АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

дипломдық жұмыс. Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

 

Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы

 

Тараз — 2010

тобын бітіруші білімгер ………………………….  «Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы» тақырыбы бойынша жазған диплом жұмысына

 

Р Е Ц Е Н З И Я

 

           …………………………  өзінің дипломдық жұмысын  «Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық  білім мен тәрбие берудің маңызы» тақырыбы бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізген.

         Қазіргі уақытта экологиялық білім мен тәрбие беру жер бетінің тұрғынын қамтуға тиісті бүкіл халықтың мәселеге айналып отыр. Қоршаған ортаны қорғау мен оның байлығын тиімді пайдаланудың Қазақстан Республикасының Конституциясынан орын алуға, арнаулы өкіметтік қаулы қабылдануы, экологиялық тәрбие беру қажеттілігінің күннен-күнге арта түсуі-бұл істі асыруда бала бақшадан бастап, Жоғары оқу орындарында оқу-тәрбие жұмыстарының әр түрлі формалары мен әдістерін пайдалануды дипломант міндеттеп отыр.

Қазіргі таңда экологиялық проблемалардың зардаптың көлемінің ұлғаюына байланысты жас ұрпақтың экологиялық көзқарасын қалыптастыру керек екендігін, оқушыларға сыныптан тыс уақытта экологиялық білім мен тәрбие беру жолдарын қарастырған. Олар үйірме, апталық танымжорыққа жалпы сипаттама беріп, «Табиғатым — тағдырым» тақырыпта №30 орта мектепте 8-шы  сынып оқушылар аралығында экологиялық апталық өткізген.

Дипломант оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің биология сабағында экология деген тарауды алып тест және бақылау жұмысын жүргізіп оқушылардың экологиялық білім деңгейлерін анықтаған.

-5 тобын бітіруші білімгер ……………………  «Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы» тақырыбына жазылған дипломдық жұмысын «өте жақсы» деп бағалаймын. «Өте жақсы» баға алуына тілектеспін.

 

П І К І Р

 

«» мамандығының тобын бітіруші білімгер «Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы» бойынша жазылған дипломдық жұмысы: компьютерлік таспа беттен, кіріспеден, 2 — кестеден, 2– суреттен және 30- әдебиет пайдаланып жазған.

Дипломдық жұмыс негізгі 2 бөлімнен тұрады.

 Бірініші бөлімде оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздері қарастырылған. Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі жөнінде Ә.С.Бейсенова, Н.С.Сарыбеков, Ш.Б.Шілдебаев және т.б.  ғалымдардың еңбектеріне жалпы сипаттама беріп өткен.

         Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің бір тармағы ретінде оқушыларды жан-жақты дамытуға, оның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге бағыттайтындығын дипломант  өзінің дипломдық  жұмысында жазып өткен.

         Екінші бөлімде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірбиелік жұмысы қарастырылған. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруді биология сабақтарындағы тәжірбиелік жұмыс кезеңі бақылаудан өткізгендігін жазған. Осы № 30 орта мектептің 8-шы сынып оқушылардан тест, бақылау жұмысын ала отырып, олардың экологиялық білім деңгейлерін сандық көрсеткішпен диаграммада келтірген. Сонымен қатар сыныптан тыс жағдайда оқушыларға экологиялық  білім мен тәрбие беру жолдарын анықтаған.

 «Оқу-тәрбие үрдісінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы»  тақырыбына жазылған дипломдық жұмысын «өте жақсы» деп бағалаймын.

 

 

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ………………………………………………………………………………………………….

 

І. ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің педагогикалық негіздері…………………………………………………………………………………………………….

1.2. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жағдайы…………………

1.3. Оқушыларға сабақта және сыныптан тыс жұмыста экологиялық тәрбие беру үлгісі…………………………………………………………………………………………………

 

ІІ. ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСЫ

2.1. Оқу процесінде сабақта экологиялық білім мен тәрбие беру……………………

2.2. Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру………………………………………………………………………………………………………….

2.3. Тәжірибелік – эксперимент жұмысының нәтижелері………………………………

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………………

ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………………………………………………………….

 

КІРІСПЕ

 

         Ғылыми-техникалық прогрестің жедел даму барысында, қоғам мен табиғаттың қарым-қатынас мәселесіндегі күрделі шиеленістерді дұрыс шеше білу, бүкіл жер шарының болашағын, әрбір азаматтың өмірін сақтауға мүмкіндік туады. Өйткені, өндірістің дамуы барысында табиғи қорлардың дағдарысқа ұшырауына, қоршаған табиғи ортаның ластануына себепші болып, жаңа дағдарыстардың туындауына ұйытқы болды.

         Табиғат әлемі адамдардың тіршілік ету ортасы. Ал, адамдар табиғатсыз өмір сүре алмайды. Соңғы жылдардағы мемлекеттік жоспарларды орындау, өндірісті өркендету негізгі міндет болып, табиғатты (ауаны, суды, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін) қорғап, ядролық жарылыстар, табиғат байлықтарын орынсыз пайдалану, табиғатты ауруға ұшыратты. Жұтатын ауамыз, ішетін суымыз, жейтін тамағымыздың құрамында улы заттар көбейді. Заводтардан шығатын қалдықтар сүзгіден дұрыс өткізбестен ауаға таралып, осының нәтижесінде өкпе, рак, жүрек, психикалық аурулар саны көбейіп барады. Дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметіне сүйенсек, аурулардың 80-90% ішетін ас суынан және жұтатын ауадан туындап отырғаны көрінеді.

         Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқатының артуын қамтамасыз ету мақсатымен, Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2030» атты өз халқына жолдауында адамдардың денсаулығын жақсарту, ауруларды болдырмау және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін экологиялық проблемаларды шешу қажеттігі атап айтылған Президенттің жолдауында: «Экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-ке себеп болып отыр, ол кейбір аймақтарда жағдайы мұнан да қиын, отандастарымыздың үштен бірі сапасыз тамақтанбау да теріс демографиялық салдарға әкеп соғады; — деді [1].

         Озон қабатының жұқаруы, улы тұзды жаңбырлардың жаууы, химиялық заттармен ластануы – адамның іс-әрекетінен жасалған қасірет болып табылады. Табиғаттың осындай күйге ұшырап, еліміздің көптеген жерлерінің апат аймағына айналуының бір себебі – экологиялық білім мен тәрбиенің төмендігі.

         Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі, адамдардың шаруашылық іс-әрекетінің дамуы артып, өндірістің өсуіне қарай табиғаттан алынатын шикізат пен өндіріс қалдықтарының көлемі арытып, айналадағы ортаны бүлдіруде. Қазіргі кезде табиғат пен адам арасындағы қарым-қатынасты дұрыс жолға қойып, табиғат байлықтарын, көздің қарашығындай сақтап, оны үнемдеп пайдалануда.

         Соңғы ХХ ғасырдың екінші жартысында адам баласынан алдынан шыққан, табиғатты қорғау мәселесі, жастарды соған сай оқыту мен тәрбиелеудің қажеттілігі туып, экологиялық мәселелер қазір әлемде өзінің қоғамдық мәні жоғалған алдыңғы қатардағы мәселенің біріне айналды. Сондықтан жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті кезек күттірмес екендігі 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері тұжырымдамасында» және 1992 жылғы «Қазақстан Республикасының білім беру туралы» заңында, 1996 жылғы «Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігінің тұжырымдамасында» көрсетілген. Қазақстан Республикасының Конституциясының 6-шы бабы жер және оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар мемлекеттің меншігі екендігі, олардың мемлекет қорғауында болатындығын мәлімдейді, осы конституцияның 38-ші бабы Қазақстан Республикасының азаматтарына табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндеттейді.

         Қазақстан Республикасының «Қоршаған ортаны қорғау туралы» заңының 89 бабының әрқайсысы еліміздің болашағын экологиялық жағынан қамтамасыз ету шараларына арналады. Заңда басқа салалармен қатар педагогикалық жағынан шешілуі тиісті міндеттер белгіленіп, экологиялық тәрбие мен білім берудің жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілу қажеттілігі көрсетіледі[2,3,4].

         Өйткені табиғатты аялау, соның негізінде имандылыққа, ізгілікке баулу бала тәрбиесіндегі ұлттық тамырдан нәр алады, яғни, экологиялық ой-тұжырымдар баланың қоршаған табиғат ортасымен және өмір сүріп отырған қоғамындағы қалыптасқан ғылыми ұғым түсініктерімен байланыстырса, соғұрлым өз туған жерін, елін қорғауға тәрбиелейтіндігін ашып көрсеткен. Табиғат арқылы балалардың имандылық сезімдерінің алғашқы нышандарын педагогикалық құндылығын қалыптастыру жайлы Коменский ескерткен.

         Табиғаттың сұлу көріністері арқылы жас ұрпақтың бойына адамгершілік қасиеттерін табиғатты қорғау, сүю сезімдерін тәрбиелеу туралы қазақ халқының ағартушылары мен зиялы қоғам қайраткерлері Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев,

Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердиев еңбектерінде көп көңіл бөлінген. Ұлы Абай өз өлеңінде табиғат пен адам өмірін, тіршілігін, ажырамайтын, бөліп қарастыруға келмейтін біртұтас дүние ретінде қарастырған[5]. Белгілі педагог-психолог Жүсіпбек Аймауытов балаға ең қымбат, ең жақын туған жері, туған жерінің табиғаты, оның құбылыстарын білу өте қызық. Мұндай оқыту жүйесі өмірге, табиғатқа теңеу мазмұнының берік, баланың санасын жандандырып, төңіректегі әлемге терең көзбен қарауға үйретеді.

         Ғылыми-техникалық прогрестің өркендеуі адамдардың табиғатқа жасаған бір жақты қарым-қатынасымен табиғат заңдылықтарымен сипаттайды, салдарынан, табиғаттың экологиялық тепе-теңдікнің бұзылуы, экологиялық дағдарыстың болу себептерін Е.Мамбетқазиев, Е.Қонақбаев, Ю.Жданов т.б. өз еңбектерінде атап өткен.

         Экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі жөнінде Ә.Е. Бейсенова, Ә. Бірмағамбетов, Х. Жүнісова, Ж.Б. Шілдебаев т.б. еңбектерінде жазылған[6].

         Табиғат қорғауға байланысты конференциялар ұйымдастырылып шығарылды. Алғашқы рет мектептер мен орта арнаулы жоғарғы оқу орындары үшін эколог мамандар дайындау туралы тұжырымдама жасалынды. Осының нәтижесінде Алматы, Өскемен, Шымкент, Семей, Атырау, Ақтау университетінде экологиядан мамандар дайындайтын бөлімдер ашылды. Елімізде тұңғыш рет (1987 жылы) эколог мамандар дайындау мәселесін көтеріп, экологиялық білім мен тәрбие берудің тұжырымдамасын жасаған географ-ғалым Ә.С. Бейсеновваның еңбегі айрықша болды.

         Мен осы дипломдық жұмысымды орындау барысында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру саласында ізденіс зерттеулер жүргізген ғалым-педагогтар И.Д. Зверев, М.Н.Сарыбеков, Н.Е.Ильинская тағы басқалардың ой-пікірлерін басшылыққа алдым[7].

         Зерттеу пәні: орта мектептердегі 8-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру.

      Зерттеу нысанасы: орта мектептердегі оқу-тәрбие процесі.

      Зерттеу мақсаты: 8-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруде теориялық жағынан негіздеу.

      Зерттеу  міндеттері:

  • орта мектептерде 8-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негізін айқындау;
  • экололгиялық білім мен тәрбие берудің деңгейін анықтау;
  • сабақта және сабақтан тыс уақытта экологиялық білім мен тәрбие беру жолдарын анықтау.

         Зерттеудің ғылыми болжамы: 8-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беру тиімді және нәтижелі болуы мүмкін, егерде:

  • орта мектепте оқушылардың табиғатты қорғауға байланысты гумандық қасиеттерін қалыптастырудың теориялық негізі дәлелденсе;
  • сабақ және сабақтан тыс жұмыстардың бірлігі мазмұндық, ұйымдастыру және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілсе;
  • экологиялық тәрбие мазмұны туған өлке және қазақ этнопедагогика материалдарымен толықтырылса,

         Зерттеудің практикалық маңызы:

  • Жоғарғы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруде туған өлке және қазақ этнопедагогика материалдары ендірілген қосымша бағдарламалар жасау;
  • жоғарғы мектептерде биология пәні негізінде экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми-практикалық ұсыныстары.

         Зерттеу кезеңдері:

         Бірінші кезең (2008 жылы). Дипломдық жұмысының тақырыбы алынып, осы тақырып бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, оқу әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынып, теориялық негіздері анықталды.

         Екінші кезең (2009 жылы). 8-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие берудегі тәжірибелік жұмыстар жүргізіліп, аяқталды.

         Зерттеу жұмысының негізгі базасы:

         Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс Тараз қаласы №30 орта мектепте өткізілді.

Зерттедің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тарудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

І. ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕСІНДЕ ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің

педагогикалық негіздері

 

         Қоғамның дамуы табиғатпен тығыз байланысты. Ғылыми-техникалық прогрестің даму барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама-қайшылығы арта түсуде. Осы қарама-қайшылық негізінде табиғаттың тепе-теңдігі бұзылып, табиғи жүйенің өзін-өзі реттеп отыру ырқынан шығып кетті. Демек, адам баласы өмір сүріп отырған қоршаған ортаны бүкіл ғалам бойынша өзгеріске ұшырату қаупі төнді.

         Сонымен бірге, қазіргі кезде адам мен табиғат арасындағы қарама-қайшылықтарды шешіп, жол табу және жастарға экологиялық тәрбие беру педагогика мен мектептің басты борышына айналуда.

         Оқушыларға экологиялық тәрбие беру жалпы білім берудің бір тармағы ретінде оқушыны жан-жақты дамытуға, оның адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге бағыттайды. Кезінде орта ғасыр ғұламалары Әл-Фараби, Ж. Баласағұн, Қ.А. Яссауи, М. Қашқари, А. Иүгінеки, С. Бақырғани және т.б. өз шығармаларында табиғатты аялап, қорғауға байланысты көзқарастарын білдіріп, жаратылыстану жайында бағалы пайымдаулар мен ғылыми тұжырымдар жасаған. Мәселен, Әл-Фараби «Ғылымдардың шығуы туралы трактатында» табиғаттану ғылымдарының шығу төркінін, себептерін ашып көрсетуге тырысады.

