АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Петропавл қаласындағы «Тайга» ЖШС сауда үйінде мүмкін болатын өртте жауынгерлік іс-әрекетті басқару алгоритмі, КТИ

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер Министрлігінің
Төтенше жағдайлар Комитеті
Көкшетау техникалық институты» РММ

 

Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы

 

«Қорғауға жіберілді»

ЖТП кафедра бастығының м.а.
ө.қ.қ подполковнигі Р. Баймаганбетов

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: «Петропавл қаласындағы «Тайга» ЖШС сауда үйінде мүмкін болатын өртте жауынгерлік іс-әрекетті басқару алгоритмі»

Мамандығы: 5В100100 “Өрт қауіпсіздігі”

 

 

 

Диплом жазушы:
ө.қ.қ. кіші сержанты Актанов Б.Т.
Жетекші:
ө.қ.қ. полковнигі Булкаиров А.Б.

 

Көкшетау 2015 ж.

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі
Төтенше жағдайлар Комитетінің
Көкшетау техникалық институты

Күндізгі оқу факультеті

Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы

5В100100 «Өрт қауіпсіздік» мамандығы бойынша дипломлық
жұмысты (жоба) дайындау бойынша

ТАПСЫРМА

Жұмыс (жоба) тақырыбы: «Петропавл қаласындағы «Тайга» ЖШС сауда үйінде мүмкін болатын өртте жауынгерлік іс-әрекетті басқару алгоритмі»

1. Институт бұйрығы бойынша бекітілген № 157 «10» қыркүйек 2014 ж.

2. Аяқталған жұмысты (жобаны )тапсыру мерзімі «05» маусым 2015 ж.

3. Жұмысқа (жобаға) бастапқы берілгендер нысанның жобасы.

4. Өңдеуге жататын сұрақтар тізімі немесе қысқаша мазмұны, тарауларды орындау мерзімдері:

Бөлімнің аталуы Орындалу уақыты
• Кіріспе 17.10.2014
• Аналитикалық талдау 25.10.2014
• Таңдалған бағытты негіздеу 02.11.2014
• Өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің жауынгерлік іс-қимылының мазмұны мен маңыздылығы 10.11.2014
• Шақыруды өңдеу 25.12.2014
• Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдарының топтастырылуы 20.01.2015
• Жедел-тактикалық сипаттама 28.01.2015
• Даму және өрт сөндіру көрсеткіштері негізінде сипатталған өрт кезіндегі өрт бөлімшесінің жауынгерлік әрекетін бағалау және статистикалық талдау жасау. 01.02.2015
• Сауда үйінде өрт сөндіру кезіндегі өртке қарсы қызмет бөлімшесінің жауынгерлік іс-әрекетін басқару ерекшелігі 20.02.2015
• Дипломдық жобаның тақырыбының мақсаты мен міндеттерін негіздеу 28.02.2015
• Конструктивті-жоспарлау мектебі 05.03.2015
• Өрттің даму көрсеткіштерін болжау (№1 нұсқа) 14.03.2015
• Өрттің даму көрсеткіштерін болжау (№2 нұсқа) 27.03.2015
• Өрт сөндіру нұсқаларының экономикалық негіздемесі 01.04.2015
• Өрт сөндіру кезіндегі техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау 06.04.2015
• Өртте күштер және құралдармен басқарудың негізгі принциптері
Өрт сөндіру басшысы 20.04.2015
• Қорытынды 05.05.2015
• Әдебиеттер тізімі 15.05.2015
• Графикалық бөлімі. 30.05.2015
• Диплом алды қорғау 05.06.2015

5. Тапсырманы тапсыру мерзімі «____»______________ 2014 жыл.

6. Бекітемін:
ө.қ.қ. подполковнигі Карденов С.А.

7. Жетекші:
ө.қ.қ. полковнигі Булкаиров А.Б.

8. Тапсырманы орындауға қабылдадым:
ө.қ.қ. кіші сержанты Актанов Б.Т.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны
Кіріспе………………………………………………………………………………………………. 5
1 тарау. Өрт қауіпсіздігінің сараптамасы……………………………………… …… 7
1.1 Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бөлімшелерінің 2014 жылдың 12 айындағы жауынгерлік іс-әрекеттерінің ТАЛДАУЫ……………………………………………. ……

7
2 тарау. Сауда мекемелерінде өртті сөндіру тактикасы……………… 13
2.1 Өрттердің және олардың себептерінің статистикасы…………………….. 13
2.2 . Адамдар көп келетін ғимараттардағы өрт кезіндегі құтқару жұмыстарын ұйымдастыру…………………………………..
13
2.3 Жарақаттанғандарды көшіру бойынша ұсыныстар……………… 18
2.4 Сауда мекемелерінде өрттің сөндіру және даму ерекшеліктері………. 23
2.5 Өрт сөндіру тактикасы……………………………………………………. 24
3 тарау. Жедел-тактикалық әрекет барысындағы нысан сипаттамасы.. 28
3.1 Ұйым (нысан) туралы жалпы мәліметтер………….. 28
3.2 Үй-жайлардағы өрт жүктемесі, өндірістің технологиялық үдерісінің ерекшеліктері жайлы деректер
3.3 Өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыру жүйесі
3.4 Электрмен қамтамасыз ету, жылу және желдету сипаттамалары туралы қосымша мәліметтер
3.4.1 Электрмен қамсыздандыру
3.5 Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі
3.6 Өрт сөндіру құралдарын таңдау
28
28

29
29
29
31
4 тарау. Жылжымалы өрт техникасымен “Тайга” СҮ өртті сөндіруді ұйымдастыру……
33
4.1 1-ші қабатта өрттің негізгі параметрлерін болжамдау 33
4.2 Өртті сөндіруді ұйымдастыру………………………………….. 37
5 тарау. Өрт сөндіруге шешім қабылдау…………………
5.1 Шешімнің мазмұны
5.2 Шешім қабылдау әдістемесі
5.3 ӨСЖ-нің шешім қабылдау барысындағы ойының логикалық әдістері
5.4 Шешім қабылдау барысында математикалық әдістер мен ұйымдастыру техникалаларын қолдану
5.5 ӨСЖ мен басқару органдарының жұмысын ұйымдастыру
5.6 Қол астындағы қызметкерлерге міндеттерін түсіндіру
5.7 Бөлімшелер мен қызметтердің өрт кезіндегі өзара әрекетін ұйымдастыру
5.8 Өрт сөндіру бөлімшелерінің әскери амалдарын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды іске асыру 40
40
47
54
56

59
61
65

69

6 тарау. Қабылданған шешімдердің экономикалық түсініктері 71
7 тарау. Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі… 73
Қорытынды……………………………………………………………
Әдебиеттер 75
76
Кіріспе
Білім реформасы – бұл Қазақстанның нақты бәсекелестік қабілеттілігін қамтамасыз ете алатын, басты жабдықтардың бірі болып табылады. Бізге нақты білім жүйесі керек, қоғамдық және экономикалық модернизацияның қажеттіліктеріне сәйкес келетін.
Сондықтан он екі жылдық оқытуға көшкендіктен он жылдық орта білімді жоюға болмайды, техникалық және кәсіби білімді болашықта әрі-қарай таңдау үшін. Адамның өмір бойы білімді алу үшін барлық қажетті шараларды туғызу керек.
Жоғары білімді таңдағандар үшін 12 жылдық оқытудағы ұсынулар өңделу керек.
Жоғары білім сферасында техникалық білімнің дамуына ерекше назарын бөлуімен ЖОО жүйесінде оптимизация өткізілу керек. Қазіргі мемлекеттік менеджерлерді дайындау үшін мемлекеттік басқару Академиясының базасында шетел мемлекеттермен қатысуымен ұлттық басқару мектебі құрылу керек, ең жоғары халықаралық стандарттарға жауап беретін.
Білім жүйесін дамытуын реттеу мақсатында жеке сектор мен мемлекеттің арасындағы достастықты нығайту керек, мемлекеттік-жеке білім несиелеу жүйесін жетілдіру.
Мамндықтың және ЖОО деңгейіне байланысты мемлекеттік гранттардың дифференциациясы туралы ойлану керек.
Қазір мәдениет сферасы дамуындағы мемлекеттік-жеке қатысу оптимизация кезі басталды, сол кезде өзінің мәдени іскерлігінің есебі арқылы біздің үздіктер өзіне бейім өмір деңгейін ала алатын, шараларды туғызу керек. Бұл мелекетте ірі халықаралық мәдени аукциондардың өткізілуі кезінде мемлекеттік көмек.
Қазақстан Республикасында сауда адам өмірінде үлкен мән алады. Жыл сайын сауда өндірістердің саны өсе береді.
Соңғы уақытта үлкен сауда-сауық кешендердің құрылыс тенденциясы пайда болады.
Сауда-сауық кешендері адамдардың көп болатын объекттерге(жұмыс уақытында) жатады. Практикада жүзеге асырылатын өртке қарсы шараларының жүйесі, әр-түрлі нормативті құжаттармен ұсынылатын, болашақта жетілдірілу керек, әсіресе жоспарлаудың жаңа түрлерімен және жаңа құрылыс материалдардың пайда болуымен байланысты.
Ірі магазиндердегі өрттер, күрделі және ірі болып табылады, үлкен еңбекпен жойылады, адамның денсаулығы мен өміріне үлкен қауіп төндіреді.
Осындай өрттерді сөндірудегі ұйымдастырушы техникалық дайындық өртке қарсы қызмет гарнизондардың басты шарттардың бірі болып табылады.
Қазіргі сауда орталықтарының құрылысы кезінде көлемді қолдануды қазіргі құрылыс материалдары алады, олар жану кезінде адамның денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін токсикалық заттарды шығыры алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1. Өрт қауіпсіздігінің сараптамасы

1.1. Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бөлімшелерінің 2014 жылдың 12 айындағы жауынгерлік іс-әрекеттерінің ТАЛДАУЫ

2014 жылы Солтүстік Қазақстан облысында 812 өрт болып, келтірілген залал құны 119 млн.025 мың теңгені құрады. 2013 жылмен салыстырғанда өрт саны 8,8% артқан. Солтүстік Қазақстан облысы бойынша бір өртке кететін орташа нұқсан 2013 жылғы 431 794 теңгеге қарағанда 146 551 теңгені құрады.

Бөлімшелердің шығу динамикасы, авариялық-құтқару жұмыстары мен жалған шақырулар

«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖ» ММ-нің облыстың елді-мекендерінде өрт сөндіру бойынша әскери әрекеттерінің
ЖИЫНТЫҚ КЕСТЕСІ


р/т Атауы 2014 ж. 2013 ж.
1 Кезекші күзеттің дабыл бойынша шығуы, оның ішінде 1845 1414
а) Өртке 761 695
б) Авариялық-құтқару жұмыстары 194 160
в) Өрт ретінде есепке жатпайтын жану оқиғалары 886 556
г) Жалған 4 2
2 Өрт-тактикалық оқулар, сабақтар 158/699 137/954
3 Құтқарылған/қауіпсіз жерге көшірілген адамдар (барлығы) 48/1047 55/1899
4 Өртте қаза болған адамдар (барлығы) 47 48
4.1 Оның ішінде балалар 8 10
5 Ерікті өрт сөндірушілер жасағымен, халықпен және т.б. сөндірілген өрт. 51 51
6 Өрттен келген залалардың жалпы құны (мың теңге) 119 000,25 322 119
7 Құтқарылған тауар-материалдық құндылықтар (мың теңге) 620 292 596 769
8 Жойылған құрылыстар 181 130

Облыс өңірі бойынша барлық аудандарда, Айыртау, Мамлют, Уәлиханов аудандары мен алдыңғы жылдармен салыстырғанда өрт саны 12,2%, 16,1%, 29,1% и 14,3% -ға төмендеген Шал ақын ауданынан басқаларында өрт саны артты. Тайынша ауданында өрт санының барынша артуы байқалды, егер де 2013 жылы осы өңір аумағында 26 өрт болса, 2014 жылы осы аймақта 60 өрт тіркелген, осылайша өрт санының артуы 130% құраған.
Өрт ретінде есепке алуға жатпайтын жану оқиғалары былтырғы жылға қарағанда 59% артқан. Өткізілген авариялық-құтқару жұмыстарының саны да 21% -ға артқан.
«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖ» ММ-нің бөлімшелері 2014 жыл бойы орташа алғанда тәулігіне дабыл бойынша 5 рет шықты, оның ішінде:
— Өртке 2 рет (дабыл бойынша шығудың жалпы санының 41,3% );
— Авариялар мен қайғылы оқиғаларға (АҚЖ) 0,5 рет (10,5%);
— Өрт ретінде есепке алуға жатпайтын жану оқиғалары 2,4 рет (48,%).

«СҚО ТЖД ӨС және АҚЖ» ММ бөлімшелерінің өртке
бару сапарының уақыты (пайызбен алғанда)

Өрт болу орнына бару уақыты мен оны сөндіруге кететін уақыт өртті сәтті сөндіріп, материалдық нұқсан көлемін төмендетуге әсер ететін маңызды фактор болып саналады.
2014 жылдың өткен кезеңінде орын алған 55,7 % өртке «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖ» ММ-нің бөлімшелері 10 минут ішінде жетті, бұл өрт жайылып кетпей тұрғанда оны дер кезінде сөндіруді ұйымдастыруға, әрі соған сәйкес өртпен келтірілетін материалдық нұқсан көлемін төмендетуге мүмкіндік берді. Бірінші бөлімшенің өрт орнынан бару сапарының орташа уақыты 12 айда облыс орталығында 8,5 минутты, ал ауылды жерде 29,4 минутты құрады.
Осыған байланысты, аудан орталықтарынан қашықта орналасқан, әрі мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының бөлімшелері жоқ елді-мекендерде орын алған өрт саны 25,8%-ға артты, бірінші өрт бөлімшесінің өрт орнына бару сапарының орташа уақыты облыс бойынша 2013 жылғы осындай кезеңмен салыстырғанда 59%-ға артты және 19,9 минутты құрады.

Өртті сөндіру уақыты (пайызбен алғанда)

2014 жылдың 12 айында бір сағатқа дейін өрт сөндіру уақытында 366 өрт сөндірілді (өрттің жалпы санының 48,2% ), 2013 жылдың осындай кезеңі ішінде 333 өрт сөндірілді (47,9%). Бір сағаттан астам уақыт ішінде сөндірілген өрт саны барынша артты, бұл аудандық бөлімшелердің шығу радиусының нормативтік талаптардан барынша асатынын көрсетеді. Сонымен қатар кезекші күзеттің жеке құрамы санының аздығы да үлкен әсер етеді. Жеке құрам саны аудандық бөлімшелерде өртті сөндіру кезінде 5 адамнан аспайды, бұл өртті сөндіру мен бір мезетте басқа да әскери әрекеттерді жасау уақытына әсер етеді. Өрт бекеттерінің кезекші күзетінің штаттық саны 3 адамды құрайды, бұл оларға өрт орнына келісімен өрт сөндіру техникасының тактикалық мүмкіндіктерін толық көлемде қолдануға мүмкіндік бермейді, ал бұл өз кезегінде өрт қауіпсіздігі қызметінің мәртебесіне келеңсіздік келтіреді.
812 өрттің 242-сі облыс орталығында, Петропавл қаласында болды, облыс қалаларында – 53, ал 517-сі ауылды жерде орын алды. 2014 жылдың 12 айында 51 өртке (өрттің жалпы санының 6,3%) «СҚО ТЖД ӨС және АҚЖ» ММ-нің бөлімшелері шақырылған жоқ және әскери емес өрт сөндіру құрамаларымен және халықпен сөндірілді.
Облыс аумағында 2014 жылы 3 ірі өрт болды («Айсберг» сауда үйі, «Самовар» дәмханасы, «Гедеон» сауда базасы), осы өртті сөндіру барысында жеке құрам өрт сөндіру жұмыстарын ұйымдастыру мен мәдениеттің жоғары деңгейін көрсетті, сонымен қатар қауіпсіздік техникасы ережелерінің бұзылуына жол берілген жоқ:
— 2014 жылдың 06 мамырында «Айсберг» сауда үйі ғимаратының сыртқы қаптамасы өртеніп, өрт аумағы 186 ш. м. ауданға жайылды (өртті сөндіру барысына 15 техника мен жеке құрамның 80 адамы қатысты);
— 2014 жылдың 01 қыркүйегінде «Самовар» дәмханасы шатырының 390 ш.м. аумағы өртенді (өрт сөндіру жұмысына 17 техника мен 70 адам қатысты);
— 2014 жылдың 28 қыркүйегінде «Гедеон» сауда базасының ангар типтес қойма жайының 300 ш.м. өртенді (өрт сөндіру жұмысына 13 техника мен 60 адам қатысты).
Бұл өрттер зерделенді, зерттеу қорытындысы бойынша өрт себептері талданып, толық сипатталды. Өрттің туындау себептерін офицерлер құрамымен талдау барысында өрт сөндіру автокөліктерінде орнатылған бейнетіркеуіш арқылы жазылып алынған фотоматериалдар мен бейнежазбалар қолданылды.
«Гедеон» сауда базасының қоймаларындағы өртті сөндіру барысында мекеменің өрт сөндіру техникасы бөлімінің қызметкерлерімен әзірленген шатыр астын сөндіру бойынша тескіш ұңғымасының тәжірибелі нұсқасы қолданылды. Әзірлеу сызбасы мен осы ұңғыманы сынақтан өткізу бойынша фотоматериалдар Қазақстан Республикасының ІІМ ТЖК-не қарастыру үшін және оны өрт сөндіру бойынша жұмыстар барысында болашақта қолдану үшін жолданды. Бұл ұңғыма өрт сөндіру кезінде бірнеше мәрте қолданылды және өзін жақсы жақтарынан көрсете білді.
Жоғарыда көрсетілген нысандардың жетекшілері СҚО «ӨС және АҚЖ ТЖД» ММ атына алғыс хаттарын жолдаған болатын.
2014 жылы ерікті өрт сөндіру құрылымдары 303 өрт сөндіруге қатысты, бұл облыс аумағында орын алған өртің жалпы санының 37% құрады (2013 ж. – 32%). ДПФ мен халық өз еркінше өрт сөндіру қызметінің бөлімшелерімен бірлесе отырып, 51 өртті сөндірді. Алдыңғы жылдармен салыстырғанда ерікті жасақ құрылымдарының өрт сөндіру қызметінің бөлімшелері жоқ елді-мекендердегі өрт сөндіру жұмыстарына қатысуының оң динамикасы байқалуда. Бұл факт бөлімше бастықтарының жергілікті атқару органдарымен бірге жұмыстарының жанданып келе жатқанын көрсетеді. Осы бағытта түрлі деңгейдегі әкімдіктерге ауылдық округтердегі ДПФ сапасыз жұмысы туралы жазылған хаттарды жолдау тәжірибесінің ролі зор. Жыл басынан бастап жергілікті атқару органдарына ДПФ сапасыз жұмысы туралы 15 хат жолданып, солардың біреуін қарастыру нәтижесі бойынша Тимирязев ауданының Дмитриевка ауылдық округінің әкімі өрт сөндіру жұмысын сапасыз ұйымдастырғаны үшін сөгіс алды.

2014 жылы төтенше жағдайларға дер кезінде ықпал ету мақсатында облыс қалаларына шығу кестесі әзірленіп, бекітілді. Ал ауылдық жерлерде күш пен құралдарды тарту жоспары құрылып, бөлімшелер жедел шақыртулар бойынша автоматты түрде шығатын нысандар тізбесі, сондай-ақ химиялық қауіпті нысандар тізбесі анықталды. Өрт сөндіру сапасын жақсарту және өртті жою кезінде өзара іс-әрекетті ұйымдастыру үшін «СҚО ТЖД ӨҚ және АҚЖ» ММ-сі облыстың 22 ведомствосы және ұйымымен екіжақты келісімдер жасады.
2014 жылдың есеп беру кезеңінде Солтүстік Қазақстан облысының гарнизонында бір күзет күшімен барлығы 509 өрт сөндірілді (жалпы санының 62,6%).
Автоцистернаның бірінші оқпанымен 346 өрт немесе 42,6% (сәйкесінше 2013 ж. осы уақытта 308 өрт немесе 41,2%) сөндірілді. Бұл деректерге қарағанда аудандық бөлімшелердің жеке құрамының жеткіліксіздігінен оқпанды көп мөлшерде беру мүмкіндігінің бола бермейтіндігі көрінеді. Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету құралдарының қанағаттанғысыз жай –күйі өрттің көбіне қауіпті жағдайларда сөндірілуіне себеп болады.
Кей жағдайларда өрт сөндіру кезінде суды үздіксіз беру тасып жеткізу арқылы жүзеге асырылады. Облыстың көптеген ауылдық елді мекендерінде өрт қарсы сумен қамтамасыз ету құралдарының болмауынан және ақаулықты өрт гидранттарының көптігінен өрт сөндіру кезінде автоцистерналар су көздеріне небәрі 21 рет қана орнатылған.
2014 жылғы есеп беру кезеңінде 20 өрт ауа-механикалық көбік қолдану арқылы сөндірілген. (2013 жылы – 14 рет). Өрт сөндіруші ұнтақ болмауы себепті қолданылмаған.

2010-2014 жылдары өрт кезінде қаза болғандар
санының статистикасы

2014 жылы өрт кезінде 47 адам, оның ішінде 8 бала қайтыс болды. Өрт кезінде адамдар көп жағдайда өрт сөндіру қызметі келгенше қаза болады. Адам өліміне әкелген өрт кезінде зардап шекендерге психологиялық көмек көрсету үшін «СҚО ТЖД ӨҚ және АҚЖ» ММ кадрлық жұмыс бөлімінің штаттағы психологтары міндетті түрде өрт болған жерге шығады. 2014 жылы өрт құрсауынан 48 адам құтқарылып, 1047 адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Есеп беру кезеңінде «СҚО ТЖД ӨҚ және АҚЖ» ММ бөлімшелерімен сөндірілген өрттің басым бөлігі, нақты айтқанда 602-сі (74,%) тұрғын үй секторына тиесілі, бұл азаматтардың өрт қауіпсіздігінің талаптарына немқұрайды қарауынан болып отыр.
2014 жылдың 12 айында «СҚО ТЖД ӨҚ және АҚЖ» ММ бөлімшелері авариялық-құтқару жұмыстарына 194 рет шыққан, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 21,3 %-ға артық (160 рет). АҚЖ–на 217 техника, жеке құрамның 758 адамы жұмылдырылған. АҚЖ кезінде 43 адам, соның ішінде 5 бала құтқарылып, 574 адам, оның ішінде 71 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Зардап шеккен 7 адамға медициналық көмек көрсетілді. ТЖ аймағынан 68 техника бірлігі көшіріліп, қаза болған 29 адамның денесі шығарылды. Облыстық өрт сөндіру бөлімшелері барған төтенше жағдайлардың басым бөлігі қарлы борандардың, көктемгі су тасқынының және ЖКО-ның зардаптарын жою кезінде болған. Жүргізілген авариялық-құтқару жұмыстарының нәтижесінде оның жан-жақты сипаттамасы жасалды.

Жүргізілген өрт сөндіру-тактикалық оқу-жаттығулары мен сабақтарды талдау

2014 жылы «СҚО ТЖД ӨҚ және АҚЖ» ММ басшылығы бөлімшенің жеке құрамының тактикалық дайындығы мен кәсіби шеберлігін жетілдіру жұмыстарына көп көңіл бөлді. Өткен кезеңнің ішінде 158 өрт сөндіру-тактикалық оқу-жаттығуы мен 699 сабақ өткізілді.

 

 

2. Сауда мекемелерінде өртті сөндіру тактикасы

2.1. Өрттердің және олардың себептерінің статистикасы

Сауда үйлерде өрт жиі болып тұрады және өртке қарсы қызметінің жұмыскерлері көп адамдардың өліміне байланысты оның пайда болу себептерін көп уақыт бөліп толық меңгеруде. Бұл өрттердің себептері негізінен мыналар болып табылады:
отпен дұрыс қолданбау;
электр қондырғыларымен қолдану ережелерін бұзу;
электр қондырғыларда және сымдарда қысқаша тұйықталу;
құрылыс жұмыстары кезіндегі өрт қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы;
өртеу.
Осы кезде көбінесе өртті сөндіруді ұйымдастыру қиындықтарынан ерекше қорытындыларға әкеп соғады.
Сауда үйлерде өртті сәтті сөндіруге өрттің еркін даму уақыты көп әсер етеді. Бұл уақытта оны табу уақытынан басқа өртке қарсы қызметіне өрт туралы хабар жету уақыты кіреді, ол кезекші персоналының барына байланысты, өртке қарсы қызметі бөлімдерімен тікелей байланыс 7-ден 20 мин-қа дейін (орташа мағынасы 12 мин).
Сауда үйлер ғимараттарының өрт төзімділік дәрежесі I және II болғанда өрттің сызықтық даму жылдамдығы 0,5-тен 1,5 м/мин дейін, ал өрт төзімділік дәрежесі III және IV ғимараттарда 2-ден 3 м/мин дейін, бұған жанғыш материалдардың көп мөлшерде бары әсер етеді.
Бұның бәрі өрттің ауданының үлкен жылдамдықта өсуіне әсер етеді, ол келтірілген өрттерде 3-тен 45 м2/мин-қа дейін өзгереді.
ӨСБ өртке келісімен әкімшілікпен және қызмет көрсету персоналымен байланыс орнатады, науқастарды көшіру бойынша, көшіруге жататын науқастардың санын, олардың жағдайын, көшіру орынын анықтайды, сонымен қатар қай қызмет көрсету персоналын науқастарды құтқаруға қатыстыруға болатынын анықтайды. ӨСБ тез науқастарды құтқаруға күштің жеткілікті екенін бағалайды және қосымша күштер мен құралдардың өртке қажеттігін анықтайды.

