АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Споршылардың жарақаттануын алдына алу

МАЗМҰНЫ

 

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

АНЫҚТАМАЛАР

 

КІРІСПЕ

 

1-Тарау. ЖАТТЫҒУ КЕЗЕңІНДЕГІ ЖАРАҚАТТАРДЫҢ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ.

  • Жарақат ұғымы: оның түрлері мен себептері
  • Көп тараған жарақаттарды нақтылау (диагностикалау) және емдеу
  • Жарақатта спорт медицинасының мақсаты мен міндеттері

 

2-тарау.  ЖАРАҚАТТАРғА  АЛҒАШҚЫ МЕДИКО-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ

  • Спортшыларға жедел алғашқы медициналық көмек көрсету

2.2 Жоғары мамандандырылған медициналық және  амбулаторлы-емханалық көмек көресету

  • Спортшылардың жарақаттарын емдік дене тәрбиесі, емдік гимнастика және массаж арқылы емдеу

 

3-тарау. Споршылардың жарақаттануын алдына алу

3.1 Споршылардың жеке гигиенасы

3.2  Дәрігерлік бақылауды ұйымдастыру шаралары

3.3 Спорт саласындағы заманауи медициналық технологиялардың рөлі

 

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

 

Берілген жұмыста келесі нормативті құжаттардың сілтемелері, яғни болашақта медицина саласын дамытуды көздеген ақпараттар қолданылды:

 

1 « Қазақстан халқының әл ауқатын арттыру мемлекеттік саясаттың басты мақсаты ». Елбасының халыққа жолдауы. 2008 жыл.

2 « Қазақстан 2050  » стратегиясы. Н.Ә.Назарбаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АНЫҚТАМАЛАР

 

Спорттық медицина— ағзаның, оған дене шынықтырумен спорттың

әсеріне байланысты саулығын, дене дамуы мен қызметтік мүмкіндіктерін зеріттейтін медицинаның арнайы саласы.

Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.

Алғашқы медициналық көмек — ол денсаулық қорғауын және жарақаттанған, ауырып қалған адамдардың өмірін сақтауға бағытталған жеңіл шаралар жиыны. Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты манипуляция арқылы ауыр жарақаттардан сақтап қалу не болмаса зардап шегуін азайту, көбінесе зардап шеккендердің өмірін сақтау.

Емдік дене тәрбиесі (ЕДТ) — деп, дене тәрбиесі құралдарын адамның тез және толық сауығып кетуі үшін қолданылуын айтамыз. Емдік дене тәрбиесі-қазіргі медицинаның жаңа аумағы.

Емдік гимнастика – ол мүгедектермен науқастардың реабилитациясымен емдеуі және аурудың алдын алуымен сақтандыру мақсатында дене тәрбиесіне қатысты тәсілдермен емдеу әдісі.

Массаж – адам денесіне мөлшермен берілетін механикалық тітіркендіру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының көкейкестілігі. Спортшыларда медицина саласын қолданудың негізгі мақсаты жас спортшының бойындағы ағзаның қасиеттерін сақтап қалу мен қатар, дене күшінің сапалық қасиеттерін дамытып жетілдіру. Сондай-ақ спорттық медицинаны білген пайдалы әрі ықпалы бар екендігін көрсету зерттеудің өзектілігін айқындай түседі.

Спортшылардың  мәселесіне спорттық медицинаны  енгізе отырып бала денесінің жарақат алған жағдайдан кейін дұрыс қалыптасуына әсері  бүгінгі күнгі өзекті тақырыптың бірі болып табылады.

Спортта жарақат алған жағдайда медицинадағы емдік шаралардың жүргізілуінің маңызы зор. Бұрынырақ медицина саласы дамымағандықтан түрлі жарақаттардың асқынуының алды алу мүмкін болмаған, қазіргі таңда жаңа технологиялардың арқасында жарақаттарды толықтай емдеп шығуға мүмкіндік жетерлік.

Сонымен, спорт саласында спорттық медицинаны енгізу, балалардың дене шынықтыру және спорт сабақтары мен сабақтан тыс жұмыстарына жүйелі қатысуларын бір-бірімен ұштастырып, былайша айтқанда, спортпен шұғылданатын балалардың ағзаға түскен ауырлығы бір қалыпта болады, жұмсалған күш тезірек қалпына келтіріледі және еңбекке деген сенімділік артады, осылайша дамыған тұлға болып тәрбиеленеді.

Зерттеу нысаны. Жас спортшылардың медицина саласындағы орны.

Зерттену мақсаты. Спорттық медицина саласының дамуына үлес қосу, жарақаттардың болуының алдын алу, спортшылардың жарақаттарын сапалы әрі жылдам емдеу жолдары бойынша жұмыс жасау.

Зерттеу міндеттері: Бұл тақырыптың міндеттерін мынадай дәйектермен көрсетсе болады.

Біріншіден, алдын ала дәрігерлік тексеруден өтіп жүрген сау спортшы ғана жоғары көрсеткішке жете алады. Егер денсаулығында кінәрат болса, қанша шебер деген спортшының өзі нәтиже көрсете алмайды. Сондықтан спорттық дәрігердің қызметін спортшының жеке бапкерінің қызметімен салыстыра қарауға болады.

Екіншіден, дәрігерлік тексеруден өту кезінде дәрігерлер қай спортшыға қандай ем қолданумен қатар, қандай дәруменді пайдалану қажеттігін де анықтап береді.

Үшіншіден, тамақтану, киім кию жағдайлары да олардың назарларынан тыс қалмайды. Тіпті, оқу-жаттығу жиындары кезінде де спорттық дәрігер спортшылармен бірге жүреді.

Зерттеу әдістері: ақпараттық, сараптамалық, проблемалық материалдарды талдау негізінде ғылыми еңбектің мақсаты мен міндетіне сай жүргізілді. Сонымен қатар, тақырыпты ашу барысында спортшылармен сауалнама, сұхбат жіне жеке тақырыптарда зерттеу жүргізілді.

Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Медицинаның дамуына байланысты енген озық технологияларды кеңінен қолдану әдістерін енгізу; жас спортшыларды медицина саласымен емдік дене тәрбиесі мен массаж арқылы емдуді байланыстыра отырып емдік шаралармен біріктіріле жүргізілді.

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік маңызы. Жұмысты жазу барысында тек отандық медицина саласындағы еңбектер ғана емес, шетелдік авторлардың еңбегі қолданылды. Оның артықшылығы, спорттағы жарақаттарды емдеу әдістері туралы қазақша ақпараттар саны артады. Және бұл ақпараттар тақырыпты толықтай ашып көрсетуге ықпалын тигізеді.

Сонымен қатар, бүгінгі күні дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерлерінің, бөлімдердің қажетті медициналық құрал-жабдықтармен жабдықталуы барлық жерде жоғары деңгейде емес. Дипломдық жұмыста осы мәселенің өзектілігі де қаралған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1-Тарау. ЖАТТЫҒУ КЕЗЕңІНДЕГІ ЖАРАҚАТТАРДЫҢ СЕБЕПТЕРІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ.

 

  • Жарақат ұғымы: оның түрлері мен себептері

 

Әр түрлі спорт саласында жаттығулардың сапасы мен мөлшерден тыс жүктеме берілуіне қарай түрлі жарақатқа ұшырап жатады.

Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан (1-суретте көрсетілген), жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы.

 

 

 

 

 

 

 

  • сурет

Мына жағдайларда жарақат алу мүмкін:

–       Өндірісте (өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында) жарақаттану;

–       Көлікте (автомобиль, темір жол, су көлігі, әуе көлігі) жарақаттану;

–       Көшеде жарақаттану (адамдардың көшеде құлап қалуынан, құлаған заттардың соғуынан, т. б. зақымдану);

–       Тұрмыстық жарақаттану (тұрмыста кездейсоқ себептерден зақымдану: баспалдақтан құлау, түрмыстағы қолданылатын заттардан зақым алу, т.б. Немесе төбелес, кісі өлтірушілік, өзін-өзі өлтірушілік және т.б. Кезінде қасақана жасалатын зақымдар).

–       Спортпен айналысқан кездегі спорт жарақаттары.

Спортшылардың жарақаттануы кезінде көрсететін медициналық қызметтердің түрлері:

  1. Далалық хирургия;
  2. Далалық терапия;
  3. эпидемиология;
  4. гигиена;

Жарақаттанудың әрбір түрінің өз ерекшеліктері болады, олар оқиғалардың мән-жайларына ғана емес, келтірілген зақымдардың сипатына да байланысты. Мәселен, өндірісте жарақаттанғанда — жаралану, көшеде — сынық, спортта — соғып алу мен сіңірдің созылуы сияқты түрлері жайттар  көбірек орын алады [30].

Кез-келген жарақат бiр орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар ағзада белгiлi бiр жалпы өзгерiстердi тудыруы мүмкін. Бұл құбылыстар орталық жүйке жүйесiнiң тiтiркенуiнен, қан кетуiнен, өмiрлiк маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезiнде сырқаттың жалпы жағдайы өте тез нашарлайды. Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы — бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады.

       Енді спортшылар жарақаттарына тоқталсақ.

Жыл сайын жаттығулар кезінде көптеген кәсіби және әуесқой спортшылар жарақат алып жатады. Оның ішінде соғып алу, тайып кету және сіңір созылуы жиі кездеседі, сонымен қатар ісіну мен қанды ісіктер жүреді.

Жалпы әрбір спортқа тән кәсіби аурулары болады. Мәселен, балуандар қолдарын ауыртып алады, сіңірлері созылып кетеді. Футболшылар тізелерін, тобықтарын жиі жарақаттайды. Футболшыларға көбіне мениск (тізедегі шеміршектің зақымдануы) деген ауру тән. Боксшылар қатты соққыдан мидың шайқалуына ұшырайды. Ауыр соққыдан қан ұйып қалады да, мойын омыртқасына зақым келеді. Бұдан келіп, бас ішіндегі қан қысымының көтерілуі пайда болады.

Спорттық жарақаттардың себебіне қарай эндогендік (ішкі) және экзогендік (сыртқы) деп қарастырамыз. Эндогендік зақымдар спортшының өз кінәсінен болады, яғни дұрыс емес әдіс қолдану, артық күш салу немесе мұқият болмау салдарынан болады. Ал экзогендік зақымдар сыртқы жағдайлар әсерінен, мысалы, құлау, бұзылған жаттығу құрылысы немесе ауа райы жағдайының бұзылуынаң әсерінен болады.

Егер адам бiр мезгiлде 2 немесе одан да көп жарықшақпен немесе ұсақ заттармен зақымданғанда ондай жараларды бiрнеше жарақат дейдi. Бұндай жағдай үлкен медициналық тексерілісті қажет етеді.

Зардап шеккен спортшының жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға iс-әрекет жасайды. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты [31].

          Жарақат алған жағдайда микробтар жаралаушы затпен бiрге жараға түседi. Киiм бөлiктерi, ағаш, жердегi  және ауадағы заттар жараға жанасса, оларда үлкен көлемде микробтар болады. Сол себепті алғашқы көмек кезінде гигиенаны да ескерген жөн.

Жарақаттар, микробпен зақымдалса, бұл ауру жараға инфекция түсуден пайда болады. Инфекция түскен жара бiрнеше сағат немесе күннен кейiн, бетi жабылып, жиектерi iсiнiп, қоршалған терiсi қызарады, жарада ауру бiлiнедi. Жарақат алған жағдайда инфекция түсудің алдын алып медициналық мекемеге жеткізілуі қажет, дереу алдын алмаған жағдайда спортшының спортқа деген қабілетіне зардабы тиюі мүмкін.

         Сондай-ақ спортта жаттығударды дұрыс пайдалану, дененің дұрыс қалыптасуына ықпалы жоғары екендігін ескерген жөн. Артық жүктеменің алдын алумау бұл – созылмалы зақымға әкелуі мүмкін. Жаттығу бастар алдында қыздырыну жаттығулары мен стречинг, жаттығу құралын тексеру міндетті.

Егер жаттығу түрі мен көлемін өз мүмкіндіктеріңізге сай дұрыс есептесеңіз, спортта көптеген жарақаттардың алдын алуға болады.

 

  • Көп тараған жарақаттарды нақтылау (диагностикалау) және емдеу

 

Спортшы  организмі машықтану және жарыстар барысында көптеген сыртқы әсерлерге тап болады. Осы жағдайда спортшылардың жарқаттарын медициналық тексерудің нәтижелерімен, сондай-ақ қажетті емдеу-сауықтыру шараларын жүргізу арқылы  анықтайды.

Спортшылар жаттығу немесе жарыс кездерінде зақымдап алған жерінің жарақатын жасырмауы тиіс. Ауырған кезде ол бұл туралы дереу тікелей бапкеріне және оның рұқсатымен медициналық көмек алу  үшін  медициналық тексеріліске баруға міндетті. Бұны ескермеген жағдайда ауруының асқынуы мүмкін. Аяқ астынан ауырған немесе жарақат алған спортшылар, медициналық мекемеге тәуліктің кез келген уақытында дереу жіберіледі.

Медициналық тексерілістен өткен жарақат алушы жарақатының, сипатына қарай, медициналық  бөлімнен тысқарыдағы емдеу мекемесіне жіберіледі немесе оған амбулаториялық емдеу тағайындалады.

Ауруларды қараудың нәтижелері, көрсетілген көмектің сипаты туралы, дәрігер медициналық кітапшаларға тиісті белгілер жасайды. 

Спортшылардың берілген босату мерзімі аяқталған соң, спортшылар, егерде, олар бұған мұқтаж болса, қайталама медициналық қарауға жіберілуі тиісті.

Амбулаториялық емдеу тағайындалған аурулар,  дәрілер қабылдау мен басқа да емдік рәсімдерді жүргізу үшін, сондай-ақ, медициналық мамандардың консультацияларына мұқтаждар, медициналық пунктіне ауруларды жазу кітабында дәрігер көрсеткен күндер мен сағаттарда жіберіледі  және медициналық  қызметі бастығының қорытындысымен үш айға дейін мерзімде жүзеге асырылады.

Келіп түскен спортшының жарақатында инфекция бар болған жағдайда дереу инфекция бөліміне жіберіліп алдын алу шараларын жүргізу қажет.

Спортшы  организмі машықтану және жарыстар барысында көптеген сыртқы әсерлерге тап болады, солардың ішінде маңыздысы – дене жүктемелері. Оларға бейімделу – организмнің құрылысы мен функциясын спорттың әрекеттер талаптарына сәйкес келтіру. Бірте-бірте көтеріле беруші  жүктемелерге, өзгермелі температуралық режімге, ауа құрамының өзгерістеріне немесе басқа да факторлар әсерлеріне  бейімделу, жалпы болсын, арнайы болсын өзгерістермен білінеді. Жалпы реакциялар ортаның бір факторлары мен организмді басқа бір факторлар әсерлеріне дайындау мүмкіндігін туғызады. Мысалы, оттектің төмен мөлшері жағдайларында болу – гипоксия факторы – жоғары қимыл жүктемелеріне преадаптациялау туғызады. Спорттың бір түрлерімен шұғылдану басқа бір түрлерінде жетістікке жету преадаптациясын қалыптастырады (күрес және ауыр атлетика, велоспорт және конькимен жүгіріске осындай қабысулар болып келеді). Белгілі бір әсерге бейімдеу тұтас организмге, оның жеке мүшелері мен  жүйелеріне әсер етеді: атқарушы жүйеде (тірек-қимыл аппаратында), қамтамасыз етуші жүйеде (ас қорыту, тыныс, шығару, жүрек-қантамырлар), реттеуші және басқарушы жүйелерде (ішкі секреция мүшелерінде, жүйке жүйесінде, сезім мүшелерінде).

         Кез-келген жағдайда қимыл қозғалыс актын, тірек-қимыл аппараты мүшелерінің (сүйек, олардың байламдары, еттері), қоректенуін (жүрек-қантамырлар және қан жүйесінің), қимылдарды реттейтін орталық және шеткі жүйке жүйесі орындайды.

