АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. . Психологиялық кеңес беру психокоррекция жұмыстарын ұйымдастыру

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ — ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

 

Психологиялық кеңес беру психокоррекция жұмыстарын ұйымдастыру

 

Алматы — 2011

Психологиялық кеңес беру психокоррекция жұмыстарын ұйымдастыру тақырыбында дайындалған ________________________  диплом жұмысына

 

П I К I Р

 

Диплом жұмысының кіріспе бөлімінде зерттеу жұмысының өзектілігі, мақсаты, міндеттері, зерттеу жұмысының объектісімен пәндері дұрыс анықталған. Зерттеу жұмысының әдістері, әдістемелері, теориялық және практикалық құндылығы дәлелді қойылған.

____________________ өзінің дипломдық зерттеу жұмысында моно, полиэтникалық ортада қызмет ететін мұғалімдерде этникалық өзіндік санадағы этникалық бірдейлікпен, топтауырындардың ерекшеліктері болатындығын, полиэтноортадағы этноаффемациялық тенденцияның айқындығына қарағанда, моноэтникалық ортадағы этноаффимациялық тенденцияның айқындығы төмен болатындығын, жеткіншектердің этникалық өзіндік санасының дамуы мұғалімдердің өзіндік санасына байланысты болатындығын, этнопсихологиялық ағарту жұмысы мұғалімдердің этнопсихологиялық ерекшеліктерін жете түсінуге мүмкіндік беретіндігін теориялық және эксперименттік тұрғыда дәйекті түсіндіре білген студент алдына қойған міндеттерін шеше алған деп айтуға болады. Себебі, отандық және шетел әдебиеттеріндегі зерттелген мәселелерге теориялық талдау жасаған, этникалық өзіндік сананың құрылымындағы этникалық диффренциялданған белгілердің мәнін аша білген, этникалық бірдейліктің құрамдас бөліктерін анықтай алған, әлеуметтік мәдени ортаның этникалық өзіндік сана, құрылымындағы топтауырындардың онымен қызметін айқындай білген, этнодифференциалданған белгілердің ішіндегі тілдің орнын, маңызын көрсете білген, мұғалімдердің этноаффимациялық бағыттарын зерттеген, оларға этнопсихологиялық ағарту жұмыстарын жүргізген.

Зерттеу жұмысының әдіснамалық негіздері ретінде Л.С.Выготскийдің мәдени-тарихи тұжырымдамасындағы өзіндік сана табиғатын Б.Ф.Пориневтің ұлттық өзіндік туралы ережесін, А.Эриксонның идентификация тұжырымдамасын дұрыс ала білген.

Қорыта келе ____________________ жазған диплом жұмысына біршама аяқталған, теориялық, практикалық зерттеу жұмыстары жүргізілген ғылыми жұмыс болып табылады. 

 

 

______________ топ студенті _______________________ Психологиялық кеңес беру психокоррекция жұмыстарын ұйымдастыру тақырыбында жазған диплом жұмысына ғылыми жетекшісінің берген

 

ПІКІР

 

___________________ «Психологиялық кеңес беру психокоррекция жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбында жазған диплом жұмысы қазіргі кездегі қазақ ұлтының егемендігінің елеулігін дәлелдейтін, көпұлттық ерекшеліктерін сипаттайтын жұмыс болып табылады. Студентің диплом жұмысы мемлекеттік оқу бағдарламаларының талаптарына және тапсырмаға сәйкес келеді. ______________ диплом жұмысы бойынша жасаған қорытындысы мұғалімнің этникалық өзіндік санасының оқушылардың этникалық санасының қалыптасуына зор әсер ететіндігі психологиялық, педагогикалық мәселелерді шеше алады. Әртүрлі ұлттарда жұмыс істейтін мектептердегі мұғалімдермен бірқатар эксперименттік жұмыстар жүргізген. Этнопсихологиялық ағарту жұмыстары мектепте қолдануға өте тиімді. Диплом жұмысы біршама теориялық тұрғыда дәлелденген, аяқталған жұмыс деп есептеймін.   

 

 

     
   
 
   


МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ

 

1 БӨЛІМ. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖӘНЕ ПСИХОКОРРЕКЦИЯ ЖҮРГІЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1. Психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізудің технологиясы

1.2. Жеткіншек жас кезеңіндегілерге психологиялық кеңес беру мен психокоррекция жургізудің қажеттілігі

 

2 БӨЛІМ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ ПСИХОКОРРЕКЦИЯ ЖҮРГІЗУ

2.1. Оқушылардың жекелік психологиялық қасиеттерін диагностикалау әдістемелерін пайдалану ерекшеліктері

2.2. Диагностикалау нәтижесі бойынша психокоррекция жұмысын ұйымдастыру

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

КІРІСПЕ

 

Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет алғашқы кезде балалар үйінде және жетімдерге арналған мектеп-интернаттарда тәрбиеленетін балалрға психологиялық көмек көрсетуден басталған. Өйткені өкімет үйлерінде тәрбиеленушілер ата-ананың мейріміне бөлене алмағандықтан оларда эмоционалдык депривация кеңінен орын алады. Балаларды осы жетімсіреу жағдайынан шығаруға көмек көрсететін адам бұл мекемелерде өте қажет екені анық. Сондықтан психологиялық қызметті ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде балалар үйлерінде қызмет аткаратын психологтар даярлауға үлкен көңіл бөлінді. Осындай тәрбие орындарында балаларға психологиялық қызмет көрсетудің максаты мен мазмұнын анықтаған ғалымдар А.Г.Асмолов, А.А.Бодалев, Ф.Е.Василюк, Б.А.Вяткин, А.В.Забрамная, И.В.Дубровина, Ю.М.Забродин, В.А.Иванников, Ю.С.Сыэрд, У.В.Ульенкова т.б. Осы мекемелерде өсіп, оқитын балаларға психологиялық қызмет көрсетуге негіз ретінде зерттеушілер мектеп-интернаттардың оқу-тәрбие жұмыстарына тән ерекшеліктерін көрсеткен. Сонымен қатар психокоррекция отбасындағы қарым-қатынастың бұзылуымен байланысты, кәсіби қызмет атқаратын жерлерге адаптациядан өту т.с.с. мәселелерді шешуге ықпал жасау құралы ретінде де пайдаланылады.

Психологияны адамдар өмір тәжірибесіне енгізу нәтижесінде оның көптеген жетістіктерін пайдаланып адамдардың алдында тұрған қиын мәселелерді шешуге ықпал жасауға мүмкіндік туды. Қазіргі кезде психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу әдістері тек балалар үйінде ғана емес, барлық білім беру мекемелерінде кеңінен пайдаланылатын қызмет болып келе жатыр. Психологиялык кеңес беру терминін пайдалану және кеңес беру тәжірибесін ұйымдастыру формалары алуан түрлі болғандықтан, психологиялық қызметтің бұл түрін қолдану аймағын бір жақты көрсету қиын. Сонымен, психологиялық білім қолданылатын кез келген салада кеңес беру психологиялық қызметті ұйымдастыру формаларының бірі ретінде қолданады.

Психологтың кеңес беру және психокоррекция жасау жұмысының технологиясы мен мазмұны әлі толық анықталмаған. Олардың үлгісін жасағандар А.А.Бодалев, А.В.Забрамная психологиялық қасиеттердің бұзылуымен байланысты жүргізілетін коррекциялардың негізін анықтап, пайдаланылатын әдіс-тәсілдер үлгілерін жинақтаған. Сонымен қатар И.В.Дубровинана мен Л.И.Прихожан жасаған «Положение о школьной психологической службе» деген еңбектерінде жалпы білім беретін мектепте психикасы және әлеуметтік жағдайы нормадағы балалармен жүргізетін псхологиялық кеңес беру және интеллектуалдық қабілетін жоғарылату үшін психокоррекцияны ұйымдастыру жолдарын көрсеткен.

Мектеп психологиялық қызметі арқылы балалардың психологиялық проблемаларын шешу жолдарының бірі – психологиялық кеңес беру және психокоррекцияны ұйымдастыру болғандықтан осы мәселені жан-жақты зерттеу үшін дипломдық зерттеу тақырыбын: «Психологиялық кеңес беру психокоррекция жұмыстарын ұйымдастыру» деп анықтадық.

Зерттеу объектісі: білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет.

Зерттеу пәні: мектеп психологиялық қызметінің мазмұны.

Зерттеу мақсаты: мектеп психологі жұмысындағы кеңес беру мен түзету-дамыту жұмыстарының ерекшеліктеріне сүйене отырып оны жүргізу әдіс-тәсілдерін пайдалану жолдарын анықтау.

Зерттеу міндеттері:

— білім беру жүйесіндегі психологиялық қызметті ұйымдастыру және психологиялық кеңес беру, түзету-дамыту жұмыстарын жүргізу проблемасы бойынша ғылыми-әдістемелік еңбектерді талдау;

— мектеп психологі қызметінде психокорррекциялық және психологиялық кеңес беруді ұйымдастыруға арналған әдістемелерді іріктеп алып, оларды жүйеге келтіру;

— мектеп оқушыларының жекелік психологиялық қасиеттерін зерттеп, ауытқуы байқалған балаларға көмек көрсету жолдарын анықтау.

Зерттеу базасы: Шымкент қаласынығы Н.Оңдасынов атындағы № 38 мектеп-гимназиясы.

Зерттеу барысында келесі психологиялық ғылыми зерттеу әдістері қолданылды: психологиялық ғылыми еңбектерді теориялық талдау арқылы психологиялық кеңес беру мен психокоррекция жүргізу негіздерін анықтау, окушылардың жекелік қасиеттерін зерттеуге Айзенк, Стреляу, Басса-Дарки, Филипс, пиктограмма тестерін пайдалану жолдарын үйрену, жиналған мәліметтерді талдау, нәтижелері бойынша психокоррекция және психологиялық кеңес беру жұмыстарын жүргізу.

Жоспарланған зерттеу жұмысы екі кезеңде ұйымдастырылды.

Бірінші кезеңде зерттеу жұмысының тақырыбы анықталап, тақырып бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттер талданды, тақырыпқа сай мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктері зерттелінді, нәтижелерін талдау арқылы олардың психологиялық мінездемелері жасалды, дамуында ауытқуы бар балалармен психологиялық кеңес беру, психокоррекциялық жұмыстар ұйымдастырылды.

Екінші кезеңде психологиялық кеңес беру және психокоррекциялық әдістердің пайда болуын, оларды жүргізу технологиясы зерттелініп, орта білім беретін мектептердегі психологиялық қызметінің мазмұны туралы ұсыныстар және психокоррекциялық зерттеу жүргізуге негіз болатын әдістемелер жүйеге келтірілді. Жиналған материалдар жүйеге келтіріліп диплом жұмысының тексті жазылды.

Диплом жұмысы кіріспе, екі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

1 БӨЛІМ. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС БЕРУ ЖӘНЕ ПСИХОКОРРЕКЦИЯ ЖҮРГІЗУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1. Психологиялық кеңес беру және коррекция жүргізудің технологиясы

 

Білім беру саласындағы психологиялық қызмет көрсету проблемаларын зерттеуші И.В.Дубровинаның жетекшілігімен А.А.Андреева, Ф.Е.Василюк, Б.А.Вяткин, В.В.Давыдов, Ю.М.Забродин, Н.И.Обозов, Н.Н.Толстых, А.М.Прихожан т.б. балаларға психологиялық қызмет көрсету мазмұны және психологиялық қасиеттерді коррекциялау жолдары анықталды.

Психологияда жеке адамның психологиялық қасиеттері мен таным процестерін өңдеуге пайдаланылатын әдістемелр жиынтығы мен технологиясын психокоррекция деп пайдаланады. Оларды баланың жас ерекшеліктеріне байланысты және отбасы проблемаларына байланысты сыныптастырып, жинақтағандардың бірі А.А.Бодалев және оның зерханасында істейтін ғалымдар болды. Психологиялык кеңес беру жұмысының мазмұны мектепке дейінгілерге, бастауыш сынып оқушыларына және жоғары сыныптағыларға деп жіктеліп көрсетілді.

Білім беру жүйесіндегі психологиялық қызмет қызметті ұйымдастыру балалар үйі мен мектеп интернаттарда басталған. Өйткені өкімет үйлерінде тәрбиеленушілер ата-ананың мейріміне бөлене алмай, жетімсіреу дағдайынан шығаруға көмек көрсететін адам бұл мехемелерде өте қажет екені анық. Бұл мекемелердегі психологиялық қызметтің мақсаты мен мазмұнын анықтаушылар А.Г.Асмолов, А.А.Бодалев, Ф.Е.Василюк, Б.А.Вяткин, В.В.Давыдов, И.В.Дубровина, Ю.іМ.Забродин, В.А.Иванников, Ю.С.Сыэрд, У.В.Ульенкова т.б. ғалымдар психологиялық зерттеу жүргізу әдістемелерін нақты көрсетумен қатар психокоррекциялық жұмыстарды жүргізу жолдарын көрсеткен. Балалар үйінде және жетімдерге арналған интернаттардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Осы мекемелерде окитын балаларға психологиялық қызмет көрсетуге негіз ретінде зерттеушілер осы оқу орындарының келесі ерекшеліктерін көрсеткен:

— мемлекеттік мекемелерге түскен балалардың жекелік ерекшеліктері;

— олардың тәрбиеленіп отырған ортасына тән әлеуметтік жағдайлар;

— мемелекеттік тәрбие мекемелеріне тән оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру ерекшеліктері;

— кішкентайлар мен жеткіншектердің дамуындағы жас ерекшеліктері;

— мекемелерде тәрбиеленетін балалардың мінез-кұлық ерекшеліктері.

Балалар үйі мен интернаттарға тән осы ерекшеліктеріне байланысты осы мекемелердегі балаларға психологиялық қызмет көрсету проблемалары кеңінен зерттеліне бастады. Кейінгі кезеңде психологиялық қызмет көрсету жалпы білім беретін мектептер тәжірибесіне ендірілді. Қазіргі кезде мектептердің барлық түрлерінде психологиялық қызметті ұйымдастыру мәселесі карастырылған. Психологиялық қызметтің мазмұны, мақсаты мен міндеттері анықталу барысында психологиялық кеңес беру және түзету-дамыту (психокоррекция) жұмыстарын жүргізу білім беру жүйесіндегі психологиялык қызмет көрсетудің бір саласы болып орын алды.

Психологиялық қызмет көрсету барысында психологиялық кеңес беру және психокоррекцияны ұйымдастыру үлгілері және балаларды зерттеуге пайдаланылатын әдіс-тәсілдер жүйесі қазіргі кезде жан-жақты зерттелінген және зерттеліну үстінде. Бұрынғы Кеңес бойынша бұл қызметтің негізін құрушылар И.В.Дубровина, З.А.Малькова, В.М.Вульфсон, К.Р.Рональдо, Г.Б.Радионов, И.А.Соколова, А.С.Овчинников, И.О.Татур, М.Р.Битянова, Л.И.Прихожан, Р.С.Немов, В.Г.Гильбух, Е.И.Рогов, Р.Римский, С.Римская т.б. ғалымдар. Олар өз еңбектерінде психолог қызметінің мақсаты мен міндеттері, психологиялық қызметтің моделі, мектегі психологиялық қызметтің мазмұны мен зерттеу жүргізуде пайдаланылатын әдістемелері анықталған. Бұл ұсыныстардың негізгі қағидалары мектеп психологиялық қызметінде кеңінен қолданылып жүр. Сонымен катар әр жас кезеңінің өзіне тән көптеген ерекшеліктері бар. Жеткіншек жас кезеңі психолог қызметінде ерекше орын алатындығы дәлелденген. Сондықтан осы жас кезеңіндегі балалармен жұмыс жүргізгенде психокоррекция элементтері және психологиялық кеңес беру қызметі жиі орын алады.

А.С.Спиваковская отбасындағы және мектептегі қарым-қатынастардың ерекшеліктерін зерттеу нәтижесінде оның балаға позитивті және негативті әсерлерін, психологиялық отбасылық климатын «театр», «санатория», «қамал», «вулкан», «маскарад» деп сыныптастырған. Осы жағдайлар балалардың психологиялық дамуына өзінің теріс әсерін тигізсе оның мінез-құлқында акцентуация ерекше орын алатыны анықталған. Сонымен қатар баланың психологиялық дамуына көптеген себептер әсерін тигізеді. А.С.Спиваковская келесі факторларға үлкен көңіл аударуды талап етеді:

  1. Соматикалық аурулар және ауыр жарақаттар. Хроникалық -соматикалық аурулар дұрыс емес тәрбиеге байланысты жеткіншектерде «толық емес» сезімді болдыруы мүмкін.
  2. Жеткіншектік қатарларымен дұрыс қатынас жасамауы, қатарластарымен дұрыс достық қатынасты құра алмау, оларда даралық аномалды дамуды туғызады.

Бала дамуындағы психологиялық бейнесінде орын алатын ауытқуларды түзетуге және жағымды қасиеттерін дамытуға арналған арнайы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу психологқа жүктеледі. Бұл шаралар психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

Психологиялық кеңес беру және психокоррекцияны жүргізудің технологиясын жасағандардың бірі А.А.Бодалев. Ол отбасындағы қарым-қатынастың бұзылуын зерттеу негізінде және осы жағдайды нормаға жақындату ерекшеліктерін түзетуге арналған психокоррекция технологиясын жасап, оның психологиялық кеңес беру жұмысымен ортақ жерлері өте көп екендігін көрсеткен. Сондықтан біз түзету-дамыту жұмысының осы екі түрін ұштастырып пайдалану ерекшеліктерін жиі қолданған тиімді деп таптық. Психологиялық кеңес беру барысында көзделінетін негізгі мақсат –психологиялық проблемасы бар адамдарға осы проблеманы тудырған мәселелерін талдау арқылы оған негіз болған себебін түсіндіріп беру. Осы түсіндіру барысында клиент өзінің позициясының дұрыс емес екендігіне көзі жетсе проблема шешіледі. Ал психокеррекция барысында адамның мінез-құлқы мен психологиялық қасиеттерін өзгерту мақсатымен арнайы әсер етіп, оның шыжырман жағдайдағы өзін-өзі ұстау стилі ыңғайсыздығын көрсетіп, бұл жағдайдан шығу жолын бірге іздеп табу.

Баланың жас ерекшеліктеріне және алдында тұрған проблемасына байланысты психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу реті және пайдаланылатын әдіс-тәсілдері анықталады. Психологиялық кеңес беру және психокеррекциялык жұмыс жүргізу өте күрделі жүйе болып табылады. Оны ұйымдастыру жолдарын зерттеушілер қызмет көрсетудің бұл түрін бірнеше блоктарға бөліп жүргізген дұрыс деп табады. Әр блоктың өзіне тән міндеттері бар, сондықтан оның мән-мағнасын ашып көрсеткен жөн.

І-блок — психодиагностикалық. Бұл кезеңде баланың психологиялық қасиеттерінің дамуы бағаланып, ол нормаға сайлығы, немесе ауытқуы бар болса ол ауыткулардың себебі анықталып, ыңғайсыз жағдайға алып келген факторлар талданады және бала өміріндегі олардың орны анықталады. Шытырман жағдай зонасы отбасы, құрбылар ортасы, жұмыс орны, оқитын мектебі т.с.с. жерлер болуы мүмкін (сол адамның өмір сүру ортасы). Осы жағдайды тудырған ортаны анықтаудың мэні өте терең.

ІІ-блок — бағыт беру деп аталады. Бұл кезеңде клиенттің психологиялық жағдайы өзімен бірге отырып талданылады және ол психологиялық кеңес беру жұмыстарына катынасуы. психокоррекциялық жұмыс жүргізу қажет екендігіне сендіріліп, ол жұмыстың ерекшеліктері түсіндіріледі. Психокоррекция көптеген құбылмалы жағдайларға байланысты жүретін әдіс.

Оның ішінде коррекцияның тиімді болуына келесі құбылыстардың әсері өте үлкен:

а) психолог пен коррекцияға қатынасушылар арасындағы байланыстың қалыптасуы (ұштасып, түйісіп, біртұтастай қызмет атқаруды талап етеді). Бұл байланыс құбылмалы. Өйткені ол қатынасушылардың психологқа сеніміне байланысты өзгеріп тұрады.

б) қатынасып отырғандардың психологка және бір-біріне сенуі, осы сенімнің күшеюі, оны білдіруі. Бұл құбылыска байланысты әркім өз сырын ашып айтады немесе түйсініп қалады.

в) Сенімнің артуы. Клиенттің позитивтік нәтижеге жететінін түсінуінің белгісі болып табылады.