2.2. Адамдар көп келетін ғимараттардағы өрт кезіндегі құтқару жұмыстарын ұйымдастыру

Адамдар көп келетін ғимарат бұл бір уақытта 50 және одан көп адамдар болатын ғимарат. Бұған театрлар, мәдениет сарайлары, кинотеатрлар, клубтар, концерт залдары, оқу орындары, сауда орындары, әкімшілік мекемелер, ауруханалар, көрмелер, мұражайлар жатады.
Адамдар көп келетін ғимараттардағы коридорлар қабат көлемінде бөлмелер арасындағы байланысты қамтамасыз ететін негізгі көлденең коммуникация болып табылады, сонымен қатар бөлмелерден сатыға бару жолдары.
Қөзғалыс көп коридорлардың минималды ені 1,5м (тазалықта) және екінші дәрежелі (ұзындығы 10м) 1,25м. Емдеу профилактикалық ғимараттарында коридорлардың ені 2,2 м кем емес. Оқу бөлмелерінің есіктері кіретін коридорлар коридорға ашылатын есіктермен ені 1,8 м кем емес етіп жасалынады.
Адамдар көп келетін ғимараттарда тік коммуникация ретінде баспалдақтар, кезеңді және үзіліссіз қозғалыстағы көтергіштер, ададар және жүк лифттері және экскалаторлар қолданылады.
Адамдардың өліміне немесе есінен тануына әкелетін өртте шынайы жағдайда негізгі факторлар болып табылады: жалынмен тікелей байланыс, жоғары температура, оттегі детіспеушілігі, түтін құрамындағы көмртегі тотығы және басқа улы заттар, механикалық әсер ету. Ең қауіптісі оттегі жәтіспкушілігі мен улы заттардың бар болуы, өиткені өлімнің 50-60% түншығудан және уланудан болады.
Өрт пайда болғаннан бастап 1-2 минут ішінде жабық бөлмелерде оттегі концентрациясы төмендеуі мүмкін. Мысалы, театрларда көрермен залы мен сақынаның көлемі 25000 м3 декорация жанған кезде оттегі концентрациясы 2-3 мин ішінде қауіпті мағынаға дейін төмендеді.
Өрттерде адам өміріне аса қауіп төндіретін жану өнімдерінің құрамында улы заттар бар түтінді газдар және әртүрлі заттар мен материалдардың бөлінуі. Көміртегі тотығының концентрациясы түтінде 0,05% мөлшерінде адам өміріне қауіпті.
Кейбір жағдайларда түтінді газ құрамында күкірт газы, азот тотығы, күкірт қышқылы және басқа улы заттар болады, олар адам ағзасына аз уақыт әсер еткен кезде (күкірт газы 0,05%; азот тотығы 0,025%; күкірт қышқылы 0,2%) өлімге әкеледі.
Адам өміріне синтетикалық полимерлі материалдардың жануы төтенше жоғары қауіпті.
Қауіпті концентрациялар тіпті термиялық тотығу кезінде және синтетикалық полимерлі материалдардың аз көлемде бұзылуы кезінде де түзіледі.
Осыны ескере отырып, қазіргі кездегі бөлмелердегі синтетикалық полимерлі материалдар 50% жоғары, өрт жағдайында адам үшін олар қандай қауіп төндіретіні белгілі.
Жоғарылатылған қабатты ғимараттарда адам өміріне қауіп төнуі оданда жоғарылайды. Жоғарылатылған қабатты ғимараттарда жану өнімдері ғимараттың қабаттары бойынша 2-3 мин ішінде тарайды. Сол уақытта адамдарды көшіру үшін, тіпті жақсы жағдай кезінде, 1,-15 мин кем емес уақыт керек, кейде оданда көп.
Сонымен қатар адам өміріне жану өнімдерінің жоғары температурасыда қауіпті. Қыздырылған газдар температурасы адам денесінің температурасынан асып кетсе мұндай жағдайда жылу соққысына әкеледі. Температура 42-46оС жоғарылаған кезде-ақ суыру сезімдері сезіледі. Қоршаған орта температурасы 60-70оС болғанда адам өміріне қауіпті болып табылады, көбінесе мәнге сәйкес ылғалдылық және ыстық газдарды шығарған кезде, ал температура 100оС кезінде есінен танады және бірнеше минуттан кейін өлім келеді.
Жоғары температурадан кем емес адам денесінің ашық жерлеріне жылулық сәуле әсері қауіпті болып табылады. Жылуылық сәуленің интенсивтілігі 1,1-1,4 кВт/м2 болғанда адамда 42-46оС температура кезіндегідей әсер тудырады.
Критикалық сәулелену интенсивтілігін 4,2 кВт/м2 тең интенсивтілігін санайды. Кестеде уақыт мәліметтері келтірілген, онда адам жылулық сәулесін қолдың қорғалмаған буынымен әртүрлі интенсивті сәулелену кезінде төзе алады.

Жылулық ағынның тығыздығы,
кВт/м2 Адамдар келуінің берілу уақыты, мин. Адамдардың талапты қорғанысы Адам терісіне жылулық әсердің дәрежесі
3,0 шектелмейді қорғаныссыз Ауыру сезімдері жоқ

4,2 шектелмейді Жауынгерлік киімде және қор-
ғаныс шыны- сымен каскада 20 с кейін шыдамсыз ауыру сезімдері

7,0
5 Сол сияқты Шыдамсыз ауыру сезімдері кенеттен туады

8,5
5 Суланған жауын-герлік киімде, және қорғаныс шынысымен каскада
Күйіктер 20 с кейін

10,5
5 Сол сияқты, бірақ шашыранды су ағнының қорғанысында
Тез арадағы күйіктер

14,0
5 Жылу шағылыстыру костюмінде сулы ағын қорғанысымен
Сол сияқты

85,0 1 Сол сияқты, бірақ жекелей қорғану құралдарымен ,,

Адамдарға тағыда үлкен қауіп жалынмен тікелей байланыста төнеді, мысалы, құтқару жолдары отпен кесілген жағдайда. Кейбір жағдайларда өрттің тарау жылдамдығы жоғары болады, бұл кезде өртке шалдыққан адамды құтқару өте қиын немесе арнайы қорғаныссыз құтқару мүмкін емес. Адам үстіндегі киімнің жаныуда аса қауіпті. Егер уақытында киімнен жалынды сөндірмесе адам өлімге әкелетін күйіктер алуы мүмкін.
Өрттегі ең қауіптісі ол үрей, ол көп адамда болатын кенеттен, есепсіз, ұстамсыз қорқыныш әкеледі.
Ол кенеттен қауіп төнгенде пайда болады. Адамдардың есі мен еркі өрт елесімен басылып қалады, содан туындаған жағдайдан тез арада шығу есігін таба алмайды.
Адамдарды құтқару үшін ең алдымен қысқа және қаупсіз жолдар таңдайды.
Адамдарды құтқару әдісі адамдар мен өрт жағдайына байланысты анықталады. Адамдарды құтқарудың негізгі әдістері болып табылатындар: адамдардың өз бетімен шығуы, адамдарды өрт сөндірушілердің көмегімен шығару; адамдарды көтеріп шығару; құтқарушыларды жоғарыдан түсіру.
Көп жағдайларда қауіп төнгенін байқап адамдар бөлмеден өрт бөлімдері келгенге дейін шығады.
Құтқару жолдары қатты түтінденген болса және құтқарушыларға жол белгісіз болса, сонымен бірге құтқарылушылардық жағдайы мен жасы өз беттерімен қауіпті аймақтан шығуларына күмән келтірсе (адамдар қатты қобалжыған болса немесе бұлар балалар, қарттар, аурулар болса), онда құтқарылушыларды шығару ұйымдастырылады.
Адамдарды қауіпті аймақтан көтеріп шығару олар өз беттерімен жүре алмаған кезде (есінен тану немесе жатқан науқастар, томен жастағы балалар, мүгедектер және т.б.) жасалады.
Адамдарды жоғарыдан түсіру құтқару жолдары отпен қиылған жағдайда және басқа әдістерді қолдануға болмаған жағдайда орындалады. Бұл үшін, жоғарыда көрсетілгендей, стационарлы, жылжымалы және тасымалы сатылар, көтергіштер, құтқару жібтері және т.б. құралдар қолданылады.
Кейбір жағдайларда құтқару әдістерін комбинациямен орындайды. Мысалы, өз бетімен анықталған орынға дейін шығу және әрі қарай өрт сөндіруші көмегімен шығу; адамдарды шатырға немесе балконға шығару және тік ұшақтардың, құтқару жібінің, жылжымалы сатының және басқалардың көмегімен төмен түсіру.
Шақыру орынына ӨСБ келісімен объекттің қызмет көрсету персоналымен байланыс орнатуы керек және жанып жатқан бөлмедегі адамдар саны туралы мәліметтер алуы керек (кейде бұл мәліметтер өрт туралы хабарлаған кезде жеткізіледі), содан кейін түтінденген бөлмелерде жақсылап барлау жүргізеді.
Барлау адам өміріне қауіп бар екенін, орналасу орынын анықтайды және өздігінен қозғалу икемдігін; құтқару жолдары мен әдістерін; құтқару жұмыстарын жүргізу кезектігін; құтқару жолдарына от пен түтіннің қауіпін; адамдарды құтқару үшін күш пен құралдардың жеткіліктігін; құтқару жұмыстарына қатыстырауға болатын қызмет көрсету персоналының барын; құтқарылған адамдарды орналастыру орынын анықтайды (әсіресе қыс мезгілінде).
Жағдайға байланысты барлау бірнеше бағытта жүргізілуі мүмкін
Адамдарды бөлмелерде іздеу кезінде дауыстап айғайлау керек. Үлкендерді есік, терезе маңынан, коридорларда, яғни бөлмеден шығу жолдарында іздеу керек. Балаларды төсек астынан, пеш артынан, столдардың астынан, қызмет көрсету бөлмелерінен іздеу керек.
Бөлмелер тексерісін барлық жағдайларда жүргізеді, оны жанып жатқан ғимаратта адамдар жоқтығына көз жеткізіп толық тексергеннен кейін тоқтатады.
Өртті барлау кезіндегі алынған мәліметтер негізінде ӨСБ адамдарды құтқару бойынша шешім қабылдап қажетті бұйрықтар береді. Бұл кезде әртүрлі мүмкін бөлімдер әрекетінің нұсқалары:
егер өртке жеткілікті күш пен құралдар келсе және құтқару жұмыстарын жүргізу қажетті болса, ӨСБ тез арада адамдарды құтқаруды ұйымдастыруға міндетті. Бұл кезде ӨСБ құтқару жұмыстарын өзі басқаруы керек, сонымен қатар өрт сөндіруді басқаруы керек;
егер адамдарға өрт қауіп төндірсе және құтқару жолдары отпен қиылған болса адамдарды құтқаруды қамтамасыз ету үшін оқпандарды беру міндетті;
егер өртке күш пен құрал жеткілікті келсе және адамдарға тікелей қауіп төнбесе, ал ӨСБ өртті өрт тарау жодарында енгізілген оқпандармен сөндіруге сенімді болса және бұл кезде адамдар үшін қауіпіздік қамтамасыз етілсе, бөлімдердің әрекеті үрейді басуға және бір уақытта өрт сөндіруге бағытталады;
адамдарды құтқару мен өртті сөндіру жұмыстарына бір уақытта күш пен құралдар жеткіліксіз кезде, барлық ьөрт бөлімдерінен келген жеке құрам құтқару жұмыстарына жіберілуі мүмкін, өртті содан кейін сөндірумен. Бұл жағдайда адамдарды құтқаруды қамтамасыз ету үшін оқпандарды беру міндетті, адамдарға өрт тікелей қауіп төндірген кезде және өрт тарау орындары мүмкін жерлерге.
Практикада өртке қарсы қызметінің бөлімдерінің жұмысы адамдарды құтқару бойынша өрттегі жағдай бойынша басқа әрекеттер нұсқасы қолданылуы мүмкін.
Адамдарды құтқару кезектігі адам санына байланысты емес, ал олардың өміріне қауіптілік дәрежесінен анықталады. Бірінші кезекте адамдарды өте кауіпті жерлерден құтқарады. Қауіптілік дәрежелері бірдей кезінде алдымен балаларды, науқастарды және қарттарды құтқарады.
Құтқару жұмыстарын жргізген кездегі барлық жағдайларда ӨСБ күш пен қралдарды жаю кезінде сонымен бірге жедел жәрдем шақыруы керек. өртке медицина персоналы келгенге дейін алғашқы көмекті жарақаттанғандарға өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамы көрсетуі керек.

2.3. Жарақаттанғандарды көшіру бойынша ұсыныстар

Барлық емдеу мекемелері адамдар көп келетін объектке жатады, ал өртке қарсы қызметінің ең басты міндеті – бұл жарақаттанғандардың өмірі мен денсаулығын сақтау. Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуімен байланысты мәселені шешу өзінің спецификасының барымен үлкен қиындық ұсынады.
Көшіруге қажетті уақыт — өрт кезіндегі жұмыс аймағының деңгейінде туындайтын өрттің қауіпті факторларының пайда болу факторлары.
Көшіруге қажетті уақытты анықтау үшін өрттің қауіпті факторының шекті мағынасын білу қажет, сонымен қатар бұл мағыналардың өрт кезінде туындау уақытын анықтауды білу.
Өрттің қауіпті факторлар қатарына орта температурасы, сәулелі ағындар, улы жану өнімдері және түтіндеу қорытындысында көру жоғалуы жатады.
Ресей федерациясының ТЖМ МӨҚ Мәскеу Академиясында жарақаттанғандарды көшіру бойынша кейбір параметрлерді анықтау бойынша бірқатар эксперименттер жүргізілді. Мобильді емес адамдарды көшіруді зерттеу бойынша эксперименттің бірінші сериясының қорытындысы бойынша (қысылмаған бос жағдайда қозғалыс параметрлері анықталды), носилкада жатқан адамдарды тасу жылдамдығы және қозғалыс жылдамдығына носилканың адаммен мәнге сәйкес салмағының әсері туралы мәлметтер алынды.
Мақсатқа келесі мәліметтерді алу қойылды:
 носилкада адамдарды тасудың шекті жылдамдығын (бұл қозғалыс жүгіріп орындалады деп жобаланды);
 көшіру жылдамдығының жағдайын келтіріп носилкада адамды тасу орташа жылдамдығын;
 баспалдақ бойымен жоғары қозғалу жылдамдығын;
 баспалдақ бойымен төмен қозғалу жылдамдығын;
 қозғалыс жылдамдығының төмендеуіне носилка салмағының әсерін;
 носилкада көлденең адамды тасуға болатын шекті арақашықтықты.
Көлденең бойынша қозғалыс кезіндегі қажетті параметрлерді анықтау үшін сәйкес түрде эксперимент өткізу үшін алаң белгіленді және таңдалды (стадион). Жүргізуші бұйрығы бойынша носилкада жатқан адамдарды тасу үшін №1 бақылау нүктесінде адамдардың қозғалысы басталды (1 сур.). Тасымалдау қозғалысты жалғастыру мүмкін болмағанша жасалады. Бақылау аймағында қозғалыс уақыты белгіленіп отырған бақылау посттары арқылы шеңбер бойымен қозғалыс болды. Шеңбер ұзындығы 100 м құрайды, пункттер арасындағы арақашықтық – 50 м, қозғалыс уақыты ұзындығы 50 м әр аймақта беліленіп отырды. Қозғалыс уақытының мәнін алып, аймақтағы қозғалыс жылдамдығы анықталып отырды. Әр бақылау аймағындағы қозғалыс жылдамдығын салыстыра отырып жұмыс уақытына байланысты құлау жылдамдығының көлемі анықталды. Содан басқа носилкада жатқан адамды тасудың мүмкін шекті арақашықтығы анықталады. Осындай схема бойынша бір қатар эксперименттер жүргізілді.
Баспалдақ бойымен қозғалыс жылдамдығы қозғалыс уақытына жол ұзындығын бөлумен анықталды. Жұмыс қабілеттілік келесі түрде анықталды. Носилкада адамдарды көшіретін адамдар мобильді емес адамдарды 2 қбатқа (келесі циклдерде 4, содан 6 және 8 қабаттарға, басқа серияларда төмен) орналастырады және кезекті мобильді емес адамға қайтып оралады (2 сур.), физикалық мүмкіндік шегіне жеткенге дейін. Бірінші және соңғы қабаттарда орналасқан әр бақылау нүктесінде қозғалыс (жылдамдық) уақыты белгіленіп отырды. Әр шеңберде жылдамдықтарды салыстыру қорытындысы бойынша жылдамдық көлемінің төмендеуі анықталып отырды.

1 сур. Көлденең бойымен қозғалыс кезіндегі эксперимент жүргізу схемасы.
1 — бақылау пункттары 2 – орын ауыстыратын носилкалар
2 сур. Баспалдақ бойымен қозғалыс кезіндегі эксперимент жүргізу схемасы.

1 — бақылау пункттары 2 – орын ауыстыратын носилкалар
Жүргізілген эксперимент қорытындысы бойынша келесі мәліметтер алынды:
 шекті жылдамдықтың (жугіру) орташа мағынасы – 140 м/мин;
 адыммен қозғалыс жылдамдығының орташа мағынасы -95 м/мин;
 баспалдақ бойымен төмен қозғалыс жылдамдығының орташа мағынасы – 65 ммин;
 баспалдақ бойымен жоғары қозғалыс жылдамдығының орташа мағынасы – м/мин;
 шамамен 350 м құрайтын адамды носилкамен тасығандағы көлденең бойынша орташа арақашықтық.
Алынған мәліметтердің анализі мобильді емес адамдарды көшірудің физикалық аспектілері туралы келесі қорытындылар жасауға мүмкіндік береді.
Үзіліссіз қозғалыстың шекті уақыты – адамдарды носилкада тасу – 2-3 мин. құрайды; көп емес үзілістермен (5-10 с) – 5 мин; ұзақ үзілістермен (30 с дейін) – 10 мин.
Жұмыстың 10 минуты өткеннен кейін жұмыс қабілеттіліктің тез төмендеуі бақыланады, қорытындысында жұмыс жасауға болады, бірақ ағза функциясының бұзылуына қауіп төнуімен байланысты немесе ұзақ үзілісті қажет етеді. Қозғалыс жылдамдығының төмендеуі 1 мин жұмыс ішінде (адамды носилкада тасу) шамамен 10% құрайды.
Жүкті тасу адам қозғалысының жылдамдығына қатты әсер етеді, осының қорытындысы болып адамдардың физикалық дайындық деңгейінен қозғалыс жылдамдығы байланыстылығы табылады.
Барлық эксперименттерді жүргізуде Ресей ІІМ МӨҚ Академиясының
I-IV курс курсанттары анықтаған, сондықтан алынған жылдамдықтардың мағынасы мобильді емес адамдарды шынайы көшіру процессі үшін сипатты болмайды. Дұрыс қолданулар үшін және алынған мәліметтерді салыстыру үшін дұрыстау коэффициентін енгізу қажет.
Физикалық дайындық Тлімдемесінде [1, 2] келтірілген күшті кешенді жаттығуларды орындау бойынша нормативтерді қайта есептеу және анализ түсіндірілуінде, орташа (көшірілетін адам кез-келген жыныста және жаста болуы мүмкін) жылдамдықтың алынған мәліметтерін 0,58 коэффициентіне көбейту керек.
Көшіру жолдарының өлшемдері мен жарақаттанғандарды көшіру жылдамдығының арасында тікелей байланыс бар. Бұл байланыс негізінен мобильді емес адамдарды көшіру кезінде бақыланады. Коммуникациялық жолдар жолдар өлшемі мен носилкалар арасындағы байланыс меңгерілген және жобалы шешімдерде өзінің бейнесін табады, бірақ жобалау үшін және басқа тексеру шешімдері үшін мұндай мәліметтер жоқ. Бұны орындау үшін моделдеу әдісімен зерттеу жүргізілді.
Эксперименталды қондырғы өз алдына 1:25 мсштабты белгі салынған жалпақ ағаш бетін ұсынады, масштабты номилклардың моделі және қоршау конструкциялары орындалған.
Лифтті холл шегінде және баспалдақ маршы бойымен жолдың көлденең қозғалысы кезінде «адам – носилка – адам» жүйесінің маневрлеу жүйесі зерттелді.
Бізді қызықтыратын обылыста лифтті холлдарда және баспалдақ торларының жоспарлау шешімі ғимараттан ғимаратқа өзгермейді. Көлденең аймақ бойынша қозғалыс жолдарының коммуникациялық схемасы әртүрлі, бірақ барлық кездесетін схемаларды қарастыру мүмкін еместігінен барлық ғимараттардың жоспарлы схемасында кездесетін көбіне типтілер бізбен қарастырылды.
Көлденең аймақ. Ауызша баяндамада ұсынылған көлденең жол бойымен қозғалысты модельдеу кезінде алынған қорытындылар кестеде келтірілген.
Носилка 1800 айналу үшін коридордың минималды ені 2,4 м құрауы керек.
Баспалдақ бойымен қозғалу. Бір қатар құжаттардың нормативті талаптарын орындау кезінде «…баспалдақ алаңының ені марш енінен кем болмауы керек…» және ҚНжЕ 21-01-97* п.8.9 талаптары «…баспалдақ марштарының арасындағы арақашықтық 75 мм кем емес…» кедергісіз носилкаларды тасымалдау үшін баспалдақ маршының ені 1,2 м кем болмауы керек.
Адамдарды ғимараттан көшіру.
Адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты мәселелерді шешу, өзінің спецификалары бар болғандықтан үлкен қиындықты тудырады.
Көшірудің қажетті уақыты — өрт кезіндегі жұмыс аймағының деңгейінде өрттің қауіпті факторлары пайда болатын уақыт.
Көшірудің қажетті уақытын анықтау үшін өрттің қауіпті факторларының мағынасын білуі қажет, және одан басқа өрт кезінде осы мағыналардың пайда болу уақытын анықтай білу керек.
Өрттің қауіпті факторларының құрамына қоршаған орта температурасы, сәулелі ағындар, жанудың улы өнімдері және түтіндену саладарынан көрінудің жоғалуы жатады.
Қоршаған орта температурасы. Аса қауіптілікті қыздырылған ауаны жұту болып табылады, ол жоғарғы дем алу жолдарына зиян тигізеді, түншықтырады және өлімге әкеледі. 1000С жоғары температура әсері есінен танып қалуына және бірнеше минуттан кейін өлімге әкеліп соғады. Сонымен қатар тері күйіктері қауіпті. Медицинаның күйіктерді емдеуінің үлкен жетістіктеріне қарамастан 2 дәрежелі денесінде 30% күйік алса, тірі қалуға оның мүмкіндігі аз.
Кестеде қоршаған ортадан 2 дәрежелі күйік алған уақыт байланыстылығы келтірілген.

Қоршаған орта температурасы,0С 1093 371-482 176 100 71
2 дәрежелі күйік алған уақыты, с <1 3 7 15 26

Канада жүргізілген зерттеулермен анықталған, ылғал атмосферада екінші дәрежелі күйікті 550С температура 20 с. әсер еткен кезде тудырады және 700С кезінде 1 с. әсер еткен кезде тудырады, және өрт жағдайында 69-710С кезінде бірнеше минут адам өміріне кауіп төндіреді.
Сәулелі ағындар. Кейбір жағдайларда адамдарға сәулелі ағындар қауіп төндіреді. Зерттеумен анықталғандай, сауда мекемелерінде әртүрлі заттар мен материалдардың көшіру жолында жануы кезінде өрттің 0,5 мин кейін көшіріліп жатқан адамдарға сәулелі ағын қауіп төндіреді. Сәулелі ағындардыі тағы бір үлкен интенсивтілігі әртүрлі технологиялық қондырғылдардың жануы кезінде байқалады. Кейбір жағдайларда арнайы қорғаныс құралдарынсыз адам мұндай қондырғыларға 10 м жақын жықындай алмайды.
Кестеде адам үшін қауіпті сәулелі ағындардың мағыналары келтірілген.
Жылулық радияцияның интенсивтілігі
Вт/м2
840
1400
2100
2800
3500
7000
8750
Орын ауыстыру уақыты,с 360 150 40-60 30-40 10-30 5-11 3-8

Жанудың улы өнімдері. Полимерлі және синтетикалық өнімдері көп сауда мекемелеріндегі өрт адам өміріне жанудың улы өнімдері қатты әсер етуі мүмкін. Жану өнімдерінің құрамында уландыру әсері бар 50-100 химиялық қоспалар түрі бар болады, әртүрлі мемлекеттің ғалымдарының айтуы бойынша өрт кезіндегі адамдардың өлімінің негізгі себебі көміртегі тотығынан улану болып табылады.
Көміртегі тотығы қан гемоглобинімен оттегінен гөрі 200-300 есе жақсы әсер етеді, артынша адам ағзасы оттегімен қамтылуынан айырылады. Оттегі жетіспеушілігі, ойлау қабілетін жоғалтады, адам ештеңе сезбейді, қаутіліктен қашуға тырыспайды, басы айналады, қозғалыс координациясы бұзылады, ал тыныс алуы тоқтаған кезде — өлім келеді.
Кестеде өрттің қауіпті факторларының жобалы критикалық мағыналары келтірілген.

Өрттің қауіпті факторлары Өлшемі Критикалық мағына с
Қоршаған с орта температурасы
Сәулелі ағындар
орта әлсіреуі коэфф.
Ауадағы заттар концентр.:
цианистті сутегі
фосген
азот тотығы
күкірт сутегі
хлорлы сутегі
көміртегі тотығы
күкірт ангидриді
көміртегі екітотығы
Оттегі 0С
Вт/м2
м-1
г/м3 70
3000
0,46

0,2
0,2
1
1,1
3
3,6
8
162
214 (немесе 15%)

2.4. Сауда мекемелерінде өрттің сөндіру және даму ерекшеліктері

Дүкендерді арнайы салынған ғимараттарды немесе тұрғын және қоғамдық ғимараттардың бірінші қабаттарында орналастырады. Дүкен ғимараттарының негізгі конструктивты элементтері жанбайтын материалдардан жасалған. Дүкендер келесі негізгі бөлме топтарынан тұрады:
сауда, көрме және демонстрационды залдар;
тауарларды өңдеу, сақтау және қабылдау бөлмелері;
әкімшілік және тұрмыстық бөлмелер.
Дүкендердің негізгі бөлмелері биіктігі 3,3 м, үлкен ауданды сауда залдары, ал кейбір кездерде жарық фонарлары бар, қабаттар бойынша ашық сатылармен және лифттермен қосылған болып табылады. Сауда залдарының шкафтарында, витриналарында түрлі тауарлардың көп мөлшері болады. Тауарларды сақтау және өңдеу бөлмелерінен сауда залдары, шекті есік ойықтары бар жанбайтын материалдардан жасалған қабырғалармен бөлінген. Бұл бөлмелердің жоспарында шекті есік және терезе ойықтарымен корридорлы жүйе бар, олар өзара және сауда залымен жүк лифттерімен және жабық саты торларымен қосылған. Ірі дүкендерде тауарларды сақтау және өңдеу бөлмелері жертөлелерде орналасуы мүмкін. Бұл бөлмелердің ауданы сауда залдарының аудандарына жақын.
Қазіргі заман дүкендер ғимараттарында негізгі өрт ауыртпалығын такарлар, сөрелер және шкафтар құрайды, сауда залдарында ол 100 кг/м2 жетеді, ал жер асты және қойма бөлмелерде 2-3 есе үлкен.
Кейбір ірі дүкендердің қойма қабаттарында цехтер, шеберханалар, ателье және сатып алушыларға қызмет көрсететін басқа да бөлмелер орналастырылады.
Дүкендер ғимараттарында ішкі өрт суқұбырлары, өрт сөндірудің стационарлы және жылжымалы қондырғылары, сол сияқты ОӨБП тура байланысы бар, күзет дабылдағышының пультына қосылатын өрт туралы хабарлау және анықтау жүйелері орналастырылады.
Дүкендердегі өрттер оттың тез таралуымен, тығыз түтінденумен және жоғары температуралық режиммен сипатталады. Оттың таралу жылдамдығы көбінесе материалдық құндылықтар түріне, оларды жинау әдісіне, сол сияқты жанғыш ыдыстың бар болуына тәуелді. Осылайша, жабық бөлмелерде тоқыма бұйымдары жанған кезде оттың сызықты таралу жылдамдығы 0,3-0,4 құрайды, ал қағаз бұйымдар жанған кезде – 0,4-0,5, резинотехникалық бұйымдарда — 0,4-1 м/мин құрайды.
Материалдарды биік сөрелерге салу кезінде, көлденең бағытта от 2-4 жылдамдықпен таралады, ал тігінен 1-2 м/мин дейін.
Дүкендерде шыны тарадағы жеңіл тұтанғыш және жанғыш сұйықтықтардың бар болуы, оттың тез таралуына жағдай жасайды. Аэрозольді упаковкалардағы заттар, сол сияқты газы бар баллондар өрттер кезінде жарылуы, тұтануы және жалын лақтыруы мүмкін.
Синтетикалық заттар мен материалдардан жасалған тауарлардың жануы және олардың өрт жағдайларында ыдырауы, жоғарылатылған түтін түзілумен және улы булар мен газдардың бөлінуімен жүреді, олар өте қысқа уақыт араллығында адамдардың келуі үшін қауіпті ортаны құрады. Жану өнімдері тек өрт бөлімшелерінің жұмысын ғана қиындатпайды, сонымен қатар материалды құндылықтарды да зақымдайды. Түтіннің әсерінен, герметикалық тарада орналасқан көптеген тұтыну өнімдері жарамсыз болып қалады, ал тоқыма, галантереялық және басқа да тауарлар өз сапалығын жоғалтады.
Өрттің тез дамуы және және сауда залдарының, бөлмелердің, дүкендердің барлық қабаттарының қарқынды түтіндеуі, көшіру жолдарына бөгет жасауы және адамдарға қауіп төндіруі мүмкін.
Дүкендердегі өрттер көбінесе қызмет көрсетуші тұлғалар болмаған кезде пайда болады және өрт бөлімшелерінің келуіне дейін үлкен өлшемдерді қабылдайды. Олар сақталатын материалдардың қасиеттерін ескере отырып, сөндірудің әдістері мен құралдарын таңдауды қажет етеді. Бөлімшелердің жауынгерлік іс-қимылдары металл торларды, төзімді есіктерді ашу қажеттілігімен қиындатылады.
Дүкендерде өрттер пайда болған кезде барлаудың негізгі тапсырмаларын орындаумен бірқатар өрт сөндіру басшысы анықтауы тиіс:
адамдарға қауіптілігі және қажеттілік кезінде оларды құтқару мен көшіруді ұйымдастыруы;
жану аймағында орналасқан материалды құндылықтардың мөлшері мен орналасу орнын;
қос секцияларға оттың таралу жолдарын;
сөндіру құралдары және оларды қолдану әдістерін;
материалдық құндылықтарды көшіру бойынша жұмыс көлемін және өткізу тәртібін, тиеу-түсіру құралдарының және көшіруді жүргізу үшін қызмет көрсетуші тұлғаларды қолдану мүмкіндігін.
Өртке келісімен қызмет көрсетуші тұлғалармен байланысты орнатады және барлауды өткізу процессінде олармен кеңеседі. Дамыған өрттер кезінде барлауды қойма және әкімшілік бөлмелер жағынан бірнеше бағыттарда ұйымдастырады. Егер дүкендер тұрғын ғимараттардың бірінші қабаттарында орналасса, барлауды екінші қабат пәтерлерінде жүргізеді. Бұл жағдайда дүкеннің жанып жатқан бөлмелері арқылы өтетін желдету каналдары мен сантехникалық коммуникацияларды мұқият тексереді.

