Қылмыстық істі қысқарту
СЫН — ПІКІР
Қазіргі таңда мемлекетіміз құқықтық мемлекет құру жолында екендігі барлығымызғы белгілі. Құқықтық мемлекетте заң үстемдік етеді. Ол жөнінде Қазақстан Республикасының Конституциясында аталып көрсетілген.
Жалпы қоғамда мемлекет, қоғам, құқық, адамның жеке басы туралы түсініктер жөнінде пікірлер өзгеріп жатқанда, қылмыстық ізге түсу органдарының қылмыспен күресу рөлі күшейе түспек. Соның ішінде қылмыстық істердің заңды және негізді қысқартылуы қылмыстық іс жүргізудегі басты мәселелердің бірі. Қазіргі таңда көптеген қылмыстық істер қысқартылып оның субъектілері ақталуға жатады. Сондықтан алға негізгі мақсат қойылған, ол яғни құқықтық мемлекет құрып, осы мемлекетте қылмысты болдырмау, алдын алу, ізін кесу жолдарын қарастыру. Осылайша қылмыспен күресу бүкіл қоғамымыздың ең басты өзекті мәселелерінің бірі болып қалмақ.
Қазіргі уақыттағы қылмыстық істерді қысқарту қылмыстық сот ісін жүргізудегі маңызды мәселеге айналып отыр. Оның бірқатар себептері болып қылмыс жасаған адамның жеке бас сипаттарының күрделенуі сияқты әлеуметтік құбылыспен байланысты болып отырған аталған тұлғалардың қылмысы туралы істер бойынша барлық міндеттерді дұрыс орындау үшін қылмыстық ізге түсу органдарының тарапынан көбірек күш салу қажеттілігін де жатқызу қажет.
Автордың дипломдық жұмысы қылмыстық іс жүргізуде қазіргі уақыттағы көкейтесті болып отырған мәселелердің біріне арналған.
Жалпы жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізмінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде автордың тақырыпты таңдап алудағы мақсаты, оның бүгінгі таңдағы өзектілігі және ол әрекеттердің қоғамда алатын орындары жөнінде айтылады.
Диплом жұмысының 1 тарауы қылмыстық істерді қысқартудың түсінігі мен маңызына арналады. Автор өз жұмысында қылмыстық істерді қысқартудың іс жүргізудегі алатын орны мен оның процессуалдық салдарларына жалпы сипаттама береді.
Ал жұмыстың екінші тарауы қылмыстық істерді қысқартудың негізідері мен шарттары жөнінде. Мұнда автор заңда көрсетілген істі қысқарту негіздерін жіктеп көрсетеді. Дәлірек айтатын болсақ, заңнамамен көзделген негіздерді ақтайтын және ақтауға жатпайтын деп екіге бөліп қарастырады.
Диплом жұмысының үшінші тарауы қылмыстық істерді қысқартудың процессуалдық тәртібіне арналады.
Қорытынды бөлімде жұмыстың жоспары бойынша барлық бөлімдер мен бөлімшелерге тоқталып талдау жасап автор өз ұсыныстары мен қорытындыларын ұсынады.
Дегенмен жұмыстың мазмұны бойынша мынадай ескертпелерде бар:
- автор, өз зерттеуін тек қана ақтайтын немесе ақтамайтын негіздердің біріне ғана арнаса орынды болар еді. Себебі, мазмұны бойынша жұмыс өте көлемді деп ойлаймын;
- қорытындыда тәжірибе бойынша статистика нәтижелерін келтірген жөн болар еді.
Қорыта келе жоғарыда жасалған ескертпелер диплом жұмысының жағымды жақтарына кері әсерін тигізбеуі тиіс, оны тиісті деңгейде қорғаған күнде өте жақсы бағалауғаболады деген пікірдеміз.
Қылмыстық істі қысқарту
П І К І Р І
Қазіргі уақытта қылмыстық іс жүргізу саласында қылмыстық іс қозғау, алдын ала тергеуді тоқтата тұру және істерді қысқарту мәселелері көп көңіл бөлуді қажет етеді. Аталғандардың ішінде қылмыстық істерді қысқартуға тоқталғымыз келеді. Осыған орай, Айман Шахабаева өзінің жоғары оқу орынындағы дипломдық жұмысын істі қысқартуға бағыттаған. Қылмыстық ізге түсу органдарының қызметтерінің арасындағы істерді қысқарту мәселесіне қызығушылық орынды-ақ.
Диплом жұмысы кіріспе бөлімінен, үш тараудан, қорытынды бөлімнен және пайдаланылған қайнар көздер тізімінен тұрады. Оны орындау үшін 50-ге жуық қайнар көздер пайдаланылған. Олардың қатарында нормативтік құқықтық актілер және арнайы ғылыми әдебиеттер әсіресе, отандық ғалымдардың еңбектері кездеседі.
Кіріспе бөлімінде автордың тақырыпты таңдап алудағы мақсаты, оның бүгінгі таңдағы өзектілігі және ол әрекеттердің қоғамда алатын орындары жөнінде айтылады.
Диплом жұмысының 1 тарауы қылмыстық істерді қысқартудың түсінігі мен маңызына арналады. Автор өз жұмысында қылмыстық істерді қысқартудың іс жүргізудегі алатын орны мен оның процессуалдық салдарларына жалпы сипаттама береді.
Ал жұмыстың екінші тарауы қылмыстық істерді қысқартудың негізідері мен шарттарына арналады. Мұнда автор заңда көрсетілген істі қысқарту негіздерін жіктеп көрсетеді. Дәлірек айтатын болсақ, заңнамамен көзделген негіздерді ақтайтын және ақтауға жатпайтын деп екіге бөліп қарастырады.
Диплом жұмысының үшінші тарауы қылмыстық істерді қысқартудың процессуалдық тәртібіне арналады.
Қорытынды бөлімде жұмыстың жоспары бойынша барлық бөлімдер мен бөлімшелерге тоқталып талдау жасап автор өз ұсыныстары мен қорытындыларын ұсынады.
Қорыта келе жоғарыда жасалған ескертпелер жұмыстың мазмұнына
әсер етпейді. Жұмысты өте жоғары бағаға лайық деп есептеймін.
Мазмұны
Кіріспе
I Тарау. Қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқартудың түсінігі, маңызы.
1.1.Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі.
1.2.Қылмыстық істі қысқартудың маңызы.
II Тарау. Қылмыстық істі қысқартудың негізі және шарттары.
2.1.Қылмыстық істі қысқартудың мәні мен классификациялаудың негізі.
2.2.Ақтайтын негіздері бойынша өндірісті қысқарту
2.3.Ақтамайтын негіздер бойынша өндірісті қысқарту
III Тарау. Қылмыстық істі қысқартудың процессуалдық тәртібі
Қорытынды.
Нормативтік актілер
Пайдаланылған әдебиеттер
Сот тәжірибесі
КІРІСПЕ
Егемен Қазақстан Республикасы тарихи дамудың жаңа сатысына қадам басып, нарықтық қатынастарға негізделген жаңа экономикалық жүйе құру үстінде.
Құқықтық мемлекетке Қазақстан Республикасы Президентінің 2030 бағдарламасы бойынша бүгінгі саяси өмір маңызды мәселелерді алдыңғы қатарға қояды. Олардың ішіндегі ең маңыздысы құқықты сақтауды дұрыс жолға қоюы. Өзінің құқықтық негізін қоғам білгісі келеді. Саналы құқықтық мемлекеттің, халықтың сана сезімін өзгертетін маңызды саналы рухани кезеңі мемлекеттің егемендігін нығайтудың маңызды кезеңі мемлекет ішіндегі халықтың ролін анықтайды. Оның мәнісі – біздің қоғамдағы құқықтың ролін арттыру болып табылады. Оны мемлекет және қоғамдық өмірде нағыз, негіз етіп қою. Өткен саяси өмірде мемлекет мүддесі халық мүддесінен басым болған, ал қазіргі заң жеке адамның құқығын қорғайды.
Біздің мемлекеттің ең маңызды мемлекеті – мемлекет азаматтың алдындағы, ал азаматтың мемлекет алдындағы құқығын қамтамасыз ету.
Біздің мемлекеттің маңызды мәселесі болып, қоғамдық және құқықтық тәртіпті сақтау, сот органдарының жұмысын, прокурорлық бақылауды, әділет және ішкі істер органдарының жұмысын жақсарту.
Қоғам дамыған сайын оның ішіндегі құбылыстар да күрделене беретіні анық. Сол құбылыстар қатарындағы күрделісі де қауіптісі де қылмыс. Қылмыспен қатаң және қатал күрес жүргізе отырып, құқықты бұздырмау үшін алдын алу және құқық бұзу себептерін жою қажет. Қазіргі таңда қылмыстылық ұйымдасқан және кәсіпқой сипат алуда. Қоғамды қылмыстың шұғыл дамуы шиеленіскен сипат алса, бұл – мемлекет негіздеріне қауіп төндіріп, өркениетті жолмен нарыққа көшу мүмкіндігіне күмән туғызады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» табылады деп көрсетілген және өзінің түбегейлі принциптері ретінде мына төмендегілерді көрсетеді: қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық; бүкіл халықтың игілігін көздейтін экономикалық даму; қазақстандық патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен, оның ішінде республикалық референдумда немесе Парламентте дауыс беру арқылы шешу.
Қылмыстылықты және оны тудыратын себептерді айтпай, құқықтық мемлекет құру мүмкін емес.
Қылмыстық істі қысқартудың түсінігі.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 8-бабында «Қылмыстық процестің міндеттері болып, қылмыстарды тез және толық ашу, олады жасаған адамдарды әшкерелеу және жауаптылыққа тарту, әділ сот талқылауы және қылмыстық заңды дұрыс қолдану болып табылады». Қылмыстық іс жүргізудің аталған міндеттері өндірістің кез-келген немесе әрбір стадиясында орын алуы мүмкін және өндірістің нысаны ретінде алдын ала тергеуде де орын алады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 195-бабында көрсетілген жағдайларда алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралы қаулы немесе қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады.
Сондай-ақ алдын ала тергеу тергеушінің іс бойынша барлық мән-жайларды анықтап, зерттеп шешім шығаруға елеулі әсер етудің нәтижесінде 195-бапта көрсетілген негіздің біреуін басшылыққа ала отырып іс қысқартылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 195-бабына сәйкес қылмыстық істі қысқартуды алдын ала тергеудің аяқталуының дәстүрлі нысаны деп айтуға болады. Сонымен қатар қылмыстық іс қылмыстық процестің сот өндірісі стадиясында да қысқартылады (195,269,282,307,324,418,467-баптың 4-бөлігінің 6-тармақшасы, 477-баптың 2-бөлігі)
Қылмыстық істі кез-келген стадияда тоқтату үшін жиналған дәлелдемелерді бағалап, нақты тексеру қажет оның негізінде орын алған факті мен мән-жайлар анықталады, тек сосын ғана қылмыстық іс жүргізудің кез-келген стадиясында қылмыстық істі қысқарту іс бойынша қорытынды кезең болады. Егер жоғарыдағы мән-жайлар мен фактілер істің қысқаруын дәлелдей алмайтын болса іс қысқартылмайды.
Л.М. Володина, А.Я. Дубинский, З.З. Зинатуллин сияқты ғалымдардың пікірінше қылмыстық істі қысқартқан органның істі тергеуге байланысты құқықтары жойылады. Бұл жағдайда алдын ала тергеуде өндіріс бойынша іс қысқартылады.
Осыған байланысты қылмыстық іс бойынша өндірісті алдын ала тергеуде қысқартудың қорытынды шешімі болып табылады. Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу көдексінің 7 бабының 35 тармақшасында қорытынды шешімге байланысты түсінік берілген. «Қорытынды шешім» — қылмыстық процесті жүргізуші органның іс бойынша іс жүргізудің басталуын немесе жалғастырылуын болдырмайтын, сондай-ақ түпкілікті болмаса да істі мәні бойынша шешетін әртүрлі шешімдері.
П.М. Давыдов, А.Д. Донценко, И.Я. Дюряшин, Б.Х. Төлеубекова қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқарту – шешімнің болуын көрсетеді. Е.А. Челышев мұндай шешімді басқарушы акті деп қарастырады.
Алдын ала тергеуде қылмыстық іс бойынша өндірісті қысқарту туралы шешім басқарушы акт ретінде қылмыстық процесте тиісті қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуші ролін атқарады. Бұл аталған шешім заңды түрде тікелей заңға негізделіп шығарылады1.
Қылмыстық істі қысқарту – соттың немесе қылмыстық ізге түсу органының іс жүргізуші қызметінің аяқталғаны туралы шешімі. Қылмыстық істі қысқарту тек заңда көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады, ол негіздер мыналар2:
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабына сәйкес қылмыстық ізге түсуді болдырмайтын жағдайлар;
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 38-бабына сәйкес қылмыстық ізге түсуді жүзеге асырмауға мүмкіндік беретін мән – жайлар.
Қылмыстық істі қысқартудың заңды негізі соттың, тергеушінің, анықтаушының, прокурордың қаулысы болып табылады, оның көшірмесі жиырма төрт сағат ішінде прокурорға жіберіледі.
Қылмыстық істі қысқартылардың алдында сезіктіге, айыпталушыға істі қысқарту негіздері, сондай-ақ олардың заңда көзделген негіздер бойынша істің қысқартылуына қарсылығын мәлімдеу құқығы түсіндіріледі. Қылмыстық істің жалғастырылуына гегіздердің пайда болуы қылмыстық істің тоқтатылуын бұзу туралы қаулы қабылдануын қажет етеді. Істі жалғастыру қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің ескіруі шегінде жүзеге асырылады.
Қылмыстық істі қысқарту немесе оны қайта жаңғырту туралы шешімнің қабылдануы заңдылыққа прокурорлық қадағалаудың нысаны болып табылады. Іс заңсыз тоқтатылған немесе қайта жаңғыртылған жағдайларда прокурор өз қаулысымен аталған шешімдердің күшін жоюға және істі одан әрі жүргізуге немесе істі қайта жаңғырту туралы қаулының күші жойылғанда процеске қатысушылардың құқықтарын сақтау жөнінде іс жүргізушілік шаралар қолдануға жіберуге құқылы.
Істің қысқартылғаны немесе қайтадан жаңғыртылғаны туралы мүдделі адамдар: сезікті, айыпталушы, қорғаушы (адвокат), жәбірленуші , оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері өз өтініштері бойынша іс қозғалған жеке және заңды тұлға хабардар етіледі. Аталған адамдар істі қысқарту немесе қайта жаңғырту туралы шешіммен келіспеген жағдайда олар белгіленген тәртіппен оған шағым жасай алады3.
_______________________________
1 В.Я. Синев Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Алматы 2003г с.13
2 Б.Қ. Төлеубекова Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім А.,2000ж 215-216-бет
3 А.Я. Дубинский Прекращение уголовного дела. Киев. 1971г с.77
Қылмыстық іс қысқарғанда іс жүргізушілік әрекеттер де тоқтатылады, яғни алдын ала тергеу де тоқтатылады. Сондықтан әдебиеттерде қылмыстық істің қысқаруы алдын ала тергеудің аяқталуының дербес нысаны болып табылмайтындығын көрсететін қорытындының негізділігі жеткілікті емес1.
Көріп тұрғанымыздай, бұндай қорытындыға келу алдын ала тергеудің аяқталуының жалпы түсінігінің дұрыс тұжырымдалмауымен негізделеді, егер бұл түсікті тек тергеушінің қылмыстық істі қысқарту туралы шешім қабылдаумен және айыптау қорытындысын жасар алдында іске қатысушыларды істің материалдарымен таныстырудан тұрады деп шектесе, алдын ала тергеудің аяқталуының өзге нысанын қарамай тұрып,қылмыстық істі қысқартуды тек бір реттік техникалық акт деп түсінуге болмайды.
Қылмыстық істі қысқартуды алдын ала тергеудің аяқталуының нысаны ретінде қарастырсақ, онда ол белгілі бір күрделі кезең болып табылады, оның мазмұны бір қатар маңызды сұрақтарды шешуден тұрады.
Г.М. Миньковский бұл кезеңдерді төмендегідей атап көрсетеді:
а) Іс бойынша жиналған дәләлдемелердің анализі мен оларды бағалаудың жиынтығынан;
ә) Іс материалдарын тиісті нысанға (формаға) келтіру және жүйелеу;
б) Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны жасау;
в) Қылмыстық істі қысқартудан туындайтын барлық сұрақтарды шешу (айыпталушы мен сезіктіге қатысты барлық шараларды жою, мүлікке тиым салуды алып тастау т.б.)
г) Мүдделі тұлғаларға қылмыстық істің қысқарғаны туралы хабарлау2;
Сонымен қатар, Г.М.Миньковский және басчқа да авторлар негізді түрде прокурор істі қысқартуы кезіндегі алдын ала тергеуде тұлғалардыңшағымларын қараған кезде қорытынды бөліміне қосады3 . Ал А.Я.Дубинскийдің ойынша, прокурордың процесуалдық жағдайы қылмысты істің қысқартылғандығын бақылауға байланысты алдын ала тергеудің аяқталуының түсінігінен шығып кетеді деп көрсетеді. Тек қана прокурордың қылмыстық істі қысқартуға келісім беруі заңмен көзделгендігі жатады4.
Сонымен, қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыға берілген шағымды қарастырып отырған прокурордың әректтері, алдын ала тергеудің құрама бөлігі болып табылады, қылмыстық істі қысқартудың сатысына кіреді.
_________________________________
1Тарасов – Радионов П.И. Предворительное следствие. М: 1955г, С.227-236.
2Миньковский Г.М. Окончание предварительного расследования и осуществление прва обвиняемого на защиту. М:, 1957г, С.18-19.