         Оқушыларға экологиялық тәрбие беру мәселесін шешуде прогресшіл педагогтарымыздың орны ерекше.Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, Г.Песталоций, А.Гумбольдт классикалық педагогикада баланың табиғатпен қатынасы арқылы білім беру, тәрбиелеу, дүниетанымын қалыптастыру заңдылықтарын негіздеді. Чех халқының атақты педагогы Я.А.Коменский «Тәрбиенің негізі – табиғат, ал адам табиғаттың бір бөлігі және оның заңдылықтарына бағынушы»,- деді. Француз ағартушысы Ж.Ж.Руссо өзінің педагогикалық еңбектерінде «Баланы табиғатпен байланыста тәрбиелеу керек, табиғат баланың ересектігінен бұрын бала болғанын қалайды», — деп жазды. Ол тәрбиенің үш қайнар көзі: «табиғат, адамдар, заттар» деп есептеді[8].

         ХІХ ғасырдағы орыс ағартушылары В.Г. Белинский, Н.Н. Герцен,Л.А.Добролюбов, Д.И.Писарев т.б. мектепте табиғатты немқұрайлық оқытуға және оған мейірімсіздік қатынасқа қарсы шықты[9,10,11].

         Н.Н.Герцен жас баланың жан дүниесін қалыптастырудағы табиғаттың маңызын көрсете отырып: «Біз адам дүниесін табиғат дүниесінен тас қабырға арқылы бөліп тастауға әдеттендік, бұл әділетсіздік»,- деді[10]. Д.И.Писарев патриотизмді қалыптастырудағы табиғаттың мәнін ерекше бағалап, «өз денесін сүю және қорғауға адамға тән қасиет болғаны сияқты, дәл солайша өзінің балалық шағының 1-ші күнінен үйренгендерін, жақсы көрген сол адамдарды, сол жерді, сол өмір құрылымы мен ұғымды қорғауда оған тән қасиет», — деген болатын[11]. Орыс ағартушылары жас ұрпаққа табиғат туралы сапалы білім беру және адамның табиғи мінез-құлқын айқындайтындықтан, моральдық сапалардың қалыптасуына әсер ететіндіктен айрықша мән берді.

         Белгілі философтар В.Г. Афанасьев, В.В. Журавлев, А.Г. Спиркин, Г.С. Смирнова, А. Қасабеков, Ж. Алтаев т.б. жасөспірімдерге экологиялық білім мен тәрбие беруде «қоғам-адам-табиғат» арасындағы дүние-танымдық сана формаларын саралау тұрғысынан қарастырады. Себебі, адамның тұрмыс-тіршілігінің әлеуметтік мәнге ие болуының нәтижесінде санасы дамып, жетіледі. Сана – адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын реттеп, бағыт-бағдар беріп отырады. Ол әрекетінен көрініс табады. Жеке адамның басқа адамдармен – табиғи ортамен көрініс табады. Жеке адамның басқа адамдармен – табиғи ортамен қарым-қатынаста болып, сана-сезімінің дамуы, өзіне басқа адамдарға қоршаған заттық дүниеге көзқарас-пікірінің қалыптасуы жеке адамның жетілдірудің негізгі факторы болып саналады. Сонымен, адамның ақыл-ойы мен сана-сезім бірлігін дәлелдейтін тұжырым жеке тұлғаны экологиялық проблемаларға жаңама көзқараспен қарауға бағыттады[12].

         Психологтар А.А.Люблинская, М.Мұқанов, Қ. Жарықбаев, т.б. өз еңбектерінде оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы, қоршаған ортамен қарым-қатынаста психологиялық жас ерекшеліктерін ескергенде ғана нәтижелі болады деген пікірлер айтқан[13,14]. С.Л. Рубенштейн әрбір жеке адамның қоршаған ортамен байланысының басты компоненттерінің бірі қарым-қатынас деп санайды. Ол табиғатқа адамгершілік қатынасын қалыптастыру, мінез-құлық нормаларын қалыптастыру екенін көрсете отырып, «басқа адамдармен жарамды қатынасқа ену, басқа адамдардың адамша тіршілік етуіне жағдай жасай білу тек толы бағалы адамның ғана қолынан келуі мүмкін, ал ол дегеніміз дүниеге, өмірге, табиғатқа мың дос қатынастағы адам», — дейді.

         Оқушылардың адамгершілік қасиетін дамытып, оларды парасаттылыққа тәрбиелеуге экологиялық тұрғыдан келудің де маңызы зор. Балалардың мейірімділік, қайырымдылық, аяушылық, мүсіркеушілік және басқа гуманистік ерекшеліктерін дамыту бағытында табиғатпен сырласу жеткіліксіз болса, олар парасаттылық тәрбие алуда белгілі бір мөлшерде қысым көру мен шектеушілікке душар болады.

         Табиғат арқылы экологиялық тәрбие берудің маңызын бағалай келіп, А.Е. Тихонова «табиғатты эмоциялық сезіммен қабылдау, оған деген эстетикалық қатынастың бастапқы негізі болып саналады. Мұғалімнің маңызды міндеті эстетикалық сезімді байыту ғана емес, сонымен бірге табиғатқа адал қатынастағы адамгершілік-эстетикалық жағын дамытуды, оның сұлулығын молайтуға ұмтылдыруда болып табылады», — деді[15].

         Сондықтан да адамның табиғат сұлулығына қатынасы эстетикалық қатынас деп қана емес экологиялық аспектідегі адамгершілік-эстетикалық қатынас деп қарастырған жөн. Табиғат пен көркем шығармалар арқылы бейненің ішкі үйлесімдігі экологиялық пен эстетикалық үйлесімділігін қамтамасыз етеді. Демек, табиғатқа эстетикалық қатынасты оған деген адамгершілік қатынасты, «эстетикалық тәрбиені экологиялықтан бөліп қарастыруға болмайды».

         Табиғат – сұлулықтың мәңгі бақи таусылмас қайнар көзі, ол эстетикалық тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі саналады. Ал, бұл экологиялық тәрбиемен іштей жалғасып, табиғаттың күйзеліп, күйреуіне қарсы тұратындай адамның қалыптасуына ықпал етеді. Қандай жұмыстың болса да, «экологиялық жағы» еске алынбаса, табиғат пен адам арасындағы зат алмасуды заңды түрде үйлестіріп отыратын, еңбекке үйрету мен тәрбиелеу саласында орны толмас олқылықтар пайда болады.

         Ч.Дарвин «Түрлердің шығуы» деген еңбегінде органикалық дүниенің дамуына байланысты көптеген экологиялық байқауларын келтірген[16]. Дегенмен, ғылымда «Экология» деген ұғымды алғаш айтқан адам Эрнест Геккель. Ол «Экология» деген сөзге анықтама беруге тырысты. 1866 жылы немістің табиғат зерттеушісі Эрнест Геккельдің өмірге енгізген «экология» сөзін дәлме-дәл аударғанда «үй туралы ілім, тұрақ (мекен) туралы ғылым», деген грек сөзінен шыққан[17]. Келесі бір экологиялық сөздікте «экология (гректің ойкос – үй, мекен, тұрақ және логос – білім, ғылым, зерттеу деген екі сөзінен құралған) – қоршаған ортаны қорғаудың ғылыми негізі, тірі организмдердің өмір сүру жағдайларын, олардың өзара қатынастарын, табиғи ортамен байланыстарын зерттейтін ғылым».

         Экологияның танымал сөзге айналғаны соншалық, оны не болса соған – тазарту ғимараттарын салуға, жерді пайдалануды аймақтық деңгейде жоспарлауға, қағазды қайта өңдеуге, көкөністерді органикалық тыңайтқыштарды пайдалана отырып өсіруге айдар етіп таға салатын болды. «Осы іс-әрекеттің әрі аса қажет екендігіне ойынды әдеттегі талай сыннан өткен ережелер бойынша жүргізбей, табиғат заңдарын сорақылықпен бұзғанымыз үшін табиғаттың өзі үкімімен бізге берер соққысын жеңілдету мен лайықты аз жазаны аз да болса кешеуілдетуге тырысуымыз жатыр», — деп атап көрсеткен болатын Америка экологы Р.Риклефс.

         Жоғарыда айтылғандардан шығаратын қорытынды айқын: адамдарды құтқару жолындағы әрекетті табиғаттың тіршілік ету және даму заңдылықтарын оқып үйренуден бастау қажет.

         Экологиялық тәрбие жұмысы балалардың жас ерекшеліктеріне сай және табиғатқа жақын қарым-қатынаста жүргізілсе ұтымды болатындығына К.Д. Ушинский назарын аударған. Оның «Детский мир», «Родное слово» атты кітаптарында табиғат және онда тіршілік ететін хайуанаттар мен құстардың тіршілігі, адам және оның еңбегі жөнінде көптеген деректер келтіріледі. Ол адам мен табиғат арасындағы қатынасты педагогикалық аспектіде қарастырып, «Табиғат даусын ата-аналар да, қоғам да, тәрбиешілер, заң шығарушылар да аяғына дейін тыңдауы тиіс. Табиғатпен егесу жақсы емес, адамға тек оның заңдылықтарын білу және олардың күшін пайдалану ғана қалады», — дейді. Ол табиғаттың тәрбиелік күшіне берік сене отырып, оны «ой ұрығы», «ұлы тәрбиеші» деп бағалады. Өзінің жастық шақ өмірінің негізінде қорытынды жасай отырып: «Мейлі мен педагогикада тағы деп атаңдар, бірақ өзімнің өмірлік әсерімнен жер бетінің әсем көріністерінің баланың жан дүниесін дамытуда ересек мол тәрбиелік мәні, ықпалы бар, тіпті ойымен тәрбиесінің ықпалынан да бәсекелесуі қиын деген терең шешімге», — келдім деген болатын[18].

         Р.Г.Лемберг, А.С.Макаренко, Ш.Т.Шацкий т.б. өздерінің еңбектерінде адамның табиғи ортаға деген қарым-қатынасының қалыптасуы күнделікті қызмет барысында жүзеге асатынын атап көрсеткен.

         Табиғаттағы эстетикалық түйсінуге балаларды жүйелілікпен, мақсаттылықпен тәрбиелеу идеясын Н.Н. Рыбников, В.А.Сухомлинский т.б. еңбектері арқылы негізделді. В.А.Сухомлинский «табиғат адам оны танып білгенде себеп-салдарын байланыстыра ой-жеткізуде ғана тәрбиенің қуаты қайнар көзі бола алады», — деп табиғаттың заңдарын жете меңгеруге ғана, табиғаттың жай-күйін түсінетіндігіне ерекше мән береді. Ол баланың бойына табиғатқа сүйіспеншілік сезімін дамытуды ешнәрсеге айырбастауға болмайтын эстетикалық, адамгершілік «эстетикалық тәрбиені экологиядан бөліп қарастыруға болмайды» [19].

         Бар өмір тіршілігі табиғатпен араласып өтетін, оның аясында өскен халқымыздың туған жерге қатынасы туралы халықтық педагогикада, ақын-жырауларымыздың, ағартушыларымыздың даналық сөздеріне қанып өскен Ш. Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың еңбектерінде табиғатқа көзқарастарының ғылыми әрі тәрбиелік мәні мол. Ш.Уәлиханов туған халқының табиғатпен қатынасындағы әдет-ғұрыпын, дәстүрін, этикасын зерттей отырып, қазақтар арасындағы сенім олардың табиғатты шексіз қадірлеуінен туған», — табиғаттың сұлулығын тану адамдарға рухани күш беретіндігін айтқан болатын.

         А.Құнанбаевтың қара сөздеріндегі философиялық ой-пікірлері, оның табиғат заңдылықтарын терең пайымдау алумен бірге оған байланысты ғылыми көзқарастарын танытады. Ол табиғаттың бір байлығын адам баласының ауызына тосып, таусылмас азық болып отырғандығын көрсете келіп, «Кім өзіңе махаббат қылса, сен де оған махаббат қылмағың парыз», — деп өсіп келе жатқан ұрпақты табиғат ананы аялап сүйе білуге үндейді[5].

         Қазіргі экологиялық мәселелер бүкіл адамзат баласын ойландырып отырған кезде халқымыздың бұл салада қалдырған тағылымдық та, тәрбиелік те мәні зор асыл мұраларына көңіл бөлу керек. Халықымыздың табиғатқа деген сүйіспеншілігі және оны көздің қарашығындай сақтап келуі жайында қазіргі ұрпаққа өнеге-үлгі боларлық жыл мұралар, даналық ұғымдар, мақал-мәтел, нақыл сөз, аңыз әңгіме арқылы жетіп отырған. Осындай әрбір асыл мұраның өзінде қаншама терең ой, әрі тәлім-тәрбие өнегесі жатыр. Сондықтан да әрбір ұстаз, әр тәрбиеші өзінің күнделікті жұмысында халықтық педагогиканың асыл маржанына үнемі көңіл бөліп, әрі оны пайдаланып отырса, оқушылардың экологиялық түсінігінің қалыптасуына ықпалын тигізеді.

         Аңыздардағы Қорқыт бабаның жерді бүлдіріп қаза беруден сақтандырып, «…уы шығып кетер», — деп безектеді, Асанқайғы атамыздың халқына жайлы қоныс іздеп, желмаясымен жеті жыл кезуі, тіпті М. Әуезовтың Америкаға барған бір сапарында сол жақта тағдыр талабымен тұрып жатқан Әбілсәмәд деген қазақтың қонақ үйге іздеп келіп: «Сыр ағып жатыр ма?» – деп сұрауының өзі туған жерге, туған жер табиғатына деген сүйіспеншіліктің белгісі.

         Халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын «киелі», «қасиетті» деп ұғып, оларды жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас, бірінен-бірін бөлуге болмайды деп қараған. Сондықтан адам табиғаттың өз керегін ғана алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген Ш.Уәлиханов: «табиғат пен адам: өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, олардан құпия не бар? – дей келе қазақтар киеге үлкен мән береді. Табиғаттағы кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы аталғандарды құрмет тұту, ырымын жасап тұру, адам баласына байлық пен бақыт, құт әкеледі», — деп атап көрсеткен.

         Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «Әулие бұлақ», «Әулие ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап, «Бұлақ көрсең көзін аш», «Аққуды атпа», «Құстың ұясын бұзба», «Көк шөпті жұлма» деп өсиет етіп отырды. Ал қарлығаш, аққу, ұлар т.б. құстар жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастауы, игіліктің иесі, сұлулықтың символы деп ұясын бұзуға, балапанын алуға, өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.

