АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Қытай Халық Ресубликасы мен шетелдік қытай диаспорасының қарым-қатынасы

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………..3

 

  1. ДИАСПОРА ТЕОРИЯСЫНЫҢ САЯСИ АСПЕКТІЛЕРІ……………………………..6

1.1 Халықаралық қатынастардағы диаспора теориясы…………………………………….6

1.2 Хуацяолардың қалыптасу ерекшеліктері мен тарихы…………………………………9

 

  1. ХУАЦЯОЛАРДЫҢ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ…………………………………………………………………..23

2.1 Шетел мемлекетерінің экономикалық процестеріндегі қытайлық іскери жүйенің рөлі…………………………………………………………………………………………………23

2.2 Этникалық қытайлардың тұрғылықты мемлекеттердің саяси өміріне қатысуы……………………………………………………………………………………………………….28

 

  1. ШЕТЕЛДІК ҚЫТАЙЛАРДЫҢ ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ…………………………………………………………………………………35

3.1 Эмиграция басталғанан бастап 1980-інші жылдарға дейін қытайлық эмигранттарға қатысты Пекин саясатының дамуы…………………………………………35

3.2 Хуацяо және Қытайдағы реформалар: 1980-2001 жылдар…………………………41

 

Қорытынды………………………………………………………………………………………………….48

Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………………………..50

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеліп жатқан тақырыптың өзектілігі. 20-ншы ғасырдың соңғы ширегі Қытайда болып жатқан процестерге ерекше назардың көбеюімен сипатталады. Бұл 1960-70-інші жылдардағы әлеуметтік, экономикалық тәжірибелер әлсіреткен Қытай Халық Республикасын күшті аймақтық көшбасшыға айналдырған, елді әлемдік алдыңғы қатарғы мемлекетке айналдырған қытайлық реформалардың сәттілігімен байланысты. Реформалардың бағдарламасын жүзеге асырудағы маңызды ролды әлемде он мыңдағын адамды құрайтын шетелдік қытай диаспорасы атқарды. Нақ солар салған инвестициялар Қытай Халық Республикасының экономикалық әл-ауқатының өсуіне себеп болды. Сондықтан саяси және әлеуметтік ғылымдар шеңберінде жүргізіліп жатқан хуачяо мәселесіне арналған зерттеулердің көптігі таң қалдырмайтын жайт. Зерттеудің нәтижесі көрсеткендей, шетелдік этникалық қытайлар диаспорасы өзінің көптігімен ғана емес, ерекше экономикалық артықшылық, бірлік, мәдени және психологиялық ортақшылық пен оларға тұрғылықты жеріне қатыссыз бір организм ретінде әрекет етуге мүмкіндік беретін, қиылысатын байланыстар  жүйесінің болуымен де таң қалдырады. Осындай жағдайда Қытай Халық Республикасының басшылығына өзінің шетелдік қандастарымен белгілі бір қарым-қатынас орнату қажеттілігі туындады. Экономикалық реформалардың басталуымен Қытайда диаспораға қатысты  прагматикалық қатынас орнады. Тарихи отан мен шетелдік қауым арасындағы байланыстардың дамуы Қытай Халық Республикасының сыртқы саясатының маңызды бөлігіне айналды. Диаспора факторы пекин басшылығымен диаспораның тұрғылықты мелекетімен байланысын сараптау кезінде ескеріледі, себебі саны көп және экономикалық жағынан қуатты қытайлық қауымдастықтың сол мемлекеттердегі ішкі саяси үрдістерге әсер ету мүмкіндігі бар. Алайда, егер диаспораның өзінің тарихи отанының пайдасына әрекет етуі өзі шыққан мемлекеттің диспоралық саясатына байланысты болса, онда ондай әрекеттің мүмкіндігі диаспораның тұрғылықты  мемлекеттегі тарихи, экономикалық және саяси шарттарға байланысты екендігі сөссіз. Бұл шарттарға шетелдік қытай қауымдастығының тұрғылықты мемлекеттегі саяси, экономикалық және әлеуметтік құрылымдарымен қарым-қатынас тәсілдері тәуелді. Қытай Халық Республикасының хуачяолармен қарым-қатынас тәжірибесін сараптау өзектілігі халықаралық байланыстар жүйесіндегі диаспораның ролы мен орнын жаңаша түсінуге жол ашатын трансұлттық жүйенің пайда болуымен қуатталады. Қазіргі диаспораның экономикалық, саяси және мәдени артықшылықтарына ерекше мән беріледі. Дисапора тарихи отанның сыртқысаяси және экономикалық ресурсы ретінде қарастырыла бастады.

Бұдан басқа, теориялық жағынан да, тәжірибелік жағынан да ерекше назарға  пекин басшылығының ішкі саяси бағытына және тұрғылықты мемлекетпен екіжақты қатынастарына тәуелді диаспоралық саясаттың даму сараптамасы ие. Ол сол аймақ немесе мемлекетте нәтижелі  болып табылатын қытайлық отандастармен жұмысқа қажетті тәсілдерді айқындауға көмектеседі [1, б.3].

Тақырыптың зерттелу дәрежесі. АҚШ пен Оңтүстік-Шығыс Азиядағы шетелдік қытай қауымдастығының зерттелу дәрежесі жоғары, алайда көпшілік зерттеулер оның өмір сүруінің жеке аспектілерімен шектеледі. Берілген зерттеуімізде қарастырылып отырған мәселенің толық суретін көрсету үшін қажетті мағлұматтар шеңберін мүмкіндігінше кең пайдалануға тырыстық.

Біріншіден, бұл ҚХР-дың басшылығының шетелдік қандастарына қатысты қолданған саясатын айқындайтын құжаттар. Ең алдымен, ол – елдің ресми құжаттарының мәтіні – Конституция және басқа да заңды актілер, диаспорамен қатынас стратегиясын жасаумен айналысатын билік органдарының қызметі туралы есеп, сонымен қатар, ҚХР үкімет мүшелерінің сөйлеген сөздерінің және баяндамаларының мәтіні.

Екіншіден, бітіру жұмысының сүйенген негізгі болған Артюхова Ю.С.-ның «Зарубежные китайцы во внешнеполитической стратегии КНР» атты зерттеу еңбегі. Бұл зерттеу жұмысында тақырыптың мәнін ашуға көмектесетін жан-жақты мәлімет қамтылған. Хуацяолардың қалыптасы тарихы, тұрғылықты мемлекеттегі саяси, әлеуметтік және экономикалық жағдайы айқын, тыңғылықты деректермен дәлелденеді.

Үшіншіден, бұл Цзинь Тионг Танның қытай тіліндегі «Новые азиатские императоры: зарубежные китайцы, преимущества и стратегии» атты еңбегі. Онда хуацяолардың халықаралық аренадағы рөлі айқындалып, келешектегі жоспарланған бағыттары айқын көрініс тапқан.

Төртіншден, бұл түрлі мемлекеттердегі қытай халқының санын көрсететін статистикалық мәліметтер. Бұл жыл сайынғы «Қытай Халық Республикасы: саясат, экономика, идеология», әр түрлі кезеңдегі қытай диаспорасының әлеуметтік және демографиялық құрылымын бақылауға мүмкіндік беретін Statistical abstract of the United States атты американдық статистикалық анықтаманың мәліметтері.

Үшіншіден, ресейлік және шетелдік ірі сайттардағы жаңалықтар, мысалы, http://sina.com, http://russian.people.com.cn («Жінмин Жібао» газеті орыс тілінде), www.rmnb.com.cn («Қытай» журналы). 1990-жылдардың екінші жартысына жататын жаңалықтар мұрағаты қолданылды, одан ертерек архивтер жоқтың қасы.

Қызметі қытай диаспорасымен байланысты ұйымдардың сайттары. Бұл сайттарда қытай диаспорасы туралы ауқымды мәліметтер бар – тарихы, қазіргі жағдайы, экономикалық және саяси қызметі, мәдени дәстүрі: http://huaren.org, Chinese Overseas Promotion Association: www.coea.org, Worldwide Chinese  Association: www.worldwidechineseasso.org.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Берілген бітіру жұмысының мақсаты болып АҚШ-тағы және Оңтүстік-Шығыс Азияның ірі мемлекеттеріндегі қытай диаспорасының мысалында Қытай Халық Ресубликасы мен шетелдік қытай диаспорасының қарым-қатынас тәжірибесін сараптау болып табылады. Зерттеу барысында біз қытай диаспорасының Қытайдың сыртқы саяси бағытында қандай орын алатыны және Қытайдың дамуына, өздері тұратын мемлекеттер мен Қытайдың арасындағы экономикалық және әлеуметтік байланыстардың дамуына қандай үлес қосқаны жайындағы сұрақтарға жауап беруіміз қажет.

Белгіленген мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылады:

  • халықаралық қатынастардағы қазіргі диаспора теориясына сараптама жасау.
  • АҚШ пен Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі қытайлық дисапораның қалыптасу ерекшеліктері мен тарихын қарастыру.
  • Қытай халқының қарқынды эмиграциясы басталғаннан бастап 1980-жылдарға дейінгі Қытайдың диспоралық саясатындағы өзгерістерді зерттеу.
  • Қытай Халық Республикасындағы экономикалық реформалар бағдарламасын жүзеге асыруға хуачяолардың қатысу тәсілдері мен формаларын айқындау.
  • АҚШ және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің экономикалық дамуындағы қытайлық іскерлік жүйенің ролін зерттеу.
  • қытай диспорасы өкілдерінің тұрғылықты мемлекеттегі саяси процесстерге қатысуы тәсілдерін қарастыру.

Зерттеу объектісі болып қытай диаспорасы мен Қытай Халық Республикасының мемлекеттік-партиялық құрылымдары арасындағы қарым-қатынас процессі саналады.

Зерттеу пәні ретінде тұрғылықты мемлекет пен титулды мемлекеттерге ықпалды  қамтамасыз ететін сол қарым-қатынастың бағыттары, формалары мен тәсілдері қарастырылады.

Зерттеудің ғылыми-методикалық негізі пәнаралық және жүйелік тәсілдермен көрсетіледі. Пәнаралық тәсілді қолдануымыздың көрінісі болып тарих, саяси ғылым, экономика, конституциялық құқық, этникалық психология ғылымдарына көңіл бөлуіміз саналады.

Жүйелік тәсіл кез келген әлеуметтік құбылысты элементтердің, байланыстар мен қарым-қатынастардың бүтіндігі деп қарастырады. Бұл тәсіл бізге қазіргі диаспораны трансұлттық жүйе ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Ондағы жеке «ұяшықтар» — түрлі мемлекеттер диаспорасы – алуан түрлі байланыстармен – ақпараттық, қаржылық, коммникациялық, мәдени, саяси байланыстармен шырмалған. Бұл байланыстар әлемдік қытайлық диаспораны халықаралық аренада өзінің жеке стратегиясы мен белгілі ерекшеліктері бар бір ағзаға айналдырады.

Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеудің қорытындыларын Азия және Африка елдерінің тарихы курсын, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы халықаралық қатынастар тарихын меңгеруде пайдалануға болды. Берілген жұмыстың нәтижелері қытай диаспорасымен қатынас мәселесімен айналысатын мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызметінде де қолданыс таба алады.

Жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспе, үш тарау (әр тарауда екі тараушадан), қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

 

 

  1. 1. ДИАСПОРА ТЕОРИЯСЫНЫҢ САЯСИ АСПЕКТІЛЕРІ

 

  • Халықаралық қатынастардағы диаспора теориясы

 

Қазіргі қоғамда барлық үрдістер мен құбылыстар дерлік әлеуметтік, экономикалық және саяси жағынан түбегейлі өзгерістерге ұшырауда деп айтсақ, артық болмас. Атап айтқанда, ұлттық мемлекет ролінің төмендеуі мен былайша айтқанда, ортақ біріктіруші идеясы бар суперэтностар, әлемдік жоғарғы мәдениет әсерінің күшеюі туралы көп айтылады. Суперэтностар ұғымымен, көбінесе, шетелдік диаспорасы, яғни отанынан тыс жерде тұратын халықтың бөлігі бар мемлекет түсіндіріледі. Соңғы 20 жыл ішіндегі нәтижелер көрсеткендей, қазіргі кезде диаспораның тарихи отанының өміріндегі ғана емес, халықаралық қатынастардағы ролі өте маңызды. Көп жағдайда қаржылық және қуатты ұйымдастырушылық артықшылыққа ие бұндай құрылымдар тек өзінің шыққан мемлекетіне экономикалық және гуманитарлы көмек көрсетумен қоймай, халықаралық аренада оның ұлттық мүддесін қорғауға толықтай қабілетті. Сонымен қатар, бүкіл әлемге таралған саны жағынан көп және ықпалы жағынан күшті этникалық топтар тығыз трансұлттық байланыстарды, экономикалық ықпал етудің жоғары дәрежесін, ортақ мәдени құндылықтар мен тілге деген ұстанымын сақтайды. Бұл ақырында мемлекеттердің байланысының күшеюіне, онымен қоса жаһандану үрдісіне де ықпал етеді.

Осындай жағдайда диаспора феноменін зерттеудің өзектілігі арта түсуде. Ерекше назар аударуға тұрарлық нәрсе қазіргі диаспораның экономикалық, әлеуметтік-мәдени және қоғамдық-саяси потенциалдары, сонымен қатар, диапора саясатындағы кейбір мемлекеттердің тәжірибесіне салыстырмалы сараптама. Бұл өз кезегінде шетелдік отандастарымен мен мемлекет арасындағы және эмигрант қауымдастығының ішіндегі қарым-қатынастардың дамуындағы басты тенденцияларды анықтауға көмектеседі.

Кез келген мәселені зерттеуде маңызды орынды негізгі анықтамалар иеленеді. Біздің жағдайда міндет «диаспора» терминінің көптігіне қарамастан, бұл ұғымның жалпы қабылданған дефинициясы жоғысен күрделенеді. Сонымен қоса, этнографтар, заңгерлер, саясаткерлер диаспораны әр түрлі көзқараста қарастырады.  Энциклопедиялық басылымдарда диаспораны ортақ этникалық тамырлары және рухани құндылықтары бар, өзінің шыққан мемлекетінен тыс тұратын этникалық қауымдастық деп түсіндіреді. Саясаткерлер диаспораға сараптама жүргізудегі басты назар тек қана халықтың басқа мемлекетте тұратын бөлігі ретінде олардың өзін мойындауын ғана емес, сонымен қатар өзінің тарихи отаны мен тұрғылықты мемлекетпен жеке қарым-қатынас стратегиясы болуын; қызметі этникалық ерекшелікті дамытуға және сақтауға бағытталған ұйымдар мен институттарды қалыптастыруды атап көрсетеді. Заңи тұрғыдан қарағанда диаспораны құрайтын адамдардың құқықтық мәртебесі маңызды. Оның қандай-да бір бөлігін үнемі шетелде тұратындар, қалғанын – белгілі бір себептермен азаматтықты жоғалтқан немесе оны ешқашан иеленбеген, бірақ осы мемлекеттің азаматтығын олардың ата-тектері немесе басқа да туыстары иеленген, сондықтан олар өзін басқа мемлекетте тұратын сол халықтың бөлігі ретінде сезінеді.

Жалпы алғанда, барлық зерттеушілер диспора мен титульды мемлекет арасындағы қарым-қатынас – халықаралық өлшемде диаспоралық ұйымдардың даму мәселелері негізгі аспект екендігінде ортақ пікірде. Сөйтіп, В.Коннор ұсынған дефиницияда, «диаспора – халықтың отанынан тыс жерде тұратын бөлігі» болып саналады. М.Эсман диаспораны «миграция нәтижесінде пайда болған, өзі шыққан мемлекетпен байланыс сақтайтын этникалық азшылық» деп түсіндіреді. Атақты фин зерттеушісі С.Лаллуккидің бағасы бойынша, «диаспора құбылысы халықаралық қатынастарға қатысты өлшемге ие». Шетелдік зерттеуші Милтон Дж. Эсман диспора, тұрғылықты мемлекет және тарихи отан арасындағы қарым-қатынастың келесі формаларын атап көрсететді: өзі шыққан мемлекеттің диаспорадан көмек сұрауы; диаспора өзі тұрғылықты мемлекет пен шыққан мемлекеттегі жағдайларға ықпал ету мүмкіндігі бар; диаспора шыққан мемлекет диаспораның мүддесі мен құқықтарын қорғаушы ретінде шыға алады. Диаспораның мәселесіне жан-жақты талқылама «Диаспора» атты ағылшын тілдік журналда жүргізіледі.

Ресейлік ғылыми шығармаларда да диаспораға анықтама беруде өткір даулар кем емес. Көпшілік зерттеушілер диаспораны өзінің ұлттық мемлекетінен тыс тіршілік ететін этностың бөлігі ретінде қабылдаған. Бірақ, көпшілік зерттеушілер бұл ұғымды өздерінің жеке ғылыми қызметтерінің нәтижесіне сәйкес кеңейтуге тырысуда. Ж.Тощенко мен Т.Чаптыкова диаспораға «титулды» мемлекеттен тыс, бірақ ортақ бір мемлекетте тұратын этникалық қауымдастықты жатқызады. «Әуелде бұл этникалық құрылымдар көпшілік жағдайда рухани және әлеуметтік сияқты қарапайым функцияларды орындайтын шаруашылықтар күйінде» тұрмыс құрды [1, б.14-17].

Диаспораның оригиналды теориясын орыс зерттеушісі В.А.Тишков ұсынды. Ол диаспораны жеке таңдау деп қарастырады. «Қатаң демографиялық, немесе этникалық шындық емес, өмірлік тәртіптің стилі» деп қабылдайды. Диаспораны қалыптастыратын негізгі белгілер – ортақ отан туралы көрініс, соның негізінде құрылатын ұжымдық байланыстар, топтық ынтымақтастық және отанға деген ашық қарым-қатынас. Бұндағы отан ретінде шығу тегі болып табылатын ортақ мемлекет – ұлттық мемлекет, ал этникалық қауымдастық екінші орында қарастырылады.

Біз диаспораның теоретикалық аспектілерін қарастырдық. Белгілі дәрежеде олар әлемдік диаспоралық ұйымдардың көпшілігіне тән. Берілген зерттеу жұмысында әлемдегі ең маңызды диаспораның бірі – қытай диаспорасының сыртқы және ішкі қызметтері, бейімделу, қалыптасу мәселелері сөз етіледі. Бұл жерде тағы да терминологияға оралуға қажеттілік туындайды. Мәселе сонда, қазіргі заманғы ресейлік және шетел әдебиеттерінде қытай диаспорасының бірнеше атаулары қолданылады, оның ішіндегі ең кең таралғаны – «хуацяо». Бірақ оны барлық шетелдік қытайларға қолдану қаншалықты заңды? «Қытай және шетелдік қытайлар» атты кітапта Ван Гунву миграцияның 4 моделін қарастырады: шаруалар (хуагун), саудагерлер (хуашан), уақытша мигранттар (хуацяо) және реэмигранттар (хуаи) [2]. Бұл атауларда шұғылданған шаруалар немесе миграция сипаты көрініс табады. Шаруалар – хуагун жерсіз шаруалар мен қалалық кедейлерден тұратын. Олардың пайда болуы Америкада құлдықтың жойылуымен байланысты: хуагун плантациялар, кен орындары мен темір жол құрылысында құлдарды алмастырды, яғни ауыр маманданбаған еңбекпен айналысты. Ван Гунву хуагунның айтарлықтай аз уақыт болып, ХХ ғасырдың басында жоғалғанын айтады. Саудалық миграция (хуашан) одан ұзағырақ тарихымен белгілі. Оның құрамына көпестер мен қолөнершілер кірді және ол Оңтүстік-Шығыс Азияда кең етек алды. Хуацяо немесе уақытша мигранттарды арнайы ерекше қызмет түрімен сипаттауға келмейді, олар, Ванның ойынша, барлық шетелдік қытайларды қамтиды. Автордың ескертуі бойынша, «хуацяо» термині Қытайда ХІХ ғасырдың соңында, саяси өзгерістердің нәтижесінде қытай национализмі пайда бола бастаған кезде қолданыла бастады. Және, хуаи – бұл Батыс Еуропа, Солтүстік Америка және Австралиядан реэмиграцияланған Гонконг пен Тайванның қытайлары (көбінесе, жоғары білімді мамандар).

Көріп отырғанымыздай, ғалым – қытай диаспорасының өкілі «хуацяо» терминін Қытайдан шыққандардың барлығына қолданады. Алайда ресми қытайлық қоғамда басқаша көзқарас қабылданған. 1985 жылы Қытай Халық Республикасында келесі терминология ресми түрде қабылданған: «хуацяо» — бұл Қытай Халық Республикасының немесе Тайванның азаматтыған иеленген тұрақты шетелде тұратын қытайлар, «вайцзы хуажэнь» — тұрғылықты мемлекеттің азаматтығын қабылдаған қытайлық тегі бар адамдар. Жиі бұл терминнің қысқартылған түрі – «хуажэнь» (шетелдік қытайлар) қолданылады. «Хуаи» (этникалық қытайлар) – бұл «хуацяо» мен «шетелдік қытайлардың» ұрпақтары. «Гуйцяо» (реэмигарнттар) деп Қытайға тұрақты түрде тұруға шетелден оралған «хуацяо» немесе «шетелдік қытайларды»; «цяоцзюань» деп Қытайда тұратын «хуацяо» немесе «шетелдік қытайлардың» жақын туыстары, сонымен қатар үнемі шетелден қаржылай көмек алып тұратын алыс тустарды атайды [3, б. 34].

