«Спорт мектептеріндегі қол добын ұйымдастыру-әдістемелік ерекшеліктері»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010800— мамандығы – Дене шынықтыру және спорт
Мазмұны
|
Кіріспе…………………………………………………………………………….. |
3 |
|
|
|
І-тарау. |
ҚОЛ ДОБЫН ОҚЫТУДЫҢ ІЛІМІ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ |
|
1.1. |
Ойынның мәні. Оның дамуы туралы қысқаша мәліметтер… |
6 |
1.2. |
Ойын тәсілі………………………………………………………………………. |
8 |
1.3. |
Шабуылдағы ойын тәсілі………………………………………………….. |
8 |
1.4. |
Қорғаныстағы ойын тәсілі………………………………………………… |
15 |
1.5. |
Қақпашының тәсілі мен тактикасы……………………………………. |
17 |
1.6. |
Ойын тактикасы……………………………………………………………….. |
20 |
ІI-тарау. |
ЖАТТЫҚТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ |
|
2.1. |
Жаттықтырудың мақсаты мен міндеттері………………………….. |
27 |
2.2. |
Спорт жаттықтыруының әдістері………………………………………. |
27 |
2.3. |
Дене дайындығы………………………………………………………………. |
32 |
2.4. |
Әдістік дайындық…………………………………………………………….. |
39 |
2.5. |
Тәсілдік дайындық……………………………………………………………. |
40 |
2.6. |
Ойын дайындығы……………………………………………………………… |
45 |
2.7. |
Жарыс дайындығы……………………………………………………………. |
47 |
2.8. |
Психологиялық дайындық………………………………………………… |
47 |
ІІІ-тарау. |
СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ |
|
3.1. |
Балалармен жұмыс істеудің ұйымдастырылған түрлері……… |
50 |
3.2. |
Балалар мен жасөспірімдер тобымен жұмыс жасау ерекшеліктері…………………………………………………………………… |
51 |
3.3. |
Балалардың, жасөспірімдер мен жігіттердің жас-жыныстық жалпы сипаттамасы………………………………………………………….. |
52 |
3.4. |
Оқу-жаттықтыру топтарындағы дайындық……………………….. |
52 |
3.5. |
Спорттық жетілдіру топтарындағы дайындық…………………… |
54 |
|
Қорытынды……………………………………………………………………… |
57 |
|
Әдебиеттер тізімі……………………………………………………………… |
58 |
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Студенттердің оқытушымен бірлескен, жұмысы теориялық білімдібекітуге тереңдетуге себін тигізеді, оқу-әдістемелік жзәне тәрбиелік жұмыстарды жүргізуде оқыту процесінде педагогикалық дағдылар мен біліктілікті қалыптастыруға жағдай туғызады.
Практикалық сабақтарда студенттер ойынның әдістері мен тәсілдерін орындау техникасын ұтымды меңгереді, тактиканы үйренеді және жетілдіреді, жаттығуды және жарысқа төрешілік етуді үйрету әдістемесін меңгереді, жалпы арнайы дене дайындығының тәсілдерін оқыту әдістемесін оқиды.
Жаттықтыру және үйрету әдістемесінен, тактика мен техника негіздерінен студенттердің алған білімдерін нақтылайтын және тереңдететін әдістемелік сабақтар негізгі сабақтың құрамджас бөлігі болып табылады. Жастары және дайындық деңгейі әртүрлі топтағы шұғылданушыларға сабақ өткізу әдістемесі мен ұйымдастыру мәселелеріне аса көңіл бөлінеді.
Оқу практикасы студенттердің жоғарғы оқу орнында оқыған кездерінің барлық кезеңінде практикалық сабақта жүргізіледі. Оқу практикасы бойынша сабақта жетекші оқытушы студенттерге педагогикалық шеберплікті қалай меңгеру керектігін үйретеді, әртүрлі әдіс-тәсілдерді көрсетеді, студенттерге жаттығудың орындалуын қалай керектігін, қателіктерді анықтап, оның алдын алу жолдарын үйретеді, ұйымдастырушылық әрекеттерін дамытады.
Кәсіби-педагогикалық дағдылар барлық оқу сабақтарының процесінде, сондай-ақ ұйымдастыру-педагогикалық практика барысында қалыптасады және жетілдіріледі.
Спорттық шеберлігін арттыру сабағында студенттер өздерінің спорттық дайындығын жетілдіреді, сонымен бірге оқытушы-жаттықтырушыға, төрешіге, шараларды ұйымдастырушыға қатысты білік-дағдыларды да иегере түседі. Жарысқа қатысу студенттердің өз шеберлігін арттыру үшін оқу жұмысының міндетті, маңызды бөлімі болып саналады.
Өзіндік жұмыс кезінде студенттер бағдарламалық материалды оқулықтардан, оқу құралдарынан, ғылыми журналдардан оқиды, сондай-ақ оқытудың мынандай жаңа технологиясын пайдаланады. Оқу және әдістемелік әдебиеттердің электрондық жорамалдары бойынша дистанциялық оқыту, бүкіл әлемдік ақпарат жүйесі «Интернеттен» және басқада компьютерлік бағдарламалардан ақпараттар алу.
Сонымен қатар олар курстық жұмыспен үй тапсырмаларын орындайды және қосымша дене жаттығуларымен шұғылданады.
Студенттерді қол добы ойынының техникасына, тактикасына, терминология мәселесіне, қол добышылардың ойын әрекетінің тәсілдерін жүйелей білуге, дене тәрбиесі мен тұрғындарды сауықтырудың барлық жүйесіндегі қол добыдан сабақ беру әдісін, сонымен қатар, жалпы дамытушылық және арнайы жаттығуларды құрастыра білуге, жаза білуге, ойын техникасы мен тактикасы бойынша жаттығуларға, сабақтың кейбір бөлімдеріне, сабақтың өтуіне үлкен мән беруі керек. Қол добы бойынша оқу тәртібінде сабақты жүргізе білу, ұйымдастыра білу дағдыларын игеру керек. Балалардың жас ерекшелігін ескеріп, сабақтан тыс уақытта секциялық жұмыстарды ұйымдастыра білуі керек және дене тәрбиесінің оқытушысы ретінде еңбекке дайын болу керек.
Студенттерінің оқу процесі қол добыдың даму тарихын зерттеуге бағытталған, оның қазіргі жағдайы, оның дамуының келешегі, ойынның техникасы мен тактикасын жетілдіру жолдары, жаттықтыру әдісін үйрену, жоғары дәрежелі қол добышылар мен жоғары спорттық разрядтағы командалар даярлаудағы кәсіби біліктілікті жетілдіру.
Зерттелу деңгейі. Оқу барысында студенттер мамандандыру бойынша дайындалған курстық және дипломдық жұмыстарын қорғайды. Студенттер курстық және дипломдық жұмыстардың тақырыптарымен жұмыс істей отырып, материалды терең оқудан басқа ғылыми-зерттеу жұмыстарының жеңіл әдістерін, алынған нәтижелерді талдау біліктіліктерін меңгереді және соның негізінде тиісті қорытындылар мен тәжірибелік нұсқаулар жасауға үйренеді.
Болашақ мамандарды дене мәдениеті мен спорт бойынша теориялық дайындауда маңызды орында олардың ғылыми-зерттеу жұмысында белсенділік көрсетуі. Студенттер ғылыми үйірмелерге қатысып, кафедрадағы ғылыми жұмыстар тақырыбы бойынша тапсырма орындауы керек.
Сонымен қатар студенттер оқу барысында жарыстар мен сабақтарға спорттық құрал-жабдықтарды дайындауды, спорт алаңдарын дайындауды үйренуге міндетті.
Студенттердің үлгерімін есепке алу, жоғарғы оқу орны белгілеген мерзімде екі шектік бақылау және емтихандар түрінде жүргізіледі. Әр семестрде мамандандыру пәндерінің атаулары қайталанбайды. Семестрде алған білім емтихан түрінде бағаланады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дене мәдениеті және спорт бойынша әртүрлі құрылымдық мекемелерге студенттерді қол добыдан кәсіби-педагогикалық жаттықтырушылық және ұйымдастыру жұмыстарына дайындау.
Жұмыстың тапсырмалары:
— Спорттық машықтанудың ілімі, әдістемесі мен тәжірибесі бойынша білім беру;
— Қол добыдан оқыту әдістемесінде және қол добы ойынының техникалық элементтерін ұтымды орындауда дағдылар мен біліктілікті қалыптастыру;
— Қауіпсіздік техникасының ережелерімен және спорттық құрылыстарды, спортшының сыртқы пішіні мен спорттың киімін ұқыпты ұстаудың гигиеналық нормаларымен таныстыру және оларды орындауда дағдыны қалыптастыру;
— Әртүрлі ойын жүйесі мен ойын сәттері кезінде, ойыншылардың алаңдағы тактикалық өзара әрекеттестігіне байланысты (бойынша) дағдыны қалыптастыру және білім беру;
— Оқу-жаттығу үрдісін ұйымдастыру және жоспарлау бойынша біліктілікті қалыптастыру;
— Студенттерді әртүрлі жастағы топтармен жұмыс істеуге ауызша және тәжірибе жүзінде дайындау;
— Спорттың дайындықты басқару, бақылаудың әдістемелік негіздері және ғылыми-зерпттеу жұмыстары бойынша дағдыларды қалыптастыру.
Оқу барысында қол добы саласындағы болашақ маманға мынадай біліктіліктер мен дағдыларды меңгеру қажет.
- Қол добышыларды дайындаудағы спорттық машықтанудың ілімдік, әдістемелік және тәжірибелік негіздерін білу.
- Дене жүктемелеріне бейімделу және жекелей ерекшеліктерін ескере отырып, әртүрлі топтарындағы қол добышылардың спорттық дайындықтарын басқару әдістемелерін және құралдарын меңгеру.
- Жарыс ережесін білу, төрешілік ету дағдыларын игеру.
- Қол добы ойынының техника-тактикалық тәсілдерін игеру және төртінші курста жоғарғы шеберлікке жету.
- Әртүрлі спорттық дәрежедегі спортшылар үшін машықтану процесін құру, үйрету әдістемесін игеру (микро-, мезо-, макроциклдерді құру).
- Команданы басқару, ғылыми-зерттеу жұмыстарына байланысты және спорттық дайныдық деңгейін бақылауға байланысты дағдыларды игеру.
Зертету объектісі. Бағдарлама студенттердің гандбол командаларының спорттық жаттығуын, қол добыды оқыту әдістемесі мен ілімін оқып-үйренуін, әртүрлі дене тәрбиесі мекемелерінде және спорттық қозғалыстарда өз бетінше жаттықтырушылық, оқытушылық ұйымдастыру жұмыстарын атқару үшін кәсіби-педагогикалық дағдыларды қалыптастыруды қарастырады.
Қол добыдан оқу жұмыстары дәрістер, семинарлар, әдістемелік және тәжірибелік сабақтар, педагогикалық-ұйымдастыру тәжірибелері, спорттық шеберлікті көтеру сабақтары және студенттердің өзіндік жұмыстары түрінде өткізіледі.
Ақпараттық және мәселелік дәрістерде қол добыдың даму тарихы, оның спорт және дене тәрбиесі жүйесіндегі алатын орны, қол добыдың техникасы мен тактикасы, оқыту әдістемесі, оқыту және жаттықтыру туралы негізгі мағлұматтар хабарланады.
Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі тұрады.
І-тарау. ҚОЛ ДОБЫН ОҚЫТУДЫҢ ІЛІМІ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ЖАЛПЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ
- Ойынның мәні. Оның дамуы туралы қысқаша мәліметтер
Гандболды (ағылш.handball, “hand”-қол, “ball”-доп) 1988 ж. Ордруп қаласының тұрғыны, дат мұғалімі Хольгер Нильсен ойлап тапты. 1917ж Германияда оның үлкен ағасы 11х11 гандбол пайда болды. «Кіші» түрін (7х7) залдарда, ал үлкенін ашық футбол алаңдарында ойнады. Гандбол қызықты, тартымды кешенді спорттық ойын. Қарсыласымен доп үшін талас барысындағы табиғи қозғалыс түрлері (жүгіру, секіру, лақтыру), ойын әрекетінің жоғарғы ырғағы, ойын жағдайларының тез өзгеруі, жоғары көңіл-күй және т.б. оның ерекшеліктері спортшының қимылдық қызметтік және психикалық әрекеттеріне жоғары талаптар қояды. 11х11 гандбол ойыны футбол алаңында, футбол қақпасымен өткізілді. Команда құрамы 11 адам. Қақпашы аймағы он-екі метрлік белгімен жартылай шеңбер жасай сызылады, ал еркін доп тастау аймағы он тоғыз метрлік белгімен белгіленген. 7х7 гандбол 1961-62 жылдардан бастап ойнала бастады. 40х20 м алаңдағы ойын оны өте қызықты әрі тартымды етті. Қақпа 3х2 м-ге кішірейтілді. Қақпашы алаңының аймағы 5,87м, ал еркін доп тастау аймағы 9м. Ойыншыларға допты екі қолмен жүргізуге тиым салынды. Ерлер арасындағы чемпионат 1938 жылдан, ал әйелдер арасында 1956 жылдан бастап өткізіліп келеді. Олимпияда ойындары бағдарламасында 11х11 гаднбол (ерлер 1936 жылдан), 7х7 гандбол (ерлер)-1972 жылдан және 1976 (әйелдер) жылдан бастап жүргізіледі. Доптың көлемі 58-60 см, салмағы 425-475 гр-ерлер үшін, 54-56 см, салмағы 325-400гр доп әйелдерге арналған.
Қазақстан қолдобы. 1925ж жазында Жетісу губерниясының жарыс бағдарламасына жеңіл атлетика, футбол, қол добы, т.б. ойындармен қатар қол добы да ендірілді (гандбол). Қарағандыда, Петропавлда, Ақмолада, ШҚО-да, Семейде, Гурьевте, т.б. секциялар құрылды. 11х11 гандболынан бірінші ресми республика чемпионаты өткізілді. Жарыстар футбол алаңдарында өткізілді.
Алматыда – С.Щербинин, Ю.Косолопов, А.Черников, А.Драчев, Қарағандыда-Б.Смелянец, Г.Презент, Шымкентте-В.Марцинхевич және басқалар тәрізді жас дарынды ойыншылар шықты. 1961ж Целиноград (қазіргі Астана) және Қарағандыда Қазақстанның облыстары мен қалаларынан 10 ерлер және 5 әйелдер командалары қатысқан кезекті республика чемпионаты өткізілді. Теміртаулық «Е» әйелдер командасы мен ҚазДТИ-ның ерлер командасы бұл жарыста да Қазақстан чемпионаты атанды. Олар еліміздің 6-шы чемпионатында біздің республикамыздың намысын қорғау құқығына ие болды. Ташкентте өткен аймақтық біріншілікте Өзбекстан, Тәжікстан және Түркменияның қол добы шеберлерін артта қалдырған біздің қол добы шеберлері Куйбышевте өткен КСРО біріншілігінің финалына жолдама алды. Республиканың көптеген қалаларында бұрын Қазақстанның алдыңғы қатарлы қол допшылары болған жоғары білімді жаттықтырушылар пайда болды. Ақтөбеде-А.Белов, Жамбылда-В.Солянов және В.Бондаренко, Атырауда-А.Оразбаев, Петропавелда-Е.Жиров, Алматыда-Ю.Косолапов, Г.Авченко, С.Щербинин, А.Головин және басқалар. 1962 ж КСРО қол добы Федерациясы кіші гандболға (7х7) өтуге шешім қабылдады. Біздің гандболшылар 7х7 гандболынан КСРО-ның бірінші чемпионатына қатысты. 1963ж КСРО чемпионатының қорытындысы бойынша олар «А» тобының бірінші топшасына өтуге талпынды. Команданың сараптау турнирінде табысты өткізгенімен, салған және жіберіп алған доптарының есебі бойынша ригалықтарды алға жіберді. 1963ж біздің гандболшылар 7-ші орын алып ДСО «Б»-ның күшті командалар сегіздігіне кірді. 1964ж ақпан айында Львов қаласында «Қысқы каникулдар» жүлдесін дәстүрлі сарапқа салуға қатысқанда Қазақстанның ерлер командасы бірінші рет 3-орын алады. Қазақстан кәсіподақтарының ІV спартакиадасы бағдарламасында 32 қыздар және ерлер командасы қатысты. Команда тәсілдері елеулі өсті. Жоғары тәсілдік спортшылар пайда болды, олар: Қостанайлық В.Шевченко мен А.Авраменко, Жамбылдық Г.Рупаков, Қарағандылық – А.Шевляков және Н.Лалыкин, Шымкенттік гандболшы қыздар – Н.Высоцкая және Л.Игнатьева, Семейлік-В.Қайсақанов, алматылық гандболшы қыздар Т.Хохлова, Е.Ложенко, В.Пономарева, Г.Чашевой, В.Ботинкин, М.Дворников, А.Максюков және басқалар. 1966ж қазан айында ҚазССР спорт комитеті мен Ағарту министрлігінің шешімімен Алматыда арнайы спорт мектебі ашылды. Жаңадан ашылған мектепке материалдық құралдар, сондай-ақ сол кездегі үздік жаттықтырушы мамандар жұмылдырылды. РДЮШРСМ-нің қыздарға араналған қол добы бөліміне А.Черников, ұлдарға-В.Мастяев бапкер болып тағайындалды. 1976ж жаңадан құрылған команда Челябинск қаласындағы байқаулық турнирге қатысты. Біздің гандболшылар 2-ші орын алып, «А» тобының бірінші лигасына жолдама алды. 1977ж Каунаста өткен жастар ойынында команда 8-орын, ал 1978ж КСРО чемипонатында «А» тобының 1-ші топшасында-5-орын; 1979ж-7-орын, 1980ж-12-орын алды. 1982ж Тбилисиде 17-18 жастағы бозбалалар командасы 2-орын алды. Сол жылы команда Запорожьеде өткен «Запорожье комсомолы» атты дәстүрлі Бүкілодақтық турнирге қатысып, 1-орын алды (жаттықтырушылары П.Берман, В.Ивашутин) 1984ж. Ереванда Бүкілодақтық универсиада өткізіліп, Қазақстандық қол допшы қыздарды Ю.Косолапев бастап барды. Команда 3-орын алды. 1987-88 жж ойын түрлері бойынша спорт мектебі базасында сұрыптау жұмыстары жүргізілді, онда П.Берман жаттықтырушы болып жұмыс жасады. 1988ж СКИФ-РШВСМ Харьков қаласында өткен Бүкілодақтық универсиадаға қатысып, 3-орын алып, жетістікке жетті (жаттықтырушы-В.Ивашутин). 1990ж Бакуде «А» тобының 1-топшасына шығу үшін байқау турнирі өткізіліп, онда 2-орын алып, 1-ші лигада ойнауға рұқсат алады. 1990ж күзде ерлер командасы Ақтөбеге берілді. Бір жылдан соң команда жарыстан шығып қалады және одан кейін КСРО чемпионатына қатыса алмайды. ҚазССР-ның ЕСЖ атағын алғандар: Г.Авченко, Е.Васильев, А.Черников, В.Мастяев, Г.Иванов, П.Берман, О.Ли, Е.Иманғалиев, Д.Адактилос: ҚР ЕСЖ: Л.Яниев, Т.Досбаев, ХД төрешілер: А.Черников, Г.Авченко, Н.Астафьев, В.Рогунков, ХДШС: М.Артықбаева, Н.Кфере, Е.Матус, ЕССШ И.Васфиева (Жапония, Осака қ-шығыс-азия ойындарының жүлдегері (2001) Х Азия чемпионатының жеңімпазы (2003ж Жапония, Коба қ.). 2001ж. ҚР қыздар құрама командасы Бусанда (Оңт.Корея) өткен ХІV Азия ойындарының күміс жүлдегері, 2002ж-Азия чемпионы атанды, оның құрамында: О.Травникова, М.Бузмакова, О.Зомина, Л.Қилыбаева, Ю.Пузанова, И.Мельникова, Н.Шаповалова, А.Гончарова, Л.Зубкова, О.Егунова, И.Ланг, Л.Сидоренко, Б.Майлыбаева, Е.Козлова, И.Горечко, О.Аджидерскаялар өнер көрсетті.
- Ойын тәсілі
Гандбол ойынын доппен немесе допсыз орындалатын арнайы амалдар көмегімен жүргізеді. Оны шабуыл тәсілі және қорғаныс тәсілі деп бөледі. Шабуылдағы ойын тәсіліне допты қағып алу, алып жүру және допты қақпаға лақтыру жатады. Қорғаныста қорған қою, допты кері қайтып алу, допты алып қою, сол сияқты допты қақпада ұстап қалу жатады.
Әрекетке дайындық ойынға жіті назар салуды және айқын бастапқы қалып – тұрысты қамтамасыз етеді. Жоғары, орта және төменгі тұрыс деп бөлінеді. Оны ойын барысында таңдайды. Орта тұрыс жиі қолданылады: аяқтар жартылай бүгіліп, қадам ендігіне қойылған, ал тұлға біршама алға еңкейген, қолдар тік және еркін түсірілген.