         Қимыл қозғалыстарды реттеуге және қамтамасыз етуге, тек айтылған мүшелер мен жүйелер ғана емес, тұтас организм қатысады.  Сол себепті де эндокриндік аппарат гуморалдық реттеуін  (жүйкеге қосымша), ас қорыту жүйесі қанның қоректік заттармен қанығуын, тыныс жүйесі – қанның оттекпен қанығуын қамтамасыз етсе, сезім мүшелері қимылдардың қатесін түзетеді, шығару мүшелері организмнің зат алмасудың зиянды өнімдерінен тазалануын қамтамасыз етеді [1].

         Бейімделу көптеген жағдайларға тәуелді. Солардың ішіндегі маңыздысы – сыртқы әсердің спецификасы және организмнің реакция нормасы.

         Бұлар организмнің қабылдағыштығын немесе осы факторға тұрақтылығын анықтайды.

Әр түрлі қарқынды дене жүктемелері организмге әртүрлі әсер етеді. Әлсіз жүктемелер елеулі өзгерістер туғызбайды, орта қарқынды жүктемелер жаңа әрекет деңгейіне сәйкес, организмде морфологиялық-функционалдық қайта-қайта құрылуларды туғызады, өсуді жеделдетеді. Күшті жүктемелер осы процестерді  тежейді, нәтижеде организмнің биологиялық мүмкіндіктері мен әрекет мөлшері арасындағы алшақтық туады. Аса күшті жүктемелер функционалдық және құрылымдық бұзылуларды туғызады. Организмнің орындай алатын мүмкіндігімен, және ол орындалуы керек екенінің арасында алшақтық үлкен болып келеді. Бұл құпия және айқын зақымданулардың көзі болады да, спортшыны өзінің үйреншікті әрекетінен ұзақ уақыт алыстатуға мәжбүрлейді. Айтылғандардан көрініп тұрғандай, оңтайлы жүктеме деңгейі болып сыртқы орта келеді. Алайда, қандай болмасын орта әсеріне организмнің қабылдағыштығы жекешеленген. Әлде біреуге орташа қарқынды болған жүктеме, екінші біреуге әлсіз әсер етсе, үшінші біреуге – күшті жүктеме болып келеді. Бұл организмнің түрлі нормалы реакциясымен байланысты деп түсіндіріледі.

         Реакция нормасы  – сыртқы ортаның  нақты  факторы әсерін, организмнің қабылдай алатын қасиеті, оның жекешеленген ерекшелігі. Организмнің реакция нормасы, реактивтілігі  – мұрагерлік, жастық, жыныстық, тәжірибелік, конституционалдық ерекшеліктерін, физиологиялық күйіне, денсаулық жағдайына және басқа да факторларға тәуелді.

         Организмнің реакция нормасы оның факторлары әсерлерін қабылдай алатын табалдырығын анықтайды. Тіршіліктің алғашқы жылдары және жыныстық жетілу кезеңінде, бала организмін сыртқы факторларға, солардың ішінде дене жүктемелеріне, өте қабылдағышты етеді. Тұтас дененің (ұлпаның, мүшенің) болмашы сызат түсуінен бастап толық езіліп-жаншылуы мен бөлшектеліп қалуына дейінгі қандай да болсын бұзылуы зақымдану деп аталады. Зақымдану дененің анатомиялық тұтастығын бұзбай-ақ, жүмыс істеуін нашарлатуы мүмкін. Бұған жүйкенің ұзақ уақыт қысылып, кейіннен оның сал, қояншық ауруларына ұласуы мысал бола алады.

Тіршілікте кейбір зақымдану түрлері өте сирек кездеседі, ал басқа бір түрлері халықтың бірдей топтары арасында белгілі бір жағдайларда жиі аңғарылып тұрады. Еңбек және тұрмыс жағдайлары ұқсас адамдарда біртектес жарақаттардың қайталанып отыруы медицина тілінде жарақаттану (травматизм) деп аталады.

Спортшыларда кездесетін бет-жақ травматологиясының өзекті маселелерінің бірі бет жарақатынан кейінгі асқынуларды азайту болып табылады. Беттің аумақты жарақатына қол-асты көрсетілетін көптеген құралдарға қарамастан спортшылар меншікті-шайнау бұлшық етінің сүйектенуі — өзінің жаңа әрі өзекті мақсатын растайды. Осы контингенттің спецификалық процесі мен ерекше сирек кездесетін патологиялық процесс ретінде ал белсенді дәрігерлерге негізгі көмекші болып табылады.

Бет-жақ аумағы жарақаттануы жоғары көрсеткіштерде бола тұра әртүрлі асқынуларға әкеліп соқтыруы ықтимал: гематомалар, іріңдеу, тыртықты жақ қарысулары, жарақаттан соңғы сүйектенулер, ақаулар және т.б

Бір қатар авторлардың мағлұматтарына сай меншікті-шайнау бұлшық етінің жарақаттан болған сүйектенуінің науқастардың шайнау мен сөйлеу негізгі функциясының жеткіліксіздігіне әкеліп соқтырады. Бұл бірқатар психоэмоционалдық өкініштер мен ренжуге соқтырып шайнау бұлшық етінің қарысуы мен оперативтік алып тастау әдістері эстетикалық және функционалдық тұрғыда көп жағдайларда науқастардың көңілін толық ортнықтырмайды.

Зерттеу мақсаты — меншікті-шайнау бұлшық етінің жарақаттан болған сүйектенуінің клиникалық ағым ерекшеліктерін талдау мен тиімді емдеу әдісінін таңдау. Меншікті-шайнау бұлшық еттің жарақаттан болған сүйектенуінің сипатына сүйектенудің сатылы дамуы, беттің жұмсақ тіні жарақатын емдеу әдісін таңдаудың ең тиімді әдісін таңдау болып табылады.

Клиникалық, ультрасонографиялық, рентгенологиялық зерттеу мен қан сары суы ферментті активтігінің биохимиялық (жалпы сілтілі фосфотаза мен сілтілі фосфотазаның сүйек фракциясы) көрсеткіштер нәтижелері меншікті-шайнау бұлшық етінің жарақаттан болған сүйектенуінің бастапқы сатысы мен операциядан кейінгі алғашқы күндерінде комплексті консервативті емдеудің тиімділігін объективті тұрғыдан дәлелденді. Соның арқасында шайнау функциясы қайта қалпына келтіріліп науқасты белсенді еңбек ету қабілетіне жеткізді [34].

Осы күнге дейін меншікті бұлшық етте сүйектің түзілуі, ерте анықтап білу әдістері, зақымданғаннан кейінгі ерте кезеңдер мен бет жақ аумағының операциядан соңғы алғашқы күндерде сүйектенуді алдын алу толық зерттелмеген, осы ақауы бар науқастарды қадағалаудың нақты алгоритмі жоқка тең [32].

 

  • Жарақатта спорт медицинасының мақсаты мен міндеттері

 

Спорттық медицина дегеніміз – дені сау адамның денсаулығын бақылауға негізделген және де физикалық мүмкіндіктерін түсінуге негізделген.

         Спорттық медицинаның негіздерінің бірі:

  • денсаулық сақтау – адамның бір қалыпты деңгейде болуы
  • денсаулықты нығайту

Спорттық медицинаның даму тарихы ерте кезден басталады. Ежелгі Грецияда б.д.д 776 жылы алғашқы олимпиядалық ойындар дамыған. Гепрокат – ең алғашқы олимпиядалық команданың дәрігері болған.

Спорт медицинасының негізгі мақсаттарының бірі – дене тәрбиесі мен спорттық тәсілдерін, айла құралдарын медициналық – биологиялық тұрғыдан тиімді қолдануды қамтамасыз ету арқылы олардың сауықтырушы және жаттықтырушы әсерін арттыру болып табылады.

Спорттық медицинаның дәрігерлік бақылаудың мақсат міндеттері:

  • дәрігерлік бақылау
  • медико биолгогиялық іріктеу
  • ішкі паталогияны емдеу
  • функционалды бақылау
  • функционалды сауықтыру
  • спорттық жарақаттар
  • медициналық сауықтыру
  • құрама командалардағы және қосымша спорттық командаларды медициналық көмекпен қамтамасыз ету

Дәрігерлік бақылау түрі

  • алғашқы тереңдетілген (спортқа жіберерде, әр жаттығу сезонының басында)
  • кезеңдік (жылына 3-4 рет, жылдық жаттығу циклының әр кезеңінде)
  • күнделікті (кезекті бақылаулар арасында және жаттығу сабағының кезеңдерінде)
  • қосымша (ауырған немесе жарақаттанған кезде, жарыс қарсаңында)
  • стационарлы (емдеу мақсатымен тереңдетілген дәрігерлік тексеру)
  • қорытынды (сезон аяқталғаннан кейін)
  • дәрігерлік педагогикалық бақылау (дәрігер мен жаттығу процесіндегі бірнеше бақылау)

Спорт саласында дене дамуы – кешенді және жинақы ұғым, оның көрсеткіштері көп. Қай жағдайда қандай көрсеткіштерді анықтау медициналық бақылаудың мақсатына, ал спортта спорт түріне жаттығушының спорттық дәрежесіне байланысты шешіледі.

Жаппай дене шынықтыру саласында бойдың ұзындығы, дененің салмағы, дене қуысының шеңберімен қатар дененің сымбатын, тірек – қозғалыс жүйесінің күйін анықтаса жеткілікті.

Спортта спорт түріне лайықты, тиімді дене пішінін қалыптасудың маңызы зор, сондықтан әр спорт түріне жоғарыда көрсетілген көрсеткіштермен қатар басқада өлшеулер алынады.Оған қоса спортшының спорттық дәрежесі неғұрлым жоғары болса, онда тұқым қуалай беретін  көрсеткіштерге басымырақ назар аударылады.

         Дегенмен, дене дамуының басты көрсеткіштері дене сымбаты, дене пішіні және дене құрылымы болып саналады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2-тарау.  ЖАРАҚАТТАРғА  АЛҒАШҚЫ МЕДИКО-САНИТАРЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ

 

  • Спортшыларға жедел алғашқы медициналық көмек көрсету

 

Жарақат алушыға алғашқы медициналық көмек көрсету маңызды екені анық. Алғашқы медициналық көмек — ол денсаулық қорғауын және жарақаттанған, ауырып қалған адамдардың өмірін сақтауға негізделген жеңіл шаралар жиыны. Алғашқы медициналық көмектің негізгі мақсаты манипуляция арқылы ауыр жарақаттардан сақтап қалу не болмаса зардап шегуін азайту, көбінесе зардап шеккендердің өмірін сақтау. Алғашқы көмек медицина жұмыскерлері келгеннен бұрын орында сауатты да епті көрсетілуі, не болмаса жарақаттанған кісіні ауруханаға тасымалдауға тиісті. Алғашқы көмектің міндеті қауіпті жарақаттардан зардап шегуін, қан кетуін және кенеттен асқынып кетуін ескерту.

          Спортшыларға алғашқы көмек жылдам көрсетілу тиіс, бірақ оның сапасында кемшілік болмауы қажет.

         Спортшылар жарақаттан қашып құтыла алмайды деуге болады. Тіпті ауыр жарақат алған болса, спорттан қол үзуіне де тура келеді. Зерттеулік мәліметтерге сүйенсек, ең көп жарақат алатындар спорттық гимнастикамен, мәнерлеп сырғанаумен айналысатындар екен. Одан кейінгі орындарда күрес, футбол, бокс, ауыр атлетика спорты түрлері тұр.

Денеге күш түсетін спорт түрлерінің қай-қайсысында да жарақат, негізінен, омыртқадан басталады. Спортпен айналысатындарды айтпағанда, жай адамдардың өзінің 80 пайызының омыртқасы зақымданады екен. Адамдар омыртқасының ауыратынын біле бермейді. Ал спортшылар көбіне омыртқа, жамбас, тізе ауруларына ұшырайды.

Кейбір жарыстар кезінде жарыс өтетін ғимарат салқын болады. Мұндай жағдайда спортшылар кілемге немесе рингке шықпастан бұрын түрлі жаттығулар жасап, денелерін қыздырулары керек. Футболда да солай, алдын ала жаттығу жасаған жөн. Сондықтан жаттығудан кейін белтемірге асылып тұрған дұрыс. Өйткені белтемірге асылып тұрған кезде омыртқалар ашылып, қысылып тұрған жүйке тамырлары орнына келеді.

Споршылардың сындырып алған кезінде, қатты қан кету кезінде, сана сезім жоғалту кезінде деген сияқты жағдайда алғашқы дәрігерлік көмектің маңызы зор.

Жарақаттанған споршыларға  жарақат алған жерінен аударуға немесе сүйреуге болмайды, себебі жарақат алған жердегі сүйектің жылжып кетуі не болмаса бұлшық еттің зақымдалып қалуының алдын алған  дұрыс ( 2 –суретте көрсетілгендей). Яғни сынған жарақат түрлеріне қатты ағаш тәрізді затты орап таңу арқылы медицина бөлімшесіне жеткізу қажет.

 

2 – сурет

 Жарақат алған адамға көз қарас алғашқы көмек жүйесінде маңызды көңіл бөліну тиісті. Жарақат алған спортшыларға жеңіл желпі қарағандық оның саулығын нәтижесін төмендетеді. Ішетін дәрілерді қабылдаған кезде оның пайдасы мөлшеріне байланысты. Балаларға 2-3 есе ересек адамдарға қарағанда аз беру керек. Одан басқа дәріні берер алдында жарақат алған адамнан дәріні көтере алатынын анықтау қажет. Ішкі құрылыс жарақат алған кезде дәріні беруге болмайды. Медициналық қобдишалар, байлау құралдары және олардың арнауы.

Спортшы организмнің созылмалы аурулары, қан мен ұлпалардың иммунобиологиялық қасиеттерін нашарлатады. Төмен температура жағдайларында (10º төмен) жүйелі және ұзақ болу, табиғи иммунитеттің әлсіреуіне әкеледі. Осының салдарынан суық тию және жұқпалы ауруларға организмнің төтеп бергіштігі төмендейді. Бұл жануарларға жасалған тәжірбиелермен дәлелденген. Мысалы, Л.Пастер тауықты сумен мұздату арқылы, оны қарасанды жұқтыруға сезімтал еткен. Басқа ғалымдар, мұздату жолымен өкпенің қабынуына, туберкулезге, холераға төтеп бергіштігін төмендеткен.

Жарақаттардың  әсеріне қимыл қозғалыссыз жағдайларда болу, шаршау, нашар тамақтану септігін тигізеді. Тоңазу бұлшық еттер мен байламдардың серпімділігін және жиырылғыштық қабілеттерін төмендетеді, соның салдарынан дене жаттығуларымен шұғылдану барысында жарақаттарға әкеледі.

Спортшылардың жарыс кезінде ауа температурасының күрт төмендеуіне байланысты еңбектену, тамақтану режімдерін ұстану, оңтайлы киіну, жасақталған тұрғын үйлерді пайдалану арқылы, организмнің тоңазуының алдын алуға болады. Жылытушы әсерлерді белсенді қимылдар, ыстық тамақ береді. Соңғысы аяқтардың температурасын 6° дейін көтереді. Ол аяқтар үсуінің алдын алуға маңызды. Маңайдағы заттардың тоңазытқыштығы сезіледі [6].

      Жарақатқа түскен инфекцияның алдын-алу үшiн жараға өз кезiнде хирургиялық өңдеп, өлген ұлпалар мен бөгде заттарды шығарып, тазартып отыру қажет. Ал ядролық қару қолдану кезiнде бұл мүмкiн емес. Сондықтан қандай жағдайда болмасын жарадағы инфекцияның алдын алуға антибиотиктер қолданылады.
       Кез-келген жара, тiптi кiшкентай жаралардың өзiнде әр түрлi микробтардың дамуына қолайлы жағдай тууы, тiптi қан кетудiң әсерiнен адам көп мөлшерде қан жоғалтуы мүмкiн. Жара асқынбас үшiн жараға алғашқы медициналық көмек көрсету үшiн жараға стерилдi таңғыш, асептика мен антисептикалық ереженi сақтап, қан тоқтату қажет.

