заңды тұлғаның органы оның өкілі емес, сондықтан органның қызметін атқару әлде бір сенімхаттың бөлуын талап етпейді. Бұл ретте лауазымдық жағдайын растайтын қызметтік құжатты көрсету жеткілікті болады.

         Заңды тұлға үшін азаматтық құқықтарды иелену және өзінің қатысушылары мен өкілдері арқылы өзіне азаматтық міндеттерді қабылдау туралы тармақты түсіндірілетін баптан шығару заңды тұлғаның мұны істеуге құқысы жоқ дегенді білдірмейді. Бұл жағдайда өкілдік туралы жалпы ережелер қолданылады (АК-ның 5-тарауын қараңыз).

         Заңды тұлғаның филиалдары мен өкілдіктері. Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғаның тұрған жерінен тыс орналасқан мүліктік және аумақтық оқшау бөлімшелері болып табылады.

         Филиалдар мен өкілдіктердін заңды тұлға мәртебесі болмайды.

         Филиалдың (өкілдіктің) оқшау өз мүлкі болмайды, филиалдың (өкілдіктің) мүлкі есепке алыну мақсатында жеке баланста тұрады, бірақ мұндай баланс дербес болмайды; мүліктік тұрғыдан алғанда филиал (өкілдік) өз атынан емес, оны құрған заңды тұлғаның атынан әрекет етеді; және ең ақырында, ол дербес мүліктік жауап бермейді, оның іс-әрекеттері үшін заңды тұлға жауап береді.

         Заңды тұлғаның филиалы қызметтің барлығын немесе оның бір бөлігін атқарады. Өкілдік дегеніміз — бұл заңды тұлғаның атынан заңдық іс-әрекеттер жасайтын және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын заңды тұлғаның бөлімшесі.

         Филиалдар мен бөлімшелер оларды құрған заңды тұлға бекітетін Ережелердің негізінде әрекет етеді. Филиал (өкілдік) туралы Ереже филиал ішіндегі қатынастарды және филиалдар (олардың ішкі бөлімшелері) мен негізгі заңды тұлға арасындағы қатынастарды: филиал қызметінің мақсаттары мен негізгі түрлерін, оның лауазымды адамдарын тағайындау тәртібін, олардың құзіретін, мүлікті филиалдан заңды тұлғаға және керісінше тапсыру тәртібін, оны бақылау түрін, филиал (өкілдік) кызметінің тоқтатылу жағдайларын анықтайды[25;107,137б.].

         Заңды тұлғалардың кейбір түрлері үшін көзделген жағдайлардан басқа реттерде филиалдар мен өкілдіктердің басшыларын заңды тұлғаның уәкілетті органы тағайындайды. Мәселен, қоғамдық бірлестіктердің құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) басшылары қоғамдық бірлестіктің жарғысында және оның филиалдары немесе өкілдіктері туралы ережеде көзделген тәртіппен сайланады (АК-ның 43-бабының 4-тармағы).

         Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері заңды тұлғалардың құқықтарын иеленбестен есептік мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс.

         Заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерің есептік тіркеу филиалдар мен өкілдіктер туралы ережелердің республика заңдарына сәйкестігін тексеруді, есептік тіркеуден өткені туралы куәлік беруді, осының нәтижесінде тіркеу нөмірін тапсыруды, филиалдар мен өкілдіктер туралы мәліметтерді бірыңғай мемлекеттік тіркелімге енгізуді қамтиды[45].

         Филиал мен өкілдіктен еншілес және тәуелді заңды тұлғаларды айыра білу керек (АК-ның 94—95-баптарын, Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 46—49-баптары).

         Заңды тұлғаның тұрған жері. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған жері деп танылады. Заңды тұлғаның тұрған жері оның құрылтай құжаттарында пошталық толық мекен-жайы жазылып, керсетіледі, заңды тұлғаға арналған іскерлік және ресми хат-хабарларды қайда жөнелту керектігін дәл анықтау үшін заңды тұлғаның бланкілерінде, жасасатын шарттарының мәтінінде де осындай мәліметтер көрсетіледі.

Заңды тұлғаның үшінші тұлғалармен қарым-қатынастарында өзінің іс жүзіндегі мекен-жайынын заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізіліміне енгізілген мекен-жайға сай келмейтініне сілтеме жасау құқығы жоқ. Бұл орайда үшінші тұлғалар заңды тұлғаға мемлекеттік тізілімге енгізілген мекен жайынада, нақты мекен жайынада пошталық және өзге де хат-хабарлар жіберуге құқылы. Заңды тұлғаның тұратын жерін анықтаудын маңызы — оның тұрған жері тұлғаның құрылу және қызмет ету жағдайларын — тіркеуші органды тандауды, несие берушілер заңды тұлғаға немесе заңды тұлға басқа тұлғаға талаптар қоярда сот органын таңдауды, міндеттемелердің орындалу орнын анықтайды (АК-ның 281-бабы), ал әр түрлі елдердің заңды тұлғалары қатысатын сыртқы экономикалық байланыстарда — Қолданылатын құқықты тандауға ықпал етеці.

         Заңды тұлғаның пайда болуы (құрылуы). Заңды тұлғаның құрылтайшысы — меншік иесінің саналы-ерікті қызметі заңды тұлғалар құрылуының қажетті алғышарты болып табылады[24;33,47б.].

Меншік иесінің белгілі бір нысандағы еркінсіз заңды тұлғалардың құрылуы мүмкін емес. Осыған сәйкес заңды тұлғалар құрылуынын өкімдік, рұқсат ету және нормативтік әдістерін бөліп көрсетуге болады.

         Заңды тұлғалар құрылуының өкімдік тәртібі оның құрылтайшының өкімі негізінде пайда болатынын көрсетеді. Мысалы, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар осындай әдіспен құрылады. Мемлекеттік мүлікті басқаруға уәкілетті органдар мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердін құрылтайшылары бөлуы мүмкін[26;121,226б.].

         Рұқсат ету тәртібінде заңды тұлғаны ұйымдастыру үшін құзіретті органның алдын ала рұқсаты талап етіледі. Бұрын қолданылып келген заңдар кооперативтер, әр түрлі қоғамдық бірлестіктер секілді ұйымдар үшін осындай ұйымдастыру тәртібін көздеді. Рұқсат ету тәртібінің ерекшелігі — мұнда заңды тұлғаны құруға тыйым салынуы мүмкін.

         Алайда заңды тұлғаны тіркеуге оны тиімсіз деген желеумен бас тартуға жол берілмейді (АК-ның 42-бабының 5-тармағы). Заңды тұлғаны құрудың нормативтік тәртібі мемлекеттік органдардың әлде бір рұқсат беруін талап етпейді. Қазіргі уақытта мемлекеттік емес коммерциялық заңды тұлғаларды құруда осы тәртіп қолданылуда.

         Заңды тұлғаның құқық қабілеттілігі ол мемлекеттік тіркеуден өткен сәттен бастап пайда болады. Қандай түрге жататынына қарамастан, заңды тұлға міндетті түрде тіркелуге тиіс. Оларды тіркеу тәртібі Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы жарлықта және осы жарлықтың негізінде қабылданған Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы ережеде белгіленген.

         Аталған заң актілерінде заңды тұлғаларды тіркеуге қажетті құжаттардың толық тізбесі және заңды тұлғалардың құрылтай құжаттарын қарау мерзімдері көрсетілген.

Тіркеу көзінде заңды тұлғаларды құрудың тиімділігі мәселелеріне назар аударылмайды, олардың өндірістік-шаруашылық қаржы қызметіне бақылау жасау және араласу мақсаты көзделмейді.

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің қажеттігі мынада, ол:

— заңды тұлғаның пайда болу фактісін растайды;

— заңды тұлғаларды бірыңғай мемлекеттік тізілімге тіркегеннен кейін барлық заңды тұлғалардың мемлекеттік есебін жүргізуге мүмкіндік береді;

— жариялылық жағдайларын туғызады, өйткені көз келген мүдделі адам құпия немесе коммерциялық құпия болып табылатын мәліметтерден басқа заңды тұлғаны сипаттайтын барлық материалдармен тіркеуші органдар арқылы танысуға құқылы.

         Әділет оргаңдары жүзеге асыратын мемлекеттік тіркеу субъектілерге заңды тұлға мәртебесін беру әдісі болып табылады. Әділет органдары беретін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік субъектінің заңды тұлға құқықтарын иеленуінің ресми дәлелі болады.

         Тіркеуден өтпеген заңды тұлғаның, оның филиалының немесе өкілдігінің қызмет жүргізуіне тыйым салынады. Мемлекеттік тіркеуден өтпеген қызметтен алынған табыс ҚР заңдарына сәйкес бюджет кірісіне алынады[45].

         Қайта тіркеу заңды тұлғаның құрылуын емес, қызмет етіп тұрған тіркелген заңды тұлғаны қолданыстағы заңдардың талаптарына сәйкестендіруді білдіреді. АК-ның 42-бабының 6-тармағына сәйкес заңды тұлға мынадай жағдайларда қайта тіркелуге тиіс: 1) акционерлік қоғамның жарғылық капиталының және жарияланған жарғылық капиталының мөлшері азайғанда; 2) заңды тұлғаның атауы өзгергеңде; 3) шаруашылық серіктестіктеріндегі және акционерлік қоғамдардағы қатысушылардың құрамы өзгергенде және басқа негіздер бойынша. Заңды тұлға қызметінің тоқтатылуы. Заңды тұлғаның қайта құрылуы (АК-ның 45-бабы) және таратылуы (АК-ның 49-бабы) нәтижесінде заңды тұлғаның қызметі тоқтатылады[2;47,50б.].

         Заңды тұлғаны қайта құру оның мүлкінің меншік иесінің немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның, құрылтайшылардың (қаты-сушылардың) шешімі бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттары уәкілеттік берген органның шешімімен, немесе заң құжаттарында көзделген жағдайларда сот органдарының шешімі бойынша жүргізіледі. ҚР АК-ның 45-бабының 1-тармағы бойынша қайта құрудың басқа да нысандары көзделгеніне қарамастан, заң шығарушылар заңды тұлғаларды қайта құрудың бес нысанын — қосу, біріктіру, бөлу, бөліп шығару, өзгерту — атап көрсетеді.

         Қосу кезінде екі және одан да көп заңды тұлғалардың қызметі тоқтатылып, олардың негізінде бір заңды тұлға құрылады да, тіркеуден отеді. Заңды тұлғаларды қосқан көзде олардың әрқайсысының мүліктік құқықтары мен міндеттері өткізу актісіне сәйкес жаңадан пайда болған заңды тұлғаға өтеді [24;33,47б.].

         Өткізу актісі дегеніміз бұл заңды тұлғаларды қосу, біріктіру және өзгерту көзінде жаңадан құрылған заңды тұлғаға — құқық мирасқорына өтетін мүліктік құқықтар мен міндеттерді тіркейтін құжат. Өткізу актісін мүліктін меншік иесі бекітіп, тіркеу көзінде жаңадан құрылған заңды тұлғаға беруі тиіс (АК-ның 47-бабы).

         Жаңадан құрылған заңды тұлғаны тіркеуден өткізуде тіркеуші орган өзінің қызметін тоқтатқан заңды тұлғаны мемлекеттік тізілімнен шығарады, бұл жөнінде жаңадан құрылған заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы бұйрықта сол мезгілде көрсетілуі тиіс.

         Біріктіру көзінде бір және одан да кеп заңды тұлғалардың қызметі тоқтатылады, олардың негізінде жаңадан пайда болған заңды тұлғалар ірілендіріледі, бұлар олардың құқық мирасқоры болып табылады.

         Тіркеу кезінде өткізу актісі мен бөлу балансын тапсыру ең алдымен қайта құрылатын заңды тұлғалардың несие берушілерінің мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады. Сондықтан құрылтай құжаттарымен қоса тиісті өткізу актісін және (немесе) өткізу балансын таптырмау, сондай-ақ оларда қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша құқық мирасқорлық туралы ережелердің болмауы жаңадан құрылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден бас тартуға әкеліп соқтырады (АК-ның 47-бабының 2-тармағы). Сонымен қатар, заңды тұлғаны қайта құру кезінде оның несие берушілерінің құқықтарына кепілдікті қамтамасыз ету үшін міндетті түрде жүзеге асырыратын бірқатар шаралар көзделеді. Мәселен, заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе оны қайта құру туралы шешім қабылдаған орган бұл жөнінде қайта құрылатын заңды тұлғаның несие берушілерің жазбаша түрде хабардар етуге міндетті.  

         Бөлу және бөліп шығару көзінде қайта құрылатын заңды тұлғаның несие берушісі осы заңды тұлға борышқор болып табылатын міндеттемелердің мерзімінен бұрын тоқтатылуын және келтірілген залалдардың орны толтырылуын талап етуге құқылы. Егер бөлу балансы қайта құрылған заңды тұлғаның кұқық мирасқорын анықтауға мүмкіндік бермесе, жаңадан пайда болған заңды тұлғалар, сондай-ақ құрамынан басқа заңды тұлға бөлініп шыққан заңды тұлға қайта құрылған заңды тұлғаның міндеттемелері бойынша оның несие берушілерінің алдында ортақ жауапты болады[25;107,137б.].

         Заңды тұлғаны қайта құру ерікті түрде немесе ықтиярсыз жүргізілуі мүмкін. (АК-ның 45-бабының 2-тармағы). Заңды тұлғаны ықтиярсыз қайта құру сот органдарының шешімімен және заң құжаттарында көзделген жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін. Ықтиярсыз қайта құру тек бөлу, бөліп шығару немесе өзгерту нысанында ғана жүзеге асырылады. Ол монополияға қарсы заңдар бұзылған кезде; банкроттық жағдайында; заңды тұлғалардың кейбір түрлеріне қойылатын заңның талаптары бұзылғанда және басқа да кейбір жағдайларда жүргізілуі мүмкін.

         Мемлекеттік заңды тұлғалардың қайта құрылуын ерекше атап өту керек. Республикалық мемлекеттік кәсіпорынды қайта құру ҚР Үкіметінің шешімі бойынша, ал коммуналдық кәсіпорынды қайта құру —  жергілікті әкімшілік басшысының шешімі бойынша жүргізіледі. Кәсіпрынды қайта құруды уәкілетті орган жүзеге асырады. 

Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын, қазыналық кәсіпорын және мемлекеттік мекеме біріне-бірі айнала алады.

         Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 45-бабы шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынның қазыналық кәсіпорынға айналуын тікелей көздейді. Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық кәсіпорынның қазыналық кәсіпорынға айналуы уәкілетті органның ұсынысымен, ҚР Қаржы министрлігінің келісімі арқылы, ҚР Үкіметінің шешімі бойынша, ал коммуналдық кәсіпорынның өзгеруі —  уәкілетті органның ұсынысымен, ҚР Қаржы министрілігінің жергілікті органының келісімі арқылы, жергілікті әкімшілік басшысының шешімі бойынша жүргізіледі[17].

         Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынды өзгерту және оның негізінде қазыналық кәсіпорын құру туралы шешім мынадай жағдайларда міндетті болып табылады:

1)  шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынға белінген мүлікті және ақшаны мақсатсыз пайдалануда;

2) соңғы екі жыдцын қорытындысы бойынша пайда түспегенде;

3) негізгі қорларға Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықта белгіленген ережелерді бұза отырып, билік етуде (Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 25-бабының 1-тармағы).

         Қайта құру (қосу, біріктіру немесе белу) нәтижесінде өзінің қызметін тоқтатқан заңды тұлғаларды мемлекеттік гізілімнен шығару заңды тұлғаны таратуға арналған АК-ның 50-бабында көзделген рәсімдердін сақталуын талап етпейді[26;121,226б.].

         Заңды тұлғаны тарату дегеніміз — бұл оны заңды тұлғалардың мемлекеттік тізілімінен шығару жолымен заңды тұлғаның (құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігін тоқтату. Заңды тұлғаны тарату көзінде құқық мирасқорлық заңды тұлғаны қайта құрудағыдай сақталмайды.

         Заңды тұлғаны тарату ерікті және ықтиярсыз болуы мүмкін. Заңды тұлғаны ерікті тәртіппен тарату оның мүлкінің меншік иесінін немесе меншік иесі уәкілеттік берген органның шешімі бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттары уәкілдік берген заңды тұлға органының шешімімен көз келген негіздер бойынша жүргізіледі. Мәселен, республикалық мемлекеттік кәсіпорынды тарату ҚР Үкіметінің шешімі бойынша, ал коммуналдық кәсіпорынды тарату — жергілікті әкімшілік басшысының шешімі бойынша жүргізіледі (Мемлекеттік кәсіпорын туралы жарлықтың 16-бабының 1-тармағының 1-абзацы). Толық және сенім серіктестіктерін ерікті түрде тарату, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктерді тарату оларға қатысушылардың жалпы жиналысынын немесе олар уәкілеттік берген органның, сондай-ақ құрылтай құжаттары осыған уәкілеттік берген заңды тұлғаның тиісті органының шешімі бойынша жүргізіледі.

         Мекемені тарату мүліктің меншік иесінің (АК-ның 204-бабының 1-тармағы) немесе егер мемлекеттік мекеме таратылатын болса, тиісті уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша жүзеге асырылады.

         Заңды тұлғалардың кейбір түрлерін тарату ерекшеліктері осы түрлер туралы нормативтік құқықтық актілерде көзделеді, мысалы, жинақтаушы зейнетақы қорын тарату зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңдардың ерешеліктерін ескере отырып жүзеге асырылады[45].

         Заңды тұлғаларды ықтиярсыз тарату соттың шешімімен жүргізіледі.

         АК-ның 49-бабының 2-тармағына сәйкес, соттың шешімі бойынша заңды тұлға;

1) банкрот болған;

2) заңды тұлғаны құру көзінде заңдардың түзетуге келмейтін сипатта бұзылуына жол берілуіне байланысты оны тіркеу жарамсыз деп танылған;

3) заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетін қызмет үнемі жүзеге асырылған;

4) тиісті рұқсат алынбаған (лицензиясыз) қызметті не заң құжаттарында тыйым салынған қызметті жүзеге асырған не қызметін заңдарды бірнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргізген жағдайларда;

5) заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкін.

Сонымен, заңды тұлғаларды ықтиярсыз тарату негіздерінін тізбесі толық емес[24;33,47б.].

         Уәкілетті орган, мысалы, монополияға қарсы комитет заңды тұлғаны ықтиярсыз тарату жөніндегі талаппен сотқа қайырыла алады, оған мұндай талап қою құқығын заң актілері берген, ал банкроттық жағдайында несие иелері берген (АК-ның 49-бабының 3-тармағы).

         Заңды тұлға мүлкінің меншік иесі немесе заңды тұлғаны тарату туралы шешім қабылдаған орган бұл туралы заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына дереу жазбаша түрде хабарлауға міндетті. Олар тарату комиссиясынын мүшелерін бекітеді АК-ға сәйкес тарату тәртібі мен мерзімін белгілейді[2;47,50б.].

         Заңды тұлғаның мүлкін меншіктенуші немесе оны тарату туралы шешім қабылдаған орган тағайындайтын тарату комиссиясы заңды тұлғаның мүлкі мен істерін басқару жөнінде өкілеттік қабылдайды, сотта таратылатын заңды тұлғаның атынан ерекет етеді.

         ҚР Әділет министрлігінің ресми басылымдарында заңды тұлғаны тарату, оның несие берушілерінің талаптарын білдіру тәртібі мен мерзімі, несие берушіперді, сондай-ақ заңды тұлғаның борышқорларын анықтау және олардан берешекті алу шараларын қабылдау туралы материалдар жариялау тарату комиссиясының міндеттеріне жатады. Тарату Комиссиясы осындай мақсатпен таратылатын кәсіпорынның борышқорларына талаптар қояды, ол орындалмайтын жағдайда — сотқа талап қояды. Несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін ақша жетіспейтін жағдайда тарату комиссиясы таратылатын заңды тұлғаның мүлкін сатумен айналысады. Бұл ереже мекемелерге таралмайды[47].

         Заңды тұлға банкрот болатын жағдайда оны таратудың біраз өзгеше тәртібі қолданылады.

Банкроттық — борышкердің соттың шешімімен танылған, оны таратуға негіз болып табылатын дәрменсіздігі (АК-ның 52-бабы). Заңды тұлғалардың банкроттығын жүзеге асыру процесі 1997 ж. 27 қаңтардағы Банкроттық туралы заңда толық баяндалған. Алайда заңды тұлғалардың барлық түрлері бірдей банкрот процесіне ұшыратуға жатпайды. Атап айтқанда, қазыналық кәсіпорындарға, мекемелерге, мемлекеттік мекемелерге банкроттық институты қолданылмайды, өйткені бұл заңды тұлғаларда несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру үшін ақшасы жетіспейтін жағдайларда мүліктің меншік иесі ортақ жауапты болады[7].

         Заңды тұлға таратылған көзде оның несие берушілерінің талаптары, АК-ның 51-бабында көзделгеніндей, мынадай кезек бойынша қанағаттандырылады:

1) бірінші кезекте — таратылатын заңды тұлға өміріне немесе денсаулығына залал келтіргені үшін жауапты болған азаматтың талаптары тиісті мерзімді төлемдерді капиталға айналдыру жолымен қанағаттандырынады;

2)  екінші кезекте — несие берушілердің қамтамасыз ету сомасы шегінде таратынатын банкроттың мүлкін кепілге салып, қамтамасыз етілген міндеттемелері жөніндегі талаптары қанағаттандырылады;

3) үшінші кезекте — еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақы төлеу және авторлық шарттар бойынша сыйақылар төлеу жөніндегі есеп айырысу жүргізіледі;

4)  төртінші кезекте — бюджетке және бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдер жөніндегі берешек өтеледі;

5) бесінші кезекте — заң құжаттарына сәйкес басқа да несие берушілермен есеп айрылысады.

         Әрбір кезектің талаптары алдынғы көзектің талаптары толығымен орындалған соң қанағаттандырылады.

         Заңды тұлғаның несие берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалған мүлкі, егер заңдарда немесе заңды тұлғаның құжаттарында өзгеше көзделмесе, оның бұл мүлікке заттық құқықтары бар немесе заңды тұлға жөнінде міндеттемелік құқықтары бар меншік иесіне немесе құрылтайшыларына (қатысушыларына) беріледі (АК-ның 51-бабыын 5-тармағы). Мысалы қоғамдық бірлестіктерді, қоғамдық қорларды және діни бірлестіктерді тарату көзінде борыштарын төлеуден кейін қалған мүлік заңды тұлғаның мүшелеріне, қатысушыларына, құрылтайшыларына, ұйымдастырушыларына өтпестен, жарғыда көрсетілген мақсаттарға жұмсалады [26;121,226б.].

         Заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне тиісті жазба жасалғаннан кейін заңды тұлғаның таратылуы аяқталады, ал заңды тұлғаның өмір сүруі тоқтатылды деп есептеледі (АК-ның 50-бабының 10-тармағы).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2 Коммерциялық емес заңды тұлғаның ұғымы

 

Өз қызметінің негізгі мақсаты кіріс түсіруді көздемейтін және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайын Қазақстан Республикаасының азаматтық кодексі, Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң, коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлері туралы зандар жене заңға тәуелді нормативтік актілер реттеп отырады.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын занды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында құрылуы мүмкін (АК-ның 34-бабының 3-тармағы). Коммерциялық ұйымдардың тізбесіне қарағанда, бұл тізбені толық деуге болмайды. Заң актілерінде коммерциялық емес ұйымдардың өзгеше нысаны бегіленуі мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес нотариалдық палаталар, адвокаттар алқалары, сауда-өнеркесіп палаталары, аудиторлар палаталары, меншік пәтер иелері кооперативтері және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрыла алады[25;107,137б.].

Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу; азаматтардың рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, денешынықтыру мен спортты дамыту; заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушылардың) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін[14].

Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады (АК-ның 34-бабының 3-тармағы). Коммерциялық ұйымдардан өзгеше, коммерциялық емес ұйымдар салық төлеу жеңілдігін пайдаланады. Бұл оларды тартымды ұйым ете түседі, өйткені көптеген коммерциялық емес ұйымдар белгілі бір нысаңда кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Одан түсетін кірістер, әдетте, коммерциялық емес ұйымдар қызметін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады (бұл негізінен қоғамдық бірлестіктерге қатысты).

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғамдар, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйымның ерекшілектері:

  1. Ол мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік және заң кұжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.
  2. Тек жарғылық мақсаттарға сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметпен айналысады.
  3. Жекелеген ұйымдық-құқықтық нысандағы
    коммерциялық емес ұйымдардың кәсіпкерлік қызметіне заң актілерімен шектеулер қойылуы мүмкін.
  4. Бұл ұйым кәсіпкерлік қызмет бойынша кіріс шығыс есебін жүргізеді.
  5. Оның кәсіпкерлік қызметінен алынған табысы ұйым мүшелерінің арасында бөлуге жатпайды[26;121,226б.].

Заңды ұйымдар мемлекеттік және мемлекетпк емес болып бөлінеді. Мемлекеттік заңды ұйымдарға (кәсіпорын   және   мекеме)   мүлкі   үлестерге   бөлінбей толығымен мемлекеттің меншігі болып табылатын ұйымдар жатады. Ал қалған ұйымдардың барлығы, тіпті жарғылық қорда мемлекеттің қандай да бір үлесі болса да ол мемлекеттік емес ұйымдар болып табылады.

 

 

 

 

 

1.3 Коммерциялық емес заңды тұлғаның құқықтық жағдайы

 

Коммерциялық емес ұйымдардың құқықтық жағдайын Қазақстан Республикаасының азаматтық кодексі, Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң, коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлері туралы зандар жене заңға тәуелді нормативтік актілер реттеп отырады.

Мекеме меншік иесі өзінің азаматтық қатынастардағы еркін білдіретін ұйымдық-құқықтық нысаңдардың бірі. Басқа заңды тұлғалардан өзгеше, мұндай заңды тұлғаның өз құрылтайшысына тәуелділігі әлдеқайда күшті болады. Азаматтық құқықтың кез келген субъектісі мекеме құруы мүмкін, яғни мекеме меншіктің мемлекеттік те, соңдай-ақ жекеменшік те нысандарыңда құрылуы мүмкін. Азаматтық кодексте жеке меншік мекемеге мынадай анықтама берілген: басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес (штаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін меншік иесі құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады.

Мемлекеттік және өзге де мекемелердің жекелеген түрлерінің құқықтық жағдайлары Қазақстан Республикасының азаматтық кодексімен, Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңдармен, коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлері туралы зандармен және басқада нормативтік құқықтық актілермен айқыңдалады[47].

Мемлекет ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес немесе ҚР   Президентінің, ҚР Үкіметінің және астана, облыстар, республикалық бағыныстағы қалалар әкімдерінің шешімдеріне сәйкес құрылатын және егер заң актілерінде қосымша қаржыландыру көздері белгіленбеген болса, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мекеме мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мекеме мемлекеттік мекеме деп танылады. Мемлекеттік мекемені құруда оның аумақтық қызмет ету аясы (республикалық, жергілікті немесе аймақтық) айқындалуы тиіс.

Коммерциялық емес сипаттағы кез келген мақсат үшін мекеме құрылуы мүмкін. Ол басқару, білім беру, медицина, ғылыми-зерттеу, мәдениет саласында. Мемлекеттік мекемелер, әдетте, басқару мақсаттарын көздейді. Мемлекеттік оргаңдар министрліктер, ведомстволар, әкімдіктер және т.б. болып отыр. Мекемені, әдетте, бір тұлға құрады, бірақ оны бірнеше тұлғаның құруына тыйым салынбайды. Бұл жағдайда, меншік иесінің құқықтары құрылтай шартына сәйкес бөлініп, жүзеге асырылады.

Мекеме мен мемлекеттік мекеменің өздеріне бекітіліп берілген мүлікке құқықтары ҚР АК-ның 202-208-баптарына сәйкес анықталады. Басқаша айтқаңда, мүлік оралымды басқару құқығыңда мемлекеттік мекемеге тиесілі болады. Тұтас алғаңда, жеке меншік мекемелерге де осыңдай режим таралады. Мекеме меншік иесі бекітіп берген сметаның негізінде өз қаражатына билік етеді. Мемлекеттік мекеменің тиісті қаржы жылына бекітілген қаржылаңдыру жоспарынан асатын шарттық міңдеттемелер қабылдауына жол берілмейді. Мекеменің мүлкі алыньп қоюы немесе меншік иесі арқылы қайта бөлінуі мүмкін[26;121,226б.].

Мекеме өзінің міңдеттемелері бойынша қолыңда бар ақшамен жауап береді. Олар жеткіліксіз болған жағдайда мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады. Таратылатын занды тұлғаның ақшасы несие берушілердің талабын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса, тарату комиссиясы заңды тұлғаның мүлкін сот шешімдерін орыңдау үшін белгіленген тәртіп бойынша жария сатуды жүзеге асырады. Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болатын жағдайда оның міндеттемелері бойынша Үкімет немесе тиісті жергілікті атқарушы орган жауапты болады.

