АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Орал қаласындағы № 4 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіру автокөліктеріне жөндеу жүргізу және техникалық қызмет көрсету жүйесін толық жетілдіру, 2015 — 74

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі

Төтенше жағдайлар комитеті

 «Көкшетау техникалық институты» РММ

 

 

 

                                                                          Күндізгі оқу факультеті

                                                                            Жедел-тактикалық  пәндер

                                                                                     кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

ЖТП кафедрасының

бастығының м.а.

______________Р.С. Баймағанбетов

 

 

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)

 

Тақырыбы: «Орал қаласындағы № 4 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіру автокөліктеріне жөндеу жүргізу және техникалық қызмет көрсету жүйесін толық жетілдіру»

 

 

 

Мамандығы: 5В100100 «Өрт қауіпсіздігі»

 

 

                            Орындаған ____________________С.Е.Мақсотов

                               Жетекші     ____________________ В.В. Ефименко

 

Көкшетау 2015 ж

Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігі

Төтенше жағдайлар комитеті

 «Көкшетау техникалық институты» РММ

 

 

Күндізгі оқу факультеті

Жедел-тактикалық пәндер кафедрасы

 

 

5В100100 «Өрт қауіпсіздігі»  мамандығы бойынша дипломдық жұмысты (жоба) дайындау

 

ТАПСЫРМА

 

Жоба тақырыбы: «Орал қаласындағы № 4 өрт сөндіру бөлімінде өрт сөндіру автокөліктеріне жөндеу жүргізу және техникалық қызмет көрсету жүйесін толық жетілдіру»

 

  1. Институт бұйрығы бойынша бекітілген №                           2015 ж.

 

  1. Аяқталған жұмысты (жобаны ) тапсыру мерзімі                   2015 ж.

 

  1. Жұмысқа (жобаға) бастапқы берілгендер өрт автокөліктеріне      техникалық қызмет көрсетуді жетілдіру.

 

  1. Өңдеуге жататын сұрақтар тізімі немесе қысқаша мазмұны, тарауларды орындау мерзімдері:

 

 

Бөлімнің (тараудың) атауы

Орындау мерзімі

 

Деректер жинау

5.03.2015

1.

Өрт сөндіру автокөліктеріне қызмет көрсету және жоспарлы алдын- ала жөндеу жүйесі.

10.03.2015

1.1

Өрт сөндіру автокөліктерін пайдалану ерекшеліктері

20.03.2015

1.2

Өрт сөндіру автокөліктеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарның ерекшелігі;

28.03.2015

1.3

Гарнизондағы өрт сөндіру автокөліктеріне техникалық қызмет көрсету және жөндеу (ӨСБ жұмысына баға беру).

31.03.2015

2.

Облыс гарнизонындағы өрт сөндіру автокөліктерінің жұмысын талдау.

02.04.2015

2.1

Өрт сөндіру автокөліктерінің ай сайын дабыл бойынша шығу саны.

06.04.2015

2.2

Ай сайынғы өрттер саны мен өрт сорғыштарының жұмыс істеу уақытын, ӨА жүрісін зерттеу.

10.04.2015

3.

Техникалық қызмет көрсету бөлімін жобалау (ӨСБ жаңарту).

14.04.2015

3.1

ӨСБ өндірістік бағдарламасы.

16.04.2015

3.2

Өндірістік жұиысшылар саны мен жылдық қорды есептеу.

20.04.2015

3.3

ТҚК мен жөндеу аймақтарын, негізгі өндірістік алаңдарды есептеу.

22.04.2015

3.4

ӨСБ аймағын анықтау және оларды орналастыру.

25.04.2015

4.

Өрт техникасының жұмысын жаңарту және өз ұсынысын тұжырымдау .

27.04.2015

5

Инженерлік есептеулерді, стендтер мен механизмдерді жөндеп, жаңарту.

28.04.2015

6.

Қоршаған ортаны және еңбекті қорғауды ұйымдастыру.

30.04.2015

7.

ӨСБ  ұймдастыруындағы  техника — экономикалық жағын анықтау (қайта жаңарту) , механизмдер мен стендтерді өндеуді еңгізу немесе оларды қайта жаңарту.

03.05.2015

8.

Қорытынды.

10.05.2015

9.

Баяндама дайындау.

15.05.2015

 

  1. Тапсырманы беру уақыты 201_ жылдың « __ » _________
  2. 6. Консультанттар:

_____________________________________________________________

_____________________________________________________________

 

  1. 6. Бекітемін: ЖТП кафедрасының бастығы өртке қарсы қызмет подполковнигі____________________________________С.Ә.Карденов

 

  1. Жетекші: ЖТП кафедрасының оқутышысы өртке қарсы қызмет майоры_________________________________________ В.В.Ефименко

 

  1. Тапсырманы орындауға қабылдадым _____________ С.Е.Мақсотов

 

  1. Тапсыру мерзімі              2015 жыл.

Мазмұны

 

Кіріспе

6

1

Дипломдық жоба тақырыбын негіздеу

9

1.1

Өрт автокөліктері паркі мен техникалық қызмет бөлімі жұмысының жалпы сипаттамасы

9

1.2

Гарнизондағы өрт автокөліктерінің техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесі

10

1.3

Жоба дайындаудың мақсаттылығын негіздеу

12

2

Есептіктехнологиялық бөлім

14

2.1

Жобалау үшін бастапқы деректер

14

2.2

Өндірістік бағдарлама жылдық есебі.

16

2.2.1

Өрт автомобильдеріне  жөндеу мен техникалық қызмет көрсету санын анықтау

16

2.2.2

Негізгі жұмыстардың жалпы жылдық еңбексыйымдылығын анықтау.

29

2.2.3

ӨCБ жұмыс режиміөндірістік қызметкерлердің қорлары мен уақыт мөлшері

42

2.3

ӨСБ дегі негізгі өндірістік жер аумағының жөндеуімен техникалық күту саны. Негізгі өндірістік аумақты жалпы тұрақтандыру.

43

3

Ұйымдастыру бөлімі

45

3.1

Автокөліктерді ағымдағы жөндеу

45

3.2

Автокөліктердің ағымдағы жөндеуінің технологиялық үрдісі

46

4.

Автокөлікті ағымдағы жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлері

48

4.1

Қозғалтқышты ағымдағы жөндеу

49

4.2

Агрегаттар мен түйіндерді ағымдағы жөндеу

50

5

Ғылыми-зерттеу бөлімі

52

5.1

Тежеуіш жүйелерінің жіктелуі

52

5.2

Тежеуіш жетектер

53

6

Конструкторлық бөлім

58

6.1

Жобаның конструкторлық бөлімін негіздеу

58

6.1.1

Өрт автокөлігінің басқару механизмдерінің техникалықжағдайының өзгеруі

58

6.1.2

Тежеуіш механизмдерінің құрылысы мен жұмыс жасау принциптері

59

6.1.3

Тежеуіш камераны жөндеу

61

6.2

Стендтің міндеті, сипаттамасы және дайындалуы

61

6.3

Стенд элементтерінің төзімділік есебі

62

6.3.1

Дәнекерлеу жігін есептеу

62

6.3.2

Бұранданың иір ойықты бөлігінің диаметрін есептеу

63

6.4

Конструкторлық бөлімнің экономикалық негізделуі

63

7

Қауіпсіздік техникасы, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау

66

7.1

Техникалық қызметтің өрт бөлімшесіндегі еңбекті ұйымдастыру

66

7.2

Учаскенің жұмыс орындарының жабдықталуы мен орналастырылуы

66

7.3

Бекеттер мен учаскелерде жұмыстарды орындау кезіндегі қауіпсіздік техникасы

67

7.4

Вентиляция

70

7.5

Жарықтандыруды есептеу

70

7.6

Қоршаған ортаны қорғау

71

 

Қорытынды

72

 

Қолданылған әдебиеттер

73

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Біздің елімізде автокөліктің жеткізілуі мен автокөлік жасаудың дамуы жоғары қарқынмен жалғасуда. Динамикалық қасиеттерінің жақсаруы, сенімділігінің артуы, пайдалану  шығынының төмендеуі заманауи автокөлік үлгілерінің жоғары көрсеткіштерін қамтамасыз етеді.  Сәйкесінше өрт сөндіру автокөліктерінің де көрсеткіштері көтеріледі. Ең алдымен, өрт автокөліктерінің меншікті қуаты, олардың жылдамдық көрсеткіштері көтеріледі. Бұл шасси бөлшектері қауырттылығының артуына әкеледі, үнемі артып келе жатқан жол қозғалысы қарқындылығы жағдайында қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін маңызды етеді.

Техникалық ілгерілеу  халық шаруашылығының көпшілік салаларында материалдық құндылықтардың объектінің аудан бірлігінде шоғырлануы, өрттің өрістеу жағдайлары мен жылдамдығының өзгеруімен қоса жүреді. Сәйкесінше өрт автокөліктерінің жоғары әзірлігі мен шапшаң қозғалғыштығын қамтамасыз етуге талаптар көтеріледі, себебі жолдағы кідіріс немесе өрт орнындағы істен шығуы елеулі шығынға, ал кейбір жағдайларда адам құрбанына да әкелуі мүмкін.

Өрт сөндіру бөлімшелерінің жарамдылығын анықтайтын шарттардың бірі өрт машиналары мен жабдықтарының ұдайы техникалық дұрыстылығы және жұмысқа дайындығы болып табылады.

Машиналар мен жабдықтардың әзірлігі техникалық жағдайымен анықталады. Ол бөлшектер мен түйіндердің дұрыстық және тозу дәрежесімен бағаланады. Өрт машинасы техникалық пайдалану ережелеріне толық сәйкес келсе техникалық жарамды деп есептеледі. Өрт машиналарының техникалық жағдайы пайдалану үрдісінде тозу, бұзылу және басқа да бөлшектер, механизмдер мен агрегаттар ақаулығы нәтижесінде өзгереді. Бұл машинаның техникалық-пайдалану сапаларының нашарлауына әкеледі.

Пайдалану үрдісінде өрт автокөлігінің техникалық жағдайы біртіндеп өзгеріп, оның тиімділігіне әсер етеді. Одан басқа, өрт сөндірудің жаңа жағдайлары өрт автокөліктері құрылымы мен олардың орындайтын міндеттерінің күрделенуінің себебі болды. Өрт машиналарында электронды, гидравликалық, пневматикалық жүйелер элементтері пайда болды. Олардың кез-келгенінің істен шығуы агрегат немесе түйіннің қалыпты жұмысын бұзуы мүмкін.

Тасымал автокөліктерін пайдалану режимдерінен олардың негізінде жасалған өрт автокөліктерін пайдалану режимдерінің айырмашылығы бар.  Олардың жүру радиусы біршама аз болады. Бірақ өрт автокөлігі оперативті тапсырма алғанда қозғалтқыш пен агрегаттарды жылыту сатысына тоқтамай, үдемелі режимде, көбіне қарқынды жол қозғалысы немесе жоғары жол кедергісі жағдайында қозғалады.  Тасымал автокөліктеріне арнайы агрегаттар жетегі үшін базалық шасси қозғалтқышынан қуатты стационарлы іріктеу тән емес болып табылады. Өрт автоцистарналары мен автосорғыларының іріктелетін қуат шамасы атаулы қуаттың 70% жетуі мүмкін.

Бұл өрт автокөліктерін пайдалану ерекшеліктері минималды шығында әзірліктің  жоғары дәрежесін сақтауға мүмкіндік беретін техникалық қызмет көрсету жүйесін дәл ұйымдастыруды талап етеді.

Өрт машинасын пайдалану техникалық қызмет көрсету және жөндеу болып екі топқа бөлінетін жұмыстарды өткізу арқылы техникалық жарамды жағдайын қолдау қажеттігімен тығыз байланысты.

Техникалық қызмет көрсету – өрт автокөліктерін әзірлікте ұстау мақсатымен өткізілетін алдын-алу шараларының кешені. Техникалық қызмет көрсету қамтамасыз етуі керек: өрт автокөлігінің пайдалануға тұрақты техникалық әзірлігін; белгіленген қызмет мерзімі бойында автокөліктің, оның агрегаттары мен жүйелерінің сенімді жұмысын; қозғалыс қауіпсіздігін; бөлшектердің тозу жылдамдығының артуын туғызып, салдарынан тоқтап қалу мен ақаулықтардың пайда болу себептерін жоюды; жанар-жағар май және басқа да пайдалану материалдарының минималды шығынын; автокөліктің қоршаған ортаға теріс әсерін азайтуды.

Жөндеу – бұл өрт автокөліктерінің жұмыс қабілетті жағдайын қалпына келтіру және олардың тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету бойынша операциялар кешені.

Автокөліктерді пайдалану саласындағы техникалық саясаттың негізі жоспарлы-сақтандыру жүйесі болып табылады. Оның мақсаты минималды материалды және еңбек шығынында автокөліктің жарамды жағдайын қамтамасыз ету.

Орындалатын жұмыстың мақсаты мен сипатына сәйкес өрт автокөліктерін жөндеу келесі түрге бөлінеді:

— автокөліктер үшін: ағымдағы, орташа және күрделі;

— агрегаттар үшін: ағымдағы және күрделі.

Өрт автокөлігінің ағымдағы жөндеуі жұмысқа қабілетті жағдайын қамтамасыз ету үшін жекелеген агрегаттарды (сонымен қатар бір негізгісін), түйіндер мен бөлшектерді (негізгіден басқа) қалпына келтіру немесе алмастыру, сондай-ақ қажетті реттеуіш, бекіту, дәнекерлеу, слесарлы-механикалық және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу арқылы орындалады.

Агрегатты ағымдағы жөндеу оны ішінара бөлшектеу, жекелеген тозған және зақымданған механизмдерді, бөлшектерді (негізгіден басқа) алмастыру немесе жөндеу, қажетті реттеуіш, бекіту және басқа да жөндеу жұмыстарын жүргізу болып табылады.

Өрт автокөлігінің немесе жекелеген агрегаттың ағымдағы жөндеуі пайдалану (жүргізушілер мәлімдемелері бойынша) немесе тексерулер кезінде анықталған қажеттілік бойынша жүргізіледі.

          Өрт автокөліктеріне №2 техникалық қызмет көрсету мен жөндеу техникалық қызметтің өрт бөлімшелерінде (ТҚӨБ) жүзеге асырылады және сондықтан ТҚК мен жөндеу сапасы осы бөлімше қызметкерлерінің кәсіпқойлығына, оның техникалық жабдықталуына, осы іс-шаралардың дер кезінде өткізілуіне байланысты.

Берілген дипломдық жобада өрт автокөліктері мен жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жүйесін  ӨБ өндірістік бағдарламасын есептеу, орындалатын жұмыстардың еңбек сыйымдылығын және сәйкесінше қажет өндірістік жұмысшылар санын  анықтау, өндірістік корпус аудандарын анықтау және оларды қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету (есептелген деректерге сәйкес) арқылы жетілдіру ұсынылады.

Ағымдағы жөндеу жөнделген агрегаттар, түйіндер мен бөлшектердің кезекті 2 ТҚК дейін тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету қажеттігіне байланысты ағымдағы жөндеу учаскесін ұйымдастыру ұсынылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Дипломдық жоба тақырыбын негіздеу

 

 1.1 Өрт автокөліктері паркі мен техникалық қызмет бөлімі жұмысының жалпы сипаттамасы

 

          Жер көлемі:

   — БҚО –151,3 мың. км2.

    -Орал қаласы – 0,7 мың. км2.

          Халқының саны:

   — БҚО – 635,7 мың адам.

    — Орал  қаласында – 252,7 мың адам.

          БҚО МӨҚҚ–нің барлық 27 бөлімшесінде өрт автотехникасы пайдаланылады: 

—   Негізгі ӨА – 85 бірлік;

  • Арнайы ӨА – 16 бірлік;
  • Көмекші ӨА – 53 бірлік.

 

Соңғы уақытта ҚР МӨҚҚ бөлімшелеріне пайдалануы қиын автоматика элементтері бар өрт техникасы түсуде. Оларға қызмет көрсету және жөндеу маман кадрлар мен сәйкес технологиялық жабдықтарды талап етеді. Өкінішке орай, техникалық қызмет бөлімшелерінің көбі бұл көрсеткіштер бойынша қатты артта қалды.

