АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Жапонияның сыртқы саясатындағы Қытай және Корея

Әл–Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Халықаралық Қатынастар Факультеті

 

 

 

 

Халықаралық қатынастар және ҚР-ның сыртқы саясат кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жапонияның сыртқы саясатындағы Қытай және Корея

(бітіру жұмысы)

 

 

 

 

 

 

 

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ.

 

I БӨЛІМ. ҚИЫР  ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ АЙМАҒЫНДАҒЫ

ЖАПОНИЯНЫҢ  МҮДДЕЛЕРІ.

1.1. Жапонияның соғыстан кейінгі жағдайы және Жапонияның

 Қиыр Шығыс елдеріне көмек көрсету мемлекеттік саясты.

1.2. Жапонияның Қытайға және Кореяға ерекше көңіл бөлунің

себептері.

1.3. Жапонияның Қытаймен және Кореямен қарым-қатынастарының

саяси және әлеуметтік-экономикалық аспектілері.

 

II БӨЛІМ. ЖАПОНИЯНЫҢ  ҚХР-МЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ.

2.1. Жапонияның оккупациясы кезеңіндегі және оккупациядан

 кейінгі кезеңдердегі Қытай.

2.2.Сенкаку (Дяоюйдао) аралдары төңірегіндегі аймақтық

 даулы мәселе және Тайвань мәселесі.

2.3. Қытайдың Көпжақты дипломатиясы және «Ашық саясаты».

2.4. 80 ж.ж. төңірегіндегі саяси және экономикалық шиеленістер.

2.5. Қазіргі кезеңдегі Жапония мен Қытай арасындағы қарым-

қатынастар.

 

III БӨЛІМ. ЖАПОНИЯНЫҢ  КОРЕЯМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ.

3.1. Жапонияның сыртқы саясатындағы Оңтүстік Корея мәселесі.

3.2. АТА аймағындағы АҚШ-тың, Жапонияның және Кореяның стратегиясы.

3.3. Жапон-корей   қарым-қатынастарының қазіргі кездегі

 даму кезеңі.

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                   КІРІСПЕ

 

     Қазіргі заманда әлем өзара өте тығыз байланысқан, сондықтан жер шарындағы кез-келген шиеленіс бүкіл дүние жүзіндегі қауымдастықтың экономикасына да, саясатына да әсерін тигізеді. Жапония, дүние жүзіндегі ең ірі державалардың бірі болғандықтан Қиыр Шығыстағы, тіпті бүкіл дүние жүзіндегі халықаралық жағдайға септігін тигізбей қоймайды. Кез-келген мемлекетің негізгі саясаты, ең алдымен, аймақтық қарым-қатынастарға бағытталған, яғни көршілес және жақын орналасқан мемлекеттермен қатынастарды жақсарту саясаты. Жапонияның Қиыр Шығыстағы   көршілері – Қытай мен Корея Дүниежүзілік қоғамдастықтың бүгінгі және ертеңгі жағдайын нақты бағалай білу үшін, Жапонияның бұл мемелекеттерге деген шынайы көз қарасын білу қажет.

     Жапонияның соғыстан кейінгі қарқынды дамуы, бұл азиялық мемелекеттің экономикалық супердержаваға және АҚШ пен Батыс Европа қатарында қазіргі заманғы үш негізгі дүниежүзілік саяси- экономикалық мегаполистің орталығының біріне айналуына әкелді. 1985 жылы Жапонияның жалпы ішкі өнімі дүниежүзілік жалпы өнімнің 10%  құрады, АҚШ-22%, ал экономикалық қауымдастық пен даму ұйымына кіретін басқа да мемлекеттердің пайыздық өлшемі – 31% құрады. Жапонияда 80-ші жылдары орташа жылдық өндірістің өсу қарқыны (4,1%) оның бәсекелестерімен салыстарғанда  әлдеқайда жоғары және тұрақты болды:АҚШ-та – 2,2%, ал басқа да жоғары дамыған капиталистік елдерде 0.7 мен 1,6 %  арасын құрады.[1]

     Жапон және Батыс мамандарының ойынша, 80-жылдардың басында Жапония,АҚШ пен Батыс Европа елдерімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары дамыған өндірістік және техникалық базамен қамтамсыз етілген болатын. Бұл жағдай оған жаңа технологияларды дамытуға көптеген артылықшылықтар берді.

     Жапония АҚШ пен Германиядан кейінгі әлемнің үшінші сауда державасы болып табылады. Оның қоғамдық өнімінің негізгі бөлігі ішкі нарықта жүзеге асырылғанымен, жапон экономикасының жұмыс істеуі сыртқы сауда айналымынсыз мүмкін емес.Жапонияның экспорт мөлшері 80-ші жылдардың ортасында 211 млрд. Долларды, ал импорты – 110 млрд. долларды құрады.

     Жапония 80-ші жылдардың екінші жартысында әлемнің ең ірі кредиторына, ілемдік нарықтағы қаржы көздерінің негізгі қайнар көзіне айналды. 1987 ж. Шетелдік тікелей инвестициялардың көлемі 105 млрд. долларды құрады. Әлемнің бес ең ірі трансұлттық банктерінің төртеуі жапондық болып табылады.

     Жапонияның соғыстан кейінгі дамуы бұл мемлекетке деген үлкен қызығушылықты туғызды, оның өндірістегі жоғары қарқынды даму себептеріне байланысты, жоғарғы  сапалы өнім өндіруіне байланысты, оның өнеркәсіптік жүйесінің әлемдік экономикадағы өзгерістерге салыстырмалы түрде тез бейімделу қабілетіне байланысты бірқатар сұрақтарды туғызды. Жапонияның көршілерін, және ең әуелі азиялық мемлекеттердің халықтарын (Қытай, Корея, АСЕАН мемлекеттері және Үндіқытай жарты аралы), бұл Қиыр Шығыс мемлекетінің өзінің алып экономикалық потенциалын қолдану арқылы өте мықты әскери державаға айналу мүмкіндігі мазалап отыр. Жапонияның сыртқы саясатының болашақ бағыттары, оның қазіргі заманғы халықаралық мәселелерге байланысты және ең бастысы ядролы соғыс қаупін тудырмау процессіне байланысты көзқарасы мен ұстанымы халықарарлық қауымдастықты қызықтырмай қоймайды.[2] Осы сауалдардың барлығы өте маңызды зерттеу

объектілері болып табылады. Осы диплом жұмысының тақырыбы: «Жапонияның сыртқы саясатындағы Қытай және Корея».

     Диплом жұмысының мақсаты – Жапония мен Қытай және Жапония мен Корея арасындағы тарихи оқиғаларды, сонымен қатар бұл елдер арасындағы қазіргі заманғы саяси, экономикалық қарым-қатынастардағы аспектілерді зерттеу болып табылады.

     Қойылған мақсатқа байланысты, бұл жұмыста келесі міндеттер қарастырылған:

  1. Жапонияның Қытай және Кореямен қарым-қатынасындағы саяси, экономикалық мүдделері мен әлеуметтік-экономикалық рөлі, Қиыр Шығыс елдеріндегі әріптестік мәселелері.
  2. Жапония мен Қытай арасындағы тарихи,саяси және сауда-экономикалық қатынастардың аспектілері.
  3. Жапония мен Корея арасындағы тарихи,саяси және сауда-экономикалық қатынастардың аспектілері.

     Диплом жұмысының деректік негізі ретінде Сладковский М.И.,Воронцов В.Б., Тихомиров В.Д., Навлицкая және Сырицын секілді көрнекті ғалымдардың кітаптары, ғылыми мақалалары, сонымен қатар авторлары А. Жуков, А.Семин, М.С. Украинцев, О.Л. Остроухов секілді ресей шығыстанушыларының: «Проблемы Дальнего Востока» және «Азия и Африка сегодня» атты ағымдағы басылымдарының мақалалары пайдаланылды. Сонымен қатар кейбір мәліметтер интернет беттерінен алынды, бұл маған жапон-қытай және жапон-корей қарым-қатынастарының кейінгі кездердегі жағдайын суреттеуге мүмкіндік берді.

     Бұл жұмыстың деректік негізін қалыптастырған кітаптар мен оқулықтарға біраз тоқталып өткенді дұрыс деп есептеймін. Мысалға, И.А.Латышевтың редакциясының «Современная Япония» атты кітабы. Бұл осы кітаптың екінші басылымы. Авторлар ұжымы, басылымның ескі жүйесін сақтай отырып, оны жаңа мәліметтермен толықтырды және маңызды жақтарын ашып  көрсетті. Бұл басылым негізінен барлық оқырмандарға арналған. Бірақта ондағы мәліметтер мамандардың да үлкен қызығушылығын тудырады. 

     А.С.Жуковтың «История Японии» атты еңбегі осы жұмысты жазуға үлкен пайдасын тигізді. Басылым екі томнан тұрады. Мен қолданған екінші томның авторлық ұжымы өте бай. Олар,мысалға, В.Н.Еремин, заң ғылымдарының кандидаты; И.П.Лебедева, экономика ғылымдарының кандидаты; И.В.Мазурова, тарих ғылымдарының кандидаты; Э.В.Молодякова, тарих ғылымдарының докторы және т.б.

     З.Д.Коткова мен Ю.В.Чудодееваның редакциясындағы «Китай-Япония» атты кітабы да маған бұл жұмысты жазуда үлкен көмек көрсетті. Мұнда,авторлар ресей, қытай, жапон және батыс ғалымдарының қытай-жапон қарым-қатынастарының әртүрлі аспектілері туралы еңбектерін пайдалана отырып, Жапонияның қытай «бейнесіне» ерекше назар аударды.

     В.Д.Тихомировтың «Корейская проблема и международный фактор» атты монографиясы, маған басқа ресми көзқарастармен сәйкес келе бермейтін өзіндік ерекше пікірлерімен ұнады. Мен үшін Корей мәселесінің тарихи мен Корея мен Жапония арасындағы тығыз дипломатиялық қарым-қатынас айқын сипатталған жұмыспен танысу өте қызықты болды.

     «Халықаралық Корей радиосы» және Оңтүстік Кореяның ағартышулық министрлігінің халықаралық Білім Институты  тарапынан құрастырылған «Корея тарихы» атты оқулық, маған Корея туралы нақты мәліметтерді берді. Осы оқулықпен таныса отырып, Кореяның бұрынғысы мен бүгінгісін қабылдаудағы және сипаттаудағы кейбір нақтылықсыздарды дұрыстау керектігін түсінесің.

     Кузнецов Ю.Д., Навлицкая Г.Б. және И.М.Сырицынның редакциясындағы «Жапония тарихы» атты еңбек Жапония тарихының белгілі бір кезеңдерін емес, Жапонияның бүкіл тарихын қамтиды. Жапония тарихының ежелгі заманынан қазіргі заманына дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын арнайы оқулықтың керектігі өткір сезіледі. Сондықтан бұл оқулық ғылыми жұмыстарды жазуда өте бағалы және пайдалы көмекші бола алады.

     Менің жұмысым кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.

     Бірінші бөлімде Жапонияның Қиыр Шығыстағы экономикалық және саяси мүдделері қарастырылған. Бөлімнің басында соғыстан кейінгі Жапония экономикасының сандық және сапалық өсімнің жоғарғы қарқынына ұдайы әсер етуші тарихи, мәдени-этникалық, әлеуметтік, саяси және халықаралық факторлардың күрделі гаммасы, сонымен қатар Жапонияның Қиыр Шығыс елдерімен техникалық серіктестігін дамыту саясатының негізгі кезеңдері көрсетілген.

     Әрі қарай, бұл бөлімде Жапонияның Қытай және Кореяға деген ерекше назар аударуының негізгі себептері және де Қытай мен Кореяның экономикасының дамуындағы Жапонияның әлеуметтік-экономикалық рөлі қарастырылған. Қытай мен Кореяның экономикалық потенциалының өсуі Жапонияның бұл елдерге деген қызуғышылығын арттыра түседі. Бұл жағдайда Жапония өзіне кейбір шикізат, жанармай және материалдардың түрлерін алуда өзіне сенімді саяси серіктес табады, Жапониядағы кейбір бәсекеге қабілетсіз өндірістерді ұйымдастыруда салыстырмалы арзан жұмыс күші мен қуат күшін қолдануға мүмкіндік алады және өзінің өндірістік өнімдерін өткізуге қолайлы өсіп келе жатқан нарық пайда болады.   Бөлімнің соңында  Жапонияның  Қытай мен Кореямен қарым-қатынастарының негізгі саяси аспектілері қарастырылған. Жапонияның

Қиыр Шығыс және ОША елдеріне қатысты ең ірі саяси мәселесі ол: Қиыр Шығыс және ОША елдері Жапонияның алып экономикалық потенциалы, оның саяси экспансионизміне және Азиядағы өзіндік әскери ролге ие болуға талпынуына табиғи түрде негіз болуынан қорқады. Сонымен қатар олар екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапонияняң басқыншылығын есте сақтай отырып, жалпы Жапонияның әскери қуатының күшею және жапон-американ әскери одағы шеңберінде Жапонияның рөлінің күшею идеясына қауіппен қарайды.

     Екінші тарауда Жапония мен Қытай Халық Республикасы арасындағы  қарым-қатынастардың тарихи, саяси және сауда-экономикалық аспектілері талданған.Бөлімнің басында Жапонияның Қытайдағы басқыншылығына байланысты саяси оқиғалар және оның саяси-экономикалық жақтары, сонымен қатар осы екі ел арасындағы жер мәселесі және соларға қатысты тарихи дәлелдемелер мен бұл сұрақтағы АҚШ-тың орны қарастырылған. Бөлімде 70-ші жылдардың басында жарияланған, Жапонияның көпжақты дипломатиясының  негізгі және Пекин тарапынан ұсынылған Жапониямен қарым-қатынастарды жақсарту ұстанымы жете қарастырылған. Әрі өарай тарауда КХР басшылығының тарапынан жарияланған Қытайдың ашық саясатының негізгі ұстанымдары қарастырылған. Осы саясаттың (бағыттың) маңызды құрамдас бөлігі шетелдік, әсіресе жапондық қаржыны және озық технологияларды тарту арқылы жедел жаңартуды қамтамасыз ету болып табылады. Бір-бірімен жақындасуда екі жақтың да алға қойған мақсаттары айқындалуда. Қытай өз алдына Жапонияны өзінің Азиядағы және Тынық мұхитындағы ұлы державалық мақсаттарына жету үшін пайдалануды жоспарлайды, және жұмыста бұл жоспардың кезеңдері нақты көрсетілген. Ал Жапонияның негізгі мақсаты – КХР-мен кең қарым-қатынастарды орнату арқылы олар қытай экономикасын жапон  экономикасына байлап қоюға үмітті. Әрі

қарай тарауда  80-ші жылдары екі ел арасындағы экономикалық және саяси қарама қайшылықтар қарастырылған. Осы қарама қайшылықтардың себебі – Қытайдың Жапониямен сауда-саттықтағы өте үлкен теріс сальдосы болып табылады.Ол 1985 жылы 6 млрд. долларды, яғни Қытайдың валюталық қорының 1/3 бөлігін құрады. ҚХР-ның ең ірі серіктестерімен болған сауда-саттықтағы дефициттің ұлғаюына себепші болған шарттар ашылды. Әрі қарай тарауда екі ел арасындағы «Тайвань» мәселесіне байланысты қарама қайшылықтар қарастырылған. Бұл мәселеге байланысты Жапон үкіметінің ресми ұстанымы және материктік Қытай мен аралдық Қытай арасында әскери жанжал туындай қалған жағдайдағы кейбір аспектілер көрсетілген. Тараудың соңында қазіргі кездегі Жапон-қытай қарым-қатынастары қарастырылған. Мұнда екі ел арасындағы әріптестіктің үстемділігі мен болашағы нақты талданған.

     Жұмыстың үшінші тарауында Жапония мен Корея арасындағы қарым-қатынастардың тарихи, саяси және сауда-экономикалық аспектілері қарастырылған. Тараудың басында  екі ел арасындағы қарым-қатынастар тарихына қысқаша шолу жасалған. Кореяның Оңтүстік және Солтүстік болып бөлуінің әскери-саяси себептері көрсетілген. Әрі қарай жапон-оңтүстік корея қатынастарының жақсару кезеңдері, бұл мәселедегі Пхеньянның ұстанымы және Вьетнам мәселесіндегі Сеул ұстанымы қарастырылған. Жапония мен Корея  өз араларында сауда, экономикалық және әскери-саяси байланыстарды орнату, күшейту және дамытудағы көздеген мақсаттары нақты сипатталған. Екі ел арасындағы  қарым-қатынастар Токионың оңтүстік Кореялық жүйенің Корея аймағындағы жалғыз заңды жүйе деп қабылдауы және Жапонияның Оңтүстік Кореяға ұзақ мерзімді негізде мардымды экономикалық көмек көрсету міндеті негізінде қалыптасқаны көрсетілген.

     Әрі қарай жұмыста бір жағынан «Жапония – АҚШ – Корея» сратегиялық әскери-саяси және сауда-экономикалық шеңберінің және екінші жағынан Пекин мен Пхеньян арасындағы одақтың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қызметтері қарастырылған. Сеул мен Токио арасындағы 

қарым-қатынастардың дамуының қарқыны ҚХР, АҚШ және бұрынғы КСРО ұстанымдарына байланысты  біршама өзгерістерге ұшырағаны көрсетілген. Тараудың соңында Жапон-Корей қарым-қатынастарының дамуының қазіргі кездегі жағдайы қарастырылған. Халықаралық нарықтағы Токио мен Сеул арасындағы өткір бақталастықтың кесірінен туындаған екі ел арасындағы қиындықтар сарапталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I БӨЛІМ. ҚИЫР ШЫҒЫС ЕЛДЕРІ АЙМАҒЫНДАҒЫ                         ЖАПОНИЯНЫҢ МҮДДЕЛЕРІ.

 

1.1. Жапонияның соғыстан кейінгі жағдайы және Жапонияның Қиыр Шығыс елдеріне көмек көрсету мемлекеттік саясаты.

 

  Соғыстан кейінгі Жапония экономикасының өсу қарқынының жоғары болуының себептері туралы айтсақ, бұл жағдайға тұрақты әсер еткен тарихи, мәдени-этникалық, әлеуметтік, саяси және халықаралық шарттардың күрделі гаммасына назар аударған жөн.[3]  

     Ең алдымен, халықтың тарихи және мәдени дамуының ерекшелігіне назар аудару қажет. Жапонияның шығыс және батыс өркениеттерінің тарихи орталықтарынан салыстырмалы оқшаулануы, жапондықтардың басқа да озат мәдениеттердің әртүрлі аспектілерін алуына және кейін оларды өздерінің дәстүрлі құндылықтарына бейімделуіне әкеліп соқты.

     Сонымен қатар, жапондықтардың әлдеқайда дамыған өркениеттермен араласып жоқ болып кетуіне жол бермеу үшін, елдің билеуші топтары оның бүкіл тарихы бойына дәстүрлі жапон мәдениетінің үстемділігі туралы, оның ерекше құдіреттілігі туралы, жапон ұлтының мессиандық рөлі туралы ұлттық концепцияларды жандандырып отырды.

         Жапонияның   соғыстан  кейінгі  дамуын,  оның  ішкі  саяси жағдайынан және соғыстан  кейінгі  кезеңдегі  елде  қалыптасқан  саяси жүйеден  бөлек  қарастыруға болмайды. Жапон  милитаризмінің күйреуінен  кейін  император  билігінің  біршама  жартылай  феодалды институттары жойылды, күшті  отбасылық  «дзайбацу»  концерндері таратылды,  демократиялық  партиялар  қайта  қалпына   келтірілді,  жапон  қоғамының әртүрлі  табының  мүддесін  қорғайтын  профсоюздар мен  басқа  бұқаралық  ұйымдар  құрыла  бастады.  1947 ж.  қабылданған жаңа  Конституция  халықтың  мүддесін  қоғауға,  соғыс жүргізу, әскер құру  және  оны  сыртқы  саяси мақсаттарға  жету үшін қолдану құқығынан  бас  тартуға  бағытталған  көптеген  баптардан  тұрады.