Баланың проблемасы отбасындағы қарым-қатынастың бұзылуымен байланысты болса коррекциялық жұмыс балалармен және олардың ата-аналарымен, немесе оларды тәрбиелеуші үлкендермен параллель жүргізіледі. Психокоррекциялық жұмыстың міндеттері коррекция жүргізуді талап еткен адам немесе топ ерекшеліктеріне байланысты анықталады. Олар келесі мағынада болуы мүмкін:

— баланың дамуындағы психологиялық ауытқуларды қалыптасқан талаптарға сай келтіру;

— мінез-құлықта қалыптасқан жағымсыз құрылыстарды бұзып, оның жағымды көріністері басым болатындай етіп қайта кұру;

— мінез-құлықта көрініс беретін жағымсыз стереотиптерді және оның эмоционпалдық көрініс беру формаларын өзгерту;

— жалпы даму барысын реконструкциялау (құрылымын өңдеу);

— ізгі ниетті қарым-қатынас тәжірибесін қалыптастыру.

Көбінесе коррекцияны адам өміріне үлкен роль атқаратын іс-әрекеттер түрінде ұйымдастырылады. Адам өмірінің барлық жас кезеңдерінде маңыздылығын сақтайтын, әсерлілігі өте жоғары болып табылатын ойын әрекеттің орны ерекше. Балалар үшін ойын өмір сүрудің, әлеуметтік тәжірибені меңгерудің негізгі түрі, ал үлкендер үшін өздерінің балалық «Менін» шақырып, басқалардың, әсіресе балалардың қылықтарын тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Сондықтан ойын коррекциясы психологиялық қызмет көрсету тәжірибесінде кеңінен қолданылады.

Коррекциялык ойын барысында келесі мәселелер шешіледі.

  1. Балалар ойнау барысында басқа адамдарға деген сезімін көрсетудің жаңа формаларын меңгереді.
  2. Басқа адамдарға, үлкендер, кішілер және құрбыларына, өз-өзіне деген көзқарасы ақикатқа жақындатылады, өзін-өзі және басқаларды бағалауға, сыйлауға үйренеді.
  3. Өзіне деген сенімі нығайады.
  4. Құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасау тәжірибесі қалыптасады.
  5. Ойын — іскерлікке, қарым-қатынастың жаңа түрлеріне жаттықтырады.
  6. Балаларды сыйлап, олардың пікірімен санаса қатынас жасау арқылы олардың санасына кішігірім өзгерістер ендіріп, олардың дербес болуға, өз бетімен қажетті мәселелерді шешуге шамасы келетініне сендіреді.

Үлкендер, кішкентайлар кемесе аралас топтарда пайдаланылатын коррекциялык ойындар іскерлік ойындар, ермек ойындардының көптеген ортақ көрсеткіштері бар, сонымен бірге әр коррекциялық топта жүргізілетін ойындар өзіндік ерекшеліктермен сипатталады. Дегенмен коррекциялалық ойындарды қандай топта пайдаланғанда да олардың ортақ көрсеткіштерінің бар. Олар келесі:

  1. Бірінші талап — коррекция жүргізу үшін оны ұйымдастырған ортаның коррекцияға әсерін тигізетіндей ерекшеліктері болуға тиісті. Кішкентай балалармен коррекция арнайы жабдықталған ойын бөлмелерінде жүргізіледі. Үлкендермен де осындай бөлмеде ұйымдастыруға болады. Коррекциялық топтардағы қарым-қатынастың ең үлкен ерекшелігі — баланың іс-әрекеттерін ұйымдастыру барысында оларға ешқандай тыйым салмау, нормативтармен таныстырмау, әркімге өзінің шығармашылық қабілетін көрсетуге мүмкіндік беру.
  2. Екінші талап — қарым-қатынас ерекшелігі байқалған бала немесе үлкен клиент өміріндегі кысым көріп жүрген шарттардан шығуына жәрдем беретіндей болуға тиіс. Өйткені қарым-қатынаста шиеленіс туған өмір сүру зонасындағы байланыстар мінез-құлықтың жағымсыз көріністері конфликтінің негізгі себебі болуы мүмкін. Сондықтан тілектестікке негізделген қарым-қатынас тәжірибесі қалыптасу барысында ол адам өзінің басқаларға деген бұрынғы қырсық мінезінің өрескіл, ыңғайсыз екеніне түсінеді және коррекциялық ойындар барысында ізгі ниетті қарым-қатынастың басқаларға жағымды, сыйысымды болудың негізгі жолы екенін көрсетеді және басқалармен мәдениетті араласудың жаңа түрін іздеуді талап етеді. Осы ізденіс табысты болу үшін жаңа жағдайдағы қарым-қатынас түрілерінің дұрыс үлгісін көрсетуге тиіс. Бұл міндетті шешу үшін коррекциялық топта келесі шарттар сақталуы керек:

а) үлкендер мен кішкентайлардың қарым-катынасы жайбарақат, тілектестік негізінде жүреді;

б) ешкім ешкімді сынап, мін айтып, айыптап отырмайды;

в) шектеу шектеулі, жіберілген қателіктер үшін ұрсу, ескерту айту, жазалау жоқ;

г) барлық қатынасушылар өздерін емін-еркін сезінуге мүмкіндік туғызылады.

Ойын коррекциясын ұйымдастыру барысында, психологиялық кеңес беру үшін күрделі мәселелерді талдауға арналған сұрақтар шектеулі болады және ғылыми терминдер өте аз пайдаланып, сөйлемдер құрылым жағынан өте қарапайым болады. Мысалы: «Неге сіз баскаша ойлайсыз? Онда тұрған не бар екен?» Мәселесіні шеше алмай жүрген адамға кей кезде кішкентай түрткі керек. Сондықтан жетелеме сұрақтар кеңінен пайдаланылады, ал олар мағналық және кұрылымдық жағынан қарапайымдылығымен тартымды болады.

  1. Үшінші талап — қатнасушынын проблемасын диагностикалау және коррекциялау барысында оларға өзінің жағдайы туралы ойын тұжырымдап, мән мағнасын толық ашуға, оған өзі түсінетіндей етіп айтқызу. Бұл әдістің ерекшелігі – адам жағдайды үстіртін талдаудан біртіндеп мәселеге терең үңіліп, оның түбірін, болашаққа әсерін т.б. көрсеткіштерін бір-бірімен салыстырып, ұштастырып талдауға мүмкіндік береді. Мысалы: келін-ене проблемасында, келін өзін бөтен сезінуі мүмкін. Енесі оның барлық істеген жұмысына сын көзбен қарайды. Келін өзін-өзі бөтен және жаңа отбасында қабылданбаған адаммын деп ойлайды, нәтижесінде келін өзін-өзі ыңғайсыз сезінеді.

Келіннің ойын тұжырымдау үшін келесі мәселені талдауға болады. Келін кім үшін сол отбасына келді? Кімге керек екендігін толық түсініп сезінеді ме?

  1. Төртінші талап — өзінше талдау әдісін пайдалану (интерпретация). Бұл өте күрделі техника. Оны тиімді қолдану үшін келесі жағдайларды ескеру қажет:

— клиенттің интерпретацияны қабылдауға, түсінуге даярлығы;

— бұл әдістемені интерпретацияны қолдануға ыңғайлы жағдай орын алғанда пайдалану.

Жағдайды өзінше талдау қысқа ұжым ішінде, клиентке өте түсінікті сөздермен айтылу қажет.

  1. Бесінші талап — өз сөзімен басқаларға түсіндіріп айтып бере алу (перепрацирование).

Клиенттің айтқан шағымын психолог өзінше талқылап, оның оң-теріс жағын ашып береді. Осы талдау барысында психолог клиентке өмірде неше түрлі жағдайлар болатынын және барлық болған оқиғаның жақсылығы бар екенін көрсетеді. Немесе жағымсыз нәрсенің әсері клиенттің бағалауынан әлде қайда төмен екенін дәлелдеп береді.

Мысалы: баласы оқуды тастап кеткен. Психолог ата-анаға баласының оқуды тастаған себебі мамандығы оның ойына сай келмеген болуы керек, сондықтан ол өз жолын іздеп тапқысы келгенін түсіндіру қажет. Сонымен, эмоционалдық жағдайды талдау ұстанымы құралымы өте күрделі және бірнеше бөліктеп тұратынын анықтап алуы керек екен. Эмоциялық жағдайды талау ұстанымына сай психологиялык кеңесті ұйымдастыру ең күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.

  1. Алтыншы талап — клиентпен карым-қатынас жалғасын қалыптастыру. Психокоррекция жұмысы аяқталғаннан соң клиенттер мен психолог арасындағы қатынастар жалғасуы керек. Посттренингтік кездесу барысында клиенттермен кездесулер тақырыптық кештер, «бітірушілер кездесулері», туған күндерде кездесу, еретеңгіліктер т.с.с. ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл жалғастың негізгі мақсаты тренинг барысында қалыптасқан қарым-қатынас тәжірибесін және стереотиптерді оңтайландыру жұмысын пысықтау. Мұндай кездесулер екі-үш рет болғаны дұрыс.

Психологиялық кеңес беру және коррекция жүргізу барысында қарым-қатынас құралдарының көптеген түрлері пайдаланылады: ауызша сөйлесу (вербальдық қарым-қатынас) арқылы тілдесіумен қатар тілсіз әдістер арқылы жүруі мүмкін. Тілсіз жүргізілетін байланыс түрлері.

а) сөйлесу барысында клиенттің көзіне карап, оның айткан сөздерінің мағынасына толық түсініп отырғанын білдіру;

б) клиентпен психодиагностикалық әңгімелесуді жүргізуге отырғанда қарама-қарсы емес, кішкене бұрыштап немесе қатарласып отырған дұрыс;

в) бет көрінісі — психологтың бет-әлпетінде тілектестіктің белгісі анық байқалатындай, барлық мәселеге толық түсінгісі келгенін шын көңлімен анық байқатып отыруы қажет;

г) дене қалпы жабық болмастан, қолды қусырмастан, жайбаракаттық білдіру арқалы өзіне сөйлесіп отырған адамын тартып алуы керек. Қолы тыныштық таппаған адам клиентке теріс әсерін тигізеді. Сондықтан отырыс емін-еркін, жүзінің жақындығы талданып отырған мәселенің эмоционалдық әсеріне сәйкес келетіндей болса клиентке психологиялык ыңғайлы жағдай туады.

д) дауыстың ырғағы – дауыс онша қатты шықпастан, сырласу үстіндегі жағдайды құрып, тілектестік белгісі анық сезілетіндей болса, ал кей-кезде сыбырласып сөйлескеннің үлкен әсері бар;

е) психолог әңгімелесу барысында үлкен паузалар жасап клиент сөзінің, ойының, толқуының мағнасына түсінгенін білдіріп, оның өз ойын толық айтуына мүмкіндік беруі.

Тілдесу арқылы жүргізілетін контакт барысында әңгімелесу жоғарыда айтылған ұстанымдарға сай жүргізіледі. Әңгімелесуді бастағанда клиенттің ойын мақұлдап, мақтап, қолдап отыруды орынды қолдану қажет. Әңгімелесу нәтижесінде клиент өзінің басқалардан кем еместігіне көзі жетіп, түсінуі керек.

Осы талаптарға сай ұйымдастырылған кеңес өз функциясын толық орындайды.

  1. Жетінші талап — клиентті сыйлау, оның барлық қылығына түсіну, көбісінің басқаларға ұлайтынын және ұнамды қылықтары бар екенін көрсету.

Коррекциялык топта әр адам өзінің толық қауіпсіз ортада екенін сезінуі қажет. Тек қана толык сенім болғанда қатынасушы өз проблемасын ашып сырын төгеді. Басқалар, әсіресе психолог, ұстамдылық көрсетіп әр клиенттің шағымын эмоционалдык құбылыстарда көрсеткен өмірінің үзінділерін тілектестік белгісімен қабылдау қажет (қолын сипап, күлімсіреп карап, басын шайқап немесе изеп отырып).

  1. Сегізінші талап — шектеудің шектеулілігі. Нені шектеуге болады:

а) жұмыс уақыты (балалар ойын бөлмесіндегі жұмыс уақыты шектеулі екенін түсінуі қажет);

б) бөлмеден рұқсатсыз шығуға болмайды;

в) ойыншықтарды, әдістемелік құралдарды алып кетуге болмайды. Басқа шектеу жоқ.

  1. Тоғызыншы талап — клиенттің белсенділігін қамтамасыз ету. Әр адам өз өмірінің егесі. Осы позицияны тәрбиелеу үшін әр адам өз праблемасын өзі шешуге шамасы келетініне сенуі қажет. Сондықтан бірінші, екінші кездесу барысында клиентті асықтырмай оның белсенділігін қолынан жетелегендей біртіндеп қалыптастырып отыру қажет. Бұл мәселені шешу үшін клиенттің күшті жақтарын қолдап, соған сүйену арқылы дамыту — коррекцияның маңызды шарты.

Психокррекцияны жүргізуге пайдаланатын әр ойын көп функция атқарады: бір адамға — өз-өзін бағалауын жоғарылату жолы; екіншілерге –сергіту құралы, қабілеттілікті арттыру және өзін емін еркін сезінуге үйрету жолы; үшіншілерге — көпшілікпен тіл табысып өмір сүруге, ұжымдағы адамдармен санасуға үйрететін әдіс. Коррекциялық ойындардың осы үш функциясы – негізгі. Сонымен қатар әр адамның праблемасына байланысты жеке мәселелер тууы мүмкін. Коррекцияның осы ортақ көрсеткіштерді ескеріп жүргізу қажет.

Коррекциялық жұмыс топпен жүргізілгенде оны треннинг тобы деп атайды. Осы топты ұйымдастырудың түрлері көп. Олар коррекция жүргізу тәсілдері деп аталады. Бұл тәсілдердің негізгі 4 түрі бар. Олар шешуге алынған проблемаға байланысты аныкталады.

  1. I. Қарым-қатынас мәдениетін үйрену тобы тәсілі. (Мысалы: үлкен спорттағы адам жасы келгеннен соң азаматтық өмірге оралды) Бұл тренинг 3 кезеңнен тұрады. 1. Ритуалдық іс-әрекеттер:

а) Танысу ритуалы.

б) Топтық ән орындау (Әнұранды таңдап алу).

Оны күнделікті тренинг басталғанда және аяқталғанда орындау барлық қатынасушылардың эмоционалдық жағдайын көтеріп, тез қарым-қатынас жасауға жол ашады және топты нығайтады.

в) Ритуальдық сәлемдесу мен қоштасу. Сәлемдесу барысында бұрынғы күнде болған оқиғалар, ондағы қарым-қатынас барысын еске түсіріп оң-теріс жағы қысқаша талданады. Топтағы қарым-қатынас ережелері еске түсіріледі. Өз ойын айтуға, болған оқиғалар бағалауға үйрету үшін жүргізіледі.

  1. Топтық шешім қабылдауға үйрету.

Әр кездесудің басында сол күні жүргізілетін жұмыс жоспары талданып, жоспарланған жұмыстардың барлық түрлерінің жүргізу реті және іс-әрекетің әркайсысына берілетін уақыт анықталады. Тренинг үшін пайдаланылатын ойындардың барлығы рольдік-сюжеттік, сондықтан кім кандай роль атқаратынын топтын өзі шешеді. Ойын аяқталғаннан соң қатынасушылардың әрқайсысының топтық тапсырманы орындауға қосқан үлесі талданады, өз міндетін орындағаны сапалық жағынан бағаланады (топтағылармен).

  1. Топтың дербестігін қалыптастыру.

Бұл тәсіл психологтың топтан «шығып», клиенттерге барлық жоспарланған іс-шараларды өз бетімен ұйымдастыруға мүмкіндік беру үшін қолданылады. Ешкімнен кеңес сұрауға болмайды (балалар тобында олар өзі барлық мәселені үлкендерден көмек сұрамай шешуі керек). Барлық шешімдерді өздері қабылдауы керек. Бұл тәсілдің көмегімен клиенттен ашық жарқындығын тәрбиелеуге әсерін тигізеді, қабілеттілікті жетілдіреді.

Қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу тобы 4-7 күн жұмыс жүргізеді.

ІІ-Эгоцентризмді бұзу тобы (дарашылдық, дүниенің негізі мен, басқаның бәрі менің түсінігім дейтін пәлсапалық көзкарас атынан алынған).

Эгоцентризм адамның мінезін икемсіз, сыйысымсыз ететін, ешкіммен санаспайтындыкка алып келетін мінез көрінісі. Эгоцентризмі жақсы қалыптасқан адамдармен жүргізілетін тренинг «Эгоцентризмді бұзу тобы» деген атпенен қолданылады. Бұл топпен жұмыс жүргізгенде бұрынғы келтірілген топтағы ритуалдық кезең сол бойынша сақталады. Эгоцентризмді бұзу тобының негізгі мақсаты – адамды дарашылдық сенімнен шығарып, басқалармен санасуға үйрету, баскаларды түсіну, аяу, жан ашу сезімін тереңдету. Ол үшін қатынасушылар ең бірінші ретте бір-бірін тыңдауды үйренуі керек. Бұл мәселені шешу үшін топты келесі жағдайлардын өткізу қажет:

а) Кешіккенге, келмегенге болған оқиғаны толық айтқызу (ассистент келмей қалады). Келмеген адамға жанашырлық білдірудің түрі.

б) Өз ойын, сезімін басқаларға айтып түсіндіру.

в) Басқалардың сөзін тындату және өз пікірін айткызу.

г) Басқалардың сезімін сыйлап, түсіну.

д) Әр адамның басынан өткен оқиғаларды талдау.

е) Эмоцианальдык жағдайды шылықтырып үрейленулігіне әсер тигізу.

ж) Эмоциональдың керісінше жауап беруге алып келетін жағдай жасау.

з) Клиенттің күшті жақтарын көрсетіп, оған эмоциональдық қолдау көрсету.

и) Өзін-өзі тұрақты ұстауға шамасы келетініне сенім білдіру, клиенттің оң қасиеттерін бағалау, мадақтау.

к) Мінез-құлқының нормативтік көрсеткіштеріне көңіл аудару.

ІІІ — Өз проблемаларын түсінуге үйрету тобы тәсілі.

Адам өз проблемаларына толық түсініп, оны талдап шығу жолын табуға шамасы келсе ол адам өзін қоршаған ортамен тепе-теңдікте болады және барлық уақытта өзін байсалды ұстауға болатындығына сенімі күшейеді. Бұл топ келесі кезектегі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асырылады.

а) Шағылыстыру тәсілі адамның әлеуметтік ортадағы позициясы қате екенін, барлық құбылыстарға реакциясы ақиқатка сай еместігін көрсету және оның себебін түсіндіріп кабылдату. Бұл тәсілді қолдану нәтижесінде жаңа жолды іздеп, клиент өз болашағын және сол болашақ өмірдегі басқа және оның себебін түсіндіріп қабылдату. Бұл тәсілді қолдану нәтижесінде жаңа жолды іздеп, клиент өз болашағын және сол болашақ өмірдегі басқа адамдармен карым-қатынасының моделін жасауға кіріседі. Сонымен, бұл тәсілдің негізгі мақсаты – адам өз қателерін өз санасынан өткізіп, шағылыстырып шығарып жіберуі (айнадан шағылысқан сәуле тәрізді).

б) Өзінше талқылау (интерпретация) тәсілі. Бұл тәсілдің негізгі мақсаты- ыңғайсыз шытырман жағдайды туғызған себептерді психолог өзі талдап, клиентке түсіндіріп, оның мән мағынасына терең түсінуге жәрдем береді. Нәтижесінде шағымданушы өзінің алдында тұрған проблема түкке тұрмайтын күнделікті тұрмыстық мәселе екеніне, немесе оны өз күшімен реттеуге болатынын толық айқындап алады.

в) Түсіндіру, сенім мен иланушылықты қалыптастыру. Бұл тәсілді қолдану нәтижесінде адамдардың бір-бірін түсінуі және басқаларға жанашырлыпен қарау қалыптасуы қажет. Осы міндетті атқару үшін топтағы адамдардың бір-біріне деген адамгершілікпен, жанашырлықпен қарауы, барлық адамдарды өзіне жақын адамдай, жақын туысқанындай, бауырындай қабылдауы қалыптасуы қажет.

г) «Жанама әсер» тәсілін пайдаланудың негізгі міндеті осы тәсіл арқылы көмек көрсетуді талап етіп отырған адамға басқа адамдардың бірнеше сұрақ беруі арқылы (топтағылар) клиент өз мінез құлқының, мінез көрсетуінің себебін анықтауға жол ашу.

Осы аталған тәсілдер барлық тренинг топтарында кеңінен пайдаланылады. Психолог оларды іріктеп алу үшін топтағылардың өз проблемаларын талдауға және оның ерекшеліктерін түсінуге даяр екеніне толық көзі жеткен уақытта пайдаланады.

ІV-Жағымсыз (ұнамсыз) стереотиптерді бұзу тобы.

Ұнамды мінез құлықты калыптастыру, клиенті басқаларға ыңғайлы болуға үйрету ерекшелігі келесі екі көрініспен сипатталады: а) Жағымсыз мінез-құлыққа әрекеттік тосқауыл қою.

