АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Оқушыларды салауатты өмір салтына халық педагогикасы арқылы қалыптастыру

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБИЛКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.А.ЯСАУИ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАЗАҚ-ТҮРІК УНИВЕРСИТЕТІ

 

ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

                                                              

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Оқушыларды салауатты өмір салтына халық педагогикасы арқылы қалыптастыру

 

ТҮРКІСТАН — 2009

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ……………………….…………………………………………………….

 

  1. САЛАУАТТЫЛЫҚ –ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

1.1.Педагогикалық салауаттанудың даму негіздері………………….………….

1.2.Салауаттану пәнін оқытудың ғылыми аспектілері………….………………..

 

  1. ОҚУШЫЛАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ………………………………………..……………………………

2.1.Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастыру………………………..

2.2.Салауатты өмір салтын қалыптастыру мүмкіндіктері ………………………

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………..

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ……….……………………………..

 

КІРІСПЕ

 

         Зерттеудің өзектілігі: Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясына орай Президентіміздің «Еліміздің болашақта гүлденуі бүгіннен басталады» атты жолдауындағы 4-ші бөлімі азаматтарымыздың салауатты өмір сүруіне арналғаны белгілі.

  Бұны Елбасы жолдауындағы «Салауатты өмір салтын ынталандыру әрқайсымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі мен алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т.с.с. бағытталған» деген жолдарынан байқауымызға болады.

  Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик н. М. Амосов айтқандай: Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды.  Профессор В. В. колбановтың айтуы бойынша салауаттану білімі денсаулық білім алу үшін, ал білім денсаулықты сақтау үшін сөзіне негізделу керек дейді. Одақтас елдердің ғалымдары Ж.Ж. Руссо, А. Н. Радишев Е.Е. Лунина, Э. И. Вайнер, н. Б. Закарович, Л. А. Каратаева, С.А. Корочкина, В.В.Кожанов, Н.Н. Волоков және тағы басқа да  көптеген ғалымдардың өз зерттеулеріне негіз болып және де диплом жұмысына басты бағыт бағдар болады. Салауаттану түрлі жас ерекшеліктері кезеңдерінде денсаулық пен салауатты өмір сүру деген орнықты өмірлік көзқарасы бар адамды тәрбиелеу мен оқыту мәселесін зерттейді. Адамдардың организміндегі физиологиялық өзгерістерді, олардың өзара әрекеттесуін, организмнің қоршаған орта әсеріне қайтаратын жауабына бейімделу реакцияларын қамтамасыз ететін морфологиялық және функционалдық тұрақтылығын зерттей оытрып нозологияға дейінгі күйді анықтау. Адамдардың денсаулық деңгейін жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметтік күйін сипаттайтын қарапайым физиологиялық көрсеткіштер арқылы бағаланды. Оқушылардың денсаулығына әсер ететін факторлар өте көп, сол себептен оларды салауатты өмір салтына үйрету қажет. салауатты өмір салтын қалыптастыру оқу-тәрбие үрдісіндегі басты мәселелердің бірі болып отыр. Бұл мәселе тегін көтеріліп отырған жоқ. Себебі, ерлердің 57%-ы, әйелдердің 34%-ы, жастардың 40%-ы, шылым тартса, ересек адамдардың 65%-ы үнемі арақ ішеді екен. Мектеп оқушыларының 17,5%-ы нашакорлыққа ауызданған. Ал экологиялық нашар ахуал бүгінде адам өлімінің 20%-на себеп болып отыр.

Сол себептен зерттеуіміздің өзектілігі анықталып отыр.

 Зерттеудің мақсаты: денсаулықты қалыптастыру, сақтау және нығайту негізінде қоғамда  ұзақ және бақытты өмір кешетін дені сау адамдарды қалыптастыру. Адамдардың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын және оған әр түрлі табиғи процестерді, әлеуметтік, психологиялық факторларды зерттей отырып, денсаулықты нығайтуға және сақтауға бағытталған әдістерді жасау.

Зерттеудің міндеттері:

  —    Оқушыларды салауатты өмір салтын қалыптастырудың теориялық мәселелерін анықтау.

  • Оқыту процесінде оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастырудың мүмкіндіктерін анықтау.
  • Оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру және қалыптастыру жолдарын анықтау.

Зерттеу нысаны: дені сау адам, дені сау ұжым, адамның және ұжымның денсаулығы.

Зерттеу пәні: медицина, педагогика, гигиена, биология, экология, психология, анатомия, физиология, психология, педагогика.

Зерттеудің құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден және қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І.ТАРАУ.  САЛАУАТТЫЛЫҚ –ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

 

1.1.Педагогикалық салауаттанудың даму негіздері

 

Салауатты  өмір сүру салты дегеніміз – био-әлеуметтік категория Салауатты өмір сүру салты – интегратифті түрде қалыптасады және адамның іс-әрекетіне байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты – шаруашылық күнделікті үй тұрмысы, материалдық және рухани  формаларын қанағаттандыру үшін қоғамдық  ұйымдарда өзін-өзі  ұстай білу,  қоғамдық тәртіппен санасу,  артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау, кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді біреуге шағыстырмау,  өзін ақылды деп есептеп,  басқаларды ақымақ ретінде көру,  ата-анамен баланың тәрбиелі қарым-қатынасы, тазалық гигиенасын сақтау, ұтымды тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен шұғылдану тағы басқалар жатады.

Салауатты өмір сүру салтын сақтау  әр азаматтың ойы мақсатының бірі. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  еліміздің халқына жолдауында 2030 жылға дейін экономикалық — әлеуметтік биіктерге көтерілу үшін рухани байлықтың, денсаулықтың қажеттігі атап көрсетілгені мәлім /1/.  Сондықтан Жолдаудағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оны насихаттау шараларын белсендірек жүргізгеніміз абзал. Әсіресе жас ұрпақтың бойына тазалық пен сергектікті орнықтыру – біздің міндетіміз. Сондықтан да басты міндеттердің бірі — балалардың ауырмауға, денсаулықтарын күтуге, салауатты өмір салтын ұстауға, гигиеналық дағды жан мен тән саулығы  жан-жақты даму, қабілетін көтеру,  ата-ана мен баланың бір-бірін тануға үйрету,  үлкендерді сыйлау осы міндеттерді атқару үшін оқу орындарында валеология пәні енгізілген.

Салауатты  сөзінің негізгі мағынасы – парасатты, байыпты, ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды білдіреді. Қоғамымыздағы адамзаттың өмірінің аяғына дейін  денсаулығының мықты  болуы қоршаған ортаның  тазалығына байланысты.

Өмір сүру салты дегеніміз — әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында демалатыны, қысқасы, олардың қалыптасқан өмір тіршілігі, яғни, адамның өмір сүру салты қандай болса, өзі де сондай, өмір сүру салты тұлға мен қоғам деңгейінің прогресті даму көрсеткішінің категориясы.

Салауатты өмір сүру салты тұлға және адам деңгейінде болуы әлеуметтік экономикалық жағдайларға байланысты болады, адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалды-биологиялық қасиеттеріне де байланысты. Биологиялық ерекшелігіне байланысты салауатты өмір сүру салты бір келкі болады.

Әр адам өзіне тән қалыптасқан өмір салтымен тіршілік етеді. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ген арқылы беріліп отыруы мүмкін. Осыған байланысты салауатты өмір сүру салты 3 категорияға бөлінеді:

  1. Салауатты өмір сүру деңгейі;
  2. Салауатты өмір сүрудің сапасы;
  3. Салауатты өмір сүрудің стилі.

Салауатты өмір сүру деңгейі – экономикалық категория. Адамның материалдық және моральдық-рухани қажеттілігін толығымен қамтамасыз ету.

Салауатты өмір сүру сапасы — әлеуметтік категория – үй-іші қызмет істейтін орындар (оқу орындар, мектептер)  неше түрлі адам денсаулығын қамтамасыз ететін комфортты мебельдер мен лабороториялық жабдықтармен  қамтамасыз етілуі.

Салауатты өмір сүру стилі — әлеуметтік психологиялық категория – адамның қоғамдық орындарда өзін -өзі ұстап және көрсете білу .

Салауатты өмір сүру деңгейі мен салауатты өмір сүру сапасы эквопотенциалды болып келеді. Сондықтанда адам денсаулығының жақсы және жаман болуы салауатты өмір сүру стиліне байланысты. Ал салауатты өмір сүру стилі тарихи және ұлттық дағды –дәстүрлер арқылы қалыптасады. Тағыда тұлғаның бейімділігіне байланысты болады.

Салауатты өмір сүру салтының негізгі биологиялық және әлеуметтік принциптері:

Биологиялық принцип:

— Салауатты өмір сүру салты адамдардың жас ерекшеліктеріне;

— Салауатты өмір сүру салты энергетикаға;

— Салауатты өмір сүру салты эстетикалық қызметке;

— Салауатты өмір сүру салты ритмикалық үрдістерге;

— Салауатты өмір сүру салты денсаулықты арттыруға байланысты болуы керек.

Әлеуметтік принциптер:

— Салауатты өмір сүру салты және эстетикалық қызметті;

— Салауатты өмір сүру салты рухани түрде жеткіліктілікті;

— Салауатты өмір сүру салтының еріктігін дамытуды;

— Салауатты өмір сүру салтында адамның үшінші жағдайда болмауын қамтамасыз ету.

Сонымен, еліміздің кез келген азаматы салауатты өмір сүру үшін парасатты, зерделі және білімді болуы керек. Әсіресе денсаулық жайында білімді болғаны жөн.

Биологияда, медицина мен психологияда қаншама түсініксіз жайлар бары таңқаларлық. әрине, адам миының жұмысын түсіндіру қиын: 15 миллиард жүйке жасушалары бар, олардың әрқайсысы мыңдаған, тіпті миллиондаған басқа жасушалармен байланысқан және жүйелі жұмыс атқарады. Адам гендерінде не жазылғанын оқу да оңай емес.

Адам үшін денсаулықты сақтап қалу – мақсат. Дәмді тамақтану – мақсат, әрекет жасау – мақсат. Мақсаттар көп, ал уақыт пен күш шектеулі. Таңдауға тура келеді. Мақсаттар бәсекеге түседі. Қажеттісі қайсы: өкпе рагінен өлмеу ме, не болмаса қыздардың алдында сигарет тартып кербездену ме? Әрине, өлмеу екені сөзсіз. 

Ертедегі ата-бабаларымыздан бізге шынығуды қажет ететін дене мен  кемістікке бейім биологиялық сезімдер немесе психика қалды. Олардың біріншісі – жалқаулық. Адам жануарлар сияқты, ынталандыру болса ғана күш алады. Босаңсу әрқашан  да жағымды. Тек балалар ғана ерекше: олар  ешбір мұқтаждықсыз жүгіреді, ойнайды.

Екінші  кемшілік – қомағайлық. Тамақ ішіп-жеуден қанағат табу – аса маңызды құбылыстардың бірі. Дәмді тамақ ішіп,  оны басқа сезімдер сияқты, жаттықтыруға болады. Адам әлдеқашан етті қуыруды үйреніп, оны дәмді ету тәсілін пайдаланғаннан бері өзінің тамақ сіңіру орталығын жаттықтырады.

Үшінші кемшілік – қорқыныш. Хайуандармен салыстырғанда адамда  қорқыныш күшейе түседі, өйткені ол, есіне жақсы сақтайды, оның кейіннен болар салдарын да болжай біледі. Сондықтан тек оны өзінің  ауырулары ғана емес, басқа біреулерден көргені,  оқығаны немесе көргені үрейлендіреді.

Қорытып айтқанда, адам баласы ақылды, бірақ жалқау әрі қомағай. Табиғат оны тоқ және жеңіл өмір үшін жаратқан жоқ. Мол және дәмді тағам ішіп-жеп, рахаттанып, жылы жайда демалғанының есесін аурумен өтеуіне тура келеді. Егер алғашқыда, яғни қанағат алуды асыра сілтесе,  оның көлемі тым көбейіп кетуі ықтимал.  Дене азабы өркениет игілігінен келген барлық  рахатты жоққа шығаруы мүмкін. Әрине, денсаулық сақтау режимін барлық адам қатаң ұстайды деп санауға болмайды, бірақ оған адамдардың көзін жеткізуге тырысу қажет: қауіпті ауруларға ұшырамас үшін, өзіне-өзі қажетті шек қоя білген кім кімге болса да тиімді. Мұны салауатты, дұрыс мағынаға жетелейтін ғылым ғана іске асыра алады.

Денсаулық – ауруларға қарама қарсы құбылыс екені әркімге түсінікті сияқты. Бүкіл медицинаның даму кезеңінде оның екі бағыты анықталды: біріншісі – бұзылған денсаулықты дәрі-дәрмектің көмегімен қалпына келтіру, екіншісі – сол мақсатқа “организмнің табиғи қорғаныс күштерін” жұмылдыру арқылы жету. әрине, екі тәсілді бірдей қолданған дәрігерлер әрқашан да болды, бірақ, әдетте,  іс жүзінде біреуі ғана басымырақ қолданылды. Өкінішке қарай, көпшілік адамдар, кейбір дәрігерлер де  организмнің ауруға қарсы күресетін табиғи күшін ескере бермейді. Сол табиғи күштерді толықтырып, шынықтыруға көңіл бөлмейді.

Мемлекеттік  барлық құрылымдардың тікелей қатысуын талап ететін  маңызды мәселенің бірі – салауатты өмір салты. Ол адамдардың өздері шеше алатын, өз қолдарынан келетін жұмыс. Ендеше, әр адамзат өз денсаулығына жауапты болып,  оны әрі қарай нығайтып, шыңдағаны дұрыс. Ал қай адамның  болсын өз өмірін бақытты етуге толық мүмкіндігі бар.  Өмір қуанышын сезініп, мақсаттарға жету үшін саналы сезім,  саралы ой қалыптастыруы қажет. Өз дене бітімінің дұрыс  жетілуіне, өзін-өзі сергек сезінуге, ақыл ойын, сана сезімін тәрбиелеуге жағдайлар туғызуға міндетті.