Асептика – жараға микробтардың түсуiнен сақтануға бағытталған iс-шаралар. Осы тұрғыдан асептика — жараға инфекция түсудiң алдын-алу. Жараны қолмен ұстауға, жарықшақтарды, киiм жиектерiн қолмен алуға, жараны жабуға стерилдi емес матаны пайдалануға болмайды.
Микробтарды өлтiрудiң ең дұрыс қолданылатын әдiсi – стерилдеу, жоғарғы температурада – су буларында ұстау, хирургиялық құрал-жабдықтарды қайнату.

       Антисептика – жараға түскен микробтарды антибиотиктер және химиялық басқа да құралдар көмегiмен жоюды антисептикалық деп атайды. Антисептикалыққа хлорамин, иодты ерiтiндi, спирт, сутегi асқын тотығы, перманганат калий т.б. жатады.

       Жарақат салдарынан зардап шегушi есiнен таңатын кездерi болады. Әсiресе ауыр зақым алғанда, оқ тигенде есiнен танады. Зақымданған кезде миға келетiн қан күрт азаятын болса да адам ес-түсiн бiлмей қалады. Мұндай жағдайда естен тануды шок деп атайды. Адамның нелiктен шокқа ұшырайтыны толық әлi анықталмаған, бiрақ орталық жүйке жүйесi тiтiркенуiнен қан қысымы азаюынан қан тамырлары тарылып, шеттегi тамырларына қан жетпей қалады.

Шоктың төрт дәрежесi бар:

        І дәрежелi шок – орташа жарақат алған кезде болады. Мұндайда терi бозарады, кейде көгередi, бұлшық еттерi дiрiлдейдi. Тыныс алу минутына 90-100-ге қан қысымы сынап бағанасынан 100/60 мм-ге дейiн төмендейдi.
       ІІ дәрежелi шок — ауыр жарақат алғанда пайда болады. Мұндай жағдайда шырышты қабаты мен терi бұзылады. Адам сүлесоқ жатады, айналасына көңiл аудармайды, жай баяу сөйлейдi. Тыныс алу минутына 30-ға, тамырының соғуы 120-ға дейiн жиiлейдi, қан қысымы, дене қызуы едәуiр төмендейдi.

      ІІІ дәрежелi шок. Көп зақым немесе көп жарақат алған кезде пайда болады. Мұндайда аурудың жалпы жағдайы ауырлайды, терiсi бозарады, көгередi, есiнен танады, қойған сұраққа естiлер естiлмес жауап бередi. Тамыр соғуы минутына 120-140-қа жетедi, дене қызуы төмендейдi. Қан қысымы 60-30 мм-ге дейiн төмендейдi.

ІV дәрежелi шок кезiнде ауру есiнен танады, тамыр соғуы бiлiнбейдi, қан қысымы өте төмен болады, тыныс алуы сирек әрi үстүрт болады.

        Денеден қан көп кетсе немесе организм салқындаса, шаршап қалса, тасымалдағанда қосымша зақым келтiрiп алса, тасымалдағанда транспортпен селкiлдесе, ауруын басатын дәрi берiлмесе, адам естен танады. Мұны жарақаттық шок деп атайды.

       Бұл жағдайда әуелi алғашқы көмек көрсетiп алу керек. Қан ақса тез арада тоқтату керек. Егер кеуде жотасы үңiрейiп тұрса, онда герметикалық таңғыш салады. Жарақат қай жерде болса да ол түрi мен ауырлығына қарай жанға батады. Ауру қатты болған сайын зақым алған адамның хал-жағдайы нашарлайды, ауруы асқынады.

Зардап шегушiнiң ауруын азайту үшiн мына тәсiлдер қолданылады:

  • Зардап шегушiнiң үстiн жауып, салқындап қалмауын қадағалау;
  • Сынғанда иммобилизация жасау (жақтау қою);
  • Зембiлге жатқызу;
  • Құрғақ, сұйық заттарды қолдану (полиэтилен қалтасына салынған мұз, қар, мұздай су) жүйке жүйелерiн механикалық тiтiркенуден қорғайды, iсiгiн және жарақаттың қабынуын азайтады;
  • Дәрi-дәрмектен амидопириндi0,5 г., анальгиндi 0,5-1,0 г., ацетилсалицил қышқылы 0,5-1,0 г мөлшерiнде қолданған дұрыс.

Тасымалдағанда ауруханаға көп селкiлдетпей, ұқыпты түрде жеткiзген жөн.

        Көмек көрсетушi адам жарақаттың түрiн оның ауырлығын анықтап, тыныс жолдары мен жүрек қызметiнiң бұзылғанын ескерiп жедел шара қолдана бiлу қажет. Зақымданған адам қаны тоқтамай ағып жатса, оны тоқтатып, жарасын таңа бiлу, сынған жерiне жақтауды дұрыс қойып байлау, ауруды орнынан қозғаған кезде оны дұрыс көтерiп, тасымалдай бiлу, зардап шегушiнi қауiптi аймақтан уақытында алып кету, үстiндегi киiмiн дұрыс шешiп, көлiкке отырғыза, жатқыза бiлу, жүрекке массаж жасау және қолдан дем алдыру сияқты шараларды жүзеге асыра бiлу әр адамның мiндетi, әрi парызы.
       Алғашқы көмектi көрсеткен кезде жараға тиетiн нәрселер – инфекция жұқтырмас үшiн асептикалық таңғыш салады. Өйткенi, бұл таңғыш жараны микробтардан қорғайды.

       Жараларды сумен жууға болмайды. Оны таңар алдында айналасын иодпен немесе спиртпен тазартып сүрту керек. Содан соң жараға зарарсыздандырылған таңғыш салады. Қолда бар болса дербес пакет салған дұрыс.
      Таңғыш үшiн мақта мен дәке қолданылады. Бинт пен мақтадан таңғыш жасалады. Оның ылғал жұтқыш қасиетi жоғары. Қан тоқтатуға арналған дәкелер антисептикалық заттармен байытылған, мұндай дәкелер қанды 2-7 минут аралығында тоқтатады.

       Бинт ұзындығы 2-3 метр, енi 2,5-20 см аралығында. Бинттiң сырт жағын ораған кезде денеге қарайтын жерiн арқасы деп, ал 2-шi бетi iш жағы деп аталады.
       Ал мақталар екi түрлi болады. Бiрiншiсi жай мақта, екiншiсi ылғал жұтқыш. Бұл мақтаны жарақатты таңуға жиi қолданады. Себебi ылғал сорғыштық қасиетi өте зор.

Таңғыштарға клеолды таңғыш, созылмалы торлы түтiкше таңғыш және желiмдер пластырлы таңғыштар БФ-6 желiмi жатады. Қан ағып тұрған жараға зарарсыздандырылған таңғыш таңылады немесе үтiктелген таза мата жабылады. Олардың үстiнен кiшкене бинт пен мақтадан жасалған бинт оралады. Таңғышты ораған кезде дымқылданып қалмағаны дұрыс.

Қысылған бинттi зардап шегушiнi ауруханаға жеткiзгенше шешпеу керек. Егер таңғыш оралмаса, жарақатқа инфекция түсуi мүмкiн. Сөйтiп жарақат инфекциялық iрiңдi зақымға айналып кетедi. Мұндайда жара iрiңдеп, ауырады, айналасы терiсi қызарып iсiнедi. Егер iрiң терi астындағы шелге жанылса, онда терiде қызыл жолақтар пайда болып лимфа тамырлары қабынады. Мұны лимфангоит деп атайды. Ол шап, қолтық бездерiн шошындырады. Ірiңдi жара ұлғайған кезде ауру жағдайы нашарлайды, дене температурасы көтерiледi, тамыр соғуы жиiлейдi, денесi қалтырайды. Ірiңдi жара ұзақ уақыт жазылмаса инфекциялар қанға өтiп, сепсиске ұшыратады. Ірiңдi жара көбiнесе стафилакокк, стрептококк, протеин iшек таяқшасы сияқты микроб әсерiнен пайда болады. Бұдан басқа микробтарда жарада өсiп-өнiп ауру туғызады.   Бөлімшені медициналық тексеруге бөлімшенің командирі, ал медициналық қарауға ротаның старшинасы алып келеді.

Қызметін келісім–шарт бойынша өткеруші барлық спортшылар, бапкерлер медициналық тексеруге қатысуға міндетті. Бағыныстыларының денсаулығы туралы байқауларын олар дәрігерге  хабарлауы тиіс.

Медициналық тексерулердің нәтижелерін дәрігер медициналық кітапшаларға енгізеді. Денсаулығының жай-күйі бойынша ұдайы диспансерлік бақылауға мұқтаж спортшылар есепке алынады және мерзім сайын оларға медициналық тексерулер жасалады. Бөлімшенің командирі жеке құраманың медициналық тексерілумен толық қамтылуына жауап береді. Әлде бір себептермен медициналық тексеруден өтпей қалған спортшыларды, жаттықтырушы дереу тексеристен откізуге жібереді.

Баласының жақсы спортшы болып шығуы үшін ата-аналарының да сауатты болулары керек. Әрине қай ата-ана болса да баласының спортпен айналысып, денінің сау болғанын қалайды. Бірақ күнделікті жұмыста көріп жүргеніміздей, кейбір ата-ана балаларын орынсыз мәжбүрлейді. Туғаннан жүрегі ауыратын баланы спорт залына жетектейді. Күреске немесе боксқа қабылдауымызды өтініп, тұрып алады. Онсыз да жүрегінің немесе бауырының, бүйрегінің кінәраты бар баланы спортқа тықпалаудың еш қажеті жоқ.

Сондай-ақ, кейбір спорт түрлері бойынша баланы кішкентай кезінен қосуға болмайды. Өйткені баланың, қазақша айтқанда, бұғанасы бекіген жоқ, ағзасы толық даму деңгейіне жеткен жоқ. 6-7 жастағы баланы шығыс жекпе-жектеріне апарып беру оның еттерінің ерте созылуына, ағзада күрт өзгерістердің болуына апарып соқтырады. Сондықтан баланы қай спорт түріне беруді, неше жастан апару керектігін спорттық дәрігерлермен ақылдасып алғандары жөн.

Сонымен қатар спортшылар жасы келгеннен кейін спортпен мерзімінде қоштасқандары дұрыс

 

2.2 Жоғары мамандандырылған медициналық және  амбулаторлы-емханалық көмек көресету

 

Жоғары мамандандырылған медициналық көмек  – бұл азаматтарға ауру кезінде диагностиканың ең қиын әдістерін қолданғанда немесе емдегенде, сол сияқты медицинаның ғажайып технологияларын қолдануымен көрсетілетін медициналық көмек:

  • Алғашқы медициналық көмектің немесе клиникалық диагнозын көрсеткен медициналық ұйымның жолдамасы;
  • Қажетті тексерістердің қорытындысы (жалпы зәрді талдау (анализ),жалпы қанды ажырату, ішек құрты жұмыртқасына нәжісті талдау, кеуде клеткасына флюорография,электркардиограмма);
  • Зертханалық және аспаптық тексерулердің нәтижесінде, жолдама берілген диагнозы немесе операция алдындағы зерттеудің қорытынды диагнозы; барлық қажетті құжаттарды ұсынған соң, аймақтық ЖММК комиссиясы өтініш қаралған азаматқа ЖММК-тің маңыздылығын анықтап, оның денсаулық жағдайына, қажетті медициналық зерттеуге қарап, есеп формасын беруге шешім шығарады.

Мамандандырылған медициналық көмекті бейінді медициналық денсаулық сақтау ұйымдары консультациялық-диагностикалық, стационарды алмастыратын көмек немесе стационарлық медициналық көмек нысанында көрсетеді.

 Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен емдеуге жатқызу жағдайларының жоспарланған санының шеңберінде пациенттің медициналық ұйымды еркін таңдауға құқықтарын есепке ала отырып, жүзеге асырылады.

Жоғары спорттық нәтижеге жету және жаттығуды орындағандағы
жоғары үнемділік жөнінде сөз болғанда, ал бұлар болса қимыл дағдысының
(орыңдау тәсілі) жетіктігіне көп байланысты болғандықтан, машықтандырушы
(тренирующие) жаттығуларды сұрыптап, оларда арнайылылық принципі басты рөл атқаруы керек.

Медицина мамандарының айтуы бойынша жеке дәрі салынған қорап әрбір жанұяда, мекемеде, көлікте және т.б жерлерде болуы тиіс. Жиі жеке дәрі салғышта тек қана ұсынылған ең аз дәрілер жиынтығы емес, әртүрлі кездерде дәрігердің рецепті бойынша алынған дәрілер бар болуы қажет.

Дәрiнiң сақталу процесінде белсендi еместері шiри алады, басқа мағынада  зәрлi өнiмдер. Дәрi препараттардың қойылған ережелер және сақтау мерзiмі өте маңызды. Рецепттер бойынша да, зауытта жасалған да жеке дәрiханалардың құрастыруында дәрiгерлердiң барлық дәрiсiнің белгiлерiнің ерекше орын алатынын еске сақтауы керек. Пайдаға асу мерзiмi көрсетiлген зауыт жасауының дәрiлерiнде арнайы белгiде  болу керек. Егер препараттың пайдаға асу мерзiмi көрсетiлмесе, онда ол бес жылдан астам сақталуға болмайды.Әрбiрi дәрiхана сақталған дәрiлерді жарты жылда қарап шығу керек, бірақ сиректеу емес. Сырт пiшiн өзгерткен дәрiлер белгiлерсiз, айқын емес белгiлермен сонымен бiрге қасында пайдаға асу мерзiмі бiтетiн дәрiлерді жоюға тиісті. Сонымен бiрге олар балалардың қолында үйтпеу үшiн белгіболу керек.   Сұйық дәрiлер, таблетка және ұнтақтар канализацияларға қотарып немесе оларды төгедi.

Жоғары мамандардың айтуы бойнша споршылардың организміне оқу-жаттығудың тиімділігі жаңа құрылымдық негізде көтерілуі керек. Шындығында ол солай болады. Ондай нанымды деректерді спорт тәжірибесі береді. Жаттықтыратын жүктемелердің өсу үрдісі демалыс кезеңінде организмнің қызметтік қабілеттілігін көтеретін осы заманда шыққан тиімді амалдар мен құралдар, ақыр аяғында, спортшылардың бейімделу мүмкіндіктерін көтерді. Осыдан 10-15 жыл бұрын спортшылардың шамасы келмейтін жүктемелер, осы күндері нормаға айналды. Жаттығу микроциклдерінде жүктемелер мен демалыстарды ұтымды алмастыру, қалыпқа қайта келуді жеделдетеді.

Қазіргі спортта күніне екі-үш сағаттық сабақтар мүмкін болды, ал бастапқы деңгейден асыра құрылу 24-36 сағатта жүзеге асты. Жаттығудың әсерінен спортшылардың өзгерген организмнің күйі, құрылымдық қордың толуы, ішкі және сырткы жағдайларында жаттықтыру процесін басқаруды жүйелілік негізде жүргізуге мүмкіндік туды. Басқаша айтқанда, осындай жағдайда спортшы өзіне тән ерекшеліктері бар субъект ретінде де, жаттықтырушы әсердің объектісі ретінде де қаралады.   Мұндайда жоғары спорттық нәтижеге әсер ететін жеке факторлар рөлін артық немесе кем санауға болмайды.

