АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: Нематодтардың балық организіміне тигізетін әсері

МАЗМҰНЫ                                                  бет

 

КІРІСПЕ ………………………………………………………………………………………………….4

I  ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ …………………………………………………………………….5

1.1 Балықтардың гельминтттерінің зерттелуі………………………………………………5

1.2 Нематодтардың  систематикасы,   жалпы   сипаттамасы,  құрылысы          

       және даму циклы…………………………………………………………………………………8

1.3 Суқоймалардың динамикалық – географиялық сипаттамасы…………………14

1.4 Балықтардың систематикасы және жалпы сипаттамасы………………………..16

II ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ  МЕН МАТЕРИАЛДАР ……………………………………17

III ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ …………………………………………………………………19

3.1 Зерттеу    барысында    табылған     гельминттердің    сипаттамасы, 

      морфологиясы және күресу шаралары …………………………………………………19

3.2 Нематодтарды зерттеудің нәтижелері………………………………………………….. 23

ҚОРЫТЫНДЫ ………………………………………………………………………………………31

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………………………………………..32

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 

          Қазіргі кезде нематодтардың  27000 – ден астам түрлері белгілі. Олар барлық жерде кең таралған, нематодтар тауарлық тұщы су  балықтарының паразиттері болып табылады.

          Нематодтардың балық организіміне тигізетін әсері әр түрлі. Паразиттер өздерінің фиксациялық мүшелері (сорғыштары, ілмешектері, бекінгіш аппараттары т.б.) арқылы балықтардың ұлпаларын бұзып, механикалық әсер етуі мүмкін. Сондай – ақ паразиттер балықтардың қантамырларын бітеп, дұрыс қанайналу процесін бұзады. Ішекте кездесетін паразиттер асқорыту жүйесін бұзып, қоректің өтуіне кедергі жасайды.

          Гельминттердің арасында нематодалар балықтардың ішкі мүшелерінде: бауыр, бүйрек, гонада, ішегі, торсылдағында кездеседі, яғни бұлар эндопаразиттер. Осының бәрі балық шаруашылығына үлкен әсерін            тигізеді [1].

          Бұрын нематодтар қауіпсіз деп саналған, сол үшін аз зерттелген. Қазір олардың пайда болу себебін зерттеу, ауру жұқтыруының және таралуының алдын – алу суқоймалардың балық өнеркәсібінде үлкен орын алады.

          Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

  • балықтардың морфологиялық белгілерін анықтау;
  • паразиттік құрттарды оқып, зерттеу, солардың ішінде паразитті тіршілік ететін нематодтармен әдеби, ғылыми кітаптар арқылы танысу, зертеу әдістемесін үйрену;
  • балық шаруашылықтарында интенсивті лас танудың алдын – алу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I  ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

 

 

1.1 Балықтардың гельминтттерінің зерттелуі

 

          Балықтардың парзиттері туралы бірінші мәлімет Қазақстанға                  К.И. Скрябин арқылы келіп жетті. Ол шымкентте және Әулие атада 1905 – 1911 жылдары  өзінің жұмыстарын жасай жүріп, әртүрлі жабайы жануарлардан, сонымен қатар балықтардың гельминттерін тауып үлкен колекция жасады. 1913 жылы оның әдебиеттерінде Талас өзені мен Байкал көлінен табылған балықтардың әртүрлі құрттары: сүлікғтер, цестодалар және неметодтар жөнінде айтылды [1].

          В.И. Ленин атындағы Волга – Дон каналындағы суқоймада табан балығының паразиттік  фаунасы зерттелген. Осы зерттеу яғни кішкентай суқоймаларының паразиттік зақымдандыру дертінің аса қатты өсуімен байланысты болып отыр. Үлкен табан балығының паразиттік фаунасының зақымдануы 83 %, Варвар суқоймасында 83,8%, Береславтік суқоймада          70% , Карповтікте 90,5% [2].

          А.П. Маркеевич Шу өзеніне паразитологиялық зертеулер жүргізіп, балықтардың 18 түрінен 39 паразиттік құрттарды анықтады [3].

   Кесте 1

Кіші суқоймадағы табан балығының паразитафауналық асқыну дәрежесі мына кестеде көрсетілген [7].

 

 

Паразит түрлері

Зақымдануы %

Аурудың зақымдану  қарқыны

Б

В

К

Б

В

К

Myxobolus bramae

56.6

3

20.5

2.3

1.4

6.6

Asymphylodora imitans

0

0

1.3

1.013

Caryaphyllaeus laticeps

8.9

29.6

26.9

2.0

30.2

13.8

Ligula intestinalis

6.7

1.2

14.1

1.7

1.5

1.3

Philometra opercularis

0

0

26.0

5.0

Ph. Ovata

0

5.6

9.0

3.5

7.5

Agamonema

0

0

1.3

1.0

Pisciola geometra

22.2

2.8

39.0

9.2

1.0

19.9

Glachidia sp.

0

0

3.8

2.0

Ergasilus sieboldi

37.8

21.1

34.6

4.1

5.3

4.3

Tracheliastes maculates

0

12.7

17.9

3.2

2.1

Argulus foliaceus

0

2.8

0

1.0

               

 

          Қазақстанда эндо – паразитологиялық зерттеулер маңызды рөл алады. Соның ішінде шаруашылықтық жануарлардың паразитті лабораторияларын В.А. Догель ұйымдастырған. А.Н. Қаз ССР зоология институтын атап    кеткен жөн. Қазіргі кезде ол жерде гельминттедің биологиясына ерекше  көңіл бөлуде. Қазақстан мен Орта Азия Республикаларының су қоймаларында  жүргізілген  ихтиопаразитологиялық  зерттеулер    нәтижесінде ғылыми  публикациялар саны өсті. Соңғы он жылдықта 300 – ден астам ғылыми  жұмыстар жүргізілген. оның санына 2 үлкен «Паразит рыб водоемов Казахстана» (Агапова 1966), және 2 жинақ (Болезни рыб и меры борьбы с ними» (1966, 1977) мен «Экология паразитов водных животных» жұмыстарын жатқызуға болады [7].

          Орталық Қазақстан территориясында 2 үлкен суқойма бар. Олардың бірі Нұр 1939 жылы құрылған, ал екіншісі Жезқазғандық біріншісінен кішірек, 1950 жылы құрылған. Бұл суқоймаларының ихтиофаунасы ертедегі балық негізінде құрылған. Жезқазғандық суқоймаларында 1955 жылы 320 балық түрі зерттелді. Зерттеу нәтижесінде 35 паразит түрі анықталды. Систематикалық түрі бойынша бөлінеді, яғни: қарапайымдылар, дигенетикалық сорғыштар – 9 түрі, көп генді сорғыштар – 24 түрі, нематодтар – 2 түр, паразиттік шаянтәрізділер – 4 түрі бар. Сарысудың өзенінде тек 25 түрі ғана табылды. Сарысу суқоймасында 40 паразиттік түрі табылды.

          Паразиттің қарапайым түрі тек шортан да ғана кездесті [3].

          Нематодтар «Camallanus truncates және  Rhaphidascaris acus» Сары суда және суқоймасында да байқалады [4].

          Легулез – бұл өте қауіпті балық ауруының түрі. Жыл сайын айтарлықтай балық шауашылығына зиян келтіретін ауру түрі. Легулез эпизоотиясы көбінесе ағысы жоқ жерлерде кездеседі (көл – суқоймаларда, тоғанда) [5].

          Цимляндік суқоймасын ихтиопаразитологиялық зерттеу оның пайда болғанынан бастап, яғни 1952 жылдан бастап, осы күнге дейін зерттелуде.

          Суқоймалардың пайда болуына байланысты балықтардың тіршілік ету негізі өзгеруі және де балықтардың, соның төмендеуіне әкеліп соқты. Ол сондай паразиттік фаунаға да зиянын тигізді. 1952 жылғы паразиттердің санының түрлілігі 53 – ші  жылға  қарағанда әлде қайда көбейді. Әсіресе, паразиттік шаянтәрізділер.

          Сазанның паразиттік фаунасы 5 жыл көлемінің зерттеу барысында аса қатты жоғары дәрежеде болған жоқ. Мысалға, 1951 жылдан 1955 жылдар арасында сазанның паразитафаунасының III түрі ғана кездесті. Олардың көбісі аз мөлшерде болды және де оның  % — дәрежесі аса жоғары болған жоқ. сазанның тұрақты көбінесе паразит түрі болып, «Dactylogys solibis» болды.

 

 

 

 

                                                                                                                       Кесте  2

Сазанның паразиттермен зақымдануы [7].

 

 

Паразит түрлері

 

 

1951

 

1952

1953

1955

Зақымданыуы %

Зақым-у қарқыны экз.

Зақымданыуы %

Зақым-у қарқыны экз.

Зақымданыуы %

Зақым-у қарқыны экз.

Зақымданыуы %

Зақым-у қарқыны экз.

Myxobolus sp.

0

0

6.6

1

6.6

9

Gyrodactylus elegans

0

53.4

9

20.0

1

6.6

2

Dactylogyrus anchoratus

14.8

3

26.6

2

6.6

2

0

D. solidus

0

60.0

12

33.3

3

46.6

3

Bucephalus polymorppus

0

0

6.6

1

13.3

1

Caryophyllaeus laticeps

44.5

6

0

0

0

Acanthocephalus lucii

3.7

2

0

13.3

1

0

Piscicola geometra

0

0

0

20.0

4

Ergasilus sieboldi

0

0

13.3

1

13.3

2

Argulus foliaceus

0

0

0

13.3

1

Маллюсканың глохидийі

22.2

2

 

0

0

 

 

          Дондық көксеркені зертеу барысында паразиттердің 12 түрі табылды. Бірінші  жылдары паразиттерінің келуімен бірақ асқындыру дертімен артылуы бірінші жылдары көксерке паразитінің көбеюі артты. Әсіресе «Ergasilus sieboldi» түрінің асқынуы аса артты.