Әдетте алаңда барынша шапшаң әрі үнем қимылдайтын ойыншы әсерлі қимылдайды. Гандболда қол добыдағыдай қозғалады, бірақ қозғалыс мәні артады, себебі үлкен көлемдегі алаңда ойнаушыларға көп қозғалуға тура келеді. Сондықтан, әрбір гандболшы тез бастап, жүгіру бағытын шапшаң өзгертіп бұрылыстар мен аялдау тұстарын пайдаланып және арқамен артқа қарай және қосымша қадаммен еркін қозғала алуды жетік білуі қажет.
- Шабуылдағы ойын тәсілі
Шабуылшы допты ала салысымен бар күшін допты қақпаға салуға жұмсайды. Тек арнайы амалдар көмегімен ғана қарсыластың қарсылығын бағындыруға болады. Бұндай өте күрделі тәсіл бөлігіне допты қағып алу және ұстап тұру, оны алып жүру мен беру допты лақтыру, финттер және қалқан қою әдістері жатады.
Допты қағып алу допты игеруді қамтамасыз ететін негізгі әдіс. Допты бір қолменде және екі қолменде қағып алуға болады.
Қол добыға қарағанда гандбол екі қолмен допты қағуда оларды бір-біріне жақын орналастырумен ерекшеленеді. Бір қолмен қағып алу күрделірек, бірақ өте жиі қолданылады, әсіресе амалды орындауға уақыт тапшылық еткен жағдайда жақсы көмектеседі. Қағып алып, ары қарай сермеу біріккен құйма қимылды құрайды.
Доппен табысты қимылдың маңызды шарты оның дұрыс ұсталуы болып табылады. Ең дұрысы допты кеуде деңгейінде екі қолмен ұстағанда оны жоғарыдан қармап немесе саусақпен ұстап және алақанды жеңіл тигізе бір қолмен ұстауға да болады. Бұнда саусаққа салмақ түсірмеу үшін допты қатты қыспауға тырысу қажет.
Допты беруді көптеген амалмен орындауға болады, бірақ көбіне жоғарыдан, төменнен және саусақпен жанынан беру амалдары жиі қолданылады. Беруді орындау тәсілі қол добыдағы допты берудегі тактикадан көп ерекшеленбейді.
Жартылай берілген қолмен жоғарыдан допты беру гандболдағы доп берудің негізгі әдісі. Соңғы кезде допты жасырын беруге көп мән беріліп жүр (арқасынан бастан асыра, аяғының астынан, т.б.). Доп беруді саусақтың белсенді қызметімен орындайды. Саусақпен беру қпен дәлдікке ұпай қосады.
Гандболдағы допты алып жүрудің қол добы добын алып жүруден айырмашылығы жоқ. Тек тұрыс әдеттегіден жоғары болып келеді.
Бір соққылы алып жүру ойында жиі қолданылады. Қолдағы доппен үш қадам жасап, гандболшы допты еденге ұрады және оны сол сәтте қағып алып, ережеге сәйкес доппен үш қадам жасап ойынды жалғастырады. Финтпен, бұрылыспен үйлескенде бұлай алып жүру ойыншыға қарсыласпен бетпе-бет ұшырасқанда қолайлы тұрыста болуына көмектеседі.
Жекелеген жағдайларда допты алға жіберіп ұрып, оны қайта иемденіп қозғалады.
Лақтыру. Лақтырулардың нәтижелілігі бірқатар шарттарға байланысты болады. Олардың ішінде маңыздысы қарсыласты күтпеген жағдайда қалдыратын сәтті таңдау лақтыру әдістері мен бағыты болып табылады. Бұл да және доп көздеген нысанаға тез жететін жылдамдықта өте маңызды. Ол лақтыру күшімен анықталады, себебі оның салмағы мен жылдамдық үдеуіне тәуелді болады. Лақтыру күші артқан сайын қимыл да соғұрлым шапшаң орындалады.
1-сурет. Допты иілген қолмен жоғырдан беру
Лақтырудың тиімді тәсілі дене салмағы мен инерциясының пайдаланылуына, лақтырушы қол қимылының кең құлаштауына жағдай тудыруына, бұлшықеттер мен қозғалмалы буындардың серпімді шиыршық ата жиырылуына құрылады. Бірақ ойында кең құлашпен сермеп, бірнеше қадамнан лақтыру өте қиын. Сондықтан ойыншылар мен жаттықтырушылардың шығармашылық ізденістері лақтырудың барынша тиімді жылдам тәсілін табуға бағытталған (қысқарған сермеумен, т.б.).
Қақпаға лақтыруды орнынан, қозғалыстан, тіректі және тірексіз қалыптардан орындайды. Қозғалыстан жартылай берілген қолмен жоғарыдан лақтыру – ең кең тараған әдіс. Қалған әдістерді сәтіне қарай орындайды.
Сермегенде доп қалпы көп өзгереді. Доп баста, иық деңгейінде, бастан жоғары немесе қапталында болуы мүмкін. Бұл тәсілдер ерекшелігімен және туындаған жағдайға қарай анықталады.
2-сурет. Допты бүгілген қолмен жоғарыдан лақтыру
3-сурет
Қозғалыстан жартылай бүгілген қолмен жоғарыдан лақтырудың үш түрі бар: қайшылаған қадамнан кейін, қадамсыз (қозғалыста) және аялдап соңғы әдіс ең нәтижелі әдіс қайшылаған қадаммен лақтыруда күш жағынан төмен болғанмен, орындау шапшаңдығында одан асып түседі.
Бұндай лақтыруда сермеуді алғашқы екі қадамда орындайды және екінші, үшінші қадамдарды қайшылап жасайды (аяқ ұшын жүгіру бағытына қарай бұрышпен бұрады). Нәтижесінде сермеудің соңында ойыншы қақпаға қырымен тұрады, ал дене салмағы артта тұрған аяққа түседі.
Лақтыру дене салмағын кері бағытқа ауыстырумен тез басталады. Ойыншы сонымен бір сәтте қақпаға кеудемен бұрылып, доп ұстаған қолды шынтақтан бүгіп, алға қозғалады. Осы сәтте лақтыруға тән тартылған садақтай қалып орнайды. Тұлғаның алдыңғы бетінің бұлшықеттерінің қызметімен ойыншы тез қимылымен добы бар бүгілген қолды алға жібереді, шынтақ барлық жолда саусақтан алда болады. Допты иықалды мен саусақтың серпімді қимылымен жібереді, дене салмағы толықтай лақтырушы қолымен аттас аяққа түседі.
Бүгулі қолмен жоғарыдан лақтырғанда серменді қайшылау қадамынсыз тез жасайды. Лақтырушы қолды артқа жіберіп, сонымен бір мезетте ойыншы шығып осы бағытқа бұрады. Тұлғаның жоғарғы бөлігін бұру алға аттас немесе келесі аяқ шыққанда өз шегіне жетеді. Сол аяқтың қадамымен лақтыру басталады, иықтар қақпаға бұрылады және добы бар бүгілген қол алға созылады. Допты дене салмағы оң аяқтан сол аяққа түскенде лақтырады.
Бұл әдістің сипаттық мәні мынада, яғни бұл жерде тірек ретінде лақтырушы қолға аттас аяқ пайдаланылады. Лақтырушының бұндай қалыптан тыс тұрысы қақпашыны қапы қалдыруы мүмкін.
Бүгілген қолмен жоғарыдан, аялдап лақтыру – ең тез әдіс. Допты секіріп қағып алу бұнда қажетті алғышарт болып табылады, яғни мұнда жерде лақтырушы сермеуді ауадан бастауына болады. Алдымен оң аяққа, сосын сол аяққа қонады, табандау қимылын арттыру үшін онда жерге өкшені қояды. Қадам қалпында тұрған лақтырушы дене салмағын алда тұрған аяққа тез түсіріп, кеудесімен қақпаға бұрылып шынтағынан бүгілген добы бар қолын тез алға жібереді.
4-сурет. Бүгілген қолмен жоғарыдан аялдап лақтыру
Бүгілген қолмен жоғарыдан, секіріп лақтыру алыс қашықтықтан қақпаға шабуыл жасауда жиі пайдаланылады (10-11м). Ол сермеу мен допты жіберу тірексіз қалып – ұшуда орындалатынымен ерекшеленеді. Тебілу мен қонуды бір аяқпен орындайды. Ұшқанда добы бар қолды артқа жіберіп, тұлғаның жоғарғы бөлегін сермеу бағытына қарай бұрады: сермеу аяғын тізеден бүгіп, табан мен белді бұрып, жоғарғы қапталға жібереді. Лақтыру ұшудың жоғарғы нүктесінде сермеу аяғын белсенді жазып, кеудені қақпаға бұрып, тұлғаны еңкейтумен бірге орындалады. Кейде оны алға, артқа төменге айналып сермеумен және допты қону алдында жіберумен немесе тұлғаны жанына июмен үйлестіреді, бұл қорғаушылардың қорғанынан кетуге көмектеседі.
Ойында құлай лақтыру қажеттігі жиі туындайды. Бұл лақтырушының қорғаушыдан алшақ кетуіне немесе қақпаға дейінге қашықтықты жақындатуға мүмкіндік береді.
Құлай лақтыруды тірек қалпынан және секіруде деп екіге бөледі. Біріншісін жабық тұрыстан шабуылға пайдаланады. Құлай секіріп лақтырулар алты метрлік сызықтан шабуылдауға арналған. Дәлдік тұрғысынан алғанда бұл лақтыру түрі өте күрделі себебі сермеу мен лақтыруды әдетте қону алдындағы тепе-теңдікті жоғалтқаннан кейінгі аз сәтте орындайды. Құлау бағыты бұнда түрліше болып келуі мүмкін: алға, артқа, қапталға.
5-сурет. Бүгілген қолмен жоғарыдан секіріп лақтыру
Алға құлау арқылы бүгілген қолмен жоғарыдан лақтыру. Бұнда алдымен қадам жасалады. Алға қозғала отырып, ойыншы тірек аяғын барынша бүгеді. Добы бар қолды сермеудің ең артқы қалпына апарады. Иық пен боксені сермеу жағына бұрады. Лақтырушы тірек аяғының ұшына қайта көтеріліп, келесі бүгілген аяқты жанына қарай жібереді. Осы сәтте ол соңғы шешімді қабылдап, құлауды жалғастыра отырып, қақпаға кеудемен бұрылады. Бұдан кейін ол қақпашының қимылын бақылай отырып, допты лақтырады. Допты соңғы сәтте алаңға түйісер алдында еркін қолмен тастайды. Қонуды алдымен қолдан бастайды.
6-сурет. Алға құлау арқылы бүгілген қолмен жоғарыдан лақтыру
Жанына ауытқып және құлау мен бүгілген қолмен жоғарыдан лақтыру жабық тұрыстан шабуылдауға мүмкіндік береді.
Қапталға ауытқып лақтыру қойылған қорғаннан қашу үшін шабуылшы лақтыруды орындағанда тұлғаның жоғарғы бөлігін еркін қол жағына қарай иеді. Екі немесе бір аяққа тіреліп, допты тастайды. Допты бастан асыра бағыттайды.
Еркін немесе лақтырушы қолмен жанына құлай лақтыру шабуылшыдан бұдан да алшақ кетуге мүмкіндік береді. Бұған қарама-қарсы жаққа жасалған алдын ала алдамшы лақтыру да көмектеседі.
Алдарқатудан соң тағыда алға бір қадам жасайды. Қорғаушыға жақындаған шабуылшы артқы қапталға тез ауысады. Салмақты бүгілген тірек аяғына (оң қолмен лақтырғанда сол аяққа) түсіреді. Ойыншы құлағанда добы бар қолды артқа жіберіп, сонымен өзі алаң бетіне шалқадан жату қалпында болады. Қонар алдында ол қақпаға кеудесімен бұрылып, қорғаушылардың қолдары арасыннан допты нысанаға бағыттайды.
Секіріп қапталға құлаумен бүгілген қолмен жоғарыдан лақтыруды қақпашы алаңының сызығынан негізінен сызықтан және арттағы шабуылшылар шабуыл жасауда жиі қолданылады. Допты алған соң шабуылшы тез алты метрлік сызыққа шығып, тепкі аяғының табанын соған қатарлас қойып, аймаққа секіре өтеді. Бұнда допты екі қолмен ұстайды. Ұшуда оны лақтырушы қолға ауыстырып, сермеуді орындайды. Допты лақтырған соң шабуылшы қонады. Аттас аяқпен тебіліп, лақтырушы қол жағына қарай құлауда алаңға бірінші тепкі аяғы, сосын қолдар тиеді. Келесі аяқпен тебілгенде қону ауыса бұрылумен жүргізіледі, яғни алаң бетіне бірінші еркін қол мен сермеу аяғы тиеді.
7-сурет. Қапталға құлау арқылы лақтыру
Жабық тұрыстан лақтырудың кең тараған түрлерінің бірі – бүгілген қолмен қырынан лақтыру болып табылады. Оны бел, бөксе және тізе биіктігінде орындауға болады. Сермеу жоғарыдан лақтырудағыдай орындалады. Қайшылау қадам жасаған ойыншы лақтыруға арналған бастапқы қалыпта тұрады; аяқ алшақ қойылған, дене салмағы артта тұрған аяққа түскен; добы бар қол артқа жіберілген, тұлға қақпаға қырынан бұрылып, лақтырушы қол жағына қарай иілген. Келесі сәтте лақтырушы салмағын алда тұрған аяққа салып, қақпаға кеудемен бұрылып, добы бар қолды шынтақтан бүгіп, алаңға қатарлас жібереді. Сосын қолды тіктеп, иықалды, саусақтар, білезік бірінен-соң бірі қатысатын қамшылау қимылымен допты қақпаға жібереді. Қимыл соңында қолдың алақанын жоғара қаратып бұрады. Бүкіл лақтыру жалпақ тасты су бетіне лақтыру қимылын еске түсіреді. Допты қорғаушыдан алшақ әкету үшін тірек аяғын оның аяғының сыртқы жағына қою ұтымды (әдетте оң жағына).
8-сурет. Бүгілген қолмен қырынан лақтыру
Бұл негізгі нұсқа, дегенмен нақты ойын шарттарында оны түрліше үлгіде пайдаланады. Сонымен, тұлғаның жоғарғы бөлігінің айналу қимылын пайдаланып лақтыруды бүгілген емес, тік қолмен орындауға болады. Аттас аяқ тірек аяғы болуы мүмкін, ол допты қорғаушыдан біршама алшақ әкетуге көмектеседі. Қырынан лақтыруды жоғары және қапталға секіруде жиі қолданылады. Жоғары қарапайым секіруді бейнелеген шабуылшы соңғы сәтте лақтырушы қолдың қимыл бағытын өзгертіп допты жоғарыдан емес, керісінше қорған қоюшылардың қолдары мен тұлғаларына жақын лақтырады.
Штангаға немесе қақпашыға тиіп, кері кеткен доп бір немесе екі қолдың алақан соққысымен қайтадан қақпаға бағытталуы мүмкін. Қайта соққыны секіре құлаумен орындайды.
Соңғы кезде қақпашылар секіруші ойыншыға шығуды тәржірибеде көп қолданып жүр. Бұл, жағдайда қақпашыдан өткізіп жоғары траекториямен лақтыру нәтижелі болмақ. Траектория әдеттегі әдіспен басталған лақтыру сәтінде өзгереді.
Алаңға ұрынған доп – қақпашы үшін ең ауыр лақтыру. Қабылдау үшін әсіресе шығу бағытын өзгертетін айналып лақтырылған доп та күрделі. әдетте оны артқы тұрыстағы шабуылдағанда лақтырады. Лақтыру орнына қарай допқа оңға немесе солға айналу бағытын береді. Доптың айналуы саусақтардың белсенді қимылы қосылатын иық алды мен білезіктің қуатты бұрылуы арқылы жүргізіледі.
Финттер. Команданың барлық ойыншысы финтті меңгеру керек, оларды доппен де, допсыз жасауға болады. Допсыз алдарқату шабуылшының қорғаушыдан құтылуына және жақсы қалыпты алып, олардың өзіне деген назарын басқаға аударуға көмектеседі. Доппен алдарқату қарсыластың белсенді қарсы әрекетінен құтылып, ойлаған мақсатын кедергісіз атқарып аяқтауға көмектеседі. Оларды допты беруде, лақтыруда және асыруда қолданады. Финттер өте күрделі қимылдар, өзара байланысты екі кезеңнен тұрады: жағдайға қолайлы тәсілдік амал пайдаланылатын баяу алдарқату қимылы мен негізгі шапшаң қимыл.
Финтті қарапайым және екі немесе одан да көп амалдар қолданылатын күрделі деп екі топқа бөлеміз. Бір қимылдан екінші қимылға ауысуға кеткен уақыт аз болған сайын қарсыласты жеңіп шығу мүмкіндігіне де жол ашыла түседі.
Допты беруде әдістерді өзгерту финттерін қолданады, яғни беруді орындау сәтін аялдату мен бағытын өзгертеді. Ең кең тараған финт-бұл алдап лақтырып доп беру болып табылады (бастан асыра, арқасынан немесе жанынан).
Лақтыруда мыналар тиімді:
- беру мен лақтыруды бір әдіспен алдап орындап, соңынан басқаға лақтыру;
- қорғаушыдан асыра секіре қонып алдап лақтыру;
- бір қолмен алдап сермеп, допты келесі қолға өткізіп, лақтыру, т.б.
Қорғаушыдан айналып өткендегі алдарқатудың маңызы ерекше. Бұл бір немесе екі қадамды қимыл болуы мүмкін. Алдамшы қимыл ретінде қадамды, құлауды, бұрылуды және беруді, т.б. пайдаланады.
Қалқан құру. Бұл шабуылшыны қорғаушылар қоршауынан құтқаратын тиімді құрал. Қалқан құруды бір (жалғыз) және бірнеше (топ) ойыншылар орындауы мүмкін. Оны ойыншылар доппен де және допсыз да жасай береді. Қалқанды тұрыстық және қозғалыстық деп бөледі. Әсіресе соңынан бұрылып және қалқан қоюшының тайқып кететін қалқан түрі барынша әсерлі.
Қою орнына қарай сыртқы және ішкі қалқан деп екіге бөлінеді.
Топтық қалқан еркін тоғыз метрлік лақтыруды орындағанда пайдаланылады (бірнеше шабуылшы бір-бірінен тығыз орналасып, қорғаушының допты алған ойыншыға деген жолын бөледі).
- Қорғаныстағы ойын тәсілі
Әрбір ойыншы шабуылда да, қорғаныста да ұтымды қимыл жасап үйренуі тиыс. Қорғаныстағы ойын тәсілін қармау, қорған қою, допты түсіру, финт, допты қақпашының ұстап қалуы құрайды.
Қорғаныс әрекетіне дайындықты дұрыс бастапқы қалып-тұрыс аяғын бүгіп, дене салмағын табанның алдыңғы бөлігіне тең түсіріп, қол жартылай бүгілген және біршама екі жанына жіберілген, алақандар алға бағытталған. Аңдап қадам жасай жылжып, арқасымен алға жүгіру қорғаныстағы қозғалыс тәсілінің ең маңызды амалдары болып табылады.
Допты қармау – команданың қарсы шабуылға өтуін қамтамасыз ететін амал. Ол қорғаушының ойыншы ықпалымен алға, күрт шығуымен орындалады. Бұл үшін жұлқына шығу немесе ұзынынан құлау жасалады.
Допты алып қою допты жүргізуші ойыншымен күресте орындалуы мүмкін. Оған жақындаған қорғаушы допты соғатын қолайлы сәтті күтеді (доп қорғалмаған немесе шабуылшының назарынан тыс қалған сәтте соғып алуы керек). бұл үшін қарсыласынан алыс немесе өзіне жақын қолды пайдаланады.
9-сурет. Қорғаушының тұрысы 10-сурет. Допты алып қою
Допты алып қоюды допты лақтыру алдындағы сермеуде де орындайды. Бұл дәл есеп пен жоғары қимыл дәлдігін талап ететін барынша күрделі амал. Қарсы кездесетін қол қимылынан қашу қажет. Ойыншыны аңди отырып, қорғаушы сермеуде доп ең артқы қалыпта тұрғанда аттас қолдың саусағымен оны іліп алатын ұрымтал сәтті күтеді.
Қорған қою допты қақпаға лақтыратын ойыншыға қарсы көрсететін әрекеттің негізгі құрамы болып табылады. Жоғары, орта, төмен ұшқан допқа қорғап қою түрлері бар. Қорғанды қолмен (бір немесе екі), кейде аяқпен құрады. Қорған қоюшы ойыншыға неғұрлым жақын болса, лақтыру бағытын анықтау да соғұрлым оңай болады. Сондықтан допты ұстап қалуға дайындалған қорғаушы ойыншы мен допқа мұқият назар салып, дер кезінде алға шығып, лақтырушыға қарсы қадам жасап, қолын оның иығына жіберіп лақтыруға кедергі болуы керек. Допты тұтып қалу үшін қолды жоғары көтеріп, алақан жоғары қарайды, саусақтар бір-біріне тиіп тұрады, қолдар мен саусақтар жарақаттан қашып, лақтыру күшін бағындыру үшін сығымдалып тұрады.
Секіріп лақтырушыны тұту да секіруде орындалады. Дер кезінде секіру үшін қорғаушы бүгілген аяқта алдын ала тұрыста болады.
