АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Орыс — қазақ қарым қатнастары ХУІІ ғ. 30 — 60 жылдары

МАЗМҰНЫ

 

КIРIСПЕ

 

I-ТАРАУ. ҚАЗАҚ-ОРЫС ҚАРЫМ-ҚАТНАСТАРЫНЫҢ

АЛҒЫ ШАРТТАРЫ

1.1. Қазақ-орыс қарым-қатнасы

1.2. Екi ел арасындағы саяси және дипломатиялық байланыстар

 

II-ТАРАУ.  ХУIIІ Ғ. ЕКIНШI ЖАРТЫСЫНДАҒЫ

РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАН

2.1. Қазақстан жерiндегi ХУІII ғ. 30-60 жж.саяси ахуал Кiшi Жүз

қазақтарының Ресейге қосылуы

2.2 Қазақ-орыс қатнастарының нығая түсуiнiң алғы шарттары

 

III. ОРЫСТАРДЫҢ ҰЛЫ ЖҮЗ ТЕРРИТОРИЯСЫНА КЕЛIП

ҚОҢЫСТАНУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЙМАҚТАҒЫ ҰСТАҒАН

САЯСАТЫ

3.1 Аймақтағы саяси жағдай

3.2 Әкiмшiлiк –территориялық басқарудағы өзгерiстер

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

 

КIРIСПЕ

 

          Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатнастардың қалыптасуы мен дамуы, екi ел тарихында да ерекше орын алады. Өйткенi ол екi қоғамның да- экономикалық, саяси-әлеуметтiк және мәдени өмiрiнде iз қалдырған тарихи оқиға.

         Екi ел арасындағы байланыс сауда қарым-қатанстарымен басталып, Қазақстанның Ресейге қосылуымен аяқталды.         Мұның өзi, сонымен қатар, патша үкiметiнiң еркiнен тыс, қазақ жұртшылығының орыс халқымен жақындасуын тездеттi.  Бұл екi халықтың  езiлген таптарының патша үкiметi мен бай-шоңжарларға қарсы тiзе қосып күресуiне бiрден-бiр қолайлы жағдай туғызады.

         Қазақ-орыс қарым-қатнастары проблемасы секiлдi ауқымды    мәселенi сөз еткенде қазақ халқының сол кездегi сыртқы, iшкi саяси жағдайын анықтаудың айтарлықтай маңызы бар. Осыған орай бұл жұмыста қазақ хандығының сыртқы саяси өмiрiне көбiрек көңiл бөлiндi.  Жоңғар хандығының қазақ жерiн жаулап алу мақсатымен жүргiзген шапқыншылық саясаты, қазақ халқының өз бостандығы үшiн күресi осы тұрғыда қазақ хандарының орыс үкiметiмен бiрлiгi, Ресейдiң Сiбiр хандығын жаулап алуы оған Қазақстанның қатысы т.б. мәселелер осы еңбекте азды-көптi өз сипаттамаларын тапты.

        Осы тарихи оқиғалардың себебi мен нәтижелерiн зерттеу, яғни қазақ хандығының сол саяси жағдайлар мен iшкi себептердiң нәтижесiне байланысты Ресей қарамағына өтуiн зерттеу жұмыстың басты мақсаты.

          Еңбекте негiзiнен сол кездегi тарихи оқиғалар баяндалған. Оған тарихи деректерге байланытрыла отырып баға беруге ұмтылыс жасалынған.

          Патша үкiметiнiң реакциялық саясатына қарамастан, Қазақстанның Ресейге қосылуының прогрессивтiкте  маңызы болды, ол

қазақ және орыс халықтарының арасындағы  достықты нығайтуда белдi бiр кезең болып табылады. Осы достықтың жалғасы бүгiнгi күнi Қазақстан өзiнiң егемендiгiн алып отырған кезде де одан әрi жалғасын табуда. 2003 жыл Қазақстанның Ресейдегi жылы болып табылса, ал биыл 2004 жыл Ресейдiң Қазақстандағы жылы деп жарияланып отыр. Екi ел басшыларының арасындағы және екi ел халықтары арасындағы қарым-қатнастар саяси, экономикалық, әлеуметтiк және мәдени байланыстар жылдан жылға дами түсуде.

Тақырыптың зерттелу дәрежесi.

          Республикадағы тарихи зерттеулердiң маңызды бағыттарының бiрi- қазақ халқының Ресей құрамына өтуiнiң алғы шарттары, барысы және қорытындысын зерделеуге бағытталады.  Қазан төңкерiсiнен кейiн революцияға дейiнгi Қазақстанның саяси тарихына қалам салған авторлардың  еңбектерiне сын көзбен қарау  күшейiп, оларға тек  мүлдем жансақ позициямен бағалана бастады.

           Кеңес үкiметiнiң алғашқы он жылдығында шыққан кейбiр еңбектерде революцияға дейiнгi Қазақстан тарихы жөнiндегi дворяндық-буржуазиялық тарихнаманың отарлық концепциясы сынға алынды.  Бiрақ, авторлар  ұлттық- отарлық қанаудың  ауыр салдарлары туралы жалпылама қорытындылармен ғана шектелдi.  Мәселен, 1) А.Рязанов өз еңбегiнде Қазақстанның патриархалдық — феодалдық өткенiн идеяландырып, Ресейге қосылуының  прогрессивтiк жақтарын мүлде жоққа шығарды. Онда Қазақстанның Ресейге қосылуына алып келген iшкi, сыртқы саяси және экономикалық жағдайларға тиянақты талдаулар болмады, түпнұсқа деректер пайдаланылмады.  Мiне, осылардың барлығы осы мәселенi зерттеу барысында үлкен қателiктер жiберуге жол бергiздi. Мәселен, 1920-1930-шы жылдары тарихшылар Ресейге жақын орналасқан халықтардың Орыс патшалығына қосылуын, әдетте «абсолюттiк зло»(абсолюттi ыза) есебiнде қарастырды. Осы жылдары өлкемiздiң Ресейге қосылуын орыстардың жаулап алуы тұрғысынан қарастырғандар қатарына А.Рязанов, Г.Тоқжанов, Т.Рысқұлов, Е.Федоров т.б. болды.

     Тарихшы С.Асфандияровтың есiмiмен Қазақстанның Ресейге қосылу проблемасын зерттеуге деген жаңаша көзқарас қалыптасты. Ол қазақ халқының дамуындағы 2 кезеңдi атап көрсеттi:  патша  үкiметiнiң жаулап алғанға дейiнгi және содан кейiнiгi, Ресей империясының отары ретiнде.  Асфандияров С. қазақ өлкесiнiң  қосылуын қазақ феодалдарының  жоғарғы тобының  халықтың еркiнен тыс,  олардың мүддесiне қайшы,  патша үкiметiмен келiсiмi ретiнде қарайды. Сондай-ақ ХУIII ғасырдың  басындағы қалыптасқан халықаралық жағдайды талдай келе, ол қазақ халқының ортаазиялық феодалдар тарапынан қысым көргендiгiн әрi Қазақстан территориясына  жоңғар әскерлерiнiң баса көктеп еңгенiн дұрыс атап көрсетедi. Еңбекте Ресейдiң  Қазақстандағы позициясының  берген  тұсы және қазақ бұхарасының отарлық езгiге қарсы күрес кезеңдерi айтарлықтай тиянақты баяндалған.

                            Автор Қазақстанның Ресей құрамына өтуiнiң ертелi-кеш бәрi-бiр  мүмкiн емес құбылыс болғандығын көрсете келiп, «патша үкiметiнiң қазақ бұхарасын жаулап алуы мейiрiмдiлiк, бейбiтшiлiк пен мәдениеттi әкелген жоқ, ол қайыршылану, тонаушылық және кiсi өлтiруге әкелдi»-деп көрсетедi. Осыған орай ХУIII ғасырдың 30-40 жылдарындағы Ресейдiң қол астына өту қазақ халқы үшiн тек қана терiс салдары болған күштеу актысы ретiнде қарастырылады. 40-жылдары тарихи зерттеулердегi негiзгi құжатты материалдар көлемi көбейе түстi.   Мiне, дәл осы  кезеңде  бұрынғы кезеңде белең алған Ресейге қосылу  нәтижесiнiң  қазақ жұртшылығы тұрмысындағы тек қана терiс  өзгерiстерге әкелгендiгi туралы пiкiрден арылу әрекетi байқалады.  Ғалымдар  қазақ және орыс халықтары  жақындасу негiзiнде жатқан объективтi факторларға және оның прогрессивтi мәнiне  көп көңiл аудара бастады.

 Тиянақты-тарихи материалдарды жинақтау, тарихи зерттеулер көлемiнiң кенеюi процесi барысында Қазақстанның Ресейге қосылу  тарихи туралы бұрынғы қалыптасқан көзқарас-пiкiрлер өзгере бастады.

                    М.Вяткиннiң  «Қазақ ССР тарихының очерктерi» кiтабында осы проблемаға айтарлықтай жаңаша  көзқарас байқалып, тақырыптың күрделi әлеуметтiк- экономикалық және саяси  аспектiлерi  қарастырылды.  Автор, ХУIII ғасыр басындағы  қазақ хандығының, әсiресе кiшi жүздiң iшкi құрылысы мен халықаралық дағдайын терең талдауға мүмкiндiк берген көлемдi әр түрлi материалдарды пайдаланды. Бұл оған сондай-ақ патша үкiметiнiң шығыстағы мақсатын қарастырып, оның басып алушылық болды дей келе, осының негiзiнде Қазақстанның Ресейге қосылуының  объективтiк алғы шарттарының болғандығын да айтуға мүмкiндiк  бердi.  Ресейдiң қоластына өтудiң ерiктiлiк сипатын жоққа шығара отырып, Вяткин сонымен бiрге «жаулап алушылық» түсiнiгiнен бас тартты, бұл «ақ сүйек, қара сүйектердiң жоғарғы тобының «бұхара еркiнен тыс» жүргiзiлген одақ жасау  жөнiндегi әрекетi деп түсiндiредi.

                   ХУIII ғасырдың 30-40-шы жылдарындағы Қазақстанның  iшкi және сыртқы  жағдайларын талдай келе, Вяткин «Қазақстанның алдында мiндет тұрды: бiрi Ресейдiң, екiншiсi Жоңғарияның билiгiн мойындау, шаруашылық және  саяси өмiрдiң  бұрынғы түрлерiн сол күйiнде қалдыратын едi»- деген қорытынды жасады.  Осыларды  есептей келе, ол ХУIII  ғасырдың 30- жылдарындағы Қазақстанның  солтүстiк-батыс бөлiгiнiң  Ресейге  бағынуын, бiз абсолюттiк емес, мүмкiндiгiнше азғантай қиянат болды деп есептеуiмiз қажет»-дедi.  Айтылғандарды қорытындылай келе, Вяткиннiң  концепциясының  басты теориялық тұжырымын былайша қортуға болады: ХУIII ғасыр басында қазақтың игi  жақсыларына  2 мүмкiндiктi пайдалануға болатын  едi,  бұл қосылу Әбiлхайыр ханмен басқа да  феодалдық топтардың саналы талдауының  нәтижесi болды, қазақ халқы үшiн  кейiнгi тарихи дамуында  келеңсiз әрекетiмен көзге түсiп, елдiң саяси тәуелсiздiгiне, халықтың екi жақты  езгiге түсуiне алып келдi.  Қазақ халқының Ресей құрамына  өтуiнiң тарихи маңызы жөнiндегi бiржақты  пiкiрлердiң болуына қарамастан Вяткин концепциясы үшiн  жалпы алғанда ХУII-ХУIII ғасырларда Қазақстанның  күрделi саяси жағдайын объективтi талдау, тиянақты баяндау, жүйелiлiк, логикалық қисындылық тән болды.

           Вяткин концепциясының негiзгi жемiсi 1943 жылы  шыққан

Қазақстан тарихы жөнiндегi күрделi еңбекте көрiнiс тапты.  Мұнда         

Қазақстанның Ресейге қосылуының барлық кезеңдерiндегi оның халықаралық

        жағдайына  сипаттама берiлiп,  барлық көңiл  қазақтардың көршi елдермен  сыртқы саяси қиыншылықтары мен қақтығыстарына аударылды,  Әбiлхайыр Орынбор  әкiмшiлiгiмен және өзiнiң қарсыластарымен қарым-қатнасы қарастырылды, патша үкiметiнiң  қазақ жүздерiндегi  өзiнiң экономикалық және саяси жағдайын нығайтуға бағытталған әрекеттерi т.б. мәселелер  толық көлемде баяндалады.  Кiшi жүз ханының Ресейдiң  қол астына алуы туралы өтiнiш беруiнiң  негiзгi  себебiн анықтауда авторлар дұрыс  тұжырым жасап,  оны  қазақ хандығының  iшкi жағдайынан iздестiрiп, «ақтабан шұбырындыдан» кейiнгi  хандық билiктi ң әлсiрегендiгiмен түснiдiредi.  Дегенмен,  авторлар  коллективi  Әбiлхайырдық сыртқы  күштер арқылы  Қазақстанда  бiр орталыққа  бiрiккен хандық құруға   жасаған әрекетiнiң  негiзсiз екендiгiн  дұрыс атап көрсетедi. Сонда да болса, қазақ  хандығының  жоғары  шен өкiлдерiнiң сыртқы бағытының қалыптасуына әсер еткен  қазақ қоғамының  саяси құрылысының    дамуының iшкi және сыртқы  факторларының  арақатынасын  баяндауда жүйелiлiк жетiспейдi.Жалпы алғанда, еңбекте  Қазақстанның Ресейге    қосылу  проблемасын    баяндаудағы бiр жақты  бағадан арылу  болғанмен,  қазақ- орыс  қатынастары  жетiкiлiктi толық әрi объективтi  көрсетiлмедi.  Қазақстанның Ресейге  косылуы  мұнда,  бұрынғыдай, қазақ шонжарлары мен патша үкiметiнiң  келiсiмi ретiнде, Ресейдiң  Қазақстанды    жаулап алуы  тұрғысынан қарастырылды. Мiне, осындай жағыдайда бұрынғы кезеңге бөлу, яғни Қазақстан  тәуелсiздiк  жағдайында және отарлық режим  кезеңiнде, сақталып қалды.  Кейбiр тұжырымдар әлiде болса екi  бағытта болды. Мәселен, кiтапта Әбiлхайырдың Ресейге қосылу әрекетi , оның кiшi жүздiң     билер кеңесiн «қолдауы»  арқылы болғандығы ретiнде көрсетiледi.  Бұл жерде Вяткиннiң Әбiлхайырдың  көптеген  батырлармен жақсы қатнасы болғандығы, Ресейге бағыну  мәселесi кезiнде олардың  қолдауына  сүйене алатындығы мүмкiн болды деген ескерiлмей қалды.

          Сондай- ақ кiтапта халық бұхарасының  Ресейдiң  қол астына  өтуге қалай  қарағандығы  туралы күрделi  мәселеге тиянақты жауап берiлген жоқ. Елшi Тевкелевтiң  күнделiгiнде жазылған « қарсы партия» өкiлдерiнiң  оған шабуылы, елшiлiк адресiне  бағытталған қорқытулар, т.б. қиыншылықтардың  барлығын авторлар  қазақ қоғамының  көпшiлiк бөлiгiнiң бағынуға қарсы наразылығы ретiнде қарастырады. Бiрақ бұл еңбекте  қандай-да бiр тиянақты-тарихи  материалдармен дәлелденбейдi.

                Авторлар Ресейдiң қол астына өту туралы мәселеде шешушi рөл атқарған қазақтардың әлеуметтiк-тарихи  психологиясы мен саяси сапалылығы ерекшелiктерi ескерiлмедi, өйткенi қазақтардың бiреудiң қоластына өту туралы түсiнiгi Еуропалық ортада қалыптасқан түсiнiктен мүлдем  басқаша едi.  Қазақ қоғамының  түсiнiгi бойынша Ресейдiң қол астына өту  туралы ант беру, олардың кейбiр праволарының (құқықтарының) шектелiп, есесiне күштi әскери-саяси одақ оны өз қоластына алады дедi.  Бұл жағдайда қол сұғуға мүмкiндiгi жоққа шығарылды.  ХУIII ғасырдың  басында көшпендiлердiң  көпшiлiгi  өздерiнiң  ұлттық тәуелсiздiгiнен толықтай  айырылатындығын және патша үкiметiнiң  қазақ территориясындағы экспанциялық мүддесiнiң  көлемiн байқай алмады. Мiне, осылардың өзi қазақтардың  көпшiлiгiнiң Әбiлхайырмен басқа да беделдi  адамдардың Ресейге қосылу  әрекетiне қарсылық тудыра қоймауына жол бердi. Күрделi еңбектiң авторлары «қарсы партия» жақтаушыларының әрекетiнiң әлсiз әрi жүйесiз, жергiлiктi сипатта болғандығын мойындайды. Олар, сол сияқты осы кезеңдегi  қазақ хандығының  қал-жағдайымен  аптаған жаудың да болғандығын, мұның өзi орысқа қарсы болған көңiл-күйдiң түсуiне және қазақ қоғамындағы әртүрлi топтардың  арасындағы Ресеймен жақындасуға деген ұмтылыстың болғандығын да естен шығарады. Осы еңбек үлкен сынға да ұшырағаны белгiлi.

                Соғыстан кейiнгi кезеңде Вяткин, Рожков, Бекмаханов, Шахматов, Толыбеков, Зиманов т.б. ғалымдар еңбектерi шығып, Қазақстанның Ресей құрамындағы саяси және әлеуметтiк- экономикалық жағдайының  маңызды  аспектiлерiн қарастырады.  Бұл жұмыстардың  авторлары тиянақты-тарихи тәсiлмен, жаңа проблемаларды қосумен, көптеген деректердi пайдаланумен, зерттеу бағаларын мықты дәлелдермен келтiрумен ерекшеленедi.

Проблеманы зерттеудегi алға қойылған зор қадам — Н.П.Аполованың еңбегiнiң шығуы болды. (Присоединение Казахстана к России в 30-40-х гг. ХУIII в. А., 1948). Автор  елiмiндiң архив  қойнауынан алынған көптеген материалдар тобына тиянақты-тарихи талдау жасау арқылы қазақ жүздерiнiң  Ресейдiң қол астына өтуiнiң iшкi және сыртқы факторлары негiзiнде қазақтардың орыс  мемлекетiмен  тарихи байланысын,  Ресейдiң  билiгiн мойындау кезiндегi жағдайды көрсеттi. Қазақ қоғамының әр түрлi әлеуметтiк топтарының Ресеймен жақындасуының себептерi анықталды.

           Қосылу концепциясын талдаған кезде Аполлова патша үкiметiнiң қазақ даласын игеру кезiндегi экономикалық және саяси қызығушылығының болғандығын, ол кейiнгi он жылдықтарды оның «царизмнiң iрi агрессиясымен» ұштасқандығын айтады.

          Кейінгi еңбегiнде Н.Г.Апполова ХУIII-ХIХ ғасырдың басындағы Россияның тiкелей әсерiмен болған қазақтардың экономикасы мен қоғамдық тiршiлiгiндегi өзгерiстердi қарастырады.

          Көтерiлiп отырған проблема тарихнамасы 70-80-шi жылдары шыққан В.Я.Бас ин, Р.Б.Сүлейменов, Т.Ж.Шойынбаев, Ж.Қ.Қасымбаев еңбектерiмен тығыз толыға түстi. Авторлар көптеген архивтен алынған деректер негiзiнде қазақ-орыс қатынасының жаңа қырларын ашып, мұның әуел бастан-ақ бiртiндеп жаулап алу сипаты болғандығын көрсетедi. Әсiресе, Ж.Қ.Қасымбаев орыс үкiметiнiң Ертiс өзенiнiң жоғары ағысында бекiнiстер тiзбегiн салу арқылы өзiнiң отаршылдық саясатын жүргiзгендiгiн және қазақ жерiнiң Азияға «терезе мен дарбаза» екендiгiн ескерiп, қандай жолдармен болмасын өз ықпалын нығайтуды империяның шығыстағы саясатының күре тамыры ретiнде ұстағандығын ашық баяндайды.

