АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдер

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Филология факультеті

 

Қазақ филологиясы кафедрасы

 

 

 

БІТІРУ ЖҰМЫСЫ

 

 

 

 

Сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдер

 

 

Р Е Ф Е Р А Т

 

 

Жұмыстың тақырыбы: Сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдер.

 

 

Жұмыс көлемі:  33  бет

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер саны: 26

 

 

Жұмыс құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі мәселелерді қамтитын екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 

 

Жұмыстың мақсаты: қазіргі қазақ тіліндегі  терминжасам тәсілдерінің зерттелуі олардың түрлері және біріккен терминдер жасаудағы сөз таптарының орнын сипаттау.

 

 

Жұмыстың мазмұны: жұмыстың бірінші тарауы терминжасам тәсілдерінің зерттелуі. Екінші тарауы біріккен терминдер жасаудағы сөз таптарының орны.

 

 

Тірек сөздер: термин, сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдер, терминжасам тәсілдері

 

М А З М Ұ Н Ы

 

Кіріспе ………………………………………………………………………4

 

1 Қазақ тіліндегі терминжасам тәсілдерінің зерттелуі ………………….25

 

2 Біріккен терминдер жасаудағы сөз таптарының орны …………………26

 

2.1 Зат есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған терминдер

2.2 Сын есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған терминдер

2.3 Сан есім мен басқа сөз таптырының бірігуі арқылы жасалған терминдер

2.4 Зат есім мен қимыл атауының бірігуінен жасалған біріккен терминдер

 

 

 

Қорытынды …………………………………………………………………32

 

Пайдаланған әдебиеттер …………………..……………………………….35

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тіл-тілде термин жасау, оның терминологиялық қорын байытып, терминологиялық жүйесін реттеу негізделді, ең алдымен сол тілдің өз сөздік құрамы, жалпы әдеби тілі, ұлттық лексикасы болып саналады. Кез келген қоғам әлеуметтік өмірдің  әрбір сатысы міндетті түрде, үздіксіз дамумен, эволюциялық қозғалыспен сипатталатындықтан, қай кезде де жаңа, жаңарақ түсініктер пайда болып, тілде оларды затына лайық атап, сөздің құрамын түрлендіріп келгені ақиқат, яғни термин жасау, сөзден сөз тудыру – тілдің төл қасиеті. Ғылым  тарихының арнайы ғылыми зерттеу орталықтары ашылып, кей жұртың өзін ғалымбыз деп атауымен басталмай, халықтың бар тіршілігімен астасып, адам адам болғалы замандардан бастау алатындығы сияқты, термин жасау тарихы да тіл тарихына сіңісіп кеткен десек те болады. Тілде термин сөз жасау дәстүрі бұрыннан болғанымен, оның арнайы сөз табы ретінде қарастырылуы – ғылымның хатталу тарихымен байланыстылығы негізінде, “қазақ терминологиясының алғышарттары октябрь революциясына дейін болды” деп оны, негізінен және сөзсіз түрде, Қазақстанда кеңес үкіметінің орнауымен келген ғылымға тели ғана қарау – дұрыс емес. Өйткені, әрбір сөз жаңа пайда болғанда дерексіз, күрделі түсінікті деректендіруші термин қызметін атқарып, уақыт өте ұғымдық қырлары ашылып, жатталып, қатардағы жай сөздерге айналады. Ғылымның да, пәлен уақыттан бері пайда болды, оған дейін болмаған еді деп, дәл мезгіл белгілеу мүмкін емес.

Терминнің термин екені, жай, басқа сөздердің айырмасы оның мағына ауқымының шегін көрсетерлік түсіндірмесі болуынан, арнайы түсіндірілуінен де көрінеді. Ал, жай сөздерге түсіндірме берілмейді. Ал, енді осы “термин” деген ұғымның өз басына келер болсақ, бұл жайында көптеген ғалымдар терминге анықтама беріп кеткен. Бұл жайында О.С.Ахманова “Термин дегеніміз арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды дәл белгілеу үшін жасалған тілдегі арнайы (ғылыми-техникалық) сөздер мен сөз тіркестері” дейді. Д.Н.Ушаковтың айтуынша да “термин – нақты анықталған ұғымның атауы болып табылатын сөз  әлдебір ортада әлденені, мамандықты белгілеу үшін қабылдамайтын арнайы сөз неемесе сөз тіркесі”. Сондай-ақ А.В.Суперанская бастаған ғалымдардың пікірінше: “термин – кәсіптік білімнің белгілі бір саласындағы ұғымдар жүйесіне енетін ұғымды сөзбен таңбалау”. Термин мәселесімен тікелей айналысқан қазақ ғалымы Қ.Жұбанов терминге мынадай анықтама береді: “Белгілі бір ұғымдарды білдіретін қарақшылы сөздер болады, ол сөздерді әлгіндей ұғымдарға ғылым мен революция жағы қандай сатыда тұрса міне, осы екеуі теліп отырады. Сонымен қатар, термин сөзінің  терминдік ұғымы мен күнделікті тіршілікте қолданылатын жай сөздік мағынасы басқа болуы да мүмкін”. [2, 40]

Жалпы бұл анықтамалардан шығатын қорытынды бұлардың бір-бірімен қайшы келмейтіндігі. Олардың терминге анықтама беруде сөз бен ұғымның әртүрлі белгілерін негізге алуы, дәлірек айтқанда осы белгілердің әлдебірін баса көрсетуі, осы негізде терминдердің арнайы ұғымды білідіретіндігін, яғни ғылым мен техниканың және өндірістің белгілі бір саласына тән екендігін, сондай-ақ сөз немесе сөз тіркесі түрінде көрініс табатындығын атап көрсете аламыз. Бұл айтылғандар терминге қойылатын негізгі талаптар мен  яғни олардың дәл, қысқа және жүйелі болуымен шектесіп деуге болады.

Қазақ тілінде термин сипатты, дербес мағыналы сөздердің арнайы жасалып, кең тарапты қолданыла, тұрақты түрде жазыла бастауы ХІХ ғасыр аяғы, осы ғасыр басында ерекше көрініс берді десек болады. Оның өзі, осы тұста қазақ тілінде “Айқап”, “Дала уалаятының” газеті “Қазақ” сияқты мерзімдік, әдеби басылымдар мен шығармалар, алғашқы оқу құралдары бір және екі тілдік сөздіктер, іс-қағаздары, басқа да қатынастық хат-хабарлардың көбеюімен негізделеді. Бұл тұста арнайы ешкім де арнайы түрде сала атауларын түзіп, түгендеумен айналыспағанымен, жұрттың түрлі мақала, еңбек жазу барысында тілдің сөзжасамдық тәсілдері негізінде сөз тудыру, сөздерді түрлендіре қолдану істері қағазға түсіп, жаңа қарқынмен дами бастады.

Әдетте, бірден бір сөзбен айта қойылу қиын, күрделі түсініктердің бір сөзге, атаулы сөзге айналуына ол түсінікті жазуда қолдану сипаттау жазу істері үлкен ықпал етіп, түсінікті бір сөзбен белгілеу қажеттілігін туғызады. Яғни, аталмыш түсінікті беру үшін қайта-қайта сипаттап жазу, ыңғайсыз болғандықтан және түсінік бірізді, бірыңғай қабылдануы үшін, оны бір ғана белгімен беру тиімді болады. Жазудың алғашқы кезінде сөйлем ұзақ, шұбалаңқы болып, кей сөздер жиі қайталанып, бірін бірі қайталап, бірі жетпей, бірі артылып, айтар ойдың дәлдігі төмен болып жатады да, бірте-бірте ой нақтылана бастайды. Бір сөзбен айтқанда, жаңа сөздер туып, мағыналары айқындалып, тұрақтауы – жазу әсерінен жылдамдай түседі.

Ең алғаш рет “Қазақ” газетінде қолданылған баспасөз, ашықхат, теміржол, сөзжарысы, ана тілі, оқу құралы, оқу кітабы сияқты сөздер сол кезде-ақ терминдік сипат алып үлгерген болса, әрі қазірде өзгеріссіз қолданылып жүрсе, дем алып, біраз өнеркәсіп, тұратұғын, шығатұғын, құрымайтұғын (сөздерінің біразы) шекаралық, жат шөптерден, сөз жазғыш сөздерінің біразы біраз, өнеркәсіп, шекара болып әсіресе, біразы ақырзаман, бөлім, тұратын, шығатын түрінде өзгерсе, біразы жазушы, арамшөп болып ауыстырылды.

Бәрі бірдей дұрыс болмай, кейбір қалт-құлт етіп тұрғандай болғанымен, бұлар түсініктің ұлттық баламасын іздеудің термин немесе жаңа сөз жасау ісі, сырттан таңылмай, тілдің, тілдік қолданыстың өз табиғатынан туындайтындығының көрінісі болып табылады.

Жалпы қазақ терминологиясын қалыптастырушылардың бірі ретінде біз ең алдымен, А.Байтұрсынұлын атай аламыз. Ұлттық тілімізде енді-енді оқулық жазылып, арнайы тілде термин жасаудың сол балаң шағында тіл, әдебиет сияқты екі бірдей сала атауларын түгелдеп, бір сөзін де қалдырмай, ұлттық тіл қаражатының атаған және тіл мен ғылым жүйелерін асқан шеберлікпен үйлестіре білген. А.Байтұрсынұлы қалыптастырған бірқатар терминдер қазіргі қазақ терминологиясы тұрғысынан да, термин жасаушылар ғалымның термин жасау ерекшелігіне, термин жасауға ұмтылуда.

Содан кейінгі А.Байтұрсынов жолын жалғастырған Х.Досмұхамедұлы, М.Жұмабаевтар термин жасамға ат салысты. Одан кейін Байтұрсынов жолын жалғастырушылар Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Бәйішев, М.Жаналин, М.Балақаев, Қ.Сағындықов, Қ.Шәріпов, І.Жарылғапов, Ә.Сатыбалдиев, А.Абдрахманов, Ә.Қайдаров т.б.

Тіл-тілде жаңа термин жасау, оның терминологиялық қорын байытып, терминологиялық жүйесін реттеудің негізгі көзі, ең алдымен, сол тілдің өз сөздік құрамы, жалпы әдеби тілі, ұлттық лексикасы болып саналады деп айтып кеттік, яғни терминдер де байырғы сөздер секілді тілде бұрыннан бар сөздер мен түбірлер негізінде жасалады. Қазақ тілінде термин жасау күрделі де қызық проблемалардың қатарына жатады. Ал, терминнің жасалуына келсек, кез келген термин белгілі-бір дәрежеде ғылыми негізге сүйеніп жасалады. Терминжасам дегеніміздің өзі қоғам мүшелерінің саналы әрекеті нәтижесінде жасалатын құбылыс.

Қазақ тілінің сөздік құрамы термин жасауға көптеген дайын материал беріп келеді. Бұл – сарқылмайтын байлық көзі. Оның терминжасау мүмкіншілігін біз  әлі түгел пайдланып біте алғанымыз жоқ. Ол мүмкін де бола бермейді. Термин сөзге деген сұраныс молайған сайын, жаңа қолданыстар лебі пайда болады. [2, 297]

Көптеген ғалымдар терминжасам процесіне тікелей ат салысып, ол үшін қазақ тілінің лексикалық байлығының грамматикалық амалдарын түгел іске жаратуға бетбұрыс жасаған болатын. Соның нәтижесінде халық тілінің сарқылмас қазынасы сарапқа түсіп, қарапайым сөздер терминдік мәнге көшті. Ғасырлар бойы дайын қалыптасқан сөзжасам тәсілдері терминжасамның негізгі тірегіне айналды және атап айтуға тұратын бір нәрсе, терминжасам тек ұлттық тіліміздің өз материалымен ғана шектелмей, кірме сөздер қатарында тиімді пайдаланды. Алайда ұлттық терминологияны, едәуір байыта түскен терминжасаудың бірнеше тәсілдері белгілі бола бастағанмен бұл жөнінде мамандарымыз әлі күнге бір пікірге келе алмай жүрген сияқты.

Жалпы айтқанда терминжасауда 4 түрлі тәсілге сүйеніп, жасалады. Екінші тарауда осы тәсілдердің ішінде синтаксистік тәсілдері арқылы жасалған, яғни сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдерге тоқталып өтемін.

 

  Жұмыс тақырыбының өзектілігі:

Еліміз егемендік алып, тәуелсіз мемлекет ретінде әлемге таныла бастаған соңғы он шақты жылдан бері термин жасау және қалыптастыру ісіне ерекше көңіл бөліп келеді. Ұлт тілінде терминжасау ғылыми-техникалық терминологияны ұлт тілі негізінде қалыптастыру үшін термин шығармашылығында іске қосылатын амал-тәсілдер мен термин жасауда пайдаланылатын ішкі көздерді айқындап, олардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін көрсетудің маңызы зор.

