АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс: ОҚО – ның жануарлар дүниесі

Мазмұны

 

Кіріспе

І тарау. ОҚО физикалық – географиялық сипаттама

І.1. Рельф

І.2. Геологиясы мен кен байлықтары

І.3. Климаты

І.4. Ішкі сулеры

І.5. Өсімдік және топырақ жамылғысы

ІІ тарау. ОҚО – ның жануарлар дүниесі

ІІ.1. Зоогеографиялық аудандастыру

ІІ.2. Жануарлар дүниесі

ІІІ тарау. Жануарлар дүниесін қорғау

 

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

          Тақырыптың өзекутілігі мен жаңашылдығы: ОҚО-сы бірден-бір табиғатта қайталанбайтын территория. Жер бдерінің едәуір бөлігі жазық келеді. Оның солтүстиік шығысында ұзыннан – ұзақ  созылып жатқан Қаратау тау сілемдері (217 шақырым),  солтүстік бөлігінде Бетпақ   дала, Шу өзенінің оңтүстігінен басталатын Мойынқұм, батысында Өгеш және Қаржантау тау сілемдері ғана өзгешелік білдіреді, Облыстық  оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.

          ОҚО-ныңкең байтақ табиғат аймақтары түрлі жануарларға өте бай. Онда жануарлардың түрлі жануарларға өте бай. Онда жануарлардың 1400-ге жуық түрлері кездеседі.

          Диплом жұмысында  жануарларды облыстық қазіргі белгіленген аумағының табиғат зонасы бойынша аудандастырып көрсеттік, яғни жануарлар шөл-шөлейтті және таулы зоналарға аудандастырылған. Біржола құрып кетудің алдында тұрған жануарларды қорғау мен сақтауға байланысты облыс көлемінде жасалынып жатқан іс-шараларға да көңіл бөлдік.

          Осы Оңтүстік өңірде кездесетін жануарлардың 1400-ге жуық түрінің ішіндегі 70-ке жуығы Қазақстанның «Қызыл кітабына» енгізілген. Ол түрлерді сақтап қалу және қорғау мақсатында қазіргі таңда Қазақстанда ең әуелі қорықтар, ұлттық саябақтар, қорықтық белдемдер, сияқты ерекше қорғалатын табиғи аумақтар түрлері көптеп ұйымдастырылуда.

          Облысымызда соңғы ресми деректер бойынша, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жер көлемі 847 мың гектарды құрайды.

          Еліміздегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың ең маңыздысы – мемлекеттік қорықтар. Облыс көлеміндегі ең ауқымды ерекше қорғалатын табиғи аумақ болып «Ақсу – Жабағылы қорығы» саналады. Онда балықтың — 4,, бауырымен жорғалаушылардың -9, құстардың – 240, сүтқоректілердің -43 түрі қорғалады. Оның көлемі 85,4 мың гектарды құрайды. Бұдан басқа облыста 10 қорық, 47 табиғи ескерткіштер, зоологиялық саябақ,  дендрологиялық саябақ бар.

          Қазіргі таңдағы олардың жағдайы, осындай табиғи аумақтардың жаңадан құрылуы, ондағы жануарларды қорғау мен сақтау жолдарының заң бойынша дұрыс жүргізілуін толыққанды қарастырдық.

          Мақсаты мен міндеттері: ОҚО-ның жануарлар дүниесі мен оларды қорғау іс-шараларына жан-жақты сипаттама беріп, физикалық – географиялық жағдайымен байланыстыру.

          ОҚО-ның жануарлар дүниесі мен оларды қорғау тақырыбында:

  1. ОҚО-на физикалық – географиялық сипаттама беру. Оның ішінде жер бедеріне, геологиясы мен кен байлықтарына, климатына, ішкі суларына, өсімдік және топырақ жамылғысына тоқталу;
  2. ОҚО-ның жануарлар дүниесіне сипаттама беру. Оның ішінде зоогеографиялық аудандастыру мен жануарлар дүниесіне тоқталу;
  3. Жануарлар дүниесін қорғау жолдарына тоқталу.

Диплом жұмысының құрылымы мен қысқаша мазмұны:

          Диплом жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды, қолданылған әдебиеттер мен қосымшадан құралған. Бірінші тарау бес бөлімнен, екінші тарау екі бөлімнен тұрады.

          Бірінші тарауда ОҚО-на физикалық – географиялық сипаттама жасалып, онда жер бедері, геологиясы мен кен байлықтары, климаты, ішкі сулары, өсімдік дүниесі мен топырақ жамылғысы қарастырылған.

          Екінші тарау ОҚО-ның жануарлар дүниесі зоогеографиялық аудандастыру және жануарлар дүниесі тақырыпшалары бойынша қарастырылған.

          Ал үшінші тарауда жануарлар дүниесін қорғау жолдарына сипаттама бердік.

І.1. Жер бедері

          Оңтүстік Қазақстан облысы Республика территориясының оңтүстігінде орналасқан. Жер көлемі 117,3 мың шаршы шақырым. Оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен, батысында – Қызылорда облысымен, шығысында – Жамбыл облысымен, солтүстігінде – Қарағанды облыстарымен шектеседі. [24]

          Облыс жері деңгейінен 200-300 м. болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігін алып жатыр. Терістігінде Бетпақдала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігін Мойынқұм, облыстың батысында Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр. Орталық бөлігінде, Жамбыл облысының аумағымен шектес, оңтүстік – шығыстан солтүстік – батысқа қарай 217 км-ге колбей созылып Қаратау жотасы (ең биік нүктесі Бессаз тауы – 2176 м) жатыр, ал  оңтүстік – Талас  Алатуының батыс шетіндегі — Өгем жотасында облыстың ең биік нүктесі – сАйрам шыңы (4238 м) бар. Өгем мен Келес өзендерін бөліп жатқан Қаржантау жотасы Тәңіртаудың (Тянь — Шань) ең батыс сілемі болып табылады. Қаражантаудың орташа биіктігі 2834 м Қаражантаудан солтүстік – батысқа қарай тарихы терең, аңызға толы қарт Қазығұрт (ең биік нүктесі 1700 м) тұр. Қазығұрт тауы оңтүстігінде Келес өзенінің аңғарына тіреледі.

          Облыс аумағының жер бедеріндегі жазықтар мен таулы аймақтар жиі алмасып отырады. Мұнда алуан түрлі құмды, сортаң шөлдерден биік тау мұздықтарына дейінгі климаттық табиғат зоналары кездеседі. Таулы аймақтарда болып тұратын тектоникалық жер сілкіністері аумақтағы тау түзілу процестерінің әлі аяқталмағандығын көрсетеді.

          Жер бедерінің қалыптасуына зор ықпал етуші күштер: ағын сулар мен желдер. Осы күштерге қосымша антропогендік яғни адамдардың шаруашылық әрекеттері табиғи ортаның әсіресе жер бедерінің қалыптасуына  зор әсерін тигізетіні сөзсіз. Мысалы: каналдар мен суару аймақтары, авто және темір жолдар кеніштер мен қала  салынған аймақтар т.б.  [29]

          І.2. Геологиясы және кен байлықтары.

          Геологиялық құрылымы жөнінен облыс аумағы Тұран плитасына жатады. Қаратау жотасы – протерозой тақтастарынан және құмтастардан тұрса, оңтүстік – батыс Қаратау карбонның әктас, құмтас  конгломераттарынан және девонның жанартау тектас тау жыныстарынан құралған. Сонымен бірге палеозой қатпарлы іргетасы, пермь дәуірінде қалыптасқан интрузиялық және жанартаулық, сондай-ақ платформалық мезозей – кайнозой шөгінді тау жыныстары кездеседі.

          Геоморфологиялық жағынан Оңтүстік Қазақстан облысының жазық аумағының басым бөлігі тегістелген, негізінен, денуациялық құрылымдардан тұратын Сарысу – Бетпақдала үстіртінен, полеогендік және бор дәуіріндегі шөгінділерден түзілген, беткі бөлігін саздақты аллювий құрайтын Шардара – Арыс аллювиалдық жазығынан, облыс аумағына енетін солтүстік-батыс бөлігі құмдақты келетін көтеріңкі Мойынқұм массивінен тұрады. Таулы сипаттағы орталық және оңтүстік шығыс бөлігін облыстық Қаратау ауданы, солтүстік-шығысқа созылған тік беткейлі жоталар мен терең аңғарлардан тұратын Батыс Тәңіртаудың (Тянь — Шань) Шатқал ауданы құрайды.  [6]

          Облыс қойнауы әр түрлі пайдалы қазбаларға бай: полиметалдар, қоңыр көмір, темір кені, гипс, әктас, оттөзімді саз, кварцты құм қабаттары, мәрмір, түрлі құрылыс шикізаттары бар. Қарт Қаратау қойнауындағы Ащысай, Мырғалымсай және Байжансай қорғасын – мырыш кеніштері ХХ ғасырдық 40 – жылдарынан жұмыс істейді. Боралдайтау, Қаржантау, Күмісті және Жоғарғы Бадам алтын кен көздерінің орны ерекше.

          Облыста республика уран ресурстарының жартысына жуығы орналасқан, олар әлемдегі оң ірі уран кеніштері болып саналады. Ал Иірсу, Сусіңген, және Абайыл кеніштерінен титан, хром, марганец және темір кендері өндіріледі. Облыс аумағында Шу – Сарысу газ – гелий және Сырдария мұнай – газ кен орындары бар. Боралдайдан, Таскөмірсайдан, Келтемашаттан және Ленгер кеніштерінен мезозойлық қоңыр көмір өндіріледі.

          Облыс аумағындағы Қаратау фосфорит алабына жататын Герес және Үшбас фосфор кен орындары барлаудан өтті. Ал Тәңіртаудың ең батыс сілемі Қаражантау  мен Сайрам  жоталары өнеркәсіптің көптеген салаларына өте қажетті шикізатқа бай.

          Кентау қаласына жақын маңда орналасқан Ақсай және Солтүстік доломитті кеніштерінде резина, қағаз, бояулар дайындалады, газ – мұнай бұрғылау жұмыстарында кеңінен пайдаланылатын минералдық шикізат – бариттің ірі ресурстары бар.

          Түлкібас өңіріндегі Құлантау және Иірсу кенорындарында жеңіл бетон дайындауға, оттан, дыбыстан қорғауға, жылу сақтауға, ғарыштық техникаға аса қажетті вермукумет бар. Бессазда габброперидотиттер құрылымында  оттөзімді заттар, қағаз, резина, парфюмерияға қажетті шикізат – тальктің ірі қоры  барланып, зерттелген. Төле б и ауданында орналасқан Жоғарғы Бадамда жоғары сапалы керамика, минерал талшығы, фарфор, фаянс диэлектеріне аса қажетті техникалық шикізат – волластониттің мол қоры ашылған.