     Жапон  милитаризмінің  халыққа әкелген  қайғысы,  Хиросима  мен Нагасакидағы  үлкен  қасірет,  АҚШ-тың  Корея  мен  Үндіқытайдағы әскери  әрекеттері  жапон  халқының  барлық  таптарында  пацифисттік көңіл  күйдің  өсуіне  әкелді.  Билікке  екінші  дүниежүзілік  соғыстан кейін  келген  жапон  саясаткерлеріне  олармен  санаспауға  болмады. Олар  теңіз  державасы  болып  табылатын  Жапонияның,  халықаралық саудада  өзінің  орнын  қайтарудан  басқа  амалы  жоқ  деп,  сонымен қатар  олар  бұл  мақсатқа ең мықты  экономикалық держава болып табылатын  АҚШ-тың  қорғанысының  астында  жету  керек  деп  шешті. Ал мемлекетке осы кезде өзінің күш қуатын алып келінген арзан шикізатты  қолдану  арқылы  өзінің  экономикасын  дамыту  қажет  болды. Дәл  осы  идеялар  50-ші  жылдардың  басында Жапонияның соғыстан кейінгі алғашқы  премьер-министрі  тарапынан  жарияланған  және  азды-көпті  дәрежеде  барлық  жапондық  саяси  жетекшілер  ұстанған  Есида доктринасының  негізі  болып  табылады.[4]  Бұл  жапондық  консервативті  саясаткерлер  басқа  капиталистік елдердің элитарлы  топ  өкілдерінен  аса үлкен  бейбіт сүйгіштігімен  ерекшеленді  деген  сөз  емес.  Бірақ та олар Жапонияның ішкі мүмкіндіктерін және екі ұлы державаның қарсыластығының  және  Жапония  үшін  қандай  да  бір  әскери  қауіптің жоқтығының арқасында әлемде қалыптасқан халықаралық жағдайды шынайы  бағалай  білді.  Бұл  бағыт  ұлттың  барлық  материалды, моральді және  интеллектуалды  күшінің  өндірістік  және технологиялық потенциалды  қайта  жаңғырту  және  дамыту  үшін,  халықтың  тұрмыс-тіршілігін  жақсарту  үшін  шоғырлануына  әкелді.

     Жапония әскери шығынының басқа әлемдік державалармен салыстырғанда  салыстырмалы  түрде  төмен  болуы,  бейбіт  өндірістік салаға  инновациялар  мен  жаңа  технологияларды  енгізу,  Жапония өнімінің   бәсекеге  қабілетілігінің  және  оның  экономикалық  даму қарқынының  салыстырмалы  түрде  тұрақты  болуының  ең  маңызды себептерінің  бірі  болып  табылады.

    Жапонияның  соғыстан кейінгі дамуындағы сыртқы фактордың маңыздылығын атап өткен жөн. АҚШ-пен әскери одақ құру және Жапония аймағында американдық әскери базалардың құрылуы Жапонияның   егемендігінің   белгілі   дәрежеде   шектелуіне   әкелді.   Бұл белгілі  дәрежеде  оның  сыртқы  саяси  бағытын  анықтады.   Американың әскери-саяси   стратегиясына  қатысқаны  үшін   Жапония   АҚШ-тан   өзіне  маңызды шикізат, жаңа технологияларды іргелі білімді импорттауға мүмкіндік  алды.  Мемлекет  шамамен  30%  экспорт  құрайтын  алып нарыққа  ие  болды.  Оның негізгі бөлігін өндірістік өнім құрады.

     Жапон экономикасының көтерілуіне, өзінің шикізат қоры жоқ       Жапонияның,  шикізатты, әсіресе мұнайды өте төмен бағамен импорттауға  және  соның  арқасында  арзан  қуат  көзін  қолдануға, сонымен қатар қазіргі заманғы мұнайхимиялық өнеркәсіпті құруға мүмкіндігі болғаны себеп болды.

     Бірақ та кейінірек жапон экономикасының дамуына және халықаралық қатынастар  жүйесіндегі  Жапонияның  жағдайына  сыртқы  фактор   үлкен қарсылықты әсерін тигізді.[5]

 

1.2. Жапонияның Қытайға және Кореяға ерекше көңіл бөлуінің         себептері.

     Ең алдымен, географиялық жақындығы, бір-біріне экономикалық тәуелділігі және стратегиялық сипаттағы маңыздылығы, Жапонияның аймақтағы елдермен қарым-қатынастарды алғашқы орындарға қоюының

себебін түсіндіреді деп  шетел сарашылары атап өтуде. Көпшілік шетел зерттеушілерінің пікірінше, Жапонияның Қытай және Кореяға ерекше көңіл бөлуінің екінші себебі, олардың соңғы екі онжылдық ішінде жоғары қарқынды даму нәтижесінде қалыптастырған мықты экономикалық потенциалы болып табылады. Көптеген елдердегі, соның ішінде дамыған капиталистік елдердегі дағдарыс және тұрақсыздық жағдайымен салыстырғанды бұл елдердің экономикасы әлдеқайда қарқынды дамыды және әлі де дамуда. Барлық осы елдердегі ІҰӨ өсімінің орташа қарқыны 6%-дан асып түсті.

     ҚХР мен Кореяның 20-шы ғасырдың соңындағы экономикалық дамуының өзіндік ерекшелігі, өндірістік экспорттың қарқынды даму болып табылады. Осылайша, олар 80-ші жылдардың соңына қарай, дамыған елдердің, әсіресе Жапонияның экономикасымен белсенді және мықты байланыс орнатуға жағдай жасайтындай дәрежеде дамыған болатын.

     Шетел авторларының пікірінше, Жапонияның аймақтағы елдермен байланысты нығайта түсудегі ерекше қызуғушылығын түсіндіретін, үшінші фактор, бұл елдердің болашақ дамуындағы қолайлы перспектива болып табылады. КХР мен Корея АСЕАН елдерімен бірге Жапонияға, оның пайдаланатын табиғи каучігінің 96,6%, қалайы мен қалайы балқымасының 99,6%, тропикалық ағаштың  40,2%, никельдің  30,7%, бокситтің 28,8%,  қанттың  23,7% және өңделмеген мұнайдың 15,8% ұсынып отырды.[6]Сонымен қатар, аймақтағы елдердегі, әсіресе Қытайдағы арзан жұмыс күшінің үлкен қоры, мұндағы еңбекті көп қажет ететін, дамыған елдерде жиі шығынға алып келетін өндірістерде қолайлы пайдалануға мүмкіндік береді. Дамушы елдерде жұмыс күші дамыған елдердегі жұмыс күшімен салыстырғанда арзанырақ болатыны белгілі.

Бизнес Америка журналының мәліметтері бойынша, Қиыр Шығыс елдері аймағында жұмыс күші басқа да көптеген дамушы елдердегі жұмыс күшінен арзанырақ болып келеді.

     Сосын, салыстырмалы саяси тұрақтылық. Американ зерттеушісі Ч.Моррисонның пікірінше, ҚХР, Корея және АСЕАН елдері, 60-шы жылдары басталған, ұзақ мерзімді саяси тұрақтылығымен ерекшеленеді. Латын Америкасы немесе Африка елдерінде жиі болып тұратын төңкерістер, ішкі қақтығыстар және экономикалық саясатта кенеттен болатын өзгерістер бұл елдердің экономикалық дамуына кедергі келтіреді. Бұл елдермен салыстырғанда ҚХР мен Кореяның тұрақты саяси жүйесі, қаржының ішке жинақталуына және шетелдік қаржы салушылардың тәуекелге бару қаупінің төмендеуіне алып келеді.

     Осылайша,  ҚХР мен Кореяның өсіп келе жатқан экономикалық потенциалы Жапонияның үш негізгі бағыттағы қызушылығын белгілейді. Яғни Жапония өзіне шикізат, жанармай және материалдардың (мұнай, табиғи газ, түсті металл, орман ағаштары, табиғи каучук және т.б.) кейбір түрлерін алатын сенімді саяси серіктес табады, Жапонияның өзіндегі кейбір бәсекеге қабілетсіз өндірістерді ұйымдастыру үшін салыстырмалы арзан жұмыс күшін және қуат күшін қолдануға мүмкіндік алады, және бұл елдерде өсіп келе жатқан нарықты өзінің өндірістік өнімдерін өткізу үшін қолдануға мүмкіндік алады.

     Көпшілік сарапшылардың пікірінше, Жапонияның іскер және саяси ортасының бұл аймаққа ерекше көңіл бөлуінің таза экономикалық себебінен басқа себебі, оның мемлекеттік қауіпсіздікті кешенді түрде қамтамасыз етудегі саяси маңыздылығы болып табылады.

     1.3. Жапонияның Қытаймен және Кореямен қарым-қатынастарының саяси және әлеуметтік-экономикалық аспектілері.

 

Жапонияның Қытайдағы және Кореядағы саяси мақсаттарына жетудегі басты және шешуші амал – аймақтағы елдердің  саяси және әлеуметтікэкономикалық  дамуындағы ықпалының өсуі болып табылады. Бұл пікірді көптеген шетел авторлары зерттеген. 1993 жылы аймақтағы елдердің үлесіне Жапонияның сыртқы сауда айналымының 12,8% және оның шетелдік инвестицияларының кумулятивті нәтижесінің шамамен 20% тең келді. Бұл Жапонияның сыртқы саудасын және қаржы экспортын таратудағы АҚШ-тың үлес салмағынан кем болғанымен (24,7% және 27%), ЕЭҚ-тың үлес салмағынан жоғары болып келеді (9,7% және шамамен 10%). Өз алдына аймақтағы елдер үшін Жапония басты сауда серіктесі (жалпы сыртқы сауда айналымы 26,5,ал АҚШ-тың үлесіне болса  15,3% келді, және өзара сауда үлесі 17,1% құрады) және де ең ірі шетелдік қаржы салушысы болып табылады (тікелей шетелдік инвестициялар 32%; АҚШ үлесі 16%, ЕЭҚ елдерінің үлесі 12%).[7]

     Бұл мемлекеттерге ОПР-дамытуға жапонияның ресми көмегінің 30%-дан астамы жіберіледі. Ол екіжақты негізде жүзеге асатын, бұл ұйымға мүше мемлекеттерге барлық экономикалық көмектің жартысын құрайды. Қытайдан, Кореядан, сонымен қатар АСЕАН мемлекеттерінен көбінесе минералды және ауылшаруашылық шикізаттары, азық-түлік өнімдері

импортталады; экспорт өндірістік және қолданысқа арналған жаппай өндірістегі өнімдерден тұрады. Жапония сатып алатын мұнайының шамамен 20% және табиғи газдың 40% -дан астамын; қалайы, алюминий және мыс кені шикізатының және осы шикізаттан алынатын материалдардың біршама бөлігін осы аймақтардан алып келеді.

     Жапон зерттеушілерінің айтуынша, иен бағамының өсуі, елдегі еңбекті көп қажет ететін өндірістік салалардың шетелге жылдам ауысуына алып келді. Ішкі салалық халықаралық еңбек бөлінісін өздерінің экономикалық стратегиясындағы ең маңызды бағыт деп жариялап, жапондық трансұлттық компаниялар (ТҰК) арзан жұмыс күші нарығын іздеуде көрші елдерге және жаңа индустриалды Азия елдеріне басты көңіл бөле бастады. Жапондық компаниялардың Азиядағы және Тынық мұхиты бассейніндегі белсенділігінің артуына себепші факторлар көбеюде.

     Иен бағамының өсуі және дамыған елдердің экономикалық бәсекелестігінің үш орталығының арасындағы дағдарыс «экономикалық бірін-бірі толықтыру» тұжырымының теориялық жетілдіру  белсенділігін, өзара араласқан ұлттық экономикалық жүйелері бар «ғаламдық экономиканы» құру белсенділігін арттырды және бірлесе басқарылатын, біртұтас жүйені қалыптастырады. Бірақ та жаңа экономикалық жағдайға байланысты Жапонияның аймақтағы әлеуметтік- экономикалық рөлінің күшеюі қарама-қайшы жолдармен жүрді. 80-ші жылдардың соңына қарай кенеттен өскен Жапонияның валюталы-қаржылық қоры, 1987 ж. жылына шамамен 80 млрд. долларға жеткен,[8] төлем балансының ағымдағы есепшотының оңтайлы сальдосының қарқынды өсуі Азияда, әсіресе Қытай мен Кореяда жапон қаржы саламының жылдам көбеюіне мүмкіндік туғызды. Жапония АСЕАН елдерімен және де басқа да азиялық мемлекеттермен байланыстардың барлық кешендерін дамытудың болашақта ұзақ мерзімді перспективалары бар деп есептейді. Бұл Жапонияға өзінің экономикалық мәселелерін, әсіресе солардың ішіндегі ең өткірі болып табылатын экономикалық даму үлгісінің бағытын сыртқы сұраныстан ішкі сұранысқа қарай өзгерту мәселесін шешуге  көмектеседі. Азияның дамушы елдерінің, соның ішінде КХР мен Кореяның өндірістік жүйесінің дамуына белсенді түрде қатыса отырып, Жапония өзінің өнеркәсібінің өндірістік қуаттылығының толтырылуын қамтамасыз ете алады. КХР мен Кореяға салынған қаржы, бұл елдерге кейін жапон өнімдерінің көбейген импорты түрінде қайтып келеді.

     Жапония өзіне жомарт болуға мүмкіндік бере алады. Жылына шамамен 100 млрд. долларды құрайтын сыртқы саудада оңтайлы сальдоға ие бола отырып, Жапонияда жеткілікті деңгейде ақшалай қаржы қоры бар. Әлемдегі ең ірі несие беруші ретінде оның әлемдегі орны жыл сайын

күшеюде.[9] Бірақ та, көмектің доллар баламасындағы өсуінің көп бөлігін, соңғы үш жыл ішіндегі иен бағамының күрт өсуіне жатқызған жөн. Дегенмен Токионың иен бағамындағы шығыны біршама өсті және де шетелге көмек көрсетумен байланысты шығындар, қай бағамда болмасын, иен немесе доллармен өлшенсе де шығын көлемі бұрынғысынша өсе береді деп тұжырымдауға барлық негіз бар.

     Жапонияның шетел мемлекеттеріне, соның ішінде Қытай мен Кореяға көрсеткен жомарт көмегі, оның байлығының өсе түскенін куәландырғанымен, оның халықаралық сахнада алдыңғы қатарлы несие беруші ретінде пайда болуы АҚШ-тың экономикалық үстемділігінің құлдырауын білдіреді. Бұл жапондықтардың ой-санасына өте қатты әсер етеді. Токионың қаржы және сауда-өндірістік ортасында «кокусайка» —  интернационализация  сөзі кең таралған, және жапондықтар үшін бұл әлемдік нарықты интеграциялаудан маңыздырақ болып табылады. Ол АҚШ, Жапония және Батыс Европа арасындағы саяси және экономикалық қуаттылықтың әділетті түрде бөлінуіне кепілдік береді. Көптеген жапондықтар Вашингтонның саясатты анықтап, оның одақтастары соңынан ереді деп үміттенген күндері жақын болашақта келмеске кетеді деп болжауда.                        

     Қазіргі Жапония геосаяси беделге әскери күш арқылы емес, өзінің экономикадағы үстем позициялары арқылы талпынатын, тарих бетіндегі алғашқы ұлт болуы мүмкін.

     Жапония көмегінен дереу коммерциялық қайтарым болмаған жағдайға, оны ұзақ мерзімді салым ретінде ұйымдастырады. Токионың көмек көрсету бағдарламасының сыншылары Жапонияны, көмекті ең көп қажет ететін Африка және Латын Америкасы елдеріне өз көмек көрсетіп, оның орнына өздерінің өнімдерін сатуға толық негізде үміттенетін Индонезия, Қытай, Филлипины, Таиланд секілді елдерге өте көп көңіл бөлгені үшін айыптауда. Жапондықтардың көмегі арқылы жүзеге асатын, Қытайдағы электрификация, темір жолдар және порттарды жақсарту секілді басқа жобалар, қытай көмірін экспорттауға үлесін тигізе отырып Жапонияға біршама көмегін тигізе алады. Жапон көмегі керекті нәтиже әкелетіні жеткілікті деңгейде дәлелденген Кореяға көрсетілген жапон көмегінің көлемі 1989 жылы  350 млн. долларға дейін өсті – 16есеге, бұл АҚШ көмегінен әлдеқайда көбірек (22 млн. долл.).[10]Жапон қаржысының басым бөлігі маңызды құрылыс нысандарына арналған ұзақмерзімді, төмен пайызды несиелер түрінде түсті.

     Жапонияның Қытай және Кореямен байланысындағы оңаша маңызды аспеккті олардың арасындағы саяси қарым-қатынастар құрайды. Олардың

 

сарапшылар тарапынан жалпы бағалануы біркелкі емес. Бірақ олардың барлығы өздерінің назарын үш негізгі мәселелер тобына аударуда – олар Жапония үкіметінің экономикалық мәселелерге байланысты ұстанымы; әскери саладағы Жапонияның саясаты; Тынық мұхиты алабындағы стратегиялық жағдайды бағалау және, әсіресе ҚХР мен Үндіқытай мемлекеттеріне қатысты саясат.

     Кейбір мәселелердің барлығына қарамастан, қазіргі кезде бұл қатынастар соғыстан кейінгі уақыт ішінде болған қатынастардан әлдеқайда жақсырақ. Бұған Жапонияның дамытудағы теріс көмекті жеңілдету әрекеттері, сонымен қатар аймақтағы стратагиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе Үндіқытай жартыаралындағы оқиғалар себеп болды.Бір жағынан, тек көпшілік деңгейінде ғана емес, сонымен қатар билеушілер ортасында да өте күшті антижапондық көңіл-күйлердің барлығы аталып өтілуде: өзінің күшті азиялық көршісінің саясатына қатысты сенімсіздік пен күдік сақталуда, қазіргі Жапонияның демократиялық тұрақтылығының беріктігіне қатысты және оның жариялаған бейбіт пиғылдарына қатысты күдік білдіруде.

     Сарапшылар, Жапонияның аймақтағы елдермен соғыстан кейінгі қатынастарын қарастыра отырып, олардың дауында екі негізгі кезеңді атап өтуде. Бірінші кезеңнің басталуы олар үшін, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның басқа Азия елдерімен экономикалық байланыстарының ұзақ мерзімді тоқтауын алмастырған, бұл қатынастардың 60-шы жылдардағы бірте-бірте қайта қалпына келуімен байланысты. 80-ші жылдардың ортасында, Жапонияның аймақтағы елдермен қатынастарында біршама өзгерістер орын алды. Бұл елдерге экономикалық көмекті арттыру қажетілігі және оған әлдеқайда тартымды қалып беру қажеттілігі үкімет деңгейінде қабылданды.

     70-ші жылдардың соңында – 80-ші жылдардың басында бірін-бірі алмастырып отырған жапон үкіметі экономикалық қарама-қайшылықтардың өткірлігін дипломатиялық жолмен жеңілдетуге тырысты. Аймақтағы елдердің қазіргі заманғы технологияларға ие болудағы қызығушылықтарының артуын ескере отырып, ғылыми-техникалық салада көмек көрсетуге үлкен көңіл бөлді; Жапон премьері бірнеше кәсіпорындарды жаңартуда көмек көрсету жоспары туралы және Жапонияға Қытай және Кореядан студенттер мен тәжірибе алушыларды оқуға қабылдау жоспары туралы жариялады.

     Шетел зерттеушілерінің арасында ең кең тараған пікірге сәйкес, Жапонияның аймақтағы елдермен қарым-қатынастардағы мәселелердің арасында, экономикалық  мәселе  (қаржылай жіне техникалық көмекті арттыру, кеден кедергілерін шектеу немесе алып тастау және т.б.) жапон үкіметінің ең үлкен ымыраға баруға дайын саларының бірі болып табылады. Және де артынша олардың көмегімен өздерінің басты саяси

мақсаттарына жету, атап айтқанда – біріншіден, азия істеріне белсенді араласа отырып, әлемдік саясатта ең басты рөлдердің біріне шығу.[11]

     Жапон жағының көзқарасы бойынша, Қиыр Шығыс және ОША елдерімен қатынастардағы ең ірі саяси мәселелердің бірі болып мыналар табылады: Қиыр Шығыс және ОША елдері Жапонияның алып экономикалық потенциалы, оның саяси экспанционизміне және Азиядағы өзіндік әскери ролге ие болуға талпынуына табиғи түрде негіз болуынан қорқады. Сонымен қатар, аталып өткендей, олар екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Жапонияның басқыншылығын есте сақтай отырып, жалпы Жапонияның әскери қуатының күшеюі және жапон-американ әскери одағы шеңберінде Жапонияның ролінің күшеюі идеясына қауіппен қарайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II БӨЛІМ. ЖАПОНИЯНЫҢ ҚХР-МЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ.

 

2.1. Жапонияның оккупациясы кезеңіндегі және оккупациядан кейінгі кезеңдердегі Қытай.

 

Екі жақтың пікірінше, Жапонияның Қытай Халық Республикасымен шиеленіскен қарым-қатынастары, өзінің бастамасын мың жыл бұрынғы бір-біріне деген этникалық жағымсыздықтан басталады. Ол рас па, әлде жоқ па, бірақ біздің заманымызға қатысты қытайлықтардың жапондықтарды ұнатпауының негізгі себебі болып 1931-1945 жылдардағы жапон оккупациясы табылады.