   Сонымен, бiз қалам салғалы отырған тақырып, жалпы Қазақстан тарихнамасында жан-жақты, терең зерттелгендiгiн атап өтуiмiз керек.

Дегенмен, қазiргi кезеңдегi жариялылық, елiмiздiң тәуелсiздiк алуы, тарих беттерiндегi «ақтандақтардың» орнын толтыруға зор мүмкiндiктер берiп отыр. Осы орайда қазақ-орыс қатнасы тарихын баяндауда бұған дейiн барлығы бiрдей тегiс болды десек, қателескен болар едiк. Өйткенi, кешегi кеңес заманында, тоталитарлық режим, партиялық идеология, жалпы интернационализм бұл проблеманы да объективтi, тарих таразысына салып баяндауға әрқашанда мүмкiндiктер бермеген едi. Олай болса, бүгiнгi зерттеушiлер өткеннiң қателiктерiн ескерiп, олардың үлесiне тимеген мүмкiндiктердi пайдаланып бұл проблемаға тағы бiр үңiлуi тиiс. Сондықтан да бiзде осыған талпыныс жасап отырмыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

I-ТАРАУ. ОРЫС  ҚАЗАҚ  ҚАРЫМ —  ҚАТНАСТАРЫНЫҢ 

АЛҒЫ ШАРТТАРЫ.

 

  • Қазақ-орыс қарым-қатнасы.
 
          Кеңес тарихшысы В:В.Мавровиннiң келтiрген дәлелдерi бойынша «Орыс саудагерлерi ХIУ-ХУ ғғ.-да Волга арқылы Каспийге одан Самарқандқа дейiн барды; 1404 жылдары осы жерде орыс  саудагерлерiмен қатар, татар, индия, қытай саудагерлерi де болғандығы айтылады.[1]   Волга және   Каспий   тенiздерi арқылы орыс саудагерлерi Азия елдерiне  маталар, терi, бал т.б. тауарлар әкелiп тұрған ос жолдар арқылы керi қарай Ресейге шығыстан тұз, жiбек маталар, құнды  металдардан жасалған бұйымдар, бағалы тастар, iнжу, болаттан соғылған қару-жарақтар алып қайтып отырған.

          Кейбiр зерттеушiлердiң айтулары қарағанда IХ-ХI ғасырлардағы орыс жылнамаларында түрiк сөздерiнiң  ұшырасуы сол кездегi Орта Азиядағы түрiк тайпалары мен Шығыс Европа  славяндарының тарихи  байланыстарының ұзақ та тұрақты болғандығын көрсетедi.

          ХII ғасырда қыпшақтар шекарасы шығыста Қазақстанның орталық облыстарына, Ертiс өзенiне дейiн, ал батыста Днепрге дейiн созылды.  Қыпшақтар оңтүстiктегi iрi князьдық- Тмутораканьдi жаулап алды.  Орыс мемлекетiнiң  селендерiне де олар жиi  шабуыл жасап тұрған. Алайда, орыс князьдықтарымен арадағы қатнастар екi жақтың бiр-бiрiне  жасаған шабуылдарымен ғана шектелiп қойған жоқ, қайта олардың қыпшақтармен, басқа да  түрiк тайпаларымен ен алдымен, печенегтермен жақындасу  процесi сол уақыттың өзiнде-ақ жүрiп жатты. «Повести временных лет» жылнамасының мәлiмдеуiне қарағанда, пепенегтер Русьте Х ғасырдың  орта шеңiнде келедi. Орыс  жылнамаларында печенегтермен половецтерден басқа берендейлер, түрiктердi кейде бiр атпен « Қарақалпақ» дегендер де кездеседi.    Осы түрiк тайпаларымен жақындасудың тағы да бiр жолы – орыс  шекарасын

қорғау шартымен оларды  Виев мемлекетiнiң жерiне апарып  

         орналастыру әдiсi болатын-ды.

   ХI- ғасырдың аяғында және ХII ғасырдың  басында орыс князьдары мен половец князьдарының  арасындағы кейбiр  жақындасулар болған.  Мысалы, ХIII ғасырдың басында моңғолдардың жаулап алу қаупi туған кезде, орыс әскерi  шапқыншыларға тойтарыс  бере отырып, половецтермен одақ құрып майданға шыққан.  1223 жылы Қалка түбiнде болған ұрыста  орыс пен половец  отрядтары  бiрiгiп, қанды  майданда  моңғолдарға қарсы     соғысқаны тарихтан мәлiм.

           Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатнастар еш уақытта да үзiлген емес.[2]

           Отаршылдық кеңiнен қанат жайып, империяның  әмiрi жүрiп жатқан кезде орыс өндiрiсшiлерi, басыбайлы езгiден қашқан шаруалар ұлан-байтақ Сiбiр жерiн игеруге кеңiнен қатысты. Осы орайда зерттеушi В.И. Шунковтың «Сiбiр Ресейге қосылуы тiкелей жаулап алудан бастап, өз еркiмен қосылуға дейiнгi әртүрлi құбылыстардан тұрады» -деуi әбден  орынды деп бiлемiз.  Алайда, кеңестiк тарих ғылымында  осы шындық тек  сыңар-жақ күйде, яғни «шет аймақтар Ресейдiң құрамына өз еркiмен қосылды» -дей түсiндiрiлiп, жартыкеш, жалған  концепция үстем болып келдi.    

   Ресей Қазан, Астрахань хандықтарын жаулап алғаннан кейiн, қолды  Сiбiр жерiне салғаны тарихтан белгiл. Сiбiр түркi сөзi, ал Сiбiр жерi ежелден ғұндардың, кейiннен түркiлердiң  атамекенi болған. Тiптi  Сiбiрдiң ең үлкен көлi Байкалдың атауы да белгiлi орыс  ғалымдарының  бiр ауызды пiкiрi бойынша түрiктiң « бай көл» деген сөзiнен шыққан. 

Ал, ғұлама ғалым Левшин Көшiм ханның шыққан тегi қазақ   екендiгiн дәлелдеген. Көшiмнiң  әскерi құрамында татарлар, қазақ ордасының адамдары, вогуличтер мен остақтар болғандығын орыс жылнамалары да растайды. (Сибирские летописи, 323 бет.). Бұдан шығатын қорытынды: Сiбiр хандығының  тарихы, оның жаулануы  қазақ халқы тарихының құрамдас  бөлiгi болып табылады. Ендеше, қазақ халқының шежiресiн, оның  өз алдына дербес  халық болып  тарих аренасынан  шығуын,  қазақ хандығы мен  мемлекетiнiң тарихын оқшау қарастырмай түбi бiр туыстар тарихымен –  Сiбiр,   Ноғай,    Қазан,  Астрахань, Түмен, Қырым  хандығы тарихымен бiрегей  бiрлiкте  зерттейтiн уақыт жеттi.

         Көшiм хан болса  Сiбiрдi жаулап алған жоқ,  ол академик           В.В.Бартольдтың айтуы бойынша  тек тақтан Едiгердi тайдырды. Кейiн қазақ халқының  этногенезiн құраған  арғын, найман, қыпшақ, қаңлы тайпалары  ежелден сiбiр жерiн жайлаған, сол өлкенiң  тұрғылықты  халықтары болатын. Ал Сiбiр хандығын орыс мемлекетi жаулаған кезде олар ата жұрты-қазақтарға келiп қосылып, ханты, манси т.б. өз алдына жеке-жеке  халықтар болып қалыптаса бастады.  Осыдан болу керек  патша үкiметi  Ақмола-Семей облыстарының қазақтарын ХIХ ғасырда Батыс-Сiбiр генерал-губернаторлығына қаратты.

  Көптеген  тарихи еңбектер оның iшiнде  жылнамаларында  Ермактың азғана адаммен Сiбiрдi тез жаулап алғанын жазса, ал еркiн далада бетпе-бет шайқаста Көшiм  қолы асқан ерлiкпен шайқасқандығын кейбiр зерттеушiлер мойындайды.  Сiбiр ханы Көшiм туралы әлi де көп зерттеудi қажет ететiн мәселелер баршылық. Тек ғана бiз оның қазақтарға қатысы мәселесiне ғана соғып отырмыз.

Қазақ тарихында, халық зердесiнде өшпес  өшпес iз қалдырған,    елiнiң  даңқын шалғайға шығарған iрi қайраткерлер, хандар мен сұлтандар, батырлар қатарына  Сiбiр ханы Көшiмдi де жатқызғанымыз жөн. Қазақстан тарихындағы Көшiмнiң  орны, оның  және  ұрпақтарының патшалық Ресейдiң  шығыстағы агрессиялық саясатына алғашқы болып қарсы тұрған, орыс мемлекетiнiң Сiбiр мен қазақтың солтүстiк даласына енуiн жүз жылдан астам уақытқа  кешеуiлдеткен күш ретiнде айқындалады.

          Бiз сол тұстағы Қазақстанды жау қаумалаған қамал түрiнде көзге елестетсек, оның солтүстiк  қабырғасында биiк те берiк, мұнара орнағанын көрер едiк. Иә, орыс  патшалығының басқыншылық  саясатының  жолында алғаш көлденең  тұрған оның  қазақ даласына  салар шеңгелiн бiр ғасырдай  кейiнге ығыстырған Көшiм хан болған. Көшiмнiң Қазақстан тарихына қатысы өзiндiк орны мен ролi осымен айқындала түседi.[3]

 Сiбiрдiң  шаруашылық мақсатына сай иегру мұнда бiрқатар бекiнiс қалалардың салынуы, сол арқылы қазақ даласына төте жолдың ашылуы Ресейдiң  қазақ хандығымен сыртқы сауда байланыстарының дамуына жәрдемдеседi. Қазақтардың  Ресеймен екi арадағы саудасының дамуына Тобыл зор роль атқарады, оған Түркiстанның саудагерлерi үнемi келiп тұрады.

 

  • Екi ел арасындағы саяси және дипломатиялық байланыстар

 

                Қазақстан мен Ресей арасындағы саяси және дипломатиялық байланыстар  қазақ-орыс қатнастары бiрде биiкке шарыктаса, бiрде төменге құлдырап отырды.

        Орыс халқының  Дештi-Қыпшақта болып жатқан уақиғалардан хабарсыз еместiгiне ешбiр шек келтiруге болмайды. ХIII-ХУ ғасырларда бұл байланыстар –есейдiң ноғайлармен, татарлар арасындағы байланыстары ретiнде белгiлi болды. Ал, қазақ хандығы құрылғаннан кейiн көп ұзамастан-ақ екi ел ортасында дипломатиялық, саяси және шаруашылық қатнастар орнай бастады.

   Қазақ хандығының саяси және iшкi және сыртқы жағдайы Қасымхан тұсында (1511-1523 жж.) едәуiр нығая түскен болатын. Мұның өзi Қазақстанның көршiлес елдермен байланысын нығайтуға және оның халықаралық беделiн көтеруге бiрден – бiр себеп болды. Сол кездегi Қасымханның  қол астындағы жерлер орыс мемлекетiнiң территориясымен тiкелей шектеспесе де, оның шекараларына жақындап қаолы. Қазақстан мен Ресей арасындағы ең алғашқы байланыстар осы кезеңге жатады.  Осында дипломатиялық қатнастардың болғандығын 1575-1584 жылдары жүргiзiлген патша архивiнiң тiзiмдерiнде былай көрсетiледi: 38 жәшiкте Қасымханның тұсында қазақ кiтаптары көшiрмелерi бар.[4]

          Бұл Қасымханның патша үкiметiмен ди пломатиялық хат жазулары болса керек. Архив материалдарының  табылмауы салдарынан, орыс мемлекетi және қазақ хандығының алғашқы келiссөздерi қандай мәселелер жайында болғандығы және олардың немен аяқталғандығы осы күнге дейiн беймәлiм. Тек Қасым хан  өлгеннен кейiн де патша үкiметi қазақ хандығының iшкi және сыртқы саяси жағдайымен  айналысуды тоқтатпаған.

          Россияның Орта Азия және  Шығыс мемлекеттерiмен сауда-саттық жасайтын керуен жолдарының Қазақстан территориясы арқылы өтуiнiң де зор маңызы болды. Сондықтан да орыс мемлекетiнiң  Қазақстанмен достық қарым-қатнаста болуға талпынуы табиғи нәрсе. Бұл мәселенi Қасымбаев Ж.Қ, Басин В.Я., Струве т.б. өз еңбектерiнде дәлелдедi, мысалдармен келтiрдi.

         Қазақ-орыс қарым-қатнастарының  жандандырудың басты құралы

ретiнде негiзгi рөл атқарған екi ел арасындағы сауда қарым-қатнастары болды.[5]  Сауда арқылы Ресейдiң патша үкiметi қазақ даласындағы өзiнiң үстемдiгiн  ныгайта түстi.  Оның үстiне патша  үкiметi шығыс елдерiне жiберiлген өз елшiлерiнен Қазақстанның Орта Азия халықтарымен қарым-қатнасының, оның iшкi жағдайын тексерудi өте-мөте талап етедi.  Мұның өзi орыс елшiлерiнiң  өз миссиялары жөнiндегi  күнделiктерiнде қазақ хандығының көршiлес елдермен байланысы, әскери жағдайы туралы жазылған мәлiметтерiнен көрiнедi. Мәселен, 1534 жылы ногайларға жiберiлген орыс елшiсi Данила Губин қазақ жасақтарының күштiлiгi, олардың Ташкент қаласы үшiн соғысып, жеңiске жеткендiгi туралы  IУ Иванға хабарлаған. Сол елшiнiң мәлiметiне қарағанда, қазақ хандығының Сiбiр хандығы тарапынан болып жатқан шабуылдарды қару күшiмен болса да тоқтатуға әзiр екендiгiн атап көрсеткен.[6]

           Қазақ хандығының Ноғай ордасымен қарым-қатнастары туралы, осы елдiң ортасында болған соғыстар, қақатығыстар жөнiнде орыс елшiлерi Семен Мальцев, Борис Доможировтар өз үкiметiне тәптәштеп жеткiзiп отырған.

          Қазақстан мен Россия арасындағы саяси қатнастар ХУI ғасырдың екiншi жартысында қайта жанданды.        Осы кезде  орыс мемлекетi Қазақ хандығы мен Астрахань хандығын өзiне қаратқан болатын. Екiншi жағынан Хақназар билеген қазақ хандығының территориясы ұлғайып, Ресей мен Қазақстанның  шекарасы  жақындай түсiп, екi мемлекеттiң экономикалық және саяси байланысының күшеюiне жағдай жасала басталған-ды.  Хақназар тұсындағы қазақ хандығының  батысқа қарай ұлғаюына Ноғай ордасының  iштей әлсәреуi, Астрахань хандығының құлауы себеп болды. ХУI ғасырдың 50 жылдарында қатты күйзеушiлiкке ұшыраған Ноғай ордасы ағылшын көпесi, әрi Москва үкiметiнiң агентi Дженкинсонға қаңыраған елсiз дала сияқты көрiнген.  1573 жылы орыс патшасы Иван Грозный қазақ ханы Хақназарға өзiнiң алғашқы елшiсi Третья Чебуковты  жiбердiОрыс елшiсiнiң алдында қазақ хандығымен тығыз байланыс жасау мiндетi ғана емес, сонымен бiрге қазақ ханы Хақназарды Сiбiр хандығының Көшiмге қарсы әскери одақ жасауға  көндiру мақсаты қойылған болатын. Бiрақ бұл елшiлiк сәтсiз аяқталды. Себебi, орыс елшiсi Третьяк Чебуковты Көшiм ханның туысқаны Мәмбетқұл тұтқынға алып, қазақ хандығына өткiзбей қояды. Өйткенi, Сiбiр ханы Көшiм Хақназардың орыс мемлекетiмен одақ құрып, күшейiп кетуiнен қауiптенген. Сөйтiп, Қазақстан мен Россияның әскери одақ құрудағы бiрiншi дипломатиялық адымы нәтижесiз аяқталды. Орыс елшiлiгiнiң бiрiгуi, сәтсiздiгi Қазақстан мен Россяи арасындағы дипломатиялық қатнастарды тоқтата алмайды.

        Орыс мемлекетiнiң Қазақстанмен берiк байланыста болуы — Орта Азия мен Шығыс елдерiне әрi төте, әрi қауiпсiз жол ашты.  Мұның өзi Ресейдiң қазақ хандығымен де тiкелей екi жаққа тиiмдi сауда жүргiзуiне қолайлы жағдай жасады. Мәселен, орыс патшасы IУ Иван 1574 жылы Кама бойының бiраз жерлерiн билеген Строгоновтар әулетiне қазақтармен емiн-еркiн сауда жасауға грамота қағаз берген. Бұл документтiң  мәлiметтерiне қарағанда, қазақ саудасының басты саласы

жылқы болған. Строгоновтарға берiлген грамота қағазда Қазақстанның, Бұхарадан келген саудагерлермен олардың баж салығынсыз сауда жасауына патшаның ризалығы мен рұқсаты берiлген. Мұндағы негiзгi мақсат, қатйткен күнде де қазақ даласымен байланысты үзбеу болатын.

           Ресейдiң алға қойған негiзгi мiндеттерiнiң бiрi: өзiн Орта Азия және басқа да шығыс мемлекеттерiмен байланыстыратын, қазақ даласы арқылы өтетiн сауда жолдарының қауiпсiздiгiн сақтау едi. Осыны iске асыру жолында Қазақстан мен Ресей арасындағы байланысты нығайтуда бiрнеше шараларды iске асырды.

                   Ресей үкiметi өздерiнiң тарапынан жiберiлген елшiлерiне (Қазақстанмен  көршiлес елдерге) қазақ даласындағы жағдайды жан-жақты анықтауды тапсырып отырған. Яғни қазақтардың сыртқы саясаты, қазақ елi шын мәнiнде тәуелсiз ел ме, әлде бiреулердiң вассалы ма, қоластында ма, бағынышты ма? Орта Азия хандықтарымен қарым-қатнасы қалай т.б. Ресей елшiлерiнiң өз мәлiметтерiнде (статейных списках) қазақ хандығының әскери жағдайына басты назар аударуы тегiн емес.[7]

          «Азияны терең зерттеп, танып, бiлуге деген құштарлық Ресей елшiлерiнiң мiндеттерiнен анық байқалды»,- деп жазды Н.И.Веселовский, -Олар елшiлiктен оралғанда өздерi барып қайтқан елдер жайында нақты есеп берiп отырды… Оған қоса елшiнi белгiлi бiр елге жiбермес бұрын оны алдыңғы елшiнiң сол ел туралы қандай мәселелердi зертегенiмен таныстырып отырған. 

