ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Қызылорда облысы «Қарауылтөбе» ЖШС жағдайында күрішті себу әдістерінің оның өнімділігіне әсері»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 5В080100-Агрономия
Алматы, 2018 жыл
Мазмұны
Кіріспе
- Әдебиетке шолу
1.1 Күріштің халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы
1.2 Күріштің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
1.3 Қызылорда облысында пайдалануға рұқсат етілген күріш сорттарының сипаттамасы
1.4 Күріш ауыспалы егістерінде күріш өсіру технологиясы
- Табиғи климаттық жағдай
2.1. Облыстың топырақ-климат жағдайы, өсімдік қабаты
2.2 . «Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің құрылуы мен даму тарихы, ғылыми-зерттеу бағдарламасы
III.Негізгі бөлім
3.1 Зерттеу жұмысы
3.2 Зерттеу жұмысын жүргізу әдістемелері
3.3 Зерттеу танабында жүргізілген агротехникалық жұмыстар
3.4 Егістікті күтіп-баптау және суару жүйесі
3.5 Күрішті себу әдістерінің тұқымның өнгіштігіне және өнімдігіне әсері
3.6 Күріш егістігіндегі арaмшөптерге қарсы қолданылатын Лондакс 60 % гербицидінің әсер көрсеткіштері
3.7 Күріш тұқым себу әдістерінің оның өсіп өнуіне және өнім құрылымына әсері
3.8 Күріш тұқымын әр түрлі әдістермен себудің өнімділігіне әсері
3.9 Күріш тұқымын әр түрлі әдістермен себудің экономикалық тиімділігі
- Еңбек қорғау
- Қорытынды
- Қолданылған әдебиеттер тізімі
- Қосымшалар
Кіріспе
Қaзaқстaн Республикaсының aгроөнeркәсiп кeшeнiнiң болaшaғы өтe зор. Көптeгeн пoзициялaр бойыншa бiз әлeмдe iрi aгрaрлық экспoрттық өнiм өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиiс.
Сонымен қатар, астық өнімдері бойынша Қазақстан Еуразияда болашақта «нан кәрзеңкесі» болу алға қойылған мақсаттардың бірі.
Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Елбасы Н.Ә.Назарбаев Үкімет пен әкімдерге мынадай тапсырмалар берді:
- Ауылшаруашылығына бөлінетінсубсидияларды бөлу қағидаларын қайта қарастыру, біртіндеп өнімді сақтандыруға көшу;
- бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау;
- өнімнің өңдеу сапасын жақсартып, тауарларды сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің тиімді жүйесін құру;
- еңбек өнімділігін белсенді түрде арттырып, өндіріс шығындарын төмендету;
- жерді пайдалану тиімділігін арттыру. Суармалы егіс алаңын 5 жыл ішінде 40%-ға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жеткізу;
- өндірісте сұранысқа ие аграрлық ғылыми зерттеулерге салынатын инвестиция көлемін арттыру керек.
Aуыл шaруaшылығын әpтapaптaндыpып, 2021 жылғa қaрaй aзық-түлiк тaуapы экспоpтын 40%-ғa көбeйту.
Бұл мiндeттep aгроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуы қажет.
Aлғa қoйылғaн aуылшapуaшылық сaлaсындaғы мaқсaттapды жүзeгe асыруда күріш шаруашылығы өpкeндeуiнiң рөлі өтe жоғapы.
Арал өңірі Қазақстанда өндірілетін күріш дақылының 80% жуығын қамтиды.
Сoнымен қaтap күpiш Aзиядaғы 2,5 млрд. aдaмдаpдың жәнe жүздeгeн миллиoн бaсқa дa кoнтинeнттepдeгi хaлықтapдың мaңызды өнiмi бoлып тaбылaды. Aдaмдaрдың жapтысынaн көбi өмiр сүpетiн 21 eлдeгi хaлықтapдың бaйлығы мeн дeнсaулығының 75% осы күрішке байланысты болып келеді. Күріш жармасының құрамында 30-75% көмірсу, 7,6% ақуыз және 0,4% май болады. Ол қоректілігі жоғары, дәмі жақсы, жеңіл қорытылатындықтан диеталық, әсіресе балалар тағамы ретінде кеңінен пайдаланылады. Азық-түлік теңгерімінде дәнді дақылдар арасында күріш бірінші кезекте тұрады. Күріштің әлемдегі егіс көлемі 150 млн. га, орташа өнімділігі 32 ц/га құрайды. Әлемде күріш сұранысы жыл сайын артуда, айрықша үлкен қажеттілік дамыған елдерде жоғары.
FAO (Aзық-түлiк жәнe aуыл шaруaшылығы ұйымы) мәлiмeттeрi бoйыншa күрiш 112 eлдe өсрiлeдi. Дeгeнмeн eлдеp aрaсындaғы күрiш өнiмдiлiгi 0,8 тоннaдaн 6,7 тoннaғa дейін aуытқып отыpуымeн eрeкшeлeнeдi. Әлeуeттi өнiмiілiккe (6 т/га) АҚШ, Корей, Жапония, Австралия, соңғы жылдары Ресей де қол жеткізген. Колумбия, Қытай, Франция, Италия, Испания да осы деңгейге жақындауда. Қазақстан күріш өсіретін ең солтүстік аймаққа жатқанымен күріш өнімділігі орташа (3-4 т/га) құрайтын елдер қатарына кіреді. Күріш өнімділігінің жоғарылауы жаңа интенсивті типті сорттардың өндіріске енгізілуіне және күріш шаруашылығына инновациялық технологиялардың қарқынды қолданылуына байланысты.
I.Әдебиетке шолу
1.1 Күріштің халық шаруашылығындағы маңызы,таралуы
Күріш көп таралған тағамдық дақыл. Жер шарында азық үшін еглетін дәнді дақылдар ішінде ол өзінің егіс көлемі жағынан бидайдан соң екінші орын алса,өнімділігі жағынан бірінші орын алады. Күріш дүние жүзін мекендеген халықтардың жартысына дерлігініғ негізгі азықтық қорегі болып табылады. Жан басына шаққанда күріш тұтыну, әсіресе Азия елдерінде жоғары. Күріш – сіңімділігі жоғары азық. Біздің елімізде ол жармалық дақыл болып саналады. Күріш жармасының құрамында 30-75% көмірсу,7,6-ақуыз,04% май және фосфор,минералды тұздар,дәрумендер болады. Жарманың 1 кг шамамен 3600 калорий береді. Күріштің қорекік сіңімділігі орташа 96% яғни оның қоректілігі жоғары.Дәмі жақсы,жеңіл қорытылатындықтан деталық, әіресе балалар мен қарт адамдардың тағамы ретінде кеңінен пайдаланылады. Күріш қорек үшін ғана емес, өнеркәсіп үшін де маңызды дақыл. Күріш дәннен крахмал, спирт және фармацепттік препараттар – фитин, В дәрумені алынады. Қауызынан химиялық зауыттарда азықтық ашытқылар мен фурфорол жасап шығарылады. Оның сабанын жоғары сортты қағаздар,картон,бас киім,жіп,себет және басқа да заттар жасауға пайдаланылады. Мал шаруашылығында сабаны жем және төсеніш болады.
Дәнді астықтардың ішінде – күріш ең көп өнім беретін және мүмкіншілігі мол дақылдардың бірі. Мысалы, Ы.Жақаевтың әр гектардан 171 ц өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасауы соның айқын дәлелі. Елімізде күріштің орташа өнімі гектарына 40-45 ц төңірегінде, және ол Қызылорда,Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында өсіріледі.
- Күріштің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері
Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері. Қоңырбас тұқымдасы (Poaceae L.)Күріш туысына (Oryza L.)жататын мәдени күрішті(O.sativa L.)Г.Г.Гущин(1938) екі түр тармаққа бөлген:
1.Ұсақ,немесе қысқа дәнді –дәнінің ұзындығы 4 мм төңірегінде;
- Sybsp.communis Gust. Дәннің ұзындығы 4-7 мм және одан да жоғары – кәдімгі күріш Біздің елімізде өсірілітіні де осы кәдімгі күріш.Соңғы түр тармақтың өзі екіге бөлінеді:
- indica – дәні ұзын, жіңішке. Дән ұзындығының еніне қатынасы 3,0:1-ден 3,5:1 дейін, кейде одан да үлкен болады. Бұл топ сорттарының дәні көбіне шыны сияқты,жоғары сапалы жарма береді.
- japonica – дәні жалпақ, жуандау, көлденең кесіндісі домалақтау. Ұзындығының еніне қатынасы 1,4:1-ден 2,9:1. Топ сорттарының көбінің эндоспермі ұн сияқты.
Күріш тамырлары – шашақты, 80 см және одан да тереңдікке енеді. Тамырлардың іші бос болғандықтан жұмсақ. Онымен ауа жүріп, өсімдік тыныс алады. Ауа жүретін ұлпа, жапырағы мен сабағында да жақсы жетілген.
Сабағы – 120 см дейінгі сабан. Жоғарғы буынаралықтар бос,төменгілері әдетте өзекшемен толтырылған. Жапырақтары жіңішке,жасыл,кейбір сорттарынікі күлгіндеу болып келеді. Тілшелері сүйір үшбұрышты, ортасынан бойлай екі жартыға бөлінген. Гүлшоғыры – сыпыртқыгүл.
Масақшалары – біргүлді. Гүлдерінің басқа астық дақылдарына қарағанда алты аталығы болады. Күріш өздігінен тозаңданатын өсімдік. Дәні қауызды болып келеді,қауыздылығы 17-22%.1000 дәннің салмағы 27-40 г. Күріш – суармалы егіншіліктің өте жылу және жарық сүйгіш, қысқа күн өсмдігі. Вегетациялық кезеңінің ұзақтығы 90-130 күн.
Барлық астық дақылдарының ішінде күріш алғашқы өсуінің өте аяулығы мен ерекшеленеді. Оның көгі жоғары температураның өзінде де 10-15 күнде пайда болады, ал түптенуі көк шыққаннан 20-30 күннен кейін басталады. Демек, күріш танаптың өте таза болғанын қалайды.
Дақылдың көктеуден кейінгі өсіп жетілуі 25-30 ˚Стемпературада өтеді. Ол суда бастырылыпы тұратындықтан,күннің 37-40˚С ыстығын жақсы көтереді.
Күріш температураның күрт ауытқуын нашар көтереді, ал 1˚С үсік оның барлық өсі кезеңдерінде зиянды болып келеді.
Дақыл суды көп қажет етуімен ерекшеленіп, үнемі суда бастырылып немесе ауық-ауық суарылып өсіріледі. Суырылмай жылдық жауын мөлшері 1000-2000 мм болатын елдер немесе аймақтарда ғана өсірілуі мүмкін. Транспирациялық коэффициенті 700-800.
Күріш дақылына қара және сазды топырақтар, суды жақсы ұстап тұратын органикалық заттарға бай өзен және өзен маңындағы аңғарлар топырақтары жақсы болып есептелінеді. Күрішке батпақтанған және де ұзақ уақыт су ұстап тұра алмайтын құм топырақтар жарамсыз. Оған ерітіндісінің реакциясы әлсізқышқылды топырақ (pH 5.7) қолайлы,бірақ орташа тұзданған топырақтарда жаман өспейді.
Елімізде күріштің 16 сорты өсіріледі: Кубань 3, Маржан, Авангард, Солнечный, Лиман,Лазурный, Золотистый, УзРОС 7-13,УзРОС 59,Уш-Тобинский,Каракалпакстан және т.б. Соңғы жылдары оның Опытное, Арал 202 және Мадина атты сорттары аудандастырылды.
Жарық режимі. Күріш-жарық сүйгіш дақыл,күн сәулесінің инстенсивті болғанын талап етеді. Дақылдың өсу дәуірі кезінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмен -29-37% , ал ең аз мөлшері -10% -ке дейін төмендейді. Жаз айларында аспан бұлтсыз болып,ауа құрғақ әрі таза болады. Сондықтан да,күн сәулесі энергиясы ауа арқылы өткенде атмосферада қалып қоймайды,немесе шашырап ғарышқа кетпейді.
Өсімдіктердің күн сәулесі энергиясын қабылдап бойына сіңіру жапырақ көлеміне байланысты. Оптимальды тығыз егіске келіп түсетін қысқа толқынды радиацияның 60-90 процентін сіңіреді, 10-30% ауаға кетеді,ал тек 5-10% ғана егіс ағысынан өтіп,топыраққа сіңеді. Егістікке қабылданған күн сәулесі радиациясының 80-90% жапырақ арқылы қабылданады,ал қалған 10-20% сабақтар, гүлдер және өсімдіктің басқа да органдары арқылы қабылдап бойына сіңіреді. Сонымен күн сәулесі энергиясын көп мөлшерде қабылдайтын оптимальды жапырақ көлемі 55-75 мың м2/га. Бұл деңгейге күріш дақылының егістегі қалыңдығы бір шаршы метр жерде 250-380 өсімдік, немесе 520-650 масақты сабақ болғанда жетеді.
Егіс сирек болып,жапырақ көлемі аз болған жағдайда фотосинтетикалық активті радиацияны қабылдау мөлшері төмендейді,өйткені күн сәулесі радиациясы сирек өсімдіктер арасынан өтіп,суға,топыраққа сіңеді. Егістік өте қалың болған жағдайда өсімдіктердің бір-біріне көлеңкелеу және басқа да зинды әсері күшейе түседі. Аталған жағдайлардың бәрінде егістің дән өнімі төмендейді.
Температура режимі. Күріш – жылу сүйгіш дақыл. Арал өңірі жағдайында температура қосындысы ерте және орташа мерзімде пісетін сорттар өсіруге жеткілікті. Күріш өсімдігі өніп шыққан кезде және гүлдену кезінде температураға сезімтал, 0,5-1 ˚С дақыл зақымданады.
Топырақтың үстіңгі қабатында температура +13-14˚С болғанда себуді бастауға болады. Осы температура төмен болса,тұқым баяу өніп өседі, көпшілігі шетінейді,немесе шықпай қалады,егіс сирек болады.
Тұқымның өніп шығуына ең қолайлы температура 22-26˚С. Осы температура жағдайында күріш көгі атыз суға бастырылғаннан кейін 10-12 күнде жаппай тебендеп шығады және шығымдылығы ең жоғары деңгейде болады.
Арал өңірі жағдайында күріштің өсіп дамуында керекті ең төмен, қолайлы және ең жоғарғы темепературалар.
Кесте 1
Өсіп – даму фазалары |
Температура, + ˚С |
||||
Ең төмен |
Қолайлы |
Ең жоғарғы
|
|||
Тұқымның өнуі |
13-14 |
22-26 |
34-36 |
||
Көктеп шыққанда |
15-16 |
24-26 |
34-36 |
||
Түптену |
15-17 |
24-28 |
34-36 |
||
Сабақтану |
16-18 |
19-24 |
34-36 |
||
Масақтану -гүлдену |
18-20 |
24-28 |
34-36 |
||
Дәннің сүттену және қамырлану кезі |
18-20 |
26-28 |
34-36 |
||
Пісу кезеңі |
15-17 |
22-26 |
32-34 |
||
Сабақтану кезінде болашақ масақтағы дән түзіліп анықталады әрі бұл кезең температураға өте сезімтал. Осы кезеңде қолайлы температура 19-23˚С. Ол үшін су деңгейі 12-15 см дейін көтеру керек, сонда жоғары өнімді әрбір шаршы метр жерде 320-380 өсімдігі бар егістікте температураның қолайлы мөлшері 19-24˚С жетеді. Сирек және орта өнімді егісте су деңгейін 15-17 см-ге дейін уақытша көтеру керек.
Күріш масақтанып, гүлдену кезінде салқын немесе өте ыстық температура болса, ол өзінің зиянды әсерін тигізіп,ұшық дәндер санын көбейтеді, ал ең қолайлысы 24-28˚С. Сүттеніп қамырлану кезінде дән дұрыс толысып пісуі үшін оптимальды температура 26-28˚С.
Қазақстан – күріш өсіруші аудандардың ішіндегі ең солтүстік аймағы. Сондықтан, Арал өңірі жағдайында дақылды өсу дәуірінің ұзақтығы күріш өнімділігін шектеуші факторлардың бірі. Республикадағы күріш өсіруші аймақтың топырақ – климат, күн сәулесі радиациясы мен жылу ресурстарына бейімделіп, өсіп- жетілуіне байланысты сорттардың өнім құрау мерзімі төмендегідей.
Күріш сорттарын пісу мерзімне байланысты топтастыру
Кесте 2
Сорттар тобы |
Күріштің өніп шыққан масақтану кезіне дейінгі күндер саны |
Өсу дәуірі,күн есебімен |
Дақылдың өсіп жетілуіне керекті жылу қосындысы ˚С |
Өте ерте пісетіндер |
>60 |
>100 |
>2500 |
Ерте пісетіндер |
61-70 |
101-110 |
2500-2750 |
Орташа мерзімде пісетіндер |
71-80 |
111-120 |
2750-2900 |
Кеш пісетіндер |
81-85 |
121-125 |
2900-3000 |
Өте кеш пісетіндер |
86-90 |
126-130 |
3000-3100 |
Суару режиміне талабы. Күріш суға бастырылған атыздарда өсетін гигрофиттік өсімдік. Атыздағы су өсімдіктің физиологиялық талабын орындаумен қатар егістіктегі микроклиматты өзгертіп реттейді: төменгі қабаттағы ауа ылғалдылығы жоғары болады, ал бұл күріш өсімдігінің транспирациясын азайтады. Сонымен бірге, тамыр жүйесінің жақсы өсіп дамуына әсер етіп, минералды элементтермен қоректенуін жақсартады. Топырақтың үстіңгі қабатында жинақталған тұздар суға еріп, фильтрацияланған сумен бірге төменгі қабаттарға, сосын дренаж арықтарына өтіп, күріш ауыспалы егісі танаптарынан сырт жаққа ағызып әкетіледі, яғни топырақ шайылып, тұздар мөлшері азаяды және де арамшөптермен күресуге қолайлы жағдай туындайды.
Күріш егісінің суару режимі себу әдісіне, тұқымның сіңіру тереңдігін, топырақтың тұздануы және фильтрациялық қасиеттеріне, егістіктің арамшөптермен ластануына байланысты белгіленеді. Қазақстанның оңтүстік жағдайында топырағы тұзданған атыздарды суға тұрақты бастыру, ал топырағы тұзданбаған атыздарда – қысқартылған суару режимі әдісі қолданылады.
Күріш дақылынан мол өнім алу үшін егістіктегі әрбір атыздарда оптимальды қалың (бір шаршы метр жерде 320-380) күріш көгін өсіру керек. Сырдария өзені суының құрамында минералды тұздардың көбеюіне және инженерлік жүйелерде топырақтың тұздануының күшеюіне байланысты күріш көгі тек су бастырылған атыздарда алынып жүр. Осыған әйкес, тұқымның өніп, күріш көгінің тамырланып нығаюына жағдай жасай отырып, егістікте күрмек пен шиін арамшөптер көгінің өсуіне жол бермеу керек.
Топыраққа және қоректену элементтеріне талабы. Арал өңірінің күріш өсіруші алқаптарының топырағы негізінен шөл далалық (сұр топырақты тақыр және тақыр тәріздес) және гидроморфтық (аллювиальды-шалғынды,шалғынды-батпақты,батпақты) түрлеріне жатады. Олардың ішіндегі құнарлысы – аллювиальды-шалғынды,шалғынды-батпақты топырақтар. Тұздану типі – хлоридті –сульфатты, бір мерт топырақ қабатындағы тұздар мөлшері құрғақ қалдық бойынша 0,882-1,816% және одан да жоғары. Жер асты суы тереңдігі 2-5 м. Топырақтың суды төмен өткізгіштік қасиеті өте төмен. Атыз топырағына сумен көп мөлшерде ерітінді тұздар келеді.
Әрбір күріш өсіруші аймақтарда аталған топырақ түрлерінің бәріде кездеседі және олардың табиғи құнарлығы төмен, құрылымы нашар, қара шірігі аз, карбонатты, құрамында калий көп,ал азот аз,фосфор орташа немесе одан төмен мөлшерде бар. Сондықтан азот және фосфор тыңайтқыштарын N 120-180 және Р90-120 кг\га әсерлә зат есебімен бірге беру күріш өнімін 2,3-2,5 есе, ал аталған тыңайтқыштар жеке-жеке берілгенде -0,2-1,5 есе, тек калий тыңайтқышы енгізілгенде -15-20% арттырады.
Жоғары өнім құрау үшін күріш топырақтан көп мөлшерде қоректік заттар алып бойына сіңіреді.
Азот-белоктар,нуклейн қышқылы,ферменттер, оның ішінде НАД және НАДФ, дәрумендер және басқада органикалық заттар құрамының негізгі компоненті. Сондықтан азоттың жеткілікті мөлшерде болуы фотосинтез процесін күшейтіп, дақылдың жылдам өсуіне және жоғары биомасса құрауына жағдай жасайды.