     1931 жылы Манчжурияны жаулап алумен басталған және 14 жылға созылған, Қиыр Шығыстағы жапонияның империализмінің басқыншылық әрекеттерінің кеңеюімен қатар. Қытайдың ірі аудандары жапон әскері тарапынан басып алынды. Жапонияның басқыншылық саясатында Қытай әрдайым маңызды орынға ие болатын – оған, жапон экспанциясының алдағы жоспарларын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін басты өндірістік-шикізат базасының ролі бөлінді.

     Материкте басып алынған аймақтардың отаршылдық игерілуі бірнеше арнайы ұйымдардың құрылуын қажет етті. Бұл ұйымдарға өздерін жақсы жағынан көрсеткен жас жапондық мамандар әртүрлі ведомствалардан тартылды. Жапон басшыларының алға қойған міндеттерінің арасында, Жапонияға соғыс жүргізу үшін өте қажет болған қытайдың темір рудасы мен көмірін өндіріп, оны жапонияға тасымалдау жоспарын құру болды.

     Манчжурия ұзақ соғыста Жапонияның маңызды әскери-экономикалық базасына айналуы керек еді. 1945 жылдың басына қарай  Манчжурияда шамамен 5 ірі өндірістік кәсіпорын болды. Манчжурия экономикасының басқару жүйесі Жапонияның бас штабының толық бақылауында болды  және ол монополистік концерндер тарапынан жүзеге асырылды. Олардың арасында негізгі ролді мына концерндер атқарды: «Мангио», «Дангио» және «Мантецу».[12]

     Монополистік концерндер мен әскери органдар арқылы бақылау жүйесі мен қатал орталықтандыру барлық банктерде, ауылшаруашылық өнімдерін сатып алуда және көтерме саудада орнатылды. Барлық осы отаршыл-монополистік ұйымдарда тек жоғарғы  және орта деңгейдегі басшылар ғана емес, сонымен қатар кейбір кәсіпорындарда төмен қол жұмысшылар да тек жапондықтардан құралды. Қытайлықтар тек ресми түрде ғана кейбір қызметтерде басшы немесе орынбасар ретінде саналды.

     1945 жылы 2-ші қыркүйек – Жапонияның ресми капитуляцияны жариялаған күні екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталған күні болды. 1949 жылы Қытай Халық Республикасы құрылды.[13] Капитуляциядан кейін және барлық отаршыл жүйе жойылғаннан кейін жапон әкімшілігі қытай еңбекшілері сотының алдында қалды. Көптеген кәсіпорындар да ашуланған қытай жұмысшылары мен қызметкелері өз беттерімен жапондықтарға сот жүргізді, олардың мүліктерін тартып алды, зауыттардан және үйлерінен қуып жіберді. Біршама қалыпты жағдай сақталған жерлердің өзінде, жапондықтар өздерінің жасаған қатыгездіктері үшін жауапқа тартылатындарын түсініп, жан-жақтарға қаша бастады,қытайларша киініп, өздерін танымайтын басқа қалаларда жасырынды. Бұл жағдайда өндіріс және көлік жұмысының мүлде тоқтап қалуы қаупі төнді. Қытай мамандарының мүлде болмағанының кесірінен және қытай әскері сапындағы мамандандырылған адамдардың жетіспеушілігінің кесірінен, жапондық мамандарды жергілікті тұрғындар тарапынан жасалуы мүмкін репрессиялардан қорғауға кепілдік бере отыра, оларды іздеп табуға және оларды қайтаруға тура келді.

     60-шы жылдардың соңында Жапония АҚШ-тың Вьетнамға қатысты басқыншыл әрекеттерін қолдады. Ол Вашингтонның бұл шығыс еліне қатысты барлық дөрекілігіне көзін жұмды. Жапонияның АҚШ-ты қолдаған себебі, АҚШ өз жағынан Жапонияға Оңтүстік-Шығыс Азияда саясатын жүргізуге еркіндік берді. Бірақ шындығында жапондықтарды вьетнамдықтарға қатысты қатыгез әрекеттер қатты алаңдатты, өйткені Вьетнам да, Жапония да шығыс елдері болып табылады. Және де «Шығысқа» қатысты осыншама қатыгез басқыншыл әрекеттер жапонияны қатты үрейлендірді. Өз алдына АҚШ Жапония мен Қытайдың жақындасуынан қорқады. Себебі АҚШ американ-жапон қауіпсіздік туралы бірлескен келісімі үшін қауіптенеді. Қытай мен Жапония өз аралындағы дипломатиялық қатынастарға қол қойғаннан кейін, Жапонияға Рюкю (Окинава) аралдарын АҚШ иелігіне беруге тура келді, және оларды аралындағы қауіпсіздік келісімін әрі қарай сақтайтынына сендірді.

 

             2.2.Сенкаку (Дяоюйдао) аралдары төңірегіндегі аймақтық

                                  даулы мәселе және Тайвань мәселесі.

 

     Сенкаку аралдары (қытайша аты Дяоюйдао) Шығыс-Қытай теңізінде, Жапон Окинавасынан батысқа қарай 420 шақырым жерде, Қытай порты Фучжоудан 420 шақырым жерде және тайвань порты Цзилуннан солтүстік-шығысқа қарай 190 шақырым жерде орналасқан. Бұл аралдарда адам тұрмайды, солардың ішінде үшеуі салыстырмалы түрде ірі болып келеді. Олардың жалпы көлемі 6,3 шаршы шақырым. Ең үлкені – Уодзуридзима, қалған екуінің көлемі шамамен бірдей – Китакодзима және Минамикодзима.

     Аралдардың тарихы шиеленіске толы болып келеді. Алғашқы рет олар XIV ғасырдағы қытай деректерінде аталып өтілді. Онда олар Рюкю хандығы (қазір Окинава префектурасы) құрамында Қытайға енгені туралы айтылады. XVII ғасырдың басында Рюкю Кюсю аралынан келген жапон самурайлары тарапынан басып алынды. Бірақ Қытайда Цинь әулетінің басқару кезеңінде (1644-1911) Сенкаку қытай провинциясы Тайваньға енгізілді. 1895 жылғы Симоносек келісімінің шарттары бойынша, Жапония Қытаймен соғыстан кейін Тайваньға қоса Пэнхуледао мен Дяоюйдаоны (Сенкаку) алды. Соңғылары Окинава префектурасына әкімшілік түрде енді. 1951 жылғы Сан-Францисско бейбіт келісімі бойынша, Жапония өзінің басқыншылығының нәтижесінде басып алған жерлерінен, соның ішінде Тайваньнан бас тартты. Бірақ Жапония Сенкакудан бас тартпады. Жапон Окинавасының құрамындағы Сенкакуға, 1972 жылға дейін АҚШ-тың қамқорлық құқығы таралды. Бір уақытта американдықтар аралдарды артиллериялық полигон ретінде қолданды. 1968 жылы Сенкаку жерінде мұнай қорының табылғаны туралы алғашқы мәліметтер пайда болды.   

     1971 жылы маусымда Жапонияға Рюкю (Окинава) аралдарына ие болу құқығын беру туралы Жапон-американ келісіміне қол қойылды. Сенкаку аралдары Жапонияға берілген жерлердің тізіміне енгізілді. Жапония қойылған, басқа бір келісімге сәйкес, Жапония аралдық аймақтарды қорғау жауапкершілігін өз мойнына алды. 1972 жылдың соңына қарай Окинавада жапонияның қорғаныс күшінің контингенті орналастырылды, ал Сенкаку жағалауын шайып жатқан акваторияда Жапонияның жағалау күзетінің кемелері мен ұшақтары бақылау жүргізе бастады.

     Сенкаку төңірегіндегі алғашқы территориялық талас 1971 ж. пайда болды. Ең қызығы бұл таластың бастамасы аралдардағы өзінің құқықтары туралы 1971 ж маусымда ресми түрде жариялаған Тайбэйге тиесілі. Сол жылдың желтоқсанында дәл сондай мәлімдемені Пекин жасады. Бұл қадамдарға жауап ретінде 1972 ж. наурызда Токио өзінің ұстанымдарын белгіледі.[14]Тайвань мен ҚХР-ның аралдарға қатысты егеменді құқықтарының дәлелдемесі бірдей болды: тарихи және географиялық тұрғыдан Сенкаку әрдайым Тайвань провинциясының бір бөлігі деп саналды. Сонымен бірге «XIV ғасырдағы қытай деректеріне» сілтеме жасалды. Жапония тарихқа шолу жасағанды жеткіліксіз деп есептеп, өзінің дәлелдемелерін ортаға салды: Сенкакуны Рюкю (Окинава) құрамына енгізгеннен кейін ешбір жақтан наразылық болмады; бұл аралдар Жапонияның Сан-Францисско бейбіт келісімі бойынша бас тартқан аймақтарының тізіміне енбейді. Бұл мәселеде Вашингтон мәселелердің шешілуін түгелдей  мүдделі елдерге ұсына отырып, ең басынан «бейтарап» позицияны ұстанды. Кейінірек бұл ұстаным АҚШ-тың мемлекеттік департаменті тарапынан ресми түрде расталды.

     1972 ж. екі жақты қатынастарды қайта қалпына келтіру туралы Жапон-қытай коммюникесіне қол қойылып жатқан кезде, ҚХР Сенкакудағы құқықтары туралы мәлімдеме жасамады. Бірақ 1978 ж. бейбітшілік және достастық туралы жапон-қытай келімісінің қол қойылуына кезінде белгілі оқиға орын алды: қытайлықтар джонкиларды қосқанда 140-қа дейін кемелерді іске қосып, аралдардың төңірегінде өзіндік демонстрацияны ұйымдастырды. Осылайша наразылықтар белгіленгеннен соң, Дэн Сяопин Токиода болған кезде, аралдардың иелігі туралы мәселенің тұрақталып келе жатқанын жариялады. Ол: «Барлығы әрқашанда қазіргідей болсын. Жапония аралдарға 20-30 жыл иелік ете алады», — деп атап өтті.[15]Басқа сөзбен айтқанда, мүмкін 1978 жылдан бастап, бұл «баяу минаның» сағаттық механизмі іске қосылды. Жапондықтар да бұны есте сақтауда. Сонымен қатар, мезгіл-мезгіл болып тұратын қақтығыстар мен әртүрлі оқиғалар бұл туралы еске салып тұрады.

      Қытайдың барлық басқа елдермен қатынасындағы басты кедергі – Тайвань мәселесі. Бұл мәселеге байланысты жапон үкіметінің ресми ұстанымы 1972 жылғы коммюникеде көрсетілген. Ол бойынша Жапония «Қытай Халық Республикасының бөлінбес аймағының бір бөлігі деп қабылдайды». Жапон үкіметі бұл мәселеге байланысты ҚХР-ның ұстанымын толықтай қолдайды. Дегенмен,  қытай жазбалары  сол кезден-ақ бастап Жапонияның протайвандық көңіл-күйлерін бірнеше мәрте айыптады. Тайвань президенті Ли Дэнхуэй жапон саясаткерлерінің арасында үлкен танымалдыққа ие екені мәлім. Билеуші Либерал-Демократиялық партияның жас бұтақшасы, недігі сыртқы істер министрі Кононың баласына, әдеттегідей Тайванмен байланыстарды орнатуға тапсырыс беріледі. Олардың көбі бұл елге жақсы көзбен қарайды, ал 1999 жылы жапон тілінде шыққан Ли Дэнхуэйдің автобиаграфиясы Жапонияда таңқаларлық жылдам тарап кетті.

     АҚШ-тың қорғаныс министрлігінің мәліметтері бойынша, 2005 жылға таман Қытайдың ұлт-азаттық әскері Тайваннің қорғаныс кешендері мен экономикалық инфрақұрылымын жоятын әуеден мықты соққы жасауға қабілетті техникалық құралдармен жеткілікті түрде қамтамасыз етіледі. Сол уақытқа таман Қытай олардың жерлеріне десантты түсіруге қабілетті болады. Бірақ қазіргі кезде ол оның қолынан келмейді. Ең қызығы, Тайваннің қарулы күштері 2005 жылға таман ҚҰАӘ-нен қаруланудың барлық негізгі түрлерінен сапалық қатынаста басым болады. Қытайдың әскери сарапшылары арал төңірегіндегі жағдайдың қалай дамитыны туралы бірқатар сценарилерді жасап шығарды. Ең болмағанда, бір жағдайда сценарий халықаралық дағдарыс және АҚШ-тың әскери араласуымен аяқталады. Әрине, «Негізгі бағыттарды» қайта қарау, қорғаныс күшінің кеңеюі және қайта қарулануы және де жапонияның ракетаға қарсы қорғаныс жүйесінің дамуы Қытайды сақтануға мәжбүрлейді. Тайвань да аймақтағы РҚҚ жүйесіне қосылу туралы мәселені қарастырып жатқаны мәлім.

     Бұның нәтижесінде жапон үкіметінің ресми ұстанымына қарамастан, Тайвань үшін соғыс болған жағдайда Жапонияның қандай бағыт ұстанатыны, қазіргі кезде Қытай үшін негізгі мәселе болып тұр. 1999 ж. шілдеде премьер-министр Кэйдзо Обутидің Пекинге жасаған іс-сапары кезінде одан бұл мәселені ешкім ашық сұрамады. Дегенмен, дипломат жаңа «негізгі бағыттарға» байланысты Пекиннің қауіптенуін басу үшін бар күшін салды. Мәселенің мәні мынада. Бұл құжаттың бесінші тарауы «Жапониядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатты әсерін тигізе алатын, Жапонияға өте жақын жағдайлардағы серіктестік» («Cooperation in situations in areas surrounding Japan that will have an important influence jn Japan’s peace and security») деп аталады. Бұл тарауда, Жапония және АҚШ үкіметінің ең басты міндеттері, мұндай жағдайларды болдырмау үшін барлық дипломатиялық және басқа да шараларды қолдану болып табылады делінген. Егер де, мұндай «жағдайлар» туа қалған жағдайда, Жапония АҚШ-тың бейбіт (төтенше жағдайлардағы көмек; босқындарды құтқару; өздерінің азаматтарын және де, мүмкін, жергілікті тұрғындарды көшіру; теңіздегі құтқару шаралары және т.б.) немесе әскери араласуына көмек көрсетуі керек. Әскери араласу орын алған жағдайда Жапония АҚШ қарулы күштеріне өздерінің әскери базаларын, азаматтық порттарын ашып беруге, барынша арттан қолдау көрсетуге, яғни жөндеу жұмыстарын жасауға, қосалқы бөлшектермен, жанармаймен, майлайтын материалдармен, қысқаша, қару-жарақ пен оқ-дәріден басқасының барлығымен қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар Жапонияның міндеттеріне барлау, бақылау, теңіздерді минадан тазарту секілді істердегі міндеттердің бір бөлігін өз мойнына алу кіреді.

     Негізгі қолайсыздық, «Жапонияға қатты жақындықтың» не екендігін ешкімнің тіпті жапон жағының да нақты білмейтінінде болып тұр. «Негізігі бағыттардың» өзінде, «бұл Жапониямен көршілес аймақтардағы төтенше жағдай түсінігі – географиялық емес, жағдайлық мағынаға ие»,[16] деп айтылған. Жапонияның сыртқы істер министрлігінің  Солтүстік американдық бөлімшесінің директоры Т.Такано парламенттегі пікірталас кезінде, мұнда бүкіл Қиыр Шығыс туралы айтылатыны мәлімдегеннен кейін Қытай қатаң түрде наразылық білдіреді. Бұдан кейін Жапония өзінің көзқарасын шұғыл түрде қайта қарастырды. Сол кезде құпия түсінік – «жағдайлық мағына» түсінігі пайда болды. 1997 жылы «Негізгі бағыттарды» талқылау кезінде-ақ, Жапонияның билеуші Либерал-демократиялық партиясының бас хатшысы К.Като, АҚШ-тың өкілі Т.Пикерингке Тайвань бұғазы «жақындыққа» жатпайды деп мәлімдеді. Қытайда бұған онша сеніңкіремеді және олардың пікірінше Тайвань бұған бәрібір жатады (бейресми). Сонымен қатар оған тек Тайвань ғана емес, сонымен қатар Корей жартыаралы және Оңтүстік-Қытай теңізі де кіреді. 1999 жылдың шілде айында өткен саммит барысында Кэйдзо Обути Қытай премьер-министрі Чжу Жунцзыге, Жапонияға көршілес аймақтарда шынында кейбір «жағдайлар» пайда болғаны немесе болмағаны туралы мәселені тек қана парламент жапон заңдарына және Жапонияның мүдделеріне сәйкес өзі шешеді деп мәлімдеді. Жапонияның бұл аймақтардағы операцияларға қандай деңгейде қатыса алатынын, заңның өзі анықтайды. Оның үстіне Қытаймен достық Жапония ұлттық мүдделерінің құрамдас бөлігі болып қала береді, ал 1972 жылғы коммюникеде айтылған, Тайваньға қатысты ұстаным өзгеріссіз болып қалады.

     Тайвань мәселесінде АҚШ әкімшілігі соңғы кездерге дейін өте әдепті ұстады. Мысалға, 1999 жылдың шілде айында президенттің әкімшілігі Ли Дэнхуэйдің аралдың құрлықтық Қытаймен қатынастарын «екі ел арасындағы ерекше қатынастар» деп жариялау әрекеттеріне бірден жауап қайтарды. Қыркүйекте БҰҰ бас ассамблеясындағы АҚШ-тың өкілі алғашқы рет Тайваньнің бұл ұйымға қабылдануына қарсы сөз айтты. АҚШ Қытайға қатысты бірде жұмсақ, бірде қатал саясат ұстануда, яғни бірде Қытайды «халықаралық қауымдастыққа» тартса, бірде оған қырсыққан жағдайда не болатыны туралы мезгіл-мезгіл еске салуда.Бұдан Жапонияның жағдайы тек нашарлап жатқаны таң қаларлық емес. Ол жерде Шығыс Азиядағы күш арақатынасы 10-15  жыл ішінде қатты өзгеретінін түсініп отыр. Әрине, Қытай аймақтан АҚШ-ты мүлде ысырып тастай алмағанымен, оны біршама ығыстыру қолынан келеді. Әзірге Жапония «тарту» саясатын ұстануда және бұл үшбұрышта өзін тұрақтандырушы және сарапшы ретінде көреді. Бірақ та, Қытайдың экономикалық қуаты бұл үшбұрышты арасында «жапондық қағаз тырна» жүзіп жүретін екі тартылыс орталығына айналдыратындай дәрежеге жеткенде не болады?[17]  

     Кейбір жапондық саясаткерлердің пікірінше, бұл жағдайда (Тайвань мәселесінің бейбіт жолмен шешілген жағдайында) «Үштік Одақ» пайда болады. Бұның болуы екіталай. Біріншіден, Қытай өзінің сыртқы саясатында негізінен альянстарды емес, стратегиялық серіктестік қатынастарын жоғары бағалайды. Мысалға Евроодақпен, Ресеймен немесе АСЕАН-мен. Бұл шынайыдан гөрі символикалыққа жақын байланыстар пайда болатын мәселелерді қолайлы шешуге және де өзіне ешқандай міндеттемелерді алмауға мүмкіндік береді. Екіншіден, Қытай әскери одақтарға принципиалды түрде қарсы. Оның «Үштік одаққа» кіруі үшін, американ әскерлері Жапония мен Кореяны біржолата тастап кетуі, Жапонияның өзі, АҚШ-тың берік «ядролық шатырының» астынан жарыққа шығуы және өзін-өзі қорғау күшінің қайта қарулануынан бас тартуы тиіс. Үшіншіден, Қытай қазірдің өзінде өзінің қауіпсіздік мәселесін аймақтық емес, ғаламдық деңгейде қарастыруда. Егер де ҚХР мен АҚШ арасындағы барлық қазіргі қарама-қайшылықтар кенеттен жоғалып кеткеннің өзінде, қайдағы бір 10 жылдан кейін жаңа қайшылықтар пайда болады: Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азия аймағында, Орталық азиядағы бұрынғы КСРО республикаларында, Таяу Шығыста, кейінірек – барлық жерде пайда болады.

 

      2.3. Қытайдың көпжақты дипломатиясы және «Ашық саясаты»

 

        70-ші жылдардың басында Жапония «көпжақты дипломатияға» бағыт алуды жариялады, бұл тек экономикалық салада ғана емес, сонымен қатар саяси салада көрші елдермен әріптестікті дамытуды білдіреді.