          Ресей мен Қазақстанның сауда-саттық байланысы түзелгеннен кейiн екi елдiң арасындағы саяси байланыстар да жақсара бастаған. 70-шi жылдардың аяғында қазақ ханы Хақназар өзiнiң «патшамен ұлы князьбен тату екенiн» айтқан.     Бiрақ осы сауда және саяси қарым  — қатнастардың одан әрi өркендеуiне Сiбiр хандығы көп тосқауыл жасады. ХУI ғ.70- жылдарында Ресей мен Сiбiр хандығының өзара қақтығыстары шиеленiстi. Сондықтан да Ресей үкiметi Сiбiр хандығына қарсы күресте  сенiмдi одақтас iздей бастады. Осындай одақтас қазақ хандығы болатын. 1594 жылы Орыс мемлекетi Қазақстан арқылы Сiбiрмен байланыс жасау әрекетiне кiрiстi. Осы мезгiлде Ертiс саласы Тара өзенiнiң бойында оңтүстiкке көшiп кеткен Көшiм ханның Тобольск бекiнiсiне жасаған шабуылдарын тоқтату мақсатымен Тары қаласы салынған болатын.   Одан бұрын орыстар Ертiс өзенiң бойлап    едәуiр алға жылжыған. Олар Ямыш көлiне дейiн келiп, кiшкене кемелермен тұз алып тұрған. Тарихи зерттеулерге қарағанда, орыстардың кiшкене қайықтардан құралған керуендерi Ертiстен жоғары өрлеп Қазақстанға, ал Орта Азия сауда керуендерi қазақ далалары арқылы Ресейдiң Астрахань, Самара т.б. қалаларына қатынап тұрған. Бұхарадан шыққан сауда керуендерi Ертiс бойын жағадап Сiбiрге барып, бұл жерде олар өздерiмен бiрге алып келген мата, кептiрiлген жемiс т.б.товарларын астыққа, аң терiлерiне айырбастап, кейiн қайтатын болған. Ал, Тобольскiден шығатын сауда жолы Орта Азияға қарай Ертiс, Есiл өзендерi арқылы өтiп, одан әрi Ұлытаудан Сарысу өзенiн бойлап Түркiстан қаласына дейiн баратын. Бұл жерден Сырдария өзенi арқылы Бұхараға барып тiрелген.  Қарастырып отырған тарихи кезеңде Ресейден Қазақстанға дипломатиялық миссия мен топтар ағылып жатты, ал қайтарда олар көп мөлшерде товар тиелген көпестiк керуендермен қайтатын едi. Егер ХУI ғ. елшi-сауда керуендерi тек Москвада ғана қабылданатын болса, ХУII ғасырда және одан кейiнгi уақыттарда Самара, Саратов, Қазан, Ярославль, Тобольск сияқты iрi сауда орталықтарында қабылданатын болды. Орта Азия хандықтарына Қазақстан арқылы өтетiн транзиттi сауда керуендерiнiң қауiпсiздiгiн сақтау  үшiн де екi ел арасындағы дипломатиялық қатнас қажет болды. Орыс елшiлерi Қазақстан жерiне ағыла бастады. Қазақ хандары да сауда қатнастарын нығайтуға мүдделi болды. 1687 жылы Ресейге елшi жiбере отырып Тәуке хан былай деп жазды: «Подданым людям подобно покой, и послы и торговые люди межнами ездили, добрая, слава межнами хорошая будет».[8]  1667 жылы Тәуке хан Тобольскiге Башим батырды жiбередi. Ондағы мақсаты орыс көпестерiн шақырту едi. Ресей мен Қазақстан арасындағы сауда қаоым-қатнастарының нығаюына әсерiн тигiзген бiрiншiден, ХУI ғ. аяғындағы Сiбiр қалалары: Тюмень, Тобольск, Верхотуры, Тары және Томскiнiң салынуы, екiншiден қамалдарының: Омск (1716), Железинск(1717), Семипалатинск(1718), одан кейiнiрек Усть-Каменогорск тағы басқаларының салынуына байланысты.

                I Петр қайтыс болғаннан кейiн қазақ хандарымен келiссөз үзiлдi де ХУIII ғ. 20-30 жж. қайта жанданды. Оның себебi, бiрiншiден екi елдiң өз iшiндегi жағдайлардың шиеленiсуi болса, екiншiден торғауыт-қалмақтардың батысқа қарай жылжуы да әсер еттi.Олардың жайлаулары жаздыгүнi Ырғыз, Елек және жем өзендерiнiң бойларында болатын. Ал, қыс айларында Жайық өзенiмен өтiп үлкен және кiшi өзенмен Самара өзенiнiң жоғары жағына барып қыстайтын. Осы жерлердi қалмақтардың басып алуы себептi құрғақ жолдың жабылуы, сөз жоқ қазақ-орыс елшiлiк қатнастарының одан әрi нығаюына уақытша болса да кедергi жасаған.

          Ресей мен Қазақстан арасындағы қатнастардың дамуына себеп болған жағдайлардың бiрi- Жоңғар феодалдарының агрессияшыл пиғылдар болды. Осы арада Тауке ханның рөлi зор. М.Трошиннiң 1694 жылғы елшiлiгi табысқа жете алмады, бұл елшiлiк тұтқындағы орыстарды қайтару  және шекарадағы жанжалдарды тоқтату туралы талап қоюды мақсат тұтқан едi.[9]  Бұған қарамастан Тәуке хан өзiнiң саясатында орыстар деп қазақтардың жақындасуы үшiн табандылықпен көптеген әрекеттер жасады, 1686-93 жылдары Сiбiрге 5 рет елшiлiк жiбердi. Ресей де қарым-қатнас орнатуға мүдделi болды. Қажеттi алғы шарттар жасау үшiн өз тылын нығайтып шекарасын жоңғарлардың шапқыншылығынан қауiпсiздендiру керек болды. Жоңғар шапқыншылығының жиiлеуiне байланысты Ресеймен қарым-қатнасты жақсарту ХУII ғ. басынан бастап қазақ хандықтарының  өмiрiндегi мiндетiне айналды. Елшiлердiң алмасуы жиiледi. Елшiлiктер қызметi нәтижесiнде Ресей әкiмдерi мен қазақ билеушiлерi арасында жоңғарға қарсы бiрлесiп күресу туралы келiсiмге нақты мүмкiндiк туды.Бiрсыпыра жағдайларға байланысты қазақ хандарымен жүргiзiлген келiссөздердiң бiрдi-бiрi аяғына дейiн жеткiзiлмедi, бiрақ осы келiссөздер маңызды болды. Қазақстар үшiн Ресеймен жақындасудың қажеттiгi саяси жағынан қарағанда сыртқы шабуылдан қорғану әрi экономикалық қатынасты дамыту мәселесiне байланысты болды. Патша үкiметi Орта Азия қалалары мен Сiбiр ортасындағы керуен жолдарын билеп тұрған қазақ ханы Таукемен байланысты күшейтуге әрекет жасаған.  Тауке хан мен Ресей елшiлiк қатнастарды нығайта беру мақсатымен 1696 жылы өз елшiлiгiн орыс патшасына сыйлық ретiнде ат берiп жiбередi. Қазақ елшiсi құрметпен қабылданып, орыс елшiлерi Шношке Шапошников және Назир Надировпен бiрге қайта оралады. Орыс елшiлерi Түркiстанға тоқтап Тауке ханмен кездесуге және орыс  патшасының оған жiберген грамота қағазы мен сыйлығын тапсыруға тиiстi болды. Олар осы тапсырманы орындағаннан кейiн қазақ хандарының астанасы Түркiстан қаласынан Бұхараға аттанады. Онда екi ай болып оралғанда Тауке өзiнiң Тұғынай және Қарашай деген елшiлерiн қосып Сiбiрге аттандырған. Қазақ елшiлерi  орыс патшасының атына жазылған хат және оған арналған садақ, жiбек, кездеме т.б.сыйлықтар  ұсынған.[10]  Осы қатнастардың табиғи жалғасы болып табылатын ХУII ғ.90-шы жылдарындағы екi ел арасындағы елшiлiктер едi. Сол кездегi елшiлiктер өзi бiр жағынан, сауда –саттықпен айналысқанын байқауға болады. Басқаша бұл елшiлiктер кiшi-герль сауда керуенi деп атаса да болады. Қазақ елшiсiмен келген түркiстандық саудагер Елсейiт Шүкiров( Қазақ елшiсi 1694 жылы октябрьде хан Тауке Ресейге жiберген Қолтубай Аталықов) екеуi алып келген төрт тең сауда жүктiң iшiнде бұхаралық маталар, әр түрлi кездемелер болған. Бұл салт сол елшiлiктi жiберген елдiң көршiмен достық қарым-қатнаста екендiгiн растайтын белгiсi болса керек. Орыс елшiлiгiн Феодр  Скибин мен Матвей Трошиндер басқарған. Олар 2,5 мың км жер жүрiп  Тауке ханның ордасы Түркiстан қаласында болып онымен келiссөздер жүргiзген. Бұл келiссөздердiң мақсаты- Қазақстан мен Ресейдiң қарым-қатнастарын жақсарту, екi елдiң арасындағы дипломатиялық байланыстарды нығайту. Орыс үкiметi өз елшiлерi арқылы Тауке ханға қазақ феодалдарының орыс мекендерiне шабуыл жасауын тию туралы талап қойғанда Тауке хан орыс селендерiне шабуыл жасап жүргендердiң хан ордасынан алыстағы рулардың өкiлдерi екендiгiн, оларға тиым салу салу қолынан келмейтiндiгiн айтқан. Орыс мемлекетiмен алдағы болатын қарым-қатнас мәселесiн Тауке хан билер кеңесiне салған кезде олардың көпшiлiгi Ресеймен соғысуды қолдаған. Қазақ шоңжарлары Ресеймен бейбiт қатнаста болудың екi ел үшiн де тиiмдiлiгiн түсiнгендiктен орыс елшiлерi Ф.Скибин мен М.Трошиндi  соғыс тұтқындары ретiнде Түркiстан қаласында қалдырған. Тауке хан бұл iстiң қолайсыздығын түсiнген болуы керек, әйтпесе Трошин мен Скибиннiң тез арада Бұқараға қашып кетуiн түсiндiру қиын-ақ. Олар аман-есен 1697 жылы Тобольск қаласына оралған. 

Қазақстандағы географиялық зерттеу iсiне орыс елшiлерiнiң атқарған қызметi айтарлықтай. Мәселен, Скибин мен М.Трошиннiң мәлiметтерiне сүйенiп, ХУII ғасырдың соңында карта жасалынды. Бұл картада Скибин мен Трошин бастаған елшiлiктiң Тобольскiден Түркiстанға дейiнгi жолы кiрген. Осы кiтаптың негiзiнде 1701 жылы Семен Ремезов өзiнiң «Чертежная книга Сибири» атты еңбегiн жазды. Бұл кiтапта қазақтың үш жүзiнiң территориясы да көрсетiлген.

           ХУII ғасырдың аяғына дейiн болған қазақ-орыс саяси қатынастарының  жалпы шолуын бере отырып, одан шығатын қорытындыларға тоқталсақ. Бiрiншiден, Қазақстан мен Ресей арасындағы тарихи қатнастар iлiгерiден басталып, мейлi дипломатиялық, мейлi шаруашылық немесе сауда-саттық түрде болсын, барлық жағдайда, әр кезеңде үзiлместен сақталып отырған.

          Екiншiден, ХУII ғасырдағы елшiлiк қатнастар Қазақстан мен Ресейдiң саяси-экономикалық байланыстарын нығаюына ықпал етiп, екi ел бiрiн-бiрi шаруашылық, саяси-әлеуметтiк және географиялық жағынан таныған.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

II-тарау. ХУII ҒАСЫРДЫҢ ЕКIНШI ЖАРТЫСЫНДАҒЫ РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАН

 

2.1 Қазақстан жерiндегi ХУII ғасырдың 30-60 жылдарындағы

саяси ахуал. Кiшi Жүз қазақтарының Ресейге қосылуы.

 

 Жоңғариямен күрес қазақ хандығының Россиямен жақындасуын тездеттi. ХУII ғасырдың аяқ шенiнде солтүстiкте, Сiбiрде қазақ қоңыстары орыс мемлекетiнiң шекарасымен iргелесiп қона бастады. Мұның өзi Россия мен Қазақстанның сауда және саяси қатнастарын  нығайтуға қолайлы жағдай туғызды. Сөзiмiздi дәлелдеу үшiн Тауе ханның 1691 жылы орыс патшасына жазған хатына тоқтала кетейiк: «Сiздiң бабаларынңыз бен әкеңiз сол кездерде (ХУII ғ.30-60 жылдары туралы айтылып отыр) өз адамдарын бiзге жiберiп, ал бiздiң елшiлер сiзге барып тұратын едi. Екi елдiң арасындағы сауда адамдары бiр-бiрiмен кеңесте  болып, достық қатынаста болатын».[11]  Келтiрiлген үзiндiге  қарағанда, екi мемлекеттiң  арасындағы саяси-дипломатиялық қарым-қатнастардың бiрден-бiр өлшемi болып есептелетiн сауда байланыстарының ХУII ғасырдың 30-60 жылдарында үзiлмегендiгi байқалады.

          Сауда — саттық қатынастардың бұдай былай да үзбей  жалғастыра берудiң  қажет екендiгi екi елдiң  де мемлекеттiк қайраткерлерi жақсы түсiнген. Мысалы, Тауке хан 1694 жылы октябрьде өз елiшiсi Қолтубай Аталықов арқылы орыс патшасы 1 Петрге Россиямен достық қарым – қатнасты қалпына келтiруге, сауда байланыстарын жүргiзуге дайын екендiгi туралы хабарлаған. Елшi Аталықов Тауке ханның бұл бағытта қандай келiсiмдерге болса да баратыны жөнiндегi және өткен кездегi достық қарым-қатнастарды қайтадан жандандыруға дайындығын орыс өкiметiне жеткiзген.

Елшi Аталықовқа Тауке ханның екiншi тапсырмасы –ХУII ғасырдың 80-жылдарында қазақ феодалдарының Сiбiр селендерiне жасаған бiр шабуылы кезiнде  орыстар қазақтың Келдi деген атақты мырзасын тұтқынға алып қалған болатынды. Тұтқыннан босату үшiн қазақ шоңжарлары бiраз iрекеттер жасағанмен, нәтижесiз қалғанды. Ендi Тауке хан Келдi жөнiнде орыс патшасы I Петрге хат жазып, оның босатылуын сұраған.

         Қазақ елшiсiнiң сөзiне қарағанда, Тауке хан өз сұлтандары мен билерiн талай рет жинап алып, оларға  орыс шекараларына тұтқиылдан шабуыл жасауын тиюларын талап еткен.[12] Екi елдiң арасында анда-санда болып тұратын осындай тиiмсiз қатынастар туралы айта келiп, Тауке хан олардың екi жақ үшiн де «қайырымсыз iс» екенiн, бұдан бұлай  оларға жол бермеу керектiгiн көрсеткен.

   Бiрақ ханның бұл талаптарына өарамастан, қазақтың ру басылары

орыстың соғыс бекiнiстерi тым жақын болғандықтан Россияға онша сене қоймайтын. Дегенмен, Жоңғариының қауiп төңдiруi және онымен күресу орыс мемлекетiмен қалайда жақындасуды талап еттi. Жоңғар отрядының орыстың Сiбiрдегi селендерiне  шабуылын тоқтатпауы Сiбiрдегi орыс әкiмшiлiгiнiң де мазасын алып, ендi Қазақстан мен Россия арасындағы одақ екi жаққа да тиiмдi болп көрiндi. Оның үстiне патша үкiметi қазақ жерлерiн шығыстың бай елдерiне- Орта Азия мен Үндiстанға өтетiн қақпа деп танып, Қазақстанмен ара-қатнасты бұзбауға тырысты. Сондықтан орыс үкiметi 1694 жылы өз елшiлерiн жiберiп, екi мемлекет ортасындағы қарым-қатнастарды реттеу мәселесiн қойды. Оқиғалардың бұдан кейiнгi барысы байланыстардың нығайып, дамуына жәрдемдестi. Ресейдiң және қазақ хандығының шекараларына жоңғарлардың қауiп туғызуы бұл ретте аз роль атқарған жоқ. Жоңғар билеушiлерiнiң агрессиялық iрекеттерi қазақ  хандарының сондай-ақ орыс өкiметiнiң өздерiнiң күштерiн де «о«рат қатерiне» »арсы бiрiктiруге ұмтылдырды. 1616 жылдың өзiнде-ақ Тобыл воеводасы Куракинге шекараны қорғауға және жоңғарлардың Ертiстi бойлай iлгерлеуiне, Сiбiр қалаларына қарай жақындасуына жол бермеу үшiн қазақ хандығымен бiрлесiп шара қолдану тапсырылған. 1630 жылы Қалмақ тайпаларының орыс азаматтылығына өтуi, оларға қазақ хандығымен башқұрт жерлерiне өтпеуге, өздерiнiң көшiп-қонатын жерлерiн ғана мекендеуге шарт қойылды. Бұл шара қазақтарды Ресей жағында ұстап тұруға әрi жоңғарлармен   соқтығыс бола қалған күнде қазақтармен серiктесу үшiн жасалған едi. Тарихи тәжiрибеге қарағанда, жоңғар хандығының күшеюiне мүдделi болмаған Ресей қазақтардың жоңғарларға қарсы күресiне жәрдемге келуге мүдделi едi. Оның үстiне көреген қазақ билерi де Ресейге  сүйенбейiнше сыртқы қауiптi жоюға болмайтының  да түсiндi. Сонымен қатар шекарасын сырттан қорғайтын қазақ хандығымен достық инетте болуды қолдады.

 Жоңғарлар- Жұңғоның жазба деректерiнде  батыс моңғолдар деп аталады. Батыс Моңғолияны мекен еткен ойрат тайпалары едi. Ойраттар туралы алғашқы деректер 1204 жылдан бастап тарихи деректерде берiлдi. 1206 жылы Моңғолияда құрылған Шыңғысханның әскерлерiнiң сол қанатына қосылды. Сол қанат моңғол тiлiнде-сол қол деп аталады. «Жоңғар», «жоңғария» деген атаудың арғы тегi осы моңғол тiлiндегi «сол қанат» яки «сол қол» әскер дегеннен шыққан. 1368 жылы Жоңғаны билеген Иуан патшалығы құлаған соң Моңғолияда өзара қырқыс туады. Шығыс моңғол жоңжарлары мен Батыс моңғол билеушiлерi Жоңғоның iшкi өлкелерiне келетiн керуен жолын билеуге таласты. ХУ ғ. алғашқы жартысында батыс моңғол «ойрат» билеушiлерi Тогон (1418-1440), Есен(1440-1455) жеңiске жетiп, бүкiл моңғолияға билiк етедi. Алайда ойраттар билiгi онша ұзаққа созылған жоқ. ХУ ғ. екiншi жартысында Моңғолиядағы билiгiнен айрылды. Жоңғонның iшкi өлкелерiндегi базарлармен байланысы үзiлдi. Мұның өзi ойрат қоғамының экономикасына зардабын тигiзбей қоймады.[13]  Шығыс моңғолдың қалқа тайпаларынан жеңiлiп батыс моңғолдардың  ойрат тайпалары бұрынңы өрыс қоңыстарынан айрылып, тоз-тоз болып қоңы аудара бастады. Олар қазақ далаларына және моңғолстан қарамағындағы Жетiсу өңiрiне ене бастады. Бұл жердегi жайылымдық жерлер үшiн көшпелi тайпалармен қақтығысты. Бұл кезде бытыраңқы ойрат тайпалары моңғолстан хандарының және қазақ хандарының  шапқыншылығына ұшырады.  Өздерiнiң алғашқы шабуылыныда сәтсiздiкке ұшырап, қазақ хандығынан жеңiлген ойрат тайпаларының бiр бөлiгi ХУI ғасырда қазақ хандығына бағынып, тәуелдi болды. Орыс патшасы IУ Иван –ның ноғай ұлыстарына жiберген елшiсi Данила Губин 1536 жылы Москваға қазақтардың күштiлiгi және олардың  ойраттарды бағындырғандығы жөнiнде хабарлаған. [14]

         И.Я.Златкиннiң зерттеулерiнде келтiрiлген дәлелдерге қарағанда, ойрат тайпаларының қазақ қол астына қарасты жерлерге жақын көшiп қонып жүрген бiр бөлiгi ғана қазақ хандығына қарады. Ал басқа ойрат тайпалары өз дербестiгiн сақтады-делiнген.

 1598 — 1599 жж. Орта  Азияға  жасаған  кезектi   жорықтарында

ойраттар өздерiнiң қазақтардың билiгiнде болғандығын мойындамаған, оған қосымша дәлел 1603 жылы ойраттардың Хорезмге жасаған жорығы туралы хабарлау мол әрi оқиғаның замандасы Әбiлғажы өзiнiң дерегiнде ойрат тайпаларының қазақ хандығына тәуелдiлiгi туралы ешнәрсе айтпайды. [15] 

        ХУII ғасырдың басында шығыстан жаңа көшпелiлер тобының келуiне байланысты  ойраттар күшейiп, олар қазақ билеушiлерiне ашықтан-ашық жауласа бастайды. Бұл кезде ойрат тайпалары бытыраңқы, ал қазақтар жұм, күш қуаты мығым болатын. Бiрiккен қазақ хандығына соқтыққан бытыраңқа ойрат иелiктерi жеңiлiске ұшырапт отырады. ХУII ғ. 20-шы жылдарында ноғайлармен күш бiрiктiрген қазақ хандары мен сұлтандары ойраттарды Жетiсудың бүкiл ең бойынан қуып шығуға күш салған. Бұл жолғы шайқастың аяғы тыныштықпен шешiлген. Тобыл воеводасының елшiсi Яков Буголаковтың айтуына қарағанда, ойрат тайпаларына 1624 жылы қазақтың Тұрсын мен Есiм хандарынан келiсiмге келiп, бiтiм жасауға елшiлер келген.