Кейбір гарнизондар қаланың автокөліктік кәсіпорындарында өрт автокөліктерін жөндеу және техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру мәселелерін өз өрт бөлімшесінің техникалық қызметіндегі өндірістік жұмысшыларын қысқарту арқылы шешуге тырысуда. Негізінде, бұл шешім базалық шассиге қызмет көрсету туралы сөз болғанда ғана жарамды.  Бірақ автокөлік кәсіпорындарының автокөлік қондырмасына қызмет көрсету және жөндеу, оның арнайы агрегаттарына қызмет көрсету бойынша бірде-бір тәжірибесі жоқ. Жиілеп кеткен тоқтап қалу жағдайлары осыған айғақ. Техникалық қызмет көрсетуді бөлу қағидаты бойынша өткізу – шассиді авто кәсіпорында, өрт қондырмасын МӨҚҚ бөлімшесінде – қызмет көрсету үрдісін анағұрлым ұзартады, оның үстіне шет өндірушілердің қызметтері арзан емес. Сондықтан өз техникалық қызмет бөлімшелерін нығайтып, дамыту қажет.

Өрт машиналарына МӨҚҚ-та техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің негізін қалайтын қағидат – жоспарлы-ескерту жүйесі. Бірақ мұнда да теріс беталыс белгіленіп отыр. ӨС бөлімшелеріндегі жұмыстың төмен деңгейі туралы бұрыннан айтылып келеді. Көпшілік бөлімшелерде техникалық қызмет көрсету операцияларының сауатты құрылған және жете пысықталған технологиялық карталары жоқ. Одан МӨҚҚ бөлімшелерінің қалыпты әрекетін ұйымдастыру бірінші дәрежелі міндет екендігі қорытындыланады.

           Төменде келтірілген диаграммадан өрт автокөліктері паркі ескіргені көрінеді. БҚО-ның негізгі және арнайы өрт автокөліктерінің көпшілігі гарнизондарда қызмет мерзімі 13 жылдан артық пайдаланылады. Өрт автокөліктері паркін жаңарту үшін қаржы және материалды қаражат жеткіліксіз бөлінеді.

           ӨА әрдайым әзірлікте ұстау үшін: техникалық қызмет көрсету және жөндеуді уақытылы және сапалы өткізу, техникалық қызмет бөлімшелерінің материалды-техникалық базасын ескірген учаскелерді қайта құру, жаңа жабдықтарды орнату, жөндеу бекеттерін жасау арқылы нығайту қажет.

 

 

  • Гарнизондағы өрт автокөліктерінің техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүйесі

 

 

 

        Өрт автокөлігінің түйіндер, агрегаттар мен жүйелерінің техникалық жағдайының өзгеру заңдылықтарын білу пайдалану үрдісінде оның жұмыс қабілеттілігі мен техникалық жағдайын басқаруға, яғни автокөліктің жұмыс қабілеттілігін қолдау және қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл үрдіс техникалық қызмет көрсету және жөндеудің тәсілдері мен құралдары көмегімен жүзеге асырылады.

Техникалық қызмет көрсетудің міндеті тоқтап қалу мен ақаулықтар пайда болудың алдын-алу, ал жөндеудің міндеті оларды жою (жұмыс қабілетілігін қалпына келтіру) болып табылады. Тоқтап қалу мен ақаулықтардың алдын-алу ТҚК реттемелеуді, яғни белгіленген мерзімділігі және еңбек сыйымдылығы бар, орындалу жоспары бойынша тұрақты белгілі бір ТҚК операцияларын талап етеді. Орындалатын операциялар тізбесі, олардың мерзімділігі мен еңбек сыйымдылығы жалпы техникалық қызмет көрсету режимін құрайды. Автокөліктерді пайдалану саласындағы техникалық саясаттың негізі жоспарлы-ескерту жүйесі болып табылады. Оның мақсаты минималды материалды және еңбек шығынында автокөліктің жарамды жағдайын қамтамасыз ету. Өрт автокөліктерінің ТҚК мен жөнделуін ұйымдастыру және өткізу «Техникалық қызмет бойынша нұсқау» реттеледі.

        ТҚК жүйесінің негізіне жоспарлы-ескерту қағидасы салынғандықтан, техникалық әсер ету жүргізілгенде екі принциптік тәсіл (стратегия) қолданылады: 1- осы жағдайына байланысты жоспарлы-алдын алу (ескерту) қызмет көрсету (жөндеу).

         Техникалық қызмет бөлімшелері жұмыс тәжірибесі өрт автокөліктеріне ТҚК және жөндеу жүйесінде бірінші тәсілді қолдану агрегаттар мен жүйелерді жөндеудің бірталай мөлшерін өткізумен, оларды ескерту қызмет көрсету қажеттігінен туындаған жөнсіз бөлшектеумен байланысты екендігін көрсетті. Бұл агрегаттың төзімділігін төмендетіп, оны қалпына келтіруге кететін шығынды (материалды және еңбек) арттырады. Мұндай жөндеу түрін жоспарлы-ескерту деп атайды және ол көбіне алдын-алу сипатына ие.

         Екінші тәсілде агрегаттың және жалпы машинаның техникалық қорын толыққанды пайдалану қамтамасыз етіледі, жөндеу-пайдалану мұқтаждығына қосалқы бөлшектер мен материалдардың шығыны төмендейді. Сондықтан шығынды қысқартуға мүмкіндік беретіндіктен екінші қызмет көрсету қағидасы пайдалану сенімділігін қамтамасыз ету позициясынан да, экономикалық позициядан да ұнамды деп танылды.

 

 

 1.3  Жоба дайындаудың мақсаттылығын негіздеу

 

ӨА қозғалыс қауіпсіздігі мен жұмысының тоқтаусыздығын қамтамасыз ететін техникалық түзу жағдайда ұстау олардың ТҚК мен жөндеуін жүзеге асыратын техникалық және оперативті МӨҚҚ бөлімшелерінің басты міндеті болып табылады.

Пайдалану тәжірибесі өрт автокөліктерін ТҚК мен жөндеудің жоспарлы-ескерту жүйесі алдын-алу шараларын өткізуде нақтылы мұқтаждықтарына толыққанды жауап бермейтінін көрсетті.

Мысалы, ӨА 20 % астамы бірқатар операцияларды жүргізудің нақты қажеттігі болмағанда ТҚК-ден өтетіні анықталды. Сонымен қатар өткізілген ТҚК-ге қарамастан өртке бара жатқанда және жауынгерлік жұмыс жүргізу кезінде агрегаттардың істен шығуы орын алуда. Бұл деректер агрегаттар мен жүйелерге қызмет көрсету қажеттігі әр түрлі екендігін көрсетеді. Олай болса, ӨА-не ТҚК мен Ж жүйесін былайша ұйымдастыру қажет: бірқатар міндетті қызмет көрсету операциялары (майлау, бекіту, жинау-жуу және т.б.) орындала отырып, техникалық жағдайды бақылау мәжбүрлі өткізілсе, реттемелеу, алмастыру, агрегаттар мен жүйелерді жөндеу сияқты ТҚК опреациялары қажеттілігі бойынша жүзеге асырылуы керек.

Жергілікті БӨП басқару органдарының әрекетін ұйымдастыруды инспекторлық тексеру нәтижелерінің анализі техникалық қызмет бөлімшелері әрекетінде бірқатар типтік мәселелер мен кемшіліктер бар екенін көрсетті:

  • Техникалық қызмет (ТҚ) бөлімшелерінің жеткіліксіз материалдық базасы өрт техникасына орталықтандырылған қызмет көрсету мен жөндеуді, әсіресе өрт автокөліктерінің күрделі жөндеуді өткізуді қиындатады;
  • техникалық қызмет бөлімшелері үшін жылдық жоспар-тапсырмалар олардың өндірістік қуаты ескерілмей құрылады және көбінесе орындалмайды;
  • ТҚК бөлімшелері жұмысшылары мен инженерлі-техникалық қызметкерлерінің жеткіліксіз біліктілігі және кадрлардың тұрақтамауы орын алуда;
  • ӨҚҚ гарнизондары өрт автокөліктерінің көп бөлігіне бекітілген жүргізушілердің күшімен өрт бөлімшелерінде қызмет көрсетіледі;
  • техникаға қызмет көрсетуді ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы формалары қолданылмайды – ӨА, өрт техникасына және байланыс құралдарына техникалық қызмет көрсету (ТҚК) және жөндеу үшін жылжымалы автожөндеу шеберханаларын пайдалана отырып барып қызмет көрсету әдісі.

Жоғарыда айтылғанға байланысты, ӨБ-те  технологиялық жабдықтарды орналастырып, ағымдағы жөндеу учаскесін ұйымдастыру жобасын ұсынамын. Өндірістік үрдістерді жақсарту және еңбек өнімділігін арттыру үшін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың ескірген және жетілдірілмеген әдістерін, жұмыстар орындау технологияларын Қазақстан Республикасының және таяу шетелдің үздік техникалық қызмет бөлімшелерінің тәжірибесін қолданып, неғұрлым келешегі барына алмастыру қажет. Бұл өрт автокөліктерінің техникалық қызмет көрсету мен жөндеудің тиісті аймақтарында бос тұруын, жұмыс уақыты шығынын қысқартуға, орындалатын жұмыс сапасын арттыруға, өрт техникасының жоғары тиімділігін, сенімділігін және мүлтіксіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау шараларына ерекше көңіл бөлу керек. Бұл бағыттар техникалық қызметтің заманауи өрт сөндіру бөлімшелерінде басым болуы керек. Олардың орындалуы жұмыс жасап жатқандардың денсаулық жағдайы мен бөлімшедегі экологиялық ахуалға жағымды әсер етіп қана қоймай, еңбек өнімділігін арттыруға да мүмкіндік береді. Жүйелі түрде учаскелерде жұмыс кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша шаралар өткізіп тұру қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Есептік-технологиялық бөлім

 

  2.1 Жобалау үшін бастапқы деректер

 

БҚО МӨҚҚ гарнизонында келесі өрт автомобильдері бар:

                                                                                                                  № 2.1 кесте

Негізгі ӨА үшін

ӨА маркасы

Саны (дана)

АЦ-30(66)184 және модиф.

10

АЦ-40(130)63Б, АЦ-40(4314)

54

АЦ-40(131)137 және модиф.

15

АЦ-40(43101) және мод.

2

АЦ-40(43202)

1

АЦ-5(53213) және модиф

1

ПНС-110(131)133А

1

8Т-311М(131)

1

Жалпы:

85

 

Арнайы ӨА үшін

ӨА маркасы

Саны (дана)

АЛ-30(131)ПМ-506

4

АКП-30(53213)ПМ-509 және мод.

1

АР-2(131)133

1

АСО-20(43114)

3

АСА-16(43114)

2

АГ-(130)

1

АШ-5(452)79Б және мод.

4

Жалпы:

16

 

Көмекші ӨА үшін

ӨА маркасы

Саны (дана)

ГАЗ-3110 және мод.

5

УАЗ-31512

7

ВАЗ-2106 және мод.

7

М-2141

2

ВАЗ-21213

2

ГАЗ-53

4

ГАЗ-3307

5

ГАЗ-66

2

ЗИЛ-130

3

ЗИЛ-131

5

ЗИЛ-ММЗ-4502

3

ЗИЛ- 4505

1

Автокран КС-3571

1

Поливомоечная КО-713(ЗИЛ-43141)

1

КАВЗ-327 және мод.

2

КамАЗ-5511

1

Топливозаправщик АЦ-9(МАЗ-5337)

1

КрАЗ-250

1

Жалпы:

53

Барлығы:

85+16+53 = 154

 

БҚО үшін өрт автомобильдерінің 2014 жылға жалпы жылдық жүрісі LСР:

  • Негізгі өрт автомобильдері — 6150 км;
  • Арнайы өрт автомобильдері – 3785 км;
  • Көмекші өрт автомобильдері – 13458 км;

 

 

 2.2   Өндірістік бағдарлама жылдық есебі.

 2.2.1   Өрт автомобильдеріне  жөндеу мен техникалық қызмет көрсету санын анықтау

Барлық бір маркалы өрт автомобильдерінің орташа жылдық жүрісін біле отырып, өрт автомобильдеріне жөндеу мен техникалық қызмет көрсету санын анықтауға болады:

ӨА капиталды жөндеу негізгі шассиның маркаларына гарнизонда мына формуламен анықтайды:

 

                            NKP = LCP . NПА / ТКР, [9]             (2.1 ) 

 

мұндағы LCP орта жалпы жылдық жүріс, км,

NПА – марка шассиіне сәйкес келетін ӨА саны, дана.;

ТКР – 1 –ші капиталдық ремонтқа дейін автомобиль жүрісі, км.

     Автомобиль жүріс капиталды жөндеулермен арасындағы ТКР  қолданыстағы нормалармен сәйкес. [1].

 

 

 

 

                                                                                                                     №2.2  кесте

Негізгі ӨА үшін

ӨА маркасы

Капиталды жөндеу арасындағы жүріс,мың. км

АЦ-30(66)184

80

АЦ-40(130)63Б, АЦ-40(4314)

170

АЦ-40(131)137

110

АЦ-40(43101) және мод.

110

АЦ-40(43202)

100

АЦ-5(53213)

170

ПНС-110(131)133

110

 

Арнайы ӨА үшін

ӨА маркасы

Капиталды жөндеу арасындағы жүріс,мың. км

АЛ-30(131)ПМ-506

110

АКП-30(53213)ПМ-509 және мод.

170

АР-2(131)133

110

АСО-20(43114)

80

АСА-16(43114)

170

АГ-(130)

170

АШ-5(452)79Б және мод.

150

 

Көмекші ӨА үшін

ӨА маркасы

Капиталды жөндеу арасындағы жүріс,мың. км

ГАЗ-3110 және мод.

250

УАЗ-31512

150

ВАЗ-2106 және мод.

120

М-2141

125

ВАЗ-21213

125

ГАЗ-53

175

ГАЗ-3307

200

ГАЗ-66

150

ЗИЛ-130

300

ЗИЛ-131

200

ЗИЛ-ММЗ-4502

250

ЗИЛ- 4505

250

Автокран КС-3571

200

Поливомоечная КО-713(ЗИЛ-43141)

300

КАВЗ-327 және мод.

140

КамАЗ-5511

300

Топливозаправщик АЦ-9(МАЗ-5337)

250

КрАЗ-250

100

 

Табиғи- климаттық жағдайға байланысты Өрт автомобильінің бірінші капиталдық жөндеуге дейін жүрісін 2.3  кестесінен алынған түзету коэффиценті арқылы аламыз:

 

                                                              кЗ = кI * кII

 

БҚО үшін       кЗ = кI * кII =0,9 * 0,9 = 0,81

Түзету есебінен Ткж  капиталдық жөндеу арасындағы өрт автомобилінің жүрісін табамыз: 

 

                                                                                                                    № 2.3 кесте

Негізгі ӨА үшін

ӨА маркасы

Ткж

АЦ-30(66)184

80 х 0,81=64,8

АЦ-40(130)63Б, АЦ-40(4314)

170 х 0,81=137,7

АЦ-40(131)137

110 х 0,81=89,1

АЦ-40(43101) және мод.

110 х 0,81=89,1

АЦ-40(43202)

100 х 0,81=81

АЦ-5(53213)

170 х 0,81=137,7

ПНС-110(131)133

110 х 0,81=89,1

 

Арнайы ӨА үшін

ӨА маркасы

Ткж

АЛ-30(131)ПМ-506

110 х 0,81=89,1

АКП-30(53213)ПМ-509 және мод.

170 х 0,81=137,7

АР-2(131)133

110 х 0,81=89,1

АСО-20(43114)

80 х 0,81=64,8

АСА-16(43114)

170 х 0,81=137,8

АГ-(130)

170 х 0,81=137,8

АШ-5(452)79Б және мод.

150 х 0,81=121,5

 

Көмекші ӨА үшін

ӨА маркасы

Ткж

ГАЗ-3110 және мод.

250 х 0,81=202,5

УАЗ-31512

150 х 0,81=121,5

ВАЗ-2106 және мод.

