АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Мұстафа Шоқайұлының Тәуелсіздік жолындағы саяси қызметі

       Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ – Түрік Университетінің

 

Тарих факультеті.

 

Қазақстан тарихы кафедрасы.

 

 

Бітіруші жұмыс

 

«Мұстафа Шоқайұлының Тәуелсіздік жолындағы саяси қызметі»

 

 

Мазмұны.

 

Кіріспе……………………………………………………………………

 

І -тарау. Мұстафа Шоқайұлыынң өмірі мен мақсаты………………

 

ІІ-тарау.1916 – 1927 жылдардарғы қоғамдық саяси ахуал және Мұстафа Шоқай…………………………………………………………………

2.1.алаш қозғалысы мен Алашорда партиясындағы қызметі. Түркістан автономиясын құрудағы рөлі……………………………..

 

ІІІ-тарау.Эмиграцияға кетуі және сол кездегі еңбектері………..

 

ІV-тарау. Түркістан легионы мұстафа Шоқай………………………

 

Қорытынды……………………………………………………….

Пайдаланылған әдебиеттер…………………………………

Қосымшалар………………………………………………………                                     

 

 

Кіріспе.

 

Ғасырлар бойы жеке шаңырақ көтеріп, өз алдымызға еркіндік, азаттық алуды арамандаған халқымыз, өз арман, тілегіне де жетті.

         Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болып, ұмытыла бастаған салт – санамызға, мәдениетіміз бен тарихымызға жаңа леппен ден қоя бастады.

Осындай Тәуелсіздігіміздің 15 жылдығын тойлау қарсаңында, «елім деп еңіреген алпамсадай арыстандарымыздың» арман тілегі орындалып отырғанда, осы арыстандарымыздың өмір жолы мен қызметтерін ашып баяндап, бұрмаланған фактілерді ақиқат арнасына бұру, ұрпақтардың алдында олардың мәртебесін көтеру біздің және болашақ ұрпақтың борыгы болмақ.

Олай болса, тәуелсіздік алғанға дейін «халық жауы», «пантюркист», «ұлтшыл», «әлемдік буржуазия жансызы» деп айыпталған Мұстафа Шоқай есімі ортамызға қайта оралды.

Қазақстан мен Түркістанның тәуелсіздігі жолында қаншама тер, қаншама қан төккен Алаш азаматтарының арасында оның алар орны биік. XX ғасыр басында Алаш қозғалысы мен партиясының көрнекті басшыларының бірі М.Шоқайдың өмірі мен қызметі Автономия кұру жолында жан алып, жан беріскен ерлік күреске толы.

Қазіргі Конституциямызға көрсетілген демократия принциптерін Мұстафа сонау 1917 жылы-ақ айтқан болатын. М.Шоқайдың тағы бір ерекшелігі Алаш қайраткерлері сияқты Кеңес өкіметін амалсыз мойындамай, шет елге эмиграцияға кетіп сол жақта Кеңес өкіметінің отарлық саясатын әшкерелеуі Жаңа өкіметтің аз халықтарға теңдік, еркіндік береміз дегені бос сөз, алдамшы уәде екенін өз еңбектері мен нақты дәлелдер арқылы дәлелдейді.

Еңбекті оқыған адам Түркістан халқының патшалы Ресей   мен Қызыл империя кезеңіндегі қиын тағдыры мен ауыр халінен көп мағлұмат алады. Герман лагерлерінде Сталин мен Гитлер сынды екі диктатор арасында езіліп-жаншылған миллиондаған Отандастарына М.Шоқай қолдан келген көмегін аямаған.

М.Шоқайда білім десең — білім (6-7 тілде еркін сөйлеген), байлық десең — байлық (7 атасынан ақсүйек), қызмет десең -қызмет (министр қызметінен бас тартқан) бәрі болды, бірақ ол қиыншылық пен қауіп-қатерде Түркістанның тәуелсіздігі үшін бүкіл өмір бойы күресіп өтті. Алты алаштың ұлттық басшысы, ұлт-азаттық күрестің лидері болған М.Шоқайдың өмірі мен еңбектерін оқып-үйрену XXI ғасыр ұрпақтарына үлгі-өнеге болары сөзсіз.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «1997 жыл жалпы ұлттық татулық пен саяси құғын – сүргін құрбандықтарын еске алу жылы деп жариялау туралы». Алашорда үкіметін құрған жетекшілеріне тікелей қатысты. Яғни, сол жеткіншектердің бірі Мұсатафа Шоқай.

Мұстафа Шоқай ХХ ғасыр басындағы қазақ интелегенциясының көш – басшысы, 1917 жылғы Алаш партиясын құрушы, Алашорда үкіметінің төрағасы, сонымен қатар Мұстафа Шоқай – қазақтың, жалпы түркі халқының жанашыры, саяси қызметкер және тарихшы ғалым.

Тәуелсіздік алуымыз қарсаңында аталған тақырып, Мұстафа Шоқайдың өмір жолы мен мақсаты және азаттық алу жолындағы саяси қызметін ашып көрсетуімен өзекті Мұстафа Шоқайдың Алаш қозғалысы мен партиясындағы қызметін, сондай – ақ Автономиялық республика құруда оның жалпы қазақ съезіндегі алатын орны анықталып, шет елге эмидацияға кетуі себептермен ондағы еңбектері анықталған.

Түркістан легионы Мұстафа Шоқайдың қатыссыз екендігі бейнеленген.

Тақырыптың зерттеу мақсаты. Ұлттық интелегенция көсемдерінің бірі, Мұстафа Шоқайдың қоғамдық саяси қызметтерін зерттеу, белгілі дәрежеде оның табиғи болмысын тыныс тіршілігін әлеуметтік күш есебінде биік қасиеттер мен идеяларын да танып білу. Басқаша айтқанда біз үшін бұрынғылардың қандай тарихи іс тындыырп емес, сондай дәрежеде олардың қайраткер ретінде бар болмысымен кім болғаны да мәнді. Өйткені барлық өркениетті қоғамда әрбір ұрпақ өзінің ерекшелігін тіптен тарихи борыш міндеттерін тарихи контексте ғана терең әрі толық түсіне аламыз.

Сондай –ақ тақырыптағы басты мақсат Мұстафа Шоқайұлының мақсаты мен саяси өміріндегі тарихи маңыздылығын ашып көрсету. Және Мұстафа Шоқайға тағылған айыптардың кереғарлығын анықтап, оған өзіндік баға беру.

Тақырыптың зерттеу міндеті. Тәуелсіздік жолындағы мұстафа Шоқайұлының саяси қызметі мен еңбектеріне байланысты нақты мағлұматтар жинастыру, әрбір материалдың ғылыми құндылығын айтқандар, тұлға өмірі мен қызметін бұрын зерттеген тарих ғалымдарының тақырыпқа деген пікірлерін зерделей отырып, оның мәніне көз жеткізу.

Сонымен қоса, тақырыптың маңыздылығын айқындау бүгінгі күн Үшін және болашақ ұрпақ үшін маңызыдылық байланысын көрсету. Тәуелсіздік үшін Мұстафа Шоқайдың сіңірген еңбегі мен «Түркістан идеясы» ұранын жандандыру.

  • М.Шоқайдың өмірлік мақсатын, идеяларын айқындау.
  • Алаш партиясы мен Алашорда автономиясындағы рөлін көрсете отырып, сол кезеңдердегі қоғамдық саяси ахуалды ашу.
  • Эмиграцияға кету жолын, себебін ашып көрсетіп сол кездегі  еңбектерін зерттеу.
  • Түркістан легионымен қаншалықты байланысын ашып көрсету яғни бұрмаланған фактілерді тарихи ақиқат арнасына қайта бұру.

Зерттеу әдістері.

  • Тарихи дерек көздерін ақпаратты жинақтау әдісі.
  • Талдау әдісі.
  • Хронологиялық әдіс.
  • Зерттелеген еңбекке сай ой пікірлерді салыстыру әдісі.

 

 

 

 

 

 

І – тарау. МҰСТАФА ШОҚАЙҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН МАҚСАТЫ.

(1891 – 1941 жж.)

 

Әрбір түрік адамның екі атамекені бар.

Бірінші — өзінің туған жері, екіншісі – Түркия.

«Мұстафа Шоқай» 1918ж.

         Ұлттық егемендік – шынжырларды балқытып, тәж бен тақтарды күйрететін күшті нұр.

Ұлттардың құлдығына негізделген құрылым қайда болса да құлайтыны анық.

«Мұстафа кемал Ататүрік» 1924ж.

 

         Мұстафа 1891 жылы 7 қаңтарда Оңтүстік Қазақстанда, бұрынғы Ақмешіт (орысша атауы Петровск) қазіргі Қызылорда қаласында, Әулиетараңғыл деген жерде ақсүйек отбасында туған. Ол Шоқайдан туған үш баланың (Сыдық, Мұстафа, Нұртаза) ортаншысы. Руы қыпшақ. Мұстафаның үлкен атасы Торғай, Сыр өңірінде өте беделді адам болып, датқа дәрежесіне көтерілген. Ал өз әкесі Шоқай (Шоқмұхамед) 1916 жылы 80 жасында дүние салған. Мұстафа жастайынан алғырлығымен, зеректігімен, қабілетімен көзге түскен.  Ол алты жасында  әкесінің інісі Әліш  салдырған  бастауыш білім беретін  төрт жылдық діни мектепке барып, оны екі жылда үздік аяқтайды. Сегіз жасында Ташкент қаласындағы гимназияға оқуға түсіп, оны алтын   медальмен бітіреді. Білім құмар бозбала әкесінің және туысқандарының    көмегімен Петербурдың  Императорлық Университетінің Заң факультетіне түседі.

Ол орыс, түрік, ағылшын, неміс және поляк тілдерінде еркін сөйлеген. Ресей астанасына Хиуа, Қоқан хандықтарынан келген өкілдерге тілмаш болып жүріп Мұстафа жастай саясатқа араласады. Петербурда оқып жүрген түркі зиялылары Ахмет Байтұрсынов, Сералы Лапин, Махмуд-Қожа Вехбуди, Мунесар Кары секілді азаматтармен саясаткер ретінде пікіp алысып, түркі тілдес халықтардың патшаның    отарлық езгісінде отырғанын    дәлелдеп, олардың тәуелсіздікке қолын жеткізу жолдарын ойластырып жүрген.

Мұсатафа Петербор Университетінің заң  факультетін үздік бітірісімен Қазақстан емес, бүкіл байтақ Түркістан өлкесін орталық бұғаудан азат ету жолында қызмет істеді. Мұстафаның ерекшелігі де осында. Тіпті Университетте оқып жүргенің өһзінде ұлт – азаттық мәселесімен шұғылданған. 1912 жылы Түрік – Балқан соғысы кезінде де өз қоныстарының жағында болды.

Қан төгісті жазалаудан кейін М.Шоқай әуелі Грузияға, ал содан соң Түркияға, одан Францияға кетті. Эмиграцияда жүріп кеңестерге қарсы күресін жалғастырды. 1940 жылғы маусы айында  Парижді Герман армиясы басып алған кезде Мұстафа Шоқайды фашистер қамауға алып, Компьендегі лагерьге жіберді. Одан босатылғаннан кейін ол Берлинге апарылды.

1941 жылы маусымнан кейін ол өзінің түркістандық әскери тұтқын отандастарының арасында болып, сол жылдың желтоқсан айында Берлинде қайтыс болды.                                                                     

М.Шоқай өз елінің (жалпы Түркістан республикаларының) Ресейдің отарлық езгі-қанауынан құтылып, дербес те толық тәуелсіз ел болуын армандап, сол жолда аянбай күрес жүргізген.

Бүгінгі Тәуелсіздік алған күндерімізден өзіміз орындауға ұмтылып отырған идеяларды ол сонау 1917жылы ұсынған болатын.

Сол себептен де оған «түрікшіл», «исламшыл», «ұлтшыл», «әлемдік буржуазияның жансызы» деген айдар тағылып, ізіне НКВД тыңшылары түсті. Оның еңбектеріне ғана емес, тіпті есімін атауға қатаң тиым салынды, абайсызда аты ауызына түсе қалған адам құрып кететін, ізім-ғайым жоғалатын.

Сонда жаңа құрылыстың қызыл империяның жандайшаптары құты қаша қорыққан бұл кім еді,  қандай жан еді деген сауал туады.

Ол сұңғыла ойшыл, сарапшыл ғалым, қайыспас дара күрескер, дәулескер шешен (бұған оның француз компартиясы қайраткерлерімен атышулы айтысы айғақ) еді.

Ол «Ақиқаттан артық ештеңе жоқ» дейтін қарапайым Дала заңының ұлы да ұлағатты Мизамынан қия баспаған, жаным-арымның садағасы дейтін азамат еді.

Кез келген төңкерістің Бостандық пен Зорлық сияқты екі тамыры барын терең пайымдаған ол зорлыққа қарсы тұрды. Ол большевизмнің империялық саясатына қарсы тұрды. Ресейдің бұрынғы отар халықтарын қорлайтын жәдігөйлік нәсілдік кемсітушілікке қарсы тұрды. Ол бірден-ақ енді-енді біліне бастаған біліктің билікке, қатыгездің қара жер бұрын-соңды көрмеген тоталитарлық тәртіпке, халықтардың тарихын, дәстүрін, әдет-ғұрпын, мәдениетін тілі мен ғасырлық тұрмыс-салтын табан асты еткен бір беткей идеологиясына қарсы шықты.

Осы орайда сталиндік тәртіптің темірден қаланған қабырғасына қажымай-талмай жападан жалғыз қарсы тұрған ол бастан-аяқ саналы күрес жүргізіп, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының XX ғасыр 20,30,40 жылдардағы тұрмыс-тіршілігінің ащы шындығына «салауатты Еуропа» көзін ашты, әрі сөзге сүйенбей тек қана деректерге партиялық баспасөздің өз бетінен алынған деректерге сүйене отырып ашты: аса қатаң цензура қойылғанына қарамастан «Правда» мен жергілікті партиялық газеттерден, «За партию» журналының жазғандарынан қатыгез болмыстың бірен-саран шынайы көріністері елес беріп қалатын.

Азаматтық міндетін ең жоғары адамгершілік деңгейде орындап, бірақ көзінің тірісінде, соның түпкілікті нәтижесін көре алмай өмірден өкініште өткен бұл қайраткерді бүгінгі отандастары мен ұрпақтары қалай түсініп, қалай бағалауы керек?

Менің түсінігімше, М.Шоқай өнегесі құндылығымыздың жүріп өткен жолын, әсіресе XX ғасырдағы тағдырын жаңа тарихи контекстте қорытуға, сол арқылы бүгінгі жағдайымыз, ұлттық мүддемізді тура және жоғары сапада түсінуге түрткі болуында. Ал жаңа тарихи контекст дегенде алдымен ойға оралар ғылыми және тарихи ұғым — «Түркістан» немесе  «Түркі елі» идеясы.