Психолог клиенттің жағымсыз мінез көрсетуіне тосқауыл қойып агрессия (баскыншылдық көрсетіп, басқалардың әрекетіне толық тиым салу) көріністерін басып тастауы. Бұл тәсіл клиенттің ермелігін, желікпелі қызулығын шақырып, барлық теріс мінезін толық аффект жағдайында көрсетуге мүмкіндік беруді талап етеді. Психолог бұл тәсілдің көмегімен клиентке өзінің барлық теріс эмоциясын шығаруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда клиенттің психикасын жарақаттандырған оқиғаларды анықтап алуға мүмкіндік туады. Тосқауыл қою келесі іс-әрекет арқылы жүргізіледі: қолынан ұстап отырғызып қою, қағып жіберу, отырған жерінде мықтап ұстап орнынан тұрғызбау.

б) Жағымсыз мінезін сөз арқылы қоршауға алып клиентпен одақтасу. Клиентке қарым-қатынасының басқаларға өте ыңғайсыз жағдай туғызып отырғанын айқын көрсетіп, оның басқа позицияға тұруы қажет екенін, шыдамды, байсалды болуы қажет екенін көрсету. Өзін өзі мінез-құлқының сыйысымды, түсінгіштік көрсеткіштері арқылы қорғауы қажет және мүмкін екенін көрсету.

в) Ақиқатқа сай келетін мінез-құлық көрсетуге үйрету. Ойын арқылы балаға жайдары мінез көрсетіп, барлық жағдайларда ұнамды мінез сақтау тәжірибесін қалыптастырады.

Барлық тренинг топттарының іс-ірекеті бірнеше кезеңде немесе фазада жүреді:

I – бағдарлау  кезеңі (2-3 кездесу барысында).

II – қайта құру кезеңі (4-7 кездесу барысында).

III – бекіту (жаңа меңгерген тәжірибені пысықтау) 2-3 рет.

I-кезеңде топтағылармен таныстыру тренингісі өткізіледі, танысу барысында олардың бір-бірінен ешқандай қысылмастан еркін қарым-қатынас жасауы ұйымдастырылады (балалар бір-бірімен танысып, кішкентайлар тобы болса олардың іс-әрекеттерін ұйымдастыруға арналған ойыншықтар және басқа қажетті материалдармен танысып, бір-бірімен ойнауын үлкендер ұйымдастыруы керек, ал үлкендерге салондық ойындар, шай-кофе брейк барысында ауа райы, базардағы бағалар т.с.с. ортақ тақырыптан бастап қызу әңгімелесуді ұйымдастыру). Сонымен қатар, бағдарлау кезеңінде мінез-құлық ерекшеліктерін зерттеп, коррекциялауды талап ететін қасиеттерді анықтау;

б) Баланың көңіл күйін көтеріп, өзін емін-еркін сезінетін жағдай туғызу. Әр қатынасушы өзін өзі өте қауіпсіз жағдайда сезінуі керек (кішкентайлар — ешкім мазақтамайтынына сенуі, үлкендер — ешкім сырын басқаларға айтпайтынына сенуі, барлығы — жіберген қателеріне жазаланбайтынына сенуі);

в) Топтың ішкі кайшылықтарын сыртқа шығаруға даярлау. Ол вербалды емес карым-қатынас түрлерін қолданып бір-біріне жақындатады (дене терапиясы, сәлемдесу рәсімі). Трениг барысында қолданылатын ермек ойындары, іскерлік және шығармашылық ойындары әр адамның өз өмірінде орындайтын рольдер репертуарын тиімді орындау жолдарын көрсететді. Бұл кезеңнің соңында топ қалыптасуы аяқталады, сондықтан топтағылардың бір-біріне эмоционалдық қатынасына қарай кішігірім топтар құруға болады.

ІІ-кезең – ренанструкциялық. Топтағылар бір-бірінен қысылмай, өздерін емін еркін сезіне бастайды. Осы кезде психологтың топтағы тактикасы өзгеріп, ол топтық тренингтің негізгі мақсатына негізделген және толық бағынышты болады. Ол баланың (топқа келген ересек адамның) мінез-құлқы сиымсыз екенін анық көрсетуге және клиенттің бұрынғы позициясының жалғандығын дәлелдеуге бағытталған. Сондықтан бұл кезеңдегі карым-қатынас барысында психолог клиентке оның өз мінез-құлқын өзгерту қажеттілігін жақсы түсінетіндей жағдай туғызады.

Бұл жағдайда адамның ішкі кернеуі төмендеп, басқаларды түсінуі, тілектестігі, жанашырлық белгісі анық байқалады. Көптеген сюжетті-рольді ойындар қолданылып қарым-қатынас мәдениетінде орын алған жаңа көріністер пысықталады. Коррекцияны ұйымдастырудың осы кезеңі ең қиын болып есептеледі. Өйткені коррекцияланушы психикасында өте күрделі өзгерістер пайда болады. Бұрынғы стереатиптер бұзылып, ішкі конфликтілер сыртқа шығады. Осы кезеңде клиенттің психологқа деген негативизмі, қарсы шығуы, агрессиясы көрініс беруі мүмкін.

Балалармен жүргізген топта ата-анасымен бірге шешілетін мәселелерді осы эмоционалдық шиеленіс күшейген кезде жүргізген тиімді (шешесімен қызы, әкесімен ұлы т.б. драматизация ойындары арқылы проблема тудырған жағдайларды рольдерін ауыстырып көрсетіп беру арқылы қалыптасқан қарым-қатынас стереотиптер жалған құндылықтарға негізделгенін көрсету арқылы жүреді). Әр қатынасушы өзінің отбасындағы немесе басқа конфликт тудырған ортадағы қарым-қатынас ерекшеліктеріне толық түсінуге жәрдем беретін мәліметтер жиналады. Бұл кезеңнің соңында қатынасушылардың жан дүниесіндегі бір-біріне қайшылас эмоциялар бәсеңдеп, баланың үлкендерге, оқытушыларға, психологқа деген көзқарастары оңтайлану жағына қарай өзгереді. Оларды сыйлау, қол ұшын беретін адамға деген сенім пайда болады. Коррекцияланушының мінез кұлқандағы оң көсеткіштерді тұрақты етуге, оларды пысықтауға психолог өте үлкен көңіл бөледі. Бала өзінің жаңа тәжірибесін өмірге алып шығып, барлық жағдайда сақтауға шамасы келетініне сенуі қажет.

Психологтың коррекциялық жұмысты жүргізу техникасы осы іс-шаралардың әр кезеңінде анықталған мақсаттарына сай жүргенде ғана ол осы функциясын толық атқарады.

 

1.2. Жеткіншек жас кезеңіндегілерге психологиялық кеңес беру мен психокоррекция жүргізудің қажеттілігі

 

Психологиялық кеңес беру мен психокоррекция жүргізу қажеттілігі барлық жас кезеңдерінде орын алады. Дегенмен жеткіншек жас кезеңінде мінез ерекшеліктері қалыптасып, оның өмірлік максатқа байланысты бола бастайтыны, өмірге деген көзқарасы және бағыттылығымен байланысты екендігі анықталған. Сондықтан психологиялық қызметтің осы бағыттағы жұмыстарының басым көпшілігі жеткіншек жас кезеңіндегілерге көмек көрсетумен байланысты ұйымдастырылады.

Адамның мінезінің қалыптасуына отбасы, қоршаған ортадағы жетекші салт-дәстүр мен әдет-ғұрып, өзінің қарым-қатынас жасайтын кіші тобы, сынып оқушылары, жолдастар мен достар, оқыған кітап, көрген кино кейіпкерлері үлкен әсерін тигізеді. Өйткені адам басқаларға қарап, олардың тәжірибесін меңгеріп адам болады. Әсіресе жеткіншек жас кезеңіндегі ағзаның қайта құрылуы мінез ерекшеліктерінің қалыптасуына және мінез-құлық стереотиптерінің қалыптасып сол адамға тән қарым-қатынас ерекшелігі болып қалуына негіз болады.

Жеткіншектің ересектік белгілерді қабылдауда соларға теңелсем дейтін үлгілердің алуан түрлі болуына байланысты. Қалыптасатын өмірлік құндылықтардың мазмұны, жеткіншектің жеке басының қалыптасуының жалпы бағыты көбінесе белгілі бір үлгілерге бағдарлануға байланысты болады. Осы үлгіге негіз болатын ересектердің сыртқы келбетінің өзіне тән белгілері мен мінез-құлық мәнерлері, кейбір өздеріне тән ерекшеліктері болғандықтан балалармен салыстырғандағы артықшылық жағдайлары неғұрлым айқын көрінетін ересектіктің сыртқы белгілері жеткіншектер үшін тартымды болып көрінеді. Олар – темекі тарту, карта ойнау, шарап ішу, сөйлеу мәнері, киім мен шаш қоюдағы ересектерге тән мода сәндік, опа-далап, әсемдік заттар, қылымсу тәсілдері, дем алу, көңіл көтеру, ілтипат білдіру т.б. тәсілдерін басшылыққа алады. Сигарет ұстаған бала өзіне-өзі ересек болып көрінеді, төңірегіндегілерге де солай болып көрінемін деп ойлайды. Жеткіншек үшін ересек еркектің немесе әйелдің мұндай белгілерін қабылдау оның өзінің ересектігін көрсетудің өзінде сондай сенімді орнықтырудың амалы. Барлық ересектерге тән қасиеттерді балалармен еліктеу арқылы қабылданады. Мұның өзі ересектікке жетудің ең оңай тәсілі болып табылады, ал жеткіншек үшін оның өзінің ересектігін айналасындағыларға байқатқызатын маңызды әдісі. Сондықтан оның мұндай формасы өте кең тараған ерекше тұрақты болады және жеткіншектерде көбінесе бірінші кезекте орын алады да, оның жағымсыз екенін балаларға ұғындыру қиынға соғады.

Өзінің келбетін сәнді үлгілерге (модаға) ұқсас етіп шығаруға тырысу түріндегі өзін әдемі етіп көрсету қамын ойлау әсіресе қыз балаларда өте көп уақыт алуы мүмкін. Кейбір жеткіншектер 5 сыныптан бастап-ақ жолдастарының көмегімен сәнді болып жүрген билерді үйрене бастайды. Балалар үшін ұнату көріністері «балалық» түрде болмай, «ересектерге» ұқсас болғаны, кездесулер, дәстүрлі формаларда ілтипат белгілері болғаны, би билеп, шарап ішетін кештер өткізілгені маңызды бола бастайды. Мұндай жағдайларда жеткіншектер әуелде өздерін, көбінесе, ыңғайсыз сезінеді: айтатын сөздері де болмайды, өздерін қалай ұстауды да білмейді, алайда мінез-құлықтың, қарым-қатынастың, көңіл көтерудің белгілі бір формасын сақтаудың өздігінен алғанда бірінші дәрежелі маңызы болады. Тұтастай алғанда балалар көбінесе студенттерге қарап бағдарланады, кинодан, телевизордан, көшеде көргеніне еліктейді. Көпшілікке тараған нәрсе игеріледі («жұрттың бәрі осылай істейді», «бұл сән») және осыған сай үлгілер бағалау мен өзін-өзі бағалаудың өлшемдеріне айналады. Сәнге, биге, кездесулерге, кештерге әуестену дәрежесі әр түрлі болуы мүмкін. Мұның әсіресе 7-8 сыныптарда жеткіншектердің белгілі бір тобтары өмірінің маңызды мәніне айналуы әжептеуір жиі кездеседі. Алайда өзінің сырт келбетіне және басқа жынысқа зейін қоюы басқаша, ересектерге еліктемей де шығуы мүмкін.

Жеткіншектерде жоғары сыныптағылар немесе басқа балалар нақты үлгілер болатыны жиі кездеседі. Әдетте жеткіншектерді ересектер өмірінің азды-көпті тыйым салынған жақтарына баулитындар, оларға өздерінше «мұғалім», «үйретуші» болатындар нақ солар болады. Юристердің айтуы бойынша, жеткіншектердің қарым-қатынастарының негізі бос уақытты өткізу мәдениетінің төмендігі деген пікір, «көңілді, жеңіл» өмір стиліне еліктеу өте қауіпті болып шығады. Бұл орайда оқу жеткіншектің өмірінде әдетте маңызды орын алмайды, танымдық ынта жоғалады, сөйтіп өзіне сәйкес өмірлік құндылықтарымен қоса уақытты көңілді өткізу деген өзіне тән ерекше ниет бекиді. Уақытты бұлай өткізуге ақшаның қажет болуы право тәртібін бұзушылықтардың себебіне айналуы мүмкін. Қазіргі бар мәліметтерге қарағанда, жасы жетпей право тәртібін бұзушылардың көбінің бос уақытын өткізу мәдениеті төмен болады. Ересектіктің дамуындағы мұндай бағыт — өте-мөте жағымсыз бағыт.

Алайда ненің де болса өз бастауы бар, жағымсыз жайлардың да алғашқы түйіншектері жеткіншектік жақтың басында пайда болуы мүмкін. Ең кіші жеткіншектердің класын сырт пішінінің ересектігі айқын аңғарылатын балалардыц дүрліктіріп жүретіні жиі болады. Олардың ішінде есейіп кеткендер де көп болады. Мұндай балаларды кластастары қалғандарымен салыстырғанда ересектер деп түсінеді, нақ осы себептен де оларға барынша ықыластанады. Біреулері оларды жазғырса, енді біреулері оларға теңесуге әрекеттенеді, олармен әбден жақындасуға тырысады. Мұның өзі тәрбиешілер үшін тікелей дабыл болуы керек: ересектіктің мұндай жағымсыз көріністерін дереу әйгілеп, жеткіншектерде ересектіктің құндылық мазмұны туралы, шынайы сыйластық пен беделдің негіздері туралы дұрыс ұғым қалыптастыру қажет.

«Нағыз еркектің» қасиеттеріне теңесу жеткіншектердің дамуындағы енді бір бағыт. Жеткіншектер ер балалардың мұратқа сай келетін ер адамның — «нағыз еркектің» қасиеттерінің белгілі бір мазмұнына белсенді түрде бағдар алуымен байланысты. Мұның өзі, бір жағынан — күш, ерік, батылдық, ерлік, төзімділік; екінші жағынан — достыққа берілуі, достарына және жолдастарына адалдық көрсетуі. Жеткіншектердің М.Ридтің, Ф.Купердің, А.Дюманың, Ж.Верннің романдарына, Ұлы Отан соғысының каһармандары туралы шығармаларға, ақыр соңында ғажайып оқиғалы әдебиетке, қаһармандық және детективтік мазмұндағы кинофильмдерге жеткіншектердің ондаған жылдар бойы ықылас қоюының бәсеңдеуі әлдеқалай емес. Мұның себебі көбінесе мынада: мұндай шығармалардың қаһармандары «нағыз ердің» қасиеттерінің бүкіл жиынтығы немесе олардың мәнді бір бөлігі деп қабылдау, ата-бабалардың ерлігін көрсету. Мұндай қаһармандар қазіргі жастарды сүйсіндіріп таңдандырмайды, сондықтан олар еліктеудің және өзін-өзі тәрбиелеудің үлгілеріне айналмайды. Жеткіншектер әкесінің, ағасының, жақын танысының осындай қасиеттерін мақтан етеді, оларға ұқсауға тырысады, олардың қасиеттері туралы сүйсіне әңгімелейді, ал тарихи және әдеби кейіпкерлердің тәрбиелік мәні өте төмен болып кетті.

Балалардың арасында күштілігімен, батылдығымен, ептілігімен, спорттық іскерліктерімен көзге түсетін құрдасы да жеткіншекке үлгі болуы мүмкін. Мұндай балалар өте-мөте белгілі болады, ал мұның үстіне олар жақсы жолдас болса, олардың беделі өте жоғары болуы мүмкін. Қорқақтықтың көріністері үзілді-кесілді айыпталады. Өзінің батылдығын көрсету үшін жеткіншек шектен асқан істерге, ал кейде қоғамдық жағымсыз істерге де тәуекелге баруы мүмкін. Дене күші жоғары бағаланады. Кейде сыныпта немесе бір топ баланың ішінде барлық балалар кімнің күші кімнен асып түсетінін біледі, соны көрсету үшін сайыстарға да түседі. Жеткіншектер өздерінің дене күшінің өсуіне өте сергек қарайды. Олар күресіп, күш сынасқанды жақсы көреді. Күрестің алуан түрлері жұрттың алдында өтеді. Кейбір балалардың төбелесқойлығы көбіне біреуден өзінің күші басым екенін дәлелдеуге тырысумен байланысты. Жолдастары сыйлайтын болуы үшін жеткіншек өзі айтатын ерлік қасиеттерінің әр түрлі көріністеріне өзінің қатынасу шамасын едәуір асыра көрсетуі мүмкін.

Бұл тұрғыдан жоғары баға, алу жеткіншек үшін өте маңызды. Ол былай тұрсын, жолдастары өзін «әлсіз», «жасқаншақ», «қыз құрлы жоқ» деп ойламасын деп жеткіншек өзі дұрыс емес, әділетсіздік, қаталдық деп санайтын қылық жасауы немесе сондай коллективтік істерге қатынасуы мүмкін. Ол өзін де, жолдастарын да іштей айыптауы мүмкін, бірақ ашық наразылық айтуға көбіне батылы бармайды. Өздерінің қылмысты мақсаттарын жүзеге асыру үшін құқық тәртібін бұзушылар (жасы жетпегендері де, ересектері де) жеткіншек ер балалардың нақ осы «ер болып көрінсем» деген ниетін пайдаланады.

Ер балалардың бірсыпырасы 6 сыныптан бастап әр түрлі жаттығулар арқылы өздерінің күші мен ерік-жігерін дамыта бастайды. Өзін-өзі тәрбиелеу құралы спортпен шұғылдану болады. Жетінші, сегізінші кластағылар ер мінезді адамдардың спорты деп боксқа ерекше қызығады. Бірінші кезеңде жеткіншектердің өз қылықтарын билеуге ұмтылуы кейбір жағдайларда қорқынышын жеңуге, сондай-ақ бір нәрсені істегісі келмеуін жеңуге тырысуға ұласады. Біріншісі, әдетте, өзінің күшін, еркін, батылдығын әр түрлі амалдармен сынауға, бұл қасиеттерін дамыту үшін әр түрлі жаттығуларға ұласады (кейде олар денсаулығы мен өміріне қауіпті де болуы мүмкін), екіншісі – режим белгілеуден көрінеді. Әуелде болмай қалмайтын сәтсіздіктер жеткіншектің көңілін суытып, өзінің кемшіліктерін жою мүмкіндіктеріне сенімсіздік туғызуы мүмкін. Бұл уақытта жеткіншекке ересектің көмегі өте қажет; ол жеткіншекке нақты міндеттерді бөлуге, оларды орындаудың дұрыс амалдарын, кезеңдік іс-әрекеттерді тұрақты іс-әрекетке айналдыратын әдістерді табуға көмектесуі керек. 7-8 сыныптарда кейбір жеткіншектер өзін-өзі тәрбиелеудің осы неғұрлым жоғары сатысына өздігінен етеді. Сөйтіп, ол әр түрлі сипаттағы міндеттері күрделілене түскен күнделікті ұйымдастырылған іс-әрекетке айналады.

Жеткіншектік шақта ер балалардың көпшілігінде ерлік қасиеттері ересек адамды, жолдасын, өзін бағалаудың мәнді критерийі болады, жеке басының құнды қасиеттерінің өзіне тән ерекше категориясына айналады; осылар арқылы әдетте спортпен байланысты ынта мен ұнамды іс-әрекеттердің тұрақты тобы анықталады. Әр алуан жеткіншектерде басқалардың арасындағы бұл құндылықтардың алатын орны әр түрлі әрі көбіне өте маңызды болуы мүмкін. Алайда жеткіншектің (немесе жеткіншектер тобының) адамгершілік тәрбиесі жеткіліксіз болса, әлеуметтік-моральдық бағыттылығына қарамай күшке, ерік-жігерге, батылдыққа табыну келіп шығуы мүмкін. Жеткіншек ер балаларды тәрбиелеудің аса маңызды міндеті — оларда ерлік қасиеттер, бұл қасиеттердің адамгершілік мазмұны туралы дұрыс түсінік қалыптастыру.

Көптеген жеткіншек қыз балалардың атам заманнан ерлер қасиеттері деп саналатын жігерлілік, батылдық, қажырлылық, ұстамдылық т.б. қасиеттерге жеткісі келетінін атап айту керек. Ер балалар сияқты олар да өздерінде осындай қасиеттерді тәрбиелейді. Әйелге тән қасиеттер қазіргі жеткіншек қыздар мен бойжеткендер үшін әрқашан тартымды деуге болмайды. Мұның өзі әйелдің қоғам өмірі мен семьядағы жағдайының өзгеруіне байланысты. Қоғамдық мұратты бейнелердегі өзгеріс осыдан келіп шығады, ал бұлар өз кезегінде қыз балаларда ұнамды қасиеттер туралы түсініктің қалыптасуына ықпал жасайды. Қыз баланың мұрат тұтқан бейнесінің мазмұны оның алған тәрбиесі мен ортасының нақты ерекшеліктеріне де едәуір байланысты болады.