         Ертедегі табиғат жайындағы нақыл сөздер, өнегелі өсиеттер, жырау мен ақындар жырларындағы ойлы пікірлер – экологиялық тәрбие беруде және экологиялық мәдениетін қалыптастыруда өте құнды құрал. Ертеден қалған:

         «Көзіңді қалдыр бұлақ көзін аша жүр,

         Ізіңді қалдыр жақсы істен мұра шаша жүр,

         Өзіңді қалдыр бақша өсіріп, жаса нұр – деген өсиетінде зор мағына жатыр.

         Табиғат – ананың сырларын бойға сіңіріп алмайынша онымен тең отырып сөйлесу қиын. Ең бірінші, табиғатты – туған анаңдай түсіну, екінші, табиғатқа – туған бабаңдай табыну, үшінші, табиғатты туған ұлыңдай қорғауың қажет. Түсінбей тұрып табыну, табынбай тұрып қорғаудың қисыны жоқ. Табиғат пен адамзат баласы дүниенің бірінсіз-бірі тұл болатын – ажырамас бөлшектері. Адам үшін жері мен суы, орманы мен тасы, жануары мен өсімдіктері тіршілік ететін басты көздері болса, табиғат үшін адам оның бағбаны іспеттес.

         Бүкіл түркі дүниесінің бабасы Қорқыт Ата «Қаратауларың бұзылмасын, саялы ағаш сынбасын, қанаттарың қырқылмасын», — деген қасиетті сөздері – туған жер табиғатын аялауға шақырған аталы ұғымдар. Мысалы: «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Сулы жер – нулы жер», «Жері байдың елі бай» — деген сөздер бала санасына сіңіп, адамгершілік өлшем қалыптасады.

         Белгілі ғалым-эколог И.Д.Зверев «педагогикалық практиканың негізгі жағдайында барлық оқу пәндерін экологияндыруға байланысты мұқият ойланып істелген жұмыстар қажет» — деп пәндерді экологияландыруға басты назар аударды[20].

         Қазіргі кезде мектептегі экологиялық тәрбие беру саласында себептен гөрі сандарға көбірек көңіл бөлініп отыр. Нәтижесінде табиғат пен қоғамда орын алатын күрделі байланыстарды талдаудың орнына, адамзат бар күшін табиғатты ұтымды пайдаланбаудың жағымсыз салдарын жоюға жұмсауда.

         Экологиялық тәрбие беру жұмысы жанұяда, балалар бақшасында, мектепте, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында, жұмыс істеуге көшкен кезде де үздіксіз жүргізілген жағдайда адам санасында табиғатты қорғап, оның байлықтарын сақтау жөніндегі тиянақты көзқарасты қалыптастырып, жүйелі білім беруге болады.

 

1.2. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің жағдайы

 

                   Қазіргі уақытта экологиялық тәрбие беру жер бетінің әрбір тұрғынын қамтуға тиісті бүкіл халықтың мәселеге айналып отыр. Қоршаған ортаны қорғау мен оның байлығын тиімді пайдаланудың Қазақстан Республикасының Конституциясынан орын алуға, арнаулы өкіметтік қаулы қабылдануы, экологиялық тәрбие беру қажеттілігінің күннен-күнге арта түсуі – бұл істі жүзеге асыруды бала бақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейінгі тәрбие орындарында оқу-тәрбие жұмыстарының әр түрлі формалары мен әдістерін пайдалануды міндеттеп отыр. Мұның мәні – оқушыларды табиғатқа ұқыпты қарауға үйретіп, оның байлықтарын үнемді пайдаланудың маңызды мәселе екенін ұғындыру табиғатқа дұрыс қарым-қатынас жасау жөніндегі қажетті біліммен икемділік, дағдыларымен қаруландыру. Біздің елімізде «әрбір азамат табиғатты аялауға, оның байланыстарын қорғауға міндетті» деген талаптар барлық уақытта бірдей дәйектілікпен жүзеге асырылып отырымағаны мәлім.

         «Жалпы білім беретін мектептерде табиғат қорғау жұмыстарын күшейту туралы» әдістемелік хатта оқыту процесінде экологиялық тәрбие берудің маңыздылығын ашып көрсетуі, оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын тәрбиелеу ісіне қорғау салады. Қазіргі әлемдік экологиялық мәселелердің туындап отырған кезеңінде оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын қалыптастыру қажеттілігі туындап отыр.

         Адамдар табиғатты билеп – тың игеру жылдарында қаншама жерді тілім-тілім етіп жыртып, эрозияға ұшыратты. Мақта мен күріш өсіреміз, шөл даланы гүлдендіреміз деп каналдар салып, суды бөгеп табиғаттың бұзылуына әкеліп соқтырдық. Адам мен табиғаттың өзара қатынасындағы пайда болған бұл қарама-қайшылықты жою қазіргі кезде, барлық қауымды ойландыруда. Сондықтан қазір ол дүние жүзі халқының, экологтардың, ғалымдардың, педагогтардың, саясат қайраткерлерінің назарын ерекше аударып, Біріккен Ұлттар ұйымының таңдап талқылайтын ең маңызды мәселелердің біріне айналды.

         Біріккен Ұлттар ұйымы біздің планетамыздағы экологиялық жағдайды жақсарту жөнінде барлық елдердің қоян-қолтық тізе қосып, бірлесіп жасаған кең көлемді бағдарламасында мазмұндалған «табиғат қорғаудың әлемдік стратегиясы» деп аталатын, халықаралық мәні зор құжатты жариялады. БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму мәселесі жөніндегі конференциясы 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында болып өтті. Онда 108 мемлекет пен үкімет басшылары қол қойған «ХХ ғасырдағы күн тәртібінде» деп аталатын құжат қабылданды. 1998 жылы аталған бағдарламаның шешімінің орындалу барысын қараған Б.Ұ.Ұ-ның Бас Ассамблеясының арнаулы 19 сессиясы Нью-Йоркте болып өтті. Оған БҰҰ-ға мүше 185 елдің басшылары мен делегациясы қатысты.

         Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы мектептерінде экологиялық білім мен тәрбие беруге көңіл бөлініп келеді. 1997 жылы тамыз айынан бастап «Қазақстан Республикасында табиғатты қорғау туралы» жаңа заң қабылданып күшіне енді. Заң адамның өмір мен денсаулық үшін айналадағы қоршаған ортаның қолайлы болуын қамтамасыз етіп табиғатты қорғаудың экологиялық құқықтық және әлеуметтік негіздерін белгілейді».

         Ол мынадай тармақтардан тұрады:

  1. Республиканың халыққа білім беру органдары табиғатты қорғау жөнінен халықтың барлық топтарын қамтитын тәрбие мен білім беру жүйесін жүзеге асырады.
  2. Жалпыға бірдей кешенді және үздік экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі мектепке дейінгі, мектептегі тәрбие мен білім берудің, жоғарғы және арнаулы оқу орындарында кадрларды, мамандарды кәсіптік жағынан даярлаудың, олардың білікті болуын қамтамасыз етіп, табиғатты қорғаудың экологиялық құқықтық және әлеуметтік негіздерін белгілейді[2].

         Ал, 1992 жылы «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» қабылданды. Бұл заң 19 тарау, 89 баптан тұрды. Тұжырымдаманың 15 тарауы «қоршаған ортаны қорғау санасындағы экологиялық білім мен тәрбие беру, ғылыми зерттеулер», — деп, 73 бабы «экологиялық білім мен тәрбие беру, ғылыми жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілуі» — деп аталады. Осы 74 бап оқу орындарында экологиялық білім беру, 75 бап «қоршаған ортаны қорғау саласындағы зерттеулер мәселесіне» арналады.

         Осыған байланысты Республикаға білім беру мекемелерінің алдында көптеген міндеттер қойылып отыр. Онда экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысын бүлдіршіндер бақшасынан бастап, мектеп оқушыларына арналып пән «Экология негіздерін» жүргізу қолға алына бастады. Республиканың жоғарғы оқу орындарында экологияға байланысты арнаулы курстар, семинар ұйымдастырылды.

         Мектепте оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру «Атамекен» Л.Р. Курсабаев, «Елім-ай» М.Х.Балтабаев, «Кәусар бұлақ» З.Ахметова бағдарламасы ерекше орын алды[21,22,23].

         «Атамекен» бағдарламасы жалпы білім беретін мектептегі оқу-тәрбие процесінің, сыныптан тыс жұмыстардың өзіндік ұлттық ерекшеліктерін айқындайтын, қазақ халқы педагогикасының тәлім-тәрбие ұстанымдарына негізделген ғылыми-педагогикалық және әдістемелік бағдарлама. Оның негізгі мақсаты – оқу-тәрбие жұмысының жаңа үлгідегі жобасын жасау, әрбір мектепте балалар мен үлкендерді біріктіретін кеңес, топ, бірлестік құру, бүкіл мектептік «Елім-ай» атты ұлттық этнографиялық ойын жобасын жүзеге асыру, әрбір мектепте халықтық ұлттық тарихи-этнографиялық мұражаймен бірігіп, әр жыл сайын дәстүрлі бүкіл мектептік, қалалық, облыстық, республикалық «Атамекен» тойын салтанатты түрде өткізу болып табылады.

Оның негізгі міндеті 26 бағыттан тұрады. І-ХІ сынып аралығында қазақ халқының педагогикалық тәлім-тәрбие ұстанымдарын негізге ала отырып жүргізу.

         Оның 15-ші «Заман-ай» бағытында «Атамекен» бағдарламасын жүзеге асыруды, қоршаған табиғатты қорғау мәселелері, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу болып табылады [22].

         Келешек ұрпақты табиғат апатынан сақтап, қоршаған ортаға деген мейірімділік сезімін сақтап, қоршаған ортаға деген мейірімділік сезімін оятып, табиғатты қорғау жұмысына белсене араласатын ұрпақ тәрбиелеу үшін ғалым М.Н. Сарыбеков алты кезеңнен тұратын жанұя, бала-бақшадан, есейген азаматқа деген экологиялық салауатын ашып тәрбие беру жолын ұсынады.

  1. Сәбиді табиғат қорғауға тәрбиелеу әр жанұяда басталып, оған әр жанұяда қалыптасқан табиғат қорғау дәстүрі көмектеседі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің»,- деген мақалды еске ала отырып тәрбие іске асу тиіс.
  2. мектепке дейінгі сәбиді тәрбиелеу мекемесінің оқу, тәрбие жұмысының мазмұнына түгелдей табиғатты аялауға үйрету бағытымен беру керек. Бала үшін бала-бақша бағдарламасына жүйелі түрде сәбиге түсіндіріп, табиғатты аялау идясын ұсынады. М.Н.Сарыбековтың пікірінше табиғатты қорғап, аялайтын тәрбие жұмысына арналған оқулықтар, әдістемелік және қосымша әдебиеттер, оқыту мен тәрбиелеуге арналған дидактикалық материалдар болуы қажет. Ол үшін бала-бақша ауласы таза, гүлденіп, бөлмелері әсем безендіріліп, үйде өсетін гүлдерге арнаулы қамқорлық жасай алатындай бояуы керек. Әр сәбиді «табиғат», «табиғат тазалығы», «денсаулық», «сұлулық», «гүл», «жасыл желек», «мөлдір су», «көгілдір аспан», «торқалы топырақ», «сайраған құс», «жүгірген аң», «менің ауылым», «менің отаным» т.б. деген сөздердің мазмұнын жақсы түсіндіріп, сол түсініктерді іске асыруға тәрбиелеу тиіс.
  3. Түрлі типтегі мектептің оқу-тәрбие жұмысына табиғатты қорғау мазмұны тұрақты енуі тиіс оның ішінде ІХ-Х сыныптың бірінде барлық оқу жұмысының қорытындысы ретінде арнаулы «Экология және табиғатты қорғау» пәнін оқытуды ұсынады.
  4. Арнайы кәсіптік техникалық оқу орындары мен арнаулы орта білім беретін оқу орындарына жоспарлы табиғат қорғауға тәрбиелеу барлық пәндерді оқытудың негізінде жүргізілуімен қатар, осы типтегі оқу орындарында да жоспарға терең арнайы білім беретін «Экология және табиғатты қорғау» пәнін оқытуды ұсынады.
  5. Жоғары білім беретін оқу орындарында «Экология және табиғатты қорғау» пәнін оқытудың екі бағытын ұсынады:

— мамандығына қарамай «Экология және табиғатты қорғау» пәнін барлық студенттер оқып үйренуі керек.

— экология және табиғатты қорғау мәселесіне арнайы білім беретін мамандар дайындау үшін факультеттер ашу.

  1. Жұртшылыққа табиғат қорғауды түсіндіріп, мамандар мен басшылардың білімдерін экологиялық даярлық орталықтарын ашуды ұсынады[7] .

         1996 жылы «Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі» тұжырымдамасы қабылданды. Бұл заң 19 тарау, 89 баптан тұрады. Тұжырымдаманың 15 тарауы «қоршаған ортаны қорғау саласы экологиялық тәрбие мен білім беру, ғылыми зерттеулер», — деп, 73 бабы «экологиялық білім мен тәрбие беру, ғылыми жалпыға бірдей және үздіксіз жүргізілуі» — деп аталады. Осы 74 бап оқу орындарында экологиялық білім беру, 75 бап «қоршаған ортаны қорғау саласындағы зерттеулер мәселесіне» арналады.

         Сондықтан, зерттеуге негіз етіп отырған 8-шы сынып оқушыларына экологиялық білім мен тәрбие беруге, қазіргі қоғам талабы қаншалықты әсер еткенін, оны іске асырудың қазіргі хал-жайын анықтаудың үлкен маңызы бар. Тақырып бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар Тараз қаласындағы №30 орта мектепте жүргізілді.

         Білімді терең меңгеруге оқушылардың практикалық дағдыларын қалыптастыру әр түрлі танымдық міндеттерді мақсатты және жүйелі түрде шешуге мүмкіндік жасалды. Әрбір сабақта, әр түрлі оқу әдістерін, оқыту құралдарын пайдалану қажет. Мысалы, лекциялар, әңгімелесу, семинарлар, оқушылардың өздігінен орындайтын жұмыстары олардың рефераттар және қысқаша баяндамалар және т.с.с. ұйымдастыру оқушылардың танымдық қызығушылықтарын арттырып, оқу белсенділіктерін іс-әрекеттерін дамытады.

         Жалпы қорыта келгенде оқушыларға білім мен тәрбие беру, оның интегралды сипаты жаратылыстану, қоғамдық-тарихи, гуманитарлық-эстетикалық еңбек циклды оқу пәндерінің барлығында дәрежеде бейнелеуін қамтамасыз етеді.

