АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Мемлекеттік бюджеттік жүйенің мәселелері мен болашағы

МАЗМҰНЫ

 

КIРIСПЕ

 

1-ТАРАУ.  БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ БЮДЖЕТ ҚҰРЫЛЫМЫ.

1.1.Қазақстан Республикасының “Бюджет кодексіне” шолу.

  • Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі.
  • Бюджетаралық реттеу.

 

2-ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТТІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ  ҚҰРАМЫ МЕН ҚҮРЫЛЫМЫ.

2.1 Экономиканы қаржыландыру.

  • Бюджеттің түсімдері.
  • Бюджеттің шығыстары.

 

3-ТАРАУ. БЮДЖЕТ БАЛАНСЫ.

  • Бюджет тапшылығы.
  • Бюджеттік процесс.

 

ҚОРЫТЫНДЫ.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

Кiрiспе

 

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы — нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгiжәне мемлекеттiк саясатты       жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк – экономикалық мәнiн түсiне  бiлудiң , оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көрсете бiлудiң маңызы зор.

Қаржы  қатынастарының теориясын зерделейтін қаржының мақсаты қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алуда олардың сыныптамасын әлеуметтік экономикалық процестердегі маңызы мен формасын, орнын біліп алу теориялық және практикалық жағынан қамтамасыз ету; сонымен бірге қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс әрекетін және оның қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының нақтылы жағдайларындағы қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу  міндеті болып табылады.

Экономиканың жұмыс iстеуiнiң нарық жағдайында мемлекет тауар –ақша қатынастарын әлде қайда аз дәрежеде реттейдi, негiзгi реттеуiш тауарлардың, жұмыстардың және қызметтер көрсетудiң сұранымы мен ұсынымы болып табылады. [1]

Қаржының пайда болуының бастапқы шарты ақша қатынастарымен ортақтастырылған тауар өндiрiсi болып есептелiнедi. Экономикалық өмiрде қаржының сыртқы көрiнiсi қоғамдық өндiрiстегi әр түрлi қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрiнде болып жатады. Тауар –ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздiксiз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетедi.

Қаржы – ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлiгi, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы өндiрiстiң түрлi субьектiлерi арасындағы бүкiл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын бiлдiредi, сондықтан оның ролi мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.

 Қазақстан Республикасының бюджет Кодексі бюджет процесін жүзеге асырудың жаңа ұстанымдарын айқындайды. Ең алдымен, мемлекеттің экономикалық саясатына сәйкес орта мерзімдік бюджетті жоспарлау қажеттігіне назар аударылуда. Бюджетті жоспарлау процесіне   стратегиялық бағдар беру мақсатында алдағы үш жылдық кезеңге арналған салық – бюджет саясатын анықтайтын құжат – Орта мерзімді фискалдық саясатты    жыл сайын әзірлеу шешімі қабылданды. [1, 6-б.]

         Бұл құжаттың қажеттілігі экономикалық реформалар жетістігінің қоғамының қаржы жүйесін дамыту бағыттарына жүргізіліп жатқан салық –бюджет саясатының заман талабына бара – барлығының тікелей тәуелділігімен негізделген. Мұндай жағдайларда бюджет мемлекеттің ресурстарын жұмылдыру мен жұмсаудың басты құралы ретінде  саяси билікке экономикаға ықпал етуге, оның құрылымдық қайта құрылуын қаржыландыруға, экономиканың басым секторларын дамытуды көтермелеуге, халықтың неғұрлым қорғалған жіктерін әлеуметтік қолданумен қамтамасыз етуге шынайы мүмкіндік береді. 

          Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді қүндық бөлудің ерекше саласын құрайды және қоғамдык қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен жөне пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бүл жиынтығы   «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді.

Б. С. Өтебаевтың “Мемлекеттік бюджет” әдебиетінде бюджеттік іс- әрекет жүргізу мемлекеттің орталықтандырылған  ақша қаражаттары қорын қалыптастыру мен пайдалануына байланысты және ерекше экономикалық, ұйымдастырушылық формаларды қолдану негізінде жүргізіледі деп жазған.   [18,  10 –б. ]

         Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы: ”Мемлекеттік бюджетті қалыптастыру  жолдары”.

         Дипломдық жұмыс тақырыбының мақсаты — әрбір шаруашылық жүргізуші субьектілер іс — әрекеттерінің тиімділігі мен табысқа жету көрсеткіштері, мемлекеттің бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды және мемлекеттің бюджеттерiнiң кiрiс- шығыстары туралы талдама жасау және нақты  дұрыс жүргізілу бағыттарын анықтау болып табылады.

Бірінші бөлімде  Қазақстан Республикасының бюджет кодексiн шолу,” Қазақстан Республикасының ұлттық қоры, Қазақстан Республикасының бюджетінің ұйымдастырылуының қағидаттары, бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары, бюджет кірістері мен шығыстарының есеп объектілері, бюджет кірісіне талдау жасалған.

         Екінші бөлімде  мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы мен құрылымы көрсетілген. Мемлекеттің бюджеттік кірістері мен шығыстарына толық анықтама берілген.

         Үшінші бөлімінде әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірілуі, яғни бюджет балансы көрсетілген. Экономиканың жай-күйін қамтып көрсететін бюджет тапшылығы және бюджеттік процесс толық қамтылған. 

Соңында қорытынды мен әдебиеттер тізімі көрсетілген.

 

1-тарау.  Бюджет жүйесі және бюджет құрылымы.

 

1.1.Қазақстан Республикасының “Бюджет кодексіне” шолу.

 

Осы кодекс бюджеттік және бюджетаралық қатынастарды рейтейді және бюджет жүйесі жұмыс істеуінің, бюджет қаражаттарының құрылуы мен пайдалануының негізгі ережелерін, принціптері мен тетіктерін белгілейді.

Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен және қабылдануы осы кодекске көзделген өзге де нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

 Егер Қазақстан республикасының бекіткен халық аралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ерешелер белгіленсе, онда  халықаралық шарттың ережелері қолданылады.                                                                                                       

 Қазақстан Республикасының бюджет заңдары Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданысқа  болады және борлық жеке және заңды тұлғаларға қолданылады.

  Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың тиісінше республикалық және жергілікті бюджеттерден тиісті қаржы жылына арнап ақша бөлу туралы актілері, осы атілердің қайтарымды негізде ақша бөлу туралы ерешелерін қоспағанда, ағымдағы қаржы жылы аяталғаннан кейін күшін жояды.

          Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңдар, тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мәслихаттардың шешімдеріне өзгерістер мен  толықтырулар енгізу туралы мәслихаттардың шешімдері, сондай – ақ Қазақстан Республикасының үкіметі  мен жергілікті атқарушы органдардың оларды іске асыру туралы актілері тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына бастап қолданысқа енгізіледі.  [1, 12 –б.]

   Егер заң актілерінде және өзге де нормативтік құқықтық актілерде Қазақстан Республикасының бюджет заңдарына қайшы келетін ережелер көзделсе, онда Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ережелері қолданылады. 

  Мемлекеттік бюджет –араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалы ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет;

  Инвестициялық ұсыныс –инвестициялық жобаның   мақсатын, оған жету жолдарын көрсетені және инвестициялық жобаны  одан әрі үшін оны алдын ала іріктеуді жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін инвестициялық жоба  тұжырымдамасы;

 Кассалық алшақтық –қаржы жылы ішінде шығыстар көлемінің бюджетке түсетін түсімдер мен бюджет қаражатының бос қалдықтары көлемінен асып түсуі;

  Жергілікті бюджет –облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті;

  Бюджеттік  жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган –жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын, жергілікті бюджеттің орташа мерзімді кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

  Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган-жергілікті бюджеттен қаржылындыратын, бюджетті атқару, жергілікті бюджеттің атқарылуы жөніндегі бюджеттік есеп және есептілікті жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын атқарушы орган;

  Кірістерді бөлу нормативі –кірістерді әр түрлі деңгейлердегі бюджеттердің арасында бөлудың проценттік арақатынасы;

  Салалық (секторлық) бағдарлама-Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін, экономиканың жекелеген салаларының   неғұрлым маңызды міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама;

          Басым (республикалық немесе жергілікті) бюджеттік инвестициялық жобалардың (бағдарламалардың) тізбесі республикалық немесе жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қаржыландыру жоспарланған инвестициялық жобалардың(бағдарламалардың) тізімі болып табылатын, республиканы немесе аймақтарды әлеуметтік-экономикалық дамытудың орта мерзімді жоспарына қосымша бюджет қаражатын алушы-бюджет қаражатын игерудің барлық деңгейінде бюджет қаражатын пайдалатын орталық және жергілікті атқарушы органдар, мемлекеттік мекемелер, жеке және заңды тұлғалар, сондай-ақ қаржылық қызмет көрсететін, соның ішінде азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде қызмет көрсететін тұлғалар;

  Аймақтық бағдарлама-мәслихаттар бекітетін, аймақтың   әлеуметтік –экономикалық дамыту міндеттерін шешуге бағытталған бағдарлама;

  Түзетілген бюджет-тиісінше Қазақстан республикасының Парламентінде немесе мәслихатта нақтыланбай, Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар енгізген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып бекітілген немесе нақтыланғанбюжет;

  Әлеуметтік-экономикалық дамудың орташа мерзімдік жосапры-Қазақстан республикасының Үкіметі немесе мәслихат бекітетін, республиканы немесе аймақты әлеуметтік-экономикалық дамытудың үш жылдық кезеңге арналған негізгі көрсеткіштері мен бағыттарын және оларды іске асыру жөніндегі шараларды айқындайтын құжат;

  Трансфеттер-бюджетке және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына, сондай-ақ бюджеттен, соның ішінде жеке және заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бюджетке төленетін өтеусіз және қайтарылмайтын төлемдер;

  Бекітілген бюджет-тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тисті мәслихат бекіткен бюджет;

  Нақтыланған бюджет-атқарылуы барысында Қазақстан Республикасының Парламенті немесе тиісті мәслихат қабылданған өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып тиісті қаржы жылына бекітілген бюджет;

  Қаржыландыру-бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу;

  Қаржы жылы – бюджеттің атқарылуы жүзеге асырылатын, күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі;

  Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық әукілетті орган –орташа мерзімді кезеңге арналған мемлекеттік бюджеттің болжамды көрсеткіштерін және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын жоспарлау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган-ішкі мемлекеттік қаржы бақылауы функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган-республикалық бюджетті және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттерді атқару жөніндегі бюджеттік есеп пен есептілікті атқару, жүргізу саласындағы функцияларды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

  Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган- Қазақстан республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын әзірлеу функцияларын жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.

          Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының осы бапта көрсетілмеген басқа ұғымдары осы Кодекстің тиісті баптарында айқындалған мәндерде пайдаланылады. [5]

Қазақстан Республикасы бюджет заңдары ұғымдарының анықтамалары бюджеттік қатынастарға қатысты Қазақстан Республикасының басқа да заң салалары ұғымдарының анықтамаларымен сәйкес келмеген кезде Қазақстан Республикасы бюджет заңдарының ұғымдары пайдаланылады.

Осы кодексте пайдаланылатын Қазақстан Республикасының басқа да заңдар салаларының ұғымдары, егер осы Кодексте өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасы  заңдарының осы салаларында пайдаланып жүрген мәнінде қолданылады.

Бюджеттің құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:

кірістер;

салықтық түсімдер;

салықтық емес түсімдер

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;

ресми трансфеттер түсімдері;

шығындар:

операциялық сальдо;

таза бюджеттік кредит беру;

бюджеттік кредиттер;

бюджеттік кредиттерді өтеу;

қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо;

қаржы активтерін сатып алу;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;

бюджет тапшылығы (профициті);

бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану);

қарыздар түсімі;

қарыздарды өтеу;

бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.

 Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы баптың 1-тармағында көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады. [1, 14- б.]

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:

Тұтас алғанда ағымдағы қаржы жылы бойынша шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін түсімдердің бекітілген және нақты көлемдері арасындағы айырма ретінде айқыналатын республикалық бюджет шығынын өтеуге жұмсалады. Өтем  мөлшері республикалық бюджеттің түсімдер бойынша толық атқарылмаған жалпы сомасынан аспауға тиіс. Түсімдердің жалпы нақты көлемі олардың бекітілген көлемінен асып түскен жағдайда өтем жүзеге асырылмайды;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке Қазақстан Республикасының Президенті белгілейтін мақсаттарға арналып берілетін нысаналы трансферттер түрінде;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқаруға және жыл сайын аудит өткізуге байланысты  шығыстарды жабуға жұмасалады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру көздері;

Шикізат секторы ұйымдарының республикалық бюджетке түсетін нақты түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда бекітілген олардың жылдық көлемінен асып түсуі ретінде айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;

Республикалық меншіктегі және кен мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін түсімдердің есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;

Шикізат секторы ұйымдарынан республикалық бюджетке түсетін республикалық бюджетте жоспарланған түсімдер сомасының он проценті мөлшерінде есептелген республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер;

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын жергілікті бюджеттің ресми трансфеттері;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер;

Қазақстан Республикасының  заңдарымен тыйым салынбаған өзге де түсімдер мен кірістер болып табылды.  

Негізгі қызметі табиғи ресурстарды өндіру ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 

Шикізат секторының ұйымдарынан түсетін түсімдер –шикізат секторы ұйымдарынан бюджетке салықтың мынадай түрлері бойынша түсетін түсімдердің жиынтығы:

корпорациялық табыс салығы;

қосылған құнға салынатын салық;

үстеме пайдаға салынатын салық;

бонустар;

роялти жасасқан келісім-шарттар бойынша Қазақстан Республикасының өнімді жөніндегі үлесі.

            Шикізат секторы ұйымдарынан түсетін түсімдер болжамы шикізат секторының тауарларына республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарында айқындалған дүниежүзілік тұрақты есеп айырысу бағалары ескеріле отырып жасалады.

           Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген ресми трансфеттерді, сондай-ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспардан тыс түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттерді  республикалық бюджеттің атқарылуы барысында оны Қазақстан Республикасының  Парламентінде нақтыламай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындап, республикалық бюджеттен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына аударады.

         Осы баптың 1-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген ресми трансфеттер, сондай-ақ республикалық меншіктегі және кен өндіруші және өңдеуші салаларға жататын мемлекеттік  мүлікті жекешелендіруден түсетін жоспарлы түсімдер есебінен айқындалатын республикалық бюджеттен берілетін ресми трансфеттер тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Ауыл шаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түскен түсімдер есебінен айқындалатын, осы баптың 1-тармағы 4) тармақшасында көрсетілген ресми трансфеттер мәслихаттың тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті атқару барысында оны мәслихатта нақтыламай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қорына аударады.

 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістер Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қаржылық активтерге және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастырудан құрылады. [1, 19- б.]

Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сақтау;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорының жеткілікті өтімділік деңгейін ұстап тұру;

Тәуекел деңгейінің қалыптылығы жағадайында ұзақ мерзімді перспективада Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры табыстылығының жоғары деңгейін ұстап тұру;

Инвестициялық кірістер алуды қамтамасыз ету мақсатында рұқсат етілген қаржы активтеріне және матеиралдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастырылады.

Рұқсат етілген қаржылық активтердің және матеиралдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесін Қазақстан республикасының Ұлттық қорын  басқару жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын жеке және заңды тұлғаларға кредит беруге және міндеттермелерді орындауды қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.  

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының есебінен республикалық бюджеттің шығынын өтеу оның атқарылуы барысында Қазақстан Респубикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің келісімімен қаржы жылының қорытындылары  бойынша Қазақстан Республикасының  Парламентінде репсубликалық бюджетті нақтыламай-ақ жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттердің көлемі тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.

Активтерді Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес-Қазақстан Республикасының  Президенті жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын тиімді пайдалану және оны қаржылық активтерге және материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге де мүліктерге орналастыру жөнінде ұсыныстар талдап-жасайтын консультациялық-кеңесші орган.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі функциялары:

Қазақстан Репсубликасының Ұлттық қорын қалыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар талдап-жасау;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану көлемдері бағыттары жөніндегі ұсыныстарды қарау және талдап –жасау;

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін рұқсат етілген қаржылық активтердің және матеиралдық емес актвтерді қоспағанда, өзге де мүліктердің тізбесі жөнінде ұсыныстар талдап-жасау болып табылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол туралы ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді [3]

Республикалық бюджет жобасын қарау мен бекіту туралы жалпы ережелер.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын  Қазақстан Республикасының Үкіметі жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 1 қырқүйегінен кешіктермей Қазақстан Републикасының Парламентіне енгізеді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі алдағы қаржы жылына арнлаған республикалық бюджет туралы заңның жобасымен бір мезгілде мынандай құжаттарды мен материалдарды:

әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын;

алдағы үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатты;

республикалық бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын;

республикалық бюджеттің түсімдері бойынша негіздемелер ме болжамдық есептерді.