… Түркістан — түркітер елі деген сөз. Сонау VI ғасырдың өзінде-ақ моңғол дәуіріне дейінгі көшпенділер империясын түркі жұрты қанатын жая қоныстанған кең байтақ аймақты Сасанид әулеті кезендегі (III-VII ғғ.) ирандықтар осылай деп атай бастаған екен. Бұл көшпелі түрікілер империясының территориясы Қытай шекарасынан Персия мен Византия шекарасына дейін созылып, солтүстікке қарай онымен сасанидтер мемлекетінің арасындағы шекара  қызметін атқарған Әмудариядан  бастап,   шығысында Индке дейін. Батыста түркілер түрікше Даикс (яғни Жайық) атымен белгілі болған Орал өзенінен төңкеріліп жатты. Түркістанның тұрғылықты халқы саны жағынан тең емес eкі жұртынан- түркілер мен тәжіктерден тұрды. Алғашқыларын Еуропада «қазақ», «қарақалпақ», «қырғыз», «түркімен» және «өзбек» атымен біледі. Олардың бәрі де мұзды мұхиттан Адриат теңізіне дейінгі барлық түркілерге ортақ түркі тілінде сөйлеген (Түркілердің шамамен 1/15 бөлігін құрайтын тәжіктерге келетін болсақ, бұл халық тілі мен қаны жағынан иран текті болып саналады). Бірақ та олардың бәрі де өздерін, расында да бір халықпыз деп есептейді — мұны Түркістан мен түркілердің тарихын біршама білемін дейтіндердің ешқайсысы да жоққа шығара алмайды.

М.Шоқай үшін Түркістан тұтастығымен Түркістан еркіндігі егіз ұғымдар. Ал ресейлік езгіден құтылу — Түркістан халықтарына біртұтас тәуелсіз мемлекеттер, федерациясын құруға жол ашумен бірдей. Дегенмен, Алаш қозғалысы халқымыздың өз зиялылары арқылы мемлекеттік дербестік , тәуелсіздік туралы тұңғыш рет саналы түрде мәселе қойып, сол үшін мақсатты әрекетке көшу болатын. Бұл орта ғасырлық мешеулік пен отарлық үстемдіктің құрсауында түншыққан қазақ халқы үшін жаңа мазмұндағы өркениетке көшу, XX ғасырдағы жаңа сападағы мәдениетке бет түзеген адамзаттың көшіне еруді мақсат етіп қойған табиғи ұмтылыс болатын. Бірақ өкінішке орай, Алаш зиялылары бастаған қазақ жұртының бұл табиғи қайта жаңғыруы, рухани түлеуі өзінің логикалық шегіне жете алмады, империялық, партиялық өктемдіктің жазықсыз құрбаны болып, елінің Тәуелсіздігі үшін қанатымен су сепкен қарлығаштай шырылдап өткен ол, тарих қойнауына енді.

Мұстафаның жете алмай кеткен арманы Тәуелсіздік болатын,

Қазақстан Республикасы қазірдің  өзінде саяси Тәуелсіз болғанымен басқа мемлекеттерге экономикалық Тәуелсіздігіміз көрініп тұр. Толық Тәуелсіздікке жету үшін қазіргі ұрпақ көп жұмыс  атқаруы тиіс.  Мұны жүзеге асыра алмау — бізге сын!

1924 жылдан бастап Түркістандағы «ұлттық межелеу» деп аталған «тарихи датадан» кейін елдің тарихи атауына қатаң тиым салынды. Түркістанның орнына Кеңестік әкімшілік жарғон («Кеңестік Қазақстан» және «Кеңестік Орта Азия») дегенді қолдана бастады. Өз кезегінде соңғы атаудың өзі төрт, әрине, «дербес ұлттық» республикаларға — Қырғызстанға, Өзбекстанға, Тәжікстанға және Түрікменстанға бөлінді. Өзбекстанның құрамына тағы да «Автономиялық республика» Қарақалпақстан және Тәжікстанға ерекше автономиялық облыс Таулы Бадахшан кірді.

Түркістанды бұлайша бірнеше дербес мемлекеттік бірліктерге жасанды түрде және күштеп бөлшектеу Кеңес үкіметіне, біріншіден, Кеңес туы астында болса да түркістандық түркілердің өздерінің ұлттық-саяси біртұтастығың нығайтуға ұмтылысына қарсы күрес үшін, екіншіден, большевиктік, яки Сталиннің анықтамасы бойынша, «аты-жөнінен ғана ұлттық, ішкі мазмұны бойынша интернационалдық және социалистік» «ұлт саясатын» табысты енгізу үшін керек болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ– тарау.

1916-1927 жылдардағы   қоғамдық-саяси ахуал және Мұстафа ІПоқай.

 

Алаш немесе XX ғасырдың алғашқы ширегіндегі ұлт-азаттық қозғалыстың бірден көзге ілінер екі кезеңі болды. Бірі шамамен 1905 жылдан бастап Алаш қозғалысы қалыптасып, Алашорда өкіметі құрылған.

1917 жылдың желтоқсанына дейінгі аралықты қамтыса, екінші азамат соғысы және кеңестік билік біржола орнаған уақыттан бастап, 20-30 жылдардағы Алаш зиялыларын жазалау мақсатында ұйымдастырған сот үрдістерімен аяқталды.

Мұстафа Шоқайұлы ұлт-азаттық қозғалыстың бұл екі   кезеңінде де   оның   жетекші   басшыларына лайық жұмыстар   атқарып,   ұлт- азаттық      күрестің  лидері дәрежесіне көтерілді. Бұл тарихи кезендердің алғашқысында ол патшалық және кеңестік билікке қарсы ұлттық тәуелсіздік туын көтерген Түркістан (Қоқан) Алашорда өкіметтерін құруға тікелей атсалысса, соңғысында Еуропадағы түркістандық эмиграцияның басшысы ретінде сталиндік тоталитарлық жүйенің Түркістандағы саясаттың отарлық мазмұнын ашып көрсетіп, өзінің жариялаған еңбектері мен үздіксіз шығарып тұрған басылымдары арқылы біздің тарихымызда бұрын болмаған жаңа мазмұндағы саяси қызметті бастап берді.

Негізгі тіршілік көзі — атамекенінен айырылу қаупі енді осы Түркістан елдеріне төнді. Ал Ресей отаршылыдығы сияқты мемлекеттік деңгейде ұйымдасқан дүлей күшке қарсы түра алу үшін соған деңгейлес ұйымдасқан материалдық және рухани күш Түркістан бірлігі мен тұтастығы қажет еді.

М.Шоқайдың саясаткер ретінде тұңғыш көрінуі 1912 жылы Түрік-Балқан соғысы кезі еді. Әсіресе 1916 жыл патшалықтың қол астындағы түркі тектес халықтар үшін өте ауыр жыл болған. Патшаның 19 бен 31 жастың аралығындағы қазақ жастарын майдандағы «қара жұмысқа» алу туралы «маусым жарлығы» шықты. Осы жарлыққа Мұстафа қатты наразы болды. Бұл туралы «Туркестанские ведомости» газетінің 1917 жылғы N122-шi санында мынандай мәлімет жарияланған.

1916 жылы Мұстафа Шоқаев пен Қасымов деген азаматтар Перовскіде халықты мешітке жинап 1916 жылғы көтерілісті қаталдықпен басу  кезінде     қиыншылық көрген  қазақтардың М.Шоқайдың саясаткер ретінде тұңғыш көрінуі 1912 жылы Түрік-Балқан соғысы кезі еді. Әсіресе 1916 жыл патшалықтың қол астындағы түркі тектес халықтар үшін өте ауыр жыл болған. Патшаның 19 бен 31 жастың аралығындағы қазақ жастарын майдандағы «қара жұмысқа» алу туралы «маусым жарлығы» шықты. Осы жарлықк,а Мұстафа қатты наразы болды. Бұл туралы «Туркестанские ведомости» газетінің 1917 жылғы N122-шi санында мынандай мәлімет жарияланған.

1916 жылы Мұстафа Шоқаев пен Қасымов деген азаматтар Перовскіде халықты мешітке жинап 1916 жылғы көтерілісті қаталдықпен басу кезінде қиыншылық көрген қазақтардың Құлжаға қарай өтіп кетуіне жағдай жасау үшін халықтан қаражат жинап, жалпы көлемі 1178 сом ақшаны кетіп бара жатқан қазақтарға көмек ретінде берген. Мұстафа Шоқай 1916 жылы Қазан қаласына келіп, «Түркістан бірлестігі» деп аталатын ұйым ашты.

1916 жыл құлдықтың қиямет-қайым қыспағында, әр қарекетін қалт жібермей қадағалаған патша күзетінің астында Түркістанның (мындаған жылдардың өн бойында әлемге талай-талай ұлы ғалым берген, ғайса дүниеге келмей жатып, көптеген цивилизацияның іргесін қалаған құт мекеннің) зиялыларының жаңа дүрмегі өз халықтарының болашағы жолында күш-жігерлерін біріктіру қамын жасады. Олардың бұл бағыттағы алғашқы қадамы Мемлекеттік Думаның тура өз ішінде Мұсылман фракциясында (ресейдің еуропалық бөлігінін татар, башқұрт, азербайжан мұсылмандарынан құрылған)ұйымдастырылған Саяси бюро мінбесін Түркістандағы отаршылдардың бейбақтастығы туралы Ақиқатты баян ету үшін пайдаланып қалу мақсатын көздеп, Түркістан өкілін енгізуі еді. Ал осы бюрода Орта Азия мен Қазақстан халықтарынын мүддесін алғаш білдірген адам Мұстафа Шоқайұлы болды. Өзінің алғашқы Думаны   дүр   сілкіндірген   сөзін 24 жасар Мұстафа   патшалықтың ресейлік    Орталық   Азиядағы    отаршыл    саясатын әшкерелеуге арнайды.1

1916 жылғы Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысты патша үкіметі аяусыз басып-жаншыған кезде демократиялық топтар үкіметке қарсы оппазиция құрады, бұл мәселе желтоқсан айында Мемлекеттік Думада талқыланды. Осы мәселе бойынша баяндамаға дайындалу үшін Түркістанға арнайы келген депутат әсер А.Ф.Керенскийге материал даярлауға тікелей көмектескен де Мұсылман фракциясының хатшысы Мұстафа Шоқай болатын.

Түріктер елі — Түркістанның тарихын бес саусағындай білген, ол мәдениеттің, саясат пен заң ілімінің дамуына деген дара көзқарасын түркі ғана емес, тәжік, орыс, ағылшын, француз, неміс тілдерінде шығарған шығармасында баяндап беруге арнап еді. Әлбетте, оның Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясының Саяси бюросында Түркістан халықтарының бірінші, әрі белгілі бір мерзім ішіндегі бірден-бір өкілі болуының өзі де әбден табиғи, әрі занды, өйткені, сол кездегі тарихи ахуалдың өзі, оқиғалар барысы жас Мұстафаны осы соқтықпалы  соқпаққа салған.

Түркістан халықтарының теңдігі мен тәуелсіздігі үшін оларды қорлық-зорлықпен рухани кұлдықтан құтқару үшін аса зор жауапкершілікті арқалауға барып, болып көрмеген қан шеңгел кұрылысқа қарсы ауыр да айрықша күрделі идеялогиялық, һәм саяси күресте басын тігуге әзір тұғыры заңғар тұлғаның алдағы тағдырына арна тартқан. Содан ол қазаға ұшырағанша, осы жолынан тайған емес.

Ол басқа қазақ зиялылары сияқты Ақптан төңкерісі нәтижелерін үлкен ынтамен қолдап, Уақытша өкімет орындарының шараларына, қазақ даласында құрылып жатқан Комитеттерінің жұмысына қызу араласады.     Дегенмен, Уақытша өкімет, әсіресе, оның   орнына көзқарасын түркі ғана емес, тәжік, орыс, ағылшын, француз, неміс тілдерінде шығарған шығармасында баяндап беруге арнап еді. Әлбетте, оның Мемлекеттік Думадағы Мұсылман фракциясының Саяси бюросында Түркістан халықтарының бірінші, әрі белгілі бір мерзім ішіндегі бірден-бір өкілі болуының өзі де әбден табиғи, әрі заңды, өйткені, сол кездегі тарихи ахуалдың өзі, оқиғалар барысы жас Мұстафаны осы соқтықпалы соқпаққа салған.

Түркістан халықтарының теңдігі мен тәуелсіздігі үшін оларды қорлық-зорлықпен рухани кұлдықтан құтқару үшін аса зор жауапкершілікті арқалауға барып, болып көрмеген қан шеңгел құрылысқа қарсы ауыр да айрықша күрделі идеялогиялық, һәм саяси күресте басын тігуге әзір тұғыры заңғар тұлғаның алдағы тағдырына арна тартқан. Содан ол қазаға ұшырағанша, осы жолынан тайған емес.

Ол басқа қазақ зиялылары сияқты Ақпан төңкерісі нәтижелерін үлкен ынтамен қолдап, Уақытша өкімет орындарының шараларына, қазақ даласында құрылып жатқан Комитеттерінің жұмысына қызу араласады. Дегенмен, Уақытша өкімет, әсіресе, оның орнына келген Кеңестік    билік Түркістан халықтарының өздерін-өзі билеу құқын мойындамады.

В.И.Леннинің өз қолымен жазған «жұмыстарға, солдаттар мен шаруаларға!» атты үлгілерінде жаңа өкімет, Кеңес өкімеьі Ресейді мекендеген барлық  ұлттардың өзін — өзі билеуіне шын мәніндегі құқық беретіндігін көрсетеді.

Кеңес өкіметі өз қызметінде ұлт мәселесі жөнінде мынадай принцптерді ұсынатынын танытты.

  1. Ресей халықтарының теңдігі мен суверинитеті.
  2. Ресей халықтарының бөлініп шығып, дербес мемелекет құруға дейін барып, ерікті түрде өзін өзі билеу құқы.
  3. Ұлттық артықшылықтар мен шектеушілердің қандайын болса да бәрін түгел жою.
  4. Ресей территориясын мекендейтін аз ұлттар мен этникалық топтардың еркін дамуы.

Орыс революцияшыл демократтарға іс жүзінде сынақтан өте алмайды. Олар патшалық  заманында орыстан өзге халықтардың өкілдерін жатырқамағанымен, билікке қолы жеткен кезде оларды шеттетіп, маңайына жолатпай қойды.

Қазан Социалистік төңкерісін Түркістан жұрты тендікке қолым жетті деп зор ілтипатпен ынта-ықыласымен қарсы алды. Алайда, Ташкентте 1917 жылғы 16 қарашада құрылған Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі үміт отын су сепкендей өшірді. Халком кеңесінің 17 мүшесінің ішінде бірде-бір түркістандық болмай шықты. Демек Кеңес өкіметі жеңді деу бос сөз. Отаршылдық өзінің түрін ғана өзгертті. Халқом кеңестің алғашқа мәжілісі ашыларына бір күн қалғанда, оның төрағасы большевик Колесов: «… Жоғарғы органға мұсылмандарды енгізу олардың бірде-бір пролетарлық ұйымы болмағандықтан  ғана  емес,  сонымен  қатар  жергілікті  халықтың оларға деген көзқарасы әртүрлі болып  отырғандықтан да мүмкін емес»1-деп мәлімдеді.