Ересектермен қатар және теңдей еңбекке қатынасу, оларға үлкендер тарапынан көп сенім білдірілген жағдайда жеткіншекте жауапкершілік, дербестік, оңтайлылық сезімін, әр түрлі істер мен міндеттерді орындауда, басқалар туралы ойлап, қамқорлық жасау, сезімталдық пен ілтипаттылық қасиеттерін қалыптастырады. Бұл қасиеттердің қалыптасуына қолайлы жағдайлар жеткіншектерді ересек адамның көмекшісі әрі тірегі позициясында болғанда жасалады. Жақын адамдардың игілігі, олардың қамын ойлау жеткіншек үшін ерекше маңызды болып, өмірлік қазына сипатын алады. Мұның өзі адамгершілік сенімдердің, жеке мінез-құлықтың, болашаққа жоспар құрудың ерте бастан қалыптасуына қолайлы жағдай жасайды.

Болашаққа арналған жоспарлар туралы ойлағанда жақындарының қамын ойлау көп орын алады. Көптеген жеткіншек ер балалардың ересектердің әр түрлі іскерліктерін — ағаш және темір ұсталығын меңгеруге, станокта жұмыс істеуге, автомашина, мотоцикл, трактор жүргізуге, фотосурет түсіруге, мылтық атып, аң аулауға, компаспен бағдарлануға т.б. іс-әрекеттерді үлкендердей орындауға ұмтылатынын атап айту керек. Қыз балалар да олардан қалыспай, тек әйелдер іскерліктерін ғана меңгерумен шектелмейді.

Жеткіншектік шақтың басы осындай іскерліктерді үйретуге ең қолайлы уақыт. Бұл үшін жеткіншекті қолғанат ретінде ересектердің тиісті кәсіптерінде пайдаланылуы қажет. Жеткіншектердің өздері де осыған ұмтылады және сабақ пен үйретудің мазмұны неғұрлым байыпты болса, жеткіншектер жұмысқа соғұрлым ынталана кіріседі. Ересектердің өзіне сенім көрсеткенін жеткіншек ұнатады, оны ақтауға тырысады. Пәндер мен еңбек сабақтарындағы жұмыс балалар үшін жаңалық неғұрлым көп болса, ілгерілеушілік болса, олар өз еңбегінің нәтижесін, оның қоғамға пайдалылығын айқын көрсе, солғұрлым ол жұмыс жеткіншектерге тартымды болады.

Балалар үшін ересектердің өздері маңызды әрі қызықты деп санайтын істер мен іс-әрекеттерге қатынасу неғұрлым тартымды. Кішкентай жеткіншектер ересектің көмекшісі роліне әбден риза, ал неғұрлым естияр болған сайын ол уақытша болса да, жұмыстың қай учаскесінде болса да ересектің орнын толық ауыстырып, әйтеуір мүлдем дербес іс-әрекет жасауға ерекше қуанышты болады. Бұл жеткіншекті жаңа жетістіктерге ұмтылдырады. Ересектермен іскерлік ынтымақ ересектіктің көрінуінің игілікті формасы үшін жағдай жасайды. Мұндай ынтымақ әрбір жеткіншектің өмірінің маңызды әрі ұнамды мазмұны бола алады және болуға тиіс те. Жеткіншек өзіне ересектердің сенім білдіргенін сезініп, өз еңбегінің пайдалылығын көрсе, іскерлік көрсетіп, ынтымақ болады. Тәрбиешілер жеткіншектің үлкендерге көмекшісі позициясын белсене қалыптастырып, оны барынша қолдап, нығайтып отыруы керек. Мұндай позицияның болуы жеткіншекте шын мәніндегі әлеуметтік-моральдық ересектіктің және жеке адамның көптеген құнды адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы үшін өте маңызды.

Танымдық – іс-әрекетте ересектіктің дамуы ерекше орын алады. Ересектіктің дамуындағы маңызды бағыт мазмұнды мүдделердің дамуымен және болашаққа жоспарлар жасаумен байланысты. Ол жеткіншектің бір нәрсені шын мәнінде танып-білуге ұмтылуынан барып өседі. Мұның өзі мазмұны мектеп программасының шеңберінен асып түсетін танымдық іс-әрекеттің дамуына себепші болады. Мұндай іс-әрекеттің ғылымға, техникаға, өнерге, білімнің бір не бірнеше саласына катысты болуы мүмкін және кәсіптік ниеттермен әрдайым байланысы бола бермейді. Әуестену құштарлық сипатта болып, ондайда бірқатар уақыт (бос уақыт қана емес, сабақ даярлауға қажетті уақыттың да) сол өзіне ұнамды іспен шұғылдануға кетеді. Қайсыбір іске ынталы жеткіншек өте белсенді болады: қажетті кітаптарды, материалдарды, аспаптарды іздестіріп, әр түрлі тәсілдермен игереді. Жеткіншектер үнемі кітапханаға, көрмелер мен музейлерге барып, экспозицияның белгілі бір бөлігін егжей-тегжейлі зерттей бастайды. Мүдделердің үйлесуі негізінде жолдастарымен қарым-қатынас орнайды. Балалар әр түрлі мәселелерді талқылайды, кітаптармен, материалдармен алмасады, әр түрлі қиыншылықтарда ақыл-кеңеспен және іспен жәрдемдеседі. Ықыластанған білімді табу немесе сәтсіздіктің себебін анықтау үшін жеткіншек кітаптар мен анықтамаларды қарайды. Мұның өзі ынта-ықылас пен нәтижелі іс-әрекеттің дамуындағы өте маңызды қадам: жаңа білімдерді қажетсіну дербес, яғни өздігінен білім алу арқылы қанағаттандырылады. Жеткіншектің дербес іс-әрекетінде кейде шығармашылық элементтері болады, оны жаңа нәрсе жасау процесі және жалпы алғанда танымдық процестің өзі әуестендіреді. Бұл орайда интеллектілік даму жеделдеп, білім терең сипатта әрі көлемді болады.

Танымдық мүдделердің басым бағыттылығы нақ осы жеткіншектік шақта қалыптасады. Әрбір сыныпта білімнің әр түрлі салаларынан өз мамандары болады, сыныптастары одан ақыл-кеңес алады, бір ғылыми мәселе бойынша дау туа қалса, соның төрелігіне жүгінеді. Мұндай жеткіншектердің едәуір көп білім алуы — дербес жұмыс істеуінің нәтижесі. Олар білімге және таным процесіне өздері үшін маңызды әрі қажетті деп қарайды. Бесінші сыныптағылардың кейбіреулерінде өздігінен білім алу элементтері анық көрініс берген болады. Әдетте бұлар ұлының не қызының танымдық мүдделерін дамытуға және мазмұнды іс-әрекетіне көп көңіл бөлетін ата-аналардын, балалары болады.

Осы және бұл жерде айтылмаған көптеген ерекшеліктерге байланысты жеткіншектік кезең аса айқын, қиын, және өзгерісі көп қауіпті кезең. Бұл кезеңнің қиындығы баланың денсаулығына бұрын қалыптасып қалауымен байланысты. Егер жеткіншектің денсаулығына қатынас бірыңғай, барабар болмаса, ол өтпелі кезеңде жағдай асқынып кетеді. Ағзаның маңызды жүйелерінің қайта құрылуы жеткіншектің өзіне де елеусіз өтпейді, әр жеткіншек жаңа және ылғи сүйкімді бола бермейтін өзгерістерге дайын емес. Көбінесе бұл бас айналу, әлсіреу жүрек ауруы арқылы білінеді т.б. Жеткіншек балалардың көңіл-күйі жиі құбылып тұрады, эмоциялық әлемі жиі өзгереді. Балалардың белгілі бір тобы тез шаршағыш, ашуланшақ, көңілсіз болады. Жеткіншектердің психикасы аса тұрақсыз болады, бірақ жас ерекшелігінің заңдылығы сондай, онда кісіаралық қатынастар сонша жаңа қиындықтарды қосады. Әсіресе, жеткіншектік кезеңдегі мектеп неврозы себепсіз агрессиялықтан, мектепке баруға қорқудан, сабаққа қатынасудан, тақтаға шығып жауап беруге бас тартудан көрінеді яғни дезадаптивті мінез-құлықтан көрінеді. Мектеп мазасыздығы да осы жас кезеңінде жиі байқалады, мұның себептері көп жеке басының отбасында дұрыс тәрбиеленуінен т.б. себептермен байланысты.

Дезадаптациялық процестер, акцентуация көрінісі баланың жеке басының неврозды жүйкесі мен психикасының бұзылуынан деп сипаттауға болады, оның себебі, мұғалім мен оқушы қатынасындағы қарым-қатынастың бүзылуына алып келеді. Бұл педагогтың өзін дұрыс ұстамауынан немесе оқушыға байқамай ауыр сөз айтуынан т.б. сондай себептерден болуы мүмкін. Әдетте мұғалімдердің байқаусыз айтқан, не әдепсіз айтылған сөзден оқушылардың жүйкесінің бұзылуына себепші болатынын сезбейді. Мұндай көңіл-күйінің бұзылуына бұрын ауыр сөзді естіген балалар тап болады. Олардың отбасындағы негативтік тәжірибесі баланың дезадаптациялық қылықтарына негіз болады.

Акцентуация, агрессия, дидоктогенді невроздар баланың тұлғалық қалыптасуына теріс әсерін тигізеді. Оқушының мотивтік сферасының бұзылуына алып келеді. Білуге тырысушылық мотиві оқу ісінде басты болудан қалады. Құндылықтарды бағалау, өзін-өзі бағалауы өзгереді. Оқушыны қатты шаршату, көп тапсырма беруде невротикалық бұзылуы мүмкін. Невроз – тұлғалық дамудың ауруы. Бір патогендік жағдай невротикалық бұзылуға алып келмейді. Мектеп неврозының көріну шеңбері тым кең. Бірақ олардың невротикалық жағдайға апаратын себептерінің бастылары, мазасыздану, әуреге түсу және баланың жанының жарақаттануы. Бақылау нәтижелері көрсеткендей, егер оқушыларға невротикалық реакцияларының алғашқы белгілері кезінде назар аударса, адаптациялық бөгеттерді тұрақты етуге ол кісінің психогендік дамуын тоқтатуға болады. Осы проблемаларды шешуге психологиялық көмек көрсету, психопрофилактика, психокоррекция жасау және басқа көмектесетін шаралар қажет. Оның ішінде баланың дамуына ерте диагностика жүргізу, оның мүмкіндіктерін ескерту және ата-аналармен, мұғалімдермен психологиялық қызмет шеңберінде жұмыс істеу қажет.

Жеткіншек жас кезеңінде балалар санасында үлкендік сезімнің нығайуымен байланысты жаңа праволарға ие болмақшылық тілегі ересектермен қарым-қатынастың барлық салаларын қамтиды. Жеткіншектер бұрын ынталана орындап жүрген талаптар қойылғанда оған қарсық мінез көрсете бастайды: өзінің дербестігін тежегенге және жалпы алғанда «кішкентай бала секілді» қамқорлық жасап, бағып-қаққанға, жүріп-тұрғанын бақылағанға, баладан үлкендердің тілін алуды және ешқандай сынамай орындауды талап етіп, орындалмаған нәрселерге жазалағанға, кіммен жолдас-жора болуын таңдауына, оның барлық мүдделерімен, көзқарасымен, пікірімен санаспағанға, ретсіз кеңес бергенге т.с.с. қамқорлықтар түріне ол ренжіп, қарсылық көрсетеді. Жеткіншекте өзінің қадір-қасиетін анық сезіну арқасында ол өзін кемсітуге, дербестікке деген правосынан айыруға болмайтын адаммын деп ұғынады. Ересектермен қарым-қатынастың балалық кезде болған типтері (баланың ересектермен қатынасындағы тең правосыздық жағдайын бейнелейтін) жеткіншек үшін енді қолайсыз, оның өзінің ересектік дәрежесі туралы түсінігіне сәйкес келмейтін болады. Осы жағдай ересектердің жеткіншекке қатынасты праволарын шектейді де, өз праволарын ұлғайтады, өзінің жеке басы мен адамдық қадір-қасиетін құрметтейді, сенім білдіріп, дербестік берілуін, яғни ересектермен айқын тең праволылықты талап етіп, оларға мұны мойындаттыруға тырысады.

Жеткіншектің қарсылығы мен бағынбауының әр түрлі формалары кездеседі — көбінесе олар ересектермен қарым-қатынастардың бұрынғы типін жаңа деңгейде, ересектердің қарым-қатынастарына тән типіне өзгерту амалдарын пайдаланады. Жеткіншектің ересек сезімі өзінің төңірегіндегілердің оны үлкен деп мойындауын қажетсінуінің пайда болуына байланысты ересек пен жеткіншектің бір-бірімен қарым-қатынастарындағы праволарының мүлдем жаңа проблемасын туғызады. Жеткіншектік кезеңнің маңыздылығы мен ерекше орын айқындайтын жай сол, нақ осы уақытта ересек адам мен баланың қарым-қатынасының балалық шаққа тән типінен ересек адамдардың қарым-қатынасына тән, саналық тұрғыдан жаңа типіне өту жүзеге асады. Бұл өту жеткіншек пен ересектің әлеуметтік өзара іс-әрекетінің жаңа тәсілдерін қалыптасу процесі ретінде болады. Ескі тәсілдерді жаңалары біртіндеп ығыстырады, бірақ олар қатарласып та жүреді. Мұның өзі ересектерге де, жеткіншекке де көп қиындық келтіреді. Ересектермен қарым-қатынастың жаңа нормалары — жеткіншектің қалыптасып келе жатқан этикалық дүниетанымының маңызды мазмұны болып орын алады.

Егер ересектің өзі инициатива білдірсе, немесе жеткіншектің талаптарын ескеріп, оған деген қарым-қатынасын қайта құрса, қарым-қатынастардың жаңа типіне өтудің сәтті формасы орын алуы мүмкін. Мұның шарты – ересек адамның жеткіншекке әлі бала деп қарамауы болмақ. Алайда бірқатар мәнді жағдайлар бұрынғы қарым-қатынастардың сақталуына қолайлы болады, атап айтқанда, бұл жағдайлар мыналар:

1) жеткіншектің жасы өсіп, жыныстық жетілуіне қарамастан оның қоғамдағы жағдайының өзгермеуі, ол мектеп оқушысы, әлі де сол қалпында қала бермек;

2) жеткіншектің материалдық жағынан ата-анасына немесе олардың орнындағыларға толық тәуелділігі, ата-анасының мұғалімдермен қатар қатал тәрбиешілер ролін атқаруы;

3) үлкендердің баланы багыттап және тексеріп отыру, бақылау әдетінен шықпағандығы (қажеттігін ұғынған күнде де, бұл дағдыны бұзу қиын);

4) жеткіншектің бет-әлпеті мен мінез-құлқында балалық белгілердің сақталып, оның өздігінен іс-әрекет жасай алмайтындығы.

Осының бәрі жеткіншектердің неше түрлі мінез көрсетуіне, тіл алуына кедергі жасайды. Өйткені жеткіншектер өздерінің праволары мен дербестігін ұлғайту қажеттігін іске асыру жолдарын іздеп, оны өздерінше ақтайды. Алайда ересек адамның мұндай көзқарасы жеткіншектің талаптарына қарсы келіп қана қоймайды, балалықтан ересектікке өтетін осы шақта балаларды тәрбиелеу міндетіне де қарсы келеді. Жеткіншектің әлеуметтік есеюін дамыту, болашақ дербес өмірге даярлау – қоғамдық тұрғыдан өте қажетті проблема. Мұның өзі күрделі процесс, ол уақытты талап етеді және жеткіншек ересектерге арналған нормалар мен талаптар жүйесінде өмір сүре бастаса ғана оны жүзеге асыру мүмкін болады. Тек осындай жағдайда ғана жеткіншек ересектерше іс-әрекет етуге, ойлауға, алуан түрлі міндеттерді орындауға, адамдармен қарым-қатынас жасауға үйрене алады. Нақ осы себептен де жеткіншекті тәрбиелеу міндеті ересектермен қарым-қатынастардың бұрынғы типін жаңамен ауыстыруды талап етеді.

Бұл талаптар орындалмауымен байланысты жеткіншектерде мінез акцентуациясының көптеген түрлері орын алады. Мінездің акцентуациясы дегеніміз мінездің жеке көріністерінің күшейтіп, норманың шегіне шығу нәтижесі. Адамға мінездеме бергенде оның не істегенін ғана айтып қоймай жұмысының сапасын, басқа адамдармен қарым-қатынасын ерекше көрсетеді. (қалай орындағаны үлкен роль атқарады). Біреулер жалқау, ұяң, бірақ сиысымды, көпшілікті сыйлайды, ізеттілік көрсетеді. Ал біреулер іскер, қатал, тілектестік білдіреді, бірақ жұмысты сапалы орындауды талап етеді. Үшіншілер аз нәрсені шала істеп оны жұртқа түгел мәліметтеп шығады, басқалардың табысын көре алмайды, ашушаң, ызақор, сыйымсыз болады.

Қорытынды. Жеткіншек кезеңінің осы ерекшеліктеріне байланысты психологиялық кеңес беру және психокоррекция ұйымдастырылады. Олар келесі мақсаттарын толық орындаудың маңызы өте үлкен: I-кезеңде психолог зерттелінушілердің проблемасын толық диагностикалауы және коррекциялық топтарды құруы; II-кезеңде әр клиентке жаңа тәжірибені үйретіп, оның дербестігін, шығармашылық қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік береді; III-кезеңде клиенттің коррекция барысында меңгерген жаңа тәжірибесін өз бетімен көрсетуге, өз күшіне сенуін, өзін-өзі сыйлауын пысықтауға жәрдем береді.

 

2 БӨЛІМ. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕЛІК ҚАСИЕТТЕРІН ДИАГНОСТИКАЛАУ ЖӘНЕ  ПСИХОКОРРЕКЦИЯ ЖҮРГІЗУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

 

2.1. Оқушылардың жекелік психологиялық қасиеттерін диагностикалау

 

Жеткіншектік жас кезеңінде орын алатын үлкендерге деген қарсылығы мен бағынбаушылығы осы жас кезеңінде жиі кездесетін мінез акцентуациясьшың әр түрлі типтері болуына байланысты орын алады. Сондықтан осы жас кезеңдегілермен және олармен тікелей қарым-қатынастағылармен шиеленіс жағдайларды өзгерту амалдарын пайдалануға бағытталған шаралар жүргізіледі. Олар психологиялық кеңес беру және психокоррекция жұмыстары.

Психокоррекциялық және психологиялық кеңес беру жұмыстары балалардың алдында тұрған педагогикалық-психологиялық проблемаларын анықтауға бағытталған психодиагностикадан басталады. Психодиагностика балалардың жекелік қасиеттерін және таным процестерін белгілі бір мәселелерге байланысты бағалауды қамтамасыз етеді. Оқушылардың тәрбие немесе оқуындағы кездесетін қиындықтарының психологиялық себептерін және оларды шешуге көмектесу жолдарын, даму ерекшеліктерінің жекелік құрылымына байланысты қалыптасқандығын анықтау үшін көптеген әдістемелер пайдаланылады. Психологиялық кеңес беру және психокоррекция жұмыстары диогностикалық зерттеуден басталады. Психодиагностиканың негізгі міндеті – мұғалімдерге, тәрбиешілерге, ата-аналарға баланың даралық психологиялық ерекшіліктері туралы толық мәлімет беру және психологиялық кеңес беру, психокоррекция жүргізу проблемаларын нақты анықтап алу.

Жеткіншектерге психологиялық кеңес беру және ауытқуы бар балалармен психокоррекция жүргізу алдында бірнеше әдістемелер көмегімен олардың жеке тұлғалық қасиеттерін бағаладық. Жеке тұлғалық қасиеттер ішінде темперамент психофизиологиялық негізі бар, жекелік қасиеттердің барлығының көрініс беруіне негіз болатын болғандықтан зерттеуді осы қасиетті өлшеуден бастадық. Оқушылардың жеке-даралық және жас ерекшеліктеріне, психологтың алдында тұрған мақсаттарына байланысты психодиагностикалық жұмыстың мазмұны, оны жүргізу барысында қолданылатын әдістемелері анықталады.

Алтыншы-жетінші сынып оқушыларының жекелік психологиялық қасиетін анықтап, болашақта мамандық тандауға, отбасын құруға қажетті қасиеттерді қалыптастыру жолдарын көрсетудің маңызы үлкен. Психолог осы жас кезеңдегілерге қызмет көрсету барысында әр баланың темпераментін, оқушылар ұжымындағы статусын, қарым-қатынас мәдениетінің даму деңгейін, қарым-қатынасқа икемділігін және тағы сол сияқты жекелік қасиеттерін түсініп алуы керек.