120 х 0,81=97,2

М-2141

125 х 0,81=101,25

ВАЗ-21213

125 х 0,81=101,25

ГАЗ-53

175 х 0,81= 141,75

ГАЗ-3307

200 х 0,81=162

ГАЗ-66

150 х 0,81=121,5

ЗИЛ-130

300 х 0,81=243

ЗИЛ-131

200 х 0,81=162

ЗИЛ-ММЗ-4502

250 х 0,81=202,5

ЗИЛ- 4505

250 х 0,81=202,5

Автокран КС-3571

200 х 0,81=162

Поливомоечная КО-713(ЗИЛ-43141)

300 х 0,81=243

КАВЗ-327 және мод.

140 х 0,81=113,4

КамАЗ-5511

300 х 0,81=243

Топливозаправщик АЦ-9(МАЗ-5337)

250 х 0,81=202,5

КрАЗ-250

100 х 0,81=81

 

 

Мына формулаға сәйкес       NKP = LCP . NПА / ТКР, [9]     ( 2.2)

шыққан мән арқылы , капиталдық жөндеу санын анықтаймыз: 

 

                                                                                                             № 2.4 кесте

Негізгі ӨА үшін

ӨА маркасы

Nкж = Lож . Nөа / Ткж

АЦ-30(66)184

0,74

АЦ-40(130)63Б, АЦ-40(4314)

1,04

АЦ-40(131)137

0,94

АЦ-40(43101) және мод.

0,13

АЦ-40(43202)

0,07

АЦ-5(53213)

0,04

ПНС-110(131)133

0,07

Жалпы:

3

 

Арнайы ӨА үшін

ӨА маркасы

Nкж = Lож . Nөа / Ткж

АЛ-30(131)ПМ-506

0,1

АКП-30(53213)ПМ-509 және мод.

0,02

АР-2(131)133

0,03

АСО-20(43114)

0,05

АСА-16(43114)

0,02

АГ-(130)

0,02

АШ-5(452)79Б және мод.

0,070

Жалпы:

0,3  -қабылдаймыз 1 КЖ

 

Көмекші ӨА үшін

ӨА маркасы

Nкж = Lож . Nөа / Ткж

ГАЗ-3110 және мод.

0,06

УАЗ-31512

0,42

ВАЗ-2106 және мод.

0,26

М-2141

0,25

ВАЗ-21213

0,25

ГАЗ-53

0,36

ГАЗ-3307

0,39

ГАЗ-66

0,21

ЗИЛ-130

0,16

ЗИЛ-131

0,39

ЗИЛ-ММЗ-4502

0,13

ЗИЛ- 4505

0,06

Автокран КС-3571

0,08

Поливомоечная КО-713(ЗИЛ-43141)

0,05

КАВЗ-327 және мод.

0,22

КамАЗ-5511

0,05

Топливозаправщик АЦ-9(МАЗ-5337)

0,06

КрАЗ-250

0,05

Жалпы:

3,55 – жуықтап алғанда 4 КЖ

 

Өрт автомобильдерінің негізгі, арнайы, көмекші маркаларына қарамастан, алынған капиталдық жөндеу қорытындыс жыйнақталады. Алынған қорытындылар үлкен бір санға жуықталып алынады.

Гарнизондағы ӨА орташа ремонт саны келесі формуламен анықталады:

 

NСР= (LСР . NПА / ТСР) – NКР, [9]     (2.3)

мұндағы: ТСР – Орташа жөндеу арасында автомобиль жүрісі, км, автомобильдің нормативтік қозғалтқыш жүрісі капиталдық жөндеу арасында №4 қосымша [1].

 

Формулаға қойып:    NСP = LCP . NПА / ТСР — NКР,

 

Алынған қорытындымен, орташа жөндеу санын анықтаймыз : 

                                                                                                         № 2.5  кесте

Негізгі ӨА үшін

ӨА маркасы

NОЖ= (LОЖ . NӨА / ТОЖ) – NКЖ

АЦ-30(66)184

0,11

АЦ-40(130)63Б, АЦ-40(4314)

0,64

АЦ-40(131)137

0,35

АЦ-40(43101) және мод.

0,05

АЦ-40(43202)

0,03

АЦ-5(53213)

0,01

ПНС-110(131)133

0,03

Жалпы:

1,22– жуықтап алғанда 2 ОЖ

Арнайы ӨА үшін

ӨА маркасы

NОЖ= (LОЖ . NӨА / ТОЖ) – NКЖ

АЛ-30(131)ПМ-506

0,05

АКП-30(53213)ПМ-509 және мод.

0,01

АР-2(131)133

0,02

АСО-20(43114)

0,01

АСА-16(43114)

0,02

АГ-(130)

0,02

АШ-5(452)79Б және мод.

0,05

Жалпы:

0,18– жуықтап алғанда 1 ОЖ

Көмекші ӨА үшін

ӨА маркасы

NОЖ= (LОЖ . NӨА / ТОЖ) – NКЖ

ГАЗ-3110 және мод.

0,02

УАЗ-31512

0,21

ВАЗ-2106 және мод.

0

М-2141

0

ВАЗ-21213

0

ГАЗ-53

0,27

ГАЗ-3307

0

ГАЗ-66

0

ЗИЛ-130

0,03

ЗИЛ-131

0,13

ЗИЛ-ММЗ-4502

0,03

ЗИЛ- 4505

0,01

Автокран КС-3571

0

Поливомоечная КО-713(ЗИЛ-43141)

0,01

КАВЗ-327 және мод.

0

КамАЗ-5511

0

Топливозаправщик АЦ-9(МАЗ-5337)

0

КрАЗ-250

0

Жалпы:

0,7– жуықтап алғанда 1 ОЖ

 

ӨА техникалық қызмет көрсету саны келесі формуламен анықталады:    

NTO2 = 0,5 a [(LСР / Тто2)] NПА — NКР – NСР,   (2.4)

Мұндағы  a — гарнизондағы ӨА жалпы жылдық жүріс өзгеру тенденциясының ескеру коэффиценті;

ТТО2 — ӨА техникалық қызмет корсету мерзімділігі, км (ағымдағы нормалармен қабылданады) [1].

Негізгі ӨА үшін – 7000 км жалпы жүрісі;

Арнайы ӨА үшін – 5000 км жалпы жүрісі;

Көмекші ӨА үшін: жеңіл –16000 км; жүк машинасы–12000 км және автобустарға –14000     км,[7].

Табиғи — климаттық жағдайларға және 2.3  кестеде көрсетілген түзету коэффициенттері арқылы қызмет көрсету шарттарына байланысты, 2-ТҚК дейін өрт автомобильдерінің жүрісін есептейміз.  

кЗ = кI * кII

Мұндағы алатынымыз

— негізгі ӨА үшін —         ТТО2 =7000*0,9*0,9=5670 км;

  Арнай ӨА үшін-            ТТО2 =5000*0,9=4500 км;

Көмекші ӨА үшін:

  • жеңіл – ТТО2 =16000*0,9*0,8= 11520 км;
  • жүк машинасы –        ТТО2 =12000*0,9 *0,8= 8640 км;
  • автобус –                      ТТО2 =14000*0,9 *0,8= 10080 км.

 

Коэффицент  a  бірнеше жыл бойы нақты жыл сайынғы автокөліктердің талдау негізінде анықталады. Жылдан жылға жылдық жүріс көп болса,мысалы, 10%, коэффициент a тең қабылданады. Есептеу үшін a = 1,1.

Формулаға қойып:

NTO2 = 0,5 a [(LСР / Тто2)] NПА — NКР – NСР,  [9]     (2.4)

Алынған қорытынды арқылы, 2 ТҚК санын анықтаймыз (егер 2 ТҚК  алынған мәні негізгі және арнайы өрт автомобильдері санынан аз болатын болса,  онда 2 ТҚК санын өрт атомобильдер санымен аламыз ):

                                                                                                        № 2.6 кесте

                                                      Негізгі ӨА үшін

ӨА маркасы

N 2 ТҚК= 0,5 a [(LОЖ / Т2 ТҚК)] NӨА – NКЖ – NОЖ

АЦ-30(66)184

8

АЦ-40(130)63Б, АЦ-40(4314)

24

АЦ-40(131)137

14

АЦ-40(43101) және мод.

2

АЦ-40(43202)

1

АЦ-5(53213)

1

ПНС-110(131)133

1

Жалпы:

51

 

Арнайы ӨА үшін

ӨА маркасы

N 2 ТҚК= 0,5 a [(LОЖ / Т2 ТҚК)] NӨА – NКЖ – NОЖ

АЛ-30(131)ПМ-506

3

АКП-30(53213)ПМ-509 және мод.

1

АР-2(131)133

1

АСО-20(43114)

1

АСА-16(43114)

1

АГ-(130)

1

АШ-5(452)79Б және мод.

3

                 Жалпы:

11

                                             Көмекші ӨА үшін

ӨА маркасы

N 2 ТҚК= 0,5 a [(LОЖ / Т2 ТҚК)] NӨА – NКЖ – NОЖ

ГАЗ-3110 және мод.

1

УАЗ-31512

2

ВАЗ-2106 және мод.

1

М-2141

1

ВАЗ-21213

1

ГАЗ-53

3

ГАЗ-3307

4

ГАЗ-66

2

ЗИЛ-130

3

ЗИЛ-131

4

ЗИЛ-ММЗ-4502

2

ЗИЛ- 4505

1

Автокран КС-3571

1

Поливомоечная КО-713(ЗИЛ-43141)

1

КАВЗ-327 және мод.

2

КамАЗ-5511

1

Топливозаправщик АЦ-9(МАЗ-5337)

1

КрАЗ-250

1

             Жалпы:

32

     

 

Жөндеу мен техникалық қызмет көрсетулер мөлшерін есептеу өрт автокөліктері түрлері бойынша: негізгі, арнайы және көмекші – жеке жүзеге асырылады.

ӨА жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуден басқа техникалық қызметтің өрт бөлімшедерінде агрегаттар мен өрт жабдықтары күрделі жөндеуден өтеді.

Төменде құрылған гистограммада 2014 жылы БҚО гарнизонында өрт автокөліктеріне жасалған техникалық әсерлердің (2 ТҚҚ, КЖ, ОЖ, АЖ) жоспарланған және есептелген көрсеткіштерінің анализі жасалған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2.2  Негізгі жұмыстардың жалпы жылдық еңбексыйымдылығын анықтау

          Жұмысты жобалау немесе жоспарланғанда ӨСБ орындалатын жұмыстың түрлері жалпы күрделілігін білу керек, әрбір жөндеу үшін және 2-ТҚК  формула бойынша есептеледі:

П = Пкж + Пож + Паж + П2тқк + Пагр , [9]       (2.5)

          Капиталды жөндеу жылдық еңбек сыйымдылығы әрбір шасси маркасына бөлек формула бойынша анықталады:

Пкж = Nkp . tкр,  [9]                      (2.6)

Мұндағы  Nkp  — ӨА түрімен маркасы бойынша капиталды жөндеу саны ;

                tкр – негізгі ӨА капиталды жөндеу саны,адам сағ.

                                                                                                № 2.7 кесте

Негізгі ӨА үшін

ӨА маркасы

tкж

Пкж = Nкж . tкж

АЦ-30(66)184

576

424

АЦ-40(130)63Б, АЦ-40(4314)

746

775

АЦ-40(131)137

823

771

АЦ-40(43101) және мод.

746

100

АЦ-40(43202)

823

61

АЦ-5(53213)

823

35

ПНС-110(131)133

690

46

Жалпы:

2212

 

Арнайы ӨА үшін

ӨА маркасы

tкж

Пкж = Nкж . tкж

АЛ-30(131)ПМ-506

726

73

АКП-30(53213)ПМ-509 және мод.

660

14

АР-2(131)133

625

21

АСО-20(43114)

538

24

АСА-16(43114)

670

15

АГ-(130)

658

14

АШ-5(452)79Б және мод.

461

34

Жалпы:

196

 

Көмекші ӨА үшін

ӨА маркасы

tкж

Пкж = Nкж . tкж

ГАЗ-3110 және мод.

443

28

УАЗ-31512

443

184

ВАЗ-2106 және мод.

443

115

М-2141

443

111

ВАЗ-21213

443

111

ГАЗ-53

357

127

ГАЗ-3307

357

139

ГАЗ-66

357

74

ЗИЛ-130

386

60

ЗИЛ-131

386

151

ЗИЛ-ММЗ-4502

386

48

ЗИЛ- 4505

386

24

Автокран КС-3571

386

30

Поливомоечная КО-713(ЗИЛ-43141)

386

20

КАВЗ-327 және мод.

525

117

КамАЗ-5511

396

20

Топливозаправщик АЦ-9(МАЗ-5337)

396

25

КрАЗ-250

396

62

Жалпы:

1448

 

Орташа жөндеу еңбек сыйымдылығы келесі формула бойынша анықталады:

Пож = Nож . tож [9]     (2.7)

мұндағы tож бір ӨА орташа жөндеу еңбек сыйымдылығы, адам. сағ.

№ 2.8 кесте

Негізгі ӨА үшін

ӨА маркасы

tож

Пож = Nож . tож

АЦ-30(66)184

387

41

АЦ-40(130)63Б, АЦ-40(4314)

437

281

АЦ-40(131)137

450

158

АЦ-40(43101) және мод.

437

22

АЦ-40(43202)

450

14

АЦ-5(53213)

450

6

ПНС-110(131)133

478

12

Жалпы:

539

 

Арнайы ӨА үшін

ӨА маркасы

tож

Пож = Nож . tож

АЛ-30(131)ПМ-506

477

146

АКП-30(53213)ПМ-509 және мод.

427

53

АР-2(131)133

376

51

АСО-20(43114)

374

54

АСА-16(43114)

465

70

АГ-(130)

370

55

АШ-5(452)79Б және мод.

180

55

Жалпы:

484

 

Көмекші ӨА үшін

ӨА маркасы

tож

Пож = Nож . tож

ГАЗ-3110 және мод.

170

3

УАЗ-31512

170

35

ВАЗ-2106 және мод.

170

0

М-2141

170

0

ВАЗ-21213

170

0

ГАЗ-53

280

75

ГАЗ-3307

280

0

ГАЗ-66

280

0

ЗИЛ-130

300

9

ЗИЛ-131

300

39

ЗИЛ-ММЗ-4502

300

9

ЗИЛ- 4505

300

5

Автокран КС-3571

300

0

Поливомоечная КО-713(ЗИЛ-43141)

300

3

КАВЗ-327 және мод.

325

0

КамАЗ-5511

320

0

Топливозаправщик АЦ-9(МАЗ-5337)

320

0

КрАЗ-250

320

0

Жалпы:

777

 

Ағымдағы жөндеудің еңбексыйымдылығы келесі формула бойынша анықталады:

ПАж = (NӨА . Lож / 1000) . tАж, [9]       (2.8)

мұндағы Nпа ӨА тізімдік саны (түрі бойынша және маркамен шасси);

       LоpтӨА жылдық орташа жүрісі, км ;

       tеңб 1000 км жүріске нормативтік еңбек сыйымдылығы,адам сағ ,

Табиғи климаттық жағдайға байланысты түзету коэффицент есебін ескере отырып, нормативтік еңбексыйымдылығын түзеу қажет.

БҚО үшін:         кЗ = кI . кII ,

 

мұнда кI –табиғи климаттық жағдайын ескеру  коэффициенті;

         кII –қоршаған ортаның мен тасымалданатын тауарлардың қарқынды түрде бөлшектердің коррозияға ұшырау коэффиценті.  Бұл коэффицент тек өрт автоцистерналарына қолданылады.

Мұнда  АЦ үшін:        кЗ = кI . кII = 0,9 . 0,9 = 0,81,

Қалған техникалар үшін  кЗ = кI = 0,9

 

 

№ 2.9 кесте

Негізгі ӨА үшін

ӨА маркасы

tтр .кЗ

Птр = (Nпа . Lcp / 1000) . tтр

АЦ-30(66)184

16

834

АЦ-40(130)63Б, АЦ-40(4314)

18

2817

АЦ-40(131)137

18

1689

АЦ-40(43101) және мод.

18

235

АЦ-40(43202)

18

120

АЦ-5(53213)

18

120

ПНС-110(131)133

22

141

Жалпы:

5956

 

Арнайы ӨА үшін

ӨА маркасы

tтр

Птр = (Nпа . Lcp / 1000) . tтр

АЛ-30(131)ПМ-506

13

146

АКП-30(53213)ПМ-509 және мод.