Денсаулық сақтаудың бүкіл дүниежүзілік ұйымы денсаулықты жақсарту бағдарламасын жасауды 1978 жылдан бастап ұсынған.  Бағдарлама жоспарлары жасалып, бірнеше жыл талданды. Ал денсаулық нығайту қозғалысын іс жүзіне асыруда мектептің атқаратын рөлі  өте үлкен. Сол себепті 1994  жылы “Денсаулықты нығайту мектептерінің” негізін салып, жобасын жасады. Бұл мектептің жұмысы санитарлық-ағарту  бағдарламалары және орта мектептің  тәрбиелік іс шараларымен ұштасып жатуы керек.  Алғаш рет жасалған жоба, Венгрия, Чехия, Словакия және Польшада сынақтан өтті. Одан соң Еуропалық комиссия, Еуропалық кеңес және  денсаулық сақтау дүниежүзілік ұйымы Еуропалық аймақтық  бюросының халықаралық келісімі бойынша  аталған жобаны дамыту бекітілді және “Денсаулықты нығайту мектептерінің” еуроплық торабына мүше болуға жол ашылды. 1997 жылы оған 37 ел енді.  Қазір көптеген елдер Еуропалық тораптың жобасын іс жүзінде орындауға кіріскен.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың  халыққа “Қазақстан – 2030” жолдауына сәйкес біздің елде де адам денсаулығының  ең маңызды, ең басты екендігі  жарияланып, жаппай салауатты өмір сүруге  жағдайлар жасалуда.  Осы игілікті істің айғағы – денсаулықты нығайтуға ықпал ететін орта құру арқылы мектептегі адамдардың барлығын салауаттылыққа жеткізу жұмыстарының  басталуы.

“Денсаулықты нығайту мектебінің бағдарламасының жобасын 1999-2000 оқу жылынан бастап  сынақтан өткізуші мектептер саны көбейді. Сонымен мектепте денсаулықты нығайтуға ықпалын тигізетін мәселелер  жоспарланып, жүйелі түрде жүргізіле бастады.

Денсаулықты нығайту мектебінің мақсаты – денсаулықты нығайтуға ықпалын тигізетін жағдайлар туғызу арқылы оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру және оған баулу. Сондай-ақ мектеп қызметкерлерінің  өз денсаулықтарына жауапкершілігін арттыру. Шешетін мәселелер:

— денсаулық бағдарламасы мәселелерін шешуге кірісу;

— мектептегі сынып бөлмелерін дұрыс бөлу, оқушының бос уақытын өткізуге арналған алаңдарды жөндеу, қауіпсіздік шараларын  қамтамасыз ету және дұрыс тамақтануды ұйымдастыру арқылы  оқыту кезеңінде қоршаған  орта саулығын сақтау;

— жекелеген адамдардың отбасында немесе жалпы қоғамда денсаулықты қорғауда  жауапкершілігін туғызу;

— салауатты өмір салтын сүруге оқушылар мен қызметкерлеріне нақтылы жағдай және мүмкіндіктер жасау;

— барлық оқушыларға өз жаратылысының, психикасының, әлеуметтік жағдайының ең жоғары дәрежедегі  мүмкіндіктерін көрсетуіне жағдай жасау;

— денсаулықты нығайту жолында және мектеп ұжымының денсаулығын қауіпсіздендіруде анық мақсат қоя білу;

— оқушылар мен мектеп мұғалімдерінің және оқушылардың өз арасында, сондай-ақ олардың үйімен, қоғамдастықтармен ара қатынасын нығайту;

— қолда бар ресурстарды денсаулықты нығайту жолында дұрыс қолдана білу;

— медициналық – санитарлық оқыту бағдарламасының жобасын дайындау;

— білім алуды  және денсаулығына қатысты дұрыс шешім қабылдауға қажетті дағдыларды қалыптастыруды қамтамасыз ету, қоршаған ортасын сақтауды үйрету;

— оқушылардың өз денсаулықтары туралы  мәліметтер деңгейін арттыру және медициналық-санитарлық оқытуларды дұрыс жолға қою мақсатында мектептің медициналық-санитарлық жұмыстрына кеңінен жол ашу.

Жас жеткіншектердің денсаулығы күннен-күнге нашарлап, соңғы кезде ауру – сырқаулардың саны көбеюде. Бұған генетикалық – тұқым қуалаушылық  аурулардың әрі қарай бағыт алуы, адамдардың денсаулық сақтау білімдерінің төмендігі, әсіресе, ақша табу жолында жанын аямай, демалуды ұмытып, өзіне — өзі көңіл бөлмейтіндіктері себеп. Міне, осындай түсінбеушілікті жойып, сана-сезімі жоғары, білікті, тез шешім қабылдайтын және әртүрлі жағдайдан өзін алып шыға алатын азамат даярлау мақсатында мектептерге “валеология – денсаулықты қалай сақтауға болады” бағдарламасы енгізілді.

       Ал бұл жұмыстардың нәтижесі үнемі талқыланып, жинақталып отырады. Соның арқасында:

— оқушылардың денсаулық топтары анықталды, оқу үрдісінде әр балаға қалай көңіл бөлу керектігі ескертілді;

— жас жеткіншек қыз балаларды микроэлементтер, әсіресе Р.Р.-витаминдік жетіспеушілік анықталды.

Бүгінгі оқушы – ертеңгі болашағымыз. Әр балаға ата-аналары, мектеп қызметкерлері жылылық нәр беріп, үлкен үмітпен қараса, өзінің денсаулығын шыңдап, білімін нығайтуға ұмтылған азамат дайындауға болады. Салауатты өмір салтын сақтау арқылы ғана дені сау қоғамға жететіндігіміз айқын.

Педагогикалық салауаттанудың даму негіздеріне тоқталайық. 1980 жылы орыс ғалымы И.И.Брехман денсаулық жөніндегі жаңа ғылымның негізін жасау қажеттігін ұсына отырып, қолданысқа “валеология” терминін енгізді. “Валеология” (латын тілінен аударғанда valeo – денсаулық, “дені сау болу”, logos- ілім, қазақша салауаттану) – дені сау адамның денсаулығын сақтау  жөніндегі ғылым.

Әдетте адам денсаулығы жөнінде сөз қозғағанда,  ол адам организмінің жай – күйін бақылап, оның саулығын сақтауды және оны нығайтуына жағдай жасайтын, ауруды сауықтыратын, ауру түрлерінің алдын алуды өз міндеті ретінде дәрігерлердің зерттеу нысаны деген түсінік туады.Бірақ валеолог – ғалымдар “салауаттануды адам денсаулығы және салауатты өмір жөніндегі ғылым” деп атап көрсете отырып,  бұл медициналық емес, педагогикалық ғылым деп тұжырымдады. Солардың бірі – Л.Г.Татарникова өз зерттеуінде салауаттануды салауатты өмір сүру салтына деген профилактикалық сананы қалыптастыруға, әрбір тұлғаның денсаулығын және оның құндылықты көзқарасын дамытатын, тұрақты мінез-құлқын қалыптастыратын  негізгі әлеуметтік институт – отбасының беделін қалпына келтіруге  жетелейтін педагогикалық гуманистік білімнің маңызды бөлшектерінің  бірі тұрғысынан қарастырды. В.П.Петленко салауаттануды адамның өз денсаулығын нығайтудағы өзіндік күш жігері мен жеке  даралығының дамуына мүмкіндік жасайтын ғылым деп есептеді.

        1997 жылға дейін ғылым аясында, салауаттанудың қандай ғылымдар жүйесіне жататын, оның жеке ғылым ретінде  қарастырылу құқығының бары немесе жоқтығы  жөнінде пікірталастар жүріп отырды. Р.Артоманов және В.В.Колбанов салауаттануды идеология деп қарайтын ғалымдардың пікірлеріне сын айтады: “Ешқандай ғылым жалаң жерде пайда болған жоқ. Кез келген ғылымның дамуына  басқа ғылымдардың тәжірибелері себеп болған, сондықтан салауаттануды жасауда қолданылған ғылыми  тұжырымдаманың қалыптасуына  үлес қосқан клиникалық  медицинаның, гигиенистердің, физиологтардың,  биохимиктердің, генетиктердің және басқа да ғылым салаларының алдыңғы қатарлы ғалымдар мен практиктерінің рөлін ұмытқанымыз жөн болмас”.

     Салауаттану мәселесін талқылай отырып, ғалымдар салауаттану кешенді ғылым деп қарастыруда. И.И.Брехман өзінің еңбегінде, салауаттану денсаулыққа экологияның, биологияның, медицинаның, педагогиканың  және басқа да ғылымдардың  қосатын үлестерін “синтездеп”, денсаулыққа тіке жол салуы  керек деген тұжырым айтады.

В.Д.Санькин және В.В.Зайцев салауаттануды физиологияға, гигиенаға, психологияға, педагогикаға, антропологияға, сондай-ақ адамның физикалық және психологиялық қабілеттіліктерін, олардың даму заңдылықтарын, сонымен қатар физикалық, психологиялық және адамгершілік-рухани денсаулығын нығайту мақсатындағы оларды жетілдірудің тәсілдерін зерттейтін  басқа да адам жөніндегі ғылымдарға негізделген, адам денсаулығы және дені сау адам жөніндегі кешенді ғылым деп түсінеді.

Салауаттану негізінен қазіргі таңда қалыптасу сатысында. Қалыптасуының алғашқы кезеңдерінде салауаттану гигиенамен және саналогиямен жарыса дамыды деуге болады. Салауаттанудың  даму және қалыптасу кезеңдерін зерттеген  еңбектерге сүйене отырып, даму тарихына мына нұсқа бойынша шолу жүргізуге болады.

Салауаттанудың даму кезеңдері.

I кезең – классикалық  кезең адам денсаулығының маңыздылығы, оны алдын ала сақтау қажеттілігі жөніндегі ой-пікірлердің дамуы. (Гиппократ, Әбу Әли Ибн-Сина және тағы басқа).

II кезең – клиникалық медицина тәжірибелерінің  қорытындысы – адам организмінің ауру түрлерінің, олардың себептері,  емдеу жолдарының зерттелуі, сауықтыру мүмкіндігінің анықталуы.

III кезең – гигиеналық медицина тәжірибелерінің  қорытындысы.  Ауру түрлерінің  алдын алу мүмкіндіктеріне байланысты әлеуметтік, гигиенелық, психологиялық деңгейде денсаулықты сақтау және нығайту іс-әрекеттері жүйесін жасау жөніндегі ғылыми түсініктер дамиды.

IV кезең —  саналогия ілімінің дамуы.  Организмнің ауру түрлеріне  қарсы күресудегі мүмкіндіктері мен күресу тәсілдері анықталады.

V кезең – салауаттану – дені сау адамның денсаулығын сақтаудың, нығайтудың заңдылықтарын, тәсілдері мен тетіктерін зерттеу жөніндегі ғылым. Кезінде Әбу Әли Ибн-Сина (980-1037ж.) өзінің “Дәрігерлік ғылым ережелері” еңбегінде, ұзақ өмір сүрудің  тиімді жолы, ауруды емдеу жолы емес, денсаулықты сақтау мен нығайту екенін атап  көрсеткен болатын.

Алайда медицинада дені сау адамдардың  денсаулығын сақтау мен  нығайтуды емес, көп жағдайда ауруды емдеуге, сауықтыруға көңіл бөлінді.

XX ғасырда туындаған  экологиялық қолайсыздық, тиімді өндірістік технологияның дамуы, жұмыссыздықтың көбеюі немесе  әлеуметтік теңсіздік,  тағы басқа нысандық факторлар адамның түрлі психикалық адамгершілік –рухани және тағы басқа күйлерінің  тепе-теңдігінің  бұзылуына себепші болды.  Адамның өмір салтынан  туындайтын осы себептерге  байланысты қоғамда адам өлімі, психикалық күйзелістер, ауру түрлері жоғары көрсеткішке  жетті.

         Медицинаның әлеуметтік, гигиеналық, психологиялық, психопрофилактикалық  бағыттарында жүргізілген  зерттеу жұмыстарының  нәтижесі өркениет дәуіріндегі  адамдардың денсаулығының  нашарлау  себептерін анықтап, психогенді және психосоматикалық  аурулардың  (гипертония, қан тасуы, асқазан жарасы, жүрек ауруларының)  алдын алуда адам  организмінің  түрлі аулуларға қарсы тұруының  ішкі мүмкіндігін жетілдіру жағдайын  зерттеу мәселесін алға қояды.

        Осы бағытта С.М.Павленконың адам организмінің  гоместаздық күйін сақтау және кездейсоқ тітіркендіргіштер әсерінен физиологиялық қызметінің  бір түрінің (қанайналым, тынысалу, температураның қалыптылығы және тағы басқа) бұзылған жағдайында  оны қалпына келтіру тетіктерінің заңдылығын зерттейтін – “санология” ілімі дамыды. Бірақ адам денсаулығын сақтауда, оны нығайтуда, ауру түрлерін алдын алуда санология ілімінің ғылыми негіз бола алатынын дәлелдей отырып, И.И.Брехман “салауаттану” ғылымының негізін  ұсынған болатын. Ол “санология” ұғымының мазмұнын  аша отырып, оның денсаулық жөніндегі  ғылым емес, сауықтыру жөніндегі ілім екенін және келешекте ол  жаңа ғылым – салауаттанудың маңызды салаларының  бірі ретінде (клиникалық салауаттану) жаңа бағытта дамуы керектігі жөніндегі пікірін дәлелдеді.Г.А.Апанасенко салауаттанудың жеке қарастырылу құқығын  сараптай отырып, гигиена мен медициналық салауаттануды жеке екі түрлі ғылым  ретіндегі ерекшеліктерін көрсетеді. Олардың зерттеу нысандары мен пәндерінің, мақсаттарының әсер ету деңгейлерінің, практикалық маңыздылықтарын, әдіснамалық негіздерінің айырмашылықтарын ажыратып берді. Г.А.Кураевтың, С.К.Сергеевтің, Ю.В.Шленовтың анықтамалары бойынша салауаттану —  сыртқы және ішкі ортаның өзгермелі факторларының әсер етуі жағдайында, адамның физикалық, биологиялық, психологиялық,  әлеуметтік мәдени дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ететін және денсаулығын сақтайтын организмнің  гигиеналық және физиологиялық  мүмкіндіктері жөніндегі ғылым. Салауаттану адам денсаулығын сақтауда әлеуметтік қажеттіліктен дамыған.  Оның негізін организмдер жүйесінің динамикалық мүмкіндіктері және тұтас организм  жөніндегі түсініктер құрайды. Салауаттанудың міндетіне адам организмнің жүйелерінің қызметін, оның жеке физиологиялық ерекшеліктерін ескере отыру негізінде  сақтау және үйлестіру жатады.