Терминология жөніндегі пікірталас ресейлік ғылымда да жүргізілуде. 1980 жылы «ҚХР-дың Азиядағы саясатында хуацяолардың ролі мен алатын орны» атты жиналыс болып өтті. Жиналысқа қатысқан қытайлық ғалым Лю Юнань дефиниция мәселесін көтерді. Оның айтуынша, хуацяо мен этникалық қытацлар терминдарының арасында  айырмашылықтар жоқ, әрқайсысы барлық шетелдік қытайлар ұғымын білдіреді [4, б. 3]. Жалпы айтқанда, хуацяо термині Қытайда әрқашан мемлекетке тиесілілік сипатын білдіретін, сондықтан ұғымдарды айыру критериі болып заңи негіз санала алады. Елшілер мен өзге де ресми өкілдерден басқаларға  Лю Юнань «хуацяо» ұғымына Қытай азаматтары болып саналатын және азаматтығы жоқ болып табылатын шетелдік қытайларды ғана жатқызуға, ал қалғандарын этникалық тегін қосу арқылы  тұрғылықты мемлекеті бойынша (мысалы тегі қытай тайландтықтар, малайзиялықтар) атауға ұсыныс жасады. Бұдан басқа, канадалық стандартпен тілдік белгі бойынша атауға болады: қытай тілдік индонейзиялықтар және т.б. Жалпы атау ретінде барлық шетелдік қытайларға азаматтығына байланыссыз заңи тұрғыдан алғанда бейтарап және ғылыми тұрғыдан алғанданда тура «этникалық қытайлар» термині ұсынылды. Негізінде біз осы көзқараспен келісеміз. Бұл еңбекте қытайлық диаспораны суреттеуде «шетелдік қытайлар», «этникалық қытайлар» терминдері пайдаланылады. «Хуацяо» термині 1985 жылы қытай үкіметімен анықталған мағынада қолданылады.

Айтылғандарға қорытынды жасай отырып, диаспора ұғымына анықтама бере аламыз. Диаспора – «титулды» мемлекеттен тыс өмір сүретін этникалық топтардың жиынтығы. Оларға

а) тұрғылықты мемлекетпен де, этникалық отанмен де этноаралық байланысты сақтап тұруға мүмкіндік беретін этникалық өзін-өзі мойындау;

ә) диаспораны сақтауға және дамытуға бағытталған институттардың болуы (халықаралық сипатта да);

б) тұрғылықты мемлекетпен де, «титулды» мемлекетпен де қарым-қатынас стратегиясының болуы [5, б.38].

Біз негізге қытай диаспорасының М.А.Андреев беріп кеткен анықтамасын аламыз және кытай диаспорасы деп толықтай немесе жартылай қытайлық тегі бар, ҚХР немесе басқа да қытай өркениетінің орталығымен (Тайвань, Сингапур) экономикалық, саяси, діни және тілдік қарым-қатынасты сақтап тұратын және сонысымен олармен туған жеріне және азаматтығына қарамастан өздерін ұқсататын адамдарды түсінеміз [6, б.13].

  • Хуачяолардың қалыптасу ерекшеліктері мен тарихы

Эмиграциялауға шешім қабылдаған әрбір адам өзінің мүддесі мен қалыптасқан жағдайды басшылыққа алады, алайда оның бұдан кейінгі тағдыры, бүкіл қауымның тағдыры сияқты қабылдаушы қоғамның жағдайына байланысты. Қабылдаушы қоғам өзінің бүтіндігі мен тұрақтылығын сақтауды мақсат етіп эмигранттарды түрліше қабылдауы мүмкін: оларды шектеу, егер әдеттегі тіршілік сарынын бұзабса оларға немқұрайлы болу, оларға қажетсіз ықпалды жоюға мүмкіндігі болу немесе өздерінің мүддесіне сәйкес келсе, эмиграцияны құптау.

Әр түрлі мемлекетте иммигранттарға жеке шарттар болады, сондықтан бір халықтың диаспорасы түрлі мемлекеттерде  түрлі сипаттарға ие. Бұл шарттар диаспораның тіршілігіне сәйкессіз, орындалмайтын, жақсы әсерлі немесе әсері жаман болуы мүмкін. Алайда, қауымның сақталуы мен нығаюына ықпал ететін шарттар оның жеке өкілдерінің қабылдаушы қоғаммен интеграциясына кері әсерлі болуы мүмкін. Қауымның татулығы тұрғылықты мемлекетте дискриминацияның жоғары дәрежеге жетуі кезінде ұлғаяды. Бұндай жағдайда қорғаушы іспеттес тетіктер қосылады: қоғамның шайылуы баяулайды, оның өкілдері мен қоршаған қоға арасындағы аралық қысқарады. Иммигрантта қауымның өміріне қатыстылық сезімі пайда болады. Ол қауымға өзінің даралығынан, оның мүддесін тұрғылықты мемлекетпен қарым-қатынаста қорғау құқығын бергендей болады [7, б.29].

Басқа жағынан алып қарасақ, иммигранттар мен тұрылықты халықтың арасында өркениетті туысқандық байқалған мемлекеттерде,  этникалық әсіре соғушылық жоқ болған  қоғамдағы шарттар қауымның ынтымақтастығының шайылуына алып келеді, бірақ иммигранттың бейімделу үрдісін жеңілдетеді.

Осыған сәйкес, өркениеті түрліше болған аймақтарда қалыптасқан қытай диаспорасы да ерекше сипатқа ие болады деп жорамалдауға болады.

Қытай этникалық топтарының қазіргі территориялық орналасуы Қытайдан келген бірін-бірі алмастырған мигранттардың әр түрлі аймақты қоныстануы үрдісі нәтижесінде болды. Бұл миграциялық толқындар өзінің мәдени, профессионалды және әлеуметтік құрамымен ерекшеленді; әлемнің түкпір-түкпірлеріне қоныстана отырып олар жергілікті халықпен және өзара, бір жағдайларда бірін-бірі ассимиляциялап, кей жағдайда басқаларды ығыстыра және бөліне отырып трансформацияға ұшырады. Жергілікті және келімсек құраушылардың өзара белсенді қарым-қатынасының нәтижесінде өзара мәдени толысу орын алды, бірақ дәстүрлі жүріс-тұрыс нормаларының түрлілігі негізінде келіспеушіліктер де болды, теріс қабылдау мен этникалық әсіре сілтеушілікті тудырған өзара сенімсіздік пен мазасыздық пайда болды. Қытай қауымдастығының жағдайына тұрғылықты мемлекеттегі оның ролі әсер етті. Қытай тұрғындарының көп бөлігін түрлі саудагерлер алған Оңтүстік-Шығыс Азияда колониализм дәуіріндегі олардың компрадорлық ролі тәуелсіздік алғаннан кейін жергілікті биліктің саясатты қатаң жүргізуіне алып келді. Сөйтіп, тұрғылықты мемлекеттегі қытай диаспорасының жағдайы мемлекеттің ішкі жағдайымен де, қаумның өзінің ерекшеліктері – саны, пофессионалды және әлеуметтік құрамымен де анықталды. Диаспораның жергілкті қоғаммен  қабылдауына оның қоршаған ортамен де, ресми басшылық деңгейінде де қарым-қатынас тәсілдері тәуелді болды. Жеке аймақтардағы қытай диаспорасының қалыптасу тарихын зерттеу бізге оның жергілікті қоғамға ықпал ету тәсілдеріннің сол қоғамның қытайлық азшылыққа қатысты саясатына тәуелділігін анықтауға мүмкіндік береді. Мысал ретінде эмиграцияның екі ең қарқынды деген бағытарры – АҚШ және Оңтүстік-Шығыс Азия сөз етіледі.

Ең алғаш Америкада қытайлар түрлі есеппен XVII-XVIII ғасырларда пайда болды. Алайда, бұл кезеңде олардың саны аз, ал олардың елдегі тұрмысы уақытша болды. Диаспораның қалыптасуына бастама болған қытайлардың жаппай эмиграциясы  ХІХ ғасырда басталды және толығымен қытайішілік мәселердің жиынтығымен байланысты болды.

ХІХ ғасыр Аспанасты империясы үшін барлық салалардағы құлдырау мен дағдарыс уақыты болды. Экономикада бірте-бірте феодалды қарым-қатынастың құлдырап, дәстүрлі құрылымдардың дағдарысымен және халық тұрмысының нашарлауымен жалғасқан  жаңа капиталистік жүйе қалыптаса бастайды. Экономикалық әлсіздікпен ұштасқан сәтсіз сыртқы  және әскери саясат Қытайды «опиум» ағылшын-қытай соғыстарында (1840-1842) жеңіліске және оны ағылшандардың жартылай колониясына айналуға алып келді.

Соғыс салдарлары қытай халқының өмірінде көрініс тапты: салықтар ұлғайды, қосымша алымдар енгізілді, бағалар өсті, шетелдік тауарлар дәстүрлі қытай қолөнер өндірісін тежеді. Жауап ретінде шетелдіктерге және одан да аты шулы манчжур әулетіне қарсы қозғалыстар күшейді. Бұл бұл келіспеушіліктер халық көтерілісіне ұшырады, олардың ең ірісі болып шетелдік қарулы күштердің көмегімен биліктегілермен басып жаншылған тайпиндер көтерілісі (1850-1864 жж) болып саналады. Цин әулетінің экономикадағы дағдарысты шешіп, елдегі ішкі жағдайды тұрақтандыруға қабілетсіздігі салдарынан стихиялы апаттар және келеңсіздіктермен әлсіреген Қытайдың оңтүстік провинцияларынан ХІХ ғасырдың ортасында ресми басшылық эмиграцияға қатаң тиым салғанымен аштық пен кедейшіліктен қашып бірсыпыра шарулар шетелге шығуға мәжбүр болды.

Қытай эмигранттарының негізгі бөлігі Оңтүстік-Шығыс Азиядағы ағылшын плантацияларына ағылды. Амой, Макао және Гонконг сынды қытайлық порттар қытайлық жұмысшыларды шетелге, оның ішінде АҚШ-қа да шығарушы ірі орталыққа айналды. Эмигранттардың көпшілік бөлігі Фуцзянь және Гуандун провинцияларынан шыққан шарулар еді. Бұл негізінде ауыр физикалық еңбекті қажет ететін жұмыстарда пайдаланылған маманданюбаған жұмысшылар шектен тыс эксплуатацияға және дискриминацияға ұшырап отырды. Ресми Пекин басшылығы қытайлық жұмыс күшін шетелге, соның ішінде АҚШ-қа шығаруға тосқауыл қоюға тырысты. Алайда, ішкі келеңсіздіктер әсерінен биліктегілер миграциялық саясат саласында нәтижелі мемлекеттік бақылау орнатуға қабілетсіз болды, тіпті, шетелдіктердің экстерриториалды иммунитеті мен Макаодағы португалдықтардың ерекше жағдайы «ұрлап алынғандарды» (оңтүстік Қытайдан шыққан шаруаларды) елден шығаруды толықтай шектеуге мүмкіндік бермеді.

Қытай эмиграциясын құраушы қытайлардың басқа тобы шенеуніктер мен студенттер есебінен қалыптасты. АҚШ-та олар бұрынғы ұлы Орталық империяға өзінің қалауын байлауға қабілеті жеткен батыстық өркениеттің қуатының себептерін білгісі келді. Олардың көпшілігі қытай қоғамының жоғарғы табының өкіледрі еді, мақсаттары қытай қоғамын жандандыруда пайдалану үшін білім алу. Сөйтіп, 1818 жылы Корнуоллде, Коннектитут штатында шетелдік студенттерге арналған мектепке 5 жас қытай қабылданды.

Қытай эмигранттарының бұл екі негізгі топтары Америкаға қытайлардың жаппай эмиграциясының бастамасын жасады және АҚШ-тағы қытай қауымдастығының негізін қалады. Олардың келуіндегі мақсаттардың түрлілігіне байланысты Қытай мен Америкадағы өмір сүру жағдайларына, әлеуметтік шығу тегіне байланыстыбұл топтар қытайлардың Америка территориясында қоныстанғанынан кейін де ұзақ уақыт қиылыспады.

Қытайлардың жаппай миграциясының бір себебі 1848-1855 жылдардағы Калифорниядағы атышулы «алтынды игеру» кезеңі. Иммиграциялық бюроның мәліметі бойынша, бұл кезеңде тек Сан-Францискоға 472 мың, яғни АҚШ-қа шыққан қытайлардың барлығына дерлігі келген. 1850 жылы Калифорниядағы 57,7 мың алтын іздеушілердің арасында 0,5 мыңы қытайлар еді. Бірақ кейінірек, алтынды шаю ісімен бригадаға біріккен қытайлар алтынды өндірудің жеке тәсілін жақтайтын ақ нәсілді іздеушілерге бақталастық тудыра бастады. 1860 жылы Калифорнияда 82,5 мың кен қазушы есепте болды, оның ішіндегі 29,4% қытайлар болды [8, б.10-11]. Сөйтіп, қытай эмигранттары АҚШ-тың батыс бөлігіндегі тау өндірісінің дамуына, әсіресе, алтын өндіру ісінің дамуына белсенді ат салысқандығын көреміз.

Қытайлық эмигранттардың еңбектері әсіресе Калифорниядағы темір жол құрылысында кең етек алды.

 Еңбек нарығындағы бақталастықтың күшеюімен байланысты ақ нәсілді жұмысшылар арасындағы антиқытайлық көңіл-күйлер, сонымен қатар алтын өндірудегі кірістің төмендеуі көптеген қытайлардың экономиканың басқа салаларынан жұмыс іздеуге мәжбүрледі. Алайда, мемлекеттік мекемелер, банктер, іскерлік кеңселер, дүкендер жұмысқа тек ақ нәсілділерді ғана алды. Осындай жағдайда кез келген жалақысы төмен жұмысты істеуге дайын көп мөлшерде арзан жұмыс күші қалыптасты. Бұнымен үлкен жетістікке жетуді көздеген американ кәсіпкерлері пайдаланды. Айта кетерлік жайт, қытайлық жұмысшылардың себебінен темір жол құрылысытек Калифорнияда ғана емес, одан тыс жерлерде (Колорадо, Невада, Айдахо, Монтана, Орегона, Вашингтон және Ютада) де қарқынды дамыды. 1880 жылы Канадалық тынық мұхиттық темір жол құрылысы басталғанда, жұмысшылар арасындағы қытайлар саны 105 мың қытайларға тең болды. Екі жыл ішінде олардың 605 мыңы тіркеуге алынды.

Кез келген жұмысты алуға дайындығы және жұмыстың арзандығы қытайлық жұмыс күшін Калифорнияның ауыл шарушылығында қолдануға алып келді. Нақ осы қытайлардың еңбегімен Калифорнияның ауыл шарушылығында жаңа салалар – бау-бақша өсіру мен көкөніс өсіру ісі пайда болды. Сөйтіп, қыталардың жұмыс күші АҚШ-тың батыс бөлігінің көптеген экономикалық салаларының дамунда маңызы зор болды.

Алайда, уақыт өте келе, экономиканың дамуы мен өндіріс сипатының өзгеруімен көбінесе қытайлық иммигранттардан болған маманданбаған жұмысшыларға деген  сұраныс та азайды. Бұл үрдіс американ қоғамының әр түрлі жәрежесіндегі қытайларға қарсы көңіл-күйлердің күшеюімен жалғасты. Бұл тенденцияның дамуының нәтижесі болып кейінірек құқық қорғау органдарымен заңдастырылған, америкалық экономиканың барлық саласынан  қытайлық еңбекті ығыстыру саналды.

Өндірістің барлық саласынан қытайлық иммигранттарды ығыстыру ХІХ ғасырдың соңынан бастап қарқынды жүріп, ХХ ғасырдың ортасына дейін жалғасты. Осындай жағдайда,  олардың бір бөлігі елден кетуді жөн көріп, ал қалғандары өздерінің әлеуметтік-экономикалық белсенділігін чайнатаундардың шеңберіне шоғырландырды. Чайнатаундар – Америкадағы қытайлардың көп бөлігі тұратын және қазірге дейін экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени өмірдің орталығы болып келген америкалық қалалардағы қытай кварталдары. Ағылшын тілін білмейтін, қатаң қысымға ұщыраған көптеген қытайлық эмигранттар үшін чайнатаундар Америкадағы тіршілігін сақтап қалудың жалғыз амалы болды. Өзінің жеке инфраструктурасы, тіпті, жеке билік органдары бар қытайлық гетто қытай диапорасының американдық қоғамнан көп жылдарға шеттетілуінің сақталуына әсер етті.

АҚШ-тың өндірісінен қытайлық жұмысшыларды ығыстыру және калифорниялық қалаларда олардың чайнатаундарға шоғырлануы ірі және орта капиталдың қалыптасу, өзінің экономикалық қызметінде қызмет көрсету саласынан асып түсетін кәсіпкерлік ортаның бөлініп шығуымен қатар жүрді. В.И. Бирюковтың мәліметтері бойынша, 1920 жылы Сан-Франциско, Нью-Йорк және Чикаго қалаларындағы ірі қытайлық корпорациялар, фирма мен бактердің саны 24-ке жетті. Сол жылы АҚШ-та 4 қытайлық банк — Сан-Франциско мен Нью-Йоркте екі-екіден жұмыс жасады. Сөйтіп, 1907 жылы 300 мың АҚШ долларымен құрылған «Банк оф Калифорния» 1920 жылға қарай 5 млн. долларға жетерлік дипозиттерге ие болып отырды. Оның қызметінің басты бағыты болып Америкадағы қытай кәсіпкерлерінің коммерциялық келісімдерін және Қытаймен сауда байланыстарын қаржыландыру.

Қытайларға тиесілі тағы бір ірі өндіріс – қытай пароход компаниясы болды, құрамында 3 пароход болды және АҚШ-тың Батыс жағалауы мен Шанхай  арасында адам тасу қызметімен айналысты. 1922 жыл ішінде бұл компания 6 мыңнан астам адамдарды тасыды.

Бірақ қытайлық диаспорадағы үлкен кәсіпкерліктің дамуына қарамастан, олардың өкілдеріне тек киім жуу орындары, ресторан, кішігірім дүкендердің иелері деген атақ тағылды. ХХ ғасырдың ортасына қарай қытай қауымдастығының профессионалды құрамында оның ғылыми-техникалық прогресс шарттарына бейімділігін көрсететін өзгерістер байқалды. Жоғары маманданған жұмысшылар мен мамандар санының өсуі мен қызмет көрсету салаласындағы қытайлар үлесінің төмендеуі туралы сөз болып отыр. Бұл бүкіл ғылыми-техникалық зиялылардың және маманданған жұмысшылардың екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі мобилизациялану қажеттілігімен, сонымен қатар Еуропадан келімсектердің келуінің төмендеуімен және америкалық қоғамдағы расистік көңіл-күйлердің әлсіреуімен түсіндіріледі. Бұл кезеңде АҚШ-та қытайларға қатысты жеке және иммиграциялық саясаттың жалпы қайта қаралуына алғышарттар қалыптасады.

Айта кетерлік жайт, америкалық үкіметтің иммигрциялық саясаты әрқашан үлкен бизнес үддесіне сәйкес болды. Бірақ қытай мигранттарына қатысты тек экономикалық ұтымдылық принципі алынбады. АҚШ-тың ХІХ ғасырдың ортасына дейінгі кезеңде Қытайдан келген эмигранттарға қатысты ресми ұстанымына Калифорниядағы қоғамның барлық бөлігін қамтыған нәсіларалық келіспеушіліктер үлкен әсер етті.

Қытайларға Америка Құрама Штаттарына кіруге қарсылық қозғалысы олардың жаппай иммиграциясы басталғаннан кейін бірден пайда болды, бірақ ресми заңдастырылмаған еді. Көп жылдар бойы ол калифорниялық қалалардың муниципалды деңгейінде, кейін штат үкіметінде заңи және сот деңгейінде және АҚШ президенті мен конгресс деңгейінде дамыды.

Назар аударарлық жайт, Калифорниядағы қабылданған барлық антиқытайлық шаралар экономикалық сипатта болды. 1880 жылы қытайларды штат билігімен кез келген кәсіпкерлік қызмет түріне лицензия алу құқығынан айыру туралы заң қабылданды. Сонымен қатар, 1879 жылы қабылданған Калифорния штатының конституциясында жеке корпорациялар мен қалалық үкіметке кез келген жұмыс түріне қытайларды алуға тыйым салынды. Антиқытайлық заңнаманың қалыптасуында еңбек нарығында қытай жұмысшыларымен үнемі қатаң бақталастыққа түсетін ақ нәсілді жұмысшылардың шағымдары үлкен роль атқарды. Бұл жағдайды өздерінің саяси капиталын ұлғайтқысы келген саясаткерлер қолданды. Уақыт өте келе олар қытайлықтардың иелігін қиратуға дейін барған қытайларға қарсы көңіл-күйлердің өршуіне себеп болып отырды.

Бірте-бірте қытайларды ығыстыру Калифорния шеңберінен шығып, американдық конгреске жетті. Тынық мұхиттық барлық штаттарының қысымымен 1876-1877 жылдары конгресте Калифорниядағы қытайлардың жағдайы бойынша жиналыстар болып өтті. Баяндамалардың көбісінде көңіл бөлінген нәрсе «қытайлықтар ешқашан ақ нәсілділермен ассимиляцияланбады және ассимиляцияға ұшырамайды да» деген тезистің төңірегі [9, б.123] Онда айтылған мәселердің қатарында Калифорниядағы ақ нәсілділердің қытайлардан аз болып қалады ма деген қауіп және соған байланысты Азиядан келетін келімсектердің санын шектеу болды. Бұл жиналыстар 20 жылға созылған даудың басталуына себеп болды.

Бұл даулар заңнамалық тұрғыда 1882 жылы америкалық конгреспен қабылданған «қытайларды шектеу тіралы заңда» бекітілді. Оның негізгі тармақтары: 1. Қытайлық жұмысшыларға АҚШ-қа кіруге 10 жылға дейін рұқсат етілмейді. 2. АҚШ-та тұрған және елден 1880 жылдың 17 қарашаға дейін АҚШ-тың кедендік сертификатымен шыққан қытайларға елге орлуына рұқсат етілді. 3. Қытай үкіметінен ағылшын тілінде келісім бойынша «жұмысшы» емес және АҚШ-қа оралуға құқығы бар деп жазылған құжаты бар қытайларға қайтіп кіру рұқсат етілді. 4. АҚШ-қа заңсыз кірген қытайлар сот шешімімен депортацияға ұшырады. 5. Штаттар соттары және Жоғарғы сот қытайларға АҚШ азаматтығын алуға тыйым салды.