          Сары жылға, Қызылкөл және Дарбаза кеніштерінде кварц құмының ірі қоры бар. Түлкібас, Корнилов кеніштерінің әктастары бұрыннан қант өндірісінде карбонаттық шикізат ретінде қолданылып келеді.  [29]

          Облыстағы құрылыс материалдарының минралды – шикізат базасы әр түрлі цемент, керамзит, кірпіш, шыны және құрылыстық тас өндірістерінің шикізаттары, құм-тас, минералдық бояулар ретінде қолданылады. Олар: Қазығұрт, Бадам, Састөбе және Түлкібас әктастары, Бағаналы гипсі, Күбірексай минералдық бояулары, Ленгер оттөзімді сазы, Күрішбұлақ кварц құмы, Дарбаза және Қыңырақ бентониттері, Сарытопырақты саздақтардың ірілі – ұсақты ресурстары мен құмтастардың табиғи қоспалары көп кездеседі.

[24]

І.3. Климаты

          Облыс аумағының географиялық орнына (яғни атмосфераның ылғалдылықтың негізгі көзі мұхиттардан тым шалғай орналасуына) және жер бедерінің сипатына байланысты қуаң континенттік климат қалыптасқан. Мұнда күндізгі және түнгі, қысқы және жазғы температуралар шұғыл ауытқып отырады. Жазы ұзақ, облыс түстігінде 8 айға дейін созылады. Қысы жылы: ең суық ай – қаңтардың орташа температурасы – 2-90С. ең ыстық Созақта тіркелген (-410С)

          Жазы ыстық: шілде айының орташа температурасы 19+290С. Ең ыстық кезең Шардарада (470С) тіркелген. Вегетация кезеңі 230-320 тәулікке созылады.

          Шөлді аудандарда жылдық жауын-шашын мөлшері 100-170 мм, тау етектерінде 300-450 мм, ал биік тауларда 1000 мм-ге дейін. Жауын-шашын негізінен көктем мен күз айларында болады. Қар жамылғысының орташа қалыңдығы 20-40 см аралығында, жазықта 2 айға, тауларда 5 айға дейін жатады. Қар қарашаның соңы, желтоқсанның басында түсіп, наурыз айында ери бастайды.

          Облыс аумағының көпшілік бөлігінде антициклондық ауа-райы басым. Сондықтан мұнда шұғылалы ашық күндердің ұзақтығы жылына солтүстіктен оңтүстікке қарай 2150 сағаттан 3000 сағатқа дейін күн ұдайы ашық болады, бұлтты күдер тиісінше 60 күннен 15-20 күнге дейін азаяды. Міне, осылардың нәтижесінде жиынтық радиация мөлшері де солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп артады. Облыста оңтүстік және солтүстік батыс желі көбірек тұрады. Желдің орташа жылдамдығы 1,9 -3,9 м/с. Желдің қатты тұратын аймағы – Ақсораң, онда желдің жылдамдығы 5,1 м/с-қа жетеді. Шақпақ пен Арыстанды – Қарабас желдері өте күшті соғады. [29]

          Облыстық қиыр оңтүстігі жылу мен ылғалдың жыл бойы таралуына, т.б. метерологиялық сипаттамалар ерекшеліктеріне қарай оңтүстік шөл бедем аралығын құрайды. Ерекшелігі – жауын – шашынның негізгі мөлшері (62-67%) нуарыз айында түседі, жыл бойына 40 күндей қар қылаулайды, бірақ та көп жатпай, тез еріп кетеді. Вегетациялық кезеңінің ұзақтығы 245-260 тәулік, 100С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік температурасының жылдық жиынтық мөлшері 4300-46000С. Жыл маусымдарының аражігі айқын ажыратылады. Қысы қысқа – 90 күндей. Жазы ұзақ -160-170 күнге дейін созылады. [2]

 

І.4. Ішкі сулары

          Обылстың су қорларын ірілі – ұсақты 127 өзен (жалпы ұзындығы 5 мың шақырымдай), 34 көл (көлемі 110 млн. текше метр), 30 бөген (көлемі 6 млрд. текше метр), 29 пайдаланылатын жер асты сулары және 5 минералды су көздері құрайды. Жалпы облыс аумағына жылына орташа есеппен 37 млрд. текше метрге жуық су келіп осыншама мөлшерде су кетіп отырады. [24]

          Облыстағы ең ірі және ұзын өзен  — Сырдария өзені басқа мемлекеттерден басталып, Қызылорда облысы арқылы  Арал теңізіне құяды. Облыс аумағындағы Сырдария өзенінің негізгі  саласы Арыс өзені (378 км), ол  Алатау мұздықтарынан басталып, жол-жөнекей Боралдай (130 км), Ақсу (133 см), Машат (60 км) т.б. көптеген  өзен суларымен толығады. Маңызды да ірі өзендер қатарына Келес (102 км) Бадам (145 км) өзендерін жатқызуға болады.

          Облыстағы ең үлкен суқойма – Шардара бөгені. 1965 жылы пайдалануға берілген, су  сыйымдылығы 5,2 млрд. текше метр, су өткізу мөлшері 200 м3/с. Одан су алатын  Қызылқұм (106 км), Шардара (10 км) каналдары арқылы 71,5 мың гектар егістік жер суландырылады. Бөген суқоймасының сыйымдылығы 37 млн. текше метр, ол Бөген, Арыс өзендерінің суларымен толығып отырады.

          Облыстағы 500 мың гектардан астам суармалы жерлдерді игеру үшін 14336 шақырым су арналары, 4743 км су қашыртқылары және  1900 дана тік дренажды ұңғышалар, 61 мыңнан астам гидротехникалық ғимараттар жұмыс істейді.

          Облыс аумағынджағы көлдер ауыл шаруашылығымен бірге басқа да мақсаттарға пайдаланылады.  Шошқакөлде (көлемі 8,6 млн. м3) аң ауланады, Сарыкөлден (10,2 м3) балық ауланады, Қызылкөл суының (5,9 м3) ем үшін пайдасы зор.

          Облыстағы жерасты суларының қоры ретінде Бадам – Сайрам, Мырғалымсай, Талас – Ақсу, Иқансу, Бөген  жерасты су көздерін атауға болады, Шу – САрысу артезат алабының  су қоры 260 млн. текше метрден асады, минералды сулар Сарыағаш, Манкент шипажайлары мен Темірлан ауылында арнайы рұқсатпен пайдалануға берілген.

Өзендері

          Облыс  аумағында гидрографиялық желінің жиілігі біркелкі емес. Өзендер негізінен аймақтың таулы бөлігінен бастау алады. Жалпы облыс өзендері Сырдария және Шу өзен алаптарына жатады.

          Сырдария өзені республикадан тыс жердегі Орталық Тянь-Шань тауларынан бастау алып, негізінен, қар және мұз суларымен толығып отырады. Сырдария өзенінің облыстағы негізгі саласы – Арыс өзені, ол Таласм Алатауы мен Өгем тау жоталарының беткейлерінен басталады. 1961 жылы  Арыс – Түркістан каналы іске қосылғаннан кейін оның төменгі ағысындағы су өтімі 52,8- ден 31 м3/с-қа азайды.

          Бұдан басқа Бөген, Келес, Бадам, Боралдай, Ақсу өзендері бар. Олардың жалпы ұзындығы 3745 км. Сондай-ақ Қаратау жоталарынан Жиделі, Бесарық,  Ермексу, Қарашық, Арыстанды және Шаян өзендері басталады.

          Облыстың  қиыр солтүстігі Бетпақдаланың батысында Шу және Сарысу өзендерінің төменгі ағысын қамтиды.

Көлдері

          Негізінен Сырдария, шу өзендерінің сағаларынджа орналасқан. Олар жасыған өзен суларымен, ал ұсақ көлдер жер асты суларымен  (ал ұсақ көлдер жер асты) толығады. Облыс аумағында  43 көл бар, олардың жалпы ауданы 25,94 мың  гектар. Облыстың солтүстік аймағында Шу өзенінің төменгі ағысында Ақжайық, Қарқын тұзды көлдері, Құмкент елді мекені жанында тұйық жер асты суымен қоректенетін  Қызылкөл жатыр.

          Қаратау жотасының оңтүстік беткейлерінен бастау алатын Байылдыр, Хантағы, Иқансу, Көкқиясай өзендері Қарашық, Қалдыкөл Шүйнек көлдеріне құяды.

          Сырдария өзенінің аңғарында Тұздық,  Сарыкөл, Балтакөл, Көккөл т.б. ірілі – ұсақты  көлдер көп кездеседі. Бұл көлдердің көпшілігі ащы, тұзды.

          Облыстағы су желісінің бір ерекшелігі, тақырларда жауын-шашын суларынан түзілетін көлшіктер мен көлдер пайда болып, кейінірек кеуіп кетеді.

          Сонымен қатар облыстағы 22 жасанды су қоймаларының жалпы көлемі 98 мыңнан астам гектар жерді алып жатыр. Оларға Бадам, Бөген, Шардара, Қапшағай, т.б. бөгендер жатады.

          Жер асты сулары

          Облыста шамамен тәуліктік ресурсы 3000 м3/ тәулік болатын 30-астам жер асты  суларының көздері белгілі. Ішуге жарамды сулардың болжамдық ресурсы  тәулігіне  4000 м3 – тьан астам мөлшерге  бағаланады.

          Облыста Арал, Сырдария және Ташкент (солтүстік жақ бөлігі) ойыстарынан тұратын Сырдария артезиан алабы барланған.

          Сырдария және Келес ойысы аумақтарының палеоген жер қыртыстарында, ойыстың шеткі бөлігінде 90-170 м, ортаңғы бөлігінде 1100-1200м тереңдікте жататын сульфат – хлоридті натрийлік суларының көздері табылған. Су көзінің тәуліктік қор мөлшері 10-15 және 165 м3 аралығында. Минералдануы 2-12 г/ дм3. жоғарғы бор дәуірі жер қыртыстарында бұл сулар Сырдария ойпаңының оңтүстік – батысында көптеп кездеседі және 170-600 м. тереңдікте жатады. Судың температурасы 20-400С.

          Түркістан ауданында (Түркістан минералды сулары) және «Манкент» шипажайында (Манкент минералды сулары) емдік мақсаттарда қолданылатын сульфат – натрий су көздері ашылған. Манкент минералды су көзінің тереңдігі 1143-1181 м, минералдылығы 2,1 г/дм3, судың температурасы 400С. судың құрамында күкіртсутегі, бор, бром, кремний қышқылы кездеседі.

          Сырдария және Келес ойысы аумақтарынжағы жер қыртысында 400-500-ден  2000 м. тереңдікте жататын және температуроасы 20-900С болатын аз минералданған азот сілтілік термальды сулар мол. Олар полеоген және бор дәуірлері жер қыртыстарының құмды   бөліктерінде кездеседі.

          Темірлан ауылының оңтүстік бөлігінде (Шымкент минералды сулары) 792-840 м. тереңдікте гидрокарбонатнатрий құрамына  кіретін аз минералданған азот сілтілік су көздері  негізінде  «Сарыағаш» курорты жұмыс істеуде. Судың құрамында кремний қышқылы, радиоактивті элементтер, азот, гидрокарбонаттар, натрий, кальций, магний алюминий, мыс, марганец, машбден және әр түрлі микроэлементтер бар екені анықталған. Судың температурасы 49-530 С, тәуліктік шығымы 5 млн /тәулік.