Күріш егісін азот тыңайтқышымен оптимальды мөлшерде қамтамасыз еткенде дақылдың сабақтарымен жапырақтары жақсы өседі, өсімдіктің түптенуі артып, масақты сабақтар саны көбейеді. Сондықтан,азот тыңайтқышы, суару және температуралық режимдермен қатар масақты сабақтар қалыңдығын және жоғары өнім құралуын реттейтін күшті факторлардың бірі. Осыған сәйкес өнім компоненттеріне әсер ету үшін азот тыңайтқышын себу алдында және үстеп қоректендіру ретінде беру керек.
Фосфор- өсімдікте заттар алмасу процесінде орталық роль атқарушы нуклейн қышқылдары,нуклеотидтер,фосфолипидтер, фитаминдер және басқа да органикалық заттар құрамына кіреді. Фосфордың топырақта аз болуы күріш даұылының жас кезінде сабақ және жапырақтардың, әсіресе тамыр жүйесінің өсуін тежейді. Бұл тыңайтқыштың оптимальды мөлшерде болуы дақылдың түптенуін арттырып, масақтағы дән санын көбейтеді.
Калий – протоплазма құрамының ылғалдылығын арттырып, қоюлану процесін тежейді. Калийдің көп бөлігі (70%) клеткада бос ион түрінде кездеседі, ал қалған бөлігі (30%) адсорбталған жағдайда болады. Калий өсімдіктегі көмірсулар қозғалысына және көмірсу – белок алмасу процесіне қолайлы әсер етеді.
Күріш дақылына азот,фосфор,калийден басқа макро және микроэлемент-терде қажет: олар кальций,кремний, темір,күкірт,мыс,молибден,марганец т.б. Бұлардың барлығы организмдегі ферменттер құамына кіріп,өсімдіктегі биохимиялық процесстерді реттейді. Микротыңайтқыштарды топыраққа енгізу немесе себу алдында тұқымды аталған микроэлементтер тұздары ерітіндісімен өңдеу тұқымның шығымдылығын арттырып, күріш көгінің қолайсыз жағдайларға төзімділігін арттырады, нәтижесінде өнім артады және сапасы жақсарады.
1.3 Қызылорда облысында пайдалануға рұқсат етілген күріш
сорттарының сипаттамасы
Облысымыздың өсіретін негізгі дақылы күріштен тұрақты мол және сапалы өнім алe үшін тез арада өндіріске өнімді, сапалы және аурулар мен зиянкестерге төзімді жаңа сорттар мен ресурс және сe үнемдегіш технологияларды енгізy қажет.
Осы жағдайлар ескеріліп, қазақстандық селекционерлер облыстың қолайсыз ауа-райы мен тұзданған топырағы жағдайына бейімделген күріштің өте ерте және орташа мерзімде пісетін сорттарын шығарып мемлекеттік сорт сынауға берді. Олардың ішінде 2005-2007 жылдары «Арал 202», «Арy» және «Мадина» «Түгіскен 1», «Арал 4» сорттары облыста пайдалануға рұқсат етілген сорттар тізіміне енгізілсе,2010-2014 жылдары жаңа инновациялық сорттар КазЕр-6, КазНИИР-5 сорттары енгізілді. Алайда, жаңадан аудандастырылған сорттардың тұқымы түрлі себептермен осы кезге дейін жеткілікті түрде өндірілмеуі салдарынан облысқа Ресей селекциясының жаңа сорттары әкелiнiп егілyде. Соңғы жылдары Қызылорда облысындағы күріш егісінің жалпы көлемі 80 мың гектар шамасында болса, оның 20 пайызын бұрыннан егіліп келе жатқан «Маржан», ал қалған көлемді жаңадан әкелінген Ресей селекциясының Янтарь, Лидер, АНаит, Диамант, Новатор, Фишт секілді сорттары алып отыр. Бұдан басқа сорттардың бірнешеyі облыстық МСС- учаскелерінде сынақтан өтуде. Ал қалғаны жаңадан әкеліні егіле бастады. Сондықтан олар туралы нақты пікір айтуға әлі ерте және ол сорттарды пайдалануды заңдастыру мәселесі толық шешімін тапқан жоқ. Осыған байланысты Ресей сорттарының жергілікті топырақ-климат жағдайындағы нақты өнімділігі,өнім сапасы,ауруларға төзімділігі жөнінде ғылыми негізделген мәліметтер алып, олардың ішінен неғұрлым тиімділерін таңдап алу үшін бұл сорттарды облысымызда аудандастырылған және жаңадан шфққан сорттармен салыстырып, агроэкологиялық сынақтан өткізілуде.
Күрішшілерде аса қызықтыратын сорттарға өте ерте мерзімде пісетін, өсіп-жетілу мерзімі 90-95 күн болатын «Ару» сорты жатады.
Күріштің «Маржан» сорты химиялық мутагенез әдісімен жергілікті Кзрос 356 сортынан шығарылған. 1987 жылы аудандастырылып, қазіргі кезде облыстағы күріш егісінде жетекші орын алып отыр. 2000 жылы бұл сорттың егіс көлемі 41,3 мың гектарды құрады, яғни Қызылорда облысындағы күріш егісі кһлемінің 71% -ын,ал республикадағы күріштің 65% -ға жуығын қамтиды.
Сорт экологиялық жағдайларға бейімделгіш, сыртқы ортаның және өсірудің қолайсыз ісерлеріне, топырақ пен судың тұздылығына төзімді. Механикаландырып жинауға ыңғайлы. Морфологиялық белгілері мен биологиялық ерекшеліктері бойынша интенсивті типтің талапатарына сай келеді. Күріштің vulgaris түршесіне жатады. Вегетациялық кезеңі 112-115 тәулік,өсімдік биіктігі 105-108 см, масақ ұзындығы 17-19 см, ондағы масақша саны 90-100, 1000 дәнінің массасы 33-34 г.
Облыстың оңтүстік аймағында 1992 жылы аудандастырылған АШ-16 (Кубань 3 х Краснодарский 424) сорты italica түршесіне жатады. Вегетациялық кезеңі 107-110 тәуләк, өсімдік биіктігі 110-115 см, масағының ұзындығы 15-17 см, масақтағы масақшалар саны 130-145, 1000 дәнінің массасы 30-32 г, жарма түсімділігі 67,8 %, шыны түстілігі 57,0%, ботқасының сапасы 4,5 балл. Өндіріс жағдайында өнімділігі 52,4-56,0 ц/га жетеді.
Арал өңірінде күріш селекциясының қалыптасуы мен дамуына селекционерлер: Ә.А. Алтынбеков, А.Б. Байзақов, А.Ә. Құрамысов, Г.А. Верещагин, А.А Шакиев,Ө. Аймұхамбетов, М. Жанзақов, Қ. Әлімбетовтар айтарлықтай еңбек сіңірді. К.Н.Жайлыбай күріш өсірудің сорттық технологиясы және агроэкологиялық негіздерін жасады. Қ. Бәкірұлы мутагенез әдісімен экологиялық бейімделгіш және жоғары өнімді сорта шығару мүмкіндігін іс жүзінде дәлелдеп, «Маржан» сортын өндіріске енгізді. А.Н. Подольских цитоплазмалық аталық ұрпақсыздықтың молекулалық-биологиялық табиғатын зерттеп, оның коллекциясын жасады және күріш селекциясының ғылыми негіздерін анықтады. С.М. Байбосынова күріштің жалпы генотипиік өзгергіштігін және комбинациялық қабілетін зерттеп, перспективалы сорттар шығаруға өз үлесін қосты. Күріш дәнінің технологиялық сапасын анықтап, оған баға беруде зертхана қызметкерлерінің тиянақты жұмыстарын атап өткен жөн.
Жалпы күріш селекциясы әлемдік деңгейдегі әдістемелер бойынша жүргізіліп отыр. Онда негізгі жұмыс жоғары өнімді,жергілікті қолайсыз экологиялық жағдайға төзімді жаңа күріш сорттарын шығаруға бағытталады.
Тәуелсіздік жылдарында «Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де дүниежүзінің елуге жуық елдерінің 1450 сорттары мен сортүлгілерінен және мәдени тектерінен тұратын Қазақстанның күріш генқоры зерттеліп жинақталған. Сонымен қатар күріштің генетикалық коллекциясы,оның ішінде үш тақ санды ерекше үлгілері, спорофитті құнды үлгілері және тағы басқалары жинақталған. Қазіргі таңда «Ы. Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-і Қазақстан Республикасының Ұлттық күріш генқорын жинақтаушы және сақтаушы мекеме болып табылады.
Қазақстанда тәуелсіздікке дейін қазақстандық селекцияның төрт сорты аудандастырылған,оның ішінде үш сорт аталған институттта шығарылды: КзРОС 358 (Алтынбеков А.А., Байзақов А.Б., Құрамысов А.Ә., Бәкірұлы Қ., Жәдігерова Н.); Республикадан шет аймақтарға кеңінен танымал, Қызылорда облысында 1987 жылдан аудандастырылған күріштің «Маржан» сорты; (Құрамысов А.Ә., Бәкірұлы Қ.);Қызылорда облысының оңтүстік аймағында 1992 жылы аудандастырылған көлемін Бүкілодақтық күріш институның Кубань 3, Краснодарский 424 сорттары құрады.
Тәуелсіздік жылдарында Қызылорда облысының күріш алқаптарында Қазақстан селекциясы сорттарының үлесі көбейді, 2006 жылы 83% -ға жетіп, оның негізгі бөлігі «Маржан» сорты есебінен егілді.
Күріштің алшақ түрлерінің табысты тұқымқуалаушылық интеграциясының мәселелерін шешу үшін стерильді генетикалық жүйелер негізінде будандастыру әдістері әзірленіп, тексерілді және енгізілді. Будандық дәндерді көптеп алу арқасында ерекшеленген коллекциялық үлгілердің бағалы тектік белгілері, донорлық қасиеттерін тексеруге байланысты зерттеулерді кеңінен жүргізуге мүмкіндік туды.
2006 жылы жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде «Маржан» сортынан өнімділігі мен жарма сапасының технологиялық көрсеткіштері бойынша асып түсетін Арал 202 сорты аудандастырылды; 2008 жылы – өте ерте пісетін «Ару»,2009 жылы «Түгіскен 1» сорттары аудандастырылып, пайдалануға рұқсат етілген қазақстан селекциясы сорттарының жалпы саны 10-ға жетті.
Жаңа сорттар бұрынғы аудандастырылған сорттардан өнім көлемі жағынн ғана басым түсіп отырған жоқ, күріш шарушылығының негізгі өнімі- күріш жармасының жоғары сапалық көрсеткіштері бойынша да басым түсуде.
Қызылорда облысында күріштің рұқсат етілген Кубань 3, Маржан,Авангард, Арал 202, Ару, Мадина, Түгіскен 1 және жаңадан аудандастырылған Ресейдің Новатор, Лидер, Янтарь сорттары егіледі.
Кубань 3 сорты. Бүкілодақтық күріш ҒЗИ-да Красноармейский 313 сортынан жеке іріктеп алу әдісімен шығарылған. Сорттың авторлары: С.А. Яркин мен А.П.Сметанин. Сорты Қызылорда облысында 1965 жылдан бастап аудандастырылған. Пісу мерзімі орташа – 103-105тәулік,көктемгі ауа-райының құбылмалылығына тқзімді, далалық жағдайда дәннің өнгіштігі жоғары, су деңгейінің тереңдігіне төзімділігі жоғары. 1000 дәннің массасы – 30-32 г,қауыздылығы -18-20%. Сорты ауыспалы егістегі алғы дақылды аса талғамайды және бұл сортты ерте көктемде де,кештеу де егуге болады.
Сорттың кемшіліктеріне сабағының жығылғыштығы, дәнінің жарықшақтылғы және жарма шығынының төмендігі (64-68%) жатады.
Маржан сорты. Қазақ күріш ғылыми зерттеу институтында жергілікті селекциялқ КРОС-356 үлгісіне мутагенез әдісін қолдану арқылы шығарылған, Маржан сорты- vulgaris түр тармағына жатады. Сорттың авторлары: Қ.Бәкірұлы,
А.Құрамов, Т.Верещагин, Қ.Әлімбетов.
Сорт қоршаған орта мен өсу дәуіріндегі қолайсыз жағдайларға төзімді, экологиялық тұрақты. Судың және топырақтың тұздылығына төзімді. Морфологиялық,биологиялық қасиеттері бойынша орташа интенсивті түрге жатады. Өсу дәуірі – 112-117 тәулік, өсімдік биіктігі – 105-108 см, масағының ұзындығы -17-19 см,ондағы дән саны -90-100,1000 дәнінің массасы – 33-34 г. Өнімділік әлеуеті – 75-80ц/га.
Сорттық дәннің технологиялық сапасы мен жармасының тағамдық қасиеттері жоғары. Жарма шығымы -65,8%,шыны түстілігі-77%,қауыздылығы -17-18%, дәнінің жарықшақтылыққа төзімділігі жоғары,бүтін дән шығымы 78-87%.
Авангард сорты – Өзбек күріш ғылыми-зерттеу институтында К-4679 х Узбекский 5 сорттарын будандастыру арқылы алынған. Авторлары: Р.А. Пулина, Рисхиева С. Қызылорда облысында 1987 жылдан бастап аудандастырылғын.
Кеш пісетін сорттарға жатады,өсі дәуірі – 120-122 күн, жығылуға төзімді,дәндері төгілмейді және минералды тыңайтқыштарды тиімді пайдаланады.
Технологиялық және жармалық сапасы жоғары. Дәні ұзынша, шыны түстілігі – 98 %,қауыздылығы — 17-19%, жарма шығымы-71%, 1000 дәннің массасы – 32-33 г. Өнімділік әлеуеті 70-75 ц/га.
Ару сорты – Мемлекеттік сорт сынаққа 2003 жылы беріліп, 2007 жылы Қызылорда облысында аудандастырылған.
Сорттың авторлары: Қ.Бәкірұлы, А.Н. подольских, Т.Қ. Қарлыханов, Г.Т.Мейрман.
1000 дәнінің массасы – 30-32 г, қауыздылығы – 18-19%.
Сорт өте ерте мерзімде піседі, сондықтан су пайдалану мерзімі қысқарып, суару нормасы азаяды. Өсу дәуірі 70-95 тәулік, бұл жергілікті стандартты Маржан сортымен салыстырғанда 17-20 күнгі қысқа. Ауа-райының қолайсыздығына төзімді, егілу мерзімі кешеуілдеген жағдайда да тұрақты өнім береді.
Тұздылыққа, суыққа төзімді, жығылуға, төзімділігі орташа және дәні төгілмейді. Түптеудің алғашқы және соңғы кезеңдерінде азот тыңайтқыштарн қолдану өнімділігін күрт арттырады. Өнімділік әлеуеті – 55-60ц/га.
Өнімді жинау уақытылы және сапалы жүргізілген жағдайда стандарт Маржан сортымен шамлас өнім алуға болады. Дәндерінің шыны түстілігі – 78%, жарықшақтылығы — 9%, жалпы жарма шығымы – 67,5%, бүтін жарма шығымы –83,6%, жармадағы ақуыз мөлшері – 10-11%.
Сортты Қазақстанның барлық күріш алқаптарында, әсіресе Қызылорда облысының солтүстік және Алматы облысының ауа-райының күрт өзгермелі, суы тамаша аймақтарында егуге болады.
Арал 202 сорты – Мемлекеттік сорт сынаққа 2001 жылы беріліп,2006 жылы аудандастырылды.
Сорттың авторлары: А.Н. Подольских, С.М. Байбосынова, Т.Қ. Қарлыханов, Қ. Бәкірұлы.
1000 дәннің салмағы – 36,0-36,5 г, қауыздылығы – 17-18%.
Өсу дәуірі 18 тәуліктен аспайды. Маржанмен салыстырғанда 5-7 тәулік кеш. Өсімдік тұзға төзімді, бастапқы өні-өсу дәуірі жылдам, сондықтан терең су астында жақсы дамып жетіледі, суыққа төзімді. Дәндерінің уызданып, құрғап пісуі ауа-райына тәуелсіз әрі жылдам жүреді.
Конкурстық сорт сынақтары өнімділігі — 89,8 – 94,0 ц/га, Маржанмен салыстырғанда 8,7 ц/га жоғары. Азот тыңайтқыштарын түптеудің бастапқы және соңғы кезеңде қолданған жағдайда өнімділігі өте жоғары болады.
Арал – 202 сортының қауыздылығы – 17,6%, шыны түстілігі — 85%, жарықшақтылығы — 8%, жалпы жарма шығымы – 68,1%, бүтін жарма шығымы – 85,1%. Сорт Қазақстанның барлық күріш өсіретін аймақтарында ұсынылады.
Түгіскен 1 сорты – Мемлекеттік сорт сынаққа 2005 жылы беріліп, 2008 жылы аудандастырылды.
Сорттың авторлары: К. Шермағамбетов, Т.Қ. Қарлыханов, Н.Қарқожаев, М.Сайфунов, З.З. Сыздықов.
1000 дәннің массасы – 32-34 г,қауыздылығы -17,6-18,2%.
Өсу дәуірі 115 күн. Тұзға төзімді,терең су астынан өніп шығуға жылдам. Дәндерінің уыздануы, құрғап пісу жылдам және бір қалыпты піседі. Өсімдіктің жығылуға төзімділігі жоғары.
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы «Түгіскен» элиталық шарушалығының егістік алқабында өнімділігі 56,7 ц/га , бұл стандартпен салыстырғанда 4,9 ц/га жоғары. Түгіскен 1 сорты азот тыңайтқыштарын өсімдіктерінің 7-8 жапырақ кезінде қолданған жағдайында жоғары өнім береді. Сорттың қауыздылығы – 17,9%, шыны түстілігі – 92-95%, жарықшақтылығы – 10,8%, жалпы жарма шығымы — 81%.
Сортты Қызылорда облысының оңтүстік және орталық аймақтарында еккен тиімді.
Соңғы жылдары Қызылорда облысында Ресейдің селекциялық Янтарь, Лидер, Новатор сорттары мемлекеттік сынақтан өтіп аудандастырылды.
Лидер сорты – орташа мерзімде пісетін сорттар қатараына жатады. Өсу дәуірі – 120-125 күн.
Дәннің пішіні сопақша, ұзындығы мен енінің қатынасы – 2,3. 1000 дәннің массасы – 30-31 г, шынытүстілігі – 96- 90%,жалпы жарма шығымы — 95%. Дәннің ақуызы -9,9%, жармадағы амилоза мөлшері – 19,8%. Күріш жармасының су тартуы жоғары және жарма еселей тасиды.
Сонымен қатар ас дайындағанда дән бүтін күйінде сақталып, шашырап піседі. Өсімдігі жығылуға, ал масақтағы дәндері төгілуге төзімді.
Сорттың өнімділік әлеуеті – 10-11 т/га.
Сорттың өзіндік ерекшелігі – өсірілетін жер жағдайын таңдамайды. Өсу дәуірінің бастапқы кезеңінде терең деңгейдегі суда тез өніп,шығатындығына байланысты арам шөптермен бәсекелестігі жоғары сол себепті егістігінде гербицид қолданбауға да болады. Лидер сортының тамыр жүйесі қарқынды дамыды, сондықтан өнім қалыптасуы кезінде тыңайтқышты 40%-ға азайтып беруге болады. Сортты өсіруде үнемді технологиялар қолданған тиімді. Сорттың сапалық қасиеттерінің қоршаған ортаға тәуелділігі аз, ыстық ауа-райында да сапалық қасиеттері өзгермейді.
Янтарь сорты – орташа мерзімде піседі, өсі дәуірі -114-117 күн. Дәні ұзынша,ірі, 1000 дәнінің массасы 32-33 г. Қауыздылығы – 16-18%. Дәнінің ұзындығы мен енінің қатынасы – 2,4-2,5. Жармасы ақ түсті, шыны түстілігі – 92-96%, жарма шығымы – 67-69%, жармадағы бүтін дән шығымы – 78-80%.
Сорт пирикуляриоз ауруына, күріштің жапырақ нематодасына орташа төзімді, тұзға төзімділігі жоғары. Өсіру технологиясы дұрыс сақталмаған жағдада сорт пирикуляриозға төзімсіз.
Әлеуетті өнімділігі – 10 т/га. Сорттың өну дәуірінде өскіндері терең суда тез өсіп шығады, сондықтан арам шөптерге қарсы гербицидтер қолданбаса да болады.
Новатор сорты — тез пісетін сорттар қатарына жатады, өсу дәуірі — 100-105 тәулік.
Новатор сортының өзіндік ерекшелігі – сабақтары жинақы, тік тұрады, жапырақтары үшкір бұрышпен орналасақан.
Дәндері ұзынша, ұзындығы мен енінің қатынасы – 2,5. 1000 дәнінің массасы – 29-31 г. Жарма түсі ақ,шыны түстілігі 98%. Жалпы жарма шығымы – 70-72%,жармадағы бүтін дәні -85-90%, дәнінің ақуыздылығы – 7-8%.
Пирикуляриозбен күріштің жапырақ нематодасына орташа төзімді. Өндіру технологияларын мұқият сақтамаған жағдайда ауруға төзімділігі төмендейді. Тұзға төзімділігі орташа. Өсімдіктері жығылуға төзімді.
Әрбір күріш шаруашылығы күріштің өсу дәуіріне, өнімділігіне және сапасына қарай кемінде екі немесе үш сорттан егуі тиіс.
