Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар камитеті
«Көкшетау техникалық институты» РММ
Күндізгі оқу факультеті
Өрттің алдын алу пәндер
кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
ӨАА кафедрасының бастығы
техникалық ғылыми кандидаты
_______________ Қ.К. Карменов
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)
Мамандығы: 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі»
Тақырыбы: Маңғыстау облысындағы «Интергаз орталық Азия КазТрансГаз Бейнеу желілік өндірістік басқармасы» АҚ автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықтау.
Диплом жазушы: ______________Н. Исаев
Дипломдық жетекші:
ЖТП кафедрасының
аға оқытушысы
ө.қ.қ подполковнигі ________М.Тұрғынбаев
Көкшетау 2015 ж
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Төтенше жағдайлар камитеті
«Көкшетау техникалық институты» РММ
Күндізгі оқу факультеті
Өрттің алдын алу пәндер
кафедрасы
ТАПСЫРМА
5В100100 «Өрт қауіпсіздігі» мамандығының дипломлық жұмысты (жобаны) дайындау бойынша.
Жұмыс (жоба) тақырыбы: Маңғыстау облысындағы «Интергаз орталық Азия КазТрансГаз Бейнеу желілік өндірістік басқармасы» АҚ автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықтау.
- Институт бұйрығы бойынша бекітілген № 157 «10» 09 2014 ж.
- Аяқталған жұмысты (жобаны ) тапсыру мерзімі «05» 06 2015 ж.
- Жұмысқа (жобаны) бастапқы берілгендер компрессор станциясының жобасы.
- Қысқаша мазмұны немесе өңдеуге жататын сұрақтар тізімі, тарауларды орындау мерзімдері.
Тарау атауы |
Орындау мерзімі |
||
Кіріспе |
01.02.2015ж |
||
Қорғалатын объекттің қысқаша сипаттамасы |
05.02.2015ж |
||
Өрт қауіптілігін сараптау |
15.02.2015ж |
||
Автоматты өрт сөндіру қондырғыларын жобалау |
20.02.2015ж |
||
АӨСҚ – ның гидравликалық есептелуі |
25.02.2015ж |
||
Өрт сөндіруде және өрт дабылдағышы |
25.02.2015ж |
||
Қорытынды |
21.04.2015ж |
||
Әдебиеттер тізімі |
22.04.2015ж |
||
Графикалық бөлімі |
25.04.2015ж |
||
Дипломды алдын-ала қорғау |
17.05.2015ж |
||
|
|
|
|
- Консультанттар: Өрттің алдын алу кафедрасының оқытушысы өртке қарсы қызмет майоры _________________________________________А.Д.Салпыков
- Бекітемін: ӨАА кафедрасының бастығы т.ғ.к, өртке қарсы қызмет полковнигі______________________________________________ Қ.К. Карменов
- Жетекші: ЖТП кафедрасының аға оқытушысы өртке қарсы қызмет подполковнигі_______________________________________ М.Ж.Тұрғынбаев
- Тапсырманы орындауға қабылдадым______________________ Н.А. Исаев
- Тапсыру мерзімі « » 2015 жыл.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе |
6 |
1.Тарау — Өрт қауіптілігін сараптау |
12 |
1.1. Жалпы талаптар |
12 |
1.2. Өндірістік ғимараттарды, құрылымдар мен құрылыстарды күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары |
14 |
1.3. Эвакуациялық жолдар мен шығуларды күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары |
18 |
1.4. Ғимараттардың құрылымдар мен құрылыстардың электрлiк қондырғыларын күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары |
19 |
1.5 Өндірістік ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың жылыту және желдету жүйелерiн күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары |
22 |
1.6 Өндірістік ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың инженерлiк жабдығын күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары |
25 |
1.7 Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерiн күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары |
27 |
1.8 Өрт сөндiру техникасын орналастыруға және қызмет көрсетуге қойылатын талаптар |
29 |
2.Тарау — Өндірістік ғимараттар ішіндегі технологиялық құбыр жолдары мен құбыр жолы арматурасын ұстау тәртібі |
30 |
2.1 Компрессорлық станцияларды ұстау тәртібі |
30 |
2.2 Газ өндіруді қарқындату тәртібі |
31 |
2.3 Газды жинау, дайындау, сақтау және тасымалдау тәртібі |
34 |
2.4 Газды қайта өңдейтін өнеркәсіп объектілерін ұстау тәртібі, жалпы ережелері |
38 |
2.5 Технологиялық аппараттар мен қондырғыларды ұстау тәртібі |
40 |
2.6 Қосалқы құрылғылар мен құрылыстарды ұстау тәртібі |
42 |
2.7 Компрессорлық және сорғыш станцияларды ұстау тәртібі |
42 |
2.8 Технологиялық жабдықты ұстау тәртібі |
43 |
2.9 Өрт сөндіруді ұйымдастыру тәртібі |
44 |
3. Тарау — Қорғалатын объекттің жалпы сипаттамасы |
45 |
3.1 «ҚазТрансГаз» Бейнеу желілік өндірістік басқармасының Қазақстан Республикасында алатын орны |
45 |
3.2 «ҚазТрансГаз» Бейнеу желілік өндірістік басқармасының қысқаша сипаттамасы |
46 |
3.3 Жер бедері мен ауа-райы |
48 |
3.4 Негізгі ғимараттар мен құрылыстар |
48 |
3.5 Негізгі ғимараттар мен құрылыстардың қысқаша сипаттамасы |
49 |
4. Тарау — Электрмен қамтамасыз ету және электр жабдықтары |
51 |
4.1 Элертр энергиясын тұтынушылар және энергетикалық жүктемелер |
51 |
4.2 Компрессорлы |
51 |
4.3 Электрлі химиялық қорғау іс-шаралары |
51 |
4.4 Бақылау және автоматтандыру |
52 |
4.5 Автоматтандырудың көлемі |
53 |
5. Тарау — Өрт сөндіру қондырғыларын жобалау |
55 |
5.1 Көбікті өрт сөндіру қондырғыларын пайдалану |
55 |
5.2 Бастапқы өрт сөндіру құралдары |
56 |
5.3 Автоматты көбікті өрт сөндіру қондырғыларының әрекет ету принцпі |
56 |
5.4 Сумен және көбікпен өрт сөндіру қондырғыларын пайдалануға қабылдау тәртібі |
58 |
5.5 Менің ұсынып отырған жұмысым «өрт сөндіру қондырғысының автоматты жұмыс жасау принципі» |
61 |
5.6 Ұсынылған жоба іс-шараның экономикалық тиімділігін бағалау |
62 |
5.6.1 Жұмыстың қауіпсіздігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуге байланысты шығыстар, пайдаланылғын шығындар |
62 |
5.6.2 Нұсқаларды салыстыру және экономикалық нәтижені таңдау |
63 |
6. Тарау — Техникалық қауіпсіздігі бойынша негізгі талаптар |
65 |
6.1 Техникалық қызмет көрсету және өрт сөндіру қондырғысын күтіп ұстау |
66 |
6.2 Өрт дабылдағышын пайдалану және техникалық қызмет етуі |
67 |
Қорытынды |
69 |
Қолданылған әдебиеттер тізімі |
70 |
Кіріспе
Менің дипломдық жобамның тақырыбы Маңғыстау облысындағы «Интергаз орталық Азия КазТрансГаз Бейнеу желілік өндірістік басқармасы» АҚ автоматты өрт сөндіру қондырғыларымен жабдықтау.
Менің бұл тақырыпты алу себебім Қазақстан Республикасының газ саласының одан әрі дамуы айтарлықтай әлеуметке ие, ол болашақта Қазақстанды табиғи газдың жетекші өндірушілері қатарына шығаруға мүмкіндік береді. «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы, еліміздің және дүниежүзінің газ нарығында мемлекеттің мүддесін білдіретін, Қазақстан Республикасының газбен жабдықтау саласындағы ірі компания болып табылады. Осындай маңызды өндірістік объекті де өрт бола қалған жағдайда оны сөндірудің тиімді тәсілдерін яғни өрт сөндіру қондырғысының автоматты жұмыс жасау принципин ұсынып отырмын. Бұл автоматты өрт сөндіру қондырғысы өрттен келетін шығындарды азайтуға және агрегаттардың зақымдалуының алдын алатын шешімдердің бірі болады деп санаймын. Бұл жүйе жылу дабылдағышы арқылы жүзеге асады. Жылу дабылдағышы өзінің тиімділігімен ерекшеленіп жарты ғасыр бойы түрлі өндірістік ғимараттарда өртке қарсы қорғанысын қамтамасыз етуде.
Соңғы жылдары техниканың дамуы өзінің ықпалымен түрлі салалардың дамуына үлкен ықпал жасап, өндіріс концентрациясы деңгейі жоғары көрсеткіштер көрсетіп жаңа техналогиялық процестерді үлкен қарқынмен даму үстінде. Осындай қарқынды дамулар ғимараттардың заманауи автоматты өртке қарсы қондырғыларына деген сұраныстарды арттыруда. Міне осыған байланысты автоматты өртке қарсы қорғау қондырғыларының рөлі артады және де әр уақытта оны дамытып отыруды қажет етеді. Сонымен қатар қазіргі талаптарға сай жауап беретін тиімді өрт сөндіру құралдарын іздестіруді және жаңартуды керек етеді.
Өрт автоматикасының пайда болуы мен дамуы адам қоғамының ғылыми-техникалық прогресімен тығыз байланысты. Өрт сөндірудің автоматтанған құрылғылары өте ертедегі деректерде келтірілген. Жекелеген түрде, өртпен күресу үшін әртүрлі техникалық құрылғылардың баяндалуы Архимед еңбектерінде, грек механик оқымыстысы Ктесибитя – б.з.д. ІІ-І ғасырларда Александрияда өмір сүріп, су көтеретін сорғышты ойлап шығарған, Герон Александрийскийдің, Пифагордың трактаттарында, рим архитекторы Витрувия және басқалардың еңбектерінде қарастырылған.
Алғашқы (нақты көрсетілген дерек) рет өрт сөндірудің автоматты құрылғысын 1973 жылы ағылшын Джон Грин патентін ұсынған. Өкінішке орай, бұл құрылымның конструкциясы мен жұмыс істеу принципі бізге жеткен жоқ. XVII ғасырдың аяғымен XVIII ғасырдың басында Батыс Европаның бірқатар елдерінде өрт сөндірудің автоматты құрылғылары облысында ойлап тапқыштық „жарқ” етті. Олардың барлығы жарылғыш құрылғылармен жасалды, жұмыс істеген кезде ыдыстан лақтырылып және өрт сөндіру құралдары шашылды. Мұндай құрылғылардың қатарына 1708 – 1710 жылдары Ресейде І Петрдің қатысуымен жасалған бөшке тәрізді ыдыстар, 1715 жылы Захари Грейлем (Германия), 1723 жылы – Годфрей (Англия), в 1770 жылы. – артилерия полковнигі Роттың (Германия) құрылғылары жатады. 1769 жылы К. Д. Фролов қазіргі пайдаланылып жүрген өрт сөндірудің қондырғысының туындысының макеті мен жобасын жасағанын жариялады. 36 жыл өткен соң 1806 жылы ағылшын Джон Кэри осыған ұқсас қондырғыны патенттеді.
XIX ғасырдың екінші жартысында, әсіресе соңғы он жылында су шашатын түтікті және дренчер қондырғыларының шығуымен есте қалады, олардың „тууы” және жаппай таралуы Стюарт Гарисон (Англия), Генри Пармели и Фредерик Гриннеля (АҚШ) есімдерімен тығыз байланысты.
1769-1770 жылдары орыс офицері К.Д.Фроловпен қазіргі заманғы сулы өрт сөндіру қондырғысының жобасы мен макеті шығарылды. Жоба сипаттамасында автор өрт машинасының су өткізгіш қондырғысы ретінде қолдана алатынын жазған. Оның механизмы өте қарапайым болатын. Қозғалтқыш ретінде кривошипно-шатунный механизмды қозғалысқа келтіретін су құйғыш дөңгелек қызмет еткен. Өрт жағдайында тұрақтар аяғына «шприцтары бар былғары жеңдер» отырғызылатын және өрт ошағына суды беретін кран ашылатын. Шатырлы бөлмелерге су тұрақтар бойынша берілетін. Мұндай бөлмелер ішінде суды барлық бөлмелер бойынша шашырату үшін тесіктері бар көлденең құбырлар орналастырылған. Бірақ бұл жоба практикада қолданылмаған болатын, ал суреттер мен қондырғының сипаттамасы мұрағатарда сақталған.
1806 жылы ағылшын Джон Кэри сәйкес келуші қондырғыны жасап шығарады және оған патент алады. Фролов пен Кэридің конструкциясынан автоматты жүйелерге дейін бір ғана қадам қалған болатын. Және ол 1864 жылы ағылшын ғалымы Стюарт Гаррисонмен жасалды, ол қондырғыны шашыратқышпен жабдықтаған.
1874 ж. «Пармели и К°» американ фирмасы спринклер (ағылшын сөзінен аударғанда «шашырату») деген атаққа ие болған шашыратқыш конструкциясын өңдейді. Жеті жылдан кейін Пьер Ориоль (Франция) «Ориоль автоматты өрт сөндіргішін» құрады. Оның жұмыс істеу принципі алдындағы белгілі жүйелерден шашыратқыш конструкциясынан басқа ерекшеліктері болмаған. Суды шашырату үшін торлы шашыратқышты пайдаланған. 1881 жылы Фридерик Гриннель (АҚШ) барлық бағыттарда спринклерден суды бере алатын сәулелегішті шығарады.
Алғашқы өндірістік спринклерлі қондырғылар оларға спринклерлі бастиектермен қосылған су өткізгіш жүйе түрінде болатын. Спринклердің негізгі бөлігі бірнеше жұқа пластинкалардан тұратын, белгілі бір балқу температурасы бар өзара жеңіл балқитын металлмен байланысқан көпір түрінде болады. Қоршаған ортаның температурасы жоғарылаған кезде көпірдің жеңіл балқығыш металлы балқыған болатын, және спринклер ашылып қалатын. Судың шашырауын тоқтату су өткізгіш жүйенің кранын жабумен тоқтатуға болатын.
Спринклерлі жүйелерге сол кездің өзінде-ақ қатаң талаптар ұсынылатын: судың қорғалатын ауданға тепе-тең және жеткілікті мөлшерде түсуі; спринклердің жеңіл балқығыш құлыбы белгілі температура кезінде тығынның босатылуына бөгет жасамайтындай ыдырауы қажет етілетін. Бұл шарттарға Америкада кең қолданыс тапқан «Гриннель» спринклері жауап берген болатын, ал содан кейін барлық өндірістік дамыған елдерде.
Англияда 1882-1904 жылдары спринклерлі қондырғылар 2,5 мың фабрикалар мен зауыттарда орналастырылған болатын. Олардың өндірісін ағылшын акционерлік қоғамы «Матер и Платт» жүзеге асырған. Сипаттамада көрсетілгендей, өрт сөндіргіш су құбырларымен қолданылған, не қалалық құбырға, не қорғалатын бөлме үстінен белгілі бір биіктікте орнатылатын арнайы бакқа қосылған. Төбе бойынша бір-бірінен 2,5-3,0 м қашықтықта су өткізгіш құбырдың бірнеше параллельді қатарларымен өткізеді. Әрбір құбырда 3,0-3,5 м қашықтықта спринклерлер орнатылады.
Ресейде «Гриннель» спринклерлі қондырғылары 1891 жылдан бастап қолданыла бастады. Сулы өрт сөндіретін автоматты қондырғыларды құру бойынша жұмыстар бірнеше бағыттарда бір уақытта жүргізілетін. 1882 жылы Ф. Баром Варшавада «автоматты сөндіру және өрт көрсеткішін» өңдейді. Онда суды жауын түрінде шығару үшін клапандардың ашылуы электр көмегімен жүзеге асырылған. Дыбыс клапандарға оқшаулағыш массамен жабылған, сымдар түрінде жасалған датчиктен түскен. Температураның жоғаралауы кезінде бұл масса балқитын, және сымдар соңы қосарласа отырып электр тізбегін тұйықтаған. Осымен бір уақытта электр қоңырауының тізбегі тұйықталады және дабыл дыбысы берілетін. 1882 ж. тамыз айында В. Ванкербергер (Брюссельден) фабрика бөлмелерінде өрттерді сөндіру үшін өрт сөндіргішті қолдану қажеттілігін ұсынды, оның сезгіш элементі түрлі кеңею коэфициенттеріне ие болған металл жинақтарынан тұратын пластинка болып табылатын. Температураның жоғарылауы кезінде пластинка механикалық тартпаны қозғалысқа келтіреді, оның әсерінен буөткізгіш жүйенің краны ашылып және қоңырау іске қосылатын. Автордың пікірі бойынша, бөлмедегі жоғары температура кезінде жеңіл жанғыш шнур көмегімен белгілі бір жағдайда ұсталатын болат пластинканы қолдануға болады.
Бір ай бұрын Ресейдің патенттік ведомствасына казан сатушысы Ю.Кюн ұсыныс жасады, оның ұсынысында су өткізгіш құбырларда герметикалық клапандары бар конустық құбыршалар орнатылған. 1884 ж. 23 мамырда, яғни Ф.Гриннельден бір ай бұрын Н.П. Зимин патенттік ведомстваға автоматты өрт сөндіргішті ұсынады, оның ұсынысында су шашатын тор шыны немесе фарфорлы колпактармен тығыз жабылған. Бұл колпак жеңіл тұтанғыш заттың жануы кезіндегі қозғалысқа келтірілетін жүкпен немесе жеңіл балқғыш металлдың балқуы кезінде бұзылатын. Су өткізгіш жүйенің тірегіш құрылғысы ретінде шыны колпактың қолданылуы агрессивты орталарда сулы өрт сөндіру қондырғыларының қолданылуға мүмкіндік берді. Бұл өте маңызды жетістік болатын, өйткені «Гриннель» спринклерлері металл коррозиясының нәтижесінде қышқыл бар атмосферада іске сирек қосылатын.
1893 жылы Ф. Гриннель Ресейде өзінің спринклеріне жаңа толықтырулар алады, оның сипаттамасы былайша көрсетілген еді «ауаның, тежегіш газдар мен судың әсерінен клапандардың бүлінуін жою, олардың нәтижесінде клапан керек кезінде ашылмай, ал қажет кезде ашылуы мүмкін». Ол оларды шыныдан, фарфордан және кремнийлі қосылыстардан жасауды ұсынады. Бұл спринклер «бульб-спринклер» деген атпен белгілі болды.
«Гриннель» спринклерлерінен басқа, өткен ғасырдың аяғында басқа да үлгілер қолданылған. Олардың арасында австрийлік Х. Линзердің спринклері өзінің белгілі ерекшеліктерімен ажыратылған. Жеңіл балқығыш металлдан жасалған көпіршек, клапанның үстінде емес, басқа жаққа енгізілген, нәтижесінде қысылу емес, керісінше созылу әсер еткен. Екінші ерекшелік былайша қорытындыланды, клапан серіппелі диаграммаға емес, металл төстікке тірелген. Жұмыс істеу принципінің өзі Гриннельде тәрізді болған. Мамандардың пікірі бойынша, «Линзер» спринклерінің жетіспеушілігі ондағы қозғалғыш бөлшектердің бар болуы болған.
Фабрикалар мен зауыттарды қорғау үшін осы сияқты Ньютон және А. Пашковский спринклерлері қолданылған. Орыс ғалымы Пашковскийдің спринклерлері Гриннель және Ньютон спринклерлерінің арасында орта жағдайға ие болды. Аталғандармен салыстырғанда, Пашковский конструкциялары спринклерлердің бастиегін ауыстармауынсыз жұмыс қалпына келтіруге мүмкіндігі бар болған. Ескі бастиекке жаңа мостикті салу жеткілікті болатын. Бұл экономикалық тиімді болған, өйткені спринклерлі бастиектер қымбат тұратын. Құбыр өткізгіштердегі су маңызды жеңілдетілген, өйткені оның болмауы немесе кіші қысым спринклерден судың бөлінуіне әкелген. Барлық қондырғылардың 90% «Гриннель» спринклерлері құраған.
Бөлмелерді қорғау үшін сулы өрт сөндіру автоматты қондырғыларын қолдану отпен күрес ісіне зор үлестер қосты. 1904 жылы сақтандырушы өкіл Бэтлей Англияның спринклерлі фабрикаларында болған барлық өрттер анализын жасады. 810 өрттердің ішінде 734 (91%) спринклерлермен сөндірілген. Анализ кезінде спринклермен қорғалған фабрикалар мен зауыттардағы барлық өрттер ескерілген.
Бұл құрылғыларда оттан сенімді қорғанышты көрген, және 1895 жылы барлық дүние жүзінде 3 млн. 250 мың «Гриннель» спринклері саналған, онымен 12 мың ғимарат қорғалған. ХХ ғасырдың басында спринклерлі қондырғылар көмегімен жер бетінде 15 мың өрт тоқтатылған.
ХХ ғасырдың басында сол сияқты өрт автоматикасы аумағында біршама жаңа жетістіктер жасалған, меншігінде автоматты хабарлағыштар (бастапқыда жеңіл балқығыш сезгіш элементтермен, кейін биметаллды пластиналармен), троссты жібергіші бар химиялық көбікті сөндірудің автоматты қондырғылары, автоматты ұнтақты от сөндіргіштер («Пожарогас» от сөндіргіші) пайда болды.
ХХ ғасырдың 20 жылдар басы мен 30 жылдарда отандық автоматты өрт дабылдағыштарының жүйелері, сулы, газды және көбікті өрт сөндіру қондырғылары құрылған. Олардың құрылуында көп көмек көрсеткен Өрт лабораториясының ғылыми-зерттеу орталығы (ЦНИПЛ. 1930 ж.), кейін оның аты Өртке қарсы қорғанысының орталық ғылыми-зерттеу институтына (ЦНИИПО, 1937 ж.), ал 1968 жылдан бастап Өртке қарсы қорғанысының барлық одақтық ғылыми-зерттеу институтына (ВНИИПО) ауыстырылды. Қазіргі уақытта – Ресей ІІМ Федералдық мемлекеттік мекеме (ФММ) Өртке қарсы қорғанысының барлық Ресейлік ғылыми-зерттеу институты (ВНИИПО).
Автоматты өрттен қорғау өрт қауіпсіздігі сұрақтарын шешуде маңызды рөл атқарады. Су шашатын және дренчерлі қондырғылардың эксплутациясының жарты ғасырдан астам уақыт тәжірибесі шаруашылық нысандарының өртен қарсы қорғауын қамтамасыз етуде.
Техниканың дамуы өзінің механизация және автоматизациясы, өндіріс концентрациясы деңгейі жоғары көрсеткіштегі жаңа технологиялық процестерді дамытады, олар қоймаларда шикізат және дайын өнімдерді ұзақ сақтауға көмектеседі. Осыған байланысты өртке қарсы қорғау автоматикасының рөлі артады, және де әр уақытта оны дамытып отыруды қажет етеді, сонымен қатар қазіргі талаптарға сай жауап беретін тиімді өрт сөндіру құралдарын іздестіруді керек етеді. Бірақ та өз кезегінде, экономиканың кез келген саласындағы техникалық прогресс өртке қарсы қамтамасыз ету прблемаларымен тығыз байланысты, өйткені ол өрттің пайда болуы мен шығынның үлкен мөлшерінен бөлініп кете алмайды. Үлкен көлемдегі емес өрттердің өзі қазіргі таңда ертеректе ірі өрттер нәтижесінде болатын мөлшердегі үлкен шығындар мен салдарлар туғызады. Осының бәрі өрттен қарсы қамтамасыз ету проблемаларын қамтамасыз ету біздің республиканың ең өзекті проблемаларының бірі болып табылады.