Қайта қосылуды қорғап тұрған ойыншысын бақылау назарынан шығарып алу қаупі төнгенде қорғаушылар ойыншыларын алмастырады. Қалқан қойылғаны артқа қадам жасайды, осы сәтте оның әріптесі алға шығып, кетіп бара жатқан ойыншының бағытына қарай араласады. Бұл амал әдетте қалқан қоюда және қарама-қайшы орын ауыстыруда қолданылады. Қалқан қоюшыға немесе қақпаға жақын орналасқан ойыншыны қорғайтын қорғаушы қайта қосылу мерзімінің дәлдігіне жауап береді. Шабуылшының әрекетін қиындату үшін қорғаушы шығу бағытын бөгеуге тырысады және шабуылшы қимылына белсенді тосқауыл қояды. Қалқанға түсіп қалған ойыншы қалқаннан өзінің белсенді қарсылық әрекетімен өзі шығып кеткені өте дұрыс.
- Қақпашының тәсілі мен тактикасы
Командада қақпашы ең жауапты және қиын роль атқарады. Оның қақпаны қорғауда да, команданың шабуылындағы жетістікте қақпашы әрекетіне байланысты болады. Қақпашы ұзын бойлы болуы тиіс (180-190 см) және оған реакция мен бағдарлау шапшаңдығы, ептілік пен күш және төзімділік тән болуы қажет.
Қақпашы тәсілін дұрыс қозғалыс, допты қолмен немесе аяқпен ұстап қалу, финт және допты беру құрайды.
Тұрыс. Доптың орналасу қалпына қарай қақпашы түрлі тұрыста болады. Негізгі тұрыстың екі түрі бар: қақпа ортасында және қапталдағы тұрыс. Қақпа ортасында негізгі тұрыста тұрып, доп ұстаған ыңғайлы, яғни аяқ жартылай бүгілген және иық деңгейінде тұр, дене салмағы екі аяққа түсіріліп, табанның алдыңғы бөлігіне ауысады, тұлға алға сәл иілген, қолдар жартылай бүгілген екі жанында, алақандар иық биіктігінде алға қараған.
11-сурет. Қақпашы тұрысы
Шетінен лақтырғанда қақпашы толық қапталдағы тұрысқа шығады, аяқтар әдеттегіден алшақтау орналасқан (15-20 см). Қақпаға жақын қол жоғары көтеріліп, шынтақ буынында біршама бүгілген, ол қақпаның жоғарғы бұрышын жабады. Келесі қол жанына жіберіледі. Дене салмағы қақпаға жақын аяққа түсіріледі. Осы қалыпта қақпашы допты кері қайтарады немесе алға шығады.
Қозғалу. Қақпашы қақпада негізінен бір аяғын үнемі тірек етіп нығыз қадамдап қозғалады. Бұл бағытты тез өзгертіп, үнемі допты кері қайтаруға мүмкіндік береді. Кенеттен берілген допты қағып алып, оны ойынға қосу үшін қақпашы тез сөреге тұрып, бетімен және арқасымен еркін әрі шапшаң қозғала алуы тиіс.
Қақпашы көбіне құлау және шпагатқа отыру жағдайына душар болады, сондықтан ол бұл қимылдарды кез-келген жаққа еркін орындай білуі тиіс. Оның ойынында көптеген секірулер үлкен орын алады. Алысқа ұшқан допты көбіне құлай секіріп қағып алуға ғана болады. Бұл жағдайда тепкіні секіру бағытына жақын аяқпен орындайды. Қонуы жұмсақ, құлаумен орындайды.
Лақтырушыға қарсы шығу мен секіру – қақпаны қорғаудың ең маңызды әдістерінің бірі. Дәл тию бұрышын азайту үшін қақпашы биіктікке немесе ұзындыққа секіріп, доптың қақпаға енетін қысқа жолын бөгейді. Ұшқанда ол әдетте лақтырудың мүмкін бағыттарының барлығын түгелдей қамтуға тырысып, қолдары мен аяқтарын кең жаяды.
Шабуылшылармен бетпе-бет келгенде қақпашы алдамшы қимылдарды жиі қолданады. Алдарқату ретінде бір жағын жалған жабу арқылы келесі бөлікті жабу қолданылады. Алдын ала бағдарын болжай алмаған шабуылшыға қарсы екі жағына да иілу әдісін пайдаланған дұрыс. Бұл қақпашының айласын «ұққан» шабуылшы бағыттаған допты кері қайтаруға мүмкіндік береді.
Жалған шығуды жиі қолданады. Бұл шығуға допты лақтырумен жауап беруші шабуылшы әрекетіне қақпашы кері қайтып, оны қайтарады.
Допты қағып алу – қақпашының ең маңызды ойын элементтерінің бірі. Дегенмен, қатты лақтырылған допты ұстау мүмкін болмағанмен, оны кері қайтару мен қайта шабуылды бастау үшін оны тез меңгеруі тиіс. Бұл үшін қақпашы допты ұстап алады. Негізінен екі қолды пайдаланған жөн.
Допты ұстап қалу қақпашы әрекетінде негізгі орын алады. Бұнда ең маңыздысы – доптың лақтыруылу күшін тежеу болып табылады. Бұл үшін соққы сәтінде қояды, білезік пен саусақтарды артқа жібереді. Жақындап қалған допты қақпашы ұстап қалады.
Қақпашы допты бір немесе екі қолмен, қолмен және аяқпен, сонымен бірге тұлғамен де ұстап қалып, кері қайтаруына болады.
Жоғары ұшқан допты қақпашы бір немесе екі қолымен қағып алады. Егер доп жанынан ұшса, дәл тию бұрышын азайту үшін қақпашы жанына секіреді, қадам жасайды немесе алға шығады. Ұстап қалуды иық алдымен немесе соған жақын қолдың ұшымен орындайды. Кейде бұл амалды құлай секіріп орындайды, бұл онша тиімді емес, себебі көп уақыт дайындық қимылына шығындалып, допты кері қайтару бағдарын білу мүмкін болмай қалады. Бұл қимылдардың барлығын негізгі тұрысты сақтап, тепе-теңдікті ұзақ жоғалтпай орындаған дұрыс.
Қақпаның төмен жағына лақтырылған доптарды қолмен және аяқпен бір мезгілде қайтарады. Доптың ұшу бағытын анықтаған қақпашы дене салмағын алшақ тұрған аяққа түсіріп, табан допқа қарай бұрылып, еденнен сәл ғана көтерілуіне жол беріп, ал бөксе мен тізе арасындағы бұрыш 900-қа жуық болуын қадағалап, допқа жақын аяққа кеңінен құлайды. Бұл бағытта аттас қолдың алақанын алға жібереді, ал келесі қолды жоғары көтереді, ол тепе-теңдікті сақтауға көмектеседі. Құлаудың соңында аяқтарды түгелдей тіктейді, қақпашы оған отырып, сосын шапшаң тұрыс қалпына оралады.
Шеткі тұрыстан қашық төменгі бұрышқа лақтыруда қақпашы допты құлай қағып алады, сонымен бір мезетте жеті метрлік белгі жағына қарай қол және аяқпен қозғалады.
Допты беру. Қақпашының допты тез әрі дәл лақтыруы – команданың қорғанудан шабуылға ұтымды ауысуының маңызды шарты болып табылады. Бұл үшін бүгілген қолмен жоғарыдан лақтыру пайдаланылады (әдетте биіктік жолымен және алыс қашықтыққа). Қақпашы допты қағып алған соң, оны берудің бастапқы қалпына тез келтіріп, доппен лақтыруға қолайлы бағыт таңдап, алға қадам жасайды.
12-сурет. Допты қайтару
Орынды дұрыс таңдау қақпашының дұрыс әрекеті болып табылады. Оның негізгі тұрысы – қақпа орталығы мен алдыңғы сызықтар. Қақпа алдында доға бойымен қозғала отырып, қақпашы доп пен қақпа тұсындағы бұрыш ортасындағы сызықта болуы тиіс. Осы жерден ол доптың қақпаға түсу мүмкіндігінің бұрышын бөгеу үшін қажетті алға шығуға дайындалады.
300-тан төмен бұрыштан лақтырғанда, ол қапталдық тұрыстан орын алады. Егер қақпашы мен лақтырушы арасында қалқан қоюшы орналасса, онда қақпашы ашық жаққа ауысады, ал лақтырушы қол мен лақтыру бағытын алаң ойыншысы түгелдей өз мойнына алады.
Қақпашы үнемі допты қадағалауы керек, жалған қимылдарға ермей, тепе-теңдігін жоғалтпай және өз қалпын лақтыруға дайындық сәтінде өзгертпеуі тиіс.
Егер оның командасы шабуылға шықса, онда қақпашы алты немесе тоғыз метрлік сызыққа орналасып, кенеттен допты жоғалтып алған жағдайға немесе қарсыласының тез жұлқына доп тастау әрекетіне дайындалып тұрады, бұл сәтте ол допты ұстап қалады. Сәтсіз әрекетте ол артқа кетіп, қақпада қалады, ойыншы пайдасына лақтыруға көмектеседі.
1.6. Ойын тактикасы
Ойындағы жетістік ең алдымен ойыншылар әрекетін дұрыс ұйымдастыруға байланысты болады. Бұл үшін ойынды жүргізудің түрлі тактикалық құралдары қолданылады.
Шабуылдағы ойын тактикасы
Шабуыл – ойынның шешуші кезеңі, ойын нәтижесі оның табыстылығына байланысты болмақ. Көп жағдайда шабуылдың жалғыз мақсаты қарсылас қақпасына доп соғу болып табылады.
Командалық әрекет шабуылда команда екі негізгі тактикалық жүйені пайдаланады: тез жұлқынып шығу және тұрыстық шабуыл. Бұның қай-қайсысыда бір-бірін толықтырып отырады, сондықтан әрбір команданың қорында болуы керек.
Тез жұлқынып шығу – шабуылдың ең тиімді әдісі. Алайда, оны қолдануда біршама қиындықтар кездеседі. Сондықтан тұрыстық шабуылға көп салмақ артады. Алайда жұлқынып шығуды жиі қолданған сайын, шабуылшылар жолды жиі салады. Бұны әлемнің ең күшті командалары көрсетіп жүр. Заманауи гандбол осы жолмен дамып келеді.
Тез жұлқынып шығу мақсаты – шабуылдан қорғанысқа ауысқан сәттегі доптан айырылып қалудан туындаған, қарсыластың уақытша шашыраңқы жайын пайдалану. Сондықтан тез жұлқынып шығуға доп қарсыласынан кенеттен алынғанда ауысуға болады. Бұны көбіне қорғанғанда тиім күші жұмсарған допты қақпашы қағып алғанда немесе ұстап алғанда, шабуылшы ережені бұзып, доп қақпашыға өткенде немесе қақпадан шығып кеткен допты алып қойғанда қолданады.
Тез жұлқынып шығу – шапшаң ұмтылыспен ерекшеленеді, шабуыл уақыты 4-7 с-қа созылады, онда аз ойыншы жүзеге асыратын, барынша қарапайым, өзара әрекет қолданылады.
Уақыт пен кеңістікті ұту қақпаға жақын жерден сандық салмағын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл үшін шабуылшылардың барлық әрекеттері тез, шешімді және өте үйлескен болуы тиіс. Әсіресе жұлқынып шығуға өту мен тез әрі дәл бірінші доп беру үшін қолайлы сәтті дұрыс таңдау маңызды.
Жұлқынып шығуды команданың барлық ойыншысы да, жеке ойыншысы да орындай алады. Жұлқынып шығуда ойыншы саны көп болған сайын, оған қарсы тұру да қиын соғады.
Қақпаға жетіп шабуылшылар алаңның бүкіл еніне мүмкіндігінше екі сызыққа орналасады. 1-3 ойншы бірінші жетіп, арттан келушілерге қолдау көрсетеді. Бір ойыншы доптан айырылып қалу мен қарсы шабуылға дайындалып, артта қалады. Егер бірінші сызықтағы ойыншылар сандық ұтысты көрсете алмаса онда шабуылды нәтижелі аяқтау қорғаушылар арасындағы ашық алаңға еркін қалуға ұмтылатын екінші сызықтағы ойыншылар үлесіне тиеді. Екінші сызық ойыншыларының шабуылды аяқтауымен жұлқынып шығуды бұлай тізбектей дамыту лездік шабуыл деп аталады.
Алыстан доп беріп тез жұлқынып шығу – шабуылдың қарапайым әрі барынша тиімді әдісі. Бұндай доп беруді әдетте допты ұстаған ойыншы немесе қақпашы орындайды. Бірінші жұлқынып шыққан шабуылшы қаптал сызығымен, орталығымен немесе диагональ бойымен жұлқынып шығады. Табысты болуы үшін бұл жұлқу алға озушы болуы керек. Әдетте бұны алға озған қорғаушы немесе лақтыру орнына қарсы тұрған ойыншы жүзеге асырады.
Аңдушылардан бөлініп шыққан ойыншы допты тез әрі дәл беруі керек. доп орта биіктік жолымен ұшқан дұрыс. Алайда доп беру созылған ұзақ болмауы керек, әйтпесе қарсылас қақпашысы оны ұстап алады. Егер қақпашыға допты топ жаруға тез беру мүмкіндігі болмаса, онда ол допты тоқтаусыз жақын тұрған әріптесіне беруі тиіс, ол допты алдағы топ жарған ойыншыға бағыттайды.
Қысқа доп берумен тез топ жару бірінші топ жарғанды сенімді түрде қауіпсіздендірген жағдайда ұйымдастырылады. Сонда топжаруға соңғы немесе алдыңғы ойыншылар ұмтылып, солардың біреуі бірінші доп береді.
13-сурет. Шабуылдағы ойыншылардың топты тез
жару кезіндегі қарым-қатынасы
Қарсыластың шабуылды ойын ережесін бұзумен тоқтату мүмкіндігін болдырмау үшін добы бар ойыншы тез бағдарлап және допты бос әріптесіне қорғаушымен түйіскенге дейін беріп үлгеруі керек, бұл жағдайда шабуылшылар алаңның бүкіл ендігімен алға қозғалады. Бірінші сызықта бірден үш-төрт ойыншы бола алады. Шабуылшылар қақпаға қысқа жолмен орындарын ауыстырып немесе ауыстырмай жетеді. Бір бөліктен қарсылассыз шабуылшы табу үшін үш-төрт рет доп беру жеткілікті.
Тез топжару шабуылы өзара байланысты үш кезеңімен тұрады: бірінші кезең – допты алып, шабуылға өту; екінші кезең – алаң бойымен айлалы қимылға көшу; үшінші кезең – шабуылды аяқтап, қорғанысқа өту.
Алғашқы кезеңде әрбір ойыншы өзінің қадағалаушысынан қара үзіп кетуге тырысады. Қайта алып қоюды болдырмау үшін допты алған ойыншы қарсыласының допты алуға шыққан жолын бөлуі керек. Допты беруші өз кезегінде дұрыс жол таңдауы тиіс, егер керек болса қорғаушыны финтпен алдап өтеді. Топ жарушының басты қаруы – шығуға ашық жол табу, доп беру.
Екінші кезеңнің негізгі міндеті – команда күшін толық ұйымдастырып, алға кеткен ойыншыларды қолдау. Бұнда шабуылшылар сызық бойынан тез орын алып, допты босаған ойыншыға беруге тырысады.
Үшінші кезеңнің міндеті – шабуылды табысты аяқтау. Шабуылшылардың қорғаушылардан көп болғаны жақсы. Кейде щабуылды сан жағынан тең түсіп аяқтайды. Сондықтан шабуылшылар аз күшпен тез қимылдауға даяр болуы керек. Бұл жағдайларда орын алмастыруға және финттерге көп көңіл бөлінеді, солардың көмегімен бірінші сызықтағы ойыншылар шабуылды өздері аяқтауға тырысады немесе екінші топтан қосылған ойыншыларға қолайлы жағдай жасайды. Бұнда қолайсыз тұрыстан доп лақтырудың қажеті жоқ, себебі қарсылас басым күшімен қарсы топ жаруға мүмкіндік алады.
Сонымен, тез топ жару тез ұйымдастырылған қимылдар кешенін қарастырады. Оны табысты қолдану үшін тәсілдік – тактикалық даярлықтың жоғары деңгейлігі аз болады. Шешімталдықты талап ететін, батыл, кейде қауіпті әрекеттерден көрінетін психологиялық болмыс керек. Тез топ жаруды ұйымдастыруда ойыншыларға қойылатын жоғары талаптар одан бас тартуға дәлел бола алмайды. Бүгінгі шапшаңдық – шабуыл жетістігінің шешімді шарты және әрбір шабуыл тез топжару әрекетінен басталуы тиіс.
Тұрыстық шабуыл – шабуылдың келесі тактикалық жүйесі. Топ жара алмаған немесе оны жүргізуден бас тартқан команда ұйымдастырылған қорғаныс қарсылығын бағындыруға мәжбүр. Өз алаңының жартысына оралып үлгерген және қорғанысты ұйымдастырған командаға қарсы шабуыл тұрыстық шабуыл деп аталады. Допты ұстап тұруға шабуылшы командаға 45с қана уақыт берілетін қазіргі жағдайда қарсыластың жинақы ұйымдастырылған шебін бұзу қиын нәрсе.
Тұрыстық шабуыл мына жағдайларда ғана дұрыс саналады:
- допты ойынға қосуда өте көп уақыт жоғалтса;
- қарсыласпен тез ойында күші тең түссе;
- қайта қалпына келу үшін үзіліс жасап, ойын ырғағын өзгерту қажет;
- ойыншыларды алмастыру қажет.
Тұрыстық шабуыл үш ойын кезеңінен тұрады: бастапқы, дайындық және аяқтаушы. Бірінші кезеңде ойыншыларды жоспарлап орналастыру жүзеге асырылады, екіншісінде – қақпашы алаңына түйісетін аймақтардың бірінде жекпе-жекке түсу үшін қолайлы жағдай тудыратын немесе қысқа уақытқа саны жағынан артуы үшін ойыншылар мен допты ауыстыру жүргізіледі; үшінші кезеңде қақпаны алу үшін қолайлы жағдай жасап, шабуылды жалғастырып немесе шабуылдан қорғанысқа өту үшін күшін жинақтайды.
Тұрыстық шабуылды жүргізу үшін команданы екі тактикалық топқа бөледі. Бір топты немесе алдыңғы сызықты соңғы екі және сызықтық (1-2) ойыншы құрайды, олар алты метрлік сызық бойымен қозғалады. Екінші сызықта ойынпаз және орташа ойыншылар орналасады.
Бірінші сызық ойыншылары алдында біршама күрделі міндет қойылады: қарсылас шебінің ішінде әрекет ету. Сондықтан сызықтағы және шеткі ойыншылар соңынан қорғаушыны айналдырып, алдап өтіп, лақтыруға қолайлы қалыпты тудыратындай етіп, допты алу үшін орынды дұрыс таңдай алуы қажет. Бұл ойыншылар өз сызығының барлық тұрысынан ойнай білуімен қатар, өз әріптестерімен өзара байланыста болып, кезеңімен олармен орын ауыстырып тұруы керек.
Екінші топ ойыншылары алдарқатып және шабуылды аяқтау қызметін орындайды. Сондықтан олар тамаша дене дайындығы бар және жоғарғы тәсілдік шеберлік пен үлкен тактикалық білімі бар, сол сияқты ойын жағдайын дұрыс бағалай білу қабілеті бар озық спортшылар болуы тиіс.
Бірінші сызықтағыдай, екінші сызықта да оң жақтан сол қолмен лақтыратын, ал сол жақтан – оң қолмен лақтыратын ойыншылар ойнайды, ол қарсылас қақпасын ұтымды атқылауға мүмкіндік береді.
Тұрыстық шабуылдың түрлі нұсқаларында сызықтағы ойыншылар ауысып тұрады. 3-3 немесе 2-1-3 және 4-2 немесе 2-2-2 етіп қою кең тараған, ол бір және екі сызықтағы ойыншылары бар нұсқаға сәйкес келеді. Бұдан басқа сызықсыз (2-0-4 немесе 0-0-6) және шеткі ойыншыларсыз (0-2-4 немесе 0-1-5) және болса түрлері қолданылады. Орналастыруды таңдау қарсыластың қорғанысы мен команданың мүмкіндігі жүйесіне байланысты болады.
14-сурет. Шабуылшылардың аймақтағы тұрыстық келбеті
Орналастыру нұсқаларына қарамастан тұрыста шабуылдағы шабуылшылардың арасындағы негізгі тактикалық әдістердің өзара әрекеті ортақ болып қалады. Мынадай типтік өзара әрекеттің түрлері бар:
- ығыстырушы шабуылы;
- қайшылай қозғалу;
- босаған аймаққа шыққан ойыншыға доп беру;
- допты және допсыз ойыншыға қалқан қою.
Ығыстырушы шабуыл – бұл добы бар ойыншының аймақта екі қорғаушының арасында шабуылды бейнелеп, сол арқылы оларды мүмкін лақтыру сызығына ысыратын шабуылшылардың өзара әрекеті. Соңынан әріптесіне доп беру барынша үлкен бос кеңістікте ойнауына мүмкіндік береді.
Қайшылап қозғалудың маңызы да осындай, яғни добы ойыншыға екі қорғаушының назарын аударады. Бұл үшін допты алғаны көршілес қорғаушының аймағына ауысады. Әріптесі оның арқасынан босаған орынға ұмтылады. Оған допты жасырын беру босаған аралықта шабуыл жасауға көмектеседі.