Спортпен шұғылдану барысында спортшы қаңқасында ерекше өзгерістер туады. Оның үстіне шұғылдануды ерте бастау өзгерістердің қатты білінуіне әкеледі. Спорттық жарыс жаттығуларының топтамасы жоғарғы нәтижеге жету үшін бағытталады: биікке секіру, найза лақтыру, спорт ойындары, жүгіру, жүзу.

        Спорттық жаттығулардың көптігі оларды жіктеуді қажет етеді. Физиологиялық жіктеу функционалдық ұқсас жаттығуларды топтайды. Бір жағынан орындау тәртіптері, машықтанудың құралдары мен әдістемесі ұқсас жаттығулар топтастырылады. Екінші бір жағынан, машыктану кезінде  организмнің физиологиялық мүшелерінің, жүйелерінің функционалдық мүкіндіктерін жетілдіру үшін ісқе пайдаланылатын жаттығулар біріктіріледі.  Мысалы, жүрек-қантамыр және тыныс жуйелері төзімдітіктің негізінде жататын болғаңдықтан, әртүрлі жаттығуларды осы бір топқа жатқызады: ұзаққа жүгіру, велосипед тебу, жүзу, шаңғымен жүгіру.

Жергілікті (локальдық), аймақтық (регаональдық)және глобальдық жаттығулар.

         Жаттығуларды іске асыруға қатысатын белсеңді бұлшық ет массасының көлеміне орай олардың барлығы жергілікті, аймақтық және глобальдық деп үш топқа бөлінеді.

Жаттығуларды орындауға дене еттері массасының үштен бірі қатысса, жергілікті жаттығулар деп аталады (садақ, пистолет ату, кейбір гимнастикалық жаттығулар).

Жаттығуларды орындауға дене еттерінің үштен екісі қатысса, аймақтық жаттығулар деп аталады. (қол, жоғарғы иық беддеу, дене еттерімен жасалатын гимнастикалық жаттығулар және т.б.)

Жаттығуларды орындауға дене еттерінің жартысынан артық массасы қатысса, глобальдық жаттығулар деп аталады. (жүгіру, есу, велосипед тебу жөне т.б.). Спорт жаттығуларының көбісі глобальдық жаттығуларға жатады.

Орындауға қатысатын негізгі еттердің жиырылу түріне орай, барлық жаттығулар статикалық және динамикалық деп бөлінеді.

         Бұлшық ет әрекетін оттекпен, қоректік және биологиялық белсенді заттармен қамтамасыз етуді жүрек-қантамырлар жүйесі орындайды. Жоғары дене жүктемелері осы жүйенің барлық бөлімдерінде қайта құрылу процестерін туғызады. Бірінші кезекте бұл жүректе пайда болады. Жүрек жұмысының артуы миокардтың гипертрофиясы мен камераларының кеңеюіне, соның салдарынан оның размерлерінің ұлғаюына әкеледі. Миокардтың гипертрофиясы спортшылар жүрегінің ерекшелігі болғанымен, алайда күш пен икемділікке машықтанушыларда ол аса жақсы білінбейді және рентгенодиагностика әдісімен анықталмайды, ал төзімділікке машықтанушыларда ол өте айқын білінеді. Миокард гипертрофиясының дамуында жеке алғышарттар да болуы мүмкін. Дені сау, спортпен шұғылданбайтын адамдар жүрегінің салмағы орташа 270-280 г, ал спортшыларда – 310-500 г. Жүрек массасы мен оның камераларының сыйымдылығы араларында тура байланыс жоқ. Жүрек массасының ұлғаюы бұлшық ет клеткаларының – кардиомиоциттерінің гипертрофиясымен ілесе жүреді: олардың көлденеңі 25-35 мкм жетеді. Кардиомиоциттер гипертрофиясы олардың қызметін нашарлатады, себебі клетка көлемі мен оның бет аумағының қатынасы бұзылады.

Халыққа амбулаториялық-емханалық деңгейдегі мамандандырылған медициналық көмек тәуліктік бақылаусыз диагностика мен емдеудің арнайы әдістерін талап ететін аурулар кезінде амбулаториялық-емханалық ұйымдар көрсетеді. Амбулаториялық-емханалық деңгейдегі мамандандырылған медициналық көмек стационарды алмастыратын көмек түрінде көрсетілуі мүмкін.

Пациенттің жергілікті деңгейдегі медициналық ұйымда стационарлық емдеуге айғақтары болған жағдайда амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігері «Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіпте Емдеуге жатқызу порталы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызуды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 3 шілдедегі бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тіркелімінде № 6380 тіркелген) бекітілген денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіпте Емдеуге жатқызу порталында (бұдан әрі — Емдеуге жатқызу порталы) жолдама тіркеледі және оны пациентке береді.

Медицина тәжірибесінде оқиғалардың мән-жайы, әсіресе, тергеу басталған кезде көбінесе беймәлім болып қалады. Сондықтан қалай зақымданғандығын және зақымдардың сипаты мен ерекшеліктері бойынша олардың жасалған мерзімдерін анықтаудың зор маңызы бар.

Медицина травматологиясының негізгі міндеттерінің бірі — зақымдардың сипаты негізінде жарақат салынғандағы құралды анықтау. Әсіресе әр түрлі доғал заттармен немесе құлау салдарынан соғылып жарақаттанған жағдайларда зақымдалудың себебі мен қалай болғанын анықтау өте қиынға туседі.

Сондықтан соққының күші мен шапшаңдық мөлшерін қолдана отырып, дененің эксперименталдық зақымдануын зерттеу мен алынған зақымдардың морфологиясын кейіннен зерттеудің маңызы зор. Эксперименталдық зақымдану Морфологиясын күнделікті өмірде кездесетін ұқсас зақымдармен салыстыру сот травматологиясы мәселелерін шешуге көмектеседі.

Мәселен, сот медицинасының мамандары мөлшерленген динамикалық және статикалық күш түсіру жағдайында бас сүйегі мен омыртқалардың зақымдануын модельдеу жөнінен кешенді түрде көп жүмыс жүргізді. Бұл жұмысқа олармен бірге травматологтар, анатомдар, физиологтар, спорт және авиация медицинасының мамандары, инженерлер мен математиктер қатысты.   Денені автомашина басып кеткенде немесе соғып кеткен кезде автомобиль кабинасы ішінде, сондай-ақ жазық жерге құлаған жағдайда баспен соғылған кезде алынатын жарақат сияқты бас сүйегі мен омыртқалар зақымдануының бірқатар модельдері жасалды. Бүл әдістемелер соғылысу шапшаңдығына, соққылардың күшіне, пайда болатын салмаққа, бастың және соғылысатын беттерінің серпімділік қасиеттеріне (қалпына келу коэффициенті) қарап, қозғалып келе жатқан дененің басы мен омыртқасының зақымдануьн туғызады.

Спортшылардың организіміне  әсер ететін күштердің нақты ауқымы мен пайда болатын зақымдардың (сызаттардың, жаралардың, сынықтардың, атап айтқанда, бас сүйек шытынауының шоғырлануы мен бағыттарының және т. б. ) ерекшеліктері арасындағы белгілі бір заңдылықтарды анықтайды. Ашылған заңдылықтар аңғарылған зақымданулар бойынша, соның ішінде бас сүйек сынықтарының ерекшеліктері бойынша жарақат механизмі мен әсер ететін күштердің ауқымын іс жүзінде анықтауға мүмкіндік береді.

Біздің елімізде әр азамат кепілденген мөлшерде тегін медициналық көмек алуға құқы бар (КМТМК).

Кепілденген мөлшерде тегін медициналық көмек  ҚР азаматтарына және мемлекеттік бюджет қаражатындағы оралмандар көрсетілетін медициналық көмектің түрін, көлемін, медициналық көмек көрсету жағдайын анықтайды.

Тегін мдициналық көмектің мөлшерін халықтың сұранысын сараптау негізінде ертерек, алдағы қаржы жылында анықтайды.

Кепілденген медициналық көмекке кіретін (КМТМК) медициналық көмектің түрлері  мыналар: аса көп тараған ауруларды нақтамалау (диагностикалау) және емдеу, сол сияқты жарақат, улану немесе басқа да шұғыл жағдайларда; санитариялы–гигиеналық, эпидемияға қарсы шаралар мен аурудың алдын алу; гигиеналық оқу және халықты тәрбиелеу; отбасын қорғау; аналық, әкелік және балалықты қорғау; халықты қауіпсіз сумен және рационалды (үлестірмелі)тағаммен қамтамасыз ету.

Амбулаторлы-емханалық көмекке алғашқы білікті медика-санитариялық және арнайы медициналық көмек, азаматтарға госпитализациясыз (жатқызусыз) көрсеткен көмек жатады. Амбулаторлы-емханалық ұйымның қызметі азаматтарға көмек көрсетуде олардың тұрған орындарында қолайлы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету, олардың өз таңдауларына құқылығын есепке алу мақсатына құрылған.

Көмек учаскелік терапевтермен, педиатрлармен, акушер-гинекологтармен, жас өспірімдер кабинетінің дәрігерімен жалпы тәжірибе дәрігерлерімен, фельдшермен, акушеркамен, медициналық қызметкерлермен және арнайы мамандармен көрсетіледі. Мамандардың қызметіне денсаулық сақтау өкілетті ұйымдарының бекіткен стандарттарына сай келетін сақтандырушылық, диагностикалық және емшілік қызметтер жатады.

Стационарды ауыстыратын медициналық көмек – бұл медициналық көмек көрсетудің стационарлық бөлімнің күндізгі (палатада) болуы, емдік және сауықтыру қызметтерін көрсеттін емхананың күндізгі стационары, денсаулық сақтау ұйымындағы үйдегі стационар.

Стационарды ауыстыратын бөлімдердің салалары: хирургиялық, акушерлі-гинекологиялық, терапевтік ,педиатрлық.

Спортшыларға  жедел медициналық көмекті денсаулық сақтау ұйымы, сол сияқты апат жағдайларда, жарақат, улану кездерінде немесе басқа ауру жағдайларында медициналық тәжірибеден өткен жеке тұлғалар шұғыл медициналық көмек көрсете алады. «Шұғыл» медициналық көмек дегенге барлық патологиялық жағдайда жедел, ішкі және сыртқы факторлармен, жағдайының өте ауырлығына қарамастан, тез диагностикалық немесе емдік қызметтерді көрсету жатады.  Жедел медициналық көмек мемлекеттік бюджет есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарына, сол сияқты осы территориядағы азаматтығы жоқ шетел азаматтарына тегін көрсетіледі. Жедел медициналық көмек көрсету ұйымына ақылы қызмет көрсетуге тыйым салынады.

Арнайы медициналық көмек азаматтарға арнайы диагностика әдісін, емін және ауыр медициналық технологиялық әдістерді пайдалану арқылы көмек көрсетеді. Арнайы медициналық көмекті көпсалалы денсаулық сақтау ұйымдары, медициналық және дәрігерлік қызметке лицензиясы бар, амбулаторлы-емханалық немесе стационарлық (жатып емделу) ұйымдар көрсете алады. Халыққа амбулаторлы-емханалық деңгейдегі стационарды ауыстыратын технологиялармен, арнайы медициналық көмек көрсете алады.

         Ауруды шұғыл жағдайлармен жатқызу керек болса, арнайы жедел жәрдем көмегімен стационарға немесе амбулаторлы-емхананың санитариялы автокөлігімен медициналық қызметкерлердің қатысумен жеткізу керек. Ауруларды жатқызу бөлімдегі кереуеттердің санына сай жүргізіледі.

Ерекше күтімді қажет ететін үш жасқа дейінгі, сол сияқты жоғарғы жастағы балаларды, анасымен немесе басқа күтетін тұлғалармен жатқызуға рұқсат етіледі. Баланы күтетін стационарда жатқан тұлғаны немесе анасын кереуеттік орынмен, тамақпен қамтамасыз етеді. Тегін арнайы медициналық көмектің кепілденген көлемінің көп болуы Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес ақылы негізде көрсетілуі мүмкін. Белсенді өмір, дене жаттығуларымен жүйелі түрде шұғылдану, бүтін организмде және оның мүшелері мен жүйелерінде функционалдық және құрылымдық өзгерістерді  туғызумен бірге жүреді. Адаптациялық өзгерістер қысқа мерзімді де, ұзақ мерзімді де болып келеді. Мысалы, егер-де адам дене жаттығуын орындаса, жүрек соғысы, тынысы жеделдейді, қан қысымы көтеріледі. Жүктемеден соң олар бұрынғы қалпына келеді, демек, өзгерістер қысқа мерзімді. Бұлшық ет жұмысы тек еттер белсенділігін талап етіп қоймайды, осымен қатар, қимыл қозғалыстарды реттеп тұратын жүйке клеткаларының белсенді күйін талап етеді. Дене жұмысы көп энергия шығынымен байланысты және осыған орай организм тіршілігінің көптеген жақтарына елеулі әсер етеді. Зат және энергия алмасу көтеріледі, организмге келетін оттек мөлшері көбейеді, жүрек-қантамырлар және тыныс жүйелері ширыға жұмыс істейді.

Бұлшық еттер әрекеті қанайналым, тыныс, тірек-қимыл аппараттарында елеулі функционалдық та, құрылымдық та өзгерістер туғызады. Мысалы, жүрек, қаңқа еттерінің физиологиялық гипертрофиясы, сүйектер мен байламдар құрылысы өзгереді. Жүйелі машықтанулар нәтижесінде организмнің бейімділік қасиеті жақсарады. Физиологиялық гипертрофия жүрек массасын 20-40% көбейтеді. Патологиялық гипертрофиядан ерекше, мұнда жүрек массасының ұлғаюына капиллярлық жүйесі пропорционал өседі.

Адаптация функциялар үнемділігімен бірге жүреді. Мысалы, шартты тыныштық жағдайда шамалы гипертрофиясы бар жүректің зат алмасуы төмендеу, брадикардия білінеді, минөттік көлемі азайған. Жаттықпаған жүрекке қарағанда, жаттыққан жүрек 15-20% үнемді жұмыс істейді.

Бұлшық ет әрекеті организмнің түрлі жүйелерінде ұзақ мерзімді іздер қалдырады. Қайталанған жүктемелер, сол іздерді тереңдете түседі және оның қызметтік қабілеттілігі көтерілуін қамтамасыз ететін, айқын биохимиялық, морфологиялық және функционалдық қайта құрылулардың жүруіне септігін тигізеді [4].

Биологиялық құбылыс ретінде, бейімделу, жаттыққандық немесе машықтық негізінде жатады. Спорттық машықтануды жоспарлауда ең бастылардың қатарына жүйелілік пен беріктік принциптері жатады. Олардың іске дұрыс асуы барысында, қимыл дағдыларының жетілуіне және организмнің функционалдық мүмкіндіктерінің көтерілуіне жағдайлар туады.

Әр бағытты дене тәрбиесі белгілі бір тіршілік ситуацияларында, организмнің іштен туа біткен задаткаларын пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз етеді және ол үшін, сол задаткаларды бірге дамыту қажет деп, Л.А.Орбели санаған.

Әрбір организм екінші біреуінен қасиеттерімен дараланатын болған соң, ортаға бейімделу де жекеше жүреді. Мысалы, машықтықтың физиологиялық көрсеткіштері адамның жеке ерекшеліктеріне тәуелді. Бір спорт түріне маманданып жүрген спортшылардың өзінде, бірдей көрсеткіштердің айқындылығы әрқалай болуы мүмкін. Төзімділіктің брадикардия сияқты тұрақты көрсеткіші, кейбір жоғары дәрежелі жүргіруші- стайерлер мен шаңғышыларда білінбейді. Әртүрлі адамдардың жүктемеге бейімделуі әртүрлі жүруі мүмкін. Бір спортшының оттекке мұқтаждығы жұмыста, негізінен, тыныс есебінен қанағаттандырылса, екінші біреуінің мұқтаждығы қанайналымы есебінен болады.

