АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Компанияның қарыз капиталын тарту және жетілдіру жолдары (Dala Group мысалында)

Мазмұны

 

Кіріспе………………………………………………………………

1.      

2.     Қарыз капиталын тартудың теориялық аспектілері…………

2.1.          Қарыз капиталының экономикалық мәні, жіктелуі және қалыптасу кезеңдері…………………………………………

2.2.          Қарыз капиталының жекелеген элементтерінің құнын бағалау. Қаржы тұтқасының тиімділігі…………………………

3.      

4.     «Dala Group» компаниясының қарыз капиталын тарту саясатын талдау ……………………………………………………

4.1.          Қарыз капиталын қалыптастыру көздерін басқару…………….

4.2.          Банктік несиені тартуды басқару және жобалық қаржыландыруды ұйымдастыру…………………………………

4.3.          Тауар (коммерциялық) несиесін тартуды және ішкі кредиторлық борышты басқару…………………………………

5.      

6.     «Dala Group» компаниясының қарыз – қаражатын қалыптастыру механизмін жетілдіру жолдары………………..

3.1.   Облигациялық займ мен қаржылық лизингін басқару…………

 

Қорытынды ……………………………………………………………..

Пайдаланған әдебиеттер ……..…………………………………………

Қосымшалар ………………………………………………………………………………

 

 

 

 

  

Кіріспе

 

Қазақстан экғономикасы дамуының қазіргі кезеңі түпкі өзгерістермен сипатталады. Бұл нарықтық қатнастарға өтумен және бірқалыпты тұрмайтын және қарқынды өзгеріп тұратын экономикалық ортаға байланысты.

Нарықтық экономикаға өту ұлттық экономиканы басқару жүйесін күрделі қайта құруды талап етті, оның өндірістік буындарының алдына олар бұрын-соңды кездестірмеген өзге проблемалар кешенін қойды. Жаңа жағдайларға бейімделу – халық шаруашылығының барлық буындары үшін ауырмалы процесс болып табылады.

Нарықтық экономикаға адекватты тиімді ақша-несиелік қатынастарды құру ғасырлар бойына қалыптасқан несиелеу, есеп айырысу және ақша айналымының жоғалтылған объективті қағидаларын жаңғырту жолымен ғана жүзеге асуы мүмкін.

Бүгінгі нарықтық экономика жағдайында кез-келген кәсіпорындар мен компаниялардың өз шаруашылық әрекеттерін қалыптастырып, дамытып және нарықта мықтап орнығуы үшін өз меншікті капиталынан басқа қарыз капиталын пайдаланады. Бұл кәсіпорындардың өндіріс көлемін кеңейтуге, уақытша пайда болған шығындарды жабу және тағы басқа да кәсіпорын қажеттіліктерін қаржыландыруда тиімді әдіс болып саналады. Қарыз капиталының көптүрлілігіне байланысты кәсіпорын өзінің шаруашылық әрекетіне сай және тиімді болатын қарыз түрлерін таңдап алуы қажет.

Жоспарлы — әкімшілік экономика жағдайында кәсіпкер рөлін мемлекет атқарған кезде оның барлық функцияларын өзіне алды. Бұдан барлық кәсіпорындардың шығындары, іс-әрекеті көбінесе орталықтандырылған мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылып отырды. Бұл жағдай кәсіпорындардың ақша қаражаттарын тиімсіз пайдалануға әкелді.

Қарыз капиталын тарту саясаты – кәсіпорындар мен компаниялар үшін өзекті мәселе болып табылады. Өйткені, бір жағынан, кәсіпорындар өз қызметтерін қаржыландыруда қарыз капиталы нарығынан бос ақша қаражаттарды алуға мүмкіндіктері туса, ал екінші жағынан, дұрыс ұйымдастырылмаған қарыз капиталын тарту саясаты кәсіпорындардың қаржылық тәуелділігіне немесе банкроттыққа ұшырауына алып келуі мүмкін.

Барлық әуекомпаниялары, коммуналды шаруашылық компаниялары, жылжымайтын мүліктермен операциялар жасайтын банктер мен компаниялар өздерін қаржыландыру кезіңде едәуір дәрежеде қарыз капиталына сүйенеді. Сондай-ақ, басқа да капиталды көп қажет ететін салалар болат, алюминия, химиялық өнімдер, мұнай және тау-кен өндірістері де осылай жасайды. Басқа жағынан, өз меншікті капиталы есебінен қаржыландыратын дәрі-дәрмек өндіретін компанияны немесе жарнама агенттігін табу қиын. Бірақ-та жылдам кеңеюіне және капиталға деген жоғары қажеттілікке қарамастан, тиімді өсіп келе жатқан компаниялар күрделі займдарды тартуды сирек қолданады. Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты біз кәсіпорын үшін қарыз капиталын тарту саятатының маңызын көреміз.

Жұмыстың зерттеу мақсаты – қарыз капиталының мазмұнын ашып көрсету, оның жекелеген элементтерінің құнын бағалау және қарыз капиталын қалыптастыру көздерін басқаруды дұрыс ұйымдастыру болып табылады.

Жұмыстың зерттеу міндеті – осы мақсаттарға жету үшін ғылыми әдебиеттерге, журналдарға сүйене отырып жұмыстың мазмұнын ашу, сондай-ақ компаниялар үшін қарыз капиталын тартудың маңыздылығын ғылыми негіздей отырып, оны ұйымдастыруға ұсыныстар беру.

Жұмыстың зерттеу объектісі – «Dala Group»  компаниясының қарыз капиталын тарту мысалы болып табылады.

Мен, осы дипломдық жұмыста келесідей тарауларды қарастырамын:

  1. Қарыз капиталын тартудың теориялық аспектілері;
  2. Қарыз капиталын қалыптастыру көздерін басқару;
  3. «Dala Group» компаниясының қарыз капиталын тарту саясатын талдау.

Осы тарауларды ашып көрсетуде көптеген ғылыми әдебиеттер мен журналдар, сондай-ақ «Dala Group» компаниясының мәліметтері қолданылды.

  

  1. Қарыз капиталын тартудың теориялық аспектілері

 

  • Қарыз капиталының экономикалық мәні, жіктелуі және қалыптасу кезеңдері

 

Кез – келген бизнестің негізі, оның меншікті капиталы болып есептелгенмен, жекелеген экономика салаларындағы кәсіпорындардың пайдаланған қарыз капиталының көлемі меншік көлемінен біршама артық болады. Осыған байланысты қарыз капиталын тартуды және оның тиімді пайдалануын басқару кәсіпорындардың шаруашылық әрекетінің жоғарғы түпкі нәтижесін қамтамасыз етуге бағытталған кәсіпорын қаржы саясатының маңызды атқарымының бірі болып есептеледі.

Қарыз капиталы – кәсіпорынның дамуын қаржыландыруда қайтарымдылық негізде тартылатын ақша қаражаттары немесе мүліктік құндылықтарды сипаттайды.[1] Кәсіпорындардың тиімді қаржы әрекеті тұрақты түрде қарыз қаражатын тартумен байланысты. Қарыз капиталы — ең алдымен өсіп келе жатқан кәсіпорындардың меншікті көздерін қалыптастыру қарқынынан өнім шығару көлемінің өсу  қарқынының артуы кезіңде, өндірісті модернизациялауда, өнімнің жаңа түрлерін игергенде, өндірушінің нарықтағы үлесін кеңейтуде, басқа бизнесті иеленгенде және т.б. кездерде қолданылады. Қарыз капиталын пайдалану кәсіпорынның шаруашылық әрекетінің көлемін барынша кеңейтіп, меншікті капиталын тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді, ақырында кәсіпорынның нарықтық құнын жоғарлатады. 

Қарыз капиталы келесідей артықшылықтармен сипатталады:

  • Кәсіпорынның несиелік рейтингі жоғары болғанда, оның кепіл қалдыру немесе гарант беру негізінде қарыз тарту мүмкіншілігінің кеңдігі;
  • Кәсіпорынның активтерін кеңейту және оның шаруашылық қызмет көлемінің қарқынды өсуін жоғарлату және кәсіпорынның қаржылық потенциалын өсіру қажет болған жағдайда қамтамасыз етуі;
  • Салық салу есебінде меншікті капиаталмен салыстырғанда қарыз капиталы құнының төмендігі;
  • Қаржылық тиімділіктің өсуін генерациялау қабілеттілігі.

Сонымен қатар қарыз капиталын тартудың кері жақтары да бар:

  • Осы капиталды пайдалану кәсіпорынның шаруашылық қызметінде қауіпті қаржылық тәуекелділікті генерациялайды – қаржы тұрақтылығының төмендеуінің және төлемқабілеттілігін жоғалту тәукелі;
  • Қарыз капиталы есебінен қалыптасқан активтердің табыс мөлшерінің төмендеуін генерациялайды, оның барлық түрлеріндегі қарыз процентіне төленетін сомаға төмендейді (банктік несиеге процент, лизингтік ставкаға, облигациялар бойынша купондық процент, тауарлық несиеге вексельдік процент және т.б.);
  • Қарыз капиталы құнының қаржы нарығы конъюнктурасының ауытқуына жоғары тәуелділік. Кейбір жағдайларда нарықта қарыз процентінің орташа ставкасының төмендеуі кәсіпорынның ертеректе алынған несиесін пайдалану (әсіресе, ұзақмерзімді негізде) тиімсіз болып табылады, өйткені несие ресурстарының неғұрлым арзан альтернативтік көздерінің болуына байланысты.
  • Қарыз капиталын тарту процедурасының қиындығы (әсіресе, көп көлемде), яғни несие ресурстарын ұсыну басқа шаруашылық субъектілерінің (кредитор) шешіміне тәуелді.

Сол себепті, қарыз капиталын пайдаланатын компания өзінің дамуында жоғары қаржылық потенциалды (қосымша актив көлемін қалыптастыру есебінен) және қаржы тиімділік қызметінің өсу мүмкіншілігін иеленеді, сонымен қатар жоғары қаржылық тәуекелділік пен банкрот қауіпі де төнеді. Компания қауіпті емес жағдайларда өзінің қарыз қабілеттілігін толық жоюға жол бермеуі керек. Компания иелерінің қарыз көзері есебінен қаржыландырудың себебі, ол акционерлердің санын ұлғайтпау. 

Қазіргі нарықтық экономиканың шарттары қарыз капиталының мағынасымен тығыз байланысты, яғни меншік иелері өздерінің ақша қаражаттарын қарызға беріп ақша пайызы арқылы пайда алу және бастапқы капиталын міндетті қайтару шарты бойынша алу мақсттары көзделген. Қарыз капиталаның пайда болуы өндірістің, өнеркәсіптің капиталистік әдістің дамуымен анықталған, яғни бұл негізгі атқарушы капиталдың айналымына қызмет көрсететін әдіс болып, ерекше тарихи категорияға кіреді.

Қарыз капиталдардың бірінші және негізгі қайнар көзі болып табылатын қайта өндіру процесінен шығатын қаражаттар, яғни олар өздерінде ақша капиталын жинап отырады.

Ақша капиталдарының өндіріс процесінен еркіндікке шығуға бірқатар субъективтік факторлар әсер етеді:

Біріншіден, бұл кәсіпорынның амортизациялық қоры. Негізгі қорлардың амортизациясы өндірістік қорларды кеңейтуге, жаңартуға және қайта құруға жұмсалған ақша капиталының еркіндікке шығуының нәтижесінде, оның бағасының бір бөлігінің өнімнің өзіндік құнына апарып шығарады.

Екіншіден, өнімді сатып өткізу процесіндегі еркіндікке шыққан тауардың бағасы мен шикізат пен материалдарды сатып алуға жұмсаған жаңа материалды шығындардың арасындағы ақша капиталында көрсетілген еркешелі немесе айырмашылық пайда болады.

Үшіншіден, сол айырмашылық – сатып өткізгеннен түскен табыстың түсу уақытысынан бастап және еңбеканы төлеген уақытысы арасындағы интервал нәтижесінде пайда болады.

Төртіншіден, өндірістік кәсіптің нәтижесінде пайда болған қосымша құнының жинақталуы тек ақша капиталы түрінде ғана емес, сол сияқты өндірісті кеңейтуге, табыстың өсуімен, еңбек күшін жаңартуға, өндірістік қатынастарды нығайтуға белгілі мөлшерге жету үшін жұмсалуы мүмкін.

Жинақталған ақша капиталының бір бөлігі пайдаланылмай тұрса табыс әкелмейтін табыс әкелмейтін байлық түрінде отырып қалады.

Ақша капиталдары арасында пайда болған, яғни байлық пен үзіліссіз қозғалыста жүретін және табыс әкелетін капитал арасында пайда болған қарама-қайшылықтар нәтижесінде несие байланыс сала ретінде көрінеді.

Ол осы капиталдарға жалпы өндіріс айналымында жұмыс істеуге және пайда табуға біреуіне қосымша құн ретінде, екіншісіне ссудалық пайыз түрінде мүмкіндік береді.

Қарыз капиталдың екінші қайнар көзі болып рантье капиталдары (ақша капиталистердің) табылады. Олар капиталистер өзінің байлығын өндіріске салуды және одан пайда алуды жөн көрмейді, сол капиталды басқа капиталистерге немесе мемлекетке қарыз беру арқылы пайда алу дұрыс деп санайды және осыдан бастапқы қарыз капиталын қайтару шарты бойынша ссудалық пайыздар арқылы пайда табуды көздейді.

Ссудалық капиталдың қалыптасуының үшінші қайнар көзіне несиелік ұйымдарға өздерінің түскен табысын және жинаған ақша қорларын салып жүретін қалған несие берушілер бірлестігі жатады. Солардың қатарына зейнетақы қорлары, сақтандыру компаниялары, мемлекеттік бюджеттің уақтша бос ақша қаражаттары, жиналымдар және басқа институттардың, әртүрлі кластардың табысы кіреді.

Сонымен, мынандай түйін шығаруға болады, өндіріс және сауда капитал айналымындағы уақытша бос ақша қаражаттары, жеке сектордың және мемлекеттің ақша жиналымдары қарыз капиталдың қайнар көздерін құрап отырады.

Қарыз капиталының ерекшеліктері келесідей:

  • Қарыз берушіге мерзім өткеннен кейін қайтарылатын қарыз капиталы әрқашанда меншік капиталы болып қалады, қарыз беруші өндірістік немесе сауда капиталист сияқты өндіріске капиталын салмайды. Қарыз капиталы тек қарыз пайыздар түрінде пайда алу мақсатында ғана уақытша пайдалануға беріледі. Ол капитал – функциянан айырмашылығы меншік капиталы болып табылады.
  • Қарыз капиталын қарызға берушілер оны тауар ретінде өндірістік және сауда капиталистерге қарыздық пайыз алу үшін «сатады». Өз кезегінде соңғылар, яғни өндірістік және қарыз капиталистері сол қарыз капиталға өндіріс қорларын және еңбек күшін сатып алады, пайдаланудың нәтижесінде пайда түрінде олар қосымша құн алады, оның бір бөлігі мен қарыздық пайыз бен қарыздық капитал жабылып отырады.

Сонымен қарыз капиталы айналымы нәтижесінде жалданған еңбекті пайдалану арқылы пайда әкелетін тауар түрінде де көрсетіледі.

  • Сауда және өндірістік капиталға қарағанда қарыздық капитал өзінің ақшалы формасын ауыстырмайды. Оның қозғалысы өзінің құрылымын өзгертпейді. Қарызды ақша түрінде ұсынғанда, ол қарыз берушіге тура сол түрде қайтарылады, бірақ басқа қарыздық пайыздың сомасымен қоса есептегендегі өсірілген көлемде болады.
  • Қарыздық капиталдың құнының біржақты қозғалымы түрінде жатсынудың арнайы түрі болады. Яғни қарыздық капиталдың қайтарылымы бастапқыдан емес, белгілі бір уақыт өткенне кейін, сату – сатып алу кезіндегі ақша сомасына тауарды тауарға айрбастағандағыдай болады. Сондықтан болар капитал еңбек арасындағы болатын қарама-қайшылықтар қарыздық капиталда ең жоғары дәрежеге жетеді.
  • Ақша ақшадан ұлғаяды, яғни айтарлықтай шығынсыз және өндірістік процеске, не тауарлық айналымға түспей-ақ қарыз бойынша пайыз өсімінің аралық салаларына тәуелсіз-ақ пайда алу мүмкіншілігі.
  • Пайданы қарыздық пайыз түрінде алу, яғни қарыздық капиталды пайдаланғаны үшін өндірістік капиталистер қарыздық капиталистерге қосымша құн бөлігін қайтарады. Қарыздық капиталдан түсетін пайда несиені төлеудің көрінісі ретінде көрінеді, яғни ол қарыз беруші мен несие алушы арасындағы нақты бөлінісі түрінде көрінеді және ол екіге бөлінеді:
  • Пайыз, қарыздық капиталист – несие берушінің алып отыратын және
  • Қарызгер — капиталистпен алынып отыратын кәсіпкерлік табыс.

Сонымен, қарыздық капиталдың бағасы – пайыз болып табылады. Ақша құнымен көрсетілген кәдімгі тауар мен қызмет көрсету бағасынан айырмашылығы, пайыз қарыздық капиталдың тұтыну бағысының төлемі ретінде көрсетіледі. Пайыздың қайнар көзі – несиені пайдаланғаннан түсетін табыс болып есептелінеді.

Қарыздық пайыз және кәсіпкерлік табыстың деңгейінің арақатынасы жөнінде қарыздық және атқарушы атқарушы капиталистер арасында үнемі қарама – қайшылықтар болып тұрады, өйткені объективті түрде болатын тікелей тәуелсіздік пайда болып, қарыздық пайыздың неғұрлым жоғарлануы кәсіпкерлік табыс бөлгін төмендетіп отырады және керісінше. Қарыздық пайыздың қарастырылып отырған принципінің пракатикалық көрінісі банк пайыздық шамасын белгілеу процесінде орын алады, ол үш негізгі қызметтер атқарады:

  • Заңды тұлғаларды пайдасының бір бөлігінің және жеке тұлғалардың пайдасының бір бөлігін бөлу;
  • Өндірісті реттеу және салалық, салааралық және халықаралық деңгейлерде қарыздық капиталды айналым жолымен бөлу;
  • Экономика дамуының дағдарыс жағдайларында – банк клиенттерінің жинаған ақшалы жиналымдарына инфляцияға қарсы қорғау орнату.

Дәлірек айтқанда, несиенің айқын бағасын пайыз нормасы ғана көрсетіп береді, немесе пайыз ставкасы.[2]

Пайыз нормасы дегенеміз қарыздық капиталға шыққан жылдық табыстың ұсынылған несиенің сомасын жүзге көбейткендегі сомасына қатынасы.

Пайыз нормасы – пайыз бен кәсіпкерлік табысқа бөлінген пайдаға байланысты болады.

Пайыз пайда нормасынан көп болмауы тиіс, өйткені қарыздық капиталдың  бағасы оның құнын, өзгерімін құн заңына сәйкес жүзргізбейді.

Қарыздық   капиталдың ұсынысы және оған деген сұранысы ақша нарығында белгіленеді, ал ол қарыздық капиталдар нарығы болып саналады және тауар нарығынан ерекшелігі өзінің бірігуінде.

Қарыздық капитал нарығының бірігуі қарыздық пайызға бірдей көзқараста болуын білдірмейді, ол қарыздың мерзімі және мөлшеріне ғана тәуелсіз емес. Арнайы тауар нарығында ұсынылатын несиенің бір түрі ретінде несиенің ролін айқындай отырып, несиенің төлемділігі қарыз алушыны сол несиені тиімді пайдалануға итермелейді. Дәл осы итермелеуші қызметі жоспарлау экономикада толық мөлшерде пайдаланылмаған, сол кезде несие ресурстарының көп бөлігі мемлекеттік банк мекемелері минималды төлемақы (1,5 – 5 %) немесе пайызсыз негізде ұсынылып отырады.