15

53

АР-2(131)133

14

51

АСО-20(43114)

15

54

АСА-16(43114)

19

70

АГ-(130)

15

55

АШ-5(452)79Б және мод.

5

55

Жалпы:

485

 

Көмекші ӨА үшін

ӨА маркасы

tтр

Птр = (Nпа . Lcp / 1000) . tтр

ГАЗ-3110 және мод.

4,3

60

УАЗ-31512

4,3

239

ВАЗ-2106 және мод.

4,3

120

М-2141

4,3

120

ВАЗ-21213

4,3

120

ГАЗ-53

5,9

328

ГАЗ-3307

5,9

410

ГАЗ-66

5,9

164

ЗИЛ-130

7,6

317

ЗИЛ-131

7,6

529

ЗИЛ-ММЗ-4502

7,6

212

ЗИЛ- 4505

7,6

106

Автокран КС-3571

7,6

106

Поливомоечная КО-713(ЗИЛ-43141)

7,6

106

КАВЗ-327 және мод.

20

557

КамАЗ-5511

8

111

Топливозаправщик АЦ-9(МАЗ-5337)

8

111

КрАЗ-250

8

111

Жалпы:

3827

ТҚК-2 еңбек сыйымдылығы келесі формула бойынша:

П2ТҚК = N2ТҚК . t2ТҚК,      [9]     (2.9)

мұндағы N2ТҚК берілген марка автокөлік ТҚК-2 техникалық қарау саны;

       t2ТҚК – техникалық қызмет көрсету еңбексыйымдылығы  2ТҚК ,адам . сағ

№ 2.10 кесте

Негізгі ӨА үшін

ӨА маркасы

       t2ТҚК

П2ТҚК = N2ТҚК . t2ТҚК

АЦ-30(66)184

55

440

АЦ-40(130)63Б, АЦ-40(4314)

69

1656

АЦ-40(131)137

73

1022

АЦ-40(43101) және мод.

69

138

АЦ-40(43202)

73

73

АЦ-5(53213)

73

73

ПНС-110(131)133

87

87

Жалпы:

3489

 

Арнайы ӨА үшін

ӨА маркасы

       t2ТҚК

П2ТҚК = N2ТҚК . t2ТҚК

АЛ-30(131)ПМ-506

107

321

АКП-30(53213)ПМ-509 және мод.

102

102

АР-2(131)133

69

69

АСО-20(43114)

55

55

АСА-16(43114)

82

82

АГ-(130)

69

69

АШ-5(452)79Б және мод.

33

99

Жалпы:

797

 

Көмекші ӨА үшін

ӨА маркасы

      t2ТҚК

П2ТҚК = N2ТҚК . t2ТҚК

ГАЗ-3110 және мод.

30

30

УАЗ-31512

30

60

ВАЗ-2106 және мод.

30

30

М-2141

30

30

ВАЗ-21213

30

30

ГАЗ-53

50

150

ГАЗ-3307

50

200

ГАЗ-66

50

100

ЗИЛ-130

59

177

ЗИЛ-131

59

236

ЗИЛ-ММЗ-4502

59

118

ЗИЛ- 4505

59

59

Автокран КС-3571

59

59

Поливомоечная КО-713(ЗИЛ-43141)

59

59

КАВЗ-327 және мод.

68

136

КамАЗ-5511

63

63

Топливозаправщик АЦ-9(МАЗ-5337)

63

63

КрАЗ-250

63

63

Жалпы:

1663

 

ӨА жөндеу агрегаттарының еңбек сыйымдылығы келесі формула бойынша анықталады:

Пi агр = Ni агр .  ti агр,     [9]        (2.10)

Мұндағы Ni агр – жөнлеулер саны i агрегаттар;

       ti агр – негізгі агрегат жөндеу еңбек сыйымдылығы .

Nдвс = 3  — двигателдер жөндеу саны;

Nком =5  -КОМ жөндеу саны;

Nпн = 4 – өрт сорғыштарының жөндеу саны;

tДВС = 78,22адам . сағ;

tКОМ = 7адам . сағ;

tПН = 22 адам . сағ.

Агреттарға жалпы еңбек сыйымдылығы Пi агр = 3 . 78,22 + 5 . 77 + 4 .  22 = 708 адам . сағ.

№ 2.11 кесте

ӨА түрлері

­Өрт автомобильдерінің күрделілігі

— негізгі

12191

— арнайы

1541

— көмекші

7116

— Агрегаттар

708

Жалпы:

20848

 

Барлық жұмыстың ортақ жылдық еңбек сыйымдылығы ӨСБ келесі формула бойынша:   

 

П = П + П сам,      [9]    (2.11)

Мұндағы: П сам — өзіндік қызмет ету бойынша жұмыстың көлемі ӨБ, адам .сағ.

Өзіне-өзі қызмет  ету  аясы ӨСБ  жалпы еңбек сыйымдылығын 10% алынады.

Псам = 20848 . 0,1 =2085 адам . сағ.

   Жылдық жалпы еңбек сыйымдылығы мынаған тең:

 

П = П + П сам = 20848 + 2085 = 22933 адам . сағ.

 Жұмыстың барлық түрлері жылдық еңбек кірісі. 2.12 кестеде

 

№ 2.12 кесте

Өрт автомобильдерінің ӨСБ жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарының жылдық еңбексыйымдылығы.

ӨА түрі мен маркасы, агрегаты. Қосымша жұмыстар

Жұмыстың саны, еңбек сыйымдылығының саны және еңбек сыйымдылығы

Суммарлық еңбек сыйымдылығы

адам.сағ

Капиталды жөндеу

Орташа жөндеу

2 ТҚК

Ағымдағы жөндеу

Негізгі ӨА

2212

534

3489

5956

12191

Арнайы ӨА

196

64

797

484

1541

Арнайы ӨА

1448

179

1663

3827

7116

Двигателдер

134,66

135

Өрт сорғыштар

35

35

КОМ

88

88

Қосымша жұмыстар

 

2085

Жалпы:

4564

777

5949

10266

22933

 

2.2.3  ӨБ жұмыс режиміөндірістік қызметкерлердің қорлары мен уақыт мөлшері

БҚО өрт сөндіру бөлімдерінде техникалық қызмет көрсету жұмыс бір ауысымда жұмыс аптасында жоспарланып отырады. Алты күндік жұмыс аптасы ауысым 7 сағатқа созылады ал, демалыс алды және мереке күндері -6 сағат. Қабылданған жұмыс режимдері негізінде, жылдық қор уақыты ӨБ бір жұмысшыға  анықталады.

Жылдық жарамды жұмыс  қор уақыты мына формуламен анықталады:

Фд = (Фн — do . tp)  . h,    [2]    (2.12)

 

мұндағы Фн – номиналды уақыт қоры;

      do = бір қызметкердің демалыс күндер саны ;

      h ескере, дәлелді себептермен жұмыс жоқтығын ескеру коэфиценті, 0,96 тең алынады;

       tp =ауысым ұзақтығы, сағат.

Номиналды уақыт қоры мына формула бойынша анықталады:

Фн = (365 — dв — dп) . tp — dпп . Dtпп,        [2]    (2.13)

 

мұндағы dв = Демалыс күндер саны 52 күн;

      dп = 9 –мерекелер саны;

    dпп = 8 – алдын ала мереке күндер саны;

     Dtпп – Мереке күндері ауысымда ұзақтығы қысқарту 1 сағат тең болуы тиіс .

Демалыс күндердің саны do (оқу жағдайда) бір жағдайда 24 жұмыс күнге тең болуы тиіс.

 

 

Номиналды уақыт қоры мына формула бойынша анықталады:

 

Фн = (365 — dв — dп) . tp — dпп . Dtпп = (365 – 52 – 9).7 – 8 . 1 = 2120 сағат

 

Жұмысшының жылдық қор уақыты мына формула бойынша есептеледі: 

 

Фд = (Фн — do . tp)  . h = (2120 – 24.7) . 0,96 = 1874 сағат

 

Өндірістік жұмысшылар саны мына формула бойынша анықталады:

 

mР = Пi / Фд,                         (2.14)

 

мұндағы Пi – орындалған жұмыстың жалпы еңбек сыйымдылығы,адам . сағ.

mР = Пi / Фд = 20848 / 1874 = 11адам.

        Қосалқы жұмысшылар саны 10 % өлшемінде негізгі өндірістік жұмысшылар санымен қабылданады.

                            mВС = 11 . 0,1 =1.1 – жуықтап алғанда 2 адам.

 

2.3 ӨСБ-дегі негізгі өндірістік жер аумағының жөндеуімен техникалық күту саны. Негізгі өндірістік аумақты жалпы тұрақтандыру

Өндірістік бөлім құрамы ӨА мен ТҚК процестерімен және қызмет көрсету посттары нәтижелері бойынша, сонымен қатар ӨБ үлгі жобаларынан қабылданады.

Негізгі ТҚК және ӨА жөндеудің өндірістік аумағына,  2 ТҚК аумағымен қатар басқада барлық қызмет көрсету посттары кіреді.

ТҚК мен ағымдағы  жөндеу посттарына технологиялық жобалау кезінде келесі сұрақтар қаралады:

  • Посттарды және олардың жұмыс орындау тәртібін тағайындау;
  • Жұмыс тәртібі – жылдық жұмыс күндерінің саны;
  • ТҚК мен ағымдағы жөндеу бағдарламасы және жұмысқа жұмсалатын күш;
  • Жұмысшылардың келу саны (техникалық қажет);
  • Бекет саны;
  • Негізгі және қосалқы қондырғыларды таңдау;
  • ТҚК мен жөндеу жұмыстарының жалпы ауданы;
  • ТҚК мен ағымдық жөндеу орналасу аумағы және ӨБ өндірістік аумағының орны.

Посттарды тағайындау ұйымдастыру және жөндеу әдісіне байланысты (маманданған немесе әмбебап посттар, тұйыққа тірелген посттар немесе ағымдық желілер).

ӨСБ 2 ТҚК посттарының саны мына формуламен анықталады :

хто-2 = tто-2 / R .  hи,          [9]        (2.15)

мұндағы  tто-2 ТҚК бекетінің ырғағы,сағат;

        R — өндірістің бекеттегі ырғағы, сағат;

      hи – бекетте пайдалану ырғағы, 0,85….0,95 тең.

2 ТҚК бекетінің ырғағын  (бекетте болған уақыты) мына формуламен анықталады:

 

tто-2  = (tто-2 / Рп) + tп,          [9]          (2.16)

 

      мұндағы tто-2 = 69 адам . сағ. өрт автоистернасының 2 TҚK еңбексыйымдылығы.

Рп = бекеттегі жұмысшылар саны 2;

tп = 0,16 сағ. ӨА бекетке келуі мен кету уақыты (0,16сағат).

 

Сонда    tто-2  = (tто-2 / Рп) + tп  = (69 / 2) + 0,16 = 34,66 сағат.

Бекеттің жұмыс істеу  ырғағы мына формуламен анықталады:

 

R = Tcм / Nс,     [9]              (2.17)

 

мұнда Tcм =тәуліктік бекеттегі жұмыс ұзақтығы (время смены), сағат

       Nс – ауысым кезінде 2 ТҚК үшін  ӨА бірлік саны,

          Тәуліктік 2 ТҚКбағдарламасы мына формуламен есептеледі :

Nс = N2 ТҚК / Др,         [9]              (2.18)

Мұнда  Nто-2 – жылына арналған 2 ТҚК саны ;

      Др = 254 жылына жұмыс күндер саны.

 

Осыдан  кейін                Nс = Nто-2 / Др = 94 / 254 = 0,37

 бекеттің ауысым кезінде  2 ТҚК көрсетілетін ӨА бірлік саны.

Бекеттің жұмыс ырғағын анықтаймыз:

 

R = Tcм / Nс = 7 / 0,37 = 18,9

 

  ӨСБ 2ТҚК бекетінің санын мына формула бойынша анықтаймыз :

 

 хто-2 = tТО-2 / R .  hИ = 34,66 / 18,9 = 1,8 – Жуықтап екі бекет деп аламыз.

 

Бөлу- құрастыру, басқару, реттеу және бекіту жұмыстарын толықтай алып, бекет санының жалпы жөндеу еңбек қарқындылығы есептелінеді.

Жөндеу бекеттерінің  санын мына формула бойынша анықтаймыз:

 

хрi = Пi . j . Кр / Др . С . Тсм . Рп . h,             (2.19)

 

мұндағы Пi – АЖ, КЖ , ОЖ тиісінше еңбексыйымдылығы, адам . сағ.

       j = 1,2 — ӨА жөндеу бекетіне біркелкі келіп түсу коэффиценті             (j = 1,2….1,5)

       Кр =0,5 — коэффициент, Жөндеу бекетінде орындалатын жұмыс көлемінің коэффиценті (Кр =0,5…. 0,6);

       Др = 254  жылына жұмыс күндер саны;

       С = 1 – ауысым саны;

Тсм = 7  — ауысым ұзақтылығы,сағат ;

       Рп  — бір бекеттегі жұмысшылар саны, адам. (2…4 адам.);

  • = 0,8 – бекеттегі жұмыс уақытын кәдеге жарату коэффиценті. Капиталдық жөндеу бекетінің санын анықтаймыз: 

ХКР = ПКР . j . Кр / Др . С . Тсм . Рп . h= 3856 .1,2 . 0,5/ 254 . 1 . 7 . 3 . 0,8 = 0,5

Жуықтап 1 деп алғанда                  Хкж = 1.

  • Орташа жөндеу бекетінің санын анықтаймыз:

ХСР = ПСР . j . Кр / Др . С . Тсм . Рп . h = 777 .1,2 . 0,5/ 254 . 1 . 7 . 2 . 0,8 = 0,16

Жуықтап 1 деп алғанда                  Хож = 1.

 

  • Ағымдағы жөндеу бекетінің санын анықтаймыз:                       ХТР = ПТР . j . Кр / Др . С . Тсм . Рп . h = 10266 .1,2 . 0,5/ 254 . 1 . 7 . 4 . 0,8 = 1,08

Жуықтап 1 деп алғанда                  ХТР = 1.

 

әрбір жөндеу бекетінің санын жуықтап бүтін сан ретінде аламыз. Жобада жөндеу жұмыстары үшін және 2 ТҚК жұмыстарына қажетті жабдықтар аламыз.

 

 

  1. Ұйымдастыру бөлімі

 3.1 Автокөліктерді ағымдағы жөндеу

 

        Автокөліктің ағымдағы жөндеуінің көлемі жүргізілетін жұмыс сипатына байланысты. Ол ақаулықтар пайда болғанда немесе машиналарға техникалық қызмет көрсету кезінде анықталады. Машинаны ағымдағы жөндеуде жұмыс көлемі әдетте 30 адам-сағ. аспайды.

Ағымдағы жөндеудің технологиялық үрдісі операцияларының мазмұны әр түрлі болуы мүмкін, себебі ол анықталған ақаулықтардың саны мен сипатына, жою тәсілдеріне байланысты.

Машинаны ағымдағы жөндеу технологиялық үрдістің маршруттық сызбасына сәйкес жүзеге асырылады. Ол ақаулықтарды нақтылаудан және жою тәсілдерін анықтаудан басталады. Қажет болғанда автокөлік жөндеу алдында ластанудан тазартылып, жуылады. Бұзылған аспаптар, механизмдер, түйіндер мен агрегаттар тікелей машинада немесе автокөліктен алынған соң жөнделуі мүмкін.

 

 

3.2 Автокөліктердің ағымдағы жөндеуінің технологиялық үрдісі

 

Технологиялық үрдіс — механизмдер мен агрегатарды жинақтау кезінде бөлшектің жағдайын немесе бөлшектердің қалпын өзгерту бойынша операцияларды бірізді орындау болып табылатын өндірістік үрдістің бір бөлігі. Технологиялық үрдістердің келесі түрлері болуы мүмкін: операциялық, маршрутты және маршрутты-операциялық.

Операциялық технологиялық үрдісте операциялар мазмұны өңдеу режимдері (кесілу, берілу, машиналық уақыт, құралдың жылдамдығы) санамаланып көрсетіледі.