 

  • Спортшылардың жарақаттарын емдік дене тәрбиесі, емдік гимнастика және массаж арқылы емдеу

 

Жарақаттарды медициналық бақылаудан өткізгеннен кеиін, асқындырмай толық жазылып кетуі үшін емдік гимастика мен массажды тағайындауға болады. Массаждың әсерінен бұлшық ет оттегімен және  қоректік заттармен қамтамасыз етіледі. Қаңқа бұлшық ет құрамында сезімтал және қимылдатқыш нейрондары бар нервтер орналасқан.  Массаж жасаған кезде терінің, бұлшық еттің рецепортларынан шыққан импульстар сезімтал нейрондардың бойымен орталық нерв жүйесіне беріледі. Импульс қимылдатқыш нейрондар арқылы жұлыннан бұлшық етке өтеді де, соның нәтижесінде ол жиырылады. Сөйтіп, денеде бұлшық еттің жиырылуы рефлекс арқылы жүзеге асады.

Ұзақ уақыт дене еңбегімен тынымсыз жұмыс кезінде бұлшық еттің жұмыс істеу дәрежесі біртіндеп кеми береді. Жұмыс барысында уақытша жұмыс істеу дәрежесінің кемуі қажу деп аталады. Массаждан соң бұлшық еттің жұмыс істеу қабілеті қалпына келеді. Массажды белгілі ырғақпен орындаған кезде жиырылу аралығында ішінара тынығып ала алатындықтан бұлшық ет ұзақ уақыт қажымай жұмыс істейді. Бұлшық еттің жиырылу ырғағы оған түскен күштің шамасына да  байланысты; күш неғұрлым көп түссе, бұлшық ет соғұрлым тез қажиды.

Массаждың көмегімен бұлшық ет арқылы ағып өтетін қан оған қоректік заттар мен оттегінің жеткізілуін жылдамдатып, көмірқышқыл газы мен басқа ыдырау өнімдерін шығаруға асығады.

Қолданған тәсілге байланысты жиырылу – созылу, босау бір-бірімен кезектесіп отырады. Мәселен, қысқа мерзімде, екпінді жасалған массаждан бұлшық ет қатты жиырылса, үстіртін сипаудан – босаңсиды.

Массаждың  қасиетін, методикасын, негізін білмей қолдану – адамға зиян  келтірумен бірдей. Кейбіреу сол массаждың қандай бұлшық етке салмақ  түсіргенін тіпті сезбейді. Сондықтан массаж жасар алдында әр адам анатомияны тыңғылықты бір қарап шығу керек. Тек сонда ғана қолдың шипасы тиеді.

Массаж дененің  барлық бөлшегіне әсер етеді. Теріден бастап, тамырлар мен бұлшық еттердің, ішкі ағзалардың бәрін қамтиды. Теріде орналасқан нерв талшықтарының ұштары адамның сезімталдығын арттырады. Массаж адамның қандай мүшесіне әсер етсе де, тек сол тері арқылы ғана жетеді. Теріден өткен массаждын әсері басқа органдарға беріледі. Оның методикасына, жылдамдығына, ырғағына, мөлшеріне байланысты ішкі ағзалар әр  түрлі  күйге түседі: бірде босаңсиды, бірде қатайып, шынығады т.б.  Массаж, әсіресе,  жоғары нерв жүйесін өзгертіп отырады, ал ол өзіне қатысты барлық мүшелердің қарым-қатынасын реттейді.

Қолданылатын тәсілдер: сипау, ысқылау, жұмсарту, дірілдету.

Мойынға массаж жасау. Мойынның терісі алдыңғы жағы өте нәзік, жұқа, ал желке жағы қалың болып келеді. Екі қапталында тері және тері астындағы шелді қабат бұлшық етпен бірге бітіп кеткен. Әсіресе, екі жақтан  белдеуленіп  шығып тұрған, білік сияқты,  қиғаштай тартылған бұғана – төс – емізікше бұлшық еттің үстін мойын еті жауып жатыр.

Мойында ірі қан тамырлары және лимфа түйіндері мейлінше көп орналасқан. Массаж жасағанда тек мойынның терісі емес, көмей, көмейге қатысты тамырлар мен нервтер, бұлшық еттер – бәрі қамтылады. Мойынның  жұмсақ   етін  массаждау үшін, ауру адам басын артқа жіберіп  орындыққа отырады. Массаж жасаушы алдына не жанына орналасады.

Кейінгі кезде адамдар арасында бас ауруы,  ұйқы бұзылу, көңіл-күй  ауытқу  сияқты белгілер жиі байқалып жүр. Оған, әлбетте көп себептер бар.  Ішкі ағзалар ауруы бір басқа, сыртықы ортада болып жатқан өзгерістер тағы басқа. Осының бірі болмаса, екіншісі адамға әсер етіп, жоғарыда көрсетілгендей белгілерді білдіреді. Дәрігерге барып ауруды анықтап алғанша бірсыпыра уақыт  кетеді, адам, тіпті әлсіреп те қалады. Міне,  осындай кезде массаждың пайдасы ерекше.

Массаждың қандай түрін қолданса да алғашқы кезде, аурудың кезеңін, ауырлығын, науқастың  жағдайын ескеру  қажет. Сол сияқты, бірінші  күндері өте аз, қысқа, жеңіл  жасайды. Мұнда адамның  массажға деген сезімталдығын анықтап алады. Егер 3-4 массаждан соң, дене онша сүйсінбей,  ауру тәуірленбесе, онда әрі қарай  әуреленудің пайдасы жоқ. Мұнда тек дәрігердің тұжырым қажет.  Нүктелі массаж қолданса, биологиялық активті нүктені (БАН) анықтап алады.

Медицина ғылымдарының кандидаты  В.И. Дубровскийдің «Нүктелі массаж»  атты (1986)  кітабында, адам бойында 695 нүкте бар екенін, оның қазір тек 140- 150-і ғана пайдаланылып  жүргенін келтірген.  Сол нүктелерді дәл тауып, дұрыс массаж жасағанда адамды көп аурудан арашалап қалуға мүмкіндік бар. Соңғы жылдары ел арасында жиі кездесіп жүрген індеттің бірі – демікпе (бронхиальная астма). 

Емдік гимнастика – медицинаның дене тәрбиесіне қатысты үлкен бір саласы. Оның теориялық негізі медициналық-биологиялық және педагогикалық ілімдер. Сондықтан оның зерттеу әдістері  физиологиялық, клиникалық және педагогикалық  ғылымдардың негізінде құрылған.  Мұның өзі  әр түрлі жаттығулардың  адам денесіне тигізетін әсерін, нәтижесін, тиімділігін анықтауға жол ашып береді. Сол сияқты емдеу гимнастикасының жаңа  методикасын айқындауға мүмкіндік туады.

Дене жаттығулары – емдік гимнастиканың басты құралы. Адам өмірінде маңызды роль атқаратын бұлшық  еттердің қызметі осыған негізділеген.  Организм біртұтас дүние екенін  барлығымыз білеміз, ішкі ағзалар мен сыртқы бұлшық еттер тығыз байланыста болса, жоғары нерв жүйесі (ми қыртысы) бәрін қадағалап  бір жобаға салып отырады. Сондықтан қимыл-қозғалыстың тапшылығы (гиподинамия) әр түрлі аурудың пайда болуына әкеп соғады.

Қазіргі ғылыми-техника жетістігі адамдарды ауыр жұмыстан, қарапайым үй тіршілігіндегі қимыл-қозғалыстан (шөп шабу, отын жару, жер қашау) қол үздіріп отыр.

Өндірісті автоматтандыру мен шаруашылықты механикаландырудың кеңінен орын алуы адамдардың ой еңбегінің артуына, дене еңбегінің кемуіне душар етті. Күнделікті өмірде транспорттың көбеюі, лифтінің пайда болуы және  теледидар алдында ұзақ уақыт қозғалыссыз отыру да организмге зиянды әсер етеді. Ол дағдыға айналып  кеткен соң, оған, тіпті, мән де берілмейді. Адамның аз  қимылдауы – бұлшық еттердің дәрменсіз қалуы, қан айналысының  нашарлауы, ішкі ағзалардың қызметі төмендеп, зат алмасуы бұзылды деген сөз. Қимыл-қозғалыстың тапшылығынан жүйке-тамырға, жүрекке айтарлықтай күш түседі. Мәселен, қан айналымы әлсіреп, жүрек-тамыр  аурулары байқалады, буындардың  қозғалысы кеміп, өмыртқалар арасындағы шеміршек жұқарып, семіп, остеохондроз және т.б. ауруларға шалдыруға мәжбүр етеді.

Емдік гимнастиканың басқа емдеу әдістерінен ең үлкен айырмашылығы – науқас оны барлық  сана-сезіммен, зор ықыласымен белсенді түрде орындайды.

Қолданған емнің қандай түрі болса да оған шын көңілмен сеніп  қабылдаса, оның шипа болуына күмән жоқ.

        Дене шыныктырумен және спортпен жүйелі шұғылдану организмнің
жүктемеге бейімделуіне әкеледі (арнайы бейімделу). Арнайы бейімделудің
негізінде машықтанудың нәтижесінде пайда болатын морфологиялық,
функционалдық, метаболизмдық өзгерістер, функциялардың жүйкелік,
гормоналдық, клеткалық реттелуінің жетілуі жатады. Айтылған өзгерістер
машықтанудың күшті әсерлері (тренировочные эффекты). Олар организмнің
жаттықтыратын, жетілдіретін (тренируемой), еттер әрекетін қамтамасыз
ететін және соның салдары ретінде дене (физикалық) дайындығы
(тренировинность) дәрежесінің көтерілуіне, спорттық нәтиженің өсуіне себеп.

Жаттығудың күшті әсерін айкындайтын факторларды талдағанда,
мынадай физиологиялық заңдылықтарды бөлуге болады:

1) Жаттығудың негізгі функционалдық күшті әсері;

2) Жаттығудың кушті әсері туу ушін жүктеменің табалдырықты (сын) дәрежесінде болуы;

3) Жаттығу күші әсерінің арнайылылығы;

4) Жаттығу күші әсерінің қайтымдылығы;

5) Жаттығу күші әсерінің дәрежесін айқындайтын, жаттыққыштық.

Жүйелі түрде белгілі бір (немесе бірнеше) дене жаттығуларын орындау негізгі екі оң функционалдық әсерлер қалдырады:

1) машықтандырушы жаттығуды орындауды қамтамасыз ететін бүтін организмнің және оның жетекші жүйелерінің функционалдық мүмкіндіктерін
күшейту;

2) машықтандырушы бұлшық ет әрекетін орындау барысында бүтін
организм мен жетекші жуйелерінің тиімділігін (үнемділігін) көтеру.

Бірінші күшті әсер туралы шекті (максималды) тесттерді
(жаттығуларды) орындаған кездердегі көрсеткіштердің максималды өсуі
мағлұмат береді. Максималды көрсеткіштер организімнің дәл осы бұлшык ет
әрекетін орындау барысындағы функционалдык мүмкіншіліктерінің барынша
жоғары ағымды көрсеткіштері болып келеді. Мысалы, төзімділікті
жетілдірудің кушті әсері туралы организмнің аэробтық мумкіншіліктерінің
барынша жоғары көтерілуі, барынша жоғары аэробты қуаты және барынша
жоғары аэробты сыйымдылығының көрсеткіштері арқылы байқалады (оттегіні
тұтыну шегінде аэробты ет жұмысын ұзақ уақыт істей алу мүмкіншглігі).

Екінші күшті әсерді жетекші жүйелер мен мүшелердің максималды емес
стандартты жүктемелерді орындаған кездеріндегі функционалдық өзгерістердің
шамалы болуы айқындайды. Мысалы, жаттықкан адам мен жаттықпаған адам
бірдей жүктемені орындағаннан кейін немесе бір адамның белгілі бір жаттығу
кезеңінен соң туындаған функционалдық өзгерістерінің (жүрек соғысы
жиілігінде, өкпе вентиляциясында, қаңқа еттерінің жиырылу белсенділігінің
дірежесі мен санында, дене температурасында, лактат концентрациясында,
катехоламиндер мен баска гормондар концентраңиясында, симпатикалық
жүйке жүйесінің белсенділігінде және т.б.) шамалы білінуі және сол жүктемені
орындау барысындағы энергия шығынының төмен болуы (мысалы, оттегін
тұтынудың төмендеуі) байқатады.

Еңбектегі, тұрмыстағы қандай болмасын жүйелі дене белсенділігі
жаттығу деп танылмайды. Егерде мүшелер мен жүйелердің және бүтін
организмнің функционалдық мүмкіндіктерін жоғарылатса, дәлірек айтқанда
дене қимыл-қозғалыстарынан күшті әсерлер (тренировочные эффекты) пайда
болса, мұндай дене белсенділігі жаттығу ретінде танылады. Егерде олардың
әсерлері белгілі бір тітіркендіру табалдырығынан асса, жүктемелер
жаттықтырушы деп танылады. Тек осындай жағдайда ғана жаттықтырушы
жүктеменің күшті әсері пайда болады. Мұндай жаттықтырушы жүктемелер
дәрежесі әдеттеті (қүнделікті) жүктемелер дәрежесінен жоғары болуы шарт.

Сондықтан, табалдырықты жаттықтырушы жүктемелер, үдемелі немесе
дамытушы үстем жүктемелері деп аталады. (жүктемелердің табалдырықты
жаттыұтырушы принципі).

Табалдырықты жаттықтырушы жүктемелерді таңдап аларда ұстанатын
маңызды ережелерінің бірі — осы адамның ағымды функционалдық
мүмкіндіктерімен (дәл осы жүктемеге қажетті жетекші жүйелерге), таңдап
алынған жүктеме ауырлығының сәйкес келуі. Мысалы, бір жаттықтырушы
жүктеме машықтанбаған адамға жаттықтырғыш табалдырығынан жоғары
немесе онымен бірдей болуы мүмкін, ал машықтанған спортшыға ол
жаттықтырғыш табалдырығынан төмен болып, ешқандай жаттықтырушы
күшті әсер бермейді. Демек, педагогикалық дербестік принцип (принцип
индивидуализации) негізінен жүктемелердің табалдырықты физиологиялық
принципіне негізделген. Сондықтан, жүктеме беруде оқытушы (бапкер) дене
шынықтыру және спортпен шұғылданушылардың физиологиялық
мүмкіндіктері туралы мағлұматты болуы шарт.

Жүктемелердің ауырлығын біртіндеп көтеру педагогикалық принципі де
жүктемелер табалдырығы деген физиологиялық принципке негізделген, өйткені табалдырықты жаттықтырушы жүктеме, машықтанушы адамның
функционалдық мүмкіндіктеріне орай акырын көтерілуі керек.

Машықтанудың алдына қойған мақсаттарына қарай (дене дайындығын
көтеру, спорттық нәтижелерін өсіру, денсаулығын нығайту, ауру немесе
жарақаттан кейін жұмыс істеу қабілетін калпына келтіру және т.б.),
дайындықтары, жынысы мен жастары әртүрлі адамдарға берілетін
жаттықтырушы жүктеме бірдей болмауы тиіс. Олардың әрқайыссына сәйкес
жаттықтырушы табалдырықты жүктеме қажет. Мысалы, спортшылардың
спорттық шеберліктерін жетілдіру үшін пайдаланатын абсолютті немесе
шартты жаттықтырушы табалдырықты жүктемелер, денсаулықтарын жақсарту
үшін дене шынықтырумен шұғылданып жүрген адамдардікінен едәуір жоғары
болуы керек. Жаттықтырушы табалдырықты жүктемелер бір жағдайда
организмнің функционалдық мүмкіңдіктерін көтеру үшін қажет болса, екінші
бір жағдайда функционалдық өзгерістерді жеткен деңгейінде ұстап тұру үшін
қажет.