Босаған аймаққа шыққан ойыншыға доп беру – тұрыстық шабуылдың міндетті элементі. Оның мәні қорғаушысы еркін лақтыру сызығына шығып кетуі нәтижесінде ашық қалған алты метрлік сызық аймағына ойыншының шығуына арналған орын мен уақытты есеппен таңдауға әкелді. Осы амал арқылы оны шабуылдың екінші сызығындағы ойыншылармен өзара байланысуға пайдалану үшін сызықтық және шеткі шабуылшылар жетік меңгеруі тиіс. Соңғылары шыққан ойыншыға шабуылды бейнелегеннен кейін допты береді. Бұндай амалды сызықтағы ойыншының шығу бағытына қарама-қарсы жаққа қозғалып жүзеге асырған пайдалы.
Қалқан қою шабуылшылардың өзара байланысында негізгі орын алады. Олардың көмегімен шабуылды жақсы аяқтау үшін тұрыстағы ойыншыны босатуға мүмкіндік береді. Добы бар және допсыз ойыншыларға қалқан қою түрлері пайдаланылады. Оны команданың барлық ойыншылары қояды, көбіне алдыңғы сызық ойыншылары жиі әрі тиімді қолданады.
Сызықтағылар арқылы шабуыл жасау тұрыстық шабуыл кезіндегі командалық әрекетті ұйымдастыруда негізгі орын алады. Онда сызықтағы ойыншылар санын өзгертуге болады. Сызықтағы негізгі тұрыс – қақпа алжан-жаққа ауысып, допты алып қоюға ұмтылып, еркін лақтыру сызығына ауысуы мүмкін. Сызықтағылар өз тұрысын үнемі және кезеңдеп меншіктей алады. Кезеңдеп меншіктеушілер орнында көбінесе шеткі шабуылшылар орналасады.
Сызықтық шабуылдың негізгі міндеті – допты алып, оны қақпаға лақтыру болып табылады. Бұл үшін ол үнемі маневр жасап, еркін күшті қолы еркін қалатындай етіп, босаған аймақта «ашылуы» керек. Бұдан кейінгісі негізінен оның қорғаушымен беттесуді болдырмау білігіне байланысты, бұл үшін ол финтті меңгеріп, қақпаға теріс қарап тұру қалпынан кез-келген жаққа кете алуы қажет. Бұдан бөлек сызықтағының өзі әріптесіне қалқан қоюда, алдауда және допты беруде көмекке келуі тиіс.
Ортақ міндеттерді орындауды қамтамасыз ету үшін шабуылшылар амалдардың барлығын тегіс қолданады, яғни допты барлық шабуыл алаңына кең тастап, тез лақтыру, қалқан қою, шеткі және алшақ тұрыстан лақтыруды пайдаланады. Сызықтық ойыншыға допты ол босаған аймаққа шыққанда немесе қақпашының алаңына қарай секіргенде береді.
Сызықтағы шабуылды тоғыз метрлік сызықта байланыстырушы ретінде де пайдалануға болады. Мұнда олар аз қоршалады және допты берген соң немесе қалқан қоюдан соң қайтадан алты метрлік сызыққа шығады.
Бірнеше сызықтық шабуылдарда олардың қызметтерін шектейді: бірі қақпаға қауіп төндіреді, екіншісі әріптестеріне көп көмек көрсетеді.
Келісімді ауысып шабуылдауда шабуылшылар ең нәтижелілер қатарына жатады. Бірақ бұл үшін шабуылшылар кез-келген тұрыста жақсы ойнап, лақтыру мен доп беруді тең меңгеріп және жағдайдың дамуын жақсы түсініп, болжай алатын болуы қажет. Келісімді ауысуымен шабуылдауды қорғаныстың кез-келген жүйесіне қарсы қолдануға болады. Шабуылдың ең кең тараған түрлері үлкен және кіші «сегіздік», «екі үшбұрыш», т.б. болып табылады.
Бұл нұсқалардың негізінде бірнеше ойыншылардың (3-6) қарсы келу ұстанымы жатыр. Бұнда шабуылшылар өз жолымен жылжитын топтарға бөлінуі мүмкін. Қарсы келу доптың қозғалуына, қалқан қоюға, бір қорғаушының аймағына кенеттен екі шабуылшының шығуына қолайлы жағдай жасайды.
Бұл ұстаным толығымен «сегіздік» шабуылшыда жақсы көрінеді. Шабуылшылар ауысатын жүру жолына байланысты ат қойылған «сегіздікті» үлкен және кіші деп бөледі.
15-сурет. Сегіздікпен шабуылдау
Ойынды бастағанда ойыншылар бір-біріне бетпе-бет қиылыса қозғалады. Әрбір доп берген соң ойыншы диагональ бойымен алаң бұрышына кетеді, содан соң өзі доп берген ойыншының орнына келеді. Қорғанысты белгісі бірізділікпен ұқыптаған, бірнеше қайталаудан соң шабуылшылар оны күрт өзгертеді, шабуылға басқа ойыншыларды қосады, сол арқылы қарсылас қорғанысына уақытша түсінбеушілік әкеледі.
Алты метрлік сызықта шеткі және сызықтағы шабуылшылардың үнемі қозғалуы қорғаушылар әрекетін одан әрі қиындата түседі. Екі кіші «сегіздікпен» немесе «екі үшбұрыш» бойымен ауысу екі-үш ойыншы арасында доп беру мен қалқан қоюға негізделген қарапайым өзара әрекеті тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Ауысуға бір орында бір сәтте екі шабуылшының тұрақталып қалмауы мен добы бар ойыншының шабуылды бейнелеп, қорғаушыларды өзіне келуіне мәжбүрлеу маңызды болып есептеледі.
Аймақтың қорғанысқа қарсы шабуылды қорғанушыларға қиындық тудыратындай етіп орналасуды пайдалану қажет. Яғни, 6-0 және 5-1 аймақтарына қарсы екі сызықпен шабуылдаған дұрыс, ал 4-2 және 3-3 аймақтарымен бетпе-бет келгенде бір сызықты ойыншымен ойнау ұтымды әсер береді.
Тұрыстық шабуылдың жетістігі негізінен ойын жағдайларын алдын-ала біліп және шығармашылықпен туындаған шешімдерді пайдаланушы ойыншылардың үйлесімді әрекетіне байланысты болады.
ІІ-тарау. ЖАТТЫҚТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ НЕГІЗДЕРІ
2.1. Жаттықтырудың мақсаты мен міндеттері
Спортшыны даярлау барысында ойынды жарыс деңгейінде жүргізуге қажетті дағды, білік пен білік қалыптасып, жетілдіріледі. Жаттықтырудың мақсаты — дене дамуы жақсы, денсаулығы мықты, қоғамның белсенді мүшесі, Отанды қорғау мен жоғары өндірістік еңбекке қабілетті, жоғары спорт нәтижелерін көрсетуге дайын азамат тәрбиелеу.
Қол добышының спорт жаттықтыруы барысында түрлі міндеттер атқарылады және олардың барлығы бір-бірімен тығыз байланысты:
- жоғары ерік және рухани сапаларын тәрбиелеу;
- арнайы сапаларды жан-жақты дамытып, тәрбиелеу;
- ағзаның қызмет мүмкіндіктерін арттыру;
- заманауй әдістерді, икемді тәсілді және ойын стратегиясын меңгеру;
- дайындық жүйесін ғылыми негізде басқаруға арналған білімді игеру.
Спорт жаттықтыруының барлық құралдары жарыстық және дайындық болып бөлінеді.
2.2. Спорт жаттықтыруының әдістері
Тең мөлшерлі әдіс жаттығуды теңкөлемді ырғақта үздіксіз ұзақ орындауды ұсынады. Бұлшықет топтарының көп бөлігі қатысатын кросстар, шаңғымен жүгіру, жүзу, айналымдық сипаттағы жалпы дамытушы жаттығулар спортшы ағзасының қызметтік мүмкіндіктерін арттыру үшін қолайлы жағдай тудырады. Бұндай жаттығуларды орындағанда, жүрек жиырылуының жиілігі минутына 140-150 соққыға жетеді, ұзақтығы 60-90 минут болатын жұмыс әсіресе, дайындық кезеңінде жалпы төзімділікті дамытуға көмектеседі.
Жаттықтырудың ауыспалы әдісі түрлі қарқындағы жүктемелерді кезектестіруді қарастырады. Жүктемені бұлай кезектестіруге мысал ретінде қол добышының жалпы және арнайы дене дайындығы сатысында кең қолданылатын фартлек жүгірісін (жылдамдыққа жүгіру) алуға болады. Негізгі факторы қимыл құрылымы болып табылатын түрлі, ойын жаттығуларын үздіксіз орындауда жаттықтырудың осы әдісіне жатады.
Қайталау әдісі жүктеменің мазмұнын, көлемі мен сипатын сақтап, жаттығуларды бірнеше дүркін орындауға құрылады. Мысалы, бірдей жылдамдықпен бүкіл қол добы алаңын құрайтын ұзындықты бірнеше мәрте жүгіріп өту, қайталап салмақ көтеру, белгілі бір әдіспен бір нүктеден бірнеше дүркін доп салуды орындау; ЖЖЖ қайталау алдында 120-130 соқ/минуттан төмендемеуі тиіс. Бұл әдіс қол добышыға бір жаттықтыру барысында үлкен көлемдегі жұмысты атқаруға, мүмкіндік беріп, қызмет мүмкіндіктерін жетілдіруге, қимыл дағдыларын нығайтып, қалыптастыруға көмектеседі. Қайталау әдісін күшті, шапшаңдықты, төзімділікті, иілгіштікті, ептілікті тәрбиелеуде және әдіс-тәсілдік дайындықта қолданады.
Қол добышылардың күш қабілетін тәрбиелеуде «бас тартқанға дейін» жаттығуларын орындау әдісі қолданылады, оның негізін қол добы элементтеріне ұқсас құрылымы бар тартылу (максимум 60-70%) жаттығуларын қайталап орындау құрайды.
Барынша күш салу әдісі қол добышы екі-үш реттен артық көтере алмайтын ауыр салмақ көтеру жаттығуларын пайдалануды ұсынады. Жаттығулар арасындағы үзілістік қалпына келтіруді қамтамасыз ету үшін 5 минут шамасында аптасына бір сабақ болуы тиіс. Бұл әдіс күшті тәрбиелеуде өте тиімді.
Қайталау әдісінің тағы бір түрі қайталау — үзілісті жаттықтыру әдісі болып табылады, ол қайталау барысында жүктемені бірде ұлғайтып, бірде азайтып, жүктемені көтеруге ден қойып, өзгертумен сипатталады.
Интервалдық әдіс қайталау арасында жаттығу ұзақтығы мен демалыс үзілістерін қатаң қадағалап, қысқа мерзімдік жұмысты бірнеше дүркін қайталауды ұсынады. Жатты,у қарқыны ЖЖЖ бойынша шамамен 180 соқ/минут болып бақыланады. Айналымдық сипаттағы жаттығулардың ұзақтығы 1,5-2 минут қол добышының арнайы жаттығуларының ұзақтығы — 2-3 мин. Тынығу үзілістері әлсіз немесе белсенді болуы мүмкін. Олардың ұзақтығы ЖЖЖ-ның қалпына келуімен бақыланады, ол 120-130 соқ/мин тең. Қайталау саны 10-20 рет. Бұл әдісті қолдану жүрек бұлшықетін дамытуға, жүрек көлемін ұлғайтуға және аэробты алмасу көрсеткіштерін жақсартуға көмектеседі.
Ойын әдісі жарыс жағдайын бөлшектей үлгілеуге көмектеседі. Оны ойын барысын белгілі оқиғамен және соңғы мақсатымен тұрақты және күтпеген өзгерістер сипаттайды. Ол қимыл әрекеттерін кешенді көрсетуді, дербестікті, бастамашылдықты және ойыншылар арасындағы өзара түсіністіктің болуын талап етеді. Ойын әдісін қол добышының жеке қабілеттеріне таңдап әсер етуде және оның қимыл әрекеттерін кешенді жетілдіруде пайдалануға болады.
Жарыс әдісі — бұл арнайы ұйымдастырылған сайыс, бұнда жеке және командалық күрес үшін жағдай жасалған. Жарыс процесі қарсы қимыл факторы болатын жағдайда жоғары қызметтік ілгерілеу, ерекше көңіл-күй, психологиялық толқу қолайлы жағдай тудыруға көмектеседі. Бұл әдіс дайындықтың жеке міндеттерін шешуде, мысалы дене сапаларын тәрбиелеуде, әдістік амалдарды, тәсілдік өзара әрекетті жетілдіруде, оқушылардың қызығушылықтарына дем беріп, белсендіру үшін қолданылуы мүмкін.
Көмекші әсерлер әдісі дене сапалары мен қимыл дағдыларын дамытуда өзара байланысқа негізделген. Бұл үшін қол добышының қимыл әрекетінің биомеханикалық және анатомо-физиологиялық ерекшеліктерінің өзгеруіне сәйкес жағдайда қажетті қимыл сапаларын дамытуға бағытталған арнайы жаттығулар пайдаланылады. Мұнда тек жұмыс істейтін бұлшықеттер құрамы ғана емес, сондай-ақ жұмсалатын күш көлемі, туындаған жағдайлар тәртібі мен осы күштердің қимылдың түрлі кезеңдерінде өзгеру сипаттары ескеріледі, ол жүйке-бұлшықет жүйесінің жұмысын жақсартып, қимыл әрекетінің жоғары әсерлілігін қамтамасыз етуге жәрдемдеседі.
Көмекші әсерлер әдісін қол добышыларды дайындаудың арнайы және жарыс алдындағы кезеңдерінде, сондай-ақ дене дайындығына уақыт аз болған жағдайда дене әдістік және тәсілдік дайындықтар міндеттерін тығыз байланыстыру қажет болған жарыс кезінде пайдаланады.
Айналымдық жаттықтыру — бұл сабақты ұйымдастыру түрі, оның құрылуының негізгі әдістемелік принциптері мына ережелер:
- «Бекетті» бірізді ауыстыру ретімен орындалатын дене жаттығулары кешенді жасақтауды айналымдық пайдалану.
- Топтық сабақтарға есептелген, ол спорттың ойын түрлеріне ерекше лайықты.
- Қол добышының жан-жақты даму негізінде жұмыс қабілетін арттыру. Жаттығулар кешені спорттың әр түрінің қосымша жаттығуларынан, сондай-ақ қол добышының арнайы жаттығуларынан құралады.
- Кешенді жаттығулар жүктемесін қатаң бақылау. Ол жұмыс қабілетін дамытудың негізі құрамдас бөліктері — жаттығу ұзақтығына, қарқындылығына, қайталау санына, нақты белгіленген демалыс үзілістері мен жеке «бекеттер» және айналымдар арасындағы қатаң бірізділікпен мөлшерленген жүктемеге сүйенеді. Жаттығу ұзақтығы аэробтық және анаэробтық қабілеттерді дамыту мүмкіндігі есебінен таңдалады. Қарқындылығы жүрек жиырылу жиілігі бойынша мөлшерленеді.
5) Жарыс деңгейіне жететін немесе одан асатын қарқындылықты пайдалану (әрдайым қол добыдың арнайы құралдарымен жетуге мүмкін емес) жүрек жиырылу жиілігі жүктеменің әсерін бағалауға мүмкіндік беріп, спортшы ағзасын қуатпен қамтамасыз ету жүйесінің қызмет жағдайына арналған түрлі жаттығулардың әсерінің сипаты қызметін атқарады. Жаттығуларды олардың әсер ету қарқындылығы бойынша бөлу жүктемені дұрыс бағытта жоспарлап бақылауға, белгілі бір сапаны дамыту үшін арнайы жаттықтыру құруға мүмкіндік береді.
6) Жүктемені жеке мөлшерлеудің үлкен мүмкіндіктері (әрбір жаттығуды көп мөлшерде қайталап анықтауда пайдалану негізінде). Жүктеме мөлшері бүкіл оқушыларға бірдей және қатаң түрде жеке тұлғалық болып белгіленеді.
7) Қол добы ерекшелігіне барынша жақындық. Бұл үшін екі бағыт бойынша шеңбер мен «бекеттер» қояды:
- түрлі міндеттері мен құралдары бар «бекеттерді» жинау;
- қол добышының күш, жылдамдық — күш дайындығын, ептілігін дамыту, тәсілдік — әдістік және ойын дайындығына міндеттер қоятын «бекетті» арнайы таңдау.
Бұл үшін айналымдық жаттығудың екі нұсқасын қарастырамыз:
1-сурет. Айналымдық жаттықтырудың бірінші нұсқасы – тең мөлшерлі.
Теңмөлшерлі айналымдық жаттықтыру нұсқасы (1-сурет).
Айналым міндеті: жылдамдық — күш сапасының тұрақтылығын арттыру, дәлдік пен әдісті жетілдіру.
Әдістері мен олардың үйлесімі: тең мөлшерлі көмекші.
Жұмыс қарқындылығы орташа «Бекеттегі» жұмыс уақыты — 2- 4 мин.
«Бекеттер» арасында демалыс жоқ.
Айналым саны — 2.
Айналым арасындағы демалыс 1 — 1,5 мин.
Пульстің төменгі жиілігі: 150 — 165 соқ/ мин.
«Бекеттердегі» жұмыс мазмұны:
- Тығыздалған допты беру.
- Тығыздалған допты ұстап, қорғанысқа көшу.
- Лақтырылған допты қағып алып, кедергіден секіріп, оның астынан жүгіріп өту.
- Екі допты жүргізу.
- Допты лақтырып (тығыздалған доп та болады), жартылай отырып тұру және допты ұстап алу.
- Допты бергеннен кейін қарсы қимылмен салу.
2-сурет. Айналымдық жаттықтырудың екінші нұсқасы-интервалдық
Интервалды айналымдық жаттықтыру нұсқасы (2-сурет)
Айналымның міндеті: әдіс тұрақтылығын арттыру, дәлдік пен жылдамдық — күш сапаларын жетілдіру.
Әдістері: интервалдық.
Жұмыс қарқыны : жоғары.
«Бекеттегі» жұмыс уақыты: 1,5 минутқа дейін.
«Бекеттер» арасындағы демалыс: 40- 60с.
Айналым саны — 2.
Шеңбер арасындағы демалыс — 3 минутқа дейін.
Пульстің жоғарғы жиілігі: 180 соқ/ мин.
«Бекеттегі» жаттығу мазмұны:
- Допты жүргізумен үзілісті жүгіру.
- Допты қалқанға соғу топтамасы.
- Доп беретін әріптесімен 1:1 өту.
- Доп салу.
- Бағанды айналып өтіп доп салу.
- Екі доппен үштікке доп беру.
Қол добышыларды дайындау басқа да спортшыларды даярлау тәрізді дене, әдістік, тәсілдік, ойын, рухани — ерік және психологиялық және ілімдік дайындықтардан құралады.
2.3. Дене дайындығы
Заманауй қол добы — бұл жоғары қимыл белсенділігімен, үлкен қысымдылығы ойын әрекетімен, ойыншыдан қызмет мүмкіндіктері мен жылдамдық күш сапаларын барынша жұмсауды талап етумен сипатталатын атлетикалық ойын.
Дене дайындығының міндеті — денсаулықты жан — жақты дамыту мен нығайту, қол добышының қызмет мүмкіндіктері мен қимыл сапаларын арттыру. Спорттың басқа түрлеріндей қол добыда да дене дайындылығының бағдарламалық — мөлшерлік негізі Президенттік тест кешені болып табылады.
Дене дайындығы міндеттері дене тәрбиесі жүйесінің ортақ міндеттерінен туындап, спорт түрінің мамандық ерекшелігіне сай нақтыланады. Қол добышының нақты дене дайындығы мына міндеттерді атқаруға бағытталған:
- Даму деңгейін арттыру мен ағзаның қызмет мүмкіндіктерін кеңейту (қызметтік дайындық).
- Дене сапаларын тәрбиелеу (күщ, шапшаңдық, төзімділік иілгіштік және ептілік), Сондай-ақ, олармен байланысты ойын әрекетінің тиімділігін қамтамсыз ететін дене қабілеттері кешенін дамыту (секіргіштік, жылдамдық қабілеті,лақтыру қимылының қуаттылығы, ойын ептілігі мен төзімділігі — атлетикалық дайындық).
Бұл міндеттерді шешу жалпы және арнайы дене дайындығы барысында атқарылады.
Жалпы дене дайындығы қол добышының жаң — жақты дамуын қамтиды және таңдалған спорт түрінен арнайы дене дапаларын әсерлі көрсету үшін алғышарттар құрады. Ол арнайы бағытта болуы тиіс, атап айтқанда: спортшы ағзасының мүшелері мен жүйелерін қол добы талаптарына сай нығайту, жаттықтыру ықпалын дайындық жаттығуларынан негізгі қимылдарға ауыстыруға көмектесу.
Арнайы дене дайындығы қол добышының қимыл қабілеттерін қалыптастыруда негізгі роль атқарады және ойынның әдіс — тәсілдерімен жарыс жүктемелерінің көрсеткішімен психологиялық толқумен тығыз байланыста болады. Ол ойыншының бұл дағдыларды жарыс жағдайында пайдалану сипаты мен жағдайы есебінен қол добыдағы білік пен дағдыны меңгерумен және жетілдірумен тығыз байланыста іске асырылады.
