АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау қағидалары

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау қағидалары

 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе……………………………………….…………………………….3

 

  1. Қылмыстық құқықтағы жаза мазмұны

1.1 Жаза  түсінігі   және  мақсаттары……………………………………..6

1.2 Жаза  жүйесінің және оны тағайындау қағидаларының 

маңыздылығы ………………………………………………………….….10

 

  1. Жаза тағайындаудың мәні

2.1 Әдет-ғұрып заңдарындағы жаза тағайындау………………………..17

2.2 Қазіргі жаза тағайындаудың өзекті мәселелері…………………..….21

2.3.Жаза  тағайындаудағы  ескерілетін  мән жағдайлар………….…….29

 

Қорытынды……………………………………………………………….47

Қолданылған әдебиеттер тізімі……………………………………….45

 

 

Кіріспе

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттегі саяси, әлеуметтік, мәдени және экономикалық дамудың тұрақты жүзеге асуы өз азаматтарының Конституцияда баянды етілген құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің қаншалықты қамтамасыз етілуіне байланысты. Қазіргі уақытта мемлекет пен қоғам, адамдар мүддесіне қарсы қылмыс жасаған тұлғаларға әділ, тиімді жаза тағайындау құқыққорғау органдары үшін өзекті мәселенің бірі.

Жаза қылмыскер үшін өзі жасаған қылмыстық салдары. Дегенмен ол қылмыстық алдын алудағы белді шара болып табылмайды. Белді шараларға әлеуметтік, мәдени-тәрбиелік жұмыстар жатады, бірақ егер де қылмыскер иландыру әдістеріне, тәрбиелеу шараларын бас бермей бара жатса, оны қылмыстық жазамен тізгіндеуге тура келеді.

Жұмыстың міндеті. Жаза  сотталған  адамға белгілі бір   зардап    келтірумен  тікелей   байланысты болады. Мысалы, соттың   кінәліні бас   бостандығынан   айыру  немесе   белгілі бір   кәсіппен шұғылдануға  немесе   белгілі  бір   лауазым иесі   болуға   тыйым  салуы, мұлкін   тәркілеуі  мүмкін. Ерекше   ауыр  қылмыс   жасаған   жағдайда кінәлігі   заңда   көрсетілген   негізде  ерекше жаза — өлім   жазасын   тағайындауды  да   мүмкін.  Сөйтіп, кез келген   қылмыстық  жаза   тағайындағанда   сотталған адам   материалдық, моральдық,   мүліктік   зардап   шегеді.  ґйткені  жаза  өғзінің  мәні   жөнінен  кінәліні   жазалау   болып  абылады.

Қылмыстық жазалау    шараларының  мәні   мемлекеттік   айыптауды  және   мәжбұрлеуді  арнайы   тәсілмен  жүзеге   асыру. Осыған   байланысты  Н. Сергеевский  былай  деп жазады: “Жазада   қылмыстық іс-әрекетті  қандай   формада  болмасын,  қандай  мазмұнда   болмасын  айыптау, бетке   басу  әрқашанда  болады”.

С. Познышев   өш алу   теориясын  сынады. “Егер  жаза  нақты  қолданылса, — дейді ол, — тежеуші  әсерге  артық қатыгездік   жасамай-ақ қол   жеткізуге   болмады,  ал қолданылмаса – қандай   үрей   туғызса  да  әсері    болмайды”.

Жаза  қылмыс жасаған   адамға   қолданылатын   мемлекеттік арнайы  мәжбұрлеу   шарасы   ретінде  құқықтық қудалаудың кейбір  түрлерімен  ғана   шектелмейді,   сонымен қатар  ол   қылмыскерге  тәрбиелік   ықпал   етуді   де   көздейді.

Жұмыстың мақсаты. Жаза  туралы  ілімнің   ең  көп талас   тудыратын  мәселелерінің  бірі– жазалаудағы   сазай   тартқызудың   рөлі  мен  мағынасы  туралы   мәселе. Бірқатар   ғалымдар   сазай   тартқызуды  жазалаудағы  өзінше   мақсат деп  санайды. Заңгерлердің  басым   көпшілігі   бұл   пікірмен  келіспейді. Көптеген зерттеушілер  жазада   ондай мақсат жоқ дейді.  А. Ременсонның  пікірінше  сазай  тартқызу  қылмыстық жазаның  мақсаты  бола  алмайды.  Сазай   тартқызуды  жазаның   мақсаты деп  тану  — жазалауды   мақсат   тұту  деп   мойындау  деген сөз.  Э.  Норбутаев  сазай   тартқызуды   жазаның  негізгі   мазмұны   деп  санаса,  кейбір   пікірлер   бойынша   жазада   сорын қайнату   мақсаты  да бар. Бұл сынға   алып   отырған  пікірді  жақтаушылардың    біразы   сазай   тартқызу    мақсатын   қоғамдық   сананы   қанағаттандыру, адамдардың   әділдік  сезімін  сақтауға  ұмытылу   мақсаты  деп  қарастырады.

Зерттеу жұмыстары әлеуметтік құбылыстың танымдылықтың теориялары мен базалық қағидалары негіздеріне сүйене отырып жүзеге асырылды. Кейбір тұстарда өзге ғылым салаларының әдістері мен ережелеріне сілтеме жасалынды. Әдістемелік негіздерін ҚР қылмыстық кодексі және қылмыстық істер жүргізу кодексі, Қазақстан Республикасы Жоғары Соты Пленумның нормативтік қаулылары және өзге де нормативтік құжаттар құрайды.

Алдын алу – тәрбиелеу   процестері   арқылы   азаматтарға   ықпал  жасау  осы  заңнан  басталады.  Қылмыстық алдын алу   жайында Н.  Дурманов былай   деп жазады: “кеңестік  қылмыстық-құқықтық нормалар   қылмыс жасалынған  кезден  бастап   немесе   санкция   қолданылған   кезден бастап емес,  ол   нормалар   көрсетілген заң   күшіне   енген  кезден  бастап нақты  әсер етеді.

Құқық   зерттеушілер, тарихшылар,  философтар, теологтар жазалаудағы  мақсатға ой  жібергенде жалпы  және  арнайы  превенциядан  басқа мақсаттарды  қалыптастыра  алмады. Жалпы  превенция,  мысалы,  көне   өсиеттің  екінші   заңында  көзделген: “Көбірек естиді де,  өз  арасында   мұндай   қылмыс жасауға  қорқады”.

Біріншіден,   қылмыстық  шара – мемлекеттік   күштеу   шарасы  ретінде қылмыстың   заңмен  ғана   белгіленеді. Қылмыстық  кодексте  жазаның   сот үшін  міндетті   тізбектері   мен  оны   қолданудың   тәртібі  тұжырымдалған.  Сот   қылмысқа   кінәлі   адамға   қылмыстық  заңда   көрсетілген   шараның  шеңберінде   оның шегінен  шықпай, жаза  тағайындауды.  Тек  ерекше   жағдайларда  ғана   сот   көрсетілгеннен гөрі   неғрлым   жеңілірек  жаза   тағайындауға   құқылы.

Екіншіден,  мемлекеттік   күштеу   шарасы  ретінде  қылмыстық  жазаны   мемлекет   атынан  тек ғана   сот   тағайындайды. Қылмыстық жазамен  салыстырғанда   басқа да   мемлекеттік   күштеу   шаралары   мемлекеттік  органдар немесе  лауазымды  органдар  арқылы   жұзеге асырады. Мысалы,  қоғамдың тәртіпті   бұзған  адамды   полиция   бастығы   әкімшілік  жауапқа, салық  инспекциясының  лауазымды  адамды  салықтан  бұлтараушыларды  заңда   көрсетілген   тәртіппен  жазалайды немесе   әкімшілік   комиссиясы   өзіне  берілген   құзырет   шеңберінде   әкімшілік   құқың бұзушыларды   жауапқа  тартады. Осы аталған   органдардың  немесе  лауазымды  адамдардың   бірде-біреуі  қылмыстың жаза қолдануға құқылы емес. Қылмыстың   жазаны   қолдану —  тек ғана   соттың   құзыреті.

Үшіншіден, заңда   көрсетілген   тәртіппен   сотталған   адамды   жазадан босату,   сондай-ақ  тағайындаған   қылмыстық   жазаны  жеңілдету   тағы  да   сот арқылы  жүзеге асырылады.  Тек қана  рақымшылық   және  кешірім   беру   актілерімен  жазадан  босату   немесе  жазаны   жеңілдету  Қазақстан  Республикасы   Конституциясына  сәйкес Парламент немесе  Республика  Президенті  арқылы   жұзеге  асырылады,  ал басқа   жағдайларда   бұл  мәселелерді   шешу  тек  соттың   міндеті   болып табылады. Бұл да   қылмыстық   жазаның   басқа мемлекеттік   күштеу   шараларынан  мәнді өзгешелігін   көрсетеді.

Төртіншіден,   қылмыстың   жаза  жария   түрде   ашықтан-ашық дайындалады. Яғни,   қылмыс адамның  кінәсін   анықтау   оған  жаза  тағайындауды   қажет деп   табу,   қылмыстық жазаның  нақты  түрі  мен   көлемін   анықтау,  жеке  немесе   заңды   тұлғалар  арқылы емес  мемлекет  арқылы  жария,  ашықтан-ашық   түрде  белгіленеді.

Қылмыстық  жаза   кінәлі   адамға   мемлекет  атынан   белгіленеді, жеке  немесе   лауазымды  адамдар  сот   тағайындаған  жазадан  ешкімді  де   босата алмайды, заңды   күшіне  енген сот  үкімі   мемлекеттік, жеке  кәсіпорын, ұйым, мекеме, лауазымды  және   жай   адамдардың  орындауы  үшін   Республика  аумағында   міндетті  болып табылады.

Бесіншіден,  мемлекеттік  күштеу шаралары   ретінде   қылмыстық жаза   қылмыстық заңда  көрсетілген  нақты   қылмысты   жасаған кінәлі  адамға   мүмкін. Яғни, бұл жерде   жаза  адамның   кінәлі   түрде   істеген іс-әрекетінің   қылмыстық-құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да   қылмыстық заңда  “адам өз кінәсі   анықталған қоғамға қәуіпті   әрекет   немесе   әрекетсіздік  және   пайда   болған   қоғамдық   қауіпті   зардаптар   үшін   ғана   қылмыстық жауапға  тартылуға  тиіс”, — делінген. Сондай-ақ әрбір   істелген   қылмысқа   жаза   тағайындау   міндетті емес.  Мұның   мәні   мынада: егер   тергеу   жүргізілген немесе   істі  сотта   қараған   кезде   жағдайдың   өөзгеруімен  байланысты   кінілінің  істеген   қылмысының  қоғамға  қауіпті   мәні   жойылса  немесе  оның  өзі  қоғамға   енді   қауіпті  емес  деп  танылса,  қылмыс   нышандары   бар  іс-әрекет   жасаған  адамды  қылмыстық жауаптылықтан  босатуға  болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Қылмыстық  құқықтағы жаза мазмұны

 

1.1 Жаза  түсінігі   және  мақсаттары

 

“Жаза” дегеніміз  соттың   үкімі   бойынша   тағайындалатын   мемлекеттік  мәжбүрлеу шарасы.  Жаза  қылмыс   жасауға   кінәлі   деп  танылған  адамға    қолданылады және  адамды   құқықтары   мен  бостандықтарынан  Қылмыстық   Кодекспен   көзделген    айыру  немесе   оларды  шектеу  болып табылады. [11Б.121]

Қылмыстық жаза   мемлекеттік   күштеу   шараларының  бірі  болып табылады және   ол   мемлекеттік   қылмыспен   қарсы  күрес  жүргізу    құралдарының   бірі  ретінде   қолданылады.  Мемлекет   қылмысқа  қарсы    күрес   жүргізуде   әр түрлі   ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық,  рухани   шаралардың   барлық   түрін   кейінен   қолданады, сөйтіп   қылмыстан  сақтандыру   мәселелеріне  ерекше   көңіл   бөледі. Сондықтан да   біздің  жас,   тәуелсіз   мемлекетіміз   қылмысқа  қарсы   күрес  қылмыстық  жазаны   қолдануда  ең  негізгі   басты   күрес деп  саналмайды, бұл  құбылысқа  қарсы   күресте   шешуші  мәселелер   жоғарыда аталып  өткен   экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие,  қоғам   мүшелерінің   белсендігін,   олардың   құқылы сана-сезімін   жетілдіру   арқылы  жүзеге  асырылды. Сондықтан да   қылмыстық   шара   мемлекеттік   күштеу    шарасы   ретінде  тек  арнаулы,  заңда   көрсетілген  жағдайда   ғана   жүзеге   асырылады.   Қылмыс   істеген   адамдарға   мұндай   шараны   қолдану   мемлекеттік  атқаратын    функцияларының   бірі  ретінде   қарастырылады. Әсіресе ауыр,  өте  ауыр  қылмыс істегендерге   соған сәйкес  ауыр   қылмыстық-құқықтық  күштеу   шараларын  қолдану мемлекеттің   міндеті  болып табылады. Мемлекеттік   күштеу    шаралары   сан  алуан. Оларға  тек   қылмыстық   құқылық  шаралар  ғана  емес,   азаматтық, әкімшілік, тәртіптік шаралар   да жатады. Қылмыстық шара   мемлекеттік   күштеу  шараларының  жеке   бірі   түрі   бола  отырып,  өзерекшеліктерімен оқшауланады.

Республиканың   бұрынғы   екі қылмыстық кодекстерінде   жаза  түсінігіне  анықтама   берілмеген.  Ол тек   қылмыстық  құқық теориясында   қарастырылатын.  Жаза  туралы  түбегейлі  еңбек жазған  кеңес криминалисті И.  Карпецтің   өзі  ең   алдымен   оның әлеуметтік  мәніне    тоқталып,  бір формациядағы  жаза  жүйесінің  келесі  формацияға   сәйкес  келмей   қалатындығын  айтқан болатын. Осыған  орай   кеңес   уақытындағы   жаза  түрлері    де  Қазақстандағы  қоғамдық   қатынастардың   сипат   өзгерген    кезде   ескіргендігін  байқатты.  Сол себепті,  жаза   қылмыстық   кодекс   қабылданғанда   жазаның    мақсаттары   да   қомақты   өзгеріске  ұшырады.   Ондағы мақсаттардың  кейбірі   теорияда    мүлде  қарастырылмаған  болса,   кейбіріне “социалистік емес”  тұрғыдан  жаңша   көзқарас   ғқжет  болып жатыр.  Бұл   аталған   міндеттерді    орындау   үшін    ең   алдымен  жазаның   тұсінігін   анықтаудан бастаған  ләзім.  Мысалы,  Н.  Шаргородский  “Жаза   дегеніміз   қылмыскерді   оған   тиесілі  қандай  да    игіліктен   айыру,  оны  және  оның  қызметін   мемлекеттің  теріске   шығаруы” деп санайды.

С. Дементьевтің   пікірі басқаша, ол  “Жаза  дегеніміз   айыпкер   басынан   кешіруге   тиісті , алдын  ала  ойластырылған,  заңда   белгіленген   тән азаптары  мен   тапшылықтары” дегенді   айтады.

Ғалым-криминалистердің  басым   көпшілігі   жазаны    қылмыстардың   жалпы   және  арнайы  алдын алу   мақсатында   қылмыс жасаған  адамдарға   мемлекет   атынан  сот   қолданатын   мемлекеттік  мәжбүрлеу   шарасы    деген  пікірді   ұстанады.

Біз С. Дементьевтің   пікірімен   келісе   алмаймыз, себебі   жазаның мәнін айыпкерге  келетін  тән  азаптары  мен   тапшылықтарды   алдын ала көздеу   деп  санау   Қазақстан   Республикасының   қылмыстық  кодексінің   бабында көрініс  тапқан  гуманизм   принципіне  қайшы   келеді.   Керісінше, И.  Карпецтің  қылмыстылықпен   күрес  құралдарының  бірі  болып табылатын  жазаның  мазмұнында   сендіру  мен    мәжбүрлеу   бірдей   көрініс  тапқан деуі  қолдарлық.  Н. Стручков   жазаның   мазмұнына    мынандай    анықтама   береді. “Жаза  дегеніміз  қылмыс жасады  деп танылған   адамға  сол   іс-әрекетті   жасағаны  үшін   сот   үкімімен  мемлекет атынан  қолданылатын  ескерту  шарасы, ол  жазаның   әрбір  түрі  үшін   заңда    белгіленген  құқық шектеу    жүйесін құрайды”.

Қазақстан  Республикасында жазалау  өш алу   емес. Онда   қандай  да   бір   тәрбиелік  мән  бар. Жаза,   біріншіден,   қоғамға   қауіпті   іс-әрекет  жасағандар   үшін  сазайын тарту, екіншіден,  жазаны  өтеп  жатқан  адамның  санасын   көтеруді,  оның  қоғамда   болып жатқан   құбылыстарға   белсенді  қатысуын   мақсат  тұтады,  үшіншіден,   белгілі  бір  жаза  тағайындаумен  байланысты   қоғамға  қауіпті  іс-әрекетті   заң  арқылы  айыптау – оны  жасайтын  адамдарға  құқық  тәртібін   сақтау  керектігі   жөнінде   ықпал   етуге  тиіс.

Қазақстан  Республикасы  қылмыстық кодексінің жобасында  жаза  дегеніміз  жасалған   қылмыс үшін  сазай  тартқызу  деп   көрсетілген.   Біздің пікірімізше, мазмұны   жағынан  жақын  келетін  бұл сөз  онша  сәтті  алынбаған. Себебі, “шара” деген сөз  құқықтық  әдебиетте  дау  туғызуда.

Ол  ресми-құжаттық  стильге   қойылатын  талаптардың бірі-тіл  дәлдігін    сақтауға  көмектеспейді. Соған  байланысты  Қазақстанның  заң   шығарушылары  заңда   “шара”  сөзін  қолданудан  бас  тартып  дұрыс жасаған.

Жалпы  алдын алу  әрекеті   негізгі  үш  параметр   бойынша   жүзеге  асырылады. Біріншіден – ол   қорқыныш тудырады,  қылмысқа   бейім  адамдар   жазадан қорыққандықтан ондай әрекетке  барудан  бас тартады.  Екіншіден – жаза   тыйым  салынған   әрекеттерді   болдырмайды,  адам  заңмен  қорғалатын   нормаларды,  қоғамдық   тәртіпті   бұзбауға  дағдыланады. үшіншіден – қылмыстық жауапқа   тартылу   мүмкіндігін  “қалыпты  заңға  бағыну  әдетін  сақтауға” итерілмейді.

Алдын алу – тәрбиелеу   процестері   арқылы   азаматтарға   ықпал  жасау  осы  заңнан  басталады.  Қылмыстық алдын алу   жайында Н.  Дурманов былай   деп жазады: “кеңестік  қылмыстық-құқықтық нормалар   қылмыс жасалынған  кезден  бастап   немесе   санкция   қолданылған   кезден бастап емес,  ол   нормалар   көрсетілген заң   күшіне   енген  кезден  бастап нақты  әсер етеді.

Құқық   зерттеушілер, тарихшылар,  философтар, теологтар жазалаудағы  мақсатға ой  жібергенде жалпы  және  арнайы  превенциядан  басқа мақсаттарды  қалыптастыра  алмады. Жалпы  превенция,  мысалы,  көне   өсиеттің  екінші   заңында  көзделген: “Көбірек естиді де,  өз  арасында   мұндай   қылмыс жасауға  қорқады”.