«Шектеу» заңы қытайлық эмигранттердың келуін біршамаға қысқартты. Сонымен бірге олардың америка территориясымен қозғалу процесі басталды, оның нәтижесінде Шығыс жағалауда, әсіресе Нью-Йоркте қытайлар саны көбейді.

1882 жылғы заңның мерзімі бірнеше рет ұзартылды. 1890 жылы  «қытайларды шектеуді» тағы 10 жылға ұзартатын «Гири заңы» қабылданды. Ол заң бойынша, АҚШ-тағы барлық қытайлар тіркелуден өтуге тиіс болды, өтпегендер елден шығарылды. 1902 жылы американдық конгресс «қытайларды шектеу» заңын үшінші онжылдыққа ұзартты, ал 1904 жылы ол мерзімі жоқ деп жарияланып, ол «қытайлардың немесе қытайлық тегі бар адамдардың АҚШ-қа келуін және олардың онда тұруын реттейтін, тоқтататын немесе тыйым салатын» басқа да қытайларға қарсы акттармен толықтырылды.

«Шектеу» заңын қайта қарау қозғалысы АҚШ-та тек екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында, жапон агрессиясын қайтаруда Қытай Американың жақтасы болып қалған кезде басталды.көп пікірталастан кейін 1943 жылы президент Ф.Рузвельт дискриминациялық шараларды қайтаратын заңға қол қойды. «Қытайларды шектеуді жою және квоталар бекіту және басқа да шаралар туралы заң» иммигранттардың ұлттық шығу тегіне негізделді және келімсек қытайларға американдық азаматтық алуға мүмкіндік берілді. Ол  жылына АҚШ-қа тек 105 қытайға кіруге рұқсат берген 1924 жылы бекітілген квотаны растады.

Қытайлардың қызметпен айналысу мүмкіндіктерін шектеу, американ қоғамының оларды қабылдамай шеттеуі, ресми биліктегілердің тарапынан болған дискриминация диаспораның кейінгі тағдырында өз ізін қалдырған және осы мемлекеттегі өзін ұстау мәнерін анықтаған терең зардаптарға алып келді. Олардың бастысы, американ қоғамынан экономикалық, әлеуметтік, психологиялық және мәдени жағынан бөлектенуболып қалды. Ол диаспораның өзін-өзі басқару органдары мен ерекше әлеуметтік құрылым құруға алып келді. Бұл құрылымдарды сақтауды әкімшілік-территориялық базасы – чайнатаундар болды  [1, б.40].

Сонымен қатар, чайнатаунның құрылуы мен дамуының алғышарты ретінде қарсылық көрсетуші ортада тұру жағдайында қытайлық ұлттық дәстүрді сақтау қалауы, отбасылық және тектілік байланыстар және ұлттық жалпылылықты санауға болады.

Чайнатаундардың дамуы және адамдардың көп бөлігінің онда шоғырлануы қытай кварталдарының әлеуметтік-ұйымдастырушылық құрылымының  бекітілуіне алып келді. Көптеген зертеушілер, соның ішінде қытай диаспорасын зерттейтін американ авторлары чайнаундардың ұйымдастырушылық құрылымының 3 элементі жүйесін бөліп көрсетеді. Бұл жүйенің негізі  — тегі бір қытайларды біріктіретін отбасы немесе тек. Жүйенің екінші құрылымы – Қытайда уезд немесе белгілі бір аймақтан шыққандар кіретін аудандық ассоцияция немесе жер өңдеушілер. Үшінші элемент жоғарғы арбитраждық орган – Біріккен қытайлық қайырымдылық ассоцияциясы (БҚҚА) ретінде белгілі.

Ықпалы кең тектілер болып саны жағынан ең көп болған тек саналады.  Жылы бұл ең көп отбасылық ассоцияция болып дәстүрлі түрде АҚШ-тағы ең үлкен клан — Ван ассоцияциясы саналады. Бұндай жағдайда ұсақ қытай отбасыларына өздеріне көбірек ықпал алу үшін және ірі кланның диктатына қарсы тұру үшін бірігуге тура келеді. Соның  өзінде осы отбасылардың әрқайсысы белгілі бір тәуелсіздікті сақтап қалуға тырысты.

АҚШ-тың қытайлық диаспорасындағы әлеуметтік ұйымның келесі деңгейін аудандық қайырымдылық ассоцияцияның ресми атауын алып жүрген  аудандық ассоцияция мен жер өндірушілер таныстырады.

Қытай эмигранттарының басым бөлігін екі провинция – Фуцзянь және Гуандун аймақтарынан шыққандар құрайтын. Фуцзяньдықтар Калифорниядағы қытайлардың ерекше тобын құрады, себебі олардың ортасында ұсақ саудагерлер мен қолөнершілер басым болды. Сонымен қатар, эмигранттардың бір бөлігін Чжуншань уездінде туғандар құрады. Бұл шаруа эмигранттар АҚШ-қа келісімен Калифорниядағы барлық балық базаоларын, тігін өндірісін және гүлмен айналысу фермаларын өз қолдарына алды.

Бұл эмигрант топтарының әрқайсысында аудандық ассоцияцуиялары болды. Оларды құрудағы басты фактор Гуандунның түрлі аймағындағы диалекттердегі лингвистикалық түрлілік факторы болып саналды

Аудандық қайырымдылық ассоцияциялары әр түрлі әлеуметтік функцияларға ие болды және кландарға қарағанда чайнатаундардағы дәрежесі жоғары болды.

Осынгдай жағдайда клан мен аудандық ассоцияция арасында үнемі бақталастық жүрді. Олардың арасындағы дауды шешу үшін Сан-Францисконың қытай диаспорасы шеңберінде ірі ассоцияцияның өкілдері кірген жоғарғы арбитрлық орган құрылды. Бастапқыда, ол қытайлардың заңнамалық жиналысы деп аталды, Сан-Францискода ол оны құрған аудандық ассоцияция санымен — «Алты компания» деген атпен белгілі. 1901 жылы бұл орган Бірікен қытай қайырымдылық ассоцияциясы болып өзгертілді. «Алты компаниямен» орындалатын әр түрлі функциялар оларды диаспоралық укімет есебінде қарастыруға алып келді. Олардың міндеттеріне қауымдастықтағы тәртәптә сақтау, қытай азаматтарының құқықтарын орындауды қадағалау, қытай халқының топтары арасындағы дауларда арашашы болу, иммигранттардың құжаттары мен куәгерлік сөздерін мақұлдау, қайрымдылық кірді. Нью-Йорктегі қайырымдылық ұйымы бұдан басқа қытайлар арасындағы іскерлік қарым-қатынасты ретке келтіретін ережелерді шығарумен, сауданың дамуы, маңызды жаңалықтарды тарату,  білім беру жүйесін ұйымдатыру, қоғамдық клубтарды құрумен айналысты.

Бірікен қытай қайырымдылық ассоцияциясының ұүрылым күрделі болды, ол бір жағынан қытайлардың әлеуметтік дәстүрін сақтады, бір шетінен оның кейбір элементтерінде американ қоғамының саяси өмірінің белгілерін көруге болатын еді. Бұл отбасылық және аудандқ ұйымдардың басында тұрған орган еді. БҚҚА-ның өзі 2 бірінен бірі тәуелсіз функционалды 2 органмен таныстырылады. Бірі — президенттер Кеңесі – чайнатаун тұрғындарының беделді аймақтық топтарынан тең өкілділік принципі (әрқайсысынан бір бірден) бойынша құрылды. Екінші орган – директорлар Кеңесі – сол аудандақ ұйымдардан пропорционалды түрде өкілділік ету (мүше адамдардың санына байланысты) негізінде жұмыс жасады. Бұндай жүйе нәтижесінде өкілдердің көп бөлігін құрамы жағынан көп болған ассоцияция алды. Директорлар кеңесі заңнамалық функциялары бар орган ретінде белгілі болды. Ол президенттер кеңесімен сынылған заңдарды қабылдады немесе тыйым салды. ХІХ ғасырдан бастап Кеңес төрағаларына ротация енгізіліді.

Қытай диаспорасында әлеуметтік ұйымдардың басқа да түрлері болды. Олардың бірі «Алты компанияға» аналог ретінде құрылған құпия ұйым жүйесі болды. Жасырын ұйымдар қытай қауымдастығынң ең кедей бөлігінің ірі клан саясаттарына қарсылық ретінде құрылған еді. Олардың әлеуметтік базасын дағдарысқа ұшыраған кәсіпкерлер, ұсақ шенеуніктер, кедей шаруалар құрады. Олардың қызметіне өзінің құрамындағы кейбір кәсіпкер топтардың чайнатаундағы БҚҚА-ның доминанттық жағдайымен күресу болды. Осымен қатар олар қылмыстық бизнес – жезөкшелік, құмар ойындар және нашақорлық саудасын өз бақылауына алды. ХХ ғасырдың 20-30 жылдар олардың гүлдену кезеңі болып саналады және өз қызметін «Алты компания» билігін шектеу функциясынан бірте-бірте айырылғанымен де әлі күнге дейін жалғастыруда. Қытай диаспорасындағы әлеуметтік ұйымдардың ерекше формасы болып кәсіпкерлер мен саудагерлердің ұйымдары саналды. Оларға чайнатаунда құрылып жатқан қытайлық сауда палаталары да жатады. Олардың басты міндеттеріне коммерсанттар арасында туындаған келіспеушіліктерді ретке келтіру және қытай кварталындағы іскерлік бесленділікті арттыру кірді.

Қытай қауымдастығының өкілдерімен қоғамдық ұйымдар да құрылып отырды. Мысалы, 1904 жылы Сан-Францискода құрылған «алтын шаттың туған ұлдары» аты ұйым алдына қытайларға америкалық азаматтықты алу қажеттілігін елге түсіндіру мақсатын қойды.оны құрушылардың ойлары басқа да қалалар мен штаттарда жақтастар таба бастады. Нәтижесінде бұл ұйым Сан-ранцискодағы штаб-пәтерімен қытай-американ азаматтарының ұлттық одағына ауыстырылып, АҚШ-та туған қытайларды дискриминациялауға қарсы күрес жүргізді. Қытай диаспорысының әлеуметтік ұйымдары ұзақ жылдар бойы өзгеріссіз болып келеді. Бұл эмигранттарды американ қоғамынан шеттеткен әлеуметтік-экономикалық шарттардың әлі күнге дейін өзгермегенін көрсетеді. Тек 1960-ншы жылдардан бастап, американдық иммиграциялық саясатының либерализацияланғанынан кейін және соның салдары ретінде жаңа иммигрантардың келуінен кейін қауымның әлеуметтік-экономикалық құрылымы белгілі өзгерістерге ұшырай бастайды.

Жалпылама алғанда қытай диаспорасының ең көп бөлігі тұратын басқа аймақ боып Оңтүстік-Шығыс Азия болып саналады. Бұл аймақтың әрбір мемлекетінде қытай халқы кездеседі, бірақ олардың үлесі жалпы мемлекет санағында біркелкі емес. Берілген жұмыста ОША-дағы қытай диаспорасы қытай халқының көп бөлігі кездесететін мемлекет мысалында қарастырылатын болады. Бұл — қытайлар жергілікті халықтың үштен бірін құрайтын Индонезия мен Малайзия және қытайлар көпшілік және мемлекет құраушы ұлт болып саналатын Сингапур.

Деректердің айтуы бойынша, қытайлар ОША елдернде б.з. І мыңжылдығында тұрған. Алайда ол кезде миграция тұрақсы сипатта болатын және этникалық тұрақты қытай халқынан құралған тұрғындар бұл аймақта болмады. Жағдай тек ХІІ ғасырдан бастап өзгере бастады, ал, ХІV-VX ғасырларда ерекше сипатқа ие болды. Бұл уақытта қытайлардың отынан оралуы байқалғаныменҚытайдан келген эмигранттардың үлкен толқыны олардың әлеуметтік және этникалық бірігуіне алып келді. Бірте-бірте ОША мемлекеттеріндегі халықтың тұрақты бөлігі ретінде қытай қауымдастықтары құрыла бастайды.

Эмиграцияның себептерін қарастыра отырып, Қытайдағы экономикалық және саяси жағдайға тоқталу қажет. Сун әулетінің билік құрған кезінде (Х-ХІІІ ғғ) Қытайдың қоғамдық-саяси өмірінің орталығы солтүстік-батыс мемлекеттердің қысымымен оңтүстік-шығысқа ығысты, сонда кейінірек, халықтың жартысынан астамы шоғарланды. Бұл жердегі экономиалық процестердің көпшілігі қарқынды дамығанымен, халықтың тым көп болуымен байланысты бірқатар мәселелер туындады. Қытайдың бұл бөлігінде өңделетін жердің жетіспеушілігінен не ауылдық жерлерде, не қалалық жерлерде өзіне жұмыс таба алмаған көпшілік пайда болды. Осындай адамдар ОША-ға шығушы эмигранттардың негізгі бөлігін құрады: біріншіден, бұл өздерінің тауарларына өткізу нарығын іздеген саудагерлер, екіншіден, қаражат іздеуге шыққан кедейлер еді.

ОША елдері сауда саласында байлық жинастыруға кең мүміндіктер беріп отырды. Бұл аймақта ішкі жәе сыртқы тауарауысудың негіздері енді қаланған еді, сондықтан жергілікті саудагерлер коммерциялық істе тәжірибелі қытайлармен бәсекелестікке түсе алмады. Диаспорада сауда ісімен айналысу сыйлы қызметтердің біріне жатуы да таңқаларлық нәрсе емес.

Қытай эмиграциясын құраған адамдардың басқа тобы – жерсіз шаруалар мен қалалық кедейлер де жаңа жерде өздеріне жұмыс таба алды. ОША елдерінің барлығында эмигранттардың еңбегіне мұқтаждық болды деп айтуға келмейді, сондықтан олар көбінесе өздерінің отандас-көпестерге тасушы немесе сатушы жұмысына жалданатын. Кейінірек олардың кейбіреулері ұсақ сатушы, ал одан кейін ірі кәсіпкерге айналып отырды.

Билікке Мин әулеті келгеннен кейін (XIV-XVII ғғ) Қытай оңтүстік бағытта белсенділік таныта бастады. ОША елдері Қытаймен бейбіт елшіліктермен алмасуға мүдделі болды, ал Аспанасты мемлекетінің билігі оларға номиналды болсын тәуелділік орнатқысы келді. Қалай болмасын бұл олардың арасындағы сауда байланысына да, Қытайдан көшушілердің санына да теріс әсер тигізген жоқ. ХVІІ ғасырғ қарай аймақтың барлық территориясында – Бирма мен Лаостан бастап Филлипин аралдарына дейін тұрақты қытай қауымдары тіршілігін жалғастырды.

ОША елдерінің, сәйкесінше қытай диаспорасының тарихындағы бұрылысты кезең ХVII ғасыр болып саналады. Ғасырдың басынан бастап бұл аймақтың құрлықты мемлекеттері бірінен кейін бірі Испания мен Португалия, кейін Голландия мен Англия сияқты еуропалық державалардың колониялды тәуелділігіне түсіп қалды. Осы кезден бастап бүкіл қытай қауымдастығының қалыптасу барысы өзгереді. Эмигранттардың келу толқыны мен оның темптері өзгерді, диаспораның өмір сүру қалпы, әлеуметтік құрылымы басқа түр ала бастады, оның қоршаған қоғаммен байланысы өзгешенді. Қазірге дейін сезіліп келе жатқан колониалды мұра қытай қауымдастығының әлеуметтік түріне және диаспораның келесі кезеңдегі өкілдерінің қоғамдық санасына өз ізін қалдырды. ОША-ға еуропалық капиталды алып келген отаршылар қытай көпестерінің сол аймақтағы кәсіпкерлік тарихындағы ең ең маңызды бәсекелес болып саналды. Қытайлар бұған дейін де шетелдіктер – үнділер, араб және жапон көпестерімен бақаталастыққа түскен болатын. Бірақ португалдықтар, голандтықтар мен басқа да еуропалықтар түбірлі түрде өзгеше еді, олар ірі әскери күшке арқа сүйеп, олардың арқасында шектеулі факторийлардан басталған жерлері кең аймақтарға дейін билеушілерімен бірге маңызды пунктерді басып алды [1, б.51].

Бірақ бірте-бірте еуропалық және қытайлық көпестер өзара пайда келтірерлік салалардың бар екенін байқады. Отаршылдар өздері қызығушылық танытқан жергілікті тауарларға күрт сұранысты тудырды. Сонымен қоса аймақта ұзақ уақыт құрамында маманданған көпестердің жетіспеушілігі байқалған дәстүрлі әлеуметтік құрылым сақталып қалған болатын. Бұл еуропалықтарға өздеріне керекті өнімдерді сатып алу мен порттарға тасу мәселесінде бірқатар қиындықтар тудырды – тілді, жергілікті салтты, шаруашылық тәжірибені білмегендік өз әсерін тигізді. Бұл мәселені шешуде жергілікті халықпен жақындасып үлгерген және қажетті капитал жинаған қытай көпестері қабілеттілік танытты. Олар еуропалықтар мен жергілікті халық, қолөнершілер және ақсүйектредің арасында делдал қызметін атқарды. Бұдан басқа отарлардағы қытай саудагерлері салық пен салымдарды жинаушы функциясын атқара бастады.

Бұндай жағдайда тауарларға бағасын анықтаған қытай кәсіпкерлері ысырапшылықпен айналысты, сөйтіп жергілікті халықтың ойынша, еуропалық отаршылардан кем болмады, себебі олар үшін қытайлар өзгеше дәстүрі, тілі және діні бар келімсектер болып қала берді. Осының барлығы жергілікті халықтың оларға деген сақтық пен жағымсыз сезім тудырды. Бірақ айта кетерлік жайт қытайлық саудагерлердің ролі сол кезеңде прогрессивті болды, олар ешкімнің қолынан келмейтін экономикалық функцияларды орындады: сатып алушылар тауарлы өнімнің өндірушілеріне нарыққа шығуға мүмкіндік жасады, сатушылар шаруаларды ақша іздеу қажеттілігінен босатып, салықты заттай алды. Қытай қолөнершілері жергілікті халықты бұған дейін белгісіз болған кәсіп түрлеріне үйретіп, белгісіз болған бұйымдармен қамтамасыз етіп отырды.

ОША-ның әр түрлі мемлекеттерінде қытай диаспорасының тарихы және оның жергілікті халықпен қарым-қатынасы отарлық режимнің және қоршаған ортаның әлеуметтік спецификасына тәуелді болды.

Отарлы биліктің өзгермелі саясатының көрінісі ретінде Индонезияны алуға болады. Бұл елде қытай қауымдастығы айтарлықтай елеулі болды: 1733 жылға қарай Батавия және оған жақын жерлерде 80 мыңнан кем емес қытайлар өмір сүрді [10, б.404]. Голландтық отаршылдар эмигранттардың толассыз келуімен мазасызданды, олар өздеріне көп жағдайда жұмыс таба алмайтын. Оған қоса олардың жағдайын Цин үкіметінің елден кеткен қытайларға қайтарға рұқсат бермеуі қиындатты.

Бұндай жағдайда отарлық әкімшілік Явада тұратын қытайларға қатысты қатаң шаралар қолдана бастады. Оларға елде жұмыс іздеу мақсатымен қозғалыс жасауға, жаңа сауда орындарын ашуға тыйым салынды. Салықтар бірталайға көбейді, қытай заң бұзушыларға қарсы қатаң санкциялар қабылданды. Үкіметтің жазбаша түрдегі рұқсатынсыз өздері тұратын қалалардан тыс жерлерге шығуға рұқсат берілмеді. Голландтық шенеуніктің табыс көзі туралы қойылған сұрағына қанағаттанарлық түрде жауап бермеген қытайды тұтқындап, басқа Банда, Цейлон немесе Үкілі Үміт бұғазына жер аудартты.

Бұл дикриминациялық іс-әрекеттер, шененіктер тарапынан үнемі болған алымдар қауымдастықта келіспеушілікке алып келді де 1740 жылғы толқуларға ұласып кетті. Көтеріліс қатаң басып тасталынды, шамамен 10 мың қытай қайтыс болды. Бұл оқиғалардан кейін Батавияда 3 мың көлемінде қытай қалды. Барлық дискриминациялық шаралар өз күшін сақтап қалды: эмигранттарға тек белгілі үкімет бекітіп берген орындар мен кварталдарға қоныстануына рұқсат берілді, басқа қалаға бару үшін рұқсат керек болды.

Сонымен бірге, отардың экономикалық өмірінде голландтықтар үшін де, жергілікті халық үшін де делдал функциясын атқарған қытайлықтардың маңызды ролі байқалды. Сондықтан, отардағы тәртіп пен тыныштық қайта қалпына келгеннен кейін голандтықтар жалпыға ортақ амнистия жариялап, ОСТ-Индтік компаниялар жергілікті қытайлардың өздеріне қызмет істеуге рұқсат берген салаларындағы мүдделерін ескеретінін айтты. Соның арқасында XVIII ғасырдың екінші жартысында Индонезиядағы қытай кәсіпкерелерінің саны мен экономикалық белсенділігі бұрынғы қалпына келді. XVII-XIX ғғ –да ОША-дағы қытай диаспорасының экономикалық позициялары нығая түсті, бірақ бұл сауда кәсіпкерлігінің кеңеюіне емес, барлық аудандарда қолданылған монопольды сатылу жүйесіне байланысты болды. Бұл жүйе жеке тұлғаларға белгілі бір уақытқа салық жинау, өндіріске монопольды ие болу және өнімнің жеке түлерін сату құқығын жалға немесе сатуға беруді көздеді. Және бұндай тәжірибе оған дейін болса да, ол XVIII ғасырда кең етек алды. Барлық жағдайларда дерлік сатушылар-қытайлар болды [10, б. 406].