Оқушылардың темпераментін Стреляу тестімен анықтадық.

Я.Стреляу тесті.

Мақсаты: темперамент типін және жүйке процестерінің тепе-теңдігін анықтау.

Орындау ережесі: тексте берілген 134 сұрақтарга жауапты талдау арқылы темперамент көрсеткіштері мен жүйке процестерінің жүру ерекшеліктерін анықтауга болады. Сұрақтарға жауапты ия, жоқ, білмеймін деп беру керек. Жауап дұрыс немесе қате болуы мүмкін емес. Әр адамның өз жауабы өзіне дұрыс және сол адамның өзіне тән ерекшеліктерін көрсетеді. Сондықтан қойылған сұрақтардың ретін бұзбастан, онша көп ойланбастан, үш вариант жауаптың беруін жауап параққа жазыңыз. Білмеймін деген жауапты сирек қолданған жөн.

Сауалнама:

  1. Сіз өзіңізді басқалармен тез танысатын адамдарға жатқызасыз ба?
  2. Іс-әрекетке кірісу үшін басқалардан нұсқау күтесіз бе?
  3. Жұмыстан шаршағаныңыз басылу үшін қысқа уақыт ішінде дем алғаныңыз жеткілікті ме? Ыңғайсыз жағдайда жұмысты орындай аласыз ба?
  4. Пікір-талас болғанда тақырыпқа байланысты жоқ аргументтерді пайдаланасыз ба?
  5. Ұзақ үзілістен соң жұмысқа оралуыңыз оңай ма?
  6. Жұмысқа беріліп кеткенде шаршағаныңызды ұмытып кетесіз бе?
  7. Біреуге берілген тапсырманың орындалуын шыдамдылықпен күтесіз бе?
  8. Әр түрлі уақытта төсекке жататын болсаңыз, ұйықтауыңыз барлық уақытта бірдей жеңіл бола ма?
  9. Сізге сеніп ашқан сырды құпияда сақтай аласыз ба?
  10. Бірнеше апта немесе айлар бойы айналыспаған жұмысқа жеңіл ораласыз ба?
  11. Шыдамдылықпен ерінбей түсіндіресіз бе?
  12. Терең ойланып істейтін жұмысты жақсы көресіз бе?
  13. Қызық емес жұмысты орындау барысында жалығып, ұйқы басып кетеді ме?
  14. Күшті тебіренуден кейін жеңіл ұйықтайсыз ба?
  15. Өзіңіздің күшті жағыңызды көрсетуге құмарсыз ба?
  16. Бейтаныс адамдардың алдында өзіңізді еркін ұстайсыз ба?
  17. Ашуыңызды басқаларға көрсетпеу сізге оңай ма?
  18. Сәтсіздікте сабырлық сақтайсыз ба?
  19. Қажет болғанда өз мәнерлеріңізді басқа адамдардың мінезіне икемдейсіз бе?
  20. Ерекше жауапкершілікті талап ететін функцияны орындауға құмарсыз ба?
  21. Басқалардың әсерінен көңіл-күйіңіз өзгереді ме?
  22. Қиын-қыспақта өзіңізге сеніміңіз сақталады ма?
  23. Пікірмен санасатын адамның алдында өзіңізді емін-еркін сезінесіз бе?
  24. Күтпеген жерде күн тәртібі өзгерсе, сіз сасып қалмайсыз ба?
  25. Қажетті жауапты тез табасыз ба?
  26. Сіз үшін өте маңызды шешімді күту барысында байсалдылық көрсете аласыз ба?
  27. Демалыс, каникулдың бірінші күндері сіз үшін жеңіл өте ма?
  28. Тапқырсыз ба?
  29. Жүрісіңізді, тамақтануыңызды басқаларға теңестіруіңіз оңай ма?
  30. Дем алуға жатқанда тез ұйықтайсыз ба?
  31. Сабақта, жиналыстарда сөз алуға құмарсыз ба?
  32. Ашулануыңыз оңай ма?
  33. Жұмысқа кірісіп кеткеннен соң оны тоқтатуыңыз оңай ма?
  34. Басқаларға кедергі келтірмеу үшін үндемей отыруға қиналмайсыз ба?
  35. Шағыстьгрушыларға ермей қаласыз ба?
  36. Басқалармен тіл табысып, жұмыс істеуіңіз оңай ма?
  37. Шешім қабылдау үшін барлық жағдайларды салыстырып көресіз бе?
  38. Кітап оқығанда автордың ойын басынан аяғына дейін қадағалап отырасыз ба?
  39. Жолаушылармен әңгімелесіп отырасыз ба?
  40. Егер пікір-талас нәтижесі жемісті болмайтынын білсеңіз, сол әңгімеге қатынасудан өзіңізді ұстап қаласыз ба?
  41. Нақты қимыл-әрекетті талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?
  42. Басқалардың пікірімен санаса отырып, өзіңіздің шешіміңізді өзгерте аласыз ба?
  43. Жұмысты ұйымдастырудың жаңа тәртібіне тез үйренесіз бе?
  44. Күндіз қызмет атқарған болсаңыз, түнде жұмыс істеуге шамаңыз келеді ме?
  45. Әдеби кітаптарды тез оқисыз ба?
  46. Кедергі кездескенде жоспарланған нәрседен тез бас тартасыз ба?
  47. Ұстамдылық көрсете аласыз ба?
  48. Тез оянасыз ба?
  49. Жылдам жауап бермей ұстамдылық көрсете аласыз ба?
  50. Шуға көңіл бөлмей жұмысты орындай аласыз ба?
  51. Шындықты бетіне баспай, шыдамдылық көрсете аласыз ба?
  52. Емтихан алдында, бастықпен сөйлесерде ұстамдылық көрсетесіз бе?
  53. Жаңа ортаға тез үйренесіз бе?
  54. Жаңалыққа құмарсыз ба?
  55. Күндіз ауыр жұмыс істегеннен соң толық демалуға түнгі үйқы жеткілікті ме?
  56. Қысқа мерзім ішінде түрлі-түрлі әрекет жасауды талап ететін жұмыстан бас тартасыз ба?
  57. Өмірде кездесетін қиындықтың басым көбін өзіңіз дербес шешесіз бе?
  58. Өзіңіз сөйлеуден бұрын басқалардың аікірін тыңдап аласыз ба?
  59. Жүзе білетін болсаңыз, суға кетіп бара жатқан адамды құтқаруға әрекет жасайсыз ба?
  60. Қажырлы еңбек етуге қабілеттісіз бе?
  61. Ескерту жасау артық болып тұрса, өзіңізді ұстап қала аласыз ба?
  62. Жұмыс орныңызға мән бересіз бе?
  63. Бір жұмыстан, екіншісіне ауысуыңыз оңай ма?
  64. Маңызды шешім қабылдау үшін барлық мүмкіндіктерді салыстырып көресіз бе?
  65. Басқалардың оқшау мінезіне қатты ашуланасыз ба?
  66. Басқа адамның тіршілігіне үңілмеу, қағаздарын оқымау сізге оңай ма?
  67. Біркелкі орындалатын жұмыстан жалығасыз ба?
  68. Көпшілік ортасында тәртіп сақтау сізге оңай ма?
  69. Артық дене қимылын жасамай сөйлеу, жауап беру сізге қиын ба?
  70. Көңілді ортаны жақсы көресіз бе?
  71. Көп күшті талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?
  72. Ұзақ уақыт жұмысқа беріліп істейсіз бе?
  73. Жылдамдықты талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?
  74. Қиын кезде ұстамдылық көрсетесіз бе?
  75. Ұйқыдан оянғаннан соң төсектен бірден тұрасыз ба?
  76. Өзіңіз тапсырманы орындап болғаннан соң басқалардың бітіргенін сабырмен күтесіз бе?
  77. Жағымсыз жағдайды көргеннен соң бұрынғыдай ынтамен әрекетіңізді жалгастырасыз ба?
  78. Күнделікті басылымдарды жылдам қарап шығасыз ба?
  79. Басқалар түсінбейтін, жылдам сөйлейтін кездеріңіз болады ма?
  80. Ұйқыңыз қанбаса жұмысты сапалы орындай аласыз ба?
  81. Ұзақ уақыт үзіліссіз жұмыс істей аласыз ба?
  82. Бас немесе тіс ауруы мазалағанда жұмыс істей аласыз ба?
  83. Басқалар сізді күтіп, көңіл көтеріп отырғанын біле тұрып алаңдамай жұмысыңызды аяқтайсыз ба?
  84. Төтенше жағдайларға тез жауап бересіз ба?
  85. Тез сөйлейсіз бе?
  86. Қонақ келетін болса өз жұмысыңызды саспай орындайысыз ба?
  87. Сенімді дәлелдер әсерімен өз пікіріңізді өзгертуіңіз жеңіл ме?
  88. Шыдамдысыз ба?
  89. Өзіңізден жай қимылдайтындардың жұмыс темпіне икемделе аласыз ба?
  90. Өз уақытыңызды ұйымдастырғанда, бірнеше бір-бірімен үйлесімді жұмысты қатар орындауға шамаңыз келеді ме?
  91. Көңілді компанияда қобалжығаныңыз басылады ма?
  92. Бірнеше істерді қиналмастан бір уақытта орындайсыз ба?
  93. Көшеде болған қайғылы оқиғаның куәгері болсаңыз, өмірге деген сеніміңіз сақталады ма?
  94. Нақты қимылдарды талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?
  95. Жақын адамдарыңыз істі болғанда салқын қандылық боласыз ба?
  96. Қиын жағдайларда өзіңізге сенесіз бе?
  97. Бейтаныс адамдар арасында, үлкен топтың ішінде өзіңізді еркін сезінесіз бе?
  98. Қажет болса сөзіңізді бірден тоқтата аласыз ба?
  99. Басқалардың жұмыс атқару ережесіне икемделуіңіз оңай ма?
  100. Іс-әрекет түрлерін өзгертуге құмарсыз ба?
  101. Төтенше жағдайда басқалардың әрекетін басқаруды мойныңызга аласыз ба?
  102. Жағдай көтермейтін кезде күлкіңізді баса аласыз ба?
  103. Жұмысқа бірден кірісіп кетесіз бе?
  104. Келіспейтін нәрсеңізге қарсы сөз айтасыз ба?
  105. Уақытша депрессияға бөленбеуге шамаңыз келе ме?
  106. Ақыл-ой қызметінен қатты шаршағаннан соң күндегідей ұйықтайсыз ба?
  107. Ұзақ уақыт, ішкі кернеу қыспай күре аласы ба?
  108. Нәтижесі сәтсіз болатынын білсеңіз, оған араласпай тұрасыз ба?
  109. Тартыс-талас кезінде саспастан дәлел іздейсіз бе?
  110. Күтпеген жерде өзгерістер туғанда дұрыс шешімін таба аласыз ба?
  111. Сізге өтініш жасағанда тыныштық жасайсыз ба?
  112. Сізге өтініш жасамай-ақ медициналық процедуралардан өтесіз бе?
  113. Бар күшіңізді салып жұмыс істеуге даярсыз ба?
  114. Демалыс өткізу, көңіл көтеру жайыңызды ауыстырып тұрасыз ба?
  115. Жаңа күн тәртібіне үйрену сізге оңай ма?
  116. Төтенше жағдайларда басқаларға көмек көрсетуге асығасыз ба?
  117. Спорт жастарын, цирк өнерін тамашалаған кезде өз әсеріңізді ерекше дыбыстар мен қимыл әрекеттер арқылы білдіресіз бе?
  118. Көпшілікпен сөйлесуді талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?
  119. Өзіңіз бет-әлпетіңіздің көрінісін қадағалайсыз ба?
  120. Дене күшін талап ететін жұмысты жақсы көресіз бе?
  121. Өзіңізді ержүрек адаммын деп есептейсіз бе?
  122. Күтпеген жағдайда дауысыңыз өзгереді ме?
  123. Сәтсіздікке кездескенде барлығын тастай салмауға шамаңыз келеді ме?
  124. Сізге өтініш жасаса ұзақ уақыт тыныш отыра аласыз ба?
  125. Егер күлкіңіз біреудің намысына тиетін болса, сіз өзіңізді ұстай аласыз ба?
  126. Тұнжыраған көңіл-күйіңіздің жарқын жүзге айналуы оңай ма?
  127. Сізді күйгелектендіру оңай ма?
  128. Қоршаған ортаның салт-дәстүрін сақтау сізге оңай ма?
  129. Көпшіліктің алдына шығуды ұнатасыз ба?
  130. Жұмысқа ұзақ даярлықсыз кірісіп кетесіз бе?
  131. Өз өміріңізді тәуекелге тігіп, басқаларды құтқаруға барасыз ба?
  132. Қимыл әрекеттеріңіз ширақ па?
  133. Жауапкершілікті талап ететін жұмысты ынталанып мойныңызға аласыз ба?

Бағалау шкаласы:

Жауап кілтке сай келсе – 2 балл. Жауап сай келмесе – 0 балл. Білмеймін деген жауап – 1 балл.

Өңдеу кілті:

Қозу күшін анықтау үшін келесі сұрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе шкала бойынша бағаланады:

Ия: 3, 4, 7, 13, 15, 17, 19, 21, 23, 24, 32, 45, 56, 60, 66, 72, 73, 78, 81, 82, 83, 94, 97,98, 102, 105, 106, 113, 114, 117, 121, 122, 124, 130, 132, 133, 134.

Жоқ: 47, 51, 107, 123.

Тежелу күшін анықтау үшін келесі сұрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе ол шкала бойынша бағаланады:

Ия: 2, 5, 8, 10, 12, 16, 27, 30, 35, 37, 38, 42, 48, 50, 52, 53, 59, 62, 65, 67, 69, 70, 75, 77, 84, 87, 89, 90, 96, 99, 103, 108, 109, 110, 112, 118, 120, 125, 126, 129.

Жоқ: 18, 34, 36, 128.

Динамикасын анықтау үшін келесі сұрақтарға берілген жауап кілтке сай келсе шкала бойынша бағаланады:

Ия: 1, 6, 9, 11, 14, 20, 22, 26, 28, 29, 31, 33, 40, 41, 43, 44, 46, 49, 54, 55, 64, 68, 71, 74, 76, 79, 80, 85, 86, 88, 91.

Жоқ: 25, 57, 63, 116.

Қозу және тежелу процестерінің көрсеткіштері 42 және одан жоғары болса, өлшенген жүйке процесінің күшті жүретінін көрсетеді. Қозу және тежелу процестерінің ара-қатынасы, жүйке процестерінің ара-қатынасы жүйке процесінің тепе-теңдігін көрсетеді. Егер арақатынасы 1-ге жақын немесе тең болса ол көрсеткіштің иесі байсалды болады, қозу көрсеткіші басым болса – ол адамның қозғыштығын, ұстамсыздығын көрсетеді, ал тежелу басым болса – ол адамның тормоздан шығуы қиын, тежелгіш екпінінің белгісі болады.

Көрсеткіштер бойынша мінездеме:

Сангвиник-экстравент: тез қимылдайтын тұрақты адам, әлеуметтендірілген, сыртқы дүниеге бағытталған, ашық-жарқын, қарым-қатынасқа құмар, кейде көп сөйлейтін, уайымсыз, көңілді, басшылыққа құмар, жора-жолдастары көп, өмір сүйгіш.

Зерттеу барысында балалардың темпераментінің таза түрі сирек кездесетіндігі анық байқалды.

Холерик-экстравент: айнымалы адам, ашушаң, қозғыш, ұстамды емес, агрессиясы анық байқалатын, оптимист, белсенді, жұмысқа қабілетті және көңіл күйі тұрақсыз, стресс жағдайында психопат.

Флегматик-интроверт: тұрақты адам, байсалды, ашулануы қиын, ойшыл, іскер, ұстамды, сенімді, сиысымды, қарым-қатынасқа жайлы, интеллектуал, жай қимылдайды, ұзақ уақытқа созылған қолайсыз жағдайда көңіл-күйін, денсаулығын бір қалыпты сақтайды. Зерттелінген оқушылардың 16 пайызы флегматик-интровертке жақын болады.

Меланхолик-интровент: тұрақсыз адам, мазасыздануы күшті, пессимист, сыртқы көрінісі бойынша сабырлы, бірақ эмоциясы терең, оған ұзақ уақыт бөлініп жүреді, ойшыл, интеллектуал, стресс жағдайында ішкі кернеуі күшейеді, депрессияға үшырап, денсаулығы, жұмысқа қабілеті төмендейді.

Зерттелінгендердің сипаттамасы: 2 — флегматик-интроверт; 7 — сангвиник-экстравент; 14 — холерик-экстраверт болады.

Зерттеу барысында сынып оқушыларымен темперамент қасиеті туралы, оның әрқайсысының оң көрсеткіштері мен қатар осал жерлері бар екендігі туралы талданады. Әр адам өз-өзін тәрбиелеу барысында қалай оң көрсеткіштерін нығайтып, табиғи күшін барынша ашуға тырысуы керек екендігі түсіндіріледі. Сонда ұшқалақ адам өзін байсалдылыққа үйретіп, шалағалық орын алатын жерде істеген жұмысының сапасына көңіл аударып жүретін болады. Зерттеу нәтижесі бойынша темпераменттің ерекшеліктерін доминанта көрсеткіші бойынша бағаланды. Әр бала өзіне-өзі мінездеме жазып, оң көрсеткіштерін анықтап, оны жетілдіру жолдарын өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасын жасауға пайдаланды.

Жеке тұлғалық қасиеттердің барлық ерекшеліктерін толық диагностикалау үшін бірнеше әдістемелерді бір-бірімен ұштастырып жүргізу қажет. Сондықтан келесі кезеңде балалардың мазасыз агрессиясының көрініс беруін және оның нақты түрін анықтауға арналған

Оқушылардың агрессиясын Басса-Дарки әдістемесімен зерттеу.

Зерттенушілердің мазасыздану деңгейін өлшеуге жеткіншектер агрессиясын диагностикалау (Басса-Дарки) әдістемесі, пиктограмма (сурет салғызып, оны психологиялық талдау жасау әдістемесі пиктограмма деп аталады) әдістеменің үй, тал, адам және менің отбасым кешқұрым түрлерін қолданып, нәтижелерін ереже бойынша талдап шықты.

Басса-Дарки әдістемесі.

Мақсаты: Бала агрессиясының түрін және оның көрініс беру ерекшелігін анықтау.

Бала агрессиясын зерттеушілер оған әр түрлі анықтама береді. Біреулері ол адамның қоршағаң орта құбылыстарынан өзін қорғауға арналған тұқым куалаушылыққа негізделген қасиет деп көрсетсе (Лорнед, Анри), екіншілері жетекші роль атқаруға бағытталған әрекет (Моррисон) деп түсіндіреді. Агрессияны фрустрациямен байланыстыратып теориялар да бар (Маллер, Дуб, Доллард). Агрессия терминімен жеке тұлғаның субьект субьекттік қатынаста деструктивтік әрекетке жақындығын белгілейді.

Деструктивтік әрекет дегеніміз – адамның алдында тұрған бөгетке кедергі жасап, қиындықты жеңуге деген белсенділігі. Сондықтан агрессияның оң және теріс көріністері бар екендігін жақсы түсіну қажет. Мысалы, адам өз өмірін немесе басқа адамдардың өмірін сақтауға, табыс көзіне төнген қауіпті жоюға бағытталған агрессияны ақтауға болады. Сонымен қатар, ешқандай ақтауға болмайтын агрессия байқалуы мүмкін. Жеткіншек жас кезінде себепсіз агрессия немесе жалған қауіпке бағытталған шабуылшылық орын алуы мүмкін. Бұл құбылыстың түрлерін, себебін және мөлшерін анықтауға болады. Психолог осы мәселені зерттеп, нормадан тыс дамыған жұмысын жүргізуі керек.

А.Басс және А.Дарки агрессияны сипаттағанда оны негізгі еқі топқа бөледі. Біріншісі – мотивациялық агрессия. Осы құбылысты туғызған себеп сылтаулар. Психолог ең алдымен агрессияның осы түрін анықтап алуға тиіс. Екіншісі — инструменталдық агрессия немесе өзін-өзі қорғау үшін, басқаларды жәбірлеуге қолданатын әрекеттері. Бұл қасиеттің көрініс беруі сегіз формада болуы мүмкін. Агрессияны зерттеуге қолданылатын әдістемелердің бірі – Басса-Дарки сауалнамасы. Бұл әдістеме көмегімен агрессияның формасын диагностикалауға болады. Орындау ережесі: тест сауалнамасында 75 тұжырымдама берілген. Оларға «ия» немесе «жоқ» деп жауап беріңіз.