Өрт автоматикасы құралдарын кең көлемде игеру өрттің қауіпті факторларынан адамдар өмірін қорғап қалуға кепілдік береді, табысты өртті сөндірудің сенімділігін арттырады, ірі өртке айналып кетпеу мүмкіндігін туғызады, мемлекеттік материалды және жан дүниелік байлықтарын сақтауға қамтамасыз етеді. Өрт автоматикасының әлеуметтік-экономикалық мәні мына түрде сипатталады. Өрт автоматикасы республикада өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарасында әлеуметтік тыныштықты сақтау кезінде, ұлттық байлықты сақтауда қалыпты экономиканы ұйымдастыруда, Қазақстан Республикасында локалдық тепе-теңдіктің пайда болу және даму мүмкіндігін тоқтатуда маңызды звено болып табылады. Өндірістің кең көлемде автоматизациялануы «адамсыз технологияның» пайызын кең көлемде арттырады. Егерде 60-шы жылдардың ортасында, 70-шы жылдардың бас кезінде өнеркәсіптік өндірістің цехтарында қызмет көрсететін қызметшілердің саны жеткілікті болды, нәтижесінде де қабілетті еркін өрт есептерін жасауға болатын, яғни өртті дер кезінде байқап, хабарлап, уақытысында сөндіруге болатын болса, қазіргі уақытта сондай мөлшердегі цехтарда тек бірнеше операторлардың (кейде бір-екеу) болуынан, олар пайда болған өртті байқамаулары мүмкін. Егер де бұған объективті себепті қосатын болсақ, атап айтқанда, көшедегі транспорттың көп болуы салдарынан өрт автомобилінің қозғалыс жылдамдығы біраз кемитін болса, онда автоматикалық өртке қарсы қорғау құралдарын кең көлемде игеруді қажет етеді.
Сонымен қоса айта кету керек, өрт автоматикасы құралдарын пайдалану мемлекеттік өртке қарсы қызмет пен техника мөлшерінің санының эквивалентті азаю мүмкіндігін туғызбайды. Автоматиканы игеру – бұл тек қана МӨҚҚ штаттық және техникалық мүмкіншіліктері арасындағы бөлінбейтін компенсация және эксплутациялық нысандардағы енгізілу санының үздіксіз өсуі.
Жоғарыда келтірілген фактілерді талдай отырып, мынадай қорытынды жасау қиын емес, өртке қарсы қорғаудың даму қарқыны өрттің материалдық қаупінің даму қарқынынан, яғни жаңа бұйымдардың, қондырғылардың, машиналар мен технологиялардың жасалу мүмкіндігінен қалып келеді. Осыған қарай, пайда болатын өрттердің санымен, олардан келетін шығын тенденциясы да артады. Бұл тенденцияны басу үшін көп мөлшерде адамдық және материалдық ресурстар (оның ішінде қымбат тұратындары, өрт автоматикасы құралдары сияқты) жұмсалады. Бұл тенденцияны тұрақтандыруға, керек болса азайтуға болады, егер де, өрт қауіптілігін бақылайтын өрттен қорғаудың барлық деңгей ұйымдастырылған күйде болса, атап айтқанда: ғылыми-зерттеу нәтижелері, тәжірибелі-конструкторлық нәтижелер, тәжірибелі өндірістер. Осының көмегінің нәтижесінде дер кезінде потенциалды өрт қаупі нәтижесін анықтауға, қауіп көздерін жою іс-шараларын жүргізуге болады. Тек осындай жағдайда ғана алдын алу қызметі толық көлемде бақылау жасауға, өрттен қорғау шараларын жақсартуға мүмкіндік алады.
Өрттен қорғаудың мұндай мүмкіншіліктері іске асқанша, қазіргі кезде өрт қаупі потенциалын арттыруда ӨҚАҚ ең таңдаулы құрал болып саналады. Өртке қарсы қорғаудың конструктивті шешімі оның алдына қойған мақсатына және оның құрылысына байланысты. Өртке қарсы қорғаудың техникалық жүйелерінің спецификасы оны қандай дәрежеде қолдануына байланысты болады. Мысалы, өрт туралы хабарлау және сезу жүйелері, өрт қажеттілігіне суды беру жүйесі, өртті автоматты түрде сөндіру жүйелері қазіргі кезде өте көп таралған болып келеді.
Автоматикалық өртке қарсы қорғау жүйесінің дұрыс есептелуі және жобалануы жоғары тиімділікке жеткізеді, өрт бөлімдері келгенше өрт көзін жоюды қамтамасыз етеді немесе олардың жұмысы үшін тиімді шарттар тудырады. Сонымен бірге бұл жүйелер әлі де маңызды тапсырмаларды шешуді қамтамасыз ету талаптары орындалуына жеткіліксіз.
Өрттен қорғаудың нақты шешімдері пайда болғанша өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін негізгі құрал автоматикалық өртке қарсы қорғау болып табылады.
- Өрт қауіптілігін сараптау
1.1 Жалпы талаптар.
- Қазақстан Республикасындағы Өрт қауіпсіздігі ережесі азаматтардың өмірі мен денсаулығын, жеке, заңды тұлғалардың мүлкін, меншік нысанына қарамастан, мемлекеттік мүлікті қорғау, қоршаған ортаны қорғау мақсатында меншік нысанына қарамастан, жеке тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың оларды қолдануы және орындауы үшін өрт қауіпсіздігі талаптарын анықтайды.
- Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өрт сөндіру меншік нысанына қарамастан, ұйымдардың, кәсіпорындардың басшыларына жүктеледі. Ұйымдар мен кәсіпорындардың басшылары атқаратын лауазымы бойынша немесе қолданыстағы нормативтік құқықтық және басқа да актілер күшінде орындалатын жұмыстың сипатына қарай тиісті өрт қауіпсіздігі ережелерін орындайтын және белгілі жұмыс учаскелерінде олардың сақталуын қамтамасыз ететін тұлғаларды тағайындайды.
- Ұйымның барлық жұмысшылары тек өртке қарсы нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмысқа жіберіледі, ал жұмыс сипаты өзгерген жағдайда ұйым басшылары бекіткен тәртіппен ықтимал өрттердің алдын алу және сөндіру бойынша қосымша оқудан өтеді.
- Ұйым жұмысшыларын объектілердегі өрттердің алдын алу және олармен күресу бойынша жұмысқа жұмылдыру үшін өрт-техникалық комиссиясы мен ерікті өртке қарсы құрамалары құрылады.
- Мүлік иелері, мүлікке иелік етуге, пайдалануға және билік етуге уәкілетті тұлғалар, оның ішінде ұйымның басшылары мен лауазымды тұлғалары, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін белгіленген тәртіппен тағайындалған жауапты лауазымды тұлғалар:
1) өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға, сондай-ақ өртке қарсы қызметі органдарының ұйғарымдамалары мен басқа да заң талаптарын орындауы;
2) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруы;
3) өртке қарсы үгіт-насихат жүргізуге, сондай-ақ өз жұмысшыларына өрт қауіпсіздігі шараларын оқып-үйретуі;
4) белгіленген нормаға сәйкес өртке қарсы қызметі бөлімшелерін құруы және ұстауы;
5) өрт сөндіру жүйелері мен құралдарын жарамды күйде ұстауы, оларды мақсатсыз пайдалануға жол бермеуі;
6) өрт сөндіру, олардың пайда болу себептері мен шарттарын және дамуын анықтау кезінде, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына және өрттердің пайда болуына кінәлі тұлғаны анықтауда өртке қарсы қызметіне көмек көрсетуі;
7) өрттерді анықтаудың және сөндірудің автоматтандырылған құралдарын енгізу жөніндегі шараларды жүзеге асыруы;
8) өртке қарсы қызметінің өкілдеріне заңнамада белгіленген тәртіппен ұйымдардың аумағында өздерінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыру кезінде рұқсат беруі;
9) өртке қарсы қызметі органдарына өрт қауіпсіздігінің жай-күйі туралы, оның ішінде өндірілетін өнімдердің өрт қауіптілігі туралы, сондай-ақ аумақтарда болған өрттер мен олардың салдарлары туралы мәліметтер мен құжаттарды тапсыруы;
10) болған өрттер, өртке қарсы қорғаныс жүйелері мен құралдарының жарамсыздығы туралы, жолдар мен кірме жолдар жай-күйінің өзгерістері туралы өртке қарсы қызметіне дереу хабарлауы тиіс.
Заттарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды дайындаушылар (жеткізушілер) тиісті техникалық құжаттарда осы заттардың, материалдардың, бұйымдар мен жабдықтардың өрт қауіпсіздігінің көрсеткіштерін, сондай-ақ оларды пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын көрсетеді.
Барлық өндірістік, әкімшілік, қойма мен қосалқы үй-жайларда телефондардың жанында өртке қарсы қызметті шақыратын телефон номері көрсетілген кесте ілінеді.
Әрбір ұйымда бұйрықпен (нұсқаумен) олардың өрт қауіптілігінің тиісті өртке қарсы тәртібі орнатылады, оның ішінде:
1) ашық отты пайдалану тәртібі мен қауіпсіздік шаралары анықталады;
2) темекі шегуге арналған орындар анықталады және жабдықталады;
3) өрт сөндіру автокөліктерінің объектіге өту тәртібі анықталады;
4) үй-жайларда бір мезгілде сақталатын шикізат пен толық және жартылай дайын өнімдердің орны мен саны анықталады;
5) жанармай қалдықтары мен тозаңдарды тазалау, майлы арнайы киімдердің сақталу тәртібі белгіленеді;
6) өрт болған жағдайда және жұмыс күнінің соңында электр жабдықтарын ток көзінен ажырату тәртібі анықталады;
7) уақытша отты және басқа да өрт қаупі бар жұмыстарды жүргізудің тәртібі белгіленеді;
8) жұмыс аяқталғаннан кейін бөлмелерді тексеру және жабу тәртібі белгіленеді;
9) өрт кездегі жұмысшылардың іс-қимылдары белгіленеді;
10) мамандықтар (лауазымдар) тізбесі, өртке қарсы нұсқаулық пен өрт-техникалық минимумы бойынша сабақтар өткізудің мерзімі мен тәртібі анықталады, сондай-ақ оны өткізуге жауаптылар тағайындалады.
Өрт қауіпсіздігі шаралары туралы нұсқауларға қойылатын талаптарға сәйкес әр объектіде әрбір өрт жарылыс қаупі және өрт қаупі бар учаскелерге (шеберханаларға, цехтарға) арналған өрт қауіпсіздігі талаптарына сай нұсқаулар әзірленеді.
Бір мезгілде оннан астам адам болатын ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерден басқа) өрт болған жағдайда адамдарды көшіру жоспарлары (кестелері) әзірленіп, көрнекті жерге ілінеді, сондай-ақ адамдарды өрт туралы құлақтандыру жүйесі (қондырғысы) қарастырылады.
- Қозғалысы нашар санатқа жататын адамдар (қозғалыс аппараттары зақымданған мүгедектер, көздері нашар көретін және есту қабілеттері нашар, сондай-ақ егде жастағы және уақытша еңбекке жарамсыз тұлғалар) тәулік бойы болатын ғимараттар мен құрылыстарды өрт туралы адамдарды құлақтандыру жүйесіне қосылған, дабылды қайталайтын жарықтандырылған, дыбысты және көрнекті дабыл қаққыштармен дер кезінде жеткілікті және сапалы ақпаратпен қамтамасыз ету қажет.
Жарықтандырылған, дыбысты және көрнекті хабарландырушы дабыл қаққыштар аталған санаттағы тұлғалар болатын үй-жайларға, сондай-ақ әрбір көшіру, авариялық шығу және көшіру жолдарында орнатылуы тиіс.
Жарық беруші белгілер түріндегі жарық дабылдары дыбысты дабылдармен бір мезгілде қосылады. Жарық дабылының жыпылықтау жиілігі 5 Гц аспауға тиіс. Көрнекті ақпараттар қарама-қарсы түстегі жерлерге көру қашықтығына сәйкес келетін белгілер өлшемімен орнатылады.
Ұйым жұмысшылары, сондай-ақ азаматтар:
1) өрт болған жағдайда өртке қарсы қызметі бөлімшесіне хабарлауы және адамдарды, мүліктерді құтқаруға қажетті шараларды қолдануы және өртті жоюы;
2) газ құралдарын, тұрмыстық химия заттарын пайдалану, тез тұтанғыш (бұдан әрі — ТТС) және жанғыш сұйықтықтармен (бұдан әрі — ЖС), басқа да өртке қатысты қауіпті заттармен, материалдармен және жабдықтармен жұмыс істеу кезінде сақтану шараларын орындауы тиіс.
Ұйым басшылары қауіпті (жарылыс қаупі бар) тез әсер ететін улы заттар қолданылатын, өңделетін және сақталатын аумақтар мен осы кәсіпорындарда өрт сөндіруге жұмылдырылатын жеке құрамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету және алғашқы кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін қажетті мәліметтерді өртке қарсы қызметі бөлімшелеріне хабарлайды.
1.2 Өндірістік ғимараттарды, құрылымдар мен құрылыстарды күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары
Белгiленген тәртiппен әзiрленген және бекiтiлген жобалық-сметалық құжаттамасыз өндірістік ғимараттарды, құрылымдар мен құрылыстардың функционалдық тағайындалымын өзгертуге, күрделi жөндеу жүргiзуге, техникалық қайта жабдықтау, қайта жаңарту және қайта жоспарлауға тыйым салынады.
Өндірістік ғимараттарды, имараттар мен құрылыстарды қайта жоспарлаған, олардың функционалдық тағайындалымын өзгерткен кезде немесе жаңа технологиялық жабдық орнатқанда, осы өндірістік ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың жаңа тағайындалымына сәйкес нормативтiк құжаттар қолданылады.
Барлық өндiрiстiк және қоймалық үй-жайлар үшiн, жарылыс өртi және өрт қауiптiлiгi санаттары, сондай-ақ аймақтар кластары үй-жайлар есiктерiнде тиiстi белгiлермен белгiленетiн «Қазақстан Республикасының электрлiк қондырғыларын орнату ережесi» талаптарына сәйкес анықталуға тиiс.
Жоғары өрт қауiптiлiгi болатын жабдықтың жанында қауiпсiздiк белгiлерi орнатылуы керек.
Өндiрiс процестерiнде жарылыс өрт қауiптi көрсеткiштерi зерттелмеген материалдар мен заттарды қолдануға, сондай-ақ оларды басқа материалдармен және заттармен бiрге сақтауға рұқсат етiлмейдi. Өндірістік ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың талаптарына сәйкес келетiн мөлшерде дұрысталған бастапқы өрт сөндiру құралдарымен, өртке қарсы қызметтi шақыру үшiн байланыс құралдарымен қамтамасыз етiлген және «Өндірістік ғимараттарды, құрылымдар мен құрылыстарды автоматты өрт сөндiру және өрт сигналын беретiн, өрт кезiнде адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi талаптар» атты Техникалық регламент талаптарына сәйкес, автоматты өрт сигналын беретiн жүйелермен автоматты өрт сөндiру және адамдарды өрт туралы құлақтандыру қондырғыларымен қамтамасыз етiлген болуға тиiс.
Бастапқы өрт сөндiру құралдарын, байланыс құралдарын, сондай-ақ өрт сөндiру автоматикасы жүйелерiн орналастыру орындары тиiстi өрт қауiпсiздiгi белгiлерiмен белгiленген болуы керек.
Өндірістік ғимараттар мен құрылымдардың өртке қарсы қорғау жүйелерi мен құралдары (өрт сөндiру және өрт белгiсiн беру қондырғылары, өрт кезiнде адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару, түтiнге қарсы қорғау және өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерi, өртке қарсы есiктер, клапандар мен люктер, басқа өртке қарсы кедергiлерде ойықтарды толтырғыштар, бастапқы өрт сөндiру құралдары) үнемi дұрысталған жұмыс күйiнде болуы керек.
Өртке қарсы қорғау жүйелерi мен құралдарын жөндеу кезеңiнде өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша қосымша шараларды iске асырусыз, ғимараттарды, құрылымдар мен құрылыстарды пайдалануға тыйым салынады.
Өндірістік ғимараттарды, құрылымдар мен құрылыстарды Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етiлген құрылыс нормаларының талаптарына сәйкес, найзағайдан қорғайтын құрылғылармен жабдықтау керек.
Есiктердiң өздiгiнен жабылуына арналған құрылғы дұрыс күйiнде күтiп ұсталуға тиiс.
Өртке қарсы немесе түтiнге қарсы есiктердiң (құрылғылардың) еркiн жабылуына кедергi жасайтын қандай да бiр айлабұйымды орнатуға тыйым салынады.
Өрттiң туындауына әкелiп соқтыратын бұзылулары болатын
жабдықта, қондырғы мен станокта, сондай-ақ сөндiрiлген бақылау-өлшеу аспаптарында және белгiленген температура режимдерiн, қысымды және қауiпсiздiк шарттарымен реттелген басқа параметрлердi бақылауды қамтамасыз ететiн технологиялық автоматикада жұмыстар жүргiзуге рұқсат етiлмейдi.
Құрылыс құрастырылымдарының, өңдейтiн және жылу оқшаулайтын жанғыш материалдардың, жабдықтың металл тiреулерiнiң оттан қорғайтын жабындарының (сылақ, арнайы бояулар, лактар, оттан қорғайтын қасиеттерiнiң кемуiн және төмендеуiн қоса алғанда, сылама) бұзылуына тыйым салынады.
Нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкес өңделген (сiңдiрiлген) газ өткізу құбырлары мен металды өңдеудiң қолданылу мерзiмi аяқталғанда немесе құрамдарының оттан қорғау қасиеттерi кемiген жағдайда, қайта өңделуге (сiңдiрiлуге) тиiс.
Оттан қорғап өңдеу (сiңдiру) жағдайы техникалық құжаттамада көрсетiлген мерзiмде немесе жылына бiр реттен кем болмай тексерiлуге тиiс.
Өртке қарсы қабырғалардың, аражабындылар мен қоршау құрастыры- лымдарының түрлi инженерлiк және технологиялық коммуникациялар мен қиысатын жерлерiнде пайда болатын тесiктер мен саңылаулар құрылыс ерiтiндiсiмен немесе отқа төзiмдiлiгiнiң қажеттi шегiн және түтiн-газ өткiзбеушiлiгiн қамтамасыз ететiн басқа жанбайтын материалдармен бiтелуге тиiс.
Жарылыс болуы мүмкін өндірістік өрт қауiптi объектiлер, республикалық мәндегi мекемелер мен кәсiпорындарда өртке қарсы қорғау қызметiнiң жақын бөлiмшесiмен немесе елдi мекендердiң өрт сөндiру байланысының орталық пунктiмен тiкелей байланыс жүйесiмен қамтамасыз етiлген болуы керек.
Ұйымның өндірістік ғимараттарында, құрылымдары мен құрылыстарында (жеке тұрғын үйлердi қоспағанда) тыйым салынады:
1) жертөлелер мен цокольдық қабаттарда тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды, газ толтырылған баллондарды, аэрозолдық буып-түюдегi тауарларды, целлулоидты және басқа жарылыс-өрт қауiптi заттар мен материалдарды сақтауға және қолдануға;
2) Техникалық қабаттарды, желдету камераларын және басқа техникалық үй-жайларды өндiрiстiк учаскелердi, шеберханаларды ұйымдастыру үшiн, сондай-ақ өнiмдi, жабдықты, жиһазды және басқа заттарды сақтау үшiн пайдалануға;
3) тамбурлардан және басқыш шабақтарынан, техникалық бөлмелерден эвакуациялық шығулардың жобада қарастырылған есiктерiн, эвакуациялау жолында қауiптi өрт факторларының таралуына кедергi келтiретiн басқа есiктердi алып тастауға;
4) нәтижесiнде адамдарды қауiпсiз эвакуациялау жағдайы нашарлайтын, өрт сөндiргiштерге, өрт сөндiру крандарына және басқа өрт қауiпсiздiгi құралдарына қол жеткiзу шектелетiн немесе автоматты өртке қарсы қорғау жүйелерiнiң (автоматты өрт сигналын беру, стационарлық автоматты өрт сөндiру қондырғылары, түтiндi кетiру жүйелерi, құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелерi) әрекет ету аймағы азаятын көлемдiк-жоспарлау шешiмдерiн өзгертудi жүргiзуге;
5) балкондар мен лоджияларда есiктердi, люктердi, аралас секцияларға өтетiн жерлердi және сыртқы эвакуациялау сатыларына шығуларды жиһазбен, жабдықпен немесе басқа заттармен үйiп тастауға;
6) Техникалық қабаттарды жинауды және бензин, жермай және басқа тез тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтарды қолданып жууды жүргiзуге, сондай-ақ қатып қалған құбырларды дәнекерлеу шамымен және ашық от қолданылатын басқа тәсiлдермен жылытуды жүргiзуге;
7) май болған сүрту материалын жинамай қалдыруға;
8) жертөлелер терезелерi мен шұңқыршаларына саңылаусыз торлар
орнатуға (мекеменiң қоймалық үй-жайларын, кассаларын, құпия бөлiмдерiн қоспағанда);
9) өрт жағдайында қауiпсiздiк аймақтарына жататын техникалық үй-жайлардың жанеде сақтау қоймалары мен тамбурларды шынылауға;
10) басқыш шабақтары мен дәлiздерде қамбалар (қосалқы үй-жайлар) орнатуға, сондай-ақ басқыш жайылмаларының астында және басқыш алаңдарында заттарды, жиһаз және басқа жанғыш материалдарды сақтауға. Бiрiншi және цокольдық қабаттардағы басқыш жайылмаларында орталық жылытуды басқару тораптарына, су өлшеу және жанбайтын материалдардан жасалған бөлгiштермен қоршалған электрқалқанды тораптарға арналған үй-жайды ғана орналастыруға рұқсат етiледi;
11) ғимараттардың өндiрiстiк және қоймалық үй-жайларында (отқа төзiмдiлiгi V деңгейлi ғимараттардан басқа) антресолдар мен бөлгiштер, қызмет көрсететiн қосымша бөлмелердi, қамбалар, конторкаларды және басқа жанғыш материалдардан салынған құрамдас үй-жайларды орналастыруға.
Өндірістік ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың шатырындағы сыртқы өрт сөндiру сатылары мен қоршаулары дұрыс күйiнде күтiп ұсталуға және бес жылда бер реттен кем болмай пайдалану сынауларына түсуге тиiс.
Бiр жерде эвакуациялық шығуы болатын үй-жайларда 50 және одан артық адамдардың бiр мезгiлде болуына тыйым салынады.
Отқа төзiмдiлiк дәржесі IV және V деңгейлі ғимараттарда, құрылымдар мен құрылыстарда 50 және одан артық адамның бiр мезгiлде болуына бiрiншi қабаттағы үй-жайда ғана рұқсат етiледi.
Жобалау нормаларында есептеуге арналған деректер болмаған кезде, адамдарды залдардан 2 минуттан артық болмайтын уақытта эвакуациялау, ал есептiк ауданы бiр келушiге есептегенде 0,75 м 2 кем болмай қабылдауға тиiс.
Өндірістік ғимарат төбелеринде сондай-ақ технология шарттары
бойынша адамдардың тұрақты болуы талап етiлмейтiн техникалық қабаттар
мен жертөлелер есiктерi құлыппен жабылуы керек. Аталған үй-жайлардың
есiктерiнде кiлттердiң сақталатын орны туралы ақпарат iлiнедi.
Өндірістік ғимараттардың, құрылымдар мен құрылыстардың жертөлелiк және цокольдық қабаттарының терезе ойықтарының шұңқыршаларын қоқыстан және басқа заттардан уақытылы тазарту керек. Аталған шұңқыршаларды қорғайтын металл торлар ашылатын болып орындалуы, ал терезелердегi тиектер iшiнен кiлтсiз ашылуы керек.
Пайдаланылған сүрту материалдары қақпақпен жабылатын,
жанбайтын материалдан жасалған жүксауытқа жиналуы керек. Пайдаланылған сүрту материалдарын жинау кезеңдiлiгi олардың жұмыс орындарында жинақталып қалуын болдырмауға тиiс. Жұмыс ауысымы аяқталған кезде, аталған жүксауыттар iшiндегiсiн ғимараттың шетiне апарып тастау қажет.
