АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қызметкерлердің еңбекақысының аудиті мен талдауы

Мазмұны

Кіріспе…………………………………………………………………………………………………………..

I-тарау. Еңбекақының жалпы түсінігі және кәсіпорынның сипаты…………..
1.1 Еңбекақының анықталуы, түрлерi, жүйесi…………………………………………….
1.2 «VENTURA» ЖШС –нің қаржы – экономикалық сипаттамасы…………………………………………………………………………………………………

II-тарау. «VENTURA» ЖШС –нің қызметкерлерінің еңбекақы есебін ұйымдастыру………………………………………………………………………………………………
2.1 Кәсіпорын қызметкерлерінің негізгі еңбекақысының есебі………………….
2.2 Кәсіпорын қызметкерлерінің қосымша еңбекақысының есебі……..…..
2.3 Еңбекақы бойынша есеп айырысудың талдамалық және топтамалық
есебі…………………………………………………………………………………………………………….
2.4 Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі…………………..

III-тарау. Қызметкерлердің еңбекақысының аудиті мен талдауы
3.1 Еңбекақы есебінің аудиторлық бағдарламасы………………………………………
3.2 Еңбекақы ұсталымдарының аудиті………………………………………………………..
3.3 «VENTURA» ЖШС –нің қызметкерлерінің еңбекақысына талдау
жүргізу…………………………………………………………………………………………………………

Қорытынды………………………………………………………………………………………………..
Пайдаланған әдебиеттер тізімі……………………………………………………………………
Тіркемелер

Кіріспе

Нарықтық экономикаға көшу барысында бухгалтерлiк есеп және аудит қызметiнiң алатын орны және қажеттiлiгi артуда.
Қазіргі жағдайда шаруашылық жүргізуші ұйымдарда бухгалтерлік есептің маңызы ерекше зор. Шаруашылық ұйымдарында бухгалтерлік есеп жұмысы «Бухгалтерлік есеп туралы», «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған бухгалтерлік есеп стандарты мен қаржы шаруашылық қызметі бухгалтерлік есептерінің типтік шоттар жоспарына сай бекітілген ортақ қағидалар және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бухгалтерлік есеп жөнінде шығарған нұсқаулары мен ережелері, сондай-ақ ұсыныстары негізінде ұйымдастырылады. Бүгінгі күні елімізде қолданылып жүрген бухгалтерлік жүйесі Халықаралық Бухгалтерлік Есеп Стандартына (ХБЕС) барынша жақындатылған.
Жұмыспен қамту әрбір елдің алдында тұрған міндеттемелерінің бірі болып табылады және әрбір қызметкердің еңбекақысын Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңына сәйкес есепті жүргізу де маңызды мәселе болып табылады. Қазақстан Республикасында қызметкерлердің ең төменгі еңбекақысы былтыр 2009 жылы 13470 теңге, биыл 2010 жылы 14952 теңге деп бекітілді. Яғни, әрбір кәсіпорын осы мөлшерден төмен қызметкерге еңбекақы төлеуге құқы жоқ.
Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтамасыз етуде және өз еңбек күштерімен кәсіппен айналысуға көптеген заңдастырылған жолдар қарастырылған. 2005 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің жолдауында да еңбек етушілердің еңбек жалақысын өсіруге де көп мән беріліп, ол жүзеге асу үшін біраз жұмыстар жасалуда. Жолдауда 2005 жылдың 1 шілдесінен бастап бюджет саласының қызметкерлерінің жалақысын 32 пайызға көтеру, ал 2007 жылдан бастап 30 пайызға көтеру көзделген. Сонымен қатар жалақы мемлекеттік ғана емес жекеменшік секторларда да өсуге тиіс. Осыған орай 2010 жылдың 1 қаңтарынан 14952 теңгеге көтерілген және мемлекет қызметкерлерінің еңбекақысын сәуір айынан бастап 25 пайыз көлемінде жоғарлады. 2011 жылы да елбасымыз еңбекақыны көтеруді жоспарлап отыр.
Қазақстан Республикасының ”Қазақстан Республикасындағы еңбек” туралы заңы 2000 жылдың 1 қаңтарынан № 494- 1 күшiне енген және 2004 жылдың 25 қыркүйегінде толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Осы заң азаматтардың Қазақстан Республикасындағы еңбек бостандығына Конституциялық құқығын iске асыру процесiнде туындайтын еңбек қатынастарын реттейдi.
Еңбек пен еңбекақы есебiнiң мiндеттерiне мыналар жатқызылады:
— өндiрiлетiн өнiмдермен iстелiнетiн жұмысқа кеткен еңбек пен оған
төленiлетiн еңбекақы мөлшерiн дұрыс анықтау;
— еңбек өнiмдiлiгiнiң өсiмiн бақылау;
— жұмсалған еңбектiң саны мен сапасын бақылау;
— жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшiн еңбекақы
қорынан, қоғамдық тұтыну қорынан және тағы басқа қорлардан бөлiнетiн қаржыларды бақылау;
— жұмысшы және қызметкерлермен уақтылы дұрыс есеп айырысу;
— өндiрiске жедел басшылық жасау үшiн тиiстi мәлiметтер алу;
— еңбек және еңбекақы жайлы статистикалық және бухгалтерлiк
қорытынды есеп беру.
Сонымен қатар, еңбек пен еңбекақы есебiн ұйымдастыруды одан әрi жетiлдiру үшiн мынадай жағдайлар қажет:
— еңбектiң өнiмдiлiгi мен орындалған жұмыстың көлемiн ұлғайтуға
ынталандыратын еңбекақының тиiмдi түрлерiн кеңiнен қолдану;
— еңбек пен өндiрiстi басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген
прогрестiң құрылымын қолдану;
— еңбекақы төлеудiң сыйлық беру жүйесiмен басқа да түрлерiн жұмыстағы жетiстiктермен тығыз байланыстыра отырып, дұрыс қолдану;
— еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгi талаптарға сай есептеу мен
ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесiн жетiлдiру мен жеңiлдету.
Дипломдық жұмыстың мақсаты еңбекақы түсінігі, есебі, аудиті туралы мәліметтерді толық қарастыру.
Жұмыстың зерттеу обьектісі болып «VENTURA» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі табылады. Компания туроператорлық қызметтерді көрсетумен айналысады. Еңбекақы туралы мәселелерді қарастыру өзекті мәселе болып келеді. Сондықтан, дипломдық жұмыстың тақырыбы келесідей тақырыптарды қарастырып, мүмкіндігінше шешеді:
1. Жұмыс орындары көбейіп жатыр, бірақ жұмыссыздық әліде жойылмаған. Бұл мәселенің басты себебі болып жұмыскерлерге төленетін еңбекақы болып табылады. Жұмыс беруші өз қызметкерлеріне төлейтін еңбекақының көлемі төмен, бірақ олардың істейтін жұмысының көлемі үлкен болады;
2. Кейбір кәсіпорындарда қызметкерлердің еңбекақыны есептеудің формалары мен нысандары дұрыс қолданылмайды;
3. Кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақыларын белгіленген мерзімде төленбеуі;
4. Жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір себеп-салдарына байланысты аванстық (сыйақы) еңбекақының берілмеуі;
5. Жұмыс орыннында қызмет барысында жұмысшының жарақаттану кезінде жұмыс берушінің жарақаттанған қызметкерге алғашқы көмекті көрсетпеуі, сондай-ақ жәрдемақыны төленбеуі;
6. Еңбекақының түрлері бойынша есепті қарастыру;
7. Аудиторлық тексерулер қызметкерлердің еңбекақысын есептеуде жүргізілді;
8. «VENTURA» ЖШС-нің еңбекақысына талдау жүргізілді.
9. «VENTURA» ЖШС-нің еңбекақысының есебін жетілдіру жолдары ұсынылды.
I-тарау. Еңбекақының жалпы түсінігі және кәсіпорынның сипаты

1.1. Еңбекақының анықталуы, түрлері, жүйесi

Нарықтық экономикада еңбекақының рөлі өте зор. Жалақы – бұл еңбек үшiн төлем, оны еңбек келiсiм – шартында және қызмет нұсқауында белгiленген көлемiне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшiн алады.
Еңбек тиiмдiлiгiн арттырудың әртүрлi ынталандыру жолдары бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепiлдiк төлемдерi. Жұмыс берушi нақты жағдайын ескере отырып, “Еңбекақы төлеу туралы” ережесiн дербес әзiрлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердiң категориясын, жұмыс уақытының тәртiбiн, ”Қызметкер туралы” ережесiн белгiлей алады. Аталған ереже жұмыс берушiге еңбек тәртiбiн ұйымдастыру мен еңбек келiсiм – шартын жасау үшiн ғана емес, сондай-ақ, ол шығыстар мен ұсталымдарды негiздеу үшiн де қажет. Төлем жеке немесе ұжымдық еңбек нәтижесi бойынша жасалуы мүмкiн. Бұл жағдайда жұмыс берушiнiң белгiлеген жалақысының деңгейi заңда белгiлеген ең төменгi жалақының деңгейiнен төмен болмауы керек. Еңбекақы екi түрге бөлiнедi: негізгі және қосымша.
Негiзгi – бұл қызметкерлерге нақты жұмыспен өтеген уақыты үшiн, орындаған жұмыстары мен өнеркәсiптiк өнiмдерiнiң саны мен сапасы үшiн белгiленген бағалаулар мен қызметақы бойынша есептелетiн жалақы. Оның құрамына мыналар кіреді:
— жұмыс iстеген уақытына тарифтiк ставкалар, қызметақы, кесiмдi бағалаулар немесе орташа табыстар бойынша есептелген жалақы;
— қызметпен өткерген жылдар үшiн үстеме;
— жұмыс жағдайының өзгеруiне байланысты кесiмдi ақы алушыларға үдемелi бағалаулар бойынша қосымша ақы;
— ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудiң бекiтiлген тәртiбiне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;
— мерзiмнен тыс уақыттағы жұмыс үшiн қосымша ақы;
— түндегi жұмыс үшiн қосымша ақы;
— жұмысшының кiнәсi жоқ тұрып қалуға төлемдер.
Ал жалақының қосымша түрі ретінде – бұл қызметкердiң кәсiпорында жұмыс жасамаған уақытына Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес есептелетiн жалақы қарастырылады. Оның құрамында келесілер бар:
— балаларын тамақтандырушы аналардың жұмысындағы үзiлiс уақытына төлем;
— жасөспiрiмдердiң жеңiлдiк сағаттарына төлем;
— мемлекеттiк және қоғамдық мiндеттемелердi орындауға жұмсалған жұмыс уақытына төлем;
— негiзгi және қосымша демалыстар уақытына төлем;
— пайдаланылмаған демалыс үшiн өтемақы.
Тәжірибе жүзінде еңбекақыны ұйымдастырудың негізгі екі нысаны – мерзімдік және кесімді қолданылады.
«VENTURA» ЖШС-де еңбекақыны ұйымдастырудың мерзiмдi (істеген күніне қарай) нысаны пайдаланылады.
Мерзiмдi еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеген уақытына, сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақытына төленеді. Мерзімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.
Мерзімдік еңбекақының жай мерзімді және мерзімді сыйлықты түрлері бар. Жай мерзімді жүйесі бойынша – жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақытына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді. Мерзімді сыйлықты – жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифие немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбекақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне, санына, сапасына және тағы да басқа көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.
Кесiмдi еңбекақы төленген кезде алдын-ала белгiленiп қойған деңгейде әзiрленген өнiмнiң немесе орындалған жұмыстың әрбiр бiрлiгiне есептейдi (дана, килограмм т.б.). кесiмдi еңбекақы нысаны келесiдей еңбекақы жүйесiне бөлiнедi:
— Тікелей кесiмдi еңбекақы жүйесi әрбiр өнiм бiрлiгi бойынша бағасын қою арқылы белгiленедi;
— Кесiмдi сыйақылық – бұл төлемде кесімді жалақы соммасынан басқа, белгілі бір сандық және сапалық көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін сыйақы есептейді;
— Кесiмдi – үдемелi еңбекақы төлемi. Еңбек төлемiнiң бұл жүйесi жұмысшылардың белгiленген нормадан артық өндiргенi үшiн көтермелеу ретiнде пайдаланылады. Норма мөлшерiнде дайындалған өнiм үшiн жұмысшыларға төлемдi тiкелей кесiмдi бағалар бойынша есептейдi, ал нормадан асыра дайындалған өнiм үшiн үдемелi бағалар бойынша есептейдi;
— Жанама кесiмдi еңбекақы төлемi. Мұнда қосалқы және басқа да жұмысшылардың еңбек төлемi қызмет көрсететiн учаскесiнiң, цехтың негiзгi жұмысшылардың төлем-ақысына шаққандағы пайызымен анықталады;
— Еңбекақы төлемiнiң аккордтық жүйесi. Бұл жүйеде жұмысшылардың еңбек төлемi нормаланған тапсырманың немесе жұмыс көлемiнiң орындалуы және алдын ала кешендiк жұмыстың тұтастай орындалуына белгiленген жалпы кесiмдiк бағасы бойынша анықтайды. Еңбек төлемiнiң бұл жүйесi жұмысшылардың бөлек топтары немесе бригадалардың бөлек ұжымдары үшiн еңбек өнiмдiлiгiн арттыруда және жұмыстың орындалу мерзiмдерiн қысқартуда, олардың материалдық ынталылығын күшейтуге ықпал ету үшiн пайдаланады. Еңбек төлемiнiң аккордтық мөлшерiн қолданыстағы нормаланған тапсырмалар мен бағалар негiзiнде белгiлейдi, ал олар болмаған жағдайда – онда ол осы тәрiздес жұмыс үшiн қолданып жүрген, нормативтiк тапсырмалар мен баға бойынша белгiленедi. Еңбек төлемiнiң бұл жүйесi бойынша аккордтық тапсырманы мерзiмiнен бұрын орындағаны үшiн сыйақы беру тәртiбi белгiленуi мүмкiн. Бұл жүйе құрылыс саласында жиі қолданылады.
Ынталандыру сипаттағы төлемдер. Өндiрiс тиiмдiлiгiн және орындалатын жұмысының сапасын арттыру мақсатында еңбеккерлердiң материалдық мүддесiн күшейту үшiн сыйлық пен марапаттау жүйесiн енгiзу керек, ал ол жыл соңының нәтижесi бойынша және басқа да көрсеткiштер бойынша берiлуi мүмкiн.
Сыйлық еңбеккерлердiң жеткен жетiстiгi үшiн ақшалай қолдап дем беру және оның одан әрi өсу қарқынын ынталандыру болып табылады. Сыйлық, негiзiнен үстеме төлем ретiнде берiлуi мүмкiн. Жұмысшыларға жұмыстың негiзгi нәтижелерi үшiн сыйлық беру мынадай көрсеткiштерi бойынша жүзеге асырылады: еңбек өнiмдiлiгiне, өнiм сапасының арттырылуына және өндiрiстiң соңғы нәтижелерiнiң жақсаруына байланысты болады. Сыйлықтардың мөлшерлерi iстеген жұмыстарының маңыздылығы мен күрделiлiгiне қарай жұмысшылардың кәсiптерi мен топтары бойынша сараланып белгiленедi..
Басшы қызметкерлерге, мамандарға және қызметкерлерге сыйлық беру. Бұл категорияларға сыйлық кәсiпорын шаруашылық қызметiнiң негiзгi нәтижелерi үшiн берiледi. Кәсiпорын қызметкерлерiне: басшы қызметкерлерге бүтiндей алғанда кәсiпорын жұмысының нәтижелерi үшiн; басқару аппараты қызметкерлерiне бөлiмшелердiң, басқару аппаратының қызметiнiң қорытындыларын немесе жекелеген еңбек көрсеткiштерiн ескере отырып, бүтiндей алғанда кәсiпорын жұмысының нәтижелерi үшiн; құрылымдық кәсiпорындардың қызметкерлерiне осы бөлiмшелердiң жұмыс нәтижелерi үшiн сыйлық берiледi.
Сыйлықтарды жазу үшiн басқару аппаратының басшы қызметкерлерiне бухгалтерлiк және статистикалық есептердiң деректерi, сондай-ақ жедел есеп пен лабораториялық бақылау деректерi; өндiрiстiк бөлiнiстер, цехтар мен учаскелер қызметiнiң қызметкерлерiне бухгалтерлiк есептердiң, жедел есептiң және лабораториялық бақылаудың деректерi негiз болып табылады. Сонымен қатар, олардың моральдық факторлары да ескерiледi.
Еңбек жағдайының өзгерген кезiнде жасалатын қосымша төлемдер. Бiрнеше қызметтi қатарынан атқарған кезде немесе уақытша келмегендердiң мiндетiн атқарған кезде қосымша төлем жасалады. Егер олар бiр ұйымның шеңберiнде жұмыс iстейтiн болса және уақытша жұмысқа келмегендер қызметiнен босамаған болса, еңбеккерлердi негiзгi мiндетiнен босатпай, оларға қосымша мiндеттемелер жүктеледi. Оның мөлшерi жұмыс берушiмен жұмысты атқаратын еңбеккерлердiң келiсiм бойынша анықталады. Егер де уақытша жұмысқа келмегендердiң мiндетiн атқарса, онда олардың айлықтарының айырмасы алынады және айлығындағы айырмаға ынталандыру төлемi жасалмайды. Егер ол ваканттық қызметте болса, онда ол уақытша жұмысқа келмеген болып саналмайды.
Түнгi уақыттағы жұмыс үшiн еңбек ақы. Түнгi уақыт кешкi 22 сағаттан бастап, таңғы 6-ға дейiн созылады. Бүкiл жұмысының 50%-ы түнгi алмасуға келсе, онда ол түнгi уақытта жұмыс iстеген болып саналады. Ондай еңбеккерлерге жарты тарифтiк мөлшерлеменiң деңгейiнде қосымша еңбекақы төлемi жасалады.
Нормадан артық жұмыс iстегенi үшiн еңбекақы. Нормадан артық жұмыс iстегенi үшiн жарты тарифтiк мөлшерлеменiң деңгейiнде қосымша төлем жасалады. Кез келген жұмыс берушi аптасына 40 сағат жұмыс уақыты етiп белгiлейдi. Ал жеке және ұжымды келiсiм-шартта бұл одан да төмен болып белгiленуi мүмкiн. Егер де кәсiпорын бiр аптаның алты күнiн 7 сағаттан жұмыс iстейтiн күн етiп бекiтсе, онда оның жұмыс уақытының ұзақтығы – 40 сағатқа тең болады, ал егер де күндiгi 6 сағаттан есептелсе, онда ол 36 сағатқа тең болады, ал егер де күндiгi 5 сағатқа тең болса, онда ол 30 сағатты құрайды. Ендi осы көрсетiлген сағаттардан артық iстегенi, нормадан артық iстегенi болып табылады.
Демалыс және мереке күндерiндегi жұмыс iстегенi үшiн жасалатын төлемi. Егер қызметкер өзiне белгiленген демалыс күнiнде жұмысқа тартылса, онда оған екi апта iшiнде басқа бiр демалыс күнi берiлуге тиiс. Егер кәсiпорын әкiмшiлiгiнiң оған қосымша демалыс беруге мүмкiншiлiгi болмаса, ерекшелiк жағдай ретiнде бұл күн үшiн екi есе мөлшерiнде: мерзiмдiк жұмысшыларға және айлық ақы алатын қызметкерлерге тарифтiк төлем мөлшерлеменiң екi есе еселенген төлем ақы төленедi.
Мерекелiк күндерде жұмыс iстегенi үшiн жұмысшыларға екi еселенген кесiмдi бағалар бойынша; еңбектерi сағаттық не күндiк төлем мөлшерiнен төленетiн жұмысшыларға сағаттық не күндiк төлем мөлшерiнiң екi еселенген шамасында; айлық ақы алатын қызметкерлерге мерекелiк күнi, жұмыс iстегенi үшiн айлығының шегiнде, сағаттық не күндiк төлем мөлшерiнiң екi еселенген шамасында еңбек ақы төленедi.
Тоқтаусыз жұмыс iстейтiн ұйымдарда, сондай-ақ жұмыс уақытының есебiн ынталандыру кезiнде демалыс пен мереке күндерiндегi жұмыс уақыты айлық жұмыс уақытының нормасына енгiзiледi. Айрықша жағдайда төленетiн еңбек ақы. Жеке және ұжымдық келiсiм-шарттарда ауа райы ауыр жағдаймен, қара жұмыспен, қауiптi және денсаулығына зиян келтiретiн жұмыспен, интенсивтi еңбекпен байланысты жұмыстарға жергiлiктi жерде қосымша еңбек ақы белгiленуi мүмкiн. Қара жұмыс, қауiптi және денсаулығына зиян келтiретiн жұмыстар жұмыс орнын аттестациялаудың көмегiмен және еңбек бойынша мемлекеттiк органдардың өкiлеттiлiгiнiң қатысуымен анықталады. Ал интенсивтiк еңбек ақы салалық және салааралық нормативтердiң негiзiнде анықталады.
Жұмыс уақытында орын алған тоқтауларды төлеу жеке және ұжымдық келiсiм-шарттарда анықталады. Егер де тоқтатулар еңбеккерлердiң кiнәсiнен болмаса, онда сол еңбеккерлерге төлеуге тура келедi. Сондай-ақ жұмыс берушi төлемдердiң басқа да түрлерiн жасауға құқысы бар. Мысалға, тегiн сүт, тамақ өнiмдерiн, тамақтандыру, витамин препараттарын беру, денсаулығы төмендеуiне байланысты орташа жалақысын сақтау, арнайы киiмдер беру тағы басқаларын. Бұл аталған төлем шығыстары дайын өнiмнiң өзiндiк құнына қосылады.
Сонымен қоса, жұмыс берушiлер жеке не ұжымдық келiсiм-шартында вахталық әдiс бойынша да еңбек ақы төлеудi қарастырады. Олар мерзiмдi де, кесiмдi де болуы мүмкiн. Олардың есебi алдын ала қаралған графиктердiң шегiнде жүредi. Вахталық әдiсте еңбек ақы төлеудiң негiзiнде – бiр күндiк мөлшерлемесi алынады және сол сомадан үстеме жалақының мөлшерi анықталады немесе сағаттық тарифтiк мөлшерлеме пайдаланылады. Егер де еңбеккер жұмыс орнына өз күшiмен барса, онда оған жұмыс берушi транспорттық шығысын өтеп беру керек (егер ол орынды себептермен дәлелденсе).
Негiзгi және қосымша жалақылар жалақы қорын құрайды. Жалақы қорының құрамына жалақының барлық түрлерi, әртүрлi сыйақылар, үстемелер, қосымша ақылар, заңға сәйкес қызметкердiң жұмыс жасамаған уақытына есептелген ақша сомаларын қоса алғанда, ақшалай немесе натуралды нысанда есептеген жеке әлеуметтiк жеңiлдiктер қосылады.
Еңбек бойынша статистикалық есеп жасаған кезде қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу жасалған төлем құжаттарында көрсетiлген ақша қаражаттары көрсетiлуi тиiс. Бұл жағдайда “брутто” сомасы, яғни Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес ұсталынатын ұсталымдар мен басқа да төлемдер төленбегендегi сомалары көрсетiледi. Шет ел валютасында есептелген жалақы есепке сол мерзiмге Ұлттық Банктiң бекiткен ұлттық ақша бiрлiгiне шаққандағы шет ел валютасының бағамымен енгiзiледi.
Есептелген әр жылдық, әр жылдық қосымша және қосымша демалыстар сомалары есептi айда көрсетiледi тек сол айға келетiн есептелген демалыс күндерiнiң сомалары. Ал келесi айға есептелген демалыс сомалары сәйкесiнше келесi айдың есебiнде көрсетiледi. Еңбекақымен натуралды нысанда есеп айырысқан жағдайда сол мерзiмдегi сол жерде қалыптасқан нарық бағасымен есептеп, еңбек бойынша есепке енгiзедi. Еңбекақы қоры өндiрiстiк бағдарламаның орындалу көлемiне сәйкес жұмсалуы керек және еңбек өнiмдiлiгi еңбек ақы өсiмiнен алда болуы керек.
Бухгалтерия, жоспарлау бөлiмi, еңбек және еңбекақы бөлiмi тарифтiк ставкаларды, өнiмдiлiк нормаларының, кесiмдi бағаларды, бекiтiлген окладтарды, сыйақы жүйелерi мен әртүрлi төлемдердi дұрыс пайдалануды жүзеге асырулары керек. Еңбекақы қорын пайдалануға бақылау қоғамның ревизиялық комиссиясына, iшкi және сыртқы аудиторларға жүктелген.
Қызметкердiң жұмысқа қабылдану мерзiмiне қарай былайша бөлiнедi:
— тұрақты – жұмысының аяқталу мерзiмi көрсетiлмеген;
— уақытша – 2 ай шамасындағы мерзiмге;
— маусымдық – маусымдық жұмыстарды орындау кезеңiне (6 айдан аспайды).
Ұлттық Статистикалық Агенттiктiң 20.12.08 ж. №150 қаулысымен бекiтiлген жалдау бойынша жұмыс жасайтындардың саны мен жалақысының статистикасы туралы нұсқаулыққа сәйкес қызметкердiң өндiрiстiк-шаруашылық қызметiне қатысуына қарай персонал: өнеркәсiптiк-өндiрiстiк және өнеркәсiптiк емес деп бөлiнедi. Кәсiпорында жұмыс жасайтындарды тiзiмдiк және тiзiмдiк емес персонал деп бөледi. Орындайтын функцияларына байланысты жұмыс жасайтындарды жұмысшылар және қызметкерлер деп бөледi. Қызметкерлер өз кезегiнде басшылар, мамандар және басқа қызметкерлер болып бөлiнедi. Жұмысшыларды өндiрiс процесiне қатысуына қарай негiзгi және көмекшi деп бөледi.