  ХУI ғ. аяғы мен ХУII ғ. басында iшкi-сыртқы қиын-қыстау жағдайға душар болып, ауыр дағдарысқа ұшыраған ойрат халқы өздерiнiң бытыраңқылығын жою үшiн бiр орталыққа бағынған феодалдық хандық құруға ұмтылды.

         ХУII ғ. 20-ж. ақыры мен 30-ж. басында шорс тайпасының басшысы харахулай майданға шықты. Ол iшкi жақтан ойрат тайпаларын бiрте-бiрте бiрiктiрдi, сыртқы жақта қалқы, моңкол тайпаларының билеушiсi  Алтан ханға және моңғолсатн хандары мен қазақ хандарының шапқыншылығына  қарсы күрестi,  барлық соғыстар мен жорықтарда өзi шеру тартып қол бастады. Мұның өзi ауыр ауыр жағдайға ұшыраған ойрат тайпасының  хал-жағдайын жеңiлдете бастады. Харахулайдың баласы Батұрдың(1635-16353) тұсында ойраттар күшейдi. 1635 жылы ойрат тайпаларының одағы қалыптасты. Бұл тарихта «жоңғарлар» деген атпен белгiлi болды.

          1640 жылы Тарбағатай маңында (Жоңғарияда) моңғол және ойрат иелiктерi өкiлдерiнiң құрылтайы болып, моңғол-ойрат заңын Саажин билiгi қабылдады. Бұл заңның мақсаты-сырттан қауiп төңген жағдайда оған қарсы күш бiрiктiру және шоңжарлардың халық бұхарасына деген үстемдiгiн күшейту болды. Осы мезгiлден бастап жоңғарлар күшейе түстi. Бұл кезде моңғолстанның жеке-жеке иелiктерге бөлшектенiп кетуi ойраттардың батыс пен оңтүстiктен төнген қауiптi бәсендеттi. Тауекел ханның мұрагерлерi Есiм хан мен Тұрсын хан арасындағы алаауыздық қазақ хандығын әлсiретiп, жоңғарларға батыстан төнетiн қауiптi жеңiлдеттi. Ойрат-жоңғар одағының ең жоғарғы билеушiсi Хұнтайжы деп аталды. Оның қол астында тайшалар, нояндар, жайсандар деп аталатын әскери феодал шоңжарлар болды. Жоңғар хунтайжылары өздерiнiң жұңғонның құрамдас бөлiгi екендiгiн, бұлар билеген территориясының Чин патшалығына тәуелдiлiгiн мойындап, Ежен ханға (Чин патшалығының патшасы) үнемi алым-салық төлеп және маңызды саяси-әскери мәселелердi  шешуде Ежен ханнан нұсқау сұрат отырды.

         1698 жылы қазақтар мен жоңғарлардың арасындағы соғыс болғанда, жоңғарлардың хұнтайшысы Суан Рабдан Канчи патшаға мәлiмет жолдап: Қазақтың Тауке ханы ойрат халқын қырып-жайып, тонап жатыр. Ойраттарға қарасты ұранқайларға талан-таранжыға ұшыратты, «қызметкерлерiңiздiң шеру тартып, оларға қарсы аттанатының ұлы мәртебеңiзге мәлiмдеп, бұйрық күтемiн»-деп өтiнген болатын.[16]  Жоңғарлар ХУII ғасырдың екiншi жартысы мен ХУIII ғ. әскерлерiн жасақтап әбден күшейдi. Олар Сiбiрдегi орыс қалалары мен бекiнiстерiне айырбас сауда жасап, олардан қару-жарақтар сатып алып отырды. Жоңғар iскерлерi жорық кездерiнде жүх мың адамға дейiн жеттi, бұлардың әскерлерiнде қолға түскен тұтқындардан болған құлдар пайдаланылды. Әскер iшiнде қатаң тәртiп сақталды, тәртiптi бұзғандар қатаң жазаланды. Жоңғар феодалдары өздерiнiң әскери күшiне сене отырып, қазақ хандығының жоңғарларға iргелес жатқан өңiрлерiндегi ұлан байтақ жайылымдарын иелендi. ХУII ғ. ақырында ойрат-жоңғар тайпаларының бiразы қазақ хандығына бағынған болса, ендi жоңғарлар басып алған кездегi қазақ тайпаларының бiразы жоңғар құнтайшыларына бағынып, алым- салық төлеп, аманат берiп тұрды. Жоңғарлардың өрiс-қоңысы батыс Моңғолиядан Iле өңiрiне дейiн созылды және қазiргi шығыс, шығыс оңтүстiк Қазақстан территориясының бiр бөiлiгiн алып жатты. Қазақ-жоңғар қатнастары кейде шиеленiсiп, қан төгiс соғыстарға ұласып, кейде бәсендей отырып 120 жылға созылды. Талас-тартыстардың негiзгi түйiнi көшпелi мал шаруашылығымен шұғылданған екi елдiң шұрайлы, жайылым жерлерге және Жетiсу мен Сырдария өңiрiн басып өтетiн керуен сауда жолдарындағы қалаларға таласуы болды.

                   Батур хұнтайжының (1635-1653) тұсында қазақ-жоңғар қатынасы мейлiнше шиеленiстi. Үш рет iрi шапқыншылық жасап, қазақ пен жоңғар ортасында үш ре  iрi қанды шайқастар болды. Бiрiншi шайқас 1635 жылы. Бұл соғыста қазақ әскерлерiне қолбасшылық жасаған Жәңгiр хан қолға түсiп, қашып құтылған, бұл жоңғарлардың басым болғандығын көрсетедi. Екiншi шайқас 1643 жылы болды. Бұл шайқаста Жәңгiр хан әскери тактиканы шебер қолданғандықтан Батур хұнтайжы күйрей жеңiлiп, шегiнуге мәжбүр болған. Үшiншi шайқас 1652 ж.болды. Бұл шайқаста қазақтар жағы жеңiлдi. Осы шайқастан соң 1653 жылы Батұр хұнтайжы өлiп, орынна баласы Сенген(1653-1670)отырады. Жоңғарлар арасында билiк үшiн таластар басталып қазақтар даласына жасаған шабуылдары бiраз тоқтайды. 30 жылдық тыныш өмiр сүредi.

  ХУII ғ. 80-шi жылдарында жоңғар феодалдары Оңтүстiк Қазақстан мен Сырдария бойындағы керуен жолдарымен сауда орталығы саналатын қалаларды басып алу үшiн бiрнеше рет шабуылдар жасады. Бұл жөнiнде орыс елшiсi И.Виковский былай деп жазды: « тауық жылы 1681 ол (Халдан Бұшұқты хан) шеру тартып ғарiп Сайрам қаласын қоршады, ит жылы (1682) қайтадан көшiп Iле өзенiнiң бойын қыстады. Доңыз жылы (1683) қайтадан Сайрамға жорық жасап, жазда Сайрам қаласын қиратты».[17] 1697 жылы Халдан Бұшұқты хан өлiп орнына Суан Рабдан отырды. Осы Суан Рабдан(1697-1727) тұсында жоңғар   феодалдарының қазақ даласына шапқыншылығы үдедi. ХУII ғ. ақыры мен ХУIII ғ. алғашқы ширегiнде жоңғарлар қазақ жерiне жетi дүркiн (1698-1711-1712-1714-1718-1723-1725) басып кiрдi. Қазақ-жоңғар қатынасының мұншалық шиеленiсуiнiң себебiн жоңғар хұнтайжысы Суан Рабдан өзiнiң Қаңчи патшаға жолдаған мәлiмдемесiнде: Қазақтың Тауке ханның ойраттарды қырғындап, ұранқайларды шапқындығынан болды»,-деп түсiндiредi. Суан Рабдан орыс елшiсi Иван Винковскийге айтқан сөзiнде: бұл соғыстың басталуына қазақтар себепшi болды, қалмақ ханы (Едiл жағасындағы) Аюге ханның Суан Рабданға ұзатылып бара жатқанын көш-керуенiне қазақтардың шабуыл жасауынан басталды деген. Бұл тек сылтау болды.  ХУIII ғасырдың алғашқы ширегiнде жоңғар феодалдарының шапқыншылығы қазақ халқын «Ақтабан шұбырынды» апатына душар еттi.

           Ал, ендi ойраттардың орыс патшалығы қатнасының қалыптасып, кейiн оның алғашқы кездегi екi жақты достық қатнастан бiр-бiрiне қарама-қарсы, жаулаушы елге айналу тарихына тоқталып өтейiк. Ойраттар Баки-Мұхаммед басшылық жасаған (1599-1605) жылдары Хорезмге басқыншылық соғысын жүргiздi. Бұл ойраттардың ХУII ғасырдағы Орта Азия мен Қазақстанға жасаған iрi жорықтары болып саналады. Алайда бұл жорықтың сәтсiздiкке ұшырауы былайшы түсiндiрiледi. Моңғолияның солтүстiк шығысында моңғол-хотогайто мемлекетiнiң басшысы Алтын хан Шолой-Хұнтайжы (1567-1627) жоңғарлардың жолын бөгейдi. Ендi олар шығысқа қарай Сiбiр аудандары арқылы жилжиды. Бұл тұста жоңғарлар Тара, Тобольск,Тюмен орыс горнизондарының қарсылығына тап болады. Бiрнеше қарсыластарымен бiрден шайқасуға әлдерiнiң келмейтiнiң бiлген ойраттар 1608 жылы орыс патшасымен бiтiмге келуге әрекет жасайды. Осы кезде ойраттар Ембi, Янка, Волга жағалауындағы ноғайлармен де қарым-қатынастары нашарлаған. Қауiп төнiп отырған үш майдандағы-қазақтармен, ноғайлармен, орыстармен болатын күрес жоңғарлардың өз күшiне сенiмсiздiгiн күшейттi, сол себептi жоңғарлар орыстармен келiсiмдi тездетiп жасауға асықты, қазақтармен және ноғайлармен шайқастар тылды нығайту мақсатын алдарына қойды.

Орыстар тарапынан тайшилар тұтқындарды босатып, ясак төлесе және Сiбiр елдi мекендерiне шабуыл жасаймыз деген келiсiмiн алып келiсiмге келдi. Мұнан кейiн ойрат феодалдары алдымен қазақтарға сосын ноғайларға шабуыл жасағандығын бiлемiз.  Қазақтар мен ногайларға жасалған жорықтарының сәттi болуына байланысты ойраттар өздерiнiң орыс мемлекетiне қарым-қатнасын күрт өзгерттi. Сөйтiп Сiбiр елдi мекендерiне орыстардың қол астындағы шығыс сiбiр татарларына шабуыл жасады. Ойраттардың Сiбiр елдi мекендерiне шабуылдары Романовтар үйiнiң бiрiншi өкiлi патша Михайл Федоровичтi(1596-1645) қазақ билеушiлерi арасынан өзiне одақтас iздеуге мәжбүр еттi.

          Орыс үкiметiне «Савранский патшаның» документтерiндегi мәлiметтерден Орта Азия мен Қазақстан билеушiлерiнiң арасындағы беделдi сұлтан Абылай белгiлi болды. Сөйтiп орыс үкiметi Абылаймен ойраттарға қарсы әскери-саяси одақ құруға тырысты.

           Одақтасу жайлы бұл шарттың екiншi жағы да бар едi, ал Сiбiрдiң жергiлiктi билеушiлерiнiң қазақтармен екi ортадағы ойрат шабуылы үзген сауда қарым-қатнасын қайта жалғастыру болатын. Оны Тобольскiнiң воеводы И.Куражинге жiберiлген указдың мазмұнынан көруге болады: «С.С.Савранским де казацкие орды с Аблай ханом о торговле и о калмаки ссылати…, чтобы раздел и добра хотя великому государю торговых людей со великими товарами к нам Тобольск и в иные сибирские городы отпускал, а твоих государевых торговых людей к себе и в иные городы которые под ним, пушал и назад отпускал безо всякого задержания, а на колмацких бы людей стоять ему с государевыми людьми заодно».[18]  Қазақ — жоңғар қарым -қатнастарының осындай шиеленiсi жағдайында қазақ билiктерiмен Москва мемлекетiнiң арасындағы қатнастарының негiзi салынған.

          Солтүстiк Қазақстан мен шығыс сiбiр территориясына қарай екпiндеп  қозғалып келе жатқан, Қазақстан мен Орта Азия  арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды үзген  ойрат сияқты ортақ жаумен күресуде Москва үкiметi сияқты Қазақстан мен Орта Азияның кейбiр билеушiлерi де ойраттарға қарсы одақ құруға мүдделi болды. Мұның өзi қазақ-орыс қатынасының үдеп, ныгаюына негiзгi болған сыртқы фактор болып саналатын едi. Ал, жалпы Жоңғар мемлекетiне қарсы ұзақ әрi табанды күресiн Қазақстан мен Орта Азия халықтары ХУIII ғасырдың 50-шi жылдарына дейiн жоңғар хандығы жойылғанша жүргiздi.

 

2.2. Қазақ-орыс қатынастарынң нығая түсуiнiң алғышарттары.

 

       Қазақстан мен Орта Азия арасындағы шекаралық саяси билiк тұрақсыз болды, жиi-жиi қолдан-қолға көшiп отырды. Қалаларда басқарудың екi жақты жүйесi қалыптасты. Жергiлiктi басқару басында дiн және сауда өкiлдерi тұрды, ал олардың үстiнен қарайтын қазақ, орта азия, жоңғар феодалдары күштi басымдылығына қарай ауысып отырды. Қазақ қоғамының басқарушы тобы  қарастырылып отырылған кезеңге сәйкес әлеуметтiк ақуалы жағынан екi түрлi болды: бiрiншiлерi Шыңғысхан тегiнен шыққан феодалдық аристократиялық сұлтандары мен хандары. Екiншiлерi жоңғарлардан шығу тегi әл-ауқатты жағынан бәсенбеу, билер, старшиндар, батырлар мен бай мырзалардан тұрды.  Қазақтың хандары мен сұлтандары өздерiнiң Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы ханнан таралдық деп есептеген.[19]  Т.И.Сұлтановтың келтiрген мәлiметiне қарағанда тек сұлтандар ғана хан болып сайлануға праволы болған. ХУIII ғ. 20-шы жылдарының ортасына дейiн Жадипа сұлтанның әулетi хандыққа сайланып келген. Жадипа қазақтың алғашқы сұлтаны Жәнiбектiң баласы. 20-шы жылдардан кейiн қалыптасқан дәстүр бұзылып, орта жүздiң сұлтаны Әбiлхайыр хан болып сайланды. Хан болып сайлану үшiн шығу  тегiмен қоса өзiнiң бақталастарынан байлығы жағынан да қол астындағы рулар санына, билер мен старшиналар алдындағы беделiне т.с.с. сапалық қасиеттерiне, тұрмыс дәрежесiне байланысты болды.

                  А.И.Левшиннiң келтiрген дәлелдерiнде, қанша жерден ақ сүйек, ханның мұрагерi болғанмен, ол ақылы мен байлығы жағынан басқа бақталастарынан ерекше жоғары тұрмаса оның халық жиналыстарында жинаған дауысы ешқандай роль атқармайды,-деген.[20]

             Хандар мен сұлтандардың, старшиндардың келiсiмiнсiз қылмыскердi жазалауға правосы болмаған. Финанстың болмауы хандарға мемлекеттiк аппарат пен тұрақты әскер ұстауға мүмкiндiктерiн болғызбады. Бұл жағдай мемлекеттi сыртқы сәтсiздiктерден қорғансыз күйге қолдырды. Қазақ хандығы экономикасының негiзi көшпелi мал шаруашылығы болды, ал қосалқы шаруашылық ретiнде егiншiлiк пен қол өнерi болды.

          Қазақстан территориясында тарихи даму процесiнiң нәтижесiнде мәдени-шаруашылықтың үш түрлi  типi қалыптасты.: отырықшы егiншiлiк, қолөнер, көшпелi мал шаруашылығы. Егiншiлiк пен қол өнер Оңтүстiк Қазақстанда, көшпелi мал шаруашылығы Солтүстiк, Батыс Қазақстанда және Орталық пен Шығыс Қазақстанда. Ал Жетiсуда аралас шаруашылық қалыптасты.

Көшi-қоң мәселесi табиғат пен климат жағдайына байланысты болды. Жазғы жайлау мен қысқы қыстауға мал шаруашылығымен айналысатын қазақтар бiр-бiрiнен алыста орналасты. Бұл жағдай сыртқы жаулар шабуыл жасаған жағдайда қазақтардың тез ұйымдасуына керi әсерiн тигiзiп отырды.

         Қазақтардың саяси- экономикалық өмiрiнде Сырдария бойындағы қалалар шешушi роль атқарды. Ташкент, Түркiстан, Сайрам сияқты. Осы қалалардың билiгiне таласқан Бұхара, Хиуа, жоңғар, қазақ хандарының феодалдықтары арасында күрестер болды. Себебi қалалар қандай мемлекеттiң  болсын саяси-экономикалық жағдайының негiзгi өзегi болып табылады.

           Қазақ хандығы тұсындағы сауда-саттық пен ақша айналымы. Оңтүстiк Қазақстандағы Сауран, Созақ, Отырар, Сайрам, Түркiстан қалалары қазақ хандығы мен Шейбани әулетi арасындағы ұзақ күресте тартылған арадай ары-берi өте келiп, ақырында қазақ хандығының құрамына қосылды. Ноғай одағының ыдырауына байланысты Жайық өзенi бойындағы Сарайшық қаласы да қазақ хандығына өттi. 1598 жылы қазақ ханы Есiм ханның Бұхара ханымен жасасқан бiтiм-шарты бойынша: Ташкент қаласы сатратымен қоса екi жүз жыл бойына қазақ хандығының iшiнде Түркiстан қаласы қазақ хандығының тұрақты астанасы едi.  Қазақ хандары Түркiстандағы Қожа Ахмет Яссауи ескерткiшi ақ сарайда отырып ел биледi. «Түркiстан қаласы қазақ хандарының астанасы болған кезде Ақ сарай 200 жылдан астам (16-18 ғғ.) хан сарайы қызметiн атқарды.[21]  Бұл қалалар бұрын да қазақ хандығы кезiнде де Жұңғодан, Маураннахрдан және орыс мемлекетiнен келетiн керуен саудаларының түйiлiскен топтары болды. Көшпелi қазақтарға күнделiктi тұрмыс пен өндiрiске қажеттi астық, мақта, мата тағы басқа қолөнер бұйымдары керек едi. Көшпелi шоңжарлар сауда керуендерi арқылы ағылып келiп жатқан- торғын-торқа, шұға-шекпен, алтын-күмiс, асыл заттарға тiптi де мүдделi болды. Қала тұрғындары мен қолөнершiлер көшпелiлерден мал, ет, жүн, терi, жүннен жасалған текемет, киiм-кешектердi сатып алатын болды.  Егiншiлер көшпелi елге астық сатып,  егiс көлiктерiн алып отыруды қажет еттi.  Сауда керуендерi өздерiнiң арықтап, болдырған, мертiккен жауыр болған жарамсыз көлiктерiн көшпелiлiк өмiрде ер серiгi есептелген сауыт-сайман, жау-жарақтарының бiр бөлiгi де айырбас арқылы қолға түстi. Қилы кәсiптер арасындағы қыруар қажеттi қадамдар қалалардың тұрақты базарларындағы сауда арқылы жүзеге асырылатын болды. Сауданың өркендеуiне байланысты ақша айналымы жарыққа шықты және дамыды.