Біріншіден,   қылмыстық  шара – мемлекеттік   күштеу   шарасы  ретінде қылмыстың   заңмен  ғана   белгіленеді. Қылмыстық  кодексте  жазаның   сот үшін  міндетті   тізбектері   мен  оны   қолданудың   тәртібі  тұжырымдалған.  Сот   қылмысқа   кінәлі   адамға   қылмыстық  заңда   көрсетілген   шараның  шеңберінде   оның шегінен  шықпай, жаза  тағайындауды.  Тек  ерекше   жағдайларда  ғана   сот   көрсетілгеннен гөрі   неғрлым   жеңілірек  жаза   тағайындауға   құқылы.

Екіншіден,  мемлекеттік   күштеу   шарасы  ретінде  қылмыстық  жазаны   мемлекет   атынан  тек ғана   сот   тағайындайды. Қылмыстық жазамен  салыстырғанда   басқа да   мемлекеттік   күштеу   шаралары   мемлекеттік  органдар немесе  лауазымды  органдар  арқылы   жұзеге асырады. Мысалы,  қоғамдың тәртіпті   бұзған  адамды   полиция   бастығы   әкімшілік  жауапқа, салық  инспекциясының  лауазымды  адамды  салықтан  бұлтараушыларды  заңда   көрсетілген   тәртіппен  жазалайды немесе   әкімшілік   комиссиясы   өзіне  берілген   құзырет   шеңберінде   әкімшілік   құқың бұзушыларды   жауапқа  тартады. Осы аталған   органдардың  немесе  лауазымды  адамдардың   бірде-біреуі  қылмыстың жаза қолдануға құқылы емес. Қылмыстың   жазаны   қолдану —  тек ғана   соттың   құзыреті.

Үшіншіден, заңда   көрсетілген   тәртіппен   сотталған   адамды   жазадан босату,   сондай-ақ  тағайындаған   қылмыстық   жазаны  жеңілдету   тағы  да   сот арқылы  жүзеге асырылады.  Тек қана  рақымшылық   және  кешірім   беру   актілерімен  жазадан  босату   немесе  жазаны   жеңілдету  Қазақстан  Республикасы   Конституциясына  сәйкес Парламент немесе  Республика  Президенті  арқылы   жұзеге  асырылады,  ал басқа   жағдайларда   бұл  мәселелерді   шешу  тек  соттың   міндеті   болып табылады. Бұл да   қылмыстық   жазаның   басқа мемлекеттік   күштеу   шараларынан  мәнді өзгешелігін   көрсетеді.

Төртіншіден,   қылмыстың   жаза  жария   түрде   ашықтан-ашық дайындалады. Яғни,   қылмыс адамның  кінәсін   анықтау   оған  жаза  тағайындауды   қажет деп   табу,   қылмыстық жазаның  нақты  түрі  мен   көлемін   анықтау,  жеке  немесе   заңды   тұлғалар  арқылы емес  мемлекет  арқылы  жария,  ашықтан-ашық   түрде  белгіленеді.

Қылмыстық  жаза   кінәлі   адамға   мемлекет  атынан   белгіленеді, жеке  немесе   лауазымды  адамдар  сот   тағайындаған  жазадан  ешкімді  де   босата алмайды, заңды   күшіне  енген сот  үкімі   мемлекеттік, жеке  кәсіпорын, ұйым, мекеме, лауазымды  және   жай   адамдардың  орындауы  үшін   Республика  аумағында   міндетті  болып табылады.

Бесіншіден,  мемлекеттік  күштеу шаралары   ретінде   қылмыстық жаза   қылмыстық заңда  көрсетілген  нақты   қылмысты   жасаған кінәлі  адамға   мүмкін. Яғни, бұл жерде   жаза  адамның   кінәлі   түрде   істеген іс-әрекетінің   қылмыстық-құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да   қылмыстық заңда  “адам өз кінәсі   анықталған қоғамға қәуіпті   әрекет   немесе   әрекетсіздік  және   пайда   болған   қоғамдық   қауіпті   зардаптар   үшін   ғана   қылмыстық жауапға  тартылуға  тиіс”, — делінген. Сондай-ақ әрбір   істелген   қылмысқа   жаза   тағайындау   міндетті емес.  Мұның   мәні   мынада: егер   тергеу   жүргізілген немесе   істі  сотта   қараған   кезде   жағдайдың   өөзгеруімен  байланысты   кінілінің  істеген   қылмысының  қоғамға  қауіпті   мәні   жойылса  немесе  оның  өзі  қоғамға   енді   қауіпті  емес  деп  танылса,  қылмыс   нышандары   бар  іс-әрекет   жасаған  адамды  қылмыстық жауаптылықтан  босатуға  болады.

Қылмыстық жазаны   қолдану   кінәліні  басқа түрдегі   азаматтың,   әкімшілік  немесе  тәртіптік   жауапкершілікке  тартумен  де  үштастырылуы  мүмкін.

Қылмыстың  жаза  мемлекет   атынан  қылмысты  іс –әрекеттер   үшін   кінәлінің   бетіне   басу  арқылы   берілетін  теріс   ққңылың   баға  болып табылады. Бетіне   басудың  және   кінәлаудың  дәрежесі   қылмыстың ауырлығына,   кінәлінің   жеке  тұлғасына   және  оның   қылмысты   іс  әрекетті   істеудегі   мінез-құлқына   тікелей   байланысты   болады.

Жаза  сотталған  адамға   белгілі бір   зардап    келтірімен  тікелей   байланысты  болады. Мысалы,  соттың   кінәліні бас   бостандығынан   айыру  немесе   белгілі бір   кәсіппен   шұғылдануға  немесе   белгілі  бір   лауазым иесі   болуға   тыйым  салуы,   мүлкін   тәркілеуі  мүмкін. Ерекше   ауыр  қылмыс   жасаған   жағдайда   кінәлігі   заңда   көрсетілген   негізде  ерекше жаза — өлім   жазасын   тағайындауы  да   мүмкін.  Сөйтіп, кез келген   қылмыстық жаза   тағайындағанда   сотталған адам   материалдық, моральдық,   мүліктік   зардап   шегеді.  Өйткені  жаза  өзінің мәні   жөнінен  кінәліні   жазалау   болып  табылады.

Қылмыстың  жазаның  басқа  да  мемлекеттік  күштеу    шараларынан ерекшелігі, оны  қолдану  кінәліге  барлың   уақытта да  сотталғандық  туралы  атақ  берді. Сотталғандыңтың  кінәлі  үшін   белгілі  бір  құңылың  зардабы  бар,  ол  сотталғандығы  туралы өмірбаянында  көрсетілуі  керек, сотталғандық  кейбір   жағдайларда   қылмысты   ауырлататын   мән-жайларға   жатады. Немесе   сотталғандық  атақ   кейде   қылмыстық саралауға, жазаның   мөлшерін, сондай-ақ  жазаны   өтейтін  колонияның   түрін  белгілеу  үшін   маңызды  мәнге   ие  болады. Сонымен,  қылмыстың жаза  денегіміз  сот арқылы  мемлекет   атынан   жасаған  адамға   қылмыстық заңмен  белгіленген  мемлекеттік шараны  қолдану    болып табылады.

Қылмыстың  жазаның   әкімшілік   құқық бұзушылық  үшін  қолданылатын   жазадан  айырмашылығы  мынадай:

біріншіден,  қылмыстың жаза  бұл істелген   қылмыстың   зардабы,  ал   әкімшілік  шара  болса,  ол   қылмыс болып табылмайтын   қоғамға  жат   теріс   әрекеттер   үшін ғана   тағайындалады.

Екіншіден,   қылмыстың жаза   сот арқылы  мемлекет атынан  тағайындалады. Әкімшілік   шараларды  әкімшілік   органдары,   лауазым  адамдары немесе  судья   тағайындайды.  

Үшіншіден,   қылмыстық жазаның әкімшілік   жазадан  ерекшелігі   сол сот  үкімі  бойынша    тағайындаған   қылмыстық жаза   кінәліге   сотталғандық  атақ береді, ол   әкімшілік   жаза   таратылғандар  үшін   мындайда   құқылық  зардап болмайды.

Жаза қылмыскер   үшін   өзі   жасаған   қылмыстың   салдары.  Дегенмен   ол   қылмыстың   алдын   алудағы   белді  шара  болып  табылмайды. 

 

1.2 Жаза  жүйесінің және оны тағайындау қағидаларының   

маңыздылығы

 

Жазаның    жүйелері деп қолданылып  жүрген қылмыстық заңда   белгіленген соттар  міндетті   және  тұжырымды,  ауырлығына   қарай   белгілі  тәртіппен   орналасқан  жазаның    түрлерін  айтамыз.

Қылмыстық   заңның   өзінде  барлық соттар   үшін  міндетті  болып табылатын   жекелеген  жазаларды қолданудың  шарты,  шегі  және  тәртібі  белгіленген. Мұның  өзі  республика  аумағында  қылмысқа   қарсы  күрес   саласында   біркелкі   жазалау   қызметін жүзеге  асыруға   мүмкіндік береді.  Сотталған   адамға  келтірілген  айырудың   мәніне   қарай  жазаның    түрлері   мынандай   топтарға  бөлінеді.

  1. Сотталған адамға   моральдық   жағынан   әсер  ететін  жаза  түрлері. Бұған   жататындар:  қоғамдық  жұмыстарға  тарту,  арнаулы,   әскери немесе   құрметті   атағынан,  сыныптық  шенінен,  дипломатиялық  дәрежесінен,   біліктілік   сынабынан  және  мемлекеттік   наградадан айыру. 2. Сотталған  адамның   құқығына  шек   қоюмен   байланысты  жаза  түрлері: белгілі  бір   лауазым  атқару   немесе  белгілі бір  қызметпен  шұғылдану  құқығынан  айыру,   әскери  қызмет   бойынша   шектелу.
  2. Сотталған адамды материалдық  жағынан  айыруға   байланысты   жазалар:  түзеу   жұмыстары,  айып пұлы,  мүлікті  тәркілеу.
  3. Сотталған адамның құқығынан  немесе  бас   бостандығынан  айыруға   байланысты  жаза    тұрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан  айыру,  қамау,   тәртіптік  әскери  бөлімде  ұстау. Жаза    түрлерін   топтастырудың   бұдан  басқа  түрлері  жалпыға мәлім.  Жаза    жүйелеріне   кіретін   барлық  жаза   түрлері   негізінен  үш  топға   бөлінеді: Бірінші   топты   негізгі  жазалар құрайды.  Негізгі  жазалар  дегеніміз  заң   бойынша   жеке-дара жаза  ретінде,   жазаның   мақсатын   жүзеге  асыру  үшін  қолданылатын   жаза   түрлерін   айтамыз. [13Б.89]

Қылмыс   жасады  деп  танылған  адамдарға   мынандай   негізгі   жазалар:

— Айыппұл салу;

— белгілі  бір  лауазым  атқару  немесе  белгілі  бір  қызметпен  айналысу  құқынан  айыру;

— қоғамдық  жұмыстарға   тарту;

— түзеу   жұмыстары;

— әскери  қызмет   бойынша   шектеу;

— бас   бостандығынан  шектеу;

— қамау;

— тәртіптік  әскери   бөлімде  ұстау;

— бас   бостандығынан   айыру;

— өлім   жазасы    қолданылуы  мүмкін.

Екінші   топқа   қосымша  жазалар  жатады:

-қосымша   жазалар   деп  негізгі   жазаға  қосылып   тағайындалатын,  жазаның   мақсатын   жүзеге   асыруда  оған   көмекші   роль  атқаратын жазаларды   айтамыз. Қазақстан  Республикасы Жоғарғы Соты  Пленумының Қылмыстық жаза   тағайындаған кезде   соттардың   заңдылықты   сақтау  туралы” 1990 жылғы  30  сәуірдегі  қаулысының  25,26 – тармақтарында “Негізгі   және  қосымша   жазаларды   дұрыс    үйлестіре  білу,  оны  даралап көрсету принципін  дәйекті   түрде  жұзеге   асыруға, жазаның   мақсатына  жетуге  көмектеседі, осыған  байланысты   соттар  үкім   шығарған кезде әр іс бойынша, әсіресе, ауыр, аса ауыр, сыбайлас жемқорлық қылмыстар жасаған адамдарға қосымша жаза қолдану қажеттілігі мәселесін қараған жөн.” [11Б.152]

Қылмыстық заңның баптарының санкцияларында   қосымша  шаралар   қолдану  немесе  қолданбау   мүүмкіндігі айтылған   болса,  онда соттардың   оны   тағайындау   туралы   мәселені  қарап,  қабылданған  шешімінің  дәлелдерін  үкімінің   дәлелдеу    бөлігінде   міндетті   көрсетуге  тиіс.

Қосымша жазалар  сотталушыны кінәлі  деп таныған   заң баптарында  көрсетілген  шекте   тағайындалады.  Егер қосымша   жаза  қылмыстың кодекстің 41 немесе  50- баптарының   негізінде   қолданылса,  оның  мерзімі  заң  бойынша  жазаның   осы   түріне   белгіленген   шектен   аспауы керек. Қылмыстық кодекстің 55-бабында  көрсетілген   шарттар болған   жағдайда ғана осы бапқа   сілтеме   жасай отырып,   қабылданған   шешімінің   дәлелдерін  үкімде   міндетті   түрде   көрсете отырып, оған   қосымша  жазаны  қолданбауы  мүмкін.

Қосымша жаза  жеке-дара    тағайындалмайды,  ол тек  ғана негізгі   жазаға   қосылып    тағайындалады. Сотталғандарға  негізгі  жазалардан  басқа  мынандай  қосымша жазалар:

— арнаулы,  әскери  немесе  құрметті атағынан, сыныптық  шенінен,  дипломатиялық   дәрежесінен,  біліктілік  сыныбынан  және  мемлекеттік  наградаларынан  айыру;

— мүлкін   тәркілеу   қолданылуы  мүмкін.

Үшінші  топқа  негізгі де,   қосымша да  жаза  ретінде  қолданылатын   жазалар жатады. Оларға   жататындар: айыппұл салу,  белгілі  бір  лауазым  атқару  немесе  белгілі  бір қызметпен  айналысу  құңыңынан  айыру. Осы  көрсетілген  жаза   түрлері   негізгі  жаза   ретінде   тағайындалуы да немесе  басққа   жазаға   заңда   белгіленген  реттерде  қосымша   жаза ретінде   қоса   тағайындалуы   да  мүмкін. Сонымен,   қолданылып  жүрген қылмыстың заңда  мазмұны  мен  мәні  әр түрлі жаза  түрлері  көрсетілген.

Қылмыстық құқық теориясында жаза тағайындаудың жалпы негіздері, қағидалары мен ережелерін анықтауда әлі бірізділік жоқ.

Осы тұрғыдағы проблемаларды ғылыми-зерттеу институтында қылмыстық құқықтың тұлғалы бір тақырыбы, толғақты бір саласы — жаза тағайындау мәселесін жан-жақты зерттеп, ғылыми негіздеп шығу барысында бірқатар жұмыстар  атқарылып жатыр.

Қарастырылып отырған мәселелер барысында аталмыш терминологиялар төмендегідей тәртіппен түзіледі:

Жалпы негіздер — мән-мағынасы бойынша «барлығынан шамалыдан» дегенді білдіретін жалпылама ұғым. Ол өз құрамында қайсыбір қарастырылып отырған құбылыстың барлық негізгі белгілерін (өзіндік ерекшеліктерін) қамтуды  мүлде мақсат тұтпайды. Оның міндеті — зерттеліп отырған проблеманың (тақырыптың, мәселенің) барынша айқын си-паттарын ашып көрсету.

Қылмыстық кодекстің құрылымы заң шығарушының қылмыстық-құқықтық реттеу пәніне деген қарым-қатынасын оңтайлы және жан-жақты түсінікті түрде келтіруге орай құрылуы себепті заңда жаза тағайындаудың нақтылы қағидалары мен ережелері емес, нақ осы жалпы негіздер айшықталған. Мұның алғашқы мәмілелері ғылыми зерттеулерге негізделген ғылыми талдау объектілері болып табылады, олар өз кезегінде іс жүзінде қолдану үшін теориялық база құрайды.

Қағидалар мен ережелер — біркелкі емес қылмыстық-құқықтық категориялар. Олар бірлесе отырып жаза тағайын-даудың жалпы негіздерін құрайтын басты ұғымдар болып табылады. Қағидалар аталған процестің негізінде жатқан және оның мән-маңызын ашып көрсететін жетекші идеялар-ды, концепцияларды білдіреді, ал ережелер заңдағы баптың қылмыстық-құқықтық санкцияларын жасалған қылмысқа және айыпкердің жеке басына қатысты салыстыру мен қолданудың қажеттілігінен, тәртібі және процедурасынан құрылады.

Жаза қолданудың қағидалары мен ережелері амал-тәсілдермен қатар, қылмыстық жауаптылықты жүзеге асы-ру механизмінде (жүйесінде) ерекше мән-маңызға ие. Бұл ретте жаза қағидалары мен жаза тағайындаудың қағидаларының ара жігін ашып ала білген жөн, өйткені бірінші жағдайда қағидалар қылмыстық жауаптылық түрінің мәнін анық-тайтын ережелерді қамтыса, екінші жағдайда оны жүзеге асырудың мазмұнын, сипатын білдіреді.

Жаза тағайындау қағидаларына қылмыстық-құқықтық мағынада жалпықұқықтықтардан (заңдылық, негізділік, т.б.) басқа, мәселен, мынадай қағидаларды жатқызуға болады.

Барынша жауаптылық қағидасы. Ол сотталушыға заңда көзделген мерзімнен жоғары немесе басқа түрде, яқи мөлшерде жаза тағайындалуы мүмкін емес дегенді білдіреді. Заңда белгіленгеннен неғұрлым жеңіл жаза тағайындау тек ҚР ҚК 55-бабында көзделген ерекше ережелер бойынша жүзеге асырылады. Жазадан толық, ішінара немесе шартты түрде босату, жазаны өтеусіз шартты түрде соттау арнаулы ережелердің негізінде анықталады.

Аталған қағида жалпылама болып табылады және сонымен қатар қылмыстардың және үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындауға орай келеді. ҚР ҚК 58-бабында қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындау кезінде бас бостандығынан айырудың ең жоғары мөлшері 25 жыл болып белгіленген, яғни жекелеген қылмыс үшін тағайын-далатын жазадан (20 жыл) әлдеқайда көп. ҚР ҚК 60 бабында үкімдердің жиынтығы бойынша жаза тағайындаудың ең жоғары мөлшері 30 жыл болып белгіленген.

Жазаның басқа түрлері бойынша олардың ең шекті мөлшерлері Қылмыстық кодекстің Жаппы бөлімінің тиісті баптарында белгіленген. Бұл дегеніңіз олардың жиынтық қорытынды нәтижелерін анықтаған кезде нақ сол жаз түрі үшін белгіленген ең жоғары мөлшерден аспауы керек дегенді білдіреді. [13Б.145]

Осыған орай қылмыстық жауаптылықтың шекті мөлшерлерін құрастыру кезінде жаңсақтыққа жол беретін қылмыс-тық іс жүргізу заңына да тиісті түзетулер енгізу қажет деп ойлаймыз.Айталық, үкімді алып тастау немесе өзгерту негізі ретінде «ҚР Қылмыстық кодексінің Ерекше бөлімі бабының санкциясында көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза тағайындауды» қарастыратын Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 416-6. 3-бөлігі дұрыс түзілмеген, себебі Қылмыстық кодекстің бірқатар нормалары (ҚР ҚК 52,58,60-бб.) бап санкцияларымен белгіленген шектерден шығуға жол береді.