1.2. «VENTURA» ЖШС-нің қаржы-экономикалық сипаттамасы

«VENTURA» ЖШС-гі 1997 жылдың 7 ақпаныңда құрылған. Кәсіпорын 1994 жылғы 27 желтоқсаныңдағы ҚР-ның Азаматтық кодексіне, 1995 жылғы 17 сәуірдегі «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы» ҚР-ның Заңына, ҚР-ның 2006 жылғы 31 қаңтарының «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңына, өзге заң актілеріне өзінің жарғылық қызметін орындау арқылы табыс табу мақсатымен Қатысушылардың салымдарын ерікті біріктіру негізінде, нарық тетіктерін енгізу барысын үдету және ҚР-ның заңдары тыйым салмаған кез келген шаруашылық қызметінің түрлерін либерлизациялау үрдісін әрі қарай дамыту мақсатында құрылған.
«VENTURA» ЖШС-нің мекен-жайы: Алматы қаласы, Төле би көшесі, 73 үй, 423 кеңсе. тел: 2-58-25-90.
Кәсіпорын қызметтерінің мақсаттарына:
— ҚР-ның нарығын тауарлар мен қызметтермен қанықтыру;
— Қатысушы қолындағы өндірістік, басқару және коммерциялық потенциалды тиімді пайдалану;
— Бәсекелестікке қабілетті тауарлар және қызметтер жасау және сату;
— Қызметтер, жұмыстар және тауарларды ішкі және сыртқы нарықтарда саиудан пайда алу.
«VENTURA» ЖШС-нің негізгі көрсетілген лицензиялық қызметі – туристік қызмет бып табылады және келесідей қызметтерді көрсетеді:
— Келуге және кетуге құжаттарын рәсімдеу, шетел азаматтары үшін визалық қолдау, кету құжаттарын рәсімдеу жөнінде кеңестік қызмет көрсету;
— Халықтың бос уақытын және демалысын ұйымдастыру, соның ішінде демалыс үйлерге, пансионаттарға, тур кешендеріне туристік жолдамалар сату;
— Шетел туристарына, делегацияларына және спорт, мәдениет, қоғамдық ұйымдарының шетел фирмаларының жеке өкілдеріне сервисті қызмет көрсету;
— Авиа және теміржол билеттерін сату.
Баланс активтерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кәсіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінің абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді, қаржылық есептің маңызды элементі болып саналады. Активтерді талдау барысында осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және оларда болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның жеке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді. Активтердің өсуі кәсіпорынның болашақтан, ол осы кәсіпорын жұмысының оң нәтижесін сипаттайды. Баланс мәліметтері бойынша активтердің құрамы мен олардың тартылуына талдау жасау үшін келесі 1-кесте құрылады.

1 кесте. 2009 жылдың басы мен соңындағы «VENTURA» ЖШС -ның баланс активтерінің құрамы мен құрылуы

Көрсеткіштер Жыл басында Жыл соңында Жыл бойындағы өзгерістер (+,-) Құрылымы
ның өзгеруі
(4-2)
Сома
сы, (мың тг) үлес салма
ғы % Сома
сы, (мың тг) үлес салма
ғы % Сома
сы
(мың тг ) (3-1) үлес салмағы % (5/1*100)
1 2 3 4 5 6 7
1 Активтер құны, барлығы
соның ішінде: 15690,43 — 240974,44 — 225284,01 1435,81
1.1 Ұзақ мерзімді активтер: 4321,34 27,54 121325,04 50,34 117003,70 2707,58 22,8
а) негізгі құралдар; 4229,85 26,96 121220,17 50,30 116990,32 2765,83 23,34
ә) материалдық емес активтер 48,70 0,31 39,57 0,01 -9,13 -18,74 -0,3
б) өзге ұзақ мерзімді активтер 42,79 0,27 65,30 0,03 22,51 52,61 -0,24
2. 1.2 Қысқа мерзімді активтер: 11369,09 72,46 119649,40 49,65 108280,31 952,41 -22,81
а)ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері 750,50 4,78 111133,87 46,12 110383,37 14707,98 41,34
ә)қысқа мерзімді дебиторлық берешек 7886,95 50,27 6024,55 2,50 -1862,40 -23,61 -47,77
б) қорлар 104,44 0,67 40,28 0,01 -64,16 61,43 -0,66
в) өзге қысқа мерзімді активтер 2627,20 16,74 2450,70 1,02 -176,5 -6,72 -15,72

1-кесте мәліметтерінен активтердің нақты құнын көрсететін баланс валютасының есепті жылы 225284,01 мың теңгеге немесе 1435,81%-ке артқандығын көруге болады. «VENTURA» ЖШС-нің әрі қарай дамуының оң нәтижесін сипаттайды.
Жыл басында қысқа мерзімді активтердің үлесі ұзақ мерзімді активтер үлесінен 44,92 пунтке (72,46-27,54) артық болса, жыл соныңда ұзақ мерзімді активтер үлесі қысқа мерзімді активтер үлесінен 0,69 пунтке (50,34-49,65) артық болды. Ұзақ мерзімді активтердің өсуі қысқа мерзімді активтердің өсуінен 2,84 есеге артық (2707,58/952,41) болып отыр.
Баланс активінің құрастырылу көздерінің құрамы мен құрылымының динамикасын талдау. Талдау жүргізушінің келесі әрекеті баланс активінің құрылу көздерін талдау болады. Бұл кезде кәсіпорын мүлкінің келіп түсуі, оны сатып алу және оның құрылуы да, кәсіпорынның өзінің де, қарызға алынған капиталдың да есебінен жүргізілуі мүмкін екендігін есте сақтау керек.
Ал меншікті капитал мен қарызға алынған капиталдың арасындағы қатынас оның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. Активтердің қорлану көздерін талдау кезінде меншікті және қарастырылған капиталдың көрсетілген көлемі белгіленіп, есеп беру кезеңіндегі олардың өзгеру себептері анықталып, оларға баға беріледі. Бұл кезде өз меншігіндегі капиталға басты назар аударылады, себебі өз қаражаттарының қоры болуы оның қаржылық тұрақтылығының барлығын көрсетеді. (2-кесте)

2 кесте. «VENTURA» ЖШС-нің 2009 жылдың басы мен соңындағы жағдайы негізінде кәсіпорынның капиталының құрамы мен құрылымы
№ Көрсеткіштер Жыл басында Жыл соңында Жыл бойындағы өзгерістер
Сома
сы,
(мың тг.) Үлес салма
ғы, % Сома
сы,
(мың тг.) Үлес салма
ғы, % Сома
сы.
(мың тг.)(3-1) Үлес салма
ғы, %
(5/1*100)
1 2 3 4 5 6
1 Капитал,
соның ішінде: 15690,43 — 240974,44 — 225284,01 1435,81
1.1Капитал, соның ішінде -6657,02 -42,42 31880,59 13,23 38537,61 -578,90
1.1.1 Меншікті капитал 550 3,51 66293,80 27,51 65743,80 11953,42
1.1.2 Резервтер — — 4499,89 1,87 4499,89 0
1.1.3 Бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) -7207,02 -45,93 -38913,10 -16,15 -31706,08 -439,93
1.2 Қарыздық капитал, соның ішінде 22347,45 142,42 209093,85 86,77 186746,40 832,65
1.2.1 Қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері 3224,69 20,55 189073,52 78,46 185848,83 5763,31
1.2.2 Салықтар бойынша міндеттемелер 480,60 3,06 925,66 0,38 445,06 92,61

1.2.3 Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер 46,25 0,29 72,85 0,03 26,60 57,51
1.2.4 Қысқа мерзімді кредиторлық берешек 15117,03 96,35 15882,56 6,59 765,53 5,06
1.2.5 Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер 3500,10 22,31 3160,48 1,31 -339,62 -9,70
1.2.6 Кейінге қалдырылған салықтық міндеттемелер -21,22 -0,14 -21,22 — — —
2 Тәуелсіздік коэффициенті (1.1.1 жол/1 жол) 0,04 0,28
3 Қаржыландыру коэффициенті (1.1.1 жол/1.2 жол) 0,02 0,32
4 Қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасы коэффициенті (1.2жол/1.1.1 жол) 40,63 3,15

2-кестеден «VENTURA» кәсіпорынның есеп беру жылындағы авансталған капитал көзі 225284,01 мың теңгеге немесе 1435,81%-ға өскені көрініп тұр. Тәуелсіздік коэффициенті меншікті капиталдың кәсіпорын активтерінен қалыптасу көзін сипаттайды, ол 0,04-тен 0,28-ге дейін немесе 0,24 пунктке өскен. Бұл «VENTURA» ЖШС-нің қаржылық жағдайдың (тұрақтылығының) дәлелдейді. Тәуелсіздік коэффициентіне кері көрсеткіш бұл тәуелділік коэффициенті деуге болады. Бұл коэффициент авансталған капиталдың жалпы сомасындағы қарыздың үлесін сипаттайды. Бұл үлес жоғары болған сайын, кәсіпорынның сыртқы қаржыландыру көздерінен тәуелділігі жоғарлайды. Біздің кәсіпорынымызда оның деңгейі жылдың басында 0,96 (1-0,04), ал жыл соңында 0,72 (1-0,28) болды, яғни кәсіпорынның қаржылық тәуелсіздігін жоғалтпады деген сөз. Қаржыландыру коэффициенті меншікті және қарыз капиталының арасындағы қатынасын сипаттайды. Бұл көрсеткіш кәсіпорында жыл басында 0,02-ге, жыл аяғында 0,32-ге тең болды. Қатыстырылған капиталдың меншіктік капиталға қатынасы коэффициенті 40,63-тен 3,15-ке дейін кеміді.
Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен міндеттемелер баптары белгілі бір тәртіппен топталады, өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай, яғни қайтару уақытын жоғарылату тәптібі бойынша болады. Кейде керісінше тәртіп болуы да мүмкін, мысалы батыс европалық елдерде осыны қолданады. Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.
А 1. Ең өтімді активтер — әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады. Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар — айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірден есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма – қол ақшаға тез айналады.
А 2. Тез өткізілетін активтер — бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады. Дебиторлық борыш сомалары есеп айырысу шотына белгілі бір уақытта келіп түсіп, бұлар да өз міндеттемелерін төлеуге жұмсалуы мүмкін.
А 3. Баяу өткізілетін активтер — баланс активінің II бөлімінің «Қорлар» бабы және баланс активінің I бөлімінің «Ұзақ мерзімді инвестициялар» бабы. Бұл топтың активтерін ақшаға айналдыру қиынырақ: бірінші сатып алушының тауып алу қажет, ал бұл оңай емес және белгілі бір уақытты керек етеді.
А 4. Қиын өткізілетін активтер – баланс активінің I бөлімінің алдындағы топтарға енгізілген баптарынан басқа барлық баптары. I бөлім жиынынан «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тааталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.
Баланс активінің баптары оларды өтімділік дәрежесі бойынша топтағанда, басты орынды ең өтімді және әр жақты меншік нысаны алады – кассадағы, банктегі есеп айырысу, валюта және ағымдағы шоттардағы ақша қаражаттары. Өтімділігі бұдан төмен элементтер қорлар мен негізгі капиталдың баптарына топтастырылған. Баланс міндеттемелерді оларды қайтару, төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.
П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер – бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер, жұмыскерлермен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады.
П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.
П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер — ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.
П4. Тұрақты міндеттемелер-пассивтің I бөлімінің «Меншікті капитал» баптары.Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен міндеттемелер бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарды саналады: А1>П1, А2>П2, А3>П3, А4<П4; Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес. Төртінші теңсіздік «баланстау» сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді (3-кесте).Жалпы алғанда баланс активі мен міндеттемелері баптарының I және II топтарын салыстыру ағымдағы өтімділікті анықтауға мүмкіндік береді.