Соңғы есептілік күнгі жағдай бойынша мемлекеттік кепілдік берген борыштың жайы туралы деректерді;

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасында негізге алынған шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны табыс етеді.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы парламенті Палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда және ағымдағы жылдың 1желтоқсанынан кешіктірмей бекітіледі.

Қазақстан Республикасының парламенті ағымдағы дейін алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президенті алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджетті Қазақстан Республикасының Парламенті бекіткенге дейін қолданылады.

Алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі.

 Республикалық қаржы жоспарының атқарылуы осы кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар бекітілген жағдайда, осы қаржы жоспары жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс.

Бұл ретте аталған қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң қосымшаларымен, Қазақстан Республикасы Президентінің алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы Жарлығы қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

Жергілікі бюджеттің жобасын қарау мен бекіту туралы жалпы ережелер.

Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюжетінің жобасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 15 қазанынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.

Алдағы қаржы жылына арналған аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің жобасын ауданның (облыстық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы органы жоспарланып отырған жылдың алдындағы жылдың қарашасынан кешіктірмей тиісті мәслихатқа енгізеді.

Жергілікті атқарушы орган алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасымен бір мезгілде мынандай құжаттарды және материалдарды:

әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарын;

үш жылдық кезеңге арналған орта мерзімді фискалдық саясатты;

жергілікті бюджеттік бағдарламалар паспорттарының жобаларын;

жергілікті бюджеттің түсімдері бойынша негіздемелер мен болжамдық есептерді.

Алдағы қаржы жылына жергілікті бюджет жобасында негізге алынған шешімдерді ашып көрсететін түсіндірме жазбаны табыс етеді.

 Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті Қазақстан Республикасының Президенті тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей бекітіледі. [4]

 Ауданның  (облыстық маңызы бар қаланың) алдағы қаржы жылына арналған бюджеті тиісті қаржы жылына арналған облыстық бюджетті бекіту туралы, облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірілмей бекітіледі.

Мәслихат осы баптың 2-тармағында белгіленген мерзімде алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімді қабылдамаған жағдайда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің жергілікті атқарушы органы алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті атқарушы органы алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанында арналған жергілікті қаржы жоспары туралы шешім шығаруға құқылы, ол жергілікті бюджетті мәслихат бекіткенге дейін қолданылады.

Алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет жобасының төрттен бір бөлігі көлемінде бекітіледі.

Жергілікті қаржы жоспарының атқарылуы осы Кодексте белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.  

Кезекті қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары бекітілген жағдайда осы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуі тиіс.  [1, 6 – б.]

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары аудандық (қалалық) мәслихаттар аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттерін бекіту туралы шешім қабылдағаннан кейін бір апта мерзімде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға бекітілген жергілікті бюджеттердің негізінде жинақталған облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттерін, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламалардың тізбесін табыс етеді.

Мәслихаттардың алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы қабылдаған шешімдері қосымшаларымен және жергілікті атқарушы органдардың алдағы қаржы жылының бірінші тоқсанына арналған жергілікті қаржы жоспары туралы шешідері қосымшаларымен бұқаралық қосымшаларымен бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланады.

Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында заң қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

          Жергілікті бюджет жобасын мәслихаттың тұрақты комиссияларында қарау.

 Жергілікті бюджет жобасы тиісті мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады.

 Тиісті мәслихаттардың тұрақты комиссиялары комиссия мүшелерінің арасынан жұмыс топтарын құрады. Жұмыс топтарына жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тартылуы мүмкін.

 Тұрақты  комиссиялар жұмыс топтарының пікірлерін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есептермен қоса жергілікті бюджет жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар жасайды және оларды тиісті мәслихат белгілеген бас тұрақты комиссияға жібереді.

 Бас тұрақты комиссия тұрақты комиссиялардан түскен ұсыныстардың жинақтамасын жасап, оны мәслихаттың сессиясына шығарады. Бұл ретте жинақтамаға тиісті негіздемелері мен есептері бар ұсыныстар ғана енгізіледі.

 Тиісті мәслихаттың сессиясында жергілікті бюджеттің жобасын талқылау тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімнің немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамның (адамдардың) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің  жобасы бойынша қорытындысымен қоса баяндамаларын қамтиды.

 Мәслихат сессияда алдағы қаржы жылына арналған жергілікті бюджет бойынша жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілері басшыларының сөздерін тыңдауға құқылы. [20]

 

  • Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен ролі.

 

Қаржылық байланыстардың орасан зор әр алуандығында жеке ортақ ерекшеліктерімен көзге түсетін оқшауланған сфераларды бөліп көрсетуге болады. Мәселен, мемлекеттің шаруашылық жүргізуші субъектілермен жөне халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары жалпы қоғамдық өнімді құндық бөлудің ерекше саласын құрайды жене қоғамдык қажеттіліктерді қанағаттанды-руға арналған орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты болады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы   «мемлекеттік бюджет» ұғымының экономикалық мазмұнын құрайды. Демек, мемлекеттік бюджет мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын жасау және оны ұдайы өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсаттарына пайдалану жолымен қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу процесінде мемлекет пен қоғамдық өндірістің басқа қатысушылары арасында пайда болатын экономикалық қатынастарды білдіреді. [6]

Қаржы қатынастарының белгілі бір жиынтығы ретіндегі мемлекеттік бюджетке ең алдымен жалпы қаржы категориясынан ажырататын өзгеше белгілер төн: бюджет қатынастарының бөлгіштік сипаты бар, әрқашан ақша нысанында жүзеге асырылады, мақсатты ақша қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен қосарлана жүреді. Сонымен бірге, бюджет қатынастарына белгілі бір өзіндік ерекшелік төн, алайда ол қаржымен ортақ өзгеше белгілердің шеңберінен шықпайды.

Құндық бөліністің айрықшалықты сферасы ретінде мемлекеттік бюджет мына өзгеше белгілермен сипатталады:

1)  мемлекеттен жалпы қоғамдық енімнің бір бөлігін оқшауландырумен және оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты бөлгіштік қатынастардың айрықша экономикалық нысаны болып табылады;

2)  қүнды жасау және оны тұтыну процесін шарттастыратын материалдық өндіріс қаржысынан және құнды тұтынуға қызмет ететін өндірістік емес сфера қаржысынан мемлекеттік бюджеттің айырмашылығы ол ұлттық шаруашылықтың салалары, аумақтар, экономиканың секторлары, қоғамдық қызметтің сфералары арасында қүнды қайта бөлуге арналған;

3)  қоғамдық енімнің оның тауар нысанындағы қозғалысымен тікелей байланысты емес қүндық беліністің стадиясын білдіреді және одан белгілі үзілісте жүзеге асырылады, ал қаржы қатынастары материалдық өндірісте де, өндірістік емес сферада да тауар-ақша қатынастарымен тығыз тоқайласып жатады. [15]

Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық- заттай түрінде болады: бюджет қатынастары мемлекеттің орталықтандырылган ақша қорында— бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жүмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор— бүл қоғамдық өнім мен ұлттықтабыстың қүвдық бөліністің белгілі стадияларын еткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы қүнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.

Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде жалпы қаржы сияқты бөлу және бақылау функцияларын орындайды. Бұл функциялардың іс қимылы, мазмүны, мөні мен маңызы бюджет қатынастарының қаралған айрықшалығымен айқындал-ды. Бөлгіштік функцияның іс-әрекетінің өзіндік ерекшелігі сол, қоғамдық өнімнің қүны қоғамдық өндірістің сфералары, үлттық шаруашылықтың секторлары, аумақтар, салалар, жеке шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында бөлінеді. Мемлекетік бюджет арқылы бүгінде Қазақстанда жалпы қоғамдық өнімнің шамамен 10% және жалпы ішкі өнімнің 20% белінеді. Сонымен бірге мемлекет қаржысының негізгі буыны ретінде мемлекеттік бюджет белгіштік функция шеңберінде қосалқы функцияларды, атап айтқанда: ұлттық табыс пен жалпы ішкі өнімді қайта бөлу; экономиканы мемлекеттік реттеу және ынталандыру; өлеуметтік саясатты қаржымен қамтамасыз ету; ақша қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасау жөне пайдалануға бақылау жасау сияқты сипатты функцияларды орындайды. Бақылау функциясы бюджет қорларын бөлудің сандық үйлесімдерінде, олардың қоғамдық өндіріс дамуының қажеттіліктеріне сай келетіндігінде, бөлудің үнамсыз барысынан ауытқуын анықтау және оларды жою мүмкіндігінде көрінеді. [6, 4- б.]

Мемлекеттік бюджеттің сан қырлы маңызын ескере отырып, оны тек экономикалық категория жоне мемлекеттің орталық-тандырылған ақша қоры ретінде ғана емес, сонымен бірге негізгі қаржы жоспары, әлеуметтік-экономикалық процестерді реттеу механизмінің жиынтық ұғымы ретінде қарауға болады. Мәселен, мемлекеттік бюджетге қоғамдағы барлық экономикалық процестер бейнеленетіндіктен, сондай-ақ барлық негізгі қаржы институттары — салықтар, мемлекеттің шығыстары, мемлекеттік кредит, мемлекеттік қарыздар және т.б. өзінің шоғырланған көрінісін табатындықтан бюджет мемлекеттің негізгі қаржы жоспары ретінде сипатталады. Ол нақты кезеңге, өдетте, бір жылға жасалынады, бюджеттің кірістерін, шығындарын, орталықтандырылған қаржы ресурстарының шешуші бөлігінің қозғалысын анықтайды. Бюджетті негізгі қаржы жоспары деп мойындау оның ұлттық табысты қайта бөлудегі маңызды ор-нын, қаржы жоспарларының жүйесіндегі басымдық жағдай-ын, сондай-ақ қоғамдық ұдайы өндірістегі айрықша рөлін айқындайды. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің қаржылық қызметінің жемісі болып табылады. Елдің негізгі қаржы жос-парының көрсеткіштері республика Парламентінің жыл сайын қабылдайтын Республикалық бюджет туралы заңына сәйкес сөзсіз орындауға жатады.

Мемлекеттік бюджет ұлттық экономиканы басқарудың басты механизмдерінің бірі. Ол экономикаға мемлекеттің орталықтан-дырылған ақша қорын жасау мен пайдаланудың нысандары мен әдістерінің жиынтығы болып табылатын бюджеттік механизм арқылы ықпал етеді. Жалпы экономикаға ықпал етудің қүралы ретіндегі бюджеттің релі осында көрінеді. Экономиканы реттеу орталықтандырылған ақша қорының сандық көлемін анықтау, оны жасау мен бөлудің нысандары мен өдістерін реттеу, бюджеттің атқарылу процесінде қаржы ресурстарын қайта белу жолымен жүзеге асырылады. Ақырында, мемлекеттік бюджет орындалуы міндетті мемлекет заңдарының бірі болып табылады (мысалы, келесі қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң).

Нарықтық механизмге көшу жағдайында мемлекеттік бюджеттің қаражаттары ең алдымен экономиканың қүрылымын қайта қүруды, кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге жөне халықтын табысы аз жіктерін (зейнеткерлерді, мүгедектерді, аз қамтылған отбастарын) қолдау, сондай-ақ денсаулық сақтау, білім беру және мөдениет мекемелерін әлеуметтік қорғауға бағытталуы тиіс.

 

 

 

 

 

1 кесте.

                Мемлекеттік бюджеттің сапалық сипаттамасы

 
   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
   

 

Ресурстар

 

Мемлекеттік

орталықтандырылған

ақша қоры

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін   

басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамасыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі қүрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығындарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болды. Осы элементтердің барлығы — бюджет жүйесін үйымдастыру мен құрудың қағидаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының үйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жиынтығы — бюджет қүрылысын қүрайды.

Дүниежүзінің әр түрлі елдерінде бюджет қүрылысы мемелекеттің қүрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты езгешеліктермен ерекшеленеді.

Бюджет құрылысында басты орынды бюджет жүйесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің же-келеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық қүрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады. [7]

Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік қүрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:

мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті;

федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та — штаттардың, ГФР-да—жерлердің (ландтардың), Канадада — провинциялар-дың, Ресейде — федерация субъектілерінің бюджеттері);

жергілікті бюджеттер. [16]

Унитарлық (біркелкі) мемлекетгерде екі буыңды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметгік-экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет қүрлымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан — федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.

Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті қүрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып

табылатын мынадай бюджеттер жұмыс  :

республикалық бюджет;

облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, ас-тананың бюджеті;

ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бектілуі және атқарылуы мүмкін.

         1991 жылы Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі түбірлі өзгерістерге үшырады. Бүған дейін Қазақстанның мемлекетік бюджеті, басқа одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттері сияқты, КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне кірді, онда ел аумағының барлық бюджеттері, соның ішінде ауылдық және поселкалық бюджеттер де қамтылып көрсетілді. Ол одақтық бюджеттен, 15 одақтас республиканың мемлекеттік бюджеттерінен және мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру бюджетінен тұрды. Одақтық бюджетке 1970-1990 жж. мемлекеттік бюджет ресурстарының жалпы ауқымының 52-50% тиді, оның 35% республикалардың республикалық бюджеттерінің және 15% жергілікті бюджеттердің қарамағында болды. [11]

Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджетараларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын жөне бекітуте жатпайтын жиынтық бюджет.

Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табьшады. Бюджет—мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бүл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамасыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған. Республикалық бюджет — бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Жергілікті бюджет (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері)—облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың (облыстың маңызы бар қаланың) бюджеті.

Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын жене облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге жөне тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте

мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылган ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті болып табылады.

Бюджет заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамта-масыз етуге жөне тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қала-дағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен, жергілікті бюджеттер мәс-лихаттардың шешімдерімен бекітіледі.

Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және Қазақстан Республикасындағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі. Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган езірлейді және ол Қазақстан Республикасының зандарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Президенттің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып табылады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етіледі. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы мәслихаттардың шешімдеріне сөйкес жүзеге асырылады. [11, 117- б.]

         Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді.

Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір мезгілде төтенше жағдай енгізуге төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін болатын ретте ғана тетенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады.

         Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әр түрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді жөне оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау төртібімен, сон-дай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі, дәйектілігі, жариялылығы және т.б. қағидаттарына негізделеді.

Бюджеттің бірлігі қағидаты бюджет жүйесін үйымдық-экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Бірлік қағидаты КСРО-ның бюджет жүйесінде неғүрлым толық көрінді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі қүқықтар-дың берілуімен байланысты бұл қағидат біршама әлсіреді. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамасыз етуге бағытталған жөне ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-қимылына, төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген.

Бюджеттердің бірлігі бірыңғай бюджет заңнамасын қолданумен, соның ішінде Үкімет бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптамасын, бюджет процесін жүзеге асырудың бюджет рәсімдерін пайдаланумен қамтамасыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса бірыңғай әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы іске асырылады.

Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін қүрудың маңызды қағидаты болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттердің дербестігі қагидаты түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы түсімдерді тұрақты бөлуді белгілейді жөне оларды жүмсаудың бағыттарын анықтайды.

Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен шығыстарды бөлуді шектейтін айқын қүқықтар белгіленген. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алынған кірістерді, жергілікті бюджеттер қаражаттарының бос қалдықтарын жоғарғы бюджетке алып қоюға, тиісті өтемсіз жергілікті бюджеттерге қосымша шығыстарды жүктеуге жол берілмейді. Сонымен бірге бюджеттердің барлық түрлерінің шығыстары осы аумақтың (аймақтың) әлеуметтік-экономикалық даму мөселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты функцияларымен, қүзырымен анықталады. Бюджет қаражаттарын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке алу сияқты бюджет қаражаттары бойынша талаптардан да шегінуге жол

берілмейді.

          Бюджеттің толықтыгы (толымдығы) бюджетке үкіметтің барлық қаржы операцияларының, оның жинайтын барлық түсімдерінің және жасайтын шығыстарының, Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің толық тізбесінің бюджеттерде және Қазақстан Республикасының          Ұлттық қорында міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін, сондай-ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.

           Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси ахуалды, өндірістің даму тенденциясын, жалпымемлекеттік қажеттілікті есепке алу қажет. Дүниежүзілік практикада бүл қағидат қазіргі кезде оны дөл қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке бюджетген тыс қорлардың зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру және т.б. қорлардың қаражаттары енгізілген. [13]

Реалистік қагидаты параметрлердің зкономиканың ағымдағы жай-күйінің көрсеткіштеріне, сондай-ақ Қазақстанның жөне аймақтардың параметрлеріне және өлеуметтік-экономикалық дамуының бағыттарына сәйкестігі. Бюджеттің реалистігіне ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес оларды Қазақстан Республикасының  әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларыньщ өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Сондықтан оның көрсеткіштері көп нүсқалық есеп-қисаптармен негізделуі тиіс, бюджеттердің атқарылуына, ведомстволардың өткен кезеңдегі қаржы жоспарларына жасалған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық бағалау есепке алынуы қажет. Дүниежүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын ағьмдағы жылға, анағұрлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай-ақ оларды нақтылы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішінде түзетуді пайдаланады.