3Миньковский Г.М. Уголовный процесс .Воронеж: Изд-во Воронежского университета, 1968. С.224.
4Дубинский А.Я. Прекращение уголовного дала в стадии предварительного расследования. Киев
Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімдерге шағым сотқа берілген кезде басқа жағдай туады. Сотта шағымдарды қарау, бұл алдын ала тергеуге соттың бақылау жасауы болып табылады. Бірақ бірінші инстанция сотталушының бұл әрекетін алдын ала тергеуге қосуға болмайды — бұл сот өндірісі.
Бұл өндірістің полистадиялық сипаттамасы бар: соттың шығарған шешімі кассациялық тәртіппен және сот тергеуімен қайта қаралуы мүмкін.
Бұл өндірісте кінәлілік немесе кінәсіздікке қатысты сұрақтар шешілмейді: тек қылмыстық істі қысқартудың заңдылығы мен негізділігі тексеріледі. Мүмкін бұл сот өндірісін ерекше өндірістер қатарына жатқызуға болатын шығар. Негізінен «ерекше өндіріс» деген түсінікті жоққа шығаруға болмайды1. Бұндай өндірістерге кінә мәселесіне қылмыстық заңның материалдық нормаларын қолдану мәселесі қарастырылмайтын шешімдер жатады.
Тұтас қылмыстық процесс сияқты, қылмыстық істі қысқарту-бұл анықтама органдарының, прокурор мен соттың қызметі, яғни алдын ала тергеудің құрама бөлігін құрайтын қызмет.
1963-жылы Г.П. Давыдов пен Д.Я. Мирский дұрыс жазғандай «қылмыстық істі қысқарту — бұл заңмен көзделген тәртіпте анықтама, тергеу, прокуратура, сот органдарының қылмыстық процесуалдық әрекеттерді жүзеге асыруы», олардың өндірісімен «фактілерді анықтау мен дәлелдемелерді жинауға байланысты әрекеттер сақталады»2.
А.Я.Дубинский жазған,қылмыстық істі қысқарту — бұл «тергеудің қорытынды бөлімі,оның құрамына жиналған дәлелдемелерді талдау мен баға беруге қатысты қылмыстық іс материалдарын жүйелеуге қатысты, іске қатысушыларды сақталған өндіріспен таныстыруға қатысты және олардан келген өтініштерді қарауға қатысты процесуалдық әрекеттер кіреді»3.
Сонымен бірге қылмыстық істі қысқартуды процесуалдық акт деп те түсінуге болады, яғни өкілетті лауазымды тұлғаның қылмыстық іс бойынша сот өндірісіне жіберуге қатысты жеткілікті негіз болмағандықтан ары қарай жүргізуді тоқтату туралы шешімі, яғни қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы немесе ұйғарым4.
_____________________________
1 А.В. Солодилов Место судебного контроля в течении уголовных судопроизводств. Томск, 1999г
2 П.М Давыдов , Д.Я. Мирский Прекращение уголовных дел в уголовном процессе. М., Госюриздат, 1963г с5.
3 А.Я. Дубинский Прекращение уголовного дела в стадий дознания и предворительного следствия Автореферат Киев 1971г с7.
4 Н.В. Жогин , Г.Н. Фаткуллин Предварительное следствие в уголовном процессе М., Юридическая литература 1965г с304.
В.А.Михайлов негізді түрде былай деп жазады «қылмыстық істі қысқартумен айыпталушының қылмыстық жауапкершілігіне қатысты мәселе шешіледі», шешім теріс нысанда беріледі және алдын ала тергеуге қатысты қорытындыға келу мәселесін шешуге әкеледі1.
Бұл шынымен солай. Шешім шығару сияқты , қаулымен де қылмыстық іс бойынша оның өміріне қатысты мәселе шешіледі, ары қарай жалғасатындығы немесе істің қысқаруы туралы қылмыстық процеске қатысты ресми қорытынды жасалады.Сондықтан да сот шешімі сияқты қылмыстық істі қысқарту туралы актінің маңызы үлкен. Бұл құжат жайдан-жай негізгі қылмыстық процесуалдық актілер қатарына жатқызылмаған.
Қылмыстық процесуалдық заңға сәйкес, алдын ала тергеу органдары қылмыстық іске қатысты бірқатар мәселелерді шешулері қажет: оқиға болған жерде қылмыс болды ма, әрекетте қылмыс құрамы бар ма, белгілі бір анықталған тұлғамен жасалды ма, ол тұлғаның кінәсі бар ма. Осы сұрақтардың біреуінің теріс болуы, алдын ала тергеу органдарының қылмыстық істі қысқартуға болады.
А.Я.Дубинскийдің ойынша істі мәнісі бойынша қарау «істің өмірін» анықтаудан, нақты тұлғаның өмірін анықтаудан тұрады2. Кінәлілік немесе кінәсіздік мәселесіне қатысты емес шешілуі мүмкін. Мәселен, егер қылмыстық істі қылмыс құрамының болмауына байланысты қысқартса, тергеу барысында басқа да нақты тұлғаның қатысына байланысты мәселе шешілмесе, онда істі мәнісі бойынша шешілді деп санауға болады.
Қылмыстық істі қысқарту туралы шешімнің тікелей сипаты бар. Тергеу органдары істі сотқа жібермей-ақ фактілерді +аяқтай алады.
Сонымен, қылмыстық істі қысқарту – бұл қылмыстық әрекет,тұтас қылмыстық процесуалдық әрекеттердің бір бөлігі сияқты.
Қылмыстық істі қысқарту – қылмыстық процесуалдық құқықтың институты. Бұл институттың ең басты кемшілігі, оның нормалары бүкіл Қылмыстық іс жүргізушілік кодексінде шашырап жатыр. Бұл нормалардың кодексінде шашыранды болуы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің жұмысы барысында қиындықтар туғызады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінде жеке тарауды бөліп шығарса тиімді болар еді. Осы мәселеге байланысты құқық қорғау органдарының қызметінде көптеген қиыншылықтар мен келеңсіздіктер туындайды. Егер заң шығарушы қылмыстық істі қысқартуға байланысты норманы жүйелейтін болса тиісті органдардың жұмысы біршама жақсарар еді деп ойлаймын.
________________________________
1 В.А. Михайлов Процессуальный порядок прекращения уголовных дел в стадии предварительного расследования. Волгоград 1970г с10.
2 А.Я. Дубинский Прекращение уголовного дела в стадии предварительного расследования Киев 1975 с.9.
Осындай заңнаманың жүйесіздігінен әділетсіз шешімдер шығып іс жүргізушілік заңның басты қағидаларының бірі-заңдылық қағидасының бұзылуына алып келіп соқтырады1.
Қылмыстық істі қысқарту бұл алдын ала тергеудің бір сатысы, алдын ала өндірісті жүзеге асыратын органдардың және прокурордың негізді түрде қылмыстық істі қысқарту туралы, алдын ала тергеуді аяқтау туралы, қаулы шығарумен тұлғаны қылмыстық жауптылықтан босату туралы әрекеттерден тұрады. Сонымен қоса, қылмыстық іс – бұл қылмыстық процесуалдақ құқықтың институты – қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарған сәттен бастап мәнісі бойынша шешіледі2.
Тергеуші, прокурор қылмыстық істі іс жүргізушілік кодексінің 37 және 38-баптарында көзделген негіздер мен тәртіп бойынша қысқартуға құқылы. Сезіктіні немесе айыпталушының қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбеген жағдайда, егер қосымша дәлелдемелер жинау үшін барлық мүмкіндік таусылса қылмыстық іс Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының бірінші бөлігінің 1 немесе 2-тармақтарының негізінде қысқартылады. Бұл жағдайда тергеуші, прокурор аждамды ақтау және оған заңсыз ұстау немесе қамау нәтижесінде келтірілген материалдық зиянды өтеу жөнінде заңдарда көзделген барлық шараны қолдануға тиіс.
Алдын ала тергеу айыптау қорытындысын жасау не қылмыстық істі медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін сотқа жіберу туралықаулы, не қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы шығарумен аяқталады.
Ал судья Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының бірінші бөлігінің 1 – 12-тармақтарында және 38-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген негіздер бойынша, сондай-ақ мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда істі қысқарту туралы қаулы шығарады. Істі қысқарту туралы шешім қабылданғаннан кейін судья бұлтартпау шарасын, азаматтық талапты және мүлкін тәркілеуді қамтамасыз ету шараларын тоқтатады және заттай айғақтар туралы мәселені шешеді. Судьяның істі қысқарту туралы қаулысының көшірмесі прокурорға жіберіледі, сондай-ақ қылмыстық жауапқа тартылған адамға және жәбірленушіге тапсырылады.
_____________________________________
1 А.С. Барабаш , Л.М. Володина Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям в стадии предварительного расследования. Томск ,1986г, С37
2 П.М.Давыдов Д.Я. Мирский Прекращение уголовных дел в советском уголовном процессе, Москва 1963г .с77
3В.Я. Синев Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Алматы 2003г с.13
Д.С. Карев, Н.М. Савгирова Возбуждение и расследование уголовных дел. М. Высшая школа, 1967г. С.112 Осындай көзқарасты өзге де авторлар ұстанады: П.М.Давыдов, В.Д.Сидоров, П.П. Якимов Судопроизводство по уголовно процесуальному закону. Свердловск 1962. с.9
Қылмыстық істі қысқартудың маңызы
Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы заңды факт болып табылады, нәтижесінде қылмыстық процесуалдық қатынастар тоқтатылады. Оның маңызы жоғары. Алдын ала тергеудің аяқталуының бір формасы ретінде қараудың ролі елеулі, себебі: қылмыстық істі қысқартуды тергеудің аяқталуының заңды нысаны деп қарастыруға мүмкіндік береді, өзінің процесуалдық маңызы жағынан айыптау қорытындысы болса, істі сотқа жіберумен тең келетін.
Г.М.Миньковский дұрыс көрсетеді,істің қысқаруы, алдын ала тергеудің аяқталу нысаны ретінде, өзінің мақсаты мен мәні бойынша істі айыптау қорытындысымен бірге сотқа жіберумен бірдей маңызға ие. Негізгі маңызы қылмыстық іс қысқартылып, өндірістегі іс мәнісі бойынша шешіледі.
Кейбір ғалымдардың пікірінше қылмыстық істі қысқарту – процестің дұрыс жүруін ++++++Олардың ойынша қылмыстық істі қысқарту – бұл екінші акт, ал кейде ақау(брак) деп санайды. Мынадай көзқарас бар, қылмыстық істі қысқарту – бұл қылмыстық істі қозғау кезінде жіберілген қателіктердің нәтижесі болып табылады, ал егер қылмыстық істі қозғау мен тергеу дұрыс жүргізілсе, онда нәтижесінде тергеушінің айыптау қорытындысын жазумен аяқталады.
Бұндай көзқарас тәжірибеде көптеген істер заңсыз қозғалып, қысқартылумен түсіндіріледі. Бірақ барлық қылмыстық істердің қысқаруы оның заңсыз қозғалуынан жүзеге аспайды.
С.А.Шейфер азаматты қылмыстық жауаптылыққа негізсіз тартпаудың процесуалдық кепілі қылмыстық істі қысқарту болып табылады. Сот өндірісінің мақсаты болып тек қана қылмыскерді жауапкершілікке тарту мен соттау емес, сонымен қатар сезікті айыпталушы ретінде ұсталған тұлғаларды уақытылы ақтау қажет.
Егер қылмыстық іс уақытылы және негізді қозғалса да, бірақ тергеу барысында қылмысты дәлелдейтін ақпараттар болмаса, қылмыс дәлелденбесе , онда уақытында қылмыстық іті қысқарту маңызды болып табылады, заңсыз және негізсіз қозғалған қылмыстық істі қысқартумен бірдей.
Қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқартудың да маңызы төмен емес. Біріншіден, қылмыстық жауаптылықтан босатылған азаматтар өзінің әрекеттермен болашақта жақсы ниеттерін дәлелдей алады.
Екіншіден, алдын ала органдары өздерінің назарларын тұтас қоғаммен азамат мүдделеріне ауыр зиян келтірілген қоғамдық қауыптілігі өте жоғары қылмыстарды тергеуге жұмсай алады.
Қылмыстық істі қысқарту жәбірленушінің де құқықтарын бұзбайды. Біріншіден, қылмыстық істі қаулыны жәбірленуші шағымдай алады. Екіншіден, қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша белгілі бір тұрғыдан алғанда оң сипаттамасы бар тұлғаға қатысты қысқартылады.Бұл жағдайға сәйкес қылмыстық іс қысқартылғанға дейін ол тұлға жәбірленушімен барлық мәселені шешіп, оған келтірілген залады өтеген болса, ал басқа жағдайда тергеуші немесе анықтама органдары қылмыстық істі қысқартуға құқығы жоқ . Өйткені қанағаттанбаған жәбірленуші бұл шығарылған шешімді сотта шағымдай алады.
Үшіншіден, қылмыстық істің уақытында қысқартылуы нағыз қылмысты жасаған тұлғаны анықтауға жәбірленушінің құқықтарын қорғауға негіз болады.
Алдын ала тергеу кезінде қылмыстық істің қысқартылуы соттың ауыртпалығын төмендетеді.
Қылмыстық істі қысқартудың негіздері, жағдайы
Қылмыстық істі қысқартудың негіздерінің түсінігі және жүйеленуі.
Қылмыстық істі қысқартудың негізгі жағдайы мен себебі болып, істі қысқартудың негізі табылады. Әрбір негіздің өзіндік сипаттамасы бар. Олар бір бірін алмастыра да толықтыра да алмайды. Заңи әдебиеттерде қылмыстық істі қысқартудың негіздерін жүйелеу енгізілмеген .
Атақты профессор В. Случевский өндірістік істі жалғастырудың негіздерін фактілік және заңдық деп бөледі1. Осы көзқарасты ұстаушы ғалым И.Я.Фойницкий қылмыстық істі қысқартудың фактілік жағдайларына айыптауға жеткілікті негіздердің болмауын, істің мәнісі бойынша айыпталушыға ұсынған айғақтардың жеткіліксіздігі, ал заңдық жағдайларына – қылмысмтық әрекетті, жазаны жоятын жағдайларды себептерді жатқызады2.
Совет ғалымы С.А. Голунский заңдық негіздерге қылмыстық әрекеттердің жазалануы мен қылмыстық сипатты жоятынтындарды,ал фактілікке – сотқа беруге мәліметтің аздығы сияқты себептер жатқызылады3.
Кейінірек мұндай көзқарастар советтің процесуалдық әдебиеттерінде сынға ұшыраған Н.В.Жогин және Ф.Н. Фаткуллин заңмен көзделген барлық себептер заңдық негіздерге жатады деп көрсеткен4. Сонымен қатар, әрқайсысы жеке – жеке анықталған фактілерді білдіреді, нақты фактілі деректермен негізделеді, осы тұрғыдан алғанда фактілік сипатқа ие.
С.А.Шейфер келесідей жүйелеуді ұсынады:
- Қылмыстылықты жоятын немесе қоғамға қауіптілікті жоятын негіздер.
- Жазаны жоятын негіздер
3.Бір айыптау бойынша екінші рет айыптауды жоятын негіздер5
М.С.Строгонович қылмыстық істі қысқартудың негіздерін үш топқа бөлген. Бірінші топқа:ол заңға сәйкес қылмыстық іс бойынша өндірісті тоқтатын жоятын негіздерді ,ал екінші топқа: тергеушіге қылмыстық істі қысқарту құқықтарын беретін, бірақ міндеттемейтін негіздер, ал үшіншіге – қылмыстық іс бойынша жеткілікті дәлелдемелер жиналмауына байланысты сотқа жіберуге жатпайтын нақты жағдайлар бойынша негіздерді жатқызады6.
______________________________
1 Под ред В.М. Случевского Уголовный процесс: учебник 1937г с47
2 И.Я. Фойницкии Курс уголовного судопройзводства М.,1970 Том 2, с.51-52.
3 С.А. Голунский О прекращении уголовных дел. 1937г
4 Н.В. Жогин; Ф.Н. Фаткуллин Указ. соч с.203-207.
5 С.А. Шейфер Некоторые вопросы прекпащения уголовных дел в стадии дознания и предварпительного следствия 1962г с.48.
6 М.С. Строгонович Курс советского уголовного процесса М., Наука; 1970г, Том 2 с.168.
А.Я. Дубинский қылмыстық істі қысқартудың үш тобын бөліп көрсетеді:
- Қылмыстық іс болмағанын дәлелдейтін негіздер .
2.Қылмыстық жауаптылықтан босататын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту негіздері.
- Фактілерді қайта тергеуді болдырмайтын негіздер1.
Әдебиеттерде ең көп тараған топтастыруды П.М. Давыдов пен Д.Я. Мирский ұсынды2. Материалдық құқықтық және процесуалдық негіздер .
Материалдық құқықтық негіздерге қарағанда процесуалдық негіздер іс жүргізушілік заңда арнайы бекітілген негіздерді жатқызады. Оларға қылмыстық өндірісті жүргізуді жоятын негіздер жатқызылады.