             ХУI-ХУII ғасырларда Оңтүстiк Қазақстандағы Түркiстан, Отырар т.б. қалаларда сауда-саттық мейлiнше өркендедi. Мауараннахрдағы және Хорезмдегi қалалар мен бұл қалалар арасындағы егiншiлiк аудандардың және қыр сахарадағы көшпелiлердiң  сауда-саттық орталығы болды. Кейiнгi кезде жүргiзiлген археологиялық зерттеулер арқылы бұл қалалардан көлемдi астық қамбалары, ұн және басқа астықтарды сақтайтын кебежелер табылған. Бұл осы қала тұрғындарының бiр бөлiгiнiң астық саудасымен шұғылданғанын көрсетедi. Түркiстан, Отырар т.б. қалалардан табылған күмiс теңгелер мен мыс жарақтар бұл қалалардағы ақша айналымының айғағы. Бұл металл ақшалардың бiрсыпырасы ХУI-ХУII ғғ. қазақ хандығының астанасы болған Түркiстан қаласынан шыққан. ХУII ғ. басында Ташкент қаласын астана еткен Тұрсын Мұхаммед хан өз алдына ақша шығарған. Бiрсыпыра металл ақшаларға жазу жазылмай, аң, құс, балықтар сияқты жануарлардың бейнесi  бедерленген және қазақ тайпаларының таңбасы түiрiлген. Металл ақшалардың бiр бөлiгi Мауараннахрды билеген Әмiр Темiр әулетi мен Шейбани әулетiнен шыққан хандардың атындағы ақшалар болған. Түркiстан, Отырар т.б. жерден табылған металл ақшалар қазақ хандығы тұсындағы сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы дамығандығын дәлелдейдi. Қазақ хандығы тұсында қазақтардың бiр бөлiгi қалада тұратын болды. Түркiстан сияқты астана қалаларды билеген хан, сұлтандармен олардың қорғаушы әскерлерi және нөкерлерiнен басқа, қаланың қазақ тұрғындары да болды, қазақтарда саудагершiлiк кәсiбiмен айналысты. Тек  елдiң iшiнде ғана емес, шет елдерге барып сауда қылатын қазақ саудагерлерi де болды. Тауыш мерген Түркiстан қаласын суреттей келiп: «ол қалада 1000 адамдай қазақтар тұрды… сол қаланың өзiнде олардың заңы бойынша мешiт салынған» — дейдi.[22]

          ХУI ғасырдағы Орта Азия тарихшысы Розбехан Исфапани қазақ саудагерлерiнiң «үнемi ислам елдерiнде бұрын да, қазiр де барып отыратын» Орта Азия билеушiсi Мұхаммед Шейбани ханның қазақтардан қауiптенiп, қазақ саудагерлерiнiң келуiне тйым салуға және оларды тонауға бұйрық шығарғанын жазған.

         ХУII ғ. Қазақстанның өндiргiш күштерi  өте баяу өркендедi,  мал шаруашылығы бұрынғысынша, табиғаттың стихиялық күштерiне едәуiр байланысты болды және экстенсивтi сипатта едi. Қазақстанның кейбiр аудандарында болған егiншiлiк кәсiбi әрi төмен дәрежеде, әрi мұның қазақ шаруашылығындағы үлес салмағы шамалы болды. Жер өңдеу техникасы қарапайым, еңбек өнiмдiлiгi тым төмен болып қала бердi. Қолөнер нашар дамып, халықтың шаруашылық, тұрмыс қажеттерiн қанағаттандыра алмады. Қазақстанда үстем болған  заттай шаруашылық баяу ыдырап, товар өндiрiсiнiң көлемi мардымсыз болды.  Қазақ хандарының экономика жағынан артта қалғандығы  заттай шаруашылықтың үстем болуы, iшкi рынок, iрi қалалардың болмауы- қол өнер мен сауда орталықтарының болмауы бытыраңқылықты жеңiп, қазақ жерлерiн орталықтанған мемлекетке бiрiктiре алатын қоғамдық күштердiң қалыптасуына бөгет жасайды.

  Қазақстанның iшкi саясаты 1727 жылы Жоңғарияда үкiмет басына Галдан-Цареннiң келуiне байланысты бұрыңғыдан бетер шиеленiсе түстi. Себебi ол Қазақстанға қарсы жаңа басқыншылық саясатты жандандырды. Дәл осы тұста iшкi феодалдық бытыраңқылық жағдайында Әбiлхайырхан Ресеймен жақындасудың шешушi шараларын жасады. Алғашқы кезеңде Ресей үшiн Қазақстан оның шығыстық сыртқы саясатын iске асыруға қажет болды. Ресей патшаларының Қазақстанмен жақындасу мақсаттары қазақ феодалдарының да осындай мақсаттарына  ұшарасып отырды. Ресей мен қазақ хандарының өзара қарым-қатынасының қалыптасу процесiнiң түрлi себептерi мен формалары болғандығын жұмыстың алдыңғы тарауларында айттық. Гегемондық үшiн күрес, iшкi қауiп-қатерге байланысты, сауда қатнастары т.б. Бiрнеше нақты тарихи материалдар мен пiкiрлердiң қорытындысына, анализiне сүйене отырып, солардың iшiндегi ең түйiндiсiн қарастырайық.

         Патшалық әкiмшiлiктiң оңтүстiк және оңтүстiк шығыстағы көршiлерiне жүргiзген саясатына тоқталған кезде, ХУI ғасырға дейiнгi князьдық үйлердегi қалыптасқан iшкi саясат барысын еске түсiре кету орынды. Тоқ етерiн айтқанда Киве Русiнiң өзiнiң көшпендi көршiлерi – пегенегтермен, қара клобуктармен және половецтермен (шығыс деректемелерiнде қыпшақтар) тығыз байланыста болыд. Көшпендi мал шаруашылығымен айналысатын халықтар отырықшы шаруашылықымен айналысушылармен товар айырбас жасап отырды. Әрине, iшкi саясаттың негiзгi принципi жүйелiбейбiт сауда қарым-қатнасы болды. Ал егер сауда қарым-қатнасы бұзылса екi жаққа да керi әсерiн тигiзбей қоймады. Ондай кезеңдер әсiресе ұзаққа созылған тонаушылық кезеңдерi болатын.

Тонаушылық соғыстарды тұтандырушылық көп жағдайда көшпендiлер тарапынан болатын. Бұл жағдайда да Русь княздары өздерiнiң айлакерлiк саясатымен реттеп отырды. Яғни оңтүстiк русь князьдерi өз шекараларының қауiпсiздiгiн нығайту мақсатына сол көшпендiлердiң өздерiнен құралған(бiр бөлiгiн өздерiне қаратып алған) шекараның күзетшi әскерлерiн пайдалануы, сөйтiп өздерiн-өздерiне айдап салып отырды. Осылайша «половецтер» тарихта пайда болды.

                Русьтiң iшкi саясатында шекара қауiпсiздiгiн нығайтудың тағы бiр әдiсi болды. Ол –«Бейбiтшiлiк пен Туысқандық» жөнiндегi келiссөз. Патша үйлерiнiң арасында туыстық және неке қатнастарын қалыптастыру. Бұл сияқты шараларды орыс князьдары ғана емес сонымен қатар басқа да көшпендi, отырықшы халықтар да пайдаланды. Бұл кезеңдерде патша үкiметiнiң Қазақстандағы саясатта алдына экономиканы басты мақсат етiп қоймаған. Қазақстанның Ресей құрамына енуiне қажеттi жағдайлар әлi пiсiп жетiлмеген едi. ХУI ғасырға дейiнгi Ресей елiнiң саясаты  шығыстағы көршiлерiне байланысты, әсiресе қазақ хандықтарымен саяси байланысьы нығайтуға негiзделдi. Оған себеп болған халықаралық жағдайдың әсересе Батыстағы шиеленiсуi едi. Ресей оңтүстiк шығыс пен батыстағы көп жылдық күрестерден әлсiреп, теңiздерге шығу жолдары тарылған. Осыған қарамастан ХУI-ХУII ғғ. Европаның негiзгi державалары Ресейдi халықаралық iстердегi мықты конкурент, шығыспен саудадағы қарсылас ретiнде таныды.

   Европа елдерiнiң Ресейге деген қарсылықтары соғыс арқылы жарияланғанымен шығыс елдерiн Ресейге қарсы соғысуға итермелеу саясатын жүргiзiп отырды. Бiрiншi болып Туркияны, екiншi жағынан Жоңғариы мен Цин империясы төнiп тұрды. Бiрақ ашық қақтығыстар бола қойған жоқ. Осыған қарамастан алдын-ала сақтану шараларын Ресей ойластыра отырып, басты назар қазақ жерiне аударуға мәжбүр болды. Өйткенi бұл аймақ стратегиялық тұрғыда қауiп-қатердiң бетiн қайтаратын қолайлы плацдарм қызметiн атқаратын едi. Сол себептi ХУI ғасырда Қазан, Астрахань, одан ертеректе Алтын Орда хандықтарының ыдырауына байланысты Ресей Қазақстанның басты көршiлесiне айналды.

          Ресей империясының қазақ даласына ден қоюы Жоңғарияның жаулап алушылық соғысына қарсы тұруға, одан кейiн Англияның өз колониясы Индия жағынан Орта Азия елдерiне басып кiрмек болған әрекеттерiн жоюға мүмкiндiк жасады. Әрине бұо Ресей тарапынан Қазақстан мен Орта Азия елдерiнiң ғана қауiпсiздiгiн қорғау емес, ең бастысы өз мемлекетiнiң өмiрiн қамтамасыз ету. Мiне Қазақстанның не себептi Ресей iшкi саясатында әңгiме болып отырған дәуiрге байланысты  неғұрлым күрделi  халықаралық мәселелердi шешуге маңызды стратегиялық рөлге ие болды. Ресейдiң Қазақстан территориясынан жер иемденуi қамалдар салумен қорғанысты нығайтуы, оның әсiресе Азиядағы халықаралық жағдайын нығайта түстi. Көшпелi халықтардың жерлерiн тартып қашандар салуға ХУII ғ. соңына қарай орыс патшалығы бар күшiн салды. Жоғарғы Ертiс қамалдарының пайда болуы мен дамуы орыс-жоңғар қарым-қатынастарымен тығыз байланысты.[23]

            Ресейдегi экономикалық өрлеу, оның басқа елдермен, оның iшiнде шығыс елдерiмен, сауда қарым-қатнастарын нығайтты. I-Петр өзiнiң “Шығыстағы саясатында”  Қазақстанға басты  назар аударды. Себебi Қазақстанды экономикалық және саяси жағынан игеру Ресей мемлекетiнiң шығыс рыногына жол ашты. “Всем азиатским странам и землям,-говорил Петр I- оная Орда ключ и ворота, и той ради причины оная орда потребна под Россиской протекцией быть, чтобы только через их во всех азиатских странах коммуникацию иметь и к россиской стороне полезный способные меры взять”.

          Патшалық Ресейдiң  Қазақ хандарымен, саудагерлерiмен арадағы қарым-қатынасының ат төбелiндей аз ғана билеушiлерге, әсiресе Ресей самодержавиесiне тигiзген керi әсерi ол қарапайым халықтар, яғни қазақ-орыс шаруаларының арасындағы қарым-қатынастың қалыптасып дамып, нәтижесiнде Е.Пугачев бастаған орыс шаруаларының самодержавияға қарсы күресiне қазақ шаруаларының қатысуы. Қазақ-орыс  халықтарының арасындағы әркiм өз пайдасы үшiн емес, жалпы халықтық, таптық мүдделi қорғау, бостандық пен теңдiк жолындағы күрес барысында қалыптасқан адал да шынайы достықты паш етедi. Қазақ шаруаларының көмекке келуi орыс халқының самодержавиеге қарсы күресiн жеңiлдеттi. Бұл әрине патша үкiметiне керi әсерiн тигiзкi сөзсiз жағдай.

 Тарихи зерттеу материалдарды қарай отырып мынадай қорытындыға келуге болады. Ресей үкiметiнiң Қазақстан және басқа да Азия елдерiне байланысты саясаты қатып қалған жоқ. Әр кез түрлi себептерге байланысты өзгерiп отырды. Саясаттың бұлай өзгерiп отыруына негiзгi ықпал жасаған халықаралық жағдайлар болды. Осыған сәйкес Қазақстан мен Орта Азия елдерiнiң де Ресейге деген мақсаттары мен саясаты да өзгерiп отырады.

         Сөз болып отырған тарихи кезеңде, яғни ХУI-ХУII ғасырдағы қазақ-орыс қарым-қатнастары, оның Қазақстанның Ресей құрамына енуi ол стихиялық жағдай емес.  Бұл сол кездегi халықаралық қатнастарға байланысты Ресейдiң сыртқы саясаты мен қазақ билеушiлерiнiң  саясатының бiр-бiрiмен үндестiгi жағдайында пайда болып, дамыған процесс. Яғни, бұл қарым-қатнас Ресей империясы мен қазақ хандық тарының қажеттiлiгiне бағынған. Бұл жерде тек таза екi халық арасындағы қатынастың қалыптасуына екi жақты да мәжбүр етiп отырған мәселе, олардың саясаттарындағы Орта Азия хандықтары мен Закавказье, Солтүстiк Кавказ, Түркия, Персия, Ауғанстан, Қытай, Индиямен қарым-қатнас  мәселесi тұрды.

          Бiз қарастырып отырған уақыт аралығы, яғни ХУI-ХУII ғасырдағы қазақ-орыс қарым-қатынасында осы қатынастар нәтижесiнде дамыған Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы әңгiме болып отырған жоқ. Себебi ол кезде әлi де екi ел арасындағы жағдай пiсiп жетiлмеген едi. Алайда бұл құбылыс бiр сәт қалыптаса салған құбылыс, дүние емес. Ол қиын да күрделi тарихи мәселелерге байланысты жылдар бойы қалыптасқан процесс.

          Қазақстанның Ресей құрамына енуi осыған дейiнгi қазақ-орыс қарымқатнастарының тiкелей қатысы бар. Сондықтан қорытынды сөз барысында осы мәселе жөнiнде кейбiр мәселелерге тоқтала кету артық болмас.

    Қазақстанның Россияға қосылуы жөнiнде тарихи зерттеу материалдарына сүйенетiн болсақ, автор әр түрлi көзқарасты бiлдiредi. Бiреулерi Қазақстанның Ресейге қосылуы тек Ресейге қажет болған кезде ғана iске асты десе, бiреулерi Ресейдiң жаулаушылық  патшалы саясатын айтса, ендi бiреулерi Қазақстанның Ресейге қосылуы оның өндiрiс күштерiн жоюы деп бiлдi. Алайда тарихи материалдардың тұжырымдарынан қарайтын болсақ Қазақстанның Ресей құрамына енуi тiкелей Ресейдiң күштей енгiзуiнен емес Қазақстан тарапынан да өз саясаты, өз есебi үшiн, яғни ерiктi түрде қосылуға ықылас бiлдiргендiгiне байланысты дейдi. Алайда Қазақстанның Ресейге қосылуы күрделi әрi қайшылықтарға толы тарихи оқиға болды. Бұл мәселе жөнiнде әңгiме жасағанда бiз мынадай мәселелерге тоқталуымыз керек. Қазақ халқын жергiлiктi  феодалдық қанаумен қоса Ресей патша үкiметiнiң басып, жаншуы, аяусыз қанауды әлсiреттi. Сол кездегi патшалы Ресей тек өзiнiң қарапайым халқы емес, өзге де өзiне тәуелдi ұлттарды қанап отырды, адамдық қасиеттерiн аяққа таптады. Ресейдiң қазақ даласындағы жандайшаптары, қолшоқпарлары қазақ феодалдары болды. Сөйтiп ат төбелiндей аз ғана қинаушы тап өз беделiн өсiру, билiгiн нығайту барысында халыққа аяусыз қысым көрсеттi. Бұл бұхара халық санасында жергiлiктi феодалдардың зорлық-зомбылығы оған ықпал етушi күш Ресей патшалары үкiметi, яғни Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым- қатынастардың халық үшiн зиянды көлеңкелi жағы болып қалды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

III. ОРЫСТАРДЫҢ ҰЛЫ ЖҮЗ ТЕРРИТОРИЯСЫНА КЕЛIП ҚОҢЫСТАНУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АЙМАҚТАҒЫ ҰСТАҒАН САЯСАТЫ.

 

3.1. Аймақтағы саяси жағдай.

 

   Ұлы жүз қазақтарының Ресей құрамына  өтуi оларды қоқан бектерi  мен феодалдарының езгiсiнен, олардың арасындағы қырғын соғыстардан  аман алып қалды. 1819 жылы –ақ Ұлы жүздiң  бiрнеше рулары  өзеркiмен орыс патшалығының қарамағына өтетiндiгiн бiлдiрген. Олардың артынан қалған  рулар да өте бастады. 1847 жылы Ресейге өз еркiмен Ұлы жүздiң көп санды руы- далаттар қосылды.   Жетiсу жерiнде өз билiгiн нығайту үшiн бұл аймаққа әскер кiргiзу туралы шешiм қабылдады. Осыған байланысты әскери бекiнiстер Сергиполь, Қапал, Лепсi және басқаларын салуға кiрiстi. Орыс әскерлерiнiң қоқанд хандарына қарсы күресiн қазақ және қырғыз халқы қолдады. 1854 жылы Алматы шатқалында Верный бекiнiсi салынды, сосын казактар поселениясы Алма-Аты станицасының негiзi қаланды.  Сосын қоқанд билiгiнен Жетiсудың оңтүстiк аймағы азат етiлдi. Орыс армиясы Колпаковскийдiң басшылығымен 1860 жылы Ұзын-Ағаш жерiнде қоқанд әскерлерiн толығымен талқандады,  ал  1862 жылы орыс армиясы   қоқан бекiнiсi Пiшпектi алды және талқандады.  1876 жылы Қоқан хандарын толығымен жою Ресейге Жетiсудың оңтүстiк аймағының толығымен кiруiн аяқтады.[24] 

 ХУIII ғасырдың 30-жылдарында басталған Ұлыжүздiң Ресейге  қосылу процесi  осылай аяқталды. Патша үкiметiнiң  Қазақстанда отаршылдық саясат жүргiзгенiне қарамастан, Қазақстанның қосылуының  үлкен прогрессивтiк маңызы болды.

         Ұлы жүздiң жерлерiнiң Ресейге қосылуының  аяқталуы нәтижесiнде Ұлы жүз халқы  артта қалған феодалдық мемлекеттер –Хиуа, Қоқан, Бұхар хандықтарының, ал бұл хандықтардың тасасында  тұрған ағылшын отаршылдарының құл ету  қаупiнен құтылды.

           Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы қазақ халқының  экономикалық және мәдени  өмiрi үшiн зор маңызы болды.