Сатушылар (откупщики) базарда сауда үшін салық жинау құқығын алды, жергілікті халықпен өндірілетін өнімді сатып алды. Олардың үстінен қарайтындар, тіпті отарлық әкімшіліктен басқаратындар болмады. Сонымен қатар, қытай саудагерлері өзендер мен бұғаздарда балық ұстауға монопольды құқыққа ие болды, темекі, ішімдік және опиум сату құықығына ие болды, сонымен қатар, жан басынан алынатын салық та олардың мойнына жүктелді. Бұл жүйені тұзды дайындау мен сатуда монополияға ие болған Ост-Инд компаниясы да қолдады. Компания қытайларға жағалаудағы ауылдадың барлығын сатуға берді, олар тұзды алу қызметімен айналысып, оны тек сатушыларға ғана сатуға мәжбүр болды.

Сатушыларға берілген кең мүмкіндіктер оларыдң сауда операцияларын кеңейтуіне жағдай жасады. Былайша айтқанда, олар өздеріне қарауға берілген территорияның әкімшілік басқаруын өз қолына алды: жер рентасын жинады, еңбек салығын салды.  Кей жағдайларда бұл жергілікті халық мойнына көтерілмес жүк болып асылды, әсіресе, егер олардың аймақтары сатуға қысқа мерзімге (1-2 жыл) берілген жағдайда. әдетте бұндай келісімдерді қытайлар голландтықтарға тәуелді болған жергілікті билеушілермен жасайтын.бұндай жағдайларда сатушылар аудан ресурстарына ұқыпты қарауға мүдделі болмады, табысты кез келген жолмен қысқа мерзімде алғысы келді. Олардың іс-әрекеттері ауылдардың дағдарысына алып келетін және ол жергілікті халықты алаңдататын.

ХІХ ғасырдың ортасына қарай қытай кәсіпкерлерінің қызметтерінің бағыттары болып ысырапшылықпен айналысу, сыртқы саудада делдал болу, тауарлы өнімдерді сатып алу және оның бірінші өңделуі сияқты істер саналды. Сонымен қатар, қытайлар жергілікті халық өндірісінің дәстүрлі салаларына еніп (мысалы, батик өндіру саласы), жеке меншікке ірі плантациялар ала отырып, голландтықтармен плантациялық өнім өндіруде бәсекелес бола бастады.

Қытайлардың әлеуметтік ұйымдарын сөз ете отырып, олардың тек әр түрлі мемлекеттегі ғана емес, әр түрлі аудандардағы формасы, құрылымы мен функциялары өзгеріссіз қалғанын айта кету керек. Біз қытай қауымдастығының АҚШ-тағы диаспоралық құрылымдарына тоқталып өткенбіз. ОША-да ол нақ сол қалпында болғанын атап кету керек. Бұл институттардың өміршеңдігін жапон ғалымдары былай түсіндіреді: «Қытайдың оңтүстігінде бір-бірімен көршілес ауылдар, кландар мен біртекті топтар жауласты… Бұл күрес барысында жер және клан бойынша ынтымақтастық қалыптасты, ол жер және клан ұйымдарындағы өзін-өзі басқарудың дамуына алып келді, олар өз істеріне орталық биліктің әсерін шектеп, минималды деңгейге жеткізгісі келді… Бұл стереотиптер шетелге шығып, хауцяолар бұл дәстүрдің ұстанушылары болып қалды» [1, б.57].

Басқа қытай диаспорасындағы сияқты ОША қытайлық қауымында әлеуметтік ұйымның 2 формасын атап көрсетуге болады: тегі бір қытайлардың кландық одағы және диалектілікке негізделген немесе жерге байланысты жинақталған ұйым.

Жоғарыда аталған құрылымдары дәстүрлі деп атауға болады. Бірақ ХХ ғасырдың басында қытай иммигранттар ұйымының жаңа типі – қытай сауда палатасы пайда болды. Ол қауымдастықтың экономикалық дамуының нәтижесі еді.

Қытай сауда палаталары басынан қытай қауымдастығының сауда-кәсіпкерлік қызметін реттеу мақсатымен құрылған болатын. Палаталардың басында диаспораның кәсіпкерлік элитасы тұрды. Экономикалық қуаттың өсуімен қытай қауымдастығының бұл бөлігі жалпы диаспораның барлық салаларындағы ықпалы күшейе түсті. Нәтижесінде, барлық иммигрант қауымында оларға басшылық ролі берілді, барлық ұйымдарды бағындырып, жер, клан, мамандық, конфессиалылық бойынша біріккендерден тұратын көптеген ұйымдарды өз ықпалына көндірді. Алғашында тек сауда мен кәсіпкерлікті реттеген олар уақыт өте келе, тек шаруашылық-экономикалық емес, сонымен қатар әлеуметтік, жер ұйымдары, корпорация мен басқа да дәстүрлі құрылымдардың әлеуметтік, қоғамдық-саяси қызметін де бақылайтын органға айналды. Мысалы, Қытайдың өкілділігі және елшілігі жоқ жерлерде олар елшілік қызмет атқарады, өз мүшелеріне тұрғылықты мемлектте қабылданған заңдар мен қорытындыларды жеткізеді, салықтық қызметпен айналысады, биліктегілермен әр түрлі мәселе бойынша келіссөз жүргізеді. Қазіргі таңда ОША-дағы ең ірі сауда палатасы – 1906 жылы құрылған Сингапурдағы Қытай сауда палатасы. Жоғарыда аталған функциялармен қатар, бұл ұйым ОША-ның, сонымен қатар Қытайдың ішкісаяси қызметіне белсенді түрде араласады.

Біз қытай диаспорасының АҚШ-тағы және ОША-дағы қалыптасу процесін қарастырдық, олардың тұрғылықты мемлекеттегі билік құрушы топпен арасындағы қарым-қатынасын тарихи, саяси, экономикалық және мәдени факторлар кешені тұрғысынан зерттедік. АҚШ және ОША-дағы қытай диаспорасының қалыптасуы мына факторлар әсер еттті:

  1. Иммиграцияның басталу уақыты. ОША-дағы қытай қауымдастығы, Америкадағыға қарағанда ертерек қалыптасты, бірақ эмиграция аудандары – Гуандун және Фуцзянь провинциялары – екі жақта да бірдей болды. Сондықтан азиялық қытай диаспорасы жергілікті халықпен интергациялануына және онда белгілі бір артықшылықтарға қол жеткізуіне уақыты көбірек болды, сонымен қатар, иммиграцияның ұзақтығы қытайлардың этникалық тобынының санына да әсер етті – шетелдік қытайлардың 90 % ОША елдерінде тұрады.
  2. Профессионалды құрамы. АҚШ-та да, ОША-да да келімсектер 2 топтан тұрды:жерінен айырылған шаруалар және қаражат жинау мақсатымен Қытайдан кеткен қалалық кедейлер мен тұрмысы жақсырақ кәсіпкерлер мен саудагерлер. Алайда бұл екі топтың қатыстылығы бірдей болмады: ОША басынан саудагер-эмигранттарды қызықтырған аймақ болып саналды, олар өз кезегінше диаспораның қалыптасу негізі болды, ал қалалық кедейлер бұнда тек ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана келе бастады. АҚШ-тағы иммигранттардың негізгі бөлігін елге қанаушы шарттармен кіргізіліп, ауыр физикалық еңбекпен айналысатын жұмысшылар құрады. АҚШ-та қытайлардың өндіріс саласында жұмыс істеуін шектеу туралы заңның қабылданғанынан кейін диаспора өкілдері қызмет көрсету мен кәсіпкерлікпен айналыса бастады.
  3. Әлеуметтік құрылымы. АҚШ-та да, ОША елдерінде де қытайлардың дәстүрлі әлеуметтік құрылымы сақталды: кландар, шыққан жеріне байланысты біріккендер, профессионалды гильдиялар мен құпия қоғамдар. АҚШ-та қытайлықтар физикалық және психологиялық қысымның әсерінен жеке этникалық, саяси-экономикалық және мәдени кеңістік – чайнатаундар құруға мәжбүр болды. Бұл салдарлары әлі күнге дейін сақталып келе жатқан АҚШ-тағы қытай диаспорасының экономикалық, саяси және мәдени оқшаулануына алып келді. ОША-да қауымның әлеуметтік құрылымы сауда және кәсіпкерлікпен айналысуға бағытталды, қытайлық этникалық кеңістікті құру бұл жерде екінші орында тұрса да, өзектілігін жоғалтпады. Алайда, қытайдың азиялық қауымы да жергілікті қоршаған ортадан оқшаулану мәселесін аман қалмады. Мәдени және тілдік түрліліктен басқа, бұл жерде қытай азшылығының экономикалық юасымдылығы маңызды роль ойнады.

Сөйтіп, шетелдік қытайларға тән сипаттардың бірі – оның тұйықтығы және жергілікті халықтан оқшаулығы. АҚШ-та дискриминация себебінен, ОША-да жоғары экономикалық жағдайы себебінен бұл оқшаулану диаспораның жергілікті билік және қоғамдық органдармен қарым-қатынас орнатуының басты факторы болып есептелді [1, б.60-61].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ХУАЦЯОЛАРДЫҢ ТҰРҒЫЛЫҚТЫ МЕМЛЕКЕТТЕРІНДЕГІ САЯСИ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

 

2.1 Шетел мемлекетерінің экономикалық процестеріндегі қытайлық іскери жүйенің ролі

 

 Қазіргі заманғы халықаралық қатынастардағы диаспораның  маңызды фактор екенін мойындай отырып, ғалымдар олардың әлемдік саясат пен мемлекетішілік саясаттың ықпал ету дәрежесі мен түріне назар аударуда.

Қазіргі диаспораның мемлекет үстілік деңгейге көтерілуі, оларғы әлемдік көзқарасты бақылауға алуына үлкен мүмкіндік туғызды, оның өзі этникалық жағынан жақын топтарға назар аударуға жол ашты. Сыртқы істерде шешім қабылдайтын саясаткерлерге әсер ету осылайша жүзеге асырылады.

Диаспора мәселесін зерттеумен белгілі болған Й. Шаин диаспора қызметінің 2 типін – белсенді және әлсіз түрін атап көрсетті. Ол халықаралық аренада 3 ролдік жағдайды қалыптастырады.

Біріншіден, диаспора пассивті актор ретінде белгілі болуы мүмкін. Бұл диаспорың халықаралық қатынастарға өз еркінсіз қатысуы нәтижесінде болады. Бұндай жағдайдың 3 себебі бар: 1. тұрғылықты мемлекетте белгілі қиындық көргенде диаспораның көмек сұрауы (1978 жылғы қытай-вьетнам дағдарысы). 2.  Отаны шетелдік қандастарының мүддесін олардың  еркінсіз қорғағанда (Цинь үкіметі кезеңінде азаматтықты таңдағанда «қандық принципті» қолдану). 3. «Туған мемлекет» тарапынан диаспораның объект ретінде қарастырылуы (қытай-тайвань қайшылығында шетелдік қытайлар бәсекелестіктің объектісі ролінде болды).

Екінші ролдік жағдай – диаспораның «шыққан» мемлекетіне ықпал етуші белсенді актор. Олардың ҚХР-на көмегінің маңызы соншалықты зор, елдің ішкі саяси жағдайларына да әсері бар.

Үшінші диаспоралық роль – тұрғылықты мемлекет өміріне белсенді араласатын актор. Бұл тарауда сол ролдің тәсілдері мен түрлеріне жеке тоқталамыз [11, б.544].

Диспораның белсенділігінің негізі болып тұрғылықты елдің экономикасы мен саясатына ықпал етуге мүмкіндік беретін шетелдік қауымдастықтың экономикалық қуаттылығы саналады. Бұл қазіргі кезде бүкіл әлемде жұмыс жасайтын шетелдік қытайлық бизнеске қатысты. Оның масштабы мен темпын 20 жыл бұрын болжау қиын болатын. Ол тек Қытай Халық Республикасындағы экономикалық дамуды қамтамасыз етудің басты факторы болып қоймай, сонымен қатар, іс жүзінде Тайвань, Сингапур және Малайзия елдерінің экономикасын бақылауда ұстауда, Индонезия, Филиппин аралдары және Вьетнамда маңызды роль атқаруда, қазіргі кезде Еуропа және Солтүстік Америка аймағына енудің бастапқы қадамын жасау үстінде. 1997 жылдық баға бойынша, шетелдік қытайлардың капиталы 200 млрд. долларды құрады, оның 90% Оңтүстік-Шығыс Азияның үлесіне тиеді. Тіркелген азиялық компанияларды зерттеудің нәтижесінде олардың көпшілігі қытайларға тиесілі екендігі анықталды. Сөйтіп, қытай халқының саны 1% құрайтын Филиппин аралдарында 100 ірі фирманың 67-сіне қытайлар басшылық етуде, Тайландта (11%) оларға жеке сектордың 90% тиесілі. Индонезияда (4%) қытай диаспорасының өкілдері ұлттық байлықтың 75% бақылауда ұстайды, бұл көрсеткіш Малайзияда (31%) 60%-ды құрайды, қытайлық этнос – көпшілік саналатын Сингапурде (90%) олар бүкіл экономиканы бақылауда ұстайды [12, б.93].

Бұны «шетелдік қытайлардың іскерлік жүйесінің» құрылымы, әлеуметтік және мәдени негіздері, тұрғылықты мемлекеттің іскерлік және ресми құрылымдарымен қатынасын білмей, іскерлік жүйенің саяси, әлеуметтік-экономикалық факторға байланысты өзгеруін білмей түсіну қиын. Осы тармақтарға сараптама жасау арқылы біз қытай қауымдастығының тұрғылықты мемлекеттегі экономикалық дамуға қалайша әсер ететінін және ол ҚХР, тұрғылықты мемлекет және қытайлық диаспора арасындағы қарым-қатынаста қалай көрінеді деген сұрақтарға жауап бере аламыз.

Барлық қытай қауымдастығынан оның іскерлік бөлігін атап көрсету қытай халқының көрші мемлкеттерге жаппай көшуімен тұспа-тұс келді. XVI-XVII ғасырлардың өзінде қытай капиталы құпия ұйымдардың принципі бойынша ұйымдастырылған болатын. Оның үлгілері эмигранттармен жаңа тұрғылықты жерге көшіріліп отырды. Алайда қытай капиталының ұйымдастырылуындағы ерекше сипаттаырынң қалыптасуына тек Қытайдың «қауымдық дәстүрінің» тәжірибесі әсер етпеді, бұл капиталдың қозғалыс жасауының әлеуметтік-экономикалық ортасы да елеулі ықпал етті. Көпшілік азиялық мемлекеттердің әлеуметтік-экономикалық төмендігі, қытай капиталының көбінесе сауда және несие салады айналуы, жергілікті іскерлік басшылықтан тезірек әрекет етуі, соғын байланысты жергілікті қоғамдардың қытайларға деген қарсылығы қытай іскерлік жүйенің ерекше сипаттарының қалыптасуны алып келді. Бұл сипаттарға басынан этникалық өзгеше ортада әрекет еткен қытай кәсіпкерлерінің жоғары деңгейлі ынтымақтастығы,  серіктестік пен өзара көмектің дамуы, жеке компания мен бір жерден шыққан қытайлардың біріккен одағы арасында байланыс орнату кіреді.

Әуелден бастап, қытай іскерлік қауымдастығының құрылымы тігінен және көлденеңінен болған байланыстарды құрады. Көлденеңінен ол кәсіпкерлер ассоцияциясынан, ал тігінен көбінесе жер одақтарынан тұрды. Уақыт өте келе жер одақтарының маңызы төмендеп, бағыт беруші ролін қытайлық кәсіпкерліктің «штаб-пәтері» іспеттес болған сауда палатасы алды.

Бірақ қытайлық іскерлік әлемде елеулі өзгерістер соңғы онжылдықтарда болып өтті. 1-тарауда айтылып өткендей, өмірдің барлық саласының жаһандануы, заманға сай транспорт және байланыстың дамуы, экономикалық жетістіктер көне диаспораның негізінде жаңа құбылыстардың пайда болуына алып келді. Әңгіме түрлі мемлкетте «ұяшықтарға» ие, бірақ бір ағза сияқты әрекет ететін трансұлттық жүйе феномені жайында. Қазіргі кезед түрлі қытай қауымдастықтарының арасындағы саяси қатынас пен экономикалық араласудың ұлғаюы соншама, түрлі мемлкеттің академиялық қауымы «қытай іскерлік жүйесі» деген терминді қолданысқа енгізді (guangxiwang).

Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қытайлық фирмалардың көпшілік бөлігі отбасылық негізде жұмыс жасайтын кішігірім немесе орташа кәсіпкерліктер. Бірақ үлкен отбасылық корпорациялар да жоқ емес. Екеуінің де ерекшеліктері бар. Жоғарғы билік пен менеджерлік функциялар отағасының қолында шоғырланған [1, б.111].

Кландық қатыстылық та маңызды сипаттардың бірі болып саналады. Қазіргі Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі, мысалы тұтынушы тауарлармен айналысатындардың көп бөлігі бір диалектте сөйлейді. Малайзия мен Индонезияның ең бай кәсіпкерлері Роберт Куок пен Лим Сайо Лайонг арасындағы іскерлік одақ екеуі де хокку қытайлары болғандығымен бекітіледі.

Қытай іскерлік жүйесінің маңызды институты болып гуанси (байланыстар) саналады. Гуанси деп қысқа мерзімді жеке пайдаға қарағанда, ұзақ мерзімді пайданың маңызы жоғарырақ болған жеке қатынастарды атайды. Одан да кең ұғым — гуансиван пайдаланылады. Екі немесе бірнеше жақпен келісім жасау немесе айырбасқа қатысты жүйе деп түсінсе болады. Гаунсиға қарағанда жүйе күрделірек ұғым. Гуансиван индивидтердың бір тобы, мысалы, А мен Б, индивидтардың екінші тобы — Б және С-мен ортақ Б индивиді арқылы байланысты. Бұл жеке қатынастардың үлкен әлеуметтік ауысу жүйесіне ауысуына алып келеді. Әлеуметтік ауысу жүйесіне тауарлар мен қызмет көрсету, өзара көмек, қызметте жоғарылау, сыйлықтар, мәлімет беру және т.б. кіреді. Шығысазиялық аймақта барлық гуанси маңызды. Оған мысал ретінде Лим Сайо Лайонгтың қызметін алуға болады. 1940 жылы ірі индонезиялық Salim Group компаниясының негізін қалаушы Лим Сайо Лайонг өз ағасының арахис майын өндіру ісінде қызмет істеп жүрген болатын. Сол уақытта оның болашақ президент Сухартомен достығы басталады.

Жүйе ішіндегі қатынастар қатаң иерархияға бағынады. Бұл қатынастарда жас мөлшерімен анықталатын жоғары дәрежеге ие адамдар басшылық жасайды.. олардың жағдайы жоғары тұрақтылықпен сипатталады, ал статус пен сыйластық қаситеін олар автоматты түрде сақтайды. Диаспораның жас өкілдерінің жағдайы айқын емес. Жүйедегі олардың сәттілігі басшы ролінен қарапайым қызметкер дәрежесіне өте алу қабілеттілігіне байланысты болады. Қытайлық іскерлік жүйе қытайлық салт-дәстүр мен құндылықтарды сақтайды. Бұл құндылықтар жойылған жағдайда, жүйе де жоғалады. Олардың ең негізгілері: сенім, сенімсіздік, өзара көмек, гармония, жеке тұлға, иерархия, ұзақ мерзімді бейімділік. Бұл қытайлық құндылықтар конфуцийшілдіктің 7 ритуалының көрінісі: жақсылық тілеу, гармония, шыдамдылық, баланың сыйлай білі қасиеті, сенім және сөзде ұқыптылық таныту [13].

Сенімділік. Қытайда адамдармен байланыс кезінде сақталып қалған сенімсіздік басым болады. Қытайлықтар әлі байланыс орнатпаған, таныс емес адамдарға тым сенімсіздік танытуы мүмкін. Олардың ойынша, алыс немесе жақын туысқандардан басқаға  сенуге болмайды. Қытайлықтар бөтен адамдарға сенбейтіндіктен, олардың отбасы мүшелерінен, туысқандарынан, достарынан, сыныптастарынан және жұмыстас достарынан құралған әлеуметтік жүйе сенімділік орнаған орта болып саналады. Бұл Қытайда жиі кездесетін сенімсіздік кеселімен толыға түседі. Іскерлік келісімдерде тауарларды фальсификациялау, салмақты өлшеуді өзгертіп қою кездесіп отырады.

Иерархия және тұлға.  Тұлғақытайлардың арасындағы тұлғааралық қатынастарда негізгі роль атқаратындығымен маңызды ұғым. Қытайлық «тұлға» 2 типке бөлінеді: «лиан» және «мианцзы». «Лиан» — тұлғаның моральдылығын көрсететін ұғым болса, «мианцзы» — престиж бен дәреженің көрсеткіші. «Лианды» өзінің тұрпайы тәртібімен бұзып алған адам, қоғамда оған деген сенімнен ажыратады. Нәтижесінде оның гуансивандағы мүшелілігі үнемі серіктестерді күмәндандырады. Сондықтан «тұлға» жүйе шеңберіндегі сенімсіз әрекеттер шектеудің залогы іспеттес. Бұл «guangxiwang» жүйесінің ұзақ уақыт бойы институт ретінде сақталып қана қоймай, материалық Қытай мен шетелдік қытай қауымдастықтарында даму үстеінде сақталып қалу себептерінің бірі. «Мианцзы» жаңа жүйе құруда қолданыла алады. Конфуцийшілдіктің маңызды сипаттарының бірі-үлкендерге деген құрмет. Ықпалы бар, жақсы беделге ие қарт адам басқалардан көмек сұрауға құқығы бар. Ол жаңа қатынастарды бастайтын жалпы звено ретінде әрекет ете алады. Уәкілдікті достардан да сұрауға болады. Сөйтіп «тұлға», иерархия сияқты қытай мәдени құндылықтар іскерлік жүйенің құрылуы мен дамумен тығыз байланысты.