Егер аталған норманы нақпа-нақ қабылдар болсақ, онда қылмыстардың және үкімдердің жиынтығы бойынша тағай-ьіндалған бірқатар жазалардың орындалуы мүмкін болмай қалады. Осыған байланысты ҚР ҚІЖК 416-бабына оның 3-бөлігін мынадай редакцияда түзей отырып, өзгерістер енгізу қажет:

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде белгіленген жаза тағайындау ережелерінде көзделгеннен неғұрлым қатаң жаза тағайындау».

Кәмелетке толмағандар үшін қылмыстардың жиынтығы бойынша жазаның шекті мөлшері туралы мәселе де назар аударуға тұрады. ҚР ҚК 79-6. 7-бөлігі олар үшін бас бос-тандығынан айырудың ең жоғары мерзімін белгілейді — 10 жыл немесе ауырлататын мән-жайлар кезінде кісі өлтіргені үшін 12 жыл. ҚР Жоғарғы сотының 1999 жылғы 30 сәуірдегі N1 «Соттардың қылмыстық жаза тағайындау кезінде заңдылықты сақтауы туралы» Қаулысында соттардың кәмелеттік жаста қылмыс жасаған адамдарға тек ҚР ҚК 79-бабында белгіленген жаза түрлері, мерзімі және мөлшері қолданы-луы мүмкін деген қағиданы әркез назарда ұстауы қажеттігі атап көрсетілген. Осыдан келіп, ҚР ҚК 58-бабының талапта-ры олар үшін жоғарыда аталған мөлшерлермен шектеледі (жалпы және арнаулы нормалардың бәсекелестігі ережесі). Бұл ережелер ерекше жағдайларда ҚР ҚК 87-бабы негізінде 18 бен 20 жас аралығында қылмыс жасаған адамдарға да қолданылады.

Барынша жауаптылық қағидасы қылмыстардың жиынтығы бойынша түпкілікті жаза белгілеген кезде сот жиынтыққа енетін, ол жөнінде неғұрлым қатаң жаза көзделген әрекет үшін неғұрлым жеңіл жаза тағайындай алмайды дегенді білдіреді. ҚР ҚК 55-бабының ережесі (белгілі бір қылмыс үшін көзделген жазадан гөрі неғұрлым жеңіл жаза тағайын-дау) жиынтық жазаға жүрмейді. Олар тек жекелеген қыл-мыстар үшін ғана қолданылады.

Аяқталмаған қылмыстардың (қылмысқа дайындалу және оқталу) жиынтығы туралы іс те ерекше маңызды. Бұл жағ-дайда қылмыстық жауаптылықтың ең төменгі мөлшері ҚР ҚК 56-бабы бойынша анықталады да, аяқталған қылмыс үшін көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғары мерзімінің немесе мөлшерінің жартысымен (дайындалғаны үшін) немесе төрттен үш бөлігімен (оқталғаны үшін) шектеледі.

Жазаның қылмыстың және айыпкердің жеке басы-ның қоғамдық қауіптілігі дәрежесіне және сипатына қатыстылығы қағидасы. Жазаның түрі, шарасы, оны өтеудің шарты мен тәртібі, сондай-ақ жазадан босату немесе шартты түрде соттау негізі қылмыс санатына және іс-әрекеттің қоғамдық қауіптілігіне тікелей тәуелді болып келеді. Сонымен қатар, сот жаза тағайындай отырып, сотталушының жеке басының ерекшеліктерін, оның бұрынғы соттылығын, топта-сып жасалған қылмыстарға қатысудағы рөлі мен қосқан үлесін, жас шамасын, жынысын, денсаулығын, еңбек жағдайын, жасалған іс-әрекетке деген көзқарасын, шын жүректен опық жеуін, келтірілген зиянның орнын толтыруға талпынысын, қылмыс жасағанға дейінгі және кейінгі мінез-құлқын және т.б. ескереді. Аталған барлық факторлар қылмыс құрамын немесе айыпкердің жауаптылығын жеңіл-дететін немесе ауырлататын мән-жайларды айқындайтын белгілер ретінде есепке алынады.

Өкінішке орай, заңның ешбір жерінде қылмыс пен айыпкердің жеке басының қоғамдық қауіптілігі ұғымының, олардың сипаты мен дәрежесінің нақтылы мазмұны ашылып көрсетілмеген. Құқықтық ілім мен тәжірибе аталған дәрежелерді барлық реттерде бір тұрғыда және жеткілікті деңгейде ашып қарастырмайды. Тек соңғы уақыттарда ғана бұл ыңғайда салыстырмалы түрде біршама нақтыланған кепілдемелер пайда болды. Мәселен, Ресей Федерациясы Жоғарғы сотының 1996 жылғы 25 қазандағы N8 «РФ Жоғарғы сотының 1986 жылғы 14 сәуірдегі N1 «Ресей Федерациясы соттарының бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қолдану тәжірибесі туралы» қаулысын соттардың орын-дау барысы туралы» қаулысында бұл мәселеге байланыс-ты, қылмыстың қоғамдық қауіптілігін оның өзіндік сапалық ерекшелігі, қылмыстық қол сұғу объектісінің сипаты және құндылығы, кінәнің формасы және оны қылмыстың қандай бір дәрежесіне жатқызуға тәуелді болып келетін қылмыстық жазаланушы іс-әрекеттің бір түрі ретіндегі оның қауіптілігінің сапалық сипаты деп ұғына отырып, анықтама берілген.

Қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесі деп бір үлгідегі, ұқсас қылмыстардың сандық сипаттамасы ұғынылады.

Қылмыстық құқық теориясында қылмыстың қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі ұғымының мазмұны әр қилы ашылады. Мәселен, А.Н.Панченко әрекеттің қоғамдық қауіптілік дәрежесінің сипатын қол сұғушылық объектісіне байланысты дейді.

         Екіншіден, қоғамдық қауіптілік — салыстырмалы категория. Ол түрлі қылмыстарды салыстыру үшін қолданылады (түрі, дәрежесі, ауырлық дәрежесі, зардаптары, қылмыс құрамы формалары және т.б. бойынша). Айыпкердің жеке басы туралы да осыны айтуға болады (жас шамасы, жы-нысы, соттылығы, жасалған іс-әрекетке қатысы, қылмысқа дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы және т.б.).

Қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі қылмыстық іс бойынша маңызы бар барлық мән-жайлардың жиынтығы бойынша анықталады және өзара байланыста, кешенді түрде бағалануы тиіс.

Олар  айрықша маңызға ие және сот оларды:

1) қылмыстарды дәрежелеу кезінде;

2) қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы мәселені шешкен кезде;

3) жаза тағайындау кезінде;

4) жазаны орындауға байланысты мәселелерді шешкен кезде (жазадан шартты түрде-мерзімінен бұрын босату, сот-таудың шартты шарасын алып тастау, жазаның орындалу-ын кейінге қалдыруды алып тастау және т.б.) ескереді.

Ең алдымен үшінші тармаққа — жаза тағайындауға назар аударамыз.   

       Қылмыстың және айыпкердің жеке басының қоғамдық қауіптілік сипаты мен дәрежесі бұл сатыда:

1) жаза тәсілі туралы мәселені шешуге (нақтылы, шартты, орындауды кейінге қалдыра отырып);

2) жазаның нақтылы түрін және шарасын белгілеуге;

3) жазаны орындау тәртібін белгілеуге ықпал етеді.

Көріп отырғанымыздай, бұл қүқықтық категорияның маңызы өте зор.   Қылмыстың және айыпкердің жеке басының қоғамдық қауіптілігін анықтау барысында қандай факторлар міндетті түрде ескеріледі деген сұрақ туады. Әлде, бұл жерде оларды екі рет есептеу жүзеге асырылмай ма?

Шындығында, үкім шығару кезіндегі соттың ойын оқу өте қиын, тіпті мүмкін емес. Оның үстіне, тәжірибе көрсеткендей, көп жағдайларда соттар істің және жеке адамның барлық ерекшеліктерін жан-жақты ашып көрсетуге және жазуға, оларды терең талдауға жеткілікті дәрежеде көңіл бөле бермейтіні де кездеседі. Әдетте үкімде қажетті мән-жайларды жай ғана тізіп өтумен шектеледі, олардың маңызына, дәрежесіне және соңғы түйінге ықпапына құқықтық баға берілмейді.

Біздің ойымызша, қоғамдық қауіптілік сипатына және дәрежесіне ықпал ететін факторларды есепке алу қылмыстарды дәрежелеу сатысында оларды зерттеуден басталуы қажет. Бұл ретте оларды маңыздылығына қарай үш түрлі топқа бөліп қарастыру керек:

1) қылмыс құрамының міндетті дәрежелейтін белгілерін құрайтын мән-жайлар;

2) қылмысты дәрежелеу кезінде ескерілмеген, құрамның факультативтік белгілерін құрайтын мән-жайлар;

3) қылмыстың және айыпкердің жеке басының өзіндік ерекшеліктерін қосымша сипаттайтын мән-жайлар.

Белгілердің бірінші тобы оларды жасалған әрекетті дәрежелеген және Қылмыстық кодексте көзделген қоғамдық қауіпті іс-әрекеттер жүйесінде қылмыстың жасалу орнын анықтаған кезде ескергеннен кейін жаза тағайындау кезінде қолданылуға тиіс емес.

Екінші және үшінші топтар, заңдағы тиісті қылмыстық-құқықтық санкция шеңберінде қылмыстық жауаптылық шектерін белгілеген қылмыстың ауырлығының ескерілген категориясы үдесінен шыға отырып, айыпкерді қылмыстық жа-уаптылықтан және жазадан босату мүмкіндігі туралы мәселені шешкен кезде қолданылады. Мәселе оң шешілген жағдайда оларды одан әрі қолданудың маңызы жоқ. Мәселе теріс шешілген жағдайда бұл мән-жайлар жаза тағайындау қажеттігін айқындаушы рөлін атқарады. Бұл ретте аралық сипаттағы түпкілікті емес шешім қабылданатын болғандықтан, аталған топтар нақтылы жаза белгілеу кезінде ескерілуі мүмкін. Жаза тәсілі туралы мәселені шешкен кезде де осыған ұқсас жағдай орын алады. Ақыр соңында, барлық аталған факторлар, жиынтық қүрай отырып, қылмыстық жазаның түрі және шарасы туралы ортақ шешімге алып келеді. Жаза тағайындауға ықпал ететін факторларды есепке алу проблемасын бұлайша қарастыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУДЫҢ МӘНІ

 

2.1 Әдет-ғұрып заңдарындағы жаза тағайындау

 

Ертедегі қазақтардың  күнделікті өмірде кездесіп тұратын азаматтық және қылмыстық істерде кездесіп тұратын істерді шешу билерге жүктеліп тұратын болған. Бұрын қырғыздардың барлық дау жанжалдарын өздерімен бірдей, өз араларында өмір сүріп, біте қайнасқан, алайда олардың мінез-құлқын әдет-ғұрпын жетік білетін билер шешіп, әрі билік шешімінде мүлде қателеспеген. Билер өздеріне жүктелген міндетті жете түсініп, ең ауыр қылмыс ұрлықтың тамырына балта шабуға, мейлінше назар салған. Өйткені халық арасындағы ақаулардың барлығы осыдан басталатын. Сондықтан да билер ұрыларды аяусыз жазалап отырды. Олардың ұрыларға шешкен билік шешімдеріне ешкімнің де араласуға хұқы жоқ еді. Билердің ұрылардың бай не атақты адаммен туыстығының ешқандай әсері болмайды. Жеті жарғының негізінде Төбе би мен Майқы билердің үлгілері, Қасым ханның қасқа жолы Есім ханның ескі жолы секілді ескі заңдар жатыр. Бұл заңның алдыңғылардан ерекшелігі сонда ол қатал кесім, өлімге тыиым салғандығы. Қанға қан жанға жан дейтін тоқтамды жеткенше жеңідетіп, құн төлеу , айып тағу сияқты жаңа жазалау түрлерін далалық құқыққа енгізуінде.

Жеті жарғы—көшпенді қазақ халқының Ата заңы. Ол Қасым салған қасқа жол, Есім салған ескі жол сияқты дала заңдарының заман талабына қарай өңдеп, дамытып, толықтырған билік үкім нұсқауларының жиынтығы. Жеті жарғы бойынша әрбір қылмыстық іс-әрекет жасаған адамның күнәсіне, жеке басына және т.б. жағдайларға қарап әртүрлі жаза түрлері қолданылған. Соның бір түрі айып. Осы жаза түрінің өзі жеті түрлі және оны қолдану аясы да кең болған.

— Бірінші айып- қаранар беру.

— Екінші айып-  қара қазан төлеу.

— Үшінші айып- қара мылтық ату.

— Төртінші айып- қара шолақ мылтық ату.

— Бесінші айып- қара кілем ұстау.

— Жетінші айып- жеті бастаған тоғыз жөнелту.

Ал  енді құнға келетін болсақ, оның түрлері тіптен көп. Қазақтарда ең ауыр қылмыстар қатарына:

— кісі өлтіру;

— жезөкшелік;

— біреудің некелі әйелін ұрлау немесе зорлау;

— бірнеше дүркін ұрлық жасау жатады.

Осы қылмыстардың ішінен кісі өлтіруді бөліп қарайық. Қазақтардың әдет –ғұрып заңдарына сүйенсек  кісі өлімі тек жағын туыстары үшін ғана емес,  бүкіл туыстардың, бүкіл руластардың, жүздің кегіне айналып отырғандықтан, тек осы істерге жаза тағайындау, құн кесу билерден үлкен тәжірбиелікті, парасаттылықты, ақылдылықты, әділеттілікті талап еткен. Құн мөлшері әр қылмыс үшін әр түрлі болған.

Сүйек құны. Оған өлген адам сүйегі үшін төленетін құн жатады. Мәселен өлген адамның сүйегі туған туысының қолына түспей жоқ болып кетсе, ол үшін айыпты екі адамның сүйегін төлеуі керек.

Өнер құны. Оған жүлде алған атақты адамның құны жатады. Жүлде алған деп жүртқа атақты ақындар мен топға түсіп бәйге алған балуандар есептеледі. Олардың құны үшін екі кісінің құны кесілуі керек. Бұл екі құнды кейде үстеме құн деп есептейді.

Қазақтың әдет ғұрпы бойынша күйеуі бар әйелді ойнас үстінде ұстағаны үшін ерінің сол сәтте екеуін де өлтіруге және осы қылығы үшін жазасыз қалдыруға мүмкіндігі бар. Егер әйелдің ойнас жасағанына 4 адам куә болса, оның қылмысы әшкере болды деп саналған. Ондай жағдайда күйеуінің көзіне шөп салған әйел мен оның ойнасын билер кеңесінің шешімімен өлім жазасына кесуге құқық берілген. Өзгенің әйелін келісімсіз алып қашқан адам өлім жазасына, не болмаса құн төлеуге кесілген. Егер әйел өз еркімен қашса, оны алып қашқан адам қалың малын қайтарып, үстіне қыз қосып береді.

Қазақ заңы бойынша қызды зорлап, арын төгу кісі өліміне тең, кінәлі кісі өлім жазасына кесіледі. Егер қыз атастырылмаған болса, зорлаушы қалың мал төлеп үйленсе, онда ол қыздың туыстарының келісімі арқылы құн төлеуден де өлім жазасынан да босатылады. [4Б.157]

Осы мысалдар қазақтардың әдет ғұрпындағы жазалардың әртүрлілігін көрсетеді. Жаза тағайындау кезінде билердің қылмыскердің қылмысты жасауындағы іс әрекетіндегі ерекшеліктерге, кінәнің деңгейіне, жасына, дәулетіне, қылмыс әрекетінің себебіне және т.б. назар аударып отыру жазаның тиімділігіне өте әсер еткен. Билер жаза тағайындау кезінде барлық мәселелерді қамтып отырған.

Қылмыс жасаған адамның кінәсін ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайларды ескерген қазақтың әдет құқықында  мынадай жағдайларда қылмыс адамның кінәсін ауырлатады деп қаралған:

— егер құрметті адамдардың мүддесіне қылмыс қысым, қайшылық тудырса;

— егер қылмыс өз қауымының ішінде жасалса,

— киіз үйде жасалса,

— отағасына қарсы жасалса,

— үлкен мөлшерде шығын келтірсе,

— қылмыс қайталанса және бірнеше мәрте жасалса,

— қылмысты бірнеше адам бірігіп немесе қару қолданып жасаса,

— қылмыс әлдебір табиғи апат кезінде жасалса.

Қазақтың әдет құқығында мынандай жағдайлар қылмыс жасаған адамның кінәсін жеңілдетеді:

— егер қылмысты құрметті адамдар қатарындағы адамдарға қарсы жасаса,

— басқа қауымдастыққа қарсы жасаса,

— отағасы өзінің отбасындағыларға қарсы жасаса,

— қылмыскер кінәсін мойнына алса,

— қылмысты бірінші рет жасаса,

— қылмысты мас күйде жасаса,

— нәтижесінде шамалы ғана шығын келсе және басқа зардап орын алмаса,

— жапа шегуінің тарапынан болған қысым реніштің нәтежиесінде ашу үстінде жасаса,

  • қылмыстың жасалғанына көп уақыт өтіп кетсе.

Қазақ елі тарихының тамаша бір тармағы — қазақтың ата жолы, қазіргі құқық деп аталатын ұғымға толық сәйкес келетін әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері және қоғамдық өмірдегі қатынастары. Бұл қастерлі қазынамызды баға жетпес байлық ретінде зерек көңілмен зерделейтін әр еңбек — халқымыздың рухани мұрасын молайтатын жүйелі жұмыс нәтижесі.

Қазақ құқығының әлемдік өркениетте алатын орны жайлы академик С.З.Зиманов: «Қазақ құқығы — қазақ халқының және барлық көшпелі өркениеттің мәдени байлығы. Ол мыңжылдық тарихтың ерекшелігі және өміршеңдігімен, адам еркіндігін жақтаған сипаттарымен әлем назарына ілінді. Ұлы дапада, көшпелі өркениеттің негізін құраған, қыпшақтар да-ңқының үстемдігінің ерте құлдырауы, тиісінше Қазақтың құқықтық мәдениетінің беделі мен рөлінің құлдырауына соқтырмағандығы таң қаларлық жағдай. Бұл қайшылықты Қазақ ата заңының аумағы кең даланың еркіндік қабілетінің сақталуымен, оқшау орналасуымен түсіндіруге болады», -деп атап өтті.

Қазақ елінің құқық тарихын зерттеп, оған ғылыми тұрғыда баға берген және сараптама жасаған А.Алекторов, А.Янушкевич, А.Лапшин, Л.Баплюзек, Д.Андре, Е.Бекмаханов, И.Козлов, И.Крафт, Т.Күлтелеев, С.Фукс, Ә.Марғүлан, С.Зиманов сияқты ғалымдар бұл салада елеулі еңбек атқарды. Осы тақырыпты одан әрі дамытып, қазақ мемлекетінің құқық тарихын ғылыми тұрғыда зерделі зерттеу нысанына айналдырып жүрген басқа ғалымдар да бар. Олар: Қ.Сапарғалиев, С.Сартаев, М.Нәрікбаев, Н.Өсерұлы, З.Кенжалиев, Қ.Әбішев, С.Өзбекұлы және т.б. Осы орайда біз де өз тарапымыздан телегей теңізге қосылатын бір бұлақ секілді болса да нақты жұмыс атқаруды мақсат көріп, 1993 жылы «Қазақстан Республикасы мемлекет және құқық тарихынан хрестоматия» деп аталатын 5 томдық жинақтың бірінші кітабын дайындап шығарды. Мұнда қазақ халқының әдеп-ғұрып заңдарына, биліктеріне, әділеттілікке байланысты мақал-мәтелдер және ел аузындағы бабадан балаға мирас болып келе жатқан шешендік даулар мен биліктердің нақты үлгілері топтастырылған.