Қазіргі кезеңде термин жасауда ұлт тілінің ішкі байлығын тиімді пайдалануға барынша мән беріліп отырғандығы баршамызға белгілі. Көптеген жаңа терминдер жасалып, қолданысқа көше бастады. Термин ісінде неғұрлым аз қателесіп, тіл табиғатына қайшы әрекет жасамас үшін тілдегі термин түзу тарихын оның өз бойынан шыққан дәстүрін үнемі ескеріп назарда ұстап отыру шарт. Бұл реттегі әрекет қандай да болмасын бөгде тілден тыс себептер емес, олар уақытқа сай  жетілдіре алынуы және алдыңғы тарихынан тым алыстап кетпеуі тиіс. Осыған байланысты тілімздің терминжасам тәсілдері оның ішінде сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдерге арналған дипломдық жұмыс тақырыбы өзекті болып табылады.

Жұмыстың мақсаты:

Қазіргі терминжасам мәселесіндегі сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдерді сипаттау, біріккен терминдер жасаудағы сөз таптарының орнын көрсету.

Осы мақсатқа жету барысында мынадай міндеттер алға тартылды:

1) Тілші ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, жалпы терминологияның қалыптасу тарихына тоқталу;

2) Қазақ тіл білімінде терминжасам тәсілдерінің зерттелуіне тоқталу;

Біріккен терминдер жасаудағы сөз таптарының ролін айқындау;

3) Жұмыстың әдіснамалық негіздері ретінде Ш.Құрманбайұлының “Қазақ лексикасының терминденуі”, Ө.Айтбайұлының “Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы”, С.Ақаевтың “Терминнің танымдық табиғаты”, Б.Қалиұлының “Мемлекеттік терминология мәселелері” атты іргелі зерттеулері алынды.

Жұмыс құрылымы жағынан кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

Кіріспеде дипломдық зерттеу жұмысының объектісі пәні мен оның сипаты көрсетіліп, мәселенің зерттелу тарихына шолу жасалды.

Жұмыстың бірінші тарауы “Қазақ тіліндегі терминжасам тәсілдерінің зерттелуі” деп аталып, қазақ тіліндегі терминжасам мәселесі, терминжасамдағы қолданылатын тәсілдердің зерттелуі қаралады.

Біріккен терминдер жасаудағы сөз таптарының рөлі екінші тарауда  зат есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған терминдер, сын есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған терминдер, сан есім мен басқа сөз таптарының бірігуі арқылы жасалған терминдер, зат есім мен қимыл атауының бірігуі арқылы жасалған терминдер деп бөліп әрқайсысының терминжасамдағы рөлін көрсетеміз. [1, 279]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Қазіргі қазақ тіліндегі терминжасам тәсілдерінің зерттелуі

 

Тіл-тілде жаңа термин жасау оның терминологиялық қорын байытып, терминологиялық жүйесін реттеудің негізгі көзі ең алдымен сол тілдің өз сөздік құрамы, жалпы әдеби тілі, ұлттық лексикасы болып саналады. Яғни терминдер де байырғы сөздер секілді тілде бұрыннан бар сөздер мен түбірлер негізінде жасалады. Терминжасам процесінде ұлт тілі өз сөзжасам амалдарының үлгілерін алға тартса, басқа тілдерден кірме сөздерді қабылдау сәтінде де, осы тәсілдерге сүйене отырып, өзіндік модельдерін құрайды. Жылдар бойы қалыптасып келе жатқан сөзжасам амалдары терминжасамға тікелей қатысып, олардың қайсыбірі белгілі бір кезеңде белсенді қызмет көрсетіп, активтеніп қайсыбірі белгілі бір кезеңде солғын тартып, үнемі үздіксіз өзгеріске түсіп отырған.

Қазақ әдеби тілі сөздік қорының жаңадан жасалып, немесе қабылданып жатқан терминдік атаулар есебінен күн санап баюы, толассыз толыға түсуі әрине мұның бәрі ғылыми техникалық прогресске байланысты жаңа техникалық құбылыс. Жалпы сөз байлығымыздың бүгінде үштен екісі терминологиялық лексикадан тұрады. Ғылым мен техника дамыған сайын мыңдаған жаңа ұғымдар пайда болып жатады. Олардың әрбірі өзінің таңбалаушысын тауып, тілдік тұрғыдан да жүйелеуді қажет етеді. Мұндай қажеттіліктерді өтеп, термин жасау, қалыптастыру, терминологияны жүйелеу реттеу жұмыстарын дұрыс жолға қою — бүгінгі күннің өзекті мәселлерінің бірі болып отыр. Қазіргі кезеңде терминжасамда ұлт тілінің ішкі байлығын тиімді пайдалануға барынша мән беріліп отыр. Жалпы термин жайында бүкіл тюркологияда, қазақ тіл білімінде, орыс лингвистикасының өзінде де осыған тоқтайық дейтін нақты пікір қалыптасқан жоқ. Оның не екенін, лексиканың қай тобына жататынын елдің бәрі білгенімен, негізгі басты белгілерін ажыратып тануда әрқилы түсінік бар. Академик І.Кеңесбаев пен Т.Жанұзақов терминге мынадай анықтама береді: “термин дегеніміз ең алдымен негізінен белгілі бір ғылым мен техника саласында қолданылатын арнайы лексика”. О.С.Ахманова Термин дегеніміз арнайы ұғымдар мен арнайы заттарды дәл белгілеу үшін жасалған тілдегі арнайы сөздер мен сөз тіркестері. Ал, Д.Э.Розенталь мен М.А.Теленкова терминінің осы айтылған белгілеріне қосыла отырып, және бір мағыналығына мән береді. Яғни, тілдегі сөздердің біразы көп мағыналы боп келсе, термин болатын сөздердің олардан айырмашылығы – жалқы мағыналығында деп түйеді. Терминдерді зерттеуде және қоғам  үшін мәнін, маңызын анықтауда Д.С.Лоттенің, Т.О.Винокурдың, А.А.Реформатскийдің, В.В.Винокурдың, Р.А.Будаговтың, Л.И.Скворцовтың, В.П.Даниленконың, А.В.Суперанскаяның, М.Ш.Гасымовтың, Б.О.Орузбаеваның т.б. ғалымдардың рөлі зор болды.

Қазақ тілінің сөзіміздің басында айтып кеткендей, сөздік құрамы терминжасауға көптеген дайын материалдар беріп келеді. Термин сөзге деген сұраныс молайған сайын жаңа қоданыстар легі пайда болады. Қазақ тілінде термин жасау негізінен тіліміздің сөзжасам процесінің аумағына енетін мәселе. Біреулер терминжасамды бір тілдің термин сөздерін екінші тілге аудару немесе тілдегі кез-келген сөзді пайдалану десе, енді біреулер кірме сөздер деп түсінуі мүмкін. Ал енді тіл білімі тұрғысынан айтатын болсақ, терминжасамның өзіне тән мынадай өзгешелік белгілерін атап көрсетуге болады. Жалпыға бірдей қарапайым сөздер қоғамдағы өзара қарым-қатынас қажетіне байланысты туындап, және оны сол тілде сөйлейтін кез-келген адам жасай алатын болса, терминдер белгілі бір кәсіп пен мамандыққа тән ұғымды білдіру үшін жасалады да сол саланың мамандары арасында ғана қолданылады. Тіпті мұны Г.О.Винокур айтқандай, күнделікті практикалық мұқтаждық тудырады, оны белгілі саладағы мамандар жасайды. Осыдан байқалатындай терминді саналы түрде қадағалап, қолдан жасап, сұрыптап отырмаса, ғалымдар бірін бірі түсінуден қалуы да ықтимал. Дегенмен, терминдер сол өзі пайда болған салада тұрақтанып, өзгерместей қатып қалатын категория емес. [3, 89]

Сөйтіп, терминжасам дегеніміз қоғам мүшелерінің саналы әрекеті нәтижесінде жасалатын құбылыс. Жалпы халықтық тілдегі көптеген сөздердің қашан, қалай пайда болғанын біле бермейміз. Ал терминнің тіпті бүкіл бір терминдік жүйенің неге байланысты, қалай, қай мезгілде жасалғанын дәл айтып беруге болады. Мысалы, революция, колхоз, совхоз, бесжылдық, тыңгер, тиімділік, сапалық белгі, ғарышкер, бетбұрыс, қайта құру тәрізді тағы басқа толып жатқан сөздер мен сөз тіркесімдерінің қашан, қандай жағдайда жасалып, терминге мәнге жұмсала бастағанын дәл айтып бере аламыз.

Кез келген термин белгілі бір дәрежеде ғылыми негізге сүйеніп жасалады. Түркі халықтары тіліндегі терминжасам процесіне зер салсақ, терминология жұмысында мынадай үш принцип басшалыққа алынады екен. Біріншіден бұрынғы одақ халықтары тілдерінің бәріне ортақ принцип. Екіншіден қоғам мен тілдің даму ерекшеліктеріне сәйкес туындайтын әрбір тілдің өзіндік терминжасау ұлттық принципі. Жалпы ойымызды жинақтап келгенде айтарымыз жалпы түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде жаңа термин жасаудың модельдері тұрақталған тәрізді. Термин жасау мен қалыптастыру ісі әсіресе 1920 жылы аралығында жандана түсті. Себебі, 1917 жылы қазан төңкерісі қазақ жеріне жаңа қоғамдық өзгерістер әкелді, жаңа басқару формасы енді, қазақ тіліне орыс тілі күн санап өз ықпалын тигізе бастады.

Б.Н.Головин: Қазан төңкерісі елдің экономикалық және мәдени әлеуметтік өмірін өзгертті, терминдердің дамуына әсер етті деп көрсетеді. [3; 27 ] Бұл жырлары қазақ халқының ғылымға, мәдениетке қолы жетті. Түрлі мекемелер, өндіріс орындары ашылды, ауылшаруашылығындағы жаңа техника мен жабдықталған мәдениетті шаруашылыққа айналды. 1920 ж. 26 шілдеде сауатсыздықты жою туралы арнайы қаулы қабылданып көптеген оқу орындары ашылды. Қоғамда болып отырған осындай жаңалықтар өзімен бірге көптеген терминдер мен терминдер тіркестер  ала келді. Дегенмен жалпы қазақ терминологиясының терминжасам мәселесін сөз еткенде ең алдымен А.Байтұрсынұлын айта кету керек. А. Байтұрсынұлы терминжасам тәсілдерін анықтап, оларды өз тәжірибесінде тұңғыш рет кеңінен пайдаланған ғалым. Терминжасам тәсілдерінің аражігі ашылып, олардың термин шығармашылығында іске қосылуы – қазақ тілінің грамматикасының жазылуымен тікелей байланыста қарастыруды қажет етеді. Бүгінгі терминжасам тәсілдерінің ерекшеліктерінің бар екендігіне қарамастан, ол негінен қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерінің құрамына енді. А.Байтұрсынұлының қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерін анықтаумен қатар ол тәсілдерді термин жасауда пайдаланудың жаңа үлгісін көрсеткендігін оның қаламынан туындаған жүздеген терминдері дәлелдейді. Мәселен ғалымның жұрнақ, жалғау, буын, шумақ, тармақ, рай, мүше, әдіс, т.б. семантикалық тәсілмен, жақша, сызықша, көсемше, есімше, дәйекше, буыншы, бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, пысықтауыш, толықтауыш, әуреленіс, күліс, әлектеніс, әліптеме, зауықтама, мазмұндама, ермектеме, қорытпа, ұсынба, жалғаулық, есімдік  тәрізді көптеген терминдері морфологиялық тәсілмен, ал дауыссыз дыбыс, дауысты дыбыс, қатаң дыбыс, ұяң дыбыс, түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қаратпа сөз, қыстырма сөз, мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, сын пысықтауыш, тұрлаулы мүше, тұрлаусыз мүше, салалас сөйлем, сабақтас сөйлем, жалаң сөйлем, жайылма сөйлем, болымды сөйлем, болымсыз сөйлем, толымды сөйлем  сынды терминдер тобы синтаксистік тәсілмен жасалады. Бұл терминдердің кейбіреулері орыс тіліндегі терминдердің негізінде калькалану жасағалғаны аңғарылып тұр. Мысалы дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс, қос сөз т.б. А.Байтұрсынұлы терминжасам тәсілдері н анықтап, оларды өз тәжірибесінде тұңғыш рет кеңінен пайдаланған ғалым. Ол 1912 жылы “Оқу құралы” деген атпен қазақша әліппе, 1928 жылы  тілді дұрыс жұмсай білу тәртібіне арнап, “Тіл жұмсар” атты еңбек жазды. Сондай-ақ А.Байтұрсынұлына дейінгі қазақ тілінің құрылысы туралы орыс түркітанушыларының еңбектерінде қазақ тілі ғылыми негізде зерттелгенмен, бірақ олар орыс тілінде жазылып, түркі тілдерін зерттеушілерге арналған, оларда қазақша тіл терминдері жасалған жоқ. Сол себепті А. Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың басында ана тілінде ұлттық тіл білімінің негізін қалаған қазақтардың тұңғыш ғалымы ретінде танылады. А. Байтұрсынұлы терминжасам тәсілдерін анықтап оларды өз тәжірибесінде кеңінен пайдаланган галым.Термин жасам тәсілдерінің ара жігі ашылып, олардың термин шығармашылығында іске қосылуы-қазақ тілінің грамматикасының жазылуымен тікелей байланыста қарастыруды қажет етеді. Бүгінгі терминжасам тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар екендігіне қарамастан, ол негізінен қазақ тілінің сөзжасам тәсілдерінің құрамына енеді. Жалпы термин жасауда А.Байтұрсынұлы ең басты екі принципті ұстанады. Оның бірі – термин жасауда қазақ тілінің өз мүмкіндігін барынша тиімді пайдалану. Әсіресе, ол тілді фонетика, морфология, синтаксис деген дәстүрлі жүйеге бөліп сөздерді түбір сөз, туынды сөз, қос сөз, қосалқы сөз, қосымшалар деп тұлғасына қарай беске бөледі, зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалғау, одағай деп мағынасына қарай тоғызға бөліп саралауы терминологияға қосқан зор үлесі екенін байқаймыз. А.Байтұрсыновтан кейінгі ірі тұлғалардың бірі Қ.Жұбанов ол өзінің 11 принциптен тұратын жобасын ұсынған. Қ.Жұбанов жасаған принциптердің негізгі идеясы екі басты бағытты қолдайды. Бірі – халықтық сипаттағы сөздерді қазақшаға аудармай, сол қалпында алу болса, екіншісі – қазақ тілінің өз ішкі мүмкіншілігін дұрыс пайдалану болып табылады.  Оның терминжасамда: дара етістік, қаратпа сөз, қыстырма сөз, кіріккен сөз, кіріккен түбір, сөз бен ой, жетек сөз, жетекші сөз, түп мүше, тұйықша, есімше, қосар сөз, қосалқы сөз, қиюлы сөз, жалғауыш сияқты терминдер жасайды. Ол терминжасауда қазақ тілінің ішкі мүмкіндігін пайдалану қажеттігі туралы айта отырып, сөзжасамның түрлі тәсілін басшылыққа алған. Олар: лексика-семантикалық, синтетикалық немесе морфологиялық, аналитикалық немесе синтаксистік, калька жолымен аудару тәсілі.  Терминжасамда қазақ ғалымдарының көш басында тұрған А.Байтұрсыновтан бастап Қ.Жұбановтардың ізін қуған Н.Сауранбаев, С.Бәйішев, М.Жанғалин, М.Балақаев, Қ.Шәріпов, Р.Сыздықова, Ө.Айтбаев, Б.Қалиев, Ш.Құрманбайұлы т.б. ғалымдарды айтуға болады. Профессор Ө.Айтбаев бір кезде сөзжасамдық қабілеті шектеулі қосымшалар қатарына ығыстырылған -дама, -неме, -неме,               -лас, -лес, -дас, -дес, -ман, -мен тәрізді морфемалардың қисынын тапса, терминжасам жүйесінде бірден бір өнімді қосымша болары сөзсіз деген болатын. [5;22].

