АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің кейбір мәселелері

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОРТА АЗИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер және педагогикалық мамандықтар» кафедрасы

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің кейбір мәселелері

 

Алматы. 2009
МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . ..

І Бөлім: Этноэкологиялық тәрбие берудің және оқушылардың экологиялық білім мазмұнының әдіснамалық- теориялық негіздері.
1.1. Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері….
1.2. Оқушылардың экологиялық білім мазмұны – психологиялық-
педагогикалық проблема………………………………………………………………..

2 бөлім: Жаратылыстану пәндері арқылы оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру.
2.1. Экологиялық білім берудің ұтымды жолдары. ………………………….
2.2. Жаратылыстану пәндері арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие
берудің мазмұны. ………………………………………………………………………….
2.3. Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің кейбір технологиясы мен
әдістемесі………………………………………………………………………………………

Қорытынды……………………………………………………………………………….. Пайдаланылған әдебиеттер . . . . . . . ……………………………………………

 

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Адам мен табиғаттың, қоғам мен ортаның өзара әрекеттестігі, оның өнеркәсіпті өндірістің қазіргі таңдағы көптеген жарамсыз технологиялармен қарқынды өсу жағдайында өмір сүруі, қиындықтың шама-шегіне жетті. Адамзат тіршілігінің өзіне қауіп төнді: табиғат қорлары үзіліссіз сарқылысқа түсті, ортаның ластануынан адам өміріне қауіп төнді. Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Мұндай апатты зардаптар Қазақстанның Семей, Қызылорда, Батыс Қазақстан (Нарын, Азғыр, Тайсойған), Орталық қазақстан (Сарышаған, Байқоңыр, Балқаш), Оңтүстік қазақстан (Созақ) аймақтарында көрініс тапты, олар табиғи экологиялық жүйе тұрғысында, экологиялық жағдайы өте нашар жерге айналды, ал экологиялық әлеуметтік тұрғыда экологиялық зардапты ауданның бірі болып саналады. Экологиялық апаттар биоортадағы жағдайларға еткен әсері арқылы дүние жүзінің әрбір аймағындағы құбылыстардың дамуына айтарлықтай ықпал жасауда.
Рио-де-Жанейрода (1992, маусым) БҰҰ – ның қоршаған орта бойынша өткізген конференциясында қарастырылған мәселелер (дүние жүзіндегі бүгінгі экологиялық жағдай; әлемдік қауымдастардың экологияны тұрақты дамытуға талпынысы т.б.) бойынша қабылданған шешімдер білім мен тәрбиені экологияландыруға жаңа көзқараспен қарауға мүмкіндік береді. Жеткіншектердің экологиялық білімі мен тәрбиесі міндеттерінің маңыздылығы арта түседі [1;2].
Өркениетті елдермен қатар Егеменді Қазақстан Республикасы да Рио-92 қабылдаған шешімге парасаттылық көрсетіп, біздің қоғамның приоритетті дамуының стратегиялық бағыттағы “2030” тұрақты дамуының сара жолын көрсетті [3].
Одан кейін де Елбасының мемлекеттік экосаясаты мен экономикалық саясаты табиғат ресурстарын тиімді пайдалану әлемдік деңгейдегі үрдістеріне үн қосып “адам – қоғам – табиғат” арасындағы гармониялық үйлесімділіктің теориялық аспектілерін тұжырымдады. Бүгінгі таңда “Білім туралы” Заңдарды жетілдіру және білім сапасын әлем кеңістігінің білім деңгейіне көтеру көзделіп отыр. Яғни нәтижеге бағытталған білім сапасын өміршең ету жоспарлануда.
Елбасының қолдауымен Қазақстанда қоршаған ортаны қорғау және қалыптасқан экологиялық ахуалды жақсартуға бағытталған бірнеше маңызды заңдар мен құжаттар қабылданды [4;5;6;]. Соның ең маңыздысы “Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы” (2003 ж.) көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие берудің өміршең бағдарламасын нақтылап берді [7]. Елбасының №1241 (2003) Жарлығымен мақұлданған бұл тұжырымдама ҚР “Қазақстан Республикасының конституциясы’, “Білім туралы” заңына сәйкестендірілген бірден-бір мемлекеттік білім мен экологиялық саясатына қолдау көрсеткен шешуші құжаттардың бірі болды [8;9].
Экологиялық проблеманың пайда болуы ең алдымен әлеуметтік-экономикалық факторларға байланысты және бұл проблемаларды техникалық құралдармен де, жеке адамның топтасқан қауымның қоршаған ортаға көзқарасын, қатынасын қайта бағдарлау жолымен де шешуге болады. Адамзат экологиялық тұрғыда қоғамды дамытудағы көзқараспен байланыстағы жаңа менталитетті қалыптастыру қажеттігін ойындайды. Әлеуметтік әрекет құралы ретінде қоғамдық экологиялық таным әлеуметтік бақылаудың барлық механизмдерін дұрыс іске асыруды қамтамасыздандыруы қажет, тұрғылықты халық қоршаған ортаны жақсарту мәселесіне, сонымен бірге оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру мәселелеріне аса назар аударғаны жөн.
Осы тұрғыда жеткіншектердің экологиялық ой-өрісін дамыту, экологиялық мәдениетін қалыптастыру проблемасының көкейкестілігі күннен – күнге арта түсуде. Ғалымдардың пайымдауынша, экологиялық білім мен тәрбие барлық тіршілікке қатысты ішкі жауапкершілік сезімі мен парызды дамытуы қажет, өйткені тіршілікті ортаны сақтау мен адамның денсаулығы қоғамның құндылық жүйесінде ең маңызды категорияның бірі болып саналады.
Экологиялық білім бүгінгі заманның кешенді проблемасы ретінде философиялық — әлеуметтік зерттеулердің обьектісінен түскен емес. Олардың еңбектерінде экологиялық проблема жалпы адами тұрғыда қарастырылады (Э.В.Гирусов, А.С.Ахизер, И.П. Герасимов, В.Д.Мазур) [10;11;12;13]. Экологиялық білімді дамытуда бірқатар тұжырымдамалардың (Рио-де-Жанейрода (1992) БҰҰ –ның өткізген конференциясында қабылданған; ЮНЕСКО – ЮНЕП үкіметаралық конференцияда (Тбилиси, 1977) қабылданған [14]; “Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы” 2003 ж. қабылданған) негізгі қағидаларының маңыздылығы жоғары болды [7].
Бүгінгі Республикамыздың Білім және Ғылым министрлігінің бағдарламасына сәйкес оқу жүйесін және білім беруді жаңа деңгейде ұйымдастыру өзекті мәселеге айналып, қолға алынып отыр. Осы өзекті мәселенің бірі – ол бала бақшадан бастап, орта және жоғары мектептерде үздіксіз экологиялық білім жүйесін қалыптастыру.
Баланың жеке тұлға болып қалыптасуына тәрбиенің табиғаттың қатысында, табиғат арқылы берілуіне байланысты екендігін бүгінде ғылыми педагогикалық зерттеулер дәлелдеп отыр. Табиғатпен қарым – қатынас баланың ойлау, есте сақтау, бақылағыштық қабілеттеріне, сана – сезімінің жылдам өсіп жетілуіне, түйсігіне т.б. оңды әсер ету мүмкіндігі шексіз. Себебі, Адам табиғи тірі ағзаның бірі. Адам өзінің болмысы мен игерген білім жүйесі нәтижесінде өзін кейінгі өмір кезеңдерінде көрсете алады.
Адамның тура және жанама іс-әрекеттерінің қатысында еліміздің экологиялық жағдайының асқындап, оның дүниежүзілік қауіпті жағдайға айналып отырғандығы бәрімізге мәлім. Сондықтан да қоғамның қазіргі талабы — әрбір адамның экологиялық сауатты, мәдениетті болуы. Осы тұста білім саласының барлық буынына экологиялық мазмұнның берілу қажеттігі туындайды. Қажеттілік экологиялық білім беру мәселесін шешуді төменнен жоғарыға қарай жүргізілуін, оны жеке пәндермен ғылыми негізде ұштастыра және тәжірибе жүзіне дамыта оқыту барысында, барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланумен байланыстырады. Сонда бесіктен бастап, ата анаға дейін экологиялық тәрбие, мәдениет дағдысын қалыптасу қажеттігі туындайды.
Кейінгі кездегі мектептерге арналып шығарылып жатқан жаңа оқулықтарда экологиялық түсініктер беріліп жүр. Себебі, жоғары мектеп өзінің іргетасы саналып жүрген орта мектептерден сапалық өзгерісті талап етеді. Кез–келген пәнді оқытуда, ондағы тақырып материалдарының мәтінінің мазмұнын баяндағанда, түсіндіргенде оған табиғатты қорғау және көркейту шараларын үйретуді көздейтін, табиғат байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын,яғни экологиялық білімді орнықтырудың мүмкіндіктерін арттыратын педагогикалық іс-әрекет қажеттігі туындайды. Осы қажеттілік қанағаттандырылса ғана тұлғаны экологиялық тәрбиеге қалыптастыру үрдісінің алғашқы сатысы жүзеге асырылды деуімізге болады.
Оқу үрдісі тәрбие үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде жалпы мақсаттан бастау алып, ортақ белгілі бір талаптарға жүгінетіні белгілі. Сондықтан да мектеп қабырғасында жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты – білім мен білікті қалыптастыру ғана емес,ол тұлғаның дүниетанымын дамытып, жан-жақты етіп тәрбиелеу. Осы қайшылықтарды зерттеу проблемамызды айқындауға және тақырыпты “Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие берудің кейбір мәселелері” деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін №172 орта мектептің 7сынып оқушыларына экологиялық білім беру мен табиғатты қорғауға тәрбиелеу.
Зерттеу мақсаты: Оқушыларға экологиялық тәрбие беруді теориялық жағынан негіздеу, мүмкіндіктері мен шарттарын, мазмұнын анықтап, әдістемесін айқындау. Соның нәтижесінде оқушылардың өзі тұратын өлкелердің табиғатын қызғыштай қорғайтын адамзат етіп тәрбиелеу.
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының әдіснамалық – теориялық негіздерін анықтау.
2. Оқушылардың экологиялық білімділігін қалыптастырудың ұтымды жолдарын анықтау.
3. Оқушылардың экологиялық білім мазмұнының тұжырымдамасын жасау.
4. Оқушыларға жаңа технология бойынша экология пәнін оқыту әдістемесін негіздеу және оның тиімділігін тәжірибелі — эксперимент жүзінде тексерістен өткізу.
Зертеудің болжамы: егер, оқушылардың экологиялық білім мазмұны теориялық -әдіснамалық тұрғыдан дәлелденіп, арнайы тұжырымдама негізінде жасалған тиімді әдістеме арқылы жүзеге асырылса және оқу — әдістемелік кешенмен қамтамасыздандырылса, оқушылардың экологиядан білімі артып, практикалық іскерлігі мен дағдысы шыңдалады, дүниетанымдық, адами — эстетикалық көзқарасы қалыптасады, өйткені, бірегей табиғатты сақтау әр оқушының тікелей экологиялық мәдениетіне, табиғатты қорғаудағы сауатты көзқарасына байланысты.
Жетекші идея: оқушылардың экологиялық саналығы мен оның мектепте меңгерген жүйелі білім мазмұнының сапасына байланысты.
Зерттеудің әдіснамалық – теориялық негіздері Адам мен қоршаған табиғи ортаның өзара қатынасы туралы ілімі, таным теориясы, жеке тұлғалық іс — әрекет теориясы, табиғат пен оқушылардың өзара қатынасы туралы танымдық пікірлер, тұжырымдамалар философиялық көзқарастар, педагогикалық, психологиялық ой – пікірлер, ғылыми – зерттеулер мен болжамдар.
Зерттеудің көздері. Зерттеу проблемасы бойынша философтардың, әлеуметтанушылардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері; ҚР Білім және Ғылым министрлігінің жоғары және көпсатылы оқу орындарының оқу – тәрбие процесіне байланысты ұсынған құжаттары (тұжырымдамалары, кешенді бағдарламалары, оқулықтар мен оқу — әдістемелік құралдар, электронды оқу – құралдары); педагогиканың ғылыми жетістіктері мен озық тәжірибелері; ресми материалдар (ҚР Конституциясы, “Білім туралы”Заңы, ҚР “Қазақстан 2030” даму стратегиясы; ҚР “Білім” мемлекеттік бағдарламасы; “ҚР экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы”; “ҚР экологиялық қауіпсіздікті сақтау’; “Экологиялық білім бағдарламасы”; “Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылға арнаған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасы”; “Айнала қоршаған ортаны қорғау туралы” Заң және т.б. қаулы қаралар, баяндамалар және т.б.) автордың педагогикалық және зерттеушілік тәжірибесі.
Зерттеу әдістері. Зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруда теориялық (салыстырмалы, индуктивті – дедуктивті талдау), эмприкалық (сұрау, бақылау, педагогикалық, эксперимент, педагогикалық іс – тәжірибелер); математикалық статистикалық есептеу әдістері теориялық талдау жасау қолданылды.
Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:
1. Экологиялық білім–барлық халықтың, соның ішінде оқушылардың дүниетанымы мен көзқарасына, мәдениетіне терең бойлауды қажет ететін адамгершілік құндылықтарының проблемасы. Бұл құндылықтарға табиғатқа және тіршіліктегі барлық көріністерге деген аялы сезім, табиғатты қорғау қажеттілігіне деген ішкі сенім жатады.
2. Оқушылардың экологиялық білім мазмұны нақты шарттар арқылы (мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік), жүзеге асырылады: мазмұндық – тұжырымдама негізінде жасалған бағдарламалар, оқулықтар мен құралдар жасаумен айқындалады; Ұйымдастырушылық — оқу–тәрбие процесінде әртүрлі жүмыс формаларын, әдіс–тәсілдерді, амал– жолдарды пайдаланумен айқындалады; әдістемелік – ғылыми тұрғыда негізделген жұмыстарды практикада қолданумен анықталды.
3. Оқушыларға экологиялық білім беру тұжырымдамасы экологиялық білім мазмұнын дұрыс жүзеге асыруға бағдарлайды.
4. Экологиялық білім мазмұнын жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі оқушылардың экологиялық білім, іскерлік, дағды, әдеп деңгейін арттырады, экологиялық мәдениетін жетілдіріп, қоршаған ортаны қорғауға бағыттайды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні.
1. Орта білім беретін оқу орындарында сыныптарда және сабақтан тыс жұмыстарында оқушыларға табиғатты қорғау, экологиялық тәрбие берудің ерекшелігі, мәні ашылды.
2. Оқушыларға сыныптан тыс факультативті сабақ арқылы жүйелі экологиялық тәрбие беру үлгісі жасалды.
3. Оқушыларға экологиялық тәрбие беруде қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану әдістемесінің мазмұны айқындалды.
4. Экологиялық тәрбие беруде сабақ және сабақтан тыс жұмыс формалары тәжірибе – эксперимент жүзінде тексеріліп, дәлелденді және олардың негізінде әдістемелік нұсқаулар жасалды.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі негізделеді, ғылыми аппаратқа (зерттеудің объектісі, пәні, болжамы, мақсаты, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық негіздері, әдістері, ғылыми жаңалығы, теориялық, практикалық мәні, қорғауға ұсынылған қағидалары, зерттеудің дәлелдігі мен негізділігі нәтижелерді сынақтан өткізу мен ендіру) сипаттама беріледі.
Этноэкологиялық тәрбие берудің және оқушылардың экологиялық білім мазмұнының әдіснамалық – теориялық негіздері – атты бірінші бөлімде зерттеу проблемасының әдіснамалық – теориялық негіздері айқындалды., республиканың бүгінгі таңдағы әлеуметтік – экологиялық жағдайы оның білім саласына әсері мазмұндалады. Экологиялық білім жүйесінің қалыптасу кезеңдері дәлелденіп, әрбір кезеңге мазмұндық түсінік беріледі. Шет мемлекеттердегі экологиялық білім жүйесінің, өзіндік ерекшеліктеріне мән беріледі. Ұлтымыздың даналарының нақыл сөздерін сабақтың тақырыбына сәйкес пайдалану.
“Жаратылыстану пәндері арқылы оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру” — атты екінші бөлімде оқушыларға жаратылыстану пәні арқылы экологиялық білім мен тәрбие беріп оқытудың принциптері, тиімді әдіс – тәсілдері беріледі. Оқушылардың экологиялық білімін сабақтарда, сабақтан және мектептен тыс уақытта әртүрлі жұмыс формалары арқылы жетілдіру жолдары қарастырылады. Тәжірибелі – эксперимент жұмысының нәтижесі беріледі.
Қорытындыда зерттеудің нәтижелері, тұжырымдар мен қорытынды және ғылыми — әдістемелік нұсқаулар беріледі.
Зерттеудің практикалық мәні:
Оқушы жастарға арналып “ Тіршілік тынысы өсімдік ” атты факультативтік курс бағдарламасы;
Сыныптан тыс жұмыс формаларында қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалануға байланысты ғылыми — әдістемелік ұсыныстар жасалды.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру
Зерттеу нәтижелерін жоғары және арнайы оқу орындарының, лицейлер мен гимназиялардың оқу тәрбие процесінде, сондай – ақ мұғалімдер мен тәрбиешілер біліктілігін жетілдіретін салаларда пайдалануға болады.
Зерттеудің негізгі қағидалары мен нәтижелері Қазақ Мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының “Экология” кафедрасында баяндамалар жасалынып, мақұлданды.
Зерттеу жұмысымыз 2 жыл бойы қарастырылды 1-кезеңде зерттеу тақырыбы алынып, осы проблема бойынша философиялық, педагогикалық, оқу — әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды. Білім беретін мектептерде табиғат қорғауға бағыттай жүргізілген көпшілік және алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибелер зерттелді. Бұл кезеңде экологиялық білім берудің теориялық негіздері зерттелді және оларды шешу әдістері анықталынды. 2–кезеңде анықталған әдістердің теориялық негіздері №172 қазақ орта мектебінде практикалық жүйеде тәжірибеден өткізіліп, тұжырымдалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І бөлім. Этноэкологиялық тәрбие берудің және оқушылардың экологиялық білім мазмұнының әдіснамалық теориялық негіздері.