Сауалнама:

  1. Менің кейде басқаларға зиян келтіргім келеді.
  2. Кейде өзім жақтырмайтын адамдар туралы өсек айтамын.
  3. Мен тез ренжіп қаламын, бірақ тез басыламын.
  4. Егер маған жақсылап өтініш жасамаса, тапсырманы орындаймын.
  5. Өмірден маған қажетті нәрселерді толық ала алмаймын.
  6. Басқалар менің сыртымнан мен туралы не айтатынын білемін.
  7. Мен достарымның қылықтарын ұнатпасам, пікірімді оларға білдіремін.
  8. Егер біреуді алдаған кезім болса, мен ар-ожданның алдында қатты қысыламын.
  9. Мен басқа адамға қол жұмсауға қабілетті емес сияқтымын.
  10. Мен еш уақытта, заттарды лақтыратындай болып, қатты ашуланбаймын.
  11. Басқалардың кемістігіне барлық уақытта кешірімдімін.
  12. Егер маған орныққан ереже ұнамаса мен оны бұзғым келеді.
  13. Басқалар қолайлы жағдайды пайдаланып қалады.
  14. Басқалар маған күтпеген жерде, си-сияпат көрсетсе, мен одан сескеніп қаламын.
  15. Кейде менің ойыма ұялатын нәрселер келеді.
  16. Менің басқалармен келіспейтін кезім жиі болады.
  17. Мені біреу бірінші болып ұрса, мен оған жауап бермеймін.
  18. Мен ашуланғанда есікті тарс еткізіп жабамын.
  19. Мен сыртқы көрінісімнен әлде-қайда ашушаңырақпын.
  20. Егер біреу маған үкімін жүргізгісі келсе, әрқашан мен оған қарсы тұрамын.
  21. Менің тағдырым мені онша қанағаттандырмайды.
  22. Көп адамдар мені ұнатпайды деп ойлаймын.
  23. Басқалар менімен келіспесе, мен олармен дауласпай тұра алмаймын.
  24. Жұмыстан қашатын адамдар өзін кінәлі сезіну керек.
  25. Менің отбасымды әбіржіткендер — жұдырыққа жығылғысы келгендер.
  26. Дөрекі әзілге мен бармаймын дап ойлаймын.
  27. Мені сықақ жасағандарға қатты ашуланамын.
  28. Егер біреулер бастықсымақ санаса, олар менменсініп кетпеу үшін бар күшімді саламын.
  29. Апта сайын мен өзіме ұнамайтын адамдардың біреуін жолықтырамын.
  30. Адамдардың көбі маған қызғаншақтықпен қарайды.
  31. Басқалардан өзімді сыйлауды талап етемін.
  32. Ата-анам үшін еш нәрсе жасамағаныма қамығамын.
  33. Сізді әр қашан ызаландырған адамдардың тұмсығын бұзуға тұрады.
  34. Мен еш уақытта ашға бөленіп, тұнжырап жүрмеймін.
  35. Егер басқалардың маған деген көз қарасы мәртебеме сай келмесе, мен оларға ренжімеймін.
  36. Мені біреу ренжіткісі келсе, мен оған көңіл бөлмеймін.
  37. Ешкімге байқатпауға тырысамында, қызғаншақтық «Ішімді ит жегендей» етеді.
  38. Кейде мені күлкіге көтеретіндер бар сияқты.
  39. Мен қатты ызалансамда балағат сөз айтпаймын.
  40. Менің күнәларымның барлығы кешірілсін.
  41. Маған біреу қол көтерсе, менің жауап қайтаруым сирек болады.
  42. Айтқаным болмай қалса мен ренжимін.
  43. Кей кезде адамдарды көргенде мен жынданамын.
  44. Шынымен жек көретін адамым жоқ.
  45. Бөтендерге еш уақытта сенім білдірмеу – менің ұстанымым.
  46. Егер мені біреу ызаландырса, ол туралы не ойлайтынымды айтуға даярмын.
  47. Кейін өкінетін нәрселерді жиі жасаймын.
  48. Ашуланған кезде қол жұмсауым мүмкін.
  49. Кішкентай кезімнен бастап долылық көрсеткен емеспін.
  50. Мен өзімді атылуға дайын оқтай жиі сеземін.
  51. Қандай екенімді жұрттың бәрі білсе, олар мені бірге жұмыс істеуге қиын адам деп есептер еді.
  52. Қандай себепке байланысты басқалар маған жағымды нәрсе істейді деп ойлаймын.
  53. Маған біреу дауыс көтерсе, мен де оған айқайлаймын.
  54. Сәтсіздіктер мені мазасыздандырады.
  55. Төбелескенде басқалардан артық кемім жоқ.
  56. Қатты ашуланғанда бірінші қолыма түскен затты сындырғаным есімде.
  57. Кейде төбелесті бірінші болып бастаймын.
  58. Өмір маған әділетсіз екенін кейде анық сеземін.
  59. Мен адамдар бұрын тек шындығын айтады, деп ойлайтын едім.
  60. Ашуланғанда ғана ұрысамын.
  61. Егер қателік жіберсем қысылып жүремін.
  62. Өз құқығымды жұдырықпен қорғау керек болса күшімді көрсетемін.
  63. Өзімнің ашуымды кейде стол төбелеп көрсетемін.
  64. Маған зиян келтіргісі келетін дұшпандарым жоқ.
  65. Дөрекілерді өз орнына қоя аламын.
  66. Өзім дұрыс өмір сүрген жоқпын деген ой маған жиі келеді.
  67. Мені төбелеске дейін апаратындарды білемін.
  68. Кішкентай нәрселерге бола ренжімеймін.
  69. Басқалар намысына тиіп, ызаландырғысы келеді деген ойға сирек бөленемін.
  70. Мен көбінесе адамдарды тек қорқытамын.
  71. Соңғы кезде мен жабысқақ болып кеттім.
  72. Дау барысында мен дауысымды жиі көтеремін.
  73. Басқаларға теріс көзқарасымды көрсетпеуге тырысамын.
  74. Мен дауласпастан келісімге келгенді ұнатамын.

Авторлар сауалнаманы келесі ұстанымдарға сүйене отырып жасаған:

  1. Әр сұрақ агрессиясының бір түрін анықтауға арналған.
  2. Сұрақтарға берілген жауаптарға басқалардың пікірі әсерін тигізуін төмендету жолдары ойластырылған.

Бағалау шкаласы:

Жауаптар сегіз шкала бойынша бағаланады:

  1. Физикалық агрессия: ия – 1, жоқ – 0.

Келесі тұжырымдарға: 1, 25, 31, 41, 48, 55, 62, 68. Жоқ – 1, ия – 0, келесілерге – 9, 7.

  1. Жанама агрессия: ия – 1, жоқ – 0. 2, 10, 18, 34, 42, 56, 63, 3. Жоқ – 1, ия – 0: 26,49.
  2. Тітіркенушілік: ия – 1, жоқ – 0: 3, 19, 27, 43, 50, 57, 64, 72. Жоқ – 1, ия – 0: 11, 35, 69.
  3. Негатишзм: ия – 1, жоқ – 0. 4, 12, 20, 28. Жоқ – 1, ия – 0: 36.
  4. Өкпелегіштік: ия – 1, жоқ – 0. ия – 0: 5, 13, 21, 29, 37, 44, 51, 58.
  5. Күдіктенушілік: ия – 1, жоқ – 0. 6, 14, 22, 30, 38, 45, 52, 59. Жоқ – 1, ия – 0: 33,66, 74, 75.
  6. Вербальды: ия – 1, жоқ – 0. 7, 15, 23, 31, 46, 53, 60, 71, 73. Жоқ – 1, ия – 0: 1,33, 66, 74, 75.
  7. Кінәні сезінуі: ия – 1, жоқ – 0. 8, 16, 24, 32, 40, 47, 54, 61, 67.

Көрсетілген шкала бойынша жауаптарды балдарға аударып, барлық жиналған ұпайлардың екі түрлі қосындысы шығарылады. Біріншісі, қастандық индексі деп аталады да, ол 5 және 6 шкалалардың қосындысы арқылы анықталады. Ал екіншісі, агрессия индексі – 1, 3, 7 шкалалар қосындысы бойынша анықталады. 6, 5 плюс-минус 3 – қастандық көрсеткіші нормада екпіннің белгісін көрсетеді. 21 плюс-минус 4 — агрессияның нормадағысын көрсетеді.

Зерттеу нәтижесі:

Басса-Дарки әдістемесі бойынша зерттеу нәтижесін біз бірнеше көрсеткіштері бойынша талдадық. Олар келесі кестеде көрсетілген.

 

Басса-Дарки әдістемесі бойынша баланың мазасыздану деңгейін бағалау.

Мазасыздану түрлері

Көрсеткіштері

Зерттелінушілер саны

1. Физикалық агрессия

Жоғары, орта, төмен

2, 5, 11.

2. Жанама агрессия

Жоғары, орта, төмен

5, 9, 9.

3. Тітіркенушілік

Жоғары, орта, төмен

7, 8, 1.

4. Негативизм

Жоғары, орта, төмен

11, 6, 8.

5. Өкпелегіштік

Жоғары, орта, төмен

17, 3, 1.

6. Күдіктенушілік

Жоғары, орта, төмен

1, 3, 9.

7. Вербальды агрессия

Жоғары, орта, төмен

12, 11, 3.

8. Кінәлі сезіну

Жоғары, орта, төмен

2, 6, 1.

 

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей мектеп оқушылары арасында жоғары дамыған агрессия түрлі вербалдьдық және физикалық агрессия болып табылады. Ол әсіресе ұл балаларға тән, олар балағат сөздерді өте көп қолданатыны анықталды. Екінші орында күдіктенушілік пен негативизм көрсеткіштері болады. Бұл жас кезеңіндегі балалардың күдіктенушілігінің жоғары болуы заңды нәрсе. Өйткені балалар өз мамандықтарын таңдап алып, болашақта дербес өмір сүру жолын тауып алу қажеттілігі алдында тұрғанымен байланысты. Біз төмендегі кестеде зерттелінген балалардың жетеуінің агрессиясының түрлерін көрсеттік. Бұл тестімен зерттелінген 23 баланың көрсеткіштері бір-біріне өте ұқсас келді. Олардың басым көпшілігінде жанама агрессия мен өкпелегіштік анық байқалды, сонымен қатар ұл балалардың барлығы және кейбір қыз балаларда вербалдық агрессия көрініс берді.

Басса-Дарки әдістемесі бойынша зерттеу нәтижесі

Баланың аты

Агрессия түрі

1

Арыстан

Жанама агрессия, өкпелегіш

2

Алия

Вербальды агрессия, өкпелегіш

3

Базакүл

Жанама агрессия, өкпелегіш

4

Лейла

Вербальды агрессия, өкпелегіш

5

Мұрат

Физикалық және вербальды агрессия

6

Мадина

Вербальды агрессия, өкпелегіш

7

Мирас

Физикалық агрессия, өкпелегіш

8

Нұргүл

Вербальды агрессия, өкпелегіш

9

Нығметжан

Физикалық агрессия, өкпелегіш

10

Назира

Жанама агрессия, өкпелегіш

11

Олжас

Физикалық және вербалды агрессия

12

Оспан

Физикалық агрессия, өкпелегіш

13

Өтеген

Физикалық афессия, өкпелегіш

14

Палжан

Жанама агрессия, өкпелегіш

15

Палым

Физикалық агрессия, өкпелегіш

16

Раиса

Жанама агрессия, өкпелегіш

17

Рымбай

Физикалық агрессия, өкпелегіш

18

Рысбибі

Жанама агрессия, өкпелегіш

19

Саржан

Физикалық және вербалды агрессия

20

Сауле

Жанама агрессия, өкпелегіш

20

Торжан

Физикалық афессия, өкпелегіш

22

Тоқберген

Физикалық агрессия, өкпелегіш

23

Ұлбала

Жанама агрессия, өкпелегіш

 

Зерттелінушілердің жалпы эмоционалдық жағдайын, мазасыздану деңгейін, қарым-қатынасқа құмарлығын, өзін-өзі бағалауын бағалау үшін «Пиктограмма» әдістемелерін пайдаландық.

Пиктограмма: «Үй. Тал. Адам.» әдістемесі.

Мақсаты: Баланың даму деңгейін анықтау, жұмысқа қабілетін, оның қоршаған ортамен, басқа адамдармен қарым-қатынасының ерекшеліктерін және қарым-қатынас қажеттілігін бағалау.

Зерттеу барысы: оқушыларға таза ақ парақтар таратылып берілгеннен соң оларға зерттеуді жүргізу ережесі түсіндіріледі. Суретке үйді, адамды және өсіп тұрған ағаштың суреті салынады. Олардың орналасуы, түрі, түсі және тағы басқа да ерекшеліктері туралы мағлұмат берілмейді. Тек суретке түскен заттардың барлығы бір кадрдегі көрініс тәрізді түсуі керек екені айтылады. Еркін тақырып сияқты ешқандай шектеулер қойылмайтыны анықталады.

Қажетті жабдықтар ақ парақ, түрлі-түсті қаламдар, өшіргіш.

Орындау уақыты: 15-20 минут.

 «Үй. Тал. Адам.» тесттің интерпритациясы.

  1. Жетінші сынып оқушысы Олжастың салған суретін талдау. Олжастың салған суретінде үйі алдыңғы қатарында орналасқан, үйдің есік-терезелері кең, жарық мол түсетін, есік ашық тұр, есікті ашып кіруге болатындай ұстайтын тұтқасы бар, үйге баратын жол кең, таза, есікке көтерілетін тепшектер салынған. Бұл көріністер Олжастың ашық-жарқын, қарым- қатынасқа ыңғайлы, қонақ жайлы, басқа адамдарды жақсы түсінетін екендігі байқалады. Дегенмен үйдің төбесінің шеті қалың контурмен салынған. Бұл баланың болашақты болжамдауда сансыз уайымы бар екенін көрсетеді. Интеллектуалдық қызметке құмар, тыныштық іздеуге бейім екені үйдің суретте парақтың оң жағында салынғанынан көрінеді. Адамның басы ашық емес, басқалармен бірінші болып қарым-қатынас жасауға ұялады, сондықтан өзі бірінше болып танысуы қиын. Сонымен қатар, суретті талдау барысында дене мүшелерінің орналасуына қарап келесі қорытынды жасауға болады: баланың екі қолы бір жаққа карап созылған, ол басқа бір адамның ұсынған нәрсесін алғысы келіп тұрған тәрізді, қолын бір жақа созып тұрғанынан баланың басқаларға тәуелді болғанын, басқаларды басқарудан бас тартанын жақсы көресетеді. Ол өзімен бірге тұратын үлкендерден көмек берсе екен деген үлкен үміт үстінде. Эмоционалдық жағдайы тұрақты, көңіл-күйі барлық уақытта бір келкі болады. Соған қарамастан агрессиясы анық байқалады.
  2. Жетінші сынып оқушысы Алияның салған суретін талдау. Алияның салған суреті бойынша талдау оның келесі ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Алияның суретінде кең байтақ ашық далада жалғыз үй орналасқан. Бұл көрініс оның авторының өзін шектеулі сезініп, басқалардан өте қашық жерде жүргендей болғанын көрсетеді. Алия отбасындағы ең кішкентайы. Олармен бірге тұратын үлкен ағасының балаларына қамқорлық жасап, соларды күтуге үлесін қосып жүрген бала өзін көп нәрседен шектеліп, барлық ата-ана қамқорлығы мен мейірімі немерелеріне ауып кеткен деген сезімге бөленгендігі байқалады. Үйлердің терезелері өте көп, олар пердемен жабылмаған, екі үйдің терезелері ашық тұр. Бұл көрініс Алияның қарым-қатынасқа құмарлығын және басқаларман бірге жүргенді армандайтынын көрсетеді. Суреттегі заттардың барлығы қалың штрихтермен боялған, ол Алияның айтқанынан қайтпайтын, қырсық мінезді, басқалармен өзі бірінші болып қарым-қатынасқа бармайтынын байқатады.
  3. Жетінші сынып оқушысы Раисаның салған суретін талдау. Раисаның салған суретінде үйі алдыңғы қатарында орналасқан, үйдің есік-терезелері үлкен, дегенмен олар перделеніп қойылған, есігі жабық тұр, есікті ашып кіруге болатындай ұстайтын тұтқасы жоқ, үйге баратын жол кең, таза, жан-жағына тұл отырғызылған, бірақ тепшектер салынбаған. Бұл көріністер Раисаның тұйық, қарым-қатынасқа құмар емес, өзін-өзі қанағаттандыратын, басқа адамдармен амал жоқтан қатынас жасайтыны байқалады. Дегенмен үйдің төбесінің шеті қалың контурмен салынған. Бұл Раисаның болашақты болжамдауда мазасызданып, терең ойға шомылатынын көрсетеді. Раиса интеллектуалдық жұмыстарды жақсы көреді, тыныштық іздеуге бейім екені үйдің суретте парақтың оң жағында салынғанынан көрінеді. Адамның басы ашық емес, басқалармен бірінші болып қарым-қатынас жасауға улады, сондықтан өзі бірінше болып танысуы қиын. Сонымен қатар, суретті талдау барысында дене мүшелерінің орналасуына қарап келесі қорытынды жасауға болады: бала қолын қусырып, басқалардан шектеліп тұр, ол баланың басқаларға тәуелді емес болғанын, басқаларды басқаруды жақсы көретінінің бегісі. Сонымен қатар, Раиса өзімен бірге тұратын үлкендерден көмекті күтеді. Эмоционалдық жағдайы тұрақты, көңіл-күйі барлық уақытта бір келкі болады, дегенмен агрессиясы анық байқалады.

Жетінші сыныпта оқитын балалардың суреттерін талдау нәтижесінде олардың болашақ өмірге даярлығы әлі төмен, дегенмен олар болашақтан көп жақсылық күтіп отырғанын және сол өмірге даярлықта үлкендер жақсы көмек көрсетеді деп үміттеніп жүргенін көрсетті.

Пиктограмма нәтижесі бойынша қорытындылау кестесі:

Агрессиясы байқалғандар

Шектелгендік көрсеткендер

Ашық-жарқын

Байсалдылар

18

7

18

5

 

Кестеде көрсетілгендей сыныптағы оқушылардың басым көпшілігі өзін шектелген деп сезінетіні анық байқалады. Сонымен қатар, агрессиясы шамадан тыс көрініс беретіндер де бар екені анықталады. Бұл сезімдердің немен байланысты екенін анықтау үшін тағы да бірнеше әдістемелер қолданылады.

Менің отбасым кешқұрым әдістемесі.

Мақсаты: баланың отбасындағы қарым-қатынасын және статусын диагностикалау.

Пиктограмманың ерекшелігі оған қатынасушының өзін-өзі бақылауы, қарым-қатынас ерекшеліктері, баланың отбасындағы әр адамға көзқарасы, мазасыздануды шиеленіс жағдайлар санадан тыс көрініс береді. Отбасындағы жағдайды баланың өзі де, ата-анасы да өте жақсы бағалауы мүмкін. Дегенмен астыртын әсерін тигізетін факторлар болып агрессиясын жоғарылатып, мазасыздануын толғандырып жіберуі мүмкін.

Құрал-жабдықтар: бір парақ қағаз, түрлі-түсті қалам, өшіргіш.

Зерттеу барысы: Мына параққа өз отбасыңның суретін сал. Отбасындағы әрбір адамның белгілі бір іспен айналысып жатқанын көрсеткен дұрыс болады деп тапсырма түсіндірілгеннен соң балар сурет салуға кіріседі. Суретті салып болғаннан соң, әр баламен әңгімелесе отырып, келесі сұрақтарға жауап алу керек:

а) мына суретте кімнің отбасы салынған, өзінің, қандай да бір досының немесе ойдан шығарған кейіпкерлер болуы да мүмкін;

б) бейнеленген кейіпкерлер қай жерде және қазіргі кезде немен айналысып тұрғанын көрсету;

в) егер, әрбір кейіпкерді бөлек алатын болсақ, онда оның отбасында қандай роль атқаратынын анықтау;

г) суреттегілердің қайсысы сүйкімді және неге, қайсысы жағымсыз және оның себебі неде, бала олардың қайсысын және не үшін ұнатады;

д) егер кейіпкерлердің барлығын жеңіл көлікпенен серуенге алып бара жатырсаң, бірақ, өкінішке орай олардың біреуіне орын жетпейтін болса, кімді үйде қалдырар еді;

е) егер балалардың біреуі өзін тәртіпсіз ұстаса, онда ол қалай жазаланатынын көрсетіп беру т.с.с.

Суреттер бойынша интерпретацил келесі 4 құрамды бөліктен тұрады:

  1. Суреттің құрылымын талдау.
  2. Отбасы мүшелерінің орналасуы және олардың өзара әрекеттесуінің ерекшеліктері.
  3. Отбасы мүшелерін салу реті және олардың сыртқы көрінісіне көңіл аударуы.
  4. Суретте қолданылған символикалар және оның мағынасын талдау.