Түркістан Кеңестерінің 3-съезі өзінің 1917 жылғы 19 қарашадағы қарарында жеріне жеткізе кесіп айтты: «Қазіргі кезде мұсылмандарды жоғары өлкелік, төңкерісшіл өкімет органдарына енгізуге мүлде болмайды».                                                                              

Тағы да қорлау! Тағы да Орта Азия мен Қазақстан халықтарының ары мен абыройына күйе жағу! Арада аз ғана уақыт өтісімен,большевиктік Отарлықтан өкілене шыққан Сталиннің үні естіліп, бәрін де орын —орнына қойып берді:

«Төңкерістің қазіргі кезеңінде шет аймақтардың бөлінуін талап ету түбірімен төңкеріске қарсы!2

Түркістанның ішінде Мұстафа Шоқай бар басшылары оқшауланушылар деп жарияланды. «Тұрмыс-тіршіліктеріңізді… өз салт-дәстүрлеріңізге сай қалау-ықтиярларыңызға орай құру…» деген бұрынғы ұран-үндеулер сөз болып шықты, дәлірек айтқанда, мұның өзін ұлттардың теңдігі мен автономиясы жолындағы айрықша белсенді күрескерлерді анықтап, артынан айдар тағып айдап тастау үшін аярлықпен жасалған арандатушылық деп санауға болар еді. Алайда, Мұстафа Шоқай мен оның үзеңгілес серіктері бағыттарынан бас тарта қойған жоқ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.1. Алаш қозғалысы мен Алашорда партиясындағы қызметі. Түркістан автономиясын құрудағы рөлі.

 

                                                                     Түркістан үшін өлу,

Түркістан үшін жанберу,

                                                                      Бәрімізге бір мақсат.

М.Шоқай.

 

Ақпан төңкерісінен кейін 1905 жылдан бастап өмір сүрген алаш     қозғалысы қайта жанданды. 1917 жылғы сәуір-мамыр айларында Алаш партиясының облыстық, ішінара уездік съездері болып өтті. Алаш партиясының мақсаты «программа минимум —Автономия құру, программа максимум — Тәуелсіздікке жету» болды.

«Ташкенттегі орыс қауымы тек Түркістанда автономиялық басқару мекемесінің ашылуына қарсы болып қоймастан, басқару түркістандықтардың орыстармен құқы тең болуына да қарсы еді.»1

Бұл жағдай М.Шоқайұлы төрағалық еткен «Түркістан өлкесі мұсылмандары Кеңесін» нақты әрекеттерге көшуге итермеледі.

1917 жылы 10 желтоқсанда Түркістан-автономиясын жариялай отырып, М.Шоқай мен оның серіктері бұл мақсатты іске асырудың қаншалықты азапты,  күрделі екендігін жақсы түсінді.

Осыған байланысты М.Шоқайдан қалған естелік бар: ол Петербордан Түркістанға жүрер алдында өзінің төңкерістен бұрынғы ежелгі танысы Петербор солдат және жұмысшы депутаттары кеңесінің төрағасы, IV Мемлекеттік Думадағы социал-демократтар партиясының жөн сілтеушісі Н.С.Чехидзеге кіреді. Чехидзе оның алдағы жоспарының жай-жапсарын сұрағанда Мұстафа Түркістанға автономия  әперуге күш салатынын, соның  әзірлігімен айналысатынын айтқан. Сонда Мұстафаның айтқан жауабынан  Чехидзе ыршып түседі: «Құдай үшін, Шоқаев жолдас, отандастарыңызға автономия жайында айта көрмеңіз, себебі, бұл туралы айту әлі ерте, екіншіден халқының мәдениеті мен салты мүлде басқа, тілі мен діні басқа Сіздің Түркістан сияқты елдегі автономия — тұп-тура оқшаулыққа бастайтын жол, ал төңкерісшіл , демократияшыл Ресейден тысқары оқшаулыққа бастайтын жол, ал төңкерісшіл демократияшыл Ресейден тысқары оқшаулықтың сіздің халыққа пайдасы жоқ»2  Қысқасы, «орыстың» Орталық Азияда егеменді автономия құруға, оның үстіне конфедерация құруға ырық беру,  ешкімнің ойы түгіл, түсіне де кірмеген.

Мұстафа Шоқайұлы өмірінің соңғы сәтіне дейін Түркістан халықтарының тәуелсіздігі олардың мемлекеттік тұтастығына байланысты деген ойда болған.

 1917 жылы шілденің 21-26-сында Орынборда 1-ші Жалпықазақ съезі болып бұл  съезде 14 мәселе талқылауға түсті. Алдымен мемлекет құрылысы қаралды: «Русия демократическая, парламентарская республика болып, қазақ облыстары қоныс ұлт жегіне қарай облыстық автономия алуға тиіс»1 деп ең негізгі мәселені шешкеннен соң, жер проблемасы жайында 14 баптан тұратын тұратын қаулы қабылдады2 ең мықтап айта алғандары: «қазақ халқы қазақ жері ешкімге берілмесін»3. осындай дұрыс ой – пікір күні бүінге дейін күшін жойған жоқ Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстары мен Ішкі Бөкей Ордасынан делегаттар  қатысты.

Қарашаның 22-інде Ферғана Хандығының бұрынғы астанасы Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық Төтенше IV съезд ашылды. Оны Мұстафа Шоқай ашты.                                                                          

Съезд Ұлы Ресей революциясы жариялаған негізде өлкені мекендейтін халықтардың еркін білдіре отырып, «Түркістан территориялық жағынан Ресей Федерациясының құрамындағы автономиялы  республика» деп    жариялады және Түркістан автономиясы нормаларын белгілеуді Құрылтай жиналысына тапсырды. Съезде Түркістанды мекендейтін аз ұлттардың құқытарын барынша сақталады деп салтанатты түрде мәлімдеді.

Сезъд Түркістан өкілеті – Уақытша Кеңесінің құрылғанын жариялады. Уақытша Кеңестің құрамына Бұкілресейлік құрылтай жиналысындағы Түркістан өкілдерінің санына сәйкес 32 адам сайланды, олардың қатарында Сырдария  облысынан – 9, Жетісу облысынан – 6 адам болды.

Автономиялық Түркістанның (Қоқан автономиясының) Уақытша үкіметінің төрағасы, әрі ішкі істер министрі болып Мұхаммеджан Тынышбаев сайланды.

М.Тынышбаев қызметтен босағаннан кейін, оның орнына М.Шоқай президент болып тағайындалды. Жаңа мемлекеттік құрылым «Туркистони мухтариат» («Түркистан автономиясы») деп аталды.  Ислам автономияда мемлекеттік дін деп танылды.                  

1917 жылғы желтоқсанның 5-13-терінде Орынборда болған ІІ-ші Жалпықазақ съезіне баға берген кезде мейлінше айқын көрінді. Съезд Түркістан автономиясының басшысы М.Шоқай баяндамасын тыңдады.

Осыдан кейін қазақ халқының автономиясы туралы мәселе қаралды. Съезд былай деп қаулы етті:

  1. Тегі бір, мәдениетті, тарихы бір және тілі бір қазақ (қырғыз) халқы басым тұтас аймақ болып табылатын Бөкей Ордасы, Орал, Торғай, Ақмола Семей, Жетісу, Сырдария облыстары мен Фергғна, Самарқан қырғыз (қазақ) уездерінің, Каспий сырты облысы

Әмудария   бөлімінің Алтай губерниясындағы қазақ   аралас   тұратын  болыстарының территориялық-ұлттық автономиясы құрылсын.

  1. Қазақ (қырғыз) облыстарының автономиясына Алаш атауы берілсін.

3.Жер   бетіндегі   барлық  табиғи   байлықтарымен,   суымен, сондай-ақ жер қойнауымен қоса автономиялық Алаш облыстарының  территориясы Алаштың мемлекеттік меншігі болып табылады.

4.Алаш автономиясының Конституциясын Бүкілресейлік құрылтай жиналысы бекітеді.

5.Қазақ (қырғыз) арасында тұратындардың бәріне азшылық кұқығына кепілдік беріледі. Алаш автономиясының барлық мекемелерінде барлық ұлттардан пропорциалы түрде өкілдер болуға тиіс…

  1. Алаш облыстарын жалпы күйреу мен анархиядан құтқару мақсатында 25 мүшеден тұратын Алашорда Уақытша Халық Кеңесі құрылып, олардың 10 орны қазақ-қырғыздар арасында тұратын орыс және басқа халықтарға берілсін. Алашорданың Уақытша орналасатын жері болып Семей қаласы таңдап алынсын. Қазақ (қырғыз) халқында бүкіл атқарушы өкімет билігін Алашорда дереу өз қолына алуға тиіс.1

Бүкілқазақтық Алашорда Кеңесінің мүшелері сайланды. Олар: У.Танашев (Бөкей Ордасы), Х.Досмүхамедов (Орал облысы), А.Тұрлыбаев (Ақмола облысы), А.Бірімжанов (Торғай облысы), Х.Ғаббасов (Семей облысы), С.Аманжолов (жетісу облысы), М.Шоқай (Сырдария облысы). Облыстардан тыс Алашорда қүрамына Ә.Бөкейханов, Ж.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, М.Тынышбаев, Б.Құлманов, Ж.Ақбаев, Б.Мамытов, О.Әлжанов болды. Үкіметтің осы 15 мүшесіне орынбасарлар болып, қазақ өлкесінің әр түрлі өңірлерінен тағы да 15 кісінің кандидатуралары бекітілді.2

Съезд қарсаңында «Қазақ» газетінде»Алаш»партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Осы айтылғандармен 5-6-шы қаулыларынан демократиялық принциптері айқын көрінеді. Алаш  партиясының  атынан      қазіргі демократиямыздың принциптерін М.Шоқай сол 1917 жылы-ақ айтқан болатын. Осы бағыттарды бағалағанымыз абзал. Ол конституциямыздың бірінші  бабында «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықгық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқтары мен бостандықтары » екені айтылған.1

1917 жылғы қараша – 1918 жылғы қаңтар аралығында өткен сайлау қазақ еңбекшілерінің басым көпшілігі «Алаш» партиясының бағдарламалық талаптарын қолдайтынын көрсетті. Жетісу губерниясында «Алаш» партиясының блогы сайлаушылар дауысының 27,5% — іш алды. «Алаш» партиясы Семей уезінде 85,6%, Торғай, Орал губернияларында 75% бұдан да басым жеңіске жетті. Сайлау нәтижесінің көрсеткеніндей, «Алаш» партиясы өкімет билігі жолындағы күресте большевикткпге елеулі оппозиция болды.%%

Әрине, Мұстафа Шоқай және басқа қазақ зиялылары бастап шаңырақ көтерген Қоқан автономиясы (мән маңызын төмендету үшін большевиктер қала деңгейіне түсіріп, әдейі осылай атады, ал дұрысы — Түркістан автономиясының уақытша Үкіметі) совет өкіметінің мақсат мүдделеріне сай келе қоймады. Сондықтан да оның өмірі ұзаққа бармады: большевиктер ешқандай ымыраға келмеді,  қайта түркістандық басшыларды қырып-жоюға кірісті.

Сондықтан 1918 жылдың ақпан айының алғашқы аптасында қандықол большевиктер Қоқан қаласын атқылап, өртеп, автономиялық үкіметті      озбырлықпен  құлатты. Қоқан автономиясының жеңілу себептері: оның      орнықты идеясы және нақты бағдарламасы болмағандығы айтылады.

Революция берген мүмкіндікгерді Қазақстан мен Түркістан халықтарының ұлттық азаттығы үшін пайдалана алмауы, М.Шоқайдың пікірінше, екі тосқауылдың болуынан еді. Біріншісі- шын мәніндегі тәуелсіздікті танығысы келмеген уақытша үкіметтің, ал содан кейін оны алмастырған Кеңес өкіметінің қарсылығы болса, екіншісі — ұлттық күштердің алауыздығы және олардың   саяси   тұрғыдан   нашар   ұйымдасуы      мен саяси күрес тәжірибесінің жетімсіздігі еді, (Сөз ретіне орай бүгінгі күнгі Қазақстанның тәуелсіз мемлекет болып нығаюы кезінде Шоқай атап өткен осы екінші тосқауылдың белгілі дәрежеде орын алып отырғандығын ащы болса да айтуымыз қажет). Тәуелсіз Қазақстанның азаттық алғанын мерекелеп жатқанымызда осы биікке апарар бұралаң да тар соқпақтың бастауында тұрған алаштың ұлы азаматтарын еске түсіруге борыштымыз. Солардың шағын шоғырында Мұстафа Шоқайдың алыстағы жарық жұлдыздай жарқыраған тарихи тұлғасының да өзіндік орны бар.

Солардың бірі- қазақ қана емес, бүкіл түркі халықтарының ортақ қайраткері,  саясаткер Мұстафа Шоқай.                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ-тарау.

 Эмиграцияға кетуі және сол кездеп еңбектері.

 

                                         Алыста ауыр азап шеккен бауырым,

                                               Қуарған бәйшешектей кепкен бауырым,

                                         Қамалған қалың жаудың ортасында,

         Көл қылып көздің жасын төккен бауырым.

Мағжан.

 

Мұстафа Шоқайдың тел тарихнамадан өзіндік орнын ала алмай, көп қағажу көруіне бірден-бір басты себеп-оның Кеңес Өкіметі орнағаннан кейін басқа «Алаш Орда» қайраткерлеріндей Қазақстанда қалып қоймай, шет елге кетіп қалуы, сонда жүріп кеңестік сұрқия саясатқа қарсы күресін тоқтатпауы. Әсіресе бұрынғы Кеңес Одағы тарихшыларының көбі оны кеңес-герман соғысы кезінде фашизмнен одақтасты деп жазғырады. Егер М.Шоқайдың өмірбаяны мен қайраткерлік, ғалымдық іс-әрекеттері түбегейлі зерттелсе, оны жазғырушылардың аузына құм күйылуы да мүмкін. Әйтсе де Мұстафа Шоқайұлы архиві тек Парижде ғана сақталғандықтан, еңбектерінің басым көпшілігі туған топырағына жетпегендіктен, оны алғызып, зерттеуге ешкім білек сыбанып кіріспегендіктен бұл іс ілгерілемей отыр.

Кезінде, дәлірек айтсақ, 1925 жылы И.Сталиннің өзі «Ак, жол» газеті туралы хатында «қара бояуды» қалың жаққан М.Шоқайды ұлттың ұлы қайраткеріне айналдыру оңайға түспейтінін осы соңғы жылдар   көрсетіп   келеді.   Бүгінгі   қоғамымыздың   интеллектуалдық деңгейі тәуелсіздік үшін күрестегі ірі саяси тұлға Мұстафаның сіңірген қыруар еңбегін, қалдырған терең ізін толық түйсінетін және барынша ардақтайтын биікке әлі де көтеріле алған жоқ.

Мұстафа өмірінің кейбір түстарын айқындай түсуге архив құжаттарымен қатар естелік-деректердің де көп үлес қосары белгілі.

Батыс саясаткерлерінің, әсіресе, олардың ішіндегі Шығыс тарихына және Орталық Азия халықтарының тағдырына ден қойған саясаткерлердің арасында Мұстафа Шоқайдың ағартушы-демократ ретінде дәрібі асып, аты ауызға ілінеді.