І.І Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері
Қазіргі уақытта қоғамның алдында экологиялық тәрбие мен білім беру мәселесі тұр. Жер бетіндегі экология заңдарын бұзуға күш салатын бірден – бір зоологиялық түр – адам. Адамдардың күш санасы бар, және де сол сана мейлінше дамыған сайын экология туралы білім деңгейі төмендей түспек. Егер қазір жер бетінде адамдардың басым көпшілігінде экология мен дағды мүлдем жоқ десек, қателеспеген болар едік.
Сауаттылықтың (экологиялық) жайылуы халықтың мәдениетіне кері әсерін тигізеді. Оны тек тәрбиемен, білім берумен қалпына келтіруге болады. Басқадай жол іздеуге уақыт аз, табиғи комплекстердің бұзылуы күннен күнге өршіп барады.
Россияның ірі ғалымы А. Яблоков экологиялық білім беру проблемасына тоқталады: Адамдардың экологиялық білім алуының жаңа сатысы керек. Адамның білім мен тәрбие алудың өн бойында оқ балабақшадан жоғарғы оқу орына дейін — экологиялық білім беру мәселесі бірінші орынға қойылуы қажет. Табиғатқа қамқор сезіммен қарайтын адамды тек осылай ғана тәрбиелеп шығаруға болады. Қазіргі уақытта экологиялық білім берудің баршаға ортақ және үздіксіз жүйесінің құрылуы педагогтар алдына міндет етіп қойылды. Бұл міндет білім беру бағдарламасында бекітілген. Жаңа заман ой – пікірлерінің қалыптасу ерекшелігі мынада: ТМД елдерінде және біздің республикамызда экология мәселесіне аударылған назар басқа елдердегіден кем емес.
Қоршаған табиғи ортаға деген жауапкершілік қарым – қатынас тәрбиесінің мәселесі соңғы кезде оқушылардан бастап студенттерге дейін бастауыш сынып оқушыларынан бастап, оқу жұмысы методистерінің назарын аударды.
Экологиялық білім берідің мәні неде? Бастауыш сынып оқушыларының қабылдауына қандай экологиялық ұғымдар тән? Оқушы жастардың экологиялық мәдениетінің элементі болып табылатын табиғатқа деген қамқор сезімді тәрбиелеудің ерекшелігі неде? Қандай методикалық шарттар қолданғанда, бұл мәселе ең үлкен педагогтік нәтиже береді?
Алайда, экологиялық білімнің бағыт – бағдарын белгілеуді елеулі пікір талас туғызып отыр. Басты назарда “Табиғат аясы”, “Қоршаған орта” немесе “Табиғат әлемі” мәселесінің тұру қажеттігі принципті мәселеге ие болды.
Көптеген шет елдердегі оқу жүйесінде экологиялық білім беру әр түрлі пәндерді оқытуда сыныптағы оқушылардың білім деңгейлеріне, жас ерекшеліктеріне, өмір тәжірибелеріне байланыстырып кіріккен (интегралдық) пәндер негізінде беру жағына назар аударады. Мысалы, АҚШ–та жалпы білім беретін колледждерінде педагогикалық ұжымның таңдап алуына орай міндетті түрде оқытылатын бес түрлі экологиялық кіріккен пәндер оқытылады.
Біздің ТМД елдерінде алғашқы кездерде барлық пәндерді экологияландыру бағыты басым болғандықтан және барлық оқу бағдарламалары шамадан тыс оқу материалдарын енгізгендіктен бірінші үлгі тиімді болмай шықты. Сонда да болса, әрбір пәндердің оқу пәндердің бағдарламаларында экологиялық бағыттағы енген тақырыптар бір – бірін толықтырып, жүйелі білім беруге талпынады.
Соңғы жылдары кейбір оқу орындарында экологиялық бағдардағы пәндердің берген білімі мен тәрбиесін жинақтайтын пән “экологиялық” арнайы курс 8 – сыныптарда жүргізіле бастады. Біз оны белгілі бір жүйеге келтіріп және “Этноэкология” факультативін қосып, сыныптан тыс жұмыстармен толықтырып оқушы жастарға экологиялық тәрбие беруге талпыныс жасадық.
Ендігі кезекте, бізде оқушы жастарға экологиялық білім мен тәрбие беруде бірінші тарауында ғылыми негіздерін, мақсат міндеттерін талдаудан кейін оның мазмұндарын жасауда қандай талаптарға, ұстамдарға негізделетініне назар аударып, ұлттық оқу орындарында іске асырылып жатқан экологиялық тәрбие беру жұмыстарына негіздеме беруге талпындық. Экология ғылымын қай жағынан алып қарасаңыз да, оның биология ғылымының құрамды бөлігі екені ап–айқын көрініп тұр. Ал биология ғылымы табиғаттану ғылымының бөлігі екені зиялы азаматтардың барлығына түсінікті. Бірақ экология ғылымы биология ғылымының, биология ғылымы табиғаттану ғылымының мәселесін шеше алмайтынын кез – келген адамға түсінікті жағдай.
Экология ғылымы-табиғат қорғау ғылымының негізгі бастау бұлағы. Табиғат қорғау ғылымын, оның қағидаларын, заңдарын табиғатты өмірлік қажеттілікте пайдалануда міндетті түрде орындау мәңгілік, баянды өмір сүру негізі.
Табиғат сырын жан–жақты білуге ұмтылу, оның қорларын қажетіне пайдалану, адам баласының қанына сіңген қасиет . Бұл қасиетсіз адамның өмір сүруі мүмкін емес. Ендігі мақсат– осы қасиеттің барлығын жер басып жүрген, әрбір адамның саналы түрде өмірге пайдалануға көмектесу. Бұл мақсаттың орындалуы әрбір адамзаттың табиғат қорғау тәрбиесінен өтуінен тікелей байланысты. Осы жұмысты орындау ұстаздың міндеті.
Демек, жоғары оқу орны қабырғасында студенттерге табиғат, экология жайында тиянақты білім беріп, оларды табиғат қорғау тәжірибесінен өткізсек, мақсат түбегейлі орындалады, оқушы жастардың саналы түрде, өмір бойы табиғат қорғау ісімен айналысатын болады.
Ал келешек ұрпақты экологиялық апаттан сақтап, қоршаған ортаға деген сүйіспеншілік сезімін оятып, табиғатты қорғау жұмысына белсене араласатын ұрпақ тәрбиелеуде профессор Н.С. Сарыбековтің жетекшілік етуімен “Табиғат қорғау орталығы” құрылып, онда М.Н.Сарыбеков,БұзаубақоваК.Ж.т.б. зерттеушілер көлемді жұмыстар атқарып жатыр. Н.С. Сарыбеков алты кезеңнен тұратын отбасы бала – бақша балаларынан экологиялық сауат ашып, тәрбие берудің мүмкіндіктерін, мазмұндарын ұсынады. Мәселен, әр сәбиді табиғат қорғауға әр отбасында бастау алуы тиіс,бала–бақша бағдарламаларында балалардың табиғатты түсініп табиғатты аялау идеясын өндіру қажет. Былайша айтқанда, мектепке дейінгі әр балалар “табиғат”, “жасыл желек”, “мөлдір су”, “көгілдір аспан”, “торпалы топырақ”, “гүл”, “денсаулық”, “сұлулық”, “әдемілік”, “сайраған құс”, “жүгірген аң”, “туған елім, жерім, отаным, республикам” ұғымдарының мән – мағынасын, мазмұнын білуі тиіс. Сонымен қатар, ол негізгі және профильді мектептердің 9-10 сыныптарында “экология және табиғатты қорғау” пәнін оқытуды ұсынады.
Қоғам мен табиғат арасындағы өзара қарым – қатынастың ғылыми негіздері мен мүмкіндіктері, мазмұндары жайлы Санкт –Петербургтік ғалымдар А.Н. Жиров, И.В. Игнатенко, А.Н. Ласточкин, В.П. Саломиндердің “Геоэкология” авторлық бағдарламасының өзіндік ерекшеліктері бар. Шынын айту керек, осындай бағдарлама республикамызда әлі де қарастырылмаған. Мәселен, экологиялық тәрбие берудің негізгі мәселелердің оқу орындардың жоспарында және оның жалпы білім берудегі алатын орындары мен қисынды құрылымдық құрамдарын анықтау, экологиялық білім беруде шетелдегі әріптестердің озат тәжірибелеріне ұқыптылықпен қарау. Жоғары оқу орын бітірген студент қоғам мен табиғат арасындағы қарым – қатынастардың мән – мағынасын, мазмұнын, адам өмір сүретін ортаның экологиясын өз жанындай сақтау, айналасын қоршаған өлі және тірі табиғатқа өз бауырындай ілтипаттылықпен қарау сияқты адамзаттың құнды бағдарлары жастарға отбасынан бастап жоғарғы білім алғанға дейін жоспарлы тәрьиелене білген. Студенттердің қоршаған ортаға және өз денсаулығына деген көзқарсы адам өмір сүруіне тікелей және қосымша әсер ететін қоғам мен табиғаттың заңдылықтарын түсіну негізінде олардың оқу үлгерімі өсіп, танымдық қызығушылық қасиеттері өрбіп отырады екен.
Экология курсы оларды жүйелеуге және жалпылауға, сонымен бірге адамның ролі мен орнын түсіну үшін қажет міндетті білім мен біліктіліктің қалыптасуына мүмкіндік жасайды.
Оқу құралдарында әртүрлі типтегі сабақтарды, яғни лабораториялық жұмыстарды, танымжорықтарды, өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулар келтірген.
Білімді терең меңгеруге студенттердің практикалық қалыптастыру әртүрлі танымдық міндеттерді мақсатты және жүйелі түрде шешуге мүмкіндік жасайды. Әрбір сабақта, әртүрлі оқу әдістерін пайдалану қажет. Мысалы, лекциялар, әңгімелесу, семинарлар, студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстары, олардың рефераттар немесе қысқаша баяндамалар дайындауы, ойындар, диспуттар, конференциялар және т.с.с. ұйымдастыру студенттердің танымдық қызығушылықтарын арттырып, оқу белсенділіктерін дамытады.
Жалпы, қорыта келгенде студенттерге экологиялық тәрбие беру, оның интегралды сипаты жаратылыстану, қоғамдық – тарихи, гуманитарлық – эстетикалық, еңбек циклдіоқу пәндерінің барлығында белгілі дәрежеде бейнеленуін қамтамасыз етеді. Көптеген ғалымдар оның осы ерекшелігін негізге ала отырып, экологиялық тәрбиені әртүрлі дүниетанымдық, саяси адамгершілік эстетикалық, құқықтық, еңбек және т.б. тәрбие элементтерінен тұратын, өзара тығыз, байланысқан жүйе ретінде қарастырады. Бұл экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін қандай да болмасын бір ғана оқу орны арқылы шешілуі мүмкін емес. Былайша айтқанда олардың идеяларының мазмұны кең мағынада толық қамтылған пән жоқ. Жоғарғы оқу орнындағы экологиялық тәрбие беру мәселесінің жеке пәндерде біріктірілген мазмұнның болуы, оны әрбір пәннің өз тұрғысынан қарастырылуын және педагогиканың жүйелік ұсталымын ескере отырып, бағдарламаға сәйкес басқа пәндермен де, пәнаралық байланыс негізінде зерттеуді қажет етеді.
Жоғарға оқу орнындағы экологиялық тәрбие беру ісінің педагогика теориясы мен жоғарғы оқу орны тәжірибесінде жаңа сала ретінде қызу қарқынмен дамып келе жатқандығын байқатады. Бұл салада теория мен практиканы дамытудың қажеттілігі жалпы теориялық және жеке әдістемелік бағыттағы зерттеулерді кеңейту және тереңдету қажеттілігін дәлелдейді. Бірақ қазіргі жоғарғы оқу орындарының практикасы шын мәнінде уақыт талабынан кейін қалып, ол экологиялық сауатты, тәрбиелі студенттерді дайындауды қамтамасыз ете алмай отыр. Зерттеуші ғалымдардың пікірінше мұндай жағдайдың туындауында басты себептердің бірі – экология идеясын ұғындырудың жеткіліксіздігі, табиғи ортаның бағалылығы көпшілігінде пайдакүнемдік негізде түсіндірілуі, экологиялық мазмұндағы білімдердің өзара тығыз бірлігінің болмауы деп санайды.