Соңғы көзқарасты ұсынтын авторлар материалдық – процесуалдық негіздерге жатқызады:
— қылмыс оқиғасының болмауы
— қылмыс құрамының болмауы
— ескіру мерзімінің өтуі
— рақымшылық актісінің негізінде, егер жасалған әрекет үшін жазаны жоятын болса
— қоғамға қауіпті әрекет жасаған кезде қылмыстық жауптылық жасына толмауы
қылмыс жасаған немесе кінәлі тұлғаның өлімі
— қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін жағдайлардың болуы;
Қылмыстық істі қысқартудың процесуалдық негіздеріне мына төмендегілер жатқызылады:
— сол айыптау ісі бойынша заңды күшіне енген шешімнің болуы, сол негіз бойынша қылмыстық істі қысқарту туралы соттың ұйғарымы немесе қаулысының болуы;
— анықтама, тергеу прокурордың сол іс айыптау қаулысының болуы;
— жәбірленушінің шағымының болмауы,егер қылмыстық іс оның шағымы бойынша қозғалуы қажет болса;
— жәбірленуші мен айыпталушының бітімгершілікке келуі, егер істің қозғалуы жәбірленушінің шағымы бойынша жүзеге асырылған болса;
Тәжірибелік маңызы жағынан, процесуалдық тәртіпке сәйкес қылмыстық істі қысқартудың маңыздылығы басқа жүйелеудің негізіне ие. Осыған сәйкес қылмыстық істің негіздерін былай жүйелейді :
1.Ақтайтын
2.Ақтамайтын
_______________________________
1 А.Я. Дубинский Пекращении уголовных дел в стадии предварительного следствия Автореферат, Киев 1971г с.14.
2 П.М.Давыдов, Д.Я. Мирский Указ соч 1963г с.11.
«Ақтайтын (лат.Rehabilitation, re –қайта, қайтадан + habilitas /habilitatis/ — жаралуы, қабілет, икемділік, ағылшын тілінен rehabilitation) – 1) азаматтардың құқықтарын қалпына келтіру; 2)қайтадан жақсы атағын қалпына келтіру.
Осыдан келіп, ақтамайтын негізге сәйкес қылмыстық істің қысқартылуында «қалпына келтіру» туралы сөз болмайды.
Қылмыстық істі қысқартуының осындай негіздері тәжірибеде кең қолданылады. Бұл мынамен негізделеді қылмыстық істі ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту қылмысты тергеу мен істі айыптау қорытындысымен сотқа жіберумен тең болады. Бұл жүйелеу айлық, тоқсандық, жарты жылдық және жылдық есеп беру кезінде тиімді, сонымен қатар тергеушілермен анықтама жүргізетін органдардың жеке ауыртпалықтарын есептеуде де тиімді.
Ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту.
Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша өндірісті қысқарту Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1- Прекращение уголовных дел бөлігінің 1-тармағы (қылмыс оқиғасының болмауы),2-тармағында (қылмыс құрамының болмауы) анықталған. Негіздерді ажырату кезінде тәжірибелік қызметте алдын ала тергеу органдарының жұмысында қиындықтар туады. Қылмыстық іс жүргізушілік әдебиеттерде де осы сұраққа қатысты пікірталас бар. Ақтайтын негіз бойынша негіздерді ажыратуда көптеген қарсылықтар ресей ғалымдарының арасында жиі кездеседі1.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыс оқиғасының болмауына байланысты қылмыстық істі қысқарту.
Қылмыс оқиғасы – бұл жасалған қоғамға қауіпті әрекет, құқық бұзушылық деп бағалауға болады. Бұл белгілі бір адамның әрекетімен жасалады және ол міндетті түрде қоғамға қауіпті болуы тиіс. Қылмыс оқиғасында объективтік жақтың бейнесін көруге болады. Ал объективтік жақтың міндетті белгісі болып – қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік табылады
Орын алған қылмыс оқиғасы туралы құқық қорғау органдарындарына қылмыс оқиғасына куә болған тұлғалардың жауаптарынан немесе жағдайдың өзгеруінен, заттардың ауысуынан белгілі болуы мүмкін. Кейде адамдардың хабарламалары қате, жалған, ал жағдайдың өзгеруі — қылмыспен байланыссыз күйде болуы мүмкін.Істің мән – жайын тергеу барысында тергеліп жатқан істің мүлдем орын аплмағандығы туралы қорытынды шешімге келуге болады.
Сонымен әрекетте оқиғаның болмауы немесе қылмыс құрамы жэлементтерінің бірінің болмауы заңда нақтылы түрде істі қысқартудың жеке-дара негізі ретінде көрсетілген және жиі тәжірибеде орын алады2.
Тәжірибедегі құқық қорғау қызметкерлері өздерінің тәжірибесіне сәйкес өндіріс бойынша қылмыстық істі қысқартқан жағдайда екі негізді жиі бірге атап көсетеді: 1. Қылмыс қырамының былмауы;
- Қылмыс оқиғасының болмауы;
Көптеген авторлар оқиғаның болмау мәселесін тергеу барысында анықталған мән-жайлар бойынша мүлдем орын алмаған оқиға туралы сөз қозғайды3. Қылмыс оқиғасының болмауын қылмыс құрамының болмауымен салыстыратын авторлар төмендегіше баяндайды:қылмыс
_______________________________
- П.М. Давыдов, Д.Я. Мирский Прекращение оуголовного дела в стадии дознания и предварительного следствия М., 1974г с.45-49.
- Л. Корнеева Прекращение уголовного дела за отсутствием состава и события преступления 1970г 53-54.
- П.М. Давыдов, Д.Я. Мирский Прекращение уголовных дел М., Госюриздат 1963, с.12
оқиғасы, яғни соның негізінде қозғалған қылмыстық іс фактілі түрде мүлдем орын алмағандығы туралы айтылады1.
Кейбір авторлардың пікірінше, қылмыс оқиғасының болмауы жайлы сөз қозғауға болады. Егер қылмыстық іс бойынша қозғалған оқиғаның болмауы. Н.Я. Якубовичтің пікірінше: «тергеудің пәні болып табылатын қылмыстық әрекет, шын мәнінде орын алмаған жағдайда, қылмыстық оқиға болмады деп есептеледі»2.
Н.В. Жогин мен Ф.Н. Фаткуллиннің көзқарасы қарастырылып отырған сұрақ бойынша дұрыс. Олардың ойынша, «қылмыстық істі қысқартудың негізі ретінде қылмыс оқиғасының болмауы, алдын ала тергеуде әртүрлі нұсқаларда анықталады». «Қылмыс белгілері болып, бірақ қылмыс құрамының элементтері толық болмаса, онда әрекет болмады деп есептеледі». Бұл мәселенің тек теориялық емес тәжірибелік маңызы да бар. Себебі: қылмыстық іс қылмыс құрамының болмауына байланысты қысқартылса, онда іс бойынша барлық жауаптылық жойылады. Қылмыс құрамы болмаған кезде қылмыстық іс нақты тұлғаға қатысты қысқартылады: онымен жасалған әрекет қылмыс болып табылмаса. Бұл жалпы ереже. Сонымен қатар, қылмыстық жағдайларды белгілейді, яғни тұлға қылмыстық жауаптылықтан босатылады, оның әрекеті қылмыс белгілеріне сәйкес болса да:
1.Қажетті қорғаныс – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 32-бабы;
2.Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру — Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 33-бабы;
3.Аса қажеттілік — Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 34-бабы;
4.Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу — Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 36-бабы;
5.Орынды тәуекел ету – Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 35-бабы;
6.Бұйрықты немесе өкімді орындау — Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 37-бабы;
Осы аталған жағдайлар анықталса қылмыстық іс қозғалғаннан кейін,онда өндіріс қысқартылуға жатады. Н.В. Жогин мен Ф.Н.Фаткуллиннің пікірінше, адамның қылмыстық әрекетке қатысын дәлелдемеу салдарынан қылмыстық қысқартылады, егер тергеушінің
_________________________________
1 Д.С. Карев, Н.М. Савгирова Возбуждение и расследование уголовных дел. М. Высшая школа, 1967г. С.112 Осындай көзқарасты өзге де авторлар ұстанады: П.М.Давыдов, В.Д.Сидоров, П.П. Якимов Судопроизводство по уголовно процесуальному закону. Свердловск 1962. с.9
2 Н.Я. Якубович Окончание предварительного следствия. М.; Юридическая литература 1962. с.10
барлық әрекеттеріне қарамастан айыптау бойынша қылмыстық жауаптылықтың барлық құрамдарын анықтайтын фактілерді дәлелдеу сәтсіз болса, бұл фактілер құқықтық әрекеттің белгілі тұлғаның осы қылмысқа қатысты кінәлілігін анықтайтын негіздің болуын айтады1.
Г.Н. Стойко осыған сәйкес заңнамада дәлелденбеу негізіне қатысты қылмыстық істі қысқартудың үш негізін бөліп көрсетуді ұсынады:
— қылмыс оқиғасының болуының дәлелденбеуі;
— айыпталушының қылмыстық іс-әрекет жасауға қатысуының дәлелденбеуі;
— тұлғаның жасаған әрекетінде кінәсінің дәлелденбеуі2;
Бұл көзқараспен толық келісуге болады деп есептеймін. Шынында да, тергеу тәжірибесінде жасалған әрекет белгілі – бір нақты тұлғамен тығыз байланысты болуы мүмкін жағдайлар аз емес. Және осы тұлғаның қылмысқа қатыстылығының дәлелденбеуі – автоматты түрде қылмыстық істің қысқартылуына алып келіп соқтырады.
Ақтайтын негіздер бойынша қысқартылған барлық қылмыстық істер алдын ала тергеудің кемшілігі салдарынан болады деп санауға болмайды. Яғни қылмыстық іс қылмыс белгілері болған кезде қозғалуы қажет. Қылмыстық құқық ғылымында қылмыстың төрт белгісін атап көрсетеді3. Олар: қоғамға қауіптілік, қылмыстық құқыққа қайшылық, кінәлілік, және жазаланушылық.
Қылмыстың бірінші белгісі оның қоғамға қауіптілігі. Қоғамға қауіптілік қылмыстың негізгі материалдық белгісі және қандайда бір әркетті қылмыс деп танудың негізі болып табылады. Алайда қоғамға қауіптілік — өзгермелі категория. Ол бірнеше жағдайларға: іс-әрекеттің өзіне (әрекет немесе әрекетсіздік); қылмыстың жасалу жағдайы, орны уақыты, тәсіліне; қылмыскердің жеке басының ерекшеліктеріне; қылмыстан келген зардаптың мөлшеріне; қылмыстың мақсаты мен мотивіне және т.б. жағдайларға байланысты анықталуы мүмкін .
Егер жасалған әрекетте қоғамға қауіптілік белгі болмаса, онда оның қылмыстылығы мен жазаланушылығы жойылады. Сондықтан, жасалған әрекеттің белгілері формальды болса да бар, бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамға қауіпті емес іс-әрекет қылмыс болып табылмайды (ҚР ҚК 9-бабының 2- бөлігі).
Қылмыстың екінші белгісі – қылмыстық құқыққа қайшылық, яғни белгілі бір әрекетпен қылмыстық норманы бұзу. Қоғамға қауіпті әрекет, егер ол қылмыстық заңда тікелей қарастырылған болса ғана қылмыс болып табылады.
______________________________
1 Н.В. Жогин, Ф.Н. Фаткуллин Предварительное следствие М.; Юрид. Лит-ра, 1965 с.306.
2 Г.Н. Стойко Недоказанность обстоятельства уголовного дела. Красноярск ; 1984г. С.21
3 Д.Б. Бұғыбай Қылмыстық құқық Жалпы бөлім Алматы 2003ж.; 32-бет
Қылмыстың келесі белгісі – кінәлілік. Адамның өзі жасаған әрекетіне немесе әрекетсіздігіне қатысты психикалық қатынасы болса, оның әрекеті кінәлі түрде жасалған деп танылады. Сонымен бірге, сыртқы формальды белгілері қылмысты құрайтын тойтарылмайтын күш нәтижесінде немесе күштеп мәжбүрлеу кезінде адамның жасаған әрекеті де қылмыс ретінде саналмайды. Яғни, кінәсіз қылмыс та, жаза да жоқ деген сөз.
Жазаланушылық – қылмыстың соңғы белгісін құрайды, өйткені қылмыстық заң жазалау қатерімен қорқытып тиым салған әрекетті немесе әрекетсіздікті жасау қылмыс болып саналады1. Мұның өзі қылмыс құрамы туралы сипаттама тек қылмыстық заңда ғана көрсетілгенін және осы іс-әрекет үшін қылмыстық заңның санкциясында жжзалау қатері қарастырылатынын білдіреді. Мұндағы жазалау қатерімен тиым салу қылмыстың жазаланушылық белгісі болып табылады.
Бұл көрсетілгендер қылмыстың негізгі төрт белгісі болатын. Осы белгілерге сәйкес қылмыстық әрекетті жай әрекеттен ажыратамыз.
Қазақстан Рнспубликасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 2-тармағына сәйкес қылмыс құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі қысқарту. Егер қылмыс құрамы болмаса қылмыс та жоқ деген түсінік шығады. Мұндай жағдайда өндіріс міндетті түрде қысқартылады2.
Қылмыс құрамының ұғымы латынның corpus delict қылмыстық құқықтың ортағасырлық ғылымында пайда болған және ол тек процессуалдық мағынада қолданылды3.
Сонымен қылмыс құрамы — бұл жасалған белгілі бір қоғамға қауіпті іс-әрекетті нақты қылмыс ретінде сипаттайтын қылмыстық заңмен бекітілген қылмыстың объективтік және субъективтік белгілерінің міндетті жиынтығы.
Қылмыс құрамы төрт элементтен тұрады:
1.Қылмыстың объектісі – қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар: адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, заңды мүдделері, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделері, қоғамдық қауіпсіздік пен қоршаған орта, Қазақстан Республикасының Конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығы мен қатар қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, блейбітшілікпен адамзаттың қауіпсіздігін қоғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.
______________________________
1 А.Н. Ағыбаев Қылмыстық құқық, Жалпы бөлім, Адматы: Жеті Жарғы :1999 ж.37-бет.
2 Б.Қ. Төлеубекова Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы, Алматы: Жеті Жарғы : 2000ж, 235-б
3 Л. Карнеева Прекращение уголовного дела за отсутствием состава и события преступления. М.;1970г 53-54с.
2.Қылмыстың объективтік жағы – қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік. Яғни қоғамға қауіпті зардап, себепті байланыс, қылмыс жасау, орны, уақыты, тәсілі, құралы және т.б.
3.Субъектісі жеке адам,есі дұрыс, жауаптылық жасына жеткен болуы тиіс. Қылмыстық заңнамаға сәйкес қылмыстық жауаптылық жалпы жас шамасы он алты жас болып табылады, кейбір ерекше жағдайларда он төрт, он сегіз,жиырма бес жастан да жауаптылық басталады. Біздің заңнамаға сәйкес міндетті түрде жеке тұлға болуы тиіс, яғни заңды тұлғаның қылмыстық жауаптылығы қарастырылмайды. Есі дұрыстық та субъектінің міндетті белгісіне жатады. Егер адам өз әрекетіне жауап бере алмайтын болса біз оны қылмыстық жауаптылыққа тартпай, керісінше тиісті емдеу мекемесіне соттың шешімімен емделуге жіберіледі. Қылмыс адамның кез-келген іс-қимылы сияқты адамның санасы мен еркі арқылы анықталады және бақыланады. Сондықтан есі дұрыстық – қылмыс субъектісінің міндетті ажырамас заңдық белгісі болып саналады.
4.Субъективтік жақ – кінә (абайсыздық пен қасақаналық), ниет, мақсат, эмоционалдық жағдай (аффект).
Осы құрам элементтерінің бірінің болмауы қылмыс құрамының жоқтығын дәлелдейді. Ал қылмыс құрамы болмаса қылмыс та жоқ беген түсінік қалыптасады. Сол себептен тиісті орган қылмыстық істі тез арада қысқартуға міндетті. Егер кінәлі деп санаған тұлға қамауда болса тез арада босатылуы тиіс. Сондықтан да мұндай негідер ақталуға жататын негіздер деп аталады.
Қазақстан Рнспубликасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 2-бөлігінде қылмыстық іс қылмыс оқиғасаның жоқтығы дәлелденген кезде де, егер қосымша дәлелдер жинау үшін барлық мүмкіндіктер сарқылса, олардың бар екендігі дәлелденбеген кезде де, осы баптың бірінші бөлігінің 1 және 2- тармақтарында көзделген негіздер бойынша қысқартылады.
Тәжірибеден алынған мысалдар:
Бостандық аудандық ішкі істер бөлімінің тергеушісімен кәмелетке толмағанды зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Тергеу барысында анықталған мән-жайлар: бір топ жастар А. Деген азаматтың пәтерінде қылмыс оқиғасы орын алған. Н.деген азамат бұған дейін таныс болмаған Б.-ның туылған күніне досы С.-мен бірге ол жерде Б.-мен оның шақырылған қонақтары болды. Барлығы жиналып спирттік ішімдік ішкен. Сосын Н. Оған нашақорлық затты салып беруді сұрап, осыдан кейін ол сол жерде болған ер-азаматтармен жыныстық қатынасқа түседі. Сонымен қатар, Н. өзінің венерологиялық аурумен ауратынын ескертіп, тиісті құралды пайдалануды ұсынып, ешқандай қарсылықсыз жыныстық қатынасқа түскен. Оған қарсы ешкім күш көрсетпеген және ло өзі бұл әрекетке өз еркімен барып отыр. Сондықтан орын алып отырған факт бойынша қылмыстық іс қысқартылады. Себебі қылмыс құрам элементтері жоқ. Бұл жағдайда қылмыстық іс толығымен қысқартылады.
Ия, айыпталушыға байланысты іс толығымен қысқартылуы тиіс, бірақ тергеу барысында иөзге де мән-жайлар анықталуы мүмкін.
Барлық ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істің қысқартылуын алдын ала тергеудің кемшілігі деп білуге болмайды. Қылмыстық іс қылмыстың белгілері мен қатар қылмыс құрамы мен оқиғасының болуына байланысты қозғалуы қажет.
Егер қылмыс белгілерінің негізінде өндіріс қозғалса, кейін қылмыс құрамының бір элементінің болмағандығынан қысқартылса, онда қозғалған қылмыстық істің қозғалуы мен қысқартылуын заңды әрі негізді деп есептеуге болады.