Маймен, лактермен, бояулармен және басқа тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтармен жұмыс жасайтын тұлғалардың арнайы киiмi осы мақсат үшiн арнайы алыстатылған жерлерде орнатылған металл шкафтарда iлiнген түрiнде сақталуға тиiс.
Биiктiгi 4 метрден артық сөрелерi болатын ғимараттарда әрбiр қабат деңгейiндегi сөрелерде орнатылған түтiн өткiзбейтiн жанбайтын диаграммалардың құрастырылымын бұзуға рұқсат етiлмейдi.
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң аумақтық органының келiсiмi бойынша өрттен сақтандыру жөнiндегi шараларды (оның iшiнде от шашуларды өткiзу тәртiбi, өрт сөндiру құралдарын орналастыру, от шашатын пиротехникалық бұйымдар және қауiптi аймақтар сұлбалары, жарамсыз бұйымдарды сақтау және жою тәртiбi, өрттен сақтандыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары) әзiрлеп iске асыруға тиiс.
Өрт қауiптiлiгiнiң көрсеткiштерi және пиротехникалық бұйымдарға ұсынылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары, сондай-ақ оларды сынау әдiстерi Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат еткен мемлекеттiк, мемлекетаралық, халықаралық стандарттар талаптарына, белгiленген тәртiппен бекiтiлген өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құжаттарға сәйкес болуға тиiс.
От шашатын пиротехникалық бұйымдарды көпшiлiк адамдар болатын өндірістік ғимараттар мен құрылымдарда дайындауға тыйым салынады.
Өндірістік ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың үй-жайларында тиiстi қауiпсiздiк белгiлерiмен белгiленген, өрт сөндiргiштермен және жанбайтын материалдардан жасалған сауытпен жабдықталған, осы мақсат үшiн арнайы қашықтатылған орындарды есептемегенде, темекi шегуге тыйым салынады.
1.3 Эвакуациялық жолдар мен шығуларды күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары
Эвакуациялық жолдар мен шығуларды пайдалану кезiнде белгiленген тәртiппен бекiтiлген өрт қауiпсiздiгi саласындағы жобалық шешiмдердi және нормативтiк құжаттар талаптарын сақтау қамтамасыз етiлуге тиiс (оның iшiнде эвакуациялық жолдар мен шығуларға жарық түсiру, саны, өлшемдерi және көлемдiк-жоспарлау шешiмдерi бойынша, сондай-ақ эвакуациялау жолдарында өрт қауiпсiздiгi белгiлерiнiң болуы бойынша).
Эвакуация жолдарындағы есiктер еркiн және ғимараттан шығатын бағыт бойынша ашылуға тиiс.
Эвакуациялық шығулар есiктерiндегi тиектер ғимарат (құрылым) iшiнде болатын адамдардың тиектердi iшiнен кiлтсiз ашу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс.
Көлемдi өздiгiнен жарқырайтын, автономды және электр желiсiнен қоректенетiн, эвакуациялау жолында пайдаланылатын өрт қауiпсiздiгi белгiлерi (оның iшiнде «Эвакуациялық (қосалқы) шығу», «Эвакуациялық шығу есiгi» деген жарық нұсқағыштар) үнемi дұрыс және қосылған күйiнде болуға тиiс.
Эвакуациялық жолдар мен шығуларды пайдаланған кезде:
1) эвакуациялық жолдар мен шығуларды (оның iшiнде өтетiн жерлер, техникалық бөлмелер, тамбурлар, басқыш алаңдары, басқыш шабақтары, есiктер, эвакуациялық люктер) түрлi материалдармен, бұйымдармен, жабдықтармен, өндiрiстiк қалдықтармен, қоқыспен және басқа заттармен үйiп тастауға, сондай-ақ эвакуациялық шығу есiктерiн шегелеп тастауға;
2) эвакуациялау жолдарында табалдырықтар (есiктердiң ойықтарындағы табалдырықтарды есептемегенде), қозғалмалы және көтерiлiп-түсiрiлетiн есiктер мен қақпалар, айналатын есiктер мен турникеттер, сондай-ақ адамдарды еркiн эвакуациялауға кедергi келтiретiн басқа құрылғыларды орнатуға;
3) қабырғалары мен төбелерiн өңдеуге, қаптауға және бояуға арналған жанғыш материалдарды, сондай-ақ отқа төзiмдiлiк деңгейi V ғимараттарды есептемегенде, эвакуациялау жолындағы сатылар мен басқыш алаңдарын қолдануға;
4) басқыш шабақтарының, техникалық бөлмелерден өздiгiнен жабылатын есiктерiн ашық күйiнде бекiтуге, сондай-ақ оларды алып тастауға;
Өндірістік ғимараттарда техникалық бөлмелерге басқа жабдықтарын орналастырған кезде, жобалау нормаларына сәйкес, эвакуациялаудың басқыш шабақтарына және басқа жолдарына эвакуациялық өтетiн жерлер қамтамасыз етiлуi керек.
Өндірістік ғимараттарда электр энергиясы сөнiп қалған жағдайда, қызмет көрсететiн қызметкерлер құрамы электрлiк қолшамдармен қамтамасыз етiлуге тиiс.
Қолшамдар санын басшы объектiнiң ерекшелiктерiне, кезекшi қызметкерлер құрамының болуына, ғимараттағы адамдар санына байланысты анықтайды, бiрақ кезекшi қызметкерлер құрамының әрбiр кезекшiсiне бiреуден кем болмай.
1.4 Өндірістік ғимараттардың құрылымдар мен құрылыстардың электрлiк қондырғыларын күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары
Қозғалмалы және тасымалданатын электрлiк қабылдағыштарды пайдаланған кезде, қоршаған ортаға және механикалық әсерге сәйкес келетiн орнықты қабықтағы (оқшаулау) иiлгiш кабельдер мен сымдар қолданылуға тиiс.
Кезекшi жарық түсiру, өрт сөндiру және өртке қарсы сумен жабдықтау қондырғылары, өрт сөндiру және күзет-өрт сигналын бергiштер кернеуде қосылып қалуы керек. Басқа электрлiк қондырғылар мен электртехникалық бұйымдарды (оның iшiнде өндірістік ғимараттарда), егер бұл олардың функционалдық қолданысымен шарттасқан және (немесе) пайдалану жөнiндегi нұсқаулық талаптарымен қарастырылған болса, кернеуде қалдыруға рұқсат етiледi.
Жанғыш шатырдың, қалқаның, сондай-ақ жанғыш заттар, материалдар мен сақталу қоймаларында электр берiлiсiнiң (оның iшiнде уақытша және кабель төселген) әуе желiлерiн төсеуге және пайдалануға рұқсат етiлмейдi.
Электрлiк қондырғыларды пайдаланған кезде тыйым салынады:
1) дайындаушы-кәсiпорынның нұсқаулығында баяндалған қауiпсiздiк талаптары бұзылған электр желiлерi мен электр энергиясын қабылдағыштарды, бұзылулары өрттiң туындауына әкелуi мүмкiн электр қабылдағыштарын пайдалануға (ұшқын, қысқа тұйықталу, кабельдер мен сымдардың оқшаулауының рұқсат етiлгеннен жоғары қызуын, апатқа қарсы және өртке қарсы қорғауды автоматты басқару жүйелерiнiң iстен шығуын тудыратын), сондай-ақ бүлiнген немесе қорғаныш қасиеттерi мен оқшаулауын жоғалтқан электр сымдары мен кабельдерiн пайдалануға;
2) бүлiнген және бекiтiлмеген розеткаларды, шаппа қосқыштарды, басқа электрлiк қондырғы бұйымдарын пайдалануға;
3) құрастырылымда қарастырылған жылу реттегiштер болмаған немесе бұзылған кезде электр қыздырғыш аспаптарды қолдануға;
4) электр шамдары мен шырағдандарды қағазбен, матамен және басқа жанғыш материалдармен орауға, сондай-ақ шырағданның құрастырылымында қарастырыл ған қалпақтары (шашыратқыштары) және қорғаныш торлары алынып қалған шырағдан дарды пайдалануға;
5) электрмен қыздырылатын аспаптарды барлық жарылыс-өрт қауiптi
және өрт қауiптi өндірістік ғимараттарда қолдануға;
6) стандартты емес (қолдан жасалған) электрмен қыздырылатын аспаптарды қолдануға, калибрленбеген балқыма өндiрмелердi және ток күшiнiң көбеюi мен қысқа тұйықталудан қорғайтын қолдан жасалған басқа аппараттарды пайдалануға;
7) электрлiк қалқандар, электр қозғалтқыштар және iске қосу аппаратурасы жанында жанғыш (оның iшiнде тез тұтанатын) заттар мен материалдарды орналастыруға (қоймалауға);
8) жарылыс қауiптi және өрт қауiптi аймақтарда дайындаушы-зауыттың жарылыстан және (немесе) өрттен қорғау деңгейi мен түрi белгiсi болмайтын электр жабдығын қолдануға;
9) электр сымдары мен кабельдердiң жалғаулары мен ұштарын
оқшаулаусыз қалдыруға;
Эвакуациялау жолдарында (оның iшiнде «Эвакуациялық шығу»,
«Апаттық шығу», «Эвакуациялық шығу есiгi» атты жарық нұсқағыштары) пайдаланылатын, автономды электр қорегi және электр желiсiнен қоректенетiн, өздiгiнен жарқырайтын өрт қауiпсiздiгi белгiлерi дұрыс және қосылған күйiнде болуға тиiс.
Өрт қауiпсiздiгi белгiлерiн түрлi-түспен бейнелеу және орналастыру орындары (орнату) «Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, қауiпсiздiк таңбалары мен белгiлерiне қойылатын талаптар» атты Техникалық регламент талаптарына сәйкес болуға тиiс.
Софиттердi орнату және пайдалану кезiнде бекiткiш
құрастырылымдар мен жарық тұтатын және көрсететiн қалқалар ретiнде
жанғыш материалдарды пайдалануға тыйым салынады.
Прожекторлар мен софиттердi жанғыш құрастырылымдар мен материалдардан 0,5 м кем болмайтын, ал линзалық прожекторларды — 2 м кем болмайтын арақашықтықта орналастыру қажет.
Прожекторлар мен софиттерге арналған жарық сүзгiштер жанбайтын материалдардан дайындалуға тиiс.
Кабельдiк құрылымдардың бөлiктiк бөлгiштерiнiң есiктерi өздiгiнен жабылатын, ғимараттан эвакуациялау барысында ашылуы және есiк жабылған кезде тығыздамасы болуы керек.
Кабельдiк құрылымды пайдаланған кезде, аталған есiктер жабық күйiнде болуға және бекiтiлуге тиiс.
Өндірістік ғимараттарда кабельдiк желдету жағдайы бойынша өздiгiнен жабылатын есiктердi егер олардың жабылуы үшiн өрт кезiнде құрылымның тиiстi бөлiгiнде өрт сигналын беретiн қарқыннан iске қосылатын автоматты құрылғылар пайдаланылатын болса, ашық күйiнде бекiтуге рұқсат етiледi.
Металл қораптарға салынған кабельдiк желiлер жанбайтын
материалдармен нығыздалуға, ал қораптардың өзi мынадай жерлерде 0,75 сағ. кем болмайтын отқа төзiмдiлiк шегiмен бөлгiштермен бөлiнуге тиiс:
1) басқа кабельдiк құрылымдарға кiрген кезде;
2) кабельдiк қораптардың көлденең учаскелерiнде әрбiр 30 м сайын, ал басқа қораптарға тармақталған кезде электрлiк кабельдермен;
3) кабельдiк қораптардың тiк учаскелерiнде әрбiр 20 м сайын. Бөлгiш арқылы өткен кезде, осындай отқа төзiмдi нығыздаулар аражабынның әрбiр таңбасында қосымша орындалуға тиiс.
Металл қораптарға салынған кабельдiк желiлердiң нығыздалу орны қораптардың сыртқы қабырғаларында қызыл жолақтармен белгiленуi керек. Қажет жағдайларда, қосымша түсiндiрме жазбалар орындалуы қажет.
Кабельдер және олар төселетiн металл беттердiң металл қабықтарын қорғау үшiн қолданылатын тоттануға қарсы жабындар жанбайтын болуға тиiс.
Май толтырылған кабельдерге май берiлуiн (толықтыру) қамтамасыз ететiн қондырғылар өндірістік ғимараттарда осы қондырғыға қатыссыз жанғыш материалдар мен бұйымдарды сақтауға тыйым салынады.
Электрлiк қондырғылар мен тұрмыстық электр аспаптарының бұзылуы (кабельдер мен сымдардың рұқсат етiлгеннен артық қызуы немесе оқшаулауының бүлiнуi, түтiннiң бөлiнуi, ұшқын) байқалған кезде, олар дереу тоқсыздандырылуы керек. Оларды қайта қосуға тек бұзылулар жойылғаннан кейiн ғана рұқсат етiледi.
1.5 Өндірістік ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың жылыту және желдету жүйелерiн күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары
Жылыту және желдету жүйелерi дұрыс жұмыстық күйiнде болуға тиiс.
Жылу өндiретiн аппараттардың жану өнiмдерi өндірістік ғимараттар мен құрылымдар шетiне осы мақсаттар үшiн арнайы тағайындалған түтiн арналары арқылы жойылуы қажет. Түтiн арналары ретiнде желдету жүйесiнiң ауа арналарын пайдалануға тыйым салынады.
Түтiн арнасының құрастырылымында оларды күйеден кезеңдiк тазартуға арналған технологиялық тесiктер қарастырылуға тиiс.
Жылу өндiргiш аппараттардың күлдiктерiн еден астындағы алшақтық кеңiстiгiмен қосуға тыйым салынады.
Жылу өндiргiш аппараттардың күлдiктерiн жертөлелiк және цокольдық үй-жайлармен қосуға жанбайтын материалдардан жасалған арналар көмегi кезiнде ғана рұқсат етiледi.
Қатты отынмен жұмыс iстейтiн жылу өндiргiш аппараттардың от жағатын есiгi астындағы жанғыш материалдардан жасалған еден пеш жанындағы оның ұзындығында орналасқан тесiктерсiз 0,5 х 0,7 м кем болмайтын өлшемдегi оттық алдындағы металл табақпен қорғалған болуға тиiс.
Қаңқалы пештер астындағы жанғыш едендер балшық ерiтiндiсiне көлденең төселген кiрпiштердiң бiр қатарымен немесе үстiнде төбе жабатын болаттан жасалған қаптамасы болатын, қалыңдығы 12 мм кем болмайтын таскендiр картонмен оқшаулануға тиiс, мұндайда пеш түбiнен еденге дейiнгi арақашықтық 100 мм кем болмауы керек.
Сұйық отынмен жұмыс iстейтiн аппараттар апаттық төгiлу кезiнде отын бәгiнде болатын отынның барлық мөлшерiн араластыратын металл тұғырыққа орнатылуы керек. Аталған тұғырық құммен немесе басқа жанбайтын аптағышпен толтырылуға тиiс.
Сұйық, қатты және газ тәрiздi отынмен жұмыс iстейтiн жылу өндiргiш аппараттардың бұзылмаған есiктерi және жанғыш құрастырылымдардан нормалармен белгiленген өртке қарсы өңдеулерi болуы (жылжулар) қажет.
Жылыту қазандықтары мен жылу өндiргiш қондырғылардың әрбiр бүрiккiшiне арналған отын жетегiнде екеуден кем болмайтын шұрасы болуы керек: бiреуi — пештiң оттығы жанында, екiншiсi — отын салынған сыйымдылық жанында.
Қандай да бiр бұзылуы немесе бүлiнуi (оның iшiнде жылу беретiн беттердегi күюлер және жарылулар) болатын жылу өндiргiш аппараттарды пайдалануға тыйым салынады.
Жылыту пештерi мен жүйелерiнiң түтiн құбырлары, түтiндiктерi және басқа элементтерi тiкелей жылыту маусымының алдында, сондай-ақ көлемiнде:
1) үш айда бiр реттен кем болмай — жылыту пештерi үшiн;
2) екi айда бiр реттен кем болмай — үздiксiз әрекеттегi пештер мен ошақтар үшiн тазартылуға тиiс.
3) жабдықты пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтарда қарастырылмаған жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрiздi) отын ретiнде қолдануға;
4) отынның берiлу жүйелерiнен сұйық отын аққан немесе газдың кемуi кезiнде жылу өндiргiш қондырғыларды пайдалануға;
5) жанбайтын бүрiккiштер немесе газды жанарғылар кезiнде оттықтарды алдын ала үрлеусiз қондырғыны жағуға және отын беруге;
6) бақылау және реттеу аспаптарының құрастырылымында қарастырылған жылу өндiргiш қондырғылар болмаған, бұзылған немесе сөндiрiлген кезде жұмыс iстеуге;
7) жанғыш материалдарды от қазандықтарында немесе бу өткiзгiштерде кептiруге тыйым салынады.
Жылыту жүйесін пайдалану кезiнде:
1) жылыту жүйесін қараусыз қалдыруға;
2) жағу үшiн дайындалған отынды, сондай-ақ басқа жанғыш заттар мен материалдарды жылыту жүйесінің алдындағы табаққа орналастыруға;
3) қатты жағылатын жылыту жүйесін жағу үшiн тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды қолдануға;
4) жылыту жүйесін пайдалану жөнiндегi нұсқаулықтарда қарастырылмаған жанғыш заттарды (қатты, сұйық, газ тәрiздi) отын ретiнде қолдануға;
5) пештi пайдалану жөнiндегi нұсқаулықта белгiленген уақыттан артық жағуға;
6) жанғыш заттар мен материалдарды (аяқ киiм, жұмыс киiмдерін) жылыту жүйесінің үстерінен 0,5 м кем болатын арақашықтықта кептiруге тыйым салынады.
Жылыту жүйесінің оттығынан алып шыққаннан кейiнгi қыздырылған және бықсыған материалдар болатын күл және қож өрттiң туындау мүмкiндiгiн болдырмайтын, олар үшiн арнайы қашықтатылған жерге әкетiлiп, су құйылуы керек.
Жанғыш заттарды, материалдарды, бұйымдар мен жабдықтарды жылыту жүйесі оттығының саңылауларына дейiн 1,25 м болатын және жылыту жүйесінің басқа қыздырылатын бөлiктерiне дейiн 0,7 м кем болатын арақашықтықта орналастыруға тыйым салынады.
Қатты отынмен жұмыс iстейтiн от қазандығы қондырғыларының түтiндiк құбырлары осы мақаланың талаптарына сәйкес ұшқын сөндiргiштермен жабдықталуға және күйеден тазартылуға тиiс.
Ауаарналардағы автоматты от тұтқыш құрылғылар (қалқалағыштар, сұқпажапқыштар, клапандар), автоматты өрт сигналын беретiн немесе өрт сөндiру құрылғылары болатын желдету жүйелерiнiң бұғаттау құрылғылары, өрт кезiнде желдетудi автоматты сөндiру құрылғылары дұрыс күйiнде ұсталуға тиiс.
Автоматты от тұтқыш құрылғылар жетегiнiң сезiмтал элементтерi (тез балқитын құлыптар, тез жанатын өндiрмелер, жылу сезгiш элементтер) ластанудан тазартылған болуы керек.
Отын (өздiгiнен лапылдап жанатын көмiр, газ) осы үшiн арнайы бейiмделген өндірістік ғимараттарда немесе жанатын құрылыстардан 8 м жақын болмай орналасқан, арнайы бөлiнген алаңдарда сақталуға тиiс.
Зауытта дайындалған пештердi кәсiпорынның жатақхана, әкiмшiлiк, қоғамдық және қосалқы ғимараттарының үй-жайларында, тұрғын үйлерде орнатқан кезде, дайындаушы-кәсiпорынның өнiмнiң осы түрлерiне арналған нұсқаулық талаптары, сондай-ақ жылыту жүйелерiне қойылатын жобалау нормаларының талаптары орындалуға тиiс.
Уақытша жылыту жүйесін жүргізу кезінде, мынадай өрт қауiпсiздiгi талаптары сақталуы керек:
1) Жылыту жүйесінің жанғыш материялдардан биiктiгi 0,2 м кем болмауы керек;
2) Жылыту жүйелері мыналардан кем болмайтын арақашықтықта орнатылуға тиiс:
0,7 м — лапылдап жанудан қорғалған құрастырылымдардан;
1,25 м — оттық саңылауларынан бастап ағаш құрастырылымдары мен басқа жабдықтарға дейiн.
Металл түтiндiк құбырларды терезе арқылы шығарған кезде, оған өңдеудi ауыстыратын өлшемi түтiндiк құбырдың үш диаметрiнен кем болмайтын төбе жабатын темiрден жасалған жайма қоса салынуға тиiс.
Құбырдың ұшы ғимараттың қабырғасына 0,7 м кем болмай орнатылып, биiктiгi 0,5 м қысқа құбырдан жоғары бағытталуы қажет.
Жоғарғы қабаттан шығарылған қысқа құбыр ернеуден 1 м кем болмай шығып тұруға тиiс. Қысқа құбырға қақпақ орнатылуы керек.
Ауаны желдету және баптау жүйелерiн пайдалану кезiнде:
1) желдету камераларының есiктерiн ашық қалдыруға;
2) сору арналарын, саңылаулар мен торларды жабуға;
3) ауаарналарға газбен жылытылатын аспаптарды қосуға;
4) ауаарналарда жиналып қалған майлы тұнбаларды, шаң немесе басқа жанғыш заттарды жағып жiберуге тыйым салынады.
Желдету камералары, циклондар, сүзгiлер, ауаарналар жанғыш шаңдардан және өндiрiс қалдықтарынан тазартылуға тиiс.
Жарылыс қауiптi және өрт қауiптi өндiрiсi (қондырғылары) болатын үй-жайлардағы технологиялық жабдық жұмысына бұзылған және сөндiрiлген гидравликалық, құрғақ сүзгiлер, шаң ұстайтын және желдету (шаң-тозаң соратын) жүйелерiнiң басқа құрылғыларында тыйым салынады.
Жанатын шаңды, талшық және қатты қоспалары болатын басқа қалдықтарды кетiретiн желдеткiштерге қатты денелер түсiп кетуiн болдырмау үшiн, олардың алдына тас ұстағыштар, ал металл заттарды алып тастау үшiн — магниттi айырғыштар орнатылуға тиiс.
Пневматикалық көлiктiң құбыр желiлерiнде және жергiлiктi сору жүйелерiнiң ауаарналарында кезеңдiк қарау, тексеру және өрт туындаған жағдайда, оны сөндiру үшiн, тығыз жабылатын люктер қарастырылуы керек.
Байқау люктерi бiр-бiрiнен, сондай-ақ үштiктерден, бұрылыстарда, құбыр желiлерiнiң қабырғалар мен аражабындар арқылы өтетiн жерлерiнде 15 м-ден артық болмай орналастырылуы керек.
Жабдықтан бөлiнетiн шаң болған ауаны қайта айналдыру кезiнде сүзгiлердiң көмегiмен екi сатылы тазартуға түсуi керек.
1.6 Өндірістік ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстардың инженерлiк жабдығын күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары
Өндірістік ғимараттар мен құрылымдардағы сыпырынды тастайтын жерлерде жобада қарастырылған клапандар болуы керек. Клапандар үнемi жабық, ақаусыз күйiнде және жабылғанда нығыздауы болуы керек.
Қоқыс жинағыштардың камераларының есiктерi үнемi құлыппен жабылуы қажет.
Өндірістік ғимараттар, құрылымдар мен құрылыстар, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар жобада қарастырылған найзағайдан қорғайтын ақаусыз құрылғылармен жабдықталуы керек.
Найзағайдан қорғау құрылғыларының жерге қосатын құрылғысының электрлiк кедергiсiн өлшеу жылына бiр реттен кем болмай өткiзiлуге және тиiстi актiмен ресiмделуге тиiс. Жерге қосатын құрылғысының электрлiк кедергiсiн өлшеудi бiлiктi мамандар немесе мамандандырылған ұйым жүргiзуге тиiс.