         Көптеген ғалымдар, оның осы ерекшелігін негізге ала отырып, экологиялық тәрбиені әр түрлі дүниетанымдық, саяси, адамгершілік, эстетикалық құқықтық, еңбек, т.б. тәрбие элементтерінен тұратын, өзара тығыз байланысқан жүйе ретінде қарастырады. Бұл экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін қандайда болмасын бір ғана мектеп пәні арқылы шешілуі мүмкін емес, тек мұны пәнаралық байланыс арқылы қарастырылады.

         Мектептегі экологиялық тәрбие беру ісінің педагогика теориясы мен мектеп тәжірибесінде жаңа сала ретінде қазіргі кезде дамып келе жатқандығын байқатады. Бұл саладағы теория мен практиканы дамытудың қажеттілігі жалпы теориялық және жеке әдістемелік бағыттағы зерттеулерді кеңейту және тереңдету қажеттілігін дәлелдейді. Менің ойымша, қазіргі мектеп практикасы шын мәнінде уақыт талабынан кейін қалып, ол экологиялық сауатты тәрбиеге оқушыларды дайындауды қамтамасыз ете алмайды. Өйткені, зерттеуші ғалымдардың пікірінше мұндай жағдайдың туындауында басты себептердің бірі – экология идеясын ұғындырудың жеткіліксіздігі табиғи ортаның бағалылығы көпшілігінде пайдакүнемдік негізде түсіндіруі, экологиялық мазмұндағы білімдерінің өзара тығыз бірлігінің болмауы деп саналады.

 

1.3. Оқушыларға сабақта және сыныптан тыс жұмыста

экологиялық тәрбие беру үлгісі

 

         Қазіргі кезде халықаралық экологиялық білім беру жүйесінде педагогикалық теориясы мен практикасында қалыптасқан үш жағдайы бар.

         Біріншісі – көп пәнді үлгі. Бұл жағдайда дәстүрлі пәндердің оқыту мазмұндарына экологиялық мәселелердің жеке бөлімі, жекелеген тақырыптар енгізіледі және бұрынан оқытылып келген тақырыптардың мазмұндары қосымша жаңа экологиялық мәліметтермен баяндалады.

         Екіншісі – бір пәнді үлгі. Мұның бір ерекшелігі орта мектептердің экологиялық оқу топтарына арнайы экология курсын оқыту арқылы іс-жүзінде асады.

         Үшіншісі – аралас сабақтар үлгісі. Мұнда 8-шы сынып оқушылары үшін экологиялық білімнің жеке мәселелері дәстүрлі пәндерде қарастырылады. Содан соң, ол сабақтардың бастарын біріктіріп, қорытындылайтын арнайы сабақ өткізіледі.

         Біз, ендігі кезекте оқушыларға экологиялық тәрбие берудің мақсат, міндеттері, ұстанымдары мен мазмұндарында І тарауда айтқанбыз.

         Экологиялық мақсат, міндет және ұстанымдар жайлы ұғым, түсініктерге байланысты ойымызды келтіруді орынды деп санаймын. Экологиялық тәрбие берудің мақсаты – оқушылардың қоршаған ортаға байланысты жауапты және аяушылық сезімде болып, іскерлік қарым-қатынас жасайтын ғылыми білім көзқарастар мен сенімдер жүйесінің біркелкі қалыптасуын айтамыз.

         Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі негізгі міндеттер:

  1. Экологиялық идеяларды, негізгі түсініктерді, ғылыми дәлелдерді іріктеп саралай біліп, білім құрамын көбейту, табиғат заңдылықтарын ұғыну;
  2. Табиғат – ресурстардың, өндірістік өнімдерді және адамзат мәдениеттерін дамытудағы негізгі көз екендігін білу, оларды пайдаланудың ғылыми-техникалық немесе ғылыми-экономикалық технологиясынан хабардар болу;
  3. Табиғатты ұтымды пайдаланудың жолдарына байланысты қолданбалы білім, практикалық іскерліктер мен дағдыларды меңгеру;
  4. Қоршаған ортаға саналы көзқараспен қарап, оның бүгінгі жағдайы мен болашағы жайлы бағалай білу, зиянды құбылыстардың алдын алу, оны жақсартуда дұрыс шешімдер қабылдап, өндіретін және қоғамдық еңбектердің әсерлерін түзету;
  5. Табиғи ортаға зиян келтірмейтін, ластамайтын, бұзбайтын нормаларды саналы түрде сақтап, табиғатты қорғау идеяларын насихаттау;
  6. Әрбір оқушының табиғатпен қарым-қатынас жасауға десек рухани қажеттілік дамыту, оның адам жандүниесінің экологиялық, талғам-сезімдерін қалыптастырудағы ықпалын ұғыну.

         Жалпы, эколог-ғалымдардың «экологиялық тәрбие беру» ұғымына берген анықтамаларынан туындайтын және өзіміздің пікірімізше экологиялық тәрбие берудің мәні – табиғатқа сыншы қарым-қатынас жасайтын, қоршаған табиғи ортаны қорғайтын, табиғи қорды тиімді пайдаланып, әсемдігін көрсететін қасиеттер адамгершілік-эстетикалық тұрғыдан ұғындырып, оқушылардың экологиялық-лирикалық серпін тудыру арқылы мақсат, міндеттерге жетумен мінезделінеді.

         Сонымен, 8-шы сынып оқушыларында экологиялық білім мен тәрбие берудегі мазмұна кіретін оқыту материалдары төмендегідей ұстанымдардағы негізделіп құрылды:

  1. Экологиялық білім мен тәрбие берудің бір жүйелілігі және үздіксіздігі;
  2. Оқу мазмұнында әлемдік, ұлттық және туған өлке мәселелерінің өзара байланыстылығы;

 3.Оқушылардың экологиялық дүниетанымдарын қалыптастырудағы пәнаралық бірлігі;

  1. Табиғи ортаны қорғау жайлы білім алып, оны аялау, сақтау, көркейту туралы интелектуальдық және эволюциялы адамгершілік негіздегі іс-әрекеттерінің бірлігі.

         Жоғарыда оқушыларға экологиялық тәрбие беру мақсат, міндеттері, оларды іс-жүзіне асыруға ұйымдастырғанда басшылыққа алынатын ұстанымдарды атап шықтық. Енді, мектептегі 8-шы сынып оқушыларына берілетін экологиялық тәрбие оқу-тәрбие процесінде екі бағытта жүргізілуі керек:

  1. Оқушылардың мінез-құлқында және әртүрлі іс-әрекеттерінде, қызметтерінде табиғи ортаға деген жауапкершілік қатынас нормаларын қажеттілігіне тәрбиелеу;
  2. Қоршаған ортаны қорғау және жақсарту, табиғат байлығын ұқыптылықпен пайдалану, ысырапшылық пен немқұрайлыққа төзбестей күрес жүргізуге тәрбиелеу.

         Бұл бағыттар негізінде оқушылардың экологиялық білімін танымдық іскерліктері мен әдет-дағдылары, айналасымен адамгершілікті имандылық қарым-қатынастарда болып, сана-сезімдері көзқарастары, мінез-құлықтары ізгілікті түрде қалыптастыруға жағдай жасайды.

         Жеке пән «экологиялық» «арнайы» курс 8-шы сынып оқушылары үшін Тараз қаласындағы №30 мектепте жүргізілді.

         Ал, енді сол арнайы курстың мазмұнын қарауға келгенде қиындықтарға  кездестік, сонда да экологиялық тәрбие берудің мазмұндарының қисынды құрылымдық жүйесін жасауға талпындық.

         Экологиялық курстың бірінші мазмұны – қоғам мен табиғаттың өзара байланысы, экологиялық құндылықтар, адамдар мен табиғат қарым-қатынастарындағы ережелер мен шектеулер, табиғаттан үйрену және қорғау жайлы іскерліктер мен дағдылар болып табылады. Мұнда оқушыларға адам мен қоғам және табиғат қарым-қатынастарының әлеуметтік мәні, бір-біріне тәуелділігі мен ықпалдарының тарихи қалыптасуы, әр қоғамдық формациялардың ерекшелігіне тәуелділігін әлеуметтік ғалымдар тұрғысынан ұғындырылады.

         Табиғат туралы деректер, ұғымдар мен заңдарды жаратылыстану ғылымдары береді. Бұл заңдарды білу адамның табиғатқа ықпалын ұтымды шектеп, оны үнемді пайдаланудың мүмкіндіктерін түсінеді.

         Үш фактордың өзара байланысы заттардың биохимялық айналым арқылы жүзеге асырылу жаратылыстану ғылымы негізінде экологиялық ұғымдар жүйесі құрылады. Олар: тірі ағза, экологиялық жүйе, факторлар, биосфера және басқалары. Тірі ағза, зат алмасу және тірі материяны сипаттайтын белгілерімен ерекшелінеді.

         Жер бетіндегі тіршілік жасайтындар биологиялық жүйе биосфера құрайды.

         Экологиялық тәрбие берудің екінші оқушылардың мінез-құлықтарына экологиялық құндылықтарды қалыптастыру, соның негізінде экологиялық сананы тәрбиелеу. Өйткені, табиғат – қоғамның сондай-ақ әр адамның қажеттілігін өтейтін қазына байлық негізі екені белгілі. Адамның қажеттілігі материалдық, рухани және парктикалық тұрғыда болуы мүмкін. Практикалық қажеттілігін өтеу арқылы адам өмір сүріп, тіршілік етеді, ал материалдық қажеттілігін өтеу барысында өндірісті, ғылымды, техниканы қамтиды. Ал, рухани қажеттілігін өтеу негізінде ақыл-ойын және адамгершілік, эстетикалық талғам-сезімін қалыптастырып, дамытады.

         Экологиялық тәрбие берудің үшінші мазмұны – оқушылардың бойында экологиялық этиканың қалыптастырумен анықталады. Ұзақ жылдар бойы қоғамның, адамның табиғатқа қарым-қатынасы, тек тұтыну жағы басым болғандықтан, пайда табу мақсатында алып құрылыстар, өндірістік орындар ысырапты игерілуде, соның барысында Арал қасіреті, Семей полигоны, Лабнор полигоны, Чернобыль АЭС-ң жарылуы туындады. Мұның салдарын адамзат түсінгендіктен, өлкелік мәселелер әлемдік проблемаға ұласты.

         Экологиялық тәрбие берудің төртінші мазмұны оқушыларды қоғам мен табиғат арасындағы өзара қарым-қатынасты әрекеттерді түсіндіру, оны қорғау мен сақтауға практикалық іс-әрекеттермен қаруландыру болып табылады. Олар, табиғаттағы заттармен құбылыстарды жәй-күйін бақылау, экология жайлы білімді жетік меңгеріп, оны жұртшылық арасында кеңінен насихаттау.

         Жоғарыда көрсетілген оқушыларға экологиялық тәрбие беру мазмұндары оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру формасы сабақ және сабақтан тыс жұмыстар арқылы іс-жүзіне асырылады[24,25,26].

         Баршамыздың елімізде ұстайтын жәй – экологиялық тәрбие беру үздіксіз және жүйелі жүргізу барысында ғана өз нәтижесін береді. Ал, экологиялық нәтиже болса, оқушылардың әдет-дағдыларында, іскерліктерінде байқалынады.

         Сонда, оқушылардың табиғатты қорғау, аялау, сақтау, жетілдіру қатынастарын, іскерліктерін есепке алуды мынадай ерекшеліктеріне назар аударуымыз керек:

  • оқушының табиғатқа деген қатынасын бағалау;
  • табиғатты қорғауды, аялауды және жетілдіруде қосқан үлесіне, нәтижесіне талдау беріп, әр оқушының еңбек санасының қорытындысын шығару;
  • табиғат объектілерін зерттеп, оның құбылыстарын тану, оған сипаттама беру;
  • оны жақсартуды жетілдіруде дұрыс шешім қабылдау қабілеттерін есепке алу;
  • табиғи ортаны қорғауға байланысты нормаларды сақтау;
  • табиғатқа қамқор болу идеяларын насихаттау.

         Егер де аталған іскерліктер табиғатқа деген жауапкершілік, жанашырлық, сүйіспеншілік т.б. қасиеттер балалардың мінез-құлықтарында болып, былайша айтқанда, адам-қоғам-табиғат арасындағы алуан түрлі диалектикалық байланыс және бір-біріне тәуелділік деңгейлерді бағалайтын өлшемдер мен көрсеткіштер сұрыпталып, оларға ғылыми-әдістемелік сипаттамалар жасаймыз.

         Қазіргі кезде барлық дәстүрлі ғылымдар экологияландырылып, экологиялық туындаған мәселелерді әлеуметтік-экономикалық, техникалық, технологиялық мәселені психологиялық, педагогикалық жағынан зерттеу барысында бірнеше жаңа ұғымдар қалыптасты. Олар «экологиялық білім», «экологиялық сауаттылық», «экологиялық мәдениет», «экологиялық этика», «экологиялық сана», «экологиялық ойлау», «табиғатқа экологиялық қатынасы» т.б. Бұлардың мазмұндарына қарай ортақ құрамдас түсініктер, бір бірімен байланысқан, бірі екіншісінің салдары болып табылатын сабақтас ұғымдар. Осылар оқушылардың көзқарастарында, мінез-құлқында, табиғатқа қатынастарында қандай орын алады.

Соның мазмұнын анықтау үшін аталған ұғымдарға қысқаша мінездеме берсек.

         Экологиялық сана – қоғамдық және жеке адам санасының бір бөлігі, адамның табиғатқа өзара қатынасындағы білімі, сенімі және дағдысының жиынтығы.

         Экологиялық ойлау – табиғаттағы алуан түрлі өзгерістердің бір-бірімен экологиялық факторлар мен себеп-салдар байланысын ашып түсіну. Ойлау арқылы экологиялық заңдылықтар жүйесі және оның құрылысының күрделі анықталып, жаңа заңдылықтарды игеруге жол ашады.

         Экологиялық сауаттылық – жас өспірімдерді табиғатты қорғаудың ғылыми негіздерімен қаруландыру 1970 жылдардан бастап, бұл мәселе барлық пәндерді оқытуда, солардың ішінде биологияны оқыту процесінде назар аударылып келеді.

         Экологиялық этика – айналадағы табиғи ортамен қарым-қатынастағы мінез-құлық нормалары мен ерекшеліктерін білу және оны сақтау.