Көз көргендердің айтуынша, ол өз ойын ағылшын мен француз, неміс пен түрік тілдерінде әсерлі де әрлі етіп емін-еркін баян ете білген. Еуропада жүріп араб тілін үйренген. Ғұлама ғалым, зерек тілгер, басынан сөз асырмайтын шешен, дуалы сөзді танымал публицист Мұстафа мәмлегерлер мен саясаткерлердің де, ғалымдар мен білімдарлардың да ортасында сағына күтетін мейманы болған…

Мұстафа Шоқай Түркістан халықтарының тіршілігін әмбеге әйгілейтін журнал-газеттер ұйымдастырып, шығаруға қатысады. Ол Мәскеу, Ташкент, Алматы, Орынборда басылатын большевиктік газет-журналдардан алынған нақтылы мысалдар мен деректерге негізделген Кеңестік Ресей мен Орталық Азия жайлы сұңғыла мақалаларын, теориялық зерттеулерін, тарихи һәм саяси шолуларын Стамбул мен Парижде, Берлин мен Лондонда, Варшавада жариялап жатты. Әйткенмен, оның жаны өзінің төл перзенттері Стамбулда шығатын «Жаңа Түркістан», Берлинде шығатын «Жас Түркістан» журналдарының үстінде, сөйте тұра Лондонда-ағылшын, Парювде-француз, Варшавада-поляк тілінде шығуын тоқтатпаған. Орыс императорлық қоғамының «Азиатское ревью» хабаршыларының жарияланымдарына белсене жәрдем жасайды. Сөйтіп, ол Батыс елдерінде ғана емес, сонымен қатар Түркия, Қытай, Америкада жүрген мұсылман елауғандарының (эмигранттар) айтулы көсеміне айналды. Ой  мен  ісіндегі,  табан     тірер     тұғырының беріктігі ұлттардың тендігі мен автономиясы жолындағы айрықша белсенді күрескерлерді анықтап, артынан айдар тағып, айдап тастау үшін аярлықпен жасалған арандатушылық  деп санауға   болар еді. Алайда

Мұстафа Шоқай мен оның үзеңгілестері бағыттарынан бас тарта қойған жоқ.

Бұл   естелік-дерек қайраткердің  қазақ жеріндегі тарихи іздерінің бізге белгісіз тұсын айтарлықтай толықтырады. Осы кезге дейін тарихи әдебиетте Мұстафаның шет елге эмиграцияға кетуі Грузия-Туркия-Франция арқылы жүзеге асқаны айтылып жүр.1

Мұстафа Маңғыстауға өзі басқарған Түркістан (Қоқан) автономиясы талқандалғаннан кейін келген. Бұл туралы 1918 жылы 7 наурызда «Бірлік туы» газетінде басылған ең соңғы хатында2 Мұстафаның өзі былай дейді:

«Болшевиктердің оғынан қашып, Қоқанды қаласындағы қышлақтарды сарт ағайындардың ішінде 5-10 күн жүрдім… Екі күн жаяу жүріп, осындай бейнеттер шегіп, Дағыстан деген қышлаққа келдім. Сонда тоғыз жүз сомға ат алып, екі жүз тоқсан сомға жолдас жалдап, «қазақ-қырғыз қайдасың?» деп қарлы таулар асып жөнеліп кеттім… «Бірлік туы» арқылы алаш азаматтарына сәлем. Құдай тірлікте күліп-ойнап жолықтырсын. Жатқан жерім белгісіз, жария қылып болмайды»2

Бұдан ары қарай, Мұстафа Кавказға өзіміздің Маңғыстау жері арқылы, дәлірек айтсақ Форт Шевченко (Бұрынғы Форт Александровск)  су жолы арқылы аттанғаны дәлелдене түседі.3

Бұл деректердің тағы бір құндылығы сол — онда Мұстафаның Кавказ жерінің тұңғыш революциялық комитетінің төрағасы, кейіннен Ф.Голощекин «адай князі» деп аталған осы өнірдің арыс азаматы сенімді Тобинияз    Әлниязұлының  және оның  сенімді жігіттері-Отарбай Иманғазиев пен Шағыр Бекназаровтың тікелей көмек көрсеткендері айтылған.1

Осы дерекке сүйенсек, адай жерінің азаматтары өздерінің кемелерімен Красновдск-Баку су жолымен жүретін паронға Мұстафаны теңіз арқылы жеткізіп, мінгізіп жіберген деуге негіз бар.

1919 жылдың басында ол Кавказға барды. Сол кездегі Тәуелсіз Грузияның астанасы Тифлис қаласында тұрып, туған елінің ұлттық тәуелсіздігі үшін күресін жалғастырады. Өзі атап көрсеткеніндей, баспасөзге «Біртұтас Түркістан республикалары» туралы көптеген мақалалар жазады. Осы мақалалары «Вольные горцы» ‘ («Еркін таулықтар») апталығында және осында түркістандықтар мен украиндықтар бірлесіп шығарған «На рубеже-тарихи кезенде» атты орысша журналда басылады. Ол мақалаларын тікелей өз атымен және «М.Жанай», «Желия» деген бүркеніш аттармен жариялайды.2

Ал 1920 жылы Солтүстік Кавказдың үйымы мен Түркістанның ұлттық орталығы бірлесе отырып Тифлис қаласында «Жаңа дүние» деген газет шығарады. Онда да Мұстафа Шоқайдың құнды мақалалары басылды.3

Кеңестік басқыншы қызыл қосындардың Тифлис қаласына кіруіне байланысты 1921жылдың ақпан айында М.Шоқайұлы кемемен Түркияға барады.4 Осы арада мынандай бір детальды айта кетейін.

Ол Грузияда журнал шығарып тұрған шағында Ташкенттегі Сұлтанбек Қожанұлынан телефонограмма алады. Онда алдымен істеп алып, артынан кешірім сұрайтын Кеңес үкіметінің Қоқан автономистеріне амнистия жарияланғандығы, соған байланысты Мұстафа кейін,  Ташкентке     қайта орала беруіне  болатындығы жөнінде  айтылған еді. Бір ғажабы Мұстафа бұл арада  да өте тиімді  шешімге     келе білді. Ол  кейін  оралған   жоқ.   Сөйтіп   оның ғұмырының  соңына   шейін     ұласқан   эмиграциялық  қызметі басталды.

Өмірдің   өзі   көрсетіп   бергендей   ешқандай   да эмиграциялық жолға    бармай, Отанында қалған Алаш зиялыларының тағдырында мынандай екі   бағыт байқалады. Бірі  кеңестік билікті ішкі дүниесімен қабылдамады,       бірақ мойындауға мәжбүр болды. Ә.Бөкейхан тергеушілеріне берген жауабында:   «Мен Кеңес үкіметін сүйемін,  бірақ мойындамаймын»,-    деп    көрсетсе, А.Байтұрсынұлы: «Мен елімнің мәдени өркендеуін қамтамасыз ете алатын билікті ғана қолдаймын»,- деп кеңестердің бұл міндетін толық атқара алмайтындығына күмән келтіреді. Бұл бағыттағылар алдымен қуғын-сүргінге түсіп, алдын ала түгелдей дерлік атылды.

Екіншілері Алаштық идеологиядан (яғни ұлт-азаттық) бас тартатындықтарын ресми түрде ашық мойындап, (М.Әуезов, Ә.Ермеков, т.б.) кеңестік тәртіппен ымыраға келу жолына түсті. Бұл бағыттағылардың бәрі бірдей атылған жоқ. Бірақ олар кеңестік билікпен іштей толық жарасымдылықта өмір сүрді деп айту да тым үстірт болар еді. Өз Отанында қалған алаш зиялылары өздеріне тиесілі басқа үлес қосқан жоқтын.

Мұны М.Шоқайұлы жақсы түсінді. Түсінгендіктен де саналы түрде эмигрант тағдырын таңдап алды. Оның мұндай қадамға баруы, белгілі дәрежеде азаматтық ерлікпен бірдей болатын. Өйткені, қазақ баласының өз елінен жырақта жүріп саяси күресті кәсіпке айналдыруы қалыптаспаған құбылыс еді.

Осы күрес түркиялық халықтың да аса бір ауыр жағдайдағы кезеңі еді. Өйткені, Түркияның Егей теңізі жағалауындағы Измер қаласынан    бастап елдің қазіргі    астанасы Анкарадан 60 километр қашықтықтағы Полатли қалашығына дейінгі Түркияның барлық жерін Греция басып алған-ды. Сол үшін де М.Шоқай көп аялдамай Францияға өтеді. Франция астанасы Парижден ол 1931 жылдың маусым айынан осы жылдың қыркүйек айына дейін Ахмет Зәки Уәлиди Тоғанның редакторлығымен Стамбулда шығып тұрған «Жаңа Түркістан» журналына атсалысып, аса құнды мақалалар жазады.           

М.Шоқай 1929 жылдың желтоқсан айында өзі Францияның астанасы Парижде түрғанымен, Германия астанасы Берлинде әйгілі «Жас Түркістан» журналын шығара бастады.

Журнал Шағатай тілінде басылды. 1939 жылдың тамыз айына дейін журналдың 117 саны жарық көрді. Ондағы  жарияланған Мұстафа Шоқай мақалаларының тақырыптары сан алуан. Барлығы сайып келгенде, ұлттық тәуелсіздік пен түрік халықтарының бірлігі мәселелерін қозғайды.

Оларда  түрікшілдік идеялап уағыздамады. Мұстафа Шоқай бір мақаласында былай деп жазған: «Халықты ұят деңгейіне көтеру, яғни жері, суы, қазынасы, тіл мен діні бір болған халық бұқарасын бірлестіріп, олардың санасын санаға жеткізу – ұлы тарихи міндеттің маңызды бір бөлігі».

Ол «Жас Түркістан» журналының 1933 жылғы қазан айындағы 47-санының 20-24 беттерінде өзінің студенттік кезіне Петербургтегі түрік тектес студенттердің Түркияға көмектесу үшін құпия даярлық істегендері туралы жазады1.  

Ал оның 1936 жылғы «Түркістан жастарына» деген үндеуі де осындай идеяларға толы: «Бүгін Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызыстан, Қарақалпақстан, Түркменстан һәм, Тәжікстан деп хат үкімет күшін алты????? Бөліп тұрған Түркістан – бөлінбес, айрылмас бір өлке халқының қаны бір, діні бір, мақсаты бір.

Түркістанның мақсаты — өзінің миллет үкіметін құрып, дербес боп, өз алдында бір үкімет болып тұру. Халқы көптен бұл жұмысқа алысып, шалысып, қан төгіп, соғысып келеді. Үмітіміз зор, мемлекетіміздің болашағына иланамыз.

Түркістан жастары айрықша бұл мақсатымызға жеткізуге таланып, тырбанып жатыр.

Біздің мақсатымыз жалғыз Түркістанның ғана емес, бүтін түрік өлкелерінің бүтін түрік халқының дос болып, өзара бірлігін нығайту. Түркістанды формасы жағынан да, мазмұны жағынан да ұлттық мемлекет құру, өйткені тек осылайша ғана халқымыз өз Отанында өз тағдырының толық құқықты иесі бола алады дейді» өз мақаласында.

Мұстафа ІПоқай саяси теоретик ретінде Кеңес Үкіметі билеген Түркістанның тағдырына бейтарап қарамай, Отанында болып жатқан әр оқиғаны талдап отырады. Осы кезде оның «Кеңестер билеген Түркістан» және «Кіндік Азиядағы Кеңестерде» еңбектері жарық көрді.

Ол тіпті   кейін өз естеліктерінде де тек   автономия   жағында болмағанын айтады. Меніңше, Мұстафа Шоқай  автономия   идеясын місе    тұтпаған,  қашанда Түркістанның  толық   тәуелсіздігі    мен, біртұтастығын армандаған, тек сол үшін күрескен болса керек.

М.Шоқайдың бұдан арғы   тағдыры   туралы   А.З.У.   Тоған «Түркістан    бүтіндей  дерлік большевиктердің    қолына    өтті.

Түркістанның азаттығы туралы идеяларын шет елдерге түсіндіріп, бәлкім көмек сұрауға болар ма еді? Шетелдіктермен азды-көпті жұмыс істеліп жүрді. Дегенмен, жағдай бірте-бірте түгелдей Кеңестердің пайдасына қарай өзгере бастады. сондықтан ендігі жерде Түркістан проблемасын Еуропаға, әлемге түсіндіру үшін Мұстафа  Шоқайды  шет  елге  жіберу     ұйғарылды. Сол  бір  тұста Ресейдің мүшелерінен құрылған бір делегация Еуропаға бара жатты. Сол делегацияның құрамында Түркістан, Қазақстан және, Башқұртстан атынан Баку жолы арқылы біз де Мұстафа Шоқайды «Еуропаға жібердік»,- деп жазады. (Ахмет Зәки Уәлиди кітабының 376-бетінде). Демек, бүгінде кейбіреулер ойлап жүргендей Мұстафа Шоқай шет елге (Еуропаға) бас сауғалап қашқан жоқ, арнайы тапсырмамен Түркістан үшін күресті жалғастыруға кеткен. «Түркістан атына сыртта жүргізілген жұмыстар» деген кітаптың IV бөліміне енгізілген. 6-тарауда автор Мұстафа Шоқайдың Еуропада жүріп, Түркістанды, Түркістан мәселесін таныту жолындағы еңбегіне тоқталады. Парижде бірнеше жыл бойына орыстың эмиграциялық баспасөзіне (Мысалы, Меликов пен Керинскийдің газеттеріне) кейбір француз, поляк газеттеріне Түркістандағы большевиктердің саясаты туралы мақалалар жазады.1

Мұстафа Шоқай үлкен ағартушы, Орта Азия мен Қазақстан халықтарының байырғы да бай мәдениеті мен тарихының баяншысы Орталық Азияның ғұлама ғалым — кемеңгерлерінің еңбектерін уағыздаушы болды. Ол тыным таппай Батыс әлемін Түркістанмен таныстырып, табыстырумен болды.

«Мұстафаның Париждегі, Лондондағы, Женевадағы және басқа Батыс орталықтарындағы қызметінің сан қырлы да сапалы болғаны соншалық, оны есептеп жату мүмкін емес»,- деп жазады Мемлекеттік Думаның бұрынғы мүшесі, Грузияның сыртқы істер министрі А.Шенгелия.

Ол әрбір мүмкіндікті және өзінің «Әлемнің аса көрнекті сарабдал саясатшыларымен болатын барлық ресми және биресми пікірлесуге қатысу хақын құр жібермеуге тырысатын», -деп көрсете келіп, А.Шенгелия былай деп хабарлайды: «Біздің өзіміз құрған «Кавказ, Түркістан және Украина   халықтарының   достастығы» қоғамында оның өзінің орасан зор елінің салмағына лайықты орын алуы әбден табиғи нәрсе еді… Мұстафа есімі Түркістанда ғана емес, сонымен бүкіл Кеңес Одағында қалың қауымға танымал болды, бұған өзіміз, әйтеуір, амалын тауып, сол жақтан алдырып тұрған газеттер мен кітапшалар дәлел. Айында-жылында бір осында жолы түсе қалған түркістандықтардың Түркістан төңірегіндегі барлық айтыс-тартыстың бір адамнан ғана таралып жатқанын біліп, қатты таңырқағандарын талай көргенім бар…

Мағлұматтар бергенде Мұстафа әрдайым аса ыждаһатты болатын, ешнәрсені де дабырайтып көрсетпейді, қайта өзінің зор жауапкершілігін сезініп, кішірейтуге бейіл тұтатын».