Мысалы, жаңа Ресей сорттарын оңтүстік аймақтарда егу ұсынылады, өйткені бұл сорттардың Қызылорда облысының климаттық жағдайында өсу дәуірі 3-5 күнге ұзарадф. Ал ерте және өте ерте пісетін Кубань 3, Новатор және Ару сорттарын солтүстік аймақтарда немесе екінші сорт ретінде егін пайдалану ұсынылады.
1.4 Күріш ауыспалы егістерінде күріш өсіру технологиясы
Ауыспалы егісте күріш екпе сүрі жер,көпжылдық шөптер,дәндібұршақ және отамалы дақылдардан кейін орналасады. Бұл алғы дақылдардың кейбіреуінен кейін күрішті екі-үш жыл қатарынан егуге болады.
Күріш дақылын өсіруде кездесетін өзіндік ерекшеліктерге сай, топырақ өңдеу жұмыстарына белгілі бір талаптар қойылады.
Күріш егілге танаптар ұзақ уақыт бойы (95-110 күн) су астында жатады. Соның салдарынан топырақта физикалық-химиялық және микробиологиялық процестерінің тиімді өтуіне қолайсыз жағдайлар туады,сондай-ақ күріш дақылы үшін зиянды қоспалар (күкіртті сутегі,қанықпаған темір тотығы және тағы басқа) пайда болады да анаэробты процестер жүреді. Осы жағдайларды болдырмау және тоң кесектерді майдалап, арам шөптер мен зиянкестерді құртып-жою үшін ең тиімді шара – топырақты жоғары сапада және дер кезінде өңдеу болып табылады.
Күріш топырағын егіске дайындау жүйесі негізгі және тұқым себералды өңдеу жұмыстарынан тұрады. Алғы дақылды жинап болысымен топырақты сүдігерге тұрықты (ПЛН-4-35, ПЛН-5-35, ПЛН-8-35), немесе дискілі (ПНД-4-30) соқалармен жыртады. Сүдігерге жырту негізінен қазан айынан кешеуілдемеуі керек. Кеш жыртылған сүдігердің сапасы нашарлап кетеді.
Күрмек тектес арамшөптермен күресте 25-27 см тереңдікте аудар жыртқан сүдігер тиімді. Ал батпақты жерде өсетін арам шөптерге қарсы топырақты 12-14 см тереңдікте жырту қажет.
Қайта игерілген тың мен тыңайған жерлерде (ең кемі 23 см), сонымен қатар қамыс басқан учаскелерде (25-27 см) сүдігерді ерте жырту жүргізіледі.
Көпжылдық шөптер ұлтанын өңдеуді, көктемде бірінші орымнан кейін немесе өсімдік биіктігі 8-10 см жеткен кезде, күрішті егер алдында бастаған қолайлы. Бұл жағдайда топырақ құнарлығын көп жыл бойы тиімді пайдалану үшін жерді жұқалап жыртудан, бірте-бірте тереңдетіп жжыртуға көшу керек. Көпжылдық шөптер ұлтаның көктемде 18-20 см, ал екінші және үшінші жылдары күріш егісін жиып алысымен тиісінше 22-24 және 23-27 см тереңдіктерге аудара жыртады.
Екпе сүрі өңдеу оған егілген дақылды жинап алысымен, жерді суарудан (гектарына 1000-1500 м) басталады. Су топыраққа толық сіңіп, арам шөптер жаппай көктеп шыққаннан кейін, танапты сыдыра жыртқыш соқалармен (ППР-10-25, ППП-5-25,ЛДГ-5, КПИР-4) 20-22 см тереңдікке жыртады. Жыртылған қабат толық кепкеннен соң егістік жердің жөндеу-тегістеу жұмыстарына кіріседі.
Топырақты тұқым себералды өңдеу жұмыстарына көктемде жер өңдеуге келісімен кіріседі. Топырағы тығыз және ылғалы көп жерлерде сүдігер көлденең және ұзына бойына 16-18 см тереңдікте өңделеді.
Көктемгі егістік жерді тырмалау, нығыздау және майдалау жұмыстарын тоң кесектердің оңай ұнтақталатын кезінде жүргізеді. Ауыр саз топырақты егістегі тоң егістегі тоң кесектерді арнайы майдалағышпен немесе ауыр таптауыштармен ұсақтайды.
Арам шөптер басып кеткен жерлерді тұқым себерден 2-3 күн бұрын, 16-18 см тереңдікте қайта жыртып, пайда болған тоң кесектерді соңынан «Зигзаг» тырмасы тіркелген ауыр дискілі БДТ-7 немесе БДНТ-3,0 тырмаларымен ұнтақтайды.
Күріш егісінде минералдық тыңайтқыштарды пайдаланғанда, әсіресе оларды енгізудің мерзімдері мен тәсілдерін білудің үлкен маңызы зор. Егіске тыңайтқыш енгізудің мерзімдерін белгілегенде күріштің өсіп-жетілуінің ең жауапты кезеңі – оның түптенуі мен сабақтана (түтіктене) бастаған кезі екенін әрқашан ескерген жөн.
Әр гектар күріш егісіне енгізілетін фосфор тыңайтқышының 70%,калийдің — 50% және азоттың 35-45% тұқым себералында үстеме қорек ретінде, екінші рет – фосфордың 30% және азоттың 35% күріш 3-4 жапырақ шығарар кезінде, ал калий тыңайтқышының 50% мен азоттың 20-30% күріш сабағының түтіктене бастауының алдында берген дұрыс. Минералдық тыңайтқыштардың тұқым себералды және үстеп қоректенумен берілетін барлық мөлшері : N -60-90 кг, P₂O₂ -40-60 және К₂О-45-60 кг. Күрішті өсу кезінде үстеп қоректендіруге ұшақты пайдаланады.
Органикалық тыңайтқыш ретінде күрішке гектарына 30-40 т көң күзде немесе ерте көктемде беріледі.
Тазартылған күріш тұқымын себу алдында физикалық, химиялық,биогендік және басқа да үдеткіштермен өңдеу арқылы оның өніп шығуын тездетіп, дақыл көгінің зиянды жағдайларға төзімділігін арттырып тұқымның шығымдылығы мен дақыл көгінің толық сақталуына жағдай жасайды.
Еліміздің күріш өсіретін аймақтарының оңтүстігінде күріш тұқымын себудің қолайлы мерзімі сәуірдің 5-нен 15 дейін,орталығында – 10-нан 20 дейін, ал солтүстігінде 15-25 аралығында. Себу тереңдігі дискілі шүмекті тұқымсепкіштермен 2-3 см тереңдікке жүргізіледі. Жеңіл сазды топыраққа тұқым 5 см тереңдікке енгізіледі. 1 га қолайлы себу мөлшері: көпжылдық шөптер ұлтанына 7-8 млн, күріштікке – 7,0-8,5, ал екпе сүрі жерге (мелиорациялық танапқа) 6,0-8,5 млн өнгі тұқым.
Себу СЗ-3,6, СРН-3,6 тұқымсепкіштерімен тар қатарлы немесе тоғыспалы тыңайтқыш себуге қолданатын АККОРД, РАУХ шашқыштарымен тұқым сеуіп жүр, бұл еңбек өнімділігін 2-3 есеге арттырады.
Тұқым себіліп болысымен 2-3 күннің ішінде атызға 3-5 см деңгейде су қойылады. Күріштің өсуіне қарай су деңгейін 12-15 см дейін көтеруге болады.
Арам шөптермен күресу үшін су деңгейін уақытша көтеріп, арам шөптер құрығаннан кейін төмендетіп қолайлы қалыпта ұстау керек.
Түптену фазасының алдында су жіберуді тоқтатып, оның деңгейін 3-5 см дейін төмендетеді. Күріш өсімдігін түптемес бұрын азот тыңайтқышымен үстеп қоректендіреді , қажет болса батпақта өсетін арам шөптерді құрту үшін 2,4-Д тобының гербицидтерімен өңдеу жүргізеді.
Күріштің түптену фазасы аяқталысымен су деңгейін қайтадан 15 см дейін көтеріп, күріш қамырланып піскенге дейін осы деңгейде ұстайды. Мұнан кейін су беру тоқтатылады. Судың топыраққа сіңуі мен булануымен оңың атыздағы деңгейі төмендейді. Қамырланып пісудің соңында атыздағы қалған суды қашыртқыға жібереді. Егер күріштік алқап сортаң тартқан болса, алғашқы су бастырғаннан 3-4 күн өткен соң суды қашыртқыға жіберіп, атызға мезгіл-мезгіл су жіберіп суды толық жаңартып алады.
Күріш өнімін өндірудегі технологиялық процестердің ең шешуші де негізгі кезеңі оларды ысырапсыз, техниканың көмегімен жинап алу жұмыстары болып табылады. Күріш егісін ору алдында атыздардың толық құрғатылуы тиіс.
Күріш оруды жаппай және бөлектеп жүргізеді. Жаппай ору – бірден комбайнмен орып-бастыру әдісі. Мұны сирек шыққан, жатпаған, дәндері бәрдей піскен күріш алқабына қолданады. Сондай-ақ аласа бойлы күріш сорттарына да осы әдісті қолдануға болады. Бұл тәсіл Енесей – 1200РМ, Енесей-950, Laverda-2350 италиялық,CLASS-823 гермнаиялық комбайындарымен атқарылады.
Бөлектеп оруды жоғары өнімді немесе жатып қалған және тұқымдық учаскелерде қолданады. Бұның негізгі өзгешелігі – күрішті орып және бастыру жұмыстары бір мезгілде жүрмейді. Орып дістеленген массаны кептіріп, сонан кейін 2-3 күн уақыт өткізіп барып бастырады.
Күрішті жалға салып оруда жатка MagDon, ЖРВ-5, ЖВН-6,ЖНУ-4,0 және ЖРС-5 дәстелегіштері қолданылады. Жалға орылып, дестеге салынған күрішті, Енесей-1200РМ, Енесей-950, Laverda-2350, CLASS-823 комбайндарының арнайы жаткалары мен бастырады.
Бітік шыққан жоғары өнімді және тұқымдық учаскелерде дән ысырабын, сол сияқты күріштің зақымдануын болдырмау үшін дестені екі қайтара бастырады.
Соңғы жылдары күріш егісінің көлемі сыр өңірінде экологиялық қолайлы және экономикалық тиімді деңгейде – 70,0-75,0 мың.га болып тұрақталды. Осы көлемдегі күріш егісі бір жағынан Қазақстанның күрішке сұранысын қамтамасыз етсе,екінші жағынан – оны жердің мелиоративтік жағдайын жақсартушы дақыл ретіндегі міндетін толық атқарады.
Ал күріш егісі көлемін одан әрі қысқарту инженерлік дайындалған жерлердің апаттық жағдайға дейін тұздануына әкеліп соғуы мүмкін. Аймақта қолданылып жүрген күріш шаруашылығы технологиялары техникалық жағынан да, қаржылық жағынан да тиімділігі жоғары емес. Мысалы, ұзақ жылдар бойы қолданытсағы күріш өсіру технологиясы бойынша себуге дейін 12-13 технологиялық операция немесе кем дегенде 7 операция қолдану ұсынылып келді. Соған қарамастан арам шөптермен агротехникалық жолмен күресу деңгейі өте төмен, топырақ ылғалдылығының шығыны жоғары, сонымен қатар осы жұмыстарды атқаруға пайдаланатын ауылшаруашылығы техникаларының қосалқы бөлшектері мен жұмсалатын жанар-жағар майдың қымбат болуынан өндірілген күріш саласының өзіндік құны өте жоғары болды. Оған қосымша күріш атыздарының тегіс болмауынан гектарына 35 мың м³-тан жоғары су жұмсалды. Бұл тиісті жұмсалатын судан 1,5 еседей артық. Қазақстандық Арал өңіріндегі өсімдік шаруашылығының дамуын сараптау, оның болашақта су ресурстарының шектеулілігі жөнінен қазіргіден де қиын жағдайда дамитынын, ал ауылшаруашылық өндірісіне және ауылдағы тауар өндірушілерге бөлінетін
Технологиялық операциялар |
Оңтайлы жүргізу мерзімі |
1.Көктемде сәуір айында лазерлік тегістегіш қолданып, ±2-2,5 см дәлдікпен танаптың бетін тегістеу. |
Сәуір |
2.Атызда 3-4 күн суға бастырып ағызып жібереді, бұл арамшөптерді, әсіресе шиін-күрмекті өсіреді. |
Сәуір |
3.Фосфорлы тыңайтқыштардың 100% мөлшерін беру (қатарлы сепкіш болмаған жағдайда) |
Суды жібергеннен 2 апта кейін |
4.Роторлы тырмамен (фрезамен) немесе БДТ-7,0 ауыр дискімен немесе чизельмен (қамыс пен қалқанддылар тұқымдасымен) 8-10 см тереңдікке тыңайтқыш бергеннің артынша өңдеу. |
Суды жібергеннен 2 апта кейін |
5.Топырақты тегіс немесе шағыршақты тапатуышпен нығыздау |
Тікелей себер алдында |
6.Қатарлы сепкіш қолданған жағдайда фосфорлы тыңайтқыштың 100% мөлшерін бірге беріп себу немесе екі дискілі ені 10-12 м тыңайтқыш сепкішпен тыңайтқыш беріп себу. |
Себу: Қызылорда облысының оңтүстік аймағында 20 сәуір ден 10 мамыр аралығында; орталық аймақта – 1 мамырдан 20 мамыр аралығында; солтүстік аймақта – 20 мамырдан 30 мамыр аралығында және сепкеннен кейін бірден атызды суға бастыру. |
субсидия, салыстырмалы түрде, төмен деңгейде жүретінін, және ол негізінен аз
шығын жұмсалатын технологиялар мен жаңалықтарға бөлінетінін көрсетті.
3-кесте
Сондықтан, күріш шаруашылығын тиімді дамыту үшін күріш өндірісінің тұрақты дамуын күріш және кріш ауыспалы егісі дақылдарын өсірудің су,ресурс үнемдегіш технологияларын енгізу арқылы қол жеткізу көкейкесті мәселе. Осы ретте Қазақстанда күріш және күріш ауыспалы егісі дақылдарын өсіру технологиясын одан әрі жетілдіру мақсатында топыраұты минималды өңдеуде КПН-4,0 куьтиваторын пайдаланып Ы.Жақаев атындағы Қазақ ҚШҒЗИ-да алғаш рет жүргізілген тәжірибелер тек қана өнімділікті арттырып қоймай, сонымен қаатр суаруға кететін су шығынын 15% -ға дейін кемітіп, себу нормасын 20% -ға азайтып, топырақ өңдеуге және жанар-жағар майға жұмсалатын шығынды бірнеше есе кемітуге болатынын көрсетті. Бұл жағдайда топырақ бетінің тегістігі бірнеше жылдар бойы бұзылмайды және атыз арамшөптен тазарады. Күрішті осы технология бойынша өсіру облыстың суармалы жерлеріндегі өсімдік шаруашылығы рентабельділігін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Күріш және күріш ауыспалы егісі дақылдарын өсірудің минималды технологиясын қолдану су шығынын азайтып,суармалы жерлердің мелиоративтік жағдайын жақсартады. Аумақтың экологиялық ахуалының түзелуіне септігін тигізеді, тұқымдық материал мен жанар-жағар майды үнемдейді. Соның нәтижесінде ауылшаруашылық машиналарын алуға жұмсайтын қаржысын үнемдейге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар жаңа технологияларды енгізі топырақ бетін қопсытатын КПН-4,0 культиваторы сияқты жаңа техникаларды қолдану арқылы егіншілік мәдениетін жоғарылатуға септігін тигізеді. Сондықтан су, ресурс шығынын үнемдеуде күріш және күріш ауыспалы егісі дақылдары егістік жерлерінің топырағын өңдеуді алдын-ала лазерлік жер тегістеу негізінде минималды жер өңдеуді қолдана отырып, топырақ бетінің тегістігін бірнеше жыл бойы бұзбай, аз шығын жұмсап, мол өнім алуға қол жеткізу бүгінгі таңда көкейкесті мәселерлердің бірі сыналады. Дәстүрлі технологиямен егілген күріш тұқымының далалық өнгіштігі 26,9% болса, КПН-4,0 культиваторымен өңдеген жерде тұқымның 30,4-ы өнді. Соңғы нұсқада өсімдіктің сақталуы да жоғары болды – 88,7%,ал бақылау нұсқасында ол біршама төмен.
Лазерлік тегістеу мен арандатып суару негізінде күрішті
минималдық технологиямен өсіру
Күріш егістігі топырағын лазерлік тегістеу мен арандатып суғаруды қолданып минимальді өңдеудің технологиялық сызбасы.
Технологияны сәуірде қолданғанда егістік жерде: 2-2,5 см дәлдікпен жұмыс жасайтын лазерлі тегістегіш қолданып, алғашқы тегістеу жүргізіледі, одан кейін арандату әдісі қолданылады. Әдістің ерекшелігі атыздар суға толтырылады да 3-4 күннен кейін ағызып жіберіледі, бұл арамшөптердің, әсіресе шиін-күрмектің шығуына әсер етеді.
Екі аптадан кейін арам шөптер роторлы тырмамен немесе ауыр дискімен немесе топырақты 10-12 см өңдейтін чизельмен жойылады, ал топырақ тегіс немесе шығыр шықты таптауышпен тапталады.
Роторлы тырма қолдану топырақты себуге дайындауды айтарлықтай жеңілдетеді, өйткені барлық операция бір мезгілде топырақты дайындаудың сапасын жақсартумен бірге жүргізіледі. Алайда қозғалғыш бөлектерінің көптігіне байланысты роторлы тырманы жұмысшы жағдайда ұстап тұруға кетеін шығын топырақты тырмалауға арналған дәстүрлі тырмаларға кететін шығынмен салыстырғанда айтарлықтай көп болады. Сонымен қатар, табанды чизель қамыспен күресте тиімдірек болады.
Технологияны тиімді өндірудің қажетті шарттарының бірі атыз бетін лаерлі тегістеу болып табылады. Лазерлік тегістеуге жұмсалатын ЖЖМ шығыны дәстүрлі құралдарды қолданғаннан төмен болады. Қазіргі таңда Қызылорда облысында Италиядан шығатын лазерлік Mara тегістеуіші бар.
Дәстүрлі технологияда азоттың барлық мөлшерінің 50-70%ын және фосфордың 100%-ын себер алдында беріп, топырақты аудармай жырту немесе БДТ-7,0 дискісімен өңдеу арқылы 16-18 см тереңдікке сіңіру ұсынылады.
Алайда, азот тыңайтқышын күрішті сепкенге дейін бермеген дұрыс, өйткені бұл арам шөптерді қаулатып өсіреді, ал күріштің жас өскіндері құнарлы заттарды сіңіруге әлі қабілетсіз болады. Тыңайтқыштармен үстеп қоректендіруді өсу дәуірінде берген неғұрлым тиімді болады. Ал азотты себер алдында берген жағдайда оның жалпы мөлшерінің аз ғана бөлігін, яғни 30% ға дейін ғана беру керек.
Азот тыңайтқышының тиімділігін арттыру үшін 2 рет: суға бастырғаннан 30-35 күн өткеннен соң түптену фазасының басында: суға бастырғаннан 55-60 күн өткеннен кейін масақ шығару кезеңінде гектарына 20 кг аммоний сульфатын немесе 100 кг мочевина беру керек.
Күрішті дәстүрлі тәсілмен сепкенде кәдіулгі СЗ-3,6 астық сепкіші қолданылады да оның барлық дән өткізгіштері мен сошниктері алынып тасталынып шашып себу тәсілімен себіледі.
Күріштің өне бастаған дәндері мұндай суғаруда жеткілікті мөлшерде оттегін ала алмайды, бұл тұқымның өнгіштігін төмендетіп оны жоғалтуға әкеліп соғады. Бұл тұқымдық материалды көп мөлшерде қолданудың басты себебі болып табылады.
Заманауи қатарлы сепкіштер қолдану тұқым мөлшерін 100-120 кг/га дейін азайтуға мүмкіндік береді. Қызылорда облысының Жалағаш ауданында екі дискілі, енін 10-12 м етіп шашатын тыңайтқыш шашқышты қолдану гектарына 150 кг күріш себуге мүмкіндік берді.
Нәтижесінде уақыт үнемделеді, техника мен жанармайға жұмсалатын шығын азаяды, онымен қатар тұқымдық материал аз жұмсалады. Дәндер жеңіл тырманың немесе тегіс таптауыштың көмегімен жұқа топырақ қабатымен жабылады.
Күрішті қолданыстағы дәстүрлі технологияны пайдаланып сепкеннен кейн арам шөптермен күресу үшін танап 10-12 күн бойы суға бастырылады. Егер шиін, күрмекті осы әдіспен біршама тежеуге болатын болса, қыр көлеңдер тектес және қамыс секілді арамшөптердің тек аз ғана бөлігі жойылады. Күріштің өніп келе жатқан дәндері оттегін қажетті мөлшерде ала алмайды, бұл өскіндер санының азаюына әкеліп соғады.