Қол добышының дене дайындығының жоғары емес деңгейі оның әдіс — тәсілдік қорын меңгеру мен оны жетілдірудегі қабілетін көрсетеді. Мысалы, секіргіштігі жақсы дамымаған қол добышы секіре доп салудың замануй әдісін меңгере алмайды және қалқан астындағы доп үшін тартысқа қатыса алмайды. Ойыншылары баяу қимылдайтын команда тез топжаруды, прессингті әсерлі қолдана алмайды, т.б.
Жалпы және арнайы дене дайындығы өзара байланысты және бір — бірін толықтырып отырады. Бір жағынан дайындықтың бұл түрлері ойын ерекшелігіне тәуелді, екінші жағынан қол добышының жарыстағы әрекетінің шынайы мүмкіндіктерін анықтайды. Сондай-ақ, ойыншының дене дайындығының жеткілікті жоғары деңгейі психологиялық тұрғыдан маңызды болып табылатынын атап айту қажет, атап айтқанда: күресте сенімділік береді, қиын жағдайларда өте жоғары ерік сапасын көрсетуге мүмкіндік береді.
Қол добышының қызмет мүмкіндіктері оның дене дайындығының негізін құрайды. Оның даму деңгейі спорттық жұмыс қабілетін яғни ойыншының тұрақты даму үшін жеткілікті, ұзақ уақыт барысында өзіне арнайы ерекше жұмысты атқару қабілетінде нақты көрінеді.
Жұмыс қабілеті ең алдымен ағзаның биохимиялық табиғаты бойынша екі бөлек интегративтік қасиеттері — аэробтың және анаэробтық өнімділіктен көрінеді (яғни, бұлшықеттің оттегімен толық немесе жеткіліксіз қамтылуы). Жекелеген кезеңдерде жаттықтыруды құруда дене жаттығуларының спортшы ағзасының қызметтік дамуына әсер ету деңгейін ескеру қажет.
Күшті тәрбиелеу. Заманауй атлетикалық қол добы ойыншылардың күш қабілетіне жоғары талаптар қояды, ол белгілі мөлшерде секіру биіктігмен, түрлі амалдалды орындау шапшаңдығымен, ауысу жылдамдығымен және ептілік пен төзімділікті көрсетуде үлкен маңыздылығымен анықталады. Ойын әрекетінде осы дене сапалары қол добы ойынының дұрыс әдістеріне лайық белгілі бір қимыл дағдысы шеңберінде, қимыл шапшаңдығымен үйлестіріліп көрінеді.
Бұлшықет күштерін көрсету шарттары мен сипатына қарай өзіндік күш қабілетін ажыратқан жан (тұрмыс жағдайында және баяу қимылда). Қол добыда жылдамдық — күш қабілеті маңызды орын алады. Биылғы мәліметтер бойынша қол добыдың 70% қимылы жылдамдық — күш сипатында болады. Алайда қорғаныс тұрысында, допты тартып алуда және басқа қатты қимылдарда едәуір табанды күш қажет. Сондықтан ойыншының күш дайындығы жан — жақты болып, әрі бұлшықет күшін түрлі тәртіпте дамытуы қажет.
Бұлшықет күшінің маңызды түрі аз уақыт ішінде шартпен қатаң қадағаланатын спорттық жаттығуларды немесе ойын әрекетін үлкен күшті көрсету қабілетін бейнелейтін қуатты күш болып табылады. Күштің бұл түрін қол добышылар секіруде, тез топ жаруда, қуатты ұзақ доп беруде іске асырады.
«Абсолюттік» және «қатыстық» күш ұғымы бар. Абсолюттік күш — бұл адам өз салмағына қатыссыз қандайда бір қимылды көрсететін шамалық күш. Қатыстық — бұл ойыншының дене салмағына 1 кг- нан келетін күш шамасы, яғни
Қатыстық күші=
Қол добышының қимыл әрекетін қамтамасыз ететін бұлшықет күші қимылдың биомеханикалық сипаттамасынан барынша ірі бұлшықеттерінің жұмыстарын қарастыратын иінтірек ұзындығы және бұлшықет жұмысын дамытуы мүмкін қысым шамасына байланысты болады.
Қысым көлемі бұлшықеттің физикалық қызметімен, қимыл бірліктерінің белгілі бір саның жұмысқа ендірумен, бұлшықетке жіберілетін жүйке импульсінің жиілігінен және жұмысқа қатысатын барлық қимыл бірліктерінің күшін жұптастыру деңгейімен анықталады.
Қол добышының күш қабілетін тәрбиелеу мына бағытта болуы тиіс:
- бұлшықеттің абсолюттік деңгейін ұстап тұру мен дамыту;
- ең қысқа мерзімде күшті барынша көрсету;
- жұмыс күшін қимылдың белгілі бір бөлігінде шоғырландыра білуді қалыптастыру;
- бір қимылдан келесі қимылға көшуде жоғарғы күш көрсету қабілетін жақсарту.
Ағзаға әсері бойынша күшті дамытатын барлық жаттығуларды ойыншы денесінің үлкен бұлшықет топтарының көпшілігін дамытуға арналған глобальдық және нақты қимылға қатысатын жұмысшы бұлшықет топтарын дамытуға бағытталған локальдық деп бөлуге болады.
Штангамен және де басқа тартулармен жаттықтығуларды мақсатты таңдаудың мына ережелері ұсынылады:
- жылдамдық — күш қабілетін дамыту үшін жоғары мөлшері 45% салмақтағы штангамен жоғары екпіндегі жаттығуларды орындау, қайталау саны — 8-12;
- өз күші қабілетін дамыту үшін шектіктен 70-85%-ға тең салмақпен баяу ырғақта 4-6 рет жаттығуларды қайталау, жаттығу босаңсытуға арналған қысқа мерзімдік үзіліспен жасалады;
- күш төзімділігін дамыту үшін орташа екпінде « бас тартқанға дейін» демалыссыз, өз салмақпен қатарын 25-50 рет қайталайды.
Жаттықтыру әс — тәжірибесінде жарылғыш күшті дамыту үшін өзгермелі жылдамдық тәртібіндегі төмендегі жаттығуларды кеңінен қолданады: ауыр тығыздалған допты ұзаққа аяқпен тебу және итеру, тартылу, әріптесін кеңестік алаңында белгіленген сызықтан ығыстыру немесе түсіру, қарсылас қолынан жопты тартып алу, еркін күрес пен самбоның элементері.
Қол добышылардың кешенді жылдамдық — күш қасиеттерінің бірі секіргіштік болып табылады, яғни секіре доп салуды қалқан астында допты сараптауда, тартысты доп салуларды, т.б. орындағанда барынша жоғары секіру қабілеті.
Секіргіштікті көрсетудің ерекше қасиеттері мыналар:
- секірудің шапшаңдығы мен дер кезінде орындалуы;
- тік қалыпта орнынан немесе қысқа үдеуден секіруді орындау;
- қолды жоғары көтеріп, секіруді орындау;
- күш сынасу жағдайында, секіруді бірнеше рет қайталау (топтама секірулері);
- өз денесін тірексіз жағдайда басқару;
- қону дәлдігі және кенеттен басқа қимылдарға дайын болу.
Қол добышыларда секіргіштікті дамытудың негізгі құралдары орнынан және қысқа екпінмен жоғарыға немесе ұзындыққа түрлі секірулер, секіру топтамалары, гимнастикалық жабдықтар арқылы секіру, Сондай-ақ, серпілумен орындалатын түрлі жаттығулар болып табылады.
Күш жаттықтыруын жеке жоспарлағанда түрлі рольдегі ойыншыларда қимыл әрекетінің сипаты күш қабілеттерінің даму деңгейін де анықтайтынын ескеру қажет. Қозғалыста, мысалы, қорғаушыларда бүгілетін тобық буыны бұлшықетінің күші маңызды болса шабуылшыларда аяқтың жазылуындағы бұлшықеттің қатыстық күші, ал орталық ойыншыларда — жарылғыш өзгермелі күші маңызды болады. Бұл түрлі ойын рольдеріндегі қол добышылардың күш қабілетін жетілдіруде бейімделу үшін негіз болып табылады. Жоғары дәрежелі қол добышыларда күшті шапшаңдық пен ептілікке мән беріп кешенді күш жаттығулары негізінде дамыту керек. Күш жаттығулары буындардың қозғалғыштығын арттыруға және босаңсытуға арналған жаттығулармен сәйкестенуі керек. Күшті жетілдіру мен тәрбиелеудің негізгі әдістері: шектен тыс саламқты « бастартқанға дейін» қайталап, барынша күш салып көтеру, айналымдық жаттықтыру әдісі, көмекші әсерлер әдісі, интервалдық, жарыстық әдіс.
Шапшаңдықты дамыту (жылдамдық қабілеті) шапшаңдықты дене сапасы ретінде қол добышының қимылды өте аз уақыт аралығында орындау қабілетін түсінеміз. Шапшаңдықты көрсетудің қарапайым және кешенді түрлерін бөліп қарастыруға болады. Қарапайым түріне мыналар жатады: жай және күрделі реакциялар уақыты, жеке қимыл мен қимыл жиілігі уақыты.
Спортшының жай реакциясы — бұл алдын ала белгілі, бірақ күтпеген белгіге белгіленген қимылмен жауап беру (мысалы, жүгірудегі сөре тартысты допты ойнатқандағы секіру). Қол добы үшін қозғалмалы нысанға жауап беретін (допқа әріптесіне) күрделі реакция мен бірнеше мүмкін қимылдан бір сәтте аталған жағдайға қолайлы біреуін таңдауды талап ететін, таңдау реакциясы тән. Білікті ойыншылар жағдайды танып және қимылдың өзіне емес, оған деген дайындық әрекеттеріне жауап беретін күрделі де жай реакциялардың дамуының жоғары деңгейіне жетеді.
Ойында әдетте шапшаңдықтың барлық түрлерін кешенді көрсету талап етіледі, өйткені олар қол добышылардың көпшілік қимыл әрекеттерін құрайды және доппен, допсыз жекелеген әдіс амалдарын және олардың кешендерін орындауда қозғалыс шапшаңдығында бір амалды екіншісімен ауыстыру шапшаңдығын да көрінеді. Қол добыдағы шапшаңдықты дамытудың айрықша ерекшелігі оны үздіксіз өзгермелі жағдайларда, бұзушы ықпалдар негізінде (қарсыласының қарсыласы, психологиялық қысым, шапшаң) көрсету қажеттігі болып табылады. Сонымен шапшаң жауап беру маңыздылығының соңғы нәтижесі жылдамдықты тез арттыру (сөрелік екпін алу), жоғары жылдамдыққа жету, Сондай-ақ, осы жылдамдық ұстап, шаршауға қарсы тұру (Қашықтықтағы жылдамдық) қабілетіне байланысты болады.
Жылдамдық қабілеті доп салуда: доп беруді, жүгіруді орындау шапшаңдығы мен тәсілдік міндеттерді шешу жылдамдығы жақтарында көрінетін астар болып табылады.
Күрделі реакцияларды тәрбиелеу үшін қозғалмалы затқа (доп, әріптесі), кенеттен көрінген, өзгерген қимыл жылдамдығына және ойын жағдайының түрлі өзгерістеріне жауап бері қажет жаттығуларды пайдалануға болады. Мысалы, тез топ жарудағы қимылдың басталуы үшін қалқаннан ұшып шыққан доп болуы мүмкін.
Жоғары қимыл жиілігімен орындау соңына қарай шаршаған соң жылдамдық төмендемес үшін жоғары ырғақта шағынмерзімді жаттығуларды (10-20с) орындауды меңгереді.
Сөрелік екпін мен қашықтық жылдамдығының жылдамдығы қол добыдағы шапшаңдықтың іргетасы болып табылады, себебі оның астарында осы дене сапасының келесі жақтары пайда болады, мысалы, доп беру, жүргізу мен алдап өту шапшаңдығы тез топ жару мен прессинг элементтерін орындау. Қозғалыс жылдамдығын ұлғайту тек ойыншының жылдамдық қабілеттеріне әсер етумен ғана емес, Сондай-ақ, қимыл әдістерін жетілдіре отырып күш ерекшеліктерін тәрбиелеумен орындалуы да мүмкін.
Қол добыдағы шапшаңдықты тәрбиелеудің негізгі құралдары шектеулі немесе шектен тыс жылдамдықпен орындалатын жылдамдық жаттығулары болып табылады. Осы сапаларды дамытуға жәрдемдесетін бірнеше әдістемелік амалдарды келтіреміз:
- жеңілдетілген жағдайларда жаттығулар орындау (қиғаш жолда жүгіру, аспалы салмақ түрлерін пайдалану);
- қиын және қарапайым жағдайларда жаттығуларды кезектестіру, салмақтарды өзгерту;
- екпіндеп жүгіру, көшбасшының ( әріптестің) ізінен жүгіру;
- жаттығуларды орындау уақыты шарттарына шектеу ендіру.
Төзімділікті тәрбиелеу. Заманауй қол добы үшін жоғары жарыс және жаттықтыру жүктемелері, ойын екпін, қарсылас кедергісімен үлкен жылдамдықта әдістік амалдарды орындау, қорғаныстың белсенді жүйесін қолдану мен шабуыл, тез топ жару және прессинг тән. Ұзақ жарыс кезеңі, турнирлер мен жеке матчтардың жоғары қысымы төзімділікті жоғары даму деңгейін талап етеді, яғни жарыс жүктемесі нәтижесінде пайда болған шаршауға қарсы тұру қабілетін талап етеді. Сондықтан да қол добышылардың төзімділігін дамыту қажет. Өте төзімді қол добышы спортттық тұлғасын өте ұзақ уақыт сақтайды, бір ойында да, бүкіл турнирде де жоғары қимыл белсенділігін көрсетеді, тұрақты және ықпалды әдістер көрсетеді, шапшаң тәсілдік ойлаумен ерекшеленеді, өте нәтижелі болады.
Қол добышы үшін жалпы және арнайы төзімділіктің де маңызы зор. Оларды дұрыс бірізді, жылдық жаттықтыру сатыларына сәйкес дамыту қажет. Жылдық айналымның дайындық кезеңінің жалпы дайындық сатысында жалпы төзімділіктің мәселелерінен айналысу қажет, ол барлық дене сапаларының дамыуын, аэробтық мүмкіндіктер үшін қажетті база құруды ұсынады. Аэробтың мүмкіндіктерді жетілдірудің құнды ерекше құралдары жүгіру, жүзу ескек есу, шаңғымен жүру және кіші, орта және ауыспалы қарқындылықпен көлемін біртіндеп ұлғайтумен орындалатын айналымдық сипаттағы басқа да жаттығулар болып табылады.
Алайда ұзақ уақыттық көлемді жұмыс біркелкі келеді және қол добышы оны үнемі қызыға орындамайды. Жаттықтырудың ұнамды түрі фартлек болып табылады — ол орманда немесе жергілікті жерде үлкен көлемде түрлі жылдамдықпен орындалатын жүгіру. Жалпы төзімділікті жетілдіру бірқалыпты, үздіксіз, қайталау және ауысу әдістерін қолдану арқылы жүргізіледі. Олардың көмегімен мына міндеттер шешіледі:
- Оттегіні тұтынуды жоғарғы деңгейге көтеру;
- Жеткен деңгейін тұрақтандыру қабілетін дамыту;
- тыныс алу процесстерін шапшаңдығын ең жоғарғы көлемге жеткізу.
Қол добышының ойындағы қызмет қабілетін көрсету ерекшеліктері аэробтық және анаэробтық процестерді кезектестіру болып табылады. Жоғары қ имыл белсенділігі сәтінде анаэробтық процестер белсенділігі артып, оттегі жетіспеушілігі туындайды. Аэробтық процестердің қуаттылығы оттегі жетіспеушілігін жойып, оның орнын шапшаң толықтыруды анықтайды. Сондықтан жалпы төзімділіктің жоғары деңгейі арнайы төзімділік үшін мықты негіз болады. Арнайы дайындық пен жарыс алдындағы сатыларда төзімділікті дамытудың әдістері мен құралдары өзгеріп, арнайы төзімділіктің үлесі артады.
Жаттығу қарқындылығын анықтау үшін жүрек жиырылу жылдамдығының көрсеткішін пайдаланады. Егер жаттығуды орындағанда ЖЖЖ 150 соқ/мин шамасында болса, демек олар аэробтық қабілеттің дамуына сәйкес келеді, 165 соқ/мин шамасында болса, аэробты — анаэробты ықпал етеді. Егер ЖЖЖ180 соқ/ мин асса, жаттығулар аэробтық қабілетінке әсер етеді. Жүктеменің қалған құрамдас бөліктері жаттықтыру әдістеріне қарай өзгеріп отырады. Қол добышы төзімділігін дамытудың арнайы әдістері интервалдық, қайталау — ауысу, көмекші, жарыстық, жаттықтырудың айналымдық түрі болып табылады.
Төзімділікті дамытуға арналған жаттығуларды жаттықтыруға ендіргенде жаттықтыру мен жарыстық әсерлер ойыншының қызмет мүмкіндіктері мен дайындық деңгейіне сәйкес келуін қарастыру қажет. Жүктеме қарқынын арттыру спортшы ағзасында дем беретін қалпына келтіру процестері құралдарын кең қолдану ғана мүмкін.
Бұл ең алдымен сабақты тиімді құруға байланысты. Мұнда үлкен мәнге ие болатындар:
- жүктеме мен демалыстың дұрыс үйлесуі;
- жаттықтыру құралдары мен әдістерінің өзгергіштігі;
- жоғары жүктемелі сабақ өткен күннен кейінгі күнді белсенді демалыспен өткізу;
- жаттығуды белсенді демалыс пен тынығу үшін негізгі жаттығулар арасындағы үзілісте орындау;
- толық тығу жағдайында әлсіз демалыс (тиісіншіе, суда);
- түрлі жағдайларда жаттықтыру өткізу (стадионда, т.б.);
- жақсы тұрмыс жағдайын қамтамасыз ету және кері әсерлерді жою;
- тиімді тамақтануды, дәрумен қабылдауды, массажды, су процедураларын, физиотерапияны қамтамасыз ету.
Ептілікті тәрбиелеу. Ептілік деп күрделі дәлдіктегі қимылды меңгеру, сондай-ақ, күрделі қимыл міндеттерін тез әрі дәл шешумен қимыл әрекетін өзгермелі жағдайға қарай қайта орналастыра білу қабілетін түсінуіміз керек.
Ептілік- кешенді сапа, онда күш пен шапшаңдықтың жоғары деңгейде көрінуі қимыл дәлдігімен олардың үйлесімдік табиғатында пайда болады. Екінші деңгейі — бұл кеңістік дәлдік пен қимыл дәлдігі екіншісі — қысқарған мерзімді орындалатын кеңістік дәлдігі мен қимыл дәлдігі, үшінші — өзгермелі жағдайда қысқарған мерзімдегі қимыл дәлдігі мен кеңстік дәлдігі. Қол добы үшін үш деңгейі де мңызды, бірақ ерекше маңыздысы үшіншісі болып табылады, ол ойыншыға қимыл әдісін меңгеруге, кенеттен өзгерген ойын жағдайында қимыл дағдылары мен біліктерін дәл әрі тез пайдалануға өз әрекеттерін тиімді қайта құруға көмектеседі. Спорт әдістерін үйрену мен жетілдірудегі ептіліктің орны ерекше. Жаңа қимылды меңгеру дәлдігі мен шапшаңдығы қабіліті шыңдалған қол добышының қимыл дағдылары қоры мен қызмен мүмкіндігіне байланысты болады.
Жаңа әдістік амалдарды меңгеру барысында қимыл элементтерінің қоры оларды барынша күрделі қимыл дағдыларына біріктіруге көмектеседі. Сондықтан ептілікті дамытудың басты құралдарының бірі үйлесімдік кедергілерді бағындыруға байланысты жаңалық элементтері жаттығулары болып табылады. Ептілікке тәрбиелеудің ең кеңейтілген құралдары қимыл белсенділігінің өзгергіштік ауқымын кеңейтуге мүмкіндік беретін акробатика мен гимнастиканың элементтері, спорт ойындары болып табылады.
Қол добыдағы ептілікті көрсету ерекшелігін ескере отырып, жаттығуларды мазмұны мен сипаты жағынан ойын ерекшелігіне жақын болатындай етіп таңдаған дұрыс. Яғни, қозғалыстағы ептілікті дамыту үшін қол добыға тән үйлесімдері бар арнайы жаттығулар мен ойындар кең қолданылады: реакция шапшаңдығы — сөрелік екпін алу — қашықтықтағы жылдамдық — бірмезгілде доппен орындалатын әдістер мен тәсілдік міндеттерді шешу. Жаттығуды орындауда түрлі әдістемелік амалдар кең қолданылады, олар — сөре жағдайы мен кеңістік шекарасын, жаттығуларды орындау әдісін өзгерту, оларды қосымша қимылдармен толықтылу қарсыласының кедергісі, күтпеген ықпалдар жүргізіп, үйлесім қимылдарын көрсетуге жол ашады.