          Ал орыстар Орталық Азия территориясына қарай қоныс аударуын 1730 жылдан бастады, яғни Кiшi Орданың қырғыздары жоңғарлар мен башқұрлардың және Жайық казактарының үнемi шабылуынан қорғау үшiн өздерiн қосып алуларын сұраған кезден басталды. 1819 жылы Ұлы жүздiң бiрнеше рулары Ресей бодандығын өз еркiмен алған соң 1847 жылдан бастап Ұлы жүздiң ең көп руы дулаттар өз еркiмен орыс азаматтығын қабылдады. Ресей бодандығын сол кезде Солтүстiк Қырғызстандағы рулар да ала бастады. Жетiсу жерiнде өз билiгiн орнықтыру үшiн патша үкiметi бұл жерге өз армиясын еңгiзудi ұйғарды. Орыс армиясының қоқан хандарымен күресiн жергiлiктi халықтар қазақтар мен қырғыздар қолдады. 1844 жылы Сырдария аймағын өз қарамақтарына алды, Қапал бекiнiсi 1847 жылы салынды. Оның негiзiн салған хорунджий С.М.Абакумов болды. Қапал бекiнiсi Қытайға ең жақын орналасқан, аймақтағы Қашқария мен Қоқанға қарсы қорғаныс  қамал-шебi ретiнде салынды. 1854 жылы Iле Алатауының етегiнде Верный бекiнiсi салынды. Осы бекiнiстiң негiзiн салған подполковник М. Д. Перемышельский. Кейiннен      бiрнеше бекiнiстер салынды: Лепсi, Қаскелен,  Абакумов (қазiргi Жансүгiров), Сарқант, Ұрджар, Аягөз (Сергиполь). [25]  1853 жылы соғыс отрядының басшысы майор Перемышельский бiр топ тыншыларымен Қапал бекiнiсiне «Алматы» шатқалына келедi. Олар Iле аймағын, Есiк, Қаскелен өзендерiн, Кiшi және Үлкен Алматы өзендерiнiң жағалауларын бақылап соғыс- топографиялық жұмыстар жүргiзедi. 1854 жылы көктемде Алматинкаға келедi. Ол жерге инженер Александровский де келедi олар бiрiгiп Iле аймағында ескi Алматы қаласының орнында Верныйда әскери бекiнiс салуды жоспарлайды. Олар құпия хаттарында  осы өзендер мен таулар арасыннан бiз орман ағаштар кесетiн, егiн егуге қолайлы жер таптық ол Есiк, Талғар тауларына қарай өтуге ыңғайлы жерде орналасқан сондықтан да ол әскери бекiнiс салуға өте қолайлы екендiгiн хабарлайды. 1854 жылы Алматы таулы шатқалында Верный бекiнiсi, сосын оның айналасына казактар поселкесi-Алматы станицасы салынды, Сiбiр казактары және орыс шаруаларын орналастырып оларды казактардың әлеуметтiк тобына кiргiздi. 1855 жылы Верный бекiнiсiнде алғашқы көшiп келушiлердiң үйлерi пайда бола бастады, олар Сiбiр және Верныйға жақын орналасқан губерниялардан келе бастады. 1856 жылы бекiнiсте барлығы 2500 тұрғын болса, ал 1863 жылы 6000 тұрғыннан асып кеттi. 1867 жылы бекiнiс Верное аты өзгертiлiп Верный деп аталды.[26]   Ал 1864 жылы Сырдария аймағын Батыс Сiбiр шебiне қосу туралы патша үкiметi шешiм қабылдады. Орынбор генерал-губернатор адъютант Крыжановский және сол кездегi Түркiстан соғыс губернаторы, генерал-майор Романовский патша үкiметiне ол аймақтың жағдайы туралы және қайта-құру қажеттiгi туралы мәлiмет бердi. Жаңа аймақтың жағдайымен танысу үшiн арнайы Далалық комиссия құрылды. Ол әрекет ету  комиссияның төрағасы статкеңесшi Гирс және мүшелерi полковниктер Гутовский және Гейне, подполковник Проценко. Комиссия екi жыл бойы халықтың тұрмысымен танысты, статистикалық мәлiметтер жинақтады және халықты басқару туралы проектiнiң жобасын даярлады. Бұл комиссияның қорытындысы 11 көкек 1867 жылы қаралып арнайы Түркiстан аймағын құру ұсынылды. Осы шешiмге байланысты Түркiстан облысы және Семейдiң Тарбағатай тауының оңтүстiк аймағы Орынбор және Батыс Сiбiр генерал-губернаторының билiгiнен алынып бiр генерал-губернаторлыққа бiрiктiрiлiп ол Түркiстан деп аталды және ол екi облысқа бөлiндi Жетiсу және Сырдария. [27]

 

 

 

3.2.Әкiмшiлiк-территориялық басқару жүйесiндегi өзгерiстер.

 

        ХIХ ғасырдың 60-жылдарында Қазақстанның Ресейге қосылуы  толығымен аяқталғаннан кейiн орыс патшасы қазақ жерлерiн отарлауды тездету мақсатында 1867-1868 жж. реформаға сай әкiмшiлiк-территориялық басқару еңгiздi: барлық қазақ жерiн үш генерал-губернаторлыққа бөлдi: Батыс-Сiбiр, орталығы Омбы, Орынбор- орталық Орынбор; Қазақстанның бiр бөлiгi мен Қырғызстан жерi Түркiстан генерал-губернаторына, орталығы Ташкент, 11 шiлде 1867 жылғы «Түркiстан генерал-губернаторлығын құру тарулы бұйрыққа»  сай. Сонымен бiрге «Сырдария және Жетiсу облыстарын басқару туралы ереженiң жобасы» қабылданды. 1867 жылы Жетiсу облысы құрылды, орталығы Верный, Түркiстан генерал-губернаторының қоластына кiрген. Ал 1882 жылы Жетiсу облысы Далалық аймақтың құрамына өттi. Жетiсу облысына Сергиполь, Қапал және Алатау округы, Семей облысы және Түркiстан облысының сол жағалауының жартысы  кiрдi. 1883 жылы жаңадан әкiмшiлiк-территориялық бөлiстен соң Жетiсу облысы бес уезден тұрды: Сергиполь, Қапал, Верный, Тоқмақ, Ыстықкөл және Жаркент жерiнен,  ал 1891 жылғы 25 наурызда әкiмшiлiк реформасынан кейiн бұрын Жетiсу облысында болып келген бiраз жер Семей облысына берiлiп Жетiсу облысында 6 қаланың территориясы қалды, оның iшiнде бiреуi облыстық-Верный, бесеуi уездiк: Қапал, Лепсi, Жаркент, Пржевальск және Пiшпек (кейiнгi екеуi қазiр Қырғызстан территориясында). Әкiмшiлiк бөлiске байланысты облыс 6 уезге бөлiндi. 1897 жылдан бастап Жетiсу облысы Түркiстан құрамына толығымен ендi.  Жетiсу облысы 335250 квадраттық верстi алып жатты, қазiргi Алматы облысының және Семей мен Жамбыл облыстарының бiр бөлiгiн, сонымен қатар Қырғызстанның солтүстiк облыстарының жерi кiрдi. 1897 жылғы Бүкiлресейлiк санақ қорытындысы бойынша аймақта 987863 адам тұрған. [28]                     

         Жетiсудегi барлық азаматтық және әскери өкiмет билiгi әскери губернатордың қолында болды, ол Түркiстан генерал-губернаторына бағынған. Облыстық өкiмет басында тұрған әскери губернатор облыстағы армия басшысы да болып есептелген. Уездердiң билiгi әскери губернаторға бағынған уезд басшыларының қолында болды.  Жетiсу облысы 25 наурыз 1891 жылы қабылданған Ережеге байланысты басқарылды. Аймақ туралы жоба бойынша Жетiсу 5, ал Сырдария 8 уезге бөлiндi. Ол аймақты басқару төмендегiдей белгiлендi: аймақтың ең басында Генерал-губернатор тұрды. Облыс басшылығында – соғыс губернаторы және облыс басшылары, әрқайсында үш бөлiмнен болды: жұмысты бөлушi, шаруашылық және сот iстерiн жүргiзушi.  Облыста және қалалық жерлерде облыстық қазна және почта конторлары болды; уездерде уезд басшылары және оның екi көмекшiсi (бiреуi сырттан келгеннен қойылды) және канцелярия басшысы. Сонымен қатар уездiк дәрiгер, уездiк кассалар, почта бөлiмдерi, уездiк судьялар. Верныйда қала басшысы тағайындалды.   Қалаларда уезд басшылары орналасты. Верный қаласында ерекше полициялық басшылық болды. Қала сыртындағы казактар қалалық полициялық басқармаларға бағынды.

55 бап бойынша әрбiр уездегi көшпелi халық болыстарға, ал болыстар ауылдық қауымдарға бөлiндi. 56 бап. Болыстар мен ауылдық қауымдарға кiретiн үй басы санын облыстық басқарма бекiттi, ол бойынша болыстарда екi мың, ауылдық қауымдастықта-200 үй басы болуы керек болды. Үй басы ретiнде өзiнiң жеке тұрағы бар көшпелiлер толығымен есептелдi (арба, киiз үй, жеркепе, үй т.б.). 62 бап. Болысты болыс басшылары, ал ауылдық қауымды-ауыл ақсақалдары биледi. 63 бап. Олар 3 жыл мерзiмге халықтық сайлау арқылы сайланды. Iшкi iстер Министрiне қажет жағдайда болыс басшыларын ауыстыруға мүмкiндiктер берген. 77 бап. Болыс басшыларына және ауыл ақсақалдарына арнайы даярланған қолдарын растайтын белгiлер берiледi. 87 бап. Казак армиясын басқару Ерекше Ережеге сай жүргiзiледi.

89, 90 бап бойынша жергiлiктi орыс халқын билеу облыстық басқармаға жүктеледi. 97-99 бап. Дiни басқаруда әрбiр отырықшылар өздерiнiң молдаларын ұстауға құқығы болды. Олар өз орталарынан тағайындалды. Оның атағын алып тастау соғыс губернаторының қолында болды. Мешiттер салу Жетiсу далалық генерал-губернаторының рұқсаты арқылы жүргiзiлдi. 101 бап. Сот iстерi әрбiр облыста жеке қаралды. Верный қаласында судья тұрды. 113 бап. Халық сотына болыстағы сыйлы адам, 35 жасқа келген, сотталмаған тағайындала алды. Ал орыс оқу орындарын бiтiргендер 25 жасқа толса тағайындала алды. 114 бап. Соттарды губернатор бекiттi. 115 бап. Олардың ерекше белгiсi болды қызметiн атқарғанда тағатын ол печатпен тең болып саналды және сот шешiмiн жазатын кiтап бердi.

    137 бап. Облыс тұрғындары мемлекеттiк қазна үшiн салық төлеп тұрды. Үй басынан алынатын салық 4 сом. Үй басы саны үш жылда бiр рет алынып отырды. Әрбiр ауыл ақсақалдары үй бастарының саның берiп оның дұрыс-тығын өз таңбаларымен растап отырған. 147 бап. Алымды жинау уақыты мен оны өткiзу Жетiсу далалық генерал-губернаторының белгiлеген уақытымен жүргiзiлген. 149 бап. Отырықшы халықтардан-орыстар, тараншылар, дұнған-дардан  алым алу өңделген жер көлемiне байланысты алым алынды. Жер салығының екi түрi пайдаланды өнiмдей және ақшадай. 156 бап. Заттай салықтар төлеу төмендегiдей жағдайға байланысты болды: 1/Қолдан суару жүйелерiн жөндеуге; 2/. Табиғи қауiптi насекомдарды жою үшiн; 3/. Почта жолдарын және қарларды тазалауда; 4/.Шекаралық, почталық және сауда жолдарына бақылау қою кезiнде; 5/.Ақсүйектерге командировка үшiн аттар беру, оларға үй бөлiп беру; 6/. Төтенше жағдайларға байланысты губернатор-дың шешiмiне сай армияны үймен, азық-түлiкпен және отынмен қамтамасыз ету және тасымалдау көлiктерiмен губернатор белгiлеген бағамен беру. 157 бап ақшадай алымдар: 1/.халыққа қажеттi азықтар алу; 2/. Жергiлiктi сауданы, өнеркәсiптi, мал шаруашылығын және ауыл шаруашылығын дамыту үшiн; 3/. Денсаулық шараларына; 4/. Малды қырылудан сақтау және егiндiктердi және басқа да өнiмдердi қорғау; 5/.халық мектептерiн және жалпы халыққа бiлiм беру саласына, белгiленген штат бойынша.

          158 бап. Мiндеттi түрде қоғамдық жұмыс атқару: 1/.Көшпелiлердiң және шетжерлiк отырықшылардың басшыларын ұстау үшiн; 2/. Халықтық қызмет атқарушыларды ұстауға; 3/.жергiлiктi суландыру жүйесiнде iстейтiн қызмет адамдары үшiн.[29]

         ХХ ғасырдың басында Жетiсу облысы алты уезге бөлiндi: Верный, Қапал, Лепсi, Пiшпек, Жаркент, Пржевальск. Ал уездер болыстарға, оның басында сайланып қойылған болыс басшылары тұрды, ал болыстар  өздерiнiң сайланып қойылған ауыл ақсақалдары бар әкiмшiлiк ауылдарға бөлiндi. Әкiмшiлiк, сот және алым-салық басқармалары облыста және уездерде патша чиновниктерiнен сайланды. Патша өкiметiне бағынған, төменгi басқару аппараты-болыс басшылары және ауыл ақсақалдары, феодал-байлар тобынан сайланды. Ол үш жылда бiр рет өткiзiлетiн сайлау арқылы болып, талас-тартыс және пара берумен, сыйлықтар берумен қатар жүрiп отырған. Феодал-байлар тобы халыққа қарсы күресу үшiн патша үкiметiнiң қолшоқпарына айналған. Жетiсу жерiнде патша үкiметiнiң заңдары қолданылды. Мемлекеттiк қылмыстар және басқаруға қарсы iстер мен iрi қылмыстық iстердi патша соттары қарады. Ал ұсақ қылмыстық және азаматтық iстердi билер соты қарады, ол бай-феодалдар тобының үстемдiгiн арттыруда қажет болды. Қазақ және қырғыз көшпелi халқына жан басы салығын салды, ол басында 2 сом 75 тиын болса (1867 жылғы Уақытша ереже бойынша), ал сосын 4 сом болды (1891 жылғы Ереже бойынша) әрбiр үй басына. Ол халықтың жағдайына қарамастан барлығынан жиналды. Сонымен қатар жер салығы тағы да басқа салықтар қосымша салынды. Патша чиновниктерi заңсыз түрде басқа да салықтар жинап отырды. 1891 жылғы Ереже бойынша «көшпендiлер қолданып отырған жер және онда орналасқанның барлығы, соның iшiнде ормандарда, мемлекет меншiгi болып есептеледi» (119 бап). «Көшпендiлер қолданып отырған жерлер көшпендiлерге ортақ пайдалануға мерсiмсiз берiледi, олардың салт-дәстүрiне байланысты және Ережеге сай» (120 бап).[30] 

        Жетiсу облысы Қазақстанның барлық жерлерi секiлдi Ресейдiң отарлы аймақтарының бiрi болды. Жетiсу артта қалған, аграрлы, аз ғана өнеркәсiбi дамыған, орталық аудандарға ауыл шаруашылық тауарларын және шикiзатты жеткiзiп тұратын аймаққа және орыс өнеркәсiптерiнiң өнiмiн өткiзетiн рыноктың бiрiне айналды. Патша үкiметi Қазақстанның, оның iшiнде Жетiсу өңiрiнiң экономикалық және мәдени даму жағынан артта қалғанын қалады, халық бұхарасын өз қоластында ұстап отыру үшiн. Өндiргiш күштердiң дамуы өте төмен болды, Жетiсудағы қазақ және қырғыз халқы көшпелi және жартылай көшпелi өмiр сүрдi, қарапайым еңбекке негiзделген, табиғат жағдайына тiкелей байланысты болды. Негiзгi шаруашылығы мал шаруашылығы болды, яғни қыста қыстау, жазда жайлау, көктемде-көктеуге шығып отырды. Облыстың көптеген территориясы таулы жерлер болғандықтан ол мал жайылымына лайықты едi. Жетiсудың негiзгi халықтары-қазақтардың негiзгi күн көрiсi мал болды. 1888 жылғы дерек бойынша Жетiсу аймағының барлық тұрғындарының (көшпендi және отырықшы) мал басы 5158206 бас, оның iшiнде: 684563 ат, 331470 iрi қара мал, 4039772 қой мен ешкi, 90029 түйе, 1617 есек, 10755 шошқа, ал 1908 жылғы статистикалық есеп бойынша облыста 6739318 мал басы ғана тiркелген. 1907 жылы малдар әр жерде өле бастаса, ал 1908 жылғы жұтта барлыұ уездерде 1.050.970 мал қырылыды, яғни барлық малдың 15,5% құрады.[31] Қазақтардың «артық» мал жайылымдарын сырттан көшiп келген орыс көшпендiлерiне алып бергенге қарамастан қазақтардағы мал саны 1888 жылмен салыстырғанда азайып ғана қойған жоқ, ол 1,5 миллион басқа өстi, ол көшпелi-қазақтардың малды тиiмдi өсiре алғандарын көрсетедi. Көшпендi өмiрмен айналысушылардың шаруашылығы әртүрлi болды, Верныйда 84,7 пайыз, Қапалда-71,8, Лепсiде-79, Жаркентте-96,4, ал Пiшпекте-84,9 пайызға тең болды.  Мал қыс бойы ашық аспан астында болды, аяқ астынан болып отырған қатты қыстар кезiнде қар астынан шөп ала алмағанда мал жаппай қырылып отырды. Мал өнiмдерiне деген сұраныс және оны айырбастау мүмкiндiгiнiң туу ендi малға қысқа арнап алдын-ала астық қорын жасауға үйреттi. Ол бiрақ көп тарамады және жалпы мал бағуда өзгерiс әкелмедi. Бiртiндеп Жетiсу жерiнде жер шаруашылығы негiзгi орын ала бастады. 

        ХIХ ғасырдың 80-жылдарына дейiн негiзгi жер шаруашылығымен айналысқан аймақтағы Жетiсуге көшiп келген орыс шаруалары болды. Отырықшылар негiзiнен бидай, арпа, сұлы, қара бидай ектi, ал дұнғандар мен ұйғырлар күрiш, жүгерi, кунжут, қыша және май үшiн лен өсiрдi. 1907 жылы 18.938.819  астық, 446.401 қара бидай, 4.624.498арпа, 9.510.507 сұлы, 189.374 горох, 391.835 күрiш, 2.048 қара құмық, 56.490 жүгерi, 906.695 пұт картоп алды. [32]

         Бай қазақтар жер шаруашылығымен айналысуға мүдделi болмады, сондықтан да астық жинаумен, шөп шабумен негiзiнен кедейленген қазақтар айналысты, олар көшуге және мал өнiмдерiмен күн көру мүмкiндiктерi болмады. Атақты орыс шығыстанушысы В.В.Бартольд бұл жайлы былай деп жазады: «орыс отарлауының нәтижесiнде мал жайылымы азайып ерiксiз отырықшылыққа айналды. Орыс отарлаушыларының мүдделерi үшiн көшпендiлерден өнделген жерлерiн де тартып алды, тiптi оларды бiр жерден екiншi жерге көшуге мәжбүр еттi».  Осылайша өздерiнiң құнарлы, өнделген жерлерiнен айрылған егiншi-қазақтар жердi бай казактар мен шаруалардан арендаға

          Аймақтың алғашқы отарлаушылары Сiбiр казактарының 9 және 10 полкi болды, содан Жетiсу армиясы құрылды. 60-жылдардың басынан бастап аймаққа Европалық Ресей және Сiбiр жерiнен орыс шаруалары келе бастады. Алғашында олар облысқа шақыру арқылы келдi, ал 1891 жылдан бастап Ресейдiң орталық аудандарында астық шықпай жаппай ашаршылық басталған кезде орыс және украин шаруалары өз беттерiмен рұқсатсыз Жетiсу жерiне келiп қоныстана бастады. Көшiп келушiлердiң сан жағынан өсуi әсiресе ХХ ғасырдың басында болды,  столыпиндiк реформаның салдарынан кейiн қайыршыланған орыс шаруалары өз туған жерлерiн тастап басқа аймақтардан жақсы жерлер iздеп кеттi, сонын бiр бағыты Қазақстан жерi болды.

 Атты әскер негiзiнен көп шығынды қажет етсе де патша үкiметi Орта Азия жерiне тереңдеп еңу үшiн ол маңызды тiрек деп тауып, Түркiстан жерiн өз қарамағында ұстауға көмектесетiн ерекше казактар армиясын құрды. Казактар Жетiсу жерiн – қазақ далаларының шырайлы өңiрiнiң бiрiн  отарлауда ерекше рөл атқарды. Оның тарихын екiге бөлуге болады: 1-шi-1847-1867 жж. аймаққа сiбiр казактарының отарлаушы ретiнде еңуi және ол жерде әскери бекiнiстер мен тұрақтар салуы; 2-шi-1867-1917 жж. Жетiсу казактарының бекiнiп алып және аймақты шаруашылық жағынан иемдене бастауы.