Мысалы: домалақ (аноним) қоңырауы негізінде шыққан жедел – іздестіру тобы пәтерде ер адамның мәйітін табады. Мәйіттің денесінде пышақ іздері табылады. Аталған қылмыс белгілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабы 1-тармағымен қылмыстық іс қозғалды. Көп ұзамай осы қылмысты жасауы мүмкін деген күдікпен сезікті ретінде жәбірленушінің ( мәйіттің ) жұбайы табылады. Бұрын сотталған, бірақ шартты мерзімге босатылған.
Алдын ала тергеу барысында жұбайы бұрын күйеуіне дене жарақатын салғаны үшін сотталғандығы анықталған.
Сонымен тергеу барысында Махатова Сайра Шалбайқызы күйеуін қажетті қорғаныс кезінде анықталып, Қр ҚК-нің 32-бабына (қажетті қорғаныс) сәйкес өндіріс қысқартылды. Мұндай мысалдар күнделікті тұрмыста жиі кездесіп тұрады.
Қылмыстық істі ақтайтын негіздер бойынша қысқартқан жағдайда, егер ол заңды әрі негізді қозғалған болса, іс бойынша өндірісті тоқтата тұрумен салыстырғанда қылмыстық — процессуалдық қызмет толық тоқтатылады қылмыстық сот өндірісінің толықтай және жекелеп алғанда алдын ала тергеудің де міндеттері орындалған болып есептеледі1.
Қылмыстық сот ісін жүргізу міндеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 8-бабында белгіленгендей, заңды дұрыс қолодану тек қана әрбір қылмыс жасаған тұлғаны әділ жазалау емес, сонымен бірге бірде бір кінәсіз тұлғаның сотталмауы табылады2.
Ақтайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту кезінде заңды дұрыс қолдану мәселесі шешіледі ол қылмыс жасаған немесе қылмыс жасчаудағы кінәлілігі дәлелденбегендерге қолданылмайды3.
_______________________________
1 А.Я. Дубинский Прекпащение уголовного дела в стадии дознания и предварительного следствия Киев 1975г с.9-15
2 В.З. Лукашевич Актуальные вопросы прекращения уголовного дела Ленинград 1968г с.114.
3 П.И. Коробов Предотвращение следственных ошибок при освобождение от уголовной ответственности М.; 1978г. С. 74-76
Бірақ көбіне қылмыстық іс қысқартылады (немесе ақтаушы үкім шығарылады) себебі қылмыстық іс жеткілікті негідерсіз қозғалуы не айыпталушы ретінде шын мәнінде қылмыс жасаған тұлғаны емес, өзге тұлғаны немесе қылмыс жасауда айыпталушының кінәлілігін дәлелдей алмаса. Мысала Ш. Айыпталушы ретінде әйеліне ауыр емес дене жарақаттарын келтірумен байланысты тартылған. Тергеу барысында жәбірленуші Ш.-ның Соған қоса, сот өз үкімінде ұсынылған алып қою актісі мен сот – медициналық хаттамасына жол берілмейтіндігін көрсетеді, себебі нәтижесінде олар алынған әрекеттер қылмыстық – процессуалдық заңнамамен көзделген.
Міне, сондықтан ақтаушы негіздер бойынша тоқтатылған қылмыстық істер пайызы, сонымен бірге ақтаушы үкімдердің пайызы. Сотқа дейінгі өндірістің әртүрлі нысандары мен тергеушілердің қызметінің тиімділігін салыстырмалы талдау кезінде критерийлердің бірі ретінде қарастырылуы мүмкін.
2.2 Ақтамайтын негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту
Қылмыстық істерді ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту негіздерінің шеңбері біршама кең. Олардың барлығын ақтамайтын негіздердің кез-келгені бойынша істі тек қана тұлғаның бұрын ол бойынша қылмыстық іс қозғалған қоғамға қауіпті әрекетті шындығында жасағаны анықталған және ол әрекет қылмыс сияқты қоғамға қауіпті болып келетін жағдайда қысқарту мүмкіндігін біріктіреді1.
Осыған сәйкес ақтамайтын негіздерді екі топқа бөлуге болады2:
- Олардың негізінде тұлға өз өндірісіндегі қылмыстық істі қысқартуға міндетті болатын негіздер:
— ескіру мерзімінің өтуі;
— егер ол жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актісінің болуы, сонымен бірге жекелеген тұлғаларға кешірім жасау;
— егер тұлға қоғамға қауіпті әрекет жасау сәтінде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкін болатын жасқа толмаса;
— жәбірленушінің немесе оның өкілінің арыздары бойынша қозғалатын істер бойынша айыпталушы мен жәбірленушінің татуласуы;
— айыпталушының қайтыс болуы (қайтыс болған адамды ақтау немесе жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша өзге тұлғаларға қатысты істі жаңғырту үшін іс бойынша өндірістің қажеттігі жағдайын қоспағанда);
— нақ сол айыптау бойынша заңды күшіне енген дәл сол негіз бойынша істі қысқарту туралы сот үкімінің не ұйғарымы не қаулысының болуы (өз өндірісіндегі қылмыстық істі қозғау қажеттігін соттанған жағдайынан басқа жағдайда);
- Олардың негізінде тергеушіде қылмыстық істі қысқартуға құқығы бар болатын, бірақ мұны жасау міндетті емес болып табылатын негіздер:
— жағдайдың өзгеруі;
— жәбірленушінің күдіктімен немесе айыпталушымен татуласуы;
Бірінші және екінші топтағы негіздер арасындағы айырмашылықтар сонымен бірге бірінші топтағы әрбір негіз бойынша кез-келген қоғамға қауіпті әрекет туралы істер оның қоғамдық қауіптілік дәрежесіне байланыссыз қысқартылуы мүмкін.
Ал екінші топтағы негіздер бойынша, егер тұлға ауыр немесе аса ауыр қылмысты жасаған деп айыпталғанда істі қысқарту мүмкігдігі туындайды.
___________________________
1 Дубинский А.Я. Основания к прекращению уголовного дела стадии предварительного расследования. Киев, 1973г. С. 65
2 Голунский С.А. О прекращении уголовных дел. 1970г.
Бірінші топтағы негіздерді қарастырайық:
- Ескіру мерзімінің өтуі;
П.М. Давыдов пен Д.Я. Мирский дұрыс айтып өткендей, ескіру – бұл заңмен белгіленген мерзім, оның өтуі бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартудың мақсаттылығы жойылса да іс міндетті түрде қысқартуға жатады1. Ал қылмыстық құқық ғылымына өз үлесін қосқан ғалымдар төмендегідей анықтама береді2.
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату дегеніміз – бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы және өлім жазасы тағайындалуы мүмкін қылмыстарды қоспағанда, қылмыс жасаған уақыттан бастап кінәлі адамды сол қылмысы үшін заңда көрсетілген шарттарға сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтуіне байланысты кінәліні жауаптылықтан босату жөніндегі құқықтық нормалардың жиынтығы.
Заң бұл институтты қолданудың үш жағдайын көрсетеді3:
- Заңда көрсетілген мерзімнің өтуі;
- Осы мерзімдер ішінде адам жаңадан ауыр немесе аса ауыр қасақана қылмыс жасамаса;
- Тергеуден немесе соттан жалтармаса.
Заңда қылмыстық жауаптылықтан босату қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өтсе мүмкін болады:
а) кішігірім қылмыс жасағаннан кейін екі жыл;
б) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін бес жыл;
в) ауыр қылмыс жасағаннан кейін он жыл;
г) аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл
Ескіру мерзімдері қылмыс жасаған күннен бастап және заңды күшіне енген кезге дейін есептеледі.
Ескіру мерзімі мынадай екі жағдайда тоқтатылады:
- Егер қылмыс жасаған соттан немесе тергеуден жалтарса, яғни қылмыстық жауаптылықтан босату мақсатын көздейтін қасақана әрекеттер: тұрғылықты жерінен кетіп қалу, аты-жөнін өзгерту, бөтен фамилиямен жаңа жерде өмір сүру және т.б. Бұл ретте ескіру мерзімінің өтуі адамның ұсталған немесе айыбын мойындап келген мерзімінен басталады, яғни осыған дейінгі өткен ескіру мерзімі күшін жоймайды деген сөз. Ал егер ескіру мерзімі тоқтатылмастан қылмыс жасаған уақыттан бері жиырма бес жыл өтсе, адам қылмыстылық жауаптылыққа тартылмайды.
- Егер ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған адам осы қылмыстыр үшін ескіру мерзімі өткенге дейін (10-15 жыл) жаңадан қылмыс
_____________________
1 Давыдов П.М., Мирский Д.Я. Прекращение уголовных дел в советском уголовном процессе. М., Госюриздат 1973г. С.30
2 А.Н. Ағыбаев Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы, Жеті Жарғы 1999ж. 242-бет.
3 ҚР қылмыстық кодексіне түсініктеме. Алматы 2001ж. 140-бет.
жасаса ескіру мерзімі тоқтатылады. Мұндай жағдайларда ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейінгі уақытта жойылып,
жаңадан жасалған қасақана қылмыс пен бұрынғы ауыр немесе аса ауыр қылмыс үшін ескіру мерзімдері жаңадан жасалған қылмыстардың жасалу уақытынан бастап қатар есептеледі.
Осы уақыттан бастап біріктірілмейтін, сіңірілмейтін екі жеке ескіру мерзімдері қатар басталады. Тиісінше, егер адам жаңа қасақана қылмыс жасағанға дейін ауырлығы онша емес немесе орташа ауыр қылмыс жасаған болса ескіру мерзімдері тоқтатылмайды. Сондай-ақ, егер адам ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаса, бірақ жаңа жасаған қылмысы қасақана қылмыс категориясына жатпаса ескіру мерзімі тоқтатылмайды. Мұндай жағдайда әрбір жеке қылмыс үшін ескіру мерзімдері олардың жасалған кезінен бастап есептеле береді1.
Қылмыстық заңда нақты белгіленген қылмыстың түрі бойынша жеңілдететін жаққа қарай өзгерістер ескіру мерзімінің өтуін есептеуде жаңа заң ескеріледі. Егер жаңа заң жазаны күшейтетін болса, онда ескіру мерзімі ескі заңмен ескеріледі. Ескіру мерзімі қылмыс жасаған күнен басталады. Жасау күні деп 24 сағатты қоса есептегенде, қылмыстық зардапты келтірілгендігімен байланыссыз немесе байланысты уақытты айтуға болады2.
Ескіру мерзімі жалпы белгіленген мерзімнің өтуіне байланысты соңғы күннің 24 сағаты өтуімен жойылады, басқа жағдайларда жылдық календарь бойынша, сонымен қатар мерзімнің тоқтатылуы болғанда жылдың айлары не күндерімен есептелінеді. Егер үкім ескіру мерзімнің өтуінен кейін күшіне енген болса, адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Осы мерзімнің өтуі созылмалы қылмыстар үшін уақыт бойынша, оның, яғни адамның өз еркімен тоқтатуына байланысты есептелінеді (айыбын мойындап келу, еркінен тыс құқық қорғау органымен ұсталуы). Ал жалғаспалы қылмыстар үшін – соңғы жасаған қылмыстан бастап есепке алынады3.
Ескіру мерзімнің өтуі, егер адам сотта немесе тергеуде бойтасаласа үзіледі. Өткен мерзім өзінің маңыздылығын жоғалтпайды, керісінше адамның кінәсін мойындап келуі немесе құқық қорғау органдарымен ұсталуы кезінен бастап жаңартылған мерзімге қосылады. Мысалы, 20 қаңтарда қылмыс жасалды. 3 айдан соң айыпкер тергеуден жалтарып 5 айдан кейін ұсталады, яғни 20 қыркүйекте деп белгіленсе, бұл жағдайда ескіру мерзімі 20 сәуірден 20 қыркүйекке үзіледі, 3 айлық ескіру мерзімініңөтуі 20 қыркүйектен кейін жаңартылады.
______________________
1 Д.С. Темирова Соотношение вменяемости, невменяемости и психических расстройств не исключающих вменяемости. Караганда 2001, с50-57.
2 Д.Б. Бұғыбай Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы, 2003ж. 273-бет.
3 Қазақстан республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. А., 2001ж. 140-бет.
Өлім жазасы түріндегі жаза қодлданылуы мүмкін қылмысты жасаған адамға ескіру мерзімін қолдану туралы мәселені сот шешеді. Ол мәселені сот шешу кезінде қылмыс жасағаннан кейінгі кінәлінің мінез-құлқын Отан алдындағы еңбегін, наградасының барлығын және қоғамдық пікірді ескеруі тиіс. Ескіру мерзімінің бітіуіне байланысты сот адамды қылмыстық жауаптылықтан босату мүмкін деп таппаса, өлім жазасы тағайындалмайды, оның орнына 25 жыл бас бостандығынан айыруды немесе өмір бойы бас бостандығынан айыруды тағайындайды. Бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігіне қарсы қылмыстар Қылмыстық кодекстің 156-164 бабындағы қылмыстарға ескіру мерзімі қолданылмайды1. Яғни тұлғаның тек қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімінің өтуі туралы ережелер тарайтын қылмыстарды жасауы. Сондықтан қылмыстық істі аталған негіз бойынша қылмыс жасаған тұлғаның кінәсінің толық дәлелденбеуінсіз қысқарту заңдылықты қатаң бұзуды, қылмыстық әрекеті туралы тергеу жүргізілген тұлғаның құқығын елеулі түрде шектеуді бұзуды білдіреді2.
Бұл пікір негізінен дұрыс, бірақ амнистияланған қылмысты жасаған тұлға белгілі болған жағдайда ғана, бірақ кім жасағанына байланыссыз іс-әрекеттің өзі амнистияланатын болса, онда міндетті түрде тұлғаны анықтау және оны айыпталушы ретінде жауапқа тарту, одан соң, барып қылмыстық істі қысқарту қажет деп түсіну дұрыс емес. Қылмыстық-процесуалдық заң мұны талап етпейді. Онда қылмыстық істің қозғалмайтыны, ал қозғалған іс қысқартылуға жататыны анық айтылған3.
Тұлғаларды белгілі бір категориялары да сол сияқты іс-әрекеттерде оны кім жасағанын байланыссыз немесе кім жасағанына қарамастан амнистияланады. Мысалы, қызметтік жалғандық қылмыстарының барлығы осыған жатқызылады.
Жоғарыда аталып көрсетілген негіз бойынша қылмыстық іс тек екі жағдайда бар болғанда қысқартылуы мүмкін:
- Амнистия актісінде нақты осы жағдайға байланысты шектеулерінің болмауы;
- Осы негіз бойынша істің қысқартылуына тұлғаның қарсы болмауы.
Мерзімнің ескіруі екі түрі белгіленген:
а) дифференциялық, яғни қылмыстық ауырлығына байланысты болатын аралық;
б) бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс жасаудан басқа, жалпы қарастырылатын қылмыстардың түрлері, тергеуден немесе соттан бойтасалап жүрген адамдарға 25 жылдық мерзімнің болуы.
_____________________
1 ҚР Қылмыстық кодексіне түсінік. А., 2001ж. 141-бет.
2 Д.Б. Бұғыбай Қылмыстық құқық. Жалпы бөлім. Алматы, 2003ж. 172-бет.
3 Давыдов П.М., Мирский Д.Я. Прекращение уголовных дел в советском уголовном процессе. М., Госюриздат 1973г. С. 41
Сонымен қорыта келе ғалымдардың айтуы бойынша және тәжірибеде қылмыстық істі ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қысқарту сирек кездеседі.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37 бабы 1 бөлігінің 3 тармағында көрсетілген қылмыскер жасаған әрекет үшін жаза қолдануды жойса, рақымшылық ету актісінің салдары. Бұл негізді қарастыра отырып профессор ғалым А.Я. Дубинский мынадай қорытындыға келді:
Рақымшылық ету актісін қолданудың негізгі талабы ретінде тұлғаның жасаған қоғамға қауіпті әрекетінде қылмыс құрамының бар екендігі міндетті түрде нақты дәлелденген болуы тиіс деп көрсетеді1. Егер тұлғаның жасаған қоғамға қауіпті әрекетінде қылмыс құрамының бар екендігімен қоса оның жасаған әрекетіне кінәлілігі дәлелденбесе, онда біріншіден заңдылық принципінің бұзылуына алып келіп соқтырса, екіншіден әрекетті жасаған, жасамаған адамның құқықтары мен бостандықтары қатаң түрде бұзылып шектеледі.
Бұдан шығатын қорытынды алдын ала тергеу барысында тиісті орган өз қызметін тиісінше жүргізбегені және заңдылықтың бұзылуының көрсеткіші болып табылады.
Сонымен рақымшылық жасау туралы актіні адамдардың жеке айқындалмаған тобы жөнінде Қазақстан Республикасының Парламенті шығарады. Бұл бірқатар қылмыс санаттарына қатысты немесе жеке айқындалмаған сотталғандар тобына, мысалы жұкті әйелдерге, кәмелетке толмаған балалары бар әйелдерге, алпыс жастан асқан ер адамдарға бірінші, екінші топтағы мүгедектерге және тағы басқаларға қатысты шығарылатын нормативтік акті, яғни рақымшылық қолданылатын адамдар аладын ала анықталмайды осы белгісі арқылы рақымшылық нақты сотталғандарға қатысты шығарылатын кешірім актісінен ерекшеленеді2.
Жоғарыда көрсетілген акт белгілі бір қылмыстар үшін жауаптылықты белгілеген қылмысьық заңдарды немесе сот үкімін жоймай-ақ қылмыстық жауаптылықты немесе жазада немесе оған сот тағайындаған жазаны жеңілірек жазамен ауыстыруға не қысқартуға құқылы.