Өткен  ғасырдың   сексенінші  жылдарынан  бастап, жиырмасыншы ғасырдың қырқыншы жылдарына дейінгі өз халқының көзі ашылмай, көрген қасіреті туралы Ақиқатты айдай әлемге паш ету жолында жанын да, тәнін де тігіп адал еңбек ету -Мұстафа Шоқайдың өмір мұраты, бойына қуат құйған нәр-осылар. Ол ақтық демі біткенше бойында ұлы мұрат пен бәтуәлі іс-әрекет біте қайнасқан жан болып дүние кешті.

Түркістан жанашыры болған бір еуропалық азаматтан оның неге Мұстафаны жанындай жақсы көретін себебін сұрағанда, ол: «Өйткені, Мұстафа Шоқай жеке өзінің қара басымен ғана осы орасан зор елді білдіре алатын тұлға. Түркістанның ой-арманы мен мүдде-мұраты осы сөздің дәл мағынасында оның бойынан тұтас көрініс тауып тұр деген екен»,- деп Тахир Шағатай доктор еске алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV — тарау.

Түркістан легионы және Мұстафа Шоқай.

 

Түркістан легионы жөнінде Мәскеудегі бұрынғы Одақтық Қорғаныс Министрлігінің және бас штабының архивтерінде де ешқандай      мағлұматтар кезікпеді. Мұстафа Шоқайды  ұлт қозғалысының ipi түлғасының бірі, өз елінің егемендігі, бостандығы үшін өмірінің соңына дейін күрескен ұлтжанды қайраткер екендігін көреміз.

Мәлімет  біржақты  болғандықтан   Мұстафа  Шоқай    мен «Түркістан легионы» деген   сөздер   бір-бірінің синонимі, бір-бірінен ажырамас тіркес    есебінде қабылданды. Көпшілік   қауым қазірдің өзінде солай деп  есептейді. Сондықтан да алдымен Түркістан легионы туралы ой пікірлерге тоқталсақ.

Легион қашан, қандай жағдайда құрылды деген сауалға жауап беруге ынта көрсеткен авторлардың ойы әртүрлі. Мысалы, соғыс мүгедегі, тарих ғылымының кандидаты Әбжәми Байшуақұлы «1941 жылдың күзінде Гитлер Шығыс Пруссияға келген кезінде генерал Эркилеттің ұсынысын мақұлдап, сол жылы 30 қарашада Түркістан легионын құруға шешім қабылданды, оны жасақтау 162-ші жаяу әскер дивизиясына тапсырылды «,- деп жазады («Қазақ әдебиеті», N48, 1992)./

Ал тарихшы ғалым Белан мынандай деректер келтіреді. 1941 жылдың 18 шілдесінде түрік бас штабы академиясының бастығы А.Ф.Эрден неміс елшісі Папенмен сөйлескенде Кавказда «жергілікті халықтардың федерациясын», ал Каспийден шығысқа қарай «тәуелсіз Тұран мемлекетін » құру туралы идеяны ұсынады. Берлиндегі түрік елшісі Гереде осы пікірді сол қалпында Сыртқы істер министрінің шенеунігі Вайцзеккерге жеткізген. 1941 жылдың қыркүйек айында пантүріктік бірден-бір идеолог Нұри-паша Папен арқылы рейх басшыларына ирандыкқ Әзірбайжан, Орта Азия, Қазақстан, Башқұртстан, Дағыстан, Әзірбайжан және Қырым түбегін қамтитын советтік республикалар есебінен мұсылман-пантүріктік мемлекеттік құрылымды ұйымдастырудың қажеттігін айтқан.

Осы мәселені зерттеп жүрген ғалым Бақыт Садықованың жазғандарына қарағанда, 1941 жылдың желтоқсан айының басында Альфред Розенберг Гитлерге түріктік легиондарды құру идеясын қолдайтындығы туралы есептік анықтама құжат жолдайды. Фюрер идеяны толық қуаттайды.

Осыған орай 1942 жылдың қаңтарында Сыртқы істер министрі Иоахим фон Риббентроп пантуранизмді белсенді түрде қолдау туралы нұсқау береді. Міне, сол кезден бастап қана вермахт легион құру туралы мәселені тікелей іске асыру жоспарларын қолға алса керек(«Түркістан «, N21, 1998)

Бақыт Садықова ханымның басқа да ой-өрімдері назар аударарлық: «Әр алуан деректер бойынша, 1942 жылдың көктемінде құрылған Түркістан легионы құрамында болғандардың саны 180 мыңнан 250 мыңға жетіп, бұл әскери құрылым шығыс легиондары арасында ең үлкені болыпты. Десе де, Мұстафа Шоқай мұндай әскери құрылымды қажет деп таппаған, тіпті, қарадай қарсы болған. Өйткені, оның пікірінше, фашист лагерлерінде зұламат айуандықтан зардап шеккен жандарды қайтара қанды соғысқа айдап салу адамгершілікке жатпайды. Керісінше, ол кісі саяси білімі таяз адамдарды Германиядағы фабрика, зауыттарға жіберіп, болашақ Түркістанға маман кадрлар даярлау идеясын ұсынған. Бірақ, жалынды патриоттың өзі 1941 жылдың 27 желтоқсанында қайтыс болып, бұл ниет жүзеге аспады» (Бұл да сонда).

Сөз болып отырған мәселе жөнінде орысша-немісше жарық көрген көптеген материалдарды сараптай келіп, Ис­кандер Гилязов («Родина», N7, 1999, 75-79 б.) өзінше тұжырымдама жасайды. Біз аталмыш проблеманы талдау барысында осы автордың пікіріне де назар аударғанымызды ескерте кеткіміз келеді.

Гилязовтың ойынша, 1941 жылғы күздің аяғына дейін Германияның әскери және саяси басшылығы КСРО-ның шығыс халықтарымен жұмысты өз түсінігімен жүргізсе, кейінірек, қарашаның орта кезінде, ақырында, бұл ұмтылыс рееми директивага ұласты: Гитлер түрік легионын құруды қолдайды. Бұл шешім негізінде кейін Польша жерінде Түркістан, Армян, Грузин және Кавказ-мұсылман (соңынан Әзірбайжан жөне Солтүстік Кавказ болып бөлінеді) төрт легионын құру туралы 1941 жылдың 22 желтоқса-нында ОКВ-ның бұйрығы шықты. Шығыс министрлігінің комиссиясы Еділ бойы және Жайық жағалауының халықтарын басқа әскери тұтқындардан әу баста бөлсе де Еділ-татар легаонын құру жөніндегі бұйрыққа 1942 жылдың 15 тамызында ғана қол қойылды.

Енді мемлекет қауіпсіздігі органдарындағы қылмыстық іске тағы да үңілейік. Мұнда 1942 жылдың басында әу де­генде капитан Эрнекке, кейін генерал-майор Хайгендорф басқарған «Түркістан легионы» құрылды делінген. Штаб бастығы болып неміс армиясының офицері Робель тағай-ындалады. Батальон командирлері қызметіне де тек неміс офицерлері бекітіледі. Рота штабы бастығьша да немістерден басқа ешкім жолатылмады. Орта және кіші командирлік қызметтерге өзге ұлт өкілдерін қоюға рұқсат етілді.

Легиондарға анықталған шендер мен қызмет дәрежесі: қатардағы жауынгер, бөлімше командирінің орынбасары, белімше командирі, взвод командирінің орынбасары, взвод командирі, рота командирі. Аталған қызметке Қызыл Армиядағы атақ-дәрежесіне қарамай тек «лайықтыларды» ғана бекіту қатаң ескертілді.

«Лайықтыларды» анықтау үшін сьшақ мерзімі белгіленді: бөлімше комаңдирлігінің орынбасарлығына — бір ай, бөлімше командирі мен взвод командирлігінің орынбасарлығына -екі ай, взвод пен рота командирлігіне — үш ай. Қажет болған жағдайда бұл мерзім ұзартылуы мүмкін.

Бұл жөнінде «ТҮК» президентінің орынбасары — әскери бөлімнің бастығы Баймырза һайт былай дейді; «Тұтқындарды өз мемлекетіне қарсы қою халықаралық қағидаларға қайшы болатын. Сондықтан да тұтқындардан бұл қадамға өз еркімен барғандықтарын айғақтайтын қолы қойылған екі нұсқа қағаз алынатын. Осы құжаттың бір нұсқасы Женеваға жіберілетін, екіншісін өз архивтерінде сақтайтын. Бұл қағазда «Өз еркіммен Түркістан құрамасында кеңестерге қарсы соғысуға дайынмын деп ант ішемін » деген едік.

Енді мәселенің      басын      анықтап   алу   үшін   «Түркістан   ұлттық комитеті» (ТҰҚ-«Туркестанский национальный комитет», «ТНК»), «Түркістан легионы» («ТЛ»), «Түркістан ұлттық советі» («ТҰС»-«Туркестанский национальный совет», «ТНС») деген атаулардың мән-маңызына тағы да бір назар аударғанымыз абзал. Бұған жауапты Қазақ ССР-ы Мемлекет қауіпсіздігі министрлігінің (МҚМ) советке қарсы ұлтшыл ұйымның мүшелері есебінде айыпталған Хәкім Тыныбеков және басқа 49 адамға жазылған 1946 жылғы 10 желтоқсандағы айыптау қорытындысынан іздеп көрейік. Өйткені «ТЛ»-на қатысты дегендерді соттау үшін негіз болған бірден-бір ресми материал осы.

С.Сәдуақасов, Т.Рысқұлов және басқа да республиканың көрнекті өкілдерімен бір сапқа қою тарихи шындыққа тым жанаспайды деп есептейміз», — деп жазады Асқар мұстафин.

Мұстафа Шоқай тұтқын лагерьлерін аралағанда қандай мақсат-мүдде көздеді? Легионды құрған кім-Шоқай ма, әлде басқа біреу ме? Өздеріңіз байқаған боларсыздар, осынау сауалдар төңірегінде керағар пікірлер аз емес. Енді аталмыш проблемаға қатысы бар деген кейбір мамандарға құлақ түрейікші.  Әбу    Тәкенов,    тарих    ғылымының        докторы,    профессор:

«Осындай алмағайып кезеңде Мұстафа өз халқының болашағына салқын қарай алмағаны хақ. Немістер жеңген жағдайда туған еліне қалай да қорған болу, сол үшін тұтқын боздақтардың өмірін сақтау оның бар арманы еді» («Егемен Қазақстан», 13.07.1995).

«Мұстафа Шоқайдың тұтқындағы кеңес әскерлерімен кездесуі легион құрылғанға дейін және белгілі мақсатта болғаны ескерілмейді. ІПет елдік легиондар тек түркстандықтар ғана емес, татар-башқұрт, әзірбайжан, грузин, армян, басқа да кавказдықтар, тіпті орыс-украиндықтардан да құрылуы Мұстафа шоқайдың еркіне байланысты емес, немістердің өз жоспарына сәйкес келгені де еске алынбайды. Шынында, легион Мұстафа Шоқай 1941 жылы 27-желтоқсанда ұзаққа созылған науқастан қайтыс болған соң өмірге келмеді ме? («Қазақ тарихы», 1997, N2, 446).

Гүлжауһар Көкебаева, тарих ғылымының кандидаты, доцент: «1941 жылы күзде кеңестік тұтқындар шоғырланған лагерьлерді аралап,   тұтқындардың    жағдайын,    көңіл-күйін     байқау  үшін құрылған Гайбель басқарған комиссияға Мұстафа Шоқаймен бірге татар, өзбек, тағы басқа халықтардың эмиграциядағы өкілдері кіргізіледі… Демек, соғыс тұтқындарымен кездесу жалғыз Мұстафа Шоқайдың идеясы емес, кеңестік отаршылдық бұғаудан құтылуды аңсаған барлық халықтардың эмиграциядағы өкілдерінің әрекеті еді» («Қазақ тарихы», 1997, N2, 30-31б.).                                                         

Мәмбет Қойгелдиев, тарих ғылымының докторы, профессор: «М.Шоқайұлын «Түркстан легионын» құрушы, қанішер, кекшіл адам ретінде көрсетуді қалайтын авторлар жоқ емес. Бұл — шындыққа мүлдем жанаспайтын тұжырым. Олай дейтініміз- М.Шоқайұлын «Түркістан легионы» сияқты әскери құрылым өмірге келгенге шейін-ақ өмірден аттанып кеткендігіне дәлел болатын фактілер жеткілікті» («Қазақ тарихы», N4, 48 б.).

Сөз   болып   отырған   мәселе  жөнінде   бұдан   сәл   бұрынырақ жазушы Әнуар    Әлімжанов та    жазған еді. Оның    пікірі   де біз жоғарыда   келтірген   ғалымдар   Әбу   Тәкенов,   Мәмбет   Қойгелдиев жасаған түжырымдармен сабақтас, үндес жатыр («Қазақ әдебиеті», 22.07.1992).

Қазіргі қазақ баспасөзіндегі жарық көрген кейбір дүниелердің өзінен-ақ Мұстафа Шоқайдың не туралы жазғанын, қандай  мақсат-мұрат көздегенін, оның адамгершілік,  күрескерлік түр-тұлғасын байқауға болады. Кезінде Әнуар Әлімжанов айтқандай («Қазақ әдебиеті», 24.07.1992), бүкіл ағылшын, түрік, француз, неміс, қазақ, әзірбайжан, өзбек тарихшыларының, әдебиетшілерінің, немесе өзімізде жарияланған түрік ғалымы Т.Шағатайдың, Украинаның бұрынғы Сыртқы істер министрі, профессор А.Шульгиннің Мемлекеттік Думаның мүшесі, Грузияның бұрынғы Сыртқы істер министрі А.Чхенвелидің, әйелі Мариям ханымның пікірлерімен есептеспеуге бола ма?

Шынын айтсақ, Мұстафа Шоқайды совет өкіметі ғана жау деп есептеді, ал дүние жү’зі оны өз өмірін түгелдей елін бостандыққа тәуелсіздікке жеткізуге арнаған әлем таныған күрескер есебінде біледі. Егер олай болмаса. Мұстафа Шокайдың еңбектері, саяси күрескер бейнесі туралы сурттеу материалдар Оксфордта. Берклиде, Кембриджде, Берлинде, Парижде, Мюнхенде, Кельнде, Нью-Йоркте бірнеше дүркін басылып шығар ма еді?!

Мұстафа Шоқайдың қайтыс болуы жөнінде де әртүрлі пікір айтылып жүр. Генерал Мұстафин ол жөнінде былай дейді: «… М.Шоқаевтың зорлықпен өлтірілгенін нақтылайтын құжат жоқ. Өлімнің себебін іздеу, кінәні өзгеге арту «Түркістан Ұлттық Комитеті» мен «Түркстан легионы» мүшелері арасындағы ұлтараздық көріністерінің орын алуы салдарынан, тағы да сол «ұлттық батырдың» данқты бейнесін «сомдауға» ұмтылудан туған».

