АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Міндетемнің орындалуын қамтамасыз ету ұғымы және оның тәсілдері

 

Міндетемнің орындалуын қамтамасыз ету ұғымы және оның тәсілдері

 

 

 

Кіріспе……………………………………………………………………………

 

1-тарау  Міндеттемені орындау

  • Міндеттемені орындау ұғымы және оның принциптері……………….

1.2.    Міндеттемені орындау нысаны және тәсілі……………………….……

1.3.    Орындау мерзімі және орны……………..……………………………..

 

2-тарау. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету

  • Міндеттемнің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері ұғымы және олардың түрлері………….…………………………………………….
    • Кепілпұл…………………………………………………………………
    • Тұрақсыздық айыбы…………………………………………………….
    • Кепілдік және кепіл болушылық………………………………………
    • Кепіл……………………………………………………………………..

 

Қорытынды бөлім

Пайдалнанылған әдебиеттер

 

Кіріспе

 

Міндеттеме ұғымы міндеттемеге сәйкес 6ip адам (борышқор) басқа адамның, (несие берушінің) мүлкін беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгілі 6ip әрекеттер жасауға, не белгілі 6ip әрекет жасаудан тартынуға міндетті, ал несие беруші борышқордан өз мідеттерінің  орындауын талап етуге құқылы. Несие берудің борышқордан атқарылғанды қабылдауға міндетті. Міндеттеме заң талаптары жене міндеттеме шарттарына сәйкес, мұндай шарттар мен талаптардың болмаған жағдайында — іскерлік  қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар ғана немесе баск,а талаптарға сәйкес түрде орындалуы тиіс. Шарт бойынша міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етуде борышқордың, мүлкіне әсер етудің қосымша шарасы қолданылады, осы арқылы оның өз міндеттемелерін орындауына ықпал етіледі. Борышқордың, шартта көрсетілген мідеттемелерін орындамауы немесе тисті дәрежеде орындамауы жағдайында несие беруші мүддесі қанағаттандырылады. 80-жылдардың соңы мен 90-жылдардың басында реформалық, басталумен құқықтық, базасыз нарық, қатынастары карыштап дами бастады. Осыған орай міндетті құқық, рөлі, соның ішінде мідеттемелерді қамтамасыз ету әдістері, рөлі едәуір ұлғая түсті.

1995 жылғы наурызда Қазақстан Республикасы Азаматтық, Кодексінің  271 бабына орай, мідеттемелер заңда көрсетілген келісімдер мен тағы басқа шарттардан, сонымен бірге Қазақстан Республикасының Азаматтық, Кодексінің 7 бабанда көрсетілген зиян келтіру және басқа негіздерден келіп туындайды.

Тараптар арасында пайда болған шарттар немесе заңға негізделген міндеттемелер, шарт немесе заң, талаптарына сәйкес болмаған жағдайда, іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға және Қазақстан Республикасының Азаматтық, Кодексінің 272 бабында қарастырылған: айып төлеу; кепіл; кепіл болушылық; (кепілдік); кепілпұл; борышқор мүлкін алып қалу;

Алайда, жоғарыда керсетілген әдістер мұнымен аяқталып қалмайды. Қазақстан Республикасының Азаматтық, Кодексінің 292 бабында міндеттемелерді орындау заң жүзінде немесе келісімде көрсетілген тағы басқа әдістер арқылы қамтамасыз етілуі мүмкін.

Міндеттемелерді қамтамасыз етудің бұрынан белгілі және өте кең таралған әдici айып төлеу болып табылады. Айып төлеу -зат жүзінде немесе шартта белгіленген ақшалай сома, оны борышқор келесі тарапқа өз міндеттемесін орындамаған немесе тиicтi дәрежеде орындамаған, сондай-ақ, шартта көрсетілген мерзімді  ұзартқан жағдайда төлейді. Айып төлеудің түрлері айыппұл мен өciм болып табылады.

Осы жұмыста әрекет eтyшi заңға талдау жасау әдісі арқылы міндеттемелерді орындауды қамтамасыз етудің азаматтық, -құқықтық, әдістеріне зерттеу жүргізуге, оны ресми түрде түсіндіруге және кәсби тұрғыда әдістеме жасауға талпыныс жасалады.

Жұмыс 74 бетте орындалып, кіріспеден, 3 тараудан қорытындыдан, әдебиеттер тізімдерден  құралған.

 

 

 

1-тарау  Міндеттемені орындау

 

  • Міндеттемені орындау ұғымы және оның принциптері

 

Міндеттемені орындау — борышкердің несие беруші өзінен талап етуге құқылы әрекетті жасауы (немесе әрекеттен тартылуы). Бұл әрекеттің нақты сипаты орындалуға жататын міндеттеменің түріне байланысты (тауарларды беру, жұмыс жасау, қызмет көрсету, шығынды өтеу жөне т.б.) Әрекеттен тартыну орындалуы әрқашан да белсенділікті керек ететін міндеттемелерге тең емес. Мысал ретінде автордың басқа баспаға қолжазбасын өткізбеу міндетін келтіруге болады. Сондықтан да, авторлық шартты орындаудың мазмұнына қолжазбаны басқа баспаға беру әрекетінен тартыну кіреді.

Заңдарда немесе шартта көзделгеннен басқа реттерде міндеттемені орындаудан біржақты бас тартуға және оның шарттарын біржақты өзгертуге жол берілмейді (АК-ның 273-бабы).

Шарт тең құқылы негізде, тараптардың еркін ықтияры негізінде жасалады, сондықтан ол екі жақтың өзара келісімімен тоқтауы тиіс. Шартты орындаудан біржақты бас тарту, шын мәнінде, шартты біржақты тоқтату, сондықтан оған жол берілмейді. Жекелеген жағдайлар үшін бұған арнайы рұқсат ету заңда белгіленген. Кейбір мұндай жағдайлар АК-да көзделген (404-бап).

Тиісінше орындау принципі жөне нақтылай орындау принципі міндеттемені орындаудың негізгі принциптері болып табылады. 272-бапта былай делінген: «Міндеттеме — міндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиісінше орындалуға тиіс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда — іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиіс».

Бапта тиісінше орьшдалу принципі айтылған, яғни, ол — тиісті борышкердің, тиісті несие берушіге, тиісті мерзімде, тиісті орында, тиісті затқа қатысты және тиісті тәсілмен орындауы.

Міндеттеме тиісінше орындалды деп саналады, егер орындау нысанына, субъектілерге, орнына, мерзіміне және орындау тәсіліне қатысты барлық шарттар мен талаптар орындалған болса.

Тиісінше орындау принципін жүзеге асырудың нақты тәсілдерін АК ашпайды, ол міндеттеме шарттарына және заңнама талаптарына, ал ондай шарттар болмаса —іскерлік айналым талаптарына немесе өзге әдетте қойылатын талаптарға сілтеме жасайды.

Нарықтық қатынастардың келуіне байланысты тиісінше орындауға қойылатын талаптардың көпшілігін шарттағы тараптардың өздері анықтайды. Сондықтан АК-да айтылатын міндеттемелердің шарттары тиісінше орындауды анықтаудың жиі қолданылатын тәсілі болып табылады.

Заңнама тиісінше орындаудың талаптарын императивті белгілей алады, яғни біржола, үзілді-кесілді, басқа нұсқаларға жол бермей (мысалы, сапаға талап, жеткізілген тауардың түгелдігі). Тараптар бұл талаптарды өзгерте алмайды. Бірақ заңнамада да талап диспозитивті берілуі мүмкін, яғни тараптардың өзге ережелер қабылдауына мүмкіндік беріледі (мысалы, өнімді жеткізу шарты бойынша жөнелту тәсілдері). Бұл ретте, егер тараптар шартта өзгедей жағдайлар қарастырмаса, заңнама талабы қолданылады.

Заң акгілерінде әкімшілік актілерінің талаптарын орындау міндеті белгіленген жағдайда, тараптар тиісінше орындау үшін осы актілерде белгіленген талаптарды сақтауы тиіс. Мысалы, Мемлекетгік кәсіпорын туралы Жарлықтың 13-бабында «мемлекеттік кәсіпорын үшін мемлекеттік тапсырысты орындау міндеті болып табылады. Кәсіпорын тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметі) сатып алушы немесе сатушы ретінде шарт жасаудан бас тарта алмайды, егер мұндай шарттар жасасу мемлекеттің тапсырысында көзделген болса» делінген. Бұл ретте мемлекеттік кәсіпорын тиісінше орындаудың мемлекеттік тапсырыста келтірілген барлық талаптарын сақтауға міндетті (санын, сапасын, орындау мерзімін және т.б.).

Іскерлік айналым дағдысының міндеттемелерін орындағанда қолданудың ең жарқын мысалы ИНКОТЕРМС ережелері болып табылады, ол халықаралық сатып алу-сату шарттарын орындағанда ұдайы қолданылады.

Әдетте қойылатын талаптар, көбіне, орындау нысаны болып табылатын тауар, жұмыс және қызмет сапасын анықтағанда қолданылады. Бұл талаптар заңнамада немесе шартга белгілі бір тауарлардың, жұмыстардың және көрсетілетін қызметтердің белгіленген сапа стандарттары болмаған жағдайларда да қолданылады. Сондай немесе ұқсас тауарларға, жұмыстарға немесе қызметтерге (түріне, сортына, т.б.) әдетте қойылатын талаптар қолданылады.

Тиісінше орындау барлық реттерде міндеттемені тоқтатады және борышкерді міндетін орындаудан босатады. Тиісінше орындамау несие берушіге міндеттеменің нақты орындалуын (АК-ның 354-бабының 1-тармағы) және азаматтық-құқықтық жауапкершілік шараларын қолдануды талап етуге негіз береді.

Нақты орындау принципі АК-ның 354-бабында келтірілген жөне оның мәні —залалдың өтелгендігіне қарамастан міндеттемені заттай орындау керектігінде (яғни, міндеттеменің нысаны болып келетін сол әрекеттерді жасау). Сонымен қатар бұл бап заттай орындау принципінің қолданылуын бұрынғы заңнамамен салыстырғанда қатты шектеді. Тиісінше орындамаған жағдайда тұрақсыздық айыппұлын төлеу жөне шығындарды өтеу борышкерді міндеттемені орындаудан босатпайды, яғни нақты орындау принципі күшінде болады. Бірақ міндеттемені орындамау жағдайында шығынды өтеу және тұрақсыздық айыппұл төлеу борышкерді міндетемені заттай орындаудан босатады, яғни кері принцип қолданылады.

Екі принцип те диспозитивтік сипаттағы жалпы ереже ретінде қолданылады, бірақ заң актілері мен шартта өзгедей көзделуі мүмкін.

Борышкерді міндеттемені заттай орындау міндетінен босату керегі болмай қалған міндеттеменің орындалуынан несие беруші бас тартқан, сондай-ақ бас тарту төлемі ретінде белгіленген ақшалай сома төленген жағдайларда орын алады (АК-ның 354-бабының 3-тармағы).

Заңда міндеттемені мәжбүрлеп орындауға еріксіз көндіру жағдайлары белгіленген. Мысалы, жеке — белгілі бір затты меншікке, шаруашылық жүргізуге, жедел басқаруға немесе несие берушінің пайдалануына беру міндеттемесін орындамаған жағдайда, егер бұл затқа үшінші жақтың артықшылық құқығы болмаса, несие беруші оны борышкерден алып қоюға және өзіне беруді талап етуге құқылы (АК-ның 355-бабының 1-тармағы).

 

1.2. Міндеттемені орындау нысаны және тәсілі

 

Міндеттемені орындау нысаны, ол — борышкер міндеттемеге сәйкес несие берушіге беруге, орындауға немесе көрсетуге тиісті зат, жұмыс немесе қызмет. Нысанға қойылатын тиісінше талап сапа және сан ұғымы арқылы көрініс табады. Сапа шартқа сәйкес анықталады. Егер ол затқа мемлекеттік стандарттар немесе техникалық шартгар болса, онда сапа госттарға немесе техникалық шарттарға сәйкес, егер болмаса — әдетге қойылатын талаптарға сәйкес анықталады.

Орындау нысаны, бұл — мүлік (АК-ның 115-бабы). Бірінші кезектегі орындау нысаны — зат. Мысалы, жеке-белгілі бір зат жайында 355-бапта айтылған. Заттардың айрықша түрі болып табылатын орындау нысаны ретінде АК-да ақша алынған (282-бап). Орындау нысаны зат емес мүліктер де, атап айтқанда, міңдеттемелік құқық та, интеллектуалдық меншік те болуы мүмкін. Орындау нысаны өзіне затты да, талап қою құқығын да, борыштарды да, интеллектуалдық меншікті де (айрықша құқықты) қамтитын мүліктік кешен болуы мүмкін. Сөз мүліктік кешен ретіндегі кәсіпорын жайында болып отыр (119-бап).

Міндеттемені зат түрінде орындау туралы, яғни міндеттемені заттай орындау принципі туралы ереже бекітілген ретте де орындау нысаны жайында айтылады (254-бап).

Міндеттеме тиісінше орындалуы үшін сақталуы тиіс кейбір элементтер АК-ның арнаулы баптарында бекімін тапқан: мысалы, орындау субъектілері туралы (275, 276-баптар), мерзім туралы (277-279-баптар), орындау орны туралы (281-бап), орындау тәсілі туралы (284-288,290,  ; 291-баптар) шарт.

Орындау нысанына қатысты айрықша талаптар ақшалай міндеттемелерді орындауға қойылады.

Ақшалай міндеттемелер дербес (заем шарты бойынша) немесе тәуелді (сатып алушының сатып алған затқа төлеуі) болуы мүмкін. Ақшалай міндеттеме (немесе борыш валютасы) дегенді оның сомасын белгілеу, ал төлеу (немесе төлем валютасы) дегенді сол соманы несие берушіге; не қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол емес есептесу тәртібінде беру ; деп түсіну керек.                                                                                  

Ақшалай міндеттеме Қазақстан Республикасының аумағында I теңгемен көрініс табуы тиіс (АК-ның 127-бабы). Міндеттемелер бойынша есеп-қисапты Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырғанда шетел валютасын, сондай-ақ шетел валютасындағы төлемдік } құжаттарды пайдалануға Қазақстан Республикасының заң актілерінде анықталған реттерде және жағдайларда немесе оларда белгіленген тәртіпте жол беріледі. Ақшалай міндеттемеде борыш шетел валютасы түріндегі белгілі бір сомаға тең теңге түріндегі сомада төленуге тиіс екендігі көзделуі мүмкін. Бұл жағдайда теңгемен төленуге тиісті сома Ұлттық Банктің тиісті шетел валютасы үшін төлем күні белгіленген ресми бағамы бойынша не тараптардың келісімімен белгіленген өзге бағаммен айқындалады (АК-ның 282-бабы).

АК-ның 282-бабының ережелерін бұзу (яғни ақшалай міндеттемені шетел валютасында көрсету немесе төлеу) мәмілені заң талаптарына сәйкес келмейтін заңсыз мәміле деп тануға әкеп соғады (АК-ның 158-бабы).

Бұл ережеден ауытқу заң актілерінде көзделген немесе олар белгілеген тәртіпте ғана орын алуы мүмкін.

Шетел валюталарын пайдаланудың мүмкіндіктері мен шектерін анықтайтын негізгі нормативтік акт —1996 жылғы 24 желтоқсандағы Валюталық ретгеу туралы Заң.

АК-ның 282-бабында шетел валютасы туралы айтылған. Валюталық реттеу туралы Заң (1-бап) шетел валютасын шет мемлекеттердің валютасы ретінде анықтайды (доллар, иен, рубль, сом және т.б.) 2002 жылдың 1 қаңтарынан айналымға жаңа валюта —евро енгізідді, ол Еуропалық одақ елдерінің валюталарын (франк, марка, гульден және т.б.) алмастырды.

Егер ақшалай міндеттеме бойынша жасалған төлемнің сомасы барлық борьпшы өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда өтеу мына тәртіпте жүргізіледі: бірінші кезекте — несие берушінің борышкерден орындауды алумен байланысты шығыны (мысалы, шартқа сәйкес ақшалай міндеттемені орындау орны болып табылатын өзінің тұрғылықты жерін борышкер ауыстырғанда, векселмен төлегенде жөне кейін оған есеп жүргізгенде). Екінші кезекте тұрақсыздық үшін айыппұл төленеді, ол төлеу мерзімінің өткені үшін өсімақы болып табылады және мүліктік жауаптылықтың бір түріне жатады (АК-ның 353-бабы). Үшінші кезекте сыйақыны (мүддені) өтеу жүргізіледі. Ең соңында негізгі борыштың сомасы өтеледі (282-баптың 2-тармағы).

Банк практикасында да ақша қаражатын пайдаланғандық үшін пайыз негізгі борыштың сомасына кіреді. Егер баптың мәтінін дел ұстанатын болсақ, борышкердің несие беруші аддындағы борышын өтеу мына кезекте жүргізіледі: несие берушінің шығындары, тұрақсыздық үшін айыппұл, сыйақы (мүдде), борьпшың негізгі сомасы. 2001 жылғы 24 желтоқсандағы «Салықтар және бюджетке теленетін басқа міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексін қабылдауға байланысты Қазақстан Республикасьшың кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңының түсіндірме беріліп отырған бабының 1-тармағының екінші бөлігінен мына мазмұндағы екінші және үшінші сөйлемдер алынып тасталды: Ақшалай міндеттемеде ол шетел валютасындағы белгілі бір сомаға бара-бар сомада теңгемен төленуге жатады деп кезделуі мүмкін. Бұл ретте теңгемен төленуге жататын сома, төлем күніне жөне төлем орнында немесе оған жақын жерде тиісті шетел валютасы үшін Қазақстан банкаралық валюта биржасы белгілеген бағам бойынша анықталады, егер заңнамада немесе тараптардың келісімінде өзге бағам немесе оны анықтаудың өзге күні белгіленбеген болса».

Түсініктеме беріліп отырған баптан теңгені шетел валютасымен байланыстыру мүмкіндігі туралы ережені алып тастау практикада көптеген мәселелер тудырды, сондықтан ҚР Ұлттық банкі (2002 жылы 5 ақпанда) мен ҚР Мемлекеттік кіріс министрлігі (2002 жылы 11 ақпанда) бірлесіп түсініктеме берді. Бұл түсініктеменің мазмұны мынада. АК-ның 282-бабына сәйкес ақшалай міндеттемелер ҚР аумағында теңгеде көрініс табуы тиіс. Сонымен, қазіргі кезде ҚР аумағында кез келген ақшалай міндеттеменің шетел валютасының; -белгілі бір сомасына бара-бар сомада орындалуына жол берілмейді. Осы бапқа сөйкес ҚР аумағындағы міндеттемелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асырған кезде шетел валютасын, сондай-ақ шетел валютасы түріндегі төлем құжаттарын пайдалануға Қазақстан Республикасының заң акгілерінде көзделген реттер мен жағдайларда немесе соларда белгіленген тәртіп бойынша жол беріледі. Соңдықтан да, ҚР резиденттері өзара шарттар (контракт, келісім) жасасқанда өз міндетгемелерін тек теңгеде көрсетулері тиіс және тауарларды (жұмыстарды, қызметті) сату (иемдену) бойынша ақшалай міндеттеменің сомасын шетел валютасына бара-бар белгілеуге олардың құқығы жоқ. Бұл талап ҚР президентгері шығаратын бағалы қағаздардың номиналдық құнын көрсеткенде де қолданылады.

Сонымен қатар тараптар, бағалы қағаздар шығару шартында өз қауіптерін сақтандыру, оның ішінде ақшалай міндеттеменің өзгеру тегігін ҚР заңнамасына қайшы келмейтін тәртіпте анықтау арқылы сақтандыру мақсатында дисконттелген күн бойынша міндеттеме қарастыруға құқылы. Бұл ретте, мұндай сақтандыру мен тетік инфляция коэффициентіне, сыйақы ставкаларына, қайта қаржыландыру ставкасына, қауіпті хеджирлеудің заңға қайшы келмейтін өзге тәсілдеріне негізделуі мүмкін.

АК-ның 282-бабының 3-тармағына сәйкес тараптардың келісімі бойынша ұзақ мерзімді міңдеттемелердің төлемдерін ивдексациялауға жол беріледі. «Бухгалтерлік баланс және қаржы есеп-қисаптарындағы негізгі ашулардың» бухгалтерлік 2-есеп стандарты бойынша орындалу мерзімі 12 айдан асатын міндеттемелер ұзақ мерзімді міндеттемелерге жатады.

Қазақстан Республикасының резиденттері мен резидент еместері арасындағы шарттар (контракттер, келісімдер,) валюта заңнамасына сәйкес тараптардың келісімімен кез келген валютада жасалуы мүмкін. Кепіл затының бағалық құнын анықтау ақшалай міндеттеменің көрінісі болып табылмайды, сондықтан АК-ның 282-бабының талаптары оған таралмайды.

Ұлттық банк пен Мемлекеттік кіріс министрлігінің берген түсініктемесін талдау мынадай қорытындыға келтіреді. Ақшалай міңдеттемені теңгемен көрсету талабы ғана императивтік норма болып табылады. Сондықтан теңгені шетел валютасына бара-бар сомада көрсетуге болмайды. Бірақ, тараптар алдын ала көрсеткен жағдайда төлемге индексация жасауға жол берілген. Бұл ұзақ мерзімді міндеттемелерге қатысты еш дау туғызбайды.

Түсініктеме беріліп отырған баптың 3-тармағында айтылатын индексацияны АК-ның 283-бабында көзделген индексациямен шатастыруға болмайды, бұл соңғы ең төменгі жалақыны ресми көтерумен тығыз байланыста. Дегенмен, түсініктеме беріліп отырған баптың 3-тармағына сәйкес иңцексация жасау реттерін тараптардың өздері анықтайды. Индексация инфляцияның бюджетте көрсетілген болжамдық пайызына, Ұлтгық банк белгілейтін қайта қаржыландыру ставкасына байланыстырылу мүмкін. Индексацияны Ұлттық банк төлем күніне белгілеген доллар бағамына қарай анықтауға тыйым салынбаған.

Жоғарыда баяңдалғаңдар негізінде шарт мазмұнына қатысты нақты ұсыныстар жасауға болады. Шарттың алғашқы баптарының бірінде мынадай ереже келтіруге болады: «Шарттың сомасы (немесе бағасы) 100 мың теңге құрайды». Шарттың соңында мына мазмұндағы ереже берілсе: «Шарт бойынша телемдер төлем күнгі доллар бағамына қарай төлемнің индексациясы ескеріліп жүргізіледі».

Қысқа мерзімді (орындау мерзімі бір жыл және одан аз) шарттарда төлемді индексациялау мүмкіндігі туралы мәселе шешімін тапқан жоқ. АК-ның 282-бабының 3-тармағын қысқа мерзімді шарттарда төлемді ивдексациялауға болмайды деп түсіну керек. Оны басқадай да түсінуге болады. АК-ның 282-бабының 1-тармағынан шетел валютасының белгілі сомасына бара-бар теңгеде төлеу туралы ереже алынып тасталған. Бірақ бұл ереже төлемдерді шетел валютасымен байланыстырып ұлттық валютада жүргізуге тікелей тыйым салмайды. Егер заңнамада тыйым болмаса шарт бостандығы туралы жалпы ереже күшінде болады, ол тараптарға шартта заңнамаға қайшы келмейтін кез келген жағдайларды белгілеуге мүмкіндік береді.

Сондықтан да шетел валютасының бағамына қарай төлемге индексация жасау қысқа мерзімді міндеттемелерде де теория жүзінде мүмкін. Ұлттық банк пен Мемлекеттік кіріс министрлігінің берген түсіндірмесі де мұндай мүмкіндікті жоққа шығармайды. Қайта, ақшалай міндеттемелерді өзгерту тетігін анықтау жөнінде тек ұзақ мерзімді ғана емес, барлық ақшалай міндеттемелерге қатысты айтылған. Атап айтқанда, түсініктемеде қауіпті хеджирлеу тәсілдері туралы, яғни валюталық қауіптерді сақтандыру туралы айтылған, ол ақшалай міндеттемені шетел валютасына байланыстыру мүмкіндігін жанама құптайды.

 АК-ның 2-380-баптары мен оларға түсініктеме, кітап: Гражданский кодекс РК (Общая часть). Комментарий (постатейный). 2 кітап. 1-кітап. — Сот практикасы пайдаланылып 2-басылуы /Ред. М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. — Алматы: Жеті жарғы, 2003. 49-50-6; Гражданский кодекс РК (Общая часть). Комментарий (постатейный). 2 кітап, 2-кітап. Сот практикасы пайдаланылып 2-басылуы / Ж. редакторлар: М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин. — Алматы: Жеті жарғы, 2003. — 396-398-6.

Дегенмен, бұл ереже дау тудырып отырғандықтан, қысқа мерзімді шарттарда міндеттеме сомасын теңгеде көрсету, ал шарт бойынша төлем мөлшерін белгілі бір уақыт аралығында (жарты жылда, тоқсан, ай сайын) қалайда немесе тараптардың біреуінің арызы бойынша қайта қарау туралы ережені шартқа енгізу ұсынылады.

Міндеттемені орындау тәсілі, бұл — міндеттеменің орындалуы үшін жасалынуы тиіс әрекетгердің сипаты, борышкердің міндеттемені орындау жөніндегі әрекеттерінің жасалу тәртібі. Орындау тәсілі, әдетте, нақты шарттың жағдайларымен немесе шарттардың кейбір түрлерін реттейтін заңнамамен анықталады.

Бірақ, орындау тәсіліне қатысты кейбір жалпы ережелер де бар. Мысалы, АК-ның 274-бабына сәйкес «егер міндеттеме шарттарында, заңдарда өзгеше белгіленбеген болса немесе іскерлік қызмет өрісіндегі әрекеттегі құқықтардан немесе міндеттеме мәнінен өзгеше туындамаса, несие беруші міндеттемені бөлшектеп орындауды қабылдамауға құқылы».

Жалпы ереже бойынша орындау толық жүргізіледі, сондықтан орындауды бөлшектеп қабылдау несие берушінің міндеті емес, құқығы. Мысалы, жеткізу шарты ұзақ уақытқа жасалынады, ал оны орындау бөлшектеп жүргізіледі (айларға, тоқсандарға немесе басқа мерзімдерге бөлініп). Бөлшектеп орындаудың нақты мерзімдері заңнамада немесе шарттың өзінде көзделеді. Кейбір реттерде бөлшектеп орындау міндеттеменің мәнінен туындайды (мысалы, төлеу мерзімін ұзартып тауарды несиеге сату).

Міндеттеменің мәнінен, сонымен қатар, міндеттемені бөлшектеп орындаудың мүмкін еместігі де туындайды, мысалы, орындау нысаны бөлінбейтін зат болса (АК-ның 120-бабы).

Бөлшектеп орындалғанды қабылдауға келісім тікелей арыз арқылы ғана емес, ондай ниетгі біддіретін белгілі бір әрекеттер жасау арқылы да көрініс табады. Мысалы, егер несие беруші белшектеп орындалғанды пайдалана бастаса, онда ол орындалғанды қабылдаудан бас тартатындығын мәлімдеген күнде де, орындау қабылданған болып саналады.

Несие беруші бөлшектеп орындалғанды қабылдаудан бас тартса, бұл бөлік орындалмаған болып танылады, ал орындау мерзімі келгенде борышкер мерзімді өткізіп алған болып саналады. Мысалы, егер несие беруші борыштың бір бөлігін мерзімінен бұрын қабылдаудан бас тартса, борышкер міндеттемені түгелдей мерзімінде орындағанда барлық ақша сомасын, оның ішінде мерзімінен бұрын орындауға талпынған бөлігін пайдаланғаны үшін сыйақы (мүдде) төлеуге міндетті.

Борышкер, әдетте, міндетемені тікелей несие берушіге орындайды. Бірақ, кейбір реттерде олай жасау мүмкін емес. Ақшалай міндеттеме бойынша немесе басқадай міндеттеме бойынша бағалы қағаздарды борышкердің ақшаны депозитке, ал бағалы қағаздарды — нотариус атына сақтауға, ал заң актілерінде көзделген жағдайларда — сот атына енгізуіне рұқсат етіледі.

Мұндай құқық борышкерде болады, егер міндеттеме мына жағдайда орындалмай қалса:

-несие берушінің немесе орындалған істі қабылдауға өзі уәкілеттік берген адамның міңдеттеме орындалуға тиісті жерде болмауынан;

-несие берушінің әрекет қабілетсіздігі және оның өкімінің болмауынан;

міндеттеме бойынша, атап айтқанда, бұл мәселе жөнінде несие беруші мен басқа адамдар арасындағы дауға байланысты несие берушінің кім екені жайында анық айқындық болмауынан;

-несие берушінің орындалған істі қабылдаудан жалтаруынан немесе оның кінәсінен өзге мерзімді өткізіп алудан (АК-ның 291-бабының 1-тармағы).

АК-ның 291-бабында анықталған тізбе толық болып табылады, сондықтан ол заңнамада немесе шартта ұлғаймайды. Ақшаны немесе бағалы қағаздарды нотариустың немесе соттың атына депозитке салу міндеттеменің орындалғаны болып саналады. Ақша немесе бағалы қағаздар атына салынған нотариус немесе сот бұл туралы несие берушілерге хабарлайды (АК-ның 291-бабының 2-тармағы).

 

 

 

1.3. Орындау мерзімі және орны

 

Орындау мерзімі. Міндеттемелер орындалу мерзімі анықталған жөне орындалу мерзімі талап етілетін кезбен анықталған болып бөлінеді.

Орындалу мерзімі анықталған міндеттемелер міндеттеменің орындалу күнін немесе ол орындалуға тиіс уақыт кезеңін көздейді немесе оларды анықтауға мүмкіндік береді (мысалы, шартта міндеттеме айсайын, тоқсан сайын, жарты жыл ішінде орындалады деп көрсетіледі, ал борышкер міндеттемені осы кезеңнің кез келген кезінде орындауға құқылы).

Орындалу мерзімі тікелей анықталмаған, бірақ орындау мерзімін анықтауға мүмкіндік беретін міндеттемелердің мысалы ретінде теңіз чартерін атауға болады, себебі теңіз тасымалдаушысы жүкті жеткізгенде белгілі бір жылдамдықпен жүруге және бағытынан қажетсіз ауытқымауға тиіс.

Ұзақ мерзімге есептелген кәсіпкерлік шартгарда, көбіне, орындаудың жалпы мерзімі жөне орындаудың жеке мерзімі болады (мысалы, құрылыстың мердігерлік шартында құрылысты аяқтаудың жалпы мерзімі). Мұнымен қатар, кейбір кешендер мен құрылыстарды өткізудің мерзімдері белгіленеді. Бұл реттерде орындаудың жеке де, жалпы да мерзімдері сақталуға тиіс.

Орындалу мерзімі анықталмаған міндеттемелер оларды орындау мерзімін қарастырмайды және ол мерзімді анықтауға мүмкіңцік беретін жағдайларды қамтымайды.

Орындалу мерзімі анықталмаған міндеттемелерде бұрындары міндеттемені несие берушінің талабы бойынша тез орындау белгіленген болатын. Борышкерге 7 күнде орындау жеңілдігі берілген еді. Бұл ереже әртүрлі шарттардың ерекшелігін ескермеді. Егер жеке-белгілі бір заттарды сатып алу-сату шартын 7 күнде орындау мүмкін болса, белгілі бір нақты әрекеттерді жасауға есептелген, уақыт керек ететін мердігерлік шартын орындауға 7 күндік мерзім жеткіліксіз.

Сондықтан АК-ның 277-бабына ақылға қонымды мерзім үғымы енгізілді, сол мерзім ішінде міндеттеме орындалуға тиіс. Мерзімнің саналуы міндеттеме туындаған кезден басталады (ақылға қонымдылық туралы АК-ның 8-бабын қара).