Тез тұтанатын немесе жанғыш сұйықтықтар, сондай-ақ жанғыш газдар айналатын, сақталатын немесе қайта өңделетiн ғимараттардың iшiнде және ашық кеңiстiкте орналасқан технологиялық аппараттардың барлық металл құрастырылымдарын, сұйыққоймаларды, газ құбырларын, және басқа құрылғыларды қайта пайда болатын найзағайдан және статикалық электр зарядтарынан қорғау үшiн қорғанышты жерге қосуы болуы керек.
Қызметкерлер құрамын электр тоғынан қорғау немесе найзағайдан қорғау үшiн тағайындалған жерге қосатын құрылғыларды статикалық электр тоғын бұру үшiн пайдалануға рұқсат етiледi.
Өндірістік ғимараттарда, құрылымдарда орналастырылған технологиялық жабдықтар мен құбыр желiлерiнiң, сондай-ақ сыртқы технологиялық қондырғылар мен эстакадаларының «Қазақстан Республикасының электрлiк қондырғыларын орнату ережелерiнiң» талаптарына сәйкес қорғанышты жерге қосуы болуға тиiс.
Ғимараттар мен құрылымдардың технологиялық құбыр желiлерiн жерге қосатын (нөлдеу) өткiзгiштер ретiнде пайдалануға тыйым салынады.
Металл эстакадалар және соларға салынған металл құбыр желiлерi эстакаданың басында және соңында, сондай-ақ олардың ұзындығы бойынша 300 м сайын өзара және қорғанышты жерге қосу құрылғыларымен жалғануы керек.
Ток бұрғыштарды өзара, жерге қосатын құрылғылармен және технологиялық аппараттармен қосу пiсiру көмегiмен орындалуға тиiс. Кейбiр жағдайларда, оларды бұрандамалармен қосуға рұқсат етiледi, мұндайда жерге қосушы құрылғылардың түйiсу бетi металл жылтырақтардан тазартылған және қорғасынмен қапталған қалайы қорытпасы болуы керек.
Өнеркәсiптiк кәсiпорындардың технологиялық процесiнде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар, сондай-ақ жанғыш булар мен газдар айналатын кәрiз желiсi гидравликалық ысырмалармен қамтамасыз етiлген болуы қажет. Әрбiр гидравликалық ысырмадағы сұйықтық қабаты 0,25 м кем болмайтын биiктiкте болуы керек. Гидравликалық ысырмалар құрастырылымы олардың кезеңдiк тазартылу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге тиiс.
Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтар қолданылатын ғимараттар мен имараттардың жаңбыр ағатын құбыр желiлерi, өндiрiстiк және бiрiктiрiлген кәрiздiк жүйелер бойымен ұшқын таралуын болдырмайтын гидравликалық ысырмалар (сифондар) үнемi ақаусыз күйiнде болуға тиiс.
Ақауы және дұрыс орындалмаған гидравликалық ысырмалары болатын кәрiздiк жүйелердi пайдалануға тыйым салынады.
Технологиялық процестерiнде тез тұтанатын және жанғыш
сұйықтықтар, сондай-ақ жанғыш булар мен газдар айналатын кәсiпорындардың өндiрiстiк және бiрiктiрiлген кәрiздiк жүйелерi ұзына бойына жабық болуы керек.
Кәрiздердiң байқау құдықтары үнемi қақпақтармен жабылған және 0,1 м қабат құм төгiлген болуы қажет.
Аумағында ғимараттар, құрылымдар және (немесе) А н , Б н және В н санатты сыртқы технологиялық қондырғылар орналастырылған кәсiпорындардың өндiрiстiк және бiрiктiрiлген кәрiздiк жүйелерi жарылыс-өрт және өрт қауiптiлiгi бойынша 40 о С аспауға тиiс.
Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды кәрiз жүйелерiне ағызуға тыйым салынады (оның iшiнде апат кездерiнде).
Газ баллон қондырғыларын орналастыру және пайдалану, оның iшiнде адамдар тұруға арналған ғимарат iшiнде орналастыру газ шаруашылығындағы қауiпсiздiк жөнiндегi нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкес iске асырылуы керек.
Тұрмыстық газ аспаптарын пайдаланған кезде, жиһазды және басқа жанғыш материалдарды орналастыру жақындау вертикаль бетке дейiнгi көлденеңiнен 0,2 м кем болмайтын және осы бұйымдарға жақындау iлiнген көлденең бетiнiң үстiне дейiнгi вертикаль бойынша 0,7 м кем болмайтын арақашықтықта iске асырылуға тиiс.
Өндірістік ғимараттарда құрылыс, күрделi жөндеу, қайта жаңарту және (немесе) техникалық қайта жабдықтау аяқталғаннан кейiн, пайдалануға енгiзiлетiн тұрмыстық және өнеркәсiптiк аспаптарға оны жағу үшiн газ келтiретiн құбыр желiлерi өрт кезiнде үй-жайда 100 о С орта температурасына жеткен кезде, газ құбырын автоматты түрде жабатын жылу сезгiш iлгектi құрылғылармен (клапандармен) жабдықталуы қажет. Аталған құрылғылар (клапандар) газ құбырындағы сөндiру құрылғыларының, газ есептегiштiң және басқа құбыр желiсiнiң арқауы алдында тiкелей үй-жайда барынша ықтимал биiктiкте орнатылуға тиiс.
Жылу сезгiш iлгектi құрылғыларды (клапандарды) орнатпауға рұқсат етiледi:
1) отқа төзiмдiлiк деңгейi V ғимараттарда, сондай-ақ ғимараттың шетiнде орналасқан газ құбырлары электр магниттi және газ талдағыш немесе автоматты өрт сигнал бергiшi iске қосылған кезде, газ құбырын жабатын клапанмен жабдықталған ғимараттарда;
2) газ құбырлары электрмагниттiк клапанмен жабдықталған, ал газ жағуға арналған қондырғылары болатын техникалық үй-жайларда автоматты өрт сөндiру қондырғыларымен қорғалған қауiптi өндiрiстiк объектiлер ғимараттарында.
Газ сақталу бөшкелерінде немесе «От қауiптi. Газ толтырылған баллон» деген сақтандыру жазбалары болуы қажет.
Өндірістік ғимараттарда немесе құрылымның газ өту құбыры немесе газ баллондар сақталатын және пайдаланылатын өрт сөндiру бөлiгiне кiре берiсте «От қауiптi» деген жазу болатын сақтандырғыш өрт қауiпсiздiгi белгiлерi орналастырылуға тиiс.
Тыйым салынады:
Салқындату камераларының өртке қарсы белдiктерiнде тесiктер салуға, түтiктер өткiзуге, бекiтулер орнатуға, сондай-ақ газ құбырларын жанғыш материалдармен қаптауға тыйым салынады.
1.7 Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерiн күтiп ұстауға қойылатын өрт қауiпсiздiгi талаптары
Өртке қарсы табиғи және жасанды сумен жабдықтау көздерi (оның iшiнде өртке қарсы су құбыры, өрт сөндiру су қоймалары, өрт сөндiру мақсатына арналған суды сақтау сыйымдылықтары), сондай-ақ суды жинау үшiн оларға кiре берiстер үнемi ақаусыз күйде ұсталуға тиiс.
Өртке қарсы су құбыры желiлерiнiң, өрт сөндiру гидранттары мен өрт сөндiру крандарының, тиiсiнше, жылына екi реттен кем болмай су жiбергiштiгi мен жұмыс қабiлеттiлiгi тексерiлуге тиiс (көктемде және күзде).
Өрт сөндiру гидранттары ақаусыз күйiнде болуға, ал қысқы уақытта жылытылған және қар мен мұздан тазартылуға тиiс.
Өртке қарсы сумен жабдықтау көздерiне апаратын жолдар және кiре берiстер оларға өрт сөндiру техникасының жылдың кез келген мезгiлiнде өтуiн қамтамасыз етуге тиiс.
Өрт сөндiру гидранттарының құдықтарының қақпақтарында автокөлiк тұрағына тыйым салынады.
Су құбыры желiсi учаскелерi сөнiп қалған, гидранттар бұзылған немесе желiде қысым қажеттiден темен болып азайған кезде, су арнасының (елдi мекендердiң су құбыры желiлерi бойынша) диспетчерi немесе өртке қарсы сумен жабдықтау үшiн жауапты тиiстi ұйымның (ұйымның немесе кәсiпорынның су құбыры желiлерi бойынша) жауапты тұлғасы бұл туралы Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң аумақтық органына хабарлауға тиiс.
Өндірістік ғимараттарда өртке қарсы сумен қамту көздерiнiң (оның iшiнде өрт сөндiру гидранттарын, өрт сөндiру су қоймаларын), өрт сөндiру машиналарын орнатуға арналған пирстардың болу орындарын, өрт сөндiру машиналарын ғимараттар мен құрылымдардың өрт сөндiретiн құрғақ құбырларына қосу орындары, сондай-ақ қозғалысты олардың болатын жерлерiне бағыттау «Өндiрiстiк объектiлердегi сигналдық түстерге, қауiпсiздiк таңбалары мен белгiлерiне қойылатын талаптар» атты Техникалық регламент талаптарына сәйкес өрт қауiпсiздiгi белгiлерiмен белгiленген болуға тиiс.
Өрт сөндiру гидрантын орналастыру орнында нұсқағыштан бастап гидрантқа дейiн метрмен және құбыр желiсiнiң iшкi диаметрiне дейiн миллиметрмен арақашықтықты цифрлық мәндермен әрiптiк «ӨГ» индексi салынған жарық түсiретiн немесе флуоресценттi нұсқағыш орнатылған болуы керек.
Өрт сөндiру су қоймасында шаршы метрлерде су қорының цифрлық мәндерiмен, әрiптiк «ӨС» индексi және бiр мезгiлде су қоймасы алаңында қойылуы мүмкiн өрт сөндiру автомобильдерiнiң саны салынған ұқсас нұсқағыш орнатылуға тиiс.
Өртке қарсы iшкi су құбырының өрт сөндiру крандары 1,35 м биiктiкте орнатылып, түтiк құбырлар мен ұңғымалар жиынтықталып және пломбаланатын өрт сөндiру шкафтарына жабылып қойылуы керек.
Шкафтың есiгiнде әрiптiк «ӨК» индексi, жақын өрт сөндiру бөлiмiнiң телефон нөмiрi көрсетiледi.
Өрт сөндiретiн түтiк құбырларды құрғақ, жақсы шиыршықталған және крандар мен ұңғымаларға жалғанған күйiнде күтiп ұстау қажет.
Өрт сөндiру крандарының жұмысқа қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету мақсатында, 6 айда бiр реттен кем болмай оларды тексеру жүргiзiлуге, су жiберу және түтiк құбырларды жаңадан ширату iске асырылуға тиiс.
Сорғы стансасының өндірістік ғимараттарында өртке қарсы сумен
жабдықтаудың жалпы сұлбасы және сорғыларды байлау сұлбасы iлiнуi керек.
Әрбiр ысырмада және өрт сөндiргiш сорғы-көтергiште олардың тағайындалымы көрсетiлуге тиiс.
Сорғы-көтергiштердi қосу тәртiбi техникалық нұсқаулықтарда анықталуға тиiс.
Өндірістік ғимараттарда өртке қарсы су құбырларының сорғы стансаларының аппараттар орналасқан үй-жайларында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң аумақтық органымен тiкелей телефон байланысы болуы керек.
Кәсiпорынның электрмен жабдықтауы өрт сөндiру сорғыларының электр қозғалтқыштарының үздiксiз қоректенуiн қамтамасыз етуге тиiс.
Су өлшегiш құрылғылардың суландыру желiлерiнде орнатылған электржетек болатын ысырмалар жылына екi реттен кем болмай, ал өрт сөндiру сорғылары — ай сайын тексерiлуi қажет.
Өндірістік ғимараттар аумағында немесе оған жақын жерде (200 м радиуста) табиғи немесе жасанды су көздерi (өзендер, көлдер, бассейндер, градирнялар) болған жағдайда, оларға жылдың кез келген уақытында өрт сөндiру автомобильдерiн қою және су жинау үшiн, өлшемi 12 х 12 м кем болмайтын қатты төсемi болатын алаңдары (пирстары) болатын кiре берiстер салынуға тиiс.
Жасанды су қоймаларды, су көздерiне кiре берiстер мен су жинағыш құрылғыларды үнемi дайындықта ұстау тиiстi кәсiпорындарға жүктеледi.
Су қыспақты мұнаралар жылдың кез келген уақытында өрт сөндiру техникасының су жинауына бейiм болуы керек.
Шаруашылық және өндiрiстiк қажеттiктер үшiн, өрт сөндiру мақсаттары үшiн қолданылатын су қорын пайдалануға тыйым салынады.
1.8 Өрт сөндiру техникасын орналастыруға және қызмет көрсетуге қойылатын талаптар
Объектiлердi өрттен қорғауға арналған өрт сөндiру техникасын орналастыру, күтiп ұстау және қызмет көрсету «Объектiлердi қорғауға арналған өрт сөндiру техникасының қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар» атты Техникалық регламент талаптарына сәйкес болуға тиiс.
Өрт сигналын беретiн және өрт сөндiру қондырғыларын жобалау, құрастыру және пайдалану, өрт кезiнде адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару, сондай-ақ олардың техникалық жағдайын бақылау «Ғимараттарды, имараттар мен құрылыстарды өрт кезiнде автоматты өрт сөндiру және автоматты өрт белгiсi беру, адамдарды құлақтандыру және эвакуациялауды басқару жүйелерiмен жабдықтау бойынша талаптар» атты техникалық регламенттiң және белгiленген тәртiппен бекiтiлген өрт қауiпсiздiгi саласындағы нормативтiк құжаттар талаптарына сәйкес iске асырылуға тиiс.
2 Өндірістік ғимараттар ішіндегі технологиялық құбыр жолдары мен құбыр жолы арматурасын ұстау тәртібі
Өндірістік ғимараттарда, газ өткізу және айдап қотару станцияларының құбыр жолдарына технологиялық сызбалар жасалуы тиіс, олардың құбыр жолдарының әр қайсысында айқын белгісі, ал тиек арматурасында нөмірлеуі болады. Қызмет көрсетуші персонал авариялар мен өрттер болған жағдайларда ысырмаларды ауыстырып қосуды білу үшін құбыр жолдарының технологиялық сызбасымен танысады.
Технологиялық құбыр жолдары оларға орнатылған барлық арматураларымен бірге пайдалануға тапсыру алдында біріктіру мықтылығы мен тығыздығына гидравликалық сынақтан өтеді.
Жер үстіндегі құбыр жолдарының бекітпелері мен тіреуіштерінің жағдайына, олардың қауіпті салбырап бұзылуына тұрақты бақылау белгіленуі тиіс. Құбыр жолдарының, асқыштар мен тіреуіштердің ақаулықтары дереу жойылады.
Құбыр жолдарының ішінде пайда болған шөгінділерді құрыштан жасалған шыбықтар немесе басқа құралдар арқылы тазартуға болмайды, бұл құбыр жолына қажалып немесе соғылудан ұшқынның пайда болуы мүмкін.
Құбыр жолдары мен жапқыштардың тораптарын ашық отпен жылытуға болмайды. Ол үшін тек бу, ыстық су немесе қызған құмды, сондай-ақ зауытта шығарылған электр құралдарын ғана пайдалануға болады.
Құбыр жолдары мен тиек қондырғылары кәсіпорынның бас инженерімен бекітлген кестеге сәйкес профилактикалық қызмет көрсетуге тартылады.
Құбыр жолдарында тұйыққа тірелген жолдар болмауы тиіс. Ал бұндай жерлердің болуы қажет болған жағдайларда оларды тұрақты бақылау жүзеге асырылады.
Газ өткізу құбыр жолдарында жөндеу жұмыстарын жүргізуге жол берілмейді. Тек газ шығу жағдайында ғана тұрақты құбырлардын қосылу жерінен айыратын газ өткізбейтін бекітпе болуға тиіс.
2.1 Компрессорлық станцияларды ұстау тәртібі
Компрессор жұмыс істеп тұрғанда тоңазытқыштардағы газ бен судың температурасына бақылау жүргізіледі.
Соңғы сатының шығарып тастау желісінде компрессордың қысылғаны (компрессор ғимаратынан тыс) жұмыс қысымын 10% асатын, қысымның әсерінен іске қосылатын сақтандырғыш құрылғысы құрастырылады.
Компрессордың қалыпты жұмыстан параметрлердің ауытқу сигнализациясы, сондай-ақ жағылып жатқан газдың (ауаның) қысымы мен температурасы көтерілгенде, салқын судың келуі тоқтағанда және қабылдау мен майлау жүйесіндегі қысым түскен кезде автоматты ажыратқышы болуы қажет.
Компрессордың қажалатын бөлшектерін үнемі майлап тұру, сондай-ақ пайдаланылған майдың температурасы қадағаланады.
Қысудың әр сатысынан кейін сығылған газды немесе ауаны майдан тазартпай, компрессорды жұмысқа қосуға жол берілмейді.
Әуе қоспасы компоненттері құрамының жұмыстың әр режиміне арналған регламентте және техникалық паспортта көрсетілгеннен асуына жол берілмейді.
Газды қысып отырған компрессорлардың ауаны сорып алуын болдырмау мақсатында сорып алу желілері шамалы артық газ қысымымен ұсталады.
Компрессор жұмысының жағдайы бойынша сорып алушы желі сиректетуде болуы тиіс болса, газды қысылғаннан кейін құрамында оттегі болуына жүйелі түрде талдау жасалады.
Газ компрессорлары мен газ құбырларының барлық қосуларын жүйелі герметикалықтығына тексеріледі. Газ шығып тұрғаны табылған жағдайда компрессор тоқтатылып, ақаулықтары жойылады.
Жарық беру құралдарын жөндеу кезінде немесе авариялық жағдайда электр энергиясы ажыратылғанда, газ компрессорлық станцияларында тек жарылыс қаупі жоқ жағдайда орындалғанда ғана аккумуляторлы шамдарды қолдануға рұқсат беріледі.
Газ компрессорлық үй-жайларында компрессорлық қондырғылардың жұмысына қатысы жоқ аппаратура мен жабдықты орналастыруға жол берілмейді.
Резервтегі компрессорлар газ қабылдау желілерінен және айдағыштардан герметикалық түрде ажыратылады.
Әуе компрессорлары үшін ауа ғимараттың сыртында жиналады.
Жанғыш бу немесе газдар бөлінетін жерлерде, сондай-ақ тұтану көздері пайда болуы мүмкін жерлерде ауа жинауға жол берілмейді.
Компрессорларға жанғыш булар мен газдардың түскені байқалғанда ол дереу тоқтатылады.
Компрессорларды, әуе компрессорлық станцияларының коммуникацияларының май шөгінділері кестеге және техникалық құжаттамаға сәйкес сульфонал су ерітіндісімен шайып тазартылады.
2.2 Газ өндіруді қарқындату тәртібі
Өндіруді қарқындату әдістерін жүзеге асыру газ өндіретін кәсіпорынның басшысы (орынбасары) бекіткен жоспар бойынша жүргізіледі.
«Аварияларды жою жоспарын құру жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес шығаруды қарқындандыру әдістерін жүргізуді ескере отырып, ықтимал авариялар мен өрттерді жою жоспары белгіленген тәртіппен кәсіпорынның әкімшілігі әзірлеп, келісіледі және бекітеді.
Өндіруді қарқындату әдістері жүзеге асырылатын объектілер кәсіпорынның орталық диспетчерлік бекеті бар сенімді телефон немесе радио байланысымен қамтамасыз етіледі.
Байланыс құралдарында атауы мен сигнал беру тәртібі, өрт сөндіру бөлімінің, жедел жәрдем, газдан қорғау қызметінің басшылары мен жауапты адамдарын шақыру көрсетілген тақталар іліп қойылады.
Жұмыс істеу кезінде жылжымалы сорғыш агрегаттардың, автокөліктің пайдаланылған құбырлары ұшқын өшірушілері бар сөндіргіштермен жабдықталады.
Өртке қарсы құрал-жабдықтарды, авариялық және газдан қорғау құралдарын тікелей мақсатына арналмаған жұмыстарда қолдануға жол берілмейді.
Өндірістік , қолданғанда және оларды сақтағанда темекі шегуге және от шығаруға жол берілмейді. Темекіні арнайы бөлінген жерлерде шегуге болады.
Көбік реагенті және басқа да жанғыш газ сақталу ыдыстарында «От қауіпті» деген жазу болады.
Найзағай жарқылдаған кезде көбік реагенті мен басқа да жанғыш заттарды құйып төгуге болмайды.
Реагентті қабатқа айдауға арналған жылжымалы технологиялық жабдық, қажет болған жағдайда қауіпті зонадан шығуды және персоналды эвакуациялауды қамтамасыз ету үшін жердің бедері мен желдің бағыты ескеріліп орналастырылады.
Жылжымалы жабдықты, сорғыш қондырғыларды электр өткізгіштердің әуе желілерінің қорғау аймағы шегінде немесе газ желілерінің үстіне орналастыруға жол берілмейді.
Жұмыс аяқталғанға дейін және бу генераторының қысымы атмосфералыққа қысымға дейін төмендегенше бу генераторлық қондырғыны қараусыз қалдыруға болмайды.
Жылжымалы электр жарығын беру ретінде бу генераторлық қондырғыда кернеуі 12 Вольттан аспайтын, жарылыс қаупі жоқ шамдар қолданылады.
Ұңғыманың қазбабөлім аймағына күннің жарығында бу, жылу өндеу жүргізуге рұқсат беріледі.
Отын сыйымдылығы бар арбада (шанада) орнатылған мөлшерлеу сорғышының электр жабдығы Электр қондырғыларын орнату қағидаларына сәйкес өрттен, жарылыстан қорғалған етіп қарастырылады.
Пеш белгіленген шектерде ысыту температурасын реттейтін, сондай-ақ шығарушымен көзделген газ қысымы көтеріліп немесе төмендегенде оттыққа газ жеткізуді өшіретін автоматты қондырғылармен жабдықталады.
Газ құбыры жолында ретке келтірілген, қысқартатын қондырғы және оттықта сақтандырғыш қақпағы, сондай-ақ бақылау-өлшегіш құралдарына конденсаттың түсуін алдын алуға арналған қондырғы жабдықталады.
Техникалық қозғалыс құралдары (автомобильдері, тракторлары) ұшқын өшіргіштермен жабдықталады.
Газ ыдысы сағасының ық жағынан 10 метр қашықтықта орнатылады.
Газ айдар алдында алмалы-салмалы шығарып тастау жолы сорғыштан ұңғымаға дейін барынша жоғары жұмыс қысымынан бір жарым еселі қысымға сығымдалуы тиіс.
Компрессорлар мен электр жабдығы 10 метр, ал іштен жану қозғалтқышы бар компрессор ұңғыманың сағасынан 25 метр қашықтықта орналасуы тиіс. Іштен жану қозғалтқышының пайдаланылған өнім құбыры ұшқын өшіргішпен жабдықталады.
Газ конденсаты бар автоцистерналарда немесе басқа ыдыстарда «От қауіпті» деген жазу болады.
Газ конденсатын тек герметикалық түрде жабылған люктерде және ағызатын штуцерлерде ғана автоцистерналар арқылы тасымалдауға рұқсат беріледі.
Газ өткізу құбырларында немесе техникалық үй-жайларда темекі шегуге және ашық отты пайдалануға жол берілмейді.
Газ конденсатына толып тұрған автоцистернаны елді мекендер шегінде, ашық от бар жерлерде тоқтатуға жол берілмейді.
Суы бар автоцистерна газ конденсаты бар агрегаттар мен автоцистерналардан 25 метр қашықтықта орналастырылады.
Ұңғыманы өңдегенде газ конденсатын автоцистернадан бункерге және агрегат қабылдауға айдауға жол берілмейді.