Неміс тұтқынында болған, «ТҰК»-нде қызмет істеген, жазушы Хамза Абдуллин у беріп өлтірген («Ана тілі», 28.02.1991) десе, мұны Мұстафа Шоқайдың өмірін зерттеп, кітап жазған Серік Шәкібаев та жоққа шығармайды («Қазақәдебиеті», 24.07.1992). Бұл ақпарат құралдарындағы айтылған деректер және оның қайдан алынғаны, яғни белгілі бір құжатқа нақтылы сілтеме жасалмағандықтан оның әртүрлі бола беруі де мүмкін деп есептеуге болар еді. Сондықтан жоғарыда айтылған ресми құжатқа (айыптау қорытындысы) тағы да бір назар аударудың реті келіп тұр. Онда былай делінген: «При участии немецких разведывательных органов Вали Каюм-хан убрал Чокаева (уничтожил его)  и занял в «ТНК» пост «президента». Қазақ CCP-ы Мемлекет қауіпсіздігі министрінің ‘» орынбасары полковник Сәкенов 1946 жылдың 9 желтоқсанында қол қойған құжатында осылай жазылған.

Қазақ зиялыларының көбі 1917 жылғы ақпан төңкерісін қуана қарсы алған. Енді елге азаттық, теңдік берілетін болды, халқымыз империя бұғауынан мүлдем босады деп ойлады. Пролетариат табы қалыптаспаған, капиталистік жүйені басынан өткізбеген алаш жұрты қазан төңкерісіне күдіктене қарағаны түсінікті.                   

Енді сол кездегі саяси хал-ахуалды бір сәт көз алдымызға елестетіп көрейікші. Әңгімені белгілі қоғам қайраткері Әлихан Бөкейхановтан бастайық. Ол Ресейдің буржуазиялық-демократиялық кадет партиясы Орталық Комитетінің мүшесі болды. Кейін жер, ұлттық автономия, дін мәселесі жөнінде олармен келісе алмады да әуелі «Алаш партиясын», кейін «Алаш Орда» үкіметін құрды. Алашшылар жаңа өкіметті бірден жақтамады. қайта керісінше большевиктерге соғыс жариялаған атаман Дутовпен, конгрреволюциялық Оңтүстік шығыс одақпен және Колчак министрлерімен, ақгвардияшыл «Сібір» үкіметімен байланыс жасады. Ақтар бұларды қолдамаған соң советтер жағына да шықты, тіпті кейбіреулері оның құрамында қызмет атқарды.

Сол кезде солшыл пікірде болған қазақ қауымы «Қазақтың Үш жүз» партиясын құрды. Оның алғашқы басшысы Мұқан Әйтпенов болды да, кейін басшылық оның орынбасары болған Көлбай Тоғысовтың қолына көшті. Көлбай кезінде Сырдария облысының қалалары мен елді мекендерінде «Шора-и-Ислам» партиясының ұйымдарын құруда Мұстафа Шоқайға да көмектескен, оның Ташкент ұйымының мүшесі болған. К.Тоғысов басқарған партия алғашында алашордашыларға іш тартып жүрді де, қазан төңкерісінен соң оларға ашықтан ашық қарсы шықты, совет өкіметін жақтады. Солай бола тұрса да «компартияға мүше емес, марксизм-ленинизм позициясын түсінбейді» деп большевиктер оған сенім көрсетпеді.

Ал оңгүстіктегі жағдай басқаша өрбіді. 1918 жылдың басында Қоқан автономиясы құрылды, оның басшылығында әуелі М.Тынышпаев болды да, кейін оны сол үкіметінің министрі болған М.Шоқай басқарды. Бұл үкімет өзінің билігін Түркістан өлкесіне, оның ішінде Қазақстанның оңтүстік-шығыс  аудандары аймағында жүргізуі тиіс болатын.

Сонау 1911 жылы Женевада Ленинмен кездескен, 1915 жылдан компартия мүшесі Әліби Жанкелдин, жаңа заманды жырға қосьш, Лениннің көзі тірісінде шығыс елдерінде бірінші болып оған жыр жолдарын арнаған, «қызыл» Сәкен Сейфуллин болса, жаңа заманды бірден қолдады. Бұрын саяси күреске қатысьш, ысыла қоймаған, бұл салада пәлендей тәжірибесі жоқ қазақ зиялылары төңкеріс туралы, елді басқару жөнінде, ұлттық проблемаларды шешу барысында бастары бірікпеді, шашыраңқы, бытыраңқы болды.

Сөйтіп, үлкен империяның шет аймағында большевиктерге, олар әкелген жаңа өмірге көзқарас біркелкі бола қойған жоқ. Орталықта да солай болды. Советтік тарихқа Ұлы Октябрь социалистік революциясы деп енген, кезінде керемет марапатталып, орынды-орынсыз мақталған қазан төңкерісін Ресейдің сорпаға шығар интеллегенциясы да әртүрлі қабылдады. Оның бағытына, идеяларына Маяковский, Блок, Брюсов, Тимирязев сияқты бірден бұлтарыссыз сенгендер көп бола қойды деп айта қою қиын. Анна Ахматова Отанына деген ыстық махаббатын білдіріп, сол үшін қандай қиындық болса да көндім деп елінде қалса, келіспегендер де аз болған жоқ. Алексей Толстой, Сергей Прокофьев, Александр Куприн, Марина Цветаева, Андрей Белый, Сергей Коненков сияқты еліне қайтып келгендер болды, бірақ бәрі бірдей ондай тоқтамға келе алмады. Советтік Россияда өзіне орын табыла қоятындығына сене қоймаған Сергей Рахманинов, Федор Шаляпин, Константин Коровин сияқты орыстың әлемге әйгілі өнер қайраткерлері шет елде қалып қойды. Орыс жазушыларьшың ішінен ең алғаш Нобель сыйлығына ие болған Иван Бунин де еліне келмеді, Париж түбіндегі Сен-Женевьев-дю-Буа қаласындағы орыс зиратында мәңгілік қоныс тепті.

Бұрын алыстап кеткен, ұзақ уақыт бойы жоққа шығарылып келген тарихи есіміз кайта оралып жатыр. Енді, міне, біраз кезең ұмыт қалған сол жадымызды еске түсіру мүмкіндігі туған кезде оған сергектікпен қарағанымыз жөн. Мұндай сақтық бұйрық берілген жерінде тарих та тоқтайды деген қате ұғымды басшылыққа алып, «жаңа өмірді» тез орнатамыз деп асығыстық жасап, жанталасып, ысырап қылған рухани қазынамызды, ұмыт қалған есімізді білу үшін, оны орнына қайтару үшін қажет. Тарихты кезең мен дәуірге саясатшылар мен ғалымдар бөледі, бұлай жасау оны зерттеуге де, саясатқа да ыңғайлы. Ал тарих болса, ол — тұтас, бөлшектеуге келмейді. Тарих ешкімнің еркінсіз ағып жатқан өзен сияқты, өзіне бұлақтың көзі мен тармағын қосьш, сай-саланы қуалап, бір жерден екінші жерге тоқтаусыз жылжиды, сылдырап аға береді. Қазақ эмиграциясы өзінің рухани және мәдени бағыт-бағдары бола тұрса да қазақ мәдениеті мен қоғамдық ой-пікірінің тарихына кіре алмады, оның қуатты және үлкен тармағы болып есептелмеді. Мұның Мұстафа Шоқайға тікелей қатысы бар. Совет өкіметі бұған мүмкіндік бермеді. Шеттегілердің бәрі жау болып есептелді де, олардың еңбегін жариялауға болмады.

Дүниежүзі өркениетіне елеулі үлес қосқан шетелдегі өз отандастарына дұрыс көзқарас болмауынан совет өкіметінің тапқан пайдасы көп емес. Алайда еліне оралмаса да әлем таныған бірен-саран мәдениет, өнер қайраткерлерін Ресей біржола шеттетпеді, аздап болса да олар туралы жазылып жүрді, шығармалары жарияланып, концерт залдарында орындалып жатты. Бірақ мұндай «жеңілдік»   бұрынғы  одақтас республикалардағы ұлт өкілдеріне жасалған жоқ: олар сол баяғы «жау, сатқын» есебінде қала берді. Бұлардың қатарында Мұстафа Шоқай, «Түркістан легионына» қатысты дегендердің бәрі болатын.

Мұстафа Шоқай болса «ол түркі халықтарын патша отаршылдығынан азат ету үшін күресіп, оларды өзара біріктіруге тырысқан. Өз кезеңіңде бұл бірден-бір дұрыс бағыт еді, оны түркі халықтарының барлық көсемдері қолдаған болатын. Бұл ұлтшылдық та, пантүріктік те, панисламдық та емес. Бұл керісінше интернационалдық патриоттық әрекет еді». Тарих ғылымарының докторы, профессор Әбу Тәкеновтың осы пікірі дұрыс деп ойлаймыз («Егемен Қазақстан», 13.07.1995).

Ал соғыс жылдарындағы жағдайға келсек, неміс басшылары өздерінің «Үлкен Түркістан» мемлекетін құру жөніндегі жоспарын жүзеге асыруда Мұстафа Шокайдың беделін пайдаланғысы келгендігі шындық. Ал Мұстафаның  шу деп алға қойғандағы мақсаты — Түркістан халықтарын советтік тоталитаризм жүйесінен құтқару, тәуелсіз ел болып, демократияға, өркениетке қадам басу. Бұл оның саяси бағдарламасы және мұны ол ешқашан жасырған емес. Өзінің халқына, еліне, оның болашағына нұсқан келтірерліктей ешбір қадам жасаған жоқ. Ал соғыс тұтқындары арқылы совет өкіметі сияқты үлкен империяны құлата қою деген ақылға сыймайтын нәрсе. Немістер де оны білді. Киял жүзінде қалған «Гростуркестан» деген неміс жоспарын ешкім оқьш көрген жоқ сондықтан да оны орындауда түркістандықтардың нақтылы орны қандай болғандығын айту қиын.

Кезінде Мұстафа Шоқайды ақтау, оған ел тарихында өз орнын беру жөнінде бір топ зиялы қауым баспасөзде мәселе көтерген болатын. Бірақ бұған ақпарат құралдары арқылы ешкім жауап бере қоймады. Жобасы сотталмаған адамды несіне ақтайды деген болу керек. Сенуге болатын адамдардың сөзіне қарағанда, жоғары жақтағылар осындай пікірде көрінеді.

Біздің ойымызша бұл мәселеде үкімет сырт қала алмайды. Өйткені Мұстафа Шоқай ресми түрде сотталмағанымен елде де, елден кеткеннен кейін де үнемі советтерлің қуғынында болды, оған моральдық террор жасалды. Совет өкіметі өзінің қуатты ақпарат құралымен туған жерінде ат туралы теріс қоғамдық пікір қалыптастырды. Тіпті бұл екпін кейде осы күндері де сезіліп қалады, «Түркістан легионына» қатысы бар дегендер атыльш, тірі қалғандары итжеккенге жіберілді, ал оның туған-туыстары болса,    Мұстафа Шоқайды өңі түгіл түсінде көрмесе де оларға сенімсіздік көрсетілді. Мұның бәрі Мұстафа Шоқайға, оның саяси көзқарасына, қимыл-әрекетіне деген өкіметтің ресми бағыты болатын. Қазіргі өкіметтің бұған қатысы болмағанмен, бұрынғы ескі билік жүйесі жіберген қатені түзеп, оған тиісті бағасын беруі керек.

Мұстафа Шоқай есімі түрік әлеміне, дүние жүзіне атамзаманнан белгілі. Қалың алаш жұрты, егемен болған туған елі кім екендігін енді біліп отыр. Мұстафа Шоқайды өзінің туып-өскен Сыр өңірі құрметтеп, әспеттеп жатыр. Бірақ ол облыс шеңберіндегі емес, мемлекет деңгейіндегі үлкен тұлға екендігін ескергеніміз жөн. Дүние жүзі қазақтарының қауымдастығы да Мұстафаның оқуларын өткізбек. Бірақ бұл тек қоғамдық ұйымдардың ғана атқаратын шаруасы емес. Сондықтқ өкімет те ресми түрде мойындау тиіс деп есептейміз. Олай болса, Мұстафа ісін қолдаған, «Түркістан легионына» қатысты дегендерге де қоғамдық өмірде басқаша көзқарас жасаудың мезгілі келді деп ойлаймыз.   

Түркістан  легионы   туралы   мәселені   жалпы   кеңестік тоталитарлық   жүйенің   идеологиясымен,   іс-әрекетімен  байланыстырып, кең көлемде зерттеу  жүргізу қажет.

Екінші   дүниежүзілік   соғыс кезінде фашистік тұтқынға түскен әртүрлі   елдер өкілдерінің сан жағынан ең көбі- кеңестік тұтқындар.

Олардың жалпы саны — 5,7 миллион,  3,8 миллионы алғашқы  айларда қолға түскен. Себебі 30-жылдардағы жазалау   Қызыл   Армияның басшылық құрамын әбден-ақ жұтатып кеткен болатын.

Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңында командирлердің 7 процентінің ғана жоғарғы білімі болса, ал 37 процент! орта әскери білім де алмаған еді.

Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында немістердің қолына түскен ресейлік әскерлердің 5,4 проценті қаза тапса, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде кеңестік тұтқыындардың 58 проценті қайтыс болған.

Бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде барлық соғысушы елдер 1907 жылы тұтқындардың құқықтарын белгілеген Гаага келісіміне сүйенеді. 1929 жылы Женевада соғыс тұтқындарының құқықтарын белгілеген жаңа келісім жасалады. Кеңес Одағы аталған келісімдерге қосылмаған. Ал фашистік Германия Женева келісіміне 1934 жылы қосылады. Бұл келісімдердің мазмұны біздің халқымызға мүлде таныс емес еді, тұтқынға түскен Кеңес әскерлері өздерінің қандай құқықтары бар екенін білген жоқ.

1941 жылдың тамызында Гитлер Хаммерштадтағы Кеңес әскери тұтқындары орналасқан лагерьге Қызыл Крест делегация мүшелері арқылы Сталиннен түтқындағы Кеңес адамдарына азық-түлік жіберуін өтінеді. Алайда, Сталин бүган келіспей, адамның халықаралық құқына қарсы шықты.

Халықаралық құқықтың: «Соғыста тұтқынға түсу-қылмыс емес. Қолға түскендер бақытсыздар қатарында қамқорлыққа алынуы тиіс»,-деген талабын орындаудан бас тартты. Бұл басқалар үшін де бұлжымас заңға айналып кетті, оған қоса Сталиннің атышулы N270 КСРО Халық Қорғанысы Комиссарының Кеңес әскерлеріне тұтқынға түспеуді бұйырған, ал тұтқынға түскендердің туған-туысқандары қудаланатындығы айтылған жарлығы шығады.

