АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Суицид — әлеуметтік қатер ретінде

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ — ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

Суицид — әлеуметтік қатер ретінде

 

Алматы — 2011

ЖОСПАР

 

КІРІСПЕ…………………………………………………………………………………………….. 

 

І ТАРАУ. СУИЦИД МӘСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХЫ

  • Суицид девиантты мінез-құлық ретінде …………………………
  • Суицид туралы тарихи-теориялық ұстанымдар …………..

 

ІІ ТАРАУ. СУИЦИД – ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЕР РЕТІНДЕ

2.1. Суицидке түсу себептері ……………………………………………

2.2. Суицид және қоғам  ……………………………………………………….

2.3. Әлемдегі өзін-өзі өлтіру көрсеткіштері ………………………….  

2.4. Суицидті алдын-алудағы әлеуметтік жұмыстың мәні …. 

 

ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………………………………………  

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ………………………………….  

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Қазіргі әлемді үрей билеп тұр. СПИД ауруына ем таба алмай басы қатқан адамзат атом бомбасын шығаруға ақылын аямай жұмсағаны анық. Ол адам қолы жасады дегенге сенбейтін әрекеттерге барып жатыр. Адамды қалыптастырған қоғам да, қоғамды құрған адам да қатыгездіктің шегіне жетті. Бір сөзбен айтқанда адамзат арыла алмайтын індет көп. Соның бірі – суицид. Суицид тақырыбы біздің бүкіл өмірімізге бойлай еніп, қай кезде болмасын өзінің көкейкестілігін жоғалтқан жоқ, қайта жас ерекшелігіне қарай оның маңызы арта түсті. Менің бұл адам шошырлық мәселені алғандағы себебімнің бірі, ол – осы суицид мәселесінің біздің қасіретімізге айналып бара жатқандығында.

Суицидке ұшыраушы адамдар әдетте, рухани күйзелістен зардап шеккен және стрестік күй-жайда болған, өз мәселесін шеше алмаған адамдар тобы. Олар жиі психикалық аурудан зардап шегеді, әсіресе депрессиялық күйде ұзақ болады  және болашақтан өз үмітін кешеді [7]. Суицид бүкіл әлемде өлімге алып келетін жетекші себеп болып табылады, сондықтан ол қоғамдағы өзекті мәселенің бірі деп есептелінеді. Көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша, суицидтің ресми статистикасы оның нағыз санын бағаламайды.

Өзіне-өзі қол жұмсау – глобалды геополитикалық құбылыстарға қарағанда маңызсыз құбылыс болып есептелінеді. Ал шындығына келгенде ол қоғамда болып жатқан жағдайларға белгілі бір баға береді және сол қоғамның нағыз келбетін сипаттайтын құбылыс.

Адам баласы бір үмітпен өмір сүреді. Ол бір мақсат, бір арманның жолына түссе, болашақтан үміті болса ғана адамша ғұмыр кешеді. Қандай қиыншылықтар кездессе де, үмітінен көз жазбауға тырысады. Алданышы бар адам күресе де, жұбана да алады. Ал мақсат-мұратсыз адамның көрінгеннің жетегінде кететіні айтпаса да түсінікті. Ондай адамдардың баз кешіп, бағдарынан адасуы да оңай. Әлеуметтанушылардың зерттеуіне сенсек, суицид құрбандарының түгелге жуығы тіршілік қиындықтарының әртүрлі себептерінің кесірінен өледі екен. Бірақ өтпелі кезеңде кім қиыншылық көрмеді. Замана жүгі талай адамның еңсесін түсірді емес пе. Егер солардың барлығы қиыншылық көрдім деп өле берсе, қанша пенденің мерт боларын кім білсін?! Сондықтан кішкентай ауыртпалыққа шыдамай өзіне қол салғандардың көбісі психикалық ауытқуларға ұшырағандар болып табылады. Зардап шеккен адам ең алғаш өлу жайында ойлана бастағанда оның санасында сол арам ойына қарсы тұрарлық иммунитеттік түйсік тірілуі қажет. Сонымен қатар сыртқы ортадан да психикасына да әсер етіп, өлімнен бас тартқыза аларлық көмек керек. Егер олай болмаған күнде адам санасында о баста ноқаттай ғана болып енген «қара ойдың» вирусы ұлғая келе сананы толықтай меңдеп, ақыры алып тынады.

