АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: КСРО-ның күйреуі және Қазақстанның егемендік алуы

КСРОның күйреуі және Қазақстанның егемендік алуы

 

 

Мазмұны

 

 

 Кіріспе …………………………………………………………………………………………….…… 3

 

І.   КСРО-ның күйреу себептері туралы

1.1 КСРО-ның ыдырауы және ТМД-ның құрылуы ………………………..…..7

1.2 Н.Ә. Назарбаевтың саяси портреті…………………………………..………17

 

ІІ.  Қазақстанның егемендік алуы және дамуы

2.1 Қазіргі кезеңдегі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайлар ………………………………………………………………………..23

2.2 Қазақстан республикасының сыртқы саясаты………………………..……37

2.3 Республикамыздағы мәдени құрылыс……………………………..……….43

 

Қорытынды ………………………….…………………………………………51

Пайдалынлған әдебиеттер тізімі …………………………..……………..54

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, Еуразияның кіндік тұсында жаңа мемлекеттің пайда болып, көк жалауын желбіреткеніне міне 15-ші жылға аяқ басып барады. Осы он жылдан астам уақыт аралығында елімізде бір ғасырға татырлық оқиғалар болып өтті. Біздің мемлекетіміздің тәуелсіздікке қарай басқан әрбір қадамын оңай болды деп ешкім айта алмас. Өйткені, жас мемлекетіміздің алдында тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін оны орнықтыру, қалыптастыру, нығайту сияқты қыруар жұмыстар тұрған болатын. Оның үстіне бұл жұмыстардың барлығын кеше ғана тоталитарлық режимде болып, демократияның не екенін білмеген елде және жоспарлы экономикадан бірден нарықтық қатынасқа көшкен елде іске асыру өте қиын болатын. Десек те, осы он жылдан астам уақыт аясында біраз шаралардың атқарылғаны белгілі.

Ең бастысы ежелгі қазақ жерінде Республикадағы негізгі көш бастаушы қазақ ұлтының төңірегінде елімізді мекендеуші 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстардың бірлігі қамтамасыз етілді.

Саяси салада демократиялық қоғамды бетке ала отырып, кең көлемді саяси процестерді атқарудың сәті түсті. Кейбір ішкі саяси дағдарыстарға қарамастан Республикамызда Президенттік басқару орнығып, билік құрылымдарының барлық сатыларының рөлі белгіленіп, ішкі саясат саласының басты стратегиялары айқындалып іске асырылып келеді.

Экономикалық салада еліміз нарықтық қатынас жолын таңдай отырып, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында қалыптсқан экономикалық дағдарысты, бағаның құнсыздануын жеңе білді, ішкі өнім тұрақтанып келеді. Соның нәтижесінде нарықтық қатынас жүйелері біршама қалыптасып, экономикалық өсу көрсеткішіне қол жеткізілді. Еліміз шетелдік инвестицияны тартуда бұрынғы одаққа кірген елдердің алдыңғы қатарына шықты.

Сырқы саясат саласында Қазақстан Республикасы қолында ядролық қаруы бола тұрса да, одан бас тартқан тұңғыш ел болды. Сол арқылы ол барлық елдермен тең құқықты, тең дәрежелі ашық саясат жүргізетінін паш етті. Қазақстан Республикасының басшысы Н.Ә. Назарбаевтың сырқы саясат саласында салиқалы-сабдарлы қадам жасау, көптеген бейбітшілікке бағытталған ұсыныс-пікірлері, нақты шараларды іске асыруы еліміздің сырқы саясатын баянды ете түсті.

Мәдени-рухани салада баяу да болса тіліміз, әдет-ғұрып, салт-дәстүріміз қанатын кеңге жайып дамып келеді. Қазақ тілі мемлекеттілік тілге айналды. Рухани жан-дүниеміз жаңарып, көптеген мәдени құндылықтарымызбен қайта қауышудамыз. Мәдени процестер саласында көптеген нәтижелерге қол жеткізілді. Қазақ ұлтының өнері әлемдік ареналарға шығып өзінің лайықты бағасын алуда.

Тақырыптың тарихнамасы. Тақырыптың зерттелеу мазмұнына тоқталар болсақ,  тәуелсіздік құжаттары  бітіру жұмысымыздың негізгі дерек көздері болып табылады. Бұл тұрғыда тәуелсіздіктің алдыңғы баспалдағы болып табылатын 1990 жылы 25 қазандағы қаулысымен қабылданған Қазақ ССР мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны /1/ айтуымызға болады. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының тәуелсіздік туралы Заңы /2/, 1993 /3/ жылы қабылданған және 1995 /4/ жылдары қабылданған Қазақстан Республикасының Конституцияларында, Қазақстандағы болып жатқан демократиялық өзгерістер өзінің көріністін тапты. Тәуелсіздік алған алғашқы кезден бастап, елде болып жатқан өзгерістерді талдау арқылы Қазақстан басшысы өзінің назарын болашақтың бағытын айқындауға аударды. Атап айтқанда, Президент Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы”/5/ деген еңбегінде жаңа тарихи жағдайға байланысты еліміздің егеменді мемлекет болуының стратегиялық міндеттерін көрсетіп берді.  “Қазақстанның болашағы – қоғамдық-идеялық бірлігінде” /6/ атты еңбегінде Елбасымыз тәуелсіз еліміздің одан әрі күшейіп, нығаюында қоғамдық ынтымақтастық пен жарастықты іске асырудың жолдарын анықтыды.  “Ғасырлар тоғысында”, /7/ одан кейін шыққан “Тарих толқынында” /8/ атты аса күрделі еңбектерінде Н.Ә.Назарбаев Қазақстанды егемен мемлекет ретінде сақтаудың басты шарты – қазақтар мен орыстардың және басқа да этнос өкілдерінің достығын нығайту, Орталық Азия халықтарының бірлігін сақтау, аймақтың тең құқылы негізде әлемдік қауымдастыққа енуінің қуатты факторы ретінде бірлікті нығайту ең басты өзегі ретінде қарастырады.  Н.Ә.Назарбаевтың  өмірбаяндық очерк түріндегі естеліктері, соңғы жылдардағы Қазақстанда болған саяси және экономикалық өзгерістер туралы жазылған “Әділеттің ақ жолы” /9/ еңбегі әрбір Қазақстандық үшін құндылығын арттыра түседі. Мемлекетіміздің Конституциясы талаптары мен қағидаларын іске асыруда Президентіміздің “Қазақстан — 2030” /10/ бағдарламасының маңызы ерекше. Сондай-ақ бітіру жұмысымызды жазу барысында Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың “Сындарлы он жыл”, /11/ “На пороге ХХІ века” /12/, “Без правых и левых” /13/ , 2005 жылғы “Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы” /14/ т.б. еңбектері кеңінен қолданыс тапты.

          Осы уақыт ішінде КСРО-ның күйреуі мен Тәуелсіз Қазақстанның тарихы туралы көптеген жаңа очерктер мен кітаптар, жинақтар мен монграфиялық еңбектер, оқу құралдары, ғылыми мақалалар жарық көрді. Қ.С. Қаражанов /15/        

Ал енді біз бұл жұмысты жазу барысында С.Абдильдиннің “Парламент Казахстана: от Союза к государственности” /16/, Е. Бабақұмаров., Ю Бөлектаев., К.Көшербаевтың “Казахстан сегодня: мир политических партий” /17/, Ж.Х Жүнісованың “Республика Казахстан: Президент. Институты демократии”/18/ еңбектері КСРО-ның ыдырауы және Қазақстанның егемендік алуын жайындағы зерттеулері басшылыққа алынды. К.В. Жигалов., Б.К.Сұлтановтың “Первый Президент Республики Казахстан – Н.Назарбаев” /19/ атты еңбегінде Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық-саяси қызметі  жайында баяндалады. Д.И.Салқынбектің “Тәуелсіз Қазақстанның тарихы” /20/ атты еңбегі және Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алған кезеңінен бастап, қазіргі уақытқа дейінгі аралықты қамтиды. Автор осы жылдар аясында КСРО-ның ыдырап ТМД-ның құрылуы, сондай-ақ елімізде бөлып өткен саяси процестер мен ішкі, сыртқы жағдайларды жан-жақты ашып, нақты деректермен талдайды.

          Республикамыз тәуелсіз ел ретінде әлемдік ақпарат кеңістігіне енген қазіргі таңда жалпы бұқаралық ақпарат құралдарына, оның ішінде баспасөз тарихына деген теориялық және практикалық көзқарас өзгерді. 1991 жылдың аяғынан бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан Республикасының тарихын, мәдениетін, қоғамдық-саяси т.б. жағдайларын зерттеуде, ұлттық баспасөздің алар орны өзгеше. Қазақ баспасөзін тарихи дерек ретінде зерттеген тарихшы ғалым Қ.Атабаевтың “Қазақ баспасөзі – Қазақстан тарихының дерек көзі” /21/ еңбегін ерекше атап өтуге болады. Ғалым бұл еңбегінде баспасөз тарихын қоғам тарихымен байланыстыра зерттеуді ұсынады. Сонымен бірге, ұлттық баспасөздің пайда болу, қалыптасу және даму тарихын еліміздің тәуелсіздік алуына байланысты қайта зерттеу, оның жүріп өткен жолын, қилы кезеңдерін айқын бейнелеу мерзімді басылымды Қазақстан тарихы дерегі ретінде алатын орнын, атқаратын қызметін жан-жақты ашып көрсетіп, бұл басылымдардың қоғамдық саяси өмірге қатысты жаңа тың мәліметтер беретінін баса айтады. Тәуелсіз еліміздің тілін, экономикасын, қоғамдық-саяси өмірі мен мәденитеті т.б. мәселелері қазіргі қазақ баспасөздерінде жиі жазылып та айтылып та жүр. “Ана тілі”, “Жас Алаш”, “Егемен Қазақстан”, газеттерінің тақырыбының ауқымдылығы, актуальдығы жағынан жоғары тұрғандығын баса айту қажет. Б.Белғара “Қазақстан баспасөзіндегі мемлекеттік тіл мәселесі” /22/ атты кандидаттық ғылыми диссертациясында Қазақстандық мерзімді басылымдардың тіл мәселесін көтері, қазақ баспасөзінің ана тілі үшін арпалысы, мемлекеттік тіл саясаты – Қазақстандық саяси ахуалдың ажырамас бөлігі екендігін айтады.

Тәуелсіз Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени өмірін зерттеуде, “Қазақ тарихы”, “Ақиқат” т.б. журналдары кеңінен қарастырылды.

Қазақстанның егеменді мен тәуелсіздігіне қатысты жоғарыда айтылған әртүрлі деңгейдегі зерттеулерді қарастыра келіп, біз бітіру жұмысымызда қазіргі уақытқа дейін зерттелмеген, ғылыми талдау жасалмаған Тәуелсіз Қазақстанның Республикамыздағы тарихы мен мәдениті т.б. мәселелері алда әлі де ғылыми талдауды, сараптауды қажет етеді деп санаймыз.

Жұмыстың мақсаты мен міндеті.  Бітіру жұмысы КСРО-ның күйреу себептері мен Қазақстанның  егемендік алып, қазіргі таңда дамуы барысында орын алған проблемалық мәселелердің себебін анықтауды мақсат ете отырып, осы тәуелсіз еліміздің тарихын, әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси, мәдени дамуын, бір жүйеге түсіріп, ғылыми талдаудан өткізу болып табылады.

Соған орай бітіру жұмысының алдына мынандай міндеттер қойылды:

— КСРО-ның күйреу себептерін нақты деректер арқылы зерттеп-зерделеу;

— Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен атқарып отырған қызметіне нақтылы баға беру;

— Тәуелсіз Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени өміріне байланысты мәселелерінің көкейтестілігі мен оларды шешу жолындағы ұстанған бағыттарына баға беру;

— Қазіргі кездегі Республикамыздағы мәдениет құрылысының проблемаларын жүйелі түрде зерттеп, білім беру мен ғылым саласы және көркем әдебиет пен өнер мәселелерін көтерудегі атқарып отырған қызметі мен рөлі сарапталады.

Жұмыстың мерзімдік шегі.   1990-2006 жылдар бітіру жұмысының мерзімдік шегі болып табылады.

Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған деректер тізімінен тұрады.

  
 1.1. КСРО-ның ыдырауы және ТМД-ның құрылуы

          Кеңес одағының күйреуі және оның орнына ондаған жаңа ұлттық мемлекеттердің құрылуы  — өмірдің табиғи заңының нәтижесі болатын. Әрине, бұл процесті тездетуге және жүзеге асыруға әсер еткен саяси күштер, жеке тұлғалар болды.

1990 жылдың аяғы 1991 жылдары КСРО-ның экономикасы және саяси өмірі бұрынғыдан да шиеленісіп, кері кетуін жалғастыра берді. Ондағы орын алған экономикалық күрделі мәселелер, экономикалық дамуда артта қалушылық. Атап айтқанда, Одақ экономикасының технологиялық жағынан артта қалуы, сондай-ақ оның өндірісі шығарған тауарлардың бүкіл әлемде бәсекеге түсу қабілетінің әлсіздігі еді. Оның үстіне, Ұлы Отан соғысынан кейін Кеңестер Одағы халық шаруашылығын аяғына дейін қалпына келтірмей жатып, өзінен экономикалық потенциалы екі есе және одан да артық Америка Құрама Штаттарымен әскери, әскери техникалық, стратегиялық бағытта тай-таласқа түскенін айту қажет. Осының нәтижесінде Одақ ішінде жалпы өнім, ұлттық табыс, еңбек өнімділігі артпады, оның көрсеткіштері бойынша КСРО АҚШ-тан жыл өткен сайын артта қалып отырды. Соған қарамастан, Одақ ұзақ жылдар бойы әскери-стратегиялық тепе-теңдікті, әсіресе 1949 жылы құрылған АҚШ бастаған НАТО және КСРО бастаған Варшава шарты /1955 жж./ арасындағы әскери-стратегиялық теңдікті сақтау үшін тыраштанды. Екі жүйенің /капиталистік және социалистік/ теке тіресі кеңінен етек алған, 1950 жылмен 1990 жылдың арасындағы қырық жылда, әскери шығын 20 триллион долларға жеткен /20, 5/. Ал сексенінші жылдардың аяғында соғыс өнеркәсібі мен әскери-өндірістік комплекспен байланысты өндірісте планетаның 60-80 миллион тұрғыны жұмыс жасап, шикізаттың негізгі түрлерінің 5 пайызы соғыс мақсатына жұмсалған. Әрине, мұндай зор шығындар экономиканы да орасан зор зардаптарға ұшыратты.

Бұрынғы кеңестік экономикалық құрылым тым күйкі тартып, негізінен қызмет етуге бағытталды. Кеңестер одағында әскери-өнеркәсіп кешеніне тоғыз министірлік қызмет етті. Олардың қажеттілігі кедергісіз қанағаттандырылып отырды. Бұлар ұлттық жалпы өнімнің едәуір бөлігін шығарды. Ол статистикалық есепте халық шаруашылығы өніміне қосылғанмен, шын мәнінде, халық шаурашылығы мойнына аслыған масылдық еді. Осыған қарамастан Кеңестер Одағының әскери техникасы бәсекелес елдердікімен салыстырғанда әлдеқайда артта қалды. Мұндай артта қалушылықтың зардабы таяу Шығыстағы, Африка елдеріндегі, Ауғаныстандағы майдан далаларында әлденеше рет тойтарыс алып, соққы жегенінен айқын көрінген еді.

1979-1989 жылдардағы Кеңестер Одағының Ауғанстан жеріндегі соғыс авантюрасы, оның сыртқы саяси бағытына халықаралық жұртшылықтың сенімін жойды. Ол социалистік және капиталистік мемлекеттер арасындағы шиеленістің жаңа айналымын бастап берді. Ауғанстандағы соғыс елге жыл сайын 5 млрд. сомға түсті. Бұл соғыста мыңдаған Кеңес отбасылары жақындарынан және туыстарынан айырылды. Соғыс Қазақстанға да үлкен зардабын тигізді. Республикадан оған 21979 адам қатысты. Олардың ішінен 780-дей адам қаза тапты, 393 адам мүгедек болды, 22 адам хабарсыз кетті /16, 35/.

КСРО-ның экономикасының артта қалуы 1970 жылдан басталған тоқырау кезеңінде, халық шаруашылығы жоспарының орындалмауынан өз көрінісін тапты. Экономикалық артта қалуы, әсіресе, ауыл шаруашылығы саласында өріс алды. 1965 жылдан кейін ауыл шаруашылығына 1 триллион сомға жуық қаржы жұмсалды, бірақ бұл ақша тиімсіз пайдаланылды, нәтижесінде соңғы /1990 ж. дейін/ 25 жылда КСРО-да тек ауыл шаруашылығындағы қордың қайырмасы /АҚШ-пен салыстырғанда/ үш есе төмендеді, бір американдық фермер бес колхозшының өндірген өнімін өндірді, ауыл шаруашылығында 80 пайыздан астам адам қол еңбегімен айналысты.

Жалпы бүкіл Одақ бойынша 1970-1975 жылдары тоқырау кезеңінде экономиканың басты көрсеткіштері өспеді, қайта төмендеп кетті. Егер ұлттық табыстың өсу қарқыны сегізінші бесжылдықта – 41 пайыз болса, тоғызыншы бесжылдықта 28 пайыз, оныншы бесжылдықта 21 пайыз, он бірінші бесжылдықта – 17 пайызға азайды. Сөйтіп, жыл өткен сайын төмендеп отырды. Жалпы КСРО-ның өмір сүрген соңғы 18 жыл ішінде 1972-1990 жж. жоспарлар 13 рет орындалмаған /17, 44/.

КСРО экономикасының артта қалуы Қазақстанға да өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Біз соңғы кезге дейін Қазақстан одақ құрамындағы ірі индустриалдық – аграрлы республика болды деп мақтанышпен айтып келдік. Оған негіз бар еді. Кезінде республика жалпы қоғамдық өнім шығаруда РСФСР мен Украинадан соңғы үшінші, өнеркәсіп өнімін өндіруде Белоруссиядан кейінгі төртінші орынға шықты. Қазақстан үлесіне мемлекетке өткізілетін астықтың 20 пайызы, әрбір төртінші тонна еті, әрбір бесінші тонна жүн, тапсырылатын қаракөл елтірісінің үштен бір бөлігі тиді.

Бірақ бұл мүмкіндіктер, ашығын айтсақ, соңғы кезге дейін жете пайдаланылмады. Оның әр түрлі себептері бар еді. Біріншіден, республика халық шаруашылығының құрылымы бір жақты дамып, оның аса маңызды салалары кейін қалып қойды. Ауыр өнеркәсіптен энергетика, түсті және қара металлургия, мұнай-газ және химия өнеркәсібі басым дамыды. Оның есесіне жаңадан өңдеп шығару өнеркәсібінің салалары, әсіресе, машина жасау және халыққа қажетті тауарларды шығару салалары артта қалды. Мәселен, машина жасау республика жалпы өнеркәсіп өнімінің 17,1 пайызын ғана қамтыды, ал Одақ бойынша бұл көрсеткіш 27,4 пайыз еді. Қазақстанда қазіргі кезеңдегі талапқа сай құрал-жабдық жасау, радиотехника, автомобиль, жеңіл және тамақ өнеркәсібі үшін қажетті машиналарды жасау салалары жетіспеді.

Екіншіден, республикаға халық тұтынатын тауарлардың 60 пайызға жуығы сырттан әкелінді, ал іште өндірілетін ауыл шаруашылық өнімдерінің, соның ішінде астықтың, мақтаның, терінің тең жартысы, жүннің 70 пайызы басқа жерлерде өңделді. Мұндай жағдай тек ауыл шаруашылығында ғана емес, сол секілді өнеркәсіпте де орын алды. Мәселен, Торғай облысында алюминий жасау үшін қажетті шикізат боксит өндіріліп, ол Павлодарға жөнелтіліп, онда өңделіп глиноземге айналдырылды, ал глинозем алюминий шығару үшін Сібір кәсіпорындарына жіберілді. Атырау, Маңғыстау облыстарында шығарылған мұнай Орал қаласына 200 шақырым қашықтықтағы Орынбор облысының жеріне айдалып, онда қайта өңделді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында балықтың аса қымбат түрлері ұсталып, қара уылдырық алынса, оны дайындап өңдеу, консервілеу Астрахань қаласында іске асырылды. Одақтың бұйырығымен Қазақстан шет елдерге бір миллиард сомға дейін алтын қорына тең бағалы өнімдер шығарып келсе де, одан республика қазынасына бір тиын да түспеді.

Үшіншіден, Республикадан сыртқа тауарлар барынша арзан бағамен шығарылып, ал шеттен тек қымат, дайын тауарлар әкелінді. Сөйтіп, тек 1988 жылдың өзінде республикадан сыртқа шығарылған тауар 6,7 миллиард сом болса, сырттан шығарылған тауар – 13,8 миллиард сомға жетті, нәтижесінде аса бай Қазақстан өне бойы басқа республикаларға қарыздар, экономикалық жағынан тәуелді болып келді.