          Байырқұм – Арыс ойысы аумағында кремний минералды су көздері ашылған. Төменгі бор дәуірі құмдарында судың минералдылығы 1,7 г/дм3. Құрамында бром, иод, бор, фтор бар екені анықталған. Судың температурасы тереңдігіне байланысты  46-830С.

          Шымкент қаласы Бадам – Сайрам және Тассай – Ақсу жер асты сулары арқылы сумен қамтамасыз етіледі.

Бөгендері мен тоғандары

          Облыста 27 бөген мен тоған бар. Шағын бөгендер мен тоғандар  Түркістан  ауданында көп кездеседі. Облыстағы суқоймалар 1927 -1992 жылдар аралығында салынып, іске қосылған. Олардың ең үлкен – Шардара бөгені 1965 жылы іске қосылған. Ол Сырдария өзенінің алыбында орналасқан, көлемі 5200 млн. м3, ұзындығы 6000 м, тереңдігі 28,2 м.

          Көлемі және халық шаруашылығындағы маңызды жағынан екінші орында тұрған Бөген суқоймасы 1967 жылы іске қосылған. Арыс өзенінің алабында орналасқан, көлемі 370 млн. м3, ұзындығы 5400 м. [29]

          Топырақ жамылғысы табиғаттың зоналық заңына сәйкес таралатындықтан аумағында биік таулы салқын альпілік топырақтардан бастап тау бөктерлеріндегі әртүрлі қоңыр және сұр топырақтарға жалғасып, терістік және терістік – батыс аймақтарындағы жазықтарды сұрқұба, ескі аллювиалды ойыс жазықтарды тақыр және тақыртүстес топырақтар мен ірі құмды алаптар (Шығыс Қызылқұм мен Батыс Мойынқұм) алып жатыр. Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының Ө.Оспанов атындағы Топырақтану институтының көпжылдық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде облыс аумағында 130-ге жуық топырақ түрлері мен олардың комбинациялары кездесетіндігі анықталады. Жалпы облыс жерінің топырағы екі топқа бөлінеді : 1. Тау топырақтары. 2. Тау аралығындағы аңғарлардың, тау бөктеріндегі, т.б. биік және ойысты жазықтардың топырақтары.

  1. Тау топырақтары.

Таулы  аймақтар облыстың біраз жерін алып жатыр. Осы таулы аймақтың бір ерекшілігі биіктігі мұхит деңгейінен 4000 метрге жақындайтындықтан топырақ – климаттық зоналардың таралуында биік белдеулік зоналық заңы орын алады, яғни тау биіктеген сайын ылғал көбейіп, ауа райы суыта түседі. Міне осыған байланысты таудың төменгі етегіндегі шөлді – дала белдеуінен (теңіз деңгейінен 250-350 м) таудың биік 3500 -4000 м деңгейіне дейін бірнеше таудың белдеулік белдемдері кездеседі, олардың топырақ, өсімдік жамылғылары да, жануарлар дүниесі де әр  алуан болып келеді. Былайша айтқанда, табиғаттың көлденең белдемдік заңы байқалатын сонау терістік тундрадан оңтүстіктегі шөл зоналарына дейін аумағындағы Батыс Тянь-Шань тау етегінен биік шыңдарына дейінгі 3-4 шақырым қашықтықтағы биіктікте көпшілік белдемдердің кездесуі ғажап дүние, табиғаттың осындай ерекшелігін түсіне білген (адам) ғалым, Орта Азия университетінің профессоры А.Л.Бродский 1920 жылдардың басында осы аймақта Мемлекеттік қорық ұйымдастыру мәселесін алға қойған. Бұл ұсыныс сол кезде Мәскеуде Орталық органдарда қызметке араласа бастаған Т.Рұсқұловтан алғаш Ақсу – Жабағылы қолығы  ұйымдастырылады. Сонымен осы таулы белдеуде таудың шалғынды – далалы альпілік, субальпілік, таулы – далалық альпілік, таулы альпілік,  таулы шалғынды гидроморфты субальпілік топырақтары кездеседі. Бұл топырақтар 132 мың гектарды, яғни облыс  жерінің 4,7 пайызы болады. Ал аласа таулар мен оларға жалғас етектерінде таудың сұр топырақтары түзілген. Олардың көлемі 186,8 мың гектар, облыс жерінің 1,7 пайызы. Сонымен жалпы таулы гектар жерді алып жатыр, ал облыс жерінің 7,5 пайызы.

 

  1. Тау аралығындағы аңғарлардың, тағы басқа биік және ойысты жазықтардың топырақтары.

Таулы аймақтарға қарағанда бұл топырақтардың түрлері мол. Бұл топтағы топырақтар ішінде   осы аймақтарға тән зоналық топырақтар кездеседі. Тау  етектерінің биіктеужазықтарының қара қоңыр және сұр қоңыр топырақтарының көлемі 78,4 мың гектар, облыс жерінің 6,6 пайызы. Тау етектерінің орталық бөлігіндегі жазықтарының оңтүстік және терістік сұр топырақтарының көлемі 1021,4 мың гектар, облыс жернің 8,4 пайызы. Тау етегіндегі төменгі жазықтардың оңтүстік және терістік ашық сұр топырақтары, биік шөл жазықтарының сұр құба топырақтары 2390,7 мың гектар -19,5 пайызы, оның ішінде біршама ойпатты жерлерде тақырлар мен тақыртүстес топырақтар және шалғынды, шалғынды- батпақты топырақтар алып жатыр. Оның ішінде сұр топырақ белдемдегі сортаң топырақтар көлемі 193,4 мың гектар, облыс жерінің 1,6 пайызы: шөл зонасындағы сортаң топырақтар, көлемі 539,7 мың гектар -4,5 пайыз, ал екі белдемдегі сортаң топырақтар көлемі 457,3 мың гектар – 3,8 пайыз. Өзен бойларының топырақтары  300,9 мың гектар -2,7 пайыз, сұр топырақтар белдемдегі құмды топырақтар 1047,1 мың гектар -9,5 пайыз болса, шөл белдеміндегі құмды топырақты жерлер екінші топтағы, яғни облыстың жазық жерді қамтып, облыс  жерінің 91,5 пайызын алып жатыр. [29]

Облыстың біршама жерлерін тоыпрақ емес құрылымдар: биік таудағы мәңгі қарлар мен мұздар, қатты тау жыныстары, көл мен өзендері алып жатыр. Олардың жалпы көлемі 150 мың гектардай -1,2 пайыз. Ал бұл топырақтар орналасу жағдайларына, табиғи ылғалмен қамтамасыз етілуіне немесе қолдан суару мүмкіншілігіне  қарай ауыл шаруашылығының  салаларына пайдаланылады.  Мысалы таудың биік альпілік, субальпілік белдеулері малдың жазғы жайлауы болса, орта және аласа таулы белдеулерде жер бедерлерінің ыңғайына қарай жайылым, шабындық, жеміс ағаштар, т ағы басқа дақылдар өсіруге  болады. Ал аласа  таулы аумақтардың етекутеріндегі ылғал  жеткілікті болғандықтан бұл  белдеулер тәлімі (богара) егістерге пайдаланылады. Таулардың төменгі етектеріндегі жазықтарда  ылғал жеткіліксіз, негізінен суармалы егістіктер үшін ыңғайлы. Бұл  аймақтарда  су көздері жеткілікті болған жағдайларда мақта дақылы, бау-бақша жемістері, көкеніс, малазығындық шөптер, т.б. өсіріледі. Ал өзен бойларындағы көне аллювиалды шөл белдеміндегі жазықтарда жоғарыда аталған дақылдарға қоса күріш егіледі. Жалпы облыс көлеміндегі жартылай шөл шөлді алқаптар негізінен жайылым ретінде пайдаланылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. 5 Өсімдіктері мен топырақ  жамылғысы

          Облыс жерінде Қазақстандағы өсімдік түрлерінің жартысынан астамы кездеседі, шамамен 8 мыңдай  болады.  Оның 1-1,5 мыңдайы-балдыр, 2,5-3 мыңдайы-саңырауқұлақ, 200-ге жуығынан астамы –жоғары сатыдағы өсімдіктер. Бұл өсімдіктердің шамамен 250 түрі тек қана облыс жерінде  кездесетін эндомиктер. Қазақстанға  тән 10-12 эндомик  тұқымдастарының  жетеуі осында өседі: физандара, рафидофтион, жалған шалмасақ, жалған шандра , бочанцевия , тобылғыгүл, конкриниекла. Оңтүстіктің қазіргі флорасы  ежелгі флораларыныңм  негізінде қалыптасқан. Сол флоралардың  өкілдері  бүгінгі флораның құрамында реликт түрінде кездеседі.

          Облыс аумағындағы  өсімдіктердің таралуы , түрлері мен эндемиктердің  топтасуы  биологиялық , экологиялық  эволюциялық,  ерекшеліктеріне байланысты  болып келеді. Облыс жерінде  құрғақ субтропикалықтан  (Жетісай, Сарыағаш)  бастап мұздықтарға  (Ақсу-Жабағалы)  дейінгі Солтүстік жарты шардағы  барлық табиғи  аймақтардың  сапрқыншақтары кездеседі.

          Облыстың  жазық бөлігі Иран-тұрандық ботаникалық-географиялфқ аймақтың 2 провинциясының  құрамына кіреді (Жоңғар –Солтүстік  тұрандық  және оңтүстік тұрандық). Жоңғар –солтүстік тұрандық  шөлдер  Созақ ауданы жерінде  Облыстың терістігінде Бетпақдаланың  өсімдіктері әр алуан түрлі.  Тастық жерлерге  петрофиттері сериялы  тән болса, , кейбір саз балшықты  топырақтарда шөлдік финоценоздар кең тараған. Бұл жерлердегі негізгі даминанттар –сұр жусан , бұйырған , қара  баялыш, тасбұйырған , көкпек,  сонымен қатар тұран  жусаны мен майқара жусан, күйреуік, қара  сексеуіл және т.б. Оңтүстігінде  Бетпақдала Шу өзенінің  жарқабақты.  Алабымен шектеседі. Бұл жазықты аса  тұзды гипоргалофитті шөлдер мен сорлар көп кездеседі.  Бұл жерлердегі негізгі доминаттар –жалмаңқұлақ , жапырақты сорқаңбақ, төбесораң , қызыл сораң, сарсазан , сонымен қатар жыңғыл  мен кермектің  түрлері де кең тараған. Шу өзенінің солт жағалауында тек  өзіне тән өсімдіктер бар. Мойынқұм жатыр. Мұндағы негізгі  доминанттар –жүзгіндер , қоян сүйек, ақ сексеуіл, қысқа мүйізді  астрагал, теріскен, мал жабылатын  құмдарда жусанның  түрлері, ебелек пен изен өседі.