Борышкер аралығында міндеттемені орындауы тиіс 7 күндік мерзім АК-ның 277-бабында да сақталған. Бірақ, бұл жерде ең бастысы — сол мерзімнің қай кезден бастап саналатындығын анықтау. Егер орындау мерзімі талап етілетін кезбен анықталса, онда мәселе туындамайды. Егер мерзім анықталмаған болса, жеті күндік мерзімнің ағыны, АК-ның 277-бабына сүйенсек, міндеттемені орындаудың ақылға қонымды мерзімі өткеннен кейін басталады. Мысалы, тараптар мердігерлік шарт жасасады, ол бойынша мердігер міндеттеме алады (үй салуға), бірақ тұрғызу мерзімі көрсетілмейді. Дау туған жағдайда құрылыс нормалары мен ережелеріне сүйеніп құрылысты аяқтау үшін қажетті ақылға қонымды мерзім анықталады (мысалы, екі ай). Бұл мерзім өткеннен кейін тапсырыс беруші міндеттеменің орындалуын талап етуге құқылы, және одан кейін жеті күндік мерзім өткен соң міндеттеменің орындалмағаны үшін санкция қолдана алады. Әрине, ақылға қонымды мерзім деген нақтылық бермейді, сондықтан, егер оны тараптар дәл анықтай алмаса, онда сот белгілейді.

Бұл ереже қолданылмайды, егер басқа мерзімде орындау міндеті заңнамадан, міндеттеме шарттарынан, іскерлік айналым дағдыларынан немесе міндеттеменің мәнінен туындаса. Мысалы, банктің клиентке банктік салымды тез, бірінші талап бойынша беру міндеті егер ол мерзімсіз (талап еткенге дейін) деп ресімделген болса, заңнамадан туындайды.

Орындау мерзімі шарттың күшінде болу мерзімімен дәл келуі мүмкін. Егер заңнамада немесе шартта күшінде болу мерзімі көзделсе, онда бұл мерзімнің аяқталуы шарт бойынша міндеттеменің тоқтауына әкеледі. Күшінде болу мерзімі көрсетілмеген шарт тараптардың онда белгіленген міндеттемелерді орындауы аяқталып біткен кезге дейін күшінде болады деп танылады (АК-ның 386-бабы).

Орындалуы ұзақ мерзімге есептелген міндеттемелер, егер зандарда немесе міндетгеме шарттарында өзгеше көзделмесе не міндеттеме мәнінен немесе іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан туындамаса, бірқалыпты, міндеттеменің осы түрі үшін ақылға қонымды мезгілдерде (күн, онкүндік, ай, тоқсан және т.б.) орындалуға тиіс (АК-ның 278-бабы). Бірқалыптылық талабы барлық міндеттемелерге емес, әдетте нысаны тектік белгілермен анықталған міндеттемелерге қойылады, сондықтан тауарлар көп болып, орындау мерзімі ұзақ болғанда орындау мезгілін анықтау керек. Сондықтан да мұндай міндеттемелерде мезгіл, әдетте, заңнамамен немесе шартта анықталады, не міндеттеменің мәнінен туындайды (мысалы, егер борышкер екі тәулік мезгілдіюіен теңізге шығын тұратын теңіз паромын отынмен жабдықтап тұруға міндетгеме алса, онда отьшмен жабдықтап түру жөніндегі міңцетемені орьшдаудың мерзімділігі екі тәуліктен (немесе еселенген екі төуліктен) немесе іскерлік айналымның дағдыларьшан өзгеше болуы тиіс емес (мысалы, өнімнің кейбір түрлерін жеткізу шарттарын орындаудың мерзімділігін көп жылдар бойы заңнама анықтап келді (ай, онкүндік жөне т.б.)- Егер екі ірі кәсіпорын ұзақ уақыт бойы бұл мерзімділікті қолданып келсе және мұндай қатынасты осы уақытқа дейін сақтап отырса, онда өнім бірқалыпты, белгілі бір мерзімдерде жеткізіледі, ол бұл кәсіпорындардың іскерлік айналым дағдысы деп танылады, сондықтан ол заңнамада да, шартта да көзделмей-ақ қолданылуы тиіс.

Егер орындаудың бірқалыптылығы ешбір анықталмаса және ешнәрседен туындамаса, онда 278-баптың ережесі қолданылады. Бұл жерде ақылға қонымды ұғым — сол міндеттеме үшін ақылға қонымды мерзімдер негізгі болып табылады.

АК-ның 279-бабында, егер зандарда немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе жөне оның мәнінен туындамаса, борышкер міндеттемені мерзіміне дейін орындауға құқылы делінген.

Жалпы ереже бойынша мерзімінен бұрын орындау борышкер үшін тиімді, сондықтан оған ондай құқық берілген. Бірақ, міндеттемелердің барлығын бірдей мерзімнен бұрын орындау несие беруші үшін қолайлы емес. Мысалы, автобусты немесе пойызды ерте жөнелту, белгілі бір уақыт сақтау міндеттемесін ерте орындау және т.б. ақылға қонымсыз әрекеттер. Сондықтан АК-ның 279-бабында «егер заңдарда немесе міндеттеме шарттарында өзгеше көзделмесе және оның мәнінен туывдамаса» деп көрсетілген.

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты міндеттемелер үшін АК-ның 279-бабында кері ереже белгіленген: жалпы ереже бойынша несие берушінің келісімінсіз мерзімінен бұрын орындауға жол берілмейді. Борышкер міндеттемені мүмкіндігі заңдарда немесе міндеттеме шарттарында көзделген не іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеменің мәнінен туындаған реттерде ғана мерзімінен бұрын орындай алады.

Бұл кәсіпкерлік қызметтің бірқалыпты және ырғақты жүзеге асырылуы тиіс екендігімен байланысты. Тауарларды мерзімінен бұрын жеткізу сатып алушы үшін залалды да зиянды болуы мүмкін (оның сақтайтын жері жоқ, тауарларды қажетіне қарай тез пайдалана алмайды, т.б.) Мерзімінен бұрын жеткізу, мұндай жағдайларда, міндеттемені тиісті салдарға әкелетіндей бұзу болып саналады (орындауды қабыддаудан бас тарту, шартгы бұзу, шығынды өтеу, т.б.)- Борышкердің міндеттемені мерзімінен бұрын орындауынан несие берушінің талабы бойынша борышкердің міндеттемені мерзімінен бүрын орындауы тиіс екендігін ажыратқан жөн. Мысалы, занды тұлғаны бөлгенде немесе бөліп шығарғанда сол қайта құрылған заңды тұлғаның несие берушісі осы занды тұлға борышкері болып табылатын міндеттемелердің мерзімінен бұрын тоқтатылуын және келтірілген залалдың орны толтырылуын талап етуге құқылы (АК-ның 48-бабы). АК-ның 279-бабының ережесі мұндай жағдайда қолданылмайды.

Орындау орны. Орындау орнын дәл анықтаудың, атап айтқанда, орындауды жеткізуге шыққан шығындарды тараптар арасында бөлу үшін практикалық маңызы бар, Жалпы ереже бойынша, орындау орнына дейінгі шығындар, егер заңнамада немесе шартта өзгедей көзделмесе, борышкерге жүктеледі.

Әдетте, орындау орнын заңнама, шарт анықтайды (мысалы, сатып алу-сату шартын жасасқанда тараптар тауарды сатып алушының пәтеріне жеткізуді сатышуға міндеттейді), не міндеттеменің мәнінен (мысалы, пәтерді жөндеу, бау-бақшаны химикаттармен өндеу және т.б. жөніндегі міндеттемелердің орындалу орны айтпай-ақ белгілі), немесе іскерлік айналым дағдысынан (мысалы, халықаралық сатып алу-сату шарттарын орындағанда кең қолданылатын ИНКОТЕРМС ережесі) туындайды.

Егер орындау орны анықталмаған болса, оңда АК-ның 281-бабына сәйкес орындау былайша жүргізіледі:

1) жылжымайтын мүлікті беру міндетгемесі бойынша — мүліктің түрған жерінде. 117-бапқа сәйкес жылжымайтын мүлік деп жермен берік байланыстағы мүлікті түсінеміз. Бір даулы мәселе — бұл тармақша жылжымайгын мүліктерге теңестірілген мүліктерге қолданыла ма (мем-лекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзетін кемелер, «өзен-теңіз» кемелері, ғарыш объектілері (117-башың 2-тармағы). АК-да бұл мәселенің тікелей шешімі берілмеген. Егер бұл мүліктердің жылжымайтьш емес, тек соларға теңестірілгенін ескерсек 281-баптың 1-тармақшасының күші бұл мүліктерге таралмайды деуге болады. Бірақ, бұл мәселені заң жүзінде шешу керек;

2) тасымалдауды пайдаланып тауарды немесе өзге мүлікті апарып беру міндеттемесі бойынша мүлікті несие иесіне жеткізуі үшін оны бірінші тасымалдаушыға өткізу орнында. Бұл тармақшада әңгіме тауарларды қаладан тысқары тұратын сатып алушыларға жеткізу жайыңда. Бұл реттерде орындау орны бірінші тасымалдаушыға байланыстырылған (станса, порт, автомобилмен тасымалдағанда жеткізушінің қоймасы және т.б.);

3)  кәсіпкердің тауар мен басқа мүлікті апарып беру жөніндегі басқадай міндеттемелері бойынша — мүлікті даярлау немесе сақтау орнында, егер бұл орын несие берушіге міндеттеме туындаған кезде белгілі болса;

4)  ақшалай міндетгеме бойынша — міндеттеме туындаған кезде несие берушінің түрғылықты орнында, ал несие беруші заңды тұлға болса — міндеттеме туындаған кезде оның тұрған жерінде.

«Ақшалай міндеттеме» ұғымына бұл тармақшада АК-ның 282-бабына сәйкес түсінікгеме беріледі. 16-бапқа сәйкес азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады. Бірақ, ақшалай міндеттемені орындау үшін мұндай анықтама жеткіліксіз. Ақшалай міндеттеменің ерекшелігі сонда, оны орындау үшін сол елді мекенде банк немесе байланыс бөлімшесі болуы керек. Сондықтан, елді мекенде несие берушінің есепшоты бар банк бөлімшесі, немесе ақша аударымын қабылдайтын байланыс бөлімшесі болмаса, мүндай бөлімшелері бар жақын жердегі елді мекенде немесе аудан орталығында ақшалай міндеттемені орындауды тиісінше орындау деп санауға болады.

Несие берушінің — занды тұлғаның тұрған орны тұрақты ерекет ететін заңды тұлға органының тұрақты орны ретінде АК-ның 39-бабына сәйкес анықталады.

Заңды тұлғалар арасындағы есеп-қисап олардың есепшоты ашылған банктер арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты мынандай сұрақ туындайды: қай банкті — борышкердің банкін, әлде несие берушінің банкін ақшалай міндеттеменің орындалу орны деп алуға болады? Борышкер төлемді аудару жөніңце өз банкіне тапсырма берсе орындау аяқтадды деп санай алады. Бірақ, АК-ның 281-бабының дәл мәніне жүгінсек, ақшалай міндеттеменің орындалу орны несие беруші есеп немесе өзгедей шот ашқан, оған ақша қаражаты келіп түсетін банк болып табылады деген тұжырым жасауға болады.

Кәсіпкерлік қызметпен байланысты міндеттемелер үшін АК-ның 279-бабында кері ереже белгіленген: жалпы ереже бойынша несие берушінің келісімінсіз мерзімінен бұрын орындауға жол берілмейді. Борышкер міндетгемені мүмкіндігі заңдарда немесе міндеттеме шарттарында көзделген не іскерлік қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтардан немесе міндеттеменің мәнінен туындаған реттерде ғана мерзімінен бұрын орыңдай алады.

Бұл кәсіпкерлік қызметтің бірқалыпты және ырғақты жүзеге асырылуы тиіс екендігімен байланысты. Тауарларды мерзімінен бұрын жеткізу сатып алушы үшін залалды да зиянды болуы мүмкін (оның сақтайтын жері жоқ, тауарларды қажетіне қарай тез пайдалана алмайды, т.б.) Мерзімінен бұрын жеткізу, мұндай жағдайларда, міндеттемені тиісті салдарға әкелетіндей бұзу болып саналады (орындауды қабылдаудан бас тарту, шартты бұзу, шығынды өтеу, т.б.)- Борышкердің міндеттемені мерзімінен бұрын орындалуын несие берушінің талабы бойынша борышкердің міндеттемені мерзімінен бұрын орындауы тиіс екендігін ажыратқан жөн. Мысалы, заңды тұлғаны бөлгенде немесе бөліп шығарғанда сол қайта құрылған заңды тұлғаның несие берушісі осы занды түлға борышкері болып табылатын міндеттемелердің мерзімінен бұрын тоқтатылуын және келтірілген залалдың орны толтырылуын талап етуге құқылы (АК-ның 48-бабы). АК-ның 279-бабының ережесі мұндай жағдайда қолданылмайды.

Орындау орны. Орындау орнын дәл анықтаудың, атап айтқанда, орындауды жеткізуге шыққан шығындарды тараптар арасында бөлу үшін практикалық маңызы бар, Жалпы ереже бойынша, орындау орнына дейінгі шығындар, егер заңнамада немесе шартта өзгедей көзделмесе, борышкерге жүктеледі.

Әдетте, орындау орнын заңнама, шарт анықтайды (мысалы, сатьш алу-сату шартын жасасқанда тараптар тауарды сатып алушының пәтеріне жеткізуді сатышуға міндеттейді), не міндеттеменің мәнінен (мысалы, пәтерді жөндеу, бау-бақшаны химикаттармен өңдеу және т.б. жөніндегі міндеттемелердің орындалу орны айтпай-ақ белгілі), немесе іскерлік айналым дағдысынан (мысалы, халықаралық сатып алу-сату шарттарын орындағанда кең қодданылатын ИНКОТЕРМС ережесі) туындайды.

Егер орындау орны анықталмаған болса, онда АК-ның 281-бабына сәйкес орындау былайша жүргізіледі:

1) жылжымайтын мүлікті беру міндеттемесі бойынша — мүліктің тұрған жерінде. 117-бапқа сәйкес жылжымайтын мүлік деп жермен берік байланыстағы мүлікгі түсінеміз. Бір даулы мәселе — бұл тармақша жылжымайтын мүліктерге теңестірілген мүліктерге қолданыла ма (мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелері, ішкі суда жүзетін кемелер, «өзен-теңіз» кемелері, ғарыш объектілері (117-баптың 2-тармағы). АК-да бұл мәселенің тікелей шешімі берілмеген. Егер бұл мүліктердің жылжымайтын емес, тек соларға теңестірілгенін ескерсек 281-баптың 1-тармақшасының күші бүл мүліктерге таралмайды деуге болады. Бірақ, бұл мәселені заң жүзінде шешу керек;

2) тасымалдауды пайдаланып тауарды немесе өзге мүлікті апарып беру міндеттемесі бойынша мүлікті несие иесіне жеткізуі үшін оны бірінші тасымалдаушыға өткізу орнында. Бұл тармақшада өңгіме тауарларды қаладан тысқары тұратын сатып алушыларға жеткізу жайында. Бұл реттерде орындау орны бірінші тасымалдаушыға байланыстырылған (станса, порт, автомобилмен тасымалдағанда жеткізушінің қоймасы және т.б.);

3)  кәсіпкердің тауар мен басқа мүлікті апарып беру жөніндегі басқадай міндеттемелері бойынша — мүлікті даярлау немесе сақтау орнында, егер бұл орын несие берушіге міндеттеме туындаған кезде белгілі болса;

4)  ақшалай міндеттеме бойынша — міндеттеме туындаған кезде несие берушінің тұрғылықты орнында, ал несие беруші заңды тұлға болса — міндеттеме туындаған кезде оның тұрған жерінде.

«Ақшалай міндеттеме» ұғымына бұл тармақшада АК-ның 282-бабына сәйкес түсініктеме беріледі. 16-бапқа сәйкес азамат түрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері деп танылады. Бірақ, ақшалай міндеттемені орындау үшін мұндай анықтама жеткіліксіз. Ақшалай міндеттеменің ерекшелігі сонда, оны орындау үшін сол елді мекенде банк немесе байланыс бөлімшесі болуы керек. Сондықтан, едді мекенде несие берушінің есепшоты бар банк бөлімшесі, немесе ақша аударымын қабылдайтын байланыс бөлімшесі болмаса, мұндай бөлімшелері бар жақын жердегі елді мекенде немесе аудан орталығында ақшалай міндеттемені орындауды тиісінше орындау деп санауға болады.

Несие берушінің — заңды тұлғаның тұрған орны тұрақты әрекет ететін заңды тұлға органының тұрақты орны ретінде АК-ның 39-бабына сәйкес анықталады.

Заңды тұлғалар арасындағы есеп-қисап олардың есепшоты ашылған банктер арқылы жүзеге асырылады. Осыған байланысты мынадай сұрақ туындайды: қай банкті — борышкердің банкін, әлде несие берушінің банкін ақшалай міндеттеменің орындалу орны деп алуға болады? Борышкер төлемді аудару жөнінде өз банкіне тапсырма берсе орындау аяқтадды деп санай алады. Бірақ, АК-ның 281-бабының дәл мәніне жүгінсек, ақшалай міндеттеменің орындалу орны несие беруші есеп немесе өзгедей шот ашқан, оған ақша қаражаты келіп түсетін банк болып табылады деген тұжырым жасауға болады.

Бұл ереже несие беруші ретінде жеке кесіпкер, ал борышкер ретінде заңды тұлға немесе басқа жеке кәсіпкер болған жағдайда қолданылады, егер төлем жеке кәсіпкердің — несие берушінің есепшоты ашылған банк арқылы қолма-қол емес есептесу жолымен жасалса.

Бірақ, есептесу қолма-қол төлем арқылы жүргізілгенде жағдай басқаша болады. Бұл борышкер азаматтар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар болып, олар қолма-қол ақшамен есептескенде орын алады. Қолма-қол ақшамен есептесу, әдетте, жеке кесіпкердің жұмыс орындаған, қызмет көрсеткен жерінде жүзеге асырылады (касса арқылы). Сондықтан да, міндеттемені орындау орны мұндай жағдайларда, тұрғылықты жер емес, жұмыс орны, қызмет көрсетілетін жер болып табылады. Бұл 4-тармақшаға қайшы келеді, бірақ ол қолданылмаған ретте жалпы ережемен толықтай үйлеседі: мәселенің мүндай шешімі міндеттеменің мәнінен туындайды;

5) барлық басқа міндеттемелер бойынша — борышкердің тұрғылықты жерінде, ал егер борышкер заңды тұлға болса — оның тұрған жерінде.

Заңды тұлғаның түрған жеріне қатысты жалпылама тағы бір сұрақ қоюға болады: орындау орны деп түрақты әрекет ететін органның тұрған жерін емес, заңды тұлғаның филиалының тұрған жерін санауға бола ма? Мысалы, шарт Алматыда орналасқан заңды тұлғамен, оның Тараздағы филиалы арқылы жасалған, ал бұл шарт бойынша борышкер Таразда. АК-ның 281-бабының 5-тармақшасының мәнін қатаң сақтасақ орындау орны Алматы болуға тиіс, бірақ бұл нақты жағдайда міндеттемені Таразда орындау міндеттеменің мәнінен туындайтындығы жөніндегі жалпы ережені қолдануға болады. Ал бұл ереженің дауға себеп болары сөзсіз, сондықтан орындау орны туралы мөселені шартта шешкен жөн.

 

 

 

 

2-тарау. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету

2.1. Міндеттемнің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері ұғымы және олардың түрлері

 

Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдері ұғымы және олардың түрлері. Міндеттеме бойынша құқықты жүзеге асыру құқық субъектісі  ғана емес, борышкердің де еркіне байланысты. Міндеттемеден (атап айтқанда, шартқа негізделген) басқаның әрекетіне құқық туындайды, яғни міндет емес талап етуге құқық береді, бірақ, жалпы ереже бойынша, борышкер уәде еткен әрекетті орындауға мәжбүрлемейді. Бұл ережеге кірмейтін бірден бір жағдай, ол — жеке-белгілі бір заттарға қатысты міндеттемені заттай орындауға мәжбүрлейтін меншік құқығын және өзге заттық құқықты қорғау тәсілдерінен туындайтын мүмкіндік. Жалпы ережеге сәйкес міндеттеме бойынша әрекет жасау міндетті адамның еркіне байланысты, ол міндеттемелік қатынастар бойынша орындауға белгілі бір қауіптілік береді. Сонымен қатар несие беруші, міндеттемелік қатынастар бойынша борышкердің міндеттемені орындамауына байланысты шығындардың орнын толтыртуға құқылы. Кез келген міндеттемені орындау, жалпы ереже бойьшша, несие берушінің заңда көзделген жағдайларда оның мәжбүрлеу тәртібінде орындалуын немесе міндеттеменің бұзылуынан туындаған залалдың орнын борышкер өз мүлкі есебінен толтыруын талап ету құқығымен қамтамасыз етіледі.

Заңнамада немесе шартта көзделген жағдайларда міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің жалпы шараларына қосымша (міндеттеменің орындалмауынан болған залалды өз мүлкі есебінен төлеу жөнінде борышкерге жүктелетін жауапкершілік түрінде) міндеттеменің орындалуына септігін тигізетін ерекше амалдар пайдаланылады. Міне осы амалдар азаматтық құқықта міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін тәсілдер деп аталады.

Азаматтық құқықта міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ететін тәсілдерге заңда немесе шартта көзделген, борышкердің міндеттемені тиісінше орындауына ынта беретін және несие берушінің мүдделерін қорғауды жеңілдететін, мүліктік сипаттағы арнаулы шаралар жатады. Бұл шаралар, әдетте, мына мақсаттарды көздейді: борышкердің жауапкершілігінің ауқымын ұлғайту және залалдың барлық мөлшерін немесе оның бір бөлігін өндіруді оңайлату — бұл шараларға мерзімді өткізіп алғандық үшін өсімақы немесе міндетгемені орындамағандық немесе тиісінше орындамағандық үшін айыппұл жатады; борышкердің жауапкершілігін үшінші жаққа тарату және оларды  орындауға жауапты адамдар қатарына тарту — бұл шараларға, атап айтқанда, кепілдік және кепілдік беру жатады;

несие берушіге белгілі бір затгар есебінен өз талаптарын артықшылықпен қанағаттандыруға құқық беру («адамға емес, затгың қүнына сенемін») — бұл шараларға, мысалы, кепіл затжатады; борышкер міндеттемені орындаудан бас тартқан жағдайда несие берушінің қайтарылмашъш аванс алуы — бұл шараларға кепілақы мен кепілдік жарна жатады; борышкердің қарсы, әдетте, ақшалай міндеттемені орындағанына дейін несие берушінің затты немесе өзге мүлікті беру жөніңдегі міндеттемені орыңцамауына құқық беру — бұл шараларға мүлікті ұстап қалу жатады.

Айта кететін бір жағдай — міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдерінің тізбесі АК-ның 292-бабының 1-тармағында тұрақсыздық айыппұл, кепілзат, кепілдік, кепілдік берушілік, кепіл немесе мүлікті үстап қалу сияқты дәстүрлі тәсілдермен шектелмейді. Борышкерді міндеттемені тиісінше орындауға ынталандыратындардың барлығы, сөзсіз, егер заңды болса, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдеріне жатады. Аталған дәстүрлі тәсілдермен қатар міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің басқа да көптеген конструкциялары болуы мүмкін, олар қамтамасыз етуші шаралар ретінде заңнамада әдейі көзделуі де (мысалы, кепілдік жарна, қаржыландыру шарты бойынша ақша талабынан қайту туралы жағдайды пайдалану), заңнамада көзделмей шартга белгіленуі де мүмкін.

Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің акцессорлық сипаты. Міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдері, жалпы ереже бойынша, қамтамасыз етілетін міндеттемеге қатысты қосымша (акцессорлық) болып табылады, яғни оның заңдылығына жөне заңдық күшіне тәуелді болып келеді. Бірақ бұған банк кепілдігі жатпайды, оның қамтамасыз етілетін міндеттеменің заңдылығына тәуелсіздігі заңдастырылған, бұл банк кепілдігін берудің кәсіпкерлік сипатына және соған ілеспе кәсіпкерлік қауіпке негізделген.

Міндеттеменің (қамтамасыз етуші міндеттеменің) орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің негізгі (басты) міндеттемелерге қосымша сипаты бірталай жерде көрініс табады. Біріншіден, тек заңды міндеттемелік талаптар, яғни заңды негізде туындаған талаптар ғана қамтамасыз етіледі. Екіншіден, қамтамасыз етуші міндеттеме талап ету құқығын беруге көнгенде және көптеген жағдайларда осы негізгі міндеттеме бойынша аударғанда негізгі міндеттеменің тағдырына ілеседі. Үшіншіден, негізгі міндеттеменің тоқтауы, ол қандай негізде тоқтаса да, әдетте, қамтамасыз ететін міндеттеменің тоқтауына әкеп соғады. Төртіншіден, негізгі міндеттеменің заңсыз болуы оны қамтамасыз ететін міндеттеменің заңсыздығына әкеп соғады, ал бұл норма императивтік, ол өзгедей шарттық салдарлардың болуы мүмкін екендігін қарастырмайды. Ал, қамгамасыз етуші міндеттеменің заңсыздығы қамтамасыз етілетін міндеттеменің заңдылығына еш әсерін тигізбейді, бұл басты міндеттеменің  тағдырының қосымша міңцетгеме тағдырына тәуелді еместігін көрсетеді.

Негізгі міндеттеменің тағы бір артықшылығы сонда, ол қамтамасыз етуші міндеттеменің тоқтаған-тоқтамағандығына тәуелді емес. Бірақ бұл ережеге кепіл затын ломбардтардың сатуы және жылжымайтын мүлік ипотекасының заттарын соттан тыс мәжбүрлеп сатқызудың кейбір жағдайлары кірмейді, бұл заң шығарушының кепіл берушілер мүдделерін мамандандырылған кәсіпкерлік ұйымдардың — кепіл ұстаушылардың қиянатынан қорғау ниетінен туындаған.

Міндеттемелерді қамтамасыз ету шараларын қолдану. Несие берушінің борышкердің міндеттемені орындамағаны үшін жауаптылығының азаматтық-құқықтық принциптеріне негізделген, міндеттеменің бұзылуынан келген залалды борышкер мүлкі есебінен өндіріп алу құқығына қарағанда міндеттемелерді қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы шараларды қолдану өзінен өзі болмайды. Міндеттемелерді қамтамасыз ету жөніндегі жалпы ереже қамтамасыз етуші шараларды қолдану мүмкіндігін ғана қарастырады. Қандай да бір міндеттеме қандай да бір нақты тәсілмен қамтамасыз етілуі үшін тараптардың келісімі немесе заңның арнайы міндеттеуі керек. Бұл ретте, міндеттемені қамтамасыз етудің кейбір тәсілдері заңнамада да, тараптар келісімінде де (мысалы, кепіл зат, тұрақсыздық айыппұл, мүлікті ұстап қалу), кейбіреулері — тек тараптар келісімінде (мысалы, кепілақы) көзделуі мүмкін.

Міндеттемені қамтамасыз етудің кейбір тәсілдері (тұрақсыздық айыппұлы, кепілақы) бір жағынан заңдық жауапкершілік шаралары да болып табылады, себебі олар міндеттемені орындамаған немесе тиісінше орындамаған адамға қосымша мүліктен айырылуды (ауыртпалық) жүктейді, ол сөзсіз және тікелей міндеттемені орындамаудан туындайды. Басқалары (кепіл зат, мүлікті ұстап қалу, кепілдік және т.б.) жауапкершілік шараларына жатпайды, себебі оларды қолдану олардың туындау негіздерін дәлелдеудің кейбір процедураларымен жөне қамтамасыз етілген міндеттемеден заңда немесе тараптар келісімінде көзделген тәуелсіз жағдайлардың туындауымен байланысты -борышкердің жауапкершілігінің ауқымын ұлғайту және залалдың барлық мөлшерін немесе оның бір бөлігін өндіруді оңайлату — бұл шараларға мерзімді өткізіп алғандық үшін өсімақы немесе міндеттемені орындамағандық немесе тиісінше орындамағанды борышкердің жауапкершілігін үшінші жаққа тарату және оларды  орындауға жауапты адамдар қатарына тарту -бұл шараларға, атап айтқанда, кепілдік және кепілдік беру жатады;

— несие берушіге белгілі бір затгар есебінен өз талаптарын артықшылықпен қанағаттандыруға құқық беру («адамға емес, заттың құнына сенемін») — бұл шараларға, мысалы, кепіл зат жатады;

— борышкер міндеттемені орындаудан бас тартқан жағдайда несие берушінің қайтарьілмайтьш аванс алуы — бұл шараларға кепілақы мен кепілдік жарна жатады;

-борышкердің қарсы, әдетте, ақшалай міндеттемені орындағанына дейін несие берушінің затты немесе өзге мүлікгі беру жөніндегі міндеттемені орындамауына құқық беру — бұл шараларға мүлікті ұстап қалу жатады.

Айта кететін бір жағдай — міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдерінің тізбесі АК-ның 292-бабының 1-тармағында тұрақсыздық айыппұл, кепілзат, кепілдік, кепілдік берушілік, кепіл немесе мүлікті ұстап қалу сияқты дәстүрлі тәсілдермен шектелмейді. Борышкерді міндеттемені тиісінше орындауға ынталандыратындардың барлығы, сөзсіз, егер заңды болса, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдеріне жатады. Аталған дәстүрлі тәсілдермен қатар міндеттеменің орындалуын  қамтамасыз етудің басқа да көптеген конструкциялары болуы мүмкін, олар қамтамасыз етуші шаралар ретінде заңнамада әдейі көзделуі де (мысалы, кепілдік жарна, қаржыландыру шарты бойынша ақша талабынан қайту туралы жағдайды пайдалану), заңнамада көзделмей шартта белгіленуі де мүмкін.

Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің акцессорлық сипаты. Міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдері, жалпы ереже бойынша, қамтамасыз етілетін міндеттемеге қатысты қосымша (акцессорлық) болып табылады, яғни оның заңдылығына және заңдық күшіне тәуелді болып келеді. Бірақ бұған банк кепілдігі жатпайды, оның қамтамасыз етілетін міндеттеменің зандылығына тәуелсіздігі заңдастырылған, бұл банк кепілдігін берудің кәсіпкерлік сипатына және соған ілеспе кәсіпкерлік қауілке негізделген.

Міндеттеменің (қамтамасыз етуші міндеттеменің) орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерінің негізгі (басты) міндеттемелерге қосымша сипаты бірталай жерде көрініс табады. Біріншіден, тек заңды міндеттемелік талаптар, яғни заңды негізде туындаған талаптар ғана қамтамасыз етіледі. Екіншіден, қамтамасыз етуші міндеттеме талап ету құқығын беруге көнгеңде және көптеген жағдайларда осы негізгі міңдеттеме бойынша борышты аударғанда негізгі міндеттеменің тағдырына ілеседі. Үшіншіден, негізгі міндеттеменің тоқтауы, ол қандай негізде тоқтаса да, әдетте, қамтамасыз ететін міндеттеменің тоқтауына әкеп соғады. Төртіншіден, негізгі міндеттеменің заңсыз болуы оны қамтамасыз ететін міндеттеменің заңсыздығына әкеп соғады, ал бұл норма императивтік, ол өзгедей шарттық салдарлардың болуы мүмкін екендігін қарастырмайды. Ал, қамтамасыз етуші міндеттеменің заңсыздығы қамтамасыз егілегін міндеттеменің заңдылығына еш әсерін тигізбейді, бұл басты міндеттеменің тағдырының қосымша міндеттеме тағдырына тәуелді еместігін көрсетеді.