Тауардың басқа түрлеріне баға орнату әдеттегі механизм оларды өндіруге кеткен қоғамға қажетті еңбек шығындарының анықтауыш элементі болып, принципиялды айрмашылығы қарыздық капиталдар нарығындағы сұраныс пен ұсыныстың жалпы арақатынасы несиені бағасын көрсетеді және басқа да факторларға соның ішінде конъюнктуралық сипаттамада болатын факторларға тәуелді болады:

  • Нарықтық экономика дамуының циклдары қарыздық пайыздың бәсеңдеу кезінде, әдетте, жоғарлайды, ал тез белсеңді жоғарлау кезеңінде төмендейді, өндірістің жоғары дамуының басында пайда нормасының маңызды жоғарылауына қарамастан пайыз нормасы төмеңгі қалпында қалады;
  • Инфляциялық процестің өсу қарқыны тәжірибеде іс – жүзінде (олар пайыздық жоғарлану қарқынынан бірнеше қадам артта қалып отырады);
  • Орталық банктің саясатын жүргізу арқылы жасалынатын мемлекеттік несие нарығының тиімділігін коммерциялық банктерді несиелеу процестерін жүзеге асыру;
  • Халықаралық несие нарығында болатын жағдайлар (мысалы, АҚШ-та 80 жж. жүргізілген саясаты негізінде несие қымбаттауы шетелдік капиталадарын американдық банктерге шақырып салу жағдайына әсер етті, ал ол өз кезегінде сәйкеснше ұлттық нарықтардың жағдайына ықпал етті );
  • Жеке және заңды тұлғаларды ақшалай жиналымдарының динамикасы (қарыздық пайыз олардың қысқартылу тенденциясына орай, әдеттегідей, жоғарлайды, қарыздық капиталдың күрт жетіспеушілігі қарыздық пайыздың күрт өсуіне әкеліп соғады);
  • Потенциалды қарыз берушілердің сәйкес категориясының несие ресурстарының қажеттіліктерін анықтайтын өндіріс пен айналым динамисы (пайыздың минималды мөлшері дипрессия фазасында айқын көрінеді). Қарыздық капиталдың ұсынысы өндірістің төмендеуі және тұрып қалу кезеңінің нәтижесінже жоғарланады.
  • Өндірістің маусымдылығы (мысалы, Рессейде қарыздық пайыздың ставкасы әдеттегідей тамыз – қыркүйек айларында жоғарлайды, ал ол аграрлы несиемен солтүстік аймақтарға тауар жеткізу үшін берілетін несиелер ұсыну қажеттілігінен туындайды);
  • Мемлекет ұсынатын несие мөлшері мен оның қарызы арасындағы арақатынасы (қарыздық пайыз мемлекеттің ішкі қарызы көбейген сайын тұрақты өсіп отырады). Дағдарыс кезінде пайыз нормасы максималды деңгейге жетеді, өйткені банктерден кететін қаражаттар несиеге деген сұраныстың өсуімен бірге жоғарлана түседі.

Жоғарыда айтылған пікірлерге байланысты мынадай түйін қосуға болады,пайыз нормасының өзгеруі нарықтың механизмімен  тікелей байланыста болады, сонымен бірге мемлекет тарапынан реттеуге де тәуелді болады.

Кәсіпорындардың нарықтық экономикада даму процессінде оның қаржылық міндеттемелерін өтегеннен кейін қайта жаңа займдарды тартуға қажеттілік туады.  Кәсіпорынның пайдаланатын қарыз капиталы оның қаржылық міндеттемелер жиынтығының көлемін (қарыздың жалпы сомасын) көрсетеді. Бұл қаржы міндеттемелер қазіргі шаруашылық тәжірибеде төмендегідей жіктелінеді:

  • Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелер. Бұған кәсіпорынның атқарымындағы пайдалану мерзімі бір жылдан астам қарыз капиталының барлық түрлері жатады. Бұл міндеттеменің негізгі түрлеріне: ұзақмерзімді банк несиесі және ұзақмерзімді займдар, облигациялар, төленетін ұзақ мерзімді вексельдер жатады.
  • Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер. Оған бір жылға дейінгі пайдалануға тартылған қарыз капиталының барлық түрлері жатады. Бұл міндеттемелердің негізгі түрлеріне: қысқа мерзімді банк несиелері мен қысқа мерзімді займдар, кәсіпорынның әртүрлі несиелік қарыздары (тауарлар, жұмыстар және қызмет көрсету; берілген вексельдер бойынша аванстар; бюджетпен және бюджеттен тыс қорлармен есеп бойынша; еңбекақы; басқадай несие берушілер) және басқадай қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер жатады.

Ұзақмерзімді қаржылық міндеттемелер кезіңде кәсіпорын оларды өтеу қорын құрады. Ал қысқамерзімді қаржылық міндеттемелер кезіңде бұл қор құрылмайды.

Тартылатын қарыз капиталын келесідей жіктесе болады:

Тарту мақсатына қарай:

  • Айналымнан тыс активтер өндірісін қамтамасыз етуге тартылатын қарыз капиталы;
  • Айналым активтерін толықтыруға тартылатын қарыз капиталы;
  • Басқадай шаруашылық қажеттіліктерін немесе әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру үшін тартылатын қарыз капиталы.

Тарту көзіне қарай:

  • Сыртқы көздерден тартылатын қарыз капиталы;
  • Ішкі көздерден тартылатын қарыз капиталы.

Тарту кезеңіне байланысты:

  • Ұзақмерзімді кезеңге тартылатын қарыз капиталы;
  • Қысқамерзімді кезеңге тартылатын қарыз капиталы.

Тарту формасына байланысты:

  • Ақша түрінде (қаржы несиесі) тартылатын қарыз капиталы;
  • Жабдықтар түрінде (қаржы лизингі) тартылатын қарыз капиталы;
  • Тауар түрінде (тауарлы немесе коммерциялық несие) тартылатын қарыз капиталы;
  • Басқа материалдық немесе материалдық емес түрде тартылатын қарыз капиталы.

Қамтамасыз ету формасына байланысты:

  • Қамтамасыз етілмеген қарыз капиталы;
  • Гарантпен қамтамасыз етілген қарыз капиталы;
  • Кепілдендірілген қарыз капиталы болып жіктеледі.

 Көрсетілген жіктеулерге байланысты қарыз капиталын тартуды басқару ұйымдастырылады, ол кәсіпорынның әртүрлі кезеңдегі дамуына байланысты қарыз капиталын әртүрлі көздерден және әртүрлі түрінен сәйкестендіруді мақсатты қалыптастыру процесі.

Бұл процесті басқаруда шешілетін көптеген мәселелер қаржы капиталын айтарлықтай көп пайдаланатын кәсіпорындарға арнайы қаржы саясатын жасауды қажет етеді.

Қарыз капиталын тарту саясатыкәсіпорындардың даму қажеттілігіне сәйкес ең тиімді қарыз капиталын әртүрлі көздерден тартуды қамтамасыз етудегі қаржы стратегиясының бір бөлігі болып есептелінеді.

Кәсіпорындардың қарыз капиталын тарту саясатын қалыптастыру процесі келесі негізгі кезеңдерді қамтиды:

  • Өткен кезеңдердегі қарыз капиталын тартуды және пайдалануды талдау. Мұндай талдаудың мақсаты кәсіпорынның тартылған қарыз капиталының түрін, көлемін және құрамын анықтау, сондай-ақ оларды пайдаланудың тиімділігін бағалау.

Талдаудың бірінші кезеңінде қаралған кезеңдегі тартылған қарыз капиталының жалпы көлемінің серпіні зерттеледі, бұл серпін қарқыны компанияның меншікті қаржы ресурстарының өсу қарқынымен салыстырылады.

Талдаудың екінші кезеңінде қарыз капиталын тартудың негізгі түрлері анықталады, қалыптастырылған қаржы несиесі, тауар несиесінің және ішкі несиелік қарыздардың компанияның пайдаланған жалпы қарыз капиталына үлесті салмағы анықталады.

Талдаудың үшінші кезеңінде компанияның қарыз капиталын пайдалану көлемі мен оны тарту кезеңінің ара-қатынасы анықталады. Қысқа және ұзақ мерзімді қарыз капиталының айналым және айналымнан тыс активтер көлемімен сәйкестілігінің ара-қатынасының динамикасы зерттеледі.

Талдаудың төртінші кезеңінде компанияның нақты кредиторларының құрамы мен олар ұсынатын әртүрлі формадағы қаржы және тауар (коммерциялық) несиелерінің жағдайы зерттеледі.

Талдаудың бесінші кезеңінде қарыз капиталының тұтас және жеке формаларын компанияда пайдалану тиімділік көрсеткіштері қолданылады.

Жүргізілген талдаулардың нәтижесі компанияның қарыз капиталының тартылған көлемі мен түрлерін мақсатты пайдалануын бағалауға қызмет етеді.

  • Алдағы кезеңде қарыз капиталын тартудың мақсатын анықтау. Бұл қаражаттар компанияның нақты мақсатты әрекеттеріне тартылады, яғни олардың келешекте тиімді пайдалануының бір шарты болып табылады. Компанияның қарыз капиталын тартудың негізгі мақсаттары болып:
  • Қажетті көлемде айналым активтерінің тұрақты бөлігін толықтыру. Қазіргі кезде көптеген компаниялардың өндіріс әрекетін орындауы үшін, айналым активтерінің осы бөлігін меншік капиталы есебінен қаржыландыру мүмкіншілігі бола бермейді. Қаржыландырудың біршама бөлігі қарыз қаражаттары есебінен орындалады.
  • Айналым активтерінің өзгермелі бөлігін қалыптастыруды қамтамасыз ету. Компания активтерді қаржыландыруды қандай модельді қолданғанына қарамастан, барлық жағдайларда айналым активтерінің өзгермелі бөлігі толық немесе жартылай қарыз капиталы есебінен қаржыландырылады.
  • Инвестициялық ресурстардың жетіспеген көлемін қалыптастыру. Бұл жағдайда компанияның қарыз капиталын тарту мақсаты компанияға жекелеген нақтылы жобаны іске асыруды тездетуге (жаңа құрылыс, реконструкциялау, модернизациялау); негізгі құралдарды жаңарту (қаржы лизингі) және т.б. үшін қажет.

Кәсіпорынның қарыз капиталын тарту

саясатын жасау кезеңдері

 

 

 

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызба –1.  Компанияның қарыз капиталын тарту саясатын жасау кезеңдері[3]

 

  • Өз қызметтеріне әлеуметтік – тұрмыстық қажеттілікті қамтамасыз ету. Бұл жағдайда қарыз капиталы өз жұмысшыларына жеке меншік үй салу үшін, денсаулығын жақсартуға және т.б. мақсаттарды орындауға несие беру үшін тартылады.
  • Басқа да уақытша қажеттіліктер. Қарыз капиталын мақсатты тарту осы жағдайда да қолданылады, бірақ та олардың тартылуы тек қысқамерзімге және шағын көлемде жүзеге асырылады.
  • Қарыз капиталын тартудың шекті көлемін анықтау. Бұл тартудың ең жоғарғы шегінің көлемі екі негізгі жағдайға негізделеді:
  • Қаржы левериджінің жоғарғы тиімділігі. Меншікті қаржы ресурстарының көлемі өткен кезеңде қалыптасқандықтан, пайдаланылған меншік капиталының жалпы сапасын алдын – ала анықтауға болады. Соған қатысты қаржы леверидж коэффициенті (қаржыландыру коэффициенті) есептелінеді, оның нәтижесі ең жоғарғы шекте болады. Алдағы кезеңдегі меншік капиталын есепке ала отырып және қаржы левериджі коэффициентін есептеу нәтижесіне байланысты меншік капиталын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуші шекті көлемдегі қарыз қаражаты есептеледі.
  • Компанияның барынша қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету. Тартылған қарыз капиталының құнын кемітуді қамтамасыз ету үшін қаржы тұрақтылығы тек компанияның позициясымен бағаланып қоймай, оған несие берушінінде позициясымен бағалануы қажет. Компания осы талаптарды есепке ала отырып өз шаруашылық әрекетіне қажет қарыз қаражатын пайдалануға лимит белгілейді.
  • Әртүрлі көздерден тартылған қарыз капиталының құнын бағалау. Мұндай бағалау компанияның сыртқы және ішкі көздерден тартылған әртүрлі қарыз капиталы бойынша жасалынады. Бағалаудың нәтижесі компанияның қарыз капиталына қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етуге балама қарыз капиталын тарту көздерін таңдауды басқару шешімін қабылдауға негіз болады.
  • Ұзақ және қысқа мерзім негізінде тартылған қарыз капиталының көлемінің арақатынасын анықтау. Ұзақ және қысқа мерзімдегі қарыз капиталының қажеттілігінің есебі – оларды алдағы кезеңде пайдалану мақсатына негізделеді. Ұзақ мерзімді кезеңге (бір жылдан астам) қарыз қаражаттары меншікті негізгі құралдарының көлемін көбейтуге, жетіспеген инвестициялық ресурстарды және айналым капиталын қалыптастыруға тартылады. Қысқамерзімді кезеңге қарыз капиталы барлық басқадай мақсаттарды орындауға тартылады. Қажетті қарыз капиталының мөлшерінің әрбір кезеңге жекелеген мақсатты бағыттары бойынша және оларды алдағы кезеңде пайдаланудың есебі жасалынады. Бұл есептің мақсаты тартылған қарыз капиталын пайдалану мерзімін белгілеу арқылы ұзақ және қысқа мерзімдегі олардың түрлерінің арақатынасын үйлестіру. Осы есептеулер процесінде қарыз капиталын пайдаланудың толық және орта мерзімі анықталады.

Қарыз капиталын пайдаланудың толық мерзімі. Қарыз қаражатының бастапқы түсуі мен сол қарыз сомасының толық өтемін көрсететін уақыт кезеңін көрсетеді. Ол өзіне үш уақыт кезеңін қосады: а) пайдалы қолдану мерзімі, б) жеңілдік кезеңі, в) өтеу мерзімі.

Пайдалы қолдану мерзімі – бұл мерзімде компания берілген қарыз қаражаттарын өзінің шаруашылық қызметіне пайдаланады.

Жеңілдік кезеңі – бұл мерзім қарыз қаражатын пайдалы қолданудың аяқталуынан қарызды өтеудің басталуына дейінгі кезең. Ол қажетті қаржы қаражатын шоғырлау үшін уақыт резервін атқарады.

Өтеу мерзімі – бұл мерзім ішінде қарыз капиталының негізгі сомасы мен олар бойынша проценттер төленеді.

Қарыз капиталын пайдаланудың орта мерзімі олардың компания пайдалануында болатын орта есеп кезеңін білдіреді. Ол мына формула бойынша анықталады:

 

ПМҚ

 

ӨМ

 

2

 

2

 

ОМҚ =                +  ЖК  +                                                          (1)

Мұндағы,

ОМҚ – қарыз капиталын пайдаланудың орта мерзімі

ПМҚ – қарыз капиталын пайдаланудың пайдалы мерзімі

ЖК – жеңілдік кезеңі

ӨМ — өтеу мерзімі.

Қарыз капиталын пайдаланудың орта мерзімі осы тартылған қарыздың жекелеген мақсатты бағыттары бойынша, олардың қысқа және ұзақ мерзімді негізде тартылған көлемі бойынша, жалпы тартылған қарыз сомасы бойынша анықталады.

  • Қарыз капиталын тартудың формаларын анықтау. Бұлар қаржылық несиеге, тауарлық несиеге және басқадай түрлерге жіктелінеді. Қарыз капиталын тарту формаларын компания өзінің шаруашылық қызметінің мақсаттары мен ерекшелігіне қарай таңдап алады.
  • Негізгі кредиторлардың құрамын анықтау. Бұл құрам қарыз тарту формаларымен анықталады. Компанияның негізгі кредиторлары – онымен ұзақ мерзімді тұрақты коммерциялық байланыс жасайтын жабдықтаушылар және оған кассалық – есеп жұмысына қызмет көрсетуші коммерциялық банктер.
  • Несие тартудың тиімді жағдайын қалыптастыру. Бұл жағдайдың маңыздыларына жататындар: несие беру мерзімі, несиенің проценттік мөлшерлемесі, проценттік соманы төлеу жағдайы, негізгі қарыз сомасын төлеу жағдайы және т.б.
  • Несиені пайдаланудың тиімділігін қамтамасыз ету. Мұндай тиімділіктің көрсеткіштеріне – қарыз капиталының айналымдылығы мен рентабельділігі жатады.
  • Алынған несиелер бойынша уақытылы есеп айырусуды қамтамасыз ету. Осы қамтамасыз ету мақсатына неғұрлым ірі несиелер бойынша алдын – ала қайтару қорының резервтелуі жатады.

Қаржы және тауар несиелері формаларында үлкен көлемде қарыз капиталын тартатын компанияларда қарыз қаражатын тартудағы жалпы саясат осы несие формасы бойынша бөлшектенуі мүмкін. Кәсіпорындардың нарықтық экономикадағы даму процесіндегі оның қаржы міндеттері мен есеп айырысуына қарай жаңадан қаржы-қаражттарын қатыстырудың қажеттілігі пайда болады.

Кәсіпорындардың қатыстыратын қарыз-қаражаттары негізгі белгілері бойнша төмендегідей жіктелінеді.

Қатыстыру мақсатына қарай:

  • Айналымнан тыс активтер өндірісін қамтамасыз етуге қатыстырылған, қарыз-қаражаттарына;
  • Айналым активтерін толықтыруға қатыстырылған қарыз-қаражаттарына;
  • Басқадай шаруашылық қажеттілігін немесе әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру үшін қатыстырылған қарыз-қаражаттарына жіктелінеді;

Қатыстыру көзіне байланысты:

  • Сыртқы көздерден қатыстырылған қарыз-қаражаттарына;
  • Ішкі көздерден қатыстырылған қарыз-қаражаттарына жіктелінеді.

Қатыстыру кезеңіне байланысты:

  • Ұзақмерзімді кезеңге қатыстырылған қарыз-қаражаттарына;
  • Қысқамерзімді кезеңге қатыстырылған қарыз-қаражаттарына жіктелінеді.

Қатыстыру түріне қарай:

  • Ақашалай түрінде (қаржы несиесі) қатыстырылған қарыз-қаражаттарына;
  • Жабдықтар түрінде (қаржы лизингі) қатыстырылған қарыз-қаражатына;
  • Тауарлар түрінде (коммерциялық несие) қатыстырылған қарыз-қаражаттарына;
  • Басқа да материалдық емес түрінде қатыстырылған қарыз-қаражаттар түріне жіктеледі.

Көрсетілген жіктеулерге байланысты қарыз-қаражаттарын қатыстыруды басқару ұйымдастырылады, ол кәсіпорынның әртүрлі кезеңдеріндегі дамуына байланысты қарыз капиталын әртүрлі көздерден және әртүрлі түрінен сәйкестендіруді мақсатты қалыптастыру процесі.

Бұл процесті қалыптастыруда шешілетін көптеген сұрақтар осы салада кәсіпорындарға арнайы қаржы саясатын жасауды қажет етеді. Қарыз-қаражатын қатыстыру саясаты кәсіпорындардың даму қажеттілігіне сәйкес ең тиімді қарыз капиталын әртүрлі көздерден қатыстыруды қамтамасыз етудегі қаржы стратегиясының бір бөлігі болып есептелінеді.