3 кесте. «VENTURA» ЖШС-ның 2009 жылдың мәліметтері негізінде баланс активінің өтімділік дәрежесі және пассивінің төлеу мерзімінің шұғылдығы бойынша баптарының тобы
мың.тг.
Актив Сомасы, мың тг Міндет
темелер Сомасы, (мың тг) Төлеу артықтығы (+), жетіспеушілігі(-)
Жыл басында Жыл аяғында
Жыл басында Жыл аяғында Жыл басында Жыл аяғында
А1 750,50 111133,87 П1 3751,54 190072,03 -3001,04 -78938,16
А2 7886,95 6024,55 П2 18617,13 19043,04 -10730,18 -13018,49
А3 2731,64 2490,98 П3 -21,22 -21,22 2710,42 2469,76
А4 4321,34 121325,04 П4 -6657,02 31880,59 10978,36 89444,45
Жиыны: 15690,43 240974,44 Жиыны: 15690,43 240974,44

Ол қарастырылып отырған мезгілге жақын уақыттағы «VENTURA» кәсіпорынның төлем қабілеттілігін көрсетеді. «VENTURA» ЖШС-нің жыл басында да, аяғында да баланс баптарының осы екі тобының мәліметтері бойынша төлеу қабілеттілігі болмаған. Ең өтімді және тез өткізілетін активтердің сомасы жыл басында 8637,45 мың теңгені (750,50+7886,95) құрады, ал тез қайтарылуға тиіс және қысқа мерзімді міндеттемелер 22368,67 мың теңгеге тең, яғни 13731,22 мың теңгеге ((22368,67-8637,45) ең өтімді және тез өткізілетін активтердің сомасы тез қайтарылуға тиіс және қысқа мерзімді міндеттемелер сомасынан кем болып отыр. Жыл соңында төлем жетіспеушілігі (-91956,65) мың теңгені ((11113387+6024,55)- (190072,03+19043,04)) құрады.
Баяу өткізілетін активтерді ұзақ мерзімді міндеттемелермен салыстыру перспективалы өтімділікті бейнелейді және болашақ кірістер мен төлемдерді салыстыру негізінде төлем қабілеттілігін жобалауды көрсетеді, яғни кәсіпорынның бұдан да алыс алдағы уақытқа қаржылық жағдайының жақсаруы немесе нашарлануын алдын ала біліп отыруға мүмкіндік береді. «VENTURA» ЖШС-нің жыл басында баяу өткізілетін активтер сомасы 2731,64 мың теңгеге тең, ал ұзақ мерзімді міндеттемелер сомасы (-21,22) мың теңгеге тең. Яғни, жыл басында кәсіпорынның төлем қабілеттілігі 2710,39 мың теңгеге тең, ал жыл аяғында бұл көрсеткіш 2469,76 мың теңгеге тең болды.
Баланс активі мен міндеттемелері баптарының төртінші тобының жиындарын салыстыру кәсіпорынның оның иеленушілері алдындағы міндеттемелерін жаба алу мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл кәсіпорын жабылатын кезде ғана керек болады, ал үздіксіздік үшін шаруашылық субьектінің өз меншікті айналым капиталының болуы талап етіледі. Ол үшін келесідей теңсіздік сақталуы тиіс: А4<П4, яғни меншікті қаражаттардың көзі иммобильді активтерден көп болу керек. «VENTURA» ЖШС-нің бұл теңсіздігі сақталмаған. Жыл басы мен аяғында баланс активінің баптарының жиыны міндеттемелер баптарының жиынынан 10978,36 мың теңгеге және 89444,45 мың теңгеге артық болған. (Тіркеме 1). Бұл кестенің мәліметтерінен, есепті жылдың соңы жылы тауарларды сатудан түскен түсім 22707,44 мың тенгеге тең болды, бұл көрсеткіш есепті жылдың басындағы көрсеткішімен салыстырғанда 3,1% -ға төмендеген, яғни 730,29 мың тенгеге кеміді. Сонымен қатар сатылған тауарлардың өзіндік құны 11,2%-ға, яғни 239,31 мың тенгеге кеміді. Осыған орай сатудан түскен табыс та 2,3%-ға немесе 490,98 мың теңгеге кеміді. Ал кезең шығыстары керісінше 35710,25 мың теңгеге өсіп, 144,3%-ды құрады.
4 кесте. «VENTURA» ЖШС-нің 2009 жылдың қаржы — шаруашылық қызметінің негізгі көрсеткіштері
(мың тенге)
№ Көрсеткіштер Есепті жыл басы Есепті жыл соңы Абсолютті %
1 2 3 4 5 6
1 Тауарларды сатудан (қызметкөрсетуден) тускен түсім (мың теңге) 23437,73 22707,44 -730,29 -3,1
2 Сатылған тауарлардың өзіндік құны (мың теңге) 2130,51 1891,2 -239,31 -11,2
3 Сатудан түскен табыс (мың теңге) (1-2) 21307,22 20816,24 -490,98 -2,3
4 Кезең шығыстары (мың теңге) 24742,17 60452,42 35710,25 144,3
5 Негізгі қызметтен түскен табыс (шығын) -3434,95 -39636,18 -36201,23 -1053,9
6 Негізгі емес қызметтен түскен табыс (шығын) 624,98 7930,11 7305,13 1168,9
7 Салық салғанға дейінгі жай қызметтен түскен табыс -2809,97 -31706,07 -28896,1 -1028,3
8 Салық салғаннан кейінгі жай қызметтен түскен табыс -2809,97 -31706,07 -28896,1 -1028,3
9 Күтпеген қызметтен түскен табыс — — — —
10 Таза табыс (шығын) -2809,97 -31706,07 -28896,1 -1028,3

Негізгі қызметтен түскен табыс (шығын) – 36201,23 мың теңгеге, негізгі емес қызметтен түскен табыс (шығын) 7305,13 мың теңгеге өсті. Таза табыс (шығын) -31706,07 мың теңгеге тең болды, яғни есепті кезең басындағы жылмен саластырғанда есепті жылдың соңында таза табыс -28896,1 мың теңгеге шығын келтіріп отыр. Бұл кәсіпорынның табыстылығының төмен екендігін білдіреді. Алдағы уақыттарда «VENTURA» ЖШС-гі қосымша инвестицияларды тарту керек. (Тіркеме 2, 3).

 

II-тарау. «VENTURA» ЖШС –нің қызметкерлерінің еңбекақы есебін ұйымдастыру

2.1. Кәсіпорын қызметкерлерінің негізгі еңбекақысының есебі

Жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарына толтырылған алғашқы құжаттар мен жұмыс уақытының табельдері оларға еңбекақы есептеу және оны төлеу үшін ұйымның цехынан, бөлімшелерінен, бригадаларынан кәсіпорынның әкімшілігі белгілеген мерзімде бухгалтерияға келіп түседі. Еңбекақы есептеу үшін толтырылатын бұл алғашқы құжаттар мен табельдердің дұрыс толтырылуы, лауазымды тұлғалардың қолдарының қойылуы мұқият тексеріледі. Сондай-ақ бұл құжаттағы еңбек бағасының дұрыс қойылуы олардың жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу және сыйақы есептеу қағидаларына сәйкес келуі және цифрларының дұрыс қойылуы тексеріледі. Тексеріліп болғаннан кейін бұл құжаттар бойынша кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеледі.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны — кәсіпорындар мен ұйымдарға қызметке жаңа адамды алуға немесе кейбір қызметкерлерді жұмыстан босатуға байланысты өзгеріп отырады. Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және олардың жұмыс уақыты да есептеледі.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамының есебі — кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандар бөлімінде жүргізіледі. Мамандар бөлімінде мынадай алғашқы құжаттары пайдаланады: жұмысқа алу жайлы бұйрық үлгілі түрі Т-1; басқа жұмысқа ауысу жайлы бұйрық үлгілі түрі Т-5; демалыс берілуі жайлы бұйрық үлгілі Т-6; жұмыстан шығарылу жайлы бұйрық үлгілі түрі Т-8. Бірінші рет жұмысқа орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның мамандар бөлімі еңбек кітапшасын толтырады.
Еңбек кітапшасы мамандар бөлімінде сақталып оған жұмысшылар мен қызметкерлердің қызмет орнының өзгеруі, алған мақтаулары мен сыйлықтары, сондай-ақ ескертулері, сөгістері және тағы да басқа деректер жазылады. Жұмысқа алу жайлы хат негізінде жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек кітапшасына төл құжаттарындағы тиісті жазулар жазылып және оған үлгілі түрі Т-2 жеке карточкасы ашылады. Ол карточкада жұмысшылар мен қызметкерлердің білімі, жұмыс орны, аты-жөні, ұлты, еңбек стажы, дүниеге келген күні, айы және жылы, мекен-жайы, тағы басқа керекті мәліметтер толтырылады.
Кәсіпорындардағы әрбір қызметке алынған адамға, яғни жұмысшылар мен қызметкерлерге табельдік нөмір беріледі. Бұл нөмір — еңбекақы бойынша есеп айырысу құжаттарында көрсетіледі. Белгілі бір кезеңдегі яғни, уақыттағы ұйымның жұмысшылар мен қызметкерлерінің тізімдегі орташа санын анықтау үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің қүнделікті сандық есебін жүргізу қажет. Ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны әрбір жұмыс күні сайын жұмысшылар мен қызметкерлердің, жұмысқа алу, басқа қызметке ауысу бұйрықтары негізінде анықталып отырады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті тізімдегі саны қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану есебінде табелінің деректеріне сәйкес келуі тиіс. Есеп беретін айдағы ұйымның жұмысшылар мен қызметкерлердің ораташа саны сол айдағы күнтізбенің әрбір күніндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі санын қосып, яғни 1-нен 30-на дейін немесе 1-нен 31-не дейін мереке және қызмет істемейтін, демалыс күндерін қоса алғандағы қосынды санды сандық күнтізбенің күніне бөлу арқылы табады. Демалыс немесе мереке күні, сондай-ақ басқа да жұмыс істемейтін күндері екі немесе одан да көп қатар болса, жұмыскерлердің тізімдегі саны ол күндердің, әрқайсысына демалыс немесе мереке күндерінің сондай-ақ жұмыс істемейтін күндерінің алдыңғы жұмыс күніңдегі тізімдегі санына теңеліп алынады.
Мысалы: 2009 жылдың сәуір айының басында «VENTURA» ЖШС-нің жұмысшылар мен қызметкерлердің саны 40 адам. Ал, сәуірдің 15-де 1 адам, сәуірдің 26-да тағы да 1 адам жұмыстан шығып кетті.Сәуір айындағы жұмысшылар мен қызметкерлер орташа саны мынандай болды: Сәуір айының күнтізбесінде 30 күн. Сәуірдің 1 — 14-не дейін, яғни 14 күн – 40 адам, сәуірдің 15 — 25-не дейін, яғни 11 күн – 39 адам, сәуірдің 26 – 30-на дейін, яғни 5 күн – 39 адам. Осыдан кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің осы айдағы орташа саны (280+209+90) : 30 = 39 адам.
Толық ай жұмыс істемеген ұйымдарда (құрылыс ұйымдарында, жаңадан іске қосылған ұйымдарда, сондай-ақ маусым мен жұмыс істейтін ұйымдарда) жұмысшылар мен қызметкерлердің ай бойы орташа саны есеп беретін айдағы кәсіпорынның жұмыс істеген күндеріндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің санының қосындысын сол айдағы күнтізбелік күн санына бөлу арқылы алынады.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорын бойынша бір жылдық орташа саны осы жылдағы барлық айлардағы олардың тізімінің орташа санының қосындысын 12-ге бөлумен анықталады. Егер кәсіпорын толық жыл бойы жұмыс істемеген болса, онда жұмыскерлердің тізімдік орташа саны жұмыс істеген айлардағы олардың сандарының қосындысын 12-ге бөлу арқылы табылады.
Ескерту: жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорын бойынша орташа еңбек ақысын, еңбек өнімділігін және басқа да орташа шамаларын анықтау үшін «орташа еңбекақы» және басқа да орташа шамаларды есептеп шығаруға қолданатын жұмысшылар мен қызметкерлердің саны деген көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткішті табу үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамдық тізімдік санынан жұмысшылар мен қызметкерлердің кейбір санаттарына жататын адамдардың санын алып тастау керек. Ондай жұмысшылар мен қызметкерлердің қатарына жататындар:
— Жүкті және босануға байланысты демалыстағы әйелдер, сондай-ақ бала асырап алған әйелдер;
— занда қаралған жасқа дейін баланы қарауға демалыс алған әйелдер (ер адамдар);
— оқу демалысындағы еңбекақылары түгел, жартылай сақталған, немесе сақталмаған жұмысшылар мен қызметкерлер, сондай-ақ жоғары және арнаулы оқу орындарына түсуге емтихан тапсыру үшін еңбекақысы сақталмай жіберілген жұмысшылар мен қызметкерлер;
— әкімшіліктің ұйғарымы бойынша еңбек ақысы сақталмай демалысқа кеткен жұмысшылар мен қызметкерлер және басқалар.
Кәсіпорындағы орташа еңбекақыны табу үшін есепке алынатын жұмысшылар мен қызметкерлер санын анықтау барысында нақтылы жұмыс істегеніне қарай үйлесімді түрде күніне немесе аптасына толық жұмыс істемейтін жұмысшылар мен қызметкерлер кіргізіледі. Алдымен жұмыс істеген адам/күні табылады. Ол үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің барлық жұмыс істеген сағатына, белгіленген жұмыс күнінің ұзақтығына бөлінеді. Содан кейін барлық жұмыс істеген сағатын, күнін, айлық күнтізбелік күнге бөлу арқылы жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлердің саны табылады.
Орташа еңбекақы есептеу үшін есепке алынатын жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамына үйде отырып жұмыс істейтін жұмысшы-қызметкерлер де кіреді. Олардың саны ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген айлық еңбекақы қорының сомасын сол ұйымда негізгі қызметті атқаратын жұмысшылар мен қызметкерлердің есепті айдағы орташа еңбекақысына бөлу арқылы анықталады.
Жұмыс істелген уақыт керсеткіші, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын жұмыс істеген уақытына қарай есептеуге, оларға өндірілген өнімнің өнімділігін есептеуге және жұмысшылар мен қызметкерлердің белгіленген мөлшерін орындау барысын анықтауға, сонымен қатар жұмыс істегені жайлы статистикалық көрсеткіштерді алуға, жұмыс күнінің балансын жасауға қолданады. Жұмыс істелген уақыт есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа келуі, олардың жұмыс істегені, жұмыстың тоқтап қалуы және де жұмысқа келмеген жұмысшылар мен қызметкерлердің санаттары бойынша табельде алфавит бойынша реттік нөмірі санына қарай жүргізіледі. Жалпы табельдер жұмыс істеген уақыты бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысын есептеуге арналған.
Табельдерде кәсіпорынның әр құрылымының өкілдері бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа келмегені, жұмыстың тоқтап қалғанына байланысты белгіленген шартты белгілерді қою арқылы толтырылады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамай қалғаны туралы құжаттары осы табельге қосымша тіркеледі.
Табельде жұмысшылар мен қызметкерлердің тек қана жұмысқа келген немесе жұмысқа келмеген күнін белгілеп қана қоймай, олардың жұмысқа кешіккенін, мерзімінен тыс жұмыс істеген уақытын, жұмыс істеудің белгіленген уақытын, тағы басқа себептерді есептеу үшін белгілер қойылады.
Табельдер мен оларға негіз болған алғашқы құжаттар еңбекақы есептеуге және жұмысшы қызметкерлердің жұмыс істеген уақытын есептеу үшін пайдаланады. Сонымен қатар цехтар мен бөлімшелер бойынша жинақталған деректер жұмыс уақытының балансын жасауға, нақтылы жұмыс істелген уақыты жайлы статистикалық есеп беруге пайдаланады. Бұл көрсеткіштер еңбектің өнімділігін анықтау үшін ғана емес, сонымен қатар жұмыс уақытының пайдалану нәтижесінде анықтау үшін де қажет болып табылады.
Еңбек есебінің маңызды элементі болып еңбектің күрделілігіне, жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбекақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады: тарифтік кесте; тарифтік еңбекақы мөлшері; тарифтік мамандық анықтамалары.
Осыларға негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы мөлшерінің үлгілі кестесі жасалады. Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың барлық түрі күрделілігіне және көп еңбек сіңіруді қажет ететіндігіне қарай топтастырылады және жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай оларға тариф бойынша әр түрлі еңбекақы мөлшері белгіленеді. Тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қай саласында болмасын негізгі жұмыстың әрбір түріне, жұмыстың күрделілігімен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылықпен жауапкершілікке қарай берілген разрядтар көрсетіледі. Сонымен катар тарифте әрбір атқаратын жұмыстың нақты түрлеріне мінездеме беріледі және жұмысшылар мен қызметкерлердің өзіне берілген разрядқа ие болуына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме береді.
Тарифтік кестеде — жұмысшылар мен қызметкерлердің әрбір топтарының арасында төленуге тиісті еңбек мөлшерінің арақатынасы айқындалады.
Тарифтік мерзімді еңбекақы мөлшері бір сағатқа белгіленеді. Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға бойынша бір сағатқа белгіленген немесе бір сағатқа тиісті еңбекақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне, орындалған жұмыстың мөлшеріне болу арқылы табылады немесе бір өнімге кеткен уақытқа көбейту арқылы табылады. Уақыт мөлшері мен өндірілетін өнім мөлшері, көлемі, барлық өндіріс саласында техникалық мөлшерлеу үдірісін жүргізу кезінде анықталады.
Өнім өндіру есебі ең алдымен орындалған жұмыстың, операцияның, өндіріп шығарған өнімнің саны мен сапасына қарай кесімді еңбекақыны есептеу үшін және жұмысшылар мен қызметкерлердің жекелік және топтық еңбек өнімділігіне бақылау жүргізу үшін керек. Өнім өндіру есебі негізінде тек қана кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлерге ғана емес, сонымен қатар мерзімдік еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлерге де сандық және сапалық көрсетіштердің артығымен орындалуына қарай жекеленген сыйақы төленеді. Жекеленген жұмысшылар мен қызметкерлер кесімді еңбекақысына қосымша өнім өндіру негізінде мөлшерлі тапсырманы орындағаны үшін сыйақы алады.
Өнім өндіру есебі әрбір кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбегін ұйымдастыруға және оларға есептеліп төленетін еңбекақы түріне байланысты. Кәсіпорындардың еңбекті ұйымдастыру көбіне ғылыми-техникалық даму деңгейіне және оларды тиімді пайдалануға, тағы басқаларға байланысты болып келеді. Еңбекті жаңа техникамен жабдықтау, механикаландырылған, автоматтандырылған, өндірістің пайда болуына себебін тигізді. Ғылыми-техникалық прогрестің дамыған жағдайында қол еңбегін пайдалануды көп қажет ететін механикаландырылмаған өндіріс автоматтандырылған кешенді салаға айналады. Оларда қол еңбегі біртіндеп азайып, еңбектің ұйымдастырылуына жаңа техника мен технология өз әсерін тигізеді. Бұл айтылғаңдардың іске асуы, яғни қолданылуы өнім өндіру есебін ұйымдастыруға өздерінің әсерін тигізеді.
Операциялар бойынша қабылдау жүйесі жұмысшылар мен қызметкерлердің өндірген өнімдерін әр операцияны орындағаннан кейін ұйымның техникалық бақылау бөлімі қабылдап, санап алғаннан кейін, ол туралы ақпаратты мәліметтерді алғашқы құжаттарға жазуды қажет етеді. Бұл жүйе бойынша көбірек қолданылатын алғашқы құжаттардың түрі «кесімді жұмыс» наряды болып табылады. Бұл құжат жұмыс орындалмай, яғни басталмай тұрып толтырылады және жұмысшылар мен қызметкерлерге беріледі. Тапсырма орындалғаннан кейін бұл нарядқа нақты өңдірілген өнімдер мен орындалған жұмыстың саны, көлемі жазылып, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын есептеу үшін кәсіпорынның бухгалтериясына тапсырылады.
Кәсіпорын бойынша өндірілген өнімге, істелген жұмысқа күнделікті наряд жазу жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу жұмысын қиындатып жібереді. Оның үстіне нарядтар бойынша төленетін еңбекақы мөлшерін цехтардағы, бөлімшелердегі өндірілген өнімнің, орындалған жұмыстардың көлемімен сай келуін бақылауға, салыстыруға мүмкіндік бермейді. Сондықтан да өнім өндіру есебінің жаңа прогрессивті еңбек сіңіруді жеңілдететін жүйесін енгізу қажет. Іс жүзінде жекеленген жұмыс нарядының орнына айлық немесе екі апталық жинақтаушы нарядтарды қолдану арқылы құжаттың санын азайтуға болады. Кәсіпорындарда өнім өндіру жайлы мәліметтер мен ақпараттар тек қана наряд арқылы жазылып қана қоймай, сонымен қатар өндірілген өнімнің жылжуын, яғни олардың қозғалысын бір операциядан келесі операцияға ауысуын бақылау үшін және олар үшін толтырылатын құжаттың санын азайту мақсатында маршруттық карталар тәжірибеде кеңінен қолданылады. Өнім өндіру есебінің бұл түрі сериялы өндірісті машина жасау зауыттарының цехтар мен бөлімшелерде кеңінен қолданылады. Бұл маршруттық карталарда біртектес материалдардан дайындалатын детальдар мен бөлшектердің барлық технологиялық үдерістерден өтіп қоймаға тапсырылғанға дейінгі қозғалысы жазылып отырады.
Кәсіпорынның бақылау бөлімі өндірісте өндірілген, жасалып шығарылған өнімнің сапасы мен санын тексеру мақсатымен қатар болған ақауларды анықтап отырады және сонымен қатар бұл туралы мәліметтерді өнім өндіру жайлы құжаттарға жазып отырады. Өндіріс цехтары мен бөлімшелерінде өндірілген өнімнің әрбір топтарына бөлек маршруттық карта жазылады. Бұл маршруттық картада өндірістің осы топтағы өндірген өнімінің саны көрсетіліп бақылау бөліміне жіберіледі. Ал бөлімнің бақылаушысы картаға топты, яғни өнімдерді тексеру барысында анықталған ақау немесе кемшілігі бар өнімнің санын және оны өндірген жұмысшының табелінің нөмірін көрсетіп қол қояды.
Өндірілген өнімнің топтары бір бөлімшеден немесе цехтан екінші бөлімшеге, цехқа берілгенде оларға қоса маршруттық картаны жіберіп отырады. Егер топтағы өнімдер бөлініп кететін жағдайда жаңадан маршруттық карта жазуға тура келеді. Маршруттық карта сонымен қатар өндірілген өнімдердегі кездесетін ақаулардың қай жұмысшының кінәсінан болғанын анықтап жазып отыруға және өндірілген өнімнің санының дұрыс жазылуындағы бақылау жұмыстарын жеңілдетуге арналған. Маршруттық карталар жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеуде өз алдына дербес карта ретінде пайдаланылады.
Кәсіпорындарда көп жағдайларда еңбекті ұйымдастырудың бригадалық түрі кеңінен қолданылады. Шаруашылықта өндірістік бригадалық топ құру өндірген өнімді есептеу жұмысын жеңілдетеді, сондай-ақ толтырылатын құжаттардың саны да азаяды. Бригада бойынша еңбекақы есептелетін жағдайда да өндіріліп шығарылған өнімнің, істелген жұмыстың ең соңғы нәтижесінің есебін алу жеткілікті болады. Өндірілген өнімнің, істелген жұмыстың ең соңғы нәтижесі бойынша кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу техникалық бақылау бөлімінің қызметінің ең соңғы тексеру операциясынан өтіп, қоймаға тапсырылған және басқа жаққа қоймаға алынбай таратылып жіберілген, яғни басқаларға берілген, сатылған, тиеліп жіберілген дайын өнімнің, істелген жұмыстың саны мен сапасына қарай есептеледі.
5 кесте. Кәсіпорындарда еңбекақы бойынша жүргізілетін бухгалтерлік жазулар.
№ Операциялардың мазмұны Дебет Кредет
1. Негізгі өндіріс жұмысшыларына еңбекақы есептелінді. 8110 «Негізгі өндіріс» 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»
2. Еңбек ақыдан жеке табыс салығы ұсталынды 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» 3120 «Жеке табыс салығы»
3. Жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан зейнетақы қорына ұсталынатын сомаға; 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» 3220 «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер»
4. Еңбек ақыдан алименттер сомасы ұсталынды 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» 3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»
5. Бүлінген материалдық-құндылықтардың орнын толтыру мақсатынмен жұмысшылардың еңбек ақысынан ұсталынатын сомаға. 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» 6280 «Өзге кірістер», 1250 «Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешек»
6. Есеп айырысу шотынан еңбекақы алынды 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» 1030 «Есеп айырысу шотындағы ақша қаражаты»
7. Кезекті демалыста болған жұмысшының еңбек ақысы есептелінді. 3430 «Қызметкерлерге сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»
Жұмысшылар мен қызметкерлерге жоғарыда айтылғандай еңбекақыны есептеу және төлеу үшін ұйымдарда жинақтаушы құжаттар мен бригаданың өнім өндіру тізімдемесін қолдануды қажет етеді.
Көпшілік өндіріс орындарында, әсіресе үздіксіз өндірістерде жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақыны өндіріліп шығарылатын өнімнің, істелген жұмыстың ең соңғы нәтижесі бойынша есептеу кеңінен қолданылады. Өнім өндіру есебінің бұл түрі кәсіпорында өндірісті дамыту, өнімділікті арттыру үшін, сондай-ақ өндірілген өнімдер мен орындалған жұмыстың көлеміне қосымша ақпараттар жазуға жол бермеу үшін қолданылады. Еңбекақының істелген жұмыс уақытына қарай, яғни мерзімді еңбекақы төлеу нысаны жұмысшылар мен қызметкерлерді жұмыс істеуге белгіленген уақыт ішінде еңбек өнімділігін арттыруға айтарлықтай ынталандырмайды. Сондықтан да көптеген өндіріс орындары, яғни ұйымдар еңбекақыны мөлшерленіп белгіленген тапсырманың орындалуына қарай отырып төлейтін түріне көшті. Бұл жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімді еңбекақы төлеу жағдайында да өнім өндіруге мөлшерленген тапсырманың орындалуын қажет етеді (6-кесте). Сонымен қатар тапсырманы уақтылы орындағаны және еңбек өнімділігін арттырғаны үшін жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйлықтар мен сыйақылар, тағы басқалар беріледі.