Сонымен қатар, суицидтің зерттеу пәнінің кең және жан-жақты статистикалық мәліметтерінің бар болуы Батыс әлеуметтанушыларына нағыз табысты тапсырады. Осыған қарамастан, өзіне-өзі  қол жұмсауды зерттеудің маңыздылығын да ұмытпаған жөн. Өйткені, өзіне-өзі қол жұмсау санының әлеуметтік өлшемі жалпы өлім өлшемінен тұрақты тұрақтылығымен және арта түсуімен сипатталады, сондықтан оны зерттеуде ең алғашқы орынды өзіне-өзі қол жұмсаудың жалпы көрсеткіштері – қоғамда болып жатқан тоқыраулардың жауабы ретінде қарастырылады. Қоғамда болып жатқан әрқилы жағдайларды әрбір адам өзінше қабылдайды. Мен бұл жұмысымда тек объективті фактілерге және олардың қазақ қоғамына қалай әсер еткендігін, әлеуметтанушылардың мәліметтер жинағы мен олардың анализдеріне сүйене отырып жүргіземін.

Көптеген адамдардың білмеуі де мүмкін біздің қоғамда осындай қасіреттің болып жатқандығын. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының берген мәліметтері бойынша, Қазақстан 100 мың адамға шаққанда 52-53 (әлемдік орта көрсеткіш 14-15 адам) өзіне-өзі қол жұмсаушылардың нәтижесімен алдына Венгрия, Ресей, Латвия мемлекеттерінен кейін төртінші орынды иемденеді екен.

Қазақстанның ішіндегі соңғы жылдардағы көшбасшы облыстар – Оңтүстік Қазақстан облысы (72 жағдай), Ақтау (64-67) және Солтүстік Қазақстан (100 мың адамға шаққанда 57 өзіне-өзі қол жұмсаушылар). Яғни, біз суицидтің эпицентрінде тұрып жатырмыз! Ең таңқаларлығы, біздің мемлекетіміздегі өзіне-өзі қол жұмсаушылардың саны жалпы өлім санынан да асып түсуде.

Жылына бүкіл әлемде өзін-өзі өлтірушілердің саны миллион адамға жуық – бұл бір мегаполистің тұрғындарына тең көрсеткіш (мысалы, Алматы қаласы). Олардың  8000-на жуығы – қазақстандықтар: яғни бұл біздің мемлекетімізде әр сағат сайын бір адам өз еркімен өмірден өтетінін көрсетуде.

Осындай әлеуметтік үрейді алдын-алуға болады ма? Және оның қандай тәсілдері бар? Деген сұрақтарға мен өз жұмысымда жауап беруге тырысамын. Дамып келе жатқан мемлекетіміз Қазақстанның мұндай деңгейдегі дертке шалдығуына қарсы қандай шаралар қолданып жатыр,  оны азайтудың жолдарына толық тоқтала кетемін.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Менің бұл жұмысымның негізгі мақсаты – біздің еліміздегі әлеуметтік саясаттың суицид мәселесіне айтарлықтай көңілін аударту, және де осы мәселеге қатысты әлеуметтік ұйымдар жүйесін дамыту.

Міндеттері:

  • суицидке жақын адамдар тобын анықтау;
  • қандай әлеуметтік себептерге байланысты адамдар күйзеліске ұшырағандығын анықтау;
  • әлеуметтік қызметтің осы топ арасында жүргізілетін қызметі;
  • суицидке жақын адамдармен жүргізілетін техгологияларды жетілдіру;
  • әлеуметтік ұйымдардың медициналық, психологиялық орталықтарымен біріге жұмыс істеуін күшейту;
  • өзіне-өзі қол жұмсаушы адамдардың іс-әрекетін алдын-алу шаралары;
  • күйзеліске ұшыраған адамдардың қоғамға қайта бейімдеушілігін арттыру;
  • Интернет жүйесі арқылы да күйзеліске ұшыраған адамдарға көмек көрсету;