Негізгі мінеттеменің тағы бір артықшылығы сонда, ол қамтамасыз етуші міндеттеменің тоқтаған-тоқтамағандығына тәуелді емес. Бірақ бұл ережеге кепіл затын ломбардтардың сатуы және жылжымайтын мүлік ипотекасының заттарын сотган тыс мәжбүрлеп сатқызудың кейбір жағдайлары кірмейді, бұл заң шығарушының кепіл берушілер мүдде-лерін мамандандырьілған кәсіпкерлік ұйымдардың — кепіл ұстаушылардың қиянатынан қорғау ниетінен туындаған.Міндеттемелерді қамтамасыз ету шараларын қолдану.

Несие берушінің борышкердің міңдеттемені орындамағаны үшін жауаптылығының азаматтық-құқықтық принциптеріне негізделген, міндетгеменің бұзылуынан келген залалды борышкер мүлкі есебінен өндіріп алу қүқығына қарағанда мівдеттемелерді қамтамасыз ету жөніндегі арнаулы шараларды қолдану өзінен өзі болмайды. Міндеттемелерді қамтамасыз ету жөніндегі жалпы ереже қамтамасыз етуші шараларды қолдану мүмкіндігін ғана қарастырады. Қандай да бір мін-деттеме қандай да бір нақты тәсілмен қамтамасыз етілуі үшін тарап-тардың келісімі немесе заңның арнайы міндеттеуі керек. Бұл ретте, міндетгемені қамтамасыз етудің кейбір төсілдері заңнамада да, тараптар келісіміңде де (мысалы, кепіл зат, түрақсыздық айыппұл, мүлікті ұстап қалу), кейбіреулері — тек тараптар келісімінде (мысалы, кепілақы) көзделуі мүмкін.

Міндеттемені қамтамасыз етудің кейбір тәсілдері (тұрақсыздық айыппүлы, кепілақы) бір жағынан заңдық жауапкершілік шаралары да болып табылады, себебі олар міңцеттемені орыңцамаған немесе тиісінше орындамаған адамға қосымша мүліктен айырылуды (ауыртаалық) жүктейді, ол сөзсіз және тікелей мшдетгемені орындамаудан туындайды. Басқалары (кепіл зат, мүлікті ұстап қалу, кепілдік жөне т.б.) жауапкершілік шараларына жатпайды, себебі оларды қолдану олардың туындау негіздерін дәлелдеудің кейбір процедураларымен жөне қамтамасыз етілген міндеттемеден заңца немесе тараптар келісімінде көзделген тәуелсіз жағдайлардың туындауымен байланысты.

 

 

Кепілпұл

 

Кепілпұл дегеніміз — шарт жасасқан кезде бір адамның екінші адамға міндеттемеден туындайтын белгілі бір әрекеттер орындағаны үшін беруге жататын ақша сомасыньщ бір бөлігін төлеуі. Кепілпұл — борышкер несие берушіге төлеуге тиісті қаңцай да бір ақша сомасының бөлігі. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретіндегі кепілпұлдың маңызы сонда, ол шартты қандай да бір тараптың орындамауынан сақтандырады. Шартты орындамау оның орындалуына жауапты тарап үшін қолайсыз зардаптар әкеледі. Кепілпұл, негізінен, борышкердің қандай да бір ақша сомасын төлеу жөнінегі негізгі міндеттемесі бойьшша міндеттерін орыңдауын қамгамасыз етуге бағытталған, мысалы, сатып алушының сатылатын бағаны төлеу міндеті, жалгердің жалдау ақысын төлеу міндеті, т.б., ал қамтамасыз етуге сол кепілпұл берген адамның кейін шартты орындаудан бас тартқан жағдайда сол кепілпұлдан айырылып қалу қаупі арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, кепілпұл алған адамның шартты орындамауы да оған алған кепілпұлды қайтару, сондай-ақ контрагентке алған кепілпұлдың сомасына тең сома төлеу түрінде қолайсыз зардаптгар алып келуі мүмкін.

Кепілпұл туралы келісімнің субъектілері. АК-ның кепілпұл туралы жаңа ережелері кепілпұлмен қамтамасыз етілуі мүмкін шарттық міндеттемелердің аясын кеңейтті. Бұрын бұл тәсілмен тараптарының біреуі азамат болып келетін шарттар ғана қамтамасыз етілетін. Қазір, кепілпұлмен қамтамасыз етілетін міндеттемелерді қатысушылар құрамына қарай шектеу жойылды, кепілпұлмен кез келген шарттық міндеттемелерді, оның ішінде тараптары азаматтардың қатысуынсыз тек заңды тұлғалар болып келген міндеттемелерді қамтамасыз етуге болады.

Кепілпұл туралы келісімнің формасы. Кепілпұл туралы келісім, оның сомасына және негізгі міндетгеменің формасына қарамастан, заңсыз болады деген үреймен жазбаша түрде жасалуы тиіс. Егер негізгі міндеттемені нотариус куәландыруы тиіс болса, кепілпұл туралы келісімнің зандылығы  жай жазбаша форма жеткілікті (АК-ның 337-бабының 2-тармағы).

«Кепілпұл» ұғымында бірнеше мөндік және заңдық мағына бар. Көбіне «кепілпұл» ұғымы кепілпұл туралы келісімнің өзін белгілеу үіттін қолданылады — шарт жасасқанда және белгілі бір құқықтар мен міндеттерді, сондай-ақ осы келісімді қолдану барысында заңмен белгіленген зардаптарды анықтағанда ақша сомасының бір бөлігін төлеу туралы келісімді білдіреді. «Кепілпұл» ұғымы, тағы да, азаматтық құқық институтын бідціреді, ол тараптардың құқықтары мен міндеттерін, сондай-ақ кепілпұл туралы келісімді қолданудың салдарын реттейтін материалдық құқық нормаларының жиынтығын береді.

Тікелей келісімді кепілпұл туралы келісім деп, ал құқық институты- кепілпұл туралы келісім институты» деп белгілеген дұрыс болар еді. Сонымен қатар кепілпұл бір адамның екіншіге төлейтін ақша сомасының бір бөлігін ғана білдіреді.

Кепілпұл туралы келісім. Кепілпұл айрықша келісім бойынша енеді, ол шарттан бөлек болады жөне шарттағы міндеттемені қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Кепілпұл туралы келісім шартқа қосымша болып келеді, ол міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етеді. Кепілпұл туралы келісімнің ол үшін заңнама қажетті деп тапқан елеулі белгілері, ол — кепілпұлдың мөлшері, сондай-ақ орындалуын қамтамасыз ету үшін кепілпұл төленетін негізгі міндеттемені анықтау. Кепілпұл туралы келісімнің заңдылығы негізгі шарттың зандылығына байланысты. Негізгі шартгың заңдылығын бұл жерде кең түсіну керек. Негізгі шарттың зандылығы оның заңға сәйкестігін, сондай-ақ оның күшіне енуін, кепілпұл туралы келісім күшінде болған кезде негізгі шарттың күшінде болуын білдіреді.

Кепілпұл туралы келісім тараптардың кепілпұлмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша жағдайларын, құқықтары мен мінеттерін өзгертпейді. Сонымен қатар кепілпұл туралы келісім тараптардың міндеттерін күрделендіреді, себебі олар бөлек келісім бойьшша өздеріне қосымша міндеттемелер қабылдайды. Кепілпұл алған адамның құқығы азаймайды, қайта міндеттемені қамтамасыз ету салдарынан көбейеді. Және де ол кепілпұлмен қанағаттану керек пе, әлде міндеттеменің тиісінше орындалуын талап ету керек пе, осының біреуін таңдауы тиіс, егер міндеттеме кепілпұлмен қамтамасыз етілмесе, онда ол талап етуге құқылы болады. Кепілпұл берген адамда да қосымша міндетгемелер туындайды, кепілпұл алған адамның кепілпұлмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамағанына дейін қандай да бір құқық туывдамайды. Кепілпұл туралы келісімнің өзіндік сипаты. Кепілпұл, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің бір тәсілі бола тұрып барлық басқа қамтамасыз ететін міндетгемелерден өзін ерекшелейтін белгілерге ие. Біріншіден, кепілпұлмен шарттардан туындайтын міндеттемелер ғана қамтамасыз етіледі және ол өзге міндеттемелерді қамтамасыз етуге пайдаланылмайды, мысалы, шарттан өзге негіздерден, атап айтқанда, әкімшілік актілерден, сот шешімінен жөне т.б. туындайтын міндеттемелерді.

Екіншіден, кепілпұлмен тараптардың біреуінің ақшалай міңдеттемесі көзделген шарттың орындалуы ғана қамтамасыз етілуі мүмкін, себебі кепілпұл «уағдаласушы тараптардың біреуінің шарт бойынша өзінен алынатын төлемнің есебінен екінші тарапқа» беріледі (АК-ның 337-бабьшың 1-тармағы), мысалы, сатьш алу-сату шарты бойынша бағаны төлеу жөніндегі міндеттеме, жалдау ақысын төлеу жөніндеіі міндетгеме және т.б. Бұл тұрғыдан алғанда кепілпұл, міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілі бола түрып, бір жағынан шарт бойынша ақшалай міндет-темені бөлшектеп орывдауы — шарт бойынша бір тараптың екінші тарапқа төлемінің бөлігі болып табылады.

Үшіншіден, кепілпұл, міндеттеменің орыңцалуын қамтамасыз етудің тәсілі бола түрып, шарт жасалғандығының дәлелдемесі рөлін атқарады. Бұл дегеніміз — егер шарт тараптардың біреуінің кепілпұл төлеуін көздейтін болса, онда бүл міндет орындалғаннан кейін ғана шарт жасалыңды деп саналады, мысалы, егер сатьш алу-сату шартында кепілпұл төлеу көзделген болса, онда кепілпұл төленбей шарт күшіне кірмейді, ал кепілпүл сомасы төленгеннен кейін тараптардың біреуі шартты орыңдаудан біржақты бас тарта алмайды. Кепілпұлды төлеу тараптар арасыңда кепілпүлмен қамтамасыз етілген шарттың барық елеулі жағдайлары бойынша келісімге қол жеткендігінің және туын-дайтьш барлық салдарларымен оньщ күшіне кіргендігінің дәлелдемесі.

Төртіншіден, кепілпұл, сонымен қатар, оны беруші тарап үшін де, оны алушы тарап үшін де жауапкершілік өлшемі болады, біріншісінің міндеті — өзінен алынатын төлемді төлеу, ол одан бас тартқан жағдайда кепілпұлды жоғалтады, екіншісінің міндеті — міндеттемені заттай орындау, себебі оны орындамаған жағдайда ол кепілпүлды қайтарады және соның мөлшерінде қосымша шығын тартады.

Кепілпұлмен қамтамасыз етілген міндеттемені тоқтатудьщ немесе орындамаудың не кепілпүл туралы келісімді тоқтатудың салдарлары. Кепілпұлмен қамтамасыз етілген шартгың тоқтауы кепілпұл туралы келісімнің тоқтауьша өкеп соғады. Кепілпұл туралы келісім тоқтальш, берілген кепілпұлдың тағдырын шешкенде оның негізгі міндетгемеден бөлек емесгігі, оның бір бөлігі — шарпың тараптарының біреуінің ақшалай мшдетгемесінің бөлігі екендігі ескеріледі. Кепілпүлмен қамтамасыз еііпген шарт тоқтаған екі жағдайда кепілпүл қайтарылуға тиіс.

Тараптар, кепілпүлмен қамтамасыз етілген шартты оны орындау басталғанға дейін өзара келісіп бұзса (зат түрінде орындау — жұмыс, қызмет көрсету жаңадан немесе жарым-жартылай орындалса, мүлікгі ішінара берсе, не ақшалай міндеттемені орьшдағанда — кепілпұлдан басқа, шарт бойынша ақшаның бір бөлігін төлесе) АК-ның 338-бабының 2-тармағыңда көзделген салдарлардан босатылады, олар тараптардың негізгі шарт бойынша да, кепілпұл туралы келісім бойынша да міндеттемелерінің тоқтауына әкеп соғады, ал бұл ретте кепілпұл қайтарылуға тиіс. Қамтамасыз етілетін міндеттемені тараптар жауап бермейтін мән-жайлардың нәтижесінде орындау мүмкін болмағандықтан ол басталмай жатып тоқталса, жоғарыда көрсетілгендей салдарлар туындайды.

Басқа реттерде кепілпұлдың тағдыры қамтамасыз етілетін міндеттеменің тоқтау негіздеріне қарай шешілуі тиіс, мысалы, тараптардың  біреуі орындауды бастағаннан кейін шарт бүзылса кепілпүлдың тағдыры I тараптардың келісімімен, шарттың орыңдалған белгілі ескеріліп шешіледі: жаңалағанда, тараптар келісімінде өзгедей көзделмесе, кепілпұл туралы келісім де тоқтайды, бас тарту төлемінде — бас тарту төлемінің мөлшерін, мерзімін және тәртібін тараптар белгілейді (бас тарту телемінің мөлшері кепілпұлға шамалас та, басқадай да болуы мүмкін).

Кепілпұл, міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілі болумен қатар тұрақсыздық ақысы, жауапкершілік шарасы да бола алады. Егер тараптардың біреуі негізгі міндеггеме орындалмай қалатындай әрекет жасаса, оған сол әрекет үшін жауапкершілік ретінде екінші жаққа, берілген кепілпүл ескеріліп, кепілпүл сомасы мөлшерінде ақша төлеу міндеті жүктеледі. Сондықтан, егер қамтамасыз етілетін міңдетгеменің орындалмағаньша кепілпүл берген тарап жауапты болса, онда кепілпұл оны алған жақта қалады.

Егер міңдеттеменің орыңдалмағанына кепілпұл алған тарап жауапты болса, ол екінші тарапқа кепілпүлдың екі еселенген сомасын төлеуге міндетті. АК-ның 338-бабының 2-тармағында кепілпұл туралы келісім бойынша жауапкершіліктің негізі больш табылатьш міндеттемені бұзудың түрі тікелей көзделген. Бүзушылықтың бүл түрі — кепілпұлмен қамтамасыз етілген міңдеттемені орындамау. Кепілпұлмен қамтамасыз етілген міндеттемені тиісінше орындамағанда бұзушыны жауапқа тарту АК-ның 349-366-баптарында көзделген жалпы ереже бойынша мүмкін болады, бірақ тиісінше орындамау АК-ның 338-бабының 2-тармақтарыңда көзделген салдарлардың тууына негіз бола алмайды.

Міндеттемені бұзғандық үшін жауапқа тартылатындай жағдайлар болса кепілпұлмен қамтамасыз етілген міндетгемені орындамағаны үшін тарап жауапкер деп танылуы мүмкін. Яғни, кепілпүл жауаптылық шарасы ретінде болады, ол міңцетгемені орыңдамаған жақтан өндіріледі, ол үшін, жалпы ереже бойынша, егер шартга немесе заңнамада басқадай көзделмесе, кепілпұлмен қамтамасыз етілген міндеттеменің орындалмауында оның кінәсі болуы тиіс. Мысалы, заңнамада кәсіпкерлердің міндеттемені бүзғаны үшін кінәсіз жауапкершілігі (салу принципі) тікелей көзделген. Сондықтан, егер міндеттеме тарапы келісер болса, оның кепілпұлмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамауы, егер жойқын күші — табиғи құбылыстардың, әскери қимылдардың және т.б. салдарынан міндеттемені орындаудың мүмкін болмағандығы дәлелденбесе, жалпы ереже бойынша одан жауапкершілік шарасы ретінде кепілпұлды өндіріп алуға негіз болады. Сонымен қатар, кепілпүлмен қамтамасыз етілген мівдетгемеде не кепілпүл туралы шартта тараптардың міндеттемені бұзғаны үшін кінәсіз жауапкершілігі кезделуі мүмкін, және бүл жағдайда да, сондай-ақ қамтамасыз етілген міндеттемені бұзған жағдайда да кепілпұл кінәсіз бұзушыдан өндіріледі.

         Кепілпұлды төлеу, жалпы ереже бойынша, міндеттеменің орындалмағаны үшін жауапты тарапты міндеттеменің орындалмауына байланысты туындаған шығындарды негізгі шарт бойынша басқа тарапқа, кепілпұл сомасы ескеріліп, төлеуден босатпайды. Шығынды егеу туралы заң ережелері, оның ішінде шығын мөлшерін анықтағанда кепілпүл мөлшерін есепке алудың қажетгілігі, егер келісімде бұл жөнінде ешнәрсе көзделмесе, толықтырғыш болады. Сонымен қатар, талаптардың келісімінде кепілпұлмен қамтамасыз етілген міндетгемелерден туындаған шығындарды өтеудің өзге салдарлары көзделуі мүмкін. Шартта, мысалы, шығындар кепілпұлдың сомасынан тысқары толық мөлшерде өндірілуі мүмкін, кепілпүл түрінде ғана, яғни бас тарту төлемі ретінде өтеуге жол беріледі және т.б. деп көрсетілуі мүмкін. Кепілпұл аванстан бөлек, аванс шартгы орындау есебінен болашақ төлемге жатқызыльш беріледі, ол қамтамасыз ету қүралы бола алмайды. Егер төлем кепілпүл деп жазбаша көрсетілмесе, онда оны аванс деп санау керек.

         Міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілі ретіңде тұрақсыздық айыбын міндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда борышкердің белгілі бір ақша сомасын төлеуінің қамтамасыз етілетін басты міндеттемеге қосымша шарты ретінде түсінеміз. Тұрақсыздық айыбымен қамтамасыз етудің мақсаты — борышкерді қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша өз міндетін оны күрделендіріп алмау қаупімен дәл орындауға мәжбүрлеу, ал күрделенген жағдайда — міндеттеме нысанын құрайтын міндеттер көбейеді, белгілі бір ақша сомасын төлеу түрінде қосымша міндеттер пайда болады.

Міндеттемені қамтамасыз етудің тәсілі бола тұрып тұрақсыздық айыбының өзі алдын ала анықталған ақша сомасьш білдіреді, бұл ақша сомасы да тұрақсыздық айыбы деп аталады.

Өсім немесе айыппұл деп аталатын тұрақсыздық айыбы міндеттеме орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған жағдайда белгіленеді, мысалы, орындау мерзімінің бұзылуы (өткізіп алу), енімнің сапасы, ассортименті, буып-түйілуі туралы шартта көрсетілген талаптардың бұзылуы, т.б. Тұрақсыздық айыбын қолдану заңнамада да, мысалы заңнамада басқаның ақша қаражатын заңсыз пайдаланғандық үшін тұрақсыздық айыбы белгіленген, кез келген міндеттемені қамтамасыз ету үшін жасалған тараптар келісімінде де, мысалы, жалдау шарты бойынша жалдау ақысын уақтылы төлемегендік үшін, көзделуі мүмкін.

Тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің тараптары қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша тараптар болып табьгаады. Негізгі қамтамасыз  етілген міндеттемеде борышкер әрқашанда түрақсыздық айыбы туралы келісім бойынша міндетті адам деп саналады. Борышкер міндеттемені орындамағанда қандай да бір соманы төлеу міндетін үшінші жақ өзіне алған жағдайлар кепілдік пен кепіл болушылыққа жатқанмен, тұрақсыздық айыбына еш жатапайды.

Тұрақсыздық айыбының мөлшері мен оны анықтау тәртібі тараптардың келісімімен немесе заңнамамен белгіленеді. Бұл ретте тұрақсыздық айыбы, не нақты сомада, көрсетіледі, мысалы, клиентгің телемдік құжатын жолғатқаны үшін банк әрбір жоғалған қүжатқа мың теңге мөлшерінде айыппұл төлейді, не орындалмаған немесе тиісінше орындалмаған міндеттеменің сомасын пайызға шағып, мысалы, банк клиенттің есеп шотына ақша қаражатын уақтылы аудармағаны үшін төлем сомасының жарты пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (өсім) төлеуге міндетті, немесе, мысалы, несие алу шартьщца оны өз мақсатында пайдаланбағаны үттгін қарыз алушының несие сомасының жиырма бес пайызы мөлшерінде тұрақсыздық айыбын (айыппұл) төлеу жөнінде міндеті көрсетілуі мүмкін.

Заңнамамен анықталған тұрақсыздық айыбында оның мөлшерін көбейтпеуге болмашындығы жөнінде тікелей нүсқама болса, ол мөлшер тараптардың өзара келісімімен үлғайтылады. Мысалы, ақша қаражатын заңсыз пайдаланғаны үшін ҚР Ұлттық банкы қайта қаржыландыру ставкасы мөлшерінде белгілеген тұрақсыздық айыбы тараптардың келісімі бойынша үлғаюы мүмкін. Бұл ретте заңды айыпақының мөлшерін өсіруге тараптар өзара уағдаласқан келісімнің формасына шарттық тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің формасы үшін көзделген ереже қолданылады, тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің жай жазбаша формасын сақтамау несие берушіні занда белгіленген мөлшерде тұрақсыздық айыбын өңдіртіп алу құқығынан айырмайды.

Тұрақсыздық айыбының түрлері. Түрақсыздық айыбы, негізінен,  оның туындау негізіне және мөлшерінің қандай тәртіпте — заңмен немесе түрақсыздық айыбы туралы келісіммен анықталатындығына қарай түрге бөлінеді. Егер ол соманың мөлшері заң акгісімен анықталса, ол — заңды немесе нормативтік, ал шартпен анықталса — ерікті немесе шарттық тұрақсыздық айыбы деп аталады.

Тұрақсыздық айыбы өсім немесе айыппұл түрінде де болады. Заңнамада «түрақсыздық айыбы» «айыппүл», «өсім» үғымдарымен тектес ұғым ретінде берілген. Нормативтік актілерде «айыппұл» жөне «тұрақсыздық айыбы» терминдері ұқсас ұғымдар ретінде жиі қолданылады; кейде оларды ажырату қиын. Дегенмен, құқықтық теория мен практикада бұл ұғымдар өз мәнінде түсініледі. Әдетте, «өсім» үғымы ретівде міндеттемені белгілі бір уақыт аралығында орын-дамағандық үшін қолданылатын тұрақсыздық айыбын түсінеді. Өсім орындау мерзімі сақталмаған әрбір нақты кезең үшін міндеттеме

сомасына пайызбен шағьш есептеледі, мысалы, несие шартында ақша қаражатын қайтару мерзімі өткеннен кейін төленетін соманың 0,5%-ы мөлшерінде әрбір күнге айыпақы белгіленуі мүмкін.

Ал, «айьппұл» ұғымы, әдетте, нақты сомадағы тұрақсыздық айыбы немесе міндеттеме сомасьша белгілі бір пайыздық мөлшерде белгіленген тұрақсыздық айыбы ретінде түсініледі, мысалы, тауардың жинақтылығы, сапасы және ассортимент туралы шартгың талаптарын бүзғандық үшін 1000 теңге немесе өрбір бүзғандық үшін міндеттеме сомасының 1%-ы мөлшерінде тұрақсыздық айыбы (айыппұл) көзделуі мүмкін. Әрине, «айыппұл» және «өсім» терминдерін бұлай ұғынуда ресми сипат жоқ, бүл олардың мәніне өсер етпейді. Айыппұл мен өсім тұрақсыздық айыбы болып табылады. Сонымен қатар, ескеретін бір жағдай — «айыппұл» термині құқықтың басқа салаларында да, атап айтқанда, қылмыстық, әкімшілік және қаржы құқығында да қолданылады, ол кезде мұның азаматтық-құқықтық сипаты болмайды.

Тұрақсыздық айыбын өндіртіл алу құқығының залалды өндіртіп алу құқығымен ара қатынасына байланысты тұрақсыздық айыбы есептік, айыптық, баламалық және ерекше болып бөлінеді.

Жалпы ереже бойынша түрақсыздық айыбымен заладдың етелмеген бөлігі өндіріледі. Міне, тұрақсыздық айыбының осы түрі есептік деп аталады, бұл ретте өндірілген тұрақсыздық айыбының мөлшері өндірілетін залалдың есебіне жатқызылады.

Сонымен қатар заңнамада немесе шартта мынадай жағдайлар қарастырылуы мүмкін: залалды емес, тек тұрақсыздық айыбын ғана өндіруге болады; залалды тұрақсыздық айыбынан бөлек толық мөлшерде өңдіртіп алуға болады; несие берушінің қалауы бойынша не залал, не тұрақсыздық айыбы өңдіріледі. Ерекше, айыптық және балама түрақсыздық айыбының айырмашылықтары, міне, осында: ерекше тұрақсыздық айыбыңда тұрақсыздық айыбын өндіртуге болады, бірақ залалды өндіртіл алуға жол берілмейді; айыптықта — залал тұрақсыздық айыбынан тыс өндіріледі; баламалыда — несие берушінің қалауы бойынша не залал, не түрақсыздық айыбы өңціріледі.

Қандай да бір қызметті жүзеге асырумен байланысты азаматтық қүқықтық қатьшастардың кейбір түрлері бойынша, кейбір жағдайларда, заңнама міңдеттемені бұзғандық үшін шектеулі жауапаылық белгілеген, мысалы, тасымалдаушьшың жүкті жоғалтъш алғаны үшін жауаптылығы және т.б. Мүндай жағдайларда залалды өндіру әлгіндей шектеулерде белгіленген шектерге дейін жасалады, ал есептікте — тұрақсыздық айыбымен жабылмаған бөлігіңде, айыптықта — тұрақсыздық айыбының мөлшерінен асатъш бөлікте өңціріледі. Баламалы тұрақсыздық айыбында не, занда шектелген мөлшерде залал не, шектеуге қарамай, тұрақсыздық айыбының мөлшері өндіріледі.

         Тұрақсыздық айыбын ондірудің негіздері. Тұрақсыздық айыбы міңдеттемені бұзған жағдайда борышкерге ақша беру міндетін жүктеу арқылы оның орындалуын қамтамасыз етудің тәсілі болғандықтан, несие берушінің тұрақсыздық айыбын төлеу жөніндегі талабы туындау үттгін борышкердің қамтамасыз етілетін міндеттемені бұзуы жеткілікті, және бұл талап несие берушіге заладдың келуімен немесе келуін дәлелдеумен байланысты емес. Бірақ, түрақсыздық айыбын өндіру үшін борышкерді міндетгемені бұзғандығына байланысты жауапқа тартатындай себептердің туындауы түрінде негіздер болуы тиіс.

Тұрақсыздық айыбын өндірудің негіздері кәсіпкерлік қызметпен байланысты немесе байланысты емес міндеттеменің тұрақсыздық айыбымен қамтамасыз етілетін-етілмейтіндіне қарай бөлінеді. Мұндай бөлініс кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты немесе байланысты емес міндетгемелерді бұзғандық үшін жауаптылықтың заң бойынша әртүрлі тұрғыдан қаралатыңцығыңда.

Тұрақсыздық айыбын өндіргенде несие берушінің өзіне заладдың келгендігін дәлелдеуі тиіс еместігіне қарамастан борышкер залалдың елеусіз екендігіне немесе мүлде жоқ екендігіне сілтеме жасауға жөне оған дөлелдеме үсынуға қүқылы. Сонымен қатар, несие берушінің тұрақсыздық айыбын төлеу туралы талабының оның өзінің міндетгемені бүзғандығына байланысты борышқордың айыпақы мөлшерін азайту жөніндегі құқығына қатысы жоқ. Бүл мөн-жайлар соттың өндірілетін түрақсыздық айыбының мөлшерін борышкердің талабы бойынша азайтуына негіз бола алады.

Тұрақсыздық айыбының мөлшерін азайту туралы шешімді сот борышкердің міндетгемені қаншалықты орындағанын және борышкер мен несие берушінің мүдделерін ескеріп қабылдауы тиіс. Кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес міндеттемені қамтамасыз ететін түрақсыздық айыбы бойынша да сот борышкер мен несие берушінің негізгі міндеттеменің бүзылуындағы кінәлерінің деңгейін ескеруі тиіс.

Тұрақсыздық айыбының функциясы. Тұрақсыздық айыбының негізгі функциясы, әрине, борышкердің міндеттемені орындауын қамтамасыз ету. Сонымен қатар түрақсыздық айыбы, кепілпүл сияқты, санкция функциясын атқарады — тұрақсыздық сомасын төлеу түріндегі қосымша қиындық ретінде борышкерге жауапкершілік шарасы қолданылады.

Міндеттеменің орындалуын тұрақсыздық айыбымен қамтамасыз еткенде оның функциясына, тағы да, міндеттеменің бұзылуынан келген залалдың мөлшерін, әсіресе, оны дәлелдеу қиынға түскен жағдайда, аддын ала анықтау кіреді. Несие берушіге өзінің заладды төлеттіру жөнінде талап қою құқығын тұрақсыздық айыбын төлеттіру құқығымен алмастырғаны тиімді, себебі тұрақсыздық айыбын төлеттіру үшін келген залалды дәлелдеу қажет емес. Сонымен қатар, кез келген шарттық тұрақсыздық айыбын белгілегенде оның мөлшері болуы мүмкін залалдың мөлшеріне шамалас болуы тиіс, олай болмаған ретте, жалпы ереже бойынша, не несие беруші залалды тұрақсыздық айыбының мөлшерінен тысқары өндіртіп алуға құқылы (атап айтқанда, есептік тұрақсыздық айыбында), не борышкер, міндеттеменің бұзылуынан келген залалдың шамалас еместігіне байланысты, тұрақсыздық айыбының мөлшерін азайту туралы талап қоюға құқылы. Міндеттеме бұзылудан келген залалдың мөлшерін алдын ала анықтау функциясы есептік, ерекше жөне баламалы тұрақсыздық айыбьша жүктелген. Ал, айыптық тұрақсыздық айыбында болуы мүмкін залалдарға тұрақсыздық айыбы мөлшерінің келген залал мөлшеріне шамалас еместігіне байланысты оның мөлшерін азайтуды борышкердің талап ете алатын құқығы арқылы есеп жүргізіледі.

Кейбір реттерде тұрақсыздық айыбы бас тарту телемі — борышкердің несие берушіге міндеттемені орындаудың орнына беретін белгілі бір ақша сомасы ретінде болады. Тұрақсыздық айыбын төлеу міндеттеменің тоқтауына әкеп соғады деп тараптар өзара келісіп, оны шартқа енгізген жағдайда тұрақсыздық айыбы бас тарту төлемі больш саналады. Әдетте, баламалы тұрақсыздық айыбы бас тарту төлемі болады, себебі олар тұрақсыздық айыптарын өндіртіп алғанда залалды өңдіртуге жол берілмейді.

Тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің формасы. Тұрақсыздық айыбын борышкер қамтамасыз етілген міндеттемені бұзған жағдайда оның белгілі бір ақша сомасын төлеу міндеттемесі ретінде рәсімдеу әңгіменің шарттық немесе заңды тұрақсыздық айыбы жайында екендігіне байланысты. Әрине, тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің формасы жөнінде тек шарттық тұрақсыздық айыбына қатысты айтуға болады, себебі заңды тұрақсыздық айыбы жағдайында ол туралы бөлек келісім керек емес.

Заң талабы бойынша тұрақсыздық туралы келісім тұрақсыздық айыбымен қамтамасыз етілген міндеттеме туындайтын мәміленің формасына тәуелсіз жазбаша түрде болады. Тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің жазбаша формасы ауызша мәміледен туындайтьш міндеттеме тұрақсыздық айыбымен қамтамасыз етілген жағдайда керек. Тұрақсыздық айыбы туралы келісімнің жазбаша формада болмауы оны заңсыз деп тануға әкеп соғады.