Терминолог ғалым Ш.Құрманбайұлының айтуынша ешбір ұлттық тілдің термин жасауға мүмкіншілігі жетпейтін тіл деуге болмайды. Мәселе ұлт тілін термин шығармашылығында пайдалануға байланысты терминжасам процесінде өз тілімізді пайдаланбай, өзге тілдерді дайын терминдерді өзгеріссіз қабылдай берсек, терминдеріміз ұлт тілінде жасалынбайды. Ұлт тілінде термин жасау үшін ана тіліміздегі тәсілдерді пайдалану керектігін айтады. Академик Ә.Қайдаров термин жасауда қазақ тілінің төл және бұрыннан қалыптасқан байырғы лексикалық байлығын дұрыс пайдалану, терминдерді жаңадан жасауда дәстүр мен шарттылық заңдылығын мойындау, ұлттық және халықтық терминдердің сандық және сапалық арасалмағын табиғи қалыпта сақтау принциптерін ұстанады. Ол қазіргі халықтық деп жүрген терминдерді қазақшаға аударуға болатынын аударып, аударуға келмейтін сол қалпында емес, қазақ тілінің фонетикалық, морфологиялық  ерекшеліктеріне икемдеп, қазақша етіп жасауды ұсынады.

В.П.Даниленконың пікірінше жалпы халықтық тіл қорын байытып отырған тәсілдің қай-қайсысы да терминжасам процесінде өнімді қызмет атқара алады. [6; 90]

Көптеген ғалымдар термин жасау процесіне тікелей атсалысып, ол үшін қазақ тілінің лексикалық байлығы мен грамматикалық амалдарын түгел іске жаратуға  бетбұрыс жасаған болатын. Соның нәтижесінде халық тілінің сарқылмас қазынасы сарапқа түсіп, қарапайым сөздер терминдік мәнге көшті. Ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан сөзжасам тәсілдері терминжасамның негізгі тірегіне айналды. Және атап айтуға тұратын бір нәрсе, терминжасам тек ұлттық тіліміздің өз материалымен ғана шектелмей, кірме сөздер қатарынан да тиімді пайдаланды. Алайда ұлттық терминологияны едәуір байыта түскен термин жасаудың бірнеше тәсілдері белгілі бастағанымен бұл жөнінде мамандарымыз әлі күнге бір пікірге келе алмай сияқты. Қазіргі қазақ терминологиясы тұрғысынан да термин жасаушылар А.Байтұрсынұлының термин жасау ерекшелігіне сүйеніп термин жасауға ұмтылуда. Қазіргі кезеңдегі сәтті жасалған терминдердің қалыптасуы сол үрдістің нәтижесі деп білу керек. Олай болса қазақ терминжасам жүйесін пайдаланудың барысында жылдарының алғашқы кезеңінде шет тілі сөздерімен қоса аз да болса ұлттық төл сөздер арқылы да терминдер жасалып, қалыптасты. Осы кезеңде жасаған терминдердің жиынтығын қарастыра  келіп 1931 ж. жарық көрген “Атау сөздері” сөздігінен мысалдар ала отырып, олардың жасалу жолдарындағы ерекшеліктерді былай топтап бөліп көрсетуге болады.

а) шет тілінің сөздерін өзгеріссіз ала отырып жасалған терминдер: нашатыр — әнес тамшысы, нағыз логарифм, градус, бюджет, инозем дәрісі, інтернатсанал,кәлендір, кабинет, кәлорі, үністет, инспектір, меліметр, мекрескоп, негетіб, енженер және т.б.

ә) шет тілі терминдерінің соңына қазақ тілінің қосымшаларын жалғау арқылы жасалған терминдер: магниттенген, инспектеу, потографияшы, призмалы бинокіл, енженерлік электрлену  және т.б.

б) төл сөздерді сол қалпында ала отырып жасалған терминдер: нұсқау, бекіту, топшылау, пән, қасақана, ағын,(топ), мүдде, қазына, қисса(поэма), бірлік, табыс, мәжіліс, өсиет т.б.

в) төл сөздерге қосымша жалғану арқылы жаңа мағына беру арқылы жасалған терминдер: тарихи затшылдық (историчесий материализм), серпімділік, себепкер (фактор), деректеме, меңгеруші және т.б.

г) төл сөздердің бірігуі, тіркесуі, қосарлануы арқылы жасаған терминдер: минерал+тану, ағым көзі, тұтқын түзеу заңы, айтыс-тартыс, қосшы би (заседатель), тетік ілімі (механика) т.б.  Орыс терминологиясының ішінде Суперанская өз еңбегінде: “Ең алдымен ана тілінде термин жасауға ұмтылу қажеттілігін, болмаған жағдайда ғана өзге тілден термин алу  керектігін, оның өзін тілдің  ішкі заңдылықтары мен дыбыстау жүйесін икемдеп алу керектігі алға тартады”. [6;49] Қазақ тілінің терминжасам тәсілдері термин шығаруды 1940-50 ж. пайдаланды. Өйткені терминологиялық сөздіктерді 1940, 47, 48 жылдары және одан кейінгі жылдары да шығарып, жаңа терминдер тізбегін  сөздіктерде қамтып отырды. Оған 1959 жылдан бастап шығарыла бастаған “Терминологиялық сөздіктердің” 1959 ж. жарық көрген 1 томы дәлел бола алады.  Бірақ ол кезеңде тілімізге жат сөздер тобы әбден сіңісіп, шет тілдік терминдер үйреншікті  болып үлгерген еді.

Т.Г.Аппақованың “Аффиксы терминообразования” атты мақаласы, Е.А.Молдатаевтың “Термины спорта в русском и казахском языке” атты еңбектерінде, белгілі ғалым Ө.Айтбайұлының “Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы”, “Қазақ сөзі” атты еңбектерінің терминжасам тәсілдерінің зерттелуіне қосқан еңбектерінің  қатарын жатқызуға болады. Қ.М.Молдабеков жазған “Основы калькирования в современном казахском языке” (1979) атты еңбегінде қазақ тіліндегі калька жолымен термин жасау үрдісінің табиғатына тоқталып кетеді. Калька – расында да терминжасам жүйесінде аудармаға қарағанда жиі жиі пайдалынып келеді. Бұл тәсіл қазіргі таңда да терминжасам жүйесінде тиімді тәсілдердің бар болып есептеледі. “Қазақ тіліндегі термин жасаушы морфологиялық тәсілдерді зерттеу бағынды Р.Аппақованың да бірқатар ғылыми еңбектері жарық көрді. Ол негізінен қазақ тілінде термин жасауға негіз болатын жұрнақтарды барынша қамти отырып, нақты мысалдармен олардың қызметін ашып көрсетуге ұмтылған, яғни тілдің сөзжасам жүйесі терминжасамда да толық қолданыла алады. Сондықтан жұрнақ арқылы жасалатын терминдерге терминжасам жүйесінің негізін құрай алады.

Терминжасам тәсілдерінің қазақ терминологиясында зерттелуі. Ө.Айтбаевтың “Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы”, “Қазақ сөз”. Сонымен қатар Ш.Құрманбайұлының “Өсімдік мүшелері мен олардың құрылым-құрылысына қатысты терминдер” деп аталатын еңбегі мен “Қазақ лексикасының терминденуі” атты (1988) монографиясын жатқызамыз. Соңғы кезеңдерде терминологияның басқа да әр түрлі ғылым саласындағы терминдер зерттеу нысанасына алынып, олардың терминдеріне тән жасалу тәсілдері талданды. Олардың қатарына: философия, мұнай, психология, математика, химия саласын атап өту қажет. Олардың қатарына Д.Исакованың “Қазіргі қазақ әдеби тіліндегі заң терминдері” (1997) М.Р.Насыровтың “Социально экономическая терминология в современном казахском языке” (1969) Г.К.Жумашеваның “Жаңа мектеп журналының тіліндегі терминологиялар” (2000)  А.Ж.Төрениязованың “Қазақ әдеби тілі синонимдер жүйесінің терминжасамдағы рөлі” (1999). А.С.Нұржанованың “Қазақ тіліндегі мұнай терминдерінің лексика-грамматикалық ерекшеліктері” атты /2000/  еңбектері мен  Ш.Біләловтың “Ұлттық ғылым тілін қалыптастырудың өзекті мәселелері” атты (1996). С.Ақаевтың “Терминнің танымдық табиғаты” атты /2002/ атты докторлық диссертациясын атап өту керек. Бұл жұмыстардың қай-қайсысы болсын әр сала терминдерін қамти отырып, сол сала терминдерінің жасалу жолдарын, қалыптасу тәсілдерін талдап көрсетеді.  

       Термин жасаудағы осы уақытқа дейін әр тәсілдер қолданылып, олар қазақ тіліндегі терминдер қорын толықтырып келді.  Сондықтан қазақ тілінің термин жасау саласында белгілі дәрежеде мүмкіндіктері бар. Бұған аз да болса, немесе үлес алмағы салыстырмалы түрде болсын кем түсіп жатса да терминологиялық қорымызда бар терминдер қатары дәлел бола алады. Қазақ тіліні сөзжасам жүйесіне сол арқылы термин жасам жүйесіне мән беріп қарасақ, негізінен барлық тәсіл бойынша термин сөздер жасауға болатынын аңғаруға болады. Мысалы, бір ғана компьютермен байланысты жүйеге қатысты перне тақта (клавиатура), жады (память), жүгіртпе (мышка) сияқты терминдер соңғы кезде жиі қолданыс тауып жүр. [7-21б]

Жаңадан жасалатын сөздер ойдан табылған жаңалық арқылы емес, тілді бұрыннан бар сөз тудыру амалдары арқылы, бастапқы үлгілер негізінде соған ұқсатып жасау арқылы пайда болады, жаңа термин жасаудың тілдерде, оның ішінде әсіресе түркі тілдерінде қалыптасқан мынадай бірнеше жолдары яғни тәсілдері бар: семантикалық, морфологиялық, синтаксистік, калькалау тәсілі осы тәсілдердің бәрі де негізінен екі түрлі арнадан туындайды. Оның бірі – тілімізде бұрыннан бар сөздерді терминдік мәнде қолдану боса, екіншісі – жаңа терминдерді қазақ тілінің сөзжасам мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасау.  Көптеген ғалымдар термин жасау процесіне тікелей атсалысып, ол үшін қазақ тілінің лексикалық байлығы мен грамматикалық амалдарын түгел іске жаратуға кіріскен болатын. Соның нәтижесінде халық тілінің сарқылмас қазынасы сарапқа түсіп, қарапайым сөздер терминдік мәнге көшті. 

Ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан сөзжасам тәсілдері терминологияның негізгі тірегіне айналды. Жалпы айтқанда термин жасамның бірнеше тәсілдері белгілі бола бастағанмен бұл жөнінде мамандарымыз әлі күнге бір пікірге келе алмай жүрген сияқты. Әсіресе термин жасау тәсілдерін айқындауда қатып ұстайтын қағидаға айналған келісім жоқ.

Қазіргі қазақ тілінің сөздік құрамында терминдік мәнге көшкен байырғы сөздердің алуан-алуан түрі молынан кездеседі. Мысалы тап күрес, еңбек, жарыс, бопса, жалау, екпін (ударение), сұраныс (спрос), ұсыным (предложение), сөре (старт), мәре (финиш), ізашар (предшественник), ізбасар (последователь), аударма (перевод), демалыс (отпуска), отан (отечества), шеберлік (мастерство), шарт (договор), тәртіп (дисциплина), әкім, әкімшілік осы сияқтылар тілдің өз даму ырғағымен немес сырт күштің әсер-ықпалынсыз өз бетімен пайда болған сөз емес. Бұлардың жаңа мағыналары, қолданыстағы жаңа қызметі қоғам дамуының нәтижесінде, адамдардың саналы әрекетінің нәтижесінде туындаған, келе-келе дағдылы қалыпқа түскен лексикалық қабаттар. Жаңадан жасалатын сөздер ойдан табылған жаңалық арқылы емес, тілде бұрыннан бар сөз тудыру тәсілдері, бастапқы үлгілер негізінде соған ұқсатып жасау арқылы пайда болады. [7-22б]

Жалпы айтқанда термин жасау мынадай негіздерге сүйенуі қосымшалау, сөз біріктіру және сөз қысқарту.  Сонымен қазақ тілінің даму жолы терминжасамның 4 төрт тәсілі арқылы қалыптаса бастады. Қай тәсілді басшылыққа алып қазақша термин жасасақ ол халықтың игілігіне жарайтын тілдік бірліктер болу керек.

Семантикалық тәсіл. Семантикалық тәсіл дегенде, біз ұлттық тіліміздің өз мүмкіндігін толығырақ пайдалануды түсінеміз. Қазақ тілінің сөздік құрамында отан, күрес, еңбек, жарық, мүше мәлімхат, бұйрық, даңқ, кеңес, мазмұн, атақ, дәреже, білім, ғылым, мектеп тәрізді толып жатқан сөздердің терминдік сапаға көшуге семантикалық тәсілге жатқызамыз. Семантикалық тәсіл арқылы ғылым тілі үшін өте пайдалы, мұны пайдалану арқылы осы тәсілмен термин жасаудың тар мүмкіндігі, ең басты талабы болып табылады. Негізінен семантикалық тәсіл терминологиялық жүйесін жасаудың алғашқы кезеңіне тән. Себебі ғылым мен техниканың қанат жайған қазіргі жағдайға терминжасамның басқа сөз тіркесін сөз біріктіріп қосымшаны түрлері белең ала тастағанын дәлелдейтін дерек көз. Соған қарамастан семантикалық тәсіл өзінің термин жасаудағы өнімділік қасиетін жоғалтқан жоқ. Терминжасамның семантикалық тәсілі терминнің лексика қабатының толыға, байи түсуіне үлкен апта жасайтын негізгі амалдардың бірі болып табылады тағы бір ерекшелігі сол арқылы жасалған терминдер терминжасамның өзге амалдарына қарағанда әрі қысқа әрі нұсқа болып шығатындығында.  

Г.Мусабаева: Сөз мағынасының пайда болуы, қалыптасуы заттың, құбылыстың қасиетіне, түріне, белгісіне байланысты емес, қоғамдық тәжірибеге, өмірге, дәстүрге байланысты – дейді. Мұндай пікірді ғалым Р. Барлыбаев та айтады: «Жаңа сөздердің пайда болуы, жасалуы, бар сөздердің мағыналарының дамуы, кеңеюі, қоғамдық өмірдің өзгерістеріне, өндірістің, мәдениеттің дамуына, жаңа ұғымның пайда болуына, сөздердің мағыналырының кеңеюіне қоғамдағы жаңалық — өзгерістер негіз болады екен. Ал ол сөздердің көпшілігі қазақ тілінің сөздік құрамында бұрынна бар сөздер арқылы жасалған тілімізде қолданылып жүрген «бәсеке» сөзінің о бастағы мағынасы егес, талас, күндес дегенді білдіретін.  Бұл сөздің де мағынасы кеңейіп, термин ретінде қалыптасты. Бәсеке өнім өндіру мен өткізудің жақсы, экономикалық жағынан неғұрлым тиімді жағдайлары үшін тауар өндірушілер арасындағы бәсеке. Бәсеке сөзі үстіне жаңа мағыналық реңк қоса отырып, тіркесу аясын кеңейтті. Баға бәсекесі, әлеуетті бәсеке, заттық бәсеке, кәсіптік бәсеке, қарапайым бәсеке, нарықтық бәсеке, толымды бәсеке, сараланған бәсеке, маркетингтегі бәсеке, таза бәсеке т.б. [8-167]

Соңғы жылдары қолданылып жүрген «ғарыш» сөзінің бұрынғы мағынасы «көк аспан» болатын. «Көк аспан» төр мағынада, қазіргі терминдік кеңейген мағынасы аспан кеңістігі, космос. Мысалы, қазір басқа саладағыдай ғарышты игеру саласында да Қазақстан үшін қиындықтар бастап асып жатыр. Әлемде ғарышты зерттемей-ақ, ғарышты игермей-ақ тап-тамаша өмір сүріп жатқан қаншама мемлекет бар десеңізші! Ал дәріс сөзі әуелде пән деген мағынада жұмсалғаны белгілі. «Пән» тармағынада қазіргі кеңейген мағынасы арнаулы оқылған сабақ, лекция. Мысалы университет басшыларының айтуы бойынша профессор, оқытушыларының 40 % қазақша дәріс оқуға толық мүмкіншіліктері бар. Жолдас Бегалы Жаңғарбаев математика ғылымдарының кандидаты, өзі дәріс беретін университетте ұзақ жылдар бойы қатар еңбек етіп келеді. Қағида, негіз, шарт мағынасында қолданылып келген «ереже» сөзінің бүгінде мағынасы кеңейді, терминдік мәнге ие болды. терминдік кеңейген мағынасы: ереже — әлде қандай жағдайларға байланысты нақты бір қылықты жасауға немес одан тежеліп қалуға рұқсат беретін немесе талап ететін ұсыныс. Ереже сөзінің терминденуі нәтижесінде аукцион ережелері, бәсеке ережелері, жол жүру ережелері, несие беру ережелері, өтелім ережесі, үйлесімділік ережесі т.б. қолданылып жүр.

Жаңа мағынаға ие болған сөздердің бірі «кеңес» сөзі. Бұл сөз соңғы жылдардағы баспасөз беттерінде ақыл сұрау, ақыл беру, ақылдасу сияқты байырғы тар мағынада емес жаңа терминдік кеңейген мағынада жұмсалады. Мысалы, Кеңесте сондай-ақ жұмысқа тартылған құрылыс ұжымдарының бәрі бірдей ортақ іске лайықты үлес қосып отырғаны туралы айтылады. (Е.Қ. 1992, №76, 177 б.) Бұл кеңесте өнеркәсібіміздің өркендеуіміздің әсері зор маңызды құжаттар қабылданды. Кеңес сөзінің терминденуі негізінде ақсақалдар кеңесі, ардагерлер кеңесі, байқау кеңесі, банкілер кеңесі, басқарушылар кеңесі, кәсіпорын кеңесі, үйлестіру кеңесі т.б.

Борыш қарыз мағынасында жұмсалып келген «несие» сөзінің де мағынасы жаңарып, қазіргі уақытта экономика саласында қолданылатын терминге айналды. Термин ретінде несие белгілі бір мерзімге процентімен қоса қайтару шартымен ақшалай қаржы беру, несиелі төлем мерзімін ұзарту және борыштардың қарыз міндеттемесін сатып алу түрінде берілуі мүмкін. Н.Назарбаев осы сапардың барысында Жапонияның экспорт-импорт банкісінің Қазақстан 220 млн доллар несие беретіні туралы келісімге қол қойылатындығын хабарлады. (Е.Қ. 1994 №47, 5 сәуір, 2.) Несиені дер кезінде өндіріп алу, несие үшін проценттер мен комиссиялық алымды толық өндіріп алу әрқашан да бірдей қамтамасыз етле бермеген. Бұндай терминнің негізінде жасалған тіркес қатары: айналымдық несие, ақшалай несие, банк несиесі, қамтамасыз несие, делдалдық несие, жер несиесі, өнімді несие, салық несиесі, сыртқы несиесі, тікелей несие жер несиесі, тікелей несие, шетелдік несие, ішкі несие т.б. болып келеді. [9, 50]

Тілімізді жай ғана әңгімелесу түрінде жұмсалып келген сұхбат сөзі де баспасөз беттерінде жаңа мағынада жұмсалып жүр. Терминдік мағынасын нақтылай түссек: сұхбат – публицистика жанры бойынша жүргізетін бірнеше адаммен қатар өзекті мәселелер бойынша жүргізетін әңгімесі. Мысалы, мемлекеттік Дума сайлауы алдында өзіне арзан ұпай жинағысы келген баяғы атышулы «жерлесіміз» В. Жириновский «Караван» газетінің тілшісімен сұхбатымды ашықтан-ашық Өскеменде тұтқындалған 12 ресейліктің бәрінің де өз жақтастары екенін мойындап, оларды босату үшін қолынан келгенінің бәрін жасайтынын мәлімдеді.

Жалпы айтқанда,семантикалық тәсіл арқылы қалыптасқан терминдерінің осы айтылғандармен шектелмейтіндігі анық. Семантикалық тәсіл сөздік қорымыздағы негізгі төл немесе оған сіңісіп кеткен басқа тілдік элементтерге қатысты түбір терминдер болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Морфологиялық тәсіл. Түркі тілі, оның ішінде қазақ тлін тіл білімінде ғылыми тілмен айтқанда жалғамалы тілге жатқызатыны белгілі. сол себепті қазақ тілінің сөзжасамның жүйесінде қосымшаның, яғни оның ішінде жұрнақтардың жаңа сөз тудырудағы рөлінің ерекше екендігін еш уақытта күмән тудырмайды.

Соңғы жылдары ұлт тілде терминжасау ісі ерекше қарқынмен дамуда ұлт тілінде терминжасауда басқа да тәсілдер де өзінедік алар орын айрыша. Тілімізде қосымшалар арқылы көптеген терминжасамның қалыптасып, қолданысқа енуі осының айғағы деген қөосымшаның ұлт тілінде терминжасаудағы белсенділік деңгейі бірдей дәрежеде емес. Себебі, қоғам дамуы, қоғамдағы болып жатқан түбегейлі өзгерістер, жаңалықтар қосымшаланың да атқаратын. Дегенмен қосымшаның ұлт тілінде терминжасаудағы дамуы, қоғамдағы болып жатқан түбегейлі өзгерістер, жаңалықтар қосымшалардың да атқаратын қызметін өз жерін тигізбей қоймайтыны даусыз. Мәселен, ұлт тілінде термин жасауда кезінде белсенділігі төмен делініп келген біршама жұрнақтардың бүгінгі күні белсенділігі артып отыр десек, бұрын белсенділік танытып, келген екінші бір қосымшалап жаңа сөз жасауда өнімсіздік танытып отыр, ал кейбір қосымшаның терминжасаудағы белсенділігі барлық уақытта бір деңгейдегі терминдердің қосымша жалғану арқылы жасауды сөз еткенде, оларда терминжасам деңгейіне қарай өнімді, өнімсіз түрлер деп бөліп қарастырамыз.

Өнімді жұрнақ. Кейінгі онждылдықта жасалып, қолданысқа ене бастаған жаңа терминдер мен сөздерді тудыруда белсенділік танытып жүрген журнақтардың бірі -шы/ші. Бұл жұрнақтардың тіліміздегі сөз тудыруы бұрыннан-ақ демек оған осы жұрнақтардың жаңа сөз тудырудағы өнімділігінің бүгінгі таңда сақталғаны байқалады.

Ө.Айтбаев -шы/ші жұрнағы негізгі түбірге де, туынды түбірге де біріккен сөздерге де, тіркесіп сөздерге де жалғана беретінін және сөз бір қосымшаның көбіне көп орыстың -ист, -ун, -тель, -щик, -ник, -ик, -чик, -атор қосымшаның жалғануымен жасалған сөздерді аударуға келгенді тіпті өнімділік танытып жүргендігін айтады. [10, 168]

Жаңа сөз тудыруда -лық/-лік жұрнағының алар орны мынадай. Буынды сын есім жасайтын аффикстердің бірі және осы құрметте ең жиі қолданылатын -лық, -лік аффиксіне қатысты ескеретін бір жай көне түркі, ескі түркі тілдерде, бұл аффикс көбіне -лығ, сипатында айтылған да, әрі зат есім, әрі сын есім жасаған. Бұл аффикстің -лық варианттарының қалыптасуы фонетикалық өзгерістің нәтижесі.