Арам шөптермен күресті сепкеннен кейінгі 30 күн ішінде жүргізу керек. Лазерлік тегістеуді арандату әдісімен ұштастырып, одан кейін топырақты роторлы тырмамен, ауыр дискілермен немесе чизельмен өңдеу шиін-күрмек және қоға секілді арам шөптерді жоюға әсер етеді, егер танап қамыспен ластанған болса, чизель қолданған тиімді.
Күріш егістігін ауыспалы егісте жақсы алғы дақылдардан кейін орналастыру танаптың фитосанитарлық ахуалын жақсартады,арам шөптермен, аурулармен және зиянкестермен күрестің тиімділігін арттырады. Үш жыл бойы жоңышқа немесе екі жыл бойы түйе жоңышқа егілген учаскелерде шөп өсімі жақсы болса шиін-күрмек тектес арамшөптер,кәдуілгі қамыс түгелге жуық жойылады, ал қоғаның өміршең өскіндері мен түйнек ұорлары 8 есеге дейін азаяды. Алайда бұл шаралар жеткіліксіз болса, онда арам шөптермен қатты ластанған учаскелер айрықша шара ретінде гербицидтермен өңделуі мүмкін.
Тұрақты немесе үздік-создық әдіспен суғару жүйесі өскіндердің сиреуіне және сабақтардың жығылуға бейім болып ұзаруына әкеліп соғады.
Суды үнемдеуге бағытталған күрішті минималды өсіру технологиясының мақсатына тек танаптарды мүлтіксіз тегістеу арқылы ғана қол жеткізуге болады. Топырақты лазерлік тегістегішпен тегістеп минималды өңдегенде атыздар 5-7 см қалыңдықпен суға бастырылады. Күрішті сепкеннен кейін дәндер су астында 3 күнге дейін ғана болады. Одан кейін күріштің тамыры мен сабағына ауа жеткізу үшін атыздағы су ағызып жіберіледі. Бір аптадан кейін су деңгейін күріш өсімдігі бойының 1/3 бөлігінен аспайтындай етіп атыздарға қайта су беріледі. Түптену фазасында су ағызып, жіберіледі, сөйтіп күріштік танабы су қабатсынсыз қалған күйінде 7 күнге қалдырылады, ылғал топыраққа азот тыңайтқышы беріледі. Нәтижесінде қоректік заттар мен күн сәулесінің бір мезгілде әсер етуі арқасында тамырларының жетілуі мен сабақтарының пайда болуы күшейеді. Одан кейән ауаның температурасына байланысты 20-30 см деңгейге дейін суғару қайта жүргізіледі. Су көлемінің көптігі судың температурасын реттеуге мүмкіндік береді.
Масақ шығарудың алдында бір апта бойы атыздағы су деңгейі 3-5 см дейін азайтылады да екінші рет үстеп қоректендіру жүргізіледі. Бұл сатыда өнімділіктің маңызды құрам бөлігі болып саналатын масақтағы дән саны қалыптасады. Атызға су беру өнімді жинаудан екі апта бұрын тоқтатылады. Атыздағы су ағызып жіберіледі және дәндердің біркелкі пісуі үшін танаптар құрғатылады.
II.Қызылорда облысының топырақ– климат жағдайы, өсімдік қабаты
Қызылорда облысы 218,4 мың шаршы км жерді алып жатыр. Шығысы мен оңтүстік шығысында Қазақстанның Шымкент облысымен,солтүстігінде Жезқазған, солтүстік – батысында-Ақтөбе облыстарымен, оңтүстігінде – Өзбекстанмен шектеледі. Облыс орталығы – Қызылорда қаласы.
Облыс Сырдария өзенінің төменгі ағысының бойында, Азия шөлінің белдеуінде орналасқан. Батысында – Арал теңізі, оның солтүстік және шығыс бөлігі жиегіндегі аралдармен қоса облыс құрамына енеді. Оңтүстігінде – Қызылқұм шөлінің ссолтүстік бөлігі, солтүстігінде – Арал жиегіндегі Қарақұм, Арысқұм және Орталық Қазақстанның шет аймағының шөлейт үстірті. Облыс Тұран ойпатының жазықтау келген кең байтақ алқабын алып жатыр, оның басым бөлігі Сырдария, Сарысу, Шу өзендерінің ертедегі Атырау жазығы болып табылады. Жазықтың абсолюттік деңгейі оңтүстікте 200 метрден батыста, Арал теңізінің жағасында, 53 метрге дейін ауытқып тұрады. Шығыс бөлігінде облыс шегіне Тянь-Шань тау жүйесіндегі Қаратау тауының батыс шетінің оңтүстік-батыс баурайы енеді. Таудың абсолюттік деңгейі 400-600 метр шамасында ауытқып тұрады, ең биік шыңы – 1418 м. Таудың көпшілік сілемінің салыстырмалы биіктігі 300-400 метрден аспайды. ОЛарды тау етегіне барғанда сияр құйымшақтанып барып жоғалып кететін майда өзендердің толып жатқан тар аңғарлары шиырлап жатыр.
Облыстың оңтүстігі мен батысында жал-жал, ойдым-ойдым,төбе-төбе құмдардың мол алқабы орналасқан.
Облыс территориясының үлкен бөлігі ширектік шөкпелерден қалыптасқан, олар Сырдария өзенінің атырау-тосабының шөкпелері болып қалыптасқан,
Облыс территориясының үлкен бөлігі ширектік шөкпелерден қалыптасқан, олар Сырдария өзенінің атырау-тосабының шөкпелері болып табылады. Тосаптың қос мүшелі құрылымы бар: қалың қыртысының жоғарғы беті тозаңды саз, саздақ, майда қиыршықты тозаңдылау құмның лиза тәріздес аралас қабаттарынан тұрады, ал төменгі жағы-неғұрлым ірі қиыршықты, құмды келеді. Неғұрлым майда қиыршықты линзалар сиректеу, мұның өзі суармалы жерлерде дренаж қолдануға қолайлы мүмкіндік туғызады. Жалпы заңдылық ретінде, арнаға жақын учаскелердегі тосап шөкпелердің механикалық құрамы жеңіл келеді де, одан алыстаған сайын, аран аралығындағы ойпаттарда неғұрлым ауыр болады.
Суарылатын аудандардағы тосап шөкпелердің ыза суы ала-құла минералданған, кермектігі мен тұздылығы басымдау; су 2-7 м тереңдікте жатады. Шөлді аудандарда ыза суы 10-12 м тереңдікте жатады, топырақ барлық жерде күшті минералданған. 40-200м тереңдіктегі қайраң шөкпелерде артезиан суы болады,мұндай сулар орталық, оңтүстік және батыс аудандардың бәрінде дерлік кездеседі. Олардың минералдануы бір метрінде 1,5 гр 2,5 граммға дейін және олар қой,жылқы,түйе суаруға әбден жарамды. Артезиан бассейніне жеткен бұрғылау скважиналары секундына 15-20 литрге дейін өздігінен ағып шығатын су береді.
Құмды алқаптарда тұщы ыза сулары кең тарған, олар су буларының құмға сіңіп суға айналуы және жауын суының Қызылқұмда 10-25 м тереңдікте пайда болады. Олардың мөлшері өте аз, сәл көбіреу пайалан бастаса, сортаңданып кетеді. Мұндай суларды жайылымда мал суару үшін тек Арал жағалауындағы Қарақұмда ғана пайдалануға болады, өйткені ол жерлерде сәл көбіреу.
Облыс территориясының үстімен оңтүстік-шығысын солтүстік-батысқа қарай Сырдария өзені өтеді, бұл – үлкендігі жағынан Орта Азиядағы екінші өзен. Ол өзінің бүкіл ағысы бойына бірде-бір саладан қосымша су алмайды, бірақ өзі бірнеше ірі-ірі салалар бөліп шығарады, бұлар жазық жермен ондаған километр ағып барып, негізгі арнаға қайтадан қосылады. Қазалыда Сырдариядан, оның сол жағынан, Ақсай саласы бөлініп, өз бетімен Арал теңізіне барып құяды.
Жаңақорған және Шиелі аудандарына Қаратаудан бірсыпыра ұсақ өзендер – Бесарық, Шалғай, Жиделі өзендері ағып келеді. Бұлардың біріншісінің жоғарғы сағасы үнемі ағып жатады да, соңғы екеуі тек көктемде ғана ағады. Бұл өзендердің суы таудан шыға тарамданып, ақыры сиыр құйымшақтанып барып жоғалып кетеді. Алайда малатасты аңғарлардың астымен жыл тәулігіне тұщы су ағып жатады,соларды іркіп, тау етегіндегі бозғылт сұр топырақты жерлерді суаруға болады.
Ақыр соңында, солтүстік шекараға таяу жерде Жезқазған және Шымкент облыстарынан Қызылорда облысына Сарысу, Шу өзендерінің аяғы өтеді, олардың сағаларында бірсыпыра сортаң және тұзды көлдер пайда болған.
Негізгі климаттық және агроклиматтық ерекшеліктері. Облыстың климаты шұғыл континетті: жазы ыстық,құрғақ,қысы суық,қар тым алағат түседі. Облыс бойынша ауаның орташа жылдық температурасы +7-11°С. Ауа температурасының жылдық ауытқуы +34°С -41°С-қа дейін.
Жылдың жылы кезеңі үшінші аймақта 20-25 наурыздан 8-15 қарашаға дейін,екінші аймақта 14-18 наурыздан 11-16 қарашаға дейін,бірінші аймақта 3-6 наурыздан 20-23 қарашаға дейін. Ең суық ай-қаңтар, ең жылы ай-маусым. Қыс ең қатты болған жылдары жекелеген күндерде ауаның ең төмен температурасы 34-39°С-қа дейін жетуі мүмкін. Облыс территориясында жаз ыстық және ұзақ болады. Ең жылы айда ауаның орташа температурасы 26-28°С төңірегінде болады.
Облыстың ауа-райы өте қуаңшылықты болып келеді. Бірінші аймақта жылына 152-159 мм, екінші аймақта -95-110 мм дейін жауын жауды,қалған территорияға жауын-шашынның мөлшері 104-118 мм аспайды. Бірінші аймақатағы аудандарда жауынның көпшілік бөлегі суық кезеңге, қалған аймақтарда жылы кезеңге тұстас келеді. Жылма-жылғы жауынның мөлшері жиі өзгеріп тұрады. Мәселен, жекелеген құрғақшылық жылдарда не бары 30-60 мм, ал ылғал неғұрлым мол жылдары 200-213 мм жауын жаууы мүмкін.
Желдің жылдық орташа жылдамдығы секундына 3-4 метрден аспайды.Желдің ең жоғары жылдамдығы көктем қыс айларына сай келеді.
Егіннің вегетациялық кезеңінің ұзақтығы бірінші аймақта 225-226 күн, екінші аймақта 208-217 күн, үшінші аймақта 198-208 күн. Көктемде ауаның ортша тәуліктік температурасының жылылыққа қарай тұрақты ауысуы бірінші аймақта 19-20 наурызда, екінші аймақта 26-30 наурызда, үшінші аймақта 7 сәуірде болады, ал күзде суыққа қарай ауысуы тиісінше 23-28қазан,25-31 қазан, 1 қараша айлары аралықтарында.
Облыс территориясында болмайтын мезгіл орта есеппен 167-178 күнге созылады. Көктемгі үсік сәуірдің екінші онкүндігінде тоқаталады, бірақ жекелеген жылдарда мамырдың бірінші онкүндігінде және екінші онкүндігінің бас кезінде, ал Арал теңізі маңында мамырдың аяғында да байқалуы мүмкін. Алғашқы күзгі үсік қазанның бірінші онкүндігі мен екінші онкүндігінің бас кезінде түседі, бірақ қыркүйектің үшінші онкүндігінің бас кезінде, кейде тіпті екінші онкүндігінде де түсуі ықтимал.
Облыстың негізгі ауыл шаруашылығы дақылы – күріш,оны сәуірдің аяғында, мамырдың басында, топырақтың беткі қабатының температурасы 10-13 °С –қа жеткен кезде егеді. Облыстың жылу ресурсы күріштің ерте пісетін сортында да,орташа пісетін сортын да өсіруге мүмкіндік береді.
Облыс территориясындағы жылудың мол қоры суармалы жағдайда дәнді дақылдар,овощ,бақша,жеміс дақылдарын өсіруге мүмкіндік береді.
Топырағы және өсімдігі. Облыс территориясыныңбасым бөлігінің топырағы солтүстік шөл аймаққа жатады. Топырақ қыртысы алуан түрлі, дегенмен екі үлкен ауданға айқын бөлінеді: егіншілік аймақтық ылғалды топырағы және оқта-текте ертедегі суарманың ізі байқалатын шөл бөлігінің кеуіп кеткен топырағы.
Ылғалдануы мен рельф жағдайының алуан түрлілігі, шөкпелердің бір текті еместігі, жекелеген табиғи аудандарды шаруашылық тұрғысынан пайдалану бағыттары мейлінше топырақтың алуан түрінің қалыптасуына әкеп соқтырды, ол көбінесе өте күрделі құрамдар мен комплекстер түрінде ұшырайды. Алайды осынша алуан түрлілікке қарамастан, шөлдік климат режимінің ерекшеліктері әсерінен, жазықтағы топырақтың бәріне агрономиялық маңызға ие болатын мынадай ортақ белгілері бар:
- Жоғары корбонаттылық. Сортаң топырақты шайған кезде карбонаттылық оңды фактор ретінде әсер етеді, топырақтың сортаңдық белгісін жояды. Сонымен бірге карбонаттардың көп болуы фосфор тыңайтқыштарға неғұрлым баяу қозғалатын, бірақ өсімдік сіңіретін формаға көшу процесін тездетеді.
- Тосаптық жартылысының сипатына байланысты топырақ пропилінің қабаттанып жатуы. Мұндай жағдайдағы топырақтың ерекшелігі — тоза–ды бөлшектердің басым болып, көлемі 1-0,25 мм фракциялардың өте аз болуы, ал диаметрі 1 мм бөлшектердің мүлде болмауы.
- Макроқұрылымының жоқтығы және суға төзімді микроқұрлымының болуы.
- Өзен өңіріндегі топырақтың беткі қабаты мен шөл топырағы профилінің орта шенінде жоғарғы сортаңдылығы. Сорлану хлоридті – сульфатты натрийдің,магнийдің,кальцийдің күкіртқышқылды тұздары басым. Топырақтардың дені шаюды қажет етеді. Бұдан басқа, суармалы оазистердің топырақтың сортаңдану дәрежесі жағынан бір-бірінен кейбір айырмашылғы бар. Оңтүтіктегі – Шиелі оазисінің топырағы мен ыза сулары азырақ сортаңданған,ортадағы, Қызылорда оазисінің топырағы оданда күштірек сортаңданған.
- Микробиологиялық процестердің тым күштілігі, органикалық заттардың тез шіруіне әкеп соғады. Облыстың барлық топырағы калийге бай келеді, ал фосфордың мөлшері орташа,азотқа кедей. Мұнда органикалық және минералдық тыңайтқыштарды, әсіресе азот тыңайтқышын енгізу қажет. Гумустың мөлшері 0,5 пайыздан 3-4 пайызға дейін ауытқиды, оның 6 пайызға жетуі өте сирек кездеседі. Топырақты азотпен байыту үшін бұршақ тұқымдас дақылдар, тап айтқанда, жоңыша ме нтүйежоңыша егу керек.
Төменде жазықтағы ең негізгі топырақтардың егіншілік үшін көбірек маңызы бар қасиеттері келтірілген.
Тақыр тәріздес сортаңданбаған топырақтар Жаңадария алқабының басқы бөлігінде Бесарық өңірінде және Шиелі ауданының сол жағалауындағы бөлігінің оңтүстігінде кездеседі. Өзен тосабының қалыптасқан, мұнда саз,саздақ,құмдақ,құм қабаттар кездесіп тұрады. Ыза суы 10 метрден төмен тереңдікте жатады, минералдануы жағынан сортаң және тұзды, тығыз қалдықтың мөлшері литрәне 5 грамнан 10 грамға дейін. Топырақта тұз аз, беткі қабыршағының сілтілігі жоғары екені байқалады,гумустың мөлшері – 1,5 пайызға дейін. Барлық ауыл шаруашылығы дақылдарын егіге жарамды. Өсімдіктері – қара сексеуіл, күйреуік, жантақ.
Тақыр тәріздес сортаң топырақ негізінен Жаңадарияның арнаға таяу жерлерін қамтиды. Қалың қара сексеуіл басқан. Топырағы қатпарлы. Қабыршағы кедір-бұдырлы,жұқа қыртысты, сілтілігі жоғары. Ең көп тұз 10-100 см тереңдікте, одан төмен -0,5%. Тұздың қоры екі метрлік қабатта 240 га/т,сорлануы хлоридті-сульфатты. Бұл топырақтарда гумус 2-3% қоректік заттар аз. Ыза сулары 10-20 м тереңдікте, олардың минералдануы – 10 -50 л/г. Суы – хлоридті- сульфатты. Жерін орман қоры ретінде пайдаланған тиімді. Оны игерген кезде топырағының сорын шаймалау және сексеуілден тазарту керек.
Тақыр тәріздес сор және сортаң топырақтар ауыр қатпарлы тосаптық шөкплерде қалыптасады. Көбінесе Сырдарияның сол жағасындағы сазды жазықтардың беткі қабатының негізгі бөлігін алып жатыр. Беткі қабыршағы тығыз,су өткізуі өте нашар, сілтіленген, қалыңдығы 3-5 см. 25-100 м тереңдіктегі топырақта 3%-ға дейін тұз бар, оның қоры екі метрлік қалыңдықта 138га/т, сорлануы-хлоридті-сульфатты және сульфадты-хлоридті. Топырақтағы гумус -1 процент, сіңімді азот пен фосфордың мөлшері аз. Ыза суы -10-20 м тереңдікте, минералдануы -25-70л/г. Суы хлоридті . Негізгі өсімдіктері – бүрген,күйреуік. Игерген кезде күрделі мелиорациялық жұмыстар жүргізуді қажет етеді.
Құм жапқан тақыр тектес топырақтар солтүстік Қызылқұмда төмпек-төмпек, жал-жал құмдарға таяу айтарлықтай үлкен алаптарды лапы жатады. Топырақтың бетін құм 10-40 см қалыңдықта құндақтап тастайды. Құндақтың асты саздақ. Топырағының ерекшелігі – жақсы ылғалданады, шөбі қалың өседі, оның ішінде басымырағы – ақ жусан. Тұздарының мөлшері – 2,5%-ға дейін,ол 60-200 см тереңдікте жатады. Тұздардың екі мертлік қабаттағы қорын гектарына 192 тоннадан. Тұзы – хлоридті-сульфатты. Топырақтағы гумус – 1,5 %-ке дейін, қоректік заттары аз. Ыза суы -10-25 м тереңдікте, күшті минералданған, хлоридті. Суару режимін өатаң сақтап, жел эрозиясына қарсы күресу жөнінде шаралар қолданған жағдайда ғана игеруге жарамды.
Құмды топырақтар. Обылстың барлық территориясында кең таралған және ерекшелігі мейлінше алуан түрлі, басқа топырақтардың арасында бөлек-бөлек орналасады, ал Арал жағалауы мен облыстың оңтүстігінде байтақ шөл даласын құрайды. Мұндағы өсімдіктер алуан түрлі. Топырағының ерекшелігі гарнизонт профилінің әлсіз дифференциясы. Сорланған және сорланбаған түрлері кездеседі. Арықтан суаруға жарамайды. Суарусыз траншеялы жүргізуге мүмкіндік бар.
Облыстың табиғи – шаруашылық аймақтары мен аудандары. Топырақ – климат және басқа да жағдайларына қарай облыс территориясын үш табиғи – шаруашылық аймағына бөлуге болады. Бірінші аймаққа -Жаңақорған, Шиелі, аудандары; Екінші аймаққа – Сырдария, Тереңөзек, Жалағаш, Қармақшы аудандары; Үшінші аймаққа — Қазалы,Арал аудандары кіреді. Бірінші және екінші аймақтар суармалы егіншіліктің күріш және мал шаруашылығының жақсы дамуымен сипатталады.
Облыстағы негізгі дымқыл – күріш егісінің ең көбі екінші аймаққа шоғырланған бұл аймақ өндірілетін ауыл шаруашылығы өнімінің мөлшері жағынан бірінші орынды алады. Үшінші аймақта мал шаруашылығы өркендеген, алайда күріш егістігін дамыту үшін де резерфетор бар. Үш аймақтың үшеуі де топырақ жағдайы жөнінен бір-біріне ұқсас. Өзен ағысының бойымен төмен қаарй топырақтың механикалық құрамы біршама ауырлап, сортаңдау дәрежесі арта түсетіні анықталады.