Шарттыққа қарағанда занды тұрақсыздық айыбы, шартта көзделген-көзделмегеніне қарамастан, қандай да бір ресімдеуді керек етпейді. Заңнамада анықталған тұрақсыздық айыбы тараптардың еркіне бағынбайды, оны қолдану — несие берушінің құқығы. Несие берушінің занды тұрақсыздық айыбын өндіртіп алу құқығы тараптардың келісімімен шектелуге жатпайды, ондай келісім, тұрақсыздық айыбы заңның диспозитивтік нормасымен анықталғаннан басқа реттерде, заңсыз деп саналады.

         Кепілдік және кепіл болушылық туралы жалпы ереже. Кепілдік пен кепіл болушылықтың құқықтық тегі бір. Кепілдік пен кепіл болушылықтың міндеттемені қамтамасыз ету тәсілі ретіндегі мәні — борышкердің міндеттемені тиісінше орындау жөніндегі жауапкершілігін үшінші жақтарға тарату және оларды орындауға міндетті адамдар қатарына тарту. Борышкер үшін негізгі міндеттемені орындаған кепілші мен кепіл болушыға несие берушінің құқықтары ауысады, ол ауысу еш қандай ресімдеуді керек етпейді жөне ешкімнің ырқына тәуедді емес, себебі ол заң актісінің міндеттеуі негізінде жүзеге асырылады.

Міндеттемені қамтамасыз етудің басқа тәсілдеріне қарағанда, мысалы, несие беруші борышкердің қабілетсіздігінен қорғамайтын тұрақсыздық айыбына қарағанда, кепілдік пен кепіл болушылық борышкер қабілетсіз болған жағдайда да несие берушінің міндеттемені орындатуына мүмкіндік береді. Тұрақсыздық айыбында несие беруші келген залалдың мөлшерін дөлелдеу міндетінен босап өз жағдайын біраз нығайтса, ал кейбір реттерде борышкер тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсім) төлеуге мәжбүр болса, ал кепілдік пен кепіл болушылық жағдайывда несие беруші борышкердің қосымша ынтасымен емес, өзінің алдында бір емес, бірнеше міндетгі адамның (кемінде — екі) болуымен позициясын нығайтады.

Борышкердің үшінші жақтардың қосымша міндеттемелері есебінен міндеттемені орындауды қамтамасыз етуінің түрлері өзара ұқсас болғанмен, олардың құқықтық реттелуін өзінше қарауды талап ететін айырмашьшықтар да бар. Кепілдік пен кепіл болушылықтың негізгі айырмашылығы олардьщ қосымша міңдеттеме ретінде ортақтастығында не субсидиялығында, сондай-ақ кепілші мен кепіл болушыньщ борышкер міндетгемесін орындауының шегінде және оларға талап қою тәртібінде.

Кепілдік. Кепілдік дегеніміз — кепілші деп аталатын белгілі бір адамның басқа адамның несие берушісі алдында мівдетгемесін сол негізгі борышкермен ортакгасьш орывдауға жауап беру міндетгемесі. Кепілшінің борышкермен ортақтасқан жауапкершілігі туралы ереже қолданылмайтын жағдайлар. Заң актілерінде көзделуі мүмкін.

Кепілдік — қамтамасыз етілетін міндетгеме бойынша несие беруші мен негізгі міндеттеме бойынша борышкер емес адам арасында орнатылатын қүқықтық қатынас. Кепілші келбеті борышкерге келмейді, негізгі міндеттемеге қатысты алғанда кепілші әрқашаңда үшінші тұлға болып қалады. Кепілдік бойынша міндеттемеге, тіптен, негізгі міндеттемеге туындыға да, негізгі борышкердің тікелей қатысы жоқ және бұл құқық қатынасына қатыспайды. Кепілші мен борышкер арасындағы негізгі міңдеттеме бойынша қатынас кепілдік және негізгі міндетгеме бойынша қүқық қатынастарынан тыс қалады және олар үшін ешқандай маңызы жоқ. Кепілші мен борышкер арасындағы қатынастардың негізі не өзінше бөлек келісім (шарт), не басқа мән-жайлар болуы мүмкін, мысалы, кәсшкерлік қызметпен ұзақ уақыт бірге айналысу, жарғы капиталына бірге қатысу (атап айтқанда, «аталық» және «еншілес» коммерциялық ұйымдар, тәуедді акционерлік қоғам және оның жарғы капиталына қатысатын өзге занды тұлға), достық, туыстық, ерлі-зайыптылық байланыс және т.б.

Әдетте, кепілдікпен борышкердің ақшалай міндеттемесінің орындалуы қамтамасыз етіледі. Кепілдіктің тұрақсыздық айыбынан, кепілпұлдан немесе кепілден айырмашылығы сол, тіптен міндеттемеде тұрақсыздық айыбын төлеу көзделмесе де немесе, егер, ол бойынша залал туындайтын болмаса да, борышкердің міндеттемені заттай орындауы да қамтамасыз етіледі. Кепілші өз қалауы бойынша не міндеттемені заттай орындайды не залалды өтеу жөне тұрақсыздық айыбын төлеу жөнінде борышкермен теңдей жауаптылық көтереді.

Қалай болғанда да, тіптен борышкер міндеттеменің орындалуын зат түрінде қамтамасыз етерде немесе борышкер несие берушіге келген залалды өтеу жөніндегі міндетгеменің орындалуын қамтамасыз етерде кепілші өз қалауы бойынша: міндеттемені зат түрінде орындайды және негізгі міндеттемені тиісінше орындамағандықтан келген залалды төлейді, немесе, егер заңнамадан, кепілдік шартының талаптарынан, негізгі міндеттеменің мәнінен немесе іскерлік айналым дағдыларынан өзгедей туындамаса, негізгі міндеттемені орындамағандық шығынын өтейді және тұрақсыздық айыбын төлейді.

Шарт бойынша кепілдік келешекте туындайтын міндеттемеге де таралуы мүмкін, бұл ретте болашақ талап кепілдікпен қамтамасыз етіледі, ал бұл жағдайда кепілшінің міндеттемесі қамтамасыз етілетін міндеттеме туындаған кезден бастап ғана туындай алады.

Кепілші несие берушінің талаптарын қанағаттандырғанға дейін ол жайында борышкерді ескертуі тиіс, ал несие беруші оған талап қойған жағдайда — борышкерді іске қатысуға тартады. Кепілші мен борышкер несие берушінің бір міндеттеме бойынша борышкерлері болып табылмайтындықтан кепілші несие беруші мен борышкердің негізгі міндеттеме бойынша ара қатынасының сипатын біле бермейді. Борышкерді несие берушінің талаптары жайында ескертпей жене борышкерді іске қатысуга таршай борышкердің несие берушшің талаптарьша қарсы қандай дәлелдері бар екендігін анықтау мүмкін емес немесе киындық тудырады. Кепілшінің несие берушінің талаптарын орындағанға дейін борышкерді ескерту міндеті, сонымен бірге, несие берушіге кепілші мен борышкер тарапынан қосарлап (қайталап) орындауды болдырмау мақсатында көзделеді. Тура осындай, бірақ борышкер тарапынан кепілші ескерту міндегі де қосарлап орындауды болдырмау мақсатын көздейді.

Несие берушінің талаптарын кепілшінің орындағаны туралы борышқорды хабардар етудегі тағы бір мақсат — бұл жағдайда несие берушінің құқықтары кепілшіге өтеді, ал борышкер хабарланбаса, соның салдарынан кепілші, жаңа несие беруші ретінде қолайсыз салдарға душар болады, мысалы, борышкер міндеттемені алғашқы несие берушіге орындап, нәтижесінде міндеттеме тоқтауы мүмкін.

Кепілшінің борышкерді іске қатысуға тарту міндеті материалдық-құқықтық болып табылады, бұл жағдайда кепілші несие берушінің кепілдік берушіге талап арыздың барлық қажетті мәліметтерін көрсетіп талап қойғанын борышкерге хабарлайды (талап арыз жіберілген сотгың аталуы, арыздың нөмірі мен жазылған күні, т.б. көрсетіледі). Егер кепілші сотта борышкерді іске тарту туралы арызбен (өтінішпен) шектелсе, кепілшінің міндеті орындалды деп саналмайды.

Кепілшінің борышкерді іске қатысуға тарту міндетінің болуы кепілшінің қандай жауаптылық көтеретініне — толық көлемде немесе жарым-жартылай, несие беруші борышкерге бұрыш талап қойған-қоймағанына және қандай шешім қабылданғанына байланысты емес. Бұл міндеттеменің болуына борышкердің өз міндеттемесін орындағаны, жарым-жартылай орындағаны немесе орындамағаны да әсер ете алмайды.

Борышкер іске жауапкер жағында өзінше бөлек талапсыз үшінші жақ ретінде тартылады. Мұның іс жүргізушілік негіздері АІЖК-нің 53-бабында белгіленген.

Кепілшінің несие берушінің талаптарын қанағаттандырғанын борышкерге ескерту жөніндегі не борышкерді іске қатысуға тарту жөніндегі өзіне жүктелген міндетін орындамауы кепілшіге қолайсыз салдарлар өкеледі. Бұл ретте борышкер несие берушіге білдірген барлық қарсылығын кепілшінің регрестік талаптарына қарсы қоя алады, мысалы, талаптың мөлшері бойынша, оның заңдылығы бойынша, т.б. Егер бұл қарсылықтарды сот дәлелді деп тапса, онда кепілшінің борышкерге қойған регрестік талаптары толықтай немесе ішінара қабыдданбайды. Несие берушінің талап қойғаны жайында кепілшіден дүрыстап хабар алған борышкер іске қатысудан бас тартса, онда ол несие берушіге білдірген қарсылықтарын кепілшінің регрестік талаптарына қарсы қоя алмайды, ол тек борышкер мен кепілші арасындағы өзара қатынастан туындайтын мән-жайларға ғана сілтеме жасай алады.

         Кепілші мен борышкердің міндеттемелері ортақтас болады, яғни кепілші ортақтас борышкерлер қатарына жатады, оларға ортақтас міндеттеме туралы жалпы ереже тарайды. Кепілдік, дегенмен, негізгі міндетемеге қарағанда қосымша балып табылады. Сондықтан да, ортақтас борышкер туралы ереже кепілшіге кепілдіктің негізгі міндетгемеге қосымшалығынан, сондай-ақ кепілші негізгі міндеттемені орындағанда оған несие берушінің құқығының ауысатындығы туралы ережеден туындайтын бірқатар ерекшеліктерімен таралады. Негізгі міндеттеме бойынша несие беруші негізгі міндеттемен орындау жөнінде борышкерге де, орындау мерзімі келгенде кепілшіге де талап қоюға құқылы. Сонымен қатар кепілші несие беруші мен борышқор арасындағы қатынастарға негізделген, борышқордың өзі де білдіре алатын қарсылықты несие берушінің талаптарына қарсы қоюға құқылы, жалпы ереже бойынша ортақтас борышкерлер үшін ортақтас міңдеттемеде оған жол берілмейді. Кепілші мұндай қарсылықтарды борышкер олардан бас тартқан немесе борышты мойындаған жағдайда да қоя алады. Кепілшінің бұл ерекше қүқығы кепілдіктің негізгі міндетгемеге қосымшалығын туындайды, онда ортақтас борышкер болғанмен кепілші негізгі міндеттеме бойынша борышкерге тең келмейді және оны толықтай алмастыра алмайды, өзінің несие берушімен негізгі міндеттеме бойынша қатысаын бөлек келісімнің негізінде тұрғызады, сондай-ақ кепілдік бойынша құқық қатынасында борышкердің еркін емес, өзінің еркін біддіреді.

Кепілшінің қарсылықтар білдіруге құқығы оның өзінің немесе борышкердің іс жүргізушілік жағдайына, сондай-ақ борышкердің өзінше талап қоймаған үшінші жақ ретінде, немесе ортақ жауапкер ретінде тартылған-тартылмағанына байланысты емес.

Кепілшінің несие берушінің талаптарына қарсы қарсылық білдіру құқығын шектеу кепілдік шартының талаптарынан ғана туындауы мүмкін, мысалы, егер кепілдік шартыңда несие берушінің талаптарын бірінші мәлімдегенде бірден қанағаттандыру көзделген болса.

Бір міндеттемені қанағаттандыру үшін бір емес, бірнеше кепілдіктер қабылдануы мүмкін. Бұл ретте кепілдіктің әрқайсы міндеттемені өзінше дербес қамтамасыз етеді, ал негізгі міндеттемені борышкер орындамаған жағдайда негізгі міндеттеме бойынша несие беруші кепілшілердің әрқайсысына кезекпен немесе олардың барлығьша бірден талап қоя алады. Несие беруші бұл жағдайда талапты борышкерге де, өзінше бөлек әрбір кепілшіге де белгілі бір кезектілікпен немесе барлық кепілші мен борышкердің барлығына бір уақытта қоюға құқылы.

Кепілші ретінде бір емес бірнеше адам бола алады. Бұл ретте кепілші жағында адамдардың көпшілігі орын алады және бұл адамдардың барлығы өз кепілдігін бірге берген болып саналады. Бірге кепілдік берген адамдар несие беруші алдыңда, жалпы ереже бойынша, ортақтасып жауап береді.

 Сонымен қатар бұл ереже диспозититік болып саналады, және кепілдік шартында кепілдікті бірге берген адамдардың кепілдік бойынша міндеттемені орындауының өзге тәртібі көзделуі мүмкін, мысалы, кепілшілер арасында үлесті жауапкершілік, қатысушылардың біреуінің басқа кепілшіге қатысты субсидиялық жауапкершілігі және т.б. көзделуі мүмкін. Бірақ бұл кепілдіктің — кепілдің немесе бірнеше кепілдің негізгі міндеттемеге қатынасы бойынша ортақтас міндетемесінің мәнін еш өзгерте алмайды.

Кепіл болушылық. Кепіл болушылық дегеніміз — кепіл болушы деп аталатын белгілі бір адамның басқа адамның несие беруші алдындағы міндеттемесін негізгі борышкермен бірге толықтай немесе жарым-жартылай субсидиялы орындауға жауап беру міндеті. Кепіл болушылық арқылы, әдетте, борышкердің ақшалай міндетгемені орындауы қамтамасыз етіледі. Бұл кепіл болушының жауаптылығының мәнінен туындайды: кепіл болушы, егер заңнамада өзгеше көзделмеген болса, кепіл болушылықта көрсетілген сома мөлшерінде жауаптылық көтереді. Кепілші сияқты, кепіл болушы да, егер кепіл болушьшықтың шарттарынан, заңнамадан, негізгі міндеттеменің мәнінен немесе іскерлік айналым дағдысынан өзгедей туындамаса, не кепіл болушылықта көрсетілген ақша сомасын төлеуге, немесе борышкер міндеттемесін зат түрінде орындауға құқылы, ал соңғысы міндеттемені үшінші жақтың орындауы туралы жалпы ережеден туындайды.

Кепілдік сияқты, кепіл болушылық та, қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша несие беруші мен негізгі міндеттеме бойынша борышкер емес адам арасында орнаған құқықтық қатынас. Кепіл болушы да, кепілші сияқты, негізгі міндеттемеге қатысты әрқашан да үшінші жақ болып табылады. Кепілдіктегі сияқты, кепіл болушылық бойынша міндетемеге, ол негізгі міндеттемеден туынды болса да, негізгі борышкердің тікелей қатысы жоқ, ол кепіл болушылық бойынша құқықтық қатынастарға қатыспайды. Кепіл болушы мен негізгі міндеттеме бойышпа борышкер арасындағы қатынастар, кепілдіктегі сияқты, кепіл болушылық жөне негізгі міндеттеме бойынша құқық қатынастарынан тыс қалады және олар үшін ешқандай рөл атқармайды.

Кепіл болушылық негізгі қамтамасыз етілетін міндеттемеге қатысты субсидиялық міндеттеме болып табылады, және кепіл болушы да субсидиялық борышкер болады. Яғни кепіл болушы негізі міндеттің орындалмағанына несие берушінің осы міндеттеме бойынша талабын борышкер орындамағаннан кейін ғана жауап береді. Несие беруші кепіл болушыга талапты негізгі борышкерге талап қойғаннан және ол талашы борышкер орындамағаннан кейін ғана қоюға құқылы.

Кепіл болушылық қатынасына азаматтық құқықтың субсидиялық міндеттеме, субсидиялық борышкер жене субсидиялық жауапкершілік туралы барлық ережелері, жауапкершілік шектері жөне кепіл болушыға субсидиялық борышкер ретінде талап қою тәртібі бойынша бірқатар ерекшеліктерімен таралады. Бұл ерекшеліктер кепілші мен кепіл болушының жауаптылық шектерін қарағанда толығырақ сөз болады.

Кепіл болушылық көптеген тұста кепілдікке ұқсағанмен, өзінше жеке дербес институт және қүқықтық ретгеуде бірқатар елеулі ерекшеліктерге ие.

Кепілдік пен кепіл болушылықтың шарттық институттарының арасындағы негізгі айырмашылықтарға мыналар жатады:

-жауапкершіліктің сипаты — кепілшінің негізгі міндеттемені орындау жөніндегі міндеттемесі ортақтас, ал кепіл болушының міндеттемесі — негізгі борышкердің міндетгемесіне қатысты субсидиялық (қосымша) болып келеді;

         -жауапкершіліктің көлемі — несие беруші алдында кепілші борышкердікіндей көлемде жауап береді, оған сыйақыны (мүдде), борышты өндіруге байланысты сот шығындарын және несие берушіге борышкердің міндеттемені орындамағанынан немесе тиісінше орындамағаннан келген залалды, егер кепілдік шартында өзгеше көзделмеген болса, төлеу; кепіл болушы борышкердің жетіспешін ақша қаражаты көлемінде несие беруші алдында жауап көтереді, бірақ, жалпы ереже бойынша, ол кепіл болушылықта көрсетілген соманың шегінен аспауға тиіс;

-талап қою тәртібі — несие беруші міндеттеменің оның орындалу мерзімі келген кезден бастап орындалуы туралы борышкер мен кепілшіге талап қоюға қүқылы, ал міндеттемені орындауда кепілші мен борышкер ортақтас болғандықтан несие беруші олардың кез келгеніне талап қоя алады; кепіл болушыға талап қойғанға дейін несие беруші борышкердің бұл талапты қанағаттандыруы үшін көңілге қонымды шаралар қабылдауға тиіс, атап айтқанда, кері талапты есепке алу және төлеттіріп алуды занда белгіленген тәртіпте борышкер мүлкіне аудару арқылы.

Кепілші сияқты, кепіл болушы да несие берушінің талабын қанағаттандырғанға дейін ол жайында борышкерге хабарлауға міндеті, ал егер кепіл болушыға талап қойылса, онда борышкер іске тартылуы тиіс. Кепіл болушының бұл міндеттері азаматтық құқықтың субсидиялық борышкердің субсидиялық жауапкершілігі туралы жалпы ережесінен туындайды. Кепіл болушының бұл міндетті орындамауының салдары осындай міндеттерді кепілшінің орындамауының салдарындай: негізгі борышкер өзі несие берушіге қарсы қоя алатьш қарсылықтарьш кепіл болушьшың регрестік талаптарына қарсы қоюға құқылы.

Кепілдікпен және кепіл болушылықпен қамтамасыз етілетін талаптар. Кепіл болушылық пен кепілдік, жалпы ереже бойынша, заңды талаптарды ғана, яғни қамтамасыз етілетін міндеттеменің туындау негізінің заңдылығын бірінші кезекте білдіретін заңды міндеттемеге негізделген талапты қанағаттандырады. Бұл ереже, негізінен, кепілдік пен кепіл болушылықтың негізгі қамтамасыз етілетін міндеттемеге қарағанда қосымша (акцессорлық) міндеттемелерді қамтамасыз ету тәсілі екендігінен туындайды. Қамтамасыз етілетін міндеттеменің заңсыздығы, жалпы ереже бойынша, кепіл болушылықтың немесе кепілдіктің заңсыздығына әкеп соғады және кепіл болушы мен кепілшіні заңдық салдарларға ұрындырады.

Тек заңды талаптарды ғана кепіл болушылықпен және кепілдікпен қамтамасыз ету туралы жалпы ережеге жатпайтьш бір жағдай — борышқордың ерекет қабілетсіздігін несие беруші білмей, оның міндеттемесі үшін жауап беруді кепілші мен кепіл болушының өз мойындарына алуы. Бұл ретте кепілші мен кепіл болушының ондай әрекетті қулық мәміле немесе борышкерге көмектесу ниетімен жасағандығының маңызы жоқ. Егер несие беруші борышкердің әрекет қабілетсіздігін шындығында білмеген болса, онда кепілші мен кепіл болушының мұндай мәмілесі қалайда заңды болады. Мәміленің заңдылығы заңнамада тікелей бекітілген болса, мүдделі адамдардың арызы болса да ол заңсыз деп таныла алмайды. Егер несие беруші кепілдік пен кепіл болушылықтың ерекетке қабілетсіз борышкер үшін беріліп отырғанын білсе, дау туған жағдайда кепілдік және кепіл болушылық шарты өзінен өзі заңсыз деп танылмайды және кепілші мен кепіл болушының өзінен өзі жауапкершіліктен босанып қалулары мүмкін емес. Бұл ретте кепілдік пен кепіл болушылық заңсыз деп танылады, және кепілші мен кепіл болушының, ал кейбір жағдайларда несие берушінің де (мысалы, қылмыстық ниет болса) жауапкершілігі азаматтық құқықтың заңсыз мәмілелер жөніндегі ережелері ескеріліп анықталуы тиіс.

Жоғарыда көрсетілгендерден басқа, кепілші мен кепіл болушының шартта көзделген жағдайларда, қамтамасыз етілетін міндеттеменің заңдылығына қарамастан, борышкер үшін міндеттеме — «сөзсіз» деп аталатын кепілдік немесе кепіл болушылық қабылдауына жол беріледі. Кепілдік пен кепіл болушылықтың «сөзсіздігі» шартта тікелей көзделуге тиіс.

Талап заңды болу үшін, кепіл болушылық пен кепілдікке тән қамтамасыз етушілік функцияларымен қатар негізгі міндеттеме де күшіне енуі тиіс. Осыған байланысты айта кететін бір жағдай келешекте туындайтын міндеттемені қамтамасыз ету үшін жасалған кепілдік шарты, егер шартта өзгедей көзделмесе, негізгі міндеттеме күшіне енген кезден бастап күшіне кіреді (заттай шарт болса — зат берілген кезден, консенцуалдық шартга — тараптар негізгі шарт бойынша келісімге жеткен кезден бастап). Олай болмаған жағдайда кепілдік шарты күшіне кірмейді және одан ешқандай заңдық міндеттеме туындамайды.

         ҚР азаматтық заңнамасының талап көнелігі өткеннен кейін де талап қоюға материалдық құқықтың сақталу принципінен туындайтын ережелеріне сүйенсек және талап көнелігін соттың даудағы тараптардың арызы бойынша ғана қолдануы туралы ережені ескерсек, қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша талап көнелігінін, өтуі талаптың зандылығын анықтауда ешбір рөл атқармайды, себебі талап көнелігі мерзімі өткеннен кейін де мүдделі жақтардың бұл мерзімінің еткендігі туралы арызы түскенше ол міндеттеме өтелді деп саналмайды.

          Кепілдік пен кепіл болушылықтың туындау негіздері. Кепілдік пен кепіл болушылықтың туындау негізі екіжақты шарт болып табылады. Кепіл болушылық шартының немесе кепілдік шартының тараптарына қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша несие беруші мен негізгі міндеттемеге қатысты үшінші жақтар болып табылатын кепілші немесе кепіл болушы жатады. Бұл жерде бір тарап ретінде бір уақытта бірнеше адам қатыса алады. Кепілдік пен кепіл болушылыққа негіз болатын негізгі міндеттеме бойынша несие беруші мен кепілші немесе кепіл болушылық арасындағы қатынастар кепіл болушылық шартының немесе кепілдік шартының жағдайларының шегінен тыс қалады.

Кепілдік шарты мен кепіл болушылық шарты біржақты міндеттеуші шарттар болып табылады (біржақты мәмілемен шатастырмау керек), себебі олар бойынша тек бір тарапта ғана — кепілшіде немесе кепіл болушыда міндет туындайды, ал несие берушіде тек құқық болады, онда міндет болмайды.

Кепілдік шарты мен кепіл болушылық шарты консенсуалдық болып табылады. Құқықтар мен міндетгер шарттың тараптары арасында келісімге қол жетіп, шарт тиісті формада ресімделгеннен кейін туындайды, және міндеттемелер мен шарттарды орындау туралы жалпы ережеге сәйкес, кепіл болушылық шарты мен кепілдік шартының, заңнамада немесе шартта көзделген жағдайлардан басқа реттерде бұзылуы немесе біржақты тәртіпте өзгеруі мүмкін емес. Егер кепілдік немесе кепіл болушылық шартында оны біржақты өзгерту немесе бұзу мүмкіндігі көзделмесе, кепілші немесе кепіл болушы өзі берген кепілдікті немесе кепіл болушылықты қайтарып алуға құқылы емес.

Біржақты міндеттейтін шарттар ретіндегі және несие беруші мен кепілші немесе кепіл болушы арасындағы келісім ретіндегі кепіл болушылық шартының немесе кепілдік шартының мәнінен олардың ақысыздығы туындайды. Ал шарт бостандығының азаматтық-құкықтық принципінің өзінен тараптардың келісімімен кепіл болушылық шартында немесе кепілдік шартында ақылы болу жағы көзделуі мүмкін. Кепілдіктің немесе кепіл болушылықтың ақысыздығы кепілші немесе кепіл болушы мен негізгі міндеттеме бойынша борышкердің арасындағы өзара қатынасқа еш әсер етпейді, ол қатынас кепілдік шартының немесе кепіл болушылық шартының әрекет аясынан тысқары қалады, сондықтан ол ақылы негізде орнауы мүмкін. Мысалы, банк өз клиенті үшін кепіддік немесе кепіл болушылық бергенде белгілі бір төлем болуы мүмкін.

Заңнамада бекітілген кепілдіктерді қолданудың мысалы ретінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдіктерін атауға болады, оларды қолданудың тәртібі, беру шартгары, формасы мен мазмұнына қойылатын талап, орындау тәртібі Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы «Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы» Заңында бекітілген.

Кепілдік және кепіл болушылық туралы келісімнің формасы. Кепіл болушылық және кепілдік шарттары жазбаша формада жасалуы тиіс. Сол жазбаша форманы сақтамау ол шартгарды заңсыз деп тануға әкеледі, себебі мүндай салдар заңнамада тікелей көрсетілген.

Кепілшінің немесе кепіл болушының борышкердің несие берушісіне жазбаша оферта жіберуі және қажетгі қалыпты уақыт аралығында несие берушінің кепілдік қабылдаудан бас тартуының болмауы тиісті жазбаша формада жасалумен теңестіріледі. Бұл ретте несие берушінің жауап үшін қажетті уақыт бойы «үндемеуі» оның келіскендігі деп саналады.

Кепілші мен кепіл болушының жауапкершілігінің шектері. Жалпы ереже бойынша кепілші несие беруші алдында борышкердің барлық жауапкершілігін, оның ішінде борышкердің негізгі міндеттемені орыңдамауынан немесе тиісінше орыңдамауьшан несие берушіге келген заладды өтеу жөніндегі жауапкершілігін де көтереді. Сонымен қатар шартга кепілшінің жауапкершілігінің шегі мен мөлшерін анықтаудың өзге тәртібі көзделуі мүмкін. Сол себепті кепілшінің жауапкершілігішң шектері, көбіне, кепілдік шартыңдағы жағдайларға байланысты.

Атап айтқанда, кепіддік шартында негізгі міндеттемені толықтай емес, жарым-жартылай қамтамасыз ету көзделуі мүмкін және тиісінше кепілшінің негізгі міндеттемені орыңдау және залалды өтеу жөніндегі міндеттемесі сонымен шектелуі мүмкін. Мысалы, егер кепілші борышкердің несие беруші алдыңдағы міңдеттемесін жартылай орындауға несие беруші алдында міндеттенсе, онда борышкер несие беруші алдындағы міндеттемесін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда кепілшінің жауапкершілігі борышкердің несие беруші алдындағы барлық міндеттемелерінің сомасьшың жартысымен шектеледі.

Кепілдік шартында, сонымен қатар, борышкердің негізгі міндеттеменің орындалмауынан немесе тиісінше орындалмауынан туындаған шығындарды өтеуіне қатысты кепілшінің жауаптылығының басқа тәртібі кепілшінің залалды өтеу жөніндегі жауапкершілігін кепілдік шартының талаптарымен шектеу арқылы белгіленуі мүмкін. Мысалы, кепілдік шартында негізгі міндеттеменің орындалмауы немесе тиісінше орындалмауы себепті несие берушіге келген шығынды борышкердің өтеуі жөнінде кепілшінің жауап бермейтіндігі, немесе кепілші негізгі міндеттемеде көзделген тұрақсыздық айыбын төлеуге, сот шығындарын төлеуге жөне т.б. жауап бермейді деп кезделуі мүмкін. Егер кепілдік шартында кепілші жауапкершілігіне мұндай шектеулер көзделмеген болса, онда кепілші мен борышкердің шығындарды және несие берушінің басқа заладдарын өтеудегі теңдей жауапкершіліктері туралы жалпы ереже қолданылады.

Кепілшіге қарағанда кепіл болушы, жалпы ереже бойынша, несие беруші алдында, кепіл болушылық шартында көрсетілген шектерде шектеулі жауапкершілік көтереді. Кепіл болушылық шартында кепіл болушының жауапкершілігінің өзгедей шектері көзделуі мүмкін. Мысалы, кепіл болушылық арқылы кепіл болушының мынадай жауапкершіліктері көзделуі мүмкін: кепіл болушылық сомасынан асатын; борышкердің негізгі міндеттемені орындамауы немесе тиісінше орындамауы себепті келген залалды өтеу жөніндегі; несие берушінің сот және өзге шығындарын өтеу жөніңцегі жөне т.б. Кепіл болушылық шартының жағдайларында кепіл болушының кепіл болушылықта көрсетілген сомадан артық жауапкершілігі туралы ережелер болмаған ретге, кепіл болушының шектеулі жауапкершілігі туралы жалпы ереже қолданылады.

Кепілдік пен кепіл болушылықты орындаудың салдарлары. Жалпы ереже бойынша, кепілші міндеттемені орындағанда осы міндеттеме бойынша несие берушінің құқығы оның талабын кепілші қаншалықты орындаса, сол көлемде оған ауысады. Жаңа несие берушіге айналған кепілшінің қүқығының көлемі жаңа несие берушіге құқықтың өтуі туралы ережеден туындайды, оған сәйкес алғашқы несие берушінің құқығы жаңа несие берушіге, егер заң актілерінде немесе шартга өзгедей көзделмеген болса, борышкер үптін кепілші міндетгемені орьшдай бастаған кезде қандай болса сол көлемде және сол жағдайда ауысады. Осыған сәйкес, міңдетгеме орындаған кеішшііге міндеттеменің орьшдалуьш қамтамасыз ететін қүқықтар да, оның ішінде алғашқы несие берушінің кепіл бойьшша құқығы, егер ол кепілмен де негізгі міндеттеме қамтамасыз егілген болса, орындалған міңдетгеменің көлемівде және кепіл туралы шарт бойынша құқықтан бас тарту үшін көзделген ерекшеліктер ескеріліп, өтеді.