          Қорыта келсе, Цимляндік суқоймасын 5 жылдық зерттеу барысында мынадай ерекшеліктер байқалады:

  1. Паразит–түрінің аздығы, бірақ асқындыру дәрежесінің жоғарылығы;
  2. Олардың асқыну барысының қарапайым жолмен еместігі;
  3. Паразиттердің яғни, балықтардағы адамға зияны жоқтығы;
  4. Паразиттердің түрінің төмендеуі, бірақ «Ergasilus sieboldi» түрінің өсуі;
  5. Табан балығында лигулездің мүлдем жоқтығы;
  6. Паразиттердің көптеп кездесуі [6].

1963 жылы Бұқтырма су қоймасында негізінен балықтардың 17 түрі тіршілік етсе, солардың денелерінде 48 парзиттердің түрі тіршілік етеді екен. Негізінен тоған шаруашылығында және балық шаруашылығында паразиттерге және паразиттік балықтарға көп көңіл бөлді. Алматы тоған шаруашылығында құнды материалдар  мен  паразиттік фаунаның тоғандық балықтарын зерттеушілер аулаға берді [7].

 

  1. 2 Нематодтардың систематикасы, жалпы   сипаттамасы,  құрылысы

және даму циклы.

 

Систематикалық жағдайы (К.Ә. Дәуітбаева бойынша)

 

Тип: Nemathelminthes немесе Ashelminthes

Класс: Nematoda

1 класс тармағы: Adenophorea

1 отряд: Chromadorida

2 отряд: Enoplida

2 класс тармағы: Secernentea

1 отряд: Ascaridida

2 отряд: Rhabditida

3 отряд: Spirurida 

 

Нематодтар – жұмыр паразиттік құрттар. Нематодтар түр саны жағынан (2700 – ден астам), кеңістікке таралу сипаты жағынан да ең жоғары тұрған топ. Мұхиттар мен теңіздердің түбінде, тұщы суда, топырақ астында еркін қозғалып тіршілік етсе, паразиттік түрлері балықтар мен жануарлардың барлық мүшелерінде кездеседі. Нематодтардың дене мөлшері мен формасы (пішіні) эволюция барысында түрлі тіршілік бейімделу нәтижесінде қалыптасқан.

Грек тілінде «nematoz» — жіп деген мағына білдіреді. Бұлардың денесі жіп тәрізді созылыңқы, цилиндр немесе ұршық тәрізді болып, ұштарына қарай сүйірлене түседі.

  Еркін тіршілік ететін нематодтар ұсақ, ұзындығы 1 мм – ге әзер жетеді, ал паразит түрлері ұзын болады. Мысалы, жылқы аскаридасының (Parascaris lgurum) ұзындығы  37 см,  Placentonema gigantissma – ның ұзындығы 8 метр. Денесінің алдыңғы ұшында аузы, артқысында аналь тесігі орналасқан және денесін бойлай төрт жолақ (екеуі бүйірінен, екеуі арқа және құрсақ денесінбөлімдерінің ортасынан) таралымдар өтеді.

Нематодтардың денесі қалың кутикула қабығымен қапталған. Кутикула (латынша  cuticula – қабыршақ) клеткалық құрылысы жоқ, эпителий клеткаларынан бөлінетін тығыз қабықша. Құрамындағы белок пен минералды заттар және сақиналы әрі ұзынша келген тарамдары оған механикалық беріктік береді де, оны созылғыш етеді. Кутикула (сомдық) дене бұлшықеттерге тірек бола тұрып, нематодтардың өзіндік сыртқыц қаңқасын құрайды да денені механикалық жарақаттаудан, улы заттардың әсерінен сақтап, қорғайды [8].

Кутикуланың астында орналасқан гиподерма қабаты клеткалы немесе синцитиялы (клеткалардың қосылуынан туған плазмалық қатар) құрылысты болып келеді. Денесінен өтетін төрт таралымына (сызғыш гиподерма ішке қарай төрт ойық (білеу) құрайды.

Гиподерманың астында бір қабаттан тұратын ұзына бойы бұлшықеттері жатады. Олар тұтас қабат құрамай гиподерманың төрт ойығына сәйкес төрт таспа (лента) тәрізді жіктеліп, бөліп жатады: екеуі бүйір, екеуі арқа құрсақ бөлімінде.

Нематодтардың денесі арқа құрсақ бұлшықеттерінің қарама – қарсы кезектесе жиырылып серпілуінің нәтижесінде дорзо – вентральды бағытта ғана иіле алады және құрт оң немесе сол жақ бүйірімен қозғалады.

Әрбір бұлшықет клеткасы ұзын ұршық тәрізді болып, жиырылғыш және цитоплазмалық аймақтан, сонымен қатар нерв бағаналарына бағытталған плазмалық  өсінділерден тұрады. Бұлшықет клеткасының жиырылғыш аймағында миофибриллдер, ал цитоплазмалық аймақта ядро, митохондриялар, гликоген гранулалары, тірек талшықтары, басқа да органеллалары орналасқан. Плазмалықнемесе иннервациялық өсінділері орталық нерв жүйесінің қозу толқыны (импульсін) қабылдап, бір бұлшықеттен екіншіге өткізеді. Сонымен нематодтардың бұлшықет клеткасы жиырылғыш қызыметінен басқа, қозуды өткізу қызметін де атқарады.

Бұлшықет клеткаларының саны бойынша нематодтарды меромиарлы және полимерарлы деп екі топқа бөледі. Меромиарлы топтағы нематодтардың бұлшықет клеткаларының саны – 8 ден аспайды, бұларға ұсақ түрлері жатады, ал полимерарлылардың клетка саны ондаған және жүздеген, бұларға ірі нематодтар жатады.

Тері – бұлшықет қапшығымен ішектің арасында протоцель немесе схизоцель деп аталатын денесінің алғашқы реттік қуысы орналасады.

Бұл қуыстың өзіндік қабырғасы жоқ және іші сұйық затқа толы. Сұйық зат денені кернеп, оның жұмырлылығын тұрақты түрде сақтайды. Алғашқы реттік қуыс дененің тірегі бола тұрып, зат алмасу процесіне де қатысады. Дене қуысы арқылы қорытылған заттар ішектен бұлшықеттерге, ішкі мүшелерге, ал зат алмасудың қалдық өнімдері зәр шығару мүшесіне ауысады. Осылайша дене қуысы организмнің ішкі ортасы болып келеді. Паразитті нематодтардың дене қуысында түссіз сұйыққа толы клеткалар топтасып жатады, жалпақ құрттардың паренхимасына ұқсас. Қуыстың сұйық затында валериан, капрон қышқылдары бар, сондықтан да олар улы [9].

Асқорыту жүйесі ұзына бойы созылған тік түтік тәрізді, алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Ауыз тесігі дененің алдыңғы ұшында орналасып көпшілік жағдайда ерекше өсінділер – еріндерімен қоршалған: арқа және бүйірлік. Ауыз тесігімен (стома) жалғасады. Ауыз қуысының құрылысы әртүрлі. Нематодтардың жануарлар паразиті болып келетін (зоопаразит) өкілдерінің ауыз қуысында кутикулярлы тіс өсінділері болады, ал өсімдік паразиттерінің (фитопаразит) ауыз қуысы сорғыш мүшеге стилитке айналған. Стилит ауыз қуысында арнайы бұлшықет – протроракторлар арқылы қозғала алады. Топырақта және суда тіршілік ететін жыртқыш нематодтар да стомалық қуыс найзамен немесе қозғалмайтын өсінділер – онхамен қаруланған.

Ауыз қуысы өңешке ұласады. Өңеш үш алдыңғы бөлімі қалың, бұлшықетті, артқысы безді. Өңештің кеңейген бөлімі бульбус деп         аталады. Көпшілігінде бульбусы екеу: ортаңғы (метакорпальды) және             артқы (кардиальды). Кардиальды бульбустың үккіш аппараты жақсы      дамыған  [8].

Өңештің ортаңғы ішекке жалғасатын жерінде ерекше өсінді            (Cardium) болады. Ол  ортаңғы  ішекке еніп жатады  да , ішек  ішіндегі  қоректік  заттардың өңешке қарай кері қайтуына тосқауыл жасайды.

Нематодтардың ортаңғы ішегі эндодермальды, қабырғасы бір қабат эпителиальды клеткалардан құрылған, оны жұқа базальды жарғақ қаптап тұрады. Ортаңғы ішектің алдыңғы бөлімі кеңейіп, «қарыншық» немесе жұтылған қоректің резервуары қызметін атқаратын – proventriculus түрінде дамыған.

Ректум деп аталатын ортаңғы ішек артқы ішекке жалғасып ал аналь тесігі  арқылы сыртқа ашылады. Нематодтардың алдыңғы және артқы ішегі эктодермальды және оларды тығыз кутикула астарлайды.

Кейбір нематодтардың асқорыту жүйесі қоректенуіне байланысты әртүрлі деңгейде редукцияға (кері өзгеріске ұшыраған). Мысалы, филяриялардың (Filaria) артқы ішегі тұйықталып, аналь тесігі болмайды, трихинеллаларда өңеш үлкен клеткалар жиынтығы түрінде дамыған, ал мермитидаларда өңеш жойылған.

Еркін тіршілік ететін нематодтар ұсақ организмдермен, паразитті нематодтар өз иесінің сөлімен, ұлпасымен, ал кейбіреулері иесінің қанымен қоректенеді.