          Оңтүстік тұрандық шөлдер  Қаратаудың Күнгей  беті мен Батыс Тәңіртау  аралығындағы  Түркістан ауданынан Сарыағаш ауданына дейінгі кеңістікті алып жатыр. Бұл шөлдерді үлкен 3 топқа бөлуге болады: жазықтық , тау етегі мен бөктерлеріне тән адырлық шөлдер мен тықыр шөпті  эфемерлі –эфероидты жартылай саванналар, сонымен қатар өзен аңғарларына тән өсімдіктер.  Жазықтық шөлдерге  Қызылқұм жатады. Мұндағы  негізгі эдификаторлар (өсімдік жамылғысындағы  басым түрлері)-ақсексеуіл, раң,  басты жусан, жлңғарлық жусан, түк жемістімавзолея және бірқатар  эфемероидтар, астық тұқымдастар болады. Бұл шөлдерге тән негізгі  өсімдіктер толық, қаудық түрлері және қызғалдақ, шырыш, шиқылдақ, , фломис, көбенқұйрық сияқты эхфемероидтар  шөптесін өсімдіктер. Олардың ішіндегі  ерекшесі-шөптесін өсімдіктер.  Олардың ішінде  ерекшесі-Ақдала  жызығындағы дәрмене жусаны. 100 шаршы м. Жерде  18-20 түрі кездеседі. Тықыр шөпті жартылай саванналар немесе эфемеротум  әдәуір жерді  алып жатыр.  Өсімдік  жамылғысының негізін қалайтындар жуашықты қоңырбас, , қоңырөлең мен раң , олармен қатар кездесетіндері-бозшағыл, салалы қарашағыр, бессаусақ,  сор ажырақ, түкті бидайық және жаман арпа. Мамыр  айының екінші жартысында эфемероидтар  толысады да жаздың ортасында күйіп кетіп,  топырақ жолақшаңданып қалады.      

    Өзен аңғаларына тән өсімдіктер   тұқымдастығын  шалғындық  және итоғайлық экологиялық  қатарлар түзеді.   Сарысу мен Шудың төменгі ағысында  қалың тоғай жоқ. Бұл жерлерде –жыңғыл , қамыс ,  шеңгел мен ажырық өседі. Кейбір тұзды жерлерде  қарабарақ, , төбесораң, сарсазан,  кең тараған.  Қалың тоғай Сырдарияның  аңғарында көп. Судың жағалу тораңғы , талдар , жиде, итмұрын,  тұнып тұрған ну тоғай.  Ағаштардың бұтағында шырмалған маналар-шығыстық жібілген, шырмауық бар. Тоғайдың  шетінде  ірі астық  тұқымдастар қамыс, баттауық, және кендір,  жантақ және қызыл  мия қалың өскен.  Облыстағы таулар Батыс  Тәңіртау мен Қаратау жүйелеріне жатады.  Таулық жер бедерлерінің  өсімдік жамылғысының құрылымы  өте күрделі келеді. Таулардағы өсімдік тұқымдастарының түрлері мыналар:

-әр түрлі шөптесін-ірі астық тұқымдастардан тұратын жартылай саванна;

-жапырақты , жемісті ормандар;

-су бойындағы бұталар;

Таулық далалар;

-бұта-шіліктер-розарийлер, тобылғы және  шие-шіліктер

-тікенекті қатты шөптер мен бұталардың  аң тұратын фриганоидтар;

-әр түрлі биіктік белдеулеріндегі таулық шалғындар, т.б.

Бұл экожүйелердің кемшілігі жазық  жерлерде кездеспейді

          Таулық  әр түрлі шөптесін – ірі астық тұқымдастардан тұратын  жартылай саванна теңіз деңгейінен, 600 м-ден жоғарыда кездеседі. Шөптердің биікті 1м-ден асады. Фитоценоздардың  доминанттық  негізін түкті бидайық, жаман арпа, бозшағыл және кәдімгі  торғақшөп,   қызыл от, бидайық сияқты шалғынды  астық тұқымдастар құрайды.   Өсімдік жамылғысының жоғарғы деңгейін  әдетте сасырдың  түрлері штукбекдрофия,, жүрекшапырақ  рауғаш, жалаңгүлді  айдаршөп,  андыс шырыштың түрлері түзеді.  Екінші деңгейде  түзетіндер –жұпаргүл , астрагалдар, самарқандық салаубас, өлмесшөп,  кебенқұйрықтың түрлері және  т.б. Төменгі  деңгейдің түр құрамы  эфемерумге ұқсас. Бұл өсімдік тұқымдастарына –итмұрындар, тәңіртаулық ұшқат , алмұрт жапырақты түйесіңір, шиелер жатады.  Бұл тұқымдастың түрі өте көп-100 шаршы метр жерде 50-ден сасды. Субальпілік белдеуде (200-м жоғарыда) –жіңішке сасыр, кәдімгі тарғақшөп,  қызылот , андыз,  таран, рауғаш, итмұрын ши және бадам кездеседі.

          Ксерофильді сирек ормандар мен бұталар Қаратау мен Батыс Тәңіртаудың аласа  бөктерлерінде (Машат, Дәубаба, Қазығұрт) шоғырланған. Бұл бірлестіктер терең   сайлар мен адам аяғы баспаған , өзіндік микроклиматы  бар жерлерде сақталған. Негізгі формация-Сары даланың  сирек ормандары. Өз алдына жеке бірлестік  түзетін тағы бір түрі –тау пісте. Бадандық ең ксерофильді нұсқасы тікенді- бадам топтары.  Бұдан басқа Түркітан  доланасы, регель алмұрты, семенев үйеңкісі , ұшқаттар, итмұрындар,  шиелер, парсы  шетені немечсе,  қызыл қайың, қылма кездеседі. Олардың ішінде Қызыл кітапқа  енгендер де бар, олар жабайы алма, жабайы өрік,  жабайы жүзім, Шренк   тобылғыгүл , темірағаш, Кавказ флористикалық  қанықтығы түр құрамының байлығы 100 шаршы  метрде 75 түрі кездеседі.  Шөптесін өсімдіктердің  құрамында жартылай  саваннамен ортақ түрлері көп. Осы екі өсімдіктер  қауымдастығы түрлерінен (Қызыл кітапқа» енгені –Регель рафидофинтоны , марскеуек немесе  лепидолофалар, піскен жуасы  грейг қызғалдағы, көкшіл шиқылдық, ақ жолақты сасыр.   

          Жапырақты  жеміс ормандары  әдетте беткейлерде , сайлар мен жыралардың  табанындағы сулы   немесе құрғақ    арналарда өседі.  Негізгі орман  түзуші түрлер –Түркістан доланасы  мен жабайы алма. Олармен бірге өрік, жоңғар, доланасы , сары долана, семенов үйеңкісі  жабайланған қара тұт, жаңғақ және алша кездеседі.

          Су бойындағы бұталар ормандар (тоғайлар) Қаратау мен Батыс Тәңіртаудың  сай-жырларында  ағып жатқан үлкенді – кішілі өзен сулардың  бойында болады. Ең алдымен бұл-тал шіліктер: ақ тал , кирилов, талы,  блек талы, іле талы,  сонымен қатар талас  терегінің ормандары. Тау өзендерініңғ  бойында (соғды шағанының ормандары, ал Қаратау мен) бірқатар сирек реликт түрлер кездеседі. Боралдай, Ақсу, Дәубаба  өзендерінің  бойында соғды шағанының ормандары, ал  Қаратау мен Машат тауларының кейбір жерлерінде  жабайы жүзім сақталған. Батыс Тәңіртаудағы өзендер аңғарында Тянь-Шань  қайыңы мен талас  қайыңының  ормандары кездеседі.

          Арша ормандары мен сирек ормандардың үш түрі бар: қызыл арша немесе  Түркістан аршасы.  Кең тарағаны –қызыл арша, ол 1200-2000 м. Биіктікке дейінгі белдеуде тараған. Қаратау мен Машаттарға кішкене «арша аралдары» бұл түрдің бұрын кең тарағанын көрсетеді. Сауыр арша теңіз деңгейінен 1600-2500 м биіктіктегі белдемде, ал Қара  арша 1700 -3000 м  биіктікте тараған.

          Таулық далалар  Қаратау  мен Батыс Тәңіртаудың көптеген белдемдерінде  кең тараған.  Негізгі  фитоценоз түзушілер-қау мен боз бетеге. Ерекешөптің түрлері де елеулі роль атқарады. Тау беткейлерімен жоғары көтерілген  сайын бетегелі-бозды шөптесін өсімдіктер  көбейе түседі.

          Қаратаудың далалық  формациялары құрамы мен құрылымынындағы  өзіндік ерекшелік  жартылай саванналық , фриганоидты өсімдіктер бірлестіктеріне  жататын бұталардың –тобылғы , балқаш , қарағаны, тобылғыгүлдің  болуы.

          Тау беткейлеріндегі бұталар да Қаратау мен Батыс Тәңіртауды кең тараған. Ал шөлді жазықтарда , тұзы сортаңды жерлерде , өзен аңғарларында  қалың шеңгел кездеседі. Тауларда өз алдына қалың болып шие , ұшқат, тобылғы, итмұрын, зірік, ырғай, қара арша, , тобылғыгүл мен қылшалар  кездеседі.

          Фриганоидтар немесе таулы-қыраттық ксерофиттер Қазақстанда тек қана  оңтүстікте мейілінше   толық кездесетін тікенекті  шөптесін өсімдіктер қауымдастығы.  Олар теңіз деңгейінен 100-2700 м биіктікте таралған. Фриганоидтардың айқын өкілдерінің  көпшілігі  реликт, әрі сирек  түрлер болып  табылады. Да (Қызыл кітапқа» кірген. Олар –Культиасов  сирекиясы, тікен жапырақ, әулиеаталық   рихантемис , Қаратау лепидолофасы  таспажапырақты лепидолофа, мыңжылқы көбенқұйрығы, тау сағыз және т.б.

          Батыс Тәңіртаудың  қыраттарында теңіз деңгейінен, 1700-2400 м. Аралығында –криофитті альпілік  шалғындар таралған.  Таулы шалғындарда кең тараған  түрлер-шалғындық түлкіқұйрық, бидайық, кәдімгі  тарғақшөп,  шалғындық атқонақ,  шалғындық  қоңырбас, т.с.с. Субальпілік шалғындар жатаған   аршалар белдемеде тараған. Шалғындық астықтұқымдастарға  жататын түрлер шаоғындық беде , Гельцер  қалампыры, бұйра қымыздық , маралоты және т.с.с. қосылады. Қазақстанның «Қызыл кітабына  енгізілген. Қоқанның морикасы мен ірі жапырақты медиазия субальпілік шалғындардың құрамында. Альпілік  шалғындардың түр құрамы  бөлек , олар негізінен аласа бойлы, криофитті шөптесін өсімдіктерден  тұрады. Әдетте, доминант болып  келетіндері-жіңішке кобрезия немесе күйгенбас , доңызсырт , сарғалдақтар , тасжарғандар , көкгүлдер және т.б.

          Батыс Тәңіртаудың ең биік жерлерінде (3500-4200м) криофитті бөстектілер мен қармаңайлық-субнивалды  белдемдік топтар кездеседі. Ең жарқын өкілдері болып  табылатындары –үш сала вальдгеймия, желайдар шөшішбас, аяздық семізот  және т.б.