Төртіншіден, Қазақстанның экономикасының дамуы көп жылдар бойы тек қарабайыр жолмен, яғни өнімнің көлемін, жалпы санын арттыру арқылы ғана іске асырылды. Өндірістік күштің өсуі, оны тиімді пайдалану дәрежесінен артта қалды. Көптеген кәсіпорындардың, соның ішінде жаңадан салынып, іске қосылғандардың экономикалық күші жете пайдаланылмады.

Бесіншіден, аграрлық секторда дақылдардың түсімі, малдан алынатын өнім әр шаруашылықта әр түрлі дәрежеде еді /20, 7/. 1987 жылы Республикадағы совхоздардың үштен бірі, колхоздардың бестен бірі экономикалық жағынан тиімсіз шаруашылықтар болды. Суармалы егістің түсімі де басқа жерлермен салыстырғанда төмен еді.

Жоғарыда айтылған кемшіліктер мен қайшылықтардың салдарынан 70-ші жылдардан бастап 80-ші жылдардың аяғына дейін Қазақстандағы жан басына шаққандағы ұлттық табыстың көлемі Одақпен салыстырғанда 12 пайызға төмендеді. Осыған қарамастан, соңғы кезге дейін Қазақстандағы жағдайды мадақтап, әсірелеп көрсету, ерекше орын алды.  Оған жылдық есеп бергендегі қосып жазу, өндірілген өнімді және жалпы бағалық көрсеткіштерді негізсіз көбейтіп көрсетудің елеулі әсері тиді. Қазақстанда қазіргі кездегі талапқа елдің саяси өмірінде жаңа одақтық шарқа қол қою мәселесі кеңінен талқыланып жатқан болатын. Бірақ бұл одақ қандай одақ болады, орталық пен одаққа кірген Республикалардың арасындағы заңдық қатынас қалай жүзеге асырылады деген сұрақтар төңірегінде қызу талас жүрген еді. Оның үстіне дәл осы жылдары жер мәселесіне байланысты кейбір республикалар арасында ұлтаралық қақатығыстар болып жаты. Бұны кейбіреулер Республикалардың тәуелсіздікке ұмтылуынан туындап жатқан жағдайлар ретінде түсіндіргісі келеді. Ал шын мәнісінде бұл ұлтаралық қақтығыстардың мәнісі тереңде жатқан болатын. Қақтығыстардың себебі – соңғы 70 жыл бойы тоталитарлық режим кезінде жүргізілген өрескел бұрмалаушылықтың салдары болды. Мәселен, 1920 жыл мен 1930 жылдар аралығында одақтас Республикалар мен автономиялар арасындағы шекара 30 ретке жуық өзгертілген. 1930 жыл мен 1960 жылдар аралығында тағы да 20-ға жуық өзгеріске ұшыраған. Сол кездегі мемлекеттің басындағылар өз қалаулары бойынша шекараны өзгертіп ойларына келгенін істеген. Бір ғана Қазақстанды мысал ретінде алып қарастырсақ, 1924 жылы Қазақ АКСР-інің астанасы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, Республиканың батысындағы 650 мың шақырымға жуық территориясы Ресей Федерациясына берілді. 1960 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының төрт ауданы көрші Өзбекстанға берілген. 1972 жылы бұл төрт ауданның 2-уі ғана қайтарылып, 2 аудан сол күйінде Өзбекстанда қалып қойған /20, 9/. Бұндай сорақы қолдан жасалған іс-әрекеттер басқа да респубдикалардың басында бар жағдайлар.

Кеңестер Одағының құлауының саяси себептері туралы айтқанда, ондағы саяси-идеологиялық бірлік пен біртұтастық сол сексенінші жылдардың соңы мен тоқсаныншы жылдардың басында-ақ көзден ғайып болғанын ерекше атап көрсеткен жөн. Бұл кезде бұрынғы Кеңес Одағы елдерінде бұрын болмаған ұлт толқулары күшейді. Ең қауіптісі – олар таза ұлттық сипат ала бастады. Сумгаиттегі, таулы Карабахтағы, Вильнюстегі, Ферғанадағы оқиғалар ұлттық мәселеллерді шешудің ешқандай бағыт-бағдары жоқтығын анықтады. Кеңестік кезеңде қабылданған мәлімдемелер, тұжырнамалар, бағдарламалар ұлтаралық қатынастар мен оны шешудің жолдарын нақты көрсетіп бере алмады. Ел басында отырған басшылар ұлт мәселесінің байыбын терең түсінбеді, оның теориялық базасы жасалмады. Ақыр соңында ұлтаралық қайшылықтар тартысқа, ал тартыс қантөгіске әкеліп тіреді. Бұған мысал ретінде Қазақстанда болған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын айтуға болады.

Сондықтан бірқатар ұлт республикалары Одақтан бөлініп шығу, өздерінің егеменді мемлекет болуы жөніндегі талаптарын қойды. Міне, осының нәтижесінде 1988 жылдың қараша – 1989 жылдың мамыр айлары аралығында Балтық жағалауындағы Эстония, Литва, Латвия республикалары өздерінің егемендігі туралы алғашқы құжаттарын қабылдады. Сөйтіп, олар КСРО құрамынан шығып, жеке тәуелсіз мемлекетке айналды. 

Сонымен бірге, одаққа кірген барлық Республикалар 1990 жылы өздерінің егемендіктері туралы Декларациясын жариялады. 1990 жыл 25 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы кеңесі Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияны қабылдады. Еліміздің егемендікке ұмтылған бұл алғашқы құжатында Республикамыздың құқықтары мен орталық арасындағы қарым-қатынастары айқын көрсетілді /1, 10/. Сөйтіп, 74 жыл бойы өмір сүрген Республикалар Одағы ыдырады.

80-ші жылдардың аяқ кезінде ұлттық тәуелсіздік пен мемлекеттік егемендік мәселелері бірінші кезекке шықты. “Тіл туралы” заң жобасы жарияланғаннан кейін бұл құжат қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің кезектен тыс он төртінші сессиясында қабылданды. Талқылаудан кейін заң  мынандай редакцияда “Қазақ КСР-індегі тіл туралы Қазақ Социалистік  Республикасының заңы” деп қабылданды. Бұл заң қоғамдық-саяси жағдайды тұрақтандыруға және ұлтаралық қатынасты едәуір жақсартуға мүмкіндік береді. Қазақ КСР-інің мемлекеттік тілі қазақ тілі болып жарияланып, орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі мәртебесіне ие болды. 1989 жылы Заңға толықтырулар енгізіліп, қазақ тілін өркендетудің Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды, онда ана тілімізге алдымен материалдық қолдау көрсету, тілді дамыту ісі көтерілді. Бір жылдың ішінде, яғни 1990-1991 жылға дейін қазақ бала-бақшаларының саны 482-ге көбейді, ал республика бойынша оның жалпы саны 1677 болды /22, 142/. 155 жалпы білім беретін, 4 кәсіптік-техникалық училище ашылды. Республикада бірінші рет қазақ тілінде іс жүргізетін және машина басатын мамандар даярлайтын қалалық кәсіптік-техникалық училищелер ұйымдастырылды. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен 1920-1950 жылдары саяси қуғын-сүргін құрбаны болған Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов тәрізді халықтың даңқты ұлдары ақталып, есімдері қайта оралды. Қазақстан Компартиясы Ораталық Комитетінің 40-шы жылдардың екінші жартысы мен 50-ші жылдардың бас кезіндегі идеология мен ғылым мәселелеріне қатысты бірқатар қаулыларының күші жойылды. Сондай теріс пиғылды қаулылардың қатарына 1947 жылғы 21 қаңтарда шыққан “Қазақ КСР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет институтының өрескел саяси қателіктері туралы”  қаулысы да бар еді.

1990 жылы 24 сәуірде жоғарғы Кеңес Президент лауазымын бекітіп, ол өзінің шешімін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы Н.Назарбаевты республиканың бірінші Президенті етіп сайлады. Одақтас республикалар КСРО-ны егеменді елдердің одағы етіп қайта құруға дайындады. 1990-1991 жылдары Жоғарғы Кеңес “Мемлекеттік билік пен басқаруды жетілдіру туралы” және “жергілікті өзін-өзі басқару және Қазақ КСР халық депутаттарының жергілікті Кеңестері туралы” заңдар қабылдады. Бұл заңдар республиканың билік органдары мен басқару жүйесіндегі елеулі өзгерістердің бастамасы болды. Республика үкіметі өзінің сыртқы саясатын дербес жүргізуге мүмкіндік беретін аса маңызды экономикалық бірқатар заңдарды қабылдады: “Қазақ КСР-індегі меншік туралы”, “Қазақ КСР сыртқы экономикалық қызметінің негізгі принциптері туралы”, “Қазақ КСР-індегі еркін экономикалық аймақтар туралы”, “Қазақ КСР-індегі шетелдік инвестициялар туралы” және т.б. Осының бәрі сауда-саттықтың өсуіне әсерін тигізіп, ол 1990 жылы 1,5 есе артты. Коммерциялық, инновациялық және т.б. банктердің құрылуы іскерлік қызметті жақсарта түсті. 1990 жылы қарашада Сауд Арабиясымен бірлесіп, бірінші рет шетелдіктердің қатысуымен “Аль-Барака Банк Қазақстан” құрылды.

1990 жылы “Экономикалық тұрақтандыру және нарықтық қатынастарға көшудің бағдарламасы” қабылданды. Бұл құжат мемлекеттік меншікті жекешелендіру нарыққа өтудің басты шарты ретінде қарастырылды. Мемлекеттік меншікті жекешелендіруді екі кезеңде өткізу жоспарланды. “Шағын жекешелендіру” деп аталатын бірінші кезең (1991-1993) мемлекеттік тұрғын үйді купон механизімі арқылы жеке меншікке беруді және әлеуметтік, мәдени және тұрмыстық объектілерді жекешелендіруді қамтыды. “Үлкен жекешелендіру” деп аталатын екінші кезең (1993-1995) қалған мемлекеттік меншікті азаматтардың жеке меншігіне беруді жүзеге асырды.

1990 жылы 25 қазанда республиканың Жоғарғы Кеңесі “Қазақ КСР мемлекеттік егемендігі туралы Декларациясын” қабылдады. Бұл декларацияда негізінен мына мәселелерге мән берілді: КСРО мен Каз КСР арасындағы қатынас келісім-шарт негізінде жүзеге асады; республика әкімшілік-аумақтық құрылымға, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени-ұлттық құрылыстарға байланысты барлық мәселелерді дербес шешеді. Республика өз аумағында Қазақ КСР заңдарын бұзатын КСРО заңдарының қолданылуын тоқтатуға құқылы; Қазақстанның өз шекарасындағы аумағына қол сұғылмайды; бөлінбейді және оның келісімінсіз өзгертілмейді; Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің келісімінсіз оның аумағында басқа мемлекеттердің әскери құрамалары, олардың әскери базалары орналаса алмайды; Қазақсатн өзінің дербес ішкі әскерін, мемлекеттік және қоғамдық қауіпсіздік органдарын ұстауға құқылы. Қазақ КСР халықаралық қатынстарды дербес, өзінің мүдделеріне сай сырқы саясатын жүргізеді. Декларацияның жаңа одақтық шарт жасасу және Қазақ КСР жаңа Конституциясын қабылдау үшін негіз болып табылатындығы туралы арнайы бапта көрсетілді.

Орталық пен Республикалар арасындағы заңдық теке-тірес күшейе түсті. Міне осындай жағдайда жаңа Одақтық шартқа қол қою мәселесі күн тәртібінде тұрды. 1991 жылы 19 тамызда КСРО-да төтенше жағдай жөнінде мелекеттік комитеттің құрылғандығы туралы (ТЖМК) жарияланды, Фороста демалып жатқан КСРО Президенті оқшауланып қалды, бұл шын мәнінде мемлекеттік төңкеріс жасауға жасалған әрекет еді.

1991 жылы жазда КСРО-ның Президенті М.Горбачевтың Ново-Огоревадағы резиденциясында одақтас респуликалардың басшылары жиналып, қызу талқылаудан кейін жаңа одақтық шарқа қол қою мерзімі 20 тамызда деп белгіленді.

 Төңкерісті ұйымдастырушылар вице-президент Г.Янаев, премер-министр В.Павлов, МҚК-нің төрағасы В.Крючков және тағы басқалар елде төтенше комитет құрды. Олар ел Президенті М.Горбачевті үш тәулік бойы Форостағы демалыс үйінде қамауда ұстап, өз еркімен Президенттік өкілдігінен бас тартуды талап еткен. Сонымен қатар, 19-20 күндері, әскери бөлімдер күшімен Россия Жоғарғы Кеңесінің үйін басып алуға бірнеше рет әрекет жасады. Сол күні ТЖМК №1 қаулы шығарып, ол “КСРО Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін билік және басқару органдарының заңдары мен шешімдерінің күші жойылсын, митінгілер мен демонстрациялар жасауға тыйым салынсын, бұқаралық ақпарат құралдарына бақылау орнатылсын” деген талаптар қойып, жер аламын деушілерге 0,15 гектар жер бөлуге және еңбекақыны арттыруға уәде берді. Ельцин бастаған Ресей Федерациясының басшыларын халық қолдады. Соның нәтижесінде төңкерісшілер Ақ үйді басып ала алмады. 21 тамызда төңкерісшілер жеңіліске ұшырап, оны ұйымдастырушылар тұтқындалды. М.Горбачев Мәскеуге қайта оралды. Бас прократура бүлікшілерге қарсы қылмыстық іс қозғады. Төңкерісшілердің неге осы күндерді таңдап алды деген мәселеге келсек, олар қайткенде де жаңа одақтық шарқа қол қойдырмауды ойластырған. Өйткені, жаңа одақтық шартта, одаққа кіретін Республикаларға кеңінен құқықтар беру көзделген болатын. Бұл санасы шовинизммен уланған кейбір КСРО-ның басшыларына ұнамады. Олар сол бұрынғы қалпында билеп-төстеп жүре бергісі келді.

Бұл күндері Қазақстандағы жағдай бір қалыпты болды. 20 тамызда Н.Назарбаев арнайы мәлімдеме жасап, төтенше комитеттің іс-әрекетінің ешқандай заңға, конституцияға сәйкес келмейтінін айтты. Осы оқиғадан кейін Одақтық шартқа басқаша көзқарас туды. Бұл оқиға одақтың ыдырауын жеңілдетті. 24 тамыз күні Н.Назарбаев КОКП Орталық Комитеті Саяси Бюросының атына, өзінің, оның құрамынан шығатындығын мәлімдеді, өйткені, КОКП Орталық Комитеті өзінің әрекеттерімен бүкіл болған күндері өз беделін толықтай жоғалтқанын алға тартты. Яғни, 1991 жылдың тамызында тоталитарлық жүйені қалпына келтіру әрекеттері және содан кейін орын алған оқиғалар КСРО тіршілігінің соңғы нүктесін қойды.

25 тамызда Қазақстан Президентінің “Қазақ КСР аумағындағы КОКП мүліктері туралы” Жарлығы шықты. Соған сәйкес, Қазақстан аумағындағы КОКП мүліктері мемлекет меншігіне айналды. 1991 жылы 29 тамызда қазақ КСР Президенті Семей полигонын жабу туралы Жарлыққа қол қойды.

28 тамызда Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Пленумы болып, онда Н.Назарбаев ҚКП ОК-нің Бірінші хатшысы міндетін өзінен алып тастады. 1991 жылы тамыздан кейін КСРО-ның ыдырау процесі жеделдей түсті. КСРО халық депутатарының бесінші (кезектен тыс) съезі “Өтпелі кезеңдегі билік туралы” конституциялық Заң қабылдап, өзінің өкілеттілігін КСРО Мемлекеттік кеңесіне берді. М.Горбачевтің Орталықты сақтап қалуға ұмтылған жанталасынан нәтиже шыққан жоқ. Республикалардың басым бөлігі Мемлекеттік комитетке өздерінің өкілдерін жібермей қойды. КСРО-да ресми түрде 12 республика қалды.

1991 жылы 7 қыркүйек күні таңертеңгі сағат 10-да Алматы қаласында Қазақсатн Компартиясының кезектен тыс төтенше съезі ашылды. Ұзаққа созылған пікір-таластан кейін, съезд Қазақстан Компартиясын таратып, жаңа партия құру туралы шешім қабылдады. Жаңадан құрылған партия Социалистік партия деп аталды. 1991 жылы қазанда Қазақстан ЛКЖО-сының кезектен тыс ХУІІІ съезі шақырылып, онда өздерінің атауын өзгерту туралы шешім шығарды. Қазақстанның Жастар одағы деп аталатын болды. Сөйтіп, партиядан кейін іле-шала комсомол да, кейін пионер ұйымы да өзінің өмір сүруін тоқтатты. Кәсіподақтар жекелеген тәуелсіз ұйымдарға таратылды. Олар партиялық өктемдіктен құтылғанымен, олардың шамадан тыс бюрократтанып алған ұйымдары бұқара арасында қолдау таба алмады.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1991 жылғы 16 қазандағы қаулысында 1991 жылғы 1 желтоқсанында Президент сайлауын өткізу туралы шешім қабыдады. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақ КСР Президентін төте сайлау арқылы сайлады. Дауыс беруге қатысқандардың сайлаушылардың 8 681 276-сы Нұрсұлтан Назарбаевты жақтап дауыс берді немесе бұл 98,78 пайыз болды. Соның нәтижесінде, Н.Назарбаев бүкіл халық болып сайлаған Қазақсатнның тұңғыш Президенті мандатын алды. 1991 жылы 10 желтоқсанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп атау туралы шешім қабылдады.  Идеологиялық бояуы бар бұрынғы атауы өмір шындығынан алыс жатқан еді. 1991 жылы 16 желтоқсанда “Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” /2, 20/ конституциялық заңы қабылданып, бұл күн тәуелсіздік күні деп жарияланды. Қабылданған құжаттың 1-ші бабында Қазақстан Республикасының тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет екендігі айқындалды. Қазақстан аумағы біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғылмайтын болып жарияланды. Заңның екінші тарауында қазақ ұлтымен тарихи тағдыры ортақ республиканың барлық ұлттарының азаматтары біртұтас Қазақстан халқын құрайтындығы айтылған. Ол егемендік пен мемлекеттік биліктің бір қайнар көзі болып табылады. 3-ші тарауда мемлекттік билік пен басқару органдарының құрылымы келтірілген. Заңда мемлекеттік билік үш прициптен туындайтыны: заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері айқындалған.

Қазақстан Республикасының Елбасы және оның атқарушы билігі Президент болып табылады. 4-тарауда тәуелсіз мемлекеттің экономикалық негізі дербес экономикалық жүйе екендігі атап көрсетілген және меншіктің түрлерінің алуандығы мен олардың бәрі тең екендігі ескерілген. Жер және оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, өзге табиғи ресурстар мемлекеттің айрықша меншігінде болады деп жарияланды.

Қазақстан Республикасы әлемдік қауымдстықтың толық құқықты мүшесі болып табылады. Ол өзінің тәуелсіздігін қорғау мен ұлттық мемлекеттілігін нығайту жөнінде шаралар қабылдайды.

1991 жылдың   желтоқсанында Ресей, Украйна, Белоруссия басшылары (Шушкевич, Б.Ельцин, Кравчук) Белоруссияда Беловеж келісіміне қол қойды. Онда саяси одақ тұйыққа тірелді, сондықтан республикалардың Одақтан шығуы объективтік процесс және тәуелсіз мемлекет құру шынайы факті болып отыр деп көрсетілді. Себебі, Орталықтың жүргізіп отырған тоғышар саясаты елді терең экономикалық және саяси дағдарысқа алып келді, бұқара халықтың тұрмыс деңгейі төмендеп кетті, қоғамда әлеуметтік шиеленіс, ұлттар мен халықтар арасындағы қайшылықтар мен қақтығыстар күшейді деп атап өтілді. Мұның өзі бұрынғы Одаққа кірген барлық мемлекеттердің, жаңа достық Одағы – Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын /ТМД/ құруға жол ашты. Сол сияқты, Одақтың бөлінісі славян және түркі республикаларының бір-біріне қарсы қойылуы үлкен зардаптарға ұрындыруы ықтимал еді. Сондай келеңсіз жағдайларға жол бермеу үшін 1991 жылдың 13 желтоқсанында Ашхабадта Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары Н.Назарбаев, С.Ниязов, И.Каримов, А.Ақаев, Р.Нәбиев жиналды. Кездесудегі ашық әңгіме барысында барлық бұрынғы республикаларды ортақ бір достыққа  біріктіру жолдарын іздестіруге шешім қабылданды. Бір ауыздан қабылданған мәлімдемеде: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын қалыптастыру процесінде егемен мемлекеттер достастығы туралы шешімдер мен құжаттарды дайындауға бұрынғы одақ субъектілерінің тепе-тең құқықпен қатысуы қамтамасыз етілсін. Достастықты құрушы барлық құрылтайшы ретінде танылатын болсын және тексте олар мәртебелі келісуші деп атап көрсетілсін делінген.

Кездесуге қатысушылар күллі субъектілерінің мүдделерімен есептесетін Егемен мемлекеттер достастығының тең құқылы құрылтайшылары болуға әзір екендіктерін мәлімдеді.

Ашхабат мәлімдемесінде бұрынғы одақ басшыларының оң қабақ танытып отырғанын ескерген Н.Назарбаев ондағы мәселелерді талқылап, бірігіп, шешім қабылдау үшін Алматыда бас қосуды ұсынды.

