АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. . Оқушылардың тіл байлығын дамытуда ертегілерді

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ

 

I-ТАРАУ. Ертегілерді   оқушылардың  тілін  дамытуда  пайдаланудың

педагогикалық негіздері

1.1 Халық  ауыз  әдебиеті және  оның  түрлері

1.2. Оқушылардың  тіл байлығын дамытуда ертегінің орны, зерттеуші   

       ғалымдардың ой — пікірі

 

ІІ-ТАРАУ. Оқушылардың  тіл  байлығын   дамытуда  ертегілерді            

пайдаланудың   әдіс- тәсілдері

2.1. Ертегілердің  тәрбиелік  мәні және  оларды оқу  —  тәрбие  процесінде       пайдаланудың    жолдары

2.2.  Ертегілерді  оқушылардың тілін дамытуда пайдалану

тәжірибесі және оның нәтижесі

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

Кіріспе

 

Дипломдық жұмыстың көкейкестілігі.  Ертегілер әрқашанда қазақ халқының өмірінде маңызды роль атқарып келген. Себебі, ертегілердің мазмұнында халықтың тұрмыс тіршілігі салт-дәстүрі, әдет- ғұрпы, бүкіл болмысы, адамдардың өзара қарым-қатынасы, мінез-қүлқы т.б. бейнеленген. Ұрпақ тәрбиесінде ең тиімді тәрбие құралы ретінде ертегілер тілі жеңіл, түсінуі оңай болғандықтан, ертегілердің балаларға отансүйгіштік, еңбексүйгіштік, т.б. тәрбиелер беруде ғана емес, олардың тілін дамытуда да атқарар қызметінің маңызы өте зор. Ертегілер бастауыш мектеп оқушыларының ой-өрісін жетілдіріп, Отанын сүюге, елін қорғауға, өнерді игеруге, жалпы адамгершіліктік құндылықтарды бойына сіңіруге септігін тигізеді. Сонымен қатар баланың сөздік қорын да молайтуда қызметі өте зор. Ал сөздік қоры мол, тілі дамыған бала — үздік оқушы, себебі жоғарыда аталғандар — жақсы үлгілердің негізі. Ой өрісі дамып, сөздік қоры молайған баланың айтар ойы да, істер ісі де өнегелі болмақ. Демек, бала тілін дамыту — қоғам дамыған сайын күнделікті қажеттілікке айнала беретін ең өзекті мәселелердің бірі. Оның үстіне еліміз егемендік алғалы бері мемлекеттік тілде сөйлеу соны оқыту әдістемесін жетілдіру, соның ішінде, бала тілінің дамуы мен сөздік қорының молаю мәселесі әдіскер ғалымдардың зерттеуінен түспей, назардан тыс қалмай жүрген мәселелердің бірі. Сондықтан диплом жұмысы өзекті мәселеге арналған деп білеміз және де ертегілер арқылы бастауыш мектеп     оқушыларының     тілін    дамыту енді-енді ғана қолға алынған мәселе екендігін ескерсек,   біздің  жұмысымыздың көкейкестілігі даусыз    екендігіне ешқандай күмән жоқ.

            Дипломдық жұмыстың объекті. Бастауыш мектептегі  оқу  —   тәрбие процесі.

            Дипломдық жұмыстың  пәні. Ертегілер арқылы оқушылардың  тілін дамыту  процесі.

 

Дипломдық жұмыстың мақсат. Қазақ халқының ауыз әдебиеті жанрларындағы ертегілерді оқыту барысында пайдаланып, балалардың тілін  дамыту  жолдарын  көрсету.

Дипломдық  жұмыстың міндеттері:

  • түрлі   әдебиеттерді  пайдалана  отырып  халық ауыз әдебиеті туралы қысқаша  мағлұмат  беру;
  • ертегілердің  түрлері  мен  олардың  тәрбиелік  мәніне  шолу;
  • оқушылардың  тілін  дамытуда    ертегілердің    рөлін  сипаттау;
  • бастауыш  сынып  оқушылардың тілін  дамытуда  ертегілерді  пайдаланудың  әдістемесін  ұсыну.

Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы: Бастауыш мектепте ертегілерді оқыту арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын арттыруға, сол арқылы тілін дамытып, сөздік қорын молайтуға   қол жеткізуге болады.

Диплом жұмысының құрамасы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан,  қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

I  ТАРАУ. Ертегілерді   оқушылардың  тілін  дамытуда  пайдаланудың  педагогикалық негіздері

 

1.1 Халық  ауыз  әдебиеті және  оның  түрлері

 

Адамзат баласы табиғаттың сыр-сипатын, жұмбағын, қоғам өміріндегі түрлі болмыстың мәні мен мақсатын, шындығы мен қайшылығын ой-сана қуатымен, ғылыми-диалектикалық әдіспен зерттеп білсе, енді бірде көркем сөз өнері, соның ішінде өмір құбылыстарын образдық ой арқылы жеткізетін халықтың ұжымдық творчествосы — фольклор шығармаларынан танып біледі.

Әр елдің, әрбір халықтың өзіне ғана тән фольклоры болады десек, соның сан-алуан нұсқалары қай дәуірде туған? Фольклор туындыларының, жаратушысы кімдер? Оның жанрлық, көркемдік ерекшеліктері, ұлттық және тарихи сипаты неде? Ауыз әдебиетінен бөлінетін ерекшелігі қайсы дейтін көптеген сауалдар туады. Мұның бәріне жауап беру үшін фольклор шығармаларының ерекшеліктерін зерттеп, анықтау қажет.

 Образды ойлау адам санасының өзгеше бір формасы. Ол қоғам дамуының қай сатысында туды дейтін мәсәле төңірегінде сан-салалы. пікірлер, ғылыми тұжырымдар болды. Солардың бірі алғашқы қауымдық құрылыс кезінде фольклор сөз өнері ретінде қалыптаса қойған жоқ еді дейтін пікірге сайып келсе, белгілі совет ғалымы В.Е.Гусев мұндай сыңаржақ тұжырымдарға тойтарыс бергенді. Қоғам дамуының сәби кезеңінде қалыптаса бастаған фольклор шығармалары мен халық поэзиясының табиғаты өзара жақын. Осыған біз «халық ауыз әдебиеті» деген атауды да қосып жүрміз. Халық әдебиеті жазба және ауыз әдебиеті болып бөлінеді. Бірақ екеуі де образдық ойдың көрінісі, соның тікелей жемісі болып табылады. Бұлардың жасалу жолдары да бірдей емес. Алғашқысы   қоғам    дамуының    белгілі   бір   сатысында,  жазба мәдениеті

шыққан кезеңде туады да, оның өмір көріністерін белгілі бір көзқарас, дәстүрлі әдеби әдіс, стиль және жанр ерекшелігінде суреттеп көрсететін жеке айтушылары   болады. Ауыз әдебиеті болса, көркем ойлау мен көркем сөздің озық үлгісі ретінде қалыптасқан. Оның айтушылары халық арасынан шығып отырған. Келе-келе ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет сабақтасып, қатар дамып, көркем әдебиеттің арнайы екі саласын жасаған. Кейде олардың сюжеттері де ортақ болған. Бірінде ол далалық сипатқа (көп варианттылық, ауызекі айтылуы) ие болса, енді бірде қалалық (жазба) мәдениетке жақын көрінеді. Бұл екі арнаның басты айырматышылығы да осында. Сол себепті жазба әдебиетті былай қойғанда, ауыз әдебиетінің өзін фольклор шығармаларының қатарына қою кейде даулы көрінеді.

Фольклор туындыларының өзіндік ерекшеліктері болады. Ең алдымен, фольклор — синкреттік өнер. Оның бойында халықтың тұрмыс-салты, театр, сөз, би және ән-күй өнері бір-бірінен дараланбай, тұтас күйінде көрінеді. Фольклор шығармаларына тән осы белгіні белгілі орыс фольклорисі А.Н.Веселовский де айтқан еді. Жоғарыда аталған терминдерді саралай келгенде, фольклордың бұл сипатына «халық ауыз әдебиеті» деген атаудан гөрі «халық поэзиясы» деген ғылыми термин көп жақын. XIX ғасырдағы фольклористика ғылымында осы атау қолданылып та келеді. Алайда бұл да фольклор шығармаларының сипатын толық аша бермейді, «Халық ауыз әдебиеті» деген атауға келер болсақ, ол фольклордан жіктеліп шыққан, бірақ әлі де болса дәстүрлі байланысын үзбеген жеке бір арна болып қалмақ.

Өмір тәжірибесімен бірге ой, оның материалдық қабығы — тіл жетіле келіп, сөзден өлең, өлеңнен ән және би бөлініп шығады. Осыған орай халық поәзиясын орындаушылардың да қызметі өзгеріп отырған. Оларды біз фольклор шығармаларының   қарапайым   аноним   айтушылары, ертекші,

ақын, жырау, айтыс поэзиясының дарынды иелері — импровизаторлар дейміз.

Қоғам дамуының сәби кезеңдерінде фольклор шығармаларын орындаушылар отбасы, ошақ қасындағы қарт-қариялар болған. Оларды біз халық поэзиясының    қарапайым жасаушылары дейміз. Сонда фольклор шығармаларының жасаушылары да, айтушылары да халықтың өзі болып шығады. Өнері өрге жүзген дарын иелерінің аузынан шыққан үлгілі де ғибратты сөздер мен жырларды басқа айтушылар іліп әкетіп, өңдеп, дамытып, нақышына келтіре орындайтын болған. Жырау мен жыршылар көлемді эпостық жырларды айтуды үрдіс етсе, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтел, тұрмыс-салт айтыс сияқты ұсақ формалы өлеңдерді кішігірім айтушылар тудырып, көпшілікке ортақ рухани мұраға айналдырып отырған. Осы ретпен туып, атадан балаға жетіп, ел аузында сақталып келген көркем сөз өнерін, оның айтылу және орындалу ерекшеліктерін фольклор дейміз.

  Ғылымда халық поәзиясын «фольклор», ал оны зерттейтін ғылым саласын «фольклористика» деп атайды. Неміс ғалымы Н.Ф.Кнафльдің анықтауынша бұл атау халық даналығы деген ұғымды білдіреді. Осы пікірді (Folk — халық, Іоге — білім, даналық) ағылшын ғалымы У.Дж. Томс та дамыта түсіп, фольклорды ел арасында туған өлең-жыр, ертегі, аңыз, түрлі наным-сенімдерді жинақтайтын термин ретінде ұсынған.

  Фольклор оның мәні туралы Н.П. Андреев, Е. В. Аничков, Ф.И. Буслаев, Л.Н. Веселовский, В.Ф. Миллер, Е.Г. Кагаров, Ю.М. Соколов, В.Е. Гусев, В.Я. Пропп, В.П. Аникин, Ю.Г. Круглов, П. Г. Богатырев сияқты көптеген шетел  фольклористері де ғылыми пікір айтып, ой қозғаған. Мысалы, белгілі ғалым Н.П. Андреев фольклор материалдарының тарихшы, этнограф, тілші-лингвист және әдебиет тарихын зерттеушілер үшін аса маңыздылығын айта отырып, оны халық тұрмысымен тығыз байланыстырады. Б.Н. Путилов та фольклорды халықтың (ұжымдық) тұрмыстық әлеуметтік және өндірістік қатынастарымен сабақтастыра сөз етеді. Рас, Б.Н. Путилов фольклорды әдебиетпен де жақындастырады. Алайда оны бір ғана көркем сөз ретінде емес, түрлі сипаттарды бойына жинаған синкреттік өнер ретінде бағалайды. Е. В. Аничков  фольклорды діни нанымдармен байланыстырса, В.Ф. Миллер әтнографиямен жақындығын сөз еткен.

Осы сияқты көптеген пікірлерді ескере келгенде, фольклор шығармаларына бір ғана тұрғыдан сыңаржақ баға берудің ұтымсыздығы көзге түседі. Фольклор туындыларына біржақты баға берудің нәтижесі оның әстетикалық табиғатына қайшы келетінін В.Е. Гусев те атайды.

Фольклор шығармаларының табиғаты туралы М.К. Азадовский, Ю.М. Соколов сияқты көрнекті ғалымдар да ғылыми тұжырымдар айтқан. Өзінің «Фольклор как коллективное творчество народа» (М., 1969) деген еңбегінде В.П. Аникин бүгінгі фольклористика ғылымындағы екі түрлі ғылыми концепцияны анықтай отырып, Ю.М. Соколов — М. К. Азадовский бағыттығына қарсы уәж айтыпты. Ол қандай бағыттар? Алғашқысы — фольклорды әдебиеттен бөлмей, қатар қойып зерттейтін (Азадовский, Соколов), соңғысы — фольклор шығармалары мен әдебиет туындыларының арасына меже қоятын (Белииский, Буслаев, Миллер) бағыттар.

Орыс, кеңес фольклористикасында туған түрлі ғылыми пікірлерді бұлайша топтастырудың өз орнында жүйелілік сипаты болуға тиіс. Алайда бұл тұста кейбір ғалымдардың фольклор шығармаларының мәні туралы айтылған бір ғана пікіріне сүйеніп, олардың дәл осы мәселе төңірегіндегі басқа да тұжырымдарын елемей, ескермей кетушілік де бой көрсетіп отырады.    Мысалы,   В. П. Аникин  сын семсеріне алатын Ю. М. Соколов

әдебиетті фольклормен, фольклористиканы әдебиеттану ғылымымен байланыстыра отырып, олардың табиғаты бөлек екенін де теріске шығармайды. Атап көрсетер болсақ, өзінің «Значение фольклора и фольклористики (в реконструктивный период)» — деген еңбегінде ол халық поәзиясының маңызды, бір буыны ретінде фольклор туындыларын атай отырып, оған әдебиеттану және өнертану ғылымдарының методологиясын қолданудың қажеттілігін баса көрсетеді. Бұл тұста ғалымның мұндай тұжырымы оның фольклор мен әдебиеттің бірлігі жайындағы пікірінен көп бұрын айтылғандығын да ескеру қажет сияқты. В. П. Аникиннің осы бір пікірін қазақ зерттеушісі Б.Абылқасымов та дамытып, Ю.М. Соколовтың «фольклор әдебиеттің бір бөлігі болса, фольклористика — әдебиеттанудың бір бөлімі» деген тұжырымын келтіріпті. Автордың бұл бағытқа Н.П. Андреевті жатқызуы да сыңаржақ пікір. Өйткені ол 1934 жылы жариялаған «Проблемы истории фольклора» деген мақаласында фольклорды халық тұрмысымен тығыз байланыстыра сөз еткенді. Оны жоғарыда айтып өттік.