Кепілшінің, жаңа несие беруші ретінде борышкерге қоятын талап-тарынан басқа, жалпы ереже бойынша, борышкер үшін жауапкершілікпен байланысты өзі тартқан шығынды толық көлемде, оның ішінде ақша қаражатын негізгі міндеттемені орындау үшін жаратумен байланысты шығындарды, АК-ның 353-бабына сәйкес өндіртіл алуға қүқығы бар. Кепілші негізгі міндеттемені орындаған жағдайда, несие беруші оған борышкерге қойылатьш талаптарды растайтын құжатгар тапсыруға (мысалы, егер заемды ол ресімдесе — вексель, т.б.) және егер ондай бар болса — сол талапты қамтамасыз ететін қүқықты (мысалы, егер негізгі міндетгеме кепілмен де қамтамасыз етілген — кепіл шарты бойынша қүқықтан бас тарту, ипотекалық куәлікгі беру және т.б.) беруге мівдетгі. Несие беруші бүл баптың ережелерін орындамаған жағдайда кепілші несие берушіні мәжбүрлеп орындату үшін сотқа жүгіне алады.

Міндеттемелерін орындаған кепілші мен кепіл болушынын құқықтарында, негізінен, айырмашылық жоқ. Екеуі де, несие беруші алдындағы борышкердің міндетгемесін орындағавда тендей қүқыққа ие болады. Кепілші мен кепіл болушының қамтамасыз етілетін міндеттемені орындауға байланысты туындаған регрестік талаптарына талап кенелігінің жалпы мерзімі таралады, ол кепіл болушылықты немесе кепілдікгі орындау кезінен басталады.

Борышкер негізгі міңдетгемені қанағатгаңдырғаннан кейін кепілші тарапынан несие берушіге қабаттасьш (қайталама) орындау орын алмас үшін, борышкер міндеттеменің орындалғандығын кепіл болушыға немесе кепілшіге тез хабарлауға міндеті. Кеиіл болушыны немесе кепілшіні борышкердің хабардар етуі кепілшінің немесе кепіл болушының қабаттасып орындауынан келген залалды өтеу үшін маңызды рөл атқарады. Кепілшінің немесе кепіл болушының негізгі міндетгемені, оны борышкердің орындағаны туралы хабарлама алғанша қабаттасып орындап қоюына борышкер көтеріңкі жауапкершілік алады. Мұндай жағдайларда кепілші немесе кепіл болушы өз қалауынша, не несие берушіден оның негізсіз алғанын өндіртіп алуға, не борышкерге регрестік талап қоюға қүқылы. Кепілшінің немесе кепіл болушьшың борышкерден мшдетгеменің орьшдалғаны туралы хабарлама алғаннан кейін несие берушіге міндеттемені қабаттасып (қайталап) орындауы кепілшіні немесе кепіл болушыны борышкерге регрестік талап қою құқығынан айырады. Бұл ретте кепілші немесе кепіл болушы несие берушіден оның негізсіз алғанын ғана өндіртіп алуға құқылы.

Егер кепілші немесе кепіл болушы борышкерден міндеттеменің орындалғаны туралы хабарлама алғанға дейін қабаттасып (қайталап) орындап, орывдалғанды борышкерден регресгік талап бойынша өндірш алса, онда борышкер, өз кезегінде, несие берушіден оның негізсіз алғанын өндіртіп алуға құқылы.

Несие беруші міндеттеменің қабаттасып (қайтара) орындалғанын қабылдауға тиіс емес. Қабылдаған жағдайда ол негізсіз байығаны үшін жауап береді. Несие беруші міндеттеменің қабаттасып (қайтара) орындалуын қабылдаған ретте ол негізсіз алынған мүлікті, оны кімнің есебінен алса соған қайтару жөнінде барлық қажетгі шаралар қолдануы тиіс. Кепілдік пен кепіл болушылықтың тоқтауы. Кепілдік пен кепіл болушылық негізгі міндеттемеге қосымша (акцессорлық) міндеттеме болып келеді, олар өздері қамтамасыз ететін міндеттеме тоқтағанда тоқтайды, бұл ретте кепілдікпен немесе кепіл болушылықпен қамтамасыз етілген міндеттеме қандай негізбен: тиісінше орьшдалғандықтан, есепке алынғандықтан және т.б. себептермен тоқтағанының маңыздылығы жоқ. Негізгі міндеттеменің жауапкершілікгің ұлғаюына немесе кепілші немесе кепіл болушы үшін қолайсыз салдарларға альш келетін жағдайлар өзгергенде де кепілдік пен кепіл болушылық өзінен өзі тоқтайды, мысалы, несие беруші мен борышкер арасындағы қосымша келісім бойынша несиеге қатысты пайыздық ставканың ұлғаюы борышкердің несиені қайтаруын қамтамасыз ететін кепіл болушылықтың тоқтауына әкеп соғады. Кепілші немесе кепіл болушы неіізгі міндеттеменің кепілшінің немесе кепіл болушының жауапкершілігінің ұлғаюына әкеп соғатын жағдайларына келісімін берсе, яғни көтеріңкі жауапкершілікке немесе өздері үшін өзге де қолайсыз салдарлардың ұлғаюына келісімін берсе ғана кепілдік пен кепіл болушылық өз әрекеттерін ары қарай жалғастыра береді.

Кепілдік пен кепіл болушылықтың қосымша сипаты талаптан бас тартқанда олардың негізгі міндеттеме тағдырын болісетіндігінен де көрініс табады. Бірақ, борыш ауысқанда, егер кепілші немесе кепіл болушы жаңа борышкер үшін жауап беруге келісім білдірмесе, кепілдік немесе кепіл болушылық тоқтайды. Бұл ереженің мәні мынада — кепілдік немесе кепіл болушылық бойьшша міндеттеме үшін кепілші немесе кепіл болушы мен борышкер арасындағы қатынаста жеке сенімгерлік сипаттың болғандығы керек және кепілші немесе кепіл болушы үшін борышкердің жеке басы да үлкен рөл атқарады — кепілші немесе кепіл беруші жай ғана міндетгеме үшін емес, оған белгілі бір адаммен бірдей немесе қосымша жауап беруге міндеттеме алады.

Кепілдік немесе кепіл болушылық, өздері қамтамасыз ететін міндеттемені орындау мерзімі келгенде борышкер немесе кепілші мен кепіл болушы ұсынған тиісінше орындауды қабылдаудан несие беруші бас тартса да тоқтайды, ол несие берушінің мерзімнің өткендігі үшін жауапкершілігі туралы жалпы ережеден туындайды. Несие берушінің мерзімді өткізіп алуы негізгі міндеттемені және борышкердің оны тиісінше орындау жөніндегі міндеттемесін тоқтатпайды. Бірақ несие берушінің борышкер немесе кепілші мен кепіл болушы үсынған тиісінше орындауды қабылдаудан бас тартуы кепілдікті немесе кепіл болушылықты тоқтатады, бұл мерзімнің өтуіне жол берген несие беруші үшін өзінше санкция болады. Бұл ереженің мәнісі — кепілдік пен кепіл болушылықтың бұл жағдайда өздеріне бөлінген мерзімдер етпей-ақ тоқтайтындығьшда. Тіптен, мерзім оларда белгіленбесе де.

Кепілдік немесе кепіл болушылық шартга көрсетіліп оларға берілген мерзім өткен бойда тоқтайды. Бүл ереженің практикалық маңызы зор, себебі кепілдіктің немесе кепіл болушылықтың аяқталу мерзімі шартта тікелей көрсетілген болса, онда ол кепілдіктің немесе кепіл болушылықтың мерзімі негізгі міндетгеменің әрекет ету мерзімінен үзақ болуы мүмкін. Мысалы, кепіл болушылық бойынша бүл мерзім борышкердің негізгі міңдеггеме бойынша талаптарды орындауы үшін несие берушінің ақылға қонымды шаралар қабылдауына қажетгі уақытқа ұзартылуы мүмкін, атап айтқаңца, кері талапты есепке алу және өндірш алуды белгіленген төртіпте борышкер мүлкіне аудару арқылы. Осыған байланысты айта кететін бір жағдай — несие берушінің кепілдікті орындау туралы талап қою мерзімі борышкердің міндеттемені орындау мерзімінің негізгі шартта көзделген кезінен бастап кепілдік берілген мерзім еткенге дейінгі уақыт аралығымен, ал кепіл болушылық бойынша борышкердің талаптарды қанағаттандыруына қажетті шараларды несие берушінің қабылдауы және оның бұл талаптарды толық орындауы мүмкін еместігі кезінен бастап кепіл болушылық берілген мерзім аяқталғанға дейінгі уақыт аралығымен анықталады. Несие беруші белгіленген төртіпте осы уақыт аралығында кепілдік немесе кепіл болушылық бойынша міндеттемені орындау туралы талап қойса жөне оны кепілші немесе кепіл болушы орындамаса, несие беруші жалпы негіздерде сот арқылы қорғануға құқылы, бұл ретте талап көнелігінің жалпы үш жылдық мерзімі қолданылады.

Кепілдік немесе кепіл болушылық бойынша талаптарды орындау, орындау мерзімі талап ету кезімен анықталатын міндеттеме сияқты, жалпы ереже бойынша, жеті күндік мерзімде жүргізілуі тиіс, егер басқа мерзімде орындау міндеті заңнамадан, кепілдіктің немесе кепіл болушылықтың талаптарынан, іскерлік айналым дағдыларынан немесе негізгі міндеттеменің мәнінен туындайтын болмаса.

Егер кепілдіктің немесе кепіл болушылықтың ең жоғарғы мерзімі белгіленбеген болса, онда ол кепілдікпен немесе кепіл болушылықпен қамтамасыз етілген міндеттеменің орындалу мерзімі келген кезден бір жыл өткенше несие беруші кепілшіге немесе кепіл болушыға талап қоймаса, тоқтайды.

Егер негізгі міндеттемені орьшдау мерзімі көрсетілмеген болса және оны анықтау мүмкін болмаса немесе шартпен, талап ету кезімен анықталған болса, кепілдік немесе келіп болушылық, жалпы ереже бойынша, егер кепілдік немесе кепіл болушылық шартын жасаған күннен бастап екі жыл ішінде несие беруші кепілшіге немесе кепіл болушыға талап қоймаса, тоқтайды. Заң актілеріне сәйкес кепілдігі немесе кепіл болушылықты мезгілсіз тоқтатудың өзге де жағдайлары белгіленуі мүмкін. Бұл ережелерде белгіленген мерзімдердің өтуі сот арқылы қорғану қүқығын тоқтатьш ғана қоймайды, сонымен қоса кепілдікті немесе кепіл болушылықты тоқтатады. Сондықтан, бұл көрсетілген мерзімдер тыйым салушылық рөл атқарады, талап қою мерзімін қалпына келтіру ережесі бұларға қолданылуы тиіс емес.

         Кепіл ұғымы. Мүлік айналымында несиенің маңызы зор. Несиелік міндеттеменің орындалуын борышкердің барлық мүлкімен жауап беруі принципімен қамтамасыз ету несие берушіні барлық уақытта бірдей қанағаттандыра бермеуі мүмкін, себебі борышкердің мүлкін өндіртіп алуға айналдыру кезінде оның қүны несие берушінің талабының мөлшерінен кем болуы немесе сол борышкердің басқа несие берушілерінің сол уақытга жарыса талап қою қаупі бар. Осының барлығы қоғам мен құқықтың дамуының белгілі бір кезінде қамтамасыз ететін шаралардың ерекше түрін қалыптастырды, ол кепіл деп аталды, ол белгілі бір адамның (борышкердің, кепіл болушының) жеке басының қасиетіне емес, борышкердің белгілі бір мүлкінің құнына сенуге, және онымен өз талаптарын қалайда қанағаттандыру мүмкіндігіне негізделді. Уақыт өте келе кепілге борышкердің ғана емес, заттық кепіл болушы деп ат алған үшінші жақтың мүлкі де беріле бастады, ал несие берушінің талаптарын қанағаттандыру мүмкіндігі заттардан басқа мүлікке — «төнсіз заттар» деп аталатын мүліктік құқықтарға да таралды.

Кепіл (кепілдік құқық) деп несие берушінің міндеттеме бойынша өз талаптарын борышкердің немесе заттық кепіл болушының белгілі бір затының не өзге мүлкінің қүндылығы есебінен канағаттандырудағы айрықша қүқығы танылады.

Кепілді қүқықтық реттеу коздері. Кепіл институты Қазақстан Рес-публикасьшьщ азаматтық заңнамасы үшін дәстүрлі болып табылады, онда кепіл қүқық қатынастарын тікелей немесе жанама реттейтін бірқатар заң актілері бар. Қандай да бір нормативтік актіні қоддану қажеттігі не мүліктің түрінен (мысалы, жылжитын немесе жылжымайтын), оның айналым қабілетгілігінен (мысалы, мүліктік айналымда шектелген жер қойнауы мен пайдалы қазбалар), немесе кепіл құқық қатынастары субъектісінің қүқықтық мөртебесінің ерекшеліктерінен (мысалы, арнайы құқық қабілетші бар мемлекеттік кәсіпорын), немесе қолданылатын қүқық мөселелерінен (мысалы, кепіл туралы сыртқы экономикалық мәміле жасағанда) туындайды.

Кепіл құқық қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік актілер — Азаматтық кодекс, атап айтқанда оньщ 18-тарауының 3-параграфы және Жылжымайтын мүліктің ипотекасы туралы Жарлық. Сонымен қатар, жылжымайтын мүлікпен мәмілелерді тіркеу, қажеттігіне байланысты жылжымайтын мүлік ипотекасы мен жылжымайтын мүлікке мүліктік құқықтың кепілін (мысалы, жалдау құқығының кепілі, сенімгерлікпен басқару құқығының кепілі және т.б.) тіркеу Жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы Жарлықпен ретгелуге жатады. Жылжымайтын мүлік кепілін тіркеудің кейбір жақтары арнайы заң актісіңде — Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы «Жылжитын мүлік кепілін тіркеу туралы» Заңында реттелген.

Жер учаскелері және жер пайдалану құқығы кепілінің ерекшеліктері (мысалы, жер учаскесінің, жер учаскесін жалдаудың мүліктік құқығының кепіл берушісі кімдер екендігіне қарай) жер туралы заңнамадан, атап айтқанда Жер туралы заңнан туындайды.

Жер қойнауына қүқық кепілінің, сондай-ақ пайдалы қазбалар кепілінің ерекшеліктері жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамада, атап айтқанда Жер қойнауы туралы және мүнай туралы Жарлықтарда көзделген.

Бағалы қағаздар кепілінің ерекшеліктері бағалы қағаздар туралы заңнамада, атап айтқанда, 1997 жылғы 5 наурыздағы Бағалы қағаздар рыногы туралы заңда, 1997 жылғы 5 наурыздағы Қазақстан Рес-публикасында бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу туралы заңмен, соңдай-ақ Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 16 мамырдағы Акционерлік қоғамдар туралы заңымен ретгеледі. Вексельдер кепілінің ерекшеліктері 1997 жылғы 28 сәуірдегі «Қазақстан Республикасыңцагы вексельдік айналым туралы» ҚР Заңында көзделген.

Валюталық құндылықтар кепілін құқықтық реттеудің ерекшеліктері 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Валюталық реттеу туралы» Заңмен, сондай-ақ ҚР Ұлттық банкі басқармасының 2001 жылғы 20 сәуірдегі №115 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу Ережелерінде (Әділет министрлігінде 2001 жылғы 3 шіддеде тіркелген, №1561), сондай-ақ валюта операцияларын реттейтін өзге нормативтік құқықтық актілерде көзделген.

Кепіл жөніндегі сыртқы экономикалық шарт бойынша қолданылатын құқыққа қатысты коллизиялық нормалар АК-ның VII бөлімінде реттеледі.

Кәсіпорындардың, ғимаратгардың, петерлердің, жер учаскесіне құқықтың және басқа жылжымайтын мүліктің кепілі арнайы заң актісімен — Жылжымайтын мүліктің ипотекасы туралы Жарлықпен ретгеледі. Ал, осы Жарлықтың 2-бабының 3-тармағына сәйкес жылжымайтын мүлік ипотекасы мен оларға қүқық ерекшеліктері Жер туралы заңда белгіленген. АК-ның кепіл туралы жалпы ережесі жылжымайтьш мүлік кепіліне, жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы арнайы заң актілерінде өзге ереже белгіленбегенжағдайда, қолданылады. Сондықтан АК-ға қарағаңца ипотека туралы Жарлықтың басымдылығы сонда, ол жылжымайтын мүлік ипотекасы бойынша қатынасты реттейді, ол АК нормалары жылжымайтын мүлік ипотекасына ипотека туралы Жар-лықпен өзгедей ереже белгіленбеген жағдайда ғана қодданылады.

2002 жылғы 17 қаңтардағы ҚР Заңымен АК-ның 299-бабы 3-тармақпен толықтырылды, оған сөйкес мемлекетгік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелерінің, ішкі суда жүзетін кемелердің, «өзен-теңіз» жүзу кемелерінің кепілі (кеме ипотекасы) Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерімен реттеледі, жөне АК-дағы кепіл туралы жалпы ереже кеме ипотекасына Қазақстан Республикасының арнайы заң актілерінде өзге ереже белгіленбеген жағдайда қолданылады.

Соңдай арнайы заң актілерінің бірі — Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Заңы, оның 203-221-баптары теңіз кемелерінің, ішкі суда жүзетін кемелердің, «өзен-теңіз» жүзу кемелерінің кепілінің (кеме шютекасы) ерекшеліктерін көздейді. Бүл заң актісімен кепілдің екі түрі қарастырылған: заң акгісі негізінде туындайтын кепіл — кеменің (түрғызы-лып жатқан кеменің) теңіз кепілі, сондай-ақ шарт негізінде туыңцайтын кепіл — кеме (түрғызылып жатқан кеменің) ипоткасы. Кепіл жөнінде АК-да көзделген жалпы нормалардың заң акгісі негізінде туыңдайтын кепілге таралу мәселесі АК-ның 300-бабының 2-тармағында реттел-гендіктен, АК-ның 299-бабының 3-тарағы, тиісінше, АК-ның кепіл туралы жалпы нормаларының кемелердің шарттық кепіліне — кеме ипотекасына таралу мәселесін ғана ретгейді. «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» заңның 209-211-баптарында кеме ипотекасын белгілеудің, кеме ипотекасы нысаньш анықтау тәртібінің, кеме ипотекасын тіркеудің, кеме ипотекасымен қамтамасыз етілген талаптарды қанағаттандыру тәртібінің ерекшеліктері белгіленген, кеменің занды және шарттық кепілінің кепіл ұстаушылары құқықтарының коллизиялық мәселесі жөне басқа да бірқатар мәселелер шешілген. Сонымен қатар, бұл көрсетілген заң актісінде шарт жасасу, кепіл құқығын іске асыру, кепіл нысанын мәжбүрлеп сату мәселелері шешілмеген, жөне «Саудамен теңізде жүзу туралы» заңмен реттелмеген мәселелер бойынша теңіз кемелерінің, ішкі суда жүзетін кемелердің, «өзен-теңіз» жүзу кеме-лерінің ипотекасына АК-дағы кепіл туралы жалпы нормалар қолданылады.

АК-ның 299-бабының 3-тармаіына сөйкес «Сауда мақсатывда теңізде жүзу туралы» заң мемлекеттік тіркеуге жататын әуе және теңіз кемелерінің, ішкі суларда жүзетін кемелердің, «өзен-теңіз» жүзу кемелерінің кепілінің ерекшеліктерін, сондай-ақ түрғызыльш жатқан теңіз кемелерінің, ішкі суларда жүзетін кемелердің, «өзен-теңіз» жүзу кемелерінің кепілін белгілейтін бірден бір заң актісі емес, және мүндай ерекшелікгер әуе кемелерінің қүқықтық режимін реттейтін өзге де заң актілерімен белгіленуі мүмкін. Айта кететін бір жағдай  -әуе кемелері кепілінің ҚР Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының өуе кеңістігін және авиация қызметін пайдалану туралы» Заң күші бар Жарлығында жөне 2001 жылғы 15 желтоқсандағы «Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы» ҚР Заңында көрсетілген ерекшеліктері әуе кемелері кепілінің міндетті мемлекеттік тіркеуіне ғана қатысты, ол өуе кемелерін мемлекеттік тіркеу талаптарьшан жөне АК-ның 308-бабының 1-тармағынан орынды туындайды.

Кепілдің акцессорлық сипаты. Кепіл өзінен өзі болмайды, ол несие берушінің негізгі міндеггеме бойынша талаптарының қанағаттандырылуын қамтамасыз ету үшін керек. Сондықтан кепідде қосымша және тәуелді, акцессорлық сипат болады, және ол қамтамасыз етілетін міндеттемеден бүрьш туындай алмайды, ол тоқтағанда бұл да тоқтайды. Кепілмен қамтамасыз етілген міндетгеме бойынша несие берушіде екі талап болады: біреуі — қамтамасыз етілетін міндетгеме бойынша борышкерге талап, екішпісі — кепіл нысаны больш табылатын мүліктің кепіл берушісіне талап. Егер кепілге өткізілген мүлікті сатқаннан түскен ақша толық қанағатгандыруға жетпесе, оңца несие беруші, жалпы ереже бойынша, кепілге өткізілген мүліктің құны жаппаған бөлікті борышкердің орындауын, оның ішінде өндіртіп алуды борышкердің барлық мүлкіне аудару есебінен орындауьш талап етуге қүқылы.

Кепіл объектісі. Кепіл қатынасында көрсетілген борыш төленбеген кағдайда өндіртіп алуға жіберілуі мүмкін зат кепіл объектісі (кепіл құқығы) деп аталады. Егер оны кепіл жауапкершілігінің заты деп тасақ дәлірек болар еді, себебі кепіл беруші кепіл қатынастарынан ш жөне өз жауапкершілігіне алған міңдеттеме бойьшша сол атпен және оның құны шегінде жауаптылық көтереді. Заңнамада  құқық теориясыңца кепіл құқығының объектісі жай кепіл заты деп аталады.

Кепіл объектісі (заты) белгілі бір құндылығы, бағалылығы бар, не-згі міндеттеме орыңдалмаған жағдайда несие берушінің мүддесін санағатгаңдыра алатын кез келген мүлік бола алады. Сонымен, кепіл объектісі бола алатын мүлік ретінде заттарды, ақшаны, эның ішіңце шет ел валютасын, бағалы қағаздарды, жүмысты, қызметгі, армашылық интеллектуалдық қызметгің нәтижелерін, фирмалық атауларды, тауар белгілерін, кейбір даралау құралдарын, мүліктік құралды және «мүлік» ұғымына жататындардың барлығын алуға болады. Ескеретін бір жағдай — мүлік деп материадцық түрдегі қандай да бір жеке зат немесе құндылықтың қандай да бір жеке түрі ғана танылмайды. Мүлік деп қаңцай да бір субъективтік құқықтың объектісін де түсіну керек, ал ол объект мүліктің көптеген түрлерін бірікгіруі мүмкін, мысалы, заттар мен мүліктік құқықтар, олардың барлық жиынтықтары да мүлік — нақты субъективтік құқықтың объектісі болып табылады.

Жылжитын да, жылжымайтын да, пайдаланылатын да, пайдаланылмайтын да заттар, өдетге, кепіл объектісі ретінде алынады. Бөлінбейтін зат түтастай кепілге беріледі. Бөлінетін затгың бөлігі кепіл құқығының өзінше объектісі бола алады.

Ортақ меншіктегі заттар да кепіл объектісі бола алады. Мұндай мүлікті кепілге беру үшін оған ортақ мүліктің барлық меншік иелерінің келісімі керек. Сонымен қатар әрбір меншік иесі ортақ мүліктегі өз үлесін кепілге салуға құқылы. Ортақ үлесті меншіктің ортақ мүліктің өзі үлесіне шамалас бөлігін өзінің иеленуіне және пайдалануына алған қатысушысы ортақ меншіктің сол бөлігін кепілге өз бетінше беруге құқылы, себебі ол оны бөліп алуға не ортақ меншіктегі бүл бөлікті иелену және пайдалану қүқығын кепілге беруге қүқылы. Ортақ бірлескен меншіктің қатысушысы ортақ мүліктің тек «идеалдық» бөлігін — ортақ меншіктегі құқығын ұсынуға құқылы.

Кепілге салу үшін белгілі бір талаптар орындалған жағдайда ақша кепіл заты бола алады. Ақшаны кепіл заты ретінде пайдаланғанда ол банкке салынуы тиіс, бұл ақша кепілінің ерекшелігі, сондықтан мұндай кепіл кепілдің айрықша түріне жатады. Кепілге бергенде ақшаны банкке салудың қажеттігі оның жоғары өтімді мүлік ретіндегі қасиетінен, кепілге салғанда кепіл берушінің немесе ипотекада кепіл ұстаушының ақшаны пайдалануын шектеу мүмкін еместігінен, сондай-ақ ақшаны кепілге ұстаудың немесе ипотекасының мүмкін еместігінен туындайды.

Ақша кепілінде кепіл заты ретінде қолма қол ақшаның да (ақша белгілері), «қолма қол емес» акшаның да (банктердің өз клиенттерінің банк есепшоттары бойьшша жазбаша берген ақшалай міндеттемелері) пайдаланылуы мүмкін. Қолма-қол ақшаны банкке салғанда олар да «қолма-қол емес» ақшаға — банк міндетгемесіне айналады.

Банк есепшотының кепілін немесе банк салымын ақша кепілінен айыру керек. Банк есепшоты немесе банк салымы кепілінде кепіл беруші кепілге ақшаның өзін емес, банк есепшотының шарты немесе банк салымының шарты бойынша өз құқығын (талабын) береді. Банк есепшоты немесе банк салымы кепілінің өзге міндетгемелік мүліктік құқық кепілінен, мысалы, жалдау құқығының кепілінен еш айырмашылығы жоқ. Банк аккредитивін — белгілі бір мән-жайларда немесе аталып көрсетілген құжаттарды ұсынғанда банктің ақша төлеу міндеттемесін беруі де ақша кепіліне жатамайды. Аккредитив қамтамасыз етудің өзінше бөлек төсілі болып табылады.

Ақшаны қамтамасыз ету заты ретінде пайдаланудың өзгедей шарттық және заңнамада көзделген тәсілдерін ақша кепілінен ажырату керек. Мысалы, ақша қамтамасыз етудің кепіл мүлкін АК-ның 319-бабының 4-тармағына сәйкес сату кезінде саудаға қатысудың кепілдік жарнасы, АК-ның 915-бабының 6-тармағына сәйкес конкурстық міндеттемелердің кепілдік жарнасы ретінде пайдаланылады. Бұл мысалдар сияқты кепілдік жарнасы, қамтамасыз ету тәсілі ретінде, өзге жағдайларда да пайдаланылуы мүмкін.

Кепілге қарағанда, кепілдік жарнада ақша несие берушіге негізгі міндеттеме бойынша беріледі, ал ол негізгі міндеттеме орындалмаса қайтарылмай қалады.

Қамтамасыз ету заты ретінде ақша қамтамасыз етудің кепілзат сияқты дәстүрлі тәсіліңде де пайдаланылады. Кепілге қарағанда, кепілақының ақшалай сомасы, кепілдік жарнадағы сияқты, негізгі міндеттеме бойынша несие берушіге тікелей беріледі.

Ақша кепілінен әртүрлі ақылы шарттардан алынатын ақша талаптарын қамтамасыз ету заты ретінде пайдалану жағдайын да ажыратқан жөн. Ақша талаптары кепіддің өзінше бөлек заты ретінде болуы (мүліктік құқықтар кепілінің бір түрі), сондай-ақ олардың қамтамасыз ету тәсілінің кепілге қарағанда басқа тәсілдері бойынша пайдаланылуы мүмкін, мысалы, клиенттің қаржы агенті алдында міндеттемесін орындауын қамтамасыз ету мақсатында ақша талабынан бас тартуды көздейтін (факторинг) қаржыландыру шартында пайдалану.

Мүлікті жалдағанда оның қайтарылуын қамтамасыз ету үшін ақша пайдаланылатын жағдайлар кепілге жатпайды (спортинвентарды жалға алу, кассеталарды жалға алу, кітапханадан кітап алу, т.б.) Қамтамасыз етудің мұндай тәсілдері, олар кейде «кепіл ақша» немесе «кепіл сомасы» деп аталғанымен, шартта көзделген кепіддік жарнасына жатады. Мұндай ақшамен қамтамасыз ету кепіл деп танылуы үшін акдіа банкке салынуы тиіс. Қамтамасыз ету ретінде ақшадан басқа мүлік қалдыру, тараптардың келісіміне қарай, кепілақы, мүлікті ұстап қалу немесе қамтамасыз етудің басқа шартгық тәсілі болуы мүмкін. Борышқор жайында ақпарат көзі болудан басқа немесе борышқор үшін несие берушіні міндеттеменің орындалатынына сендіретін айрықша қүндылығьшан басқа ешқандай материалдық құндылығы жоқ жеке құжатты қамтамасыз ету ретінде қалдыру міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің азаматтық-құқықтық тәсілдеріне жатпайды.

Кепіл нысанын несие берушінің талаптарын қанағаттандыру үшін сату қажеттігі кепілге берілген нәрсенің иеліктен шығарылу мүмкіндігін көздейді. Сондықтан да кепіл нысаны ретінде өзінің табиғи құндылығымен қатар кепіл ұстаушының өндіріп алуды соған аударғанда сатуға болатындай нәрсе берілуі тиіс. Бұл талап ақшаға таралмайды, себебі оны сатудың қажеттігі жоқ, өндіріп алуды оған аудару оның өз құнымен тең болады. Ақшаның ол ережеге кірмеуі оның мүліктің айрықша түрі — белгі қойылған нәрсе екендігінде, оның құндылығы әлеуметтік функциямен анықталады жөне ол нәрсенің талап ету қүқығына ие екендігінен туындайды.

Кепіл нысанын сатудың қажеттігі кепіл құқығының объектісі ретінде айналым қабілеті бар мүлікті пайдалануды керек етеді. Иеліктен алудың мүмкін еместігі азаматтық айналымнан шығып қалған мүлікті, сондай-ақ кепіл үстаушының талабы бойынша өзіне өндіртіп алуды аударуға болмайтын мүлікті кепіл объектісі бола алатын мүліктер қатарынан шығарады. Сондықтан, айналымнан шығып қалған заттармен қатар, азаматгық заң актілеріне (мысалы, 1998 жылғы 30 маусымдағы «Орындаушылық іс жүргізу жөне сот орындаушыларының мәртебесі туралы» ҚР Заңының 39,62-баптарына) сәйкес өндіртіп алуды аударуға жол берілмейтін мүліктер кепіл нысаны бола алмайды.

Шектеулі айналым қабілеті бар мүлік, олардың мүліктік айналымын құқықтық реттеудің ерекшелікгері ескеріліп, кепіл нысаны бола алады, атап айтқанда, кепіл нысанына өндіргіп алуды аударғанда овдай мүлікті иеленушіге не оны мамандандырылған сауда ұйымдары арқылы сату процедурасына қойылатын талаптар ескеріледі.

Кепіл туралы және кепіл нысаны туралы заңнамада мүліктің кейбір түрлерінің кепіліне заң актілері арқылы тыйым салу немесе шек қою мүмкіндігі туралы ереже бар. Бұл ереже заң актісі бойынша кез келген нәрсенің кепіліне тыйым сала алады, себебі мүлікті кепіл нысаны ретінде пайдалануға тыйым салудың немесе шек қоюдың негізге алынатын критерийлері белгіленбеген. Мұндай тыйым салу немесе шек қою тек заң актілерімен ғана белгіленеді.

Жеке мүліктік емес игіліктер мен құқықтар: өмір, денсаулық, ар-ождан, жақсы атақ, іскерлік бедел, жеке өмірге қол сұғылмайтындық, жеке және отбасы құпиясы, есімге құқық, авторлыққа құқық, шығармаға қол сұғуды болдырмайтын құқық және басқа материалдық емес құқықтар мүлікке жатпайды және кепіл нысаны бола алмайды.