         Экологиялық мәдениет  күрделі ұғым болғандықтан ғылыми жағынан да, оның мазмұны, кешені әр түрлі деңгейде айқындалып бір ізге түспей келеді.

         Экологиялық мәдениет – экологияның білім беру жүйесінің міндетті бір бөлігі, адамның материалдық және рухани тіршілігін қамтиды. Екіншіден, экологиялық мәдениет – табиғатты танып білу, пайдалану және жаңартумен байланысты, іс-әрекет түрлерінің негізі.

         Жеке адамның экологиялық мәдениеті дегеніміз – табиғатты аялау талабына сай келетін білім, іскерлік және дағдысы, іс-әрекете әзірлігі мен оны жүзеге асыруы жатады.

         Ал, экологиялық мәдениет пен этиканың құрамына: табиғатты қорғау қажеттілігін түсіну, табиғатқа тигізетін өзінің пайдасын болжамай білу, табиғатпен қарым-қатынасында заңды, ережелерді сақтау.

         Сонымен, анықтамада берілген ұғымдар экологиялық сана, ойлауы, сауаттылығы, этикасы және мәдениеттілігі экологиялық тәрбиенің нәтижесінде оқушылардың мінез-құлықтарында қалыптасады.

         Оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын қалыптастыру мақсатымен әрбір сыныптың қабілетін ескере оқытудың барынша жаңаша әдістері мен тәсілдерін таңдау сабақ арқылы экологиялық тәрбие беру ісін сыныптан тыс жұмыстарымен тығыз байланыстыра оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын жүйелі түрде қалыптастыра, әрбір сабақтың білімділік, тәрбиелік, дамушылық міндеттерін шеше отырып, оқытудың нәтижесінде тәрбие берудің адамгершілік эстетикалық сипаты артты. Экологиялық тәрбие беру ісінің тәрбиенің басқа салаларымен өзара бірлікте және бірін-бірі толықтыру бағытында жүргізілді, әрбір оқушының жеке басы және жас ерекшелігін ескере отырып, оқушылардың мектептегі қоғамдық ұйымдар іс-әрекетінің табиғи бірлігінің қамтамасыз етілуі, әртүрлі пән мұғалімдерінің арасындағы байланыстың сақталуы экологиялық тәрбиеліктің нәтижесін айқындайтын міндетті[29,30]. Шарт болып оқушының табиғатпен қатынасында өз іс-әрекетіне өздері талдай жасай білу дағдысын қалыптастырады. Жоғарыда айтылғандар зерттеп отырған проблемаларымызды түгелдей қамтымаса да, біздің ойымызша – экологияны оқыту процесінде 8-шы сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудегі тәжірибелік-педагогикалық жұмысымыздың тиімділігіне арттырудың басты жолдары болып табылады.

         Педагог (А.Н. Захлебный, И.Д. Зверев, Е.М. Кудревцева) педагогикалық процесс арқылы табиғатқа жауапкершілік қатынасының қалыптасуы оқушының «табиғат пен орталық элементтік факторлары туралы білім мен оны әсерленушілікке жетелейтін сөзім арқылы қабылдануының және табиғатты жақсарту үшін парктикалық үлес қосуға ұмтылыс тудыруының органикалық бірлігі болған жағдайда ғана іске асады»- деп қортындылайды[20]. Сондықтан, тәрбиенің салаларын зерттеуде қолданылып жүрген дәстүрлі жіктеулер:

  • интеллектілік;
  • эмоциональдық;
  • практикалық өлшеулерді негізге ала отырып, жасаған анықтамаларыңызға сүйендік.

         Атап айтқанда: интеллектілік өлшем – экологиялық білімнің болуына, оны игеріп, меңгеру арқылы практикада қолдана алуын, өз пікірін қорғап, басқаларға бере білуін анықтайды.

         Эмоционалдық өлшем – экологиялық білімге қызығушылығын, табиғат пен оның әлемдік бейнелеуіндегі үйлесімділікті сақтауды, оны сұлулық заңымен жақсарта түсуі, табиғатты адамгершілік, эстетикалық тұрғыдан ұғына отырып, қоршаған ортаның қасіретке ұшырауына бірге күйзеліп, оны қорғауға ұмтылысын бағалайды.

         Практикалық өлшем – табиғат қорғауға байланысты практикалық іс-шараларға қатысуын, бұл істі қажетті деп санауын, оған қатысу себепті (мотив) дәлелдерін сөзбен іс бірлігін анықтайды. Оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасының деңгейін анықтап, тексеру мақсатында №30 мектебінде тәжірибелік-эсперимент жүргізілді. Олардың экологиялық деңгейін зерттеу, жекелей және жаппай сауалнамалар, анкеталар, тест әдістер арқылы іске асырылды.

         Оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасының интеллектілік, эмоциональдылық, практикалық өлшемдері бойынша жоғары, орта, төмен деңгейлерін зерттей отырып, жасаған тұжырымдаманы пайдаландым.

         Жоғары деңгей: экологиялық білімді жақсы меңгерген, оның күнделікті өмірде қажеттілігін, сонымен түсінеді, теория жүзінде алған білімін өмірмен ұштастыра алады, табиғат пен қоғамдағы өзгерістерді эмоциональды тұрғыда қабылдайды, табиғи орта қорғауға арналған іс-шараларға белсене араласады, өздігімен ізденеді.

         Орта деңгей: экологиядан білімі бар болғанымен оны күнделікті өмірмен байланыстыра бермейді, табиғат пен қоғамдағы өзгерістерді байқаған, эмоциональдық сезіммен тұрақты қабылдай алмайды, табиғи ортаны қорғауға арналған іс-шараларға қатысу барысында ішінара белсенділігін көрсетіп отырады.

         Төмен деңгей: экология білімін нашар меңгерген, оны өмірде қажеттілігін түсінбейді. Табиғат пен қоғамдағы өзгерістерге мән бермейді.     Тірі ағзалардың өзара және бейорганикалық табиғатпен әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болған қауымдастықты экологиялық жүйеге жатқызамыз.    Ағзаларға әсер ететін экологиялық факторлар, абиотикалық, биотикалық және антропогендік болып жіктеледі.

         Заттардың биохимиялық айналымы дегеніміз – олардың табиғаттағы алмасуы мен ауысып өзгеруінің циклді үрдісі болмақ.

         Табиғаттың өзіндік дамуына байланысты айтылған жүйелер арасында биохимиялық айналымның жылжымалы тепе-теңдігі орнығады.

         Адамның табиғат заңдарын ұстамауы өндірістік іс-әрекеттерінің әсерінен экожүйе бөліктері арасында тепе-теңдік бұзылар.

         Яғни, жер климатының біртіндеп, жылынып, озон қабатының тесілуі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің азаюы т.б. мысалы болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ. ОҚУШЫЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ

ТӘЖІРИБЕЛІК ЖҰМЫСЫ

 

2.1. Оқу процесінде сабақта экологиялық білім мен тәрбие беру

 

         Егемендік алған республикамыздың келешегі және ұрпақтарды тәрбиелейтін орта мектеп өзіне жүктелген әлеуметтік міндетті атқару үшін ондағы игерілетін білім мазмұны бүгінгі талапқа сай жаңартылуы тиіс. Сонымен бірге білім байлығын, табиғаттың ерекшелігін терең оқып білу арқылы өз халқының дүние жүзілік мәдени мұраға орны мен үлесін білуін, әр оқушының қабілеттік дамытуға, әрбір ұлттық мектептің ішкі мазмұнының атына сай болуын қамтамасыз ету – қазіргі өмір талабы.

         Осыған байланысты мектептегі экологиялық білім негізін құрайтын жаңа пән – экология курсы болуы керек. Бұл ғылым жаратылыстану ғылымдарымен қатар әлеуметтік бағыт – бағынқы қамтуы (№1-Сурет).

         Экология курсының алдына қойған негізгі мақсаттары мен міндеттері төмендегідей:

  • оқушылардың жаратылыстану пәндерінен алған білімдерін дамыта отырып, айнала қоршаған орта туралы көзқарастарын қалыптастыру;
  • экология ғылымы туралы алғашқы түсініктерді дамыту;

   — табиғат, қоршаған орта, зат аламсу, табиғатындағы қарым-қатынастарға ғылыми-тәрбиелік деңгейде талдау жасауға үйретуі.

         Экология ғылымының зерттеу облыстары – популяция, биоценоз және экожүйе туралы табиғаттану, география, ботаника, зоология, химия, физика пәндерінен алған білімдері негізінде биосфераның деңгейінде оқып-үйренуге баулу.

№1-сурет

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің үлгісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

        Айтылып отырған мақсат-міндеттерге байланысты экология курсы бойынша әрбір оқушы меңгеруі тиіс оқу материалдары төмендегідей мәселелерді қамтиды:

— Айналаны қоршаған ортаны кез-келген өзгерістеріне ластануына бақылаужәне оның себеп-салдарын ашып, ғылыми тұрғыда баға беруін дағдыландыру;

— Табиғатты қоршаған орта, ондағы қарым-қатынастар, зат алмасу процестерінің жүру заңдылықтары;

 — Табиғат ресурстары, тірі организмнің биологиялық және геохимиялық ролі;

 — Экологиялық және антропогендік факторлар, экожүйенің өзгеруі, оны қалпына келтіру жолдары;

— Биосфера шегіндегі геохимиялық заңдылықтар, оны реттеудің қазіргі заманғы бағыттары;

— Жергілікті аймақтардың және жер шарындағы экологиялық проблемаларды түсініп, оны шешу жолдарын өз бетінше іздестіру[27,28].

         Жоғарғы тұжырымдарды ескере отырып, биология, химия, география, физика оқу бағдарламаларына анализ жасауға болады.

Биология пәнін оқу бағдарламасын зерттеу барысы, экологиялық білімнің мынадай элементтеріне оқушылар биология курсында игеруге тиісті екені анықталды.

         Биология – адамның денсаулығы және табиғи ортаның көрсеткіштері. Биосфера – тіршілік бар шекарадағы біртұтас деңгейдегі жүйе. Биосферадағы тірі табиғаттың қызметі, биологиялық жүйке, табиғи, антропогендік фактордың әсер етуі табиғи орталық байлығы адам денсаулығының кепілі: практикалық, эстетикалық, танымдық, адамгершіліктің қоршаған табиғи ортаның құндылығы.

         География пәнінің оқу бағдарламасында зерттеу жүргізілу барысында экологиялық білімнің мынадай элементтерін оқушылар география курсында игеруге тиіс екендігі анықтайды.

         География. Географиялық ортада өмір сүретін орта және адамның қызметі өндірістің территориялық комплекстері – қоғам мен табиғаттың өзара әсерлесуінің саналы жаңа кезеңдері. Адам қызметінің табиғи ортаның өзгеруін бағалау. Адам қоғамының дамуының табиғат жағдайларына ықпалы. Мемлекет табиғи-әлеуметтік жүйе: өндіруші күшпен өндірістік қатынастың даму деңгейі. Табиғи және экономикалық потенциал. Қала экологиясы. Экологиялық мәселелер: глобальды, аймақтық, жергілікті. Табиғатты қорғауда шара қолданудың экономикалық тиімділігі. Табиғи ортаны бағалау және бақылау.

         Химия пәнінің оқу бағдарламасына зерттеу жүргізілу барысында экологиялық білімнің мынадай элементтерін оқушылар химия курсында игеруге тиіс.

         Химия: ортаның химиялық өлшемдерінің нормасы. Олардың адамның химиялық іс-әрекетінің нәтижесін өзгеруінің шегі мен бағасы. Химия өндірістерін экологияландыру: қалдықтарды тазалау және залалсыздандыру, металдарды тотығудан сақтау. Қоршаған ортадағы химиялық заттарды нормаға келтіру. Қоршаған ортаның химиялық жағдайын бақылау.

         Физика пәнінің оқу бағдарламасына зерттеу жүргізілу барысында экологиялық білімнің мынадай элементтерін оқушылар физика курсында игеруге тиіс.

         Физика: адамды қоршаған ортаның физикалық параметрлері, олардың физикалық антропогенді әсерлердің нәтижесінде өзгеруін бағалау: шудың деңгейінің жоғарылылығы, радиация, электромагниттік сәулелену, шаңмен ластану және т.б. Қоршаған ортаға тасталынған физикалық қалдықтар нормасы.

         Физика, биология, химия, география пәндерінің оқу бағдарламаларының барлық мүмкіндіктерін оқып, зерттеу оқушылардың пәнаралық байланысты экологиялық білім мен тәрбие берудің зерттеуші моделінде комплексті түрде жүзеге асырудың кестесін жасауға мүмкіндік берді.

         Оқушылардың экологиялық тәрбие беруде мектепте оқытылатын әр пәннің өзіндік ерекшелігі болатындығы сияқты, пәнаралық байланыс арқылы биология, химия, география, физика т.б. сабақтарында өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру ісін мектеп тәжірибесінде жаратылыстану ғылымдары арқылы іске асыру қазіргі уақытта дәстүрге айналуды. Биология, география, химия, физика т.б. пәндерде оқушы бойына табиғатты қорғауға баулитын сан түрлі тсезімдері оятудан гөрі табиғат туралы білім фактілерін жинақтап беру басым.

         Мәселен, пәнаралық байланыс арқылы экологиялық тәрбие беру мақсатында жүргізіліп жүрген физика сабақтарына тоқталайық. 8-шы сынып оқушыларына физика курсының «Газдардағы, сұйықтардағы, қатты денелердегі диффузия» тақырыбына өткізілетін сабақты қарастыруға болады. Бұл сабақта физикасына көп көңіл бөлінбей диффузия құбылысы арқылы экологиялық тәрбие беру мақсатында, оның экологиялық мазмұнына басқа пәндермен, табиғатпен байланысына, оны қорғауға баса көңіл бөлінеді. Бұл сабақта өсімдіктерге, жануарларға және топырақ қалай ластанатынын көрсету керек. Мысалы, географиядан «Атмосфералық таза ауаны сақтау тәсілі», «Биосфераға адамның ықпалы», биологиядан «Клеткаға заттардың түсуі», «Өсімдіктердің өмір сүру жағдайы».

         Осы тақырыптарға байланысты оқушыларға көрнекілік жасап, соны жетік түсіндіру керек.

         Соңғы кезде көп пайдаланып жүрген дәстүрлі емес сабақ түрлері (лекция, конференция, пікірталас, семинар, т.б.) мұғалімдерге шығармашылықпен жұмыс істеудің көптеген мүмкіндіктерін ашып берді.