Ұңғыманы газ конденсатымен өңдеу алдында және өңдеу үдерісінде жұмыс істеу аумағындағы газдылық тексерілуі қажет. ШРҚ (шекті рұқсат етілген қосылым) артық газ қосылымы болған жағдайда газ конденсатын айдау жұмыстары дереу тоқтатылып, аварияны жою жоспары бойынша шаралар қолданылады.
Ұңғыма газ конденсатымен өңделгеннен кейін агрегаттың манифольдты желісі мен ұңғыманың арматурасы сумен шайылады.
Манифольдты тек ұңғыманың арматурасында тиек жабылғаннан кейін және қысым атмосфералық қысымға дейін төмендегеннен соң ғана ажыратуға рұқсат беріледі.
Ұңғыманы газ конденсатымен өңдеу үдерісінде қызмет көрсету персоналы жұмыс жоспарында көрсетілген қауіпсіз қашықтықта болады.
Қабаттарды гидравликалық ажырату жөніндегі жұмыстарда қолданылатын агрегаттардың және басқа машиналардың пайдаланылған газ шығаратын құбырлары сөндіргіштермен және ұшқын өшіргіштермен жабдықталады.
Агрегаттарда тікелей жұмыстарды орындаумен байланысты емес адамдарды қауіпсіз аймақ шегіне жібергеннен кейін ғана агрегаттарды іске қосуға рұқсат беріледі.
Ажырату сұйықтықтарының және мұнайдың қалдықтары агрегаттар мен автоцистерна ыдыстарынан газ торына немесе арнайы ыдысқа құйылуы тиіс.
Қысқы уақытта жұмыстар ұзаққа тоқтатылғанда манифольдты және айдаушы құбыр жолдарын ашық отпен жылытуға жол берілмейді.
Күш беретін қондырғылардың отын бактары өртке қауіпсіз жерге орнатылып, бұзылулардан қорғалады.
Қабат ішіндегі жылжымалы жану мөлшері әдісімен қабатты өңдеу жүзеге асырылатын жер аумағы ескерту плакаттарымен жабдықталуы және қызыл жалаушасы бар, металлдан жасалған бекеттермен қоршалады.
Ұңғымаларда зиянды газдарды шығару қауіптілігі дәрежесі және газдың температурасы бойынша олардың санаттары көрсетілуі тиіс.
Кесте бойынша үнемі ұңғымалардағы газ концентрациясының тексерісі жүргізіліп тұруы қажет. Жабық газ сақталу бөшкелерінде және учаскенің басқа да техникалық үй-жайларында газдылықты бақылау салалық нұсқаулыққа және аварияларды жою жоспарына сәйкес жүргізіледі.
2.3 Газды жинау, дайындау, сақтау және тасымалдау тәртібі
Аппараттарда, ыдыстарда және құбыр жолдарында орнатылған сақтандырғыш, реттегіш және тіреу арматурасының жарамдылығы пайдалануға қосар алдында, сондай-ақ инженерлік-техникалық қызметкердің басшылығымен, бекітілген кестеге сәйкес тұрақты тексеріледі. Тексерістер мен қадағалау нәтижелері вахта журналына жазылады.
От қауіпті сұйықтықтардың деңгейін өлшеу үшін өртке қауіпсіз өлшеуіштер қолданылуы тиіс. Өлшеуіш шынылар шыныларды механикалық зақымданудан қорғаған, клапандар, автоматты жабатын қосқыш құбырлары және шыныда сұйықтық пен 0,6 МПа (бұдан әрі – МПа) (6 кгс/см2) аспайтын қысымның шекті рұқсат етілген деңгейін көрсететін қызыл жолағы болған жағдайда 0,6 МПа (6 кгс/см2) аспайтын артық қысыммен жұмыс істейтін аппараттар мен сыйымдылықтарда жіберіледі.
Жабдықтың жылу оқшаулағышы үшін өртенбейтін материалдар қолданылады.
Қыздыру аппараттарына бу немесе газ жіберер алдында жеткізу желілері қауіпті қысымдар немесе деформацияларын болдырмау үшін үрленеді.
Қыздырылған агентті аппараттарға қосуды аппараттардағы температураны бірте-бірте көтере отырып, баяу жүргізіледі. Сақтандырғыш клапаны диаметрі шығу тесігінен кем емес бұру жолымен жабдықталады. Басқыштары, сепараторлары және басқа аппараттары қызмет көрсетуге арналған сатылармен және алаңшалармен жабдықталады.
Газ аулағыштар өртенбейтін материалдардан салынуы тиіс. Ашық газ аулағыштың айналасында биіктігі кемінде 1 метр қоршау орнатылады.
Тұндырғыштар мен резервуарлардың науалары адамдар өтетін жерлерде металл жабындыларымен жабылады.
Шамшырақ тіреушесі кемінде 100 метр қашықтықта, ал жер қоймасы топталған қондырғының қоршауынан 50 метрден жақын емес орналасады. Қойманың айналасы кемінде 1 метр топырақпен үйіп бекітіледі, ал шамшырақ қондырғысы қоршалады.
0,7 кгс/см2 жоғары артық қысымда жұмыс істейтін басқыштар, сепараторлар және басқа аппараттар «Қысыммен жұмыс істейтін ыдыстарды орнату және оларды қауіпсіз пайдалану ережесіне» сәйкес пайдаланылады.
Басқыштар мен сепараторларды үрлегенде үрлеу желісіндегі тиек қондырғысын ақырын және біртіндеп ашып жабылады.
Бірдей қысымы бар сепараторлар тобына сақтандырғыш қондырғыларынан шамшыраққа жалпы желіге (коллектор) бұруға болады.
Эрлифт ұңғымаларын сепараторларға қосқанда сепаратордан шығатын газ-ауа қоспасын ауаның бар-жоғына тексеріледі.
Басқыштардағы деңгей өлшегіш шыныларының жабық ыдысқа немесе канализацияға үрлеуге арналған бұрғыштармен қамтамасыз етіледі.
Отпен жылытқышы бар жылу ауыстырғыштарға арналған алаңшаның гидравликалық жабу арқылы өнеркәсіптік канализацияға жүретін науалармен жабдықталады.
Температуралық кернеулерден зақымдануды болдырмау үшін жылу ауыстырғыштарды (түскенде) қыздыруды және (көтерілгенде) суыту біртіндеп жүргізіледі.
Жылу ауыстырғыштарды жанғыш сұйықтықтардан босатуға тек жылу ауыстырғыштар суығаннан кейін ғана жүзеге асырылады.
Форсункалар тұратын алаңшаның қатты жабынымен және гидравликалық тиек арқылы өнеркәсіптік канализациясымен қосылған науаға қарай еңіспен қамтамасыз етіледі.
Пештерді тұтатып қосуды тек оны пайдалануға жауапты адамдар ғана жүзеге асырады.
Форсункаларды шамшырақтармен тұтатқанда оған тез өртенгіш сұйықтықты сіңдіруге жол берілмейді.
Пештерді жағуда қолданылатын шамшырақ құрғақ топырағы бар өртенбейтін жәшікте сөндіріледі.
Отын құбыр жолында отынды барлық форсункаларға жіберуін бір мезгілде тоқтата алатын (форсункалардан кемінде 10 метр қашықтықта) тиек, оттықтардың жануына қажет қысымға реттелген редукциялайтын құрылғы, сондай-ақ автоматика жүйесіне конденсаттың түсуін алдын алу үшін конденсат жинағы, бақылау-өлшеуіш құралдары мен оттықтар қарастырылады. Автоматты құрылғылардың авариялық сигнализациясы оператор бөлмесіне шығарылады.
Қондырғы жұмыс істемеген жағдайда отынды газ құбыры пештен герметикалық түрде өшіріліп, бітеуішке қойылады.
Газ құбырын пештен ажыратқанда барлық оттықтардың ысырмалары берік жабылғанша үрлеп жанатын шамдарды ашуға болмайды, сондай-ақ үрлеп жанатын шамның ысырмалары толықтай ашылады.
Пештердің тұрақты өрт сөндіру жүйесі үнемі іске жарамды жағдайда ұсталады. Өрт сөндіру жүйесі жарамсыз жағдайдағы пешті іске қосуға жол берілмейді. Жүйенің орамы өтуге қолайлы жерде орналасады және қызыл түске сырланады. Жүйені қосу автоматты және дистанциялық түрде болады.
Пештің өшіп қалған оттықтарын қызған панельдерден немесе пеш отынының сағасынан тұтатуға болмайды.
Пеш отынын алдын ала бумен үрлеп алмай оттықты жандыруға жол берілмейді. Пеш орамының үрлеу шамдары жоба мен техникалық құжаттамасына сәйкес қауіпсіз жерге шығарылады.
Форсункалардың (оттықтардың) газ құбырлары газ шамшырағын желіге шығарып, үрлеу желісімен жабдықталады.
Авария немесе өрт шыққан жағдайларда газ құюға арналған құрылғылар іске жарамды болуы тиіс. Авариялық құю ысырмаларының айыратын белгілері болуы, ал жағалаулары бос болуы тиіс. Авариялық құюды тек цех, қондырғы бастығының немесе аварияны (өртті) жою жөніндегі жұмыстардың жауапты жетекшісінің нұсқауы бойынша ғана жүргізуге болады. Авариялық құюды жүзеге асырғанда операциялардың реттілігі нұсқаулықта қарастырылады.
Құбырлы пешті пайдалану кезінде құбырларының жағдайына жүйелі түрде бақылау қамтамасыз етіледі.
Құбырларда булықтары мен тесіктері болғанда, сондай-ақ құбырлардың тозу шегі асып кеткен пештердің жұмыс істеуіне жол берілмейді.
Пештерге жалындарды өшіру сигнализаторларын, форсункалар (оттықтар) өшкенде оларға отынның жетуін тоқтатын автоматты құрылғыларын, пештің беліне шекті рұқсат етілген температура сигнализациясы орнатылады.
Газ айдауға арналған үй-жай ұшқын қаупі жоқ түрде орындалған еріксіз құйып тартып алу желдеткішімен жабдықталады.
Желдеткіш бұзылған немесе өшірілген жағдайда сорғыштарды жұмысқа қосуға жол берілмейді.
Іштен жану қозғалтқышын орналастыруға арналған үй-жайларын сорғыштарға арналған үй-жайлардан газ өтпейтін қабырғалармен бөлу. Тез тұтанатын сорғыштар орнатылған үй-жайларда тегіс белдікті берілісті қолдануға жол берілмейді.
Аралық біліктер өтетін орындарының қабырғалары арасында тығыздамасы болады.
Сорғыштармен жұмыс істегенде қозғалыстағы бөлшектерін, сондай-ақ мойынтіректің температурасы мен сорғыштардың тығыздамаларын үнемі қадағалауды жүзеге асырады.
Газ айдау үй-жайларында сорғыштар мен құбырларды герметикалығына қадағалау орнатылады. Сорғыштардың тығыздамалары мен құбырлардың қосылыстарындағы саңылаулар дереу жойылады.
Ысырма блогы орналасқан жерлерде гидравликалық бекітпе арқылы өнеркәсіптік канализацияға сұйықтықтардың төгілуіне арналған арнашық орнатылады. Сұйықтықтардың өнеркәсіптік канализацияға құйылу мүмкіндігі болмаған жағдайда сұйықтықты сорғышпен тартып алатын жиналмалы жабық құдық орнатылады.
Газ айдау бөлмелерінде жанар-жағармай материалдарын бір тәуліктік қажеттіліктен аспайтын мөлшерде ғана сақтауға жол берілмейді. Жанар-жағармай материалдары қақпақтары бар арнайы металл бөшкелер мен жәшіктерде сақталады.
Газ айдау бөлмелерінде тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды сақтауға жол берілмейді.
Газ айдау техникаларын іске қосу және тоқтату алдында тиісті ысырмалардың дұрыс ашылып жабылуы тексеріледі.
Жұмыстан аяқталған соң сорғыштарды қабылдау және көтерулерде және резервуарлардың ысырмалары жабық, үй-жай тексеріліп, барлық қондырғылар мен жарық беру шамдары өшіріледі.
Газ айдау станцияларына сондай-ақ осы «Жылу беру және желдеткіш» деген бөлімінің ережелері қолданылады.
Резервуарларды пайдалану «Металл резервуарлардың техникалық пайдалану ережесіне» және оларды жөндеу жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.
Құбыр жолдарының газ құбырлары тасымалданатын заттарға байланысты мемлекеттік стандартқа сәйкес айырым түсі мен цифрлық белгісі болады.
Ыдыстарды аппаратурамен, аялдамамен және басқа да құрылыстармен байланыстыратын құбыр жолдарына әр құбыр жолының ерекше белгісі, ал тиек арматурасының нөмірлеуі бар технологиялық кестелер жасалады.
Қызмет көрсету персоналы ысырмалардың орналасу кестесін және олардың мәнін білуі, сондай-ақ технологиялық әрекеттер қатесіз орындалады.
Жаңа кесте кәсіпорынның басшысымен бекітіліп, рұқсат берілмейінше, қолданыстағы құбыр жолдарының орналасу кестесін өзгертуге жол берілмейді.
Құбыр жолдарын үрлеу және оларды герметикалығына және мықтылығына сынау нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі. Герметикалығына және мықтылығына құбыр жолдарын үрлеу және сынау жөніндегі нұсқаулық пен жұмыс жоспарын құрылыс ұйымы жасап, құбыр жолын пайдаланып отырған кәсіпорынның техникалық басшылығымен келісіледі.
Құбыр жолдарын үрлегенде және сынағанда аймақ шегінде автомобильдердің, тракторлардың жұмыс істеп тұрған қозғалтқыштармен тіркелуіне, сондай-ақ ашық отты пайдалануға және темекі шегуге жол берілмейді.
Темір немесе тас жолдарындағы құбыр жолда авария болған жағдайда авария алаңы дереу қоршалып, ескертетін белгілер қойылып, көлік қозғалысы тоқтатылып, аварияны жою жоспарына сәйкес шаралар қолданылады.
Ескертетін белгілер авария болған жерден жолдың екі жағына 800 метр кем емес қашықтықта орнатылады. Темір жол қызметі дереу ескертіледі.
Құбыр жолдарындағы тиек құрылғылары дұрыс жағдайда құбыр жолдарының жеке учаскелеріне газдың келуін сенімді түрде тоқтату мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін оңай қол жеткізуге болатындай етіп орналасады.
Ақаулықтар дереу жойылады.
Тиек құрылғыларын тексеру үшін кәсіпорында басшылар бекітетін кестелер жасалады. Құбыр жолдарындағы тиек құрылғылары тоқсанына кемінде 1 рет, ал ерекше жауапты тораптарда айына кемінде 1 рет қарап тексеріледі. Тексеріс нәтижелері журналға немесе құбыр жолдағы паспортқа енгізіледі.
Құбыр жолын тек дәнекерлеп қосуға ғана жол беріледі. Ажыратқыш құрылғылары, өткізбейтін тығызданулары бар, басқа арматурадан жасалған бақылау-өлшеуіш құралдары орнатылған жерлерде ойма және фланецті қосуларға жол беріледі.
Фланецті қосу төсемдері жоғары температураларда бұзылмайтын және пішіні өзгермейтін материалдардан жасалады.
Құбыр жолдарында пайда болған тығындарды құрыш шыбықтары және басқа да ұшқын тудыруы мүмкін құралдар арқылы тазартуға жол берілмейді.
Құдықтарда орналасқан тиек құрылғыларын тексерген немесе пайдаланғаннан кейін соңғыларының қақпақтары дереу жабылады. Құбырларды тексергеннен кейін ашық арнашықтар дереу жабылады.
Тиек құрылғыларын ақырын ашып жабу керек, тиек құрылғыларын ашу үшін ұшқын тудыруы мүмкін металлды заттарды қолдануға жол берілмейді.
Вакуумдық газ жинайтын желінің ішінде жарылыс қауіпі бар қоспаның пайда болуын болдырмау үшін:
вакуумдық торда ауамен бақылау жүргізіледі;
ұңғымалардан вакуумдық коллекторларды ажырату немесе тармақтарын бұзуда тиек құрылғыларын жабу және газ құбырларына бітеуіштер орнатылады.
Шамның алау құрылымы газ жағудың үздіксіздігі қамтамасыз етіледі.
Құбыр жолымен параллель кабель желілерін төсегенде олардың арасында көлденеңінен қашықтығын кемінде 1 метр етіп жасауға жол беріледі. Құбыр жолынан шамалы қашықтықта орналасқан кабельдер құбыр жолдарының бар аралық бойына төселеді. Құбыр жолдарының асты мен үстіне кабельдерді тік тегісте параллель төсем жасауға жол берілмейді.
2.4 Газды қайта өңдейтін өнеркәсіп объектілерін ұстау тәртібі, жалпы ережелері
Жанғыш булар мен газдар жиналуы ықтимал зауыт аумағының учаскелерінде автомашиналардың, тракторлардың, мотоциклдардың қозғалуына жол берілмейді. Бұл учаскелерде өтуге тыйым салу белгілері орнатылады.
Жарылыс және өрт қауіпті цехтер аумағына кіру және автомашина, трактор, көтергіш көлік және құрылыс механизмдерін орнатуға тек осы цехтердің, ықтимал аялдамалардың, қозғалыс маршруттары мен қауіпсіздік шаралары көрсетілген қондырғылардың басшыларының рұқсатымен жол беріледі.
Жарылыс қауіпі және газ қауіпті жерлерде темірмен тағаланған аяқ киіммен жұмыс істеуге жол берілмейді.
Доңғалақтармен жүретін, А және Б санатты жарылыс қауіпі цехтерде орналасқан көлік арбаларының доңғалақтары соғылғанда ұшқын шығармайтын, металлдан жасалған шеңберлермен немесе резина шиналармен жабдықталады. Канализацияның көру құдықтары үнемі қақпақпен жабылуы және қабаты 10 сантиметр құммен көміледі.
Өрт кезінде өнеркәсіптік канализация желісі бойынша оттың таралуына жол бермеу үшін онда арнайы құдықтарда гидравликалық ысырмалар орнатылады. Әр гидравликалық ысырмадағы ысырманы тудыратын судың қабаты кемінде 0,25 метр биіктікте болуы тиіс.
Барлық технологиялық аппаратуралары бар үй-жайлардың шығыңқы бөліктерінде, технологиялық қондырғылар алаңшаларында, жеке тұрған резервуарлар мен топтарда, ысырмалардың тораптарында, аппараттар, сорғыштар, қазандық, ағызу-құю эстакадаларының топтарына гидравликалық ысырмалар орнатылады. Гидроысырманың құрылымы оны қолайлы тазартуды қамтамасыз етеді.
Гидравликалық ысырмалары бұзылған немесе дұрыс орындалмаған, сондай-ақ олар жоқ канализацияны пайдалануға жол берілмейді.
Өртену және жарылу қауіпі бар өнімдерді канализация жүйесіне шығаруға жол берілмейді. Бұл мақсаттарға арнайы ыдыстар қарастырылады.
Канализацияға шығарғанда өндірістік ағын сулардың температурасы 40ºC аспауы тиіс. Жалпы ағын температурасы 35ºC аспайтындай, тұрақты су шығысы мол коллекторларға температурасы аса жоғары шамалы өндірістік ағын суларын шығаруға жол беріледі.
Жарылыс қауіпі өндірістік үй-жайларда орнатылған желдеткіш жүйелерінің металлдан жасалған ауа бұрғыштары жерге қосылады.
Желдеткіші бұзылған жағдайда жабдықты жұмысқа қосуға жол берілмейді.
Жанғыш және жарылыс қаупті газдары бар, аппаратура және коммуникациялар орналасқан жабық үй-жайларда желдеткіштің тәулік бойы жұмыс істеуін қамтамсыз етеді.
Авариялық механикалық желдеткішті іске қосу газ талдағыш тетігі әсерінен автоматты түрде болуы тиіс, бұдан басқа, өндірістік үй-жайдың сыртқы есігінде орналасқан түймелерден авариялық желдеткішті қашықтықтан іске қосу қарастырылады.
Авариялық механикалық желдеткішті газ талдағыш тетіктердің әсерімен автоматты іске қосу қамтамасыз етіледі және бұдан басқа өндірістік үй-жайдың сыртқы есігінде орналасқан түймелерден авариялық жетдеткішті қашықтықтан іске қосу қарастырылады.
Өндірістік үй-жайда өрт шыққан жағдайда ішіндегі желдеткіш жүйелері сөндіріледі.
Өрт, жарылыс қауіпті өндірістері бар техникалық үй-жайларды жылыту үшін ыстық суды, буды, қызған ауаны және диэтиленгликольді жылу тасығыш ретінде қолданылатын орталықтандырылған жүйелер қолданылады.
Өрт шыққанда және оның таралу қауіпі болғанда ауамен жылыту жүйелері дереу сөндіріледі.
Ауамен жылытуды үйлестіру желдеткішімен қиыстырғанда ауаны рециркуляциялауға жол берілмейді.
Сұйытылған жанғыш газдарды, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды құятын цистерналар жерге қосу құрылғыларына қосылуы тиіс. Жерге қосу өткізгіші ретінде қимасы кемінде 6 шаршы метр иілмелі (көп желілі) жез өткізгіші қолданылады.
Тез тұтанатын және жанғыш сұйықтықтарды ағызу-құюда резина шлангілерінің металл ұштықтары мен тез көтергіш құрылғылары шлангінің сыртына немесе ішіне оралған, иілмелі (көп желілі) жез өткізгіші арқылы жерге қосылады. Жерге қосу өткізгішінің бір шетін өнім өткізгішінің металл бөлшектеріне жалғайды. Ашық әдіспен құю ұштықтары ұшқын қауіпсіз материалдардан жасалған шлангілермен жүзеге асырылады.
Найзағайдан қорғау құрылғыларын тексеру жылына 2 рет жүргізіледі. Бұл ретте жерге қосу құрылғысының кедергісі өлшенеді.
2.5 Технологиялық аппараттар мен қондырғыларды ұстау тәртібі
Фланецті қосулардың саңылауы арқылы өнімге рұқсат бергенде аппараттарды, құбыр жолдарын және жабдықтарды пайдалануға жол берілмейді.
Ағып түсетін өнімнің тұтануын болдырмауға арналған аппаратта ағу байқалған жағдайда ағып тұрған жерге су буын немесе инерт газынжіберіледі және аппарат жұмыстан ажыратылады немесе қондырғы тоқтатылады.
Аппараттар мен ыдыстардың жанғыш беттері өртенбейтін материалдардан жасалған жарамды жылу оқшаулағышпен қамтамасыз етіледі.
Ішін тексеру, тазарту және жөндеу үшін ашуға жататын аппараттар өнімдерден босатылып, іске қосылып тұрған аппаратурадан ажыратылуы және сөндірілуі, инерт газымен булануы немесе үрленуі және желдетілуі тиіс. Булаудың немесе инерт газымен үрлеудің ұзақтылығы, сумен шаю, желдету қажеттілігі жеке, кез келген жағдайға арналған өндірістік нұсқаулықтарымен белгіленеді.
Ыстық өнімді мұздатқыш арқылы өткізбей сынама іріктеу шүмектерін пайдалануға жол берілмейді. Бұру түтіктері және мұздатқыштың түтіктері жарамды жағдайда ұсталады.
Қысымдағы аппараттар мен коммуникациялардағы ағуларды жоюға қатаң жол берілмейді.
Өндірістік үй-жайларда ұшқын тудыруы мүмкін жұмыстарды жүргізуге, ашық түрде орындалған шамдарды қолдануға жол берілмейді.
Іске қосар алдында технологиялық аппараттар жарамдылығына және олармен байланысты барлық аппараттар мен құбыр жолдарының жұмысқа дайындығы тексеріледі, автоматты көрсеткіштер немесе температура мен қысымды реттегіштер, сұйықтық деңгейін өлшегіштердің дұрыстығы тексеріледі.
Жаңадан жобаланудағы және қайта салынып жатқан пештерді өрт сөндіру бөліміне бүркеуді қосқанда дабыл беретін, бу немесе инерт газының бүркеуін тудыратын құрылғылармен жабдықталады.
Құбырлы пештер форсункаларына сұйық немесе газ тәріздес отынның жеткізілуі тоқтағанда немесе қысымы белгіленген нормалардан төмендегенде іске қосылатын дабылмен жабдықталады.