     1972 ж. 7 маусымда парламенттің кезексіз сессиясында Жапонияның премьер-министрі болып Танака сайланды. Танака үкіметі өз жұмысының бірінші кезеңінде Қытаймен дипломатиялық қатынастарды жақсарту бағытын ең басты міндеттерінің бірі деп жариялады. Жапонияның Қытаймен осындай жақындасуының себебі: 1972 жылы ақпанда АҚШ президенті Никсонның Пекинге кенеттен сапары және Вашингтонның жапон одақтасының артынан экономикалық қайта құруларды жүзеге асыру (доллардың алтын паритетінің алынып тасталуы және импортқа қосымша 10%-дық салық). Жапония АҚШ-тың басты стратегиялық әріптесі болғандықтан, Жапония АҚШ өз жағынан қандай да бір қимылдарын олармен алдын ала келіседі деп үгіттеді. АҚШ президентінің жасаған әрекеті Жапонияны «Никсонның таң қалдыруы» (шок Никсона) ретінде танымал. Осылайша Никсонның қадамы, Жапонияның билеуші ортасының ұзақ уақыттан бері келе жатқан, капиталстік батыс пен маоистік Қытай арасындағы «көпір» болу арманын жоқ етті.

     Бұған дейін Пекин үкіметі Сато (Жапония) кабинетімен келіссөздер жүргізуден бас тартты. Чжоуэнь-Лай, Қытай Сатоның Пекинге келуіне қарсы болатыны, бірақ жаңа премьерді Қытайға қатысты жақсы көз қараста болған жағдайда қоштайтыны туралы бірнеше рет мәлімдеді. Әсіресе 1969 жылы қарашада жарыққа шыққан, Жапонияның қауіпсіздігі үшін Тайвань аймағының «қауіпсіздігінің өмірлік маңыздылығы» туралы жарияланған американ-жапон бірлескен коммьюникесінің басылымынан соң қатынастар нашарлай түсті.

     Бұдан бұрын Пекин Жапониямен қатынастарды жақсартудың үш принципін ұсынды:

  • ҚХР үкіметін Қытайдағы жалғыз заңды үкімет ретінде қабылдау;
  • Тайваньды ҚХР-ның бөлінбес бөлігі деп мойындау;
  • Жапон-тайвань келісімі жапон-қытай келіссөздерінің басталуына дейін жойылуы керек.[18]

     Жапония Қытайдың осы үш принципін қабылдады, оған жауап ретінде

Пекин бұдан бұрын Жапониядан төлеуге талап еткен репарацияларынан бас тартты (50 млрд. АҚШ доллары). Танака 1931-1945 жылдар аралығында Қытайдағы жапон милитаризмінің басқыншылығы үшін «кешірім сұрап» құтылды.

     Танака кабинеті құрылған соң, Пекин Жапонияға деген қатынасын күрт өзгертті. Жаңа премьер-министр қарым-қатынастарды жақсарту туралы келіссөздер жүргізу үшін ҚХР-на көп ұзамай шақырту алды.

     АҚШ өз алдына Жапония мен Қытай арасындағы қарым-қатынастардың жақсаруынан қауіптенді. Бұл АҚШ пен Тайвань, Оңтүстік Корея және тағы да басқа кейбір оңтүстік-шығыс Азия елдерінің арасындағы екіжақты келісім жүйесіне үлкен бір соққы болар еді.

     31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Гонолуда (гавай аралдары) президент Никсон мен Жапония премьер-министрі Танака арасында келіссөздер өтті. Бұл келіссөздердің нәтижесі болып, Танаканың жапон-қытай қарым-қатынастарының жақсаруы Жапонияның АҚШ-пен байланыстарына, сонымен қатар «қауіпсіздік келісімінің» міндеттемелеріне зиян келтірмейтіні туралы сендіруімен аяқталды.[19]

     1972 ж. қыркүйектің аяғында Танака сыртқы істер министрі Охирамен бірге Қытайда іс-сапармен болды. Іс-сапар төрт күнге созылды. Келіссөздердің нәтижесі ретінде келесі деректерді атап өтуге болады:

     Екі мемлекеттің үкіметі өз араларында дипломатиялық қатынастарды 1972 ж. 29 қыркүйектен бастап орнатуға шешім қабылдады;

     Болашақта бейбітшілік пен достастық туралы (сауда-саттық туралы, теңізде жүзу туралы, әуе қатынастары туралы, балық аулау туралы және т.б.) келсімдерді жасау мақсатында келіссөздер жүргізуге келісті.

        Енді Қытайдың «ашық саясатына» көшер болсақ, 70-ші жылдардың аяғында Қытайда түпкілікті жаңартуды жүзеге асыру бағыты алынған болатын. Шетел қаржысы мен шетелдік озық технологияларды тарту арқылы жаңартудың жеделдетуін қамтамасыз ететін «ашық саясат», бұл бағыттың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Қытай үкіметі өзінің «ашық саясатында» дамыған капиталистік елдерге көп көңіл бөледі, оның ішінде Жапония ерекше маңызға ие. Бұл келесі жағдаймен байланысты. Біріншіден, төменде аталатын бірнеше себептерге байланысты, Жапонияның көптеген саяси, іскер және қоғам қайраткерлерінің жапон-қытай серіктестігінің дамуын белсенді түрде қолдауы Қытайда ескерілуде. Сонымен қатар Жапонияда, АҚШ-та өте беделді протайвандық лобби секілді, Қытаймен қарым-қатынастардың дамуына кедергі келтіретін едәуір күштердің жоқтығын атап өткен жөн. Екіншіден, капиталистік әлемде экономикалық даму деңгейі бойынша екінші держава болып табылатын Жапония, әскери-саясат қатынасында АҚШ және басқа да кейбір Батыс елдеріне жол береді. Сонымен қатар Жапония бұл елдермен салыстырғанда шикізат және энергия импортына әлдеқайда көбірек тәуелді. Бұл Қытайға салыстырмалы кең тараған серіктестік жағдайында Жапонияға өте үлкен біржақты тәуелділікті болдырмауға мүмкіндік береді. Үшіншіден, Жапония АҚШ секілді ғаламдық дәрежедегі держава болмағандықтан, тіпті онымен салыстырмалы тығыз байланыстардың өзі ҚХР үшін әлемдік империализмнің ірі  әскери-саяси авантюраларына еніп кету қаупін төндірмейді. Бұл жағдай 70-ші жылдардың соңы – 80-ші жылдардың басында Қытай үкіметінің жүргізген өте қауіпті «біртұтас гегемонизмге қарсы күрес майданын» құру саясаты кезінде ерекше маңызға ие болды.

     Жапонияның сыртқы саяси стратегиясында Қытаймен қарым-қатынастар ерекше орынға ие. 70-ші жылдардың соңына қарай Жапонияда «ұлттық қауіпсіздіктікешенді қамтамсыз ету» концепциясына жасалды.[20]Оның негізгі шарттарының бірі болып, Жапония қауіпсіздігінің жағдайы ретінде әлемдегі және аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты талап ету табылады. Бұған байланысты жапон саяси қайраткерлері әлемдегі саны жағынан ең үлкен әскерег ие, ядролық зымыран қаруларымен қамтамасыз етілген Қытаймен тұрақты достық қарым-қатынастарды дамытуға үлкен көңіл бөлді. Жапон билеушілері ҚХР-ның сыртқысаяси бағытының тұрақтылық негізін, ең алдымен Қытайдың тұрақты  ішкі саяси дамуынан көруде. Олардың пікірінше бұны қамтамасыз ететін негізгі құрал болып, Қытайды жаңарту бағдарламасы табылды.

     Қытай мамандарының айтуы бойынша, Пекин Жапониямен серіктестікті басқа елдермен қарым-қатынастардан әлде қайда жоғары бағалайды. Жапон билеушілері өз жағынан да Қытайға ерекше көңіл бөлуде. Бұған ҚХР-мен «бейбітшілік пен достастық туралы келісімнің» қол қойылуы дәлел бола алады. Бұның келіссөздері бірнеше жылға созылып, үлкен тартыс жағдайында өтті.

     Бір-бірімен жақындай отырып, екі жақ та өздерінің мақсаттарын қуды. Қытай Жапониямен қатынастарды жақсартқан соң, жапония экономикасын Пекинге қызмет еткізуге үмітті. Жапондықтардың айтуынша, Қытай Жапонияны «саумал сиыр» ретінде көруде.[21] Маоисттер біріншіден Жапонияны жақсылап «сауып алуға», одан қаржыны, технологияларды сорып алуға ниетті; екіншіден олар Жапония мен Кеңес Одағын бір-біріне қарсы қоюға мүдделі болды. Ақырында олар, жапонияны өздерінің Азия мен Тынық мұхитындағы ұлыдержавалық мақсаттарына жету үшін қолдану жоспарын құруда.

     Әлемдік басылым Пекинде Жапонияны «өз жағына тартып алу» туралы ұзақмерзімді жоспардың дайындалғаны туралы мәлімдеді. Жоспардың алғашқы кезеңі – бұл Жапонияға қатысты жылы ниеттерін көрсету, қалың  жұртшылықты Қытай жапон халқының «адал досы» болып табылатынына сендіру әрекеттері. Сонымен қатар  принципиалды емес мәселелерде Жапонияға ұсақ жеңілдіктер жасалуы мүмкін.

     Кейін, екінші кезеңде, Пекин Жапонияның Қытайға  экономикалық тұрғыдан байлануына қол жеткізуді жоспарлады. Сонымен қатар Қытай табиғи қорға өте кедей Жапонияның басқа елдермен, соның ішінде АҚШ-пен қарым-қатынастарды азайтып, Қытаймен экономикалық қатынастарды бірте-бірте тереңдете түсетініне сенім білдіріп отыр.

     Жапония экономикасы континентті Қытайға мықтап байланған кезде, үшінші кезең – саяси тәуелділік кезеңі басталды. Осылайша Пекин басшылары екі-үш онжылдық ішінде Жапонияны өзінің қол шоқпарына айналыдыруды жоспарлады.

     Жапониядағы реакцияшыл күштер, өз жағынан Қытаймен байланыстарды дамыту арқылы тек қана елдегі алдыңғы қатарлы монополиялардың мүдделерін қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар маңызды сыртқысаяси мақсаттарына жетуге талпынды. ҚХР-мен кең көлемді қатынастарды орнату арқылы олар қытай экономикасын жапон экономикасына байлап қоюға және пекин үкіметін антисоциалистік, антикеңестік негізде бекітуге үміттенген болатын. Жапонияның іскер ортасының қытай нарығына енудегі терең құштарлығы жағдайында Қытайдың шетел капиталын барынша кең көлемде тартуға бет бұрысы Жапония мен ҚХР арасындағы сауда-экономикалық байланыстар көлемінің біршама кеңеюіне жол ашыу мүмкін.

     Жапонияда Қытаймен жақындасуды Кеңес Одағына және басқа да Азиялық бейбітсүйгіш елдеріне жасаған қысымның маңызды қадамы ретінде қарастырды. Жапония басшылары «қытай картасын» ойнап, кеңес-қытай шекарасында тұрақты шиеленіс жағдайын сақтап қалуға мүдделі. ҚХР-ның Кеңес Одағына жасаған қысымы КСРО-ның алдында Жапонияның тату көршілік қатынастарының маңызын арттырады. Бұл Жапонияға дипломатиялық ойында белгілі үстемдік береді. Олар Жапонияның Қытаймен жақындасуы Кеңес Одағын Жапонияның қойған бірқатар талаптарына, соның ішінде жер мәселесіндегі кейбір талаптарға жеңілдіктер жасауға мәжбүрлейді деп қате ойлады.[22]

      Жапонияның билеуші ортасының белгілі бөлігі тарапынан, Жапонияның әлемдік сахнадағы позициясын нығайту тұрғысынан Қытаймен қарым-қатынастарды дамытуға көп көңіл бөлінді. Қытаймен байланыс көлемі мен байланыстарды жақсарту қарқыны бойынша біріншілікті сақтай отырып, Токио Азияда Қытаймен тікелей конфронтация қаупін әлсіретуге және белгілі келісімдерге қол жеткізу үшін қажетті жағдай жасау және, мүмкін болса, болашақта ықпал ету аймақтарын өзара бөлусіді ойлады.

     Кеңес Одағы болса, ешқашан да Қытай мен Жапония арасындағы қарым-қатынастардың жақсаруына қарсы болған емес. Керісінше, оның ойынша, азиядағы екі ең ірі державалардың арасында ұзақ уақыт бойына дипломатиялық қатынастардың болмауы әдеттен тыс құбылыс. Барлық мәселе Пекин мен Токио арасындағы қатынастардың жақсаруы қандай жағдайда орын алғанында болып тұр.

     Кеңес Одағының принципиалды көзқарасы бойыеша, екі ел арасындағы қатынастардың жақсаруы үшін үшінші елдің мүддесіне зиян келтірілмеуі керек. Пекин Жапонияға Кеңес Одағына қарсы бағыталған, «антигегемонисттік баптың» келісімге енгізілуін мойындата алды. Дәл осы себептен әлемдік демократиялық қоғамның пікірінше, бұл келісім блоктық сипатқа ие және онда бірқатар потенциалды қайшылықтар бар.

 

2.4. 80-ші ж.ж. төңірегіндегі саяси және экономикалық шиеленістер.

 

     80-ші жылдары қытай-жапон сауда-экономикалық қатынастарындағы қарама-қайшылықтар бірден шиеленісі түсті. Қытайдың Жапониямен сауда-саттығындағы өте үлкен теріс сальдосы ең өткір мәселе болып тұрды. Ол 1983 ж.  1,6 млрд. долларды, ал 1984 ж.  2 млрд. долларды құрады. Ал оның өсу қарқыны  1985 ж. шынайы теңдессіз болды: алғашқы үш тоқсан ішінде – 4 млрд. долларға жетті, ал бүкіл жыл бойына оның жалпы саны 5,9 млрд. долларды құрады. Бұндай дисбаланс қытай экономикасының тұрақтылығына қатты әсер етуде. Осының нәтижесінде, батыс экономистерінің бағалауы бойынша, ҚХР-ның валюталық қоры 1985 ж. 17-ден 10 млрд. долларға дейін қысқарды. Бұл жағдай көптеген жобалардың жалынды түрде қаржылану процесіне қауіп төндірді.

     Қытай экономисттері, ҚХР-мен оның ең ірі әріптесінің арасындағы саудадағы тапшылықтың ұлғаюына себепші келесі факторларды атап көрсетуде. Біріншіден, Қытайдың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Жапониядан шикізат, жартылай фабрикат, машина және химиялық өнімдердің импортының көлемі өсті. Екіншіден, Қытайдың Жапонияға мұнай, көмір, тоқыма және ауылшаруашылық өнімдерінің экспортының өсуі өте төмен бағамен жүзеге асты, ал Жапониядан импорт болса «қымбат және өте көлемде» болды. Сонымен қатар, қытай жағының айтуы бойынша, ҚХР экспортының ұлғаюына Жапонияның Қытайдан жібек, сатин матасын, кейбір ауылшаруашылық өнімдерін және бірқатар басқа өнімдерді әкелуге шек қоюы кедергі болып тұр. Сонымен бірге, Жапониядан импорттың өсуі, 1985 жылдың басындағы орталық органдардың орындарды валютаны жұмсау тәртібін бақылауды әлсіретуі жағдайында өткенін атап өткен жөн.

     Өте үлкен сауда тапшылығы Қытайды қатты алаңдаттырды. Қытай басылымдарында, қытай жағаның теріс сальдосының едәуір өсуі жағдайында екі ел арасындағы сауда қатынастарының тұрақты дамуы мүмкін еместігіне тікелей нұсқау жасалған көптеген мәліметтер шыға бастады. Дэн Сяопин, тек қытай-жапон қатынастарындағы сауда тепетеңдігін жақсарту арқылы ғана «екі ел арасындағы экономикалық қатынастардың жарқын болашағын қамтамасыз етуге болады» деп жариялады.[23]

     90-шы жылдарға дейін Жапония Қытаймен экономикалық қатынастарды негізінен сауда қатынастарын дамыту арқылы дамытуды жөн көрді. 1984 жылы наурызға таман жапон қаржы салымы, ҚХР экономикасына жасалған барлық тікелей шетел инвестицияларының бар болғаны 6%-ын құрады; сол кезеңде Қытайда шетел қаржысының қатысуымен ашылған 188 кәсіпорын жұмыс істеген болатын, соның бар болғаны сегізі ғана бірлескен қытай-жапон кәсіпорындары болды. 1985/86  қаржы жылында Жапонияның Қытайға жасаған тікелей инвистицияларының жалпы көлемі 38 есеге өсіп, 114 млн. долларға жеткенімен, ҚХР-на жасалған тікелей шетел инвестицияларындағы Жапонияның жалпы үлесі өскен жоқ: 1985 жылы қол қойылған, ҚХР-на тікелей шетел инвестициялары туралы 2300 келісімінің бар болғаны отыздан бір жобасына ғана жапон капиталы қатысты; 1986 жылы басына қарай тікелей шетел инвестицияларының арасында жапон капитал салымының үлесі 1984 ж. наурызбен салыстырғанда бар болғаны 0,6% өсті. Бұндай ұстанымды жапон жағы Қытайдағы инвестициялық жағдайдың қолайсыздығымен түсіндіруде: бұл саладағы қатынастарды реттейтін заңдардың жетілмегендігі; «ашық саясат» бағытының тұрақтылығына күмән келтіру және т.б. Бұл туралы 1984 ж. наурызда Қытайға жасаған іс-сапары кезінде Я.Накасонэ айтқан болатын.

     Екі жақты қатынастардағы экономикалық мәселелердің күшеюі, «жапондықтардың ұлттық рухын көтеру», «жапон халқын әскери синдромнан алып шығуға» бағыттылған Я.Накасонэ кабинеті мен оның пікірлестерінің саясатында ұлттық және милитаристік тенденцияның өсуімен байланысты саяси сипаттағы мәселелердің күшеюі тұспа-тұс келді. Яғни, жапон кабинетінің саясатының бір бөлігі Жапонияның әскери-саяси потенциалын күшейтуге бағытталған. Я.Накасонэнің Қытайдағы Ясукуни мемориалына баруы Қытайда көптеген наразылық тудырды. 1985 ж. қыркүйек-қарашада бірқатар қытай қалаларында стихиялық түрде студенттік манифестациялар орын алды. Шеруге қатысушылар Жапониядағы милитаризмнің қайта тууына, сонымен қатар Жапонияның Қытайдағы экономикалық кеңеюіне қарсы шықты.

    Пекинде ресми деңгейде қазіргі жапон кабинетіндегі милитаризмнің айқын таралуына қатысты сақтық жиі байқала бастады. Егер 70-80 ж.ж. төңірегінде Қытай Жапонияның әскери күшінің өсуін және жапон-американ әскери байланыстарының нығаюын баржақта қолдаса, соңғы жылдары қытай үкіметі бұл мәселелерде біршама ұстамды бағыт ұстана бастады. Жапонияның өзін-өзі қорғау мақсатында керекті қарулы күштерге ие болу құқығын мойындай отырып, қытай жағы жапон үкіметінің тарапына «өздерінің қаруларын қандай деңгейге дейін ұлғайтуы туралы шешім қабылдар кезде, қателеспеуіне», қытай және жапон халқының еркіне, екі ел арасындағы достық қатынастарға және әлемдегі бейбітшілікке қайшы келетін милитаризмді қайта жаңғыртуға тырыспауына қатысты ескертулер айтты.    

     Осылайша, 1985 ж. соңына қарай қытай-жапон қатынастарында экономикалық және саяси сипаттағы бірқатар мәселелер қиындай түсті. Бұл екі ел арасындағы қатынастарды біршама ауырлатты. Бірақ, Жапония да, Қытай да екіжақты қарым-қатынастардың әрі қарай дамуына мүдделі болғандықтан, екі жақтан да қалыптасқан жағдайды жеңілдетуге бағытталған қадамдар жасалды.

     Сауда-экономикалық қатынастардағы баланс және жүйе мәселелерін шешуге талпына отырып, жапон жағы соңғы уақытта Қытайда Жапонияның жеке капиталының қатысуымен кәсіпорындар құру туралы келіссөздерді жандандырды. Бұған біршама деңгейде жапония үкіметінің шетелдегі жеке капиталдық инвестицияны кепілдендіру туралы заңының қабылдануы себеп болды. Бұл заң бойынша ақша салушыға белгілі төтенше жағдайда жоғалған қаржы салымының орнына жоғалған қаржының 60-90% компенсация ретінде төленеді.

     Жапонияның билеуші кабинеті милитаризм рухының жағымсыз көріністерінен бас тартуға шешім қабылдады. Премьер-министр Я.Накасонэніңтамыздағы Ясукуниға жасаған сапарына байланысты екі ел арасында пайда болған шиеленісті жұмсартуға барды. 1985 ж. 28 қыркүйекте ҚКП ОК Секретариатының және Саяси бюроның мүшелері, ҚХР Мемлекеттік кеңесінің премьері орынбасарлары – Ху Цили мен Ли Пэн қытай студенттерінің өкілдерін жинап алып, оларға жапон-қытай қатынастарының дамуына қауіп төндіретін әрекеттерден бас тартуға кеңес берді. 1985 ж. қазанда сол кездегі ҚКП ОК бас хатшысы Ху Яобан,XXI ғасырдағы қытай-жапон достастығы Комитетінің мүшелері алдында, сол Комитеттің екінші сессиясына байланысты сөз сөйлеу кезінде, «қытай-жапон достығының дамуында шешуші маңызға ие» және оның сөздері бойынша қытай үкіметі мен ҚКП-ның ұстанымын білдіретін төрт принципті атады:

  • бейбітшілік пен достық;
  • тепе-теңдік пен өзара пайда;
  • ұзақ мерзімді тұрақтылық;
  • өзара сенім білдіру.