Тез өзгеретін ойын жағдайларында ептілікті дамыту үшін бірінен кейін бірін шапшаң екпінде орындайтын кедергі жолақтарын бағындыру түріндегі жаттығулар ұсынылады, мысалы:
— акробатикалық секіру — кедергіден аунап өту, қысқа үдеуден «терезеге» секіру, сосын серіппелі көпірден серпіліп арқанға секіріп шығу, онымен белгіленген орынға дейін өрмелеу және дәл қону үшін секіріп түсу, жаттығу мәре сызығына жұлқынумен аяқталады;
— қолына тығыздалған допты ұстап, шалқалай жату сөресі 4-5м жүгіріп, кедергіден секіріп өту, сосын гимнастикалық бөренеге шығып, 6-8 м-ге жұлқына шығуды орындап, жүрістен гимнастикалық қабырғаға секіріп шығу, оған өрмелеп, қабырғаның жоғарғы сырытына қол тигізу; жаттығу секіріп түсумен және мәре сызығына соңғы жұлқына шығумен аяқталады.
Бұндай жаттығуларды команданың кедергіні бағындыруға кеткен уақытын тіркеп екі команданың жарысы түрінде өткізеді. Олар тек дене күшін ғана емес, Сондай-ақ, едәуір жүйкеге қысым түсуді де талап етінін ескеру қажет. Сондықтан бір сабаққа осындай бірнеше жаттығуды ендіру дұрыс емес. Оларды жаттықтыру сабақтарының негізгі бөлімдеріне ендіру қажет.
Бұл жаттығуларды пайдаланудың негізгі әдістері — қайталау — ауысу, ойын және жарыстық.
Иілгіштікті тәрбиелеу және тыныға білу. «Иілгіштік» ұғымы тірек — қимыл аппаратының морфоқызметтік қасиеттерін бейнелейді, ол оның топтарының қозғалғыштық деңгейін анықтайды. Қол добышының қимылды үлкен құлашпен орындау қабілеті көп жағдайда әдіс амалдарын жеңіл және еркін орындауды, олардың шапшаңдығы мен дәлдігін анықтайды. Иілгіштікті дамыту деңгейінің өлшемі қимылдың ең жоғарғы құлашы болып табылады. Қимыл құлашы буындардың қозғалғыштығына бұлшықеттердің, сіңір мен қоспалардың икемділігіне, бұлшықет күшіне, Сондай-ақ, орталық жүйке жүйесі жағдайына байланысты болады.
Қол добышының иілгіштігін дамытудың негізгі міндеттері бұл сапаны қол добы талаптарына сай жетілдіру. Бірінші кезекте балтыр табанжәне білезік — қоспа буындары қозғалтқыштығының ұлғаюына назар аудару керек.
Иілгіштікке арналған жаттығуларды пайдалануда басты әдіс — қайталау әдісі. Қол добышылардағы тынығу қабілеті доп салу және лақтыру қимылдарына сәйкес дамытылуы тиіс. Иық белдеуінің, білезіктің, арқаның бұлшықеттер жиырылуы қимыл әдісін меңгеруді қиындатып, оның өзгергіштігі мен әсерін шектейді. Жұмсақтық еркіндік пен айлакерлік қол добышыға секіруде, әсіресе ойыншы белсенді қайталау әрекетіне дайындалған сәтте қонуда өте қажет.Жоғары дәрежелі қол добышылар әдетте тынығу өнерін біледі, әдістерді бұлшықеттің тиімді қозғалысын қамтамасыз ету үшін, қалғандарын тиімді тынықтырып, тек қажеттісін ғана белсенді жұмысқа кірістіріп, жеңіл және еркін орындайды.
Тыныға білуді меңгеру үшін орындалуында алаңға қатынасы бойынша өте жоғары қалыпта тұрған дененің жеке бөліктері түгелдей пайдаланылатын және орындалуы дене салмағының орташалығын ауыстырумен байланысты жаттығулар қолданылады.
Ойын әрекеттерін қамтамасыз ететін бұлшықеттің негізгі топтарын тынықтыра білу қол добышыларда төмендегі жаттығулар көмегімен қалыптасады:
- қолдың түрлі бастапқы қалыптарында білезікті сілкілеу;
- тұлғаны оңға және солға бұрып, қолды еркін түсіріп сермеу;
- бір орынында секіру немесе қолды еркін түсіріп тынықтыратын жүгіру;
- дене салмағын кезегімен бір аяқтан келесісіне түсіру, еркін аяқтың тізесін тез бүгіп, аяқ ұшын еденнен ажыратпай;
- санды, екі қолмен түсіру және көтеру (балтыр мен табан еркін);
- еркін аяқты еркін тербелтіп, бір аяқпен орынында секіру;
- қол еркін түсілген, тұлғаны алға иіп, тынықтыра сілку.
Тыныға білуді жетілдіру үшін психореттеуші жаттықтыру табысты қолданылады.
2.4. Әдістік дайындық
Ойынның заманауй деңгейі әдістік дайындық бағытын анықтайды. Ойыншылардың жан — жақты әдістік дайындығы барысында ғана жоғары нәтижелерге жетуге болады. Бұл үшін қол добышы мынаны меңгеруі тиіс:
1) Заманауй қол добыдың баршаға ортақ ойын амалдарын меңгеріп, оларды түрлі жағдайларда атқара білуі;
2) Әдістерді бір — бірімен кез — келген бірізділікпен, түрлі ауысу жағдайларында үйлестіре білу. Түрлі әдістерді үйлестіре отырып, қимылды түрлендіру.
3) Ойында жиі қолданылатын бірақ оларды үлкен әсерлі орындауы керек әдістер кешенін меңгеруі ойынның өткір вайлашарғысы жеке ерекшеліктер мен қабілеттерді барынша қолдануды талап етеді.
4) Әдістерді үнемі жетілдіріп, оларды орындалуындағы ортақ сәйкестікті жақсарту.
Жаттықтыру барысы өсеклең қарсы әреет жағдайында күрес жүргізуді қамтамасыз ететін спортшының қабілетін дамыту деңгейіне қойылатын талаптар біртіндеп артатындай болып ұйымдастырылуы тиіс.
Барынша қысқа мерзімде тиімді әдістерді меңгеру ойынды дамыту жолдарын білу мен көпжылдық жаттықтыру процесін жоспарлап құрады ұсынады. Дайындықтың әрбір кезеңде спортшы алдына міндеттер қойылып, соған сәйкес әдістер мен құралдар таңдалады. Әдісті жетілдіру міндеттері ойыншының жасы мен біліктілігінің өсуіне қарай өзгеріп отырады.
Көпжылдық жаттықтыру процесін шартты түрде үш сатыға бөледі:
- әдісті бастапқы қою;
- оны тұрақтандыру мен жетілдіру;
- жоғары спорт шеберлігіне жету.
Әдісті қоюды жан — жақты дене дайындығы тәрізді жоғарғы нәтижелердің іргетесы ретінде қарайды. Дайындықтың бұл кезеңі спортшының бұдан кейінгі әрекетінде шешуші роль атқарады: жасаған жұмыстарыдың жан — жақтылығы мен мұқияттылығына қарай одан ары өсу мүмкіндігі мен қарқыны белгілі болады.
Бұл сатыдағы негізгі міндет — әдіс қою, яғни ойын әдістерін орындаудың негізгі заңдылықтарын меңгеру барысында қозғалыс жүйесін қалыптастыру. Бұл үшін мыналар қажет:
- ойын талаптарына сай жүргізуді, лақтыру мен секіруді пайдалану;
- негізгі әдістерді орындауға қажетті қимыл дағдыларын меңгеру;
- үйренген қимылдарды қол добышының көпсалалы қимылдарының негізін құрайтын жаңа үйлесімдермен біріктіру;
- үйренген әдістерін ойынға қолданып үйрену.
Негізгі қимылдарды тез меңгеру педагогикалық міндеттерді қою бірізділігіне байланысты болады. Алғашқыда спортшы бастапқы қалыпты меңгеріп, дененің қай бөліктері қимылға қатысатынын, бұл қимылдардың бағыты мен үйлесімділігі қаншалықты екіенін білуі тиіс. Сосын ойыншы қимылды өзіне қолайлы, қолданбалы екпінде тиімді құлашпен орындап, қимыл құрылымының орындалу дәлдігіне жетіп,сосын әдістің бөліктерін игеруі тиіс.
Оқу барысында оқушыларды әдісті қарапайым ойында қолдана алатындай етіп, жағдайды күрделендіру керек.
2.5. Тәсілдік дайындық
Қол добышылардың тәсілдік дайындығы спорт жекпе — жегін жүргізу өнерін меңгеруді білдіреді. Ол спортшының туындаған жарыс жағдайын тез әрі дұрыс талдау қабілетіне, осы тәсілдік міндеттің тиімді шешімін тауып, оны әріптестерінен бірлесіп шеше білуіне сүйенеді.
Тәсілдік дайындық үшін ілімдік негіз қалау барысында спортшының өзіндік жұмысының барлық түрін пайдалану керек. Қол добышы төрелілік ерекшелігі мен жарыс ережелерін зерттеп, жеке өзінің жарыстық тәжірибесін мұқият талдауға үйренуі тиіс. Демек, қол добышының оқу — жаттықтыру жұмыстарындағы жеке күнделігінің жазбаларын талқылау спорт нәтижелерінің күрт өсуінің немесе төмендеуінің себептерін табуға, тәсілдік дайындық ерекшеліктерін түрлі сатыларға қойып салыстырып, қажетті қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Қол добышыға нақты жарысқа қатысуындағы, тәсілдік жоспарды (немесе бүкіл команданың қатысуы) өзінше құру кезңмен тапсырылып отыруы қажет.
Бұндай жоспар құруда спортшы спорт күресін жүргізудің құралдары, түрлері мен әдістері туралы жинақтаған білетін, қарсыласы туралы мәліметтерін пайдаланады. Матчтан соң ойыншылар жаттықтырушысымен бірге жарыстың барысында әрекеттермен өз жоспарларын салыстырып, тәсілдік дайындықты одан ары жетілдіру жолдарын бергілейді.
Тәсілдік дайындықта өзара байланысты әдістемелік төрт міндет айқын қойылады:
- Оқушыларда күрделі такциялар шапшаңдығын, зейінділікті, бағдарлауды, танымдылықты, шығармашылық бастамашылықты дамыту.
- Шабуыл мен қорғаныстағы командалық қимылдардың негізгі жүйелерін, әріптестерімен типтік өзара байланыс әрекеті мен жеке қимылдарды меңгеру.
- Оқушыларда өз күштерін мүмкіндіктерін, сыртқы әсерлер мен қарсылас кедергінің ерекшеліктерін ескеріп, ойын құралдары мен тәсілдік материалдардан үйренгенін әсерлі пайдалана білуді қалыптастыру.
- Матч барысында қабілеттерді дамыту бір командалық жүйе мен қимылдан екіншісіне өтеді.
Егер алғашқы екі міндет ойын тәсілдерін меңгерудің алғашқы сатысына тура келсе, онда қалған екеуі жетілдірудің қалған ұзақ жылдар бойында шешімін табады.
Күрделі реакцияларға шапшаңдықты, уақытты сезінуін, бағдарлауын, тануын дамытудың алғашқы сатыларында дене және әдістік дайындықтар міндеттері мен табиғи байланыста атқарылады. Осы мақсатта жаттығуларға қосымша шарттар мен бірқатар күрделендіру ендіріледі:
- ойыншылар қандай да бір қимылын тез өзгертіп немесе тежеу үшін алдын ала келісілген әдіспен дыбыстық немесе көру белгілерін қолданады;
- доптар санын, заттық бағдарлар мен шектеулердің (уақыт пен кеңістікке қарай) санын көбейтеді;
- әріптесінің қимыл сипатына қарай қол добышы орынын ауыстырып, жүгіру бағытын таңдағанда, өте күрделірек ауысуды пайдаланады;
- шартты қарсыласының сылбыр және белсенді қарсылығын қолданады.
Қосымша жағдайлар мен күрделендірулер әдіс амалдарының негізі болатын дене сапаларының дамуына немесе қимыл дағдыларының қалыптасуына кері әсер етпеуін есте ұстау қажет.
Жеке әрекеттерді меңгеру және солар арқылы жетілу. Алғашқыда негізінен шабуылдағы жеке іс — әрекетке назар аударылады. Оларды меңгеру мынадай бірізділікте жүргізіледі:
- Қорғаушы бақылауынан босап, бос орынға шығу.
- Допты қағып алу және беру амалдарын пайдалану.
- Жүргізу мен алдап өтуді пайдалану.
- Әдістер мен финттерді алаңдағы таңдаған орына қарай үйлестіріп пайдалану.
Қорғаныстағы жеке қимылдарды меңгеру шабуылдағы жеке қимылдарды үйренумен қатар жүреді, онда жаттықтырушы жаттығуға қорғаушының белсенді қарсылығын игереді немесе оқу ойындарында ойын жаттығуларына өтуді дұрыс деп шешеді.
Топтық іс — әрекеттерді меңгеру және солар арқылы жетілдіру. Белгілі болғанындай, қол добыдағы топтық қимылдардың негізін қорғаныс пен шабуылда екі — үш ойыншының өзара әрекетінің типтік әдістері құрайды. Шабуылдағы өзара іс — әрекетті меңгерудің төмендегіше әдістемелік бірізділігі ұсынылады:
- «Допты бер де, шық » — екі ойыншының өзара әрекеті.
- «Үшбұрыш »түрінде үш ойыншынын өзара іс — қимылы
- Тосқауыл (Ішкі және сыртқы)
- Бір әріптесіне жалғастыра доп беру
- «Үштік»
- Ауысу
- «Кіші сегіздік»
- «Айқаса шығу»
- Қозғалыстағы тосқауыл
- «Екі еселенген тосқауыл» және «екі ойыншыға жалғастыра доп беру»
Ойыншыларды орналастырудың қарапайым схемалары мен олардың қозғалысын бастапқы сатыда меңгеру, өзара іс — қимылдың көрсетілген әдістеріне тән етіп, әдіс амалдарымен және финттермен үйлестіре жаттығу жүргізеді. Сосын, ойыншылардың алаңдағы орындары мен атқаратын ойын қызметтерінен құрылуына қарай арнайы тәсілдік жаттығуларды пайдаланады. Қорытындыда ойыншылар команданың таңдаған тұрыстық шабуыл мен негізгі тәсілдік айла — шарғылар схемасына сәйкес жағдайларда өзара іс — қимыл үйлесімдерін меңгереді.
Оқушылар іс — қимылдың және өзара іс- қимылдың мазмұнын, бірізділігін меңгеріп болған соң, жаттығуларға қосымша қорғаушыларды ендіру қажет. Қатысушылар саны теңестіріліп, жаттғулар қорғаушылардың әлсіз қарсылығымен жалғасады, ол сақтандырусыз және ауысусыз тек «өз» ойыншыларын бақылаумен шектеледі. Сосын қорғаушыларға шабуылдағыларға белсенді қарсылық көрсетуге тапсырма беріледі.
Шабуыл мен қорғаныстағы екі — үш ойыншының өзара іс -қимылын одан ары жетілдіруді алаңның бір бөлігінде және оқу ойындарында 2х2 және 3х3 ойын жаттығуларында жүргізіледі. Жаттығуларға ойыншыларға үйренге өзара іс — қимылын батыл пайдалануға көмектесетін қосымша жағдайлар ендіру керек. Егер бұндай іс — қимыл шығыршыққа нәтижелі доп салумен аяқталса, онда шабуылшы жаққа әдеттегідей екі ұпай емес, үш немсе төрт ұпай есептеп, допты шабулдаушыларда қалдыруға болады, т.б.
Командалық іс -қимылды меңгеру және солар арқылы жетілдіру. Командалық іс — қимылды меңгерудің белгіленген әдістемелік бірізділігінде келесі ережелерді басшылыққа алу қажет. Алғашқыда орталық ойыншы арқылы тұрыстық шабуыл жүйесіндегі іс — қимыл дағдылары қалыптастырылып, сонымен қатарұмтылысты шабуыл меңгеріледі. Сосын қорғаныстағы іс — қимылдарды үйренеді. Жеке қорғаныс жүйесінен бастап, сосын өз алаңы жартысындағы прессингке өтеді және соңында бүкіл алаң бойындағы прессингке өтеді. Қорғаныстың аймақтық жүйесі мен оның түрлеріне кештеу, яғни оқушылар қарсылас ойыншыларын бақылап,өз әріптестерінен өзара іс — қимылды үйренгеннен кейін көшеді.
Командалық іс — қимылдардың тәсілдік жүйесін меңгеруді кезеңдері бойынша (басы -дамуы — соңы) оларды біртіндеп бір бүтінге біріктіре атқарған тиімді.
Тәсілдік жүйені игеру қол добышылардың ойын қызметін мамандандырумен байланысты. Көбінесе ойыншы қызметін тезірек анықтап, өз уақыт ішінде дене дамуы жақсы, ұзын бойлы, жақсы секіретін ойыншыдан қалқан астында ойнайтын орталық ойыншыны дайындауға тырысады. Алайда,көп жылдар бойы белгілі қол добышылардың спорт жетістіктерінің өзгерісін талдау ойыншыларды тым ерте қорғаушыларға, қаптал шабуылшыларына және орталық ойыншыларға бөлу болашақта жетілдіретін қабілеттерін шектейтінін көрсетті.
Әрбір оқушы кем дегенде жаттықтырудың бір жарым жылында тең түрде доп беруді, оң және сол қолмен алдап өтуді, орынынан, жүрістен орта және алыс қашықтықтан торға доп салуды, Сондай-ақ, қорғаныстағы ойынды үйренуді тиіс. Ол қалқанға жақын тұста және алаң түкпірінде жеке іс — қимылдарды пайдалнуды, шағын және ұзын бойлы, шапшаң ойыншы қарсыластарын бірдей бақылауды, мықтап қорғану мен күйрете қарсы шабуылдауды бірдей мөлшерде жетік меңгеруді тиіс. Осыдан кейін оқушы осы материалдың барлығын жетік меңгерген соң ғана ойынға мамандандыруды бастаған дұрыс.
Тұрыстық шабуыл жүйесің меңгергенде мынаны үйренеді:
- ойыншылдарды бастапқы тұрыстарға жоспарлап қоюмен және доптың алдыңғы аймаққа өтуімен байланысты шабуылды бастау;
- жүрістен екі немесе үш ойыншының типтік өзара іс — қимылын жүргізумен байланысты шабуылды дамыту;
- үйренген тәсілдік, айла — шарғыларды ерекше белгілермен жүргізуге байланысты шабуылды дамыту;
- кері ұшқан доп үшін белсенді күрес шабуылының әдісі мен мерзімін тиімді таңдауға байланысты шабуылды аяқтау.
Тұрыстық шабуылдың кез — келген жүйесін меңгеру бүкіл команда ойыншыларын тікелей және жанама қатыстырып, өзара іс — қимылды үйлестіруді қарастыратын тәсілдік айла — шарғыларды меңгеруімен тығыз байланысты. Мұнда әрбір айла — шарығы қорғаныс жүйесінің нақты бір түріне қарсы тұрыстық шабуылға ойыншыларды орналастырадың нақты түрінен туындайтын үйренген командалық іс -қимыл кешенін білдіреді.
Тәсілдік айла — шарғыларды меңгеру өте қиын процесс, оны төрт сатыға бөлуге болады:
1) айла — шарғыға қатысатын ойыншылар бастапқы орындарға орналасады. Оның мәнін түсіндірген жаттықтырушы қолданылатын қозғалыстар мен әдістерді жасап көрсетеді. Ойыншылар көрген амалдарын бірнеше рет қайталап, оның аяқталуын екі — үш түрмен қайталап бекітеді. Алаңда әрбір ойыншының шығыршықты шабуылдаудың соңғы сәтінде тұруы тиіс нүктелерді белгілеп қоюға болады, сосын жаттығуға айла — шарғының шиелініскен сәттерінде белсенді қарсылық көрсететін бір — екі қорғаушыны кіргізеді.
2) Жаттығуға шабуылшыларды ауысусыз және сақтандырусыз шартты түрде бақылайтын бес қорғаушы ендіріледі.
3) Қорғаушылар айла — шарғының үйренген барлық түрін қолданған шабуылшыларға белсенді қарсылық көрсетеді.
4) Үйренген айла — шарғыларын алаңның бір жартысында 5х5 ойындағы ойын жаттығуларында қайталайды. Қолайлы сәттерде жаттықтырушылар ойыншыларға белгіленген айла — шарғыны жүргізу үшін бастапқы қалыпта алатын орын көрсетуі керек. Егер оқушылар ойлағанын жүргізе алмаса, егер олар дөрекі қателіктер жіберсе, жаттығуды тоқтатып, айла — шарғыны бірнеше рет жеңілдетілген жағдайларда қайталап, ойынды қайтадан жалғастыру қажет. Ойын жаттығулары мен ойынның өзінде де алаңның бір бөлігінде жеке ойыншыларға және командаға оқушыларды түрлі айла — шарғыларды жиі әрі құлшынымпен жүргізуіне жәрдемдесетін шартар ендіру маңызды.
Соңында қол добышының тәсілдік дайындығының негізгі міндеттерін шешуге көмектесетін жаттығуларды пайдаланудың бірнеше ережелерін келтіреміз.
Жаттықтырудың міндеттері:
1) Әрбір жаңа жаттығудың мақсаты мен маңызын, оның нақты міндеттерін түсіндіру. Кез — келген жаттығу ойыншыларға түсінікті болуы тиіс.
2) Ойыншылар жаттығуды тез, дұрыс, барын салып, мұқият орындауын қадағалау.
3) Тәсілді жетілтіруге арналған жаттығулар құрылымы мен сипаты жағынан типтік жарыс жағдайына ұқсас болып, ойыншылар оны жарыстағыдай құлшыныспен, барын салып орындау тиіс.