«Хрестоматияның» қалған төрт кітабының алтын арқауы мен жібек желісі — жер дауы, жесір дауы, мүлік дауын шешуге байланысты қазақ халқының XX ғ. басына дейінгі кезеңді қамтитын билік нұсқалары және Маңызды білім беретін «Болашақ» институты ғалымдарының Омбы мемлекеттік мұрағатына арнайы ұйымдастырылған ғылыми-зерттеу экспедициясының нәтижесінде табылған қазақ халқына қатысты патшалық Ресей үкіметінің солақай саясатын ашып көрсететін әр түрлі жарлықтар мен құжаттардың көшірмелері. Бұл құжаттардың басым көпшілігі және «Дала уәлаяты» газетінде жарияланған бірқатар басылымдар осы аталған «Мемлекет және құқық тарихынан хрестоматия» кітаптарында тұңғыш рет жарық көрді.

Сонымен қоса осы жолдардың авторы әдет-ғұрып заңдарына қатысты танымдық-тағылымдық тұрғыдағы ізденістермен шектеліп қалмай, көптеген ғылыми негізді еңбектер жазып, олар халықаралық, республикалық белді-беделді басылымдарда жарық көрді.

Даналық ғибратқа толы дала қағидаларын біртуар бабаларымыз бен ардақты аталарымыз екі-ауыз сөзге сыйдырып, ұрпақтарына ұмытылмас ұлағат ретіне қалдырып кеткен ғой. «Куәлі істі куә табар, куәсізді күмән табар», «Туғанына бұрғаны, биді құдай ұрғаны», «Жазым іске жаза жоқ», «Жазалы ұрының бір беті қара, жазалы айғақтың екі беті қара» деген нақыл сөздер осы сөзіміздің айғағы іспетті.

Қай халықтың болмасын, өзіне тән тұрмыс-тіршілігі, күн-көрісі, әдет-ғұрпы, салт-санасы болатыны даусыз. Мұның бәрі сол халықпен бірге біте қайнасып, ұзақ дәуірлер бойы-на бірге жасасып, оның өмірінде ілесіп жүреді. Ұлттың ұлыс тарихын, сол тарихтың бет-пердесін ашып беретін әдет-ғұрпын үйрену — аса маңызды мәселе. Көктен ештеңе түспейді, бәрін жасайтын халық. Сондықтан да халықтың өзі жасаған мұраларын оқу, одан үйрену, көңілге түю, кәдеге жарату — абыройлы іс. Біз бұл жерде қазақтардың әдет-ғұрып заңдары, осы жаза тағайындау мәселелерін шешуі қалай болды, қандай деңгейде тұрды — оның бәрін ашып айту мақсатын қоймаймыз. Ол мүмкін де емес. Ол сұраққа шағын үзік ой төңірегінде де, үлкен бір монография көлемінде де жету мүмкін емес. Біз төменде жеке даралап жазалау мәселелерінің қазақтардың әдет-ғұрып заңдарындағы өзіндік орнына бірнеше мысалдармен эпизодты түрде үңілу мақсатын ұстап отырмыз

А.Ф.Баллюзек дәл осы деректі қуаттап, тек үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе ешқандай айып төленбейтіндігін, өйткені жазым болған адам үйден шығып, үйді айналғанша, атты байқап, одан сақтануға мұршасы келеді дейді .

Т.М.Күлтелеев: «Қазақтың әдет құқығында қылмыстың жазасын ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайлардың тізімі жоғарыда келтірілгендермен ғана шектелмейді. Қазақстан Ресейге қарағаннан кейін, әсіресе XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап, бұл тізімге әжептәуір өзгерістер енгізілді. Мысалы, ханға қарсы жасалған қылмыстар, өзінің қауымдастығы мен басқа қауымдастыққа жасалған қылмыстардың арасындағы айырмашылықтар өзінің маңызын жоғалтты. Отағасының өз отбасы мүшелеріне қарсы жасаған, сол сияқты барымта және т.б. жағдайларда жасалған қылмыс-тың маңызы (кінәні жеңілдету үшін) әлсіреді» — деп атап көрсетті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясы кітапханасының қолжазба қорында және М.О.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының мұрағатындағы қол-жазбаларда өткендегі билердің артында қалған мол мұралары бар. Олар тарихи тұрғыдан да, әдеби тұрғыдан да біраз қаралған. Ал енді заң тұрғысынан алсақ бұл әлі мұрты бұзылмаған тақырып, оны зерттеу қажет. Біздің жаза тағайындау институтын оқып-үйрену барысындағы жүйелеу жоспарын, саралау сонарын ең алдымен әдет-ғұрып заңдарынан бастағанымыздың да өзіндік алғышарттары бар, бұл заңды құбылыс.

 

2.2 Қазіргі күнгі жаза тағайындаудың өзекті мәселелері

 

Қазақстан Республикасында  сот әділдігін  жұзеге асыратын  тек қана  Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотпен  жергілікті  соттарына жүктелген. Сондай-ақ қылмыстық жауапкершілікке тартып  жаза  тағайындау соттардың   ғана  өкілеттігінде.

Әсіресе қасақана жасауы, әдетте, қылмыстың және айыпкердің жеке басының да, әрекетінің де қоғам үшін аса қауіпті екендігін көрсетеді. Осыған байланысты ҚК-тің  37, 38-баптарының  талаптарын бұлжытпай орындау ондай адамдарға заңды, дәлелді және әділ жаза тағайындаудың маңызды шарттарының бір болып табылады.

Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағйындалғанда, соттар заңда көрсетілген жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру немес тағайындалған жазаларды түгелдей не болмаса ішінара қосу принциптерін үкімде дәлелдеуі керек.

Үш және одан да көп қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда, соттың жеке – жеке қылмысқа тағайындалған жазалардың біразын немесе  ішінара қосып жіберуін, ал басқаларын сіңіртіп жіберуіне (мысалы, жазаларды бас бостандығынан айыру түрінде түгелдей немесе ішінара қосып жіберуге және түзеу жұмыстарын немесе айыпты сіңіртіп жіберуге) құқысы бар.

Заңның мәні бойынша, сот қылмыстың жиынтығына  кіретін әр қылмыс үшін бір тектес және әр тектес жаза түрлерін тағайындағанда, жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен жинақтап бірақ тағайындауға хақылы. Ондай кезде жаза  түрлерінің қатаңдық дәрежесі ҚК-тің 21-бабында қандай реттпен көрсетілсе сондай рет бойынша анықталатынын ескеру керек. Егер жиынтыққа кіретін қылмыстар үшін түрі және мөлшері жағынан бір жаза тағайындалса, онда бір жазаның басқа бір жазаға сіңіруі жолымен қорытынды жаза тағайындау заңның тиісті баптарының ең жоғарғы жазалау шаралары шегінде тағайындалса ғана рұқсат етіледі. [5Б.128]

Жасалған қылмыстың барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі  әділ зерттеу  жөніндегі заң талаптары  қасақана кісі  өлтіргендігі туралы істерді қараған кезде ерекше  ескерілуі тиіс. Себебі, одан  айыптының әрекеті  дұрыс  бағалануы, ал  қылмысты  ауырлататын жағдай жасалған заң  бойынша өлім жазасы қолданылатындығы осыған  байланысты екеніне соттардың  назары аударылатын болсын.

Кісі өлтіруге бірнеше адам қатысқан жағдайда соттар  қатысушылардың  арасындағы алдын ала келісім болған-болмаған, олардың арасында  рольдердің  бөлісілген-бөлісілмегенін, сондай-ақ қатыстылығы дәрежесіне  қорытынды жасауға негіз беретін басқа да  барлық  жайларды мұқият зерттеп, қатысушылардың әрқайсының іс-әрекеттерін дәрежелеп, жеке-жеке жаза тағайындауға тиіс.

Кісі өлтіруге  бірлесіп әрекет жасаған, жәбірленушінің өмірін сарап ету  процесіне өздері тікелей қатысқан адамдар осы қылмысты әдейі  жасағандар  деп табылады. Олардың әрекеті ҚК-тің 88-бабының тиісті бөліктері және  оның тармақтары бойынша дәрежеленеді. Қылмысқа қатысы бар, бірақ кісі өлтіру процесіне тікелей  қатыспағандардың әрекеті (ұйымдастырушылар, дем берушілер, арандатушылар) дәлелді деп танылғанда, дәрежелеу белгілері көрсетіліп, ҚК-тің 17-бабымен және 88-баптың тиісті  бөліктерімен дәрежелеуге тиіс.

Қылмыс субъектілерін сипаттайтын дәрежелеу  белгілері (ерекше  қауіпті рецидивистің немесе бәрін қасақана кісі өлтірген адамның  қасақана кісі  өлтіруі) тек сондай белгілері бар  қылмыс қатысушылардың әрекетін  дәрежелерге ғана  ескерілуі тиіс. Басқа  қылмысты  ауырлататын  орындаушының әрекеттерін сипаттайтын жағдайлар қылмысқа  қатысушылар үшін оларға ондай жағдайлар алдын ала мәлім болғанда ғана  жауапкершілікті тудырады.

Соттар бір топ болып қасақана өлтіру қылмысынан сондай қылмыс жасаған  бандаға  қатысушыларды  айыра білген жөн. Қарулы  банданы  ұйымдастырғаны, оған және олардың шабуылына қатысқаны үшін жауапкершілікті белгілейтін ҚК-тің бабына банданың қылмысты  әрекеттерінен мүмкін болатын зардаптары үшін жауапкершілік  көрсетілмеген. Осыған орай бандаға қатысушы адамның қасақана кісі  өлтіру жасаған қылмыстардың жиынтығы бойынша бандитизм және қасақана кісі өлтіру ретінде дәрежеленуге жатады.

Қасақана кісі өлтіру тікелей де, жанама арам  ниетпен де жасалуы мүмкін екендігін соттардың еске алған жөн. Адамды қасақана өлтіруге оқталу қылмысты, тек  тікелей  ниетпен  жасалады. Бұл жағдайда  айыптының әрекеті қоғамға қауіпті екенін, жәбірленушінің өлерін біліп, өлтіруін тілейді. Бірақ оның ырығына байланысты емес себептерден адам өлмей қалады. Осыған байланысты айыптының әрекеттері шын мәнінде жәбірленушіні өлтіруге бағытталған ба, дегеніне жетуге нендей жағдайлардың  кедергі  болғанын  анықтау қажет.

Соттар мынаны ескеруге міндетті: ҚК-тің 37-бабының 3-бөлігін қолданған жағдайда, қылмыс жиынтығы бойынша тағайындалған қорытынды жаза алғашқы үкім бойынша тағайындалған жазадан төмен болмауы керек, өйткені мүндай жағдайда жазаларды сіңірткен немесе қосқан кезде сот алғашқы үкімнің өтелінбей қалған жағын неше үкім бойынша жаза тағайындалған соттар бұрынғы үкім бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігінің мөлшері мен түрін белгілеуге және көрсетуге тиіс, жазаның өтелмеген бөлігі ҚК-тің 38-бабының негізінде жаза үкім бойынша тағайындалған жазаға түгелдей немесе ішінара қосылуы керек.

Бұрынғы үкім бойынша жазаның өтелмеген бөлігі болып мыналар саналады: — шартты жазаға сотталған кездегі, сондай-ақ ҚК-тің 41-1 бабында үкімді орындауды кейінге қалдырылған немесе ҚІЖК-нің 350-бабында көрсетілгендей кездегі (бұлттартпау шарасы ретінде қамауға алыну немесе ұсталу уақытын есептемегенде) жазаның бүкіл мерзімі;

— міндетті түрде еңбекке қатыстыру арқылы бас бостандыңынан айырып шартты жазаға соталған және міндетті түрде  еңбекке қатыстыру арқылы бас бостандығынан айырған орының сотталушы шартты түрде босатылған кездегі жұмыстың міндетті мерзімінің өтелмеген бөлігі соталған кісінің жұмыстан қашқан уақыты;

— жазадан шын мәнінде шартты мерзімінен бұрын сотталған адамның жазасының бір бөлігі.

Бұрынғы үкім бойынша тағайындаған жазаны өтелмеген бөлігін ішінара қосып үкімдердің жиынтығын қолданғанда, егер жазаның осы түрі үшін белгіленген қорытынды жазаны ең жоғарғы шегінде белгіленбесе, сот үкімінде осындай шешімін қабылданғанын дәлелдеу керек. Жазалардың ішінара қосқанда, қорытынды жаза қалайда мөлшері жағынан әрбір үкім бойынша жеке тағайындалған жазалардың  кез келген жоғары болуы керек.

ҚК-нің 38-бабының 2-бөліктерінің мәнінен сай бұрынғы үкім бойынша тағайындалған өтелмеген қосымша жаза  түгелдей  немесе  ішінара  қорытынды  негізі жазаға  қосылады,  болмаса түгелдей ішінара  жаза  үкім бойынша  тағайындалған дәл  сондай қосымша  жазамен  бірігеді, бұл  қосымша  жаза  қосымша  жазаның  дәл  осы  түрі  үшін  белгіленген  мерзім  шегінде тағайындалады. Әр  түрлі  қосымша жазалар өз алдына  бөлек орындалады.

Егер соталған адам үкімді орындауды кейінге қалдырған кезең басқа қылмыс жасап қойса, сот жаза қылмыс жасаған үшін тағайындалған жазасы ҚК-тің 38-бабына сүйене отырып, бұрынғы үкім бойынша  өтелмеген бас бостандығынан айыру жазасын қосып береді. Ондайда үкім орындаудың кейінге қалтырудың бұзу туралы шешім қабылдауды  керегі жоқ. Үкімді орындаудың кейінге қалдыру мерзімі өткен соң жасалған жаза қылмыс туралы іс тек соталған адамды жазадан босату туралы немесе оның алғашқы үкімі бойынша тағайындалған бас бостандыңынан айыру жазасын  өтеу үшін жіберлгендігі туралы  мәліметтер бар болғанда мынаны шешімін таба алады.  Мұндай мәліметтер жою болғанда және оларды  сот мәжілісі кезінде сұратып алуы мүмкін болмағанда, жаза қылмыс туралы істі қосымша тергеуге жіберу керек.

Егер сотталған адамды орындалуы кейінге қалдырылған үкім бойынша  бас бостандығынан айыру жазасын өтеу үшін жібергендігі туралы соттың заңды күшіне енген ұйғарымы бар болса, сот жаға қылмыстың жазасын белгілеп алып, бір неше үкім бойынша (ҚК-тің 38-бабы) жаза тағайындаудың ережелерін қолдануға міндетті.

Ауыр қылмыс жасап кінәлі деп танылған адам жөнінде үкім шығарғанда, сот әлгі адамды әскери немесе арнаулы лауазымнан айырудың, сонымен қатар сотталған адамды  СССР Жоғарғы Кеңесінің   Президиумы, Одақтың және Автономиялық Республикалардың Жоғарғы Кеңесінің Президиумы немесе СССР Министірлер Кеңесі берген орден, медаль болмаса құрметті, әскери немесе басқөа атағынан  айыру туралы ұсыныс жасаудың орындалуы туралы мәселені талқылап алу керек.

Сотталған адамды әскери лауазымнан айыру туралы мәселені  мерзімді қызметте жүрген адамдар мен запаста немесе отставкада жүрген адамдар жөнінде де талқылап алу керек. Сотталған адамды әскери немесе арнаулы лауазымнан айыру немесе  оны лауазымдары мен наградаларынан айыру жөнінде  ұсыныс енгізу туралы соттың  шешімі жөнінде үкімде айтылуы керек.

Істі кассация және қадағалау реттінде қарағанда, соттар үкім шығарған кездегі жазаны тағайындаудың жалпы негіздерін сақтауын, таңдап алған жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкестігін, қылмысты іс жүргізу заңының үкімдегі жаза туралы шешімді және істің ескерілген нақты мән жайларын жазу тәртібін реттейтін нормаларын ұстануды тексеруге тиіс. Жоғары түрған соттар бір неше сатыдағы сотадың жаза тағайындаған кезде жіберген қателері мен заңды бұзған жерлерін дер кезінде  анықтап, олардың  болдырмаудың шараларын жасап отыру керек.

Бірнеше сатыдағы айыбының көлемі, кінәнің түрін немесе сотталған адамның қылмысы жасауға қатысу түрін, жауаптылықты ауырлататын мән жайларының бар екендігі жөніндегі қорытындысын дұрыс емес деп танығаннан кейін осыған және байланысты үкімге  өзгеріс енгізе отырып (мысалы:  айыпты ауырлататын бір немесе бір неше мән-жайды алып тастап, адамды қылмысты бірге істеуші емес, қылмысға көмектесуші деп танып оның іс-әрекетінен қылмыс жасауға  оқталу емес, қылмысқа дайындалу белгілерін көріп), кассация немесе қадағалау сатысындағы сотталған адамның жаза мөлшерін кеміту мәселесін талқылау керек және заң мөлшерін өзгерісіз қалдыруға қақылы, бірақ мұндай шешімінің дәлелдері келтіру керек1.

Сотталған адамның нмесе оның қорғаушысының арызы бойынша істі қарап отырғанына және анықтау, алдына ала тергеу немесе сот тергеуі толық емес және бір жақты болғаны үшін үкімді бұза отырып, кассация сатысындағы соттың соталған адамның жағдайын нашарлатып жіберетін нұсқауларды өзінің ұйғарымында  көрсетуге қақысы жоқ. [6Б.149]

Сот шешімін қадағалау ретінде қайта қарау тек қана наразылық бойынша рұқсат етілетіндіктен, сотталған адамның, ақталған адамның немесе ісі қысқартылған адамның жағдайын тек наразылықта көрсетілген негізге бола ауырлататын  ұйғарым (қаулы) шығаруға соттың қақысы бар. Мұндай жағдайда сотталған адмдар жөнінде наразылық түсірілмесе соттың олардың жағдайын ауырлатып жіберетін шешім қабылдауға қақысы жоқ.

ҚІЖК-тің 362-бабына сәйкес үкім, ұйғарым, соттың қаулысы заңды күшінде көрген күннен бастап бір жыл өткенде сотталған адамның жағдайын ауырлатып жіберетін қандай негізге сүйенсе де қадағалау реттінде қайта қаралынбайды (сотталған адамды аса қауіпті рецидивист деп тану, еңбекпен түзеу мекемесінің қатаңдау түрін белгілеу, үкімді орындауды, кейінге қалдыру, жазаны өтеуден шартты түрде мерзімнен бұрын босату, бас бостандығынан міндетті түрде еңбекке қатыстыру арқылы шартты түрде босату және т.б. шешімдерді бұзу). Мұндайда жылдың мерзімді тиісті үкім, ұйғарым, соттың қаулысы заңды күшіне енген күннен бастап қадағалау сатысындағы соттың шешімі қабылданған күнге дейін санау керек.

Егер бірінші сатыдағы сот қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындаған кезде жазаларды сіңірту принципін қолданса, коссация (қадағалау) сатысындағы соттың — тіпті бұл сатыдағы соттар жиынттыққа кіретін бір немесе бір неше қылмыс үшін жазаны жеңілдеткенде де, жазаларды қосу ережелерін қолдануға қақысы жоқ.

Егер бірінші сатыдағы сот бірнеше үкім бойынша жаза тағайындағанда бір жазаны басқаларға сіңіруді заңға қайшы немесе жазаның өтелмеген мерзімін қосуға мүмкіндіктің жоқтығынан қолданса, кассация немесе қадағалау сатысындағы сот соңғы үкім бойынша берілген жазаны жеңілдеткен жағдайда бұрынғы үкім бойынша  берілген жазаның өтелмеген бөлігін ішінара немесе түгелдей қосып жіберуге қақылы, бірақ қорытынды жаза оған кейінгі сатыдағы соттың енгізген өзгертулерден кейі де үкім бойынша тағайындалған жазаның мөлшерінен аспау керек.