Фольклор жанрлары туралы В.Я. Пропптың пікірлері де жанды. Ол бір халықтың фольклорына тән жанрларды екінші бір елдің фольклор мұрасына қолдана салудың айтарлықтай нәтиже бермейтіндігін айта отырып, үш түрлі межені анықтайды. Олар: а) фольклор шығармаларының поэтикасын зерттеу; ә) фольклордағы халық тұрмысымен байланысты жанрларды анықтау; б) олардың орындалу тәсілдеріне (формасына) жете көңіл бөлу.

Осы айтылғандарға фольклор шығармаларының тағы да бірнеше сипатын қосуға болар еді. Олар — фольклордың коллективтік және ұлттық сипаты, варианттылығы, дәстүрлілігі, тарихилығы және ауызекі дамуы.

Халық поэзиясын көпшіліктің өзі тудырғандықтан. Ол елдің тұрмыс-тіршілігімен тығыз байланыста болған. Әр ел өз басынан өткерген оқиғаларды құмарта жырлайды. Олай болса, фольклор шығармалары өзінің тарихилығы жағынан авторлық сипаты бар кез келген туындыдан анағүрлым шыншыл, әсерлі де көркем. Сол жырларға қарап, елдің әдет-ғұрпын, ой-сапасы мен түрлі сезімдерін дәл танып білуге болады. Қазақ фольклорының тарихилығының басты бір көрінісі осында.

Фольклор шығармаларының айрықша әсерлі болатын себебі — оның образдары есте қалғыш та, тілі ерекше көркем, тартымды әрі қарапайым. Осы екі сипатқа қосылатын тағы бір белгі — әрбір өлең жыр, жар-жар, айтыс, жоқтаудың өзіне тән арнаулы әуені мен музыкалық мақамының болатындығы. Ақын-жыраулардың импровизациялық дәстүрі поәзия мен музыка өнерінің синкреттік бірлігіне негізделіп, қобыз немесе домбыра аспабымен айтылған. Мысалы, Сыр елінің аты шулы жырауы Рахмет Мәзқожаев бір ғана «Алпамыс» немесе «Көрұғлы» жырын он төрт түрлі мақаммен жырлаған. Демек, фольклор шығармалары белгілі дәрежеде театр қызметін де атқарған. Оның артистері -орындаушылар, ән мен поәзияны қатар меңгерген шебер импровизаторлар.

Фольклор шығармаларынан халық тағдыры, оның өмірден көрген қайғы-қасіреттері мен мұң-зары, келешектен күткен арман-тілектері айқын көрініс тапқан. Жоқтау, сыңсу, қоштасу өлеңдерінде халық өз теңіне қосыла алмаған қазақ қыздарының ауыр тағдырына үн қосқан. Әрбір айтушы-импропизатор да тындаушысына ұстаздық жасап, олардың түйсік-сезімін келелі ой-ниеттерге бастап отырған. Мұндай өлең-жыр мен ән-күй көп жайда өмірдің өзінен туындайды. Оған қазақ фольклорының көтерген мәселелері мен тақырыбы да айғақ бола алады.

         Фольклор шығармалары ауыз әдебиетімен сабақтасып, жазба әдебиетке жол салған. «Дария басы — бұлақ» демекші, қандай да болсын көркем сөздің алғашқы үлгісі — фольклор. Ауыз әдебиеті, одан соң жазба әдебиет туғанда оның көптеген сюжеттері фольклордан алынған. Бұл дәстүр бүгінгі әдебиет тәжірибесінде де бар. Мысалы, М. Әуезовтің «Қара қыпшақ Қобыланды», «Қалқаман—Мамыр», «Айман—Шолпан»,      «Еңлік—Кебек»,    Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш—Баян сүлу» сияқты пьесаларының
сюжеті мен образдары фольклордан алынған. Мұны фольклор
мен әдебиет арасындағы табиғи-органикалық    байланыс дейміз.
Жазба әдебиет сияқты ауыз әдебиетінде де өмір шындығының
сәулесі бар.

Қазақ ауыз әдебиетінің бірнеше түрі бар. Соның ішінде бастылары: халық арасында әр алуан тақырыпқа шығарылған өлеңдер, мақал-мәтелдер, аңыз-әңгімелер,    батырлар  жыры, тұрмыс-:салт жырлары, айтыс өлендері

т. б.

Ауыз әдебиетінің бұл аталған түрлері, әрине, бір мезгілде туып, бірден калыптасқан жоқ. Әрқайсысының шығу, өсіп-өркендеу тарихы, ұзақ уақытқа созылған даму жолдары бар. В.Г.Белинский «Әдебиеттің түрлері» дейтін мақаласында ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасында елеулі айырмашылықтар барлығын көрсетеді. Оның айтуынша: ең басты айырмашылық шығарманың авторы белгілі болу-болмауында. Осыған байланысты, ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің айырмасы жөнінде В. Г. Белинскийдің мына бір пікірін келтірейік. Ол былай дейді: «…Ауыз әдебиетін

алатын болсақ, оның жүртқа аты белгілі авторы болмайды, өйткені қашан да болса, ауыз әдебиетінің авторы халық болады. Халықтың немесе бір тайпаның жас шағындағы ішкі және тысқы тіршілігін ешбір боямасыз айқын көрсететін қарапайым, үстіртін аңғал өлең-жырларын шығарған кімдер еді, оны ешкім біл-мейді… Ал әдебиетті алсақ, ол мүлде басқаша болады: оның шығарушысы халық емес, оның авторлары — халық рухының әр алуан жақтарын өзінің акыл-ойы арқылы білдіретін жеке адамдар. Әдебиетте жеке адамдар әдебиеттегі өздерінің праволарын толық өз қолына алады, сөйтіп, әдебиет дәуірлері сол жеке адамдардың аттарына байланысты болып белгіленеді».

Белинский бұл пікірін «Әдебиеттің түрлері» және «Әдебиет деген сөздің жалпы мағынасы» туралы жазған еңбектерінде де айтады. Ұлы сыншының пікірінше ауыз әдебиеті мен көркем әдебиеттің арасындағы басты айырмашылықтың бірі жеке авторлардың болу-болмауына байланысты. Және де өз дәуірінің, бүкіл халықтың «рухын білдіретін жеке авторлардың шығуы әкономиканың дамыған, қоғамдық ой-сананың ұлғайып өскен кезінде болады; экономиканың дамуы мәдениеттің, техниканың өсуіне ықпал жасайды, жазу өнерін шығарады, кітап басу ісінің тууына әсер етеді; осыдан былай жеке авторлардың шығармалары жүртқа жазу үлгісінде, баспа арқылы тарайтын болады»,-  дейді.

Демек, жазба әдебиеттің қандай туындысын алсақ та оның авторы белгілі болады. Соған қоса оның өмірбаяны, шығармаларының қашан, қандай тақырыпқа арналғандығы, қай кезде баспа жүзіне жарияланғаны т.б. көпшілікке мәлім болып отырады. Ал ауыз әдебиетінің авторлары белгісіз болады.    Бұдан,    әрине,    ауыз    әдебиетінде   автор болмайды деген ұғым

тумайды. Онда автор болған. Мәселен, «Ер Төстік», «Күн астындағы Күнікей қыз», «Алдар Көсе», «Қобыланды батыр» т.б. сияқты ертегі, әңгіме, жырлардың қайсысын болса да әуел баста жеке авторлар шығарған. Бірақ ол кезде жазу-сызу өнері болмағандықтан авторлардың өмірбаяны, аты-жөні сақталмаған. Ал шығармалары ауызша айту түрінде туып, ел арасына ауызша айту ретімен тарап кеткен. Олардың авторы халықтың өзі болған. Ауыз әдебиетін халық әдебиеті деп атаушылық, міне, осылай туған.

  Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен келесі бір айырмашылығы — ауыз әдебиеті шығармаларында варианттардың көп болуында.

Бір-біріне жалпы мазмұны, оқиға желісі, кейіпкерлерінің аттары үқсас келетін шығармаларды бір шығарманың туынды түрі, яғни варианты десек, бұл ауыз әдебиетінде көп кездеседі. Мысалға: «Қобыланды батыр» жырын алайық. Қазіргі күнде бұл жырдың 28 варианты бар. Олардың жалпы мазмұны, оқиға желісі, басты кейіпкерлерінің есімдері бір-біріне үқсас келеді. Бәрінде айтылатын басты әңгіме: Қобыланды батырдың сыртқы және ішкі жауларға қарсы күресі, осы жолда оның жасаған ерліктері. Бұл оқиғалар жырдың варианттарында әртүрлі жырланады, ал ол варианттарда өз ара үлкенді-кішілі айырмашылықтар болып отырады.

Мұнымен қатар ауыз әдебиетіңде варианттардың көп болуын шығарманың ауызша шығарылып, халыққа ауызша айту арқылы тарауына байланысты деп білеміз. Мәселен, ертекші өзінің ертегін (немесе жыршы өзінің жырын) көпшіліктің жиналған жерінде айтады.  Сол арада тыңдаушы көпшіліктің арасынан жаңағы ертегінің (немесе жырдың) мазмұнын, оқиғасын ұғып алушылар табылады. Енді олар сол ертегіні екінші бір жерде өзінше әңгімелейді, жаңалап айтады, алғашқы әңгімелерінің кей жерін қысқартып, кей жеріне тыңнан оқиға қосып

ұлғайтады. Сөйтіп, ертегінің (немесе жырдың) екінші бір туынды түрі, варианты шығады.

Ал жазба әдебиетте мұндай жағдай кездесе бермейді. Әрбір жазушы (не ақын) шығармасын өз атынан жариялайды, оны екінші бір автор иемденіп кетпейді. Қай шығарманы кімнің, қашан шығарғаны жұртқа белгілі болып отырады.

Ауыз әдебиетінің жазба әдебиеттен тағы бір айырмашылығы бар. Ол: ауыз әдебиетінде қалыптасқан дағдылы сөздер мен сөйлемдердің тұрақталған ұқсастық пен ұйқастардың жиі кездесетіндігінен көрінеді. Мысалы, ертегілердің көпшілігі:

Ертек, ертек ерте екен,

 Ешкі жүні бөрте екен,

 Қырғауыл жүні қызыл екен,

Құйрық жүні үзын екен, —

деп, немесе «Баяғыда бір кедей болыпты, оның үш баласы болыпты» деп басталады. Ертегілердің бұлай басталуы дәстүрге айналып кеткен. Көптеген ертегілердің басталуы осындай бір-біріне ұқсас келгенімен, одан кейін әңгімелейтін окиғалардың мазмұны, дамуы әр түрлі болады. Ал жазба әдебиетте шығарма мұндай   қалыптасқан   дағдыға   айналған   сөз   тіркестерімен басталмайды. Әр жазушы шығармасын басқа авторға ұқсатпай бастап, өзіңше аяқтайды.

Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиеттің арасындағы айырмашылықты көрсететін келесі бір белгі деп ауыз әдебиетінде бірнеше өнердің бірлесіп келуін айтамыз. (Мұны, яғни бірнеше өнердің бірлесе көрінуін, синкретизм -деп атайды.) Мәселен, жыршьі ақын жырын көпшіліктің жиналған жерінде шығарған. Сонда ол домбыраның (гармонь немесе қобыздың) сүйемелдеуімен ән (кұй) әуенін келтіріп алып, жыр әңгімесін белгілі бір сарынмен айта берген.

Міне, осы арада бірнеше өнердің бірлесіп келгенін көреміз. Атап айтқанда: ақындык өнер, ән (күй) әуені, көпшіліктің алдында (сахнада) жыр айтып отырған жыршы-ақын, жырды тыңдаушы қауым бар. Олар бірлесе келіп, жаңа бір ерлік жырдың тууына себепкер болып отырғанын байқаймыз. Бұл сияқты жағдай жазба әдебиетте кездеспейді. Ол тек ауыз әдебиетіне, ғана тән ерекшелік деп қараймыз.

Қазақ  ертегілерінің  ішкі мазмұнына  қарай  отырып , бұл  сұраққа екі  түрлі  жауап  беруге  болатын  сияқты .

Біріншіден, ертегіні  жасаушы — халық  даналығы  өмір  мұратына  жетудің  басты  жолы ақылдылық  екенін бірінші  кезекте , толық  көлемді берумен  қатар , сол ақылдылықтың  өзі еңбекпен  байланысты екенін  қысқа  болса  да ертегіде  дәлелді  міндетті  түрде  берілуі , ертегінің  сол  кездегі  өмір  жағдайын  толық  көрсете  білу .

Екіншіден, ертегіде  өмір  мұратына  жетудегі  еңбектің  мәнінің  жеткілікті, толық көрінбеуі, керісінше, ақылдылыққа, үлкен  орын  берілуі, ертегі  жасаушының  өзі, бұл  мәселеге  толық  жауап  беруге  әзір  емес  сияқты

 

1.2. Оқушылардың  тіл байлығын дамытуда ертегінің орны, зерттеуші  ғалымдардың   ой – пікірі

 

Қазақ халқының жас  ұрпаққа  тәрбие берудегі тиімді құралдарының бірі — ертегі. Ертегілердің мазмұнында халықтың тыныс-тіршілігі, әдет-ғүрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-құлықтары, адамдардың еңбексүйгіштігі, өз халқына, Отанға, туып-өскен табиғатқа деген сүйіспеншіліктері бейнеленген. Т.Барласұлы ертегінің адам баласына тәлім-тәрбиелік, рухани маңызы жөнінде айта келіп: «Ертегі — рухани тәрбиенің мәні аса зор, көзіміз көріп, қүлағымыз ести алмайтын, тек ақылмен ажыратып, жүрекпен ғана түйсіне алатын материалдық әлеммен бірге шегі жоқ рухани әлем болмысының біртұтас түсінікті баян етілген көрінісі», — деп анықтама береді.

А.Байтұрсынов «ертегінің  қадірі  қанша  деп  сұрағанда, керегіне  қарай  жауап  беріледі » деп  ой  қорытады. Ертегі  халықтың  қиялынан  пайда  болған. Сондықтан  оның  авторы  халық. Бертін  келе  ауыздан – ауызға  тарап, келешек  ұрпаққа  жетіп  отырған. Ертек  айтушыларды – ертекшілер  деп  атаған. Ертегі  туралы  анықтаманы  М.Әуезов былай  деген:  Ертегі деп баяғы  замандағы  елдің  дүниеге  көзқарасын  білдіретін, я сол  көзқарастың  белгілі  ізін  көрсететін, онан  соң елдің  белгілі  салтын  білдіретін, арнаулы  үлгі  айтатын, жамандықты  жерлеп, жақсылықты  көтеріп  айтқан, ойдан  шығарған  көтерме  әңгімені  айтады. Бұл  анықтамада  шыншыл  ертегі жайында  еш  сөз  айтылмаған. Ертедегі  көзқарас  деп  көрсеткен.