Проблеманың ғылыми зерттеулері. Кеңес Үкіметі кезінде 30-жылдардағы Гернет М. Н.(1922 ж., 1927 ж.) пен  Родин Д. П. (1922 ж.) ғалымдарының статистикалық-аналитикалық жүргізілген жұмыстардан кейін бұл тақырып ұзақ уақыттыр бойы «Жабулы қазан жабулы күйінде» кейпін кешті. Суицидалдық әрекеттердің кең таралуы мен себептік факторларын анализдеу жұмыстары (Башлыков Н. А., Петраков Б. Д., 1972 ж.) әлеуметтік гигиена өкілдерінің тарапынан оны тереңінен зерттеуіне қолдау таппады. Сол кезеңдерде бұл тақырыпта психиатрлар (Амбрумова А. Г., Тихоненко В. А., 1978 ж.) мен заңгерлер (Бородин С. В., Михлин А. С., 1983 ж.) өз зерттеулерін жүргізе бастады.

Тақырыптың зерттелу объектісі, пәні. Менің бітіру жұмысымның объектісі ретінде – суицидке жақын адамдар тобы, пәні – сол адамдармен жұмыс істеудегі технологиялар, өзіне-өзі қол жұмсаушылардың алдын-алу шаралары.

Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, кестелер, сілтемелер мен пайдаланған әдебиеттер тізімі мен 51 беттен тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І ТАРАУ.  СУИЦИД МӘСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХЫ

 

  • Суицид девиантты мінез-құлық ретінде

 

Өзіне-өзі қол жұмсау – ешбір жан естімеген көмекті сұрау.

(Р. Алеев)

Суицидтің девиантты мінез-құлық ретіндегі анализдемей тұрып, ең алдымен девиантты мінез-құлықтың не екенін ажыратып алайық. Әлеуметтену процесі (белгілі бір қоғамдағы іс-әрекеттер, әлеуметтік ережелер мен құндылықтарды тұлғаның қабылдау процесі) тұлғаның әлеуметтік кемелденуіне жетудің нақты бір деңгейінің аяқталуы, ол тұлғаның интегралды әлеуметтік мәртебесін (адамның қоғамдағы орнын анықтайтын мәртебе) алумен сипатталады. Алайда, әлеуметтік процесс кезінде сәтсіздіктер мен жаңылулар да болуы мүмкін. Әлеуметтенудің жетіспеушілігінен ауытқымалы мінез-құлық пайда болады, ол – жеке тұлғалардың іс-әрекеттерінің теріс формалары, рухани кемістіктің саласы, принциптер және құқық пен моральдан ауытқу.

Әлеуметтанушылар ауытқымалы мінез-құлықты девиантты (латын тліндегі «deviatio» — ауытқу) деп атайды. Ол барлық іс-әрекеттер немесе әрекеттердің ережеге сай еместігін көрсетеді. Кейбір қоғамда дәстүрден кішкене ғана ауытқулар  қатты жазаланған. Барлығы бақылауда болған: шашының ұзындығы, киімінің пішіні, мінез-құлық тәртібі. Дәл осылай б.з.д. V ғ. ежелгі Спартаның қолбасшылары жүргізген.

Қоғамның барлық уақытында адамзаттың өміріне қажет емес формаларды және оларды таратушыларды жоюмен, оларды аластаумен күресті. Әдістері мен құралдары әлеуметтік-экономикалық қатынастармен, қоғамдық  санамен, басқарушы элитаның қызығушылықтарымен анықталып отырды.  Әлеуметтік «зұлымдық» ұғымы барлық кезеңдерде де ғалымдардың көңілдерін аударып отырды.