     Қытай бірқатар халықаралық келісімдерге қол қойды, соның ішінде ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім, ядролық сынақтарға жан-жақты тыйым салу туралы келісім, химиялық және биологиялық қару туралы конвенция және т.б. Дегенмен, оның саясатының негізі болып бұрынғысынша «Аспан асты елінің мәңгілік мүдделері»[24] және қандай да бір тығыз екіжақты қатынастардан және міндеттерден бас тарту қала береді. Саяси байланыстардан басқа, «тарту» доктринасы АҚШ пен Қытай арасындағы экономикалық байланыстардың барынша кеңеюіне үлесін қосады. АҚШ-тың Қытаймен саудасының көлемі айтарлықтай үлкен. Американдық Статистикалық бюроның мәліметтері бойынша, алғашқы сегіз ай ішінде оның жалпы көлемі 59,745 млрд. долларды құрады, және де Қытай өнімдерінің импорты АҚШ-тың Қытайға экспортынан 42,5 млрд. долларға артық болды. Бұл АҚШ-тың басты сауда серіктесі Жапониямен (сол кезеңдегі сауданың жалпы көлемі 121,8 млрд. долларды құрады) саудадағы АҚШ-тың тапшылығы 46,8 млрд. долларды құрайтынын ескерсек, мүлде аз емес. Қытай шетелдік инвестицияларды белсенді түрде қолдауда, және де жыл сайын жаңа американдық компониялар онда өздерінің филиалдарын ашуда. АҚШ үшін мықты экономикалық қатынастардың маңызы сонша, Клинтон әкімшілігі Қытайға тұрақты түрде саудадағы ең қолайлы жағдай мәртебесін беру туралы шешімді конгресске өткізуге ниет білдіріп отыр. Осыған  байланысты дауыс берудің нәтижесі негізінен Қытайдың адам құқықтары жөніндегі ұстанымына байланысты болғандықтан (Қытайддың адам құқықтары жөніндегі түсінігі АҚШ-пен салыстырғанда мүлде басқа), қазір американдық баспасөздер осы құқықтардың бұзылуына – диссиденттерді қудалау, туу саласындағы саясат және т.б. – көздерін жұмуда.

     Токионың пікірінше, американ-қытай қатынастарының ең жақсы жағдайы, өте жақын да емес, өте алыс та емес, орташа деңгейдегі қатынастар болып табылады. Жапония әрдайым осы екі алып арасында өте қиын жалтару мәселесін шешеді. Егер екі ел арасындағы қатынастар кенеттен шиеленіссе, Жапонияға өзінің қатысы жоқ қытай-американ тартысында еріксіз «таяқ жеуге», және де американдық бүркіт пен қытай айдаһарының арасында ғаламдық таңдау жасауға тура келеді. Бірақ бір жағынан, бұл екі ел арасындағы өте тығыз байланыс әлдеқайда жаман болар еді. Бұл жағдайда Жапонияға АҚШ-тың Азиядағы «сүйікті досы» мәртебесінен айырылып қалу қаупі төнеді.

 

2.5. Қазіргі кезеңдегі Жапония мен Қытай арасындағы қарым-қатынастар.

 

Жапон жағы біршама үстемдікке ие. Олардың экологиялық жобаларға бірлесе қатысуы, бұл үстемділіктің бірі болып табылады. Мысалға, жапон есептеулері бойынша, 90-шы жылдардың басынан бастап Қытай ауаны күкірт тотығымен ластау деңгейі бойынша АҚШ пен бұрынғы КСРО-дан кейін әлемде үшінші орынға шықты. Экономиканы реформалаған сайын жағдайдың нашарлауы жалғаса берді. 1998 жылы Қытайда ауаға күкірт қос тотығының тасталуы 23 млн. тоннаға жетті. Бұл Жапониямен салыстырғанда 30 есе көп болды. Жапондықтардың көршілес елдегі экологиялық жағдайдың нашарлауына көңіл бөлуінің себебін түсіну қиын емес. Белгілі уақыттан бастап, Жапон аралдарының тұрғындары, ҚХР экономикасының экстенсивті дамуының тікелей нәтижесі болып болып табылатын қышқыл жаңбырдың елеулі әсерін сезінуде.Зиянды жауын-шашын тек қана қытай территориясының үштне бір бөлігіне ғана таралмай, сонымен қатар Хонсю аралының Жапон теңізіне қараған батыс бөлігіндегі ормандар мен ауылшаруашылық жерлеріне, Кюсю аралының Шығыс-Қытай теңізі жағындағы аймақтарына зиян тигізуде. Соңғы жылдары Жапония мен Қытай қоршаған ортаны қорғау жөнінде бірлескен шараларды жүзеге асырды. Онда қытай жағы  жапон көмегін алуға өте мүдделі тарап ретінде шығып отыр. Жапония қаржы қорына, қазіргі заман технологияларына, ноу-хау және біршама позитивті тәжірибиге ие. 1999 жылы жапон тарапының дайындаған, қытайдағы көмірмен жұмыс істейтін 1000 электростанцияларды қайта құру жөніндегі ұзақ мерзімді бағдарламаны жүзеге асыру басталды. Міндеті – ауаға сульфаттың тасталу мөлшерін түпкілікті азайту. Жапон мәліметтері бойынша, бір станция үшін жаңа жабдықтың топтамасының бағасы шамамен 10 млн. долларды құрайды. Бұл барлығын қайта жабдықтау үшін 10 млрд. доллар қажет деген сөз. 1999-2000 ж.ж. жапонияның ДРК шеңберінде Қытайға берген несиелерінің басым бөлігі экологиялық жобаларды қаржыландыруға арналғаны өзіне назар аудартуда: үкімет аралық келісімдерде қарастырылған 28-ден 16-сы. Қытайда ірі қытай-жапон «Гухуа-Эбара Инвайэромент» атты компаниясының құрылуы, екі ел арасындағы дұрысталып келе жатқан серіктестік тәжірибесіндегі көрнекті оқиға болды.[25] Ол ауаны сульфаттармен ластау деңгейін төмендету үшін, сонымен қатар суды тазалау үшін және қалдықтарды қайта өңдеу үшін қолданылатын озық экологиялық технологиялар мен жабдықтарды Қытайда өндіруді және енгізуді өз мойнына алды.

     Пекиндегі ресми сапары кезінде император оккупация кезіндегі жапон әскерінің қытай халқына әкелген ауыртпашылықтары үшін ресми түрде ауызша кешірім сұрады. Бірақ та кешірім сұрау мәселесі бұнымен шектелмеді. 1998 жылы қарашада Токиоға іс-сапары кезінде ҚХР президенті Цзян Цзэминь бұл мәселені қайта көтерді. Ол бұны өте сәтсіз жасады – салтанатты түстік кезінде, императордың көзінше. Жапонияның премьер-министрі Кэйдзо Обути бар болғаны бұдан бірнеше апта бұрын Корея Республикасының президенті Ким Дэ Чжунға жазбаша түрде кешірімді тапсырғанымен, Қытайдан жазбаша түрде кешірім сұраудан бас тартты. Жанжалдан кейін Қытай Жапонияға қайтадан салқын қарай бастады. Содан кейін тек 1999 ж. шілдеде Обути Пекинде болған кезінде Қытайды ДСҰ-на кіру туралы мәселеде қолдайтыны туралы айтқаннан кейін ғана жағдай біршама жақсарды.

     Жапония мен Қытай арасындағы дипломатиялық және әскери  саладағы қарым-қатынастары соңғы жылдары, 90-шы жылдардың басындағымен салыстырғанда әлдеқайда нашар. Қазіргі кезедегі жағдай 60-70 жылдардағы жағдайды еске түсіреді. Ол кездегі қарым-қатынастар негізінен сауда-саттық саласында дамыған болатын.

     Қытай – ерекше жылдам дамып келе жатқан экономика. 1998 ж. қазаннан 1999 ж. қазанға дейінгі аралықта оның ЖІӨ-нің өсуі 7,1% құрады   — әлемдегі кез-келген дамыған елдің ЖІӨ-нен әлдеқайда жоғары. Қазіргі кезде бұл көрсеткіш бойынша Қытай Оңтүстік Кореядан кейін әлемде екінші орынға ие. 1992 ж. Дүниежүзілік банк арнайы сол үшін өнімдер мен қызметтерді шынайы сатып алу қабілеттілігі (ШСҚ) деп аталатын көрсеткішті ойлап тапты. Бұның негізінде қазіргі кезде дамып келе жатқан елдердің ЖІӨ есептеледі. Мәселе дамыған және дамып келе жатқан елдердегі бағаның қатты ерекшеленуінде болып тұр. Мысалға АҚШ-тың бір долларына Рязаньда бір күн өмір сүруге болатын болса, Нью-Йоркте бұл ақшаға бір қорап темекі де сатып алуға болмайды. ШСҚ-ның арқасында дамушы елдердің жағдайы шынайы жағдайынан гөрі әлдеқайда жақсырақ көрінеді. Есептеудің бұл жүйесінде арсыздық пен арамдықтың үлесі өте көп — өйткені қалай болғанда да шынайы халықаралық сауда әлемдік бағамен жүреді. Егер ШСҚ бойынша есептейтін болсақ, Қытай қазірдің өзінде Жапноияны басып озып, АҚШ-тан кейінгі әлемдегі екінші экономикалық держава  болып табылады. Сондықтан да халықаралық қаржы ұйымдарының пікірінше, ол «дамушы» емес, дамыған мемлекет болып табылады және де оған халықаралық саудадағы жеңілдіктер таралмайды.

     АҚШ-тың ұлттық стратегиялық зерттеу институтының 1999 жылғы сыртқы саяси негіздері туралы баяндамасының Қытайға қатысты негізгі міндеті, Пекинді оның мүдделеріне ашық қақтығыстан гөрі, серіктестік пен достық қатынастар көбірек сай келетініне сендіру үшін барлық зор экономикалық, саяси және әскери амалдарды қолдану болып табылады. Қытайдық бұған көзі біржолата жеткенде, АҚШ оған «негізгі мемлекеттер» тарапынан қаланған құндылықтар мен ережелер негізінде серіктестікті құруға «үйрету» керек.

     Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қытайға қатысты АҚШ-тың әрекет доктринасы маятник принципі бойынша дамыды – «ұстаудан» «тартуға» қарай.[26] 1990-шы жылдары «өзіне тарту» үстем бола бастады, және де 2025 жылға дейін немесе одан да ертерек. Қытай ұлы держава мәртебесіне жететініне күмән келтірмеуіміз таң қаларлық емес. Сондықтан да, АҚШ-тың бұған байланысты қолданатын ең дұрыс шарасы, — сол уақытқа дейін Қытайды, бұл байланыстарды үзу өзіне зиян болатындай етіп экономикалық тәуелділік пен халықаралық келісімдермен «байлап» тастау. Бұл бағытты АҚШ-та барлығы қолдамайды. Айта кетер болсақ, Кіші Джордж Буш президенттік сайлауда жеңіске жеткен жағдайда Қытаймен ешқандай да «стратегиялық әріптестік» емес, «стратегиялық бақталастық» құратынына уәде берді (алайда, АҚШ-тың сыртқы саясаты біртұтас және бүтін болып табылмайтынын әрдайым есте сақтаған жөн). 1997 жылдан бастап, екіжақты келіссөздер мен Азия-Тынық мұхит аймағындағы қауіпсіздік пен серіктестік жөніндегі Конференцияның жұмысының арқасында Қытайда қазіргі кездегі Қытай мен ресей арасындағы қауіпсіздік саласындағы серіктестікті еске салатын АҚШ-пен қарым-қатынастар туралы жаңа концепцияның жақтаушылары пайда болды.

     АҚШ-пен салыстырғанда, жапон инвесторларын Қытайдағы «нарықтық емес» механизмдер қорқытпайды. Жапон бірлестіктерінің арасындағы қатынастар кем дәрежеде күрделі емес және де дәл сол жеке байланыстар принципі негізінде қалыптасқан. Экономиканы мемлекеттік реттеумен де жапондықтарды таң қалдыра алмайсың. Бірақ та, жапон компаниялары өздерінің көршісінің нарығы бұдан да мөлдір, ал инвестицияға жолдың бұдан да ашық болуын қалайды. Әзірге Жапониядағы қытай инвестициялары тез қарқынмен өсуде, ал Қытайдағы жапон инвестициялары болса, керісінше, қысқаруда. Қытайлықтардың іс жүргізу тәсілін жапондықтар өте «қатыгез» деп бағалайды.

     Жапония мен Қытайды біріктіретін өте маңызды мәселе бар – Корей жартыаралындағы жағдай. Бұған байланысты олар еріксіз бірлесе жұмыс істеуге мәжбүр. Бұл мәселе ҚҰАӘ басшылығы мен Жапонияның қорғаныс министрлігінің арасындағы байланыстарды дамытуға мәжбүр етеді. Бірқатар себептерге байланысты Қытай әрқашан да қауіпсіздік мәселесі жөніндегі ресми үшжақты келіссөздерге қарсы болды. Соңғы кезге дейін бұл салады ҚҰАӘ басшылығының өкілдері мен Жапонияның қорғаныс министрлігінің басшылары арасында тек сирек сапарлармен алмасу жүзеге асып отырды. Бірақ Қытай серіктестікті кеңейтуге ынталы емес – бұл жағдайда Қытай Жапонияның өзін-өзі қорғау күшін заңды негізде өмір сүріп жатқан жай ұлттық әскер ретінде мойындайтынын білдіретін еді. Қазіргі кезде қытай және жапон жоғары әскери лауазымдарының арасында жүзеге асып жатқан алмасулардың көлеміне қарағанда, олар екі жақтан да бірдей мақсаттарды көздейді: екінші жақта барлау, қарсы насихат жүргізу (мүмкіндігінше), қарсы жақтың ой жүйесін және соғыс өнерін зерттеу.

     Қытайға қатысты Жапонияның саясаты, мен жоғарыда айтып өткендей, стратегиялық әріптесі Жапония болып табылатын – АҚШ-тың ұстанымына байланысты анықталады. Өткен жылдың басынан бастап екі алып арасындағы қатынастар өте нашар болды. Өткен қыста  Қытайға бірден үш қылмыс жасады деп айып тағылды: ядролық тыңшылық, Тайваньды қорқыту және адам құқықтарын бұзу. Чжу Жунцзының АҚШ-қа жасаған сапарынан соң жағдай біршама жақсарды. Бірақ та артынша көп ұзамай Белградтағы қытай елшілігін бомбалау орын алды және Конгресте Қытайдың ДСҰ-на мүшелігі туралы мәселеге қатысты өткір қарсылықтар айтылды. Қазір белгілі болғандай бұның барлығы әдейілеп жасалған болатын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III БӨЛІМ. ЖАПОНИЯНЫҢ КОРЕЯМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАРЫ.

 

  3.1. Жапонияның сыртқы саясатындағы Оңтүстік Корея мәселесі.

 

     Жапонияның жартыаралдағы мүдделерінің бұрыннан келе жатқан тарихы бар. Бұл бірқатар жағымды да, жағымсыз да факторлардың болуына себепші болып отыр. АҚШ-қа қарағанда Жапония Кореяға тым жақын орналасқанын, және де жартыаралдағы кез келген белсенді тұрақсыздандыратын әрекеттердің оған үлкен қауіп төндіретінін атап өткен жөн.

     Корея – ежелгі тарихы бар ел. 1904-05 ж.ж. орыс-жапон соғысы жылдарында, ол Жапония тарапынан басып алынды. Жапония оны 1910 жылы аннексиялап, Шығыс Азиядағы кеңеюін әрі қарай жалғастыру мақсатында өзінің аграрлы – шикізат плацдармына айналдырды. 1945 ж. тамызда, 38-і параллельден солтүстікке қарай Корея Кеңес әскері тарапынан Жапондықтардан азат етілді. Мәскеуде өткен КСРО, АҚШ және Ұлыбритания сыртқы істер министрлерінің кеңесі (1945 желтоқсан), Кореяның біртұтас, тәуелсіз, демократиялық мемлекет ретінде қайта тууын ескере отырып, уақытша орталық корей үкіметінің құрылуына қолдау білдіреді және де кеңес пен американ әскерлерінің басшылығының өкілдерінен құралған бірлескен комиссия құрды (АҚШ әскері Кореяның оңтүстік бөлігіне Ялта мен Потсдамдағы одақтастар келісіміне сәйкес енгізіледі; бұл 1945 жылы қыркүйекте, Жапонияның тізе бүгу туралы актқа қол қоюынан кейін орын алды, және сондықтан да олар Корея  жерінде жапондықтарға қарсы әскери қимылдарға қатыспады). Бірақ АҚШ кеңес-американ комиссиясының жұмысын үзіп жібереді және 1947 жылы қыркүйекте корей мәселесін талқылауға БҰҰ-на заңсыз түрде тапсырды. Онда олар БҰҰ комиссиясының бақылауымен сайлау өткізу туралы шешімді қабылдатқыза алды. 1948 жылы мамырда Оңтүстік Кореяда оңаша сайлау өткізілді, және 1948 жылы  15 тамызда Корея Республикасы жарияланды. Оның астанасы Сеулде болды. Солтүстік Кореяның астансы Пхеньян болып жарияланды.

     Корея Республикасы құрылғаннан кейін, азат етілген соң елдің солтүстігіндегі билікті басып алған Ким Ир Сеннің тобы, КСРО-ның қолдауымен ол жерде коммунистік бағыттағы оңаша үкімет  құрды (1948 жыл қыркүйек). Осылайша жапон импереализмінің қасіретінен құтылған соң бар болғаны үш жылдан кейін Корея өте үлкен апат алдында қалды – мемлекеттің және ұлттың бөлінуі.

     Корея Республикасының үкіметі құрылғанға дейін солтүстік кореялық коммунистік жүйе Оңтүстіктің жерлерінде қарулы бүліктерді ұйымдастырды, жару әрекеттерін жүргізді.Ақырында, әскери дайындықтарды аяқтаған соң,  1950 жылы  25 маусымда пхеньян жүйесі Оңтүстік қарсы басқыншылық әрекеттерін бастады. Кенеттен шабуылға ұшыраған Корея Республикасының әскері, Сеулді тастап, оңтүстікке қарай шегінуге мәжбүр болды. Соғыс ұзаққа созылып кетті. Ол үш жылға созылып, 1953 жылы шілдеде Оңтүстік пен Солтүстік Кореялар арасында бітім жасасумен аяқталды.[27]

       1965 жылдың ортасынан бастап солтүстік Корея басшылары АҚШ пен Оңтүстік Кореяға қатысты қатал сыртқы саяси бағыт ұстана бастады. Бұл бірқатар жағдайларға, соның ішінде 1965 жылы  22 маусымда Жапония мен  Оңтүстік Корея арасындағы қатынастардың негізі туралы келісімнің қабылдануына байланысты болды. Пхеньян бұл қадамды АҚШ – Жапония – Оңтүстік  Корея  үшжақты әскери одағының құрыла басталуы деп бағалады. Ал бұл одақ, өз алдына Солтүстік – Шығыс Азия  елдерінің одағын құрудағы бір кезең болуы тиіс. Сыртқы саясаттың қатал болуының себебі, Оңтүстік  Кореядағы 1964 жылдың наурызынан 1965 жылдың қыркүйегіне дейін жалғасқан жапон-оңтүстік корей келісіміне оппозицияның, ең алдымен студенттердің жаппай қарсы шығуы (оған жалпы алғанда, 3 млн.-ға жуық студенттер мен 500 мыңдай басқа әлеуметтік топтардың өкілдері қатысты), КХДР басшылығын Оңтүстіктің Пхеньянның біріктірудегі белсенді әрекетіне қатысты қабылдағыш болатынына, ал заңсыз Революциялық біріктіру партиясы (РБП)  оңтүстіктегі жүйеге қарсы күрес майданын, соның ішінде партизандық соғысты, АҚШ-тың вьетнам авантюрасында батып қалған кезінде, ұйымдастыра алатынына сендірді.