Маршруттық технологиялық үрдісте операциялар бірізділігі көрсетіледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақаулықтың күрделілігіне және сипатына қарай жұмыс күрделілігін анықтау

ӨА тазалау және жуу (қажет болған  жағдайда)

Жарамсыз бөлщектер

Автомобильде жекелеген бөлiктерін, құрылғылар мен компоненттерін ағымдағы жөндеу

Жөндеуге қажетті жекелеген бір бөлшектер мен аспаптарды шығару

Кем дегенде бір негізгі бөлшекті капиталдық жөндеуге жіберу (қажет болған жағдайда)

Жаңа бөлшектер

Ішінара құрылғылар мен агрегаттарды бұзу

Жарамсыз бөлшектер

Тазалау және бақылау бөліктері

Бөлшектерді қалпына келтіру

Агргеттар мен құрылғыларды біріктіру

Өрт автомобильдеріне құрылғылар мен агргаттарды орналастыру

Автомобильдерді жөндеу сапасын анықтау

Қосалқы бөлшектер, компоненттер мен агргаттарды сақтау(қойма)

Жаңа бөлшектер

Жарамды бөлшектер

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 1 сурет. Автокөліктің ағымдағы жөндеу технологиялық үрдісінің маршрутты сызбасы.

 

 Маршрутты-операциялық технологиялық үрдісте екеуі де көрсетіледі.

 

 

  1. Автокөлікті ағымдағы жөндеу кезінде орындалатын жұмыс түрлері

 

Автокөлікті ағымдағы жөндеу кезінде кемшіліктерді жою бойынша кең таралған жұмыс түрлері дәнекерлеу, қаңылтырлық, арматуралық және кузовтық болып табылады. Олар тозған бөлшектерді қалпына келтіру, сызаттар, жарықшақтарды дәнекерлеу, ойықтарды жамау кезінде орындалады. Қаңылтырлық пен дәнекерлеу, арматуралық пен кузовтық жұмыстарға кузовтың, кабинаның, қанаттардың, қанаттанудың зақымданған бөлшектерін бөлшектеу, құрастыру, түзету және дәнекерлеу операциялары жатады. Қаңылтырлық-дәнекерлеу бөлімшелерінде жөндеуге қажетті қосалқы жөндеу бөлшектері (ҚЖБ): панельдер, ендірмелер, жамаулар және т.б. жасалады.

Бөлшектеу-құрастыру жұмысында ағымдағы жөндеу кезіндегі еңбек шығыны автокөлікті ағымдағы жөндеудің жалпы еңбек сыйымдылығының 60-65 % құрайды. Бұл жұмыстар механикаланған құралмен (пневматикалық немесе электрлік сомын бұрағыштармен) жабдықталған бекеттерде жөндеу шеберханаларында орындалады.

Бөлшектерді слесарлық қол өңдеу оларды верстактағы қыспаққа егеу, қол ара, қырнауыш, тескіштер жиынтығы бар бұрғы немесе басқа да мамандандырылған құрал немесе тетіктер көмегімен бекітілгеннен кейін жүзеге асырылады. Бөлшектерді слесарлық өңдеудің үлгісі ретінде бүлінген бұранданы плашка (сыртқы бұранда үшін) немесе таңбалаушы (ішкі бұранда үшін) көмегімен қалпына келтіру болуы мүмкін.Корпустық бөлшектердегі ішкі бұранданың зақымдануы зақымданған бұранданы бұрғылап кеңейту және бұрандалық ендірмелерді қою арқылы жойылады.

Жөнделген механизмдер автокөлікке орнатылады, қажет болса олар қиыстырылып, реттеледі.

Ұсталық жұмыстар ұсталық-рессорлық бөлімшеде қыздыру қолданылатын бөлшектерді жөндеу немесе дайындау кезінде жасалады. Осы бөлімшеде төмен серпінділігі бар рессорлар жөнделеді, рессорлардың жекелеген сынған табақтары ауыстырылады және т.б.

Жапсырмалау жұмыстарына отырғыштардың арқалықтары мен жастықтарын қаптау, автокөлік отырғыштарына тыс дайындау және қозғалтқыштарға жылытатын тыс дайындау жатады. Отырғыштардың арқалықтары мен жастықтары шаңды жою үшін сорып шығаратын құрылғымен жабдықталған арнайы верстакта бөлшектеледі. Зақымданған металл қаңқалар мен отырғыштардың негіздері жөндеу үшін арматуралық учаскеге бағытталады, ал сынған немесе босаңсыған серіппелер жаңасына ауыстырылады.

Мыспен жұмыс жасауда дәнекерлеу кең таралған. Ол жанармай багы радиаторларын, жанармай өткізгіштерін, электр жабдығы аспаптары мен бөлшектері мен қоректендіру жүйелерін жөндеуде пайдаланылады. Дәнекерлеу деп қатты қалыпта қалған қыздырылған металл бөліктерін олардың арасында қалған саңылауға негізгі металға қарағанда балқу температурасы төмен балқытылған дәнекерді, металды немесе қорытпаны енгізу арқылы біріктіру үрдісі түсіндіріледі. Балқытылған дәнекер біріктірілетін беттердің барлық кедір-бұдырын толтырып, жібітеді де, суығанда қатайып осы беттерді біріктіреді.

Мыспен жұмыстарға 500°С төмен температурада балқитын, жұмсақ немесе тез балқығыш және 500°С жоғары температурада балқитын, қатты немесе баяу балқығыш деп бөлінетін дәнекерлер пайдаланылады. Жұмсақ дәнекерлерге ПОС-30 және ПОС-40 таңбалы дәнекерлер жатады, олардың құрамына қалайы мен қорғасын кіреді; қатты дәнекерлерге ПМ.Ц-36 және ПМЦ-48 таңбалы дәнекерлер жатады, олардың құрамына мыс пен мырыш кіреді.

Жұмсақ дәнекерлер радиаторлар мен жанармай бактарын дәнекерлеу үшін, қатты дәнекерлер ауа, жағармай және жанармай өткізгіштерін дәнекерлеу үшін пайдаланылады. Алюминий қорытпасынан жасалған бөлшектерді дәнекерлеу үшін алюминий дәнекерлер (силуминдер) қолданылады.

Радиаторлар, бензин бактары, жанармай және жағармай өткізгіштері және басқа да бөлшектер мыспен жұмыс учаскесінде жөнделеді.

Электротехникалық жұмыстарға электржабдығы аспаптары, аккумулятор батареясы, генератор мен стартерларды жөндеу жатады.

 

 

 4.1. Қозғалтқышты ағымдағы жөндеу

 

Қозғалтқыштың ағымдағы жөндеуі оны бөлшектеу, бөлшектерін ауыстыру немесе қалпына келтіру және ақаулықтарды жою арқылы жүргізіледі.

Қозғалтқыштың ағымдағы жөндеуі кезінде келесі бөлшектерді ауыстыруға рұқсат етіледі: поршень сақинасын, поршень сұққысын, негізгі және шатунды мойынтіректің жұқа қабырғалы ішпегін, блок басының төсемдерін. Ақаулықтар слесарлы-механикалық жұмыстарды орындау арқылы жойылады. Шатундар бүктеліп немесе бұралып қалса, индикаторлы тетікке бекітілгеннен кейін сүймен немесе қармауыш көмегімен деформациялау арқылы түзетіледі.

Клапандардың ершігіне жанасуы клапанның жұмыс жүзін ершікке ысқылау арқылы қалпына келтіріледі. Клапан жүзі және оның ұяшықтары қатты тозса, тегістеу құрылғысын пайдаланып, конусты абразивті құрылғы көмегімен клапан жүзі мен ершіктерін алдын-ала тегістеу жүргізіледі. Клапан ұяшықтары жүзін тегістеген соң, клапандар абразивті пастамен қол пневматикалық бұрғы көмегімен ұяшық пен клапанның жұмыс бетінде ені 1,5 мм кем емес жүз пайда болғанша ысқыланады. Жүздің барлық шеңбер бойындағы беті күңгірт болуы және клапанның ершікке жанасуын қамтамасыз етуі керек.

 

  4.2   Агрегаттар мен түйіндерді ағымдағы жөндеу

 

      Агрегаттарды ағымдағы жөндеу оларды ішінара бөлшектеу, ақаулы түйіндер мен аспаптарды ауыстыру немесе жөндеу, негізгілерінен басқа (картер, рамалар) бөлшектерді қалпына келтіру арқылы жүргізіледі. Түйіндер мен агрегаттарды бөлшектеу бөлшектердің техникалық жағдайын тексеріп, қажетінше жарамсызын ауыстыруға болатындай жүргізіледі.

Агрегатты ағымдағы жөндеу технологиясының ерекшелігі — бөлшектеу үрдісінде қозғалмалы жанасулардағы қосымшаланған бөлшектер беттерінің өзара орналасуы қажетінсіз бұзылмау керек, өйткені автокөлікті пайдалану үрдісінде бөлшектердің жанасқан беттерінің табиғи қол жеткен қосымшалануында осы бөлшектерді қайта қосымшалау қажеті болмайды.

Бөлшектеу кезінде алынған, техникалық жағдайына қарай күрделі жөндеу қажет агрегаттар ашылмайды. Олар толық жиынтықтығымен ауысыру бекеттеріне немесе агрегат жөндеу зауыттарына жіберіледі.

Іліністі жөндеу. Іліністі ағымдағы жөндеуде (қажет болғанда) ілінісу дискілерінің фрикциялық жапсырмалары алмастырылады. Жаңа жапсырмалар гидравликалық прессі бар арнайы құрал көмегімен жез немесе алюминий тойтармалармен шегеленеді. Жетекші диск бетіндегі сызаттар тегістеу арқылы жойылады. Жөндеуден кейін жетекші диск 1 мм артық болмайтын жазықтықтарды соғуына тексеріледі.

Кардан білігін жөндеу. Кардан білігінің динамикалық теңгерілуі бұзылса және вибрация пайда болса, ол автокөліктен алынып, арнайы стендтер мен құрылғыларда тексеріледі. Теңгерімсіздік білік майысуынан, білік түтіктерінің ішіне майысуынан, ернемектердің майысуынан және басқа да ақаулықтардан пайда болуы мүмкін. Соғу рұқсат етілгеннен (0,8 мм) асып кетсе, білік пресс көмегімен түзетіледі. Ол үшін білік арнайы призмаларға орнатылып, теңгеруші станоктарда теңгеріледі.

Радиаторларды жөндеу. Радиаторлардың келесі ақаулары болуы мүмкін: дәнекерленген жіктерінде ағып кету, өзек түтіктерінде ағып кету, бактардың,суыту тілімшелерінің зақымдануы, түтіктердің бітелуі мен қақ тұруы.

Радиаторлардың зақымданған жерлері былай анықталады: келте түтік тесіктері тығынмен жабылып. радиатор суы бар ваннаға батырылады. бу жібергіш түтік арқылы қол сорғысының көмегімен немесе ауа торабынан 0,08 МПа қысымға дейін ауа толтырылады. Рабиатор бетіне шығып жатқан ауа көпіршіктеріне қарап, зақымдану жері анықталады да, сызылып белгіленеді. Алынған радиатор кептіріліп, ағып кету орындары жұмсақ дәнекермен дәнекерленеді. Дәнекерлеу дәнекерлегішпен немесе бұйымның алдын-ала дәріленген зақымданған жерлерін балқытылған дәнекерге батыру арқылы орындалады.

Деформацияланған суыту пластиналары арнайы тарақ көмегімен немесе атауызбен түзетіледі. Ағымдағы жөндеуде жекелеген зақымданған түтіктерді бітеу рұқсат етіледі.

Жөнделген радиатордың герметикалығы 0,08 МПа қысыммен жоғарыдағы аталған тәсілмен суға батыру арқылы тексеріледі. Аккумуляторларды ағымдағы жөндеу бойынша жұмыстар электротехникалық учаскенің аккумулятор жөндеу бөлімшелерінде орындалады. Жөндеуді қажет ететін батареялар тазаланып, аккумулятор қақпақтары беті 10 % кальций қосылған сода ерітіндісі немесе мұсатыр спиртімен бейтараптанады. Тазаланған соң батарея ескі шүберектермен құрғатылып сүртіледі. механикалық зақымдары бар, құю мастикасында жарықшақ бар, сыртқа шығарғыштар мен элемент аралық жалғасулардың опырылуы бар батареялар жөнделеді. Барлық жөндеу жұмыстары технологиялық карталарға сәйкес және тиісті жабдықтар мен құралдар пайдаланылып орындалады.

Батареялардың қышқылға төзімді мастикасындағы жұқарған жерлер мен жарықшақтар электрлиттің өтіп кетуінен табылады. Жарықшақтар 90—120°  бұрышпен өңделіп ыстық мастика құйылады.

Тежеуіштерді жөндеу. Тежеуіштерді ағымдағы жөндеуде тежеуіш қалыптарының фрикциялық жапсырмалары алмасытырлады, ал тежеуіш барабанның ішкі бетінде жарамсыздық немесе айтарлықтай жергілікті тозу болса, оның ішкі беті барабандарды жону станоктарында жонып тегістеледі. Осы станоктарда тежеуіш қалыптарының жапсырмалары да жонып өңделеді.

Кабиналар, платформаларды жөндеу. Кабиналар, платформалардағы азғантай майысу мен иілулер арнайы құралдары жиынтығы қолданылып түзету арқылы жойылады. Мұнда әр түрлі пішінді балғалар, жақтаудлар, таяныштар кіреді. Өнеркәсіп осындай құралдардың арнайы жиынтықтарын шығарады, мысалы ГАРО 214-1 жиынтығы. Терең майысулар металды созып  және тегістеп, соңынан бетін тазарту әдісімен қалпына келтіріледі. Терең сызаттар дәнекермен немесе синтетикалық ұнтақ және желіммен балқытып деформацияланған бетке түсіру арқылы жойылады.

Сызаттар, жарылулар, ажыраулар бетін тегістеуден кейін газды дәнекер көмегімен пісіріліп, содан соң беті тазаланып, тегістеледі.

Машиналарды бояу. Машинаны ағымдағы жөндеу аяқталған соң, лакты-бояулы жабынның жергілікті зақымдарын жою үшін кабина мен платформа сыртының жекелеген жерлері боялады.

Бояудың технологиялық үрдісіне беттің бояуға, сырлауға, сылауға, тегістеуге, жабынның аралық және сыртқы қабаттарын жағуға, кептіруге дайындау кіреді. Ағымдағы жөндеудің орындалу сапасы автокөлік қозғалғанда барлық агрегаттар жұмысын тыңдау және сыртынан қарау арқылы анықталады.

Генераторды жөндеу. Генератордың ерекше ақаулары щеткалардың тозуы, серіппелердің босаңсуы, орам аралық тұйықталу, ротор білігінің тозуы және т.б. болып табылады.

Генераторлар, стартерлар, электр жабдығы және оталдыру аспаптарының ағымдағы жөнделуі кезінде олар жеке түйіндер мен бөлшектерге бөлшектеліп бақыланады және дефектации. Қажетсіз ұсақ бөлшектер жаңасына ауыстырылдаы.

  1. Ғылыми-зерттеу бөлімі

 

 5.1  Тежеуіш жүйелерінің жіктелуі

 

Тежеуіш жүйесі тоқтап тұрғанда қозғалмауын қамтамасыз ету үшін және толық тоқтағанша автокөліктің қозғалыс жылдамдығын төмендету үшін арналған.Тежеу кезінде автокөліктің кинетикалық энергиясы фрикциялық жапсырмалар мен тежеуіш барабан немесе диск, сонымен қатар шина мен жол арасындағы үйкеліс жұмысына ауысады.

Заманауи автокөліктер мен автопойыздарда жұмыс, қосалқы және аялдамалы тежеуіш жүйесі болуы керек. Таулы аймақтарда пайдалануға арналған толық салмағы 12т артық жүк автокөліктері мен автопойыздарында, салмағы 5т артық автобустардың қосымша көмекші тежеуіш жүйесі болуы керек.