Ертегілердің негізгі тарихы адам баласының сөйлеу тілі, ойлау қабілеті пайда  болғаннан  басталады.  Алғашқы  уақытта  өте  ақылға  сыймайтын  ертегілер  пайда  болды.   Онда  көбінесе  жан – жануарлар   тіршіліктің  барлығында  сөйлейді, ұғады  деген  адамдарда  пікір  қалыптасқан. Бұл  ертегінің  қиал  ғажайып  түрі. Одан  кейін XV- ғасырларда  қазақ  хандығында  құрылуымен  тұспа – тұс  келеді. Ертегілер  батырлар  мен  небір  шешен, ел  билеген  көсемдер  жайлы  өрбейді.  Олардың  халыққа  еткен  еңбектері, қанаушы  топ  шонжарлар мен  байлардың  тепкісіне  шыдамай  қарсы  әрекеттері, айламен  түрлі  тәсілдермен  сабасына  келтіріп  отырған  көріністері  бейнеленеді .

         Кейінгі     жылдары     XIX –   ғасырдан     бастап     халық   білімге, ғылымға  жол  салды.  Онда     ұлы     тұлғалардың    Ш.Уәлихановтың,   Ы. Алтынсариннің, А. Байтұрсыновтың  алар  орны  зор. Олар  өз  шығармашылығын  бұхара  халыққа  арнады. Солардың  тәрбиелілігін, ұғуға  ынталылығын, адамгершілік  қасиеттерін  көрсетті .

         Ертегілердің  ең  алғаш  зерттелуі  қазақ  ауыз  әдебиеті  үлгілерін  жинаушы, әрі  оны  өзге  халықтарға  танытушы  Ә. Диваевтың  есімімен  тікелей  байланысты. Ол 1883 жылы  ертегілер  жинауды  бастаған . Ең  алғаш  Әулиеата  уезі  болды. Кейін  ол  қызметіне  байланысты  ел  аралап, Шымкент, Сыр бойында  болып,  көне құлақ  қарттардан  ертегілер  жинайды.

Диваев  әңгімелер мен  ертегілерді  жазып  алып, хат  арқылы  сұрап  отырған.  Ертекшілер  мен  орындаушылармен  кездесіп, фольклорлық  мұралар  жазып  алып  отырған . Ол  ерекше  әдіс  қолданған :  бір  ертегіні  бірнеше  елді  мекеннен, бірнеше  кісінің  аузынан  тыңдауды  әдетке  айландырып, сол  шығарманың  нағыз  халықтық  нұсқасын  айқындауды  мақсат  еткен. Ең соңында  нұсқаның  толығырақ  айтылған  түрін  баспа  бетіне  бірнеше  рет құрастырып  жазып  алады да,  соның  толымды  нұсқасын жасайды. Сөйтіп  барып ол  аңыз – ертегі  жайлы  ойын қоытындылайды .

         Ә. Диваевтің  тағы  бір  ерекшелігі  ол  ертегілерді  жинауда  сөзге  мұқият  қарап, баспа  сөз  бетінде  жариялауда  кейбір  түсініксіз  сөздерге  коминтарийлер  жазып,  әрі  сол  ертегі, дастанның  қанша  варианты  бар  екендігінен  мәлімет  те  беріп,  отырған  және  ол  материалдарды  екі  тілде  яғни  орыс,  қазақ  тілдерінде  жариялауды  принципке  алған.

     Ж.Аймауытов ең алдымен бала тәрбиесіндегі отбасының роліне ерекше тоқталды. «Баланы бұзуға яки түзетуге себеп болатын бір шарт рас күнде көрген өнеге. Ол өнеге әке – шешенің тәрбиесі арқылы қалыптасады. Балаға қайырымдылықты, кішіпейілділікті, шыншылдықты, адамгершілікті беретін ата – ана».  Баланың бойына сіңген мінезді қайта түзету қиындық келтіреді. Ол бала мінезін жас шыбыққа теңейді.

         Жас кезде дұрыс тәрбие алмаған бала өскенде қисық ағаш сияқты өсетінін отбасында теріс тәрбиеленген баланы қайта тәрбиелеудің үлкен қиындық келтіретінін айтады. Сонымен қатар өнегелі отбасынан бұзық мінезді баланың шығуы немесе тәрбиесі нашар отбасынан да тәрбиелі, өнегелі баланың өсуі мүмкін дей келеді де, бұл айтылғандар өскен отанын, замандас, жора – жолдас, құрбы —  құрдастың ықпалынан, соларға еліктеуге болатынын дәлелдейді.

         «Тәрбиенің негізгі мақсаты мінезі түзу, адамшылдыққа қызмет ету, адал еңбек ете білуге тәрбиелеу» дей келе, «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі бала, айтып тұрғаннан көрі көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын іспен көрсете білу керек»- дейді. Бұл еңбекте Аймауытов «Баланы оқытудың белгілі ереже заңдарын баяндайтын, оқытудың дұрыс жүйесін тауып, білімге тез жету шарттарын көрсететін педагогиканың негізгі бөлімі дидактикаға ғылыми анықтама берген».

         Мағжан Жұмабаев 1922жылы «Педагогика» оқулығын жазған ағартушы. Осы оқулығының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне арналған. Оның пікірінше тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл және сұлулық пен әдеп – ғұрып тәрбиесі: «Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болганы. Егер де ол ыстық —  суық,ашық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты, берік денлі болса, түзу ойлайтын дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын болса ған адам балсын дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы.

Балам адам болсын деген ата – ана осы төрт  тәрбиені дұрыс орындасын. Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығару емес, келешек заманына лайық қылып шығару»- деу арқылы М. Жұмабаев тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырғысы келеді. Ол «Ұлттың тілі кеми бастауы- ұлттың құри бастағанын көрсетеді». Мағжан педагогикасы аса сезімтал, саясаттан тыс, бала жүрегін жараламайтын адамгершілікті педагогика.

Қазақ жастарына болашақты болжап, келешекке кемелденіп барар жолдар мен маңызды мақсаттарды біздің қазіргі заманымызға сай ұсынылды деп ойлаймыз.

Сөз соңында айтарымыз «Ертегі – соңғы қазақ ескілігін жинаушы адамдар арасында бұл жөнінде В. Радловтан ынталы, ұқыптылық көрсеткен оқымысты жоқ деуге болады.» — деп ғалым М. Әуезов жоғары бағалай, белгілі төңкеріліске дейінгі қазақ фолькорына арналған жинақтардың ішіндегі ең толыққанды, жүйелі, озық үлгісі болып табылатындығын еңбектерінің қайта басылып, көпшілікке ұсынылатындығына берік сенімдіміз.

«Алтын сандық» жинағында «Түлкінің алдағаны», «Дудар қыз», «Молданың үйінде оқыған бала», «Тазша», «Хан Шентай», «Қаракөз сұлу», «Қармақ салған жігіт», «Желкілдек», «Еркем Айдар», «Ханның қызы», «Жақсылықпен жамандық жолдас болған», «Үш ұл» ертегілерін қамтиды.

Ертегі — ауыз әдебиетінің ықылым заманынан келе жатқан көне де мол мұрасы. Оның ертегі деп аталуының өзінен де, сол сияқты ертегілердің «Бұрынғы өткен заманда, ерте-ерте, ертеде» деп басталуынан да оның атам заман туындысы екенін аңғару қиын емес. Ертегілерде халық басынан кешкен, ғасырлар ізі жатыр. Оларда еңбекші халықтың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғүрпы, елдік тарихы, қилы-қилы  асулары, арман-мұраты бейнеленген.

 

Барлық елдің ауыз әдебиетінен мол орын алған және халықтың жазу-сызу өнері болмаған кезінде ауызша шығарған күрделі шығармасының бір түрі — ертегілер.

Ертегілер көбінесе, қара сөз ретінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі деп қараймыз.

Халық әдебиетінің басқа түрлері секілді, ертегілер де адам баласының еңбек-кәсіп ету, тұрмыс тіршілік құру тәжірибесіне байланысты туған.

Жаратылыс құбылыстарын, табиғат сырын жетік білмеген, олардың неліктен болатындығын толық түсінбеген ертедегі адамдар әр нәрсені қиял еткен; өздерінің ауыр еңбектерін жеңілдету жайын қарастырған. Бұл жөніндегі ұғым-түсініктерін, нанымы мен сенімін әңгімелеп айтатын болған. Сөйтіп ертегі-әңгімелердің алғашқы үлгілері туған. (Халық шығармасының бұл түрі «ертегі» деп аталуының өзі-ақ, онда айтылатын әңгімелердің есте қалмаған ерте заманда туғандығын анғартады).

Бертін келе, экономиканың ілгері дамуы, қоғамдық карым-қатынастардың алға басуы, адам баласының дүние танымының, ой-өрісінің, сана-сезімінің үлғайып өсуі жалпы халық шығармаларына, соның ішінде ертегілерге көп әсер, еткен. Осы негізде ертегілердің алғашқы үлгілері әр түрлі өзгерістерге ұшырап, жаңа ертегілер туа бастаған және онда адам баласының арман-мүддесін, ой-санасы, болашақтан күтетін үміті суреттелген. Осы ретте туған ертегілерден адам баласының тұрмыс-тіршілігі, өмірі, ісі басты орын алады, қоғамдық мәні бар мәселелер көтеріледі. Бұлардың бәрін халық ертегілері көркемдеп суреттеу, образдар арқылы бейнелеген.

         Ертегіге бай елдердің бірі — қазақ халқы. Қазақ фольклорындағы ертегілердің сан алуан түрлері бар. XIX ғасырдан бастап, қазақ ертегілерінің ғажап та көркем үлгілерін В.Радлов,  Г.Потанин, И.Березин, А.Алекторов, П. Мелиоранский, Ш. Уәлиханов, Ә.Диваев сияқты белді де белгілі ғалымдар жинап, жариялай бастады. Қазақ фольклорының кейбір нұсқалары «Дала уалаяты», Айқап», «Туркестанские ведомости», «Тургайская газета», т.б. мерзімді баспасөз бетінде жарияланып келді. «Образцы народной литературы тюркских племен» атты 10 томдық жинақтарында В.В. Радлов қазак, қырғыз, ұйғыр, өзбек, әзербайжан сияқты кептеген Түркі тайпалардың әпостық жырлары мен ертегілерін молынан жариялаған. Сонымен қатар қазақ әпосы мен ертегілерін жинап бастыру ісінде башқұрт ғалымы, профессор Әбубәкір Диваевтың еңбегі де елеулі.

Осы аталған адамдар сол кезде Орынборда, Омбыда, Казаньда, Астрахань мен Ташкентте шығатын газет-журналдар бетінде қазақ ертегілерін үнемі жариялап отырады. Олар өздері жинаған ертегілерді не орысша, не қазақша бастырады, кейде бір тілде ғана шығарады. Ертегілерді қазақ тілінде шығаратын болса (тілі қазақша әрпі орысша), онда қысқаша мазмұнын орысша аударады. Бұлардың жинаған материалдары өткен ғасырдың бесінші жылдарынан бастап, «Дала уалаяты» газетінде, Торғай облыстық ведомосында», «Ақмола облыстық ведомосы, «Орынбор газетінде», «Орынбор губерниялық ведомосы, «Астрахань газетінде» т.б. үзбей басылып тұрады. Қазақ ауыз әдебиетінің, соның ішінде ертегілердің көптеген үлгілері, әсіресе, Омбы мен Орынборда шығатын газеттерде молырақ жарияланады.

Жоғарыда аталған адамдардың ішінен қазақ ертегілерін жинап бастыруда айтарлықтай еңбек еткендер — А.Алекторов, А.Пантусов, Васильев, Б.Дауылбаев, М. Досымбековтар. Олар ел арасынан жинаған материалдарын төрт-бес газетке бастырып отырған және жеке жинақ етіп те шығарған. Мысалы, Алекторовтың жинаған ертегілері Омбы, Астрахань, Орынбор газеттерінде үнемі жарияланып келген және ол бір ертегіні бірнеше жерде бастыратын болған. Кейіннен ол өзі жинаған ертегілерін кітап етіп 1898 жылы «Киргизская хрестоматия» деген атпен екі тілде Орынборда шығарған.

Қазақ ауыз әдебиетінің үлгілерін ел арасынан жинау ісіне белсене араласқан және бұл жөнінде асқан үкыптылық жасаған адамның бірі Н. Пантусов болды. Ол жетпісінші жылдардан бастап қазақ елінің көп жерін аралайды, қазақ тілін үйренеді және жүрген жерінде ауыз әдебиеті нүсқаларын жазып алып отырады, жинаған материалдарын орыс тіліне аударады. Оның материалдары, көбінесе, «Дала уалаяты» газетінде (орысша аты «Киргизская степная газета») екі тілде үзбей жарияланып Тұрады. Кейіннен ол «Қазақ-қырғыз» тілін үйренушілерге көмекші материалдар» және «Қазақ халық әдебиетінің үлгілері» деген атпен 1899-1909 жылдар арасында (әрпі орысша, сөзі қазақша) жеті жинақ шығарады. Олары Қазан қаласында басылады. Бұл жинақтарға казақ ертегілерінен көп

материалдар енеді.

Қазақ ертегілерінің қай түрі болса да замана елегінен өтіп, халық санасына сіңіп кеткен сюжеттер. Онда бір елден екінші елге ауысып, төл сюжет болып жүрген мотив-образдар да аз емес. Ертегінің түтынушылары қоғамның түрліше тобынан шыға береді. Төменгі тап ортасынан шыққан ертегілерде сатира, демокартия сарыны елеулі болатынын кезінде М. Әуезов жақсы айтқан болатын. Сонымен бірге қазақ ертегілерін тек қана феодализм дәуірімен түйықтап, оны 1868 жылғы реформадан да кейін туғызу ертегі генезисін кенжелету ме дейміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ ТАРАУ. Оқушылардың  тіл  байлығын   дамытуда  ертегілерді  пайдаланудың   әдіс- тәсілдері

 

2.1. Ертегілердің  тәрбиелік  мәні және  оларды оқу  —  тәрби  процесінде          пайдаланудың    мүмкіндіктері

 

Бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде ертегілердің түрлерін қарастырсақ,   атақты әдебиетші М. Әуезов ертегіні үш түрге бөліп қарастырған. Олар: қиял – ғажайып, тұрмыс – салт, шыншыл ертегілері болып табылады. Алайда қазіргі зерттеулер нәтижесіне қарағанда ертегіні төрт түрге бөледі. С. Қасқабасов ертегідегі қияли идеялық қызмет атқарады, бірақ сюжеттен гөрі композицияның рөлі күшті болады деп есептейді. Ол ертегіні: хайуанаттар жайындағы, қиял – ғажайып, батырлық, новеллалық және сатиралық деп бөледі.