Кіріс түсіруді өз қызметінің негізгі мақсаты етпеу мекеменің міңдетті белгісі. Басқаша айтқанда, мекеменің кәсіпкерлік қызмет ауқымынан тыс жағдайда кіріс түсіруіне және, тиісті, айтарлықтай мөлшерде түсіруіне тыйым салынбайды. Бірақ бұл негізгі мақсат емес. Алынған ақша құрылтайшының меншігі болып табылады және мекеме оны смета бойынша жұмсайды немесе құрылтайшы алып қояды. Жеке меншік мекемелер өздерінің жарғылық құқық қабілеттілігі шегінде кәсіпкерлік қызмет жүргізе алады. Оны жүргізу құқығы құрылтай құжаттарыңда баяңды етілуі тиіс. Солай бола тұрса да, мемлекеттік оргаңдар болып табылатын мекемелер (министрліктер, ведомстволар, олардың заңды тұлға құқықтары бар бөлімшелері және т.с.с), заң актілеріңде өзгеше көзделмесе, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға құқысыз болады.

Жеке меншік мекеменің рұқсат етілген кәсіпкерлік қызметтен түсірген кірістері құрылтайшының меншігі болып табылады. Алайда, меншік иесінде оларға билік ету құқығы болмайды. Мекеменің рұқсат етілген кәсіпкерлік қызметтен түсірген кірістері мекеменің дербес билігіне өтеді. Олар және оларға сатып алынған мүлік мекемеге оралымды басқару құқығында емес, ерекше заттық құқықта — мүлікке дербес билік ету құқығында тиесілі болады[30;110,167б.].

Мемлекеттік және өзге де мекемелердің жекелеген түрлерінің құқықтық жағдайларының ерекшеліктері заңдармен айқыңдалады. Негізінен алғанда, мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы органдары жөніңде больп отыр. Аталған оргаңдардың жергілікті деңгейі бірыңғай заңмен реттеледі. Министрліктер мен ведомстволар Үкімет қаулыларының, Президент жарлықтарының немесе Парламент зандарының негізінде іс-қимыл жасайды. Мемлекеттік басқару органдарынан басқа, жекелеген нормативтік актілер қадағалау органдарын, мысалы, прокуратураның қызметін реттеп отырады.

Мемлекеттік органның құзіретін, құрылымын, ведомстволық бағы-ныстылығын және оның функциясын жүзеге асыруға байланысты басқа да мәселелерін занңдар немесе осы мемлекетгік оргаңдарды құру жөніндегі жеке актілер айқыңдайды.

Егер мемлекеттік мекемелер азаматтық-құқықтық қатынастарға мемлекеттің атынан емес, өздеріне смета бойынша бөлінген мүліктің шегіңде өз атынан қатысатын жағдайда, олар мекемелер ретінде қарастырылады (ғимараттарды жалдау, кеңсе құралдарын, жабдықтарды, жиһаз сатып алу-сату шарттарын жасасады, келтірілген зияннан туатын міңдеттемелер бойынша жауапты болады, басқа да азаматтық-құқықтық іс-қимылдар жасайды) [26;121,226б.]..

Мемлекеттік органдар болып табылатын мекемелер тиісті нормативтік актінің негізінде құрылады жене мемлекеттік мекемелер үшін белгіленген заңдар бойынша тіркеуден өтуі тиіс. Қазақстан Республикасы немесе мемлекет уәкілеттік берген мемлекеттік орган мемлекеттік органдар болып табылатын мекемелердің құрылтайшылары болады. Мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану, билік ету құқығы белгіленген тәртіппен берілген мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды (АК-ның 105-бабының 3-тармағы).

Қоғамдық бірлестік. Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер болып танылады (АК-ның 106-бабының 1-тармағы). Қоғамдық бірлестіктің құқықтық жағдайын АК, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 ж. 31 мамырдағы заң, «Саяси партиялар туралы» 2002 ж. 15 шілдедегі заң, «Кәсіптік одақтар туралы» 1993 ж. 9 сәуірдегі заң және басқа да заң актілері айқындайды. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңның күші, діни бірлестіктерді қоспағанда, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес, үкіметтік емес бірлестіктердің Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) қызметіне таралады[22].

Қоғамдық бірлестік түрлерінің бірі саяси партия болып табылады. Саяси партиялардың өмір сүруінің негізгі формальдық принциптері Қазақстан Конституциясында (бұдан әрі — Конституция) айқыңдалған. Конституцияда идеологиялық және саяси әр алуандылық жарияланған (5-баптың 1-тармағы). Сондықтан ҚР азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар (Конституцияның 23-бабының 1-тармағы). Бұл тұста мемлекет мемлекеттік институттарды саяси партиялардан жоғары қойғандай болады. Соңдықтан мемлекетгік органдарда саяси партияларды құруға жол бермейді[1].

ҚР азаматы бір ғана саяси партияның мүшесі бола алады. Мемлекеттік органдар мен жмыс берушілерге азаматтардан қандай түрде болса да, оның ішіңде ресми құжаттарда да, адамның қай партияның мүшесі екенін сұрауға талап етуге тыйым салынады. Саяси партияның мүшелігінде болу ҚР азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негіз бола алмайды.

Саяси партиялардың құқықтық жағдайын Конституция, ҚРАК, Қоғамдық Бірлестіктер туралы заң және Саяси партиялар туралы заң реттеп отырады. Саяси партия азаматтардың өз өкілдері арқылы мемлекеттік игілікті жүзеге асыруға қатысуы арқылы ҚР азаматтарының еркін анықтауына және білдіруіне жәрдемдесуі тиіс.

Кәсіптік одақ қоғамдық бірлестіктердің кең таралған түрлерінің бірі. Кәсіптік одақтардың құқықтық жағдайы «Кәсіптік одақтар туралы» 1993 ж. 9 сәуірдегі заңмен бұдан әрі Кәсіподақтар туралы заңмен реттеледі. Кәсіподақтар туралы заң кәсіподақтарға мьнадай анықтама береді: «бұл өз мүшелерінің еңбек, соңдай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау, еңбектік қорғау және еңбек ету жағдайларын жақсарту үшін азаматтардың кәсіби мүдделерінің ортақтығы негізінде олар ерікті түрде құратын, белгіленген жеке мүшелері бар дербес бірлестіктер (Кәсіподақтар туралы заңның I бабы). Коммерциялық емес басқа ұйымдардан өзгеше, Кәсіподақтар туралы заң кәсіподақтарға коммерциялық қызметтің барлық түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді: сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру, кәсіпорыңдар, банктер, сақтаңдыру және акционерлік қоғамдар кұру, бірлескен кәсіпорыңдар құру және олардың қызметіне қатысу, лотереялар ұйымдастыру және өткізу, баспагерлік қызметпен айналысу, өзге де өндірістік және шаруашылық қызметті жүзеге асыру[5].

Коммерциялық емес акционерлік қоғамдардың құқықтық жағдайын Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдар туралы заңдар, коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлері туралы зандармен және басқада нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлік қоғам нысанында коммерциялық емес ұйым құрылуы мүмкін. Коммерциялық емес акционерлік қоғамда акционерлердің санына шек қойылмайды. Коммерциялық емес қоғамның жарғысыңда, жалпы мәліметтерден басқа, қоғамның коммерциялық емес ұйым болып табылатыны, дауыс беру рәсімі, дивидеңдтерді төлемеу туралы ереже және Акционерлік қоғамдар туралы заң мен өзге заң актілерінде белгіленген басқа да талаптар болуға тиіс[18].

Коммерциялық емес ұйымдар тек жай акцияларды шығаруға құқылы, бірақ өз акциялары бойынша дивидендтерді есептемейді және төлемейді. Коммерцияық емес ұйымдардың артьқшылықты акциялар, облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін, сондай-ақ айырбасталатын жай акцияларды шығаруға құқығы жоқ. Коммерциялық емес акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларды сатып алуға опциоңдар жасаса алмайды[26;121,226б.].

Коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған акционерлік қоғам шаруашылық серіктестік немесе кооператив болып қайта құрыла алмайды[18].

Азаматтар немесе заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамға пайдалы мақсатгарды көздейтін, мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп танылады. Осы аталғандармен қатар, қор ғылыми мақсаттарда, азаматтардың денсаулығын сақтау, денешынықтыру мен спортты дамыту, азаматтардың рухани және өзге де материалдық емес қажеттіліктерін қанағаттандыру, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, заң көмегін керсету және басқа мақсаттарда құрылуы мүмкін.

Қоғамдық қор занды тұлға болып табылады, азаматтық айналымда қордың органдары өкілдік етеді, оның дербес балансы және банктік шоты бар. Қоғамдық қордың құқықтық жағдайын ҚРАК және Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң реттейді[28;57,74б.].

Тұтыну кооперативі бұл қатысушылардың материалдық және өзге қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі. Пәтерлер меншік иелерінің кооперативтері, бағбаңдық, бақша және гараж кооперативтері тұтыну кооперативіне мысал болып табылады.

Тұтыну кооперативінің құқықтық жағдайын ҚР АК, Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң және «Тұтыну кооперативі туралы» 2001 ж. 8 мамырдағы №І97 заң айқындайды. Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі тұтыну кооперативінің бір түрі болып табылады. Оның қызметін «Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі туралы» 2003 ж. 8 сәуірдегі №404 заң реттеп отырады[21].

Діни бірлестік бұл рухани қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде, заң құжаттарында белгіленген, азаматтардың ерікті түрдегі бірлестігі.

Жергілікті діни бірлестіктер, діни басқармалар және олардың құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ діни оқу орындары мен ғибадатханалар Қазақстан Республикасыңдағы діни бірлестіктер деп танылады. Діни басқармалар өздерінің жарғыларына сәйкес өз жарғылары негізінде әрекет ететін діни оқу орындарын, мешіттерді, ғибадатханалар мен өзге де діни бірлестіктерді құруға құқылы. Діни бірлестіктер қоғамдық қорлар арқылы да, сондай-ақ дербес те қайырымдылық қызметін жүзеге асыруға және рақымшылық жасауға, сондай-ақ қайырымдылық үйлерін (баспаналар, интернаттар, ауруханалар және басқалары) ашуға құқылы[26;121,226б.].

Діни бірлестіктің құқықтық жағдайын Діни бірлестіктер туралы заң айқындайды. Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңдар тек заң актілерінен тұрады. Бұлар Қазақстан Республикасының АК, Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң және Діни бірлестіктер туралы заң. Қазақстан Республикасының діни бірлестіктермен, олардың орталықтарымен және басқармаларымен, оның ішіңде республика аумағынан тысқары тұрған әрі заңмен реттелмеген орталықтармен және басқармалармен қатынастары олар мен Қазақстан Республикасының мемлекетгік оргаңдары арасындағы уағдаластықтарға сәйкес шешіледі[6].

Заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктері. Занды тұлғалардың бірлестіктері тек қауымдастық нысаныңда немесе занды тұлғаның атауында және оның құрылтай құжаттарында олардың ұйымдық-құқықтық нысандарын көрсету арқылы құрылуы мүмкін. Терминология тұрғысынан қарағанда, заң қауымдастық пен одақтың арасындағы айырмашылықты айқындамайды[26;121,226б.].

Жалпы қызметтің бір түрімен айналысатын адамдар бірлестігін қауымдастық деп, ал белгілі бір бірлескен мақсаттар үшін құрылған бірлестікті одақ деп атайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Коммерциялық емес заңды тұлғаның түрлері

 

2.1 Коммерциялық емес заңды тұлғаның түрлерінің ұғымы

 

Кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес үйым деп танылады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, акционерлік қоғам, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық нысанында және заң құжаттарында   көзделген   өзге   де   нысанда   құрылуы мүмкін.

Мекеме құрылтайшысы басқару, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін құрған және қаржыландыратын ұйым. Мекеме меншік нысанына байланысты мемлекеттік және жеке меншік мекеме болып бөлінеді. Мекеме коммерциялық емес сипаттағы кез келген мақсатта қүрылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес мемлекет құрған немесе егер заН актілерінде өзгеше көзделмесе, Президенттің, Үкіметтін, астана,   облыстар,   республикалық   маңызы   бар   қала әкімдерінің шешімі бойынша құрылған және тек кана
мемлекеттік бюджет есебінен үсталатын мекеме
мемлекеттік мекеме деп танылады. Мемлекттік
мекеменін мүлкі оған оралымды басқару құқығымен
бекітіліп беріледі. Мемелекеттік мекемелер жасасатын
азаматтық-құқықтық    мәмілелер  Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркелуге тиіс[26;121,226б.].

Жеке меншік мекеме басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де кызметтерді жүзеге асыру үшін жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар кұрған, мемлекттік құрылымның бөлігі болып табылмайтын ұйым жеке меншік мекеме болып табылады. Жеке меншік мекеменің мүлкі оған оралымды басқару қүқығымен бекітіліп беріледі. Жеке меншік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда мемлекеттік емес мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.

Қоғамдық бірлестік-заңдарға қайшы келмейтін,
ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі
нәтижесінде қүрылған ұйым. Оларға саяси партиялар,
кәсіптік одақтар, ерікті қоғамдар, шығармашылық
одақтар жатады. Қоғамдық бірлестіктің мақсаты-оның
мүшелері табыс табайын деп емес, өздерінің рухани және
басқа қажеттіктерін қанағаттандыру үшін бірігеді.
Қоғамдық      бірлестіктің     құқықтық     жағдайы ‘Коммерциялық емес ұйымдар туралы» (2001 ж. 16 Қаңтар) және «Қоғамдық бірлестіктер туралы» (1996 ж. 16 қаңтар) Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.

Қоғамдық бірлестіктер   мүшелерінің сол бірлестіктерге өздері берген   мүлікке,   соның   ішінде мүшелік жарналарға құқықтары жоқ.

Қоғамдық бірлестіктер ҚР азаматтарының 10 адамнан кем емес бастамасымен күрылтай жиналысын шақырып, басқару органын жасақтау арқылы құрылады[22].

Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзатын, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, ұлттық, діни, нәсілдік және әлеуметтік араздықты тудыратын, конституциялық құрылымды күштеп өзгертуге бағытталған қоғамдық бірлестіктердің құрылуы мен олардың жұмысына тыйым салынады.

Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен бірлестіктерінің жұмысына, сонымен қатар шет мемлекеттердің азаматтары мен заңды ұйымдарының, шет мемлекеттер мен халықаралык ұйымдардың саяси партиялар мен бірлестіктерді қаржыландыруға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасында республикалық, аймақтық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер құрылуы мүмкін.

Республикалық қоғамдық бірлестікке ҚР-ның жартысынан астам облыстарында өзінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдар мен өкілдіктер) бар қоғамдык бірлестіктер лштады. Ал оның құрылымдық бірлестіктері облыстың жартысынан аз болса ол аймақтық қоғамдык бірлестікке жатады.

Рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде заң актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен азаматтардың ерікті бірлестігі діни бірлестік деп танылады. Діни бірлестіктерге   қатысушылардың   осы   ұйымға   өздеріерген мүлікке, соның ішінде мүшелік жарналарға құқықтары сақталмайды.

Қор азаматтар және заңды түлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін, мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым. Қордың басты ерекшелігі қорды қүрған түлға оған мүше болмайды және оның ісін басқаруға тікелей араласа алмайды. Сонымен қатар жұбайлық және жақын туыстық байланысы бар адамдар осы қордың штаттағы қызметкері бола алмайды. Қордың некеде түруымен, жақын туыстықпен немесе жекжаттықпен байланыспаған басшысы мен бухгалтері болуға тиіс. Бір адамның екі қызметті қатар істеуіне болмайды.

Құрылтайшылардың құрамына, сондай-ақ қызмет саласына қарай жеке, корпоративтік, қоғамдық, мемлекеттік қорлар қүрылуы мүмкін. Қызмет мақсаттарына қарай әлеуметтік-қайырымдылық, мәдени, білім қорлары және өзге де қорлар қүрылуы мүмкін[14].

Бір жеке адамның немесе жеке адамдардың — бір отбасы мүшелерінің өзінің жеке қаралсаттары есебінен құрған қоры жеке қор деп танылады. Жеке қор, сондай-ақ жеке адамның нотариалды куәландырылған өсиеті бойынша да қүрылуы мүмкін. Бір отбасының мүшелері болып табылмайтын жеке адамдардың және заңды түлғалардың — қоғамдық бірлестіктердің құрған қоры қоғамдық қор деп танылады. Қоғамдық қордың мүлкі бір отбасы мүшелерінің-аталған қордың бірден бір қатысушыларынан түсетін түсімдер есебінен құрыла алмайды.

Өз қызметінің негізгі мақсаты кіріс түсіруді көздемейтін және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым болып табылады.

Коммерциялық емес ұйымдардың қызметін Қазақстан Республикаасының азаматтық кодексі, Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң, коммерциялық емес ұйымдардың жекелеген түрлері туралы зандар жене заңға тәуелді нормативтік актілер реттеп отырады.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын занды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында құрылуы мүмкін (АК-ның 34-бабының 3-тармағы). Коммерциялық ұйымдардың тізбесіне қарағанда, бұл тізбені толық деуге болмайды. Заң актілерінде коммерциялық емес ұйымдардың өзгеше нысаны бегіленуі мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес нотариалдық палаталар, адвокаттар алқалары, сауда-өнеркесіп палаталары, аудиторлар палаталары, меншік пәтер иелері кооперативтері және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрыла алады[28;57,74б.].

Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу; азаматтардың рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, денешынықтыру мен спортты дамыту; заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушылардың) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін (Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңңың 4-бабының 1-тармағы)[14].

Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады (АК-ның 34-бабының 3-тармағы). Коммерциялық ұйымдардан өзгеше, коммерциялық емес ұйымдар салық төлеу жеңілдігін пайдаланады. Бұл оларды тартымды ұйым ете түседі, өйткені көптеген коммерциялық емес ұйымдар белгілі бір нысаңда кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Одан түсетін кірістер, әдетте, коммерциялық емес ұйымдар қызметін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады (бұл негізінен қоғамдық бірлестіктерге қатысты) [26;121,226б.].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Коммерциялық емес заңды тұлғаның жекелеген түрлері

 

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын занды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни бірлестік нысанында құрылуы мүмкін. Коммерциялық ұйымдардың тізбесіне қарағанда, бұл тізбені толық деуге болмайды. Заң актілерінде коммерциялық емес ұйымдардың өзгеше нысаны бегіленуі мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңның 17-бабының 2-тармағына сәйкес нотариалдық палаталар, адвокаттар алқалары, сауда-өнеркесіп палаталары, аудиторлар палаталары, меншік пәтер иелері кооперативтері және басқа да коммерциялық емес ұйымдар өзге де ұйымдық-құқықтық нысанда құрыла алады.

Коммерциялық емес ұйымдар әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу; азаматтардың және ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау; даулар мен жанжалдарды шешу; азаматтардың рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру; азаматтардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау, денешынықтыру мен спортты дамыту; заң көмегін көрсету үшін, сондай-ақ қоғамдық игіліктерді және өз мүшелерінің (қатысушылардың) игіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да мақсаттарда құрылуы мүмкін[14].

Коммерциялық емес ұйым кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады (АК-ның 34-бабының 3-тармағы). Коммерциялық ұйымдардан өзгеше, коммерциялық емес ұйымдар салық төлеу жеңілдігін пайдаланады. Бұл оларды тартымды ұйым ете түседі, өйткені көптеген коммерциялық емес ұйымдар белгілі бір нысаңда кәсіпкерлік қызметпен айналысады. Одан түсетін кірістер, әдетте, коммерциялық емес ұйымдар қызметін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады[26;121,226б.].

Мекеме дегеніміз — бұл осы арқылы меншік иесі өзінің азаматтық қатынастардағы еркін білдіретін ұйымдық-құқықтық нысаңдардың бірі. Басқа заңды тұлғалардан өзгеше, мұндай заңды тұлғаның өз құрыл-тайшысына тәуелділігі әлдеқайда күшті болады. Азаматтық құқықтың кез келген субъектісі мекеме құруы мүмкін, яғни мекеме меншіктің мемлекеттік те, соңдай-ақ жекеменшік те нысандарыңда құрылуы мүмкін. ТМД елдеріңде көбіне мемлекеттің әр түрлі басқару, білім беру, медициналық және т.с.с. функцияларын атқаратын мемлекеттік мекемелер құрылады.

1998 жылға дейінгі Қазақстандағы секілді, барлық елдерде туыстық ұғым ретіндегі мекеме өзіне түр ұғымы ретіндегі мемлекеттік және жекеменшік мекемелерді қамтиды. Қазақстаңда 1998 ж. қаржы министрлігі Азаматтық кодекске өзге де нормативтік өзгерту актілерін енгізді, олар мекемені (туыстық ұғым) тағы да мекеме (түр ұғымы) мен мемлекеттік мекемеге (түр ұғымы) жіктеді. Сондықтан Қазақстанда әрбір салықты жағдайда мекеме ретінде нені — барлық мекемелерді немесе меншіктің жекеменшік нысанына негізделген мекемелерді түсіну керектігіне көз жеткізу қажеттігі туады[24;33,47б.].

Азаматтық кодексте жеке меншік мекемеге мынадай анықтама берілген:( басқару, әлеуметтік-мәдени немесе өзге де коммерциялық емес (штаттағы қызметтерді жүзеге асыру үшін меншік иесі құрған және қаржыландыратын ұйым мекеме деп танылады (АК-ның 105-бабының 1 тармағы).

Мемлекет ҚР Конституциясы мен заңдарына сәйкес немесе ҚР   Президентінің, ҚР Үкіметінің және астана, облыстар, республикалық бағыныстағы қалалар әкімдерінің шешімдеріне сәйкес құрылатын және егер заң актілерінде қосымша қаржыландыру көздері белгіленбеген болса, мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мекеме мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын мекеме мемлекеттік мекеме деп танылады (АК-ның 105-бабының 2-тармағы). Мемлекеттік мекемені құруда оның аумақтық қызмет ету аясы (республикалық, жергілікті немесе аймақтық) айқындалуы тиіс.

Коммерциялық емес сипаттағы кез келген мақсат үшін мекеме құрылуы мүмкін. Мысалы, басқару, білім беру, медицина, ғылыми-зерттеу, мәдени және т.с.с. Мемлекеттік мекемелер, әдетте, басқару мақсаттарын көздейді. Әңгіме мемлекеттік оргаңдар — министрліктер, ведомстволар, әкімияттар және т.с.с. болып отыр. Мекемені, әдетте, бір тұлға құрады, бірақ оны бірнеше тұлғаның құруына тыйым салынбайды. Бұл жағдайда, меншік иесінің құқықтары құрылтай шартына сәйкес бөлініп, жүзеге асырылады[25;107,137б.]..

Мекеме мен мемлекеттік мекеменің өздеріне бекітіліп берілген мүлікке құқықтары АК-ның 202-208-баптарына сәйкес анықталады (АК-ның 105-бабының 4-тармағы). Басқаша айтқаңда, мүлік оралымды басқару құқығыңда мемлекеттік мекемеге тиесілі болады. Тұтас алғаңда, жеке меншік мекемелерге де осыңдай режим таралады. Мекеме меншік иесі бекітіп берген сметаның негізінде өз қаражатына билік етеді. Мемлекетгік мекеменің тиісті қаржы жыльна бекітілген қаржылаңдыру жоспарынан асатын шарттық міңдеттемелер қабылдауына жол берілмейді (АК-ның 105-бабының 3—1-тармағы). Мекеменің мүлкі алыньп қоюы немесе меншік иесі арқылы қайта бөлінуі мүмкін. Мекеме өзінің міңдеттемелері бойынша қолыңда бар ақшамен жауап береді. Олар жеткіліксіз болған жағдайда мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады (АК-ның 44-бабының 1-тармағының 2-бөлігі). Таратылатын занды тұлғаның ақшасы несие берушілердің талабын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса, тарату комиссиясы заңды тұлғаның мүлкін сот шешімдерін орыңдау үшін белгіленген тәртіп бойынша жария сатуды жүзеге асырады (АК-ның 50-бабының 5-тармағы). Мемлекеттік мекеме өзінің міндеттемелері бойынша өз билігіндегі ақшамен жауап береді. Мемлекеттік мекемеде ақша жеткіліксіз болатын жағдайда оның міндеттемелері бойынша Үкімет немесе тиісті жергілікті атқарушы орган жауапты болады[2;47,50б.].

Кіріс түсіруді өз қызметінің негізгі мақсаты етпеу — мекеменің міңдетті белгісі. Басқаша айтқанда, мекеменің кәсіпкерлік қызмет ауқымынан тыс жағдайда кіріс түсіруіне және, тиісті, айтарлықтай мөлшерде түсіруіне тыйым салынбайды. Бірақ бұл негізгі мақсат емес. Алынған ақша құрылтайшының меншігі болып табылады және мекеме оны смета бойынша жұмсайды немесе құрылтайшы алып қояды. Жеке меншік мекемелер өздерінің жарғылық құқық қабілеттілігі шегінде кәсіпкерлік қызмет жүргізе алады. Оны жүргізу құқығы құрылтай құжаттарыңда баяңды етілуі тиіс (АК-ның 34-бабының 3-тармағы). Солай бола тұрса да, мемлекеттік оргаңдар болып табылатын мекемелер (министрліктер, ведомстволар, олардың заңды тұлға құқықтары бар бөлімшелері және т.с.с), заң актілеріңде өзгеше көзделмесе, көсіпкерлік қызметпен айналысуға құқысыз болады (АК-ның 105-бабының 2-тармағы).

Жеке меншік мекеменің рұқсат етілген кәсіпкерлік қызметтен түсірген кірістері құрылтайшының меншігі болып табылады. Алайда, меншік иесінде оларға билік ету құқығы болмайды. Мекеменің рұқсат етілген кәсіпкерлік қызметтен түсірген кірістері мекеменің дербес билігіне өтеді. Олар және оларға сатып алынған мүлік мекемеге оралымды басқару құқығында емес, ерекше заттық құқықта — мүлікке дербес билік ету құқығында тиесілі болады[26;121,226б.].

Мемлекеттік және өзге де мекемелердің жекелеген түрлерінің құқықтық жағдайларының ерекшеліктері заңдармен айқыңдалады. Әңгіме, негізінен алғанда, мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы (органдары жөніңде больп отыр. Аталған оргаңдардың жергілікті деңгейі (бірыңғай заңмен реттеледі[1]. Министрліктер мен ведомстволар Үкімет қаулыларының, Президент жарлықтарының немесе Парламент зандарының негізінде іс-қимыл жасайды. Мәселен, Президенттің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылығын құру туралы» 1994 ж. 27 қаңтардағы №1526 Жарлығымен Қазынашылықтың орталықтандырылған органдар жүйесі құрылды. ҚР Министірлер Кабинетінің «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылығын құру мәселелері» атты 1994 ж. 20 мамырдағы №549 Қаулысымен қазынашылықтың аумақтық басқармалары мен бөлімшелеріне мекеме мәртебесі берілген.

Мемлекеттік басқару органдарынан басқа, жекелеген нормативтік актілер қадағалау органдарын, мысалы, прокуратураның қызметін реттеп отырады. ҚР Прокуратурасы біртұтас орталықтандырылған мекемелер жүйесін құрайды және Конституцияның, Президенттің 1995 ж. 21 желтоқсандағы Заң күші бар «Қазақстан Республикасының  Прокуратурасы туралы» Жарлығының негізінде жұмыс істейді.

ҚР Президенті, ҚР Парламенті, ҚР Үкіметі, ҚР Конституциялық Кеңесі, ҚР Жоғарғы Соты, ҚР Президенті Әкімшілігі мемлекеттік органдар болып табылады. Олар туралы ережелер ҚР Конституциясыңда баянды етілген және тиісті заң актілерінде нақтыланған. Олар азаматтық айналымға мемлекеттік мекемелер ретінде қатысады. Бұл АК-ның 34-бабының 1-тармақтарынан туындайды, онда «Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттік бюджеттің есебінен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттік мекеме нысанында құрылуы мүмкін» деп көрсетілген[26;121,226б.].

ҚР Конституциясына, конституциялық зандарға, өзге де заң актілеріне немесе ҚР Президентінің Жарлықтарына сәйкес мемлекеттік оргаңдар болып табылатын қалған мемлекеттік оргаңдар, егер олар көрсетілген заңдармен немесе оларды құру жөніңдегі жеке актілермен заңды тұлға ретіңде анықталған болса, мекемелер болып танылады. Занды тұлға ретінде айқындалмаған, басқа мемлекеттік органдардың-заңды тұлғалардың құрамында болатын мемлекеттік оргаңдар заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері ретіңде қарастырылады.

Мемлекеттік органның құзіретін, құрылымын, ведомстволық бағы-ныстылығын және оның функциясын жүзеге асыруға байланысты басқа да мәселелерін занңдар немесе осы мемлекетгік оргаңдарды құру жөніндегі жеке актілер айқыңдайды[17].