2.2. Кәсіпорын қызметкерлерінің қосымша еңбекақысының есебі

Мемлекеттік, қоғамдық міндеттер мен жұмыстарды атқарған уақытқа төленетін төлем. Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс уақыты кезінде олардың атқарған немесе орындаған мемлекеттік қоғамдық жұмыстары мен тапсырмалары үшін орташа еңбекақы мөлшерінде төлем төленеді, яғни мұндай себептермен жұмыста болмаған уақытына еңбекақы төлеу үшін алдымен жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа еңбекақы мөлшері анықталады. Басқаша айтатын болсақ мұндай мемлекеттік, қоғамдық жұмыстар мен тапсырмаларды атқарған немесе орындаған уақыттары үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа еңбек ақысы сақталады. Мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарға жұмысшылар мен қызметкерлердің атқарған немесе орындаған төмендегідей жұмыстары жатады:
— соттың мәжілісіне куә ретінде қатысу;
— мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың конференцияларына, пленумларына, съездеріне қатысу;
— әскери комиссариаттың шақыруына бару және тағы басқа жұмыстар.
Түнгі уақытта істеген немесе атқарған жұмыстары үшін төленетін төлем. Кәсіпорындарда кешкі сағат 22.00-ден ертеңгі, яғни таңғы 6.00. сағатқа дейін істеуге белгіленген жұмыс уақыты түнгі уақытта істелген жұмыс уақыты болып есептеледі. Жұмысшылар мен қызметкерлерге бұл уақыт аралығында жұмыс істегені үшін көтеріңкі мөлшерде, яғни қосымша еңбекақы төленеді. Еңбек ақының кесімді түрі белгіленген ұйымдарда, өнеркәсіп орындарында жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге түнгі уақыттағы атқарған қызметінің, істеген жұмысының әрбір сағатына жұмысшының мамандық дәрежесі бойынша тарифте белгіленген еңбек ақысының 25% мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Ал тоқыма тігу, жіп иіру және нан пісіру өнеркәсібінде тарифте белгіленген еңбек ақы сомасының 50% мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Өнеркәсіптік ұйымдарда мерзімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлердің түнгі уақытта жұмыс істеген уақытының әрбір сағатына тариф бойынша белгіленген бір сағаттық еңбек ақының 20% мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Халық шаруашылығының басқа салаларында жұмыс істейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге түнгі уақыттағы жұмысына төленетін қосымша төлем, яғни қосымша еңбекақы мөлшері түнгі уақыттағы жұмыс істеген әрбір сағаты үшін мынадай тәртіппен есептеліп төленеді: Түнгі жұмыс уақыты бір сағатқа қысқартылған ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін еңбекақы ұжымдық шартта қаралған көлемде, бірақ заңда қаралған мөлшерден кем емес мөлшерде төленеді.
Мерзімді еңбекақы алатын жұмысшыларға жеті сағаттық жұмыс күнінде түнде істеген әрбір сағатына сағаттық тарифтың 7/6 бөлігінен, ал алты сағаттық жұмыс күнінде түнде істеген әрбір сағатына сағаттық тарифтың 6/5 бөлігінен кем емес мөлшерде қосымша еңбекақы төленеді. Біреудің орнына жұмыс істегені үшін төленетін еңбекақы. Біреудің орнына уақытша атқарған қызмет деп өндіріс қажетіне немесе басқару міндетіне сәйкес уақытша жұмыста жоқ адамның орнына оның қызметін немесе жұмысын басқа адамның атқаруын айтады. Уақытша жұмыста жоқ адамның жұмысын немесе қызметін атқаруды басқа жұмысшыға немесе қызметкерге жүктеу үшін кәсіпорын әкімшілігінің бұйрығы шығарылуы тиіс. Егер уақытша жұмыста жоқ адамның орнына тағайындалған қызметкер уақытша жұмыста жоқ адамның штатта қарас-тырылған орынбасары болып табылса немесе уақытша оның орнына жұмысты атқару мерзімі 12 күннен артық уақытқа созылмаса, онда бұл жағдайда біреудің орнына уақытша қызметті атқарғаны үшін ешқандай қосымша еңбекақы төленбейді. Егер уақытша жұмыста жоқ адамның жұмысын атқарушы штатта қарастырылған орынбасары болып табылмаса немесе уақытша жұмысты атқару мерзімі 12 күннен артық уақытқа созылса, онда уақытша біреудің қызметін атқарушы қызметкерлерге өзінің еңбекақысына қосымша өзінің еңбекақысымен уақытша жұмыста жоқ адамның еңбекақысының арасындағы айырмашылық сомасы мөлшерінде қосымша төлем төленеді. Бос орындағы қызмет пен міндетті атқарушы етіп тағайындау уақытша біреудің қызметін атқару емес, ол жұмысшылар мен қызметкерлердің басқа жұмысқа ауысуы болып есептеледі де, ол жұмысшыға немесе қызметкерге міндетін атқарып жүрген, яғни бос жұмыс орнының қызметіне белгіленген еңбекақы мөлшерінде төлем төленеді.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің мерзімнен тыс уақытта жұмыс істеген еңбегі тек қана ақшалай түрде төленеді. Кәсіпорындарда еңбекақының мерзімді түрі белгіленген жұмысшылар мен қызметкерлерге мерзімнен тыс уақытта істеген жұмыстың алғашқы екі сағатына өзіне белгіленген тарифтік еңбекақының 1,5 есе, ал одан кейінгі сағаттарына 2 есе мөлшерінде еңбекақы есептеліп, төленеді. Ұйымдарда кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлер мерзімнен тыс уақытта істеген жұмыстарының алғашқы екі сағатына сол уақытта атқарған жұмысына тиісті еңбекақының 50%, ал одан кейінгі сағаттарына 100% мөлшерінде қосымша еңбекақы алады.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге демалыс және мереке күндерінде істелген жұмыстарына, атқарган қызметтеріне еңбекақы төлеу. Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» заңына сәйкес кәсіпорындарда демалыс күндері жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді. Бірақ та кейбір төтенше жағдайларда ұйымдағы кейінге қалдыруға, кешіктіруге болмайтын жұмыстың пайда болуына байланысты бұл күндерде де жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеуіне тура келеді. Егер де кәсіпорындардағы жұмысшылар мен қызметкерлер демалыс күні жұмыс атқарса, оған келесі екі апта ішінде жұмыс күні есебінен демалыс берілуге тиісті. Ұйымның бұл уақыт аралығында (келесі екі апта ішінде) демалыс беруге мүмкіншілігі немесе жағдайы болмаса, жұмысшылар мен қызметкерлерге демалыс күні жұмыс істеген еңбегі үшін мерзімді еңбекақы алатындарға сол күнгі жұмыс істеген әрбір сағатына тарифте белгіленген бір сағаттық еңбекақысының 2 есесі, ал кесімді еңбекақы алатындарға сол күнгі өндірген өнімдері мен істеген жұмыстарының сандары мен көлеміне байланысты тариф бойынша төленуге тиісті еңбек ақының 2 есесі мөлшерінде еңбекақы төленеді. Кәсіпорындарда мереке күні жұмыс істегені үшін мерзімді және кесімді еңбекақы алатын жұмысшылар мен қызметкерлерге сол күнге өңдірген өнімдері мен істеген жұмыстарының санына, көлеміне немесе жұмыс істеген сағаттарына тариф бойынша төленуге тиісті еңбекақысы көтеріңкі мөлшерде, яғни екі еселеніп төленеді. Мереке күні істеген жұмыстары мен атқарған қызметтері үшін ақшалай еңбекақыгнтөлемінің орнына сол жұмыс істеген жұмысшылар мен қызметкерлердің келісімімен, яғни олардың ризашылығымен басқа жұмыс күні есебінен демалыс беруге де болады. Ал мереке күні кезекшілік қызметін атқарған жұмысшылар мен қызметкерлерге басқа жұмыс күні есебінен демалыс беріледі.
Ұйымдардағы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекке уақытша жарамсыздығына және сырқаттанған жанұя мүшелерінің күтімі үшін оларға берілетін уақытқа жәрдемақы төлеу. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес қайтыс болған жұмысшы-қызметкерлерді жерлеуге арналған әлеуметтік көмек занда белгіленген мөлшерде жергілікті бюджет қаражаты есебінен төленеді. «Азаматтардың еңбекке уақытша жарамсыздығы» туралы заң негізінде 14 жасқа толмаған сырқат баланы күту үшін еңбекке жарамсыздық парақшасы оны күтімге алу қажет болатын уақытқа дейін беріледі, алайда оның ұзақтығы 10 күнтізбелік күннен аспауы қажет. Егер бала 10 күн аралығында сырқатынан айықпаса және әрі қарай күтімді қажет ететін болса, онда ата-анасының біреуіне немесе күтетін адамға еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы анықтама беріледі. Баланы ауруханада емдеген уақытта дәрігердің қорытындысы бойынша күтім қажет деп есептелген болса, еңбекке уақытша жарамсыздық парақшасы ата-анасының біреуіне немесе оны күтетін адамға беріледі. 3 жасқа толмаған ауырған баланың ата-анасының біреуіне немесе күтетін адамға еңбекке уақытша жарамсыздық парақшасы бойынша баланың ауырған күндерінің бәріне жәрдемақы тағайындалады. Сондай-ақ жұмысшылар мен қызметкерлерге ауырған жанұя мүшесін күтімге алған уақытына да дәрігердің еңбекке уақытша жарамсыздық парақшасы бойынша заңда қаралған мөлшерде жәрдемақы төленеді. Бірақ бұл жоғарыда айтылған төлемдердің барлығы Республикалық бюджет тұралы занда белгіленген айлық есепті көрсеткіштің он еселенген мөлшерінен аспауы тиіс. Жұмыс істейтін Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне және оларға теңестірілген жеке тұлғаларға еңбекке уақытша жарамсыздығы бойынша жәрдемақы олардың айлық орташа еңбекақысының 100% мөлшерінде төленеді.
Кезекті демалыста немесе қосымша демалыста болған уақытында жұмысшылар мен қызметкерлер ауырып қалса, олардың ауырып қалған уақытына жәрдемақы төленбейді. Егер еңбекке уақытша жарамсыздығы еңбек демалысы күні аяқталғаннан кейінде жалғасқан болса ол үшін берілетін жәрдемақы дәрігердің парақшасы бойынша жұмысшы немесе қызметкердің жұмысқа қосылатын күнінен бастап онда көрсетілген мерзімге төленеді. Бұл жағдайда да жәрдемақы айлық есептік көрсеткіштің он бес еселігі шамасынан аспауы қажет.
Кәсіпорындарда еңбекке уақытша жарамсыздыққа жәрдемақы мына жағдайларда төленбейді.
— өзіне берілген және басқа да міндеттерді атқарудан бас тартып өз денсаулығына зиян келтірген, сондай-ақ жалған ауырған жұмысшылар мен қызметкерлерге. Егер осындай жағдай бойынша бұрын жәрдемақы төленіп қойған болса онда сот шешімімен жәрдемақы қайтарылуы тиіс;
— еңбекке уақытша жарамсыздығы жұмысшылар мен қызметкерлердің ішімдік ішіп мас болуы салдарынан болса;
— еңбекке уақытша жарамсыздығы қылмыс істеу салдарынан болған жағдайдағы зақымдануынан болса;
— өз бетінше емделген жұмысшы қызметкерлерге.
Бұл жоғарыда айтылған жәрдемақылардың барлығы да кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы қорының құрамына кіргізілмейді.
Орташа еңбекақыны есептеу тәртібі. Ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін кейбір төлемдердің мөлшері олардың өткен уақыттағы алған еңбекақысының орташа мөлшеріне байланысты есептеледі. Орташа еңбекақының сомасына байланысты есептелетін мұндай төлемдерге мыналар жатады:
— мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерді атқарған уақыты үшін төленетін төлем;
— қызметтік іссапарда болған уақытқа төленетін еңбекақы;
— жас сәбилі аналарға демалу және баланы тамақтандыру үшін берілетін үзіліске төленетін төлем;
— жас өспірімдердің қысқартылған еңбек уақытына төленетін төлем;
— амалсыздан жұмысқа шықпаған уақытқа төленетін төлем;
— жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек демалысы немесе пайдаланбаған еңбек демалысы үшін төленетін төлем;
— зейнетақы, табыс салығы және жылдық жұмыс нәтижесі бойынша сыйақы есептеу, тағы басқалары. Ұйымдар жұмысшылар мен қызметкерлерге орташа еңбекақыны есептегенде оның қай мерзімге есептелу керек екендігін белгілеуі керек. Осы күнгі қолданылатын заңдарға сәйкес орташа еңбекақы мынадай уақыттарға есептеледі:
— жұмысшылар мен қызметкерлерге зейнетақы есептеу үшін зейнеткерлік демалысқа шығар алдындағы соңғы он жыл ішіндегі кез келген бес жылдың орташа еңбекақысы;
— жұмысшылар мен қызметкерлерге жыл сайынғы еңбек демалысына баратын уақытына немесе жұмыстан босатылатын және пайдаланбаған демалысы үшін, сондай-ақ балалы болған кездегі әйелдерге берілетін демалыс үшін, амалсыздан жұмысқа шықпай қалғаны үшін, еңбекке уақытша жарамсыздыққа жәрдемақы төлеу үшін және тағы да басқа жағдайларда соңғы он екі айдың орташа еңбекақысы алынуға тиіс. Еңбек демалысына төленетін төлемдерді есептеу барысында демалысқа барар алдындығы он екі айдың енбекақысы жартылай сақталған, уақыттары алынып тасталады. Осы жоғарыда айтылғанларды есептеу кезінде толық бір айда қалмаған жағдайда демалыс үшін төленетін соманы сол демалысқа барар алдындағы жұмыс істеген күндерге алған еңбекақы сомасын жұмыс істеген күндерінің санына бөліп есептейді.
«VENTURA» ЖШС-де жол билеттері бөлімінің операторы Омарова Асель Маратовна 21 желтоқсаннан 2 қантар аралығында, яғни 7 күн ауырып, еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парағын әкелді. Бұл қызметкер «VENTURA» ЖШС-де 2009 жылдың 22 қазаннан бастап жұмысқа кіріскен, яғни бұл кәсіпорында он екі ай жұмыс істемеген. Оған бухгалтерия келесідей еңбекке уақытша жарамсыздыққа жәрдемақы есептеген:
6 кесте. Омарова Асель Маратовнаның есептелген еңбекақы көрінісі
Мерзімі Есептелінген еңбекақы Жұмыс істеген күндер саны
Қазан 2009 ж 7954,55 7
Қараша 2009 ж 25000,00 22
Желтқсан 2009 ж 15277,78 11
Барлығы: 48232,33 40
Орташа еңбекақы 1205,81 теңгеге тең болы, яғни есептелген еңбекақы сомасын жұмыс істеген күндер санының қатынасынан алынған (48232,33/40) сомма. Еңбекке уақытша жарамсыздыққа жәрдемақы 8440,67 теңгеге тең болды, ол орташа еңбекақыны ауырған күндер санына көбейту арқылы табылады (7*1205,81).
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жыл сайынғы берілетін демалысы немесе пайдаланбаған демалысына төленетін төлемдерді есептеу үшін орташа еңбекақыны есептегенде төлеу жүйелеріне қарамастан төленген төлемдердің мына түрлері алынады:
— негізгі еңбекақы және оған қосымша төленген үстемелер (демалыс күні істегені үшін қосымша төлем, мейрам күні істеген жұмысы үшін қосымша төлемі, өзінің қызметтеріне жатпайтын қызметті атқарғаны үшін төленетін төлемдерден басқа).
— кәсіпорындарда тұрақты қолданылатын сыйлық беруге сәйкес еңбекақы қорына және сонқай-ақ материалдық сыйақы қорынан берілетін сыйақы.
Жыл бойы істеген жұмысының қорытындысы бойынша берілетін сыйақы, яғни он үшінші айлық (әр айға бөлініп қосылады),
— қосымша еңбекақы (жұмыстан босатыларда берілетін жәрдемақы, әскери жиыңда болған уақытқа төленетін төлемдерден басқа).
Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің кезекті еңбек демалысына немесе пайдаланбаған демалысына төлем төлеу үшін, сол демалысқа барар алдындағы 12 айдың еңбекақыларының қосындысын 12-ге бөліп, орташа еңбекақыны табамыз.
Бұл табылған соманы әр жылдың күнтізбелік күндерінің санын 12-ге бөлу арқылы табылатын коэффициентке (29.75) бөлу арқылы еңбек демалысының бір күніне тиісті төлем сомасының мөлшерін анықтаймыз. Еңбек демалысының күндерінің санына байланысты бір күнге тиісті төлем мөлшері демалыс күніне көбейтіліп, жалпы сома анықталады.