М. Әуезовтың ертегі түрлерін талдасақ қиял – ғажайып ертегілерінде «Керқұла атты Кендебай»,  «Аңшы бай» «Ұшқыш кілем» жатады деп есептейді. Оқушы осындай ғажайып достарының көмегімен мейірімді, адал дос адамын ардақтайды, оның күшіне мол сенім білдіреді. Оқушы барлық заттарға көзқарасы өзгеріп, кішіпейілдікке, мейірімділікке, дос болуға ішінен ой қорытады.

С. Қасқабасовтың пайымдауынша, қиял – ғажайып ертегілер – шығу тегі жағынан ертелік прозаның ең көнесі. Алғашқы қауымда пайда болған, жанрлық жанынан біркелкі емес. Бас қаhармандары: аңшы, мерген, кенже бала, тазша бала,  жауынгер, батыр, т.б. бұқара халық өкілдері. Ертедегі табиғаттың дүлей күштерімен алысып, күнделікті өмір үшін аң – хайуанаттармен күрескен кезде халықтың арманы соларды жеңетін күшті батыр, балуан, мерген болды. Ал кейінгі дәуірде рулық қоғам тұсында халықтың арманы- өз елін бөтен елден, жаудан қорғайтын батыр болды.Ол қазақ өміріндегі  қара шаңырақ иесі-кенже бала болды.

Қиял-ғажайып ертегілеріндегі басты тақырып-сиқырлы заттардың көмегімен бас кейіпкердің неше түрлі қиындықтарды жеңіп, мұратына жетуі. Егер қаhарман бар күшін пайдаланып, керемет қиындықтарды жеңсе, ол батыр  атағына ие болады да, мұндай кейіпкері бар ертегі өз ерекшелігімен дараланып, «Батырлық ертегі» деп аталады. Біздің пікірімізше, батыр тұлға  тек ерлігімен ғана емес, алыл-парасатымен де , айласымен де жауын жеңіп отырған.

Қиял  —  ғажайып ертегілердің бір жағында жалмауыз кемпірлер, дәулер, түрліше тотемдер, екінші жағында солармен күреске түсіп жүретін мергендер, аты жоқ балалар, Ер Төстік, оның Желаяқ, Таусоғар, Көлтаусар сияқты достары жүреді. Бұлардың ғашық қыздары көбіне пері болып келеді. Кенжекей ақ қасқыр қызындай сәуегей, ол мыстан, Бекторы, Шойынқұлақ жамандығын күн бұрын сезеді. Қыз біткеннің сиқыры, олардың әлеуметтік типі көп жағдайда бұлдыр.

Тылсымдау, сиқырлау, жәділеу, самұрықпен ұшу, теңіз кешу, айдаһармен алысу, жеті басты жалмауыз, адам етін жейтін кемпірлер үнді ертегілерінен алынған ба дейміз. Жамандық пен жақсылық, жеті пәле Иран елінің ұғымдарынан да көрініс тапқан. Ол замандарда политеистік наным бүкіл Азияға ортақ болған. Мысалы, «Қорқыт ата кітабы» сюжетіндегі Төбекөз дәу «Одиссеядағы» Полифемге үқсас. Скиф-сақ дәуірінен қалған Желаяқ (Ветрогон). Көлтаусар (Опивало яки Объедало), Таусоғар (Горокат) шығыс-батысқа бірдей ортақ. Жабайылық, аңшылық, бақташылық өмір сатыларын, космолгия, тотемизм, зороастризм, дуализм, монотеизм нанымдарын басынан өткермеген елдер кемде-кем.

Ертегінің тағы бір  түрі- тұрмыс-салт және хайуанаттар туралы ертегілер.Тұрмыс-салт ертегілерінде бақташылық тұрмыс-тіршіліктері суреттеледі. Бұл М.Әуезовтің зерттеуі бойынша көрсетілген. Ал С.Қасқабасовтың айтуынша ертегілердің  ішінде хайуанат ертегілерінің алатын орны зор. Жануарлар туралы мифтер мен әнгімелердің жануарлар туралы ертегіден айырмашылығы тура мағына мен ауыспалы мағынаның,шын образ бен оның тұспалы арасында болады.Ертегіде адамдар мен олардың әрекеттерді тұспалдап көрсетеді. Оларда таптық қоғамның көрінісі байкалады.Жануарлар жайындағы ертегілерді 3 топқа бөлуге болады:

1.Мифтік қасиетін жоғалткан этиологиялық ертегілер.

2.Дүние жүзі халықтарының жануарлар жөніндегі эпосын құрайтын классикалық ертегілер.

3.Мысал ертегілер.

Этиологиялық ертегілерде синкреттік қасиет басым, тұрақты композициялық  құрылым жоқ. Олар этиологиялық мазмұны жағынан мифке жақын. Оған айтушы да, тыңдаушы да сенбейді. Бірақ адамгершілік тәрбиесі сақталады. Жануар –кейіпкерді суреттеу, мінез-құлқын бағалау жағынан ертегілік қасиеті байқалады. Жануарға берілетін меніздеме көбіне құбылмалы болып табылады. Сол арқылы әр түрлі адамдық проблемаларды айдаhар,дию тағы басқа суреттеле береді. Мәселен, «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Маса неге ызыңдайтын болып қалған ?»  деген сияқты  үш сұрақ бірдей жауап беріледі.

Балаларға қатысты мысал ертегілер жатады.Ә.Дүйсенбаев «Құйрық», «Алатаудың бауырында», М.Әлімбаев, Х.Ерғалиев «Қоянның ерні неге жырық?», Б.Ысқақов   «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» тағы сол сияқтылар.

Қазақ ертегісінің ең мол түрі – шыншыл ертегілер. Бұл ертегілер өмір шындығына жақын, ішінде реалдық адам бейнелері басым. Олар кейде өмір шындығынан алынып, бас қаһармандары патша, уәзір хан болып келеді. Мысалы. «Хан мен уәзір», «Өнеге», «Ақылды етікші» ертегілерінің бас қаһармандары күндіз тақта отырса, түнде үстіне жаман киім киіп, шаһар аралап жүретін патша мен оның уәзірлері. Мұндай ертегілерде хан әділ болып көрінеді. Бірақ көп жайда патшалар жауыз адам ретінде суреттеледі. Мысалы, «Ақылды етікші» ертегісінде хан ешкім өз пайдасын ойлап еңбек істемесін деп бүйрық береді. Мүны күндіз-түні етік тігіп, бала-шағасын зорға асырап жүрген етікші енбек адамдарына тиімсіз сол үшін ақылсыз ханның ісі дейді.

Бізге шыншыл-реалистік ертегілердің қазақ өмірінен алынған нүсқалары мәндірек. Мұндай ертегілердің бас қаһармандары ақылды қарт, тапқыр жігіт, қаңбаң шал, тоғыз Тоңқылдақтан зорлық көретін Шіңкілдек, айлалы тазша, қойшы, кедей, жауыз, бай, сұғанақ молда, тойымсыз ұры болып келеді.

Олардың көбісі — халық ортасынан шыққан қарапайым адамдар. Көптеген ертегілердің рухында сын-сықақ сарыны бар. Олардағы жамандық пен жақсылықтың аңғарынан біз түрліше реалдық адам мінездерін ғана емес, қоғам өміріндегі теңсіздік суретін, халықтың әділет, жақсы өмірді іздеген арман-мүдделерін де жақсы байқаймыз.

Қазақтың реалистік ертегілерінің ең марқаларының бірі -«Алпысқа келгеннен ақыл сұра» сюжеті болуға тиіс. Бұрын жұрт өзінің алпысқа келген әкесін өлтіретін болса, бұл ертегілердегі ақылды қарт елдің ең қадірлі адамына айналады. Бұл аталық қоғам салтының нығаюын көрсететін құбылыс.

«Жақсылық пен жамандық», «Үш ауыз сөз» ертегілері мінез, мораль тақырыптарына құрылған. Жамандық жаяу келе жатып, Жақсылықтың атын мініп өзін жаяу қалдырып кетеді. Бірақ табиғатынан ақылды Жақсылық бай қызын иемдеп, мүратына жетсе, ақылсыз Жамандық қасқыр мен арыстанға жем болады.

«Үш ауыз сөз» ертегісінде жас жігіт ақылды қарияға бір үйір жылқы беріп «суын ішкен құдыққа түкірме», «оң қолың ұрысса, сол қолың арашашы болсын», «ертеңгі асты тастама» дейтін үш ауыз өсиет үйренеді. Бала елден кетіп, бір ханға қызметке тұрады. Оған хан әйелі ғашық болып, мазасын алады. Бала әйелдің дегеніне көнбеген соң, әйел баланы ханға жамандайды. Хан баланы ертеңгісін от жағарларға жұмсап: «Кім бұрын келсе, соны пешке тығып жіберіңдер» деп әмір береді.

Таңертең қабын арқалап бара жатқан балаға бір кемпір жолығып, ертеңгі асты татып кет дейді. Сол екі арада баланы көргісі келіп пешханаға келген ханымды от жағарлар өртеп жібереді. Сөйтіп бала бір өлімнен аман қалады, мұрат-мақсатына жетеді,

«Екі жетім» ертегісінде өгей шешенің қиянаты, «Ұр тоқпақ» ертегісінде ұрылардың өзі ұратын тоқпақтың астында қалғаны суреттеледі. «Ұрлық түбі — қорлық» деген ғибрат осыдан келіп шығады.

Шыншыл-реалистік ертегілерде ең әділ, ең ақылды адам халық ортасынан шығады. Мұның ғажап үлгісі — Аязби». Хан өзінің қырық уәзіріне адамның, құстың және шөптің жаманын тауып әкеліңдер дегенде, адамның жаманына Аязби ілігеді. Бірақ оның жамандығы ақылында емес, тұрмысында, кедейлігінде. Ақыры ол өз заманының нағыз зерек, ақылды адамы болып шығады. Меңсұлуға үйленіп хан болады. Ол кісі болғанда да асып-таспайды, «аяз әліңді біл» деп өзіне-өзі ақыл салып отырады. Сондай ақылды да әділ адамға ханың қырық уәзірі қарсы болады. Аязби ертегісінде халық үстем тап адамдарын, олардың қараулығы мен ақылсыздығын әжуа еткен.

Қазақтың реалистік ертегілерінде қоғамның төменгі тобынан шыққан «кішкене қаһармандар» (М. Горъкий) тіпті көп. Олар бірде қаңбақ шал, бойы бір қарыс, Шіңкілдек түрінде кездессе, бірде хан мен байларды алдап түсіретін тазшалар түрінде әңгімеленеді. Қаттырақ соққан жел үшырып әкететін қаңбақ шал балық аулайды, еңбек сүйгіш. Бірақ күніне екі балық ауласа, соның бірін түлкі тартып жейді. Ақыры ол өзінің ақыл-айласымен үш дәуді жеңіп шығады, түлкіден де солардың қолымен кек алады.  Зорлаушылардан жапа көрушіні айыруда «Тоғыз Тоңқылдақ — бір Шіңкілдек» ертегісінің айтары көп. Сырт қарағанда зорлық бәйбішенің тоғыз үлы мен тоқалдан туған Шіңкілдек арасында болатын сияқты. Түптеп келгенде бұл күштілердің әлсіздерге істеген қиянаты болмақ. Әлсіздерге болысу — қазақ ертегілеріне тән халықтық белгілердің бірі.

Қазақ ертегілерінен көрінетін әлсіз образдардың бірі — тазша. «Тазша бала» ертегісінде бала сараң байдың майын алып, патшаның қазынасына түседі. Бірақ өзін таптырмайды. Сол патшаны мазақ еткен екінші патшаны тұтқындайды. Сөйтіп ол ханның өз істегенін өзіне істейді.

Шындығында, ертегі айту еріккеннің ермегі емес, жастарды сөз өнерінің қыры мен сырына жаттықтырып тәрбиелеу мектебі болып саналған. Мәселен, ертеде казақ ауылына келген әр қонақтан «қонақ кәде» талап етіп, қонақтың өзі білетін ертегі, аңыз әңгімелерді қисынына келтіріп айтып беруін қалауы, ал оны ауылдың үлкен-кішілерінің кірпік кақпай тындап ләззат алуы, жастарды ауызекі сөз өнеріне тәрбиелеудің бірден-бір мектебі болған. Неше түрлі ғажайып уақиғаларға құрылған ертегілердің жігін келтіріп, тартымды етіп айтып беру, әр әпизодтың арасынан қыл өтпестей етіп байланыстыру, кейіпкерлеріне мінездеме беру, оларды тындаушының көз алдына елестетерліктей етіп бейнелеп бере білу, әр кейіпкердің мінез-құлқы мен іс-әрекетіне қарай сөз сараптау, тілдік сипаттау таба білу, ертегі айтушыдан мол өнерді, тіпті айтқыштық шешендікті, әрі дикторлық, әрі ораторлық шеберлікті талап етеді. Демек, ертектің тартымды, қызықты, тыңдаушыға әсерлі болуы оны айтушыға байланысты. Жастарды ертек айта білуге үйрету де халықтың сөз өнеріне тәрбиелеудегі өнеге мектебінің рөлін атқарып келген.

Хайуанаттар туралы классикалық ертегілер саны жағаынан ел  арасында көп тараған. Ол қоғамдық-саяси ұғымдармен, діни нанымдармен тектік байланысын үзген. Сондықтан құбылушылық нәрселер тек кейіпкердің өз басының қасиеттері деп саналады. Онда өте қызықты қорқынышты жағдайлар, адамның тағдыры, жанұясы және тағы басқа керемет оқиғалар баяндалады.Олардың тақырыбы әр алуан. Оны халықтық фольклорлық роман деп атаса болады. Негізгі мақсаты-ғибадат алу, тәрбие беру.Мұнда ақылмен жету мақсаты қойылған.Кейде кітаби стиль көрініс табады. Оған Ы.Алтынсариннің, Қ.Мырзалиевтің шығармалары тән.

«Қазақ ертегілерінің» бірінші томына бұл тақырыптағы сюжеттен он үш, екінші томына жиырма бес ертегі енген-ді. Бүгінде бұл ертегілер барынша толық күйінде жарық көріп отыр. Олардың өзін мал шаруашылығына («Бозінген») және хайуанаттарға байланысты туған («Сырттандар», «Арыстан мен түлкі») ертегілер деп екі салаға бөлеміз. Соңғысында араб, үнді жүртының «Мың бір түн», «Қалила мен Димна», «Тотынама» сияқты сюжеттерінен алынған ертегілер де бар.