2.5. Өрт сөндіру тактикасы

Қоймалық ғимараттар комплексінен тұратын, ашық сақтаулы ауданшаларды, өнеркәсіптік және сауда тауарларының мамандырылған базаларын арнайы аумақтарда орналастырады. Қазіргі заманғы қойма ғимараттары көп қабатты, есік және терезе ойықтары шекті мөлшерлі, I-II от төзімділік дәрежелі. Қоймалардағы материалдық құндылықтарды көп қабатты сөрелерде немесе штабельдерде орналастырады. Ескі құрылысты қоймалық ғимараттар мен имараттар – көбінесе бір қабатты. Материалдық құндылықтары бар үлкен ауданды қоймалық бөлмелерді 700-1500 м2 отсектерге бөледі.
Қоймалардағы өрттер кезінде барлау процесінде және қызмет көрсетуші тұлғалардан сұрау көмегімен материалдық құндылықтарды сақтау сипатын, көршілес секциялар мен жоғары орналасқан қабаттарға оттың таралу мүмкіндігін, сақталатын заттар мен материалдарды көшіру тәртібін және қажеттілігін анықтайды.
Дүкендердегі өрттер кезінде өрт автокөліктерін орналастыру және жеңдік желілерді өткізу, аула жағынан сауда залдарына оқпандарды енгізуге, қоймалар мен дүкендердің көмекші бөлмелерін қорғау үшін кедергі келтірмейтіндей етіп орналастыру қажет.
Оқпандарды енгізудің негізгі жолдары, сауда залдары жағынан кірулерге, саты торлары және терез ойықтарына енгізу болып табылады. Жеңдік желілерді өткізу үшін резеңкеленген жеңдер қолданылады. Өртті сөндіру үшін, ереже бойынша, РС-50 жабылмалы оқпандарды және шашыратқыш оқпандарды пайдаланады, ал жанғыш материалдардан жасалған конструкциялары бар ғимараттардағы дамыған өрттер кезінде- А оқпандары.
Қоймаларда өрттерді сөндіру үшін, терезе, қақпа немесе терезе арқылы енгізетін РС-70, РС-50 және оқпан-шашыратқыштарды пайдаланады. Терезелердегі торларды арнайы қайшылармен кеседі немесе өрт машиналарының көмегімен ашады.
Бөлімшелердің өртке келісімен негізгі тапсырмасы жанып жатқан дүкендер мен қойса бөлмелерінен тауарларды көшіру және уақытында қорғау болып табылады. Көшіруді ұйымдастыру үшін ӨСБ тәжірибелі командирды тағайындайды және оның басшылығына күштер мен құралдардың бөлігін бөледі. Материалдық құндылықтарды көшіру үшін қызмет көрсетуші тұлғаларды, әскери бөлімдерді және оқу орындарын жұмылдырады. Көшіру кезінде барлық транспорт механизмдерін, жүк лифттерін, көтергіштерді, электрокарларды қолданады.
Бірінші кезекте ең құнды тауарларды, сол сияқты судың тиюінен жанудың күшеюіне әкелетін және жану аймағында жарылысқа, тұтануға, улы газдар мен булардың бөлінуіне соқтыратын заттар мен материалдарды көшіреді.
Барлық тауарларды дүкендерден қауіпсіз жерде орналасқан бос бөлмелерге немесе дүкен ауласына көшіреді және күзетті қояды.
Сауда және қома бөлмелерінде өрттерді сөндіру үшін суды, суландырғышы бар суды, орташа қысқалықты ауа-механикалық көбікті және басқа да арнайы өрт сөндіру құралдарын қолданады. Сөндіру үшін су оқпандарының санын 0,2л/(м2с) тең су беру қарқындылығынан шыға анықтайды, ал орташа қысқалықты АМК генераторларының санын суда көбіктүзгіш ерітіндісін берудің 0,1 л/(м2с) тең қарқындылығынан шыға анықтайды.
Сауда залдарында және үлкен көлемді, биік бөлмелерде өрттерді сөндіру үшін судың жинақты ағыстарын, дүкен қоймаларында – шашыранды ағыстарды пайдаланады. Маталарды, киім, талшықтарды сөндіру кезінде суландырғыш ерітінділерін қолданады, ыдыстағы ЖТС, әсіресе шыны ыдыстағы, аэрозольді заттарды сөндіру кезінде – орташа қысқалықты АМК немесе шашыратылған су қолданылады.
Қойма бөлмелерінде өрттер пайда болған кезде, негізгі күштер мен құралдарды жанып жатқан бөлмелерге, ал резервті оқпандарды – сауда залдарын қорғауға енгізеді. Егер өрт тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дүкенде пайда болса, онданегізгі күштер мен құралдарды өртті сөндіру үшін, ал резервті оқпандарды – екінші қабаттың тұрғын пәтерлерін қорғауға енгізеді. Дүкендердің қоймаларындағы өрттер кезінде, негізгі күштер мен құралдарды жертөлелерде өрттерді сөндіруге, ал резервті оқпандарды жертөледен дүкенге апаратын әрбір технологиялық ойықтарға енгізеді. Жанғыш материалдардан салынған базар дүкендеріндегі өрттерді сөндіру кезінде, бірінші оқпандарды, ереже бойынша, А және лафетті оқпандарын өрттің негізгі даму жолдарына, ал Б оқпандарын- жанып жатқан ғимарат ішіне береді.
Сулы және көбік ағыстарын сөрелер және штабельдер арасындағы өтпелер арқылы береді.
Дүкендерде өрттерді сөндіру кезінде, артық төгілген су тауарларды зақымдайтынын және үлкен материалдық шығындарға әкелетінін ескеру қажет. Сондықтан да сөндіру кезінде жабылмалы оқпандарды, шашыратылған ағыстарды қолданады. Жанбайтын сөрелер мен штабельдердегі материалдық құндылықтарды брезентпен және басқа да қол астындағы материалдармен жабады. Сөндірумен бір уақытта төгілген суды жою бойынша шаралар қабылдайды.
Дүкендердегі өрттер кезінде жауынгерлік учаскелерді сауда залдары, қоймалық бөлмелер жағынан, көп қабатты ғимараттарда саты торлары жағынан ұйымдастырады.
Түтінденген бөлмелерде өрттерді сөндіру, газтүтіннен қорғаушылар бөлімшелері және буындары көмегімен жүзеге асырылады, бұл жағдайда түтінденген аймақта жұмыс істеушілерді ауыстыру үшін бөлімшелер резервін құрады.
Сауда кәсiпорындары және тауар-материалдық құндылықтар қоймалары жобаланылуының күрделiлiгiмен, кiретiн жерлердiң және терезе ойықтарының аз санымен, адамдардың және тауар-материалдық құндылықтардың көптігімен, түрлі физика-химиялық сипаттары бар, жануы мен термикалық ыдырауы жарылыс, түтіннің қарқынды түрде пайда болуы, улы заттардың бөлінуімен қатар жүретін материалдардың болуымен сипатталады.
Сауда кәсiпорындарында және тауар-материалдық құндылықтар қоймалардағы өрттерде:
полимерлi материалдардың жануы және жаңадан жану ошағының көлденеңінен, сондай-ақ, төменгі қабаттарда туындауына әсер ететiн жанғыш ерітіндінің ағуы;
темiр конструкциялардың, стеллаждың құлауы және жолдарда үйiндiлердiң пайда болуы мүмкін.
Сауда кәсiпорындарындағы немесе тауар-материалдық құндылықтар қоймаларындағы өрттi сөндiру кезiнде ӨСБ:
адамдардың, материалдық құндылықтардың орналасқан орнын анықтауға, тиеу-түсiру құралдарын пайдалана отырып, оларды көшiру немесе құтқару тәртiбiн анықтап, шара қабылдауға;
сөндiру үшiн жабылмалы оқпандарды, шашыранды суларды, көбiктi, от сөндiргiш ұнтақтарды және инерттi газдарды беруге;
қасақана от қойған немесе басқа себептер болған жағдайда өрттiң себебiн анықтаудың шарасын қолдануға, тергеу-оперативтiк топ келгенге дейiн заттай айғақтардың сақталуын қамтамасыз етуге мiндеттi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Жедел-тактикалық әрекет барысындағы нысан сипаттамасы

3.1. Ұйым (нысан) туралы жалпы мәліметтер

«Тайга» сауда-базар кешені Жамбыл, 190 мекен-жайында орналасқан. Ғимарат үш қабаттан және жертөле қабатынан тұрады. Құрылыс ауданы 3478,9 ш.м алып жатыр, жалпы ауданы 1261,2 ш.м. құрайды. Отқа төзімділігі жағынан ғимарат II деңгейлі (ҚР СН мен Е 2.02.-05-2002. 2 кесте), қабырғалары панель, кірпіш, әйнек пакеттен жасалған, арқалықтар темір бетонды тақталардан жасалған. Екі жағы да құламалы шатыр, кереге көз ағаштарға профлист жабылған. Едені керамограникалық тақталардан салынған. Есіктері мен терезелері әйнек пакеттерден жасалған. Бірінші қабатта күнделікті тұрмысқа қажетті сауда жүзеге асырылады, екінші және үшінші қабаттарда бұйым сататын бутиктер орналасқан. Сатушылардың жалпы саны 600 адам, 3 – күзет, 4-әкімші , 1- ПБ инженері.

3.2. Үй-жайлардағы өрт жүктемесі, өндірістің технологиялық үдерісінің ерекшеліктері жайлы деректер

«Тайга» сауда-базар кешені жанбайтын материалдардан салынған ( ҚР СНменЕ 2.02.-05-2002. П-3 құрылыс материалдары), типтік жоба бойынша биіктігі 3 қабат (18,3 метр), жалпы ауданы 12611,2 ш.м. Салмақ түсетін қабырғалары – кірпіштен, арқалықтар – темір бетонды, аралықтар – кірпіштен, екі жағы да құламалы шатыр, кереге көз ағаштарға профлист жабылған. Құрылыс ғимаратының отқа төзімділік шегі 60 минутты құрайды. Есіктер (кіретін және шығатын) саны – 10.
Ғимараттағы қабаттарды орналастыру жобасы – сауда залдарында бутиктер орналастырылған.
Өрт сөндіру жүктемесі негізінен 5-10 кг/ш.м. шегінде болады. Негізінен бұл жайдағы жиһаз, тамақ өнімдері, киім-кешектер, жайдың сыртқы және ішкі құрылыстық әрлеу материалдары. От минутына 0,5-1,2 м. жылдамдықпен жайылып, өршиді. Кейбір жайларда өрт жүктемесі, сондай-ақ оттың таралу жылдамдығы да барынша үлкен болады. Жарылғыш өрт қаупі бар, радиоактивті, химиялық заттар мен сумен реакцияға түсетін заттар жоқ.

3.3 Өртке қарсы қорғанысты ұйымдастыру жүйесі

Ғимарат ВЭРС өрт дабылымен жабдықталған, (ӨРТ/АҚАУЛЫҚ/ НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ хабарламасының релесі арқылы хабар беретін өртті хабарлағыш орнатылған өрт дабылы шлейфінің жай-күйін бақылау (ШД);) күзет жайына дабыл белгісін береді. Базарда «Автоматты түрде сумен өрт сөндіру, автоматты дабыл мен сөз хабарлама жүйесі» орнатылған.
Өртке қарсы сумен қамтамасыз ету жүйелері қалалық К-150мм су құбыры желісінен жүзеге асырылады:
а) сыртқы: № 1, № 2: Р-2 атм. аумағындағы өрт гидранттарынан;
б)нысан жайлары өрт сөндірудің бастапқы құралдарымен жабдықталған, атап айтсақ:
1 қабат 11 ПК, 11 өрт сөндіргіш ОП-10
2 қабат 11 ПК, 11 өрт сөндіргіш ОП-10
3 қабат 12ПК, 12 өрт сөндіргіш ОП-10

30 дана көлеміндегі ОП-10 өрт сөндіргіші – әр қабаттың сауда залдарында орналасқан; сондай-ақ спринклер және дринчер жүйелері.

3.4 Электрмен қамтамасыз ету, жылу және желдету сипаттамалары туралы қосымша мәліметтер

3.4.1. Электрмен қамсыздандыру

Ғимаратты электрмен қамсыздандырудың сенімділігі мен үздіксіздігіне қатысты 220 вольттық энергиямен жабдықтау желісінің кернеуі авариялық жарықтандыру, электрмен қамсыздандырудың бірінші санатына жататын өрт-қорғау дабылы құрылғыларын есептемегенде, электр энергиясын тұтынушылардың екінші санатына жатады.
Электр тұстамасы қуат көзін аралық трансформатор станциясынан алады. Ғимарат электрмен жиілігі 50 Гц, ауыспалы токтың 380/220 В сыртқы электр желісі арқылы жабдықталады.
Электр энергиясы жертөледе орналасқан электр тұстамасынан сөндіріледі (кіру тұрғын үй жағынан орналасқан, кезекші қызметкер (электрші) сөндіреді). Жертөле тұтанғанда немесе басқа жағдайларда қалалық электр желісінің авариялық қызметінің қызметкерлері өзара әрекет ету нұсқаулығына сәйкес (2010 жылдың 22 ақпанындағы келісім) электр энергиясын аралық трансформатор станциясынан ажыратады.
Қолданыстағы сыртқы жылу жүйесі жылыту жүйесінің жылу көзі болып табылады. Жылу тасымалдаушы — су . Жылыту орталықтандырылған.
Ғимарат жайларында желдету шахталары жүйесімен өздігінен қосылатын ағындық-тарпалы желдеткіш орнату қарастырылған, жертөле жайларында желдету камерасы, сондай-ақ барлық қабаттарда салқындатқыштар орнатылған.

3.5. Заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі

«Тайга» СҮ ғимараты халыққа қызмет көрсету объектілеріне жатады, бірақ «Тайга» СҮ сауда нүктелерінің, қоймалардың, салондардың және с.с-дың үлкен саны бар, сондықтан ғимаратты сауда объектілеріне жатқызуға болады және ол өзінің өрт қауіптілігін ұсынады.
Сауда үйі арнайы салынған ғимаратта орналасқан. Ғимараттың негізгі құрылым элементтері жанбайтын материалдардан орындалған. Сауда үйі келесі бөлме тобынан құралған:
Сауда, көрме залдары;
Тауарларды қабылдауға, сақтауға және өңдеуге арналған бөлмелер;
Әкімшілік және тұрмыс бөлмелер;
Халыққа қызмет көрсету бөлмелері.
Негізгі бөлмелер болып сауда залдары болып табылады, биіктігі 3,3 м кем емес және үлкен әйнектелген өткізулермен, кейбірде жарық фонарьларымен, қабат бойынша ашық баспалдақ пен лифттармен қосылған. Сауда залдарының көрмелерінде, шкафтарында әр-түрлі тауарлардың саны бар. Тауарды сақтау және өңдеу бөлмелерінен сауда залдары есіктері аз жанбайтын материалдан қабырғалармен бөлінген. Қазіргі ғимараттардың негізгі өрт жүктемесін магазиндардың тауарлары құрайды, себебі ғимарат жанбайтын материалдан жасалынған. Сауда мекемелерінде бұл жүктеме 100 кг/м2 дейін жетеді, ал кейбір тауарлардың қойма бөлмелерінде 2…3 есе көп.
Өрт уақытында магазин мен қоймаларда әр-түрлі тауарлар бар, соның ішінде синтетикалық материалдар, олардың жануы және термикалық таралуы көп жағдайда токсикалық заттардың шығарылуымен және жоғарлатылған түтін түзуімен анықталады. Осындай бөлмелерде пайда болған өртті сөндіру үшін белсенді істері оқшалауғыш противогазсыз мүмкін емес. Оттың таралуы және температураны жоғарлатылуы синтетикалық материалдардың жануы кезінде жылдам болады.
Көпқабатты магазин мен қоймаларда өрттер, көпшілік жағдайда өрт бөлімшелері келген кезде үлкен өлшемге ие болады және барлық бөлмелердің күшті түтіндеуімен сипатталады, ғимаратта бар адамдарға қауіп төндіреді. Осылай, өрттің жылдам таралуының себебі ірі магазиндерде ашық марштық баспалдақтар қоладнылады, және бірнеше қабат биіктігінде орталық залдарды орнатады. Әр-түрлі бөлме топтарының технологиялық байланысы үшін ғимараттың қабырғалары мен аражапқыштарында көпшілікте өткізулер жасайды, осында транспортты галереяларды, лифттерді, көтергіштерді және люктерді орнатады.
Оттың таралу жылдамдығы көпшілік жағдайда материалды құндылықтардың түрлеріне, оларды салу әдісіне, және жану салғышына қатысты болады. Осылай, оттың сызықтық таралу жылдамдығы жабық бөлмелерде өндіріс бұйымдарының жануы кезінде 0,-0,4, қағаз бұйымдарының жану кезінде – 0,4-0,5, резеңкелі техникалық бұйымдарының жануы кезінде – 0,4-1 м/мин құрайды.
Вертикаль бойынша жоғары стеллаждарға материалдарды салған кезде от 2-4 және одан көп, ал горизонталь бойынша 1-2 м/мин жылдамдықпен таралуы мүмкін.
Магазиндерде әйнек ыдысында, аэрозольді, пластмасса және басқа қабықшадағы ЖС мен ЖТС-тың бар болуы оттың жылдам таралуына көмек береді. Аэрозольді қабықшадағы заттар, және газы бар баллондар өрт кезінде жарылуы, жарқ етуі және отты лақтыруы мүмкін.
Синтетикалық заттар мен материалдардан тұратын тауарлардың жануы мен термикалық тарауы өрт жағдайында жоғарлатылған түтін түзуіне және токсикалық булар мен газдардың шығаруына көмек береді, олар қысқа уақытта адамның бар болуына қауіпті ортаны туғызады. Жану өнімдері өрт бөлімшелерінің жұмысын күрделендіреді, және материалды құндылықтардың бұзылуна әкелуі мүмкін. Түтіннің әсерінен көптеген тамақ өнімдері, ақаулы ыдыста орналастырылмаған, бұзылған деп саналады, ал текстиялы, галантерейлі және басқа да тауарлар өзінің сапасын жоғалтады.
Өрттің жылдам таралуы және қарқынды түтінделуі сауда залдарының, бөлмелердің және магазиндердің барлық қабаттарындағы эвакуациялық жолдардың жабылуына және адамдарғы қауіп төндіруіне әкеледі.
Ғимараттың қанау процессінде өрттің талабы болып:
Отпен қауіпсіз қолдану;
Электр жабдықтарды қолдану ережелерінің бұзылуы;
Электр тізбегінің қысқа зақымдалуы;
Құрылыс-жөндеу жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздік ережелерін бұзу;
Жасанды жандыру.

3.6. Өрт сөндіру құралдарын таңдау

Өрт сөндірудің нормативтік параметрлері:
түрлі өрт сөндіру құралдарының дәл осы жанғыш заттар мен материалдарға жарамдылығы;
осы жанғыш заттар мен материалдарды бұл әдіс-тәсілмен сөндіруге қажетті өрт сөндіру құралдарының салыстырмалы мөлшері;
сөндіру уақыты;
өрт сөндіру құралдарының берілу қарқыны.
Өрт сөндіру құралдарының жарамдылығы оны дәл осы жанғыш заттар мен материалдарды бұл әдіс-тәсілмен сөндіруге болатын болмайтындығын көрсетеді. Өрт сөндіру құралдарының жарамдылық критерийлеріне: сатырлау, жарылыстың болмауы, шектен тыс жануы, жану заттарының қайнауы, сонымен қатар сөндіру нәтижелілігі жатады.
Алдыңғы бөлімдерде технологиялық процестердің, заттар мен материалдардың өрт қауіптілігі анықталған және сипатталған. Көрермендер залы мен сахнадағы негізгі өрттік жүктеме қатты көмірсутегі мен целюлозадан жасалған (ағаш, қағаз, пластмассалар, мақта т.б.) матерталдар.
4.1. [10] кестеге сәйкес, ең көп таралған, арзан, қолдануға ыңғайлы өрт сөндіру құралы – суды аламыз.
Су түрлі заттар мен материалдардан болған өрттерді сөндіруге арналған ең көп қолданылатын өрт сөндіру құралы болып табылады. Оның өрт сөндірудегі қасиеті ретінде қолға тез түсетіндігін, арзандығын, жылу ұстағыштығын, жоғары буланғыштығын, химиялық жағынан нейтралдығын және уландырмайтынын атап өтуге болады.
Су көптеген жанғыш материалдардан болған өрттерді сөндіріп қана қоймайды, сонымен қатар оларды салқындатады, жааныпжатқан көршілес объектілерді тұтанудан сақтайды.
Судың жетіспеушілігіне салыстырмалы судың қату температурасы қатысты, кей кездегі сіңбейтіндік қасиеті, электр тогын өткізушілігі, салмағының ауырлығына , салыстырмалы салмағына қатысты. Тағы бір жетіспеушілігі су металлорганикалық қоспалармен химиялық реакцияға түседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4. Жылжымалы өрт техникасымен “Тайга” СҮ өртті сөндіруді ұйымдастыру