Реалистік қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарын, сметаларды және жалпы тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау процесінде қол жетеді. Реалистік қағидаты бюджет тізімдемесін бұрмалауды болдырмау және бұзылуын жою үшін қажет. Ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының шынайы көрсетілуін, бекітілген сомалардың бюджеттік арналымдардың атқарылуына сөйкестігін алдын ала қарастырады. Нақтылық дамудың бол-жамдары мен бағдарламаларының көрсеткіштеріне негізделетін және бюджеттік резервтердің болуымен нығайтылған кірістердің барлық көздері мен шығыстар бағыттарының есеп-қисаптары-ның негізділігімен анықталады.

Транспаренттілік қағидасыбюджет заңнамасы саласындағы нормативтік қүқықтық актілерді, бекітілген бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептемелерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа ақпаратты міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу.

Дәйектілік қағидаты дегеніміз- мемлекеттік басқару органдарының бюджет қатынастары сферасында бүрын қабылдаған шешімдерінің сақталуы.

          Тиімділік пен нәтижелік қағидасы—бұл бюджеттік бағдарламалардың паспорты қарастырған нәтижеге жету үшін қажетті бюджет қаражаттарының оңтайлы көлемін пайдалана отырып белгілі бір нәтижелерге жетудің қажеттігіне қарай бюджеттерді әзірлеу және атқару.

          Басымдық қағидасы бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарына сәйкес жүзеге асыру.

Жауапкершілік қағидасы бюджеттік процеске қатысушыларды бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту.

          Бюджеттердің жариялығы қагидасы бекітілген бюджеттер мен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезендегі олардың атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі. [8]

          Бюджет кірістерінің қалыптасуы (ең алдымен салықтар, алымдар арқылы) бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты шаруашылық жүргізуші субъектілердің және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін шалады. Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері, салық төлемдерін алудың тәртібі, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бағытгары туралы хабардар болуы тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Республикасының бюджеті заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндетті болады. Заң, өткен кезевдегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз бетінде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі, оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағытгары, тапшылық көлемі жөне оны жабудың әдістері (шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту, қарыздар, ақша эмиссиясы) жария етіледі. Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің    Конституциясында және Бюджет кодексінде, «Жергілікті өкілді   және атқарушы органдар туралы», «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы» арнайы зандарда және басқа да заңнамалық актілерінде қамтып

көрсетілген.

Нақтылы жағдайда бұл қағидаттардан жиі ауытқиды. Мысалы, кейде бюджеттің бірлігі қағидатынан аутқиды, өйткені көптеген арнаулы және бюджеттен тыс қорлар пайда болады. Нақтылық қағидаты да өзінің маңызын жоғалтып барады: әр түрлі бюджеттен тыс қорлар жүмыс істеуі мүмкін, олар арқылы мемлекет қаржы қатынастарын саралауға ұмтылады.

Бюджет жүйесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және аймақтық бюджет қорларын қүру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс-қимылына негізделген.

Кірістер мен шығыстардың егжей-тегжейлі тізбесі мен топтамасы бюджетттік сыныптамамен айқындалады. Бірыңгай бюджеттік сыныптама сыныптау объектілеріне топтастыру кодтарын бере отырып функциялық, ведомстволық және экономикалық сыныптамалар бойынша бюджеттің түсімдері мен шығыстарын топтастыру болып табылады. Ол кірістердің сыныптамасынан, бюджет шығыстарының функциялық жөне экономикалық сыныптамаларынан түрады. Бірыңғай бюджеттік сыныптама Қазақстан Республикасы бюджет жүйесінің барлық деңгейлері бюджеттерінің көрсеткіштерінің салыстырымдылығын қамтамасыз етеді.

Бірыңғай бюджеттік сыныптама бірыңғай және бюджеттердің барлық деңгейлері үшін міндетті болып табылады. Оны бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді жөне республика Үкіметі бекітеді. Бюджет процесі бірыңғай бюджеттік сыныптама негізінде жүзеге асырылады.

Бюджет түсімдерінің сыныптамасы бюджет заңнамасына негізделген барлық деңгейлер бюджеттерінің түсімдерін белгілі бір сыныптамалар бойынша топтастыру болып табылады. Бюджет түсімдері сыныптамасының топтамасы санаттан, сыныптан, ішкі сыныптан жөне ерекшеліктен түрады. Санаттар түсімдерді экономикалық белгілері бойынша топтастыру болып табылады. Сыныптар мен ішкі сыныптар түсімдерді олардың көздері мен түрлері бойынша топтастырады. Ерекшелік бюджетке теленетін төлем немесе түсім түрін айқындайды.

Бюджет шығыстарының функциялык, сыныптамасы барлық деңгейлер бюджетінің шығыстарын топтастыру болып табылады, ол мемлекет функцияларының орындалуын, республикада мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын қамтып көрсететін функциялық және ведомстволық белгілер бойынша бюджет қаражаттарының жұмсалу бағыттарын анықтайды.

Бюджет шығыстарын функциялық сыныптауды топтастыру мынадай деңгейлерден түрады: функциялық топтар, функциялық кіші топтар, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері, бюджеттік бағдарламалар жөне ішкі бағдарламалар.

Функциялық топ  — салалық белгілері мен функциялық бағыты бойынша бюджет шығыстарын біріктіру. Функциялық ішкі топ —функциялық топ ішінде бюджет қаражаттарын жүмсаудың бағыттарын нақтылайды.

Бюджет шығыстарының функциялық сыныптамасының негізівде бюджеттік бағдарламалар өймшілерін, функциялық топтар мен бюджеттік бағдарламаларды (ішкі бағдарламаларды) топтастыру арқылы жасалатын бюджет шығыстарының ведомстволық сыныптамасы қалыптастырылуы мүмкін.

Мемлекеттік басқарудың функциялары мен мемлекеттік саясатты жүзеге асыру жөніндегі бюджеттің шығыстары бюджеттік багдарлама деп аталады. Оның мақсаты бюджеттік бағдарламаны орындау кезінде қол жеткізуге тиіс белгілі бір түпкілікті нәтиже болып табылады. [13, 45- б.]

Экономикалық нәтижелерге қарай бюджеттік бағдарламалар былайша ажыратылады: ағымдагы бюджеттік бағдарламалар, олар түрақты сипаты бар немесе дамудың бюджеттік бағдарламаларына жатпайтын біржолғы шаралар өткізуді көздейтін заңнамалық актілерге сәйкес мемлекеттік басқарудың функциялары мен мемлекет міндеттемелерінің орындалуын қамтамасыз етуге бағытталады;

дамудың бюджеттік багдарламалары, олар бюджеттік инвестицияларды жүзеге асыруға бағытталады.

Белгілі бір функцияларды атқаратын мемлекеттік басқару деңгейіне қарай бюджеттік бағдарламалар республикалық бюджетте бектілетін республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламаларга бөлінеді.

Жүзеге асыру тәсіліне қарай бюджеттік бағдарламалар бір әкімші жүзеге асыратын жеке-дара бюджеттік бағдарламалар және бюджеттік бағдарламалардың бір әкімшісі бойынша бюджетте бекітілетін және бюджеттік бағдарламалардың түрлі әкімшілері арасында қаржы жылы ішінде бөлінетін бюджеттік багдарламалар болып бөлінеді.

Бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау үш стадияда — бюджеттің жобасын әзірлеу кезінде, бюджетті атқару кезінде және бюджеттің атқарылуын бақылау кезінде жүзеге асырылады.

Жоғарғы және төменгі бюджеттердің бюджет процесіндегі қатынастары бюджетаралық қатынастар болып табылады.

Нарықтық экономика жағдайында бюджет процесінде жоғарғы жене төменгі бюджет арасындағы бюджетаралық қатынастар және кірістер мен шығыстарды бюджеттер деңгейлері арасында бөлу аса маңызды проблемалардың бірі болып отыр.

Бюджет кодексіне сәйкес бюджет процесінде облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің басқа осындай бюджеттермен, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің бір-бірімен өзара қарым-қатынастарына жол берілмейді.

 

  • Бюджетаралық реттеу.

 

Бюджетаралық қатынастар мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктердің ара жігін дәлме-дәл ажыратуға, бюджеттер деңгейлерінің арасында түсімдер мен шығыстарды бірыңғай бөлуге, сондай-ақ бюджетаралық қатынастарды айқындау өдістерінің біртүтастығы мен ашықтығына негізделген.

Үкімет пен орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың жергілікті атқарушы органдарының тиісінше облыстардың, рес-публикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджет процесіне араласуына жол берілмейді.

Шығыстардың өкілеттіктерін немесе түсімдердің жекелеген түрлерін бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне беру бюджет кодексіне өзгертулер енгізгенде ғаңа жүзеге асырылады. [14]

Бюджетаралық қатынастар мынадай қағидаттарға негізделеді:

1)  облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттерінің республикалық бюджетпен өзара қатынастарда, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің жоғарғы облыстық бюджетпен өзара қатынастарда тендігі;

2)  түсімдерді тиімді бөлу, ол түсімдердің ара жігін ажыратудың мынадай өлшемдерін бір мезгілде сақтауды ескереді;

төменгі бюджеттерге түрақты сипаты бар, сыртқы фактор-лардың өсеріне тәуелсіз салықтық және салықтық емес түсімдер бекітіледі;

мемлекеттік мекемелер көрсеткен қызметтер үшін төлемақы болып табылатын салықтық және салықтық емес түсімдер аталған қызметтер көрсету қаржыландырылатын бюджет кірісіне түседі;

қайта бөліну сипаты бар, сондай-ақ салық базасы әркелкі орналастырылатын салықтар бюджет жүйесінің неғұрлым жоғары деңгейлеріне бекітіледі;

салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді бекіткен кезде оларды жинаудың неғүрлым жоғары дәрежесін қамтамасыз ететін бюджет деңгейіне артықшылық беріледі;

нақты аумақтық байланыстылығы бар салықтық базадан алынатын салықтар жергілікті бюджеттерге бекітіледі;

3)   Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бірліктерінің бюджеттік қамтамасыз етілу деңгейлерін теңестіру;

4)  жергілікті атқарушы органдардың бірдей деңгейде мемлекеттік қызмет көрсетуін қамтамасыз ету;

5) мемлекеттік қызмет керсетуде үсынудың барынша тиімділігі мен нәтижелілігі — мемлекеттік қызмет көрсетудің неғүрлым тиімді жөне нөтижелі жүргізілуі мен үсынылуын қамтамасыз ете алатын мемлекеттік басқару деңгейіне мемлекеттік қызметтер көрсетуді бекітіп беру;

6) мемлекеттік қызмет көрсету деңгейін оны алушыларға барынша жақындату — қызметтерді алушылардың қажеттерін жақсылап есепке алу жөне мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыру мақсатымен, көрсетілетін қызметтерді атқаруды бюджет жүйесінің мүмкін болғанша неғүрлым төмен деңгейіне беру;

7) бюджеттің әрбір деңгейінің алынған ресми трансферттер мен кредиттердің тиімді және нысаналы пайдаланылуы үшін жауаптылығы.

Бюджетаралық қатынастар:

1) республикалық және облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің арасында:

ресми трансферттермен; бюджеттік кредиттермен;

2) облыстық жөне аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер арасында:

ресми трансферттермен;

бюджеттік кредиттермен;

кірістерді бөлу нормативтерімен реттеледі.

Ресми трансферттер жалпы сипаттағы трансферттер ағымдағы нысаналы трансферттер, дамуға арналғын нысаналы трансферттер болып белінеді.  

Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандарын айқындаған кезде бюджеттер деңгейлерінің әрқайсысының салықтық әлеуеті, аймақтардың объективтік бюджеттік қажеттіліктерін бағалау нәтижелері, бектілген заттай нормалар ескеріледі. Бюджетаралық қатынастарды реттеу нысандары орта

мерзімді фискалдық саясатқа сәйкес белгіленеді.

2 кесте

 

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.

Нысаналы трансферттер мен кредиттерді жергілікті атқарушы органдар тек қана олардың нысаналы қызметіне сөйкес пайдаланады. Нысаналы трансферттер мен кредиттердің нысаналы мақсатқа сай пайдаланылмаған сомалары осы трансферттер мен кредиттерді бөлген жоғарғы бюджетке ағымдағы қаржы жылының 31 желтоқсанына дейін міндетті түрде қайтарылуға жатады. Нысаналы трансферттер мен кредиттердің қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған (толық пайдаланылмаған) сомалары осы трансферттер мен кредиттерді бөлген жоғарғы бюджетке қаржы жылы аяқталғаннан кейін он күн ішінде міндетті түрде қайтарылуға жатады. [17]

Бюджетаралық реттеутеңгерімділік мақсаттарында жоғарғы бюджет ресурстарының бір бөлігін төменгі бюджетке беруден түратын және керісінше, ақша қаражаттарын бөлудің жүйесі. Реттеу механизміне бюджеттік субвенциялар, бюджеттік алынымдар,  реттеуші кіріс көздері жатады.

Бюджеттік алынымдарзаңнамалық актілермен немесе мөслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде төменгі бюджеттердің жоғарғы бюджеттерге беретін ресми трансферттері.

Субвенциялар-  бюджеттердің жоғарғы бюджеттерден заңнамалық актілермен және маслихаттардың шешімдерімен бекітілген сомалар шегінде алатын ресми транферттері.

Реттеуші кіріс көздері бекітіліп берілген және реттеуші болып бөлінеді. Бекітіп берілген кірістербүл түгелдей немесе ішінара белгілі бір бюджетке берілетін бюджет қаражаттары. Реттеуші кірістер — жоғарғы бюджеттен төменгі бюджетке нығайту үшін бағытталатын қаражаттар. Бекітіп берілген және ретттеуші кірістердің тізбесі бюджет заңнамасында белгіленеді. Егер биліктің әрбір деңгейінде жиынтық бюджеттердегі түсімдердің көлемі жалпы алғанда олардың функцияларын жүзеге асыру үшін жеткілікті болса бюджет жүйесі сатыластыгы жагынан баланстандырылған деп есептеледі. Деңгейлес теңгерімділікбиліктің тиісті деңгейлерінің жеке аймақтары мен аумақтары-ның бюджеттеріндегі кірістер мен шығыстардың жалпы сөйкестігі. Сатылас теңгерімділікке жету — жалпы теңгерімділіктің I-кезеңі, ал деңгейлес теңгерімділікке жету — теңцестірудің II-кезеңі, ол Қазақстанда бюджеттік алынымдар мен субвенциялар арқылы жүзеге асырылады. [24]

Бюджетаралық қатынастарда түрлі деңгейлер бюджеттерінің қаржы өкілеттіктерінің келісілмегендік    және олардың өкілеттіктері мен кірістерін қамтамасыз ету проблемалары бар: аумақтық бюджеттердің нашар салық базасы; қайта бөлу саясатындағы түрлаусыздық. Бюджетаралық қатынастар жоғарғы бюджеттердің төменгі деңгейдің бюджеттерін орталықтандырылған нығайту негізінде қүрылады. Мұндай саясат аумақтарды шығыстардың неғұрлым жоғары нормативтерін қаққылауға бағдарлайды. Жоғарғы органдар «тағдырды шешушіге» айналады, бұл жемқорлыққа негіз қалайды. Бүл жағдаятта биліктің жергілікті органдарының қүқықтарын кеңейту қажет,ол үшін олардың үш топтағы өздерінің салықтары болуы керек: 1) негізгі рөлді ойнайтын салықтар:

а) тура салықтар: мүлік, жер салықтары,көлік қүралдарына салынатын салық;

ә) жанама салықтар: сатып алуға салынатын салық, көпшілік түтынатын тауарларға салынатын акциздер; 

2)   жергілікті органдардың аумақтарында жиналатын мемлекеттік салықтарға биліктің орталық органдары белгілі бір пайызбен белгілейтін салықтар;

3) басқадай жергілікті салықтар, алымдар және төлемдер, са-лықтық емес кірістер (жерді   жалға беру жөне    сату; орман массивтерін жалға беру; басқадай түсімдер).

Жергілікті бюджеттерде салықтық және салықтық емес кірістер 85-70% қүрайды. Рыноктың қалыптасуы кезеңіндегі бюджеттердің негізгі проблемалары мыналар:

  1. Төленбеген төлемдер. Бүл проблема мыналардан шығатын айналым қаражаттарының жетіспеушілігі салаларынан пайда болады: еркін баға белгіленімін белгілеуден; кәсіпорындардың өзара коммерциялық кредиттер беруінің тоқтатылуынан;

төлем және есеп айырысу кредиттерінің күшін жоюынан;

өндіріс тиімсіздігінен. Төленбеген телемдердің проблемасы мүндаға дейін қосымша төлем қаражаттарын шығару арқылы шешіліп келді.

  1. Жалақы бойынша берешек. Ол мына себептерден пайда болады:

1)  ақша қаражатының жоқтығы;

2)  ақша қаражаттарын айналымға коммерциялық қүрылым-

дарға қасақы жіберу;

3)  әр түрлі банктерде бірнеше есеп айырысу шоттарының

болуы;

4) бюджеттер жоспарланған деңгейдегі қаражаттарды ала ал-

майды.