Қазақтың бақташылық өмірінен туған ғажап ертегілердің бірі -«Бозінген» сюжеті. Мұндағы Бағланбай малының қүты болған Бозінгенді тумады деп, бір шал мен кемпірге бақтырады. Бозінген басы алтын, құйрығы күміс бота туғанда, кемпір мен шал інгенді бір керуеншілерге сатып жіберіп, ботасын алып қалады. Қысқа ғана ертегінің көп жері ботасын жоқтап жылаған Бозінгеннің зарлы сөздеріне құрылған. Бағланбайдың екі баласы Бозінгеннің даусын танып, оны ботасына қосады. Малды, әсіресе түйе түлігін қасиет тұтқан қазақ халқы бұл түста ботасын сүйген Бозінгенді үлкен образға

айналдырған.

Бозінгеннің зары — монолог түрінде берілген. Онысы — жоқтау:

Жаралғанннан жасымнан, 

 Үстіме кілем жамылдым.

Күйіп, жанып сабылдым.

 Көрер күнім бар ма екен.

Тартып беру бала үшін,

 Мен ботамды сағындым.

Бұдан әрі өзі жат қолына түскен Бозінген ұшқан құстардан, түнде жортқан жапалақтан ботасының дерегін сұрайды. Иесі түйені құтқарып, ботасын алып келе жатқанда да Бозінген оны көруге асығып, адамша мұңданып, көз жасын төгеді. Малды қадір тұтқан қазақ ұғымында түйенің бала сүюі адамға ұқсас болып шығады.

Мал күту мен еңбек мәнін биік бағалайтын «Қотыр торғай», «Кім күшті?», «Қуыршақ» сияқты жас балаларға арналған қысқа ертегілердің мазмұны да аса қызық, тартымды. Кім күшті? ертегісінде мұздан күшті нәрсе жоқ деп ойлайтын қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөп, тоқты, қасқырдың, осылардың бәрінен оқтың күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пілтесін жеп қоятын тышқан, тышқаннан ін қазып, алты батпан ауырды арқалап, жеті батпан ауырды сүйреген қүмырсқа күшті болып шығады. Өйткені ол — еңбек сүйгіш, ұйымшыл. «Тепең көк» ертегісінде сараң байдың кедейленген үш баласына малдан қалған жалғыз көк тай олжа түсіреді.

Ауырып жатқан кемпір-шалға дәрі шөп іздеп шығатын қошқар мен теке — кедейдің сүйенер қолқанаты. Олар жолай түрлі жыртқыш аңдарға жем бола жаздаса да, дәрі шөптерді тауып келіп, өз иелерін ажалдан қүтқарады. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде мал баққан елдің баласы жасынан-ақ сол тірлікті қадірлей бастайды. Қазақ ергегілерінде төрт түлік мал адамның қүты, досы, тірегі ретінде суреттеледі.

Қазақ фольклорында жабайы аңдар жөнінде айтылатын ертегілер де көп. Оның көркем үлгілері «Қазақ ертегілерінде» жарияланып келеді. Тақырыбы жағынан күлдіргілеу болып келетін бұл ертегілер («Түлкі, қойшы, аю», «Түлкі мен бөдене», «Арыстан мен түлкі») көп жайда түрлі аңдар мінезін танытып қана қоймай, сол мінездер арқылы қоғам өміріндегі әлеуметтік теңсіздікті де көрсетеді. Қу асығып, адамша мүңданып, көз жасын төгеді. Малды қадір тұтқан қазақ ұғымында түйенің бала сүюі адамға ұқсас болып шығады.

Мал күту мен еңбек мәнін биік бағалайтын «Қотыр торғай», «Кім күшті?», «Қуыршақ» сияқты жас балаларға арналған қысқа ертегілердің мазмұны да аса қызық, тартымды. Кім күшті? ертегісінде мұздан күшті нәрсе жоқ деп ойлайтын қырғауыл, одан жаңбыр, жер, шөп, тоқты, қасқырдың, осылардың бәрінен оқтың күшті екенін айтады. Ал оқтан мылтық пілтесін жеп коятын тышқан, тышқаннан ін қазып, алты батпан ауырды арқалап, жеті батпан ауырды сүйреген қүмырсқа күшті болып шығады. Өйткені ол — еңбек сүйгіш, ұйымшыл. «Тепең көк» ертегісінде сараң байдың кедейленген үш баласына малдан қалған жалғыз көк тай олжа түсіреді.

Ауырып жатқан кемпір-шалға дәрі шөп іздеп шығатын қошқар мен теке — кедейдің сүйенер қолқанаты. Олар жолай түрлі жыртқыш аңдарға жем бола жаздаса да, дәрі шөптерді тауып келіп, өз иелерін ажалдан құтқарады. «Мақта қыз бен мысық» ертегісінде мал баққан елдің баласы жасынан-ақ сол тірлікті қадірлей бастайды. Қазақ ергегілерінде төрт түлік мал адамның құты, досы, тірегі ретінде суреттеледі.

Қазақ фольклорында жабайы аңдар жөнінде айтылатын ертегілер де көп. Оның көркем үлгілері «Қазақ ертегілерінде» жарияланып келеді. Тақырыбы жағынан күлдіргілеу болып келетін бұл ертегілер («Түлкі, қойшы, аю», «Түлкі

мен бөдене», «Арыстан мен түлкі») көп жайда түрлі аңдар мінезін танытып

қана қоймай, сол мінездер арқылы қоғам өміріндегі әлеуметтік теңсіздікті де көрсетеді. Қу түлкіге, ақымақ арыстанға халық ертегілері сықақ, сын қолданған. Кейде бұл ертегілерді қара сөзбен айтылған мысал десе де болғандай. Бұл реттен «Түйе, арыстан, қасқыр мен түлкі» ертегісінің айтары тіпті терең. Түйе еңбекшілер образын берсе, түлкі, қасқыр, арыстан — қанаушылар бейнесін суреттейді.

Хайуанаттар туралы кейбір ертегілерге адам образы қосыла бастайды. «Мақта қыз» бен «Қотыр торғай» оқигалары еңбек процесімен тікелей байланысып жатады. Қотырын ауыртқан шеңгелді торғай ешкіге шағады, шеңгелді ешкі жейді. Тілін алмаған ешкіні қасқырға шағады, сөйтіп торғай екеш торғай да өзінің кегін жоқтайды. Мұның айтары — нашарға қиянат жасама, өзіңнен зор шықса, көзің шығар деген әділет идеясы болмақ. Тым кішкене куыршақтың өзі де әділет адамы, батыр, «Бозінген», «Тепең көк» ертегілері тірліктің қамын айтады.

Хайуанаттар ертегілерінде сатира сарыны да бар. Мысалы, «Түлкі мен маймыл ертегісінде маймылдың ақымақтығы, түлкінің қулығы дәріптеледі. Маймыл — баққұмар, ол патша болсам дейді. Соны түлкі қақпанға түсіріп, «басыңа тепкілесең кетпейтін бақ қонды деп мазақ етеді. Түлкі қай елде болса да ақылды, қу аңнан саналған. «Түлкі мен қасқыр» ертегісінде қорқау қасқыр қыс айында түлкіден балық алып жемек болса, ол «балық өзенде көп, суға қүйрығынды салып отырсаң, балыққа молығасың» дейді. Қасқырдың құйрығы мұзға қатып қалып, суатқа келген шаруалардан таяқ жейді, қүйрығы мұзда қалады. Қасқыр — қорқаулау, ақылсыздау аң. «Кәрі арыстан» ертегісінде сол тойымсыз қаскырдың өзіне де зауал туады. Арыстан қартайып, жүре алмайтын болған кезде, патшамыздың көңілін сүраймыз деп барлық андар келеді. Келмегені қасқыр болыпты. Түлкі оны арыстанға шағып, мерт қылады. «Түлкім, түлкім, тілімді жеші» деген арыстанға, ол: «амандық болса, көтеншегінді де жермін», — дейді.

Арыстан образында хан, патшаларының да сыны бар. Осы ретпен хайуанаттар жөніндегі ертегілердің аяғы шыншыл ертегілермен жалғасып келеді.

Халықтың мегзеп отырғаны бір ғана аңдар арасында жайлар емес, әлеумет өміріндегі теңсіздіктер, содан қүтылу -күн көріс, өмір сүрудің шарты дейтін меже болмақ.

Сатиралық ертегілер. Сол дәуердегі әлеуметтік топтар арасындағы адамдарды әшкерелей, ауыл өмірін бейнелейді.Новеллалық ертегілердегі оқиға хан сарайы мен қалада өтеді,ал сатиралық  ертегідегі оқиғаның орны- кәдімгі ауыл. Кейіпкері –бай,молда, кедей.Негізгі ой-әлеуметтік тап тартысы көбірек орын алған.

«Батырлық ертегі»  деген термин фольклорда түрлі төрт мағынада қолданылады.  Бұл жанрға В.М.Жирмунский Оңтүстік Сібірдегі түркі-монғол халықының көне эпосын жатқызады. Ал орыс зерттеушісі А.Астахова батырлық ертегі түріне халық эпосының батырлары туралы кейінгі дәуірде пайда болған ертегілерді жатқызады. Бұған батырлық мазмұндағы қиял-ғажайып ертегілер де жүр  деп М.Әуезов те айтқан.   «Батырлық ертегі»  атауын ең алғаш қолданған зерттеуші –В.В .Радлов.

Батырлық ертегінің басты тақырыбы — ерлік пен үйлену, құбыжықтармен, жалмауыздармен күресу,рудың ерлік-намысын қорғау. Ерлікпен үйлену болашақ батырдың қалыңдывқ іздеп сапар шегуінен басталады. Мұның арғы тегінде өз руынан қыз алу тыйым салатын ғұрып заңы жатыр.

Батырлық ертегіде қиял-ғажайып ертегіге қарғанда, бас кейіпкер тек жағымсыз, ұнамсыз кейіпкерлермен тоғысып қоймай, тарихи реалды жануарларменде күреседі. Олар  стадиялық  жағынан қиял-ғажайып ертектерімен батырлық эпос аралығындағы жаныр. Батырлық ертегі алғашқы қауымдық қоғам ыдырай бастағанда пайда болып, кейінгі дәуірдің қасиетін мол сіңірген. Батырлық ертегінің бастауы миф пен хикая, ал екінші бір өзегі —  қиял-

ғажайып ертегілер. Соған қарамастан, өз бетінше де дамыған.

Батырдың ерлік жасауда күші әсірелене баяндалады.

Қазақтың батырлық ертегілерін шығу тегімен сюжетіне қарай үлкен екі топқа бөлеміз:

1.Көне (архаикалық) батырлық ертегі.

2.Кейінгі дәуірде жырдан туған  ертегілер.

-Архаикалық батырлық  ертегінің сюжеті кейіпкердің  бүкіл өмірбаянын  қамтиды.

1.Пролог.  Кейіпкердің тууы;

  1. Кейіпкердің үйлену тарихы;
  2. Кейіпкердің үйленгеннен кейінгі өмірі (жаумен соғысы,қартаюы).

Екінші топтағы  ертегілердің  сюжеті кең емес. Онда өмір баяндық  циклдің  ауқымы тар. Екінші топтағы  ертегілер  батырлар жырының прозалық түрі болып табылады.  Батырлар  жырындағы сияқты көмекші ат, сондай-ақ батырдың жұбайы да идеал  түрінде  көрсетіледі.

Бастауыш мектеп ана тілі оқулығына енгізілген ертегілер негізінен балаларға арналған ертегілер болып, оларды оқытуда оқушылардың жас ерекшелігіне сай әр сыныптарды жеке қарастыруға тура келеді.

Төменгі сыньштарда (1-2 сыныптар):

  1. Ертегілерді дауыстап, көтеріңкі   әуенмен  оқуға  дағдыландыру керек. Төменгі сынып оқушылары ертегінін қай түрге жататындығын оңай аңғара алмайды.  Сондықтан оқытушы  ертегінің   қай  түрге  жататындығын айтып беруі керек және қысқаша түсінік жасаса да болады.
  2. Мәтінде кезігетін   жаңа   сөздердің   мағынасын   оқушылардың қабылдау өресіне лайық түсіндіріп беру керек.
  3. Ертегіні оқып болғаннан     кейін     оқушыларға     қайта-қайта әңгімелету арқылы олардың сөйлеу қабілетін жетілдіруге мән беру керек.
  4. Мәтіннің идеялық мазмұнын жинақы баяндап түсіндіруге, ондағы басты сөз, сөйлемдерді бірлестіріп түсіндіруге көңіл бөлу керек. Мысалы, «Баланың айласы» деген ертегіні  оқытуда, біріншіден,  оқытушы өзі  үлгі көрсетіп оқып беріп, онан соң оқушыларға дауыстап оқыту керек. Мәтін диалог түрінде болғандықтан, оқушыларға оқытқанда сол диалог бойынша оқыту,   ондағы   ғалым,   түйе,   жеміс   ағашы,   ит,   бала,   жылан   сияқты кейіпкерлердің ерекшелігі бойынша лайықты әуенмен оқуға көңіл бөлу және олардың қандай адам, қандай жануарлар екендігін қысқаша таныстырып қою қажет.

Екіншіден, мәтінде кезігетін «жүгіну, жылан, ғалым, жапан дала, нану» сияқты сөздерді сейлемдегі беріп тұрған мағынасы бойынша түсіндіру керек.

Үшіншіден, ертегіні оқушыларға қайта-қайта айтқызу керек. Баяндау барысында кейіпкерлер бойьшша сөйлету мен тұтас мәтін бойынша ретімен баяндауды бірлестіріп айтқызу керек.

Төртіншіден, оқытушы ертегінің идеялық мазмұнын қорытындылап беруі керек. Мұнда жыланның жақсылыққа жамандық істеп өзін құтқарған ғалымды өлтірмек болған оқиғасын, баланың ғалымды жыланнан құтқарып қалуда қандай айла істеткендігін және осыған қатысты сөз, сөйлемдерді түйін ете отырып қорытындылау қажет.

Өзекті идеяны қорытындылау барысында, адам баласына қастас жауыз жыланды баланың ақыл-парасаттылықты жауыздық үстінен қашан да жеңіске жететіндігін, адамдар тек қара күшке сүйенбей, әдіс-амалға, ақылға да сүйену қажеттілігін дәріптеу керек. Мәтін соңында берілген:

«Қайратыңа әдісіңді жолдас ет,

Әдісіңе ақылыңды жолдас ет.

Білемін деп мақтанба,

Сенен де білгіш табылар»

деген мақалды тармақтары бойынша түсіндіріп берумен бірге, жаттап алуды тапсыру керек.