Дене жүктемесінің негізгі параметрлері ретінде оның қарқындылығы
(интенсивтігі), ұзақтығы және жиілігі қаралады. Бұлардың барлығы
жүктеменің көлемін сипаттайды. Параметрлердің әрқайсысы дара рөл
атқарады. Бірак, өзара тығыз байланысты болуы себебінен оларды жекелеп
қарау қиын. Әрбір параметрдің рөлі таңдап алынған көрсеткіштерге тәуелді.

Табалдырықты жаттықтырушы жүктемелер параметрлерінің шартты
маңызы жаттығудың түріне (күштік, жылмдамдық-күштік, төзімділік,
техникалық, ойындық) және жаттығудың мінездемесіне байланысты (үзіліссіз
айналмалы және қайталанбалы-интервалды).

Қандай жарақат болмасын, алғаш басталғанда, адамның мазасын алып, күнделікті  қалыпты өмір тіршілгін  өзгертеді. Жұмысқа деген  қабілеттілік азайып, бойды немқұрайлылық пен самарқаулық билеп алады. Ал жұқпалы індетке тап болса, адамның ыстығы көтеріліп, жүрегі жиі соғып, бас ауруы жиілеп, берекесі кетеді.

Осындай кезде, әлбетте, науқас адамды жылы төсекке, тыныш жеке бөлмеге жатқызып қояды. Өйткені індет асқынып кетуі ықтимал, организмнің ауруға қарсыласуы, төзімділігі кенет  төмендеп кетуі мүмкін.

Дегенмен ұзақ  уақыт  науқасты төсекте қозғалтпай, қимылдатпай жатқызып қоюдың өзі де жақсылыққа  апармайды. Қимылсыз  жатқан денеде неше түрлі жағымсыз жағдайлар болады. Содан бойды аулақ   ұстау үшін, сырқат адам әлі келген кезде  біртіндеп тыныштық пен  қимылдың арасын  жақындату керек. Бұл – науқастың жағдайына, жасына, аурудың түріне,  кезеңіне байланысты шешілетін мәселе.

Емдік гимнастика адам денесіне әсер еткенде күрделі құбылысқа сүйенеді. Ол – жоғары нерв жүйесі мен гуморальды (денедегң   сұйық зат)  реттеуші күштер және моторлы – висцералдық рефлекстер.

Негізінде   емдік гимнастиканың төрт механизмі бар: денені әлдендіру (сергіту), қоректендіру, орнын толтыру, бірыңғайлау немесе  бұрыңғы  қалпына келтіру.

Әлдендіру механизмі. Арнайы тағайындалған жаттығулар нерв жүйесінде тежеу немесе қоздыру процестерін өзгерте отырып орталық күштің жұмысын реттейді.

Қоректендіру механизмі. Буындардан жоғары нерв жүйесіне баратын сезімдер (проприоцептік импульс) вегатативтік нерв  жүйесінің, ішкі құрылыстың қызметін өзгертеді.

Орнын толтыру механизмі. Дене тәрбиесі, әр түрлі жаттығулар аурудың салдарынан солып  қалған мүшені,  бұлшық еттерді  қалпына келтіреді.

Бірыңғайлау немесе қалпына келтіру механизмі. Қандай науқастың болмасын құлан таза айығып кету әркімнің арманы. Бірақ анатомиялық құрылысы қалпына келмеген, кейбір мүшелердің қызметі бірыңғай болмайды. Міне, осы функционалдық қасиетін деңгейіне келтіру үшін барлық аурудан кейін дене  жаттығулармен айналысу  қажет. Тек сонда ғана, жоғары нерв жүйесінің басқару қызметінің басқа органдармен, буындармен, ішкі ағзалармен байланысы түзеледі.

Басқа індеттерге қарағанда ішкі ағзалардың ауруы жиі кездеседі. Оларды  жүрек-қан тамырлары,  өкпе-тыныс жолдары, ішек-қарын, бауыр-өт жолдары, зат алмасу ауруларына бөледі. Ауру жедел, жәй, созылмалы түрде өтеді.

Адам организмі біртұтас дүние екенін ежелден білеміз, сондықтан бір мүше сырқатқа шалдықса, басқаларын қосақтап ала кететін  әдеті бар. Бір жер ауырса, адамның тұла бойы зіл басып, әлсіздік, селқостық, жұмысқа деген ықыласы азайып, немқұрайлылық пайда болады.

Осыған байланысты тек ауруды ғана емес, бүкіл организмді, адамды толық  емдейді.  Сол үшін бірден күрделі емдеу әдісін қолданады. Оған дәрі-дәрмек, тоқпен емдеу, балшықпен емдеу, ине, массаж, хирургиялық операциялар және емдік гимнастика жатады.

Емдік гимнастика  өзінің әлдендіретін (сергітетін) механизмі  арқылы адамға  күш-жігер  беріп,  көңіл-күйін  көтереді.  Бұл адам  ауыр  жараланғанда,  қатты  науқастанғанда,  қайғыға  душар  болып  өзінен-өзі  түңілген  кезде  өте  пайдалы.

Ішкі  ағзалар  ауруында  емдік   гимнастиканың қоректендіру  механизмі  де маңызды  роль атқарады.  Қимыл-қозғалыс  ауру салдарынан туған  кемтікті толтырып,  қан айналымын  жақсартып, зат алмасуын күшейтеді.  Соның нәтижесінде организм  қалпына келеді. Адамның қызметке деген қабілеті артып,  ширақтық пайда болады.

Адам   тіршілігінде  жүрек-қан  тамырлардың атқаратын  ролі ерекше. Бүкіл организм тек  сол  жүрек соғуының арқасында қажетті қоректік заттармен, оттегімен  қамтамасыз етеліп, өндірілген, денеге керексіз заттар шығарылып отырады.  Жүрек кенеттен ауруға шалдықса, бүкіл денеде  айтарлықтай өзгеріс байқалады. Адамның бойында әлсіздік, көңілсіздік, құлықсыздық пайда болады. Жүрек ауруы тез қартайтады, тіпті жүрек  ауруының кейбір  түрі ажалға душар етеді.

Қазіргі уақытта жүрек және қан тамырлары  ауруы өте жиі кездеседі.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, әрбір төртінші  ер адам жүрек инфарктынан, әрбәр жетіншісі – миға қан құйылуынан қайтыс болады. Сондықтан да бұл  аурулар ХХ ғасыр сырқаты деген атақ алып отыр.

      Тыныс жолдары мен өкпе аурулары балалар мен жасөспірімдер  арасында жиі кездеседі. Ал туберкулез  сияқты қауіпті ауру үлкен адамдарға да тән. Кездесетін індеттер: өңештің қабынуы, бронхит, өкпе қабынуы, плевроның қабынуы, демікпе, туберкілез т.б.

Осы аурудың пайда болуына әсер ететін жайлар көп-ақ, соның ішінде  сырттан түсетін микробтар, түтін, шаң-тозаң, улы газдар, өндірістердегі зиянды қалдықтар, суыққа шалдығу, организмнің әлсіреуі, құнарсыз тамақ т.б.  үлкен зиян келтіреді.

Аталған ауруларға тән белгілері бар. Ол: жөтел, ентігу, қақырық түсу, ыстығы көтерілу, әлсіздік пайда болу сияқты белгілер.  Уақытында емделмей, асқындырып алса, аурудың қандай түрі болсын дем жетіспейтін жағдайға  ұшырайды. Ал оның өзі денеде оттегінің тапшылығына, көмірқышқыл газының көбеюіне әкеп соғады. Тек газ айналымы емес, зат алмасуы да бұзылып, кеуденің қозғалысы кеміп, өкпе серпімділігінен айырылып, үлкен зиян шегеді.

Емдік гимнастика басқа әдістермен қосыла отырып қимыл-қозғалыс арқылы тыныс алу мүшелерінін байланыстырады. Тірі адам дем алмай отыруы мүмкін емес, ал ол механизм бұзылса, адамға әр түрлі қиындық бірден сезіледі.

Берілетін жаттығулар ең алдымен кеуде, іш бұлшық еттеріне әсер етеді, одан соң сол кеуде қуысының қимылын ыңғайлайды, тыныс алуды реттейді. Мұның бәрі жоғарыда көрсетілген емдік гимнастиканың механизмдеріне тікелей байланысты.

Көпке мәлім жаттығулармен қоса, ауруға арнайы тыныс алу жаттығулары беріледі. Мәселен, науқас дем алудың тереңдігін, жылдамдығын қадағалайды. Ол үшін әр түрлі буын сөздерді, арнайы әріптерді созып атайды, сонда шығарылған дем ұзақ болады. Ал плевра қабығында, туберкілез не өкпеден бронхының тармақтары кеңіп, ішіне ірің (қақырық) толып кеткенде дренажды (кәріз)  жаттығулар қолданады.

Аз мөлшерде, орташа жылдамдықпен жасалған жаттығулар асқазан сөлін көбейтіп, өттің шығуына, астың қорытылуына, ішек-бұлшық еттерінің жиырылуына ықпал жасайды. Қарқынды, күшейте, үдемелі жасалған жаттығулар ішек-қарын  жұмысын кемітеді; сөлдің шығуын азайтып, ішектің жиырылуын жайландырады.

Емдік гимнастика қарын ішіндегі қан-лимфа айналымын күшейтіп, ақау түскен жерлердің жазылуына септігін тигізеді.

Омыртқа аралық шеміршектірдің, буындардың, сіңір мен сүйектің өзгеруінен пайда болған ауру – остеохондроз деп аталады.

Ми қабының жұмысына бүкіл организмнің өзгерісі әсер етеді. Организмнің құрылыс ерекшеліктеріне қарай  көбіне нерв жүйесіндегі реакциялар соған  сәйкес дамып отырады.

Жүйке зақымдануы негізгі себептері: оқыстан жарақаттану, жұқпалы аурулар, организмнің улануы, зат алмасуының бұзылуы, шаршап-шалдығу, зорлану, эмоциялық факторлар, т.б.  Осындай себептерден денеде әр түрлі өзгерістер  айқындалады. Нерв жүйесі  зақымданған кезде ең алдымен қимыл – қозғалыс, одан соң сезімталдық және трофикалық әсерлер кемиді.

Қимыл – қозғалыс мүлде қозғалмай немесе жартылай қимылсыз қалуына әкеп соғады. Оны паралич және парез, ал халық арасында сал ауруы дейді. Олардың өзі екі түрге бөлінеді: спастикалық немесе   сіресіп қалу және солып қалу. Бірінші түрі   көбінесе ми  қабы қатпарлары зақымданғанда болады. Онда денеде бұлшық еттер мен тарамыстар тыртысып қалады.

Солған паралич  не парез жұлын не шеткері нерв сабақтары  зақымданудың салдарынан болады. Мұндай кезде бұлшық ет  әлісзденіп, семіп қалады, тарамыс  рефлекстері  төмендеп әйтепесе  тіпті мүлде жоқ болып кетеді. Нерв жүйесі ауруға шалдыққанда бұлшық еттердің немесе буындардың қозғалмай  қатып қалуы (контрактура) аңғарылады.

Ал сезімталдық  бұзылған кезде адам ауруды, ыстық-суықты,  теріге тигенді, сипағанды түк те сезбейді. Кейде керісінше  бәрін қатты сезініп кетеді.

Емдік дене тәрбиесі (ЕДТ) деп, дене тәрбиесі құралдарын адамның тез және толық сауығып кетуі үшін қолданылуын айтамыз. Емдік дене тәрбиесі-қазіргі медицинаның жаңа аумағы. Ол өзінің ғылыми негізделуін соңғы уақытта кеңес ғалымдарының еңбегі арқасында алды. Алайда ЕДТ ғылым ретінде оның емдеуге қозғалыстың әсері ертеректе белгілі болмады деген сөз емес.

Қозғалыс пен дене жаттьнулары емдік мақсатта б.ғ. дейінгі ІІ-ІІІ мыңжылдықта ежелгі араб елдерінің, Греция, Үнді, Қытай елдерінің ежелгі халық медицинасында қолданылып келген. Ежелгі Грециада осындай медициналық гимнастика қалыптасты. Оның дамуы «медицина атасы» Гиппократтың атымен тығыз байланысты (б.ғ. дейінгі 410-375 ж.ж.).

Өткен халықтардың жинақтаған, отандық және шетелдік ғалымдардың үздіктерін іріктеп, кеңес медицинасы өзінің өмір сүрген алғашқы жылдарынан бастап-ақ елімізде ЕДТ дамуына белсенді атсалысты. 1922-1924 ж.ж. бастап ЕДТ КСРО-дағы санаториялар мен курорттардың тәжірибесіне енгізілді, көптеген ауруханалар мен емханаларда бөлімдер мен кабинеттер ашылды. 1926 ж. Мәскеу Дене тәрбиесі институтында елімізде тұңғыш рет емдік дене тәрбиесі кафедрасы ашылды, оны осы ауқымдағы медицина ілімінің ғалымы И.М.Саркизов-Серазини басқарды. Дене жаттығуларын түрлі ауруларды емдеуге қолдану үшін әдістемелер жасалып, ендірілді, емдік дене жаттығуларының кешендері құрылып, жұмыс жасап жатыр. 1929 ж. Бастап бірінші отандық басылым «Емдік дене тәрбиесі» Н.А.Семашконың алғы сөзімен жарық көрді (авторлары Б.Я.Шимшелевич, В.Н.Мошков, Р.Т.Никитин).

Қазіргі кезде ЕДТ жарақат пен науқастанудан кейін жоғалған қызметті қалпына келтіру құралы ретінде кеңінен қолданынады.Емдік гимнастиканың бұл басқа емдеу әдістерінен ең үлкен айырмашылығы – науқас оны барлық  сана-сезіммен, ықыласпен белсенді түрде орындайды және түрлі жаттығулар тағайындалады. Емдік гимнастикада күш, жылдамдық, төзімділікті арттыруға арналған жаттығулар тағайындалады. Осы жаттығулардың арқасында ағзадағы бұлшық еттердің барлығы іске қосылып, ағзада қан айналым жақсарып адамдардың денсаулығы жақсарады. 

Осылайша жарақаттарда медициналық көмек көрсеткеннен кейін, еңбекке жарамды толықтай сауығып кетуі үшін массаж және емдік гимнастиканы тағайындауға болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-тарау. Споршылардың жарақаттануын алдына алу

 

 3.1 Споршылардың жеке гигиенасы

 

Жалпы адам жеке басының гигиенасын ұстанса, ол түрлі аурулардың алдын алады дегенді білдіреді. Яғни, дене тәрбиесі және спортпен айналысатындарға арналған ұсыныстар мен гигиена ережесінде бекітілген, ғылыми негізделген дене жүктемесін ұстану қажет, сондай-ақ түрлі жұқпалы аурулардын алдын алады.

Спортшының жеке гигиенасына қандай талаптар қойылады? Адам денсаулығын еңбек қызметі мен тұрмысына қарай нығайтып сақтауға арналған талаптар жеке гигиена негіздерін құрайды. Адам бұлардың көпшілігін балалық шақтан бастап меңгереді. Мысалы, ауа райына қарай киіну, тіс тазалау, тамақ алдында қол жуу және т.б., күн тәртібі, еңбек пен демалыстың тиімді кезектесуі, тері мен денені күту, калыпты ұйқы, тамақ, киім мен аяқ киімге деген талаптар гигиена талаптары мен ережелерімен олар бүкіл өміріндегі білім беру мен тәрбие үрдістерінде танысады. Ол неғұрлым осы пайдалы білімді ертерек меңгерсе, соғұрлым оның дамуы жеделдейді, өмірі толыққанды, әрі қызықты болад.

Мысалы, күнделікті бір уақытта тұрып, жаттығуларды жасауды әдетке айналдырса барлық ағзаның ырғақты қызметі жоғарылап жұмыс қабілетін қамтамасыз етіп, күні бойғы көңіл-күйдің көтеріңкі болуына ықпал етеді. Күнделікті күн тәртібінің болмауы жұмысқа жай кірісуге, жалпы өзін-өзі нашар сезінуге, ал спортшыларда төменгі нәтижелерге әкеледі.