А.А.Семенов салауаттанудың басқа ғылымдардың бір саласы ретінде қаралуының себебін, оның өзіндік ерекшеліктерімен түсіндіреді. Ол ерекшеліктерге:

— салауаттанудың бірнеше ғылымдардың түйіскен жерінде пайда болуын;

— салауаттанудың денсаулықты сақтау және нығайту аясындағы кез-келген ғылымның жетістіктерін губка секілді өзіне сіңіру қасиеттерін жатқызады.

Б. Махамбетованың пікірінше, салауаттану – қоғамның денсаулық жағдайын игере алмауына, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін денсаулықтың сақталуына және нығаюына қолданбауынан дүниеге келіп отыр.

Е. Е. Лунина салауаттану жөніндегі ғылыми еңбектерді сараптай отырып, оны медициналық және педагогикаға жіктесе, Е. И. Вайнер салауаттануды қазіргі даму сатысында сараптай отырып, оның жалпы медициналық, педагогикалық, жас ерекшелігі, диференциалды, кәсіби, арнайы отбасылық, экологиялық, әлеуметтік бағыттарын ажыратады.

Салауаттанудың негізгі сатысы тұлғаның даму үрдісіндегі жеке денсаулығы мен  денсаулық мәдениетін тәрбиелеуге қатысты. Сондықтан ғалымдар медициналық және педагогикалық салауаттану арасындағы стратегиялық және тактикалық айырмашылықтары негізінде түсіндіруге көбірек ден қояды. Н. Мырзаханұлының пікірі бойынша педагогикалық салауаттанудың зерттеу нысаны – дені сау адам, дені сау ұжым болса, медициналық салауаттануда болмысы – “үшінші жағдаяттағы” адамдар. Үшінші жағдаяттағы адамдар – бұл не ауру, не сау еместер.

“Салауаттану” ғылымының мазмұнына берілген түсініктемелерді талдай отырып, салауаттану – адам денсаулығын, орны сақтау мен нығайту жолдары жөніндегі ғылымаралық бағыт деп түсінеміз. Оның неізгі міндеті – салауатты өмір салтын қалыптастырудың мәнін ашу мен оны қалыптастырудың барлық заңдылықтарын зерттеу. Т. Қ. Мұстафина сөзімен айтқанда, “салауаттану – денсаулықты басқыру ғылымы”. Салауаттану – медицина, экология, биология, әлеуметтану, педагогика, психология, физиология, гигиена ғылымдарының ортасынан шығатын  денсаулықты қалай басқарудың заңдылықтарын, әдіс-тәсілдерін нұсқаушы ғылым.

Осылардың ең маңыздысы ретінде жас ұрпақты салауатты өмір салты рухында тәрбиелеудің нақты іс-шараларын ұйымдастыруды қосады. Сондықтан, денсаулықты  қалыптастыру, сақтау және нығайту жолдарын нұсқау арқылы, жас ұрпақты салауатты өмір салтына тәрбиелеу педагогикалық  салауаттанудың міндетіне жүктеледі.

        Е.Е.Лунина педагогикалық салауаттануды салауатты өмір салтын қалыптастыруға  бағытталған білім беру  үрдісінің субъектілерінің  біріккен іс-әрекетінің жүйесі деп анықтайды.

       Э.И.Вайнер “педагогикалық салауаттану дамуының түрлі жас ерекшелігі  кезеңдеріндегі денсаулыққа  және салауатты өмір салтына орнықты өмірлік мақсат тұрғысынан қарайтын адамды оқыту мен тәрбиелеу мәселесін зерттейді” деп анықтама береді.

Педагогикалық  салауаттану бағытында бүгінгі таңда көптеген ғалымдар  мен зерттеушілер жұмыс жүргізуде, мысалы ТМД елдері бойынша:

— негізгі мектептер оқушылардың салауатты өмір салты ұғымдарын  қалыптастыруы (А.П.Голобародка және тағы басқа);

— салауаттану бойынша  білім бағдарламаларын жасау (Г.К. Зайцев, Н.Б.Колбанов, М.Г.Колесникова және тағы басқа);

— педагогикалық іс-әрекет стратегиясының салауаттанулық  негізін анықтау (Н.Б.Закарович және тағы басқа);

— физикалық және рухани салауатты тұлғаны қалыптастырудың шарты  ретінде мектепте  салауаттанулық қызмет жүйесін  ұйымдастыру мәселесі (Л.А.Каратаева және тағы басқа);

— мектепке дейінгі ересек  балалардың салауаттанулық тәрбиесінің педагогикалық  негізін анықтау (С.А.Корочкина және тағы басқа);

— қазіргі таңдағы мектеп оқушыларының салауаттанулық көзқарасын қалыптастыру (В.В.Кожанов және тағы басқа);

— сыныптарда биологияны оқытуда салауаттанулық біліктіліктері мен іскерліктерді қалыптастыру мүмкіндіктері (О.Колоиц және тағы басқа);

— жаңа типті білім беру мекемелерінде  оқушылар тұлғасының  салауаттанулық тәрбиесінің теориясы мен практикасы Н.Н.Волков және тағы басқа көптеген ғалымдардың  өз зерттеулеріне негіз болды.

Салауатты өмір салтын үздіксіз қалыптастыру ұлттық білім беру жүйесі үлгісінің құрылымына  сәйкес жүзеге  асырылады. Осы негізде Қазақстандағы  педагогикалық салауаттанудың  бағыттарын анықтауға болады:

— психологиялық-медициналық-педагогикалық қызметтер;

— балалар денсаулығын сауықтыру орталықтары және денсаулық мектептері;

— кешенді сауықтыру бағдарламалары;

— салауаттанулық білім беру бағдарламаларын, оқу әдістемелік кешендерін әзірлеу және оларды іс-тәжірибеге ендіру.

 

1.2. Салауаттану пәнін оқытудың ғылыми аспектілері.

 

        Адам туралы ғылымның жаңа бағыттарының бірі – салауаттану, бұл “денсаулық” деген мағынаны білдіреді. Сондықтан салауаттанудың негізгі зерттеу нысаны – адамның денсаулығы. Салауаттану кіріктірілген ғылым болғандықтан, ол физиология, психология, биология, медицина, педагогика, экология және тағы басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Бұл ғылымның негізін салушы И. И. Брехман “денсаулық”  ұғымына жаңаша мән берді.

      Барлық ғылым сияқты салауаттанудың өзіндік даму жолы бар. Салауаттанудың даму тарихы ежелден басталады, әрі ол медицинамен тығыз  байланысты. Денсаулықты сақтау жөніндегі көптеген мәліметтер бізге Жердің түкпір-түкпірінен жинақталған  қолжазба, сурет, әдет-ғұрып, философиялық, діни және көптеген ғылыми мектептердің ізденуі арқылы жетті.

Салауаттану ғылымын қалыптастыруда үлкен рөл атқарған клиникалық медицина, физиологтар, гигиенистер және басқа ғылым салаларының мамандары, олар салауаттанудың ғылыми тұжырымдамасын құруға өз үлесін қосты.

        Қоғам дамуының барлық кезеңдеріндегі адамның аурумен күресуі емдеу амалдарын ізденумен, халықтық және ғылыми медицинаның дамуымен сипатталады. Қазіргі клиникалық медицина негізінен аурулардың себептерін айқындауға және емдеу амалдарына көбірек көңіл бөлуде. Егер медицина тек ауруларды емдеу жолдарымен ғана айналысса, салауаттанудың негізгі мақсаты – денсаулықты сақтау мен нығайту – салауаттанудың алдын алу,  яғни ауруды болдырмайтын дене күйін қалыптастыру.

        Сондықтан салауаттанудың негізгі міндеті – денсаулықты зерттеу, әртүрлі ауытқуларды, мүшелердің қызметі бұзылғанын ерте анықтап, салауатты өмір сүруді қалыптастыру арқылы дер кезінде аурудың алдын алу. Сонымен, салауаттану – адамның денсаулығын сақтау мен оны нығайту туралы ғылым. Кейде оны сау адамдардың денсаулығы туралы ғылым деп те атайды. Бірақ бұл дұрыс емес, себебі науқастарда да денсаулығын сақтауға үйретуге тиіс.

       Салауаттану термині қазір барлығына мәлім, бірақ көп адамдар әлі оның мақсаты мен міндеттерін, дамуын, ғылыми жетістіктерін біле бермейді. Алайда қазіргі уақытта салауаттанудың міндеті мен мақсатын көпшілік қауымға түсіндірудің қажеттілігі туындап отыр.

        Профессор Г. К. Зайцевтің тұжырымдауы бойынша “салауаттану – бұл адамның денсаулығын салауатты өмір сүру арқылы сақтап қалу”. Салауаттану – салауатты өмір сүруді қалыптастырудың ғылыми негізі.

Салауаттану санитарлық және гигиеналық тәрбиеден тұрады, себебі ол адамды өз денсаулығын сақтауға үйретеді, әрі ол денсаулықты сақтаудың құралы.

       Зерттеу барысында салауаттану ғылымында әлі де шешілмеген мәселелер бар екені айқындалды. “Баршаның денсаулығы” тақырыбындағы бүкіл әлемдік денсаулық сақтау бағдарламасы бойынша денсаулықты сақтау туралы сұрақтарға жауапты тек адамдардың өмір сүретін ортасынан (отбасы, мектеп, мекеме) іздеу қажет деп түсіндіреді.

      Қазіргі уақытта мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының көбінің жекеменшікке өтуіне байланысты денсаулыққа жаңа көзқарас қалыптастырған жөн. Сондықтан денсаулықты сақтауға көпшілікті, әсіресе өскелең ұрпақты үйретудің жаңа жүйесін қалыптастырудың мәні үлкен.  Мұндай тәсіл салауаттанудан білім беруді әдіснамалық және әдістемелік қамтудың қазіргі уақытқа сай болуын қажет етеді.

         Қазіргі уақытта мектептерде вариативті оқытудың бір түрі ретінде “Салауаттану” курсы енгізіліп отыр. Бірақ көпшілік жағдайда бұл пәнді мамандығы жоқ мұғалімдер беруде. Бұдан денсаулық сақтаудың “зиян келтірме” деген негізгі қағидасы бұзылады. Сондықтан салауаттанудан тек сертификаты бар немесе биология пәнінің мұғалімдері ғана сабақ беруі керек. Сонымен бірге  мектептерде байқаудан өтпеген, республикалық оқу-әдістемелік кеңесте бекітілген көптеген оқу-әдістемелік құралдарды пайдалануға тыйым салынуы қажет.

       Сауалнама жүргізудің нәтижесінде көптеген мұғалімдер, ата-аналар, оқушылар “Салауаттану” пәнін таңдап алады. Олар бұл пән денсаулықты сақтауда өте қажет деп түсінеді. Бірақ қозғалу белсенділігі, тиімді тамақтану немесе психологиялық, кикілжіңді болдырмау, өзін өзі реттеу сияқты тақырыптар тек салауаттану мәселелерінің бір ғана жолы болып табылады. Ал салауаттануды дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін жаңа критерийлерді, ұғымдарды, негізгі тәсілдерді айқындаудың қажеттілігі туындап отыр. Сондай-ақ денсаулықты сақтаудың жаңа критерийлерін анықтау мұғалімдермен бірге дәрігерлер, психологтер, гигиенистер және физиологтер қатысуы қажет. Әрине, мұнда жаңа технологияларды, интербелсенді әдістерді, әсіресе тіршілікке қажетті мәселелер бойынша жаңа әдіс-тәсілдерді кеңінен пайдалану, яғни салауаттану аспектілерін кешенді түрде шешу керек.

       Салауаттануды тек шартты түрде медициналық және педагогикалық деп бөледі. Салауаттануды оқытуда педагогикалық бағыттың маңызы зор. Оқушылар өз денсаулығын сақтау және қорғау жолдарын білуі керек. Салауаттану ғылымының дамуы, сонымен бірге салауатты өмір салтын қалыптастыру мемлекеттік бағдар болып, ұлттың генофондын сақтап қалуға, адамгершілік, дене, психикалық және ұрпақ денсаулығын сақтап қалуға бағытталады.

        Салауатты өмір салтын қалыптастыру денсаулықты сақтау және тіршілікке бейімделу арқылы қамтамасыз етеді. Мұғалім балаға қажетті түрткіні  қалыптастыруға көмектеседі. Ол адамның жеке қажеттілігі және білімді меңгеруі арқылы жүзеге асады.

        Мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен еңбегі арқылы салауатты өмір салтының үлгісін құруға болады. Оған ата-аналар, мұғалімдер, ғылым, спорт, өнер және мәдениет қайраткерлерінің өмірінің үлгісі мысал бола алады. Өкінішке орай, қоғамда көбінесе денсаулық мәдениетінің төмендегені байқалады, оған тәрбиеге жағымсыз, рухани жағынан төмен бұқаралық-ақпарат құралдарының өнімдері әсер етеді. Осыдан мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы білім беретін мектептерде, кәсіптік және жоғары оқу орындарында салауаттану сабақтарын өткізу өзекті мәселеге айналуда.

       Адам денсаулығын сақтау және нығайту жөнінде, оны қалыптастырудың әдістері мен жолдары туралы жеке ғылымның қажеттілігі туындап отыр. Бірақ атам заманнан белгілі болып келе жатқан салауатты өмір салтын қалыптастыру жөнінде жиналған мәліметтердің ғылыми болжамы жасалмады, ол тек эмпирикалық сипатта болып келеді.

       Салауаттанудың зерттеу нысаны денсаулық болғандықтар, денсаулыққа сипаттама берейік. Бұл ұғымсыз медицина да, салауаттану да ғылым ретінде қалыптаса алмайды. Ғалымдардың денсаулыққа берген бірнеше сипаттамалары бар. Олардың саны қазір 600-ге жетіп отыр. Бүкілодақтық денсаулық сақтау ұйымының денсаулыққа берген сипаттамасы қазіргі жағдайда ескіріп қалды, яғни оны толық аша алмайды.