7 кесте. Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептелгенде бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар
№ Операциялар мазмұны Дебеттелетін шот Кредеттелетін шот
1 Қызметкерлерге еңбек ақы,сыйақы және басқа да төлемдер есептелінді:
— Қосалқы өндіріс жұмысшыларына;

— Кәсіпорынның басқару аппараты қызметкерлеріне;

 

8310 «Қосалқы өндіріс»

7210 «Әкімшілік шығыстар»

 

3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»
3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»
2.
Қызметкерлерге есептелген еңбекақыдан зейнетақы қорына ұсталынатын сомаға;
3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»
3220 «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер»
3.
Жеке тұлғаларға есептелген еңбек- ақыдан ұсталынатын табыс салығы сомасына;
3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»
3120 «Жеке табыс салығы»
4.
Есептелген әлеуметтік салық сомасы 7210 «Әкімшілік шығыстар», 8110 «Негізгі өндіріс», 8310 «Қосымша өндіріс», 8410 «Үстеме шығыстар»

3150 «Әлеуметтік салық»
5.
Лауазымды тұлғаларға есептелген еңбекақы сомасы кассадан төленді
3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»
1010 «Кассадағы ақша қаражаты»

Егер қызметкерлер есеп айырысу кезеңінде, яғни демалысқа барар алдыңда 12 ай бойы еңбекақы алмаған жағдайда, мысалы: баланы күту үшін еңбекақы сақталмайтын демалыста болғанда, оның әр жылғы еңбек демалысы үшін төленетін төлемді есептеу үшін осы мезгіл алдындағы 12 айдың орташа еңбекақысы алынады.

2.3. Еңбек ақы бойынша есеп айырысудың талдамалық, топтамалық есебi

Қызметкерлермен еңбек ақысының төлемi бойынша есеп айырысу есебi 3350 “Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу” міндеттемелік шотында жүргiзiледi және №19 «Қызметкерлердің еңбек ақысы» Халықаралық Қаржылық Есеп берудің Стандартында реттеледі. Еңбек ақыны есептегенде 3350 шоты кредиттеледi де, мына шоттар дебеттеледi:
2930 – шоты “Аяқталмаған құрылыс” күрделi құрылыспен шұғылданатын және сонда жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң еңбек төлемiнiң сомаларына;
7110 – шоты “Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөнiндегi шығындар” өнiм өткiзумен, жұмыстар мен қызмет көрсетулердi жүзеге асырумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемiнiң сомаларына;
7210 – шоты “Әкiмшiлiк шығындар” жалпы шаруашылық және әкiмшiлiк – басқарушылық қызметкерлерiне есептелген еңбек төлемiнiң сомаларына;
8012 – шоты “Өндiрiстегi жұмысшылардың еңбек ақысы” негiзгi өндiрiстегi жұмысшыларға есептелген еңбек төлемiнiң сомаларына;
8032 – шоты “Қызметкерлердiң еңбек ақысы” қосалқы өндiрiстердiң қызметкерлерiне есептелген еңбек төлемiнiң сомаларына.
8042 – шоты «Қызметкерлердiң еңбек ақысы” цехтағы қызметкерлерге есептелген төлемiнiң сомаларына.
Басшылықтағы тұлғалармен есеп айырысудың есебi. Басшылықтағы тұлғалармен есеп айырысу үшiн 3020 “Басшылықтағы тұлғалардың қарызы” шоты арналған, онда мынадай тұлғалармен есептеседi: басқарма мүшесi мен төрағасы; бақылау кеңесiнiң мүшесi және ревизиондық комиссияның мүшесi және т.б. басшылықтағы адамдарға есептелген еңбек төлемiнiң сомаларына 7210 – шоты дебеттеледi де, 3020 – шоты кредиттеледi, ал оны төлеген кезде 3020 – шоты дебеттелiп, 1010 – шоты кредиттеледi.
Кәсiпорынның қызметкерлерiне есептелген еңбек ақыны тарату. 3350 – шотының кредитiнен, басқа шоттардың дебетiне (8012, 8032, 8042, 2930, 7210, 7110) жатқызылған сомасы есеп объектiлерiне, тапсырыстарына сәйкес баптарына жазылуы керек, яғни талдамалық есеп талап етiледi. Бұл мақсаттар үшiн «Жалақыны тарату» деп аталатын әзiрлiк кестесiн пайдаланады, оған жазбаларды бастапқы құжаттардан түсiредi.
Жалақыны тарату 3350, 3020 шоттарының кредитiнен мына шоттардың дебетiне жазылады: 2930, 7110, 7210, 8012, 8032, 8042. сондай-ақ, жалақы “Материалдар” шотына, “Болашақ кезеңнiң шығыстарына” жатқызылуы мүмкiн, яғни аталған шоттар дебеттеледi де, 3350 шоты кредиттеледi.
Сонымен, қатар келесідей жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбек ақы есептелгенде бухгалтерлік есеп шоттары бойынша жүргізілетін операциялар қолданылады:
Демалыс ақысын төлеуге құрылған резервтер. Қызметкерлердiң демалыс ақысы бойынша есеп айырысу есебi 1280 «Еңбеккерлерге демалыс бойынша қарыздарын есептеу» шотында жүредi. Бұндай резервтердi құру оларды өндiрiс шығындарына жатқызудың бiрқалыптылылығын және дұрыстығын қамтамасыз етудiң жолы болып табылады. Резервке аударудың пайызы демалыс төлемдерiнiң орташа ұзақтылығына байланысты болып келедi. Резервтi құру кезiнде 1280 шоты кредиттелiп, мына шоттар дебеттеледi: 2930, 7110, 7210, 8012, 8032, 8042. Ал, демалысты есептеген кезде 1280 шот дебеттелiп, 3350, 3020 шоттары кредиттеледi.
Өндiрiм мен еңбек төлемiнiң есептерi өндiрiлген өнiм саны аяқталмаған өндiрiс пен шығарылған жарамсыз өнiм туралы уақытында және дәл деректер алуды қамтамасыз етуге; әрбiр қызметкердiң өндiрiмiне сәйкес еңбек ақы төлемiнiң мөлшерiн дұрыс және уақытында анықтауға; өндiрiлген өнiмнiң материалдар мен өндiруге жiберiлген шала өнiмдердiң санына сәйкестiгiн бақылауға; өндiрiстегi тетiктердiң, бөлшектердiң және агрегаттардың қозғалыстарын қадағалап отыру қажет.
Өндiрiс технологиясы мен оны ұйымдастыруға, еңбек төлемiнiң қолданылатын жүйесiне, өнiм сапасын бақылауға, есеп пен басқа жайларын компьютерлендiру деңгейiне қарай бастапқы құжаттар есебi мен үлгiсiнiң әр түрлi әдiстерiн қолданады. Әр түрлi өндiрiстегi өндiрiм мен еңбек төлемi есебiнiң ұйымдастырылуын қарастырайық.
Жаппай-толассыз өндiрiсте және еңбектi бригадалық әдiспен ұйымдастыруда өнiм өндiрiмi мен еңбек төлемi есебi, әдетте, соңғы операциялардан кейiн өнiмдi қабылдап алудан бастап жүргiзiледi. Бригаданың әрбiр мүшесiнiң өнiм өндiруi мастер немесе бригада толтыратын өндiрiм туралы айлық рапортта көрсетiледi. Жұмысшыға еңбек төлемi оның операциялары бойынша өндiрiмiне сәйкес есептелiнедi. Бұл мақсаттар үшiн төмендегi өнiм рапорттары мен ведомостарын қолданады.
Бригаданың өндiрiмi туралы рапорт өндiрiлетiн өнiмнiң белгiлi бiр түрiне жазылады, оның бiр данасына өңделуi бойынша баға белгiлейдi. Ай бойы немесе басқа мерзiмде бригада өндiрiмi – соңғы операциялардан қабылданған өңделген тетiктер ретiнде рапортта күн сайын көрiнiс тауып отырады. Соңғы операциялардан кейiн қабылданған өнiм, жұмыс iстеген уақыты және жұмысшылардың разряды – осы үшеуi еңбек төлемiнiң есептелуiне негiз бола алады. Өндiрiс туралы рапортты жаппай өндiрiсте әр түрлi мезгiл сайын қайталанып отыратын жұмыстарды iстеуге келгенде бiр немесе бiрнеше жұмысшының өндiрiмi мен еңбек төлемiнiң есебi үшiн қолданады.
Өндiрiм есебiнiң тiзiмдемесiне ай бойы бiр тектi жұмыс iстеген бiр топ жұмысшыға жазады. Өндiрiм есебiнiң ведомосын ай бойында әртүрлi жұмыс iстеген бiр топ жұмысшыға жазады. Металлургиялық және химиялық өнеркәсiпте бiр не бiрнеше аппаратттың немесе агрегаттың жұмысын жүргiзетiн бригада өндiрiмi есебiнiң тiзiмдемесiн қолданады; тау-кен өнеркәсiбiнде iстелген жұмыстар есебiнiң тiзiмдемесiн жүргiзедi.
Өндiрiсте өндiрiм және еңбек төлемi есебiн бiр кезеңдегі өндiрiм рапортымен сәйкес келетiн етiп, оларды маршруттық парағында жүргiзген жөн. Егер өнiмдердi өңдеу ұзақтығы бiр сменадан аспайтын болса, бiр рапортпен шектелуге болады. Маршруттық парақты тетiктердiң топтарына жазады, ол өндiрiс процесiнде өңдеу операцияларының бiр-бiрiне өтетiн топ тетiктерiмен бiрге iлесiп жүредi. Бұл жұмысшылардың өндiрiмi мен еңбек төлемiне дұрыс есеп жүргiзiп, бақылау жасап тыруға септiгiн тигiзедi. Бiр сменадағы өндiрiм туралы рапорт өнiмнiң нақты өндiрiмiн көрсетуге арналған және еңбек төлемiн есептеуге негiз болып табылады. Маршруттық парақтардың деректерi бойынша рапорт жазылады.
Маршруттық парақты өндiрiстегi тетiктердiң қозғалысын жедел есептеп отыруға және өндiрiм мен еңбек төлемiнiң бiрыңғай құжаты ретiнде қолданылады. Ол өндiрiс процесiнде тетiктер тобына iлесiп отырады. Маршруттық парақтың жұмысшыларға еңбек төлемiн есептейтiн бiр сменадағы өндiрiм рапортымен сәйкестiлiгiн сақтап, жұмысшылардың өнiм өндiрiмiн және жалақыларын есепке алудың бiрыңғай құжаты ретiнде қолданады.
Еңбек жағдайының өзгеруiнен туындаған бағаларға қосылатын төлемге және өндiрiс технологиясында ескерiлмеген жұмыстарға қосымша төлем парағын немесе ерекшелiк белгiлерi бар кесiмдi жұмысқа жасалатын нарядтар толтырады. Парақтарда өндiрiм туралы негiзгi нарядтың немесе рапорттың нөмiрiне сiлтеме жасап, қосымша төлемнiң әр бiр түрiне жеке жұмысшыға не бригадаға жазады. Кәсiпорында жұмыстың тоқтап қалу және үзiлiстердiң болу себебi ашылып, жұмыс уақытынан артық жұмыс iстегендердiң табелiмен бiрге кәсiпорынның бухгалтериясына берiледi. Қосымша төлемдер туралы мәлiметтерде бухгалтерия ауытқушылық себептерiн тауып, қажеттi шаралар қабылдау үшiн цех басшылығына үнемi ұсынып отыруға мiндеттi.
Мерзiмiнен тыс жұмыстар есебiн мерзiмiнен тыс жұмыс iстеген адамдардың тiзiмiнен тыс iстелген жұмыстарға төлем төлеу үшiн бухгалтерияға бередi. Қабылданып, тексерiлгеннен кейiн құжаттардың деректерi еңбек төлемiн есептеу жөнiндегi есеп айырысу-төлемнiң тiзiмдемесiн жасауға негiз болады. Есеп айырысу-төлем тiзiмдемесiнiң жасалуы. Бухгалтерияға келiп түскен жұмыс уақыты мен өндiрiлген өнiмнiң есебi жөнiндегi құжаттарды тексерiледi де, тек содан соң өңдеуге жiберiледi. Әрбiр жұмысшыға бiр ай iшiнде құжаттар жазылуы мүмкiн. Бiр айлық жалақыны есептеу үшiн жалақы есебiнiң жинақ карточкасы қолданылады. Онда қызметкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты, табельдiк номерi, цех, учаске, құжаттарының толтырылған күнi мен номерi, сағаттық нормасы, әрбiр құжат бойынша есептелген жалақы сомасы, төлемдердiң басқа да түрлерi көрсетiледi. Карточка деректерiн есеп айырысу-төлем тiзiмдемесiн жасау үшiн пайдаланады. Есептi жүргiзу компьютерлендiрiлген жағдайда жинақ карточкалары, сондай-ақ есеп айырысу-төлем тiзiмдемелерi де, әдетте, бiр ғана жұмыс күнiнде жасалады.
Еңбек төлемi бойынша есеп айырысу әртүрлi кәсiпорындарда мынадай құжаттарда: есеп айырысу-төлеу тiзiмдемесiнде, оны сонымен қатар жалақы беру үшiн де пайдаланады; есеп айырысу тiзiмдемесiнде және жеке толтырылған төлем тiзiмдемесiнде; әрбiр жұмысшыға жасалған еңбек төлемiнiң арнайы есеп айырысуларында (бөлек парақтарда); жыл бойы пайдаланатын кiтапқа тiгiлген есеп айырысуы тiзiмдемелерiнде жүргiзiледi.
Есеп айырысу-төлем тiзiмдемесi – жиынтық құжат, есептелген еңбек төлемiнiң барлық түрi және жұмыс iстеп жүргендерге берiлетiн басқа да төлемдер сондай-ақ күшi бар заңдарға сәйкес жасалған ұсталымдар мен шегерiмдер жинақталған. Оны еңбек төлем жөнiндегi есеп айырысу деректерi негiзiнде жасайды. Тiзiмдемеде қызметкерлердiң тегiн, аттарын, әкелерiнiң аттарын, олардың табельдiк номерлерi мен қызмет орындарын, разрядтарын немесе айлық ақыларын көрсетедi. Оған кәсiпорын басшысы мен бухгалтер қол қояды. Тiзiмдеменiң “Есептелдi” деген бөлiмiне құжаттармен негiзделген кесiмдi, мерзiмнен тыс тағыда басқа төлемдердiң есептелген сомалары енгiзiледi. “Ұсталынды және есепке алынды” деген бөлiмiнде табыс салығының сомасы, сондай-ақ атқару қағаздары бойынша ұсталымдардың сомалары; несиеге сатылған тауарлар үшiн есепке алынған сомалар, еңбек төлемiнiң есебiне кiретiн аванс және басқа ұсталымдар енгiзiлдi. Салықты өткен айдың жалақысынан ұстайды. Айдың аяғында тiзiмдемеге әрбiр жұмысшыға тиiстi сомасын шығарады.
1250 “Қызметкерлердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі” шотында – есеп беруге тиiстi тұлғалардан ұсталынған сомалар; жетiспеушiлiктер; ысыраптар мен ұрлық-қарлықтар; несиеге алынған тауарлар т.б. көрсетiледi.
Қызметкерлерге аванс ретiнде өткен ай үшiн түпкiлiктi есеп айырысу ретiнде төленген еңбек төлемiнiң сомалары 1010 және 1030 шоттарының кредитiнен 3350 және 3020 шоттарының дебеттерiне көшiрiледi.
Өткен ай үшiн түпкiлiктi есеп айырысу ретiнде және қазiргi ай үшiн берiлетiн аванс ретiндегi еңбек төлемi төлеу тiзiмдемелерi бойынша төлейдi, ол тiзiмдемеде төленуге тиiстi сома, берiлуге тиiстi (3 күндiк) мерзiмi көрсетiледi. Оған басшы мен бухгалтер рұқсат етемiн деп оның бұрыштамасына қол қойып бекiтедi. Бекiтiлгеннен кейiн тiзмдемеде төлем жасау үшiн кассаға берiледi. Үш күндiк мерзiмде берiлмеген жалақы депонттеледi (кәсiпорын оны сақтауға алады).
Еңбек туралы күшi бар заңдарға сәйкес еңбек төлемiн ұжымдық шартпен бекiтiлген мерзiмдерде, айына екi рет бередi. Онда айдың екiншi жартысы үшiн еңбек төлемi бойынша аванстық және аванссыз тәртiптер белгiленуi мүмкiн. Есеп айырысудың аванстық тәртiбiнде жұмысшылар мен қызметшiлерге жоспарлы аванс бередi; түпкiлiктi есеп айырысу кезiнде, айдың екiншi жартысында еңбек ақы төлемiн жасайды. Аванс мөлшерiн ұжымдық шарт жасасқан кезде әкiмшiлiк пен кәсiподақ ұйымы анықтайды, алайда аванс жұмысшының жұмыс уақыты есебiнiң табелiнен алынған нақты жұмыс iстеген уақыты үшiн тарифтiк төлем мөлшерi бойынша қойылған еңбек төлемiнен кем болмауы тиiс. Есеп айырысудың аванссыз түрiнде жоспарлы аванстың орнына айдың бiрiншi жартысы үшiн нақты өндiрiлген өнiм бойынша немесе нақты iстелiнген нақты жұмыс уақыты бойынша еңбек төлемi есептелiнедi. Есеп айырысудың бiрiншi түрiнiң жұмысы аздау, сондықтан оны кәсiпорын жиi қолданады.
Қызметкерлермен еңбек ақысының төлемi бойынша есеп айырысу жөнiндегi деректердiң жиынтығы. Әрбiр кәсiпорында ай сайын бiрнеше есеп айырысу-төлем тiзiмдемелерi (цехтар, бөлiмдер және кәсiпорынның көрсететiн қызметтерi бойынша) жасалады, оларды жинақтап түйiстiру керек. Бұл үшiн “Қызметкерлермен еңбек ақысының төлемi бойынша есеп айырысу жөнiндегi деректерiнiң жиынтығы” деп аталатын әзiрлiк кестесiн пайдаланады. Онда қызметкерлермен есеп айырысу бойынша ай бойындағы қалдықтары; есептелген, есепке алынған және ұсталынған сомалары, сондай-ақ айдың аяғындағы берешегi, қалдықтары көрсетiледi.