Әлеуметтанудың құрамына арнайы әлеуметтік теорияны көрсететін «девиантты мінез-құлық социологиясы» пайда болды. Девиантты мінез-құлық әлеуметтануының тамырында француз ғалымы, француз социологиялық мектебінің негізін құрушы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) болды. Ол «ескі ережелер мен құндылықтардың жаңа өмірге сай еместігіндегі және жаңа ережелер қабылданбаған қоғамның жағдайына» негізделетін  әлеуметтік аномия түсінігін енгізді [1].

Девиантты мінез-құлық теориясының жеке ғылым болып құрылуы        Р. Мертон мен А. Коэннің арқасында. Мертон қоғамның кейбір азаматтарының сол қоғамда белгіленген іс-әрекетке сай келмейтініне әлеуметтік құрылымның қандай түрткі болатынын анализдеді. Американдық социолог А. Коэн ауытқымалы мінез-құлықты «институционалданған күтулерге қарсы келетін мінез-құлық» деп атап көрсетті [2, 520 б.] Феноменологиялық социологияның өкілі ағылшын әлеуметтанушысы           Д. Уолш «әлеуметтік ауытқушылық – маңызды деңгейдегі қосымша жазу мәртебесі» [3, 98 б.], яғни тек субъективті белгілер. Оның ойы бойынша, ауытқу – ол ішкі емес, белгілі әрекетке ие емес сапа, әлеуметтік бағалар мен санкцияларды қолданудың нәтижесі. Ауытқымалы мінез-құлықтың мұндай сипаттамалары оның табиғаты мен антинормаларының объективті сүйек жақындығын толығымен ашпайды.

Девиация мағынасына кең трактовканы Г. А. Аванесов береді: «Ауытқымалы мінез-құлықты қоғамда берілген нормалар мен типтеріне сай келмейтін әрекет деп түсіну қажет», яғни әрбір әлеуметтік нормаларының бұзылуы туралы [4, 257 б.].

Девиациямен күрес жиі сезімдер, ойлар, әрекеттермен күресті туғызып отырды. Әдетте ол нәтижесіз болып қала береді: уақыт өте келе ауытқулар қайта жаңғырады және ол өте жарқын түрде көрінеді. Көптеген қоғамда девианттық мінез-құлықты бақылау симметриялы емес: жаман жаққа бағытталған ауытқулар  айыпталынады, жақсы жағына бағытталса, мақұлданады, қабыл алынады. Ауытқудың позитивті және негативтілігіне тәуелді, девиацияның бірнеше континуумын көрсетуге болады. Оның бір бөлігінде ауытқуы қабылданбайтын мінез-құлықты максималды көрсететін топ мүшелері: революционерлер, террористер, атеистер, сатқындар. Екінші бөлігінде ауытқуы максималды түрде қабылданатын топ мүшелері: ұлттық батырлар, көрнекті әртістер, ғалымдар, жазушылар, дамуы аса жоғары балалар.

Сонымен, қоғамды қойдың мақұлданбайтындығын, жақтырмайтындығын алып келетін барлық іс-ірекеттер девиантты деп аталады. Бұл кең топтағы көрінетін құбылыс: билетсіз жол жүру мен адамды өлтіруге дейін. Кең мағынада девиант – бұл ережеден ауытқыған  немесе өз жолынан адасқан әрбір адам.  Ауытқымалы мінез-құлықтың негізгі формасына құқықбұзушылықты, қылмыстылықты, маскүнемдікті, нашақорлықты, жезөкшелікті, өзіне-өзі қол жұмсаушылықты жатқызуға болады [5].

Енді осы біз қарастырып отырған мәселеміздің өзіне тоқтала кетейік.

Өзіне-өзі қол жұмсау Жер бетінде қаншалықты адам өмір сүріп келсе, соншалықты адам өміріндегі кездесетін өмірлік мәселе. Өзіне-өзі қол жұмсау зерттеушілердің мағлұматы бойынша антропологиялық құбылыс.  Адамдармен мен жануарлардың өзін-өзі өлтіру құбылысын салыстырғанда, бұл әрекет ақыл-оймен ерекшеленеді. Жануарлардың өзін-өзі өлтіруінің адамдардан айырмашылығы олардың бейсаналық іс-әрекетке түсуі.