4.1. 1-ші қабатта өрттің негізгі параметрлерін болжамдау

Өрт 1-ші қабатта сақтау камерасында пайда болған, келесі өрттің даму деңгейін қабылдаймыз:
сыртқы ауаның температурасы + 150С;
әр-түрлі қабаттардағы адамдардың үлкен санының болуы;
өрттің сызықтық таралу жылдамдығы — 2м/мин;
тұрақты автоматты өрт сөндіру жүйесі жоқ;
өрт бөлменің ортасында пайда болған.
Объектті жедел-тактикалық қатынаста зерттеу нәтижесінде анықталған, сауда залында өрт пайда болған кезде күрделі жағдай туады және ғимаратқа үлкен материалды зиян келтіріледі. сауда залында тауарматериалды құндылықтардың тағайындалуы мен әр-түрлі үлкен концентрациясы. Өрт жүктемесі 150 кг/м2 дейін құрайды.
Өрттің ең үлкен ауданы болуы мүмкін, егер жану әр-түрлі материал бойынша максималды жылдамдықпен таралса, бөлменің ортасында пайда болса.
1. Өрттің бос даму уақытын анықтаймыз (оның пайда болуынан МӨСБ-1 оқпандарды сөндіруге жібергенге дейін).
tСВ = tОБН + tСООБ + tОБР.ИНФ. + tСБ + tСЛ + tБР
мұндағы:
tОБН — өртті табу уақыты, мин.;
tСООБ – өрт туралы хабарлау уақыты, мин.;
tОБР.ИНФ – ақпаратты өңдеу уақыты, мин.;
tСБ – жиналу уақыты (1 мин. қабылдаймыз);
tБР – жауынгерлік қанат жаю уақыты, мин. (ӨСД нормативтері бойынша).
tСВ = 4,5 + 2 + 0,5 + 1 + 3 + 2 = 13 мин.
tСЛ = 60 * L
Vсл.
Мұндағы:
L — өрт сөндіру бөлімінен объектіге дейінгі арақашықтық, км;
VСЛ — ӨА орташа қозғалу жылдамдығы, км/час;
tСЛ = 60 *2 = 3 мин.
40
tБР = 0,035*lмл ,
мұндағы:
lмл — магистрал сызығының ұзындығы, м;
tб.р = 0,035*60 = 2 мин қабылдаймыз.
2. Өрттің бос даму уақыты кезіндегі оттың өткен жолын анықтаймыз:
L (R) = 5*VЛ + VЛ*t2 = 5*2 + 2*3 = 16 м
Мұндағы:
t1 = 10 мин – 0,5Vл кестелік өлшеміне, орнатылмаған температуралық режим үшін, сәйкес өрттің таралу уақыты.
t2 = tСВ -t1 = 18 — 10 = 8 мин.
Осылай, МӨСБ-1 оқпандарды беру уақытында, өрттің даму формасы тікбұрышты сипаттамасына сәйкес болады.
3. Өрттің ауданын анықтаймыз:
SП = а*b
Мұндағы,
а – өрт фронтының ені;
b – бөлме ұзындығы.
SП = 14 * 15 = 210 м2
Қол оқпандарымен сөндірудің ең эффективті тереңдігі hm = 5 м, ал лафетттімен — hm = 10 м.
4. Өртті сөндіру ауданын анықтаймыз:
SТ = n*a*hТ = 2*14*5 = 140 м2
5. Сақтау камерасындағы өрт сөндіру үшін қажетті өрт сөндіру құралының (судың) шығынын анықтаймыз:
QТТР = SТ * JТР = 140 * 0,2 = 28 л/(м2*с)
Мұндағы,
Jтр – судың беру қажетті қарқындылығы, л/(с м2),
Jтр = 0,2 л/(м2*с)
6. Қорғауға өрт сөндіру құралдарының қажетті шығынын анықтаймыз, қорғау ауданын анықтаймыз:
SЗ = S2 + SСТ
Мұндағы,
S2 – 2 қабаттың қорғау ауданы = SП = 210 м2;
SСТ – сақтау камерасы қабырғаларының ауданы = (14 * 4 + 15 * 4)*2 = 232 м2;
SЗ = 210 + 232 = 452 м2
Қосылған бөлмелердің қорғауына кететін қажетті шығынды анықтаймыз:
QЗТР = SЗ * JТР/4 = 452 * 0,2/4 = 22,6 л/(м2*с)
7. Жалпы қажетті шығынды анықтаймыз:
Q = Q + Q
Q = 28 + 22,6 = 50,6 л/(м2*с)
8. Өртті сөндіру үшін оқпандардың санын анықтаймыз:
N = Q /qСТ = 22/7 = 4 ст. «А»
Қосылған бөлмелерді қорғау үшін оқпандар санын анықтаймыз:
N = Q /qСТ
N = 22,6/3,5 = 7 ст. «Б»
10. Судың нақты шығынын анықтаймыз:
Q = N * qСТ + N * qСТ
Q = 4 * 7 + 7 * 3,5 = 52,5 л/с
Салыстыр Q және Q
52,5 > 50,6 салыстыру орындалады.
11. Объекттің сумен қамтамасыз етілуін анықтау:
QВ = (VВ*dСЕТИ)2
мұндағы
QВ – суқұбыр желісінің су беруі, л/с;
VВ – судың құбыр бойынша жылдамдығы, м/с;
dСЕТИ – құбыр диаметрі, дюйм (1 дюйм = 25,4).
QВ = (1,3 *6)2 = 61 л/с
Объект сумен қамтамасыз етілген.
12. Өрт көліктерінің қажетті санын анықтау:
NМ = Q /0,8*QН
мұндағы QН – өрт көлігінің сорғыштың шығыны, л/с.
NМ = 52,5/0,8 * 40 = 2 ПА
13. Бөлімшелер санын анықтау:
NОТД = Q /QОТД
Мұндағы
QОТД — бір бөлімше бере алатын, өрт сөндіру құралының шығыны, л/с.
NОТД = 52,5/14 = 4 отд.
Ірі өрттерді сөндірудің практикалық тәжірибесінен шыға отырып, көп уақыт бойы түтінденген бөлмелерде жұмыс істеп жүрген, ГТҚҚ жеке құрамын ауыстыру үшін резервін қарастыру керек. Резерв, өрт сөндірудегі жұмыс істеп жүрген ГТҚҚ тізбектерінің 30 % санын құрауы керек.
NЗВ.ГДЗС = NЗВ.РАБ + 30 % = 4 + 1,2 = 5,2 (ГТҚҚ-ның 6 тізбегін қабылдаймыз)
14. жеке құрамның қажетті санын анықтау:
NЛС = N *3 + N *2 + NМ + NЛ + NПБ + NСВ + NРАЗ =
6*3 + 7*2 + 2 + 2 + 6 + 3 + 4 = 49 чел.
мұндағы
N *3 – өртті сөндірудегі оқпандардың, оқпаншыларды іргізе отырып, адамдардың саны (ГТҚҚ тізбектері де есептеледі);
N *2 – қорғаудағы оқпандардың, оқпаншыларды кіргізе отырып, адамдар саны;
NМ – сорғыш-жең жүйелерінің жұмысын қадағалаумен шұғылданған, адамдар саны (көлік саны бойынша);
NЛ – жылжымалы үшиінді сатылардағы сақтаушылар саны (саты саны бойынша);
NПБ – қауіпсіздік орнындағы бар адамдар саны (ГТҚҚ тізбектерінің саны бойынша);
NСВ – байланысшылар саны;
NРАЗ – тарамдарда және т.б. жұмыс істейтін адамдар саны.
15. Өрт бөлімдердің (бөлімшелердің) гарнизондық кестесі бойынша негізгі тағайындалуының және өртке шақыру номері бойынша қажетті санын анықтау:
NОТД = NЛС/4
NОТД = 49/4 = 13 отд.
16. Өрт сөндіру құралдарын берудегі керекті ара қашықтықты анықтау:
LПР = [HН — (HР ± ZМ ± ZСТ)/SQ²]*20
мұндағы
HН – сорғыштағы қысым, м.;
HР – тарамдағы қысым, м., (HР = HПР + 10);
ZМ – жері бойынша керекті ара қашықтықтағы көтерудің (+) немесе түсудің (-) ең үлкен биіктігі, м.;
ZСТ – өрттің қасындағы жерде немесе тарамды орнату орнынан оқпандардың көтеру және түсіруінің биіктігі, м.;
S – бір өрт жеңінің қарсыластығы;
Q – ең көп жүктелген бір магистралды жең сызығының суммарлы су шығыны, л/с.;
SQ² — магистралды сызығының бір жеңіндегі қысым жоғалтуы, м.
LПР = [90 — (50 + 0 + 8)/0,015 * 142]*20 = 225 м.
17. Өрт сөндіру құралының, АЦ-да екі бөлімше құрамында АӨСБ-1 караулы беруін қамтамасыз ете алатын, шығынын анықтаймыз. АӨСБ-1 караулында екі ГТҚҚ буыны бар, олар түтінденген бөлмеге сөндіруге бір оқпаннан бере алады, сонда:
Qф = Nотд * nотд.ст * qст = 2 * 2 * 7 = 28 л/с,
мұндағы,
Nотд – өрт орнына келген АЦ-ғы бөлімшелер саны;
qст – оқпаннан шығатын су шығыны, л/с;
nотд.ст – берілген типті бір бөлімше сөндіруге (немесе қорғауға) бере алатын оқпандар саны;
Qф = 28 л/с Qтр = 52,5 л/с
Осылай, бірінші келген бөлімше өрт сөндіруге керекті оқпандар санымен қамтамасыз ете алмайды.
Бірінші бөлімше күш пен құралдарды енгізілген және бірінші ӨСБ шешімін қабылданған кезде өрттегі жағдай:
Барлау барысында табылған:
Жанып жатқан бөлмеде адам жоқ, бірақ үйдің басқа қабаттарында адамдар бар, өрттің қауіпті факторлары адам өміріне қауіп төндіреді;
Сақтау камерасындағы өрт ауданы 210 м2 құрайды;
өрттің таралу жылдамдығы 2 м/мин.
Бірінші өрт бөлімшесі келген кезде шешуші бағыт: күш пен құралдарды құтқару жұмыстарымен қамтамасыз етуге жіберу болып табылды.
Бірақ та, бірінші өрт бөлімшесі өрт сөндіру үшін керекті күш пен құралдарды енгізуді қамтамасыз ете алмайды, өртке келгендер:
АЦ-40 – 2 дана, АЛ-32 МӨСБ-1.
Өрттегі болып жатқан жағдайды және тактикғалық мүмкіншіліктерді ескере отырып АӨСБ-1 жеке құрамымен адамдарды эвакуациялау шараларын өтікізу үшін үш барлау тобы ұйымдастырылды және ГТҚҚ буынымен өртті сөндіру үшін бір РС-70 оқпаны берілді. 1-ші ӨСБ КҚБОО-на жоғарлатылған шақыру номерін жібереді, қосымша күш пен құралдардың келуі үшін.

4.2. Өртті сөндіруді ұйымдастыру.

Кестеге сәйкес жоғарлатылған № 2 шақыру номері бойынша өрт орнына 7 бөлімше негізгі және 2 бөлімше арнайы көліктермен келеді.
МӨСБ-1 – АЦ – 2 бірлік; АЛ – 1 бірлік;
ӨСБ-2 – АЦ – 2 бірлік;
ӨСБ-3 – АЦ – 2 бірлік; АЛ – 1 бірлік;
АҚ «Өрт сөндіруші» — 1 бірлік;
жеке құрамы – 50 адам.
Жеке құрам 52,5л/с шығыны бар сумен қамтамасыз етеді, ГТҚҚ буынымен сөндіруге РС-70 4 оқпанның және қосылған бөлмелердің қорғауына 7 оқпанның беруімен. Осылай, аға ӨСБ-ы КҚБОО күштер мен құралдардың жеткілікті екені туралы хабарлайды.
Өртке аға жеделші келген кезде өрттегі ӨСБ өрттегі болып жатқан жағдай туралы, және қабылданған шешімдер туралы хабарлайды. Аға жеделші басшы өзі жеке барлауды өткізу жолымен жағдайды нақтылайды және ӨСБ ісін бағалайды.
Барлау прцессінде аға жеделші басшы орнатады:
адамға қауіптің бар болуын;
олардың орналасуын, жолдарын және құтқару әдістерін;
өрттің орнын және өлшемін, оттың таралу жолдарын;
күш пен құралдарды енгізуінің мүмкін жолдарын және бағытын;
ғимаратта кернеудің шешілуінің өткізілуін;
құрылымдардың ашу және бұзу орнын және керектігін;
шешуші бағыт жіберудің дұрыстылығын.
Аға жеделші басшы өртті сөндіру басшылығын өзіне алады және өрттегі болып жатқан жағдай туралы ақпаратты КҚБОО жібереді және жоғарлатылған № 2 шақыруын нақтылайды.
Өртті сөндірудің ұйымдастыру және басқару үшін ӨСБ өрт сөндірудің жедел штабын құрады, оның құрамына:
штаб басшысы;
тыл басшысы;
объект әкімшілігінің тұлғалары;
қаланың өзара іс-әрекетті қызметтерінің тұлғалары.
Штаб басшысы болып арнайы отрядтың бастығы тағайындалады. ӨСБ жедел штабының құрамының алдында шарттарды қояды. Бөлімшілермен үздік басқару үшін штаб орны негізгі кірудің алдынан 15-20 м жерде орналастырады.
Күш пен құралдарды енгізуде өртті сөндіру және жою үшін әр-түрлі бағытта өткізілуін есепке алып, ӨСБ төрт жауынгерлік учаске тұрғызылуы туралы шешім қабылдайды.
ЖУ-1 ғимараттың бірінші қабатында орналастырылады.
Шарты: Сауда залында өртті жою, қосылған бөлмелерге оттың таралуын жібермеу. Учаскеге dн = 19 мм 2 РС-70 беріледі: МӨСБ-1, ГТҚҚ 2 буынымен берілген
ЖУ-2 – ғимараттың бірінші қабатында орналастырылады.
Шарты: Сауда залында өртті жою, қосылған бөлмелерге оттың таралуын жібермеу. Учаскеге dн = 19 мм 2 РС-70 беріледі: МӨСБ-1, ГТҚҚ 2 буынымен берілген.
ЖУ-3 ғимараттың екінші қабатында орналастырылады.
Шарты: Мүмкін жанудан екінші қабат бөлмелерін қорғау. Учаскеге ӨСБ-2 күшімен берілген, екі РСК-50 берілді.
ЖУ-4 ғимараттың бірінші қабатында орналастырылады.
Шарты: Мүмкін жанудан бірінші қабат бөлмелерін қорғау. Учаскеге ӨСБ-2 берілген, екі РСК-50 беріледі.
ӨСБ өзі немесе ШБ арқылы жауынгерлік учаскелердің басшыларын тағайындайды (өртке қарсы қызметі бөлімшелерінің және басқару құрамының келуіне қарап).
ӨСБ анықтайды және ШБ өртті сөндіруге күштер мен құралдардың енгізілу реті шарт қояды. ӨСБ ШБ шарт қояды: өртті сөндіру үішн күш пен құралдардың таратылуын өткізу; өртте байланысты ұйымдастыру; КҚБОО өрт туралы мәліметтерді хабарлау; жедел құжаттарды жүргізу.
ӨСБ ТБ шартты өзі немесе ШБ арқылы қояды: жоғарлатылған № 3 шақыру бойынша келіп жатқан техниканы су көзіне орнатылуын және қарсылауын ұйымдастыру; өртті сөндіруге dн = 19 мм 4 РС-70 және 4 РСК-50 берілуін қамтамасыз ету.
Күш пен құралдар әр-түрлі бағыттардан келуі себебінен, ӨСБ АЦ МӨСБ-1 бөлімше командирін тыл бастығының көмекшісі ретінде тағайындайды.
Бұйрықтарды беруден кейін ӨСБ міндетті:
өрттегі жағдайдың өзгеруін қадағалау және соларға қарап сәйкес шешімдерді қабылдау;
бөлімшелер арасында өзара қарым-қатынасты ұйымдастыру;
штабпен байланысты сақтау және өрттің жағдайы және қабылданған шешім туралы хабарлау;
әр берілген бұйрықтың орындалуын тексеру;
өрт туралы актті құрастыру үшін керекті, өрттің пайда болу шарты және басқа мәліметтер туралы шаралар қолдану;
өртті жойғаннан кейін, өрт орнын жеке түрде өту және жанудың толық жойылғаны туралы білу, өрт орнының қадағалау мерзімін және керектігін анықтау.
ӨСБ шартты алып, ШБ штабтың жұмысын ұйымдастырады және ӨСБ шешімдерін өмірге келуін қамтамасыз етеді. Күш пен құралдарды басқару үшін ШБ өртте байланысты ұйымдастырады. ӨСБ байланыс үшін ТБ және жауынгерлік учаскелердің басшылары, ШБ таситын радиостанциялармен қолданады, КҚБЖО байланысы үшін — АСО-12/66/90А радиостанциясын және қалалық телефонды. ӨСБ-мен берілген бұйрықтарды бөлімше басшыларына жеткізілуін қамтамасыз етеді. Қабылданғын шешім туралы ӨСБ-на баяндайды. Өрт сөндіру процессі кезінде ШБ өрттегі жағдаймен танысады, белсенді барлауды ұйымдастырады және ЖУБ мен объект тұлғасынан мәлімет алады; ӨСБ барлау нәтижелері және өртті сөндіру барысы туралы хабарлайды. Штаб бастығы ӨСБ бұйрықтарының орындалуын қадағалайды, жедел құжаттарды жүргізеді.
ӨСБ шартты алып, ТБ жақын су көздеріне келген техниканы таралуын және қарсылауын ұйымдастырады. Жақын су көздері өрт гидранттары болып табылады.
Судың үздіксіз беруін қамтамасыз ету үшін ТБ сорғыштардың жұмыс режимін орнатады. Жұмыс процессінде ТБ техниканы толық қуатпен қолданады, жең сызықтарының сақталуын қамтамасыз етеді және полиция қызметкерлері көмегімен өрт аймағының қоршап алун өткізеді, су құбырында қысымның жоғарлатуы бойынша шаралар өткізеді және жедел құжаттарды жүргізеді.
Өрт сөндіру кезінде қауіпсіздік техникасы.
1. Сақтау камерасында сөндіру жеке құраммен ТОЖҚҚ-да өткізілу керек. ТОЖҚҚ-да жұмыс № 446 «Газтүтін қорғау қызметінің нұсқамасы» 2010 ж. 22 желтоқсанда ҚР ТЖМ орнатылған қауіпсіздік талаптарына сәйкес орындалу керек.
2. Авто және үш иінді сатылардың қозғалуы жіберілмейді.
3. жарықтандыру және күштену жүйесін сөндіру керек.
4. Өрт сөндіру кезінде әрбір қызметкер құрылыс конструкциялардың жағдайын қадағалау керек.
5. Өртті жою кезінде қауіпсіздік техникасы үшін жауапты тағайындалады.
6. Қабаттардан әр-түрлі материалдарды лақтыруға рұқсат етілмейді, ғимараттың қасында жұмыс істеп жүргендердің назарын салмай.
7. Жүргізушіге өртте жұмыс істеп жүргенде ӨСБ бұйрықсыз суды жіберуі немесе тоқтатуын, көлікті істеп тұрған сорғыш кезінде жылжыту рұқсат етілмейді.

 

5. Өрт сөндіруге шешім қабылдау

5.1. Шешімнің мазмұны

Өрт сөндіру тәжірибесі және тактикалық және өрт оқуларының практикасы өрт сөндіру шешіміне қойылатын талаптардың жемісті орындалуы, әсіресе оның негіздемелігі және уақытлы орындалуы, біріншіден, өрт сөндіру туралы шешімге (ӨСШ) білімі және кәсіби тәжірибесі мен жігерінің тереңдігіне байланысты болатыны туралы куәландырады. Сонымен қатар, ӨСШ мазмұны туралы нақты түсінік, яғни, ӨСШ толық, анық жауап бере алатын сұрақтар аясы болу тиіс. Соңғысы психология сияқты ғылыммен расталады. Психология адам қандай да болсын нысанның үлгісін оның құрылымын, шеқараларын және әрекет ету принциптерін ойша жасап, содан кейін оны сөзбен, жазбаша немесе графикалық түрде сипаттай алалмайтынды айқындайды.
Бірақ, қажеттілік жағынан алғанда, өрт сөндіру шешімінің мазмұны мәселесі туралы шын мәнінде әртүрлі көзқарастар болу мүмкін. Егерде бұл мәселені басқарудың біртұтастығы мен орталықтандыру қағидаларын сақтау қажеті жағынан қарастырса, бұл шешім өрт сөндірудің кез келген жағдайын және жақтарын көрсету тиіс. Ол үшін ӨСЖ-ге өзінің мазмұны бойынша әскери әрекеттер мәні, бағыныстағы бөлімшелердің міндеттері, олардың өзара әрекеттесу тәртібі сияқты элементтер, сондай-ақ басқаруды ұйымдастыру мен әскери әрекеттердің барлық түрлері бойынша іс-шаралар кіру тиіс. Бірақ, шешімнің мазмұнына деген тек осындай жағынан қарастырған жеткіліксіз. Біртұтастық және орталықтандыру қағидаларын бұзбай, көрсетілген қажеттіліктен басқа, ӨСЖ-нің психологиялық пен физиологиялық мүмкіндіктерін, оның білімі мен тәжірибесін, нақты қалыптасқан жағдайдағы таныстық деңгейін, әскери әрекеттерге дайындалу уақытының барын, оның ішінде шешім қабылдауға арналған уақытты, өрт сөндіруге келген бөлімшелердің құрамы мен санын ескеру қажет. Басқару органдары лауазымды тұлғалардың және өрт сөндіру бөлімшелері командирлерінің дайындық деңгейін және тәжірибесін ескерген маңызды деп есептеледі.
Жоғарыда аталған факторлар ішінде шешімнің мазмұнына ӨСШ қабылдауға арналған уақыт ең үлкен әсер етеді. Сондықтан оған ерекше тоқталу қажет. ӨСШ-нің шешім қабылдауға арналған уақыт жағдайы – ол бос уақыттың бары. Бұл жағдайда ол нысан мен оның маңындағы аймақты зерделейді, алда тұрған әскери іс-әрекеттердің мүмкін нұсқаларын ойланады, өзінің көмекшілерімен ақылдасады, жағдайдың әр элементін бағалайды, барлық бөлімшелердің тактикалық мәнін және міндеттерін, олардың өзара әрекеттесу тәртібін, сондай-ақ әскери іс-әрекеттердің басқару, байланысы және қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды айқындап, бәрін таразылап және есептеп, алғашқы шешім қабылдайды. Бір сөзбен айтқанда, шешімнің мазмұнына қандай да шектеулер енгізу қажеті жоқ.
Бірақ бұл тәжірибені қазіргі уақытта зерттеу кезінде мынау сұрақ пайда болады: ӨСЖ (өрт сөндіру жетекшісі) өрт сөндіру шешімін қабылдау үшін сондай шарттар бола ма? Соңғы жылдардағы зерттеулер бұл сұраққа теріс жауап береді.
Өрт кезіндегі әскери іс-әрекеттер жүргізу барысында ӨСЖ шешім қабылдау кезінде орындауды қажет ететін жұмыс көлемі және осыған дейін ол қолдана алатын уақыт арасындағы қайшылықпен міндетті түрде кездеседі. Ондай қайшылық келесі негізгі себептер бойынша пайда болады. Жоғарыда айтылғандай, әскери іс-әрекеттерге дайындалуға уақыт өте аз болады. Өрттер статистикасы бойынша өрт сөндіру кезінде кідіріс болмайды. Іс-әрекеттер қарқыны артады, ал қойылған міндеттерді орындау уақыты қысқарады. Шешім қабылдауды қолдануға болатын уақыт өрт даму сипатына байланысты болады. Аз уақыт ішінде ӨСЖ қандай да тәжірибелі болса да, өрт сөндіруді ұйымдастырудың барлық сұрақтарын көрсетіп және жан-жақты қамтамасыз етіп, барлық қажетті ұйымдастыру шараларын орындай аламайтынды өрт сөндіру тәжірибесі көрсетті.
Өрт сөндіру кезіндегі ӨСЖ шешімдерінің элементтері 6.1 суретте көрсетілген.
Егерде бағынысты командирлерге, оның ішінде бөлімшелер командирлеріне шешім қабылдап, өртті өз бөлімшелерімен сөндіруді ұйымдастыруға да уақыт керек екенін ескерсе, бұл қорытынды бұдан анық болып көрінеді.
Сонымен, уақыт шектеулі жағдайда ӨСЖ өрт сөндіруді ұйымдастыру және оны қамтамасыз ету бойынша барлық шараларды егжей-тегжейлі анықтап, шешімді жеке өзі қабылдау міндетін жүктеу – оның алдында іске аспайтын міндеттер қою, күні бұрын үстірт (негізсіз) шешім қабылдауға мәжбүрлеу немесе бағынышты тұлғаларға өз міндеттерін орындауға қажетті уақытты пайдалану, немесе бөлімшелерді тоқтатып, ол шешім қабылдағанын күткізуге мәжбүрлеу. ӨСЖ-нің ондай іс-әрекеттері өрт сөндіруші бөлімшелерді енжарлылыққа және жеміссіз іс-әрекеттерге, бағынышты тұлғалар арасында өз беделін, біртұтас және орталықтандырылған басқару қағидалар беделін түсіруге апарады. Сонымен қатар, ондай жағдайда аса ауыр зардаптарға апаратын субъективизм гүлденуіне негіз пайда болады.