Рақымшылық актісі әдетте, елде болған елеулі оқиғаларға немесе мерей тойларға байланысты қабылданады. Мысалы, 1993 жылы 5 қазанда «Халықаралық отбасы жылына байланысты рақымшылық туралы», 1996 жылы 15 маусымда Қазақстан Республикасының жаңа Коституциясының бір жылдығына байланысты рақымшылық туралы Қазақстан Республикасының заңдары қабылданды.
______________________
1 Төлеубекова Б.Қ. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім. Алматы 2000ж. 215-бет.
2 Сенев Д.Б. Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основанием на предварительном следствии. Диссертация. Алматы, 2003г. С.81
Рақымшылық актісінің нормативтік мәні бар. Бұл акт рақымшылық туралы заңда көрсетілген істеген қылмысының қашан белгілі болғанынан қарамастан белгілі бір санатқа немесе топтарға жататын адамдар жөнінде қолданылады.Рақымшылық актісі қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуы мүмкін мысалы, 1994 жылы 5 қазандағы рақымшылық туралы заң, осы заңның 1-3 баптарындағы қылмыстарды 1997 жылдың 5 қазанына дейін жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босатты.
Қылмыстық істі қысқарту жаза және жазаланушылықпен тікелей байланысты. Егер Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37 бабында аталған он екі негіздің бірімен істі қысқартсақ, онда кінәлі немесе кінәлі емес тұлға жазадан босатылады.
Рақымшылық заңы бойынша соттың тағайындаған жазаны қысқартуы немесе басқа жеңіл жазамен алмастыруы мүмкін1.
Тағы бір мысал ретінде 1994 жылы 5 қазанда рақымшылық бойынша 1-3 баптарының күші қолданылмайтын, абайсыздықпен жасалған қылмысы үшін сотталған адамдардың жаза мерзімінің өтелмеген бөлігінің тең жартысы қысқартылады.
Рақымшылық актісінің күші осы акт жарияланғанға дейінгі немесе осы актіде арнайы көрсетілген мерзімге дейін қылмыс жасағандарға қолданылады.
Рақымшылық шығару мынадай құқықтық салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін2:
- Кінәлі адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
- Тағайындалған жаза қысқартылады.
- Тағайындаған жаза неғұрлым жеңіл жазамен ауыстырылады.
- Жауаптылық қосымша жаза түрімен босатылады.
- Соттылығы алынуы мүмкін.
- Алдын ала тергеудегі және сотта қаралмаған қылмыстық істердің өндірісі қысқартылады.
Рақымшылық жасау құқықтық құбылыс ретінде мынадай ерекшеліктерге ие:
- мемлекеттік биліктің жоғарғы органының актісі бола тұра, рақымшылық нормативті сипатты иемденеді, яғни ол барлық органдар және лауазымды тұлғалар үшін міндетті;
- рақымшылық актісі ерекше құқықтық құжат. Оның күші ол шыққанға дейінгі әрекеттерге ғана таратылады, солай бола тұра қысқа уақытқа созылады;
_________________________
1 Уголовно процессуальный кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. – Алматы: Жеті жарғы, 2002. – С. 92
2 Синев Д.В. Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основанием на предварительном следствии. Диссертация. Алматы, 2003г. С. 84
3 Мусабеков С. Амнистия – акт гуманизма уголовной практики в Республике Казахстан. Фемида 2001г. №6 С.21-22.
— рақымшылық актісі тек қылмыстық емес әкімшілік жауаптылықтан босатуы мүмкін;
- рақымшылық жалғаспалы және созылмалы қылмыстырға, егер олар рақымшылық актісі қабылданғанға дейін аяқталса ғана таратылады3.
Рақымшылық жасау актісі негізінде тұлғаның өзін кінәлі деп тану-танымауы міндетті немесе маңызды емес. Заңда акт бойынша қылмыстық істі қысқартудың міндетті шарты ретінде кінәсін мойындау көрсетілмеген. Ал бұл жағдайдың тергеушінің істі қысқартуы, сонымен бірге нақты бір тұлғаны кешіру кезінде Президенттің ескеру мүмкіндігі – бұл басқаша жағдай.
Рақымшылық жасау кезінде айыпталушы өзінің ақталуы үшін тергеуді аяқтауды талап етуге құқылы. Рақымшылық актісі нормативтік сипатқа ие бола отырып осыған тап болған белгілі адамдарға қолданылады: яғни қылмыстық істі қозғауды қысқартуға қаулы шығаруды, қозғалған қылмыстық істі тоқтатуды, кінәлі адамды жауаптылықтан босатудағы соттың айыптау үкімінің күшін жою туралы қаулының шығарылуын көздейді. Рақымшылық акт әрқашан жүйелі сипаттамаға ие болған: ол барлық қылмыс нысандарына тарайды немесе субъектілер тобын қамтиды. Бұл нысандар әртүрлі белгілер бойынша анықталады: қылмыстың түрлері, яғни сипаты мен қауіпті дәрежесі және қылмыс субъектісінің тағы басқа белгілері бойынша.
Амнистия грек тілінен аударғанда amnestia – рақымшылық деген мағынаны білдіреді.
Сонымен қылмыстық құқық бойынша рақымшылық деп – Қазақстан Республикасы Парламенті актісі негізінде қылмыс жасаған адамға, оларға сенім білдіре отырып жеке бастарына жағымды шараларды қодануды түсінуге болады.
Рақымшылық актісі нормативтік сипатқа ие бола отырып, осыған тап болып отарған белгілі бір адамдарға қолданылады: яғни қылмыстық істі қозғауды қысқартуға қаулы шығаруды, қозғалған қылмыстық істі қысқартуды не тоқтатуды, кінәлі адамды жазадан босатудағы соттың кінәлау үкімінің күшін жоюды, қылмыстық істі қысқартудағы апелляциялық инстанциядағы бірініші соттың қаулысын, жазаны одан әрі өтеуден босату туралы қаулының шығарылуын қамтиды. Осы аталған құжаттар рақымшылық актісінің шешімін орындаудағы заңды негіздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының ата заңы Конституциясының 15 бабының 2 тармағында өлім жазасы ерекше ауыр қылмыс жасағаны үшін ең ауыр жаза ретінде белгіленеді, ондай жазаға кесілген адамның кешірім жасау туралы өтініш ету хақы бар. Рақымшылықтың кешірім жасаудан айырмашылығы:
- Рақымшылықты Парламент шығарады, ал кешірімді Президент жасайды.
- Рақымшылық кең көлемде таратылады, ал кешірім нақты әрекетке қатысты қолданылады.
- Рақымшылық ауырлығы онша емес қылмыс жасағандарға, ал кешірім жасау кез-келген санаттағы қылмыстарға қолданылады.
- Рақымшылық бойынша кінәлі адам жауаптылықтан және жазадан босатылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37 бабы 1 бөлігінің 10 тармағына сәйкес әрекет жасаған кезде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкін болатын жасқа толмаған адамға қатысты істі қысқартудың түсінігі.
Қоғамға қауіпті іс-әрекет жасау сәтінде заңға сәйкес қылмыстық жауаптылық жүктеу мүмкін болатын жасқа толмаған тұлғаға қатысты қылмыстық іс міндетті түрде қысқартуға жатады.
Тұлғаның белгілі бір жасқа толуы қылмыс субъектісінің белгілерінің бірі болып табылады. Егер қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған тұлға заңмен белгіленген жасқа толмаса, (яғни он алты жас кейбір ерекше жағдайда, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15 бабының 2 бөлігінде 14 жас, аталған кодекстің Ерекше бөлімінің кейбір баптарында жауаптылық 18 жастан басталады) онда ол қылмыс субъектісі бола алмайды, және аталған іс әрекетте қылмыс құрамы жоқ деп танылады.
Яғни қылмыс құрамының міндетті төрт элементтерінің бірі болмағандықтан қылмыста жоқ. Бұл негіздерді жеке бөліп көрсету,
П.М. Давыдов пен Д.Я. Мирскийдің ойынша, кәмелетке толмағандарды қылмыстық жауаптылыққа тартуға қатысты қажеттігімен байланысты1.
Заңның қатаң талаптарын ескере отырып, құқық қорғау органдары кәмелетке толмағандардың жасын анықтауға зер салып қарауы тиіс. Қылмыскердің қылмыс жасаған уақыттағы жасы тура анықталуы керек (туған жылы, айы, күні). Адам белгілі жас мерзіміне (14,16,18 жас) туылған күні емес, келесі тәуліктен бастап белгілі бір жасқа толды деп саналады. Адамның жеке басын куәландыратын тиісті құжаттар (туу туралы куәлік, жеке куәлігі, ж.т.б) негізінде шешіледі. Ал, егер адамның туылған күнін куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда адамның жасын сот-медициналық сараптама тағайындау арқылы анықтайды. Сараптама Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 241-бабының 3-бөлігімен тағайындалады. Бұл жағдайда субъектінің туылған күні сараптама атаған жылдың ең соңғы күні, яғни 31 желтоқсан деп есептеледі, ал ең төменгі және ең жоғарғы жас беріп анықтағанда, сараптама болжаған ең төменгі жас алынады.
Сараптаманы жүргізу кәмелетке толмаған тұлға қылмыстық жауаптылық жасына толған, бірақ тергеушіде кәмелетке толмағанның
________________________
1 Давыдов П.М., Мирский Д.Я. Прекращение уголовных дел в советском уголовном процессе. М., Госюриздат 1973г.
2Уголовно процессуальный кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. – Алматы: Жеті жарғы, 2002. – С. 92.
қоғамға қауіпті әрекет жасау кезінде психикалық ауытқулармен байланысты емес, психикалық дамуда артта қалуының әсерінен өзінің іс-әрекеттерінің сипатымен қоғамға қауіптілігін толық көлемде ұғына алмағаны оларды басқара алмағанына негіз бар болған жағдайда да міндетті болып табылады2.
Кәмелетке толдмағандардың қылмыстық ісі жөнінде оның өмірі мен көрген тәрбиесі, психикалық дамуының дәрежесіне көңіл аударылады1.
Сараптама қорытындысы оң болған жағдайда ондай тұлға ҚІЖК-ң 37-бабы 1-бөлігінің 10-тармағына сәйкес қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жатады.
Қылмыс жасаған адамды қылмыс субъектісі деп тану үшін ол заңда белгіленген белгілі бір жасқа қоғам болу қажет2. ҚР Қылмыстық заңында қылмыстық жауаптылық жас – 16 жас деп белгіленген, ал заңда атап көрсетілген нақты қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық 14 жастан басталады.
Қылмыстық жауаптылық басталатын жасты белгілеу қажеттілігі адамның өз іс-әрекетінің сипаты мен әлеуметтік маңызын, қоғамдық қауіптілігін түсіну, өз тілегін және қажеттілігін қоғамдыұ тиым салу талаптарынмен сәйкестендіру қабілеттілігімен және қылмыстық жазаны дұрыс қабылдау қабілеттілігімен байланысты3.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15-бабының 1-бөлігіне сәйкес қылмыс жасаған кезде 16 жасқы толған адам қылмыстық жауаптылыққа тартылуға жатады. Қылмыстық жауаптылықтың жалпы жасын 16 жас деп белгілеу кез-келген қылмыс үшін қылмыстық жауаптылық осы жастан басаталады деген сөз емес.
ҚР Қылымыстық кодексінің Ерекше бөлімінде көрсетілген кейбір қылмыстыр үшін 18 жастан (мысалы, әскери қылмыстар, кәмелетке толмағанды қылмысқа тарту қылмысы үшін және т.б), сондай-ақ субъектінің ерекше белгілеріне байланысты одан да жоғары 25 жастан (көрінеу әділетсіз сот үкімін, шешімін немесе өзгеде сот актісін шығару қылымысы үшін) басталады.
Қылмыстық кодекстің 15-бабының 2-бөлігінде көрсетілген қылмыстардың қоғамға қауіптілігі мен құқыққа қайшылығын адамның 14 жаста ұғынуға мүмкіндігінің бар екендігін және өз әрекетіне есеп бере алатындығын, осы қылмыстардың көпшілігінің арасында кең таралғандығын, бұл қылмыстарды қоғамға қауіптілігінің және ауырлығының жоғары екендігін қылмыстық жауаптылықтың 14 жас деп белгіленген жас шамасының жоғарыдағы жасты белгілеуде заң шығарушы көрсетілген жағдайларды ескерген.
Кейбір қылмыстар тек қана лауазымды тұлғамен, яғни арнайы субъектімен жасалады және оларды жасағаны үшін жауаптылық тек 18 жасқа келгенде туындауы мүмкін. Мұндай мәселелер қылмыстық кодексте арнайы бекітіліп көрсетілген.
Сонымен, қылмыстық жауаптылық басталатын ең төменгі жас 14 жас (ҚР Қылмыстық кодексінің 15-бабының 2-бөлігіндегі қылмыстар үшін) жалпы жауаптылық жасы – 16 жас (ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөліміндегі қылмыстарға толық көлемде жауап беретін жас), арнайы субъектінің жас шамасы 18 жастан, 25 жастан белгіленген1.
Қылмыстық заңда қылмыстық жауаптылық басталатын төменгі жас белгіленгенімен, қылмыстық жауаптылықтың жоғарғы жасы шексіз. Яғни ересек қартайған жаста қылмыс жасаған адам қылмыс субъектісі ретінде де танылады деген сөз.
Алайда заң шығарушы ізгілік қағидасына сүйеніп мұндай адамдарға қатысты жазалардың кейбір түрлерін қолдануда бірқатар шектеулерді қарастырады. Мысалы, өлім жазасы мен өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы үкім шыққан кезде алпыс бес жасқа толған ер адамдарға, ал қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы елу бес жастан асқан әйелдер мен алпыс жастан асқан ер ададарға тағайындалмайды.
Сонымен қорыта келе, жоғарыда толығырақ атап көрсеткен тұлға қылмыстық жауаптылық басталатын жас мөлшеріне толмаса, алдын ала тергеу жүргізу кезінде бұл тұлғаның неше жасқа келуіне байланыссыз іс барлық жағдайда қысқартылуға жатады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 11-тармағына сәйкес қылмыстық іс бойынша қайтыс болған адамға қатысты (қылмыс жасаған адам) ақтамайтын негіздер бойынша адамды қылмыстық жауаптылықтан босататын жағдай да қылмыстық іс қысқартылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 5-бөлімі «Қылмыстық жауаптылықтан және жазалаудан босату» бөлімінде қайтыс болған адамға қатысты мәселе қарастырылмаған.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қайтыс болған адамға қатысты норма және қылмысты жауаптылық мәселесі мүлде анықталмаған. Бірақ материалдық қылмыстық құқық қатынастың субъектісінің болмауы мұндай қатынас өзінің өмір сүруін тоқтатады.
Көрсетілген негіз бойынша қылмыстық істің көлемі, көрсеткіші аса жоғары емес. 2001 жылғы статистика орталығы берген мәлімет бойынша – 31% құрады. 61% жоғары аталған негіз бойынша қозғалған қылмыстық істер 259 (32,5%), 96 (9,6%), 175 (8,4%), 296 (7,2%), 251 (4,8). Егер қылмысты бірнеше адам (топ) жасағанда біреуінің өліміне байланысты қылмыстық істі қысқартпай, қылмыс жасаған адамның қайтыс болуына байланысты қылмысты қудалауды болдырмайтын қаулы шығарылады1.
Аталған негіз бойынша қылмыстық істі қысқыртудың алдында мына жағдайларды анықтау қажет:
- Нақты қылмыстың оқиғасы орын алғандығы не алмағандығы;
- Қайтыс болған адамның өзінің жасаған қоғамға қауіпті әрекетіне кінәлілігі;
- Өзге де тірі көмектесуші не айдап салушы, орындаушы сияқты қылмысқа қатысушылардың бар жоқтығы;
Және өзге де жағдайларды тергеуші анықтап, нақтылау қажет, әрине егер ол мәліметтер іс үшін маңызды болып табылса.
Жоғарыда көрсетілген мән-жайлар алдын ала тергеуде анықталмаса, онда іс бойынша өндіріс Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 1-бөлігінің 11-тармағында көзделген негіз бойынша іс қысқартылады.
Егер қылмыстың оқиғасы орын алса, бірақ іс қайтыс болған адамға қатысты қылмыс құрамының немесе дәлелденбегендігіне байланысты қысқартылса, онда тергеу қылмыстық процесуалдық заңның мәні бойынша қылмыс жасаған қайтыс болған адамды ақтап, ал тірі қылмыскерге қатысты тиісті шаралар жүргізіледі3.
______________________________
1Төлеубекова Б.Қ. ҚР Қылмыстық ісжүргізу құқығы. Жалпы бөлім. Алматы, 2000ж. 216-бет.
2 Синев Д.В. Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основанием на предварительном следствии. Алматы, 2003г. С. 85
3Дубинский А.Я. Прекращение уголовного дела стадии предварительного расследования. Киев, 1975г. С.72
Ғылыми әдебиеттерде қайтыс болған адамның кінәлілігі күмәнсіз, жан-жақты дәлелденген болуы тиіс деп көрсетіледі. Мысалы, жол апаты оқиғасы болған кезде кінәлі адам қайтыс болуы мүмкін1.
Қайтыс болған адамның құқықтарын қорғау үшін және сотта туыстардың дұрыс шешім қабылдау үшін ықпал ететін қорғаушының бар болғандығы дұрыс деп ресей ғалымы А.Я. Дубинский өз ойын қорытындылайды2. Ал статистикалық мәліметке орташа алғанда 2001-2003 жылдар аралығында Алматы қаласы бойынша 50% іс қайтыс болған адамға қатысты қысқартылған3.
Аталған ғылыми еңбекте Д.В. Синев төмендегідей мысал келтіреді:
Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының дәлелдерді сипаттау бөлімінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 103-бабында көзделген қылмысты жасау фактісі бойынша іс қозғалған, айыпталушының кінәсіне байланысты дәлелдемелер келтірілген және алдын ала тергеу барысында №0006963 өлім туралы куәлікке байланысты М. Деген айыпталушы 31.07.2003 жылы қайтыс болған115.