Ғалым Б.Момынованың айтуынша -лық/-лык, -дық/-дік қосымшасының сөзжасамдық парадигмасының шеңбері өте кең. —лық/-лік жұрнағымен жасалған белсенділік (активность) жарлық (указ), кепілдік (гарантие), куәлік (удостоворение), мердігерлік (подряд), қос тілділік (билингвизм), өкілеттілік (правомочия) тіл терминдер кездесуі.

Жаңа жарлық шетелдерде тұратын отандастарымыздың әлеуметтік-мәдени қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз ететін нақты көмек ұйымдастыруы тікелей көмегімізге мүмкіндік береді. (Е.Қ. 1997, 28) Ш.Құрманбайұлы кейінгі жылдары біртектес ұғымдардың өзіндік ерекшелігін көрсетіп бере алатын үлгілес терминжасамның жасалып жүргнедігін айта келпі, солардың қатарына тілші ғалым Ә.Жүнісбек жасаған фонетика терминдерін жатқызуға болатынын, олар -м, -ым, -ім форманттары арқылы жасалған айтылым (акустика), жасалым (артикуляция), қабылдауыш (восприятие речи), естілім (аудирование), сияқты терминдер екендігінен атау. Мысалы, басылым (создание), келісім (соглашение), сұраным (спрос), түйін (поступление), тіркелім (прописка), сұраным (ввоз) т.б.

Мен кейбір бейресми басылымдардың материалдары ұшындырып, ұшықтырып бергендігін және адам баласының сонша төмен етуге дейін баратын әдістерін құптамаймын. (Е.Қ. 1999, 6б.) 

Термин жасауда жұрнағының қолдану ауқымы өте жоғары у жұрнақ арқылы айналу (вращение), байқау (наблюдать), бақылау (контроль), домбығу (набутание), жазылу (подписка), жазылу (подписка), жариялау (публикация), жекешелендіру (приватизация), негіздеу (обоснование), нұсқау (инструкция), таралу (стенез), тіркеу (регистрация), улану (интоксисация), ынталандыру (стимулирование), т.б.

Өнімсіз жұрнақтар. Тіліміздегі кейбір қосымшаның бір кездері термин жасалудың қабілеті өте жоғары болып, біртін келе ондай қасиетінен айрылып, өнімсіздік танытуы мүмкін. Олардың бұлайша құбылып отыруы әр кезеңге орай қоғамдағы болып жатқан өзгерістерге, ғылым мен техниканың дамуымен байланысты болса керек.

Мұндай қосымшалар қатарына —ғы, -гі, -қы, -кі жұрнағын жатқызамыз.            А. Ибатов бұл жұрнақ туралы былай дейді: «Тарихи көне ескерткіштер тілін назар қойып талдауға салсақ, бұл аффикстердің бір замандарда өте актив қолданылғаны аңғарылады. Мысалы, ХІІ ғ. жазылған  «Хұсрау уа Шырын» аты поэманың тілінен осыны көруге болады. Мысалы: алғу, барғу, келгу

-ша, -ше жұрнағы. Сөзжасамдық қызметі оның шу бастағы негізгі тұлға өзгертілді қызметінің негізінде кейін пайда болған. Әуелде ол кішірейту, еркелету, сый-құрмет ұғымын білдірген. Яғни —ша/-ше тұлғалығы жалғанғанмен көп түбірлердің мағынсын сәл ғана жаңғырғаны болмаса, жаңармайды, сол бастапқы түр мәнімен ажыратамыз. Бұл терминге: жасуша (клетка) тармақша (попункт).

-ақ, -ек, -ық, -ік, -қ, -к. Бұл жұрнақ етістікке жалғанып туынды зат есім жасайды  М.: бұйрық (приказ), тірек (опора), жасақ (отряд), ұшық (герпес).

-ын, -ін, -н жұрпнағы. М.: жұлын (спинной мозг), түйін (резюме), жұрнақтар арқылы жаңа сөз тудыру тәсілінің бар мүкіншілігін жан-жақты пайдалану жаңа атауларды сөздік қорымызға енгізуді қосымшаның өнімді және өнімсіз топтарын мейлінше түгелдей қамтуды талап етеді. Бір кезде сөзжасамдық қабілеті шектеулі қосымшалар категория қарастырылған –дама, -деме, -нама, -неме, -лас, -лес, -дас, -дес, -ман, -мен тәрізді морфеманың қосылуы арқылы жасалған ғарышнама (космология), аялдама (остановка), жолдама (путевка), жүктеме (нагрузка), жолнама (летопись), өмірнама (биография), сияқты сөздігінде терминжасам мүмкіншілігін мол екенін байқалады.

Синтаксистік тәсіл (аналитикалық). Терминжасамға тигізер септігі өте мол. Синтаксистік тәсіл – екі немесе одан да көп сөздердің біріктірілуі арқылы жасалатын тәсіл. Терминжасам тәсілінде синтаксистік тәсіл тек термин біріктірген ғана шектелмейді. Сонымен қатар ол сөздердің немесе терминжасамның тіркесімі арқылы да жасала береді. Бұл тәсіл арқылы өңкей күрделі тіркестер жасалады. Біріншіден, термин құрайтын екі компоненттер екеуі де бір-біріне тәуелсіз тең мағынасы төл түбірлер болып келуі мүмкін. Еңбекақы  (трудадень), қолтаңба (автограф), өмірбаян (автобиография), қолөнер (ремесло), көзқарас (мировозрение) немесе біріктірілетін сөздің бірі туынды түбір болып, яғни әлгі лексикалық бірліктердің жасалуына морфологиялық амалдар қатысуы арқылы да жасалады. мЫсалы: бесжылдық тарихтану, сенім хат, көзқарас, онкүндік, қос өкіметтілік т.б. Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған мұндай терминджердің бірқатары қазіргі кезде қалыптасып, кеңінен қолданывс табуда. Мысалы: тікұшақ, мейіркеш, бейнетаспа, пернетақта, жауынқұрт, тілтаным, дүниетаным, баспасөз, т.б. сияқты толып жатқан екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған терминдерді көрсметуге болады. Осындағы қалыптасқан терминдердің барлығы да кеміндке екі түбірпдің бірігуі арқылы қалыптасқан терминдердің қатарына жатады. М.: тік+ұшақ, мейір+бике етіп түбірлерін ажыратып көрсетуге болады.

 Мұндай терминдердің қатарына (сонымен бірге, әсіресе соңғы кезеңдерде қалыптасқан зейнетақы, жәрдемақы, өтемақы, пікірсайыс, пікірталас, сияқты терминдерді жатқыза аламыз. Ал заман үрдісіне, қажеттілігіне сай бірігу арқылы жасалған терминдер шегі көбейді десе де болады. Бұл терминжасам жүйесіндегі тәсілдің өнімді тәсілдердің бірі екендігін айғақтайтын және қазақ тілі арқылы термин жасап, қалыптастырудағы болатындығының дәлелі болып табылады. Ол: аталмыш (отчизна), ататіл (праязык), гүлшашақ (бутон), асқазан (желудок), әнұран (гимн), бағдаршам (светофор), баспа-бас (бартеп), бейнежазба (видеозапись), дәйексөз (цитата), елтаңба (герб), емдәм (диета), есекжем (экзема), жәрдемақы (пособие), жемшөп (порм), жыланкөз (свин), зейнетақы (пенсие), күйтабақ (грамопластика), күнтізбе (календарь), сөзтізбе (словник), сыйақы (вознограждение), түпнұсқа (оригинал), кепілді (задатог), ғаламшар (планета), көктамыр (вино), біріздендіру (унификация), деректану (источниковедение), дерттану (патология) және т.б. Аталған терминжасамның барлығы дерлік соңғы кезеңдердегі уақыт ағымы талап еткен ұғымдары сай пайда болған. Демек, қажеттілікке қарай ізденіс нәтижесінде қазақ тілінің ішкі сөзжасам қоры термин жасауға қабілеті. Сондай-ақ осындай қажеттіліку негізінде мынадай сөз тізбектері де пайда болып, қолданыс тауып, қазіргі тілімізде түсінікті ұғымдар ретінде қарым-қатынас барысында пайдаланып жүр. Мысалы: іссапар (командировка), төраға (председатель), төлқұжат (паспорт), саяжай (дача), жарқағаз (афиша), жертөле (блиндаж), желкөз (форточка ), тікұшақ (вертолет),  шағымаудан (микрорайон), жеделхат (телеграмма), біртұтас (унитарный), біржолғы (единовременный), бірауыздан (единогласный), тұсаукесер (презентация) т.б. синтаксистік тәсілмен термин жасаудың тағы бір амалы сөздердің тіркесуі арқылы беріледі. Тіркесті терминдер зат не құбылыстың атауы ретінде атауыштық қызмет атқарады. Өйткені дара мағыналы болып, таза номинативті қызмет атқару – терминге қасиет. Олар номинативті мағынада қолданылуының нәтижесінде тұрақтылық қасиетіне ие бола бастайды, көпшіліктің құрамындағы шаралар бір-бірінен біріге келе, бөлуге келмейтін бір бүтін бірлік ретінде жеке атауға айналады. Бір сөзбен екінші сөзді  тіркестіріп, номинация жасау – тіліміздегі сөзжасамның өнімді тәсілдерінің бірі [12,1] Сөз тіркесі арқылы жасалған терминдер жайлы проф. Т.Сайрамбаевтың «Сөйлемдегі сөздер бір-бірімен белгілі бір байланыс формасында жұмсалатындығы сияқты терминдердің сөздер де санына қарай өзара белгілі бір байланысу формасында қалыптасады» деген пікірін негізге ала отырып, біз тіркестерден болған терминдерге тоқталамын.

Қабыса байланысқан тіркесті терминдер.  (Есімді сөзі тіркес) Қабыса байланысқан сөз тіркестері қазіргі қазақ тілінде, сондай-ақ түркітануды сөздіктің басқа да типтері сияқты есімді және етістікті сөз тіркестері болып бөлініп жүр. Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің ішінде өнімді қолданылатыны – зат есім, мен зат есімнің тіркесі. Мысалы: аманат, ақша, ағын су, дыбыс (толқын), ғалым хатшы, қопарлы толқын, маңдай кедергі сияқты болып келеді, ақсақалдар алқасы, бөби үйі, жүйке аурулары, су құбыры, ылғал айналымы т.б. терминдерге де қабыса байланысқан сөз тіркесі ретінде қарастырамыз.

Осындай тіркестердің бірі -лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті жұрнақтар сын есімнің есім сөздермен мағыналық байланысқа түсуі. Мысалы: Балқаш мысы. Маңғыстау мұндай газы; Екібастұз көмір, өндірістік бірлестіктер сияқты сөз тіркестері.

Сол сияқты -лық, -лік, -дық, -дік, -тық, -тік грамматикалық көрсеткіштері де тіліміздегі сөздердің тіркесу шеңберін арттруды яғни сөз тіркесі терминдерін жасауда өнімділік танытып отыр. Мысалы: ауырлық күш, валюталық бабам, әкімшілік акт, депутаттық кеңес, заңнамалық келісімдер, нарықтық экономика, ұлтаралық татулық, әкімшілік акт. (Қ.Ә. 1995, №33, 12 желтоқсан-3б)

Есімшенің ішінде зат есімдермен байланысты жиі кездесетіні -ған, -ген формалы есімшелер. Бұл ескерткіштер анықтауыш сөз ретінде өткен шақтық қимыл әрекетті етіп атайды. Мысалы: байланысқан тербелістер, қаныққан бу, қоршаған орта сиретілген газ, үйлестірілген тағам т.б.

Матаса байланысқан тіркесті терминдер:

Матаса байланысқан сөз тіркестерінің ьірінші сыңары ілік жалғауында айтылады да, екінші сыңары тәуелдік жалғауда болады. Матаса байланысатын сөздер – негізінде зат есімдер. Солай болған соң зат есім мағынасында не зат есім орнына жұмсалатын сөздердің бәрі сол тіркестің бірінші не екінші сыңары бола алады. Мысалы: ақша қаражатының кепілі (залог денежная средств), есептеу тәртібі (порядок отчета), заңның ұлықтылығы (верховенность закона), тамшының жайылуы (растение капли), сақтанушының кәнісі (вина стахователя) және т.б. осы сияқты сөз тіркестерінен біріккен сөз жасалады. Яғни біршама уақыт өткеннен кейінгі іліктің де, тәуелділіктің де көрсеткіштері түсуі еарқылы екі сөз бірігіп, бір сөре айналады.

Етістікті сөз тіркесі.