Жоғарырақ сыныптарда (3-4 сыныптар): 

  1. Оқушылардың ертегілерді дербес оқып түсіну қабілеті біршама жоғары болады. Бұл сыныптарға ертегілерді оқытуда, алдымен, оқытушы ертегінің мазмұнын ашып бере алатын сұраулар беріп, оқушылардың сол сұраулар бойынша оқып, қайталап айтып бере алатындай болуы үшін алдын-ала тапсырма беруі керек.
  2. Сыныпта алдымен  берілген  тапсырманың  орындалу   жағдайын тексеріп көру, онан соң оқытушы қызығарлық етіп әңгімелеп беру, сол негізде оқушыларды қызықтыра отырып оқуға және әңгімелеп беруге жұмылдыру керек.
  3. Талдау жасауда оқиғаға талдау жасауды басты орынға қою керек. Оқиғаны талдау негізінде ертегілердің негізгі идеясын қорытындылап беру кажет. Осы тұрғыда басты сөз, сөйлемдердің мағынасын түсіндіріп кетсе де болады.
  4. Ертегілерді талдау барысында көріністе әр түрлі мақұлықтар, жануарлар   суреттелгенімен,  іс жүзінде шынайы өмірдегі адамдар арасындағы қатынас бейнеленетіндігін ескертіп отыру керек. Халық ауыз  әдебиетінде жануарлар, мысалы, түлкі — әккі, қу адамдардың, қасқыр — зорлықшыл, жауыз адамдардың, қоян — қорқақ адамдардың, аю — ақымақ, қара күштің бейнесі ретінде алынады да, сол мінездегі адамдарға өкілдік етеді.  Сонымен бірге жын, албасты, дию, пері, жалмауыздар адамзаттың қас жауы ретінде алынып,  жаман   ниеттегі қаскөй,  озбыр,  жауыз күштердің бейнесінде суреттеледі.  Ұшкыш кілем, ағаш ат сияқтылар мен алтын орда, миуалы бау-бақшалар халықтың бақытты тұрмысты аңсаған арман-тілегінің бейнесі ретінде альнады. Оқыту барысында ертегілердің осындай ортақ бейнелеу ерекшеліктерін түйін ете отырып, оқушыларды жан-жақты бақылауға, кұбылыстан өтіп,  мәнді  тануға,   сол түрдегі  образдардың шынайы мәнін түсінуіне көмектесу керек.

Ең соңында,  жалпы  қорытынды  шығарып,  оқушылардың  сол ертегі мәтіні  жөніндегі  ұғымын жинақтап, бір жүйеге түскен, айқын да дұрыс түсінік  қалыптасуына  мүмкіндік   туғызу керек. Ерекше көңіл бөлуге тиісті бір мәселе,   ертегілерді  оқытуда оны есте қалдыруға, қайталай баяндауға оңай, оқиғасының  қызықты  болатындай  ерекшеліктерін  толық пайдаланып,  оқушылардың мәтін мазмұнын қайталай баяндауға, сөйлеуге дағдылануын берік меңгерту керек. Мұнда көбіне оқушылардың өздеріне талдату, қайталай баяндату талабын орындау керек. Міне, бұлар ертегілерді оқытудағы басты түйін және негізгі оқыту нысаны болып табылады.

Төменде мысал ретінде «Ғажайып  бақ» деген халық ертегісін талдап көрейік.  Бұл  ертегіні   оқу   арқылы  басқаға қамқор, мейірімді болудьң, көптің қамын   ойлаудың,   дайын   пайдаға  қызықпаудың   ізгі   қасиет,   асыл   мұрат       екендігін, сонымен бірге достыққа адал, мейірімді, көпшіл болуды  сезіну керектігін түсіну қажет. Әрі бұл ертегіден кедейлер қауымының бақытты тұрмысты аңсаған арман-тілегінің қызықты да ғажайып оқиғалар арқылы бейнеленгендігіне көңіл бөлу керек.

Ертегі   үш   бөлімге  бөлінеді. Бірінші бөлімде шығармадағы кейіпкерлер және олардың (іс-әрекеті мен сөздері арқылы) мінездері таныстырылады.  Біз  Қасен  мен Асанның бір-біріне қамқор, достыққа адал. ізгі  ниетті  кедей адамдар екендігін, Қасеннің малы қырылып, қайыршы болуға  айналғанда   Асан   оған ұлтарақтай жерінің жартысын бөліп беріп, оны құткарып қалғандығынан білеміз.   Қасен Асан  берген жерден ішіне алтын толтырылған  құмыра  тауып алғанда, оны жасырып қоймай, қайта Асаннан сүйінші сұрайды. Оған: — Алтын саған тән, сен енді кедейліктен кұтылдың!-дейді. Бірақ Асан:-Ардақты досым, жердің асты-үстіндегі қазынаның барлығы сол жерге маңдай терін төгіп, еңбек сіңірген адамдікі,- деп алтынды алуға көнбейді. Міне, бұдан олардың ізгі ниетін. досқа деген адалдығын   көреміз.   Мәтіннің  осы  бөлігінде тағы ақылды да көпшіл қарт пен  оның  төрт шәкіртінің   бір-біріне ұқсамайтын әрекеттері дс ашылады. Қарт   әуелі билікті төрт шәкіртіне беріп, оларды сынап көреді. Бірінші шәкірті:   Қазынаның   иесі   хан   болуы   керек,- десе, екінші шәкірті: Асан мен   Қасен   дауласып, бізге келді, билікті мен айтатын болған соң, алтын маған тән, өзім аламын.-дейді. Үшінші шәкірті: Иесі жоқ алтынды қайтадан жерге  көміп  тастау  керек,-  деп,  алтынды  көптің  мүддесі үшін жаратуды ойламайды. Ал төртінші шәкірті: Осы алтынды жұмсап, құлазып жатқан далада   гүл  жайнаған саябақ өсіру керек. Арып-ашқан кем-кетіктер сол бақтың саясында дем  алып,   жеміс  жеп,   рахметін   көпке көрсетуі керек,- деп билік айтады. Ақылды, дана қарт оның билігін әділ болды деп бағалайды. Сонымен алтын жөніндегі талас әділ шешім табады. Ертегілердің кейіпкерлерінің де әрекеттері толық ашылады.  Ертегінің екінші бөлігінде оқиға онан әрі дамып, күрделене түседі. Алтын туралы қайшылық шешілген соң,  олар  саябақ  жасау   дайындығына  кіріседі.   Бірақ  базарға тұқым алуға барған  жігіт алтынын союға апара жатқан көп құстарды сатып алуға жұмсайды да,   жер жүзінің құстары   құтқарылып,    оның   есесіне   өзі құр алақан қалады. Жеміс тұқым сатып ала-алмай жігіт үйіне қайтуға мәжбүр болады. Кең  пейілді,   ізгі   ниетті   жігіт   алтынды құстарға бостандық әперуге жұмсайды.   Ертегінің үшінші бөлімінде алтын жұмсап, еркіндікке шығарған   құстардың   адамдар армандаған баққа дүниенің бұрыш-бұрышынан  жеміс-жидек тұқымын тауьш әкеліп екендігі, сол арқылы ғажайып   бақтың   байлыққа әкелгендігі айтылады. Бұл бөлімде олар қиялдаған арманға жетеді.  Құлазыған тақыр дала ғажайып бау-бақшаға айналады.  Ымырт үйіріліп, қараңғы түскенде алмалар самсып, құстар тамылжытып  ән   шырқайды.  Жарлы-жақыбайлар хош иісті көк шалғынды төсеніп, өмірлерінде алғаш рет рахатқа кенеліп, тәтті ұйқыға кенеледі Ғажайып   бақтың    қызығы сол баққа ақсүйектер мен байлар келсе, жеті кұлып салынған темір қакпалы үлкен қабырға пайда болады. Алмаға суық қолын созған   ақсүйектер  есінен  танып,   жерге   кұлайды.   Зәре-кұты   ұшқан   бай-мырзалар ол жерге жоламайды. Ал кедейлер келісімен қақпа өздігінен    ашылып,  олар қанша жеміс жесе де жеміс азаймайды. Ертегінің бұл   бөлімін   түсіндіргенде, ондағы бейнеленген халықтың бақытты тұрмысты   аңсаған  арман-тілегі   мен ондағы бейнеленген таптық көзқарасты халық ертегілерінің ерекшелігімен бірлестіре отырып түсіндіру кажет.

Ертегіні   оқытуда  оқушыларға ертегіні іштсй түсініп оқып шығуды және онда  қандай оқиғалардың баяндағгандығына, қандай адамдардың бейнесі берілгендігіне көңіл бөлуді ескерту керек.

Баланы жетілдіре тәрбиелеуде көне уакыттан келе жатқан әдістер көп. Соның ішінде баланы қиял-ғажайып ертегілеріне әуестендірудің пайдасы өте зор. М. Жұмабаевтың айтуынша да: «Балада қиял ерте оянады. Бірақ оның жанында суреттеулер аз болғандықтан, қиялы да бай емес. Баланың түсінуінше дүниеде  мүмкін  емес   нәрсе   жоқ,   бәрі  мүмкін болатындай. Бала ертегінің бәрі шын деп ұғады, бала құрғақ ақылды ұқпайды, жандандырып, суреттеп алып келсең ұғады. Қысқасы, балаға ертегі тым қымбат нәрсе», -дейді.

Бала тілін жан-жақты дамытып, қалыптастыруда қазақ халқының ауызекі шығармашылығының маңызы өте зор. Халық ауыз екі шығармалары әсем түрде құрылған жұмбақ, жаңылтпаш, санамақ, ойын өлеңдер, ертегі, аңыз-әңгіме, мақал-мәтелге бай. Осы бай мүраның қай түрін алсақ та балаға ана тілін меңгертіп, сөздік қорын молайту арқылы, байланыстырып сөйлеуге, тілінің грамматикалық құрылымын қалыптастыруда, дыбыстық қателіктерді жоюда, шығармашылық ойлауын дамытуда баға жетпес құралдар болып табылады.

Халықтық әсем сөз өрнектері балалар түсінігіне лайықты, тілге орамды, көркем әдеби тілмен жазылған. Сазда халық әуенімен айтылатын бесік жырларынынң сан-алуан түрлері, тұсау кесу жырлары ойнақы тілмен жазылған санамақтар, ойын өлеңдері балалардың жас ерекшеліктеріне қарай тиімді пайдаланылса, баланың тіл әлеміне деген қызығушылығы артып, ана тілден байлығын меңгертуде үлкен қызмет атқарары сөзсіз. Қай ертегіні алсақ та, ол белгілі бір сюжетке құрылады, оқиғаның басталуы, аяқталуы болады. Ертегі тілінің көркемділігі, қызғылықты оқиғалар желісінің баяндалуы образдардың шебер суреттелуі баланың ертегі дүниесіне қызығушылығын арттыра түседі.

Ертегілерді баланың тындауы, естіген ертегі мазмұнын қайталап айтып беруі, баланың сөздік қоры молайтып, байланыстырып сөйлеу тілін дамытьш, тілдің грамматикалық құрылымын меңгеруде ғана емес, ерлікке,   достыққа,   үлкенге   ізет,   кішіге   қамқорлық   сияқты адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеуге, әстетикалық талғамын, қиялын дамытуға мүмкіндіктер беріп түрлі жауыздық, зұлымдық иелері арқылы жамандықтан жирендіреді.

Ата-ана бала түсінігіне лайықты мектеп жасына дейінгі балалар үшін тек

қиял-ғажайып және хайуанаттар туралы ертегілер оқылатындығын ескергені жөн. Сәби балаларға (3-4 жас) ертегілерді ауызша әңгімелеп айтып беріп, ал ересек балаларға (5-6 жас) оқығанды тыңдатып және әңгімелету әдістерін жүргізуге болады. Себебі мектеп жасына дейінгі баланың жас кезеңдеріне қарай психикальщ даму ерекшеліктерін ескеретін болсақ бала үшін ұзақ уақыт оқылған ертегіні зейін қоя отырып тыңдау қиынға соғады.

Ертегіні тындату арқылы балаға жан-жақты тәрбие беріп, дамытумен бірге, оқығанды шыдамдылықпен тыңдай білуге ұстамдылыққа үйрете аламыз, Әсіресе, ертегіні сюжетке қатысты түрлі-түсті суреттерді, картиналарды пайдалану арқылы әңгімелесу баланың қызығушылығы мен әстетикалық талғамын арттыра түсуде мол мүмкіндіктер береді. Бала үшін сурст арқылы ертегі мазмұнын айтып беру, шығармашылық ойлауын, ұзақ уақыт есте сақтау қабілетін де дамытады.

Ертегілердегі балаларды аса қызықтыратын тағы бір жәйт-кейіпкерлердің аса айқын, дәл суреттелетіндігінде, олардың әрекеттері, іс-қимылы, мінездері қатты әсер етіп отырады. Тіпті жағымсыз кейіпкерлердің өздері де ақымақтығымен, қулығымен балаларды таң-тамаша қалдырады.

Халық ауыз әдебиетінің үлгілері тақырыптық, көркемдік жағынан түрлі болған сияқты, сабактардың мазмұны, өткізу жолдары, орындайтын тапсырмалары да әр алуан келеді. Оқу үрдісі басқа түрде жүргізілетін мектептердегі әдебиет сабақтары негізінен кіріспе сөзбен басталады. Мұғалімнің кіріспе сөзі білімділік, тәрбиелік, көркемділік талапатарына сәйкес, тілі ұғымды, мазмұны шағын әрі әсерлі болуы шартты. Кіріспе сөзді тек баяндау тәсілімен ғана емес, кейде сұрақ койып, оқушылардың өздерін қатыстыра отырып өткізуге болады. Ертегілермен тантыстыруға арналған сабақты кіріспе сөзбен бастаған мұғалім: «Ертегі — халық, өмірін суреттейтін фантастикалық оқиғаларға құрылған көркем шығармалар. Ертегілер — үрпақтан-үрпаққа ауызіпа таратылып, ұзақ ғасырлар бойына толықтырылып, жетіліп келген халық ауыз әдебиетінің ең бір көркем түрі. Ертегілер өзара бірнеше түрге бөлінеді»- дей келе, оқушыларды әңгімеге тартып, төмендегідей сұрақтар қояды.

І.Орыс тілі сабақтарында орыс ертегілерінің қандай түрлерімен таныстыңдар?

2.Солардың ішінде қиял-ғажайып ертегілерді атап айтыңдар. Олардың кейіпкерлері кімдер?

  1. Бұл ертегілерде қандай қызықты оқиғалар суреттелген? -деген сұрақтар оқушылардың есіне орыс әдебиеті сабақтарынан білгендерін түсіріп, солардың енді оқитьщ шығармамен байланыстыра қарастыруға жол ашады.

Оқушылардың берген жауаптарын жинақтай отырып мұғалім қазақ ертегілерінің де хайуанаттар туралы, қиял-ғажайып және тұрмыс-салт ертегілері болып үш түрге бөлінетіндігіне тоқталады. Ол өзінің сөзін кітапханадан алған ертегілер жинақтарын жеке кітапшаларды, ертеплердің әр түріне салынған суреттерді көрсету арқылы көркемдеп, толықтырып айшықты жеткізуді ойластырады.