          Облыс жері өте көне мәдениет және  өркениет ошағы болып табылады. Бұл әрине өсімдіктер дүниесіне  тәкелей әсер еткен,  әсіресе Қаратаудың  күнгей бнткейіндегі  Сырдарияның  бойындағы қалың орман , тоғайлар сиреп қалған. Өсімдік дүиесі көптеген мәдени  дақылардардың отаны болып табылады.  Облыстың жер аумағы  Н.Вавилов айқындап кеткен «Орта Азиялық мәдени  өсімдіктер ошағының « қомақты  бөлігі болып табылады.  Облыстың  жер аумағы  Н.Вавилов айқындап кеткен. «Орта Азиялық мәдени өсімдіктер ошағының»  қомақты бөлігі болып табылады.  Ондай дақылдарға қызыл  бидай, арпа , күріш,  алма , өрік жүзім   және т.б. жатады.

          Облыстың табиғи флорасы-әлі де пайдалы өсімдіктердің қайнар көзі болып отыр. Мұнда  жемшөптік, дәрілік, , азық-түліктік,  эфимайлық және т.б.  пайдалы өсімдіктер көп –ақ. Олардың ішіндегі дәрмене  жусан, жабайы, жүзім сияқты  түрлердің такбиғи популяциялары  ғаламдық маңызы генофонд  деп таңылып отыр.    

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.1. Зоогеографиялық аудандастыру.

 

Зоогеография – жер шарындағы жануарлардың белгілі бір аймақта таралуын, олардың тіршілік жағдайларын, түр құрамын, дамуын зерттейтін биогеография ғылымының бір саласы.  Жануарлар географиясының ерте кезде тіршілік еткен жануарлардың таралуын зерттейтін бөлімін палеозоогеография деп атайды. Жануарлар географиясы – биологиялық ғылым, бірақ жануарлар тіршілік мекендеріне, яғни ареалы мен стациясына, таралған жерлеріне (өзен, көлде, теңізде, құрлықта) байланысты. Жануарлардың жер жүзінде таралуы туралы деректер ертеден белгілі болғанымен, зоогеографиялық алғашқы еңбектер ХVІІІ ғасырда пайда болып, ХІХ ғасырдың ортасынан бастап ғылыми тұрғыдан дамып келеді. [1].

ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстандағы жануарлар дүниесін биологиялық – географиялық аудандастыру және зоналарға бөлу мәселелері Н. А. Северцовтың еңбектерінде неғұрлым толық әрі терең қамтылып зерттелген. Оның ізденіс жұмыстарында Оңтүстік Қазақстан территориясының мысалында организмдер мен олардың таралуының өзара байланысы туралы мәселе тұңғыш рет кең көлемде қойылады. Міне, сондықтан да ол еңбектер физикалық география үшін өте құнды. Пиологиялық географияда аудандастыру әдісін қолданып, Н. А. Северцов жануарлардың таралуына Оңтүстік Қазақстанның осы заманғы физикалық – географиялық жағдайларының  қаншалықты  ықпал жасайтынына айрықша ден қойуы және бұл мәселе өткен замандағы геологиялық жағдайлармен сабақтастыра зерттелді. Демек, бұл ғалым орыс биологиялық – географиясында тұңғыш рет тарихи және экологиялық әдістерді қолданып, қалыптастырды.

Н. А. Северцовтың зоологиялық – географиялық еңбектерінде табиғатты, соның ішінде зоологиялық – географиялық аудандастыру мәселесі маңызды орын алды. Бұл орайда оның «Түркістан жануарларының вертикалдық және горизонталды таралуы» (1873 жыл) атты іргелі зерттеуінің айрықша мәні бар. [4].

Осы еңбек жөнінде А. Н. Формозов кейін былай деп жазды: «Бұл Орта Азияның омыртқалы жануарлары туралы тұңғыш жинақ және кеңбайтақ әрі табиғат  жағдайлары  өте  күрделі  өлкенің  жануарлар  дүниесін зоологиялық – географиялық жағынан тәптіштеп егжей – тегжейлі жазған алғашқы еңбек  болды. Северцовтың экспедициясына дейін ол өлкенің  жануарлар  дүниесі  туралы ғылымда Леманн, Эверсман, Каремен мәлімдеген, тағы басқа бірен – саран шашыранды мағлұматтардан бөтен мардымды ештеңе жоқ – ты. Н. А. Северцовтың бұл классикалық еңбегі жарыққа  шыққаннан   кейін,  өткен  ғасырдың  жетпісінші    жылдарында – ақ  Түркістан  омыртқалы жануарларының түрлері және олардың географиялық  таралуы  жөніндегі  ұғым неғұрлым толығып, айқындала түсті.  Тіпті  Россияның орталық  аудандарындағы  жануарлар  жөнінде  де  ол  кезде  мұндай  толық  әрі  дәлме – дәл  деректер  жоқ — ты».

[А. Н. Формазов, «К 125 летию со дня рождения Н. А. Северцова» — «Изв. СССР. Серия геогр» 1952 №6 51 – б].

Н. А. Северцовтың Түркістанды зоологиялық – географиялық аудандастыруы  межелі  деңгейден асып түсіп,  шынтуайтқа  келгенде  күллі Орта Азияны  зоологиялық – географиялық аудандастырудың тамаша үлгісіне айналды. Ғалым былай деп жазды: «Осы уақытқа дейін біз Түркістан өлкесіне біртұтас  аймақ ретінде қарап келдік. Енді оның зоологиялық тармақтарына  зер салып көрелік.  Мұндай  аудан,  шындығында, екеу: шығыс немесе Жетісу торабы және батыс немесе сырдария бөлігі … Түркістанда мекендейтін кейбір жануарлардың — өзім анықтаған таралу шекараларын неғұрлым дәлірек  белгілеу үшін өлкені төрт зоологиялық аймаққа бөлдім. Сонымен  қатар бұл аймақтардың топографиялық жағынан бір – бірінен ерекшеліктері бар.  Биіктік  белдеулерін  суреттеп  жазу үстінде – ақ  өлкенің  әр  түрлі  аймағында  олардың  әрқайсысының  әр түрлі биіктік белдеуін  қаншалық  зерттеп  үлгергенімді  де еске салмақпын. Мұнда өлкенің  шығыс  бөлігі  бірінші облыс болып есептеледі, шығыс пен батыс бөліктердің аралығы екінші облысқа  жатады,  өлкенің  батыс  жағы  үшінші және төртінші облыстар  құрамына кіреді». [28].

Н. А. Северцовтың қолында кейбір аудандар бойынша деректер жеткіліксіз болғандықтан,  ол  өзінің зоологиялық – географиялық схемасын шартты түрде жасалған деп есептеді. Солай бола тұрса да, автордың айтылмыш еңбегі өз заманы үшін зор жаңалық болды.

Н. А. Северцов Түркістандағы жануарлар дүниесінің ерекшеліктерін өз замандастарының қайсысынан болсын тәуір білді әрі салыстырмалы тарихи және экологиялық зерттеу әдістерін шебер игерді. Сондықтан жануарларды ол  жаратылыстағы  табиғи  аймақтарға  бөлу  ісін жүйелі түрде жүргізді. ғалым  сонымен  бірге  табиғи шекаралардың белгілі бір мөлшерде шартты екенін жақсы түсінеді. Сондықтан  ол  белгілі бір жануарлар тек осы жерде ғана таралған деп тап басып өлшеп — өлшеп айтуға болмайтынын атап көрсетті, яғни жануарлардың бір аймақтан екіншісіне өтуіне биіктік белдеулерінің көбіне кедергі бола алмайтынын ескертті.

Н. А. Северцов материктерде жекелеген зоологиялық орталықтарды анықтау қажет деп есептеді. Оның ойынша, Орта Азия үшін осындай орталық Тянь – Шань болуға тиіс. «Өткен геологиялық дәуірлердегі теңіздерде таулар зоологиялық – географиялық орталықтар қызметін атқарған және сол көне дәуірлердің іздері әлі де сақталуда», — деп жазды ғалым. Н. А. Северцовтың тұспалдауынша, Тянь – Шань Тұран жазығының және Тянь – Шань тауларындағы жануарлардың пайда болуына себепкер жалпы орталық болған. Зерттеуші өз пікірін дәлелдеу үшін осы аудандардағы жануарлардың генетикалық байланыстарын көрсетеді.

Н. А. Северцов Оңтүстік Қазақстанның таулары мен жазық жерлерінде таралған жануарларды зоналар мен региондарға бөліну белгілеріне қарай зерттеумен қоса олардың кеңістіктерге таралуының зоналық және региондық әдістерін шебер қолдана білді, сөйтіп жануарлардың белгілі бір биіктік белдеулерінде тіршілік етуі региондық заңдылыққа бағынатынын дәлелдеді.

Н. А. Северцов Тянь – Шаньның физикалық – географиялық биіктік белдеулерін анықтап, олардың әрқайсысына қысқаша анықтама берді. Тянь – Шаньның жануарларын сипаттай келіп, автор олардың биіктік белдеулері бойынша саралауын тұңғыш рет және біршама толық сипаттады және таудың өзін зоологиялық – географиялық жағынан аудандастырды. Ол бес биіктік белдеуін белгілеп, олардың әрқайсысын жануарлар мен өсімдіктер тіршілік ететін саты ретінде тексеріп бақылады.

Сөйтіп, Н. А. Северцов еңбектері негізінде ХІХ ғасырдың тарихи және экологиялық тәсілдермен толықтырылып, жануарлар организмдерінің және олар тіршілік ететін ортаның өзара жан – жақты байланыстарын түсінуге әбден жақындап келді. [4].

Ал қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстанның фаунасын зоналық және аймақтық ерекшеліктері бойынша аудандастырар болсақ, Оңтүстік Қазақстан шөл – шөлейтті және таулы аймақ жануарлар дүниесіне ажыратып қараймыз.

Ел әуелі фауна терминіне келер болсақ, фауна дегеніміз – белгілі бір аймақта мекендейтін және оның барлық биогеоценоздарына кіретін жануарлар түрлерінің тарихи қалыптасқан жиынтығы. Олардың түрлерінің әркелкілігі түрдің қанықтылығымен және олардың жекелеген өкілдерінің сонымен анықталады.

Қазіргі заманғы фауна территорияның даму тарихымен тығыз байланысты, ол жануарлар әлемінің әркелкілігін анықтайтын факторлардың бірі болып табылады.

Жануралар әлемінің тіршілік аймағы, бүкіл организмдердің барлық жиынтығы орналасқан жердің тіршілік қабаты – биосфера болып табылады. Биосфераның ерекшелігі географиялық таралуын, көші – қонын, санын және негізінде жануарлар әлемінің популяциялық ерекшелігі оның өкілдерінің бейімделу жағдайларының дамуын қамтамасыз ету. Экологиялық факторлардың оптималды аймақтарының шекаралары жануарлар әлемінің түр сәйкестігіне тәуелді дифференцияцияланады.