Сондай – ақ кейбір фитонематодтарда ішектен тыс асқорыту процесі байқалады. Стилеттің  көмегімен құрт өсімдік ұлпасына асқорыту безінің ферментін бүркеді, сондықтан асқорытудың алғашқы кезеңі организмнен    тыс жерде өтеді. Жартылай қрытылған қоректік заттар нематода ішегіне стилит арқылы түседі.

Зәр шығару жүйесі.

Нематодтарда кірпікшелерінің жойылып кетуіне байланысты протонефридиялы зәр шығару  жүйесі де жойылып, зәр шығару қызметін мойын безі ренета деп аталатын бір клеткалы тері (гиподермальды) бездері және фагацитарлы клеткалар атқарады..

Мойын бездері екі типті болады: шомбал және тармақталған. Еркін тіршілік ететін нематодтардың ерекшелігі – мойын безі денеде бойлай орналасқан екі бүйір экскреторлы түтікшелерден құралған. Түтікшелердің артқы ұшы тұйықталып бітеді, ал аалдыңғы ұштары бірігіп ортақ түтікке айналады да, ал сыртқы зәр шығару сакңылауымен ашылады. Бірқатар түрлерінде экскреторлы жүйенің бір бұтағы жойылып (көбіне оң жақтағысы), сол жақ түтігі өте жақсы дамыған.

Түтіктер арқылы денедегі несеп заттар сыртқа шығарылады [9].

Сонымен қатар, фагацитарлы клеткалар деп аталатын жұлдызша клеткалары бар. Ол зат алмасудың соңғы  әртүрлі ерімейтін қалдықтарын және денеге енген бөгде заттарды, мысалы, бактерияларды өздерінің бойына тартып алады. Жиналған заттар сыртқа шығарылмайды, сондықтан бұл клеткаларды «жинақтау бүйректері» деп  те атайды. Олар гиподерманың бүйір білеулерінің бойымен дененің алдыңғы үштен бір бөлігіндегі дене қуысында орналасқан [15].

Жылқы аскаридасында (Parascaris equorum) фагацитарлы клеткалар төртеу. Егер тәжірибе  жүзінде, аскарида денесінің қуысына шприцпен сепия, кармин т.б. бояулар жіберілсе, бірнеше сағаттан соң олар фагацитарлы клеткаларға жиналады.

Қан айналу және тынысалу жүйесі —  нематодтарда болмайды. Еркін тіршілік ететін түрлері  бүкіл денесі (терісі) арқылы тыныс алады, ал эндопаразитік нематодтарда тынысалу процесі анаэробты, яғни оттегі жоқ жерде гикогеннің ашуы арқылы іске асады. Гликоген қоры жұмыр құрттарда белгілі бір жолмен гиподермада жиналады. Гликогеннің  анаэробты ыдырау нәтижесінде түзілген соңғы өнімдері – органикалық қышқылдар, соның ішінде май және валериан қышқылдары қуыс сұйықтығында жиналып, улы, күйдіргіш затқа айналады. Сондықтан құртты сойғанда өте мұқият және абай болу керек [8].

Нерв  жүйесі және сезім мүшелері – қарапайым құрылысты. Біріншіден, нерв жүйесі тұтасымен гиподерма қабатында теріге жақын орналасқан, екіншіден күрделі ганглиозды клеткалар жүйесі дамымай нерв клеткалары бағаналарымен байланыса жекелеген (ганглиаларды құрмай), тек құсақ нерв бағанасының ұзына бойында нерв клеткалары шоғырланып, «құрсақ тізбегін» құрып дамыған.

Нерв жүйесінің орталық бөлімін – жұтқыншақ маңындағы нерв          сақинасы  құрайды. Ол  нерв   талшықтарынан  (нейрофибрилдермен)        түзілген және нерв клеткаларымен тығыз байланысты. Нерв сақинасынан басының ұшына қарай алты қысқа және артқа қарай алты ұзына бойы созылған нерв бағаналары тарайды: құрсақ (вентральді), арқа (дорзальды),  екі бүірлі (латеральды). Осы алты нерв бағаналарының екеуі құрсакқ (вентральді) және арқа (дорзальды) – күшті дамыған (әсіресе құрсақ бағанасы). Олар бір – бірімен денесінің бірде сол, бірде оң жағынан кезектесіп орналасқан жіңішке жарты сақина тәрізді комиссуаралар арқылы байланысып, арқа – құрсақ тізбегін құрайды [15].

Арқа бағанасы арқа – бүйір бөліктерінің бұлшықеттерінің, ал құрсақ бағанасы құрсақ – бүйір бұлшықеттерін және өңеш пен ішекті иннервациялайды (нервтендіреді). Алдыңғы алты қысқа нервбағаналары сезім мүшелерін және бас папиллаларын, амфидаларын, қылтаншаларын, жарық сезгіш клеткаларын нервтендіреді [9].

Қалыптасқан нерв жүйесі жұмыр құрттардың личинкасыныңекінші сатысында да кездеседі. Түрлі экологиялық топтарды құрайтын жұмыр құрттардың   нерв жүйесі (аздаған өзгерістермен) толық сақталған, осының нәтижесінде бүкіл нематодтардың филогенетикалық байланыстарының бар екендігін дәлелдеуге болады.

Топырақта және паразиттік тіршілк етуіне, тесу, қазу, қозғалысына байланысты нематодтардың сезім мүшелері өте нашар дамыған.               Тітіркенуді қабылдайтын үш түрлі рецепторлары бар:тері сезу  (тангорецепторлар), химиялық заттарды сезетін (хеморецепторлар) және жарық сезетін (фоторецепторлар). Бірінші топ – қылтаншалар, папиллалар бурсальды қанаттар, екінші – амфидалар, фазмидалар, гиподермальды поралар (саңылау), үшінші жарық сезгіш клеткалар. Рецепторлы мүшелер дененің бас, құйрық (каудальды) және жыныс мүшелерінің (гениталий) бөлімдерінде шоғырланған.

Қылтаншалар мен паллилалар (кутикуланың кішкене бүршікті төмпешіктері), ауыз тесігінің, еріннің айналасында екі – үш қатар  орналасқан. Бұларға  нерв тамырлары тығыз жанасып жатады. Аталық түрлерінде денесінің артқы жағында, аналь тесігінің маңындағы папиллалар жақсы дамыған. Осылар арқылы шағылыс кезінде аналық жыныс тесігін тауып алады [8].

Тіршілік етуіне байланысты, теңіз және тұщы суда еркін тіршілік ететін түрлерінде қылтаншалар, ал сапрабионт субстратында  (органикалық заттардың ыдырап, шіріген жері) топырақта және паразиттік түрлерінде папиллалар арқылы нематод иесінің тканіне тереңірек ене алады.

Бас бөлімінің екі бүйір жағында химиялық сезгіш мүшелері – амфидалары, жатады. Олар терінің батыңқы жері, нервтермен жабдықталған және әртүрлі пішінді, қалта тәрізді, имек, спираль, саңылауы, жұмыр. Амфидалар аталық түрлерінде ерекше жақсы дамыған және олардың жәрдемімен аналықтарын табады[8].

Фазамидалар немесе бір клеткалы құйрық бездеріқұйрық бөлімінің екі бүйір жағында орналасқан. Олар ерітінді күйіндегі химиялық заттарды сезеді.

Теңізде тіршілік ететін нематодтардың  кейбір түрлерінде көзшелер немесе жарық сезгіш пигментті дақтары болады. Кейде оның пигментті бокалы және кутикулалы линзасы ажыратылған.

Жыныс жүйесі.  Нағыз жұмыр құрттар негізінен дара жыныстылар және жыныс деморфизмі айқын байқалады. Аталықтары ұсақ, жіңішке, денесінің соңғы ұшы құрсақ жағына иіріліп (қайырылып) келген. Аналықтарының  денесі  ірі, жуан, созылыңқы [15].

Жыныс жүйесі түтік пішінді, дене қуысында орналасқан, аналығында жұп күйінде сақталса, аталығында түтіктерінің біреуі редукцияға ұшырап,  тақ болады. Аскарида аналықтарының жыныс мүшесі өте жіңішке, жіпше    тәрізді, жұп жұмыртқа безінен басталады. Оның қабырғасы бір қабатты           эпителий клеткаларынан, ортасында ерекше рахис деп  аталатын кіндік желі          немесе овациттердің (жұмыртқалардың) өсу аймағы орналасқан. Рахистің төңірегінде жыныс клеткалары қалыптасады. Жұмыртқа безі біршама жуандау ескі жұмыртқа жолына  ауысып, олар одан да жуан екі жатынға жалғасады. Екі жатын қосылып, жіңішке  қынапқа айналады да  жуан екі жатынға жалғасады. Екі жатын қосылып жіңішке қынапқа айналады да, ол дененің алдыңғы құрсақ   жақ бөліміне жыныс тесігімен аяқталады [9]. Аталықтарының жыныс (аталық) безінен басталады. Ол  біршама жуандау аталық жолына ауысып, ұрық көпіршігіне жалғасады. Көпіршіктің артқы жағы жіңішкеріп, жұқа бұлшықетті түтікшеге немесе тұқым шашқыш өзекке айналады да, ол  артқы ішекке ашылады (аналь тесігінің алдында). Осы жерге ерекше  жұп шағылысу қалтасы ашылады. Онда көбіне екі немесе одан да көп кутикулярлы ине немесе спикулалары орналасқан. Спикуланың ұштары сыртқа шығып, шағылысу кезінде көмекші мүше ретінде қызмет атқарады. Көптеген нематодтарда спикулаларға қосымша копулятивті бурсалары дамиды. Олар құйрық бөлімінің  екі бүйірінде орналасқан, кеңейген және қалыңдаған қанат түрінде өсінділер. Бурса және спикулалары шағылысу кезінде аналығына бекіну ретінде қызмет атқарады. Сперматозоидтарының талшығы болмайды, олар жалған аяқтары арқылы амеба тәрізді қозғалады. Жынысты жолмен көбейеді.