  1. Заң бойынша тиісті міндетті төлемдері жүмылдыруға бейімсіз салық жуйесінің кемшіліктері. Бүл салық төлеуден жалтарынуға «ілік» беретін салық заңнамасының жетілдірілмегендігімен, салық механизмінің салық төлеушілер үшін күрделілігімен, ондағы түзетулердің, толықтырулардың көптігімен, салық службасы деңгейінің төмендігімен байланысты.
  2. Орталық пен жергілікті жерлердің арасында айқын өкілеттіктің жоғы. Бүл бюджетаралық қатынастардың негізгі белгілі бір идеяға құрылуы үшін қажет; елге мемлекеттің тіршілік әрекетінің басты бағыттарын: энергетиканы, көлікті, қорғанысты, стратегиялық ресурстарды пайдалануды өзіне ала алатын қуатты орталық қажет. Басқа қалғандардың барлығын жергілікті биліктер орындауы тиіс. [18]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-тарау. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының  құрамы мен қүрылымы.

 

                                     2.1 Экономиканы қаржыландыру.

 

Мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорын қалыптастырумен жөне пайдаланумен байланысты болып келетін бюджеттің жұмыс жасауы ерекше экономикалық нысандар— бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы болып отырады. Олар қүндық бөліністің жеке көздерін білдіреді. Категориялардың екеуі де бюджеттің өзі сияқты объективті және олардың өзгеше қоғамдық арналымы болады: кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырылған ресурстарды жалпымемлекеттік қажеттіліктерге сөйкес бөледі. Бюджеттің тусімдері кірістер, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар, ал оның шыгыстары шығындар, бюджеттік кредиттер, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты етеу болып табылады.

Кірістер мен шығыстардың қүрамы мен қүрылымы нақты әлеуметтік-экономикалық және тарихи жағдайларда жүзеге асырылатын мемлекеттік бюджет және салық саясатын жүргізудің бағыттарына байланысты болады. Бұл кезде мемлекет белгілі бір жағдайларда кірістерді қалыптастырудың және шығыстарды жүмсаудың қолайлы нысандары мен өдістерін пайдаланады.

Нарықтық қатынастарға көшкенге дейін КСРО-ның мемлекеттік бюджетінің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың ақша жинақтарына негізделіп кедді. Ол бюджет кірістерінің жалпы сомасының 90% қүрады жөне негізінен екі төлемнен — айналым салығы мен пайдадан алынатын телемдерден түрды. Бұл жүйе 1930 жыддан 1990 жылға дейін өмір сүрді. 1980 жылдары енгізілген өндірістік қорлар, еңбек ресурстары және басқалары үшін ақы түрінде пайдадан алынатын нормативті төлемдер қолданылып жүрген төлемдер жүйесін өзгертпеді және жеке кәсіпорындар қызметінің жеке-дара нәтижелеріне бағытталып отырды. [11, 125- б.]

 

3 кесте

Мемлекеттік бюджет пен жергілікті бюджеттің 2007 ж орындалу қорытындысы

 

 

Мемлекеттік бюджет

Жергілікті бюджет

 

жоспар

нақты

айырма

Орындалуы

%

жоспар

нақты

айырма

Орындалуы

%

Түсімдер

2880,3

2887,8

7,6

100,3

1078,3

1083,7

5,4

100,5

шығыстар

3155,4

3113,6

-41,8

98,7

1545,2

1518,9

-26,3

98,3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дағдыдағыдай, кірістердің қөзі салықтар немесе оларға бара-бар төлемдер болып табылады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті кірістерінің қүрамы мен қүрылымы салық төлемдерінің қолданыстағы жүйесімен және салыстырмалы тұрақсыз сипаттағы салықтық емес қаражаттардың түсімдерімен айқындалады.

Бюджет кодексіне сәйкес бюджеттің құрылымы мына белімдерден түрады:

1) кірістер:салықтық түсімдер;салықтық емес түсімдер;

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;ресми трансферттер түсімдері;

2)  шығындар;

3)  операциялық сальдо;

4)  таза бюджеттік кредит беру: бюджеттік кредиттер; бюджеттік кредиттерді өтеу;

5)  қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша

сальдо:

қаржы активтерін сатып алу;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер;

6)  бюджет тапшылығы (профициті);

7)  бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану):

қарыздар түсімі;

қарыздарды өтеу;

бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы.

Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген қүылым бойынша жүзеге асырылады.

Бюджеттің кірістері салықтық және басқа міндетті төлемдер (салықтар жөне бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер), ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізде берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады. Салықтық емес түсімдер—бюджетке төленетін міндетті, қайтарылмайтын төлемдер, сондай-ақ ресми трансферттерден басқа, бюджетке өтеусіз негізде берілетін ақша.

Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерге мемлекеттік мекемелерге бектіліп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік материалдық резервтен тауарларды, мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін жеке меншікке сатудан немесе оларды тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға беруден, мемлекетке тиесілі материалдық емес акгивтерді сатудан түсетін ақшалар жатады. Ресми трансферттердің түсімдері — бүл бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне Ұлттық қордан бюджетке түсетін трансферттердің түсімдері.

Мақсатты ресми трансферттерді қоспағанда, кірістердің нысаналы мақсаты болмайды. Бюджеттің шыгындары —қайтарылмайтын негізде белінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.

Бюджет шығындары мынадай түрлерге белінеді:

1) мемлекеттік мекемелердің қызметін қамтамасыз ететін шығындар;

2)  түрақты сипаты жоқ іс-шараларды үйымдастыру мен өткізуге байланысты шығындар;

3) мемлекеттік тапсырысқа арналған шығындар—мемлекеттік саясатты іске асыру мақсатында (мемлекеттік органдардың өздерінің түтынуына арналмаған) өндірілетін тауарларға (жүмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) мемлекеттік органдардың ақы төлеуі;

4) жеке тұлғаларға ақшалай төлемдер—қызметкерлерге еңбегі үшін ақшалай төлемдерден басқа, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жеке түлғаларға ақша нысанындағы төлемдермен байланысты шығындар;

5) заңды тұлғаларға субсидиялар—мемлекеттік мекемелер және қоғамдық бірлестіктер болып табылмайтын заңи тұлғаларды өтеусіз және қайтарусыз негізде қаржыландыру;

6) ресми трансферттер—бюджеттің бір деңгейінен екіншісіне, сондай-ақ Ұлттық қорға трансферттер төлеу және мемлекеттік міндеттемелерді орындауға арналған шығындардың өзге де түрлері.

Заңды тұлғаларға субсидиялар нақты саланы немесе қызмет аясын өлеуметтік-экономикалық дамыту міндеттерін іске асырудың басқа, неғүрлым тиімді тәсілі болмаған реттерде ғана Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда берілуі мүмкін. Заңды тұлғаларға субсидия берудің басым бағыттары орта мерзімді фискалдық саясатпен айқындалады.   [3, 15 –б.]

Ресми трансферттердің жалпылама сипаты да, нысаналы мақсаты да болуы мүмкін. Нысаналы сипаты бар ресми трансферттер нысаналы трансферттер болып табылады.

Республикалық және жергілікті бюджеттерді болжауға бол-мағандықтан жоспарланбаған және ағымдағы қаржы жылында кейінге қалдыруға болмайтын қаржыландыруды талап ететін шығындарды қаржыландыру үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің құрамында Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың резервтері қүрылады.

Үкіметтің, жергілікті атқарушы органдардың резерві:

1)  төтенше резервті;

2)  шұғыл шығындарға арналған резервті; 

3) облыстық бюджеттердің, республикалық маңызы бар қала-лар, астана бюджеттерінің, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінің кассалық алшақтығын жабуға арналған резервті кіріктіреді.

Үкімет резервінің жене жергілікті атқарушы орган резервінің жалпы көлемі тиісті бюджет түсімдері көлемінің екі пайызынан аспауға тиіс. Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдарының резервтерінен ақша бөлу тиісті қаржы жылына арналған республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген көлемдер шегінде тиісінше Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдар-дың ағымдағы қаржы жылы аяқталғаннан кейін күшін жоятын шешімдері бойынша жүзеге асырылады.

Резерв құрамында көзделген ақша толық көлемінде пайдаланылған жағдайда Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган қажет болған кезде Парламентке немесе тиісті мәслихатқа тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мөслихаттың шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы Үкімет немесе жергілікті атқарушы орган резервтерінің мөлшерін ұлғайту туралы үсыныстар енгізеді.

Үкіметтің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақша қаржы жылы ішінде пайдаланылмаған немесе ішінара пайдаланылған жағдайда, бюджет бағдарламасының өкімшісі бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін ағымдағы қаржы жылының соңына дейін тиісті бюд-жетке қайтаруды қамтамасыз етеді.

Үкіметтің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану тәртібін Үкімет белгілейді. [22]

Операциялық сальдо бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Бюджет шығындарының бюджет кірістерінен асып түскен сомасы теріс операциялық сальдо, ал бюджет кірістерінің бюджет шығындарынан асып түскен сомасы оң операциялық сальдо болып табылады.

Ағымдағы бюджеттік бағдарламалардың жалпы көлемі бюджет кірістерінің көлемінен асып түспеуге тиіс. Таза бюджеттік кредит беру бюджеттік кредиттердің және бюджеттік кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Қаржы активтерімен жасалатын операциялар:

1) қаржы активтерін сатып алуды;

2) мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді кіріктіреді.

Қаржы активтерін сатып алу—заңды тұлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың қатысу үлестерін, бағалы қағаздарын мемлекеттік меншікке сатып алу операцияларымен байланысты бюджет шығыстары.

Мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер— мемлекеттік меншіктегі заңи түлғалардың, соның ішінде халықаралық ұйымдардың, мүліктік кешен түріндегі мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік көсіпорындардың қатысу үлесін, бағалы қағаздарын, сондай-ақ мемлекеттік көсіпорындардың жедел басқаруыңдағы немесе шаруашылық жүргізуіндегі өзге де мемлекеттік мүлікті сату жөніндегі операцияларға байланысты бюджетке түсетін түсімдер. [10]

Қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо қаржы активтерін сатып алу мен мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдердің арасындағы айырма ретінде айқындалады.

Қаржы активтерін сатып алу және мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне жөне әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Бюджет тапшылыгы (профициті) таза бюджеттік кредит беруді жөне қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдоны шегеріп тастағандағы операциялық сальдоға тең. Теріс белгімен алынған шама бюджет тапшылығы, оң белгімен алынған шама бюджет профициті болып табылады.

Бюджет тапшылығының жол берілетін шекті мөлшері әлеуметтік-экономикалық дамудың орта мерзімді жоспарымен белгіленеді.

Бюджет тапшылығын қаржыландыруқарыз алу және бюджет қаражатының бос қалдықтары есебінен бюджет тапшылығын жабуды қамтамасыз ету. Оның көлемі алынған қарыздар сомасының, бюджет қаражаты қалдықтары қозғалысының қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.

Бюджет тапшылығын қаржыландыру мәні оң белгімен белгіленеді ж2не бюджет тапшылығының шамасына сай келеді.

Бюджет профицитін пайдалану—қарыздар бойынша негізгі борышты өтеуге бюджет профицитін, қарыздар қаражатын, бюджет қаражатының бос қалдықтарын жүмсау. Оның көлемі қарыз-дар бойынша негізгі борышты өтеу сомасының алынған қарыздар және бюджет қаражаты қалдықтарының қозғалысы сомасынан асып түсуі ретінде белгіленеді.

Бюджет профицитін пайдалану мәні теріс белгімен белгіленеді және бюджет прфицитінің шамасына сай келеді. Қазақстан Республикасының экономикасы басынан кешіріп отырған нарықтық қатынастарға көшу кезеңі оның бюджетінің мазмүнына, кірістері мен шығыстарына айтарлықтай ықпал етіп отыр. Бюджеттің, әсіресе оның шығыстарының абсолютті жөне относителді тез өсуі оған тән сипат болып отыр. Бұл инфляциялық процестерден және егеменді мемлекеттің функцияларының кеңеюінен, Қазақстанның ішкі және сыртқы қауіпсіздігін өзі қамтамасыз ету қажеттігінен туып отыр.

Бюджеттің кірістерібюджетке қайтарылмайтын негізде салықтардан, алымдардан жөне бюджетке төленетін басқа да мівдетті төлемдерден алынатын түсімдердің, салыққа жатпайтын жөне өзге де түсімдердің, сондай-ақ негізгі капиталды сатудан түсетін кірістердің көлемі.

«Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне» сәйкес республикалық бюджетке түсетін кірістер мыналар болып табылады:

1) салықтық түсімдер, алымдар және басқа да міндетті төлемдер: корпорациялық табыс салығы, қосылған қүнға салынатын салық, соның ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген тауарларға, орындалған жүмыстар мен көрсетілген қызметтерге жөне Қазақстанның аумағына импортталатын тауарларға салынатын қосылған қүн салығы, импортталатын тауарларға акциздер, газ конденсатын қоса алғанда, шикі мүнайға салынатын акциздер, жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері, экспортқа шығарылатын шикі мүнайға салынатын рента салығы, Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік қүралдарының жүріп өткені үшін алым, телевизиялық жөне радиохабар үйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рүқсат бергені үшін алынатын алым, теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді, азаматтық әуе кемелерін, радиоэлектрондық қүралдарды жөне жиілігі жоғары қүрылғыларды, дәрілік заттарды мемлекеттік тіркегені үшін алынатын алым, қалааралық және   халықаралық телефон байла-нысын бергені үшін, радиожиілік секторын, кеме жүретін су жол-дарын пайдаланғаны үшін төленетін төлем, әкелінетін және әкетілетін тауарларға кеден баждары, отандық тауар ендірушілерді қорғау шаралары ретінде алынатын баждар, консулдық алым, Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттары мен жеке куәліктерін бергені үшін мемлекеттік баж, жүргізуші куәліктерін және көлік қүралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куөліктер бергені үшін алынатын мемлекеттік баж, мемлекеттік нотариат кеңселері нотариустарының нотариаттық іс-әрекет жасағаны үшін алынатын мемлекеттік баж және басқа алымдар мен төлемдер;

2) салықтық емес тусімдер республикалық меншіктен алынатын кірістер (республикалық мемлекеттік кесіпорындар мен Ұлттық банктің таза табысы бөлігінің түсімдері, республикалық меншіктегі: акциялар пакеттеріне дивидендтер, заңды түлғаларға қатысу үлесіне кірістер, мүлікті жалға беруден алынатын кірістер, Үкіметтің депозиттері, екінші деңгей банктерінің шоттарында орналастырылған мемлекеттік сыртқы қарыздар, республикалық бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер), қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін кірістер, республикалық меншіктен түсетін басқа да кірістер); республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден түсетін түсімдер жөне осы мекемелер ұйымдастыратын мемлекеттік сатып алуларды өткізуден түсетін ақша түсімдері; мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар жөне республикалық бюджетке түсетін басқа да салыққа жатпайтын түсімдер);

3)  негізгі капиталды сатудан түсетін тусімдер (республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге бекітіп берілген мемлекеттік мүлікті, мемлекеттік босалқы қорлардан, резервтерден тауарларды, материалдық активтерді сатудан түсетін ақшалар);

4) ресми трансферттердің тусімдері (облыстық бюджеттерден,    республикалық маңызы бар қаланың,  астананың бюджеттерінен алынған ресми трансферттер, Ұлттық қордан республикалық бюджетке алынған мақсатты трансферттер).

Республикалық бюджетке республикалық бюджеттен кредиттерді өтеуден, республикалық меншіктегі мемлекеттің қаржы активтерін сатудан, Үкіметтік қарыздарды өтеуден түскен түсімдер есепке алынады. [19]

 Бюджеттің шығыстары — бүл бектілген бюджет шегінде қайтарылмайтын негізде бөлінетін қаражаттар.

Республикалық бюджеттің шығыстары мына бағыттар бойынша жұмсалады:

1) жалпы сипаттагы мемлекеттік қызметтер көрсету: Қазақстан Республикасы Президентін және оның отбасын қамтама-сыз ету, оларға қызмет керсету және күзету, Парламенттің, Үкіметтің және Конституциялық кеңестің жұмыс істеуі, сайлаулар мен референдумдар еткізу, мемлекеттік бюджетті болжау мен республикалық бюджетті жоспарлау, салық службасы органда-рының қызметі, республикалық меншікті басқару, мемлекеттің бірыңғай жүйесін үйымдастыру, мемлекеттік қаржылық бақылау, кеден қызметтері, мемлекеттің сыртқы саяси қызметі, іргелі ғылыми зерттеулер жүргізу мемлекеттік статистикалық есеп, мемлекеттік службаның бірыңғай жүйесін ұйымдастыру, заңнамаларға сәйкес қызметтің әр түрлі салалары мен қызмет сфера сында мемлекеттік сыйлықтар беру және мемлекеттік наградалармен марапаттау және басқалары.