Егер мемлекеттік мекемелер азаматтық-құқықтық қатынастарға мемлекеттің атынан емес, өздеріне смета бойынша бөлінген мүліктің шегіңде өз атынан қатысатын жағдайда, олар мекемелер ретінде қарастырылады (ғимараттарды жалдау, кеңсе құралдарын, жабдықтарды, жиһаз сатып алу-сату шарттарын жасасады, келтірілген зияннан туатын міңдеттемелер бойынша жауапты болады, басқа да азаматтық-құқықтық іс-қимылдар жасайды).

Мемлекеттік органдар болып табылатын мекемелер тиісті нормативтік актінің негізінде құрылады жене мемлекеттік мекемелер үшін белгіленген заңдар бойынша тіркеуден өтуі тиіс. Қазақстан Республикасы немесе мемлекет уәкілеттік берген мемлекеттік орган мемлекеттік органдар болып табылатын мекемелердің құрылтайшылары болады. Мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану, билік ету құқығы белгіленген тәртіппен берілген мекемелерді қоспағанда, мемлекеттік мекеме басқа заңды тұлғаны құра алмайды, сондай-ақ оның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды[24;33,47б.].

Қоғамдық бірлестік. Қазақстан Республикасында саяси партиялар, кәсіптік одақтар және азаматтардың заңдарға қайшы келмейтін, өздерінің ортақ мақсаттарына жету үшін ерікті негізде құрған басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер болып танылады (АК-ның 106-бабының 1-тармағы). Қоғамдық бірлестіктің құқықтық жағдайын АК, «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 ж. 31 мамырдағы заң, «Саяси партиялар туралы» 2002 ж. 15 шілдедегі заң, «Кәсіптік одақтар туралы» 1993 ж. 9 сәуірдегі заң және басқа да заң актілері айқындайды. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңның күші, діни бірлестіктерді қоспағанда, шетелдік және халықаралық коммерциялық емес, үкіметтік емес бірлестіктердің Қазақстан Республикасы аумағында құрылған және жұмыс істейтін құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдары мен өкілдіктерінің) қызметіне таралады.

Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтарын іске асыру және қорғау, белсенділігі мен ынталылығын дамыту; кәсіби және әуесқойлық мүдделерін қанағаттандыру; ғылыми, техникалық және көркем шығармашылығын дамыту; адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, айналадағы табиғи ортаны қорғау; қайырымдылық қызметке қатысу; мәдени-ағарту, спорттық-сауықтыру жұмыстарын жүргізу; тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау; патриоттық және адамгершілік тәрбие беру; халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және нығайту; Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған өзге де қызметті жүзеге асыру мақсатында құрылып, жұмыс істейді[26;121,226б.].

Мақсаттары немесе іс-әрекеттері конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, мемлекеттің қауіпсіздігін әлсіретуге, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты өршітуге бағытталған қоғамдық бірлестіктер құруға және олардың қызметіне, сондай-ақ зандарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құруға тыйым салынады.

Қазақстан Республикасы аумағында әскерилеңдірілген құрылымы, түрі, арнаулы айырым белгілері, гимндері, жалаулары, вымпелдері, ішкі тәртіп пен басқарудың ерекше шарттары, қаруы, соның ішінде қару іспеттес заттары бар әскерилеңдірілген құрамалар үлгісіндегі коғамдық бірлестіктер құруға тыйым салынады. Басқа мемлекеттердің саяси партияларымен кәсіптік одақтарының, діни негіздегі партиялардың қызметіне, сондай-ақ саяси партиялар мен кәсіптік одақтарды шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың қаржыландыруына жол берілмейді. Азаматтардың денсаулығы мен рухани негіздеріне қастандық жасайтын қоғамдық бірлестіктер құруға жене оның қызметіне, сондай-ақ тіркелмеген қоғамдық бірлестіктердің қызметіне жол берілмейді[22].

Қоғамдық бірлестік Қазақстан Республикасы азаматтарының жарғы қабылданып, басқарушы органдар қалыптастырылатын құрылтай съезін (конференциясын, жиналысын) шақыратын, кемінде он адамнан тұратын тобының бастамасы бойынша құрылады (Қоғамдық бірлестіктер туралы заңның 10-бабының 1-тармағы).

Қазақстан Республикасында республикалық, аймақтық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер құрылып, жұмыс істеуі мүмкін. Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астамының аумағыңда өздерінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар бірлестіктер республикалық қоғамдық бірлестіктерге жатады. Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан азының аумағында өздерінің құрылымдық бөлімшелері (филиалдары мен өкілдіктері) бар бірлестіктер аймақтық қоғамдық бірлестіктерге жатады. Жергілікті қоғамдық бірлестіктерге Қазақстан Республикасының бір облысы шегінде жұмыс істейтін бірлестіктер жатады[26;121,226б.].

Қоғамдық бірлестік жарғының негізінде жұмыс істейді. Мұндай бірлестіктің қаражаты, егер оларды төлеу жарғыда көзделген болса, кіру жарналары мен мүшелік жарналардан; ерікті жарналар мен жиналған жылудан; жарғыға сәйкес дәрістер, көрмелер, спорттық және басқа шаралар, лотереялар өткізуден түскен түсімдерден; өндірістік және өзге де шаруашылық қызметтен алынған табыстан; заң актілеріңде тыйым салынбаған басқа түсімдерден құралады. Қоғамдық бірлестікке қатысушылардың (мүшелерінің) осы бірлестіктерге өздері берген мүлікке, оның ішінде мүшелік жарналарға құқықтары жоқ. Олар өздері мүшелері ретінде қатысатын қоғамдық бірлестіктердің міңдеттері бойынша жауап бермейді, ал аталған бірлестіктер өз мүшелерінің міңдеттемелері бойынша жауап бермейді[2;47,50б.].

Қоғамдық бірлестік өзінің балансына бекітілген мүліктің меншік иесі болып табылады. Қоғамдық бірлестік мүлкінің жеке меншіктің ерекше түріне жататын құқықтық режимі болады. Бірлестіктің жарғысында көзделген қызметті материалдық жағынан қамтамасыз етуге қажетті объектілер, сондай-ақ оның қаражаты есебінен құрылатын кәсіпорындар қоғамдық бірлестіктің меншігі болып табылады. ҚР АК-ның ережелеріне сәйкес, қоғамдық бірлестік шаруашылық серіктестік және акционерлік қоғам нысанындағы кәсіпорындар құруға құқылы. Сондықтан ол кәсіпорын құратын жағдайда оның меншік иесі болмағанымен, құрылтайшысы болады да, кәсіпорынның мүлкіне міңдеттемелік құқықтарын сақтайды. Соттың шешімі бойынша таратылған қоғамдық бірлестіктің мүлкі, егер заңда өзгеше көзделмесе, оның жарғысында көзделген мақсаттарға пайдаланылады[24;33,47б.].

Саяси партия. Қоғамдық бірлестік түрлерінің бірі саяси партия болып табылады. Саяси партиялардың өмір сүруінің негізгі формальдық принциптері Қазақстан Конституциясында (бұдан әрі — Конституция) айқыңдалған. Конституцияда идеологиялық және саяси әр алуандылық жарияланған (5-баптың 1-тармағы). Сондықтан ҚР азаматтарының бірлесу бостандығына құқығы бар. Бұл тұста мемлекет мемлекеттік институттарды саяси партиялардан жоғары қойғандай болады. Соңдықтан мемлекетгік органдарда саяси партияларды құруға жол бермейді[1].

ҚР азаматы бір ғана саяси партияның мүшесі бола алады. Мемлекеттік органдар мен жмыс берушілерге азаматтардан қандай түрде болса да, оның ішіңде ресми құжаттарда да, адамның қай партияның мүшесі екенін сұрауға талап етуге тыйым салынады. Саяси партияның мүшелігінде болу ҚР азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негіз бола алмайды[15].

Саяси партияның қоғамда алатын орнына қатысты мемлекеттік идеология және оның мемлекетпен қатынасы бірнеше негізгі принциптерден тұрады. Олардың біреуін шартты түрде «партияның мемлекеттен бөлінуі» деп белгілеуге болады. Сырттай қарағанда, мемлекет саяси партияның мемлекеттен кез келген маңызды тәуелділігін алып тастауға тырысады. Мұңдай саясат «саяси партияларға мемлекеттік органдардың функциясын жүктеуге және саяси партияларды мемлекетгік қаржылаңдыруға жол берілмейді» деген постулатпен бейнеленеді.

Саяси партиялардың қызметін Конституция, ҚР АК, Қоғамдық Бірлестіктер туралы заң және Саяси партиялар туралы заң реттеп отырады. Саяси партия азаматтардың өз өкілдері арқылы мемлекеттік игілікті жүзеге асыруға қатысуы арқылы ҚР азаматтарының еркін анықтауына және білдіруіне жәрдемдесуі тиіс.

Мемлекет саяси партияларға мемлекеттік бақылау жасау тұжырым-дамасын ұстанады. Мұндай бақылау қазақстандық юрисдикция шеңберіңде ғана жүзеге асырылуы мүмкін. Соңдықтан осы тұжырымдамаға сәйкес, біріншіден, саяси партиялардың жетекшілері ҚР аумағында болуға тиіс. Екіншіден, Қазақстан аумағында басқа мемлекеттердің саяси партияларының, сондай-ақ тіркеуден өтпеген саяси партияларының қызмет етуіне жол берілмейді[26;121,226б.].

Мемлекеттік идеологияның саяси партияны нақ әрі тек саяси ұйым ретінде түсінуі маңызды қағида болып табылады. Қазақстаңдық заң шығарушылар бұл принципті дәйектілікпен жүргізіп келеді. Қоғамдық бірлестіктер туралы заңның ережелерін жалғастыра келе, саяси партиялар туралы заң азаматтардың кәсіби, нәсілдік, ұлттық, этникалық және діни белгілері бойынша саяси партиялар, әскерилендірілген саяси партиялар құруына, сондай-ақ мемлекеттік органдарда саяси партиялардың бастауыш партия ұйымдарын құруға жол бермейді[15]. Мәселен, осыған байланысты басқа елдердегідей, Қазақстанда, мысалы, сыра әуесқойлары партиясын құру мүмкін емес.

Саяси партияның атауында ұлттық, этникалық, діни, аймақтық, қауымдық және гендерлік белгілерді көрсетуге, оның лидерлерінің, тарихи тұлғалардың есімдері мен фамилияларын пайдалануға жол берілмейді (Саяси партиялар туралы заңның 7-бабының 2-тармағы). Саяси партиялар туралы заңды жаңа редакциясында қабылдауға байланысты 2002 ж. барлық саяси партияларға қайта тіркеу жүргізілді, жоғарыда аталған талаптарға қайшы келетін атаулары бар кейбір партиялар тіркеуден өте алмай қалды.

Қазақстан Республикасының жасы он сегізге толған азаматы саяси партияның мүшесі бола алады. Саяси партияға шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың мүше болуына, соңдай-ақ ұжымдық мүшелікке жол берілмейді. Әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жөне судьялар саяси партияда болмауға, қаңдай да болсын саяси партияға қолдау көрсетпеуге тиіс (Саяси партиялар туралы заңның 8-бабы).

Саяси партия саны 1000 адамнан кем емес, саяси партияның құрылтай съезін (конференциясын) шақыратын және облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың үштен екісінің атьшан өкіддік ететін азаматтар тобының бастамасы бойынша құрылады (Саяси партиялар туралы заңның 6-бабының 1-тармағы). Партияның құрамыңда партияның барлық облыстардағы, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы әрқайсысында кемінде 700 партия мүшесі бар құрылымдық бөлімшелерінің атынан өкілдік ететін кем дегеңде 50 000 партия мүшесі болуға тиіс (Саяси партиялар туралы заңның 10-бабының 6-тармағы).

2003 жылға дейін Қазақстанда тіркелген 19 партия болды. 2007 жылғы жағдай бойынша партияны тіркеу жөніндегі қатаң талапты 7 партия орындады: Коммунистік партия, Отан, Аграрлық партия, Азаматтық партия, Қазақстанның демократиялық «Ақжол» партиясы, Ауыл және Патриоттар партиясы[26;121,226б.].

Саяси партияның 4 жыл ішінде кемінде бір рет шақырылатын съезі (конференциясы) саяси партияның жоғары басшы органы болып табылады. Саяси партияның съезіңде (конференциясыңда) партияның жарғысы мен бағдарламасына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі, басшы органдары сайланады, партияның мүшелік жарналарының мөлшері бекітіледі. Сонымен қатар, съезде (конференцияда) саяси партияның мүшелері ҚР Президенттігіне, Парламент мәжілісінің депутаттығына кандидаттар ретіңде ұсынылады, депутаттыққа кандидаттардың орталық сайлау комиссиясына тіркеу үшін ұсынылатын партиялық тізімі бекітіледі, өзге де мәселелер шешіледі. Саяси партия съезінің (конференциясының) шешімі саяси партияның съезіне (конференциясьша) саяси партияньщ барлық облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, астаналық филиалдары мен өюлдіктерінің өкіддері қатысқан кезде көпшілік дауыспен қабылданады.

Саяси партияның филиалы мен өкілдігінің конференциясы (жалпы жиналысы) оның филиалы мен өкілдігінің жоғары басшы органы болыл табылады. Филиалдың және өкілдіктің конференциясында жалпы жиналысында олардың басшы органдары сайланады, тиісті мәслихаттардың депутаттығына кандидаттар ұсынылады, өзге де мәселелер шешіледі.

Саяси партия мүлкінің, оның ішіңде оның құрылымдық бөлімшелері (филиаддары мен өкілдіктері) мүлкінің меншік иесі, тұтас алғанда, саяси партия болып табылады. Саяси партия мүшелерінің осындай партия мүлкіне қатысты құқықтары болмайды. Саяси партияның мүлкі партияның жарғысы мен бағдарламасыңда көзделген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін ғана пайдаланылуы мүмкін. Партия таратылатын жағдайда оның мүлкі партияның жарғысына сейкес пайдаланылуы тиіс. Егер саяси партияның жарғысында мұндай тәртіп көзделмеген болса, онда мұңдай мәселенің шешімін саяси партияны тарату туралы шешім қабылдаған орган жүзеге асырады[25;107,137б.].

Саяси партияның қаражаты мүшелікке кіру және мүшелік жарна-лардан, кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістерден, құжатпен расталып, олардың шығу көздері көрсетілген жағдайда Қаржы министрлігі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылатын Қазақстан азаматтары мен мемлекеттік емес ұйымдарының қайырмалдықтарынан тұрады. Саяси партиялар туралы заң саяси партияға және оның құрылымдық бөлімшелеріне шетелдік тұлғалардан, мемлекеттерден, халықаралық ұйымдардан, шетелдер қатысатын заңды тұлғалардан, мемлекеттік заңды тұлғалардан, діни бірлестіктерден және қайырымдылық ұйымдардан, беймәлім қайырмалдық жасаушылардан қайырмалдық алуға тыйым салады. Саяси партиялардың ақшасы Қазақстан заңдарына сәйкес тіркелген банктердің шоттарына орналастырылады[15].