Қылмыстық істі қылмыстық заңның бір бабынан алып, аса ауыр емес қылмыстары үшін жауаптылққа тартатын баптарын жатқызғанда, егер соталған адамның жағдайын нашарлатпайтын және оның қорғану құқығын бұзбайтын болса, кассация немесе қадағалау сатысында сот жаза туралы мәселе қарап отырып, ҚК-тің 37-бабында көрсетілегн ережелдерді қолданады. Мұндайда қылмысты жиынтығы бойынша тағайындалатын қорытынды жаза бірінші сатысындағы сот белгілеген жазадан қатаңдау болмау керек.

Жазаны жеке даралау кезінде сотталушының жеке басын есепке алу өте маңызды сәт.

Жеке адам мәселесі қашанда болсын философтардың, социологтардың, психологтардың, педагогтардың, заңгерлердің зерттеулерінде ауқымды орын алып келді.

Жеке адамның қалыптасуы бізді қоршаған қоғамдық ортамен, адамдар арасындағы қарым-қатынастармен тығыз байланыста болып, сабақтасып жатады. Сондықтан, «Жеке адам — қоғамдық қатынастар» арасындағы бұл байланыс тек жалпы социологиялық тұрғыда ғана емес, сонымен бірге басқа ғылым салалары арқылы да терең, әрі түбегейлі зерттелуі қажет. Қоғамдық ғылымдардың, оның ішінде заң ғылымдарының бір саласы — қылмыстық құқық жеке адам мәселесін қылмыстық заң, қылмыс ұғымы, қылмыстық жа-уапқа тарту, қылмыстық жаза тағайындау, одан босату, т.б. институттарды зерттеу кезінде жіті қарап, қадағалап отырады. [7Б.139]

Жоғарыда айтылғандай, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 52-бабының 3-тармағына сәйкес жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесі айыпкердің жеке басы, сонымен бірге оның қылмыс жасағанға дейінгі және одан кейінгі мінез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырла-татын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сот-талған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалы ескеріледі.

Осы бапта жаза тағайындау кезінде заң ең алдымен айыптының жеке басын, жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайларды емес, қылмыстың сипатын және қоғамдық қауіптілік дәрежесін бірінші кезекте есепке алу керектігін көрсеткен. Кейбіреулер жаза тағайындауды мұндай қалыптасуының тәртібінде соншалықты мән жоқ де ойлауы мүмкін. Дегенмен де, біз бұл жерде құқықтық тер минологияның өзінде бір қағидаға бағытталған жүйелілі болатынын, сол жүйеліліктің алға тарта отырып, заң шыға рушы оған белгілі бір мағына беруге ұмтылатындығын айт кеткіміз келіп отыр.

Қарағанды облысы, Астана қаласы соттарына «Сот жаз тағайындау кезінде заң айтқан қандай жүйелілікті сақта керек?» деп қойылған сауалға олардың бәрі дерлік ең алдымен жаза тағайындау кезінде қылмыстың сипатын, оның қауіптілік мөлшерін есептеуді талап етеді деп жауап берген

Бұл заңда көрсетілген жүйеліліктің дұрыстығын, жаза қылмыс жасаған адамның өз іс-әрекетінің нәтижесі, демек оныі өз әрекеті, оған тағайындалған жазаның шекарасы өзі жа саған қылмыстың шекарасымен шектелуі керек деген пай ымдауға сүйене отырып, Н.С.Лейкина былай дейді: «Егер біз заңда көрсетілгендей жасамай, айыптының жеке басыі немесе жауаптылықты жеңілдететін не ауырлататын мән жайларды тізімнің басына қойсақ, онда үлкен қателіктерге заңсыз жаза тағайындауға барамыз».

Бұл айтылған пікір осы мәселемен шұғылданып жүрген ғалымдардың еңбегінде сол мағынада айтылғанмен, біздн ойымызша, жаңаша қарауды талап ететін сияқты. Жалпыға мәлім, жаза қылмыскердің сазайын тарттыру мақсатын көздемейді. Демек, сот жаза тағайындағанда қылмыскердіһ жанын қинап немесе адамгершілік намысына тиіп, қорлау мақсатын емес, қылмыс жасаған адамды тәрбие құралдары арқылы енді қайтып қылмыс жасамайтындай етіп шығаруды көздейтіндігін дәлелдеуі керек.

Алайда, жаза тағайындаудың негізгі шарты ретінде ең алдымен жасаған қылмыстың қауіптілігін алға қою оны жасаудағы мақсаттарды еске алмай отыр. Қазіргі заңға сүйенсек, қылмыскерге жазаны ең алдымен, жасаған қылмысы үшін сазайын бергізіп, содан кейін барып, республика Қылмыстық кодексінің 38-бабында көрсетілген мақсаттарды есепке алуға шақырады.

Жаза тағайындау кезінде айыпталушының жеке басын сипаттайтын мәліметтер де егжей-тегжейлі көрсетілуі қажет. Бұл өзі өте міндетті нәрсе.

Қорыта келгенде, біздің ойымызша, жазаны жеке даралау кезінде қылмыстының жеке бастық жағдайларын зерттеу үшін мына төмендегі келтірілген мәліметтерге назар аударған дұрыс сияқты. 1. Жалпы ғұмырнамалық мәні бар деректерді және басқа да мәліметтерді есепке алу:

а) аты-жөні, туған жері, жұмысы, азаматтығы және ұлты;

ә) білімі, істейтін жұмысы, тұратын жері (егер жоқ болса, себептері);

б) денсаулығында ақау болса, оларды түгел айтып кету.

  1. Сотталушының қылмыс жасағанға дейінгі мінездемесі:

а) жас кезіндегі тұрмыс жағдайы, отбасы, ондағы алған тәрбиесі;

ә) жас кезіндегі еңбекке, оқуға деген ықыласы (сол кездегі алынған мінездеме);

б) мінездемедегі ерекше қасиеттер;

в) жас кездегі ойын-ермегі;

г) жұмысқа деген ықыласы, жұмыстағылармен қарым-қатынасы, жұмыстан алған мақтаулары мен жазалары;

д) отбасы жағдайы, оның құрамы, балалары;

е) тұрмыс жағдайы;

ж) отбасындағы қарым-қатынастар, балаларға деген көзқарасы;

з) көршілерімен қарым-қатынастары, уақыт өткізуі;

и) егер қоғамдық тәртіпті бұза қалса, ол немен сипатта-ады, одан кейінгі тәртібі;

к) егер әкімшілік жауапқа тартылса, не үшін тартылғаны және оның жазаға деген көзқарасы;

қ) егер бұрын қылмыстық жауапқа тартылса, сол қыл-мыс төңірегіндегі мәліметтер (қашан сотталды, қанша рет сотталды, не үшін сотталды, жазаны қайда өтеді, жазадан босатылғаннан соң не істеді, тәртібі, т.б. жағдайлары).

  1. Сотталушының қылмысты жасаған кездегі және одан кейінгі мінездемесі:

а) қылмыс жасаған кездегі тәртібі;

ә) қылмысты жасап болғаннан кейінгі, тергеу кезіндегі тәртібі (зиянды өтеді ме, жоқ әлде қашып кетті ме, кінәсін мойындап келді ме, өзінің тәртібін дұрыс деп санай ма, т.б.);

б) сот мәжілісі кезіндегі тәртібі.

         Жазаны жеке даралау кезінде қылмыстың сипаты, қоғамға қауіптілігі дәрежесін есепке алу мәселелері.

Жеке адамның жасаған іоәрекеті қылмыс деп табылып, оны заң алдында жауапқа тарту үшін, ең алдымен сол іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік сипаты болуы қажет. [11Б.162]

Қылмыстың қоғамдық қауіптілігін ескеру тек қылмыстық жауапқа тарту сатысында ғана емес, жаза тағайындау кезінде де міндетті болып есептеледі. Бұл мәселе Республика қылмыстық заңының 52-бабында айтылған.

Төменде біз жаза тағайындау, оны жеке даралау кезінде қылмыстың сипаты, оның қауіптілік дәрежесі қандай орында, соттар неге баса назар аударуы керек және оның т.б. мәселелеріне тоқталмақпыз.

Қазіргі қолданыстағы қылмыстық заң істелген қылмыстың сипаты, қоғамдық қауіптілік дәрежесі туралы анықтама бермегендіктен, ол үғымдар қилы-қилы түсініктермен келтіріледі. Біз солардың кейбіреулеріне тоқталып өтсек дейміз. Бірінші пікір «Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі қылмыстардың орналасуы қылмыстың сипаты-на байланысты» делінеді. Бұл көзқарасқа сүйенсек, қылмыстық заңның Ерекше бөліміндегі экологиялық қылмыстардың қоғамдық қауіптілігі — бір сипат, әскери қылмыстардікі — бір сипат, меншікке бағытталған қылмыстар және бір сипат болып саналуы керек.

Екінші пікір — «Қылмыстың сипаты дегеніміз — қылмыстық заңның Ерекше бөлімінде көрсетілген белгілі бір баппен сараланатын қылмыстарға тән ортақ белгілері бар қылмыс құрамы» деп түсіндіріледі. Дәл осындай мазмұнда болмағанымен, мағыналас тұжырым А.Д.Соловьев, Я.М. Брайнин, М.П.Карпушин, В.И.Курляндский, Г.С.Гаверовеңбектерінде де айтылған. Бұл авторлардың пайымдауына ден қойсақ, олардың бәрі бір тектес қылмыстарға ортақ сипат тән екендігін айтады. Мысалы, қасақана кісі өлтіру қылмысы-ның қай түрі болсын, бұзақылық қылмысының қай түрі болсын — бәрі бір сипатта. Осы келтірілген пікірлерді айтушы авторлардың бәрі тал-қыланып отырған ұғымға орынсыз кең мағына беріп отырған сияқты. Бұл ойымыздың дұрыстығын енді дәлелдеп көрелік. Заң шығарушы қылмыстық-құқықтық нормалардың санк-цияларындағы жаза мөлшерін тағайындау кезінде — қылмыстың сипатына назар аударып отырады. Әр сипаттағы қылмыстар үшін түрлі жаза мөлшері көрсетіледі. Бұл заң әдебиетінде баяғыдан қалыптасқан тұжырым. Ол туралы айта берудің қажеті шамалы.

Жалғыз мысал, Қылмыстық кодекстің 96-бабының 1-бөлігінде кінәліге 6 жылдан 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасын, осы баптың 2-бөлігі жазаның мөлшерін 10 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын және кейде ату жазасын қолдануға болатынын белгілейді. Жаза мөлшері арасындағы алшақтық — ең алдымен қылмы-стың сипатынан туындайды, ендеше жоғарыдағы авторлар осы ұғымды беруде біршама қателеседі.

Сондықтан біз кәнігі қылмыскерлер мен қылмыстық топ жасаған қылмыстар мәселелеріне арналған еңбегінде В.Г.Татарников берген анықтаманы дұрыс деп есептейміз. Ол: «Қылмыстың сипаты дегеніміз — бір бапта немесе оның бір бөлігінде көрсетілген белгілі бір қылмыстың өзіне ғана тән ерекшелігі», — дейді.

Тағы бір еңбекте: «Қылмыстардың сипаты дегеніміз -ауырлығына байланысты қылмыстарды аса ауыр, ауыр, ма-ңызы шамалы деп бөлу арқылы туындайтын, әр түрлі ауырлығы бар қылмыстардың қосындысы», — деген анықтама беріледі.

Бұл пікірді жақтаушылар солай пайымдаса да, олардың біразы осы пікірді алға тарта отырып, сол кезеңдегі қылмыстық заң баптарында тек ауыр қылмыстың түпкілікті тізімі берілгендігін, ал аса ауыр, маңызы шамалы қылмыстар ту-ралы ешнәрсе көрсетілмегендігін мойындайды.

Жоғарыдағы пікір 1970-80 жылдары айтылған болатын. Жаңа Қылмыстық кодексте осы мәселені түбегейлі шешіп алған сияқтымыз. Себебі, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енген жаңа Қылмыстық кодексінде отандық заңнамалар тарихында тұңғыш рет қылмыстардың санаттарын қарастыратын арнаулы норма енгізілді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 10-бабына сәйкес: «Осы Кодексте көзделген әрекеттер сипатына және қоғамдық қауіптілік дәрежесіне қарай онша ауыр емес қылмыстарға, ауырлығы орташа қылмыстарға, ауыр қылмыста-рға және аса ауыр қылмыстарға бөлінеді.

Жасалғаны ушін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақа-на жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін осы Кодек-сте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын абайсызда жасалған әрекет онша ауыр емес қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бес жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қас-қана жасалған әрекет, сондай-ақ жасалғаны үшін бес жылдан астам мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген абайсызда жасапған әрекет ауырлығы орташа қылмыс деп танылады.

Жасалғаны үшін осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза он екі жылға бас бостандығынан айырудан аспайтын қаса-қана жасалған әрекет ауыр қылмыс деп танылады.

 

2.3 Жаза  тағайындаудағы  ескерілетін  мән жағдайлар

 

Қазақстан   Республикасы   Конституциясының  барлық адам  заң  мен   сот   алдында  тең,   адамды   соттан басқа  ешкім де  қылмыстық жазаға    тарта да  алмайды  деген  қағидаларын  басшылыққа  ала  отырып,  қылмыстың  түрі  мен   ауырлығына  айыптының   қызметтегі   және   қоғамдағы   орнына   қарамастан,  соттар  әрбір   қылмысты   істі   қарағанда, қылмыстық  және  іс   жүргізу    туралы   талаптарының    бұлжымай   орындалуына  жете  назар   аударуға  тиіс.  Заңның   бұзылуын   ештеңе де  ақтай  алмайды. Жеңілдететін  немесе   ауырлататын  жағдайларын  ескере  отырып,  жаза   тағайындау  кезінде соттар  оған жеке тұрғыдан  қарау   жөніндегі   заң   талаптарын  бұлжытпай орындауға  тиіс.  Жаза  заңды,   негізді   және  әділ   болу керек және жасалған қылмыс үшін жауаптылықтың болмай  қоймайтындыңын  білдіру   керек.

Заң  талаптарына  сәйкес   соттар   жауаптылықты    жеңілдететін  немесе  ауырлататын  жағдайларды  анықтап, кінәліге жаза тағайындған кезде үкімде оларды ескеруге және көрсетуге міндетті. Егер заңда көрсетілген жауаптылықты жеңілдіктен немесе ауырлататын жағдай қылмыстың бір белгісі ретінде қылмыстың кодекстің айрықша бөлігіндегі заңның диспозициясында көрсетілген болса, онда ол сол қылмыс үшін жаза тағайындаған кезде жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын жағдай ретінде қосымша алынбайды.

Жасалған қылмыстық жауаптылығының дәрежесін анықтағанда, нақты қылмыстық әрекет (кінәнің түрі, тәсілі, жасаған қылмыстық жағдай мен кезеңі, одан болған ауыртпалық, әрбір сыбайластық қылмысқа қатыстылыңының дәрежесі мен сипаты т.б) жағдайының барлығы ескерілуі тиіс. [9Б.171]

Соттардың назары ауыр қылмыс, әсіресе қылмысты топталып жасаған, бұрын сотталған, бірақ түзелгісі келмейтін адамдарға заңда көрсетілген жазалаудың қатаң шараларын қолдалынуы керектігінен аударылады. Сонымен қатар ауыр емес қылмыс жасаған, қоғамнан оқшаулаусыз-ақ түзелуге қабілетті айыпты адамдарға жаза тағайындағанда бас бостандығынан айырмайтын заңда көрсетілген басқа жаза түрлерін қолданған да жөн.

Соттар сотаушының жеке  басының  мәліметтерін  жан-жақты, толық  және объективті түрде  тексеру керек, себебі бұл мәліметтердің  түрі мен мөлшерін белгілеу үшін  елеулі мәні бар. Атап  айтқанда, сотталушының денсаулығын, отбасы жағдайын, еңбекке қабілеттілігі мен оған деген көзқарасын, білімі,  сотталғандығы туралы  мәліметтерді анықтау керек.

Қылмыстың сипатына қарай, заңға сәйкес сот мас күйінде істелген қылмысты ауырлататын жағдай  деп танымауға қақылы болғандықтан, бұл  мәселені шешкенде қылмысты әрекетті  айыптының  мастығына бар-жоғын, адамның бұл жағдайға тап болған жайын (кәмелетке толмағандарды  ересек адамдардың мас кұйге  жеткізуі т.б.) анықтап, ескеру керек.

Бұрын жасаған қылмысы сот үкімінде анықталғаны және сол қылмысы үшін сотталғандығы жойылмаған немесе одан арылмаған, болмаса бұрын жасалған қылмыстың кейінгі ісі бойынша оған негізді түрде айып етіп тағайындалағанын сот анықтаған жағдайға ғана, бұрын қылмыс жасаған адамның қылмыс жасағандығы заңға сәйкес қылмысқа тән белгі немесе жауаптылықты ауырлататын жағдай ретінде қаралуы мүмкін екендігін соттарға түсіндіру керек.

Үкімнің баяандайтын бөлігінде жауаптылықты  жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды, атап айтқанда: сотталушының жазадан  құтқарудың дәлелі, үкімнің кейінге қалдырылуы туралы мәселенің шешімдерін, шартты жазаны  қолданылудың заңында көрсетілгендігінде неғұлым жеңіл жаза тағайындау, сондай-ақ жазаның қай түрімен мөлшерін соттың таңдап алғандығының дәлелдерін көрсету керек екенін белгілейтін  ҚІЖК-ін 300-бабының талаптарын соттар қатаң орындауға міндетті.

Егер адамды айыпты деп таныған сакциясында жазаның әр түрі (балалмалары) көрсетілген болса, онда сот үкім шықарар кезде белгілі бір жазаның таңдалып алынғандыңы жөнінде қабылдаған шешімінің дәлелдерін үкімде міндетті түрде келтіріп, жазаның ғай түрін қолданылуы керек екендігі туралы мәселені  талқылап алуға тиіс.

Егер жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамға қауіптілігінің дәрежесі, сондай-ақ айыптының жеке басының мәліметтері  соталушыға неғұрлым  жеңілірек жазаны таңдап алуға мүмкіндік беретін болса, қылмыс жасаған маскүнемдер мен нашақорларға дәрігерлік сипаттағы күштеу шараларын қолдану қажеттілігі, бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауға негіз бола алмайтындығын соттар ескеру тиіс.

Жасаған әрекетінде қылмыстың белгілі бір, бірақ онысы қоғамға елеулі ғауіп тұғызбайтын адамдарға келсе, онда соттар қылмысты жаза қолданбай -ақ олардың түзелуі және қайта тәрбилеу мүмкіндігі жғндегі мәселені қарап, ондай адамдарды ҚК-тің 45-бабының 3-бөлігіне сай қылмыстық жауаптылықтан  босататын негіз бар болса, босату керек.

         Соттар бас бостандығынан айырмай тұзеу жұмыстары жазасын тағайындаған кезде, жазаның бұл түрін дұрыс қолдану үшін елеулі мәні бар жағдайларды (еңбеке қабілеттілігін,  отбасы жағдайын, қолындағы балаларын, еңбекке қатыстылығын, айыптының жұмыс істемеу себептері, т.б.) мұқият анықтап алу керек. Сотталушының тұзеу жұмыстарын өтеуге кедергі болатын мәліметтері анықтаған жағдайда, сот мұндай адамға жазаның басқа түрін тағайындау керек.