6.1 сурет. Өрт сөндіруге ӨСЖ шешімдерінің құрамы

Жоғарыда айтылғанды болдырмау үшін, басқарудың орталықтандыру деңгейі мен шешімді талдап тексерілуі ӨСЖ-нің ақпаратты өңдеу мүмкіндіктерімен шамалас болу тиіс. Оның жұмыс негізіне шешім мазмұнына жеке тұрғыдан келу тиіс. Уақыт өте-мөте шектелген болғанда, ӨСЖ тек ең маңызды болып табылатын шешім элементтерін жеке өзі айқындайтынды, ал басқа адамдар анықтай алалмайтынды практика көрсетті. Өрт сөндіру шешімдерінің сондай элементтері мынау: әскери іс-әрекеттердің тактикалық мәні; өрт сөндіру бөлімшелерінің әскери міндеттері; өз әскери міндеттерін орындау кезіндегі бөлімшелердің өзара әрекеттесу негіздері; әскери іс-әрекеттер мен басқаруды ұйымдастыру бойынша басты міндеттер.
Әскери іс-әрекеттердің барлық түрлерін ұйымдастыру бойынша іс-шаралар мен бөлімшелер басқарумен байланысты мәселелер жағына келсек, уақыт жеткілікті болса, ӨСЖ міндеттерді, күштерді, мерзімдер мен орындау тәсілдерін анықтап, орындаушыларға нұсқау берер алдында шешімді өзі қабылдай алады. Егерде уақыт болмаса, ол тек ең маңызды міндеттерді орындаумен шектеледі, ал қалған мәселелерді жетекшінің жоспары бойынша оперативтік штабқа жоспарлауға тапсырады, кейін олармен келіседі немесе, қажет болса, түзетулер енгізеді. Ол анағұрлым анық болады, егерде аталған іс-шараларды өмірде қолдануымен байланысты сұрақтар аясы өте кең және күрделі екенін ескерсе. Бұл сұрақтар аясы жағдайдың қосымша талдауын, көптеген сұрақтарға жауап беруді талап етеді. Мысалы, бөлімшелер басқарууын ұйымдастыруды алсақ. Ол өрт сөндіру-тактикалық оқулар кезінде кейде болатын оперативтік штабтың орналасу орнын анықтаумен ғана шектелмейді. Сонымен қатар, басқаруды ұйымдастыру үшін оперативтік штабтың құрамын, оның техникалық жабдықталуын, әр лауазымдық тұлғаның орналасқан орнын, әскери қимылдар жүргізу барысында олардың орнын ауыстыру тәртібін, сондай-ақ лауазымды тұлғалардың нақты міндеттерін айқындайды: басқару бойынша іс-шараларды іске асырғанда кім, не, қайда, қашан және қалай қимыл жасайды.
Бағыныштағы тұлғаларға негізделген нұсқауларды берер алдында, міндеттер, күштер, құралдар, мерзімдер, тәсілдер мен оларды орындау тәртібі міндетті түрде айқындайды. Егерде ӨСЖ ірі және күрделі өрт кезіндегі шектеулі уақыт жағдайында аталған іс-шараларды егжей-тегжейлі жеке өзі орындауға, барлық сұрақтарға жауап беруге тырысса, ол ең бастысы — сөндірудің тактикалық ойынын, өрт сөндіру бөлімшелерінің әскери міндеттерін және олардың өзара әрекеттесу тәртібін анықтаудан айырылып қалады. Керісінше, баяндалған шешімнің мазмұнына саралау тәсілін қолданса, ӨСЖ өз назарын бытыратпай, ең бастыға баса назар аударып, өзінің жақын көмекшілерінің ұжымдық ақылын және шығармашылығын пайдаланса, өрт сөндіруді ұйымдастыруымен байланысты барлық мәселелер шешуін уақытлы және сапалы орындалуын және жабдықталуын қамтамасыз етеді. Өрт сөндіруді осылай ұйымдастырса, ӨСЖ міндеттерді, жағдайды бағалауға тиісті сұрақтар аясы да қысқарады, сондықтан шешім қабылдауға арналған уақыт та қысқарады. Шешім мазмұнына деген осындай тәсілді қолдану, оны уақытлы қабылдау уақыт шектеулі болса да ӨСЖ-нің қолынан келетінін өрт сөндіру-тактикалық оқулар мен өрт сөндіру тәжірибесі көрсетті.
Шешім мазмұнына деген осындай тәсілді қолдану біртұтастық пен орталықтандыру қағидаларына қайшы болмайды, өйткені ӨСЖ артынан тек өзінің жеке іс-әрекеттері ғана емес, оның қол астындағы тұлғалар іс-әрекеттеріне дербес жауапкершілігі сақталады. Сонымен қатар, бұл басқарудың біртұтастығы мен орталықтандыру қағидалары бағыныштағы тұлғалардың бастамасы мен шығармашылығын ақылмен үйлестіруге, олардың арасында беделін нығайтуға, қол астындағылардың белсенділігін және өз еңбектерімен рухани тұрғыдан қанағаттануға мүмкіндік береді. Өрт сөндіру жылдары уақыт шектеулі жағдайда ӨСЖ-нің «қамтылмайтын қамту» ұмтылысы, басқару органдарының қызметкерлеріне деген сенімсіздік олардың қандай да болсын бастамасын тұншықтырып, өрт сөндіру бөлімшелерін басқаруына, яғни, әскери әрекеттер жетістігіне үлкен залал келтіреді.
Әскери қимылдар қозғалысы едәуір артқан және басқару құрамының даярлық деңгейі көтерілген қазіргі жағадайдағы басқару ұжымдарындағы ондай өзара қарым-қатынастарға мүлдем жол беруге болмайды. Сондықтан өрт кезінде әр лауазымдық тұлғаның тапсырылған іс үшін жауапкершілігі күрт арту қажеті де, мүмкіндігі де айқын.
Жауапкершілік, әріне, әртүрлі болады. Өрт сөндіру кезінде тек ӨСЖ-нің шешім қабылдау құқығы бар. Ол өрт сөндіру нәтижесіне және өрт сөндіру күзетінің алдына қойылған әскери міндетті жемісті орындағанына өзі жауап береді. Бұл жауапкершілікті ол ешкіммен бөлісуге құқығы жоқ. Бірақ әр бастық өз жұмыс учаскесіне жауапты болу тиіс. Қандай да жауапкершілік бар жерде өрт сөндіру жетекшісінің жоспарына негізделген жеке мәселелер бойынша тиісті іс-шаралар анықтау құқығы да болу тиіс.
Істі осылай орындау тәсілі тек озық тәжірибеге ғана емес, басқару теориясының ережесіне де сәйкес болады, ол ереже өмірде кездесетін шешімдер жалпы және жеке болатыныны туралы.
ӨСЖ-нің қаралған шешімі сондай жалпы шешім болады, өйткені оған барлық бағынышты тұлғалар қатысты және жалпы міндетті орындауға бағытталған тактикалық жоспар кіреді. Жеке мәселелер бойынша іс-шараларды (басқаруды ұйымдастыру, қамсыздандыру түрлері бойынша) өрт сөндірудің жалпы шешімдер орындалуын қамтамасыз ететін жеке шешімдерге жатқызуға болады.
Өрт сөндірудің жоғары келтірілген тәсілі басқару органы ұжымының шығармашылық және ұйымдастыру жұмысын ескереді. Өрт сөндірудің жалпы және жеке шешімнің бары толығымен дәлелденген және іске олардың ешқандай зияны жоқ, өйткені олар тек бір тұлға — ӨСЖ-нің жоспары бойынша болады және орындаушыларға оның рұқсатымен жеткізіледі.
Шешімнің әр элементі дәл анықтамаға, мазмұнның нақтылығына және көлемнің қысқартуына мұқтаж (6.1 сурет). Басқарудың барлық буындарындағы және әскери қимылдардың барлық түрлері бойынша әр элементтің толық талдауын беру мүмкін болмағандықтан, зерттеудің негізі ретінде өрт сөндірудегі ӨСЖ-нің шешімін алайық және осы негізде бұл мәселе тәсілдерінің жалпы принциптерін белгілеп көрейік, оларды сақтау өрттегі кез келген жағдайды жеңілдетеді.
Әскери қимылдардың жоспары ӨСЖ-нің басты жетекші идеясын білдіреді, ол идея осы қимылдардың мақсатын анықтайды және оған жетудің жалпы түрдегі күштерін, құралдарын және тәсілдерін анықтайды. Сондықтан әскери қимылдардың жоспары өрт сөндірудегі кез келген шешімдердің ең маңызды элементі және алдағы әскери қимылдардың негізгі үлгісі болып табылады. Оған шешімнің барлық қалған элементтері, сондай-ақ бөлімшелер қимылдарының барлық жеке жоспарлары негізделеді.
Жоспар өзінің сондай негіз салушы қызметіне лайық екенін дәлелдеу үшін бағынышты тұлғалардың төмендегі сұрақтарына анық және нақты жауап беру тиіс.
1. ӨСЖ өртті қандай күшпен, құралдармен және қандай реттпен сөндіруді жоспарлайды? Бұл сұрақтарға жауап беру қажет, өйткені кез келген өрт сөндірудің соңғы мақсатына бір сәтте тек бір құралды пайдаланумен жету мүмкін емес. Өрт сөндірудің кез келген түріндегі жалпы міндеттерді орындауға өрт сөндірудің тиісті күштер мен құралдарды тартып және түрлі әрекеттер тәсілдерін қолданып, мақсаты, орны және уақыты бойынша жүйелі немесе қатар орындалатын аралық міндеттер қатарына бөліп-бөліп жіберуге тура келеді. Өрт сөндірудегі сондай міндеттер – ол жақын және кейінгі міндеттер, өрт сөндірудің кейінгі бағыты. Олардың әрқайсысы әртүрлі учаскелердегі өрт сөндірумен байланысты жеке міндеттердің көлемі бойынша кішілеу қатарына бөліне алады. Өрт сөндірудің негізгі құралдары қандай бағытта және қандай қағидамен қолданатынды анықтау аса маңызды.
2. Өрт сөндіру жемісі қандай бағытта маңызды? Бұл сұрақ күш пен құралдарды өрт сөндірудің барлық шебі бойынша пайдалануды немесе өрт сөндіруде жеміске жету үшін оларды шешуші бағытта шоғырландыруды талап ететін өрт сөндірудің кез келген іс-әрекеттер жүргізудің маңызды қағидасынан туындайды.
3. Күштер мен құралдар қалай енгізіледі және алда тұрған әскери қимылдар барысында оларды басқарудың қандай түрін қолдану жоспарланады? Бұл сұрақтың жауабы алдыңғы сұрақтармен тығыз байланысты. Ол ӨСЖ-нің басты идеясына өрт сөндіру бөлімшелерінің тиісті топтары мен әрекеттер тәсілдерінің материалдық түрінде жүзеге асқандай болады.
Әскери қимылдар жоспарының ең орынды мазмұны осындай. Оны екінші дәрежелі іс-шаралармен жүктемеген жөн, өйткені оны бағыныштағы командирлерге түсіну қиын болады. Сонымен қатар, мазмұнды қысқартып нашарлатпау керек, мысалы, өртте шешуші бағытты анықтаумен ғана шектелмеу керек, өйткені ол ӨСЖ-нің негізгі идеясын бағынышты тұлғаларға жеткізу үшін жеткіліксіз болады.
Өрт сөндіру бөлімшелердің әскери міндеттері өрт сөндіру шешімінде белгіленген жоспарға қатал түрде сәйкес анықталу тиіс. «Әскери міндет» деген терминнің мәні өртті қалай сөндіру қажет анықтамамен айқындалады. Ол әскери қимылдар мәнінен шығады. Бірақ бұл әскери қимылдар әрдайым уақыт пен кеңістік аясында жүргізілетіндіктен, «әскери міндет» деген түсініктің екінші құрамдас бөлігі дайындық мерзімдерін, орындау басын және аяғын, қимылдар орнын анықтау болып табылады.
Әскери міндеттің мазмұнына деген сондай ыңғайдың үлкен практикалық мәні бар. Ол бұл мазмұнды көптеген екінші дәрежелі іс-шаралардан босатуға мүмкіндік беріп, негізделген шешім қабылдау, кейін оны орындаушыларға жеткізу мен түсіндіру процесін жылдамдатуға мүмкіндік береді.
Сондай тәсіл әскери міндеттерді және басқа да өрт сөндіру элементтерін анықтауда да қажет. Егерде өрт сөндіру бойынша әскери міндеттермен шешімнің мына элементі – бөлімшелердің өзара әрекеттесу негіздері тығыз байланысты маңызды жайтты қосымша ескерсе, ондай тәсіл тек қажетті емес, мүмкін де болу мүмкін. Шешімнің бұл екі элементін бөлудің шартты сипаты бар. ӨСЖ бөлімшелердің әскери міндеттерін анықтап, яғни, бағыныштағы бөлімшелер қандай өрт, қайда және қашан сөндіруге тиіс екенін анықтап, олардың өзара әрекеттесу негіздерін жасайды, өзара әрекеттесудің мәні бөлімшелердің мақсаттар (міндеттер), уақыт және орын бойынша күш пен құралдарды үйлестіру. Бірақ бөлімшелер өзара тығыз әрекеттесуге қол жеткізу үшін олардың әскери міндеттер шешуін анықтау ғана жеткіліксіз екенін өрт сөндіру тәжірибесі көрсетті. Одан басқа, бағынышты бөлімшелер жалпы міндетті шешу кезінде жеке міндеттерін орындау тәсілдерін көрсетіп, анықтауымен қатар өзара көмек көрсету және олардың қимылдарында айқын келісушілік қамтамасыз етілу тиіс.
Әртүрлі буындардағы және әскери қимылдар түріндегі сондай қимылдар тәсілдерінің нақтылау деңгейі, әріне, көптеген факторларға тәуелді болады, олар – міндеттің сипаты, уақыттың бары, жер жағдайы, дайындық деңгейі, бағынышты тұлғалар тәжірибесі және т.б. Өмірдегі түрлі жағдайларда жарамды және бірдей нұсқа беру мүмкін де емес, тиімді де емес. Бірақ, түрлі өрттерді жемісті сөндіру кезіндегі ӨСЖ-нің жұмыс тәжірибесі көрсеткендей, бұл деңгейдің ақылды шегі болу тиіс.
ӨСЖ бөлімшелердің өзара әрекеттесу тәртібін анықтау шешімін ықыласпен және шығармашылық тұрғыдан орындау тиіс. Біріншіден, ол өрт сөндіру бөлімшелері жаттыққан және бір ағза сияқты жұмыс істейтіндей деңгейге жету тиіс. Бірақ, қандай да ӨСЖ қажеті болмаған жағдайда және өзінің нақты мүмкіндіктерін ескермей, бағынышты командирлердің өз учаскелеріндегі «ішкі істері» болып табылатын бөлімшелердің барлық әрекеттер тәсілдерін егжей-тегжейлі өз анықтауға ұмтылғаны дұрыс емес. Ол тәсілдерді бағынышты командирлер өздері анықтай алады, өйткені ескерілетін жағдайды олар егжей-тегжейлі біледі.
Бұл жағдайдың қамсыздандыру түрлері мен басқаруды ұйымдастыру бойынша міндеттерге де қатысты. Мұнда біртұтастық пен басқарудың орталықтандыру принциптерін басқару органдарының қызметкерлері мен бағынышты командирлердің дербестігі, бастамасымен және шығармашылығымен үйлесімді байланыстыру қажет, олар бастыққа қарайлап, өздерінің қимылдар тәсілдеріне нұсқау күтіге үйретпей.
Жоғарыда тұрған бастықтар жағынан бағынышты командирлердің дербестігі, бастамасы мен шығармашылығын үйлесімді байланыстыру өрт сөндіру күзеті қызметінің барлық салаларындағы қазіргі басқарудың негізгі даму тенденциялардың бірі болып табылатынын атап өткен жөк. Ағымдағы істердің көпшілігі жоғарыда тұрған инстанциялардың назарын ірі мәселелерден аударып әкетпеу үшін және төмендегі қызметкерлер олардың құзырына кіретін мәселелерді жедел түрде шешу үшін, басқару жүйесінің әр буыны өз ісімен айналысу тиіс.
Өртте күштер мен құрал-жабдықты басқарғанда, бұл талаптың орындалуы ӨСЖ мен оперативтік штабтың шығармашылық мүмкіндіктерін толық пайдалануға, бағынышты қызметкерлер арасында дұрыс психологиялық ахуал жасауға, ал ең бастысы — өрт сөндірудегі шешімдер негіздемелігін арттыруға, шешім қабылдауға және оны бағынышты тұлғаларға жеткізу уақытын қысқартып, оларға әскери қимылдар жасауға дайындалуға көбірек уақыт бөлуге және өз әскери міндеттерін жемісті орындауына мүмкіндік береді.

5.2. Шешім қабылдау әдістемесі

Өрт сөндіру процесінің басқару нұсқасын іске асыру үшін ӨСЖ (оперативтік штаб) өрт сөндіру бөлімшелердің жеке құрамдарының қимылдар ұйымдастыруға шешімдер шығару процесін іске асырады.
Шешім қабылдаудың негіздемелігі мен уақыттылығы көптеген жағдайда қолданатын әдістемеге байланысты болады.
Ғылымда жалпы әдістеме — ол болмыстың объективті заңдарына негізделген және қойылған мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін қандай да бір жұмыстың орындалу әдіс-тәсілдер жиынтығы деп түсіндіріледі.
ӨСЖ-нің өрт сөндіру шешімді қабылдау процесіне осындай анықтаманы қолдану үшін оның келесі ерекшеліктерін күні бұрын ескеру қажет. Біріншіден, бұл процестің анық көрсетілген шығармашылық сипаты бар, өйткені ол өрт сөндірудің жаңа және ең жақсы жолдарын іздеумен және алған міндетті жемісті орындалуымен байланысты болады. Кез келген өрт сөндіру жаңа, өзгерген жағдайда ұйымдастырылады, сондықтан ол алдыңғы өрттердің дәл көшірмесі түрінде ешқашан болмайды. Екіншіден, өрт сөндірудегі шешім қабылдау процесінің уақыты, әдеттегідей, шектелген болады, сондықтан оның жемісті аяқталуы ӨСЖ-нің және оған бағынышты басқару органдарының лауазымдық тұлғалардың жұмысты ұйымдастырғанына байланысты болады.
Осы ерекшеліктерді ескеріп, өрт сөндіру әдістемесі мәнінің келесі анықтамасын беруге болады: өрт сөндірудегі шешімді қабылдау әдістемесі – ол объективті заңдар мен принциптерге, сондай-ақ шешім қабылдау процесінде жұмысты басқару органдарының лауазымдық тұлғалармен бірлесіп ұйымдастыруға негізделген ӨСЖ-нің шығармашылық әдіс-тәсілдер жиынтығы. Оның қызметі – кез келген күрделі жағдайда ӨСЖ-ге әскери қимылдардың тактикалық жоспарын, өрт сөндіру бөлімшелерінің әскери міндеттерін және олардың өзара жұмыс істеу тәртібін уақытлы және негізді түрде анықтау. Ол үшін әдістеме шешім қабылдау процесінің шарттары мен ерекшеліктерінен шығатын талаптар қатарына сай болу тиіс.
Бұл үрдістің шығармашылық, танымдық сипаты болғандықтан, өрт сөндірудегі шешім қабылдау әдістемесінің ең маңызды талабы оның таным теориясына, қисынға, өртке қарсы заңдарға және өрт сөндіру принциптеріне сәйкес болу болып табылады. Өрт сөндіруде шешім қабылдау кезінде ӨСЖ-ге қазіргі жағдайда психология, математика және кибернетика сияқты ғылымдардың жетістіктері мен тұжырыдамалары үлкен көмек көрсете алады. Сондықтан оның міндеті — ойлау мен танымның логикалық және математикалық әдістер жиынтығын қалтықсыз игеру.
Ондай талапты сақтау өрт сөндіруде шешім қабылдау әдістемесіне қойылатын әмбебаптық және икемділік сияқты талаптарды орындауға мүмкіндік береді.
Әмбебаптық пен икемділіктің мәні өрт сөндіруде шешім қабылдау үшін әдістеме қандай да бір өртте емес, кез келген өрт түрінде және де жағдайдың әртүрлі шарттарында да, оның ішінде уақыт шектеулі болғанда да бұл әдістеме жарамды. Талаптарды орындаса, әдістердің әр жеке жағдайында және ойлау тізбегінде, сондай-ақ өрт сөндіруде шешім қабылдағанда, өз жұмысының ұйымдастыру тәсілдерін ұзақ және қиын іздеуден ӨСЖ-ні босатады.
Жоғарыда айтылған, шешімді қабылдау әдістемесі өрт сөндірудің жетекшісіне күні бұрын құрылған қандай да бір сауалнаманы немесе нұсқаны толтырып, кез келген өртті сөндіру кезінде дайын түрдегі шешім береді дегенді білдірмейді. Әдістеменің мақсаты басқа — ӨСЖ-ге шығармашылығын, өнерін және өзінің жеке дарынын көрсетуге мүмкіндік беретін, ғылыми ойлау әдістермен және өз жұмысын ұйымдастырудың ең тиімді тәсілдермен қаруландыру. Барлық өрт түрлеріне жалпы болатын әдістердің бары әр өрт түрінің жеке заңдылықтарын және сөндіру қағидаларын пайдалануды жоққа шығармайды, керісінше, оларды болжайды.
Өрт сөндіру күзетінің барлық командирлері, оның ішінде жеткілікті практикалық тәжірибесі жоқ тұлғаларға жеңіл және тез игеруге мүмкіндік беретін, шешімді қабылдау әдістемесіне қойылатын қарапайымдылық пен айқындық сияқты талаптарды көрсеткен жөн.
Сонымен қатар, өрт сөндіруде шешімді қабылдау әдістемесіне жоғарыда аталған қойылатын негізгі талаптардың іс жүзінде орындалуы ӨСЖ-нің терең және жан-жақты білімінсіз, дүние танымның қисынды және математикалық әдістерінің барлық түрлерін берік игеруінсіз мүмкін емес екенін назардан тыс қалдырмау керек. Одан басқа, өрт сөндіру кезінде шешімді қабылдағанда, ӨСЖ-нің өрт сөндіру барысын көре білу шеберлігі, күшті жігері, батылдығы, дербестігі, үлкен психологиялық жүктеме кезінде шығармашылық тұрғыдан ойлау қабілеті, негізделген тәуекелге баруға дайындығы және өрт сөндіру нәтижесі үшін жауапкершілікті өзіне алу сияқты субъективті қасиеттері маңызды роль атқарады. Егерде ӨСЖ-нің ондай қасиеттері жоқ болса және бірінші қиын жағдайда ол ұзақ қобалжып қиналса, оған ешқандай жақсы әзірленген әдістеме шешім қабылдауға көмектеспейтінін өрт сөндіру және өрт сөндіру-тактикалық оқулар тәжірибесі көрсетті. Шішім мазмұнының өзіне де, шешім қабылдау әдістемесіне де келесі шығыс деректер анықтауыш әсер етеді: өрт жағдайындағы қалыптасқан шарттар; шешімді қабылдауға уақыттың бары; ӨСЖ мен оның қол астындағы тұлғалардың жеке кәсіби қасиеттері.
Бұл деректердің сан алуандығына қарамастан, ӨСЖ ойлауына және өрт сөндіруде шешім қабылдауына оның жұмысын ұйымдастыруына жалпы ережелер де тән. Оларға тоқтай кетеміз.
ӨСЖ-нің өрт сөндіру кезінде шешім қабылдаудағы ойлау әдістемесі өрттегі күштер мен құрал-жабдықтарды басқару бойынша көпқырлы қызметінде басым орын алып тұрады, өйткені оған, бірінші кезекте, шешімнің негіздемелігі мен уақытында орындалуы және өрт сөндіру бөлімшелерінің әскери қимылдарының жемісті аяқталуы да тәуелді болады.
Сондықтан сондай әдістеменің жасалуына үлкен мән беріледі, әсіресе соңғы жылдардағы өртпен күресу құрал-жабдықтар мен тәсілдердің өзгеруіне байланысты.
Бірақ, шешім қабылдағанда кез келген адамның ойлау процесі, әсіресе, ӨСЖ-нің өртті қиын жағдайда сөндіру кезіндегі шешім қабылдаудағы ойлауын талдауға жәнге сипаттауға өте қиын. Сонда да, нақты нысандарда жүргізілген өрт сөндіру және өрт сөндіру-тактикалық оқуларда алған тәжірибеге, зерттеулер нәтижелеріне негізделіп, оны талдап көрейік.
Көптеген құжаттар мен басылымдарда ӨСЖ-нің өрт сөндірудегі шешімдері ол жағдайды бағалап түсінгеннің нәтижесі деп есептеледі. Бірақ шешім қабылдау кезіндегі ойлау процесі, көбінесе, үш дербес және тізбектес іске асырылатын кезеңге бөлінеді: біріншіде міндет анықталады, кейін жағдай бағаланады, содан кейін ғана шешім қабылданады.
Соңғы пікірмен келісуге болмайды, өйткені ол болмысқа және озық тәжірибеге дәлме-дәл сәйкес келмейді. ӨСЖ-нің аталған ойлау операциялар іске асырылуының дербестігі мен жүйелілігінің едәуір шартты сипаты бар. Олар шын мәнінде орын алғаннан да елес сияқты көрінеді.
Міндетті айқындау процесінің табиғаты мынадай: ӨСЖ міндетті іске асыру кезінде жағдайды бағалау саласына қандай да дәрежеде басып кіруге мәжбұр. Оның ойлауы шешімді қабылдау процесінің ең басынан бастап, алдында тұрған өрт сөндірудің ойша үлгісін құру тәрізді болады.
Міндетті және тактикалық жоспарды дұрыс түсіну ӨСЖ-ге өрт сөндірудің мақсатын анық көруге, өз шешіміне және өрт сөндіру бөлімшелерінің қимылдарына деген талаптарды түсінуге мүмкіндік береді.
Жағдайды бағалау — орындаудың объективті шарттарын білуде.
Білудің нәтижесінде өртте жетістікке жетуге себеп болатын немесе оны қиындататын факторлар айқындалады. Ондай факторлар – ол жоғарыда қаралған жағдайдың элементтері. Оларды бағалау реттілігі негізінен екі әртүрлі сәттерден болу мүмкін: элементтер арасындағы өзара тәуелділік және дәл осы нақты жағдайдағы олардың әрқайсысының маңыздылығы. Мысалы, өрттегі барлық жағдайды барлау жүргізбей бағалауға болмайды. Жағдайдың әр элементінің маңыздылығы да әртүрлі болу мүмкін. Мысалы, өртке бара жатқанда, ӨСЖ шешімінің мазмұнына жолдың бары және оның жағдайы және өрт сөндіру бөлімшелерінің өрт орнына жеу мүмкіндігі әсер етеді.
Жағдайдың әр элементін бағалаудан алынған қорытындылар, әдетте, екі түрлі сипатта болады. Бір жағынан, олар жалпылама түрде осы не басқа элементтегі бастыны көрсетеді және бөлімшелердің алынған әскери тапсырманы орындауына оның әсерін бейнелейді, екінші жағынан – шешімнің тиісті элементінің нақты мазмұнын айқындайды (бұнда басты бағытты таңдау керек, оқпаншыларды қайда орналастыру керек және т.б.).
Жағдай мен ойлау процесіндегі әр элемент бойынша осындай жеке қорытындылар өзара және тапсырманы айқындаудан алынған қорытындылармен салыстырылады және мақсаты, уақыты мен орны бойынша нақтыланады. Осындай салыстырулар барысында ӨРЖ тағы да заңды қайшылықтармен бетпе-бет келуі әбден мүмкін, бұндағы әр элемент немесе элементтер тобы жалпы шешімге ғана емес, сонымен бірге осы не өзге оның элементіне әртүрлі әсер етеді. ӨСЖ-нің өрт сөндіруге қатысты шешім қабылдауы кезіндегі ойлау әдістемесі жалпы алғанда шамамен осындай.
Оқу тәжірибесінде келесі әдістеме өзін жақсы жағынан көрсете алды, онда ең алдымен тапсырма айқындалады және жағдайдың әр элементі жеке-жеке бағаланады, олардың шешімнің тиісті элементіне әсері анықталады және тек осындан соң ғана жалпы қорытынды жасалады. Бұндай әдістемені кейде өрт сөндірудегі жағдайдың элементтері бойынша шешім қабылдау деп те атайды.
Оның басты артықшылығы ӨРЖ-не толық және нақты мәселелер шеңберін беретіндігінде, ӨСЖ өрт сөндіруге қатысты шешім қабылдау кезінде олардың негізді жауаптарын жүйелі түрде табуы тиіс. Ол, әсіресе, тәжірибе көрсеткендей, жас мамандарды оқу орныдары мен қызметтік дайындық жүйелерінде өрт сөндіру саласында өрт сөндіруге қатысты шешімдер қабылдау әдістемесіне бастапқы үйрету сатысында өте құнды болып табылады, себебі бұл кезде оларға осы жағдайға дейін жаңа, күрделі және мүлде таныс емес тапсырмалар беріледі. Бұл жағдайда үйретілуші осы әдістемені басшылыққа ала отырып, сабаққа дайындалудың өзінде-ақ, жағдайдың әр элементін талдайды, ал сабақ барысында оның жетекшісі үйретушілерді мақсатқа сай шешімге біртіндеп, әрі осы процеске оқу тобының бар ұжымын қатыстыра отырып апарады.
Алайда осы әдістеменің елеулі кемшіліктері де бар. Олардың негізгілері оның көмегі арқылы шешім қабылдау үшін өте көп уақыт кететіндігімен байланысты, ал ӨСЖ-нің өрт сөндіру кезінде, әдетте, ондай көп уақыты болмайды. Бұдан басқа, ол міндетті айқындауды жағдайды жалпы және оның әр элементін бағалаудан жасанды түрде алыстатады, ӨСЖ-нің ойлау диалектикасын барынша болық ашпайды, түптің түбінде шешімге қалай келу керектігін және ӨСЖ жауап беруі қажет осындай көптеген сұрақтардың дұрыс жауаптарын нақты анық көрсете алмайды.
Тәжірибе мен зерттеулер көрсеткендей, осы кемшіліктерді жою жолдары да әртүрлі болуы мүмкін. Солардың бірі іс-шараларды қамтамасыз ететін және олардан басы артық детальдарды шығару есебінен әр детальдың саны мен көлемін қысқарту, мазмұнын нақты айқындаумен байланысты.
Шешімді қабылдау мен оның негізділігін арттыруды тездетудің екінші маңызды жолы ӨРЖ-нің жағдайдың элементтері бойынша шешім қабылдауының жоғарыда көрсетілген жүйесін шешім элементтері бойынша шешім қабылдау деп шартты түрде атауға болатын біршама өзгеше тәртіппен епті үйлестіру болып табылады. Осы екі тәсілдің арасында негізді айырмашылық жоқ және болуы да мүмкін емес, себебі осы да, басқасы да бір әдістемеге негізделген: алынған тапсырманы айқындау және жағдайды бағалау. Олардың арасындағы айырмашылық тек ӨСЖ-нің ойлау жүйелілігінде ғана.
Өрт сөндіру шешімдерін қабылдау барысында ӨСЖ-нің осы шешімдерінің элементтері бойынша міндетті айқындайды және жағдайдың әрбір элементін тығыз қарым-қатынаста және олардың өз шешімдерінің тиісті элементіне кешенді әсері тұрғысынан бағалайды. Шешімді өндіруге кірісе отырып, ӨРЖ өз алдына нақты мәселені (маңызды бағытты қайда таңдау керек, өртті сөндіру тәртібін қалай құру керек және т.б.) қояды және жағдайды ескере отырып, бірден оған жауап іздейді. Осымен оның пайымдауы басынан бастап-ақ мақсатты сипатқа ие болады, барынша қысқа жолмен жүреді, ендеше, өзінің соңғы мақсатына – бөлімшенің тактикалық ойы, жауынгерлік міндеті мен олардың өзара қарым-қатынасының негіздерін айқындауға тезірек жетеді.
Осындай әдістемені қолдану үшін ӨСЖ-де тек қажеттілік қана емес, сонымен бірге мүмкіндік те бар. Ол жоғарыда көрсетілген міндетті айқындау, жағдайды бағалау мен оның элементтері арасындағы байланысты, сонымен бірге өрт сөндіру барысында ӨРЖ өртке бару кезінде жағдайдың көптеген деректерін уақытында алып, оны зерделеуі. Өрт орнында ӨСЖ «жоқтан» бастаудың және жағдайдың әр элементін ойша жүйелеп таңдаудың қажеті жоқ, себебі бұндай жұмыс әлдеқашан жасалған. Сондықтан оның бірден іске кірісуге – шешімнің элементтерін айқындауға толық мүмкіндігі бар.
Егжей-тегжейлі талдау барысында ӨСЖ-нің шешім қабылдау барысындағы ойлау процесі міндетті айқындау және жағдайды бағалау сияқты дербес және жүйелі түрде жүзеге асырылатын кезеңдерге жасанды түрде ешқалай да бөліне алмайды.
Осы екі операцияың өзара бір-бірімен тығыз байланыстылығы сонша, осы байланыстың болмашы ғана бұзылуы таным теориясының талаптарына қарама-қайшылыққа түседі, олардың мәні келесіде.
Адамның санасы объективті әлемді сипаттау жолы арқылы қалыптасады. Бұдан ӨРЖ-нің өртті сөндіруге қатысты шешім қабылдау процесі, танымның басқа да процестері сияқты, нақты жауынгерлік жағдайды, объективтік шындықты сезім арқылы қабылдаудан басталып, жандыға пайымдап қараудан абстрактілі ойлауға және одан тәжірибеге бару жолы арқылы өтуі тиіс – объектитвті ақиқатты тану, болмысты тану жолы осындай. Таным теориясының осы талаптарын орындамау, әсіресе ӨБЖ осындай қателіктерге жол берсе және бөлімше командирлерінің қателіктері оларға «жабылса», өрескел қателіктерге ұрындыруы мүмкін. Бұндай жағдайды болдырмау үшін, ӨРЖ нақты бір іске кірісіп, міндеттерді терең айқындаудан бұрын, ең алдымен жалпы жағдайды, мысалы, келесі факторларды зерделеуі тиіс: өрт сөндіру бөлімшелері қайда және не істеп жатыр (өртке бара жатыр, жауынгерлік өрт сөндіру жұмыстарын күшейту және т.б.), олардың құрамы шамамен қандай? Бұларсыз ол өзінің алдында тұрған сұрақтарға дұрыс жауап бере алмайды, сонымен бірге, мысалы, негізгі бағдарлық бағытты да айқындай алмайды. Бұндай қорытынды тәжірибелі ӨРЖ-нің өрт сөндіру және өрт сөндіру-тактикалық оқуы барысында шешім қабылдау тәжірибесімен де расталады. Олар әрқашан да міндетті айқындап, жағдайды олардың өзара тығыз қарым-қатынасы мен шартталығы барысында бағалайды. Әрі, алдында айтылып өткендей, бұл үшін оларда тек қажеттілік қана емес, сонымен бірге мүмкіндік те болады. Шынында ӨРЖ әскери шындықта жағдайды әрқашан да осы не өзге деңгейде біледі, ол онысен өмір сүреді. Тапсырман алған соң тек жетіспейтін мәліметтерді жинақтап, алынған барлық деректерді өрт сөндіру сипатын ескере отырып, неғұрлым мақсатты түрде зерделейді. Сондықтан ӨРЖ ондаған сұрақтарға жауап іздеудің қажеті жоқ. Осы жауаптардың бірқатары ода әлдеқашан дайын болған немесе тек нақтылауды ғана талап етеді. Ол жағдайды зерттеудің «шикізаты» ретінде, ал шешімдерді «ғимаратты» салу үшін дайын «деталь» ретінде қолдана алады. Бұнымен қоса ӨСЖ өзінің ойымен жағдайдың сансыз көп факторларын қамту, олардың ішінде шешімнің осы не өзге элементін айқындайтын маңыздысын тез табу қабілеті барысында ерекше қажет. Түрлі жағдайлардағы осындай маңызды факторлар түрліше көрінеді. Мысалы, өрт сөндіру бөлімшелерінің өртті сөндіру жүйелілігі, негізгі бағытты таңдауы мен әрекет ету тәртібі, негізінен, өрттің жайылуымен, жауынгерлік міндеттердің мазмұнымен және өрт сөндіру бөлімшелерінің өзара әрекет ету тәртібімен – олардың тактикалық мүмкіндіктерімен байланысты. Бірақ өзге факторлардың да, мысалы, жергілікті жердің ерекшеліктері, метеорологиялық жағдай, бөлімшелердің өрт сөндіру заттарымен қамтамасыз етілуі және т.б. да маңызды болуы мүмкін. ӨРЖ өнері, көбінесе, қиын жағдайды тез айыра біліп, дұрыс жол таба білудегі өнерінде де көрінеді. Бұндай өнер өрт сөндіру күзетінің тек сауатты және тәжірибелі жетекшісіне ғана тән болып табылады.
Осылайша, ӨРЖ міндеттерді айқындау мен жағдайды бағалауы – оның ойының қандай да бір дербес және бір-бірінен оқшауланған кезеңдері емес, шешім қабылдаудың жүйелі шығармашылық процесі.Міндеттер айқындалған соң, жағдайды бағалау басталады, ал бағынысты бөлімшелермен алынған міндеттердің орындалуына әсер ететін оның барлық жағымды және жағымсыз қасиеттерін толық және егжей-тегжейлі зерделеу үшін жалғасын табады және толықтырылады.
Бұл қағида міндетті айқындау процесінің өзінің мазмұнына да басқа тұрғыдан келуге мүмкіндік береді. Бұнымен қоса ол ӨРЖ әріптестерінің тек тәжірибесімен ғана шектеліп қалмай, өзінің шешіміне қарай барынша сенімді қадам жасап, оның пайдасы жоқ нұсқаларын алып тастауға, бағдарлы тактикалық ойды белгілеуге, бөлімшелерге алдын ала нақты өкім беруге, өзінің болашақ ойына неғұрлым мақсатты сипат беруге және сонысымен шешім қабылдаудың бар процесін барынша тездетуге мүмкіндік береді. Бұдан басқа, өзіне әбден таныс жағдайдыдың жалпы шарттарымен бірге міндетті айқындай отырып, ӨРЖ бұл міндетті бірқатар аралық және жеке міндеттерге бөле алады және сонымен бірге соңғыларды өрт сөндіру бөлімшелері – орындаушылар арасында бөле алады. Құрудың «Мақсат ағашы» деп аталатын осындай тәсілі өндірісті басқару теориясы бойынша әдебиеттерде кеңінен сипатталған, әрі ол, әрине, оның ерекшелігін ескерсек, өрт сөндіру ісінде де қолданылуы әбден мүмкін.
Осындай бөлудің алғашқы сипаты болғандығына (нақты орны мен уақытынсыз) қарамастан, ол форманы, болашақ шешімнің «қаңқасын» жасауға мүмкіндік береді, ал кейін оның мазмұнын неғұрлым тез және жеңіл толтыруға болады. Міндетті айқындау мен жағдайды бағалаудың тығыз үйлесімінің үлкен практикалық маңызы бар.
ӨСЖ ойындағы мақсатқа сай нұсқаны айқындау және шешімді тұжырымдау — қорытынды операциясын, соңғыны да қандай да бір дербес кезең деп санауға болмайды. Әрі кейбір авторлар жасайтындай, шешім қабылдау деп атауға болмайды. ӨРЖ санасына өрт сөндіру шешімі бірден, аяқ астынан, келмейді, күрделі, кейде міндеттерді айқындап, жағдайды бағалау барысында, яғни шешім қабылдаудың барлық процесі бойында тіпті азапты ойлар нәтижесінде, көптеген нәрселердің дұрыс-бұрысыны таразылаған соң ғана келеді.
Осы процестің табиғатының өзіне іздеу сипаты тән, себебі оның барысында ӨСЖ-де жағдайдың түрлі элементтері әсерінің қарама-қайшылығына қарай шешімнің гипотеза түріндегі бірнеше баламалы нұсқасы сөзсіз туындайды. Осы процестің соңында шешім қабылданбайды, осы бірнеше нұсқаның ішінен біреуіне таңдау жасалып, ӨСЖ осы не басқа критерийлер (көрсеткіштер) бойынша ең жақсы, тиімді немесе неғұрлым мақсатқа сай, яғни ең тиімді деп санайды.
Осындай нұсқаны іздеу шешім қабылдау процесінің өзінен-ақ басталады. Осы процестің барысында сауатты және тәжірибелі ӨСЖ көптеген ықтимал нұсқалардың ішінен қате дегендерді жеңіл іріктеп ала алады.
Қалған бірнеше (екі-үш) мақсатқа сай немесе ұтымды нұсқаларды ӨСЖ шешім қабылдау процесінің соңында өртті сөндірудің күтілетін нәтижелері (материалдық құралдар шығыны, міндетті орындау уақыты және т.б.) бойынша өзара салыстырады және олардың арасынан ең жақсы дегенін таңдап алады.
Айтпақшы, дәл осы мезетте ӨСЖ-нің тек ақыл-ойы ғана емес, сонымен қатар ерік-жігері де үлкен маңызға ие болады. Ең нашар шешім – ештемеге бел байламау, яғни, әрекетсіз қалу, ештеме жасаму. Ең жақсы нұсқаны таңдап алған ӨСЖ өз шешімін тұжырымдап, өзіне бағыныстыларға хабарлайды. Шешім қабылдау процесі аяқталды.
Бірақ осы процестің осылай аяқталуын да салыстырмалы деп санауға болады. Бұдан соң ӨСЖ-нің шешімге қатысты ойы, әсіресе, өртті сөндіру бойынша әскери әрекеттерді жүргізу кезеңіне неғұрлым тән болып табылатын жағдайдағы жиі өзгерістер барысында әсіресе жалғасады.Бұл кезде ӨСЖ-не бұдан бұрын қабылданған шешімнің осы не өзге элементін сөзсіз және бірнеше мәрте нақтылауға, толықтыруға, анықтауға және жағдай шұғыл өзгерген кезде жалпы негізді түрдегі жаңа шешімді қабылдауға тура келеді.
Көбінесе, бұрын қабылданған шешімді нақтылау немесе өзгерту қажеттілігі ӨСЖ мен шұғыл штабқа өрт сөндіруді бастаудан бұрын алдын ала болжауы қиын болған жағдайлардағы шұғыл өзгерістер барысында туындайтын болады.
Осылайша, ӨСЖ-нің өз шешімін ой елегінен өткізу процесінің жауынгерлік тапсырманы алған мезеттен бастап, оны орындап бітіргенше, яғни бөлімшелерді басқарудың барлық сатысында өзіндік орны болады. Ешбір ӨСЖ тіпті негізді шешім қабылдап, әскери бұйрық бергеннен соң да барлығы автоматты түрде, өз-өзінен болады деп үміттене алмайды, себебі өрттің өршуі кейде болжап болмайтындай болады.