Бұл ұсыныс қабылданды. Кездесуге бұрынғы одақтас республикалардың 11-басшысы – А.Муталибов (Әзербайжан), Л.Тер-Петросян (Армения), С.Шушкевич (Белоруссия), Н.Назарбаев (Қазақстан), А.Ақаев (Қырғызстан), М.Снегур (Молдова), Б.Ельцин (Ресей), Р.Набиев (Тәжікстан), С.Ниязов (Түркменстан), И.Каримов (Өзбекстан) және Л.Кровчук (Украина) қатысты /20, 7/. 1991 жылы 21 желтоқсанда кездесуге қатысушылар Алматы Декларациясына қол қойды. Алматыда қабылданған декларацияда Минскідегі айтылған жалпы принциптік мәселелрдің барлығы мақұлданды. Жаңадан құрылған достастық мемлекет басшылары және үкімет басшыларының Кеңесі деген жетекші органдар құрылды. Онда жалпы бағыттағы көкейтесті саяси және әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешу көзделінді. Достық Одаққа кірген мемлекет басшылары Біріккен Ұлттар Ұйымы алдында бұл Тәуелсіз мемлекеттердің барлығын осы халықаралық ұйымға толыққанды мүше етіп алу туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар бұрынғы КСРО-да жасалған ядролық қаруды және оған әскери басшылық жасауды бірігіп іске асырып отыру жөніндегі келісімге қол қойылды. Тәуелсіз Мемлекеттердің Достастығы /ТМД/ осы кезге дейін кеңестер Одағы қол қойып, халықаралық дәрежедегі жасаған келісімдердің әрдайым орындалуын өз мойындарына алады деп көрсетті. 1992-1993 жылдары ТМД-ы өзінің ұйымдастырушылық, атқарушылық ұйымдарын құрды. Осы жылдары Достастықтың ұйымдық құрылымы – мемлекет басшыларының кеңесі, үкімет басшылырының кеңесі, ТМД-ның Парламентарлық ассамблеясы жасақталды. 1993 жылдан бастап Минскіде ТМД-ның Атқарушы хатшылығы жұмыс істеді. Сыртқы істер министірлерінің кеңесі, Қорғаныс министрлерінің кеңесі және басқалар құрылды. Көпжақты және екі жақты жүздеген келісімдер әзірленіп, қол қойылды. ТМД құрылып қалыптасқаннан кейін, бұл достастықтың аясында проблемалық мәселелер де көрініс беріп жатты. Мәселен, әлеуметтік-экономикалық шиеленіс белең ала бастады, экспортталатын шикізатқа баға саясатының үйлестірілмеуі елеулі проблемаға айналып, экономикаға кері әсерін тигізді. Екіншіден, демпинг қалыптасқан әлемдік шаруашылық байланыстарына тұрақсыздық элементін кіргізіп, үшінші елдерді тиісті шаралар қолануға мәжбүр етті. Мұндай жағдай көп ретте бүгінгі күнге дейін сақталып отыр. ТМД органдарының құрылымы шын мәнінде өз функцияларын атқарған жоқ және қабылданған шешімдері іске асырылатын күйде бола алмады. Әлеуметтік-экономикалық және саяси дағдарыс салдарынан ТМД-ға кіретін кейбір елдер бір-бірімен әскери қақтығысқа дейін барып жатты.

 

 

1.2  Н.Ә. Назарбаевтың саяси портреті

Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың аса қиын да мәртебелі қызметінің барлық қыр-сырларын, қуанышы мен сүйінішін күнде көгілдір экран, радио, түрлі баспасөз арқылы көріп, естіп, біліп отырамыз. Қазір міне, Қазақстан 1991 жылдан бастап әлем таныған тәуелсіз мемлекеттке айналды. Бұл күнде дүниежүзінің қырықтан астам елінде Қазақстан елшілігі мен өкілеттілігі жұмыс істейді. Қазақ елінің осындай айтулы дәрежеге көтерілуіне Президентіміздің зор еңбек сіңіргенін ешкім жоққа шығара алмайды.

Елбасының ел үшін, халық үшін істеген іргелі істерін санамалап айтсақ та болады. Ол Семей полигонын жапты. Ядролық қарудан бас тарқан әлемде бірінші ел Қазақстан болды. Өз алдына отау тіккен елдің іргесін бекітуді, шекара мәселесін реттеуді жүзеге асырды. Қытаймен, Ресеймен, Өзбекстанмен, Қырғыз елімен шекараны ресми жүйеге келтірді. Түрлі халықаралық ұйымдарды құруда ол белсенділік танытты. Халықаралық құқыққа сай Қазақстанның тарихи рөлін, беделін көтеруді қамтамасыз етті. Елдің жетістіктерін бүкіл әлемге паш етті, өзін де, халқын да барша дүниеге мойындатты. Оларға қазақ деген халық, ел барын таныта білді. Қазақстан дүниежүзілік қоғамдастықтың белді мүшесіне айналды.

Жер жүзіне сапар шегіп, елінің белсенді насихатшысы бола алды. Халықаралық көлемде кез келген ірі державаның, дамушы елдердің басшыларымен тең отырып, мәселе шешуде өзінің қабілетті саяси қайраткер екенін танытты. Ойы да, тұлғасы да, өзін ұстасы да ешкімнен кем соқпады. Өркениетті елдің жаңа тұрпаттағы сауатты да іскер басшысы екендігін дәлелдей білді. Халықаралық зор беделге ие болды. Бұл жайында “Атамұра” баспасынан шыққан “ХХІ ғасыр: әлем саясаткерлері Н.Ә.Назарбаев туралы” атты кітапта: эпиграф ретінде алынған еуропа елдері қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымының парламенттік ассамблеясының Президенті Борис Джорждің Н.Назарбаев “Қазіргі заманның ең атақты көрнекті лидерлерінің бірі” /18, 24/ деген, Сингапур кереметінің авторы Ли Куан Юдің “Егер Назарбаев республика басында тұрса, Қазақстанның табысқа жету мүмкіндігі көп болмақ” деген сөздерін келтірсек те жеткілікті. Елбасының әлемдегі бағасын осы екі сөз арқылы-ақ білуге болады. Н.Назарбаев әлем таныған, жер шары мойындаған осы заманғы саяси қайраткерлердің алдыңғы шеңберінде келеді. Бұл, біз, Қазақстандықтар үшін үлкен мақтаныш, зор абырой. Ал қарапайым қалың жұрт үшін Н.Назарбаев несімен сыйлы, несімен қымбат? Ең алдымен, ол туған халқына жақындығымен, соның сөзін сөйлеп, мүддесін жақтаулығымен, ұлтына адалдығымен қымбат. Ел жайын ол асфальт көшеде өсіп білген жоқ, шаң-тозаңның, ауылдағы қайнаған қызу тіршіліктің нақ ортасында жүріп, үйреніп сезінді. Қырық жасында үкімет басқарған Назарбаев үшін мансап – қызығу, құмарту нысанасы болудан әлдеқашан ұмыт болған. Ол үшін – биік лауазым өз халқына, туған жеріне, төл топырағына адал қызмет етудің құралы ғана.

Сондықтан да ел басқару тізгінін қолға алғаннан бері халыққа қызмет етуден, оның тұрмысын, жай-күйін жақсартудан басқа елбасының еш ойы болған жоқ. Бар күш жігерін, ақыл-ойын, жинаған өмірлік тәжірибесін осы мұратқа жегіп келеді.

Ендігі кезекте Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаянына тоқталып өтсек. Халқымызға мәлім, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев – 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысы Шамалған селосында шаруа отбасында дүниеге келген. 1948 жылы бірінші класты туған ауылындағы мектепте бастады. 1958 жылы Қаскелеңдегі орта мектепті бітірді. Іле-шала комсомолдық жолдамамен Теміртауға аттанды. Онда ол небәрі 18 жаста еді /23, 3/.

1960 жылы техникалық училищені бітіргеннен кейін “Қазметаллургқұрылыс” басқармасы тресінің жұмысшы, соңыра тау-кен домна пешінің шойын құйғыш машиналарының шойын құюшы, Қарағанды металлургия комбинаты домна цехының жұмысшысы болып істеді.

1960 жылы мамыр айында Н.Әбішұлы Днепродзержинскіден екінші дәрежелі горновой болып оралған екен. Екі жылдай ондағы техникалық училищеде оқыған Нұрсұлтан Назарбаевтың Қарағанды политехникалық институтында сақталған № 1672-ші нөмірлі куәлігінде былай деп жазылған: “Назарбаев Нұрсұлтан окончил полный курс технического училища № 8 в г. Днепродзержинске Днепоропетровской области. Решением экзаменационной комиссии Назарбаеву Н. присвояна квалификация второй горновой восьмого разряда… Свидетельство выдана 26 апреля 1960 года” /23, 7/.

Алайда, жаңа домна пешінің бастығы В.Долматов “екінші горновой” деген дәрежесі бар маманды алғашқыда ауыр бетонға салды. Содан кейін барып, шойын құюшы жұмысына қабылдады. Біраз уақытша газовщик болып істеп жүрді. Үш-төрт ай өткен соң төртінші дәрежелі горновойға көтерді. 1961 жылы оған үшінші дәрежелі, 1963 жылы одан да жоғары дәрежелі атақтар берілді. Кейін домна пешінің аға горновойы міндетін атқарды. “Еңбек екпіндісі” деген атаққа да ие болды /19, 42/. Қазақстан комсомолының Х съезінде, БЛЖКО-ның ХІУ съезінде делегат болып қатысты. Дүниежүзі жастарының Хельсинки қаласында өткен фестиваліне де барды. Енді бір жолы БЛЖКО Орталық Комитетінің мүшелігіне сайланды. Сонымен, 1960 жылы 1 шілде күні мемлекеттік комиссия 1-домнаны қабылдау актісіне қол қойып, тұңғыш Қазақстан шойынын ағызуға рұқсат еткен болатын.

1961 жылғы 15 шілдеде Теміртау қалалық газетіне басылған “Молодым везде у нас дорога” деген суреттемеде Борис Яговитовтың тобындағы Төлеген Адам-Юсупов пен Нұрсұлтан Назарбаевтың қол жеткен жетістіктері көпке жария етілді. Бұдан кейін, келесі 1962 жылы 25 қазанда қалалық газетке домна цехының смена жетекшісі Василий Веретенниковтың “Обязательство будет выпонена” деген мақаласы жарияланды. Ол Қазақстан шойынын еселеп, от дариясын күндіз-түні ағызып жатқан екі алып домнаның қуатты еңбек ырғағына шолу жасалыпты.

Үстіміздегі 1999 жылдың 10 қаңтарындағы Президентті сайлау алдында Қарағанды облысы сайлаушыларымен Нұрсұлтан Назарбаев кездескенде былай деген болатын: “Қарағанды жерінің менің жеке басым үшін ерекше де ыстық екенін сіздер жақсы білесіздер. Осы жерге жап-жас, жігіт күйімде келіп, жұрт таныған азамат, елдің тұтқасы болып аттандым” /9, 17/. 

Шынында да, Президентіміздің жастық дәурені негізінен осы жақта өткен. Оны дәлелдейтін мысалдарды архивті ақтарғанда жиі ұшыратамыз.

1967 жылы Қарағанды металлургия комбинатының жанындағы зауыт-втузды (жоғарғы техникалық оқу орны) және КОКП ОК-нің жанындағы жоғарғы партия мектебін бітірді. 1969 жылы Теміртау қалалық партия комитетінің өнеркәсіп және транспорт бөліміне меңгеруші болып ауысады.

          Қазақстан ЛЖКО Теміртау қалалық партия комитетінің бірінші хатшылығына, Қарағанды металлургия комбинатының партия комитетінің хатшысы (1969-1971 жж.), сосын қалалық партия комитетінің екінші хатшылығына (1971-1973 жж) жоғарлайды. Екі жылдан соң, Қарағанды металлургия комбинатының партком хатшысы (1973-1977 жж.) міндетін атқаруға кірісті. Екі жылдай (1977-1979 жж) Қарағанды облысының халқына ізгі істерімен жағып, талай жақсылықтарды дүниеге келтірді. 

1984-1989 жж. Н.Ә. Назарбаев – ҚПК ОК-нің бірінші хатшысы. 1990 жылы он екінші шақырылған Жоғарғы кеңестің І-сессиясында Қаз.КСР-інің Президенті болып сайланды.

Қазақстан Республикасының Конституциясында былай деп көрсетілген: “Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарды Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға”.

Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін ел экономикасы барлық байланыстарынан айырылып, дағдарысқа ұшырады. Құлазып, шөгіп қалған өндірісті аяғынан тік тұрғызу міндеті алға қойылды. Қаржы тапшылығы бой жазуға мұрсат бермеді. Шикізат көздерін игілікке айналдыруға көп қаржы қажет болды. Елге инвестиция тарту, шетелдіктер арасында жарнама жасау, оларды елге тарту көп күш-жігерді талап етті.

Қаңырап қалған ауылдарды жаңғырту, реформалау қажет болды. Аграрлық саясат қайта жасақталды. Ауыл жылдары жария етілді. Селоға көңіл бөлу күшейді. Ауыл-аймақта қайта жаңғыру басталды. Елдің көңіл күйі түзелді, ертеңге деген сенімі артты, нарықтық саясатқа бетбұрыс жасалды. Нарықтық сана қалыптаса бастады. Өз күнін өзі көруге жаппай талпыныс күшейіп, жұрт мал өсіріп, жер егуге дағдыланды. Елді мекендерді қалпына келтіру, жол қатынастарын жақсарту, ауыл-селодағы дәрігерлік көмек, мектеп, мәдениет ошақтары қолға алынды. Ел ішінде жаңа тұрмыс, жаңа кәсіпке бейімделу басталды. Елдің рухани жаңғыруы, ұлттық рухтың есеюі мемлекеттік саясат деңгейіне көтерілді. Елбасының тапсырмасымен “Мәдени мұра” бағдарламасы жасалып, жүзеге асуда. Ежелгі руханияттың көрнекті туындылары жинастырылып, зерттеліп, көпшілік кәдесіне аса бастады. Көне мұралар, дала ойшылдарының еңбектері жарыққа шығып, өз оқушыларын тапты.

“Мәдени мұра” бағдарламасын іске асыруды Н.Назарбаев соңғы Жолдауында өткенді пайымдау арқылы қазіргі заман мәдениетін жан-жақты дамыту деп түсіндірді. Әрбір көне құндылық ежелгі ғасырдың туындысы болғанымен ғана қымбат емес, бүгінгі ұрпақтың рухани кәдесіне жарауымен қымбат.

Елбасы оқу ағарту, білім беру ісін жаңа ғасыр деңгейіне көтеруді ұсынды. Білім сапасын әлемдік стандарттар дәрежесіне жеткізіп, техникалық және кәсіптік білімді меңгеру қажеттігі алға қойылды.

1992 жылы 16 мамырда Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің “Қазақстан егеменді мемлекет ретінде қалуыптасуы мен дамуының стратегиясы” атты еңбегінде республикамыздың сыртқы саясатының концепциясын жасауға және оның басым бағыттарын таңдауды негіздеуге кіріскен болатын. Бұл құжатта: “ең алдымен біз өз саясатымыздың бейбітшілік сүйгіш бағытын жариялаймыз және әлемнің бірде-бір мемлекетіне территориялық талабымыздың жоқтығын мәлімдейміз. Кез келген әскери жанжалдың апатты салдарға әкеліп соғатыны жөніндегі өзіміздің жауапкершілігімізді түсіне және сезіне отырып:

— Қазақстанның мемлекеттік саясатының басым мақсаты ретінде бейбітшілік сақтауды мойындаймыз;

— саяси, экономикалық және басқа да мақсаттарға жетудің құралы ретінде соғысты және күш көрсету қоқан-лоқықысын қабылдаймыз;

— ядролық қарусыз мемлекет мәртебесін алуға және ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қосылуға ұмтыламыз;

— қалыптасқан шекаралардың бұзылмауы, басқа мемлекеттердің ішкі істеріне араласпау принциптерін ұстанамыз”, деп басты-басты бағытымызды атап көрсеткен болатын /5, 57/.

Президент Н.Ә.Назарбаев өзінің “Ғасырлар тоғысында”, “Тәуелсіздігіміздің бес жылы”, т.б. еңбектерінде Қазақстанда дүниежүзілік еңбек бөлінісі процестеріне, капитал мен ресурстардың халықаралық ағынына тарту мақсатында халықаралық, европалық және азиялық экономикалық одақтармен ынтымақтасу мәселелеріне байланысты алда тұрған келелі міндеттерді белгілеп берді /7, 18/.

Біздің сыртқы мүмкіндіктеріміз, ең алдымен, еліміздің географиялық, геосаяси және геоэкономикалық жағдайымен айқындалады. Президент Н.Ә.Назарбаевтың бағдарлауынша, Қазақстанның мүмкіндігі, ең алдымен, оның Еуразия аймағындағы жолдардың түйіскен торабында орналасқан географиялық жағдайынан туындайды. Қазақстанның болашағы Азиямен де, Еуропамен де, Шығыспен де, Батыспен де тікелей байланысты, — деді Президент Н.Ә.Назарбаев.

Қазақстанның геоэкономикалық жағдайына көз салсақ тоғыз жолдың торабында орналасқанын, шекараларымыздың өнбойында өз өнімімізді өткізудің аса ірі де орасан зор әлеуетіне ие болып отырғанымыз өз-өзінен түсінікті. Бұл жерле “Қазақстан — 2030” стратегиялық бағдарламасының аса құнды екенін мойындамасқа шара жоқ.

1997 жылғы қазанда Президенттің Қазақстан халқына арналған жолдауында “2030” – Қазақстан дамуының бағдарламасы талдап-белгіленді.

Президент Назарбаевтың беделінің арқасында, 1999 жылдың көктемінде оның Қытай басшылығына жеке жолдау жіберуі – трансшекаралық өзендер жөніндегі Қазақстан-Қытай келіссөздерін бастауды жеделдетті.

Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен саяси, әскери, экономикалық қатынастарының маңызы ерекше. 1994 жылы 14 ақпанда Қазақстан Президенті Назарбаев пен АҚШ Президенті Клинтон қол қойған “Демократиялық ықпалдастық Хартиясының” баға жетпес маңызы бар. Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінің ешбірі де АҚШ-пен мұндай келісімге қолы жетпеген. Онда Қазақстанның дүниежүзілік қауіпсіздікке қосқан үлесі, оның геосаяси жағдайының маңызы, аймақтық қауіпсіздікті сақтауға сіңірген еңбегі атап көрсетілген. Хартияның он жетінші бабында екі ел арасындағы қауіпсіздік, саясат, экономика, мәдениет, білім, қоршаған ортаны қорғау, ғылым, денсаулық сақтау, т.б. мәселелер бойынша мақсаттар мен міндеттер көрсетілген /10, 45/.  

1999 жылдың 10 қаңтарынан 7 жылдық мерзімге созылған өкілеттілікпен Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды. Қазақстан Президенті сайлауына балама негізінде 4 кандидат тіркелді. Олар: Коммунистік партия өкілі С.Ә.Әбділдин, Сенат депутаты Ә.Ғ.Ғаббасов, Мемлекеттік Кеден комитетінің төрағасы Ғ.Е.Қасымов және Н.Ә.Назарбаев.

Қазақстан Президентін сайлауға дауыс беру үшін жасалған тізімге енгізелген 8.419.283 сайлаушының дауы беруге – 7.328.970-і немесе барлық сайлаушылардың 87,05 пайызы қатысқан. Дауыс беру қорытындысында Н.Ә.Назарбаев жеңіске жетіп, қайтадан Қазақстан Республикасы Президенті болып сайланды. Н.Ә.Назарбаев Республика Президенті болып сайланған он жыл уақыт ішінде еліміздің тәуелсіздігін, мемлекеттің ішкі-саяси тұрақтылығын, халықтың бірлігін сақтауда, мемлекетіміздің нарықтық экономикаға көшуде көптеген айтуға тұрарлық шаралар іске асырылды. Президентіміз қажырлы қоғамдық-саяси қайраткер ретінде өзін көрсете білді. Н.Ә.Назарбаев басшылығымен көп ұлтты Қазақстан мемлекеті басқа елдерге қарағанда соңғы он жыл ішінде ешбір қақтығыссыз-соқтығыссыз алға басып, дамып келе жатыр. Мұның өзі біздің халқымыз үшін үлкен саяси жетістік болып табылады.

“Көш бастау қиын емес, қонатын жерден көл табылады, қол бастау қиын емес, шабатын жерден ел табылады, шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ”, деген екен Бұқар жырау бабамыз. Жалпы, тереңнен толғанып, жүректен қозғап шығармаған сөздің жүрекке жетпейтіні осыдан-ақ аңғарылса керек .