 

  • Қарыз капиталының жекелеген элементтерінің

құнын бағалау.  Қаржы тұтқасының тиімділігі

 

Қарыз капиталының көптүрлі көздері және ұсыным жағдайларының болуы қарыз капиталының жекелеген түрлері бойынша оны қалыптастырудың тиімділігін салыстырмалы түрде бағалауды қажет етеді. Мұндай бағалауға тартылған капиталдың жекелеген элементтері бойынша олардың құнын анықтау негіз болады.

Қарыз капиталының құнын бағалаудың бірқатар ерекшеліктері бар. Олар:

  • Құнды бағалаудың базалық көрсеткіштерін қалыптастырудың қарапайымдылығы. Мұндай базалық көрсеткіштерге несие үшін процент формасында қарызға қызмет ету құны, облигация бойынша купондық ставка және т.б. жатады. Бұл көрсеткіш компанияның несиелік келісім-шарт талаптарында, эмиссиялық немесе басқа да міндеттемелер келісім-шарт талаптарында тікелей көрсетіледі.
  • Салық корректорындағы қарыз капиталының құнын бағалау процесіндегі есеп. Қарызға қызмет ету төлемі (несиге проценттер және т.б.) өнім шығындарына (өзіндік құнға) кіретіндіктен, олар компанияның салық салу базасының мөлшерін төмендетеді.
  • Кредиторлармен бағаланатын компанияның несиеқабілеттілігінің деңгейімен байланысты қарыз капиталын тарту құны. Кредиторлардың бағалауы бойынша неғұрлым компанияның неисеқабілеттілігі (яғни, қаржы нарығында оның несие рейтингісі) жоғары болса, соғұрлым осы компанияның қарыз капиталын тарту құны (несие және оның әртүрлі формалары бойынша төмен проценттік ставка – » прайм райт » – «біріншікласты қарызгерлер» үшін кредиторлармен белгіленеді) төмен болады.
  • Қарыз капиталын тарту тек қарызға қызмет ету ғана емес, сонымен қатар осы негізгі қарыздың сомасын төлеу міндеттемелері бойынша ақша ағымдарының қайтарымдылығымен әрқашанда байланысты болады. Бұл қауіпті жағдайларға әкелетін қаржы тәуекелінің ерекше түрлерін генерациялайды (компанияның банкроттыққа ұшырауы). Компанияның ағымдағы кезеңіндегі төлемқабілетсіздік тәуекелін төмендетуде ұзақмерзімді несие және оның барлық формалары бойынша проценттік ставканың қысқамерзімдіге қарағанда әрқашанда жоғары болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарыз капиталының құнының базалық

элементтері

 

Қаржы несиесінің құны

Банктік несие

 

Қаржы лизингі

 

Облигацияларды эмиссиялау есебінен тартылған капиталдың құны

 

Тауар (коммерциялық) несиенің құны

 

Қысқамерзімді төлем уақытын ұзарту формасында

 

Вексельмен рәсімделген ұзақмерзімді төлем уақытын ұзарту

 

Ішкі кредиторлық борыштың құны

Сызба – 2. Қарыз капиталының құнын бағалау және басқару ерекшеліктері.[4] 

  • Қаржы несиесінің құнықазіргі кезде оны ұсынатын екі негізгі көздермен бағаланады: банктік несие және қаржы лизингі.

а)  Банктік несиенің құны – оның түрлерінің және талаптарының көптілігіне қарамастан, ол несиеге проценттік ставка негізінде анықталады.

 
 

БНПс х (1- ПСС  )

 

 

 

1 — БНТш

 

БН =                                                                                          (2)

2

 

БН – банк несиесі түрінде тартылған қарыз капиталының құны, %

БНПС – банк несиесінің проценттік ставкасы, %

ПССС – пайдаға салынған салық ставкасы

БНТШ – банк несиесін тартуға шыққан шығын деңгейі.

Банктік несие құнын басқару қаржы нарығындағы несиеге проценттік ставканың төменділігін және жеңіл жағдайларын анықтау болып табылады.

б)  Қаржы лизингінің құны – қаржы несиесін тартудың қазіргі түрінің бірі – ол лизинг төлемінің ставкасы негізінде анықталады. Бұл ставка екі қосымша ставканы құрайды: а) негізгі қарыз сомасын біртіндеп қайтару;  б) лизингтік қарызға міндетті қызмет ету құны.

Қаржы лизингісінің құнын есептеу формуласы:

( ЛС – АЖС ) х ( 1 – ПССС )  

 

 

1 — ҚЛКШ

 

ҚЛС =                                                                                     (3)          

 

ҚЛК – қаржы лизинг жағдайында тартылған қарыз капиталының құны, %;

ЛС – жылдық лизинг ставкасы, %;

АЖС – қаржы лизинг жағдайында тартылған активтің амортизациясының жылдық ставкасы, %;

ПССС – пайдаға салынатын салық ставкасы;

ҚЛКШ – қаржы лизинг жағдайында активтерді тартуға кеткен шығындардың деңгейі.

Қаржы лизингі құнын басқару екі критериге негізделеді: а) қаржы лизингінің құны банк несиесінің құнынан аспауы керек;  б) қаржы лизингін пайдалану процесінде оның құнын азайтатын ұсынымдар таңдалынуы қажет.

  • Облигацияларды эмиссиялау есебінен тартылған қарыз капиталының құны – мерзімдік купондық төлем сомасын құраушы, купондық процент ставкасы негізінде бағаланады. Егер облигация басқа жағдайда сатылса, онда өтеуге төленген дисконттың жалпы сомасы бағалауға негіз болады.

Бірінші жағдайда бағалау келесі формула арқылы анықталады:

 

 
 

ОКС х ( 1 – ПССС )

 

 

 

1 — ЭШД

 

ОТҚКҚ =                                                                               (4)

 

ОТҚКҚ – облигацияны эмиссиялау есебінен тартылған қарыз капиталының құны,%

ОКС – облигация бойынша купон процентінің ставкасы, %

ЭШД – эмиссия көлеміне қатысты эмиссиялық шығын деңгейі

ПССС – пайдаға салынатын салық ставкасы.

Екінші жағдайда құн есебі мына формуламен анықталады:

 
 

ОДС х ( 1- ПССС ) х 100

 

 

 

( ОҚ – ОДС ) х ( 1- ЭШ д )

 

ОЭҚҚ =                                                                                  (5)

 

ОЭҚҚ – облигацияны эмиссиялау есебінен тартылған қарыз капиталының құны, %

ОДС – облигацияны дисконттаудың орташа жылдық сомасы

ОҚ – облигацияның атаулы құны

ЭШД – эмиссиялық шығын деңгейі.

 

Тартылған капиталдың құнын басқару оған сәйкес эмиссиялық саясатты жасауды қажет етеді.

  • Тауар (коммерциялық) несиесінің құныол берілетін екі формада бағаланады: а) қысқамерзімді төлем уақытын ұзарту; б) вексельмен рәсімделген ұзақмерзімді төлем уақытын ұзарту формасындағы несие.

а)   Қысқамерзімді төлем уақытын ұзарту формасында ұсынылатын тауар несиесінің құны. Бұл форма жабдықтаушылармен тегін берілетін қаржылық қызмет. Шыңдығында бұл олай емес. Мұндай несиенің әрқайсысының құны өнім үшін қолма-қол төлем жүргізілгенде, оның бағасынан жеңілдіктер (ценовая скидка) мөлшерімен бағаланады. Егер, келісім-шарт талаптары бойынша өнімді жеткізу (алу) күнінен бастап бір ай ішінде төлеуге рұқсат етілсе, ал қолма-қол төлем үшін бағалық жеңілдік көлемі 5%-ті құраса,  бұл тартылған тауар несиесінің айлық құнын құрайды. Ал жылдық есеп бойынша бұл құн: 5% х 360 / 30 = 60% құрайды. Сонымен, алғашқыда тегін болып көрінген мұндай тауар несиесі, ақырында қарыз капиталы көзінен тартатын құны бойынша ең қымбаты болуы мүмкін.

Қарыз капиталының осы түрін тарту құнының жасырын сипатта болатынын ескере отырып, оны басқаруда жекелеген тауар несиесі бойынша құнды жылдық ставкамен міндетті түрде бағалау және оны банктік несиені тарту құнымен салыстыру қажет.

б)   Вексельмен рәсімделген ұзақмерзімді төлем уақытын ұзарту формасындағы тауар несиесінің қалыптасу құны да банк несиесінің құнына ұқсас. Бірақ өнімге қолма-қол төлем үшін баға жеңілдігін жоғалтатындығын ескеру қажет.

  • Компанияның ішкі кредиторлық борышының құны. Капиталдың ортақұнын нольдік ставка бойынша анықтайды, себебі қарыз капиталының осы түрі есебінен компанияның тегін қаржыландыруын білдіреді. Бұл борыштың сомасы меншікті капиталға теңестіріледі және қысқамерзімді қарыз капиталы ретінде қарастырылады (бір ай шегінде (жалақы, салық, сақтандыру және т.б.)). Капитал құнын бағалау тұрғысынан басқарылатын қаржыландыруға жатпайды.

Қарыз капиталының негізгі жекелеген элементтерінің құнын бағалау және олардың жалпы сомасы компанияның қарыз капиталының жалпы сомасымен анықталуы мүмкін.

Қарыз капиталының жекелеген элементтерінің құнын бағалау.

Қарыз капиталының көп түрлі көздері және ұсыным жағдайларының болуы қарыз капиталының жекелеген түрлері бойынша оны қалыптастырудың тиімділігін салыстырмалы түрде бағалауды қажет етеді. Мұндай бағалауға тартылған капиталдың жекелеген элементтері бойынша олардың құнын анықтау негіз болады.

Қаржы несиесінің құны қазіргі кезеңде екі негізгі көздер негізінде бағаланады – банктік несие және қаржы лизингі:

Банк несиелерінің көптүрлілігі жағдайларына қарамай, несие алғаны үшін пайыздық мөлшерлеме негізінде анықталады.

Қарыз капиталының құны, банк несиесі түрінде келесі формула түрінде анықталады:

            БНк = БНПм – (1-ПССм) / (1-БНКш)                        (6)

БНк – банк несиесі түрінде қатыстырылған қарыз капиталының құны, %;

БНПм – банк несиесінің пайыздық мөлшерлемесі, %;

ПССм – пайдаға салынған салық мөлшерлемесі;

БНКш – банк несиесін қатыстыруға шыққан шығын деңгейі.

Қаржы лизингінің құны – қаржы несиесін қатыстырудың қазіргі түрінің бірі ол лизинг төлемінің мөлшерлемесі негізінде анықталады.

 

             КЛМ = (Лм – Ажм) * (1-ПССм) / (1-КЛКш)            (7)

 

КЛМ – қаржы лизинг жағдайында қатыстырылған қарыз капиталының құны, %;

Лм – жылдық лизинг мөлшерлемесі, %;

Ажм – қаржы лизинг жағдайында активтерді қатыстыруға кеткен шығындардың деңгейі.

Қаржы лизингінің құныны басқару екі критерилерге негіделеді:

а) қаржы лизингінің құны банк несиесінің құнынан аспауы керек,

б) қаржы лизингін пайдалану процесінде оның құнын азайтатын ұсынымдар таңдалынуы керек.

Облигацияларды эмиссиялау есебінде тартылған қарыз капиталының құны мезгіл купондық төлем сомасын құраушы, купондық пайыз мөлшерлемесі негізінде бағаланады. Егер облигация басқа жағдайда сатылса, онда, өтеуге төленген жалпы дисконттың сомасы бағалауға негі болады.

Бірінші жағдайда бағалау келесі формула арқылы анықталады:

 

             ОКККк = Окм * (1-ПССм) / (1-ЭШд)                       (8)

ОКККк – облигацияны эмиссиялау есебінен қатыстырылған капитал құны, %;

Окм – облигация бойынша купондық пайыз мөлшерлемесінің, %;

ПССм – пайдаға салынған салық мөлшерлемесі;

Эшд – эмиссия көлеміне қатысты эмиссиялық шығын деңгейі.

Екінші жағдайда құн есебі келесі формула анықталады.

 

  ОэКк = ОДс * (1-ПССм) * 100 (Ок — ОДс) * (1*ЭШд)       (9)

ОэКк – облигацияны эмиссиялау есебінен тартылған қарыз капиталының құны,

Одс – облигацияны дисконттаудың орташа жылдық сомасы;

Ок – облигацияның атаулы құны.

Қатыстырылған капиталдың құнын  басқару оған сәйкес эмиссиялық саясатты жасауды қажет етеді. Кәсіпорындар ағымдағы шаруашылық әрекетінде, шикізат, жаңармай сатып алуға қысқа мерзімді ақша қаражаттарына қажеттілік етеді. Бұл жағадайда кәсіпорындардың айналымдағы қаражаттарын толықтыру үшін несие алуға немесе қарыз алуға мәжбүр болады. Қаржы менеджментінің алдында тұрған проблема, кәсіпорынға қандай мөлшерде несие алу керек, одан қанша пайда түседі немесе несие алу жалпы керек пе, осы проблеманы шешу керек.

 

Қаржы тұтқасының тиімділігі

Компаниялар ағымдағы шаруашылық әрекетінде шикізат, жанармай және т.б. сатып алуға қысқамерзімді ақша қаражаттарына қажеттілік етеді. Бұл жағдайда компаниялардың айналымдағы қаражаттарын толықтыру үшін несие алуға немесе қарыз тартуға мәжбүр болады. Компанияның қаржысында алынған несиенің тиімділігін сипаттаушы көрсеткіш қаржы тұтқасының тиімділігін анықтайды. Қаржы тұтқасының тиімділігі операциялық талдаудың маңызды элементтерінің бірі болып есептеледі.

Мысалы, экономикалық рентабельділік деңгейі бірдей — 20 %-ті екі компанияны қарастырайық. Екеуінің арасындағы жалғыз айырмашылық, А – компания несиені қолданбайды және облигация шығармайды, ал Б – компания қарыз қаражатын (несие және облигация) тартады. А – компанияның: активі – 1 млн. тг, пассиві  (меншік қаражаты) – 1 млн. тг, Б – компанияның: активі – 1 млн. тг, пассиві – 500 мың тг меншікті қаражаты және 500 мың тг қарыз қаражаты. Инвестицияны пайдаланудың нетто-нәтижесі екі компанияда бірдей – 200 мың тг.

Егер компаниялар салық төлеуден босатылған болса, онда А–компания меншік қаражатын пайдалану арқылы 200 мың тг алады, сол арқылы активтерді жабады. Компанияның меншік қаражатының рентабельділігі: 200 мың / 1 млн. х 100 = 20 %. Б – компания алдыменен сол 200 мың тг қарыз бойынша процент төлеуі және кепіл мүлкін сақтандырумен байланысты қосымша шығындар шығаруы мүмкін. Орташа проценттік ставка 15% жағдайында бұл қаржы шығыны – 75 мың тг (15% х500мың). Б – компанияның меншік қаражатының рентабльділігі (МҚР) – 125 мың тг / 500 мың тг х 100 = 25 %-ке тең болады.[5]

Сонымен, бірдей экономикалық рентабельдікте (ЭР) 20 %, меншік қаражатының рентабельділігі әртүрлі. Мұндағы 5 % айырмашылық қаржы рычагының эффектісінің деңгейі болып табылады.

Қаржы тұтқасының тиімділігі – несиені (ақылығына қарамастан) пайдалану арқылы алынған меншік қаражатының рентабельділігіне қосылған құн.

Шындығында, Б – комапнияның 20 % әкелетін активтің бір бөлігі орташа 15 % сай ресурспен қаржыланады. Бұл кезде меншік қаражатының рентабельділігі артады. Ескерте кететін жағдай, меншік қаражатын пайдалану қаржы шығындарына (банктік процент) байланысты емес, ол әр акционерлік қоғамға тән тәуекелмен байланысты.

Пайдаға салық салымының үштен бір шартты ставкасының есебін қарастырайық.

 

Кесте-1.  Меншік қаражатының таза рентабельдік есебі:                   

Көрсеткіштер

мың тг.

Компаниялар

А

Б

Инвестицияны пайдаланудың нетто-нәтижесі

200

200

Қарыз капиталының қаржылық шығыны 

75

Салық салынуға жататын пайда

200

125

Пайдаға салынатын салық (1/3 ставка)

67

42

Таза пайда

133

83

Меншік қаражатының таза рентабельдігі, %

133/1000х100=13,3

83/1000х100=16,6

 

Кестеде көрсетілгендей Б – компанияның меншік капиталының таза рентабельдігі А – компаниямен салыстырғанда 3,3 %-ке жоғары. Салық салу қаржы тұтқасының тиімділігі 1/3 «кесіп тастады». Осыған байланысты жасалатын қорытынды:

Өз меншік капиталын пайдаланушы компания олардың рентабельдігіне шамамен экономикалық рентабельділіктің 2/3-не шек қояды:

МҚР =2/3 ЭР.                                                        (10)

Несие пайдаланушы компания, пассивтегі меншік және қарыз капиталының ара қатынасы және проценттік ставканың көлеміне байланысты меншік капиталының рентабельдігін ұлғайтады немесе кемітеді. Бұл жағдайда қаржы рычагының эффектісі былай көрсетіледі:

МҚР = 2/3 ЭР + ҚТН.                                           (11)

Енді салық салудан айырылған активтердің 1/3 экономикалық рентабельділікті қайтару үшін қаржы рычагының эффектісін іске асыруды есептеу керек. Бұл жағдайды және басқа да көптеген сұрақтарды шешу қажет. Бұл процент ставкасының орташа есебі (МПОЕ) нәтижесі экономикалық рентабельдік пен қарыз капиталының айырмашылығынан пайда болады. Басқа сөзбен айтқанда, компания несие процентін төлеуге жететіндей экономикалық рентабельдікпен жұмыс істеуі керек.

Есекртетін жай, процент ставкасының орташа есебі (Юджинсие келісім-шартынан алына салған процент ставкасына сәйкес келмейді.

 

 

 
 

Барлық несие бойынша талданған кезеңдегі барлық нақты қаржы шығындары

 

 

 

 

 

Процент ставкасының =                                                                          х 100

Талданған кезеңде қолданылған қарыз капиталының жалпы сомасы

 

орташа есебі

 

 

(12)

Бұл практикада қолданылып жүрген орташа бағаны есептеу формуласы. Осы формула арқылы компанияға қарыз капиталының қаншалыққа түсетіндігін анықтауға болады.[6]

Бұдан басқа да есептеу әдістері бар. Мысалы, осы көлемде орташа арифметикалық әдістен басқа, әртүрлі несиелер және қарыздарды өлшенген орташа құн арқылы есептеуге болады. Компаниялар өздеріне қолайлы әдісті таңдай алады. Енді қаржы тұтқасының тиімділігі бірінші құрастырушы дифференциалды атап кетуге болады. Дифференциал – активтердің экономикалық рентабельдігі мен қарыз капиталының орташа есептелген процент ставкасының айырмасы. Өкінішке орай, салық салымынан кейін дифференциалдан тек 2/3 ғана қалады, яғни 2/3 (ЭР – МПОЕ). Екінші құрастырушы – қаржы тұтқасының тиімділігі – қаржы рычагының әсер етуші күшін сипаттайды. Бұл қарыз қаражаты (ҚҚ) мен меншік қаражатының (МҚ) арақатынасы. Екі құрастырушыны біріктірсек, онда:

 

        ҚТН деңгейі = 2/3 дифференциал х қаржы тұтқасының тиімділігі

 

немесе,  

              ҚТН деңгейі = 2/3 (ЭР — ПСОЕ) х ҚҚ / МҚ              (13)

 

Алынған формуланы Б компанияның сандарымен тексерелік:

       
 

2

 

 

500 мың тг

 

 

 

500 мың тг

 

3

 

ҚТН =         ( 20 % — 15 % ) х                           = 3,3 %         (14)

 

Соныменен, қаржы тұтқасының тиімділігі деңгейінің есебі (бірінші әдіс)[7]:

 

ҚТН = ( 1- СТС ) х ( ЭР – МПОЕ ) х ҚҚ / МҚ                   (15)

Бұл әдіс бізге қауіпсіз қарыз қаражатының көлемін, несие алу жағдайын анықтауға барынша мүмкіншілік тудырады. Бірақта, бұл қызығарлық мүмкіншілікті орындау үшін бізге тағы да бірнеше сұрақтарды анықтау қажет. Алдымен дифференциал мен қаржы рычагы иығының арасындағы терең қайшылық пен үздіксіз байланысты жете түсінуден бастайық. Қарыз капиталын көбейту нәтижесінде «қарызға қызмет ету» шығындарына, әлбетте, процент ставкасының орташа есебін ауырлатады және бұл дифференциалдың қысқаруына әкеп соқтырады. Егер, Б компанияға тұтқасының тиімділігін үшке дейін жеткізсе (1500 мың тг / 500 мың тг), онда процент ставкасының орташа есебі, мысалы, 18 %-ке дейін өседі. Онда қаржы тұтқасының тиімділігінің деңгейі 2/3 ( 20 % — 18 % ) х 3 = 4 %. Бұл Б компания үшін меншік қаражатының рентабельдігіне бұрыңғы 3,3 % «үстемемен» салыстырғанда жақсырақ, сонымен компанияға жаңа несиелік келісім – шарт пайдалығымен танылады. Бірақта қаржы тұтқасынвң эффектісі ненін есебінен өседі деген сұрақ туады? Ол дифференциалдың кемуіне қарамай, қаржы тұтқасының тиімділігін үш есе арту тірегі нәтижесінде өседі. Ал дифференциалдың кемуі – банкирдың тәукелдігінің артқандығын көрсетеді.