2.2 Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің құрылуы мен даму тарихы
- 1933-1950 жж. – КСРО Халық Комиссариаты Бүкілодақтық Күріш Тәжірибе Стансасы (Краснодар қаласы) жүйесінің Қызылорда күріш тәжірибе танабы;
- 1950-1956 жж. – Ленин атындағы Бүкілодақтық Ауылшаруашылық Академиясы филиалының Қазақ егін шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты жүйесінің Қызылорда күріш тәжірибе танабы;
- 1956-1965 жж.- Қазақ КСР Ауылшаруашылық министрлігінің Қызылорда Мемлекеттік ауылшаруашылық тәжірибе стансасы;
- 1965-1972 жж. – КСРО мелиорация және су шаруашылығы министрлігі «Күрішмемшарқұрылысбасқармасының» Қызылорда облыстық күріш тәжірибе стансасы;
- 1972-1991 жж. — Қазақ КСР ауылшаруашылық министрлігі, кейін ЛАБАШ академиясы Шығыс бөлімшесінің Қазақ күріш ғылыми-зерттеу институты;
- 1991-1994 жж. – Қазақ ауылшаруашылық ғылымдары академиясының Қызылорда ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты;
- 1994-1999 жж. – Қазақ ауылшаруашылық академиясының Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты;
- 1999-2003 жж. – ҚР Білім және ғылым министрлігінің Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты;
- 2003-2007 жж. – ҚР АШМ-і Оңтүстік-Батыс ғылыми-өндірістік орталығының «Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» еншілес мемлекеттік кәсіпорны;
- 2007 ж. – «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның Арал өңірі агроэкология және ауыл шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты;
- 2008 ж. – «ҚазАгроИнновация» АҚ-ның «Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС;
Институт миссиясы: күріш және күріш ауыспалы егісі дақылдарының жаңа сорттарын шығару, олардың өсіру технологиясын әзірлеу;
Негізгі қызмет бағыты:
1.Күріштің жаңа сорттарын шығару және тарату.
2.Күріш өсірудің жаңа технологиясын әзірлеу және өндіріске енгізу.
3.Күріштің жоғары репродукциялы бастапқы және элиталық тұқымдарын өндіру және тарату.
4.Күріш шаруашылығы саласында жүйелі зерттеулер жүргізу.
5.Шетелдік озық технологияларды жергілікті ортаға бейімдеу және пайдалану.
6.Ғылыми қызметкерлер мен ауыл шаруашылығы мамандарын дайындау және қайта даярлау, ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізу.
7.Шетелдік жетекші ғылыми орталықтармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірігіп жүргізу.
Институттың ғылыми-зерттеу бағдарламасы:
- күріштің генетикалық қорын зерттеу және банкін толықтыру;
- күріштің кең спектрлі сорт тарын шығару үшін олардың бастапқы материалдарын сұрыптап (таңдап) алу;
- сортаралық будандар комбинациясын құру және күріш өнімділігі мен тұрақтылығы теориясын әзірлеу;
- күріш дәні мен жармасының өнімділігі, тұрақтылығы және сапалы болуының сандық қасиеттері генетикасын зерттеу;
-•кең тараған патогендерге, тұздылыққа және жоғары-төмен температураға күріштің өзіне тән немесе басқа да төзімділігінің физиологиялық және генетикалық қасиеттерін анықтау;
- күріштің тұқым шаруашылығын жетілдіру және қызыл дәнді күріш дәндерімен күресу;
- минералды және органикалық тыңайтқыштарды, биологиялық активті заттар мен мелиоранттарды қолдана отырып, күріш және күріш ауыспалы егісі дақылдарын өсірудің интенсивті, энергия-ресурсүнемдегіш технологиясын әзірлеу;
- су қорларының тапшылығы жағдайында экологиялық және экономикалық қолайлы су режимдерін әзірлеу;
- Қазақстанның күріш шаруашылықтарына жоғары бейімделген күріш агроландшафтарын қалыптастыру және жер пайдалану тиімділігін арттыру.
Институт еліміздің агроөндірістік кешені бойынша күріш шаруашылығы саласын ғылыми-әдістемелік жетістіктермен қамтамасыз ететін Қазақстан аймағындағы жалғыз ғылыми орталық болып саналады.
Институттың негізгі ғылыми және өндірістік базасы Қызылорда қаласының Қарауылтөбе елді мекенінде орналасқан.
Қазіргі таңда институтта 82 адам жұмыс атқарады, оның ішінде 042 бюджеттік бағдарлама бойынша 37 қызметкер жұмыс істесе, оның 5-і ғылым докторы, 6-ы ғылым қандидаты.
Институт құрылымының құрамына төмендегі бөлімдер кіреді:
- селекция бөлімі;
- тұқым шаруашылығы бөлімі;
- агротехнология бөлімі;
- ғылыми-аналитикалық бөлім;
- аналитикалық зертхана;
- әкімшілік-шаруашылық бөлімі;
- ғылыми-жетістіктерді өндіріске енгізу және коммерциялық бөлімі;
- Қарауылтөбе ғылыми-өндірістік тірек пункті.
Институттың бас директоры – техника ғылымдарының докторы, доцент Өмірзақов Серікбай Ыдрысұлы.
Бас директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Таутенов Ибадулла Айғалиұлы.
Ғылыми хатшы – Вильгельм Маргарита Августовна.
Тұқым шаруашылығы бөлімі. Бөлім меңгерушісі – ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы, ҚР Мемлекеттік ғылыми стипендиясының иегері Бәкірұлы Қ.
Селекция жетістіктерін жүзеге асыруда тұқым шаруашылығы үлкен рөл атқарады. Сондықтан да күріштің жоғары сапалы тұқымын өндіру және бастапқы тұқым шаруашылығын ұйымдастыру жұмыстары тұқым шаруашылығы бөліміне жүктелген.
Бөлімнің зерттеу жұмыстары тұқым сапасын арттыру мақсатымен бастапқы тұқым шаруашылығын жүргізудің қалыптасқан әдістерін жетілдіру және жаңа әдістер қолдануға бағытталған.
Бөлімде аймақта аудандастырылған күріштің Маржан, Кубань 3, Авангард, Арал 202, Түгіскен 1 және жоңышқа мен түйе жоңышқа сапалы тұқымдарын өндіру мақсатында бастапқы тұқым шаруашылығын ұйымдастыру жұмыстары жүргізіледі. 2008 жылдан бастап Ресей күріш селекциясының аудандастырылған Янтарь, Новатор, Лидер сорттарының бастапқы тұқым шаруашылығын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде.
Бөлім ғалымдары күріш тұқым шаруашылығының бастапқы питомниктерінде тұқымды көбейтудің жаңа әдісін әзірлеп, патент иегері атанды. 2005 жылдан бастап күріш дәнін өндіріп себу әдісі, ал 2007 жылдан бері күріш тұқымын жалға егу әдісімен тұқымды көбейту жұмыстары жүргізіліп келеді (Қ. Бәкірұлы).Күрішті көшеттеп масақпен және жалға егу әдістерін қолдану арқылы тұқымды көбейту технологиясын қолданғанда гектарына 100-150 кг тұқым үнемделіп, тұқымды көбейту коэффициенті 2 есеге дейін артады. Ал минималды технологияны қолданғанда жанар-жағар май 85%-ға, жұмыс уақыты 80%-ға төмендеп, күріштің инновациялы сорттар тұқымын жедел көбейту тиімділігі артады.
Зерттеу қорытындылары негізінде өндіріске аудандастырылған күріш сорттарының сорталмастыру процесінің ғылыми негізделген мерзімі ұсынылған, арнайы мамандандырырлған тұқым шаруашылықтарында жоғары репродукциялы тұқым өндірудің агротехникалық тиімді әдістері дайындалған.
Бөлімде жоңышқа мен түйе жоңышқаның әлемдік коллекциясының түрлері мен түршелерін зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі таңда келешектегі селекциялық жұмыстар үшін синтетикалық популяциялар жасау мақсатында тұзға шыдамды сорт түршелері таңдап алынған.
Соңғы жылдары пайдалануға жіберілген сорттардың мемлекеттік реестріне түйе жоңышқаның жаңа Аркас сорты тіркелді (2006 ж.), ал жоңышқаның Түркістан 15 сорты және жүгерінің Жадыра 21 буданы (Әбілтай О.К.) Мемлекеттік сортсынақ инспекциясына берілді. МСИ-на сары түйе жоңышқаның Приаральский 19 сорты берілді. Бұл сорт тұзға төзімділігімен, зиянкестермен зақымдануы төмен, жоғары өнімділігімен (стандарт Сарбас сортынан 20-25%-ға жоғары) ерекшеленеді.
Қарауылтөбе ғылыми-өндірістік тірек пункті
Ол Қызылорда қаласынан 8 км жерде орналасқан. Жалпы жер көлемі – 4475 га, оның ішінде ауылшаруашылық мақсатындағы жер көлемі – 4264. Егістік жер көлемі – 700 га. Пункт аудандастырылған күріш сорттарының элиталық тұқымын өндіруге мамандандырылған.
Қарауылтөбе пунктінде күріштің инновациялық сорттары мен ресурсүнемдегіш технологиялары өндірістік сынақтан өтеді. Бұл жаңа технологиялардың өндіріске шығар алдындағы сынақтан өтетін полигоны.
2008 жылы 120 гектар жерде ауылшаруашылық өнімдері өндірілді, 2009 жылы бұл көрсеткіш 300 гектарға жетті. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге арналған жерлер техниканың жетіспеуінен, коллектрлі қышыртқылар мен суару арықтарының мелиоративтік жағдайларының нашар болу себебінен толық игерілмей отыр.
Қорланған проблемалар шешілгенде тұқым өндіруге арналған жерлерде ауыспалы егістің жаңа үлгілерін (күріштің үлесі 37,5-50,0%) игеруге болар еді. Ауыспалы егістің қалған көлеміне көпжылдық шөптерді (жоңышқа, түйе жоңышқа) орналастыру керек. Инженерлік жүйеге келтірілген жерлерді ұсынылған бағдарламаға сәйкес игергенде тұқым сапасы артып қана қоймай, қызыл дәнді күріш түрі кемиді, күріш алқабының фитосанитарлық қасиеті жақсарады және агрохимикаттар қолдану мөлшері кемиді.
Егер ауылшаруашылық техникасымен қамтамасыз ету проблемасы шешілсе 2010-2011 жылдары күріш тұқымын өндіретін егіс көлемін 450 гектарға жеткізуге болар еді, яғни облыс шаруашылылқтары сұранысының 50%-ы қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.
Сонымен, 2017 жылы Маржан, Кубань 3 сорттарының 67,5 тонна бастапқы тұқымын және 500 тонна элита, 340 тонна 1 репродукциялы тұқым өндіру жоспарланды. Ал 2017 жылы 270 тонна бастапқы тұқым, оның ішінде 135 тоннасы ресей селекциясы сорттарының, одан басқа 750 тонна элита, 350 тонна 1 репродукциялы тұқым өндірілді.
4-кесте – 2017 жылы «Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің жер пайдалану жағдайы.
Жерлер |
га |
% |
|
Жалпы жер аумағы |
4475 |
100 |
|
Барлық ауыл шаруашылық жерлер Оның ішінде: жыртынды жер тыңайған жерлер Бұдан басқа,шаруашылықтың қысқа мерзімді пайдаланудағы жыртынды жерлері және үй маңы мен учаскелері |
4899 780 90
3394 |
95.2 15,6 1.8
77,8 |
|
«Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де жалпы жер көлемі 4899 га. Оның жыртынды жерлері 700 га құрайды, ал тыңайған жерлер көлемі 80 га. Жалпы шаруашылық күріштің жаңа сорттарын шығару және тарату,күріш өсірудің жаңа технологиясын әзірлеу және өндіріске енгізу,күріштің жоғары репродукциялы бастапқы және элиталық тұқымдарын өндіру және тарату,күріш шаруашылығы саласында жүйелі зерттеулер жүргізу бағытында жұмыс жасайды.
Негізгі бөлім
3.1 Зерттеу жұмысы
Зерттеу жұмыстары Қызылорда облысы Қазақ Күріш Ғылыми Зерттеу Институтының Қарауылтөбе ЖШС тәжірибе танабында жүргізілді.
Диплoмдық жұмысын орындауға алынған зерттеу жұмыстарының мәліметтері, 2017 жылы өндірістік практика өту мерзімінде Қазақ Күріш Ғылыми Институтының Қарауылтөбе станциясы ғылыми зерттеу танабында жүргізіліп жатқан зерттеу жұмыстарына қатынасып керекті мәліметтер жиналынды.
Зерттеу нобайы
5-кесте
№ |
Зерттеу нұсқалары |
|
Тұқым себу әдістері |
Қатар аралығы,см |
|
1 |
Кәдімгі қатарлы (бақылау) |
15 |
2 |
Тар қатарлы |
7,5 |
3 |
Қарама-қарсы |
15х15 |
4 |
Кең қатарлы |
30 |
3.2 Зерттеу жұмысын жүргізу әдістемелері
Далалық зерттеу жұмыстары жалпыға бірдей Б.А.Доспеховтың әдістемелік нұсқауларына сәйкес жүргізілді.
Зерттеу жұмысының барысында мынадай бақылаулар мен өлшемдер анықталынды.
- Күріштің тұқымын себу әдістерінің оның өнгіштігіне және 1га өсімдік жиілігіне әсерін анықтау;
- Күріш танабының арамшөптермен ластануына оның тұқымын себу әдістерінің әсері сандық-салмақтық анықтау әдісімен алынды.
- Фенологиялық, биометриялық анықтаулар анықтаулар мен өлшемдер күріш дақылының өніп-өсу фазаларына сәйкес анықталынып отырды(басталуы 15%, аяқталуы 75%).
- Өнім құрылымы нысандар бойынша 1м2 жерден өсімдіктің саны, шаша сабақтардың ұзындығы, саны, 1000 дәннің салмағы өлшеу арқылы анықталынды.
- Өнім мөлшері тікелей комбайнмен жиналғаннан кейін 1 га есептелініп алынды.
- Экономикалық тиімділікті анықтау жұмсалған өндірістік шығын мен өндірілген өнімді есептеу арқылы шығарылды.
3.3 Зерттеу танабында жүргізілген агротехникалық жұмыстар
Күріштің Лидер сортын себу қалыптасқан топырақ өңдеу әдісінің негізінде жасалып, төмендегі технологиялық шараларды қамтиды:
- Сүдігер жырту(25-27см-ге);
- Көктемгі дискілдеу-тырмалау;
- Атыз беттерін эксплуатациялық тегістеу;
- Минералды тыңайтқыштар енгізу: фосфор тыңайтқышын толық (100%) азот тыңайтөышының 50-70%-н(жетілдірілген сепкіштерді қолданғанда тыңайтқышты бірден топыраққа сіңіреді); шиін, қоғаға қолданылатын жүйелі гербицидтерді тұқым себерден 2-3 күн бұрын береді.
- Фрезамен немесе ауыр дискімен БДТ-7,0 гербицид пен тыңайтқыш берген жерлерді фрезерлау, қопсыту жұмысмтары жүргізіледі.
- БЗТУ-1 немесе ЗИГ-ЗАГ тырмалармен тырмалау
- ЗКК-6 таптағыштармен топырақ бетін таптау
- 2-4 қатармен, қатар аралығы 25-30 см етіп гектарына 3-4,5 млн дана өнгіш дән (100-150 кг)мөлшерінде, енә 60-120 см-лік жалға тұқым себу. Тұқымды 1,5-2см тереңдікке себеді.
Көктемде жыртылған жерге күрішті жалға егу тәсілінің технологиялық үлгісі:
- Көктемде жерді 22-24 см тереңдікке жырту.
- Атыз беттерін эксплуатациялық тегістеу.
- Минералды тыңайтқыштар енгізу: фосфор тыңайтқышын толық (100%) азот тыңайтөышының 50-70%-н(жетілдірілген сепкіштерді қолданғанда тыңайтқышты бірден топыраққа сіңіреді); шиін, қоғаға қолданылатын жүйелі гербицидтерді тұқым себерден 2-3 күн бұрын беру.
- Фрезамен немесе ауыр дискімен БДТ-7,0 гербицид пен тыңайтқыш берген жерлерді фрезерлау, қопсыту.
- БЗТУ-1 немесе ЗИГ-ЗАГ тырмалармен тырмалау.
- ЗКК-6 таптағыштармен топырақ бетін таптау.
3.3 Егістікті күтіп-баптау және суару жүйесі
Күрiштi ору және бастыру жұмыстары – күріш өндірудегі технологиялық процестердің ең негізгі түрлерінің біріне жатады. Күрішті жинау масақтарындағы дәннің 80-90% толық піскен кезде жүргізіледі. Күріш атыздарына су жібері ерте бастан тоқтатылып, сіңбей қалған суды қашыртқылап құрғату шараларын жүргізбесе атыздар батпақ, ылғал болып жатады. Бұлар күрішті оруды және бастыруды қиындатып жібереді. Күріш жинау 15-20 күннен артық уақытқа созылмауы тиіс. Күрішті сортына байланысты бөлектеп жинау, болмаса тікелей комбайнмен жинау әдістерә қолданылады. Механикаландырылған әдіспен егін жинау.
Суapу жүйесi. Күрішті барлық егіс көлемі күріш суару жүйесінде, инженерлі дайындалған суармалы жерлерде орналасқан.
Күрiш суaру жүйесі – инженерлі типтегі күрделі ирригациялық құрылыс. Бұл құрылысты салудағы негізгі мақсат – күріш танаптарына суды жеткілікті мөлшерде үздіксіз жеткізу, дақылдың өсу дәуірі ішінде суды атызда ұстау, керек болған жағдайда және күріш піскен кезде суды жылдам қашыртқылап әрекету. Бұл жүйе суару каналдарымен арықтары, күріш танаптары, қашыртқылау және дренажды жүйе, әртүрлі гидротехникалық құрылыстардан тұрады. Магистралды каналдардан бірінші қатардағы, тағы сол сияқты каналдар бөлінеді. Суару жүйесіндегі ең соңғы звеносы карталық суару арықтары. Одан су тікелей күріш атыздарына барады.
Күрiш кaртасы – бірнеше атыздардан тұрады. Әрбір атыз көлемі 2,5-4,0 га, ал карта көлемі жер рельефіне, тағы басқа факторларға байланысты 10-50 га болады. Әрбiр атыз бетінің тығздығы ±3 см болғаны жөн. Сонда күріштің суару режимін дұрыс жүргізуге болады.
Қaшыртқылау жүйесі – күріштің өсу дәуірінде және піскенннен кейін атыздардан, картадан пайдаланылған суларды және жер асты суларын әкету мақстаында жасалады. Бұл жүйе – көлемі іртүрлі каналдардан тұрады. Кaртaлық қашыртқылау каналы, оларды жинақтаушы және коллекторлық каналдар арқылы – пайдаланылған және жер асты суларын күшті плантациясынан тысқары жерлерге әкетеді.
Дрeнaжды жүйе – үлкендігі әртүрлі каналдар мен коллекторлардан тұрады. Негiзгi атқаратын қызметі – жер асты суларын әкетіп, күріш танаптарында батпақтану прцесін болдырмауға әсері бар.
Кeдeргiлеу жүйе – үлкендігі әртүрлі каналдардан тұрады. Мұны, салудағы негізгі мақсаты-фильтрацияланған суларды басқа жақа әкету.
Гидpoтехникалық құрылыстар – бір каналдан екінші каналға өтетін суды, суару каналдарынан атызға баратын суды, атыздан қашыртқығабаратын суларды реттейтін құрылыстар жүйесі.
Aрaл өңірінде, Қызылқұм және Ақдала аймағында күріш суару жүйесінің Крaснодaрлық типі Кеңес Одағы кезінде салынған және осы кезге дейін пайдаланылуда. Инженерлік жүйелер тозып, ылайланып, табаны тайаздалып қалды, канал қабырғалары мүжіліп, гидротехникалық құрылыстар істен шығып, бұзылып қалған. Нәтижесінде коллекторлы – қашыртқылау жүйелері өз деңгейінде жұмыс істемей, ауыспалы егіс танаптарынның топырақтары тұзданып сорлануда немесе батпақтануда, айналымнан шығып қалуда.
Күріш дақылдары орналаскан танаптар топырағының су физикалық қасиеттері
Қapaуылтөбе eлдімeкенiнде орналасқан Қaзақ Күрiш Ғылыми Зeрттеу Институтының ғылыми тәжірибелер жүргізетін стационарының топырағының су-физикалық қасиеттерін дипломдық жұмысымның негізгі бөліміне кіргізуді жөн көрдім. Оның басты себебі күріш дақылының өсіру технологиясының басқа астық дақылдарына қарағанда ерекшелігі және оның өсіп өнуінің негізгі мерзімі топырақтағы ылғал мөлшеріне тікелей тәуелді. Яғни күрiш танабының топырағының су-физикалық қасиеттерін жақсарту күріш өсіруші маманның басты міндеттерінің бірі деп есептейміз. Топырақтың су-физикалық қасиеттерін күріш дақылының өсуіне қолайлы деңгейге дейін жеткізу немесе төмендетудің көптеген биологиялық, физикалық және химиялық әдістерін білеміз.
Сoл әдiстердің бірі ол мелиоративті танаптар. Келесі 6-кестеде осы Қарауылтөбе стационарының топырағының су-физикалық қасиеттері келтірілген.