       Профессор А.А.Остроумовтың айтуынша “денсаулық дегеніміз бұл организм күштері мен қоршаған ортаның арасындағы тепе-теңдік күйі”. Кіші медициналық энциклопедияда денсаулыққа берген сипаттама мынадай: “денсаулық дегеніміз организмнің табиғи күй, яғни қалыпты, өзін-өзі реттей алатын, барлық мүшелер жүйесі үйлесімді қызмет атқаратын қоршаған ортамен динамикалық тепе-теңдікте болатын күй”.

    Ал  патофизиологтердің айтуы бойынша “денсаулық дегеніміз әртүрлі қоғамдық және еңбек әрекетіне толық қатыса алатын болмыс”.

      Профессор В.П.Казначеев денсаулықты “физиологиялық, биологиялық даму, сақтану үрдісі және адамның өмір сүруіндегі әлеуметтік белсенділігі” деп таниды.

       Профессор А. Г. Шедрина “Денсаулық өлшемі” тақырыбындағы әдістемесінде денсаулыққа мынадай тұжырымдама береді: “Денсаулық дегеніміз бүтін, көп бағытты динамикалық күй, ол әлеуметтік және экономикалық орта жағдайларында генетикалық потенциалды жұмсау нәтижесінде дамиды, адамның биологиялық және әлеуметтік қызметін қамтамасыз етеді”.

       Сонымен, көптеген авторлардың пікірлерін тұжырымдай келе профессор В.В.Колбанов: “адамның денсаулығы дегеніміз —  тіршіліктің табиғи жағдайының үздіксіз реттелуі ол организмнің өздігінен және реттелу қабілеттілігімен сипатталады. Гомеостазды қамтамасыз ету, психикалық және соматикалық мәртебені жетілдіру барысын, мүшелер мен мүшелер жүйесінің өзара үйлесімдік қызметі нәтижесінде қоршаған ортаға бейімделу, биологиялық және әлеуметтік қызмет атқару үшін қосымша және компенсаторлық механизмдерді пайдалану нәтижесінде жүзеге асады. Осы аталған белгілердің бірінің болмауы денсаулықтың жартылай немесе толық бұзылғанын білдіреді. Денсаулықтың толық болмауы өмір сүруге қайшы келеді”, —  дейді. Бұл тұжырым денсаулыққа толық сипаттама береді.

       Қазіргі жағдайда адамның дамуын оның денсаулығынан тыс қарастыруға болмайды. Денсаулық сақтаудың тек диагностикаға және ауруларды емдеуге негізделуі индивидуумның денсаулығын сақтауға мүмкіндік бермейді, ол адамның өз денсаулығына селқос қарауды қалыптастырады. Ешқандай медицина адамның өз денсаулығы туралы білімін толықтыра алмайды, себебі ауырғаннан гөрі ауруды болдырмау жеңілірек.

     Егер білімнің мақсаты – адамның дамуы болса, онда мектепте білім берудің негізгі бағытының бірі – оқушыларды денсаулықты сақтауға, бағалауға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға үйрету болып табылады.

       Балалар мен жасөспірімдердің салауатты өмір салтын қалыптастыру әр мұғалімнің міндеті болуы қажет. Көптеген мектептерде салауаттануға арналған кабинеттер ашылып, онда көрнекілік құралдары, денсаулық жөніндегі әдебиеттер, техникалық құралдар жинақталған. Бұндай сынып кабинеттерінің болуы оқушылардың білімін арттырады.

       Оқушыларда салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін аудан көлемінде әдіскерлер болуы қажет. Олар мұғалімдерге, мектептерге қажетті әдістемелік кеңес беріп, жинақталған тәжірибелерді таратып, жаңа технологиялармен таныстырады (өмірге қажетті дағдылар, оқытудың интерактивті тәсілдері, тағы басқалар).

        Бұрын педагогикалық институттарда студенттер арнайы медициналық курстан өтетін. Курстан өткен соң медбике атағына ие болатын. Өкінішке орай оңғы кезде ол жойылды.

       Қазіргі уақытта мектепте оқытылатын пәндер қатарына салауаттануды енгізу қажеттілігі туындап отыр.

Ел Президентінің “Қазақстан – 2030” Жолдауындағы ұзақ мерзімді басымдықтың бірінде  — “Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты” тармағында “азаматтарының өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және оларды қоршаған табиғи ортаны таза ұстауға тәрбиелеу үшін” салауатты өмір салтын қалыптастыру қажеттігі көрсетілген. Сондықтан елімізде салауатты өмір салтының пайдасына пәрменді білім беретін және ақпаратты  науқан үдетіле түсуі қажет.

       Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылы 30 маусымдағы  №905 Қаулысының “Салауатты өмір салтының кешенді бағдарламасы туралы”, 4.3. тарауында:

—     салауаттану пәнін оқытуды базистік оқу жоспарына енгізу;

— салауатты өмір салтын қалыптастыру жөніндегі мақсатты бағдарламаларды  мектепке дейінгі, мектептер оқу үрдісіне енгізу, жете зерттеу қажет делінген.

Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігінің 1998 жылғы  желтоқсанның 24-сіндегі республикалық жалпы білім беретін мектептерге “Салауаттану – денсаулықты сақтау” оқу бағдарламасын енгізу туралы №572 бұйрығы жарық көрді.

Осы бұйрықтардың нәтижесінде “Салауаттану” пәні мектептердің оқу жоспарларының вариативті бөлімінен орын алады. Мектепке дейінгі және жалпы білім беретін мектептердің 85 пайызы салауаттану сабақтарын жүргізеді, ал орта және жоғары оқу орындарының 55-64 пайызында салауаттану сабақтары өтіледі.

1998 – 2001 жылы жүргізілген екінші ұлттық зерттеулер бойынша осы салауаттану сабақтарын өткізу нәтижесінде шылым шегу 11 – 14 жастағы балалар арасында 6 пайызға, 15 – 17 жастар арасында  10,0 пайызға, 18 – 19 жас арасында – 6 пайызға төмендеген. Сонымен бірге балалар арасында ішектің жұқпалы ауруларының, суық тию ауруларының азаюы байқалады. Сондай-ақ оқушылардың зиянды заттарға әуестігінің төмендегені, рухани денсаулығының жоғарылауы байқалады. Сондықтан, салауаттану білімі өскелең ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптатырудың дағдылары мен түрткіні тудыруға көмектеседі, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауға, әр баланың өз денсаулығын қорғауға және кикілжіңді болдырмауға үйретеді. Салауаттану сабақтарында оқушылар өз денсаулығын бағалай білуге, денсаулық деңгейін анықтауды үйренеді.

        Салауатты өмір салтын қалыптастыру үрдісі тек кішкене топтарға таралатын қысқа науқан ғана емес, оны кең ауқымда қоғамдық құбылыс ретінде қарастыру керек екенін әр мұғалім ойында сақтауы тиіс.

Салауаттану туралы білім нәтижелерін болжап, денсаулықты тез арада дамытады деген ұғым қалыптаспау керек. Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұзақ үрдіс, бірақ бұл нағыз денсаулықты сақтайтын және нығайтатын жолдардың бірі. Ол оқушылардың өз денсаулығын сақтауға жауапкершілігін едәуір дәрежеде арттырады. Академик Н.М.Амосов айтқандай: “Денсаулығың мықты болуы үшін өзіңнің күшің болуы қажет, оны ешнәрсемен ауыстыруға болмайды”. Профессор В.В.Колбановтың айтуы бойынша салауаттану білімі “денсаулық білім алу үшін, ал білім денсаулықты сақтау үшін” сөзіне негізделу керек дейді.

Жасөспірімдердің денсаулық туралы білім деңгейін көтеруде, оқушылардың денсаулығын сақтап, нығайтуда, жастардың рухани мәдениетін көтеруде елеулі табыстарға қол жеткізу үшін салауатты өмір салтын қалыптастыруды түбірлі өзгертіп, білім беру ұйымдарының оқу жоспарына салауаттану негіздерін енгізу керек.Салауаттану пәнін оқытудың ғылыми аспектілерімен сандық және сапалық көрсеткіштері.

Салауаттану  — адамның денсаулығы және оны сақтау туралы ғылым. Салауаттану ғылымы денсаулықты физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік тұрғыдан қарастырғандықтан, денсаулықты сақтау және нығайту әдістері жөніндегі гигиеналық ережелерді қорытып шығарады. Салауаттану жеке тұлғалық және қоғамдық болып жіктеледі.жеке тұлғалық салауаттану – төменгі негізгі аспектілер бойынша адамның гигиеналық білімдері мен денсаулығыннығайту жөніндегі дағдылар кешенін қамтиды:

А) жеке гигиена – денені, киімді, тұратын үйін, тамақ өнімдерін, суды таза ұстаудың санитарлық-гигиеналық ережелерін, жұмыс орнының жарық болуын, желдетіліп тұру режимін, мектептегі температуралық режимді, партада дұрыс отыруды қарастырады.

Б) қозғалыс белсенділігі – таңертеңгі гимнастиканы міндетті түрде өткізуді, физикалық жаттығуларды жүйелі орындауды, спорттық және қимылдық ойындармен айналыысуды, жүзуді жүгіруді тағы басқаларды ойластырады.

В) шынығу – организмді су, күн, ауа сияқты табиғи факторлармен шынықтыру шараларын, организмнің суыққа, түрлі ауруларға төзімділігін, қарсы тура алу қабілетін арттыратын әртүрлі әдістер мен тәсілдерді орындауын қарастырады.

Г) психо гигиена мен психопрофилактика – бұл психоэмоционалдық денсаулықты нығайтуға арналған шаралар кешені. Яғни эмоционалдық ширығуды жоюға көмектесетін психофизикалық жаттығулар кешенін (аутотренингтер) білуі және орындай алуы. Құрбылар арасында, үйде, отбасында және  қоршаған адамдармен мейірімді қарым-қатынастар орнатып, келіспеушілікті, ашу-ызаны болдырмау.

Д) дұрыс тамақтану —  денсаулық үшін тиімді тамақтану маңызды, яғни тағам калорялы және әртүрлі болуы керек. Тамақтану рационына барлқ негізгі тамақ өнімдері қамтылуы тиіс: ет (белок), өсімдік және жануар текті майлар, көмірсулар, жемістер, көкөністер, таза су. Тамақтану режимін сақтау, яғни күніне 4-5 рет белгілі сағатта тамақтану қажет. Тамақты мөлшерден артық ішпеу және тұзды, тәтті тағамдарды көп жемеу керек.

Е) жұқпалы аурулардың   алдын алу – санитарлық — гигиеналық талаптар мен ережелерді сақтау. Жеке гигиена ережелерін қатаң орындау, егу жұмыстарын уақытында жүргізу. Жұқпалы ауруы бар адамдармен қарым- қатынас жасаған кезде гигиена ережелерін сақтау, ауру жануарлар мен құстарға жоламау. Жұқпалы аурулардан сақтандыратын алдын ала егу жұмыстарын уақытында жүргізу.

Қоғамдық салауаттану – адам денсаулығын қорғау мен нығайту жөніндегі дәрігерлік және әлеуметтік – экономикалық  мәселелер шешімін қамтитын шаралар кіреді.

Қоғамдық салауаттанудың төмендегідей білімдері бар:

Медициналық салауаттану – отбасындағы, үйдегі мектептегі, еңбек ұжымындағы, қоғамдық орындардағы гигиена және жеке гигиена ережелерін зерттейді. Қоршаған ортадағы ауа, су, топырақ тағы басқасанитарлық-гигиеналық талаптарға сай болуын қадағалайды. Қоршаған ортаға уландырғыш заттардың мөлшерден тыс жіберілмеуін бақылайды. Сондай-ақ ауыз суды уландырмауды, ауру тудырғыш микроорганизмдермен ластанбауды,  ауыл шаруашылық өнімдерінде пестицидтердің болмауын қадағалайды.

Экономикалық салауаттану – адамдардың материалдық қамтамасыз етілуін, олардың өмір сүру деңгейін, адамдардың еңбек етуіндегі, тіршілік етудегі, сондай-ақ денсаулығын сақтаудағы құқықтарының бұзылмауын қарастырады.

Әлеуметтік салауаттану – қоғамның әлеуметтік қолайлы болуын, білім, мәдениет, өнер, діни ұйымдардың деңгейін және олардың адамдарға әсерін зерттейді. Аам — тек биологиялық тіршілік иесі емес, сонымен бірге әлеуметтік жеке тұлға. Оның денсаулығы ол өсіп-дамитын қоршаған ортасына байланысты болады. Сондықтан қоршаған ортаны қалайқорғаса, денсаулығын қалай сақтайтыны, қорғайтыны соған байланысты болады. Ол өзінің, жақындарының және қоршаған адамдардың денсаулығын сақтауға жауапты.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II.тарау. ОҚУШЫЛАРДЫ САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫНА ТӘРБИЕЛЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

               2.1.Оқушыларды салауатты өмір салтына қалыптастыру

 

   Қазіргі таңда оқушыларды салауатты өмір салтына ынталандыру мен  денсаулығын қалыптастыру өзекті жалпы педагогикалық проблема болып отыр.

Бәрімізге мәлім, бүгінгі таңдағы кең таралған түрі «мектеп ауруларының» басты себебі – авторитарлық – репродуктивтік тұрғыда ұйымдастырылған оқу-тәрбие процесі. Осы заманға  мектеп жүйесі жас ерекшелігі физиологиясы мен психологиясының ғылыми негіздері мен гигиена, валеология талаптарына сай емес. Мысалы, 1-сыныпта мектепке үйрену және негізгі мектепке өтуде көпшілік балалар үшін ауыр және бұл жағдай олардың функционалдық мүмкіндіктерінің төмендеуіне  әкеп соғады. Нәтижесінде үйрену тәсілдерінің таусылуы, үнемі шаршап, қажудың пайда болуы оқушылардың ауруларын көбейтеді. Баланың сабақ кезінде бір орнында тапжылмай ұзақ отыруы, оның үнемі стресс жағдайында болуы баланың психикалық саулығына көптеген зиянын тигізеді.