Өзара көмек.  Гаунси екі жақ арасындағы қарым-қатынаста өзара көмекке деген ешқандай мұқтаждық болмаған жағдайда әрекет ете алмайды.екі жақ арасында іскерлік қатынас орнаған жағдайда, норманың талабы бойынша бірінші жетістікке жеткен адам пайдасының орнын серіктесіне толтырып беруі керек. Нәтижесінде, ең бірінші кім болады және ақшаны бірінші кім салады деген мәселеде ешқандай күмән тумайды. Көптеген қытайлықтар үшін келісім мен ауысу екі жақ үшін де пайда келтіретін іс болған жағдайда жасалады.

Ұзақ мерзімдік серіктестік. Қытайлықтар үшін уақыт екі нәрсемен өлшенеді: өткенге деген сілтеме және қауымдастық. Бұның мәнісі, бұрын орнаған қарым-қатынасты бұзу өте қиын, ал бұзса, қалпына келтіру қиынға соғады. Бұл қытайлықтардың ұзақ мерзімді серіктестікке бейімделгенін көрсетеді.

Гармония. Конфуцийлік доктрина бойынша, адамдардың көзқарасында «орташалылық» — негізгі ұстаным, бұл жарысу мен қарсыластықтан сақтап, гармонияға алып келеді дейді олар. Гуанси екі жақтық қатынастардағы гармониясыз сақтала алмайды. Гармониялық қарым-қатынассыз сенімділік жоқ, «тұлғаның» беделі түседі, өзара көмек болмайды, сондықтан гуансидың ары қарайғы дамуы мүмкін болмай қалады. Көріп отырғанымыздай, конфуцийлік мәдени құндылықтар жүйенің қалпына келу мен дамуының негізгі факторлары қызметін атқарады және жүйенің ұйымдасқан басқару формасы ретінде Қытай мен шетелдік қытай қауымдастықтарында кең тарағанын түсіндіретін фактор болып саналады.

Қытай іскерлік стратегиясының ерекшелігі болып бизнестің алуан түрлілігінде. Шетелдік қытайлар арнайы бір бизнес түрімен айналысумен тоқтамай, әр түрлілігімен танымал. Мысалы, «жаңа азиялық император» Роберт Куоктың айналыспаған саласы жоқ: тұтыну тауарлары, орта классты қонақ үйлер, қант және пальма плантациялары, газеттер, соның ішіне “South China Morning Post” кіреді.сонымен қатар ол Индонезия, Гонконг, материктік Қытай, Австралия, Малайзия, Сингапур, Тайланд және Филиппин аралдарына инвестициялар құюмен айналысады. Қазіргі кезеңде жас шетелдік қытай кәсіпкерлерді батыстық стандарт бойынша оқыту, Гарвард және Стэнфорд университеттерінде коммерциялық білім алу үрдісі жүріп жатыр. Шетелдік қытай компаниялардың негізін салушылар жоғары интеллект иегері болса да, ресми мардымсыз білім алған болатын. Олардың экономикалық білімі конфуцийлік мектептерде алған білімі мен тәжірибесімен шектеліп қалатын. Сондықтан олар компанияға басшылық жасауда әлеуметтік қатынастардың конфуцийлік көзқарасты енгізген болатын, алайда кейінгі жастар олай ойламайды. Соның көрінісі болып, жұмысқа көптеген батыстық менеджрелерді алу саналады. Роберт Куоктың «Шангри-ла» қонақ үйлер жүйесінің барлық бас директорлары батыстық мамандар саналады [1, б. 121].

 Бұл кей жерлерде жетістікке алып келеді. Мысалы, Сингапур әуе жолдары компанияның азиялық сипатына қарамастан, маркетинг бөлімі, рекламалық бюджет және оқытудың күрделі әдістемелігі саласында батыстық жаңашылықтарға ие. Қытай диаспорасының экономикалық ықпалы соншалықты үлкен, тіпті оны әлсірету бірқатар шаралар да жүргізілді. Оның мысалы – Малайзия. 1971-1990 жылдары «жаңа экономикалық саясат» барысында жұмыс күшін салалар бойынша және мамандықтар бойынша жұмыс жасайтындар үлесін малайлықтар есебіне байланысты кемітуді мақсат ететін бірқатар шаралар жүргізді. 1990 жылға қарай акционерлік капиталдың жалпы көлемінде малай капиталын 30%, қытай капиталын 40%, ал шетел капиталын 30%-ға өзгертуді көздеді, бірақ ол жүзеге аспады. Зерттеушілердің мәліметі бойынша, 1985 жылы қытайлар және басқа да малайлық еместердің капитал үлесі 56,7%, малайлықтардікі 17,8%, шетелдіктердікі-24,5-ды көрсетті. 90 жылдарға қарай ол қытайлықтардың пайдасына тағы да өзгерді [1, б.123].

Жоғарыда айтылған ұйымдасу принциптері мен қытайлық бизнеске тән сипат АҚШ-тағы қытай іскерлік қауымдастыққа дәл келеді. 1 тарауда айтылып кеткендей, қытай эмигранттарының экономикалық қызметі чайнатаун шеңберінде болды және олрадың профессионалды қызметі қызмет көрсету геңберінен шықпады. Жағдай 1980-90 жылдары өзгере бастайды. Бұл кезеңде қытайлық диаспоралық бизнес америкалық экономиканың барлық салаларына ене бастайды (авиақұру саласындағы Loral Aerospace компаниясын, электроника саласында – Grase Semiconductor Manufacturing Corporation компанисын атауға болады).

Американ-қытай іскерлік  қатынастары 1978 жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанынан кейін, қарқынды дамыды. 1979 жылдың ортасында Сан-Францискода Біріккен қытай сауда палатасы құрылды. Оның қытай кварталдары бар америкалық ірі қалаларда филиалдары бар, өзінің мақсаты етіп қытай текті американ бизнесмендерін біріктіріп, американ-қытай сауда-экономикалық байланысты нығайтудағы іс-әрекеттержі координациялауды қояды. 

Қытай экономикалық қызметінің нәтижелілігі шетелдік қытай қауымдастығының біріккен және ынтымақтасқан қарым-қатынастың болуында. Бұл қатынастарды гуанси қамтамасыз етеді. Экономикалық шектерден шыға отырып, айтуға болатыны, гуанси – бүкіл әлемдегі диаспораны біріктіретін халықаралық қатынастардың бөлігі. Шетелдік қытайлар өзінің диаспора бойынша серіктесін мәдениеті ортақ, туысқандық қарым-қатынаспен байланысқан адамдар деп қабылдайды. Бұл оларға отанынан айырылғанның өзінде онымен тығыз байланыс орнатып,  оны үнемі сақтап тұруға мүмкіндік береді [1, б. 109-117].

 

2.2 Этникалық қытайлардың тұрғылықты мемлекеттердің саяси өміріне қатысуы

 

Қытай диаспорасының экономикалық қуаты оның тұрғылықты мемлекеттегі саяси ықпалының көтерілуіне алып келуі тиіс еді. Алайда, қытай эникалық топтардың саяси процестерге кірігуі бірден болмады, ал қатысудың формалары мен көлемі ішкі саяси шарттармен тығыз байланысты болды. Сонымен бірге, қытайлық дәстүрлі болып саналатын кландық ұйымдар, жер ұйымдары, құпия қауымдар, сауда палаталары сияқты құрылымдардың саяси шындыққа бірте-бірте бейімделу процесі жүрді, кейіннен бұл саяси партиялар құруға алып келді. Қытай диаспорасының саяси санасының дамуымен оның мүддесін көздеу қажеттілігі туындады. Бұл да жергілікті халықпен бірге жалпы саяси мәселелерді шешуге белсенді түрде қатысуға алып келді.

Соған байланысты тұрғылықты мемлекеттегі қытай халқының өмір сүру қалпын анықтау үшін оның өкілдерінің мемлекеттің қоғамдық құрылымдарымен байланыс формаларын қарастыруға қажеттілік туындайды.

АҚШ-тағы қытай диаспорасының ықпалы оның халық санымен ғана анықталмайды, срнымен бірге оның Америка экономикасында алатын орнына байланысты.

Экономикалық, әлеуметтік, психологиялық және мәдени оқшаулануға алып келген АҚШ-тағы қытай диаспорасының қалыптасу ерекшеліктері олардың саяси мәнеріне өз әсерін тигізді.

Іс жүзінде, АҚШ-қа қытай иммиграциясының басталуынан 20 ғасырдың 60 жылдарының ортасында дейін қытайдықтардың саяси өмірі чайнатаун шеңберінде болды. Оның басты  ерекшелігі — ондағы болып жатқан саяси процестер Қытайдағы ішкі процестердің көрінісі еді. Этникалық қытайлар іс жүзінде АҚШ-тың саяси өміріне мүлде қатыссыз болды. Олардың көбісі, Америкада ұзақ уақыт тұрса да, Қытайға бағытталып, оның ішкі істеріне белсенді араласты.

Тек 1960 жылдардың аяғында «жаңа солшылдардың» ықпалымен қытайлық текті американдықтардың қозғалысы пайда болады. 1960 жылдардағы қытай диаспорасының белсенділігінің өсуіне бұл ұйымның алғашында әлсіз ұйым болып, 1960 жылдың соына қарай қатаң ұйымдасқан құрылымы бар ұйымға айналуы дәлел бола алады.

Алайда олардың қызметі жағдайды түбегейлі өзгерте алмады. Қытайлардың көпшілік бөлігі саяси инертті болып қала берді. Олардың көп бөлігі сайлауға қатыспады. Тіпті қытай интеллигенция өкілдері мен студенттер АҚШ-тың саяси өміріне, халықаралық аренадағы оқиғаларға мән бермеді.

Алайда американ элитасы да 70 жалдардың ортасыына дейін Азиядан шыққандардыдауыс берушілердің блогын көбейтудің себебі ретінде қарамады. 1970 жылдардан бастап қытай диаспорасында өзгерістер байқалады. Диаспораның әлеуметтік құрылымында қызметі тек чайнатаун шеберімен шектелетін ірі кәсіпкерлер ортасы бөлініп шыға бастайды. Қытайлық тегі бар американдықтардың саяси белсенділігі өсе бастайды. Бұған 1975 жылы Фордпен қабылданған дауыс беру туралы заңы айтарлықтай ықпал етті. Оған байланысты сааттылықты анықтайтын емтихандар жойылып, шет тілінде дауыс беру жүйесі енгізілген болатын. Соның нәтижесінде чайтантаундарда алғышқы рет дауыс берушілерді тіркеу ісі жүрді, оны американ-қытай дауыс беруші комиттер басқарды. В.И.Бирюковтың мәліметтері бойынша, Сан-Францискода Азиядан шыққан 26 мың адам  (дауыс берушілердің 7%), ал 1980 жылға қарай чайнатаунда тағы да 25 мың адам тіркеуге алынды. Олардың ішіндегі ең белсенді бөлігі 20-30 және  55 жас аралығындағы адамдар.

Сөйтіп, 1970 жылдары қытай диаспорасының АҚШ саяси өміріне американдықтар сияқты қатысуы байқала бастайды. Бұл кезеңдегі өзгерістер 80-90 жылдары өз жалғасын тапты. Бұл кезеңде зиялылар қауымы мен студенттердің санына болған қозғаушы күшпен демократия мен азаматтық қоғам құру идеяларын ту еткен ұйымдар көптеп құрыла бастады. Бұл факт қытайлық оқшаулылықтың бірте жойылып, ассимиляциялық тендецияның күшейгенін меңзейді [1, б.130].

Қазіргі кезеңде диаспораның саяси саладағы ықпалы күшеюі байқалады. Атап кету керегі, қытайлықтар бастапқыда қалыптасып қалған американдықтарға және оның саясатына деген теріс қарым қатынасты жеңе білді. Егер алғашында қытай диаспорасы американдық ішкісаяси процеске кірігіп, өз тарапынан жеке стратегиясы болмағанымен сипатталған болса, 1990 жылдың ортасынан бастап ол американ саясатында өзінің тарихи отанының мүддесіне қарай әрекет ете бастайды. Сонымен қатар, олар саяси күрестің нәтижелі тетіктері арқылы әрекет жасайтыны байқалды. Бұл диаспораның өзінің мүддесі үшін де, ҚХР үшін де, АҚШ-тың билік етуші топтарында әрекет ететін қытайлық лоббилардың қызметінде көрінеді.

Шамамен, 1980 жылға дейін қытайлық лоббилар деп АҚШ–та Қытайды өзінің ішкі саяси мақсаттарында пайдаланғысы келгені сияқты жағдайларды бақылауда ұстаған Тайванның ықпал ету аймағы болып саналған топтар аталды. АҚШ–та да оның Тайваньмен және КСРО–ның арасындағы қарым–қатынастың жақсаруына қарсы бағытталған ҚХР–дың да лоббизмі болғаны байқалады. Жағдай Қытайда экономикалық өзгерістердің басталуымен өзгереді. Екі ел арасындағы сауда байланыстарының дамуымен қытайлық лоббизм экономикалық сипат ала бастады, 1980 жылдың аяғына қарай Конгрессте «өзінің» сенаторлары мен өкілдіктер палатасында мүшелері бар екенін ашық айта бастады. Қытайлық лоббидің құрылымы классикалық схема күйінде ұйымдасқан: елшілік–қоғамдық ұйымдар мен сауда кеңесі–лоббистік фирмалар. Координациялық орталық болып АҚШ–тың Конгресі бойынша құрылған ерекше Орталық жұмыс тобы, ол ҚКП–ның алты мүшесінен тұратын.

Соңғы 10-15 жылда қытай лоббистерінің қызметі американ саясаткерлерімен ішкі саяси күресте пайдаланылады. Мысалы, қытай коммерциялық және мемлекеттік құрылымдармен қатынас жөніндегі теріс көзқарасатар кейбір бұрынғы президенттердің, сонымен қатар, соңғы президенттердің кампанияларында айтылып кеткен болатын. Сөйтіп, Б.Клинтонның екінші мерзімінде Chinagate атты үлкен дау туған болатын. Республикалық элитаның қытайлық және Тайвань өкілдерінен  заңсыз қаражат алуды айыптау әр түрлі болып келеді. Ол, бір шетінен кіші Дж. Буш інісі  Нейлдің Grase Semiconductor Manufacturing Corporation компаниясында бизнестің дамудың стратегиясы жөніндегі кеңесші қызметін атқарумен байланысты. Бұл Буштың өзінің АҚШ–тағы қытайлық сауда экспансияға қарсы әрекет етуімен тұспа тұс келуде. Жалпы айтқанда, АТР–дағы американдық сыртқы саясаттың іске асырылуында Тайвань мен Қытайдың әсері бар екені жайында қорытынды жасауға болады. Мұндағы республикандықтар арасында тайваньдықтардың ықпалы күштірек, соның ішінде президент ортасын алып қарасақ та. Қытайға келетін болсақ, ол өзіне демократтар арасынан, ең алдымен бұрын Клинтонға жақын болғандардың арасынан қолдаушылар тапқан көрінеді [14, б.51].

Алайда, АҚШ–тың саяси өмірінде қытай диаспорасының рөлі қаншалықты маңызды болса да, Оңтүстік Шығыс Азия елдеріндегідей маңызға ие емес. Жергілікті қытай халқының АСЕАН елдерінің қоғамдық құрылымдарына терең бірігуі, бұл мемлекеттерде басты ролге ие болу ресми билеушілердің қытайлық қауымдастықпен байланыс орнатуға қызығушылығын арттыра түседі, бұл оның билік құрылымдарында ықпал етудің мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Аймақтағы мемлекеттер ішіндегі ерекше орынды Сингапур тиесілі. Оның этноұлттық құрамында қытай халқы ең көп, басқа этникалық топтар ұлттық азшылықты құрайды. Сөйтіп, қытайлықтар мемлекет түзуші ұлт болып есептеледі, онымен қоймай, экономикада басты позицияларға ие.сондықтан Сингапурдағы қытайлар туралы айтқанда жергілікті қытайлардың саяси интергациясын емес, ал жеке ұлттық саяси жүйе құруулары туралы айту керек. Іс жүзінде мұндағы қытайлық билік етуші элита саяси курстың бағытын анықтайтын басты күш болып есептеледі.

Көптеген зерттеушілер Сингапурдың саяси жүйесін авторитарлы түрге жатқызады. Оған мемлекет басшысының қолында биліктің қатаң шоғырлануы тән. Авторитарлы режимнің көрінісіне  мемлекеттің абсолютті билігіне сүйену және басқарудың максималды орталықтануы жатады. Осы жерде конфуцийшілдіктің маңызы өте зор. Нәтижелі басқаруды қамтамасыз ететін көшбасшыға деген үлкен сенім мен сыйластық,кішінің үлкенге деген сөссіз бағынуы, әлеуметтік және саяси иерархияда төмен деңгейдегілердің жоғарырағына бағынуы соның мысалдары бола алады. Бұл дәстүрлі этикалық ұстанымдар «жаңа идеалдар жүйелері» атты үкімет ұсынған бағдарламаның идеологиялық негізі саналады, ол Сингапурдың ОША–да модернизация жолымен жеке тәуелсіз мемлекетке айналуына бағытталған бағдарлама еді.

Қазіргі Сингапурдың құрылуында маңызды ролді 1965 жылдан бастап 1990 жылға дейін премьер–министр болған Ли Куан Ю алды. Ол билік еткен жылдары заңи тұрғыда мемлекеттік және ұлттық құрылыстың басты принциптері бекітілді: Сингапурдың көпұлттылық принципі және барлық этникалық топтардың мәдени ерекшеліктерін сақтай отырып тең құқықтылығын қамтамасыз ету. Ресми басшылық қазірге дейін  этноаралық қайшылықтарды болдырмай, түрлі ұлттық қауымның мүдделері арасындағы тепе–теңдікті сақтап келе жатыр. Ортақ сингапурлық ұлттың қалыптасуы қарқынды жүріп жатыр, өмірдің барлық салаларындағы бірігу тенденциялары күшеюде. Сингапурдың басшылығы малай және үнді этникалық топтарда ассимиляциялық процестердің дамуын қолдайды. Ли Куан Ю бірнеше рет жалпы сингапур қоғамына конфуцийшілдік нормаларға қайтуды уағыздаған болатын [1, б.137].

Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің ірі мемлекеттерінің бірі қытай халқының  біраз бөлігі шоғырланған (31%) Малайзия болып саналады. Малайзияның ішкі өмірінің маңызды ерекшеліктері–басшылықпен мойындалған және заңнамалық тұрғыда бекітілген қытай халқының мемлекеттің ішкі өміріне араласуды шектеуі саналады.

Малайзия тәуелсіздік алғаннан кейін малайлықтардың елдегі саяси процестердегі, ал қытайлықтардың экономикалық саладағы жоғары болуы Малайлық Федерация (1957 ж) және  Малай Федерациясы (1963 ж)  конституциясында жазылған болатын. Бұндай жағдай екі жақты да қанағаттандырмады: қытайлықтардың саяси процестерге көбірек қатысу қалауы малайлықтардың қарсылығын тудырды, сонымен бірге қытайлықтар бизнес саласындағы артықшылықтарын жоғалтқысы келмеді. Ұлттық мәселенің өршуі бірнеше дағдарыс: 1965 жылы Федерацядан Сингапурдың бөлінуіне алып келген және қытайлық та, малайлық та жақтардан құрбандар болған этноаралық ірі қайшылыққа бастаған жағдайларға алып келді. 1974 жылы құрылған Малайзиядағы билік етуші коалицияның құрамында екі қытай партиясы болды. Бұл 600 мың мүшелері бар, көбінесе ірі бизнестің өкілдерінен тұратын Малайзиядағы Қытай Ассоцияциясы (МҚА) және 120 мың мүшеден тұратын Малайзия халқының Партиясы еді. Елдегі барлық саяси партиялардың мүшесі болып 1 млн.−ға жуық адам немесе бұл елдегі қытайлардың 1/6 саналды.

Қытай диаспорасының саяси партиялары керекті деңгейде ғана ұлттық фронт –Біріккен малай ұлттық ұйымына сын айтады. Бұл партияның өкілдері БАҚ қолдана отырып, қытай халқымен нәтижелі түрде жұмыс істейді.

Қытай қауымдастығының саяси эволюциясы елдегі саяси процестрге байланысты бірнеше кезеңге бөлінеді. 1945−1948 жылдары Малайяда прокоммунистік кштер орнайды. Сол кезедегі белді саяси күш болып соғыс жылдарында жапондықтарға қарсы коалицияны басқарған Малайяның коммунистік партиясы саналды. МКП−ның қытай диаспорасына әсері күшті болды, бірақ ол ұлтаралық негізде отаршылдарға қарсы кш жинақтай алмады. Коммунистер соғысқа бүкіл қытай қауымдастығын қоса алмады, отаршылдық билік жағына 1949 жылы құрылған Малайзияның қытайлық ассоцияциясы шықты. Бірнеше жыл бойы ол саяси элитаның құрмында есептелінді. Елдің тәуелсіз өмірінің (1957-1965 жж) алғашқы жылдарында этникалық қытайлардың саяси белсенділігі байқалады және жоғарыда айтылық кеткен малайлықтардың билікте, ал қытайлықтардық бизнестегі артықша ролі орнайды. Бұл кезеңде елде оның өмірін түбегейлі өзгерткен ірі оқиға болады. Ол этноаралық қақтығыстардың нәтижесінде Сингапур мемлкетінің Малайзиядан бөліну процесі.елдегі саяси жағдайдық тұрақтылығын сақтау мақсатында Малайзия Федерациясының көшбасшылары 1965 жылы Сингапурдың тәуелсіздігін растайтын құжатқа қол қойды. 1965 жылдың  9 тамызында Сингапур Малайзия федерациясынан бөлініп шығады [16, б.141].

1965-1974 жылдар Малайзияда әлеуметтәк мәселелердің ушығуымен сипатталады. Бұл кезең аталып кеткен 1969 жылдағы этноаралық қақтығыс болып өткен кезең, «жаңа экономикалық саясатқа» елді көшіру кезеңі. Осы кезеңде малай халқының жағдайын нығайту мен қытай кәсіпкерлік ортаға дамуға орта жасау көзделген болатын. 1974 жылы Малайзияда Ұлттық Фронт – түрлі этникалық топтардың иүдделерін көздейтін саяси партиялардың коалициясы құрылды. Оған қытай қауымдастығынан 2 партия қатысады.