Шөл – шөлейт зонасының фаунасы. Физикалық географиялық жағдайына қарай бұл өңір бірнеше типке бөлінеді: құмды, сазды, сортаңды, қиыршық тасты және тасты шөл. Әр түрлі шөл типінің жануарлар дүниесінде де айырмашылығы бар. Жануарлар тіршілігі үшін шөл жағдайы өте  қолайсыз болғандықтан, бұған тек аздаған жануарлар түрі ғана бейімделе алған. Ең қолайсыз тіршілік жағдайы қиыршық тасты шөлде байқалады; мұның фаунасы құрамындағы түрлер де аз келеді. Сүт қоректілерден бес башайлы қосаяқтар, секіргіш қосаяқ, кіші қосаяқ, тарбағанша жуан құйрық қосаяқ, Жатков қосаяқ тән. Соқыр тышқан кездеседі. Айрықша тұқымдас деп қаралатын қалқанқұлақ бар. Жыртқыштардан шөлде қасқыр, түлкі, күзен, тұяқтылардан қарақұйрық кездеседі, ақбөкен қыстайды.

Сазды шөлде құстардан әр түрлі бозторғайлар, дала ұзынтырнақ торғайы, шөл шақшақайы және биші шақшақай, қара бауыр және ақ бауыр бұлдырықтар, қылқұйрық, жорға дуадақ, ақбас тырна ұялайды.

Құмды шөлде сүт қоректілерден торала жертесер, жіңішке башайлы саршұнақ, сәскелік құмтышқан, үш башайлы қосаяқтар – түкті башайлы, Лихтенштейн, майқұрықты ергежейлі қосаяқтар бар. Құмды құлақты кірпі, құм қоян, ала күзен көп таралған, қасқыр мен түлкі, бұлдырық және торғай тұқымдасына жататын ұсақ құстар ұялайды. Құмды шөл қарғасы, бұлдырық және торғай тұқымдасына жататын ұсақ құстар ұялайды. Құмды шөл ландшафтысына тән сексеуіл жорға торғайы бар. Бұл торғай сирек кездесетін болғандықтан қорғауға алынған.

Оңтүстік Қазақстан шөлінің ерекше биотопы – сексеуілді массивтер. Бұл жерлерде үлкен құмтышқан, қоян мен түлкі көп болады. сексеуіл басына бүркіт, қарақұс, шөл тоғанағы ұялайды. [13].

Шөл зонасы фаунасыныңқұрамы әр түрлі зоогеографиялық бөліктерде әр түрлі екені байқалады. Шөлге тән түрлерімен қатар жаралу тегі батыстық түрлер, жұпар тышқан, қара күзен, алып соқыртышқан кездеседі. Алып  соқыртышқан шөл фаунасының өте сирек кездесетін түрі болғандықтан қорғауға алынған. Қызылқұмды таралу тегі жөнінен Оңтүстік және батыстық түрлер, шиебөрі, тоғай бұғысы, Бабринский қосаяғы бар. Құм саршұнағы Мойынқұмда көп. Житков қосаяғы және орташа саршұнақ бар. Шөл сүт қоректілері фаунасының өзіндік ерекшелігі бар. Мұнда Орталық Азияға тән. Мойынқұрықты қосаяқ, Пржевальский аламаншасы,  құмтышқанның жыңғыл құмтышқаны және сәскелік құмтышқан деген екі түрі таралған.

Оңтүстік Қазақстанның шөлді жерлерінің өзен аңғарларында ылғалды тәуіәр көретін тышқан тәрізді кемірушілер, Сырдария бойында шиебөрі, сирек те болса негізінде Амудария бойында таралған тоғай бұғысы не хангул кездеседі. Тоғай – қырғауылдың негізгі мекені. Сонымен бірге тоғайда сүрбүркіт, ұзын құйрық ақиық, бөктергі, балықшы, құлақты, жапалақ аққанат тоқылдақ, мысық торғай т. б. ұялайды.

Қамыс қопалары арасында қабан, елік, ақкіс, сасық күзен, ондатра, су егеуқұйрығы, құтан, бірқазан, суқұзғын, жалбағай, қарабай және үйректердің көптеген түрі тіршілік етеді. [7].

 

 

 

Таулы аймақтар фаунасы.

 

Белгілі өлеңде «таудан да жақсы тау болуы мүмкін» деп айтылады және бір рет болсын тауда болып көрген адам мұнымен еріксіз келіседі. Шынымен де, орман, дала немесе шөлдер қандай әдемі болмасын, таулар әлдеқайда бай және түрлі – түрлі.  Мұнда бір  күн  ішінде  құрғақ дала, орман, солтүстік тундра және тамаша жарлар мен тасты құмдарды бақылауға болады. Таудан басқа қайда санаулы  сағат ішінде ыстық жаздан қарлы қысқа, жалаңша  тастардан қар мен мұзға өтуге  болады?  Ондай таулар, әсіресе   оңтүстіктегі,  дала  немесе  шөлді  ландшафт  зоналарда  орналасқан. [10].

Батыс Тянь – Шань лагдшафты типінде ортаазиялық ландшафтысы  басым  және  алдыңғы  азиялық  ландшафт  кездеседі.  Мұнда ландшафтардың орташа таулық ормандық – шалғындық – далалық, биік таулық шалғындық – далалық және гляциальдық – нивальдық зоналары бар. Орташа таулық  ормандық – шалғындық – далалық зона 1000 – 1250 м- ден 2300 – 250 м – ге дейінгі абсалюттік биіктіктерді  қамтыған. Мұнда екі белдеу бар. төменгі белдеу (1000 – 1200 м – ден 1700 – 2000 м – ге дейін) таулық – ормандық қара – қоңыр топырақта  өскен грек жаңғағы, жабайы алмасы, үйеңкісі бар  жалпақ жапырақты орманнан тұрады. Жоғарғы белдеуге  бидайықты – түрлі шөпті дала мен 1700 – 2500 м – ге дейінгі таулық қарасұр  топырақта  өсетін  бұталар  кіреді. Биік таулық шалғындық далалық зона екі белдеумен сипатталады. Субальпілік тоғайлы далалардың белдеуі таулық – шалғындық – далалық және субальпілік шалғын мен көгалдың түрлі шөпті – астық тұқымдас белдеуі жатыр. Бұлш белдеу 3300 – 3400 метр биіктікте мүшеленбеген, биік таулық гляциальдық – кивальдық зонамен алмасады. [7].

Ал жануарлар,  әсіресе  олардың  ішіндегі  ең  қозғалыстысы – құстар тауда қалай өмір сүруде? Олар тіршіліктің ең жоғарғы шегінен де биікте  кездеседі  екен.  Көптеген  құстар,  әсіресе  ірі жыртқыштар,. Күн бойы азық іздеумен таудың етегінен ең жрғарғы шыңғдарға дейінгі вертикалды  белдеулердің барлығын аралайды. Көптеген құстар, әсіресе ұялау кезінде, өздерінің  белгілі бір шағын аймағында, 100 – 200 метр биіктік шегінде мекендейді.  Неғұрлым биіктеген сайын, қанаттылар әлемі соғұрлым түрлі болып келеді.  Бірақ  орманды  құстар орманның жоғарғы шегінде сирек ұялайды, ал мысалы  қылғытпа – тіптен альпілік белдеу жартастарына ұялайды. Көптеген жоғары  таулы құстар (ұлар, қызылтұмсық шауқарға, апльпілік шауқарға, кейбір биік таулы құнақ)  жазда тек ұялау үшін ғана емес, азық іздеуге де орманның жоғарғы шегінен төмен түспейді.

Альпілікке өтпелі бұталы белдеуде қанаттылардың қоныстануы әр түрлі – мұнда орманды және биік таулы құстар бір – бірімен өте тығыз өмір сүреді. Бұл өтпелі белдеу, субальпілік белдеу – нағыз жоғары таудың табалдырығы болып табылады. [11].

Оңтүстік  Қазқстанның  теңіз  деңгейінен 1600 – 1800 метр биіктікке дейінгі тау алды  өңірлерінің  қысқы орнитофаунасының да өзіндік ерекшелігі бар. мұнда қызыл  құйрық торғай, біз тұмсық шөже, қара шымшық қыстайды. Қыста қатпайтын өзендер бойында су насекомдарының личинкасын іздеген сушылқара кездеседі. Сырдария тоғайларында үйрек, крохаль үйрек, шағала, жыртқыш  құстар қыстайды.

Батыс Тянь – Шаняда шыққан  тегі оңтүстіктік бірқатар түрлері – Мензбир суыры, ұзынқұйрық, суыр, жайра, ұзынқұйрық тағанақ т. б. Кездеседі.  Тау  ландшафтысы  үнемі өзгеріп  отырады.  Бұдан  жоғары  қарай бұталы дала,  алма  мен  көктерек аралас өскен шыршалы белдеулері, альпілік шабындық және қар шоғырлары кездеседі. Жануарлар жапырақты орман белдеуін көбірек мекендеген. Бұл белдеудегі Тянь – Шань тышқаншасы, орман қарақас тышқаны, қарғымойын кептер, сауысқан, сары торғай тән. Шырша орманында сілеусін, марал, ақсары, түкті аяқ байғаз, үш башайлы тоқылдақ, самырсын құс, қайшыауыз т. б. таралған. Арша белдеуінде аршалық  ементұмсық, аршалық қызылбас, сұр жылқышы т. б. ұялайды. Альпілік шалғындықтарға  арқар,  тау теке және барыс шығады, биік тау сұртышқаны, қызыл шақылдақ кездеседі. Мұнда құмай мен сақалта ұялайды. Ұлар, тау қарға көп. Тау өзендері аңғарларын орақ тұмсық балшықшы мен сушылқараның екі түрі мекендейді. Тырқылдақ торғайдың ерекше бір түрі – көк құс  таудың  кішкене  өзендері  маңында  тіршілік етеді. Сүт қоректілерден  кәмшат бар. тау беткейлері мен қарымдарда шақылдақ, ақкіс, ақтас,  сусар,  кекілік, ұзын қанат қарлығаш, кептер, қарлығаш, ұлар кездеседі.  [13].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ.2. Жануарлар дүниесі.

 

Оңтүстік Қазқстан Облысының кең – байтақ табиғат аймақтары түрлі жануарлдарға  өте бай. Онда жануарлардың 1400 – ге жуық түрлері кездеседі. Ал балықтардың 8 түрі, қосмекенділердің 3 түрі, бауырмен жорғалаушылардың 9 түрі, құстардың 240 – тан астам түрі, сүтқоректілердің 8 отрядына жататын 50 – ден астам түрлері мекендейді.

Жоғарыда айтылғандай, құстардың 128 түрі, облыс жерінде ұялайды, ал 38 түрі тұрақты мекендейді, 24  түрі қыстауға келеді, 85 түрі миграция кезінде кездеседі. [16].

Балықтар класы бойынша оңтүстік суларында, Шардара бөгенінде жайындар, сазан, майшабақ, табан балық, жылан балық, үкішабақ сияқты сирек түрлері кездеседі. Қосмекенділер класы бойынша шөлді – далалы жерлерде құрбақа, сулы жерлерінде жасылкөл балықтары кездеседі. Таулы аймақтарда бақалар 2800 м биіктікке дейінгі ендіктерде тіршілік ете алады. жорғалаушылардың 9 – ға жуық түрлері кездеседі: ұзынсирақ сығыркөз, сұр кесіртке, сарлан, дала тасбақасы, жыланкөз кесіртке. Жыландардың 6 түрі кездеседі: оның ішінде оқжылан, қарашұбар жылан, далалық сұржылан, жолақты шұбар жылан, далалық сұржылан, жолақты шұбар жылан – улы жыландарға; қалқанбас шұбар жылан, сарыбас жылан, сарықарын жылан  — улы емес түрлеріне жатады.