Осыдан тұжырымдалатын бірінші қорытынды:

Егер жаңадан қарыз алу компанияның қаржы тұтқасының тиімділігінің деңгейін ұлғайтса, онда мұндай қарыз алу пайдалы. Бірақ дифференциал жағдайын мұқият бақылау қажет: қаржы тұтқасының тиімділігі өсірілсе банкир өсетін тәуекелділікті өз «тауарының» – несиенің бағасын өсіру арқылы есесін қайтарады.

Екінші қорытынды: кредитордың тәуекелдігі дифференциалдың көлемімен анықталады, неғұрлым дифференциал өскен сайын, соғұрлым тәуекелдік азайады; неғұрлым дифференциал азайса, соғұрлым тәуекелдік артады. Мысалы, бізге таныс Б компанияның ҚРЭ = 4 % және дифференциалы = 2 % болса; егер несие қымбаттаса және ПСРЕ – 19 % дейін ұлғайса компанияда қандай өзгеріс болады ? Қаржы тұтқасының тиімділігін бұрыңғы деңгейде сақтау үшін қаржы тұтқасының тиімділігі алтыға дейін көтеру қажет. Шын мәнісінде, ҚТН = 2/3 ( 20 % — 19 % ) х 6 = 4 %. Несиенің бір процентке қымбаттауын қайыру үшін компания еріксіз қарыз және меншік қаражаттарының арақатынасын екі есе өсіруге мәжбүр болады.

Мүмкін ары қарай дифференциал нөлден кіші болатын жағдай болуы мүмкін. Онда қаржы тұтқасының тиімділігі компанияға тек зиян шектіретін болады. Мысалы, қарыз және меншік капиталының арақатынасы 9 есе болған жайда компанияның несиеге орташа ставканы 22 %-пен төлеуі қажет, онда қаржы рычагының эффектісі мынандай болады:

ҚТН = 2/3( 20% — 22 % ) х9 = — 12 %                                            (16)            

Енді бұл өсім емес, ол компанияның меншік капиталының рентабельдігінен және дивидендтік мүмкіншілігінен шегереді. 

МҚР = 2/3 20 % + ( -12) = 1,3 %                                                   (17)

А компанияның 13,3 % салыстырғанда қарыз қаражатты пайдаланбайтын және ешқандай қаржы тұтқасының нәтижесі жоқ. Сонымен дивиденд алуға бейімделген инвестор, жағымсыз дифференциалды компанияның акциясына қызығуы екі талай. Сондықтан дифференциал жағымсыз болмауы керек. Бұл банкирлер үшін өте маңызды: жағымсыз дифференциалды клиент «қара картотекаға» нақты кандидат. Компания жұмысының жекелеген кезеңінде алдыменен қаржы рычагының қуатты әсерін пайдаланған дұрыс болады, соңынан оны босатыңқыратады; басқа жағдайларда қарыз капиталын бірқалыпты өсіруді байқаған жөн.

Көптеген батыстың экономистері алтын ортаны 30 – 50 %-ке жақындатады, яғни қаржы тұтқасының тиімділігі оптималды болуы активтердің экономикалық рентабельдігінің жарты деңгейінің біріне тең болуы керек деп тұжырымдайды. Сонда ғана қаржы тұтқасының тиімділігі салық салымын қайтарады және меншік капиталының қайтарымын қамтамасыз етеді. Сонымен бірге, қаржы тұтқасының тиімділігі мен экономикалық рентабельдіктің осындай арақатынасында акционерлік тәуекелдік барынша азаяды.

Сонымен, несие алумен (берумен) байланысты сұрақтарды қаржы тұтқасының тиімділігінің деңгейі формуласы арқылы шешкенде, барлық есептеулерде несиелік қарызды шығарып тастау керек. Мұның қорытындысында компанияның өмірі ұзақ және қысқа мерзімді күрделі интерференцияны білдіреді деген пікір нығая түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.     «Dala Group» компаниясының қарыз капиталын тарту саясатын талдау.

2.1. Компанияның қарыз капиталының тартылуын талдау

 

 

Компания «Dala Group» 2003 жылы құрылып,нарықта өз қызметін жүзеге асырып жүр.Компания кең көлемді қызметтер көрсетеді.

Қызмет түрлері:

  • Құрылыс, ремонттық жұмыстар
  • әр түрлі жарнамалық қызмет көрсету
  • Информациялық қызмет көрсету
  • Құрылыс материалдарын өндіру және өндіру
  • Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету
  • Жөндеу жұмыстары
  • Инновациялық, ұйымдастырушылық,делдалдық және басқа да қызметтер
  • Транспорттық қызметтер көрсету (шикізат,адамдар мен тауарларды тасымалдау)
  • Құрылыс техникалары мен құрал жабдықтарды сатып алу және өткізу
  • Пластикалық терезелер және тағы басқа материалдарды жасау
  • ҚР-ң заңдарымен тиым салынбаған басқада қызметтер
  • Тұрғын үй, өндірістік және өнеркәсіптік құрылғыларды жөндеу

Қызметтің барлық түрлері заңдар, жасалған шарттар және берілген лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.

Компания активтерінің  оң  динамикасын төменде келтірілген кестеден көруге болады.

Кесте 2  Активтердің құрамы мен динамикасы

Көрсеткіштер

2003

2004

2005

Активтердің барлығы оның ішінде:

78949120

87265704

100799605

Ұзақ мерзімді активтер оның ішінде:

39447208

44552152

43405233

-материалдық емес активтер

37512

-негізгі құралдар

39409692

12416088

14610110

Ағымдағы активтер оның ішінде

39501912

42713552

57394372

 

Кестеден көріп отырғанымыздай, 2003-2005 жылдар аралығында компания активтері көбейді: 2004 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 10,5%(немесе 8316584 мың теңгеге); және 2005 жылды 2004 жылмен салыстырғанда 15,5% (немесе 1353901мың теңгеге).

Кестеден жалпы компания активтерінің оң динамикасын көріп отырмыз.

 

 

 Сурет 1. 2003-2005 активтердің құрамы мен динамикасы.

* Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің  бухгалтерлік балансы 2004-2005

 

 2005 жылы Компания активтерінің құрылымында үлкен үлесті ағымдағы активтер (57%) алып жатыр

.

Кесте 3   2003-2005 активтердің құрлымы және динамикасы

                                                                                                                     (%)

Көрсеткіштер

2003

2004

2005

Активтердің барлығы:

100

100

100

1.Ұзақ мерзімді активтер:

49,9

51,05

43

2.Ағымдағы активтер:

50,3

48,9

57

ТМҚ:

6,4

9,28

13

Ақша:

11,2

10,7

14,5

Дебиторлық  борыш:

32,3

28,8

29,3

* Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің  бухгалтерлік балансы 2004-2005

 

Оларды жекелеп қарастыру, келесідей қортындыларды көрсетуге мүмкіндік береді. Ағымдағы активтердің құрамында дебиторлық борыш үлкен үлес алып жатыр. Оның 2004 жылы 337061мың тенгеге немесе 0,2% қысқарғаны байқалып отыр, бұл сатып алушылармен тапсырыс берушілердің борыштарының азаюымен байланысты;одан кейін 2005 жылы 4367418 немесе 17,3%  өсуі , бұл болашақ кезеңдегі шығындардвң және алынған аванстардың көбейуімен байланысты.

Ақша қаражаттарын қарастырайық. Кестеден көріп отырғанымыздай олардың өсуі байқалып тұр. 2004 жылды 2003 жылмен салыстырғанда 352221 немесе 6,2; 2005 жыл 2004 жылмен салыстырғанда 5307238 мың тенгеге немесе 50%. Олар жалпы активтер құрылымында 20005 жылдың аяғында 15% құрады. Олардың өсуі жарғылық капиталдың және таза табыстың өсуімен байланысты

2005 жылы 2003 жылға қарағанда ТМҚ-ң едәуір көбеюі байқалып отыр. 2005 жылы жалпы өсім 5006174 немесе 62%  құрады. 2005 жылы ағымдағы активтер құрылымында ТМҚ 13% құрады. Бұл өзгерулерді төмендегі диаграммалардан көруге болады.

 

Сурет 2. 2003 жылғы компанияның активтер құрлымы.

* Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің  бухгалтерлік балансы 2004-2005

 

 

 

 Сурет 3. 2004;2005жылдардағы компанияның активтер құрлымы.

  • Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің бухгалтерлік балансы 2004-2005

 

Кесте 4. Өтімділік коэффициенттердің факторлық моделін талдау

 

Көрсеткіштер

жыл басы

жыл аяғы

айырмасы

1) Ағымдағы активтер

42713552

57394372

14680820

2) Таза табыс

8122618

9845762

1723144

3) ҚММ

47592283

51280422

3688139

Жалпы…… коэффициент

0,8

1,1

0,3

* Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің  бухгалтерлік балансы 2004-2005

 

 

         Бұл талдаудан көріп отырғандай ағымдағы активтердің қаншасы таза табыстың 1000 теңгеге келетінін көреді.[8]

1 — қатынас   АА/ТТ табыстың 5,25 жыл басы   5,8 жыл аяғында

2 — қатынас   ТТ-ҚММ    0,17 жыл басы   0,19 жыл аяғы

2 — қатынас кәсіпорынның өзінің қаржы қорытындылар есебінен қысқа мерзімді  міндеттемелерді жабу қабілеттілігін көрсетеді.

 

Кесте 5. «Dala Group» 2005  жылға таза айналым капиталын есептеу

Көрсеткіштер

2003

2004

2005

1) Ағымдағы активтер

39501912

42713552

57394372

2) Ағымдағы міндеттемелер

5239831

4759228

5128042

Таза айналым капитал (1-2)

3426208

37954324

52266330

  • Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің бухгалтерлік балансы 2004-2005

 

 

         Өз бизнесін қаржыландыруға өткен жылы 2003 жылы 3426208 теңге, ал 2004 жылы 37954324 теңгені, 2005 жылы 52266330 теңгені бөлгенін көруге болады. Бұдан кәсіпорынның таза айналым капиталдың құнын  арттырғанын

көреміз.

 

Кесте 6. Төлем қабілеттілік коэффиценттерін есептеу (2005ж)

 

Көрсеткіштер:

жыл басы

жыл аяғы

айырмасы

1) ақша қаражаттар

9405192

14712430

5307238

2) қысқа мерзімді міндеттемелер

47592283

51280422

3688139

3) төлем қабілеттілік коэффициенттер

0,19

0,28

0,09

* Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің  бухгалтерлік балансы 2004-2005

 

Кестеде көріп отырғандай,  талданатын кәсіпорынның қаржылық қиындық

көріп отыр. Кәсіпорынның өзінің жедел міндеттемелерінің 28% жаба алады, ал өзінің қарыздарының қалған 72% жабылады, егер дебиторлық қарыздар қайтарылса және дайын өнім өткізілген жағдайда 72 % жабады.

6кесте

Кәсіпорынның төлем қабілетттігін анықтау үшін кәсіпорын активтеріндегі ақша қаражатына айналдыра алатын жылдамдық және дайындықты сипиттайтын өтімділік көрсеткіштері кеңінен қолданады.

 

Кесте 7. Өтімділік көрсеткіштері 2003-205 жылдар

 

Көрсеткіштер

Теориялық мәні

2003

2004

2005

Абсолютті өтімділік коэффициенті

0,2:0,5

0,273

0,288

0,470

Тез өтімділік коэффициенті

1

1,617

1,460

1,834

Ағымдағы өтімділік коэффициенті

2

1,219

1,310

1,639

* Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің  бухгалтерлік балансы 2004-2005

 

 

Кестеден көріп отырғанымыздай барлық көрсеткіштер 2005 жылға өсіп отыр. Абсолютті өтімділік коэффициенті 2005 жылы талаптарға сай келіп тұр. Оның өсуі ақша қаражаттарың көбейуімен байланысты. Тез өтімділік коэффициенті толық қабылданған критериге сәйкес келеді. Оның көбейуі ақша қаражаттарының, дебиторлық борыштың және басқа да активтердің өсуімен байланысты.Ағымдағы өтімділік коэффициенті қабылданған мәнге сәйкес келмейді, бірақ маңызды емес өсуі бар.

 

 

Кесте 8. «DALA GROUP»АҚ-тің 2005 жыл Қаржылық қордың құрылымын (кәсіпорынның қорлану көздері) талдау

Көрсеткіштер

Жыл басы

Жыл аяғы

айырма

 

%

 

%

+ —

%

1) баланс валютасы

87265704

100

100799605

100

13533901

2) Меншікті капитал

39673421

45,4

49519183

49,1

9845762

3,7

3) Тартылған капитал (ҰММ+ҚММ)

62552283

71,7

71280422

70,7

8688139

-64,6

 

* Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің  бухгалтерлік балансы 2004-2005

 

 

         Кестеде көрсеткендей талдау жасалынған кәсіпорынның қаржылық қор сомасы есеп беру кезінде 100799605 теңгеге өскен, бұндай өсу  біріншіден, меншікті капиталдың 9845762 теңге және 3,7 пункте  жоғарлаған көрсеткіштің әсерінен болып тұр.

         Ал тартылған капитал 8688139 теңгеге өскен және 1 пункке жоғарлады.

 

«Dala Group» компаниясының қаржылық-шаруашылық қызметін зерттеу нәтижесінде оның қаржылық ресурстарының құрамында  көлемді қарыз қаражаттары қолданғаны анықталды.

Компания қызметкерлері капитал нарығын үнемі бақылап, капитал тартудың ең тиімді көздерін пайдаланады.

Зерттеліп отырған компанияның 2003-2005 аралығындағы кұрамын және құрылымын талдайық.

 

Кесте 9. Қарыз капиталының құрамы мен құрылымын талдау (2003,2004,2005 )

 

Көрсеткіштер

2003ж.

2004ж.

2005ж.

теңге

%

 теңге

%

теңге

%

Авансталған капитал

78949120

100

87265704

100

100799605

100

Ұзақ мерзімді міндеттемелер, оның ішінде:

 

 

 

 

 

 

Ұзақ мерзімді несиелер

20000000

25,3

15000000

17,1

20000000

19,8

Ағымдағы міндеттемелер, оның ішінде:

52398317

66,3

47592283

54,5

51280422

50,8

Бюджетпен есеп айырысу

20591081

26,1

24302283

27,8

21280422

21,1

Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу

6907641

8,7

15742165

18,0

20125789

19,9

Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу

5090132

6,4

8560118

9,8

1154633

1,14

Басқа да кредиторлық қарыздар

20591081

26,1

10

 

Қысқа мерзімді несиелер

11807286

14,9

8290000

9,4

10000000

9,9

* Мәліметтер «Dala Group» АҚ-тің  бухгалтерлік балансы 2004-2005

         Кестеде көрсеткендей авансталған капиталдың есеп беру жылы 100799605 теңгеге ие болды. Өткен 2004 жылмен салыстырғанда 13533901 теңгеге өсті. Бұл өсуіне ұзақ мерзімді несиелер (20000000-15000000) 5000000 теңгеге ұлғайды. Бұл 19,8 пайызға ие болды. Ағымдағы міндеттемелер жыл соңында 2005 жылы 51280422 теңгені көрсетті және 2004 жылға салыстырғанда 3688139 теңгеге жоғарлаған осымен бірге 50,8 пайызды көрсетті.

Міндеттемелер 4806034 мың тенге азайған, одан кейін 2005 жылы 3668139 немесе 7,7% өскен. Қысқа мерзімді міндеттемер 2004 жылы 3517236 мың тенгеге немесе 0,30% азайды, бұл ұзақмерзімді несиені тартумен байланысты. 2005 жыл олар 1710000 мың тенгеге немесе 20,6 өсті.

2004 жылы кредиторлық борыш өсімі 3711202 мың тенгеге немесе 18% құрады.Одан кейін 2005 жылы 3021861 мың тенге азайды. Ұзақмерзімді несиелерге келетін болсақ олардың ауытқуы байқалады. 2004 жылы олар 5000000 мың тенгеге қысқарды, одан кейін 2005 жылы олар осындай шамаға қайта өсті. Бұл кәсіпорының қосымша ақша қаражаттарнына мұқтаждықтарымен байланысты.    

Біз  меншік капитал үлесің тұрақты өсуін,  сәйкесінше, міндеттемелер үлесін азайғанын көріп отырмыз.   

    2005жылы міндеттемелер құрамында кредиторлық борыштың үлесі 21% құрады.Оның ауытқуы мынадай: 2003 жылы 20%; 2004 жылы 17%; 2005 жылы 20%; Қысқамерзімді несиелердің динамикасы біркелкі емес: 2003 жылы 14,9%; 2003 жылы 9,5%; 2005 жылы 9,9%. Бұл  өзгерулерді келесідей диаграммалардан көруге болады.

 

 

 

Сурет 4. Компания қаржы ресурстарың динамикасы және құрлымы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кесте 11. Қарыз капиталының жекелеген элеметтерін бағалау:

Көрсеткіштер

2003

2004

2005

1Өнімді сатудан түскен табыс мың.тг

116085793

216440689

270245870

2 Материалдық шығындар

62184321

64537115

98754862

3Қосылған құн

53901472

151903574

171491008

4 Еңбек ақы

37209748

137032175

153944204

5 ИПБН

16691724

14871399

17546804

6 Амортизация

2176328

1364461

1845679

7 ИПНН

14515396

13506938

15701125

8 Активтер

78949120

87265704

100799605

9 Экономикалық рентабельдік

18,38

15,47

15,57

10 Қысқамерзімді несиелер

11807236

8290000

10000000

11 Несиеге кеткен шығындар

1609455

1826254

1609455

12 МПОЕ (%)

13,63

22,02

16,0

13 ҚТС (%)

30

30

30

14 Дифференциал

4,75

-6,55

-0,43

15 Қарыз капитал

72398317

62592283

71280422

16 Меншік капитал

26550803

39673421

49519183

17 Қаржы тұтқасының иығы

2,7267

1,5776

1,4394

18 ҚТН

9,066

-7,233

-0,433

 

2003 жылы қаржы тұтқасының нәтижелігі 9,066 тең болғанда және дифферециал 4,75% тең болғанда кезде компанияның қарыз қаражатын тарту үшін жақсы коры болды. 2004 жылы қаржы тұтқасының нәтижелігі -7,233% құрады, активтердің экономиалық рентабельділігінің төмендеуі салдарынан қаржы тұтқасының көрсеткіштері айтарлықтай нашарлады. Дифференциал теріс -6,55% құрады, өйткені МПОЕ ЭР-дан көп, яғни рентабельдік азайды.Қаржы тұтқасының нәтижелігі теріс сан, бұл компанияның келесі жобаларын негізінен меншікті қаражаттар есебінен қаржыландыру қажеттілігін білдіреді. 2005 жылы қаржы тұтқасының нәтижелігі, 2004 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсті, бірақ -0,433% құрады.МПОЕ мен ЭР айырмашылығы алшақ емес, сондықтан ҚТН өсіп, жақсы тенденцияда.