         Семинар сабақта оқушылар алған білімінің тиянақты екенін көрсетіп, берілген сұрақтарды шешуге белсене қатысады.

         Экологиялық тәрбие беру практикасында ойын әдістері көп қолданылуда

         Экологиялық ойын – экологиялық білім берудің бір формасы. Ұстаздық тәжірибеде және түрлі жарияланымдарда ойынға қатысты көптеген термин түсініктер бар: (ұйымдық, іс-қимылдық, ойын, оқыту ойыны, педагогтық ойын, еліктеу ойыны, іскерлік ойын, рөлдік ойын, т.с.с.).

         Экологиялық рөлдік ойын – экологиялық іс-әрекеттердің әлеуметтік мазмұнын, моделдеуге негізделген экологиялық ойын түрі. Ойынға қатысушылар белгілі бір рөлдерде ойнайды. Бұл ойынға қатысушыларды шын өмір жағдайына жақындата түседі. Рөлдік ойынды өткізу арнайы дайындықты талап етеді. Өйткені, болашақ мамандар өздерінің мамандықтары төңірегінде білімдерін жетілдіруі тиіс. «Космостық экспедиция» ойынын жүргізуге болады. Яғни, белгісіз ғаламшардан келген ғылыми топ біздің планетамыз туралы есеп беруге тиісті. Оған қоса экспедиция мүшелерін жердегі адамдармен қандай да бір байланыс жасауға тыйм салады. Экспедиция құрамына зоолог, ботаник, геолог, физик, химик, океанолог, палентолог кіреді.

  1. «Сот процесі» ойыны экологиялық құқықтану білімін игеруге бағытталған ойын түрі. Бұл ойын экологиялық апатқа жол бергенге завод әкімшіліктердегі сот процесін көрсетіп, ойналады. Қатысатындар: прокурор, қорғаушы, кінә тағушы, куәгерлер, эксперт. Көрсетілген ойын сөзсіз жоғары сынып оқушыларын оқытуда қолдануға болады.
  2. «Табиғат қаласы» ойынына жоғарғы және орта сынып оқушылары, сондай-ақ мұғалімдер қатыса алады. Қалада төмендегідей мекемелер құрылады:
  3. Ботаникалық бақ. Өсімдіктер туралы викториналар.

 2.Зоопарк. Жануарлар туралы викториналар, суреттер галереясы.

  1. Табиғат тақырыптарына арналған карталармен танысу.
  2. Ертегілер әлемі. Табиғат туралы жұмбақтар шешіледі.
  3. Концерт залы. Табиғат тақырыбына арналған шумақтар.
  4. Көркемдік салоны. Сурет көрмесі.
  5. Кітапхана. Табиғат туралы кітаптар көрмесі.

 8.Табиғат үсті. Плакат, фотографиялармен иллюстрацияланған табиғат тақырыбындағы баяндамалар. Ойын соңында қорытындысы айтылып, мерекемен аяқталады.   

 

2.2. Сыныптан тыс жұмыста оқушыларға экологиялық

білім және тәрбие беру

 

         Қазіргі таңда экологиялық проблемалардың зардаптық көлемі ұлғаюына байланысты жас ұрпақтың экологиялық көзқарасын қалыптастыру деп отырмын. Ол үшін оқушылардың экологиялық білімді игеруі мектептегі оқу-тәрбие жұмысында екі түрлі бағытта жүргізілетіні анықталып отыр.

         Біріншіден сабақ оқытудың барысында экологиялық мәселелердің бір-бірімен байланыстырылған ғылыми негізінде қабылдаса, екіншіден сыныптан тыс уақытта жүргізілетін тәрбие жұмыстары нәтижесінде, олар табиғат пен қайта түлеген ортаға тиімді ету жөніндегі нақты білім мен практикалық тәжірибені, іскерлік пен дағдыны меңгереді.

         Сондықтан экологиялық білім беруге әр түрлі әдістерді пайдаланамыз: олар табиғатқа экскурсия, экологиялық үйірме, факультативтік сабақтар және сыныптан тыс тәрбие жұмыстары: экологиялық білім беру және тәрбиелеудің мақсаты мектеп оқушыларының қоршаған ортаның жай күйі үшін азаматтық борышын қалыптастыруды қамтамасыз ететін ғылыми білім, шеберлік, көзқарас пен сенім жүйесін орнықтыру болып табылады.

         Сыныптан тыс жұмыстарда оқушылардың экологиялық білімдері мен біліктерін қалыптастыру мұғалімнің шеберлігіне, оның жалпы кәсіби білімі мен сабақтан тыс жұмыстарды ұйымдастыру қабілетіне байланысты. Осының бәрі бір-бірімен үйлесімді жүруі оқушылардың экологиялық білімдерінің дамуына жол ашады.

         Біздің зерттеуіміз көрсеткендей, сыныптан тыс жүргізілетін экологиялық жұмыстардың басты міндеттері:

  1. Оқушылардың экологиялық білімдерін дамытып, оқу іс-әрекетінде белсенділіктерін арттыру, яғни, бағдарлама бойынша берілген экологиялық материалдарды тең меңгеруіне көмектеседі.
  2. Сыныптан тыс экологиялық жұмыстар өткізу және оған дайындық барысында оқушылардың бақылау жүргізуіне, қарапайым тәжірибелер қоя білуіне, белгіленген әдебиеттерді оқуына мүмкіндік берді.
  3. Сыныптан тыс жұмыстар практикалық процесте оқушылардың іскерлігін арттыру бағытында жүргізілетіндіктен экологиялық білім мен тәрбие беруде олардың табиғатты аялауға, қорғауға, имандылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу.

         Сыныптан тыс экологиялық жұмыстардың алуан түрлері бар, бірақ олардың әрқайсысының өзінің ерекшеліктері бола тұрса да, бір мақсаттылыққа жұптасып ортақ талаптарды іске асырады.

 1.Сыныптан тыс жұмыстардың түрлеріне қарай оқушыларды қалыптастыру тек қана ерікті болуы тиіс.

 2.Қандай да жұмыстың түрі болса да, оның қоғамдық және қолданбалы бағыты болуы керек.

 3.Сыныптан тыс және мектептен тыс жүргізілетін экологиялық жұмыс түрлерін анықтағанда оқушылардың ынта-ықыласына, талабына, бейім-қабілеттеріне мен құштарлығына сүйенген жөн.

 4.Ұйымдастырылған қандай да бір экологиялық жұмыс түрі болмасын оқушылардың белсене қатысуына, ізденушілікке бағыттайтындай болу керек.

 5.Балалармен жүргізілетін жұмыстардың әр түрінде жүргізілетін жұмыстардың әр түрінде экологиялық бағыт-бағдар басым болғандығы дұрыс.

  1. Бұл жұмыстар нәтижелі болу үшін нақты белгіленген күні, мерзімі және айқын белгіленген кестесі болуы қажет.
  2. Сыныптан тыс және мектептен тыс экологиялық жұмыстарға оқушыларды түгел қатыстыру жағын ойластыру қажет.
  3. Экологиялық жұмыс жүргізгенде оқушылардың жас ерекшеліктерін, өмір тәжірибелерін, бейім-икемділіктерін ескеру қажет.

         Менің ойымызша экология курсының жүргізілетін экологиялық мазмұндағы сыныптан тыс жұмыстардың рөлін арттыруына мынадай жағдайлар әсер етеді:

  1. Сыныптан тыс жұмыстардың жан-жақты болуы, білім және тәрбие беру әдістемесінің сапасын көтеруге әсерін тигізді.
  2. Мектеп бағдарламасында оқу материалын экологиялық жұмыстармен байланыстыру барысында, оқушылардың білімін жан-жақты жетілдіруге мүмкіндік береді.

         Сабақ мазмұндары мектеп бағдарламасында шектеулі болуына байланысты күнделікті өмірде болып жатқан ғалми техникалық, экологиялық өзгерістерді кеңінен қамти алмайды. Сондықтан тек қана іскерлікпен ұйымдастырылған сыныптан тыс жұмыстарды жаңа материалдардағы өзгерістерді кең түрде қолдануға болады.

         Осыған байланысты сыныптан тыс оқушыларға экологиялық білім беру факультатив сабақтар мен табиғи ортадағы жұмыстар жүргізілуі керек.

         Қазақ халқында табиғат пен адам арасындағы байланыс өте ертеректен келе жатқаны бәрімізге мәлім. Табиғаттың сансыз сыры мен құбылыстарын түсіндіруге ұмтылу, халықтың бойында ақыл санасында табиғат жайындағы танымды табиғатты аялаудың қажеттілігі жайында ұғымдарды белгілі жүйемен жинақтауға талпынған. Халқымызда «табиғатым-тағдырым» деген нақыл сөз бар. Ежелгі дүниеде халқымыз табиғатқа, туған жерге, суға, өзі өмір сүріп отырған ортасына көп көңіл бөле білген.

         Табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдік бұзылмаған, халқымыздың ауыз әдебиетінде де осы табиғат, жер, су, өсімдік, жануарлары бар дүниесіне де өте мән берілген. Ата-бабамыздың  өмірлік тәжірибесінен жинақталған, аңыз, әңгіме, нақыл сөз, мақал-мәтелдернен халық даналығын танып білуімізге болады. Мысалы:

         Жаздың бір күні

         Қыстың мың күніне татыр –

деп жаздың жайма шуақ, елге сондай жайлы екендігін тілге тілек етсе, ал мына бір мақалында:

         Тау мен тасты су бұзар,

         Адамзатты сөз бұзар

дейді, яғни адам мен табиғатта болатын өзгерістермен байланыстыра отырып атады. Жер қадірін жете түсінген, жаз – жайлауда, қыс – қыстауда жүргенде, жайлық жерін тоздырып алмауды ойлаған.

         Тау кезеңсіз болмайды,

         Өлке өзенсіз болмайды –

деп өмірі көшіп-қонудан басталған халқымыздың даналығының бастауы болған табиғат сырын игеріп, оның сан-алуан құбылыстарын түсінуге ұмтылды, табиғатпен тіл табысу, оның әр бөлшегін мал жанындай сақталуы өмір заңына айналдырылған. Асыл қасиетті мұраларын кейнгі ұрпаққа мирас етіп қалдырған. Ал біздің халқымыздың дәстүрді іске асыру, оны жалғастыру ата-бабамыздың асыл мақсаттарының орындалғаны, осы тұста негізгі тәрбие беру орталығы әрбір отбасы, бала-бақша, негізгі тәрбиенің жалғастырушы мен жандандырушы арнаулы орта мектептегі тәрбие мен білім беру сапасы екендігі белгілі.

         Сондықтан да, мектепте экологиялық мәселелер бойынша оқу-тәрбие процесін белгілі бір жүйеге келтіріп, этноэкологиялық бағытта дұрыс жолға қойып, салт-дәстүрге жетелейтін бағытта бағдарламалар құру қажет.

         Сондықтан сыныптан тыс өткізілетін жұмыстарға жете мән беріп, әртүрлі бағдарламалар шығарып, жаңа арна тәсілдер іздестіру қажет, өйткені, сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстар жас жеткіншектерге оның ықпал әсері ерекше болмақ(№1-кесте).

Биология сабағында оқушылардың білімі мен икемділігіне қоятын талаптар.

№1-кесте

Білімі

 

Кіріспе

икемділігіне

Табиғатты қорғаудағы халық дәстүрі

Табиғаттың сансыз, сыры мен құбылыстарын түсінуге, табиғатты аялаудың қажеттілігі жөніндегі түсінушілік.

Қазақ халқының табиғатты қорғауға арналған дәстүрлері

Табиғатты қорғауға арналған дәстүрлерді игере білу.

Ауа-райының құбылыстарын бақылауға байланысты халық дәстүрлері

Ауа-райының құбылыстарын бақылауға арналған іс-шараларды білу.

Су қорғауға байланысты халық дәстүрлері

Өзен-көл суларына тиімді пайдалану, ластанудан сақтау

Өзен суларының ластану себебін анықтау, су қорын тиімді пайдалануды білу. Өзен туралы мақалдарды есте сақтап, әртүрлі іс-шараларға қатысу, табиғатты қорғау.

Пайдалы қазбаларды қорғауға арналған халық дәстүрлері

Адамдардың жер қойнауындағы пайдалы қазбаларды игеруде және шаруашылық қызметінің әсерінен өзгеріске ұшырауы. Жер қойнауын пайдаланып, оны қорғаудағы халық дәстүрі

Жер қойнауының адам баласы үшін ашылмаған сырларының көптігін білу. Жергілікті жердегі негізгі тау жыныстары мен минералды заттарды ажырата білу.

Топырақты қорғауға байланысты халық дәстүрлері

Топырақ эрозиясы, оны бақылауға арналған іс-шаралар, қазақ халқының топырағын аялап қорғау дәстүрлері

Қазақ халқының арасында эрозияға ұшыраған топырағын қорғаудың, қалпына келтірудің, құнарлығын арттырудың біреше тәсілдерін ажырата білу.

Табиғат аясына экскурсия

Туған өлке табиғатын тиімді пайдалануға және қорғауға арналған іс-шараны ажырату

Табиғаттың ережелерін сақтау, табиғат қорғауға арналған жұмыстарға қатысу.

 

         Мектеп өміріне кеңінен орын-тепкен сыныптан тыс көп жұмыстың біден-бір түрі  үйірме. Үйірменің түрлері көп.

  1. Пән үйірмесі — әдебиет, тіл, тарих, физика, математика, химия, биология т.б.
  2. Драмалық үйірме: көркем саз, би, фотосурет, радио үйірмесі.

         Оқушыларға экологиялық білім беруге бағытталған сыныптан тыс жұмыстардың үйірме жұмысының алар орны өзгеше. Себебі, экологиялық білім беру жүйесінде үйірме жұмыстары ерекше міндеттер атқарады. Ол мынадай міндеттер:

  • сабақпен салыстырғанда сыныптан тыс уақытта экологиялық теория мен практика мәселелерін оқып, үйренуге мүмкіндік туғызады;
  • оқушылардың теориялық материалдарды меңгеруге экологиялық және табиғи қорғау мәселелерін дұрыс бағалай алатын практикалық дағдыларын дамытуды ұйымдастыру;
  • оқушылардың экологиялық қабілетін жетілдіре түсу үшін олардың әрқайсысының жеке мүдделеріне сәйкес көзқарастарын іс-әрекеттерін іске асыруға мүмкіндік жасау.

         Сонымен қатар экологиялық үйірме арқылы оқушылардың экологиялық жұмыстарға белсенділігін өз бетімен сапалы ұғынуға, табиғи орта дүниетанымын қалыптастыратын экология курсына деген құштарлығын айтуға болады.