Көп ұзамай-ақ сол жылдың 8 қыркүйегінде фашистер де кеңестік тұтқындарға өте қатал қарау, аямау туралы бұйрық беріп, қылмысты әрекеттерге жол берілді.2

Осылайша Кеңес тұтқындары екі тоталитарлық мемлекеттің екі диктатордың арасында жаншылып,  отансыз,  қорғансыз мүсәпірлік жағдайға түсті.

Парижде тұрып жатқан Мұстафаны соғыс басталғанда немістер қамауға алады да, бірнеше күннен кейін оны түрмеден босатып, Берлинге апарады, неміс командованиесі Шоқайдың Орта Азия,  Қазақстан халықтары арасындағы, жалпы түркі тілдес халықтар ортасындағы зор беделін пайдалануды жоспарлаған еді. Сол мақсатпен Мұстафаға Шығыс ұлттарынан жасақталған әскери тұтқындар легионын және оларды Кеңес Армиясына қарсы күрес үшін пайдалану жолында жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстарымен таныстырады. Шығыс министрлігінің тапсырмасымен М.Шоқайды Польша, Жаңа Батыс Украина концлагерьлеріндегі Кеңес әскери тұтқындары жағдайымен танысу үшін арнайы жіберген. Сөйте тұра оның қасына ақылшы-кеңесші ретінде сыннан өткен сатқын Уади-Каюмды да тыңшы етіп қоса жібереді.

Мұстафа Шоқай концлагерьлерді аралау барысында әскери тұтқындардың тұрмыс жағдайымен барынша мұқият танысып, олардың пікірлеріне жанашарлықпен құлақ асады. Мұстафаның талап етуімен шығыс ұлттарын жеке концлагерьлерде ұстау жүзеге асырылады. Олар үшін монша ұйымдастырып, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде француз әскер тұтқындарына берілген жаңа киімдер үлестіріліп, жұп-жұптан ішкі киімдер бергіздіреді. Оның өтінішімен тұтқындағы жүздеген қазақтар зауыттар мен фабрикаларда тұрақты жұмысқа орналастырылды. Сонымен бірге Мұстафа концлагерьлерді аралай жүріп, көзі ашық, білімді тұтқындармен жеке-жеке әңгімелесіп, олардың мамандықтары бойынша тізімдерін жасайды.

Тұтқында болып аман қалған И.А.Дугас пен Ф.Я.Черонның Парижде жарық көрген естеліктерінен соғыстың алғашқы айларында фашистер кеңестік Азия өкілдеріне басқалардан гөрі қаталырақ қарағанын, соның салдарынан 1941 жылдың күзі -1942 жылдың қысында Польша жеріндегі лагерьлерде болған 130000 түркі тілдес тұтқындардың 122000-ы қаза тапқаны туралы мәлімет бар.

1943-1947 жылдары Кеңес Одағына бес жарым миллионға жуық соғыс тұтқыны мен Германияға жұмысқа айдалған азаматтар қайтарылған, солардың 20 проценті атылған немесе 25 жылға айдалған, ал 15-20 проценті 5-10 жылға лагерьге жіберіледі, ал 10 проценті Сібірдің алыс аудандарына жер аударылады, 15 проценті соғыста қираған аудандарда ауыр жұмысқа салынады, 15-20 проценті ғана туған жеріне  оралады.

Соғыс тұтқындарын кеңестік «отаны» екі рет сатты. Әуелі неміс тұтқынында жүргенінде қорғаудан бас тартты, ал кейін елге қайтқанда, ауыр жазаға ұшыратты.

Егер бүгін сол алапат соғысты кешірмеген үрпақ шындықты іздемей, соғыс тұтқындарына «сатқын» ретінде қарайтын болса, бұл оларды үшінші рет сатуы болар еді. Ал біз қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күресіп, жеңісін көре алмай арманда кеткен абзал жандарды ақтай алмай отырмыз.

Себебі, олар Сталиннің қателігінен (Гитлерге сеніп қалып), қолбасшылардың дарынсыздығынан соғыстың алғашқы айларында тұтқынға түсуге мәжбүр болған еді.

Мұстафа Шоқайұлының идеясы мен арманы Тәуелсіздік пен Түркі елдерінің бірлігі болғандықтан, Германия жеңген жағдайда тіпті Германия құрамында Тәуелсіз ел болу еді.  

Оның бүкіл ғұмыры 03 халқына демократиялық күрес жолымен автономия, дәлірек айтқанда, дербестік алып беру күресі  үстінде өтті.

Еңбектеріне ден қоятын болсақ, оның Голощекиннің геноцидіне Қазақстандағы аштыққа, сталиндік респрессияға, тоталитаризмге, шовинситік баскяншылыққа қарсы аянбай күрескендігін, халқына араша болудың мүмкін жолдарын барынша іздестірумен жанталасқандығын байқаймыз.

ОГПУ-ға берген түсініктемесінде А.Байтұрсынов: «… шетте  жүріп өте аянышты ғұмыр кешсе де, халқының қамын жеген…»-деп айтқанындай, атақ, мансап, жайлы мекен, жақсы тұрмыс үшін ар-ожданын, сенімін саудаға салмаған (Керенский ұсынған министрлік портфелінен де бас тартқан). Бұл аталғандардан мүлде ада болғанымен, заман оны саяси өмірде ылғи да алдыңғы сапта болуға итермелеген.

Бұл турасында Мария Шоқай естелігінен мынаны біле аламыз: «… ол үнемі Түркістанның большевиклерден құтылуын армандайтын. «Алла елімнің тәуелсіздікке қол жеткізгенін көруді нәсіп етсе, мен тек үгіт-насихат ісімен ғана айналысар едім: Жастар үкімет құрса, мен елімнің тарихы мен басқа өлке халықтары туралы тамаша кітаптар жазумен шұғылданар едім»- дейтін М.Шоқай. Осы орайда М.Шоқай: «Егерде Түркістан халқы өздерінің ұлттық мемлекеттері үшін Кеңестік жсүйені таңдаса, онда мен ол өкіметке шын ниетіммен адал қызмет етемін»- деуі халқына шексіз берілгендігін көрсетсе керек.

Десек те Түркістанда орнаған кеңестік биліктің отаршыл сипатын, фашизмнің Еуропаның ғана емес, Ресей мен Түркістанның да барлық халықтарына құлдықтың қара бұғауын әкелетінін қатесіз тани білген М.Шоқай қандай жағдайда да болмасын өмірлік мақсаты —Түркістанның тәуелсіздігіне жету жолында жүрді. Осы мақсатта Гитлер мен Сталиннің саяси ойынының нәтижесінде миллиондаған отар халықтардың өмірі жұтылып жатқанда, концлагерьлердегі бауырларын құтқара отырып, тәуелсіз  Түркістанның болашақ     кадрларын     дайындауға  кіріседі.

Тұтқында жүріп М.Шоқаймен кездескен жерлесі М.Сандыбаев мырзамен болған сұхбатымда: «Біздің аянышты хәлімізді көріп: «Қарақтарым-ай, мұсылман жұртым-ау! Өздеріңе пайдасы жоқ соғыста текке қырылғандарың ба? Кез-келген ұлт үшін дүниедегі зор бақытсыздық басқа бір ұлттың тепкісіне түсу. Ұранымыз-Түркістан-түркістандықтардікі болуы тиіс»- деген жалынды сөздер айтып жігерлендірген еді»-деп еске ала отырып айтқан еді.

Бұл екі христиан елдерінің халқына көрсеткен қорлығына шыдамай Германия үкімет басшыларына қаймықпастан: «Сіздер-немістер, өздеріңізді Еуропадағы ең мәдениетті адамдармыз деп санайсыздар. Егер сіздердің мәдениеттіліктеріңіз менің көріп жүргендерім болса, онда мен сіздерге де тұтқындардың шеккен азабын көрулеріңізді тілеймін. Сіздер ХХ-ғасырда өмір сүре отырып, ХІІ-ғасырда Шыңғысханның жасаған зүлымдығынан асып түстіңіздер. Мәдениетті халық екендіктеріңізді айтуға хақыларыңыз жоқ» —деп хат жолдайды. «Пікірлеріңді тым тура айтыпсың, мұның артықтау емес пе?-деген неміс офицерлеріне Мұстафа: «Егер сіздер осыған байланысты маған ату немесе асу жазасын берсеңіздер де ризамын. Өйткені мұндай мәдени қоғамда өмір сүргім келмейді»-деп жауап беруі сол кездегі замандастары баға бергеніндей жеке басының қауіпсіздігін мүлде ойлап жатпай елінің қамын жегенін білеміз.

Ендігі мәселе М.Шоқай арман-мақсатының, идеясының құндылығына қазіргі күнмен үндесіп жатқан өміршеңдігіне тоқталып баға беру. М.Шоқайдың түпкі мақсаты заманында Еуразия даласын ат ойнақтатып дүркіретіп жүрген бабаларымыздың жан-жакқа бөлініп отаршыл саясат салдарынан құлдыққа түскен түбі бір түрік халықтарына тәуелсіздік әперу болатын. Алдымен қарашаңырақта қалған ұрпақтары бас қосып, бірлесе отырып тәуелсіздікке қол жеткізу. Содан шетте қалған Әзірбайджан, Саха еліне, Башқұртстан, Татарстан сияқты бауырларына қол ұшын беру.

М.Шоқайдың осы    турасында мұра етіп қалдырған сөздеріне құлақ ассақ: «Біз Ресей үстемдігі тепкісінде ұлттық тәуелсіздігіміз жолында күресуші ұлттар, ортақ жауға қарсы күш біріктірудің қажеттілігін жақсы сезінуіміз керек… Ашығын айтқанда, өздерінің тәуелсіздігі жолында күресіп жатқан Кавказ, Еділ-Орал, Қырым және Түркістанның жеке-жеке әрекетінен пәлендей бір нәтиже шықпайды… Араларында жүйелі байланыс жоқ… Сол себепті барлығы «қуыршақ» автономиялармен шектелді… Біздер көздеген мәреге жеткенге дейін бір-бірімізге қолдау көрсете алмадық»-деп тағдырлас ұлттармен бірге «ең соңғы мәреге» жеткенге дейін «саяси жолсерік» болуымыз керектігін айтқан еді. Алайда уақыттың өзі көрсеткеніндей асыл ер арманы орындалмай, жеке-жеке күресіп жем болмадық па? Енді осы айтылған, бастан кешірген қасіретті күндерден болашаққа тағылым боларлық ғибратты сабақтар алуымыз қажет-ақ. Немесе оның қайталанып келетіні тарихтан белгілі.

Мұстафа туралы шындықты бастан аяқ білгісі келген адам, оның не туралы жазғанын, нені қорғап, нені армандап, қандай мақсат-мұратты көксегенін білгісі келген жан аса көрнекті жан түрік тарихшы-публицисі Хасен Оралтайдың кітабын оқысын (Стамбул, 1986 ж.). Мұстафа Шоқайдың өміріне арналған зерттеулер неше қайтара Оксфорд баспаларында шықты (соңғы рет 1986 ж.). Берлинде (1960 ж. Калифорния, ІПАҚ), Кембридже (1957. 1964 ж.ж.), Кельнде (1962 ж.), Нью-Йоркте (1957 ж.) жарияланды…

Біздің елімізде белгілі себептерге байланысты оның еңбектері жрияланған жоқ, Есесіне оны жоққа шығарушылардан, оған күйе жағушылардан жетімсіздік көргеніміз жоқ. Оны «әжуалаған», «әшкерелеген» дүниелерде де қисап жоқ. Мұның да сыры түсінкті. Сыңар жақ идеология, империялық ой-сана басқаша пайымдауға бейімдік білдіргендердің бәрін қатаң жазалайтын. Ұзақ уақыт бойы санамызға басқарушы партияның басындағылар желеп-жебеп келген мемлекеттік деңгейге жеткізілген   жалған   сөз   сіңірілді.    Мұндай жағдайда,   әлбетте  Жорес жазғандай:   «Батылдық шындықты  іздеп  табуды және жұртқа жаюды талап етеді».

Ал Мұстафа Шоқай болса, қанша тереңге тығып, тас қамауға ұстаса да Ақиқаттың, шындықтың түбіне дейін жетіп, оны жалғаның жарығына шығарып, томағасын сыпырды, сондықтан, екінші бір атақты француз Мұстафаның досы Пьер Ренодельдің мына бір сөздері әділдік тамырын тап басқан сөздер ме деймін.

«Бәрібір күндердің күнінде кім де болса сенуден қалатын өтірікпен өзіңді алдаусыратқаннан гөрі, өткеннен ой түйіп, сабақ алған әлдеқайда пайдалы емес пе? Осы орайда жаза баспайтын, жоққа шығаруға жатпайтын өз мәліметтері мен құжаттарының жиынтығын қолымызға ұстатқан Мұстафа Шоқай бізге зор ғибрат көрсетіп отыр.

Ол Ақиқат алдында алғысқа лайық». Оның абзал да адал есімі еліне мәңгіге оралса екен, әлім деп елжіреген жүрегі мен жаны ылайым туған халқымен бірге болса екен!     

 

 

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Қорыта айтқанда, Мұстафа Шоқай өз уақытының перзенті, ірі тұлға болатын. Сталиннің Шоқайұлына шүйілуі тегіннен-тегін емес еді. Бүгін белгілі болғанындай, ол бірінші дәрежелі, ғаламдық масштабтағы қайраткер болатын. Оған Мұстафаның досы, Украинаның бұрынғы сыртқы істер министрі, профессор А. Шульгиннің: «Мұстафа —Бей мемлекеттік ірі қайраткер, аса көрнекті жазушы, әрі журналист болды, бірақ ол бәрінен бұрын өте тартымды адам еді, өзіндігі мол тұлға еді. Мұстафа-Бейді Түркістансыз көз алдына елестету мүмкін емес. Иә, ол өзінің жүрегімен де, өз Отанын, оның өткендегісі мен қазіргі сүрең келбетін бір минут та ұмыта алмайтын. Әйтсе де өзінің дәстүрлеріне адал күйінде қала отырып,  ол өз бойына мейлінше  әртүрлі адамдарды және тіпті бір-бірлеріне түсініксіз дерлік халықтарды өзара байланыстыра алатын әрі байланыстыруға тиісті аса бағалы, адамдық қасиеттердің бәрін дарыта білген», — деген сөзі толық дәлел.

Мұстафа Шоқайұлының тағы бір досы бұрынғы мемлекеттік Думаның мүшесі және Грузия Сыртқы істер министрі А.Чкенкели былай дейді: «Біз құрған «Кавказ, Түркістан және Украина халықтарының достығы қоғамында, ол әрине, елінің кеңдігіне қарай тиісті орнын алады. Мұстафаның Париждегі, Лондондағы, Женевадағы және Батыстың басқа орталықтарындағы қайраткерлік қызметі сан түрлі әрі жемісті болғандығы соншалық, олардың бәрін санап шығу мүлде мүмкін емес.

Ол менің күткенімнің бәрінен асып түсті, далалық азиаттан нағыз халықгың көсеміне айналды. Ол өте сабырлы, әрі бірқалыпты еді, бірақ жүрегі ыстығырақ болатын, қашан да өзінің жеке басының қауіпсіздігін ойламай, жақындарына жәрдемдесуге құлшынып тұратын.