Құбырлы пештің өшіп қалған оттықтарын қызған панелдерге немесе пеш отынының құрылысына тұтатуға жол берілмейді.
Құбырлы пештің ішінде болуы ықтимал тұтануларды сөндіруге бу немесе инерт газын пайдалануға болады. Буды немесе инерт газын бақылаусыз жану аяқталған сәтке дейін беріледі.
Авария немесе өрт шыққан жағдайда өнімді төгуге арналған құрылғылар жарамды күйде ұсталады. Авариялық төгу желілерінің ысырмалары айыру белгілерімен белгіленеді, ал оларға өту жолдары бос болады. Авариялық құюды жүзеге асырғанда операциялардың реті нұсқаулықта қарастырылады.
Құбырлы пештен ыстық сұйықтықты түсіруге арналған авариялық ыдыс үнемі бос ұсталады. Сұйықтықты авариялық ыдысқа түсірер алдында алдын ала конденсаттан босатылған су буы беріледі.
Құбырларда үрлеме мен тесіктер болғанда, сондай-ақ құбырлардың рұқсат етілген шегін асырғанда пешті пайдалануға жол берілмейді. Құбырлар күйіп кеткенде аварияларды жою жоспарына сәйкес пешті пайдалану дереу тоқтатылады.
Пеш аумағының газдану қауіпі төнгенде дереу бу өшіру жүйесін өшіріп, пештің форсункаларын сөндіріп, өртке қарсы қызметі шақырылады.
Қос көзді тетіктері бұзылған құбырлы пештерді пайдалануға жол берілмейді.
Қос көзді тетіктердің тығындарын тығыздауға арналған қысу болттарын тек құбырлардағы қысымды атмосфералық қысымға дейін төмендеткенде ғана тартуға болады.
Құбырлы пештердегі қос көзді тетік шкафтарының жарамды, тығыз жабылатын металл есіктерінің болуы байқалады.
Жылу алмастырғыш астындағы алаңшаның гидравликалық қақпа арқылы өнеркәсіптік канализацияға шығаратын, арнашыққа ағысы бар қатты беті болуы тиіс. Алаңша жанғыш өнімдер шайып төгуге арналған жабдықпен қамтамасыз етіледі.
Құбыр кеңістігінде сияқты, құбыр арасындағы кеңістікте орналасқан жанғыш сұйықтықтардан босату тек жылу алмастырғыштарды суытқаннан кейін ғана рұқсат етіледі.
Аумен суыту аппараттары өрт жағдайына желдеткіштерді қашықтан ажыратқыштармен жабдықталады.
Колонна аппараттарының люктерін жоғарғысынан бастап ашу қажет.
Технологиялық жабдықтың хабарландыру қондырғыларын іске қосу қолмен, сондай-ақ автоматты болуы мүмкін. Автоматты түрде іске қосқанда қосарлы қолмен іске қосу қарастырылады.
2.6 Қосалқы құрылғылар мен құрылыстарды ұстау тәртібі
Құбыр жолдары олармен тасымалданатын заттарға байланысты ажырату бояуымен, цифрлық белгілеумен және өнімнің қозғалыс бағытымен қамтамасыз етіледі.
Газ құбыры, өнім құбыры жарылған кезде авария ауданы дереу қоршалып, ескерту белгілері қойылып, осы аудандағы қозғалыс тоқталып, аварияны жою жөнінде шаралар қолданылады.
Газдың өту құбыр жолы бұзылғанда, сондай-ақ өрт шыққан жағдайда өртке қарсы қызметі мен газдан қорғау қызметін шақыру қажет. Сонымен қатар аварияны жою жөнінде шаралар қабылданады.
Құбыр жолдарында тұйық учаскелердің болуына жол берілмейді.
Жарылу өртену қауіпі бар орталарды айдауға арналған құбыр жолдарында «қамыттар» болған жағдайда пайдалануға жол берілмейді.
2.7 Компрессорлық және сорғыш станцияларды ұстау тәртібі
Компрессорлар мен сорғыштардың технологиялық параметрлерін бақылау бойынша барлық бұғаттағыш және дабыл беру құрылғылары үнемі жарамды күйде ұсталады.
Сұйықтықтың деңгейін бақылап тұру үшін сепараторда дыбыс немесе жарық сигнализациясы қарастырылады. Сепаратордағы сұйықтықтың деңгейін бақылау жүзеге асырылады, жиналып қалуына және кейін компрессордың қабылдауына оның түсуіне жол берілмейді.
Газ сығымдағыштарының және олардың газ құбырларының барлық қосуларын герметикалығына үнемі тексеріледі. Газдың кемуі байқалған жағдайда компрессор тоқтатылып, ақаулық жойылады. Жұмыс істеп тұрған компрессорда газдың кемуін жоюға жол берілмейді.
Клапандық қораптар мен әуе поршень компрессорлары майлы шөгінділер мен күйіктерден үнемі тазартылады.
Жарық беру құрылғылары жұмыс істеген немесе электр энергиясын авариялық сөндіру кезінде газ компрессорлық станцияларында жарылыстан қорғалып орындалған аккумуляторлық шамдарды қолдануға рұқсат беріледі.
Компрессорлық үй-жайда газдылық немесе өрт шығу қаупі төнгенде компрессорларды авариялық түрде тоқтатып, қысымды түсіріп, авария орнына газ жеткізу тоқтатылады.
Компрессорлық және сорғыш станцияларының үй-жайларында барлық желдеткіш құрылғыларының дұрыс және үздіксіз жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі.
Тұрақты компрессорлардың авариялық тоқтату түймелері компрессор залдарының үй-жайларынан шығу орындарында немесе басқа да ыңғайлы және қауіпсіз жерлердегі басқару пульттерінде орналастырылуы тиіс.
Газ моторының тұтандырғыш білтесінің түйісуінде ұшқыны бар компрессордың жұмыс істеуіне жол берілмейді.
Компрессор ішінде ұшқындату арқылы шырақтардың жарамдылығын тексеруге жол берілмейді.
Компрессорды іске қосқанда пайдаланылған өнімді шығару жүйесінде тұтану мен жарылыстарды болдырмау үшін пайдаланылған өнімді шығару жүйесін қысылған ауамен үрлегеннен кейін магнетоны қосу және отын газы жеткізіледі.
Өрт, жарылыс қауіпті өнімдерді айдап қотаратын сорғыштар, сорғыштармен бір рамада орналасқан электр қозғалтқыштарының жерге қосылғанына қарамастан, жерге қосылады.
Сорғыштарды үрлегенде шығарылатын өнімді үй-жайдан тыс жерге, сұйық өнімді құбыр жолы арқылы арнайы сыйымдылыққа, ал булар мен газдар шыраққа немесе шамға шығарылады.
Сорғыштармен жұмыс істегенде үйкелетін бөлшектерін, сондай-ақ сорғыштардың мойынтіректері мен тығыздамаларының температурасы үнемі бақыланады. Майлау материалдарының ағуына және шашырауына жол берілмейді.
2.8 Технологиялық жабдықты ұстау тәртібі
Өндірістік ғимараттарда негізгі цехтерге, учаскелер мен қондырғыларға арналған технологиялық және электр жабдығын тазалау кестелері әзірленеді.
Пайдаланылатын технологиялық жабдық күн сайын (табиғи газды алғаш қайта өңдейтін цехтерде – ауысымда кемінде бір рет), ал электр жабдығы, шамдар, электр өткізгіштері, техникалық өрттен қорғау құралдары (КАГ-600 қондырғысы, өрт хабарлағыштары), құрылыс құрылымдары, оның ішінде жабындар аптасына кемінде бір рет оларға отырған жанғыш тозаңнан, ұлпадан тазартылуы қажет. Бұл ретте тозаң жинау құралдарын (оның ішінде сығылған ауамен үрлеуді) және дымқылмен жинауды қолдану қажет. Кәсіпорын бұйрығымен лауазымды адамдар қатарынан осы жұмысты жүргізу үшін жауаптылар тағайындалады.
Технологиялық жабдық үрлеу және тазалау алдында ажыратылады. Технологиялық жабдықтың барлық жіктері мен қосқыштары сенімді тығыздалады, бұл ретте өндірістік және қойма үй-жайларындағы ауа өткізгіштердің жіктері мен қосқыштары жанбайтын немесе Г1 тобындағы материалмен тығыздалады.
2.9 Өрт сөндіруді ұйымдастыру тәртібі
Өндірістік ғимараттардың құрылыстарында еркін қол жеткізу қамтамасыз етіледі. Ғимараттар, құрылыстар, шикізат пен материалдар қатарларының арасындағы өртке қарсы аралықтарды үймелеуге жол берілмейді.
Шикізаттың, өндіріс қалдықтарының, өндірістік тозаңның жануы (өздігінен тұтануы) анықталғанда дереу кәсіпорынның өрт күзетіне және өрт сөндіретін авариялық-құтқару бөлімшесіне хабарланады, қызмет көрсетуші персонал эвакуациялау шараларын қабылдайды және барлық жабдықты токтан ажыратып, болған оқиға туралы кәсіпорын басшысына хабарлайды.
Технологиялық (көлік) желісі автоматты (авариялық) тоқтаған кезде бұғаттау іс-әрекетін жүргізуге сигнал берген құрылғыны (жылдамдықты бақылау релесі, шикізат беру тетігі, электр қозғалтқышы жетегінің шамадан тыс ток жүктемесінен қорғау ) айқындау, оны іске қосу себебін анықтап жою қажет. Технологиялық (көлік) желіні кезекті іске қосу алдында оны материалдардан босатып, ақаулығы жойылады.
Технологиялық, көлік немесе аспирациялық жабдықта жанып жатқан (бықсыған) өнім анықталған кезде оны дереу тоқтату қажет, ол туралы дереу цех бастығына, кәсіпорын басшысына және мемлекеттік емес өртке қарсы қызметке хабарланады. Бір мезгілде осы учаскеде (қажет болған жағдайда) барлық өндірістік жабдықты және желдеткіш қондырғыларын тоқтатып, желдеткіштің ауа жолдарын жауып, электр желісі өшіріледі.
Жану ошақтарын жойғаннан кейін барлық ауа өткізгіштерді, сүзгіш камераларын, тозаң камераларын (тозаңды жертөлелерді) және өзге де желдеткіш пневмо жабдығын, сондай-ақ технологиялық машиналарды әбден тазалағанға дейін желдеткіш және пневмокөлік қондырғыларын іске қосуға жол берілмейді.
Өрттерді өндірістің тозаңды қалдықтар суының бағытталған жиынтық ағыстарымен сөндіруге жол берілмейді.
- Қорғалатын объекттің жалпы сипаттамасы
3.1 «ҚазТрансГаз» Бейнеу желілік өндірістік басқармасының Қазақстан Республикасында алатын орны
«ҚазТрансГаз» компаниясы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 ақпандағы № 173 қаулысына сәйкес құрылған.
Қазақстан Республикасының газ саласы, одан әрі дамуы үшін айтарлықтай әлеуметке ие, ол болашақта Қазақстанды табиғи газдың жетекші өндірушілері қатарына шығаруға мүмкіндік береді. «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы, еліміздің және дүниежүзінің газ нарығында мемлекеттің мүддесін білдіретін, Қазақстан Республикасының газбен жабдықтау саласындағы ірі компания болып табылады.Оның Жалғыз акционері «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы АҚ. ҚазТрансГаз табиғи газды магистральдық газ құбырлары бойынша тасымалдауды басқарады, ішкі және сыртқы нарыққа газ сатумен айналысады, құбыр желілері мен газ сақтау қоймаларын әзірлейді, қаржыландырады, салады және пайдаланады.2012 жылғы 9 қаңтарда «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының № 532-IV Заңы (бұдан әрі – Заң) күшіне енді. Қазіргі кезде Газ құбыры трассасы елімізде ең ұзын және ең заманауи болды — 4464 километр, оның ішінде Қазақстан аумағы бойынша 700 км.
Қазақстан Республикасы аумағы арқылы табиғи газ 14 магистральдық газ құбырымен тасымалданады. Бүкіл трасса бойында 17 компрессорлық станция, оның ішінде 5-уі Қазақстанның Ақтөбе облысында орналасқан, 22 газ тарату станциясы салынды, үлкен газды айдап қотаратын агрегаттар монтаждалды. Газ айдауды 291 газ қотару агрегаты орналасқан 22 компрессорлық станция қамтамасыз етеді. Магистральдық газ құбырларының бір желідегі жалпы ұзындығы шамамен 14 мың километрді құрайды.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 14 облыстың 9-ы газдандырылған. Негізінен бұлар – республиканың оңтүстік және батыс өңірлері.
Атауы |
Тауарлық газды өндіру |
Ішкі нарыққа жеткізу |
Импорт |
Экспорт |
Қазақстан Республикасы, млрд (м3) |
21,2 |
10,5 |
3,4 |
8,5 |
ҚазТрансГаз үлесі (%) |
1,5 |
99,9 |
100,0 |
12,9 |
Жаңа газ тасымалдау магистралі Өзбекстан мен Түрікмениядан табиғи шикізаттың күшті ағыстарын өзіне алып, Қазақстан аумағы арқылы Ресейдің орталық аудандарына миллиардтаған текше метр газды тасымалдауы тиіс болған. 1965 жылдың қазан айынан бастап ұзындығы 3180 километрлік «Орта Азия-Орталық» газ магистралінің бірінші желісінің құрылысы, сондай-ақ Қазақстан аумағында «Бейнеу» және «Индер» алғашқы компрессорлық станцияларының құрылысы басталды.
3.2 «ҚазТрансГаз» Бейнеу желілік өндірістік басқармасының қысқаша сипаттамасы.
«Бейнеу» 670 км солтүстiк-шығысы Ақтау қаласының Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында орналасқан. Ең жақын қала: Өңірлік орталығы — PGT «Бейнеу» ең жақын темір жол станциясы «Бейнеу» сызықтық өндірістік бөлімінің 8 км қашықтықта орналасқан. Асфальт қымбат автокөлік «Атырау — Маңғышлақ» 1 км қашықтықта станциясынан болып табылады. MPI «Бейнеу» өрт бақылау станциясы қорғалған. Ұзаққа созылған өрт күрес жағдайда «Бейнеу» SP және БҚА DES Маңғыстау облысы күштер мен PGT қорғау аудандық өрт сөндіру депосының №6 құралдарын ықтимал тарту болып табылады.
Қазақстан Республикасы Манғыстау облысы Бейнеу ауданында орналасқан КазТрансГаз Бейнеу желілік басқармасы жайында айта кететін болсақ : жалпы ауданы, га — 44,802 , Ғимарат ауданы, га – 5
Штат санын қалыптастыру имараттардың, жабдықтардың жинақталуымен, жұмыс көлемімен және ұйымдастыру құрылымымен негізделеді.
Пайдалану персоналы жабдықтардың жұмысына тәулік бойғы бақылауды және қарауды жүзеге асырады, орын алған ақауларды жояды.
Кезекшілік қызметтің құрамына кіреді:
- Ауысым кезекшілігі бар – 4
- Түнгі мезгілде 10 – 12 адам
- Диспетчерлер – 2 адам
- Электрик – 5 – 7 адам
- Технологиялық компрессорлардың машинисі – 27 адам
- Барлық жұмысшылар саны – 180 адам
Компрессорлық станцияның аумағындағы барлық объектілер жұмыс бағытымен айқындалған олардың функционалдық мақсатына, материалдық базасына және кадрлардың құрылымдық қалыптасуына қарай пайдаланылады. Күндізгі ауысымдағы персоналдың жалпы саны 4 адамды құрайды.
Бейнеу желілік басқармасы Сыртқы өртке қарсы сумен жабдықтау жүйесі сақиналы, оның диаметрі 100 мм. Онда 20 өрт гидранты орналасқан. Жер асты резервуарларында әр қайсысының сыйымдылығы 900м3 артық су қорын сақтау жүзеге асырылады. Су құбырында су жоқ болған жағдайда сақиналы су желісі арқылы компрессорлық станциясынан, сорғыш станциясынан сыйымдылығы 900м3 резервуарына су беріледі. Сорғыш станциясында К-150/90 маркалы 2 сорғыш орнатылған (жұмысты және қосымша). Электр энергиясы сөндірілген жағдайда дизелдік электро станциясы орналасқан. Станциясында болып табылады: газ айдау зауыты №№1,2,3,4a, 4б, 5, техникалық қызмет көрсету бірлігі, отын сақтау, балалар алаңы сүзгілері, AVO газ, метанол сақтау, қоймалар және сайттар, газ станциялары, пропан үшін сақтау және көлік құралдары, пісіру бекетінің зарядталатын, КТП AVO газ, мұнай багы, қазандық, жарудың, автоматтандырылған газ тарату станциясы санының 3, блок жәшіктерін әуе, Paes, өсімдік сығылған тоңазытқыш компрессорлар үшін оттегі қораптар.
Жылыту табиғи газ бойынша жұмыс істейтін, оның қазандықтың компрессорлық станциясында жүзеге асырылады.
Ғимарат ауданындағы су құбыры мен газ құбырын өткізуге жерлер өңделінді. Қысқа мерзім ішінде пайдалануға 23м тереңдікте ортақ су құбыры, ал жерді пайдалау нормаларына сай 28м тереңдікте газ құбыры жүргізілген.
ӨМГ «Атырау» орнында телефон байланысы бар. Спутниктік — денсаулық сақтау нысандарының «Бейнеу» және басқа да нысандар арасындағы байланыс.
Тәулік бойы денсаулық сақтау нысандарының жұмыс режимі (аралас кестесі; бес күндік жұмыс аптасы, 8-12 сағат, 24 сағат ауысым жұмысы үшін ауысымдық жұмыс). Станциясында қызметкерлерінің жалпы саны — 180 адам.
3.3 Жер бедері мен ауа-райы
Жер бедерін қарастырғанда ғимараттар мен инженерлік комуникациялар биік орналастыру жәнеде ол ғимараттар мен инженерлік комуникациялардың бір-бірімен байланыстырылуы қарастырылған
Жер бетінің тегістелуі бір бағытқа су ағатындай етіп тегістелінген.Суды ағызу жолдары ашық түрде жауын және қар ерітінділерінен пайда болатын су шалшықтары жиналмай ағып кетуге жасалынған.
Ал су шалшықтары арнайы орындарда дайындалған орындарға құйылады.
Құрылыс аймағында көгаландыру жұмыстарын жургізуге жер беті 10 см тереңдікте топырақтар қазылып алынған. Көгаландыру жұмыстарын 2090 м2 қарастырылған.
Аудан климатының ерекшелігі щұғыл континенталды, жылдық және тәуліктік температура амплитудасының айырмашылығы өте жоғары.
Абсолютті минималды температура — минус 34ºС.
Абсолютті максималды температура — плюс 46ºС.
Топырақтар мен саз қабаттары үшін нормативті тоңдану тереңдігі – 1,074; топырақтар үшін -1,40;
Инженерлік-геологиялық зерттелген аумақ шектерінде құмдақ жерлер көкжиекпен ұштасып жатыр.
2009 жылғы наурыз айындағы тексеріс нәтижесі бойынша жер асты сулары топырақ қабатының 2,1-ден 7,3м дейін тереңдікте тіркелген, минус 27,24-тен минус 29,03м абсолютті белгіге сәйкес келеді.
Құрылысқа арналған аудан ауа-райы — 3А.
Жолды-ауа-райы аймағы — V.
Жер сипаты және ылғалдану дәрежесі бойынша – 1.
3.4 Негізгі ғимараттар мен құрылыстар
Өндірістік ғимараттың орналастырылуы, сонымен қатар компрессорлық станцияның аумағында көлік тұрағы жел бағытын ескере отырып, қолайлылықты және еңбек қауіпсіздік жағдайларын, алаңда тиімді өндіріске жағдай жасау, көлік және инженерлік байланыстарын тиімді ету, жоспарда жарылу, жанудан сақтану нормалары бойынша және тиісті қабылданған санитарлық талаптарды қарастыра отырып жасалынған.
Компрессор станциянан 100м қашықтықта бөлек орналасқан көмірсутек газдары мен буларын жинап өртейтін факел (под 7) жасалынған. Бұл қашықтық ҚНжЕ 11-89-80 (Өнеркәсіп кәсіп орындарының бас жоспарлары) сәйкес санитарлық талаптарға, отқа төзімділік дәрежесіне байланысты, жарылыс қауіпдік нормаларына байланысты салынған.
Қабылдау және табиғи газ беру үшін арналған Газ айдау зауыты. Екінші SBS саны — 6, үшінші жылы — 6, төртінші «А» — chetvetrom 6 «В» — 3. (KC №5 орнатылған газ айдау қондырғысы GPA-C 6,3 мөлшерінде -. 6 бірлік осы жылы газ айдау бөлімшелермен орнатылған) емес пайдалану кезінде нысандар, оңай металл қаңқасы құрылымы, өрт тұрақтылық ІІ дәрежелі өтелген жасалған ангар болып табылады. Дүкен үй-жайларды «а» және төртінші «б» атты газ тасымалдау негізгі басқару панельдері процесін орнату оператор, сондай-ақ басқару панелі, автоматты орнату көбік жабдықталған 1-ші және 2-ші, 3-ші және 4-ші шеберханалары Өрт (бір зауыт пен дүкен төртінші «б» бір зауытында әрбір екі дүкендер үшін.) күрес. газ турбиналық бірлік орналасқан машина нөмірі, нөмірі, онда желдеткіштер кірпіш қабырғаға бөлінген. Қатарынан орналасқан газ айдайтын өсімдіктердің периметрі бойымен қара автомобиль өрт транспорт саяхат қымбат бар.
Газ айдау агрегаттарына автоматты өрт сөндіру көбік жабдықталған. 600 — компрессорлық цехының өрт ықтимал тұтануына жою көбік генераторлары SBS 6 орнатылған, онда әрбір машинада жергілікті өрт сөндіру көзделген.
3.5 Негізгі ғимараттар мен құрылыстардың қысқаша сипаттамасы
Газды ауамен автоматты суыту (ГАВС) газды тасымалдайтын агрегаттардан шығатын газды суыту үшін арналған. Змеевикта нормадан тыс артық газ пайда болған жағдайда автоматты түрде іске қосылатын, төбесінде ауа вентиляторлары орнатылған, темір каркастан жасалған, ашық алаңда орнатылатын имарат.
ЖЖ склады машина залында орналасқан, газотурбинді қозғалтқыштардың механизмдерін және майлайтын бөлшектерді, майларды сақтауға арналған. ЖЖ складындағы 2 – цехте бетонда алаңда соғылған имаратта 10 горизонталь орналасқан, болаттан жасалған, әр қайсысының көлемі 25 м3 ыдыстар орналасқан – 8 бірлік; көлемі 50м3 – 2 бірлік; ЖЖ складындағы 3 – цехте – 6 ыдыс әрқайсысы 25м3.
ЖЭБ ғимараты (жөндеу – эксплуатациялау блогы) «Бейнеу» СӨБ – да бар арнайы техниканы және де газтасымалдайтын агрегаттардың механизмдерін, тораптарын, бөлшектерін жөндеу жұмыстарын өткізуге арналған. 1 қабатты, өрттөзімділік дәрежесі III, ракушеблокты кірпіштен жасалған, қабырғалары сыланған, жабындысы темірбетонды. Ғимараттың жартысы автомобильдерге арналған бокс, оның ішінде өрт автомобильдеріде.
Қызметті – эксплуатациялық блок «Бейнеу» сызықты – өндірістік басқармасында жұмыс істейтін инжинер – техникалық жұмысшыларын орналастыруға арналған. 3 қабааты, өрт төзімділігі III дәреже. Қабырғалары ракушеблок кірпіштен жасалған, сыланған. Ғимараттың жалпы көлемі 1035м2.
Материалдық склад өндірістің технологиялық процесстеріне керекті материалдар мен құрылғыларды сақтауға арналған. Қабырғалары мен жабындысы профилиренген беттен темір каркас бойымен жасалған. Ғимараттың жалпы көлемі 974 м2.