         Мектепте өткізілетін үйірме жұмыстарының барысында «табиғатты аялаушылар» жұмыстарының негізгі мақсаты оқушыларға экологиялық білім беру, оны тереңдету, күнделікті өмірмен табиғи ортаны тікелей байланыста жүзеге асыруда біршама жұмыстар іске асырылады.

  1. Үйірме отырыстарында күнделікті өмірмен, табиғи ортамен тікелей байланыста жүзеге асыру.
  2. Жерді тиімді пайдаланумен, оның сапасын сақтауға көңіл бөлу.
  3. Ауаның тазалығын сақтауын дағдыландыру.
  4. Жаңадан отырызылған балауса шыбықтарды қорғауға үйрету.

         Оқушыларға табиғат қорғауға баулу жұмыстары ішінде экологиялық мүмкіндіктерінің өзіндік орны бар, оқушылардың экологиялық қорғау әдет дағдылары табиғи ортада іске асырылмақ.

         Экологиялық мүмкіндік оқушыларға не бермек?

  • жаратылыстану ғылымдарынан алған білімдерін тиянақтауға;
  • табиғатқа деген сезім құштарлығын арттыруға;
  • табиғатпен тікелей байланыста болу нәтижесінде дұрыс мінез-құлықтың, сапалы қарым-қатынастың қалыптасуына;
  • табиғат байлығын күтіп, баптауға, бақылаулар жүргізуге, ұқыпты қарауға баулиды.

         Қазіргі уақытта біздің елімізде үйірмелер аз емес. Осы үйірмелер оқушыларды табиғат қорғауға тәрбиелеуде айтарлықтай нәтижелер беріп отыр[29,30].

         Ал, биология пәні бойынша пәндік апталықтар өткізуге болады. Біз «Табиғатым – тағдырым» атты апталық өткізуге тырыстық.

 

 

 

 

 

 

 

 

Бағдарламасы

         «Табиғат – тағдырым» атты экологиялық апталықтың жоспары

№2-кесте

Күні, уақыты

Экологиялық апталық бағдарламасында жүргізілетін, іс-шаралар, жұмыс түрлері

1.

6.02.06

сағ. 14:00

Апталық ашылу салтанаты, оның бағдарламасымен таныстыру, апталыққа қатысушы қонақтардың тілегі мен пікірлері

2.

7.02.06

сағ. 14:00

«Халық жүрегінде–табиғат тағдыры» халқымыздың ақын-жазушыларының әңгімелерін, өсиет сөздерін сахнада көрініс түрінде бейнелеп, мағынасын түсіндіре отырып, өнеге алу бағытында өткізу

3.

8.02.06

сағ. 14:00

«Ата-бабам айтқан сөз» халықтың мақал-мәтелдерін, қасиетті сөздер, көркем сөздері

4.

9.02.06

сағ. 14:00

«Табиғат адамның алтын бесігі» табиғат пен адамның біртұтастығын айту

5.

10.02.06

сағ. 14:00

«Табиғатты қорғау» КВН етіп өткізуге болады

6.

11.02.06

сағ. 14:00

«Табиғатым – тағдырым» қорытынды кеш:

1. Кеш қонақтарының пікірі

2. Озық нөмірлер жеңімпаздары

3. Викториналық сұрақтар «Алтын сандық» ойыны

4. Музыкалық сәлемдемелер /2-4 нөмір/

 

         1.1. Сахналық көрініс: «Жер-Ананың күңіренуі» сахнада жердің құрғап, тілім-тілімі шыққан көрінісі. Аударылған қайық, өлген балықтар. Қара жамылған жер ана қайғылы күйде отыр. «Қорқыттың күйі» бүкіл залда мұңды зарымен күңіреніп тұр. Еңкейген кәрі шал-жолаушы таяққа сүйеніп келе жатыр, елдің барлығы туған жерін, үйін тастап кеткен, жолуашы жер анаға кездесуге келе жатыр.

         Бастаушының сөзі: Жер бетінде алашұбар дақтар көп. Соның бәрі де адам қолымен салынған таңбалар. Сулы-нулы көкорай жер шарын талай ғасыр мекен етіп келген адамдар, өзен-көлді суалтып, қу-тақырға, жасыл шалғынды орман-тоғайды күйдіріп, өртеуге, тау мен даланы тескілеп шаңын аспанға шығарып,тірі организмдердің барлығын улап, оның тіршілігін жер бетінен жойып жіберуге әзір тұр. Соның ең қатерлісі ядролық соғыс пен ядролық қаруды сынау болып отыр.

         Жолаушы күңіреніп отырған жер анаға кездесті.

         Жолаушы: О, жер ана неге мұнша күңіренесің, неге мұнша зарлайсың? Саған не болған, сенімен бірге бүкіл ғалам түнеріп тұр.

         Жер ана: Мен неге күңіренбеймін, неге мен зарланбаймын? Қарашы мына байтақ даланы не болып жатыр, нені көрмеді, жерімде, елімде жазды. Қарашы мына Аралыма, толқынды теңізім қайда, толқынды қуалай шалқақтаған шағаларым қайда, теңізді қақ жарып, өтіп жатқан кемелерім қайда? Теңіздің суы тартылып, жердің соры шығып, тілім-тілім болып жатыр.

         Адамдардың көпшілігі ауруға шалықты. О, Адамзат не ойың бар?

         Жер ана: Иіліп, отырып, қалды.

         Жолуашы: Көкжиекке қарап, ойланып қалды. Залда мұңлы күй жайлап өрби отыра қатыңқы ойнап тұрады.

         Көрініс: «Теңіз неге ашулы?»

         Автор –  Қожатаева Зарина

         Дауыл – Жамалбеков Нұрдос

         Арал –   Момбаева Мөлдір

         Күн –     Нұрлыбекова Ақерке

         Бұлт –    Жүсіпов Бақыт

         Автор: Кешегі бар байлықтың мекені аталған қайран Арал.

         Міне, қазір шаршаған, қамыққан күйде сырын шашып сырласатын, мұңын шағып, мұзданатын ешкім жоқ. Жан-жағына елеңдей қарайды. Осы уақытта уілдеген дауыс естіледі. Бұл ескі дауыл екен.

         Дауыл: Ау, Арал! Қалың қалай? Неге мұңайып отырсың?

         Арал: Дауыл достым-ау! Мұңаймай қайтейін, маған ешкім соқпайтын болды, бұрын сен де жиі келуші едің, толқындарымды тасытып, көңілімді көтеруші ең. Сенде соқпайтын болдың.

         Дауыл: мұңайма достым. Бізге де күн туар, толқының қайта тұрар, байлығың қайта толар.

         Арал: Әй, қайдам! Ондай күн көзімнен бұл-бұл ұшты ғой.

         Дауыл: Сені осындай күйге түсірген адамдар ғой, сен олардан кек алуың керек. Сені олар аямады, сен де оларды аяма.

         Арал: Сонда сен маған не дейсің? Адамдарға қатігездік жаса дейсің ба?

         Дауыл: Иә, достым. Олар сені аямады, сен де оларды аяма!

         Арал: сонда не істе дейсің?

         Дауыл: «Маған ерік бер. Мен жағалауыңдағы тұз бен сорды оларға шашамын. Көрсін қандай екенімізді!

         Арал: Ендеше бердім рұқсатымды. Өзің біл не істесең де!

         Автор: бұлардың сөзін тыңдап тұрған күн-ана мен бұлт-апа сөзге араласты.

         Күн: Әй, Арал, алдандың ба? Ана құтырған дауылға неге еркіндік бердің? Әй, бұлт бердеңе десейші, Дауылға!

         Бұлт: Ол дауыл мені тыңдамайды ғой.

         Арал: Мен бе алжыған. Алжыған, адасқан адамдар. Бізді олар аямады, бізде аямаймыз оларды.

         Автор: Міне, кешегі ару Арал тағдыры мынандай.

         Сондықтан табиғатты қорғау бәрімізге ортақ іс. Табиғат туған үйіміз. Оны қорғау біздің бәріміздің абыройлы борышымыз, парасатты парызымыз!

         Ән: «Аралдан ұшқан аққулар»

         Сөзі: Ш. Сариевтікі     

         Апталықтың 3 күні:

         «Ата-бабам айтқан сөзі

         Бізге келіп жеткен сөзі» атты тақырыпта өтті. Онда 8 –шы сыныптан бір-бір бала шығып, табиғат, туған жер туралы мақал-мәтелдер, қасиетті үлгі боларлық дүниелер сөзін келтіріп, ақын-жазушылар шығармаларынан көрген сөздер оқыды.

         Мысалы,

         «Жер тоймай, ел тоймайды»

         «Жер – ана, ел – бала» деп айтып шықты.

         Апталықтың соңғы күні:

  1. апталықты қорытындылау:

         Мектептің 8-шы сынып оқушыларымен өткізілген «Табиғатым–тағдырым» деп аталатын экологиялық апталықтың оқушыларға берері мол болды.

         Біріншіден, қазақ халқының бар өмірі, тіршілігі табиғатпен етене байланысты екендігіне көздері жетті.

         Екіншіден, көптеген мақал-мәтелдер, аңыз әңгімелер, тақпақтар жаттап, жан-жақты білімдерін арттырды.

         Үшіншіден, түрлі көріністер арқылы олардың табиғат алдында деген қамқорлық пейілі мен сүйіспеншілік сенімдері қалыптасты.

         Сондықтан жас өспірімдер арасында жүргізілетін халқымыздың болашақ ұрпақтарын жақсылыққа жетелеп, ел қамын ойлайтын жақсы азамат болып шығуына көмектеседі.

         ІІ. Табиғи ортадағы жұмыстар (Танымжорық)

         Табиғатқа танымжорық жүргізбей экологиялық білім беру мүмкін емес. Экологиялық танымжорық (лат. еxeurcio – жол түрі мағынасын білдіреді) табиғатқа және мәдени орындарға білім алу мақсатында топталып қатысатын экологиялық білім формасы.

         Белгілі педагог, әдіскер К.Т. Ягодовский ХХ ғасырдың басында-ақ танымжорық жүргізудің негізгі ұстанымдарын ұсынды, ол «танымжорықтың негізгі мақсаты – тірі заттардың аттарын жаттау емес, табиғатты бақылауға үйрету».

         Танымжорықтың негізгі объектісі – табиғат құрам бөліктері. Танымжорық өлкетану негізінде экологиялық проблемаларды оқып үйренуге, айналадағы ортаны қорғауға, зерттеп білуге, дүниетанымды қалыптастырудағы мүмкіндіктер береді.

         Педагог-әдіскер мұғалімдер үшін төмендегідей бірнеше бағыт-бағдар ұсынылады:

  1. Табиғатқа танымжорық жасау серуендеу емес, экологиялық білім берудің тиімді түрі екенін есте ұстау.
  2. Танымжорық мәселелерін ертерек анықтау, алдын-ала жергілікті жермен танысып, маршрутын құру.
  3. Танымжорық кезінде көзге көрінетін құбылыстар мен көріністер жөнінде әңгімелесу.
  4. Оқушыларды шамадан тыс жаңа атаулармен таныстырудың қажеті жоқ, олар көпшілік жағдайда ұмытып қалады.
  5. Табиғатта білімгерлердің зейінін табиғи объектілерге аудара білу.

 6.Оқушылардың шаршағанын уақытында байқап, танымжорықты дер кезінде аяқтай білген жөн.

         Танымжорыққа шығар алдында оқушыларға не көретін және қалай бақылау керек екені түсіндірілді. Оларға жергілікті жерді бағдарлау үшін маршрут жобасын көрсетіп, табиғатта өздерін ұстау, мінез-құлық ережелері жөнінде нұсқа беріледі.

         Мұғалім табиғат жөнінде ақын-жазушылардың, суретшілер мен сазгерлердің шығармаларымен жете танысып, оқушылардың ұғым, түсініктерін арттыратын ақпараттық материалын дайындауға тиіс.

         Мысалы, А. Құнанбаевтың «Көктем», «Жаз», «Күз», «Қыс» деген өлеңдерінде қазақ табиғаты толық және әсем суреттелген. Ұлы ақын әдеби тілмен табиғаттың өзгерісін, өсімдіктердің әсемдік және жануарлардың мінез-құлқын шебер суреттейді.

         Танымжорықта қазақ сазгерлерінің әндері мен шығармаларын кең пайдалануға болады. Әсем ән мен тәтті күй оқушының түсінігіне жақсы әсер етеді. Әсіресе, Құрманғазы Сағырбаевтың «Ақсақ киік», «Сарыарқа» күйлерінің мәні, мазмұны ерекше.

         Танымжорықтың барысы оқушылар Талас өзенінің жағасына барып, ондағы өсімдік, жануарлар дүниесімен танысты. Өзен суының лайлану себебіне мән берді. Танымжорық барысына экологиялық түсініктерге сипаттама берілді.

         Өзен жағасына бақылау жасау барысында оқушылар өзен экологиясымен танысты. Өзен жағасындағы адам әрекетінен болған өзгерістерді көріп, оның себептерін түсінді.

         Оқушылар өзен жағасын бақылап, көргендерін айтып, ой өрісінің дамуына мүмкіндік алды және табиғатты сүюге, оның әсемдігін түсінуге үйренді.

         Табиғатқа танымжорық – оқушыларға экологиялық білім берудің, тәрбие берудің бірден-бір табиғи жолы.

         Қорыта айтқанда өткізілетін апталықтар мен кештер табиғат байлығын тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау мәселелерін ашудың ыңғайлы тәсілі болып табылады. Олардың негізгі мақсаты – табиғатты қорғаудың басты нұсқасын насихаттау, бұл іске деген оқушылардың ынта-жігерін ояту, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау.

 

2.3. Тәжірибелік – эксперимент жұмысының нәтижелері

 

         Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің биология сабақтарындағы тәжірибелік жұмыс кезеңі бақылаудан өтті. Бұл арнайы жасалған тәжірибелік жұмыс 2005-2006 оқу жылдары аралығында өткізілді.

         Бұл дипломдық жұмыс болғандықтан осы тәжірибе жұмысына негізінен Тараз қаласының №30 қазақ орта мектепбінің 8-шы сынып оқушылары қатысты. Биология пән мұғалімі Жұмабекова Ұлтай Жұмабекқызы көмектесті.