4) Шартты қарсылас қарсылығы мен жарыс элементтерін ендіргенде жаттығу құрылымының мағынасы бұзылуына жол бермеу керек.
5) Жаттығуларда шабуыл мен қорғанысты жетілдірудің міндеттерін орындаудың кешенді жаттығуларында оларды ойындылардың жеке мүмкіндіктері мен ерекшеліктерніне сәйкес келуін қарастыру.
6) Сабақтағы жаттығуларды ұйымдастыру мен олардың өзара іс — қимылын мұқият ойластыру.
7) Ойыншылар жақсы меңгеріп, түсініп, жақсы көретін жаттығулары жиі қолдану, оларды құрылымы мен қойылған міндеттерін сақтай отырып түрлендіру.
8) Аса күрделі жатығуларды қолданбау керек.
9) Жаттығу немесе ойын барысында ескертуді шұғыл әрі жиі жасаған дұрыс емес, оқушыларға туындаған қиындықтарда өзіне жол табуға мүмкіндік беріп, содан кейін ғана көмектесуге болады, жаттықтыруды талдағанда кездейсоқ мүлт кетуден заңдылық кемшіліктері қатесін айыра білуге үйрету.
10) Жаттығуларды орындағанда жұмыс қабілетінің, қозғалғыштығының және зейін шоғырлануының күрт төмендеуіне жол бермеу, сабақты жақсы көңіл күймен өткізу, үздіктерге шағын жүлде беру жаттықтырудың әсерін арттыруға көмектеседі.
11) Сабақ жоспарын қатаң ұстану, уақыт шегінен (әрі жатығуға жоспарланған) асып кетпеу. Егер жаттығу ойыншыға жеңіл тисе, онда оны барын сала орындауға деген тілек пен қазығушылық төмендейді, жаттығулар жағдайын жарыс элементтерін ендіру арқылы күрделендірудің маңызы зор, егер жаттығу ойдағыдай шықпаса, спортшы аз да болса табысқа жету үшін сәл уақытты созу керек.
12) Орындалған жаттығулардың көлемі мен қарқындылығының есебін жүргізу.
2.6. Ойын дайындығы
Ойын дайындығы қол добышылардың спорттық дайындығының интегралдық түрі болып табылады. Ол күрес жүргізу іскерлігін жетілдіруге бағытталған. Ойын дайындығының басты құралы -жаттықтырушының арнайы ұйымдастырып басқарған екі жақты оқу ойыны. Оқу ойындағы қол добышылардың негізгі міндеті — күресті жүргізу іскерлігін меңгеріп, ойын барысын қадағалап, кездейсоқ пен қосымшадан маңызы мен мәнін ажыратып, нәтижеге жету болып табылады.
Ойын дайындығының міндеттері:
1) Күшті бөлу іскерлігін жетілдіру, ол іскерлікті өз күші мен мүмкіндігінің шамасына қарай қалыптастыруды, қимыл әрекетіне қысым түсіру мен тынықтыру кезеңдерін үйлестіруді ұсынады.
2) Жеке іс — қимылдар мен командадағы әріптестерімен өзара іс — әрекетін жетілдіру, ол ойынның жасалған жоспарын немесе жаттықтырушының жедел тапсырмаларын іске асыруға құрылады.
3) Меңгерген тәсілдік жүйені, айла — шарғы мен оның түрлерін пайдалануды жетілдіру.
Ойын дайындығын басқару үшін бақылау тапсырмаларын орындағанда ойын шарттарын жеңілдетіп, уақыт пен кеңістікті қолдан шектеп, жарыстық қиындықтарды ұлғайтып, бұзушы ықпалдарды пайдаланып, қол добышылардың орындаған ойын тапсырмаларын сапа және сан жағынан бақылап, оларды сәтті орындағанына қолдау көрсетуге ұсынылады.
Ойын дайындығының ықпалын көтеру үшін әдістемелік амалдар кешенін қолданған дұрыс:
1) Оқу тапсырмасына ойынды жүргізудің таңдаған жобасын немесе бұзушы ықпалдары бағындырумен жоспары өзара іс — қимылын жүйесін міндетті түрде атқарумен байлнысты тапсырмалар ендіру.
2) Оқу ойынын болашақ басты қарсыласының қолдануы мүмкін тәсілдік жоспары бойынша жұмыс жасайтын әріптесімен жүргізу.
3) Жалпы командалық ойын тапсырмасын шешуге көмектесетін спортшыларға нақты тапсырмалар беру.
4) Команданың негізгі құрамына алған тәсілдік тапсырмаларын дәл орындауын талап етіп, резервтегі ойыншыларды кезеңімен ендіру.
5) Алдын ала келісілген белгі бойынша бір тәсілдік айла — шарғы мен түрінен екіншісінен екіншісіне өтуді пайдалану.
6) Оқушылар үшін күтпеген жерден, тез ауысуды талап ететін ойын жағдайына өту. Жағдайды күрт өзгерту немесе қарсыласының жаңа тәсілдік жүйе қолдануы ойыншылардың жедел ауысуы үшін қиындық тудырып, мақсатты дайындық талап етеді. Оқу ойынында ойыншыларды ауысуда жетілдіру үшін күтпеген оқиғалармен күрделендірудің белгілі бір әдістемелік бірізділігін пайдалану керек. Осы мақсатта сәл алдында ғана меңгерген, әлі іс — тәжірибе амалдарына толық енбеген ауысуды негіздейтін күтпеген тәсілдік өзара іс — қимыл қолданылады.
7) Финалдық күшті қолдану. Бұл амал оқушыларда матчтың шешу сәттерінде құлшыныс іскерлігін қалыптастыруға және жеткен жетістігін бекіту үлкен күш жұмсауды бірнеше рет қайталап, өз күшін тез даярлауға бағытталған.
8) Ойынға тыныққан ойыншыларды кіргізіп отыру.
9) Оқушылардың қысқарған және ұзарған ойын ережелері негізінде оқу жарыстарына қатысуын ұйымдастыру. Аталған әдістемелік амалды ойынға кез — келген уақытта кіріп және команда пайдасы үшін қажетті кезең барысында іс — қимыл көрсетіп және демалыс үзілістерін қалпына келтіру үшін тиімді пайдалану іскерлігін қалыптастыруға пайдаланады.
Кез — келген оқу ойыны барысында жаттықтырушы допсыз ойыншының қимыл белсенділігі мен оның дұрыстығына сондай-ақ, шабуылдан қорғанысқа өтуіне, екі қалқанда да ұшып шыққан доп үшін белсенді күрес жүргізуіне назар аударуы керек.
Бұндай ойындарда қол добышыларға қойылатын негізгі талаптар:
- белсенді болу, бұның астарында қарсыласымен тәсілдік күрестің өткірлігі мен үздіксіздігін түсініп, ойын жүргізуге үнемі дайын болып, барлық жағынан қарсыластың кез — келген іс — қимылына кедергі жасау керектігін ұғыну;
- уақыт тар болып, мәлімет шектеулі болған жағдайда жарыстың даму барысын алдын ала көре білу, мүмкін болжамды әріптестері мен қарсыластарының іс — қимылымен жүзеге асыру;
- ойлы тәуекелге бел буып кенеттен, шешімтал және тез қимылдау;
- кез — келген жағдайда тәсілдік ойлаудың айқындылығы мен дербестігін сақтау;
- қарсыласының жігерін жасайтын, бастаманы өз қолына алу;
- қарсыласына өз мүмкіндіктері мен ішкі ойы туралы қате пікір қалыптастыру;
- қарсыласына ол үшін қолайсыз ойын сипаты мен іс — қимыл тудыру;
- жеке іс — қимылдарын жалпы командалық ойын жүргізумен үнемі үйлестіру.
2.7. Жарыс дайындығы
Күрес қиын жағдайларда жүргізілетін жарысқа команданың қатысуы даярлықты көрсетудің ең жоғарғы түрі.
Жарыс дайындығы үлкен маңызға ие болады. Жарыс жағдайында спортшы ағзасының жұмыс қуаты толығырақ қамтылады. Әсіресе жоғары жүктемеге бейімделуге ықпалды стимул пайда болады. Тек басқа командалармен жарыста ғана өз күшін толығымен жұмсап, оларды есеппен пайдалану қабілеті дамып, өз көңіл — күйін бағындырып, өз мүмкіндігінен де жоғары көтерім қабілеті дамуы мүмкін.
Дайындық жетістігі көбінесе жарыстық тәжірибеге байланысты өзінше өрбиді. Оның сипаты жүргізілу жағдайымен, ойыншылардың жеке ерекшеліктерімен және қарсылас команданың сипаттық ерекшеліктерімен анықталады. Егер үнемі ойыншылар біркелкі жағдайда, тек таныс қарсыластарына қарсы ойнаса, оларда жаңа жағдай туындап, жаңа қарсылас пайда болса, күрт бұзылуын, бірқалыпты біржақты мінез — құлық түрінің жүйесі қалыптасуы мүмкін.
Жарыс дайындығы команданың жылдың негізгі жарысына және көпжылдық айналымның шешуші дайындығына даяр барысын аяқтайды. Команда дайындығы жүйесін мақсаттық тағайындауға орай жарыстарды бақылау, қорытынды және негізгі деп бөледі. Бұл кездесулерді құрамға бөліп тағайындау белгілі бір атаулармен анықталады, олардың барысында жаттықтырушы ойыншылар мен команданың жарысқа дайындығының түрлі жақтарын тексереді.
Жарыс дайындығының жалпы көлемі команданың дәрежесіне байланысты болады.
Жылдық айналымда мысалы КСРО біріншілігіне қатысатын жоғары және бірінші лига командалары 60-65 ойын өткізеді, олардың 10-12 бақылау, 8-12 жарысты қорытындылаушы және 30-40 — КСРО біріншіліктеріне жатады.
Дәрежесі сәл төмен командаларда жарыс дайындығының көлемі сәл төмендейді. Жарыс жүктемесінің төмендеуі негізінен негізгі жарыстардағы ойындардың азаюына байланысты жүреді.
2.8. Психологиялық дайындық
Спортшының психологиялық дайндығы спортшының жалпы (жыл айналымдық) дайындығын, жарыстарға психологиялық дайындығын, спортшының жүйке — психологиясының қалпына келуін басқаруын қарастырады.
Жалпы психологиялық дайындық міндеттеріне спортшының жеке тұлғасы мен адамдар арасындағы қатынасты қалыптастыру, спорттық ақыл — ойдың дамуы, арнайы психологиялық қызмет пен психомоторлық сапалар дамуы жатады.
Психологиялық дайындық барысында әрбір ойыншы мен командада арнайы рухани — психикалық сапа қалыптасады. Оған спортқа деген тұрақты қызығушылық, жаттықтыру ережесін сақтаудағы тәртіптілік, жаттықтырушы мен ұжым алдындағы борышы, дайындық жоспарын орындауға жауапкершілікті сезінуі және жарыстарға қатысу нәтижесі, еңбек сүйгіштігі мен мұқияттылығы жатады.
Жаттықтырушы спортщыларда тілтабысқыштық, жолдастарын құрметтеу, жаттықтырушысын құрметтеу, оларға жақсы көзқараста болу, өзіне және басқаларға талап қойғыштық, өзіндік сын, спортты сүю мен өзіндік тәрбиеге ұмтылу тәрізді маңызды сапаларды қалыптастырады.
Дайындық барысында және жарыстарда ерік сапалары тәрбиеленеді, олар: мақсатқа ұмтылушылық, дайындықтағы дербестік, шеберлікті игерудегі табандылық, батылдық пен өзін — өзі ұстай білуі, шешімталдық пен бастамашылдық, тұрақтылық пен ұстанымдылық.
Психологиялық дайындық барысында тұрғын — жайы, жаттықтыру мен жарыстың түрлі жағдайларында көңіл — күй тұрақтылығы қалыптасады.
Спортшыларды жарысқа психологиялық тұрғыдан дайындағанда жаттықтырушы оларға жарысқа қатысудың мақсаты мен міндеттерін, жарыс алдындағы дайындықтың шарттары мен мазмұнын, дайындықтың жоғары деңгейінің ойындағы маңызын, ойыншылардың психологиялық жағдайын жақсарту үшін жаттықтыру жүктемесі мен дайындық құралдарының реттелуін, маусымның негізгі жарыс шарттарын үлгілеп түсіндіріп, өзіндік бақылаудың маңызы мен мазмұны туралы әңгімелейді, өзіндік бақылау мен өзіндік реттелудің және оларды жүйелі жаттықтыру әдістеріне үйретеді.
Спортшының жүйке психикалық қалпына келуін басқару барысында жүйке — психикалық қысымы төмендейді, жүктемелі жаттықтырудан соң психикалық жұмыс қабілеті қалпына келеді, ойын көрсету арасындағы үзілістерде өзіндік қалпына келу қабілеті қалыптасады.
Жүйке — психикалық қалпына келу сөз арқылы демалыс, ауысу, тынығу және басқа құралдар көмегімен іске асырылады. Осы мақсатта күн тәртібінде ЖДД құралдарын, мәдени демалыс, көңіл көтеру, аутотренинг жүйесі құралдарын тиімді сәйкестікте пайдаланады.
Психо- педагогикалық ықпалдардың құралдары мен әдістері қол добышылардың жыл бойындағы дайындықтарының барлық сатыларында пайдаланылып, үнемі қайталанып, жетілдіруі тиіс. Олардың кейбіреулері оқыту мен жаттықтырудың қандай да бір сатысында, әсіресе жарысқа дайындықта және оған қатысқанда, көптеген жаттықтыру және жарыс жүктемелерінен соң қалпына келтіруде зор маңызға ие болады.
Спортшы ағзасындағы жүйке — психика процестерінің жүру ерекшеліктері туралы айтқанда, қол добышылардың арнайы ерекшеліктерінің құрамдас бөліктері күрделі реакция болып табылатынын ескерте кету керек. Доп беру, доп салу, допты іріктеу, түрлі қашықтықтардан доп салу, т.б. тәрізді ойын әрекеттерінің нәтижелігі — сенсомоторлық жауап беру көрсеткіштерімен тығыз байланысты. Ойыншылар үшін болжамды болып табылатыны: таңдау реакциясы, болжамның мүмкіндік реакциясы, алдын ала көру реакциясы және «уақытты сезіну».
Қол добышының қимылдың кеңістік — уақыт белгілері дәл бағалауы алдын ала көре білу реакциясымен сипатталады. «Уақытты сезіну» интегративті сенсомоторлық көрсеткіш болып табылады.
Ойын белсенді қарсылық көрсетуде және жағдайдың үнемі ауысуында жүргізіледі. Осыған байланысты алдыңғы кезекке ойыншылардың жедел және тәсілдік ойлауына қойылатын талаптар шығады. Қол добышының тәсілдік ойлауының ерекшеліктері спортшы тәсілдік дағдыны пайдаланып, өз ойын іс — қимылға айналдырып, соның артынша олардың нәтижелерін көруімен анықталады.
Ойлау процесінің шапшаңдығы-қол добыдағы тәсілдік ойлау ерекшелігінің маңызды түрі. Ойлау процесінің шапшаңдық ерекшелігі мынадын көрінеді:
- қажет болған жағдайда ойын жағдайының барлық сипаттамасын сол сәтте бағалау қажеттігінде;
- жағдайды өзгерту мүмкіндігі есебінен қажеттігінде;
- ұзақ уақыт көңіл күйге қысым түскен жағдайда шешім қабылдауда.
Сонымен, спорттық іс — қимыл әсерлігі тәуелді болатын барлық психикалық құбылыстар психологиялық ықпалға әкелуі тиіс.
ІІІ-тарау. СПОРТ МЕКТЕПТЕРІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3.1. Балалармен жұмыс істеудің ұйымдастырылған түрлері
Ғылымға сүйенсек, 7-8 жастан бастап-ақ қол добымен шұғылдануға болады. Бірінші топқа жалпы білім беретін мектептер, кәсіптік мектептер, техникумдар мен ЖОО-ры жатады, онда спорттың бұл түрі дене тәрбиесі бағдарламасына ендірілген.
Мектептегі спорт жұмыстары мектеп ұжымының секциялары мен алғашқы дайындық топтарында жүргізіледі. Олардың міндеттеріне балаларды сабаққа жүйелі тартумен қатар оларға ойынның алғашқы дағдыларын меңгертуде және дарынды балаларды БЖСМ-де шұғылдануға таңдау кіреді.
БЖСМ, БЖОРДМСМ, ЖСШМ, мамандандырылған мектеп-интернаттар-бұлар жоғары дәрежелі спортшыларды даярлауға арналған арнайы жұмыстар жүргізілетін мекемелер. Олардың міндеттер:
- оқушылардың жан-жақты дене дайындығы мен денсаулығын нығайтуға, үйлесімді дамуына көмектесу;
- жоғары дәрежелі командалар мен құрама командаларға резервтер дайындау;
- оқушыларды рухани төзімді, ерік-жігерлі, тәртіпті етіп тәрбиелеу;
- қоғамдық инструкторлар тәрбиелеу;
- ЕОҚ+мөлшерін орындауға дайындық.
БЖМ, БЖОРДМСМ, арнайы мектеп-интернаттарын белгіленген тәртіп бойынша министрлік пен құзырлы орындар құрады.
БЖОРДМСМ бастапқы дайындық топтары бүкіл оқушылардың 31,7%-н құрайды. Оқу -жаттықтыру топтарына 65% және спорттық жетілдіру топтарына 3,3% бала қатысады.
Алғашқы дайындық топтары 10-13 жастағы, оқу-жаттықтыру — 12-16 жастағы және спорттық жетілдіру топтары 16-20 жастағы спортшыларды біріктіреді.
Алғашқы дайындық топтарында жұмысты ұйымдастырудың негізгі принциптері әмбебаптық пен жан-жақтылық болып табылады. Оқу-жаттықтыру топтарында бұл принциптер әсерлі бола береді, бірақ ойын әрекетінің элементтері ендіріледі. Спортты жетілдіру топтарында негізгі принциптер арнайы дайындық болып табылады, оның негізінде жеке ерекшеліктерінің есебі мен тереідетілген ойын ерекшелігі жатыр.
Оқушылардың жасы мен тәжірибесіне қарай дайындықтың түрлеріне уақытты бөлу әртүрлі (1-кесте).
БЖСМ оқу бағдарламасында 1-кесте дайындық түрлері бойынша уақытты бөлу
Дайындық түрлері |
Топтарына қарай уақытты бөлу |
||
Бастапқы дайындық |
Оқу-жаттықтыру |
Спорттық жетілдіру |
|
Ілімдік Жалпы дене Арнайы дене Әдістік Тәсілдік Интегралдық Инструкторлық Және төрешілік тәжірибе емтихандары мен сынақтары |
|
|
|
Қол добышыларды көпжылдық дайындау түзу жүйені көрсетеді, ол оқу материалы мен жаттығу жүктемесін біртіндеп, мүмкіндігіне қарай қатаң қадағалап өсірумен сипатта болады.
3.2. Балалар мен жасөспірімдер тобымен жұмыс
жасау ерекшеліктері
Жас қол добышыларды дайындауда өскелең ағзаның физиологиялық ерекшеліктері мен дайындық міндеттерін осы ерекшеліктерге сәйкестендіруге негізделеді.
Негізгі дағды мен білікті қалыптастырумен сәйкестендіріп, дене және қызметтік дайындықтың дұрыс әрі дер кезінде негізін қалау жоғары спорт нәтижелеріне жеткізетін жұмыстарды жүргізуге көмектеседі.
Мына жағдайларды ескеру қажет:
- Жасына қарай бала ағзасы өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер сан жағынан да (салмағы, бойы), сапа жағынан да әсер етеді. Сондықтан балаларға үлкендерге қоятындай емес, талаптардың көлемін азайтып, оларды баланың жасына лайықтап беру қажет.
- Бала ағзасының дамуы үздіксіз әрі әрқалыпта жүреді. Белгілі бір кезеңдерде түбегейлі өзгерістер болады (өсу екпіні мен процестеріне қарай бойдың, бұлшықет салмағының өсуі, мүшелер мен жүйелердің дамуы түрлі жас кезеңдерінде әртүрлі). Мысалы, жыныстық жетілу кезеңі ұлдарға қарағанда қыздарда ерте болады; 11-13 жаста қыздар бой мен салмақ жағынан ұлдардан озып кетеді; ұлдарда бұлшықет күші 13-14 жаста, қыздарда 11-12 жаста қарқынды дамиды.
- Балалардың дене сапаларының даму қарқыны мен басқа да қабілеттері белгілі бір кезеңдерге сәйкес келеді. Нәтижесінде белгілі бір дене сапалары мен басқа да қасиеттерін дамыту үшін қолайлы алғы шарт жасауға болады. Жауап беру шапшаңдығы, мысалы, 15-жасқа дейін дамиды, жоғары жылдамдықты арттыру 13-14 жаста барынша қарқынды жүргізіледі. Биікке секіруден жоғары нәтижелерге өсу ұлдарда 9-13 жаста байқалып, сосын бұл тұрақталады, ал бұл 15 жастан соң уақытша төмендейді.
- Қимылдың әрбір түрінде ұлдар мен қыздардың жас ерекшелігі топтарына қарай көрсеткіші де әртүрлі. Сондықтан жас ерекшелігі дамуына қарай құрылған алғы шарттарды ескеру қажет.