5.3. ӨСЖ-нің шешім қабылдау барысындағы ойының логикалық әдістері

ӨСЖ өрт сөндіруге қатысты шешім қабылдау кезіндегі ойдың басынан-ақ, ең алдымен, объективті фактілерге, жағдайдың нақты шарттарына сүйеніп, оларды сандық және сапалық жағынан дұрыс бағалай білуге, оларды өзара тығыз қарым-қатынаста, үздіксіз даму мен өзгерісте қарастыруға, негізгі буынды таба білуге, өртті сәтті сөндіруге барынша әсер ететін басты факторларды айқындай білуге міндетті, яғни сыртқы құбылыстардың артынан өрт сөндіру мәнін көре білуі тиіс.
Осы әдісті қолдану барысында ӨСЖ тарапынан әскери жағдайды статика ретінде емес, өрт сөндірудегі динамика, өзгерістер мен даму ретінде қарастыру маңыздылығына тоқталған жөн. Тек осындай тәсіл барысында ғана ӨСЖ жағдайды тек селқос ескеріп қана қоймай, сонымен бірге бөлімшенің өрт сөндіру әрекеттеріне белсенді әсер ете алады. Бұл үшін ӨСЖ-нің жағдайдағы ықтимал өзгерістер мен алдағы әскери әрекеттер барысын алдын ала болжау қабілетінің маңызы үлкен. Осындай қасиеттерге ие ӨСЖ шешемдерді тез әзірлеп, тез қабылдай алады. Көбінесе, осы не өзге ӨСЖ шешім қабылдау кезінде біршама қиындықтарды бастан өткереді, түрлі нұсқаларды ойша бағамдайды және қайсына тоқтарын білмей, басы қатады. Басқасы осындай жағдайда бірден бір нұсқаны таңдап адажы да, басқаларын алып тастайды.
Өрт сөндіруге қатысты шешімді қабылдау кезінде анализ және синтез, абстракциялаушылық пен жалпылап қорытындылау, индукция и дедукция, үйлестік пен салыстыру сияқты әдістердің де маңызы зор.
Анализ (талдау) ӨСЖ-не жалпы міндеттерді бірқатар аралық міндеттерге, ал жалпы жағдайды оның жекелеген элементтеріне бөлшектеуге, олардың әрбіреуін тереңірек зерттеуге, олардың ішінен бастысын айқындауға, қосымшаларын бөліп алуға мүмкіндік береді.
Жағдайды талдау әдісі жағдайдың жекелеген элементтерін бір тұтастықтағы бағалауын талдау барысында жүйелі талдау барысында алынған нәтижелердің басын біріктіруге мүмкіндік беретін синтезбен тығыз байланысты, бұл оның элементтері бойынша шешім қабылдауда әсіресе маңызды.
Анализ бен синтез шешім қабылдау кезінде тек өзара тығыз үйлесімдікте, бірақ индукция және дедукция сияқты әдістермен де, қолданылады. Индукция ӨСЖ-не жағдайдың бірлі-жарым, кейде болар-болмас фактілері негізінде өртте жалпы қорытындыға келуге көмектеседі. Дедукция, керісінше, әскери әрекеттерді жүргізудің жалпы ұстанымдарының білімдері негізінде өрттегі жиі болатын құбылыстар туралы пікір алысуға мүмкіндік береді. Ойлаудың индуктивті әдіс арқылы жасалған қорытындылары әрқашан да дедукция әдісі арқылы, және керісінше, тексеріледі. Ендеше индукция мен дедукция да, синтез бен анализ сияқты, өзара соншалықты тиісті байланыста.
Жоғарыда аталған ойлау әдістерінен басқа, ӨСЖ абстрациялау және жалпылап қорытындылау сияқтыларды да пайдаланады. Олардың ролі өте қиын жағдайларда, әсіресе, жағдай туралы көптеген мәліметтерден көңілін сергітіп, зейінін осы сәттегі басты мәселеге аудару кезінде зор болып табылады. Бірақ жағдайдағы бастыны айқындау – бұл қарапайым міндет етем, әрі жағдайдың көптеген деректері болмауы да мүмкін, ал олардың біраз бөлігі жалған болуы да мүмкін. Осыған байланысты ӨСЖ-не ұқсастық пен салыстыру үлкен көмек көрсете алады, олардың мәні жағдайдың қолда бар деректерін өрт сөндірудің бұдан бұрынғы белгілі бір оқиғаларымен салыстыруда немесе осындай жолдар арқылы қажетті шешімді табуда. Бірақ бұндай қорытындылар, әдетте, болжамалы сипатта болады, себебі жағдай қайталанбайды және бір өрт ешқашан да екіншісіне ұқсас болмайды.Бұл фактіні елемеу, бұдан бұрынғы әрекеттерді айна-қатесіз көшіру ерте ме, кеш пе міндеттердің орындалмауына әкеледі.Және, керісінше, жағдайдағы өзгеруістердің шығармашылық есебі, жаңалықты іздеу әрқашан да сәттілікке жетелейді.
ӨСЖ-нің өрт сөндіруге қатысты шешім қабылдауы кезінде ӨСЖ-нің ойлау әдістерінің сипаттамасы болық болмас еді, егер де интуициялық-эвристикалық әдістер деп аталатындарды айтпасақ. Оладың мәні ӨСЖ-нің толық пайымдауы мен жағдайдың барлық элементтерін ойша жүйелеп іріктеуден тұратын аралық кезеңдерсіз шешім қабылдау қабілетімен байланысты. Басқаша айтқанда, бұл әдістер ӨРЖ-нің шешімді «көре білу», тез істеу, тежелген ой тұжырымдаулар, көптеген бастапқы деректерден ең бастысын алу және бірден негізгі қорытындыға- шешімге көшу.
Бұл әдістер өрт сөндіру кезінде жағдай шұғыл өзгерген шақта, ӨРЖ-нің болып жатқан жағдайға қатысты шұғыл ықпалы керек болған кезде неғұрлым анық көрінеді. Олар тек ӨРЖ-нің субъективтік қасиеттеріне ғана негізделмейді, ең алдымен, оның өрт сөндірудің объективтік заңдылықтарын терең білуіне, ойлау әдістерін терең игеруіне және үлкен практикалық тәжірибесіне негізделеді. Олар, ендеше, логикалық әдістерге қайшылық келтірмейді, керісінше толықтырады және шешім қабылдаудың жүйлі процесінде олармен бірге үйлеседі. Бұдан басқа, олар ӨРЖ-нің психологиялық жағдайымен, оның көңіл-күйімен, ерік-жігері, рухани және физикалық күш-жігерінің жинақылығымен тығыз байланысты.
Адамдардың қолдары мен аяқтарының түрлі қимылдарды іске асыруы сияқты, өр сөндіру де екі рет жүзеге асылады – алдымен, ойша, кейін іс жүзінде. ӨРЖ өзінің қиялының күшімен, сезім, түйсігінің бар күшін сала отырып, өрт сөндіруді ойша басынан өткеріп, оның детальдары оның ойында фотопленка сияқты кейде қалып қояды.

5.4. Шешім қабылдау барысында математикалық әдістер мен ұйымдастыру техникалаларын қолдану

Өрт сөндіруге қатысты негізді шешімді дер кезінде қабылдаудаӨРЖ-нің логикалық қана емес, сонымен бірге математикалық әдістерді қолдануының да маңызы зор.Әрине, математикалық әдістердің қазргі кездегі өрт сөндірудегі ролі барынша артты, себебі осы не өзге де құбылыстарды, тіпті радиациялық жағдайға дейін принципті түрде санауға тура келеді, ал қарапайым есептерге желілік және динамикалық бағдарламалау, ықтималдық теориясы, дифференциалды теңдеу, жүйелі талдау, опрецияларды зерттеу, ойын теориясы, желілік жоспарлау, бағдарламалу және электронды-есептеу техникасы көмекке келді.
Математикалық әдістерсіз, сандық және сапалық негіздемесіз өрт сөндірудің заманауи кезеңінде дұрыс және айрықша тиімлі шешімді қабылдау қиын болады. Бір парасатты мағына, тәжірибе, ішкі түйсік кейде аз болады, ал «тәуекелділік пен қателіктер» әдісіне мүлде жол жоқ, себебі көптеген қателіктердің соңы түзетуге жатпайтын болады.
Қажеттіліктен басқа, математикалық әдістерді қолдану мүмкіндігі де себепші болады.
Шешім қабылдаудың шығармашылық сипаты ресімдеуге, алгортитмдеуге, математикалық тілмен сипаттауға болатын операциялардың оған мүлде тән еместігін білдірмейді.Бұндай операцияларға, ең алдымен, өрт сөндіру кезінде қолда бар күш пен құралдарды қолдану үшін негізді шешімді қабылдауға қажетті түрлі мақсаттарды орындау жатады. Басқару тәжірибесінде әдетте төмендегі мақсаттар неғұрлым жиі жиі кездесетін және маңызды болып табылады:
бөлімшелердің тактикалық мүмкіндіктері;
өрт сөндіру бойынша әскери іс-әрекеттерді жан-жақты қамтамасыз етумен, ықтимал залалымен байланысты есептік өлшем бойынша күштері мен құралдарының сандық және сапалық арақатынасы.
Өрттің түрі мен көлеміне байланысты, әрине, басқа да міндеттер болуы мүмкін. Осы міндеттер негізінде ӨРЖ мен шұғыл штаб өртті ойдағыдай сөндіруге қажетті күш пен құралдар саны мен олардың әрекеттерінің тәсілдерін айқындайды. Бірқатар коэффициенттердің көмегімен ӨРЖ мен шұғыл штаб бір құралдарды немесе бөлімшелерді басқаларымен ауыстыру қажет болған жағдайда неғұрлым мақсатты тәртіпті айқындай алады, сонысымен бөлімшелердің тактикалық мүмкіндіктерін арттырады.
Есептер жүргізу үшін есептеу сызғышы, кестелер, сызбалар, нонограммалар мен электронды-есептеу машиналары сияқты түрлі құралдар кеңінен қоланыс табады. Осы құралдардың барлығы да есептер жүргізу мен олардың нақтылығын арттыруды барынша тездетеді. Шешім қабылдау кезінде ӨСЖ-не бәрінен бұрын алдына ала дайындалған типтік есептер, мысалы, өрт сөндіру заттарының оқпанындағы қажеттіліктерді есептеу және т.б. үлкен көмек көрсетеді.
Қолдарында осындай есептері бар ӨСЖ дайын тұрған түрдегісін тез пайдалана алады немесе жағдайдың нақты бір ахуалынан шыға отырып, қажет болған жағдайда бірнешеуін нақтылау керек болғанда қолдана алады.
Есептеу техникасын пайдалану арқылы есептеу үшін әр шұғыл штабта дайындалған маманның болғаны орынды, сондай-ақ алдына ала әзірленген әдістемелір, бланктер мен формуляр болуы тиіс. Бұл, әрине, қалған лауазымды тұлғалардың өрт кезінде есеп жүргізе білу міндетінен босатпайды, бірақ олардың кейбіреулерін арнайы бағытқа салу үлкен пайда келтіреді, уақытты үнемдеп, есептің дәлдігін арттыруға мүмкіндік береді.
Есеп жүргізуден басқа, алда тұрған бөлімшелердің әскери әрекеттерінің динамикасын математикалық модельдеуіне де басты назар аударылады. Ол шешім қабылдаудың барлық процесі бойы қолданылуы мүмкін. Бірақ ол ӨРЖ бірнеше ықтимал шешімдердің ішінен ең үздігін (тиімдісін) немесе неғұрлым мақсатқа сәйкесін, тиімдірегіне жақынын түпкілікті таңдап алған кезде, осы процестің қорытынды операциясын жасау сәтінде әсіресе маңызды. Бұндай операцияны шешімді тиімді ету деп атайды, бұнда оның негізін тек логикалық және сапалық қана емес, сонымен қатар қолда бар күш пен өрт сөндіру күзетінің құралдарын неғұрлым тиімді қолдануды қамтамасыз ететін сандық негіздеме де құрайды.Дәл осындай операцияны жүзеге асыру кезінде ӨСЖ-нің білімі, өнері мен ерік-жігері, оның қайшылықтарды жеңе білу және өзінің соңғы сөзін айту, барлық бағыныстылары үшін міндетті заңның шешімге күшін беру қабілеті барынша көрінеді.
Кез келген модельдеудің мәні заттың (объектінің) моделін құрудан тұрады, ол оның құрылымын, әрекет барысы мен оның нәтижелерінің соңғы сандық нәтижелерін осы не өзге нақтылық пен толықтықта сипаттайды.Осындай қорытындыларды зерделеп, модельге өзгерістер енгізуге болады, әрі сонысымен барынша жоғары нәтижелерге қол жеткізу тәсілдері мен мерзімдерін, шарттарын айқындауға болады.
Модельдеу тәсілдері әр түрлі болуы мүмкін: логикалық, эвристикалық, кибернетикалық, графикалық, эксперименттік және т.б.
Шешімі бар оперативті жоспар немесе схема – өрт сөндірудің графикалық моделі. Алда тұрған өрт сөндіру шарттарына жақын болып табылатын өрт сөндіру-тактикалық оқу жағдайы – бұл оның эксперименттік моделі емес. Жеткілікті сандық негіздеменің болмауы барлық осындай модельдердің негізгі «тар орны» болып табылады. Әскери әрекеттерді математикалық модельдеу осындай кемшілікті жоюға арналған.
Өрт сөндірудегі әскери әрекеттерді модельдеу дегеніміз олардың нысандандырылған алгортимдік және логикалық сипаттамасы «мысалы, теңдеу жүйесі және логикалық ереже түрінде», ол ЭЕМ көмегі арқылы олардың жүрісін бірнеше ықтимал нұсқада көрсетуге, өрт сөндірудің түпкілікті сандық нәтижелерін таңдап алынған критерийлер бойынша алдын ала көруге және айқындауға және осы негізде шешімнің ең үздік нұсқасын таңдап алуға мүмкіндік береді.
Жалпы, өрт сөндіру-техникалық құралдандырылумен, әрекеттерінің мүмкіндіктерімен және тәсілдерімен бір-бірінен ерекшеленетін өрт сөндіру бөлімшелерінің біраз саны қатысатын өрт сөндіруге келетін болсақ, онда оның бөлімшелері әрекеттерінің барлық жақтарын сипаттайтын математикалық моделін құрастыру күрделісі болып табылады. Өрт сөндіруің күтілетін нәтижелерін қандай да болмасын бір критерий бойынша емес, бір-біріне қарама-қайшы бірнеше көрсеткіш бойынша, атап айтсақ, өрт салдарынан болатын залал, ықтимал немесе алдын алынған құрбандар, материалдық құралдар шығыны мен өртті сөндіруге кеткен ақыт және т.б бағалау негізгі қиындық болып табылады. Осы көрсеткіштердің біреулерінің барынша көп, біреулерінің барынша аз болғаны дұрыс. Бұдан басқа, математикалық модельдеуге қажетті бірқатар бастапқы деректерді нысандандыру қиын немесе мүмкін емес және сандық тұрғыдан (тактикалық дағды, пән, өрт сөндіруге келген өрт сөндіру бөлімшелерінің жеке құрамының моральдік-психологиялық жағдайы, олардың жетекшілерінің ақыл-ой және ұйымдастыру қабілеттері, алда тұрған әскери әрекеттерінің әлеуметтік зардаптары және т.б.) өлшеу мүмкін емес.
Бірқатар деректер толық емес, кездейсоқ, қарама-қайшы және тіпті жалған сипатта болады.Бұндай жағдайларда әскери әрекеттердің сан алуандылығын сипаттайтын қандай да «жеңіс теңдеуін» құрастыру оңай шаруа емес, сондықтан математиканы қолдану тиімділігін бағаламауға болмайды, бағаламау емес, оны тіпті асыра бағалау қажет.
Белгіленген қиындықтарды бір жолмен жеңуге болады – біз жоғарыда қарастырған ӨСЖ-нің өрт сөндіруге қатысты математикалық әдістері бар шешім қабылдауы барысындағы логикалық ойлау әдістері, әсіресе игерілген есептер жүргізуімен, сондай-ақ олардың шығармашылық, өнер, батылдығының көрінуі және жарғылар мен нұсқауларда, басқа да нормативтік құжаттарда өрт сөндіру бойынша баяндалған әскери әрекеттерді шебер жүргізуі арқылы.
Әскери әрекеттерді кез келген ерікті математикалық ықшамдау, сәнді формуланың ізіне түсу уақытты босқа шығындаумен ӨСЖ-нің өрескел қателіктерге жол беруіне ұрындырады, яғни, ақталмаған шығындар мен тіпті сапасыз өрт сөндіруге де әкеледі.
Жалпы өрт сөндіруге қатысты шешімдер қабылдау кезіндегі логикалық және математикалық әдістердің тығыз үйлесімділігі ӨСЖ-нің кемелділігін, оның білімі мен ө өрт сөндіру бөлімшелерін басқара білу өнерінің маңызды көрсеткіштерінің бірі болып табылады.ЭЕМ мен математикалық әдістердің болуы ӨСЖ-нің ойлауы және шығармашылығының ролін арттырады, себебі бұл жағдайда ол әдеттегі функцияларды орындаудан басқа, ЭЕМ шін міндеттердің қойылуын айқындап, оның әрекеттерінің нәтижелерін шығармашылық тұрғыдан пайдалана білуі тиіс. Жетекші адам мен машинаның өзара тығыз әрекеті ғана алғашқысының шешуші роль атқару барысында өртс өндіруге қатысты заманауи талаптардың орындалуын қамтамасыз ете алады.