Қабыса байланысқан сөз тіркесті терминдер:

Етістіктің сөз тіркесі болғаннан кейінгі таза етістіктердің ғана басыңқылық қызметі айтылуы тиіс. [11,192] Есім сөздер етістіктермен тіркесе келе қабыса байланысады. Қабыса байланысқан тікелей етістікті сөз тіркестеріне ерік білдіру, есеп айырысу, қаржы бөлу, сенім білдіру, іс жүргізу ортақ қаржыландыру т.б. Меңгеріле байланысқан тіркесті терминдер: Етістіктермен меңгеріле байланысып, әр түрлі қарым-қатынаста жұмсалатын сөздер – есімдер. Есімдер етістікке қатысты болып меңгеріле байланысу үшін табыс, барыс, шығыс, жатыс, көмектес жалғауларының бірінде айтылады. Бұл жалғаулар сөздердің синтаксистік қызметтерін ұластырушы тұлғалар (24, 89-90) Мысалы: Республика үшін осы жылдың алысуы үш айы нарықтық қатынастарға көшуді батыл түрде жеделдету және тағаны ырықтандыру бастапқы кезеңін жүзеге асыру белгісімен өтті (Е.Қ. 1992. №87, 14 сәуір. 7б.)

Калькалау тәсілі. Калькалау тәсілі тілімізге енген сөздерді сөзбе-сөз аудару есебінде т.б. Тілімізде лексикалық, фразеологиялық калька, синтаксистік калька дейтін бірнеше түрі болады. Бұл тәсіл бір қарағанда семантикалық, морфологиялық тәсілдердің екі арасынеда аралық қызмет атқаратын сияқты яғни бұл екі тәсіл мүмкіндігі барынша пайдаланыла отырып, кірме терминдер дайын күйінде қабылданады. Сонда бұл жерде сөзге тілден келген нәрсе терминнің мазмұндық сапасы ғана болып шығады. Калькалау тәсілінің тернминжасам мәселесіндегі рөлі айрықша. Калька дегеніміздің өзіне тоқталар болсақ, бір тілден, екінші тілге дәлме-дәл аудару арқылы жасалған тілдік единица. (жеке сөз, сөз тіркес, фразеология) Кальканың басты белгісі басқа тілдегі үлгілерді айнытпай ана тіліне көшіру не сөзбе-сөз аудару болып табылады. [12, 22]

Айдарылған кальканың бастапқы тілдегі мағыналық бөлшектері, оның компоненттерінің орын тіртібі екінші тілде түгел сақталуға тиісті. Мұның тағы бір басты ерекшелігі жазба ісінің жалданған тұсында туатындығы. Калькалау үлкен бір қызметі – ұлттық тіл терминологиясын жасауда айқырынақ байқалады. Дегенмен тілдегі сөздер мен сөз тіркестерінің бәрі бірдей калька жасауға көне бермейді. Калька жолымен терминжасам  түрлі жағдайда пайда болады. Мысалы, бірде басқа тііл сөзінің сыртқы тұлғасы, морфеманың құрамы тұтас сақталып көшірілмес, енді бірде байырғы сөздерге үстеме мағына жүктеу арқылы жасалады. Мысалы, 1) аялдама – остановка, алғы шарт – предпосылка, жарты арал – полуостров. 2) жарыс – соревнование, ақ – белый, үндеу – призыв. Сондай-ақ аударылған сөздің бірі бірдей калька бола бермейді. Тілдің басқа да лексикалық қабаттары тәрізді термин жасау процесінде кальканың рөлі зор. Біз мұның әралуан мысалын, әсіресе көркем әдебиет, қоғамдық саяси әдебиет және оқу құралдары мен оқулықтар материалынан көреміз. Осы әдебиеттерді қазақ тіліне аудару арқылы енген терминдер, сөздер саны қазір көптеп саналады. Сонда қазақ тіліндегі кірме терминдердің көбі калькалау тәсілімен жасалғанына көзіміз жетеді. Калькаланатын сөздер негізінен заттық мағынадағы есімдер.

Калькалау тәсілі арқылы жасалып, тілімізне енген терминдерді екі ыңғайда қарастырылады. Бірі – мағыналық (семантикалық) калька, яғни сөзбе-сөз аударма емес, түбір сөздің негізгі мағынасын беру, екіншісі – мағыналық құрылымын беру. бұл тәсіл бойынша термин сөзбе-сөз аударылады. Онда сөздің негізгі мағынасын берумен қатар, оның бөлінген бөлшектер мен синтаксистік құрылымын да сақтау көзделеді. Калька терминдер құрылым жағынан жіктеп  қараған жөн. Оның ғылыми әдебиеттерде мынадай бірнеше түрі аталып жүр. Толық калька, жартылай калька, мағыналық калька, құрылымдық калька, морфильдік калька. Қазақ тілінде кейінгі кезде сөз тіркесі түріндегі терминдер молфна қолданылып жүр. Олар орыс және халықаралық терминдер негізінде жасалып жүр, халықаралық жағдай, ғылыми зерттеу жұмыс (научно-исседовательская работа),  халықтық бақылау тобы (группа народного контроля), бастауыш ұйым (первичная организация) т.б. Калькалау тәсілінің ең басты көзі – орыс тілі. Өйткені қазақ тілінің қаншама терминдері осы тәсілдің қызметін пайдаланды. Осы терминжасам тәсілі туралы С.Сейфулиннің былай деген екен: «Қазақ тілі, қазақтың әдебиет тілі әлі қанша дегенмен кедей. Біз білетін, қолданып жүргне сөздің аздығынан кейде біз ойымыздағыны толық айта алмаймыз, кейбір нәрсені ойдағыдай қиялдағыдай толық суреттей алмаймыз. Міне сондықтан біз тілімізді байытуымыз керек. Байыту үшін сөзді көрші елдерден де алудан қорықпауымыз керек. Онан соң өз еліміздің ішіне әрбір аймақты айтылып жүрген сөздерді қопарып алып, әдебиет жүзіне шығаруымыз керек. Сонан соң солай барысымызды әдебитімізге, елге сіңген сөз үйреншікті болып алынып кетеді, керексіз сөз жалпы тіл шеңберінен шығып қалып отырады». Тіліміздің даму барысын тексеріп қарасақ, шынында да осыны  дәлелдейді. өмір заңдылығы термин жасаудың екі ыйғайдағы принципін алға тартады. Және бұл бірден-бір дұрыс бағыт болып шықты. Бұл принципті ұстағандар қоғамның даму заңдылығын дұрыс түсінген, сондықтан да ілгері қарайтын адамдар еді.

Тілдің басқа да лексикалық қабаттары сияқты терминжасау процесінде кальканың едәуір рөлі бар екенін байқадық. Біз мұның әралуан мысалын әсіресе көркем әдебиет қоғамдық саяси әдебиет және оқу құрамдары мен оқулықтар материалдарынан көреміз. Осы әдебиеттерді қазақ тіліне аудару арқылы енгшен терминдер, сөздер саны қазір көптеп саналады. Сонда қазақ тіліндегі кірме терминдердің көбі калькалау тәсілімен жасалынса көзіміз жетеді. Терминжасам процесінде айрықша рөлі бар бұл тәсіл арқылы тілімізге неше алуан жаңа қолданыс, мағыналық топтар, сөз жарату дағдыға пайда болды. Қазақ тілінде мұның да әлі аумағымен шеңбері түгел анықталып, ғылым талқысына түскен емес. Бұл тәсіл бойынша өзге тілдегі ұғым мен түсініктің идеялы жабдықталады. Соған байланысты алғашында калькалау арқылы пайда болған терминдік қолданыстар қазақ ұғымына тосындау көрінгенмен, қолданыла келе сіңір кеткен калька терминдердің есебі тіпті мол екені – бұл тәсілдің де қазақша терминжасамның сыннан өткен амалына айналғаны дәлел.

Терминологияда аударма мәселенің өзекті болып отырғанда мәлім. Бұл бағытта қазіргі таңда екі түркі көзқарастағы адамдар да жоқ емес. Олардың бір тобы тіліміздегі терминдердің аударылуын қолдаса, екінші тобы тіркесімдерді аударуға қарсылық білдіруді аударма тіл-тілдің барлығында да тілдік тәсіл. Кез-келген қажеттілікке қарай аударма жасауға баратындығы даусыз. Аударманың терминологияға қатысты ерекшеліктерін қарастыра келіп,                     А. Алдашева өз еңбегінде аударма мен кальканы бірін-бірі толықтыратын тәсілдер ретінде қарайды. [13, 94б.] Бұны негізді деп санаған дұрыс өйткені терминдерді аудару барысында осы екі тәсілдің де қолданылатыны белгілі Ш. Біләлов терминдерді аударуға байланысты қойылатын бірнеше талаптарды атап көрсетеді. Олар:

  1. Тілдер арасында бір мәнді (сөзбе-сөз) сәйкестік;
  2. Аудармада үндестік заңының сақталуы;
  3. Мағынанығң дәл бейнеленуі;
  4. Жүйелі сөз құрылысы;
  5. Қисынды сөздік байланыстар;
  6. Ұлттық нақышты өрілген сөз өрнектер.

Жинақтай келгенде, аударма – терминжасам шығ-да қазақ тілінің мүмкіндіктерінің, термин тәсілінің бірі. Бұл терминнің тәсілі осы уақытқа дейінгі де тілдік сөзжасам жүйесінде белсенді т-үрде болмаса да қолданыс тауып, көптеген терминдердің жасалуына ұйтқы болып келді. Сондықтан аударма – терминжасам ісіндегі өнімді тәсілдердің бірі екендігін кең жеткізуге және осы бағытты көптеген істерді қолға алу керектігін айтып  өтуі болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2 Біріккен терминдер жасаудағы сөз таптарының орны

 

Бір сөзбен екінші сөзді біріктіру арқылы термин жасау тілімізде бұрыннан қолданылып келген тәсілдердің бірі. А.Салқынбай біріккен сөздер арқылы сөз жасау көне замандар жемісі екенін, кезінде бірігу арқылы жасалған сөздердің қазіргі тілімізде әбден кірігіп, жеке түбір ретінде танылатыны жөнінде сөз ете келіп, бастауыш сонау силлабофонемалардың бірігу арқылы негіздерді туғызғанын айтады.

Сөз таптарының терминденуі жөніндегі тілші ғалымдардың пікірлері бір анраға тоғыса бермейді. О.С.Ахманова европа тілдерін мысалға ала отырып, терминдердің құрамын тек зат есімдермен-ақ толтыруға болады десе, Н.А.Щеглова «терминологиядағы  дерексіздікті(абстракция), зат, сапа мен әрекет туралығылыми-техникалық ұғымдарды білдіру шын мәніндегі бірден-бір лексика-грамматкалық құралы зат есім болады деп алғашқы пікірді қолдай түседі. Осы пікірге байлнысты чек ғалымы В.П.Даниленко басқаша жауап береді. Ол чех ғалымының зерттеулеріне сүйене отырып, тек зат есімдер ғана емес, сонымен қатар сын есім, етістік, үстеу, есімдік сияқты сөз таптары да термин бола алады деген қорытынды жасайды. (Қазақ тіл білімінде сөз таптарының терминденуі арнайы сөз болған жерде ең алдымен, ғылыммен техника, өнер т.б. арнаулы салалардағы терминдердің басым көпшілігі зат есімдер екенін айтқан жөн. Терминдредің негізінен зат есімдер болуының негізгі себептері ретінде зат есім категориясының семантикалық мүмкіндігінің мол екендігін, және оның тілде атқаратын қызметіне байланысты туындайды деп білеміз. тілде зат есімдер заттар мен құбылыстардың атауы ретінде әр түрлі деректі және дерексіз ұғымдардың білдіріп, атауыштық қызмет атқаратындығы белгілі. терминологиядағы терминдер де дәл сондай деректі немесе дерексіз ұғымдардың атаулары болып табылады, яғниғ жалпы әдеби тілдегі қарапайым ұғымдар да, терминологиядағы ғылыми ұғымдар да бір ғана зат есім категориясы арқылы көрініс табады. Сондықтан да терминологияда зат есімнің басым болуының ең басты себебі – аталмыш сөз табының тілде деректі немесе дерексіз ұғымдардың атауы ретіндке атауының қызмет атқаруында.

  Біріккен сөздер дегеніміз – кем дегенде екі сөзден құралып, лексикалық жаңа бір мағынаға ие болған сөздер. Мысалы, тілімізде қолданылып жүрген асқазан біріккен терминнің мағынасы ас немесе қазан болып тұрған жоқ, осы екі сөздің бірігуінен басқа бір заттың ұғымды білдіріп тұрған жаңа мағына – дене мүшесі пайда болған. Ал соңғы кездері қолданылып жүрген біріккен терминдердің бұрынғы мағыналары сақталғандығы көрінеді. Мәселен, пікірсайыс, пікірталас деген терминдерден үшінші бір мағыналы сөз жасалынбаған және екі сыңарларының да бастапқы мағыналары сол күйінде сақталған.