Адамның өз-өзіне қол жұмсауын жаңа өркениеттің элементі ретінде қарастыруға болады. Бәрімізге белгілі болғандай, ірі рулық таптар құрыла бастағанда, өзіне-өзі қол жұмсау прагматикалық әлеуметтік қызмет атқаратын болған және де ол біртұтас тайпалардың аман қалуына септігін тигізген болатын. Адамзат тарихындағы алғашқы белгілі өзіне-өзі қол жұмсау – ол алғашқы таптық құрылымда балалар мен қарттардың ашыршылық кезеңіндегі өлімдер. Тарих ағымына қарай адамдардың өз-өзіне қол жұмсаудағы әдіс-тәсілдері өзгеріп және де қиындай түсті. Адам өмірден өз еркімен қоштасуы жылдар өте көбейе түсуі бәрімізге белгілі.

Адамзаттың ұлы ойшылдары бұл мәселені жан-жақты қарастыра бастады.  Жүздеген философтар, әлеуметтанушылар, психологтар, дәрігерлер өз-өзіне қол жұмсау мәселесін әр түрлі аспектіде қарастырады.

А. Камю өзінің атақты «Сизиф туралы аңыз» атты философиялық шығармасын мына кіріспе арқылы бастаған: «Жер бетінде жалғыз ғана нағыз өзекті философиялық мәселе бар және ол – өзіне-өзі қол жұмсау. Бұл өмірде өмір сүру немесе сүрмеуді шешу – бұл философияның фундаменталдық сұрағына жауап берумен тепе-тең. Қалғандары – әлем үщ өлшемді иеленеді ме, сана тоғыз немесе он екі категориямен өлшенеді ме деген сұрақтар екінші орында. Бұл өмірдегі ойынның алғы шарттары осындай: ең алдымен оған жауап беру қажет » [6, 24 б.]

Суицид адамның ойлау арқылы өзін-өзі өлімге алып келуі. Суицид барлық мәдениетте кездесетін іс-әрекеті.

Суицидке ұшыраушы адамдар әдетте, рухани күйзелістен зардап шеккен және стрестік күй-жайда болған, өз мәселесін шеше алмаған адамдар тобы. Олар жиі психикалық аурудан зардап шегеді, әсіресе депрессиялық күйде ұзақ болады  және болашақтан өз үмітін кешеді [7]. Суицид бүкіл әлемде өлімге алып келетін жетекші себеп болып табылады, сондықтан ол қоғамдағы өзекті мәселенің бірі деп есептелінеді. Көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша, суицидтің ресми статистикасы оның нағыз санын бағаламайды.

Өзіне-өзі қол жұмсау – глобалды геополитикалық құбылыстарға қарағанда маңызсыз құбылыс болып есептелінеді? Ал шындығына келгенде ол қоғамда болып жатқан жағдайларға белгілі бір баға береді және сол қоғамның нағыз келбетін сипаттайтын құбылыс. Сонымен қатар, суицидтің зерттеу пәнінің кең және жан-жақты статистикалық мәліметтерінің бар болуы Батыс әлеуметтанушыларына нағыз табысты тапсырады. Осыған қарамастан, өзіне-өзі  қол жұмсауды зерттеудің маңыздылығын да ұмытпаған жөн. Өйткені, өзіне-өзі қол жұмсау санының әлеуметтік өлшемі жалпы өлім өлшемінен тұрақты тұрақтылығымен және арта түсуімен сипатталады, сондықтан оны зерттеуде ең алғашқы орынды өзіне-өзі қол жүмсаудың жалпы көрсеткіштері – қоғамда болып жатқан тоқыраулардың жауабы ретінде қарастырылады. Қоғамда болып жатқан әрқилы жағдайларды әрбір адам өзінше қабылдайды. Мен бұл жұмысымда тек объективті фактілерге және олардың қазақ қоғамына қалай әсер еткендігін, әлеуметтанушылардың мәліметтер жинағы мен олардың анализдеріне сүйене отырып жүргіземін.

Ең алдымен, өзіне-өзі қол жұмсаудың анықтамасын беруіміз қажет.