     60-шы жылдардың ортасынан бастап біріктіру саясатында жапон факторы көбірек байқалуда. Нәтижесінде КХДР басшылары Сато-Никсон коммюникесінде белгіленген (1969 ж.) «Оңтүстік  Корея  қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті»[28]  өзара АҚШ және Жапония арасында әскери-саяси бөлісу саясатын айыптады. Пхеньян «жапон милитаристерін американ империалистерінің бұйрығы бойынша оңтүстік кореялық қуыршақтар тобымен әскери және саяси байланыстарын күшейтуін, корей халқына қарсы жаңа соғыс бастауға қатысты американ империалисттерін арандатуға тікелей қатысу арқылы, Азиядағы әскери  басқыншылығын қайта жүзеге асыру әрекетін» айыптап отыр. «Американ империалистері … шынында Корей және Азия халқына қарсы басқыншыл соғыстың бірінші қатарына Жапонияның милитаристік күштерін ашық түрде шығару кезеңіне енуі, Жапонияның негізінде, Оңтүстік  Корея, Тайвань, Оңтүстік Вьетнам, Таиланд секілді азиялық қуыршақ және сателлит елдерден натикоммунистік әскери одақ құрып, және азиялық елдерді азиялық елдермен шағыстыру арқылы тұйықтан шығуға жанталаса тырысуы» ерекше аталып өтілді.

     Аталып өткен одақты құру жоспарына қатысты КХДР-дағы қатаң әрекет өте түсінікті – Жапонияның  Оңтүстік  Кореяға экономикалық дамудағы көмегі және оның «Корей жартыаралындағы қауіпсіздік үшін жауапкершілік» жүйесіне енгізілуі Пхеньянның елді біріктіру жоспарының жүзеге асуын  қиындатып жіберді, және елдің  қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін еді.

     Сондықтан да солтүстік Корей басшылығы Жапонияны АҚШ және Оңтүстік  Корея одақтастары ретінде бейтараптандыруға Токиомен әлде де кең байланыстар орнатуға, оны Солтүстік пен  Оңтүстікке қатысты «тең» саясат ұстануға мәжбүрлеуге талпынды. Бұны КХДР-ның экономикалық дамуы талап етті. КХДР-ның экономикалық дамуы, ұлттық саясаттың және социалистік ынтамақтастық елдерімен бұрынғы байланыстарды бұзғанының кесірінен сыртқы қаржыландыру қорын, қазіргі заманғы жабдықтардың жеткізілуін және техникалық құжаттарды қажет етті. Бірақ та, алғашқыда Пхеньянның Жапониямен  тығыз байланыс орнату әрекеттері елеулі нәтиже бермеді.

     1963 ж. желтоқсанда Корея Республикасы құрылғаннан кейін оның президенті болған Пак Чонхи елдің әскери потенциалын баржақты жоғарлатуға байланысты бағыт жүргізе бастады, «АҚШ бастаған еркін әлем елдерімен ұжымдық  қауіпсіздік пен қорғанысты нығайтуға», «Солтүстіктің коммунистік басқыншылық қаупінің күшеюін» сылтауратып әскерді жаңартуға күш сала бастады.

     1963-1966  ж.ж. аралығында Пак Чонхи үкіметі өзінің тек ішкі позицияларын ғана емес, сонымен қатар сыртқы позицияларын да қатайтты: Жапониямен қатынастар дұрысталды; Оңтүстік  Корея  АҚШ-тың вьетнам авантюрасына белсенді түрде қатысты және Ақ үйдің Азия-Тынық мұхиты кеңесін (АЗПАК)  құру ісіндегі сенімді өкіліне айналды, бұл Сеулдің  Вашингтон және Токиомен әскери-саяси және экономикалық байланыстарының кеңеюіне әкелді.

     Оңтүстік  Кореяның Жапониямен жақындасуы оның экономикалық позициясының қатаюында үлкен маңызға ие болды. Сеул Токио жағының экономикалық көмегі  оған өз мақсаттарына жетуге – Оңтүстік   Кореяны индустриалды мемлекетке айналдыру және бұл қатынаста Солтүстікті басып озуға толық септігін тигізеді деп түсінген. Американың қайтарымсыз көмегінің айқын азаюы және Вашингтонның өзінің Кореяға байланысты ауыртпашылығының бір бөлігін  Жапонияға аудара салуға ниет білдіруі жағдайында, Пак Чонхи үкіметі Жапониямен қатынастардың жақсаруында және екі ел арасындағы қатынастардың негізі туралы келісімнің қабылдануында (1965 ж. маусым), сонымен қатар шетел қаржысын тарту туралы жаңа заңның (1966 ж.) және шетел қаржысын еркін құю аймағын құру туралы заңның  (1970 ж.) қабылдануында өзінің тез дамуға қол жеткізу мүмкіндігін байқады. Оңтүстік  Кореяға американ қаржысынан басқа, жапон капиталы да үлкен көлемде  ағыла бастады. Бар болғаны төрт жыл ішінде (1966-1969) Жапония  Оңтүстік  Кореяға  110,1 млн. доллар көлемінде мемлекеттік несие (мемлекеттік несиелерінің жалпы көлемінің 15,3%), 356,4 млн. доллар жеке несие (жалпы санының 21,6%), ал оның тікелей қаржы салымы  48,7  млн. долларды құрады (барлық жеке қаржы салымының 35,1%). 1969 ж. Оңтүстік  Кореяға  тікелей жеке инвестицияларының көлемі бойынша Жапония АҚШ-ты басып озып, бірінші орынға шықты. Ал АҚШ несиелеудің барлық түрі бойынша бірінші орынды ұстап отырды. Оңтүстік Кореядан Жапонияға экспорт көлемі 234 млн. долларға жетті (барлық экспорттың 28,1%  АҚШ-тан кейінгі екінші орын), ал Жапониядан импорт 809 млн. долларды құрады (барлық импорттың 40,8%). Басқа сөзбен айтқанда, Оңтүстік Корея Жапония үшін АҚШ-тан кейінгі ең ірі экспорттық нарық болды.

     Сонымен қатар Оңтүстік Кореяда Жапонияның саяси рольі де өсті, оның елдегі өз мүдделері мен қаржысын қорғаудағы талпынысы, Оңтүстік Кореяның барлық өмірлік аспектілеріне шешуші әсер етуге дәстүрлі талпынуы. Осыған байланысты  Токионың Солтүстік Кореяға және жалпы корей мәселесінің жағдайына деген қызығушылығы артты.

     Р.Никсон әкімшілігі Корей Республикасының қауіпсіздігін қамтамсыз етудегі американ қатысуын қысқартуға қатысты, және бұл міндеттерді оңтүстік корей режиміне аударуға қатысты қадамдар жасап отыр. Бұл Корей Республикасын өзінің әскери өнеркәсібін дамытуға және ұлттық қарулы күштерін күшейтуге итермелейді. Сонымен қатар АҚШ көбіне Жапонияны Оңтүстік Кореяның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыстырғысы келмеді. 1969 ж.  21 қарашада қабылданған бірлескен коммюникеде (Никсон – Сато коммюникесі) АҚШ пен жапония «Оңтүстік Кореяның қауіпсіздігінің, Жапонияның қауіпсіздігі үшін өмірлік маңызы зор»[29]  екендігін айтты. Сеул бұны коммюникеде Солтүстік Корея тарапынан басқыншыл әрекеттер бола қалған жағдайда Оңтүстік Кореяның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жапон үкіметінің тікелей міндеті деп түсіндірді. Жапонияның корей істеріне  араласуның арта түсуі, корей мәселесінің әрі қарай дамуына, және оның экономикалық және аспектілеріне елеулі әсер етті.

     1968 жылы 27-29 тамызда өткен министрлер деңгейіндегі бірлескен жапон-оңтүстік корей кеңесінде «Кореяның қауіпсіздігі мен өркендеуі Жапонияның қауіпсіздігі мен өркендеуіне тығыз байланыстылығы» және «Азиядағы бейбітшілік пен өркендеу екі елдің ортақ мақсаты болып табылатындығы» алғашқы рет ресми түрде мойындалды. Аталып өткендей, бұл тезис нәтижесінде қол жеткізілген АҚШ пен Жапония арасындағы (1969)  Токионың Оңтүстік Корея қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі жауапкершілігі туралы бітімгершіліктің негізін қалады. Жапон жағы Солтүстік Корея тарапынан қауіптің өсуіне қатысты алаңдаушлық білдірді, екі елдің министрлері халықаралық ұйымдар, ең алдымен БҰҰ арқылы өзара әріптестікті кеңейтудің пайдалылығына қатысты өздерінің сенімділігін растады, және де бұрынғысынша БҰҰ-н Кореяны біріктіру ісінде қолдауға келісті.

     Жапон-оңтүстік корей қатынастары жақсарғаннан кейін және 1965 ж. Жапония мен Оңтүстік Корея арасындағы қатынастар негізі туралы келісімге қол қойылғаннан кейін екі ел арасында біршама тығыз достық қатынастар орнады. Олар Токионың  Оңтүстік Кореялық жүйені Корея жеріндегі жалғыз заңды жүйе деп мойындауы негізінде және Жапонияның  

Оңтүстік Кореяға 10 жыл бойына (1965-1975) 800 млн. доллар көлемінде (300 млн. – материалды талаптар есебінде және Жапонияның Оңтүстік Кореяға басқа да қарыздары, 200 млн. – мемлекеттік несие және 300 млн. доллар – жеке сауда несиелері) экономикалық көмек көрсету міндеттері негізінде қалыптасқан. Жапонияның Оңтүстік Кореяға экспорты   1964 ж. 140 млн. доллардан 1971 ж. 855 млн. долларға дейін өсті, ал импорт болса сол аралықта 40 млн. доллардан 274 млн. долларға дейін өсті.

     Э.Сато үкіметі (1964-1972)  Оңтүстік Кореяға жүйелі бейімдеу саясатын, экономикалық дамуына барынша көмек көрсету саясатын жүргізді, Жапонияның қауіпсіздігі мен өмір сүруі үшін Оңтүстіктің маңыздылығын ерекше атап өтті.

     Э.Сато үкіметінің Солтүстік Кореяға қатысты қатынасы оның Сеулмен достық байланыстарымен анықталды және аса ұстамды болды. Жеке меншік жапон фирмаларының Солтүстікпен сауда қатынастары өте нашар дамыды, және 1971 жылы сауда айналымы бар болғаны 59 млн. долларды құрады. КХДР мен Жапония Қызыл Крест қоғамдарының арасындағы бітімгершілік негізінде (1970 желтоқсан – 1971 ақпан) тек 1971 жылдың өзінде ғана, Сеулдің қарсылығына қарамастан, Жапониядан Солтүстік Кореяға бір мыңнан астам корейліктер қайтарылды.

     Бұл жағдайды және Солтүстіктің 60-шы жылдардағы әскери бағытын ескере отырып, жапон үкіметі корей мәселесіне қатысты Сеулдің саясатын толықтай қолдады, және де Оңтүстіктің қорғаныс қабілеттілігін күшейту және сонымен бірге Пхеньянның Корей жартыарлындағы тұрақсыздандыру бағытын  жоюға қарсы шара қолдану қажет деп есептеді. 1972 ж. шілдеде билікке К.Танака үкіметінің келуімен Жапонияның корей саясатында өзгерістер орын алды. Олар бірқатар жағдайларға, АҚШ-тың Оңтүстік Кореядан әскерлерін шығару ниеті туралы Р.Никсонның жариялауына, АҚШ пен ҚХР арасында басталған жақындасуға, әлемде дамып келе жатқан бейбіт өмір сүру мен бәсеңдеу тенденциясына, ақырында, осы кезеңде басталған Солтүстік пен Оңтүстік Корея арасындағы диалогқа, сонымен қатар екі Кореяға да қатысты біршама біркелкі саясат ұстануға шақырған оппозиция мен ЛДП мүшелерінің бір бөлігінің ішкі қысымына байланысты болды. Танака үкіметі КХДР-мен дипломатиялық қатынастарды орнатуға бармағынымен, ол экономикалық, мәдени және басқа да саяси емес байланыстарды дамытуға ниет білдіреді.

 

3.2. АТА аймағындағы АҚШ-тың, Жапонияның және Кореяның стратегиясы.

 

     Токиомен алдын ала кеңесусіз қолға алынған, 70-ші жылдары басталған американ-қытай жақындасуы, бастапқыда АҚШ пен Жапония арасында белгілі қиындықтар туғызды. Бірақ та көп ұзамай жапонияның басшылары Қытаймен жақындасу ісінде өздерінің «артта қалуын» жойып қана қоймай, АҚШ-тың өзін біршама артта қалдырды.Олар онымен ұзақ мерзімді экономикалық келісім жасасты, 1972 ж. толық дипломатиялық қатынастардың құрылуын жылдамдатты. Токионың Корей саясатында көптеген факторлар өзара түйісті – Корея жалпы «жоғалған аймақ», бірақ Жапонияның  дәстүрлі әсер ету аймағы.

     70-ші жылдары, Жапонияның басшылары Корей жартыаралын «Жапонияның жүрегіне бағытталған қанжар»[30]  ретінде қабылдап, өздерінің Кореяға қатысты саясаттарын осыған сүйене құрды. Сондықтан Токио үшін ең үлкен қауіп, соғыстың басталуына немесе Кореяның біртұтас социалистік мемлекетке айналуына себеп бола алатын екі Корея арасындағы шиеленіс жағдайы болып отыр. Бұл уақытқа таман Жапонияның   Оңтүстік Кореяның экономикалық дамуына қаржы салымы едәуір көп болды және оның Оңтүстіктің өндірістік, ауыршаруашылық және әскери потенциалын қамтамасыз етудегі араласуы күннен күнге көбейіп отырды. Сондықтан да Токионың Корея Республикасының  тұрақты дамуына қатысты қызығушылығы да артып отырды.

     60-шы жылдардағы Пхеньянның, Пекин тарапынан қолданған, соғысқұмар ұмтылыстары Жапонияны өте қатты алаңдаттырғандықтан, 70-ші жылдардың басындағы американың қатысуның қысқаруына мазаланған Токио, қауіпсіздік кепілдігін күшейтуге байланысты мүмкін шаралар қолдана бастады. Сонымен қатар Жапонияның, АҚШ-тың тынық мұхит саясатындағы   және жалпы олардың Азиядағы  саяси бағытындағы ролінің маңызы өсті. Бұл «гуам» және «тынық мұхит» доктриналарының мақсаттарымен және де американ-қытай жақындасуымен түсіндіріледі. Жапонияның капиталистік әлемдегі экономикалық қуаты жағынан екінші державаға айналуымен қатар, Жапонияның аймақтағы және Корей жартыаралындағы ұмтылыстары да өсіп отырды.

     Осындай «қарсылықты» қызуғышылық нәтижесінде Жапония өз мойнына біршама күрделірек «қорғаныс» міндеттерін алды, «АҚШ-тың Азиядағы бірінші қорғаныс сызығы» болды, оған тек экономикалық қана емес, сонымен қатар Оңтүстік Кореяның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және оның әскери-өндірістік потенциалын күшейтуге байланысты әскери-саяси міндеттер де артылды. 1969 жылы қарашада АҚШ президенті Р.Никсон мен Жапония премьері Э.Сато арасындағы келіссөздер туралы коммюникеде, аталып кеткендей «Оңтүстік Корея қауіпсіздігі Жапония қауіпсіздігі үшін өмірлік маңызды болып табылады» деп айтылған. Бұл  Оңтүстік Кореяда әскери қимылдар орын алған жағдайда Жапонияның АҚШ-қа өзінің Окинавадағы әскери базаларын қолдануға рұқсат беруіне (соның ішінде бұл аралдың 1972 жылы мамырда Жапонияның қол астына қайтарылуынан да кейін) және де американ қарулы күштерімен әскери серіктестікке келісуіне әкеліп соқты. Солтүстік басқыншыл әрекеттер жасаған жағдайда, Оңтүстік Кореяда Жапонияның «өзін-өзі қорғау күшін» қолдану мүмкіндігі жоқ емес. Бірақ та бұл мүмкіндікті ресми жапон өкілдері барынша мойындамай отыр.

     Бұл Жапонияның Оңтүстік Кореяға экономикалық көмекті кеңейту уәдесін қажет етті. Бұл тек халықтың өмір сүру деңгейін жақсартып қана қоймай, сонымен қатар Корей жартыаралындағы тұрақтылықты нығайтты. Яғни бұл Жапонияның өзнің қауіпсіздігін қамтамасыз етуде  жанама түрде септігін тигізді.

     АҚШ және Жапонияның Қытаймен жақындаса бастауы жағдайында елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі Токио үшін бұрынғы маңызын біршама жоғалтты. Жапон-қытай қатынастарын жақсарту туралы келіссөздерде қытай ұстангымын жұмсарту үшін, Жапония басшылары жапониямен Оңтүстік Кореяның қауіпсіздігі мен стратегиялық қатынастарының арасындағы тікелей байланысты әлсіретуге тырысты. Премьер-министр Э.Сато Қытаймен дипломатиялық қатыныстарды орнатуда сәл бұрын, ертеректе қабылданған коммюнике (1969 жылы) өзгеріссіз ретінде қарастырылмайды, ол белгілі бір уақыт аралығына бейімделген және Тайвань немесе Оңтүстік Кореяда келеңсіз оқиғалар орын алған жағдайда Америка Құрама Штаттары әскери қимылдарды жүзеге асыра алады, ал Жапония қаламаса, олай жасамауына болады деп жариялады.

     Жаңа жағдайда Жапон үкіметі, «сэкэй бунри» («саясаттың экономикадан бөлінуі») саясатын жариялай отырып, Солтүстік Кореямен қатынастарды жақсартуға байланысты қадамдар жасады.

     Жапониядағы солтүстік кореялық лобби (беделді мемлекеттік қайраткерлер және бизнесмендер тобы, оппозициялық социалистік партия және кейбір газеттер) КХДР-мен байланыстарды қолдады, солтүстік корей режимінің мойындалуын және екі Кореяның БҰҰ-на қабылдануын талап етті. Олардың айтуынша, тек бұл жағдайда ғана Қиыр Шығыста шынайы бейбітшілікті қамтамасыз етуге болады. Жапон парламент мүшелері мен бизнесмендерінің өкілдері КХДР болды және онда 1972 жылы 23 қаңтарда тараптар арасындағы сауданы дамыту туралы бес жылдық бейресми келісімге қол қойды. Бұл келісімге сәйкес екі тарап арасындағы сауда айналымы 500 млн. долларға дейін өсуі керек еді.

     70-ші жылдардың ортасына қарай Корей мәселесін реттеудегі Жапонияның ролі өсе бастады. Бұл жылдары жапон басшылары Корей жартыаралындағы статус-квоның сақталуын әрдайым қолдап отырды. Жапон үкіметі Оңтүстік Кореяның алдында өз мойнына қандай да бір әскери-саяси міндеттерді алуға асықпады, және 1965 жылы қатынастар жақсарғаннан кейін режимге тек кең көлемді экономикалық қолдау көрсетумен ғана шектелді. Бірақ та АҚШ-тың қысымымен, сонымен қатар 70-ші жылдардың ортасынан бастап Оңтүстік Кореяға жапон қаржысының екпінді түрде және кең көлемде енуі нәтижесінде, Токио қайтадан Оңтүстіктің алдында өз мойнына үлкен әскери міндеттерді алды. 1975 жылы тамызда Дж.Форд пен Т.Мики арасындағы келіссөздер туралы коммюникеде Жапонияның Шығыс Азиядағы, әсіресе Оңтүстік Кореядағы ролі әлде қайда кеңірек түсіндірілді: «Корея Республикасының қауіпсіздігі Корей жартыаралығындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін өте маңызды, ал ол өз алдына Жапонияны қамтитын Шығыс Азиядағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау үшін өте маңызды». Дж.Картер мен Т.Фукуданың бірлескен коммюникесінде (1977 жылы наурыз) дәл осындай пікір айтылды: «Жапонияның және бүкіл Шығыс Азияның қауіпсіздігі үшін Корей жартыаралындағы бейбітшілікті сақтау үшін өте маңызды болып табылады».[31]

     Жапонияның қауіпсіздік үшін жауапкершілігі туралы тұжырымдардағы жаңа реңктер, Токио АҚШ-тың ғаламдық стратегиясына, соның ішінде Корей жартыаралындағы жағдайға байланысты стратегияға көбірек еніп бара жатқанын көрсетті. Сонымен қатар, оның Кореяға қатысты қызығушылығы тек экономикалық көзқараста ғана емес, сыртқы саяси көзқараста да өсті. Сондықтан да оның Оңтүстікті қолдауы күшейді. Төртінші бесжылдық жоспар (1972-1976) бойынша Жапонияның «өзін-өзі қорғау күшінің» өсуі, Жапон теңізінде су астынан мина ататын кемелердің оңтүстік корей флотымен бірлесе күзету шараларын өткізуін қарастырыды. Бірлескен американ-жапон әскери жоспарында Жапонияның «өзін-өзі қорғау күшінің» әскери қызметкерлерін Окинава мен Оңтүстік Кореяға жіберу жоспарланды.