         Бірінші кезеңде 8-шы сыныптарды биология сабақтары арқылы экологиялық білім беру деңгейі сарапталды. Бақылау жұмыстары мен тест алынды. Бұл әдістер арқылы оқушылардың күні бүгінге дейін экологиялық мәселелер бойынша практикалық қолданбалы дағдыға үйренбегендіктерін анықтадық.

         Зерттеу бойынша оқушылардың экологиялық білімдерін, дағдыларын үш деңгеймен анықтадық. 1.3.бөлімде қарастырылған. Жоғарғы деңгейі: экологиялық білімі берік, теория, сапалы, жүйелі түрде, «табиғат-қоғам» қалыптасу, даму диалектикасын талдай алады, табиғаттың экологиялық жағдайларының себеп-салдарын аша біледі. Табиғатты қорғауға арналған іс-шараға белсене араласып, ұйытқы болады.

         Орташа деңгей: табиғатқа қамқорлық керек екенін түсінеді, бірақ оны қорғауда барлық уақытта белсенділік көрсетпейді.

         Төменгі деңгей: экология білімін нашар меңгерген. Табиғатты қорғау керектігін түсінеді, бірақ оны іске асырмайды.

         Алған білімдер көмегін тексеріп, қорытындысын таңдаған уақытында тәжірибелік жұмысының бас кезінде 8-шы сыныптарындағы оқушылардың 20,7%-тен аспады, яғни олардың білімі тек түсініктер деңгейінде ғана болды. Оларды табиғаттағы экологиялық апаттардың себептерін, заңдылықтарын түсіндіруде табиғаттанудан, биологиядан, географиядан алған білімдерін қолдана алмады. Бұның себебі бұл пәндердің мазмұнына экологиялық мәселелерді шешуге толық бағытталмаған еді.

         Тәжірибелік жұмыстарды өткізу барысында 8-шы сыныптардағы оқушыларға экологиялық білім берудің әдістемесі, жүйесі тексерілді. Сабақты жүргізу арқылы экологиялық білім беру ісін сыныптан тыс жүргізген жұмыстармен тығыз байланыстырдық, оқушылардың табиғатқа жауапкершілік қатынасын жүйелі түрде қалыптастыра отырып оқытудың нәтижесінде білімдік, тәрбиелік мәселелерін шешіп соның негізінде экологиялық білім берудің деңгейі жоғарлағандығын байқадық.

         Тәжірибелік – эксперименттік жұмыста оқушыларға анкета таратып, «Бізді қоршаған орта мен адамдардың денсаулығы арасында қандай өзара байланыс бар деп ойлайсың?»- деген сұраққа бірнеше дәл жауаптар алдық, яғни, оқушылардың 58,4%.

         Арал, Балқаш, Семей апатымен адамдардың денсаулығы 37,8% зиянды химиялық заттардың адам ағзасына әсері жөнінде дұрыс түсініктерін білдірді. Бізде талдау жасауға алынған жауаптарды іріктеуге әрбір тақырыптардан соң жалпы экология бойынша оқушылардың білімдерін талдау үшін тест сұрақтарын пайдаландық.

 

 

 

Тест мынадай сұрақтардан тұрады:

  1. Экология деген терминді алғаш рет ғылымға енгізген қай ғалым?

А. Геккель

В. Рулье

С. Гумбольдт

Д. Трамбле

 

  1. Экологияны зерттеу әдістері неше топқа бөлінеді?

А. 3

В. 4

С. 2

Д. 5

  1. Ірі географиялық аймақтарды қоршаған ортамен байланыстыра отырып зерттейтін қандай ғылым?

А. Ландшафтық экология

В. Аутэкология

    С. Синэкология

    Д. популяциялық экология

 

  1. 500-ден астам жануарлардың түрін айқындап,қоршаған ортамен байланыстыра зерттеген қай ғалым?

А. Павлас

В. Дарвин

С. Аристотель

Д. Гумбольдт

 

  1. «Зоология философиясы» деген еңбекті кім жазған?

А. Линней

В. Рулье

С. Дарвин

Д. Ламарк

 

  1. Неше экологиялық факторлар бар?

А. 3

В. 2

С. 1

Д. 5

  1. Абиотикалық факторлар неше топқа жіктеледі?

А. 2

В. 1

С. 3

Д. 5

  1. Эдовикалық факторларға не жатады?

А. Жер қыртысы және рельеф

В. Тау жыныстары, рельеф

С. Жер бедері мен топырақ

Д. Су ағыстары, ылғалдық

 

  1. Антропогендік факторлар дегеніміз не?

А. Адамның іс-әрекетінен болатын өзгерістер

В. Табиғаттың әсерінен болатын өзгерістер

С. Табиғат пен қоғам арасындағы өзгерістер

Д. Табиғат ресурстарын пайдалану кезіндегі болатын өзгерістер

 

  1. Оптимальды жағдайлар не деп аталады?

А. Организмдердің тіршілік етуі үшін қолайлы жағдайдың тууы

В. Организмдердің бір ортадан екінші ортаға көшуі

С. Организмдердің тіршілік етуі үшін қолайсыз жағдайдың тууы

Д. Организмдер климаттық әсерінен өзгерістерге ұшырауын айтамыз.

 

  1. Смогтық негізгі қосылыстары не?

А. Хлорфторкөміртектер

В. Көміртектер

С. Фторкөміртектер

Д. Хлор тотығы

  1. Экология қандай ғылымның саласы болып табылады?

А. Биология

В. Зоология

С. География

Д. Геоэкология

 

  1. Биосферадағы ластану процесін неше топқа бөлеміз?

А. 3

В. 2

С. 4

Д. 1

 

14.Смогтың неше түрі бар?

А. 2

В. 1

С. 3

Д. 4

 

  1. Фотохимиялық смог алғаш рет қай жылы байқалады?

А. 1945

В. 1930

С. 1950

Д. 1940

 

  1. Табиғи ластану не жатады?

А. Вулкан

В. Өндірістен шығатын газ

С. Транспорттан шығатын түтіндер

 

 

  1. Озонның жұқырауы қай ғасырда байқалады?

А. 19-ғ

В. 16-ғ

С. 18-ғ

Д. 17-ғ

 

  1. Фотохимиялық қай қалаларда байқалады?

А. Токио,Сеул, Лос-Анжелес

В. Улан-Батор, Пекин, Нью-Йорк

С. Токио, Пекин, Ұлыбритания

Д. Египет, Нью-Йорк, Сеул

 

  1. «Ойкос» қандай мағынаны білдіреді?

А. Үй

В. Табиғат

С. Орта

Д. Ғылым

 

  1. Ауаның ластануы неше топқа бөлінеді?

А. 2

В. 4

С. 5

Д. 3  

8-шы сынып оқушылардың жалпы саны 23. Тест сұрақтары бойынша 23 оқушы жауап беріп, соның ішінде, 5оқушы- «5», 10оқушы- «4», 8оқушы- «3» бағаланды. Ал (толық) процентпен шаққанда тестке толық жауап берген 55%, дұрыс толық жауап берген 35%, дұрыс емес жауап берген 15%. Оқушылардың білім деңгейлері №2- суретте көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мақсатында жүргізілген жұмыстың нәтижесі мынадай қорытында жасауға мүмкіндік береді.

         Жоғарыда аталып көрсетілгендей еліміздегі экологиялық жағдайлар кейбір жерлеріміздің экологиялық апат аймағына айналуы, экологиялық тәрбиеге байланысты, философиялық, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге, әр түрлі табиғат қорғау туралы заңдарға талдау жасау, бұл мәселенің бірден пайда болмағанын, оның қоғам дамуы барысында адам мен табиғаттың қатынасы негізінде пайда болып, қазіргі кезеңде аса маңызды, дүние жүзіндегі мәселеге айналып отыр.

         Экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесі мүмкіндіктерін шешуде жалпы орта білім беретін пәндердің алатын орны ерекше. Барлық пәндерді экологиямен байланыстырып, пәнаралық байланыста жүргізілуі керек. Солардың ішіндегі экологиялық білім мен тәрбие беруде биология пәнінің орны ерекше.

         Тақырып бойынша жүргізілген тәжірибелік зерттеу жұмысымызда жалпы орта білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие берудің жәй күйі зертттеліп мына міндеттерді шешуге бағытталды:

  • жоғары сыныптың бағдарламалары, оқулықтары, әдістемелік құралдардың оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудегі қазіргі жағдайын қарастыру;
  • мұғалімдермен экологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізу;
  • экологиялық білім мен тәрбие үлгерімінің көрсеткіштерінің бастапқы және соңғы деңгейін анықтау.

Жоғары аталған міндеттерді шешу үшін биология пәнінен өткізілген сабақтардың, сыныптан тыс өткізілген жұмыстар негізінде, оқушыларға және мұғалімдерге сауалнама, КВН, оқушылардың шығармалары арқылы жүзеге асты.

Сыныптан тыс жұмыстар арқылы экологиялық білім мен тәрбие беру жұмысы мына бағыттарда жүргізілді:

  1. Экологиялық апталық, факультатив сабақтар, экологиялық тақырыптағы әңгімелер.
  2. Табиғи ортадағы жұмыстар: қоғамдық пайдалы еңбектер және «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру.

Осы бағытта жүргізілген жұмыстар оқушылардың табиғатқа жауапкершілік сезімдерін, экологиялық тәрбиелігін қалыптасытыруға мүмкіндік беретініне зерттеу жұмысымның барысында көз жеткіздім.

Оқушылардың экологиялық тәрбиелілігін қалыптастыруға бағытталған сыныптан тыс жұмыстардың ішінде экологиялық апталықтың орны ерекше, себебі экологиялық білім беру жүйесінде апталықтар ерекше міндеттерді атқарады да оқушылар ат салысып қатысады.

 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (баптары бойынша      

             түсіндірмелері) оны жүзеге асыру жөніндегі құжаттар. – Астана, 2000

  1. Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңы. //Егеменді Қазақстан, 1997.
  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995- А: Жеті Жарғы, 1998 6бап -8б
  3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан 2030». Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. А: Білім, 1997
  4. Ахметов З. Абайдың ақындық әлемі. А: Ана тілі, 1995.-6б.
  5. Ә.С.Бейсенова,Ж.Б. Шілдебаев, Г.З.Сауытбаев Экология Алматы «Ғылым» ғылыми баспа орталығы, 2001. -555б.
  6. Сарыбеков Н.С, Сарыбеков М.Н, Сарыбеков Д.Н. Қазақ халқының табиғат қорғау дәстүрлері.- Алматы, 1996.-45с.
  7. Руссо Ж.Ж. Педагогические сочинение т. 2-М.,1977.-465с.
  8. Белинский В.Г, Чернышевский А.И, Добролюбов Педогогические наследие. – М., 1954.-25с.

10.Герцен А.Н. Диалетизм в науке. Письмо об изучении природы (1842-1846) собр. Сочин в 30-томах.-М.,1954.-24с.

11.Писарев Д.И. Педагогика –М., 1977.-46с.

12.Қасабеков А., Алтаев Ж. Қазақ философиясының тарихына кіріспе. – А: Ер Дәулет, 1994.-84б. 

13.Люблинская А.А. Формирование нравственной позиции начинается в детстве. М: Начальная школа, 1982.-85с.

14.Мұқанов М. Ақыл-ой өрісі. –Алматы: Қазақстан, 1980.-72б.

15.Тихонова А.Е. Дидактические и методические основы экологического образования и воспитания школьников. Хабаровск, 1984.-81с.

16.Дарвин Ч. Происхождение видов.- М: Госсельгиз, 1952. -98с.

17.Геккель Э. Естественная история мировозрения Лейпциг: соб. 1908 1т.- 274 с

18.Ушинский К.Д. Собр. Соч. Том 10-М.-Л:1950.-87с.

19.Сухомлинский В.А. Балаға жүрек жылуы. А: Рауан, 1992.-82б.

20.Зверев И.Д. Экология в школьном обучении. М.: Изд-во Знание, 1982-82с.

21.Құрсабаев А.Р. Атамекен тәлім тәрбие бағдарламасы, А: Жалын, 1991.

22.Балтабаев М.Х. Кәусар бұлақ //Қазақстан мектебі, №4, 1999.

23.Балтабаев М, Ұзақбаева С, Қышқышбаев П, Быковский М, Әлмұхамбетов Б, Жолымбетов К, Елім-ай ән-күй пәнінің бағдарламасы. – А: Рауан,1991.-36б.

24.Бозжанова К.Б. Оқушылармен жүргізілетін кластан және мектептен тыс жұмыстар жүйесі. А., 1991.

25.БолдыревН.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы А: Мектеп, 1987.-32б.

26.Жалпы білім беретін мектепте табиғат қорғау жұмысын күшейту туралы (әдістемелік хат) мектептегі тәрбие жұмысы. – Алматы, 1978.-55б.

  1. Сәтімбекова Р. Табиғат қорғау. А: Рауан, 1992.-92б.
  2. Нұғыманов И, Орынбеков С. Экологиялық білім берудің

      педогогикалық негізі. //Қазақстан мектебі, 1996.-127б.

29.Жарықбаева Қ.Б. Психология А: Білім, 1993.-69б.

  1. Ильина А.Н. Педогогика А: Мектеп, 1977-175с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің үлгісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Табиғат – тағдырым» атты экологиялық апталықтың жоспары

 

Күні, уақыты

Экологиялық апталық бағдарламасында жүргізілетін, іс-шаралар, жұмыс түрлері

1.

6.02.06

сағ. 14:00

Апталық ашылу салтанаты, оның бағдарламасымен таныстыру, апталыққа қатысушы қонақтардың тілегі мен пікірлері

2.

7.02.06

сағ. 14:00

«Халық жүрегінде–табиғат тағдыры» халқымыздың ақын-жазушыларының әңгімелерін, өсиет сөздерін сахнада көрініс түрінде бейнелеп, мағынасын түсіндіре отырып, өнеге алу бағытында өткізу

3.

8.02.06

сағ. 14:00

«Ата-бабам айтқан сөз» халықтың мақал-мәтелдерін, қасиетті сөздер, көркем сөздері

4.

9.02.06

сағ. 14:00

«Табиғат адамның алтын бесігі» табиғат пен адамның біртұтастығын айту

5.

10.02.06

сағ. 14:00

«Табиғатты қорғау» КВН етіп өткізуге болады

6.

11.02.06

сағ. 14:00

«Табиғатым – тағдырым» қорытынды кеш:

1. Кеш қонақтарының пікірі

2. Озық нөмірлер жеңімпаздары

3. Викториналық сұрақтар «Алтын сандық» ойыны

4. Музыкалық сәлемдемелер /2-4 нөмір/