«Рабица» темір торымен қоршалған, төбесі шиферден жасалған, ашық алаңдағы пропан мен кислородты сақтауға арналған склад.
ЖЖС «Бейнеу» СӨБ – де бар арнайы техниканы жанар жағар меймен толтыруға арналған. Компрессорлық станцияның аумағында орналасқан, бензинді сақтауға арналған 4 ыдыс, көлемі 25 м3әрқайсысы және дизельді сақтауға арналған 1 ыдыс, көлемі 14м3.
Барлық ғимараттар мен имараттар өртті алғашқы сөндіру құрылғыларымен жабдықталған.
(өрт сөндіргіштер, щиттар) нормаға сәйкес.
- Электрмен қамтамасыз ету және электр жабдықтары
4.1 Элертр энергиясын тұтынушылар және энергетикалық жүктемелер
Көрсетілген объект бойынша тұтынушылар болып табылады:
Компрессорлық станция:
— ауа компрессорларының электржетегі, компрессорларды басқару шкафтары, ішкі эл.жарықтандыру, өрт дабылының қалқандары мен аппаратуралары.
Сорғыш өрт сөндіргіш:
— өрт сорғыштарының электржетектері, айналма сорғыштар, эл.ысырмасы, ішкі эл.жарықтандыру.
Ішкі алаң тұтынушылары:
— сорғыту сыйымдылығының сорғыш электржетегі, шамшырақ жүйесі, аршылу эл.ысырмасы, сыртқы эл.жарықтандыру, сулы резервуарлардың эл.жылытқыштары блоктарын эл. жылыту және операторлық түрде болады.
4.2 Компрессорлы
Электрмен қамтамасыз ету беріктілігі бойынша компрессорлы электрқабылдағыштар тұтынушылардың санатына жатқызылады. Компрессорлық жайда 220В жұмыс жарықтандыруы қарастырылған. Компрессорлық жайда ауаны басқару үшін жарықтандыру щитогы орнатылады, онда жарықтандыру жүйелерін автоматты түрде ажырату қарастырылған. Жұмыстық жарықтандыру үшін Л үлгідегі жарылыс қорғағыш шырағданы қолданылады. Шырағдан кронштейннің көмегімен төбенің негізгі құрылымына бекітіледі. Шырағдандарды орнату орындары монтаждау жұмыстарын жүргізу барысында орнында анықталады. Компрессорлық жайды апаттық жарықтандыру үшін ВЗГ-200 үлгідегі шырағдан қолданылады (24В). Шырағдандар шатырдың негізгі құрылымына бекітіледі.
Компрессорлық жайда апаттық жарықтандыру үшін резервтік қоректену көзі орнатылады. Жарықтандыруды ажырату ылғалды қорғалған жүйе пайдаланылады және компрессорлық жайдың сыртына орнатылады.
Компрессорлық жайдағы жарықтандырудың барлық сымдарының желісі электрдәнекерленген түтікте орындалады, құбырларды жалғастыру КТА қосу қораптарында жүзеге асырылады. Үрлеу және сору желдеткіштері ауа компрессорлық жайында орнатылатын магнитті іске қосқыш арқылы қосылады.
4.3 Электрлі химиялық қорғау іс-шаралары
Оқшаулауының ақаулануы кезінде электр тоғымен зақымданудан қорғау іс-шаралары ретінде 0,4кВ кернеуін нөлдеу және 6кВ кернеуіне жерлендіру қарастырылған. Компрессорлық станцияның жабдығын В16 дөңгелек болатты көлбеу жерлендіруімен жалғанған, орға төселген В16 дөңгелек болатты көлбеу электродтарымен атқарылады. Барлық жеке-дара жерлендіру жабдықтары барлық технологиялық жабдықтар мен аппаратураларды қосу арқылы сорғыш алаңында жерлендірудің тұтастай бір контурына біріктіріледі. Жерлендірудің кедергісі жылдың кез келген маусымында 4 Омнан көп болмауы тиіс. ҚР ҚН 2.04-29-2005 сәйкес компрессорлық станцияны және технологиялық жабдықтарды найзағайдан қорғау аралық желкенді тіреуде өзекті найзағай қабылдағыштарды орнату арқылы шешіледі. Жобаланатын ВЛ-6кВ барлық тіректері жерлендірілуге жатады. Газқұбырының автомобиль жолымен түйіскен жерінде жобамен қаптаманы D=426х8мм, ұзындығы-50м протекторлы қорғау және қорғау әлеуетінде бақылау құралдарын орнату қарастырылды.
Жобамен компрессорлық станцияның алаңында V=8м3 өндірістік-жауын ағындарына, V=12,5м3 технологиялық сорғыту сыйымдылығына, жер асты сорғыту құбырына және құбырлардың автомобиль жолдары арқылы өткеруде қорғағыш қаптамаларына арналған топырақ дақтарынан сақтау қарастырылды. Қорғау ПМ-10У және ПМ-20У үлгідегі протекторлардан топтық протекторлық қондырғылармен жүзеге асырылады.
Құбырлардың қорғалатын жер асты бөлігін жер бетінен электрлі оқшаулау үшін жобамен оқшаулау ернемектері қарастырылады. Оқшаулау ернемектері жобаның технологиялық бөлігімен қамтылады және жерден қорғалатын құбырлардың кірмесінде және шығысында орнатылады.
4.4 Бақылау және автоматтандыру
Осы жобадағы автоматтандыру объектілері ретінде келесі имараттар қарастырылды:
- Компрессорлық станция
- Операторлық.
- Ішкі алаңды желілер.
- Өрт сөндіру имараттары және тораптары.
Автоматтандыру деңгейі жобалауға қойылатын талаптармен, қолданыстағы нормативтік құжаттармен және тапсырыс берушімен ұсынылған техникалық тапсырыспен айқындалды. Жобамен қызмет көрсететін персоналдың тікелей агрегаттар мен аппараттарда ұдайы болуынсыз қалыпты пайдалану ахуалында қондырғының жұмысын қамтамасыз ететін объектілерді автоматтандыру, апаттық режим орын алған кезде, апаттық және технологиялық дабыл жағдайында автоматты қорғаныс және бұғаттау, сонымен қатар технологиялық қондырғыда газдануды бақылау жөніндегі іс-шаралар қарастырылды.
Автоматты ауа салқындату газ (АТК) сорғы бірлік қалдырып газды салқындату үшін пайдаланылады. Ол, катушкалар параметрі автоматты түрде қосылатын арқылы өтетін жол бағамының жоғарыда газ температурасын арттыру жағдайда әуе жанкүйерлер оған орнатылған отырып, металл кадрдың жасалған ашық саласындағы құрылымы болып табылады.
Жылыту және желдету ауалы компрессорлық жайларды жылумен қамтамасыз ету үшін, жылыту приборлары ретінде «Systemair» фирмасының қабырғада орнатылған Proff жылыту желдеткіші қолданылады.
Компрессорлық жайды жабдықтардан бөлінетін артық жылу есебінен жылумен қамтамасыз ету. Желдету жылу қалдықтарын ассимиляциялауға есептелген сору-шығарулы. Ағын және сору тіреуде орнатылған осьті желдеткіштермен жүзеге асырылады.
Құрылыстың 1-ші кезеңінде желдеткіштер уақытша тіреуде орнатылады (5-ші ось бойынша). Құрылыстың 2-ші кезеңінде желдеткіштер негізгі қабырғаға көшіріледі (8-ші ось бойынша).
Құрылыстың 2-ші кезеңінде 5-8-ші остердегі қабырғаларда екі қосымша компрессорлардың есебінен қосымша ауа алмасуға есептелген АНР үлгідегі сору-үрлеу сыртқы торлы желдеткіш орнатылады. Өрт сөндіру сорғыш станциясының ғимаратын жылумен қамтамасыз ету – электрлі. Жылыту приборлары ретінде қабырғада орнатылатын «Systemair» фирмасының Proff жылыту желдеткіштері пайдаланылады. Сору станциясын желдету табиғи ниеттенуімен сормалы-үрлемелі. Сору 3 ретті — дефлекторлы, ағын ұйымдастырылмаған, терезе және есік арқылы жүргізіледі. Ауа өтпелері МЕСТ 19904-90 жұқа парақты мырышты темірден жасалады.
4.5 Автоматтандырудың көлемі
— Компрессорлық:
Әрбір компрессор компрессорлық залда орнатылған «Murphy» бақылау және басқару шкафында орналастырылған «Centurion» контроллер базасында басқарудың автоматтандырылған жүйесімен жабдықталған.
— компрессорлардың апат алды көрсеткіштерінде компрессорларды ажыратуды және мониторингті қамтамасыз ететін «Murphy» басқару панелі;
— компрессордың апаттық жағдайда тоқтағаны кезінде газды автоматты түрде шамшыраққа шығару;
— компрессорларды іске қосу кезінде және бос жұмыс істеу режимінде шуылды төмендету мақсатында компрессорлық тапсырыс түрінде шығарылатын газды атмосфераға жергілікті ығыстыру;
— компрессорлық ғимаратта өрт сөндіру жүйесі;
— газталдау жүйесі, газдануды бақылау жүйесінің міндеттері болып табылады:
- технологиялық жүйелерден газдың шығуын автоматты түрде анықтау (20% және 50% НКПР);
- персоналға газ детекторлары арқылы ақпаратты шоғырландыру (сәулелі/дыбыстық дабыл);
- 50% НКПР кезінде барлық айналатын жабдықтарды автоматты түрде тоқтату.
Жүйе компрессорларды және қосалқы жабдықтарды басқару және қорғау үшін арналған.
Басқару шкафынан компрессорды локалды басқару жүргізіледі:
— жабдықтардың жұмысын басқару;
— жабдықтың ақауы туралы технологиялық дабылдау;
— басқарудың алгоритмін орындау және технологиялық бөлшектердің жетектеріне басқарушылық ықпал етуді шығару;
Келтірілген қызметтер келесі операциялардың негізінде жүзеге асырылады:
— датчиктерден және қайта құрылымдаулардан ақпарат алу;
— ақпаратты алғашқы өңдеу;
— өлшеуіш арналарының ахуалын бақылау;
— төменгі деңгейдің RS-485 «Modbus» желісі арқылы орталық процессормен ақпарат алмасуды қолдау;
RS-485 «Modbus» арнасы арқылы басқару шкафы операторлықтағы контроллермен және компрессорлық станциядағы АРМ операторымен байланысады.
— Операторлық:
Операторлық залда қоректену шкафы, контроллер шкафы, газталдау шкафы, өрт дабылының панелі, оператордың және қондырғы инженерінің жұмыс орны бар. Автоматтандырылған жұмыс орындары экрандарының орналасуы үдерісті көзбен бақылау жүргізуге мүмкіндік береді.
- Өрт сөндіру қондырғыларын жобалау
ҚР ҚН 2.02-11-2002 Ғимараттарды, бөлмелерді және имараттарды автоматты өрттік сигналдаудын жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарға хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормалары 71-бет 10.10.2 пунктінде көрсетілген Газды кешенді дайындау қондырғылары.
Автоматты өрт сөндіру қондырғылары:
Динамикалық жабдықтары бар, ырықсыз жаққымай жүйесі бар А және Б санаттарының жабық блоктық құрылғылары және ашық отты бар блоктық құрылғылар (қазандықтарды қоспағанда), сауытының бірлік сыйымдылығы 5 м3-тан жоғары және еденнің ауданы 100м2-тан жоғары тұрақты емес газ конденсаты немесе сұйытылған көмірсутекті газдардың сорғы, сығымдағыш бөлмелерінің жабық блоктық құрылғылары – көбік, газ немесе ұнтақпен өрт сөндіру жуйесімен.
5.1 Көбікті өрт сөндіру қондырғыларын пайдалану
Қазіргі кезде газ орындарында өрт сөндіргіш құрал ретінде өрт сөндіруші көбік жүйелері (ӨКЖ) маңызды орынға ие. Бұл өрт сөндіруші берілген затының тиімділігіне байланысты болып келеді. Қазіргі уақытта барлық қолданылатын өрт сөндіруші құралдарының ішінде өрт сөндіруші көбіктер өндірістік – дамыған шетелдерде қолданылуы 80% құрайды, ал Қазақстанда болса бұл көрсеткіш 5 – 10% аспайды. Біздің елімізде көп жағдайда су қолдана береді. Ал КазТрансГаз Бейнеу желілік басқармасында көбікті өрт сөндіргіш құралдары қолданылады. Көбік — түрлі заттарды сөндіретін ең таралған және ең ыңғайлы құрал. Бұл, көбіктің бір уақытта салқындатқыш және оқшаулағыш болып табылатынын түсіндіреді. Көбіктің салқындатқыш әрекеті көбік қабатының бұзылуынан кейін де қайта тұтануын болдырмауға мүмкіндік береді. Көбіктің от сөндіргіш эффектілігі физико-химиялық параметрлердің жиынтығымен анықталады. Тағайындалу қасиеттеріне байланысты көбік оқшаулағыш қабілетті, термиялық тұрақты, сыбайлас, қысқалықты, өз бетімен ағатын және т.с.с. болуы мүмкін. Бұл қасиеттерді қамтамасыз ету көбік түзгіш ерітіндісінің құрамын және көбікті алу әдісін таңдаумен жүзеге асырылады.
Химиялық көбіктің жоғарғы от сондіргіш қасиетіне қарамастан, оның қолдануында біршама кемшіліктер болды:
-көбікті алуға қажетті көбікұнтақгенератордың үлкен шығыны ;
-көбік берген кезде үлкен қарқындылық және ұзақ сөндіру уақыты ;
-ұнтақтың көбікгенераторларға енгізу процесінің механизациялауының мүмкін еместігі;
-өрт техникасына қызмет етуге көп адамның жұмылдыруы;
-эжекторлардан көбікгенераторлық көбікке судың тиюы нәтижесінде жұмыстың жиі тоқтап қалуы;
-алынатын көбіктің төмен қысқалықтығы;
-су температурасының төмендеуінен көбіктүзгіш қасиеттерінің нашарлануы;
5.2 Бастапқы өрт сөндіру құралдары
Бастапқы кезеңде шамалы өрт ошақтарын жою үшін ықшамдалған өрт сөндіргіш пайдаланылады. Қызмет көрсететін персоналмен қолмен іске қосылатын мұндай өрт сөндіргіштер тұтану ошағын өрт қызметі келгенге дейін өшіреді. Ықшамдалған құрғақ ұнтақты АВС сыныпты өрт сөндіргіштері технологиялық жабдықтарда көмірқышқыл газы бар орындарда қойылады. Ықшамдалған СО2 өрт сөндіргіштері көбік және құрғақ ұнтақпен зақымдануы немесе ластануы мүмкін болатын жабдықтарымен алаңда қойылады. Өрт сөндіргіштердің үлгілері сөндіруге жататын материалдан жасалуына қарай таңдалады. Сонымен қатар, ұсақ өрт ошақтарын жою үшін кешеннің алаңына өрт инвентарі бар өрт қалқаны орнатылады. Әрбір өрт қалқаны келесідей өртке қарсы инвентармен жабдықталады:
Көмір қышқылды өрт сөндіргіш – 1 дана;
Құмы бар жәшік – 1 дана;
Тығыз төсем (киіз), көлемі: 2х2 метр -1 дана;
Күрек – 2 дана;
Багор – 2 дана;
Балта – 1 дана;
Өрт шелегі – дана.
ППБC РК-10-98 құжатына сәйкес, өнеркәсіп кешенінің аумағы 5000м² дейін ауданға бір қалқан есебінен өрт қалқанымен қамтамасыз етіледі.
5.3 Автоматты көбікті өрт сөндіру қондырғыларының әрекет ету принцпі
Машина залының газ айдау агрегатында өрт болған жағдайда дпс-038 дабылдағышы операторлық үй-жайында орналасқан қабылдау бақылау құрылғысына дабыс сигналын береді. Автоматты түрде көбікті өрт сөндіру насосы іске қосылады. насос станциясында орналастырылған көбіктүзгіш сыйымдылығы 4м3, көбікті өрт сөндіру насосы дазатор арқылы сыйымдылығы 50м 3, сумен араласып машина залында орналасқан көбік генераторына береді.
Бұл өндірістік ғимаратта көбік генераторы яғни КАГ-600 орналасқан. Барлық көлікте 2 дана КАГ-600 оқпаны орнатылған. Оны алу үшін құрамы 6 % «Рауан — 6 Ц» көбік араластырғышы қолданылады.
Көбік араластырғыш генераторы (КАГ) — 600
Көбік шығыны л/с |
600 |
Көбік еселігі |
80-100 |
Шашырату алдындағы қысым (мПа) |
0,4-0,6 |
Суда көбік араластырғыш құрамының шығыны (л/с) |
5-6 |
Көбік беру ұзақтығы (м) |
10 |
Жалғағыш бастиегі (мм) |
70 |
Габритті өлшемі (мм) |
610х350 |
Салмағы (кг) |
4,5 |
Көбік араластырғыш шығыны :
Көбіктүзгіш бойынша – 0,36
Су бойынша – 5,64
Көбік бойынша – 36
От сөндіргіш көбіктер химиялық және ауа-механикалық деп бөлінеді. Химиялық көбікті қышқылды сілтімен нейтрализациялау нәтижесінде алады. Осы көбіктің көпіршіктерінің сыртқы қабаты тұздардың сулы ерітіндісінен және көбік түзуші заттардан тұрады. Химиялық көбікті сирек қолданады.
Газ өнімдерін және кейбір қатты жанғыш заттарды сөндіру негізі ауа-механикалық көбік болып табылады (АМК). Көбік қабықшалы дисперсты жүйені құрайды, сұйықтың жұқа қабықшаларымен бөлінген газ немесе ауа көпіршіктерінің массасынан тұрады. Сол сияқты бұндай жүйе сұйықтықтағы концентрацияланған эмульсия деп аталады, құрамында кем дегенде 75% газ. Газдың көп мөлшерде енгізілуінен қабықшалар созылады және олардың қалыңдығы төмендейді. Газ көпіршік қабырғасын үзбеу үшін, ол өте төзімді болуы тиіс.
Көбік түзгіш ерітіндісін ауамен араластыру нәтижесінде АМК алынады.
Алынған от сөндіргіш көбік келесі негізгі көрсеткіштермен сипатталады:
-тұрақтылығы (белгілі уақыт аралығында көбіктің бұзылуға қарсы тұруы);
-қысқалықтылығы (көбіктің көлемі сұйықтың бастапқы көлемінің қатынасына);
-тұтқырлығы (беттік бойынша көбіктің таралу қабілеттілігі);
-дисперстілігімен (үгілу дәрежесі, яғни көпіршік өлшемдерімен).
5.4 Сумен және көбікпен өрт сөндіру қондырғыларын пайдалануға қабылдау тәртібі
Сумен және көбікпен өрт сөндіру қондырғыларын (жүйелерін) монтаждау-іске қосу жұмыстарының сапасы мен сәйкестігін өрт сөндіретін сорғыш станциясынан тексеру ұсынылады
Өрт сөндіретін сорғыш станциясын тексеру кезінде қызметкер:
1) өрт сөндіру станциясының көлемдік-жоспарлау шешімдерінің орналасуын, сондай-ақ жобалық құжаттамаға сәйкестігін;
2) өрт сөндіретін сорғыш станциясының үй-жайынан тікелей сыртқа немесе сыртқа шығатын жолы бар саты торына шығу жолының болуын;
3) сорғыш станциясы үй-жайларының өзге де үй-жайлардан отқа төзімділік шегі кемінде 0,75 сағат өртке қарсы қалқалармен және далдалармен бөлінуін;
4) өрт сөндіру бекетінің үй-жайымен телефон байланысының болуын;
5) сорғыш станциясының үй-жайына кіретін жерде «Сорғыш станциясы» деген жарықтандырылған таблоның болуын;
6) келтеқұбырлары сыртқа шығарылған және өрт сөндіру қондырғысын жылжымалы өрт техникасына қосу үшін қажетті қосқыш бастиектермен жабдықталған құбырлардың болуын;
7) құбырда резервуарды өрт сөндіргіш затпен толтыратын ысырмалардың болуын;
8) резервуарлардағы (сыйымдылықтардағы) өрт сөндіргіш заттардың деңгейін көзбен бақылау үшін өлшеуіш рейкасы бар бақылау-өлшеу жабдығының болуын;
9) сорғыштардың, технологиялық және электр техникалық жабдықтың жобаның жұмыс сызбаларына сәйкес орналасуын;
10) есептік шығын мен тегеурінді немесе импульстік құрылғыны қамтамасыз ететін автоматты су сіңіргіштің болуын;
11) тиісті қысымда құбырлардың қосқыштарының герметикалығын және олардың арматураға және аспаптарға дұрыс қосылуын;
12) сорғыштарды қолмен тоқтату құрылғыларының болуын;
13) мынадай:
а) негізгі және резервтік кіру жолдарында электрмен жабдықтау және фазалардың жерге (шақыру бойынша) тұйықталу кернеуінің болуы туралы;
б) сорғыштарды автоматты іске қосуды бұғаттау туралы;
в) резервуарда авариялық деңгей туралы;
г) дренаж құрылғысындағы авариялық деңгей туралы;
д) электр басқару желілерінің дренчерлік қондырғылардың қозғаушы құбыр желілерінде орнатылған электр жетегі бар тиек құрылғыларымен зақымдануы туралы жарықты дабылдың болуын және оның жұмыс қабілетін;
14) басқару тораптарында мыналар:
а) тораптың атауы мен оның нөмірі;
б) бағыт нөмірі;
в) қорғалатын үй-жайдың атауы;
г) суландырғыштардың типі мен саны;
д) өрт сөндіру қондырғысының принципті сызбасы мен байламның функционалдық сызбасы;
е) өрт сөндіргіш затты беру бағыттары,
ж) қондырғыны іске қосу тәсілі көрсетілген тақтайшалардың болуын;
15) қондырғыларды басқару тораптарының қызыл түске боялуын,
16) электр техникалық жабдығының ЭҚОЕ талаптарына сәйкестігін;
17) монтаждау жұмыстарын жүргізу сапасын тексеруі қажет.
Өрт сөндіретін сорғыш станциясын тексерумен қатар қызметкер су сақтауға арналған резервуар (сыйымдылық)жобалық құжаттамада көрсетілген көлемге сәйкестігін тексеруі қажет.
Өрт сөндіретін сорғыш станциясын тексеруді аяқтағаннан кейін қызметкер егер жобалық құжаттамада үй-жай қарастырылса, қондырғылардың жұмыс істеуін тәулік бойы бақылауды жүзеге асыратын персоналмен үй-жайды тексереді.
Қызметкер қондырғылардың жұмыс істеуін тәулік бойы бақылауды жүзеге асыратын персоналмен тексеру барысында қызметкер мыналарды:
а) қондырғының іске қосылғаны туралы (бағыттары бойынша айқын жазылған);
б) сорғыштарды автоматты іске қосуды бұғаттау туралы;
в) қондырғының жарамсыздығы туралы (жалпы сигнал – автоматты су сіңіргіште немесе импульстік құрылғыда қысының түсуі туралы, резервуардағы немесе дренаж құрылғысындағы су деңгейінің авариялық деңгейі туралы, тиек құрылғыларымен электр басқару желілерінің зақымдануы туралы, электрмен қамтамасыз етудің негізгі бөлігінде кернеудің жоғалуы туралы);
г) электр жетегі бар ысырмалардың ақаулығы туралы дабылды қамтамасыз ететін жарық және дыбыс дабылының болуын және оның жұмыс қабілетін тексеруі қажет.