Бұл термин  «өзін-өзі өмірден айыру ниетімен істелінген іс-әрекет» дегенді білдіреді, ал ғылыми әдебиеттерде өзіне-өзі қол жұмсау саналық, ойланып жасалынған деген мағынада қолданылады. Олай болса, өлім өз іс-әрекеттеріне жауап бере алмайтын немесе оларды басқара алмайтын адаммен жасалынған жағдайды субъектінің байқаусыз нәтижесін өзіне-өзі қол жұмсаған жағдайға емес, бақытсыз  жағдай деп қарастырады. Осы өзін-өзі өлтіру құбылысының негізінде не жатыр?

А. Г. Амбрумова және көптеген зерттеушілер суицидті тұлғаның әлеуметтік-психологиялық дезадаптациясының феномені ретіндегі концепция деп қарастыруда. Адаптация түсінігінің негізінде тірі жүйелер мен сыртқы ортаға бейімделу жатыр, сонымен қатар адаптация – бұл процесс те, және сол процестің нәтижесі де. Онда дезадаптация ұғымы организмдер мен ортаның әртүрлі дәрежесі мен сапасының сай келмеуін көрсетеді. Толық сәйкестілік дамуға әсерін тигізсе, толық сәйкессіздік өмір ағымына қарама-қарсы екендігі бәрімізге мәлім. Осы екі полюсті арасындағы орынды алатын жүйелерге бірдей түрде адаптация және дезадаптация термині қолданылады; олардың біріншісі, компенсаторлы және бейімделу компоненттерін қосады, ал екіншісі, жүйені жетіспеушілік және тәртіп бұзушы жағынан сипаттайды.

Адаптация процесі кезінде тұлғаны әлеуметтік әрекеттестікке сананың жоғары формасы мен психикалық қызметі жанама түрдегі акцент қойылады. Адамның әлеуметтік-психикалық адаптациясының объективті критерийі ретінде оның жай және экстремалды жағдайдағы іс-әрекеті болып табылады.

Көптеген авторлар адаптацияның лимиттейтін және трансформациялайтын түрлерін ажыратады.

Экстремалды жағдайлар шарттарында әртүрлі тұлғалардың  бейімделушілік тактикасы бірдей болмайды. Олардың жоғары тұрақтылығы иімділіктің, ырғақтылықтың жақсы деңгейде болуынан адаптацияның өз деңгейде сақталуына көмектеседі. Екінші бөлігі адаптацияның негізгі бағыттарының бұзылмай, оның сол деңгейінің уақытша төмендеуімен сипатталады. Бұл жағдай кезінде дезадаптация тек сандық өлшемде сипатталады, ол лимиттелген және сапалық адаптация процесі кезінде шектерден шықпайды, яғни дезадаптация ауруларға алып келмейді, адаптацияның патологиялық формаларын туғызбайды.

Экстремалды жүк конституционалды өзгертілген негіздерге түскен жағдайларда (психопатия және кейбір невроз кездерінде көрсетілетіндей) адамның сынуы арта түседі. Осындай жағдай кезінде әлеуметтік-психологиялық дезадаптация өзінің арқасынан бейімделушілік процестің сапалық трансформациясы мен адаптацияның патологиялық формасының пайда болуын қамтамасыз етеді. Бұл теңдік бейімделушілік процесі кезіндегі жалпы интенсивтілік пен иімділіктің құндылыққа бағытталған және коммуникативті қызметінің төмендеуіне алып келетін шекараның бұзылуын туғызады.

Психикалық бұзылулар глобалды дезадаптацияның патологиялық әсер тигізудің сапалы жаңа деңгейіне ауысуын көрсетеді.

Суицидке алып келетін әлеуметтік-психологиялық дезадаптацияның динамикасында екі фазаны бөліп көрсетуге болады: предиспозиондық және суицидалдық [8].