Саяси партияның ақшасы мен өзге де мүлкі оның мүшелері арасында бөлінбейді және жарғылық мақсаттарға сәйкес жұмсалуға тиіс. Саяси партияның өз қаражатын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына рұқсат етіледі. Саяси партия мүшелері партияның міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал саяси партия өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Кәсіптік одақ. Кәсіптік одақ — бұл қоғамдық бірлестіктердің кең таралған түрлерінің бірі. Кәсіптік одақтардың қызметі «Кәсіптік одақтар туралы» 1993 ж. 9 сәуірдегі заңмен бұдан әрі — Кәсіподақтар туралы заң реттеледі. Кәсіподақтар туралы заң кәсіподақтарға мьнадай анықтама береді: «бұл өз мүшелерінің еңбек, соңдай-ақ басқа да әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау, еңбектік қорғау және еңбек ету жағдайларын жақсарту үшін азаматтардың кәсіби мүдделерінің ортақтығы негізінде олар ерікті түрде құратын, белгіленген жеке мүшелері бар дербес бірлестіктер[5]. Коммерциялық емес басқа ұйымдардан өзгеше, Кәсіподақтар туралы заң кәсіподақтарға коммерциялық қызметтің барлық түрлерімен айналысуға мүмкіндік береді: сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру, кәсіпорыңдар, банктер, сақтаңдыру және акционерлік қоғамдар кұру, бірлескен кәсіпорыңдар құру және олардың қызметіне қатысу, лотереялар ұйымдастыру және өткізу, баспагерлік қызметпен айналысу, өзге де өндірістік және шаруашылық қызметті жүзеге асыру[26;121,226б.].

Коммерциялық емес акционерлік қоғам. Заңдарда көзделген жағдайларда, акционерлік қоғам нысанында коммерциялық емес ұйым құрылуы мүмкін (АК-ның 34-бабының 3-тармағы, 85-бабының 5-тармағы). Коммерциялық емес акционерлік қоғамда акционерлердің санына шек қойылмайды. Коммерциялық емес қоғамның жарғысыңда, жалпы мәліметтерден басқа, қоғамның коммерциялық емес ұйым болып табылатыны, дауыс беру рәсімі, дивидеңдтерді төлемеу туралы ереже және Акционерлік қоғамдар туралы заң мен өзге заң актілерінде белгіленген басқа да талаптар болуға тиіс[18].

Коммерциялық емес ұйымдар тек жай акцияларды шығаруға құқылы, бірақ өз акциялары бойынша дивидендтерді есептемейді және төлемейді (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 22-бабының 7-тармағы). Коммерцияық емес ұйымдардың артьқшылықты акциялар (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 12-бабының 2-тармағы), облигациялар және бағалы қағаздардың өзге де түрлерін (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 9-бабының 4-тармағы), сондай-ақ айырбасталатын жай акцияларды (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 30-бабының 1-тармағының 2-бөлігі) шығаруға құқығы жоқ. Коммерциялық емес акционерлік қоғам өзі шығаратын акцияларды сатып алуға опциоңдар жасаса алмайды (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 29-бабының 3-тармағы).

Коммерциялық емес ұйым ретінде құрылған акционерлік қоғам шаруашылық серіктестік немесе кооператив болып қайта құрыла алмайды (Акционерлік қоғамдар туралы заңның 86-бабының 1-тармағы)[26;121,226б.].

Қоғамдық қор. Азаматтар жене (немесе) заңды тұлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған, әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамға пайдалы мақсатгарды көздейтін, мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым қоғамдық қор деп танылады (АК-ның 107-бабының 1-тармағы, Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңның 12-бабының 1-тармағы). Осы аталғандармен қатар, қор ғылыми мақсаттарда, азаматтардың денсаулығын сақтау, денешынықтыру мен спортты дамыту, азаматтардың рухани және өзге де материалдық емес қажеттіліктерін қанағаттандыру, азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау, даулар мен жанжалдарды шешу, заң көмегін керсету және басқа мақсаттарда құрылуы мүмкін[14].

Қоғамдық қор занды тұлға болып табылады, азаматтық айналымда қордың органдары өкілдік етеді, оның дербес балансы және банктік шоты бар (АК-ның 107-бабының 2-тармағы). Қоғамдық қордың қызметін АК және Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң реттейді.

Қоғамдық қорды құруда мемлекеттік мүлік те, жеке меншік мүлік те пайдаланылуы мүмкін. Қоғамдық қордың балансыңда тұрған мүлік меішіктің жеке меншіктік нысанындағы құқықтық режимге бағынады жоне қордың меншігі болып табылады. Қоғамдық қордың мүлкіне қор құрылтайшыларының мүліктік құқықтары жоқ (АК-ның 107-бабының 3-тармағы). Қоғамдық қордың қаржы көзі құрылтайшылардың ақшасы, соңдай-ақ басқа мүлкі, демеушілік, ерікті түрде жиналған қайырмалдықтар және өзге де заңды түсімдер болып табылады (АК-ның 107-бабының 4-тармағы). Қордың шаруашылық серіктестікке қатысудан, жарғыға сәйкес өткізілген дәрістерден, көрмелерден, спорттық және басқа шаралардан, лотереядан, шаруашылық қызметтен түскен кірістері өзге занды кірістер ретінде танылуы мүмкін[26;121,226б.].

Қоғамдық қорды бір немесе бірнеше азаматтар және (немесе) заңды тұлғалар құруы мүмкін. Қоғамдық қор мемлекеттіктіркеуден өткен соң оның құрылтайшылары оның мүшелері болмайды. Қоғамдық қордың жарғысыңда, АК-ның 41-бабының 5-тармағында көрсетілген мәліметтерден басқа, қордың органдары туралы, қордың лауазымды адамдарын тағайындау және оларды босату тәртібі, ол таратылатын жағдайдағы қор мүлкінің тағдыры туралы нұсқаулар болуға тиіс[24;33,47б.].

Қорды құрған кезде құрылтайшылардың (құрылтайшының) шеші-мімен тұрақты жұмыс істейтін алқалы басқару органы — қордың атқарушы органы тағайындайтын қамқоршылық кеңесі құрылады, ол қор өкіметінің оның жарғылық мақсаттарына сай келуіне бақылау жасайдьі, сондай-ақ қордың жарғысыңда бекітілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Жұбайлық және жақсы туыстық байланысы бар адамдар қордың қамқоршылық кеңесінің көпшілік мүшесі, соңдай-ақ осы қордың штаттағы қызметкерлері бола алмайды (Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңның 12-бабының 2-тармағы). Қамқоршылық кеңесі, әдетте, өз қызметін қоғамдық негізде жүзеге асырады.

Заңдарда қордың қалған органдары аталмаған және қоғамдық қор құрылтайшыларының қалауы бойынша аталуы мүмкін. Жарғыда қоғамдық қордың жеке-дара және алқалық оргаңдары анықталады. Бұлар, құрылтайшылардың қалауы бойьшша, мысалы, президент, төраға, директор, кеңес, басқарма, құрылтайшылар жиналысы болуы мүмкін. Қордың атқарушы органы қордың жоғары басқару органының және тұрақты жұмыс істейтін алқалы басқару органының (қамқоршылық кеңестің) шешімдері негізінде және оларды орындау мақсатында жұмыс істейді және соларға есеп береді (Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңның 12-бабының 3-тармағының 1-бөлігі).

Қоғамдық қорды басқару тәртібі мен оның органдарын құру тәртібінің құрылтайшылар бекітетін жарғысында белтіленеді (АК-ның 107-бабының 5-тармағының 1-бөлігі). Қор өз мүлкінің пайдаланылуы туралы есептерін ресми баспасөз басылымдарында жыл сайын жариялап отыруға міндетті (АК-ның 107-бабының 6-тармағы). Бұл оның жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіңдіктен, алынған кірісті нақ осы мақсаттар үшін пайдалана отырып, қоғамдық қор кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қор акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктер (толық және сенім серіктестіктерінен басқа) құруға құқылы.

Егер жарғыда қордың жарғысын осындай тәртіппен өзгерту көзделген болса, қордың органдары қоғамдық қордың жарғысын өзгерте алады. Егер жарғының өзгеріссіз күйде сақталуы қоғамдық қорды құру кезіңде болжап білуге келмейтін кейбір зардаптар туғызатын болса, ал онда жарғыны өзгерту мүмкіндігі көзделмесе не жарғыны уәкілетті тұлғалар өзгертпейтін болса, онда өзгерістер енгізу құқығы оның қызметіне бақылау жүргізуге уәкілетті қор органдарының өтініші бойынша сотқа тиесілі болады[25;107,137б.].

Заң белгілі бір жағдайларда соттың шешімі бойынша қоғамдық қорды мынадай реттерде:

1)  егер қордың мақсаттарын жүзеге асыру үшін оның мүлкі жеткіліксіз болса және қажетті мүлікті алу ықтималдығы нақты болмаса;

2)  егер қордың мақсаттарына жету мүмкін болмаса, ал қор мақсаттарына қажетті өзгерістер жасау мүмкін болмаса;

3) қор өз кызметінде жарғымен көзделген мақсаттардан бас тартқан жағдайда;

4)  заң құжаттарында немесе құрылтай құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратуды көздейді (АК-ның 107-бабының 7-тармағы).

Қордың мүлкі оның мақсаттарын жүзеге асыру үшін жеткіліксіз болатын және қажетті мүлікті алу ықтималдығы нақты болмайтын кездегі негіздер бойынша қоғамдық қорды сот тәртібімен тарату үшінші түлғалардың немесе мемлекеттің мүдделері бүзылатын жағдайларда ғана мүмкін болады. Қордың мақсаты орындалмайтын, ал оған қажетті өзгерту жүргізіле алмайтын негіздер бойынша қоғамдық қорды сот тәртібімен таратуға құрылтай құжаттарында көзделген мақсаттарға жету объективті, нақты және ол мүмкін болмайтын жағдайда ғана жол беріледі.

Қоғамдық қордың өз мүлкінің пайдаланылуы туралы есептерін ресми баспасөз басылымдарында жыл сайын жариялап отыру жөніндегі өз міңдетін бұзуы да оны сот тәртібімен тарату үшін негіз болып табылады. Қоғамдық қор, аталған негіздерден басқа: банкроттық жағдайында соттың шешімімен; оны құру кезіңде түзетуге келмейтін сипаттағы заңдардың бұзылуына жол бере отырып, қордың тіркелуін жарамсыз деп танылатын жағдайда; заң актілерінде тыйым салынған қызметті жүзеге асыруда не заңдарды бір рет немесе өрескел бұзатын жағдайда таратылуы мүмкін. Мұндай негіздер қоғамдық қордың жарғысында да көзделуі мүмкін.

Қоғамдық қор таратылғаннан кейін қалған мүлік оның жарғысында көзделген мақсаттарға жұмсалады (АК-ның 107-бабының 8-тармағы). Егер басқа заңды тұлға да осы мақсатты көздейтін болса, оңда қалған мүлік сыйға тарту шарты бойынша осындай заңды тұлғаның балансына беріледі. Егер таратылған қордың мақсаттарын мемлекет ғана жүзеге асыратын болса, оңда мүлік Қаржы министрлігінің тиісті органына беріледі. Таратылатын қордың мақсаттарына ұқсас мақсаттарды Қазақстанда бірде-бір ұйым жүзеге асырмайтын болса, онда қалған мүлік қоғамдық қордың құрылтайшылары арасында бөлінеді[26;121,226б.].

Қор болып табылмайтын ұйымдарды қорлар деп атайтын жағдайлар да кездеседі. Мысалы, бюджеттен тыс мемлекеттік қорлар қоғамдық қорлар бола алмайды. Соңдықтан АК-ның 107-бабының ережелері оларға таралмайды. Бюджеттен тыс мемлекеттікқор мемлекеттіккоммерциялық емес ұйымдардың дербес түрі болып табылады, оның құқықтық жағдайы өзінің қызметін реттейтін нормативтік актілермен айқындалған.

Тұтыну кооперативі — бұл қатысушылардың материалдық және өзге қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүшелерінің мүліктік (пайлық) жарналарын біріктіру арқылы жүзеге асырылатын азаматтардың ерікті бірлестігі[24;33,47б.]. Пәтерлер меншік иелерінің кооперативтері, бағбаңдық, бақша және гараж кооперативтері тұтыну кооперативіне мысал болып табылады.

Тұтыну кооперативінің құқықтық жағдайын АК, Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң және «Тұтыну кооперативі туралы» 2001 ж. 8 мамырдағы №І97 заң айқындайды. Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі тұтыну кооперативінің бір түрі болып табылады. Оның қызметін «Су пайдаланушылардың селолық тұтыну кооперативі туралы» 2003 ж. 8 сәуірдегі №404 заң реттеп отырады.

Тұтыну кооперативі нақ өз қатысушыларының қажеттерін қанағаттандыру үшін құрылады. Мұңдай қажеттер жеке адамның тұтынуымен шектелген, ал оларды қанағаттандырудың ақшалай нысаны болмайды. Бірақ бұл ережеден өзгешелік бар. Селолық тұтыну кооперативтері өз мүшелерінің ғана емес, селолық жерлерде тұратын басқа адамдардың да материалдық және өзге қажеттерін қанағаттандыру үшін құрылуы мүмкін (АК-ның 108-бабының7-тармағы). Селолық тұтыну кооперациясының ерекшеліктері «Қазақстан Ресггубликасындағы селолық тұтыну кооперациясы туралы» 1999 ж. 21 шілдедегі №450-Г ҚР заңымен айқьндалады[26;121,226б.].

Өндірістік кооперативтен өзгеше, тұтыну кооперативіндегі мүшелік оның қызметіне міндетті түрде еңбекпен қатысуды талап етпейді. Әдетте, азамат, тұтыну кооперативінің мүшесі болып табылады. Алайда, заң актілеріңде көзделген жағдайларда тұтыну кооперативіне занды тұлғалар кіре алады (АК-ның 108-бабының 1-тармағының 2-бөлігі). Тұтыну кооперативін екі және одан да көп азаматтар құруы мүмкін. Тұтыну кооперативінің атауы оның ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетуге тиіс.