         Жетiсу жерiне казактар Алтайдан, Бий және Ертiс шебiнен, ал шаруалар Сiбiр мен Ресейдiң iшкi аудандарынан келдi. Казактар бiртiндеп жылжи отырып ендi, яғни алғашқыда Аягөзден Қаратал мен Лепсiге, сосын Iле, Iле Алатауы аймағына одан әрi Солтүстiк Қырғызия, оңтүстiк Қазақстан жерiне орнықты. Жаулап алу науқанының аяқталуы 1867 жылғы 13 шiлде де Жетiсу казактарының армиясын құру туралы патшаның жарлығымен болды.  Оны тарихшы Н.В.Леденев «аяқ астынан болған оқиға» дейдi,[33] бiрақ негiзгi себеп геосаяси, Францияның жерiндей жерi бар аймақта, Ресей, Қытай және Орталық Азияның қиылысында сенiмдi әскери-экономикалық тiреу ұстау қажеттiлiгi едi. Армия бейбiт кезде 400 адамнан тұратып бiр полктi, ал соғыс жағдайында үш полк 12 жүздiк қарсы қоя алды. Казактар саны 24 мыңға дейiн өстi, 13 станицаларда және 17 тұрақтарда тұрды, оларға ең жақсы жерлерден 610519 десятина берiлдi, әрбiр казакка жан басына шаққанда 32 десятинадан. Тарихшы М.Хорошхиннiң айтуы бойынша, Азияттық Ресейде материалдық жағдайымен жер иеленуден бiрiншi орынды Жетiсу казактары алады.

         П.Г. Галузо Жетiсу жерiне «ерекше крепостниктi, оның феодалдық түрi-феодалдық отарлау» және ол «нағыз әскери-феодалдық отарлау» болды деп аймақтағы аграрлық жағдайды зерттей отырып баға берген.[34]

         Жетiсу әскери басшылары казактар қауымын жермен қамтамасыз ету үшiн жергiлiктi қазақтардың құнарлы жерлерiн, мал жайылымын, шабындықтары мен су көздерiн алып бердi. Жетiсу казактарының ерекше құқықтары мен ерекшелiктерi болды, өздерiнiң әскери өзiн-өзi басқару орталықтары болды-ол орталықты казак атамандары басқарды.

        Сондықтан да казактар мен жергiлiктi қазақтар арасында жер мәселесiндегi тартыс үнемi тоқтамай үнемi талас-керiске әкелiп отырған, ол Т.Р.Рысқұловтың айтуы бойынша «патша үкiметiнiң айдап салу-езу қызметтерi» ақырында 1916 жылғы көтерлiске алып келдi. Осындай пiкiрдi Түркiстан аймағының генерал-губернаторы  А.Н. Куропаткин және Жетiсу облысының әскери губернаторы А. И. Алексеев те қолдаған. [35]

          1848 жылы бiрiншi Казак станицалары –Сергиполь мен Қапал салынды. Ол Европалық Ресейдiң iшкi аудандары мен Сiбiр жерiнен көшiп келген шаруалар мен қоныс аударушылармен орналастырылып бiрнеше шаруалар қонысы пайда болды. Крепостнойлық правоны жою туралы заңнан кейiн әсiресе ХХ ғасыр-дың басында Ресейдегi реформадан кейiнгi экономикалық және саяси жағдайға байланысты аймаққа орыс шаруаларының қоныс аударуы жиiледi. Бiрiншi онжылдықта Жетiсу жерiне қоныс аударушылар саны көп болмады. Мысалы, 1868-1883 жж. аралығында Жетiсу облысына 4090 жанұя қоныс аударды. 2500 жанұя ауылдық жерлерге орналасып онда 36 орыс қоныстары пайда болды. 1590 қоңыстанушылардың жанұясы Верный және басқа қалаларға мешандар ретiнде тiркелдi.  Патша үкiметi крепостнойлық құқықты жойған соң шаруалардың шығысқа қоңыстануына шек қойған. Оның орнына Қытаймен шекаралас орналасқан Жетiсу жерiнде казактар отрядын дамытуды көздеген. 1895 жылы Жетiсуға шаруалардың қоныс аударуына заң бойынша шек қойылған. Бiрақ жоқшылықтан қашқан шаруалар өз бетiмен қоныс аударып Жетiсу жерiне орналасуларын тоқтатқан жоқ. 1902 жылы көшiп келгендер 16 мың болса, 1905 жылы 29 мыңға дейiн жеттi, ал 1908 жылы-40 мың болды.[36]  Жетiсу жерiне шаруаларды қоңыстандыру 1907 жылы қоныстандыру аудандарының құрылуынан кейiн өсе түстi.

          Қазақстан Ресей құрамына толығымен өткеннен кейiн аймаққа капиталистiк қатнастардың енуi өнеркәсiп және ауыл шаруашылық саласында сауатты адамдарды талап ете бастады. Сондықтан да ХIХ ғасырдың 80 жылдарынан бастап ауылшаруашылық мектептерi ашылды, олар бiлiмдi ауыл шаруашылық мамандарын даярлауы қажет болды. Осындай мектептер Жетiсу территориясында төртеу болды –Жаркент, Пiшпек, Пржевальск, Қапал. Ауыл шаруашылық аудандарындағы өнiм өндiру сапасын арттыру үшiн қажеттi мамандар даярлау мақсатында Далалық генерал-губернатордың шешiмiмен 1887 жылы Қапалда қазақ балаларына арналған ауылшаруашылық мектебi ашылды, онда 1887 жылы 16 ер бала оқыды, 13-қазақ, 3-орыс. Бiрден орыс тiлiне үйреттi, себебi барлық оқыту бағдарламасы орыс тiлiнде болды. Мектепте төрт адам қызмет еттi: күзетшi (су тасушы және аула сыпырушы ретнде де), тамақ пiсiрушi, кiр жуушы және тәрбиешi ер адам (оны облыстың әскери генерал-губернаторы сайлады). Ауыл шаруашылық мектептерiнде сабақ қыркүйекте басталып наурызда аяқталды. Оқушылар жалпы бiлiм беретiн пәндердi оқыды: орыс тiлi, арифметика, тарих, география, қоғамдық ғылымдар негiзi, таза жазу. Сонымен қатар арнайы пәндер оқытылды: суғарушылық, мал шаруашылығы, бақша шаруашылығы, орман шаруашылығы және бал шаруашылығы. ХIХ ғасырдың аяғында мектеп жанынан қолөнер шеберханасы ашылды, әртүрлi қолөнерiне үйрету үшiн:етiк тiгу, ұсталық, ағаш шеберi, терiнi өңдеу т.б. Көктемде, наурызда оқушылар практикалық сабақтарын далада жұмыс үстiнде өттi. Бiрақта Қапал уезiнде қазақ балаларына арналып ашылған ауылшаруашылық мектептерi мамандар даярлауда айтарлықтай нәтиже бере алмады. 1903 жылы мектепте 23 оқушы болды, бiрақ оқытатын маман мұғалiмдердiң болмауынан олар оқуларын аяқтай алмады.[37] ХХ ғасырдың басында ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау мақсатында ашылған мектептердiң материалдық жағдайы өте төмен болды. 1904 жылы Қапал қазақ ауыл шаруашылық мектебi төменгi ауылшаруашылық мектебi болып қайта құрылды, бiрақ ондағы жағдай өзгермедi жәнеде сонымен қатар Жетiсудың экономиалық және мәдени даму жағынан артта қалуы да сақталды.            1909-1913 жж. П.П.Румянцев жүргiзген статистикалық есептер бойынша казактар жергiлiктi қазақтардың егiндiк, шабындық жерлерiнiң барлығын тартып алды, олардың қолындағы жерлер Верный, Лепсi және Қапал уезiнде бөлiндi.  Азиаттық Ресейде жер иелену мен материалдық жағдайына қарағанда бiрiншi орында Жетiсу казактары тұрды. [38]

          Жетiсу жерiн отарлауда “оның ең крепостнойлық, феодалдық түрi-казактардың отарлауы және бұл нағыз әскери-феодалдық отарлау болды.  Сонымен Жетiсу казактар армиясы империяның басқа да казак армиясынан ерекшеленбедi, патша үкiметiнiң қолындағы қаруы болды. Мысалы, тек қана қазақтардан казактар армиясы үшiн құнарлы жерден 10 млн.десятина жердi тартып алған. Жергiлiктi халықтарды езуде ерекшелендi, ақырында 1918 жылғы Жетiсу облыстық атқару комитетiнiң №1 декретi бойынша таратылды.  

         Патшалы Ресей  құрамында болып келген қазақтар 1917 жылы кеңес үкіметі орнаған кезде бірден тағы да жаңа үкіметтің қол астына өтті. Басқа да Орталық Азия елдері секілді Қазақстан мемлекеті де 1991 жылға дейін бір орталықтанған Кеңестік Одақтың қол астында болып орталықтан басқарылды, өз алдына еркін саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени саясаттар ұстай алмады. Ресей қарамағында болған жылдардың жақсы да жаман да жақтары болды. Өткен тарихтың барлығын біз жоққа шығара алмаймыз. Білім мен ғылым саласы, мәдени байланыстар мен индустриялды дамуда Ресей қарамағында, одақ құрамында  бола отырып Қазақстан өзінің дамуының жоғарғы шынына жетті. Сонымен қатар тоқырау құбылыстары да көрініс алды: ұлттық мәдениеттің дамуында, традициялық дамуда, тіл мен жеке өз алдына еркін саясат ұстауда қиыншылықтар мен кедергілер болды. Сонымен Ресей қарамағында ұзақ жылдар бола отырып екі ел бір-бірімен саяси, мәдени және экономикалық жағынан тығыз байланыста дамыды. Қазір де осы қарым-қатынасымыз дамып және екі ел арасындағы тең құқықты, еркін байланыс күннен күнге дамытылып отыр. Ол екі ел үшін де тиімді. Көп ұлтты Қазақстан Республикасы өзінің сыртқы саясатында көрші елдермен бейбіт қарым-қатынасты дамытуды басты мақсаты ретінде ұстайды. 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

    Ел   Президентінің Халыққа Жолдауындағы басты бағыттардың бірі сыртқы саясат болып табылады. Егемен Қазақстан өзінің бірінші күннен бастап ұстаған сыртқы саясатында көрші елдермен қарым-қатнасты дамытуға ерекше көңіл бөліп келеді. Соның бірі бізге көрші орналасқан Ресей мемлекетімен арадағы байланысқа ерекше мән беріледі. Екі елдің тарихы ғасырларға созылған байланыстармен шектесіп жатыр. Сондықтан да өткен тарихты білу ол келешекке жол салады.

            Қазақ орыс қатнастырының тарихы көп жағдайларды қамтиды.  Бұл қатнастар сауда — дипломатиялық және басқа да байланыстар түрiнде болып тұрған. Өздерiнiң дипломатиялық қарым- қатнастарында қазақ хандығы мен Ресей мемлекетi  тату, достық жағдайында тұруға, сауда-саттықты және саяси байланыстардың қандай түрi болмасын  кеңейтуге дайын екендiктерiн бiлдiрген. Екi елдiң арасында ортақ жауға қарсы күресте  соғыс одағын құруға бағытталған әрекеттерi де орын алған.  Бұл кезде олардың экономикалық және саяси байланыстарын нығайтуға, сөйтiп Қазақстан мен  Ресейдiң  арасын бұрынғыдан да жақындата түсуге түрткi болуы заңды едi.

          Қазақ хандығы мен Ресей мемлекетiнiң ХУI-ХУII ғасырлардағы қарым -қатнасы екi елдiң саяси- экономикалық байланыстарының нығаюына көп әсер етiп, олардың шаруашылық саласында тәрбие  алмасуларына қолайлы жағдай жасады. Бұл сонымен қатар қазақ хандығы мен Ресейдiң бiрiн — бiрi  географиялық жағынан тануына, Қазақстан туралы мәлiметтердiң жинақталуына мүмкiндiк бердi.

           Қазақ халқын Ресеймен бiрге болуға итермелеген басты факторлдардың бiрi – шет ел басқыншыларының  қазақ жерлерiне жасаған экспанциясының күшеюi.  Қазақ халқы, сондай- ақ Россиямен тарихи қалыптасқан экономикалық, саяси және мәдени  қарым- қатнастарды нығайтуға мүдделi  едi. Сонымен қатар ел  iшiндегi феодалдық бытыраңқылық пен өзара  қырқысулар  нәтижесiнде туған экономикалық және саяси дағдарыстық орын алуы да итермеледi.

          Қазақстанның Ресейге қосылуының терең прогрессивтiң мәнi де болды. Ол аймақтың экономикалық және мәдени дамуына, Қазақстандағы  шаруашылық өмiрдiң жоғарғы сатыға өтуiне, қазақ халқының арасында жер шаруашылығымен айналысушылар мен отырықшылыққа өту процесiнiң тездеуiне негiз салды және қазақ халқы мен орыс халқының достасып жақындасуына алып келдi. Алдынғы қатарлы орыс мәдениетi жергiлiктi мәдениеттiң дамуына әсер еттi.  Жергiлiктi еңбекшi халық орыс халқынан революциялық күрес әдiстерiне үйрендi. Отарлыққа, езушiлiкке қарсы күресте  қазақ еңбекшi табы орыс жұмысшыларымен бiрлесе отырып күрестi.[39]

         Қазақстан мен Ресейдiң  арасындағы экономикалық байланыстардың нығаюымен қатар олардың арасында саяси және мәдени қарым — қатнастар да дамыды. Яғни, патша өкiметiнiң  зорлық –зомбылық сипаттағы отаршылдық саясатына қарамастан, Ресейге қосылуы, сөз жоқ прогрестiк маңызға да ие болды. Ертедегi Русь пен Ұлы дала тарихының алмағайып үзiгi өз  дамуында тек қасыреттi зардаптарын ғана қалдырып қойған жоқ, сонымен қатар  озық ақыл-ой мен ынтымақтастықтың  оңды iрге тасын да қалады.

        Патша әкiмшiлiгi қазақтарды басқару үшiн қайта-құру реформаларын жүргiздi, бiрақ ол толық орындалмады. Оның қазақтар үшiн, әсiресе, хан тұқымдары мен сұлтандар және старшындар үшiн тиiмдi жақтары болды. Старшындар елдi басқару iсiне араласып, сұлтандық билiк әслсiредi, патша үкiметiнiң отарлық саясатын қазақтарға жүргiзуде старшындар негiзгi тiрегi болды. Қазақтардың тонаушiлiқ әрекеттерi бiршама тежелдi. ХУIII ғасырдың аяғында қазақтарды басқару үшiн Орынбор әкiмшiлiгi сақталды. 1799 жылы наурыздың 19-күнi шекаралық соттың орнына Шекаралық Комиссия әкiмшiлiгi құрылды. Бұл басқарушылық мекемесiнiң шекаралық соттан айырмашылығы ол тұнғыш рет азаматтық басқару мекемесi атанып, бiрнеше бөлiмнен тұрды. Шекара  Комиссиясының құрамында сот, азаматтық, iс-қағаз жүргiзу, ашқа шығыны мен кiрiсiн есептеу(казначей) бөлiмдерi болды. Одан басқа Кiшi Жүз территориясында болып жатқан жағдайды бақылап, тез шешiм қабылдайтын Азиялық бөлiм ашылды. Барлық iс-қағаздар осы соңғы бөлiмге келiп түсiп отырған.  1797 жылы ақпанның 26 күнi Петербург қаласында Сыртқы iстер министрлiгi жанынан Азия халықтарындағы оқиғаларды бақылап отыратын арнаулы департамент немесе экспедиция мекемесi құрылды. Басшысы болып стат-кеңесшi Лашкарев тағайындалды. Бұл мекемеге Орынбор Шекара Комиссиясы тiкелей бағынатын болды. Осылайша Патшалық Ресей империясы  Орта Азия мен Қазақстан жерiн мұқият зерттей келе оны басқару iсiне шындап кiрiстi. Ендi олар жоғарғы мемлекеттiк деңгейде басқаруға көштi. Осылайша Қазақстанның Ресей империясының қоластына өтуi оның тарихи дамуын толығымен орыс халықтарындағы тарихи дамумен байланыстырды. Сөйтiп ғасырларға созылған қарым-қатнас екi ел арасындағы саяси, экономикалық, әлеуметтiк және мәдени байланыстарды нығайтты. Ол жылдан жылға дамып тамырын тереңге ж айды. Егемендiгiн алған Қазақстан Республикасы да бүгiнгi күнi Ресей мемлекетiмен байланысты жан-жақты дамытуда. Оған дәлел 2003 жыл Ресейдегi Қазақстан жылы деп өтiлсе, 2004 жыл Қазақстандағы Ресей жылы деп жарияланды. Екi ел тарихымен, салт-дәстүрi мен екi ел арасындағы байланыстарды жалғастыру мақсатымен  мемлекеттiк деңгейде шаралар жүзеге асырылып жатыр.

        Егемендi Қазақстанның  көш басшысы, оның Президентi Н.Назарбаев Қазақстан жүрiп өткен жолын айқын жинақтап былай қорытты: «Қазiргiдей өзара қатынас бiзге аталарымыз бен әкелерiмiзден қалған. Оны нашарлатпай қайта жақсарта түсiп, балаларымызға аманат ету бiздiң мiндетiмiз».[40]

          Қазақстан Республикасын алдынғы қатарлы дамыған 50 елдің қатарына қосу үшін сыртқы саясатымызды нығайта отырып көрші елдермен саяси,экономикалық, әлеуметтік және мәдени байланыстарды жақсартуымыз керек. Елдер арасындағы байланыс мемлекеттің тұрақты дамуына негіз болады.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI

 

  1. Асфендияров С.Д. История Казахстана.
  2. Аполлова Н. Присоединение Казахстана в 30-х годах ХУIII века.
  3. Апполова Н. Экономические и политические связи Казахстана с Россией ХУIII в. начале ХIХ в. М., 1960.
  4. Бекмаханов Е.Б. Присоединение Казахстана к России. Казахстан, 1964.
  5. Басин В.Я. Россия и казахские ханства в ХУI-ХУIII вв. Алма-Ата, 1971.
  6. Вяткин В. Очерки по истории стран востока. М., Наука, 1990.
  7. Казахско-русские отношения в ХУI-ХУII веках ( сборник документов). А.,1961.
  8. Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы, 1980.
  9. Касымбаев Ж.К. Под надежную защиту России. Алма-Ата, 1986.
  10. Қозыбаев М.Қ. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы, 1992.
  11. Кляшторный В., Султанов И. Летописи трех тысячилетий. Алматы,1992.
  12. Қазақстан тарихы журналы. № 1994, 4,61б.
  13. Зиманов С. Политический строй в конце ХУII в первой половине ХIХ века. Алмааты, 1960.
  14. Моисеев В.А. Джунгарское ханство и казахи ХУII-ХУIII вв. Алматы, 1991.
  15. Моисеев В.А., Сулейменов Р.Б. Из истории Казахстана ХУIII в. Алматы, 1988.
  16. Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. Алматы, 1994.
  17. Шойынбаев Т.Ж. Прогрессивное значение при соединении Казахстана к России. Алматы, 1973.
  18. Шунков В.И. Вопросы аграрной истории России. М., 1974.
  19. Шахматов В.Ф. Казахская пастбищно-кочевая община. Алматы, АНКАЗССР.,
  20. Рязанов А. Оренбургский край(исторические очерки).
  21. Толыбеков С. Кочевое общество казахов в ХХ веке.1971.
  22. Қ. Көне қазақтарды көргендер. Алматы,1979.

 Ұлы бетбұрыс. Алматы,1980.

  1. Социалистiк Қазақстан. Нуарыз,№5,1991.
  2. Сибирские летописи,323 б.
  3. Боршынова З.Я. Население западной сибири до начало русской колонизации. Томск, 1960. 131-бет.
  4. Этногенезис и этническая история тюркских народов Сибири и сопредельных территории. Сб. научн. трудов. Омск, 1983.
  5. Бахрушин С.В. Очерки по истории колонизации Сибири в ХУI — ХУII вв. м., 1927.
  6. Окладников А.П. Открытия Сибири. М., 1979.
  7. Дулов В.И. Когда начались присоединение Сибири в исторической литературе ХУII века. М., 1960.
  8. Абдиров М.Ж. История казачества Казахстана. Алматы, 44с.
  9. С.Н.Покровский. Советский  власть в Семиречье. А-Ата, 18-бет.
  10. История России. М., 2005.-123.
  11. Всемирная история. М., 2005.-432.
  12. История цивилизации. М., 2004.-154.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ДОКЛАД

 

         Құрметтi мемлекеттiк комиссия төрағасы, комиссия  мүшелерi және әрiптестерiм. Сiздерге ұсынылып отырған диплом жұмысымның тақырыбы «Орыс — қазақ қарым қатнастары ХУІІ ғ. 30 — 60 жылдары ».

        Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатнастардың қалыптасуы мен дамуы екi ел тарихында да ерекше орын алады. Өйткенi бұл екi мемлекеттiң өз экономикасында, саяси-әлеуметтiк дамуына да үлкен iз қалдырған оқиға едi. Екi ел арасындағы байланыс сауда қарым-қатнастарымен басталып, Қазақстанның Ресейге қосылуымен аяқталды(1731 ж. Кiшi жүз қазақтары өз еркiмен қосылды).

          Осыған орай бұл жұмыста қазақ хандығының сол кездегi ыртқы саясатына көп көңiл бөлiндi.Жоңғар хандығының қазақ жерлерiн жаулап алу мақсатымен жүргiзген шапқыншылық саясаты, қазақ халқының өз бостандығы үшiн күресi, қазақ хандарының орыс үкiметiмен бiрлiгi, Ресейдiң Кiшi жүз бен Орта Жүздегi жүргiзген саясаты және қазақ жерлерiнiң қосылуының негiзгi алғы шарттарын ашып көрсету негiзгi жұмысымыздың басты мақсаты болды.

         Диплом жұмысы негiзiнен кiрiспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады.

         Кiрiспеде тақырыптың өзектiлiгi мен зерттелу деңгейi және алға қойылған мақсаттар мен мiндеттер баяндалды. Тақырыптың зерттелу дәрежесiне келсек, республикамыздағы тарихи  зерттеулердiң маңызды бағыттарының бiрi- қазақ халқының Ресей құрамына өтуiнiң алғы шарттары, барысы және қорытындысын зерделеуге бағытталады. Мәселен, тарихшы Асфендияровтың есiмiмен Қазақстанның Ресейге қосылу проблемасын зерттеуге деген жаңаша көзқарас қалыптасты. Ол қазақ халқының дамуындағы екi кезеңдi атап көрсеттi: патша үкiметiнiң жаулап алғанға дейiнгi және одан кейiнгi, Ресей империясының отары ретiндегi тарихын. Асфендияров қазақ өлкесiнiң қазақ феодалдарының жоғары тобының халықтың еркiнен тыс, олардың мүддесiне қайшы, патша үкiметiмен келiсiмi ретiнде қарайды. Ол қазақ халқының ортаазиялық феодалдар тарапынан қысым көргендiгiн әрi Қазақстан территориясына жоңғар әскерлерiнiң баса көктеп еңгенiн дұрыс атап көрсетедi. Қазақ бұхарасының отарлық езгiге қарсы күрес кезеңдерiн айтарлықтай баяндаған.

         Осмы тақырып бойынша  кең көлемдi еңбектер жазған В.Басин, Р.Сүлейменов, Т.Шойынбаев, Ж.Қасымбаев. Бұл авторлар өз еңбектерiнде қазақ орыс қатынасының жаңа қырларын ашып, мұның әуел бастан –ақ бiртiндеп жаулап алу сипаты болғандығын көрсетедi. Әсiресе Қасымбаев орыс өкiметiнiң Ертiс өзенiнiң жоғары ағысында бекiнiстер тiзбегiн салу арқылы өзiнiң отаршылдық саясатын жүргiзгендiгiн және қазақ жерiнiң Азияға «терезе мен дарбаза» екендiгiн ескерiп, қандай жолдармен болмасын өз ықпалын нығайтуды империяның Шығыстағы саясатының күре тамыры ретiнде ұстағандығын ашық баяндайды.

         Бiрiншi тарау «Қазақ орыс қатнастарының алғы шарттары» деп аталады ол негiзiнен 2 тармақшадан тұрады. Онда қазақ –орыс қарым қатнастарының қалыптасуының негiзгi алғы шарттары мен екi мемлекет арасындағы бұрыннан келе жатқан сауда қарым-қатнастарына тоқтала келiп осы екi ел арасындағы байланыстың бiртiндеп қазақ халқының өз территориясын жоңғарлар мен орта азиялық Бұхара мен Хиуа хандықтарының езгiсiнен аман алып қалу үшiн Ресей мемлекетiне өз еркiмен қосылу үшiн дипломатиялық байланыстар орнатқандығы баяндалады.

   Екiншi тарау «ХУII ғ. екiншi жартысындағы Ресей мен Қазақстан» деп аталады. Ол екi тармақшадан тұрады. Онда негiзiнен Кiшi Жүз қазақтарының Ресейге қосылуының алғы шарттары мен қосылу процесi баяндалады. Сол кездегi саяси ахуал, қазақ-орыс қатнастарының нығаюы 1727 жылы Жоңғарияда үкiмет басына Галдан Цереннiң келуiмен Қазақстанның iшкi саясатының шиеленiсе түсуi баяндалады. Себебi ол Қазақстанға қарсы басқыншылық саясатты жандандырды. Осы тұста iшкi феодалдық бытыраңқылық жағдайында Әбiлхайырхан Ресеймен жақындасудың  шешушi шараларын жасады. Алғашқы кезеңде Ресей үшiн Қазақстан оның Шығыстық сыртқы саясатын жүзеге асыру үшiн қажет болды. Ресей мен Қазақ хандықтарының өзара қарым-қатнасының қалыптасуы; гегомондық үшiн күрес, iшкi қауiп қатерге байланысты, сауда қатнасына т.б. байланысты болды. Ресей империясының қазақ даласына ден қоюы Жоңғарияның жаулап алушылық саясатына қарсы тұруға, одан кейiн Англияның өз колониясы Индия жағынан Орта Азия жерiне басып кiрмек болған әрекеттерiн жоюға мүмкiндiк жасады.Әрине бұл Ресей тарапынан Қазақстан мен Орта Азия елдерiнiң ғана қауiпсiздiгiн қорғау емес, ең бастысы өз мемлекетiнiң өмiрiн қамтамасыз ету едi. Қазақстанның Ресей құрамына еңуi ол стихиялы жағдай емес, бұл сол кездегi халықаралық қатнастарға байланысты Ресейдiң сыртқы саясаты мен қазақ билеушiлерiнiң  саясатының  бiр-бiрiмен үндестiгi жағдайында пайда болып, дамыған процесс.

Екi ел арасында саяси және мәдени қарым-қатнастар да дамыды. Патша өкiметiнiң зорлық-зомбылық отаршылдық саясатына қарамастан Қазақстанның Ресйеге қосылуының сөз жоқ прогрессивтiк маңызы болды. Қазақстан жерiн Ресей толығымен қосып алғанннан кейiн оны өзiнiң аумақты империясының бiр бөлiгi ретiнде қарап оны басқарудың Аймақтық Ережесiн даярлады. Осы әкiмшiлiк-территориялық басқару жүйесiн өзi құра отырып Қазақстанның кең байтап аймағын ендi Ресей заңымен, ондағы құқықтық нормалар негiзiнде биледi. Қазақстанды Басқару үшiн арнайы генерал-губернатор тағайындап оны уездерге бөле отырып басқарады. Егемен Қазақстанның көш басшысы, Президент Назарбаев Н.А.Қазақстан жүрiп өткен жолды айқын жинақтап былайша қорытты: «Қазiргiдей өзара қатынас бiзге аталарымыз бен iкелерiмiзден қалған. Оны нашарлатпай қайта жақсарта түсiп, балаларымызға аманат ету бiздiң мiндетiмiз».

          Бүгiнгi күнi сол саяси-экономикалық, мәдени байланыстарымыз жалғасын табуда. Биiлғi жыл Ресйедiң  Қазақстандағы жылы деп аталады. Екi мемлекет арасында саяси-экономикалық, мәдени салаға байланысты iрi төрт құжатқа келiсiм бойынша қол қойылды. Байқоңыр космостық кешенiң бiрiгiп пайдалану, бiрыңғай кедендiк жүйе, сыртқы саясаттағы бiрлiк және мәдени-қарым қатнас(бiлiм, денсаулық, мәдени мұралар).

 

   «Орыс-қазақ қарым-қатнастары ХУІII ғ.30-60 жж.» атты тақырыпта жазылған тарих факультетiнiң тарих-ағылшын бөлiмiнiң  5 курс студентi Төлегенова Күнсаяның   диплом жұмысына

С Ы Н

 

    Өткен тарихқа баға берiп, оның негiзгi себептерi мен салдары туралы келешек ұрпаққа жеткiзу үшiн қолда бар деректер негiзiнде өзiмiздiң өткен тарихи кездерiмiзге тағыда бiр рет ғылыми негiзде тоқталып кетудi жөн көрдiк. Осы тақырыпты алудағы мақсатымыздың өзi өткен тарихқа бүгiнгi күн талабына сай баға беру. Өзiнiң егемендiгiн алған Қазақстан Республикасының өткен тарихы туралы өзектi тақырыптардың бiрiне жататын “Орыс қазақ қарым-қатнастары ХУІІІ ғ.30-60 жылдары” атты тақырыпқа жазылған диплом жұмысы кiрiспеден, үш тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады. Кiрiспеде тақырыптың өзектiлiгi мен зерттелу деңгейi және негiзгi жұмысты жазу барысында қолданылған деректерге және тарихнамалық шығармаларға тоқтала отырып ондағы негiзгi мәселелерге талдау берген. Сонымен қатар осы алынып отырған тақырыбын зерттеуде алға қойылған мiндеттерi мен мақсаттарын көрсетiп берген. Бiрiншi тарауда сол кездегi орыс –қазақ қарым-қатнастарының алғы шарттарына тоқтала отырып сол кездегi Қазақ жүздерiнiң iшкi және сыртқы саясатын, ондағы өзара келiспеушiлiктер мен саяси тартыстарға тоқталады. Ресей мен Қазақ хандары арасындағы сауда, экономикалық қатнастардың дами отырып дипломатиялық қатнастарға ұласуының тарихын баяндайды. Сыртқы жаудан қорғану үшiн сол кездегi дұрыс саяси шешiм болып табылған Ресей құрамына кiрудiң алғы шарттарының қалыптасуының заңды процесс екендiгiн ашып көрсетедi. Ал екiншi тарауда Ресей мен Қазақстан арасындағы ХУIIІ ғасырдағы байланыстардың нығаюын және Кiшi жүз қазақтарының өз еркiмен Ресей қарамағына өтуiн баяндайды және сол кездегi сыртқы саясатқа сипаттама бередi.

Үшiншi тарауда Ұлы жүз территориясына орыстардың келiп қоңыстануы және олардың аймақтағы ұстаған саясатына жан-жақты талдау берген. Сол кездегi Ұлы жүздегi саяси ахуал және патша үкiметiнiң Қазақ жерлерiн түгелiмен қосып алғаннан кейiнгi аймақты басқарудағы территоориялық-әкiмшiлiк басқарудағы ұстаған саясаты мен жүргiзген аймақтағы реформалары, аймақты басқару жүйесiн құруы және осы өзгерiстердiң қазақ жерiне тигiзген екi жақты әсерiне деректер арқылы сипаттама бередi. Қорытындыда Ресей қарамағына Кiшi жүз бен Орта жүз қазақтарының өтуiнiң сол кезең үшiн прогрессивтiк маңызы болғандығын ол екi халық арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың нығаюына негiңз салғанын баса көрсетедi.

          Автор диплом жұмысында алға қойған мақсатына жете алған. Жоғары оқу орнын бiтiрушiлерге қойылатын талапқа сай жазылған, толығымен аяқталған жұмыс. Диплом жұмысын  өте жақсы деп бағалауға болады.

 

 

 «Орыс-қазақ қарым-қатнастары ХУIIІ ғ. 30-60 жж.» атты тақырыпта жазылған тарих факультетiнiң тарих-ағылшын бөлiмi студентi                        Төлегенова Күнсаяның  диплом жұмысына

П I К I Р

    Көршi жатқан Ресей мемлекетiмен Қазақстан арасындағы бiрнеше жылдарға созылған саяси, экономикалық, мәдени байланыстың терең тарихын ашып көрсететiн және сол кездегi тарихи оқиғаларға баға беретiн тақырыптардың бiрi –Кiшi жүз және Орта жүз қазақтарының Ресей империясының қоластына өтуiнiң алғышарттары болып табылады. Сол кезде қандай тарихи оқиғалар әсер еттi, қосылғаннан кейiнгi қазақ жерiнде болған саяси өзгерiстер мен оның салдары туралы жас мамандар өз пiкiрлерiн айту үшiн де осы тақырыпқа қайтадан айналып келiп, қазiргi күн талабына сай зерттеудi мақсат етедi және де өздерiнiң көзқарастарын сол тарихи кезеңге беруге ұмтылыс жасайды.

              Диплом жұмысы негiзiнен кiрiспеден, үш бөлiмнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тiзiмiнен тұрады. Кiрiспеде тақырыптың өзектiлiгi мен зерттелу деңгейi және жұмыстың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi көрсетiлген. Сонымен қатар диплом жұмысын жазу барысында қолданылған деректерге талдау жасай отырып сипаттама берген. Бiрiншi тарауда, сол кездегi Қазақ-орыс қарым-қатнастарының негiзгi алғы шарттарына тоқтала келiп сыртқы саясаттың шиеленiсуi, екi ел арасындағы сауда қарым-қатнастарының дамуы мен оның бiртiндеп экономикалықтан диаломатиялық қатнасқа ауысуының негiзгi алғы шарттары туралы баяндалған. Екiншi тарауда Ресей мен Қазақстан арасындағы ХУIIІ ғасырдағы қарым-қатнас, сол кездегi Кiшi жүз бен Орта жүз қазақтарының арасындағы байланыс, нәтижесiнде Кiшi жүз қазақтарының Ресейге өз еркiмен қосылуы және оның нәтижесi мен сипаты туралы баяндайды. Қазақ жерiне Жоңғар басқыншылығы және Орта Азия хандықтары Бухара мен Хиуа билеушiлерiнiң ұстаған саясаты баяндала келiп сол кездегi қазақ билеушiлерiнiң дұрыс шешiмге келе отырып Ресейге өз еркiмен қосылуының себептерiн талдайды. Үшiншi тарауда Ұлы жүз территориясына орыстардың келiп қоңыстануы және аймақтағы ұстаған саясаты мен жалпы Қазақ жерлерiн түгелiмен қосып алған соң империяның бiр аймағы ретiнде оны жалпы империялық басқару жүйесiне сай қайта құру және аймақтағы    қолданылған заң жүйелерi мен оның негiзгi баптары талданып сол кездегi iшкi және сыртқы дамуға сипаттама бередi. Қазақ жерiнiң Ресей империясына қосылуының алғы шарттарын талдай келiп оның прогрессивтiк мәнiн ашып көрсетедi. Ресей бодандығында болса да сол кезең үшiн дұрыс шешiм қабылдаған Кiшi жүз бен Орта жүз хандықтарының сыртқы және iшкi саясатын сипаттай келiп орыс халқы мен қазақ халқы арасындағы ғасырларға созылған қарым-қатнастың одан әрi дами түскендiгiн деректер арқылы берген. Қорытындыда Қазақ жерiнiң Ресейге қосылуынан кейiнгi оның сыртқы және iшкi саясатындағы өзгерiстердi тұжырымдай келiп оның маңызын ашып көрсетедi. Ресей бодандығында болса да ол тарихи шешiмнiң сол кезең үшiн прогрессивтiк сипатын баяндайды. Қорыта келе,  автор екi халық арасындағы достық қарым-қатнастың бүгiнде жалғасын тауып отырғандығын, екi ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланыстардың нығая түскендiгiн баяндайды. Жұмыс жоғары оқу орындарын бiтiрушiлерге қойылатын талапқа сай жазылған. Алға қойған мақсатына жете алған. Сондықтан да диплом жұмысын мемлекеттiк комиссия мүшелерiне қорғау үшiн жiберуге болады. Жұмысты  өте жақсы деп бағалауға болады.

 

 

 

 

 

 

[1] Басин В.Я. Россия и казахские ханства в ХУI-ХУIII в. Алматы, «Наука», 1971,52 бет.

[2] Сабырханов А. Ұлы бетбұрыс. Алматы,1981, 11-бет.

[3] М.Әбдiров.»Сiбiр ханы Көшiм» Қазақстан тарихы журналы. 1994.№4. 61-бет.

[4] А.Сабырханов. Ұлы бетбұрыс. Алматы, «Мектеп», 1981. 11-бет.

[5] Касымбаев Ж.К. Под надежную защиту России. Алматы,1986, 78 б.

[6] А.И.Левшин «Описание киргиз-казачих или киргиз-кайсацких орд и степей».II бөлiм, 47-бет.

[7] В.Я.Басин. Россия и казахские ханства в ХУI-ХУIII вв. Алма-Ата,1971, 84-бет.

[8] Казахско-русские отношения в ХУI-ХУIII вв. А.,1961,15-б.

[9] Қазақ Совет энциклопедиясы. 1980. 185-бет.

[10] Сабырханов»Ұлы бетбұрыс».1981.,26-бет.

[11] Бекмаханов Е.Б.Присоединение Казахстана к России. М.,1957, 21-бет.

[12] Казахско-русские отношения в ХУI-ХУII вв. (сб.Документов и материалов). А.,1961, 15-16 бет.

[13] Қазақ Совет энциклопедиясы. 4 том, 474-бет.

[14] Қазақ Совет энциклопедиясы. 6-том, 241-бет.

[15] В.А.Моисеев. Джунгарское ханство и казахи ХУII-ХУIII вв. А «Ғылым»,1991, 17-бет.

[16] Нығмет Мыңжан. «Қазақтың қысқаша тарихы». А.,1994,. Қазақ-жоңғар қарым-қатнастары. 270-бет.

[17] Нығмет Маңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. А.,1994,271-бет.

[18] В.А.Мойсеев. Джунгарское ханство и казахи ХУII-ХУIII вв. А.,1991,24-бет.

[19] Сұлтанов Т.И. Кочевые племена приаралие в ХУ-ХУII вв.

[20] Левшин А.И. Описание. III бөлiм. 168-бет.

[21] Қазақ Совет энциклопедиясы. I-том. 201-бет.

[22] Нығмет Мыңжан. Қазақтың қысқаша тарихы. А.,1994,329-бет.

[23] Касымбаев Ж.К. Под надежную защиту России. 1986,19-бет.

[24] Жетiсу облысы  1867 жылы қабылданған « Жетiсу және Сырдария облыстарын басқарудың уақытша Ережесiне» байланысты басқарылды. Одан кейiн 1891 ж.қабылданған «Положение об управлении областей Ақмола, Семей, Жетiсу, Орал және Торғай облыстарын басқары Ережесi» бойынша басқарылды.

[25] Бейсенов К. По дорогам и весям Семиречья // Часовой Родины, 1995.9 декабрь.-С.10.

[26] Собрание законодатьельства КазАССР. 1920-1936. Алматы, 1969.-187бб.

[27] Обзор Семиреченской области за 1888 год. Верный, 1888.2б.

[28] Россия, Полное географическое описание нашего отечества. Т.ХIХ. СПб.1913,345-б.

[29] Положение 25 марта 1891 года. В кн.Н.Г.Галузо. Аграрное отношения на юге Казахстана 1867-1918 гг. –Алма-Ата. Изд. Наука, 1955. 80-81бб., 390-398бб.

[30] Сонда, 392-397 бб.

[31] Недзвецкий В.Е. Памятная книжка и адрес-календарь Семиреченской области на 1905 год. Верный,1905.192-бет.

[32] Записка о состоянии емиреченской области в 1908 г. 14-б.

[33] Қасымбаев Ж.Қ. Тарихи деректерге жүгiнсек.//Ақиқат,1992,№8№51-бет.

[34] Материалы по обследованию туземного и русского старожильческого хозяйства и землепользования в Семиреченской области, собранные и разработанные под руководством П.П.Румянцева. Т.5.СПб.1914.51-бет.

[35] Сонда 10-16бб.

[36] Алексеенко Н.В. Динамика численности переселенцев в Казахстане(Вторая половина ХIХ –начало ХХ в.) . Алма-Ата,1978. 3-бет.

[37] Недвецкий В.Е. Памятная книжка и адрес –календарь Семиреченской области на 1905 г. 263-бет.

[38] Материалы…10-16бб.

[39] С.Н.Покровский. Советский власть в Семиречье. А-Ата,1961.18-бет.

[40] Социалистiк Қазақстан, 5 наурыз, 1991 ж.