Алдын ала тергеуді жүргізетін құқық қорғау органдарының тәжірибесінде қылмыс жасаған адамның қайтыс болуына байланысты қылмысьық өндірісті қысқарту жағдайлары жие кездеседі, мысалы, Р. деген азамат Қазақсатан Республикасының Қылмыстық кодекстің 96-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін келесідей негіздер бойынша қылмыстық іс қысқартылды. Қылмыстық істің материалдарына байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының дәлеледерді сипаттау бөлімінде келесідей негіздер мен мән-жайлар анықталған. Р. деген азаматтың Ш. азаматшаны өлтіруіне байланысты кінәсі толық дәледенген. Ол келесідей қылмыстық іс материалдарында:
- Куәдан жауап алу кезінде Р. деген азамат мас күйінде біреуді өлтіргенін куәға ашық түрде айтқаны анықталған;
- Куәдан жауап алу барысында қылмыс оқиғасы орны алғанға дейін Ш. деген азаматша өзінің жақын досы Расул деген азаматпен сыртқа шығып кеткені анықталған. Содан кейін Ш. деген азаматшаны ешкім көрмеген;
- Иіс іздерін одоралогиялық идентификация немесе теңестіру кезінде гильза патронынан тиісті іздер алынған. Бұл іздер орын алған қылмыс оқиғасымен тікелей тығыз байланысты. Өлім фактісі бойынша жедел іздестіру шаралары барысында және жүргізілген одоралогия сараптаманың барысында Р. деген азаматтың қанынан алынған иіспен гильза патронындағы иіс бір-біріне теңестіріліп нұсқасы оң қорынды берді.
Осы қылмыстық істі тергеу барысында Р. Ш деген азаматшаны өлтірген , ал қылмыскер Р- ды Ш-ның жақын туысы Данияр өлтіргендігі анықталған.
стан Республикасының 1997-жылғы Қылмыстық іс жүргізу кодекстің жаңалығы болып, жаңа норма табылады, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің Қазақ12-тармағында «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі ережелеріне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылуға жататын адамға қатысты негіз қарастырылған».
Аталған норманы анализдейтін болсақ, отан ғалымдары әртүрлі және көбінде бір-біріне қарама-қарсы баға мен комментарийлер береді.
С.Д. Оспанов, Т.Е. Сарсенбаев, А.Л. Хан сияқты ғалымдардың пікірінше қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылықтан босатылуы жөнінде сөз деп қозғайды.
Мынадай негіздерді көрсетеді:
- Шын өкіну (ҚР ҚК 66 бап);
- Жағдайдың өзгеруі (ҚР ҚК 68 бап);
- Жәбірленішімен татуласуы (ҚР ҚК 67 бап)100000
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне түсініктеме берген авторлардың пікірінше аталған жағдайға Қылмыстық кодекстің 5-бөлімінде көрсетілген барлық жағдайларды жатқызуға болады. Бірақ бұл пікір дұрыс емес. Себебі көрсетілген негіздерді анализдеу барысында заң шығарушы «қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін» деген түсінікті қолданады, яғни атаған жағдайда құзыретті құқық қорғаушы органға адамды қылмыстық жауаптылықтан босататын (ҚР Қылмыстық кодекстің 67-бабының 1-бөлігін қоспағанда) шешім қабылдау арқылы құқық береді.
А.С. Нұралиева әділ пікір айтты. Көрсетілген баптар, яғни адамды қылмыстық жауаптылықтан босату тек қосымша түрде қолданылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 38-бабында көрсетілген мән-жайлар пайдаланылуының іс жүргізушілік жағдайыды құзыретті органға қылмыстық істі қысқартуды ескеруге міндетті емес, бірақ құқылы.
М.С. Нәрікбаев, Р.Н. Юрченко, М.М. Алиев сияқты ғалымдардың пікірінше қылмыстық іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағы мына төмендегі жағдайларда қысқартылады:
- Жазықсыз зиян келтіру (ҚР ҚК 23-б. 2,4-б).
- Қылмысқа дайындалу және оқталу (ҚР ҚК 24-б. Ауыр немесе орташа ауырлықтағы қылмыс бойынша).
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 26-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту.
4.Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 32-37 баптар (қажетті қорғану, қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру, аса қажеттілік орынды тәуекел ету, күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу, бұйрықты немесе өкімді орындау).
Мұндай көзқарастар қылмыстық заңнамаға сәйкес келеді1.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 32-37 баптарында қарастырылған әрекеттер заңнамаға сәйкес қылмыс емес деп көрсетілмеген, қоғамға қауіпті әрекет жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатылмайды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 23-бабында жазықсыз зиян келтіру қылмыс болып табылмайды және қол сұғушылық жасаған адамды заң жауаптылыққа тартпайды.
Осы мәселеге байланысты 15 тамыз 2002 жылы №19 Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының Пленарлық отырысының қаулысында сот үкімінің 49-бабында толық және жан-жақты түсініктеме берілген.
Сонымен қатар, аталған нормативтік қаулыда бірнеше қарсылықтар бар. Судьялар төмендегі баптарға түсініктеме береді:
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексін 24-бабын 1-4 бөліктерінде ауыр немесе орташа ауырлықтағы қылмықа дайындалу кезінде және ауырлығы онша емес қылмысқа оқталу, 26-баптың 1-бөлігі (қылмыстан өз еркімен бас тарту) бұл аталғандар қылмыс болып табылмайды және жауаптылық жүктелмейді.
М.С. Нәрікбаев, Р.Н. Юрченко, М.М. Алиев сияқты ғалымдардың пікірлері өзге ғалымдарға қарағанда дұрыс болып отыр. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағында көзделген негіз бойынша қылмыстық іс қысқартылуға жатады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағына заң шығарушылардың берген анализі бойынша аталған заңның 38-бап жиынтығымен алғанда мынадай қорытынды береді: барлық негіздерге сәйкес адам қылмыстық жауаптылықтан босатылған кезде қылмыстық заңда көрсетілген негіздер бойынша факультативті немесе қосымша белгілер деп (ҚР ҚК 65,66,68,67 бап 2-бөлігі және ҚР ҚІЖК-ң 38-бабының 1-бөлігі басқа жағдайда, сонымен қатар ҚІЖК 37-баптың 1-бөлігінің 3,4,5,11-тармақтарымен) жеке анықталған.
Сонымен қоыта келе, Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағы бойынша мынадай жағдайларда қысқартылады.
- Қылмыстық заңның кері күші болған жағдайда, яғни үкім заңды күшіне енгенге дейінгі қылмыстылық пен әрекетке жауаптылық жаңа қабылданған заңмен алынып тасталған болса Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 5-бабына сәйкес әрекеттің қылмыстылығын жоятын, жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін немесе қылмыс жасаған адамның жағдайын өзгеде жолмен жеңілдететін заңның кері күші болады, яғни осындай заң күшіне енгенге дейін тиісті әрекет жасаған адамдарға, оның ішінде жазасын өтеп жүрген немесе жазасын өтеген, бірақ соттылығы бар адамдарға қолданылады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 5-бабы қылмыстық заңның кері күшін қолдануға, яғни жаңадан қабылданған қылмыстық заңның күшінің оның заңды күшіне енгенге дейінгі жасалған іс-әрекетіне қолданылуына мүмкіндік береді1.
- Егер кәмелетке толмаған адам қылмыстық жауаптылық басталатын жас шамасына толса, бірақ психикасының бұзылуына байланысты емес психикалық дамуы жағынан артта қалуы салдарынан кішігірім орташа ауырлықтағы қылмысты жасау кезіндегі өзінің іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) іс жүзіндегі сипаты мен қоғамдық қауіптілігін толық көлемде түсіне алмаса не оған ие бола алмаса, қылмыстық жауапқа тартуға тиіс емес.
- Ауыр немесе ерекше ауыр қылмысқа дайындалғаны үшін (ҚР ҚК 24-б. 2-б) және қылмыстық жауаптылық ауырлығы орташа, ауыр немесе ерекше ауыр қылмыс жасауға оқталғаны үшін (ҚР ҚК 24-б. 4-б.) жауаптылық басталады.
- Қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартуы (ҚР ҚК 246-б.).
- Қылмыстық жауаптылықтан арнайы босатқан жағдайда Қылмыстық кодекс Ерекеше бөлімінің арнайы баптарында (ескерту келесі баптарға 125,165,193,233,234,236 және т.б.) ескерту қарастырылған жағдайда қарастырылады.
Қылмыстық істі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағы бойынша қысқарту тәжірибеде біршама қиындықтарды туғызады. Себебі іс жүргізушілік кодексте нақты қай қылмыстар бойынша қысқартылатындығы немесе негізі атап көрсетілмеген. Мұнда бұл норманың заңдық мазмұнымен қолдану негізі жоқ. Статистикалық мәліметтерге сәйкес Алматы қаласының прокуратурасы 2001-2003 жылдары аралығында аладын ала тергеу сатысында талаған негіз бойынша шамамен 5,6% іс қысқартылған. Шамамен аталған көрсеткіштің жартысы аладын ала тергеу стадиясында қысқартылған.
______________________________
1 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодесіне Түсінік.//жауапты редакторлар // С.М.Рахметов, Т.Ә.Бапанов. Алматы 2001ж
2001-2003 жылдар аралығындағы қысқартылған істер мынадай баптармен қылмыстық іс қозғалған:
— ұрлық үшін – 31%;
— тұтынушыларды алдау – 13%;
— қару жарақтың заңсыз айналымы – 10,5%;
— бұзақылық – 7,9%;
— алаяқтық – 6,3%;
— тонау – 3,7%;
— иеленіп алу және ысырап ету қылмысы бойынша – 2,7% қылмыстық іс қозғалды.
Мысалы: Л. деген азаматты қылмыс жасауына байланысты айыптау қылмыстық ісі бойынша, яғни Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176-бабының 2-бөлігінің в-тармағы сеніп тапсырылған мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, яғни қызмет бабын пайдалана отырып жасау істі Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағына сәйкес қылмыстық істі келесідей негіздер бойынша қысқарту:
Аталаған қылмыстық істер бойынша жүргізілген тергеу барысында жалақы мөлшерінен есепке кететін соманы ұстап қалғаны анықталған. Бұл жағдайда тергеуші әрекеттің Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 9-бабының 2-бөлігіне сәйкес сараланады деген қорытындыға келген1.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 9-бабының 2-бөлігі аталған заңның ерекше бөлімінде көзделген қайсы бір әрекеттің белгілері формальді болса да бар, бірақ елеулі маңызы болмағандықтан қоғамдық қауіптілігі жоғары емес, яғни жеке адамға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтірмеген және зиян келтіру қаупін туғызбаған. Жоғарыда көрсетілгеннің негізінде 12-тармағына сәйкес Л. деген азамат қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Себебі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 9-бабының 2-бөлігіне сәйкес Л-дың қоғамға келтірген залалы елеулі маңызды емес, сондықтан қылмыстық іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 12-тармағына сәйкес іс қысқартылады2.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының пленарлық отырысының нормативтік қаулысының 49-бабында толық түсініктеме Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстің 9-бабына сәйкес берілген, онда әрекет елеулі болмағандықтан қылмс болып табылмайды. Сондықтан әрекетті жасаған адамды қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды.
_______________________________
1 Уголовно процессуальный кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. – Алматы: Жеті жарғы, 2002. – С. 92.
2 Синев Д.В. Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основанием на предварительном следствии. Алматы, 2003г. С. 85.
Күдіктінің, айыпталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық істі қысқарту Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 5-тармағына сәйкес көрсетілген.
Тараптарды татуластыру институты жәбірленушінің қылмыстық процестегі рөлі мен белсенділігін арттыруға, оның бұзылған құқықтары мен бостандықтарын тез қалпына келтіруге бағытталған1.
Қылмыстық істер жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігі бойынша негізге алынып осыған сәйкес қылмыстық іс қозғалмайды, себебі қозғалған қылмыстық іс не қысқартылады не тоқтатылады. Бұрынғы қолданыста болған Қылмывстық іс жүргізу кодексінде бұл көрсетілген жүйе бірнеше рет аз мазмұнды болған еді, Қаз ССР 1959 жылғы Қылмыстық кодексі жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстьқ жауаптылықтан босату негіздерін мүлдем қарастырмаған2.
Ауырлығы онша емес қылмыс жасаған немесе адамның қайтыс болуымен не оның денсаулығына ауыр зиян келтірумен байланысты емес орташа ауырлықтағы қылмысты бірінші рет жасаған адам, егер ол жәбірленушімен татуласса және келтірілген зиянның есесін толтырса қыл Қылмыс ж асаған адамның мыстық заң нормасы бойынша тараптар татуласқан болып есептеледі:
- Қылмыс жасаған адамның қылмысты бірінші рет жасауы;
- Қылмыс жасаған адамның әрекеті онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыстар санатына жатуы;
- Қылмыс жасаған адамның жәбірленушіге келтірген зиянның есесін толтыруы;
- Қылмыс жасаған адамның жәбірленушімен татуласуы;
Қылмыстық ісжүргізу кодексіне берілген түсініктемеде мынадай түсініктерді келтіреді3:
Біріншіден, кінәлінің жасаған іс-әркеті онша ауыр емес немесе орташа ауырлықтағы қылмыс деп танылуы керек. Сонымен қатар абайсыздықпен жағдайда жасалған қандайда да болмасын қылмыс немесе бас бостандығынан айыру бес жыдан аспайтын қасақана қылмыс үшін болуы.
Екінщіден, тұлға моральды не физикалық немесе мүліктік зардаптың нақты түрде келтірілуі. Мұндай қылмыстың түрлеріне мысалы: 129- бап Жала жабу, 130-бап Қорлау, 175-бап Ұрлық, 104-бап Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру, 257-бап 1,2-бөлігі Бұзақылық және т.б.
_________________________________
1 Д.Б.Бұғыбай Қылмыстық құқық , Жалпы бөлім, Алматы 2003-жыл 168-бет 2 А.Н. Ахпанов, А.Л.Хан О понятии предварительного следствия и дознания в свете нового законодательства Республики Казахстан , Караганда 1999г, с150-154.
3 Уголовно процессуальный кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. – Алматы: Жеті жарғы, 2002. – С. 92.
Үшінші негіз болып, кінәлінің қылмысты бірінші рет жасауы, сотталғандық атақтың болмауы және бұрын жасаған басқада да қылмыстарының болмауы, не қылмысты жауапты болмауы.
67-баптың төртінші баптың негізі болып, кінәлі адам жәбірленушімен өзара татуласып, мәмілеге келуі қажет. Ал татуласу заңға сәйкес қылмыстық іс қозғалғанға дейін орын алуы қажет, яғни алдын ала тергеу жүргізу барысында немесе істі сотта қарау кезінде, бірақ соттың үкім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетуге дейін болуы шарт.
Бесінші негіз болып жәбірленушіге келтірілген зиянның орны толтырылуы қажет. Орнын толтыру ,толық түрде жәбірленушіге тигізілген зиянды салдарының орнын қалпына келтіру немесе көңілінен шығуы толық көлемде орын алуы. Жоғарыда айтылған негіздер тек жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатудың себептері ретінде 67-бапқа сәйкес іске асырылады. Сонымен қылмыстық істі қысқарту мәселесін шешу тергеуші, анықтау органы, прокурор немесе сотпен қарастырылады1.
Татуласу жәбірленушінің кінәлі адамға қарсы қозғалған қылмыстық істі тоқтату не қысқарту туралы өтініші түрінде түрінде болады. Жәбірленушінің өз еркін білдіруі жазбаша арызбен ресімделеді немесе алдын ала тергеу барысында одан, яғни жауап алу барысында толтырылған хаттамада көрсетіледі деп А.А.Рзаев өз еңбегінде көрсетеді2.
Жеке айыптау істері бойынша қылмыстық іс жәбірленушінің арызы (шағымы) бойынша қозғалады. Жәбірленушіге қозғалған қылмыстық іс бойынша қоғамға қауіпті әрекетпен моральдық, ден, мүліктік залал келтірілген болса, іс жәбірленушінің арызымен қозғалады. Егер жәбірленуші кәмелетке толмаған болса және өзінің психикалық немесе физикалық кемістері болған жағдайда сотта тергеуде оның мүддесін заңды өкілі білдіреді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7-бабы 22-тармағына сәйкес «заңды өкілдер – сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, азаматтық талапкердің ата – аналары, асырап алушылар, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ сезіктіні, айыпталушыны немесе жәбірленушіні қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен адамдардың өкілдері».
Егер жәбірленуші арыз беруге қабілетсіз болса, онда оның заңды өкілі берген арызы (шағымы) бойынша қылмыстық іс қозғалады3.
__________________________________
1 А.С. Нуралиева Обстоятельства, позволяющие не осуществлять уголовное преследование, как основание прекращения уголовного дела (Материалы международной научно – практической конференции). «Проблемы борьбы с претупностю в контексте национальной концепции права» А: КазГЮУ, 2002г, с219-226.
2 А.А.Рзаев Совершенствование законадательства о прекращении уголовных дел, Караганда, 1984г, с158.
3 Д.С.Темирова Соотношение вменяемости, невменяемости и психических расстройств не исключающих вменяемости, Караганда 2001г, с55
Егер қылмыстық іс сезіктінің немесе айыпталушының жәбірленушімен байланысты қылмыстық істің қысқаруы тек заңды өкілдің мақұлдауымен жүзеге асырылады. Яғни жәбірленушінің заңды өкілі істі қысқартуға келісімін беруі қажет.