Жарғы тұтыну кооперативінің бірден-бір құрылтай құжаты болып табылады. Мұндай кооперативті құруда құрылтай шарты жасалмайды. Тұтыну кооперативінің жарғысында АК-ның 41-бабының 5-тармағында көрсетілген барлық занды тұлғаларға ортақ мәліметтерден басқа, кооператив мүшелері пайларының мөлшері туралы шарттарды; кооператив мүшелері пайларының құрамы және оларды енгізу тәртібі туралы, олардың жарна төлеу жөніндегі міндеттемелерді бұзғаны үшін жауапкершілігі туралы; кооперативті басқару органдарының құрамы мен құзіреті және олардың шешімдер қабыддау, оның ішінде шешімі бірауыздан немесе білікті көпшілік дауыспен қабылданатын мәселелер жөнінде шешімдер қабыддау тәртібі туралы; кооператив мүшелерінің шеккен залалдарды жабу төртібі туралы ережелер болуға тиіс[2].

Тұтыну кооперативі өз мүлкінің меншік иесі болып табылады. Тұтыну кооперативінің мүлкі меншіктің жеке меншік нысанының құқықтық режиміне бағынады. Пайшылардың (уәкілеттілердің) жалпы жиналысы тұтыну кооперативінің жоғары органы болып табылады. Тұтыну кооперативінің басқару органдары тұтыну кооперативі құрылтайшылардың қалауы бойышпа анықталуы және аталуы мүмкін. Тұтыну кооперативінің басқару органдары жеке-дара және алқалы болуы мүмкін[21].

Тұтыну кооперативі коммерциялық ұйым емес. Сондықтан ол бұл әрекет оның жарғылық мақсаттарына сәйкес келетіндіктен ғана кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады. Табыс табуды қызметтің негізгі мақсаты етпеу — тұтыну кооперативінің міңдетті белгісі. Тұтыну кооперативінің тапқан табыстарын оның мүшелері арасында бөлуге болмайды, олар жарғылық мақсаттарға беріледі[24;33,47б.].

Кооперативтің қызметі едәуір дәрежеде оның мүшелерінің қосымша жарналары есебінен жүзеге асырылады. Қосымша жарналар енгізу туралы шешімді жалпы жиналыс қабыддайды. Тұтыну кооперативінің мүшелері оның міндеттемелері бойынша кооператив мүшелерінің қосымша төлемеген бөлігі шегінде жәрдем беру жөнінен ортақ жауапты болады (АК-ның 108-бабының 2-тармағының 2-бөлігі).

Тұтыну кооперативінің ерекшелігі — оның мүшелері жыл сайынғы баланс бекітілгеннен кейін пайда болған заладдарды қосымша жарналар төлеу арқылы үш ай ішінде жабуға міндеті. Бұл міндеттерді орындамаған ретте кооператив несие берушілердің талабы бойынша сот тәртібімен таратылуы мүмкін (АК-ның 108-бабының 2-тармағының 1 –бөлігі).

Тұтыну кооперативі таратылған немесе кооператив мүшесі одан шыққан жағдайда, ол тұтыну кооперативінің мүлкінен өз үлесін өз жарнасына қарай бөліп алуға құқылы (АК-ның 108-бабының 5-тармағының 1-бөлігі). Үлесті бөліп беру кооперативтің ақша қаражатынан ақшалай нысаңда жүзеге асырылады. Егер бұрынғы пайшының үлесін төлеу үшін ақша қаражаты жеткіліксіз болса, оңда кооператив өз мүлкін сатып, міндеттемесін осы қаржыдан өтеуге тиіс. Кооперативтен шығатын пайшының келісуімен үлес мүліктік нысанда бөлінуі мүмкін. Егер кооператив жарғысында өзгеше көзделмесе, тұтыну кооперативінің мүшесі қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлерінің кооператив мүшелігіне бірінші кезекте қабылдану құқығы болады. Кооперативке қабылданған мұрагер қосымша пай салымшы енгізбейді. Егер кооператив жарғысы оның қайтыс болған мүшесінің мұрагерін бірден қабылдауға жол бермесе, онда мұрагер мүліктегі қайтыс болған мүшенің пайына сай келетін ақшалай үлесін алады (АК-ның 108-бабының 5-тармағының 2-бөлігі) [26;121,226б.].

Діни бірлестік — бұл рухани қажеттерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде, заң құжаттарында белгіленген, азаматтардың ерікті түрдегі бірлестігі[2].

Жергілікті діни бірлестіктер (қауымдастықтар), діни басқармалар (орталықтар) және олардың құрылымдық бөлімшелері, сондай-ақ діни оқу орындары мен ғибадатханалар Қазақстан Республикасыңдағы діни бірлестіктер деп танылады. Діни басқармалар (орталықтар) өздерінің жарғыларына (ережелеріне) сәйкес өз жарғылары (ережелері) негізінде әрекет ететін діни оқу орындарын, мешіттерді, ғибадатханалар мен өзге де діни бірлестіктерді құруға құқылы. Діни бірлестіктер қоғамдық қорлар арқылы да, сондай-ақ дербес те қайырымдылық қызметін жүзеге асыруға және рақымшылық жасауға, сондай-ақ қайырымдылық үйлерін (баспаналар, интернаттар, ауруханалар және басқалары) ашуға құқылы («Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» 1992 ж. 15 қаңтардағы №І-128-ХП (бұдан әрі — Діни бірлестіктер туралы заң) заңының 14-бабының 3-бөлігі, 7-бабының 1, 3-бөліктері) [26;121,226б.].

Діни бірлестіктің құқықтық жағдайын Діни бірлестіктер туралы заң айқындайды. Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы заңдар тек заң актілерінен тұрады (Діни бірлестіктер туралы заңның 2-бабы). Бұлар АК, Коммерциялық емес ұйымдар туралы заң және Діни бірлестіктер туралы заң. Қазақстан Республикасының діни бірлестіктермен, олардың орталықтарымен және басқармаларымен, оның ішіңде республика аумағынан тысқары тұрған әрі заңмен реттелмеген орталықтармен және басқармалармен қатынастары олар мен Қазақстан Республикасының мемлекетгік оргаңдары арасындағы уағдаластықтарға сәйкес шешіледі[6]. Діни бірлестікті құрамында кемінде 10 адам болатын азаматтар тобы құруы мүмкін. Тіркеуге ұсынылатын жарғыда (ережеде) мыналар көрсетілуі тиіс:

— діни бірлестіктің атауы, орналасқан жері және шегінде ол өз қызметін жүргізетін аумақ;

— ұстанатын діні, қызметінің мәні мен мақсаты;

— діни бірлестіктің құрылымы, қалыптасу тәртібі, оның басқару оргаңдарының құзіреті және өкілеттік мерзімі;

— діни бірлестіктің құқықтары мен міндеттері;

— діни бірлестік мүлкінің құралу тәртібі;

— діни бірлестік жарғысына өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібі;

—  діни бірлестікті қайта ұйымдастыру мен тарату тәртібі (Діни бірлестіктер туралы заңның 8-бабының 1-бөлігі).

Діни бірлестіктердің саяси партиялар қызметіне қатысуына немесе оларға қаржы жағынан қолдау жасауына жол берілмейді (Діни бірлестіктер туралы занның 4-бабының 2-бөлігі).

Республиканың екі немесе одан да көп облыстарының аумағында қимыл жасайтын діни басқармаларды (орталықтарды), бірлестіктерді, сондай-ақ олар құратын діни оқу орындарын, ғибадатханаларды жәнс басқа да бірлестіктерді мемлекеттік тіркеуді Қазақстан Республикасының, Әділет министрлігі, ал жергілікті діни бірлестіктерді тіркеуді — аумақтық әділет органдары жүзеге асырады. Мемлекеттік тіркеу мерзімі дінтаі іу жөне өзге сараптама жүргізу, сондай-ақ діни бірлестік берген құжаттар бойынша маманның қорытындысын алу қажет болғанда тоқтатыла тұрады (Діни бірлестіктер туралы заңның 9-бабы)[26;121,226б.].

Діни бірлестік қызметінің дін оқытатын жағын айқындайтын құжаттар мемлекеттік оргаңдарда тіркеуге жатпайды.

Республикадан тыс жерлерде басқару орталықтары бар Қазақстаи Республикасыңдағы діни бірлестіктер әділет органдарында тіркеуге жатады. Басқару орталықтарының жарғылары (ережелері), егер олар Қазақстан Республикасьның заңдарына қайшы келмесе, осындай діни бірлестіктер жарғыларының (ережелерінің) негізіне алынуы мүмкін[24;33,47б.].

Шетелдік дін орталықтарының Қазақстан Республикасы аумағында жұмыс істейтін діни бірлестіктердің басшыларын тағайындауы Қазақстан Республикасының тиісті билік оргаңдарымен келісуі бойынша жүзеге асырылады.

Діни бірлестіктер жанынан қайырымдылық жасау, діни әдебиеттерді жәнс өзге де мәдени-ағартушылық қызметті зерделеп, тарату үшін азаматтар қоғамдары, бауырластықтары, басқа да бірлестіктері құрылуы мүмкін. Олардың өз жарғылары (ережелері) болады және қоғамдық бірлестіктер үшін белгілеген тәртіппен тіркеледі.

Рухани діни оқу орындары мен бірлестіктерін құруға, шетелдік азаматтардың және азаматтығы жоқ адамдардың миссионерлік қызметіне олар жергілікті билік органдарында тіркелгеннен кейін ғана және ол Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес келген жағдайда рұқсат етіледі.

Діни бірлестіктер өз қаражаты есебінен сатып алған немесе өздері құрған, азаматтар, ұйымдар қайырымдық ретінде берген немесе мемлекет берген және заң құжаттарына қайшы келмейтін басқа да негіздер бойынша сатып алынған мүлікке меншік құқығы болады (АК-ның 109-бабының 9-тармағы). Діни бірлестіктер меншігінде сондай-ақ шетелдердегі мүлік те болуы мүмкін (Діни бірлестіктер туралы заңның 16-бабының З-бөлігі).

Діии бірлестіктерге қатысушылардың (мүшелерінің) осы ұйымға әсері берген мүлікке, оның ішінде мүшелік жарналарға құқықтары сақталмайды. Олар діни бірлестіктің міндеттемелері бойынша жауап бермейді, ал діни бірлестік өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша күш бермейді[25;107,137б.].

Жергілікті өкілді органдар мен мемлекеттік органдар мемлекет меншігіндегі ғибадатханалар мен өзге мүлікті діни бірелстіктердің меншігіне беруге немесе өтеусіз пайдалануға беруге құқылы. Діни бірлестіктер өздеріне ғибадатханаларды маңайыңдағы аумағымен қоса алуда басым құқықты иеленеді.

Мемлекет діни бірлестіктерді қаржыландырмайды (Діни бірлестіктер туралы заңның 4-бабының 1-тармағы); егер оны пайдалану Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін болса, олар шетелдік діни орталықтардан, халықаралық миссионерлік және қайырымдылық қоғамдары мен қорларынан қаржылай және басқа материалдық жәрдем алуы мүмкін.

Діни бірлестік өздерінің жарғылық мақсаттарына сәйкес мінәжаттық сипаты, әлеуметтік және қайырымдылық шараларды қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар құруға құқьлы. Кәсіпорындар тек шаруашьшық серіктестік немесе акционерлік қоғам түрінде құрылуы мүмкін. Сондықтан, діни бірлестік, кәсіпорын құрылатын жағдайда оның мүлкі меншік иесі болмағанымен, құрылтайшысы болады да, кәсіпорының мүлкіне міңдеттемелік құқықтарын сақтайды. Бұл арада діни бірлестіктер құдайға құлшылық ету әдебиеттерін шығару және діни мақсаттардағы заттар өндіру жөніңдегі көсіпорыңдар құруда ерекше құқықты пайдаланады. Басқа мекемелер мен ұйымдар мұндай қызметті тиісті діни бірлестіктердің, басқармалар мен орталықтардың келісімімен ғана жүзеге асыра алады[26;121,226б.].

Діни сипаттағы мерзімді басылымдарды және құдайға құлшылық ету мақсаты көзделмейтін өзге де діни әдебиеттерді шығару баспасөз туралы зандарға сәйкес жүзеге асырылады (Діни бірлестіктер туралы заңның 13-бабының 3—5-бөліктері).

Діни бірлестік азаматтық заңдарда көзделген тәртіппен және негіздер бойынша таратылады. Діни бірлестік таратылатын ретте оның меншігінде болған мүліке иелік ету бірлестіктің жарғысына (ережесіне) және қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жүзеге асырылады. Діни бірлестіктерге тиесілі мінәжаттық мақсаттағы мүлікке несие берушілердің талаптары бойынша өтем салынбайды. Құқықтық мұрагерлер жоқ болған жағдайда мүлік мемлекет меншігіне көшеді[6].

Заңды тұлғалардың қауымдастық (одақ) нысанындағы бірлестіктері. Занды тұлғалардың бірлестіктері тек қауымдастық нысаныңда немесе занды тұлғаның атауында және оның құрылтай құжаттарында олардың ұйымдық-құқықтық нысандарын көрсету арқылы құрылуы мүмкін. Терминология тұрғысынан қарағанда, заң қауымдастық пен одақтың арасындағы айырмашылықты айқындамайды. Әдетте, қызметтің бір түрімен айналысатын адамдар бірлестігін қауымдастық деп, ал белгілі бір бірлескен мақсаттар үшін құрылған бірлестікті — одақ деп атайды[26;121,226б.].

Коммерциялық ұйымдар өздерінің кәсіпкерлік қызметін үйлестіру, сондай-ақ жалпы мүліктік мүдделерді білдіру және қорғау мақсатыңда өзара, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдармен бірлескен шарт бойьшша қауымдастықтар (одақтар) нысаныңда бірлестіктер құра алады. Қоғамдық бірлестіктер мен өзге де коммерцияльгқ емес ұйымдар, оның ішінде мекемелер зор жарғылық нәтижеге жету үшін қауымдастықтарға (одақтарға) бірігеді. Коммерцияльгқ және коммерциялық емес ұйымдар белгілі бір бірлестіктің мүшелері болуы мүмкін. Барлық аталған жағдайларда қауымдастық (одақ) коммерциялық емес ұйым болып табылады (АК-ның 110-бабының 3-тармағы). Сондықтан табыс табуды өзінің негізгі мақсаты ететін занды тұлғалар бірлестігі шаруашылық серіктестік немесе акционерлік қоғам нысаныңда рәсімделуі тиіс[2].

Қауымдастық (одақ) заңды тұлға болып табылады. Заңды тұлға бірнеше бірлестіктің мүшесі болуы мүмкін. Қауымдастықтың (одақтың)  мүшелері өз дербестігін жөне заңды тұлға құқықтарын сақтап қалады (АК-ның 110-бабының 4-тармағы). Қауымдастық (одақ) өз мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қауымдастық (одақ) мүшелсрі оның міндеттемелері бойьшша қауымдастықтың (одақтық) құрылтай  құжаттарыңда көзделмеген мөлшер мен тәртіп бойынша ортақ жауапты болады[24;33,47б.].