Күн тәртібін құруға кірісерде өз жұмыстарыңның барлық түрін-оқу мен спортты, үй және қоғамдық жұмыстарды, бос уақытты және басқаларын ескеру қажет. Мысал үшін орта мектептегі оқушыны алсақ

Тәулік уақыты Қызмет түрлері

7.00 Тұру және төсек жинау.

7.05-7.20 Таңертеңгілік гигиеналық гимнастика.

7.20-7.45 Шынығу процедуралары жуыну, киіну.

7.45-8.00 Таңертеңгі тамақ.

8.00-8.20 Сабаққа бару жолы (серуен).

8.30-14.30 Оқу сабақтары, қоғамдық жұмыстар.

(үзілісте-екінші таңертеңгі тамақ)

14.30-15.00 Үйге дейінгі жол (серуен)

15.00-15.30 Түскі тамақ

15.30-16.30 Түстен кейінгі демалыс

16.30-18.00 Дене жаттығуларымен өз бетінше айналысу

және жаттықтыру сабақтары, сол сияқты үй жұмыстары, бос уақыт және т.б.

18.00-18.10 Бесін тамағы

18.10-20.00 Үй тапсырмаларын дайындау.

20.00-2030 Кешкі тамақ.

20.30-22.00 Бос уақыт (сурет салу, кітап оқу, теледидар көру т.б.).

22.00- Ұйқыға жату.

Ұйқы-күн тәртібінің ажырамас бөлігі. Ұйқы кезінде ағза демалады, жұмсаған күшті жинап қайта қалпына келтіреді. Ұйқы жүйке жүйесі үшін ең қажетті нәрсе, өйткені жүйке жүйесі басқа жасушаларға қарағанда тез шаршайды. Жүйке жасушаларын жақсы қоректендірумен қатар ұйқы шаршауды басады, салмақ түсудің алдын алады және келесі жұмыстар үшін куат көзін толықтырады.

Ұйқы қажеттігі әдетте 14-16 сағ. бойы үздіксіз сергек жүруден соң туындайды. Ересек адам үшін тәулігіне 8 сағ., ал жасөспірімдерге 9-10 сағат талап етіледі. 22-ден 23-ке дейінгі уақыт ұйқыға жату үшін ең тиімді кез болып саналады.

         Дене тәрбиесі және спортпен айналысатын оқушылар қарбалас жұмыс кезеңінде (емтихан, жарыстар, жаттықтырулар) ұйқы уақытын созуы керек. Тез және катты ұйықтап кету үшін таза ауада 30-40 мин. кешкі серуен мен бөлмені желдетіп тазартып алған жөн. Сонымен бірге күндізгі ұйқы да пайдалы, бірақ көбінесе күндізгі ұйқыдан соң түнгі ұйқы бұзылады, сондықтан бұны да ескерген жөн. Күні бойы қатты шаршағанда әдеттегіден 1-2 сағ. ертерек ұйқыға жатуға болады. Жарыс алдында спортшыларда толқу, уайымдау салдарынан ұйқы бұзылуы мүмкін. Тиімді тамақтану мен барлық гигиеналық ережелерді катаң сақтау ұйқысыздықтың алдын алуға жәрдемдеседі.

Тері мен денені күту. Біздің денеміздегі тері жамылғылары ағза мен қоршаған орта арасындағы байланыста үлкен роль атқарады, ішкі ағзалар мен тканьдерді сыртқы әсерлерден қорғап, жылу реттеу үрдісін жүзеге асырып отырады. Денеде кір тері пайда болғанда белгілі бір деңгейде өзінің бактерия өлтіргіштік қасиетінен айырылады, ал тері жамылғыларының жарақаттануы (тырналу, жырып кету, жаралар) микробтардың терінің терең тканьдеріне енуіне әкеп соғады. Теріге дұрыс күтім жасалмағанда киім мен аяқ киімді дұрыс тандамағанда, қажалу, қысылу нәтижесінде теріде іріңді-саңырауқұлақты аурулар пайда болады. Басқада тері аурулары мен жарақаттары тері құрғақтығынан, тершендіктен, катты қатудан, дұрыс тамақтанбаудан болуы мүмкін.

Спортшыға жиі емес аптасына бір реттен ыстық сумен моншаға түсу тәртібі ұсынылады, ал жаттықтырудан соң жылы душ қабылдайды (t+400C шамасында). Өте ыстық немесе өте суық су орталық жүйке жүйесінің қозуын жоғарылатады (ОЖЖ), ол өз кезегінде ұйқыны бұзады. Буланған және құрғақ ауаны монша қалпына келтіру үрдісін тездетеді, ағзаның бейімделу мүмкіндігін (қабілеттілігін) арттырады, жүрек-буын жүйесінің жақсартады. Монша тері жамылғыларын тазалауда үлкен гигиеналық маңызға ие. Алайда оны ыстық әлсіздікке, бас ауруына, әсіресе жас спортшыларда жұмыс қабілетінің уақытша төмендеуіне әкеліп соғады.

Кейбір спорт ойындарнда (баскетбол, гандбол, регби, күрес және басқалар) спортшылардағы жарақат себебі күтімі жоқ тырнақтан болуы мүмкін. Гимнастикамен, шаңғымен, ескекпен (гребля) және де басқа спорт түрлерімен айналысу терінің мүйізденіп күлдіреп қалуына (мазоль) әкеліп соғуы мүмкін. Оларға глицеринмен кремді қолдану ұсынылады.

Сонымен бірге шаш та үнемі күтімді қажет етеді, ол дене тәрбиесі және спортпен қарқынды айналысуда әдеттегіден де тез кірлейді. Шашты апта сайын (күн сайын емес) жылы қайнатылған сумен сабын көбігінде немесе ылайықты шампуньмен жуу ұсынылады. Күніне бірнеше рет жиі тарақпен тарау да пайдалы сонымен бірге күнара басқа арнайы массаж щеткасымен массаж жасап тұру кажет.

Tic пен ауыз қуысы күтімі-бұл тек ағарту жұмысы ғана емес. Ауру тіс пен кейбір асқазан-ішек ауруларының арасында тікелей байланыс бар.

Ауыз куысындағы ас қалдығы микробтар үшін қолайлы жағдай туғызады. Олар ауыздан жағымсыз иіс шығарады, тістің тез сарғаюына жағдай жасайды, ол тіс пен ауыз қуысын түрлі ауруына, тістің қызыл етінің ісінуіне, (пародонтоз), ал асқынып кеткен жағдайда тістің босап, тіпті түсіп қалуына әкеліп соғады. Сондықтан тісті күнделікті екі рет тіс пастасы немесе тіс ұнтағымен жуып тұру міндетті болып саналады.

Қазргі қолданыста бар қызыл ет тканьдерінің ең дұрыс жаттықтыруы ауыз душы (гидромассаж) болып саналады. Бұл үшін «гидростат» сияқты немесе жіңішке шланга түріндегі арнайы құралды пайдаланады («гидростом»-майда тесіктері бар темір душ. Процедура ұзақтығы-5-10 мин. Қызыл иекті жылы және салқын сумен кезектесіріп шаю да тиімді. Алайда тіс эмалінің жылылыққа және салқындыққа өте әсершілдігіне қарай +35…+370С температурадағы суды пайдалану ұсынылады.

Ауыз қуысының күтіміне арнайы дәрігердің тексеруі де (санация) кіреді. Әдетте емдеуге жатпайтын тіс тасын алу, поломба салу, сынған тістер мен түбірін жұлу жатады. Бұл жағдайда массаж жасауда пайдалы, онда саусақпен және басбармақпен жоғарғы қызыл етті жоғарыдан төмен қарай, төменнен жоғары қарай уқалайды. Уқалау қимылдары жеңіл болуы керек және ұзақтығы-3-5 мин.

Дене және ақыл-ой еңбегінің гигиенасы. Адамның жүйке жүйесі үздіксіз қызмет істейді. Ол барлық ағзаның үйлесіп қызмет істеуін, оның қоршаған ортамен байланысын камтамасыз етеді. Адам қызметіне қарай шаршау дене еңбегінде болсын, ақыл-ой еңбегінде болсын алдымен ОЖЖ-де дамиды. ОЖЖ-іне ауырлық түсірмеудің алдын алу мақсатында тиімді еңбек туралы гигиеналық негізделген элементтер қолданылады.

Дене еңбегінің тиімділігі жұмысшының артық қимылын алып тастауға қызу ырғақты дұрыс жүйелеуге және түрлі бұлшық ет топтарын демалдыруға бағытталған. Бұнымен еңбек процесіне қатысатын бұлшық ет қызметін реттейтін бас миы бөлігін қоздыру мен тежеуді кезектестіруді қамтамасыз етеді. ОЖЖ салмағының алдын алуға қызметтің басқа түріне ауыстыру жәрдемдеседі, мысалы, өндірістік гимнастика, дене шынықтыру мезеті жаттығуларын орындау. Бұндағы ең маңыздысы жұмысқа қатысы жоқ бұлшық ет топтарын да жаттықтырады.

Үздіксіз және қарқынды ақыл-ойы еңбегі ОЖЖ-нің шаршауын туындатады. Бас миының шаршаған бөліктерін демалдырудың жақсы құралы «басқа жұмыс түріне өту болып есептеледі, бірақ ауыр дене еңбегі болмауы тиіс, мысалы, бақшаға қарау, серуен, жүгіру, гимнастика және т.б. Бұл ұсыныстар мүмкіндігінше оқу орнының сабақ кестесінде ескеріледі

Сонымен қандай жағдайда болсын жеке бастын гигиенасын сақтаған дұрыс, ол ағзаны түрлі аурулардан қорғайды.

 

3.2  Дәрігерлік бақылауды ұйымдастыру шаралары

 

Барлық дене тәрбиесі мен спорт шараларының сауықтыру қағидаларын сақтауды маман-дәрігерлер қадағалайды, олардың  ғылыми-тәжірибелік  зерттеулерін дәрігерлік бақылау деп атайды.

Дәрігерлік бақылау, дене жаттығуларымен және спортпен айналысатындардың дене дайындығын, дене дамуын, денсаулығын нығайтуға және үйренуге бағытталған .

Дәрігерлік бақылау мазмұнын өз тұрғысында бірнеше медициналық және дәрігерлік-педагогикалық ұйымдастыру шараларының түрлерін қарастырады. Енді ең таныс мысалды талдап көрейік. Сіз бір спорт саласынан жарысқа қатысатын болып шештіңіз. Қабылдау ережесіне сәйкес сіздің медициналық денсаулығыңыз туралы жазылған анықтама болады. Алайда қабылдау комиссиясына анықтама өткізген спортшы да міндетті түрде дәрігерлік тексеруден өтеді, онда көптеген зерттеулер мен өлшеулерден өтеді. Мысалы, бой өлшемі, дене салмағы, кеуде қуысының тыныштықтағы ауқымы, тыныс жинағаннан кейін, толық тыныс шығарғаннан кейін, өкпелердің өмірлік сиымдылығы (ӨӨС), жүрек жиырылуының жиілігі (ЖЖЖ), артериалды қан қысымы, басқа да антропометриялық өлшемдік және қызметтік көрсеткіштер болып табылады. Осыған сәйкес сіздің жарысқа қатыса алу мүмкіндігіңізді анықтайды.

Спортшылардың медициналық топтарын анықтағанда дәрігерлік комиссия мүшелері ҚР денсаулық сақтау Министрлігінің құжаттарын пайдаланады, онда медициналық топтарды анықтау тұжырымдары бар, рұқсат етілетін дене жүктемесі мен спорт сабақтарының көрсеткіштері мен қарама-қайшылықтары берілген.

Негізгі медициналық топқа денсаулығында ауытқуы жоқ тұлғалар, сонымен бірге денсаулығында сәл ауытқуы бар, бірақ дене дамуы мен дене дайындығы жақсы оқушыларды спорт секцияларына қабылдау кезінде қарастырады.  Олар қабылданған жағдайда денсаулығына сай дене жүктемелері беріледі.

Дайындық медициналық тобына денсаулық жағдайы қалыпты, сонымен қатар денсаулығында сәл ауытқуы бар, дене дамуы мен дайындығы да жеткіліксіз тұлғалар кіреді. Бұл топтың жас спортшылары дене тәрбиесінің оқу бағдарламасы бойынша қимыл дағдылары мен орындалуы кешенін, әсіресе ағзаны жақсартатын талаптары жоғарыларын бірте-бірте меңгеру үшін сабақтарға жіберіледі, сонымен бірге дене дамуы мен дене дайындығын көтеретін қосымша сабақтарға да рұқсат етіледі.

Жоғарыда келтірілген мысалдар оқу орны талапкерлерінің алғашқы дәрігерлік тексеруін көрсетеді. Бұдан кейін де барлық жас спортшылар бірнеше рет қайталап және қосымша тексеру оқу жаттықтыру үрдісінің тиімділігі мен дұрыстығы жайында мағлұмат алуға жәрдемдеседі. Қосымша дәрігерлік тексерулерден спортшылар жарыс алдында, сырқаттанған соң немесе жарақат алғаннан кейін, жүйелі қарқынды жаттықтырудан соң өтеді. Олар жүйелі түрде мұқият дәрігерлік бақылау-терең диспансерлік тексеруден өтеді.

Педагогикалық бақылау дәрігердің, жас спортшы мен жаттықтырушылардың бірігіп жұмыс істеуін қажет етеді, олар оқу-жаттықтыру сабақтарында және жарыстарға алып барып, үнемі қадағалап отырады.

Дәрігерлік бақылауды ұйымдастыру түрлеріне тағы да мыналар жатады: оқу-жаттықтыру сабақтарында, жарыстарда, жаттықтыру жиындарында және спорт-сауықтыру лагерьлерінде жас спортшылар дене тәрбиесінің медициналық қызметі қамтылады, дене тәрбиесі-сауықтыру шаралары мен сабақтар өткізілетін орындары мен талаптарына тазалық гигиеналық бақылау; жаттығу кезі мен спорт сабақтарында жарақаттың алдын алу кіреді.

Қазіргі заман спортындағы дәрігерлік бақылаудың маңызды түрі арнайы (допингке қарсы) бақылау деп аталады. Ол спортшылардың ағза дене жұмыс қабілетін көтеру мақсатында ағзаға қауіпті заттарды қабылдауының алдын aлy болып табылады. Бұндай допингтердің зияны ағза қуатының қайнар көздерін рұқсатсыз көшіру болып табылады. Зат алмасуды бұндай артық қоздыру ағзаның жұмыс қабілетін уақытша көтеріп, ауыр патологиялық аурулар асқындырып қауіп тудыратын жағдайға, яғни қорғаныш тетіктері қызметін жоғалтады. Бұл кейбір жағдайларда өлім қаупіне де соқтырады. Қазіргі дәрігерлік тәжірибеде спортшының допинг қабылдағанын тез және анықтайтын тәсілдер жасалған. Допинг қабылдағаны дәлелденген жағдайда спортшыны жарыстан шығарып, оның нәтижелері есептелмейді.

Дене тәрбиесімен спортпен айналысатын спортшының дене дамуын бағалау дәрігерлік тексерудің құрамдас бөлігі болып табылады. Олар сыртқы тексеру әдістерімен, антропометртялық өлшемдермен және есептеулермен бағаланады.

Сырттай тексеруде омыртқа, сүйек қаңқасының пішіні (кеуде қуысы, арқа, қарын, аяқтар), шымырлық жалпы, тері жамылғылары, май жамылғылары және т.б. бағаланады.

Кеуде куысы пішіні бойынша жалпақ, цилиндр тәріздес, қысыңқы болып келеді. Дене жаттығуларымен және спортпен айналысу кеуде қуысының пішінін өзгертіп, көлемін ұлғайтуға жәрдемдеседі. Дене тәрбиесімен және спортпен айналысатындарда цилиндр тәріздес кеуде қуысы болады, ол тыныс алу жүйесі қызметінің тиімділігін қамтамасыз етеді.