Дамуы. Жұмыртқалар жатынның ішінде ұрықтанады. Нематодтардың көпшілігі жұмыртқа салады, сонымен қатар тірідей туатын түрлері де кездеседі (Trichinella туысынан). Тіршілік циклі қарапайым, ұрпақ алмасуы болмайды. Бірақ, кейбір түрлерінде, мысалы, бақа өкпесінде паразиттік тіршілік ететін Rhabdias fufois  — тің дамуында гетерогония байқалады (екі түрлі ұрпақтың пайда болуы).

Нематодтардың эмбриональды дамуына детерминативті бөлшектену, бөлшектенудегі жұмыртқаның билатериальды құрылысы және жыныс бастамасының ерте ерекшеленуі тән.

Детерминативті бөлшектену екі бластомер кезеңінен басталады, яғни ұрықтанған жұмыртқа екі блостомерге бөлінеді: біріншісі сомотикалық (мүшелік) S, екіншісі – жыныстық Р, (бовери ұсынған система бойынша  бластомеральды әріппен белгілейді). Ішіндегі ірісі S, эктобласт болып саналатын – эктодерманың түзіндісі, ал екіншісі Р, — жыныс бастамасы, сонымен қатар  басқа да мүшелердің негізін қалаушы, яғни энтодерманың, мезодерманың түзіндісі. Екінші бластомер келесі бөлінулердің бірінде сомотикалық бастамадан арылып, таза жыныс бастамасына айналады. Детерминацияға байланысты әрбір жеке мүшелер құрамындағы клеткалар саны тұрақты. Мысалы, Шенберг ұсақ нематоданың бір түсінде 68    бұлшықет, 200 нерв, 120 эпидермальды және 172 ішек клеткаларының санын анықтаған. Солсияқты  ірі түрлерінде де клетка тұрақтылығы сақталады. Осыған байланысты нематодтардың  регенерациялық қабілетінен айырылған.

Нематодтардың жұмыртқалары тығыз қабыршақпен қапталған. Жұмыртқадан сыртқы пішіні ересек формасына ұқсас личинка шығады. Личинка өсуімен дамуында төрт рет түлейді, бұл кезде ескі кутикула тасталып, жаңасы түзіледі [9].

 

1.3 Суқоймалардың динамикалық – географиялық сипаттамалары

 

Қапшағай суқоймасы – Іле өзенінің бойында, Алматы облысы жерінде, Қапшағай су электр бекетін салуға байланысты жасалған. Қапшағай суқоймасы  1970 жылы  құрылған.  Ауданы  1847 км,  ұзындығы  187 км,   ені – 23 км,  орташа тереңдігі 15 м, ең терең жері 46 м. Су жиналу көлемі                  113 мың км2. суқоймада балықтың  26 түрі (ақмарқа, мөңке, тұқы, табан балық т.б.) кездеседі. Олардың ішінде 16 түрінің кәсіптік маңызы бар. Жылына 2 мың тоннадай балық ауланады.

Суқойманың жоғарғы бөлігінде күшті бағыттағы жел байқалады. Судың тоуы мамыр айының аяғынан тамыз айының аяғына дейін созылады. Интенсивті өңдеу қыста ГЭС тан электро энергия беруге қажеттілік туғанда жүзеге асады. Жалпы деңгейлік режимі балық өндіруге қолайсыз, себебі   сәуір – мамыр  айларында суқойманың деңгейі тұрақты немесе төмендейді. Бұл мәліметтерден пестицидтердің орналасуы локальды екенін көбінесе Іле, Шелек, Есік, Қаскелең өзендерінің сол жақ ағыстарының әсер ететінін бакйқауға болады. Іле өзені суқоймаға жылына 1543 км 10 м қалдық алып келеді. Бұл суқойманың жоғарғы бөлігінде  гидрологиялық тордың үздіксіз құрылып тұруын шақыратын күшті фактор болып табылады. Қапшағай суқоймасының гидрологиялық режимі және таксикологиялық жағдайы жайлы мәліметтер Қапшағай суқоймасына көктем мен күзде жүргізілген гидрохимиялық параметрлерді зерттеу кезінде гидробионттар үшін гидрохимиялық режимі қолайлы екені дәлелденді.

Су қойманың гидрохимиялық көрсеткіштерінің режимін қалыптастыруда Іле  өзенінің ағысы маңызды рөл атқарады. Гидрофизикалық (мөлдірлігі, температура, рН)  жәнек гидрохимиялық параметрлерге (органикалық), биогенді заттар т.б.) өзен суларының әсерін жылдың барлық мезгілінде суқойманың жоғарғы бөлігінде бақылайды. Өндірістік аудандарда гидрохимиялық және таксикологиялық көрсеткіштерінің таралу ерекшеліктерін қарастырып келесі нәрселерді көруге болады.  Судың минимальды мөлдірлігін көктем айында – 0,3 м, ал күзде 0,7 м. Су ағысының ашық бөліктерінде судың мөлдірлігі жоғары 40 -45м, рН көлемі 8,1 – ден 10 – ға дейін өзгереді, яғни әлсіз сілтілі реакциясы болады. Оттегінің канцентрациясы қалыпты қаныққан, көміртегі диоксиді жоқ. органикалық қанттардың құрамы жоғары емес. Маусымға байланысты 1,6 – дан 4,8 мг/дм дейін өзгереді. Су гидробионты – кальций құрамымен сипатталады.  Биогенді заттар су формаларының дамуы үшін жеткілікті. Күз айында биогенді заттар төмендейді [16].

  Алакөл көлі – Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының аумағында орналасқан тұйық көл. Ол 12 -19 ғасырларда  Гурге – нор (монғ. Көпір – көл), кейін Алакөл, Алатеңіз, Алақта деп аталған. Батыстан шығысқа қарай  созылып жатыр, көл теңіз деңгейінен 247,3 м абсальютті биіктікте орналасқан.

Алакөлге 15 — тен астам үлкенді – кішілі өзендер құяды. Алакөл суында бром мен фтор көп. Алакөл көлінен сазан, көксерке, алабұға және шамай ауланады судың үстіңгі қабатының температурасы 2 – 280 С аралығында болады. (шілде, такмыз айларында) ал 35 – 37 метр тереңдікте 6 – 80 С – тан аспайды [18].

Атырау – Жайық өзені.

«Атыраубұлақ» балық аулаумен және оны өңдеумен шұғылданатын Қазақстандағы ең ірі кәсіпорын. «Лицпромстрой» цехы (1931) Гурьев балық консерві коминатты (1933) негізінде құрылған. Жаңа уылдырық цехы, айлақ жолы салынып, қуатты крандар орнатылды. 9 жүзбелі уылдырық зауыты жұмыс істейді. Мұнда уылдырық пен балық өнімдерін шығаратын автоматта және кешенді механикаландырылған желілер бар.

1977 жылы «Ракушка» кентінде қазақстанда алғаш рет, жылына 3 млн. бекіре тұқымдас балық шабақтарын өсіретін зауыт іске қосылды. Батыс Еуропа, Таяу шығыс т.б. елдерге өзе өнімдерін шығарады. Жайық – Каспий алабындағы өзен жалпы ұзындығы – 2428 км 2. жайық өзенінен бекіре, шоқыр, майшабақ, көксерке, каспий  қаракөзі, табан, сазан, жайын            ауланады [20].

Орал өзені – Орал балық комбинаты тамақ өнеркәсібі орны. 1930 жылы балық аулайтын артельдерді біріктіру негізінде құрылған. Негізнен балық аулаумен және оны өңдеумен, сондай – ақ тоғандарда балық өсірумен айналысады. Комбинатта  жылына 1200 – 1300 т. балық ауланады, 400 т. балық кептіріліп ысталады. Балық негізінен Шалқар, Жалтыркөл, Қамыс – Самар көлдерінен және Жайық өзендерінен ауланады [21].

Сырдария өзені  Жалпы көлемі 462000 км Қазақстан территориясына тармақсыз өзі ғана келіп құяды.

Тянь – Шань тауындағы қар және мұздықтан басталатын Нарын және Қарадария өзендерінің қосылысқан жерінен Сырдария басталады. Бұл екі өзеннің ішіндегі ең суы молы – Нарын. Нарын мен Сырдария  2000 км – дей жерге қосылып ағады. Сырдарияның Моғолтау жотасынан жазықтыққа шыққан жерінде «Фархад» су  электр станциясы орналасқан. Сырдария Қазақстан территориясын бойлап тағы 1000 км жерге ағып барып, Арал теңізіне құяды. өзеннің жылдыө орташа су ағысы жоғарғы арнасында секундына 600 – 700 м болса, ал төменгі жағында 500 м —  ге жетеді.

Сырдария өзені – Орталық Азиядағы ірі өзендерінің  бірі. Жалпы  ұзындығы  2219 км суының орташа температуралы  жаз айларында 23 – 250 С. (кейде 290  — қа дейін көтеріледі).

Өзенде  — сазан, көксерке, табан, ақмарқа, қаяз, жайын т.б. балықтар бар.