Оқулықта берілген «Ғажайыптар әлемінде» деген мәтінде ертегілерге арқау болған құбылыстар мен жағдайлар айтылып қазақ ертегілерінің негізгі түрлері  туралы  деректер   ұсынылады. «Ертегілердің ең бір тамаша, балаларға қызықты түрі — киял-ғажайып ертегілері» деген түйінді ойдан кейін осы шығармалардағы сан-алуан оқиғаларды басынан кешірген кейіпкерлер  жөнінде,  олардың қарсыластары мен достарының фантастикалық  түрде   бейнеленуіне, ертегілердің басталуы мен аяқталуында бірсарындылық болатынына оқушылар көңілін баса аударған жөн.  Мәтінді   оқып-талдау  үстінде   балалар басты кейіпкердің өз ата-анасын, ел-жүртын қорғау мақсатында ұзақ жолға шығып, көптеген қиындықтардан өтіп, жеңіске жеткендігімен қатар оның үлкен мен кішіге қайырымды, досына сенімді, адал болатындығына тоқталып, өз беттерімен тиісті қорытынды жасап отырады. Талдау жұмысының бір бөлігі балаларға қиял-ғажайып ертегілерінің көркемдік ерекшеліктерін байқатып-

білдіруді көздейді. Осы бағытта оқушыларға төмендегідей сұрақтарды беруге болады:

  1. Басты кейіпкер қандай фантастикалық, ғажайып оқиғаларға кездеседі? Осы жағдайларда ол өзін қалай үстайды?

2.Ертегідегі ғажайып заттарды атап  шығындар?  Олардың кандай ғажайып сипаты бар?

  1. Басты кейіпкердің қарсыластары кімдер? Олар қалай суреттелтен?

4.Басты  кейіпкердің  достары  мен  көмекшілері  кімдер? Олардың басты қасиеттері қандай?

Өз жауаптарын оқушылар мәтіннен естіп, соның ішінде кейіпкердің көмекшілері: Саққұлақ, Таусоғар, Желаяқ, Көлтауысардың сипатталуына іс-әрекетіне аса  қызығушылықпен тоқталады. Бірлесе отырып оқушылар оларды орыс ертегілеріндегі фантастикалық кейіпкерлермен салыстыру арқылы екі халықтың сөз өнерін ерекшеліктерін жөніндегі түсініктерін тереңдете түсіп, ойларын сөзбен жеткізе білу қабілеттерін жетілдіреді.

Мәтінді мұғалім өзі бастап оқығаны жөн. Өлеңмен жазылған ертегіні алғаш оқығанда оның әуені мен үйқасын келістіруге тырысып, интонақиалық, ритмикалық жақтардың ерекшеліктерін байқату көзделеді. Ертегінің көлеміне байланысты мұғалім бірнеше шумағын оқып бергеннен кейін ары қарай оқушылар өздсрі жалғастырып оқығанда да ұстаз өлеңді мәнерлеп, оның жолдарындағы дыбыс үндестігін ескеріп отыруды талап етеді. Сондай-ақ халық ауыз әдебиетіндегі жақсы айтылған ертегінің өзі де  жасөспірімдер ғана емес, ересектердің ой-өрісі мен дүниетанымының кеңеюіне тигізетін әсері мол. Мұнда оқушылар бос уақытында әдеби кітаптарды  оқи отырып,   халықтың қиялға құрылған өмірінен сабақ алады.

 

2.2.  Ертегілерді  оқушылардың  тілін  дамытуда  пайдалану

тәжірибесі  және  оның  нәтижесі

 

Ертегі — бұл бейнелеп айтқанда, балалық ой мен сөздің отын маздататын самал жел. Бастауыш сыныптарда оқушылардың қиялын дамытатын   жұмыстың   бір   түрі —   ойдан ертегі құрастыру. Балалар ертегіні   тек   тыңдауды ғана жақсы көрмейді, олар өздері де ойлап шығарады. Ертегі шығару — мұғалім үшін балалармен рухани қарым-қатынас жасау болса. ал балалар үшін теңдесі жоқ ойлану шаттығы болады. Олар ертегіге құмартады. Белгісіз, түсініксіз нәрсе. әсіресе ғажайып, фантастикалық нәрсенің бәрі баланы қызықтырып, өзіне тартады. Сондықтан балаларды өздерінің байқағандарынан ертегілер ойлап шығаруға үйрету керек.

Оқулықтағы    берілген   ертегілермен   танысқаннан кейін, осыған ұқсас ертек құрастырып немесе ренішпен, өкінішпен аяқталатын ертегіні қуанышпен  аяқталатындай етіп өзгерту баланы шығармашылыққа үйретумен қатар армандауға, қиялдауға жетелейді. Өз ертегісін көрген бала қуанышты басынан кешеді. Айтылған ертегілердің суретін салу оқушылардың көз алдына ертегінің кейіпкерлерін елестетуге, ойында ұзақ сақтауға көмектеседі.

Ертегі   балаларды   қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын жеткізуте және қайратгы істер жасауға жұмылдырады. Сондықтан балаларды ертегі оқуға қызықтыру, жақсы қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру мақсатында «Ертегілер еліне саяхат»  сабағын   өткізуге   болады. Сондай-ақ «Ертегіні кім көп біледі?» сайыс сабағын ұйымдастыруға да болады. Сайысты бірнеше бөлімнен тұратын етіп, біріші бөлімді «Кім тапқыр?» деп атау керек. Ертегіден   үзінді   бойынша   сахналық   қойылым көрсетіліп, көрген ертектің атын, кай халық ертегісі екенін айтуы керек.

 

Екінші   бөлім «Кім шапшаң?» деп аталады. Ертегіден үзінді үнтаспадан   оқылады.   Шарты — ертегінің атын табу және жалғастырып айту.

Үшінші бөлімді «Кім ойшыл?» деп атауға болады. Кез-келген ертегіден үзінді оқылады. Сол ертегі кейіпкерлерін ретімен айту керек.

Сонымен, қазіргі заманғы мектептің мақсаты — оқушының тек қана «ең таяу даму аймағына» қол жеткізуін камтамасыз ету және оның ой-өрісін дамыту ғана емес, сонымен қатар баланың жеке адам ретіндегі жан-жақты дамуын және бүгінгі ғана емес, ертеңгі дамуына жол ашу, дайындау  екендігін баса  айтады.  Осы тұрғыда жазылған 4-сыныпқа арналған «Ана тілі» оқулығы мазмұны және құрылымы жағынан да жаңартылды. Бұл сыныптағы   оқушылардың назары көркем шығарманың сөз туындысы екеніне аударады. Көркем шығармада сан алуан кұбылыстар сөз арқылы өріліп, сөз аркылы бейнеленеді.      Сондай-ақ оқулықта халық тілінің бүкіл асыл қасиеттерін бойына сіңірген А.Құнанбаевтың, А.Байтұрсыновтың, М.Жұмабаевтың,  С.Сейфуллиннің, I.Жансүгіровтің, М.Әуезовтің т.б. көптеген  қазақ   жазушыларының   және   басқа   ұлттардың  да көрнекті ақын-жазушыларының туындылары жинақталған. Жалпы алғанда, «Ана тілін»  оқу   барысында  балалар өздеріндей кішкентай балалардың және үлкен   адамдардың   ерлік   істерімен,   еңбек   жолымен танысу арқылы қоғам игілігіне  адал еңбек етуге, адамгершілікке, шыншылдыққа бірін-бірі және үлкендерді сыйлап, кішіпейіл, қайырымды болуға төрбиеленеді. Туған еліміздің   мейлінше   бай,   көркем   де сұлу табиғаты жайлы материалдармен танысу арқылы табиғатта кездесетін өзгерістер мен кұбылыстарды байқай білу,   теңдесі   жоқ таңғажайып әсемдікті бағалай алу, елін, жерін қадір тұтып, құрметтеп өсуге тәрбиеленеді. Сондай-ақ оқулықтағы материалдар қасиетті   халқымыздың ата тарихымен, ұлттық салт-сана дәстүрлерімізбен, елін,  жерін қорғауда   өмірлерін   құрбан   еткен  ерлердің істерімен оқушыны    таныстыру арқылы оның өз атамекенін сүю, аталар дәстүрін көздің қарашығындай сақтап жалғастыру,   туған жерін қорғау сияқты қасиетті міндеттерге жүктеу мақсатын көздейді. «Ана тілі — ой өсіреді, Ана сүті бой өсіреді»  , ел басынан кешірген тарихи  көркем шығармалар оқуш қабілеттерін арттырады.

Оқулыққа өдебиет теориясы элементтерінен — ертегі, жыр, мақал-мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ, аңыз, шешендік сөздер жөніндегі балаға бұрыннан таныс теориялық мәселелер тереңдетіліп берілсе, шығарманың тақырыбы   мен   идеясы,   теңеу,   эпитет, кейіптеу, портрет, монолог, диалог, пейзаж, мінездеу жөнінде жаңадан немесе толықтырылған түрде мәліметтер берілді. Оқулықтағы материалдар төмендегідей бөлімдер бойынша орналастырылады:

I  бөлім.     Арналы бұлақ — асыл сөз.

II  бөлім.   Туған өлкем — тұнған шежіре.

III  бөлім. Туған жерім — тұғырым, өскен елім — өзегім.

IV  бөлім. Әдептілік, ар-ұят — адамдықтың белгісі.

V  бөлім.    Менің алыстағы достарым.

Әр бөлім оқушыларға бұрыннан таныс кейіпкерлер Зерделі мен Талапбектің және олардың атасының (жаңадан қосылған кейіпкер) эвристикалық   әңгімесімен   басталып,   аяқталады.Әрбір бөлім соңында тест-тапсымалары берілген.Оқушылардың дербестігінің даму дәрежесіне қарай оларға берілетін тапсырмаларды репродуктивтік және шығармашылық деп екі топқа бөлуге болады.   Репродуктивтік тапсырмалар бұрын білгенді, оқығанды еске түсіру, жаңаны хабарлаушы міндеттерін көздейді. Оған берілген жоспарға сәйкес оқулықтағы мәтіндермен жұмыс жасау, түсініп оқу, дұрыс оқу, шапшаң оқу дағдыларын қалыптастыруға байланысты жаттығулар, мұғалімнің көрсеткен үлгісі бойынша мәтінді мәнерлеп оқу және шығармадағы көркем сөздерді тауып, дәптерлеріне көшіріп жазу т. б. жұмыс түрлері жатады.

Шығармашылық тапсырмаларға оқушыларды іздендіретін өз бетінше өлең немесе әңгіме құрастыру, шығарма жазу, мәтінді толықтырып айтып беру, мәтінді сөйлесу (диалог) арқылы әңгімелеу, көлемді шығармаларды жинақтап, кысқартып әңгімелеу, оқыған шығарманың мазмұнын толық өзгертіп әңгімелеу, оқылған мәтіннің мазмұны бойынша сурет салу, сурет бойынша әңгіме кұрастыру  жатады. Материалдар бастауыш сынып оқулықтарына сай мынандай тақырыптар бойынша топтастырылған:

  1. Халық ауыз әдебиеті үлгілері.
  2. Туған жерім, өскен елім.

III. Адам болам десеңіз…

  1. IV. Дидактикалық ойындар.

Әр бөлімдегі тапсырмалар оқушылардың жас ерекшеліктеріне байланысты күрделендіріліп, «жеңілден ауырға қарай» дидактикалык принципке сай іріктеліп алынған.

Көрнекті педагог Мағжан Жұмабаев: «Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтын болғандықтан, балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек… Сыныпта отырғанда баланың тез шаршауы оның ақылының жұмыс қылуынан,   әсіресе,   тек   отырудан,   ауаның бұзылуынан. Сон-дықтан, сабақ уақытында балалар қолайлы болмай бара жатса, мұғалім дереу балаларды босатып, жүгіртіп, ойнатып, сыныптың ауасын жаңартуы керек. Бір сабақтың ішінде де балаларды тұрғызып, отырғызып, гимнастика жасатып, ән салдырып алуға болады. Мұндайда бала серігіп қалады»,— деп ойынның, кызғылықты жаттығулардың балалардың оқу әрекетін жандандырып, оқуға деген ынтасын арттыратын маңызды кұрал екенін атап көрсетеді

Ертегіні оқытуда жаңа әдістерді пайдалана отырып, оқушылардың білімін   жүйелі   түрде   меңгеруіне және жеке оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда   «Сын   тұрғысынан   ойлауды дамыту» маңызы ерекше деп ойлаймын. «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының стратегияларын күнделікті сабағыма қолданып отырамын. Сын тұрғысынан ойлау-сынап қарау емес, оқушының шыңдалған ойлау әрекеті. Осы әдісті Ана тілі пәнінің «Ғажайып бақ» ертегісін түсіндіре отырып пайдалануға болады.

  1. Қызығушылығын ояту.
  2. Мағынаны түсіну.
  3. Ой толғау.

Венн диаграммалары арқылы оқушының оқуға деген қызығушылығының арта түсетінін байқаймыз. Осының дәлелі ретінде «Ғажайып бақ» ертегісін түсіндіргім келеді.

                      Әкеден ұл тумай ма,

                                Әке жолын қумай ма.

Асан мен Қасеннің сөзге тоқтап үлкен қарияның кіші шәкіртінің даналық айтқан ақылына бас иіп, осы ақылы жөн екен-ау деп тоқтағанының өзі үлкен көрегенділікке, көпшіл екенін аңғартады.

Сабақтың мақсаты:

  1. Балаларды мейірімді, адал болуға, адамгершілікке тәрбиелеу, арам пиғылдан, іштарлықтан бойларын алыс ұстауға тәрбиелеу. Өз бетінше жұмыс істету, ой-өрістерін дамыта отырып, өздіктерінен қорытынды шығаруға машықтандыру.
  2. Оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын оқу мен жазу арқылы дамыту.
  3. Туған жерін, табиғатын сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Оқулық, буклет, плакат, нақыл сөз, кеспе қағазы, венн диаграммасы, суреттер.

Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды жақсы-жаман қасиеттерді ажырата білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңаша білім беру.

Сабақтың өткізілу әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, шығармашылық жұмыс, кеспе қағазбен жұмыс, кітаппен жұмыс, дәптермен жұмыс.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.
  2. Үй тапсырмасын сұрау.

Құлтума мен Асаубай, Сүйінбай мен Тәттіқыздың айтысын мәнерлеп жаттап келу екенін еске түсіреміз. Осы кезде сергіту сәтін айтамыз.

Құлақтан кіріп бойды алар,

Жақсы ән мен тәтгі күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй…!

Осыдан барып тақтаға жұп-жұптарымен шығып айтысты нақышына келтіріп мәнерлеп айтқыздым.