Жас ұрпақтың денсаулығының маңызды көрсеткіші оның дене дамуы мен денесінің жұмысқа жарамдылығы болып табылады. Осы саладағы кемшіліктің басты себептерінің бірі – оқушылардың жалпы қимыл белсенділігінің төмендеуі.

Біріншіден,оқушылар оқу әрекетімен шамадан тыс шұғылданады. Екіншіден, кейбір мектептерде валеология, дене шынықтыру сабақтары тиісті дәрежеде өткізілмейді. Үшіншіден, баланың өз бетімен дене  жаттығуларын жасауға  мектепте жағдай жасалынбаған.  Келесі атап көрсетерлік көрсеткіш – мектеп оқушыларының психикалық саулығы. Бүгінгі таңда нерв-психикалықауытқушылық орта есеппен 15-20 пайызы оқушыларда кездеседі. Бұл ауытқушылықтар, әсіресе, 1-сынып оқушыларында мектепке үйрену кезінде, 5-сыныптан орта буынға  ауысу барысында және жоғарғы сыныпоқушыларында оқу жүктемесінің көлемінің артуына  байланысты пайда болады.

Мектеп жағдайында оқушылар мен мұғалімдер арасындағы дұрыс ұйымдастырылған педагогикалық қарым-қатынас оқушылардың денсаулығына позитивтік ықпал етеді. Сонымен қатар,оқушылардың психологиялық көңіл-күйлерінің тұрақтылығы мұғалімдердің оларға бағытталған  қарым-қатынас тәсілдеріне тәуелді. әр мұғалімнің педагогикалық қателігі жүйке жүйесіәлсіз, нервтік – психикалық және жүрек ауруларынан зардап шегетін, сондай-ақ кейбір қызу темпераментті ұл балаларға негативтік әсер етуі мүмкін. Сондықтан да күнделікті мектеп өміріндегі  мектеп басшылары мен мұғалімдер және оқушылар арасындағы алуан түрлі қарым-қатынас тәсілдері мектеп субьектілері денсаулығына үлкен әсерін тигізеді. Мектеп субьектілерінің денсаулық  проблемасын шешуде кешенді қарым-қатынас жасаудың маңызы зор. Ол мектеп жағдайында  дені сау, толық қанды, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастырудағы міндетті шарт болып табылады.

Мектебімізде салауатты өмір салтын насихаттау мен қалыптастыру үшін 1999 жылдан бастап валеология сабағы өтіледі. Ол жылдары  қолда еш оқулық, әдістемелік құралдар болмады. Сонда да валеология сабағын өткізуде  оқытудың белсенді әдістерін: сюжетті ойындар, жұптасқан, топтық жұмыстар, ойды дамыту, шығармашылық жұмыстар, реферат жазу, пікірталас технологиясын кеңінен пайдаланды. Сонымен бірге оқушылар валеологияданалған білімдерін  сыныптан тыс өткізілетін іс-шараларда дамытып отырды.

Бүгінгі кезде салауаттану әр түрлі бағытта дамуда. Мектептерде валеология немесе салауаттану  сабағы әр түрлі оқытылуда. Оған басты себеп арнайы білімді валеолиг мамандардың жетіспеуі, әдістемелік оқу-құралдардың аздығынан деп ойлайды.қазақ тілінде оқытылатын мектептерде оқу-әдістемелік көмекші құралдар әлі де жеткіліксіз.қазіргі кезде салауаттану пәні жеке пән болып енгізілуі – бұл қажеттілік. Дегенмен, қалай оқытылып жатыр, кімдер оқытып жатыр, материалдық базалары қандай деген сұрақтар маңында әлі шешілмеген мәселелер көп. Бұл пән бойынша білім стандарты жасалынуы қолға алынып, бағдарлама қайта қаралып, ол бекітілді. Оқу-әдістемелік материалдармен  қамтамасыз ету шаралары да қолға алынды. Биылғы оқу жылынвалеология пәнінен жаңа өзгертілген, толықтырылған бағдарламамен оқитындығымыз, ондағы игі өзгерістеркөңіл қуантады.

Салауаттану  пәні мектепте кіргелі көп уақыт болған жоқ. Дегенмен, істелінген жұмыс біршама. Биылғы жылы арнайы білімді валеолог-мұғалімдердің алғашқылары республика жоғары оқу орындарынан бітіріп шықты, жылдан – жылға сандары да көбейе береді. Ескеретін бір жағдай салауаттану пәні – басқа биология,география, тарих сияқты мазмұны жағынан күрделі пән екендігін көпшілігіміздің әлі түсіне алмай келетіндігімізде.

Салауаттану сабағы жеңіл сабақ, оған арнайы білімнің  қажеттігі жоқ, оқушыларды ойнатса, жаттығу жасатса, жуынса, су құйса, дұрыс жүрсе болды, денің сау болады деп айта салу – пәннің мазмұнын ашпайды. Тіпті, салауаттанудың  беделін төмендетіп алған жоқпыз ба деген ой келеді. Олай дейтініміз, кез келген мұғалімнің валеология сабағын беруі, тақырыптардың  әр сыныпта қайталануы, оқу құралдарының аздығы, әр мұғалімнің сабақты әр түрлі өткізуі көпшілік қауымда  осындай ой туғызады. Мұғалімдер арнайы оқу құралы болмағандықтан материалдардыәр жерден жинақтайды,  көбнесе оқушыларға рефераттаржаздыруға әдеттендірді.бұл бір жағынан жақсы, оқушы ізденеді. Дегенмен, ол материалды оқушы Интернеттен, медициналық әдебиеттерден тағы басқа жинақтардан алатындықтан тақырыпты түсіну, меңгеру қиындайды. Міне, осы жағдайлардың бәрі жаңа ғана білім саласына  еніп жатқан мазмұны күрделі, өмірге қажетті пәнді оқытуда келеңсіз жағдайларға, оқушылардың пәнге қызығушылығын төмендетуге әкеледі деп ойлаймыз.оның бірінші  себебі, бұл пәннің бағдарламасының өзінің ерекшелігін, тақырыптардың қайталануының себебін түсінбеуден.  Бұл заңдылық бала саны өскен сайын берілетін материалда біртіндеп күрделенуі қажет. Егер материал үнемі қайталанса, онда пәнге деген оқушы ынтасы төмендейді, пән өз мақсатына жетпейді.

Екінші себебі, валеология пәнін арнаулы білімді валеолог маман, тіпті болмаса биолог, психолог мамандар оқыту қажет, олар дене тәрбиесі мұғалімімен, ата-аналармен, сынып жетекшілермен жалпы мектеп ұжымымен  бірлескен үлкен жұмыс атқарғанда ғана бұл пәнді оқыту үлкен нәтижеге жетеді.

Үшінші себебі, төменгі 1-4  сыныптарда салауаттану пәнінің оқытылуына аса назар аударылып, дұрыс жолға қойылса, материалдық база жасалса, мектепке келген оқушы жазу-сызуды, оқуды қалай  үйренгендігі сияқты, бұл пәнді де оқи отырып, өз ағзасын танып біліп, дұрыс отыру, жүру,  тамақтану, күн тәртібі, киіну, жуыну тәртібі, шынығу ережелерін – автоматты түрде біреудің айтуымен ғана емес, өз түсінігімен қажеттілікке  айналдыруы қажет. Бұл үшін валеология сабағын әліппе, жазу сабағы сияқты, аса мән беріп, бағдарламада көрсетілген білімдер мен біліктерді, дағдыларды дұрыс қалыптастыру керек. Ал, мұны арнайы білімді валеолог маман ғана іске асыра алады. Бастауыш сыныпта балада салауаттанудың негізгі бағыттары дұрыс қалыптастырылса, оқушы 1-сынаптан бастап өзінің «Денсаулық» төл құжатын күнделікті бақылау күнделігі сияқты одан да  ыждағаттылықпен іске асырса бала өз денсаулығына үлкен ән беруге үйренеді. Шынықтыру ережелерімен танысып, оны жүйелі жасайтын болады, оған оның ағзасы жаттығады. Балаға валеолог маман, ата-ана, өзге мұғалімдер көмегі қажет. Сонда ғана біз бала тәрбиесінде  жетістікке жетеміз

Төртінші себебі, ата-аналардың бұл пәнге аса көңіл аудармайтындығы  оның маңызын түсінбейтіндігінен. Бастауыш сынып оқушыларының ата – анасы жоғары сыныптарға қарағанда мектеп өміріне көбірек арласады. Осы мүмкіндікті пайдаланып, бала тәрбиесіндегі соның ішіндегі валеология пәнінің негізгі бағыттары бойынша үйде балаға үлкен көмек көрсетіп, денсаулықты сақтау мен шынықтыруға бағытталған дағдыларды дұрыс қалыптастырған жөн. Бұл дағдылар дұрыс қалыптасса, ол әдетке айналады.

Қазіргі толықтырылған, өзгертулер енгізілген бағдарламада көптеген өзгерістер бар, тек бұны дұрыс оқыту үшін валеолог маман әдістемелік жағынан көбірек ойлануы қажет. Валеология пәнінің мазмұны өте терең.

Бұл пәнді оқытуда:

  • оқушылардың жас ерекшелігі ескеріледі,
  • анатомиялық білім мен білік беріледі,
  • физиологиялық мазмұнына да тоқталады,
  • медицина жағы да аурудың белгілері, олардың алдын алу оқытылады,
  • әр түрлі ауытқулар оның себептері одан қарай арылуға болатындығы беріледі.
  • Шынықтыру ережелері кеңінен сөз болады,
  • Табиғат қорғау, қоршаған орта, экологиялық мәселелер қамтылады,
  • Сақтық шаралары оқытылады, зиянды әдеттер, оларға әуес болмау жолдары қамтылады.

Сондықтан да бастауыш  сынып мұғаліміне бұл бағыттардың барлығын теориялық жағынан толық түсініп, оны оқушыларға жеткізе білу  қиындық туғызары сөзсіз. Осы ретте мұны іске асыратын валеолог маманның болғаны дұрыс. Ол валеология сабағын беріп қана қоймай мектепте мынандай жұмысты іске асыруы қажет:

  • Оқушылардың денсаулық деңгейін анықтап, оларға кеңес беру;
  • Оқушылардың денсаулығын сақтауға негізделген кеңестер беру,
  • Жалпы мектепте салауаттану бағытындағы жұмыстарды ата-аналар мен мұғалімдер бірге ұйымдастыру,
  • әр адамның денсаулығы өз қолында екендігін түсіндіріп, оны іске асырға көмекші болу.
  • Бұл сабақтың бір ерекшелігі теориялық материал бірден практикалық жұмыстармен не нақты мысалдармен бекітілгендігінде. өйткені, барлық материал баланың өз ағзасын танып білу мақсатына жүргізіледі. Көпшілігі көріп істелініп жүрген істер.

            “Бақытты болу жағдайы, біздің дегенімізге жасаған қамқорлыққа байланысты болады. Дене үйлесімдігі арқылы салтанатты рух пайда болады.Ақыл-ойдағы айқындық өте-мөте күш-қайратқа негізделеді” (П.С.Брегг) – дегендей, оқушылардың бақытты болуы, өмір қуанышын қызықтауы, олардағы  әрекеттің барлық түрінің  жоғары нәтижелі  болуы — өзін-өзі жақсы сезінуі және дене мүшелерінің ең жоғары  деңгейде қызмет етуімен  тығыз байланысты.  Осы бағытта  жас жеткіншектерді тәрбиелеу  әрі тартымды және онша қиындықты  туғызбайды. Себебі, дені сау бала барлық  бастамалар мен істерге  қанағаттанарлық сезіммен, көтеріңкі көңіл күймен қатыса алады. Дүниеге сеніммен шаттана қарайды. Мұндай жағдай тұлғаның барлық жағынан дамуына  бірден-бір кепіл болады. Бұл тәрбиенің мақсаты ретінде  баланың әлеуметтену жағдайында нәтижелі ықпал етеді.  Сондықтан да, біз оқушылардың салауатты өмір салтын ынталандыру – тәрбиешілердің және мектептің тәрбие жұмысының негізгі бір бағыты болу керектігіне айрықша маңыз береміз.

“Өмір салты” – адамның денелік, интелектуальдық және еңбек әрекетін, тұрмыстық өзара қарым-қатынасын, дағдысын, орныққан мінез-құлық тәртібін, өмір сүру қатынас ерекшелігін жатқызуға болады. Олай болса, “өмір салты” – деннің саулығына нәтижелі ықпал  ететін “ салауатты өмір сүру” ұғымын білдіреді.

Қазіргі ғылым “салауатты өмір салтын”:

— ең жақсы үйлесімді тәртіп;

— иммунитетті және денені шынықтыру;

— дұрыс тамақтану;

— орнықты өмір сүру әдеті;

— зиянды әдеттің болмауы (“ауру қалса да, әдет қалмайды”);

— жоғары дәрігерлік белсенділік – деп түсіндіреді.

Қазақта “Деннің саулығы – бастың амандығы” – деген ұғым қалыптасқан.  Олай болса,  салауатты өмір салты және оны тәрбиелеу мәселесі, көптеген ғасырлар бойы  күн тәртібіне қойылып келе жатқан әлеуметтік маңызы бар күрделі мәселе. Себебі жаңа XXI ғасырдың адамы – дені сау рухы күшті, жан дүниесі таза адам болуы шарт. Сондықтан оқушылардың салауатты өмір сүруін қалыптастыру – мемлекеттің қамқорлығы. Дені сау адам – қоғамның маңызды құндылығы.

Деннің сау болуы – ол, яғни өмірді  шексіз сұлу, қуаныш сезіміне бөлену,  өмірден ләззат алу,  баланың жаңа жыл сыйлығын шыдамсыз тосқанындай, әрбір таңды, күнді асыға ризашылдық көңіл күймен  тосу және кешкілік қамкөңілсіз, кіршіксіз тәртіп ұйқыға кету, ең қажеттісі, өзіңді-өзің сүю, құрметтеуден басталады.