 

1.4 Балықтардың систематикасы және жалпы сипаттамасы

 

Систематикалық жағдайы (О.Н. Бауер бойынша)

 

Тип: Chordota –  Хордалылар

Тип тармағы: Vertevrata — Омыртқалылар

        Бөлім: Gnathostomata — жақтылар

        Класс үсті: Piсes — Балықтар

Класс: Osteichthyes – Сүйекті балықтар

Отряд үсті: Cyprinimorha – Циприноидтар

Отряд: Cypriniformes – Тұқытәрізділер

 

Тип: Chordata

Класс: Pisces

Отряд:Cuprinidae

Тұқымдас:Cuprinidae

Туыс:Cyprinius

Түр:C. caprio

 

Тип: Chordata

Класс: Pisces

Отряд:Cypriniformes

Тұқымдас: Cuprinidae

Туыс:  Abramis

Түр: A . brama

 

Тип: Chordata

Класс: Pisces

Отряд: Cupriniformes 

Тұқымдас: Cuprinidae

Туыс: Rutilus

Түр: R. runilus

 

Тип: Chordata

Класс: Pisces

Отряд: Cupriniformes

Тұқымдас: Cuprinidae

Туыс: Aspius

Түр: A.aspius

Отряд: Cypriniformes – Тұқытәрізділер

 

Отряд өкілдерінің пішіні майшабақтәрізділерге өте ұқса,  олардан айырмашылығы «Еламан» (Вебер аппараты) сүйегінің болуы. Денесін әдетте, циклойдты қабыршақтар жапқан немесе жалаңаш болады. 2900 – ден артық түрлері бар. Оның құрамына 3 отряд тармағы кіреді. Соның ішінде Қазақстанда Cyprinoidei  отряд тармағының өкілдері тіршілік етеді. Бұлардың көпшілігі тұщы суларда мекен ететін балықтар. Олардың астыңғы және үстіңгі жақтарында тістері болмайды, оның есесіне желбезек доғасының соңында жақсы жетілген шайнағыш тістері болады. Денесін қабыршақ жапқан, тек кейбір түрлерінде жалаңаш, басында да қабыршақ болмайды, май қанаты жоқ, ауызы азды – көпті болса да созылмалы және көпшілігінде мұртшалары болады; торсылдағы 2 немесе одан да көп бөлшектерден тұрады.

 

Тыран – ұзындығы 47 см, салмағы 2,44 кг дейін жететін кәсіптік балық.

Мөңке – ұзындығы 38 см, салмағы 3,2 кг дейін жететін кәсіптік балық.

Сазан – ұзындығы 77 см, салмағы 2,5 кг  дейін жететін кәсіптік балық.

 

 

Cyprinus  carpio – Сазан   балығы   Қара теңіз,  Каспий  теңізінде, Арал   теңізінде кең  таралған.

Аузы  төменгі  ауыз,  түсі  сұрғылт  тіршілік  етуіне  байланысты  болады.

Арқасы қою, құрсағы  ашық түсті. Сазан 3 – 4  жасында  жыныстық жетіледі.  Уылдырығын  порциялап шашады.  Уылдырығын  су  температурасы  17 – 18 С  — да   сәуірдің  соңы  мен   мамырдың  басында  шашады.  Сазан   балығы  шаруашылықта   маңызды  орынға  ие.  Негізінен  құнды  балық  болып   саналады.  Табиғи  жағдайдағы    басты  қорегі —  насекомдардың   личинкалары   хирономидтер, зоопланктонмен,  макрофиттермен,  детритттермен   қоректенеді. 

Abramis brama   Каспий   фаунистикалық  комплексінде  кеңінен  таралған.  Қазақстанда  тыран   балығы  абопиген  болып   табылады.  1949 жылы   тыран  Балқаш —  Іле   бассейндеріне, 1959- 1964  жж  Зайсан,  Бұқтырма,  Өскемен,  Ертіс  суқоймаларына,  1958 Талас,  1959 – 1965 жж Көкшетау  өзендеріне,  1960 – 1962 жж Солтүстік   Қазақстан   суқоймаларына,  1965 – 1966жж Целиноград  аймағыны,  ал дәл   қазіргі  кезде Республикамыздың   барлық   аймағына  таралған.  Тыран   балығының  түсі  сұр,  ересек   түрлерінің  түсі  қола  түстес.   Денесі  биік екі  бүйірінен  қысыңқы.

Қазақстан   суқоймаларында   тыран уылдырығын   порциялап   шашады.  1 – 2  жасында   жыныстық   жетіледі.  Уылдырығын  сәуірдің   аяғы  мен  мамырдың   басында  су  температурасы  11 – 147 С  шашады.  Бентостық  организмдермен  қоректенеді ( хирономид,  бүйірімен  жүзуші  шаяндар,  молюскалар). Сонымен  қатар  өсімдіктермен,  планктонмен  қоркектенеді.  Тыранның   шаруашылықққа  деген  маңызы   зор.  Бұл   Қазақстандағы  суқоймаларының  негізгі  өндірістік маңызы  бар   балықтардың   бірі.  Аз   ған  уақыттың  ішінде  Қазақстанның  барлдық   суқоймаларына   оңай  жерсендіріледі.

Rutilus rutilus  торта  балығының   тұщы  су  және  жартылай  өтпелі    формалары  бар.  Торта  балығының   ұзындығы  72 см – ге  дейін,  массасы 200 г —  8 кг – ға  дейін.  Торта  балығы  Қазақстанда  Еділ және  Орал бассейндерінде сондай  — ақ Үлкен және Кіші   Үзенде, Мухор, Кушум суқоймаларында мекендейді.

Кәдімгі  торта Европаның  ТМД    және  Сібір   бөлігінде  таралған. Ұзындығы негізінен 30 см- ге  дейін, кейде  одан да  көп,  массасы 200- 800 г  үйір  құрайтын  балықтан   болып  табылады.  Жартылай   өтпелі   және   тұрғылықты    форманы  құрайды. Жыныстық   жетілуі  3 – 5 жаста.  Өрістеуі  сәуір – мамыр  айларында  жүреді. Уылдырығын  өсімдіктерге  шашады.  Тұқымдылығы  2,5 – 100 мың уылдырық. Планктон  және  бентоспен  қоректенеді. Жергілікті  кәсіптік  маңызы  бар  балық   болып   табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН МАТЕРИАЛДАР

 

 

Нематодалар – бұл тұщы су балықтары паразиттері топтарының ішіндегі жиналуы мен зерттелуі қиын түрлердің бірі. Жалпы нематодалар бойынша материалдакрды жинау мен өңдеу әдісі СССР Б.Е. Быховскиймен құрастырылып, басқа зерттеушілермен толықтырылған. Жалпы нематодаларды зерттеу әдісін толықтырған нақты мәліметтерді (Роскин 1951, Ромейс 1953 т.б.). инструкциялық  сипаттамаларын аламыз [13].

  1. желбезегі топырақтан тазартылған тірі балықты аламыз. Бұл үшін маусымдық динамика бойынша кем дегенде 15 балық зерттелуі керек. Жастары бойынша апта сайын 25 – шабақ, бір жылдық балықтардан айына 15 экземпляр зерттеледі. Зерттеу үшін балықты денесінен емес, желбезегінен қарау керек. Себебі денесіндегі көптеген паразиттерді алып тастауымыз мүмкін. Алған балықтың қозғалысын арқа жағынан омыртқасын қайшымен кесу арқылы тоқтатамыз.
  2. Ірі нематоданы іздеу үшін балықтың бауырын, бүйрегін, торсылдағын лупамен қараймыз. Ал ұсақ балықтармен жас түрлерін бинокулярмен қараймыз. Дене бетінің әрбір жерінен шырыштар соскобын жасап, бинокуляр астындағы шыныда қараймыз. Балықтардың тері жамылғысымен соскоптарын жақсылап зерттеу ішкі мүшелеріндегі паразиттерді анықтау үшін ғана емес, кейбір түрлерінің тіршілігінің ішкі мүшелік стадиясын анықтау үшін де қажет. Мұндай жағдай бастапқы кезде балықтардың жас түрлеріне ғана тән болған, қазіргі кезде ол жағдай ересек түрлерінде де байқалатыны дәлелденген [11].
  3. Жүзу қанаттарын кесіп алып бинокуляр астында қараймыз. Скальпельмен бүйірлік линия каналдары мен мұрын тесіктерінен соскоб жасаймыз. Алынған особьтарды бинокуляр астында қараймыз. Бинокуляр астында байқалған құрттарды өте жұқа пипетка арқылы әрбір тіршілік ету аймағынан шыны ыдысқа саламыз. Ұсақ құрттар мен олардың жұмыртқаларын зерттеушілер жұқа шыны түтікшелерден жасалған пипеткалармен алады.
  4. Желбезектерді тірі балықтан қан құйылмайтындай етіп кесіп алу керек. Ол үшін балықты құйрығынан салбыратып ұстап тұрып, арқа жағынан қайшымен кесіп аламыз. Қаны толығымен ағып болғаннан кейін ғана желбезек доғаларын қайшымен кесіп петри табақшасында немесе арнайы ыдыстарда физиологиялық ерітіндіде сақтаймыз.
  5. Физиологиялық ерітіндіден желбезектерді суға ауыстырамыз. Желбезектер ірі болған жағдайда жапырақшаларын доғадан ажыратамыз. Доғаны түйінімен бірге бинокуляр астында қараймыз, одан кейін желбезек жапырақшаларын қараймыз. Байқалған заттың барлығын жинап алғаннан кейін скальпельмен шырышты қырып, осы массаны инемен жинақтай отырып, бұрын кездеспеген паразиттерді бөліп аламыз. Әдетте, желбезектер мен шырыштарды жарық арқылы көреміз, сол кезде жыныстық жетілген құрттар түсі сұр кейде қара түсті, ал жас түрлері мөлдір болады. Табылған құрттарды жұқа пипетка арқылы таза суы бар шыны ыдысқа саламыз. Егер бір түр емес бірнеше түр байқалған болса онда әрбір түрді жеке – жеке шыны ыдыстарға саламыз. Сол сияқты әртүрлі дозадағы, сектордағы гельминттерді де жеке шыны ыдысқа саламыз.
  6. Егер паразиттер көп болса, ал уақыт аз болған жағдайда (әсіресе жалпы паразитологиялық зерттеулерде) желбезектері 4 % формалинмен фиксациялайды. Жұмсарту үшін бір күн суда ұстап, жібіту үшін глицеринге саламыз.
  7. Желбезекпен жұмыс бітіргеннен кейін, балықтың дене қуысын ашып бүйректі, қуықты, зәр шығару мүшесін алып, оларды шыны арасында компрессорлы әдіс арқылы лупамен қараймыз. Табылған нематоданы желбезектегідей өңдейміз. Паразиттер бас және шырышты каналдарда, бүйірлік сызық каналдармен желбезек үсті мүшелерде кездесетін болғандықтан оларды ашып бинокуляр астында қарау керек [14].
  8. В.А. Догель мен Е.Н. Павловтың паразитологиялық және К.И. Скрябиннің гельминтологиялық мектептерінің зерттеушілері құрттарды өлі күйінде, оларды шынымен жаншымай – ақ фиксациялайды. Бұған аз уақыт кеткенмен препараттың сапасы мен бояуы нашар болады.
  9. Балықты сойған кезде уақыт жеткілікті боса, алынған құрттарды тірідей фазалы контрасты құрылғыларды пайдалана отырып миктоскоппен зерттеуге боады.
  10. Гельминттерді өлшеуді окуляр – микрометрмен жүзеге асырылады. Ілмешектерін, пластинкалармен қосымша құрылымдарды және олардың бөліктерін микроскоптың максимальді өлшемінде тікелей өлшеуге болады [15].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ

 

 

3.1 Зерттеу    барысында    табылған     гельминттердің    сипаттамасы,

морфологиясы және күресу шаралары

 

 

Тип: Nemathelhelminhes

Класс: Nematoda

Отряд: Philoteridea

Тұқым: Philometridae

Туыс: Philoteritra

Түр: Philoteritra ovata

 

          Нематодтардың түрлері

 

  1. Филометроидоз — бұл тұқылардың гельминттік ауруы. Жыныстық жағынан жетілген гельминттер ұлпалардың және қабыршақ қалталарында оқшауланған. Личинкалары ішкі мүшелерде – бауыр, бүйрек, гонада және торсылдағында болады.

          Этиологиясы. Жыныстық жағынан жетілген гельминттердің аналықтары қызғылт түсті, ұзындығы – 80 – 125 мм, ені – 0,8 – 1 мм. Кутикуласы нәзік сорғыштармен жабылған. Басының соңғы бөлімі конустәрізді. Ол жерде төрт кішкене төмпешек бар және олардың арасында аузы орналасқан. Құйрық бөлімнің соңғы бөлімінде төрт сорғыштары бар. Аналықтары тірідей туады. Жұмырқалары ұзын овальданған, денесінің алдыңғы және артқы бөлімінде орналасқан. Аталығының ұзындығы  2,9 – 3,5 мм, ені 0,035 – 0,046 мм, олар ақшыл түсті, денесінің үстіңгі бөлігі үлпілдек болып келеді.

          Таралуы. Жыныстық жағынан жетілген аналықтар, тұқылардың қабыршақ қалталарында орналасады. Ал, көктемде судың температурасы 16 – 180 С болғанда олар, личинкаларды шығара бастайды және суқоймаларды ластайды. Личинкаларын шығарып болғаннан соң аналықтары өледі. Ары қарай личинкаларының бөлінуі аралық иесінің организмінде болады. Мұндай шаянтәрізділерге мыналар жатады: Cyclops strenuous, Acanhocyclops viridis, Macrocyclops albidus, Eucyclops serrulatus, E. Maruroides var.  denticulatus. Шаянтәрізділердің дене қуысында личинкалар екі рет бөлінеді де 8 – 10 күннен кейін инвазиялық стадияға өтеді, аналық филометридоздың толық өмірлік циклі 11 – 12 ай, ал аталықтардікі 13 – 14 ай (К.О. Висманис, 1966, Г.В. Васильков. 1966 – 1968).

          Эпизоотологиялық мағлұматтар. Филометроидоз тұқы шаруашылық зонасының барлық жерінде кездеседі. Қыстап шыққан ауру балықтардан жұғады. Алғашқы ауру балықтар судың температурасына байланысты негізінен мамыр – маусым айларында пайда болады [11].

          Шабақтар зоопланктонмен қоректене бастағаннан соң 7 – 8 күннен кейін, жаралана бастайды. Экстенсивті және интенсивті инвазия мамыр мен шілдеде өрістейді. Интенсивті жаралы шабақтар өледі.

          Жаппай қырылуы маусым – шілде айларының аралығында болады. Ең көп ауыратындары 2 – 3 жастағы тұқы балықтары ( 1 балыққа 40 – 50 гельминттен келеді).

          Хроникалық өзгерісі. Егерде зақымданған балықтар өлмесе, онда ауру міне – құлыққа көшеді. Онда балықтар күннен – күнге аза бастайды. Хроникалық ауру, заң бойынша екі жастағылар мен үш жастағылар болады. Гельминттер қабыршақ қалталары мен денесінде пайда болады. Паразиттер денені зақымдап, балықтардың шіруіне ұшыратады. Зақымданған жерде қызыл түсті дақ пайда болады. Зақымданған балық өзінің тауарлық құндылығын жоғалтады. Оны бөліп алып тастайды. Барлық зақымданған балықтардың өнімділігінен 15 — 25% төмен  болады.

          Тұқылардың қандарының түсі өзгере бастайды. Лейкоциттер айқын біліне бастайды, гемоглобиннің деңгейі 6 — 8% — ке дейін төмендейді. Эритроциттердің саны азая бастайды [10].

          Нематодтарға — (жұмыр құрттар)  анизакис, ангиостронгилус кантонэнзис, капиллярия филипиэнзис, контрацеум, диоктафиме сияқты жұмыр құрттар жатады. Осындай құрттар мен залалданған балық моллюска және су шаяндарымен (шикілей немесе тұздығы нашар қақталған, маринатталған және шала піскен түрде адам) жесе, қоректенген  жануар организмдеріне азықпен бірге паразит личинкалары түседі.

          Жұмыр құрттардың сақалары балықпен қоректенетін құстардың, кейде жыртқыш балықтардың ішектері, бүйректері мен басқада органдарында паразиттік тіршілік етеді. Балық организміне енген паразиттердің личинкасы оның құрсақ қуысында немесе бүйір сызығының бойындағы бұлшықеттерінің ішіне кіріп, сыртынан капсуламен қапталады. Бірақ, мұндай балықтарда аурудың ешқандай белгісі білінбейді.

          Бұл паразиттедің aдам денсаулығы үшін тікелей зияны жоқ, бірақ балықты зақымдап, олардың тағамдық қасиеттерін төмендетеді. Соңғы уақытта жұмыр құрттардан жанама түрде пайда болатын, адамға зиянды үш ауру табылды. Олар: Анизакис, ангиостронгилус кантонензис, капиллярия филитпинензис.

 

Тип: Nemathelminthes

Класс: Nematoda

Отряд: Ascaridida

Тұқымдас: Anisakidae

Туыс: Anisanis

Түр: Anisanis schupacoki

 

  1. Анизакистың личинкасы көптеген теңіз балықтарынан табылды. Зақымданған балықты шикілей немесе шала піскен, көбінесе нашар тұздалған майшабақты жеген адам ауруға шалдығады. Паразит личинкасының ішектен құрсақ қуысына алғаш рет енген кезінде аурудың белгісі байқалмағанымен, личинкалар сол жерге екінші рет енгенде аурудың белгісі бірден білінеді. Организмнің сезімталдығы күшейіп, аллергиялық реакция әсерінен зозинофил флекмоноза энтериті деп аталатын ауру пайда болады [11].
  2. Ангиостронгилус кантонензис паразитінің адамның зозинофил менингит дерті сияқты ауруының себепшісі екені дәлелденді. Паразит жер бетінің ұлуы, тұщысу креветкасы, таңқы шаян және бонито организмдерінде өсіп — өнеді. Демек, бонитоны жеген адамның осы ауруға шалдығуы ықтимал.
  3. Капиллярия филитпинензис – жұмыр құрттарынан адам ішектерінің қылтамырлары (капилляр) қабынады. Аурудың әсерінен ішектің эпителийі клеткалары семеді, асқорытуы нашарлайды, іші өтеді, оны емдеу оңайға түспейді. Адамның бұл аурумен зақымдануы паразит жұмыртқасымен залалданған тұщы судан ұсталатын және дұрыстап тазартылмаған балықтарды шикілей жегендіктен деген жорамал бар [12].

          Мөңке филометроидозы. Филометрроидоз м өңкенің құйрық, жота қанаттарын, сондай – ақ ішкі органдарын зақымдайтын, жіті және созылмалы түрінде өтетін инвазиялық ауруы.

          Ауру Украина, Қазақстан,Сібір,РСФСР– дың солтүстік аудандарындағы тоған шаруашылықтарында кездеседі.

          Ауру қоздырғышыPhilometroides sanduien. Аналығының ұзындығы 10 – 42 мм, ал аталықтікі 2,35 – 3,3 мм.

          Паразиттің даму циклі Ph. lusiana – ға ұқсас. Жыныстық жағынан жетілген аналықтары мен аталықтары мамыр айынан бастап қазан айына дейін балықтың дене қуысы ішінде шағылысады. Ұрықтанған аналықтары жүзу қанаттарына ауысады да, сол жерде қыстап шығады. Аталықтары дене қуысында біраз болған соң өліп қалады. Көктемде аналықтары көптеген личинкалар туады, олар барып су шаяндарына еніп, әрі қарай дами береді де, төрт күннен кейін ауру туғызатын қабілетке жетеді.

          Эпизоотологиясы. Мөңкенің шабақтары филометроидозбен 2 – 3 жұмалығында ауырады. Көктем мен жаз мезгілінде судың температурасы    16 – 170 С жеткенде балықтар ауыра бастайды. Күз бен қыста ауру тоқталады.