Күрiш дақылдары орналасқан танаптар топырағының су-физикалық қасиеті (Қарауылтөбе елді мекенінде орналасқан институт стационары)
Кесте 6
Алғы дақылдар |
Үлгі алынған тереңдік, см |
Көлемдік масса, г/см3 |
Меншіктік масса, г/см3 |
Қуыстылығы, %
|
Далалық ылғалдылығы, % |
Гидроскопиялық ылғалдылығы, % |
Механикалық құрамы |
Күріш монодақылы |
0-20 |
1,34 |
2,60 |
50,0 |
32,0 |
2,7 |
Саздақ |
20-40 |
1,38 |
2,62 |
48,8 |
33,4 |
2,8 |
Саздақ |
|
Арпа |
0-20 |
1,24 |
2,61 |
51,0 |
28,3 |
2,6 |
Саздақ |
20-40 |
1,26 |
2,64 |
50,0 |
29,4 |
2,4 |
Саздақ |
|
Рапс |
0-20 |
1,15 |
2,54 |
54,9 |
26,0 |
3,2 |
Саздақ |
20-40 |
1,18 |
2,60 |
54,0 |
28,5 |
2,6 |
Саздақ |
|
Қытай бұршағы |
0-20 |
1,16 |
2,50 |
57,4 |
27,7 |
2,6 |
Саздақ |
20-40 |
1,22 |
2,55 |
55,7 |
28,5 |
2,4 |
Саздақ |
|
Жоңышқа 3 жылдық |
0-20 |
1,09 |
2,60 |
55,0 |
28,6 |
2,6 |
Саздақ |
20-40 |
1,17 |
2,62 |
54,0 |
28,9 |
2,8 |
Саздақ |
|
Түйе жоңышқа 2 жылдық |
0-20 |
1,15 |
2,58 |
54,0 |
26,4 |
3,2 |
Саздақ |
20-40 |
1,18 |
2,64 |
54,7 |
28,3 |
2,6 |
Саздақ |
|
Түйе жоңышқа Сидераты |
0-20 |
1,16 |
2,50 |
57,4 |
27,7 |
2,6 |
Саздақ |
20-40 |
1,22 |
2,55 |
55,7 |
28,5 |
2,4 |
Саздақ |
Тoпыpaқ құнарлылығының басты көрсеткіштерінің бірі – оның қуыстылығы. Арпа, әсіресе рап пен қытай бұршағы егілген танаптар топырағының қуыстылығы едәуір жоғары – 54,9-57,4 пайыз аралығында болады. Ал күріштің монодақылы егілген жердің қуыстылығы 48,8-50,0 пайыздан аспады. Демек бұл танаптар топырағы тығыздалып, тиімді құнарлықтың қалыптасуына кері әсерін тигізетіні белгілі болды.
Жүpгiзiлген тәжірибелер қорытындысы бойынша арпа, рапс, қытай бұршағы егілген танаптарының 0-40 сантиметрлік қабатындағы топырағының ылғалдылығы 26,0-28,3% болса, күріш монодақылы егілген жер топырағының ылғалдылығы біршама көтеріңкі – 32-33% деңгейінде болды. Топырақ құнарлығын құрайтын заттардың ішінде қара шіріндінің (гумус) алатын орн ерекше. Себебі, топырақтың көптеген агрохимиялық көрсеткіштері оның құрамындағы қара шіріндінің мөлшері мен құрамына тікелей байлансты болады.
Сыpдың төменгі ағысындағы өлкені қамтитын сұртопырақты белдік топырақтарындағы қара шіріндінің мөлшері мен құрамы жайлы көптеген зерттеулер жүргізілген. Олардың мәліметтері бойынша атыраулық топырақ түрлерінің ішінде құрамында қара шіріндінің мөлшері біршама жоғары болатындары: батпақты, шалғынды аллювийлі және шалғынды батпақты топырақтар. Бұл топырақтар Сырдария өзенінің атырауының ылғалды бөліктерінде тараған. Топырақтың жоғарғы жарты метрлік (0-50 см) қабатында қара шіріндінің қоры гектарына 94-117 тонна аралығында болады. Бұл көpсеткіш сұр топырақтағы белдіктегі кәдімгі сұр топырақтағы қара шірінді мөлшерінен анағұрлым артық. Ылғалды топырақтарда қара шіріндiнің мол болу себебін өсімдіктің қалың өсуінен деп түсіндіруге болады, яғни олардың органикалық қалдықтары интенсивті түрде қара шіріндiге айналып отырады (гумификация) . Бұл жерлерде қара шіріндіге айналу процесімен қатар органикалық заттардың минералдануы да тез жүредi, соның арқасында қара шіріндінің мөлшері үздіксіз жаңарып отырады.
Топыpaқ құрамындағы қара шіріндінің мөлшері жерді егіншілікке пайдалану барысында көптеген өзгеіске ұшырайды. Олар алғы дақылдардың түрлеріне байланысты бірде көбейіп, бірде азайып отырады. Сонымен қатар қара шірінді мөлшерінің өзгеруімен азоттың жылжымалы түрлерініңде өзгеріп отыратыны анықталды. ( 7-кесте)
Қaрaуылтөбе стационарындағы мелиоративтік танапқа егілген күріш алғы дақылдарының топырақтағы қара шірінді мен азоттың, фосфордың және калийдың жылжымалы түрлерінің мөлшеріне әсері (Қарауылтөбе елді мекенінде орналасқан институт стационары)
Кесте 7
Алғы дақылдар |
Үлгі алынған тереңдік, см |
Қара шірінді % |
Азоттың түрлері, мг/кг
|
Фосфор мен калийдің 1 кг топырақтағы мөлшері, мг |
||
NO |
NH4 |
P2 O5 (Мачигин әдісімен) |
К2 О (Жалынды фотометрмен) |
|||
Күріш монодақылы |
0-20 |
0,80 |
26,0 |
24,8 |
67,0 |
275,0 |
20-40 |
0,72 |
6,8 |
18,0 |
19,7 |
358,4 |
|
Арпа |
0-20 |
1,10 |
30,7 |
11,4 |
53,6 |
280,1 |
20-40 |
1,04 |
8,6 |
7,6 |
18,9 |
300,6 |
|
Рапс |
0-20 |
1,24 |
40,6 |
15,2 |
57,6 |
337,0 |
20-40 |
1,10 |
15,4 |
10,0 |
26,1 |
346,1 |
|
Қытай бұршағы |
0-20 |
1,26 |
41,4 |
15,6 |
54,0 |
232,1 |
20-40 |
1,07 |
14,5 |
9,7 |
23,8 |
346,0 |
|
Жоңышқа 3 жылдық |
0-20 |
1,00 |
52,0 |
14,7 |
44,0 |
840,5 |
20-40 |
0,82 |
18,7 |
8,0 |
30,0 |
924,0 |
|
Түйе жоңышқа 2 жылдық |
0-20 |
0,84 |
42,6 |
16,4 |
47,0 |
882,7 |
20-40 |
1,00 |
15,7 |
11,0 |
24,6 |
890,6 |
|
Түйе жоңышқа сидераты |
0-20 |
0,86 |
40,0 |
15,0 |
41,0 |
877,0 |
20-40 |
1,10 |
14,5 |
10,1 |
22,2 |
889,0 |
Ескерту: зерттеу жүргізу алдында топырағының 0-40 см тереңдіктегі қара шірінді мөлшері 1,00 % айналасында болды.
Aлынған мәліметтер топырақтағы қара шірінді мөлшерінің жоғары екенін көрсетеді. Оның ең көр мөлшері – 1,24 – 1,26 рапспен қытай бұршағы егілген топырақта жиналды. Ал арпа егілген жерде – 1,10, ал күріш монодақылы егіліп жүрген танапта ол 0,85 пайызға дейін төмендеді. Топырақтың 20-40 см тереңдігінде қара шіріндінің мөлшері әлде қайда төмен екені анықталды.
Aлынған мәліметтер тәжірибе жүргізілген жер топырағы жалпы Сыр өңірінің мәдени суармалы топырақтарына тән екеніне дәлел болады. Себебі, топырақтың жоғарғы қабатында жиналатын органикалық заттың қоры мен оның бұзылу (Шіру) процесінің арасында белгілі бір үйлесімділік жоқ, немесе органикалық заттардың жиналуы жай, ал оның биогендік бұзылуы өте тез жүреді. Сондықтан қара шіірінді түрінде топырақ қабатында жиналатын органикалық заттар мөлшері оның минералданып кеткен бөлігінен әлдеқайда аз, бұл процесс әсіресе монодақыл егілген танаптардан айқын байқалады. Ал арпа, әсіресе рапс, қытай бұршағы орналасқан жерлерде органикалық заттар мөлшерінің біршама молайғаны көрінеді.
Тoпыpақтағы қара шірінді қоры өсімдікке керекті қоректік заттар мөлшерін анықтайтын басты фактор екені белгілі. Демек, ол топырақтағы қоректік зат режиміне тікелей әсер етеді. Топырақтағы қара шірінді мен азоттың жалпы қорының мөлшері бірнеше факторларға байланысты. Атап айтқанда, сол танаптағы өсімдіктер түрі, олардың қауымдастығы және физика-географиялық жағдайлары әсерін тигізеді.
Жүргiзiлген тәжірибелер нәтижесі бойынша азоттың жылжымалы нитрат(NO3) және аммоний (NH4) түрлерінің топырақтағы мөлшері онша көп болмай щықты. Азоттың нитрат түрінің қоры қандай мөлшерде болса да, оның топырақ құнарлығын молайтуға үлесі аса көп болмйды. Өйткені егіндік жерді суарғанда, әсіресе суға бастырып күріш еккенде топырақтағы нитраттың қоры аз уақыттың ішінде жоғалып кетеді. Оның бір бөлігі денитрификация процессінің нәтижесінде молекулярлық азотқа айналса, енді бір бөлігі сумен бірге шайылып кетеді.
Жүpгiзiлген зерттеулер нәтижесінде әр түрлі алғы дақылдардан кейін орналасқан күріш алқаптары топырақтарының құрамында жылжымалы фосфордың мөлшері орта деңгейде екені дәлелденді.
Зepттеу жүргізілген танаптарда жылжымалы фосфордың көбірек мөлшері – 41,0-67,0 мг/кг топырақтың 0-20 см қабатында шоғырланғаны, ал 20-40 см тереңдікте оның мөлшері күрт төмендейтіні байқалады. (19,7-30,0 мг/кг)
Мoнoдaқыл егілген танапта жылжымалы фосфор мөлшері біршама жоғары болды. Атап айтқанда 0-20 см тереңдікте 67,0 мг/кг болса, 20-40 см тереңдікте оның мөлшері 19,7 мг/ кг дейін төмендеді. Бұл танаптың жоғары қабатында (0-20 см) жылжымалы фосфордың жоғары болуы күріш дақылына берілген минералды тыңайтқыштар қалдығының есебінен деп түсіндіруге болады. Топырақ құрамындағы жылжымалы калийдің (К2О) мөлшері едәуір көтеріңке екені анықталды (323,1-337,0 мг)
Мoнoдaқыл мен арпа егілген танаптар топырағында жылжымалы калийдің мөлшері сәл аздау болып шықты: 0-20 см тереңдікте тиісінше 275,0 және 280,6 мг/ кг, 20-40 см тереңдікте 358,4-300,6 мг/ кг болды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі айналымдағы мәдени суармалы топырақ құрамында тұздың мөлшері аса көп емес екенін дәлелдейді (8-кесте).
Кесте 8. Тoпыpaқтың су сығындысының көрсеткіштері (Қарауылтөбе стационары)
№ |
Алғы дақылдар |
Үлгі салынған тереңдік, см |
РН |
Құрғақ қалдық, % |
1 |
Күріш монодақылы |
0-20 |
7,0 |
0,48 |
20-40 |
7,3 |
0,50 |
||
2 |
Арпа |
0-20 |
7,4 |
0,86 |
20-40 |
7,3 |
0,60 |
||
3 |
Рапс
|
0-20 |
7,8 |
0,80 |
20-40 |
7,6 |
0,63 |
||
4 |
Қытай бұршағы |
0-20 |
7,5 |
0,85 |
20-40 |
7,4 |
0,68 |
Aлынған мәліметтер топырақтың РН көрсеткішінің бір деңгейде – 7,0-7,8 екенін көрсетті.
Aрпа, рапс, қытай бұршағы егілген танаптардың жоғары қабатының тұздылығы 0,80-0,86% болса, төменгі 20-40 см тереңдікте біршама төмен – 0,60-0,61% тең болды. Әдетте мұндай топырақ тұздылығы әлдеқайда жоғары болады. Ал бұл дақылдар топырақ бетін тез көлеңкелейтіндіктен топырақ бетінен судың булануы баяу жүреді. Атызға берген, су көбінесе топыраққа сіңсе, қалған бөлігі тек өсімдік арқылы транспирация жолымен буланады. Яғни, топырақ бетінен судың тікелей булануы аз болғандықтан, оның бетіне тұз көп жиналмайды деуге негіз бар.
Мoнoдaқыл егілген танаптың тұздылығы өте төмен, ек қабаттағы тұздың мөлшері небәрі 0,48-0,50% болды. Ұзақ жылдар бойы қайталап күріш еккен танапта тұз мөлшерінің аз болуы – негізінен өсімдіктің өсу дәуірінде, жаз айының ыстық күнінде атызда су тұруына тікелей байланысты. Тұздар суда жақсы еритіндіктен шайылып қашыртқыларға кетіп отырады. Күріш піскен кезде атыздағы су тартылғанымен күздің салқыны түскеннен кейін топырақтың жоғарғы қабатына тұз жиналып үлгермейді, себебі сульфаттар салқын түсе жылжуын бәсеңдетеді. Мұндай қолайлы мелиоративтік жағдай ауыспалы егістің дұрыс үлгізін енгізіп, ондағы дақылдардың алмасу ретінің қатаң сақталған күріш алқаптарын қалыптастырып, одан кейін тиімді тұқым себу мөлшерін анықтау қажет.
3.4 Күрішті себу әдістерінің тұқымның өнгіштігіне және өнімдігіне әсері
Ауыл шаруашылық қандай да дақыл болмасын өсіп-өнуіне тиімді 1га жиілігі қалыптаспай, жоғары және сапалы өнім алу мүмкін емес. Өсімдіктің өсу қарқыны , оның арамшөптермен күресуі, дән түзуіне қолайлы тұқым себу әдістерін, өсірілетін өсімдіктің биологиялық ерекшеліктеріне сай келуі міндетті болып табылады.
”Қарауылтөбе” ЖШС тәжірибе танабында күріш дақылының тұқымын себу әдістерінің әр түрлі нұсқалары жоғарыдағы сұрақтарды анықтауға негізделген деп есептеуге және оның келесі №9 кестеден байқауға болады.
9-кесте . Күрішті себу әдістерінің тұқымның өңгіштігіне және жиілігіне әсері
№ |
Зерттеу нұсқалары |
Өсімдік саны, м2 дана |
Тұқым-ның өнгіш-тігі, % |
Өс-ң өнім жинар алдын-дағы сақталы-нуы % |
Бақы-лауға % есебі-мен |
||
Кәдімгі қат арлы |
Қатар аралығы, см |
Көктеп шығу кезінде |
Егісті жинау алдында |
||||
1 |
Кәдімгі қатарлы (бақылау) |
15 |
332 |
263 |
44 |
79 |
100 |
2 |
Тар қатарлы |
7,5 |
260 |
152 |
41 |
58 |
-21 |
3 |
Қарама-қарсы |
15х15 |
308 |
226 |
41 |
73 |
-6 |
4 |
Кең қатарлы |
30 |
356 |
306 |
47 |
85 |
+6 |
Тұқым себу мөлшері 7,5 млн дән 1м2 – 750 дән 100%
№9 кестеде күріш дақылының тұқымын себу әдістерінің дәннің көктеп шығуына әсері анықталынған.
Кәдімгі қатарлап 15см қатараралықты тұқым себілген жағдайда танаптағы 1м2 жердегі көктеп шыққан өсімдік саны 332 дана немесе себілген тұқымның 44% көктеп өніп шыққан.
Келесі зерттеу нысанында, тар қатарлап(7,5см) тұқым себілгенде көктеп шыққан тұқым дәнінің саны 260 дана немесе себілген тұқымның 38% өніп шықты.
Тұқымды қарама-қарсы әдіспен сепкен жағдайда (15х15см)1м2 жерде 308 дәннің көктегені анықталды, демек себілген тұқымның 41%-ы.
Зерттеу барысында себілген тұқымның 1м2 жердегі көктеп шығуының ең жоғарғы көрсеткіші, кең қатарлап яғни қатараралықтарын 30см-мен тұқым себілген зерттеу нысанында қалыптасты. 1м2 жерде 356 көктеп өнген дән немесе себілген тұқымның 47% өніп шықты. Бұл көрсеткіш күріш танабындағы себілген тұқымның өсуіне қолайлы жағдай туғанын көрсетеді.
Егісті жинар алдында 1м2 жердегі сақталынған өсімдіктер санын анықтағанда, көктеп шыққан өнімді жинауға дейін өсіп-өнген күріш өсімдігінің саны, кәдімгі қатарлы (15см) себілген зерттеу нысанында 263 дана/м2, яғни 79% сақталынған.
Зерттеу нысанының 2-ші және 3-ші нұсқаларында көктеп шыққан өсімдіктердің егін жинау алдында сақталынғаны 58 және 73 % көрсетеді немесе бақылау нысанымен салыстырғанда 21-6% кем екендігі анықталынды. Яғни күріш тұқымын тар қатар (7,5х7,5см) әдісімен тұқым себу өсімдіктің оңтайлы өсіп-дамуына жағдай туғызбайды(21%), ал Қарам-қарсы (15х15см) әдісімен тұқым себу кәдімгі қатарлап (15см) себу әдісімен салыстырғанда аздаған айырмашылық береді(6%).
Зерттеу нысанындағы ең жоғары көрсеткіш – көктеп шыққан күріш өсімдігінің 85% өнімді жинар алдында сақталынып, өнім құрылымына өз үлестерін қосты деп есептеуге болады.
Қорыта келгенде, күріш дақылын себудің оңтайлы әдісі жоғары сапалы дәнмен егілгенде қатараралығы 30см-мен жүргізу жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді деп есептейміз.
3.6 Күріш егістігіндегі арaмшөптерге қарсы қолданылатын Лондакс 60% гербицидінің әсер көрсеткіштері
Жалпы күріш егістігі бойынша 12-15 ботаникалық тұқымдарға жататын арамшөптер түрі тіркелген. Олардың егістікті ластау көрсеткіші 30-70% дейін жетеді.
Ауыл шаруашылығы өндірісін интенсификациялау және жаңа технологияларды игеруде өсімдік қорғау шараларының озат тәжірибелерін қолдану, тек қана мәдени өсімдіктерді ғана емес, армашөптердің өсуі мен дамуына тигізді. Сонымен бірге арамшөптер, сыртқы ортаның факторларына тез және жақсы бейімделеді.
Агрофитоценоздың құрылу заңдылығын әр түрлі арамшөптер түрлерінің көбеюі, өміршеңдңгң және таралуына әсер ететін көптеген факторлар бар. Сол факторлардың бірі мәдени өсімдіктің тұқымын себу әдістері.
Біздің зерттеу жұмысымыздағы тұқым себу әдістерінің күріш егістінінің арамщөптерімен ластануына тигізетін әсері келесі №10 кестеде келтірілген
10-кесте. Күріш егістігінде арaмшөптерге қарсы қолданылатын Лондакс 60 % гербицидінің әсері
№ |
Зерттеу нұсқалары |
Гербицидпен өңдегенге дейінгі арамшөптер саны, м2 |
|||||||
Тұқым себу әдісі |
Қатар аралығы,см |
Қоға |
Күрмек |
қамыс |
Алабота |
Шырмауық |
Басқа түрлері |
Барлығы |
|
1 |
Кәдімгі қатарлы (бақылау) |
15 |
4 |
3 |
2 |
5 |
3 |
20 |
37 |
2 |
Тар қатарлы |
7,5 |
2 |
1 |
2 |
4 |
3 |
16 |
28 |
3 |
Қарама-қарсы |
15х15 |
2 |
2 |
2 |
3 |
2 |
14 |
25 |
4 |
Кең қатарлы |
30 |
5 |
5 |
3 |
8 |
3 |
25 |
49 |
№10 кестеде күріш егістігіндегі әр түрлі тұқым себу әдістерінен кейінгі танаптың армшөптермен ластану деңгейін анықтау барысында арамшөптерге қарсы Ландокс гербицидін қолданудан бұрын кәдімгі қатарлап (15см, бақылау) себілген зерттеу нұсқасында 1м2 жерде 37 данаарамшөптер өскендігі анықталынса, келесі тар қатарлап (7,5см) егілген зерттеу нысанында 1м2 жерде 28 дана арамшөптер түрі анықталынды. Бақылау нысанымен салыстырғанда 1м2 жердегі арамшқптердің саны 9 данаға кем екендігі, яғни өсімдіктің қатар аралығының ара қашықтығ танаптағы арамшөптердің өсуіне әсерін тигізетіндігі байқалады. Осында заңдылық келесі зерттеу нысанында(15х15) да байқалады.
1м2 жердегі арамшөптер саны 25 дана немесе бақылау нысанымен салыстырғанда 12 данаға төмен. Тұқым себу қатар аралығын 30 см-ге жеткізгенде 1м2 жердегі арамшөптердің саны, алдағы зерттеу нысандарымен салыстырғанда біршамаға артқандығы байқалады. Мысалы Бақылау нұсқасымен салыстырғанда 1м2 жерде 12 данаға, тар қатарлы әліспен – 24 данаға артық арамшөптер түрі өсіп келе жатқандығы анықталынды.