     Токио Кореядағы мүмкін әскери қимылдарға қатысу үшін жапон жеріндегі базаларды Америка Құрама Штаттарына қолдануға рұқсат беріп қана қоймай, одан да әрі барды. 1975 ж. сыртқы істер министрі Киити Миядзава, белгілі жағдайларда жапон үкіметі Корей жартыаралы аймағындағы қимылдар үшін Жапон жеріндегі американ базаларынан В-52 бомбалаушы ұшақтарының әскери ұшып шығуын мақұлдауы мүмкін екендігін жариялады. Үшжақты тығыз әрекеттестік мақсатында жапон ӘӘК АҚШ пен Оңтүстік Кореяның қарулы күштерімен бірлесе байланыстық біріңғай жүйеге келтірілген құпия кодтарды қолдану туралы бітімгершілікке қол жеткізді. АҚШ қорғаныс министрі Дж.Шлессин-джера мен Жапонияның ұлттық қорғаныс басқармасының бастысы Митита Саката арасындағы келіссөздер барысында жапон жағының Кореяда қандай да бірқатар қиындықтар туған жағдайда АҚШ-пен бірге «қорғаныс» әрекеттерін ұйымдастыруға келісім алынды. «1975 ж. екі ел министрлігінің VIII жыл сайынғы кеңесінде Жапония – АҚШ — Оңтүстік Корея  интеграциясына Жапонияның кеңінен енуі жолында алғашқы қадам жасалды», – деп «Джапан пресс» жазды. Бұл кеңестің қатысушылары шиеленіс, яғни Солтүстіктің қауіп төндіруі жағдайында «ерекше қатынастарды» дамытуға ниет білдірді.

     АҚШ, Жапония және Оңтүстік Кореяның әскери-саяси интеграциясына, бұл елдердің саяси бағытынан басқа, 1973 ж. ұлттық бірігу мәселесіне қатысты Солтүстік пен Оңтүстік Корея арасындағы диалогтық аяқталуы және Пхеньянның кесірінен өскен 38-і параллель бойындағы шиеленіс себеп болды.

     Аталып өткендей, Жапония үшін оның Корей мәселесіне қатысты қатынасында көршілес жартыаралдағы тұрақты жағдайды сақтап қалу барлығынан да маңыздырақ болды. Корей жартыаралындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты жағдайы болып, Токионың пікірінше, ондағы американ әскерлерінің болуы табылады. 1975 ж. тамызда өткен Жапония премьер-министрі Т.Мики мен Дж.Форд арасындағы келіссөздер барысында екі басшы да Солтүстік пен Оңтүстік Корея арасындағы диалогтың жалғасатынына сенім білдірді, уақытша бітім жасасу туралы келісімнің тиімділігін сақтауға мүмкіндік беретін халықаралық жүйені қолдаудың маңыздылығын мойындады. Дегенмен бұл кездесуде, және жоғарыда аталып өткен АҚШ қорғаныс министрі Шлессинджермен келіссөздер барысында, Мики үкіметі Оңтүстік Кореяны қаруландыру ісінде АҚШ-тың серіктестігіне қарсы және екі Кореямен бұрынғы қалыпты байланыстарды дамыту бағытының орнына, жағдайдың шиелінісуіне қарсы маңызды қадам жасады. Бұл Корей жартыаралындағы статус-кво мәртебесінің және бейбіт процесстердің қалыптасуына, соның ішінде диалогтың қайта басталуына немесе екі Кореяның БҰҰ-на кіруіне септігін тигізген болуы мүмкін.

     Жапонияның АҚШ және Оңтүстік Кореямен әрі қарай жақындаса түсуі, Токио мен Сеул арасындағы бір кездерде пайда болған шиеленістің әлсіруіне әкелді. Пак Чонхидің Токио үкіметінің КХДР тарапына аууына қатысты наразылығы, әсіресе Токио Сеулмен Сим Дэджун – Жапониядан Оңтүстік Корея ОББ-сы (ЦРУ) тарапынан ұрланып әкетілген, оңтүстік кореялық оппозициялық көсбасшы туралы мәселені шешкеннен кейін және Оңтүстік Кореяға 1976 ж. қаңтарда 600 млн. иен көлемінде несие ұсынуға келіскеннен кейін, біржолата алынып тасталды. Сонымен қатар, Оңтүстік Кореяда екі жас жапондықтың сотталуы мен Жапонияда өмір сүрген және оңтүстік корея президентінің өміріне қауіп төндірген корейліктің Пак Чонхи жұбайын өлтіруіне қатысты істің өзара байланысына қатысты түсінпеушіліктер жойылды.

     Бір мезгілде Мики үкіметі КХДР-мен экономикалық, мәдени және басқа салалардағы қатынастарын шектеуді жалғастырды. Бірақ олар тегіс емес сипатқа ие болды. 1976 жылға таман Солтүстік Кореяның Жапония несие берушілерінің алдындағы қарызы 85 млрд. иенге жетті. Бұл ақшаны қайтаруға қаржы табылмады. 1976 жылы желтоқсанда жапон жағы Солтүстік Кореяның негізгі қарыздарының төленілуін 2-2,5 жылға ұзарту туралы келісімге қол қойды. Тараптар белгіленген мерзім ішінде жылына екі реттен КХДР-ның мерзімі өтіп кеткен пайыздарын төлеуі туралы өзара келісті. Солтүстік Корея бұл бап бойынша 1978 ж.қаңтарда 1,3 млрд. иен төлей алды, ал содан соң төлемдерді тоқтатты. Бұл Жапония мен КХДР арасындағы қатынастарды күрделендірді, және де қазіргі кезге дейін бұл мәселе шешімін тапқан жоқ.

     1978 жылы достық және серіктестік туралы келісімнің қабылдануымен аяқталған, Жапония мен Қытайдың жақындасуы, Токионы Қытайдың жақын одақтасы болып табылатын КХДР-на қатысты өзінің саясатын дұрыстауға мәжбүрледі.

     1970 жылдан 1980 жылға дейін жалғасып келген, Оңтүстік Кореядан американ әскерлерін шығару төңірегіндегі Вашингтонның айла-амалдары екі Кореяға қатысты болжамды және икемді бағыттың қабылдануына әсер етті. АҚШ өзінің Оңтүстік Кореядағы әскери қатысуын бұрынғы деңгейде сақтап қалды, бірақ Токионы АҚШ әкімшілігі өзінің саясатында ең алдымен жеке мүдделерін басшылыққа алатынына және жапон үкіметінің дербес және икемді бағыт ұстану қажет екендігінде сендірді.

     Аталып өткендей, Дж.Картердің билікке келуінен бұрын, Америка Құрамы Штаттарының ресми өкілдері, тіпті «гуам доктринасының»[32]  жүзеге асырылуының басталуынан соң, АҚШ Оңтүстік Кореядан өзінің әскерлерін түгелдей шығармайтынын ерекше атап өтті. Бұны олар өздерінің Қиыр Шығыстағы негізгі одақтасы – Жапонияның мүдделеріне сай келетіндігімен түсіндірді. Дегенмен, Жапония Оңтүстік Кореядан американ жаяу әскерінің шығарылуына белсенді түрде қарсылық көрсетуін жалғастырды, және бұл жағдай тек Жапонияның қауіпсіздігіне кері әсерін тигізіп қана қоймай, сонымен қатар азиялық одақтастарың Құрамаға Штаттарға деген сенімін кетіретінін ерекше атады. 1977 ж. наурызда Дж.Картер мен Т.Фукуда арасында өткен келіссөздер барысында АҚШ президенті Жапон премьеріне Корей жартыаралындағы АҚШ жаяу әскерінің қысқартылуының есесіне бұл аймақта американ ӘӘК қуаты өседі және «кейбір басқа шаралар»[33] қолданылады, деп сөз берді. Бірлескен коммюникеде бұл жарияланған акция «Корей жартыаралығындағы бейбітшілікке қауіп төндірмейтіндей етіп» жүзеге асырылады, деп айтылған.

     Тек Р.Рейган Ақ Үйге келгеннен кейін және оның, жоғарыда аталып өткендей, американ қатысуының Азия-Тынық мұхит аймағындағы, соның ішінде Оңтүстік Кореядағы едәуір күшеюін қарастыратын жаңа бағытты жариялануынан кейін, сонымен қатар Жапонияның Қытаймен байланыстары күшейген сайын және АҚШ, Жапония және ҚХР арасындағы бейресми коалициялық байланыстар әрі қарай дамыған сайын Токио Корей жартыаралындағы қауіпсіздігіне қатысты аз алаңдаушылық білдіре бастады. Аймақтағы АҚШ-тың әскери стратегиясына қатыстырылғанымен, жапон басшылары, Кореядағы өздерінің саясаттарын әрі қарай жандандыруда. Олар Солтүстік-Оңтүстік келіссөздерін қолдауда, Оңтүстік Кореяны қаруландыруда, оның әскери-өндірістік потенциалын күшейтуде тым артық кетпей, Оңтүстік Кореяны бірлесе қорғану және белсенді экономикалық серіктестік аймағына ендірумен шектелді. Токио Вашингтонның бұйрықтарын сөзсіз орындауға қарсы ниет білдіруде. 1980-82 ж.ж. жапон басшыларының Сеулдің (АҚШ-тың белсенді қолдауы және қысымымен) оған экономикалық және әскери қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін 6-10 млрд. доллар көлемінде несие беру туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту осының мысалы болды. Вашингтон мен Сеул Оңтүстік Кореяға көмек – ол жалпы Солтүстік-Шығыс Азиядағы, соның ішінде Жапонияның өзіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі көмек деп, барынша ерекше атағанына қарамастан, Д.Судзуки үкіметі Жапония экономикалық көмек көрсету мен қауіпсіздікті күшейтуге бағытталған көмек көрсетуді айырады деп, ақырында несие беруден бас тартты. Барлық мүмкіндігінше, Токиода оңтүстік Кореяға тікелей әскери қолдау көрсету, Жапонияның корей жартыаралындағы статус-кво мәртебесін қатайту және шиеленісті әлсірету бағытына сай келмейді, және ол Жапония үшін дамып келе жатқан мемлекеттер арасында және оның КХДР одақтасы – Қытаймен қатынастарында қиындықтар туғызуы мүмкін деп есептеді.

 

3.3. Жапон-корей   қарым-қатынастарының қазіргі кездегі даму

        кезеңі.

 

     70-80 ж.ж. әлемдік нарықтағы Токио мен Сеул арасындағы өткір бәсекелестік қарама-қайшылықтар екі ел арасындағы қатынастарда қиындықтар туғызды және Жапонияның КХДР-ға қатысты позитивті саясатын тудырды. Токио екі Кореяға қатысты тікелей делдал қызметін өз мойнына алмағанымен, оның жартыаралдағы қауіпсіздікті қамтамсыз ету және статус-кво мәртебесін сақтау бағыты, сонымен қатар оның екі Кореяға қатысты экономикалық мүдделерінің болуы  оны объективті түрде бұл рөлді атқаруға итермеледі. Сонымен қатар, Жапонияның бүкіл жартыаралға өзінің жоғалтқан беделін қайта орнатуға дәстүрлі талпынуы айқын өсті.

     КХДР 1985 жылы ядролық қаруды таратпау туралы келісімге, ал 1991 жылы ядролық қаруды өндіруге, ядролы шикізатты қайта өңдеуге немесе байытуға тыйым салу туралы Корей Республикасымен ортақ декларацияға қол қойылды. 1992 жылы ол МАГАТЭ-ге өзінің алғашқы есебін тапсырды, бірақ Агенство қызметкерлері онда фактілердің  бұрмалануын байқады. Кейін МАГАТЭ-нің арнайы тексеру жүргізу қажеттілігі туралы қорытынды жасалды. Бұған жауап ретінде 1994 жылы Солтүстік Корея келісімінен мүлде шығып кетті. 1994 жылы ол АҚШ-пен өзінің ядролық бағдарламасын тоқтату және Енбонеи Тэджондағы реакторларын жабу туралы рамалық келісімге қол қойды. КХДР оның орнына «қару» плутониясын өндіруде жарамдылығы аз болып саналатын екі жеңілсу реакторларын алуға тиіс еді. Реакторларды салу келісім шарттарын орындау үшін арнайы АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония үкіметтерін құрған халықаралық консурциум – корей жартыаралындағы энергетикалық дамыту ұйымына (Korean Energy Development Organization – KEDO)34жүктелді. Реакторлар 2003 жылға таман салынып бітеді деп, ал оған дейін КХДР жыл сайын 500 мың тонна мұнай алып отырады және қайтадан ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылады деп ұйғарылды. Реакторлар салынып болған соң ол 17 жыл ішінде оның толық құнын төлеуге міндетті, бірақ есесіне үстемақы төлемейді.

     1997 жылы желтоқсанда Корей жартыаралындағы бейбіт реттеуге қарсы КР, КНДР, АҚШ және ҚХР  арасында төртжақты келіссөздер процесі басталды. Оңтүсітк Корея мен КХДР арасында шығып жатқан барлық мәселелерді дипломатиялық жолмен шешуді талап еткен, Қытайдың саясатын  ерекше атап өткен жөн. 1995 жылы жаппай аштық басталған Солтүстік Кореяның алған барлық шетел көмегінің үштен бір бөлігі Қытайдың үлесіне тиді (бұл көмектің нақты саны белгісіз; әртүрлі мәліметтер бойынша ол 200-ден 300 млн. долларға дейінгі аралықты  құрады).

     Жапон-американ альянысы және ашығушы Солтүстік Корея арасында өзара түсінушілік пайда болуы мүмкін еді деп айтуға болмайды. Дегенмен, 2002 жылғы тамызға дейін бейбіт процес қалыпты  дамыды. Бұндағы маңызды рольді Корея Республикасы ойнады. Оның президенті Ким Дэ Чжуннің КХДР-ға қатысты жүргізген  «еліктіру» саясаты, корей саясатындағы өзгерісті – «солтүстікке қарай жылжуды» білдірді. Бұл кезеңде Оңтүстік Корея Солтүстік Кореяға қарсы ешқандай да зиян келтіру немесе солтүстікті жұтуға талпыну әрекеттерін  жүзеге асыруға талпынбайтынын ресми түрде жариялады. Оңтүстіктің ендігі басты тәсілі, кең көлемді өндірістік көмек көрсету  және КХДР-мен кез келген ресми немесе бейресми байланыстарды кеңейту  бола бастады. Бұл уақыттағы Жапонияның саясаты Солтүстік Кореяға өндірістік көмек көрсетумен және КЕDO шеңберінде әрекеттесумен шектелді.

     Барлығы да ештеңе емес, бірақ 1998 жылы 31 тамызда КХДР өзінің жаңа екісатылы «Тэпхо Донг-2»  баллистикалық ракетасын ұшырды, ол жапон жерінен ұшып өтіп шамамен жапон сулары жағалауына құлады. Солтүстік корей үкіметі ұшырылымның КХДР-дің елу жылдық мерей тойына арнап спутникті орбитаға шығару мақсатында жасалғаны туралы ресми түрде жариялады. Спутник эфирге тәулік бойы революциялық әндерді беріп отыру керек еді. Сол кезден бастап бүгінгі күнге дейін Жапония мен Солтүстік Корея арасындағы қатынастар өте суық болып келеді. Жапония КХДР-ға көмек көрсетуді , және KEDO-ны қаржыландыруды, сонымен қатар кез келген байланыстарды, соның ішінде тіпті Токио мен Пхеньян арасындағы чартерлі рейстерге дейін (олар бір жылдан кейін, 1999 жылы қарашада қайта жанданды) уақытша тоқтатты. Жапония Сыртқы істер министрлігінің 1999 жылғы Ақ кітабында Солтүстік Кореяның әрекеті қазіргі кездегі Жапония қауіпсіздігіндегі негізгі қауіптердің  бірі болып жарияланды. 1998 жылы күзде жапон парламентінде ракеталық соққы болған жағдайда өзін өзі қорғау мақсатында Жапонияның қандай шара қолдануға құқығы бар туралы мәселе қарастырылды. Қорғаныс министрінің орынбасары Н.Ота Жапонияның Пхеньянға қарсы жауапты соққы жасауға техникалық мүмкіншілігі жоқ екендігін анықтап айтқанда ғана шиеленістер біршама басылды.  Жапонияның KEDO жобасына болжанған салымын – реактор құрылысына бір миллиард доллар көлемінде қарыз беру – жапон басылымдарында жан-жақтан сынға алынды. АҚШ бұған өте аз көңіл бөлді. Пэрри басшылығымен аталып өткен комиссияның құрылуынан кейін жағдай біраз жақсарды. 1999 жылы мамырда У.Пэрри КХДР-ға барды, және содан кейін оның ұсынысымен құрамына Оңтүстік Корея, АҚШ және Жапония өкілдері кірген кеңестік топ құрылды. Топ осыдан бастап КХДР-ға қатысты үш елдің ортақ саясатын анықтауы тиіс еді және АҚШ-тың Шығыс Азиялық одақтастары арасында қауіпсіздік саласында сәтті үшжақты серіктестіктегі алғашқы мысал болды. Сол уақытқы дейін Құрама Штаттар Жапония, Корея, Таиланд және Филиппиндермен қатынастарда екіжақты байланыстардан артық ештеңеге қол жеткізе алмады. КХДР мен Жапония арасындағы қатынастар Пэрридің Пхеньянға  сапарынан кейін біршама жақсарды. Сол сапары  кезінде ол  Ким Чэн Ирге Кэйдзо Обутиден жеке хат тапсырған болатын.Кеңестік комиссияның алғашқы отырыстарының бірінде бірінші рет Солтүстік Кореямен қалай дұрыс қатынастар орнату туралы өте орынды ұсыныстар айтылды. Халықаралық көмектің қайта жүзеге асуы, және тіпті 50 жыл бұрынғы Жапонияның Солтүстік Кореяға әкелген зардабы үшін кешірім мен репарация мәселелері талқыланды. Жапония дегенмен KEDO-ға қарыз беру туралы келісім шартқа қол қойды. Кеңестік топтың мүшелері (Пэрридің өзі, сол кездегі Жапония сыртқы істер минисрлігінің бас директоры К.Рэдзо Корея Республикасының ұлттық қауіпсіздік кеңесшісі Ли Донг Вонг) өздерінің солтүстік корей ракеталарының өткізілуі мүмкін жаңа сынақтарына қатысты қатаң ұстанымдарын қалыптастырды. КХДР кезекті ұшырылымды Жапония «көтере алмайтынын» және оның  «сыпайы» болғаны өзіне жақсы екендігін бейресми түрде білдірді. Ақырында 1999 жылы қыркүйекте Пхеньян,  АҚШ олардан сауда санкцияларының бір бөлігін алып тастаған жағдайда ғана, өздерінің ракеталық сынақтарын уақытша тоқтататыны   туралы жариялады.

     Перридің жаңа концепциясы басқа ұсақ-түйектермен қоса өте маңызды пунктты қамтыды. Онда айқын түрде барлық мүдделі тараптар бір-бірінен бірдей деңгейде қауіпті сезінеді деп айтылған. Солай болғандықтан, бұл өзара қауіпті мүмкіндігінше азайту керек. Сондай-ақ, Перри КХДР-ді әртүрлі «реформалау» немесе Ким Чен Ирдің режимін іштен жою әрекеттерінен бас тартуға ұсыныс жасады. АҚШ президентінің әкімшілігін ол өте сақ және ойланып барып қадам жасауға шақырды. Бұл Жапонияның мүдделеріне сай келді: АҚШ-тың абайсыз әрекеттері кезекті ұшырылымға немесе одан да жаман нәтижелерге алып келуі мүмкін. Солтүстік Кореяға қатысты американ саясаты үшін ең жақсы жол ретінде Перри Корея Республикасы және Жапониямен кеңес өткізуді ұсынды. Онда ортақ ұстанымдар анықталатын еді. Онда біріншіден КХДР-дің сеніміне ие болуға және екіншіден кейін жауапты қадамдар жасап әрі қарай сауда санкцияларын ілсірету үшін оны серіктестікке тарту. Кеңесті өз баяндамасында, —  барлық тараптар осындай көлемді келіссқздер үшін қолайлы жағдай туғызуға үлес қосудың маңыздылығын айтты.

     КХДР-ге қатысты Жапонияның ұстанымы туралы журналистердің сауалына жауап ретінде жапон СІМ-нің пресс-секретарі: «Біз Жапония, Корея Республикасы және АҚШ тарапының бұл мәселеге кешенді және интеграциялық көзқарасы іс жүзінде КХДР-мен қатынастардың дамуына үлес қосқанын білеміз»,  – деп  мәлімдеді. Ол Солтүстік Кореяға қатысты Жапонияның тәсілін «Перри баяндамасының тоқтату мен еліктеудің үйлесімділігі» секілді деп анықтады.35

     Перри концепциясын американ саясаты үшін кенеттен таразыланған және саналы деп ерекше атап өткен жөн. Онымен оның одақтастары – Жапония мен Оңтүстік Кореяның келіскендігі таң қаларлық жай емес. Перри Жапонияның РҚҚ (ПРО) жүйесін дамытпағаны жөн деген пікірге келді. Ол оның жақсы сарапшы екенін дәлелдейді. Қазіргі кезде Жапонияда РҚҚ (ПРО) бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар Солтүстік Кореяны қатты алаңдатуда. Бірақ, дегенмен СІМ-нің пресс-секретарі орынбасыры Харада: «Біз әлі РҚҚ-ны (ПРО) дамыту туралы да, оны күшейту туралы да ештеңе шешкен жоқпыз», – деп  атап өтті.