Жүргізілген зерттеу нәтижесі оқушылардың отбасындағы қарым-қатынасы және оның тәлім-тәрбиелік мағынасы орта екенін көрсетті. Өйткені 5 бала өздерін отбасында ыңғайсыз сезінеді, олар өздерінің туысқандарына сенім білдірмейді және өмірінде болған табыссыздыққа соларды кінәлі деп есептейді. Сондықтан олардың отбасындағы жағдайын төмен деп бағаладық. 12 баланың қарым-қатынасы орта деп бағаланды. Олардың отбасында жақсы көретін және эмоционалдық жақын адамдары бар, туған-туысқандарымен қарым-қатынастары жақсы, отбасында бір-біріне сенім білдіреді. Тек олар өзін өзінің отбасында кішкентай адаммын, басқаларды ата-анам менен гөрі жақсы көреді, оларға ең жақсы киім, жақсы орын беріледі деген түсінік бар. 6 баланың отбасындағы жағдайы өте жақсы, ата-аналары оларды жақсы көретініне, болашағы жақсы болуға барлық жағдайды жасайтынына олар сенеді, сондықтан өздерінің болашағына үлкен үмітпен қарайтындығы анықталды. Нәтижесі кестеде көрсетілген.

«Менің отбасым кешқұрым» пиктограмманың нәтижесі:

Зерттеушілердің отбасында өзін ыңғайлы сезінуінің көрсеткіштері

Зерттенушілер саны

Жоғары

Орта

Төмен

6

12

5

 

Зерттелінген жетінші сынып оқушыларының отбасындағы жағдайлары, басқа сыныптарға карағанда, жақсы көрсеткіштермен сипатталды. Дегенмен балалардың мазасыздану діңгейі көңіл аударатындай жоғары екендігін анықтадық. Балалардың осы проблемаларын ескере отырып, оларды түзету-дамыту тренингінен өткізу қажет деп шештік.

 

2.2. Психодиагностика нәтижесі бойынша психокоррекция жүргізу

 

Жеткіншек жас кезеңіндегі балалардың психофизиологиялық және әлеуметтік ортаға икемделу процестерінің жүру ерекшеліктеріне байланысты олар көптеген қиындықтармен кездеседі. Сондықтан оқушыларға және олардың ата-аналарына психологиялық көмек көрсету қажет. Осы көмек көрсетудің бірнеше формалары бар. Ол жеке дара психологиялық кеңес беру, топтық кеңес беру, топпен психокоррекциялық ойындар және басқа шаралар ұйымдастыру. Психокоррекция топтағы қарым-қатынас ерекшеліктері барларды әлеуметтік ортада басқалармен тіл табысып өмір сүру тәжірибесін қалыптастырудың ең тиімді жолы екені дәлелденген. Сондықтан психологиялық қызмет көрсету барысында оқушылардың оң мінезін тәрбиелеуге ашық-жарқындығын қалыптастыруға, басқаларға ұнамды болу жолдарын үйретуге кеңінен қолданылады.

Коррекциялық жұмысты ұйымдастыру барысында эгоцентризиді бұзу тренингті жүргіздік. Мақсаты – адам мінезінің теріс көрсеткішін қайта құру, өңдеу. Эгоцентризм адамның мінезін икемсіз, ешкіммен санаспайтындыққа, қоршаған ортаны өзіне бағыну керек деп, есептейтіндікке алып келеді. Бұл тренинг келесі кезеңдер арқылы жүзеге асырылды:

  1. Бақаларға сезімтал болуды үйрету келесі іс-шаралар көмегімен жүзеге асырылады:

А) Кешіккенге, келмегенгендерге ол жоқта болған оқиғаны толық айтып беруді ұйымдастыру;

Б) Өз ойын, қарым-қатынас барысында оны бөлеген сезімін басқаларға айтып беруге үйрету;

В) Басқалардың көңлін өзіне аударып, айтқан сөзіне зейін салып тыңцатуға үйрету және өз пікірін айтқызу;

Г) Басқалардың сезімін сыйлап, олардың жағдайын түсінуге үйрету;

Д) Әр адамның басынан өткен оқиғаларды талдау, «Биші жылқылар», «Тәртіптілер және тәртіпсіздер», «Ақсаусақтар», «Қажырлылар», «Түсінгіштер мен мақаулар» т.б. тақырытарда КВН, пікір-талас, сахналық көріністер ұйымдастыру;

Е) Ақиқатқа сай келетін мінез-құлыққа үйрету – неше түрлі ойындар ұйымдастырып, сол ойындар барысында жайдарлы мінез көрсетіп, басқа адамдармен танысу тәжірибесін қолдану. Альтернативті шешім табу әдісін қолдану, мінез-құлық жайында пікірталас ұйымдастыру.

Тренинг жүргізу барысы.

Мақсаты: балаларды өздеріне ыңғайлы сезінетін жағдайға келтіру және тренинг тобында барлығын толық бостандық беріліп, емін-еркін қарым-қатынас жасайтын жағдай жасау.

Бірінші машықта қатынасушылар өздеріне есім таңдап алады да сол атымен тренингтің соңына дейін аталатындығы түсіндіріледі. Бұл тәсілді қолдану арқылы бала өзінің атымен байланысты өз өміріндегі өзіне ұнамайтын жағдайлардан шығып кетуіне психологиялық негіз болады. Өз есімі ретінде өзіне ұнайтын адамның атын, өсімдіктер мен жануарлардың атауларын таңдап алуына болады.

Психологта өз атын немесе басқа бір атты таңдап алуына болады. Осы жерда айтатын бір мәселе, тренинг барсында барлығы бір-біріне Сен немесе Сіз деп айтуын келісіп алуы қажет. Егер балалардың жасы кіші, ал психолог олардан көп үлкен болса, балалардың оны Сен деп атауы өте қиын, қажеті де жоқ. Сондықтан бұл мәселенің басын ашып алу керек.

Барлық қатынасушылар бір-бірінің жаңа атын есте сақтап қалу үшін сол аттарымен атауға арналған жүгіртпе ойындар ұйымдастырылады (допты бір-біріне бергенде өз патрнерының атын атап, оған бір ұнамды сөз айту, жаңа танысқан досын презентация жасау т.б.). Бірнеше жаттығуларға тоқтап өтейік.

1-ші жаттығу. «Амандасу».

Бұл жаттығуды екі вариантта өткізуге болады.

Бірінші варианты. Әр қатынасушы топтың әр мүшесімен ыммен (мимикамен), қол қимылы арқылы, дене қимылымен (пантомимикамен), вербалды әрекеттерді қолданбай, амандасу қажет. Егер амандасу біркелкі болса, онда амандасудың ұлттық тәсілдерімен, фильмдердегі кездесетін амандасу тәсілдерін еске түсіру керек.

Екінші варианты. Қатынасушылар бір-бірімен қол беріп, құшақтасып, әр амандасқан адамына жылы сөздер айтып шығады. Қанша адамға жылы шырай білдіріп, көңілін көтеруге үлес қоссаң, сонша өзіңнің де көңіл-күйің көтеріңкі болады деген ұранмен жүреді.

2-ші жаттығу. «Тұсаукесер (презентация)».

Топтағы қатынасушылар шеңбер құрып, психолог бастап, топқа өз бейнесін таныстырады. Психолог: «Ыммен, қол қимылы, дене қимылы арқылы, бір-екі ауыз сөзбен өзіңізді топқа таныстырыңыз. Таныстыру барысында өзіңізді қандай адам тұрғысында сезінетініңізді, топтың Сізді қалай қабылдайтынын көз алдыңызға елестетіп, сол туралы айтып беруге ұмтылыңыз» – деп түсіндіреді. Психолог өз сөзінен кейін топқа өзі туралы мағлұмат береді. Содан кейін әр қатынасушы сағат тілі бойынша шеңбер бойымен өзін басқаларға таныстырады.

Тұсаукесер аяқталғаннан кейін, өзі айтқаны жайлы, қалай жүргені туралы талқылау жүргізіледі.

Психолог келесі сұрақтарды қояды:

— Сізге кімнің өзін таныстыруы өте айқын, есте қалатындай әсерін тигізді?

— Сіз үшін қандай танысу өте ерекше, әрі күтпеген танысу болды?

— Кімнің өзін таныстыруы Сізге бірден жақын адам екенін сездірді?

— Кімнің айтқан ойы Сізге түсініксіз немесе таң қалатындай болды?

— Мүмкін, сол адамға Сіздің қоятын сұрағыңыз бар шығар?

Бұл сұрақтардың көмегімен балалардың тілдік белсенділігін шақырып, олардың ойындарға, жаттығуларды орындауға қызығушылыгы бар ма, жоқ па екенін анықтап алуға мүмкіндік туады. Барлық сұрақтарды талдап алғаннан соң келесі жаттығуды немесе ойынды балалардың ұсынысы бойынша ұйымдастырған дұрыс.

3-ші жаттығу. «Көпір».

Қатынасушылар шеңбер құрып отырады. Психолог диагонал бойынша бормен сызық сызып, ойынның мәнін былай түсіндіреді: «Бұл сызық – тасып  ағып жатқан тау суынан өтетін көпір. Төменде желге теңселген, тартылып байланған көпірдің астында сарқыраған өзен. Көпірдің аяғына дейін бір ізді жол. Одан тек бір адам ғана өте алады, әрі артқа шегінуге, қайтып кетуге жол жоқ. Бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан екі адам – екі ұлттың өкілі. Олар бір-бірінің тілін түсінбейді. Қалай да болса көпірден құламай, аяғына дейін жүру керек. Тапсырманы орындауға бір минут уақыт беріледі».

Талқылау:

Тапсырма ненің көмегімен орындалады? Қатынасушылар бір-біріне көмектесті ме?

Осы жағдайда қарым-қатынастың қандай құралдары (вербалды немесе вербалды емес) маңызды?

— Қай ұлттың вербалды емес қарым-қатынасы Сізге жақын және түсінікті көрінді?

4-ші жаттығу. «Танысыңыз, Шетелдікі».

Топ бір қатарға тізіліп отырады. Әр адамға карточка таратылады. Ол карточкада әр адамға белгілі бір ұлттың (ағылшын, француз, итальяндық, түрік, жапон, кәріс және тағы басқа ұлт өкілдері) мінез-құлықтағы қол-дене қимыл-қозғалысын, бет қимылын, позасын, жүріс-тұрысын көрсету керек екендігі туралы тапсырма берілген. Қалған қатынасушылар тапсырма алғандардың қай ұлт өкілі екендігін табуы керек.

Талқылау:

— Ұлтын қандай көрсеткіштерге сүйене отырып анықтадық?

— Ұлттық ерекшеліктерді табу оңай ма?

— Қазақ халқын қандай ерекшеліктермен сипаттауға болады?

Осы сұрақтар бойынша топ екіге бөлінеді. Бір топ таптауырындардың қажеттілігін дәлелдесе, ал екінші топ -ші оның қажет еместігін дәлелдеуі керек.

5жаттығу. «Елсіз арал».

Психолог ойынның шарттарымен қатынасушыларды таныстырады: «Мұхит бойындағы бірнеше күнгі болған оқиғадан кейін адамдар елсіз аралға орналасады. Осы уақыт аралығында тек үрленген салдан басқа ештеңе қалмады. Әрі ол да жарамсыз екені анықталды». Ойынның шарты: «Сіздер елсіз аралда қалдыңыздар. 20 жылға дейін Сіздер басқа адамдармен кездесе алмайсыздыр. Енді үш топқа бөлініңіздер».

Топтардың әрқайсысында бір ұлттың халқы. Ұлттарын шек тастап анықтап алуға болады. Ойынның аяғына дейін ұлт өкілдері басқа топтағылардың ұлтын білмейді және өздерінің ұлтын басқаларға айтуына болмайды. Жиырма жылдың аралығында әр ұлт өкілдері қалай өмір сүретінін, қандай заттарға сүйенетінін, нені өсіретінін, оларды кім басқаратынын, құндылықтары мен салт-дәстүрі тағы сондай ерекшеліктерін мейрам-тойлар өткізіп, басқаларға өздерін таныстыруы керек. Әр топ қағаз, түрлі-түсті қарандаш, фламастер, желім және тағы басқа заттармен қамтамасыз етіледі. Әр топ тапсырманы алғаннан кейін, екі сағаттай дайындық жұмысын жүргізеді. Топқа көріністі көрсетуге 30 минут уақыт беріледі. Топ қай ұлт өкілдері екенін ешкімге айтпайды. Олар өздерін жан-жақты таныстыру үшін көрнекі құралдарды көп мөлшерде дайындайды. Көрермендер олар қай елдің және қай ұлттың өкілдері екенін анықтайды.

Талқылау:

— Қандай белгілер арқылы ұлтты анықтауға мүмкіндік болды? Аралды «мәдениеттендіру» мәселесі қалай шешілді?

6-шы жаттығу. «Көзқиық».

Қатынасушыларға адам санымен бірдей ішкі және сыртқы шеңберлер құру ұсынылады. Ішкі шеңбердегілер сыртындағыларға қарап тұрады. Олар бір минуттың аралығында бір-біріне көздерін тасаламай, күлмей, бет-ауызын қисайтпай, тыжыраймай қарап тұруы керек. Содан кейін сыртқы шеңбердегілердің барлығы сағат тілі бойынша бір орынға жылжып, келесі серіктеске барады. Сонан соң осы көрініс қайталанады. Осымен жаттығу аяқталып, қатынасушылар өз орындарына отырады.

Ескерту: Жаттығу көптеген жеке түлғалық тосқауылдарды жеңуді талап етеді. Топтың барлық мүшелері өздерін шаршаған және тітіркенген адам сияқты сезінуі мүмкін. Мұндай жағдайларда келесі жаттығуларды немесе олардың біреуін орындатуға болады:

А) бәрі бірге дем тарту мен оны шығару;

Б) шеңбер құрып, барлығы бірге тебінуі, бір мезетте қолы жұдырықтап сілкуі;

В) Барлығы бірге бар дауысымен а-а-а деп айқайлауы.

Талқылау:

Қатынасушыларға келесі сәттерді еске түсіру ұсынылады:

а) жаттығудың басында және аяғында өзінің күй-жағдайы қандай болғанын;

б) не айтқысы, қандай әрекет жасағысы келгенін;

в) бір-біріне қарап тұрғанда қандай ойлар пайда болғанын;

г) серіктесің не туралы ойлағанын болжамдап айтып бер.

Талқылау барысында бір-біріне талап қою немесе ақыл айтуға тиым салынады.

7-ші жаттығу. Құрметті қонақ.

Жетекші қатынасушыларға ойынның мәнін түсіндіреді: Қазір арамыздағы бір адам осы ортадан сыртқа шыға түрады: Ол бөлмеге тек біз шақырғанда ғана кіреді. Қалған адамдардың бесеуі ойынға қатынасатын әр адамның мінез-құлқын бағалауға әділқазылар құрамын құрады. Есіктің сыртындағы адам – біздің құрметті қонағымыз. Ол шетелдік, өзінің және біздің халық аралығындағы шынайы қатынасты дамытуға белгілі үлесін қосқан адам.

Шетелдік адам алдын ала өзінің қай ұлт өкілі екенін таныстырады. Арамыздағы бір адам сол қонақты алып жүруші және оның тілмашы болып қонақты ортаға алып келеді. Ары қарай әр адам қонақпен қол алысып, одан бір нәрсені сұрап, әңгімелесіп, қалайда оның уақытты көңілді, қызықты өткізуіне өз үлесін қосады.

Әділқазылар алқасы бір-бірімен байланыспай, шешім қабылдап, қай адам өзін қонақпен араласуда салқындық көрсетіп, қысылатын болса, оған ұпайды төмен қояды. Әділқазылардың әрқайсысының қойған бағаларының орта арифметикалық көрсеткіші анықталып, әр қатынасушының бағасы шығарылады.

Талқылау:

— Қарым-қатынас қандай қиындықтарға тап болды?

— Егер осы ойынды қайталасақ, Сіз өзіңізді жеңіл, еркін сезінесіз бе?

— Мінез-құлқыңыздың бағытын өзгертер ме едіңіз?

8-ші жаттығу. «Таңдау»

Топ мүшелері орындарынан тұрады. Орындықтарды екі жақтағы қабырғаға тізбектеп орналастыру қажет. Жетекші қатынасушыларға тапсырманы түсіндіреді: «Сіздер ұрпаққа таралған, ата-бабамыздың ғасырлар бойы жинаған тәжірибесіндегі өсиет сөздер мен мақал-мәтелдердің сан түрін білесіздер. Қазір Сіздерге олардың кейбіреулерін оқып беремін. Егер оның мазмұнымен келіссеңіздер оң жақтағы орындыққа отырасыз, ал келіспесеңіз — сол шеттегі орындыққа отырасыз. Ортада ешкім қалмауы керек. Сіз жауаптың тек біреуін (келісемін немесе келіспеймін) таңдауыңыз керек».

  1. Жер тағдыры – ел тағдыры.
  2. Әр адам өз халқының жасаған қателеріне кішкене болсада кінәлі.
  3. Бір дінге сенген халықтардың бір-бірін түсінуі оңай.
  4. Жаңбырсыз жер жетім. Басшысыз ел жетім.
  5. Бірлік бар жерде тірлік бар.
  6. Адамның ұлтынан оның халқын көруге болады.
  7. Есің бар да еліңді тап.
  8. Адам өзін қандай да бір халықтың бөлігі ретінде сезінуі қажет.
  9. Ер – елдің қорғаны.
  10. Әрқашан адам өз ұлтын есінде сақтауы қажет.
  11. Халықтар арасындағы өзара ұғыну, олардың қандай дінге сенуіне байланысты.
  12. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.
  13. Өз халқының өмірдегі салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын ұстауға тырысу керек.
  14. Ұяда не көрсең, ұшқанда соны істейсің.
  15. Жер көркі – гүл, ел көркі – қыз.
  16. Наннан үлкен ұлық жоқ.
  17. Өз халқының өмірдегі салт-дәстүрін, әдеп-ғұрыпын ұстауға тырысу керек.

Қатынасушылар екі топқа бөлініп, талқылау жүргізіледі. Жүргізуші топтың біреуіне мақал-мәтелдер, өсиет сөздердің мағынасын түсіндіруді талап етеді. Мұндай жаттығу ішкі бағыттың анықталуына, өз ойын басқаларға жеткізе алуын қалыптастыруына мүмкіндік береді.

9-шы жаттығу. «Мүсін өнерінің аукционы».

Жұптық жұмыс. Бір топ мүшесіне мүсіншінің ролін атқару тапсырылады, ал екіншісі – мүсінге қажетті материал болып ойнайды. Мүсінші тек қолда қалданып, мүсінді үндемей жасап шығарады. Мүсін өнерін көпшілікке көрсету үшін жұмыстың ең соңғы, шешуші нұсқасын есте сақтау керек. Содан кейін, әріптестер рольдерімен ауысады. Мүсінді көрсету кезеңінде топ мүшелері қай ұлттың мүсіні немесе қай ұлттың өкілдері екенін табады. Сонан кейін ғана мүсіннің шынай «атын» автор жариялайды. Талдау:

— Материал «икемді» ме?

— Мүсінші қолының ұстау, тию қасиеті қандай?

— Мүсінді қабылдаудағы субъективтілікке назар аудару: дененің сол не басқа жағдайына қандай сезім туды?

— Сіздің денеңіз әрқашан Сізді таңдай ма?

— Ден өз бетімен өмір сүреді деген ой пайда болады ма?

— Басқа қандай өз ұлтыңыздың ерекшеліктерін мүсінде байқадыңыз?

Осы сияқты ойындарды қолдану арқылы тұйық, жасқаншақ, топтағы балалармен тіл табыса алмай жүргендерді басқа балалармен араластырып, олардың қарым-қатынасқа икемділігін тәрбиелеуге мол мүмкіндік туады. Психолог өз қызметінде диагностикалау нәтижесіне сүйене отырып ойын тренингтерін жиі ұйымдастырып тұрғаны орынды.

Бастапқы ойын тренингтерін қатынасушы балалардың жас шамаларына қарай топтастырған дұрыс болады. Ал екінші, үшінші тренингтерді әртүрлі жастағыларды қосып жүргізудің де тәрбиелік мағнасы өте терең. Өйткені адам өз өмірінде неше түрлі жас кезеңіндегілер аралас топтар мен ұжымдарда қызмет атқарып, өмір сүреді. Отбасы, жұмыс топтары, көшедегі топтар аралас жастағылар болып келеді. Сондықтан осы мәселеге де көңіл аудару қажет.