Күріш дақылы вегетация кезеңінің көп бөлігін суға бөктірілген атыздарда борлатындығына байланысты арамшөптердің қарқынды өсуіне қолайлы жағдай толығымен болатындықтан, күріш егістігінде арамшөптерге қарсы химиялық күрес жүргізу міндетті шаралардың бірі болып есептелінеді.
Келесі №10 кестенің жалғасында арамшөптерге қарсы қолданылған Ландокс 60% гербицидінің армшөптерді жоюдағы тиімділігі көрсетілген.
№ |
Зерттеу нұсқалары |
Гербицидпен өңдегеннен кейінгі арамшөптер саны, м2 |
||||||||
Тұқым себу әдісі |
Қатар аралығы,см |
Қоға |
Күрмек |
қамыс |
Ала-бота |
Шырмауық |
Басқа түрлері |
Бар-лығы |
Арамшөптердің жайылуы% |
|
1 |
Кәдімгі қатарлы (бақылау) |
15 |
2 |
— |
2 |
2 |
— |
10 |
16 |
43,2 |
2 |
Тар қатарлы |
7,5 |
1 |
— |
2 |
2 |
— |
8 |
13 |
46,4 |
3 |
Қарама-қарсы |
15х15 |
1 |
— |
2 |
1 |
— |
6 |
10 |
40,0 |
4 |
Кең қатарлы |
30 |
3 |
— |
3 |
3 |
— |
12 |
21 |
42,8 |
Кестеде күріш танабында арамшөптерге қарсы Ландокс 60% гербицидін қолданғаннан кейінгі арамшөптердің 40-43% -ның жойылғанын байқауға болады.
Күpiш егістігінің 4-6 жапырақтары пайда болғанда арамшөптерге қарсы Лондокс 60% гербициді щащылады.
Арамшөптерге қарсы Ландокс 60% гербицидін қолданғаннан кейінгі зерттеу нысанындағы арамшөптердің 1м2 жердегі санын салыстырған болсақ ең салыстырмалы жоғарғы көрсеткіш кең қатарлы әдіспен тұқымдар себілген жағдайда -21 дана арамшөптер түрі, ал ең аз саны қарама-қарсы әдіспен тұқымдар себілген мөлдекте (10 дана/м2)
1-сурет – Гербицидпен өңдегеннен 2-сурет – Түптену фазасындағы
кейінгі күріш егістігінің сырт көрінісі күріш егістігі
Зерттеу танабында басым түрде кездескен арамшөп түрлеріне күрмек, қоға, алабота, шырмауық және қамысты жатқызуға болады.
Күріш танаптарының неше жыл пайдаланғанына, оның мелиоративтік жағдайына (ыза көтерілуі, сорлануы) қарай жоғарыда аталған арамшөптер күріш шығымдылығын 25 тен 50 пайызға дейін кемітіп тастайды.
Aрамшөптер күрішке жанама түрде де зиянын тигізеді. Атап айтқанда, олар егістіктің аурулармен және зиянкестермен зақымдануына қолайлы жағдай туғызады, тыңайтқыштардың тиімділігін төмендетеді, әрбір гектарға жұмсалатын су шығынын арттырады, дәннің тағамдық сапасын нашарлатады, егісті гербицид қолдану арқылы отауға және астықты бірнеше рет тазарту үшін қаржылай қосымша шығын жұмсауға мәжбүр етіп, өңделген өнімнің өзіндік құнын арттырады, яғни күріш өсірудің экономикалық тиімділігін төмендетеді. Сол себепті әрбір күрішті арамшөптің биологиясы және олармен күресі шараларын білуі тиіс.
Aрамшөптердің биологиялық ерекшеліктері
Күрiш өсетін аймақтарда ең көп таралған арамшөптерге доңыз қоға, жалпақ қоға, күрмек, шиін, қамыс жатады. Аталған арам шөптер өсу ортасына қарай екі топқа бөлінеді:
-көп жылдық батпақты арамшөптер;
-ылғал сүйгіш арамшөптер.
Көпжылдық батпақты арамшөптер (қамыс, жалпақ қоға, доңыз қоға) күрішті бір жерге қайта-қайта алмастырмай еккенде атыздарда, жаптарда, суару және кәріздік жүйелерде жақсы өседі. Сонымен қатар олар көтерілген, деңгейі төмен атыздары да басып кетеді. Бұл арамшөптер тұқымымен, өсу түйнектерімен және тамыр сабақтармен де көбейе береді.
Кәдімгi қамыс (Phragmites communis)-астық тұқымдастарға жататын көпжылдық өсімдік. Сабағының ұзындығы бес метрге дейін жетеді. Қамыс тамыршалармен, жер бетінде жайылып жататын сабақтармен және тұқыммен көбейеді. Тамыршаларының жуандығы 4-5м, ұзындығы 7-8 метр болып, топырақтың 40 см тереңдігіне дейін бойлап, жайылады.
Жeр бетінде көлденең жайылып жататын сабақтарының ұзындығы 20 метрге дейін жетеді. Оның әрбір буыны тамыр шығарып , тік сабақтар түзеді. Қамыс шілде айынан бастап гүлдеп, қыркүйек айына дейін тұқымын шашады. Оның тұқымы өнгіш келеді.
Ылғaл сүйгіш арам шөптерге шиін, күрмек тектес өсімдіктер жатады. Олар бір жылдық жаздық арамшөптер, биологиялық және экологиялық ерекшеліктері бойынша күрішке өте ұқсас. Сол себепті енді көктеп келе жатқанда оларды күріштен ажырату қиынға соғады. Шиін, күрмек тектес өсімдіктер тек дәнімен көбейеді. Егістікте олардың қылтанақты, жартылай қылтанақты және қылтанақсыз түрлері кездеседі.
Шиiн (Echinochla cruss galli)-астық тұқымдастарға жататын биіктігі 150-170 см жететін, қалың түптеніп, қаулап өсетін арамшөп. Оның өсу дәуірі 65-90 күннен аспайды. Сондықтан көпшілік жағдайда күріштен ерте пісіп, дәні топырақ бетіне төгіліп қалады. Топырақты 1-8 см тереңдігіне түскен тұқым өніп шығып, қалғаны 5 жылға дейін өнгіштік қасиетінен айырылмай топырақ қабатында жата береді. Шиіннің алғашқы өскіні қалың суды көтере алмайды. Ал түптеу дәуірінің кейін шиінді агротехникалық немесе химиялық тәсілдермен жою қиынға соғады.
Күpмeк (Echineae phyllo)-астық тұқымдастарға жататын, биіктігі 150 сантиметрге жететін, қалың түптеп, мықты тамырлайтын арамшөп. Күрішпен қатар піседі. Күрішті бастырғанда күрмектің ұрығы топырақ бетіне төгілумен қатар, тұқымдық материалға, дәнге араласып, оны ластайды. Оның шиіннен тағы бір айырмашылығы-дәні ірі болып келеді, өнгіштік қасиеті 5 жылға дейін сақталады. Көктемде топырақтың жылылығы 12-15 градусқа дейін жеткенде арамшөп 10-15 см тереңдіктен көктеп шыға бастайды. Күрмектің көгі шиінмен салыстырғанда судың қалыңдығына неғұрлым төзімді келеді.
Шиiн, күрмек тектес арамшөптер беті біркелкі тегіс емес атыздардың биік жерлерінде көптеп кездеседі.
Дoңыз қоға (Bolboscholnus maritimus). Жалпақ қоға-өлең тұқымдастарға жататын көпжылдық өсімдіктер. Жапырақтары үш қырлы болып келеді, өсімдіктің биіктігі 80-100 сантиметрге жетеді. Тамырлары жіңішке, жіп секілді есіліп жатады.
Өсiмдiк тұқымы тамыз айының 1-2 онкүндігінде пісіп, күрішті жинағанға дейін түсіп қалады. Көктемде оның тұқымы ауаның жылылығы 15-18 градусқа жеткенде өніп шыға бастайды. Қоғаның тұқымы топырақ қабатында 5-8 жылға дейін өнгіштік қасиетінен айырылмай жата береді.
Қоғaның диаметрі 1,5-2 см болатын қатты домалақ түйнектреі арқылы да көбейеді. Оның түйнектерінде 4-6-ға дейін өсу көздері болады. Әрбір түйнек арамшөптерінің өсу дәуірінде 50-60-қа дейін жаңа түйнек түзе алады. Әдетте түйнектер топырақтың 10-12 см тереңдігінде жатады. Олардың өнгіштігі 5-7 жылға дейін сақталады. Көктемде қоға түйнектері 10 градуста өне бастайды.
3.7 Күріш тұқым себу әдістерінің оның өсіп өнуіне және өнім құрылымына әсері
Ауылшаруашылық дақылдарының тұқымдарын себу әдістері, мөлшері, мерзімі дақылдың биологиялық ерекшелітеріне, жергілікті аймақтық топырақ-клматтық жағдайына, өсіру технологиясына және т.б. жағдайларға байланысты екендігі белгілі.
Күріш дақылының өсіру технологиясы басқа дәнді дақылдармен салыстырғанда өте көп айырмашылықтары бар.
Күріш тұқымы атызға (га) себілгеннен кейін суға бастырылуына сәйкес себілген тұқымның сіңірілген топырақтан суға қалқып шығуға оның өнгіштігін күрт төмендетеді. Себілген тұқым өнгіштігін жоғарылату мақсатында тұқымды жалға себу, суға бастыру мерзімін,оның тереңдігін , тамшылатып суару әдістерін өндіріске енгізу сияқты жұмыстармен бірге тұқым себу мөлшері мерзімі және тұқым себу әдістері де бүгінгі күн талабындағы зерттеу жұмыстарының бір тармағы деп есептелініп келеді.
Біздің зерттеу жұмысымыздағы күріш тұқымын себу әдістері оның өсіп-өнуіне әсерін тигізетіндігі келесі №11 кестеде келтірілген.
Кесте-11. Күрішті себу әдістерінің өсіп-өнуіне әсері
№ |
Зерттеу нұсқалары |
Өсімдік саны, өнім жинар алдында м2,дана |
Өсімдіктің түпте-нуі |
Шаша сабақтар байлаған сабақтар саны м2/дана |
Жалпы сабақтар саны м2/дана |
1000 дәннің салмағы,г |
|
Тұқым себу әдісі |
Қатар аралығы, см |
||||||
1 |
Кәдімгі қатарлы (бақылау) |
15 |
263 |
1,4 |
313 |
368 |
31 |
2 |
Тар қатарлы |
7,5 |
152 |
1,2 |
103 |
182 |
31 |
3 |
Қарама-қарсы |
15х15 |
226 |
1,3 |
224 |
293 |
31 |
4 |
Кең қатарлы |
30 |
306 |
1,5 |
415 |
459 |
31 |
№11 кестеде күріш тұқымын себу әдістеріне байланысты өнімді жинар алдында бақылау нысанында (15см) 1м2 жерде 263 дана өсімдік қалғаны анықталынды, ал жалпы сабақтар саны 368 дана/м2 ал шашақты сабақтар саны 313 дана, яғни түптену коэфициенті 1,4 деп есептеуге болады.
Тар қатарлы әдіспен күріш тұқымы себілген нысанда өнімді жинар алдында 1м2 жерде 152 дана өсімдік болса оның шашақ сабақтар байла,ан сабақтар саны 103 дана/ м2 яғни түптенуі 1,2. Бақылау нысанмен салыстырғанда түптену коэфициенті 0,2 төмен, яғни шашақты сабақтар саны 210 данаға төмен. Келесі зерттеу нысанында (15х15см) өсімдіктің түптенуі -1,3 жалпы 1 м2 өсімдік саны 226 дана, ондағы шаша сабақтар саны 293 дананы құрайды. Бұл зерттеу нысаны бақылау нысанымен салыстырғанда шаша сабақтар байлаған сабақтар саны 75 данаға кем.
Зерттеу нысандары бойынша ең нақты нәтиже күріш тұқымын кең қатарлап себу әдәісінде анықталды. Өсімдіктің егінді жинар алдындағы 1 м2 жердегі жалпы саны 306 дана, түптенуі 1,5; шашақты сабақтар саны 415 дана. Бақылау нысанымен салыстырғанда 1м2 жерде 102 дана шашақ бас сабаққа артық.
Қорыта келгенде, кең қатарлы себу әдісі себілген тұқымның өнгіштігіне тигізу әсерін, яғни әрі қарай күріштің өсіп-дамуына оның жоғары түптенуіне және өнімді шашақбастардың түзілуіне зерттеу үлгісіндесыналған нұсқаларға қарағанда тиімді деп есептеуге болады.
Келесі №12 кестеде әр түрлі тұқым себу әдістерінің күріш өнімінің құрылымына әсері көрсетілеген.
Кесте12. Күріш тұқымын әр түрлі әдістермен себудің өнім құрылымына әсері
№ |
Зерттеу нұсқалары |
Өсімдіктер саны дана/м2 |
Шашақ сабақтардың ұзындығы, см |
Шашақ сабақтар-дағы дән саны, дана |
||||
|
Тұқым себу әдісі |
Қатар аралығы,см |
Көктеп шыққанда дана/м2 |
Жинау алдында дана/м2 |
Бас с.с |
Жанама с.с |
Бас с.с |
жанама |
1 |
Кәдімгі қатарлы (бақылау) |
15 |
332 |
263 |
18 |
16 |
198 |
115 |
2 |
Тар қатарлы |
7,5 |
260 |
152 |
15 |
13 |
81 |
22 |
3 |
Қарама-қарсы |
15х15 |
308 |
226 |
17 |
15 |
137 |
87 |
4 |
Кең қатарлы |
30 |
356 |
306 |
20 |
18 |
270 |
145 |
№12 кестеде күріш тұқымын себу әдістеріне байланысты шашақ сабақтардың бас және жанама сабақтарының ұзындығында және олардың санында аздаған айырмашылықтар бар екендігін анықтағандай болдық.
Зерттеу мөлдектерінде жүргізілген биометриялық (4 қайталану) өлшемдер бойынша шашақ сабақтардың ұзындығы бойынша ең қысқасы тар қатарлы әдіспен егілген нысанда, мысалы басшашақ сабақтың ұзындығы 15 см, жанама шашақ сабақтардың саны 22 дана. Ең жоғарғы көрсеткіш тұқымды кең қатарлы (30 см) әдіспен егілген зерттеу нысанында шашақ сабақтардың ұзындығы бойынша: бас шашақ сабақ – 20 см, жанама шашақ сабақ – 18 см, бас шашақ сабақ сандары 270 дана жанама сабақтақтағы шашақтанғаны 145 дана.
Қорыта келгенде, күріш тұқымын себу әдістері өнім құрылымының сапалық көрсеткіштеріне біршама әсер тигізетіндігі байқалады.
Кең қатарлы және кәдімгі қатарлы тұқым себу әдістері тар қатарлы және қарама-қарсы себу әдістеріне қарағанда күріштің себілген тұқымының өсіп-өну көрсеткішіне одан әрі өсу қарқынының оңтайлы болуына байланысты өнім құрылымының сапалық көрсеткіштеріне әсері бар деп есептеуге болады.
3.8 Күріш тұқымын әр түрлі әдістермен себудің өнімділігіне әсері
Зерттеу жұмыстарының негізгі көрсеткіштерінің бірі ол дақылдың өнімділігінің деңгейі және оның сапалылығы. Сонымен қатар негізгі мақсат зерттеу нәтижелерін өндіріске ұсыну болып табылады.
Біздің зерттеу жұмысымыздағы қарастылыған күріш тұқымын себу әдістерінің оның өнімділігіне әсері №13 кестеде келтірілген.
Кесте13. Күріштің тұқымын әр түрлі әдістермен себудің өнімділігіне әсері
№ |
Зерттеу нұсқалары |
Жылдар |
Орташа 2 жылда |
Бақылаумен салыс ырғанда ц/га |
||
Тұқым себу әдісі |
Қатар аралы-ғы, см |
2016 |
2017 |
|||
1 |
Кәдімгі қатарлы (бақылау) |
15 |
37,8 |
38,2 |
38,0 |
— |
2 |
Тар қатарлы |
7,5 |
30,3 |
32,7 |
31,5 |
-6,5 |
3 |
Қарама-қарсы |
15х15 |
37,0 |
37,6 |
37,3 |
-0,7 |
4 |
Кең қатарлы |
30 |
40,7 |
41,9 |
41,3 |
+3,3 |
№13 кестеде 2016 және 2017 жылдары Қазақ Күріш Ғылыми Зерттеу Институтының Қарауылтөбе ЖШС зерттеу танабында жүргізілген жұмыстарның нәтижесі яғни жиналған өнім мөлшері келтірілген.
Кестедегі өнім жиналған жылдарды салыстырғанда қолайлы болды деп есептеуге болады. Жалпы орташа 2 жылда зерттеу нысандары бойынша кәдімгі қатарлы себу әдісімен (бақылау) егілген мөлдектен жиналған орташа өнім 38,0 ц/га, тар қатарлап егілген зерттеу нысанында – 31,5 ц/га немесе бақылау нысаннан – 6,5 ц/га төмен, қарама-қарсы әдісімен тұқым себілген зерттеу нысанында – 37,3 ц/га, бақылаудан 0,7 ц/га төмен болса, ең жоғарғы өнім алынған зерттеу нысаны кең қатарлы тұқым себу әдісі – 41,3ц/га немесе бақылау нысанынан 3,3 ц/га жоғары өніммен қамтамасыз етті.
3.9 Күріш тұқымын әр түрлі әдістермен себудің экономикалық тиімділігі
Бapлық формадағы ауыл шаруашылық кәсіпорындарының өндірістік іс-әрекетініңтиімділігі нарықтық экономика жағдайында сұраныс пен ұсынысқа сай қалыптасқан, шикізат, материал, электр энергиясы, жанар-жағар май, ауыл шаруашылық өнімі бағаларының деңгейіне байланысты болады.
Сoндықтaн агротехникалық бағалаумен қатар, кез-келген дақылдарды өңдеу технологиясы мен өнімді өндіру жүйесін, барлық негізгі бағалық көрсеткіштерді (табыстылық, пайда, өзіндік құн, рентабелділік, күрделі қаржының қайтарымдылығы) ескере отырып бағалау қажет болады.
Өндiрiстiң тиімділігін арттыру деген сөз, ол шығыннның әр данасына және барлық ресурстарға (еңбек, материалдық және қаржы) шаруашылық тұрғысынан да көп өнім алуын айтады. Әр шаруашылық өндірісінің тиімділігін арттыру мақсатында, оны сипаттайтын көрсеткіштерді білу қажет.
Тиiмдiлiктiң көрсеткіштері жүйесінде маңызды орындарды жалпы өнім және тауарлық өнім алады.
Жaлпы өнiм – өндірілген өнімнің жалпы көлемін көрсетеді. Ал тауарлық өнім-өндірілген өнімнің жалпы көлемінің , яғни жалпы – өнімнің сатуға, өткізуге арналған бөлігі. Тауарлы өнімнің көлемі, өсу қалпы еліміздің қажеттілігін қанағаттандыру үшін, шаруашылық өанша өнім шығаратынына байланысты. Тауарлы өнімнің жалпы өнімге қатынасы, оның тауарлығын сипаттайды.
Тиiмдiлік туралы белгілі бір түсінікті, өнімдік көрсеткіштер де береді. Құнapлылығы, ылғалдылылығы, ауа-райы және тағы басқа көрсеткіштер бойынша бірдей жерде әр шаруашылықтың өнімділігі әр түрлі болады.
Өндiрiстiң тиімділігі туралы ең бір маңызды көрсеткіш, жұмсалған еңбек өнімділігі болып табылады.
Өндiрiстiң тиімділігінің көрсеткіштер жүйесінде маңызды орындары: өнімнің өзіндік құны, пайда, таза табыс және рентаельділік алады. Олар өндірiстің ауыл шаруашылық өнімдеріне кететін шығындардың толық ақталатыны туралы қанағаттанарлық мәлімет береді.
Зерттеу жұмысында 1 га жерге күріш тұқымын себу әдістерінің оңтайлы мөлшерінің экономикалық талдауы келесі №14 кесетеде көрстеілген.
Кесте14. Күріш тұқымын әртүрлі әдістермен себудің технологиялық тиімділігі
№ |
Зерттеу нұсқалары |
Өнімділігі ц/га |
1 га жұмсалған шығын, мың тг |
1ц өнімнің сату бағасы |
Өнімнің жалпы құны, мың тг |
1ц өнімнің өзіндік құны, мың тг
|
Таза пайда, мың тг
|
Тиімділігі,%
|
||
Тұқым себу әдісі |
Қатар аралы-ғы, см |
|||||||||
1 |
Кәдімгі қатарлы (бақылау) |
15 |
38,0 |
137,3 |
6,0 |
228,0 |
3,61 |
90,7 |
66 |
|
2 |
Тар қатарлы |
7,5 |
31,5 |
141,7 |
6,0 |
189,0 |
4,50 |
47,3 |
33 |
|
3 |
Қарама-қарсы |
15х15 |
37,3 |
144,5 |
6,0 |
223,8 |
3,87 |
79,3 |
55 |
|
4 |
Кең қатарлы |
30 |
41,3 |
135,1 |
6,0 |
247,8 |
3,27 |
111,9 |
83 |
|
Экономикалық талдау Қазақ Күріш Ғылыми Зерттеу Институтының Қарауылтөбе ЖШС тәжірибе танабында 1 га күріш танабына жұмсалынатын шығын арқылы 1ц өнімнің өзіндік құны, таза пайда және күріш дақылын өсірудің экономикалық тиімділігі анықталынды.