2.4. Еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі

Жұмыс берушi еңбеккерлердiң жалақысынан әрекет етiп тұрған заңға сәйкес әртүрлi ұсталымдар ұстап отырады. Осы күнгi қолданылып жүрген ережелерге сәйкес жұмысшы — қызметкерлердiң еңбекақысынан тек заңмен белгiленген ұсталымдарды ұстап қалуға болады. Жұмысшы-қызметкерлердiң еңбек ақысынан бухгалтерия арқылы ұстауға болатын ұсталымдар:
— жинақталатын зейнетақы қорына аударылатын сома – 10%;
— табыс салығы (белгіленген заңға сәйкес);
— заң, сот органдарының үкiм қағаздары бойынша ұсталымдар (алимент және айыппұл және тағы басқалар);
— әр түрлi жарналар.
Дербестiк сақтандыру шарттарына сәйкес қызметкердің жазбаша өтініші бойынша жеке басын, жанұя мүшелерін, мүлкін және тағы басқаларын сақтандыруға байланысты жарна аудару:
— еңбекақы есебiнен алдын-ала берiлген төлемдер, аванстар;
— банкiден алынатын несиелер үшiн ұсталымдар;
— шаруашылық субъектiсiне келтiрген зияндары үшiн өтемақылар;
— қызметкердің жазбаша өтініші бойынша өзі жұмыс істейтін субьекті
қарамағындағы, яғни меншігіндегі үйде тұрғаны үшін төленетін төлемдер және балабақшаға балалары үшін төлемдер.
Жеке табыс салығы бойынша есеп-қисапты салық органына салық төленетін жер бойынша есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей табыс етеді.
8 кесте. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысынан ұсталынатын ұсталымдар кезінде бухгалтерлік есепшоттары бойынша жүргізілетін операциялар.
№ Операциялар мазмұны Дебеттелетін шот Кредеттелетін шот
1 Жеке тұлғалардан жеке табыс салығын ұстауда 3350 «Еңбек ақыны төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»,
4230 Қызметкерлерге сыйақылар бойынша ұзақ мерзімді бағалау міндеттемелері» 3220 «Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер»
2. Орындау қағазы, есеп беретін сомасы және басқалар бойынша жалақыдан ұстауда
3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»
3440 «Өзге қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері»
3. Келтірілген зиянды өтеу есебіне, есеп беретін, сондай-ақ қызметкерге қарыз алушыға берілген қарыздар сомасын жалақыдан ұстауда 3430 «Қызметкерлерге сыйақылар бойынша қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері» 2150 «Қызметкерлердің ұзақ мерзімді дебиторлық берешегі»,
6280 «Басқа да кірістер»
4. Мүлік және ұйым қызметкерлерін сақтандыруға байланысты шығыстарды есептеуде 7110 «Өнімдерді сату және қызметтер көрсету бойынша шығыстар», 7210 «Әкімшілік шығыстар» 4430 «Өзге де ұзақ мерзімді міндеттемелер»

Төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығы, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары бюджетпен есеп айырысуды патент негізінде жүзеге асыратын салық төлеушілер мынадай тәртіппен жүргізеді:
— ағымдағы салық кезеңінің 1 қаңтарынан 1 қазанына дейінгі кезең үшін есептелген сомалар 20 қазаннан кешіктірілмейтін мерзімде төленеді;
— 1 қазан мен 31 желтоқсан аралығындағы кезең үшін есептелген сомалар есепті кезеңнен кейінгі салық кезеңінің 20 наурызынан кешіктірілмей төленеді. Компанияның жұмыскерлерi еңбекақыны шығыс касса ордерiмен алады. Мекеме тiркелген салық комитетiне тоқсан сайын бiр рет жалпы еңбек қоры жайлы және ұсталынған табыс салығы жайлы, зейнетақы қорына аударымдар туралы есеп берiп отырады. Жылдың аяғында әрбiр жеке тұлғаның төленген табысы туралы, ұсталынған табыс салығы және зейнетақы қорына аударымдары туралы тiзiм өткiзiледi және еңбек ақыдан заң сот органдарының үкiм қағаздары бойынша ұсталымдар: алимент, қарыздар ұсталынып екiншi тұлғаға аударылады. Үкiм қағаздарында ұсталым мөлшерiнiң пайызы, мерзiмi, аударылу түрi және кiмге екенi жазылады. Бухгалтерия ұсталынғаннан кейiн үкiм қағазын толтырып, сотқа қайтарып бередi. Егер үкiм қағазы бойынша жұмыста жоқ адамға және мүмкiншiлiгi жоқ болған жағдайда сотқа хабарлайды. 2005 жылғы «Неке және отбасы туралы» заңына сәйкес сот тәртібімен өндіріп алынатын алименттің мөлшері ай-сайын мынадай мөлшерде: 1 балаға – ата-ана табысының және өзге де кірісінің- төрттен бірін, 2 балаға – үштен бірін, 3 және одан да көп балаға – тең жартысын өндіріп алады.
Бұл үлестердің мөлшерін сот тараптардың материалдық немесе отбасылық жағдайларын және назар аударарлық өзге де мән-жайларды ескере отырып кемітуі немесе көбейтуі мүмкін. Нотариат куәләндірген алимент төлеу туралы келісімнің негізінде алимент осындай келісімнің және атқару құжаттарының негізінде ұсталып қалатын жалпы сома алимент төлеуге міндетті адам жалақысының және өзге де кірісінің 50 % -нан асқан жағдайда да ұсталып қалуы мүмкін.

 

 

 

III-тарау. Қызметкерлердің еңбекақысының аудиті мен талдауы

3.1. Еңбекақы есебінің аудиторлық тексерілуі

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуді тексерудің негізгі міндеті – еқбекақы төлеуде нормативтік – құқықтық актілердің сақталуына бақылау жасау, жалақыдан ұстап қалу мен еңбекақы төлеуде бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығын тексеру болып табылады. Бақылау барысында қолданылатын ақпарат көздері болып 3350 «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты бойынша талдамалық және топтамалық мәліметтер өнімділіктің есебі және еңбекке ақы төлеуді есептеу жөніндегі алғашқы құжаттар (мысалы, жұмыс істеген уақыт есебі табелі мен нарядтар) уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек демалысына төлемдерді есептеу, нормативтік құжаттар, бұл операцияны реттейтін ҚР «Еңбек туралы заңы», қызметкерлердің еңбегі бойынша мәселелері жөніндегі әдістемелік ұсыныстар, олардың орташа еңбекақысын есептеу тәртібі жөніндегі әдістемелік ұсыныстар, олардың орташа еңбекақысын есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулық және тағыда басқа басшылыққа алынады. Қызметкерлермен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысуларды тексеруді әр айдың бірінші күніндегі 3350 шоты бойынша талдамалық есеп көрсеткіштерінің және бухгалтерлік баланстағы, бір уақытта Бас кітаптағы жазулармен сәйкестігін анықтап бастаған жөн.

9 кесте. Еңбекақы аудитін жүргізу бағдарламасы
№ Аудит процедуралары Ақпарат көздері
1. Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны төлеуді тексеру Нормативтік-құқықтық актілердің сақталуын бақылау, жалақыдан ұстап қалу еңбекақы төлеуде, бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығын тексеру.
2. Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу шотымен талдамалық және топтамалық мәліметтерге сәйкестігі Өнімділіктің есебі және еңбекақы төлеуді есептеу жөніндегі бастапқы құжаттар (жұмыс табель мен нарядтар) уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек демалысына төлемді өтеу нормативті құжаттар
3. Қызметкерлермен еңбекке төлеу бойынша есеп айырысуды тексеру Бухгалтерлік баланс, бас кітап, бас кітап тізімдемесінің ведомосі
4. Мәліметтерді депозитке салынған еңбек ақы есеп кітабімен салыстыру Бастапқы құжаттардың анық сенімділігін толтырылу дұрыстығын, оларды еңбекақы және еңбекті өтеудің басқа түрлерін есептеу жәек нормативті құжаттар және тағыда басқа

 

5. Еңбек және оны төлеу есебі жөніндегі бастапқы құжаттарды тексеру Жауапты лауазымды адамдардың қойылған қолдары бар немесе жоқтығын, барлық деректемелердің толтырылу дұрыстығын құжаттарды тазартып, өшірілген түзетулердің барлығын тағыда басқа анықталынады