2) қорғаныс, қогамдық тәртіп, қауіпсіздік: мемлекеттің қорғ-анысын үйымдастыру және қамтамасыз ету, лаңгестікке және экстремизм мен сепаратизмнің   басқадай көріністеріне қарсы күрес, Қазақстан аумағында қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қөуіпсіздікті қамтамасыз ету, паспорт және виза жұмысын жүзеге асыру, жедел іздестіру, тергеу қызметі, азаматтық қорғаныс жүйесін үйымдастыру, экономикалық және қаржы сфераларындағы қүқық қорғау қызметі жөне басқалары.

3)  қуқық, сот, қылмыстық-атқару қызметі:   әділет сферасындағы қызмет, азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін қүқықтық қорғау, зандылық пен қүқықтық төртібін қамтамасыз ету, соттың сараптамалық қызметі, сот жүйесінің жұмыс істеуі және басқалары.

4) білім беру: білім берудің республикалық үйымдарында да-рынды балаларға жалпы білім беру, республикалық мектеп олимпиадаларын өткізу, республикалық деңгейде орта көсіби білімі бар мамандарды даярлау, жоғары кәсіби және жоғары оқу орындарынан кейінгі көсіби білімі бар мамандарды даярлау, республикалық деңгейде кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау, білім берудің республикалық ұйымдарын оқулықтармен қамтамасыз ету, республикалық маңызы бар білім беру үйымдарында балаларды оңалту және басқалары.

5) денсаулық сақтау: жоғары мамандандырылған медициналық көмек керсету, ауру адамдарды шетелде емдеуді үйымдастыру, ерекше қатерлі инфекцияларға қарсы іс-өрекет, республикалық денсаулық сақтау ұйымдары үшін қан, оның компонентгері мен препараттарын өндіру, санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің санитарлық-эпидемиологиялық сауаттылығын республикалық деңгейде жөне мемлекеттік шекара мен көлікте қамтамасыз ету, сот-медицина және сот-психиатрия сараптамасын жүргізу және басқалары.

6)  әлеуметтік көмек жөне өлеуметтік қамсыздандыру: бюджет қаражаттары есебінен зейнетақы заңнамасына сәйкес зейнетақымен қамсыздандырылуға қүқығы бар азаматтарға зейнетақы төлемдері,  мемлекеттік әлеуметтік жердемақылар, мемлекеттік арнаулы жәрдемақылар, арнаулы мемлекеттік жәр-демақылар, экологиялық апат аумақтарында түратын адамдарға әлеуметтік көмек, әскери қызметшілерге қүқық қорғау органдары қызметкерлеріне, олардың отбасы мүшелеріне медициналық қызмет көрсету, қүрбандарына жөне одан зардап шеккендерге толемдер, көшіқон іс-шаралары, баланың туылуына байланысты өлеуметтік төлемдер және басқалары.

7) мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік:

8) ауыл, су, орман, балық шаруашылыеы және қоршаган ортаны корғау, жер қатынастары:

9) өнеркәсіп, жер қойнауын пайдалану, сәулет, қала құрылысы және қызметі:

10)  көлік және коммуникациялар:

11) экономикалык, қызметті реттеу: стандарттау, метеорология және сертификаттау, патенттерді, тауар белгілерін тіркеу және қорғау, мемлекеттік инновациялық саясат, мемлекеттік экспорттық және импорттық бақылау, саудалық және демпингке қарсы реттеу, бәсекелестікті қорғау және табиғи монополияларды реттеу.

12)  басқада бағыттар: облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттеріне, Ұлттық қорға берілетін ресми трансферттер, үкіметтік борышқа қызмет көрсету және  оны  өтеу,  мемлекеттік кепілдіктер  бойынша міндеттемелерді орындау. [18, 12 –б.]

Республикалық бюджетген сонымен бірге барлық мемлекеттік органдардың және басқа мемлекеттік мекемелердің қызметтін қамтамасыз етуге (кадрларды қайта даярлауды және бұл мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қоса алғанда), бюджеттік инвестициялық жобалар мен бағдарламаларға, халықаралық ынтымақтастыққа, сондай-ақ қолданбалы ғылыми зерттеулерге, мемлекеттік басқарудың орталық орган-дардың заңнамалық акгілері мен кезделген өзге де функцияларына жұмсалатын шығындар да қаржыландырылады.  

Орталық мемлекеттік органдарды және олардың аумақтық бөлімшелерін ұстауға жұмсалатын шығындар Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен бекітілетін штат саны лимиті мен Үкімет бекітетін натуралдық нормалар негізінде жоспарланады. [22, 7 –б.]

Нарықтық қатынастарға көшу жагдайында республикалық бюджет шығыстарының қүрылымы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда — үлттық шаруашылықтың, ең алдымен орталықтан-дырылған курделі жүмсалымдарға жүмсалатын бюджет қаражаттары шұғыл қысқаруда. Жекешелендіру бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты мемлекеттік кәсіпорындардың едәуір бөлігі акционерлік қоғамдарға өзгерді, олар үлғаймалы ұдайы өндірісті қаржы рыногында жұмылдырылған меншікті қаражаттар мен ресурстар есебінен жузеге асыруы тиіс.

Алайда нарықтық механизмдердің іс-әрекеті жағдайында да жеке салалар мен аумақтарды, мемлекеттік инвестициялық бағдарламаларды, экономиканың мемлекеттік секторын бюджет-тен қаржыландыру өзінің шешуші маңызын сақтап қалуда.

Бұрынғы кезеңмен салыстырғанда шығыстардың құрылы-мында бюджеттік ресурстардың әлеуметтік бағыттылығы арта түсуде. Республикалық деңгейдегі білім беруді, денсаулық сақтауды, әлеуметтік сақтандыру мен қамсыздандыру және басқа бағдарламаларды қамтитын өлеуметтік-мәдени шараларға жүмсалатын тікелей шығындар барлық шығыстардың 60 пайызынан асып отыр. Сонымен бірге өнімсіз мақсаттардың: басқаруға, армияға, құқық қорғау органдарына, үкіметтік борышқа қызмет керсетуге, дипломатиялық мекемелерді үстауға, дүниежүзілік қоғамдастыққа біріккен шараларды жүргізу квоталары бойынша жарналарға және т.с.с. жұмсалатын шығындар да өсуде. Бұл мақсаттарға жыл сайын бюджет қаражаттарының 1/3 бөлігі жұмсалады. [13, 40 –б.]

Сөйтіп, жалпы мемлекеттік мәні бар шараларды қаржылан-дыруды қажетті ақша қаражаттарымен қамтамасыз ететін рес-публикалық бюджет елдің экономикалық процесін реттеуде аса маңызды рөл атқарады. Сонымен бірге республикалық бюджеттің жоғары маңыздылығы жергілікті бюджеттердің рөлін төмен түсірмейді. Тап солар биліктің жергілікті органдарының өздерінің функцияларын орындауын қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етеді, халықтың тұрмыстық әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруға, тиісті аймақтың азаматтарының материалдық және мәдени дәрежесіне айтарлықтай ықпал етеді. 

Рынокқа өтпелі кезенде бюджет жүйесінің барлық дербес буындары жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғамдық өндірістің қүндық ара қатынастарын жақсартуға ықпал етеді, нарықтық инфрақүрылымды дамыту және азаматтардың елеуметтік кепілдерін қанағаттандыру үшін ұлттық та-бысты қайта бөлудің белсенді қүралы болуы тиіс. Бұл тек салықтардың ынталандырушы рөлін күшейту, бюджеттен қаржыландырудың және қаражаттарды пайдаланудың прогрессивті нысандарын, өдістерін қолдану жолымен бюджет ресурстарын қалыптастырып, жүмсау кезінде жоғары тиімділікке қол жеткізу жағдайында ғана мүмкін. Сонымен қатар бюджет рәсімін, барлық деңгейлердегі бюджеттер арасындағы, сондай-ақ мемлекет пен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасындағы қаржылық өзара қарым-қатынастарды одан әрі демократияландыру мен жетілдіруді қажет етеді.

 

  • Бюджеттің түсімдері.

 

Мемлекет қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі процесс пайда болады: мемлекеттік қүрылымдардың қарамағына қаржы ресурстарын жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр турлі қызметтеріне пайдалану. Бұл процестердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің кірістері үғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады. [18, 32 –б.]

Мемлекеттің кірістері деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады, бұл қатынастардың процесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы құрылады.

Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, жеке кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары жасалынады. Бастапқы табыстар бөлу мен кайта бөлудің күрделі процестеріне ұшырайды, мүнда маңызды рөлді қаржы орындайды. Бүл процестердің нәтижесінде ақша қорлары, ең алдымен бюджет қоры жасалынады.

Жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қаржы арқылы халықтың табысының бір бөлігі алынады; кәсіпорын-дардың табысы (пайдасы) бөлініске ұшырайды — оның бір бөлігі бюджетке түседі, басқа белігі кәсіпорындарда қалады және ішкі-шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады.

Сонымен бірге халықтың бастапқы табыстары да қызметтің өндірістік емес сферасының мекемелері көрсететін қызметтерді телеу арқылы қайта бөлінеді. Бұл түсімдер өндірістік емес сфера көсіпорындарының (мысалы, халыққа түрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б.) табыстарын қүрайды. Сөйтіп, табыстар қоғамдық өнімнің қүнын шаруашылық жүргізуші субъектілер бойынша бөлуге байланысты адамдардың қарым-қатынастарын білдіретін дербес экономикалык, категория ретінде болады.

Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына қаржы ресурстарын қалыптастырумен байланысты болатын қаржы қатынастарының бөлігі ретінде көрінеді. Сонымен бірге жүмылдырылатын мемлекеттің қаржы ресурстары орталықтандырылған кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағында қалғандары орталықтандырылмаған кірістерге жатады. [18, 38 –б.]

Орталықтандырылган қаржы кірістері негізінен салық түсімдері, сыртқы экономикалық қызметтен алынатын кірістер, халық төлемдері есебінен қалыптасады. Орталықтандырылмаган кірістер кәсіпорындардың өздерінің ақшалай табыстары мен қорланымдарынан құрылады.

Мемлекетгің орталықтандырылған кірістерінің қүрамында басты орынды бюджеттің кірістері алады, оның есебінен қоғамды дамытудың экономикалық және өлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.

Мемлекет кірістерінің басым бөлігін түрлі деңгейдегі бюджеттерге орталықтандыру біртүтас қаржы саясатын жүргізуге, қаражаттарды ұлттық шаруашылықтың басым салаларының пайдасына қайта бөлуді қамтамасыз етуге, өндірістік емес сфера қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға мүмкіндік береді. Бюджет қаражаттарынан басқа мемлекеттің орталықтандырылған кірістеріне бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар жатады.

Табыстар ұғымының материалдық-заттай жағы мемлекетте, шаруашылық жүргізуші субъектілерде, халықта жинақталатын ақша қаражаттарының анықтамасы болып табылады.

Мемлекет кірістерінің экономикалық мағынасы және оларды үйымдастыру мемлекеттік шаруашылық жүргізудің саяси және экономикалық рөліне байланысты болып келеді. Әрбір қоғамдық экономикалық формация үшін тауар-ақша қатынастарының даму дәрежесімен, өндіріс әдісімен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен байланысты болатын оған тән мемлекет табыстарының жуйесі сипатты болады.

Мемлекет табыстарының қалыптасуы мемлекеттің тікелей белсенді қатысуымен жүзеге асырылады: ол бюджетке орталықтандырылатын жөне шаруашылық жүргізуші субъектілерге қалдырылатын қоғамның таза табысының үлесін белгілейді, сондай-ақ халықтың жеке табыстарының бір бөлігін және қоғамның басқа қаражаттарын шоғырландырады.

Мемлекет өндіріс құралдарының және тиісінше, қосымша өнімнің иесі болып отырған жағдайда мемлекет меншігінен алынатын табыстар мемлекет кірістерінің айтарлықтай көзі болып табылады. Мемлекет кірістерінің бір бөлігі жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттің салық жүйесі жұмылдыратын кәсіпкерлік сектордың, кооперативтік ұйымдардың және халықтың табысының бір бөлігі есебінен құралады. Табыстардың белгілі бір бөлігін мемлекет өзіне қарасты қаржы активтерін (акцияларды және т.с.с), жылжымайтын мүлікті сатудан алуы мүмкін.

Фискалдық маңызы бойынша екінші әдіс мемлекеттік қарыздар болып табылады. Олар тек бюджет тапшылығын жабуға емес, сонымен бірге әр түрлі күрделі шығындарды, әсіресе экономиканың мемлекеттік секторындағы қаражаттарды инвестициялауды қамтамасыз етуге пайдаланылады. Қаржы жүйесінің әр түрлі буындарының шиеленісуі күшейе түсіп отырған экономикалық дағдарыс кезінде қарыздардың маңызы айтарлықтай артады. Қарыздар мемлекет қаржыларының түрлі буындарында, республикалық және жергілікті бюджеттерде, мемлекеттің тартылған қаражаттары құрамында қолданыс тауып отыр. Соңғы жылдары өсіресе бюджет түсімдерінің көздеріндегі қарыздардың үлесі артып отыр. Олар түрлі деңгейдегі бюджет тапшылығын жабуда кеңінен қолдануда. Сонымен қатар қаржы рыногының жұмыс істеуі қарыздарды мемлекеттік көсіпорындардың шығындарын жабу үшін де пайдалануға мүмкіңдік береді. Көсіпорындарды модернизациялауға, олардың материалдық-техникалық базасын жаңартып, ұлғайтуға бағытталатын күрделі жұмсалымдарды қаржыландыру енді қарыздардың облигацияларын өткізу арқылы қосымша қаржы ресурстарын тарту есебінен жүзеге асырылуы мүмкін. [23]

Мемлекет кірістерін жұмылдырудың үшінші әдісі эмиссия, оның үстіне тек қагаз-ақша эмиссиясы ғана емес, сонымен қатар кредит эмиссиясы болып табылады. Эмиссияға мемлекет салық және қарыз түсімдері мемлекеттің өсіп отырған шығындарын жабуды қамтамасыз ете алмағанда, оның үстіне қаржы рыногында жаңа қарыздарды шығаруға қолайсыз жағдайда ғана иек артады.

Қағаз-ақша эмиссиясы да, кредит эмиссиясы да егер олар шаруашылық айналымның қажеттілігіне байланысты болмай бюджет тапшылығын жабу қажеттілігімен байланысты болса, экономикада инфляциялық процестердің күшеюіне әкеп соқтырады. Сондықтан дамыған нарықтық шаруашылық елдері әдетте кредит эмиссиясына жүгірмей, оны қарызбен алмастырады.

Мемлекеттің кірістерін жүмылдырудың жоғарыда сипатталған әдістері мемлекеттік басқарудың әр түрлі деңгейіндегі бюджеттік қорларды қалыптастыруға мүмкіндік жасайды. Бұл жерде эмиссия қолданылмайды. Орталықтандырылмаған ақша қорларын жасау барысында аударымдар, түрлі жарналар, ерікті түсімдер және т. б. әдістер кеңінен пайдаланылады. 

           Мемлекеттің кірістерін сыныптау олардың экономикалық мағынасын, құрамы мен мақсатты бағыттылығын, қалыптасу қағидаттарын, яғни мемлекет кірістерінің бүкіл жүйесін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді.

Меншік нысандарын ұйымдық-құқықтық ресімдеуге қарай мемлекеттің кірістері мыналардан түрады:

1) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың табыстарынан;

2) жеке кәсіпкерлік сектордың салық түсімдерінен;

3) халықтың салық төлемдерінен;

4)кооперативтік және ұжымдық кәсіпорыңдардың салық түсімдерінен;

5) қоғамдық ұжымдардың салық түсімдерінен. Жасалу сфераларына байланысты мемлекеттің кірістері: материалдық өндіріс сферасында қалыптасатын кірістер; өндірістік емес сферада жасалатын кірістер болып жіктеледі. Қаржылық мазмүны бойынша мемлекеттің кірістері: салықтық;

салықтық емес болып бөлінеді (мемлекет иелігінен алудан және жекешелендіруден түсетін қаражаттар, ақшалай-заттай лотереялардан түсетін табыстар және т.б.).

Салықтық кірістерді жұмылдыру жағдайында меншік нысан-дарының ауысымы болуы мүмкін. Жұмылдыру әдістері бойынша кірістер орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып жіктеледі.

Жалпы ішкі өнім мен үлттық табыс қүнының жеке құрамды бөліктері үкіметтің де, сондай-ақ мемлекетке қарасты шаруашылық құрылымдардың да мемлекетгің кірістері мен қаржы ресурстарының жүйесін қалыптастырады. Олардың арасында негізгі орынды мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, сыртқы экономикалық қызметтен түсетін табыстар, әлеуметтік қажеттерге (зейнетақы қорларына) аударылатын аударымдар түрінде  таза табысы алады. Бұған сонымен қатар өнімнің бағасындағы айырмашылықтарды реттеу жөніндегі шаруашылық ұйымдардың өзара қарым-қатынастарының сальдосы да жатады. Табыстардың бұл түрлері бөлгіштік процестерге түрліше қатыса отырып, меншіктің түрлі нысандарының кәсіпорындарында жасалынады. Егер қосылған құнға салынатын салықтан, кеден баждарынан түсетін түсімдер түгелдей мемлекет қарамағына берілсе, мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысы, әлеуметгік мүқтаждарға аударьшатын аударымдар тек ішінара беріледі.