          Аурудың белгілері. Аурудың жіті түрінде балықтың бауырында, бүйрегінде, торсылдағынақоныс аударған личинкалар осы органдардың жұмыстарына үлкен кесел жасайды. Ауруға шалдыққан шабақтар бүйір жағына жатып жүзеді, басын төмен салып су түбіне батады да көп кешікпей өледі. Аурудың созылмалы түрінде балық азық та аз жейді, тез арықтайды. Құйрық қанаттарынан паразиттер табуға болады.

          Диагнозы. Эпизоотологиялық деректерге сүйеніп, аурудың белгілеріне қарап, ішкі органдар мен құйрық қанатынан паразитті тауып ауруға диагноз қояды.

          Диоктофимоз ауруын — диоктофима ренале деген жұмыр құрт тудырады. Бұл құрт көбінесе бүйректе болады, бауырдан да кездесіп қалады.  Оған адам және ет қоректі жануарлар, ірі қара мен жылқы да шалдығады.

          Диоктофима құртының ұзындығы 10 миллиметрден 40 миллиметрге дейін жетеді. Оның түсі қызыл, ауыз қуысында кішкене тіс сияқты бұдыры бар. Құрттың құйрық жағы жұмыр келеді және жыныс органдары да осы арада болады [11].

          Өршуі.  Паразиттің жұмыртқалары ауру  жануарлардың нәжісімен сыртқа шығады да, суға түскен жағдайда онан әрі өршиді. Суға түскен  жұмыртқаларды су құрты жұтып, оның ішінде кіші құрт өсіп шығады. Осындай құрттармен қоректенген балық ауыра бастайды. Егер аңдаусызда ондай балықты тағамға пайдаланған жағдайда  паразиттің кіші құрттары асқорыту жолымен қанға түседі де бүйрекке барып орналасады, бауырға да кіреді. Бүйрекке орналасқан паразит бірте – бірте семеді. Ақырында паразит бүйректі тесіп шығып құрсақ қуысына бүйрекке қайта кіреді.

          Диагнозы. Жан – жануар нәжісінен паразит жұмыртқаларын анықтап алған соң онан нақты қорытынды жасайды.

          Емі. Хиругиялық операция жасау.

          Санитарлық баға. Ауру балықтышикілей пайдалануға болмайды, суға салып бір сағат қайнату керек.

 

Тип: Nemathelminthes

Класс: Nematoda

Отряд: Ascaridida

Тұқымдас: Anisakidae

Туыс: Raphidascaris

Түр: Raphidascaris acus.

 

          Рафидаскаридоз.

          Рафидаскаридоз – балықтардың гельминттік ауруы. Негізгі личинка сатысынан ересек күйіне дейінгі нематодтар.

          Локализациясы.

          Ересек күйіндегі нематодалар жыртқыш балықтардың ішегінде кездеседі. Бұл ауру тұқытәрізділерде, алабұғаларда, ақсахаларда, албырттарда, бұзаубас балықтарда жиі кездеседі.

          Ауру қоздырғышы.

          Ересек күйіндегі Raphidascaris acus құрты, ақ немесе ақшыл сары түсті. Аталығының ұзындығы 18,0 – 19,5 мм, ал аналығының ұзындығы 40 – 45 мм. Аузының айналасында үш еріні бар. Личинкалрының денесі сопақша пішінді, ұзындығы 3,0 – 3,5 мм, олар негізгі ішек қабырғасында, гонадасында, бауырында кездеседі.

          Эпизоотологиясы.

          Рафидаскаридоздың личинкасымен табан, сзан, мөңке, қаяз, торта, ақмарқа, ақкөз, қызыл балықтар ауырады. Сондай – ақ рафидаскаридоздың личинкаларымен кейбір жыртқыш балықтар да ауырады, олар: көксерке, алабұға, шортан. Жаө айының ортасында балық шабақтары (зообентоспен) қоректене бастағанда бұл ауру жиі өршуі басталады.

 

Аурудың патогенезі.

          Ауырған балықтар әлсіреп, су бетіне әрең көтеріледі. Паразиттің личинкалары бауырда орналасып, бауыр клеткаларын бұзады. Асқорыту жолдарын түгел шірітіп жібереді.

 

          Диагнозы.

          Аурудың белгілеріне қарап, оның қоздырғышын тауып, диогноз қойылады. Шабақтардың мүшелерін компрессорлық әдіспен тексереді. Ірі балықтар денесінің сыртын, қабыршақ қалталарын, сондай – ақ ішкі органдарын, әсіресе бауыр, бүйрек, торсылдағын тексереді және керек болған жағдайда компроссорлық әдісті қолданады.

          Сақтану шаралары.

          Аурумен күресте тоған шаруашылығында балықтың рафидоскаридозбен күресудің уақытша нұсқауын пайдаланады. Емделу үшін дитразин цитраты, локсуран, мал дәрігерлік дитризинді пайдаланады. Дәріні балыққа ішкізеді немесе құрсақ қуысына егеді. Құрсақ қуысына дитразин цитратының 30% ерітіндісін ексе, ішкізе қалғанда 40% ерітіндісін пайдаланады. Бұл сақтық шараларын 7 – 8 күн салып, екі рет уылдырық шашуға 2 -3 жұма қалғанда немесе күзде  судың температурасы 10 -120 С төмен болмаған кезде жасайды. Шаруашылықта рафидоскаридоз ауруы болған жағдайда басқа шаруашылықта өсіру үшін ешқандай балық шығарылмайды. Балықтың жылғысын жеке – жеке ұстайды [10].

 

          Contracaecum squalii.

Тип: Nemathelminthes

Класс: Nematoda

Отряд: Ascaridida

Тұқымдас: Anisakidae

Туыс: Contracaecum

Түр: Contracaecum squalii

 

          Сипаттамасы. Цистаның ішіндегі личинкасының денесі 3,6 – 7,8 мм, ұзындығы 0,15 – 0,024 мм. Басының соңғы жағы рудиментарлы ерітінділермен жабылған. Құйрығы қысқа ұзындығы 0,09 – 0,16 мм. Алғашқы даму сатысы белгісіз. Даму кезеңі күрделі

          Локализациясы. Личинкалары – дененің ішкі қуыстарында болады: бауыр, бүйрек ұлпалары мен еттерінде, көбінде тұқылар мен алабұға балықтарында кездеседі [19].

 

 

3.2 Нематодтарды зерттеудің нәтижелері

 

          Зеріттеу жұмыстары 2007 жылдың маусым-шілде айларында және қыркүйек — қазан айларында жүргізілді.

          Зеріттеу нәтижелері Қ.Р.Б.Ш.Ғ.З.О-ы лабараториясымен бірге,    ҚазҰУ-ң биология факультетінің зоология және гистология кафедрасында жүргізілді.

          Зеріттеу жұмысын жүргізу барысында 5 суқоймадан 305 дана балық ұсталынды. Бұл суқоймалар Қапшағай суқоймасы, Атырау-Жайық өзені, Орал өзені, Сырдария өзені. Әр бес суқоймадан 15 дана балық реттеп алынды. 15 дана балықтың көлемі жағынан бірдей, 15-25 см аралығындағы; сазан (cyprinius carpio), тыран (abramis brama), торта (rutielus ritielus), ақмарқа (aspius aspius). Осы зеріттелген балықтардын ішінен кездескені. Олар: Rhachidascarius acus; Philometra ovata; Philometra lusiana; Anisakis schupacoki; Contracaecum spuculis; Rhabdoahona dendata. 

          Зеріттелген нәтежиелер 1 — кестеде көрсетілген. 1-ші кестеде көрсетілгендей Rhachidascarius acus паразиті – Қапшағай суқоймасынан, Орал және Сырдария өзендерінен табылды.

          Philоmetra ovata – Атырау –Жайық, Орал және Сырдариядан табылды; Philometra lusiana – Оралдан табылды;  Cantracaecum spuculis – Алакөл, Орал және Сырдариядан табылды; Rhabdoahona dendata – Алакөл,Орал, Сырдариядан табылды.

          Қапшағай суқоймасынан алынған 15 балықтың ішінде кездескен паразит Rhachidascarius acus; Алакөлде кездескен паразит; Anisakis schupacoki; Contracaecum spuculis; Rhabdoahona dendata; Атырау – Жайық өзенінен балықтардың паразитінің бір түрі кездесті; Philometra ovata; Олардан зерттелген 15 балықтың ішінде паразиттердің 6 түрі кездесті: Rhachidascarius acus; Philometra ovata; Philometra lusianа; Anisakis schupacoki; Contracaecum spuculis; Rhabdoahona dendata. Сырдариядан кездескен паразит түрі  — 5. Philоmetra ovata; Rhachidascarius acus;  Anisakis schupacoki; Contracaecum spuculis; Rhabdoahona dendata.

          Тұқы балықтарының нематода паразиттерімен зақымдалуы 2 – ші кестеде көрсетілген. 2 – ші кестеде көрсетілгендей Rhachidascarius acus паразиті – сазаннан және тортадан табылды, паразиттердің жалпы саны – 9; Philometra ovata —  сазаннан, траннан табылды, паразиттердің  жалпы саны – 5; Philometra lusianа – торта, ақмарқа балықтарынан табылды, кездескен паразиттердің жалпы саны – 6; Anisakis schupacoki – сазан және торта да кездесті, паразиттердің жалпы саны – 2; Contracaecum spuculis – сазанда кездесті, жалпы саны – 4; Rhabdoahona dendata – торта және ақмарқада табылды, жалпы саны – 3.

          Сазан балығында кездескен Rhachidascarius acus паразитінің саны – 5; Philometra ovata – 2; Anisakis schupacoki – 1; Contracaecum spuculis – 4, жалпы паразит саны – 12.