Арқа пішіні бойынша дұрыс, дөңгелек, шалқақ, еңкіш болып бөлінеді, яғни ол маңызды түрде омыртка қаңқасы шымырлығының даму деңгейіне байланысты арнайы дене жаттығуларымен айналысу бұл бұлшық еттерді нығайтуға, арқа пішінін, кеуде қуысын, қарынды дұрыстауға жәрдемдеседі және омыртқаның қырынан қисаюын жөндейді.

Аяқ пішіні әдетте балалық шақта қалыптасады. Алайда кейбір балалар ауруынан соң және аяқ пішіні шымырлығы дамуының жетіспеушілігінен X немесе О-пішіндес қалыпты қабылдайды, бұл кейінгі емдеу нәтижелерінде сәл ғана болмаса мүлдем емделмейді. Ал табанға келетін болсақ. Оның пішінін жасөспірімдік кезде де ересек тартқанда да дұрыстауға болады. Бұл үшін дәрігердің сауатты консультациясымен адамның емдеу жаттығулары кезіндегі тұрақтылығы керек. Дене тәрбиешілері мен спортшылардың табаны дұрыс пішінді болады. Егер сәл ауытқу болса, көптеген дене жүктемелері (жүру, жүгіру, секіру және басқа дене жаттығулары) табан бұлшықетін дамытуға және оны бекітуге жәрдемдеседі.

Антропометрлік өлшеулер кезінде дене дамуы негіздері мен деңгейі, жыныс сәйкестігі, жасына лайықтығы, дене тәрбиесі мен спорттың әсерінен дене дамуындағы өзгерістер анықталады. Антропометрлік өлшеулер, әдетте, әрдайым тәуліктің біркелкі уақытында, бірдей киімде (дұрысы спорттық іш киім), бірдей құралды қолданып тексеріледі. Бұл дәл өлшеумен бірге алынған өлшеулерді дұрыс бағалауға жәрдемдеседі.

Міне осылауша түрлі әдістермен дәрігерлік бақылауды ұйымдастыруға болады.

 

3.3 Спорт саласындағы заманауи медициналық технологиялардың рөлі

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұжырымы бойынша, денсаулық ауру мен жарымжандылықтың жоқтығы ғана емес, ол адамның физикалық, рухани және әлеуметтік саулығы. Адам әлеуметтік – биологиялық негіз болғандықтан денсаулық деген ұғымды оның сыртқы ортаға бейімделу мүмкіншілігі деп те түсінуге болады.

Әлеуметтік тұрғыдан аурудың сипаттамасын дәлірек берген К.Маркс; «ауру дегеніміз – адамның өз еркінділігіннен айырылуы» — деген. Жалпы сырқаттық тұрғысынан, ауру дегеніміз организнің кесірлі әсерлері.

Сидней Олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов бір сұхбатында: «Біздің кезімізде боксшылардың спорттағы жолы қысқа болды ғой. Физикалық мүмкіндігімен, жігерімен, бапкерлердің күшімен чемпион болып жүрді. Ол кезде 30 жасқа дейін мүмкіндігіңді көрсетсең көрсеттің, көрсетпесең, «сау бол» дейтін. Ал қазір, ғылымға негізделген, инновациялық технологиялар мен бейстандарттық әдістемелермен қамтылған спорттық медицинаның арқасында спортшының спорттағы өмірін ұзартуға мүмкіндік ашылды. Енді, боксшылардың спорттағы жасы 35, бәлкім 36-37 жасқа дейін ұзарса деген ойымыз бар.

Мен мысалы, 24 жасымда Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері атандым. 2000 жылы — 28 жасымда Сидней Олимпиадасында жеңіс тұғырына көтерілдім. Ал егер, менің кезімде Қазақстанда ғылымға негізделген, заманауи, спорттық медициналық орталық болғанда, екі дүркін Олимпиада чемпионы болуға толық мүмкіндігім болар еді. Әйтпесе, 32 жас — ер азаматтың нағыз пісіп жетілген кезі ғой» деген болатын. Ол кісінің осы сөздерінен елімізде спортшылардың денсаулығын қадағалайтын заманауи технологиялардың кеш дамып келе жатқанын байқауға болады.

қазіргі таңда материалдық – техникалық базамыз жылдан жылға жақсаруда. Емхана мен  ауруханада диагнозтикалық – емдеу жұмыстарын бүгінгі таңның соңғы жетістіктеріне сәйкес атқаруға толық мүмкіншіліктер бар деп айтуға болады

Заманға сай дамып жатқан өндіріс салалары, заводтар өте көп, солардың салдарынан елімізде экологияға байланысты түрлі ауру тірі пенденің бәрінде кездесіп жатады және оның түрлері де өте көп. Әр аурудың өз шипасы да бар, яғни өзіне тиесілі емі де бар.

Әрине, біздің заманда адамның сана сезімі дамығаны жоғары күшке ие. Технологияны игерген осындай кезеңде ауруларда күшейген тәрізді, адам баласы дәрігерлерге сенуден қалғандай. Бір жылда жасалған отаның 10%  — дан астамы сәтсіздікке ұшырайды. Жасалған дәрілер де сапасыз, кейде кері әсерде болып жатқаны да байқалады. Бұндай жағдайлар қазіргі медицина саласының мамандарының сауатсыздығынан туындайтын жағдайлар болып саналады.

Алайда, елбасымыз « Дағдарыстан жаңару мен дамуға» Қазақстан халқына жолдауында денсаулық сақтау ұйымдарының жаңартылуына, ауруханаларға жөндеу жұмыстарын жүргізуге, олардың заманауи құралдармен  жабдықталуына, білікті мамандар даярлауға ерекше мән беріп отыр.

 

 

 

 

                                

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Адам организмі біртұтас дүние екенін ежелден білеміз, сондықтан бір мүше сырқатқа шалдықса, басқаларын қосақтап ала кететін  әдеті бар. Бір жер ауырса, адамның тұла бойы зіл басып, әлсіздік, селқостық, жұмысқа деген ықыласы азайып, немқүрайдылық пайда болады.

Осыған байланысты тек ауруды ғана емес, бүкіл организмді, адамды толық  емдейді.  Сол үшін бірден күрделі емдеу әдісін қолданады. Оған дәрі-дәрмек, тоқпен емдеу, балшықпен емдеу, ине, массаж, хирургиялық операциялар және емдік гимнастика жатады.

Емдік гимнастика  өзінің әлдендіретін (сергітетін) механизмі  арқылы адамға  күш-жігер  беріп,  көңіл-күйін  көтереді.  Бұл адам  ауыр  жараланғанда,  қатты  науқастанғанда,  қайғыға  душар  болып  өзінен-өзі  түңілген  кезде  өте  пайдалы.

         Ішкі  ағзалар  ауруында  емдік   гимнастиканың қоректендіру  механизмі  де маңызды  роль атқарады.  Қимыл-қозғалыс  ауру салдарынан туған  кемтікті толтырып,  қан айналымын  жақсартып, зат алмасуын күшейтеді.  Соның нәтижесінде организм  қалпына келеді. Адамның қызметке деген қабілеті артып,  ширақтық пайда болады.      Жарақаттар – бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептерден аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененiң сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттердiң әсерiнен ұлпалар мен органдар тұтастығы мен қызметiнiң бұзылуы. Алғашқы көмек дегенiмiз – зардап шеккен адамның жарақатын асқындырмай, оған әртүрлi медициналық көмек шараларын дұрыс көрсетiп,оның өмiрiн сақтап қалуға бағытталған iс-әрекет. Сондықтан да жарақаттанған адамның өмiрi мен патологиялық процестердiң одан арғы салдары көбiнесе апат болған жердегi алғашқы көмектiң көрсетiлген уақыты мен оның сапасына тығыз байланысты.
        Кез-келген жарақат бiр орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар ағзада белгiлi бiр жалпы өзгерiстердi тудыруы мүмкiн (жүрек-тамыр қызметiнiң, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы). Бұл құбылыстар орталық жүйке жүйесiнiң тiтiркенуiнен, қан кетуiнен, өмiрлiк маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезiнде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.Ашық зақымдалу, немесе жара, кiлегейлi қабықша мен терi жамылғысының тұтастығының бұзылуы — бұл сыртқы жара, ал iшкi жара қан кетумен сипатталады (көкiрек, құрсақ қуысы, ми сауытында).
       Алғашқы медициналық көмек денсаулық сақтау мемлекеттік ұйымдарымен және мемлекеттік санитариялы-эпидемиологиялық қызметпен, үнемі және тегін медициналық көмекпен.

      Амбулаторлы-емханалық көмекке алғашқы білікті медика-санитариялық және арнайы медициналық көмек, азаматтарға госпитализациясыз (жатқызусыз) көрсеткен көмек жатады. Амбулаторлы-емханалық ұйымның қызметі азаматтарға көмек көрсетуде олардың тұрған орындарында қолайлы медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету, олардың өз таңдауларына құқылығын есепке алу мақсатына құрылған.

          Көмек учаскелік терапевтермен, педиатрлармен, акушер-гинекологтармен, жас өспірімдер кабинетінің дәрігерімен жалпы тәжірибе дәрігерлерімен, фельдшермен, акушеркамен, медициналық қызметкерлермен және арнайы мамандармен көрсетіледі. Мамандардың қызметіне денсаулық сақтау өкілетті ұйымдарының бекіткен стандарттарына сай келетін сақтандырушылық, диагностикалық және емшілік қызметтер жатады.

         Стационарды ауыстыратын медициналық көмек – бұл медициналық көмек көрсетудің стационарлық бөлімнің күндізгі (палатада) болуы, емдік және сауықтыру қызметтерін көрсеттін емхананың күндізгі стационары, денсаулық сақтау ұйымындағы үйдегі стационар.

         Стационарды ауыстыратын бөлімдердің салалары: хирургиялық, акушерлі-гинекологиялық, терапевтік ,педиатрлық.

        Спортшыларға жедел медициналық көмекті денсаулық сақтау ұйымы, сол сияқты апат жағдайларда, жарақат, улану кездерінде немесе басқа ауру жағдайларында медициналық тәжірибеден өткен жеке тұлғалар шұғыл медициналық көмек көрсете алады. «Шұғыл» медициналық көмек дегенге барлық патологиялық жағдайда жедел, ішкі және сыртқы факторлармен, жағдайының өте ауырлығына қарамастан, тез диагностикалық немесе емдік қызметтерді көрсету жатады. Жедел медициналық көмек мемлекеттік бюджет есебінен Қазақстан Республикасының азаматтарына, сол сияқты осы территориядағы азаматтығы жоқ шетел азаматтарына тегін көрсетіледі. Жедел медициналық көмек көрсету ұйымына ақылы қызмет көрсетуге тыйым салынады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1. Смаил Н.Н. Адам физиологиясы
  2. Смаил Н.Н. Спорт физиологиясы
  3. Амангельдиева Р.Р., Мустафина Т.К., Дунаева З.Қ.- Методическая разработка по примению ситуационных задач при изучении курса спортивной медицины, 1990.
  4. Дембо А. Г. – Врачебный контроль в спорте. – Алмата, 1988.
  5. Дунаева З.Қ., Мұстафина Т.К.–студенттердiң спорттық медицинадан лаборатоялық жұмыстарды өздiгiнен орындуға арналған әдiстемелiк нұсқау.
  6. Кулиненков О. С. – Спортивные травмы и их профилактика.
  7. Мустафина Т.К –Спорттық медицина .оқу құралы.-А.,1993.
  8. Мустафина Т.К, Дунаева З. Қ- Дәрiгерлiк –ұстаздық бақылау. Әдiстемелiк нұсқау. – А, 1994.
  9. Мустафина Т.К, Амангельдиева Р.Р , Дунаева З. Қ., — Методическая указания к лабороторным работам по определению и оценке физического развития у спортсменов. –А., 1988ж.
  10. Белоцерковский З. Б. – Тестирование физической работоспособности у занимающихся массовой ФК с помощью специфических нагрузок. – Методические рекомендации, 1999.
  11. Дембо А.Г Заболевания и повреждения при занятиях спортом. –А.,1991.
  12. Дембо А.Г , Земцовский Э.В –Спортивная травматология- А.,1989.
  13. Дубровский В.И. –Спортивная медицина –М 2002.
  14. Епифанов В.А.- ЛФК и спортивная медицина . – М1999.
  15. Мирзоев О.М. –Применение Восстановительных средств в спорте –М., 2000.
  16. Макарова Г.А. – Практическое рукаводство спортивных врачей . Растов на Дону ,2002.
  17. Марков В.В –Основы здорового образа жизни и профилактика болезней. –М., Учебное пособие.-2001.
  18. Тихвиский С.Б. , Хрущев С.В .-Детская спортивная медицина –М 1991.
  19. Щубик В.М., Левин М.Я .- Иммунитет и здороье спортсменов , 1985
  20. Анализ основных факторов, влияющих на здоровье. //Основы безопасности жизнедеятельности//. — 1996. — №4. — С.40-51
  21. Бака М.М.Физическая и военно-прикладная подготовка допризывной молодежи. Советский спорт, 2004
  22. Бальсевич В.К., Запоржанов В.А. Физическая культура для всех и каждого. М. 1989
  23. Булгакова Н.Ж., Табакова Е.А. — Физическое развитие и физическая подготовленность школьников 12-16 лет с разным объемом двигательной активности , Физическая культура — № 2, с. 48, 2004
  24. Быков Е.В., А.П. Исаев, В.И. Харитонов — Проблема коррекции физического состояния учащихся в рамках программы «Президентские состязания» -Физическая культура 2004 — № 3, 6.
  25. Вайнбаум Я.С. Дозирование физических нагрузок. М. 2001
  26. Волков Л.В. Физическое воспитание учащихся. Киев, 1998
  27. Гаврилов В.П.и др. Допризывная подготовка. Издательство: «Амалфея» , 2001
  28. Голощапов Б.Р., Козлов В.В. — Здоровье, физическая и психическая подготовленность воспитанников военно-спортивного казачьего клуба, Физическая культура — № 1, с. 45, 2004
  29. Гришин А.В., Речапов Д.С. — Результаты мониторинга физического здоровья детей 7-17 лет в Уральском федеральном округе (результаты 2002-2003 гг.) —Физическая культура 2005 № 4, с. 13
  30. Зациорский В.М. Физические качества спортсмена. М. 1970
  31. Фомин Н.А., Вавилов Ю.Н. Физиологические основы двигательной деятельности. М. 1991
  32. Щедрина А.Г. Онтогенез и теория здоровья. Новосибирск, 1989
  33. Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры.

             под.ред.Я.М. Коца.М., ФиС,1986

  1. Физиология мышечной деятельности: Учебник для институтов физической культуры.

            под.ред.Я.М. Коца.М., ФиС,1982

  1. Физиология физического воспитания и спорта. Смирнов В.М., Дубровский В.И.- М., Влад, Пресс, 2002.
  2. Физиологические основы физического воспитания и видов спорта. Учебное пособие. Л.Р. Кудашова, Алматы, 2005.
  3. Физиология спорта и двигательной активности ( перевод с англ.) К: Олимпийская литература,1997,307с.
  4. Физиология спорта и движений. УилмарДж.Х.Костил Д.Л.- Киев, олимпийская литература, 1997
  5. Адаптация к стрессорным ситуациям и физическим нагрузкам. Меерсон Ф.З. , Пшенникова М.Г.М: Медицина,1998.
  6. Верхошанский Ю.В. Основы специальной физической подготовки спортсменов М.: ФиС , 1998
  7. Спортивный отбор. В.М. Волков, В.П. Филин.- М., ФиС, 1983.
  8. Спортивная физиология. Руне Федман. Перевод со шведского С.К. елисеевой.- М., ФиС, 1980
  9. «Қазақстан 2030» стратегиясы. Н.Ә.Назарбаев