         Қоғамның таза табысы ақша нысанында қосымша өнімнің қүнын білдіреді, яғни өткізу  кезінде қосымша өнім таза табыстың нысанын алады.Қосымша өнімнің және тиісінше таза табыстың аса маңызды бөлігі шаруашылық жүргізуші субъектілердің таза табысы болып табылады. Онда кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық жақтары неғүрлым толық бейнеленеді. Соңдықтан таза табыс өндіріс тиімділігінің маңызды құңдық көрсеткіштерінің бірі болып табылады. [14, 68 –б.]

Таза табыс өсуінің басты факторлары мыналар болып табылады:

еңбек өнімділігін арттыру (өнім өндірудің көлемін арттыруды қамтамасыз ететін және өнім өлшеміне жұмсалатын еңбек шығындарын төмендететін);

өнім өндіруге жұмсалатын материал және ақша ресурстарын үнемдеу;

өнім сапасын жақсарту;

негізгі және айналым өндірістік капиталдарын пайдаланудың тиімділігін арттыру;

табиғи өндіріс жағдайлары.

Практикада кейбір шаруашылық жүргізуші субъектілер табысты бағаны жөнсіз көтеру есебінен көбейтуге тырысады, бұл кәсіпорын-тұтынушылардың табыстылығын азайтуға ұрындырады, қоғам мүдделеріне қайшы келеді, өйткені жеке шаруашылық жүргізуші субъектілердің мүдделеріне ұлттық табысты үйлесімді бөлуді өзгертеді.

 

 

 

 

 

  • Бюджеттің шығыстары.

 

Мемлекеттің шығыстарыбұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.

Мемлекеттің шығыстары — мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты. [11, 119 –б.]

«Шығыстар» ұғымының қос мағынасы бар:

  1. Ақша қаражаттарын олардың мақсатты арналымы бойынша пайдалану, яғни ақша қаражаттарын айырбас процесінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда шығыстардың құрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының, халық-тың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.
  2. Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлгіштік сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бұл шығыстар қаржы арқылы қалыптасады: жалпы мемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың қорларын мақсатты ар-налым бойынша бөлген кезде; ақша шығыстары барлық шаруа-шылық жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың негізі болып табылады.

Бұл екі аспект «шығыстар» ұғымының оның «шығындар» үғымына түрленген кездегі қарама-қайшылық пен күрделілікті қамтып көрсетеді: егер «шығыстар» түпкілікті рәсуаны, тұтынуды («табыстарға» қарама-қарсы) қажет ететін болса, «шығындар» «есепке жатқызылатын» алдымен, келешектегі табысты немесе пайданы күтудегі шығындарды білдіреді. [11, 115 –б.]

Шаруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде (нарықтық және әкімшіл-әміршіл) және тіпті экономика дамуының түрлі кезең-дерінде мемлекеттің рөлі, оның функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отыратындықтан, бүған сәйкес мемлекеттің жасайтын шығыстарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп отырады.

Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік бюжеттен тыс қорлардың, мемлекеттік көсіпорындар мен үйымдардың, өндірістік және өндірістік емес сфералар меке-мелерінің шығыстары кіреді.

Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығыстарының қүрамына мыналар кіреді:

1) өндірістік, шаруашылық-пайдалану қызметімен байланысты шығындар;

2) ұлғаймалы ұдайы өндіріске (негізгі құрал-жабдықтарға және айналым капиталдарына) жұмсалатын шығындар;

3)  бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;

4)  көтермелеу жөне ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.

Шығындардың бірінші тобы қорлардың (капиталдардың) толық айналымымен байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру (өтеу) болып табылады және шартты түрде шығыстарға жатады. Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығыстары шығыстардың екінші және үшінші топтарын қамтиды.

Басқа категориялардың арасында мемлекет шығыстарының жайы мемлекеттік меншіктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен анықталады. Мемлекет өндіріс құралдарының иесі болып табылады, өндірістік процестердің үйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға жөне бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сөйкес мемлекет шыгыстарының жуйесі арқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін қанағаттандырады. Реформалау кезеңінде республика экономикасында мемлекеттік сектордың үлесі шұғыл төмендегенімен, бірақ тіпті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасының орындалып отырғанымен, бұл үлес 30-40% шегінде қалады, мүның өзі дамыған нарықтық қатынастарға сай келеді. Сондықтан «мемлекеттің шығыстары» категориясы тұрақты экономикалық  қатынастарды қамтып көрсетеді және келешекте өзінің маңызын сақтайды. [9]

Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қогамдык, тауарларды, игіліктерді және қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының рөлін айқындайды. Әлеуметтік-мәдени мақсаттарға, қорғанысқа, қүқық төртібін қорғауға, басқаруға, мемлекеттің инфрақүрылымдық кәсіпорындары мен үйымдарының, өнімі мен қызмет керсетулеріне жүмсалатын шығыстар мемлекет, соны-мен бірге экономиканың нарықтық секторы тарапынан рынок-тық тауарлармен және қызметтер көрсетумен қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін қанағаттан-дыруы тиіс.

Бағыттары мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық турлерінің жиынтыгы мемлекет шыгыстарының жуйесін құрайды. Мемлекет шығыстарының басым бөлігі мемлекеттің бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлекеттік көсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебінен жүргізіледі. Олар, сондай-ақ өнімнің өзіндік қүнына кіріктірілетін амортизация сомасымен өтелуі мүмкін, бұл сома мемлекеттік шаруашылықтың өндірістік капиталдарын көбейту үшін қарастырылған күрделі жұмсалымдарға бағытталады. Мемлекет шығыстарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет шығыстарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістіқ капиталдарды көбейту және жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан өтелетін банктердің үзақ мерзімді кредиттері тартылады.

Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыруга оларды болжау, сондай-ақ оларды қаржыландыру мен қаражатгарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы қол жетеді. Сондықтан мемлекетгің шығыс-тарын ұйымдастыру қағидатгарының бірі жоспарлылық болып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы дамыту және халықтың әлеуметгік тұрмыс деңгейін арттыру мақсатыңца мемлекет жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндірістік және өндірістік емес сфералар, салалар, экономикалық аудандар арасында бөлуге және қайта бөлуге қатысады. Мемлекеттің шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі баланстық әдіс болып табылады.

Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мүның негізінде ұлттық шаруашылықтың жөне аймақтың жекелеген салаларын дамытуда үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын неғұрлым перспективті жөне прогрессивті салаларға бөлу және аса маңызды әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі.

Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды (кредит механизмінен айырмашылығы) тікелей өтеуді талап етпейді. Бүл қағидат бойынша қаржы ресурстарын беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік өдістерімен қатар қолданылады (мысалы, ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры); бүл пайдаланылатын қаржы ресурстарының тиімділігін ар-ттырады. [25]

Даму жоспарларының (болжамдарының) орындалуына қарай қаржыландыру қаржы ресурстарын тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде бөлуді қажет етеді.

Ресурстарды пайдалануда үнем режімін сақтау — мемлекеттің шығыстарын үйымдастырудың маңызды қағидаты, ол ішкі резервтерді жүмылдыруға, өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдерінде мемлекет қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды үтымды әрі қүнтты пайдалануға бағытталған.

Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды жабудың бюджет, кредит және меншікті көздерінің оңтайлы уйлесуі болып табылады.

Мемлекет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмүны жағынан бірыңғай (бір текті) емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі, нысандарындағы жөне әдістеріндегі айырмашылықтар осыған байланысты болады.

Мемлекеттің шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды критерийі материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процесінде олардың қатысы болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмұны бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:

1)   материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға жататын шығыстар;

2)  қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;

3)  мемлекеттік резервтерді жасау шығыстары; Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шарттасылған және ұлттық табысты жасаумен байланысты.[12]

Мемлекет шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Өндірістік емес сфераға жұмсалынатын қаражаттар ең алдымен оқу-ағарту мен денсаулық сақтау мекемелерін ұстауға, ғылым және мәдениетті дамытуға, тұрғын үй және мәдени-тұрмыстық құрылысқа, қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағытталады. Мемлекет, сондай-ақ, қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты басқа шараларға жұмсайды.

Өндірістік емес сфераның қажеттеріне жұмсалатын шығыстар тұтыну қорына түсетін ұлттық табыстың бөлігі болып табылады. Алайда өндірістік емес сферадағы шығындардың өсуі ақырында қоғамдық өндірістің өсу және оның тиімділігін арттыру қарқынында білініп, көрінеді. Бұған білікті кадрларды       даярлау, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу, материалдық өндіріс сферасының қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету есебінен қол жетеді.

Мемлекеттің шығыстарын қорлану қоры мен тұтыну қоры арасында оңтайлы бөлу мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды міндеті болып табылады. Қорлану қоры мен тұтыну қорының арасалмағы өзгерді: соңғы жылдары тұтыну қорының өсу қарқыны қорлану қорының өсу қарқынынан асып түсті. тұтыну мен қорлануға пайдаланылатын үлттық табыстағы түтыну қорының үлес салмағы Қазақстанда 86 пайызға жуығын құрайды.

Үшінші топтың мемлекет шығыстары — мемлекеттік резервтерді жасау мен молықтыруга жұмсалатын шығындар төтенше жағдайлар кезінде, мысалы, дүлей апаттар кезінде, өндірістік, сондай-ақ, өндірістік емес сфералардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға, ысыптары өтеуге және кәсіпорындарды, мекемелерді, үйымдарды жөне халықты тауарлармен, азық-түлікпен жабдықтауды қамтамасыз етуге арналған. Мүндай резервтерді орталықтандырылмаған тәртіппен (жеке әрбір кәсіпорын мен ұйымда) жасау ұтымды болмас еді. Оларды жасаудың орталықтандырулған тәртібі олардың қажетті мөлшерін салыстырылмалы төмендетуге және бұл резервтерді неғүрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Предметтік (мақсатты) белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары экономикага, олеуметтік-мәдени шараларга, гыльшга, қор-ганыс пен басқаруга жүмсалатын шығыстарға бөлінеді.

Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары эконо-микалық аймақтар бойынша бөлінеді. Мұндай сыныптау өндіргіш күштерді орналастыруға жөне үлттық шаруашылықтағы үйлесімдіктерді жетілдіруге белсенді ықпал жасауға мүмкіндік береді.

Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс сферасында мемлекеттің шығыстары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шарушалығына, көлік пен байланысқа, саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді; ендірістік емес сферада білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен дене шынықтыру, әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру, қорға-ныс, басқару шығындары болып бөлінеді.

Мемлекеттің шығыстары қаражаттарды ең жоғары тиімділікпен пайдаланған жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғүрльш толық қамтамасыз етуі тиіс. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың екі одісі болады:

  1. Шаруашылық есептегі косіпорындар мен уйымдарды қаржы-ландыру меншікті ресурстар, банк кредиттері есебінен жөне жетіспеген бөлігі бюджет қаражаттары есебінен жасалынады;
  2. Сметалық-бюджеттік қаржыландыру. Сметалық тәртіппен ерекше қүжаттардың — сметалардың негізінде әлеуметтік-мөде-ни шаралар, мемлекеттік билік пен басқару органдарын үстау, қорғаныс шығындары қаржыландырылады. Сметалық төртіппен қаржыланатын мекемелер мен үйымдар бюджеттік деп аталады.

Ерекше жағдайларда әдіс ретінде айналысқа қолма-қол ақша шығару және кредиттік эмиссия есебінен (қолма-қол ақшасыз) эмиссиялык, қаржыландыру қолданылады.

Бағдарламалар мен шараларға, халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге және басқа мақсаттарға берілетін нысаналы мемлекеттік қаржылық көмектің нысаны — бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады: демеуқаржы, субвенциялар, субсидиялар.[19, 102 –б.]

Демеуқаржылар кезінде ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен бюджет пен бюджет қорларынан кәсіпорындар мен үйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-ақ, төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді. Бүл нысан ауыл шаруашылығы өнімінің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың әлеуметтік-қолайлы бағаларын қолдау, түрғын үй-коммуналдық шаруашьшықтың зияндарын жабу, театр, ойын-сауық және басқадай ұйымдардың шығындарын ішінара өтеу түрінде тараған болатын.

Субвенциялар халықты әлеуметтік қолдауды қамтамасыз ету жөніндегі бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттің қаржы көмегінің нысаны; мақсатты пайдалану бүзылған жағдайда қаражаттар қайтарылуға жатады.

Субсидиялар — үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржыландыруға бюджет, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қара-жаттары есебінен ақша және заттай нысандағы жәрдемақылар.

Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда) трансферттік қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер деп кең мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді қаржыландыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бүл әлеуметтік сақтандыру мен қам-сыздандыру бойынша төлеулер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және т.б. жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.

3-тарау. Бюджет балансы.

 

  • Бюджет тапшылығы.

 

Әр бюджетте оның кіріс және шығыс бөлігін теңестірген, яғни баланстаған дұрыс. Баланс — бұл тепе-теңдік,бюджетті жасаған кезде негізгі мәселе мемлекеттің ақшалай түсімдері мен шығыстарының осындай жай-күйіне жету болып табылады. Кірістердің шыгыстардан, яғни бюджетке түсетін түсімдердің жалпы сомасының шығыстардың және қайтарымды негізде бөлінетін кірістердің ауқымынан асып түсуі бюджет артыгынпрофицитті қүрайды. Ол мемлекеттік борышты өтеуге бағытталады немесе бюджеттік қаражаттардың (республикалық және жергілікті бюджеттегі) бос қалдығын құрауы мүмкін. Аяқталған бюджет жылы бойынша бюджет кезеңінің аяғында қалыптасқан бюджеттік қаражаттардың бос қалдықтары үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың арнайы шоттарына есептеледі және кассаның айналымдағы нақты ақшасының өсіміне жөне биліктің тиісті органының мемлекеттік борышын жабуға пайдаланылады. Мұндай қажеттік болмаған жағдайда бүл қаражаттарды пайдалану туралы шешімдерді тиісті әкімшіліктер қабылдайды.

Шыгыстардың кірістерден асып түсүі мемлекеттік бюджеттің тапшылыгын тудырады. Тапшылықтың едәуір әрі түрақты болуы қаржының дағдарыстық жай-күйін сипаттаңцы.

Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге қатысты 2-3% мөлшері саналады. Мүндай жағдайда тапшылық мемлекеттік қарыздар шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша (яғни тауар айналымының қажеттіліктерінен тыс) эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы заңының бүзылуына, ақшаның қүнсыздануына, нақтылы табыстардың және халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады. [19, 92 –б.]

Бюджет тапшылығы экономиканың жай-күйін қамтып көрсетеді, ал оның болуы мына себептерге байланысты:

1)    елдің экономикасында өндірістің жалпы құлдырауы;

2)    қоғамдық өндіріс шығындарының өсуі;

3)  айналысқа тауар жиынымен жабылмайтын ақшаны шектен тыс шығару;

4) бюджеттің шығыстарында экономиканың даму деңгейіне сәйкес келмейтін едәуір әлеуметтік шығыстардың басымдығы;

5) әскери-өнеркәсіп кешенін ұстауға жұмсалатын әскери шығыстарды, басқару шығыстарын қаржыландырудың қомақты ауқымы;

6)  «келеңкелі» экономиканың ірі ауқымды айналымы;

7)  ұлттық шаруашылықтағы өнімсіз шығыстар мен ысыраптар;

Бюджет тапшылығын төмендетудің мынандай әдістері болады:

1)  шығыстар тұрақты, кірістер өседі;

2)  кірістер түрақты, шығыстар азаяды;

3) кірістер өседі, шығыстар азаяды (тапшылық 2 еседен жылдамырақ темендейді).

Тапшылықты қаржыландыру — оны жабу үшін қосымша ақша қаражаттарын іздестіру.

Бюджет тапшылығын қаржыландырудың жолдары:

  1. Ақша белгілерін шығару. Бұл жол теріс әлуметтік -экономикалық салдарлары болатын инфляцияға жеткізеді. Өз кезегінде ақша эмиссиясы айналысқа ақша белгілерін тікелей шығаруда да, жанама түрде мемлекеттік бағалы қағаздар шығару және оларды коммерциялық банктерге өткізу арқылы да түлғалануы мүмкін, коммерциялық банктер өзінің резервтерін көбейтеді және банктік мультипликатордың арқасында айналыстағы ақшаның санын

көбейтеді.

  1. Мемлекеттік қарыздар. Бұл жағдайда қаржыландыруға бос ақша қаражаттары бар компаниялар, банкгер және т.б. қатысады.
  2. Шетелдік қарыздар. Оларды Дүниежүзілік валюта қоры, басқа халықаралық қаржы үйымдары, үкіметтер, банктер береді.
  3. Ұлттық байлықты пайдалану. Бұл орайда мемлекет басқа субъектілерге өзінің активтерін сатады.