Жүргізілген жан-жақты зерттеулер нәтижесінде 7 сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшелігі анықталды. Осыған орай біздің келесі негізгі міндетіміз – мінез-құлқында ерекшелігі байқалған оқушылармен коррекциялық жұмыс жүргізу. Сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшелігінің негізгі көрінісі — көкіректік, яғни, эгоизм екендігі диагностика барысында анықталды. Ал эгоизм (дарашылдық) түрлі себептермен (табиғи ерекшелігімен, сыртқы түрімен, байлыгымен, өз кемшілін жасырумен және көпшілік орта ыңғайына байланысты) сипатталды. Коррекциялық топ құрмас бұрын, оқушылардың ең алдымен бағдарлау фазасынан өткіздік. Ол фазада еркін қарым-қатынас қалыптасып, келесі міндеттер атқарылады:

  1. Оқушылардың коррекцияны қажеттілігін сезінуін қамтамасыз ету;
  2. Клиенттің көңіл-күйін көтеріп, әр қатынасушы өзін-өзі қауіпсіз жағдайда сезінуін қамтамасыз ету;
  3. Топты ішкі қайшылығын сыртқа шығаруға даярлау, ол үшін вербалды емес қарым-қатынас түрлерін қолданып, бір-біріне жақындастыру.

Бұл фазада топ қалыптастырып, бір-бірімен эмоционалдық жақындық туып, топтағылар адаптациядан өтеді. Осы адаптация барысынан өткеннен соң коррекцияны міндетті түрде керек деп тапқан оқушыларды бір коррекциялық топқа біріктірдік. Бұл топппен жүргізілген коррекциялық жұмыс сыныптағы ішкі қарама-қайшылықты жоюға бағытталды.

Психокоррекциялық топтағыларға қысқаша психологиялық мінездеме. Раиса 7 сыныпты орташа үлгеріммен аяқтайды. Бірақ, сабақ үлгерімі өте нашар, оқу қиындығы барлық пән бойынша байқалады. Осыған байланысты, оның жалпы мәліметтілігін анықтауға арналған ШТУР (Школьный тест умственного развития) және таным процестерін зерттеуге арналған (зейін, ес процестерін зерттеуге арналған түрлі, функционалдық әдістемелер) тестерді пайдаландық. Нәтижесі Раиса ның танымдық процестерінің біршама дефектілігін, ақыл-ой әрекетінің төмен деңгейін көрсетті. Интелектуалдық дамуының жалпы деңгейі орташадан төмен, ал вербальды субьектінің толық қатары бойынша нәтижесі норманың төменгі шегіне жақын (сөздік қоры, ұғымдық түсінігі төмен). Танымдық сферасының тарлығы мен оқитын мектеп тақырыбы бойынша жазған шығармасынан да байқалады. Мысалы, онымен жасалған «идеалды мектептің сабақ кестесінде» мектеп бағдарламасының дене тәрбиесі мен еңбек сабағынан басқа бірде-бір пән жазылмаған.

Раисамен әңгімелесу, оның іс-әрекетін бақылау барысында баланың мінез-құлық реакциясында айналадағылармен қарым-қатынас сипатына негативті әрес етуі мүмкіндік, бәсеңдік, флегматиктік анық байқалғанымен, салада соншалықты мазасыздану көрінбейді.Өйткені оның қайырымдылығы, мінез-құлқының үйлесімділігі, агрессивтіліктің жоқтығы бірқатар сыныптармен жақсы қатынас құруына себеп болады. Динараның анасымен әңгімелесу барысында оның оқуындағы қиындықтарының себебі анықталады. Анасының айтуы бойынша, Раиса 5 жасынан бастап өз-өзінен кекештене бастаған, бірақ логопедке бармаған. Сондықтан да, оның фонетикалық есту және басқа да дефектілері нақ осы сөйлеу дамуының бұзылысымен байланысты болуы мүмкін. Мектепке түскеннен кейін мұғалім тарапынан ешқандай шағым түспеген, оқу барысындағы үлгермеушілігі оның жалқаулығы немесе оның темпераментінің т.б. жекелік ерекшелігімен байланысты деп түсіндірілген.

Қорытынды: Раисаның оқу мазмұнын меңгерудегі қиындықтары ол 1 сыныпқа барған күннен басталған, мектеп талаптары оның мәселесін тереңдеткен, сонымен қатар, психологиялық дамуына әсер еткен. Ата-аналарға келесі кеңестер беріледі:

Әлі де болса баланы логопедке көрсету керек, онымен зейін, ес, ойлауын дамытуға арналған психологиялық коррекция жүргізіп, таным процестерін керек, сонымен қатар, жалпы баланы қызықтыратын әрекеттердің барлығына мән беріп, баламен көп айналысу керек, үй жұмысын орындауын бақылап, баланы кітап оқумен айналдыру керек.

7 сынып оқушысы Раисаға «Оқу және қарым-қатынас қиындығын анықтау үшін жүргізілген зерттеу» хаттамасы:

Раиса тек «5»-ке оқитын үлгілі оқушылардың қатарында. Бірақ соңғы уақыттары математика пәнінен тіпті элементарлы тапсырманың өзін орындаудан бас тартады. Оқушыны зерттеу барысында оның таным процестерінің көрсеткіштері нормаға сай екендігі анықталды.

Таным процестерінің дамуын зерттеуді Векслер тесті, ШТУР, таным процестерін зерттеуге арналған зейін ерекшеліктерін, ес процестерін анықтауға арналған түрлі тестер қолданылды, сонымен қатар интеллектуалдық қабілеттерді зерттеуге арналған әдістемелерді пайдалана отырып Раисаның интеллектуалдық дамуында ешқандай дефектілер жоқ екені анықталды. Ақыл-ой әрекеттерінің деңгейі нормада, интеллектуалды дамуының жалпы деңгейі ортадан жоғары. Айзенктің вербалдық интеллектіні анықтау тесті бойынша Раисаның коэффициенті 150 ден асты.

Раисамен әңгімелесу, сөйлесу барысында оның ұялшақ, меланхолик көрсеткіштері анық байқалатын, өзіне және айналасындағыларға сенбеушілік анық байқалатынымен сипатталды. Раисаның мазасыздануы норма дисперсиясында. Яғни, балаға мінез-құлықтың тұрақтылығы тән. Әйтсе де, Раисаның ата-анасымен әңгімелесу барысында, оның қарым-қатынастағы қиындықтарының себебі анықталды. Раисаға кішкентайынан өзінен кіші сіңлісіне қарауға тура келген. Оның өз қатарластарымен ойнауға мүмкіндігі болмаған, сондықтан ол өз-өзімен қалып кеткен. Бастауыш сыныптарда оқу материалдарын меңгеру Раисаға қиынға соқпаған. Оның үндеместігі темпераментінің ерекшелігімен және оны қайта тәрбиелеуге ешқандай әсердің болмағандығымен түсіндірілерді. Раисада қарым-қатынас қиындығы ерте сәбилік кезеңде қалыптасқан.

Ата-аналарға келесі кеңестер беріледі:

Раисамен қарым-қатынас жасауға, оны әңгімеге тартып, барлық болған оқиғаларды күделікті айтқызыуға және басқалармен бірге болуға қызығушылығын тудыру үшін балаға бос уақытының кеп бөлігін бөліп, оны компанияда (сыныптастарымен паркке, зоопаркке және тағы басқа орындарда болуына) мүмкіндік беруі керек екені түсіндірілді. Баланың қатарластарымен қарым-қатынасына аса көңіл бөліп, қатарластарын үйіне жиі шақырып, баласына мейрамдар ұйымдастыруы қажет. Сонымен қатар, баланың өзіндік бағалауын жоғарылатуға, қарым-қатынасы кеңейтуге, үндеместігін жоюға көмектесетін қатарластарымен тығыз араластыруы қажет.

7 сынып оқушысы Саржанға «тереңделіп жүргізілген зерттеу»  хаттамасы. Саржан жақсы оқитын оқушылардың қатарында. Мұғалімдер пікіріне сүйенсек, ол ешкімді менсінбейтін, өзін өте жоғары бағалайтын көкірек бала. Осы жағдайларға байланысты сыныппен және мұғалімдерімен қарым-қатынасы жақсы қалыптаспаған. Осы шағымдардың негізделе жүргізілген психологиялық зерттеулер нәтижесі бұл пікірді растамады. Саржанның таным процестерін зерттеуге жүргізілген зерттеулердің (Айзенк, Векслер әдістемелері бойынша) нәтижесі бойынша, оның танымдық процестері жоғары деңгейде дамыған, ақыл-ой әрекетінің деңгейі жоғары, интеллектуалдық қабілеті және лабильділігі жақсы дамыған.

Сабақ үстінде, үзілістерде Саржанның іс-әрекетін бақылау барысында қарым-қатынас жасауына кедергі келтіретіндей мазасызданудың оншалықты жоғарылығы байқалмағанымен, балада өзіндік ішкі конфликт бар екендігі көрініс береді. Сонымен қатар, Саржанда мінез-құлықтың біршама үйлесімсіздігі, қатарластарымен қарым-қатынас жасау барысында кейбір уақыттарда вербалдық және физикалық агрессияның пайда болып отыратындығы байқалды.

Саржанмен жүргізілген жеке әңгіменің нәтижесінде оның мұндай мінез-құлқының негізгі себебі, семьясында, яғни оның ата-анасының екі бөлек тұратындығы, оның үстіне Саржанның ата-анасынан бөлек, нағашыларының қолында тұратындығы анықталды. Оның семьям туралы сұрап қалады-ау деген қорқыныш сезімі айналасындағылармен қарым-қатынас жасауына кедергі келтіреді. Сонымен қатар, Саржанмен жүргізілген «өзіме хат» деп аталатын әдістеме нәтижесінде, оны қоршаған ересектердің түсінбейтіндігі, өзін жоғары бағалайды деген пікірдің тұрақты орын алғандығы анықталды. Бірақ, хат мазмұнына зейін салып қарасақ, Саржанның өзін-өзі сендіріп қойған пікірін өзі мойындайды. Олай болса айналасындағылардың пікірі бойынша, көзге анық байқалатын көкіректік бар болғаны оның өзін-өзі қорғау механизмі.

Сонымен, Саржанның негізгі проблемасы оның семьясына және темпераментінің ерекшелігіне (холерик-флегматик) келіп тірелді. Саржанмен өзін қайта тәрбиелей алуға қабілеттілігін ескере отырып, психологиялық кеңес оқушының өзіне тікелей берілді. Ең алдымен ата-анасына сын көзбен қарап, өкпелемей, оларға обьективті турде қарау, ата-анасымен барлығы бірге тұрған бақытты кездерін қиналған уақытта есіне алу, басқа семьяларда өмір сүріп жатқан тек қана ол емес, ондай жағдай кез-келген тіпті идеалды семьялардың өзінде де кездесетін мәселе екендігін түсіндіру арқылы өз семьясы туралы мәселелерден қашқақтап, өзінің кемшілігіндей қабылдамау керек екені түсіндірілді. Ата-анасының ажырасып кеткеніне бала ешқандай кінәлы емес екенін және оның жағдайын басқаларда түсіне алатындығы туралы көп әңгімелескеннен кейін бала психолог сөзін мақұлдай бастады. Қарым-қатынастан шектелінудің қажеті жоқ екендігін түсіну арқылы ол біртіндеп балалармен араласа бастады.

Қорытынды. Жүргізілген 7 сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері осы жас кезеңіне сай акцентуацияның көптеген түрлері анық байқалғандықтан біздің келесі негізгі міндетіміз – мінез-құлқында ерекшелігі байқалған оқушылармен коррекциялық жұмыс жүргізу болды. Сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшелігінің негізгі көрінісі – көкіректік, яғни, эгоизм, агрессия екендігі диагностика барысында анықталды. Олармен ұйымдастырылған коррекциялық жұмыс келесі міндеттер атқарды:

  1. Оқушылардың коррекцияны қажеттілігін сезінуін қамтамасыз ету;
  2. Клиенттің көңіл-күйін көтеріп, әр қатынасушы өзін-өзі қауіпсіз жағдайда сезінуін қамтамасыз ету.

Бұл топппен жүргізілген коррекциялық жұмыс сыныптағы және отбасындағы ішкі қарама-қайшылықты төмендетуге аз да болса әсерін тигізді.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

«Психологиялық кеңес беру және психокоррекция жұмыстарын ұйымдастыру» тақырыбы бойынша жүргізілген дипломдық зерттеу жүргізу нәтижесінде келесі қорытынды жасадық.

Психологиялық кеңес беруді және психокоррекция жүргізуді зерттеген ғалымдар А.Г.Асмолов, А.А.Бодалев, В.В.Давыдов, И.В. Дубровина, А.В.Забрамная, Ю.М.Забродин мектеп психологіыің осы қызметті ұйымдастырудың бірнеше жолдарын көрсеткен. Сонымен қатар психологтың психологиялық кеңес беру және психокоррекция жасау жұмысының технологиясы мен мазмүны әлі толық анықталмаған. Олардың үлгісін жасағандар А.А.Бодалев, А.В.Забрамная балалардың мектепішілік және отбасындағы қарым-қатынасының бұзылуымен байланысты көрініс беретін дезадаптациялық мінезден шығару, психологиялық қасиеттерді және таным процестерді түзету-дамыту жұмыстарының ерекшеліктері көрсетілген. Бұл еңбектерде балалардың қарым-қатынасуының бұзылуы және дезадаптациясы жеткіншек жас кезеңінде жиі кездесетіні болгандықтан оларға психологиялық көмек көрсетудің қажеттілігін туғызатын себептерді зерттедік. Оларды талдау барысында үш блокқа топтастыруға болады деп таптық:

А) отбасындағы теріс мінез стереотиптерін мектепте көрсету;

Б) кішкентай кезінен өзімен қатарлармен ойнап, бос уақытын бірге өткізуге мүмкіндік болмағандықтан баланың шектеліп қалуы;

В) ата-аналарының арасындағы негативтік қарым-қатынас.

Психологиялық кеңес беру және психокоррекция жүргізу технологияларын талдау барысында оларды ұйымдастырудың ортақ және өздеріне тән ерекшеліктермен сипатталатын жерлері бар екенін анықтадық. Таным процестерін және жеке даралық қасиеттерді коррекциялауға арналған көптеген жаттығулар, дамыту тестілері және ойындар жинақтары жасалған. Олардың көмегімен нормадан ауытқуы анық байқалған қасиеттерді талапқа сай келтіру жолдарын клиентке үйретуге мүмкіндік туады. Психолог -кеңесші, баланың досы позициясында болуып оған тек қажет уақытта көмек көрсетеді.

Психокоррекциялық жұмыстардың бірінше фазасында психологиялық жағдайды туғызған себептерді диагностикалап, оның себептерін, мінез-құлық бұзылуының түрлері мен оған негіз болған себептерді анықтап алу керек. Диагностикалық әдістемелер зерттелінетін қасиеттерге байланысты іріктелініп алынады.

Психокоррекция топтағы коррекциялық ойындар және жеке дара жүргізілетін психологиялық кеңес беру жұмыстар бір-бірімен ұштасып жүргізілгенде ғана психокоррекция өз мақсатын толық орындайды.

Жүргізілген 7 сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшеліктері осы жас кезеңіне сай акцентуацияның көптеген түрлері анық байқалғандықтан біздің келесі негізгі міндетіміз – мінез-құлқында ерекшелігі байқалған оқушылармен коррекциялық жұмыс жүргізу болды. Сынып оқушыларының мінез-құлық ерекшелігінің негізгі көрінісі – көкіректік, яғни, эгоизм, агрессия екендігі диагностика барысында анықталды. Олармен ұйымдастырылған коррекциялық жұмыс келесі міндеттер атқарды:

  1. Оқушылардың коррекцияны қажеттілігін сезінуін қамтамасыз ету;
  2. Клиенттің көңіл-күйін көтеріп, әр қатынасушы өзін-өзі қауіпсіз жағдайда сезінуін қамтамасыз ету.

Бұл топппен жүргізілген коррекциялық жұмыс сыныптагьғ және отбасындағы ішкі қарама-қайшылықты төмендетуге аз да болса әсерін тигізді.

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. Абеуова И.А., Дусманбетов Г.А., Махаманова М.Н., Шерьязданова Х.Т. Психологическая служба в вузе. Алматы, 2004.
  2. Абрамова Г.С. Практическая психология. М., 2001.
  3. Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы, 1996.
  4. Анциферова Л.Н. Психология формирования и развития личности. М., 1981.
  5. Анастази А. Психологическое тестирование. В 2 т. М., 1982.
  6. Асмолов А.Г. Личность как предмет психологического исследования. М., 1984.
  7. Битянова М.Р. Практическая психология. М., 1997.
  8. Бап-Баба С. Жантану негіздері. Алматы, 1998.
  9. Бабасов Е.М. Конфликтология. Минск, 2000.
  10. Бэрон Р., Ричардсон Д. Агрессия. С-Пб,. 1998.
  11. Бютнер К. Жизнь с агрессивными детьми. М., 1991.
  12. Бернштейн К.А. Очерки по физиологии движений и физиологии активности. М., 1966.
  13. Венгер А.Л. Схема индивидуального обследования детей детей школьного возраста. (Для психологов-консультантов), М., 1989.
  14. Валлон А. Психологическое развитие ребенка. М., 1967.
  15. Возрастная и педагогическая психология. Под ред. М.В.Гомезо и др. М., 1984.
  16. Выготоский Л.С. Собрание сочинений в 6 томах. М., 1982.
  17. Грановская Р.М. Элементы практической психологии. М., 1997.
  18. Гудкина Н.И. Несколько случаев из практики школьного психолога. М., 1991.
  19. Донченко Е.А., Титаренко Т.М. Личность: конфликт, гармония. Киев, 1989.
  20. Дружинин В.В. и др. Введение в теорию конфликта. М, 1989.
  21. Драгунова Т.В. Проблема конфликта в подростковом возрасте. Ж. «Вопросы психологии», 1972, № 2.
  22. Дубровина И.В. Настольная книга школьного психолога. М., 1996.
  23. Добрович А.Б. Воспитателю о психологии и психогигене общения. М, 1987.
  24. Жарықбаев Қ. Жалпы психология. Алматы, 2004.
  25. Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1970.
  26. Золотнякова А.С. Проблемы психологии общения (социальный и личностные типы общения, их профессиональные, познавательные и генетические аспекты). Ростов-на-Дону, 1976.
  27. Зейгарник Б.В. Патопсихология. М., 2000.
  28. Зинченко В.П., Смирнов С.Д. Методологические вопросы психологии. М., 1983.
  29. Квимен В. Прикладная психология. С-Пб., 2001.
  30. Кле М. Психология подростка: Психосексуальное развитие. М., 1991.
  31. Козлов Н.И. Как относиться к себе и людям, или Практическая психология на каждый день. М., 1998.
  32. Кон И.С. Психология ранней юности. Книга для учителя. М., 1989.
  33. Кристофер Э., Смит Л. Тренинг лидерства. Питер, 2001.
  34. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. МГУ, 1981.
  35. Морозов А.В. Деловая психология. С-Пб., 2000.
  36. Мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін анықтауға арналган психодиагностикалық қызмет. Алматы, 2004.
  37. Нұрмұхамбетова Т.Р., Рсмаханбетова Ш.Е. Тәжірибелік психология. Шымкент, 2004.
  38. Немчин Т.А. Состояния нервно-психологического напряжения, Л., 1983.
  39. Немов Р.С. Психология. В 3 т. т.З. М., 1996.
  40. Особенности обучения и психического развития школьников 13-17 лет. Под ред. И.В.Дубровиной, Б.С.Кругловой. М., 1998.
  41. Овчарова Р.В. Семейная академия: Вопросы и ответы. М., 1996.
  42. Осипова А.А. Введение в практическую психокоррекцию. М, 2000.
  43. Петровский А.В., Ярошевский М.Г. Психологический словарь. М., 1990.
  44. Популярная психология для родителей. Под ред. А.С.Спиваковской. С-Пб., 1997.
  45. Платонов К.К. Психологический практикум. М., 1980.
  46. Поддьяков Н.К. К вопросу о развитии мышления. М., 1981.
  47. Петровский А.В. Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Алматы, 1987.
  48. Петровский А.В. Способности и труд. М., 1996.
  49. Рогов Е.И. Настольная книга практического психолога. М, 1996.
  50. Рыбалко Е.Ф. Возрастная и дифференциальная психология. М., 1990.
  51. Римский С., Римская Р. Практическая психология. М., 1999.
  52. Столяренко Л.Д. Основы психологии. Ростов-на-Дону, 2002.
  53. Семья в психологической консультации. Под ред. А.А.Бодалева, В.В.Столина. М, 1999.
  54. Снайдер Д. Практическая психология для подростков. М., 1999.
  55. Теплов Б.М. Проблемы индивидуальных различий. М., 1961.
  56. Учителям и родителям о психологии подростка. Под ред. Г.Г.Аракелова. М., 1990.
  57. Херсонский Б.Г., Дворяк СВ. Психология и психопрофилактика семейных конфликтов. Киев, 1991.
  58. Хоменстаускас Г.Т. Семья глазами ребенка. М., 1989.
  59. Холмогоров А.Б. Психические аспекты микросоциального в контексте психических расстройств. М., 2000.
  60. Щербаков А.И. Проблемы возрастной психологии. М., 1987.
  61. Шеврандин Н.И. Социальная психология в образовании. М., 1995.
  62. Чернявская А.П. Психологическое консультирование. М., 2004.