- Әрбір ағза жеке дамитынын есте ұстаған жөн. Күнтізбелік, құжаттың жасымен қатар, дене дамуы деңгейін, қимыл мүмкіндіктерін, жыныстық жетілу деңгейін, т.б. сипаттайтын биологиялық жасын да ескеру қажеттігі ұсынылады. Күнтізбелік жасы биологиялық жасымен сәйкес келмеуі мүмкін.
3.3. Балалардың, жасөспірімдер мен жігіттердің
жас-жыныстық жалпы сипаттамасы
Жас-жыныстық ерекшеліктері есебі жұмыс әдістері мен құралдарын таңдауға мүмкіндік береді. Дайындықты қалыптастырудың барлығы табиғи жасының дамуынан туындаған алғы шарттарды қате пайдалану тәрізді денсаулық жағдайын бұзып қана қоймай, жасы толған кезде жоғары нәтижеге жету үшін болатын мүмкіндіктерді төмендетеді.
Адамның туылған сәтінен бастап, оның биологиялық толысуына дейін 20-24 жыл өтеді, оның барысында күрделі морфологиялық және психологиялық даму жүреді. Сипаттық ерекшеліктері белгілі бір мөлшерде түрлі жас ерекшеліктерімен қол добы бойынша жұмыс әдістемесін анықтайды.
Дене сапасын тәрбиелеуге арналған биологиялық алғы-шарттар бір мезгілде құрылмайды. Қайсы бір сапаның педагогикалық ықпал арқылы жедел даму кезеңдерінде оларды арттыру қарқынына жетуге болады. Жаттықтыру ықпалы құралдарын қате таңдау кері нәтиже беруі мүмкін. Мұнда пубертаттық кезең ерекшеліктерін ескерген жөн. Бұл уақытта бүкіл ағза жүйелері қарқынды дамып, қайта құрылады. Бұл сыртқы көрінісінде ең алдымен бой өсуінен байқалады, ол дәлдікті уақытша нашарлатады. Бойы ұзын жасөспірімдер өз қатарларынан қызметтік қабілетімен ерекшеленбейді. Керісінше, кейде оларда жүрек-тамыр жүйесінің көрсеткіштері мөлшерінен ауытқуы жиі байқалады. Жыныстық жетілу кезеңіндегі барлық дене сапаларының даму қарқыны ерекше, ал жаттықтыру әсерінен, мысалы, күш пен төзімділік көрсеткіштері 2-2,5 есеге артады.
Сондықтан да БЖСМ қол добышысының дайындығы осы бағдарламада келтірілген мөлшерлік талаптарға сәйкес жүргізілуі өте маңызды.
3.4. Оқу-жаттықтыру топтарындағы дайындық
Оқу-жаттықтыру топтарындағы жұмыстың негізгі принцптері — дайындықтың ойын ерекшелігінің сипаттарына сәйкес жан-жақтылығы (қызметі бойынша).
Бұл кезеңдегі дайындық міндеттері:
- Оқушылардың денсаулығын нығайту мен ағзасын шынықтыру, жалпы дене дайындығының деңгейін арттыру, «батылдар мен ептілер» және «спорттық ауысым» — ІІІ және ІV дәрежелі БГТО мөлшерін тапсыру.
- Әдіс пен тәсілді жетілдіруге қажетті арнайы қабілетті дамыту.
- Әдіс пен тәсілдің негіздерін жақсы меңгеру.
- Әрбір оқушының командадағы ойын қызметін анықтау, осы арқылы дайындықты тұлғаландыру.
- Жаттықтыру сабақтарын жарыс тәртібіне жақындату командалық қимыл тәсілдерінің негіздерін меңгеру және жарыс әрекетінің дағдыларын тәрбиелеу (қол добыдан).
- Күнделік жүргізу, ойынды жазып жүру жүйесіне алынған мәліметтерді талдау дағдыларына баулу.
- Қол добыдан жарыс ұйымдастыру мен өткізу дағдыларын игеру.
- Дайындық түрлері бойынша мөлшерлік талаптар мен спорт дәрежесінің мөлшерлемесін орындау.
Жалпы дене дайындығының көлемін азайту нәтижесінде оқу-жаттықтыру топтарында тәсілдік және ойын дайындығының көлемі артады. Сол арқылы бұл жастағы дайындықтың негізгі міндеті балаларды спорт қимылдарына баулу болып табылады. Бұл саты болашақ қол добы шеберін дайындау тұрғысынан алып қарағанда ең маңыздысы болып табылады, сондықтан жас-жыныс дамуымен туындайтын алғышарттар қимыл дағдысы мен өнерін қалыптастыру, жеке қабілеттерімен бейімділігін анықтауда кең мүмкіндіктер береді.
Бұл кезеңдегі дене дайындығы 10-11 жастағы балаларды дайындаудан көп ерекшеленбейді. Оқытушы алдында ұқсас міндеттер қойылады, бірақ мүмкіндіктері кең, яғни бұл жастағы балалардың орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөліктері белсенді жұмыс істейді, ол күрделі жаттығуларды үлкен көлемде және үлкен қарқынмен қолданумен жан-жақты жұмыс жүргізуге мүмкіндік беретін көптеген жүйке байланыстарының түзілуіне көмектеседі.
Негізінен арнайы дене сапаларын қалыптастыруға көңіл аударылады. Бұл жаста шапшаңдық пен жылдамдық күш сапаларын дамытуға арналған алғышарттар қолайлы.
Жасөспірімдерге күш жаттығуларын жүктегенде абай болу керек. Балалармен жұмыс істегенде «Бас тартқанға дейін» әдісті жүстемесі қолданылмайды. Қайталау әдістерін қолданған дұрыс. Жүктеме қуатын жартысына дейін азайтқанда оның ағзаға әсері тиімді болып, жасөспірімдердің жұмыс қабілеті ересектердің көрсеткішіне жақындайды.
Әсіресе бұл жастағы қыздардың дене дайындығы әдісіне басты көңіл аудару керек. Ағзадағы нейтроэндокриндік қатынастардың биологиялық қайта құрылуы негізгі дене сапаларының өсу қарқынына ықпал етеді.
Бұл жастағы қыздарға жаттықтыру барысын қарқынды ету дұрыс емес екені белгілі. Дене дайындығын ойын қимылдарының ерекшелігіне сәйкес жүргізу қажет. Оның жылдық айналымдағы көлемі 30% -дан кем емес, мұнда лайық ықпалдар әдісі қолданылады.
Орталық жүйке жүйесі процесінің белсендірілуі, көптеген жүйке талшықтарының түзілуі, сондай-ақ бұл жастағы тежеуіне реакциялардың біршама тұрақтылығы күрделі әдіс амалдары мен олардың үйлесімдерін көптеп үйренуге мүмкіндік береді. Сәйкес жағдайда белсенді қарсы қимылдағы әдістер үшін алғы шарттар пайда болады.
Әдіспен жұмыс жасағанда қимыл дәл әрі әсерлі болғанына мұқият назар салып, күрделі ойын жағдайларында оны пайдалануға көңіл аудару қажет. Дәлелдеуді дамытуда ерекше бақылауға алу керек, себебі бұдан кейін түрден табысқа жету қиынырақ болады.
Жылдамдық әдісімен жұмыс істеуге назар аудару керек. Салу тәрізді әдістерде тез дәлдеу дайындыққа кеткен уақытты қысқатру мен жұмысшы кезеңін тұрақтандыру көмегімен болады.
Тәсілдік дайындық міндеттері:
- үйренген әдіс амалдарына негізделген жеке тәсіл қорын кеңейту;
- екі және үш адамдық, командалық өзара әрекет дағдысын тәрбиелеу;
- ойын қызметінің ерекшелігіне үйрену, талдауға деген қабілеттілігін дамыту бұл жұмысты табысты жүргізуге мүмкіндік береді.
Оқушыларда дербес тәсілдік ойлау дағдысын қалыптастыру арнайы тәсілдік өзара әрекетті меңгеру барысында атқарылады, бірақ оларды үйрену жұмысы өзіндік мақсатта болуы тиіс. Бұл айла-шарғылар нақты жағдайларда табысты қимылдауға көмектесетін негізгі мүмкіндік береді. Бұл айла-шарғылар негізінде шығармашылық ойлауды тәрбиелеу қажет.
Командалық қимыл дағдыларын меңгеру команданы ойнатуға көмектесуі тиіс. Алайда бұл сатыда ойын қызметін дәд бекітуге тырыспау керек. Тәсілдік дайындық міндеттері тәсілдік «көпсайысқа» ұқсауы тиіс: ойыншы қажет болған жағдайда команданың кез-келген ойыншысының міндетін орындауы тиіс. Бұл әрқайсысының шығармашылық қабілетін анықтауға септігін тигізеді.
Оқу-жаттықтыру топтарындағы ойын дайндығы мақсатты бағытты сипатта болады. Бұл сатыда ойын дайындығының барлық құралдарын пайдаланады. Жоғары дене жүктемесі жағдайында бағдар алу мен әдіс табуды игеруге өзара түсінікке үйренуге бағытталған, нақты бағдарлы жаттығуларға ерекше көңіл аударылады.
3.5. Спорттық жетілдіру топтарындағы дайындық
Бұл топтардағы оқу-жаттықтыру жұмыстарының басты принципі-мамандандырылған дайындық, оның негізінде ойын қызметі мен оқушылардың жеке ерекшеліктері жатыр. Мамандандыру жан-жақты дайындыққа сүйеніп орындалады.
Бұл жастағы балалармен жұмыстың негізгі бағыты дене мүмкіндіктерін, әдістік және тәсілдік шеберліктерін үнемі жетілдіруге ұмтылуға баулу. Әдіс қоры кеңейіп, әдістерді орындау сапасы артады. Алдыңғы сатыдағы міндеттерді атқаруды жалғастырумен қатар мыналарды орындау керек:
а) арнайы сапаларды жетілдіру мен дене дайындығы құралдарын кең қолдану негізінде қимыл мүмкіндіктері шеңберін кеңейту «күш пен ерлік» — І дәрежелі ЕЛҚД кешенінің мөлшерлеріне дайындалу және тапсыру.
ә) түрлі амалдарды үйлестірумен, әдістерді жеке ерекшелігіне лайықты етумен командада орындаған белгілі бір қызметімен сәйкес жаңа әдісті меңгеру барысында әдіс қорын кеңейту;
б) жарыс жағдайы мен қарсыласының тәртібіне қарай өзара әреткетіне мепңгеру;
в) ойын қызметін бекіту мен оны орындауды қамтамасыз ететін дағдыларды кеңейту;
г) түрлі ауқымдарды жарыстарға жүйелі қатысу нәтижесінде ойын тәжірибесін игеру;
ғ) әдіс пен тәсілдік өзара әрекет әсерлігін арттыру;
д) жасөспірімдерді жоғары дәрежелі командаларға қойлатын талаптарға өткізу.
Сабақ 12-15 адамнан құрылған топтарға жүргізіледі. Мына әдістер қолданылады: топтық мөлшерленген жаттығулар аз топтық (шағын топтарда немесе жеке). Әдіс қоры жаттығуларды ұйымдастыру түрлеріне қарай кеңейеді. Көрсету әдісі сөз әдісіне жаттығу-ойын әдістеріне орын береді. Сабақтарда тренажерлар, сондай-ақ қарқындылығын бақылайтын және оны талдайтын құрылғылар кең қолданылады.
Жаттықтыру сабақтарында міндетті түрде жүктеменің екі түрі қолданылады: бірқалыпты белсенділікпен біршама ұзаққа созылған жұмыс (90-120 мин) және лайық демалыс үзілістері бар жоғары қарқынды шағын мерзімдік жұмыс.
Бұл кезеңде ойын дайындығы үлкен орын алады. Атлеттік дайындықта арнайы дене сапаларын дамытатын жаттығулар үлкен маңызы ие болады. Шапшаңдыққа иілгіштікке, ептілікке арналған жұмыстар жалғасады; күш пен төзімділікті дамытуға ерекше назар аударылады. Күшті дамытуға арналған жаттығуларды қате мөлшерлеу сүйектің өсуі мен бүкіл денені қалыптастыруға қолайсыз әсер етеді. Жоғары қысым түсіруді жиі қолдануға болмайды. Бұндай жаттығуларды жүргізу әдістемесі жарылу күшінің жасау әдістемесіне сәйкес келуі тиіс.
Бұл сатыда да жылдамдық жаттығуларына мән беріледі. Төзімділікке арналған жаттығулар ойын әрекетіне тән ерекше сипатта болуы шарт: олар ұзақ уақыт бойына ауыспалы жағдайда өте шапшаң орындалуы тиіс.
Әдістік дайындыққа жылдамдық әдісін меңгеруге назар аударылады. Әдісті жетілдіру үшін әртүрлі жаттығулар қолданылады:
- қимыл құрылымын жетілдіру үшін бірдей жағдайда амалдарды немесе олардың кешендерін көп дүркін қайталау;
- жағдай демалыс үзілістерімен алдын ала шартталған өзгермелі жағдайда амалдарды немесе олардың кешендерін орындау;
- сол сияқты, бірақ жағдай күрт өзгереді;
- қарсы әрекеттің өсуінде барынша тиімді шешім қабылдауды қамтамасыз ету;
- түрлі қызметтік және психологиялық жағдайларда амалдар мен өзара әрекеттерді орындау;
Тәсілдік дайындықтың негізгі міндеттері:
- шағын топтарда және командада тәсілдік өзара әрекетті шапшаң меңгеру қабілетін тәрбиелеу;
- оларды ойынды жүргізудің таңдаған жүйесі мен оның түрлеріне қарай көрсете білуді тәрбиелеу;
- ортақ тәсілдік жоспарды іске асыру барысында бастама көтеруді дамыту.
Бұл топтағы сабақтарда негізгі салмақ ойын дайындығына түседі. Мұнда команданың ойынпаздығына, ортақ міндеттерді танып, жеке міндеттерді шеше білуге назар аударады. Сондықтан жеке тәсілге ерекше көңіл бөлінеді.
Спорттық жетілдіру топтары үшін жылдық айналымдағы дайындық түрлері бойынша оқу материалы былай бөлінеді: сағаттарды жалпы көбейтумен тәсілдік және интегралдық дайындық көлемі артады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жеке тұлғаның дене мәдениеті – оның ішінде қол добы ойыны нақты тарихи құбылыс. Оның ілімдік ағыны халықтық және спорттық педагогика болып табылады. Парасаттылық ойлары мен жалпы адамзаттық құндылықта құрылған, салауатты өмір салты және денсаулықты нығайтуды бағдарлау, жеке тұлғаның жалпы мәдениеттің бір бөлігі сияқты нақты феноменалдық қалпын түсінуден шығып жастарды дене мәдениетіне қалыптастыруды іске асыруды талап етеді.
Қол добы ойыны жекеден тұлғаның жалпыға қарай ұласатын мәдениетінің құрамдас бөлігі болып, қозғалыс қызметтеріне жақсы тиімді әсер етіп және денсаулықты нығайтуға педагогикалық үрдісті бағыттаған көмегімен қалыптасқан, өзіне ағзаның функционалды мүмкіншіліктерін көтеру бірлігін жинайды, ақыл-ой және дене еңбегінің қабілеттілігін, ақылдылық қасиеті, ошіау, ынталы, тапқыр, байымды, адамгершілік қасиеті, өзін-өзі ұстау, тәртіптілік, шыншыл, батыл, шешімді, дене шынықтыру бірлігінде тану және төртіпке келу, жеке тұлғаның әр түрлі қасиетін көрсетеді.
Жастардың дене тәрбиесінің көрсеткіштерін қалыптастырудың жоғары деңгейі болып, спорт ойындары саналады, ол адамның өмірдегі негізгі кызметтері: жанұяда, мектепте, жұмыста, қоғамда, мемлекеттің міндеттерін табысты орындау үшін тұтас субъекті, адамгершілік және дене қасиеттері жан-жақты жетілген дені сау қоғамға еркін кіру шарты табылады.
Ойын әрекетін қалыптастырудың негізгі әдістеріне педагогикалық жүйенің негізгі бөлшектерін іс жүзінде асыру есебі кірген (мақсат, міндеттері, мазмұны, тәсілі, түрлері, әдістері мен амалдары, тапсырма) олардың бірлігі және өзара байланысы.
Жеке тұлғаның дене мәдениетін қалыптастыру, денсаулықты нығайтуға бағытталған спорттық-ойындар қызметіне және дене шынықтыру жүйесіне жастарды қатыстыру педагогикалық жүйеде көрсетілген. Осы қызметтердің бір түрінің дамуы немесе әлсіз деңгейі педагогикалық үрдісінде жастарды дене тәрбиесін қалыптастыру жүйелерін деформациялауға әкеледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Я.Г.Аблов. Врачебные наблюделия за бескетболистами: Институттың студенттері мен тыңдаушыларына арналған әдістемелік құрал. -М.:
- Э.И.Адашкявичене. Қол добы для дошкольников: Өзінін тәжірибесінен. -М.: Просвещение, 1983. -73 б.
- Қол добы: Жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы / Ю.М.Портнова. — М.: — 476 б.
- Қол добы: Дене тәрбиесі институтына арналған / Ю.И.Львов., Ю.М.Портнов., И.Н.Преображенская т.б. М: ФиС, 1988. -287 б.
- Би Клер жене Нортон Кен. Упражнение в гандболе. Ағылшын тілінен аударылған. -М.: ФиС, 1972. -103 б.
- Вуден, Джон Р. Современный гандбол/ ағылш.тіл.ауд.Е.Р.Яхонтева. — М.: ФиС, 1987. – 254 б.
- И.А.Горбашев, Г.Р.Амренова. Подбор упражнении для совершенствования скоростно-силовой подготовленности гандболистов: Әдістемелік құрал. -Алматы, 1994. -42 б. /Қазақ дене мәдениеті институты/.
- И.Т.Горбашев. Гандбол в вузе. Оқу құралы. — Алма-Ата: КИФК. 1992. -186 б.
- Давыдов М.А Судейство в гандболе.: М: ФиС, 1983. -128 б.
- Л.В.Костикова. Методика ведения научно-исследовательской работы по гандболу: Әдістемелік құрал. М.: 1980. -246 б.
- Б.Коузи., Ф.Пауэр. Гандбол концепции и анализ /ағылш.тіл.ауд. Е.Р.Яхонтева. -М.: ФиС, 1975. -272 б.
- В.В.Кузин,, С.А.Полиевской. Гандбол: Оқудың бастапқы кезеңі. М.: ФиС, 1999. -134 б.
- Официальные правила гандболу для мужчин и женщин. М.: -2000. -112 б.
- К.В.Суетнов. Обучение школьников игре в гандболу: Оқу құралы. -Алма-Ата, 1985. -92 б.
- Юный гандболист: Жаттықтырушылар үшін оқу құралы /ағылш.тіл.ауд./ Е.Р.Яхонтева., М.: ФиС, 1987. -172 б.
- Гандбол. Справочник /сост. Н. П. Клусов/. М: 1982.
- Зотов В.П., Кондратьев А.И. Моделирование подготовки гандболистов высокой квалификации. Киев: «Здоровье», 1982.
- Ивахин Е.И. Ручной мяч. /Лечебное пособие для секций коллективов физкультуры//. М: 1962.
- Игнатьев В.Я. Гандбол пособие для ИФК. М: ФиС, 1978.
- Клусов Н.П. Ручной мяч в школе. Пособие для учителей. М: ФиС,
- Клусов Н. П. Тактика гандбола. М.: ФиС, 1980.
- Кудрнцкий В. Н. Гандбол. Минск: «Белорусе», 1977.
- Спортивные игры и методика преподавания. Учебник для ИФК (под ред. профессора Портнова Ю. И.). М.: ФиС, 1986.
- Латышкевич Л. А., Турчнп И.Е., Маневич Л.Р. гандбол. Киев: «Здоровье», 1988.
- Теория и методика гандбола. Программа для факультетов базовой подготовки ИФК. М.: 1990.
- Программа для ДЮСШ и СДЮШОР (Гандбол). М.: советский спорт, 1990.
- Правила соревнований по гандболу. М.: ФиС, 1995.
- Бриль М. С. отбор в спортивных играх. М.: ФиС, 1980.
- Волков В. М., Филин В. П. Спортивный отбор. М.: ФиС, 1983.
- Гандбол. Программа для групп начальной подготовки ДЮСШ. М.: ФиС, 1983.
- Гандбол. Поурочная программа для учебно-тренировочных групп и групп спортивного совершенствования ДЮСШ. М.: ФиС, 1984.
- Положепие о детско-юношеской спортивной школе (ДЮСШ) специализированной детско-юношеской школе Олимпийского резерва (СДЮИЮР). Алматы: Микмолтурспорт, 1996.
- Былеева Л.В., Коротков И.М., Яковлев В.Г. Подвижные игры. Учебное пособие для институтов физической культуры. ФиС. М., 1984.
- Былеева Л.В., Коротков И.М. Подвижные игры. ФиС. М, 1982.
- Коротков И.М. Подвижные игры в занятиях спортом. ФиС, 1971.
- Коротков И.М. Подвижные игры для детей. М., «Советская Россия»,
- Методические рекомендации к проведению подвижных игр в общеобразовательной школе. Авт. Извекова Е.К., Исаева Н.С., Алма-Ата, 1991.