     Бірақ та бұл ұзаққа созылмайды деп болжауға толық негіз бар. Американдық саяси ойда қалыптасқан Солтүстік Кореяға пері кейпін беру дәстүрі ОББ-дан (ЦРУ) шикі ақпараттардың мезгіл-мезгіл шығып кетуімен ушықтырылып отырды. Тәуелсіз сарапшы, Жапония саясатын зерттеу институты директорының айтуынша бұл тәсіл соңғы жылдары ерекше өріс алды. Бұл Корей жартыаралында бәсеңдеу ісінде позитивті жылжулар болар кезде қолданылады. Мысалға 1997 жылы қыркүйекке міне енді 45 жыл бойы жартыаралда жұмыс істеп келген уақытша бітімнің орнына екі Корея арасындағы бейбіт келісімге қол қою мәселесі бойынша төртжақты келіссөздер жоспарланды. Бір уақытта Клинтонның әкімшілігі КХДР-ді ракеталық технологияларды бақылау жөніндегі халықаралық режимге қосылуға көндіргісі келді, оның орнына АҚШ одан санкциялардың бір бөлігін алып тастауға сөз берді. Бірақ келіссөздер қарсаңында бір кездері Таяу Шығысқа Корей ракеталарын сатумен белсенді түрде айналысқан, Мысырдағы КХДР-дың елшісі АҚШ-қа қашып кетті. Бұған байланысты үлкен шу көтерілді. Ақырында елші көптен бері ОББ-ға (ЦРУ) жұмыс жасап жүргені белгілі болды. Бұл жағдай қатты кері әсер етті, есесіне КХДР келіссөздерге қатысудан бас тартты.

     2002 жылы 17 қыркүйекте Солтүстік Корея мен Жапония арасында қатынастарды жақсарту туралы келіссөздер өтті. Өте маңызды нәтижеге қол жеткізілді – Пхеньянда өткен алғашқы кездесуден кейін-ақ КХДР басшысы Ким Чек Ир мен Жапония премьер-министрі Дзюнъитиро Коидзуми дипломатиялық қатынастарды орнату туралы келіссөздерді бастау ниеттері туралы жариялады. Кездесудегі ең басты тақырыптардың бірі болып 70-80 жылдары КХДР арнайы қызметкерлері тарапынан ұрланған 11 жапон азаматтарының тағдыры болды. Ким Чек Ир алғашқы рет адам ұрлаулар орын алғаны туралы мәлімдеді, және Жапониядан ресми түрде кешірім сұрады. Сонымен қатар КХДР басшысы ракеталық сынақтарға мораторийді белгісіз уақытқа дейін созатынын жария етті. Өз алдына Жапонияның премьер-министрі жапон отаршылдық басқыншылығы кезіндегі Корей жартыаралындағы жасаған қатыгездіктері үшін кешірім сұрады36.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                            ҚОРЫТЫНДЫ

 

     АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленіскен қатынастар Жапония үшін өте қауіпті жағдай туғызды. Бір жағынан, ол әлемде үстемдік құруға талпынбайды, ал АҚШ-пен бірлесе гегемония құру ойы іске аспайтын қиял. Әлі күнге дейін, Жапония ғаламдық экономикалық держава болғанымен, оның қауіпсіздігіне төнген қауіп тек аймақтық деңгейде ғана туып отыр. Қытай Жапония үшін – жағдайға байланысты, бірде қауіп төндіре алатын, бірде достық қатынас туғыза алатын ірі сауда серіктес және мықты көрші болып табылады. Оның Қытаймен өзінің аймақтық таластары бар, ал Тайвань  немесе  Оңтүстік-Қытай теңіз аймағындағы шиеленістің туу қаупі, Жапонияның тек   қауіпсіздігіне ғана емес, сонымен қатар  экономикасына да кері әсерін тигізе  алады. Барлық осы себептерге  қарасақ Жапония Қытаймен достастық қатынастарды құруға мүдделі.

     Дегенмен, Шығыс Азиядағы АҚШ-тың стратегиялық  одақтасы ретінде  ол Қытайға  қатысты  американдық саясатты ұстануға мәжбүр. Бұл саясат  екі түрлі мағыналылығымен, «ұстанудан» «еліктеуге» өтумен,  арандатушы әрекеттермен және қатты мен  тәтті әдісімен  сипатталады. Он жыл ішінде Қытай мен Жапония арасында  қиян-кескі шиеленістердің   пайда болуы  екіталай болғандықтан, олардың арасында қарулы қақтығыстың  тууының жалғыз себебі болып Тайвань мәселесі немесе  Корей жартыаралындағы  жағдай  бола алады және де бұл тек АҚШ-қа  тәуелді.

     АҚШ өзінің экономикалық және дипломатиялық істерінде «еліктіру» саясатына  қарағанда, әскери қатынаста Қытайға ұстану тәсілін қолданады. Американ-жапон әскери серіктестігін кеңейту және Жапонияда РҚҚ (ПРО) жүйесін құру оның негізгі түйіні болып табылады. Нәтижесінде, қазіргі кезде Жапонияның Қытайға қатысты саясаты толығымен өз бетімен жүргізіле алмайды. Егер де Қытай АҚШ-пен Шығыс Азиядағы үстемдікке таласа алатындай мықты мемлекет дәрежесіне жетсе болашақта жағдай әлдеқайда нашарлауы мүмкін. Бұл жағдайда американдықтар қандай  стратегия ұстанса да  Жапонияның мүддесі кез келген жағдайда зардап шегетініне күмәніміз жоқ.  Қазіргі кезде Жапониядағы шынымен де  жоспарланған орта және ұзақ мерзімді «Қытай» стратегиясы іс жүзінде жоқ деп те айтуға болады. Оның орнына «икемделу» тәсілі қолданылуда. Осы жағдайда Қытай аса қолайлы позиция ұстанып отыр. Оның жетекшілігі Жапонияның алдына келесі міндеттемелерді қойды: «Жапонияға тікелей жақындығы» қай жерде басталатынын нақты анықтау және жариялау; ірі шиеленіс жағдайында Жапония АҚШ-пен әскери серіктестігінде қандай шараларды қолға алуға дайын  екендігін көрсету. Таза әскери жағынан Қытайдың өз алдына қойған негізгі мақсаттары бұл – жапон қарулы күштерін Конституциямен белгіленген шектеулерден аспауын өз бақылауына  алу және жапон әскерлерінің тайвань мәселесіне араласуын алдын алу болып табылады. Бұл – Қытайдың Жапонияға қатысты жүргізіп жатқан «ұстаным» саясаты.

     Оңтүстік Корея геосаяси көзқарастан өзінің солтістік көршісіне қарағанда біршама қолайсыз жағдайға ұшырап отыр. Ол одақтастың   міндеттеріне, экономикалық дағдарыстың салдарны, сонымен қатар қолайсыз жағдайларда президент Ким Дэ Чжунның өткізуге мәжбүр саясатының ерекшеліктеріне байланысты. Егер де бұрын Ким Ир Сен тұсында Сеул өзін Вашингтонмен  тең деп есептеп оған кеңес беруге батылы барған болса, қазір Оңтүстік Кореяны өзін үшінші әлем мемлекеті ретінде  қайта сезінуге  мәжбүрледі. Мүмкін, сол себепті Корея Республикасы соңғы кездері барлық ірі державалармен байланыстарды сақтауға талпынысын көрсетуде. Қытай және ОША-ға сапары барысында Ким Де Чжун Кореяны төрт күйеу жігіттің ортасындағы қалыңдық деп атады. Бұл дипломатиялық сөз қоры үшін біраз үйреншіксіз теңеу, мүмкін   бұл  Сеулдің аймақтағы жағдайдың өзгеруіне байланысты кейбір сенімсіздігін көрсетуде.

     Солтүстік Корея саяси әрекетте белгілі бостандыққа қол жеткізді. Ол үшін оның Ким Чен Ирдің жаңа бағыты жағдайында жеткілікті дәрежеде еркіндігі және 1998 жылы 31 тамыздағы спутник ұшырылымынан кейінгі қуаттылық дәлелі бар. Ол өзінің ядролық мәселесін бұл жағдайға  байланысты  алаңдаулы Америкадан қажетті көмекті алу мақсатында  жалғастырғысы келді.

     Көрініп тұрғандай, Жапония стратегиясы екі түрлі және біршама қарама-қайшы. Бұл жерде бұрынғы жапон-қытай қатынастарымен түсіндірілетін саяси ұрандар мен экономикалық мүдделер арасында белгілі алшақтық айқын көрінуде. Бір уақытта Кореяға ақша салу ниеті мен оның күшеюінен қорқу арасындағы қарама-қайшылықтар байқалады.  АҚШ-пен салыстарғандағы Жапондықтардың Корей ерекшелігін жақсы білуі мен американ саясатына еру қажеттілігі арасында қарама-қайшылықтар байқалуда. Сондықтан да Жапонияның әрекеттері, біреулердің айтуы бойынша батылсыздығымен, ал екіншілері – күту стратегиясымен сипатталады деп айтуда. Қытай Кореяға аталған басқа мемлекеттер секілді жақын болып келеді, бірақ корей мәселесі Қытай  үшін оның басқа державалармен «шахматтық партиясындағы» көп мәселелердің  бірі болып табылады. Қытай Солтүстік Кореяның қалған жалғыз одақтасы екенін және ол одан ешқайда кетпейтінін жақсы түсінеді. Қытай өзінің стратегиялық одақтасын жоғалтпайтынына сенімді. Оның бұл сенімділігі Қытай мен Корея арасындағы дәстүрлі байланыстармен және оның КХДР-ға керек болған жағдайда көрсететін экономикалық көмегімен түсіндіріледі. Сондықтан да оның жартыаралдағы өз саясатын жүргізудегі белсенділігін арттыруға еш себеп жоқ. Пекинге тек Тайваньмен Сеулде үстемдік орнату үшін  бәсекелесу қалды. Осылайша, жартыаралы төңірегіндегі мәселе шешілмегенімен, ол өзіндік динамикалық теңдікті қалыптастырады, яғни басқа мемлекеттердің мүдделерінің бір-біріне қайшы келуі салдарынан жартыаралда өзара бірін-бірі ұстау жағдайы айқын көрінеді. Сондықтан да жақын болашақта бұл жағдайды жоя алатын ұлы державалар тарапынан қандай да бір күтпеген жағдай немесе өткір саяси әрекеттер күтуге еш негіз жоқ. Дегенмен, кәрезді қарсыластықты «күш қолдану қаупін» төндіру саясатын жүргізетін корейлік контрсеріктестер туралы әзірге айтуға болмайды.

     Жоғарыда айтылғандарға сараптама жасап мыналарды айтуға болады:

  • аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі Жапонияның үлесі өте көп деп қарастырылады, яғни аймақтың экономикалық дамуына көмек көрсетеді. Бұл Азияның қауіпсіздігі  тек  сәтті  экономикалық даму жағдайында ғана қамтамасыз етіледі деген түсінікке негізделеді,
  • әрине Жапония аймақта экономикалық маңыздан басқа, саяси және дипломатиялық істерде маңызды роль атқарады;
  • АҚШ аймақтағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі басты атқарушы күш болып табылады, оның ролі болашақта әлде де өсуі мүмкін;
  • жапон-американ серіктестігі шешуші маңызға ие болады;
  • Европадағы ЕҚҰҚ (СБСЕ) үлгісі бойынша қауіпсіздік мәселесіндегі көпжақты серіктестік туралы айту әлі ерте. Бірақ аймақтық және субаймақтық кеңес өткізудің қажеттілігі өсуде.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

ДЕРЕКТЕР

 

  1. Заявление МИДа Японии. Газета «Правда», 1974, 26 қаңтар 2 б.
  2. Новый японо-американский договор безопасности (полный текст договора и прилагаемых документов) – М.: 1962
  3. Образование Китайской Народной Республики. Документы и материалы – М.: 1950.
  4. Сборник документов и материалов по Японии с 1951 по 1954 года
  5. Сборник документов по японо-китайским отношениям (1945-1966 г.г.) – Токио: 1967

 

                                     ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Воронцов В.Б. Китай и США: 60-70-е г.г. – М.Наука, 1979
  2. Дмитриевская Н.П. Япония и Южно Корея. Партнеры и соперники – М.: Наука.Российская академия наук Институт дальнего Вастока, 1992
  3. Жуков А.Е. История Японии с 1868 по 1998 г.г. 2 том – М.: ИВРАН, 1999
  4. Жуков Е.М. Международные отношения на Дальнем Востоке в послевоенные годы (с 1958 по 1976), 2 том – М.:Мысль, 1978
  5. Загорский А.В. Япония и Китай – М.: Наука.Московский Государственный институт международных отношений, 1991
  6. Ильина И.А. Японский капитал на Азиатских рынках – М.: 1986
  7. История Кореи – Сеул: Международное Радио Кореи, 1995
  8. Катков З.Д., Чудодеев Ю.В. Китай-Япония: Любовь или ненависть? – М.: Институт востоковедения, 2001
  9. Ковалев А.В. Политика США и Японии на Корейском полуострове – М.: Наука, 1990
  10. Кузнецов Ю.Д., Навлицкая Г.Д., Сырицын И.Н. История Японии – М.: Высшая школа, 1988
  11. Латышев И.А. Современная Япония – М.: Институт востоковедения,1973
  12. Мазуров В.М. США – Китай – Япония: перестройка межгосударственных отношений (1969-1979) – М.: Наука. Академия Наук СССР институт востоковедения,1980
  13. Марков А.Н. Послевоенная политика Японии в Азии и Китае. 1945-1977 г.г. – М.: 1979
  14. Носов М.Г. Японо-Ктиайские отношения (1949-1975) – М.: Наука. Академия Наук СССР иностранных мировых экономических и международных отношений, 1978
  15. Петров Д.В. Внешняя политика Японии после второй мировой

          войны – М.: 1988

  1. Сладковский М.И. Знакомство с Китаем и китайцами – М.:Мысль,

           1984

  1. Сладковский М.И. Китай и Япония – М.: Наука. Институт даьнего

           востока, 1971

  1. Современная политика Японии в странах АСЕАН – Современная

           зарубежная   историография. Научно-аналитический обзор – М.:

           1990

  1. Страны мира. Справочник политиздат, 1980
  2. Тихомиров В.Д. Корейская проблема и международный фактор –М.:

           Восточная литература, 1998

  1. Энциклопедия основных понятий и современных терминов –

        Япония: Свободное народное издательство – жапон тілінен

        аударылған, 2003

  1. Япония – «Экономика иполитика современного капитализма» — М.:
  2.  
  3. Япония. Ежегодник – М.: 1988-1991
  4. Япония как она есть – Япония: GAKKEN – жапон тілінен

        аударылған, 1997

  1. Gerald L. Curtis. The Logic of Japanese Politics Leaders, Institutions,

          and the Limits of Change – New York, Columbia University Press, 1999

  1. Gerald L. Curtis. The Japanese way of politics — New York, Columbia

          University Press, 1988

 

 

                           МЕРЗІМДІ БАСЫЛЫМДАР

 

  1. «Азия и Африка сегодня» журналы, 1980. №8. «Новый век» в японо-китайских отношениях. Жуков А.
  2. «Мировая экономика и международные отношения» журналы, 1985. №7 Япония в Юго-Восточной Азии и Латинской Америке. Барсуков Ю.
  3. «Проблемы Дальнего Востока» журналы, 1980. №3. Япония в тисках противоречий. Тамгинский И.И.
  4. «Проблемы Дальнего Востока» журналы, 1981. №3. Вступая в четвертое десятилетие. Украинцев М.С.
  5. «Проблемы Дальнего Востока» журналы, 1987. №4. Китайско-японские отношения: проблемы и перспективы. Остроухов О.Л.
  6. «Проблемы Дальнего Востока» журналы, 1995. №1. Региональный аспект отношений Японии с Китаем. Семин А.
  7. «Проблемы Дальнего Востока» журналы, 1996 . №3. Японо-Китайские отношения подвергаются испытанию. Семин А.
  8. «Проблемы Дальнего Востока» журналы, 2001. №2. Что мешает достижению согласия между Токио и Пекином.
  9. «Проблемы Дальнего Востока» журналы, 2005. №6. Ноябрь-декабрь
  10. «Проблемы Дальнего Востока» журналы, 2006. №2. Март-Апрель

 

 

 

 

                   ИНТЕРНЕТ МАТЕРИАЛДАРЫ

 

  1. Web-site: www.ru. Корейский полуостров в геополитических стратегиях соседних государств.
  2. Web-site: aport.ru. Что грозит Японии?
  3. Web-site: rambler.ru. Япония-Китай: помехи на пути сближения.
  4. Web-site: www.11channel.dp.ua Переговоры между Северной Кореей и Японией

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[1] Вербицкий С.И. Япония на пороге XXI века – М.: 1998, 132 б.

[2] Петров Д.В. Внешняя политика Японии после второй мировой войны – М.: 1998, 87 б.

[3] Вербецкий С.И. Япония на пороге XXI века – М.: 1998, 165 б.

[4] Журнал «Мировая экономика и международные отношения». № 7.1985. Япония в Юго-Восточной Азии и Латинской Америке. Барсуков Ю.

[5] Современная Япония – М.: 1983, 447 б.

[6] Василевская И.И. Япония и страны Юго-Восточной Азии после второй мировой войны. М.: 1969, 92 б.

[7] Япония. Ежегодник. М.: 1994,  108 б.

[8] Япония. Ежегодник. М.: 1988, 62 б.

[9] Ильина И.А. Японский капитал на Азиатских рынках – М.: 1986, 49 б.

[10] Современная политика Японии в странх АСЕАН – Современная зарубежная историография. Научно-аналитический обзор. М.: 1990

[11] Япония – экономика и политика современного капитализма – М.: 1973, 190 б.

[12] Сладковский М.И. Знакомство с Китаем и китайцами – М.: 1984, 303 б.

[13] Образование Китайской Народной Республики. Документы и материалы – М.: 1950

[14] Заявление МИДа Японии. Газета «Правда», 26 қаңтар, 1974

[15] Журнал «Проблемы Дальнего Востока» №2. 2001. Что мешает достижению согласия между Токио и Пекином. Семин А.

[16] Web-site: www.aport.ru. Что грозит Японии. 6 б.

[17] Web-site: www.aport.ru. Что грозит Японии. 6 б.

[18] Энциклопедия основных понятий и современных терминов. 2003, 571 б. – перевод с японского языка.

[19] Договор 1951 года между Японией и США о поддержаний мира и взаимопомощи – Сборник документов и материалов по Японии с 1951 по 1954 года. 123 б.  

[20] Журнал «Проблемы Дальнего Востока». №4. 1987. Китайско-Японские отношения: проблемы и перспективы. Остроухов О.Л.

[21] Журнал «Проблемы Дальнего Востока» №3. 1980. Япония в тисках противоречий. Тамгинский И.И.

[22] Спорные территории Сахалина и Южных Курил.

[23]Журнал «Проблемы Дальнего Востока». №4. 1987. Китайско-Японские отношения: проблемы и перспективы. Остроухов О.Л.

 

[24] Web-site: www.aport.ru. Что грозит Японии. 5 б.

[25] Web-site: www.rambler.ru. Япония – Китай: помехи на пути сближения. 2 б.

[26] Web-site: www.aport.ru. Что грозит Японии. 4 б.

[27] История Кореи – Сеул: Международное Радио Кореи, 1995, 164 б.

[28] Тихомиров В.Д. Корейская проблема и международный фактор – М.:1998, 165 б. 

[29] Тихомиров В.Д. Корейская проблема и международный фактор – М.:1998, 165 б. 

[30] Тихомиров В.Д. Корейская проблема и международный фактор – М.:1998, 215 б. 

[31]Журнал «проблемы Дальнего Востока». №3. 1981. Вступая в четвертое десятилетие. Украинцев М.С. 

[32] Доктрина Никсона о поддержании всех своих договоров в АТР. 1969 год.

[33] Тихомиров В.Д. Корейская проблема и международный фактор – М.:1998, 273 б. 

34 Web-site: www.aport.ru. Что грозит Японии? 7 б.

35 Web-site: www.aport.ru. Корейский полуостров в геополитических стратегиях соседних государств. 3 б.

36 Web-site: www.11channel.dp.ua. Переговоры между Северной Кореей и Японией. 1 б.