Бұл үшін Бас кітаптағы қарастырып отырған айлардың бірінші күндегі 3350 шоты бойымша тізімдегі ведомосының жиынтық сомасымен кәсіпорын балансындағы көрсеткішімен салыстыру керек. Сондай-ақ мәліметтерді депозитке салынған еңбекақы есеп кітабы көрсеткіштерімен салыстыру керек. Сосын алғашқы құжаттардың анық сенімділігін, толтырылу дұрыстығын, олардың еңбекақы және еңбекті өтеудің басқа түрлерін есептеу мен төлеу бойынша нормативтік құжат талаптарына сәйкестігі тексеріледі.
Еңбекті уақыт бойынша төлеуде (мерзімді еңбекақы) тарифтік мөлшерлеме немесе мәміле шарттарын қолданудың дұрыстығы, кесімді еңбекақы төлеуде – жұмыстың сандық және сапалық көрсеткіштерін орындау, нормалар мен баға қоюды қолданудың дұрыстығы тесеріледі. Еңбекақы төлеу есебі жөніндегі алғашқы құжаттарды тексергенде орындалған жұмыс есебі үшін жауапты лауазымды адамдардың қойылған қолдары бар немесе жоқтығын, барлық деректемелердің толтырылу дұрыстығын, құжаттарда тазартып өшірілген түзетулердің бар немесе жоғын т.б. анықтайды,
Жұмыс уақыты мен нарядтар есебі табелін, сондай-ақ еңбекті төлеуді есептеу жөніндегі алғашқы құжаттарды тексергенде, оларға ойдан шыңарылңан, яғни жасанды тұлғаларды кіргізу жағдайлары бар немесе жоқтығын анықтау керек. Бұл үшін оларды берген уақыттағы нарядтарды талдап шығу, нерядтар мен жұмыс уақытының есебі табельдеріндегі жұмысшылардың аты-жөндерін, жеке құрам есебінің және төленген самалар туралы мәліметтерімен салыстыру керек. Бұрын төленген алғашқы құжаттар бойынша қайтадан есептеу жағдайлары бар немесе жоқтығын, бір адамның аты-жөндері бірнеше есептеу-төлемдік ведомостарда қайталауын тексеру де маңызды болып табылады. Кәсіпорынның тізімдік құрамында жоқ, аз уақыт жұмыс істеген адамдарға жазылған нарядтарға, сондай-ақ төмен сапамен орындалған жұмысты қайта жасап, ақауды жою бойынша нарядтарға ерекше назар аудару қажет және алғашқы құжаттар мен есептік ведомостарды тексергенде арифметикалық санаудың дұрыстығына ерекше көңіл бөлу керек.
Аудиторлық тексерудің одан әрі жүзеге асатын кезеңдері мыналар болып табылады:
— төлемді есептеудің дұрыстығын іріктеп тексеру;
— жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқуымен байланысты болатын қосымша еңбекақыны рәсімдеу тәртібі;
— құжаттық рәсімдеу мен іркіліс төлемі;
— өнімнің ақауын құжатпен рәсімдеу мен оны төлеу;
— түнгі мезгілдегі жұмысқа төленетін қосымша еңбекақы;
— жұмыстан тыс уақыттағы еңбекақыны төлеу;
— мерекелік күндердегі жұмыс істегені үшін еңбекақы төлеу;
— іс жүзіндегі заңда қарастырылған (еңбек демалысына, жұмыстан шығу жәрдем ақысын төлеу және т.б.) жқмыспен өтелмеген уақытқа төлем есептеу;
— уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы есептеу;
— еңбекақыдан аударымдардың дұрыс ұсталғандығын тесеру.
Заңға сәйкес еңбекақыдан мыналар ұсталынуы тиіс:
— зейнетақы қорына аударым;
— табыс салығы;
— бұрын берілген аванс бойынша берешекті;
— арифметикалық қате нәтижесінде артық төленген соманы беруге;
— пәтер ақы;
— баланың мектепке дейінгі балалар мекемесінде тәрбиеленгені үшін;
— қызметкерлердің кәсіпорынға келтірген материалдық зиянның орнын толтыруы;
— ақшалай артық есептеулер;
— несиеге сатып алынған тауарлар үшін;
— газет пен журналдарға жазылғаны үшін;
— орындалатын үкім бойынша құжаттар, өнім ақауы үшін.
Жеке табыс салығы Қазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке міндетті басқа төлемдер туралы» Кодексінде белгіленген тәртіп бойынша ұсталынады.
Зейнетақы жарнасын ұстауы және қызметкерлердің ай саынғы еңбекақыдан 10% мөлшерінде ұсталынады.
Қарызға алынған тауарлар үшін ұсталымдар қызметкерлерге ұзақ пайдалану үшін несиеге тауарларды сату ережелерінде қарастырылған тапсырма-міндеттеме негізінде жасалады. Қызметкерлер келтірген материалдық зиянның орнын толтыру үшін ұсталым кәсіпорын бойынша (қызметкерлердің келісімі болғанда) бұйрық негізінде, не болмаса сот шешімі бойынша атқарылады.
Тексеру қорытындысында мыналарды анықтау қажет:
— шығыстарды еңбекке ақы төлеу қорына жатқызудың дұрыстығы;
— жеке төлемдерді өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығы;
— бухгалтерлік өткізбелерді еңбекті төлеу қоры бойынша жасаудың дұрыстығы;
— топтамалық және талдамалық есепті, жиыньық мәліметтерді және еібекке ақы төлеу қоры бойынша бухгалтерлік есеп беру формаларын толтыруды жүргізудің дұрыстығы;
— 3350 шоты арқылы орындайтын үкім қағазы және депозитке салынған еңбекақы, 8, 10 журнал-ордерлердегі жазбасы, Бас кітап пен баланс жағынан талдамалық есеп жазбаларына сәйкестігі.

3.2. Еңбекақыдан ұсталынатын ұсталымдарының аудиті

Жинақталған еңбекақы сомасы мен тиісті ақшалай міндеттемелердің толықтығы мен дәлдігін анықтауға бағытталған объектіге қатысты тексеру жүргізу бірінші кезекте талдамалық процедуралардан тұрады. Ауди¬тор жинақталған еңбекақы туралы мәліметтерді алуға және олардың математикалық дәлдігін тексеруге тиісті. Жалпы нәтижені төлем ведомосымен салыстыру керек. Осы жерде еңбекақы шығыстарына жатқызылатын Бас кітаптағы шоттар қаралады. Мұндай жағдайда төмендегілер орындалатын талдамалық процедуралар көмектесуі мүмкін:
— жұмыскерлердің орташа саны мен орташа еңбекақы туралы мәліметтер өткен жылдың мәліметтерімен салыстырылады;
— жұмыскерлердің орташа санының, орташа еңбекақының және еңбек өнімділігінің өсу қарқыны салыстырылады;
— еңбекақы қорына әсер етуші факторлар айқыңдалады. Объектіге қатысты тексеру еңбекақы шығындары шоттарының сальдосы бойынша, әдетте, жүргізілмейді. Ол тек, егер талдамалық процедуралар егжей-тегжейлі тексеру арқылы қосымша дәлелдеулер алу қажеттігі туралы куәлік бермесе ғана жүзеге асырылады.
Тәуекелдік дәрежесінің маңызы мен оның бағалануын негізге ала оты-рып, аудитор кәсіпорынның өз қарыздарын келешекте төлеуін қарастырады. Жылдың аяғында ағымдағы шоттардың өткен кезеңдегі сондай шоттармен салыстырылуы әдеттегіден өзгеше аспектілерді анықтауы мүмкін,
Объектіге қатысты тексеру жүргізу кезінде персоналдың еңбекақысы бойынша төмендегілер ішінара тексеріледі:
— кесімді еңбекақы бағалануы, тарифтік ставкалар және оклад бойынша төлемнің дұрыстығы;
— кәсіпорында қабылданған сыйақы төлеу жүйесі бойынша кесімді және мерзімдік еңбекақы алушы жұмыскерлерге сыйақы есептеудің негізділігі мен дұрыстығы, сондай-ақ орташа еңбекақыны есептеудің дұрыстығы;
— қолданыстағы заңдық құжаттарда қарастырылған жұмыс істелінбеген уақыт үшін (еңбек демалысы кезінде және т.б.) төлемдердің есептелуі;
— түнгі уақытта, жұмыстан кейін қалып істелген жұмыстар үшін, жұмысшылардың кінәсінсіз жұмыс тоқтап қалған кезде, ауыр және ден-саулыққа зиян келтіретін жұмыстарды орындаған кезде, мейрам және демалыс күндері үшін қосымша төлемдердің дұрыс есептелуі.
Кесімді еңбекақы бағамдары, тарифтік ставкалар және окладтар бойынша еңбекақы төлемінің дұрыстығының аудиті. Жұмыскерлерге есептелінген еңбекақы және баска да төлемдердің (сыйақы, материалдық көмек, сыйлықтар және т.б.) дұрыстығына, әдетте, тексеру іріктеп (ішінара) жүргізіледі. Ол үшін іріктеуге жұмыскерлердің әр түрлі категориялары бойынша немесе жұмыстан босатылған жұмыскерлер (басшылар, мамандар, жұмысшылар) бойынша, есептелінген төлемдердің негізгі түрлері бойынша (үлес салмағы жалпы еңбекақы сомасының 5 пайызынан жоғары болатын) және әр түрлі уақыт кезеңдері бойынша (әдетте, әрбір тоқсанның бір айы) мәліметтер алынады. Тексеруге есеп айырысу және төлем ведомостары, жұмыскерлердің жеке шоттары, сонымен бірге еңбекақы есептеуге негіз болған бастапқы кұжаттар (табельдер, нарядтар және т.б.) тартылады. Олардың толтырылуының дұрыстығына, нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігіне ерекше назар аударылады.
Мерзімдік еңбекақы төлеуге тексеру жүргізу кезінде тарифтік ставка-ларды қолданудың негізділігі және келісім-шарттарының сақталуы анық-талады, ал кесімді еңбекақыға тексеру жүргізу кезінде — сандық және сапалық көрсеткіштердің орыңдалуы, нормалар мен расценкаларды (бағаларды) қолданудың дұрыстығы анықталады. Бастапқы құжаттарды тексеру кезінде барлық реквизиттердің толық толтырылауы, орындалған жұмыстардың есепке алынуына жауапты тұлғалардың қойылған қолдарының болуы, құжаттарда өшірулердің, түсіндірмесіз жөндеулердің жоқ болуы анықталады. Кесімді жұмыстардың нарядына оның берілген мерзімі бойынша талдау жасай отырып, нарядтағы және жұмыс уақыты есебінің табеліндегі жұмысшылардың фамилияларын жеке құрам есебінің мәліметтерімен салыстыра отырып, аудитор оларға жалған тұлғаларды кіргізу, бұрын төленген бастапқы құжаттар бойынша сомаларды қайтадан есептеу сияқты жағдайлардың бар-жоқтығын анықтайды. Математикалық бақылау жасау әдісімен бастапқы құжаттардағы немесе есеп айырысу ведомостарындағы есептеулерде жіберілген қателер анықталады.
Сыйақыларды және орташа еңбекақыны есептеудің негізділігі мен дұрыстығының аудиті. Жұмыскерлердің өндіріс тиімділігін және жұмыстың сапасын көтеруге деген материалдық қызығушылығын күшейту үшін сыйақы төлеу, бір жылдағы жұмыстың қорытындысы бойынша марапаттау жүйелері және басқа да материалдық қолдау көрсету нысандары енгізілуі мүмкін. Осы позицияға тексеру жүргізу кезінде оларды төмендегідей бөлуге болады:
— еңбекақы төлеу жүйесінде қарастырылған марапаттау ретіндегі ағымдағы сыйақылар;
— ерекше көзге түскен жұмыскерлерді еңбекақы жүйесінен тыс марапаттау ретіндегі бір жолғы сыйақылар.
Сыйақы төлеу көрсеткіштері мен шарттары, сыйақының мөлшері (әрбір кәсіптің, лауазымды қызметтің түрі бойынша), жеке еңбек келісім-шартында, ұжымдық келісім-шартта және жұмыс берушінің актілерінде қарастырылады. Мұндай кезде кәсіпорындар Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтің қорғау Министрлігінің бұйрығымен (12.05.2005 ж., № 141-П) бекітілген жұмыскерлерге еңбекақы төлеу мәселелері бойынша әдістемелік ұсыныстарды басшылыққа алуға тиісті.
Орташа еңбекақыны есептеу тәртібі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен (29.12.2000 ж., № 1942) бекітілген «Жұмыскерлердің орташа еңбекақысын есептеу тәртібі туралы» ереже-нұсқауға сәйкес орташа еңбек ақыны есептеу барлық жағдайда жүзеге асырылады. Себебі, төмендегі жағдайларда орташа еңбекақының сақталуына (ақшалай өлшеммен төленуіне) заңмен кепілдік берілген:
— ұйымды жойған, жұмыс берушінің қызметі тоқта-тылған, сондай-ақ штат саны немесе жұмыскерлердің саны қысқарған жағдайларда жұмыскермен жеке еңбек келісім-шартын бұзып, оған компенсация есептеген кезде;
— жұмыскерді әскери қызметке шақырған кезде (3 күн мерзім ішінде құжат көрсету арқылы);
— еңбек демалысына төлем жасалынған кезде немесе пайдаланылмаған еңбек демалысына компенсация төленген кезде;
— өз еркінсіз жұмыстан қалған уақыты үшін төлем есептелген кезде немесе еңбекақысы төмен жұмыстарды орындаған кезде;
— орташа еңбекақының сақталуы және төленуі уақытша еңбекке жарамсыздығы кезінде, екі қабат болған және босанған кезде төленетін әлеуметтік жәрдем ақылардың, бала асырап алған әйелдер мен еркектерге ҚР заңдарына сәйкес әлеуметтік жәрдем ақының төленуіне байланысты басқа да жағдайлар кезінде.
Еңбекақы төлеу жүйесінде қарастырылған ынталандыру сипатындағы сыйақылар және басқа да төлемдер орташа еңбекақыны есептеу кезінде қосылады. Қосымша және үстеме төлемдерді есептеудің дұрыстығының аудиті. Жұмыс орындарының тапсырма-нарядтарға, маршруттық қағаздарға және басқа құжаттарға сәйкес шикізаттармен, материалдармен, жабдықтармен, құрал-саймандармен және т.б. толық қамтамасыз етілуі жұмыстың нормалы болып есептеледі. Егер бұл жағдайлар орындалмаған болса, жұмысшыға қосымша уақыт жұмсауына тура келеді, яғни осы уақытты және оған төленетін ақыны есептеу қажет.
Жұмысшы кәсіпорында болғанымен оны жұмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігі жоқ, болған жағдайдағы амалсыз үзілістердің уақыты — жұмыстың тоқтап тұруы деп аталады. Жұмыс тоқтап тұрған кезде төлем жасаудың тәртібі мен шарты жеке немесе ұжымдық келісім-шартпен айқындалады.
Жұмыс уақыты біткеннен кейін орындалған жұмыстар үшін төлем бір жарым еседен төмен болмауы керек. Мереке және демалыс күндері істелген жұмыстар үшін төлем 2 еселенген мөлшерден төмен болмауға тиісті. Мейрам және демалыс күндері орындалған жұмыстарды орнын толтыру жұмыскердің тілегі бойынша қосымша демалыс күн алумен ауыстырылуы мүмкін.
Түн мезгілінде орындалған жұмыстардың әрбір сағаты үшін төлем бір жарым еселенген мөлшерден аз болмауга тиісті. Бір кәсіпорынның ішінде жеке еңбек келісім-шартымен қамтамасыз етілген өзінің негізгі жұмысын орындаумен қатар баска лауазымдық жұмысты немесе уақытша жұмыста жоқ жұмыскердің міндетін орындау бойынша қосымша жұмысты орындаған жұмыскерге жұмыс беруші белгілейтін қосымша төлем жасалынады.
Жұмыста жоқ қызметкердің лауазымдық міндеттерін уақытша атқар-ған жағдайда, осы міндеттер жүктелген жұмыскерге (егер ол штаттағы орынбасар болып табылмаса) өзінің нақты оклады мен жұмыста жоқ қызметкердің лауазымдық окладының арасындағы айырма төленеді. Жеке еңбек келісім-шартымен, ұжымдық келісім-шарттарымен жұмыс берушінің актілерімен климат жағдайлары ауыр жерлерде жұмыс істегені үшін, ауыр қара жұмыстарды, денсаулыққа зиян келтіретін жұмыстарды орындағаны үшін және қауіпті жағдайларда жұмыс істегені үшін қосымша төлем белгіленуі мүмкін.
Жеке еңбек келісім-шартымен, ұжымдық келісім-шарттармен немесе жұмыс берушінің актілерімен еңбекақы корының шегінде төмендегі үстемелер белгіленуі мүмкін: сіңірген еңбегі үшін; бір жылғы жұмыстардың нәтижесі бойынша; жұмыстың жоғарғы сапасы үшін; жұмыстың аса күрделі жағдайы үшін; жұмыстың көшіп жүретін сипаты үшін; кәсіби шеберлігі үшін; баска жұмыскерлерді үйреткені үшін жеке үстеме және т.б.
Жұмыс істелінбеген уақыт үшін жасалынған төлемдердің аудиті. Еңбек демалысына жасалынған төлем. Тексеру жүргізу кезінде жұмыскерлердің еңбек демалысы кезінде төлем жасау шығындарының есепті кезеңнің өндірістік шығындарына дұрыс апарылуына назар аудару керек. Еңбек демалысы кезінде төлем жасаудың нақты шығындары пайда болуына қарай өнімнің (тауардың, жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына апарылады. Еңбек демалысына төлем жасау шығыстарының есебін жүргізудің кәсіпорында таңдалған нұсқасы, әдетте, есеп саясатына тіркеледі, және де өзгермейді. Егер кәсіпорында кезекті және қосымша еңбек демалысына төлем жасауға, ұзақ жылғы еңбегі үшін сыйақы төлеуге резерв жасалынған болса, онда 3380 «Жұмыскерлердің еңбек демалысы бойынша есептелінген борыштар» шоты бойынша операциялардың негізділігі анықталады.
Еңбек демалысына төлем жасауға есептелінген шығыстардың есепті кезеңдегі еңбек демалысының күндеріне келетін сомада ғана есепті айдың еңбекақы қорына қосылатындығын есте сақтау керек. Егер еңбек демалысының бір бөлігі келесі айға өтетін болса, сол күндер үшін жұмыскерлерге төленген сома берілген аванс ретінде көрсетіледі (3350-шоттың дебеті бойынша) және өңдірістік шығындарға тек келесі айда ғана апарылады. Мұндай кезде еңбек демалысына төлем жасау үшін немесе пайдаланылмаған еңбек демалысына орнын толтыру төлеу үшін орташа күндік еңбекақының төмендегідей есептелінетіндігін ескеру қажет:
— егер барлық есеп айырысу кезеңінде жұмыс істелінген болса, онда есеп айырысу кезеңінде есептелінген еңбек ақы сомасын 12-ге және жыл ішіндегі күнтізбелік күндердің айлық орташа санына бөлу арқылы;
— егер есеп айырысу кезеңіңде толық жұмыс істелінбеген болса, онда есеп айырысу кезеңіндегі жұмыс істелген уақыт үшін есептелінген еңбекақы сомасын осы жұмыс істелген уақытқа келетін күнтізбелік күндердің санына бөлу арқылы.
Мердігерлік келісім-шарттар және азаматтық-құқыктық сипаттағы басқа да келісім-шарттар бойынша төлемдерді тексеруге ерекше назар аударылады. Келісім-шарттардың рәсімделуінің дұрыстығы, келісімдердің жасалынуының экономикалық пайдалылығы, олар бойынша алынған нәтижелердің нақтылығы мен кәсіпорын үшін тиімділігі, келісім-шарттар бойынша есеп айырысулардың дұрыстығы және есепте көрсетілуі анықталады.
Еңбекақыдан ұсталымлардың дұрыстығының аудиті. Аудитор жұмыскерлерге есептелген еңбекақыдан ұсталымлардың толықтығы мен олардың өз уақытында жүзеге асырылуына зерттеу жүргізеді, яғни төмендегілер тексеріледі:
— жеке табыс салығы;
— зейнет ақы қорына аударымдар;
— бұрын берілген аванстар бойынша борыштардың, сондай-ақ ариф-метикалық қате жіберу арқылы артық берілген сомалардың қайтарылуы;
— есебі берілуге тиісті сомалар бойынша борыштардың жойылуы;
— орындау құжаттары бойынша.
Еңбек ақыдан басқадай ұсталымдар тек жұмыскердің келісімімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
Жеке табыс салығы Қазақстан Республикасының Салық кодексімен және Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің салық комитеті Төрағасының «Жеке табыс салығын есептеу мен ұстап қалу және әлеуметтік салықты есептеу ережелерін бекіту туралы» бұйрығымен (01.12.2008ж., № 613) белгіленген тәртіп және мөлшер бойынша ұсталынады.
Табыстың бұл түрінен жеке табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысулардың дұрыстығы мен олардың өз уақытында жүзеге асырылуы үшін өз жұмыскеріне табыс төлейтін жұмыс беруші жауап береді. Жеке табыс салығы жұмыскердің нақты алған табысынан ұсталып, бюджетке ауларылады. Есептелген табыс сомасы жұмыскерге төленбеген жағдайда, жұмыскерден жеке табыс салығы ұсталынбайды және жеке табыс салығын бюджетке аудару міндеті туындамайды.
Зейнетақы қорына ұсталымдар ҚР Үкіметінің «Міндетті зейнетақы жарналарын есептеу, ұстау және жинактаушы зейнетақы қорларына аудару ережелері» жөніңдегі Қаулысына сәйкес 10% мөлшерінде жүзеге асырылады.
Орындау қағаздары бойынша ұсталымдар тек ол қағаздар болғанда ғана жұмыскердің жеке өтініші негізінде жүзеге асырылады. Жұмыскердің кінәсінен шеккен материалдық зиянның орнын толтыру бойынша ұсталымдар кәсіпорын бойынша бұйрықтың негізінде (жұмыскердің келісімі бар болса) немесе соттың шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Тексеру кезінде ерекше назар аударылатын ұсталымдардың негізгі түрі жеке тұлғаның табысына салынатын салық болып табылады. Оған тексеру жүргізу кезінде ұсталынған салық сомасына арифметикалық бақылау жүзеге асырылады, қолданыстағы заңнамаларда қарастырылған жеңілдіктерді қолданудың заңдылығы расталады. Төмендегі ұсталымлардың ұсталынбау немесе толық ұсталынбау жағдайлары анықталады:
— материалдық көмек сомаларына салынатын салыктың;
— белгіленген нормалардан жоғары компенсациялық төлемдерден ұсталымдардың;
— тауарларды жеңілдік бағамен жұмыскерлерге сатып-өткізу кезінде олардың нарыктық құны мен сатып-өткізу бағасының арасындағы ай-ырмадан ұсталымдардың.
Сақтаңдыру компанияларымен жасалынған сақтандыру келісім-шарттарының, төлем тапсырмаларының және жұмыскерлердің жеке шот-тарының мәліметтері бойынша ерікті сақтандыру келісім-шарты негізінде жұмыскерлердің пайдасына кәсіпорынның шоттарынан ақша қаражаттарын аудару фактілері анықталды.
Содан кейін есеп регистрлерінде көрсетілген шот корреспонденция-ларының және есептелген еңбекақы сомалары мен ұсталымдардың, есептелген, төленген және депонеттелген еңбекақы бойынша талдамалық және синтетикалық есеп мәліметтерінің дұрыстығы аныкталады. Ол үшін табельдік номерлер шеңберінде есеп айырысу ведомостары бойынша «Есептелген сомалардың жиынтығы» және «Ұсталымдардың жиынтығы» көрсеткіштерінің айырмасы ретінде анықталатын «Берілуге тиісті сома» көрсеткіші бойынша жиынтық сомаларға арифметикалық бақылау жүзеге асырылады. Тексеру қорытыңдысында төмендегілерді аныктау кажет:
— еңбекақы қорына шығыстарды апарудың дұрыстығын;
— жекелеген төлемдерді өнімнің өзіндік кұнына апарудың дұрыстығын;
— еңбекақы қоры бойынша бухгалтерлік жазулардың орындалуының дұрыстығын;
— жинақтаушы және талдамалық есептерді жүргізудің, жиынтық мәліметтердің және еңбекақы қоры бойынша бухгалтерлік қорытынды есеп беру нысандарын толтырудың дұрыстығын;
— белгіленген нормадан жоғары іс-сапар шығыстарының орнын толтыру кезінде төленген сомалардың тұлғаның жиынтық табысына енгізілуін.
Еңбекақы бойынша талдамалық есеп мәліметтерінің Бас кітаптағы жинақтаушы есеп мәліметтерімен және бухгалтерлік баланс көрсеткіштерімен сәйкестігін анықтау үшін Бас кітаптағы және баланстағы «Персоналмен еңбек ақы бойынша есеп айырысу» шоты бойынша айдың 1-ші күніне сальдоны есеп айырысу — төлем ведомостарының жиынтық сомаларымен салыстыру қажет. Ауытқушылықтар табылған жағдайда олардың себебін анықтау қажет.
Еңбекақы қорынан әр түрлі төлемдер мен ұсталымдарды алып тастау жолымен ақша қаражаттарының шығысын бүркемелеу, аванстардың толық ұсталынбауы, ақша құжаттарының, олар бойынша төлемдерді «Персоналмен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шотының дебетіне апара отырып, қайтадан есептен шығарылуы, сальдоны бір есеп айырысу шотынан екіншісіне көшіру кезінде дебиторлық борыштың азаюы немесе кредиторлық борыштың көбеюі, есеп жүргізудегі салықтық ауытқушылықтардың негізгі себептері болыл табылады. Аудиторлық тексеру жүргізу барысында анықталған қателер мен ауыт-қулар аудитордың жұмыс құжаттарына нормативтік құжаттарды бұзу-шылықтарды көрсете отырып және қорытынды есеп көрсеткіштеріне сандық әсерін анықтай отырып жазылып алынады.