Демек, жаңадан қолданысқа түскен біріккен термин мен бұрынғы біріккен терминдер арасында айтарлықтай өзгешеліктер бар екені байқалады. Жаңадан жасалып жатқан біріккен терминдердің мағынасының ауытқымайтын себебі, олардың көпшілігі дерексіз нәрселер. Терминдік мағыналық ерекшелігіне орай ондай терминдерді аударған кезде басты назар негізінен қимыл-әрекеттік сипатына аударылады да тиісінше оларды беруде тілімізде бар тілдік бірліктер таңдап алынады. Соңғы кездері қолданысқа түскен біріккен терминдердің құрамын сөз таптары жағынан жіктей келгенде олардың көрінісі мынадай болып келеді. Зат есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған терминдер, сын есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған терминдер, сан есім мен басқа сөз таптарының бірігуі арқылы жасалған біріккен терминдер, зат есім мен қимыл атауы арқылы  жасалған біріккен терминдер, басқа сөз таптарының бірігуінен жасалған терминдер. Бұл ескере кететін жайт – кейбір біріккен терминдердің құрамын сөз табы жағынан анықтауда қиындық та туып жатады, оның себебі олардың бір сыңар түбірі мағынасы жағынан әр сөз табына да ауытқып отырады. Сондықтан да кейбір топтастыруларымызды шартты түрде қарау керек. Осы орайда шарттылықтың кең мағынада алғанда термин жасаудың барлық тәсілдеріне тән екендігін де айта кету керек. [14, 89б] Ш.Құрманбайұлының айтуына қарағанда жалпы термин шығармашылығындағы шарттылық сөзжасамның барлық тәсілдері арқылы жасалған терминдерге тән. Ғалым бұл орайда шарттылық дегенде терминдерге атау беру үшін таңдап алынатын дыбыстар кешенінің термин мағынасына тікелей тәуелді емес екендігін айтады. Бізде де осы орайда терминдерге атау беруде бұл атаулардың бірнеше сөз табына тиесілі болу мүмкіндігін, яғни бір ғана сөз табымен шектеу әрқашан мүмкін бола бермейтіндігін көрсетеміз.

  Тілімізде тоғыз сөз табы бар десек, олардың ішіндегі термин жасаушылардың термин мағынасына ұйытқы болушы сөз таптарының қатарына зат есім, сын есім, сан есім, етістік жатады екен. Ал шылау мен одағай, үстеу, есімдіктер және одағай сөздер термин мағынасын беруге мүлдем икемсіз деп  кесіп айтуға болады. Бұл қазақ тілінде ғана емес, барлық тілдерде де солай. Айтып өткен зат есім, сын есім, сан есім, етістік сөз таптарының термин жасаушы мүмкіндіктеріне келсек, оның өзі салыстырмалы сипатта екенін айту керек. Себебі аталған сөз таптарының барлығы дерлік термин жасауда бірдей қатыспайды. Бірінің мүмкіндігі аз болса, екінші сөз табының термин жасаудағы мүмкіндігі үлкен. Бірақ термин жасаудағы негізгі сөз табы – зат есім болып есептеледі.   

 

 

2.1 Зат есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған терминдер

 

Зат есім мен зат есімді біріктіру арқылы жасау тілімізде өнімді тәсіл екенін байқаймыз. Мысалы, атамекен (отчизна), ататіл (праязык), асқазан (желудок), әнұран (гимн), бағдаршам (светафор), баспабас (бартер), бейнежазба (видеозапись), гүлшанақ (бутон), дәйексөз (цитата), елтаңба (герб), емдәм (диета), есекжем (егзема), жәрдемақы (пособие), жемшөп (корм), жыланкөз (свин), зейнетақы (пенсия), көлтабан (лимон), күйтабақ (грампластинка), күнтізбе (календарь), қолтаңба (1. автограф, 2. почерк), қолхат (расписка), қылтамыр (кариляр), мекенжай (адрес), мүшелтой (юбилей), отбасы (семья), өмірбаян (биография), пікірсайыс (дискуссия), пікірталас (диспут), сенімхат (доверенность), сөзтізбе (словник), сый ақы (вознограждение), тамырсабақ (корневица), тұпнұсқа (оригинал), іріңқалта (гнойник), іссапар (командировка), ішперде (брюшина), төрааға (прредседатель), елбасы (президент), төлқұжат (паспорт), саяжай (дача), жарқағаз (афиша), жертөле (блиндаж), кепілақы (задаток), балқарағай (кедр), көзқаман (нигилист), ғаламшар (планета), желкөз (форточка), сусабын (шампунь), мөртабан (штемпель), тутұғыр (флаг????) т.б.

Атамекендегі қадамдарымның сәттә болғаны соншалық бірден халықаралық конкурстарға қатыса бастадым (Қ.Ә. 1998, 3 ақпан, 10 бет). Шығыс медицинасында асқазан және он елі ішек жарасына, шаншуға, өт жолына тас байланғанда басқа дәрілік өсімдіктер құрамында дәріге қосып отырған (А.т. 1999 № 02, қаңтардың 14-і, 15 бет). Әрбір тәуелсіз мемлекеттің өзіне ғана тән әнұраны, туы, елтаңбасы, мемлекеттік тілі бар екендігі баршаға белгілі, ал енді сол елдің әдет-ғұрпы, салт-дәстүр, киім-киіс ерекшеліктері сәулет өнері бірінші болып көзге түседі (А.т. 1998 №37, қарашаның 11-і, 2 бет). Біздің үйдегі қос томдық шығармалар жинағыңыздың аплғашқы кітабына осыдан жыл бұрын қалдырған қолтаңбаңызды осы қастерлеп ұстайтын бір мүлкіме айналдырдым (А.т. 1998 №2, желтоқсан, 10 бет). Түгел қаратамын, мал-мүлкімді жаратамын, өзімдікі жетпесе, баламдыкін саламын деп қолхат берді.

Жемшөп тапшылығы орын алған мал фермаларына ауданның өз ішкі мүмкіндіктері есебінен жәрдем көрсетілді (Қ.ә. 1999, 2 наурыз, 5 бет). Депутаттар маусымның 9-дағы кешкі мәжілісте жоғарғы кеңес қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында көрсету жөніндегі қаулы жобасының төңірегіндегі пікірсайыста тағы да жалғастырды. Мысалда көрсетілген асқазан сөзіне Ә.Нұрмахамбетов өзінің «бес жүз бес» деген еңбегінде мынандай талдау жасайды: «Екі түбірден тұратын бұл сөздің алғашқысы баршаға мәлім «ас» (тамақтың синонимі). Соңғы түбір қазан. Мұндай біріккен сөздің басқа (өзбек пен ұйғыр тілін қоспағанда, өзбекше — ашқозан) хакас, якут, қырғыз, түркімен сияқты түркі тілдерінде кездеспеу, өзгеше бір болжамға жетектейді. Аталаған тілдерде біздегі «асқазан» мағынасын бөтен тұлғалы сөздер береді. Әрине, екінші сөзді кәдімгі өзімізге аян тамақ пісіретін қазанға ұқсатудан пайда болған деу оп-оңай. Негізінен бұлай қарау негізсіз, үстірт болары анық. Қарастыра келгенде мынадай тіл деректер біздің жорамалымызға жол бергендей, араб тілінде падзем – тамақ қорыту, иранша һәзім – тамақ қорыту. Осы  сөздер кейбір түркі тілдеріне (қазақ, ұйғыр, өзбек) ауысқанда тұлғасын өзгерте отырса да мағынасын сақтап «ас» сөзімен тіркесіп, кейін бірігіп кеткен деу орынды көрінеді. Медицина терминінде қолданылатын «асқазан» сөзі баспасөз беттерінде адам мен жануарлардың ас қорытатын мүшесі сағынасында жұмсалған. Демек бұрынғы мағынасы сақталған. Медицинада термин ретінде қолданысқа түсіп жүрген біріккен терминдердің енді бірі – есекжем.

Есекжем – адам денесіндегі күлбіреп бөртпелер тез пайда болып және олар бірден жоғалып кететін тері ауруы. Бұл аурудың жедел және созылмалы екі түрі болады. Жедел түрі бірнеше күннен 1-2 жетіге дейін созылады. Маса, ара, қандала, құмырсқа тағы басқа жәндіктер шаққаннан немесе жағымсыз тамақтар мен дәрілердің әсерінен зат алмасудың бұзылуынан бауыр, өт жолы, безгек, тұмау, қарын рагы аурулары салдарынан ұзаққа созылуы мүмкін. Әскери термин ретінде қолданылған жертөле – әскерлерді және соғыс техникасын оқтан, жарықшақтардан, минадан, бомбадан және жаппай қырып-жоятын қарудан қорғау мақсатымен жасалған фортификациялық әскери-инженерлік құрылыс. Жертөле әскерлердің тамақтануына, өзіне берілген қаруын тазалап сүртуіне және демалуына қолайлы жағдай туғызатын орын болып есептеледі. Жертөленің үсті ағашпен, металл және темір битон бөренелерімен жабылып, беті топырақпен тегістеледі. Үлгісі жертөленің ені 1,2 м., биіктігі 1,8 м. стандартта элементтер мен бөлшектерден тұрғызылады. Әдетте жертөле 8-14 адамға арналып жасалынады. Жеңіл үлгідегі жертөлелер көптеген жағдайларда ұрыс позициясында окоптың немесе траниияның алдыңғы жағында салынады. Атом қаруының жарылу әрекеттерінен әскерлерді сақтау үшін жертөлеге мықты есік қойылады.

  Қазақ тіл білімінде сөз таптарының терминденуі арнайы сөз болған жерде ең алдымен, ғылым мен техника, өну т.б. арнаулы салалардағы терминдердің басым көпшілігі зат есімдер екенін айта кеткен жөн. Қазақ тіліндегі сөз таптарының ішінде термин жасауда. Әсіресе біріккен терминдер жасауда зат есім икемді болып келеді. Себебі кез-келген сөз табынан жасалған терминдер ең алдымен субстантивтеніп барып терминдер мәнге ие болады.

 

 

2.2 Сын есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған терминдер

 

Бұл жағдайда біріккен сөздер сыңарлары сын есім + зат есім немесе зат есім + сын есім қалпында ауысып келе береді. О.С. Ахманова тіркесті терминдер құрамындағы сын есімнің өзі тіркесетін зат есіммен тең дәрежеде термин болатын жағдайынан, сын есімнің өзі термин болмай зат есім белгілейтін терминдік ұғымға қатысты болатын тұстарын ажырата білу қажеттігін айтқан болатын.

Сын есім мен зат есімнің бірігуінен жасалған терминдердің басым көпшілігі медицина терминдері болып келетіндігі байқалады. Оған басты себеп – дене мүшелеріне атау болған кезде олардың түр ерекшеліктерін сипаттап көрсететіндіктен болса керек. Бұл топқа: аскөк (укроп), көкбауыр (селезенка), көктамыр (вена), қарашірік (пернечной), тікұшақ (вертолет), шағын аудан (микрорайон), жеделхат (телеграмма), т.б. терминдерді жатқызуға болады. Мысал келтірейік: Тікұшақ Ақмолаға қайта ұшқанда да аядай терезеден маған көлдер мен жасыл егін, жазира шалғынға мыңқыстай жайылған малдарға қараумен болды. “Дортресстой” акционерлік қоғамның күшімен жеңіс және Бигельдинов көшелерінің қиылысында бой көтерген 21 пәтерлі үй мен “Тростелеком” тапсырған № 62 шағынаудандағы 12 пәтер де қазіргі заманғы талаптарға жауап берердей сәулетті де сәнді. Мұндай бассыздыққа ашылған № 6 совхоз басшылары министр Есенғаринге, Алматы теміржол басқармасының бастығы Омаровқа теміржол кәсіподағының төрағасы Шубинге жеделхат жөнелтіп бақты.

Сын есім мен зат есімнің бірігуінен жасалған терминдердің басым көпшілігі медицина терминдері болып келетіндігін айтып оның басты себебі денен мүшелеріне атау болған кезде олардың түр ерекшеліктерін сипаттап көрсететіндіктен деп айта аламыз. Мысалы: бозтопырақ (серозем), жалқұм (песчаная гряда), ақжапырақ (юринся), бұйжапырақ (шандра), көкморас (хрозофора), ақжелкен (хрен), соршөп (физандра), қанжапырақ (физалис), жуантамыр (риндера), әсемгүл (гиалея), бұрамжапырақ (валиснерия), ойраншөп (амброзия), кербезгүл (алисма), қиыршықтас (шебень), шақпақтас (кремень), жұмыртас (булыжник), мерейтой (юбилей), ақтандыр (огалактия), көкнәр (мак), сарыарқа (казахская складчатая страна), қаракөл (каракуль).

 

 

2.3 Сан есім мен басқа сөз таптарының бірігуі арқылы жасалған терминдер

 

Біріккен терминдердің жасалуында сан есімдер де айрықша қызмет атқарады. Мұндай жағдайда сан есімді сөз алғашқы сыңарда жұмсалады да, екінші сыңары әртүрлі сөз таптарынан болып келеді. Соңғы жылдары баспасөз беттерінде сан есімнің басқа сөз таптарымен бірігуі арқылы жасалған біріккен терминдердің ішінен бірінші сыңарда. Әсіресе “бір” сөзі жиірек ұшырасқаны байқалады. Мысалы: біртұтас (унитарный), бір жолғы (единовременный), бірауыздан (единогласный), біріздендіру (унификация) т.б. Ата заң – ол басқа ел алдында біртұтас мемлекет екендігімізді мойындатып қана қоймайды, Қазақстанды мекендеген барша республиканың достығын, ауызбіршілігін, туысқандығын паш етеді.

Рахманқұл Бердібай азаматтығы жайында айтылмайды. Бір сан есімі түбір сөз күйінде тұрып-ақ көбінесе сандық мағынадан гөрі бірдей деген сындық мағынаға ие. Осы мағына сын ол басқа сөздермен бірігу үдесінде сақтап, өзі бірігетін сөз мағынасымен тұтастықта нақтылай түсетіндігі байқалды.