Мұнда құстардың 240 – тан астам түрі кездеседі. Олардың ішінде қара дегелек, сақалтай, бүркіт, жыланжегіш, ителгі, лашын, ақ дегелек, кіші құтан, жамансары сияқты жыртқыш құстар тау беткейлерін мекендейді. Облыс жерінде сүтқоректілердің 8 отрядына жататын 50 – ден аса түрлері мекендейді.

Кеміруші отрядына көп суыр Батыс Тянь – Шань тау жотасында шағын аймақта тараған. Жұптұяқты сүтқоректілер отрядының күйіс қайырмайтындар тобынан жабайы шошқаны таулы беткейлерден, күйіс қайыратын арқар, тау ешкі, елік және маралдарды жоғары ендіктер мен бұталы ағашты алқаптардан кездестіруге болады. Қазіргі таңда арқар, марал, еліктердің санын сақтап қалу және көбейту мақсатында трансплантациялау әдісін (қаолдан ұрықтандыру) пайдалану жұмыстары жүргізілуде.

Жыртқыштар отрядынан Батыс Тянь – Шаньдық қоңыр аюдың 60 – 70 – ке жуығы мекендейді. Мысық тұқымдастары мен қар барысы – ілбістің шамамен 10 – 15 жұбы мекендейді. Түркістан сілеусінінен де, бұталы, ағашты алқаптардан сусар тұқымдастарынан күзен мен борсықты да кездестіруге болады.

Далалы шөлді жерлерде қарсақ, шиебөрі, қасқыр, түлкі т. б. аңдардың саны артуда. [29].

Жоғарыда құстардың ұялайтын, тұрақты мекендейтін, қыстайтын түрлерінің саны көрсетледі. Олардың ұялайтындары – сұқсар, қарамойын сұқсар, үлкен сұқызғын, жалбағай, қарабай ақ дегелек, көкқұтан, аққұтан, кішкене аққұтан, бақылдақ, оқпан, көлбұқа, сыбырлақ, аққу, сұр қаз, сарыалақаз, мәрмәр шүрегей, жалпақтұмсық үйрек,  барылдауық үйрек, боз үйрек, алакөз сүңгуір, кіші бейнарық, сутартар, шүрілдек, аққұйрық торғай, қара – ала балшықшы, шөпілдек, ақжағал  қарқылдақ, кіші түркептер, зымыран, тоқылдақ, қарлығаш, қарабас шақшақай, қырғи, кезқұйрық, қылаң жапалақ, жасыл аражегіш, қара шақшақ, айқабақ, құрқылтай, мысықторғай, қамыс сұлекеш құтан, үйрек, қызылбас сүңгуір, жекдуадақ, тырду, шаушүрілдек, жуантұмсық шаушүрілдек, қызғыш, қарақас, кіші қарқылдақ, қоңыр кептер, үлкен түркептер, бәбісек, брзторғай, тұз жадырақ, шақшақай, тағанақ, тасшыбжақ, қарабас шақшақ, қараторғай, қара қарға, сауысқан, шөл суықторғайы, монғол суықторғайы, шөл қунақ, сексеуіл торғайы, қылаң торғайы. Шөлде, ал таулы аймақтарда – тас торғай, қунақ құралай, құрғалай, кезқұйрық самыр, шекілдек, шоңайнақ, шып – шық, пайыз, шымшық, көктеке, жарқұс, содырғы, мысықторғай, қараторғай, құзғын, таған, шауқарға, сұлыкеш, арша ементұмсығы, қара сайрақ, көкқұс, сайрақ, тасшыбжақ, шыбжақ, қызылқұйрық, бұлбұл, сайрауық, сандуғаш, қарлығаш, бозторғай, жадырақ, шақшақай, сушылқара, шыбыншы, қылғытпа, сайрақ, ұлар, кеілік, бөдене, жұртшы, құмай, тазқара, сақалтай, бүркіт, жапалақ, көкек тауқұдырет, мамырқұс, дыркептер, түркептер, сұқсыр, отүйрек, бейнарық, сияқты құстар ұялайды. Ал қыстайтындары – гагара, кішкене суқұзғын, сусылдақ, кіші бейнарық, тақуа тауқұдірет, айнақанат жамансары, қара бозторғай, үңгірек, аққабақ, сайрақ, шетен сайрақ, қызылқұйрық, сарыбас шеже, шиқылдақ, содырғы,ала қарға, таған, сулыкеш, ементұмсық, кәдімгі пайыз, шыпшық, шекілдек, кезқұйрық самар, қызылқанат құрғалай, үлкен құралай, жаурауық, құнақ [12].

Шиебөрі – Орта Азияны түгел мекендейтін – Қазақстанның оңтүстік түрі, тек Сыр өзенінің алабында кездеседі. Бірақ соңғы 30 жылда ол Батыс Тянь – Шань таулары мен шөл өзендерінің тоғайларына қоныстана бастады.

Шұбар күзен – шөлді аймақтарда ьмекендейді, қарсақ та осы шөл аңы.

Құмқоян – Қазақстанның оңтүстік бөлігінде биік тау белдеулеріне дейін көтеріледі, дегенмен шөл және шөлейтті аймақтарда кең таралған түр.

Құмтышқандар – Оңтүстік Қазақстанда 4 түрі (үлкен, қызылқұйрық, кіші, жыңғыл құмтышқандары) бар. Бәрі шөл және шөлейтті жерлерде таралған, топ болып, шоғыр құрып бірнеше шығу тесігі бар күрделі індер салады.

Жалман – Оңтүстік  Қазақстан шөлінің эндемигі.

Сұр кесел – Қазақстанда тек Қызылқұм шөлі мен Оңтүстік Қазақстан Облысындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында мекендейді. Негізінен құмды шөл немесе сазды шөлмен шекаралас жерлерде қоныстанған.

Дала ешкі емері – шөл және шөлейтті жерлерде кең таралған.

Оқ жылан – Оңтүстік Қазақстандағы шөл мен шөлейттерде, құрғақ, ыстық тау аңғарларында кездеседі.

Дала тасбақасы — Оңтүстік Қазақстан шөлдеріндегі тасбақалар отрядының жалғыз өкілі.

Құм айдаһаршасы — Оңтүстік Қазақстан құмдарында тіршілік етеді.

Тақыр батпаты – тақыр, сортаң, балшықты, тастақты және т. б. әр түрлі тығыз топырақты шөлдерде және шөлейттерде кең таралған.

Ақкіс – Оңтүстік  Қазақстанның тауларында тіршілік етеді.

Орман қарақасы – Оңтүстік  Қазақстан таулы аңғарлары мен бұталы тоғайларда қоныстанған.

Суыр – Батыс Тянь – Шаньның теңіз деңгейінен 2000 – 3400 метр  биіктіктегі, 300 км 2 – н аспайтыншағын аймақтарда таралған.

Сарыбауыр немесе сарлан – Қазақстанның оңтүстігіндегі Батыс Тянь – Шань тау өзендері аңғарларында, тау етектерінде, сайларда, бау – бақшаларда тіршілік етеді.

Сары жылан – тек Батыс Тянь – Шаньның тау бөктерінде, Сырдария өзенінен бастап Шу өзенінің  аңғарына  дейінгі шағын территорияда таралған.

Қызылжолақ қар шұбар жылан – тек Батыс Тянь – Шаньда – Қаратау, Боралдайда ғана кездеседі.

Тянь – Шань қоңыр аюы мен Орта Азия тас сусары — Батыс  Тянь – Шаньда орналасқан Ақсу – Жабағалы қорығында таралған.

Шұбар күзен – шөл мен шөлетте мекендейді. Қызылқұмның Оңтүстік Қазақстанға, ал Қаратау арқары – Қаратау тау бөктерінде кездеседі.

Көк суыр немесе Мензбир суыры – Батыс Тянь – Шаньда мекендейді, үнді жайрасы да осында [11].

Ондатр Қазақстан жерін 1936 жылы Іле және Сырдария өзендерінің бойында жіберілген. Облыс территориясында ондатр тіршілік ететін көптеген ірілі – ұсақты көлдер бар. бірақ ауа – райының өзгеріп тұруына байланысты бұл көлдерде ондатрдың тіршілік ету жағдайы жыл сайын бірқалыпты тұрақты кеуіп қалады да, ылғал мол болған жылдары суға толады. Соған байланысты ондатр саны да жылма – жыл өзгеріп отырады.

Борсық – шөл, шөлейтті аймақтарда құмды төбелер етегінде, сортаң жерлерде, сексеуіл мен жыңғыл өскен құм беткейлерінде жүре береді. Өзен, көл жағаларындағы тоғайларда да көп.

Қызыл түлкі – тау ішін, сай  салаларды, өзен, сай аңғарын, құмды төбелерді қоныстанған.

Қарсақ – түлкіге ұқсас, бірақ оған қарағанда аздап кішілеу, әсіресе шөл, шөлейтті аймақтарында көп тараған. Қарсақ – жазық далаларда мекендейтін аң. Ол көбіне шөлейтті, түрлі шөп өсетін далалы жерлерде жүреді. Оны селеу, жусан, сексеуіл өскен құмды төбелерден де кездестіруге болады.Өсімдікке бай ойпаң, аңғарлы сайларда да жақсы қоныстанады. Таудың етегінде ғана мекендейді.

Батыс Тянь – Шаньда қоңыр аюлар аралас субтропикалық ағаш, жабайы алма, шие, сарыағаш, қарақат, тікенжиде, қаражеміс, ырғай және бадам жемістері өсетін қалың бұталардың арасында мекендейді. Сондай – ақ олар жыл маусымдарына байланысты таудың әр түрлі биіктігіне қоныс ауыстырып отырады.

Құм қоянның мекендері – төбе – төбе құм, сексеуіл, жыңғыл сияқты бұталы ағаштардың арасы, сондай – ақ көл жағасындағы қамысты, сорлы жерлер. Әсіресе, олар әр түрлі бұталы ағаштар өскен су жағалауын көбірек мекендейді.

Қазіргі кезде ақ бөкен республикамыздың шөл – шөлейтті далаларында таралған. Біздің өлкемізде оның саны бір миллионнан асып отыр. Ол негізінен шөлейт далаға төзімділігімен көзге түседі.

Мензбир суыры – дүние жүзіндегі суырлардың ішінде өте сирек кездесетіні. Біздің республикамыздың жерінде мензбир суыры тек Батыс Тянь – Шаньда ғана таралған. [9].

Ақ – құйрық Түркістан өлкесінің күнге күйген, жалаңаш далаларының мекендеушісіне жазда үлкен топпен ал қыста аздаған бөліктерге бөлініп жүреді.