1.2. Оқушылардың экологиялық білім мазмұны — психологиялық – педагогикалық проблема.

Қоршаған ортаны қорғау мәселесі, биосфера ресурстарын тиімді пайдалану, Егеменді Қазақстан республикасының мемлекеттік маңызды міндеттердің бірі. Ғылыми – Техникалық прогресс қоғамдағы әлеуметтік және экономикалық өзгерістер табиғат тепе – теңдігінің бұзылуына, қауіпті жағдайлардың пайда болуына себепкер болып отыр.
Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері–аймақтық техногендік шөлейттену, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың селдіреуі, тірі организмдердің генетикалық қорының азаюы, тіршілікке қатер төндіретін дүлей табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтардың жинақталып айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде.
Кейбір аймақтарда жағдайлардың ауырлағаны соншалық тежеуге келмейтін апаттар, болашағын пайымдап білуге болмайтын құбылыстар қаупі өсіп келеді. Еліміздің қолайсыз экологиялық ахуалы қазіргі кезде бастан кешіріп отырған экономикалық дағдарысты одан әрі тереңдетіп, әлеуметтік шиеленістің ұшығуына итермелеп отыр. Ал, экологиялық жағдайлармен қатар халықтың әлеуметтік проблемаларын шешуде экономикалық қиындықтарда кедергі келтіріп отыр. Экологиялық ахуалды жақсарту үшін оң шаралармен, іс-әрекеттерді қолданбаушылық халықтың денсаулығына залалын тигізумен қатар, әлеуметтік жанжалдар туғызып, халық шаруашылығы дамуының бірсыпыра маңызды бағыттарын тікелей тежеуге әкеліп соғуы ықтимал. Осыған орай, Қазақстан Республикасының Конституциясының 38-бабында “Қазақстан Республикасының азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарын ұқыпты қарауға міндетті” — делінген [8,13].
Ата Заңымызға негізделіп жасалған ҚР “Білім туралы” Заң мен 2004 жылы қабылданған білімді дамыту тұжырымдамаларында көрсетілген талаптарды іс жүзіне асыру жоғары, орта және арнаулы білім беруде оқушылар мен студенттерге экологиялық білім мен тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыруға байланысты екендігі баршамызға аян [9,7].
1996 жылдың тамыз айынан бастап Республикада табиғат қорғау туралы жаңа заң қабылданып күшіне енді [4]. Заң әр адамның өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы ортаның барынша қолайлы болуын қамтамасыз етіп, табиғатты қорғаудың экономикалық, практикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеп берді.
Ол мынадай тармақтардан тұрады.
— Республикада халыққа білім беру орындары табиғат қорғау жөнінен халықтың барлық топтарын қамтитын тәрбие және білім беру жүйесін жүзеге асыру;
— жалпыға бірдей кешенді түрде және үздіксіз экологиялық тәрбие мен білім берудің жоғары және арнаулы оқу орындарында маман кадрларды кәсіптік жағынан даярлау, олардың біліктілігін арттырудың, барлық мүмкіндіктерін жасау;
— құжаттың 64-бабында айтылғандай барлық оқу орындарында міндетті түрде экологиялық білім берудің қажеттілігі айтылып ол бойынша азаматтардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға қажетті экологиялық білім мазмұнынын алу үшін, оқу орындарының ұстанған кәсіби бағдарламаларына қарамастан барлық жоғары және арнаулы оқу мекемелерде экологиялық білім негіздерін міндетті түрде оқыту;
— арнаулы оқу орындарының бағытына сәйкес айналадағы ортаны қорғау және табиғатты ұтымды пайдалану жөнінде арнайы курстар оқыту көзделеді.
Қазіргі кезде білім беру ошақтарының алдында тұрған міндеттерінің бірі — жас ұрпақтың экологиялық білімі мен көзқарасын қалыптастыру, оларды табиғатты қорғау, табиғи қорларды тиімді пайдалану және өзінің өмір сүретін ортасы мен еңбектенетін, жерінде жоғары, саналы, экологиялық білімді пайдалана білетін азамат ретінде тәрбиелеу. Сөйтіп, әрбір адамның экологиялық білім дәрежесі мен тәрбиесі орта және арнаулы білім беру ордаларында қалыптасып, келешектегі өмірге деген көзқарасын анықтайды.
Әлемдік ғылымдар саласында ғылыми –техникалық үрдісі әлдеқашан қалыптасқан экология, табиғаттану, табиғат қорғау ғылымдары өзіндік орын алуда. Ғылымдар тарихында “Экология” терминін тұңғыш 1866 жылы неміс биолог-ғалымы Эрнест Геккель енгізген. Ол “Экология” — деп тіршіліктің әрбір түрінің немесе организм оны қоршаған табиғи ортамен қарым-қатынасын зерттейтін ғылым саласы екенін дәлелдеді.
Соңғы кезде, экологияны биология ғылымының саласы ретінде емес, жеке ғылым тұрғысынан қарастырып жүр. Сондықтан, әртүрлі экологиялық мәселелері жаратылыстану ғылымына енетін пәндердің барлығы да қамтиды да, олардың әрқайсысы өз ілімі салаларынан зерттеп қарастырады. Мысалы, биологиялық пәндер бойынша тірі организм, организмдердің әртүрлілігі, өсіп-көбеюі, жер бетінде таралуы, организмдердің шығу тегі, селекция, генетика туралы зерттесе, ал география сабағында географиялық қабатты тиімді пайдалану мен қорғау, геологиялық орта және геожүйе, табиғи кешенге адамдардың шаруашылық қызметтеріне тигізетін әсерін зерттейді.
Ал, экология ғылымы табиғатты барлық өзгерістерді айнала қоршаған табиғи ортасы және адамның іс-әрекеттерімен байланыстырып зерттейтін кешенді ғылымдарға айналды. Сондықтан да экология ғылымы барлық жаратылыстану ғылымдарының негізгі өзегіне айналды. Ал, бүгінгі ғылым кеңістігінде жеке ғылымдар төңірегінде зерттеулер жүргізу сын көтермейді.
Қазір барлық ғылым проблемалары кешенді түрде зерттеулер жүргізу арқылы шешіледі. Яғни, экология ғылымдарының ғылымы деңгейінде іргелі ғылыми зерттеулердің қорғаушы күшіне айналған. Табиғат қорғау Заңына байланысты елімізде жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдарда “Жаратылыстану және техникалық пәндер мазмұнын экологиялық және әлеуметтік маңызы бар фактілермен толықтыру арқылы жас ұрпақтарға экологиялық білім мен тәрбие беру үрдісін жетілдіріп жүзеге асыру керек” -деп көрсетеді. Осыған байланысты республикаларды үздіксіз білім беру жүйесінде, яғни бала-бақшадан бастап жоғары оқу орындарына дейін жан-жақты экологиялық білім беруді саналы және мақсатты түрде ұйымдастыруды міндеттейді.
Міндетті іске асыру мақсатында мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне “Экология негіздері” курсы оқытыла бастады. Адам мен табиғаттың өзара қатынасындағы пайда болатын экологиялық қарама-қайшылықты шешу қажеттілігі қазіргі кезде бүкіл прогресшіл адамзатты байыпты ойлануға итермелейді. Бұл әлемдік проблеманы шешуге үлес қосу ғылым мен техниканың міндеттері ғана болып қоймай, сонымен бірге педагогика ғылымдары мен мектептердің де басты және игілікті борышына айналуда.
Ғасырлар бойы өзін табиғаттың қожасы, әміршісі ретінде сезініп келген адам, бойындағы оған деген тұтынушылық, пайдакүнемдік қатынасын психологиялық тұрғыдан қайта құру қажеттігі туып отыр. Бұл проблеманы алдын алудың бір жолы-халыққа экологиялық білім беру. Экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық зерттелуінің өзіндік даму және қалыптасу тарихы бар.
Өйткені, қоғам мен табиғаттың өзара бір-біріне әсер ететіндігі туралы халыққа білім беру, адамның практикалық іс-әрекетінде басшылыққа алатын табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастырады. Жас ұрпаққа экологиялық білім және тәрбие беруде мектептің алатын орны ерекше. Экологиялық білім жалпы және арнаулы білім берудің бір компоненті ретінде шәкіртті жан-жақты дамытуға, оның азамат ретінде қалыптасуына бағытталған.
Қазіргі уақытта экология ғылымы теориялық және практикалық маңыз алған ғылымның барынша тез дами бастаған саласының біріне айналды. Экология ғылымы – табиғатты тиімді пайдаланудың ғылыми – теориялық негізін қалайды. Ол жастарға білім мен тәрбие беру ісін жаңа жолға салғанда ғана өз міндетін атқара алады.
Тарихи тұрғыдан алғанда, адамның табиғаттағы және әлеуметтік ортадағы болмысында кездескен алғашқы проблемалары еді. Сондықтан, әлеуметтік – экологиялық тақырыптарға байланысты пайымдаушыларымыз ежелгі замандардан бергі қоғамдық сананың элементтері болып келіп және олардың байлығын молайта түсуге білімді тереңдету, экологиялық тәрбие беру, болашақ ұстаздардың экологиялық мәдениетін қалаптастыру, ол үшін арнайы мамандар дайындау – жалпы білім беру жүйелерінің алдыңғы шарты.
Экология проблемасы ғасырлар бойы ғалымдардың зерттеу обьектісінен тура болсын, жанама болсын да түскен емес.
Кезінде орта ғасыр ғұламалары табиғатқа қатысты өз көзқарастарын философиялық — әдіснамалық тұрғыда тұжырымдаған.
ІХ-ХV ғасырларда шыққан ғұламалар Әль-Фараби, Ж.Баласағұн, Қ.А.Иассауи, М.Қашқаридің тіл ғылымы, логика, психология, география, этика т.б. ғылымдар жайлы жазған еңбектерінің мәні ерекше. Соның ішінде Әль-Фараби медицина, биология, география ғылымдарын теориялық философиялық тұрғыдан негіздеуге көп күш жұмсаған энциклопедист ғалым. Мысалы, “Адам организмдері жайлы”, “Жануарлар организмдері жайлы”, “Темпераменттер туралы” т.б. еңбектер жазған. Онда “… адам баласы жаратылыстың, бүкіл жан иесі атауларының биік шоқтығы, сондықтан оны құрметтеу, қастерлеу керек”, деп түсіндірді [74].
Ал М.Қашқаридің қайсы бір еңбектерін алмаңыз, үлкен әлеуметтік – этикалық, ой – тұжырымдар, парасат, табиғат көріністерін, білімділікті арқау етіп алған.
Қорыта келгенде, Әль-Фарабидің, М.Қашқаридің бұлардан басқа көптеген, философиялық және натурафилософиялық, әлеуметтік этикалық тұжырымдарына да жаратылыстану жайында айтқан бағалы пайымдаулар мен ғылыми қорытындылар кездеседі.
ХІХ ғасырдың демократ–ағартушылары: В.Г.Белинский, А.Н.Герцен, Н.А.Добролюбов, Д.И.Писарев мектепте немқұрайлы оқытуда және оған мейірімсіздік қатынаста қарауға қарсы шықты. Орыс ағартушылары табиғат туралы саналы білім беру және адамның табиғаттағы мінез-құлқын айқындайтын моральдық санасының қалыптасуына әсер етуіне ерекше мән береді. Бұл пікірлер, олардан кейінгі педагогикаға табиғи құбылыстар мен объектілерді түсінудегі білім мен сезім арқылы өзара байланысын негіздеуге үлгі болды.
Сонымен қатар, қазақ халқының мәдениеті мен ағарту тарихынан көрнекті орын алатын ұлы қайраткерлері, халқымыздың ұлы ағартушылары: А.Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш.Уәлиханов шығармаларында табиғатқа деген сүйіспеншілік көзқарастың негізі деп түсініп, көшпенді елдің өміріне, ата-ананың шаруашылығына бейімделген егін жинау, шөп шабу, жайлауға шығу, қыстауға қайту, аң аулау кездесетінін еске ұстап, табиғаттың тепе-теңдігін сақтауға ақыл –кеңестер берген.
Халықтың мақтанышы Ш.Уәлиханов ғалым туған халқының табиғатпен қарым-қатынастары, әдет-ғұрып, дәстүрін зерттей отырып, өз ұрпағын табиғатпен қарым – қатынас жасауда ізгілікке баулитын халық педагогикасының тәрбиелік мәнін жоғары бағалайды. Ол: “Табиғат! Өзіңіз айтыңызшы тіршілікте одан ғажап, одан құпия не бар екен” — дей келе, қазақтар киеліге үлкен мән берді. Табиғаттағы… кейбір жануарлар мен құстарды, көшпелі тұрмысқа қажетті заттарды киелі деп қастерлейді. Осы алағандарды құрметтеу, ырым жасап тұру адам баласына бақыт пен байлық, құт әкеледі деп көрсетті.
Ш.Уәлихановтың табиғат жайында қалдырған бай мұрасы қазіргі уақытта жас ұрпақты, табиғат қорғауға тәрбиелеуде бірден-бір таптырмайтын көмекші қатынастары әдет-ғұрпын, дәстүрін, этикасын, зерттеп, қазақтар арасындағы жақсылық, сенім олардың “Табиғаттағы шексіз қадірлеуінен туған” деген ой түйіндейді. Ұлы ғұлама ойшылдардың қоршаған ортаға, табиғат болмысына деген ой-пікірлері мен көзқарастарының көкейкестілігі бұрынғыдан артпаса кеміген жоқ.
Экологиялық білім беруде барлық жаратылыстану және қоғамдық ғылымдар білімдері байланыстыра меңгерілуі тиіс. Мұндай білім тіршілік ету стратегиясына ғана емес, сонымен бірге арнайы ортада адам тіршіліктің сапасының жақсаруына да үлес қосу керек. Яғни, мұндай білім қоршаған ортаның сақталуына, оның табиғи және қоғамдық компоненттерінің жақсаруына, адамдардың шығармашылық еркін және құнды тірі организм ретінде тіршілік жағдайларын жасауына мүмкіндік тудыруы қажет. Адам қызметтерінің қажетті шарты ретінде табиғат пен қоғам адамдарының мәдени болмысының көрінісі болып табылады, өйткені, тек табиғи және қоғамдық ортада ғана адам өзінің күрделі адамдық қасиетін білдіре алады.
Қазіргі педагогикалық теорияда экологиялық білім мен тәрбие берудің ғылыми негізін, мақсаттары мен міндеттерін, принциптерін толық, әрі тұтас анықтауға зерттеушілер ұмтылады. Педагогикалық теорияда экологиялық білім мен тәрбие берудің мазмұнын айқындауға және оны орта білім беру мектептерінде қай сыныптан бастап және оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруге болашақ мұғалімдерді даярлауға экологиялық материалдарды басымырақ беру керектігі жайлы ғылыми нұсқаулар мен озат тәжірибелер әлі де болса дәлелдене қойған жоқ.
Зерттеу барысында мектеп оқушыларының экологиялық білім мазмұнын тұжырымдауда педагогикалық теориялар басшылыққа алынып, соның негізінде жасалынды.
Психологиялық-педагогикалық әдебиеттермен таныса және талдай отырып, экологиялық білім берудің мақсаты жастарды айналадағы табиғи ортаға жауапкершілікпен қарауға үйрету екенін анықтадық.
Педагогикалық тұрғыдан алғанда “жауапкершілікпен қарау” ұғымына жататындар:
а) табиғи ортада адам өзін қалай ұстауы керектігін түсіну;
ә) табиғаттың халық қазынасы екендігін сезіну;
б) табиғатқа тигізетін өз әрекетінің салаларын көре білу;
в) табиғат пен қарым-қатынасын жаратылыстану және ізеттілік білім тұрғысынан негіздеп алатындығын түсіну қажет. Сонымен, экологиялық білім және тәрбие берудің әдіснамалық және теориялық жағынан зертелу жайын қарастырудан туындайтын тұжырым экологиялық білім мен тәрбие беруде мынадай басты ұстанымдарды ескеру қажет.
Олар:
Экологиялық оқу материалдарын оқытуды бір жүйелілікпен үздіксіз жүргізу.
Оқу үрдісінде экологиялық білім мен тәрбие беруде пәнаралық байланыстың болуы.
Экологиялық оқу материалдары әлемдік, ұлттың және өлкелік өзіндік мәселелерін айқындап, оны ұғындырып түсіндіруге өзара байланыстығын ашу.
Жастардың қоршаған ортаны танып білуде және оны қорғауда, аялауда, көркейтуде интеллектуалдық және ерекшелік – эволюциялық тұрғыдан, жасайтын іс-әрекеттері мен қызметтері біртұтастықпен бір-бірімен ұштасуы тиіс.
Қазіргі кездегі экологиялық дағдылардың пайда болуы адамдардың экологиялық сауатсыздықтарының нәтижесі деп есептеу орынды. Экологиялық білім мен тәрбиелеу мәселелрі жалпы білім берудің элементі ретінде оқушыларға айналадағы орта мен табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасты қалыптастырумен және қоғам арасындағы өзара байланысты ғылыми негізде меңгерумен сабақтас қаралады. Күннен күнге шиеленісіп келе жатқан экологиялық дағдарыстың қауіптілігі баршаға мәлім. Экологиялық білім берудің өмір талабынан туындайтын негізгі жеке экологиялық тәрбие беру істерімен ғана шектеліп қоймай, табиғатты үздіксіз қорғау, іс-әрекеттерін бір тізбекке біріктіру. Мұндай тәрбие жұмыстарының бір бөлігі, экологиялық оқу-ағарту қажетті білім, тұжырым түсінік, сенімдер қалыптастыруға бағытталады.
Қазақстан Республикасының академиясының академигі, профессор А.С.Бейсенова өзінің оқушыларға экологиялық білім беру тұжырымдамасында: “Экологиялық тәрбие ананың сүтімен берілуі тиіс…” деген философиялық көзқарастарын білдіреді. Одан әрі Қазақстанда көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің құрылымын, әдістемелік-педагогикалық негіздерін, оқу тәсілдерін ұсынып келеді. Экологиялық білімнің негізгі мақсаты экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады, ал экологиялық, тәрбиенің мақсаты, ғылыми, білім, көзқарас және сенім жүйелерін қалыптастыру болып есептеледі. Экологиялық білім берудің қазіргі заман педагогикасының теориясы мен практикасында үш үлгісі қалыптасып келеді.
Біріншісі көп пәнді үлгі. Мұнда дәстүрлі пәндердің мазмұнына жеке бөлім, тақырып енгізіледі және бұрыннан бар тақырыптардың мазмұны экологиялық мәліметтермен байытылады.
Екіншісі бір пәнді үлгі, орта мектептердің оқу жоспарына арнайы экология курсын енгізу арқылы жүзеге асады.
Үшіншісі аралас үлгі. Мұнда экологиялық білімнің жеке мәселелері дәстүрлі пәндерде қарастырылып, соңынан сол пәндерді біріктіріп, қорытатын арнайы пән бойынша оқытылады.