Сондықтан халқының қадір-құрметіне бөленіп, аялы алақанда жүретін қайраткерлердің қайсы болсын шаршы топқа түскенде тебіренбей қалмайды. Ал халық алдында тағдырдың таразыға түсер сайлау сияқты ұлы сынақтың орны мүлдем бөлек. Оның үстіне ол Елбасын белгілейтін Президент сайлауы болса жұрт алдындағы жауапкершілік деген тіптен бөлек. Елін он бес жыл басқарып, талай сыннан сүрінбей өткен Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың да таяуда осындай күйді бастан кешіргені шексіз. Бірақ “сүйер ұлың болса сен сүй, сүйінерге жарар ол” деп ұлы Абай айтқандай, сүйсінер ісі шаш етектен келетін сүйер ұлына халқы тағы да қалтықсыз сенім артып, Елбасы етіп қайта сайлады. Бұл елім деп еңіреп туған ерге халқының шексіз сүйіспеншілігі мен шүбәсіз сенімінің айғағы екеніне дау жоқ.

Халық қашанда Қазақстанның тәуелсіздігін баянды етіп қана қоймай, бүгінгідей биікке көтеріп, беделге бөленуін Н.Назарбаевтың есімімен байланыстыралы. Шынында да, ол жоғарыда сөз еткеніміздей алыстан толғап, алдағыны болжайтын, ақыл-ойы алғыр, парасат пайымы шалқар, келешекті көре білетін кемел қайраткер. Сондықтан оның өзі қашанда көптің көңілінен шығып, сөзі көкейдегіні дөп басып, көкірекке ұялай кетеді /24, 3/.

Ел басымыздың іздемпаздығы мен іскерлігі қақында сөз қозғалса, оның мемлекетіміздің ішкі және сыртқы саясатын саралай отырып, халықтар арасындағы бейбітшілік пен ынтымақтастықты нығайтуға, терроризмнің тіміскі әрекеттеріне, әсіресе, ядролық қаруларға қарсы күрес жүргізуге бекем бел байлап, батыл араласуын айтпай кетуге болмайды. Оның әлем алдындағы абырой-беделін биіктетіп отырған да осындай батыл істерге белсене кірісіп, дәйектілікпен күресе білуі болса керек.

Шындап келгенде, Нұрсұлтан Назарбаевтың назарынан тыс қалған ешбір мәселе жоқ десе де болар. Соның игі жемісін баршамыз бүгінде көріп те отырмыз. Елбасымыздың сара саясаты, батыл бағдары арқылы біз — әлемді, әлем бізді таныды. Жүріп өткен жолымызды бағамдап, тарихымызды бүгінгі көзқарас тұрғысынан таразылайтын мүмкіндік бар. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі аз жылдың ішінде ата-бабаларымыз сан ғасыр арман еткен игі мақсаттарға қол жеткіздік. Енді әлемнің ең мықты мемлекеттерді Қазақстанға құрметпен қарап оны өзінің стратегиялық әріптесі ретінде сыйлап, қастерлейді. Демек, кешегімізді екшеп, келешегімізге көз жүгіртіп, ертеңіміздің қамын ойлайтын күнге жеттік.

Қазақ халқының біртуар перзенті, тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевты жоғарыда айтқанымыздай, Алатаудың асқар шыңдарынан самғап ұшқан ақиық қыранға теңеуге әбден-ақ хақылымыз.

 

ІІ.  Қазақстаның егемендік алуы  және дамуы.

2.1. Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі саяси процестер

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздігін жариялады. Сөйтіп 260 жылға жуық созылған отарлық бұғаудан халқымыз азаттық алып, өз алдына дербес тәуелсіз мемлекет құруға мүмкіндік алды. Қазақстан Республикасы өзінің тәуелсіздігін алғанан кейін, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып, дамуын көре алмаған біздің дұшпандарымыз: Қазақстан тәуелсіздік алуға дайын емес еді, Қазақстанға тәуелсіздік кенеттен келді, басқа одақтас республикалар өздерінің тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, Қазақстан да өз тәуелсіздігін амалсыздан жариялауға мәжбүр болды – деген сияқты неше түрлі қиынсыз әңгімелерді таратты.

Ал шын мәнінде Қазақстанға тәуелсіздік кенеттен келеген жоқ. Қазақ халқы өз тәуелсіздігі жолында жүздеген күрестерде шайқасты. Сырым Датұлы көтерілісінен бастап, Кенесары Қасымұлы, Исатай мен Махамбет, Жанқожа батыр, Есет батыр, Әбдіғаппар, Амангелді батырлар, ХХ ғасырдың бас кезіндегі Әлихан Бөкейханов бастаған “Алаш” ардақтыларының азаттық жолындағы күресін және сол жолда мерт болғандарын ешкім де жоққа шығара алмайды.

Кеше ғана бүкіл дүние жүзін дүр сілкіндіріп, империяның ыдырауына жол салған 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы да осы қазақ халқының бостандығы үшін болған еді. Сондықтан да, Қазақстанға тәуелсіздік керек емес еді дейтін сөздер тек сандырақ болып қала бермек.

Еліміздің тәуелсіздігінің құқықтық негізін қалаған  “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы” Қазақстан Респуликасының Конституциялық заңы да 1991 жылы 16 желтоқсанда жарыққа шықты. Жеті тарау, 18 баптан тұратын бұл заңның негіздеріне тоқталатын болсақ, ол былайша көрініс береді. Оның ең алғашқы бабында былай делінген: Қазақстан Республикасы – тәуелсіз, демократиялық және құқықтық мемлекет. Ол өз территориясында өкімет билігін толық иеленеді, өзінің ішкі және сырқы саясатын дербес белгілеп жүргізеді. Сонымен қатар, бұдан былай Қазақстан аумағы қазіргі шекараларында біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғуға болмайтын территория, — деп жарияланды және бұрынғы кеңестік заңдардың күштері біртіндеп жойылып, жаңа құқықтық жүйе құрылып, Қазақстанның жаңа заңдары қабылданатын болды. Елімізде тұратын барлық адамдар ұлтына, шығу тегіне қарамай біртұтас Қазақстан халқы деп аталып мемлекеттік биліктің қайнар көзі осы халық болады деп негізде құрылатыны жарияланды. Болашақта еліміздің демократиялық, құқықтық негізде құрылатыны жария етілді. Мемлекетіміз бұдан былай өз тәуелсіздігін қорғау үшін дербес қарулы күштерін құратын болды. Ішкі-сырқы саясатымызды өзіміз қалыптастырып, өзіміз жүргізетін болдық. Барлық экономикалық қатынастардың жаңа негізде құрылатыны және оны тек өзіміздің шешетініміз белгіленді. Мемлекеттік билік үш буынға бөлінеді:

  1. Заң шығарушы
  2. Атқарушы
  3. Сот (2) /2, 5/.

Сонымен КСРО-ның ыдырауы нәтижесінде Еуразияның кіндік тұсында жаңа тәуелсіз мемлекет пайда болып, географиялық жағынан Ресей, Қытай және мұсылман әлемінің ортасында “көп қырлы” саясат ұстана отырып, жарқын болашаққа қарай қадам басқан еді.

Ұлттық мемлекетіміздің жаңа шаңырағы көтерілгеннен кейін, кезек күттірмей іске асырылатын шаралардың басында саяси және экономикалық жүйелерді, мемлекет құрылымдарын реформалау тұрды. Еліміз демократиялық ел болып жарияланғаннан кейін қоғамдық өмірде халық бұрынғыдай жалтақтамай, ойын ашық батыл айтатын болды.

 Осындай саяси күрделі кезеңде Президентіміз Н.Ә.Назарбаев елімізде саяси реформаларды жүргізуді қолға алып, халықты реформаға жұмылдыру, демократиялық жолмен өркениетке даму, мемлекетті нығайту, елімізде тұрып жатқан 130-ға жуық ұлттар мен ұлыстардың басын біріктіру және де басқа толып жатқан істерді атқаруды бірінші кезекте қолға алды.

Алғашқы жұмыс Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандарын қалыптастырудан бастады. Өйткені әрбір мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін оның туы, елтаңбасы және әнұраны болатыны белгілі. Осы мақсатты 1992 жылы қаңтар айында Жоғарғы Кеңес жұмыс тобын құрып, бәйге жариялады. Елтаңбаға жарияланған бәйге бойынша 245 жұмыс, Мемлекеттік туға 51 жұмыс, әнұранның сөзіне байланысты 132 жұмыс түсті /20, 10/. Жоғарғы Кеңес бұл жұмыстарды талқылай келе Шота Аман Уалихан мен Жандарбек Мәлібекұлы жасаған елтаңбаны, Шәкен Ниязбеков жасаған Туды, қабылдауға шешім қабылдады. Ал Мемлекеттік әнұран бойынша белгілі ақындар М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев және Ж.Дәрібаева жазған мәтін таңдап алынды. Әнұранның музыкасы бойынша бұрынғы авторлар М.Төлебаев, Л.Хамиди, Е.Брусиловскийлердің музыкасы қалдырылды. Ресми түрде Жоғарғы Кеңес 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік нышандарды бекітті.

Еліміздің тәуелсіздігінің алғашқы жылдарындағы жүргізілген үлкен саяси шаралардың бірі – тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясын талқылап, қабылдап заңдық іргетастың негізін қалау болды.

Алғашқы Конституцияның жобасы Жоғарғы Кеңесте талқыланғаннан кейін 1992 жылы маусым айында бүкілхалықтық талқылау үшін баспасөзде жарияланды. Жобадағы Кеңестің қызу талқысына түскен мәселелер негізінен: мемлекетімізге ұлттық сипат беруге байланысты, жеке меншікке қатысты, Қазақстанның әкімшілік-территориялық құрылысына байланысты, мемлекттік тілге, басқару формасына және азаматтық алуға байланысты болды. Конституцияның жобасы баспасөзде жарияланғаннан кейін оған бұқара халық, қоғамдық ұйымдар мен партиялар белсене қатысып бспасөз, теледидар, радио арқылы өздерінің көзқарастарын білдірді.

Конституцияның жобасындағы Мемлекеттік құрылысқа байланысты айтылған “Өзін-өзі билейтін қазақ ұлты Мемлекеттілігінің түрі ретінде” /2, 10/ деген сөйлемге Республикамыздың мекендеуші өзге ұлт өкілдерінің кейбіреулері қарсы шығып, егер де Қазақстанда қазақ ұлтының мүддесі негізінен қорғалып, ұлттық мемлекет құрылатын болса, біздің жағдайымыз қандай болмақ деген сипатта өздерінің алаңдаушылығын білдірген еді. Олар Тәуелсіз Мемлекеттің ежелгі қазақ жерінде құрылғанын, қазақ халқының өзінің мемлекеттік құрылымын өз тарихи Отанында құрып, өзінің салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын жандандыруға толық құқысы бар екендігіне астамшылдықпен қарап, түсінгісі келмеді. Бүкілхалықтық талқылау нәтижесінде “Өзін-өзі билейтін қазақ ұлты Мемлекеттілігінің түрі ретінде Қазақстан Республикасы өзінің барлық азаматының құқық теңдігін қамтамасыз етеді” деген тоқтамға келді.

Жобадағы үлкен талас тудырған мәселенің бірі-азаматтық мәселе болды. Жобада Қазақстан азаматтығын алған азамат екінші бір елдің азаматы бола алмайды, яғни қос азаматтыққа жол берілмейтіні айтылды. Бұған Республикамызда мекендеуші орыс халқының өкілдері қарсы шығып, Қазақстан мен Ресей қос азаматтығын алғысы келді. Республика халқының елу пайызға жуығы өзге ұлт өкілдерінен тұрғандықтан бұған ешқандай жағдайда жол беруге болмайтын еді. Өйткені, қос азаматтыққа жол берілген жағдайда еліміздің халқының тең жартысына жуығы өзге елдердің де азаматы болып шығып, тәуелсіздігімізге үлкен қатер тудырар еді. Қос азаматтықтың бұдан да басқа толып жатқан қиындықтары мен запрдаптары жеткілікті болатын. Сондықтан қос азаматтыққа жол берілмей “Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын адам басқа мемлекеттің азаматы болып танылмайды” /11, 10/ деген бап көпшіліктің қолдауына ие болады.

Жобадағы Мемлекеттік тілге байланысты екі жақты көзқарас болды. Біріншісі, Қазақ тілі мемлекеттілік тіл. Ал орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі болсын десе, екінші көзқарас бойынша, қазақ тілімен қатар орыс тілі де мемлекеттілік тіл статусы берілуі керек делінді.

Кеңестік қоғамда әбден қағажу көріп, екінші қатарға ығыстырылған қазақ тіліне мемлекеттілік тіл статусын беріп, оның қолдану аясын кеңейтіп шын мәнісіндегі рөлін күшейтуге мүмкіндік туған шақта, онсыз да дәрежесі жоғары болып келген отыс тіліне де мемлекеттілік тіл статусын беріп қосақтауға мүмкін емес еді. Егер олай еткен жағдайда қазақ тілі екінші қатарға ығыстырылып, бұрынғы кейпіне қайта түсетіні белгілі. Оған қоса қос тіл, қос азаматтық сияқты мемлекетіміздің тәуелсіздігіне қауіп тудыратын ұрандар әр жерден айтылып қалып жаты. Сондай-ақ, тек қазақ тіліне ғана мемлекеттік тіл статусы беріліп, орыс тіліне ұларалық қарым-қатынас тіл статусы берілмесін деген көзқарастар да үстем болып тұрды.

Пікірталас нәтижесінде: Қазақстан Республикасына мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Орыс тілі ұлтаралық қарым-қатынас тілі болып табылады. Мемлекет ұлтаралық қарым-қатынас тілі мен басқа да тілдердің қолдану аясын сақтауға кепілдік береді, олардың еркін дамуына қамқорлық жасайды /22, 140/– деген қорытынды жасалынды.

Әкімшілік мемлекеттік құрылыс туралы жобада: Қазақстан демократиялық, зиялы және біртұтас мемлекет. Қазақстан республикасының жері тұтас, ол бөлінбейді және оған қол сұғуға бомайды делінді. Болашақ Конституциядағы бұл нормаларға кейбір қазақ ұйымдарының, сеператизмді жақтаған орыс ұлты өкілдерінің кейбіреулері қарсылық білдіріп, Конституцияда мемлекеттік құрылым федерациялық болып жазылсын деді. Олар біртұтас қазақ жерін әр түрлі автономиялық құрылымдарға бөліп, бөлшектеуді ұсынды. Бұндай құрылымды мүлде қабылдауға болмайтын еді.

Сонымен, 1992 жылдың қазан айында Конституция жобасын бүкіл халықтық талқылаудың ресми қорытындысы жасаланды. Соған сәйкес, төрт айға созылған талқылауға 3-млн-ға жуық адам қатысып, баспасөзде 500-ге жуық материалдар жарияланды.

1993 жылы қаңтар айында еліміздің Жоғарғы кеңесі Қазақстан Республикасының тұңғыш Конституциясын талқылау және қабылдау жөніндегі жұмысын аяқтады.

1993 жылғы 28 қаңтарда 12-і сайланған Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің тоғызыншы сессиясында Қазақстан Республикасының тұңғыш ата заңы қабылданды. Онда: біз, Қазақстан халқы дүние жүзілік қоғамдастықтың ажырамас бөлігі бола отырып, қазақ мемлекеттілігінің бұлжымастығын негізге ала отырып, адам құқығы мен бостандығының басымдығын тани отырып, демократиялық қоғам мен құқықтық мемлекет құруға бекем бел байлап, азаматтық татулық пен ұлтаралық келісімді, өзіміз үшін және өз ұрпақтарымыз үшін лайықты өмірді қамтамасыз етуді қалай отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз және конституциялық құрылыстың мынандай негіздерін жариялаймыз /3, 5/ – делінген. Бұл Конституцияны қабылдауға Жоғарғы Кеңестегі 312 депутаттың 309-ы жақтап дауыс берген болатын.

Бұл бірінші Конституциямыз елімізде демократияны дамытуда құқықытық мемлекеттің алғашқы кездегі заңдық базаларын қалыптастыруда, Қазақстанның әлемдік қауымдастықпен байланысын дамытуда үлкен рөл атқарды.

Мемлекетіміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдардағы саяси процестер саласында жүргізілген үлкен шаралардың бірі елімізді “кеңессіздендіру” болды. Құлаған Кеңес Одағының соңғы жылдарында (1990 ж.) сайланған Жоғарғы Кеңестің сол кезде 360 депутаты бар болатын. 2 желтоқсанда “Егемен Қазақстан” газетінде Жоғарғы Кеңестің 43 халық депутатының өз өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтататына жөніндегі үндеуі жарияланды. Үндеуде: “Республика жергілікті кеңестердің өзін-өзі таратуының объективті және тарихи болмай қоймайтын процесі басталды. Мұның өзі өкілетті өкіметтің бүкіл үйеге терең дағдарысқа ұшырағандығының көрінісі болып табылатындығы айтылып”, жаңа ізденіске шақырады.

Сөйтіп, 70 жылдан аса қазақ жерінде өмір сүрген Кеңестер билігі жойылып, Жоғарғы Кеңес таратылды. 1993 жылы 10-шы желтоқсанда Қазақстан Республикасындағы заң шығарушы және атқарушы органдар туралы Президент жарлығы шықты. Бұл жарлыққа сәйкес заң шығарушы органға республикалық деңгейде Жоғарғы кеңес, облысқа – облыс маслихаттарының кеңесі, аудан мен қалаға қалалық және аудандық маслихат депутаттарының жиылысы белгіленді. Атқару саласында әкімшілік билігі енгізілді. 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” кодексі жарияланды. Соған сәйкес, бес жыл мерзімге жаңа мажоритарлық сайлау жүйесімен Праламентке 177 депутатты сайлау енгізілді. 1994 жылы 7 наурызды сайлау өтті. Жаңа сайлау бойынша сайланған депутаттардың құрамына 42 адам Президент тізімі бойынша, 75 адам қоғамдық ұйымдардан, 59 адам өзін-өзі ұсынғандардан болды.

1994 жылы сәуір айынан жаңа парламент өз жұмысын еліміздегі саяси және экономикалық қиын жағдайда бастады. Кеңестер тарап, өкілеттіліктерін тоқатып, жаңа парламент сайлауы болып, саяси сипаттағы оқиғалар өрбіп жатқанда, елімізде саяси тұрақсыздық жасауға ұмтылған сыртқы және ішкі қаскөйлер әртүрлі арандатуларды қоздырып жаты. Мәселен, В.Жириновский деген арандатушы бірнеше күн қатарынан Ресей теледидары арқылы Қазақстанға тікелей аумақтық талап қоятын, империялық ұлы державалық саясатты қайта қоздыратын арандатушылық мәлімдемелерін жасады. Ол мәлімдемелерінде Қазақстанның солтүстігіндегі бес облыс Ресейдің жері, кезінде большевиктер ол жерлерді Қазақстанға жасанды түрде қосып жіберген, сондықтан Ресейге қайтарылуы керек деп, екі елдің арасындағы саяси жағдайды ушықтыруға тырысты. Соған байланысты Қазақстан Республикасы сыртқы істер Министірлігі Жириновскийдің сандырағын ұлтаралық қақтығыстарды өршітуді, ішкі саяси жағдайды тұрақсыздандыруды мақсат тұтқан, айқын арандату ретінде бағалайтын мәлімдеме таратты. 

 Көп ұзамай Әілет Министірі Н.Шәйкенов Жетісу казактарын қолдау қоғамының қызметін тоқтату туралы бұйрыққа қол қойды. Қазақстанның солтүстік аймақтарында “Лад” қоғамының ұйымдастыруымен бұл аймақты РФ-ға қосу әрекеті жасалынды. 1995  жылы ақпан айында Степногорск қалалық советі: Біз Қазақстанның барлық деңгейдегі атқару билігінің тұтқалары КСРО-ның заңдарына бағынуын талап етеміз. Бұл талап орындалмаған жағдайда одақтық азаматтардың еркін ұлттық дамуы туралы заңына сүйеніп, ұлттық-территориялық әкімшілік құрылым ұйымдастыру құқын пайдаланымыз деген қаулы қабылдады. Ақмолодағы лакомотив депосының диреторы В.Ч.Скорик деген біреу Ресей мен Қазақстанға ортақ үкімет пен Парламент құруға шақырады. “Лад” қоғамының Ақмолада өткен Республикалық жиыны тығыз орналасқан жерлерде ұлттық-мәдени автономия алуға үндеді. Тіпті еліміздің астанасын Ақмолаға ауыстыруға да қарсы шығып, Ақмоланы тыңға келегендер салғандықтан, қалының тағдырын солар ғана шешеді деп те сандырақтады. Тәуелсіз еліміз өзінің тәуеліздік қадамын орнықтыру жолында бұндайлардың талайын бастан кешірген болатын. Сонымен қатар, ел ішінде іріткі салып, халықты адастырушылар да табылмай қалған жоқ. Мәселен, әртүрлі жеңіл жолмен тез байып, қалталарын ақшамен толтырып үлгерген байлар Н.Сұбханбердин, Н.Смағұлов, Қ.Есенберлин, б.Әбілов секілді саудагер жастардың Республикалық “Казахстанская правда” газетінің бетінде жарияланған: Жер сатылсын, Мемлекеттілік тіл екеу – орыс және қазақ тілдері болуы керек, /20, 18/- деген үндеуі ел ішінде үлкен наразылық туғызған болатын.

Сонымен тәуелсіз ел тарихында жаңадан сайланған Жоғарғы Кеңес  бір жылдай жұмыс істеп, өзінің алдына қойған мақсаттарын орындай алмай, 1995 жылдың көктемінде тарауға мәжбүр болды. 