Жәбірленушінің арызы бойынша жеке немесе жеке – жариялық тәртіппен іске асырылады1. Жеке жариялы тәртіппен жүзеге асырылатын қылмыстық ізге түсу Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 103-бабында (бірінші бөлігінде), 104-бабында (бірінші бөлігінде), 117-бабында (бірінші және екінші бөлігінде), 120-бабында (бірінші бөлігінде), 121-бабында (бірінші бөлігінде), 135,139-баптарында,144-бабында (үшінші бөлігінде), 176-бабында(бірінші және екінші бөліктерінде), 184-бабында (бірінші бөлігінде), 187-бабында (бірінші бөлігінде), 188-бабында (екінші бөлігінде), 189,200-баптарында, 226-бабында (бірінші бөлігінде), 227-бабында (бірінші бөлігінде), 228,229-баптарының (бірінші бөлігінде), 296-бабында (бірінші бөлігінде), 327-бабында(бірінші бөлігінде) көзделген қылмыстар туралы істер бойынша жәбірленушінің шағымы немесе арызы болмаған кезде басталмайды және қылмыстық іс бойынша қылмыстық іс қозғалмайды2.
Қазақстан Ресспубликасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің ++-бабы 2,4-бөліктеріне сәйкес жәбірленушінің арызы жазбаша нысанда болуы тиіс. Ал арызда төмендегідей мән – жайлар көрсетілуі қажет: арыз берілген соттың толық атауы, орын алған қылмыс оқиғасының жан–жақты сипаттамасы, қылмыс болған орыны мен уақытын дәлелдейтін нақты дәлелдемелердің болуы сонымен қатар соттың өз өндірісіне көрсетілген істі алуы жөніндегі жәбірленушінің өтініші. Қылмыстық жауптылыққа тартылуы тиіс адамдар немесе қылмыскер тұлғасы туралы мәліметтері болса және куәгерлердің тізімі мен арыз берушінің қол қоюымен аяқталады3. Домалақ (аноним) арыздар сот өндірісіне алынбайды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 33-бабының 3-бөлігіне сәйкес істі жәбірленушінің арызынсыз-ақ тиісті орган қозғауға құқылы. Егер қоғамға қауіпті әрекет дәрменсіз күйдегі не өзге де күтімді қажет ететін тұлғаның мүддесіне қарсы жасалса және оладам өз құқықтары мен мүддесін қорғай алмайтын болса прокурор жеке айыптау істері бойынша істі қозғауға құқылы4. Сонымен егер жәбірленушінің арызы болмаса өндіріс қысқартылады.Кейде жәбірленушінің арызынсыз тиісті орган қозғап, қысқартуға құқықылы.Жеке айыптаушы өз арызынан бас тарту жағдайы да кездеседі.
__________________________________________________
1 Төлеубекова Б.Қ. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім. Алматы 2000ж. 212-бет 2Уголовно процессуальный кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. – Алматы: Жеті жарғы, 2002. – С. 92
3 А.Н. Ахпанов, А.Л.Хан О понятии предварительного следствия и дознания в свете нового законодательства Республики Казахстан , Караганда 1999г, с150.
4 Синев Д.В. Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основанием на предварительном следствии. Алматы, 2003г. С. 85.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 1-бөлігі 9-тармағында қылмыстық іс қозғау оған медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану үшін қажет жағдайларды қоспағанда, қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекетті есі кіресілі – шығасылы жағдайда жасаған адамға қатысты.
Жоғарыда аталып өткендей, қоғамға қауіпті іс-әрекет жасағаны үшін есі дұрыс адам заң бойынша жауап беруге және жазалануға жасы толған адамдар ғана қылмыстың субъектісі болып табылады. Есі кіресілі – шығасылы адамдар қылмыстың субъектісі болып саналмайды,сол себептен де олар қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды1.
Адам қоғамға қауіпті іс-әрекетті істеген уақытында өзінің мінез- құлқының қоғамға қауіптілігін сезетін, ұғынатын және өзі істеген іс-әрекетін басқара алатын болса, ол есі дұрыс адам деп саналады. Бұл –есі дұрыстықтың бірінші белгісі, ал екінші белгісіне адамның қоғамға қауіпті іс-әрекетін істеген уақытта өзінің іс- әрекетінің мәнін сезіп, ұғынуы және оны басқаруға қабілетінің болуы қылмыстық құқықтағы кінә туралы түсінікпен тығыз байланысты. Яғни қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған кезде оны жасаушыға әйтеуір кінәнің бір түрі қасақаналық немесе абайсыздық болуы тиіс. Өйткені, кінә қылмыстық жауаптылықтың басты, негізгі алғышарты болып есептеледі. Егер кінә болмаса қылмыс та жоқ , қылмыс болмаса жауаптылық жоқ, мұндай жағдайда қылмыстық іс қозғалса өндірісті тез арада тоқтату қажет. Яғни қылмыстық іс қысқартылуы тиіс.
Егер адам қылмыс жасау барысында өзінің әрекетіне толық жауап бере алмаса және өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін толық көлемде ұғына алмаса мұндай жағдайда ол адамның денсаулығы бұзылған деп бағалауға болады.
Сот – психиатриялық сараптама тағайындалады. Сот – психиатриялық сараптаманың негізінде сезіктінің не айыпталушының жай- күйі анықталады. Адамды есі дұрыс емес деп тану үшін сот- психиатриялық сарапшының қорытындысы қажет2.
Есі дұрыс күйінде қылмыс жасаған, бірақ сот үкім шығарғанға дейін өзінің әрекеті жөнінде өзіне есеп беру немесе өзінің әрекетін басқару мүмкіндігінен айырылып қалған, есі муысу дертімен ауырып қалған адамды жазаға сот тартпайды және ол жөнінде қылмыстық іс қозғалмайды.
Сондай-ақ есі ауысқан адам сот процесінің мәнін, жазаның мақсаттары мен мазмұнын дұрыс түсінбейді.
________________________________________
1 Д.С. Темирова Соотношение вменяемости, невменяемости и психических расстройств не исключающих вменяемости Караганда. 2001г. С50-56
2 Уголовно процессуальный кодекс РК. ( Общая часть ) Комментарийй / Под ред. И.И. Рогова, С.Ф. Бычковой , К.А. Мами , Алматы: Жеті жарғы , 2002г. 44
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 1-бөлігі 7-тармағында өзі туралы белгілі бір айыптау бойынша соттың заңды күшіне енген үкімі не қылмыстық ізге түсудің мүмкін еместігін белгілейтін соттың күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты. Соттың заңды күшіне енген үкімі тиісті тұлғаға қатысты бұрын қаралған шешімінің болуы
Қазақстан Республикасының Конституциясының 77-бабы 3– бөлігі 2-тармағында «бір құқық бұзылушылық үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауаупқа тартуға болмайды» — деп көрсетілген.
Сондай-ақ ата заңның 77-бабы 2-бөлігінің 1-тармағында адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес.
Тиісті тұлғаның қылмысқа қатысты міндетті шішімді қамтитын қылмыстық іс жүргізуді жүргіп жатқан заңды күшіне енген үкімі, қаулысы, ол туралы іс қарастырылып кеткен болса, шығарылуы мүмкін емес .
Ия, қылмыстық іс жүргізуші органның заңды күшіне енген үкімін немесе қаулысын белгіленген тәртіп бойынша күшін жою, сотталған (ақталған) тұлғаға қатысты белгі — бір процесуалдық әрекеттерді жүргізу мүмкіндігі жойылады.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 1-бөлігі 7-тармағы бойынша өзі туралы белгілі бір айыптау бойынша соттың заңды күшіне енген үкімі не қылмыстық ізге түсудің мүмкін еместігін белгілейтін соттың күшін жоймаған қаулысы бар адамға қатысты қылмыстық істің қысқартылуы, ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 20-бабына сәйкес іс бойынша ары қарай өндірісті жалғастыру мүмкіндігін жояды, соттың шешімінің қылмыстық іс бойынша міндетті күшін көрсетеді, осы жағдай орын алған кезде қылмыстық жауаптылыққа негіз бойынша қайталап тарту мүмкіндігі жойылады.
Сот шешімін немесе қаулысын шығарған кезде судьяға белгісіз болған жаңадан ашылған мән-жайлар анықталған кезде, олар күшін жоюы мүмкін.
Қылмыстық ізге түсу органының қылмыстық қудалауды тоқтату туралы күшін жоймаған қаулысы бар тұлғаға қатысты қылмыстық іс бойынша өндіріс ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 20-бабына сәйкес жойылады, яғни ешкімді де нақ бір қылмыс үшін қайтадан қылмыстық жауаптылыққа тартуға болмайды.
__________________________________
1 Төлеубекова Б.Қ. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім. Алматы 2000ж. 212-бет 2Уголовно процессуальный кодекс Республики Казахстан. (Общая часть). Комментарий. – Алматы: Жеті жарғы, 2002. – С. 92
Әрбір қылмыстық іс соңғы шешімін сотта табады. Соттың үкімі,
Құқық қорғау органының қаулысы не ұйғарымы заңдылық, негізділік және әділдік талаптарына жауап беруі тиіс.
Алдын ала тергеу соттық емес билік болып табылады, алдын ала тергеу қылмыстық істі қысқартуға құқылы бола отырып, сотты алмастыра алмайды.
Көптеген ғалымдардың пікірінше қылмыстық істерді ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту тек қана оған қатысты қылмыстық іс қысқартылатын тұлға қатысты жасаған жағдайда мүмкін. Өзгеше жағдайда осы негіздер бойынша қылмыстық істі қысқарту жосықсыз. Қылмыстық істерді ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту тұлға қылмыс емес, әрекет жасағаны үшін емес, қылмыстық жаза қолдану қажеттігін белгілейтін қылмысты жасаған тұлға мен қылмыстық сол қоғамдық қауіптілік дәрежесінің болмағаны үшін жүргізіледі1.
Бұл пікірді А.М.Ларин де қолдайды2. Оның ойынша, қылмыстық істі қысқарту қылмысты айып не кінәға ауыстыруға емес, қылмыстық жазаның мақсаттарына оны қолданусыз жетудің дәлелденген мүмкіндігіне негізделеді. Ондай ауыстыру айып не кінә осы ережедегі ішкі сәйкессіздіктің өзінен-ақ мімкін емес – ақтамайтын негіз қылмыстың болуын, ал қылмысты айып не кінәға ауыстыру қылмыстың жоқтығын білдіреді. Қылмысты айып қатырына ауыстыру туралы айтылған тұжырым, сонымен бірге қылмыстық құқықтың негізгі қағидаларының біріне сәйкес келмейді, оған сәйкес іс-әрекеттің қылмыстылығымен жазаланушылығы ол әрекетті жасау кезіндегі әрекет еткен заңмен анықталады.
Әрекеттің қылмыстылығы мен жазаланушылығын жоюды, яғни «декриминализациялауды» тек қана одан кейін шыққан заң жүзеге асырады, себебі сол келесі заң ғана кері күшке ие. Тиісінше, бұл сот, прокурор, тергеуші немесе анықтау органының емес үтір заң шығарушы органдардың прерогативасы.
Жоғарыда келтірілген аргументтер жеткілікті дәрежеде болды. Бірақ бұл оларды жоққа шығарудың мүмкін еместігін білдірмейді.
Біріншіден, қылмыстық заңның бірде-бір нормасында құқық қолданушы деңгейінде қылмыстық – құқықтық нормалармен қарастырылған әрекеттерді де декриминализациялауға тікелей тыйым салынбаған.
_______________________________
1 В.В.Шимановский Прекращение уголовного дела в стадий предварительного расследования. Л.; 1979.с.28
2 А.М.Ларин Презумпция невиновности и прекращение уголовного дела по нереабилитирующим основаниям М.; 1982г. С.88.
Екіншіден, алдын ала тергеу органдарымен кешірім немесе амнистия (рақымшылық) қолдануға байланысты қылмыстық істер қысқартылып жатады. Және де қылмыстық істерді ақтамайтын негіздер бойынша қысқартуға қарсы болатындардың мұндай ереже ешқандай қарсылық тудырмайды.
Үшіншіден, қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабы 1-бөлігінің 2-тармағы бойынша істі қысқарту кезінде тұлға жасаған іс-әрекеттің қылмыс болып табылмайтыны анықталды және де тергеуші мұндай жағдайда істі қысқартуға міндетті.
Тергеуші әрбір жеке жағдайда өзінше іс-әрекетті қылмыстар қатарынан оның мардымсыздығына байланысты құқыққа қайшы болса да, бірақ қылмыстық емес өзге де түрге ауыстырудың болатын – болмайтынын және осы арқылы оны декриминализациялау мен қылмыстық істі қысқарту мәселесін шешуі тиіс.
Келесі бір байыпты тұжырым болып қылмыстық істерді ақтамайтын негіздер Конституцияға қайшы келмейтіні туралы ұйғарымның пайдасына айтылған істерді ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту кезінде құзыретті органның белгілі біртұлғаның қылмыс жасағаны туралы шешімі оның қылмыстағы кінәлілігін білдірмейтіндік жағдайы табылады, себебі үкіммен салыстырғанда ондай шешім жалпыға міндетті болып табылмайды және заңдық зардаптарды тудырмайды.
М.С. Строгович осыған байланысты қылмыс жасауда тұлғаның «ең алдымен қылмыстық істі қысқарту туралы қаулы өзіне қатысты қылмыстық іс қысқартылатын тұлғаны кінәлі деп тану актісі ешқандай бола алмайтындығын» жазған1.
Оны бұл тұжырымда Б.А. Галкин2, Н.Е. Жогин мен Ф.Н. Фаткуллин3, А.А.Рзаев4 қолдайды. Я.О. Мотовиловкер аталған көзқарасты аргументтей отырып, «қылмыстық істі (ақтамайтын негіздер бойынша) қысқарту туралы қаулыда тұлға ресми түрде кінәлі болып жарияланбауы тезисінің пайдасына қаулының өзі айыптау үкіміне теңестірілмейтіндігін, оның соттылықты тудырмайтынын, кінәсіздік презумпциясын жоққа шығармайтынын және үлкен маңызға ие болмайтынын атап көрсетеді, «бұл институттың ресми; мемлекет атынан тұлғаның қылмыс жасаудағы кінәлілігін жалпыға міндетті куәландыруды емес, қылмыстық істі шындығында, яғни кінәлілік немесе кінәлі еместік туралы мәселені зерттеу
______________________________
1 М.С.Строгович Курс советского уголовного процесса. Том1. М.;1968г. С.17
2 Б.А. Галкин Советский уголовно – процессуальный закон. М.:Госюриздат , 1962.с.249.
3 Н.В.Жогин, Ф.Н.Фаткуллин Предварительное следствие в советском уголовном процессе. М.:Юрид. Лит., 1965. с.34.
4 А.А.Рзаев Прекращение уголовного дела дела по нереабилитирующим основаниям в стадии предварительного расследования: Учеб. Пос. Караганда, 1982г. С.14.
қажеттілігі жойылу себебінен қысқартуды білдіретінін» көрсетеді1.
Осылайша, қылмыстық істерді ақтамайтын негіздер бойынша қысқарту институтының болуы Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейді.
Күшіндегі заңнама олардың әрқайсысын анықтау кезінде тергеуші қылмыстық істі қысқартуға құқылы болып келетін ақтамайтын негіздерді қарастырады2:
- Жазықсыз зиян келтіру (ҚР ҚК 23-б. 2,4-б).
- Қылмысқа дайындалу және оқталу (ҚР ҚК 24-б. Ауыр немесе орташа ауырлықтағы қылмыс бойынша).
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 26-бабының 1-бөлігі бойынша қылмыс жасаудан өз еркімен бас тарту.
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 32-37 баптар (қажетті қорғану, қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зияе келтіру, аса қажеттілік орынды тәуекел ету, күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу, бұйрықты немесе өкімді орындау).
Аталған негіздердің айырмашылықтарының барлығына қарамастан, оларды біріншіден, олардың әрқайсысының ақтамайтын негіз болып табылатыны біріктіреді: тұлға нақты бір қоғамға қауіпті әркет жасаған, бірақ осы нақты жағдайда алдын ала тергеу органы оны фактілі түрде олай деп саналмайды3.
Екіншіден, тергеуші міндетті емес, тек аталған негіздердің кез-келгені бойынша істі қысқартуға немесе нақты негізі болған жағдайда қысқартпауға құқылы.
Үшіншіден, бұл негіздерді барлық негіздерге белгілі бір ортақ шарттардың болуымен байланысты оларды қолдану мүмкіндігі жағдайы біріктіреді.
Мұндайлардың қатарына мыналарды жатқызу керек:
- Қылмыс фактісінің өзін анықтау, егер іс бойынша қылмыс оқиғасының өзі анықталмаса немесе іс-әрекетте қылмыс құрамының болуы дәлелденбесе, онда іс ақтайтын негіздер бойынша қысқартылуы тиіс.
- Тұлғаның ол үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылатын
_______________________________
1 Я.О. Мотовиловкер О принципах объективной истины, презумпции невиновности и состязательности процесса: Уч. Пос. М.;1984г. С.92.
2 Уголовно процессуальный кодекс РК. ( Общая часть ) Комментарийй / Под ред. И.И. Рогова, С.Ф. Бычковой , К.А. Мами , Алматы: Жеті жарғы , 2002г. С.44
3 Синев Д.В. Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основанием на предварительном следствии. Алматы, 2003г. С. 85.
қылмыс жасаудағы кінәлілік фактісін нақтылау. Осыған байланысты қандай процессуалдық актімен тұлғаның кінәлілігі белгіленетіндігі туралы мәселе туындайды. Ондай процессуалдық акт ретінде жауапқа тарту туралы қаулысы болуы мүмкін. Бұдан Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабында көзделген негіз бойынша қылмыстық істі қысқарту тұлғаны айыпталушы ретінде тартудан кейін мүмкін болатыны туралы қорытынды шығаруға болады.