 

Сурет.2. Оқушыларға үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие берудің құрылымдық жүйесі

Экологиялық білім беру оқушыларға педагогикалық тұтастық тұрғыда әсер етеді. Осылайша сабақ беру барысында олар экологиялық мәселелерінің тұтастығын ғылыми негізде қабылдайды, табиғатпен қайта түлеген ортаға тиімді ықпал ету жөніндегі нақты білім мен сарамандық тәжірибені, дағдыны меңгереді.
Табиғат пен қоғамның өзара жан-жақты байланыстығын бірте-бірте аша түсу әлеуметтік шындықтың тұтастығы мен дамуына оқушылардың көзқарсымен сенімін тұжырымдап бекітеді. Біртұтас байланыстың себеп-салдары туралы экологиялық білім, құрылымдық талдаудың жүйесі мен түсініктерді қорыту оқушылардың ақыл-ойын дамытуға бағыттылығын міндеттерді шешуші түбегейлі жақсарта түседі. Оқушылардың сезімі мен сенімін дамытып, оларды парасаттылыққа тәрбиелеуге экологиялық-психологиялық тұрғыдан келудің де маңызы зор. Балалардың мейірімділік, қайырымдылық аяушылық және басқа гуманистік ерекшеліктерін дамыту барысында табиғатпен сырласуы жеткіліксіздеу болса, олар парасаттылық тәрбие алуда белгілі бір мөлшерде қысым көру мен шектеушілікке душар болуы. Психологиялық тұрғыдан экологиялық білім мен тәрбие беру дегеніміз мынаған саяды:
а) қазіргі кездегі қоғам мен табиғат арасындағы тәуелсіздіктің бүгінін терең түсініп, келешегін болжай білетін экологиялық сауатты адам тәрбиелеу. Ол үшін оқушыларды экологиялық ұғымдар жүйесін қамтитын біліммен қаруландырумыз керек;
ә) қалыптасқан білім деңгейіне сәйкес табиғи орта туралы жауапкершілік сезім, туған табиғатқа жалпы халықтық қазына деп қарайтын көзқарас пен табиғатты сақтау талаптарын ескере отырып, оқушылардың табиғаттағы жеке мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру;
б) экологиялық мәселелердің тұтастығын ғылыми негізде қабылдап, қоршаған ортаға тиімді ықпал ету жөніндегі іс-әрекетті, дағдыны меңгеруі қажет. Л.С. Высотскиидің ойынша, тәрбие процесі негізінде оқушының жеке қызметі алынуы тиіс, ал тәрбиешінің барлық өнері сол аталған қызметті реттеп, бағыттап отыруда ғана… Психологиялық тұрғыдан мұғалім тәрбиелеуші ортада тәрбиеленушімен өзара әрекет кезінде оның ұйымдастырушысы, реттеушісі және бақтаушысы. Әлеуметтік орта – тәрбие процесінің шынайы тетігі. Мұғалімнің қызметі сол тетікті меңгеру болып табылады. Айтылған ойдан шығатын психологиялық қорытынды: баланы қандай да бір қызметке, үйрету үшін оны қызықтыра біліп, осы қызметке дайындай білу қажет. Сол кезде оқушы өздігінен бар жан-тәнімен беріле орындайды да, қажет болған жағдайда ғана мұғалімнен керегін сұрап алады. Сонымен, экологиялық білім мен тәрбие берудің басты міндеті-әдейі және мақсатқа сәйкес балалардың мінез-құлық іс-әрекеттердің жаңа формаларын қолдана білу, яғни олардың экологиялық санасының дамуын жоспарлы түрде дамыту б.т.

 

 

 

 

ІІ Бөлім. Жаратылыстану пәндері арқылы оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру.

2.1. Экологиялық білім берудің ұтымды жолдары .

ХХІ ғасыр – инновация мен индустрияның заманы. Техника өзінің дамуымен бірге жер шарына түрлі экологиялық зиян да әкеледі. Одан алдымен адам баласы зардап шегеді. Ал кез келген экологиялық жағдайға адамның өздері алдын ала дайын тұрғаны абзал. Экологиялық білім мен тәрбие қоғамның әрбір мүшесіне бағытталып, жалпы халыққа табиғатты қорғау және көркейту шарасын үйретуді көздейді, мұның түпкі мақсаты – табиғат байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын, экологиялық тұрғыда саналы жеке тұлғаны қалыптастыру. Ол үшін біріншіден, білім алушыға тәрбиеленушіге жаратылыстану пәндерін негізге ала отырып, экологиялық білім беру керек, екіншіден, осы білімін табиғатты қорғау, көркейту ісіне бағыштай білуге тәрбиелеу қажет. Экологиялық білім берудің ең жүйелі де, ұтымды жолы білім ордаларында пәндерді экологияландыру арқылы экологиялық мәселелерді түсіндіруді үйлесімді жүргізу, сонымен бірге арнайы экологиялық білім беретін курстарды қалыптастыру уақыт талабы.
Экологиялық білім мен тәрбие жас жеткіншектердің экологиялық санасының дамуын қамтамасыз етіп, жеке тұлғаның экологиялық мәдениетініңнегізін қалайды, бұл бағдарламаның сызба нұсқасы.
Экологиялық білім – экологиялық тәрбие – экологиялық сана – экологиялық мәдениет – жалпы халықтық міндет.
География сабағындағы экологиялық білім беру білім стандартына негшізделіп жүргізіледі.
Жаңа ғасырда экологиялықпән енгізіліп, типтік бағдарламасы жасалуы қажет. Сабақта экологиялық білімберудің бірнеше әдіс-тәсілдерін; табиғаттағыкөркемдікті сезіне білуге үйрету; қоршаған ортаның әдістерін байқау, бақылау, өлкетану жұмыстары арқылы зерттеу, зерделеу; қоршаған ортаның ластануы жайлы ғылыми материалды жинақтау; көгілдір экрандағы хабарларды пайдалану.
География курсын экологияландырудың басты жолдары:
-экологияның білім жүйесін үздіксіз жетілдіру, оқушыларға экологиялық хабарламаларды жан-жақты кеңейтілген түрде беру;
-оқушылардың ойлай білу жүйесін қалыптастыру және оған экологиялық тұрғыдан қорытынды жасай білу;
-іздену мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының элементтерін меңгерту, экологиялық проблемаларды шешуде дұрыс шешім қабылдау;
-жергілікті экологиялық проблемаларды шешуде оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетін дағдыландыру. (Экологиялық ұйым мен үйірмелер құру, экологиялық соқпақ ұйымдастыру, экологиялық гіт–насихат жұмыстары; дәріс, пікірсайыс т.б.) Ол үшін:
1. Дәстүрлі емес сабақ формалары арқылы әртүрлі экологиялық мазмұндағы танымдық ойын (КВН, сайыс сабақ, жәрмеңке сабақ, саяхат сабақ т.б.) сабақтар өткізу;
2. Жекелеген тақырыптарға арналған ғылыми мазмұндағы экологиялық конференциялар өткізу.
3. Экологиялық мазмұндағы қабырғалық материалдар жинау.
4.эколог мамандармен кездесулер өткізу.
5. Өндіріс орындарына экскурсия жасау және оны қорытындылау.
6. Өлкетану бағытында аймақтық экологиялық мәселелерді оқып зерттеу және оны күнделікті оқу үрдісінде пайдалану.
7. География сабақтарындағы экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесінде аймақтық компоненттерді пайдалану.
Мектептерде экологиялық мәселелерді танып-білудегі тиімді әдіс түрі – экологиялық мәселелерді ортаға салып талқылау арқылы пікір алмастыру, жарыссөз ұйымдастыру. Бұл оқыту әдісі қарастырылған материалды оқушыларға бір жақты беріп қана қоймай, осыдан туындайтын әртүрлі көзқарастарды бір жүйеге келтіруге және бірыңғай ой-пікірдің қалыптасуына мүмкіндік береді.
Еліміздің жекелеген аймақтарындағы экологиялық мәселелер жөнінде, мысалы Семей полигоны, Арал аймағының экологиялық мәселелері, өнеркәсіптік қалалар мен жекелеген өндіріс орындарында қалыптасып отырған экологиялық мәселелер мен экологиялық проблемаларды шешуде атқарылып жатқан іс-шаралар туралы 9-10 сыныптарда сайыс сабақтарын өткізіп, ғылыми-әдістемелік тұрғыдан сараптама жасау оқушылардың экологиялық білмдерін жетілдіре түсері сөзсіз. География сабақтарында экологиялық білім беру үрдісінде географиялық карталар мен атластарды қолданудың маңызы өте зор. Карта арқылы кез келген обьектінің географиялық-экологиялық байланыстарын нақтылауға болады. Экологиялық білім берудің құрамдас бөлігі, ол оқушылардың табиғат пен тікелей қарым-қатынасынан туындайды. Мектептердегі география курсын оқыту барысында туған өлкені танып –білу мақсатында ұйымдастырылатын өлкетану жұмыстары оқушылардың табиғатпен тікелей қарым-қатынасқа түсуіне мүмкіндік береді.
Қазіргі мектептердегі басты міндеттердің бірі – оқушылардың экологиялық білімін көтеру, табиғи қорларды тиімді, саналы түрде пайдалану және жас ұрпақты жоғары деңгейдегі экологиялық тәрбиеге баулу. Экологиялық мәдениет көпшілік жағдайда экологиялық білім беру мен тәрбиелеудің сапалық деңгейімен анықталады. Алайда мектеп география курстарында қазіргі экологиялық мәселелерді шешу мен тәрбие берудің жолдары жан-жақты жеткілікті түрде қарастырылмаған.
Қазіргі мектептердегі география сабақтарындағы экологиялық білім беру барысында төмендегі міндеттер жүзеге асырылуы керек.
1.Қоршаған ортаны қорғау мен жақсарту шараларын жүзеге асыруда табиғатты және оны қорғау жөнінде оқушыларды ғылыми-танымдық білім негізімен қаруландыру.
2.Табиғи ортаға антропогендік іс-әрекеттердің тигізетін кері әсерлері мен оның көлемі ғаламдық және аймақтық экологиялық проблемалар жөнінде түсінікті қалыптастыру.
Жаратылыстану ғылымның негізгі саласы болып есептелетін география пәнін оқытуда аса назар аударылмай, әлі де жан-жақты зерттеуді қажет ететін жағдайлар жиі кездеседі. Оларға сараптама жасай отырып, тиімді шешу жолдарын қарастыратын, білім мазмұнын жаңартуды көздейтін біртұтас жүйенің қажет екендігі түсінікті. Сондықтан 12 жылдық білім беруге көшуді қуана қуаттай отырып, ондағы жеке тұлғаға бағдарланған оқыту мазмұнын жүеге асыруға тәжірибелі педагогтардың жаңа технологиялық әдіс-тәсілдері өте қажет.
Өйткені география пәні мазмұнының бірнеше ғылым негіздерімен байланыстылығы, оқыту жүйесінің басқа пәндермен сабақтастығы, білім мазмұнының жеке тұлғаның қалыптасуына тікелей бағдарлануы әлемдік тәжірибеге негізделген 12 жылдық білім беру жүйесі арқылы ғана жүзеге асырылады. Оқушылардың ой-өрісін жан-жақты, жеке басын үйлесімді дамытуда экологиялық мәдениет комплексті тұрғыда қарастырылуы қажет. Мұны мұғалімдердің мектепте жүзеге асыруына мүмкіндік те мол экологиялық тәрбиені әр пәннен беруге болады. Оқушылар экологиялық тәрбие нәтижесінде адамдардың табиғи ортаға орнықты қатынаста болу қажеттігін түсінеді. Оқушылар адамдардың айналадағы табиғи ортаға ілтипатпен қарау негізгі қоғам байлығы болып есептелетін әрбір адамдардың денсаулығына қамқорлық жасау екеніне көз жеткізеді. Сондықтан да қазіргі уақытта әрбір оқушыны айналадағы табиғи орта жағдайына жауапкершілік сезіммен қарап, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу көзделіп отыр. Оқушылардың экологиялық мәдениетін тек сонда ғана жоғары сатыға көтеруге болады.
Қазіргі қоғам талаптарының өзгеруіне байланысты орта білім беру жүйесі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие болады.
Адамның қоршаған табиғи ортаға саналы, ұқыпты түрде қарап, оның байлықтарын пайдаланатын, табиғи ресурстарды байыта түсудің қажеттігін түсінетін, табиғатты қорғауға белсене қатысатын, оның заңдылықтарына бағынатын көзқарас қалыптастыру – біздің іс-шараларымыздың басты мақсаты.
Осы тұрғыда жасөспірімдердің келешек өмірлері қайнар бұлақтай мөлдір болу үшін экологиялық білім мен тәрбие беруде география пәнінің мұғаліміне түсетін салмақ та ауыр. Сондықтан мемлекеттік стандарттық бағдарламаға сүйене отырып, география пәнінен экологиялық білім берілуі бүгінгі таңда аса маңызды.