Жұмыс орында өтейтін тұзеу жұмыстары жазасын тағайындағанда, қызмет бабын немесе кәсіптік міндеттен орындауға қатысты қылмыс жасаған адамдарға жазаның бұл түрін қолдану оның беделін түсіретіндігін соттардың ескеруі тиіс.

Түзеу жұмыстарына жалтару деп мәселен, орынсыз себептермен жұмысты тастап кетуді, жұмысқа ішіп келуді тануға болатындығын түсіндіру керек.

ҚК-тің 25-бабының 4-бөлігінің  мәні бойынша, егер бүндай әрекет түзеу жұмыстарының орындалуының басқаратын органдардың жазбаша ескертуіне кейінде жалғаса берсе немесе қайталанса, яғни ол қасақана істелсе, яки соталған адамның жазаны өтеуден жалтару мақсатымен жасырынғаны анықталған болса, сотталушыны айыпты деп тапқан ҚК-тің  баптарының санкцияларына қарамастан, жазаны өтеп жүрген жердегі сот соталушының  өтелмеген тұзеу жұмыстары уақытын сондай мерзімдегі бас бостандыңынан айыру  жазасы мен ауыстыра алады.

Шартты жазаның, әдетте, жеңіл қылмыс жасаған, бұрын сотталмаған адамдарға қолданылатындығын соттар ескеруге тиіс. Шартты жаза ауыр қылмыс жасауға  қатысқандардың кейбіріне, егер олар негізгі қылмыскер болған, сонымен қатар қылмыс жасаған кездегі жайлар мен оның жеке басына берілген мәліметтер соталушыны көпшіліктен оқшаулауға негіз бола алмайтын жағдайда ғана қолданылады.

Алғаш рет үш жылға дейін  бас бостандығынан айырылуға кесілген адамдарға  жаза тағайындағанда, міндетті түрде еңбекке қатыстыра отырып, шартты түрде сотауға немесе үкімді орындауды кейінге қалдыруға, КК-тің бабптарында көрсетілген негіз болған жағдайда, сот қылмыстың жазаның мұндай түрлерін тағайындай алады, бірақ көрсетілген баптарды бір мезгілде қолдануға қақысы жоқ.

Бұрын бас бостандыңынан айырылған, соның ішінде бас бостандыңынан шартты түрде айырылған немесе үкімнің орындалуы кейінге қалдырылған, және де заңда көрсетілген тәртіп бойынша  сотталғандығы жойылмаған немесе арылмаған адамға  соттың үкімнің  орындалуын кейінге қалдыруға қақысы жоқ. [12Б.163]

Егер айыптының ісінің мән –жайлары мен жеке басын  ескере отырып, бостандығынан айыруға қатысы жоқ жаза тағайындауға негіз бар болса және қылмыстың заң санкциясында мұндай жазаның түрлері бас бостандығына айырудың шартты түрде еңбекке қатыстыруды міндетті түрін, үкімді орындауды кейінге қалдыруды қолдану түрін заңының санкциясында  көрсетілген жазалау, әйтеуір бір негіздер бойынша бұл адамға қолдану мүмкін емес болғанда ғана тағайындай алады. Оның дәлелдерін үкімде көрсетілуі тиіс.

Заңға сәйкес  бас бостандыңынан айырылған және бір мезгілде  қосымша жаза берілген адам жөніндегі үкімнің орындалуы  толығымен немесе негізгі жаза жағынан кейінге қалдырылуы мүмкін, бірақ үкімнің қорытынды бөлігінде бұл міндетті түрде көрсетіледі. Егер сот қосымша жазаны орындауды кейінге қалдырмаса, онда бұл үкім заңында күшіне енісімен орындала бастайды.

Шартты түрде жазаны тағайындағанда, еңбекке міндетті түрде  қатыстыра отырып шартты түрде соталғанда, үкімнің орындалуын кейінге қалдырған жағдайларда, үкімде еңбекпен түзеу мекемесінің түрі көрсетілмейді.

Шартты жазаны қолданғанда немесе үкімді орындауды кейінге қалдырғанда  төрағалық етуші соталған адамға, оның заңды өкілдеріне  мән-мағынасын түсіндіреді, санау мерзімі кезегінде, яки кейінге қалдырылған мерзімде жүргенде заң талаптарын бұзудың соңы неге апарып соқтыратынын ескереді.

Үкімді орындауды кейінге қалдыру мерзімі мен санау мерзімі соттың қай сатысында қолданылатындығына қарамастан, үкім жариялаған күннен бастап есептеледі.

Кейінге қалдырылған мерзім біткеннен кейін соталған адамның еңбекке немесе оқуға қатысына кейінге қалдырылған мерзім ішіндегі оның тәртібіне, үкімнің жүктеген міндеттерін орындағанын қарап, сот соталушыны жазадан босату жөнінде немесе оны үкім белгілеген бас бостандығынан айыру жазасын өтеуге жіберу жөнінде ұйғарым шығарды.

Егер үкімді орындауды кейінге қалдырған адамға жазасын өтеуге босату туралы ұйғарым шығарылғаннан кейін оның  кейінге қалдырылған мерзім ішінде жаңадан қылмыс жасағаны анықтала қалса, ҚІЖК-нің 383-бабында көрсетілген мерзім өтпеген жағдайда ол ұйғарым істің жаңадан ашылған мән-жайларына байланысты қайта қаралуы мүмкін.

Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, өлім жазасы ерекше жағдайда тағайындалатыны ескеріліп, жазаның мұндай мөлшері оны тағайындаудың қажеттілігіне жауапты ауырлататын төтенше жағдайлар негіз болғанда және аса ауыр қылмыс жасаған адам айырықша қауіпті болғанда ғана қолданады. Өлім жазасын қолдану барлық жағдайда жасаған қылмыстың анықталған мән-жайларын және сотаушыны мейлінше толық сипататын мәліметтерге сүйене отырып, үкімде дәлелденген болу керек.

Соттардың қосымша жаза тағайындау мәселелеріне баса назар аударған жөн, өйткені негізгі және қосымша жазалардың дұрыс үйлестіре білу, оны даралап көрсету принципін дәйекті түрде жұзеге асыруға, жазаның мақсатына жетуге көмектеседі.

Қылмыстық заңның баптарының сакцияларында қосымша шаралар қолдану немесе қолданбау мүмкіндігі айтылған болса, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал қосымша жаза жолданылмаған жағдайда  үкімнің қорытынды бөлімінде ондай шешімнің қабылдануына сілтеме жасамайды.

Айыптыны соттаған  кезде  қылмыстық заңының  баптарында қосымша  жаза  қолдану  міндетті деп  табылса, сот  оны  ҚК-тің 39-бабында  көрсетілген  шарттар болған  жағдайда ғана бапқа сілтеме  жасай отырып  қабылдаған шещімінің  дәлелдерін  үкімде міндетті  түрде  келтіре  отырып,  оны  қолданбауы мүмкін.

Сотталушыны айыпты деп  таныған  қылмыстық заң  баптарының жазалау шараларында жер  аудару,  жерінен қуу, мүлкін  тәркілеу, айып салу секілді  қосымша  шаралар көрсетілген жағдайда ғана соттардың мұндай жазаны тағайындай  алатындыңына назар  аударылады.

Қылмыстық заңда  көрсетілген  қосымша  жаза  ретінде қолданылатын  басқа да  жаза  түрлері санкцияларында көрсетілмесе немесе  жазаның  шараларының бірі ретінде аталған болса,  сол  түрде  сотталушыңа  талдалып  алынбаса да,  соттың  мұндай жазаны  тағайындауға  қақысы бар. Мұндайда қосымша  жазаның  тағайындалғандығы туралы үкімнің қорытынды  бөліміндегі шешімде ҚК-тің 26-бабында  деген сілтеме болу керек. Қосымша жазаны сотталушыны айыпты деп таныңан қылмыстың заң баптарында көрсетілген шекте тағайындалған.

Егер  қосымша жаза ҚК-тің 26-бабы негізінде қолданылса, оның мерзімі заңының жазаның осы түріне белгіленген шегіне тағайындалды.

Мүлікті тәркілген кезде оның мөлшерінің үкімде нақты көрсетілуін  соттар есінен шығармауға тиіс, ал тәркілеу сотталған адамның жеке басына  тиесілі мүлікке немесе үкім шыңарылған кезегі  жалпы ортақ меншіктегі оның ұлесіне ғана жүргізілуі мүмкін.

Соталушының үкім шығарылған кезде  мүлкінің жоқ болуы оның мүлкін  тәркілемеуге негіз бола алмайды.

Бұл жерде Республика Жоғарғы Кеңесі Төрағасының 1962 жылы 13 маусымдағы жарлығы бекіткен тізбедегі мүліктердің тәркілеуге жатпайтынын ескере кеткен жөн.

Лауазымы бойынша міндетті жұмысын атқаруы немесе белгілі бір қызметпен айналысуына (қолы босамауына) байланысты қылмыс жасаған жағдайда ҚК-тің 26-бабына сәйкес  сот жасаған қылмыстың сипатын ескеріп, сотталушының белгілі бір  лауазымды орында отыруы немесе нақтылы қызметпен айналысуы құқығынан айырылуы жөнінде мәселені қарауға міндетті. Бұл жазаны тағайындағанда үкімнің қорытынды бөлімінде  лауазым яки қызмет түрі нақты көрсетілуге тиіс. Бірақ болуға қақысы жоқ қызмет аясын анықтамай түрып, соталушыны халық  шаруашылыңының қандай да бір саласында жұмыстеу  құқығынан айыруға болмайды. Үкім шыққан кезде сотталушы адам лауазымды орында болмаса да, немесе жасаған қылмысқа қатысты қызметпен айналыспаса да, бұл жағдай аталған қосымша жазаны  қолдануға кедергі бола алмайды1.

Адамның көлік құралдарын жүргізу құқығы о бастан болмаса да, яки әкімшілік жаза ретінде ондай құқықтан айырылған болса да, қылмыстың заңнан санкцияларына  сәйкес сот оған қосымша жаза реттінде кғлік ғұралдарын жүргізу құқығыныан айыруды тағайындауы мүмкін.

Қылмыстық кодекстің 39-бабында  көрсетілген  жағдайлардың  жоқтыңына қарамай, қосымша жазаның  тағайындалуы міндетті болса белгілі бір  лауазымды қызметте болуы немесе нақтылы қызметпен айналысуы құқығынан айырылуы сияқты қосымша жазалар тағайындау мерзімінің көрсетілмеуін, қосымша жазаның тек ғана қылмыстардың жиынтығы бойынша тағайындалуын, сондай-ақ өтелмеген қосымша жазаның (немесе оның бөлігінің) заң бойынша тағайындалған жаза жазаға қосылмауын қосымша жазаны дұрыс қолданбау деп ұғыну керек, ал бұл үкімді бұзуға негіз бола алады.

Соттар әкімшілік жаза шараларын қолдануды тәртібімен қылмыстың белгілері  бар әрекет жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босатуға және әкімшілік жауапқа тартуға негіз беретін заң талаптарын сақтауға тиіс.

Қылмыстың белгілері бар әрекет жасаған, бірақ қоғамға елеулі қауіп келтірмейтін адамға қылмыстың жаза қолданбай-ақ  оның түзелетіндігі мен қайта тәрбилеуге келетіндігі туралы ұйғарым іс жағдайын жан-жақты, толық және объективті түрде қарағаннан кейін және заңды бұзушының жеке басы туралы  мәліметтерге негізделуге тиіс.

Қылмыстың белгілері бар әрекет жасаған адам әкімшілік жолымен жауапқа тартыла отырып, оған қылмыстың жаза  қолданбай-ақ  оның тұзелетіндігі мен қайта тәрбиленетіндігі көз жеткізерлік дәлелдер болғанда ғана, ол қылмыстың жауаптылықтан  босатылуы мүмкін. Ондай шешімді  қабылдауға кедергі болатын жағдайларға істің мән-жайнын ескере отырып, мәселен айыптының арылмаған және жойылмаған  сотталғандыңын немесе маскүнем яки нашақор деп танылуын  тағы басқа  жатқызуға болады.

Қылмыс жасаған кезге дейін 16-ға толмағандарды  әкімшілік жолымен жауапқа тартуға  болмайтындығын ескере отырып, қылмыстың белгілері бар әрекет жасаған, сол үшін заң бойынша  бір жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе одан да жеңіл жаза белгіленген  кәмілетке толмағандар жөнінде әрі бір нақты жағдайға байланысты істі және оның жеке басының мән-жайларын ескеріп, соттарға, қылмыстың істі қысқарту және заңда көрсетілмегендей (ҚК-тің 49-6-бабы). Тәрбиелік шара қолдану туралы мәселені қарау ұсынылады.

Сотқа келіп тұскен заң бойынша бір жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе одан гөрі  жеңілірек жаза белгіленген қылмыстық іс бойынша  ҚК-тің 45-бабының 3-бғлігі  бірінші тармағын қолдануға негіз болған жағдайда, іс соттың тәртіптеуші  мәжілесіне енігізіледі. Адам қылмыстың жауаптылықтан  босатылғанда, сот қылмыстың істі қысқарту туралы дәлелді  ұйғарым шықарады, ал ұйғарым заңды күшіне енгенде, судья кінәлі адамға  әкімшілк жаза белгілейді.

Әкімшілік жаза қолданылуына байланысты қылмыстық істі қысқарту туралы мәселе сот мәжілісінде шешілген жағдайда, әкімшілік жаза қылмыстық істі қысқарту туралы ұйғарым шығарумен бір мезгілде қолданылады бұнымен қатар іске қатысты және қылмыстық жауаптылықтан босатылмаған басқа адамдарға үкім шығарылады.

Соттардың мынаны есте тұтқаны жөн: белгілі бір қылмыс үшін заңда көрсетілген жазаның төменгі шегіне де төмен жаза немесе заңда көрсетілгендегіден (ҚК-тің 39-бабы) жеңілдіректеу жаза тағайындау ерекше іс жағдайында және кінәлі адамның жеке басын сипаттайтын деректер анықталғанда ғана қолданылуы мүмкін.

Бұл жерде ерекше мән жайлар деп жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін кеміттетін жағдайларға (оның ішінде заңда көрсетілген жауаптылықты жеңілдеттетін жағдайлар да) танылуы мүмкін.

Қандай жағдайларды ерекше деп танитынын және мұндай жеңіл жазаны айыпкердің жеке басының қандай мәліметтерімен байланыстыруға болатынын сот үкімінің баяндайтын  бөлімінде көрсетілуі  міндетті. Мұндай жағдайларда ауыр қылмыс жазасындағы айыпкерге жазаның ең төменгі шегіненде төмен жаза тағайындауға кедергі бола алмайды.

Заңда көрсетілген жазадан гөрі елде қайда жеңілдеу жазаны бірнеше  қылмыс жасаған айыпкерге қолданғанда, сот ондай жазаны солардың біреуіне, не болмаса әр қайсысына жеке-жеке тағайындай алады, содан кейін оны ҚК-тің 37-бабының ережелері бойынша түпкілікті түрде белгілейді.

Жалпы қағидаға сәйкес қылмыстық жауаптылық сот арқылы қылмыс жасаған  кінәлі адамға  жаза тағайындау арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының  «Қылмыстың жаза тағайындаған кезде соттардың  заңдылықты сақтау» туралы 1999 жылғы 30 сәуіріндегі қаулысында: қылмыстық белгілері бар әрекет жасаған, бірақ  қоғамға  елеулі қауіп  келтірмейтін адамдарға соттар қылмыстың жаза  қолданбай-ақ, олардың  түзелетіндігі мен  қайта қылмыс жасамайтындығы туралы мәселені  талқылап, негіз болған жағдайда  ондай адамдарды ҚК-тің 65-68 баптарында көрсетілген негіздер бойынша қылмыстық жауапкершіліктен босатуға тиіс. Соттың адамды  қылмыстық жаза шараларын қолданбай-ақ түзетуге болатындығы туралы тұжырымы істің жан-жақты,  толық және объективті түрде зерттелген мән-жайларына және  сотталушының жеке басы  туралы  мәліметтерге негізделуі қажет, — деп атап көрсетілген (10-тармақ). Осыған орай кейбір реттерде  қылмыстылықпен күресте мақсатқа  жету кінәлі адамды қылмыстың жауапға тарпай-ақ немесе оған  жаза тағайындап, бірақ оны жазаны нақты өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жаза  өтеуден мерзімінен бұрын босату, өтелмеген жазаның  бөлігін  жеңілрек жазамен  ауыстыру  арқылы  жұзеге  асырылуы да мүмкін.

Осыған байланысты қылмыстық құқығының қылмыстық жауаптылықтан және жазадан  немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау туралы  институтты белгілейді. Мұның әрқайсысы тәжірибеде кеңінен  қолданады. Сонымен бірге  ескерілетін жағдай, қылмыстық жауаптылықтан, жазадан босатуды кеңінен пайдаланудың да зиянды жағы бар. Бұл институтты  практикада жиі қолдану қылмыстық құқықтағы жауаптылықтың сөзсіз болуы принциптерін аяққа басады. Сондықтан да  көрсетілген мәселелерді қолдану  заңға  негізделген және тиісті  болған жағдайда ғана  қылмыспен күрес  мақсатының  қылмыстың жауаптылық немесе жазаны  қолданбай-ақ  жүзеге асырылуы жағдайында ғана  қолданылуы ғажет.

Осы тарауда жасы толғандардың қылмыстық жауаптылықтан және жазбадан  босатудың  негіздері қаралмайды. Жасы  толмағандарды  қылмыстың жауаптылықтан және  жазадан босату  мәселелері арнаулы  тарауда қарастырылады.

Қылмыстық заң бойынша  қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынандай түрлері көрсетілген:

  1. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
  2. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату;
  3. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстың жауаптылықтан босатылу;
  4. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босатылу;
  5. Ескілеу мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату;
  6. Рахымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстың жауаптылықтан босату.

Осы аталған негіздер мен  қылмыстың жауаптылықтан босату тұбегейлі  түрде  шартсыз жұзеге асырылады.

Қылмыстық заң бойынша кінәлі деп  танылған адам жаза  өтеуден  жазаны  өтеуді  жалғастырудан босатылуы немесе оның жазасының  жеңілрек жазамен  ауыстырылуы мүмкін.

Қылмыстық заң бойынша  жазадан босату  мынадай  негіздер бойынша  жұзеге асырылады:

-Ауыруға шалдығуына  байланысты  жазадан босату;

-Жазаны өтеуден  мерзімімен бұрын  шартты түрде босату;

-Жазаның өтелмеген  бөлігін неғұрлым жеңіл жаза  түрімен ауыстыру;

-Жұкті  әйелдердің және  жас  балалары  бар әйелдер жазаны  өтеуден кейінге қалдыру;

-Төтенше  мән-жайлардың  салдарынан жазадан  босату мен жазаны  өтеуді  кейінге қалдыру;

-Айыптау үкімінің  ескеру  мерзімі өғтуіне байланысты жазаны өтеуден босату;

-Рахымшылық немесе  кешірім жасау актісі  негізінде жазадан босату.

Қылмыстық жауаптылықтан босату, жазадан  босату немесе  жазаны  одан  әрі  өтеуден  босатудың бір-бірінен айырмашылығы оларды қолдану  негіздеріне  байланысты болады. Әдетте,  қылмыстық жауаптылықтан босату (қылмыстың жауапқа тартудың мерзімі ескеруге байланысты жауаптылықтан босатудан басқасы) істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі онша көп  болмаған және  оны  істеген  адамның түзелуі, жаза  қолданбай-ақ мүмкін болған жағдайларда  қолданылады. Жазадан  немесе  оны  одан әрі  өтеуден  босату  сот  үкімі  бойынша  белгілі бір  жазаға  тағайындап, соны өтеу  барысында  өздерінің  тұзелгендігін дәлелдеген адамдарға қолданылады. Мұндай жазадан  босату тек  заңда  белгіленген  тәртіппен  сот  арқылы ғана  жүзеге асырылады.