5.5. ӨСЖ мен басқару органдарының жұмысын ұйымдастыру

ӨСЖ-нің өрт сөндіруге қатысты шешім қабылдауы барысындағы қызметінің түпкілікті нәтижесі, шешімнің негізділігі мен дер кезділігі көбінесе білім, тәжірибе, ойлау әдістемесі, оның ерік-жігеріне, математикалық әдістер мен есептеу техникасын пайдалануына ғана байланысты емес, сонымен қатар оның басқару органдарымен бірге осы кезеңдегі жұмысына да байланысты болады. Бұл ұйымдастыру, өз кезегінде, әр кез сайын көптеген факторлармен айқындалатын болады, олардың арасында шешім қабылдауға уақыттың болуы тағы да басты әсер етеді, себебі бұндай уақыт әртүрлі болады, әрі осындай мәселе бойынша қандай да бір жүйелі және барлық жағдайларға жарамды рецепт беру мүмкін емес және мақсатқа сай емес.
ӨСЖ мен басақару органдарының шешім қабылдауы кезіндегі жұмысын ұйымдастыруда шығармашылық тәсіл мен өнертапқыштық қабілет те өте қажет, ол әрбір минутты үнемдеп пайдаланып, міндетті орындау үшін бағыныстыларына барынша көп уақыт бөлу үшін керек.
Айтылғандарды, сондай-ақ басқару органдарының жұмысты ұйымдастыру бойынша жалпы ережелерін есепке ала отырып, әдеттегі өрт сөндіру тұрғысынан алғандағы жағдайда шешім қабылдау барысындағы осындай ұйымдастыруды қарастырайық.
Барлық осындай жағдайларда өрт кезіндегі ӨСЖ мен басқару органдарының күшімен және құралдарымен бірге алғанда олардыңжұмысы келесідей түрде ұйымдастырыла алады.Әдетте, шұғыл штаб бастығымен бірге жалпы жағдайды бағалай отырып, ӨСЖ амалдардың тактикалық түпкі ойын бағдарлайды,өрт сөндіру бойынша аса шұғыл іс-шараларды әзірлеу дайындығын айқындайды және бұл үшін бар уақыттың есебін шығарады. Алынған тапсырмалармен және ӨРЖ-нің болжамды ойымен шұғыл штаб бастығы өртте лауазымды тұлғаларды таныстырады да, сонымен қатар оларға осы мезетте бөлімше командирлерінің өздеріне бағыныстыларға өкімді орындауы туралы айту, сонымен бірге ӨСЖ үшін жағдай туралы жетіспейтін деректерді дайындау және қажетті есептерді жүргізу жөнінде нұсқау береді.
ӨСЖ жағдайды бағалай отырып, тиісті мәселелерге қатысты оперативтік штаб бастығының, басқа да лауазымдық тұлғалардың қорытытындылары мен ұсыныстарын жұмыс тәртібінде тыңдап әрі тұжырымдап, өз шешімін жариялайды. Бұл жұмыстардың барлығы басында өрт сөндірудің жоспары бойынша орындалып, сонан кейін оның нәтижелері қажетті мәліметтер алынғаннан соң сол жерде нақтыланып, айқындалады.
Басқаша айтқанда, ӨСЖ шектеулі уақыт ішінде шешім қабылдап, оны нақтылап барып өз жұмысын ұйымдастыруға мәжбүр болады. Мысалы, әскери іс-қимылдарды жүргізу барысында өрт кезіндегі жағдайдың өзгеруіне қарай болады. Өрт сөндіру-тактикалық оқу-жаттығулары кезіндегі тәжірибеге қарағанда, ӨСЖ шешімді қабылдаған кезде жағдайды толық бақылай алатын жерде болса, оперативтік штаб бастығы мен басқа да басшы тұлғалармен бірге арнайы жабдықталған орында жұмыс істесе, солардың көмегімен міндеттерді белгілеп, жағдайдың соңғы өзгерістерін бақылауға алса, маңызды мәселелер бойынша ойларымен бөлісіп, сол арада бірден шешім қабылдап (нақтылап), жарияласа жұмыс та тиімді ұйымдастырылады. Оперативтік штабтың орналасқан жерінде әскери басқару орталығы ұйымдастырылады. Егер шешім жоспар бойынша қабылданған болса, ӨСЖ уақыты болған жағдайда шешімді нақтылайды.
ӨСЖ жалғыз өзі шұғыл шешім қабылдап немесе оны нақтылап, оны орындауға қол астындағы қызметкерлерге бірден бұйрық беруге мәжбүр болатын жағдайдың да болуы мүмкін. Жұмыстың бұл нұсқасы көбіне өрт сөндіру кезіндегі жағдай күрт өзгергенде шұғыл шара қолдану үшін әскери іс-қимылдарды жүргізу барысында шешім қабылдап, нақтылау кезінде болады .
Басқа жағдайлардың барлығында ӨСЖ өзінің жақын көмекшісімен, әсіресе, оперативтік штаб бастығымен, әскери учаске бастығымен ойларымен бөлісіп отыру үшін барлық мүмкіндіктерді қолдануы керек. Қазіргі кезде өрт сөндіру техникасының көптеген күрделі түрлері қолданылады. Өрт сөндіру техникасын тактикалық және техникалық тұрғыдан дұрыс қолдануға қатысты шешімді жоғары кәсіби білімі болса да, ӨСЖ-нің жалғыз өзіне қабылдау оңайға түспейді.
Өрт сөндіру кезінде шешім қаблдағанда қол астындағы қызметкерлердің жағдайды тым ұзақ баяндауларына және қарама-қайшы ұсыныс жасауларына жол беруге болмайды, өйткені бұл санаулы уақытты босқа кетіруге әрі ӨСЖ-нің тәжірибесі аз болған жағдайда жаңсақ шешім қабылдауына әкелуі мүмкін. Өрт сөндіруге қатысты шешім қабылдағанда ӨСЖ-нің қойған сұрақтарына жақын көмекшісінің берген нақты жауабы, оның пікірі аса маңызды. Мұндай жағдайда, әсіресе, оперативтік штаб бастығының атқарар рөлі зор. Бірінші кезекте нақты оперативтік штаб бастығы ӨСЖ-нің өрттегі жағдайға қатысты кез келген сұрағына қысқа да нұсқа жауап беруге, сондай-ақ қажетті есептеулер мен қорытындыларға негізделген шешімді қабылдау бойынша ұсыныс жасауға дайын болуы тиіс.
Шешімді қабылдауға ұжымның қатысуының да психологиялық аспектісін атап өту керек. Ұжыммен жұмыла жұмыс істеген кезде ӨСЖ-нің де психологиялық-физиологиялық жағдайы жақсарады, яғни, өзіне сыни көзбен қарау, жағдайды зерделей білу қабілеті артып, субъективизим қауіптілігі төмендейді. Басқару органдарының бағынышты қызметкерлері ӨСЖ-нің тактикалық ойын және өздерінің міндеттерін терең түсініп, іскери ынтымақтастық, өзара түсіністік пен сенімділік ахуалын қалыптастырады. ӨСЖ-нің қабылдаған шешімінің дұрыстығына сенім артып, өртті тез арада сөндіруге бар күштерін салады.
Жалпы айтқанда, ӨСЖ-нің жеке адами қасиеттері мен білімі, дербестігі, ерік-жігері, ұжыммен және басқару органдары қызметкерлерімен жұмыла әрекет ете білуі өрт сөндіруге қатысты дер кезінде әрі дұрыс шешім қабылдауына, аса күрделі өртті сөндіру кезінде әскери іс-қимылдарды жоспарлау бойынша басқару органдарымен жұмыстарды бұдан әрі де жүргізуіне ықпал етеді.

5.6. Қол астындағы қызметкерлерге міндеттерін түсіндіру

ӨСЖ-нің тактикалық іс-әрекеті бағынышты қызметкерлердің өрт сөндіру кезінде өз міндеттері мен рөлін білуі үшін әзірленеді.
Сол себепті, бағынышты қызметкерлереге әскери міндеттермен қатар жеткізілетін мәліметтердің де ауқымы айтарлықтай үлкен. Бірақ сол не басқадай мәліметтердің болмауы қызметкерлерді жүктелген әскери міндеттерді орындаудан босатпайды. Бұл мәліметтер болмаса да, қызметкерлер дербестігінің, бастамашылдығының, жауапкершілігінің арқасында өз міндеттерін атқарып шығады. Өрт сөндіру кезінде мақсатқа толық жетпеген қызметкерлерге емес, ӨСЖ-нің нұсқауын күтіп, әрекетсіздік пен жігерсіздік танытқан, өзіне жауапкершілікті алуға жүрексінгендерге кінә арту керек. Бұл, әсіресе, өрт сөндіру кезінде бөлімшелерді басқару барысында аса маңызды, себебі, жағдайдың күрт өзгеруіне және уақыттың тығыздығына байланысты ӨСЖ қабылдаған шешімі бойынша қажетті мәліметтерді қарамағындағы қызметкерге әрдайым жеткізе бере алмауы мүмкін. Ол мұндай жағдайда радиоканал бойынша дабыл қағумен немесе алдағы болатын әрекеттердің бағыты мен сипаты туралы тек қысқа қоманда берумен ғана шектеледі.
Әскери міндеттерді орындаушыларға жеткізу тәсілдері әртүрлі, көп жағдайда төменде көрсетілген тәсілдер қолданылады (6.2 суреті):
ӨСЖ-нің не оның тапсырмасы бойынша басқару органдары қызметкерлерінің барлық қызметкерлерге немесе қарамағындағы бірнеше командирлерге міндеттерді жеке сөйлесу кезінде ауызша түсіндіруі;
ӨСЖ жеке өзінің не басқару органдарының басқа лауазымды тұлғаларының техникалық байланыс құралдары арқылы бұйрық беруі;
қарамағындағы қызметкерлерге жазбаша, графикалық немесе магниттік тасығыштағы әскери құжаттарды-бұйрықтарды жіберу;
жоғарыда көрсетілген тәсілдердің барлығы өзара үйлескен аралас тәсілдер. Осы тәсілдерді жан-жақты қарастырайық:
ӨСЖ-нің қарамағындағы қызметкерлерге әскери міндеттерді жеке сөйлесу кезінде ауызша түсіндіретін тәсіл өткен жылдардың еншісіне тән және оның мәні қазірде де маңызды. ӨСЖ осы мақсат үшін лауазымды тұлғаларды өрт кезінде ыңғайлы жерге шақырады. Ал, егер бұл мүмкін болмаған жағдайда, ӨСЖ қарамағындағы кейбір қызметкерлерді шақырып алып, оларға әскери міндеттерді жеке өзі қояды. Осы жағдайлардың кез келгенінде ӨСЖ қарамағындағы қызметкерлерге өрт сөндіруге дайындалу үшін қабылдаған шешімінен нақты нені білуі керек екендігін егжей-тегжейлі түсіндіруі, әскери міндеттерді және оларды орындау шарттарын дұрыс түсінгендіктеріне көз жеткізуі, туындаған мәселелерге түсініктеме беруі және практикалық көмек көрсетуі тиіс.
ӨСЖ қарамағындағы қызметкерлерді жинай алатындай жағдайда, оларға ауызша бұйрық түрінде міндеттер қояды. Бұйрықтың мазмұны мен беру тәртібі өрт сөндіру түріне байланысты болады. Бұйрықта тактикалық ой мен қызметкерлердің әскери міндеттері көрсетіледі. ӨСЖ өрт сөндіруге дайындық кезінде ғана қарамағындағы барлық қызметкерлерге бірдей міндеттерді жеке өзі қоя алады.
Өрт сөндіру барысында міндеттерді белгілеу әлдеқайда қиынға түседі. Бірақ бұл жағдайда да қызметкерлермен жеке сөйлесу кезінде ауызша қысқа бұйрықтар беру арқылы маңызды міндеттерді белгілеу үшін кез келген мүмкіндіктер қолданылады.
ӨСЖ-нің ауызша берген бұйрығы бойынша міндеттер кезегімен былайша орындалады: бұйрықтың басында жағдайды бағалаудың қорытындылары көрсетіліп, осы бұйрық берілген бөлімшенің әскери міндеті белгіленеді. Бұл тармақ аса маңызды болып есептеледі және оның тұжырымдамасының нақтылығына баса назар аудару қажет. Бұдан әрі осы бөлімшенің мүддесіне қатысты басқа бөлімшенің күші және құралдары арқылы орындалатын міндеттері көрсетіледі. Қорытынды бөлімінде бөлімшенің міндеттерді орындауға дайындалу уақыты көрсетіледі.
Бұйрықтың мұндай мазмұны іс жүзінде жиі кездесетін, әдеттегі түрі. Алайда, қажет болған жағдайда қарамағындағы қызметкерлерді толғандыратын мәселелер де көрсетілуі мүмкін. Мысалы, әскери міндеттерді орындау кезіндегі іс-қимылдар тәсілі, көршілердің міндеті, қызметтердің өзара әрекет етуі және т.б.көрсетіледі.
Кез келген бұйрықтың мазмұнында керексіз мәліметтер, жалпы ережелер мен жарғылық талаптар көрсетілмегені дұрыс.
Осымен қатар, бұйрықтың кез келген тармағын белгілегенде бағынышты командирлердің даярлық деңгейі, тәжірибесі мен басқа да қасиеттері ескерілуі керек. Өрт сөндіру кезінде сауатты, тәжірибесі мол, жігерлі командир ӨСЖ жағдайды жан-жақты түсіндіруін, нұсқаулығын қажет етпейді
Көп жағдайда бағынышты қызметкерлерге ауызша бұйрықты нақты жеткізу ӨСЖ-нің және басқа да лауазымды тұлғалардың команда бере білу, өрт сөндіруге қатысты ойларын қысқа да нұсқа түсіндіре білу және қызметкерлерге әскери міндеттерді қоя білу қабілетіне байланысты болады.
«Қалай бұйрық беретініңді айтсаң, мен оның қалай орындалатынын айтам» деген халық мәтелі бүгінгі күнде де маңызы. ӨСЖ өзінің сыртқы келбетімен, мінез-құлқымен, бұйрық берудегі дикциясымен өрттің ойдағыдай ауыздықталатынына қарамағындағы қызметкерінің сенімділігін күшейтуі тиіс. ¬¬ӨСЖ-нің аздаған қобалжуы, күйгелектенуі немесе дөрекі сөйлеуі қарамағындағы қызметкерлерге психологиялық тұрғыдан теріс әсер ететінін ұмытпаған жөн. Бұйрықты қызметкерлерге мәнін түсінетіндей, ұғатындай етіп берген дұрыс.
Кез келген мүмкіндік болған жағдайда ауызша әскери бұйрық тікелей сол жерде беріледі. Бұл үшін өртке жақын маңдағы ең қолайлы жер таңдалады. Сол арадан өртті бақылап, жүргізілетін әскери іс-қимылдардың бағыты белгіленеді.
Бағынышты қызметкерлерге техникалық байланыс құралдарын шеберлікпен пайдалана отырып, өрт сөндіру кезіндегі міндеттерін жеткізе білу бірнеше орындаушыларға бір мезетте әрі тез арада жүктелген міндеттерді жеткізуге мүмкіндік береді. Алайда, мұның теріс жақтары да бар. Бұл тәсіл қызметкерлердің белгіленген міндеттерді дұрыс түсінгендігін бірден тексеруге мүмкіндік бермейді.
Техникалық байланыс құралдары арқылы міндеттерді жүктеген кезде бұйрықтың көлемін команда беру мен дабыл қағуға дейін барынша қысқартудың маңызды зор. Автоматтандырылған әрі дабыл қағатын түрлі құрылғыларды қолданған кезде ақпарттар көлемін осылайша қысқарту аса қажет. Қарамағындағы қызметкерге алдымен ең басты мәліметтерді, кейіннен басқа да қажетті деректерді беру керек. Бұдан басқа, ақпараттарды берудің белгілі бір қарқыны сақталуы қажет. Яғни, бағынышты қызметкерге білуге қажетті ақпараттардың бәрін бірден бермеген жөн, себебі бұл ақпараттар бұрмаланған жағдайда жіберілген қателіктерді тауып, түзету оңайға түспейді.
Аса маңызды әрі жедел бұйрықтар әдетте бағынышты қызметкерлермен тікелей келіссөздер жүргізу арқылы беріледі.
Қарамағындағы қызметкерлерге әскери міндеттерді әскери жазбаша немесе графикалық құжаттар арқылы жеткізу тәсілі әзірше сирек қолданылады, бірақ оргтехника құралдарын қолданудың келешегі мол.
Әскери міндеттерді жеткізудің аралас тәсілінің мәні мынада – ӨСЖ-мен қабылданған (нақтыланған) шешім орындаушыларға түрлі әдіс-тәсілдермен жеткізіледі: бағынышты қызметкерлердің бір тобына – жеке сөйлесу кезінде ауызша жеткізу; басқа тобына байланыс жолдары және т.б. арқылы жеткізу болып табылады. Көбіне бұл тәсіл жоғары тұрған инстанциялармен сұхбаттасу кезінде, жеке қарым қатынас жасау шектеулі болғанда немесе мүлде болмаған жағдайда қолданылады.
Осылайша, жұмысты қысқа уақытта әрі бір мезетте орындайтын лауазымды тұлғалардың бір тобы міндеттерді жеткізу үшін тартылады. Олардың жұмысын ӨСЖ-нің жеке өзі немесе оперативтік штаб бастығы дер кезінде және дәл ұйымдастыруы тиіс. Шешімді қабылдау (нақтылау) барысында бағынышты қызметкерлердің тұрған жері мен атқаратын рөліне қарай жалпы міндеттерді қандай тәсілдермен шешу, қызметкерлерге міндеттерін түсіндіру, бұл үшін лауазымды тұлғалардың қайсысын тарту, оларды қалай және қашан даярлау керектігін белгілейді.
ӨСЖ өзінің шешімін орындаушыларға жеткізуге дайын әрі қысқа бұйрық түрінде, олардың дайындалу мерзімін көрсете отырып, жариялайды. Осы бүйрықтардың жазбаша түріне немесе сызбаға түсірілгеніне қарай және лауазымды тұлғалардың бұл бұйрықтарды дұрыс ұғынғандарын тексергеннен кейін, олар орындаушыларға жеке сөйлесу арқылы ауызша не басқа тәсілдермен жеткізледі. Мұндай бұйрықтардың командирлерге шешімді қабылдау барысында, яғни бағынышты қызметкерлерге міндеттердің қойылуына қарай берілуі де мүмкін. Осылайша, бағынышты қызметкерлерді, әсіресе, басқаларынан бұрынырақ әрекет ете бастаған қызметкерлерді дайындауға жұмсалатын уақытты үнемдеуге болады. ӨСЖ осы не басқа жағдайларда жеке өзі немесе оперативтік штаб бастығы арқылы орындаушыларға әскери міндеттерді жеткізудің белгіленген тәртібін қадағалайды.
Орындаушыларға міндеттерін кез келген тәсілмен жеткізуде оперативтік штабтың атқаратын маңызы зор. ӨСЖ барлық орындаушыларға міндеттерді жеке өзі қойған жағдайда, оперативтік штаб оған керекті материалдарды жинап, қажет болса белгіленген жерге қарамағындағы командирлерді де шақырады.
Оперативтік штаб барлық жағдайларда бағынышты қызметкерлерге міндеттері, күші, құралдары, орындау шаралары мен дайындалу мерзімі белгіленген қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша бұйрықтарды жеткізеді.
Техникалық құралдар арқылы белгіленген дабылдар, командалар, бұйрықтар, сондай-ақ оларды қабылдағаны мен орындалғаны туралы хабарламаларды беру міндеттерді жеткізу жеделдігін арттырудың маңызды бағыты болып табылады.
Мұндай дабылдар, командалар, бұйрықтар мен хабарламалар сандарды, әріптерді, сөздер мен сөз тіркестерін теру түрінде ресімделіп, кодталады. Дабылдар, командалар мен ресімделген бұйрықтар әзірленіп, қызметкерлерге күні бұрын жеткізіледі. Белгіленген дабылдар мен командаларды беру үшін қажетті дабылдар мен командаларды белгілеп отыратын арнайы тақтасы және берілетін ақпаратты теруді қамтамасыз ететін пернетақтасы бар түрлі құрылғылар қолданылады. Сондай-ақ, бұл құрылғы бағынышты бөлімшенің дабылды немесе бұйрықты орындауға команданы алғаны туралы хабарламасын қабылдайды.
Бағынышты бөлімшелерге әскери міндеттерді жеткізудің жоғарыда көрсетілген әдістерінің жақсы да, теріс те жақтары бар. ӨСЖ және басқару органдары оларды таңдаған кезде әскери іс-қимылдарды бастағанға дейінгі уақытты басты шарты ретінде қарастырады. Нақты жағдайларды және белгілі бір кезектілікті ескере отырып, түрлі әдіс-тәсілдерді шебер үйлестіре білгенде ғана уақытты барынша үнемдеуге және міндеттерді жеткізудің тиімділігіне қол жеткізуге болады. Ең алдымен шешуші бағытта әрекет ететін, ең маңызды міндеттерді орындайтын немесе дайындалуға көбірек уақытты қажет ететіндердің міндеттері белгіленеді.
Құжаттардың өткізілуін және міндеттердің дұрыс түсінілгенін бақылауды өрт сөндіру кезіндегі оперативтік штаб немесе басқа лауазымды тұлғалар жүзеге асырады.