 

2.2.   Банктік несиені тартуды басқару және жобалық   қаржыландыруды   ұйымдастыру

Компания өзінің шаруашылық қызметін ұлғайту үшін тартатын қаржы несиесінің құрамындағы банктік несиенің маңызы зор. Бұл несие кең мақсатты бағыттарға қолданылады және әртүрлі формаларда тартылады.

Несие ақшадай капиталды қарыздық капиталға өгеруін қамтамасыз етеді және несие берушілер мен қарызалушылар арасындағы қатынастарын көрсетеді. Оның көмегімен кәсіпорындардың, жеке сектордың және мемлекеттің бос ақшадай капиталдарын аккумуляцияланады, олар уақытша пайдалануға берілгені үшін төленетін төлемақы арқылы қарыздық капиталға айналады.[9]

Заңды және жеке тұлғалардың капитал салымдарын банктік несиелеу объектілеріне мынандай шығындар жатуы мүмкін: 

  • өндірістік және өндірістік емес арналымдағы объектілердің техникалық қайтақарулануына, құрылысқа, кеңеюге;
  • жылжымалы және жылжымайтын мүліктерді сатып алуға (машиналар, қондырғылар, көлік құралдары, ғимараттар мен құрылыстар);
  • бірлескен компаниялар құруға;
  • ғылыми-техникалық өнімдерді, интеллектуалдық құндылықтарды және меншіктің басқа да объектілерін жасауға;
  • табиғатты қорғау шараларын жүзеге асыруға.

Заңды және жеке тұлғалардың банкпен несиелік қатынасының негізі – ол банктік келісім-шарт болып табылады. Заңды тұлғаларға берілетін ұзақмерзімді несиелерді нақты мерзімі мен өтеу кезеңділігі шығындардың өтелуін, қарызгердің төлемқабілеттілігін және қаржылық жағдайын, несиелік тәуекелді, несиелік ресурстардың айналымдылығын жылдамдату қажеттілігін ескере отырып, банктің қарызгермен келісімі бойынша орнатылады.

Капиталдың жекелеген түрінде өндірістік қаражаттар ретінде бір саладан екінші салаға құйылуы мүмкін болмайды. Бұл процес әдетте, ақшалай капиталдың қозғалуы түрінде ғана жүзеге асырылады.

Сондықтан нарықтық экономикада несие қажет, ең алдымен, өндірістің бір саласынан екінші саласына құйю үшін тиімді механизм ретінде және пайда нормасын теңестіру үшін қажет. Ол  осы бос капиталдың жүріп өтуі қажеттілігі мен өндірістік капиталдың белгілі бір натуралды түрінде тұрақталуы арасындағы туындайтын қарама-қайшылықтарды шешіп отыруды, сол сияқты ол жеке капиталдың шектеуінен өтңп шығуына мүмкіндік береді. Сол уақытта несие жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың қорлар айналымын ұзіліссіз қозғалуына көмектеседі және өндіріс тауарларын сатып, өткізу процесіне қызмет көрсетіпи отырады.

 Несие ақша массасына, төлемақы айналымына, ақша айналымының жылдамдығына белсенді әсерін тигізеді. Несие бар болуына байланысты пайданың капитализациялану процесі тез жүреді, ал ол өндірістің маңыздылығына әкеледі.

Несие өндіріс күштерінің дамуын нығайтады, ғылыми-техникалық жетістіктердің негізінде қайта өндіру процесін кеңейтуге капиталдың қайнар көздерінің қалыптасуын тездетеді. Қарыз алушылардың қарыз капитал нарығында қол  жеткізуін реттеп отырады, оларға өкіметтік кепілдемелер мен жеңілдіктерін ұсына отырып мемлекет банктерді жалпы ұлттық бағдарламаға сәйкес әлеуметтік экономикалық дамуын жүзеге асыратын, мемлекеттік мұддесін қолдап жүретін өнеркәсіптермен өндіріс салаларын бірінші кезекте несиелеуге банктерге тұралайды. Мемлекет несиелік капитал салымдарын, тұрғын-үй мәселелерін, тауар экспортын, артта қалған аймақтарды көтеруге жұмсауы мүмкін.

Несиенің көмегінсіз фермерлік шаруашылықтардың, шағын және орта бизнестік кәсіпорындардың аяққа тұруы мүмкін емес кәсіпкерліктің басқада түрлерінің ішкі мемлекеттік және сыртқы экономикалық кеңістікке енуі мүмкін болмайды. Несиенің экономикалық мәні оның көмегімен уақытша бос ақша қаражаттар капиталға айналады.

Карл Маркстің сөзімен келісе отырып қарыз капиталының сипаттылығы туралы айтсақ, ол «тек шарт бойынша» жатсынады, ол «сатылмайды», тек «қарызға» беріледі, несие дәл айтқанда «белгілі мерзім ішінде белгілі бір ақша сомасын иемдену » мағынасын білдіреді, сондай-ақ кімде кім бос ақшадай қаражаттарына бай болса, ақшадай қаражаттарға зар болып жүрген немесе қосымша сомаларды қажет етіп отырған адамдарға несиеге береді.

Қазіргі таңда өте үлкен маңызы бар. Ол экономикалық жүйенің алдында тұрған көптеген проблемаларын шешіп отыр. Несиені бір учаскіде уақытша бос ақша қаражаттарды босатып, екінші учаскідегі соларға мүдделі болып отырған қиыншылықтарын шешуге болады. Несие босатылған капиталды күшейтеді. Сол сияқты капитал ағымына қызмет көрсетеді, ал ол қайта өндірістік процесінен қамтамасыз етіп отырады. Сонымен қоса, несие ақша айналымының процесін тездетеді, бірқатар қарым-қатынастардың орындалуын қамтамасыздандырады: сақтандыру, инвестициялық, нарықтық қатынастарды реттеудегі ролі өте зор.

Несие екі бастапқы түрде көрінеді: коммерциялық және банктік. Олар қатысушылардың құрамына қарай, қарыздық объектілеріне қарай, динамикаға, пайыз шамасымен атқару қызметінің сферасына қарай бөлінеді:

Банктік несие – белгілі процентпен, белгілі мерзімге мақсатты пайдалану үшін клиентке банктің қарызға ұсынатын ақша қаражаттарын білдіреді.

 

 

 

Онкольдік

несие

 

Револьвердік несие

 

Несие линиясын ашу

 

Банктік несиенің түрлері

 

Ломбардтық несие

 

Ипотекалық несие

 

Ролловердік несие

 

Консорциумдық несие

 

Бланктік несие (қамтамасыз етілмеген)

 

Контокорренттік несие (овердрафт) 

 

Ай сайын қарызға амортизацияланатын маусымдық несие

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сызба-3. Қазіргі кезде компанияға ұсынылатын банктік несиенің келесідей негізгі түрлері бар.[10]

  • Бланктік (қамтамасыз етілмеген) несие – жекелеген шаруашылық операцияларды жүзеге асыру үшін беріледі. Ол компанияға кассалық – есеп қызметін көрсететін коммерциялық банктермен ұсынылады. Бланктік несие формальді түрде қамтамасыз етілмеген сипатта көрінгенмен іс жүзінде ол компанияның, дебиторлық борыш мөлшерімен және оның осы банктегі есеп айырысу және басқа шоттарындағы қаражатпен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар бұл несиенің түрі тек қысқамерзімді кезеңге беріледі.
  • Контокорренттік несие («овердрафт»). Несиенің бұл түрі қамтамасыз етілген жағдайда банкпен ұсынылады, бірақ ол міндетті талап болып саналмайды. Банк осы несиені ұсынғанда компанияға контокоррентік шот ашады, мұнда оның несиелік және есеп айырусу операциялары есептеледі. Контокоррентік шот несие келісім–шартында белгіленген максималды теріс сальдодан (контокоррентік лимит) аспайтын көлемде несие пайдалану көзі болып саналады. Компания контокоррентік шоттың теріс қалдығы бойынша банкке белгіленген несие процентін төлейді, сондай-ақ келісім-шартта банк осы шоттың оң қалдығында компанияға депозиттік процент аударуы мүмкін.
  • Ай сайынғы қарызға амортизацияланатын маусымдық несие. Несиенің бұл түрі компанияның маусымдық қажеттіліктерімен байланысты айналым активтерінің ауыспалы бөлігінің өсу кезеңіндегі қалыптасуына беріледі. Осы несиенің ерекшелігі несиеге ай сайын қызмет көрсетумен (ол бойынша ай сайын процент төлеу) қатар, ай сайын негізгі қарыздың сомасын амортизациялау (өтеу) болып табылады. Мұндай қарыз амортизациясының графигі компанияның ақша қаражаттарына маусымдық қажеттілік көлемін түсірумен байланысты. Айтылған несие түрінің артықшылығы компанияның нақты қажеттілік көлемімен алынған қаржы ресурстарын тиімді пайдалану болып табылады.
  • Несие линиясын ашу. Қысқамерзімді банктік несиеге қажеттілік әрқашанда оны пайдаланудың нақты уақыты көрсетілмеуі мүмкін, сондықтан ол бойынша келісімді компания банкпен алдын ала несие линиясын ашуды рәсімдейді. Бұл келісім-шартта оған нақты қажеттілік туған кезде банктік несиені берудің шарттары, мерзімі және сомасы келісіліп көрсетіледі. Несие линиясындағы пайдаланылмайтын лимит көлемінде несие ұсыну бойынша өзінің қаржылық міндеттемелері үшін банк комиссиондық сыйақы мөлшерін орнатады. Компанияға айтылған несие түрінің артықшылығы займ қаражаттарын пайдалануда өзінің нақты қажеттіліктерімен сәйкес келуінде. Несие линиясының ашылу уақыты бір жылға дейін болады. Банктік несиенің осы түрінің ерекшелігі сол, ол тиісті келісім-шарт міндеттемесі сипатында болмауы және комапния – клиенттің қаржылық жағдайы нашарлаған кезде банкпен жабылуы мүмкін.
  • Револьвердік (автоматты түрде жаңданатын) несие. Бұл белгілі бір кезеңге және осы кезең ішінде несие қаражаттарын этаптық «таңдауға», сондай-ақ олар бойынша міндеттемелерді (негізгі қарыздың сомасына амортизация) бөлшектеп немесе толық өтеуге рұқсат берілген банктік несиенің бір түрі. Міндеттемелерді өтеу шотына төленген қаражаттарды компания несие келісім-шарт мерзімінің ішінде қайта қарызға ала алады (орнатылған несие лимиті шегінде). Қалған негізгі қарыздың өтелмеген сомасы және ол бойынша проценттер несие келісім-шартының мерзімі біткенше төленеді. Бұл несие түрінің артықшылығы несие линиясын ашумен салыстырғанда шектеулердің минималды болуы, бірақ олар бойынша проценттік ставка деңгейі әлдеқайда жоғары болады.
  • Онкольдік несие. Несиенің бұл түрінің ерекшелігі қарызгерге оны пайдалану мерзімі көрсетілмейді (қысқамерзімді несиелеу шегінде) және соңғысының кредитордың бірінші талабы бойынша оны өтеу міндеттемесі. Осы несиені өтеуде жеңілдік кезеңі беріледі (қолданылатын практикада – 3 күнге дейін).
  • Ломбардтық несие. Мұндай несие несиелеу кезеңінде компания жоғарыөтімділік активтерді (вексель, мемлекеттік қысқамерзімді міндеттемелер және т.б.) банкке өткізу арқылы несие алуы мүмкін. Бұл жағдайда несие көлемі өткізілген активтер құнының белгілі бір бөлігіне сәйкес келеді. Несиенің бұл түрі қысқамерзімді сипатта болады.
  • Ипотекалық несие. Мұндай несие негізгі қорларды немесе компанияның меншік кешенін тұтастай кепілдікке алу негізінде ұзақмерзімді займдар беруге маманданатын банктерден алынуы мүмкін (ипотекалық банктер). Өз мүліктерін кепілдікке беретін компаниялар оны банк пайдасы үшін толық көлемде сақтандыруы қажет.
  • Ролловердік несие. Бұл проценттік ставканы кезеңдік қайта қарастыратын ұзақмерзімді несиенің бір түрін білдіреді (яғни қаржы нарығы конъюнктурасының өзгеруіне байланысты «қайтанесиелеу» перманенті). Еуропалық практикада берілетін ролловердік несиенің проценттік ставкасын әр квартал немесе жарты жылда бір рет қарастыру жүзеге асырылады (жоғары инфляция жағдайында және несиеге проценттік ставканы кезеңдік қарастыруда Орталық банктің есеп ставкасының жиі ауысуы болуы мүмкін).
  • Консорциумдық несие. Банктің несие саясаты несиелеудің белгіленген нормативтер жүйесі немесе тәуекелдіктің жоғары деңгейі кейде оған компания – клиенттің несиеге деген жоғары қажеттілігін толық қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді. Бұл жағдайда компанияға қызмет ететін банк өзінің клиентін несиелеуде басқа банктерді (мұндай несиелік операцияларды жүзеге асыратын банктер одағын «консорциум» д.а.) тартады. Консорциумдық несиені ұйымдастырғаны үшін жетекші банк (клиентке қызмет етуші) белгілі бір комиссиондық сыйақы алады.

Банктік несиені тартудың түрлері мен шарттарының көптігі компаниялардың осы процесті тиімді басқаруын қажет етеді. Әсіресе бұл қажеттілік банктік несиені көп тұтынатын компанияларға тән. Бұл жағдайда банктік несиелеудің ерекшелігіне қарыз капиталын тарту саясаты мен мақсаттары нақтылана түседі де, қажет болған кезде компанияның қаржы саясатының өзіндік түрі бола алады.

Банктік несиені тарту саясатыбанктік несиені тартуды, пайдалануды және қызмет етуді нақтылайтын қарыз капиталын тартудың жалпы саясатының бір бөлігін құрайды. Банктік несиені тарту саясатын жасау келесі негізгі этаптармен жүзеге асырылады:

  • Тартылатын банктік несиені пайдаланудың мақсаттарын анықтау. Банктік несиенің әртүрлі формалары компанияның қарыз капиталына деген барлық қажеттілік спекторын толық қанағаттандыра алады (осыдан банктік несиенің әмбебаптылығы көрінеді). Оны пайдалану мақсаттары алғашқы кезде қарастырылған қарыз капиталын тартудың жалпы мақсаттарынан шығады.
  • Өзінің несиеқабілеттілігін бағалау. Компания банктік несиені тарту саясатын жасағанда өзінің негізгі параметрлерін банктің несие саясаты параметрлерімен сәйкестендіруі қажет. Банктік несие саясатының параметрлерінің құрамында негізгі орынды қарызгердің несиеқабілеттілік деңгейін бағалау болып табылады.

Қазіргі банктік практикада қарызгерлердің несиеқабілеттілік деңгейін бағалауда, оларды несиелеу шарттарын саралау екі негізгі критерилерге байланысты: а) компанияның қаржылық жағдайының деңгейі; б) компанияның ертеректе алынған несиелерін (негізгі қарыз және олар бойынша проценттер) өтеу сипаты. Компанияның қаржылық жағдайының деңгейі -ертеректе қаралған қаржылық коэффициенттер жүйесімен бағаланады, соның ішінде негізгі көңіл төлемқабілеттілік, қаржылық тұрақтылық пен рентабельділік коэффициенттеріне бөлінеді. Қарызгермен ертеректе алынған несиелерді өтеу сипаты бағалаудың 3 деңгейімен қарастырылады:

  • Жақсы, егер несие бойынша борыш және ол бойынша проценттер белгіленген мерзімде төленсе, сондай-ақ несиені 90 күннен аспайтын мөлшерде бірден артық емес пролонгацияланса (ұзарту);
  • Әлсіз, егер несие бойынша ұзартылған борыш және ол бойынша проценттер 90-нан артық емес күнді құраса, сондай-ақ 90 күннен артық уақытқа несие ұзартылса, бірақ ағымдағы міндеттеме бойынша оған қызмет етуі тиіс (ол бойынша процент төлеу);
  • Жеткіліксіз, егер несие бойынша ұзартылған борыш және ол бойынша проценттер 90 күннен артық немесе кем уақытты құрап, олар бойынша проценттер төленбесе.

Осы тұрғыдан компания отандық банктерден несие аларда өзінің несиеқабілеттілік деңгейін бағалауы қажет.

  • Тартылатын банктік несиенің қажетті түрлерін таңдау. Бұл таңдау негізінен келесі жағдайлармен анықталады:
  • Несиені пайдалану мақсаттарымен;
  • Қарыз капиталын белгіленетін пайдалану кезеңімен;
  • Тартылатын қаражаттарды пайдаланудың басы мен соңының айқындылық уақытымен;
  • Тартылатын несиені қамтамасыз ету мүмкіндіктері.

Тартылатын несие түрлерінің белгіленген тізіміне сәйкес компания осы түрлерін ұсына алатын коммерциялық банктерді зерттеу және бағалауды жүргізеді (банк рейтингі, қызметі және т.б.).

  • Банктік несиелеуді жүзеге асыру жағдайларын зерттеу және бағалау. Банктік несиені тарту саясатын қалыптастырудың бұл этапінде бағаланатын жағдайлар мен есептеулердің көптігінің болуы неғұрлым қиын және жауапкершілікті қажет етеді. Осы несиенің негізгі шарттар құрамына:
  • Несиенің шекті көлемі. Мұны коммерциялық банктер клиенттің несие рейтингісіне сәйкес және Орталық банкпен бекітілетін міндетті экономикалық нормативтер жүйесімен белгілейді. Сонымен қатар әр коммерциялық банктер жекелеген несие түрлерінің сомасына жеке лимиттер жүйесін орнатады.
  • Несиенің шекті мерзімі. Әр коммерциялық банк жекелеген несие түрлері бойынша ұсынылатын лимиттік кезеңдер формасындағы несие саясатына сәйкес орнатады.
  • Несие валютасы. Сыртқыэкономикалық операциялар жүргізетін компания –қарызгер үшін маңызды. Мұндай операцияларды орындағанда компания өзіне қажетті бір шетел валютасында несие алуы мүмкін. Мұндай несие формасы практикада сирек кездеседі.
  • Несие ставкасының деңгейі. Коммерциялық банктердің несие тартымдылығын бағалайтын басты шарт болып табылады. Оның негізіне – елдің Орталық банкінің базалық есеп ставкасында және коммерциялық банктердің орта маржасымен қалыптасатын банкаралық несиенің құны, болжанатын инфляция қарқыны, несие түрі мен оның мерзімі және т.б. кіреді.
  • Несие ставкасының формасы. Несиелік кезеңдегі оның динамикалық деңгейін көрсетеді. Банктік несие тұрақты немесе қалқымалы несиелік ставка жағдайында ұсынулуы мүмкін. Тұрақты несие ставкасы көбінесе компанияны қысқамерзімді несиелеуде қолданылады, бұл банктік несие құнын нақты анықтауға мүмкіндік береді.
  • Несие ставкасының түрі. Банктік несиені анықтауда маңызды роль атқарады. Қолданылатын түрлері бойынша проценттік (қарыз сомасын өсіру үшін) және есептік (қарыз сомасын дисконттау үшін) несие ставкасы деп бөлінеді. Егер осы ставкалар көлемі бірдей болса, онда компания проценттік ставканы қолданғаны дұрыс, өйткені бұл жағдайда қарызға қызмет ету бойынша төлемдер азайып отырады.
  • Процентті төлеу шарты оны өтеу мерзімімен сипатталады. Бұл шарттар үш принципиалды варианттарға сүйенеді:

а) несие берілген уақытта барлық процент сомасын төлеу;

б) несие бойынша проценттер сомасын біркелкі бөлшекпен төлеу;

в) қарыздың негізгі сомасын өтеген уақытта барлық проценттер сомасын бірге төлеу.