Тежеуіш жүйелерге мынадай талаптар қойылады: тиімді тежеуді қамтамасыз ету; тежеу кезінде автокөліктің орнықтылығын сақтауы; тұрақты тежеу қасиеттері; жоғары пайдалану сенімділігі; педаль мен иінтірекке салынатын күшпен, оның жүрісімен анықталатын басқару оңтайлығы мен жеңілдігі

Тежеуіш педальге немесе иінтірекке салынатын күштің максималды мәні және олардың жүрісі:

 

5.1 кестесі

 

Басқару  

Тежеуіш жүйесі

Автокөлік түрі

Педаль немесе иінтірекке салынатын максималды күш

Педаль немесе Н иінтіректің максималды жүрісі, мм

Аяқ

Жұмыс, қосалқы аялдамалы

Жеңіл  

500

150

Жүк

700

180

Қол

қосалқы аялдамалы

Жеңіл  

400

160

Жүк

600

220

 

Жұмыс тежеуіш жүйесі автокөлік құралының (АКҚ) жылдамдығын және оның қажетті қарқындылықпен тоқтатылуын басқаруға арналған. Қазіргі автокөліктерде ол негізгі жүйе болып табылады және жұмыс органдарына – дөңгелекті тежеуіштеріне әсер етеді.

Қосалқы тежеуіш жүйесі жұмыс тежеуіш жүйесі істен шыққанда АКҚ-ның жылдамдығын азайтуға және оны тоқтатуға арналған.

Аялдамалы тежеуіш жүйесі АКҚ-н қозғалыссыз қалыпта ұстауға қызмет  етеді. Ол жұмыс тежеуіш жүйесінің дөңгелекті тежеуіштеріне немесе автокөлік трансмиссиясымен байланысқан арнайы қосалқы тежеуішке әсер етеді.

Көмекші тежеуіш жүйесі жұмыс тежеуіш жүйесі тежеуіш механизмдерінің энергия жүктелуін азайтуға арналған, мысалы ұзын еңістерде қозғалу кезінде. Ол моторлы немесе трансмиссиялы тежеуіш-баяулатқыштан тұрады.

Тежеуіш жүйесі тежеуіш механизмдер мен тежеуіш жетектен тұрады.

 

 

  5.2 Тежеуіш жетектер

 

Автокөліктердің тежеуіш жетектеріне келесі негізгі талаптар қойылады:

—       бақылау әрекетін қамтамасыз ету, яғни тежеу мен тежеуден кейінгі режимдерінде тежеу механизмдерімен өрістелетін тежеу сәттері жүргізушінің тежеу педалін қозғалтуға  салған  күшіне шамалас болуы керек.

—       тежеу кезінде іске қосылу уақыты 0,6 с  артық емес, тежеуден кейін 1,2с;

—       жетектің қандай да бір бөлігі зақымданғанда бегіленгеннен 50 % кем емес жұмыс тежеу жүйесінің қалдық тиімділігі қамтамасыз етілу үшін жұмыс тежеу жүйесінің жетегінде екеуден кем емес дербес контур болуы керек;

—       тартқыштан ажырап кеткен жағдайда тіркеменің автоматты түрде тежелуін қамтамасыз ету.

Ең көп таралған екі контурлы тежеу жетектерінің сызбалары 1 суретте көрсетілген. Тежеу жетектері гидравликалық, пневматикалық және құрама болуы мүмкін. Тежеу механизмдері қысылған ауа қуатын пайдалану есебінен әрекет ететін пневматикалық жетек орташа және үлкен жүк көтергішті жүк автокөліктері мен автобустардың тежеу жүйелерінде қолданылады.

Айрықша шағын және шағын класты жеңіл автокөліктерде, сонымен қатар толық салмағы 1т дейінгі жүк автокөліктері мен автобустарда жүргізуші іске қосатын гидравликалық жетектер қолданылады. Гидравликалық жетектер тежеу жүйесін басақруды жеңілдететін вакуумды, пневматикалық немесе гидравликалық күшейткішпен жабдықталуы мүмкін.

үлкен және аса үлкен жүк көтергішті жүк автокөліктері мен автопойыздарда құрама тежеу жетектері қолданылады (пневмогидравликалық немесе электропневматикалық).

 

 

 

   1 сурет. Екі контурлы тежеу жетектерінің сызбасы:

а — ось бойынша; б—көлденең; в — с алдыңғы тежегіштің қайталануы; г — алдыңғы тежегіштің қайталануы және әркелкі артқыларын басқару; д — мост арқылы толық қайталануы

 

 

Пневматикалық тежеу жетегі. Пневможетекті пайдалану тежеу жүйесін басқаруды жеңілдетеді және ықшамдайды,қысылған ауаны әр түрлі мақсатпен пайдалануға мүмкіндік жасайды. Бірақ пневможетекті жасау мен оған қызмет көрсету гидрожетекке қарағанда қиындау. Оның бағасы жоғарырақ, іске қосылу уақыты мен компрессор жетегіне қозғалтқыш қуатының шығыны көбірек.

Пневможетек келесі элементтерден тұрады (2 сурет):

  • қоректендіруші — компрессор 4 және ресиверлер 16, 18, 19, 21;
  • басқарушы — тежеу крандары 14, тіркеме мен жартылай тіркеме тежеуіштерін басқару клапандары 25;
  • орындаушы — тежеу камералары 1, 28;
  • реттеуші — қысым реттеуші 2 мен тежеу күштерін реттеуші 75;
  • пайдалану сапасы мен сенімділігін жақсартушы — ылғал айырғыштар 5, қорғаныш клапандар 20, 29, белгі беру элементтері 8, 17.

Тартқыш пен тіркеме бір түтікті, екі түтікті немесе құрама сызбамен бірігуі мүмкін. Бір түтікті жетектің принциптік сызбасы 3а суретінде көрсетілген. Тартқыштың тежеу жүйесі тіркеменің тежеу жүйесімен біріктіруші бас 7 арқылы бір түтікпен біріктірілген. Тежеу камералары 10 атмосферамен жалғастырылған. Шегіндіріле тежелген қалыпта компрессор 7 қысым реттеуіші 2 арқылы 3 және9 ресиверлеріне сығылған ауаны береді.

Тежеу педаліне басқанда құрама тежеу кранының секциясы 5 тежеу камераларын 10 ресивермен 3 жалғастырады. Сонымен бір мезгілде кран секциясы 4 пневможеліні атмосферамен жалғастырады. Біріктіруші пневможелідегі сығылған ауа қысымының төмендеуі ауа таратқыш клапанның 8 іске қосылуына әкеледі. Осының нәтижесінде ресивердегі 9 сығылған ауа тіркеменің тежеу камераларына 10 беріледі. Сонымен бірге тежеу педалі мен тежеу камераларындағы сығылған ауа қысымы арасындағы мөлшерлестік сақталады. Тіркеме ажырағанда пневможелідегі қысымның құлауы себебінен оның тежелуі орын алады.

Бір түтікті жүйенің кемшілігі – жиі тежелу кезінде «азып кетуі»

Автопойыздың екі түтікті тежеу жетегінің принципиалды сызбасы 3б суретте бейнеленген. Бұл жағдайда тартқыш тіркемемен екі пневможелімен жалғастырылған: қоректендіруші (6 біріктіруші басы) және басқарушы (7 біріктіруші басы).

  • сурет. КАЗ-4540 автокөлігі пневможетегінің сызбасы:

1 — алдыңғы дөңгелектің тежегіш камерасы; 2 — қысымды реттегіш; 3 — қатып қалудан сақтандырғыш; 4— компрессор; 5— алагоотделитель; 6— пневматикалық цилиндр диск қозғалтғышын тоқтату тетігі; 7— пневматикалық цилиндр диск механизмінің қосалқы тежегіші; 8, 17— пнев-моэлектрикалық датчик; 9— Пневматикалық клапанның қосалқы тежегіші; 10— жеке бедерлі қауіпсіздік клапаны (кері қаитпаитын клапансыз); 11 — реттегіш клапан; 12— конденсатын клапандары; 13 — екі бағытты манометр; 14 — екі бөлім тежегіш клапаны; 15— тежегіш күшті реттегіш; 16—алдыңғы мосттағы тежегіш жұмысының ауа тұйықталу баллоны; 18— артқы мосттағы тежегіш жұмысының ауа тұйықталу баллоны; 19— басқа тұтынушылардың ауа баллоны; 20 — үштік қауіпсіздік клапаны; 21— негізгі және көмекші тежегіштің ауа баллоны; 22 — негізгі тежегіштің клапаны; 23 — релелік клапан; 24 — қос сызық клапаны; 25— екі сым жетегі бар тежегіш тіркемесі бар басқару клапаны; 26— автоматты жалғағыш бастиек; 27— «Палм»жалғағыш бастиек түрі; 28— артқы дөңгелектегі энергоаккумулятор пружинасының тежегіш клапаны; 29— кері шығуға бірыңғай қорғаныс клапаны; 30— раз­общитель клапаны; 31 — редукциялық клапан.

 

 

Шегіндіріле тежелген қалыпта тартқыш пен тіркеменің тежеу камералары атмосферамен тежеу краны 4 және ауа таратқыш 8 арқылы жалғастырылады. Компрессор жұмыс жасап тұрғанда ауа тартқыш пен тіркеме ресиверлеріне бір уақытта түседі.Тежеу педаліне басқанда тартқыштың тежеу краны ресиверді 3 тіркеменің тежеу камераларымен 10 байланыстырады. Сығылған ауа ресиверді 9 тіркеменің тежеу камераларымен 10 байланыстыратын клапанға әсер етіп, басқарушы пневможелімен ауа таратқышқа келіп түседі. Тежеу үрдісінде тартқыш ресиверінен сығылған ауа ресиверге 9 түсіп тұрады.

Екі түтікті жүйенің бір түтікті жүйеден артықшылығы:  тіркеме ресиверінің үздіксіз қуаттануы. Бұл көп қайтара тежеу кезіндегі тежеуіштердің сенімді жұмысын және іске қосылу уақытының аз болуын қамтамасыз етеді.

     2-сурет. Автопойыз тежеу пневможетегінің принципиалды сызбалары:

а — бір қорғасынды; б—екі қорғасынды; 1 — компрессор; 2—қысым реттегіш; 3, 9—ре­сивер; 4, 5—бөлім аралас тежегіш клапаны; 6, 7—жалғағыш бастиектер; 8— ауатаратқыш; 10— тежегіш камерасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 6  Конструкторлық бөлім

 

 6.1  Жобаның конструкторлық бөлімін негіздеу

 

 6.1.1  Өрт автокөлігің басқару механизмдерінің техникалық  

 жағдайының өзгеруі

 

Өрт автокөлігі жұмысының тиімділігі тактикалық-техникалық көрсеткіштермен ғана емес, қозғалыс қауіпсіздігімен де анықталады. Жол қозғалысы қарқындылығының өсуімен бірге бұл мәселе де өзекті болып тұр. Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйелер мен агрегаттардың техникалық жағдайына неғұрлым қатаң талаптар қойылуда.

Бұл ӨА басқару органдарына тежеу жүйесі мен рульмен (меңгеру) басқару жатады. Осы механизмдердің техникалық жағдайына қозғалыс қауіпсіздігі, автокөліктің өнімділігі мен жүргізушінің шаршағыштығы бағынышты. Тежеуіш неғұрлым сенімді болса, соғұрлым автокөлік үлкен жылдамдықпен қозғала алады, соғұрлым жүру жолы аз, олай болса өрттен шығын да аз болады.

Бұл жауапты түйіндер мен механизмдерге пайдалану кезінде ерекше көңіл бөлу керек.

Өрт автокөлігінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жүйелердің техникалық жағдайын техникалық бөлімшелерде ғана емес, өрт бөлімшелерінде де тексеріп тұру қажет.

Орындалған ағымдағы жөндеулердің статистикалық  анализі жөндеудің жалпы санының 8 — 33 % тежеу жүйесіне келетінін көрсетті.

Автокөліктің нашар техникалық жағдайы нәтижесінде болған барлық жол-көлік оқиғаларынан тежеуіштер ақауларынан болғаны 30%-ды құрады. Сонымен бірге оқиғалар салдары ең ауыры, себебі автокөліктер басқарылмайтын болған.

Оперативті тапсырманы орындау кезінде өрт автокөлігі шұғыл (апаттық) режимде тежеледі, бұл кезде ақаулықтар неғұрлым толық көрінеді. Оларға жатады (пневможетекті тежеуіштерде, себебі өрт автокөліктерінің көп бөлігі ЗИЛ, Урал, КамАЗ шассиінің негізінде орындалған): ауаның шығып кетуі, резеңке бөлшектердің – түтіктер, диафрагмалардың кенеттен үзілуі, нәтижесінде осы шассилердің жаңа үлгілерінде тежеу жетегі сыналанып қалып, автокөлік қозғалу қасиетінен айрылады.

Тежеуіштер әрекетінің тиімділігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі тежеуіш жолдың шамасы болып табылады. Ол тежеуіш жетектің іске қосылу уақытында (тежеуіш педальге басудан бастап, шиналардың жолға тежеле бастауына дейін) және тікелей тежелу кезіндегі автокөліктің жүріп өткен жолынан тұрады. Жарамды пневматикалық жүйесі бар автокөліктің жарамды тежеу жетегі 0,4 – 0,8с-та іске қосылады. Автокөлік қозғалыс жылдамдығы 60 км/сағ болғанда 1 с-та 17м жолды жүріп өтеді. Демек, жарамды пневматикалық жетектің іске қосылу уақытында өрт автокөлігінің жолы 3,5-7м құрайды. Әрине, жетек ақаулы болғанда бұл жол бірнеше есе артады.

Пайдалану кезінде өрт автокөлігі уақытының көп бөлігінде әрдайым әскери дайындық күйінде, күту режимінде әскери топта болады. Өрт автокөлігінің «Дабыл» белгісі бойынша көлікжайдан шығу уақыты 35 – 50с құрауы керек.

Пневматикалық тежеу жүйесі бар өрт автокөліктерінің соңғы үлгілерінде аялдамалы тежеу жүйесі орнатылған. Ол қозғалыссыз автокөлікті жүргізуші болмаса да жазық учаскеде және еңісте ұстап тұруға арналған.

Өрт автокөлігінің көлікжайдан шығуы үшін тежеу жүйесінде ауа қысымын жасау қажет. Ол тежеу механизмдеріне беріліп, тежеу механизмдері шегіндіріле тежеледі.

Тежеу жүйесінің дұрыстығына, сонымен қатар тежеу механизмдерінің дұрыстығына бөлімшенің жауынгерлік әзірлігі, шығу уақыты мен сәйкесінше өрт орнына жету уақыты тәуелді болады.

 

 

6.1.2  Тежеуіш механизмдердің құрылысы мен жұмыс жасау принциптері

 

Серіппелі аккумуляторы бар 20 типті тежеу камерасы жұмыс, қосымша және аялдамалы тежеу жүйелері іске қосылғанда автокөліктің артқы белдігі дөңгелектерінің тежеу механизмдерін қозғалысқа келтіруге арналған. Ол екі негізгі бөліктен: 20 типті тежеу камерасынан және тежеу камерасы үстіне орнатылған серіппелі қуат аккумуляторы бар цилиндрден тұрады.

20 типті тежеу камерасы (4 сурет) жұмыс тежеу жүйесінің артқы белдігі дөңгелектері тежеуіштерінің пневматикалық жетек контурының құрамды бөлігі болып табылады және сығылған ауа берілгенде қозғалысқа келеді.

Бастапқы қалыпта (тежеусіз) сығылған ауа қуат аккумуляторының цилиндр қуысында ғана болады.

Автокөлік жұмыс тежеу жүйесімен тежелгенде (жұмыс тежеуі) сығылған ауа тежеу кранынан камераның тежеу жүйесі корпусының диафрагма үсті қуысына беріледі. Диафрагма иіліп, сояуышты қозғайды, ашылу жұдырығы бар реттеуші иінтіректі бұрады және диафрагма үсті қуысына келтірілген ауа қысымына мөлшерлес күшпен қалыпты тежеу барабанына басады.

автокөлікті жұмыс тежеу жүйесімен тежегеннен кейін сығылған ауа тежеу краны арқылы диафрагма үсті қуыстан атмосфераға кетіріледі және тежеу камерасының бөлшектері бастапқы қалыпқа келеді, ал тежеу қалыптары тұтастыру серіппелері әрекетінен тежеу барабанынан алшақтайды.