2.2. Жаратылыстану пәндері арқылы оқушыларға экологиялық тәрбие берудің мазмұны

Аға ұрпақтың еңбегімен жаслатын табиғи мұраларды қорғауға тәрбиелеп қоймай, оларға бұл игі істі жалғастырушы екендіктері ұғындырылып, оған үлес қосу әрбір адамның азаматтың қасиеті екендігі сендіріледі. Туған жерді көркейтуге әрбір жас неғұрлым ерте араласса, еңбегі сіңсе, ол соғұрлым қымбат түседі. Табиғи қорларды молайтуға араласып, оның сырын жан дүниесімен сезінген оқушы кез келген шыбықты сындырмайды, құстарды зәбірлемейді, барлық игілікті еңбекпен келетінін біледі.
Оқушылардың табиғатты қорғауға тәрбиелегенде оның адам денсаулығын нығайтудағы материалдық және рухани тәрбиелік әсері бөлекше. Көптеген мәтін адам денсаулығының қайнар көзі таза су, ауа, күн нұрының шипалық қасиетін, қозғалыс, орманбақтарындағы, мектеп учаскесінде дене еңбегі, практикалық жұмыстар организмді шыңдаушы екендігін, әрі табиғатқа пайдалы екенін, табиғат байлықтарын қорғауға керек екендігін танытсын, 2-ші бір мәтіндер табиғаттың әсем көріністеріне сүйсіну, қуану, рахат сезіміне бөленуге және жаңа күш беріп, денсаулығын нығайтуға көмектеседі. Бұндай мазмұндағы тақырыптардың тәрбиелік мәнін аша отырып оқыту – табиғаттың адам организмін сауықтырушы, денсаулығын қамтамасыз етуші ұлы емші екендігін білдіреді.
Жаратылыстану өзіне тән пәндік қасиеті мен тәрбиелік жағы басты ерекшелігі –оқушылардың эмоциялық сезімін тудыра отырып, болмысты, қоршаған дүниені адамгершілік – эстетикалық тұрғыдан танытуы. Сондықтан балаларға экологиялық тәрбие беруде жаратылыстану пәні олардың табиғат қорғау, оған сүйіспеншілігін, жауапкершілік, ізгілік қатынасын қалыптастырудағы ең басты жетекші саласының бірі болып табылады.
Жалпы білім беретін және кәсіптік оқу орындарында білім беру заңының негізгі бағыттарына сәйкес 1993 жылғы оқу жылынан бастап пәндерді экологияландыру мәселесі біртіндеп іске асырылып білім беретін жалпы, орта және кәсіптік білім беретін оқу орындарының жүйесі бойынша экологиялық білім мен тәрбие беру белгіленіп отыр.
Экологиялық білім мен тәрбие беру жүйесінің міндеттерін шешуде орта білім беретін мектептің соның ішінде жаратылыстану пәндері пәндерінің алатын орны ерекше.
1.Оқушыларды өзінің туған өлкесін сүюге, табиғи ортасын аялауға, туған өлкесіне жанашырлық сезіммен қарауға үйрету, оларды табиғат байлықтарын қорғауға деген сезімін қалыптастыруға машықтандыру.
2. Оқушыларды экологиялық саналыққа тәрбиелеу, оларды табиғи ортада өзін-өзі ұстау ережесімен қаруландыру.
3. Оқу процесінде оқушыларға экологиялық түсініктер мен ұғымдарды оқып, үйрету, қоршаған ортаның өзгеру себептері, оның тіршілік атаулыға әсері туралы тиянақты білім негіздерін қалыптастыру.
Бұл орайда оқушыларға табиғи орта – тіршіліктің қайнар көзі, адамзаттың тіршілік ортасы, оның күш-қуаты мен денсаулығының кепілі екендігін ұғындыру, табиғат заңдылықтарын ғылыми тұрғыдан саралау. Бұл заңдылықтар адамзат ұрпағының рухани дамуына бағыт-бағдар сілтейтін басты факторларының бірі, себебі, адамның эстетикалық, этикалық, интеллектуалдық талғамдарын табиғи ортамен қарым-қатынас жағдайында ғана жүзеге асатындығын оқушыларға түсіндірудің маңызы зор.
Экологиялық білім беру жүйесінің міндеттерін шешуде орта білім беретін мектептің алатын орны зор. Оқушылардың бойында мектептен бастап экологиялық тәрбиенің негіздері, экологиялық мәдениет, табиғи ортаға деген жауапкершілік, адамгершілік сезімдері қалыптасады. Оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беруде мектептердегі жеке пәндердің орны ерекше. Солардың ішінде экологиялық білім мен тәрбие берудегі бастапқы сатының бірі – дүниетану курсы.
Оқушыларға экологиялық тәрбие беру – дүниетануды оқытуда маңызды міндеттердің бірі болуы тиіс. Сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар үшін өз өлкесінің табиғатын қорғау жөнінде нақтылы шаралар белгілеп, әрбір тақырыпты оқытуда оқушылардың экологиялық білімін қалыптастырып отыру қажет.
Оқушыларға тәрбие беруге ықпал етумен бірге, олардың қоршаға ортаға деген жауапкершілік сезімдерін қалыптастырудың үлкен маңызы бар. Мұғалім балаларды қоршаған ортамен, табиғаттағы адамдардың еңбек әрекетімен таныстыра отырып, оқушылардың назарын адам әрекетінен болып жатқан өзгерістерге айрықша аударуы, оның қандай пайдасы мен зияны болатынына көздерін жеткізеді.
Табиғат пен адам қашанда қарым-қатынаста, үнемі байланыста болады. Оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Адамның тіршілік әрекеті табиғатқа әсер етеді. Табиғатта кездесіп жатқан өзгерістердің көбі адам қолымен жасалады. Соның ішінде табиғатқа зиян келтіретінкелеңсіз әрекеттер де баршылық. Олар ауаның, судың ластануы, өсімдіктер санының азаюы, топырақ құрамының өзгеруі, т.б. Осы өзгерістердің барлығы адам өміріне, денсаулығына әсер етеді. Табиғат пен өзара қарым-қатынастың бұзылуы экологиялық апаттарға әкеледі.
Жеке оқушыны жан-жақты дамыту және тәрбиелеу ісінде сабақтан тыс жұмыстарды дұрыс ұйымдастырудың маңызы зор, тек осы жағдайда нәтижеге жетуге болады. Сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар мазмұндары бірін-бірі ұдайы толықтырып, дамытып отыруы қажет. Белгіленген жоспар бойынша жүргізілетін сабақтар әр уақытта оқушыларды қызықтыратын, ойландыратын, экологиялық проблемаларды жан-жақты ашып көрсете алмайды. Сондықтан сабақта өтілген материалдарды тереңдетіп оқып-үйрену үшін сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің маңызы зор.
Сыныптан тыс жұмыстарды өткізу және оған дайындық барысы.
Оқушылардың бақылау жүргізуіне, қарапйым тәжірибелер жасай білуіне, белгіленген әдебиеттерді оқуына мүмкікдік жасау қажет. Сыныптан тыс жұмыстар да туған өлкенің экологиялық жағдайы туралы ғылыми хабарламалар көбірек қамтылуы тиіс. Қазіргі кезде үкімет тарапынан, ғалымдар мен білім саласы қызметкерлерінің экологиялық білім мен тәрбие беруге үлкен көңіл бөлуі, оның ғаламдық проблемалар қатарынан орын алып тұрғанын дәлелдейді. Себебі, қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған ортаның қарым-қатынасы күрделене түскені бәрімізге мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа ықпалын күшейтті. Әсіресе, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдардың, өндірістің көлемін арттырады,жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады. “Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз” деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізген әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан табиғи өзгерістер мен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті. Бүгінгі таңда халыққа экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесін мемлекеттік деңгейде кең көтерудің қажеттігі осыдан туып отыр. Экологиялық білім беру дегеніміз – адамзат қауымының, қоғамның, табиғаттың және қоршаған ортаның үйлестігін және оны тиімді пайдаланудың жолдарын халыққа түсіндіру. Экологиялық және табиғатты қорғау Заңдарын жетілдіру оларды бұлжытпай орындау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануда жауапкершілікті күшейту, қоршаған ортаның табиғаты мен адам денсаулығының үйлестігін арттыру, экологиялық жағдайлар жайлы мәліметтердің халыққа жетуін қамтамасыз ету. Үздіксіз экологиялық білім берудің негіздері қазақ халқының табиғатпен қарым-қатынас үстінде туған тарихи көзқарасы мен салт-дәстүрінен бастау алады. Көшпелі тұрмыс кешкен қазақтар өзінің бүкіл тыныс-тіршілігін табиғатпен байланыстырған. Оны аялап, аң-құсына дейін киелі санап, өзен, су бойын таза ұстаған.

2.3. Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің технологиясы.