Қауымдастық (одақ) коммерциялық емес ұйымдарды құруға арналған тәртіппен және жағдайларда құрылады. Құрылтай шарты мен жарғы қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттары болып табылады. Қауымдастықтың (одақтық) құрылтай құжаттарында барлық заңды тұлғалар үшін ортақ болып табылатын және АК-ның 41-бабының 4,5-тармақтарыңда көрсетілген мәліметтерден басқа, қауымдастықтың (одақтың) басқару оргаңдарының құрамы мен құзіреті туралы, оның ішінде олар бойынша шешімдер бірауыздан немесе қауымдастық (одақ) мүшелерінің білікті көпшілік дауысымен қабылданатын мәселелер туралы, қауымдастық (одақ) таратылғаннан кейін қалған мүлікті бөлу тәртібі туралы мәліметтер болуға тиіс[26;121,226б.]..

Қауымдастықтың (одақтың) мүлкі оның мүшелерінің жарналары, өз қызметінің нәтижелері және өзге де заңды түсімдер есебінен құрылады.  Қауымдастыққа (одаққа) оның мүшелері берген мүлік оның меншігіне көшеді. Қауымдастық (одақ) өзінің балансында тұрған мүліктің меншік иесі болып табылады.

Қауымдастық (одақ) дербес түрде не басқа заңды тұлғалармен бірігіп, кәсіпорын құра алады. Бұл жағдайда кәсіпорын оның жарғылық капиталына берілген мүліктің меншік иесі болады және тек шаруашылық серіктестік немесе акционерлік қоғам нысаныңда қайта құрылуы мүмкін. Қауымдастық (одақ) құрылтайшы бола отырып, өзіне берілген мүлікке міңдеттемелік құқықтарын ғана сақтайды[47].

Қауымдастық (одақ) мүшесі қаржылық жыл аяқталған соң өз қалауы бойынша одан шығуға құқылы. Бұл жағдайда ол қауымдастықтың (одақтың) міндеттемелері бойынша құрылтай құжаттарында көзделген мерзім ішіңдегі өзінің жарнасына сәйкес ортақ жауапты болады.

Қаржылық жылдың ұзақтығы, әдетте, құрылтай құжаттарыңда көрсетіледі және ол күнтізбелік жылдың ұзақтығына сәйкес келуі мүмкін. Қауымдастықтан (одақтан) шығу, егер бірлестіктің құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, одан шығатын тұлғаның жарналарды қайтару жөніндегі талабына құқық бермейді.

Қауымдастықтың (одақтың) құрылтай құжаттарында көрсетілген жағдайларда және тәртіпте қауымдастық (одақ) мүшесі оның қалған мүшелерінің шешімімен қауымдастықтан (одақтан) шығарылуы мүмкін. Қауымдастықтың (одақтың) шығарылған мүшесінің жауапкершілігі жөніндегі қауымдастықтан (одақтан) шығуға қатысты ережелер қолданылады.

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта айтқанда кіріс түсіру негізгі мақсаты болып табылмайтын және алынған таза кірісті қатысушылар арасында бөлмейтін заңды тұлға коммерциялық емес ұйым деп танылады.

Коммерциялық емес үйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, акционерлік қоғам, қоғамдьщ бірлестік, акционерлік қоғам, түтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық нысанында және заң құжаттарында   көзделген   өзге   де   нысанда   құрылуы мүмкін.

Мекеме құрылтайшысы басқару, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін қүрған және қаржыландыратын ұйым. Мекеме меншік нысанына байланысты мемлекеттік және жеке меншік мекеме болып бөлінеді. Мекеме коммерциялық емес сипаттағы кез келген мақсатта қүрылуы мүмкін. Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына сәйкес мемлекет құрған немесе егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе, Президенттің, Үкіметтің, астана,   облыстар,   республикалық   маңызы   бар   қала әкімдерінің шешімі бойынша құрылған және тек кана
мемлекеттік бюджет есебінен үсталатын мекеме
мемлекеттік мекеме деп танылады. Мемлекттік
мекеменің мүлкі оған оралымды басқару құқығымен
бекітіліп беріледі. Мемелекеттік мекемелер жасасатын
азаматтық-құқықтық    мәмілелер  Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен тіркелуге тиіс.

Жеке меншік мекеме басқарушылық, әлеуметтік-мәдени немесе коммерциялық емес сипаттағы өзге де қызметтерді жүзеге асыру үшін жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалар кұрған, мемлекттік құрылымның бөлігі болып табылмайтын ұйым жеке меншік мекеме болып табылады. Жеке меншік мекеменің мүлкі оған оралымды басқару құқығымен бекітіліп беріледі. Жеке меншік мекеме өз міндеттемелері бойынша өзінің билігіндегі ақшамен жауап береді. Ақшасы жеткіліксіз болған жағдайда мемлекеттік емес мекеменің міндеттемелері бойынша оның құрылтайшысы жауапты болады.

Қоғамдық бірлестік заңдарға қайшы келмейтін,
ортақ мақсаттарға жету үшін азаматтардың ерікті бірігуі
нәтижесінде құрылған ұйым. Оларға саяси партиялар,
кәсіптік одақтар, ерікті қоғамдар, шығармашылық
одақтар жатады. Қоғамдық бірлестіктің мақсаты-оның
мүшелері табыс табайын деп емес, өздерінің рухани және
басқа қажеттіктерін қанағаттандыру үшін бірігеді.
Қоғамдық бірлестіктер        мүшелерінің сол бірлестіктерге   өздері   берген   мүлікке,   соның   ішінде мүшелік жарналарға құқықтары жоқ.

Қазақстан Республикасының тұтастығын бүзатын, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін, ұлттық, діни, нәсілдік және әлеуметтік араздықты тудыратын, конституциялық құрылымды күштеп өзгертуге бағытталған қоғамдық бірлестіктердің құрылуы мен олардың жұмысына тыйым салынады.

Қазақстан Республикасында басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен бірлестіктерінің жұмысына, сонымен қатар шет мемлекеттердің азаматтары мен заңды үйымдарының, шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың саяси партиялар мен бірлестіктерді қаржыландыруға тыйым салынады. Қазақстан Республикасында республикалық, аймақтық және жергілікті қоғамдық бірлестіктер құрылуы мүмкін.

Республикалық қоғамдық бірлестікке ҚР-ның жартысынан астам облыстарында өзінің қүрылымдық бөлімшелері (филиалдар мен өкілдіктер) бар қоғамдык бірлестіктер лштады. Ал оның қүрылымдық бірлестіктері облыстың жартысынан аз болса ол аймақтық қоғамдык бірлестікке жатады.

Рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өз мүдделерінің ортақтығы негізінде заң актілерінде белгіленген тәртіппен біріккен азаматтардың ерікті бірлестігі діни бірлестік деп танылады. Діни бірлестіктерге   қатысушылардың   осы   ұйымға   өздеріерген мүлікке, соның ішінде мүшелік жарналарға күкыктары сақталмайды.

Қор азаматтар және заңды түлғалар ерікті мүліктік жарналар негізінде құрған әлеуметтік, қайырымдылық, мәдени, білім беру және өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарды көздейтін, мүшелігі жоқ коммерциялық емес ұйым. Қордың басты ерекшелігі қорды қүрған түлға оған мүше болмайды және оның ісін басқаруға тікелей араласа алмайды. Сонымен қатар жұбайлық және жақын туыстық байланысы бар адамдар осы қордың штаттағы қызметкері бола алмайды. Қордың некеде тұруымен, жақын туыстықпен немесе жекжаттықпен байланыспаған басшысы мен бухгалтері болуға тиіс. Бір адамның екі қызметті қатар істеуіне болмайды.

Құрылтайшылардың қүрамына, сондай-ақ қызмет саласына қарай жеке, корпоративтік, қоғамдық, мемлекеттік қорлар қүрылуы мүмкін. Қызмет мақсаттарына қарай әлеуметтік-қайырымдылық, мәдени, білім қорлары және өзге де қорлар құрылуы мүмкін (Коммерциялық емес ұйымдар туралы заңның 13-бабы).

Бір жеке адамның немесе жеке адамдардың — бір отбасы мүшелерінің өзінің жеке қаралсаттары есебінен құрған қоры жеке қор деп танылады. Жеке қор, сондай-ақ жеке адамның нотариалды куәландырылған өсиеті бойынша да құрылуы мүмкін.

Бір отбасының мүшелері болып табылмайтын жеке адамдардың және заңды түлғалардың — қоғамдық бірлестіктердің қүрған қоры қоғамдық қор деп танылады. Қоғамдық қордың мүлкі бір отбасы мүшелерінің-аталған қордың бірден бір қатысушыларынан түсетін түсімдер есебінен құрыла алмайды.

Жалпы коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, акционерлік қоғам, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік, қауымдастық нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге үлесін қосуда.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

Нормативтік құқықтық актілер

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995 жыл (2008)
  2. Қазақстан Республикасы азаматтық кодексі (Жалпы және ерекше бөлімдер): 2007 жылғы 1 қаңтарға дейінгі өзгертулер мен толықтырулар енгізілген,-Алматы: Баспа,2007
  3. Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер» туралы Заң 24 наурыз 1998 жыл
  4. Азаматтық кодекстің (жалпы бөлім) күшіне ендіру туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің қаулысы. 27 желтоқсан 1994 жыл
  5. Қазақстан Республикасының «Кәсіптік одақтар туралы» Заңы 1993 ж. 9 сәуір
  6. Қазақстан Республикасының «Діни бірлестіктер» туралы Заңы 2 шілде 2003 жыл
  7. «Қазақстан Республикасындағы банкроттық туралы» Заң 27 қаңтар 1997 жыл
  8. Қазақстан Республикасының Президентінің «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Жарлығы 22 желтоқсан 1995 жыл
  9. «Қазақстан Республикасындағы Азаматтық туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 20 желтоқсан 1991 жыл
  10. Қазақстан Республикасының Президентінің заң күші бар Жарлығы «Шет ел азаматтарының Қазақстан Республикасында құқықтық жағдайы» 19 маусым 1995 жыл
  11. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау туралы» Заңы 4 шілде 1992 жыл
  12. Қазақстан Республикасының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заң 19 шілде 1997 жыл
  13. «Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 22 көкек 1998 жыл
  14. Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар» туралы Заң 21 қаңтар 1997 жыл
  15. Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» 2002 ж. 15 шілдедегі заңы
  16. Қазақстан Республикасының Президентінің «Шаруашылық серіктестіктері туралы» Жарлығы 2 мамыр 1995 жыл
  17. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік кәсіпорындар туралы» Заңы 19 шілде 1995 жыл
  18. Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғам туралы» Заңы 13 мамыр 2003 жыл
  19. Қазақстан Республикасының «Өндірістік кооператив туралы» Заңы 5 қазан 1995 жыл
  20. Қазақстан Республикасының «Арам ниетті кәсіпкерлік» Заңы 9 шілде 1998 жыл
  21. Қазақстан Республикасының «Тұтыну кооперативі туралы» 2001 ж. 8 мамыр туралы Заңы
  22. Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» 1996 ж. 31 мамырдағы заңы

 

Негізгі әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы: Оқулық. Сапарғалиев Ғ. -Алматы: Жеті жарғы, 1998
  2. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі (жалпы бөлім). Комментарий. Жауапты ред. М.К. Сүлейменов, Ю.Г. Басин. Алматы, Жеті жарғы 2000.
  3. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Ғ.Төлеуғалиев.-Алматы: ҚазМЗА, 2001
  4. Азаматтық құқық. І том. Жауапты ред. М.К. Сүлейменов, Ю.Г. Басин. Алматы. ҚазГЗУ 2003
  5. Қазақстан Респбликасының Конституциясы. Түсініктеме. Ред. басқарған Ғ.Сапарғалиев.-ауд. С.Бақтыгерейұлы.-Алматы, Жеті арғы
  6. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Оқу құралы. Батырбаев Н.М. Түркістан, 2007
  7. Мелекет және құқық теориясы Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. Оқулық.-Алматы: Жеті жарғы, 2006
  8. Гражданское право ч. 1 Под ред. Сергеева А.П., Толстого Ю.К., М.., Проспект, 2007
  9. Гражданское право. Том І Общая часть. Под ред. Суханов Е.А. М., Волтерс Клувер, 2005
  10. Гражданское право (общая часть). Учебное пособие. Под ред. Диденко А.Г., Алматы, 2003
  11. Гражданское право: Учебник /Под ред. С.П.Гришаева.-М.: Юрист, 2000
  12. Басин Ю.Г. Избранные труды по гражднскому праву. Алматы, 2003
  13. Диденко А.Г. Избранное (Постсоветский период) Алматы 2004
  14. Брагинский М.И., Витрянский В.В. Договорное право. Книга 1: Общие положения-М., «СТАТУТ», 1998
  15. Сборники «Гражданское законодательство». Статьи. Коментарии. Практика. Выпуски 1-22. Алматы, 1997-2005

 

Қосымша әдебиеттер

 

  1. Сулейменов М.К Вещные права в Республике Казахстан. 1999
  2. Сулейменов М.К. Право и собственность:-Алматы: Жеті жарғы, 1998
  3. Осипов Е.Б. Защита гражданских прав. Учеб. и практич. пособие.- Алматы: КазГЮА, 2000
  4. Покровский Б.В. Избранные труды по гражданскому праву/Предисловие Сулейменов М.К., Алиханова Г.А., Ихсанов Е.У. Сост. Сулейменов М.К.-Алматы: НИИ частного права КазГЮУ, 2003. (Серия Классика казахстанской цивилистики).
  5. Иоффе О.С. Правоотношение по советскому гражданскому праву. 1949
  6. Халфина Р.О. Общее учение о правоотношении. М., 1974
  7. Каудыров Т. Гражданско-правовая охрана объектов промышленной собственности в Республике Казахстан. Алматы, 2001
  8. Ильясова К. Регистрация прав на недвижимость в Республике Казахстан. Основные концептуальные положения. Алматы, 2000
  9. Карагусов Ф. Ценные бумаги и деньги как объекты гражданских прав. Алматы, 2001
  10. Климкин С.И. Юридические лица по законодательству Республики Казахстан. Общие положения. Алматы, 2001
  11. Юридические лица. Практикум. Под ред. Климкина С.И. Алматы, 2003
  12. Климкин С.И. Юридические лица (сборник статей). Алматы, 2003
  13. Климкин С.И. Хозяйственные товарищества по законодательству Республики Казахстан. Алматы, 1996
  14. Басин Ю.Г. Сделки. Алматы, 1996
  15. Скловский К.И. Собственность в гражданском праве. 2000
  16. Диденко А.Г. Обеспечение исполнения договоров. Астана, 2002

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша 1.