Қазақ КСР Жоқарғы Сотының Пленумы сотталғандарды  жазадан шартты  түрде  мерзімімен бұрын  босату  жғніндегі  істердің республиканың сот  органдарының  негізінен дер  кезінде және  дұрыс қарайтынын атап  көрсетеді.

Соған қарамастан бұл  санаттағы істерді қарауда республика  соттарының жұмысында елеулі  кемшіліктер мен заңды  бұрмалаушылықтар  кездесіп келеді.

Соттар іс  материалдарының сапалы  және  толық  болуына әрекет  тиісті  талаптар қоймайды,  еңбек-тұзеу  мекемелері мен байғау  коммиссияларының  ұсыныстарында сотталған адамдардың жеке басын  сипаттайтын деректер  мен  дәлелдердің, оның  тұзелгендігі туралы  жасалған  қорытындының  толың еместігіне назар аударады.

Жазадан шартты  түрде  мерзімінен  бұрын босату туралы істі  қарағанда заң талаптарына (ҚК-тің 46 және 47-баптары) ғайшы келсе де, соттар сотталған адамның еңбек  ету  мен  оқуға  шын мәнінде адал  қарайтындыңы, оның  тәртібінің ұлгілі екендігі,  тұзелгендігін дәлелдейтін мәселелердің негізін ашып алуға  тиісті шаралар қолданбайды.

Оның түзелгендігі туралы қорытынды заңда  көрсетілген  жаза бғлігін өтеу фактілеріне,  белгіленген тәртіпті және т.б. бұзғаны үшін сғгістің жоқтыңына сүйеніп ғана  жұмсалады. Соның салдарыныан кейде бас бостандығынан айыру орындарының  өзінің тұзетілген  дәлелдерімен адамдар босатылып жіберіледі, олардың  кейбіреулері қайтадан қылмыс жасайды. Кейбір жағдайда соттар істі  қарауға алып, ҚК-тің 46-1-бабына сәйкес  мерзімінен бұрын шартты  түрде босатуға  жатпайтын адамдарды мерзімінен бұрын жазадан  босатып жібереді.

Мерзімінен бұрын шартты босатуды дұрыс  қолданбаумен қатар  өзінің түзетілгенін дәлелдеп, заңда  көрсетілген  жаза бғлігін  өтеп шықса да,  тәжірибеде  сотталғандарды  негізгіден босатпай  тастау да  кездеседі. [15Б.85]

Сот тәжірибесінде  заңда көрсетілмеген  негіз бойынша  сотталғандарды  мерзімінен  бұрын шартты  түрде  босатудан  бас тартатын жағдайлар да үшырасады. Ақмола облысы  Қорғалжын аудандық, Павлодар, Гурьев, Семей қалаларының соттары сотталғандарды  жазадан шартты  түрде  босатудан бас  тарта  отырып, өздерінің  ұйғарымдарында  тағайындалған жазаның  жеңілдігіне, жасалған қылмыс зардабының  ауырлығына, бас бостандығының айыру  орындарында аз  болғанында, мас  кұйінде топ  болып  қылмыс  жасағанына, сотталған адамның  мойындмағанына және т.т.  сілтеме жасаған.

Кей жағдайда соттар ҚІЖК-тің 354-бабының талаптарына  қарамастан, бірінші  ұсынысты  жібермегеніне алты ай  өтпегеніне қарамастан,  мерзімінен  бұрын  шартты  түрде  босату  жөніндегі  екінші  ұсынысты  қараған (Пленумның  1984-жылғы  29-маусымдағы қаулысы).

Мерзімінен бұрын шартты  түрде  босату  жөніндегі  істердің соттар  үнемі  ойластырып, кәсіби  шешпейді, іс  жүргізу  төмен  деңгейде  өтеді, істі  жүргізу барысында  сабақтастық  сақталмайды.

Іс жүргізудегі  қарабайырлық  фактілері біржолата жойылмай  келеді. Кейбір халық соттары бір мәжілісте шартты  түрде мерзімінен  бұрын  босату  жөніндегі 30-40-істі қарайды, оның өзі оларды қараудың сапасын кері әсерін тигізеді.

Қылмыс құрамы тек субъектіні сатып алу жағдайында ғана болмайды, сонымен қатар оның пара берушінің мүддесіне қызметі бойынша әрекет жасағаны үшін және бұл туралы алдын ала келісім болмаса да сыйлық алуына байланысты болады,- дейді осы ұстанымды жақтаушы ғалымдар. »Пара сыйлық» алған кезде, бұл пара деген сезім кінәлінің санасында болуы керек. Мысалы, лауазым иесі басқа бір лауазым иесінің, туыстарының, таныстарының сұраулары бойынша, қызметі бойынша қандай да бір әрекет жасап  (оқуға қабылдауға көмектесіп, ауруханаға кезексіз жатқызуға, мамандығын арттыруға, жалақысын көбейтуге),  осы әрекеті үшін ақша немесе басқа да құнды заттарды »сыйлық» ретінде алса, бұлардың барлығын қызмет ету  жағдайын пайдалану арқылы жасаған әрекеті үшін алынғанын айқын сезінеді. Бұл пікірді жақтаушылардың ең дәйектілерінің бірі Б.В.Волженкин болып табылады. Оның бұл мәселе бойынша бір жақты, табанды позициясы бұдан бұрын айтылған. »Парақорлық кезінде қылмыс объектісі болып мемлекеттік басқару аппаратының қалыпты жұмысының мазмұнын құрайтын қоғамдық қатынастар табылады»- деп көрсетті ол. Бұл  қоғамдық қатынастардың элементтерінің бірі болып лауазым иелерінің қызметінің құқықтық төлем сипаты, яғни қызметі үшін сыйлықты тек заңмен бекітілген тәртіп бойынша ғана және сол мөлшерде алуы, олардың жария қызметінің ақысыз болуы болып табылады. Егер лауазым иесі заңсыз сыйлық алып, оның белгілі бір қызметтік әрекет үшін берілгенін алдын ала түсінсе, онда бұл жерде көрсетілген қоғамдық қатынасқа қол сұғу орын алады және субъект парақорлық үшін жауапкершілік жазаға тартылуы тиіс». Бұл жағдайда Б.В.Волженкиннің пікірі бойынша  »сатып алу сипатындағы пара, әдетте, пара сыйлықтан  әлдеқайда қауіпті» .

Осылайша, Пленум пара алу құрамы үшін лауазым иесінің әрекетінде параның алдын ала келісілуінің маңызы жоқ деп есептейді. Осы пікірмен қатар басқа да пікір бар. Ол субъектінің параны алдын ала келісіп алуы талданып отырған қылмыс үшін қажетті жағдай және оны әрбір нақты іс бойынша анықтау міндетті. Олай болмаған басқа жағдайда осы істі лауазымдық өкілеттілігін асыра пайдалану немесе басқадай лауазымдық қылмыс деп қарау керек деп ұсынылады. Кейбір авторлар мұндай іс-әрекетті жеке қылмыс деп қарауды ұсынады және бұл үшін жеке бөлек норма қарастырылуы қажет дейді .

Пара сыйлық ретінде алынса, пара алушы мен пара берушінің алдын ала келісімі болмауы себепті, сонымен бірге мұндай іс-әрекеттің мемлекеттік аппарат қызметіне қол сұғу ретінде қаралуы мүмкін емес деген пікірді жақтаушылар да бар.

А.Я.Светловтың пікірі бойынша »параның негізгі қауіптілігі» – ол лауазым иелерін сатып алу, мемлекеттік аппаратты іріту. Пара беруші лауазым иесіне өзі үшін  жақсы әрекет жасауынан бұрын немесе кейін материалдық игілікті беруі лауазым иесін тікелей сатып алумен байланыстырады. Ол берді – ал ол үшін бірдеңе жасалды. Сонан соң автор ойын әрі қарай дамытып былай жалғастырады »лауазым иесі пара алу жөнінде алдын-ала келіспей басқа адам мүддесі үшін қандай да болмасын заңды әрекет жасаса, ал сонан соң ол адамнан »ризашылық» ретінде әртүрлі заттар, құнды заттар, ақша алса, онда бұл жерде пара жайлы сөз болу мүмкін емес» .

Жоғарыда келтірілген Пленумның түсіндірмесіне келсек, онда авторлардың, ғалымдардың пікірі бойынша, парақорлық үшін жауапкершілік пара берушінің пайдасына әрекетті бұрын не кейін жүзеге асыруына байланыссыз параны алған уақытына қатыссыз орын алады деген қағида даусыз болып табылады.

Түп мағынасында »пара – сатып алу» мен »пара – сыйлық» бірдей қылмысты құрайды. Түсіндірменің пара алдын ала келісілді ме жоқ па, оған қарамай қылмыс құрамы орын алады деп есептелінетін екінші бөлімі, олардың қарсылықтарын туғызды. »Алдын-ала келісілмеген сыйлықты алу, – деп көрсетеді. А.К.Квициния – лауазым иесін сатып алу болып саралануы мүмкін емес, себебі әрекет сыйлыққа байланыссыз жасалды және оны алу қызметтік әрекетті пайдаланумен ешқандай байланыста емес».

Осылайша, жоғарыда аталған авторлардың бәрі де лауазым иесінің әрекетінің парамен шартталуы парақорлықтың міндетті белгісі болып табылады – деп есептейді.

Талдап  отырған белгіге осылай тұжырым жасау біздіңше толық негізді болып көрінеді, ал оны қолдаушы авторлардың дәлелдері ақылға сиярлық. Осыған байланысты, Пленумның келтіріліген түсіндірмесінің, біздің ойымызша, дұрысы тек пара алу қылмыс құрамы үшін пара затын алған уақыттың маңызы жоқ — деген қағидасы ғана дұрыс болып табылады. Қызметтік жағдайды пайдалануда параның шарттылығы қажет етілмейді деген ғалымдардың көзқарасы, біздің пікірімізше, негізсіз.  Пара алудың заңдық сипаттамасының нашар берілуіне қарамастан, одан пара алушының әрекеті пара алумен тікелей байланысты деген қорытынды жасауға болады. Бұл қылмыстың мәні дәл осыған сай келеді.

Демек, пара алушының әрекеті әрқашанда парамен шартталған болуы тиіс. Алдын-ала келісілмеген сыйлықты өзінің қызметтік өкілеттілігінің арқасында әрекет жасағаннан кейін алу ретінде қарауға болмайды. Осындай жағдайда қызмет бойынша әрекет сыйлық алуға есептеліп жасалмайды және оны алу үшін қызметтік өкілеттілікті пайдаланудың ешқандай қатысы жоқ.

Біздің көзқарасымызда бөлісушілер пара алушы мен пара берушінің арасында ол туралы егжей–тегжейлі шарт  жасалуының қажеті жоқ — деп негіздеп көрсетті. Бұл жағдай бағыныштылық, бақылаушылық қатынасынан туындайды, ал ол арнайы келісімді  қажет етпейді. Осындай жағдайда пара берушінің пара алушыдан бағыныштылығы көрінеді, ал соңғысының функциясы пара берушіге белгілі. Сондықтан да параның субъектінің әрекетімен шартталуы әрқашанда болады.

Басқаша айтқанда, пара оны алушының керек бағытын анықтайды, заң мәтіні бойынша оның өзі әрқашанда лауазым дәрежесімен, ең соңында пара алушының қызметтік әрекетімен шартталған болады. Осылайша парақорлық сияқты осындай қылмыстың арнайы ерекшеліктерінің бірі параның екі жақтық шартқа бөлінбеуі, себептік тәуелділігі және пара алушының белгілі әрекеті болып табылады. Осыдан мынандай қорытынды шығады: егер лауазым иесі өз әрекетін жасау барысында, осы үшін ризалық ретінде сыйлық алса мұны пара алу ретінде сипаттауға болмайды. Бұл жағдайда сыйлық объективті түрде адамның қызметтік іс-әрекетімен байланысы жоқ және субъективті түрде сыйлық оны осындай белсенділікке, итермелейтін фактор болып табылмайды. Қандай да жағдайда болмасын мұны пайдакүнемдік ниет пен пайдакүнемдік мақсат деп санауға болмайды. Лауазым иесі әдеттегі жағдайда әрекет етті. Мұндай жағдайларда, Жуков Л.А дұрыс атап өткендей, парақорлық жайлы өзін-өзі толықтыратын екі субъективтік факторлардың жиынтығы орын алған жағдайда атап айтқанда:

— лауазым иесі үшін берілетін сыйлық пара беруші мүддесіне қажетті әрекет жасаудың бірден-бір стимулы болып табылса;

 — ол осы әрекет іске асқаннан соң силық алуды мезгесе соған есеп жасаса жүзеге асады. Осындай есепке әртүрлі жағдайлар себеп болуы мүмкін (мұндай еңбек бекер істелмейді, бұраудың да сұрауы бар, бұрында бірдеме беріп еді т.б.).

Айтқанды қорытындылай келіп, парақорлық әрқашанда субъектінің белгілі қимылымен, мінез-құлқымен шартталған болуын қарастырады дегенді тағы да атап өту қажет. Шартталған деп біз, пара беру-алу субъектілері арасында алдын-ала вербальды, либеральды, конклюдентті екі жақты келісімінің болуын, егер осындай келісім болмаса келешектегі сыйлыққа субъективтік есеп бөлмеуiн айтамыз.

Басқа жағдайда лауазым иесінің әрекеті әкімшілік тәртіптік құқық бұзу шегінен шықпайды. Көңіл аударуға тұратын тағы бір мәселе, осы қылмыстың аяқталу кезеңі жайлы мәселе және осыған сәйкес, оның аяқталу сатысының шегімен мүмкіндігі жайлы мәселе болып табылады.

Ғалымдардың көпшілігі және сот практикасы қарастырылып отырған қылмыстың аяқталу кезеңін кінәлінің пара алу фактісімен, немесе оның бір бөлігін алумен байланыстырады. Осылайша, өзінің заңдық құрылысы бойынша пара алу – формальды құрамдағы қылмыс. Бұл мәселе ССРО Жоғарғы Сотының 30.03.90 жылғы »Парақорлық жайлы іс бойынша сот практикасы жайлы» атты Пленумы қаулысында нақты және біркелкі шешіліп, онда пара алу оның бір бөлігін лауазым иесінің алу кезеңінен бастап аяқталды деп түсіндірілді. Егер лауазым иесі оның еркіне бағынбайтын жағдайларға байланысты пара алмаса, онда бұл әрекет пара алуға оқталған болып саралануы керек. Демек, қылмыстық құқық теориясында бұл мәселе бойынша жалпы қабылданған көзқараспен қатар басқа пікірде бар. Бұл көзқарастың мәні – пара  алуды аяқталған қылмыс деп оны алған кезінен бастап емес, ал осыған байланысты қызметтік өкілеттілікті пайдалану арқылы тиісті әрекеттердің жасалуы кезеңінен бастап есептеу керек – деп мәлімдеуінде. Бұл жердегі негізгі дәлел жалпы қабылданған қағидаға сәйкес емес: қылмыс құрамы аяқталды деп адам пара алғаны үшін ешқандай әрекет жасамаса да, және материалдық байлықтарды қайтып берсе, ол пара алған болып табылады. Қылмысты аяғына дейін алып барудан өз еркімен бас тарту мүмкіндігі толығымен болмайды.

А.К.Квицинияның пікірі бойынша »мемлекеттік аппарат қызметіне қол сұғу кінәлінің заңсыз сыйлық алу фактісінің өзімен ғана іске аспайды, ол пара берушінің мүддесі үшін өз қызметтік дәрежесін пайдаланумен іске асады… Және егер сыйлық алу барысында да қызметтік өкілдікті пайдалану орын алмаса, онда мұны мемлекеттік аппарат қызметін бұзу нысаны ретінде қарастыруға негіз болмайды».

Заң әдебиеттерінде пара алу пара беруші мүддесі үшін қандай да болмасын әрекетті орындауымен немесе орындамауымен тығыз байланысты. Егер пара берушінің мүддесі үшін осындай әрекет болмаса – онда пара алу да болмайды. Мұнан басқа, Жуковтың Л.А. пікірі бойынша, лауазым иесін парақорлық үшін, егер ол параны қандайда болмасын әрекетті орындағаны немесе орындамағаны үшін алып, сонан соң ойланып, одан айнып қалса, ешқандай парамен шартталған әрекет жасамаса және алған материалдық құнды заттарды пара берушіге қайтып берсе немесе пара берген адам белгісіз бір себептерге байланысты пара алушының »қызметінен» бас тартып және одан материалдық бағалы заттарды қайтарып беруді талап етсе, онда оны жазалау дұрыс емес. Бұл факторлар – деп есептейді автор, суреттелген әрекеттердің қоғамдық қауіптілігін өте төмендетеді, олар қылмыс емес, тәртіптік құқық бұзу шегінде тұрады.

Осылайша, Жуковтың Л.А. пара алушыға »өзі жасаған іске өкінуге» мүмкіндік берудi ұсынып және сол арқылы олардың жасаған әрекеттерінің қоғамдық қауіптілігінің елеулі деңгейін жоюды ұсынады. Әрине тұжырымдалған көзқарас көңіл аударарлық, бірақ бізге ол жеткілікті дамымаған болып көрінеді. ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабына параны әрекет (әрекетсіздік) үшін алу  жайлы сөз болады, ал нелермен байланысты пара алыну әрекеті жайлы сөз болмады. Бұл өте дұрыс, қорғалатын объектіге қол сұғу пара беруші пайдасына әрекет (әрекетсіздік) жасау фактісімен іске асады — деп көрсетеді А.К. Квициния . Бұл әрекеттер (әрекетсіздіктер) заңсыз болуы мүмкін және осылайша, мемлекеттік, өзін-өзі басқару аппаратарының қалыпты қызметіне қол сұғуға болады. Осылай қол сұғу пара алу фактісінің өзімен ғана іске асады. [13Б.123]

Жуковтың Л.А. пікірі бойынша пара алудың қоғамдық қауіптілігін көп төмендететін факторларға келсек, онда біздің көзқарас біраз жіктеледі. Егер пара алған адам өз қалауы бойынша пара алуды келісілген әрекеттерден бас тартып және пара берушіден алған материалдық құндылықтарды қайтарып берсе, онда бұл әрекеттің қоғамдық қауіптілігі шын мәнінде біраз төмендейді. Бірақ, қылмыстық құқық қорғау объектісіне қол сұғу орын алды. Субъектінің бұл әрекеті тек жаза қолдану барысында есепке алынуы мүмкін. Мұндай ретте пара алушыны қылмыстық жауапкершіліктен босату жайлы норманың қолдануы жайлы сөз болмауы керек.

Егер ұсыныс пара беруші тарапына шықса, онда пара алған субъектінің материалдық құнды заттарды қайтарып және парамен келісілген әректтерді орындаудан бас тартудан  басқа лажы қалмайды, бұл жағдайда субъектінің осындай »мәжбүрлік» әрекеті оның пара беруші пайдасына әрекет (әрекетсіздік) үшін пара алудан көрінетін, әрекетінің қоғамдық қауіптілігін азайта алуы мүмкін емес. Егер лауазым иесі параны өзінің болжамдалған қызметтік өкілеттілігін пайдаланғаны үшін алса ол  П.Н.Гришаев пен Б.В.Здравомысловтардың пікірлері бойынша – оның келесі әрекетіне қарамастан мемлекеттік аппаратың беделі мен қызметіне қол сұғады, оның беделін пара берушімен басқа адамдардың алдында түсіреді. Бұл жағдайда лауазым иесін сатып алу жүзеге асады.