Кепіл қатынастарының тараптары. Кепіл қатынастарына кемінде екі адам — кепіл үстаушы және кепіл беруші қатысады.

Кепіл ұстаушы, әдетге, негізгі камтамасыз егілетін міндеттеме бойынша несие беруші болады. Негізгі міндеттеме бойынша несие берушінің ауысуы, егер алғашқы жөне жаңа несие берушілер арасында құқық ауысқанда басқадай айтылмаса немесе заң актілерінде өзгедей белгіленбеген болса, әрқашанда кепіл ұстаушының құқықтарының жаңа несие берушіге ауысуына әкеп соғады.

Кепіл беруші негізгі қамтамасыз етілетін міндетгеме бойынша борышкер де, заттық кепіл болушы ретіңцегі үшінші жақ та бола алады.

Кепіл ұстаушыға қойылатын басты талаптардың бірі — ол кепілге берілген нысанның меншік иесі болуы тиіс немесе ол нысанды кепілге беруге мүмкіндік беретіндей онда өзгедей заттық құқық болуы тиіс, не, мүліктік қүқықты кепілге салғанда (мысалы, интеллекгуалдық меншікке жататын не тауарлар беру, жұмыс орындау, қызмет көрсету жөніндегі міндеттемелік қатынастардан туывдайтын және т.б.) сол мүліктік құқықтың иесі болуы керек.

Жалпы ереже бойынша, затты кепілге беруші оның меншік иесі болуы, ал мүліктік қүқықты кепілге беруші оның қүқық иеленушісі болуы тиіс, сонда ғана бөтен мүліктің кепілге берілуіне мүмкіндік болмайды. Кей жағдайларда меншік иесі не құқық иеленуші үшінші жаққа өз мүлкін, сол мүлікті басқаруға сенімхат беру арқылы, затты немесе басқадай мүлікті кепілге салуға құқық береді, нәтижесінде өкілдік қатынас туындайды, бүл ретте де кепіл нысанының меншік иесі немесе қүқық иеленушісі бәрі бір кепіл беруші болып қалады.

Мемлекеттік кәсіпорынның негізгі қорына жататын мүлікті кепілге беру меншік иесі болып табылатын мемлекеттің келісімімен уәкілетті мемлекеттік органның келісімі түрінде болады.

Кепілдің туындауының негіздері. Жалпы ереже бойынша, кепілдің туындауының негізі шарт болып табылады. Кепілдің өзіндік ерекше құқықтық реттеумен туындауының айрықша жағдайына оның оқиға немесе өзге заңдық факты болғанда туындауын жатқызуға болады, бұл ретте несие берушінің кепіл құқығының туындауы да солармен байланысты. Заң актілерінің негізінде туындаған кепілді құқықтық реттеудің ерекшелігі екі аспектіде көрініс табады.

Біріншіден, кепіл заң актісінің негізінде туындауы үшін заң актісі кепіл құқығының туындауына негіз болатын оқиғадан басқа, онда, қандай мүлік қандай міндеттемені қанағаттандыру үшін кепілге берілетіндігі көзделуі тиіс. Екіншіден, шарт негізінде туындайтын кепіл туралы ереже, егер заң актілерінде өзгедей белгіленбеген болса, заң актілері негізінде туындайтын кепілге де қолданылады. Яғни заң актісінде кез келген өзге ереже және Азаматтық кодекске немесе Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы Жарлыққа сәйкес кепілді құқықтық реттеуден өзгеше кез келген мәселе көзделуі мүмкін.

Мысалы, кепіл берушіге орнына басқа мүлік беріп кепіл нысанын мемлекет қажеттілігі үшін алып қою, ол нысанды реквизициялау немесе ұлт меншігіне алу заң актісі негізінде кепілдің туындауының мысалы бола алады. Бұл ретте орнына берілген мүлікке кепіл құқығы АК-ның 324-бабына сәйкес туындайды. Занды кепілдің тағы бір мысалы ретінде, жоғарыда аталып өткендей, кеме (түрғызыльш жатқан кеме) кепілін алуға болады, оның қүқықтық реттелуі «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Заңда көзделген.

Кепіл туралы шарт. Кепіл туралы шарттың мазмұны үшін қажетті елеулі жағдайларға, жалпы ереже бойынша, кепіл нысаны туралы талап, оны бағалау, кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеменің мәні, мөлшері, және орындалу мерзімі, сондай-ақ кепілге салынған мүліктің тараптардың қайсысында екенін көрсету және оны кепіл туралы шарт күшінде болған кезде пайдалануға болатындығы жатады (АК-ның 307-бабы).

Кепіл нысаны туралы талапта нақты мүлікті кепіл нысанына жатқызу үшін қажетті ақпараттар болуға тиіс. Мысалы, кепіл нысаны ретінде жеке — белгілі бір нәрсені пайдаланғанда қандай нақты заттың кепілде екендігін анықтауға мүмкіндік беретіндей барлық ерекше белгілер керсетілуі тиіс.

Тектік белгілерімен анықталатын нәрселерді кепілге өткізгенде тектік белгілер, сондай-ақ кепіл заттың қай жерде тұрғандығын біддіретін қажетгі мәліметтер немесе нақты мүлікті кепіл нысаны ретінде анықтауға мүмкіндік беретін өзге мәліметгер көрсетіледі, мысалы астықты кепілге бергенде — оның сорты, астық қоймасының түрған жері мен реквизиттері, астықты қоймада сақтау шартының елеулі талаптары көрсетіледі. Мүліктік құқықты кепілге салғанда — міндетті адам, мүліктік құқықтың туындау негіздері туралы қажетті деректер, атап айтқанда — реквизиттер, шарттың елеулі талаптары немесе заңдық факты жайындағы қажетті деректер — кепілге өткізілген мүліктік құқықтың туындау негіздері көрсетіледі.

Айта кететін бір жағдай — кепіл нысанын бағалау оның нақты құнының жорамалы ғана, ол уақыт өткен сайын өзгеруі мүмкін (кейбір себеіптермен ұлғаюы немесе кемуі мүмкін). Сондықтан, өндіріп алуды кепіл нысанына аударғанда тараптар алғашқы бағаға жүгінбейді, себебі кепіл нысанының нақты құны мүліктің сондай түрлерінің өндіріп алу кезіндегі құнынан тұрады. Сондықтан да, кепіл мүлкіне өндіріп алуды қолданған тараптардың әрқайсысы оның құнына дау айта алады.

Жылжымайтын мүлік кепілін құқықтық реттеудің ерекшелігі сонда, тараптардың келісімімен жылжымайтьш мүліктің кепілі туралы шартта бағалауды елеулі деп қарау көзделгенмен, ондай бағалаудан бас тарту жағы да қарастырылған. Жылжымайтын мүліктің ипотекасы туралы заңнама жылжымайтын мүлікте әрқашанда белгілі бір құн және құндылық бар, сондықтан да жылжымайтын мүлік кепілі туралы шарт үшін бағалау туралы талаптың қажеті жоқ екендігіне сүйенеді.

Кепіл туралы шарттың кепілге салынған мүліктің тараптардың қайсысында екендігін көрсететін жағдайы кепіл түрін — ипотеканы, кепілақыны, мүлік құқығының кепілін анықтау үшін керек. Кепіл түрін анықтаудың маңыздылығы бар, себебі кепілдің әрбір түрінде кепіл ұстаушының құқықтарының шегін, кепіл мүлкін сақтаудағы тараптардың міндеттемелерін, сондай-ақ тараптардың сол мүлік жойылған, жоғалған немесе бүлінген жағдайда жауапкершілігі мен қауіптерін анықтауда ерекшелікгер бар.

Кепіл туралы шарттың күшінде болу кезеңінде кепілге салынған мүліікгі пайдалануға жол беру туралы жағдай, әрине, елеулілер қатарьша жатпайды, себебі заңнамада кепіл нысанын ипотека және кепілақы үшін пайдалану тәртібін реттейтін нормалар бар. Сонымен қатар, мүліктік қүқықтың кепілі үшін, сондай-ақ, шарт талаптарынан оның кепілақы немесе ипотека екенін дәл анықтау мүмкін емес жағдайларда, кепілдің күші бар кезеңде кепіл мүлкін пайдалануға жол беру туралы жағдай кепіл туралы шарттың елеулі жағдайларына жатады, және осы шарт негізінде кепіл құқығының табысқа және кепіл мүлкін пайдаланудан түскен өзге есімге таралу шегі, тараптардың кепіл мүлкінің жойылуы, жоғалуы немесе бүлінуі үшін жауапкершілігі, сондай-ақ тараптардың өзге құқықтары мен міндеттері анықталады.

Кепіл туралы келісімнің формасы. Кепіл туралы шарт жазбаша формада жасалуға тиіс. Жазбаша формада жасалмаған кепіл шартты заңсыз деп танылады.

Қазіргі кезде кепіл туралы шартты нотариалдық куәландыру қажет емес. Бірақ кепіл туралы шартгың тараптары өзара келісіп кепіл туралы шарттың жай жазбаша формасын емес, нотариалдық формасын тандауы мүмкін, бүл, көбіне, азаматгар қатысқан кепілді ресімдегенде қолданылады. Тараптар кепіл туралы шарттың нотариалдық формасына келісіп, бірақ оны сақтамаса, шарт заңсыз болып танылады.

Ортақ меншіктің, әсіресе мемлекеттік тіркеуге жататын меншіктің қатысушыларының келісімін ресімдеудің бірқатар ерекшеліктері бар. АК-ның 304-бабына сәйкес, ортақ (үлесті немесе бірлескен) меншік болып табылатын мүлікті кепілге салу барлық меншік иелерінің келісімін керек етеді, ал АК-ның 220-бабының 3-тармағына сәйкес, кепіл заты болып табылатын және мемлекетгік тіркеуге жататын (әуе, теңіз кемелері және т.б.) бірлескен меншікке қатысушылардың келісімі нотариалдық куәландыруды талап етеді. Ал, кепіл туралы шартгың өзі, АК-ның 307-бабының 2-тармағына сәйкес, міндетті нотариалдық куәландыруды керек етпейді. Ал, практикада ортақ меншік болып табылатын мүлікті (көбіне, ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін) кепілге салғанда шарт нотариалдық формада жасалады (мүлік мемлекеттік тіркеуге жатпаса да), бұл ретте ортақ меншік иелерінің кепілге келісімін куәландыру ондай шарттың талаптарының бірі болып табылады.

Кепілді тіркеу. Жалпы ереже бойынша мемлекеттік тіркеуге жататын мүліктің кепілі мұндай мүлікті тіркеуді жүзеге асыратын органда тіркелуі тиіс. Атап айтқанда, кепілге салынғандығы жылжымайтын мүлікті тіркеуді жүзеге асыратын органдарда тіркелуге жататын жылжымайтын мүлікті және олармен мәмілені тіркеу заңнамада көзделген. Ондай кепілді тіркеудің оның заңды болуы үшін құқықтық маңызы бар. Жылжымайын мүліктің кепілін тіркеу жөніндегі талаптарды орындамау кепіл туралы шарттың заңсыз деп танылуына әкеп соғады, ол тікелей заңнамадан туындайды.

Кейбір жағдайларда ғана болмаса, жылжитын мүлік міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайды. Олардың ішіндегі тіркеуге жататындары — жылжымайтын мүлікке теңестірілгендер (ғарыш объектілері, әуе және теңіз кемелері, суларда жүзетін кемелер, «өзен-теңіз» жүзетін кемелер) және айналым қабілеті шектелген немесе қауіптілігі жоғары объектілерге жататын кейбір өзге жылжитын заттар. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжитын мүліктің кепілін тіркеу жөніндегі талапты сақтамаудың құқықтық маңызы жылжымайтын мүліктің кепілін тіркегендегі сияқты. ҚР Президентінің 1995 жылғы 20 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» заң күші бар Жарлығына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы «Азаматтық авиацияны мемлекетгік реттеу туралы» Заңьша және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 17 қаңтардағы «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» Заңына сәйкес тек әуе, теңіз және езен кемелері ғана емес, оларға қатысты мәмілелер де мемлекеттік тіркеуге жатады. Сондықтан, АК-ның 155-бабының нормалары ескеріліп және көрсетілген арнайы заң актілерінде қандай да бір ерекшеліктер болмағандықтан, өуе және теңіз кемелерінің, ішкі суларда жүзу кемелерінің, «өзен-теңіз» жүзу кемелерінің кепілі кепіл туралы шарт тіркелген кезден бастап ғана жасалды деп саналады.

Мемлекеттік тіркеуге жататын өзге жылжитын мүліктің кепіліне қатысты, егер заң актілерінде өзгедей көзделмесе, кепіл туралы шартты тіркеген кезден бастап оларды жасау презумпциясы күшіне кіреді.

Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 маусымдағы Жылжымайтын мүлікті тіркеу жөніндегі Заңы қабылданғаннан бастап міндетті тіркеуге жатаайтын жылжитын мүлік кепілін тараптардың келісімімен тіркеу тетігін құрылды. Мүндай тіркеудің қүқықтық маңызы сонда, ол — белгілі бір адамның жылжитын мүлкінің кепілі туралы ақпараттың үшінші жақ үшін, оның ішінде мұндай адамның мүлкін кепілге қабылдау мүмкіндігі туралы мәселелерді шешу үшін жариялынында, алуға оңайлығында, бұрынғы жөне алдыдағы кепіл ұстаушылардың құқықтарының, кепілдегі мүлікті өндіріп алуға айналдыруға заңды құқығы бар кепіл ұстаушылар мен өзге адамдардың құқықтарының басымдылығын анықтауда көрініс табады. Жылжитын мүліктің кепілін бұлай тіркеу құқық коллизиясы туралы дауды шешкенде дәлелдемелік функция атқаруы мүмкін, себебі өндіріп алушы бұл мүліктің кепілі туралы білмеуі және кепіл үстаушының мүдделері мен құқықтары ескерілмей өндіртіп алынғанда адал әрекет етуі мүмкін. Жылжитын мүліктің кепілін тіркегенде өндіріп алушының адал еместігін, әрине, болжамданады, себебі оның кепіл туралы білуіне, міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымалы мүлік кепілдерінің жария тізбесінен ақпарат алуына болады.

Егер тараптар мүндай жылжитын мүлік кепілін тіркеу туралы келісімге келсе, онда тіркеу туралы жағдай шарттың елеулі жағдайына айналады. Тіркеу жасамау, бұл жағдайда, кепіл туралы шарттың заңсыздығына әкеп соғады, бірақ ол тіркеу талаптарын бұзғандықтан емес, шарттың елеулі жағдайларын бұзу негізінде болады.

Бұл заң, сондай-ақ, жылжитын мүлікті кепілге қайта салуға тыйым салу туралы жағдайлар көзделген сол мүліктің кепілі туралы шарттың міндетті түрде тіркелуін қарастырады. Бұл шартты тіркеу туралы ережені бұзу тыйым салу туралы талаптарды заңсыз етеді, бірақ жалпы кепіл туралы шарттың заңсыз деп танылуына ықпал етпейді.

Кепілдің субъективтік құқығы. Кепіл құқығы кепіл құқық қатынастарында ең басты рөл атқарады. «Кепіл құқығы», біздің пікірімізге, кепіл ұстаушының, оған кепіл нысанының сақталуын қамтамасыз ету үшін берілген мүліктік құкықтарының жиынтығын құрайды. Сонымен қатар, кепіл құқығының құрамына кепіл ұстаушының борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамағанда өндіріп алуды кепіл мүлкіне аудару құқығы кіреді. Егер, кепіл туралы шартта кепіл ұстаушыға кепілдегі мүлікті өз бетімен сату құқығы берілсе, онда кепіл құқығы мүлікке шекгеулі билік ету құқығын — несие берушінің қамтамасыз етілетін негізгі міндеттеме бойьшша талаптарын борышкер орындамаған жағдайда кепіл мүлкін сату құқығын қамтиды.

Тіркеуге жататын мүлікті кепіл нысаны ретінде пайдаланғанда, жалпы ереже бойынша, мүндай мүлікінің кепілі туралы шарт тіркелген кезден бастап кепіл құқығы туындайды, кепілақыда — мүлікті кепіл ұстаушыға берген кезден, ипотекада жөне мүлік кепіл ұстаушыға берілмейтін кепілдің басқа түрлерінде — кепіл туралы шарт жасалған кезден бастап туындайды. Кепіл туралы шартта кепіл құқығы туындауының өзге де тәртібі көзделуі мүмкін, мысалы, тараптар кепіл ұстаушыға берілетін мүлікке кепіл құқығының шарт жасалған кезден бастап таралуы туралы келісуі мүмкін. Сонымен қатар, жалпы ережелердің императивтігіне байланысты, кепіл туралы мәміле тіркелген кезден бастап кепілдің пайда болуына қатысты кейбір мәселелер шартта өзгеше шешімін табуы мүмкін емес, мысалы, мүліктің кейбір түрлерін немесе олармен мәмілелерді міндетті мемлекеттік тіркеу туралы жалпы императивтік ереже болса, онда кепіл құқығы шарт тіркелген кезден бастап ғана туындай алады.

Кепіл құқығының туындауы туралы ережені қолданғанда кепілмен тек заңды талаптардың ғана қамтамасыз етілетіндігін ескеру керек. Сондықтан, борышкердің кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттемесі (несие беруші талабы) әлі туындамаған болса, онда кепіл туралы шарттың жасалғанына, тіптен оның тіркелгеніне немесе кепіл нысанының кепіл ұстаушыға беріліп қойғанына қарамастан, кепіл құқығы да туындай алмайды. Несие берушінің қамтамасыз етілетін талаптары туындағанша және занды болғанша кепіл туралы шартта алдын ала шарт сипаты болады, одан өзінше тиісті салдарлар туындайды.

Кепіл құқығының туындау ережесін қолдануды шектейтін басқа да мән-жайлар бар — кепіл нысанының заттай болмауы немесе жалпы ереже бойынша кепіл құқығының туындауымен байланыстырылған кезге кепіл ұстаушыда кепіл нысанына меншік (шаруашылық жүргізу) құқығының болмауы. Мұндай жағдай кепіл туралы шартта кепіл құқығы меншікке немесе шаруашылық жүргізуге келешекте келіп түсетін мүлікке таралғанда мүмкін болады. Кепіл нысаны зат түрінде пайда болғанша немесе ол кепіл ұстаушының меншігіне немесе шаруашылық жүргізуіне келіп түскенше кепіл құқығы тараптар кепіл туралы шарт жасасқан жағдайда да туындамайды. Кепіл туралы шартқа алдын ала шарт белгілері тән болады. Мысалы, үй салуға тұтыну несиесін алып, несие қаражатына тұрғызылып жатқан үйге тараптар кепіл қүқығын таратса, кепіл құқығы құрылыс аяқталған, үй жылжымайтын мүлік объектісі ретінде тіркелген және жылжымайтын мүлік ипотекасы тіркелген кезден бастап ғана туындайды.

Бұл көрсетілген жағдай үшін ең қолайлы кепіл түрі — кепіл құқығы келешекте алынатын құрылыс материалдарына таралатын айналымдағы тауарлар кепілі (дәлірек айтқанда — өндеудегі тауарлар кепілі).

Тараптар несие жасасқан кезден бастап қарыз ақшаға алынатын құрылыс материалдарына кеиіл қүқығы таралады, оларды алған кезден бастап өндеудегі тауарларға кепіл құқығы туындайды, себебі құрылыс материалдары үйдің құрылысына пайдаланылатын болады, ал үй тұрғызылып және жылжымайтьш мүлік ретінде тіркелген кезден бастап кепіл құқығы үйге де таралады.

Айналымдағы тауарларға кепіл құқығы, біздің ойымызша, кепіл ұстаушының кепілдерді жазу кітабы бойынша да, кепіл мүлкінің нақты бар екендігін, мөлшерін, күйін және сақтау жағдайын былайша да тексеру құқығын, сондай-ақ кепіл ұстаушының кепіл заттарын көптеген заңгерлер сын айтқанмен, мұндай пікірлер заң әдебиетінде айтылды. Мысалы, Г.Ф. Шершеневич алдын ала шарт деп болашақ міндеттемені камтамасыз етудегі кепіл болушылықты, ақша қаражаты берілгенге дейін несие ашу шартын жөне т.б. қарастырды. Қараңыз: Г.Ф. Шершеневич. Учебник русского гражданского права, М.: СПАРК. 1995. 311-6. ауыстыру жөніндегі шарттарды және ол затгардың жалпы қүнын сақтаудағы міндетін қамтиды.

Айналымдағы тауарлар кепілінде кепіл құқығының құрамына, сонымен қатар, кепіл беруші айналымдағы тауар кепілін бұзған жағдайда кепіл үстаушының айналымдағы тауарлармен операцияларды тауарларға өз белгілері мен мөрлерін салу (айналымдағы кепіл тауарын «қатты кепілге» айналдыру) арқылы тоқтата тұру құқығы, сондай-ақ борышкер кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамаған жағдайда, жалпы ереже бойынша, айналымдағы тауарлармен операцияларды тоқтатуы және кепілге салынған мүлікті өндіртіп алуға аударуы кіреді.

Айналымдағы тауарларға кепіл құқығы кепіл нысанына шарт жасалған кезден бастап туындайды, ал кепіл нысанын белгіленген тәртіпте ауыстырған жағдайда — кепіл берушіде ауыстырылған нысанға менішгін немесе шаруашылық жүргізу құқығы туындаған кезден пайда болады.

Кепіл нысанын жоғалту немесе оның толық бүлінуі кепіл құқығын тоқтатады, себебі жоқ нәрсеге кепіл болмойды, және бұл мән-жай негізгі міндеттеменің зандылығына еш әсер етпейді. Мұндай ереже мүліктік құқыққа қатысты да бар — мүліктік құқықтың мерзімнің өтуіне байланысты тоқтауы, мысалы, кепілдің тоқтауына әкеп соғады, себебі күшін жоғалтқан мүліктік құқыққа да кепіл болуы мүмкін емес.

Егер кепілге салынған мүлік сақтандырылған болса, кепіл құқығы басқа құқыққа алмастырылады — кепіл ұстаушы мұндай жағдайда, заң актілерінде белгіленгеннен алып тасталатындарды қоспағанда, кепіл мүлкінің жоғалғаны немесе бүлінгені үшін сол мүліктің (кепіл берушінің) сақтандыру өтемі есебінен қанағат алуға құқылы.

Кепіл ұстаушының және өзге де адамдардың кепіл нысанына құқықтарының қиғаштығы. Кепіл борышкер міндеттемені орындамаған жағдайда өндіртіп алуды аударуға болатын арнайы мүлік бөлу жолымен несие берушіде, басқа несие берушілерге қарағанда белгілі бір артықшылық туғызып міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етеді. «Басқа несие берушілер» деп кепіл берушінің несие берушілерін түсіну керек. Кепілді борышкердің өзі емес, үшінші жақ белгілеген жағдайда, борышкердің басқа несие берушілері кепіл мүлкін өңдіртіп алуға аудара алмайды.

Кепіл ұстаушының озге несие берушілер алдындағы артықшылық кұқығы кепіл ұстаушының және кепіл берушінің өзге несие берушілерінің құқықтарының қиғаштығында кепіл ұстаушының құқықтарының басымдылығын білдіреді. Қазіргі кезде кепіл ұстаушының (кепілге несие берушінің) құқығының артықшылығы бар екендігі даусыз, бірақ АК-да кепіл ұстаушы кепілге салынған мүліктің құнынан, белгіленген алып тасталынатындарды қоспағанда, басқа несие берушілер алдында артықшылықпен қанағат алады деп көрсетілген.

АК-ның 299-бабының 1-тармағының алшиқы редакциясында кепіл ұстаушы «заң актілерінде белгіленген алып тасталынатындарды қоспағанда» басқа несие берушілер алдында артықшылыққа ие делінген. Осыған сәйкес альш тасталынатындарды заң акгілері белгіледі. (Орьшдаушылық іс жүргізу туралы заң, Банкроттық туралы заң және т.б.). 1998 жылғы 2 наурыздағы заңмен бұл бапқа өзгертулер енгізілді, оған сәйкес кепіл ұстаушы құқығының өзге несие берушілер алдындағы артықшылығынан алып тасталынатындарды тек АК белгілейді. Дегенмен бұл норма өзге заң актілерімен қайшылықта болады, ол қайшылық кодекстер бір деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды шешу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық акгілер туралы Заңның 6-бабының нормаларына сәйкес басқа заң актілерімен иерархияның бір деңгейінде болған жағдайында туындаған. АК нормалары мен басқа заң актілерінің, мысалы, Банкроттық туралы заң, Орындаушылық іс жүргізу жөне сот орындаушыларының мәртебесі туралы заң нормалары арасында қайшылық болса, онда кейінірек қабылданған акт нормаларының басымдылығы болады, ол кепіл ұстаушының артықшылық құқығынан альш тасталынатынды тек АК-ның белгілеуі мүмкін екендігі туралы норманы жоққа шығарады.

Кепіл ұстаушының артықшылық құқығынан алып тастау мәселесі бойынша елеулі өзгерістер Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 қазандағы «Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Заңына сәйкес нормативтік құқықтық актілер иерархиясында АК-ның орнының өзгеруіне байланысты болды, онда кодекстерге нормативтік құқықтық актілер иерархиясында жоғарырақ деңгей берілді. Бұл ретте, кодекске қарағанда басымдылық тек Конституцияға, сондай-ақ конституциялық заңдар мен Қазақстан Республикасы Президентіінің конституциялық заң күші бар Жарлықтарына өзгертулер мен толықтырулар енгізетін заңдарға ғана берілген.

АК нормалары мен заң актілері иерархиясында төмен тұрған өзге нормалар (мысалы, Банкроттық туралы заң, Орындаушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы заң, Акционерлік қоғам туралы заң) қиғаштығында АК-ның нормативтік құқықтық актілер иерархиясындағы орнының өзгеруіне байланысты Нормативтік құқықтық актілер туралы заңның 6-бабының 1-тармағына сәйкес жоғарырақ деңгейдегі нормативтік құқықтық актіде, яғни АК-да басымдылық болады. Сондықтан, АК-ға жоғарылау деңгейі берілгендіктен кепіл ұстаушының артықшылық құқығынан алып тасталынатындарды тек АК ғана белгілейді, ал басқа заң актілері бойынша алып тасталынғандардың барлыгы заңсыз және күшінде емес, себебі оңцай алып тасталыну АК-да көзделмеген.

Кепіл ұстаушының құқығының сөзсіз артықшылығы АК-да ол үшін алып тасталынатындардың заңды тұлғаның өз еркімен тарауына және белгілі бір несие берушілердің талаптарын АК-ның 1080-бабына сәйкес мұрадан қанағаттандырумен байланысты толық тізімі көзделгендіктен туындайды.

Кепіл ұстаушының артықшылық құқығынан алып тасталынатындардан кепіл міндеттемесінің жеке кәсіпкердің банкрот болуымен немесе кепіл берушінің — заңды тұлғаның банкрот болуымен байланысты тоқтауын ажырату керек, соңғы жағдайда кепіл құқығы тоқтайды жөне кепіл ұстаушының өзге несие берушілермен құқықтарының қиғаштығы болмайды, несие берушілердің банкротқа талаптарын қанағаттандырғанда белгілі бір кезектіліктегі несие берушілерінің құқықтарының қиғаштығы болады.

Заңды тұлға өз еркімен тарағанда оның барлық несие берушілердің талаптарын қанағаттандыруға жететін ақшасы болса кепіл міңдеттемесі күшін сақтайды, ал кепілге салынған мүлік басқа несие берушілердің талаптары бойынша өндіртіп алуға айналмайды. Ақша, таратылған заңды тұлғаның несие берушілерінің талаптарьш қанағаттандыруға жетпейтін болса, онда кепіл ұстаушы мен таратылатын заңды тұлғаның мүлкінің меншік иесінің функциясын жүзеге асырушы тарату комиссиясы құқықтарының қиғаштығы болуы мүмкін. АК-ның 50-бабының 5-, 6-тармақтарына сәйкес бұл ретте тарату комиссиясы занды тұлғаның кез келген мүлкін, оның ішінде кепілге салынғанын да ашық саудамен сатуға және таратылатын заңды тұлғаның несие берушілерінің талаптарын белгіленген кезекпен қанағаттандыруға құқылы. АК-ның 315-бабының кепіл ұстаушы мен кепіл беруші құқықтарының қиғаштығы мәселесін шешетін 2-тармағының диспозитивтігінен және АК-ның 50-бабы 5-тармағының императивтігінен соңғы нормада басымдылық болады, және құқықтардың бұл көрсетілген қиғаштығында кепіл ұстаушы құқығының басымдылық күші жойылады, ал тарату комиссиясы кепіл мүлкін сатуға және кепіл ұстаушының талаптарын белгіленген кезекте қанагаттандыруға құқылы. Тарату комиссиясы кепілдегі мүлікті ашық саудада сатқанда кепіл міндеттемесі, жалпы ереже бойынша, АК-ның 322-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес тоқтайды, ал кепіл ұстаушы таратылатын заңды тұлғаның барлық мүліктерінің есебінен өз талаптарын белгіленген кезекпен қанағаттандыруға құқық алады. Кепіл ұстаушы, сонымен қатар, кепіл нысанының кепіл туралы шарт жағдайына сәйкес болмай шығып қалуына байланысты қамтамасыз етілген міндеттеменің мерзімінен бүрын орындалуын талап етуге құқылы.

Сонымен қатар, тарату комиссиясы өзге несие берушілердің  талаптарын қанағаттандыруға басқа мүлік жеткілікті болса өтеуді кепіл мүлкіне аудармауға құқылы, бұл ретте кепіл құқығы күшін сақтайды. Тарату комиссиясының шешімі бойынша жөне таратылатын заңды тұлғаның аралық немесе ақтық балансына сәйкес кепілге салынған мүлік тек кепіл ұстаушының талаптарын қанағаттандыру үшін сатылуы не кепілге салынған мүлік таратылатын заңды тұлғаның құқық мирасқорына берілуі немесе кепіл құқығын сақтап оны үшінші жақтың иеліктен шығаруы мүмкін. Соңғы жағдай кепіл мүлкін жеке тәртіпте, ашық сауда жүргізбей-ақ сатқан реттерде де болады. АК-ның 50-бабының 4-тармағы нормаларының сөзсіздігіне байланысты занды тұлға өз еркімен тарағанда кепіже салынған мүліктің тағдырын шешу тарату комиссиясының құзыретше жатады, оның құқығы болып табылады.