- Тұлға қылмыс белгілеріне жататын қоғамға қауіпті әрекетті бірінші рет жасаған.
- Қылмыстық заңмен ол іс-әрекет ауыр немесе аса ауыр дәрежедегі қылмыс қатарына жатқызылмаса.
- Тұлға өзіне қатысты қылмыстық істің қысқартылуына жалпы және дәл осы нақты негіз бойынша қысқартылуына келіседі.
- Істің қысқартылуымен прокурор келіседі.
Сонымен қатар қылмыстық істі шын өкінуге байланысты қысқарту мүмкіндігі қарастырылған. Шын өкіну алғаш рет ауырнылығы онша емес қылмыс жасаған тұлғаның өзін кінәлі деп есептейді және ол үшін өкініп, жасалғанның құқыққа қайшы сипатын сезінеді1.
Қылмыстық заң шынайы өкінудің белгілері ретінде ерікті түрде кінәсін мойындап келуі, қылмысты ашуға әрекеттесуді, келтірілген зардаптың орнын толтыру немесе өзге де түрде қылмыс нәтижесінде келтірілген зиянды өтеуді атайды.
Бұл жағдайлар қылмыстық істі тек қана сотпен емес, сонымен бірге құқық қорғау органымен алдын ала тергеу стадиясында қысқартуды мүмкін етеді. Қылмыстық істі қысқартуға дейін тұлғаға істерді қысқарту негіздері және осы негіздер бойынша істі қысқартуға қарсылық білдіру құқығы түсіндірілуі тиіс.
Оған қатысты қылмыстық іс қысқартылатын тұлғаға істі қысқартудың құқықтық негіздерін және шешім қабылдауға қарсылық білдіру мүмкіндігін түсіндіруі – бұл істі қысқарту мен қылмыстыцқ жауаптылыққа тартылған тұлғалардың құқықтарының заңдылығы мен негізділігінің қосымша кепілдігі.
_______________________
1 Н.В. Жогин, Ф.Н.Фаткуллин Предварительное следствие в советском уголовном процессе. М., 1965. С.
2 Уголовно процессуальный кодекс РК. ( Общая часть ) Комментарийй / Под ред. И.И. Рогова, С.Ф. Бычковой , К.А. Мами , Алматы: Жеті жарғы , 2002г. С.44
3 Синев Д.В. Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основанием на предварительном следствии. Алматы, 2003г. С. 85.
Қылмыстық істі қысқартудың процесуалдық тәртібі
Қылмыстық іс сотпен, прокурор, тергеушімен және анықтау органымен тиісті құжаттың негізінде, яғни қылмыстық іс бойынша туындаған сұрақтарды толық көлемде ұйғарым немесе қаулы шығарумен өндіріс қысқартылады.
Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыны тергеуші шығарады, ал пркурор тиісті құжаттың заңдылығын тексеріп, қысқарту мен келіскен жағдайда істі толығымен қысқартуға рұқсат береді.
Мұндай шешім қабылдау барысында қылмыс оқиғасын, фактісін, қылмыс жасаған адамды және оның әрекетін өзге де заңмен белгіленген негіздерді анықтау керек.
Қылмыстық істі тергеу барысында барлық заңмен белгілнеген тиісті тергеу әрекеттері орындалуы тиіс. Қылмыс жасаған адамды жауапқа тарту , яғни айыпталушы ретінде немесе сезікті ретінде тану керек, қылмыстық әрекеттен залал көрген жәбірленуші ретінде танып өзгедей тергеу әрекеттерін жүргізу.
Құқық қорғау органдарының шығаратын құжаттарына, яни қаулысы мен ұйғарымына, соттың шығаратын нормативтік құжаты – үкімге қойылатын заңдылық және негізділік талабы қойылады:
Қаулы мен ұйғарым негізді болуы үшін келесідей талаптарға сәйкес болуы тиіс:
- Процесуалдық құжаттығы келтірілген қорытындылар мен шешімдер іс бойыша жиналған дәлелдемелерге негізделген;
- Жиналған барлық дәлелдемелер басшылыққа алынған;
- Бұл жиналған дәлелдемелер жиынтық бойынша жиналған;
- Дәлелдемелердің негізінде тек бір ғана нақты қорытындының
болуы ;
- Қорытындылардың фактілік жағдайларға қайшы келмеуі;
- Процесуалдық құжаттың дәлелдеу бөлімі толығымен сипаттау бөлімі қайшылықсыз сәйкес болуы қажет.
Қылмыстық істі қысқарту барысында қылмыстық және қылмыстық іс жүргізушілік заңдарды дұрыс қолдану міндетті болып табылады.
Заңды дұрыс қолдану әрекетті дұрыс саралау (квалификациялау) мен барлық іс жүргізушілік тәртіпті тәртіпті қатал сақтауы үшін қажет.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізушілік кодексінің 8-бабында қылмытық процестің міндеттерінің бірі ретінде қылмыстық заңды дұрыс қолдану деп көрсетілген. Қылмыстық процесуалдық заңның талабын дұрыс орындау – бұл іс бойынша өндірісті дұрыс жүргізудің маңызды кепілдігі. Материалдық және процесуалдық құқықтың нормалары бұзылмауы үшін тиісті құзіретті тұлғаның қылмыстық істі шешуі үшін Қылмыстық Кодекс пен Қылмыстық іс жүргізу кодексті тиісті баптарына сілтеме жасауы қажет.
Қылмыстық істі дұрыс қолдану барысында қылмыстық және қылмыстық іс жүргізушілік заңдарды дұрыс қолдану міндетті болып табылады.
Әрекетті дұрыс саралау (квалификациялау) мен барлық процесуалдық әрекеттерді қатаң сақтау үшін заңды дұрыс қолдану іс үшін өте маңызды.
Қылмыстық істі қысқарту туралы процесуалдық акт үш бөлімнен тұрады:
- Кіріспе
- Сипаттама – дәлелдеу
- Қарар
Қаулының кіріспе бөлімінде оның жасалған уақыты мен орны, тергеушінің аты – жөні мен лауазымы көрсетіледі. Ал қаулының сипаттама – дәлелдеу бөлімінде істі қозғауға себеп пен негіз болған жағдайлар, іс бойынша қылмыс жасады деп сезік келтірілген немесе айыпталған адамдар, олардың мәнісі, қылмыстық – құқықтық біліктілік және бұлтарттпау шаралары туралы деректерді көрсете отырып, оны тергеу нәтижелері баяндалады.
Қаулының қара бөлімінде істі қысқарту үшін негіз болған осы Кодексті бабын (бөлігі, тармағын) көрсете отырып, істі қысқарту туралы шешім, сондай-ақ бұлтартпау шарасын қолданбау туралы, мүлікті тұтқындауды алып тастау туралы, қызметінен уақытша босатуды тоқтатуды алып тастау туралы, хат-хабарды тұтқындау, сөйлескен сөдерді тыңдау мен жазып алу, заттай дәлелдердің тағдыры туралы нұсқау баяндалады.
Заң бойынша істі қысқартуға айыпталушының немесе жәбірленушінің келісімі бойынша ғана жол берілетін жағдайларда мұндай келісімнің бар екені қаулыда көрсетілуі тиіс.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының бірінші бөлігінің, 1,2-тамақтарында және үшінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша қысқартылған ретте қаулыға оларға қатысты іс қысқартылған адамдардың кінәсіз екеніне күмән келтіретін сөз орамдарын енгізуге жол берілмейді. Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының көшірмесі прокурорға жіберіледі.
Істі қысқарту туралы және қысқарту негіздері туралы тергеуші сезіктіге, айыпталушыға, олардың қорғаушыларына, жәбірленушіге және оның өкіліне азаматтық талапкерге, азаматтық жауапкерге және олардың өкілдеріне, сондай-ақ арызы бойынша іс қозғалған адамға немесе ұйымға жазбаша хабарланады. Тиісті адамдардың іс материалдарымен танысу құқығы және істі қысқарту туралы қаулыға шағым жасау тәртібі түсіндіріледі. Осы адамдардан келіп түскен өтініш бойынша оларға істі қысқарту туралы қаулының көшімесі тапсырылады.
Тергеушінің қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысына сезікті, айыпталушы, олардың қорғаушылары, жәбірленуші оның өкілі, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер немесе олардың өкілдері, сондай-ақ арызы бойынша іс қозғалған адам немесе мемлекеттік органның немесе ұйымның өкілі тергеуге қадағалау жасап отырған прокурорға шағымдана алады. Іс прокурордың келісімімен қысқартылған жағдайда қаулыға жоғары тұрған прокурорға шағымдануға болады. Сондай-ақ қылмыстық ізге түсу органы шығарған қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының көшірмесі 24 сағаттың ішінде прокурорға жіберіледі. Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының күші жойылған жағдайда іс бойынша іс жүргізу қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімінің ескірілуі шегінде жаңартылады.
Айыпталушы ретінде жауапқа тартуға дейін немесе кейін, сипаттама – дәлелдеу бөлімде қылмыстық істі қозғаудың негіздері мен тиісті адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту, айыптаудың мәні баяндалады, қылмыстық істі қысқартудың негізі мен нақты дәлелдемелер көрсетіледі. Істі қысқартудың дәлелдерін келтіру ерекше орынға ие, яғни жүйелі түрде ойды өндірісті қысқартудың заңға сәйкестігін анықтау қажет1.
Қылмыстық істі қысқартудың негізін баяндағаннан кейін Қылмыстық іс жүргізу кодексінің баптарына сілтеме жасалып, осы негіздерді қарастыратын, сондай-ақ баптарға да, қылмыстық істі қысқартуға арналған тәртіпте құжат толтырылады2.
Қылмыстық істі қысқарту туралы қаулының күшін тергеуші өзі жоя алмайды. Шығарылған қаулыған қаулының заңдылығы мен негізділігін прокурор тексеріп, істің сотқа жіберілуін немесе қысқартылуына рұқсат етеді. Егер прокурор қылмыстық істің қысқартылуын заңсыз немесе негізсіз деп шешсе , мұндай жағдайда прокурор істі өзі қайта жалғастырады не тергеу бөлімінің бастығына нұсқау береді. Өндіріс бойынша қылмыстық істі қайта қарауды жалғастыру жүзеге асырылады, егер қылмыстық жауаптылыққа тарту мерзімі ескірмесе3.
Қысқартылған қылмыстық іс бойынша мынадай жағдайларда4
- Тергеушінің қылмыстық істі қысқарту туралы қаулысының күші жойылғанда;
- Сот қылмыстық істің негізсіз қысқартылуына берілген арызды іс жүргізушілік заңның тәртібімен қанағаттандырғанда қайта жалғастырылады.
Қысқартылған іс бойынша іс жүргізу адамды қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі өтпеген жағдайда ғана қайта жалғастырылуы мүмкін5.
________________________________
1 Синев Д.В. Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основанием на предварительном следствии. Алматы, 2003г. С. 85.
2Уголовно процессуальный кодекс РК. ( Общая часть ) Комментарийй / Под ред. И.И. Рогова, С.Ф. Бычковой , К.А. Мами , Алматы: Жеті жарғы , 2002г. С.44
3А.А.Рзаев Прекращение уголовного дела дела по нереабилитирующим основаниям в стадии предварительного расследования: Учеб. Пос. Караганда, 1982г. С.14.
4А.Н. Ахпанов, А.Л.Хан О понятии предварительного следствия и дознания в свете нового законодательства Республики Казахстан , Караганда 1999г, с150.
5Төлеубекова Б.Қ. ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы. Жалпы бөлім. Алматы 2000ж. 212-бет
Пайдаланылған әдебиеттердің тізімі:
- Д.В. Синёв Прекращение уголовных дел по нереабилитирующим основаниям на предварительном следствии. Алматы. 2003 г.
- Б.Қ. Төлеубекова Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу құқығы Алматы 2000, 235-238-бет.
3.А.А. Рзаев Прекращение уголовного дела по нереабилитирующим основаниям в стадии предварительного расследования: Уч.Пос.;Караганда, 1982, 75 с.
- С.А. Голунский. О прекращении уголовных дел 1937.
- А.Я. Дубинский Прекращение уголовного дела в сдадии предварительного расследования. Киев, 1957. С. 10-17.
- А.Я. Дубинский Прекращение уголовного дела в сдадии дознания и предварительного следствия. Киев 1975.
- А.Я. Дубинский Основание к прекращению уголовного дела в сдадии предварительного расследования. Киев, 1973.
- В.В. Никитин, В.А. Дунин Прекращение уголовного дела. Омск, 1993.
9.Л.М. Володина Спорные вопросы прекращения уголовных дел по нереабилитирующим основаниям // Актуальные проблемы охраны прав личности в советском уголовном судопроизводстве: Межвуз. Сб. науч. Тр., Свердловск: СЮИ,1989г, с.100-104.
- П.М., Д.Я. Мерский Прекращение уголовных дел в советском уголовном процессе. М.: Госюриздат, 1963.
- Н.В. Жогин, Ф.Н. Фаткуллин предварительное следствие в уголовном прцессе. М. Госюриздат. 1965.
- А.Д.Донценко Прекращение уголгвного дела. М.2000.с729.
- Е.А.Челышев Решение о прекращении дела на предварительном следствии в советском уголовном процессе . Казань; 1983Г С.18-35
14.А.Я.Дубинский Прекращение уголовного дела в стадии предварительного расследования: Уч. Пос. Киев:1975,132с.
- Р.Г. Искендеров Прекращение уголовного дела на предварительном следствии .Автореф. дис. канд. Баку, 1975,22 с.
- Б.Х..Толеубекова ,К.Ж..Капсалямов, Б.К. Шнарбаев,Д.К.Бекишев Уголовно – процессуальное право РК.Часть особенная, Алматы 2000г ,270с
- В. А.Ковалев Прекращение уголовного дела в условиях деятельности органов дознания: Уч. Пос.1990, 64с
- Г.Н. Печников О прекращении уголовных дел по нереабилитирующим основаниям Формы досудебного производства и их совершенствование, Волгоград, 1989 с.59-67
- Уголовно – процессуальный кодекс РК.(Общая часть) Комментарий / Под ред. И.И.Рогова, С.Ф. Бычковой; К.А. Мами, Алматы: Жеті жарғы, 2002, 448 с.
- Л.В. Никитина Вопросы уголовного дела в стадии предварительного расследования с освобождением лица от уголовной ответственности. Афтореф. Дис. канд. Саратов, 1981, 21с.
- В.В. Зинькович институт реабилитации – надежная гарантия охраны прав личности в советском уголовном процессе . Свердловск, 1989, с.113-118
- Л.В.Никитин Вопросы правовой и моралбной реабилитации лица при прекращении дела с освобождением от уголовной ответственности // Проблемы правового статуса личности в уголовном процессе \\ Саратов,1981,с.69-77.
- Карнеева Л. Прекращение уголовного дела за отсутвием состава и событития преступления 1970, с53-54.
- А.Н. Ағыбаев Қылмыстық құқық, Жалпы бөлім, Алматы 2000. 230-235-бет
- Д.Б. Бұғыбай Қылмыстық құқық, Жалпы бөлім, Алматы2003.247 бет
- Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне түсінік. Жауапты авторлар:з.ғ.к. проф. С.М.Рахметов, Т.Ә.Бапанов 690бет
- А.С. Нуралиева Обстоятельства, позволяющие не осуществлять уголовное преследование, как основание, как основание прекращения уголовного дела // материалы международной научно – практической конференции\\ Алматы: КазГЮУ, 2002. с.219-226.
- А.Н. Ахпанов, А.Л. Хан О понятии предварительного следствия и дознания в свете нового уголовно – процессуального законодательства РК. Караганда 1999г. С.63-72.
- А.Л. Хан Проблемы процессуальной независимости следователя в уголовном судопроизводстве РК. Караганда 1997, с150-154.
- С . Мусабеков Амнистия – акт гуманизма уголовной политики в РК Фемида 2001, №6 с21-22
- 31. Д.С. Темирова Соотношение вменяемости, невменяемости и психических расстройств не исключающих вменяемости Караганда 2001, с
50-56
- М.Н. Филиппов Обеспечение прокурором всесторонности, полноты и объективности предварительного расследования как гарантия охраны прав обвиняемого. М.; 1990г С.71-76 .
- Комментарий к Уголовному кодексу Республики Казахстан. Под ред. И.И.Рогова и С.М. Рахметова, Алматы, Баспа, 1999г, с.808.
- Б.К. Шнарбаев Правовые последствия признания преступления не представляющим большой общественной опасности в нормах об освобождении от уголовной ответственности и наказания. Караганда.; 1996г. с. 117-124.
- К.А. Мами, А.Т. Жукенов Вопросы применения новых УК и УПК РК и судебная практика, Справочная система Юрист.
- А.Ф. Смирнов Применение акта амнистии органами предварительного расследования в уголовном процессе, Алматы 1986г с65.
- уголовное право Казахстана (Общая часть). Учебник для ВУЗов //Под ред. И.И. Рогова и С.М. Рахметова, Алматы 1998г 228с.
- Ж.Тыныштыкулы Роль прокурорского надзора в уголовном процессе по реабилитации граждан. Правовая реформа в Казахстане, №4, 2001г, с.40.
- Г.М. Миньковский Окончание предварительного расследования и право обвиняемого на защиту, М.; 1957,211с.
40.Л.М. Володина Прекращение уголовных дел вследствие изменения обстановки и в связи с направлением для применения мер общественного воздействия в стадии предварительного расследования. Л.;1976г, 23с
- Ю. Демидов, Ю.Якрен Прекращение уголовного дела вследствие изменения обстановки. М.;1989г с.56.
- В.Я.Чеканов Некоторые вопросы прекращения уголовных дел и прокурорского надзора за законностью прекращения уголовных дел. М.;1979г, с88.
- В.М. Савицкий По поводу уголовно – процессуальных гарантий реабилитации невиновного М.; 1988,с.55.