5.7. Бөлімшелер мен қызметтердің өрт кезіндегі өзара әрекетін ұйымдастыру

Көп жағдайда өрт сөндіруге түрлі бөлімшелер қатысады. Олардың өзара ұйымдаса әрекет етуі өртті ойдағыдай ауыздықтаудың алғышарты болып табылады.
Өрттің ойдағыдай ауыздықталуына мүдделі, өртті сөндіруге жұмылдырылатын барлық күшттер мен құралдардың міндеттерді, бағыты мен уақытты белгілеуде келісе әрекеттесуі өзара ұйымдаса әрекет етудің мәні болып табылады. Міндеттер бойынша өзара әрекет ету бөлімшелердің өртке қарсы бар күштерін жұмылдыруды анықтайды, яғни мұның нәтижесінде кезекті әскери міндеттер: жуық арадағы, келесі және т.б. міндеттер белгіленеді. Осы міндеттердің әрқайсысының шегінде бөлімшелер әрекетінің бағытына қарай, сонымен қатар аса маңызды әрекеттер, нысандар мен іс-қимыл тәсілдеріне қарай өзара әрекет етудің жай-жапсары талқыланады.
Бөлімше күштерін уақытқа қарай келісу сол немесе басқа әрекетті орындау кезінде бір не әртүрлі уақытта атқаратын іс-әрекетті анықтау болып табылады. Әсіресе, резервуарларда, мұнай және газ фонтандарындағы өртті сөндірген кезде байқалады.
Өзара әрекет ететін бөлімше командирлері біріншіден, ӨСЖ-нің іс-әрекетін және жалпы әскери міндетті білсе; екіншіден, бір-бірінің әскери міндеттерінің мазмұнын, оларды орындау бойынша бірлескен іс-әректтердің уақыты мен тәсілін білсе; үшіншіден, бір-бірімен және ӨСЖ-мен өзара әрекеттесуге қатысты тығыз байланыста болса және дер кезінде өзара ақпараттар алысса; төртіншіден, өзара әрекет етуге қатысты дабылдардың талап етілген көлемін тез арада қолдана алса өзара әрекет ету дұрыс ұйымдасқан болып есептеледі.
Әскери міндетті орындау кезінде түрлі күштер мен құралдардың тактикалық мүмкіндіктері толығырақ іске асырыла алатындай әр бөлімнің өзара әрекет ету жүйесі құрылады, олардың күштері бөлімшелердің әскери міндеттерді орындаулары үшін, ал соңғыларының арасында жалпы міндетті шешуде маңызды рөл атқаратындардың мүдделеріне қарай келісулері тиіс, мақсаты, орны мен уақытына қатысты әр бөлімнің (күзеттің, бөлімнің және т.б.) кең ауқымды ерекшеліктері қамтылған өзара әрекеті нақты белгіленген болуы тиіс.
Өзара әрекет етуді ұйымдастыру – бір реттік акт емес, ӨСЖ мен оперативтік штаб жұмысының белгілі бір үдерісі. Мұнда ӨСЖ басты рөл атқарады, оның өзара әрекет етуді ұйымдастыру бойынша жұмысы екі кезеңнен тұрады: біріншісі – дайындық кезеңі, екіншісі – бөлімшелерге өзара әрекет етудің белгіленген тәртібін іс жүзінде жеткізу.
ӨСЖ өзара әрекетті ұйымдастыруды қызметке кіріскен уақытынан бірден бастап, өртті сөндіруге қатысты шешім қабылдаумен аяқтайды. Әскери міндетті анықтаған кезде әр командир басқа да мәселелермен қатар, өзара әрекет ету жүйесінде бөлімшесінің өз учаскесінде атқаратын рөлі мен орнын анықтап, көрші бөлімшелермен қалай өзара әрекет ету керектігін белгілейді.
Жағдайды бағалаған кезде түрлі бөлімшелердің әрекетін келісу және қолдануға әсері зерттеледі. ӨСЖ жағдайды бағалау және шешім қабылдау нәтижесінде алдағы әскери міндеттерді орындау кезіндегі бөлімшелердің өзара әрекет етуінің негізін анықтайды. Ол осымен қатар, алдағы әскери әрекеттердің бірнеше үлгісін ойша құрастырады, соның нәтижесінде өртті қалай сөндіру керектігін ойша жоспарлап, оның реттілігін, негізгі күшті жұмылдыру бағытын, күш пен құралды топтастыруды, бөлімшелердің міндеттерін, маневрлерінің сипатын, т.б. белгілейді. Бірден сол арадан қарамағындағы қызметкерлерге өзара әрекет етудің белгіленген тәртібін қалай және қашан жеткізу керектігі анықталады.
Оперативтік штаб ӨСЖ-ге көмектесе отырып, талап етілген мәліметтер мен есептеулерді дайындайды, жұмыс құжаттарында өзара әрекет етудің белгіленген тәртібін ресімдейді және ӨСЖ-мен белгіленген әдіс арқылы өзара әрекет етуді ұйымдастыруға қатысты басқа да шараларды жүзеге асырады.
Өзара әрекетті ұйымдастырудың түрлі әдістері қолданылады. Оларды таңдау негізінен, қарамағындағы қызметкерлермен жеке сөйлесу мүмкіндігіне, олардың даярлық деңгейі мен уақыттың болуына байланысты болады. Егер уақыт өте шектеулі болса және бағынышты қызметкерлерді сол жердегі бір пункке жинау мүмкін болмаса, онда өзара әрекеттесу бойынша нұсқаулар қысқа бұйрық бойынша әскери міндеттермен бір уақытта жеткізіледі. Бұл бұйрықтарды ӨСЖ жеке өзі және оперативтік штаб қызметкерлері бағынышты қызметкерлерге байланыс құралдары, сондай ақ олардың кейбірімен жеке сөйлесу арқылы береді. Егер, жағдайға қарай мүмкіндік болса, онда ӨСЖ әскери міндеттерді ауызша белгілегеннен кейін қарамағындағы барлық қызметкерлерге тікелей сол орында өзара әрекет ету бойынша жалпы нұсқауларды бере алады.
Мұндай жағдайда ӨСЖ-нің өзара әрекет ету бойынша нұсқаулары қатаң белгіленген жоспарда беріледі. Ол әр әскери аралық міндет бойынша мыналарды көрсетіп, анықтайды:
а) келісілген іс-қимылдардың (өзара әрекеттердің) мақсаты;
б) өрттің болу мүмкіндігі (қажет болған жағдайда, нұсқалар бойынша);
в) өртті сөндіруге қандай күштер мен құралдар немесе бөлімшелер қатысады;
г) осы күштер мен құралдардың бағыттар және аталған әскери аралық міндеттердің шегіндегі нысандар мен уақыт бойынша келісілген іс-қимылдарының тәртібі.
Басында өзара әрекет ету бойынша мәселелер сол жердегі көз жетерліктей шекте, ал көрінбейтін жерде – жоспар немесе сызба бойынша, тек нұсқаулар беру ғана емес, сондай-ақ алда болатын әскери іс-қимылдар жаттығуларындағы тәсілді қолдану арқылы да шешілуі мүмкін. ӨСЖ-нің өзара әрекет ету бойынша нұсқаулары да мазмұнына қарай әртүрлі, себебі ол әскери міндеттердің мазмұнынан және оны орындауға қатысты нақты тәсілдер мен шарттардан туындайды. ӨСЖ нұсқауындағы белгіленген әскери міндеттерді қажет болмаса қайталаудың керегі жоқ. Нұсқауда әскери міндетті ойдағыдай орындау үшін бөлімшелер, сондай-ақ көршілердің іс-қимылдарының уақыты мен міндеттері бойынша келісілген тәртібі анықталады.
Кезекті міндеттердің кез келгенін орындау кезіндегі ӨСЖ өзара әрекет ету нұсқауында түнгі уақытта, қыста болған және т.б. өртті сөндіру барысындағы бөлімшелердің іс-қимылын келісумен байланысты мәселелер де шешіледі. Егер, ӨСЖ-нің шешімімен арнайы техника қолданылатын болса, техниканы қолданумен байланысты өзара әрекет ету мәселесі де шешіледі. Қызметкерлерге оперативтік штаб пен өзара әрекет ету дабылының өрт сөндіру барысындағы орналасқан жері туралы хабарланады.
Әрине, бар жағдайда өртті сөндіруге басты көңіл бөлінеді. ӨСЖ өрт сөндірудің әр бағытында әскери қимылдарды күшейту шекарасын, бөлімшелердің өртті сөндіру барысындағы міндеттері мен қозғалу бағытын анықтайды. Бұдан басқа, өзара әрекет ету тәртібі де белгіленеді. Уақыт жеткілікті болған жағдайда өзара әрекет ету әскери міндеттерді белгілегеннен соң бірден емес, кейінірек ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл әдіс өрт сөндіру практикасында кеңінен қолданылады. Бұл әдістің ерекшелігі – ӨСЖ сол жерде ауызша бұйрық бергеннен кейін, қарамағындағы қызметкерлерге өртті сөндіруге қатысты шешім қабылдауларына уақыт беруінде.
Өзара әрекетті ұйымдастыру бойынша ӨСЖ жұмысын қамтамасыз етуде ӨСЖ-ге өзара әрекет ету мәселесін іс жүзінде шешуге көмектесетін және оның нұсқауларын жазып алатын оперативтік штабтың атқаратын рөлі зор. Оперативтік штаб осы нұсқауларға сәйкес өзара әрекет ету бойынша құжаттарды нақтылайды немесе әзірлейді, керек болған жағдайда мүдделі бөлімшелерге одан көшірмелер алып береді. Штаб ӨСЖ жеке өзі нұсқау бере алмаған қызметкерлермен өзара әрекет ету мәселелерін шешеді. Бұдан басқа, оперативтік штаб өзара әрекет етуші бөлімшелер арасындағы байланысты ұйымдастырып, қамтамасыз етеді, оларға белгіленген дабылдарды жеткізеді, ӨСЖ-ге нәтижелер туралы баяндай отырып, бағынышты қызметкерлердің өзара әрекетті дұрыс ұйымдастыруын қадағалайды.
Үздіксіз өзара әрекет етуге қолдау көрсету –ӨСЖ мен оперативтік штабтың өрт сөндіру кезіндегі маңызды міндеттерінің бірі. ӨСЖ және оперативтік штаб мұны іске асыра отырып, біріншіден, бөлімшелердің әскери міндеттерді орындау кезінде өрт сөндіруге дейін келісілген іс-қимылдарының тәртібін аса дәлдікпен және жан-жақты жүзеге асыруы; екіншіден, жағдайдың өзгеруін ескере отырып, осы тәртіпті дер кезінде нақтылап,толықтырып, дамытуы; үшіншіден, өзара әрекет ету қимылы бұзылған жағдайда оны қайта қалпына келтіруі немесе ұйымдастыруы тиіс.
ӨСЖ мен оперативтік штабтың осы жұмыстарының нақты мазмұны көбіне өрт болып жатқан нысанның түріне, әр кезекті әскери міндеттің ерекшелігі мен оларды орындау әдістеріне, өрт сөндіруге дейін белгіленген өзара әрекет етудің өрт сөндіру кезіндегі нақты орын алған жағдайға сәйкес келуіне және т.б. байланысты болады. Барлық жағдайларда өзара әрекет етудің ойдағыдай жүзеге асуы жағдайды үнемі қадағалауға және оның өзгеруін алдын-ала көре білуге; бөлімшелердің әскери міндеттерді және өзара әрекет ету тәртібін дәл орындауларын бақылауға; жағдайға жауап беретін өзара әрекетті қайта қалпына келтіру, дамыту, нақтылау бойынша белгіленген тәртіпті қолдануға; бөлімшелердің өзара әрекетін қамтамасыз ететін сенімді байланысты сақтауға; өзара әрекет етудің белгіленген дабылдарын дер кезінде беруге ықпал етеді.
ӨСЖ мен оперативтік штабтың өзара әрекет етуді қолдау бойынша жұмыстары нәтижелігінің негізі – жағдайды нақты білу және оның өзгеруін алдын ала көре білу. Бұған өртті үздіксіз қадағалау, жағдайдың өзгеруі туралы мәліметтер бойынша барлық көздерді барынша қолдану, әскери учаскелердегі өзара әрекет етуші бөлімше командирлерінің арасындағы ақпараттар арқылы қол жеткізіледі. Өрт сөндіру барысында қол жеткізілетін мәліметтердің жалпы мөлшерінен бұрын белгіленген өзара әрекет ету тәртібінің уақытқа төтеп беретіні ерекше мәнге ие. Келісілген іс-қимылдар тәртібі туралы барлық нақтыланған мәліметтер орындаушыларға ауызша бұйрықтар мен командалар түрінде жеткізіледі.
Орындалатын міндеттер шегіндегі өзара әрекет ету тәртібін нақтылай отырып, ӨСЖ мен оперативтік штаб нақты міндеттер үшін өзара әрекет етудің негізгі мәселелерін белгілейді, себебі өрт сөндіргенге дейін бұларға жалпы түрде ғана рұқсат етілген.
Өрт сөндіру барысындағы өзара әрекет ету бірнеше себептерге байланысты бұзылуы мүмкін: кей жағдайда бір немесе бірнеше бөлімшелермен байланыс үзіледі; кей жағдайда бөлімшелердің әскери қабілеттіліктері жоғалады; ал кейде осы себептердің барлығы бір уақытта болуы мүмкін. Осыдан барып ӨСЖ мен оперативтік штабтың бұзылған өзара әрекет етуді қалпына келтіру бойынша жұмыстарының мазмұны мен әдістері, көлемі әртүрлі болады.
Өрт сөндіретін сол не басқа бөлімше әскери қабілеттілікті жартылай жоғалтқан кезде өзара әрекет ету жүйесінде аздаған өзгерістер болуы мүмкін, осы бөлімшенің міндеті нақтыланып, оның басқа бөлімшелермен бірлескен әрекетіне түзетулер енгізіледі. Өзара әрекет ету басқаша бұзылған жағдайда және оны қалпына келтіру көлемі әлдеқайда маңыздырақ болады.
ӨСЖ мен оперативтік штаб мұндай жағдайда өзара әрекет етуді қалпына келтіре отырып, ең алдымен бөлімшелер арасындағы байланысты орнатады, осы бөлімшелердің жағдайын тез арада анықтайды. Сол арада өзара әрекетті қалпына келтіру бойынша қандай шаралар қолданылатыны, оны қалай жүзеге асырылатыны белгіленеді.
Ең алдымен жалпы міндеттерді шешуде маңызды рөл атқаратын бөлімшелер арасындағы өзара әрекет қалпына келтіріледі. Тікелей өртті сөндіруге бағытталған күштер мен құралдар арасындағы әскери міндеттер мен өзара әрекет ету тәртібі нақтыланады.
Бұзылған өзара әрекетті қалпына келтіру шараларына бастамашылық ету бойынша командирлер, бағынышты қызметкерлер мен өзара әрекет етуші бөлімшелерді тұрақты дайындаудың да маңызы зор. Оларға шығармашылық тұрғыдан бастамашы болуларына кең мүмкіндіктер беріледі. Жалпы тактикалық ойлардың және оны іске асыру үшін өз рөлін дұрыс түсіну негізінде олар жағдайдың өзгеруіне сәйкес өз қызметкерлерінің іс-әрекеттерін нақтылаулары қажет. Бұл үшін олардың арасында сенімді байланыс пен өзара ақпарат алмасу орнауы, бір-бірінің міндеттерін жете түсінулері керек, өзара көмек көрсетуге үнемі дайын болуы, өзара әрекет ету дабылын тез әрі дәл қолдана білулері қажет.
Бөлімшелердің өрт сөндіру барысындағы тығыз қарым-қатынасын үздіксіз қолдау, шебер ұйымдастыру, бұзылған өзара әрекетті тез арада қалпына келтіру ӨСЖ мен оперативтік штабтың өрт сөндіру кезіндегі күштер мен құралдарды басқарудағы, сондай-ақ өртті ойдағыдай ауыздықтаудағы кәсіби шеберліктерінің маңызды көрсеткіштері болып табылады.

5.8. Өрт сөндіру бөлімшелерінің әскери амалдарын қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды іске асыру

Осы міндетті дұрыс және уақытында шешу маңыздылығы техникалық жабдықталудың сапасына, өрт сөндірудің жаңа құралдарының кеңінен енгізілуіне, олардың ПТВ-ның сан түрлерінің, техника мен радиоэлектронды құралдардың үлкен көлеміне, барлық материалдық құралдар шығынының артуына және олардың тұтануының күрделі жағдайларына қарай үнемі артып отырады. Барлау және тылдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мен жүзеге асыруға қойылатын талаптар артуда.
Өрттің аса қауіпті факторларынан қорғау бойынша іс-шаралар өткізу ерекше қиындық тудырады.
Осылайша, заманауи жаһдайларда әскери амалдарды жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастырумен байланысты міндеттері аясы бұдан да кеңіп, алуан түрлі болды. Әрі бұнымен біргеқамтамасыз етудің әрбір түрінің өзіндік ерекшеліктері бар; оларды шешуге арнайы күштер мен құралдар тартылады, оларды басқаруды басқару органдарының арнайы бөлінген қызметкерлері жүзеге асырады.
Әскери амалдардың тиімділігі қамтамасыз етудің әр түрін дұрыс ұйымдастырудан ғана емес, сонымен бірге жан-жақты қамтамасыз ету бойынша іс-шараларды жоспарлау мен жүзеге асыру келісушілігіне байланысты.
Командирлердің өрт сөндіру бөлімшелерінің әскери амалдардын жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша жұмысыөрт сөндіруде қажеттіліктерді дер кезінде қанағаттандыру үшін, қамтамасыз ету түрлері бойынша жоспарлардың өзара, сондай-ақ өрт сөндіру бойынша жалпы жоспармен нақты үйлестіру мақсатында жүргізіледі.
Әскери амалдарды жан-жақты қамтамасыз етуді ұйымдастыру қамтамасыз етудің әр түрін, орындауға қажетті күш құрамы мен құралдарды айқындау, тапсырмаларды орындаушыларға жеткізу және оларды шешу тәсілдерін анықтаудан тұрады.
ӨСЖ-нің өрт сөндіруге қатысты шешімі мен оның әскери амалдарды қамтамасыз ету бойынша нұсқаулары осы жұмыстың негізі ретінде қызмет атқарады.
Командирлердің әскери амалдарды қамтамасыз етуді ұйымдастыру бойынша жұмысының тәртібі өрт сөндіруге бөлінген уақытпен және шұғыл штабпен қабылданған жұмысты ұйымдастыру әдісімен айқындалады. Командирлердің қамтамасыз етудің барлық түрлері бойынша немесе әскери тапсырманы орындауда ерекше маңызға иелері бойынша жүйелі жұмыстары барысында қажетті күш пен құралдарды қамтамасыз ету және айқындау бойынша негізгі міндеттер ғана қойылмайды, сондай-ақ өрт сөндіруді қамтамасыз ету кезінде күштер мен құралдарды пайдалану тәртібі туралы ұсыныстар да толық қарастырылады. Осылайша, әскери амалдарды жан-жақты ұйымдастыру бойынша командирлер мен өзге басқару органдарының жұмысын қамтамасыз етудің барлық түрлерін жоспарлаумен, сондай-ақ оларды іс жүзіне іске асыру бойынша іс-шараларды өткізумен де байланысты. Дайындық барысында жан-жақты ұйымдасқан қамтамасыз ету әскери амалдарды жүргізу барысында үздіксіз қолданылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

6. Қабылданған шешімдердің экономикалық түсініктері

Өрттен болған шығын оның жану ұзақтығына және температурасына байланысты. Өрттің анықталған ұзақтылығы және температурасы кезінде құрылыс конструкцияларының бұзылуы болады.
Ғимараттың тасушы конструкцияларының бұзылуы көбінесе максималды шығынмен байланысты, өйткені өрт кезінде ауыр конструкциялар құлаған кезінде бөлмедегі бар заттың барлығын қиратады. Құрылыс материалдарының бұзылуы локальді және жалпы сипаты бар, ол тапсырманы конструктивті-жоспарлы шешуіне байланысты, сонымен бірге өрт сөндіру бойынша өрт бөлімдерінің сәтті жұмыстарына байланысты. Нгеізгі өрт сөндіру құралы су болып табылады.
Экономикалық көрсеткіштерді анықтау:
K1,2 – капиталды шығындар,
l1,2 – экономикалық шығындар,
I1,2 — өрттен болған шығын.
СҮ “Қазақстан” өртті сөндіру үшін шығу кестесіне сәйкес гарнизон техникалары пайдаланылады. Осы кезде автоматты түрде № 2 шақыру бойынша күш пен құралдар бірінші нұсқадағыдай екінші нұсқада да шығады.
Сумен сөндіру уақытын статистикалық көрсеткіштер анализінен 30 минутқа тең деп аламыз, пайдалану шығындары келесі формула бойынша анықталады:
l1=1ам+lгсм+lзп+lос+lтрто
мұндағы:
lзп – төлем ақыға шығындар;
lтрто – сөндіруге, жөндеуге, техникалық қызмет көрсетуге шығындар;
1ам – аммортизациялық есептеулер
lос — өрт сөндіру заттарына шығындар;
lгсм – жанар-жағар май материалдарына шығындар.
Барлық пайдалану шығындарының көлемі екі нұсқадағы шығындары тең, сондықтан оларды анықтамаймыз, жанар-жағар майдан басқаларын.
Өртті сумен сөндіру үшін пайдалану шығындарын анықтаймыз.
Qобщ = 24,5 л/с, өрт сөндіру уақытында (Tтуш=30 мин.) су шығындалады:
1 м3 судың құны – 100 теңге.
W = Qобщ * Tтуш * 60 = 0,0245 * 30 * 60 = 44,1 м3
Со.с = Свод. = W * 100 = 44,1 * 100 = 4410 теңге.
Өрт сөндіруге 1 өрт автомобилін орнату қажет және сөндіруге 4 «Б» оқпанын, қорғауға 2 «Б» оқпанын беру қажет. Өрттегі жұмыстар үшін жеке құрамның 10 бөлімшесі қажет.
Жанар-жағар май шығынын анықтаймыз. Су беруге АЦ-40 бір автомобиль және басқа арнайы техника жұмыс жасайтын болады. Жанар-жағар майдың шығынын анықтау үшін кесте құрамыз.

Кесте 1.

ӨА маркасы Мөлшері
(шт.) Жұмыс уақыты
(мин.) жағармайдың шығыны Жалпы шығын
(л.) Жағармай маркас 1 литрге құны
Сумма

АЦ-40 1 30 0,33 9,9 А-80 108 1070
Қорытынды: 9,9 1070

Майлауға шығындалғанды ескере отырып шығындалған бензиннің құны құрайды:
Сгсм = С * 3 = 1070*3 = 3210 тенге.
Стр. то=5000 теңге әр автомобильге —
қорытынды 5000*10 = 50000 теңге.
Төлем ақыға шығындарды анықтаймыз, ол үшін құжат бойынша берілгендерді аламыз:
2 бөлімшеге қарауыл бастығы 96000 теңге
Бөлімше командирі 78000 * 2 = 156000 тг.
Жүргізушілер 74000 * 2 = 148000 тг.
Өрт сөндірушілер 70000 * 4 = 280000 тг.
Қорытынды: 680000 теңге
Бір күндік төлем ақыны анықтаймыз, яғни 8 жұмыс сағатына:
680000 : 30 = 22667 теңге;
Бір сағат жұмыс үшін:
22667 : 8 = 2833 теңге;
10 бөлімше жұмыс жасаған кезіндегі төлем ақыны анықтаймыз:
2833 * 10 = 28330 теңге;
Пайдалану шығынын анықтаймыз:
С1 = 4410 + 3210 + 50000 + 28330 = 85950 теңге.
Өрт кезінде мүмкін жоғалтуды анықтау. «Тайга» СҮ көрмелермен, офистармне және т.б. жабдықталған, және тауарматериалды құндылықтарды қажет етеді.
Қадағалаудың көрсетуі бойынша, жану ауданы 210м2 құрайды, осылай сақтау камерасы толығымен отпен қамтылған.
Сақтау камерасында өрттің пайда болу нәтижесінде жоғалту 5000 мың теңге құрайды, және де 10 млн. тг. суммасында әр-түрлі тағайындау боцынша тауар материалды құндылықтар жойылған. Жоғарыда берілген мәліметтер тауар-өндірісті палатаның берілгенлері бойынша ұсынылған.
Жалпы ауданы — 840 м3 сақтау камерасы жанып кетеді.
Өрттің жалпы жоғалтуы құрайды:
Y1’ = 5000000 + 10000000 = 15000000 тенге.
Тауар мекемелерінде өрттер үш жылда бір болатынын есепке алып, бірінші нұсқа бойынша шығындар мынаған тең:
П1 = C1 + Y1/3 = 85950 + 15000000/3 = 5085950 тенге.
7. Өрт сөндіру кезіндегі еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі

Техника қауіпсіздігі бойынша шаралар объект мамандарымен бірге дайындалады және техника қауіпсіздігі бойынша жауаптылардың міндеттері көрсетілетін вкладыштары бар жедел жоспарда көрсетілуі керек. Ғимарат жоспарында температуралық әсерден қорғау қажет конструкциялардың құлауы мүмкін аймақтар белгіленуі керек.
Өрт сөндіруге қатыстырылатын қарауыл жеке құрамымен жыл сайын өрт-тактикалық сабақтар өткізілуі кезінде техника қауіпсіздігі сұрақтары қарастырылуы керек.
Өртке қарсы қызмет бөлімдерінің техника қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінде № 355 15.12.2010 ж., көрсетілген талаптардан басқа ӨСБ техника қауіпсіздгі үшін жауапты тұлғалар арқылы қатты түтінденген және температурасы жоғары, жылулық радиациясы жоғары аймақтарда жұмыс жасайтын адамдарды қорғау бойынша шаралар қабылдауы қажет. Жеке құрам жылдам түтін люктерін ашуға дайындалған болуы керек.
Конструкциялардың, сөрелердің құлау қауіпі кезінде жеке құрамды қауіпті аймақтан көшіруге уақытында шаралар қабылдау керек.
Қоғамдық ғимараттарда өртті сәтті сөндіруді қамтамасыз ету үшін, гарнизондарда бірқатар дайындық шаралар жүргізу қажет. Бұл шаралар автоматты өртке қарсы қорғаныс жүйелерімен өртті табу және жою мүмкіндігін, күш пен құралдардың сөндіруде қажетті тез ойластыру, сонымен бірге өрт бөлімдері жеке құрамын тактикалық қамтиды.
Өртке бөлім келуі бойынша жеке құрамға барлау жүргізу кезінде, жауынгерлік қанат жаю және өрт сөндіру кезінде техника қауіпсіздігін сақтау туралы ескерту қажет. Барлау тобы кем дегенде 3 адамнан тұру керек, және дайындалған адам басқаруы қажет – командир.
Түтінденген ортада және улы заттар сақталатын қоймаларда барлауды жүргізу кезінде барлауды ГТҚҚ буыны үш адам құрамында жүргізу қажет.
ГТҚҚ жеке құрамы құтқару және өзін-өзі құтқару құралдарымен, жарықтандыру және байланыс приборларымен, конструкцияны ашу құралдарымен және сөндіру құралдарымен жабдықталуы керек. Барлауды жүргізушілер ӨСБ-мен, жедел штабымен тұрақты байланыста болып барлау қорытындысын баяндап отыруы керек. ӨСБ газ-түтіннен қорғаушылардың резервін құруға, оқшаулағыш противогаздарда жұмыс жасаушылар жеке құрамын уақытында ауыстыруды қамтамасыз етуге міндетті. Жеке құрам жанып жатқан бөлме есіктерін байқап ашуға міндетті, есік жақтауларын оттың мүмкін лапылдауынан немесе қыздырылған газдан қорғану үшін пайдалану керек. Терезе қуыстарымен капиталды қабырға бойымен қозғалып құрылыс конструкцияларының құлау мүмкіндігінен қорғану шараларын сақтау керек. Қол өрт сатыларын пайдаланған кезде оларды түтіндену аймағында, өрттің дамуы кезінде жану аймағында қалып қоймайтындай етіп орнату керек.
Өрт сөндіру кезінде суды шашыранды жолымен беріп жоғары температураны төмендету шараларын қолдану қажет. Судың босқа шығындалуы болмас үшін жабылатын оқпандар қолдануы қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Берілген дипломдық жобада “Тайга” СҮ өрт қауіптілігінің бақылауы көрсетілген, тауар мекемелерінде және қойма бөлмелерінде бақылау өткізілді. Өрттің таралу жылдамдығы анықталған. Объекттің жалпы сипаттамасы, технологиялық процессі берілген. Қарастырылған “Тайга” СҮ мүмкін болатын өрттің болжамы өткізілді, әр-түрлі уақыттағы өрттің дамуы, орташа көлемді температура, нейтрал аймағының биіктігі, сөндіру ауданы анықталды.
Анализ және өртке қарсы қызмет гарнизонының тактикалық мүмкіндігінің негізінде мобильді топтармен өрт сөндіру мүмкіндігі анықталды. Ең жаман нұсқадағы мүмкін өртті жою үшін қажетті күш пен құралдардың есебі жүргізілді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиет:

1. «Азаматтық қорғаныс» заңы. Бұйрық №188 11.04.2014 ж.
2. Өртке қарсы қызмет органдарының жауынгерлік жарғысы. Бұйрық № 267 14.11.2009 ж.
3. Өртке қарсы қызмет органдарының қызмет жарғысы. Бұйрық № 266 14.11.2009 ж.
4. ҚР ТЖМ өртке қарсы қызметінің газ-түтіннен қорғау қызметі жөніндегі тәлімдемесі. Бұйрық № 446 22.12.2010 ж.
5. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы қызмет органдарының техникалық қызметі жөніндегі тәлімдемесі. Бұйрық № 170 07.07.2005 ж.
6. Өртке қарсы қызмет бөлімшелеріндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі ережелері. Бұйрық № 355 15.10.2010 ж.
7. ҚР ТЖМ өртке қарсы қызмет бөлімдері мен гарнизондарының жеке құрамын даярлау Бағдарламасы. Бұйрық № 245 12.07.2010 ж.
8. Өрт жеңдерін пайдалану және жөндеу нұсқаулығы. Бұйрық № 382 12.09.2011 ж.
9. ҚР ТЖМ Төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау комитеті үшін автокөлік және материалдық-техникалық құралдардың тиісті нормалары. Бұйрық № 52 14.07.2005 ж.
10. Өрт тактикасы.1- бөлім. Өрт тактикасының негіздері, өрттегі күш пен құралдарды басқарудың ерекшеліктері. Бұлқайыров А.Б., Баймағанбетов Р.С., Аманкешұлы Д. «Көкшетау техникалық институты» ММ , Көкшетау 2010 ж.
11. Өрт тактикасы.2- бөлім. Әр түрлі шаруашылық нысандарындағы өртті сөндіру. Бұлқайыров А.Б., Баймағанбетов Р.С., Аманкешұлы Д. «Көкшетау техникалық институты» ММ , Көкшетау 2012 ж.
12. Булкаиров А.Б. «Справочник расчета сил и средств по тушению пожаров твердых горючих веществ, нефти и нефтепродуктов». Кокшетау 2007 г.
13. Пожарная тактика. Повзик Я.С. М. «ВИПТШ МВД СССР», 1984 г.
14. Пожарная тактика. Повзик Я.С. М., 1990, 2001 г.
15. Справочник РТП, М., 1987 г.
16. Справочник РТП, М., 2001 г.
17. Сборник правил по пожарной автоматике. Часть-I. «Проектирование». М. «Стройиздат», 1988 г.
18. Производственная и пожарная автоматика. Часть-II. Бубырь Н.Ф. и др. М. 1986 г.
19. Гидравлика и противопожарное водоснабжение. Кошмаров Ю.А. М. 1985 г.
20. СНиП. 2.02-15 – 2003. Пожарная автоматика зданий и сооружений.
21. Рекомендации по проверке технического состояния установок пожарной автоматики. М. «ГУПО МВД СССР», 1989 г.
22. Методические указания к выполнению курсовой работы и упражнений по курсу «Пожарная тактика». М. «ВИПТШ МВД СССР», 1985 г.
23. Методические указания к дипломному проектированию для слушателей КТИ МЧС РК.
24. Экономика противопожарной защиты. Аболенцев Ю.И. М. ВИПТШ МВД СССР, 1985 г.
25. Физико-химические основы развития и тушения пожаров. Абдураимов И.М
26. Теребнев В.В. «Пожарно-строевая подготовка». М. 2004 г.