Ол үшін, оқушыларды алдына өмірлік маңызды мақсат қоя білуге тәрбиелеу қажет. Оған жету, ерінбей, шалдықпай үлкен еңбек етуді қажет етеді. Ондай еңбек – деннің сау болуын қажет етеді. Міне, тұрғысында оқушылардың санасын таза, сенімі айқын болуы шарт. Кімде кім өзінің өмірін  темекі түтінімен, ішімдік уытымен уласа, арам қылықпен өмір сүрсе, сол ертеңгі күнге сенімсіздікпен қарайды.  Ол үшін тіршілік, өзін қоршаған орта көңілсіз беймәлім, күңгірт болып келеді.  Осы қағиданы әрбір баланың жадына, зердесіне тоқыту,  жалпы адамзаттың, соның ішінде мектеп пен ата-аналардың мемлекет, қоғам, бала алдындағы міндетті борышы.

Философтардың айтуынша, бақытты адамдардың көңіл күйі тек оларды қоршаған қандай да болмасын өмірге ғана байланысты болып келмейтіндігі,  сонымен бірге  сол өмір туралы адамның өз ойы қандай болатындығына да байланыстылығы.  Осындай көзқарас баланың өзін-өзі дұрыс бағыттап, күш-жігерін реттеп отыруына көмектесуі мүмкін. Табиғат адам баласын бақытты және қуанышты өмір сүруге жаратса, ол оны тайсалмай және төзімділікпен  қарсы ала білуге дағдылануы қажет.

Бала кезден бізге мәлім болғанындай: “Қозғалыс – ол өмір”, “Деннің  саулығы – жанның саулығы”, “Орынды, дұрыс тамақтану – дұрыс өмір сүру және деннің саулығының кепілі”, “Күн, ауа және су – біздің ең жақын досымыз” – бүгінгі мектепте осы мәселе қалай қарастырылады? Ал,  табиғатты алсақ: орман, тоғай, өзен, көл және дала, оның әр түрлі табиғи  өсімдіктері мен шөптері; аспан – оның бұлттан құралған  кемелері немесе түнгі аспан  — өзінің айы мен жарқыраған жұлдыздары – осының бәрі айналып келгенде  мектеп оқушыларының санасына жетерлік  пе, әсіресе қала жағдайында ол қалай? Міне, көріп отырғанымыздай “Салауатты өмір сүру” мәселесіне  қатысты мұндай мысалдарды  шексіз келтіре беруге болады. Мәселе, оның санында емес. Мәселе, оның түпкі нәтижесінде! Мектеп өмірінде оның қолданысында!

Біздің көзқарасымызша, “Салауатты өмір сүру салтына” 3 идея негіз бола алады: дене үйлесімділігі, жан тазалығы, ақыл-ойдың айқындылығы. Бұл үшеуі  тәрбие жұмысының  мақсатын анықтау мен оны ұйымдастырудың негізгі қазығы, діңгегі және баланың өзін-өзі  тәрбиелеуінің  жетекші бағыты болуы тиіс. Ол үшін мұғалімнің өзі осы идеяның  маңызды жетекшісіне  айналуы тиіс. Ол өзінің педагогикалық  әрекетін “АҚИҚАТ, ЖАҚСЫЛЫҚ, ӘДЕМІЛІК” заңына байланысты атқаруы және соған сай өзі де өмір сүре білуі тиіс. Сонда ғана ол ақиқат дүниеге айнала алады.

Салауатты өмір сүру  идеясы және әдістемесі бүкіл тәрбие жұмысының өзегіне айналуға міндетті. Ол тәрбие процесінің нәтижесін жоғары көтереді. Ол үшін тәрбиешілер салауатты өмір  сүруді ынталандыру және оның жүйесін   құруы қажет. Ең алдымен, оның ұстанамын (принциптерін) басшылыққа алатын әдістемелік ережелерін анықтағаны жөн. Олар, мысалы төмендегідей болып құрылуы мүмкін.

Оқушылардың жеке басының салауатты өмір сүруі мен оны ынталандыру бағдарламасының болуы – бүгінгі өмір талабы. Ол үшін , мұғалімдерде көптеген ғылым саласынан жинақтаған білімдердің болуы шарт: философия, психология, анатомия және физиология, медицина, гигиена, валеология, педагогика, этикаэстетика, экология және тағы басқалар.

Қазіргі заманғ табиғи және әлеуметтік – экологиялық жағдайда балалардың денсаулығының жайы өте үлкен орын алады. Қазір бұл мәселе баланы оқыту мен тәрбиелеу проблемаларымен бірдй мәнге ие. Барған сайын мектеп қабырғасына денсаулығы  бұзылған немесе ақаулары бар, тіпті созылмалы аурулары бар балалар көптеп келе бастады. Мұның бәрі елеусіз қалдыратын мәселелер емес, өйткені баланың денсаулығы  мен оқу үлгерімі  медальдің екі беті тәрізді бір-біріне өте тығыз байланысты. Соңғы жылдары мектеп оқушыларының денсаулығының нашарлығы туралы көп айтылып келеді. Әйтсе де бұл жерде тек мектеп кінәлі ме? әрине, олай емес. Баланың денсаулығын сақтау мен нығайту, ең алдымен, ата-ананың басты міндеті. Денсаулықты жоғалту оңай, ал оны қалпына келтіруге кей жағдайда бір ғұмыр да жеткіліксіз. Кейде мектеп оқушыларының бар күш -қимылы жеткіліксіз болады, өйткені баланың мектепке дейінгі өмірі  тұтастай текке кеткен, орнын толықтыру мүмкін емес болып жатады. Бұл мәселенің шешімін ата-аналарға, дәрігерлерге жаба салуға да болар, әйтсе де бала денсаулығы күн өткен сайын нашарлап, кемістіктері кеми беретінін де ұмытпалық. Баланың негізгі уақыты мектепте  өтетіндіктен оның денсаулығына жауапкершілік те негізінен оқытушының мойнында. өйткені бала денсаулығы сыныптағы оқыту процесінің қалай ұйымдастырылғанына да байланысты. Денсаулығы жақсы бала оқыту процесінің  барлық түрлеріне қуана араласады, әрдайым жайдары, өмірсүйгіш қалпынан танбай, құрбыларымен де еркін араласып, ұстаздарына да жылы қабақ танытады. Бұл тұлғаның барлық қырының танылуының негізгі шарты. Демек, баланың бойында денсаулық мәдениетінің қалыптасуына басты мән беру керек. Бала кезінен денсаулықтың  алғы шарттарын, денсаулықтың заңдылықтары мен қарапайым қағидаларын бойына сіңіріп өскен бала өскенде де  осы бағыттағы ізденісін жалғастыратыны сөзсіз. Оларда денсаулыққа деген жауапкершілік көзқарасты, дене мәдениетін қалыптастыру, әр сабақта осы жағдайларды еске салып отыру, оқытушының бағытталған жұмысы балада өзге адамдармен қарым-қатынасты қалыптастыру,  өз бетімен, өздігінен өмірлік процестерге жауап таба білу сияқты қасиеттерді қалыптастырады.

Денсаулық сақтау кеңістігін қалыптастырудың оқыту жүйесі ұстаздың ізденісі, тәжірибесі негізінде педагогикалық философияның нанымдары мен принциптері жатыр. Бұл философияның басты ядросы – Бала қоғамның ең жоғарғы құндылығы деген принцип,  одан жоғары тұрған ештеңе болмауы керек. әр балада жасырын жатқан денсаулықтың генетикалық потенциалы бар, біздің міндетіміз біздің жүзеге  асуына қолқабыс жасау. Менің негізгі – принципім әр баланың бойындағы өмір резервін, өмірге құштарлық пен бейімділікті бірте-бірте,  өте сақтықпен оята білу. Ол құштарлық пен бейімділік, өмір резерві бала бойында дайын күйінде тұрған жоқ. Олар жаңа өсіп келе жатқан көшет тәріздес, тәрбие мен оқыту барысында пайда болады, қалыптасады,дамиды.

Бала бойында рухани беріктікті нығайту үшін балаға өзіне сенімділікті, өзін бағалауды үйрету қажет.

Тәжірибе жүзінде келесі мақсаттарды жүзеге асыруға болады:

  • негізгі білімді;
  • баланың өз мүмкіндіктеріне сай индивидуалды даму траекториясымен қамтамасыз ету;
  • оқушыларды білімді, жан-жақты дамыған, денсаулығы жақсы, рухани жағынан дамыған етіп тәрбиелеу;баланың бойында денсаулыққа деген жауапкершілік пен денсаулыққа әсер ететін факторлар туралы білім қалыптастыру;
  • таным сферасын дамыту (есте сақтау қабілеті, таным, пайымдау, ойлау, қиялдау);
  • агрессивтіліктің алдын алып өзара қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Мектептегі қазіргі оқытылып жатқан имандылық идеялардың діни бағыты басым. Имандылыктың қазіргі таңдағы адам ерекшелігіндегі құндылық қасиеттерінің бірі екені жүйесіз ескерілген.

Адамның материалдық қажеттіліктерінің бірі — физикалық дене мүшесінің саулығы. Бүгінгі күні ең маңызды мәселе— салауатты өмір салтын қалыптастыру. Яғни, адамның денесінің саулығы, сақталуы, нығаюы, ширауы, сергектенуі, еңбекке қабілеттілігі, құлшынысы, құштарлығы, ниеттілігі, ынталылығы — қалыпты биологиялық процесте тұруы, Ал рухани қажеттілік деген ұғым — рухани жетілу, яғни жанның тазалығына, адалдығына, имандылығына байланысты. Осы мәселе тәрбиенің қай жүйесінде болмасын толық қалыптасып, сыңаржақ қалып қоймауы қажет.

Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фараби: «Қайырымды қалалар мен халықтардың діндері әртүрлі болғанымен барлығы бір бакытқа сенеді, бір мақсатқа жетуге ұмтылады» — деген. Қай заманда да бір «Аллаға» деген сенім негізінде құрылған адамзат қоғамы адамгершілікті, имандылық пен мейрімі еркін, тәуелсіз де бейбіт қоғам болуын тілегенін тарихтың өзі дәлелдеп отыр.

Ислам діні қазақ топырағына Арыстан баб арқылы осыдан 13 ғасырдай бұрын насихаттала бастаған. Ислам дінімен енген «иман» — ұғымы «Аллаға сену», «наным», «сенім» түсінігін береді. Бір Аллаға сену арқылы имандылық негізінде адамдар өтірік, өсек, қиянат, қорлық, зорлық, қайырымсыздық деген сиякты «имансыз» әрекеттерден бойларын аулақ ұстаған. Ондай адамдардың көңілі тазарып, «Алланың нұрына бөленген» — деген сенімде болған.

Қазақ совет энциклопедиясында «Дін — әлеуметтік езгінің құралы ғана емес, ғылымның, прогрестің де жауы. Ғасырлар бойы дін адамның табиғатты танып білу, оның жойқын күштеріне бұғау салып, меңіреу жөніндегі ізгі істеріне бөгет жасаумен болды» (32 бет/ 4т. қ.с.э.) — делінген, сөйтіп тоталитарлық кезеңде тіліміз бен дініміз қиянатқа ұшырады.

Бірақ, ата-бабамыз ақ білектің күшімен, ак найзанын үшымен үлтарақтай жері үшін, үрпағы үшін күресе білді. Бірақ сонда да, ансаған армандары — тәуелсіздікке үміттеніп көз алдында сағымдай сырғып қала берген.

Әл-Фараби қағидасы бойынша, дүниені сақтайтын төрт тілек бар: Ғадалат — әділдік, турашылдық, сахауат — қайырымдылық, жомарттық, қанағат — барға ризалық және инабат дейді. Осылардың бәрі жақсы ниетпен туындайды. Бүл жөнінде пайғамбарымыз Мұхаммед Ғ.С. «Әр нәрсе адамның сөзіне емес, оның істеген ісіне байланысты» — деген.

Ұлттық педагогика саласында осы мұраларды кеңінен пайдаланып, мұрат «идеал» адам тәрбиелеудің түп қазығына айналдырудың маңызы зор. Абай айтқан «иманигүлді» ұрпақ санасына сіңіріп, тәлім-тәжірибеде пайдалана білсек, еңбектің нәтижелі болатынына күмән келтірмеген болар едік. Себебі Абай өзі ұстанған имандылық тәрбие идеясының өн бойында, адам бойындағы ең асыл қасиетті білуге құмарлықты дәріптеу арқылы адамның шексіз даму құдіреттілігін жоғары қояды. Осы орайда оның «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім» деген сөзі дәлел болады /2/.

Шығыс поэзиясынан орын алған жүректің культі «иманигүл» Абай шығармаларында, ал ақылдың культін Абу Али ибн-Сина «имани ақыл» атауларын арнайы қолданған.

Имани ақылды, яғни ақылдың культін мадақтайтын Рудаки, Фирдауси, ибн-Синаның шығармаларынан кезедестеріміз.

Осы орайда имандық туралы танымның табиғаты, оның шығу төркіні оның даму жолын имандылық негізде салауатты өмір салтын қалыптастыруда қолданудың маңызы зор.

Жалпы адамның жетілуі — оның рухани дүниесі, адамшылық қасиеттері, мінез-құлқының жетілуімен сайма-сай келеді. Мұндай қасиеттердің жетілуі адамның денесінің жетілуімен байланысты. Ал адамның денесінін жетілуі — денсаулық.

Салауатты өмір салтын имандылық негізінде оқушылардың бойына сіңіруде ислам дінінің парыздары былай деген:

— әрбір мұсылман қолынан келгенше бір-біріне жақсылық қылуы керек. Ісімен болсын, сөзімен болсын, мейлі тілімен. Ең болмағанда, жақсылық тілеп тұруы абзал;

— қанағатшылыкқа, инабатқа, сабыр, ар сактауға, уағадашылық
пен ынсаптылыққа ұмтылдыру;

— еңбек етіп өз отбасын асырауы;

— адам рухына, түр-түсіне, нәсіліне, байлығы мен дәрежесіне
қарамай, Алла алдында тең, демек, жер бетінде де тең;

— білім алуға, бейбітшілікті сақтауға міндетті;

— адам мінезіне қызғаншақтық емес, жомарттықтың үш түрін
ұсынады: көз, қол, көңіл жомартығы;

— маскүнемдік,   есірткі,   ұрлык,   өтірік  айту   —   иманның,
мұсылманның жауы;

— ата-ананы, ұстазды кұрметтеу, көрші-ағайынмен тату-тәтті өмір сүру;

— гигиеналық талап өте жоғары дәрежеде дәріптеледі.
Имандылық негізінде   адамгерішілікке, эстетикалық тәрбиеге, дене саулығына, салауатты өмір салтына, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрге тәрбиелеу қажет.