Бірі ғажабы – замандастары өзара ақылдасып алғандай Рахаң азаматтығын бірауыздан, бір дауыспен айтады (Қ.Ә. 1997. №43, 28 ақпан, 12 б.) алғышарт (предпосылка), әржылдық (ежегодние). Мысалы: іс жүреді инвесторлармен жағдайдың қалай қалыптастырғандығын. Кесіп айту қиын болғанмен, оң нәтижелерге үміт артуға алғышарттар бар (Е.Қ. 1997, №1. 4б.)

 

 

2.4 Зат есім мен қимыл атауының бірігуінен жасалған біріккен терминдер

 

Сөздердің бірігуінен болған терминдердің жасалуында кейбір сөздер ұйымдастырушы ұйытқа сөз ретінде жұмсалады. Мұндай сөздердің бірнеше немесе екінші сыңары бір сөзден беріліп, олар біріккен тұрмыс атауы арқылы болған біріккен терминдердің жасалуына тану, із т.б. сөздері себепкер болып тұрғаны мына мысалдардан көрінеді.

Басқосу (саммит), деректану (источниковедение), құқытану (правоведение), көкейкесті (актуальный), тұсаукесер (презентация), зәрағар (мочеточни), ізашар (предшественник), ізбасар (последователь) т.б. Мәжіліс төрағасы Марат Оспанов алдымен әріптестерін Астанадағы бірінші басқосуымен құттықтады. Бізде белгілі жағдайларға байланысты, ұлттық тарихтың негізін құрайтын, оның өн бойының өзегі болып табылатын төл деректерімізбен жүйелі жұмыс істеуге үйретіп деректану ғылымы болған жоқ

Біз қазақ тілінің құқықтану тарихында түңғыш рет шариат заңдары мен қазақ әдет-ғұрып заң нормаларын салыстыра отырып, олардың біріне-бірі тигізген әсерін әңгімелегеп беруді мақсат еткен едік. Алға қойылып отырған тарихи лингвистикалық мәселелердің көкейкестігін, қазақ тіліндегі ертеден және қазіргі диалектіліктің зерттеу тереңдігін нақты бай материалдарымен диссертация және жарияланған монография қазақ тіл білімінде ғана емес, жалпы түркі танудағы зор табыс саналады. Осында салынып, пайдалануға берілгені тұрған курсантының шешенді жатақханасының тұсаукесерін өз қолымен қиған елтаңбасы оның табалыдырығынан да алғашқысының бірі болып өзі аттады. Түбегейлі адамдық пен адалдықты тәрбиелейтін ұлттық өнегенің ізбасарлары, ізашарлары болашақты ой көзімен көреді. Мысалдардан көріп отырған ізашар терминінің терминдер мағынасы: белгілі бір істі алғашқы болып қолға алушы, оның әрі қарай дамуына жол ашушы. Ал тұсаукесер таныстыру және жарнамалау мақсатымен фирманы, кәсіпорынды,  тауарды т.б. көрсету.

Г.О. Винокур терминдер тек зат есім болуға тиіс деп түстеді. Яғни термин болуы үшін сол сөз жаттанды тиіс. Ол әсіресе қимыл атауларына назар аударады. Сөйтіп ол техникалық терминнің көбі осы қимыл мен процесс атаулары болып келеді деген қорытынды жасайды. [16, 13] Мұндай пікірді Н.А. Щеглов да айтқан болатын. Ол терминологиялық жүйедегі қимыл процесі етістік-түрінде емес, дерексіз зат есім арқылы білдіреді дейді.

Ғалым Ш. Құрманбайұлының айтуынша терминжасамда қимыл атау формасымен келетін терминдердің молынан ұшырауының себебі – ең алдымен әрекетті білдіру үшін етістіктің қажеттіліген болса, екіншіден терминдердің ұғым атауы ретінде зат есімге тән формада көрінетіндігінде деп білеміз, кітапқұмар (книголюб), кітаптану (книговедение), дерттану (тапология), мінезтану (характерология), өлеңтану (стиховедение), ормантану (лесоведение), кітаптану (книговедение).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Бүгінгі күні қазақ терминологиясының қордаланған мәселелерін тілдік тұрғыдан зерттеуге қатысты алсақ та оларды шешеудің жолдарын қоғамдық негізде қарастырсақ та кезек күттірмейтін маңызға ие болып отырғаны жасырын емес.

Қазіргі уақытта ғылым, мәдениет, халық шаруашылығы салаларындағы терминдерді қалыптастыру ісінде әр терминге өз халықаралық қолданыстағы сөздерді тіліміздің ішкі заңдылықтарына өлшемдестіріп алу басты бағдар, негізгі арқау болғаны белгілі.

Қазіргі кезде ғалымның арасында бір бірлікке бір пікірге келе алмай жүрген мәселе – термин жасауда қазақ тілінің төл және бұрыннан қалыптасқан байырғы лексикалық байлығын сапқа пайдалану, терминдер жаңадан жасауда дәстүр мен шарттылық заңдылығын мойындау, ұлттық және халықаралық терминдредің сандық және сапалық арасалмағын табиғи қалыпта сақтау, терминдерді қысқартып қолдануда заңдастыру сияқты принциптер болса, сонымен қатар халықаралық деп жүрген терминдерді бір ғалымдар қазақ тілінің фонетикалық және морфологиялық ерекшеліктерін икемдеп қабылдадық десе, енді біреулері сол қалпында қабылдады.

Сондай-ақ С. Мырзабеков өзінің «Бабалар  тілі сезімтал» деп аталатын мақаласында: «Біз халықтардың орыс сөздеріне мүлде қарсы емеспіз, бірақ оның орысша дыбысталуына төзе алмаймыз, тілдің табиғаты соны қалайды. Туған тілдің бағы жансын десек, түбі оны түбегейлі реформалап, латын жазуына ерте кеткеніміз жөн деп көрсетеді. [19, 18б.]

Диплом жұмыстарының барысында тілші ғалымдар еңбектеріне, жалпы терминжасам жайлы, терминжасам тәсілдеріне айтқан пікірлеріне сүйене отырып сөздердің бірігуі арқылы жасалған терминдерге талдау жасадық. Солардың ішінде шоқтығы биік өзекті мәселелерді теориялық тұрғыдан жүйелі түрде жіктеп берген ғалымдардың ішінде Ә. Қайдаров, Р. Сыздықова                        Ө. Айтбайұлы, Б. Қалиев, Ш. Құрманбайұлы, сынды терминолог ғалымдар еді.

Қазақ тіл білімінде қалыптасқан негізгі дәстүр бойынша терминдерді жасалуының семантикалық морфологиялық, аналитикалық, калькалау тәсілін бөліп көрсеттік. Оның ішінде түбір терминдерді олардың жалпы әдеби қолданыстағы мағынасынан терминге ауысуына немесе терминденуі барысында мағынасының тарылу не кеңеюіне қатысты негізінен семантикалық тәсілдер арқылы жасалған терминдерді қарастырдық, морфологиялық тәсілдер арқылы жасалған терминдердің термин жасаудағы өнімді, өнімсіз жұрнақтар, синтаксистік тәсілдер арқылы жасалған терминдерге тоқталып оның ішінде біріккен терминдер жасаудағы сөз таптарының орны деп қарастырдық. Синтаксистік тәсілмен термин жасаудың бір амалы сөз тіркесінің тіркесуі арқылы беріледі. В.В.Виноградовтың, «бір немесе бірнеше ғылыми терілген жасаған адамға ескерткіш қоюға болады» деп «Қазақ тіл білімі терминдерінің көпшілігі бір-ақ адам – А. Байтұрсынұлы жасағанына таң қалып сенерін де, сенбесін де білмегендей сыңай танытады».

Тілімізде бұрыннан қолданылып келе жатқан тәсілдердің бірі бір-сөзбен екенші сөзді біріктіру арқылы термин жасау. Жұмыс барысында бұрынғы біріккен сөз қалпындағы атаулардың соңғы кездері жасалып, қолданысқа түскен біріккен терминдер арасында айтарлықтай өзгерістер бар екені байқалды. Мысалы: тілімізде бұрыннан қолданылып келген «асқазан» біріккен сөзінің мағынасы «ас» немесе «қазан» емес, осы екі сөздің бірігуінен басқа бір заттық ұғымды білдіріп тұрған жаңа мағына дене мүшесі пайда болған болса, ал соңғы кездері қолданылып жүрген пікіртиалас, пікірсайыс сияқты терминдерден үшінші бір мағыналы сөз жасалынбағанын және олардың екі сыңарларының да бастапқы мағыналарды сол күйінде сақталған.

Сөздердің бірігуі арқылы соңғы жылдары жасалынған терминдердің мағынасының ауытқымайтын себебі аударылып жатқан терминдердің абстрактылық сипатына байланыстылығында дейміз. Бұл жағдайда аударылатын терминге қазақша балама беруде негіз етіп жеке сөздер емес, жеке сөз тіркестері алынатындығында. Бірақ сөз тіркестерін сол күйінде ала бермейміз, олрады терминге қойылатын қағидаттарға сәйкестендіру жүргізіледі. Яғни сөз тіркестерінен термин қалыптастыруда олардың мағыналық жағынан тыс формалық жағына да назар аударамыз. Терминдердің талапқа қойылатын талаптардың бірі ықшамдық болғандықтан қолданыстағы сөз тіркестерінің орын тәртібін сақтай отырып түбір тұлғасын ғана аламыз.

Бірінші терминдердің құрамын сөз таптары жағынан жіктей келгенде олардың көрінісі мынадай болып келеді:

  • зат есім мен зат есімнің бірігуі арқылы жасалған терминдер: журнал, атамекен, отбасы, төраға, пікірсайыс т.б.
  • сын есім мен зат есімнің бірігу арқылы жасалған терминдер: тікұшақ, шағынаудан, жеделхат т.б.
  • сан есім мен басқа сөз таптарының біргуі арқылы жасалған терминдер: біртұтас, бірауыздан т.б.
  • зат есім мен қимыл атауының бірігуінен жасалған терминдер: басқару, құқықтану, деректану, ізбасар т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

  1. Байтұрсынов А. Тіл тағылым. – Алматы, 1997. – 418 б.
  2. Ақаев С. Терминнің танымдық табиғаты. – Алматы: Арыс, 2001. – 297 б.
  3. Айтбаев Ө. Қазақ терминологиясының дамуы мен қалыптасуы. – Алматы: Ғылым, 1988. – 207 б.
  4. Момынова Б. Қазақ газетіндегі қоғамдық-саяси лексика. – Алматы: Арыс, 1998-110 б.
  5. Момынова Б. Газет лексикасы жүйесі мен құрылымы. – Алматы: Арыс, 1999-120б.
  6. Құрманбайұлы Ш. Қазақ лексикасының терминдері. – Алматы: Ғылым, 1998 – 208 б.
  7. Суперанская А.В., Подольская Н.В., Васильева Н.В. Общая терминология. Вопросы теории. – М., Наука, 1989.
  8. Терминология сөздігі. – Алматы: Қаз ССР Ғылым академиясының баспасы, 1949, 1-кітап, 199 б.
  9. Біләлов Б. Ұлттық ғылым тілін қалыптастырудың өзекті мәселелері. – Алматы, Санат, 1996-425 б.
  10. Қалиұлы Ш.Қ. Мемлекеттік терминология // Қазақ терминдерінің өзекті мәселелері. – Астана. 2002
  11. Күркебаев Ш.Қ. Өсімдік мүшелері мен олардың құрылым-құрылысына қатысты терминдер (Кандидаттық диссертация) – Алматы, 1994. – 168 б.
  12. Айтбаев Ө. Қазақ сөзі. – Алматы: Рауан, 1997. – 237 б.
  13. Қайдаров Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі. 1998.
  14. Қалиев Б. Шет тілі терминдерін қалай қабылдап жүрміз // Ана тілі. – 1992. №20.
  15. Біләлов Ш. Ұлттық ғылым тілін қалыптастырудың өзекті мәселелері. – Алматы: Ғылым. 1996. – 425 б.
  16. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ана тілі. 1991. – 383 б.
  17. Тажутов А. Халықаралық экономикалық терминдердің этимологиялық түсіндірме сөздігі. – Алматы: Сөздік-словарь, 1997. – 80б.
  18. Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. – Алматы. Қазақ университеті, 1999. – 309б.
  19. Түркі тілдердің салыстырмалы грамматикасы.
  20. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі . – Алматы: Санат. 28-58 б.
  21. Айсұлтанова Қ.Ә. Қазақ тіліндегі терминжасамның ішкі көздері. – филол. ғыл.канд.дисс. — Алматы, 2003. – 120 б.
  22. Сыздықова Р. Қазақ тілі мәдениетінің қазіргі мәселелері // Егемен Қазақстан. – 1994. №201.
  23. Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркесі. – Алматы. Мектеп. 1981. – 200б.
  24. Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі . – Алматы, Ана тілі. 1997. – 89-90 бб.
  25. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. – Алматы. 2002, 455 б.
  26. Терминологиялық жинақ. – Астана. – 2004.