Сондықтан да, Конституцияға сәйкес Президент Праламентті таратқаннан кейін, заң шығару саласындағы тоқырауды болдырмау үшін Жоғарғы Кеңестің 1993 жылдың 10 желтоқсанындағы “Президент пен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттік беру” жөніндегі заңына сүйеніп, заңдық күші бар маңызды  жарлықтар шығара бастады. Бұндай жарлықтар 1995 жылдың наурыз айы мен желтоқсан айы аралығында яғни елімізде заң шығарушы биліктің жоқ кезінде шығарылған болатын. Аталған кезең аралығында қоғамымыздың барлық салалары бойынша заң күші бар, жалпы саны 136 жарлық шығарылды.

1995 жылы 25 сәуірде еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Президенттік өкілеттілігін 2000 жылға дейін ұзарту жөнінде республикалық референдум болып өтті. Референдум қорытындысына сәйкес оған қатысқан халықтың 91 пайызы Президент өкілеттілігін 5 жылға ұзартуды жақтап дауыс берді. 1995 жылы шілде айында Президент Праламенттің жаңа сайлауын күтпей-ақ бүкілхалықтық талқылауға Қазақстан республикасының жаңа Конституциясының жобасын ұсынды. 1993 жылы жаңа Конституцияны қабылдағаннан кейін арада екі жыл өткенде жаңа тағы бір Конституцияны қабылдаудың қандай қажеттігі болды деген заңды сұрақтың туатыны рас.

1993 жылғы Жоғарғы Кеңесте қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы ескі идеология көзқарасындағы депутаттар мен жаңа көзқарастағы депутаттардың талас-тартысы нәтижесінде ортақ ымыраға тоқталып, қабылданған еді.

Экономикадағы нарықтық қатынасқа көшуіміз, жеке меншік секторын дамыту, мемлекет иелігінен алып, жекешелендіру процестері Конституцияда көрсетілген әлеуметтік жеңілдіктермен, мемлекеттік меншік құқығымен сәйкес келмей қарама-қайшылықтарға ұрындырады. Елімізде заң шығарушы билік пен атқарушы билік арасындағы талас-тартыс мәселелерді шешу жолы да қарастырылғаннан кейін де мәселе ушыға түсті. Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев жаңа Конституцияны қабылдаудың қажеттігі, 1993 жылғы Конституцияның кемшіліктері жөнінде былай деген болатын: “Оның кемшіліктері мен нақтылы әлеуметтік-экономикалық және саяси ахуалдан алшақтығы бірден-ақ қылаң береді. Онда саяси және құқықтық қабыспаушылықтарды еңсеру тетіктерінің көп ұзамай-ақ атқарушы және заңнаманы органдардың арасындағы қайшылықтардың ушығуының себебіне айналды. Бұған Кеңестік сот жүйесінің дағдарысы қосылып, мұның бәрі айналып келгенде, мемлекеттік құрылысты жетілдіру, әлеуметтік-экономикалық реформаларды дамыта беру жолында кедергі болып көлденең тұрды”/25, 2/.

1995 жылы 30 тамызда өткізілген жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі бүкілхалықтық референдумға сайлаушылардың 90 пайызы қатысып, олардың 89 пайызы еліміздің жаңа негізгі заңы үшін дауыс берді. 30 тамыз мемлекеттік мереке – Конституция күні болып жарияланды. 9 бөлімнен тұратын Ата заңымыздың негізгі тарауларын тарақтап айтатын болсақ: “Жалпы ережелер” деп аталатын бірінші бөлімде: “Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Қазақстан Республикасы – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы – халық. Халық пен мемлекет атынан билік жүргізуге Республика Президентінің сондай-ақ, өзінің Конститциялық өкілетті шенінде Парламенттің құқығы бар. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілі мен тең қолданылады” делінген.

“Адам және азамат” деп аталатын екінші бөлімде: еліміздің азаматтарның құқықтары мен бостандықтары, міндеттері мен парыздары, мелекеттің өз азаматтарының алдындағы кепілдіктері баяндалған.

“Президент” деп аталатын үшінші бөліме: “Қазақстан Республикасының Президенті-мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атына өкілеттік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Республика Президенті болып тумасынан Республика азаматы болып табылатын, 40 жасқа толған, мемлекеттілік тілді еркін меңгерген, “әрі Қазақстанда кемінде 15 жыл бойы тұратын республика азаматы сайлана алады” – делінген. Конституцияда Президенттің өкілеттілігі күшейтіліп, еліміздегі Президенттік басқару жүйесі бекітілді.

“Парламент” деп аталатын төртінші бөлімде: Праламент – Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Праламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі Палатадан; Сенаттан және Мәжілістен тұрды. Сенат әр облыстан, Республикалық маңызы бар қаладан өкілдікті органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан құралды.

“Үкімет” деп аталатын бесінші бөлімде: үкімет – Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне Республика Президентінің алдында жауап береді, сондай-ақ заңда көрсетілген тәріпте республика Парламентіне есеп береді. Сонымен қатар, бұл бөлімде үкіметтің құрылымы, оның атқаратын міндеттері мен өкілеттіліктері, үкімет басшысы премьер Министрдің өкілеттігі баяндалған.

“Конституциялық кеңес” деп аталатын алтыншы бөлімде: Конституциялық Кеңстің құрылымы, ол қарап шешетін даулы мәселелер, қабылданған заңдардың конституцияға сәйкестігі, Республиканың халықаралық шарттарын бекіткенге дейінгі олардың конституцияға сәйкестігі сияқты мәселелер қарастырылған.

“Жергілікті мемлекеттік басқару өзін-өзі басқару” деп аталатын сегізінші бөлімде: жергілікті өкілді органдар – маслихаттардың өкілеттігін, олардың қарауына жататын мәселелерді, сонымен бірге, жергілікті атқарушы органдардың қарауына жататын мәселелерді баяндайды.

Соңғы тоғызыншы бөлімде: қорытынды және өтпелі ережелер жиынтығы баяндалады /26, 3/ сонымен, жаңа Конституция негізінде 1995 жылы 9 желтоқсанда екі палаталы сайлау өткізілді, Жоғарғы палата – Сенатқа 45 депутат, төменгі палата – Мәжіліске 67 депутат сайланды. 1996 жылдың ақпан айынан бастап Парламент өзінің заң шығару қызметіне кірісіп кетті.

1997 жылы қазан айында еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстан – 2030 барлық Қазақстандықтардың өсіп өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы” деп аталатын Қазақстан халқына жолдауы жарық көрді.

Еңбектің кіріспе бөлімінде Н.Ә.Назарбаев: “Біз қандай мемлекеттің іргесін тұрғызғымыз келеді және оған жетудің жолдары қандай болмақ. Басты мақсаттарға жетудің жолдарын айқындап алсақ, күш-қуатымызды, уақытымыз  бен ресурстарымызды жөнсіз зая кетіруден сақтандырамыз.

Біздің алға қарай тұрақты жылжуымыздың басты шарты біздің қоғамымыздың алға қойған мақсаттарға қол жеткізудегі біртұтастығы, халықтың барлық жіктері мен топтарының ортақ міндеттерді шешуге бағытталған стратегия айналасына топтасуы деп атап көрсетілді.

Еңбекте 2030 жылдары Қазақстанның алдыңғы қатарлы елдердің біріне айналуы үшін ұзақ мерзімді басым мақсаттар мен оларды іске асыру старатегиялары көрсетілген.

Ол мынандай ұзақ мерзімді жеті басымдықтан тұрады:

  1. Ұлттық қауіпсіздік. Аумақтың тұтастығын толық сақтай отырып Қазақстанның тәуелсіз егемен мемлекет ретінде дамуын қамтамасыз ету.
  2. Ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.
  3. Шетел инвестициялары мен ішкі жинақталымдардың деңгейі жоғары ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу.
  4. Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен ауқаты.
  5. Энергетика ресурстары.
  6. Инфра құрылым. Әсіресе көлік және байланыс.
  7. Кәсіби мемлекет /10, 30/.

1998 жылы 30 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының өмірінде ерекше маңызды саяси оқиға болды. Президент Н.Ә.Назарбаев ел халқына арналған дәстүрлі жолдауында қоғам өміріне елеулі әсер ететін шешім қабылдағанын – елдегі демократиялық процестерді одан әрі өркендетуге бел байлағанын мәлімдеді. Сондай-ақ мәлімдемеде Президент басшысын сайлауды мерзімінен бұрын өткізуді, оны міндетті түрде баламала негізде өткізуді жақтайтынын айтты. Соған орай, 1998 жылы 7 қазанда “Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулыр енгізу туралы” заң қабылданды. Бұл өзгерістер бойынша Президенттік билік мерзімі бұрынғы бес жылдан жеті жылға ауыстырылды. Ендігі кезекте сайлаушылардың елу пайызынан астамы дауыс беруге қатысса, сайлау өткізілді деп есептелетін болды. “Мемлекттік қызметшінің жасы алпыс жастан, ал ерекше жағдайларда алпыс бес жастан аспауға тиіс” деген сөздер алынып тасталды. Парламент мәжілісінің депутаттарын сайлау партиялық тізімдер арқылы да жүргізілетін болып белгіленді. Партиялық тізім бойынша мәжіліс депутаттығына 10 орын бөлінді.

1999 жылы қаңтар айында елімізде тұңғыш рет баламалы негізде Президент сайлауы болып өтті. 10 қаңарда өткен сайлау нәтижесінің қорытындысы бойынша, сайлаушылардың 81,75 пайыз дауыс жинаған Н.Ә.Назарбаев жеті жыл мерзімге еліміздің Президенті болып сайланды.

1999 жылы 1 қазанда елімізде тұңғыш рет партиялық тізімдер бойынша Парламенттік сайлау болып өтті.

Сайлау қорытындысы бойынша 10 орынның төртеуін Отан партиясы, коммунистік, аграрлық және азаматтық партиялыр екі орыннан иеленді. Бүгінгі күні бұл партиялар атынан сайланған депутаттар мәжілісте талқылынып, қабылданып отырған заңдардың қабылдануына ат салысып келеді.

Тәуелсіздік жылдарында атқарылған үлкен стратегиялық саяси шаралардың бірі – Республикамыздың астанасын Алматыдан Ақмолаға ауыстыру ісі болды. Бұл шараны іске асыру хронологиялық жағынан алғанда былайша жүзеге асырылған еді:

1994 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының астанасын көшіру туралы қаулы қабылдады.

1995 жылдың 15 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының астанасы туралы заң күші бар жарлығы шықты.

1997 жылдың 20 қазанында Қазақстан Республикасы Президентінің Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы етіп жариялау туралы жарлығы қабылданды.

1997 жылдың 10 желтоқсанында Ақмола қаласы Қазақстан Республикасының астанасы болып жарияланды.

1997 жылғы 5 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмола қаласына стратегиялық мақсаттағы тікелей инвестицияларды тарту үшін, ол Қазақстан экономикасының басым бағыттарының тізіміне енгізілді.

1998 жылдың 6 мамырында Қазақстан Республикасы Президентінің Ақмола қаласының атауын Астана қаласы атауына өзгерту туралы және Астана қаласында Сарыарқа және Алматы аудандарын құру туралы Жарлықтары шықты.

1998 жылдың 20 мамырында Астана қаласының ерекше мәртебесі туралы заң қабылданды.

1998 жылдың 9-10 маусымында Астананың Қазақстан Республикасының Елордасы ретінде халықаралық тұсаукесері болды.

2000 жылдың 10 ақпанында Қазақстан үкіметі Астана қаласын дамытудың бас жоспары туралы қаулы қабылданды.

2001 жылдың 19 наурызында елбасының Жарлығымен Астана қаласын 2005 жылға дейін әлеуметтік-экономикалық дамытудың “Астанатың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі” атты мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.

2001 жылдың 29 маусымында Президент Н.Ә.Назарбаев “Астана – жаңа қала” атты арнайы экономикалық аймағын құру туралы Жарлыққа қол қойды.

2002 жылдың 27 сәуірінде астананың жарты миллионыншы тұрғыны дүниеге келді. 

Жалпы алғанда астананы ауыстырудың стратегиялық және экономикалық жағынан тиімді дұрыс шешім болғанын өмірдің өзі дәлелдеп келеді.

Қазақстан республикасы өзін демократиялық ел деп жариялағаннан кейін, демократиялық қоғамның маңызды шарттарының бірі саяси жүйенің қалыптасуы болды. Елдің саяси өмірінде саяси партиялар маңызды қызмет атқара бастады.

1994 жылға дейін Қазақстанда арнайы Әділет Министірлігінің тіркеуінен өткен мынандай партиялар мен қозғалыстар болды.

 

Партиялар

  1. Қазақстан социалистік партиясы, төрағасы Е.Ертісбаев
  2. Қазақстан Республикасының партиясы, төрағасы С.Ақатаев
  3. Қазақстан халық когресі партиясы, төрағасы О.Сүлейменов
  4. Қазақстан комунистік партиясы, бірінші хатшысы М.Төлепбаев
  5. Қазақстан халықтық-кооперативтік партиясы, төрағасы Б.Сәрсенов

 

Қозғалыстар

  1. Невада-Семей Халықаралық антиядролық қозғалысы О.Сүлейменов
  2. Азат азаттық қозғалысы, төрағасы Х.Қожахметов
  3. Қазақстан жұмысшы қозғалысы, төрағасы И.Виньков
  4. Лад республикалық славян қозғалысы, төрағасы Н.Михийлов

Бұдан кейінгі жылдары партиялардың саны көбейіп, 2001 жылға дейін Қазақстанда арнайы тіркеуден өткен әртүрлі бағыттағы 17 партия болды. Оған кейіннен құрылған Ауыл,  Орыс партиясы (Отандастар), “Ақ жол”, “Асар” және “Қазақстанның демократиялық таңдауы” халықтық партиялары қосылды /20,25/. Сөйтіп елімізде көп партиялық жүйе шын мәнісінде қалыптасып, саяси партиялар жұмыстарын жалғастырып келеді.

2002 жылы 15 қарашада еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халықтары Ассамблеясының ІХ сессиясында Азаматтық қоғамды одан әрі демократияландыру және дамыту жөніндегі ұсыныстарды талдап жасайтын, тұрақты кеңес құру жөнінде бастама көтерілді. Тұрақты кеңестің басты мақсаты еліміздегі әртүрлі қоғамдық қозғалыстар мен партиялардың сан қилы саяси күштердің ынтымақты келісіміне жағдай тудыру болып табылады. Ұларалық, конфессияаралық ынтымақтастық пен саяси тұрақтылықсыз қоғамның өрге басуы мүмкін емес. Сондықтан, бұл құрылған тұрақты кеңестен халықтың күтер үміті мол.

1999 жылы 10 қаңтарда елімізде баламалы түрде 7 жыл мерзімге Президент сайлауы өткізілді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін әлеуметтік-экономикалық жағынан өте қиын кезеңдерді басынан кешірді. Экономикалық байланыстардың үзілуіне байланысты жұмыс істеп отырған кәсіпорындар бірінен соң бірі тоқтап жатты, соған орай, жұмыссыздық көбейіп кетті, тұрмысқа қажетті тауарлардың жаппай тапшылығы үдей түсті. Асқынған инфляция шарықтап кетті. Бұның барлығы тікелей халықтың тұрмысына әсер етіп, жағдайын қиындатқан болатын.

 Нарық экономикасына өту процесі көп ауыртпалықтар туғызды. Реформалар салмағы қарапайым халықтың иығына түсті. Экономикалық жағдайдың шиеленісе түсуіне Қазақстан экономикасының шикізат беруге және оны өндіруге ғана бағытталуы, оның басқа мемлекеттердің экономикасымен өзара байланысып жатуы да салқынын тигізді. КСРО-ның ыдырауы, экономикалық оқшауланған аймақтардың құрылуы бұрынғы тауар өткізу мен сатып алу нарықтарын қайта қарауға мәжбүр етті. Мұның өзі де өндірістің құлдырау процесіне себепші болды. Мәселен, 1991-1993 жылдар аралығында еліміздегі инфляция деңгейі 2 200 пайызға дейін өскен.

Қазақстан ТМД-ның басқа елдері сияқты, нарықтық экономика жолына 1992 жылдың қаңтарынан аяқ басты. Алғашқы кезде елімізде өзара байланысып жатқан екі міндетті шешу қажет болды:

— Экономиканы тұрақтандыру және дағдарыстан шығару;

— Нарықтық қатынастарды құру және дамыту.

Нарықтық қатынастар мен нарық тетіктерін құлашын кең жайған дағдарыс жағдайында дамыту өте күрделі еді, сондай-ақ экономикалық ескі тетіктерді оған жарамайтын, ал жаңалары тек қалыптаса бастаған болатын.

Осындай жағдайда үлкен көршіміз Ресей үкіметі бағаны тез ырықтандыруға, қатаң ақша-кредит және қаржы-бюджет саясатына және жекешелендіруді шапшаң жүргізуге, яғни “есеңгіретіп емдеу” саясатына негізделген реформаның стратегиясын ұсынды.

Бұл Кеңестік жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудің оңтайлы жолы және түбегейлі өзгерістердің стратегиясы болатын. Бұған дейін бұндай жолға кеше ғана социалистік жоспарлы экономикада болған Шығыс Еуропа  елдері – Польша, Венгрия, Руминия көшкен болатын. Бұл жол, алғашқы кезде халыққа өте ауыр тиетін, бірақ қиындықты тез еңсеру жолы болды.

Екінші жол нарыққа біртіндеп көшу. Бірақ бұл жолда екі көзқарас, яғни ескі көзқарас пен жаңа нарықтық қадам үнемі бір-біріне қарама-қарсы тұрып, экономикалық дамуды тежеп отырды. Өзбекстан сияқты ТМД-ның кейбір елдері осы жолды таңдап алды.

Қазақстан Республикасы 1991 жылы тәуелсіздік алғанмен іс жүзіндегі жеке дара экономикалық саясаты мен өз реформасы өзінің ұлттық валютасын енгізгеннен соң, 1993 жылдың соңынан бастап қана жүргізе бастады. Осы уақытқа дейін біздің Республикамыз өздігінен институционалдық реформалар жүргізуге ғана мүмкіндік алап, экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізе алмаған еді.

Еліміздің алғашқы кездегі әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың  1992 жылы жарияланға “Қазақстан егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стартегиясы” және 1993 жылы жарық көрген “Қоғамның идеялық бірігуі – Қазақстанның дамуының кепілі” деген еңбектерінде жарияланды /5, 40/.

Сонымен елімізде жүргізілген экономикалық реформаның алғашқы кезеңі 1992-1993 жылдардың аралығы болып табылады. Бұл кезең экономиканы түбегейлі қайта құрудан, яғни жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшуден басталып, ұлттық валютамызды енгізгенге дейінгі аралықты қамтиды. Бұл алғашқы кезеңде біздің экономикалық саясатымыз көрші Ресей мемлекетінің экономикасына қарай бағытталып дамыды. Нарықтық экономиканың заңдық базасы құрылды. Сытрқы экономикалық қатынас, оның ішінде шетел капиталын тарту, банкі саласын қалыптастыру шаралары жүргізілді.

Экономикалық реформаның екінші кезеңі 1993 жылы қараша айында ұлттық валютамызды енгізуден және өзіміздің макроэкономикалық саясатымызды қалыптастырудан басталады. Ұлттық теңгеміздің енгізілуі еліміздің экономикалық және саяси өміріндегі үлкен маңызды оқиға болды. Сондықтан оған кеңірек тоқталуды жөн көріп отырмыз. 1993 жылы 3 қарашада Мәскеуде Ресей мен Қазақстан премьрминистрлерінің кездесуінде Қазақстанның сом аймағынан шығатындығы туралы шешімі хабарланды. 5 қарашада Президентіміз Н.Ә.Назарбаев “Ақша жүйесін тұрақтандыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы” жарлыққа қол қойды. Жарлықта КСРО Мемлекеттік банкісі мен Ресей банкісінің 1961-1992 жылдары шығарылған банкноттарының ТМД-ның бірқатар елдерінің аумағындағы айналысы тоқтатылуына байланысты осындай банкноттарды Қазақстан Республикасының аумағына заңсыз әкелу мөлшері қауырт өсіп кеткені, мұның өзі елдің бүкіл қаржы жүйесін бүлдіруге, инфляция қарқынының жеделдеуіне және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтыратыны айтылды.

Қазақстан Республикасы үшін өз ұлттық валютасын енгізу оңай шешім болған жоқ. Ақырғы сәтке дейін Ресейдің жаңа “рубль” аймағында қаламыз деген үміт ақталмады. Ресей жағы Қазақстанның экономикалық егемендігін шектейтін талаптар қойып, оған дейінгі барлық келісімдерді жайына қалдырды. Сөйтіп оқиғаның даму барысы Республиканың өз ұлттық валютасын енгізу қажеттігіне алып келді.