Автокөлікті тұрақта ұстап тұру үшін аялдамалы тежеу жүйесінің қосылуы қуат аккумуляторының 7 цилиндр қуысынан қол тежеу кранымен басқарылатын шапшаңдатқыш клапан арқылы сығылған ауаны атмосфераға толық жіберу арқылы іске асады. Қуат аккумуляторының цилиндр қуысында ауа қысымы төмендегенде сығылған серіппе әрекетінен поршень қозғалады да, итергіш арқылы диафрагма 16 мен сояуышқа 18 әсер етеді. Соңғысы қозғала отырып, ашылу жұдырығы бар реттеуші иінтіректі бұрады да, тежеу қалыптарын барабанға басады.

Аялдамалы тежеу жүйесін сөндіру қуат аккумуляторының цилиндр қуысына 7, итергішпен бірге қозғалып, серіппені 8 қысатын және тежеу камерасының сояуышына 18 кері серіппе 19 әрекетінен бастапқы қалыпқа келуге мүмкіндік беретін поршень 5 астына сығылған ауаны беру арқылы іске асырылады.

Автокөлікті қосымша тежеу жүйесімен тежеу немесе тежеуден кейінгі жағдайында сығылған ауа цилиндрлерден ішінара шығарылады немесе қуат аккумуляторларының цилиндрлеріне кіргізіледі. Цилиндрлерден шығарылатын немесе кіргізілетін ауа мөлшері тежеу краны тұтқасының қалпына байланысты.

Аялдамалы (қосымша) тежеу жүйесі тежеуіштерінің пневматикалық жетек корпусында герметикалығы бұзылғанда немесе осы контурдың баллонындағы қысым төмендегенде, серіппелі қуат акуммуляторларымен автокөліктің артқы арбашасы дөңгелектерінің тежеу механизмдерін автоматты тежеу орын алады.

Бұл жағдайда автокөліктің қозғалысы пневматикалық немесе механикалық тежелу құрылғыларымен артқы арбаша дөңгелектерінің тежеу механизмдерін тежеу арқылы қамтамасыз етіледі.

 

    3-сурет. Тежеу камерасы

1-корпусы; 2-подпятник; 3-нығыздағыш сақина; 4-итергіш; 5-поршень; 6-поршенді нығыздағыш; 7-энергия сақтау цилиндрі; 8-күштік пружина; 9-механизм винті; 10-упорная гайка; 11- цилиндр патрубогі; 12-дренаждық түтік; 13-нығыздағыш подшивник; 14-фланец; 15-тежегіш камераның патрубогі; 16-диафрагма; 17-тірегіш диск; 18-шток; 19-кері қайтқыш серіппе.

 

Механикалық тежеу үшін құрылғы – тіреуіш мойынтіректі бұранда – серіппелі қуат аккумуляторы итергішінің түтігінде 4 жинастырылған. Бұранда айналғанда серіппенің сығылу бағытымен поршень итергішпен бірге қозғалады, сонымен бірге сояуыш 18 босатылады, ол кері серіппе 19 әрекетінен ашылу жұдырығы бар реттеуші иінтіректі тежеуге дейінгі қалыпқа қайтарады.

 

 

6.1.3  Тежеуіш камераны жөндеу

 

Пневматикалық тежеу жүйесі бар өрт автокөліктері белдіктерінің ортаңғы және артқы дөңгелектерінің тежеуіш камераларын жөндеу 24 типті алдыңғы тежеуіш камераларын жөндеуден айырмашылығы бар.

Автокөліктен серіппелі аккумуляторлы тежеуіш камераны алып тастау үшін қажет:

—              қол тежеуіш кранды «аялдамалы тежеуіш» қалпына қою;

—              тежеуіш камераның сояуышы алынғанына көз жеткізіп, серіппелі аккумулятордың механикалық шегіндіре тежеу бұрандамасын тірелгенше айналдыру;

—              жеткізу құбырларын ажырату, тежеуіш камераның бекіткішін босату, сояуыш ашасын реттеуіш иінтіректен ажырату.

Көрсетілген опреацияларды орындаған соң тежеуіш камераны алу.

 

 

6.2  Стендтің міндеті, сипаттамасы және дайындалуы

 

Тежеу камерасын бөлшектеу құрастыру сызбасында көрсетілген, ұсынылған стендте жүзеге асырылады.

Тежеу камерасын бөлшектеуге арналған стенд негізден – ұзындығы 257 мм құрайтын төменгі тақтадан тұрады. Стендтің артқы бөлігіне тежеу камерасын тіреу үшін екі қаттылық қабырғаларымен күшейтілген бағана пісіріледі

Тежеуіш камераның күш серіппесін сығу және босаңдату үшін бағана гайкасының өрнегімен қозғалатын бұранда қолданылады. Бұранданың бір шетінде шарикті мойынтіректе айналатын табан орналастырылған. Бұранданың екінші басында тұтқа орнату үшін саңылау бар. Тұтқа саңылаудан түсіп қалмау үшін тұтқаның жиектері жапырылып шегеленеді.

Стендтің өлшемдері, жинау және жасау шарттары құрастыру сызбасында келтірілген.

Стенд жұмысының қағидаты келесіге негізделген: тежеу камерасын стендке орнатамыз, бұранданың сағат тілі бойымен айналуы көмегімен табанды бұранданы тежеу камерасының цилиндріне дейін тірелгенше қозғалтамыз. Бекіту бұрандамаларын тежеу камерасы корпусын қамыт көмегімен тежеу камерасының цилиндрімен жалғастыратын гайкалардан қайырамыз. бұрандаманы сағат тіліне қарсы бұрау арқылы және күш серіппесі салған күшпен тежеу камерасының корпусын цилиндрден ажыратамыз. Тежеу камерасын жинауды кері ретпен орындаймыз.

Тежеу камерасын стендтен тыс жерде бөлшектеуге қатаң тыйым салынады. Бұрандаманы босаңдатқанда серіппе 0,62 – 0,65 МПа күшпен жазылады да, цилиндрден шығып кетеді. Тежеу камерасын бөлшектеуге арналған құрылғы жұмысының мәні бұрандама гайкасын бұрап алғаннан кейін серіппені бірқалыпты босату болып табылады.

 

 

6.3  Стенд элементтерінің төзімділік есебі

 

 6.3.1 Дәнекерлеу жігін есептеу

 

Раманың барлық элементтері үшін дәнекерлеу жігінің есебі бірдей. Бұрышты, қарсы жік қимаға мына формуламен есептеледі:

 

мұнда р – дәнекерлеу жігіне әсер етуші күш, кН.

       к – жіктің көлденең қимасы катетінің ұзындығы, см.

       l – дәнекерлеу жігінің ұзындығы, см.

         — рұқсат етілген ығысу кернеуі.

р – тежегіш камерасының серіппесінің тудыратын қысымын анықтаймыз. Біздің жағдайда бұл 0,65 МПа тең.

к – катет ұзындығы 0,7 деп алынады. Біздің жағдайда:

                                                           к = 3 * 0,7 =2,1 мм = 0,21 см.

l – жік ұзындығы 60 мм құрайды.

l = 60 мм = 6 см.

Осындай  8 жік екенін ескеріп, мұнда: l = 7,5 * 8 = 60 см.

 — рұқсат етілген ығысу кернеуі.

 = 0,5 ,

,

мұнда   — созылу шегі.

 

 

 

Сан мәндерін формулаға қоямыз (4.3):

  ;

 

Демек, дәнекерлеу жіктері қойылған төзімділік талаптарына сәйкес келеді.

 

 

6.3.2. Бұранданың иір ойықты бөлігінің диаметрін есептеу

 

          Тұтастырғыш бұрандасы гайка (жалғастырғыш) арқылы айналғанда бұранда сығылу мен бұралуға жұмыс жасайды, содан соң буылу коэфициентімен бұралудың әсерін ескере отырып, оны созылуға бүрілген бұрандама ретінде есепке алуға болады.

Созылу кезінде рұқсат етілетін кернеуді П3 кестесі бойынша анықтаймыз  [  ] 

[ ] =  [2] = 230/2 =115 МПа,

онда төзімділік теңдеуінен

  = 4  kЗАТ  FЗ / ( z d2Р)  [ ], мұнда

kЗАТ=1,3 тұрақты жүктеме кезінде жіктің ашылып кетпеу шарты бойынша. Бұранданың иір ойықты бөлігінің диаметрін анықтаймыз. Алатынымыз:

dр = = 16 ..10-3 м.

 

 

 

 6.4 Конструкторлық бөлімнің экономикалық негізделуі

 

Материалдарға кеткен шығындар:

 

№4.1 кестесі

 

N

п/п

Материал түрі

Салмағы, кг

1кг бағасы, тг

Шығындар сомасы,

тг

1

Болат

5

100

500

 

Құрылғыны дайындауға қатысатын жұмысшылардың еңбекақысы.

 

№4.2 кестесі

 

N

п/п

Жұмыс түрі

Еңбек сыйымдылығы, адам*сағ

Жұмысшы дәрежесі

Сағаттық ставка

сома, тг

1

Жону

3,5

3

350

1225

2

Бұрғылау

1,5

2

250

375

3

Дәнекерлеу

0,7

3

300

210

 

Дайындауға кететін шығындар құрайды

Зт = 1810 тг

Негізгі және қосымша еңбекақыны анықтаймыз:

 

Фзп = Зт * Кдоп,

 

мұнда Кдоп = 1,1 – қосымша еңбекақыны ескеретін коэфициент. Тогда

Фзп = 1810 *1,1 = 1991 тг

Еңбекақыға аударымдарды анықтаймыз:

 

Озп = Нотч * Фзп /100,

 

мұнда Нотч = 32 % – нормативті аударымдар

Озп = 32 * 1991 /100 = 637 тг

Үстеме шығындарды анықтау:

 

Нр = Пнп *Фзп /100,

 

мұнда  Пнп = 30% – үстеме шығындардың пайызы.

Нр = 30 *1991 /100 = 597 тг.

 Жылдық экономикалық нәтиже төменде берілген формулаға сәйкес анықталады:

 

Эr=(С1 — С2);

 

мұнда Эr  — жылдық экономикалық нәтиже, теңге.

 С1 – енгізу шығыны, жыл бойында, теңге.

  С2 – енгізілгеннен кейінгі шығындар, жыл бойында, теңге.

құрылғы көмегімен 100 қуат аккумуляторларын жөндегенде орындалатын жұмыстардың еңбек сыйымдылығы төмендейді (2 сағат жұмыстың орнына 15 минут қажет болады) сәйкесінше алатынымыз:

 

Эr=(С1 — С2)= 40000 — 4500 = 35500 теңге

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7  Қауіпсіздік техникасы, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау

 

7.1 Техникалық қызметтің өрт бөлімшесіндегі еңбекті ұйымдастыру

 

Өндірістің барлық буындарында еңбек өнімділігін мына жолдармен арттыру негізгі міндет болып табылады:

1) өндірістік операцияларды, бейөндірістік уақыт шығындарын зерттеу негізінде неғұрлым ұтымды еңбекті ұйымдастыруды қолдану, неғұрлым жетілдірілген өндіріс құралдарын (жабдықтарды) пайдалану;

2) ұжымның әрбір мүшесінің еңбекке шығармашыл көзқарасының дамуын қамтамасыз ететін еңбек түрлерін енгізу;

3) адам ағзасына әсер ететін (жұмыс бөлмесінің температурасы, жарықталуы және т.б.) еңбек жағдайларын жалпы жақсартылуы;

4) материалды және моральді ынталандыру мен олардың үйлесімін қолдану.

 

 

7.2 Учаскенің жұмыс орындарының жабдықталуы мен орналастырылуы

 

Агрегатты учаскенің үй-жайындағы еңбек жағдайлары келесі көрсеткіштерге сәйкес келуі керек:

Ауа ылғалдылығы, %

Ауа температурасы, С град.

Ауа алмасуының еселігі

40…60

16…18

1:3

Ауада болу мөлшерінің шекті нормасы, мг/текше.м.:

— ацетон булары

— бензин булары

— қорғасын аэрозолінің

жарықталуы (кем емес), лк

шу қаттылығының шекті деңгейі, дб

 

 

200

100

0,01

750

85

 

Терезе ойықтары солтүстікке қарай орналасқанда ұсынылатын учаскенің түспен өңделуі:

 

Үй-жай элементтері

Ұсынылатын түс

1 Төбе

Ақ

2 Қабырғалар :  а) үсті

                            б) асты (панель)

Ақ

Ақшыл жасыл

3 Терезе ойықтары мен рамалар

Ақ

4 Есік ойықтары мен есіктер

Көгілдір

5 Болат құрылымдар

Күміс түсті

6 Верстактар

Ақшыл сары

7 Шкафтар

Көгілдір жасыл

8 Өрт сөндіру құрал-сайманы

Қызыл

9 Жабдықтардың қозғалмайтын бөліктері

Көгілдір жасыл

10 Құбырлар

                    а) ауа

                    б) су

 

Көгілдір

Жасыл

11 Жылыту элементтері:

             -қоректендіру құбырлары

             -кері құбырлар

             -радиаторлар

 

Жасыл

Жасыл

Күміс түсті

 

Мотор цехындағы еден, қабырға, төбе, терезелер мен қабырғаларды жинауды шаруашылық қызмет белгілеген мерзімділікке сәйкес осы цех жұмысшылары орындайды.

 

 

7.3.  Бекеттер мен учаскелерде жұмыстарды орындау кезіндегі ҚТ

 

Автокөліктерге техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кезіндегі қаіпсіз еңбек әдістері. Автокөлікке техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бойынша әр түрлі жұмыстарға кірісерден бұрын оны жұмыс орнында (шұқырға, эстакадаға, көтергішке) дұрыс және сенімді орнату керек. Автокөлікті салмақ көтеретін қатпарлы конвейерге орнатқаннан кейін оны қол тежеуішпен тежеу, қозғалтқышты тоқтату, оталдыруды сөндіру және төменгі берілісті (карбюраторлы қозғалтқышты автокөлікте) қосу, сондай-ақ дөңгелектері астына тіреуіш (тоспа) қою керек. Орын ауыстыру конвейердің тарту шынжыры арқылы жүзеге асатын тасқынды желіге қойылғанда, автокөлікті алдымен тежеу, ал дөңгелектері астына тіреуіштер қою керек. Автокөліктің орнын ауыстырарда дөңгелектер астындағы тіреуіштер мен басқа да заттарды алып тастау, қол тежеуішін жіберу керек. Осы шарттарды орындамау конвейердің тарту шынжырының немесе арқанның үзілуіне, тіркеу ырғағының жұлынуына әкелуі мүмкін.

Бекеттен бекетке қозғау кезінде автокөлікте болуға тыйым салынады.              

Автокөлікті көтергішке қойғанда көтергіш дұрыс орнатылуын қадағалау керек. Автокөлікті көтергіш платформаның швеллері немесе арқалықтарына дәл орнату үшін міндетті түрде базаға және қызмет көрсетілетін автокөліктің ауырлық ортасының орналасуына сәйкес орнату белгілері жасалуы қажет. Көтергіш астына сақтандырғыш сатыны немесе штанганы орнатуға келмейтін биіктікке көтерілген болса, жұмысты бастауға болмайды. Көтергішпен көтеру кезінде автокөлікте болуға тыйым салынады.

Автокөлікке техникалық қызмет көрсету алдында көтергішті басқару механизмінде «Қозғауға болмайды – автокөлік астында адамдар жұмыс жасауда» сақтандырғыш плакатын орнату қажет. Көтергішті басқару механизмі бөтен адамдардың басқару тетіктеріне кездейсоқ тиіп кету мүмкіндігі болмайтын жерлерге орнатылуы керек. Көтергіштің ақаулықтары табылғанда басшыға, механикке, шеберге шұғыл хабарлау және көтергішпен түзетілгенше жұмыс жасамау керек.

Барлық бекіту және реттеу операцияларын технологиялық карталарда көрсетілген бірізділікпен орындау қажет. Оларда сәйкес операциялардың орындалу дұрыстығы мен қауіпсіздігі көрсетілуі, сонымен қатар қолданылатын құралдар мен аспаптар көрсетілуі керек. Технологиялық карталар жұмыс орындарында ілінуі керек. Міндетті жұмыс көлемінің орындалу бірізділігі автокөліктің асты мен үстінде бір мезгілдегі жұмыс мүмкіндігін болдырмауы керек, себебі құралдың жоғарыдан құлауынан төменде жұмыс жасап жатқанмен бақытсыз оқиға болуы мүмкін. Сондықтан технологиялық картада белгілі бір операцияларды жұмысшыларға бекіту керек. Бұл олардың орындалатын жұмысқа жауапкершілігін арттырады. Жұмыстарды ұтымды бөлу жұмысшының ағын бойымен артық қозғалуын (қарап тексеру шұқырының басқа жағына шығу, шұқырға түсу және көтерілу) болдырмайды.