Орта және жоғары білім беретін оқу орындарының аса маңызды міндеттерінің бірі – болашақ жас ұрпақтарға экологиялық ғылыми негіздерін тереңдете, тиянақты түрде беру, оларды практикада қолдан білуге дағдыландыру, экологиялық жауапкершілік сезімін қалыптастыру болып табылады.
Білімді игерудің жан-жақты тәрбиелік астарын жоғары бағалаған орыстың атақты педагогы Н.И.Пирогов: «Ғылым мен мәліметтер – игеру үшін ғана емес, онда аса маңызды элемент – тәрбиеленушілік жасырынып жатады, кім оны өз мақсатына пайдалана алмаса, онда ол ғылымның барлық қасиетін білмегені және үлкен жүктерді көтере алатын тұтқаны өз қолынан түсіріп алғаны», — дейді. Сондықтан әрбір ұстаз өз пәнінің экологиялық тәрбие берудегі осы тұтасқан дәл тауып, оны қоғам қажетіне сай пайдалана алуы тиіс.
Экологиялық тәрбие беру мақсаты тәжірибелік – педагогикалық жұмыс тәрбие теориясы мен дидактикасының соңғы жетістіктеріне сүйене отырып жүргізіледі.
Дидактика мәселесін зерттеушілер Ю.Н.Бабанский, Р.Г.Лемберг, И.Ф.Харламов, И.П.Подласый, А.И.Ильина, А.Д.Хмель, Б.Р. Айтмамбетова, А.А. Бейсенбаева, Ж.Б.Қоянбаев және т.б. оқытудың тәрбиелік рөлін күшейту және сабақтың ерекше кең тәрбиелеушілік, дамытушылық өрістермен астасып, және адамды қалыптастыруды кешенді тұрғыдан шешуі тиіс деген теориялық пікірлерін басшылыққа алдық.
Оқу орындарында студенттердің оқушыларға экологиялық тәрбие мен білім берудегі пәндердің ішінен бастапқы курс жаратылыстану екеніне көз жеткіздік.
Жаратылыстану пәнінің экологиялық тәрбие берудегі мүмкіншіліктеріне тоқтала кетеміз.
1.Студенттердің оқушыларға экологиялық проблемаларға байланысты сұрақтарды, табиғи ресурстарды қорғау, қоршаған ортаны танып білуі, оны жақсарту, дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру,оның мәнін ашып көрсету.
2.Оқу материалдарының экологиялық мазмұнға, экологиялық талапқа сай келуі.
3.Оқу материалдарының оқып үйренуге оқушы жастардың практикалық іс-әрекеттердің ұйымдастырылуы.
Жаратылыстану курсының экологиялық білім беруі мынадай ерекшеліктермен сипатталады.
1.Экологиялық түсініктерді тереңірек оқып үйрену.
2.Оны қолданудың тәсілдері және оларды сипаттау.
3.Экологиялық түсініктерді қалыптастыруда күнделікті өмірмен байланысты қолдану.
Жаратылыстану курсы арқылы экологиялық тәрбие берудің түрлі жолдары бар.
Олар: 1. Оқу үрдісінде пән аралық байланыстар арқылы тәрбие беру әдістері. 2. Сыныптан тыс жұмыстарда студенттердің оқушыларға экологиялық тәрбие беру жүйесі.
Біз № 172 қазақ орта мектебінде жүргізген “Тіршілік тыныс өсімдік” атты сыныптан тыс (7 сынып оқушыларынан жинақталған ) топ оқушыларымен факультативті сабақ жүргізілді. Сабақтың қысқаша көрінісін ұсынып отырмыз: “Тіршілік тынысы өсімдік” — атты факультативтік сабақ модулі. Сабақты өткізу барысында жалпы білімділігі: Өсімдіктің тіршілік тынысы екенін дәлелдеу, өсімдік мүшелері, өсімдікке қажетті орта жағдайлары мен олардың түрлерін анықтау туралы түсінік беру.
Дамытушылығы: Оқушылардың өсімдіктер әлемі туралы білімін тереңдету.
Тәрбиелілігі: “Өсімдіксіз тіршілік жоқ” өсімдіктерді қорғауға тәрбиелеу мақсатында қолданылған бұл сабақтардың бірі. 5- сабақ –“Өз бетіммен ізденемін” ойыны арқылы жүзеге асады.
Сабақтың тақырыбы: “Өсімдік — өндіруші”
Сабақтың мақсаты: өсімдіктің табиғатқа О2 өндіретінін дәлелдеу, оның да онтогенез процесінен өтетінін түсіндіру. Өсімдік мүшелері мен олардың атқаратын қызметімен таныстыру. Өсімдік көп түрлілігімен таныстыру. Оқушылардың өсімдіктер туралы білімін дамыта отырып, оларды қорғауға тәрбиелеу.
Қажетті құрал жабдықтар мен көрнекіліктер. Оқушылардың өзіндік эмблемалары, және парталарға қойылаьын нөмірлері. Оқушылардың өздері даярлаған гербарийлері, тірек-сызбалары, жұмбақтары. 4 топқа берілетін ойлан тап сұрақтары.
Сабақтың әдіс – тәсілі “Өз бетіммен ізденемін” оқыта-үйрету ойыны, топтармен жұмыс жүргізу.
Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1.Кіріспе
2.Өткен сабақпен байланыс
3.Жаңа сабақ сыныпты 5 топқа бөлу. Ойын шартымен таныстыру. Әр топ тапсырмалар қойылған парталарға отырады. Әр топ өз тапсырмаларына 5-10 минут дайындалады. Топтар парталарын ауыстырады. Мұғалім, және әр топтан сайланған комиссия тапсырмаларды тексереді.
Ойынның 1-ші нәтижесі жарияланады.
Жаңа партада әр топ ретімен өз тақырыбын әңгімелейді. Ал қалған топтар сыншы, талдаушы рөлін атқарады.
ІІ айналым.
Оқушылар өздерінің алғашқы орындарына қайта оралады. Әр топтан бір оқушы шығып, тақтада өз тақырыптарын әңгімелейді. Әр топтың тірек-сызбалары, суреттер тақтада ілініп тұрады.А тобының тірек-сызбасы.
Тұқымынан өнеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Б тобының тірек-сызбасы

 

 

 

 

 

 

Г тобының тірек-сызбасы

Д тобының тірек сызбасы

 

 

 

 

 

 

 

Әр топ жетекшілері сөйлеген кезде, мұғалімнің, сыншы, талдаушы топтарының сұрағына жауап беріп қорытындылайды.
ІІІ. 1. Ойын “Мен сұраймын, сен ізден”
Екі топ бір-біріне кезек сұрақ береді, жауап қайтарады.
А-Б, Б-В,В-Г, Г-Д, А-Д, А-В,А-Г, А-Д.
2. Мақал – мәтелдер айту. “Өсімдік туралы”
Сабақты қорытындылау.
1.Сұрақ-жауап.
2.Жұмбақтарды шешу.
3.Мақал-мәтелдер айту.
Оқушыларды оқытушы басшылығымен әр топ бірін-бірі өздерін өздері бағалайды.
Модульдік сабақты толығымен жүргізу барысында табиғатты қорғауға арналған класс сағаттарын, экскурсиялар, әңгімелер өткіздік. Бірақ эксперимент жүргізбей тұрып оқушылар өсімдіктердің оттегі лабороториясы екенін біле тұра, өсімдіктерді мақсатсыз жұла беретінін мойындап, енді оларды қорғайтындарын айтты.
Біз № 172 қазақ орта мектебінде 7 Б сынып оқушыларына жүргізген “Табиғатым — тағдырым” атты сыныптан тыс топ оқушыларымен Көңілді тапқырлар клубы өткізілді. Сабақтың қысқаша көрінісін ұсынып отырмыз:
Көңілді тапқырлар клубының тақырыбы: “Табиғатым — тағдырым”
Жер басып жүрген пенденің өмірінде еш нәрсемен алмастыруға болмайтын мәңгілік тірегі бар. Ол — Табиғат!
Табиғат – арайлап атқан таң. Қызара батқан күн. Жарық аспан, жұлдызды түн. Самал жел, аптап ыстық, бет қарыған аяз. Жұтатын ауа, ішетін су. Біз басып жүрген киелі Жер, тіршілік көзі топырақ, өндіріс Жер қойнауындағы байлық. Жайқалған жасыл желек, ұшқан құс, жүгірген аң, жорғалаған жәндіктер т.б.
Бір қызығы жер басып жүрген адамның басым көпшілігі осыны түсінеді, бірақ оған мән бермейді. Ал, шындыққа жүгінсек, адамзаттың баянды, қайғы қасіретсіз өмірінің тірегі тек қана табиғат. Табиғат – адамды дүниеге келтіргендіктен, адам табиғаты “Ана” деп құрметтейді.
Табиғат арқылы халқымыздың мінез-құлқы қалыптасып, бірте-бірте ондай қасиеттер атадан –балаға, ұрпақтан-ұрпаққа асыл мұра ретінде жеткізіліп отырды.
Табиғаттан бабамыз ала берген секілді,
Дарқандықты қазаққа дала берген секілді.
Еркелікті ерікті желден алған секілді,
Мөлдірлікті көгілдір көлден алған секілді-деп
Бүгінгі тәрбиелік сағатымызды “Табиғатым тағдырым” деп өткізудеміз. Өздерінің білімділігін, табиғатқа деген сүйіспеншілігін жан ашушылығын білдіріп, командалар атсалысу үстінде. Бүгінгі жарысымыздың басты мақсаты: он бір турдан тұрады. Екі командадан тұрады. Командалар аты.
1. Өсімдік командасы.
2. Табиғат командасы.

1. Таныстыру. “Табиғат” командасы:
Мектептегі біз боламыз 7 А
Біліміңді 7 Ә бізбен сынас
Апталыққа шақырамыз сіздерді
Биологияны оқығаның рас болса
2. Эмблеманы таныстыру.
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қонысы. Адам – Табиғат пен Жер – Ананың перзенті. Адамзат өзіне қажетті нәрсенің бәрін табиғаттан алады. Табиғат арқылы адамзат өзін рухани және материалды қамтамасыз етеді. Сондықтан да Табиғат пен Жер ананы сүйе білу аяулы адамзаттың борышы, парасатты парызы. Біз командамыздың атын сол себепті Табиғат деп атадық.
Бәрі: 2030 – дың біз барысымыз,
Жетістіккебастайды әр ісіміз
Өркениетті елімді көркейтіп,
Табиғатты аялау парызымыз.
3. Мақал-мәтел, жұмбақтар сайысы.
1. Тау бұлағымен сәнді,
Көл құрағымен сәнді
2. Білімі жоқ ұл – жұпары жоқ гүл
3. Шөлді жерде ағаш қымбат,
Адамзатқа нағашы қымбат.
4.Құс патшасы – бүркіт
Аң патшасы – арыстан
5.Жел дауылды шақырады,
Бұлт жауынды шақырады.
6.Кімнің жерін жерлесең соның суын сула.
1. Үй ішінде — үйі,
Жем тасиды жиі (қарлығаш)
2. Көтеріліп теңізден,
Аспанға биік барамын,
Биіктен қайта түскенде.
Өңі кірер даланың (жаңбыр)
3. Көлігі жоқ көшеді,
Өзін кезбе деседі (бұлт)
4. Салынған көпір керемет,
Қызығушы өте көп
Ал бірақ та не керек,
Кісі өтетін жолы жоқ. (кемпірқосақ)
5. Сұм жүзді, құралай көзді, Киікше секірген,
Бура санды, жолбарыс тонды. (құрбақа)
6. Бір сөз бар баспана болатын. Ол сөздің “К” әріпін “Б” мен “Г”ге өзгертсең, бунақдене болады қаныңды соратын. (күрке, бүрге)
7. Тағы бір сөз шахмат ойынында айтылады. “Ж”
әріпін “К”-ге, “Ш”-ға өзгертсе астық тұқымдастардың бірі болады. (жүріс, күріш)
4. Табиғат туралы ырым тиымдар.
1. Көкті жұлма.
2. Жалғыз ағашты кеспе
3. Ауылға атпен шауып келме
4.Жерді сабалама, жерді теппе.
5. Жұмбақ сұрақтарды шешу.
1. Неліктен жапырақ өсімдіктің қажетті мүшесі деп аталады?
Жапырақтың ең қажетті мүше деп аталатын себебі, оларда барлық тірі ағзаларға қажетті органикалық заттар түзіледі.
2.Жапырақтың сыртқы құрылысы қандай бөліктерден тұрады?
Жапырақтың сыртқы құрылысы –сағақшадан және тақшадан тұрады.
3.Органикалық зат жапырақтың қай жерінде түзіледі?Органипкалық зат жапырақтың хлоропластында (хлорофильдерінде) түзіледі.
4. Жапырақты – “тірі ағзаларды асыраушы” деп неліктен атаған? Себебі фотосинтез кезінде органикалық заттар түзіп, оттек бөледі.
5. Адамдағы сұйықтық қызмет атқаратын мүше? (бүйрек)
6. Сөзжұмбақ шешу.

7. Қызыл кітап туралы.
Қызыл кітап сирек кездесетін және жойылып кету қаупі бар өсімдіктер мен жануарлар түрлерін қорғау мақсатымен жазылған. Қазақстанда Қызыл кітап тұңғыш рет 1978 жылы шықты. Онда омыртқалы жануарлардың сиреп бара жатқан түрлері тіркелді. Екінші басылым 1991 жылы үшінші басылым 1996 жылы шықты. Мұнда балықтардың -16, қосмекенділердің -3, жорғалаушылардың -10, құстардың -56, сүтқоректілер -40 түрі енгізілген. Өсімдіктерге арналған қызыл кітап 1981 жылы жарық көрді. Бұл кітапта 303 түрі сипатталған.
8. Ол кім?
Иван Владимирович Мичурин (1855-1935)
Өмір бойы бақта жұмыс істеді, өсімдіктерді зерттеп, олардың тамаша жаңа іріктемелерін шығарды. Мичуриннің арқасында жүзім, өрік, шабдалы, алмұрт сияқты оңтүстікте шығатын жемістерді едәуір солтүстікке қарай жылжытып өсіруге мүмкіндік туды. Негізгі еңбегі: ол біліммен қаруланған адам аянбай күш жұмсап, еңбек етсе, нағыз жасампаз, өсімдік табиғатын қайта өзгертуші бола алатынын іс жүзінде дәлелдеді. И.В. Мичурин нағыз отангер болды. Жас күнінен бастап бағбандық пен әуестеніп, есейген шағында шағын Козлов қаласында таңғажайып бақ өсіріп шығарды.
9. Табиғат туралы өлең оқу.
1. Ей табиғат, шеберсің –ау, шеберсің,
Көрмегенді көрсетесің, бересің.
Ұлан-ғайыр байлығыңды місе етпей,
Аш көзденген адамдарға не дерсің
2. О, табиғат тіршілікке бесік болған мекенім,
Құшағымнан нәр алып, мұратыма жетемін .
Алақанмен аялаймын ұл-қызымдай үйдегі,
Азаматтық борышым қорғаушы боп өтемін.
Табиғаттың тарылтпайық, мөлдір кәусар тынысын,
Қастерлейік оның асыл бар қазына-ырысын.
Ей, адамдар, қалай ғана қатыгездік жасайсың,
Табиғат – Анаң, ал сен оның аялаған ұлысың!
10. Құстар туралы кім не біледі?
1. Ең кішкентай құс – колибрлер
2. Ең ірі, ұша алмайтын құс – нанду
3. Ең әдемі құс – көгілдір жұмсақ құсы — родольфа

2. Командалар өздерін таныстырады.
“Өсімдік” командасы: Өсімдіктер сырына қанық едік,
Меңгереміз жануарлар әлемін де
Меңгереміз жануарлар әлемін де
Меңгереміз өсімдіктер әлемінде
Сынассақ білімменен сынасайық,
Жеңіліп тіземізді бүкпеп едік!
3. Эмблема, командаларының аттарына түсінік береді.
Эмблемамызда алақандағы өсімдік суреті бейнеленген. Тірі табиғат ішіндегі өсімдікке тоқталатын болсақ, экологиялық жағдайлардың бір шеті осы өсімдіктерге тиіп тұр. Өсімдіктер саны азайып Қызыл кітапқа тіркелуде. Табиғат көркі – тал, жайқалған жасыл өсімдік. Ендеше осы табиғат көркін жоғалтпау, аялап өтейік деген мақсатта эмблемамызға “Өсімдік” тақырыбын қойдық.
Өсімдік –азық көзі,
Өсімдік – дәрі –дәрмек қоймасы,
Өсімдік адамға көрік беретін киім,
Өсімдік-адамға түрлі бұйым,
Өсімдік –сұлулық сымбаты.
4. Табиғатқа байланысты мақал – мәтелдер айтудан, сондай-ақ әр түрлі жұмбақтар шешуден сайысқа қатысу.
Аққу көлін аңсайды,
Адам туған жерін аңсайды.

Қыс салтанатын құрмаса, егін болып жарытпас,
Қыз салтанатын құрмаса, келін болып жарытпас.

Қанша қалың жауғанмен,
Қар көктемге қалмайды.

Түйнектен ағаш өседі
Түйір дәннен қомба талады.

Жаздың бір күні қыстың мың күніне татыр.

Қыстың қамын жаз ойласа, Жаздың қамын қыс ойла.
Сәуір болмай тәуір болмас.

Қыстағы – суық, жаздағы – ыстық.