Осы ұлттық теңгемізді енгізу кезіндегі қиын да жауапты кезеңде атқарылған шаралар жөнінде Н.Ә.Назарбаев өзінің “Ғасырлар тоғысында” деген еңбегінде: “12 қарашаны мен ақшаны енгізу күні деп жарияладым. Жиырма күнге жетер жетпес уақыт қалды. ҰҚК басшыларының бәрін операцияны өткізуге жұмылдырдым. Ең қиыны – ақшаны барлық аудандарға, барлық банкілерге жеткізу. Ол сегіз күннің ішінде атқарылып шықты. Бәлкім, дүние жүзінде жаңа ақшаны енгізу тап осылай тез әрі табысты жүзеге асырылған жоқ шығар”, — деп жазды /7, 27/.

1993 жылы 12 қарашада Президентіміз Н.Ә.Назарбаев теледидардан сөйледі: “Қымбатты отандастар! Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Жоғарғы Кеңестің маған берген өкілеттігіне сәйкес мен 15 қарашадан бастап елімізде ұлттық валюта теңгені енгізу туралы жарлыққа қол қойдым. Осы сәттен бастап тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасуы мен дамуының жаңа, шын мәніндегі кезеңі басталады. Біз үшін оның экономикалық қана емес, саяси маңызы да аса зор” – деп сөзін бастаған Елбасы ақша айырбастау тәртібінің бүге-шегесіне дейін талдап жатпай, тек 1991-1992 жылдардағы сол үлгілердің 500 сомы 1 теңгеге жуық болатыны, 16 жастан асқан, Қазақстан территориясында тұрақты тұратын әр адамға 100 мың сомға дейін айырбастауға мүмкіндік берілетітін айтты.

Сонымен, Ұлттық теңге енгізілгеннен бергі оның тоғыз жылдық тарихына көз жіберсек, сарапшылар оны шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастырады. Алғашқы қалыптасу кезеңі. Ол 1993 жылдан 1996 жылдың орта шеніне дейін созылды. Бұл ұлттық теңгеміздің ең бір қиын кезеңі болды. Рубль аймағынан шығарылған Қазақстан айналымға өз валютасын енгізуге мәжбүр болып, өзара есеп жүргізу арқылы өтелмеген төлем проблемасын шешуге, сонан соң қаржы рыногындағы жағдайды қалыпқа түсіруге әрекет жасады.

Екінші кезеңі – 1999 жылғы сәуірге дейін – қаржы секторы, оның инфрақұрылымы жедел дамыған жылдар болды. Бұл инфляция мен құнсыздануды бақылау мәселелерінде айтарлықтай табысқа жетуге, сондай-ақ ақша рыногындағы ставкаларды сапалық жаңа деңгейге дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Осы уақыт аралығында өзге елдермен салыстырғанда 1998 жылғы Ресейдегі қаржы дағдарысының әсерін және 1999 жылғы теңгенің құнсыздануын көп қиналыссыз еңсере алған банк жүйесі құрылды.

Сонымен қатар 1999 жылы Қазақстаның басты сауда әріптесі болып табылатын Ресейде орын алған ұлттық валютаның едәуір құнсыздануы осы мемлекеттің валютасына қарағанда теңгені біршама қымбататты. Соның салдарынан біздің тауарларымыздың, кәсіпорындардың және жалпы еліміз экономикасының бәсекелестік қабілеті төмендеп кетті. Бұл өз кезегінде сыртқы сауда операциялары бойынша теріс сальдоның өсуіне, алтын-валюта резервтеріне және жалпы ішкі өнімнің төмендеуіне әкеліп соқты. Қазақстан үкіметі 1998-1999 жылдары еліміздегі теңгенің тұрақтылығын ұстап тұру үшін алтын-валюта қорымыздан 700 млн.  доллар жұмсаған. Міне, осындай жағдайда Республика үкіметі мен Ұлттық банкі 1999 жылдың 5 сәуірінде теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы режиміне көшу туралы шешім қабылдады.

Ұлттық теңгені енгізудің үшінші кезеңі бүгінге дейін жалғасуда. Ол нақты секторды дамыту тұжырымдамасымен сипатталады. Бұл орайда әлемдік шикізат рыногындағы Қазақстан көзделінді. Мұндай шаралар банк жүйесінің айтарлықтай нығаюына, қуатты институционалдық инвестор-жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылуына және сақтандыру қордың активтері 1.8 % млрд. доллардан астам соманы құрайды. Ал ұлттық банктің таза халықаралық резервтері 3 млрд. доллардың үстіне. Сөйтіп, еліміздің Халықаралық резервтері тұтас алғанда 4.8 % млрд. долларға жетіп отыр.

1995 жылғы 1 шілдеден салық жөніндегі жаңа заң енгізілді, салық саны бұрынғы 4-тен енді 11-ге дейін қысқарды, олардың алым көлемі ретке қойылды, олар экономикадағы нарықтық қатынастарға лайықтанды. Елімізде мемлекеттік меншікті жекешелендіру жоғарғы қарқынмен жүргізілді, реформа жылдары (1992-1995) мемлекеттік 16 мың кәсіпорын жекешелендірілді, оның ішінде экономиканың экспорттық секторына жататын өнеркәсіптің ірі-ірі жетекші кәсіпорындары бар.

1996 жылы еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев әлеуметтік-экономикалық реформаның алғашқы кезеңдерінде атқарылған шараларға баға бере отырып: “Алайда, біз басқа да бірсыпыра міндеттерді қажетті көлемде шеше алмадық, бұларды ендігі жерде қысқа мерзімнің ішінде жүзеге асыру керек, олар:

— кәсіпорындар мен экономиканың аса маңызды секторларының реформасын негізінен аяқтау, жекешелендіруді ақырына дейін жеткізу;

— қаржы (банк) секторына реформа жүргізу;

— бюджет кірістеріне байланысты ахуалды оңдау және оның шығыс бөлігін ұтымды ету;

— төлемсіздік проблемаларын шешу және “әлеуметтік объектілерді кәсіпорындардан бюджетке беру” – деп атап көрсеткен болатын (8).

Сонымен қатар Президент үкіметтің алдына: 1997 және 1999 жылдары жекешелендіруді, кәсіпорындар мен қаржы секторын реформалауды түпкілікті аяқтауды, барлық төлемсіздіктерді анықтауды, қаншалықты қиынға соғатынына қарамастан тиімсіз кәсіпорындарды таратуды, инвестициялық ахуалды жақсартуды қойды.

Еліміз 1992 жылдан бастап нарықтық қатынасқа көшкеннен кейін мемлекеттік нысандар жаппай жекешелендірілді. Өйткені жекешелендіру экономикалық реформалар саясатының басты бағыттарының бірі болды. Содан бергі аралықта Республика бойынша жеке кәсіпорындардың үлес салмағы 80 пайыз, соның ішінде өнеркәсіпте – 86, ауылшаруашылығында – 95, құрылыста – 84, көлікте – 96 пайыз. Қазіргі уақытта “Жеке меншік кәсіпорындарда 4.7 миллион Адам жұмыс істейді, бұл экономикада жалпы еңбекпен қамтылғандардың  пайызын құрайды. Елімізде миллионға жуық азамат еңбек ететін 400 мыңдай шағын және орта бизнес нысандары жұмыс істейді” /25, 2/.

Президент ішкі, сыртқы қауіпсіздікті нығайтуға байланысты өз ойларын ортаға салды. Қазақстанның ұзақ мерзімді стратегиялық мақсат-мұраттарының баянды боларына сенім білдірді /27, 3/.

 

2.2 Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін қабылданған “Тәуелсіздік туралы” заңда: Қазақстан Реапубликасы сыртқы саясатта халықаралық нормаларды сақтай отырып, барлық елдермен тең құқылы тең дәрежеде қарым-қатынастар жасайды, өзінің территориялық шекарасының мызғымастығын қамтамасыз етеді және өзінің ішкі, сыртқы саясатын дербес жүргізеді делінген. Осы алғашқы қабылданған заңда көрсетілген нормаларды республикамыз сақтай отырып, өзінің сыртқы саясатын қарқынды дамытып келеді.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін жариялағаннан кейін сыртқы саяси қызметті қалыптастыру және нығайту міндеті тұрды.

1992 жылы 2 наурызда Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып қабылданғаннан кейін, біздің еліміздің халықаралық байланысқа шығуына кеңінен жол ашылды. Бүгінде Қазақстанды әлемнің 140-қа жуық елдері ресми түрде таныды. Қазақстан 50-ге жуық мемлекеттерде өз елшіліктерін ашты. Қазіргі таңда Қазақстанда 47 елдің елшіліктері ашылып жұмыс істеуде. 200-ден аса шетел компаниялары республикамызда өз офистерін ашты. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бергі аралықта 50-ге жуық әртүрлі ұйымдардың мүшесі болып қабылданды.

Біздің жаңадан құрылған Республикамыздың алдында алғашқы жылдары күрделі міндеттер тұрды. Бұл міндеттер туралы Президентіміз Н.Ә.Назарбаев “Ғасырлар тоғысында” атты еңбегінде былай деп жазды: “Біріншіден, біздің мемлекетіміздің шын сипатын тануымыз керек болды. Екіншіден, Қазақстанда халықаралық дәрежеде мойындатып, оның қауіпсіздігі мен аумақтық тұтастығын қамтамасыз етуіміз керек болды. Үшіншіден, әлемдік шаруашылық жүргізу мен экономикалық байланыстарға белсене араласуымыз қажет болды. Біздің сыртқы саясатымыздың қалыптасу кезеңі осындай өрелі міндеттерді жүзеге асырудан басталды”/7, 37/.

1992 жылы қазан айында болған БҰҰ-ның 47 саессиясында еліміздің Президенті алғаш рет тәуелсіз мемлекеттің басшысы ретінде сөз сөйлеп, әр жыл сайын әскери салаға кететін шығынды 1 пайызға қысқартып, оны әлемде бейбітшілікті нығайту үшін БҰҰ-ның қорына аударуды ұсынды. Сонымен қатар Н.Ә.Назарбаев ЕХЫҰ-ы сияқты Азиядағы қауіпсіздік пен сенім шаралары жөніндегі Кеңесті құруды ұсынды. Бұл Қазақстанның сыртқы саясат саласындағы алғашқы ұсыныс қадамдары болатын.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібінде маңызды орын алды. Өйткені, республикамыздың Ресей мен Қытай сияқты ядролық қаруы бар мемлекеттердің ортасында орналасуы және оңтүстігінде мұсылман мемлекттерімен  шектесуі қауіпсіздік шараларына ерекше назар аудару міндет етті. Сөйтіп, 1992 жылы мамыр айында Президентіміздің АҚШ-қа барған ресми сапарында ядролық қаруды таратпау және қазақ жерінде орналасқан барлық ядролық қаруды Ресейге алып кету және Қазақстанды ядролық қарусыз аймақ ретінде тану жөніндегі Лиссабон хаттамасына қол қойылды. Осы келісім бойынша АҚШ Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік берді. Қазақстан жерінде орналасқан ядролық қаруларды бөлшектеу, жою, тасып әкету жұмыстарына АҚШ 84 миллион доллар көлемінде қаржы бөлді. Қазақстанды ядролық қарусыз ел ету ретіндегі іргелі жұмыс 1991 жылы 29 тамызда Қазақстанның Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу жөніндегі жарлығынан бастау алған болатын.

Қазақстанның ядрорлық қарудан бас тарту жөніндегі ізгі қадамдарына жауап ретінде 1994 жылы 5 желтоқсанда Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңестің Будапештегі жоғары дәрежелі кездесуіне үш ядролық мемлекеттің – Ресейдің, АҚШ-тың және Ұлыбританияның басшылары Қазақстанның қауіпсіздігінің кепілдігі туралы меморандумға қол қойды. 1995 жылы ақпанда ҚХР-да Қазақстанның қауіпсіздігіне кепілдік берді. 1995 жылы 26 мамырда Қазақстан жеріндегі барлық ядролық қарулар тасып әкетілді. Қазақстан ядролық қарусыз елге осылай айналған еді.

1992 жылдың бас кезінде ТМД-ның бірлескен әскери күштерін сақтап қалу және құру әрекеттері сәтсіз аяқталғаннан кейін, бұрынғы Одақтас Республикалар өз қарулы күштерін құруға көшті. 1992 жылы 7 мамырда Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен “Қазақстан Республикасының Қорғаныс Министірлігі”, “Қазақстан Республикасының қарулы күштері” құрылды. Сөйтіп, бұл күн еліміздің қарулы күштерінің құрылған күні ретінде тарихқа енді. Қарулы күштер құрылғаннан кейін 1993 жылы 11 ақпанда Президент бекіткен Республикамыздың әскери доктринасы жасалды. Ол: соғыстың алдын алу және болдырмау, қорғанысты нығайту, ТМД елдерін одақ және өзара көмек принциптеріне негізделді.

Әлемдегі геосаяси жағдайдың өзгеруіне байланысты, халықаралық терроризмнің тарапынан қауіптің күшеюіне байланысты, заңсыз қару мен есірткі тасымалының күшеюіне байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2000 жылы 10 ақпанда жаңа әскери доктринаны бекітті.

Қазақстан Республикасы ТМД әскери одақпен қатар экономикалық, саяси, мәдени қарым-қатынастарды да жандандыруға барынша күш салып келеді. 1994 жылы Қазақстан Еуразиялық одақты құру туралы бастама көтерді. Бұл одақты құрудағы мақсат: бұрынғы КСРО-ға кірген мемлекеттер арасындағы интеграциялық байланыстарды одан әрі тереңдету, шаруашылық іс-әрекеттердегі заңдық құжаттарды бір ізге келтіру ТМД-ның шекарасын бірлесіп қорғау, ТМД-ның экономикалық байланысын бір жүйеге келтіріп үйлестіріп отыру болатын /20, 57/.

Қазақстан өзінің сыртқы саясатында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында үздіксіз жұмыстар жүргізіп келеді. Мәселен, 2001 жылы 15 маусымда Қытайдың Шанхай қаласында “шанхай бірлестігі” деп аталатын бірлескен ұйым құрылды. Оған: Қазақстан, Ресей, Қытай, Қырғыстан, Тәжікстан кірді. Кейіннен бұл ұйымға Өзбекстан мемлекеті қосылды. Ұйым аймақтық қауіпсіздік жүйесін дамыта отырып шекаралық мәселелерді шешу, ұдайы пікір алмасу, қарым-қатынасты реттеу және өзара келісім мәселелерін бірлесіп шешіп келеді.

Сонымен қатар, Республикамыз 2001 жылы 11 қыркүйекте АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында орын алған террористік әрекеттен кейін дүние жүзі мемлекттерімен терроризмге қарсы бірлесіп күресу үшін күш жұмылдырып келеді.

Қазақстан Республикасы сыртқы саясат саласында дүние жүзі елдерімен екі жақты келісім-шарттар мен екі жақты қарым-қатынастар мәселесіне ерекше ден қойып келеді.

1992 жылы мамыр айында Қазақстан мен Ресей арасында досық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы келісім-шартқа қол қойылды. Бұл келісім-шарт бойынша  екі елдің шекарасының мызғымастығы және территориясының тұтастығына, бір-бірінің тәуелсіздігіне құрмет принципі заңдық тұрғыдан бекітілді. Сондай-ақ, 1994 жылы және 1995 жылы екі елдің Президенттері Н.Ә.Назарбаев пен Б.Н.Ельциннің кездесулерінде екі жақты 22-ге жуық әртүрлі құжаттарға қол қойылды.

 2003 жыл Қазақстанның Ресейдегі жылы деп жарияланды. Осы жыл аясында екі жақты экономикалық, ғылым, білім және мәдени байланыстар жалғасын табады деп ойлаймыз.

2004 жылы қаңтар айында Қазақстандағы Ресей жылына орай Ресей Федерациясының президенті В.В.Путиннің Астанамызға ресми сапары болды. Сапар барысында екі елдің шекарасын белгілеуді аяқтау, Ресейдің Байқоңыр ғарышын айлағын пайдалану мерзімін 2050 жылға дейін ұзарту, Қазақстанның спутниктік байланыс саласын дамыту мақсатында өзінің “Ангара” деп аталатын ракетасын ұшыру сияқты негізгі мәселелерге қол қойылды. Экономикалық салада “ҚазМұнайГаз” ұлтық мұнай компаниясы мен Ресейлік “Лукойл” мұнай компаниясы арасында Түпқараған және Аташ мұнай көздерінде бірге жұмыс істеу туралы келісім-шартқа қол қойылды.

Қазақстан Республиксының тәуелсіз ел болғалы бері Түркия мемлекетімен де сыртқы қарым-қатынасы өте жемісті дамып келеді. Тілі, діні бір Түркия мемлекеті ең бірінші болып Қазақстанның тәуелсіздігін таныды. Қазақстан Республикасы да тәуелсіз ел ретінде өзінің ең тұңғыш елшілігін Түркияның астанасы Анкарада 1992 жылы 29 қазанда ашқан болатын. Содан бергі аралықта Қазақстан мен Түркия мемлекеттері арасында тығыз экономикалық, саяси және мәдени байланыстар өрістеп дамуда. 1991 жылы қыркүйек айында қазақ-түрік іскерлік кеңесі құрылды. Бұл кеңес 73 Қазақстандық және 183 Түркиялық кәсіпорындар ассоциация, фирма, банк және биржалардың басын біріктірген болатын.

Қазақстан Республикасы өзінің сыртқы саясат саласында шығысымыздағы үлкен мемлекет Қытаймен қарым-қатынасқа үлкен мән беруде. Кеңестер дәуірінде Қытай мемлекетімен арадағы қатынас ушығып кеткен болатын. 1991 жылы желтоқсан айында Қытай халық Республикасы мен Қазақстан Республиксының үкіметі екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланысты дамыту мақсатымен достық, ынтымақтастық, теңдік және өзара тиімділік негізінде сауда-экономикалық келісімін жасады. 1992 жылы ақпанда Қазақстан Қытай үкімет аралық мазмұндамасына қол қойылды. 1992 жылдың сәуір айынан бастап Қытай мемлекетімен темір жол қатынастары орнатылды. ҚХР-ы мен Қазақстанның 1994 жылғы шекараларының өту тұстары туралы мәселелерді реттеу жөніндегі келісімінің маңызды тұстары туралы мәселелерді реттеу жөніндегі келісімнің маңызы үлкен болды. 2002 жылы еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қытай арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Қазақстан мен Қытайдың Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше болуы, шекаралас болуы өзара түсіністікке, ынтымақтастыққа жол ашып отыр.

Шығыстағы Жапония мен және Корея Республикасымен де екі жақты байланыстар қарқынды дамып келеді. Жапония мемлекеті біздің елімізге ірі қаржы құюшы елдердің бірі болып табылады. 1991 жылы шілде айында Маңғыстау мұнай өңдеу зауыты құрылысының консорциумы өз жұмысын бастады. Құрылыс жобасын Жапонияның “Эксимбанк” банкісі қаржыландырып отыр. 1994 жылы шілде айында Жапонияның “ІТОСНИ” фирмасы Қарағанды металлургия комбинатында кокс газын тазарту цехының құрылысын бастау жөніндегі шартқа қол қойды. Жапонияның компаниялары еліміздегі жол құрылыстарын, көпірлерді еліміздегі жол құрылыстарын, көпірлерді және тағы басқа құрылыстарды салуға белсене қатысып келеді.

1991-2002 жылдар аралығында Жапонияның Қазақстанға тікелей тартқан инвестициясы 336 млн. долларға жетіп, Қазақстан экономикасына инвестиция салған мемлекттердің ішінен тоғызыншы орын алып отыр.

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев ел басшысы ретінде 1990 жылғы алғашқы сапарларының бірін Корея Республикасына жасаған еді. 1992 жылы қаңтарда екі елдің арасында толық дипломатиялық қарым-қатынас орнатылды. Соның нәтижесінде Кореяның “Самсунг” фирмасы Қарағандыда тоңазытқыштар шығара бастады. Ал сол Кореяның “Самсунг” компаниясы Қазақстанның мысын игеріп келеді.

2003 жылы қараша айында ҚР Президент Н.Назарбаевтың Корея Республмкасына ресми сапар жасады. Президент оларды инвестиция және сауда көлемін ұлғайтуға шақырды.

Қазіргі уақытта елімізде Корей капиталымен жұмыс істейтін 180 компания тіркелген, олардың 50-ге жуығы бірлескен кәсіпорындар. Корей инвестициясы негізінен қызмет көрсету, өндіргін өнеркәсіп, телекоммуникациялық инфрақұрылымдар мен электрондық жабдықтар салаларын қамтыған. Кореяның “Самсунг”, “Эл-Джи электроникс”, “Дэу”, “Эн-Ти-Си” компаниялары Қазақстанда жемісті еңбек етіп келеді. Қазақстан Республикасы Иран Ислам Республикасымен 1992 жылы қаңтар айында дипломатиялық қатынас орнату туралы келісімге қол қойды. Қазақстаның Таяу және Орта Шығыс елдерімен, оның ішінде Иранмен, Сауд Аабиясымен, Египетпен дипломатиялық және экономикалық байланыстарды дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді.

Қазақстан Ислам елдерімен де дипломатиялық және экономикалық қарым-қатынастарды да дамытуға мүдделі болып отыр. 1994 жылы Президент Н.Ә.Назарбаев Сауд Арабиясына жасаған сапары негізінде бірсыпыра келісімдерге қол қойды. Сауд Арабиясы елі жаңа астанамздағы Сенат үйінің құрылысына миллион доллар қайтарымсыз қаржы бөліп, көмегін көрсетті.