Гайкаларды тот басса, және оларды тұтқа ұзындығы қалыпты кілтпен бұрауға келмесе, алдымен гайканың қырларынан балғамен жеңіл соғып, керосинмен жібітіп, ¼ айналымға бұрап, содан кейін қайыра бастау керек. Ақаулы бұрандамаларды қол арамен кесу немесе кескішпен шабу және ауыстыру қажет. Кескішпен шабу кезінде қорғаныш көзілдірігін кию керек.

Автокөліктерде көптеген өткір дөңестер,жиектер, қырлар, шплинттер бар екенін, әр түрлі буындар мен бұрандалы бірігулерге жету қиын екендігін есте сақтау керек, сондықтан әрқашан мұқият және сақ болу қажет. Үнемі құралдың таза және май жұқпаған болуын бақылау керек. Олай болмаса, жарамды, бірақ лас құралмен жұмыс жасау жарақатқа әкелуі мүмкін.

Ауыр және бейнетті операцияларды орындау кезінде жұмысшының еңбегін жеңілдететін әр түрлі аспаптардың үлкен мәні бар.Мұндай операцияларға асылмалы саты, алдыңғы және артқы рессорлар, алдыңғы және артқы дөңгелектер гайкаларын бекітуді және т.б. жатқызуға болады. Асылмалы саты, рессорлардың гайкаларын бұрап жабу және ашу үрдісінде электр механикалық гайка бұрағыштарды пайдалану керек, себебі асылмалы саты гайкаларын тартып бұрау (тартып бұрау сәті 250-400 Н·м, ал кейде одан да көп құрайды) көп күш салуды қажет етеді және жұмысшылардың уақытынан бұрын шаршауына әкеледі. Асылмалы саты гайкаларын ұзындығы 1м-ден артық қолданып тартып бұрау гайка қырларының жапырылуына, бұранданың жұлынуына, кілттердің бұзылуына және әдетте жарақатқа әкеледі.

Өндірістік ғимараттың газдалуын болдырмау үшін автокөліктің тежеу жүйесіне ауаны автокөлік компрессорынан емес, компрессорлық қондырғыдан беру, яғни автокөлік қозғалтқышын іске қоспау керек. Қозғалтқыш жұмыс жасап тұрғанда оталдыру, қоректендіру жүйелерін реттеу және қозғалтқыш жұмысын тексеруден басқа жұмыстарға тыйым салынады. Карбюраторлы қозғалтқышты автокөліктерде ілінісуді реттеуден бұрын берілісті ауыстыру иінтірегін алдын-ала бейтарап қалыпқа орналастыру және оталдыруды сөндіру қажет, себебі оталдыру жұмыс жасап тұрғанда цилиндрлердің бірінде ұшқын пайда болып, қозғалтқыш жұмыс жасай бастауы мүмкін. Бұл жұмысшы қолының ілініске тартып әкетуіне соқтырады. Дизельді қозғалтқышты автокөліктерде ілінісуді реттеуден бұрын берілісті ауыстыру иінтірегін алдын-ала бейтарап қалыпқа орналастыру керек. Олай болмаса, иінді білікті бұрау кезінде қозғалтқыш жұмыс жасай бастауы, ал автокөлік жүріп кетуі мүмкін.

Карбюраторлы қозғалтқышты автокөліктердегі іліністі реттеу бойынша операцияларды екі жұмысшы орындауы керек, олардың біреуі иінді білікті іске қосу тұтқасымен бұрап тұруы керек. Иінді білікті сермер жағынан бұрау үшін сүйменді пайдалануға тыйым салынады, себебі ол босап кетіп жұмысшыны жарақаттауы мүмкін. Іліністі реттеу кезінде тасымалы шамды алдын-ала жұмыс объектісіне жақын жерге орналастыра қолдану керек.

Автокөліктің түйіндес бөліктері жұмыс жасағанда қажалу нәтижесінде олардың тозуы орын алады. Қажалатын бөлшектерді мезгілінен бұрын тозудан сақтау жағармайдың негізгі рөлі. Автокөлік түйіндерін майлау жұмыстары өте бейнетті. Майлау-құю жұмыстарына кететін еңбек шығындары автокөлікке техникалық қызмет көрсетуге кететін жалпы еңбек шығынының 30-34% құрайды.  Майлау жұмыстарын кешенді механикаландырумен автокөлікті майлау және оған жанармай құюдың еңбек сыйымдылығын анағұрлым төмендетуге болады.

Көптеген автокөлік кәсіпорындарында майлау материалдарын автокөлікке техникалық қызмет көрсету бекеттеріне тарату, агрегаттар картерлеріне майды толтыра құю, қажалу түйіндерін консистентті жағармаймен майлау, сонымен бірге пайдаланылған майды төгу, сақтау және тасымалдау механикаландырылған. Майды тарату колонкалары, бактары мен қондырғылары кең қолданыс табуда. Майлау бекетін дұрыс жабдықтаудың (жабдықтар мен құрал-саймандарды таңдау, оларды орналастыру мен күтіп ұстау) өндірістік жарақаттанудың алдын-алу бойынша үлкен маңызы бар. Майлау жұмыстарын әр түрлі аспаптармен жарақталған, арнайы жабдықталған бекеттерде орындау қажет. Мұндай бекеттерді ағылмалы желіге және тұйықталған шұқырға орналастыруға болады. Майлау бекетінде пайдаланылған газдарды кетіру үшін жергілікті сорғыш жасалуы керек, себебі май ауыстырғанда қозғалтқышты іске қосу қажет.

Майлау жабдықтары жоғарыда орындалатын жұмыстар тексеру шұқырынан тыс орналасқан жабдықтармен қамтамасыз етілетіндей орналастыру қажет. Тексеру шұқырында майдың төгілуін болдырмау үшін, пайдаланылған майды автокөлік агрегаттарынан ағызып жіберуге арналған жабдықтар болуы керек. Барлық майлау жабдықтары қуыстарда орналасуы керек.

Автокөліктегі жету қиын жерлерді пистолеттермен иілгіш түтікпен жалғасырылған ұштықтар немесе топсалы ұштықтар көмегімен майлау қажет. Мұндай ұштықтарды пайдалану кардан берілісін білікті бұрмай-ақ майлауға мүмкіндік береді. Майлау жұмыстарын бастарда сыққыш-майсауыттардың жарамдылығына назар аудару керек. Ақаулы сыққыш-майсауыттарды ауыстыру керек. Ерекше сыққыш-майсауыттарды пайдалану жағармайдың майсауытқа тимей сығылуына әкеледі, демек жұмыс орны ластанады. Жекелеген агрегаттардағы жағармайды ауыстыру, сондай-ақ толтыра құю кезінде төгу және құю тығындарын осы мақсатқа арналған кілттермен ғана бұрау қажет. Агергаттардағы май деңгейін тексеру кезінде жарықтандыру үшін тасымалы шамдарды ғана пайдалану керек. Бұл мақсатқа ашық отты пайдалануға тыйым салынады.

 

 

7.4  Вентиляция

 

Учаскенің ауасына зиянды заттар (шаң, көміртегі тотығы және т.б.) түседі. Мұндай ауа жұмыс жасаушылардың денсаулығына зиян тигізеді, олардың хал-жағдайын нашарлатады және еңбек өнімділігін төмендетеді, ал кей жағдайда қатты ауруларға немесе адам ағзасының улануына әкелуі мүмкін. Сондықтан ауаны таза ұстау маңызды. Ол үшін цехта ортақ ағынды-ауа тартқыш вентиляция қарастырылған.

учаске көлеміне қажетті желдеткішті формула бойынша есептеп таңдауға болады:

                             

 

мұнда W- желдеткіштің өнімділігі;

V = FТО және Р * 4,

мұнда FТО және Р – техникалық қызмет көрсету және жөндеу аймағының ауданы, м2;

Онда   V = 420*4=1680 м3 – үй-жай көлемі;

K = 3 ауа алмасуының ұсынылған еселігі

W=1680 * 3 = 5040 (м3/сағ)

Автомобильдерге жөндеу және ТҚК [10] 12. 3кестесі бойынша желдеткішті таңдау, өнімділігі 5000 м3/сағ кем емес. ЦАГИ-6,  аламыз, W=5000 м3/сағ, дамытылатын қысымы Р = 100 Па, айналу жиілігі n =1000 м-1, пәк.=0,62. Электр қозғалтқышы 1000 айн./мин, қуаты 5 кВт.

 

 

 

 

7.5   Жарықтандыруды есептеу

 

Ғимараттағы жарықтандыру қозғалтқыштарды жөндеу сапасы мен оларға қызмет көрсетуге айтарлықтай әсер етеді. Жақсы жарықтандыру еңбек өнімділігін арттырады, өндірістік жарақаттанулар мен жұмысшының шаршауын азайтады.

Жарықтандыруды орнатқанда жарықтың дұрыс бағытталуын есепке алу маңызды. Жарық көздері көзге шағылыстырмауы және көлеңке жасамауы керек.

Жарықтандыру деңгейін ұстап тұру үшін терезелер мен шамдарды әрдайым тазалап, жуып тұру керек.

Шамдардың жалпы жарық күші мына формуламен есептеледі:

 

W=N*P(Вт)

 

Мұнда W – шамдардың жалпы жарық күші, N=25Вт – 1 м2-ге электр қуаты шығынының мөлшері

P= 420 м2– үй-жай ауданы.

W=25*420 = 10500 (Вт)

Осыдан әр шамның қажетті қуаты шығады:

Wл=W/200 (дана)

Wл=10500/200 = 52 (дана)

Нәтижесінде, учаскені жарықтандыру үшін әр шамның қуаты 200 Вт болатын 52 шам қажет.

 

7.6  Қоршаған ортаны қорғау

 

Учаскенің қоршаған ортаға жағымсыз әсерінтөмендету шарттарын жасау үшін келесі ережелерді сақтау керек:

  1. Учаскелер мен бөлімшелер жұмысшыларымен экологиялық қауіпсіздік негіздері бойынша нұсқамалықтар мен жаттығуларды үнемі өткізіп тұру.
  2. Жабдықтарға уақытылы қызмет көрсетуді қадағалап тұру, сөйтіп оларды жөндеу мөлшерін азайту.
  3. Экологиялық зиянды заттарды арнайы бөлінген орындарда арнайы ыдыстарға ғана жинау.
  4. Кәріз фильтрлері мен тұндырғыштарды үнемі жөндеп, тазалап тұру.
  5. Уландырғыш заттар ортақ кәріз жүйесіне түсіп кетпеу үшін жуу-тазалау құрылыстары тұйықталған типпен жасалуы керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Берілген дипломдық жұмыстың мақсаты гарнизонның техникалық қызметінің жұмысындағы объективті себептерді мұқият талдау, кемшіліктердің барлық мән-жайы мен шарттарын  анықтау болып табылады.

Түсінік хаттың мазмұны жұмыс тиісті ұйымдастырылғанда салыстырмалы аз күшпен және қарапайым құралдармен ӨА-нің ағымдағы жөндеуін дұрыс өткізу мүмкін екендігінің негізгі тұжырымдамасын қамтып көрсетеді.

Ағымдағы жөндеу техникалық қызметтің өрт бөлімшесінде жүзеге асырылады және белгіленген автокөлік жүрісі нормасын күрделі жөндеуге дейін орындауға мүмкіндік бере отырып, автокөліктің ұсақ ақаулары мен тоқтап қалуын жою болып табылады.

Ағымдағы жөндеу кезінде автокөліктегі агрегаттар оны жөндеуге кететін уақыт ауыстыратын уақыттан асып кетсе ғана ауыстырылады.

Сонымен қатар, автокөліктер жөндеу аймағына ағымдағы жөндеуді талап ететін ақаулықтары табылған жағдайда техникалық қызмет көрсету аймағынан да келіп түсуі мүмкін.

Ұсынылған дипломдық жобада автокөліктерге техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеу технологиясын қайта құру, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу  бойынша жұмыстардың еңбек сыйымдылығы есебін жасау, техникалық қызмет көрсету мен ағымдағы жөндеу учаскелерінің ауданын есептеу, жабдықтарды таңдап алу, оларды ұтымды орналастыру міндеті қойылған.

Мен жасаған дипломдық жоба өндіріске енгізу үшін ұсынылуы мүмкін және гарнизонның автопаркінің техникалық әзірлігін және өрт автокөліктерін пайдалану тиімділігін көтеруге жағдай жасайды деп санаймын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

 

  1. Наставление по технической службе органов противопожарной службы.Утверждено приказом № 170 от 7 июля 2005 года.
  2. Яковенко Ю.Ф. и др. Эксплуатация пожарной техники. Справочник. -М.: Стройиздат, 1991г.
  3. Яковенко Ю.Ф., Кузнецов Ю.С. Диагностирование технического состояния пожарных автомобилей. — М.: Стройиздат, 1983г.
  4. Яковенко Ю.Ф. Современные пожарные автомобили. –М.:Стройиздат, 1988г.
  5. Безбородько М.Д. Пожарная техника. М.: ВИПТШ МВД СССР, 1989г.
  6. Иванов А.Ф. и др. Пожарная техника. — М.: Стройиздат,1988г.
  7. Орлов В.М. и др. Рекомендации по диагностированию технического состояния пожарных автомобилей. –М.:ВНИИПО, 1982г.
  8. Кузнецов Ю.С. и др. Диагностирования технического состояния пожарных автомобилей. –М.: ВНИИПО, 1991г.
  9. Спичкин Г.В. и др. Диагностирование технического состояния автомобилей. –М.: Высшая школа, 1983г.
  10. Борц А.Д., Закин Я.Х., Иванов Ю.В. Диагностика технического состояния автомобиля. М.: Транспорт, 1979. – 160 с.
  11. Газарян А.А. Техническая эксплуатация, обслуживание и ремонт автотранспортных средств: Практические рекомендации и нормативная база. – М., 2000.
  12. Жердицкий Н.Т., Русаков В.З., Голованов А.А. Автосервис и фирменное обслуживание автомобилей: Учебное пособие. – Новочеркасск: Изд. ЮРГТУ (НПИ), 2003. – 123 с.
  13. Арзамаскина Н. Маленький аспект большого Интернета. // АБС. Автомобиль и сервис, 2000. – № 8. – С. 42-13.
  14. Крамаренко Г.В. Техническая эксплуатация автомобилей. –М.: Транспорт,1983г.
  15. Куделькин В.Ф. Методические указания к дипломному проектированию для слушателей ВИПТШ МВД СССР. –М.: ВИПТШ, 1987г
  16. Иванов А.Ф. Методические указания к курсовому проектированию по пожарной технике. –М.: ВИПТШ, 1987г.
  17. Гришкевич А.И. Автомобили. Теория. Минск: Высшая школа, 1986г.
  18. Литвинов А.С., и др. Автомобиль. Теория эксплуатационных свойств. -М. Машиностроение, 1989г.
  19. Смелов А. П. и др. Курсовое и дипломное проектирование по ремонту машин. –М.: Колос, 1984г.
  20. Приказ МЧС РК № 52 от 14 июля 2005 года. Об утверждении норм положенности автотранспортных и материально-технических средств для Комитета по государственному контролю и надзору в области

чрезвычайных ситуации Министерства по чрезвычайным

ситуациям Республики Казахстан и его подразделений

  1. Положение о техническом обслуживании и ремонте подвижного состава автомобильного транспорта. М.: Транспорт, 1986.
  2. Суханов, Б.Н. и др. Техническое обслуживание и ремонт автомобилей. Пособие по дипломному проектированию. М.: Транспорт, 1991.
  3. Румянцев С.И. и др. Техническое обслуживание и ремонт автомобилей. Учебник для ПТУ. М.: Машиностроение, 1989.
  4. Крамаренко Г.В., Барашков И.В. Техническое обслуживание автомобилей. М.: Транспорт, 1982.
  5. Инструкция по безопасности и охране труда в подразделениях противопожарной службы Министерства по чрезвычайным ситуациям Республики Казахстан. Утверждено приказом № 355 от 15.10.2010г