          Тыран балығында кездескен Philometra ovata – 3; Rhachidascarius acus – 4; Philometra lusianа – 3; Anisakis schupacoki паразитінің саны -1; Rhabdoahona dendata – 2., паразиттерінің жалпы саны – 10.

          Ақмарқа балығында кездескен Philometra lusianа – 3; Rhabdoahona dendata – 1, паразиттердің жалпы саны – 29.

          Зерттеу нәтижесі бойынша зерттеген балықтардың ішінде ең көп зақымданғаны сазан (cyprinus carpio) – 41,3%, тыран – 10,4 %, (abramis brama), торта – 34,5%, (rutielus rutielus). Ең аз зақымданған тыран.

          Әр түрлі суқоймалардағы тұқы балықтарының нематода паразиттерімен зақымдалуы 1 – суретте көрсетілген. Суретте көрсетілгендей Орал өзенінен әкелінген балықтардың зақымдалуы — 55%.

          Сырдария өзенінен 22,3%

          Алакөл (Қошқаркөл) – ден 16,5%

          Атырау – Жайықтан 5,9 %.

 

          Қорыта келгенде балықтардың көп зақымдануы – Орал өзенінен байқалады — 55%, ең аз зақымданған Атырау – Жайық – 5,9%.

          Тұқы балықтарының нематода паразиттерімен зақымдануы 2 – 3 кестеде берілген.

 

Кесте 1

Әртүрлі суқоймалардағы тұқы балықтардың нематода паразиттері (маусым – тамыз 2007 )

 

 

 

 

Паразиттер

 

 

Қапшағай

суқоймасы

Алакөл көлі

Атырау-Жайық

Орал өз.

Сырдария

Зақым-

далған

балық-

тар

 

Балық-

тың

зақым-

далған

мүше

лері

69 балық

25 балық

15 балық

103 балық

93 балық

Пар.

саны

%

Пар

саны

%

Пар

саны

%

Пар.

саны

%

Пар.

саны

%

Тип

Nemathelmibthes

Класс

Nematoda

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сазан

ақмарқа

 

ішегі

1Түр

Rhachidascarius acus;

 

3

 

100

 

—-

 

 

 

 

5

45,4

 

3

33,4

Тыран

ақмарқа

ішегі

2.Philometra ovata

 

 

1

 

 

9,09

 

1

11,2

Торта

ішегі

3.Philometra lusiana

 

 

 

 

1

18,19

 

Табан

торсылдағы

4.Anisakis schupacoki

 

3

60

 

 

2

9,09

1

11,2

Тыран

торсылдағы

Contracaecum .spuculis

 

1

20

 

 

1

9,09

2

 

Табан

сазан

ішегі

6.Rhabdoahona dendata

 

1

20

 

1

9,09

2

22,3

тыран

ішегі

Барлығы

3

100

5

100

1

100

11

100

9

100

 

Жалпы 29

 

 

Кесте 2

 

Тұқы балықтарының нематода паразиттерімен зақымдану

 

Балық

түрлері

Rhachidascarius

acus

Philo-metra ovata

Philo

metra lusiana

Anisakis schu-pacoki

Contra-caecum .spuculis

Rhabdoa-hona

dendata

Саны

Зақ-

дану

%

сазан (cyprinus carpio)

 

 

5

 

2

 

 

1

 

4

 

 

12

 

41,3

тыран (abramis brama)

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

3

 

10,4

торта (rutielus rutielus)

 

 

4

 

 

 

3

 

1

 

 

 

12

 

10

 

 

34,5

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

1

 

4

 

13,8

Барлығы

 

9

5

6

2

4

3

29

100

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет-1

Әртүрлі суқоймалардағы тұқы балықтардың нематода паразиттерімен зақымдануы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 2

Тұқы балықтарының нематода паразиттерімен зақымдануы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

          2007 жылдың маусым – шілде және қыркүйек – қазан айларында жүргізілген нәтижелер бойынша барысында 5 суқоймадан 305 дана балық ұсталынды. Бұл суқоймалар Қапшағай суқоймасы, Атырау-Жайық өзені, Орал өзені, Сырдария өзені.

          Солардың ішінен әрбір суқоймада 15 дана балық алынды. Олардың жалпы саны 75 дана балық.

          Зерттелген балықтар: сазан (cyprinius carpio), тыран (abramis brama), торта (rutielus rutielus), ақмарқа (aspius aspius). Осы зерттелген балықтарда нематода паразиттерінен 6 түр табылды: Rhachidascarius acus; Philometra ovata; Philometra lugian; Anisakis schupacoki; Cantracaecum spuculis; Rhabdoahona dendata. 

          Сазан балығында паразиттердің 4 түрі табылды: Rhachidascarius acus; Philometra ovata; Anisakis schupacoki; Contracaecum spuculis.

          Тыраннан 1 түр Philometra ovata.

          Тортадан  4 түр Philometra lusianа, Rhabdoahona dendata, Rhachidas carius acus, Anisakis schupacoki.

          Ақмарқадан 2 түр Philometra lusianа, Rhabdoahona dendata.

          Зерттелген балықтардың ішінде ең көп зақымданғаны сазан – 41,3%, ең аз зақымданғаны тыран – 10,4%. Ал суқойма бойынша көп зақымданғаны 55% -тік Орал өзенінен байқалды. Ең азы 5,9 % Атырау – Жайықтан байқалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

1 Дәуітбаева К.Ә. Омыртқасыздар зоологиясы 1- кітап. Алматы; 2004.- Б.   196 – 202.

2 Косарева Н.А. Труды совещания по болезниям рыб. Издательство А.Н.   СССР, М.; Л.; 1959. – С. 129 – 133.

3  Маркеевич А.П. «Паразитарные зоболевания рыб» М.; Л.; 1934. – С. 105 -106.

4 Сидров Е.Г. «Труды совещания ихтиологической комиссии» А.Н. СССР. Вып. 9. М.; 1959. – С. 134 – 137.

5 Дубинина М.Н. «Труды совещаний ихтиологической комиссий» А.Н. СССР. М.; 1959. – С. 138 -142. 

6 Смирнов К.В. «Труды совещания по болезниям рыб» Издательство А.Н. СССР. М.; Л.; 1959. – С. 123 – 128.

7 Агапова А.И. «Паразиты рыб водоемов Казахстана» издательства Наука Казахской СССР Алматы; 1966. – С. 56 – 57.

8 Скрябин К.И. «Основы общей гельминтологий» М.; Сельхоз 1940. – С. 305 – 306.

9  Суворов Е.К. «Болезни рыб» Сельхозгиз М.; 1931. – С. 68 -69.

10 Осетрова В.С. «Справчник по балезниям рыб» под редакцией кандидата ветеринарных наук М.; колас 1978. – С. 207 – 211.

11 Төлеуғалиев С.Т. «Балық өсіру негіздері» қайнар Алмат; 1995. – С. 215 – 218.

12 Павловский Е.Н., Бауер О.Н. «Труды совещания по болезниям рыб» Издательство А.Н. СССР. М.; Л.; 1959. – С. 134 – 135.

13  Маркеевич А.П. «Методика и техника паразитологического обследования рыб» Издательство Киев.; 1950. –С. 24 – 27.

14 Гусев А.В. «Методика сбора и оброботки материалов, по нематодам, паразитирующих у рыб» Л.; Наука 1983. – С. 17 – 25.

15  Догель В.А. «Паразитарные заболевании рыб» сельгохгиз М.; 1932. – С. 16 -19.

16  Қазақстан Ұлттық  энциклопедия 5 – том. «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы Алматы.; 2003. – Б. 538 – 53.

17  «  Определитель  паразитов  пресноводных  рыб» [  под   оедакций О.Н.  Бауера]  Издательство Наука ,  М;  1987, Том – 3 – С. 296 – 399.

18  Омаров  Т.Б.  «Қазақстанның   өзендері   мен  көлдері»  Қазақстан   баспасы   Алматы; 1975. – С. 62 – 64.

19   Шульман  С.С,  Шульман  — Альбаева Р.Е. «Паразиты  рыб   белого  моря»  Издательство  А\1  СССР,  — М;  1953  — С.  76 – 78.

20 Қазақстан  Ұлттық  энциклопедиясы 1- том   «Қазақ  энциклопедиясының» Бас   редакциясы   Алматы;  1998  —  С.  538 – 539. 

21 Қазақстан   ұлттық   энциклопедиясы   7 – том «Қазақ    энциклопедиясының»  Бас  редакциясы   Алматы;  2005. – С.  162 – 163.

22  Қазақстан  Ұлттық   энциклопедия  8 – том 

«Қазақ   энциклопедиясының»  Бас   редакциясы Алматы;  2006. – С. – 138 – 139.

23  Ә. А. Бәйімбет,  С.Т.  Темірхан  «Қазақстанның   балықтәрізділері  мен   балықтарының   қазақша   —  орысша  анықтаушы» Қазақ   университеті,  Алматы;  1993.  – С. 53-54. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Түйін

 

Қапшағай, Алакөл, Атырау-Жайық, Орал, Сырдария өзендерінен жиналған балықтардан Nematoda класына жататын паразиттер табылды. Олар: сазан (Cyprinus carpio), тыран (Abramis brama), торта (Rutilus rutilus), ақмарқа (Aspius aspius) балықтарынан паразиттер көрсетілген.

 

Резюме

 

          Материал собрано из озеро Алакол , из реки Атырау-Жайык , Орал , Сырдарий и из водохранилищи Капчагай.

          Найденные паразиты относится к классу Nematoda. Паразиты обнаружены у рыб  сазан (Cyprinus carpio), лещ (Abramis brama), вобла (Rutilus rutilus), и жерех (Aspius aspius).