Египет елімен дипломатиялық қатынас орнағаннан кейін Египетте Египет-Қазақ Ассоциациясы, Қазақстанда Қазақстан Египет Ассоциациясы құрылып жұмыс істеп келеді. Египет Алматыда ислам мәдени орталығы құрылысын салу үшін қайтарымсыз 15 миллион доллар қаржы бөлді. Сол көмектің нәтижесінде Алматыдағы Әл-Фараби даңғылының бойында Ислам мәдени орталығы мен Нұр Мүбәрак Ислам университеті бой көтеріп, жұмыс жасауды.

Жалпы алғанда, 1995 жылдың желтоқсанында Қазақстанның Ислам конференциясы Ұйымының толық құқылы мүшесі болуы ірі иевестициялық мүмкіндіктері бар мұсылман әлемімен біздің өзара қарым-қатынастарымызды нығайта түсті.

Қазақстанның АСЕАН-ға мүше елдермен, оның ішінде ең алдымен – Индонезиямен, Малайзиямен және Сингапурмен қарым-қатынастары жақсы дамып келеді. Бұл елдердің экономика саласында ілгері өркендеуі мен табыстары біздің жас мемлекетіміз үшін үлкен тәжірибе болып табылады және сауда-экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге үлкен мүмкіндіктер туғызып отыр.

Қазақстан Республикасы алыс шетелдермен сыртқы қатынаста Америка Құрама Штаттарына үлкен маңыз беріп отыр. Үлкен қуатты мемлекеттірдің ішінде АҚШ Қазақстанның тәуелсіздігін алғашқылардың бірі болып таныды. Қазақстан АҚШ-пен саяси, экономикалық, дипломатиялық және мәдени қатынастарды қалыптастырып, дамытуға айрықша маңыз беріп келеді. 1992 жылы мамыр айында Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың АҚШ-қа барған ресми сапары барысында Президент Дж.Буш екеуі үш келісімге қол қойды, олар сауда, экономика және инвестициялар саласындағы байланыстарды кеңейту үшін құқылық негіз қалады. 1993 жылы 6 сәуірде Қазақстан мен американдық мұнай компаниясы “Шевронмен” бірлескен кәсіпорын “теңізшевройл” құру туралы келісімге қол қойды. Ол 40 жыл мерзімге жасалап, алынған пайданың 80 пайызы Қазақстанға, 20 пайызы “Шевронға” тиесілі болатын болып келісілді. Қазақ жеріне алғашқылырдың бірі болып келеген “Шеврон” компаниясы Қазақстандық мұнай-газ секторының дамуына қолайлы жағдай жасады. Басқа шетелдік компаниялардың Қазақстан экономикасына инвестиция салуына сенімділік туғызды. “Теңізшевройл” өзі құрылған 1993 жылы 1 миллион тоннадай мұнай өндірген болса 2002 жылы 13,1 миллион тонна мұнай өндіруге қол жеткізді. Ал американдық “Филлипп Морис” компаниясы Қазақстандағы темекі өнімдерін шығаруға инвестиция салды. 

АҚШ-тың стратегиялық мүддесі – Қазақстан экономикасында американ бизнесінің кеңеюіне саяси құралдармен жағдай жасау, аймақта өз ықпалын жүргізу болып табылады. Елімізге шетелдердің инвестициясын тарту мәселесінде АҚШ бірінші орында тұр. 2001 жылы 3 мамырда Қазақстаның Сыртқы істер Министірі Е.Ыдырысов АҚШ-қа сапары кезінде вивице-президент Р.Чейнинмен кездесіп, Президент Н.Ә.Назарбаевтың жеке жолдауын табыс етті. Соңғы жылдары АҚШ Қазақстанның минералды шикізатының мол қоры бар Каспий аймағын игеруге белсене әрекет етуде. Н.Ә.Назарбаев өзінің “Сындарлы он жыл” деп аталатын еңбегінде он жыл ішіндегі Қазақстанның тәуелсіздікке басқан қадамдарындағы зор жетістіктер мен проблемалық мәселелерді зерделей келе Каспийге байланысты АҚШ-тың ұстанымы жөніде былай деп жазды: “АҚШ-та соңғы уақытта Каспий аймағында зор ынта таныта бастағаны өзінен-өзі түсінікті. Ақ үйдің қазіргі әкімшілігінің Каспий аймағының маңызына мән беруі бірден байқалады. АҚШ-тың энергетикалық стратегиясында бұл аймақтың өзіндік орны арта түсуде. Ішінара айтқанда, ол мына тұрғыдан көрінеді: Баку-Жейхан құбырын тарту жобасы бұрынғысынша қолдау тауып отыр; қашаған кенішінен көмірсутекті қазынаның елеулі қоры табылғанан кейін Вашионгтонның бұл аймаққа ынтасы тіпті жандана түсті” /11, 156/.

Еуропалық Одақ елдерінің ішінде Қазақстанмен табысты дипломатиялық, экономикалық қатынастарды өрістетіп келе жатқан елдердің бірі – Италия Республикасы. Италия Қазақстаның аса ірі сауда әріптестерінің қатарына кіреді. Біздің экспорттың негізгі түрлері: мұнай, табиғи газ, түсті металдар, мұнай өңдеу өнімдері, мыс, мырыш, қара металл, мақта, химия өнімдері. Импорттың негізгі түрлері: құрал-жабдықтар, киім, аяқ киім, жиһаз, тағам өнімдері, көлік құралдары, химиялық және фармацевтикалық өнімдер құрайды. Қазақстанда 42 қазақстандық-итальяндық бірлескен кәсіпорын және итальян компонияларының сегіз өкілдігі тіркелген.

Сыртқы халықаралық қатынстағы Республикамыздың табысты қарым-қатынастарын қорытындылай отырып, кейбір елдермен әлі де болса қарым-қатынасты алға жылжыту қажет екеніне назар аударуымз керек. Мәселен, Швециямен арадағы тауар айналымы 2000 жылы 6,5 млн. доллар болса, 2001 жылы 45,1 миллионды құраған. Яғни тауар айналымы өсудің орнына азайған. Ал Үндістан мен Қазақстаның арасындағы тауар айналымы бар-жоғы 51 млн. доллар. Үндістанмен арадағы қарым-қатынастардың көзін тауып дұрыс жолға қоя білсек анағұрлым жақсартуға, экономикалық қатынасты өсіруге болады.

Пәкістанмен арадағы тауар айналымының жағдайы да 3,54 млн. долларды құраған. Австралиямен экономикалық байланыс жоқтың қасы деуге болады /28,4/.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев дүниежүзілік қауымдастықпен байланысымызды және сырқы саясатымызды кеңінен баяндайтын “Ғасырлар тоғысында” деген еңбегінде біздің Республикамыздың сыртқы саясатын былайша тұжырымдайды: “Біз халықаралық жанжалдардан іргемізді аулақ салып келеміз. Ядролық қарулармен біржола қоштастық. Ядролық сынақты бірінші болып тоқтаттық. Барша мемлекеттердің бәрімен де тату-тәттілікке ұмтылудамыз. Бұл мәселеде сөзіміз бен ісімізде алшақтық болып көрген емес. Сенімге де солай ие болып отырмыз” /11, 47/. Қорыта айтқанда, Қазақстан дипломатиясының қадамдары қарышты дамып келеді. Осының бәрі – Республикамыздың болашағы зор екендігін дәлелдейді.

 

2.3 Республикамыздағы мәдени құрылыс.

Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейінгі қоғам өмірінің өзекті салаларының бірі ретінде мәдениет құрылысы саласында айрықша назар аударыла бастады. Өйткені, еліміз тәуелсіздік алғанан кейін, бұрын қағажу көреген тілімізді, өнерімізді, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерімізді, жалпы мәдениетіміздің даму деңгейін көтеріп, қолдану аясын кеңейтуге мүмкіндік туды. Осы орайда айтылған Президентіміздің “Ия, қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері, оның баға жетпес рухани мұралары сақталып дами түсуі керек” – деген сөзі өте орынды айтылған деп санаймыз. Халықты халық, ұлтты ұлт ретінде танытатын басты нысандарымыздың бірі – оның мәдениеті дейтін болсақ, ұлттық мәдениетімізді тану, таныту, дамыту, өркендету, төңірегінде алдымызда атқарылар қыруар жұмыстар тұрған болатын.

Мемлекетіміздегі мәдениет құрылысының үлкен бір бөлігі – білім саласы. 1990 жылдан басталған бүкіл одақ көлеміндегі терең экономикалық және саяси дағдарыс білім беру саласына өте ауыр соққы болып тиді. Дегенмен де, еліміздегі бала-бақшаларда, орта мектепте және жоғарғы оқу орындарында тәлім-тәрбие, білім беру мәселелеріндегі қордаланған проблемалар 90-жылдардан бастап қана пайда болған жоқ еді. Ол проблемалардың түпкі тамыры кеңестік дәуірдегі ұқыпты ойластырылған орыс тілінен басқа халықтардың тілін қоғам өмірінен барынша шектеу, аластату, ығыстыру саясаты кезеңіне жатады. Кеңестік дәуірде орыс тілін дамыту үшін оны оқытудың орта мектепте, жоғарғы оқу орындарында дұрыс жолға қойып, айрықша көңіл бөлінді. Керісінше орта мектептерде, жоғарғы оқу орындарында басқа халықтардың тілінде оқыту, жаңа мектептер ашу жылдан-жылға кеми түсті. Орта мектептерде, жоғарғы оқу орындарында білім беруде тығырыққа тірелген ұлттық тілдердің бірі  — қазақ тілі еді.

Мәліметтерге жүгінсек, 1950 жылдан бастап тың өлкесінде 700-ге жуық қазақ мектебі жабылса, “1950-1970 жылдар аралығында бүкіл Қазақстан бойынша 1314 қазақ мектебі жабылған” /29, 56/.

Қазақ тілі – мемлекеттік тіл, Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болғаннан кейін соңғы 70 жыл ішінде айырылып қалған рухани мұраларымыз бен тілімізді дамыту бірінші кезекте тұрды. Осы мақсатта соңғы 10 жылдың аясында қазақ балабақшалары мен қазақ мектептерін ашу жолында көптеген жұмыстар жүргізілді. Мәселен, алдымызда қазақ мектептерін ашу, балабақшадан бастап жоғарғы оқу орындарының жай-күйі, жетістіктері мен кемшіліктері, ондағы қазақ тілін оқытудың барысы жөнінде қыруар жұмыстар тұрған еді. Көптеген журнал оқырмандарының қазақ тілі мемлекеттік статус алды, енді соның нақты жүзеге асырылуы қалай деген сұрағына Қазақ ССР Халыққа білім беру министірі Ш.Шаяхметов Тіл туралы заң қабылдағаннан кейін бір ғана оқу жылының ішіндегі қазақ мектептерінің өсу көрсеткіші туралы былай деп жауап береді: “1988-1989 оқу жылында республика көлемінде 1048 қазақ, 203 аралас балабақша; 2530 қазақ, 1159 аралас мектеп болса, 199-1990 жылғы оқу жылында бұл көбейді. Тек Алматы қаласының өзінде 1989-1990 оқу жылында жаңадан төрт қазақ мектебі мен 52 балабақшаның жанынан қазақ тіліндегі топтар, сыныптар, бөлімшелер ашылған” /30, 46/.

Сонымен бірге, Тіл заңы және Қазақстан Республикасындағы 2000 жылға дейінгі кезеңде қазақ тілін және басқа ұлт тілдерін дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қабылданғаннан кейін кейбір аймақтарда оны іске асыру жөнінде көптеген істер атақарылды.

Жалпы деректерге сүйене отырып, білім министірлігі және ұлт жанашырларының қажырлы еңбегінің арқасында қазақ балабақшаларының, орта мектептердің саны жылдан-жылға баяу да болса өсіп, Тіл заңының орындалуы мақсатында біршама жұмыстар атқарылғанына көз жеткізуге болады. 1989 жылдан 1994 жылдар аралығында, мектепке дейінгі мекеме, жалпы орта білім мекемелерінің сандық көрсеткішіне кеңінен тоқталсақ, ондағы жағдай былайша көрініс береді. 1994 жылы мектепке дейінгі 2424 мекемеде  және аралас балабақшадағы 4223 топта 283,4 мың бала қазақ тілінде тәрбие алған. Бұл 1989 жылмен салыстырғанда 175,1 мың балаға көп (кестені қараңыз) /31, 2/.

1- кесте.

Мектепке дейінгі балабақшалардың өсу қарқыны

 

 

1989

1990

1991

1992

1993

Қосылғаны

Қазақ балабақшала-рының саны

1185

1667

1958

2237

2424

+1239

Аралас балабақшалар-дағы топтар саны

751

1227

4444

4171

4223

+3472

Олардағы балалар саны (мың)

108,3

229,3

268,5

271,7

283,4

+171,1

 

          1994 жылдан бастап республикамыздағы қазақ балабақшалары мен мектептерінің өсу қарқыны баяулағаны байқалады. Оның себептері мен кемшіліктері әр алуан болатын. Ең бастысы, Қазақстан Республикасы “Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы” Заңның 7-бабының 3 тармағының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы “Білім туралы” Заңының 39-тармағының 2, 3-тармақтарына сәйкес мемлекеттік және білім беру жүйесінің ғимататтарын басқа мақсатта пайдалану және өзге құрылымдарға беруге болмайтындығының өрескел бұзушылығындағы болды.

          Мектептердің қысқаруының тағы бір себебі 1994-1995 оқу жылынан бастап, мектептерді оңайландыру, қысқарту деген науқан кеңінен жүріп, соның салдарынан Республикадағы көптеген мектептер жабылып, мыңдаған оқушылар мектепсіз қалды. Бұл қысқартуладың астарында бюджетке кететін шығынды үнемдейміз деген ұшқары ойдың жатқанын аңғару қиын емес еді.

          Осы орынсыз қысқартуларға өкініш білдіре отырып, Қазақстан Республикасы білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министірі Қ.Көшербаев мынадай мәліметтер келтіреді: “Мәселен, қазіргі уақытқа дейін Республика бойынша 344 мектеп-интернат ауылдарда тұратын, сол себепті де мектеп-интернаттарда жатып оқудан өзге білім алу мүмкіндігі жоқ 6875 оқушының тағдыры қыл үстіне қойылып отыр. Соңғы бір-екі жыл ішінде 549 күндізгі мектеп, соның ішінде 97 кәсіптік-техникалық, 3125 мектепке дейінгі, 906 мектептен тыс, 184 жас жеткіншектердің спорт мекемелері қысқартылған”/32, 2/.

          1997 жылдың 1 қарашасына дейін мектептен қол үзіп қалған балалардың саны 26900 болды.

          Білім саласы бойынша бұл проблемалық мәселелерді БҰҰ-ның деректері де растай түседі. БҰҰ-ның деректері бойынша 1998 жылға дейін Республикамызда білім алу мүмкіндігі 2,5 есе кеміген /33, 3/.

Осы білім беру саласындағы қордаланған мәселелердің ушыққаны соншалық, ендігі кезекте мемлекеттік деңгейде маңыз беріліп, қарала бастады.

          Президентіміз Н.Ә.Назарбаев 1997 жылы Республика активінің жиналысы алдында сөйлеген сөзінде кемшіліктерді сынай отырып, былай деп ашына айтты: “Бүгінгі ауылдағы жағдай мейлінше қиындап отыр. Біз үшін және біздің болашағымыз үшін мұнан масқара құбылысты мен білмеймін. Тіпті сұрапыл соғыс жылдарында да мұндай жағдай болып көрген жоқ, барлығы балаларға берілетін. Баласы мектепке бармаса, кез келген ата-ана үшін бұл масқара болатын, олар барын беріп балаларын оқытатын, өйткені орталықтағы және жергілікті жерлердегі өкімет, қанша сөккенімен жауапты болатын. Бүгін мен еліміздің болашағы туралы айтып отырман, ол болашақ -балаларымыз”/34, 3/.

          Республикамыздағы ұлт саясатындағы өзекті мәселелердің бірі – тіл мәселесі болып отыр. Соған байланысты Қазақстан Республикасындағы ұлттар мен ұлыстардың “Ұлттық мәдени талаптарын қанағаттандыру мақсатында”, 1993 жылы 5 сәуірде Президенттің жарлығымен тіл комитеті құрылды. Бұл құрылған тіл комитеті Республикадағы қазақ, орыс және басқа ұлт өкілдері тілдерінің дамуы ұшін біршама істер атқаруда. Экономикамыздағы туындап отырған қиыншылықтарға қарамастан Қазақстандағы барлық ұлттық диаспоралардың жинақы тұрған жерлерінде, ана тіліндегі балабақшалар, орта мектептер ашылған.

          1996 жылғы мәлімет бойынша: Республикамызда 2484 мектеп, 2486 мектепке дейінгі ортыс тілінде, 72 мектеп және 6 мектепке дейінгі мекеме өзбек тілінде, 14 мектеп пен 8 мектепке дейінгі мекеме ұйғыр тілінде, 2 мектеп тәжік тілінде, 3 мектеп түрік тілінде, 1 мектеп неміс тілінде білім береді. Сондай-ақ неміс тілін ана тілі ретінде 16 облыс пен Алматы қаласында 110 жалпы білім беретін мектептерде 427 оқушыны қамтитын 320 топ дәріс алады. Көкшетау облысында поляк тіліндегі оқитын сыныптар саны 401-ге өскен /35, 2/.

          “Саясат” журналында жарық көрген республиканың барлық облыстары мен Алматы қаласында 1996 жылы Қазақстанның даму институты өткізген жалпы Республикалық сауалнама қорытындысы бойынша славяндардың 65,4 пайызы, қазақтардың 68,4 пайызы және өзге этнос өкілдерінің 66,7 пайызы этникалық қатынстарды жақсы деп бағалаған. Сондай-ақ славяндардың 11,7 пайызы, Қазақтардың 8 пайызы, этникалық азшылдық өкілдерінің 7,8 пайызы этникалық қатынастарды өте жақсы деп бағалаған /36, 68/.

          Республикамыз нарық қатынасына өтуіне байланысты, білім беру жүйесі елеулі өзгеріске ұшырады. Нарық заңына сай мемлекеттік оқу орындарымен қатар, жеке меншік оқу орындары пайда болды. Республикамызда оқу жоспары сан-салалы балабақшалар, мектептер, лицейлер, колледждер, жоғарғы оқу орындары көптеп ашылуда.

          Тәуелсіз Республикамыз білім саласы бойынша шет мемлекеттермен тікелей байланысқа көшті. Соның нәтижесінде жастарымыздың шетелдерде білім алуына мүмкіндік туды. Біздің жастарымыз 20 мемлекеттің оқу орындарында білім алуды. Олардың ішінде алдыңғы қатарлы елдер: АҚШ, Англия, Франция, Германия, Түркия және т.б. да мемелекеттер де бар. Олар негізінде нарықтық экономика, халықаралық құқық, банк мамандары, халықаралық журналистика сияқты мамандықтар бойынша білім алуда.

          Мемлекетімізде болып жатқан экономикалық қиындықтарға қарамастан, дарынды жастарды озық мемлекеттердің жоғарғы оқу орындарына жіберіп, “Шетелдерде кадрлар даярлау үшін Қазақстан Республикасы Президентінің “Болашақ” халықаралық стипендияларын белгілеу туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 5 қарашада № 1394 қаулысы шықты. Осыған байланысты қаржы жағынан қолдау жасау, кандидатураларды іріктеуді жүзеге асыру және білім саласында халықаралық байланыстарды үйлестіру мақсатында Президенттің “Болашақ” атты 250 халықаралық стипендиясы белгіленді. Министрлер Кабинетіне 1994 жылдан бастап жыл сайын осы мақсатқа қажетті валюта қаражатын бөлу тапсырылды.

          Сонымен қатар, Республикамыздағы қазақ мектептеріндегі білім сапасын жақсарту жолында алдымызда тұрған проблемалық мәселелер де баршылық. ХХ ғасырдың бас кезіндегі ағартушы ғалым А.Байтұрсынұлы 1913 жылы жарық көрген “Қазақша оқу жайынан” деген мақаласында: “қазақ ісіндегі неше түрлі кемшіліктер көбі түзелгенде оқумен түзеледі. Сондықтан жастардың қалай оқып, қалай тәрбиеленуі бәрінен бұрын ескеріп, бәрінен жоғары қойылатын жұмыс” – деп жазуы, бүгінгі күні де мәнін жоғалтқан жоқ /37, 252/. Өйткені, ұлттық мектеп – біздің ұлтымыздың ертеңі, болашағы. Біздің ұлтымыздың ұлт болып қалыптасуының кепілі.

          1993-1996 жылдары Білім министірінің орынбасары болып қызмет атқарған Ш.Беркімбаева қазақ мектептері басынан кешіріп отырған мынандай келеңсіз жағдайларды мысалға келтіреді: “1996 жылғы мәлімет бойынша Алматыдағы оқу жасындағы қазақ балаларының 58 пайызы ғана қазақ мектептеріне барған. Көкшетау облысында қазақ балаларының 56 пайызы, Павлодар облысында тең жартысы, ал Солтүстік Қазақстанда әрбір үшінші қазақ баласы ғана қазақ мектебіне барады екен. Алматы қаласының өзінде 193-1996 жылдар аралығындағы үш жылда 435 бала орыс мектептеріне ауысып кеткен. 1996 жылы Республикалық олимпимдаға 615 қазақ 244 аралас мектебі және 27 ғана орыс мектебі бар оңтүстік Қазақстан облысынан жаратылыстану және математика циклы бойынша бес пәннен қазақ мектептері бойынша тек 5 оқушы келсе, орыс мектептерінен 12 оқушы қатысты. Осындай жағдай қазақ мектептері басым Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Талдықорған, Жезқазған, Жамбыл облыстарынан да байқалады” /38, 2/.