  • Негізгі қарызды өтеу (амортизация) шарты. Несие қаражаттарын нақты пайдалану көлемімен қатар, оның құнына да айтарлықтай әсер етеді. Негізгі қарыз амортизациясының үш принципиалды варианты бар: а) несиелік кезең процесіндегі белгілі бір бөліктер; б) несиелік кезең аяқталғаннан кейін; в)  несие мерзімі біткеннен кейін қарызды өтеу үшін берілетін жеңілдік кезеңі. Әрине басқа жағдайларбірдей болған кезде компания үшін соңғы вариант тиімді болып саналады.
  • Несиені қамтамасыз ету формалары. Бұл негізінен оның құнын анықтайды – неғұрлым несие берік қамтамасыз етілсе, соғұрлым оның құнының деңгейі төмен болады. Несиені қамтамасыз етудің бір формасы несие қаражаттарын пайдаланудың нақты көлемін анықтайды. Компанияның несие қаражаттарын пайдаланудың нақты көлемін төмендетудің және банктік несиенің құнын өсіретін негізгі шарттар болып:
  • Несиелік проценттерді есептегенде есептік ставканы қолдану;
  • Несие бойынша процент сомасына аванстық төлем;
  • Несиелік кезеңде негізгі қарыздың сомасына біртіндеп амортизация;
  • Ақша активтерінің компинсациялық қалдық формасындағы тартылған несие қаражаттарының белгілі бір сомасын сақтау.
  • Несиелік келісім – шарт процесінде несие шарттарын «түзету». Бұл термин қаржы нарығындағы несие құралдарын сату-сатып алудың орташа шарттарын нақты несие келісім-шартымен сәйкес келтіру процесін сипаттайды.
  • Банктік несиені тиімді пайдалануды қамтамасыз ету. Банктік несие қазіргі жағдайда тартылатын қарыз капиталының ең қымбат түрі болып саналатындықтан компанияда оны тиімді пайдалануға басты назар бөлінуі қажет.
  • Банктік несиеге ағымдағы қызмет етуге бақылауды ұйымдастыру. Банктік несиеге ағымдағы қызмет ету несие келісі-шартына сәйкес ол бойынша проценттерді уақытылы төлеп отыруды білдіреді.
  • Банктік несиелер бойынша негізгі қарыздың сомасына уақытылы және толық амортизацияны қамтамасыз ету. Негізгі қарыздың сомасына амортизация әдістері несие келісімінде көрсетілген өтеу шарттарына байланысты.

Компанияларда несиені өтеу үшін арнайы қорлар құрылуы мүмкін (қысқамерзімді несиелер үшін өтеу қоры құрылмайды). Мұндағы төлемдер жасалған график бойынша жүзеге асып отырады.

Жобалық қаржыландыру – бұл қарыздық қаржыландырудың бір түрі. Жобалық қаржыландыру бөлімдері көптеген банктік мекемелерде бар. АҚШ-та «жобалық қаржыландыру» термині, ол жобаның өзі қосымша қаржыландыру көздерін тартпай-ақ қарыз міндеттемелеріне қызмет етудің жалғыз ғана әдісі болып табылатын қаржыландырудың бір типін сипаттайды. Европада бұл термин жобаларды қаржыландыру үшін ақша қаражаттарын ұсынудың әртүрлі әдістерін бейнелейді. Бірақ келтірілген барлық анықтамалардың түйіні бір, ол – жобалық қаржыландыру нақты ақшалардың жоспарланған ағымын нақты алуды қамтамасыз ететін ерекше әдіс екендігін сипаттайды. Нақты ақшалардың жоспарланған ағымын нақты алу жобаның барлық қатысушылары арасында (мердігерлік ұйымдар, қаржы мекемелері, мемлекеттік органдар, жабдықтаушылар және соңғы өнімді тұтынушылар) жобамен байланысты тәуекелдердің барлық түрін анықтау және бөлу жолымен қол жеткізіледі.

Жобалық тип бойынша қаржыландыруды ұйымдастыру жобаны жүзеге асырудың бастапқы стадиясында мыналарға мүмкіндік береді:

  • оның лидерлерінің (құрылтайшылар) мүмкіншіліктерін бағалауға;
  • жобаның займдық қаражаттарға қажеттілігін анықтауға;
  • компанияны эксплуатацияға бергеннен кейінгі табысты анықтауға;
  • барлық мүдделі заңды және жеке тұлғалар арасында компанияны құру және функционалдау тәуекелін бөлуге.

Кредитор өзіне тәуекелдің қандай үлесін қабылдауына қарай жобалық қаржыландырудың үш формасын бөліп көрсетуге болады:

  • қарызгерге толық регреспен;
  • қарызгерге қандай да бір регрессіз;
  • қарызгерге шектеулі регреспен.

Регресс – бұл қарызға берілген соманы өтеу туралы талап.

Қарызгерге толық регреспен қаржыландыру – жобалық қаржыландырудың айтарлықтай кең тараған формасы. Бұл формаға жобаны қаржыландыру үшін қажетті қаражаттарды алудың жылдамдылығы мен қарапайымдылығы үшін үлкен мән беріледі, сонымен қатар, қаржыландырудың бұл формасының құны қалған екеуінен төмен.

Қаржыландырудың мұндай формасы келесідей жағдайларда қолданылады:

  • Аз табысты және коммерциялық жобаларды қаржыландыру үшін қаражаттар беру, олардың тапсырыс берушілері қарызгердің басқа да табыстары есебінен несиелерді өтеуге мүмкіндік алады.
  • Экспорттық несие формасында қаражаттар беру. Экспорттық несиелерді беру бойынша көптеген мамандандырылған агенттіктер үшінші жақтың қосымша кепілдерінсіз-ақ жоба тәуекелдерін өздеріне қабылдауға мүмкіндіктері бар.
  • Жоба бойынша берілген кепілдердің (гарантия) сенімділігінің жеткіліксіздігі.

Шығындардың болымсыз ұлғаюына сезгіштік танытатын кіші-гірім жобалар үшін қаражаттар беру.

Қарызгерге қандай да бір регрессіз жобалық қаржыландыру кезінде кредитор қарызгерден ешқандай кепілге ие болмай, жобаны жүзеге асырумен байланысты барлық тәуекелдерді өзіне алады. Қаржыландырудың бұл формасы қарызгер үшін құны жоғары, өйткені кредитор тәуекелдің жоғарығы дәрежесі үшін сәйкес компенсация алуға үміттенеді.

Қарызгерге регрессіз формасымен әдетте, жоғары табысты және жүзеге асыру нәтижесінде бәсекеқабілетті өнім беретін жобалар қаржыландырылады. Кредиторлардың мұндай жобаға қаражат салу тәуекеліне бару үшін келесідей шарттар қажет:

  • Бәсекеқабілетті өнім шығаруға мүмкіндік беретін жақсы қолданыстағы технологияны пайдалану;
  • Құрылыс тәуекелін, жобалық қуатқа шығу тәуекелін, сондай-ақ жобаны функционалдаумен байланысты тәуекелдерді бағалауға мүмкіншілік алу;
  • Соңғы өнім жеңіл өткізілетін болуы керек, тек сол кезде ғана баға тәуекелін анықтау мүмкін болады;
  • Шикізат, қосымша бөлшектерді және тағы да басқаларды жабдықтаушылармен сенімді келісім болуы және белгілі бір бағалар орнатылуы қажет;
  • Мемлекеттегі саяси тұрақтылық.

Қазіргі кезде қарызгерге шектеулі регреспен жобалық қаржыландыру кең таралып келеді. Бұл жағдайда жобаны қаржыландыру барысында оны жүзеге асырумен байланысты барлық тәуекелдер бағаланады және жобаға барлық қатысушылар арасында бөлініп, әрқайсысы өздеріне тиесілі тәуекелдерді алады.

Қарызгерге шектеулі регреспен жобаны қаржыландыру формасының беделі басқа формалармен салыстырғанда қарызгердің қаржылық жағдайына аз әсерімен түсіндіріледі.

Жобалық қаржыландырудың несиелеудің дәстүрлі түрлерінен ерекшелігі тек қарызгердің төлемқабілеттілігін бағалауға, тұтас инвестициялық жобаны, ол бойынша тәуекелдерді қарастыруға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар нәтижелерді болжауға мүмкіндік туғызады. Осының бәрі өмірқабілетті компания құруға мүмкіндік берумен қатар, инвесторларды тартуға ықпал етеді.

Әдетте инвестициялық жобаларды несиелеу барысында несиелерді мақсатты пайдалануға бақылау механизмі жасалады. Сондықтан несиелік келісімнің мәтініне қарызгердің жобаны жүзеге асыру кезінде ақпараттарды беріп отыру туралы міндеттемелер енгізіледі.

Инвестордың меншікті қаражаттар есебінен, сондай-ақ банктің меншікті қаражаттары есебінен капитал салымдарын қаржыландыру қатысушы жақтардың келісімі бойынша жүргізіледі. Бұл жағдайда келісім жасасқан қатысушылар капитал салымдарын қаржыландыру үшін банктердегі шоттарға инвесторлардың меншікті қаражаттарын салу, мердігерлік жұмыстарды орындау және қондырғыларды, материалдық және энергетикалық ресурстарды жеткізу, қызметтер көрсету үшін инвестициялық процеске қатысушылар арасында өзара есеп айырысу және несиелеу тәртібін өздігінше анықтайды.

Жоба жетекшісінің жұмысының тиімділігі негізінен жобаға кететін шығындарға бақылау бойынша жұмыстың қаншалықты жақсы ұйымдастырылғанымен бағаланады. Шетелде осы процесті басқару үшін тәуекелдерді басқарудың арнайы жоспары қолданылады. Бұл жоспарды келісім – шарттарды дайындау кезінде жасайды және одан кейін оны үнемі жетілдіріп отырады. Бұл жоспар мыналарды анықтайды:

  • қандай шығындар бақылауға жатады (компания шығындары, қондырғының, материалдың, жұмыс күшінің құны);
  • шығындар қандай көрсеткіштермен анықталады;
  • бақылау қалай ұйымдастырылады.

Жобаның жетекшісі шешімдердің дұрыс қабылдануына және олардың орындалуына жауап береді. Ескере кететін жәйт, бақылау тиімділігі жобаны жүзеге асырудың айтарлықтай кейінгі этаптарында төмендетіледі.

Меншікті және займдық қаржы ресурстарының арақатынасы жобаның инвестиция құрылымын құрайды және бірқатар факторлардан тәуелді болады, олардың негізгілеріне:

  • қаржы ресурстары нарығының дамуы;
  • жобаны орындау ұзақтылығы және техникалық қиындығы;
  • компанияда жобаны жүзеге асыруда қалыптасқан тәжірибие.

Нарықтық экономикасы бар көптеген мемлекеттерде меншікті және займдық қаражаттардың арақатынасы 1-ден төмен, яғни займдық қаражаттардың үлесі 50 %-тен жоғары болады.

 

                   2.3 Тауар (коммерциялық) несиесін тартуды және

ішкі кредиторлық борышты басқару

 

Тауар (коммерциялық) несиесі – ол шикізат, материалдар немесе тауарлар үшін төлемдерді кейінге қалдыру формасында компанияға ұсынылатын қарыз. Бұл қазіргі коммерциялық және қаржылық практикада кең қолданылып жүрген несие түрі. Оны тартатын компаниялар үшін қарыз капиталын қалыптастыратын басқа көздермен салыстырғанда бірқатар артықшылықтары бар:[11]

  • Тауар несиесі – айналым активтерінің айтарлықтай өтімділігі төмен бөлігін – тауар – материалдық құндылықтардың өндірістік қорларын қарыз капиталы есебінен қаржыландырудың айтарлықтай жоғары маневрлік формасы болып табылады.
  • Ол қарыз қаражаттарын тартудың өзге формаларында маусымдық қажеттілікті автоматты түрде қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
  • Несиелеудің бұл түрі қойылған шикізат, материалдар мен тауарларды компанияның мүліктік кепілдігі ретінде қарастырмайды, ол материалдық құндылықтармен ұсынылған несиені еркін пайдалануға мүмкіндік береді.
  • Несиенің бұл түрінде тек компания – қарызгердің мүддесі үшін ғана емес, сонымен бірге оның жабдықтаушысының мүддесі де бар, өйткені ол өнім шығару көлемін ұлғайту және қосымша табысты қалыптастыруда оларға жағдай туғызады. Сондықтан тауар несиесі қазіргі шаруашылық практикада оны тек «таңдаулы» қарызгерлерге ғана емес, сондай-ақ белгілі бір қаржылық қиындықтар көріп жатқан компанияларға да ұсынылады.
  • Тауар несиесінің құны тартылатын қаржы несиесі (оның барлық формаларында) құнынан анағұрлым төмен.
  • Тауар несиесін тарту компанияға қаржылық циклдің жалпы кезеңін қысқартуға мүмкіндік беріп, айналым активтерін қалыптастыру үшін пайдаланылатын қарыз қаражаттарына деген қажеттілікті төмендетуге жағдай туғызады.
  • Ол компаниямен тартылатын өзге де несие түрлерімен салыстырғанда рәсімдеу механизмінің қарапайымдылығымен сипатталады.

Сонымен бірге, несие құралы ретінде тауар несиесінің де кемшіліктері бар. Олар:

  • Осы несиенің түрін пайдалану мақсаты өте тар сипатта болады – ол тек айналым активтер құрамындағы өндірістік запастарды қаржыландыру үшін ғана компанияның қарыз капиталына деген қажеттілігін қанағаттандырады. Қаржыландырудың басқа да мақсатты түрлеріне тікелей қатысуда несиенің бұл түрі қолданылмайды.
  • Несиенің бұл түрі өте шектелген уақыт сипатында болады. Оны ұсыну мерзімі бірнеше аймен ғана шектеледі.
  • Басқа несие құралдарымен салыстырғанда оның жоғары несиелік тәуекелділігі болады, өйткені қамтамасыз етілмеген несие түрі болып табылады.

Тауар несиесінің осы артықшылықтары мен кемшіліктерін компания өзіне қажетті қарыз капиталын тартқанда ескеруі қажет. Қазіргі коммерциялық және қаржылық практикада тауар несиесінің келесідей негізгі түрлерін бөліп көрсетеді:

  • Келісім – шарт жағдайлары бойынша төлем уақыты кейінге қалдырылатын тауар несиесі;
  • Борышты вексельмен рәсімдейтін тауар несиесі;
  • Ашық шот бойынша тауар несиесі;
  • Консигнация формасындағы (сыртқыэкономикалық комиссиондық операция) тауар несиесі.

Тауар несиесін тарту саясатыкомпанияның қарыз капиталын тартудың жалпы саясатының бір бөлігін құрайды, оның мақсаты — өндірістік запастарды қалыптастыруды қаржыландырудағы қажеттілікті максималды қанағаттандыруды және тартылған қарыз капиталының жалпы құнын төмендетуді қамтамасыз ету. Компанияның тауар несиесін тарту саясатын жасау келесі негізгі этаптармен жүзеге асырылады:

  • Тауар несиесін тарту принциптерін қалыптастыру және олардың негізгі түрлерін анықтау;
  • Тауар несиесін пайдаланудың орта кезеңін анықтау;
  • Тауар несиесін тарту шарттарын оптимизациялау;
  • Тауар несиесін тарту құнын минимизациялау;
  • Тауар несиесін тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;
  • Тауар несиесі бойынша уақытылы есеп айырусуларды қамтамасыз ету.

Коммерциялық несиені тарту процесінде кредиторлар тарапынан қаржылық емес формадағы әсер етуді алып тастау қажет (керек емес тауар ассортиментін ұсыну, төмен сапалы өнім және т.б.)

Ішкі кредиторлық борыш – тартылатын қарыз капиталының анағұрлым қысқамерзімді түрін сипаттайды.[12] Бұл ішкі көздер шотынан құралады. Бұл шоттардың әрқилы түрлері бойынша қаржылық аударымдар компаниямен күнделікті, ал осы ішкі борыш бойынша міндеттемелерді өтеу – бір айға дейінгі белгілі бір уақытта орындалып отырады. Компания өзінің шаруашылық қызметі процесінде пайдаланатын қарыз капиталының бір формасы ретінде ішкі кредиторлық борыш келесідей негізгі ерекшеліктерімен сипатталады:

  • Ішкі кредиторлық борыш компания үшін қарыз капиталын пайдаланудың тегін көзі болып табылады;
  • Оның айналымы күнмен көрсетілетін ішкі кредиторлық көлемі компанияның қаржылық циклінің жалғастығына әсер етеді;
  • Компаниямен қалыптастырылатын ішкі кредиторлық борыштың сомасы компанияның шаруашылық қызмет көлеміне тікелей байланысты болады, бірінші кезекте өндіріс пен өнім шығару көлемімен;
  • Ішкі кредиторлық борыштың болжанатын көлемінің көпшілік түрлері бойынша тек бағаланылатын сипатта болады.

Жоғарыда айтылған ішкі кредиторлық борыштың ерекшеліктерін оны басқару процесінде компаниямен ескеріледі. Ішкі кредиторлық борышты басқару – оның түрлерімен анықталатын дифференциалдық сипатта болады. Басқару объектісі болып табылатын оның негізгі түрлеріне:

  • еңбекақы бойынша қарыз;
  • бюджеттен тыс қорларға (әлеуметтік және медициналық сақтандыру, зейнетақы қоры) аударымдар бойынша қарыз;
  • бюджетке салықтық төлемдер бойынша қарыз;
  • компанияның мүлкін сақтандыруға аударымдар бойынша қарыз;
  • еншілес компаниялармен есеп айырылысулар бойынша қарыз;
  • компанияның ішкі кредиторлық борыштары құрамындағы басқа да аударымдар.

Компанияның ішкі кредиторлық борышын басқарудың басты мақсаты – оның құрамына кіретін уақтылы қаржылық аударымдар мен төлемдерді қамтамасыз ету. Аударылған қаражаттарды уақытылы төлеуді қамтамасыз ету компанияның қаржылық мүддесіне қарсы келеді; осы қаражаттарды кешіктіріп төлеу ішкі кредиторлық борыш көлемінің өсуіне әкеледі, бұдан несиеге қажеттілік пен капиталдың өлшенген орта құнын төмендетеді. Бірақ компания дамуының жалпыэкономикалық мүдделері тұрғысынан мұндай төлемдерді кешіктіру одан да үлкен көлемде теріс жағдайларға ұшыратады.

Қызметкерлердің еңбекақысына төлемдерді кешіктіру жұмысшылардың материалдық қызығушылығы мен еңбек өнімділігінің деңгейін төмендетеді; кадрлардың кетуінің ұлғаюына әкеледі. Салықтық төлемдерді кешіктіру айыппұлдық санкциялардың өсуіне соқтырады; компанияның кәсіби беделін нашарлатады; оның несие рейтингісін түсіреді.