Осыдан мынадай тұжырымға келуге болады:

І.Ойы саудың — жаны сау. Жеке тұлғаның білімге, ғылымға деген ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін дамыту, ой парасатын қалыптастыру.

2.Жаны саудың — тәні сау. Ұлтымыздың төл мәдениеті, салт-дәстүрлері, әдет-ғұрпы арқылы жеке тұлғаның сана-сезімін, имандылық қадір қасиетін қалыптастыру бағытында жұмыстар ұйымдастыру.

  1. Тәні саудың — дені сау. Адамның бір байлығы — денсаулық. Халқымыздың тән тазалығы дене сымбаты жайлы мұрасы мол. Осы мұраның негізінде жеке тұлғаны салауатты өмірге бағыттау, олардың тән саулығымен, жан сұлулығының, имандылығының қалыптасуына көмектесу, багыт беру.
  2. Ісі саудың — өмірі сау. Еңбек дағдысын жеке тұлғаның бойына жастайынан сіңіру, адал, үлкен жауапкершілікпен, іскерлікпен еңбек ету арқылы өмірін көркейтуге бағыттау.

Мамандар жасап шығарған әр түрлі сауықтыру жүйелерін де пайдаланған дұрыс. Ең бастысы, адам өз денін сауықтырып, денсаулығын қалпына келтіре алады деген қағидаға сену керек. Осыны жүзеге асыра отырып,әр оқушының денсаулығын қалпына келтіріп, оны жақсарта түсугеарналған бағдарлама жасауға болады. Оны ненің негізінде жүзеге асыру керек?

Біріншіден, сабақ барысында отыру қалпын динамикалық алмастыру арқылы өткізіледі. Яғни, бала өзінің дұрыс отырған, отырмағанын, отырысын алмастырып отырады. Оны бір рет үйренген бала өзінің отырысын қадағалай алады. Ол омыртқа жотасының түзулігін сақтауға мүмкіндік береді, өйткені омыртқа адамның өмірінде өте үлкен қызмет атқарады, біздің көптеген ауруларымыз да оның дұрыс қалпының бұзылуынан туындайды. Бұл адам ағзасының энергетикасының негізі. Сондықтан да сабақ барысында баланың дұрыс отыруын қадағалау – ең басты міндет.

Екіншіден, сабақ барысында дене бұлшық ет жүйесін және көру жүйесін ширататын сергітулер өткізіледі. Оны В.Ф.Базарныйдың жүйесі арқылы көру траекторияларының жүйесін қолдана отырып жүзеге асыруға болады. Мысалы, «спутник» жүйесінде төбеге ілінген түрлі-түсті «планетелерға» назар аударту (сынып бөлмесіне, төбесіне түрлі- түсті шар қолдан жасалған жұлдызшалар ілу арқылы бұл жаттығуды жасауға болады), оларды іздеп табу арқылы көз жанарын, дене бұлшық еттерңін қозғалта отырып, көз бен денені сергіту шараларын жүзеге асыруға болады. Сорл арқылы көру координациясын кеңістікте бағдарлау реакциасын дамытуға болады.

Үшіншіден сабақтағы көрнекі құралдар  барынша жылжымалы болуы керек оны ұдайы қозғалту, құралдарды қадағалап отырған балалардың көз белсенділігін арттырады. Олардың жалпы белсенділігі де жоғарылайды. Мысалы, карточкаларды сынып бөлмесінен кез келген нүктесіне апара отырып, бала назарын аудартуға болады.

Төртіншіден, жазу барысында арнайы дайындалған каллиграфиялық нұсқаларды қолдануға болады. Бұл балада аса жоғары шығармашылық, эстетикалық талғамын оятады, «көз-қол» психоматорикалық жүйесін дамытады. Мысалы, балалардың жасына сай өлең, тақпақтар оқыта отырып, оны бала қалай қабылдаса графикалық бейнелеп беруін өтінуге болады. Оларға маторикалық еркіндік бере отырып, өзінің сол сәттегі әсерін қағаз бетіне бере алатын графикалық плассикасын дамытуға қол жеткіземіз. Бұл, әсіресе, төменгі сыныптарда үлкен нәтиже береді.

Бесіншіден, хор арқылы айтылатын әннің әсері өте жоғары. Түрлі әндерді сүйемелдеу арқылы орындай отырып музыканың бала психикасына әсерін эмоцианалды әсерленуді пайдаануға болады. Сонымен, бірге музыкалық гимнастиканы, яғни саз ырғағымен дене қимылдарын орындауды бейді де қолдану керек.

Алтыншыдан, сабақтағы физкултьминутқа, яғни жалпы шаршауды сейілтетін қолдарын, саусақтарын де алдыратын көру және есту қабілеттерінің  дамына әсер ете алатын, қысқа ғана жаттығулар жиынтығы.

Жетіншіден, барлық оқу пәндеріне сауықтыру компоненттерін қосу. Бір ғана валеология сабағында денсаулық туралы оқыту. Бұл сабақтың сирек өткізетінін ескерсек, жеткіліксіз болатыны сөзсіз. Сондықтан да барлық пәндкр арқылы кешенді түрде баланың өз денсаулығын сақтауға үйретуден жалықпау керек. Оған неше түрлі әдістерді қолданып денсаулық тақырыбындағы материалдарды, диктаннттар, шығармаларды пайдалануға болады. Демек, оқытушы әр сабақта оқушыларға денсаулықты сақтау мен жақсарту туралы мәліметтер бере алады.

Сегізіншіден, сабақтан тыс уақытта сауықтыру шараларын жүктеу. Оған төмедегі шараларды жатқызамыз::

  • Күнделікті таңертеңгілік жаттығулар жасауға үйрету.
  • Сыныпта денсаулық сақтау шараларына арналған көрнекі құралдардың, стендтердің болуы. Оны жасауға ата-аналар мен балаларды да қатыстыру керек.
  • Валеологиялық паспорт жүргізу. Онда баланың:
  • ауырып қалған күндері;
  • денсаулық тобымен дене шынықтыру тобы туралы мәліметтер;
  • дене сымбаты мен көру қабілетінің көрсеткіштері;
  • спорт түрлері мен айналысуы, ондағы жетістіктері мен жеңістері туралы мәліметтер міндетті түрде болуы тиіс.
  • Оқушылар өздері денсаулық күнделігін жүргізуі тиіс. Онда денсаулық тақырыбындағы ақпараттар, кеңестер, өзіндік сауығу жоспары болуы керек.
  • Әр оқушыға жеке папка арналуы керек. Онда психологиялық-педагогикалық карта, психолог пен дәрігердің ұсыныстары, баланың жеке даму картасы, оқу бағдарламасын игерудің диагностикасы сияқты құжаттар қаралуы тиіс.
  • Түрлі мейрамдар спорт ойындарын, эстофеда конкурстар, бикториналар, сынып сағаты , әңгімелер ұйымдастыру.
  • Баланы еңбекке баулу.үй жұмыстарын орындауға ынталандыру. Оны ата-аналарымен ақылдаса отырып жүзеге асыруға болады.

Осы жұмыстардың нәтижесінде төмендегі жетістіктерге қол жеткізуге болады:

  • оқушылардың оқу бағдарламасын игерудің деңгейі артады;
  • балалардың көру қабілеті мен дене сымбаты сақталады;
  • олардың жұмысқа деген қабілеті артып, мінездері жақсарады;
  • балаларда денсаулықты ең басты құндылық ретінде қарастыратын көзқарас қалыптасады;
  • бала санасында өмірсүйгіштік өзгені сыйлау сияқты жақсы қасиеттер оянады;
  • ең бастысы балалар адам денсаулығының қандай болмағы – оның өз қолында екендігін түсінеді.

Салауатты өмір салтын құруға қатысты дәрігерлердің берген кеңесін ұсынамыз:

1.Күн сәулесін пайдалану.

  1. Таза ауамен демалу.

3.Таза суды пайдалану.

4.Табиғи тамақтану.

  1. Ашығу.
  2. Дене жаттығулары.
  3. Жақсы демалыс.
  4. Жақсы мүсін.
  5. Ақыл-ес.

Салауатты ұрпақты кәмелет жасқа дейін тәрбиелемей елеміздің өркендеуіне  қол жеткізу қиын шығар. Бұл – тек қана педагогика немесе  психология, ия болмаса, медицина салаларының алдындағы мәселелер емес, қоғамның салаларына  ортақ өзекті мәселелердің бірі.

Салауатты ұрпақты тәрбиелеуді жүзеге асыру оқушы санасын салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған біліммен құралдандыруға негізделеді. Күні бүгінге дейінгі осы тақырыпқа арналған  әдебиеттер мазмұнына көз тастайтын болсақ, физикалық  жаттығулар жасау, гигиена талаптарын орындау, зиянды әдеттерге бой алдырмау секілді  көптеген мәліметтердің берілуі салауатты өмір салтының мазмұнын толық ашып бере алмайды.

Салауатты өмір салты организмнің тәулік бойы қозғалыста болуы, қозғалыстың белсенділігі; шынығу – мүшелер жүйесінің қызметін арттырады, сыртқы орта мен аурулар секілді жайттарға қарсы тұруына көмектеседі; уақытында сапалы,  дұрыс тамақтану; гигиена талаптарын дұрыс  қадағалауға әрекет жасау; жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау; дұрыс мінез-құлық; өз қасиеттерін басқара білуге арналған және жүйкесі тозудан сақтандыруды қалыптастырудағы психогигиена; жыныстық тәрбие, жыныстық қатынастар арқылы жұғатын аурулардан сақтандыру;  күнделікті тұрмыста, көшеде, мектепте жарақаттанудың алдын алу; зиянды әрекеттерге берілмеу секілді компоненттерді қамтиды.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру тақырыбындағы негізгі кеңестер деп осы саладағы ғылыми және діни әдебиеттерді, әр түрлі еңбектерді, теледидар-радио бағдарламаларын, басылым бетіндегі салауаттылыққа арналған мақалалар мен денсаулық сақтау органдары қызметкерлерінің кеңестерін атап көрсетуге болады.

      2.2. Салауатты өмір салтын қалыптастыру мүмкіндіктері

       Жас өспірімді салауатты өмір салтына тәрбиелеу мәселесі бойынша психологиялық, педагогикалық зерттеулерге, оқу-әдістемелік құралдар мен бағдарламалардан алынған мәліметтерге жасалған талдау қорытындысы:

1.Жас өспірімнің салауатты өмір салтына негізделген жеке іс-әрекет стратегиясының қалыптасуына бағытталған  салауатты өмір сүру салтына тәрбиелеудің негізгі мақсатын анықтауға мүмкіндік берді.

2.Халықтың педагогикалық құралдарын пайдалану арқылы жас өспірімді  салауатты өмір сүру салтына тәрбиелеудің негізгі ерекшеліктері мен міндеттерін көрсету;оптимальді психологиялық, педагогикалық жағдайын жасау және жас өспірімге “салауатты өмір сүру салты” түсінігін сезіндіру; оларға өзін тәрбиелеуге көмек көрсету; жас өспірімдердің өз өміріне, денсаулығына жауапкершілігін арттыруға және қалыптастыруға болады. Негізгі және байланыстырушы  элемент болып табылатын салауатты өмір сүру салты бойынша  сауаттылық және түсінік жас өспірімдердің салауатты өмір сүру тәрбиесінің  қалыптасуының құрылымдық моделін жасауға; осы құрылымдық модель негізінде сыныптан тыс жұмыстар үрдісіндегі жүргізілген эксперименттік жұмыстарға дейінгі және кейінгі салауатты өмір салты тәрбиесі деңгейін анықтауға болады.

3.Сыныптан тыс жұмыстар үрдісінде салауатты өмір салты тәрбиесін ұйымдастырудың психологиялық, педагогикалық жағдайын көрсету, мысалы, жас өспірімдердің дамуының жасына қарай ерекшеліктері, аймақтық, этникалық, демографиялық және табиғи ерекшеліктері әлеуметтік – психологиялық және жеке іс-әрекеттік жағдайлар жас өспірімнің денсаулығын сақтауына бағытталған мақсатты іс-әрекетін анықтауға септігін тигізеді.

4.Жас өспірімді салауатты өмір салтына тәрбиелеу жұмысының құрылымдық моделін  көрсетілген жағдайлар негізінде құруға мүмкіндік береді.

Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу барысында салауатты өмір салтын қалыптастырудың теориялық моделін жасау кезінде  педагогикалық ұжым мен басшылардың кәсіби дайындықтары ескеріледі.эксперимент нәтижесіне талдау жас өспірімдерге салауатты өмір сүру салтын қалыптастырудың педагогикалық жағдайын және тұжырымдауға мүмкіндік туғызады.

Жас өспірімдерге салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру бойынша мектеп мұғалімдерімен жүргізілген жұмыс барысыда төмендегі қағидалар басшылыққа алынды:

1.Ізгілікке бағытталған тәрбие үрдісі мұғалімнің курстық дайындығының мазмұнын айқындайды.

2.Инновациялық жұмыстардың көп нұсқалығы сыныптан тыс жұмыс бағыттарының мазмұнын толықтырады.

3.Сыныптан тыс жұмысты жүргізуде мұғалімнің дайындық жүйелілігі балалар дамуы (физиологиялық, психикалық) туралы ғылыми білімге ие болуын қарастырады.

Өз тәжірибемізден мысал келтірейік. Практикада жүргенде төмендегідей сабақ өткіздік.