Қарақұйрық та Түркістанның шөл далалы өлкесінің мекендеушісі. Оларды бұлақ маңдарында, суат айналасында үлкен топпен көруге болады., олар осы су үшін жүздеген шақырым жерді жүгіріп өтеді, ал кейде олар тіптен суды мүлдем кездестіре алмайтын жерлерден кездестір аламыз.

Құлан – шөл – шөлейт аймақтарында таралған жабайы есек тектес аң. Ол да қарақұйрық пен аққұйрық сияқты жалаңаш, өсімдікке кедей аймақ мекендеушісі. Адамзаттың оны жылына мыңдап қыруының салдарынан, оның жылдан – жылға саны азаюда. Сондықтан мемлекет қорғауына алынған.

Қара – құйрық тышқан – бұл шөлдің өте қызық жануарының бірі. Ол суық құмды шөлде өмір сүріп аз ғана тобымен бархандарда ін қазады.

Түркістанның құмды шөл далаларында ең көп тараған кемірушілер түрі – май тышқан.

Бұл Түркістанның құмды шөл аймақтарында сонымен қатар Эверсман тышқанын, қос аяқ, жер қоян, кішкене тышқан сияқты кемірушілер түрлерін де кездестіре аламыз.

Түлкі – қыс пен көктемде шөл мен шөлейттерде кездесетін аң. Түлкі ең қарапайым аң. Күшті, алғыр және жылдам жыртқыш.

Қарсақ, дала мысығы, қарақал, гепард сияқты аңдар осы өңірлерді мекендеуші аңдар [13].

Ал таулы Түркістан өлкесін мекендейтін жыртқыштар – қаблан, Орта Азиялық барыс, сілеусіндер бұл өңірдің бағалы байлығының бірі.

Түркістан борсығы, орман жосары, тас жосар, қашқар жосары Түркістан тауларының ормандарын мекендейтін түрлер. Бұл аңдар тау фаунасының ерекше өкілдері. Олар таудың әр түрлі бөліктерін мекендеп өмір сүреді.

Қызыл қасқыр Тянь – Шань тауының биіктік белдеулері мен тау етектерінің тұрақты мекендеушісі. Олар топ – тобымен жүріп, керекті жемін тауып жейді.

Тау түлкі, қызыл түлкі тау етектері мен тау беткейлерін мекендеуші жыртқыш аңдар. Бірақ оны нақ тау жануары деп есептеуге болмайды. Себебі жазықты далалар мен қамыс арасы түлкілерге толы. Дегенмен түлкі көбінеске жар қуыстары мен тас арасынан өзіне қауіпсіз орын табатындықтан  жарлы, тау – тасты жерлерді дұрыс көреді. Міне сондықтан Оңтүстіктің тауы мен тау етекетері түлкіге толы.

Таулы өңірді суырсыз көз алдымызға елестету қиын. Жалпақ жапырақты орман аяқталып сымбатты Тянь – Шань шыршасы тауды көркемдеп тұрған, ірі тастьы бөгеттермен төменге  жылжи отырып жасыл алаңдармен алмасатын, біртіндеп шырша аяқталып мұздықтар етегі мен альпілік шалғындарда бұл ірі кемірушіні көптеп кездестіруге болады. бізде суырдың екі түрі кездеседі – бірі қара, екіншісі сары немесе қызыл – қоңыр. Суырлар биік таулы жануарлар, олар ешқашан 7000 м – ден төмен түспейді.

Кірпі – шешен – тауда оны барлық жерден кездестіруге болады, бірақ кейде, себебі ол тек түнде жүретін аң.

Тиын – тышқан – нағыз тау жануары. Бірақ ол тауда барлық жерде таралмаған. Қауіпсіз орын олар үшін жарқабақтар, тау – тас арасы. Тиын – тышқандардың даланы, жазықты түрлері де бар.

Оңтүстік өңірдің тау етегі мен таулары кемірушілер отрядының ұсақ түрлеріне тола. Олар тышқандар, көртышқандар, Вагнер тышқаны, құм тышқан.

Шөл далаларға қарағанда таулы өңір  бауырымен жорғалаушыларға кедейлеу. Мүмкін оларға тауда өмір сүру қолайсыздау болар. Оңтүстік таулы өңірдің бауырымен жорғалаушыларына Түркістан стеллионын немесе Лемон агамын, гималай стелионын және бұхар түрлер. Бұлардан басқа Түркістан тауларында кесірткенің кішкене түрі – гологлаза кездеседі. Ол құм кесірткесіне өте ұқсас.

Қосмекенділермен мұнда Жетісу тритонын, жасыл немесе көл бақа, көгал бақасы, азиялық белдеулерінің қай – қайсысынан болсын табуға болады. [13].

Оңтүстік Қазақстан Облысы жануарларының қорғауға алынған, яғни Батыс Тянь – Шань тауларында орналасқан «Ақсу – Жабағылы қорығының» жануарларына келер болсақ, омыртқалы жануцарлардың 300 – ге жуық түрі, ал омыртқасыздардың 4 тип, 6 класс және 30 – ға жуық отряды кездеседі. Омыртқасыздардан – жерқұрт, өрмекші, шая, қырықаяқ, дәуіт, қоңыздар, көбелектер, инеліктер, аралар мен құмырсақалардың түр – түрлері кездеседі.

Ал омыртқалылардан да түр – түрлерін атап шығуға болады. Балықтар өте аз. Қосмекенділерден көл басқа тау етегіндегі су тоғандарында, ал көп таралған жасыл басқа керісінше тау етегінен альпілік белдеу етегіне дейін таралған.

Қорықта жорғалаушылардың 9 түрі тараған. Тау етектерінде және төменгі белдеулерде түрлі түсті және сарықарын кесіртке тіршілік етеді. Ақсу Жабағылыдағы ең ұсақ кесірткеалай гологлазы. Төменгі белдеуден альпілік белдеуге дейінгі тау баурайын мекендейді, тіптен теңіз деңгейінен 3800 метр биіктікте де кездеседі.

Жыланның 6 түрі: теңбілді және түрлі түсті позалар, садақ – жылан, дала жыланы және  су жылан.

Мұнда құстардың 238 түрі мекендейді, олардың ішінде 123 түрі ұялайды, 85 – ұшып өтеді, 24 – қыстауға ұшып келеді.

Қара дегелек мұнда сирек кездеседі. Бұл сүрек, ірі құс – Ақсу – Жабағылы тауларының тамаша сәні. Үлкен түркептер барлық жерде дерлік кездеседі. Мұнда көк кептер және дыркептер сияқты кептер түрлері көп тарлған. Кекілік пен гималай ұлара  да бар. Сақалтай, тазқара, бүркіт, үкі, жапалақ, секілді жыртқыштар тау жартастары мен ормандарда кездеседі. Ал бозторғайдың – дала, қара, қараалқалы, құлақты түрлері, сушылқара, көк құс, сайрақ, бұлбұл, сүлекештердің  түр – түрі кездеседі.

 Ақсу – Жабағылыда сүтқоректілердің 50 – ге тарта түрі кездеседі. Қорық аумағы мен  жақын  тау етектерінде үлкен тышқан, қарсақ, дала күзені, жарқанаттардың кейбір түрлері кездеседі. Тау етегіндегі эфемерлі шөлдерде құлақты кірпі кездеседі. Оны көбінесе көктьемде, қысқы ұйқыдан тұрған кезінде көп кездестіруге болады.

Осы фаунаның  ұсақ жануарының біріне – кіші ақтіс жертестерді (землеройка белозубка малая) жатқызамыз. Олар таудың төменгі және орта белдеулерде және далаларда кең таралған.

Адамзатты түнгі ұшуымен қорқыныш тудыратын ерекше өкілдер – жарқанаттар болып табылады. Қорық пен жақын маңдарда олардың 10 – ға жуық түрлері  мекендейді.  Ерекше  қызығушылық тудырып сирек кездесетіні кең құлақты қатпарлы ерінді жарқанат (широкоухий складчатогуб).

Қорықта көп кздесетіні ергежейлі – жарқанат (нетопырь — карлик), жиі  түнгі  сақ  –  құлақ  (остроухая ночница), үлкен таға мұрын (подковонос).

Қоянтәрізділер отрядынан қорықта құм қоян барлық дерлік жерде таралған. Бұл түрдің тағы бір түрі – қызыл шақылдақ тышқан (красная пищуха). Ол ірі тасты және жарқабақты аймақ мекендеушісі.

Қорықта кемірушілердің 15 түрі кездеседі, оның ішінде ұсақ тышқан тәрізділер қатарына – сұр көр тышқан, көр тышқан, орман тышқаны жатады. Мұнда ең ірі кеміруші – үнді жайраны кездеседі. Бүкіл қорық территориясында қызыл немесе ұзын құйрық суыр кемірушілердің ең қарапайым түрі. Суырлар әсіресе Жабағалы және Кіші – Ақсу өзендері маңында  өте көп.

Кемірушілердің тағы бір ерекше түрі – орма ұйқышылы (лесная соня). Ол тышқанға ұқсас, бірақ құйрығының ұзындығымен, үлпілділіктілігімен тиынға ұқсас. Ол тау етегінен субальпілік белдеуге дейінгі, тоғай, жапырақты ағаштар мен жалпақ жапырақты және аршалы белдеулер арасында өмір сүреді.

Жыртқыштардың мұнда ең ірі жануар – Тянь – Шань қоңыр аюы көп кездеседі, оның мұндағы саны  60 – 70 жұп болады. Аюлар қорық территориясының барлық жерінде қоректену аймағына қарай таралған. Апандарын әдетте субальпілік белдеуден жоғары жарқабақты қауіпті жерлерге орналастырады.

Ақсу Жабағылыда мысық тұқымдасының ірі әдемі жыртқышы – қар барысы (ирбис) өте сирек кездеседі. Жазда барыстар таудың төменгі белдеулеріне түседі.

Мұнда Жосар мен аз мөлшерде – Түркістан қарқаралы кездеседі. Олар негізінен Жабағылы өзені маңындағы аршалы далаларды мекендейді.

Тұяқтылардан қорықта шамалы мөлшерде Сібір тау ешкісі бар. Бұл отарлы жануарлар бүкіл жыл бойы тау белдеулеріндегі қатаң жарлы жерлерде өмір сүруге бейімделген. Бірақ қыс пен ерте көктемде олар аршалы – шалғынды – белдеуде жиі кездеседі. Мұнда басқа тұяқтылардан қосулдар, қабандар, маралдар көп таралған.

Жабайы қойлардың ең ірісі – архар болып табылады. Оның барлық түрлері, соның ішінде Тянь – Шаньдық қорық территориясында тығыз орналасқан. Бұл түрдің таралу аймағы тек Жабағылы өзенінің  маңы мен Ақсай алқабымен шектелген, қорықтың басқа жерлерінде ол кездеспейді.

Міне осы аталған жануарлар Оңтүстік Қазақстан Облысы жануарларының ерекше және маңызды бір бөлігі болып табылады. Мұнда жүргізіліп жатқан іс – шаралардың арқасында олардың саны 30 – 40 жыл бұрынғыдан әлдеқайда жақсы жетістіктерге қол жеткізген.