Ат басты, арқар мүйізді, Құс қанатты, құмырсқа ізді,
Бөрі кеуделі, бөкен санды, Бота тірсекті. ( шегіртке)

Бұрап қойған сағаттай,
Айқайлайды таң атпай (Қораз)

Қар астында қыстайды,
Ақпен көркін тыстайды. (Бәйшешек)

Өзіне шап-шақ
Киген қалпағы аппақ,
Балалар тұр қаптап. (Бақбақ)

Ешбір тірексіз күмбез,
Ешбір сүйексіз күмбез.
Ешкім көтере алмайтын күмбез
Ешкім төңкере алмайтын күмбез. (Аспан)

4. Табиғат туралы ырым-тиымдар:
1. Құстың ұясын, құмырсқаның ұясын бұзба.
2. Жәндікті жәбірлеме
3. Егінді, шалғынды жерді бейсауыт баспайды. Обал болады.

5.Жұмбақтарды сұрақтарды шешу жолдары:
1. Шырынды жапырақты өсімдіктер қандай жерлерде өседі? Бөлмеде өсетін түрлері болса, атын атаңдар.
Шырынды жапырақты өсімдіктер ылғалы өте аз шөлді жерлерде өседі. Мысалы, бозкілем. Бөлмеде өсетін алоэ, агава т.б.
2. Етпен (жәндіктермен) қоректенетін өсімдіетер қандай жерлерде өседі?
Етпен қоректену себебін түсіндіріңдер. Етпен қоректенетін өсімдіктер азоты аз, батпақты сазды жерлерде өседі.
3. Жәндіктермен қоректенетін өсімдіктердің Қазақстанда өсетін түрлерін атаңыздар.
Жәндіктермен қоректенетін өсімдіктердің Қазақстанда өсетін түрлеріне –Шықшылдық, шықшып жатады.
4. Өсімдіктің жапырағына қандай қалдық заттар жиналады, ол заттар қай кезде, қалай сыртқа шығарылады әлде өсімдікте қалып қоя ма?
Өсімдік жапырағында артық тұздар жиналады да, олар күзде түскен жапырақтар арқылы сыртқа шығарылады.
5. Ішектің ұзындығы? (5,5-6 м)
6. Ағзаның жұқпалы ауруға қарсы тұра алуды? (Имунитет)
7. Қанның дұрыс ұюына әсер ететін дәрумен? (К)

6.Сөз жұмбақ шешу:
7. Қазақстанның қорықтары туралы:
Қорық – сұлу жаратылыстың, тамаша табиғатын қорғанышы. Ал адам табиғатсыз тіршілік ете алмайды. Табиғат адамды қайырымды, сұлу жанды етіп тәрбиелейді. Қорық барлық табиғат байлықтарын қатаң қорғалатын арнайы белгіленген аймақ. Қазақстан жеріндегі қорықтарды ұйымдастыру тарихы өте ерте кездерден басталды. Қазақстанды қазіргі кезде тоғыз ірі табиғи мемлекеттік қорық бар. Олар: Ақсу Жабағылы, Алматы қорығы, Барсакелмес, Наурызым, Қорғалжын, Марқакзл, Үстірт, Батыс Алтай мен Алакөл қорықтары.
Қорықтар – табиғат этолоны. Мұндағы орман – тоғай, жайқалған шабандық, аң-құс, айдын көлдің мүмкіндігінше сол бұрынғы әсем қалпында сақталуы тиіс. Елімізде өсімдіктер мен жануарлар арнайы қорғалатын тұтас табиғи аймақтар-қорықтар ұйымдастырған:
Ақсу Жабағылы қорығы -1927 ж.
Алматы қорығы -1931 ж.
Барсакелмес қорығы – 1939 ж.
Наурызым қорығы -1956 ж.
Қорғалжын қорығы — 1968 ж.
Марқакөл қорығы — 1976 ж.
Үстірт қорығы – 1984 ж.
Батыс Алтай қорығы -1992 ж.
Алакөл қорығы – 1998 ж.
8. Ол кім?
Антони Ван Левенгук (1632-1723)
Антони Ван Левенгук Голландияның Делфт қаласында өмір сүрді. Левенгук тіршілік дүниесін сол уақытқа дейін адам баласына белгісіз болып келген үлкен бір әлемін – табиғат пен адам өмірінде орсан зор рол атқаратын микроорганизмдерді ашты. Левенгук аса көрнекті зерттеуші және тұңғыш жаңалық ашушы болды. Ол зоология мен ботаника, физика мен химия саласыында да көптеген жаңалықтар ашты.

Иван Владимирович Мичурин (1855-1935)
Өмір бойы бақта жұмыс істеді, өсімдіктерді зерттеп олардың тамаша жаңа іріктемелерін шығарады. Негізгі еңбегі: ол біліммен қаруланған адам күш жұмсап, еңбек етсе, наныңыз жасампаз, өсімдік табиғатын қайта өзгерушң\і бола алатындығын іс жүзінде дәлелдеді.

9. Табиғат туралы өлеңдер оқу сайысы:

Табиғаттың қадірлеп қасиетін
Әділдікке әрқашан бас иемін.

Атаңнан мал қалғанша , тал қалсын деп,
Халық айтқан орынды өсиетін.

Табиғат, сен – тіршілігін, тұрып тұрған,
Сен – күнсің, көтерілген күліп қырдан
Сен көлсің, сен-ормансың, сен –бұлбылсың
Адамдарға сұлулықты шын ұқтырған.

Табиғаттан нәр алған ғой жанымыз,
Жер бетінің ажары ол — сәніміз.
Туған өлке табиғатым аялап,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.

10. Құстар туралы кім не біледі?

1. Ең ірі алып құс – анд кондоры
2. Көгершін атаулысының ең ірісі –тәжді көгершін
3. Ең суыққа төзімді құс — пингвиндер.

11. Көріністер.

Табиғат қоғам байлығы ол қашан да жер юетіндегі тіршіліктің қайнар көзі. Қай елде болмасын өзі мекендеген жерінің табиғатын қорғау басты парыз. Ал жеке адам ретінде шығар тауының биік, жұтар ауасының таза, ұсынар гүлінің жұпар иісті болғанын кім қаламайды.
Таза ауа мен самал желді, бұлттарға арқасын төсеген асқар тауларды, сылаң қаққан сұлу су ағыстарын қызықтап, табиғат саясында дем алайық.
Табиғаттан нәр алған ғой жанмыз.
Жер бетінің ажары ол – сәніміз.
Туған өлке табиғатын аялап,
Ұсынайық жүрек нұрын бәріміз.
Қорытынды

Қазір, өзіміздің айқын көріп отырғанымыздай тек ядролық қарумен ғана емес, тіпті зияндығы мен зардабы мол кез келген зат жерге апат әкелетіндей соққы болып тиіп табиғаттағы тепе-теңдікті бұзып, қайталанбас күйзеліске душар етуі ықтимал.
Осындай қауіп-қатерді түсіну және оқушыларға экологиялық мағлұматтарды хабарлап отыру, олардың “экологиялық санасын” дамыту мектеп оқушыларын табиғатты сақтап қалу шараларына қатыстыру, табиғаттың көз тұндырып, көңіл тояттандыратын сұлулығы мен байлығын қорғауға атсалысуға жұмылдыру ғылыми-техникалық прогрестің қазіргі шапшаң даму жағдайында жаратылыс тану пәні мұғалімдерінің азаматтық борышы болып саналады.
Қоршаған ортаны қорғау – бұл ұлттық, тіпті интернационалдық міндет. Ол тек жақсы дамыған индустриялды мемлекеттерде ғана емес, барлық материктерді тұщы сулы бассейіндерді, теңіздерді, адамдар мен тірі организмдерге қажет ауа қабатын да қамтиды. Экологиялық дағдарыс өте қауіпті болып барады, бұл бізге өзіміздің прогресске деген соқыр сеніміміз бен прагматикалық ойларымыздың кесірінен осынша қысқа уақытта істеген қате әрекеттерімізді толығынан түсінуге мәжбүр етті. Біз өзіміздің сол ақылсыз іс-әрекетімізбен табиғатқа зор зардап әкелдік, тек жануарлар мен өсімдіктер әлеміне ғана емес өзімізге де зиянымызды тигіздік.
Негізінде ХХ ғасырға дейін табиғат қорғау мәселелері әңгіме болғанмен оған жете мән берілмеді. Тек 1913 жылы Швейцарияда болған табиғат қорғау мәселесіне І Халықаралық съезден кейін ғана оған көңіл бөліне бастады.
Табиғатқа деген сүйіспеншілікті, жаңа экологиялық ойды, қоршаған ортаға жауапкершілік сезімін тек тәрбиелеу керек, және бұны қызықты, эмоциональды, сенімді түрде жүргізу қажет. Адамдар неғұрлым табиғат үшін өзі жауапты екенін түсінсе, соғұрлым оны қорғау ісі тиімді болмақ.
Оқушыларды оқыту, тәрбиелеу үстінде біз оларды тәуелділік (иелік) сезімін ояту керекпіз. Біздің өз жерімізден басқа жер жоқ. Әркімнің міндеті-сол жердің байлығын қорғау және молайту жерімізді, өзен-көлдерімізді қорғау. Жердің байлығын, туған өлкенің әсемдігін сақтау-барлық адамдардың патриоттық парызы.
Сөйтіп, экологиялық оқу-тәрбие методикасын дамыту мұғалім мен оқушылардың бірігп әрекет жасауына сүйену керек, экология мен табиғат қорғау мәселелеріне ғылыми және практикалық талдау жасағанда оқушылардың өзіндік көзқарасын дамытуға бағытталуы керек. Оқушылардың өмірлік тәжірибесін нақты экологиялық жағдайларды кеңірек қолданудың педагогикалық маңызы зор деп білеміз.
Оқушылардың қоршаған ортаны қорғаудағы ғылыми және практикалық, әсіресе қоғамдық мәні зор, пайдалы іс-әрекеті мен әдістерін сабақтастыру өте пайдалы. Оқушылардың қызығушылығы мен жеке ерекшеліктерін, жұмыстағы дағдысын, қабілетін және қоршаған ортаны қолайландыру тілегін дамытып отыру керек. Экологиялық проблемаларды шешудегі оқушылардың шығармашылық ізденісінің маңызын, экология негізі мен табиғат қорғаудың заңдылықтарын ғылыми тұрғыда қабылдауы мен түсінуін дамытудың да маңызы ерекше.
Сондықтан да әр жас адамның экологиялық жауапкершілік оның жеке өмірінің бір бөлігіне айналуы керек. Ол қоршаған ортада адамдарға, өзіне материалдық, табиғи және рухани байлықтарға қарым-қатынасқа бағытталуы қажет екендігін көрсетеді.
Адамның дағдысы, санасы іс-әрекет негізінде қалыптасады. Бұнсыз біз баланың табиғат сүйгіш мінезін қалыптастыра алмаймыз. Ал адамның мінез-құлығына табиғат тағдыры, демек, сол адамның өз тағдыры тәуелді. Өйткені, адамзат бұдан бұрын айтылғандай, табиғаттың ажырамас бөлігі “Баланы жастан” дейді. Бұны біз ұмытпау керекпіз.
Табиғат пен адамның болашақтары біртұтас. Осы кезге дейін адам табиғатқа қожалық етіп келді. Енді сол дана анамызға қайтадан бас иетін уақыт келді. Ақылды ұл мен қыз өмірдің объективті заңдарын ауырсына қоймас.
Экологиялық білім мен тәрбие беру ісінің тиімділігі іс-әрекеттің әртүрлі формаларын қолданып, оларды саналы түрде жүйелендіре, байланыстыра түсуге байланысты. Тиімділік сонымен қатар оқушылардың қызығушылығы мен қоршаған ортадағы іс-әрекеттеріне байланысты болады.
Мектеп сабағы, экскурсия, сабақтан тыс жұмыс, кластан тыс пән аралық сабақтарды байланыстырып осының бәрі көбіне экологиялық білім беруді дамытады.
Атап өту керек, экологиялық оқу-тәрбие ісі танымдық және практикалық іс-әрекеттің үйлесімділігін, табиғатты дұрыс пайдаланудың, адамның табиғатқа қарым-қатынасының ғылыми, этикалық, практикалық тәсілдерін алмастырып отыруды талап етеді.
Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері экологиялық білімнің мазмұны мен міндеттерінің негізгі элементтерін іске асыру мүмкіндіктерімен қалай байланысады?
Экологиялық білім берудің маңызды міндеті-оқушылардың табиғатоның құндылығы, адамның табиғаттағы іс-әрекеті, экологиялық проблемалар туралы теориялық білімді игеруі. Бұл міндет ең алдымен оқу процесінде, сонымен қатар, өздігінен білім алу процесі кезінде, табиғатты қорғау клубтарының сабақтары кезінде шешіледі. Бұл жерде экологиялық білім алу процесінде тиімді педагогикалық жетекшілік жасау үшін қажетті жағдайлар жасалған.
Экологиялық білім алудың келесі міндеті-оқушылардың бағалауға үйренуі . Бұл міндетте табиғи ортаның жағдайын зерттеудегі, адамның іс-әрекетінің мақсаты мен мінез-құлығын оның нәтижесін бағалаудағы практикалық іс-әрекетінің өзара байланыстылығы маңызды болып табылады. Кейбір белгілі тапсырмаларды орындай отырып, оқушылар бағалау бағыты мен ой-пікірледі өздігінен қорыту дағдысына ие болады. Мектепте бұл іс-әрекет рефераттар қорғау барысында, тілдік қарым-қатынаста, іскерлік ойындар кезінде толықтырылып, дамып отырады. Ойындық ситуациялар барлық жастағы оқушылардың экологиялық білім және тәрбие алу процесінде сергіту сәттерін енгізеді, бұл оқу мазмұнның тәрбиелік мақсаттылығына бағыттауды күшейтеді.
Ойын ситуацияларында оқушылардың алдында таңдау жасау, қабылданған шешімді азаматтық саналық позициядан түсіндіру мәселесін қояды. Факультативті сабақтар жүргізу барысында Ұлы ақын жазушылардың табиғатты қорғау туралы шығармаларын сабақ мазмұнына сәйкес пайдаланып отыру. Сондай –ақ іскерлік ойынның ерекше құрылуының арнайы принципі көмектеседі.
Ситуациялық ойынға қатысушылар екіге бөлінеді. Бір топ жиналғандардың алдына әртүрлі сатыдағы экологиялық проблеманы қояды, ал екінші топ-оны шешу жолдары мен тәсілдерін ашады. Ал енді бір модульде оқушылар табиғат жағдайымен оны қорғау шараларымен ізденіп дайындық кезеңінде оның шешімінің варианттарымен барлық оқушылар танысады. Бұл ойын сюжетінің тақырыбына байланысты пікірталасты жүргізу үшін қажет.
Оқушыларды бағалау тәжірибесі даму мен ойын жинақталу процесі жалғасады. Бұл ерекшелік әсіресе көрмелерде оқушылардың шығармашылық жұмыстар жүргізу, өз бетімен ізденіп зерттеулер жүргізуде (мысалы, қоршаған ортаға арналған күні) жетекшілік жасап не болмаса экологиялық қорықтарда жолбастаушы болып жүрген балаларда анық байқалады.
Экологиялық білім алудың міндетті шарты балалардың іс-әрекетке таңдау жасай білу қабілеті болып табылады. Бұл шарт балалардың ситуациялық тапсырмаларды орындау табиғи ортадағы құқықтық және адамгершілік нормаларға өзіндік қарым-қатынасты сақтауын, белгілі жағдайларда шұғыл шешім жасауын талап ететін ситуацияларға құрылады. Бұл мәселе балалардың клубта жұмыс істеуі үлкен мүмкіндіктер туғызады, өйткені бұл жерде балалардың алдында өмірдегі нақты ситуацияларда (достарымен, педагогтармен, қабылдау проблемасы жиі кездеседі. Шешім қабылдаудағы тәжірибенің жинақталуы сонымен қатар балалар еңбекке араласқанда, көпшілік арасында) жүзеге асады. Балалардың экологиялық сауатты іс-әрекеті олардың табиғатпен қарым-қатынасқа түсуі процесінің барлық формасында экскурсияда, экспедицияларда, сабақ үстінде, даладағы экологиялық практикумжағдайында қалыптасқаны қажет.
Экологиялық білім, экологиялық сабақ барысында жолдары берудің тағы бір міндеті балалардың қоршаған ортаны қорғау, жақсарту күту барысында еңбек дағдыларына үйренуі, табиғатты қорғау туралы идеяларды таратуы.Бұл іс-әрекет оқушылардың сабақ кезінде, өзіндік жұмыс кезінде іске асады.
Оқушыларға экологиялық білім және тәрбие беру кезінде кластан тыс жүргізілетін жұмыстар да елеулі орын алады. Әсірісе арнайы өткізілетін ашық тәрбие сағаттары, табиғат қорғауға байланысты тақырыптық кештер оқушыларға ерекше әсер етеді, олардың пәнге қызығушылығын арттырып, білімін тереңдете түседі. Экологиялық тәрбие жұмыстарында көркем әдебиет шығармаларын пайдалану арқылы олардың табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімі де арта түседі.
Халқымыздың зерделі перзентінің бірі ақиық ақын М.Жұмабаев бала тәрбиесіндегі табиғат сұлулығының алатын орнына өзінің “Педагогика” атты еңбегінде ерекше тоқталған Бала бұлақтың былдырын, судың сылдырын, орманның күңіренгенін, теңіздің көк шатырлы күрілдегенін естісін жымыңдаған жұлдыздар себелеген көк шатырлы аспанды, түрлі-түсті кемпірқосағын, буыны жоқ бұрандаған қайыңды көрсін, жаратылыс сұлу. Бала сол сұлу жаратылыстың құшағында болсын, мұның бәрі де баланың сұлулық сезімдерін оятады деп өте орынды жазған.
Бұл күндері экологиялық мағлұматтар жалпы білім беретін мектептерде оқытылатын жаратылыстану пәндерінің аса маңызды, құрамдас бөлігіне айналды. Соның негізінде өскелең ұрпақтың физикалық-географиялық көзқарастық табиғат компоненттерінің тепе-теңдігін қорғау туралы білім жүйесін меңгерудегі экологиялық мәдениеті қалыптасады.
Қазір адамзат баласының тірі қалуы Жер бетіндегі экологиялық жай-күйді жалпы тіршілік атаулыға қолайлы етіп сақтауға қатысты болып отыр.
Экологиялық бағытталған еңбектік іс-әрекеттің мазмұны балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты болады. Бастауыш және орта мектеп оқушыларына мынадай қарапайым практикалық іс-әрекет қызықты және мүмкіншіліктеріне сай: құстарға арналған ұяларды ілу, құстарға уақытылы жем беру, балықтарды күту, өсімдіктер отырғызып, оларды күтімге алу.
Ал енді экологиялық білім алуда балаларға экологиялық идеяларды тарату жұмысы күрделірек тиеді. Бұл дағдының дамуы ұйымдастырушылық жұмысының тәжірибесін қалыптастырумен бірге жүзеге асырылады. Оқушылар жұмысты өздері жоспарлап, ұйымдастырғанда, экологиялық идеяларды тарату жұмысына қатыссқанда педагогиканың тиімділігі байқалады. (Бұл іс-әрекетте мұғалім тарапынан ақыл-кеңес қажет).
Бұл жағдайда жақсы дайындалған немесе біршама қабілетті оқушылар үгіттеуші не жетекші болады, ал қалғандары жұмыс нәтижесін жоспарлап, болжап, бағалауға қатысады.
Экологиялық білім және тәрбие берудің аталған түрлері мектеп жұмысының практикасында қолданылады. Ал ол өз тарапынан жаңалық іздеуші ұстаздар қоғамға жауапкершілікті тәрбиелеудің жаңа жолдары мен әдістерін табуда. Бұл кезде жасалынып жатқан іс-әрекеттің тиімділігі педагог жұмысының сапасына, оның материалды жақсы баяндай білуіне байланысты болады.
Эколог ғалымдар әлеуметтік проблемаларды адам баласының болашағына деген қатынасы бар проблемалар ретінде бағалайды. “Жасыл шөп, бәйшешек жоқ бұрынғыдай жапырағынан айрылған ағаш қурай”- Абай атамыз жырлағандай (1,2,3,4) қазіргі елдердің көптеген табиғи ресурстарын:
-Жер бетіндегі адамның санының артуы мен экологиялық апараттардың шексіз көбеюін.
-Минералды шикізат өнімдерінің азаюын.
-Тұщы су және құнарлы жерлердің азаюын.
-Табиғи ортаның адам әсерінен өзгеруін ескермеске болмайды. Ал бұл мәселе адамзат қауымының санасында болып отыр, баланы жастан деп оқушыға үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру процесінде болып табылады.
— Табиғи орта біртұтас деп қарай отырып, экологиялық жауапкершілікті арттыру.
— Экологиялық жұмыстарға тарту.
— Экологиялық хабарларды жариялауға қатысу.
— Экологиялық проблемаларды жергілікті жер жағдайында қарастыру
Өзіміздің зерттеу жүргізе отырып, төмендегідей ымға келдік:
1) Оқушылардың экологиялық сауаттылығын, мәдениетін, танымдық белсенділігін, арттыруға мұғалімнің білімі мен педагогикалық шеберлігі үлкен ықпал етеді.
2) Экологиялық білім берудің негізгі мақсаттарының бірі – оқушылардың экологиялық санасын көтеру, ақыл-ой қабілетін дамыту, теориялық білімдерін іс жүзіне қолдана отырып, шығармашылық жұмыстар жүргізу, өз бетімен ізденіп зерттеулер жүргізуге баулу қажет.
3) Экологиялық білім мен тәрбие беру бірін-бірінен ажыратуға болмайтын егіз дүние. Ол:
Осы схеманы пайдалана отырып әр оқытушы тақырыпқа сәйкес сабақтан тыс іс-шаралар міндетті түрде өткізуі қажет. Біз жүргізген сбақтан тыс жұмыстарда балалардың білім деңгейі 95%-ға көтерілді.
4. Оқушыларға жаңа технология бойынша жасалған факультативті сабақ жүргізілді. Бұл модулднрге сүйене отырып 7-ші сыныптар арасында жүргізілген сабақтардан алынған нәтижені біз 3 рет тестілеу арқылы тексеріп тұжырымдадық (кесте-1).
Кесте 1-эксперимент жүргізгенде тексерілген сыныптардың экологиялық білім деңгейі.