1 га күріш егістігіне жұмсалынатын жалпы шығын мөлшері 135,1-144,5 мың теңге аралығын құрайды. Өнімнің сату бағасы 6,0 мың теңге көлемінде есептелінді.
Зерттеу нысандары бойынша 1ц өнімнің ең төменгі өзіндік құны 3,27мың теңге күріш тұқымын кең қатар (30 см) әдісімен сепкен жағдайда, ең жоғары 1ц өнімнің өзіндік құны 4,50 теңге тарқатары (7,5х7,5) әдісімен тұқымдар егілгенде болатындығы анықталынды.
1 га алынған таза пайда бақылау нысанында 90,7 мың теңге құраса, кең қатарлы әдіспен тұқым себілген нысанда 11,9 мың теңге немесе тиімділік деңгейі 83%. Бақылау нысанмен салыстырғанда 17% жоғары, тар қатарлы әдісімен тұқым себу нысанмен салыстырғанда 50% жоғары тиімділік деңгейін көрсетеді.
Қорыта келгенде, экономикалық талдау нәтижелеріне сүйене отырып, күріш дақылының тұқымын кең қатарлы қатараралықтары 30 см мен себу өнім мөлшерін 41,3 ц/га жеткізуге, 1ц жиналған өнім мөлшерін 3,27 мың теңгеге және 1га алынатын таза пайданы 111,9 мыңға дейін жеткізуге себебін тигізді деп есептейміз.
Еңбек қорғау
Еңбек қорғау Заңы Қазақстан Республикасындағы еңбекті қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және еңбек қызметі процесіне еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған, сондай-ақ еңбек қауіпсізділігі және еңбекті қорғау саласындағы, мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін белгілейді.
Осы заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
- Өндірістік объектілерді еңбек жағдайлары бойынша атестаттау-өндірістік объектілерді цехтарды учаскелерді, жұмыс орындарын оларда орындалатын жұмыстардың қауіпсіздігінің зияндылылығының, ауырлылығының, қуырттылылығының, жай күйін, еңбек гигиенасын айқындау және өндірістік орта жағдайларының еңбек жағдайлары нормативтеріне сәйкестігін айқындау мақсатында оларды бағалау жөніндегі қызмет;
- Еңбек қауіпсіздігі-еңбек қызметі процесінде қызметкерлерге зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың жері жоқ не олардың жерінің деңгейі қауіпсіздік нормаларынан аспайтын, жұмыс беруші жасаған еңбек жағдайлары;
- Өндірістік жабдықтың қауіпсіздігі – өндірістік жабдықтың өз функияларын орындау кезінде нормативтік – техникалық және жобалау құжатнамасында белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі;
- Өндірістік процестің қауіпсіздігіне – өндірістік процестің нормативтік техникалық құжаттамада белгіленген жағдайларда еңбек қауіпсіздігінің талаптарына сәйкестігі.
Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясында негізделеді және осы заңнан нормативтік құқықтық актілерінен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шатты осы заңда ерекше еределер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
Заңның қолдану аясы. Осы заңның күші Қазақстан Республикасның азаматтарына, еңбек қызметін Қазақстан Республикасында жүзеге асыратын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады. Жұмыс берушілермен қызметкерлер арасында еңбек қатынастары туындаған кезде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптарды бәрі орындауға міндетті. Жеке еңбек шартында, ұжымдық шарттарда және жұмыс берушінің актілерінде көзделген жұмыс орындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайлары осы заңда көзделген еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау деңгейінен төмен болмауға тиіс.
Еңбек қорғау дегеніміз – заңды актілерден тұратын жүйе әлеуметті экономикалық, ұйымдық, техникалық, гигиеналық және алдын ала емдеу шарасы құралдарынан тұратын, еңбек ету процесіндегі адамның денсаулығын қорғау және жұмыс қабілеттілігі қауіпсіздіген қамтамасыз ету.
Шаруашылық жетекшілері төңіректегі тұрғындарды алдын ала қорғаныс шараларын өткізудегі уақыт мезгілін және сипаттарын хабарлауы тиіс. Егіс даласынан 300 м қашықтықтан кем емес, өңдейтін жерлердің шекарасынан сақтық белгілері қондырылады, карантин біткен кезде ғана олар алынуы қажет. Ауыл шаруашылығын дақылдарының сақтаудағы шараларды арамшөптен бастап, басышылықты жоғары немесе орта білімі бар, дипломдары бар мамандар жүргізуі керек. Бұл жұмыстарды арнайы дайындалған және тәжірибесе бар адамдар орындауы тиіс. Гербицидтерді дұрыс қолдану үшін, орындаушы барлық адамдар сәйкестік нұсқаулардан өтуі және медициналық куәліктер алуы керек. Гербицидтермен жұмыс істеуге 18 жасқа толмағандарға рұқсат етілмейді. Жүкті және бала емізетін әйелдерге де рұқсат етілмейді. Күшті әсерлі және жоғары улы дәрі дәрмектермен жұмыс істегенде, жұмыс уақыты 4 сағаттан аспауы керек. Гербицидтерді қолдану жұмыстарын өткізетін тұлғалардың бәрі жеке қорғаныс құралдармен сақтану шараларын ұйымдастырып отырған ұжым қамтамасыз ету керек.
Гербицидтердің негізсіз енгізілуінің алдын алу үшін ауыл шаруашылық дақылдарының егістерін өңдеу қажеттілігін өсімдіктерді қорғау мамандары анықтайды. Гербицидтердің қолдануы. Қажет емес егістерде, үзілді – кесілді қолданылмайды. Егіс алқаптарын ұшақпен бүрку, тұрғындардың жоқ кезінде мал шаруашылық жағдайларын, су қоймасының бастаулары, 1 км-ден балықшаруашылығы су қоймалары жағадан 2 км қашықтықта болған жағдайда өткізуге болмайды. Гербицидтер сақталатын қоймалар бүрку жұмыстарының толтыру ауласы, ұшу-қону жолақтары үй жайлардан 200 метрден кем болмауы, мал шаруашылық фермалары, су бастаулары болмауы керек. Аралар өнімінің алдын алу үшін олар 5 км қашықтыққа, 5 күнге дейін оқшаулатылуы керек.
Бүрку жұмыстарын таңертең ерте және кешкі уақыттарда жүргізу керек, өңдеу жұмыстарын жаңбырдың алдында және жаңбыр жауып тұрғанда жүргізуге болмайды. Гербицидтермен өңделген жерлерге адамдарға үш-бес күннен кейін ғана шығуға болады.
Жұмыстар өткен соң, дәрі дәрмектердің қалғандары қоймаға тапсырылады. Өрт қауіпсіздігі жүйелері – өрттің алдын алу шараларын үйрену өрт қауіпсіздігі ГОСТ-тың 12.1.004.- 76 сәйкес өрттен қорғану жүйелерін ұжымдық қамтамасыз ету.
Өрттің алдын алу жүйесі. Өртенгіш ортаның пайда болуын болдырмау және онда жандырғыш заттардың пайда болуын болдырмау және онда жандырғыш заттардың пайда болуын жою және өртенгіш ортасының қысымын және температурасын қадағалау, жанармай қоспасының көрстекіштерін максимальды шектеу. Өртенгіш ортаның пайда болуын жанғыш газдардың, булардың, және ауадағы фибриотизатор, жанғыш газдар концентраттары жеткілікті шектелген болса өртенгіштерді қолданылатын заттар мен құрал-жабдықтарды алдын ала қадағаланады.
Өртенгіш орталарда жандырғыш көздері машиналардың, механизмдердің, құралдардың рационалды қолданылуы, электроқұралдарын қолдану, өрт-жарылыс қауіпсіздіктері киостарына сәйкес орындарға найзағайдан қорғау максималды температураның шектелуі және өртенгіш ортада энергия разрядтарынан шығатын ұшқындар, ұшқын шығармайтын құрал саймандармен жұмыс жасаганда тез жанғыш заттар, өзі жанатын заттарды жою.
Өрттен қорғану жүйесі өртенбейтін және ауыр өртенгіш заттар мен құралдардан өрт қауіпі бар заттан басқа өртенгіш заттектері аз таралатын өртенгіш ортаны оқшаулату, өрт кезінің ушығуының алдын алу, жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарымен пайдаланылса адамдарды басқа жерлерге шығару, түтінге қарсы қорғаныс жүйесімен, өрт сигнализация құралымен қолдану, өрт туралы хабарлар құралы, өрттен қорғану ұжымымен жұмыс істеу, өрт сөндіргіш құралдары максималды өрт көлемінің нәтижелі түрде сөндіруін қамтамасыз ету керек. Ол үшін өрт түрлері мен пайда болу жері анықталған болу керек, заттардың сақталу ережесі, олардың біркелкі жабдықтармен сөндіруге мүмкіндігі, су тасымалданатын құрал жабдық және су көзі; түрлері күні, өрт сөндіргіш қоймалары, өрт сөндіргіш қызмет көрсету ережелері және өрт сөндіргіш құрал саймандары белгілі болуы керек.
Өрт туралы өрт сөндіргіш құралдары бөгеттері, аудандардың пайдалануна, опаттар болған жағдайда өшіретін аппарат құрылғылары және коммуникациямен алдын ала ескертіледі де, өрт кезіндегі жарылыс және сұйықтықтардың ағуынан, құрылғы бөгеттерінен, сақтандыру мембраналарынан төтенше ескертіледі.
Құрылғылардың отқа қарсы тұрақтылығы ұстап тұрушы және қорғаушы функциялары ұжымдық қорғаныс орындарына адамдарды оқшаулату уақыттарында, сақталып тұратынына кепілдік болуы керек.
Санитарлық тазалық дегеніміз денені сабынды сумен тазалап жуу, ішкі киімді қажет болса сырт киімдерді де ауыстыру Р3 – мен ластанған ауданнан шыққан барлық адамдар, жасақшылар тобы жартылай дезоксивациялық тазартудан өтеді. Бұлай тазалаудың мынадай реттері сақталады.
Тазалық өткізетін адамдар сыртқы киімін өте сақтықпен жаймен шешеді. Тыныстану органдарының қорғау құралдары ең соңынан киіледі. Бұларды қағып-соғып, сыпыртғышпен, шеткемен жоғарыдан төмен қарай тазалайды. Әсіресе, киімнің көп ластанатын етегімен жеңін мұқият тазалайды. Резина аяқ киімді жуады. Содан кейін противогазды, оның қорабын, шлем-маскасын ракеттегі ерітіндімен тазалайды, тек осыдан кейін ғана противагазды шешуге болады. Маадан тігілген масканы қағып-соғып тазалап, содан кейін жуады. Дәке мақтадан жасаған байламаны жойып жібереді. Дезактивация жасағанда шаң өзіңе түспес үшін, жауырынды желге беріп тұру керек.
Осыдан кейін жартылай санитарлық тазалыққа кіріседі. Тазарту уақытында жуынған су көзге, ауызға, мұрынға кірмеу керек.
Жартылай дезоктивация және тазалаудан өткен соң дезоксиметриялық бақылаудан өтеді. Әлде де радиациялық заттар нормадан жоғары болса, жартылай тазалық қайталанады немесе толық санитарлық тазалықтан өткізіледі. Жартылай тазалау дегеніміз адам денесін ашық беттерінен, киімдерден аяқ киіммен және жеке дара қорғану құралдарынан Р3-ны және УЗ-ны сыпырып, сүртіп қана тазалау болып табылады.
Дегурация жұмысы былайша жүргізіледі: Химиялық заттармен ластанған ауданда адам денесінде киімінде улы заттардың тамшылары болса, ал жерді пакеттегі сұйықтықпен тазалайды, пакет болмаса орамалмен тамшыларын сүртіп алып, улы заттарға қарсы таблетка ішіп, ластанған ауданнан тезірек шығуға асығады. Осыдан кейін олар толық санитарлық таалықтан өтеді. Егер ондай мүмкіндік болмаса, жартылай тазалық мына ретпен өткізіледі.
Алдымен қорғаныс киімдерді шешпестен бұрын ашық учаскелеріне түскен улы заттарды тазалайды, себебі теріден өтіп кеткен улы заттар көп зақымға ұшыратады. Содан сыртқы және қорғану киімдерін дененің ашық жеріне неішкі киімге тигізбей әуелі противогазды, соңынан қолғапты шешеді. Енді қалды және басқа ашық жерлерді пакеттегі сұйықпен не сабынмен жуады. Көзді соданың ертітіндісімен не таза сумен жуады, ламауты мұрынды сумен шаяды. Осыдан кейін осы адамдар толық санитарлық тазалыққа жіберіледі. Жазда ластанбаған өзен суында жуынуға болады.
Уақытында ұқыптылықпен жүргізілген тазарту жұмысы улы затпен улануды мүлдем болдырмауға немесе оның дәрежесін азайтуға септігін тигізеді. Қазіргі заман зертханаларымен оқу орындары электр энергиясын кеңінен қолданады. Басқа қауіп көздерінен ерекшелігі, электр тогын аспаптарсыз ара қашықтықтан айқындау мүмкін емес, сондықтан оның адамға әрқашан аяқ астынан әсер етеді.
Электр жарақатының негізгі себептері кернеу жалаң өткізгіштер жағдайындағы ток жүретін бөліктерге кездейсоқ жанасудан, кернеуде тұрған жабдықты ажыратылған деп қате түсінуден, қалыты жағдайларда болуы мүмкін емес жерлерде бүлінудің салдарынан кернеуден кездейсоқ пайда болуынан. Электр тогының жарақаттанудың алдын ала сақтандыру үшін жұмыс өндірісі және техникалық пайдалану ережелерін және толық көлемде орындау қажет.
Адам еңбегінің сау және қауіпті жағдайлар мен қамтамасыз ету көп жағдайда бөлме аумағына, ондағы санитарлық, гигиеналық жағдайларға, зертханалық жабдықтардың орналасуы мен түріне байланысты болады. Бөлме жарық, құрғақ, саналаусыз, едені тайғанақ емес, қабырғалары, төбесі, есіктер, тегіс болуы керек. Зертхана аумағы 54-72м2 шамасында, лаборанттар бөлмесі -15м2 кем емес, бөлме биіктігі-3,3 м болуы керек.
Қорытынды
- Қарауылтөбе елдімекенінде орналасқан Қазақ Күріш ҒЗИ ғылыми тәжірибелер жүргізетін алқаптарының топырағының су-физикалық қасиеттерін жақсарту мелиоративті танаптар арқылы реттеліп отырады. Арпа, рапс және қытай бұршағы егілген танаптардың топырақ қуыстылығы 54,3 — 57,4 % аралығында. 0-40 см топырақ тереңдігіндегі ылғал мөлшері 26,0 – 28,3% дейінгі мөлшерді қамтамасыз етеді.
- Қарауылтөбе ЖШС шаруашылығындағы күріш егісінде арамшөптердің 25 түрі кездеседі, оның 18 түрі көпжылдықтар тобына жатады. Арамшөптердің ең зиянды түрлері – күрмек, шиін,доңыз қоға, жалпақ қоға, кәдімгі қамыс.
- Өсімдіктің өсу қарқынына , оның арамшөптермен күресуіне, дән түзуіне яғни өнімділігіне тұқым себудің әдістері тікелей әсер етеді.
- Зерттеу барысында себілген тұқымның 1м2 жердегі көктеп шығуының ең жоғарғы көрсеткіші, кең қатарлап яғни қатараралықтарын 30см-мен тұқым себілген зерттеу нысанында қалыптасты. 1м2 жерде 356 көктеп өнген дән немесе себілген тұқымның 47% өніп шықты. Бұл көрсеткіш күріш танабындағы себілген тұқымның өсуіне қолайлы жағдай туғанын көрсетеді.
Егісті жинар алдында 1м2 жердегі сақталынған өсімдіктер санын анықтағанда, көктеп шыққан өнімді жинауға дейін өсіп-өнген күріш өсімдігінің саны, кәдімгі қатарлы (15см) себілген зерттеу нысанында 263 дана/м2, яғни 79% сақталынған.
- Күріш егісіндегі арамшөптерге қарсы Лондакс 60% гербицидін қолдану өте жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді, яғни арамшөптердің жоғалуы 40-43% дейін жетеді.
- Орташа 2 жылда зерттеу нысандары бойынша кәдімгі қатарлы себу әдісімен (бақылау) егілген мөлдектен жиналған орташа өнім 38,0 ц/га, тар қатарлап егілген зерттеу нысанында – 31,5 ц/га немесе бақылау нысаннан – 6,5 ц/га төмен, қарама-қарсы әдісімен тұқым себілген зерттеу нысанында – 37,3 ц/га, бақылаудан 0,7 ц/га төмен болса, ең жоғарғы өнім алынған зерттеу нысаны кең қатарлы тұқым себу әдісі – 41,3ц/га немесе бақылау нысанынан 3,3 ц/га жоғары өніммен қамтамасыз етті.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
- Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2017 «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жахандық бәсекеге қабілеттілік»
- Бәкірұлы Қ. Қазақстандағы күріш селекциясы / Қ.Бәкірұлы. –Алматы: Бастау, 2002.
- Жайлыбай К.Н. Күріш егіншілігі және экология. Алматы: Арна, 2006
- Бәкірұлы Қ., Аймұхамбетов Ө., Ондашев Р.Арал өңірі жағдайында ресей селекциясы сорттарын экологиялық сортсынау нәтижелері // Материалы Международной научно-практической конференцию «Научно-инновационные основы развития рисоводства в Казахстане и странах зарубежья» посвященная 80-летию со дня организации КазНИИ рисоводства им. И. Жахаева. – Кызылорда. – 2012
- Жайлыбай К.Н. Күріш өсірудің сорттық технологиясы және агроэкологиялық негіздері Қызылорда, Алтын Орда, 2001ж.
- Жайлыбай К.Н., Қарлыханов Т.Қ. « Күріш өсіру технологиясының негзгі бағыттары және тарихи қалыптасуы.- Жаршы.-2004.-№8
- Әлімбетов К.Ә., Веращагин Г.А., Жайлыбай К.Н. «Сыр өңіріндегі күріш шаруашылығының қалыптасып дамуы, проблемалары және жоғары өнім алу жолдары. Алматы: Қайнар.- 1984
- Умаров К.У. Современные почвенно-мелиоративные условия Чардаринской степи и опыт прогнозирования их при орошении: Афтогреф.дисс.канд.- Алма-.Ата, 1970. – С.3-4.
- Шермагамбетов К., Абилдаева Ж. А. Совершенствование защиты риса от вредителей, болезней и сорняков в условиях Приаралья. Материалы Международной научно-практической конференции «Состояние и перспективы развития рисоводства в Казахстане». — Кызылорда, 2007 г.
- Шермағанбетов К., Жайлыбай КН., Мырзабек К.А., Тоқтамысов Ә.М. «Күріш ауыспалы егісін игеру – топырақ құнарлылығын арттыру және арамшөптермен күресудің агробиологиялық негізі.- Жаршы.- 2004.-№10
- Илялетдинов А.Н. «Күріштік алқаптары жерлерінің химиялық қосындылары динамикасы үшін қалпына келтіру және қышқылдық процестер мағынасы», Қазақстандағы күріш егу мәселелері жинағы. А.Қайнар,1998 ж.
- Жергілікті селекция шығарған күріш сорттарының сорттық технологиясы жайлы ұсынымдар Қызылорда, 2010.
- Жайлыбай К.Н., Тоқтамысов Ә.М, Кенбаев Б. «Күріш ауыспалы егісінде дәнді дақылдарды өсіру технологиясы»,Алматы 2003
- Кириченко К.С. «Күріштік ауыспалы егістіктерінің негізін қалыптастыру», «Күріш агротехникасының, суаруының және асылдандырылуының маңызды проблемалары». М.Колос, 2000ж.
- Жайлыбай К.Н «Күріш егіншілігі және экология». Алматы 2006 ж.
- Әбілдаева Ж., Бәкірұлы Қ., Шермағамбетов К. «Күріш ауыспалы егісіндегі дақылдардың зиянкестері, аурулары, арам шөптері және олардан қорғау шаралары» Тұмар 2007
- Қарабалаева Р.М., Мамутов Ж.У., Чулаков Ш.А. «Іле өзенінің төменгі сағасындағы тақырлы жерлердегі өсімдік қалдықтарының ыдырау динамикасы». «Күріш алқаптары жерлерінің құнарлылығын жоғарылату». М.Наука. 1997 ж.
- . Натальин Н.Б. «Күріш шаруашылығы» М.Колос, 1993 ж.
- Дуденко В.П. «Күріш егудің агротехникалық және экологиялық аспектілері», Қазақстан ауыл шаруашылық ғылымының жаршысы, № 10, 1991 ж.