Сондықтан, стратегиялық даму тұрғысынан ішкі кредиторлық борыш құрамына кіретін уақытылы қаржылық төлемдер мен аударымдар компания экономикасына жоғары артықшылықтар әкеледі (оны кешіктіруге қарағанда). 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «Dala Group» компаниясының қарыз қаражатын қалыптастыру механизмін жетілдіру жолдары

3.1. Облигациялық займ мен қаржы лизингін басқару

Жасалған талдауға сәйкес төмендегідей ұсыныстар жасауға болады:

  • қаржылық және есептік-төлемдік тәртіптерін нығайту;
  • кешіктірілген төлемдербойынша мердігерлержәне сатып алушылар арасында талаптық жұмыстарды жүргізу; Айналым капиталын басқару бойынша;
  • есепке алуды жетілдіру;
  • табысы мол тапсырыс қоржынын (портфель) пайдалана отырып ақша қаражаттырын пайдалану көлемін үлкейту бойынша шараларды жүзеге асыру;
  • тұтынушы-төлемеушілермен өзара қатынастарда кешіктірілген төлемдердің индексациясын жүргізуді, ақша қаражаттарын инфляциядан және тұтынушылар мен тапсырыс берушілер арасындағы қазіргі заман есеп айырысу тәсілдеріне деген қызығушылықтың жоғарлауынан қорғау мақсатында тәжірибеге енгізу.
  • Тұтынушының төлем қабілеттілігіне (төлем қабілеттілігі жоқ тұтынушылар мен тапсырыс берушілердің тапсырмаларынан бас тарту) қарай жекелей әсер ететін техникалық шараларды құрамтыру;
  • Шоттарды өз уақытында төлеп отыратын тұтынушыларға сый ретінде материалдарға деген бағаны төмендету арқылы көмек көрсету;
  • Шартта төлемнің икемді жағдайларын енгізу арқылы қосымша жұмысшыларды ынталандыру шараларын құрастыру және енгізу;
  • Бюджетке төленетін төлемдерді өз уақытында төлеуді вексельдік айналым немесе өзара есепке алуды енгізу арқылы жүзеге асыру;
  • Арзан материал ресурстарын іздеумен байланысты шараларды, өнеркәсіптік өндіріспен байланыстарды бекіту арқылы жүзеге асыру;
  • өнімдер конструкцияларын қарапайымдау, өндірістің техникасы мен технологиясын жетілдіру, құрылыс материалдарының сапалы өнімдері (заготовка) және тасымалдау мен сақтау кезінде жоғалтуларды азайту, бракты болдырмау, шығынды минималдау, жұмысшылардың кәсіби деңгейін көтеру арқылы материалдарды экономдау;
  • материалды-техникалық қамтамасыз етуді жетілдіру арқылы кәсіпорын қызметінің үздіксіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды жүзеге асыру;

Кәсіпорын өз ақша қаражаттарының құйылуын максимизациялау мақсатында икемді төлем шарттарының бірнеше модельдерін құрастыруы қажет. Кешіктірулер үшін айыппұл санкцияларын қолданғаннан гөрі төлемді тездету үшін жеңілдіктерді қолданған жөн. Инфляция жағдайында ол өткізілген өнімнің ағымдағы құнының төмендеуіне алып келеді, сондықтан алдын ала төлемді жүзеге асыру кезінді мүмкіншілікті дұрыс бағалаған жөн.

         Төлемдердің уақытынан кешіктірілуін қысқарту мақсатында нарықтық экономикасы дамыған елдерде кеңінен пайдаланылатын жедел қаржыландыру әдісін пайдаланған дұрыс. әдістің мәні болып, сатып алушыларға жеңілдіктерді есептесулар мерзімінің қысқаруы үшін белгіленуі саналады және бұл ақша қаражаттарын арзан алу жолы болып табылады.

         Сатып алушыға өнім үшін мерзімінен кешіктіруді (отсрочка) ұсыну арқылы сатушы – кәсіпорын басқаша айтқанда несие ұсынады және жіберіп алынған пайдаға барады, егер кәсіпорын оны бірден алатын болса сол сомаға үстеме болатын банктік пайыз түріндегі шығын болар еді. (қайтадан тексеріп көр). Сонымен қатар егер рентабельдік орташа банктік пайыздан асатын болса, онда бірден айналымға салынған төлем сомасы одан да көбірек табыс әкелер еді.        

  • салықтарды реструктуризациялау арқылы несиелік қарызды қысқарту;
  • алашақ (дебеторская) шоттарды сату;
  • жұмысшылар алдындағы қарыздарды азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларын өткізу арқылы қысқарту;

өндірістік қызметті кеңейту үшін ұзақ мерзімді қарызды пайдалану.            

Қарыз капиталын тартудың бір көзі ол – компанияның меншікті облигацияларын эмиссиялау болып табылады. Қарыз капиталын қалыптастырудың осы көзіне біздің заңнамамызға сәйкес акционерлік формада құрылған және шаруашылық қоғамның басқа түрлеріндегі кәсіпорындар жүгіне алады. Облигацияны шығаруды компания өзі шешеді. Облигацияны орналастырудан түскен қаражаттар компанияның стратегиялық дамуын қаржыландыру мақсатына бағытталады. Несие құралы ретінде облигациялық займдардың белгілі бір артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Облигацияны шығару жолымен тартылған қарыз капиталының негізгі артықшылықтарына мыналар жатады[13]:

  • Облигация эмиссиясы компанияны басқару бақылауынан айырмайды (мысалы акция шығаруға қарағанда);
  • Облигациялар проценттер бойынша төмен қаржылық міндеттемелермен шығарылуы мүмкін (банктік несиенің проценттік ставкасымен немесе акция бойынша дивидендтермен салыстырғанда);
  • Облигациялар компания акцияларына қарағанда таралу мүмкіндігі жоғары.

Сонымен бірге қарыз капиталын тартудың бұл көзінің бірқатар кемшіліктері де бар:

  1. Облигациялар жарғылық қорды қалыптастыру және шығындарды жабу үшін шығарылмайды (ал банктік немесе коммерциялық несиелер компанияның қаржылық қызметінің теріс және қолайсыз жағдайларын жабуда қолданылуы мүмкін);
  2. Облигация эмиссиясы қаржы қаражаттарының айтарлықтай шығындарымен байланысты және уақыт жалғастығын қажет етеді. Облигацияны шығару және орналастыру бойынша жоғары шығындар деңгейімен байланысты, мұны тек ірі компаниялар ғана орындайды;
  3. Проценттер мен негізгі қарыз сомасын уақтылы төлеуде компанияның қаржылық жауапкершілік деңгейі өте жоғары;
  4. Облигация шығарылғаннан кейін қаржы нарығының конъюнктурасындағы қарыз капиталының орташа ставкасы облигация бойынша орнатылған проценттік ставканы төлеуден айтарлықтай төмен болуы мүмкін. Бұл жағдайда қосымша пайданы компания емес, инвесторлар алады және осы кезеңде өзінің қарызына қызмет ету бойынша компания жоғары шығындарға ұшырайды.

Компаниямен эмиссияланатын облигациялардың әрқилы түрлері болады. Негізгі ерекшеліктері бойынша компанияның облигациясы былай жіктеледі:

  • Рәсімделу және айналу ерекшеліктері бойынша: атаулы және ұсынылатын облигациялар;
  • Табыстарды төлеу формалары бойынша: проценттік және дисконттық облигациялар;
  • Өтеу мерзімі бойынша: қысқамерзімді (1 жылға дейін) және ұзақмерзімді (1 жылдан жоғары);
  • Уақытынан бұрын төлеу мүмкіндігі бойынша: кері шақырылып алынатын және кері шақырылып алынбайтын облигациялар.

Компанияның қарыз капиталына қажеттілігі мен қарастырылған облигациялар жіктелуінен облигациялық займды басқару процесі құрылады. Компанияның облигациялық эмиссиясын басқарудың негізгі мақсаты – бағалы қағаздар нарығындағы осы түрді шығару және орналастыру жолымен қарыз капиталының қажетті көлемін тартуды қамтамасыз ету. Компанияда облигациялық займды басқару келесі негізгі этаптар бойынша құрылады:

  • Компанияда болжамды облигация эмиссиясын тиімді орналастыру мүмкіндігін зерттеу. Компанияның қарыз капиталын тартудың альтернативті көзі ретінде облигациялық займды таңдау – бағалы қағаздар нарығында эмиссияланатын облигацияны жылдам орналастыру жағдайлары мен қарыз капиталының бұл түрінің құнының төменділігі. Осы екі жағдай қор нарығы конъюнктурасы жағдайымен және эмиссияға белгіленетін инвестициялық тартымдылық деңгейімен байланысты.
  • Облигациялық займды тарту мақсатын анықтау. Компания өзінің стратегиялық дамуын қаржыландыру мақсаттарында ұзақмерзімді қарыз қаражаттарын тартудың альтернативті көздерінің шектеулілігі кезіңде облигациялық займдарды қолдануы мүмкін. Мұндай мақсаттардың негізгілері болып: а) өнім шығару көлемін ұлғайтуды қамтамасыз ететін компанияның операциялық қызметінің аймақтық диверсификациясы; б) таза ақша көлемінің өсу есебінен салынған капиталды тез қайтаруды қамтамасыз ететін нақты инвестициялар (модернизация, реконструкция, т.б.); в)  басқа көздерден тарту қиын болған жағдайда қарыз капиталының жылдам аккумуляциясын талап ететін басқа да стратегиялық мақсаттар.
  • Өзінің несие рейтингін бағалау. Облигациялық займды орналастыру потенциалы мен оның құны компанияның несие рейтингісіне тәуелді. Компанияның несие рейтингісінің деңгейі қор нарығында сәйкес «несиелік спрэда» көлемін қалыптастырады, яғни табыстылық деңгейі мен баға котировкасы және «базалық облигация» мен эмиссияланатын облигация арасындағы айырмашылық. Компанияның несиеқабілеттілігінің жоғары деңгейі және оның қарызгер ретінде сенімді беделі – облигациялық займды орналастырғаны үшін қосымша төленетін эмитент несиелік спрэданы минимумға түсіруге мүмкіндік береді.
  • Облигация эмиссиясының көлемін анықтау. Облигация эмиссиясының көлемін анықтау  барысында  компания  өзінің   ертеректе   қаралған   қарыз   капиталына
  • қажеттілігі және оны басқа альтернативтік көздерден қалыптастыру мүмкіндіктерін ескеруі қажет. Осы көлемді анықтау процесінде заңнамалық нормативтерге сәйкес компания өзінің жарғылық қор көлемінің 25 процентінен аспайтын сомада облигация шығару мүмкіндігі бар екенін білуі қажет.
  • Облигацияны эмиссиялау шарттарын анықтау. Эмиссиялау шарттарын қалыптастыру облигациялық займды басқарудың айтарлықтай күрделі және жауапты сатысы болып табылады. Бұл шарттар қарыз капиталын тартудағы мақсаттарды қанағаттандыру деңгейін, қор нарығында компания облигациясының инвестициялық тартымдылық деңгейін, облигациялық займды тарту құнын және т.б. анықтайды. Облигацияны эмиссиялаудың негізгі шарттар қатарына мыналар жатады: облигация номиналы, облигация түрі, облигацияның айналу мерзімі, облигация табыстылығының ортажылдық деңгейі, проценттік табысты төлеу тәртібі, облигацияны өтеу тәртібі, облигацияны уақытынан бұрын сатып алу шарты, облигация эмиссиясының басқа да арнайы шарттары.
  • Облигациялық займның құнын бағалау. Мұндай бағалау эмиссия шарттарының негізінде жүргізіледі және мынадай есептеу элементтерін қосады: проценттің орташа жылдық ставкасы, табысқа салынатын салық ставкасы, көлемге байланысты эмиссиялық шығындар деңгейі және тағы басқалар. Облигациялық займның құнын бағалау нәтижелері – осы көзден тартылатын қарыз капиталының басқа альтернативтік көздерден тартылатын қарыз капиталының салыстырмалы тиімділігімен анықталады.
  • Андеррайтингтің тиімді формаларын анықтау. Егер облигация эмиссиясын орналастыруға андеррайтингтер тартылса, онда компания олардың құрамын анықтауы қажет, олармен облигацияларды бастапқы сату бағасы және олардың комиссиондық сыйақы мөлшері бойынша ақылдасуы керек.
  • Облигацияны өтеу қорын қалыптастыру. Облигациялық займды басқарудың соңғы этапы – компания оларды өтеу уақтындағы сатып алу қорын қалыптастыру үшін тұрақты аударымдар көлемін анықтау болып табылады. Бұл жағдайда аннуитет түріндегі төлемдерді есептеу формуласы қолданылады. Аннуитеттік төлемдер формуласы облигациялар бойынша қызмет ету кезіңде де қолданылуы мүмкін.

Өтеу қорына аударымдар ақшалай формада, сондай-ақ қор нарығында сатып алынған облигациялармен жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі таңда кейбір компаниялар мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу арқылы олардан белгіленген проценттер алып отырады.

Қаржы лизингін басқару

Еліміздің нарықтық қатынастарға өтуі қаржы қызметінде нарықтық экономикасы дамыған елдерде кең қолданылатын несие құралдарын белсенді пайдалануға әкелді. Біздің елімізде инвестициялық жобаларды қаржыландырудың перспективалық бір бағытына лизингті жатқызуға болады. Лизинг машиналарды, көлік құралдарын, қондырғыларды, сондай-ақ өндірістік сипаттағы құрылыстарды ұзақмерзіміді жалға алуды, яғни инвестициялау формасын білдіреді. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: оперативті лизинг – толық өтелмейтін, қаржылық лизинг – толық өтелетін. Оперативтік лизингке арендаға берілетін лизингберушінің алған мүлкіне байланысты шығындары аренданың бастапқы мерзімі ішінде бөлшектеп өтелетін барлық келісім-шартты жатқызамыз. Оперативтік лизингтің келесідей ерекшеліктері бар:

  • бірғана жалға алушыдан түсімдер есебінен лизингберуші өзінің барлық шығындарын жабуды көздемейді;
  • аренда мерзімі мүліктің толық физикалық тозуын қамтымайды;
  • мүліктің бұзылуы немесе жоғалып кету тәуекелі лизингберушінің мойнында болады;
  • мүліктің белгіленген мерзімі аяқталған соң лизингберушіге қайтарылады, одан кейін ол не сатады, не келесі клиентке қайта жалға береді.

Оперативті лизинг құрамына кіретіндер: рейтингбір күннен бір жылға дейінгі мүліктің қысқамерзімді арендасы; хайринг – бір жылдан үш жылға дейінгі ортамерзімді аренда. Көрсетілген операциялар стандартты қондырғыны бір жалғаалушыдан келесісіне бірнеше рет қайталанып беруді білдіреді.

Қаржылық лизинг машиналар мен қондырғылардың толық амортизациясы үшін жеткілікті, лизингберушіге тұрақты табысты қамтамасыз ете алатын аренда мерзімі ішінде нық белгіленген арендалық төлем сомасын төлеуді қарастырады. Қаржылық лизинг келесідей түрлерге бөлінеді: қызмет көрсетілетін лизинг, леверидж лизинг, «пакеттегі» лизинг.[14]Қызмет көрсетілетін лизинг қаржылық лизингтің мердігерлік келісім-шартпен үйлесуін білдіреді және жалға берілген қондырғыны техникалық қызмет көрсетуге байланысты бірқатар қызмет көрсетуді сипаттайды.

Леверидж лизинг – қаржылық лизингтің ерекше түрі. Бұл келісімде жалға берілетін қондырғының үлкен үлесі (құны бойынша) үшінші жақ – инвестордан алынады. Аренда мерзімінің бірінші жартысында арендаға алынған қондырғы бойынша амортизациялық аударымдар және оны иеленуге алынған қарыз бойынша проценттерді төлеу жүзеге асырылады. Бұл инвестордың табысына салынатын салықты төмендетеді және салықты кешіктіру эффектісін туғызады.

«Пакеттегі» лизинг – компанияның қаржыландыру жүйесі, бұл кезде ғимараттар мен құрылыстар несиеге беріледі, ал қондырғы аренда келісім-шарты бойынша лизингалушыға ұсынылады.

Қаржы лизингі (халықаралық практикада және мынадай «капитал лизингі» немесе «лизигіленетін активтердің толық өтеленетін лизинг»

терминдермен сипатталады) экономикалық қатынастардың күрделі жүйесімен – арендалық, саудалық, несиелік және т.б. сипатталады. Қаржы лизингісінің несие қатынастары кең диапозонды көп аспектілігінен көрінеді.

Лизингтік келісім бойынша объектіні алу көзін ескере отырып лизингті тікелей және қайтарымды деп бөлуге болады. Тікелей лизинг лизингалушы мүддесі үшін лизингберушінің өндіруші – компаниядан (жабдықтаушы) мүлікті иеленуді сипаттайды. Қайтарымды лизинг — өндіруші-компанияның өз меншікті мүлкінің бір бөлігін лизингтік компанияға беруді және сол уақытта оның арендасы жөнінде келісім-шартқа отыруды көрсетеді.

Сонымен, компания өз мүлкінің эксплуатациясын тоқтатпай-ақ, оны жалға беруден ақша қаражаттарын алып отырады. Мұндай операция компания үшін арендалық төлемдер сомасымен салыстырғанда жаңа инвестициялар жасаған сайын алынатын жоғары табыстарымен тиімді болып келеді.

Лизингтік келісімдегі объектіде кемшілік байқалған жағдайда лизингберуші кепілдік (гарантия) міндеттемелерден бос деп саналып, лизингалушы барлық притензиларын тікелей жабдықтаушыға тағады. Лизингті пайдалану кезінде лизинг алушыға арендаға алынған мүлікті пайдалануда тек уақытша құқық беретінің ескеру қажет және осы сияқты қондырғыны банктік несиеге алғанға қарағанда қымбатырақ болуы мүмкін.