Сабақтың тақырыбы: Салауатты өмір – денсаулық кепілі.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: салауатты өмір салты жайлы оқушылырдың ой-пікірін қозғау, өміргк деген көзқарасын қалыптастыру;

Дамытушылық: оқушылардың жеке басының гигиеналық тазалығы және дене қозғалысы жаттығуларын үнемі жасауға, денсаулықты күтіп отыруға бейімдеу, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарау сезімдерін дамыту;

Тәрбиелік: оқушыларды тазалыққа, әдемілікке, ұқыптылыққа, жинақылыққа, әдептілікке, салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: панорамалық сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, тірек-сызба, сұрақ-жауап, көрнекілеу,әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі: плакаттар, суреттер, буклеттер, үлестірмелі қима қағаздар.

                              Сабақтың барысы:

  1.Ұйымдастыру кезеңі: амандасу; түгелдеу; оқушылар назарын сабаққа аудару.

I.Үй тапсырмасын сұрау.

  • үйге берілген тапсырманы сұраймын. (“Венн диаграмма” әдісі арқылы талдатамын).

II.Жаңа сабақ.

    Бүгінгі біздің өтетін тақырыбымыз: “Салауатты өмір – денсаулық кепілі” оқушыларға “Салауатты өмір салты” деген сөзге ассоциация құрғызамын

Оқушыларға жаңа тақырыпты  сурет бойынша түсіндіремін.

  1. Ауыз қуысы біздің денсаулығымызды сақтайтын жеріміздің бірі. Тісті біз таза ұстауымыз керек. Яғни, тісті күнде екі рет жуу қажет.
  2. Тамақты өз уақытында, үш мезгіл ішуіміз керек. Сол кезде денсаулығымыз мықты болады. Тамақ ішер алдында қолымызды жууымыз керек. Тамақ адамға күш-қуат, жігер, ынта, ниет беріп тұрады.
  3. Суға апта сайын түсу бізге пайдалы. Бойымызды таза, ұқыпты ұстау дене мүшеміздің дамуына көп көмегін тигізеді.
  4. Ұйқыны уақытында ұйықтап, таза бөлмеде дем алуымыз қажет.
  5. Партаға дұрыс отыру омыртқа жотамыздың жақсы дамуына көмегін тигізеді.

III. Пысықтау:

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың басты мақсаты дені сау болу, білімді, денсаулығы зор ұрпақ өсіру, жан-жақты білім арқылы денсаулықты сақтауға үйрету. Кез келген әрбір адам физикалық, рухани, әлеуметтік тұрғыдан  денсаулығы мықты болу үшін салауатты өмір салтын ұсынуы тиіс. Жат әдеттен аулақ болып,  уақытты босқа өткізбей, денсаулыққа пайдалы іспен айналысу, мысалы, таза табиғатқа серуенге шығу, жүгіру, суға шомылу жене тағы басқаларды ескерген жөн.

“Ең басты дәрі-дәрмек – таза ауа, суық су, ара мен бата” деген қағиданы кім қалай түсінеді? Пікірлеріңді тыңдайық.

Ал, балалар, сендер жас кездеріңнен салауатты өмір салтының талаптарын өз бойларында қалыптастырып, әдетке айналдырсаңдар, дәрігерге аз барасыңдар, өмірдегі мақсаттарыңа еш кедергісіз  жетесіңдер, білім алуға уақыттарың көп болады.

  1. Қызығушылығын ояту. “Кім тапқыр” ойыны.
  2. Дөп-дөңгелек қос шыны,

     Бұзылмайды достығы.

     Өмір бойы екеуі,

     Қол ұстасып өтеді.                        (Көзілдірік)

  1. Асқар тауда, қалың орман,

Кейде оны шөптей орам.              (Шаш)

  1. Сылдыр сұйық, су емес,

Ішсең сусын қанады,

Ақ болса да қар емес,

Шешуін кім табады.                     (Сүт)

  1. Көрінбейді көзіңе,

Тіл қатпайды өзіңе.

Жығады ол күн сайын,

Балуандардың өзін де.                 (Ұйқы)

  1. Оң жағымда бес сарбаз

Сол жағымда бес сарбаз.             (Он саусақ)

  1. Сергіту сәті.

Тұрады алшақ аяғым,

Кері еді көкірек.

Еркін тыныс аламын

Санаймын:

-Бір! Екі! – деп.

Дене шынықтыру жаттығуларын көрсету.

Ән:

Солдат болам мен ертең

Тасытқан соң күшімді,

Шынығуды бітіріп,

Тазалаймын тісімді,

Жуынамын күтініп.

 Оқушыламен бірге отырып жаттығу жасап, сөзжұмбақ шештіремін.

  1. “Денсаулық” сөзіне мақал-мәтел айту.

Д – Дәрі шөптен, ақыл көптен

Е – Емнің алды еңбек

Н – Негізгі байлық денсаулық

С – саулық байлық негізі

А – Ас адамның арқауы

У – У ішсең өлерсің

Л – Ластың досы шыбын

Ы – Ыдысы тазаның ырысы таза

Қ – Қотыр қолдан жұғады

VII.Шығармашылық жұмыс. Балалардан дені сау адам қандай болу керек екенін сұрап, толықтыру. Дені сау адам ол қандай адам?

Дені сау адам:

  • шыныққан
  • еңбекқор
  • білімді
  • көңілді
  • қоғамға пайдасын тигізеді
  • белсенді
  • кез келген мәселені шеше алады
  • елімізді көркейтеді
  • денсаулығы мықты.

VIII. Сөзжұмбақ.

Сұрақтары:

  1. Адамның басты байлығы не?
  2. Дені сау адамның көңілі қандай болады?
  3. Біз салауатты өмірдің несін сақтауымыз керек?
  4. Деніміз сау болуы үшін не ішуіміз керек?
  5. Сау денеде салауатты не болады?
  6. Асқар тауда қалың орман,

       Кейде оны шөпей орам.

  1. Жаны саудың несі сау?
  2. IX. Қорытынды.

Оқушыларды үш топқа бөліп “Егер де мен ” ойынын ойнатамыз. Ойын шарты бойынша 1-ші топтағылар мұғалімдер, 2-ші топтағылар  спортшылар, 3-топтағылар дәрігерлер болып, “Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі” тақырыбы бойынша өз ойларын жазады.

  1. Үйге тапсырма: “Салауатты өмір сүрейік” тақырыбына эссе жазу.

            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

    Денсаулықтың қай анықтамасы болсын оны адам организмінің бейімделуі, қарсыласуы, күресуі, өз мүмкіндіктерін кеңейтуі деген тұжырымға негізделген. Бірақ денсаулықты организмнің атқаратын қызметтерін ескермей пайымдау мүмкін емес екені де күмәнсіз. Адам – тірі жүйе,оның негізін физикалық пен рухан, табиғи мен әлеуметтік, тұқымқуалай берілген және жүре қалыптасқан бастамалар құрады. Денсаулық тіршілік барысында жастық ерекшеліктеріне, организмнің қоршаған ортамен арақатынасына, әлеуметтік әрекеттер ерекшеліктеріне байланысты қалыптасады. Денсаулық организмнің өзгермелі сыртқы және ішкі ортаға бейімделуін, ағза жүйелерінің қызметтік қорларын, генеративтік, танып білу және әлеуметтік қызметтерді сақтап кеңейтуге бағытталады. Мұндай  сау адамға тән қызметтерді іске асыруға көптеген сыртқы және ішкі факторлар, соның ішінде әлеуметтік-мәдени-саяси жүйе, жеке бастың өмір салты, денсаулық потенциалы, бейімділіктері мен қабілеттері, қоршаған орта. Демек, денсаулық әдістемесі адам ағзасын сыртқы ортамен тығыз байланысты біртұтас жүйе ретінде қарайтын жүйелі тәсілге негізделген кешенді, тұтас, көп өлшемді болуы керек.

  Осы негіздерге сүйене отырып жүргізген  зерттеу жұмыстарымыздың негізгі бағыты денсаулық деңгейінің қаншалықты дәрежеде екеніне көз жеткізу.

  Демек, салауатты өмір салтын насихаттау жұмысы жылдан-жылға толықтырыла түсетін болса дені сау, жаны сау ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндігіміз артатынана толық сенім білдіреміз.

Үшінші күйді дер кезінде анықтап, ағзаның не оның белгілі бір мүшесімен жүйесінің әлсіреген қызметтік қорларын толықтыру, сол арқылы денсаулық потенциалын арттыру. Бұл мәселе  ағзаның әр жүйесіне тән өзіндік физиологиялық қорларын арттыру немесе компенсаторлық механизмдерді жұмылдыру. Яғни ағза жүйелерінің қорлары, денсаулық қорын түзеді. Денсаулық қоры неғұрлым жоғары болса, соғұрлым денсаулық саны көп, ал ауру қаупі керісінше төмен. Біздің зерттеу жұмысымыздағы адам ағзасындағы физиологиялық қорды бағалау принципі жүрек ырғағын реттеу қызметінің қаншалықты орталықтандырылғанын ескеруге негізделген.

Валеологияда қолданылатын пайымдаушылық әдістемесінде денсаулық ағазаның сыртқы орта әсерлеріне бейімделудің физиологиялық механизміндеріне, оның өзінше ұйымдастыру, даму және сақтана білу қабілеттеріне негізделген. Валеологияда ағза жүйелерінің қорларын, олардың генетикалық, физиологиялық, психологиялық, генеративтік қызметтерін тұрақты деңгейде сақтау және іс жүзінде асыру механизмдерін толтыру қорларын зерттейді.

          Жоғарыдағы зерттеу жұмысымызды қортындысын бағалай келіп төмендегідей оймен түйіндедік – ол, жас ұрпақтың толыққанды денсаулығын қалыптастыру.  Денсаулықты қалыптастыра отырып сақтау, нығайтудың, аурудан сақтанудың бірден – бір жолы – салауатты өмір салты, денсаулық мәнін әр адамның саналы түрде түсініп, сауықтыру процесіне белсене қатысуы. Демек, валеологиялық бейімділігі бар адамды тәрбиелеп қалыптастыру – “Қазақстан — 2030” ұлттық сауықтыру бағдарламасын іске асырудың  басты бір  шарты.

       Салауатты өмір салтын қалыптастыруда халық педагогикасының маңызы зор.

 Қорыта айтқанда,  бастауыш сыныптағы бала жақсы балалардың бүкіл мүшелерінің қалыптасып дамуындағы ең қарқынды кезең. Дәл осы кезде гигиеналық дағдыларды үйретіп отырып, оның аңыздылығын түсініп, үйреншікті дағдыға айналдыра алсақ, өз денсаулығын сақтауды және шынықтыру жолдарын үйретіп, әр қадамын саналылықпен ойлайтын жастарды қалыптастыраалсақ, пәнді оқытудағы мақсатқа жеттік деп айтуымызға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030. Ел президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Білім, 1998.
  2. Жанабердиева К.А., Адылханов А.С. Қазақстан Республикасының үздіксіз білім беру жүйесіндегі салауатты өмір салтын қалыптастырудың тұжырымдамасы. //Валеология. Дене тәрбиесі. Биология және салауаттылық негізі.№1-2003.
  3. Әлімжанова Г. Салауатты өмір салтын ұстау. //Бастауыш мектеп, №2-2004.
  4. «Салауаттану денсаулықты сақтау» бағдарламасы бойынша СӨС-ке қалыптастырудың тұжырымдамасы. К.Н.Сатпаев, А.С. Әділханов, Л.З.Тель. – Алматы, 2002.
  5. Сәулебекова М.. Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі. //Биология және салауаттылық негізі, №3-2005.
  6. Бейсеева Г.Б., Бейсенова Ә.С.. Адам экологиясы. – Алматы, 2001.
  7. Ормантаев К.С., Ешмұқамбетов С.Н.. Экология және адам мен бала денсаулығы. – Алматы, 1991.
  8. Өмешұлы Ә. Дене шынықтыру – салауатты өмірнегізі. //Биология және салауаттылық негізі. №3-2004.
  9. Есімова А.. Салауатты өмір салтын қалыптастырайық.// Денсаулық. №5, 2002 жыл.
  10. Икіманова Т.Саулық пен сымбат. – Алматы, «Қайнар» 1991жыл.
  11. Турик Г.Г., Крюкова А.А. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенсы. – Алматы, «Мектеп», 2003.
  12. Құрманғалиева Б.Сымбат және денсаулық. //Биология және салауаттылық негізі. №2-2004.
  13. Нұридинов Г.Салауатты өмір салтына құрылымдық моделі. //Биология және салауаттылық негізі.№3-2003.
  14. Исимова А.Салауатты өмір салтын – қалыптастыру. //Биология және салауаттылық негізі. №5-2003.
  15. Өмешұлы Ә.Денсаулық туралы не білесіз?. //Биология және салауаттылық негізі. №1-2004.
  16. Досқалиев Ж.А., Ақанов А.А.. Оқушылардың денсаулығын жақсартудың проблемалары. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың, аурудың алдын алудың және денсаулықты нығайтудың өзекті мәселелері. //Биология және салауаттылық негізі. №2-2002.
  17. Матюшонок М.Т., Турин Г.Г., Крюкова А.А.. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы. – Алматы. Мектеп. 1986.
  18. Сатпаева Х.К., Нілдібаев Ж.Б.. Валеология. – Алматы. Ғылым,1999.
  19. Амосов Н.М.. Денсаулық туралы толғаныстар. – Алматы. Қазақстан,1989.
  20. Ормантаев К.С., Ешмұқанбетов С.М. Экология және адам мен бала денсаулығы. – Алматы,
  21. Сәтбаева Х.Қ., Нілдібаева Ж.Б «Валеология» Алматы, 1999, №5-14б
  22. Жатқанбаев Ж.Ж. «Валеология» Алматы, 2004ж, №7-28 б
  23. Тель Л.З., Даленов Е.Д. «Валеология» І,ІІ том Астана 2002ж 6-13б
  24. Мустафина Т.К. Спорттық медицина. А., 1997, 317с.
  25. Мустафина Т.К. Основы валеологии. А., 1999, 116 с.
  26. Торманов Е.Т. Валеология.  А. Қаз. Университеті., 2000.  
  27. Апанасенко Г.Л. Медицинская валеология.  М., 2000.
  28. Брехман И.И. Валеология – наука о здоровье. М., ФиС.,1990, 207с

 Билич Г.Л., Назарова Л.В. Основы валеологии. –Санкт-.Петербург,1997, 467с.