АК-ның 1080-бабына сәйкес, мұра қалдырушының қайтыс болар алдындағы науқасы туғызған қажетгі шығындарды, мұра қалдырушыны жерлеуге кеткен шығындарды, мүраны қорғауға, басқаруға, өсиетті орындауға, сондай-ақ өсиетгі орындаушыға немесе мұраны сенімгерлікпен басқарушыға сыйақы төлеуге байланысты шығындарды өтеуге мұра жеткіліксіз болса, бұл шығындардың орнын толтыру үшін өндіру мүра құрамындағы кез келген мүлікке, оның ішінде, кепілдегі мүлікке түсуі мүмкін. Бұл норманы іске асырарда мұрагерлік мүлікті АК-ның 1080-бабында көзделген шығындардың орнын толтыру үшін сатуда кепіл ұстаушының құқығы мен мұраға билік етушінің (мұрагер, өсиетгі орындаушы, сенімгерлікпен басқарушы және т.б.) құқығының қиғаштығы туындайды. Бұл ретте мүраға билік етуші іс жүзінде мүліктің меншік иесінің өкілетіігін атқарады, яғни, шын мәнінде мүліктің меншік иесінің құқықтары мен несие ұстаушының құқықтарының қиғаштығы болады. Кепіл берушінің қүқықтары мен кепіл ұстаушы құқықтарының арасындағы қиғаштықты шешетін АК-ның 1080-бабы нормаларының императивтігі және АК-ның 315-бабының 2-тармағы нормаларының диспозитивтігі нәтижесіңде мұраға билік етушінің құқығында басымдылық болады, ол АК-ның 1080-бабында көрсетілген шығындарды жабу үшін кепілге салынған мүлікті сату немесе өзге мүлікті сату туралы шешім қабылдауға құқылы. Қажетті шығындарды өтеу үшін жеткілікті өзге мүліктер болған жағдайда мұраға билік етуші не кепіл ауыртпалығымен мұрагерлерге өтетін кепіл мүлкін сатуға, не оны ұстаушының талаптарын қанағаттандыру үшін ғана пайдалануға не кепілге салынған мүлікті оған кепіл құқығын сақтай отырып сатуға құқылы. Мұраға билік етушінің шешімі бойынша немесе мұраға кіретін өзге мүлік жеткіліксіз болған жағдайда кепіл мүлкі АК-ның 1080-бабында көрсетілген шығындарды жабу үшін сатылуы мүмкін. Бұл ретте, кепіл мүлкі ашық саудамен сатылғанда, кепіл құқығы АК-ның 322-бабы 1-тармағының 4) тармақшасына сәйкес тоқтайды. Кепіл ұстаушы, сонымен қатар, кепіл нысанының кепіл туралы шарт жағдайына сәйкес болмай шығып қалуына байланысты қамтамасыз етілген міндеттеменің мерзімінен бұрын орындалуын талап етуге құқылы.

Кепіл мүлкін ашық сауда жүргізбей жеке тәртіпте сатқанда кепіл құқығы АК-ның 323-бабының 1-тармағының нормаларына сәйкес күшін сақтайды.

Жеке кәсіпкер банкрот болған жағдайда жеке кәсіпкер кепіл беруші болған кепіл міндеттемесі тоқтайды, себебі банкрот болған кезден бастап жеке кәсіпкердің тіркелгені күшін жояды, міндеттеме субъектісі жойылады, сондықтан жеке кәсіпкердің өмірге немесе денсаулыққа келген зияиды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жеке сипаттағы басқа талаптарды өтеу жөніндегі міндеттемелерден басқа барлық міндеттемелері тоқтайды. Кепіл міндеттемесінің тоқтауы кепіл ұстаушыға кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің кепіл нысанының кепіл туралы шарт талаптарына сәйкес болмай шығып қалуына байланысты мерзімінен бұрын орындалуын талап етуге құқық береді. Бұл ретте АК-ньщ 21-бабьша және банкротгық туралы заңнамаға сәйкес, жеке кәсіпкер банкрот болған кезден бастап банкроттың несие берушілерінде борышкердің конкурстық массасы есебінен, заңнамада белгіленген кезектілікпен өз талаптары бойынша қанағат алуға құқықтар туындайды. АК-ның 21-бабына сәйкес талаптары жеке кәсіпкер мүлкінің кепілімен қамтамасыз етілген несие берушілер банкрот мүлкінің есебінен талаптарды қанағаттандырудың екінші кезегінде болады. Кепілге несие берушінің талаптарын орындағанға дейін «кезектен тыс шығындар» деп аталатын шығындар — егер тағайындалған болса, сот шығындары, әкімгерге, конкурстық және ақтаулық басқарушыға сыйақы төлеу жөніндегі шығындар, сондай-ақ бірінші кезектегі несие берушілердің талаптары — алименттер өндіру жөніндегі талаптар, сондай-ақ өмірге немесе денсаулыққа келген зиянды өтеу жөніндегі талаптар қанағаттандырылады.

АК-ның 21-бабының 4-тармағы әрбір кезектіліктегі несие берушілердің талаптарын орындаудың ережелері жөнінде заңды тұлғалардың банкроттығы туралы заң актісіне сілтеме жасайды, ондай акті — Банкроттық туралы заң. Банкротгық туралы заңның 76-бабына сәйкес әрбір кезектіліктегі несие берушінің талабы алдыңғы кезектіліктегі несие берушінің талабы орындалғаннан кейін орындалады, ал банкроттың мүлкі тиісті кезектіліктегі несие берушілердің талабын қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болса, онда қанағаттандыру олардың талаптарының сомасына қарай пропорциямен жүргізіледі. Сондықтан бірнеше кепіл ұстаушылардың талаптары болса және оларды толық қанағаттандыру үшін мүлік жеткіліксіз болса, онда, несие ұстаушылар арасында қанағаттандыру қамтамасыз ететін сомаға пропорционалды жүргізіледі. Ал, айта кететін бір жағдай — жеке кәсіпкер банкрот болғанда, кепіл берушінің өзге несие берушілері мен кепіл ұстаушының құқықтарында қиғаштық болмайды, бірақ кепіл құқығы тоқтайды, және несие үстаушы банкроттың белгілі бір кезектіліктегі несие берушісіне айналады. Жеке кәсіпкер банкрот болғаннан бастап кепіл несие берушісі мен банкрот арасындағы қатынастар кепіл туралы нормалармен емес, жеке кәсіпкердің банкроттығы туралы нормалармен реттелінеді.

Мұндай жағдай заңды тұлға банкроттыққа ұшырағанда да болады. АК-ның 55-бабына сәйкес, конкурстық іс жүргізу қозғалғаннан бастап банкротгың барлық міндеттемелері, оның ішінде кепіл міндетгемелері тоқтайды. Конкурстық іс жүргізу қозғалған кезден бастап қабілетсіз борышқордың мүлкін өндіртіп алуға айналдыруға қойылған, оның ішінде АК-ның 299-бабында белгіленген барлық шектеулер алынады. Кепіл міндеттемесінің тоқтауы, жеке кәсіпкердің банкроттығындағы сияқты, кепіл ұстаушыға кепіл нысанының кепіл туралы шарт жағдайларымен сөйкес емес шығыл қалуына байланысты кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің мерзімнен бұрын орындалуын талап етуге құқық береді.

Бұл ретте АК-ның 51-, 55-бабына жене банкроттық туралы заңнамаға сәйкес занды тұлғаның несие берушілерінде конкурстық іс жүргізу қозғалған кезден бастап өз талаптары бойынша, белгілі бір кезектілікпен, борышкердің конкурстық массасы есебінен қанағат алуға құқық туындайды.

Айта кететін бір жағдай — АК-ның 3-бабының 3-тармағына сәйкес банктердің банкроттығымен және таратылуымен байланысты қатынастар АК-ның банк қызметін реттейтін заң актілеріне — Банктер және банк қызметі туралы Заңға қайшы келмейтін бөлімінде реттеледі. Банктер жөне банк қызметі туралы Заңның 74-2-бабының 3-тармағында банк банкрот болған жағдайда несие берушілер талабын қанағаттандырудың өз кезекгілігі белгіленген, онда кепіл несие берушілері алтыншы кезекте тұр.

АК-да ақтайтын процедуралар жүргізгенде несие берушілер құқықтарының дауларын шешетін нормалар жоқ. Сондықтан, АК-ның нормативтік құқықтық актілер иерархиясындағы орнын ескерсек, атқарушы процедуралар жүргізген кезде кепіл құқығының және кепіл ұстаушының АК-ның 299-бабының 1-тармағында көзделген құқық артықтығылығының сақталатындығын айта кету керек. Заңды тұлға банкрот болғавда заңды тұлға тарағанға дейін немесе конкурстық іс жүргізу қозғалғанға дейін кепіл ұстаушының құқық артықшылығы АК-ның 299-бабы 1-тармағының, АК-ның өзінде белгіленген альш тасталынатындарды қоспағанда, кепіл мүлкіне қатысты кепіл ұстаушының артықшылығын белгілейтін 1-бөлігінің нормаларына сәйкес күшін сақтайды. Заңды тұлға банкрот болғанда заңды тұлға тарағанға дейін немесе конкурстық іс жүргізу қозғалғанға дейін альш тасталынатындар АК-да көрсетілмеген. Сондықтан, АК-ның 299-бабының 1-тармағы бөлігінің нормасы мүліктің кепіл ұстаушысы больш табылмайтын өзге несие берушілердің ақтайтын процедуралар жүргізу барысында өндіртіп алуды кепіл мүлкіне айналдыруына зандық шектеу болады.

Кепілмен қанағаттандырылатын талаптар. Жалпы ереже бойынша, несие берушінің талабы өндіртіп алуды кепіл мүлкіне аударған кезде кепіл нысаны тұратын құннан қанағаттандырылады, ол талаптардың кепіл белгіленген кездегі мөлшеріне байланысты емес. Осылардың құрамына, қамтамасыз етілетін негізгі міндеттеменің сомасынан басқа, кепіл белгіленгеннен кейін туындайтын талаптар: сыйақы төлеуге (қарыз берілген қаражатты пайдаланғандық үшін пайыздық үстеме түрінде, т.б.), ақша қаражатын заңсыз пайдаланғандық үшін тұрақсыздық айыбына (борышты жабу мерзімін өткізіп алу) қатысты талаптар, орындау мерзімін өткізіп алумен байланысты шығындарды толық мөлшерде өтеу, тұрақсыздық айыбын төлеу (айыппұл, өсім), сондай-ақ кепіл мүлкін сақтауға шыққан шығындар және өндіртіп алуға байланысты барлық шығындарды өтеу (мысалы, сату шығындары және т.б.).

Сонымен қатар өндіртіп алуды кепіл нысанына аудару кезінде несие беруші талаптарын қанағаттандырудың кез келген басқа көлемі белгіленуі мүмкін. Басқа көлем шартта немесе заң актілерінде белгіленуі мүмкін. Несие берушінің талаптарын, ол талаптардың кепіл белгіленген кездегі мөлшеріне қарамастан, өндіртіп алуды кепіл нысанына аудару кезіңде нысан тұратын құннан толық мөлшерде қанағаттандыру туралы жалпы толықтыратын ереже кепіл берушінің құқығын да, кепіл үстаушының құқығын да қорғайтын күзет шарасы болып табылады. Біріншіден, егер кепіл белгіленгеннен кейін сол кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша борыш өссе кепіл ұстаушы кепіл мүлкін борыштың жаңа пайда болған бөлігін жабуға да аударуға құқылы. Борыштың алғашқы сомасының өсуі, көбінесе, борышкердің міндеттемені уақтылы орындамауынан болады, нәтижесінде, міндеттеменің шартына байланысты борыштың негізгі сомасына сыйақы (мүдде) есептелуі, кепіл ұстаушыда борышкерден тұрақсыздық айыбын алу құқығының туындауы, сондай-ақ кепіл ұстаушыға келген залалды өндіруге құқық пайда болуы мүмкін.

Екіншіден, кепілмен міндеттемені кепіл ұстаушыньщ талаптарын қанағаттандыру кезіндегі сол, бар көлемде қанағаттандыру туралы (ереженің, кепілге салынған мүліктің құны сол кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша борыш сомасынан асып түссе, кепіл беруші үшін едәуір маңыздылығы болады. Себебі, кепіл ұстаушының кепіл мүлкін сатудан түскен сома мен кепіл нысанымен қамтамасыз етілген талап мөлшері арасындағы айырманы кепіл берушіге беруі жөніндегі міндеті дәп осы ережеден туады. Егер кепіл ұстаушының талаптарын жабуға өндіртіп алуды кепіл мүлкінің бір бөлігіне аудару (мысалы, бірнеше кепіл нысандарының біреуіне) жеткілікті болса, кепіл ұстаушы өндіртіп алуды сол мүліктің қалған бөлігіне аударуға құқылы емес.

Несие берушінің талаптарын қанағаттандыру көлемін салынған мүлік құнынан анықтаудың жоғарыда келтірілген тәртібі кепілдің болашақ талаптарды қамтамасыз ететін кепіл сияқты түрлеріне таралмайды, оған қатысты арнайы ереже — қанағаттандыру көлемін кепіл туралы шарт жасалғанда анықтау тәртібі белгіленген. Жалпы ереже бойынша кепіл арқылы борышкердің сол кезде бар жөне заңды міндеттемелері қамтамасыз етіледі, себебі кепілге акцессорлық (қосымша) сипат тән. Ерекше жағдайларда кепілмен борышкерге келешекте туындайтын талаптар қанағаттандырылуы мүмкін, бұл ретте міндетті жағдай — мұндай талаптарды кепілмен қамгамасыз ету мөлшері жөнінде тараптар арасында келісім болуы тиіс. Келешекте туындайтын талаптарды кепілмен қамтамасыз ету мөлшерін анықтау үшін тараптардың келісімге жетуі қажет болатындықтан, бұл талап, сөзсіз, кепіл туралы шарттың елеулі жағдайларына, өзінен туындайтын барлық салдарымен, жатады.

Кепіл түрлері. Кепілді топтастыру кепілді құқықтық реттеу үшін елеулі маңызы бар әртүрлі негіздер бойынша жүргізіледі. Негізгі топтастырғыш негіз, ол — кепіл нысаны болып табылатын мүліктің түрі, себебі, әртүрлі құқықтық режимдегі мүлікті пайдалануға байланысты кепідді қүқықтық реттеудің кепілді тіркеу туралы қосымша жағдай, кепіл затын кепіл ұстаушыға беру немесе оны кепіл берушіде қалдыру, қауіпті кепіл туралы шартқа қатысушылар арасында бөлу мүмкіндігі және т.б. түрінде өзіндік ерекшеліктері бар. Осы негіздерге сәйкес заттар кепілі және мүліктік құқық кепілі болып бөлінеді.

Кепілді түрге бөлудің басқа бір негізі — кепіл нысанының шарт бойынша тараптардың біреуінде болуы және рұқсат берілгендігі. Осы негіздер бойынша кепіл мынадай түрлерге бөлінеді: кепілзат, мұнда кепіл нысаны кепіл ұстаушының иелігіне беріледі, және ипотека, мұнда кепіл нысаны, кепіл күшінде тұрған кезде, оны пайдалану құқығымен кепіл берушінің немесе үшінші адамның иелігінде қалады.

Бұл түрлердің әрқайсы, мүлікке, кепіл құқық қатынастарының субъектілеріне немесе оларды қолдануды құқықтық реттеудің ерекшеліктеріне байланысты тағы да әр түрге бөлінуі мүмкін. Мысалы, кепілзаттың басқа түрлеріне жататындар: ломбардтағы тауарлар кепілі, онда кәсіпкер ретіндегі кепіл ұстаушының айрықша жағдайы кепілді құқықтық реттеудің ерекшеліктеріне байланысты; тауар қоймасында түрған тауарлар кепілі — кепілді құқықтық реттеудің жөне оны рәсімдеудің ерекшеліктері кепіл мүлкін сақтаушының — кәсіпкердің құқықтық қатынастарға қатысуында. Кепіл құқық қатынастары айрықша реттелетін ипотеканың басқа бір түрі — айналымдағы тауарлар кепілі, оның ерекшелігі — кепіл нысаны ретінде қолданылатын заттарды, өндеуге, табиғи формасын өзгертуге ұшыраған заттарды не тектік  белгілерімен анықталатын затгарды пайдаланумен байланысты.

Бұл ретте заттардың кейбір түрлерін кепілге салу үшін не ипотека, не кепілзат ғана немесе олардың біреуі артықшылықпен пайдаланылуы тиіс. Мысалы, жылжымайтын мүлік кепілі тек ипотека түрінде ғана болады. Қолданыстағы жылжитын заттардың кепілі, негізінен, кепілзат түріңде жүзеге асырылады, себебі, олай болмаған жағдайда, кепіл нысанына өндіртіп алуды аударған кезге дейін оның жойылу, жоғалу не кепіл беруші оны өз қажетіне пайдалану қаупі артады. Сонымен қатар, мұндай заттардың ипотекасы айналымдағы тауарлардың кепілі түрінде  де болуы мүмкін.

Қолданыста емес жылжитын заттар кепілзатқа да, ипотекаға да берілуі мүмкін.

Сақтауға немесе ұстағанға қосымша шығындарды жене өзге де жұмсалымды керек ететін жылжымалы заттарды (абайсыз дәу заттар, мысалы) кепілзатқа алудан бас тартылуы мүмкін.

Заттар кепілі — ипотекадан және кепілзаттан басқа болып саналатын кепілге — мүліктік құқық кепіліне заттар кепілінің ережесі қолданылуы мүмкін. Мүлік құқығының кейбір түрлерінің кепілінде (мысалы, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің нәтижесіне айрықша құқық) кепілзатын немесе ипотеканы қолдану жөнінде шартты түрде айтуға болады, бірақ ол үшін мүліктік құқық кепілінің конструкциясында тараптардың құқықтары мен міндеттері бойынша тиісті ұқсастық өзге де жағдайлар беру керек. Бәрі бір бүл кепілзат немесе ипотека болмайды, себебі мүліктік құқықтың құқықтық режимі заттар режиміне қарағанда едәуір өзгеше, және мүлік құқығын кепіл нысаны ретінде пайдаланғанда кепілдің айрықша басқа бір түрі — мүліктік құқық кепілі пайда болады.

Ақша кепілі кепілдің айрықша бір басқа түрі болып саналады. Ақша кепілінің бір ерекшелігі сонда, ол банкке салынуы, яғни міндетті түрде үшінші жаққа — мамандандырылған банк ұйымына берілуге тиіс. Ақша кепілінде кепіл затының кепіл ұстаушыға берілуі немесе кепіл берушіде қалуы мүмкін емес. Ақша кепілінде кепілзат немесе ипотека конструкциясын қолдануға болмайды. Оны ақшаның мүлік ретінде өте жоғары өтімділігімен, адал иемденушіде жойылып кетпейтшдігімен және занды төлем құралы екендігімен түсіндіруге болады. Кепілзат конструкциясын пайдаланып ақшаны несие ұстаушының иелігіне беру оның меншік иесінің ауысуына әкеп соғады, ол кепіл нысанының кепіл үстаушысы мен меншік иесінің біреу болуына байланысты кепіл бойынша қандай да бір қатынастардың тоқтауына себеп болады.

Ипотека конструкциясын пайдаланып ақшаны кепіл берушінің иелігінде және пайдалануына қалдыру оның пайдаланып кетуіне мүмкіндік тудырады, нәтижесінде кепіл ұстаушының құқығы қамтамасыз етілмей қалуы мүмкін. Айта кету керек — ақшаның негізгі арналымы оны төлем құралы ретінде пайдалану, бұл тұрғыдан алғанда ол қолданылатын мүлікке жатады.

Ақшаны банкке салу міндеттемесі ақша кепілінде банктің кепіл құқық қатынастарына өзінше міндеттемесі бар дербес қатысушы ретінде қатысуын көздейді. Ақша кепілі бойынша ақша салынған банк, өзінің мәніне қарай кепіл туралы шарттың қайсы бір жағымен үйлеспеуі керек. Олай болмаған жағдайда, бұрын аталып өткендей, салынған ақшаның кепіл ұстаушысы мен меншік иесінің бір тұлға болуына немесе ипотека нысаны ретінде қолданылатын мүлікті пайдалануға байланысты кепіл тоқтайды.

Кепіл нысаны болып табылатын ақша арнайы банк салымына банкке салынуы тиіс, ол міндетгеменің орыңцалуын қамтамасыз етуге арналады.

Мұндай салым шартты салымдар туралы ережеге бағынады, ол кепіл берушіге ақшамен қамтамасыз етілген міндеттеме тиісінше орындалған жағдайда ғана қайтарылады. Сондықтан, мүңцай салымнан ақшаны несие ұстаушыға беру кепіл берушінің кепілмен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамауы жағдайында болады.

АК-ның 301-бабында көзделгеніне қарамастан, ақша кепілі АК-ның 765-бабына Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 29 наурыздағы Заңымен толықтырулар енгізілгенше мүмкін болмады, себебі, сол кезге дейін банк салымының шарты бойынша салымшының кез келген мерзімді немесе шартты салым бойынша, салымды қайтару үшін келісілген мерзім немесе мән-жай болғанға дейін салымды қайтаруға сөзсіз құқығы болды. Бұл жағдайда банктегі ақшаны кепілге салу мүмкін емес еді, себебі салымшы, банкпен арадағы қандай да бір шарттарға қарамастан, салымды кез келген уақытта қайтарып алуына мүмкіндік беретін, АК-ның 765-бабыңда алдын-ала белгіленген құқығына сүйеніп салымды қайтарып ала алатын. Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 29 наурыздағы Заңынан АК-ның 765-бабына 6-1-тармақ түрінде толықтыру енгізілді, оған сәйкес банк салымын сөзсіз қайтару ережесі ақша міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету үшін салынған жағдайға, яғни ақша кепілі жағдайына таралмайды.

Ақшаны банк есепшотына кепіл нысаны ретінде, ятни банк есеп-шотының шартын пайдаланып банкке салуға болмайды, себебі банк есепшоты міндеттемесінің конструкциясы клиенттің банк есепшоты шарты бойынша банкте жатқан ақшаға билік етуінің сөзсіз құқығын, сондай-ақ клиенттің банк есепшоты шартын кез келген уақытта бұзуға кәне бұл жағдайда ақшаны алуға не үшінші жақтың пайдасына аударуға сөзсіз қүқығын көздейді.

Ақша кепілі банк салымының кепілінен немесе банк есепшотының кепілінен едәуір басқаша. Мысалы, банк салымының кепілінде немесе банк есепшотының кепілінде кепіл нысаны ақша емес, салымшының банк есепшоты шарты бойынша құқығы немесе клиеттің банк салымы шарты бойынша құқығы болады, оған салымшының немесе клиенттің салымды мерзімінен бүрын қайтаруға немесе банк есепшоты шартын мерзімінен бұрын бұзуға және бірінші талап бойынша банк есепшотынан ақша алуға шарттардың осы түрлерінде көзделген құқықтары да кіреді. (Ақша кепілінде негізгі міндеттемені қамтамасыз ету үшін банкке салынатын ақша кепіл нысаны болып табылады, бұл ретте, негізгі міндеттемені қамтамасыз ету үшін банкке салынған ақшаны алуға кепіл ұстаушы мен кепіл берушінің құқығы қамтамасыз етілген міндеттеменің орындалған-орындалмағанына байланысты, олардың салымды мерзімінен бұрын қайтаруға немесе бірінші талап бойынша ақша алуға құқығы  жоқ. Ақша кепілі жағдайында негізгі міндеттемені тоқтату немесе оны заңсыз деп тану ақшаны қамтамасыз етуші ретінде салу туралы шарттың тоқтауына немесе оны заңсыз деп тануға алып келеді, ал банк салымы немесе банк есепшоты кепілі жағдайында сондай мән-жайлар кепіл туралы шарттың тоқтауына немесе оны заңсыз деп тануға әкеп соғады, ал ол банк салымы шартына немесе банк есепшоты шартына еш әсер етпейді.

Ақша кепілінде банкке қамтамасыз ету ретінде салынған ақша бойынша тиесілі сыйақы кепіл берушіге беріледі, ал бұл сыйақыға кепіл құқығы таралмайды. Мұндай сыйақының мөлшері мен төлеу тәртібі банкке ақша салу туралы шартта көрсетіледі.

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасының банк қызметінің мәселелері жөніндегі кейбір заң акгілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен, АК-ның 301-бабының 4-тармағы сияқты, АК-ның 303-бабыньщ 5-тармағы да жаңа редакцияда баяндалды. АК-ның 303-бабының 5-тармағының жаңа редакциясында кепіл нысаны болып табылатын актыда, егер кепіл туралы шартта өзгедей белгіленбесе, банкке салынады деп көрсетілген. Бүл ретге АК-ның 303-бабы 5-тармағының жаңа диспозитивтік редакциясы АК-ның 301-бабы 4-тармағының кепіл нысаны ретінде ақша пайдаланылғанда ақшаны банкке салуды императивті ұсынған редакциясына қайшы келеді. Осыған байланысты, бұл біріне бірі қайшы келетін ережелерді сәйкестендіру керек екенін айта кеткен жөн. АК-ның 301-бабының 4-тармағы мен АК-ның 303-бабының 5-тармағы нормаларының бұл қиғаштығында басымдылық бірінші нормаға беріледі, себебі ол ақшаны тек банкке салғанда ғана оны кепіл нысаны ретінде пайдалану мүмкіндігін анықтайды.

Кепілдің заңнамада келтірілген әрқилы түрлері сонымен аяқталмайды, азаматтық заңнама нормаларының диспозитивтігі және шарт формаларының бостандығы нәтижесінде практикада кепілдің заңнамада көзделгендерінен басқа да түрлері кездесуі мүмкін. Айналымдағы тауарлар кепілінен басқа ипотеканың басқа түрлері де болуы мүмкін. Заң актілері негізінде кепілдің өзге түрлері, бұрын аталып өткендей, кепіддің шарттық түрлерінен өзгеше «заңды кепілдер» деп аталатын (заңнама белгілегендіктен міндетті болып табылатын) түрлері белгіленуі мүмкін.

Кепіл құқығының мазмұны және оны жүзеге асыру. Кепіл ұстаушының өз құқықтарын жүзеге асыруы қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша талаптардың қанағатын алу үшін оның өндіріп алуды кепіл нысанына аударуын білдіреді. Бұл ретте ескеретін бір жағдай — кепіл негізгі міндеттемені қанағаттандыру үшін керек, сондықтан кепіл ұстаушының кепіл нысанына өз құқығын жүзеге асыру мүмкіндігі, көбіне, негізгі міндеттеменің тағдырына байланысты. Кепіл ұстаушы негізгі міндеттемені борышкер орындамаған немесе тиісінше орындамағанда ғана өндіріп алуды кепіл нысанына аударуға құқылы.

Борышкер мен кепіл беруші бір адам болып үйлескенде міндеттеменің мәні мен кепіл берушінің жауапкершілігінің маңызы болмайды. Кепіл беруші де, борышкер сияқты, негізгі міндеттемені орындауы тиіс. Негізгі міндеттемені орындамаса ондай борышкер өзінің барлық мүлкімен жауап береді, ал кепіл несие беруші үшін оған борышкердің белгілі бір мүлкін өндіріп алуға аударуға ерекше құқық, өз талаптарын кепіл нысаны есебінен қанағаттандырғанда ол борышкердің басқа несие берушілері алдында артықшылық алады. Борышкер мен кепіл беруші екі басқа адам болып келетін заттық кепіл болушылықта қамтамасыз ету, яғни несие берушінің негізгі міндеттеменің орындалуына сенімі міндетгі адамдар қатарына борышкерден басқа үшінші жақтың — заттық кепіл болушыны тарту есебінен қосымша артады. Несие беруші бұл жағдайда өз талаптарын борышкердің емес, үшінші жақтық-заттық кепіл болушының кепілге салған мүлкінің есебінен қанағаттандырып, басқа несие берушілер алдында артықшылыққа ие болады. Бұл жерде негізгі міндеттеме бойынша борышкер кепіл құқық қатынастарына қатыспайды, бірақ міндеттеменің орындалмағаны үшін өзінің барлық мүлкімен жалпы азаматтық-құқықтық принциптер бойынша жауап береді, және несие беруші өндіріп алуды борышкердің мүлкіне жалпы негіздерде, яғни борышкердің басқа несие берушілері алдында кепіл берген артықшылығынсыз, аударуға құқылы.

Кепілмен қамтамасыз етілетін мерзімді міндеттемені белгіленген мерзімге орындамау фактысының өзі өндіріп алуды кепіл нысанына аударуға негіз болады, себебі бұл жерден борышкердің міндеттемені орындамауын көреміз. Мерзімсіз міндеттемеде немесе талап ету кезімен анықталған міндеттемеде несие берушінің өндіріп алуды кепіл нысанына аудару құқығы негізгі міндеттемені орындау жөнінде талап қойғанда ғана және мерзімсіз міндеттемені орындау үшін көзделген жеңілдік мерзімі (әдетте, бұл — міндеттемені орындау үшін қажетгі ақылға қонымды мерзім және одан кейін жеті күндік мерзім) не, орындалуы талап ету кезімен анықталған міндеттемені орындаудың жеңілдік мерзімі (өдетге, талап ету кезінен бастап жеті күндік жеңілдік мерзім) өткеннен кейін ғана туындайды.

Кепіл нысанын ендіріп алуға аудару, жалпы ереже бойынша, сот тәртібінде, яғни кепіл берушіге талап қою жолымен және негізгі міндеттеме бойынша талаптарды қанағатгандыру үшін кепіл нысанын өндіріп алуға аудару жөніңдегі сот шешімі бойынша жүзеге асырылады. Мүлікті сатуды жөне түскен ақшаны бөлуді, бұл жағдайда, сот орындаушысы Азаматтық-іс жүргізу кодексінің ережелері бойынша жүргізеді.

Шартта, соңдай-ақ АК мен заң актілерінде көзделген жағдайларда кепіл ұстаушы кепілдегі мүлікті сауда еткізу (аукцион) жолымен жөне сауданы даярлаудың жөне жүргізудің айрықша процедураларын сақтай отырып мәжбүрлі сотган тыс тәртіпге өз бетімен сатуға қүқылы. Мысалы, жалпы ереже бойынша, ақша қарызын қамтамасыз ететін кепіл нысанын сату жөніндегі кепіл ұстаушы — банк кепіл мүлкін мәжбүрлі сотган тыс тәртіпте сатуға құқылы.

Мәжбүрлі соттан тыс тәртіпті қолдану мүмкіндігі кепіл туралы кез келген шартта көзделуі мүмкін. Сонымен қатар, заң актілерінде, өндіріп алуды кепіл нысанына аударуды мүлікгің кейбір түрлері үшін соттан тыс тәріпте қолдануға, шарт жағдайларына немесе заң актілерінің соттан тыс тәртіпті көздейтін ережелеріне қарамастан шек қою көзделуі мүмкін. Мысалы, жылжымайтын мүліктің ипотекасында қоғам үшін едәуір тарихи, көркемдік немесе өзгедей мөдени құндылығы бар, жылжымайтын мүлік түріндегі кепіл нысанын сатқанда мәжбүрлі  тыс тәртіпке жол берілмейді. Жылжымайтьш мүліктің ипотекасы үшін басқа адамның немесе органның келісімі керек болған жағдайда да мәжбүрлі соттан тыс тәртіпте кепіл нысанын сатуға жол берілмейді. Өндіріп алуды кепіл нысанына аудару оны ашық саудада сату арқылы жүзеге асырылады. Кепілге салынған мүлікті сот тәртібінде сату процедурасы жылжымайтын мүлікті сот шешімдерін қанағаттандыру үшін сату ережесіне сай жүзеге асырылады.

Өндіріп алуды кепіл нысанына мәжбүрлі соттан тыс тәртіпте аудару процедурасы үшінші жақтың — сенім білдірілген тұлғаның болуын көздейді, ол кепіл мүлкін сатуға дайындайды және ашық сауда жүргізеді. Жалпы ереже бойынша, сенім білдірілген тұлғаны кепіл ұстаушы тағайындайды. Сенім білдірілген тұлға жеке немесе заңды тұлға болуы мүмкін. Сенім білдірілген тұлға кепіл ұстаушының өкілі болып табылады және сауда өткізуге қатысты өз функцияларын жүзеге асыру үшін оның сенімхатын алады. Сенім білдірілген тұлға сауданы, әдетте, аукцион түрінде, алдын ала хабарлаған ереже бойынша өткізеді, ақшаны кепіл ұстаушының негізгі міндеттеме бойынша талаптарын қанағаттандыруға жіберу және қалғанын кепіл берушіге қайтару арқылы түскен ақшаны бөледі.

Кепілді қайталап салу. Кәсіпорындарда айналымдық қаражаттың тапшылығы, несиелердің қайтарылымын қамтамасыз етуге банктердің көтеріңкі талаптары жағдайында, сондай-ақ құқық қолдануда кепілді қайта салумен байланысты белгілі бір қиындықтар болғанда кепілді қайталап салу мәселесі айрықша көтеріледі.