Үй тапсырмасын қортындылай отырып, айтыс туралы түсінік бердім. Сұрақ — жауап әдісі.

  1. Жаңа сабақ.

Халық адамгершілік пен әділетті, ақылдықпен батырлықты ертеден-ақ өте жоғары бағалап, әңгіме ән-жырға арқау етіп отырған. Халықтың ауыздан-ауызға тарап, бізге жеткен ертегі, аңыз әңгімелерінің барлығында ақылдылық пен ақымақтық, арамзалық пен адалдық, жақсылық пен жамандық қатар көрсетіледі.

«Ғажайып бақ» ертегісінің оқиға желісі қызықты. Ертегінің кейіпкерлері Асан мен Қасен қарапайым еңбек адамдары.Мәтінді түсіндіру.

а)  Қызығушылықты оята отырып ой қозғау. Мәтінді бөлімге бөлеміз.

1-бөлім. Қасеннің жұтқа ұшырауы.

2-бөлім. Асанның достық көмегі.

3-бөлім. Алтын салынған қара қазан.

4-бөлім. Кедейлердің қарияға жүгінуі.

5-бөлім. Қарияның шешімі.

6-бөлім. Жас жігіттің рақымдылығы.

7-бөлім. Халықтың рақатқа кенелуі.

Ертегінің кейіпкерлері Асан мен Қасенге адал, еңбекқор, достыққа берік  деп,   ал   қарияға   әділ   шешім айта алатын шыншыл деп, ал қарияның үшінші шәкіртіне ақылды, қайырымды, елін сүйген -ер деп мінездеме беру арқылы түсіндіреміз. Ертегіде суреттелетін ғажайьш бақ көрінісін   оқушылар   жас   шыбықтар көктеп өсіп, жапырағы жайнаған үлкен ағаш, жұпар иісі, қызыл нарттай алмалар, пісіп тұрған жүзім, бал татыған өрік, жарқыраған өзен, көкорай шалғын, арықтардың суы сылдырап, құстар бұлбұлша сайрайды деп түсінеді.

б)  Кітаппен жұмыс жүргізу.

Мәтінді оқу арқылы сұрақтарға жауап беру.

в) Қиын сөздерге талдау жасау. Шегендеу-қалау, жинау. Кіріптарлық-жоқшылық, қиыншылық

Ширегіне келмеді-теңесе алмады.

  1. Түртіп алу белгісімен жұмыс жүргізу.

V — білемін

+ — жаңалық

? — түсіндіріңіз, зерттеймін.

  1. Ой толғаныс.  Венн диаграммасы ойыны.

3 оқушы шығып жеміс ағаштары, жемісі жоқ ағаштарын жазу. Сосын екеуінің ортақ қасиетін жазу.

Жеміс ағаштар

Жемісі жоқ ағаштар

         Басты кейіпкер Асан мен Қасенге мінездеме беру

 

 

Жаңа тақырыпқа 4 шумақ өлең.

 Мөлдір:   Атамның ән-күйі ғажайьш,

                  Әжемнің әлдиі ғажайып.

                  Анамның мерейі ғажайьш,

                  Әкемнің пейілі ғажайып.

Шерхан:   Әпкемнің ақылы ғажайьш,

                  Інімнің ниеті ғажайып.

                  Ағамның нақылы ғажайып,

                  Сіңлімнің ізеті ғажайып.

 Жансая:   Бөпемнің күлгені ғажайып,

                  Бәрінде білгенім ғажайып.

                  Бөлмеген іргені ғажайьш,

                  Үлгі алып жүргенім ғажайып.

 Баһадүр: Осындай жақсы әдет ғажайьш.

                 Қалмасьн ешқашан азайып.

  1. Қорытындылау.

Сабақты қорытындылай отырып, оқушылармен жеке-жеке кеспе қағазын беріп, жұмыс жүргіздім. Бүл жерде ертегідегі басты кейіпкер Асан мен Қасенге мінездеме беру.

Оқушылар өте қызықты етіп мінездеме берді.

  1. Оқушыны бағалау.

Оқушылар өз дәрежесінде марапаттальш бағалаңды.

  1. Үй тапсырмасы. Ғажайып бақ ертегісін түсініп оқып келу. Еңбек тақырыбына байланысты мақал-мәтел жаттап келу.

Екінші бөлім «Кім шапшаң?» деп аталады. Ертегіден үзінді үнтаспадан оқылады. Шарты — ертегінің атын табу және жалғастырып айту.

Үшінші бөлімді «Кім ойшыл?» деп атауға болады. Кез-келген ертегіден үзінді оқылады. Сол ертегі кейіпкерлерін ретімен айту керек.

Сонымен, қазіргі заманғы мектептің мақсаты — оқушының тек қана «ең таяу даму аймағына» қол жеткізуін камтамасыз ету және оның ой-өрісін дамыту ғана емес, сонымен қатар баланың жеке адам ретіндегі жан-жақты дамуын   және бүгінгі ғана емес, ертеңгі дамуына жол ашу, дайындау екендігін  баса, айтады.Осы тұрғыда жазылған 4-сыныпқа арналған «Ана тілі» оқулығы мазмұны және құрылымы жағынан да жаңартылды. Бұл сыныптағы  оқушылардың назары көркем шығарманың сөз туындысы екеніне  аударады. Көркем шығармада сан алуан кұбылыстар сөз арқылы өріліп, сөз аркылы бейнеленеді.,

Ертегі — бұл бейнелеп айтқанда, балалық ой мен сөздің отын маздататын  самал  жел.  Бастауыш сыныптарда оқушылардың қиялын дамытатын   жұмыстың  бір түрі — ойдан ертегі қүрастыру. Балалар ертегіні тек   тыңдауды   ғана   жақсы көрмейді, олар өздері де ойлап шығарады. Ертегі шығару — мұғалім үшін балалармен рухани қарым-қатынас жасау болса,   ал   балалар үшін   теңдесі жоқ ойлану шаттығы болады. Олар ертегіге құмартады. Белгісіз, түсініксіз нәрсе. әсіресе ғажайып, фантастикалық нәрсенің бәрі баланы қызықтырып, өзіне тартады. Сондықтан балаларды өздерінің байқағандарынан ертегілер ойлап шығаруға үйрету керек.

Оқулықтағы   берілген   ертегілермен   танысқаннан   кейін, осыған ұқсас  ертек   құрастырып   немесе   ренішпен,   өкінішпен аяқталатын ертегіні қуанышпен  аяқталатындай етіп өзгерту баланы шығармашылыққа үйретумен   қатар   армандауға, қиялдауға жетелейді. Өз ертегісін көрген бала қуанышты басынан кешеді. Айтылған ертегілердің суретін салу оқушылардың көз алдына ертегінің кейіпкерлерін елестетуге, ойында ұзақ сақтауға көмектеседі.

Ертегі   балаларды   қиялдауға, шешен сөйлеуге, өз ойын жеткізуте және қайратгы істер жасауға жұмылдырады. Сондықтан балаларды ертегі оқуға   қызықтыру,    жақсы  қасиеттерді оқушылар бойына сіңіру мақсатында   «Ертегілер  еліне  саяхат»  сабағын   өткізуге болады. Сондай-ақ «Ертегіні кім көп біледі?» сайыс сабағын ұйымдастыруға да болады. Сайысты   бірнеше    бөлімнен    тұратын етіп,   біріші бөлімді «Кім тапқыр?» деп атау керек.   Ертегіден  үзінді  бойынша  сахналық қойылым көрсетіліп, көрген   ертектің   атын, қай халық ертегісі екенін айтуы керек.

Қорытынды

 

Ертегілердің тәрбиелік маңызы орасан зор. Ертегілерді оқу арқылы балалар қарапайымдылық, кішіпейілділік, кайырымдылық, адалдық сияқты қасиеттерді бойына сіңіреді. Ертегінің тілі түсінікті, қанатты сөздер мен бейнелі тіркестерге бай болып келеді. К.Д.Ушинскийдің сөзімен айтқанда, ертегі оқушыны халық қазынасына ендіреді, халық рухымен араластырады.

Ертегілерді оқуда  мыналар ескерілуі қажст:

  1. Ертегіні оқу  барысында   «бұл  ойдан  шығарылған,   өмірде кездеспейді»  деудің  қажеті  жоқ,  балықтың,  жан-жануарлардың сөйлемейтінін балалардың өздері де біледі, бірақ ертегідегі оқиғаға сеніп,  оның кейіпкерлерінің іс-әрекетіне бірде  қайғырып,  бірде қуанып,  қиял   көгіне  көтеріледі,   көңілденеді,   қиялдау  оларды армандауға үйретеді.
  2. Оқушыларды кейіпкерлерге қарапайым мінездеме беруге үйретуде де ертегілердің пайдасы мол. Ертегі кейіпкерлеріне берілетін мінездеме әдетте бір-екі айқын белгілерді көрсетсе де анық түсінікті болып келеді.
  3. Қара сөзбен жазылған  ертегілер  мәтінге  жақын   үлгімен мазмұндалады.  Кейде ертегіні оқымай-ақ,  мұғалім оның мазмұнын қызықты етіп, қысқаша айтып береді. Егер артистердің орындауындағы фонохрестоматияны пайдаланса, тіпті жақсы.
  4. Ертегі оқушыларды жоспар жасауға үйрету үшін де өте қолайлы. Оны бөлімдерге бөлу, ат қою, қандай суреттер салуға болатынын анықтау т.б. осындай жұмыстарды 2-3 сынып оқушылары орындай алады. Ал 4- сыныпта ертегіге өз беттерімен жоспар жасау тапсырылады.
  5. Жануарлар туралы ертегілерді оқығанда дайындықтың онша керегі жоқ.
  6. Кейбір ертегілерді пъесаға айналдырып,  қуыршақ жасатып, сыныптан   тыс сабақтарда балаларға орындатуға болады
  7. Ертегінің композициялық ерекшеліктерін қарапайым түрде бақылау жүргізіп үйрету жұмыстары да үнемі іске асырылып отырғаны жөн.
  8. Ертегілерді балалар қызыға оқиды,  олардың мазмұнын  бір оқығанда-ақ игереді. Сондықтан бірқатар ертегілерді оқығанда жалпы идеясын ғана әңгімелеп, мазмұнын үйден оқуға тапсыруға да болады .

       Бастауыш мектеп оқушыларының тілін дамытып, сөздік қорын молайтуда ертегілердің рөлі ерекше.

Ертегілерді меңгеруде, солар арқылы дамыту жұмыстарын жүргізгенде мыналарды:

— Мәтінді бірінші болып мұғалімнің өзі оқуын;

— Өлеңмен жазылған мәтінді оқығанда оның әуені мен ұйқасын келістіре оқуға, интонациялық, тактикалық жақтарының бұзылмауына;

— Мәтінді мәнерлеп оқуға;

— Мәтіндегі дыбыс үндістігінің бұзылмауына;

— Мәтіндегі сөздердің қатесіз дұрыс оқылуына;

— Балалардың түсініктерін мейлінше көркем тілмен өз сөздерімен айтып беруіне баса көңіл бөлу керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер

 

  1. Аникин В.П. Фольклор как коллективное творчество народа. ─ М., 1969
  2. СоколовЮ. М. Значение фольклора и фольклористики (в конструктивный период). ─ М.,
  3. Радлов В. Алтын сандық. ─ Алматы, 1993.  [15 б].
  4. Диваев Ә. Тарту. ─ Алматы,1992.[17-18б].
  5. Райымова Қ. Ертегінің  тәрбиелік  мәні. ─ // Бастауыш  мектеп. ─ 1998. ─№4. ─ б. 20-21.
  6. Жұмабаев М. Педагогика. ─ Алматы, 1994
  7. Алпысбаев Т. Қазақ халық әдебиеті.  Т.З; Ертегілер. ─ Алматы: Жазушы» 1975ж. 135-1846.
  8. Айдашаев А. Қазақ халық әдебиеті.   Ертегілер. ─  Алматы: «Жазушы» 1979ж. 112-1466.
  9. Бердібаев Р. Сарқылмас қазына. ─Алматы: «Мектеп», 1983ж., 145-2016.
  • Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. ─ Алматы: Мектеп,1991ж. 3-376.
  • Сабыров Т. С. Оқыту теориясының негіздері. ─ Алматы, 1993. ─ 64-бет.
  1. Әбдірасылова А.Ә. Әр  түрді  жанрдағы мәтіндерді  оқыту. ─ Астана,2003. [18-21]
  • Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі, ─ Астана,2003.  [60-61].
  • Әуелбаев Ш., Ә.Наурызбаева, Р.Ізғыттынов, С.Тәжімбетова. Ана тілін оқыту әдістемесі. ─ Алматы,1998.
  • Лесбаева С. Әдістемелік жұмыстарының жетістіктерінің  диагностикасы. ─ //Мектеп.  ─ 2006, №2. ─ б. 34-36.
  • Егенова А. Ертегіні әңгімелеп беру немесе мәнерлеп оқу. ─ //Қазақстан мектебі. ─2004. ─ №5. ─ б. 13-15.
  • Шәріпова Ж. Ана тілі сабағында ертегілерді оқыту. ─ //Қазақстан мектебі. ─2003. ─№2. ─ б. 20-21.
  • Қазақ ертегілері: Аңыз, тұрмыс-салт,    қиял-ғажайып, хаиуанаттар туралы ертегілер. Алматы «Балауса» 2004ж. 27-346.
  • Қалиев С. Халық ертегілері. ─ // Тәрбие құралы. ─ 2005. ─ №11. 3-76.
  • Қалқабаева М. Балалар әдебиеті-тәрбие құралы. ─  Алматы: «Мектеп» 1976ж. 68-1016.
  • Мұқанов С. Халық мұрасы. ─ Алматы: «Мектеп», 1980ж. 122-126 б.
  • Сүйіншәлиев Қазақ әдебиетінің қалыптасу кезеңдері. ─ Алматы: «Мектеп», 1967ж. 11-186.
  1. Тойшыбаев С., Дайрабаев Ғ. және Қожакеев Т. Мектепте қазақ әдебиетін оқыту. ─ Алматы: «Мектеп», 1980ж. 80-886.
  • Хайуанаттар туралы қазақ ертегілері. ─ Алматы: «Ғылым», 1979ж. 12-376
  • Сайлыбаева Ж. Ауыз әдебиеті үлгі арқылы баланың тіл байлығын дамыту. ─ 2004. ─ №5. ─ 25-26 бет.’
  1. Бартаева О. Бастауыш сыныпта ертегілерді оқыту. // Бастауыш мектеп, № 11. ─ 18-20 бет.
  2. Р. Берекенова «Ауыз әдебиетінің ғажап үлгілерінің бірі- ертегілер». // Ұлағат. ─ 2004. ─ №2 47-49 бет.