1974-1983 жылдары қытай халқының саяси қызметі биліктегілердің елдегі тұрақтылықты сақтаудағы шаралар шеңберінде өтті.қытайлардың белсенділігінің көрінісі болып 70-жылдары құрылған қытай жастарынан құрылған студенттік қозғалыстық кеңеюі болды.

1984-1980 жылдың соңында қытай қауымдастығының елдің экономикалық өміріне ықпал ету дәрежесі төмендеп, саяси саладағы белсенділігі аса түседі. Ірі және орта бизнес аймақтық және халықаралық байланыстардың нығаюына алып келді. Трансұлттық корпорациялармен ынтымақтастықта болып, өзіне тауарды өткізу нарығын іздеу жолында болды.

Малайзиядағы қытай қауымдастығында елеулі өзгерістер 80-жылдардың соңына қарай байқалады. Бұл кезеңде қытай азшылығының саяси партиясында билік үшін бірнеше топтардың арасында ірі дағдарыс басталады. Бұл дағдарыс бүкіл қытай қауымында үлкен резонанс тудырады. Ол билікке қытайлар арасындағы ерекше беделге ие кәсіпкер Тан Кун Сванның Малайзияның Қытай Ассоцияциясына басшылыққа келуіннен кейін тоқтады. Алайда биліктегі алдыңғы қатарлы орынға қытай диаспорасының мұндай беделді адамдардың келуі малайлық басшылықты қатты алаңдатты және жағдайға араласуға итермеледі. Нәтижесінде атақты көшбасшылар МҚА-ның билігінен алыстатылып, оған қытайлардың саяси құқықтарын алға тартуды мақсат етпейтін бірқалыпты саяси топ келді. Уақыт өте келе МҚА-ндағы дағдарыс реттеліп, партия мен қытайлық қауымның жағдайы тынышталды.

1980 жылдардың аяғынан қазіргі кезеңге дейін қытай диаспорасының жағдайы тұрақты болды. Беделді топтардың кейбірі болмаса, этникалық қытайлар елдің саяси бағытын анықтауға еш қатыспады.

Малайзиядағы қытай халқының жалпы алғандағы белсенділігіне қарамастан, оның ресми билік шеңберінде өкілдігі жоқ. Бұл қытай қауымдастығына малайлықтармен бірдей құқықтарға ие болуға мүмкіндік туғызатын заңдардың қабылданыуна жол бермеді. Этникалық қытайлардың жеке штаттардағы өкілдігі де аз.  Атқарушы органдарда да қытайлардың үлесі төмен. Малайзияның үкіметінің билігін министрлерден тұратын Кабинет жүзеге асырады. Министрлер – премьер-министр бекітіп, жоғарғы басшы мақұлдайтын парламент өкілдері болып саналады. Конституцияда министрлердің саны мен олардың этникалық құраушысы айтылмайды, бірақ министрлер Кабинетін қалыптастырған кезде барлық этникалық топтардың пропорциялылығы сақаталады. Үкіметте малайлықтар басым, қытай диаспорасының өкілдеріне министрлердің 1/5 бөлігі тиесілі [1, б.144].

Сөйтіп, қытай диаспорасының тұрғылықыты елдегі саяси және экономикалық қызметін сараптай келе, елдердің сыртқы және ішкі саясатына әсер етудің  2 тікелей және 3 жанама әдісін бөліп көрсетуге болады.

  1. Диаспораның өкілі – саяси көшбасшылар арқылы тікелей әсер. Жоғарыда айтылып өткендей, кей мемлекеттерде қытай халқы өзінің азшылығына қарамастан, өте маңызды рольдерге ие. Көргеніміздей, диаспораның аз болуы оның жоғарғы биліктегі өклізігінің болмауына алып келеді. Алайда қазір көптеген мемлекеттерде диаспоралық қауымның жергілікті халықпен интеграциялану процесі қарқынды жүріп жатыр, сондықтан дискриминацияның бұл түрінің жақын арада шешімін табуға болады деп болжауға келеді. Бұнда кірмейтін тек қана Сингапур, ондағы қытайлар саны халықтың көп бөлігін құрайды, сондықтан ұлты қытай саяси көшбасшыларға ие. Сонымен қатар, диаспораның жергілікті халықпен тығыз байланыс орнатуына «жағдайлық этнолылық» тән, Оңтүстік Шығыс Азияда жиі кездеседі. Қытайлық және жергілікті мәдениетті сіңірген қытай диаспорасының өкілдері жергілікті қоғам мен жағдайдың шартына байланысты өзгеріп отыратын «өтпелі этникалылықты» ұстанады. Қытай қаумдастығы үшін бұндай тәжірибе жергілікті биліктегі элитамен байланысын нығайту үшін мүмкіндік туғызады. ОША елдерінде қытай диаспорасының өкілдерін билікте көп байқауға болады. Мысалы, Индонезияда Сухартоның биліктен кетіп, Абдуррахман Вахидтің келуімен 1966 жылы қабылданған қытайларға деген қатаң шектеулер алып тасталынады. Индонезиядағы қытай қауымдастығының жағдайына этникалық қытай Квик Киан Гидің елдің экономика, қаржы және өндіріс министрі болып тағайындалғаны маңызды бола түседі. Малайзияда қытайлардың қызметі күшпен тежеледі, бірақ МҚА және Ұлттық фронт пен Гераканның саяси одағы оларға қандай да бір ықпал етуге мүмкіндік береді. АҚШ-та бұндай әсер ету әдісі не қол жетпеген, бірақ орын алуда. Қытайдан шыққандар жиі-жиі штат дәрежесіндегі әкімшілік қызметтерді иеленуде, әсіресе, қытай диаспорасының саны көпшілікті құраған аймақтарда.
  2. Тікелей әсер: тұрғылықты елдің және тарихи елдің арасындағы қарым-қатынас диаспораның сол елдегі беделіне байланысты. Бұны ҚХР мен Вьетнам арасындағы 1978-1979 жылдардағы қақтығыс дәлелдей түседі. Сол кезеңде Вьетнамнан көптеген қытайлардың елден жаппай қашуы екіжақты қатынастардың нашарлануына алып келді, кейіннен екі жақтың да келісімге келіп, мәселені талқылауға себепші болды. Оның нәтижесі Қытайдың қаржылай көмегінің тоқтауы мен қытай-вьетнам шекарасының жабылуы болды.
  3. Жанама ықпал: экономикалық. Бұл жоғарыда осы тараудың 1-нші тармағында қарастырылды.
  4. Жанама әсер: тұрғылықты мемлекеттің ішкі саяси құраламдары арқылы. Малайзиядағы қытай халқының аз болуына қарамастан, билік етуші коалиция қытай дауыс берушілернің 23% даусын ескермей қоя алмайды.
  5. Жанама ықпал: қытайлық трансұлттық жүйе арқылы. Қытайлық жүйені байланыстармен шырмалған өрмекшінің торына ұқсатуға келеді. Ол тор басқа мемлекеттегі тура сондай тормен қарым-қатынас орнатады. Ортақ мәдени құндалақтар кез келген қытайға дағдарыс уақыттарында өз отандасымен байланыс орнатуға мүмкіндік береді. Азиялық дағдарыс кезеңінде индонезиялық қытайлықтардың қысылтаяң жағдайы басқа ОША елдеріндегі қытай диаспорасы арасындағы үлкен резонансқа алып келді. Тайландтағы қытай диаспорасының өкілдері индонезиялық үкіметті әрекетсіздікте айыптады, Тайландттың парламентіне жолдау жіберді. Малайзияда қытай диаспорасының көшбасшылары малазиялық үкіметті Индонезияны қытайларды өртеу мен тонаудан қорғамағаны үшін тергеуге алуға шақырды [1, б.146-147].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ШЕТЕЛДІК ҚЫТАЙЛАРДЫҢ ҚЫТАЙ ХАЛЫҚ РЕСПУБЛИКАСЫМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫ

 

3.1 Эмиграция басталғанан бастап 1980-інші жылдарға дейін қытайлық эмигранттарға қатысты Пекин саясатының дамуы

 

Қытайдың реси биліктегілерінің шетелдік қандастарына қатысты ресми саясаты туралы мәселе қытай диаспорасының тарихи отанымен қарым-қатынасына байланысты бірқатар мәселені түсінуге мүмкіндік береді. Кез келген шетелдік диаспорасы бар, әсіресе қытай диаспорасындай көп мемлекет үшін оның қолдауы маңызды сыртқы саяси міндет есептеледі. Жоғарыда айтылып өткендей, диаспора тұрғылықты мемлекетте өз елінің экономикалық, тілдік және мәдени қатыстылығын қамтамасыз етеді, сол елді осы салаларда таныстырады. Сонымен бірге кез келген этникалық қауымдастықтың тұрғылықты елдегі жағдайы бұл мемлекеттің олардың тарихи отанымен екіжақты қарым-қатынасына, оның сыртқы саяси ықпалына байланысты болады. өз кезегінде диаспора да екіжақты қарым-қатынастарға ықпал ете алады, көп жағдайда екі мемлекет арасында делдал қызметін атқарады.алайда бұндай ұмтылыс шыққан мемлекеттің сыртқы саясатына тікелей байланысты болып қалады. Соған байланысты қытай билігімен диаспораны өз жағына шығару үшін қабылданған шараларды және олардың Қытайдың ішкі және сыртқы шарттарының өзгеруіне байланысты өзгеруін зерттеуге қажеттілік туындап қалады. Оны қытай диаспорасының қызметі Қытайдың сыртқы экономикалық-саяси дамуына қандай ықпал еткенін көру үшін анықтаймыз.

Пекиннің шетелге кеткен отандастарына деген қарым-қатынасы әрбір тарихи кезеңде саяси, экономикалық және халықаралық мүдделерге байланысты өзгеріп отырды.

Қытай халқының Оңтүстік — Шығыс Азия елдеріне жаппай көшуі кезеңінде Мин әулеті уақытында қытайлық үкімет эмигрант қауымымен қарым-қатынас орнату түгілі, олардан алшақ болуды қалады. Бұны сол кезеңде кең тараған конфуцийшлдіктің ықпалымен түсіндіруге болады, идеология әр жеке тұлғаны сол кездегі қоғамның шегінде орны бар екенін үйретті, ата-бабалардың мазарынан, туған жерлерге кеткендерді айыптады. Ресми қабылданған бұндай ұстанымдарға сәйкес, көшушілер Қытайдан шығудың өзімен моралды норманы бұзушы ретінде қарастырылды. Сонымен қатар, зерттеуші А.А.Бокщаниннің айтуы бойынша, «Қытай жағалауында жеке саудамен айналысатын қытай көшпенділері билікпен үкімдерді бұзушы, шектеулерден аттаушы ретінде қарастырылды» [15, б.106].

XVII ғасырдың ортасында Қытай Цин әулетінінің негізін салған манчжурлермен басып алынды. 1680 жылдарға қарай манчжурлік әскер елдің оңтүстік-шығысындағы провинциялар – Юньнань, Фуцзянь және Тайвань аралындағы қарсылықтың соңғы ошақтарын басты, тақтан кеткен мин әулетінің адал әскерінің бір бөлілігі Бирма, Вьетнам,және ары оңтүстікке қарай ығысты. Нәтижесінде Оңтүстік-Шығыс Азиядағы көптеген қытай қауымдастықтары антиманчжурлік оппозицияның орталығы болып қалды, уақыт өте келе онда құпия ұйымдар құрылып, оңтүстік Қытай бағытында Цин әулетін құлату мақсатымен дәл сондай қызмет атқарды.

Бұл жағдайлар цин үкіметінің көшуші қауымдармен қарым-қатынасында өз ізін қалдырды. Үкімет максималды түрде эмигранттардың Қытаймен кез келген байланысын шектеуге әрекет жасады. Жаңа биліктің үкімімен қытай жағалауындағы барлық тұрғындар теңіз бойынша оңтүстікпен қатынасты үзу үшін елдің орталығына көшірілді, шетелге шығуға өлім жазасы қаупімен тыйым салынды, сыртқы сауда мемлекеттіңмонополиясы деп жарияланып, көлемдері айтарлықтай төмендеді.

Бұл мәселедегі кейбір өзгерістер XVIII және XIX ғасырларда батыс державалардың ықпалы мен цин үкіметінің экономикалық қажеттілігі нәтижесінде пайда болды. Қытайлық билік сыртқы сауда, елге кіру мен елден шығудағы шектеулерді әлсіретуге мәжбүр болды. 1860 жылы, екінші «опиум соғысы» аяқталғаннан кейін, еуропалық державалар Қытайды қытайлық жұмыс күшін алып, оны шетелге шығаруға рұқсат беруге мәжбүрледі.

Нақ осы уақытта сыртқы саяси тәжірибеде алғаш рет пекин басшылығының эмиграция мәселесіне назар аударуы байқалады. 1868 жылы ең бірінші Бурлингемдік деп аталған қытай-американ келісімінің дайындалуы барысында қытай үкіметінің АҚШ-қа эмиграцияны реттеуге қадам жасағаны байқалады. Бұл келісім «қытай азаматтарын олардың қалауынсыз еріксіз АҚШ және басқа да мемлекеттерге шығаруға шектеу қойып, заңға жүгінуді» қуаттады. Екі жақ та шынайы түрде «әрбір адамның өз үйі мен меншігін ауыстыру құқығын, сонымен қатар, өз азаматтарын бір елден екінші елге көріп қайту, сауда және тұрақты тұрғын болу мақсатымен көшкендегі өзара бостандықтарын» мойындады. Бірақ сонымен бірге, Бурлингем келісімі қытай иммигранттарына американ азаматтығын алуға мүмкіндік бермеді. Оның көмегімен өзінің шектеулі мүмкіндіктерімен циндік сарай американдықтардың ішкі істерге араласуын тоқтатқысы келді.  Өз кезегінде американ үкіметі Қытайдан иммиграцияның жалғасуында мүдделі болды, бірақ оның жаппай сипат алуын болдырмауға тырысып отырды [8, б.13].

Қытайлардың АҚШ және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы құқықтық жағдайын 1909 жылы Қытайда қабылданған заң қиындатты, оның негізінде, былайша айтқанда,  «қандық принципі» жатқан еді. Ол заң бойынша, ата-аналары қытай болған балалар туған жері мен тұрғылықты жеріне қарамастан қытай азаматтары болып саналды. Бұл принцип 1929 жылы қытай үкіметімен қабылданған азаматтық туралы заңда қайта бекітілді. Онда басқа елдің азаматтығын алғысы келген адам, өзінің азаматтығын тек Қытайдың ішкі істер министрлігінің рұқсатымен өзгерте алады деп жазылған. Оңтүстік-Шығыс Азиядағы кейбір елдерде бұл заң жергілікті заңнамамен қайшы келіп отырды, оның негізіне қытайлардың құқықтық мәртебесін елдің территориясында туған адамдарды  сол елдің азаматы деп тануға мүмкіндік беретін «жер принципі» бойынша анықтау жатқан еді.

Қытай халқының Оңтүстік-Шығыс Азиядағы мемлекеттердің саясатына ықпалы шектелген болса да, циндік үкімет эмигрант қауымын бақылауда ұстау үшін шаралар қолданып отырды.

Мысалы, Индонезиядағы қытайлардың мәртебесі 1910 жылы Голландияда қабылданған азаматтық туралы заңмен анықталды. Ол бойынша, отарлы Индонезияда туылған және тұрып жатқан қытай голландтық деп саналды. Олар әлеуметтік және құқықтық жағынан жергілікті индонезиялықтардан жоғары тұрса да, еуропалықтармен құқықтары бірдей болмады [1, б.66].

Қытайдың Британдық Малайядағы қытайларға ықпал етуі қажетті нәтижелер бермегеді, олардың құқықтық мәртебесі әлі белгісіз күйінде болып отырды. Стрейтс-Сетлментста туып, тұрмыс құрған қытайлар британдық азаматтықта саналды және ол жерден қуыла алмады. Сонымен бірге, малай князьдықтарында тұрып жатқан қытайлық тұлғалар ағылшын протекторатының астында болып саналды, алайда жергілікті билеушілер оларды өз құзырындағылар деп қабылдамады.

Сөйтіп, императорлық Қытайда шетелдік бауырлары жөнінде жасалған біртұтас сыртқы саясат қалыптаспаған болатын. Ұзақ уақыт бойы Қытайдың ресми билеушілері түрлі елдегі қытай текті тұлғалардың бар екенін мойындап, олардың қауым ынтымақтастығының басында тұруына еш талпыныс жасамағанының белгісі. Бұл Аспан асты билеушілерінің дәстүрлі оқшаулану саясатына байланысты деп болжауға болады. Жағдай тек Цин әулеті билігінің  соңынна қарай өзгере бастайды, алайда сыртқы саяси аренадағы күштердің жаңа орналасуы пекин үкіметітінің өз мүддесін орындауға мүмкіндігін шектеді. Оңтүстік-Шығыс Азия мен АҚШ-тың отаршыл билеушілерінің жергілікті құқықтық және әлеуметтік жүйедегі иммигранттардың рөлі жөнінде өз пікірлері болды. Олардың азаматтық туралы қабылдаған заңнамалары 1909 жылы қабылданған заңдағы Қытайдың мүддесімен сәйкес келмеді. Азаматтықты анықтауда «қандық принциптің» енгізілуі көптеген шетелдік қытайларға «екіжақты азаматтық» мәселесін тудырып берді. Бұл қытай халқының жергілікті халықпен интеграциялануға, жергілікті қытайлардың экономикалық қызметіне кедергі болды, ал кейіннен Қытай мен қытай иммигранттары тұратын тұрғылықты мемлекетпен байланыстың нашарлауына алып келді. XIX ғ. аяғы-XX ғ. басынан бастап қытай эмигранттары Қытаймен және революциялық оппозициямен де саяси күш ретінде қабылдана бастайды. Бұндай әлеуметтік-саяси байланыстардың жарқын мысалы ретінде Сунь Ятсенді алуға болады, ол Гавай аралдары және Жапониядағы қытай эмигранттарының материалды және моральды қолдауына ие болды. Қытай тарихындағы алғашқы революциялық қоғам «Синчжунхуй» («Қытайды жандандыру одағы») Гавай аралдарындағы эмигранттардың ортасында Сунь Яьсенмен құрылған болатын. Жапонияда жергілікті қытайлардың негізінде сол қоғамның бөлімін ашқан болатын.

1899-1901 жж. реформаторлардың басшысы Кан Ю-вей және оның жақтастары АҚШ, Канада, Австралия, Гавай аралдары және Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне өзінің реформаторлық қызметіне қытай қауымдастығының қолдауын іздеу мақсатымен сапар шегеді. Кан-Ю-вейдің жақын жақтасы Лян Ци-чао Гавай аралдарына шығып, эмигрантармен байланыс орнатып, «Баохуанхуйдің» («Императорды қорғау қоғамы») бөлімшесін құрды. Реформаторлардың қызметін жалғастыру үшін диаспора арасынан 100 мың юань көлемінде жинап алды. Нақ осы мақсатпен австралияға да сапар шекті. Осы жылдары реформаторлардың белгілі қызметкері Оу Цзюй-Цзя Кан Ю-вейдің ұснысымен АҚШ-та Сан-Францискода басып шығарылатын қытай эмиргранттарының газетін басқаруға жіберілді.

Кейініріек, Синьхай рефолюциясы кезінде Юань Шикай бастаған монархистер Австралияның консервативті көзқарасты эмигранттық басшылыққа арқа сүйеді. Алайда, бүл мысалдарға қарамастан, императорлық Қытайда шетелдік қытай қауымдастығымен байланыс орнатуға қандай-да бір жүйелі бағыт болмады.

Бұл мәселенің анық шешілуіне 1949 жылғы Қытай Халық Республикасында жауапкершілікпен қарады. Жаңа биліктің диаспоральді саясатының негізінде Ортақ майдан құру идеясы жатты, ол ҚКП-ның негізінде түрлі ішкі және сыртқы күштерді біріктіруді көздеді. Ортақ майдан барлық өндірісшілерді, саудагерлерді, ҚКП-нің көзқарасын қолдайтын саяси партияларды, интеллигенцияны, ұлттық азшылықты, діни қайраткерлерді, партияға кірмейтін қоғамдық қайраткерлерді және эмигранттарды біріктіруге тиіс еді. Қытай үкіметі шетелдік қытайлардың құқықтары мен мүддесін қорғауды өз мойнына алды, ал бұл бағыттағы өзінің ең басты міндеті ретінде барлық ресми құжаттарда бекітілген барлық шетелдік қытайларды ҚХР-ның маңайына топтастыру болды. 1954 жылға дейін елдің мемлекеттік конституция қызметін атқарып келген Қытайдың халықтық саяси консультативті кеңеісінің жалпы бөлімінің айтуынша, «халықтық үкімет шетелде тұрмыс құрған қытайлардың заңи құқығы мен мүддесін қорғау үшін барлық мүмкіндіктер жасауы керек» [16, б.65]. Шетелдік диаспораның көрнекті өкілдері қытайлық үкіметтің шақыруымен  ҚХСКК-ның жалпы бағдарламасын құруға қатысты. ҚХР-дың алғашқы конституциясы шетелдік қытайларды ҚХР-дың азаматтарына теңеді, ролардың халық өкілдерінің бүкілқытайлық жиналысында және басқа да органдарда өз өкілдіріне ие екендігін мәлімдеді. 1954 жылғы Конституция бойынша, «Қытай Халық Республикасы шетелде тұрып жатқан қытайлардың құқықтары мен мүддесін қорғайды»[17, б.29]. ҚХР-дың алғашқы құрылған жылдары шетелдік қындастарына қатысты бекітілген саясат бойынша, кең көлемді партиялық, үкіметтік және қоғамдық ұйымдар жүйесі құрылды. Орталық комитетте бұл іске Ортақ майдан бөлімі басшылық етті. Бөлімшелер партиялық комитеттердің барлық деңгейінде – проивинциялықтан бастап, уезд қалаларынмен аяқталып ұрылды.