Салықтардың мөлшерлемелерін көбейту бюджет тапшылығын қаржыландырудың өдісі емес, оны қысқартудың амалы болып табылады.

Бюджеттің кірістерін көбейтуге және шығыстарын қысқартуға, бюджет тапшылығын реттеуге, басқа экономикалық дағдарысқа қарсы шаралардың жиынтығында нысаналы басқаруға бағытталған шараларды әзірлеу және дәйекті іске асыру мемлекеттің қаржы жағдайын тұрақтандыруға жағдай жасайды, оның әлеуметтік экономикалық дамуына жәрдемдесетін болады.

Бюджет тапшылығына қатысты фискалдық саясат үш тұжырымдамаға негізделеді.

  1. Жыл сайынгы теңгерілетін бюджет. Мүндай бюджет мүндаға дейін фискалдық саясаттың мақсаты деп есептелді. Алайда бюджеттің мұндай жай-күйі фискалдық саясаттың тұрақтандырушы, циклге қарсы бағыттылығын азайтады. Бюджетті теңгеру тіпті экономикалық циклдың ауытқуын үлғайтуы мүмкін. Жүмыссыздықтың болуы және халықтың табысының қүлдырауы кезінде салық түсімдері автоматты түрде қысқарады. Бұл жағдайда бюджетті теңгеру үшін мемлекетке не салықтардың мөлшерлемелерін арттыруы, не мемлекеттің шығыстарын қысқартуы, не бүл екі әрекеттіде жүзеге асыруы қажет. Қорытындысы жиынтық сүранымның қысқаруы және өндірістің одан сай-ын қүлдыруы болып табылады. Бюджетті теңгеру саясаты сонымен бірге инфляцияны үдетуі мүмкін. Инфляцияның болуы кезінде ақшалай табыстардың артуы автоматты түрде салық түсімдерін көбейтеді. Бюджеттің артығын жою үшін мемлекет мына шараларды қолдануы тиіс: не салықтардың мөлшерлемелерін төмендетуі, не мемлекеттің шығыстарын көбейтуі, не бүл екі шараның үштастырылуын пайдалануы тиіс.
  2. Циклдік негізде теңгерілетін бюджет. Бұл тұжырымдамаға сәйкес бюджет жыл сайын емес, экономикалық циклдың барысында теңгеріледі. Өндірістің құлдырауын болдырмау үшін мемлекет тапшылықты әдейілеп жасай отырып салықтарды азайтады және шығыстарды көбейтеді. Экономиканың келесі өрлеуі кезінде мемлекет салықтарды көбейтеді және шығыстарды қысқартады, ал пайда болған бюджеттің артығы қүлдырау жылдарындағы тапшылықтарды өтеуге бағытталады. Сөйтіп, циклге қарсы фискалдық саясат және экономикалық цикл ішінде бюджетті теңгеру жүргізіледі. Құлдыраулар мен өрлеулер терендігі мен үзақтығы бойынша бірдей болмайтындығы, мұның өзі бюджеттің циклдік теңгерімділігін бұзатындығы бұл тұжырымдаманың әлсіз буыны болып табылады.
  3. Қаржының функциялық тужырымдамасының мақсаты макроэкономикалық түрақтылыққа, инфляциялық емес толық қамтылуды қамтамасыз етуге жету үшін жалпы экономиканы теңгеру болып табылады. Бұл түжырымдама кезінде бюджетті теңгеру болмашы мәселе болып табылады, бюджет тапшылықтары мен мемлекеттік борыштың да, бюджет артығының да болуына рүхсат етіледі. Бұл жағдайда экономикалық өсуге қарай салық жүйесі бюджетке түсетін түсімдерді автоматты түрде қамтамасыз етеді, ал микроэкономикалық түрақтылық бүл өсуді ынталандыратын болады, мүның нәтижесінде тапшылық өзін-өзі қаржыландырады деп шамалауға болады. Бұдан басқа, мемлекет салықтармен іс жүзінде шексіз айлашарғы жасай алады және бюджеттің тап-шылығын жаба алады. Бұл түжырымдамада сонымен бірге тапшылықтар мен ірі мемлекеттік борыштың болуы қалыпты экономика үшін қауіпті емес деп шамаланады. [14, 65 –б.]

Циклдік негізде және функциялық қаржы тұжырымдамасында теңгерілетін бюджеттің түжырымдамасына бағдарланған фискалдық саясат ақша айналысының жай-күйін есепке алатын, бюджет тапшылығының қалыптасуына бақылауды, мемлекет шығыстарының бағыттары бойынша тиімді шараларды қаржыландыруды қамтамасыз ететін қаржылық шаралардың негізделген бағдарламасын әзірлеуді қажет етеді.

 

  • Бюджеттік процесс.

 

Бюджеттік процесс — бюджетті жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, нақтылау, түзету жөніндегі, бюджеттің атқарылуы бойынша бюджет есебі мен есептемені жүргізу, мемлекетгік қаржылық бақылау, сонымен бірге байланыстырылған гранттарды жоспарлау мен пайдалану жөніндегі бюджет заңнамасымен регламенттелінген қызмет. Бюджеттік процестің барлық стадиялары өзара байланысты жөне қоғамның экономикалық процестерін гана емес, соньшен бірге саяси өмірінің тікелей бейнеленуі болып табылады. Қазақстан Республикасында бюджеттік процесс Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы», жыл сайынғы «Республикалық бюджет туралы» занға жөне Қазақстан Республикасының басқа зандарына сәйкес жүргізіледі. Бұл зандар әр түрлі деңгейдің бюджеттерін қалыптастыру процесінде пайда болатын қаржы қатынастарын реттейді, рес-публикалық және жергілікгі бюджеттерді әзірлеу, қарау, бекіту, атқару жөне бақылау төртібін белгілейді. [9, 57 –б.]

Бюджеттің жобасын уақтылы жөне сапалы әзірлеу мен бюджетті нақтылау және атқару жөнінде үсыныстар жасауды қамтамасыз ету мақсатымен Қазақстан Республикасының Президенті бюджеттік комиссияны құрады, ол туралы қағиданы бекітеді, оның қүрамын анықтайды.

Бюджеттік комиссиялардың құзырына мыналар кіреді: алдағы үш жылдық кезеңге орта мезгілді фискалдық саясат жөнінде үсыныстар талдап-жасау;

тиісті қаржы жылына арналған бюджеттер жобаларының көрсеткіштерін айқындау жөнінде үсыныстар талдап-жасау;

алдағы үш жылдық кезенде және жоспарланып отырған қаржы жылында қаржыландыруға арналған бюджеттік бағдарламаларды іріктеу, орта мерзімді фискалдық саясатты негізге ала отырып, оларды іске асыру механизмін айқындау жөнінде ұсыныстар талдап жасау;

республикалық немесе жергілікті бюджеттердің шығыстарын ұлғайтуды немесе түсімдерін қысқартуды кездейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ұсыныстар талдап жасау;

тиісті қаржы жьшына арналған бюджеттерді нақтылау жөнінде

ұсыныстар талдап-жасау;

бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау нәтижелерін қарау және олар бойынша ұсыныстар талдап жасау және өзге де өкілеттіктер. [21]

Бюджеттік жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған бюджет түсімдерінің көлемін жөне басымдықты ескере отырып мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес оларды пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі үсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.

Бюджет бір қаржы жылына жоспарланады. Кезекті қаржы жылына арналған бюджеттің жобасымен бір мезгілде алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттің болжамы жасалады.

Республикалық бюджеттің жобасын әзірлеу тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды, жергілікті бюджеттердің жобаларын әзірлеу төртібін Үкімет айқындайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспары, Үкіметтің алдағы үш жылдық кезеңге арнал-ған орта мерзімді фискалдық саясаты, мемлекеттік, салалық (секторалдық) бағдарламалар, Президенттің Қазақстан халқына еддегі ахуал жөне республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы жыл сайынғы жолдауы, өткен және ағымдағы қаржы жылдарындағы республикалық бюджеттің атқарылу нәтижелері, республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалау алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзірлеу үшін негіз болып табылады. [2]

Республикалық бюджет жобасын әзірлеу процессі мынадай кезеңдерді кіріктіреді:

1)  алдағы қаржы жылына арналған түсімдердің болжамды көрсеткіштерін айқындау;

2)  ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерін айқындау;

3)  республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерді жасауы;

4)  республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін қарау;

5)  алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзірлеу.

  1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган үш жылдық кезеңге бектілген бюджеттік алынымдар көлемін ескере отырып және орта мерзімді фискалдық саясат негізінде бюджет қүрылымына сәйкес алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсімдерінің болжамды көрсеткіштерін айқындайды жөне оларды Республикалық бюджет комиссиясының қарауына жібереді. Ол ағымдағы қаржы жылының 5 маусымына дейін алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет түсімдерінің болжамды көрсеткіштерін қарайды және олар жөнінде шешім қабылдайды.
  2. Республикалық бюджет шығыстарының лимиттерін Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттің болжамды көрсеткіштері, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттары, теріс операциялық сальдоның жол берілетін шекті мөлшері, орта мерзімді фискалдық саясатта айқындалған басқа да көрсеткіштер, республикалық бюджет тапшылығының ұйғарымды шекті мөлшері және орта мерзімді жоспарда айқындалған басқа да макроэкономикалық кврсеткіштер, Республикалық бюджет комиссиясы мақұлдаған алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетке түсетін түсімдердің болжамды көрсеткіштері негізінде қалыптастырады. Республикалық бюджет комиссиясы ағымдағы қаржы жылының 5 маусымына дейін ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға, бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимиттерін қарайды және мақүлдайды.

Экономикалық жоспарлау женіндегі орталықты уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) бойынша өтінімдерін қарау нәтижелері, заңи түлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемелері негізінде және Республикалық бюджет комиссиясы айқындаған, бюджеттік даму бағдарламаларына арналған шығыстардың лимитері шегінде:

1)  ағымдағы қаржы жылы мемлекеттік, салалық, (секторалдық) бағдарламалар бөлінісінде іске асырылатын инвестициялық жобаларды  ескере отырып, басым инвестициялық жобалар   тізбесін;

2)  заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыруға және ұлғайтуға қатысу арқылы жүзеге асырылатын бюджеттік инвестициялар жөніндегі үсыныстарды қалыптастырады жене ағымдағы қаржы жылдың 15 маусымына дейін Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізеді.

Республикалық бюджет комиссиясы жоғарыда көрсетілген тізбе мен ұсыныстарды қарайды, оларды қаржыландыру кезі мен тетігін және оларды іске асыруға жауапты болатын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерін айқындайды.

  1. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері бюджеттік жоспарлау женіндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен:

бірыңғай бюджеттік сыныптама;

ағымдағы бюджеттік бағдарламаларға арналған шығыстардың лимиті;

басым бюджеттік инвестициялық жобалар (бағдарламалар) тізбесі;

өткен қаржы жылыннда Республикалық бюджет комиссиясы мақүлдаған үш жьшдық кезеңге арналған бюджеттік өтінім;

орта мерзімді жоспар;

орта мерзімді фискалдық саясат негізінде жасалады.

Алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік өтінімдерді республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уөкілетті органға ағымдағы қаржы жылының 25 маусымынан кешіктірмей бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеті орган белгілеген кестеге сәйкес үсынады.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін мақсатты трансферттерді және бюджеттік кредиттерді қаржыландыруды жүзеге асыратын республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілеті органға облыстар, республикалық маңызы бар қалалардың, астана бөлінісінде осы бюджеттік бағдарламалар бойынша негізделген есептеулерді ұсынады.

  1. Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның олар бойынша қорытындысы, сондай-ақ бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне республикалық бюджеттен берілетін мақсатты трансферттер мен бюджеттік кредиттердің көлемі жөніндегі үсынысы ағымдағы қаржы жылының 15 шілдесінен бастап Республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізіледі. [5, 15 –б.]

Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 тамызына дейін республикалық бюджеттік бағдарламалар паспорттаның жобаларын және шығыстарды есептеулерді Республикалық бюджет комиссиясының шешімдерін сөйкес келтіреді және оларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ұсынады.

  1. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының түпкілікті нүсқасы негізінде алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын жасайды және ағымдағы қаржы жылының 15 тамызынан кешіктірілмейтін мерзімде оны Үкіметтің қарауына ұсынады.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Үкімет ағымындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше немесе соғыс жағдайын снгізу туралы жарлығы не Қазақстан Республикасының бірнеше оңірінің аумағында төтенше жағдайды енгізу төтенше мемлекеттік бюджетті әзірлеу үшін негіз болып табылады.

Төтенше мемлекеттік бюджет республикалық және жергілікті бюджеттердің негізінде қалыптастырылады. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының мөтінінде:

алдағы қаржы жылындағы республикалық бюджет кірістерінің, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит беруінің, қаржы активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) көлемдері;

жалақының, зейнетақының, айлық есептік көрсеткіштің ең

төменгі мөлшері;

жергілікті бюджеттерден республикалық бюджетке бюджеттік

алынымның көлемі;

республикалық бюджеттен жергілікті бюджеттерге берілетін бюджеттік субвенциялар көлемі;

Үкіметтің резерві мөлшері;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктері бойынша міндеттемелерді орындау сомасы;

Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктер беру

лимиті;

үкіметтік борыш лимиті жөне басқа да қағидалар болуға тиіс.

Бюджет процесінде маңызды рөл бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға беріледі, ол тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы зандардың жобаларын әзірлейді және оларды қарауға Үкіметке табыс етеді, бюджеттік етінім жасаудың жөне табыс етудің тәртібін айқындайды.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Үкімет жоспарланып отырған жыл алдындағы жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірілмей енгізеді. Жоба Парламент палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда қаралады.Талқылау Үкімет уәкілеттік берген адамның (адамдардың) Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы-ның орта мерзімді жоспары, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы жөніндегі, Ұлттық банк Төрағасының ақша-кредит саясаты бойынша баяндамаларын, сондай-ақ Парламенттің палаталары уәкілеттік берген адамдардың заң жобасы бойынша қорытындыларымен қоса баяндамаларын қамтиды.

Бірінші оқылымда республикалық бюджет кірістерінің, шығыстарының, операциялық сальдосының, таза кредит беруінің, қаржы активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың (профициті пайдаланудың) жалпы келемдері бектіледі. Келесі оқылымда тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасы баптары бойынша бекітіледі.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Парламент палаталарының бірлескен отырысында кемінде екі оқылымда және ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірілмей бекітіледі. Тиісті қаржы жылына арналған респу-бликалық бюджетті бекіту Парламент палаталарының бірлескен отырысында заң қабылдау арқылы жүзеге асырылады. [5, 8 –б.]

Парламен ағымдағы жылдың 1 желтоқсанына дейін алдағы қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда Президент алдағы қаржы жылының I тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары туралы жарлық шығаруға қүқылы, ол республикалық бюджетті Парламент бекіткенге дейін қолданылады. Бүл республикалық қаржы жоспары ағымдағы жылдың 30 желтоқсанынан кешіктірілмей алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасының төрттен бір бөлігі көлемінде бектіледі. Бүл жағдайда осы қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылғы 1 наурыздан кешіктірілмей бекітілуге тиіс. Бүл ретте аталған қаржы жылына арналған республикалық бюджет сол жылдың бірінші тоқсанына арналған республикалық қаржы жоспары ескеріле отырып бекітіледі.

  Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікгі уәкілетті орган об-иыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясы қабылдаған шешімдері негізінде алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті жобасының түпкілікті нұсқасын жасап, оны облыстың, рсспубликалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеттік комиссиясының қарауына енгізеді.

Алдағы қаржы жылына арналған облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті жобасының түпкілікгі нүсқасын қарау және айқындау жоспарланып отырған қаржы жылының алдындағы жылдың 15 қыркүйегінен, ал аудандікі (облыстық маңызы бар қаланікі) 1 қазанынан кешіктірілмей аяқталады.

Шешім жобасының мәтінінде:

алдағы қаржы жылына арналған бюджет кірістерінің, шығындарының, операциялық сальдосының, таза бюджеттік кредит беруінің, қаржы активтерімен жүргізілетін операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитінің), тапшылығын қаржыландырудың, (профицитті пайдаланудың)

көлемдері;

облыстық бюджеттен аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттеріне берілетін бюджет субвенцияларының көлемдері жөне аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттерінен облыстық бюджетке бюджеттік алынымдар көлемдері; жергілікті атқарушы органның резерві мөлшері; облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органның тиісті қаржы жылының аяғындағы жағдай бойынша борыш лимиті жөне басқа да қағидалар болуға тиіс.

Жергілікті бюджет жобасы тиісті мәслихаттың түрақты комиссияларында қаралады. Тиісті мәслихаттың сессиясында жергілікті бюджеттің жобасын талқылау тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік әкімінің немесе жергілікті атқарушы орган уәкілеттік берген адамның (адамдардың) тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің орта мерзімді әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы, орта мерзімді фискалдық саясат және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджеттің жобасы бойынша баяндамаларын, сондай-ақ мөслихат уәкілеттік берген адамдардың жергілікті бюджеттің жобасы бойынша қорытындысымен қоса баяндамаларын кіріктіреді.

Тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетті бекіту мәслихаттың шешімін қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

Бюджетке түсімдердің түсуін,бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) жөніндегі іс-шаралар кешенін орындау бюджеттің атқарылуы болып табылады. Бюджеттің атқарылуы ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарында басталып, 31 желтоқсанында аяқталады.

Бюджет кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, бюджеттің атқарылуы кассалық негізде жүзеге асырылады. Республикалық бюджеттің атқарылуын Үкімет, жергілікті бюджеттердің атқарылуын жергілікті атқарушы органдар қамтамасыз етеді. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган жергілікті бюджеттердің атқарылуына қызмет көрсетуді жүзеге асырады.

Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңдарына сөйкес бюджетке түсетін түсімдердің тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы занда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде белгіленгеннен төмен болмайтындай мөлшерде толық және уақтылы есепке алынуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізу болып табылады.

Бюджеттің түсімдер бойынша атқарылуы түсімдерді бірыңғай қазынашылық шотқа төлеуді және есепке алуды; Кодекске сәйкес түсімдерді бюджет деңгейлері арасында бөлуді; Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сөйкес бюджеттен түсімдер сомасын қайтаруды не оларды салық берешегін өтеу есебіне есепке алуды кіріктіреді.

Бюджетке түсетін түсімдер ақша нысанында жүзеге асырылады және бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес толық көлемде бірыңғай қазынашылық шотқа есепке алынады.

Бюджетке шетел валютасымен түсетін түсімдер Үлттық банкпен келісе отырып, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын төртіппен есепке алынады.

Түсімдерді бюджет деңгейлері арасында бөлуді Бюджет кодексіне сәйкес әрбір жүмыс күні бюджетті атқару женіндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.

Бюджеттің шығыстар бойынша атқарылуы бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларды тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы занда және тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы мөслихаттың шешімінде не түзетілген бюджетте бектілген сомалар шегінде толық және уақтылы орындауға бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру болып табылады.

Мынадай жағдайларда — бюджет түсімдерін қысқартуды немесе шығыстарын ұлғайтуды көздейтін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері қабыдданған немесе өзгертілген жөне бюджеггі атқару барысында бюджет түсімдері олардың бектілген жылдық көлемінен он пайыздан астам сомаға төмендеген жағдайларда міндетті түрде бюджетті нақтылау жүргізіледі.

Бюджет Кодексінде көзделген жағдайларды қоспағанда, тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде бекітілген көлемнен артық қосымша шығыстарды бюджеттен жүзеге асыруға бюджетті нақтылау кезінде ғана жол беріледі.

Республикалық немесе жергілікті бюджетті нақтылауға бюджеттің кірістері жөніндегі жылдық жоспар қаржы жылының бірінші тоқсанының қорытындылары бойынша кем дегенде отыз пайызға немесе бірінші жарты жылдығының қорытындылары бойынша алпыз пайызға және үш тоқсанының қорытындылары бойынша сексен пайыздан астам орындалған жағдайда жол беріледі.

Республикалық немесе жергілікті бюджетті нақтылау бюджет заңдамасында белгіленген басқа да жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.     [6, 10 –б.]

Бюджетті атқару кезінде бекітілген бюджетке түсетін түсімдер қысқартылған, соның нәтижесінде бекітілген бюджеттік бағдарламаларды толық көлемде қаржыландыру мүмкін болмайтын жағдайда секвестр — бюджет қаражаттарын жүмсауға белгілі бір шектерде тиым салуды көздейтін арнайы тетік енгізіледі.

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешімінде секвестрлеуге жатпайтын республикалық және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тізбесі белгіленеді.

Бюджеттік бағдарламаларды олардың бекітілген жылдық көлемінің он пайызынан кем сомаға секвестрлеу Қазақстан Рес-публикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша, ал он пайыздан астам сомаға секвестрлеу заң-ның немесе мәслихат шешімінің негізінде жүзеге асырылуы мүмкін.

Бюджеттік бағдарламалар қысқартылған жағдайда олардың басымдығы мен әлеуметтік бағыттылығы ескеріледі. Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға немесе жергілікті бюджет туралы мәслихаттың шешіміне өзгеріс жөне толықтыру туралы заңның жобасы немесе мәслихаттың шешімі Қазақстан Республикасының Парламентіне немесе мәслихатқа енгізілген күннен бастап бюджетті атқару жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті орган секвестрлеу белгіленген бюджеттік бағдарламалар (ішкі бағдарламалар) бойынша төлемдердің жүзеге асырылуын тоқтата тұруға құқылы.

Бюджетті секвестрлеу кезінде бюджет қаражаты есебінен жасалған азаматтық-қүқықтық мәмілелер бойынша туыңдаған қатынастарды реттеу Қазақстан Республикасының азаматтық зандамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Республикалық бюджетті тузетуге орталық мемлекеттік органдар жөне оларға ведомстволық бағыныштағы мемлекеттік мекемелер қүрылған, таратылған, қайта үйымдастырылған, олардың функциялары өзгерген жағдайларда жоспардан тыс түсімдер есебінен үкіметтік борышты өтеу көлемі үлғайған және Бюджет кодексінде көзделген жағдайларда жол беріледі.

          Жергілікті бюджеттерді түзетуге қаржы жылы ішінде Үкіметтің немесе облыстың жергілікті атқарушы органының шешімі бойынша жоғарғы бюджеттен қаражат белінген және жоспардан тыс түсімдер есебінен жергілікті атқарушы органдар-дың борышын өтеу көлемі ұлғайған және бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда жол беріледі.

Өткен қаржы жылындағы Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірмей Үкіметке, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға және мемлекеттік қаржылық бақылау органда-рына табыс етеді.

Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп бекітілген, нақтыланған түзетілген республикалық бюджетті және республикалық бюджеттің кассалық атқарылуын көрсетеді. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке түсіндірме жазба мен түсімдер бойынша атқарылуы туралы,  сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиімділігін бағалауды қоса алғанда, олардың іске асырылуы туралы таңдамалық есеп қоса тіркеледі.

Қазақстан Республикасының Үкіметі жьш сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан кешіктірмей республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жыддық есепті қосымшаларымен бірге Қазақстан Республикасының Парламентіне және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетіне табыс етеді.

Парламент өткен қаржы жылы ішінде республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкіметтің жылдық есебін Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебін алғаннан кейін кезегімен, алдымен — Мәжілісте, содан соң Сенатта қарайды. Республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есеп Парламенттің Мәжілісі мен Сенатында қаралған-нан кейін Парламентт палаталарының бірлескен отырысында бектіледі.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті жыл-дан кейін жылғы 1 сәуірден, ал ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органы есепті 1 наурыздан кешіктірмей өткен қаржы жьшындағы облыс-тық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті әкімдікке, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы және ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың өкімдігі жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан, ал ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) уәкілетті органы 1 наурызынан кешіктірмей өткен қаржы жылындағы облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) бюджетінің атқарылуы туралы жылдық есепті қосымшаларымен қоса облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихатына, облыстың бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға табыс етеді. [13, 57 –б.]

Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы ай сайын және жыл қорытындыла-ры бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қала, астана бюджетінің атқарылуы туралы есептерді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға табыс етеді.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына, олардың атқарылуы бойынша есепке алу мен есептеме жүргізуге, олардың атқарылуын бағалауға республикалық деңгейде Респу-бликалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, жергілікті деңгейде мәслихаттардың тексеру комиссиялары жүзеге асырады.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті бюджеттік қатынастарды реттеу саласында республикалық бюджеттің атқарылуына сыртқы бақылауды жүргізу тәртібін белгілейді ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп мемлекеттік қаржы бақылауының стандарттарын әзірлейді, сондай-ақ оларды бекітеді және олардың сақталуына, республикалық бюджеттің және төтенше мемлекеттік бюджеттің атқарылуына, бақылау іс-шараларының қорытындылары бойынша қабылданған шешімердің орындалуына бақылауды және Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

            Нарықтық механизмге  көшуге жағдайында  мемлекеттік  бюджеттіңқаражаттары ең алдымен экономиканың құрылымын қайта құруды,кешенді мақсатты бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға, ғылыми-техникалық әлуетті арттыруға, әлеуметтік дамуды тездетуге және халықтың ең  аз қамтылған  жіктерін, сондай-ақ денсаулық сақтау, бiлiм беру, мәдениет мекемелерiн  әлеуметтік қорғауға   бағытталуы тиіс.

           Бюджет экономикалық қарым-қатынасқа негiзделгендiктен объективтi түрде сипатталады. Өз алды бюджеттiк сала болуы адамзаттың субъективтiк пiкiрiне байланысты емес, ең адымен ол қоғамдық өндiрiстiң дамуына керектi орталықтандырылған ресурстарға, мемлекеттiк табиғаты мен функцияларынан туатын объективтiк қажеттiлiкке байланысты. Сондықтан, Бюджет кодексiнде мемлекеттiк бюджетке мынадай түсiнiк берiлген – ол “республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң арасындағы қарама-қарсы өтеу операцияларын есептемегенде сараптамалық ақпарат ретiнде пайдаланатын және бекiтуге жатпайтын қосындысын құрайтын жалпы бюджет”. Сонымен қатар, “мемлекеттік бюджет” терминi- мемлекет құрастыратын және басқаратын орталықтандырылған бюджеттiк қор мағынасында да пайдаланады.  [1, 3 –б.]

         “Бюджет” деген көптеген ұғымға сүйене отырып, ол келесiдей түсiнiктемелерден қалыптасады деп айтуға болады:

  • ол өз алдында жеке бiр экономикалық категория;
  • ол мемлекеттiң ақша қаражаттарының орталықтандырылған қоры;
  • ол экономиканы реттеуге арналған құрал (бюджеттiк механизм арқылы);
  • ол мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспары;

ол барлық бюджеттiк қарым-қатынасқа қатысушылар мiндеттi түрде орындайтын заң. 

           Айтылған мақсатқа жету үшiн нормативтiк- құқықтық актiлердiң ережелерiне сүйене, мемлекеттiк бюджет жүйесiндегi теориялық және практикалық аспектiлердi қорытындылай отырып, Қазақстан Республикасының бюджет жүйеснiң негiздерiн логикалық тiзбектi түрде жазуын, әр түрлi деңгейдегi бюджеттердiң мазмұны мен функциялары, осы аумақтағы заңнамалық және атқарушы органдардың функцияларын толығынан қарастырады.

         Бұл жұмыстың мазмұны мен құрылымы – “Мемлекеттiк бюджет” курсының негiзi мен Бюджет кодексi негiзiнде және Қаржы бөлiмi негiзiнде жазылған және олардың құрылымына толық сәйкес.

        Мемлекеттік бюджеттiң және қаржының негізгі мақсаттары — Республикалық бюджетті есеп айырысу- кассалық күтуін өрістету, және бақылау, мемлекеттік бюджетті есеп айырысу-кассалық күтуін өрістету оның ішінде ақылы қызмет көрсетуден депозиттік сомалардан және демеушілiк пен қайырымдылық жәрдемнен түскен құралдар бойынша шоттарды, бюджет жүйесіндегі  бухгалтерлік пен есеп беруді және қаржылық органдар жүйесіндегі ішкі аудитті дамыту мен жетілдіруге қатынасу, қаржыны дұыс басқару, аумақтық жерлердегi бюджет саласын тиiмдi жүргiзу, республикалық және өз құзіреті шегінде жергілікті бюджеттердің құралдарын тиімді  және мақсатты пайдалануды бақылауын қамтамасыз ету, мемлекеттік ақпараттық жүйесінің іс-әрекетін қамтамасыз ету.

  Мемлекеттік бюджет, кез келген басқа экономикалық категория сияқты, өндірістік қатынастарды білдіреді және оларға сәйкес келетін нақты материалдық- заттай түрінде болады: бюджет қаты-настары мемлекеттің орталықтандырылган ақша қорында— бюджеттік қорында затталынады. Мұның нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық (бөлгіштік) процестер мемлекеттің жүмылдыратын және пайдаланатын ақшаның ағынында өзінің көрінісін табады. Бюджеттік қор— бүл қоғамдық өнім мен ұлттықтабыстың құндық бөліністің белгілі стадияларын еткен және ұлғаймалы ұдайы өндіріс, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету, қорғаныс және басқару жөніндегі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекетке түсетін бөлігі қозғалысының объективті шарттасылған экономикалық нысаны. Бюджеттік қордың қалыптасуы мен пайдаланылуы қүнды бөлу және қайта бөлумен байланысты оның қозғалыс процесін білдіреді.

Тақырыптың  негізінде  қорытынды  жасайтын  болсақ,  мемлекеттік бюджет  мемлекеттің  орталықтандырылған  ақша  қорын  жасау  және      ұдайы  өндіріспен  қоғамдық  қажеттіліктерді  қанағаттандыру       мақсаттарына  пайдалану  жолымен  қоғамдық  өнімнің  құнын  бөлу             және  қайта  бөлу  процесінде  мемлекет пен  қоғамдық  өндірістің  басқа қатысушылары  арасында  пайда  болатын  экономикалық   қатынастарды  білдіреді. Бұл жұмыс бойынша пiкiр мемлекеттік бюджеттердiң кiрiстерi мен шығыстары дұрыс жүргiзiлуiн және бюджет жүйесiнiң кеңеюiн ұсынған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.     Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі. – Алматы: Юрист,2004 ж

  1. Салық кодексі – “Бюджетке салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жөнінде” ҚР Заңы. – Алматы: Юрист,2003 ж.
  2. Қазақстан Республикасының заңдары.
  3. Указ Президента Республики Казахстан “Об утверждении Положения о Счетном комитете по контролю за исполнением республиканского бюджета” от 05.08.2002 г. №917.
  4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары.
  5. Министрліктер мен ведомстволардың нұсқаулық материалдары.
  6. Бюджетная система Российской Федерации:Учебник / М.В.Романовский и др.; Под редакцией М.В.Романовского, О.В.Врублевской.–2-е изд.,исп.и перераб.- М.: Юрайт, 2000.- 300-615 с.
  7. Годин А.М., Подпорина И.В. Бюджет и бюджетная система Российской Федерации Учебное пособие.- М. Дашков и К,2002- 203-340 с.
  8. Зейнелгабдин А.Б. Финансовая система экономическое содержание и механизм использования.-Алматы Қаржы- Қаражат, 1995.- 26-124 с.
  9. Иванова Г.Г., Маковник Т.Д. Казначейская система исполнения бюджетов.- СПб: Питер, 2001.- 92-208 с.
  10. Ильясов К.К., Саткалиева В.А. и др. Государственный бюджет: Учебник.- Алматы: РИК, 1994.-115-268 с.
  11. Кулекеев Ж.А., Султангазин А.Ж. и др. Государственный финансовый контроль в Республике Казахстан: Сборник нормативных правовых актов.- Астана: 2002.- 132 с.
  12. Кулекеев Ж.А., Султангазин А.Ж. и др. Проблемы эффективности использования средств государственного бюджета Республики Казахстан в условиях развития рыночных отношений / Под общей ред.д.э.н. Серикбаева А.С. – Астана: Академия государственной службы при Президенте Республики Казахстан, 2003. – 36-194 с.
  13. Мельников В.Д., Ли В.Д. Қаржының жалпы курсы: Учебник.-Алматы,2005 ж – 25-70 с.
  14. Мельников В.Д., Ильясов К.К. Финансы. – Алматы: Қаржы-қаражат, 2001 ж – 104-311 с.
  15. Рудый К.В. Финансово-кредитные системы зарубежных стран: Учебное пособие. – М.:Новое знание, 2003. –98-301 с.
  16. Сейітқасымов Ғ.С. Ақша, несие, банктер: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2005 ж. – 208-416 бб.
  17. Өтебаев Б.С. Мемлекеттік бюджет: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2006 ж. – 6-45 бб.
  18. Отебаев Б.С., Жунусова Р.М. Бюджетное устройство и бюджетная система: Учебное пособие. – Ақмола: 1997 г – 85-103 с.
  19. Комментарии к Стандартам внешнего и внутреннего контроля исполнения республиканского и местных бюджетов: Счетный комитет по контролю исполнения республиканского бюджета – Астана:2003 г – 24 с.
  20. Положение о Комитете Казначейства Министерства финансов Республики Казахстан. Постановление Правительства Республики Казахстан от 24.05.1999 г. №626
  21. Положение о Комитете финансового контроля Министерства финансов Республики Казахстан. Постановление Правительства Республики Казахстан от 19.05.2002 г. №674
  22. О среднесрочной фискальной политике Правительства Республики Казахстан на 2005-2007 гг. Постановление Правительства Республики Казахстан от 31.08.2004 г. №918
  23. Правила разработки проектов республиканского и местных бюджетов, утвержденные постановлением Правительства Республики Казахстан от 29.05.2002 г. №592
  24. Правила исполнения республиканского и местных бюджетов, утвержденные постановлением Правительства Республики Казахстан от 05.02.2005 г. №110