          Соңғы жылдары қазақ мектептерінің табыстары да жоқ емес. 2003 жылы кешенді тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғарғы 101-120 балл алған 293 оқушының 207-і, яғни 70 пайызы, “Алтын белгі” белгісін алған 205 оқушының 131-і – қазақ тілінде оқытатын мектептердің оқушылары болып табылады /39, 2/.

          Республикамыз нарықтық қатынасқа көшкеннан кейін жоғары білім саласы да елеулі өзгеріске ұшырады. Көптеген жоғарғы оқу орындары заман талабына сай қайта құрылды. Еліміздегі жоғарғы оқу орындарында болып жатқан өзгерістерге Республикамыздың Президенті Н.Ә.Назарбаев былай деп баға береді: “Атап айту қажет, Республикамызда орта білім ғана емес, жоғары білім жүйесін одан әрі жетілдіру бағытында да іргелі ізденіс айқын аңғарылуда. Мәселен, Астанада ұлттық музыка академиясы, Атырауда мұнай және газ институты ашылады. Бірқатар мемлекеттік жоғары оқу орындарын біріктіру есебінен олардың саны азайтылды” /40, 2/.

          Қазақстан Республикасының 1997-1999 жылдардағы жоғарғы оқу орындары жөніндегі жалпы мәлімет (кестені қараңыз) /41, 19/.

2-кесте.

 

 

Барлығы

Оның ішінде мемлекеттік еместері

Барлығы

Оның ішінде мемлекеттік еместері

1

2

3

4

5

Оқу орындарының саны

108

37

111

52

Студенттер саны (мың адам есебімен), оның ішінде бөлім бойынша күндізгі

272,7

175,3

97,4

12,7

8,0

4,7

280,8

182,4

98,4

25,0

12,9

12,1

Кешкі және сырттай қабылданған студенттер (мың адам есебімен)

61,7

5,7

64,1

9,4

Оның ішінде бөлім бойынша күндізгі, кешкі және сырттай

43,5

18,2

3,6

2,1

47,5

16,6

5,0

4,4

 

          Мемлекетіміз бүгінгі күні білімді мамандарға зәру болып отырғанда, білімді мамандарды даярлайтын жоғарғы оқу орындарына мемлекет тарапынан көмек аса қажет. Шет мемлекеттерден қымбат бағаға кеңесшілерді, мамандарды шақыра бермей барлық мамандық иелерін өз Республикамызда дайындауымыз керек. Еліміздің жоғарғы оқу орындарында болып жатқан реформалар мен әр сарынды өзгерістер алдағы уақытта да жалғасатыны белгілі. Сондықтан да бұрынғы жіберілген кемшіліктер қайталанбаса дейміз.

          ХХІ ғасыр – ғылым мен технология ғасыры болып отырған таңда, Республикамыздың ғылыми сол дамудан артта қалмай ілгері басуы қажет. Ғылыми-техникалық прогрестің алдыңғы қатарлы ғылым салалары: машина жасау, кибернетика, радиоэлектроника, радитехника, автоматика даярлау артта қалып келеді. Қазақстанның табиғи байлығын игеруде ғылыммен санаспастан, тек шикізат өндіруге бағытталды. Ғылыми зерттеудің тиімділігі күрт төмендеді. Мәселен, “1985 жылы өндіріске енгізілген бір зерттеудің экономикалық тиімділігі 1980 жылмен салыстырғанда екі есе төмендеді. Республиканың бірде-бір ғылыми мекемесі елде құрылған ғылыми-өндірістік комплекстердің құрамына кіре алмады” /42, 411/.

          Ғылым саласындағы қазақ тілінің жағдайы да өте нашар деңгейде болды. Ғалым О.Сәбденов ғылым саласындағы қазақ тілінің атқарып отырған қызметіне талдау жасап: “Қазақстан ғылымының ордасы, Қазақстан Республикасы ғылым академиясында жыл сайын шығатын ғылыми еңбектердің 90 пайызы орыс тілінде, 10 пайызы ғана қазақша шығып келді. Ғылым академиясының 27 институтында жұмыс істейтін 7,5 мың ғылыми қызметкерлердің 20 пайызы ғана қазақша сөйлей алады, қазақ тілінде еңбек жаза алатындардың саны академияда 5 пайызға жетпеді”, — деп жазады /43, 4/.

          Қазіргі таңда Республикамыздағы мәдениет саласында отыз мыңға жуық адам еңбек етуде. Елімізде 45 театр, 25 филармония, 90 музей, жеті мың кітапхана жұмыс істеді. Еліміздің ата заңынын бастап, басқа да қабылданған заңдарымызда Республикамызды мекендеуші әр алуан халықтардың тілін, дінін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жандандыруға барлық мүмкіндіктер берілеген.

          Мәдениет туралы заңда Қазақстан Республикасы халықтарының мәдени өзіндік ерекшелікке құқығын қорғау деп аталатын 37-бабында былай делінген: “Қазақстан Республикасы халықтары өкілдерінің діни және мәдени өзіндік ерекшелігін қорғауға, соның ішінде ұлттық мәдени қозғалыстарға қатысу бостандығына, мәдениет ұйымдарын құруға, балаларды, жасөспірімдерді өз халқының дәстүрінде тәрбиелеуге, шетелдегі отандастармен мәдени байланыстарды кеңейту ісіне қатысу құқығы Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалады. Ұлттық мәдениет ұйымдары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылып, жұмыс істейді” /44, 16/.

          Еліміздегі мәдениет саласындағы толғағы жеткен проблемалық мәселелер мен алдағы жылдары атқарар ауқымды істер жөнінде Президентіміз айта келіп, музыка өнеріне байланысты былай деген еді. “дағдарысқа толы ауыр жылдарға қарамастан Астанадағы музыка академиясы мен симфониялық оркестр, Ә.Дінішев атындағы театр, С.Тұрысбековтың және Б.Тілеуханның басқаруындағы ансамбльдер, Е.Бейсекеев жетекшілік ететін гитарашылар мен гуслишілер мектебін құрудағы жас мемлекетіміздің атқарған рөлін атап өтпеу мүмкін емес. Б.Аюхановтың “Алматының жас балеті” мен Құрманғазы атындағы консерватория ұжымдарының материалдық базасы жасақталуда” /45, 2/.

          1995 жылы Республика зиялыларының қозғау салуының арқасында “Мәдениетті қолдаудың қоры” деген қоғамдық қор құрылды. Осы қордың қолдауының нәтижесінде 1996 жылы “Сарыарқа” көрмесі, “Қарағанды суретшілері” көрмесі ұйымдастырылды.

          Мәдени құндылықтарды қорғау және қалпына келтіруге мән берген мемлкетіміз 1994 жылы мәдени және табиғи мұраларды қорғау жөнідегі дүниежүзілік Конвенцияға қосылды. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иассауи мавзолейін дүниежүзілік мәдениет ескерткіштерінің қатарына қосу жұмыстары ЮНЕСКО тарапынан жүргізілуде.

          Сонымен қатар, Тәуелсіз Қазақстан мәдениетінің қалыптасу кезеңдері қиыншылықтар мен қарама-қайшылықтарды да бастан кешірді. Еліміз экономикалық дамуда жоспарды экономикадан нарықтық экономикаға көшкеннен кейін алғашқы жылдары өнім өндіру құлдырап, соның салдарынан мемлекетіміздің руханият-мәдениет мұқтаждарын толығымен қанағаттандыуға мүмкіндігі болмады. Тәуелсіздіктің нәтижесінде рухани дүниеміздегі ұлттық рухтың оянуы, экономикамыздағы нарықтық қатынастар қиындықтарымен қатар жүріп, жүздеген мәдениет және білім ошақтарының жабылуымен, халықтың басым бөлігінің кедейшілікке ұшырауымен тұспа-тұс келді. Нәтижесінде, еліміздегі рухани-мәдениет саласында дағдарысты құбылыс алып, рухани дүниемізге өзіміз ие бола алмай қалдық. Мәселенің шектен шығып бара жатқаны соншалық: “Баспасөз, әсіресе электронды баспасөз бүгінгі таңда Қазақстанның ақпарат кеңістігінде қалыптасқан үйлесімділіктерді дұрыс бағалай алмай, олардың шешімін таба алмай отыр. Қазір Республикамыз алыс және таяу шет елдерден жетіп жатқан теле және радио бағдарламалары нөпірінің астында қалды. Оларды ешкім талдап жатқан жоқ” – деп атап көрсеткен болатын еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев /46, 2/.

          Тәуелсіздігіміздің арқасында өз халқымыздың ұлттық музыка өнерін жандандырудың орынына, қайта керісінше американдық, батыс еуропалық музыканың жетегінде кеткендейміз. Мұндай үрдістің әсіресе жастар тәрбиесіне елеулі зияны тиюде. Қазіргі заманда жастар арасында музыканың ықпалы өте күшті екенін ескерсек, қазақ музыка өнерінің болашағы қалай болар деген сұрақ мазалайды. Мәселен, “жастардың 30 пайызы кітап оқып, 50 пайызы кино, 70 пайызы теледидар көрсе, 90 пайызы музыка тыңдайды екен” /47, 70/.

          Сонымен бірге халық әндерімізді кеңінен насихаттамау, оның алға қарай дамуына демеушілік көрсетпеудің салдарынан кейінгі жас ұрпақтың ұлттық өнерімізден біртіндеп қол үзе бастағаны байқалады. Рухани сананың төмендігінен қолында билігі бар, қаражаты бар қалталы азаматтарымыз көрші елдердің әншілерін жиі шақыртып, соларды насихаттаудан жалығар емес. Бұл жөнінде ғалым Ақселеу Сейдімбек: “тек қана шет елдік талғаммен санасу, тек қана шет елдік пікірді пір тұту, өмірі мен өнерін шет елдіктердің ғана көзімен парақтау, мемлекеттік-ұлттық киелі шараларымыздың мәртебесіне шет елден келген жалақты-жалаң бұт әншілердің өнерсымағымен өлшеу… Міне, мұның бәрі сайып келгенде, мәдениет туралы объективті ғылыми пайымның мемлекеттік-ұлттық деңгейде басшылыққа алынбай отырғандығынан” деп жазды /48, 22/.

          Қазақ елі Ресей империясының қол астына кіргеннен кейін және Кеңестік дәуірде ұлан-ғайыр даламыздағы небір ғажайып дала ескерткіштері талан-таражға ұшырады. Ұлы тұлғаларымыздың мұралары тонауға түсті. Белгілі композитор Е.Рахмадиев Мәдениет Министірі болып тұрған кезде Қазақ жерінен тоналған асыл мұралардың тізімін жасау, жинастыру жұмыстарын қолға алған екен. Өкініштісі осы басталған жұмыстар аяқсыз қалды. Сондықтан да тарихи мұраларымызды өзінің ата қонысына қайтару жөнінде алдымызда қыруар жұмыстардың тұрғанын айта кеткеніміз жөн.

 

Қорытынды

 

          Халқымыздың тәуелсіздік алуына – 15 жыл. Тарихқа ол уақыт қас-қағымдай. Өйткені ғасырларды құшақтап, аясына алған уақыт талай халықтың, талай ұлы империялардың тәуелсіздігін көрген.

           Тәуелсіздік шын мәнінде ауқымды да терең құбылыс. Ол ең алдымен саяси тәуелсіздік. Біз іргелі ел болып, күштілерге басымызды имей, біреудің ескі-құсқы ел билеу жүйесін кимей, Қазақстандық егемендік жолмен жүруіміз керек.

          Саяси салада Кеңестер Одағы ұлы мемлекет санатында жойылып, ыдырап тынды, билік жүйесі  сынды, жұмысшы табының диктатурасы сағым болып бұлдырады, Коммунистік партияның диктаты құлдырады.

          Ата тарихымызды зерделеуге, ұлттық тарихи сананы қалыптастыруға бел байлап шықтық, ана тілімізге мемлекеттік статус беріп бүгін қалған тіліміздің бой көтеруіне бет бұрдық.

          1990 жылғы сәуірде Республика Жоғарғы Кеңесінің ұйғаруымен Қазақ КСР-і Президенті мансабы тағайындалды. Жоғарғы кеңестің сол мәжілісінде ол қызметке Н.Ә.Назарбаев сайланды. Қалай болғанда да, өкімет билігі мен экономиканың нашарлауы жағдайында Қазақстанда саяси және экономикалық өмірді тұрақтандыруға тұтқа болатын Президенттік басқарудың енгізілуі заңды құбылыс еді. Жоғарғы Кеңестің сессиясы, бірқатар айтыс-тартыстан кейін, 1990 жылғы қазан айының 25-і күні қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылдады. Бұл декларация Республика өміріндегі аса маңызды саяси оқиға болды. Онда Қазақстанның алдағы уақытта ұстанатын бағыттары белгіленді.

Сонымен қатар, бұл құжаттың шынайы мемлекттік тәуелсіздікке сай келмейтін тұстары да болды.

          Қалай дегенмен де, Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларацияның қабылдануының үлкен тарихи маңызы болды. Бұл Республиканың толық тәуелсіздікке қарай жасаған алғашқы қадамы еді. Қазақстанның тәуелсіздік жариялауына қарсы күштер әлі де белді болатын. Қазақстанда орыс автономиясын құру немесе солтүстік облыстарды Ресейге қосу идеялары көтерілді. “Қазақстанда тұратын орыс тілді халық өкілдерінің құқықтары аяққа тапталып жатыр мыс” деген айғайлар жиі-жиі естіле бастады.

          Дегенмен, Қазақстанның тәуелсіздік алуына қарсы күштер, демократияның қарсыластары, империяшыл психологиядан арыла алмай жүргендер қанша жанталасса да, жекелеген саясатшылар қаншалықты арпалысса да, олар тарих көшін тоқтата алмады.

          1991 жылдың қысына қарай қалыптасқан саяси ахуал – 1991 жылғы тамыз бүлігі және оның сәтсіздікке ұшырауы, КОКП-ның және оның құрамдас бөлігі Қазақстан Компартиясының ыдырауы, КСРО-ның өмір сүруін тоқтатуы, одақтас Республикалардың жеке мемлекеттер болып қалыптаса бастауы – Қазақстанның да тәуелсіздігін жариялау ісін күн тәртібіне қойды. Ақырында тамыз бүлігінен кейінгі төрт ай ішінде аса шиеленіскен жағдайда жүріп келген саяси күрес аса зор тарихи маңызы бар ұлы оқиғамен аяқталды – 1991 жылғы желтоқсанның 16-сында Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жөнінде конституциялық заң қабылданды. Заңда Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігінің негізгі принциптері белгіленді.

          Қорыта айтқанда, “Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заң” тарихи маңызы зор құжат болды.

          Тәуелсіздік Қазақстанға оңайға түскен жоқ. Бұл жолда қазақ халқы алапат шығындарға ұшырады: сан мыңдаған боздақтар қаза тапты, аштан қырылды, шетелдерге тентіреп кетті, зиялы қауымын жоғалтты, тілі мен ұлттық мәдениетінен айырылуға таяды. Бірақ түптің түбінде аңсаған арманға қол жетті.

          Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздік алуына оның аумағында тұратын басқа жұрт өкілдері де —  орыстар, украиндар, немістер, өзбектер, ұйғырлар, татарлар едәуір үлес қосты.

          Тәуелсіздігіміз жарияланғаннан кейінгі мерзімде Қазақстанның жаһандық қоғамдастыққа төте еніп, оның белсенді бір мүшесіне айналуы қазақ халқын ассисилияциялау, Қазақ жерін Ресей империясының бөлігіне айналдыру саясатының күлін көкке ұшырды. Халқымыз ұлт ретінде жойылып кету қаупінен құтылды. Ұлттық тіл, мәдениет, дәстүр, мораль қайта жанданып, өзінің табиғи даму жолын қайта табуына мүмкіндік берді. Большевиктер билеген заманда шетелдерге тентіреп кеткен қандастарымыздың ата жұртына оралуына жол ашылды. Мемлекетіміз басқалармен терезесі тең, іргелі ел болу қам-қаракетінің үстінде, тікелей саяси және экономикалық байланыстар нығайып келеді. Осындай мемлекеттің азаматы болу үлкен мақтаныш, оның экономикалық және рухани байлығын молайтуға, қауіпсіздігі мен қорғаныс қуатын күшейтуге ұмтылу – баршамыздың қаситетті парызымыз.

 

Пайдалынылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақ ССР мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Алматы, 1990.
  2. Қазақстан Ремспубликасының Тәуелсіздік туралы Заңы. – Алматы, 1991.
  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 1993.
  4. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, 1995.
  5. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. Алматы, 1992.
  6. Назарбаев Н.Ә.. Қазақстанның болашағы – қоғамдық-идеялық бірлігінде. Алматы, 1993.
  7. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. Алматы: Өнер, 1996.
  8. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы, 1999.
  9. Назарбаев Н.Ә. Әділеттің ақ жолы. Алматы, 1991.
  10. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Президентттің Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 1997.
  11. Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. Алматы: Атмамұра, 2003.
  12. Назарбаев Н.А. На пороге ХХІ века. Алматы, 1996. Раздел 2-3.
  13. Назарбаев Н.А. Без правых и левых. – Москва, 1990.
  14. Назарбаев Н.Ә. 2005 жылғы “Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. Алматы, 2005.
  15. Қаражанов Қ.С.
  16. Абдильдин С. Парламент Казахстана: от Союза к государственности. Алматы, 1993. Гл. 4.
  17. Бабакумаров Е., Булуктаев Ю., Кушербаев К. Казахстан сегодня: мир политических партий. Алматы, 1995. Гл. 2.
  18. Джунисова Ж.Х. Республика Казахстан: Президент. Институты демократии. Алматы, 1996.
  19. Жигалов К.В.., Султанов Б.К. Первый Президент Республики Казахстан – Н.Назарбаев. (Хроника деятельности 1991-1993 гг.). Алматы, 1993.
  20. Салқынбек Д.И. Тәуелсіз Қазақстанның тарихы. Алматы, 2004.
  21. Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі – Қазақстан тарихының дерек көзі. Алматы, 2002.
  22. Белғара Б. Қазақстан баспасөзіндегі мемлекеттік тіл мәселесі. Алматы, 2000.
  23. Әзиев Ә. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Теміртаудағы жылдары. // Ақиқат. – шілде.
  24. Ақтаев С. Сүйер ұлына сенді елі. // Ақиқат, 2006. – қаңтар.
  25. Назарбаев Н. Конституция – кемел келешектің кепілі. //Егемен Қазақстан. -30 тамыз.
  26. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы: Атамұра, 2002.
  27. Назарбаев Н. Бәсекеге қабілетті қоғам үшін. // Жас Алаш. -2004. -17 қаңтар.
  28. Сыртқы саясат неге сылбыр? // Түркістан. – 2003. -13 қараша.
  29. Қазақ тарихы. -1996. № 2.
  30. Шаяхметов Ш. Тіл туралы заңды жүзеге асыру жолында. // Қазақстан коммунисі. – 1990. № 2.
  31. Ана тілі. -1994. – маусым.
  32. Көшербаев Қ. Тәлім мен тәрбие біртұтас талаптан туындайды. // Егемен Қазақстан. -1997. –желтоқсан.
  33. Егемен Қазақстан. -1998. – 14 қаңтар.
  34. Назарбаев Н. Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады. // Қазақ әдебиеті. – 1997. – қараша.
  35. Егемен Қазақстан. – 1997. – қараша.
  36. Саясат. -1997. № 7.
  37. Байтұрсынов А. Ақ жол. Алматы: Жалын. -1991.
  38. Қайран Ә. Қазақ мектебіне қалай қарайсыз? // Қазақ әдебиеті. -1996. -9 шілде.
  39. Құлекеев Ж. Білім реформасы елдіктің ісі // Қазақ әдебиеті. -2004. -2 сәуір.
  40. Егемен Қазақстан. -1998. -3 желтоқсан.
  41. Ақиқат. -1997. № 4.
  42. Қазақстан тарихы: очерктер. –Алматы:Дәуір, 1994.
  43. Ақиқат. -1991. № 3.
  44. Мәдениет туралы Қазақстан Республикасының Заңы. Алматы: Жеті Жарғы, 1997.
  45. Назарбаев Н. Рухани байлық пен мәдениет қоғамның басты құндылықтары. // Егемен Қазақстан. -2000. -18 ақпан.
  46. Назарбаев Н. Біздің бағдарымыз – бірігу, қоғамдық прогресс және әлеуметтік серіктестік болуға тиіс. // Егемен Қазақстан. -1993. -13 мамыр.
  47. Қазақстан коммунисі. 1990. № 1.
  48. Сейдімбек А. Тәуелсіздік және рухани мәдениет. Алматы: КазНИИКИ, 1999.