Бұл қаржы лизингісінің несие аспектілері келесідей:

  • Қаржы лизингі қарыз капиталының айтарлықтай тапшылық түрі – ұзақмерзімді несиеге қажеттілікті қанағаттандырады. Компанияны ұзақмерзімді банктік несиелеу минимумға келтірілген. Бұл айналымдық емес активтер құрамын жаңартумен және кеңейтумен байланысты компанияның инвестициялық қызметін жүзеге асыруда күрделі бөгет болып табылады. Осы мақсаттарда қаржы лизингін пайдалану компанияның ұзақмерзімді несиеге қажеттілігін айтарлықтай қанағаттандырады.
  • Қаржы лизингі компанияның қарыз капиталына деген нақты мақсатты қажеттілігін толық көлемде қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. Активтер құрамындағы айналымдық емес операциялық активтер бөлігін жаңарту және ұлғайту жөніндегі нақты мақсаттарда қаржы лизингін пайдалану компанияның осы процестерді меншікті және қарыз капиталының басқа түрлері есебінен қаржыландыруды азайтуға толық мүмкіндік беріп, компанияның банктік несиелеуге тәуелділігін төмендетеді.
  • Қаржы лизингі несиені толық қамтамасыз етуді автоматты түрде қалыптастырады. Несиені мұндай қамтамасыз ету формасына сол лизингтелетін актив болып табылады. Компанияның қаржылық жағдайсыздығы кезіңде бұл кредиторлармен өндіріліп алынуы мүмкін. Несиені мұндай қамтамасыз етудің қосымша формасына лизингберушінің (лиссора) пайдасына қарай лизингтелетін активтерді лизингалушы (рентор) міндетті түрде сақтандыру қажет.
  • Қаржы лизингі тартылатын несиенің барлық көлемін «салықтық щитпен» жабуды қамтамасыз етеді. Тартылатын несие бойынша негізгі қарыздың барлық сомасын амортизациялауды қамтамасыз етуші лизингтік төлемдер компанияның шығындар құрамына кіріп, оның табысқа салынатын салық сомасын азайтады. Банктік несие бойынша «салықтық щит» негізгі қарыздың сомасына емес, тек несиеге қызмет ету бойынша төлемдерге таралады.
  • Қаржы лизингі қарызға қызмет етумен байланысты төлемдер мерзімінде жоғары икемділікті қамтамасыз етеді. Банктік несиеге қызмет ету және өтеудің дәстүрлі практикасынан қаржы лизингсінің ерекшелігі – компанияның лизингтелетін активтерді пайдалану бойынша қаржы лизингтік төлемдерді жүзеге асыру мерзімінің кезеңдігі. Бұл қатынастарда қаржы лизингі компания үшін несие құралдарының ішіндегі тиімдісі болып саналады.
  • Қаржы лизингі қарызға қызмет етумен байланысты төлемдердің кең диапозон формаларымен қамтамасыз етеді. Қарызға қызмет ету және оның негізгі сомасын қайтару ақшалай төлемдер формасында болатын банктік несиеден айырмашылығы, қаржы лизингі мұндай төлемдерді орындау мүмкіндігін басқа формалармен қарастырады. Мысалы, лизингтелетін активтер есебінен өндірілген тауарларды жеткізу формасында.
  • Қаржы лизингі лизингтелетін активтер құнының өтімділігі есебінен несие құнының төмендеуін қамтамасыз етеді. Қаржы лизингісінде қаржылық лизинг кезеңі аяқталғаннан кейін осыған сәйкес актив лизингалушының меншігіне беріледі. Ол оның толық амортизациясынан кейін оны өтімділік құны бойынша жүзеге асыру мүмкіндігі бар. Осы өтімділік құны сомасынан лизинг келісімі бойынша несие сомасы шартты түрде төмендейді.
  • Қаржы лизингі біртіндеп оны амортизациялауға байланысты негізгі қарызды өтеу үшін компанияда қор қалыптастыруды талап етпейді. Қаржы лизингісінде негізгі қарызға қызмет ету және оның амортизациясы біруақытта орындалатындықтан, қаржылық лизинг кезеңі аяқталғаннан кейін лизингтік актив бойынша негізгі қарыздың құны нөлге теңестіріледі.

Қаржы лизингісінің көрсетілген несие аспектілері компанияның өзінің экономикалық дамуын қамтамасыз етудегі қарыз капиталын тарту процесінде оның айтарлықтай тартымды және қолайлы несие құралы екендігін анықтайды. Компаниядағы қаржы лизингін басқару оның әрқилы түрлерін пайдаланумен байланысты. Қаржы лизингісінің жіктелуі:

  • Лизингтік операцияға қатысушылар құрамы бойынша: қаржы лизингісінің тікелей және жанама түрлерін ажыратады. Тікелей лизинг – лизингберуші мен лизингалушы арасында делдалдарсыз жүзеге асатын лизингтік операцияны сипаттайды. Жанама лизинг – лизингалушыға арендалық мүлікті беруде делдалдар (лизингтік компания) арқылы жүзеге асатын лизингтік операцияны сипаттайды. Қазіргі кезде қаржы лизингінің едәуір бөлігі жанама лизинг түрінде жүзеге асырылады.
  • Лизингтік операцияның аймақтық қатысушылары бойынша: ішкі және сыртқы (халықаралық) деп бөлінеді. Ішкі лизинг – барлық қытысушылары сол елдің резиденттері болып табылатын лизингтік операцияны сипаттайды. Сыртқы лизинг — әртүрлі елдердің қатысушыларымен жүзеге асатын лизингтік операцияны білдіреді.
  • Лизингтелінетін объектісі бойынша: жылжымалы және жылжымайтын мүлік лизингісі деп ажыратылады. Жылжымалы мүлік лизингісі – лизингтік операцияның негізгі формасы болып табылады. Объектінің мұндай түріне негізгі құралдардың операциялық құрамына кіретін машиналар мен құрал – жабдықтар жатады. Жылжымайтын мүлік лизингісі — өндірістік, әлеуметтік немесе басқа да арналымдардағы жекелеген жылжымайтын объектілерді лизингалушының тапсырмасы бойынша құрылысқа немесе сатып алуға қаржылық лизинг келісімі бойынша оған беріледі.
  • Лизингтік төлемдер формасы бойынша: ақшалай, компенсациялық және аралас лизинг деп бөлінеді. Ақшалай лизинг – лизингтік келісім бойынша ақшалай формадағы төлемдерді сипаттайды. Бұл өте кең таралған форма. Компенсациялық лизинг – лизингтік активтерді пайдаланумен өндірілген тауарларды жеткізу формасындағы компаниялардың лизингтік төлемдерін сипаттайды. Аралас лизинг – ақшалай және тауарлы формалардың бірігуімен төленетін төлемдерді сипаттайды.
  • Лизингберушілер (лиссорлар) құрамы бойынша: жеке және бөлгіштік лизинг деп бөлінеді. Жеке лизинг – лизингберушінің өндірісті толық қаржыландыруды немесе арендаға берілетін мүлікті сатып алуды сипаттайды. Бөлгіштік лизинг – лизингберушінің аренда объектісінің бір бөлігін өз меншік капиталына, бір бөлігін қарыз капиталына иеленудің лизингтік келісімін сипаттайды.

Қаржы лизингісінің көрсетілген негізгі түрлерінен компанияда оларды басқару процесі ұйымдастырылады. Компанияның қарыз капиталын тарту позициясынан қаржы лизингін басқарудың негізгі мақсаты — әр лизингтік операцияға қызмет ету бойынша төлемдерді минимизациялау болып табылады. Компанияда қаржылық лизингті басқару процестері келесі этаптардан тұрады:

  • Қаржы лизингісінің объектісін таңдау;
  • Қаржы лизингісінің түрін таңдау;
  • Лизингберушімен лизингтік операция шарттары бойынша келісушілік;
  • Лизингтік операцияның тиімділігін бағалау;
  • Лизингтік төлемдерді уақытылы орындауына бақылауды ұйымдастыру.

Қаржы лизингін басқару процесінде оны реттеудің құқықтық нормалары біздің елде әлі толық орнатылмаған немесе жеткіліксіз жасалғанын ескеру қажет. Бұл жағдайларда біздің елдің экономикалық жағдайына икемделетін қаржы лизингісінің халықаралық стандарттары жүгінуі қажет. 

 

                                     Қорытынды         

 

Бүгінгі таңда нарықтық жағдайда фирмалар, кәсіпорындар және тағы басқа ұйымдар өз шаруашылық қызметтерін дамыту мен кеңейтуде меншік капиталымен қатар сыртқы көздерден қарыз қаражаттарын тартады (банктік несие,тауар несиесі және ішкі кредиторлық борыш).  Жоғарыда қарастырылған компанияның қарыз капиталын тарту көздерінің көптігі және оларды тарту жағдайлары мен шарттарының әртүрлілігі компанияның қарыз капиталын тарту саясатын жасауға себеп болады.

Әрбір кәсіпорын өзінің нақты қажеттіліктері мен мақсаттарына, жүргізіп отырған қызмет түріне қарай қарыз капиталының қолайлы түрлерін таңдап алу және оларды тиімді пайдалану өте қажет. Өйткені тиімсіз пайдаланылған қарыз капиталы компанияның кредиторлар алдында қаржылық төлемқабілеттілігін жоғалтып, нарықтағы беделін түсіріп, ақырында оның банкроттыққа ұшырауына әкелуі мүмкін немесе керісінше, мақсатты және тиімді пайдаланылған қарыз қаражаты оның дамуына және шаруашылық қызметінің кеңеюіне жол ашып, нарықтағы беделінің өсуіне әкеледі.

Осы жағдайлардан көріп отырғанымыздай тартылған қарыз капиталының тиімді көздерін анықтау мен  ұтымды пайдалану және білікті басқару компания өмірінде шешуші рольді атқарады. Сондықтан компанияның қандай да бір іс — шараларды жүзеге асырудан бұрын қарызалушы жобаға қажетті ресурстарды (еңбек, материал, қаржы және т.б.) өзінің шамасымен салыстыруы керек.

Қарыз капиталы экономикада өте маңызды роль атқаратындығы сөзсіз. Жалпы қарыз капиталы экономикалық категория ретінде экономиканың барлық саласында қызмет көрсететіндігі белгілі.

Несиенің субъектісі болып табылатын коммерциялық банк – несиелік – қаржылық ұйым ретінде осы қызметті, яғни несиелеу қызметін атқарады. Соған байланысты осы коммерциялық банктер несиелік операциялар жүргізу арқылы экономиканың ақша қаражаттарын қажет етіп отырған салаларына бағыттай отырып жалпы өндірісті дамытуға көп үлес қосады.

Шетел эксперттерінің талдауы бойынша бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының ақша – несие жүйесінің даму дәрежесі көптеген ТМД елдерінен жоғары. компания аз уақытының ішінде осы жүйелерді қалыптастырып оны арықарай дамытуға бет алған. Бірақ оған қарамастан қаржылық операцияларды дамытуда көптеген проблемалар бар: компанияда қаржылық процесті тиімді ұйымдастыру, сапалы несиелік портфельді қалыптастыру және оны ұтымды басқару, қаржымен жұмыс жасаудың жаңа жолдарын табу, білікті қаржы мамандарын дайындау, қаржылық тәуекелдерді басқару және тағы басқалар. Әрине ол проблемаларды шешу үшін көптеген уақыт қажет.

«Dala Group» компаниясының құрылғанына төрт жыл болғанымен, төрт жыл ішінде сапалы, тиімді, табысты және тұрақты қаржы жүйесін қалыптастыру және қаржылық операциялар көлемін ұлғайту оңай емес. Осыған қарамастан компанияда қаржылық операцияларды дамытуға, ұлғайтуға потенциалы жоғары екендігі сөзсіз.  

Қарыз капиталын тартушы компанияның қызметін және Қазақстандағы жағдайды ескере отырып, мен келесідей ұсыныстар жасаған болар едім:

  • Компания үшін еліміздің жетекші экономикалық университеттерінің үздік түлектерін жұмысқа тарту және мүмкін болғанша олардың шетелдердің озық бизнес – мектептерінде білім алуларына мүмкіндік жасау;
  • Компанияға жұмысқа қызметкерлерді қабылдау барысында олардың біліктілігін тексеру мақсатында қатаң конкурстар арқылы қабылдап отырыру;
  • Тартылған қарыз капиталын тиімді табыстылықпен пайдалану үшін. Компанияға мүмкін болғанша жаңа инновациялық технологияларды пайдалануы қажет.
  • Қазіргі кезде еліміздің экономикасында қалыптасқан жағдайларға байланысты, компанияның қаржы – шаруашылық қызметіне қарыз – қаражаттарын тартудың жаңа тиімді нысандары ретінде, қаржы лизингі мен бағалы қағаздарын пайдалануын ұсынамын.

Пайдаланған әдебиеттер:

  1. И. А. Бланк «Основы финансового менеджмента», «Ника — Центр» «Эльга», Киев, 2000.
  2. Юджин Ф. Бригхэм Майкл. С. Эрхардт «Финансовый менеджмент», Москва, 2005.
  3. Е. С. Стоянова «Финансовый менеджмент», «Перспектива», Москва, 2000.
  4. Әмірқанов Р. Ә. «Қаржы менеджменті», Экономика, Алматы, 2000 Р
  5. Бочаров В.В.,Леонтьев В.Е. «Корпоративные финансы»,Питер, 2004.
  6. Ченг Ф. Ли «Финансы корпораций: теория, методы и практика», «Инфра — М», Москва, 2000.
  7. Дюйсембаев К.Ш. «Анализ финансового положения предприятия»,

«экономика», Алматы, 2001.

  1. И.Т. Балабанов «Основы финансового менеджмента. Как управлять капиталом?», «Финансы и статистика», Москва, 1996.
  2. Брейли, С. Майерс «Принципы корпоративных финансов», «Олим — бизнес», Москва, 1997.
  3. Р.Пайк ,Б.Нил «Корпоративные финансы и Инвестирование» Москва, 2006.
  4. В.В Ковалев. «Введение в Финансовый менеджмент» Москва,2000.
  5. Банковское дело / под ред. Г.С. Сейткасимова. – Алматы: Қаржы-Қаражат, 2001
  6. П. Н. Шуляк «Финансы предприятия», Москва, 2001.
  7. М. В. Романовский «Финансы предприятий», «Бизнес — пресса», Санкт-Петербург, 2000.
  8. Л. Н. Павлова «Финансы предприятий», «Юнити», Москва, 1998.
  9. Холт Р. «Основы финансового менеджмента», «Дело»,М: 1993.
  10. Савицкая Т.В. «Анализ хозяйственной деятельности предприятия», «Новое значение», Минск, 2000.
  11. Давлетова М.Т. «Кредитная деятельность банков в Казахстане» — Алматы: Экономика 2001
  12. С.Б.Мақыш «Ақша айналымы және несие», Алматы, 2000
  13. Вестник Национального банка Республики Казахстан. № 2, 3, 4,5 – 2005
  14. Журнал «Қаржы — Қаражат», № 1, 5, — 2005
  15. Журнал «Альпари», № 2004 — 2005
  16. Ковбасюк М.Р. Анализ финансовых резуьтатов // Деньги и кредит. – 2004. № 3 – С. 41-45.

23  www.railways.kz.

  1. 24. standardandpoors.ru.
  2. 25. kase. kz.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша № 1                   

Бухгалтерский Баланс

 

                                                                                                      (тыс.тенге).                                                                                                                         

АКТИВ

2003

2004

2005

 

1. ДОЛГОСРОЧНЫЕ АКТИВЫ

 

 

 

 

Нематериальные активы:

 

 

 

 

первоначальная стоимость (10)

38 152

35 850

42 770

 

амортизация (11)

636

35 850

42 770

 

остаточная стоимость

37 516

0

0

 

Основные средства:

 

 

 

 

первоначальная стоимость (12)

51 586 020

24 780 549

26 456 789

 

амортизация (13)

2 176 328

1 364 461

1 845 679

 

остаточная стоимость

39 409 692

12 416 088

14 610 110

 

Незавершенные строительства (126)

 

 

 

 

Инвестиции (14)

 

32 136 064

28 795 123

 

Долгосрочная дебиторская задолженность

 

 

 

 

Убытки отчетного года

 

 

 

 

ИТОГО

39 447 208

44552152

43 405 233

 

2. ТЕКУЩИЕ АКТИВЫ

 

 

 

 

товарно-материальные запасы:

 

 

 

 

Материалы (20)

3 236 789

4 557 777

5 468 975

 

Незавершенное производство (21)

 

 

 

 

Товары (22)

409 583

1 922 443

3 836 457

 

Готовая продукция (221)

1 457 893

1 620 525

3 801 487

 

Прочие (223)

 

 

 

 

Дебиторская задолженность

 

 

 

 

Задолженность покупателей и заказчиков (30)

15 544 676

16 364 490

19 685 571

 

Дебиторская задолженность дочерних зависимых товариществ (32)

 

 

 

 

Прочая дебиторская задолженность (33)

10 000 000

8 843 125

9 889 452

 

в том числе:

 

 

 

 

НДС (331)

 

 

 

 

Расходы будущих периодов (34)

5 078 921

3 453 630

4 915 030

 

Авансы выданные (35)

4 921 079

5 389 495

4 974 422

 

Финансовые инвестиции (40)

 

 

 

 

Денежные средства (41,42,43,44,45)

8 852 971

9 405 192

14 712 430

 

в том числе:

 

 

 

 

денежные средства на р/счете (44)

5 412 789

4 355 823

8 456 781

 

денежные переводы в пути (411)

 

 

 

 

денежные средства на валютном счете (43)

3 440 182

 5 049 369

6 255 649

 

Прочие текущие активы

 

 

 

 

ИТОГО

39 501 912

42 713 552

57 394 372

 

ВСЕГО

78 949 120

87 265 704

100 799 605

 

 

 

 

 

 

 
ПАССИВ

2003

2004

2005

 

1. СОБСТВЕННЫЙ КАПИТАЛ

 

 

 

 

Уставный капитал (50)

13 714 519

18 714 519

18 714 519

 

Дополнительный оплаченный капитал (53)

 

 

 

 

Дополнительный неоплаченный капитал (54)

 

 

 

 

Резервный капитал (55)

 

 

 

 

Нераспределенный доход (непокрытый убыток):

12 836 284

20 958 902

30 804 664

 

предыдущих лет (562)

1 851 879

12836284

20 958 902

 

отчетного года (561)

10 984 405

8122618 

9 845 762

 

Основные средства, введенные в эксплуатацию за счет централизованных капиталовложений и полученных дочерними предприятиями безвозмездно (641.05.642.02)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ИТОГО

26 550 803

39 673 421

49 519 183

 

2. ДОЛГОСРОЧНЫЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВА

 

 

 

 

Долгосрочные кредиты (60)

20 000 000

15 000 000

20 000 000

 

Долгосрочная кредиторская задолженность

 

 

 

 

Отсроченные налоги

 

 

 

 

ИТОГО

20 000 000

15 000 000

20 000 000

 

3. ТЕКУЩИЕ ОБЯЗАТЕЛЬСТВА

 

 

 

 

Краткосрочные кредиты (60)

11 807 236

8 290 000

10 000 000

 

Кредиторская задолженность:

 

 

 

 

Расчеты с бюджетом (63)

20 591 081

24 302 283

21 280 422

 

в том числе:

 

 

 

 

НДС (633)

 

 

 

 

Кредиторская задолженность дочерним зависимым товариществам(64)

 

 

 

 

Расчеты по внебюджетным платежам (65)

 

 

 

 

Авансы полученные (66)

 

 

 

 

Расчеты с поставщиками и подрядчиками (67)

6 907 641

15 742 165

20 125 789

 

Расчеты с персоналом по оплате труда (681)

5 090 132

8 560 118

1 154 633

 

Начисленная задолженность по отпускам работников (685)

 

 

 

 

Прочая кредиторская задолженность (62,68)

20 591 081

 

 

 

Прочие (68)

 

 

 

 

ИТОГО

52 398 317

47 592 283

51 280 422

 

ВСЕГО

78 949 120

87 265 704

100799605

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[1] И.А.Бланк «Основы финансового менеджмента», «Ника — Центр»»Эльга», Киев, 2000, стр. 61.

[2] Юджин Ф.Бригхэм .Майкл С.Эрхардт «Финан.Менеджмент» Москва.2005 Стр.268

[3] Е.С. Стоянова «Финансовый менеджмент», «Перспектива» ,Москва,2000стр 159

4И.А.Бланк «Основы финансового менеджмента», «Ника — Центр»»Эльга», Киев, 2000, стр. 75.

[5] Р.Ә.Әмірқанов «Қаржы менеджменті» Алматы,2002ж, 48-49б.

[6] Бочаров В.В,ЛеоньтевВ.Е «Корп.финансы» Питер,2004,стр 268

[7] Ченг Ф. Ли «Финансы корпараций»теория,методы и практика», «Инфра –М»,Москва,2000

[8] Дюсембаев К.Ш. «Анализ финансового положения предприятия» , «Экономика»,Алматы,2001стр106

[9] Банковское дело/под.ред.Г.С. Сейткасимова.-Алматы:Қаржы-Қаражат,2001.

[10] «Банк «Каспийский» АҚ-ның жоба бойынша ұсынған мәліметтері.

[11] И.Т.Балабанов «Основы фининсового менеджмента»Как управлять капиталом , «Финансы и статистика»,Москва 1996 стр 229

[12] В.В Ковалев «Введение в финансовый менеджмент » Москва,2000 стр 251

[13] Р.Брейли, С. Майерс «Принципы корпоративных финансов»,Олимп-бизнес»,Москва 1997 стр 661

[14] Р.Пайк, Б.Нил «Корп.Финансы и Инвестирование» Москва,2006 стр509