Сыныптар қаңтар ақпан наурыз ∑
7А 54% 70% 88% 70,6%
7Ә 52% 85% 95% 77,3%

Көңілді тапқырлар клубы
50%
90%
99%
79,6%

7а сыныбына бақылау ретінде алынды. 7ә сыныбы тек модулдік сабақпен шектелді. Ал 7б сыныбына модульдік сабақпен қатар көңілді тапқырлар клубын өткіздік. Олар КТК –ға өз беттерінше ізденіп дайындық жұмыстарын жүргізді. Соңғы тест қорытындыларынан сыныптар арасындағы жүргізілген экологиялық білім мен тәрбие беру жұмыстарының нәтижесінен төмендегідей тұжырымға келдік (график -1).

График -1

 

Әрине бұл графикте көрсетілген нәтижелерден неғұрлым жас жеткіншіктерге ізденуге, тапсырма мен бағытты қызықтыра берсең соғұрлым жақсы нәтиже алады екенбіз. Әрине бұл ұлы ұстаздың құзырында. Ұстаздар әр түрлі жаңа технологияларды қолданып балаларды қызықтыра білуі бүгінгі күннің талабы.

Қосымша -1 Экологиялық біліммінің сапасын тексеруге арналған тест сұрақтары. (7-сынып бойынша.)
1. Өсімдік пен жануарлар арасында қандай байланыс бар?
А) көмектесу
Ә) орын ауыстыру
Б) қоректік
В) байланыс жоқ
2. Экология пәні нені зерттейді?
А) жан-жануарды
Ә) өсімдіктерді
Б) табиғаттағы өзгерістерді қоршаған ортамен байланыстырып зерттейді.
В) жер ресурстарын
3. Түз жануарлары қай жерлерде тіршілік етеді?
А) аулада
Ә) үйде
Б) елді мекеннен алыс жерлерде
В) барлық жерлерде
4. Өсімдіктерді қалай қорғау керек?
А) қосымша көректендіру
Ә) ұя салу
Б) тиіспеу
В) барлығы да дұрыс
5. Жануарларды қалай қорғау керек?
А) аулауды шектеу
Ә) қыста қамқорлық жасау
Б) көбейту
В) барлығы да жатады
6. Табиғатты кімдер қорғау керек?
А) табиғатты қорғау әрбір азаматтың борышы
Ә) табиғатты тек үлкен адамдар қорғау керек.
Б) табиғатты тек оқушылар қорғау керек
В) табиғатты тек мемлекеттік мекемелер қызметкерлері ғана қорғау керек.
7. Организмнің әртүрлілігін қалай түсінесіңдер?
А) өсімдіктердің түрлері
Ә) жануарлардың түрлері
Б) бактерияларды немесе микроорганизмді
В) бәрі дұрыс
8) Организмдердің тіршілігі неден тұрады?
А) өсіп көбеюі
Ә) жер бетінде таралуы
Б) жер бетіндегі саны, тығыздығы
В) бәрі дұрыс
9. Тіршілік үшін не қажет?
А) су
Ә) ауа
Б) қорек
В) бәрі дұрыс
10. Организмдер арасында қандай қарым-қатынастар болады?
А) жыртқыштық
Ә) паразиттік
Б) қоректік
В) бәрі де
11. қоршаған ортаның санасы деген не?
А) ауаның тазалығы
Ә) судың
Б) жердің
В) бәрі де жатады.
12. Популяция ұғымын қалай түсінесіңдер?
А) Бір түрдің особтарының жиынтығы
Ә) Әр түрге жататын организмдер жиынтығы
Б) организмдердің табиғаттағы саны
В) организмдердің жиынтығы
13. Тіршілік ортасы деген не?
А) топырақ ортасы
Ә) су
Б) организмдердің өзі
В) барлығы
14. Биосфера ұғымын қалай түсінесің?
А) жер шарының тіршілік нышаны бар жерлер
Ә) биік таулар
Б) мәңгі мұздар
В) ауа
15. Экожүйе деген ұғымды қалай түсінесің?
А) тірі организмдер жиынтығының тіршілігі қалыптасқан табиғат жүйесі
Ә) организмдердің жиынтығы
Б) судағы тіршілік
В) құрлықтағы тіршілік
16. Агроценоз деген ұғым қандай?
А) адам аяғы баспаған тың жерлер
Ә) адам игерген экожүйелер
Б) таулар жүйесі
В) жайлау

Дұрыс жауаптары: 1-Б, 2-Б, 3-Б, 4-В, 5-В, 6-А, 7-В, 8-В, 9-В, 10-В, 11-В, 12-А, 13-В, 14-А, 15-А, 16-Ә.

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. “Қазақстан — 2030” дейінгі “Қазақстанның даму шараларын іске асыру стратегиялары туралы” Президент жарлығы 28.01.04 1998
2. Доклад Конференции организации обьединенных нации по окружающей среде и развитии. ООН, Нью-Йорк, 1993.
3. Международная Конференция ООн по окружающей среде РИО -1982
4. Қазақстан Республикасында 2004-2015 жылдарға арнаған экологиялық қауіпсіздікті сақтау туралы тұжырымдамасы. Астана. 2003.
5. “Қоршаған орта туралы заңдарды қолдану” Алматы 2000, 7 б.
6. Қазақстан Республикасында үздіксіз кәсіби педагогикалық білімді дамыту тұжырымдамасы. Астана, 2004.
7. Мұқанова Б.Ы. Тәрбие мақсатының әлеуметтік негіздері. Педагогика оқулығы. Алматы, 2003, 8-9 Б.
8. Шілдебаев Ж.Б. Экологияны мектепте оқыту әдістерін өзекті мәселелері “География және Табиғат”, Алматы №1,2004, 25-30 Б.
9. Шыңғысбаева Ш. Экологиялық білім беру жолдары. Қазақстан географиясы және экология. 10-11 Б.
10. Аймағамбетова Қ. Педагогикалық үрдісті экологиялық білім мен тәрбие беру негізінде ұйымдастыру. “Бастауыш мектеп” №10, 2003 ж, 16-17 Б.
11. Маткаликова Т. Экология және біз. “биология және сауаттылық негізі” №2, 2006 ж. 70-73 Б.
12. Тамабаева Т. “Өсімдіктер тіршілік модулі” Бастауыш мектеп журналы №3 2004 ж 43-46 б.
13. Экологиялық білім бағдарламасы. Алматы 1999 ж. 65 Б.
14. Шілдебаев Ж. Экологиялық білім берудің негізгі педагогикалық принциптері “Үздіксіз білім берудің қазіргі жағдай мәселелері немесе болашағы” Сборник РИК, №3 2000 60-70 Б.
15. Шілдебаев Ж.Б. Экологиялық білім қалыптастырудың пәндік жүйесі. Бастауыш мектеп, Алматы, №4, 2004, 15-24 Б.
16. Көпшілікке экологиялық білім мен тәрбие жақсарту жолдары. Республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. Алматы, 1992, 87 Б.
17. Орынбаева Г. Сағымбаев Т. “Оқушыларға экологиялық тәрбие беру”. Экология негіздері, алматы, 1995
18. Жангельдина Д.І. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру.
19. Қараев Ж.А. Таубаева Ш.Т. Аганина Қ.Ж. және т.б. Қазақстанда орта білім жүйесін дамытудың кейбір бағыттары. Қазақстан мектебі. Алматы, №7,8 1999 17-18Б, 24-25Б.
20. Сәбденалива Г.М. Этноэкология (Факультативті бағдарлама) Алматы, 1998, 22 Б.