3.3. «VENTURA» ЖШС –нің қызметкерлеріне талдау жүргізу

Кадрлық саясатты жетілдіру үшін кәсіпорынға еңбек ресурстарың талдау қажет. Оның негізі болып еңбек көрсеткіштерін пайдалануында жатыр. Еңбек көрсеткішітеріне жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа тізім саны, жұмыс уақытының пайдалануы, орташа еңбекақы, еңбек сыйымдылығы және тағы басқа. Еңбек ресурстардың талдауы белгілеген реттімен жүргізіледі. Талдауды кәсіпорынның кадрлық құрамын зерттеуден және өндірісті жұмыс күшімен қамтамасыз ету деңгейінен басталады. Содан кейін жұмыс уақытының пайдалануы талданады және қорытындыда еңбек өнімділігінің динамикасынның зерттеуі жүргізіледі. Сонымен, еңбек ресурстарындың талдауын жүргізгенде, ең алдымен кәсіпорын персоналының құрамы мен тізімділігін зерттеу қажет. Ол үшін келесідей көрсеткіштер есептеледі: жалпы қызметкерлердің орташа саны, жұмысшылардың орташа тізімдік саны және жалпы персонал санындағы жұмысшылардың үлес салмағы. Осында үлкен мағынаны жалпы кәсіпорынның барлық персоналынан жұмысшылардың динамикалық бөлігін анықтау болып табылады. Егер осы көрсеткіштің мәні төмендесе, онда осындай жағдай кәсіпорын іскерлігінің жағымсыз факторы болып табылады, бірақ сол жағдайда, егер еңбек өнімділігінің төмендеуі бар болғанында, кері жағдайда өндірістің азаюының себебінің болуында. Талдаудың басты мәселесі кәсіпорынның еңбек ресурстары мен қамтамасыз етулуі болып табылады.
Осында біріншіден жұмысшылармен абсалютті қамтамасыз етудің салыстырмалы әдісі (1) формула қолданылады:

АБС ± ∆Т= Т нақты – Т жоспар (1)

«VENTURA» ЖШС-де бұл көрсеткіш -5=40-45 тең болды, яғни тағы да 5 адам алуға жоспарлап отыр.

Екіншіден, қатыстырмалық қамтамасыз етуді анықтау ол жоспарлы көрсеткіштер қайта есептеу әдісінің көмегімен (2) формуламен анықталады:

бұл жерде, Т нақты – жұмысшылар саны, өнірістегі нақты істейтіндер
Т жосп – жоспарлы жұмысшылар саны
Т қ. есеп – жоспарлы тізімі, нақты орындалған жұмыс көлеміне сәйкес қайта есептелгені, ол келесі әдіспен (3) формуламен анықталады:

Т қ.есеп = Т жосп * %V /100% (3)

Мұнда %V – орындалатын жұмыс көлемінің пайызы.
Осындағы ауытқу, жағымды тізім (+∆Т) түрінде алынған жұмыс күшінің артық екені туралы шешім жасауға болады, жағымсыз тізім түрінің негізінде өндіріс жұмыс күшінің дұрыс қолданбауын білдіреді. Осында қатыстылық қамтамасыз ету дәлірек шешім қабылдауға мүмкіндік береді, қашан нақты өндірілген өнімнің көлемі бизнес жоспардың көрсеткіштері сәйкес келмегенде болады. Еңбек ресурстарының динамикасын талдау. Кез келген кәсіпорынның кадрлық саясаты оның жұмысшылар құрамынның тұрақты болуы қажет.
Бірақ тәжірибеде еңбек ресурстарының динамикасынада үнемі орыны бар: қызметкерлерді әртүрлі себептерден жұмыстан шығару және жаңадан жұмысқа кіргізушілер арқылы кадрларды толтыру. Осыған байланысты еңбек ресурстарынның қозғалысын талдаудың қажеттілігі туады, ол келесідей коэффиценттер көмегімен (4), (5) формуламен есептеледі:
К кадр = талдау кезеңіндегі жұмысқа алғандар саны
Орташа тізім саны (4)

К = талдау кезеңінде жұмыстан шыққандар саны
Орташа тізім саны (5)

«VENTURA» ЖШС-де К кадр көрсеткіші 0,1 (4/40) тең, ал К көрсеткіші 0,075-ге (3/40) тең.
Талдау үшін бұл коэффиценттер базистік деңгейімен салыстырылады. Ерекше мағынаны кадрлардың ағымдық коэффиценті болып саналады. Оның өсуі жағымсыз динамика болып саналады және еңбек атмосферасының нашар екені реттінде қарастырылады. Бұл кадр саясатын қайта қарастырып, жұмыстан шығу себептерін зерттеуді талап етеді. «VENTURA» ЖШС бойынша жұмыскерлерді келесі түрлерге бөлуге болады, ол төмендегі кестеде көрсетілген:
10 кесте. «VENTURA» ЖШС-нің жұмыскерлерінің құрамы
№ Жұмыскерлер Алдыңғы жыл
(2008 ж. )
Есепті жыл
(2009 ж.)
Ауытқуы

саны % саны % саны %
1 Әкімшілік-басқару қызметкерлер 14 36,8 15 37,5 1 0,7
2 Көмекшіжұмыс-р 24 63,2 25 62,5 1 -1
3 Барлығы: 38 100 40 100 2 х

Бұл кәсіпорынның жұмыскерлерін екі топқа бөлуге болады:
— әкімшілік-басқару қызметкерлері;
— көмекші жұмыскерлер.
Әкімшілік-басқару қызметкерлері алдыңғы жылы 14- і құраса, есепті жылы 15-ы санына жетті, яғни 0,7% өскен. Ал көмекші жұмыскерлер алдыңғы жылы 24-і құраса, есепті жылы 25- ге дейін жетті. Яғни 1 жұмыскерге артқан.
Әрбір кәсіпорынның есептік саясатында жұмыскерлердің құрамының тұрақтылығын қамтамасыз етілу көзделген. Бірақ тәжірибе жүзінде еңбек ресурстарының динамикасы орын алады. Ол жұмыскерлердің түрлі себептермен жұмыстан шығуы және жұмысқа қабылдануы қадағаланылады.

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Дипломдық жұмыста еңбекақының мәні, еңбекақы есебі, аудиті, талдануы жазылды және келесідей қорытындыға келуге болады: еңбекақы әр адамның, ұйымының және елдің әлеуметтік экономикалық өміріндегі негізгі фактор болып саналады. Еңбекақыны ұйымдастыру аркылы нарықтың экономиканың екі қозғалушы күштер арасында әлеуметтік әріптестік қатынастардың дамуына мүмкіндік беретін, жұмыс беруші мен қызметкердің мүдделері арасында келісімдер жасалынады. Еңбекақыны ұйымдастыру жүйесін жетілдіруінің негізгі бағыты еңбек ұжымының қызметінің соңғы қортындысына тікелей байланысты болуында. Бұл міндетті атқаруда еңбекақыны төлеу нысаны мен түрлерін дұрыс қолдану көп ықпал етеді. Еліміздегі қолданып жүрген еңбекті нормалау, ұйымдастыру түрлері және де еңбекақы төлеудің түрлерін қарастырып, оларға сипаттама бердім. Мысал ретінде «VENTURA» ЖШС-дағы еңбекті ұйымдастыру мен еңбекақы төлеу жүйесінің қолдануы көрсетіледі.Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысудың аудитінің міндеті күшіндегі еңбек және жалақы есебін жүргізу ережелерінің, тәртіптерінің сақталуын және бухгалтерлік есептің жағдайын, сондай-ақ еңбекақы бойынша жүргізіліп отырған есеп айырысудың нормалар мен нормативтік құжаттарының талаптарына жауап беретіндігін анықтау болып табылады.Аудитор шаруашылықтың есеп жүргізу саясатында қаралған еңбекақы есептеу есеп айырысу тәртібімен танысқаннан кейін, еңбекақы бойынша есеп айырысуға аудиторлық тексеру жүргізудің шараларын толық қамтитындай етіп мынадай мазмұнда бағдарлама жасайды:
— жалақы төлеу есебінің жүргізілу тәртібін тексеру;
— еңбекақы есептеу және төлеу бойынша нормативтік құқықтың актілерге сәйкестігін тексеру;
— мерзімдік және кесімді тарифтік қойылымдар бойынша еңбекақы есептеудің негізділігін тексеру;
— жалақыдан ұсталынатын ұсталымдардың дұрыстығын тексеру;
— еңбекақы төлеу және есептеу бойынша жасалған шоттардың корреспонденцияларының дұрыстығын тексеру;
— шаруашылықтың жұмысшылармен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысудың есебін жүргізуде анықталған ауытқуларды қалпына келтіру бойынша ұсыныстар жасау;
Еңбекақы төлеу бойынша қарыздары туралы ақпараттарды жинақтау үшін 3350 “Жұмысшылармен еңбекақы төлеу бойынша есеп айырысу” шоты қаралған және Халықаралық Есеп беру стандарттарының 19 «Қызметкерлердің еңбекақысы» стандартымен (ҚЕХС) және 27 Қаржылық Есепкерліктің Ұлттық Стандартымен (ҚЕҰС) реттеледі.
Жоғарыда айтылып кеткен кемшіліктерді көре отырып келесідей ұсыныстарды жасадым: Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын көтеру және арнайы карточкаларыға аудару арқылы төлем жүргізу, инвестицияларды тарту,филиалдарды ашу, қызметкерлер штатын көбейту; маркетинг бөлімін жетілдіру, халықаралық партнерлермен шартқа тұру, тығыз қарым-қытынас орнату. Дипломдық жұмыста қараған мәселелелерге сәйкес жеке еңбек шарты, қызметкерлердің еңбек қатынастарын реттеу, жұмыс уақыты, демалыс уақыты, жалақы және еңбекті нормалау, қызметкерлерге кепілдіктер беру мен өтемақы төлеу, жеке еңбек шарты тараптарының материалдық жауапкершілігі, қызметкерлерді көтермелеу және жазалау шаралары, еңбек даулары Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңымен бекітілген. Республика бойынша жалақы деңгейін тұрақтандырып, экономикалық мүмкіндіктерімізге орай белгілеу және нақты істер мен оңды қадам жасау халықтың игілігі жүргізіліп жатқан игі істер екендігі сөзсіз.
Сонымен, кезкелген ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген жұмысшылардың еңбегін дұрыс бағалап, еңбекақы түрлеріне байланысты олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің бірі болып есептелінеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» 2002-жылдың 24-ші маусымындағы Қазақстан Республикасының Заңы. (өзгерту толық 28.02.2007ж)
2. Бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспары. ҚР-сы қаржы министрлігінің 2007 жылғы 23 мамырындағы №185 бұйрығымен бекітілген.
3. «Қазақстан Республикасындағы аудиторлық қызмет туралы» Заңы 2009.
4. Қазақстан Республикасы «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңы 05.05.2006.
5. « Қаржылық Есепкерліктің Халықаралық Стандарттары» Алматы, 2008.
6. «Ұлттық Қаржылық Есептілік Стандарттары» №1 21.06.2007 жылғы ҚР ның Қаржы Министрінің №216 бекітілімі.
7. «Ұлттық Қаржылық Есептілік Стандарттары» №1 21.06.2007 жылғы ҚР ның Қаржы Министрінің №217 бекітілімі.
8. « Алғашқы есеп құжаттарды бекіту туралы» 21.06.2007 жылғы № 216 ші бекітілімі.
9. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы »
Салық Кодексі. Алматы. – Бико, 2010.
10. Абленов Д.О. Контроль и углубленный аудит. Алматы: Экономика, 2007.
11. Әжібаева З.Н.,Байболтаева Н.Ә.,Жұмағалиева Ж.Ғ. «Аудит» Алматы, 2006.
12. Байдаулетов М., Байдаулетов С.М. Аудит, А., Қазақ университеті, 2006.
13. Дюсембаев К.Ш.,Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдау, Алматы: Экономика, 2001.
14 .Жуйриков К.К., Баяхметов Т.Б. Анализ предприятия. Алматы. 2005 .
15. Қаржылық есепкерлік. Кеулімжаев.К.К. А: Экономика, 2009.
16. Медведев М.Ю. Бухгалтерский словарь. М.: Проспект, 2010.
17. Молчанов С.С. Бухгалтерский и управленческий учет. М.: ЭКСМО, 2008.
18. Муравицкая Н.К., Лукьяненко Г.И. Бухгалтерский учет. М.: КНОРУС, 2009.
19. Назарова В.Л. Бухгалтерский учет. Алматы: Алматыкiтап баспасы, 2009.

20. Нурсеитов Э.О. Бухгалтерский учет в организациях. Алматы: Lem, 2007.
21. Пласкова Н.С. Экономический анализ: Учебник – М.: Эксмо, 2007.
22. Практикум по финансово-инвестиционному анализу (ситуации, методы, решения). Под ред. Ендовицкого Д.А. М.: Кнорус, 2006
23. Хорнгрен Ч.Т., Фостер Д.Ж., Датар Ш. Управленческий учет. М.: Питер, 2008.
24. Чая В.Т., Латыпова О.В. Бухгалтерский учет. М.: КНОРУС, 2010.
25. Широбоков В.Г., Грибанова З.М., Грибанов А.А. Бухгалтерский финансовый учет. М.: КНОРУС, 2010.
26. «VENTURA» ЖШС -ның қаржы- экономикалық мәліметтері. А:2008.
27. www.minfin.kz
28. salik.kz
29. www.buh.kz
30. www. afn.kz