Жалпы ереже бойынша кепіл берушінің кепілдегі мүлікті келесі кепілге беруіне жол берілген. Кепіл берушінің кепілді қайталап салу мүмкіндігін шектеу кепіл туралы шаргга белгіленуі мүмкін. Кепіл туралы шартта кепілді қайталап салуға тыйым болмаса кепіл беруші кепілдегі мүлікті басқа міндеттемелерді қамтамасыз етуге пайдалану мәселесін өзі шешуге құқылы, бірақ алдыңғы кепіл ұстаушылардың құқықтары туралы кейінгілердің барлығын ескертеді.

Әртүрлі несие берушілер алдындағы міндеттемелерді қамтамасыз ету үшін кепілге салынған мүлікке өндіріп алуды аударған жағдайда (кепілге қайталап салу), талаптарды қанағаттандыру «үлкендік принципі» — кепіл құқығының туындау кезектілігі бойынша жүргізіледі. Ескеретін бір жағдай — тіптен қайталап салынған кепіл нысанына өндіріп алуды бір-ақ рет аударуға болады, және кепіл мүлкін ашық саудада сату, сондай-ақ оны сатудың мүмкін еместігі осы кепіл нысанының барлық кепіл ұстаушыларының кепіл құқығының тоқтауына алып келеді. Алдыңғы кепіл ұстаушыда тұрған кепіл мүлкін кепілге қабылдағанда, кейінгі кепіл ұстаушылар: біріншіден, осы мүліктен алдыңғы кепіл ұстаушылар қанағат алғаннан кейін ғана және ондай қанағат алудан қалған құн шегінде өз талаптарын қанағаттандыруға құқық алады; екіншіден, осы мүліктің келесі кепіл ұстаушылары мен кепіл берушінің талаптары осы мүліктің кепілімен қамтамасыз етілмеген несие берушілеріне қатысты ғана өз талаптарын мұндай мүлік есебінен қанағаттандыруға айрықша артық құқық алады.

Мүлік кепілге қайталап салынғанда кепіл беруші әрбір келесі кепіл ұстаушыға осы мүліктің барлық кепілдері жайындағы деректерді хабарлап отыруға міндетті. Бұл міндет борышкер негізгі қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша талаптарды орындамаған жағдайда кепіл мүлкін иеліктен шығару мүмкіндігінен, барлық кепіл ұстаушылардың — несие берушілердің талаптарын кепіл нысанын сатудан түскен ақша есебінен «үлкендік» тәртібінде қанағаттандыру жөне барлық кепіл ұстаушылардың сатылған кепіл мүлкіне қатысты кепіл құқығын тоқтату қажеттілігінен туындайды.

Кейінгі кепіл ұстаушылардың алдыңғы кепіл ұстаушылардың құқықтары туралы білмеуі кейінгілердің кепіл құқығына ықпал етеді. Кейінгі кепіл ұстаушылардың алдыңғылардың құқықтары туралы білмеуінің бұл адамдардың несие берушімен ара қатынастары үшін ғана маңызы бар, себебі, несие берушінің кейінгі несие ұстаушьшарға кепілге салынатын мүліктің барлық бар кепілі жайында хабарлау міндетін орындамауы осындай бұзушылық салдарынан кейінгі кепіл ұстаушы келтірген залалды өтеудегі оның жауапкершілігіне негіз болады.

Кепіл берушінің кейінгі кепіл туралы ережені әйтеуір бұзуы кепіл ұстаушыға кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеменің мерзімінен бұрын орындалуын талап етуге, ал талабы ақылға қонымды мерзімде қанағаттандырылмаса — өндіріп алуды кепіл затына аударуға құқық береді.

Мүлікті кепілге қайта салуға кепіл туралы шартта тыйым салынса, онда ол заңсыз деп танылады, ол заң талаптарына, атап айтқанда АК-ның 311-бабының 2-тармағына қайшы келеді. Мүлікті кепілге қайталап салу туралы шарт, егер оған бұрынғы шартта тыйым салынған болса, тек бұрынғы несие ұстаушының ғана емес, сонымен қатар мәмілені заңсыз деп тану туралы жалпы ереже бойынша кез келген мүдделі адамның да талабы бойынша заңсыз деп танылуы мүмкін.

Кепіл құқығының тоқтауы. Несие берушінің кепіл құқығының негізгі міндеттемеге қосымша екендігі негізгі міндеттеменің зандылығына байланысты екендігінен басқа, кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеменің оның орындалуы арқылы немесе міндеттеменің тоқтауын қарастыратын өзге де негіздер бойынша, мысалы, борышты кешіру, орындаудың мүмкін еместігі, заңды түлғаның тарауы, т.б. себепті тоқітауының нәтижесінде кепілдің тоқтауынан да көрініс табады. Бұл кепілдің қосымша ретінде негізгі міндеттемеге тәуелді екендігінен туындайды, ал акцессуорлық сипат оның негізгі міндеттемесіз болуы  мүмкіндігін жоққа шығарады. Қамтамасыз етілетін міндеттеме тоқтағанда оны қамтамасыз ету қажеттілігі де қалады.

Бірақ, мұнымен қатар, кепіл құқығы кепіл нысаны ретінде пайдаланылатын заттың тағдырына да, және кепіл берушінің кепіл нысанына меншік құқығына да байланысты. Атап айтқанда, кепіл нысанының жойылуы немесе кепіл нысанына меншік құқығының заң актілерінде көзделген негіздермен және тәртіпте (алып қою немесе мемлекет пайдасына сатып алу, реквизиция, ұлт меншігіне айналдыру жөне т.б.) тоқтауы негізгі міндеттеме тоқтамай-ақ кепіл құқығының тоқтауына әкеп соғады.

Кепілге салынған мүлік жойылған жағдайда кепіл құқығы тоқтайды, себебі жоқ затқа кепіл құқығы болуы тиіс емес. Кепіл ұстаушы жауапты емес мән-жайлар бойынша кепіл нысанының жойылуы немесе басқадай шығыны, егер кепіл беруші ақылға қонымды мерзімде кепіл нысанын қалпына келтірмесе немесе оны құндылығы сондай басқа мүлікпен алмастырмаса, кепіл ұстаушының кепілмен қамтамасыз етілетін міндеттеменің мерзімінен бұрын орындалуын талап етуіне құқығы бар.

Кепілге салынған мүлікті заң актілерінде көзделген негіздер бойынша алып қоюдың кез келген жағдайында осы мүлікке қатысты кепіл құқығы тоқтайды. Кепіл ұстаушы, заңнамада көзделген өзге құқықтармен қатар, қамтамасыз етілетін міндеттеменің мерзімінен бұрын орындалуын сөзсіз талап ету құқығын алады. Ескеретін бір жағдай — кепіл ұстаушының негізгі міндеттеменің мерзімінен бұрын орындалуын талап етуі оның міндеті болып табылмайды. Кепіл үстаушының негізгі міндеттеменің мерзімінен бұрын орындалуына ез қүқығьш пайдаланбау фактысы кейін несие беруші — кепіл ұстаушының негізгі міндеттеме бойынша шығындарды өтеу жөніндегі талаптардан бас тартуына немесе оларды азайтуына негіз бола алмайды.

Алынған мүліктің орнына өзге мүлік қойылған жағдайда алынған мүлікке қатысты кепіл қүқығы тоқтайды, кепіл ұстаушы негізгі міндеттеменің мерзімінен бүрын орындалуын талап етуге қүқылы. Бірақ, мұнымен қатар, кепіл үстаушыда алмастырылып қойылған мүлікке де кепіл құқығы туындайды. Бұл ретте алғашқы кепіл нысанына кепіл берушінің меншік құқығы тоқтаған кезден бастап қандай мүліктің қандай міндеттемені қамтамасыз етуге кепілге берілгендігін тағайындайтын заң актісінің негізінде кепілдің жаңа міндеттемесі туындайды (заң актісі негізінде туындайтын «заңды» кепілдің бір түрі). Бір міндеттеменің (алғашқы кепілдің) екінші міндеттемеге (алынған алғашқы кепіл нысанының орнына қойылған мүлікке) алмасуы болады.

Кепіл нысаны болып табылатын мүлік алынып, оның құны өтелген жағдайда кепіл құқығы тоқтайды, кепіл ұстаушыға негізгі міндеттеменің мерзімінен бұрын орындалуын талап ету құқығы беріледі, сонымен қатар, кепіл ұстаушыға өз талабын кепіл берушіге тиесілі сомадан қанағаттандыруға, кепіл құқығындағы сияқты, артықшылық құқық беріледі. Бір міндеттемені (кепіл құқығын) басқаға (алынған мүліктің құнын өтеуден қанағат алуға артықшылық кұқық) алмастырудың негізі, сақтандырылған мүлік жойылғанда сақтандыру төлемінен қанағат алуға құқық туындағандағы сияқты, тараптардың келісімі емес, заңнамадағы нұсқау болып табылады.

Кепілге салынған мүлікті заң актілерінде белгіленген негіздерде және алынған мүлікті алмастыруға не алынған мүліктің құнын өтеуге ешқандай мүлік берілмейтін тәртіпте алып қойған жағдайда кепіл құқығы тоқтайды, бірақ бұл негізгі міндеттемеге еш әсерін тигізбейді, себебі қамтамасыз етуші мәміленің заңсыздығы негізгі міндеттеменің заңдылығына ықпалын тигізбейді.

Кепіл берушінің кепіл құқығын мерзімінен бұрын тоқтату жөніндегі талаптарын кепіл мүлкі берілген кепіл ұстаушы кепіл нысанының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін кепіл нысанын жоғалтатын немесе бүлдіретіндей өрескел қанағатгандырған жағдайда да негізгі міндеттеме тоқтамай-ақ кепіл туралы шарт күшін жояды. Бұл ереже кепілге салынған мүліктің меншік иесінің құқықтарын кепіл ұстаушының кепіл нысанын жоғалтуға немесе бүлдіруге алып келетін сондай құқыққа қарсы әрекеттерінен қорғайтын шара болып табылады.

Кепіл ұстаушы кепіл шарты бойынша өз құқықтарын жүзеге асырып негізгі міндеттеме орыіідалса да кепіл құқығы тоқтайды. Борышкер міндеттемені орындамағандықтан немесе тиісінше орындамағандықтан несие берушінің қамтамасыз етілетін негізгі міндеттеме бойынша талаптары кепіл мүлкінің құнынан, оны сату жолымен қанағаттандырылғанда осындай болады. Бұл ретте, жалпы ереже бойынша, борышкердің негізгі міндеттеме бойынша міндеті, мүлік құны несие берушінің талаптарын толық қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болған жағдайда, тоқтамайды, ал кепіл берушінің міндеті өндіруді кепіл нысанына аударған несие берушіге қатысты ғана емес, осы мүліктің өзге келесі кепіл ұстаушыларына қатысты да тоқтайды, себебі келесі кепіл ұстаушылар осы мүліктен, ол сатылған жағдайда, алдыңы кепіл ұстаушылар қанағат алғаннан кейін қанағат алуға құқылы.

Кепілге салынған мүліктің құны несие берушінің талабын қанағаттандыруға жеткіліксіз болған жағдайда, ол, жалпы ереже бойынша, борышкердің өзге мүлкінен жалпы негіздерде, кепіл ұстаушыға берілетін артықшылықсыз қанағат алуға құқылы. Сатылған мүліктің өзге де келесі кепіл ұстаушыларында да осыңдай құқық болады.

Жылжымайтын мүлік ипотекасының сол ипотека тоқтағанда негізгі міндеттеменің тоқтауына алып келетін кейбір жағдайлары (Ипотека туралы жарлықтың 37-бабының 2-тармағы) жоғарғы ережеге жатпайды.

Кепілдің тоқтауының жалпы негіздерімен қатар жылжымайтын мүлік ипотекасының тоқтауының өзіндік ерекшеліктері де болады. Ипотека куәлігі берілмей ипотека шартымен рәсімделген ипотеканың тоқтауы азаматтық заңнаманың жаңа нормаларында, атап айтқанда, АК-ның 322-бабында көзделген негіздер бойынша, Ипотека туралы жарлықтың 37-бабына сәйкес жүзеге асырылады. Ипотека шартын ипотека куәлігін беріп рәсімдеген жағдайда, кепіл құқығын тоқтатудың азаматтық заңнаманың жалпы нормаларыңца көзделген негіздерінен басқа реттерде, кепіл құқығы ипотека куәлігінің күші жойылғаннан бастап тоқтайды. Ипотека куәлігінің әрекеті одан туындайтын құқықтар жүзеге асырылғанда тоқтайды, егер одан туындайтын талаптар негізгі міндеттеме бойынша борышкерге негізгі міндеттеменің орындалу мерзімі келгеннен кейін бір ай өткенше немесе ипотека нысаны жоғалған жағдайда қойылмайтын болса.

Кепіл шарты тіркелуге тиіс жағдайда кепіл туралы шарт тіркелген тізілімде кепілдің тоқтағаны туралы белгі қойылуға тиіс, себебі кепіл туралы шарттың тоқтауы кепіл берушінің кепіл нысаны ретінде пайдаланылған мүлікті пайдалану немесе және оған билік ету құқығына шектеулердің тоқтауымен де байланысты.

Кепілмен қамтамасыз етілген міндеттеме оны орындағандықтан немесе АК-ның 21-тарауында көрсетілген өзге негіздермен тоқтаған жағдайда, сондай-ақ кепіл берушінің кепіл қүқығын 312-баптың 3-тармағында көзделген негіздер бойынша мерзімінен бұрын тоқтату туралы талаптары қанағаттандырылған жағдайда, кепіл ұстаушы, егер кепіл мүлкі өзінде болса, немесе сақталуын қамтамасыз ету үшін ол мүлік үшінші жаққа занды негізде берілген болса, оны кепіл берушіге тез қайтаруға міндетгі. Мұндай міндет кепіл құқығының тоқтауымен және кепіл мүлкі кепіл үстаушының иелігінде болған негіздердің тоқтауымен байланысты туындайды. Кепіл құқығының тоқтауы кепіл берушінің кепіл нысанына құқығын толық көлемде қалпына келтіреді (меншік құқығын, шаруашылық жүргізу құқығын, оралымды басқару құқығын, өзінің басқаруындағы мүлікті иеленуге, пайдалануға және оған билік етуге сенімгершілікпен басқару құқығын жөне т.б.) және кепілге салынған мүлікке кепіл қүқығы ауыртпашылығын түсірумен байланысты барлық шектеулерді тоқтатады. Кепіл үстаушы кепіл нысанын дер кезінде қайтару жөніндегі міндеттемесін орындамаған жағдайда, кепіл мүлкін жоғалтқан немесе бүлдіргені үшін жауапкершілікті қоспағанда, кепіл беруші алдында кепілге салынған мүлікті қайтармаудан немесе дер кезінде қайтармаудан келген залал үшін жауап береді.

Негізгі міндеттеме бойынша борышты аудару кепіл құқығы тоқтайтын негіздердің бірі болып табылады.

Кепілмен қамтамасыз етілетін міңдеттеме бойьшша борышты аудару кепіл құқығын тоқтатады, себебі кепіл берушінің қамтамасыз етуге мүлік беруі борышкердің жеке басымен, оның телем қабілеттігімен, кепіл беруші тарапынан деген оған сеніммен тығыз байланысты. Сондықтан, негізгі қамтамасыз етілетін міндеттеме бойьшша борышкердің ауысуымен, егер кепіл беруші жаңа борышкер үшін жауап беруге келіспесе, кепіл де тоқтайды. АК-ның өзге келісім болмаған жағдайдағы толықтырушы нормасына сәйкес кепіл құқығы, борышты басқа адамға аударған жағдайда, кепіл беруші негізгі міндеттеме бойынша борышкер болса да тоқтайды, АК-ның 348-бабына сәйкес несие беруші борышты аударуға келісім беру мөселесін шешеді, және, егер ол мұндай келісім берсе, онда кепіл берушімен — бұрынғы борышкермен кепіл шарты тоқтайды.

Кепіл құқығын аудару. Кез келген мүліктік құқық сияқты кепіл құқығы да кепіл міндеттемесінің мәнінен туындайтын, беру жөніндегі ерекшеліктермен берілуі мүмкін.                                 

Кепіл құқығын, оның ішінде заттық кепіл құқығын беруге міндеттеме бойынша несие беруші құқының басқа адамға өтуі үшін белгіленген ережелер қолданылады. Бұл, біздің пікірімізге, кепілдің туындау негізі қамтамасыз етілетін міндеттемеге қосымша және оған тәуелді айрықша шарт болып табылатындығымен байланысты. Кепіл заң актісі негізінде туындаған жағдайда, оған да, егер заң актілерінде тікелей өзге көзделмеген болса, шарт негізінде туындаған кепіл туралы ереже қолданылады.

Кепіл туралы шарттың акцессорлығы (қосымшалығы) және оның негізгі қамтамасыз етілетін міндеттемеге байланыстылығы себепті, сондай-ақ, кепіл ұстаушы тек негізгі қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша несие беруші ғана болуы мүмкін болғандықтан кепіл ұстаушы құқығының басқа адамға өтуі несие берушінің негізгі қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша құқықтары сол адамға өтпейінше мүмкін емес. Кепіл ұстаушының кепіл туралы шарт бойынша құқығын беруге кенуі сол адамға негізгі қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша құқық та берілмей заңды деп танылмайды.

Негізгі қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша құқықтың етуі оны қамтамасыз ететін міндеттемелер бойынша, оның ішінде, кепіл туралы міндеттеме бойынша, егер заң актілерінде немесе негізгі қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша талап ету қүқығын беру  туралы шартта өзгедей көзделмесе, құқықтардың өздігінен және бір уақытта өтуіне әкеп соғады. Заң актілерінде немесе негізгі міндеттеме бойынша талап қою құқығын беруге көну туралы шартта несие берушінің басқа несие берушіге өтетін құқықтарының өзге көлемінің көзделуі мүмкін, атап айтқанда, кепіл туралы шарт бойынша құқық жаңа несие берушіге өтетін құқықтар көлемінен алынып тасталуы мүмкін (бұл ретте кепіл құқығы тоқтайды), немесе кепілмен қамтамасыз етілетін көлемі азаюы мүмкін (бұл ретте кепіл туралы шартқа өзгертулер енгізілуі тиіс). Қамтамасыз етілетін талаптардың көлемін ұлғайту мүмкін емес, себебі ол үшін кепіл берушінің келісімі керек.

         Аталып өткендей, міндеттемені қамтамасыз ету тәсілдері құқықтық ретгелуі АК-ның 18-тарауында жан-жақты қарастырылған тұрақсыздық айыбымен, кепілпұлмен, кепілдікпен, кепіл болушылықпен немесе кепілмен ғана шектелмейді. АК-ның өзінде және кейбір заң актілерінде қамтамасыз етудің ұстап қалу және кепілдік жарна сияқты тәсілдері туралы айтылған.

АК-ның 292-бабында ұстап қалу міндеттемені қамтамасыз ету тәсілі ретінде айтылғанмен, АК-ның 18-тарауында оның құқықтық реттелуі келтірілмеген. Міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету тәсілі ретінде борышкер мүлкін ұстап қалудың мәні — несие берушінің заңнамада немесе шартта көзделген жағдайларда, мәміле нысаны болып табылатын мүлікті беруді борышкер міндеттемені орындағанға дейін кейінге қалдыру немесе несие берушіге борышкерден тиесілі ақшаны немесе ақша сомасынан өзге мүлікті немесе несие берушіге борышкер есебінен келіп түскен өзге мүлікті ұстап қалу құқығы. Мысалы, міндеттеменің орындалуын қамтамасыз етудің бұл тәсіліне сатушының сатып алу-сату нысанын сатып алушы оның құнын төлегенше ұстай тұруы (АК-ның 439-бабының 5-тармағы), коммиссионердің комитенттің есебінен түскен барлық соманың ішінен комиссияның шарты бойынша өзіне тиесілі соманы ұстап қалуы (АК-ның 572-бабы) және т.б. Ұстап қалу ұғымын міндетемені қамтамасыз ету тәсілінен гөрі кеңірек қарастырған жөн. Ұстап қалу, қамтамасыз ету тәсілімен қатар, АК-ның 284-бабының 2-тармағында көзделген өзін өзі қорғау төсілі де болып табылады. Өзара міндеттерді орындағанда тараптардың біреуінің міндеттемені орындамауы немесе тиісінше орындамауы екінші тарапты өзара міндеттерді орындаудан және өз міндетін орындауға қатысты кері талапты қанағаттандырудан босатады. Тараптың кез келген өзара шарт бойынша екінші тарапын міндеттемеде көзделген өзара міндеттерді орындағанына дейін мүлікті ұстап қалуды пайдалану құқығы (мүлікті беру, ақша төлеу жөніндегі міндетті орындамау), оның ішінде сатушының сатып алу-сату нысанының сатылатын бағасын төленгенше оны ұстай тұру құқығы, біздің ойымызша, дәл осыдан туындайды. Комиссионердің комитенттің есебінен түскен барлық соманың ішінен комиссияның шарты бойынша өзіне таесілі соманы ұстап қалуға құқығында біршама басқа мән бар, себебі бұл ретте комиссионердің біртекті талаптарды АК-ның 370-бабының ережелеріне сәйкес есепке жатқызуы орын алады. Ұстап қалуды құқықтық реттеудің болмауы АК-ның 380-бабына сәйкес міндеттеме тараптарына қамтамасыз етудің бүл түрінің ережесіне өз ықтиярымен келісуіне мүмкіндік береді.

Қамтамасыз етудің АК-да және бірқатар заң актілерінде айтылатын басқа тәсілі — кепілдік жарнасы. Әдетте, міндеттемелердің орындалуын кепілдік жарнамен қамтамасыз етудің шарттары ашық саудаға қатысу үшін көзделген. Мысалы, кепілге салынған мүлікті АК-ның 319-бабы-ның 4-тармағына сәйкес сатқанда саудаға қатысу, АК-ның 915-бабы 6-тармағының ережелеріне сәйкес конкурстық міндеттемелерге қатысу кепілдік жарнаның төленуін қарастырады. Бұл ретте кепілдік жарна қатысушы офертасының белгілі бір уақыт аралығындағы заңдылығын да, қатысушыны ашық сауданың немесе өзге конкурстық міндеттемелердің жеңімпазы деп жариялағанда оның конкурс талабында көзделген шартты жасау міндетін де қамтамасыз етеді. Көрсетілген мысалдардағы сияқты кепілдік жарнасы, қамтамасыз ету тәсілі ретінде, басқа да кез келген жағдайларда, оның ішінде сатып алу-сатуда, жалдауда, ақысыз қызмет көрсетуде және т.б. пайдаланылуы мүмкін. Бұл ретте кепілдік жарнасы тараптардың кез келгенінің міндеттемесін қамтамасыз ете алады.

Кепілге қарағанда, кепілдік жарнада ақша несие берушіге негізгі қамтамасыз етілетін міндеттеме бойынша беріледі, ол қамтамасыз етілген міндеттеме тоқтағанда, оның ішінде, міндеттеме тиісінше орындалғанда, жалпы ереже бойынша, кепілдік жарнасын қайтаруға міндетті, ал негізгі міндеттеме орындалмаған жағдайда оны қайтармауға құқылы. Кепілдік жарнасында, кейбір тұстарда, кепілпұлдың сипаты бар, одан аванстық толем функциясын табуға болады. Мысалы, аукционға (оның ішінде кепіл мүлкі сатылатын саудаға) қатысу үшін төленген кепілдік жарна аукцион жеңімпазының сатып алу бағасының есебіне жартқызылуы мүмкін, бірақ оның кепілпұлдан айырмашылығы сол, ол сауданы ұйымдастырушы қавдай да бір ақша сомасын төлеу жөніндегі өз міндеттерін бұзғанда, оған, енгізілген кепілдік жарнасын қайтару жөнінде котеріңкі міндет жүктелмейді. Қатысу кепілдік жарнасымен қамтамасыз стілген бірқатар жағдайларда, мысалы, тауар жеткізу жөнінде мәміле жасауға теңдерлерде, кепілдік жарнасы мәлімдеушілердің тендер жүргізуге қатысуын, тендер жеңімпазының тауар жеткізу шартын жасауын қамтамасыз етеді жөне онда аванстық төлемнің ешқандай функциясы болмайды.

Ұстап қалудағы сияқты, кепілдік жарнаны қамтамасыз етудің тәсілі ретінде арнайы құқықтық ретгеудің болмауы міддетгеме тараптарына АК-ның 380-бабына сәйкес қамтамасыз етудің бұл түрінің ережелерін өз бетімен келісуіне мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Осы дипломдық жұмысында карастырылған әдістер – айып  төлеу, кепіл, кепіл болу, кепілдік, кепілпұл, сондай-ақ; борышкердің мүлкін алып қалу, меншік құқығын резервтеу және міндеттеменің орындалуын қамтамасыз ету әдістерне кірмейтін аккредитив, валюталық, келсім, мэмшеш сақтандыру сияқты құқықтық формалар борышқорға мұқтаж әсер етудің қосымша шарасы ретінде танылады.

Қазіргi нарықтық, экономика жағдайында, яғни, төлем төлемеу дағдарысы көптеген кәсіпкерлердің жауапкершілік сезімі  болмауы, құқықтық нигулизм т.б.- міндеттеменің камтамасыз етудің азаматтық-құқықтық, тәсілдері ерекше өзгешелікке ие.

Осы материалдар негізінде мынадай қортынды шығаруға болады: қазіpri әрекет етуші заңда міндеттемені қамтамасыз етудің барлық тәсілі  берілмеген.  Атап  айтканда,   біздің пікіріміз бойынша,   ҚР Азаматтық кодексінде     меншік     құқығын     резервтеу сияқты міндеттеменің камтамасыз ету тәсілін көрсетсе жөн болар еді.

Айып төлеуді қолданғанда тараптар қамтамасыз етілген міндеттемеден аса көп аз мөлшерде ещцршедь Осыдан барып арада талас туады. Осындай талас пен негізсіз өндіруден құтылу үшін 61зд1ң кезкдрасымыз бойынша, мшдеттеме багасынан асатын колемде айып төлеуді белгшеуге жол бермейтш норма белгшенген дурыс.

K,aзipri әрекет етуші заңда кепіл болуға қатысты катынастар жеткілікті дәрежеде реттелмеген. Әcipece, борышқордың кепіл болу туралы шартын бұзуынан кейінгі жагдай белгіленбеген.   

Біздің өміріміз бойынша заңда борышқордың кепіл болушы алдындағы жауапкершілігі туралы ереже болуы ти1с. Борышқорды кепіл болушыны қолайсыз жағдайға қалдырып материалдык зиян, сондай-ак, моральдык, зиян келтіргені үш1н материалдык жауапкершілікке тарту мумкіндігі болса.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР TI3IMI

 

1.1995 жылғы 30 тамызда республикалық, референдумде кабылданған Қазакстан Республикасының Конституциясы.

  1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (жалпы бөлім), Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінде 1994 жылы 27 желтоқсанда қабылданған.
  2. Қазақстан Республикасының 1994 жыл 24 желтоқсандағы «Шетел инвестициялары туралы» Заңы.
  3. Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық, серіктестері туралы» заң күшіне ие Жарлығы . 1995 ж ., 2 мамыр.
  4. Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекетттік кәсіпорындар туралы» заң күшіне ие Жарлығы. 1995 ж., 19 маусым.
  5. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кеден ici туралы» заң күшіне ие Жарлығы. 1995., 20 шілде.
  6. Қазақстан Республикасы Президентінің «Банктер және банк қызметі туралы» заң күшіне ие Жарлығы. 1995 ж., 31 тамыз.
  7. Қазақстан Республикасы Президентінің «Үкімет туралы» 1995ж.,18 желтоқсан.
  8. Қазақстан Республикасы «Жер туралы» 2001ж.24.01.
  9. Қазакстан Республикасы Президентінің «Мұнай туралы» Жарлығы. 1995 ж.,22 желтоқсан.
  10. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қозғалмайтын мүлксін ипотекалау туралы» заң күшіне ие Жарлығы. 1995 жыл, 23 желтоқсан.
  11. Қазақстан Республикасы Президентінің «Қозғалмайтын мүлікке және онымен  Жасалған   мәмілеге   құқықты   мемлекеттік тіркеу   туралы» заң   күшіне   ие   Жарлығы. 1995   ж.,   25 желтоксан.
  12. Қазакстан Республикасының Қазакстан «Банкроттық туралы» заңы. 1997ж., 21 қаңтар.
  13. Қазақстан Республикасының Қазақстан Рееспубликасы Президентінің «Банкроттық туралы» заң күшіне  ие  Жарлығының күшін жоғалтқанын тану және Қазақстан Республикасының кейбір заң актілерне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы » Заңы  1997 ж., 5 наурыз.
  14. Қазақстан Республикасының «Құнды қағаздар рыногы туралы» Заңы. 1997 ж ., 5 наурыз.
  15. Қазақстан Республикасының «Құнды қағаздармен жасалган мәмілелерді тіркеуге алу туралы» Заңы. 1997 ж.5 наурыз.
  16. Қазақстан Республикасының «Орындау өндірісі және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңы 30 маусым 1998 жыл.
  17. Министрлер кабинетінің 1992 ж. 6 тамыздағы Қаулысымен бекітілген » Мемлекеттік ломбард туралы» ережесі.
  18. Министрлер кабинетінің 1992 ж. 6 тамыздағы Қаулысымен бекітілген «Мемлекеттік ломбард туралы» ережесі.
  19. «Ипотекалық, несиелерді қамтамасыз етуден жер учаскелері мен жерді пайдалану құқының кепіл тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы. 1996 ж. 6 маусым.
  20. «Қазақстан Республикасындағы нақты акддасыз есеп айырысу уақытша ережесі». Қазақстан Республикасы  Ұлттық, Банкінің Басқармасы. 1992 ж. 19 караша.
  21. «Ломбардтар туралы» ереже. Қазақстан Республикасы Ұлттық, Банкінің Баскармасы  қаулысымен   бекітілген.   1993   ж.   3 маусым.
  22. «Қазақстан Республикасы экономикасын қысқа мерзімге несиелеу ережесі». Қазақстан Республикасы Ұлттық, Банк Басқармасының Қаулысымен бекітілген. 1994 ж. 11 ақпан.
  23. Мемлекеттік кепілдікті беру тәpтi6i туралы нұсқау. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бұйрығымен бекітілген. 1999 ж. 1 тамыз.
  24. Қазақстан Республикасының Азаматтық, кодексі түсініктемелер мен сілтемелер. Жалпы бөлім. Алматы. Баспа. 1996 ж.
  25. Қазақстан Республикасының Азаматтық, кодекс түсініктемелер мен сілтемелер. Жалпы бөлім. Алматы. Баспа. 1996 ж.
  26. Гражданский кодекс Российской федерации часть первая М. Собрание законодательства Российской Федерации. 1995ж.
  27. Комментарии к Гражданскому кодексу Российской Федерации, части первой М. Юринформцентр. 1997 ж.
  28. Байсин Ю. Г. Общие положение гражданского кодекса.
  29. Республики Казахстан Алматы. «Предприниматель и право». 1996ж.
  30. Гражданский кодекс Российской Федерации в схемах Эксперт 1977 104с.
  31. Боберешова О. Способы обеспечения обязательств. Алматы «Предприниматель и право». 1996 с. 5-7.
  32. Васенин А.П. залог как способ обеспечения обязательства. Том 1-3. 1996-1997г.г.
  33. Коммерческий договор: от заключения до исполнения. М.»Маркетинг» , 1995. 324 с.
  34. Хравченко А.И. Законодательство об ипотеке. / Алматы, Адилет/. В сб. «Комментарий гражданского законодательства». Том 1-3. 1996-1997 .г.г.
  35. Момонтов Н. И. Обязательства и их исполнение.