Сумен және көбікпен өрт сөндіру қондырғыларын пайдалануға қабылдау барысында қызметкер барлық үй-жайларға тексеріс жүргізуі қажет. Тексеру кезінде мыналарды:
1) үй-жайлардың жобалық құжаттамаға сәйкес жарақталуын;
2) құбырларды қосқыштардың герметикалығын;
3) құбырлардың бекітілуі және сенімділігін;
4) суландырғыштардың нормативтік құжаттардың талаптарына, жобалық құжаттамаға, дайындаушы зауыттың паспорттық деректеріне және суландыру картасына сәйкес орналасуын;
5) суландырғыштарда майысқан жерлерінің, сызаттардың және оның сенімді жұмыс істеуіне әсер ететін өзге де ақаулықтардың болмауын;
6) суландырғыштардың механикалық зақымдану қаупі бар жерлерін арнайы қорғағыш торлармен қорғалуын;
7) бір қорғалатын үй-жай шегінде бір диаметрлік шығыңқы тесігі бар суландырғыштардың орнатылуын қарауы қажет.
Ішкі өрт крандарын қоректендіретін спринклерлік су толтыратын қондырғыларға орналастыру кезінде:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 16 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентіне, «Ішкі су құбыры және канализация» ҚР ҚНжЕ 4.01-41-2006 сәйкес ғимарат үшін бір ағысқа ішкі өрт сөндіруге қажетті ағыс мөлшері мен су шығынын орнатып, тексеру;
2) өрт шкафтарының орнатылуын, олардың өрт жеңдерімен, қосқыш бастиектермен, оқпандармен, қол өрт сөндіргіштермен жарақталуын тексеруі қажет.
Өрт жеңінің ұзындығы, өрт оқпаны ұшының шашырату диаметрі жобалық құжаттамаға және нормативтік талаптарға сәйкес болуы тиіс.
Тексеріс барысында суландырғыш қорын тексеру қажет, ол қондырғының бөлу құбырларындағы жөнделген құбырлардан кемінде 10%, сондай-ақ көбікпен өрт сөндіру қондырғылары үшін екі есе көбік түзгіш қорын құрауы қажет.
Тексерісті аяқтағаннан кейін қондырғының электр басқару құралын тексеріп, оның:
1) жұмыс сорғышын автоматты іске қосуды;
2) белгіленген іске қосу уақыты аралығында жұмыс сорғышының өрт сөндіру режимін іске қосудан бас тартуының немесе шықпауының резервтік сорғышын автоматы іске қосуды;
3) тиек арматурасын электр жетектерімен автоматты басқаруды;
4) басқару тізбектерін жұмыс көзінен электр энергиясымен қоректендірудің резерв көзінен автоматты ауыстырып қосуды қамтамасыз ететініне көз жеткізу қажет.
5.5 Менің ұсынып отырған жұмысым «өрт сөндіру қондырғысының автоматты жұмыс жасау принципі»
Менің ұсынысымның мақсаты өндірістік ғимараттың газ айдау агрегатында өрт болған жағдайда тек сол өрт шыққан агрегатты ғана сөндіруге бағытталған жұмыс болып табылады.
Ол келесі принцип бойынша жізеге асырылады:
Автоматы көбікті өрт сөндіру қондырғысының жұмыс істеу принципі керсетілген. Мұнда автоматы су кабылдағышқа су кұйылып оның үштен бір бөлігіне компрессор аркылы ауа толтырылады, сондыктан бүкіл кұбыр бойымен КАГ — 600 ге дейін жоғары кысымда су тұрады. Өрт болған жағдайда сол жердегі температура 150 0 С көтерілгенде жылулық өрт хабарлағышы жұмыс істейді, белгілі бір уақыттан кейін автоматты су қабылдағыштағы қысым азаяды да, су қоректендіргіш автоматты басқару шкафына сигнал беріліп, одан басқару және бақылау шкафына сигнал беріледі.
Ол автоматты түрде негізгі қоректендіргіш сорғышты іске қосады, қоректендіргіш сорғыш негізгі құбыр арқылы резервуардан суды алып негізгі құбыр арқылы өрт ошағына береді.
Белгісіз бір себептермен негізгі сорғыш іске қосылмай қалған жағдайда бірнеше секунттан кейін сақтық қосымша сорғыш іске қосылады. Қосымша сорғыш негізгі құбыр көзі арқылы резервуардан суды алып шашыратқыш арқылы өрт ошағына береді. Резервуардағы су деңгейі төмендеген жағдайда қалытқы төмен түсіп орталық су құбыры арқылы резервуарға су үзіліссіз келіп тұрады.
Егер 10 минут ішінде өрт жойлымаған жағдайда қолмен басқару тетігі арқылы дистанционды жүйе қайтадан іске қосылады.
Өрт өшкен соң құбырды және автоматы су кабылдағышты сумен толтыруға арналған сорғыш көмегімен, қоректендіргіштің үштен бір бөлігін компрессор арқылы ауамен толтырамыз. Резервуарға негізгі құбыр арқылы белгілі деңгейге дейін су толтырылады да, қондырғы кезекші жағдайға койылады.
5.6 Ұсынылған жоба іс-шараның экономикалық тиімділігін бағалау
5.6.1 Жұмыстың қауіпсіздігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуге байланысты шығыстар, пайдаланылғын шығындар
От тосқауылды қондыру, апаттық құйын алу, жеңіл түсірілетін құрылымның ұлғаюының пайдаланылған шығындары.
Пайдаланылған шығындарды мына формула арқылы анықтауға болады:
См – материалға кеткен шығындар және бір қалыпты пайдалануға керекті материалдар.
Сзп – қызмет еткен адамдардың төлем ақысына кеткен шығындар.
N – бөлек лауазымды топтың саны;
3 осн – негізгі төлем ақысы;
Здоп – төлем ақыға қосымша пайызды төлем;
Qcc – пайызда анықталған арнайы сақтандыру;
Са — амортизационалды алып тастау.
Өрттен болған экономикалық зиян.
Келесі жағдайға дейін анықталатын зиян:
а) егер салыстыру база ретінде еңгізілмей-ақ нысанның көшіру шарттары қабылданса, мұндай жағдайда өрт келтірген зиянның ауқымы өрттің 0,75 сағ. уақытында бос жануынан саналады;
б) еңгізілген нұсқа үшін от орта есеппен санағанда өрт сөндірудің қызметкерлері келгенше 10 мин уақыт бос жанады.
Экономикалық нәтижеліліктің қосымша көрсеткіштері негізгі көрсеткіштердің болмаған жағдайда не негізгі көрсеткіштердің салыстыру нұсқалары болар-болмас айырмашылықтар кезінде қолданылады.
Капитал салудың салыстырмалы экономикалық нәтижелілікті екі нұсқаны салыстырған кезде, яғни, көшіру жолдарына кеткен шығындарды үнемдеу мен капитал шығындарын үнемдеуді салыстыру жолдары арқылы анықталады.
Бұл мына формула арқылы анықталады:
Е — капитал салудың салыстырмалы нәтижелілігінің коэффиценті
1 жыл;
Ен — капитал салудың экономикалық нәтижеліліктің нормативті коэффиценті, 0,15;
С1, С2 — салыстыру нұсқалар негізіндегі тапсырыс берген адамның көшіру жолдарына кеткен шығыны;
У 1 У2 – салыстыру нұсқалар негізіндегі өрттен болған зиян.
Егер еңгізудің құрылуы қосымша капитал салумен байланысты болса, салыстырмалы экономикалық нәтижелілігінің қайтымды коэффицентінің көлемі болатын нәтижеліліктің бағасымен өтімділіктің мерзімімен сипатталады.
Т – жылдағы өтімділік мерзімі, Тн – салалық нормаларды қабылдайтын өнімділіктің нормативті мерзімі, олар болмаған жағдайда 8,3-ке тең.
Екі нұсқаны салыстырғанда өрт автоматикасын еңгізу құрылымы бір жылдың ішіндегі экономикалық нәтижеліліктің көлемі мына формула арқылы анықталады.
Өрт автоматикасының 2 үлгісін слыстырмалы түрде алғанда:
Эг— экономикалық нәтиже;
Вг — В=1 құрылымның обьектіде еңгізу жағдайына байланысты обьект немесе салаларда құрылымның еңгізуінің жылдық көлемі.
5.6.2 Нұсқаларды салыстыру және экономикалық нәтижені таңдау
Негізгі көрсеткіштердің көлемін анықтап болған соң, экономикалық нәтижеліліктің нұсқасын таңдау анализіне көшеміз. Қолданбалы типтік әдістеме бойынша бұл таңдау салыстырған екі нұсқаның бірінің келтірілген шығындардың ең кеміне негізделеді.
Экономикалық нәтижеліліктің нұсқаларын анықтауы Ен и Тн –нің нормативті мағыналармен салыстырған қорытындыға негізделеді.
Шешімнің экономикалық негізделген нұсқасын анықтағаннан кейін экономикалық нәтижеліліктің жылдық көлемін есептеуге болады.
С1 – бірінші нұсқасында 700 000 т. сәйкес келетін инженер-техникалық шешімнің жүзеге асу ортаның ағымдағы шығындары;
ЕН — 0,15 тең капитал салушының салыстырмалы экономикалық нәтижеліліктің коэффициенті;
К1 – 1400000 т. тең бірінші нұсқадағы капиталдық шығындар;
С2 — екінші нұсқадағы 300000 т. тең инженер-техникалық шешімнің жүзеге асу ортаның ағымдағы шығындары;
У1 ,У2 — өрттен болған материалды зиян;
У1-100000 тн.
У2-182800 тн.
К2 — 198000 т. тең екінші нұсқа бойынша капиталдық шығындар;
Вг – 1-ге тең жаңа инженер-техникалық шешімнің тәжірибеге еңгізудің жылдық көлемі.
Э г = [( С1 + Ен × К1 +У1) – (С2 + Ен × К2 +У2 )] × В2 =
[(700 000 + 0,15 × 1400000 + 100000)] –
[(300000 + 0,15 × 198000 + 182800)] × 1= 497500 тг
Алынған көлем бойынша екінші нұсқаның өртке қарсы қорғаныста бірінші нұсқаға қарағанда анағұрлым үнемді әрі нәтижелі екенін байқаймыз.
- Техникалық қауіпсіздігі бойынша негізгі талаптар
Осы жоба келесі құжаттарда баяндалған қауіпсіздік шараларының талаптарына сәйкес әзірленді:
Тұтынушылардың электрқондырғыларды техникалық пайдалану ережесі;
Тұтынушылардың электроқондырғыларды пайдалану кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесі;
Өрт сөндірудің автоматты жүйесіне қатысты бөлігінде белгіленген мерзімде бекітілген қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттама;
ӨСАҚ-ға пайдалану құжаттамасы.
Техника қауіпсіздігін сақтау қондырғыны пайдалану кезіндегі қауіпсіз жұмыстың қажетті талабы болып табылады. Техника қауіпсіздігін бұзу бақытсыз жағдайларға алып келуі мүмкін. Қызмет көрсететін персонал техника қауіпсіздігі бойынша кіріспе жалпыламалы нұсқаулықтан және жұмыс орнында еңбектің қауіпсіз тәсілдеріне арналған нұсқаулықтан өткеннен кейін ғана жұмысын атқаруға жіберіледі. Кіріспе нұсқаулығы жұмысқа жаңадан қабылданғандардың барлығымен жүргізіледі. Нұсқаулық беру кезінде мамандығы бойынша сол жұмыс орнындағы міндеттерімен таныстырылады. Нұсқаулықтан өту техника қауіпсіздігінің журналында көрсетіледі.
Сумен өрт сөндіру қондырғысын пайдалану «Сумен өрт сөндіру қондырғысын пайдалану жөніндегі нұсқаулыққа» сәйкес жүргізіледі. Сулы өрт сөндіру қондырғысымен жабдықталған объектіде жұмыс атқаратын персонал көрсетілген қондырғының бар екендігі туралы хабардар етіледі, оның жұмыс істеу қағидасы мен қауіпсіздік ережелері туралы нұсқаулық беріледі. Қондырғыны пайдалану кезінде оның элементтерінің дұрыс жұмыс атқарып тұрғандығын қадағалау қажет. Ол үшін дабыл құралдарының дұрыстығын бақылау керек. Қондырғыны жөндеу қондырғыны пайдалануға жауапты тұлғаның ұдайы қатысуымен жүргізіледі.
Өрт орын алған жағдайда қорғалатын жайдан шығу жолдары көрсетілуі тиіс, шығу жолдары әрдайым бос болады.
Қондырғыны пайдалану кезінде келесі ережелерді орындау қажет:
Жабдықты құрылымдаумен/қайта құрылымдаумен байланысты болатын жөндеу жұмыстары жөнделетін бөлшекте қысымның жоқ кезінде жүргізілуі тиіс;
Тоқөткергіш элементтерге жақын орналасқан құбырларды тазалауға және сырлауға рұқсатнама рәсімдеумен қатар олардан қысымның алынуы кезінде ғана рұқсат етіледі;
Гидравликалық сынақ жүргізумен айналысатын тұлғалар сынақ барысында қауіпсіз жерлерде немесе арнайы қарастырылған экранның сыртында болуы тиіс;
- құбырларды гидравликалық және пневматикалық сынау ережелеріне және талаптарына сәйкес жүргізілуі тиіс;
- жұмыс істеп тұрған кезде қозғалтқышты майлауға және механизмдердің қозғалатын бөлшектерінің бұрандамаларын бұрауға рұқсат етілмейді;
- басқару бөлшектері орналасқан жайда техника қауіпсіздігі туралы нұсқаулық және плакаттар ілініп тұруы тиіс;
- электржабдықтарды жөндеу жөніндегі жұмыстар электрқоректенуден ажыратылғаннан кейін ғана жүргізіледі;
- реттеу, жөндеу және профилактикалық жұмыстарды жүргізу кезінде қондырғы тұтынушыларының қоректену сұлбасын мұқият зерделеу және қажетті қондырғыларды тоқтан ажырату қажет;
- электржабдықтармен жұмыс атқару кезінде диэлектрлі төсемдер және қолқаптар болуы тиіс;
- оқшаулаудың зақымдануынан орын алуы мүмкін болатын электржабдықтың барлық қажетті бөлшектері жерлендірілуі (нөлденуі) тиіс. Қорғаныс жерлендіру (нөлдендіру) ПУЭ-ға сәйкес жүргізіледі.
6.1 Техникалық қызмет көрсету және өрт сөндіру қондырғысын күтіп ұстау
Жүйені қолдануға дайын күйінде ұстауға, приборлар мен элементтердің зақымдануының және уақытынан бұрын істен шығуын болдырмауға бағытталған іс-шараларды жүргізу сумен өрт сөндіру қондырғысына техникалық қызмет көрсетудің негізгі мақсаты болып табылады.
Өрт сөндіру қондырғысына техникалық қызмет көрсету және жөндеу құрылымы келесі жұмыс түрлерін қамтиды:
- техникалық қызмет көрсету;
- жоспарлы ағымдағы жөндеу;
- жоспарлы күрделі жөндеу;
- жоспардан тыс жөндеу.
Ағымдағы қызмет көрсетуге қондырғының жоспарлы жұмысын бақылау, анықталған ақауларды жою, баптау, реттеу, босату және тексеру жатады. Ағымдағы жөндеудің көлеміне ішінара бөлшектеу, жетектерін және кабельді имараттарды ауыстыру және жөндеу кіреді. Жабдықтарды өлшеу және сынау, сондай-ақ анықталған ақауарды жою жүргізіледі. Сонымен қатар, күрделі жөндеудің көлеміне ағымдағы жөндеумен қарастырылған жұмыстар, қондырғының ескірген элементтерін ауыстыру, жабдықтардың пайдалану мүмкіншіліктерін жақсарту кіреді. Жоспардан тыс жөндеу ағымдағы немесе күрделі жөндеу көлемінде жүзеге асырылады және өрттен, апаттан кейін жабдықтардың қанағаттанарлықсыз пайдалануынан соң немесе оның алдын алу үшін жүргізіледі.
Техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты жүргізу барысында «Өрт сөндіру және күзет-өрт дабылы қондырғыларын регламенттелген техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және жүргізу туралы нұсқаулықтың» және РД 25.964-90 «ӨСАҚ, түтін шығару, күзет, өрт және күзет-өрт дабылына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесінің» талаптары басшылыққа алынуы тиіс. Сумен өрт сөндіру қондырғысына техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жөніндегі жұмысты төртінші разрядтан төмен емес слесарь-сантехниктер жүргізеді.
6.2 Өрт дабылдағышын пайдалану және техникалық қызмет етуі
Жүйелерді, кешендерді техникалық қызмет көрсету орнатылған формада периодты түрде өткізу керек.
Техникалық қызмет ету үрдісінде төмендегілерді тексеру қажет:
— монтаж орталығы, бекітпесін және аппаратуралардың ішкі көрінісін;
— хабарлағыштардың жұмыс жасауын және қабылдау-бақылау аспаптарының және құрылғыларының жұмыс қабілеттілігін;
— жұқа қосылыстар орталығын;
— негізгі және резервті электрмен қамтылу көздерінің жұмыс қабілеттілігін;
— жарық және дыбыс хабарлағыштарының жұмыс қабілеттілігін;
— жүйелердің, кешендердің жалпы жұмыс қабілеттілігін.
Осы аталған жұмыс түрлерін өткізу ережелерін қазіргі заңдылықтарға сәйкес ұйымдарға және физикалық тұлғаларға ұсынылады.
Техникалық қызмет көрсету.
Техникалық қызмет көрсетудің негізгі тапсырмалары болып:
— техникалық құрылғылар дабылдағышын тұрақты қамту;
— ТҚ техникалық орталығын бақылау;
— ТҚ пайда болған жағдайларды жою, климатикалық, технологиялық және басқа жағымсыз шарттарын;
— жұмыс орындалу қорытындысы нәтижелері бойынша мәліметтер жинау, шараларды өндеу және ТҚ әдістері табылады.
Техникалық қызмет ету жоспарлы (регламенттелген) немесе жоспарсыз (техникалық корталығы бойынша).
Жоспарлы ТҚ өткізу нәтижесінде орнатылған форма негізінде журнАлға тіркеу қажет.
Жоспарсыз ТҚ мынадай кездерде өткізеді:
— күзетілетін объекттен жалған дабыл түскен кезде;
— аппаратуралар жұмыс жасамағанда;
— жағымсыз климатикалық, технологиялық немесе басқа да жағдайларды жойғанда;
— қолданыстар арызы (күзетілетін объект негізінде).
Күзет-өрт дабылдағыш құралдарын техникалық жөндеу.
Күзет-өрт дабылдағышы құралдарының жұмыс жасамауы және зақымдалуы сипатына байланысты жөндеу жұмыстарының қиындылығы ретінде келесі жөндеу түрлері өткізіледі:
— ағынды және капиталды – шлейф дабылдағышы үшін;
— орташа және ағынды – аппаратуралар үшін.
Дабылдағыштар шлейфінің ағынды жөндеуі компоненттер қатарынан шығатын бөлек құрылғыларды ауыстыру ретінде қолданылады (хабарлағыштар, орнатылған элементтер, жалғағыш желілер аймақтарында).
Дабылдағыш шлейфтерінің капиталды жөнделуі оларды әрі қарай пайдалану мүмкіндігі болмағанда немесе күзетілген объекттердің капиталды жөндеулері жағдайларында өткізеді. Сонымен қоса демонтаж және хабарлағыштарды, қосылғыш желілерді, орнатылатын элементтерді толықтай ауыстырады.
Аппаратураны орташа жөндеу оны бөлек және толық бұзу, қалпына келтіру және құрастырмалы элементтерін ауыстыру нәтижесімен аяқталады. Аппаратураларды ағынды жөндеу жеңіл түсетін элементтерінің жұмыс жасамағанын ауыстырумен аяқталады.
Қорытынды
Мениң дипломдық жобамда Маңғыстау облысындағы «Интергаз орталық Азия КазТрансГаз Бейнеу желілік өндірістік басқармасы» Акционерлік қоғамында мүмкін болатын өрттен қорғау үшін көбікті өрт сөндіру қондырғыларын қарастырдым.
ҚР ҚН 2.02-11-2002 «Ғимараттар, имараттар және бөлмелерді автоматты өрт дабылдағышымен, автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарды хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормалары» 71-бет 10.10.2 пунктінде көрсетілген Газды кешенді дайындау қондырғыларымен жабдықтауға болады.
Бөлменің өрт қауіптілігі және микроклиматынан шығып, сөндіру әдісі және от сөндіру құралдары түрлерін таңдауда мен сумен өрт сөндірудің спринклерлі қондырғысын қолдануды ұсындым. Жүйенің толық гидравликалық есептері өткізілді. ҚР ҚНжЕ 2.02-15-2003 «Ғимарат пен имараттың өрт автоматикасы» сәйкес Өндірістік ғимарат түтін және жылу өрт хабарлағыштарымен жабдықталады. Көрсетілген жобада көбікті өрт сөндіру қондырғысының жұмыс жасау принципіне қойылатын талаптар қарастырылды. Өндірістік ғимараттар ішіндегі технологиялық құбыр жолдары мен құбыр жолы арматурасын ұстау тәртібін және ережелерін орындалуын қарастырдым.Қызмет ететін және кезекші қызыметкерлер үшін өрт сөндіру қондырғысының техникалық мазмұндары бойынша нұсқамаларды жасадым. Көбік араластырғыш қондырғысын пайдалану бойынша өрт сөндірудің кейбір сұрақтарды қарастырдым. Дипломдық жобаның соңында өрт сөндіру қондырғысының автоматты жұмыс жасау принципінің жаңа тәсілін ұсындым. Бул ұсынысым өндірістік ғимараттың экономикасына тиімді деп санаймын. Сонымен қатар өрт қауіпсіздігі мәселелерінің шешімдерінің бірі болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
- ҚР ҚНжЕ02.-15-2003. Ғимарат пен имараттың өрт автоматикасы.
- ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2002 Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі. Астана, 2002.
- Эксплуатация установки пожарной автоматики . Н.Ф. Бубырь, В. П. Бабуров и др. Москва: ВИПТШ МВД СССР 1986 г.
- Установки пожаротушения автоматические. Справочник С. В. Собурь. Москва: ЗАО «Спецтехника» 2001 г.
- Установки пожаротушения автоматические. Учебно-справочное пособие. С. В. Собурь. Москва: «Пож.Книга» 2008 г.
- ҚР ҚН 2.02-11-2002 Ғимараттарды, бөлмелерді және имараттарды автоматты өрттік сигналдаудың жүйелерімен, автоматты өрт сөндіру және өрт туралы адамдарға хабарлау қондырғыларымен жабдықтау нормалары. Астана, 2002.
- «Пожарная автоматика» 2007, Журнал-каталог.
- 9. Шурин Е.Т., Юн С.П., Пальцев В.П. Методические указания к курсовому проектированию по дисциплине Пожарная профилактика в строительстве.-М.: ВИПТШ, 1990 — 80 с.
- 10. Томин С.В., Токарев В.Н. Задачник по пожарной профилактике в строительстве, М 1995 г.
- 11. Ройтман М.Я. Противопожарное нормирование в строительстве, М/С 1998 г.
- С.В. Собурь. Справочник «Установки пожаротушения автоматического М., Спецтехника 2001 г.-399 с.
- Гидравлика и противопожарное водоснабжение. Кошмаров Ю.А. М. 1985 г.
- Справочник. Пожаро-взрывоопасность веществ и материалов и средства их тушения. Под редакцией А.Н. Баратова и А.Я. Корольченко. М. «Химия», 1990 г.
- 15. С.В.Собурь, Установки пожаротушения автоматические. Учебное-справочные пособие.-5-е изд. (перераб.).-М., ПожКнига, 2008.-312с.
- 16. Пожарная техника. Часть II. Пожарное оборудование/Н.М.Дэнкас, К.И.Кравченко, Н.Д.Шебеко и др.-М.: ВНИИПО, 1997.-200с.
- В.Г.Григорьев, В.И.Горячев, Т.П.Кузнецова. Инженерная графика. –Ростов н/Д: Феникс, 2004.-416с.
- СНиП РК 04.01.02-2001 «Водоснабжение. Наружные сети и сооружения»
- Бубырь Н.Ф. «Установки автоматической пожарной защиты» М.Стройиздать.1979г.
- Будасов Б.В. «Строительное черчение», М.Стройиздать 2002г.
- Грушевский Б.В. «Пожарная профилактика в строительстве»,
М. Стройиздать, 1989г.