Дезадаптацияның предиспозициондық фазасы суицидалдық іс-әрекетке тікелей детерминант қызметін атқармайды. Оның суицидалдық іс-әрекетке өтуіне конфликт маңызды орын алады. Тұлғаның басынан өткізіп жатқан конфликтісі екі немесе әртүрлі бағытталған тенденциялардан құрылады. Оның біріншісі — сол кездегі адамның қажеттіліктерінің актуалдылығы мен негізі, екіншісін – оны қанағаттандыруға кедергі жасайтын тенденция. Конфликтінің бұл жағдайда сыртқы және ішкі түрлері болады.

Конфликтінің күші мен қуаттылығы оны құратын тенденциялардың  күштік  ара қатынасқа тәуелді: сол күштердің айырмашылығы айқын көрінген сайын, конфликт тез шешіледі; тенденциялармен тепе-тең күште болған конфликтілер ең қиын шешілетіндер топтамасына жатады. Конфликтіні шешу жолдары оның қай салада болып жатқандығы мен адаптация механизмдерінің резервтік жүйелеріне байланысты. Олардың әлсіз кезінде, яғни дезадаптацияның предиспозициондық шарттары мен конфликтілік жағдайды өзгертудің наңыз әдісінің жетіспеушілігінен, жалғыз дұрыс шешім ол – өзін әртүрлі қызметтен аластау үшін суицид болып табылады. Олай болса, жоғарыдағы айтылғандардан, суицидке түсу  – тұлғаның кіші әлеуметтік конфликтілерінің бастан кешіру жағдайы кезіндегі әлеуметтік-психологиялық дезадаптацияның салдарынан деген қорытынды жасауға болады.

Енді тұлғаның жан-дүниесіндегі суицидалдық бағытталған механизмнің қалыптасуына тоқтала кетейік.

Негізінде, суицидалдық іс-әрекет – өз өмірін қиюға бағытталған, ішкі және сыртқы психикалық актілердің түрлері [9, 163б.].

Ішкі суицидалдық іс-әрекет өзіне суицидалдық ойларды, қайғырулар мен елестеулерді, сонымен қатар суицидалдық тенденциялар арасынан ниет пен ойларды атап өтуге болады. Осы шкалалардың тәжірибе жүзінде мақсатты түрде қолданылатын үш түрін көрсетуге болады:

  • Пассивті суицидалдық елестеулер, олар өз өлімінің тақырыбына елестеулер мен қиялдарды сипаттайды, бірақ бұл жағдайда адам өз өмірін қию туралы іс-әрекеттерге («өлгенім қандай жақсы болар еді», «бір ұйқыға батып мәңгілікке тұрмасқа болса екен» және т.б.) жанаспайды.
  • Суицидалдық ниет – бұл суицидтіктің пайда болуының активті формасы, яғни өзіне-өзі қол жұмсау тенденциясының, оны іске асыру жоспарының арта түсуі. Мұнда өзіне-өзі қол жұмсаудың әдісі, уақыты және іске асатын орны ойластырылады.
  • Суицидалдық ойлар осы ниеттің сыртқы іс-әрекетпен байланысуы, осы шешімді іске асыруға қосылуы.

Суицидалдық елестеулер мен оны іске асыру әрекеттеріне дейінгі кезеңді суицид алдындағы кезең деп атап кету дәстүрлі түрде қабылданған. Оның ұзақтығы минуттармен (қауіпті суицид алдындағы кезең) және айлармен (хроникалық суицид алдындағы кезең) өлшенеді. Ұзаққа созылған суицид алдындағы кезең кезінде суицидалдық іс-әрекеттің ішкі формаларының дамуына жоғарыдағы айтылған щкалаларды жатқызуға болады. Бірақ бұл кезеңдік барлық уақытта байқалмайды. Қауіпті суицид алдындағы кезеңде суицидалдық ниет пен ойлардың бір уақытта пайда болғанын аңғаруға болады.

Суицидалдық іс-әрекеттің сыртқы формасы өзіне суицидалдық әрекет пен аяқталған суицидті жатқызады.

  • Суицидалдық әрекет – бұл өліммен аяқталмаған мақсатты түрде өз өмірін қию. Ол өзінің дамуы кезінде екі фазаны көрсетеді: бастапқы қалпына келетін және келмейтін.