Кеңес-Герман соғысы кезінде ол соғыс тұтқындарының бір лагерінде өз батылдығымен немістер еврей деп есептеп, атуға түскен бірнеше ондаған грузин жастарын атудан аман құтқарып қалды. Ол өз өмірін қауіпке тіге отырып, кешірілмес қателікті түсіндіру арқылы үкімнің орындалуын тоқтата алды. Міне, біздің Мұстафа осындай тағылық уақытта өмір сүріп, күресе білді. Ал, сенің есімің мен идеяң қашан да біздің арамызда. Халықтарымыздың достығының символы болып қала береді…».

Міне, Мұстафа-Бей Шоқайұлының иман, парасат ұялаған көлдария жүрегін, ұлы тұлғасын осы жолдардан-ақ терең сезінуге болады.

«Ұлы төңкеріс заманы алыптар туғызады» деп еді ертеректе бір дана.  Амал не,  біздің титандар топыраштар торына яғни  Сталин заманына тап болып, қырылып қалды. Қазір бізді осы ұлт көсемдерінің өлетіндерін біле тұра, бой тасалап қашпағандығы таңғалдырады. Осындай ажал да бетін қайтара алмаған ұлы махаббат, халықты еріксіз ұйытатын асқақ рух жоқ жерде қоғам қайдан оңсын?

Сондықтан XX ғасырдың басында (1909) М. Дулатов: «… Оян, қазақ, көзінді аш, көтер басты» деп айтқандай, әлі де оянуымыз, алға ұмтылуымыз керек деп ойлаймын.

Бүгін бізге Мұстафа-Бей Шоқайұлының және онымен пікірлес, халықтың бағына туған көксерек таптың тағдырларын ойлап, опынғаннан пайда жоқ. Алтын құрсақты айналайын халқымыз ара-кідік болса да алыптарды тумай тұра алмайды. Ендігі үміт соларда. Олар ат жалынын тартып мініп, билік тегерішін қолына алып, бізді қыранша самалдатқанша, толық тәуелсіздікке жеткенше бәрібір Мұстафа Шоқайұлын егіле еске алуды қоя алмайтынымыз және ақиқат.

Көз аштырмаған қуғын-сүргінмен азамат соғысы аласапыранының, 1920-1923 және 1929-1933 жылдары аярлықпен жасалған ашаршылықтың азабынан тарихи тұрағынан тысқары жерлерді: Түркияны, Қытайды, Иранды, Ауғаныстанды, Моңғолияны, Шығыс араб елдерін, Еуропа мен Американы паналауға мәжбүр болған түркістандықтар (XX ғасырдың 30 жылдарына дейін Ресейде Қазақстан мен Орта Азияның мүсылман жұртын осылай атағанды) тайлы-тұяғы қалмай Тәуелсіздік алған 1990-1991 жылдардың арасында Шоқайұлы Мұстафаның дүниеге келуінің 100 жылдығын, һәм дүние кешуінің 50 жылдығын ардақтап атап өтті, сөйтіп, барша Түркістан ұлттарының тәуелсіз мемлекет, өз ықтияры өзіндегі ел болуын көксеген жанды өздерінің көсемі, дара батыры, Ақиқат жаршысы, Орта Азия мен Қазақстан халқының Бостандығы мен Теңдігінің жан аямас жоқшысы тұтып, оның рухына бас иді.

Президентіміз Н.Ә.Назарбаев осы жылды Тәуелсіздіктің жылдығы  деп  атау  туралы  жарлық  шығарды.   Қазақта   «өлі  риза болмай, тірі байымайды» — дегендей, тәуелсіздік жолына бүкіл ғұмырын арнаған саяси, ресми тұлға Түркістан тұтастығы үшін күресіп өткен алты алаштың біртуар ұлы М.Шоқайдың Берлиндегі мұсылман зияратындағы сүйегін Отаны Қазақстанға қайта оралту бүгінгі күн тәртібіндегі мәселе. Себебі, оның сүйегімен бірге Қазақстанға «Тәуелсіздік, Түркі елі, Түркістан тұтастығы» идеясы да орал ар еді деп ойлаймын.

Еліміздің Тәуелсіздік алуы бүрын аттарын айтуға қорқатын біртуар азаматтарды халқымен табыстырып, олардың сыр мен жұмбаққа толы өмірлерінің құпиясын ашуға мүмкіндік берді. Солардың жарқын көрінісі бүгінгі дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы ұйымдастырып отырған халықаралық конференция мен Түркістанның 1500 жылдық ұлы тойы.

Тек қазақ халқының ғана емес, иісі түркі жұртының тәуелсіздігін аңсаған, сол тәуелсіздіктің көшбасшысы, көсемінің бірі болған, алты алаштың ардағы, қазақтың біртуар перзенті Мұстафа Шоқайдың туған жері — Сыр өңірі, қазіргі Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, 1-Май совхозы. Қазір бұл кеңшар Мұстафа Шоқай ауылы деп аталады.

Тәуелсіздіктің арқасында өшкеніміз жанып, өлгеніміз тірілген кезде М.Шоқайұлының Сыр өңірінде Б.Атабаев басқарған және Алматыдан Батырхан Дәрімбет басқарған «Мұстафа Шоқай қоры» құрылған.              

Сондай-ақ жақында Мұстафа шоқай туралы жаңа кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті. Авторы – туркиялық ғалым Әбдуақап Қара. Бұл кітап оның докторлық диссертацияся негізінде жазылып, 2 бөлімнен яғни Отанындағы қызметі мен эмиграциялық еңбектері түпкілікті зерттеліп жазылған. Бұл да Шоқайтанудың бастамасы болмақ.

Оның қалдырған бай мұрасының айтарлықтай бөлігі әлі де болса көпшілігімізге белгісіз. Кешегі өткен Түркістанның 1500 жылдық мерейтойында М. Шоқайұлының Түркиядан әкелінген еңбектері біздің құқық қорғау органдары қысымымен кері қайтарылды. Оны іздестіріп, елге жан-жақты түсіндіріп, әрі терең зерттеу, оларды том-том етіп бастырып шығару және елімізде Цензураны, демократияға қарсы қысымды жоюымыз қажет. Сондықтан да оны көлденең көкаттыға жем қылмай, астанамызда Шоқайтану ғылыми-зерттеу орталығын құруды оның есімін қаламызда мектептер мен көшелерде қоюды және өзіне лайық ескерткіш бой көтеруі ісін көпшілік болып ойластыруымыз қажет. Сонымен бірге, Халық Қаһармандары Б. Момышұлы, Қ.Рысқұлбеков, тағы басқалар сияқты Мұстафа Шоқайұлына да Халық Қаһарманы атағын берсе артық емес деп ойлаймын.

Халқымыздың біртуар ұлы, бүкіл түркі әлемінің аса көрнекі қайраткерлерінің бірі Мұстафа Шоқайдың өз елімен шын мәнінде қауышуы оның рухани, ғылыми мұрасының отандастарына оралуының жан-жақты Шоқайтанудың бастамасы деп бағалағанымыз орынды.

Мұстафа   Шоқайдың   бүкілтүріктік   идеясы   мен   тәуелсіздік жолындағы еңбектері бізге қалдырған аманат. Осы аманатты, яғни Қазақстанды  толық тәуелсіздікке жеткізу,   Еуропамен терезесі тең  мемлекетке айналдыру — біздер мен сіздердің борышымыз!

Тәуелсіз ел тірегі — білімді ұрпақ!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Мұстафа Шоқай. «Түркістанның қилы тағдыры» Алматы. 1992ж, 47-151 беттер
  2. М.Шощй. Таңдамалы шығармалары I том.  Құрастырғандар Нәрібаев, Жолдасбеков.   Алматы. 1998
  3. К.Нүрпейісов. » Алаш һәм алашорда» Алматы. 1995. 143-388 беттер       
  4. Ж.Құлиев. «Мұстафа-Бей Шоқайұлы кеш бізді… » Жас алаш 2000 жыл, 28 қараша.
  5. «Жас Түркістан » журналы Алматы. 1998 ж. N2
  6. «Түркістан » журналы Алматы. 1998ж. N3
  7. К.Аманжолов. «Түркі       халыктарының       тарихы»   3-кітап   Алматы. 1999 ЖЫЛ.
  8. А.Оқтай. «М.Шоқай және түрікшілдік Түркістан» 1997. 58 бет
  9. М.Шокай, Н.Төреқүлов, Ж.Аймауытов,   Ж.Ақбаев   Нискольскаялардың есімін есте қалдыру туралы. Алматы. ақшамы-1997ж. 30 мамыр
  10. К.Нүрпейісов. «М.Шощй және Қазақстан мен Түркістанның 1917-1927

жылдардағы қоғамдық саяси  өмірі» Қазақстан тарихы, 1997. N2

  1. Т.Омарбеков. «М.Шоқайдың эмиграцияға    кетуінің кейбір мөселелері» Қазақ тарихы-1997ж. N2. 26-бет
  2. М. Қойгелдиев. «Тұтас Түркістан   идеясы   және   М.Шоқай»   Егемен

Қазақстан —1997ж. 1-ақпан

  1. А.Кәкен. «Тағы да Мұстафа Шоқай».   («Түркістан легионы» туралы).

Түркістан. 1997ж. 1-7 қаңтар

  1. Ә.Спанов. «М.Шоқайдың Маңғыстаудағы іздері» Жас алаш. 1996.   19- Желтоқсан.
  2. А.Шульгин. «М.Шоқайдың адамилылығы » Қазақ тарихы. 1996ж. N5
  3. А.Тәкенов. «М.Шоқай өмірінің кейбір қырлары»   Қазақ тарихы. 1996ж.

N5

  1. Ә.Бәкіров. «Түркістан ұлттық  итеті» (М.Шоқай туралы)  Егемен  Қазақстан. 1996. 16-қаңтар.
  2. Д.Досжан (М.Шоқай тур алы) Жалын.-1993. N5.
  3. Ә.Байшуақұлы. «Түркістан лeгионы туралы шындық» (Ғалым, демократ, қоғам қайраткері М.Шоқай туралы  Қазақ әдебиеті,   1992. 27-қараша
  4. Қ.Бекниязов. «Өз заманының озығы» Шоқайұлы туралы     (Коммунизм жолы) 1990. 13 қыркүйек
  5. А.Нүсіпхан. Шоқай  және   оның  Яш   Түркістан   журналынан     соңғы деректер. Қазақ әдебиеті. 1998. 1-мамыр
  6. Мария Шоқай. «Талықсып кетіп… оянбаған…» Қазақ тарихы. 1997 N2

45-бет

  1. О.Хасен. «М.Шоқай және оның шет елдегі ізбасарлары» Қазақ тарихы.
  2. N2. 5-15беттер
  3. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995жыл. 30 тамыз
  4. Мұстафа Шок,ай және шетелдегі қазақ зиялылары Қазақ елі. 1997 жыл. 17 қаңтар, 5-бет
  5. Мұстафа мен Мағжан (архив айғақ). Қазақ әдебиеті 1999 жыл. 5 ақпан, N6. 6 бет
  6. Ф.Әли. «Мұстафа Шоқай» Жас алаш 1997. 23-шілде
  7. Г.Көкебаева. «М.Шок,ай және түркістандық соғыс тұтқындары» Қазақ

тарихы. 1997. N2

  1. К.Нүрпейісов. «Ғасыр басындағы   ұлттық   интелегенция»   Егемен

Қазақстан. 1997. 5 желтоқсан.

  1. А.Кәкен.О «Түркістан легионы»Алматы. 2000 106-107беттер 31. «Қазақ тарихы » 1997. N2 44-бет 32. Б.Дәрімбет. «50- мақала» Алматы. 2001. 184 бет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сілтемелер

 

‘ Ә.Әлімжанов. Мұстафа Шоқай! Ол кім? Алматы, 1992, 6-бет.

1 «Жас Түркістан». Париж. 1949-50 жж. 20-бет

1 Тагеев Б.Р.»Қан төгіліп, гүл өскен алқапта» Мәскеу. Мембаспа,  1927 ж. 68-6. Жас

Түркістан. Алматы 1998. N3.

2 Народное хозяйство» журналы, N9, желтоксан, 1920. Баку. К.Аманжолов  «Түркі халықтарының тарихы » 3 кітап Алматы 1999ж.

1 Мұстафа Шоқай. Түркістанның қилы тағдыры. Алматы. 1992. 151-б.

 2 «Жас Түркістан» Мұстафа Шоқай мырзаның рухына. Париж, 1949-1950 жж.

1 ҚР – сы Орталық мемлекеттік архиві, 17 қор,1-тізім,2 -3 беттер.

2 Мұстафа мен Мағжан (архив айғақ) Қазақ әдебиеті 1999 ж. 5 ақпан N6, 6 бет.Нүрпейісов К.Ғасыр басындағы ұлттық интеллегнция. «Егемен Қазақстан» 1997 ж., 5 желтоқсан

1 Қазақстан Республикасының Конституциясы 1999 жыл 30 тамыз 1 бап

1 Жас Түркістан 1998 ж. N1 наурыз 21 бет.

1 Нүрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. А; 1995, 143-бет

2 Хаттың толық тексі Кеңес Нүрпейісовтың еңбегінде жарияланған.

3 Жас Алаш», 1996 ж., 19-желтоқсан

1 Хаттың толық тексі Кеңес Нұрпейстовтың еңбегңнде жарияланған. 233бет.

2Dr.M.Delil: Istanbul, 1942. Жас Түркістан Алматы 1997 N6                                                                        

3Dr. M.Delil; Istanbul, 1942. Жас Түркістан 1997 N 6

4 Esinin Agizindan Mustafa Gokaeogly, Yas Turkistan Vayinlari sayi: 22 Istanbul, 1972, 104 бет. Сонда

ОГПУ — Объединенное государственное политическое управление (Біріккен мемлекеттік  саяси басқарма

  1. «Жас Түркістан» журналы. А., 1988 №2

1″Жас Түркістан» журналы. А., 1998. N2

«Жас Түркістан».   Париж. «Мұстафа Шоқай мырзаның рухына», 30-бет

(«История Казахстана: белые пятна «, А., 1991. 301-6.).

(«Заман-Қазақстан», 16.05.1997)

‘ «Түркістан легионы» А.Кәкен Алматы 2000. 105-110 беттер

«Наука и жизнь» журналы. N12. 1987.        

  1. Ә.Байшуақұлы «Түркістан легионы туралы шындық. Қазақ әдебиеті. 1992, 27 Қараша.

Көкебаева Г.М. Шоқай және түркістандық соғыс тұтқындары. Қазақстан тарихы. 1997. N2.

И.А.Дугас. Санадан сызылғандар. Кеңестік соғыс тұтқындары Гитлер мен Сталин арасында. Париж, 1994, 302-303 беттер.

 1 Байшуақұлы Түркістан легионы туралы шындық. Қазақ әдебиеті, 1992, 27 Қараша .

М.Шоқай. Түркістанның қилы тағдыры. Алматы, 1992ж. 47 бет

Құлиев Ж. Мұстафа-Бей Шоқайұлы кеш бізді… «Жас алаш» газет, N143. 28-қарашада 2000, 3-бет.