Көп іс бойынша сот  мәжілісінің  хаттамалары ұқыпсыз  жасалады. Онда сот ісін  жүргізу барысы,  сотталғандардың және  сотқа  шақырылған басқа да  адамдарың  түсініктері толық  көрсетілмейді, іс  бойынша  дұрыс  шешім қабылдауға қажетті  көптеген мәні бар мәселелер ұғым қалып қояды,  мұның өзі  ұйғарымның  негізіділігіне көбіне  күдік  туғызады.

Ұйғарымдар да  күткендегідей жасалмайды. Оларда босату дәлелдері мен негіздері кей кезде жан-жағты жазылмайды,  сотталғандарды  босатуға  тиісті жазаның өтелмеген  мерзімі, басқа  да  деректер  көрсетілмейді.

Босатылғандар жазаның  өтелмеген мерзімі ішінде жазадан  қылмыс жасаған  жағдайда оның ҚК-тің 46-бабының 10-бөлімінде 9-бөлімінде  көрсетілген зардаптарды шартты  түрде мерзімінен  бұрын  босатылған адамдарға  кей кез түсіндірілмейді (Пленумның 1984-жылғы  29-масымдағы қаулысы).

Сотталғандарды  босату  жөніндегі ұйғарымдар  көшірмесі кейбір істер бойынша үкім шығарған соттарға, шартты  түрде мерзімінен бұрын  босатылғандары өз бақылауына алған  ұжымдарға жіберілмейді.

Бұл санаттағы  істерді  қарау жөніндегі халық соттарының жұмысына көптеген облыстық соттар тарапынан қамқорлық жасау нашарлап кеткен, бұл мәселелер жөніндегі КСРО Жоғарғы Соты Пленумының  нұсқаулары мен заң  талаптарының орындалуы  тексерілмейді, кемшіліктері жоюда халық соттарына жете істер  көмек  көрсетілмейді.

Қылмыстық жауаптылықтан немесе  жазадан  босатылудың кейбір түрлері  жүртшылық өкілдерінің қатысуы арқылы жұзеге асырылады. Мысалы,  жазадан шартты түрде мерзімінен бұрын босату  жазаны  өтеу  мекеменің  және  бағылау комиссиясының бірлескен ұсынысы  болған жағдайда ғана  сот арқылы  жұзеге асырылады. қылмыстық жауаптылықға тартудың мерзімі  ескеруге байланысты  қылмыстықжауаптылықтан босату, айыптау үкімін орындаудың мерзімі ескеруге байланысты жазадан босату (69,75-баптар) жүртшылық өкілінің пікірін  ескермей-ақ  қолданыла  береді.

Жоғарыда айтылға мән-жайларды ескре отырып кәмілетке  толмағандарға  бас  бостандығынан  айыру  жазасын  тағайындау  ерекшелігі сөз ете кетсек.

Кәмелетке  толмағандардың   жауаптылығына жаза  қылмыстық кодексте жеке бір бөлім бағыштады.

Кәмелетке толмағандар деп   қылмыс жасаған  кезде  жасы он   төртке   толған,   бірақ  он сегізге  толмаған   адамдар   танылады.

Жасы  толды деп  туылған  күннен бастап емес,   келесі   тәуліктен бастап  есептеледі.

Арнаулы  жасқа  толған, бірақ   кәмелетке толмаған   адамның  өзі   құбылыстарына  ілесе  алмай, психиканың бұзылуына  байланысты   емес прихикалық  дамуы  жағынан артта ғалып,   соның   салдарынан   кішігірім  немесе   орташа  ауырлықтағы  қылмысты жасау  кезінде  өз  әрекеттің іс  жүзіндегі   сипаты   мен  қоғамдық  қауіптілігін   толық  көлемінде   түсіне   алмаса  не оған  ие бола алмаса  да  қылмыстық жауапқа   тартылмайды.

Кәмелетке толмағандарға жаза тағайындау туралы мәселені шешу кезінде соттар ҚК –нің 80-82-баптарының талаптарының назарға алуға тиіс. Заңда көзделген жағдайларға кәмелетке толмағандарды жазадан босатуды және оларға тәрбиелік ықпал ету шараларын қолдануды талқылау қажет.

Бас бостандығынан айыру, қылмыстық жазаның ең қатаң түрі ретінде кәмелетке толмағандарға ҚК-те белгіленген мерзімдер шегінде тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте бас бостандығынан айыру мерзімі бір қылмыс үшін де, сондай-ақ қылмыстар жиынтығы мен үкімдер жиынтығы бойынша да 10 жылдан аспауы қажет. Кәмелетке жасы толмағандарды көрсетілген мерзімнен артық 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тек қылмысты ауырлататын жағдайда кісі өлтіру үшін тағайындалуы мүмкін. Бұл жағдайда қылмыстар жиынтығы мен үкімдер жиынтығы бойынша тағайындалған бас бостандығынан айыру мерзімі қылмысты ауырлататын жағдайда кісі өлтіру үшін тағайындалатын мерзімнен аспауы керек.

ҚІЖК-нің 379-бабының 2-бөлігіне сәйкес, соттар жазаны тағайындау кезінде үкімде қылмыс жасағаны үшін кінәлі болып табылған адамға тағайындалатын жазаның тұрінің, мөлшерінің немесе мерзімінің уәждерін көрсетуге тиіс. Бұл ретте соттар жазаны тағайындаға ығпал ететін мән-жайларды көрсетумен шектеліп ғана қоймай, сонымен бірге олардың қылмыстың қоғамдық ғаупінің сипаты мен дәрежесін талай бейнелейтінін және қылмысты жасаған адамның жеке басы туралы  мәліметтерді көрсетуге тиіс.

Қылмыстық сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін анықтау кезінде соттар заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастардың (қол сұғушылық объектісінің) әлеуметтік мәнін, жасалған әрекеттің нәтижесінде туындаған салдарды, қылмыстың санаттарын, қылмыстыңниетті іске асыру сатыларын, қылмысқа қатысу тұрлерін, қылмысты жасаудың тәсілін, уақыты мен орнын негізге алулары керек. Соттар барлық жағдайларда да жаза мен жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын бүкіл мән-жайлар жиынтығы жазаны, сотталушының жеке басы туралы нақтылы мәліметтерді жаза туралы қғабылданған шешімнің уәждерін үкімде міндетті түрде көрсете және келтіре отырып, жан-жақты және шынайы бағалауға міндетті. Көрсетілген мән-жайларды олардың әрқайсысының мазмұның ашпастан көрсетумен шектелуге жол берілмейді.

         Соттар қылмыстың қайталануы туралы мәселелермен байланысты мән-жайларды, олардың жасалған әрекетті дұрыс бағалауға, жазаның мерзімін, тұзеу колониясы режимінің тұрін дұрыс анықтауға ықпал ететін назарда ұстай отырып, мұғият зерттеуге міндетті.

Әрбіс іс бойынша бұрын сотталуға ғатысты құжаттар зерттелуге тиіс. Бұл ретте соттар ҚК-нің 77, 6-86-баптарына (ұаз ССР ҚК –нің 49-бабына) сәйкес жойылған немесе алынған соттылықтарды ескерілмейтінін назарға алуға тиісті. Адамның он сегіз жасқа дейін жасаған қылмыстар үшін сотталуы, ҚК-нің 13-бабының 4-бөлігіне сәйкес қылмыстың қайталануын тану кезінде ескерілмейді. Қылмыстың қайталануын тану үшін қылмысты жасау сатысы мен қылмысға қатысу түрі маңызды емес.

Соттар бұрыңғы сотталғандықтарының санын анықтай отырып үкім шығарғанға дейінгі бірінші іс бойынша жасаған қылмысы  үшін соттай отырып, тұпкілікті жазаны қылмыстардың жиынтығымен ҚК –нің 8-58-бабының 6-бөлігі бойынша (ҚК-ннің 37 – бабының 3 –бөлігі) белгілей келіп, ол бір рет сотталғандығы болып есептелетінін ескергендіктері жөн.

Заңда көрсетілген соттылықты жою шарттарын ескеру ғажет. Соттың үкімі (қауылысы) бойынша жазаны өтеуден босатылуына байланысты оны өтемеген тұлға, қамауға алу тұрінде бұлтартпау шарасының таңдалып алынуына байланысты ғамауда болу мерзіміне қарамастан, ҚК –нің 77-бабының 2-белігіне сәйкес, оны жазаны өтеуден босатқан сот актісі заңды күшіне енген сәттен бастап соттылығы жоқ болып танылады.

Егер іс бойынша ешкім шығарып қойғаннан кейін сотталған адамның т.б-да қылмыстар үшін айыпты екені, оның біреуі шығарғанға дейін ал басқалары үкім шығарғанан кейін жасалғаны анықталса, екінші үкім бойынша жаза ҚК-тің 37- және 38-баптарын қолдана отырып тағайындалады: алдымен-алғашғы үкім шығарғанға дейін жасалған қылмыстар жиынтығы бойынша, одан кейін ҚК-тің 37-бап 3-бөлігінің ережелері бойынша, сосын алғашқы үкім шығарылғаннан кейін жасалған қылмыстар жиынтығы бойынша, және үкімдердің жиынтығы бойынша тағайындалад

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қылмыстық   құқықта  жаза маңызы   өте  зор.  Себебі жаза  тағайындауда  қылмыстың заңда   көрстелген  тәртіптер мен негіздерді  айқындай  отырып. Қылмыс жасаған  тұлғаға  заңды  түрде   мемлекет атынан   мәжбүрлеу  шарасын  тағайындау.   Адамның  құқықтары мен бостандықтарын басшылыққа  ала  отырып  тек  қана  соттың   шығарған  үкімі мен  жаза  тағайындалады.

Республикамыздағы  заң шығарушы   органдарының ұстанған  пікірімен  келісуге  болады, онда   “Жаза дегеніміз соттың   үкімі  бойынша   тағайындалатын  мемлекеттік  мәжбүрлеу   шарасы.   Жаза   қылмыс жасауда  кінәлі  деп   танылған  адамға   қолданылады және  адамды  құқықтары   мен  бостандықтарынан  айыру   немесе  шектеу  болып табылады

Жаза  тағайындау  үшін  қылмыс жасаған  тұлғаны   қылмыстылығын  айқындап  заңда  көрсетілген  тәртіпте   дәлелденген  сәтте ғана кінәліге  мемлекеттің   мәжбүрлеу  шарасын  қолдана  аламыз. Сонымен қатар  қылмыстың құрамдарын  аша отырып ауырлаатын және  жеңілдететін  мән  жағдайларды  ескере  отырып  жазаның   тиісті  түрін  белгілеуіміз қажет. Осындай  жазаның  ішіндегі  ең  ауыры  бас бостандығынан  айыру  болып табылады.

Қылмыстық  жазаның  басқа  да  мемлекеттік  күштеу    шараларынан ерекшелігі, оны  қолдану  кінәліге  барлық   уақытта да  сотталғандық  туралы  атақ  берді. Сотталғандықтың   кінәлі  үшін   белгілі  бір  құқылық  зардабы  бар,  ол  сотталғандығы  туралы өмірбаянында  көрсетілуі  керек, сотталғандық  кейбір   жағдайларда   қылмысты   ауырлататын   мән-жайларға   жатады. Сонымен,  қылмыстың жаза  денегіміз  сот арқылы  мемлекет   атынан   жасаған  адамға   қылмыстық заңмен  белгіленген  мемлекеттік шараны  қолдану    болып табылады.

Қылмыстық  жазаның   әкімшілік   құқық бұзушылық   үшін  қолданылатын   жазадан  айырмашылығы  мынадай: біріншіден,  қылмыстық жаза  бұл істелген   қылмыстың   зардабы,  ал   әкімшілік  шара  болса,  ол   қылмыс болып табылмайтын   қоғамға  жат   теріс   әрекеттер   үшін ғана   тағайындалады.

         Жаза проблемасының аса маңызды аспектілерінің бірі жаза тағайындаудың оңтайлылығы және тиімділігі проблемасы болып табылады. Аталған құбылыс ұлттық, нақтылы-тарихи және эволюциялық тенденцияларға ие бола отырып, нарық және демократия жолында түбегейлі өзгерістерді бастан кешіріп жатқан қазақ қоғамында өзіндік негізде, өзгеше нысанда көрініс табады.

Қазіргі заманғы теориялық негіздеу логикасы, аталған проблемаларды түсіндіру, сонымен қатар, зерттеудің қолданбалылық бағытының қажеттілігін,  жаза тағайындау тәжірибесінің оңтайлылығы және тиімділігі мәселелері бойынша құқық қолдану жүйесін жетілдіру стратегиясын дайындап шығаруды алға тартады.

Жаза тағайындаудың оңтайлылығы және тиімділігі проблемасын оқып-зерделеудің және бір міндетті алғышарты жаңашыл теориялық ұстаным, әдіснама және амал-тәсілдермен басқа ғылымдардың, атап айтқанда әлеуметтік ғылымдардың өзара байланыстылығы болып табылады.

Проблеманы бұлайша кең көлемде көру-тану зерттеп отырған құбылыс бойынан жаңа мазмұн табуға көмектеседі және оны жан-жақты тұрғыда қарастыруға ықпал етеді.

Қарастырылып отырған проблеманы оқып-зерттеудің оңтайлы бір тәсіліне қолданбалы әлеуметтік зерттеу әдістері, оның ішінде анкеталық сауалнама жатады. Әлеуметтік на-қтылық жөнінде мәлімет алудың сандық әдісі мәртебесіне ие бола отырып анкеталық сауалнама, ақыр соңында, адами ой-пікірлер және бағалаулармен тікелей байланысты болып шығады. Сауалнама — адамдардың субъективтік әлемі, олардың мінез дағдылары, қызмет өрісі, кез келген оқиғаларға, құбылыстарға қатысы жөнінде ақпарат алу үшін таптырмас тәсіл. Әлеуметтанушылардың бағалауы бойынша, сауалнамалардың мәлімет жинаудың басқа әдістеріне қарағанда көптеген артықшылықтары бар.

Анкеталық сауалнама әдісін жаза тағайындаудың оңтайлылығы және тиімділігі мәселені қатысты пайдалану оны ішінен, құқықтық процеске қатысушылардың өз көзімен, атап айтқанда, судьялардың субъективтік бағалары арқылы көруге мүмкіндік береді.

Шынында, жаза тағайындаудың оңтайлылығы және тиімділігі мәселелерін біздің қоғам жағдайына қатысты теориялық тұрғыда бағамдау нақтылы тарихи контексті оқып-зерделеусіз тіпті де мүмкін емес.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер

 

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы, Қазақстан баспасы.,2002 ж.
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі, Алматы. Жеті жарғы, 2005ж.
  3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі, Алматы. Жеті жарғы, 1999ж.
  4. Қазақстан Республикасы Қылмыстық істер жүргізу кодексі, Алматы. Юрист, 2002ж.
  5. Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 1999г, — 169б
  6. Ағыбаев А. Қылмыстық құқық, Ерекше бөлім. Алматы. Жеті жарғы, 2000ж, — 125б

7.Таганцев Н.С. Уголовное право. Лекции. Общ.часть. М.,БЕК, 1994, — 89б

  1. Каиржанов Е.И. Криминология. Алматы, Өркениет. 2000ж, — 162б
  2. Бижанова А.Р. Жалған ақща мен бағалы қағаздарды жасау, сақтау, не сатудың алдын-алу мәселелері. Автореферат. Алматы. Ценные бумаги. 2004ж, — 172б
  3. Наумов А.В. Уголовное право, общ. часть. Курс лекции. Изд-во «БЕК» М., 1996 г, — 129б
  4. Каиржанов Е.И. Понятие, структура и виды профилактики. Караганда, Баспа.1986ж, — 291б
  5. Никифоров Б.С. Объект преступления по советскому уголовному праву. М., Госюриздат, 1960 г
  6. Коржанский Н.И. Объект и предмет уголовно-правовой охраны. М., Луч. 1980 г.
  7. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне түсініктеме. Алматы. Жеті жарғы. 2000ж.
  8. Беляев Н.А.Уголовно-правовая политика и ее пути реализации.Л.,1986г, — 173б
  9. Колл. Авторов, Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. Алматы, 1998г., — 201б

17.Рарог А.И Уголовное право России. Общая часть.. М.,1997 г

  1. Джекебаев У.С., Рахимов Т.Т., Судакова Р.Н. Мотивация преступления и уголовная ответственность. Алма-Ата, 1987 г

19.Панов Н.И. Понятие предмета преступления по советскому уголовному праву, Проблемы поведения. Киев, 1984г.

  1. Баймурзин Г.И. К некоторым вопросам объективной стороны должностных преступлений. Актуальные проблемы эффективности борьбы с должностными преступлениями. Караганда, 1986 г., — 147б
  2. Агыбаев А.Н. Ответственность должностных лиц за служебные преступления. Алматы, изд-во «Жеті жарғы», 1997 ж, — 135б
  3. Юридическая газета. 11 августа 2007 г.
  4. Алауханов Е. Криминология. Алматы. Қазығұрт. 2006ж., — 173б
  5. Ной И.С. Сущность и функции уголовного наказания в советском государстве. Саратов, 1973 г.
  6. Рахметов С.М. Қылмыстық құқық. Алматы, жеті жарғы. 1999ж., — 162б
  7. Авт.ұжымы. Қылмыстық-атқару құқығы. Алматы . Жеті жарғы,2002ж., — 82б

27.Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. // Отв. ред. Проф. Рогов И.И., доц. Баймурзин Г.И. – Алматы.: Жеты Жаргы.,1998, — 251с

28.Поленов Г.Ф. Уголовное право Республики Казахстан (Общая  часть) Алматы : ЮРИСТ, 1999, — 302с 

29.Н.И. Ветров. Уголовное право (Общая и Особенная части). Учебник – М.: Книжный мир, 1999, — 317с

30.Уголовное право Республики Казахстан. (Общая часть). Учебник / Под.ред.  И.Ш.  Борчашвили и С.М. Рахметова.  В 2-х частях. Часть –1. Алматы., 2000г, — 285с   

31.Прохоров Л.А. Прохорова М.М. Уголовное право Учебник М., 1999, — 239с

32.Уголовное право.(Общая часть).// Отв.ред Козаченко И.Я., Незнамова З.А., Новоселов Г.П. – М.,1998, — 328с

33.Филимонов В.Д. Понятие и цели наказания. Новое уголовное право России. Общая часть: Учебное пособие. – М., 1995, — 239с

34.Баймурзин Г.И. Ответственость за прикосновеность к преступлению. Алма-Ата, 1968 г, — 273с

35.Агыбаев А.Н. Қылмыстық құқық, Жалпы бөлім, Алматы, 1999ж, — 341б

36.Здравомыслов В.Б. Уголовное право России. Особенная часть —М., Юристь, 1996 г, — 284с

37.Гришанин П.Ф. Ответственность за укрывательство преступлении и недонесение о них. Сов. Юстиция, № 15. 1975 г, — 189с

38.Бородин С.В. Квалификация убийств по действующему законодательству. М., 1966 г, — 263с

39.Бушуев И.А. Ответственность за укрывательство преступлений и недоносиетльство. М., 1965 г, — 341с

40.Н.Дулатбеков Қылмыстық жаза тағайындау. Астана, Фолиант.2002ж, — 261б

41.Ш.Жұмағұлова Қылмыстық жазаның мәні мен маңызы. Заң,2002.№4