Хуацяо саясатына және соған байланысты іс-әрекетті координациялау қызметінде ҚХР-дің Мемлекеттік Кеңес жанындағы Орталық комиссиянің рөлі зор болды. Комиссияның қызметі 2 бағытта жүзеге асырылды: 1) шетелде тұрып жатқан қытайларға ықпал ету; 2) Қытайға оралған тұлғалар мен хуацяоның туысқандарына қатысты мәселелерді шешу. Комиссия мемлекеттік кеңес бекітетін комитет пен тұрақты қызметкерлерден тұрды. Бұндай комитеттер жергілікті деңгей – провинция және уездтерде қызмет етті. Комитет басшылығымен шетелдік қытайлармен практикалық жұмыс жүргізіліп отырды.

Шетелдік қытайлар ісі жөніндегі Комиссия және Орталық Комитеттің сәйкес бөлімі Репатрианттардың бүкілқытайлық ассоцияциясының қызметін ерттеп отырды.

Сөйтіп, қытайлық қоныстанушылардың мәселесімен айналысатын ұйымдардың жүйесі пекин басшылығының диаспоралық саясатының басты мақсаттарын орындауы тиіс болды. Біріншіден, саяси-үгітті мақсат эмигранттардың ұлттық сезімдерін оятуға бағытталды, ол шетелдік қытайларға деген жағымды көзқарасты оятуы, ҚХР-ға сүйіспеншілік оятуы тиіс болды. Сол кездегі сыртқы саяси жағдайда, яғни ҚХР-дың АҚШ ұсынған «екі Қытай» саясатына қарсы күресуі (Тайваньдағы Қытай Республикасын мойындау), БҰҰ-дағы Қытайдың өкілдігін қалпына келтіру, халықаралық қатынастар жүйесінде беделге ие болу жағдайында бұл мақсаттың жүзеге асуы коммунистік үкіметке қосымша қолдау әкелуі тиіс еді. Екіншіден, экономикалық мақсат ретінде хуацяоның инветиция, қайтарымсыз көмек, туысқандарға қаржылай аударым сияқтыларды қолдады. Басты диаспоральды саяси идеолог Ляо Чэнчжидің 1951 жылғы шілдедегі қытайлық эмигранттардың ісі жөніндегі Комитеттің отырысындағы баяндамасында айтылғандай, шетелдік қытайлардың ҚХР-ғы экономикалық көмегі және қолдауы жөніндегі мәселе батыс елдердің тарапынан болған экономикалық блокада контектінде қойылды [1, б.74]

1955 жылдың 22 сәуірінде қабылданған келісім негізінде Қытай басшылығының хуацяоларға қатысты саясатының өзгерісін байқауға болады. Бұл екіжақты қытай-индонезиялық келісім құжаты ҚХР мен Индонезия мемлекеттерінің азаматтығын қатар иеленген тұлғалар екі елдің қалағанының азаматтығын қабылдауына еркіндігін айқындайды. Некеге тұрған бір жақ екінші жақтың азаматтығын қабылдағысы келсе, өз азаматтығынан айырылады. Ата-аналары немесе әкесі Индонезияның азаматтығында болып, баласы Қытайда туса, Индонезияның заматтығын алады.

1950-1960жылдардың басында бұл ұстанымдар басты болып қала берді.ҚКП-ның VIII съезінде Ортақ майданның ісі боцынша бөлімнің меңгерушісі Ли Вейхань Қытайдың мақсаты шетелдік қытайлардың өз еркі бойынша азаматтықты таңдай екенін тағы да мойындады. Чжоу Эньлай Оңтүстік-Шығыс Азияға іс-сапарында да бұл мәселені жиі қозғады. Сөйтіп, Сингапурдың бұрынғы басты министрі Д.Маршалмен сұхбат барысында ол Сингаупр азаматтығын өз еркімен қабылдаған қытайларды осы елге бейім болуын басып айтты.

Алайда, қытай эмигранттарының американдық қауымдастығында біраз сәтсіздіктер  белең алды. ҚХР-дың құрылуынан бастап екі онжылдыққа созылған американ-қытай қатынастарының суық болуы АҚШ-тағы қытай диаспорасымен тығыз байланыс орнатуға мүмкіндік бермеді. өз кезегінше, американ басшылары коммунистік Қытайға бұл мәселені жеңілдеткісі келмеді, себебі бұл Америкадағы қытай қауымдастығына біріккен Тайванның ықпалын тежеу белең алған болар еді.

ҚХР-дың сыртқы саясатының жалпы бағыты сияқты, шетелдік қандастарға деген өзгеріс пекин басшылығының идеологиясының өзгеруімен байланысты болды. Әсіресе, диаспорамен байланысқа ерекше ықпал еткен 1966-1976 жылдары болған «мәдени революция» мен «үлкен секіріс» әлеуметтік тәжірибелері еді. Бірте-бірте сыртқы саясаттың идеологиялық негізінің өзгеруі анық байқала бастады. Бейбіт өмір сүру принципінан бас тартылды, енді ол империализмге жол ашу, революциялық өзгерістерден бас тарту болып есептелді. ҚХР-дың бұл кезеңдегі әрекеттері, ол көрші мемлекеттерге территориялық шағымдары болсын, немесе олардың ішкі істеріне араласу болса да, бұл мемлекеттермен екіжақты қарым-қатынасты ғана емес, бүкіл аймақтағы жағдайды шиеленістірді. Бұндай саясаттың логикалық салдары болып Пекиннің шетелдік қытайлардың тұрғылықты мемлекеттердегі шыдамдылығына байланысты өзгерісі саналды. Қытайлық көшбасшылар шетелдік қытайлардың азаматтық мәртебесін анықтамай отырып, оларға құқық барларын жариялады. Ортақ майдан бағдарламасы хунфейбиндер тарапынан айқан қарсылыққа түсті. Шетелдік қытайлармен байланыс «рекреакциялық» деп, ал ондай байланыстары барлар «қоғамның реакциялық негізі» деп танылды. Шетелдік қытайлардан ақшалай аударылым «тыңшылық құралдар» деп танылды. 1960 жылдарға қарай Қытайдың эмигранттармен байланыс ұйымдастырушылық құрылымы өз жұмысыны тоқтатты. 63 мүше адамнан 21 адам, көбісі репатрианттар репреессияға ұшырады. Өз қызметінен диаспоралық саясатты жүзеге асырудың басты идеологы Ляо Чэнчжи босатылды.

ҚХР-ның шетелдік қытайларға деген саясат туралы мәселе 1970 жылдардың аяғында ерекше маңызға ие болды. 1977 жылдарға қарай Камбоджа мен Вьетнам арасындағы шиеленіс айтарлықтай өрши түсті. Жағдай Камбоджаның шығыс бөлігінде вьетнам әскерлерінің қалып қоюымен ушықты. ҚХР екі жақты келісімге келуге шақырғанымен, нәтижесіз болды. Ханой үш үнді-қытайлық мемлекетпен «ерекше» қатынас құруға талпынды, ал Пномпень өз территориясынан вьетнамдық әскерелрдің алып кетуін талап етті.

1978 жылы жағдай үшінші мемлекеттердің қосылуымен даурықты.КСРО Вьетнамға әскери техника сатуды тоқтатпады, ал Қытай-Камбоджанмен жақые болды. 1978 жылы кеңес-вьетнамдық бейбітшілік және достық туралы келісімге қол қойылды. Онда КСРО-ның Вьетнамға ұзақ мерзім негізінде қолдау көрсететіні жайлы сөз қозғалды. Бұл ҚХР-дың теріс ұстанымын тудырды. ҚХР үкіметі жағдайды бақылауға аламын деп, Вьетнамға қысым көрсетемін деп бұл жағдайды пайдаланды. 1978 жылы 24 мамырда ҚХР-дың Мемлекеттік Кеңесі жаныныдағы шетелдік қытайлардың ісі жөніндегі Канцеляриянынң мәлімдеуі бойынша, Вьетнам жергілікті қытайларды «остракизм, қуғындау мен қудалауға» душар етті.

1979 жылдың қаңтарында Вьетнамда орналасқан Камбоджалық эмигранттардың қатысуымен Камбоджаның астанасы Пномпень алынды. Елде провьетнамдық үкімет орнайды.

Сөйтіп, партиялық басшылықтың шетелдік қандастары жөнінідегі саясаты айтарлықтай иілімді болып, сол кезеңде елдің алдына қойған мақсаттарының өзгеруіне байланысты болып отырды. ҚХР-дың 1949-1970 жылдардың аяғындағы диаспоралық саясатына шетелдік қытай қауымдастығының байланыстарын тек ішкі экономикалық мәселелерді шешуде ғана емес хуацяоларға қысым арқылы сыртқысаяси мәселелерді шешу де тән болды. Қытайдың шетелдік қытайларды пайдаланудың мысалы ретінде 1978-1979 жылдардағы камбоджалық-вьетнамдық дағдарыстың әсері аз емес. Алайда бұл тәжірибенің сәтсіз болуы пекин басшылығын экономикалық ынтымақтастық пайдасына қытай қауымымен байланыс тетіктерін қайт қарауға итермеледі. [1, б.85].

  • Хуацяо және Қытайдағы реформалар: 1980-2001 жылдар

 

1970 жылдардың аяғы Қытайда терең экономикалық реформалардың болуымен сипатталады. ҚКП ОК-нің үшінші пленумы (1978 жылдың желтоқсаны) әлеуметтік реформалардың дәуірі, сонымен бірге қоғамның қатаң маоистік моделінің дәуірін артта қалдырған шекара болып есептелді. Бұл пленумда қабылданған реформалар елдегі қоғамдық қатынастардың өзгеруіне алып келген жаңа экономикалық және саяси ойлау жүйесіне алып келді.

Өзгерістер қытай басшылығының халықаралық саясатын да қамтыды. Басқа мемлекеттермен, соның ішінде капиталистік мемлекеттермен қарым-қатынасты ретке келтіру бағыты алынып,  түрлі мәселелерді шешу бойынша әлемдік қауымдастықпен ынтымақтастық даму алды. Сыртық саяси идеологияны қайта қарау экономикалық реформалармен тығыз байланысты болды. Қытай диаспорасы тұратын басқа мемлекеттермен қарым-қатынасты түзеу сол елдегі қытай диаспорасының жағдайын да жақсартты. Шетелдік қытайларға қатысты бұл кезеңде пекин басшылығының саясатында экономикалық сарындар байқалды.

Шетелдік қытайлардың ісімен айналысатын мемлекеттік ұйымдардың жүйесі дами берді. Хуацяолармен жұмыстың басты органы  — Қытай эмигранттарының ісі бойынша Канцелярия (ертеректе Орталық Комиссия болып аталған) өзінің басты мақсаты ретінде шетелдік қытайлардан ҚХР-дың экономикасын модернизациялау процесіне қаржылық және материалды-техникалық механизмдерді тарту болды. Бұл іс бойынша практикалық қызмет атқарып жүрген репатрианттардың бүкілқытайлық ассоцияциясы (РБА) «мәдени революция кезінде тәркіленген» материалды құндылықтарды қайтарумен шұғылданды.Хуацяолардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін арнайы банктер, дүкендер, отель және санаторийлер ашылды. РБА шетелдегі қытайлрадың құқықтары мен мүдделерін қорғады, олардың жағдайын сараптап, бұл мәліметтерді атқарушы және заң шығарушы органдарға жібереді (оның ішінде заңнаманы өзгерту үшін де). Бұл бағыттағы белсенді қызметті әсіресе РБА-ның Әлеуметтік қамтамасыз ету және юриспруденция бөлімі атқарды. 1983 жылы Халықтық өкілдердің бүкілқытайлық жиналысының қытайлық эмигранттардың ісімен айналысатын Комитет құрылды. Оның басты міндеттерінің бірі осы мәселе бойынша заңнаманы толықтыру, қандастарымен байланысты жүйелеу болып табылды.

1988 жылы Бүкілқытайлық комитеттің Халықтық саяси консультативті кеңесінің жанынан қытайлық эмигранттардың ісі жөніндегі Комиссия құрылды. Оның құрамына коммунистік емес саяси партиялар мен ұйымдар кірді.

Алға қойылған жаңа мақсаттар шетелдік қытайлардың мәселесіне байланысты өзгерген жаңа саясатты жариялауға мәжбүрледі. Бұл 1980 жылғы Халықтық өкілдердің бүкілқытайлық жиналысының ІІІ сессиясында азаматтық туралы жаңа заңда бекітілді. Оның басты ерекшелігі ретінде екі жақты азаматтықты мойындамау болғанын айта кеткен жөн. ҚХР-дың азаматтық туралы заңының 8 бабына сәйкес, «қытайлық азаматтықты қабылдаған тұлғалар басқа мемлекеттің азаматтығын ала алмайды», ал 9-бап бойынша: «басқа мемлекеттің территориясында үнемі тұратын қытай азаматтары қытай азаматтығынан айырылады, олар шетелдік азаматтықты өз еркімен қабылдаған болса, қытай азаматтығынан айырылады». Азаматтықты анықтаудың критерийі болып «қандық принцип» және «жер принципі» аталды. ҚХР «қандық принцип» жүрген мемлекеттердің азаматтығын мойындады, еке ата-ана немесе біреуі қытай азаматтары болса да. Басқа жағдайларда азаматтық алу үшін ҚХР үкіметінің рұқсаты қажет. Шағымды қанағаттандырудың бірнеше шарты бар: 1) Қытай азматтары шетелдіктердің жақын туыстары; 2) Қытай Халық Республикасын тыс үнемі өмір сүреді; 3) басқа да негізі бар. Заң қытайлықтардың қытайлық азаматттықты алу құқығын қалдырды және азаматтығы жоқ тұлғаларды мойындады. Бұдан бұрын ҚХР апатридтарды өз азаматтары ретінде қабылдады, бұл Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде алаңдау туғызған болатын [1, б.88].

Азаматтыққа байланысты заңды қабылдаумен Қытай үкіметі бір шетінен бұл мәселедегі өз ұстанымының қатаңдығын, ал екінші жағынан хуацяоның жергілікті мемлекеттегі жергілікті билікпен қарым-қатынасын жақсартуға жағдай жасауаға дайын екендігін көрсетті.

Жергілікті әкімшіліктер азаматтық туралы мәселенің заңи реттелуі олардың қытайларға бақылауын және олардың ҚХР-ға сапарларын бақылауда ұстауын жеңілдетеді деп үміттенді. Оңтүстік-Шығыс Азияның кей мемлекеттері өз азаматтарының ҚХР-ға сапарын шектеуге тырысты, алайда Қытайдың шекаралық билігі бұл шектеулерді айналып өтудің долын тапты. Олар «қосымша» кіру визасын айналымға енгізді, ол бойынша жеке бланк толтырылып, паспортта арнайы белгі соғылмайды, нәтижесінде ҚХР-ға сапар тұрғылықты мемлекет билігінен жасырын жасалды. Әсіресе, бұл этноаралық шиеленіс жоғары болып тұрған Малайзияға тән болды. Сөйтіп, гонконгтық деректер бойынша, 1983 жылы ҚХР-ға 52 мың малайзиялық кірді, ал ресми малайзиялық дерек бойынша, Қытайға шығуға рұқсат алғандардың саны тек 3 мың.

Бұл мәселе Малайзияға ҚХР-дың сыртық істер министрі У Сюэцяннің сапары барысында талқыланды. Нәтижесінде, қытайлық бұқаралық ақпарат құралдарында Малайзияның арнайы рұқсатын алмаған тұлғаларға кіру визасын беруге рұқсат берілмейтіндігі туралы мәлімет кең тарады.

Пекин басшылығының диаспоралық саясаттағы басқа маңызды бағыт – американдық диаспора. Бұған халықаралық аренадағы жағдайдың өзгеруі септігін тигізді. 1960 жылдардың аяғы – 1970 жылдардың басында АҚШ ҚХР-ға қатысты қастық саясатынан бас тартып, американ-қытай қарым-қатынасының жақсаруы байқалады, 1979 жылы екі ел арасында дипломатиялық қатынастар орнайды. Бұл жағдай көптеген қытай эмигранттарының ҚХР жағын қолдауға өтуін және АҚШ-тағы қытай диаспорасының Қытаймен байланысының жағадайы жақсарғанның белгісі еді. Қытайдың да, Американың да сыртқы саяси бағытының өзгеруі қытай билігінің АҚШ-қа эмиграцияны өз экономикалық және саяси міндеттерін шешуге пайдалануына жол ашты. Олар пекин басшылығында екеу еді: біріншіден, Гоминьданның ықпал ету аймағында болған көпмыңдық қытай диаспорасына саяси ықпалды күшейту. Екіншіден, ҚХР-дың жоспарына американдық қытайларды американдық құқықтық, атқырушы органдарға және қоғамдық көзқарасқа әсер етудің ішкі каналы ретінде пайдаланып, Вашингтон және Пекин қатынастырының жақсару процесін  тездету болды.

Дипломатиялық қатынастар орнатылғаннан кейін қытайлық басшылық өз отандастарына қатысты саясатында жіберілген қателікті белсенді түрде түзетуге тырысты, қытайлық диаспора арасында протайваньдық саяси позицияларды сейілткісі келді [8, б.97].

Американдық қытайларға қатысты ҚХР-дың саясатын жүзеге асыруда үлкен мәнді 1979 жылы қаңтар-ақпанда ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің төраға орынбасары Дэн Сяопиннің АҚШ-қа сапары атқарды. Тайваньдық режимді жақтаушылардың митингісіне қарамастан, Дэн Сяопин қытай диаспорасының өкілдерімен белсенді түрде кездесулер өткізді [8, б.98].

Қытайлық үкімет шетелдік қауымның көмегіне тек жоғары лауазымды шенеуніктердің сапарлары арқылы жету азшылық ететінін түсінді. Сондықтан, 1970 жылдың аяғына қарай, қытайлық үкімет эмигрантарға және олрадың туысқандарына қатысты «мәдени революция»  кезіндегі «асыра сілтеушіліктерді» ретке келтіруге байланысты бірқатар шаралар қолданады. Сондай шаралардың бірі ретінде «эмигранттардың туысқандарының» мәртебесін өзгерту мәселесін қарастыруға болады, алғашында олар «бай», «помещиктерге» теңелген еді. Оларды толық реабилитациялауға бағыт алынды, ол атау ресми алып тасталынды. Сонымен қатар, «мәжени революция» кезеңінде реэмигранттар және эмигранттардың туысқандарына байланысты жіберілген «әділетсіз, қате және фальсификацияланған үкімдер» қайта қарала бастады [3, б.36].

1981 жылы үкімет шетелдік қтайларға «мәдени революция» кезінде басқа адамдарға берілген және 50-жылдардың басында жер реформасы және «жеке меншіктің социалистік өзгерістері» кезеңінде тәркіленген үйлері қайтарып беріле бастады. Сонымен қатар, шетелдік қытайлармен жұмыс органдары «реэмигранттарға», «эмигранттардың туысқандарына» және шетелдік қытайлардың өздеріне ҚХР-да льготалық жағдай жасауға бағытталған бірқатар ұстанымдар жасайды. «Реэмигранттардың», «эмигранттардың туысқандарының» және олардың балаларының жұмыспен қамту мәселесін реттеуге бағытталған бірқатар ұстанымдар қабылданады. Жас «реэмигранттар» және Қытайда өмір сүріп жатқан хуацяоның балалары өту балы төмен жағдайда елдің орта және жоғары оқу орныдарына түсуге мүмкіндік алды. «Реэмигранттарға» және «эмигранттардың туысқандарына» туысқандарын көру немесе тұрақты тұрмыс құру мақсатында елге кіруге құжаттарды дайындау біраз жеңілдетілді. Сонымен бірге 1985 жылы 1 тамыздан бастап, хуацяолар

ҚХР-ға кіру үшін виза дайындау қажеттілігінен босатылды. 1984 жылдан бастап, олар ҚХР-дің ішкі авиа жолдарынан билетті ҚХР азаматтары сатып алатын бағамен алуға рұқсат берілді, шетелдіктер үшін ол айтарлықтай қымбат болатын.

    Хуацяолар өз кезегінде отанымен қарым-қатынас жасауға асықты. Қытай эмигранттарының тарихи отанымен серіктесітк формасы болып туысқандарына ақшалай аударым жасау ісі кең таралды. Ондай аударылымдардың көлемі 1970-жылдардың аяғына қарай ұлғайып, ҚХР-дың шетелдік қытайлар бағытында жасап жатқан саясатының нәтижелі екендігінің көрінісі болды. 1979 жылы аударымдардың жалпы саны 400 млн. долл., соның ішінде 75% Гуандун провинциясына келді. Алайда, 1980 жылы бұл көрсеткіштің біраз төмендегенін байқуға болады, ол аударылымдарды асауада ережелердің әлсіздігімен байланысты болды. Сол кезеңде орын алған ереже бойынша, шетелдік қытайлар аударылымдарды Қытай Банкінің өкілдігі немесе онымен корреспонденттік байланысы бар шетелдік банктер арқылы жүзеге асырылды. Қытайда бұл валюта ресми курс бойынша «халықтық ақшаға» аударылып, алушыға берілетін. Аударылымның екі түрі пайдаланылды: «отбасын қамтамасыз ету үшін аударылымдар», «құрылыс үшін аударылымдар». Бірніші жағдайда алушыға белгілі көлемде арнайы талондар беріліп, олар оны «хауцяо дүкендерінде» керекті жоғары сапалы тауарлар немесе дефицит тауарларды ала алды. Екінші жағдайда, алушы тура сол жағдайда құрылыс материалдарын немесе үй салуға қажетті жабдықтарды алуға мүмкіндігі болды. Аударылымдардың жалпы сомасынан арнайы бөлігін үкімет  шетелде сапалы тауарлар алып, «дүкендерде» сату үшін жұмсады.

    Уақыт өте келе аударылымдардың құрылымы өзгере бастады. Егер алғашында олар тек «отбасын қамтамасыз ету үшін» жіберілсе, 1980 жылдың екінші жартысынан бастап, оның көп бөлігі эмигранттардың туыстарымен жабдықтар алып, түрлі өндіріс орындарын ашуға қолданылды. Қытайлық билік өндіріске аударылымдарды салуды қолдады, себебі, бұл елдегі экономикалық өзгерістердің бір мақсаты еді [1, б.95].

   Шетелдік қытайлардың ҚХР-мен байланысының басқа дәстүрлі түрі болып туған уездтері мен ауылдарына мектеп, аурухана, жо, көпір және т.б. салуға қайтарымсыз көмек саналады. С.Н. Гончаровтың мәліметтері бойынша, Гуандун провинциясындағы осындай көмектің сомасы 670 млн. юаньды құрады. Көмектің негізгі бөлігі орта және кіші бизнеспен айналысатындардан түсіп отырды, бірақ бұл тұрақты емес еді, мысалы, гонконгтық ірі саудагер Ли Цзячен Шаньтоуда университеттің құрылысына 180 млн. гонконгтық долл. көлемінде ақшалай көмек берді.

    Шетелдік қытайлардың тарихи отанымен айтарлықтай көлемді және нәтижелі түрі – ортақ өндіріс орындарына ақша құю, айта кететін жайт, олардың  көбісі Гуандун және Фуцзян провинцияларында орын алды. Мысалы, Гуандун провинциясында 1980 жылдардың бірінші жартысында қытайлықт эмигранттардың ақша салу үрдісі шетелдік инвестициялардың 90% оның ішінде 96% «Гонконг және Макаодағы отандастарынан» еді. 1990-жылдарда хуацяоның капиталына ортақ өндіріс орындарының 80%-ы және ақш салудың үштен екісі тиесілі болды.

    Шетелдік қытайлардың инвестицияларын нәтижелі түрде пай   далану үшін ҚХР-нда 4 «ерекше экономикалық аудандар» құрылды: Шэньчжэнь, Чжухай, Шаньтоу және Сямэнь, олар бүкіл елдің «тәжірибе зертханасына» айналды. Осы аудандағы хуацяоның жалпы инвестиция көлеміндені үлесі 90%-ды құрады. Осы аудандарды құруда шетелдік қандастарының ерекше маңыздылығын сезінген ҚХР-дың басшылығы олармен ынтымақтастықтың жаңа формаларын енгізді. Сөйтіп, 1985 жылдың екінші жартысында Шэньчжэньда арнайы «хуацяо» қалашығы құрылып, олардың капиталын тартудың «терезесіне» айналды, онда шетелдік қытайлардың инвестициялық қызметіне арнайы жеңілдіктер енгізілді.

    Шетелдік қытайлардың Гуандун және Фуцзян провинцияларына капитал салуды шақыру ісімен арнайы «инвестициялық делдалды компаниялар» айналысты. Хуацяоның инвестицияларын ҚХР-да тұратын олардың туыстары арқылы тарту ісі кең етек алды, ал шетелдіктерің инвестициялары шетелдік қытайлардың делдалдығымен жүзеге асырылды. Қытайда бұндай әдіс «артынан жіп ертеттін ине» атауын алды.

ҚХР басшылығы қытай диаспорасы өкілдеріне нетелдік кәсіпкерлерге қарағанда жеңілдіктерді көбірек жасау бағытында жұмыс жасады. 1984 жылы хуацяоның және «Гонконг және Макаодағы отындастарының» ақша салуына бұндай жеңілдіктер Фуцзянда енгізілді. Жергілікті биліктің шешімі бойынша, келісімнің шарттары негізінде шетелдік қытайлықтар капитал құйған ортақ кәсіпорын ортақ 10 пайдалануы керек болды немесе есеп кәсіпорын кіріс алғаннан бастап есептелетін 5 жылға кірістің үстінен салынатын салықтан босатылды; 6-жылдан бастап, кірістің үстінен салынатын салықтың тек жартысы төленді. Егер ортақ кәсіпорын 5-10 жылға дейін пайдаланылса, кірістің үстінен салынатын салықтан алғашқы 3 жыл босатылды, 4-нші жылдан бастап, салық жартылай төленді. Сонымен қатар, бұл кәсіпорындар жерге де жартылай салық төледі. Бұндай жағдай шетелдік инвесторларға берілмеді, олар салықтан жартылай немесе толықтай 5 жылдан аса уақытта босатылады [18, б.81].

Бұндай жеңілдік шаралары тек экономикалық мүдделерді көздемей, шетелдік қытайлардың ҚХР-дағы тустары мен достарына тартылыс сезімін де пайдаланды. Мысалы, Гуандун провинциясының бір уездінде шетелдік қытайларға бірігіп салған кәсіпорынға «өзінің туысы немесе досын» директор қызметіне тағайындауға құқық алды. Кәсіпорындағы жұмыс орындарының 10% -н толтыруға мүмкіндік алды.

Бұл шаралардың барлығы 1980 жылдардың ортасынан бастап шетелдік инвестициялардың көбеюіне алып келді. Ақша салу саласында өзгерістер байқалды: ірі кәсіпорындарға инвестиция салу көлемі ұлғайды; егер, бұрын қаржының 65%-ы ынтымақтастықтың «әкелінген тауарлардың өңделуіне» жіберілсе, 1984 жылы бұл формаға келетін үлес 4%  төмендеп, инвестицияның 90% акционерлік компаниялар үлесіне тиді. Бұндай алға жылжудың себептерінің бірі болып шетелдік қытайлрамен қарым-қатынасты жақсарту саналады десек болады.

Бұл экономикалық байланыстар қазіргі кезед де белсенді түрде дамуда, кейде жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Қытайлық диаспораның жаңа буынын инветсиция стратегиясының өзгешелігі ерекшелейді, ол қайырымдылыққа немесе сауда-делдалдық операциялар емес, өндірістің негізгі салаларына, рентабельді кәсіпорындар, инфрақұрылымға батыстық технологияны жергілікті дамып келе жатқан индустриямен біріктіре отырып инвестициялау.

Трансұлттық байланыстарды қалыптастыруда маңызды рөлді қытай текті кәсіпкерлердің әлемдік конгресін ұйымдастыру болды. Түрлі форумдарда тек әлемдік экономиканың жаһандық мәселелері, түрлі мемлекеттегі хуацяоның тәртібі жәе тағы басқа толғандыратын сұрақтары ғана талқыланып қоймай, әлемдік қытай диаспорасы мен қытайлық үкіметтің арасында диалог жүріп отырды. ҚХР-дың шетелдік қытайлармен серіктестіктің прагматикалық және ой елегінен өткізілген шаралары нәтижесінде Оңтүстік-Шығыс Азия аймақтарындағы қытай диаспорасының Қытайға көзқарасы өзгере бастайды. Бұл аймақтағы экономикалардың тығыз байланысы кей авторларға «Үлкен қытай» идеясын таратуға негіз болды. Оның астарында Қытай, Тайвань, Гонконг, Макао, Сингапурдан тұратын «ортақ қыталйық нарық» ұғымы тұрды, хуацяо ресурстары пайдаланылды. Қытайдың маңайына жинақталған экономикалық аймақтардың ерекшелігі оған кіретін мемлкеттердегі халықтың этникалық ортақтығы және саяси ортақтық, оның ішіне «Қытайдың қайта жандану» идеясы. Айта кететеін жайт «Үлкен Қытайды құру» идеясын таратуда Оңтүстік-Шығыс Азия қытайларының рөлі ерекше.

Алайда, біздің ойымызша, бұл аймақтағы қытайлардың этникалық қауымдастығы факторы өз маңызын жояды. Оған қарағанда, АСЕАН-ға кіретін мемлекеттердің экономикалық интеграциясын айтуға болар еді, мәдени фактордың елеулі әсері жоқ, себебі, қытай халқының көп бөлігі өзі тұратын елдің азаматтығында және өздерінің болашағын осы елмен байланыстырады.

Қытайдағы инвестициялардың көп бөлігі эмигранттардың үлесіне тиеді.

1988 – 1996 жж. ол  жалпы соманың 83% , яғни 525 млн. долл., ал 1996 ж. — 67%, жалпы есеппен 124 млн. долл. Бұл Сянганның артықшылының көрінісі, себебі «инвестициялардың тең жартысы» Сянган арқылы өтеді деп есептелінеді. Инвестициялар көбінесе энергетика, телекоммуникациялық жабдықтар, автомобильді және аэрокосмостық өндіріс салаларына көптеп салынды. Қытайдағы шетелдік қытайлардың серіктесі болып «Бритиш петролеум», «Сычуань электроникс», Франции, Италии фирмалары болды. Жақсы мысал ретінде в 1997 ж. қытайлық эмигрант Говардом Янгпен құрылған

«Нью вэйв семикондактор корпорейшн» компаниясын атауға болады. Ол АҚШ-та ұзақ уақыт бойы тұрып Орегон мемлекеттік университетінде электротехника саласы бойынша доктор дәрежесін алды, Силикон аймағында біраз қызмет істеп, 1994 жылы Қытайға оралады. Жартылай өткізгіштерді өндірудің озық компанияларында жұмыс істегеннен кейін, Силикон аймағында бірге болған достарымен жеке фирмасын ашуға бел байлайды. Силикон аймағындағы бірқатар фирмалар, Шанхайдағы тайваньдық мемлекеттік «Хуахун микроэлектроникс» кәсіпорны және бірнеше жеке кәсіпкерлер жаңа компанияны 5,4 млн. долл. Қаржымен инвестициялайды. Компанияның штабы Силикон аймағында орнласты, өндіріс салаларының көбісі, зерттеу және даму бөлімшесі, маркетинг, сату бөлімі және әкімшілік бөлім Шанхайда орналасты. Алдыңғы қатарлы тайваньдық чип өндіруші «Тайвань семикондактор мэньюфэтчуринг» компанияның негізгі құрушысы есептелді.  Сөйтіп, қытай жерінде шетелдік қытайлардың көмегімен 3 экономиканың экономикалық ресурстарын пайдаланылып трансұлттық компания құрылды [19, б.7].

   Қытайдың шетелдік қытайларға қатысты саясатын қарастыруды қорытындылай келе, олар белгілі халықаралық және ішкісаяси шарттарға сәйкес өзгерістер көріп отырғанын айта кеткен жөн. Осы шарттарға сүйеніп, Қытайдың диаспоралық саясатында бірнеше кезеңді бөліп көрсетуге болады: 1) Империалық кезең (XIV-XVIII ғасырларға қарай) орталық биліктің қытай қоныстанушыларына қызығушықылықтың болмауымен сипатталады. 2) Отарлы кезеңде (XVIII ғасырға қарай – XX ғасырдың бірінші жартысы) Қытайдың сыртқы саясатына ықпал етуші батыстық отаршыл державалардың факторы ықпал етеді. Олардың қысымымен Қытайдан эмиграция қарқын алады, еуропалықтардың елдің ішкі істеріне араласумен сипатталады, алайда, цинь үкіметінің саяси және әскери әлсіздігі бұл істерді тоқтатуға, кейінгі кезеңде де өз азаматтарының тағдырына қатысты әрекет етуге мүмкіндігі болмады. 3) Коммунистік кезең (1949 жылдан – қазірге дейін) азаматтық соғыста коммунистік күштердің жеңіп, Мао Цзедун басқарған ҚКП-нің билікке келуімен сипатталады. Бұл кезеңдерде биліктің шетелдік қытайларға қатысты саясатты бірнеше рет өзгертіп отырды. Оның өзін де бірнеше кезеңге бөліп қарастыруға болады: а) саяси (1949- 1950 жылдарға қарай). Бұл кезеңде қытайлық көшбасшылар хуацяоларға қатысты бағытты анықтау кезінде «ортақ майданға» бірігу идеясы төңірегінде халықты жинау міндеттерін басшылыққа лды. Бұл бағыттың шеңберінде шетелдік қытайлар ҚХР-дың азаматтары құықығына теңелді, хуацяоның ісімен айналысатын ұйымдардың жүйесі құрылды. ә) Идеологиялық (1960 жылдардың басы – 1970 жылдардың ортасы). «Мәдени революция» жылдары еңбекқор эмигранттардың «революциялану» деңгейіне назар аударылды. Хуацяолар эмигранттар тұратын елдерде «мәдени революцияның» таратушы құралы ретінде қарастырылды. б) экономикалық (1970 жылдардың екінші жартысынан бастап) бұл кезең билікке Дэн Сяопин бастаған «прагматиктердің» келуімен басталады, олар елде экономикалық реформалар жүргізіп, мемлекетті әлемде алдынғы қатарға шығарды. Бұндай жетістіктерге қол жеткізуде жаңа басшылықтың нәтижелі диаспоралық саясаты маңызды орын алды. Инвестицияның басты көзіне айналған хуацяо үшін ҚХР-дың қатарлы азаматында жоқ құқықтар мен жеңілдіктер қарастырылды. Бұл кезең Қытай және хуацяо арасындағы ең сәтті кезең деп атауға келеді.

Алайда, бұл жетістіктердің теріс жағы да болды. ҚХР-дың өз отындастарынан тәуелділігі үлкен болғаны соншалық, тіпті пекин басшылығы көп жағдайда инвестиция сұраушылардан болып қалып отырды. өз қолында ірі қаржылық тетікті шоғырландырған хуацяолар ҚХР-да өз мүдделерін жүзеге асыруға мүмкіндігі бар (мысалы, капитал салудың шарттарының тиімділігі және диаспора өкілдерінің құқықтарын қорғау). Сөйтіп, Қытай және хуацяо арасында күштердің балансы байқалады. Мемлекет және хуацяо өзара пайда принципін ұстанып, нәтижелі және беделді жүйе құру үстінде [1, б.106].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Хуацяо, басқа диаспоралар қатарлы – бірқалыпты құбылыс емес. Бір жағынан, ол өзінің туған елімен рухани байланысын сақтап, өз мәдени дәстүрін жаңғыртуға ұмтылады. Басқа жағынан қарасақ, олардың көп бөлігі тұрғылықты мемлекеттің азаматтары болып саналады және бұндай жағдайда жергілікті құқықтық, әлеуметтік және мәдени ұстанымдарға өзінің шыдамдылығын көрсетуіне қажеттілік туындайды. Өз түп-тамыры хуацяоларды халықаралық аренада тарихи отанының мүддесіне сай әрекет етуге итермелейді, алайда бұл оларға тұрғылықты мемлекетте өз кәсібіне қажетті шарттар жасауға еш кедергі келтірмейді. Бұндай жағдайлар хуацяоларда батыстық зерттеушілер «жағдайлық этникалылық» деп атаған феноменнің қалыптасуына алып келді, яғни қалыптасқан жағдайға сай өзін не қытайлық этносқа, не тұрғылықты мемлекеттің азаматына жатқызу қабілеті [1, б.148].

Бұндай феноменнің пайда болуы хуацяолардың қалыптасу тарихынан бастау алады. Хуацяолардың американдық және азиялық қаумдастығын зерттеу, олардың басты ерекшелігі – жергілікті қоғамнан жан-жақты оқшаулану – эмиграция ауданына тәуелді болмағанын көрсетті. Бұндағы шешуші рөлді мәдени, тілдік, діни, ал американдық жағдайда – нәсілдік кедергілер, сонымен қатар, қоныстанушылардың маманданған кәсіптері және сол мемлекеттегі алатын орны ойнады. Егер алғашқы төрт тармақ халықтың көп бөлігінде қытайлық эмигранттарды қабылдамауға алып келсе, қалғандары жергілікі мемлекет билігінің белгілі шектеулер қоюымен сипатталады.

Оған жауап ертінде хуацяолар қаумның өзін-өзі басқару органдары болып қалған дәстүрлі ұйымдарды құрды – клан, жер, сауда палаталары. Алғашында олардың мақсаты диаспораға мемлекеттің қысым әрекеттерін бақылау болса, бірте-бірте құрылмдардың дамуы қазіргі әлемде олардың басқа функцияға өтуіне алып келді. Кланның мүшелері және басқа себеппен біріккен қытайлар арасында ерекше байланыстар, сенімділікке, мәдени туыстыққа, үлкендерді сыйлауға негізделген гуансилердің пайда болуына алып келді. Бұл байланыстар хуацяолардың өмір сүру және қызмет істеуінің барлық салаларын қамтыды, ол қытайларға диаспора шеңберінен шықпай көптеген мәселелерді (кәсіпте, отбасында, білім беруде) шешуге мүмкіндік туғызды. Бұндай байланыстар кәсіппен айналысу кезінде үлкен мәнге ие болды. Оғаг ортақ акционерлік капиталға ие болу, іскерлік операциялар кезінде бір кредитордың, банктердің, делдалдық және сақтандыру компаниялардың қызметін пайдалану жатады. Бұл тұрақты іскерлік шеңбердің қалыптасуына септігін тигізеді, оның шеңберінде қытайлық капиталдың мүдделері қарастырылады және оған бөтен серіктестіктер қосылмайды. Нақ осы жағдай хуацяолардың тұрғылықты мемлекетіне байланыссыз экономикалық жетістігінің себебі болып табылады. Қытайлық іскерлік жүйе сыртқы жағымсыз ықпалдан тыс, қоршаған ортадағы кез келген өзгерістерге тез бейімделу қабілеті бар және қажетті жағдайда керекті жерде құрыла алады.

Тұрғылықты мемлекеттегі үкіметке экономикалық әсер ету – хуацяоларда бар маңызды тетіктердің бірі. Ерекше маңызды болып ол тұрғылықты мемлекеттегі мемлекеттік органдарда жоғары лауазымға ие болған жағдайда саналады. Бұл  диаспоралық кәсіпке қосымша преференциялар беру және Қытаймен екіжақты қарым-қатынасты жақсартуға алып келеді.

Тұрғылықты мемлекетке әсер етудің тағы бір тетігі болып түрлі саяси партиялар мен қытай халқының қатысумен қоғамдық одақтардың құрылуы болып саналады [1, б.150].

Хуацяолардың бұндай мүмкіндіктері өздері тұратын мемлекет пен оларды өз мүддесіне пайдалануға тырысатын ҚХР басшылығы арасындағы қарым-қатынастың дамуына кезінде ескеріледі. Қытайда осындай мақсатпен хуацяолардың ісімен айналысатын көптеген мемлекеттік және қоғамдық құрылымдар құрылып, олардың құқықтарын қамтамасыз ететін заңдар қабылданады, олардың ҚХР-дың қатарлы азаматтарымен салыстырғандағы бұндай ерекше жағдайы Конституцияда бекітілген. Бұл шаралар өз жемісін берді. ҚХР-дағы экономикалық реформа бағдарламасын жүзеге асырудағы хуацяолардың қосқан үлесі баршаға белгілі. Алайда, зерттеудің нәтижесіне қарағанда, біздің ойымызша, хуацяоларды Пекиннің қарамағындағы «тіл алғаш» тетік деп атау қиын. Олар Қытайдың пайдасына өзінің мүддесіне сәйкес келгенде ғана әрекет етеді. Жалпы алғанда, хуацяо қазіргі кезеңде халықаралық аренада жеке және беделді ойыншыға айналды деп атауға толық негіз бар. Бұл факторды ҚХР да, тұрғылықты мемлекет те ескеруіне тура келеді.

Қарастырылған еңбекте талдаудан тыс қалған әлемдегі басқа жерлердегі хуацяолардың жағдайы. Бұл өзінше бөлек тақырып деуге болады. АҚШ және Оңтүстік-Шығыс Азия елдері хуацяолардың көп қоныстанған аймағы болғандықтан, зерттеу жұмысында мысалға алынып отыр. Болашақта осы тақырып бойынша жан-жақты ізденуді жалғастыру жоспарымда бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  • Артюхова Ю.С. Зарубежные китайцы во внешнеполитической стратегии КНР. -М..: РГБ, 2005. -3 с.
  • Gungwu Wang. China and the Chinese Overseas//http//www.huainet.org/ culture/culture_chinese_diaspora.htm.
  • Гончаров С.Н. Зарубежные китайцы и программа «четырех модернизаций»   КНР . -М..: ПДВ, 1986. -№3, -34 с.
  • Стенограмма рабочего совещания «Место и роль хуацяо в политике КНР в Азии», -М..: ИМО, 1980 г. -3 с.
  • Полоскова Т.В. Современные диаспоры. -М..:Научная книга, 2002. -38 с.
  • Андреев М.А. Зарубежная китайская буржуазия – орудие Пекина в Юго-Восточной Азии. -М..: Международные отношения, 1977, -13 с.
  • Левин З.И. Менталитет диаспоры. -М..: Крафт +, 2001. -29 с.
  • Бирюков В.И. Китайцы в США и американо-китайские отношения на современном этапе. -М..: Наука, 1983. -10-11 сс.
  • Цзинь Тионг Тан. Новые азиатские императоры: зарубежные китайцы, преимущества и стратегии. – Сан Франциско., 1998. -123 с.
  • Пурселл В. Китайцы в Юго-Восточной Азии. – Лондон.,1965. -404 с.
  • Тишков В.А. Реквием по этносу. -М..: Наука, 2003. -544 с.
  • Андрианов В.Л. Формирование «Большого Китая»: геополитическое измерение // Китай в мировой региональной политике: история и современность. . -М..:Наука, 2000. -93 с.
  • Chines Cultural Values and Their Implications in Business // http // static.highbeam.com/s/singaporemanagementreview/july012001
  • Кашин В. Китайский фактор в текущей президентской кампании в США // Проблемы Дальнего Востока. -М..:Международные отношения., 2004. -51 с.
  • Бокщанин А.А. Китай и страны Южных морей. -М..: Восток, 1968. -106 с.
  • Законодательные акты Китайской Народной Республики. На китайском языке. -М..:Наука, 1952. -65 с.
  • Конституция Китайской Народной республики. -М..:Наука, 1954. 29 с.
  • Новоселова. Л.В. Инвестиционная политика и экономическая реформа в КНР. -М..:Наука, 1996. -81 с.
  • Ларин А.Г. Китай и зарубежные китайцы.-М..:Дальний Восток, 2008. -7 с.