Суицидалдық әрекет пен оның фазаларына сүйене отырып, әрбір нақты жағдайлар кезінде суицидалдық тенденциялардың өзіне-өзі қол жұмсауына ықпалын тигізді ме деген сұраққа жауап беруге болады. Жоғарыда айтылғандарға сәйкес, суицидті өз өмірімен қоштасу мақсатындағы қызметі мен оның мотивтерін қосатын іс-әрекет .

 

  • Суицид мәселесі туралы тарихи-теориялық ұстанымдар

 

«Суицид» термині  XVII ғ.-да пайда болса да, адамдар өздеріне-өздері қол жұмсауды ерте заманнан-ақ бастағаны белгілі. Енді сол заманның ерекшеліктері мен айырмашылықтарына тоқтала кететін болсақ, ең алдымен ежелгі дәуірден бастап кетейік.

Адамның ең алғаш рет қашан өзіне-өзі қол жұмсауы белгісіз болғанымен, оның осы әрекетке саналы түрде барғаны бәрімізге мәлім. Мұны ХХ ғ.-дың бірінші жартысында жүргізген антропологиялық зерттеулер де растайды. Сол кездері Жер бетінде алғашқы қауымдық құрылым заңымен өмір сүріп келе жатқан адамдардың көптеген аймақтары жетіп жатты.

Бір тайпаларда өзіне-өзі қол жұмсау адамның «жеке ісі» деп танылса, екіншілерінде өзіне-өзі қол жұмсауға табу қойылған және оның әрекеттері қатаң жазаланып отырды. Өзіне-өзі қол жұмсаумен байланысты діни культтары мен әдет-ғұрыптары бар тайпалар да болды. Қандай болмасын, өзіне-өзі қол жұмсау барлық мәдениеттерге етегін жайған.

Ертеде адам өз өміріне шынында күресетін уақыт кезінде көптеген халықтардың салттары бойынша аштық жылдары тайпаның әлсіз және ауру мүшелерінен арылу күнә деп есептелмеді. Қарт адамдардың қайраты кеткенде олардың өлімге өз ықпалымен кетіп отырды. Мысалы, эскимостардың дәстүрі бойынша, қарттар тундраға кетіп, сонда қатып өлімге беттерін бұрып жатты. Вестготтықтарда «бабалар жары» болды, онда қарттар өздерін жерге тастайтын болған, ал Ежелгі Греция елінде қарт адамдар өздерінің кетуіне үлкен дастархан жайып, содан соң ғана бастарына венокты киіп, күшті уы –цикута бар тостағанды ішітін болған.

Бұл салт бәрінен де ұзақ уақыт бойы Жапонияда сақталды, онда ашаршылық кездерінде қартайған ата-аналар өздерінің балаларынан тауға апарып тастауын сұраған. «Обясутэяма» тауын аударғанда «ата-аналарын қалдырып кететін тау» деген түсінікті беруі бекерден бекер емес.

Өткен ғасырдың бірінші жартысында ғалымдар таптық құрылымы сақталған Малазия архипелагы  тұрғындарының өмірін бақылаған. Суицид фактілеріне олар жазалаусыз қарады. Өзіндік жазалау түрі ретінде суицид заңдастырылған, мысалы, табуды бұзғаны үшін. Бұл жағдайларда меланезиялықтар у ішіп немесе пальма ағаштарының төбесінен секіріп өліп жатты.

Тайпаға зиянын әкелетін әрекет ретінде суицидпен байланысты алғашқы бекітілген шектеулер таптық қоғамда пайда бола бастады. Нигерия, Уганда, Кенияның көптеген тайпаларында өзіне-өзі қол жұмсау жамандық деп саналады және ол жазалауды талап етеді деген сенім бар. Адам асылып өлген ағаш пен оның үйін отпен аластайды, ал жақындарына өлікке жақындауға тыйым салынады.

Осылай өркениет дами берді, қоғамда таптар пайда бола бастады және антикалық кезең өз уақыт алды.

Әлемге демократияны ұсынған ежелгі Грецияда өмірден ерікті кету азаматтарға тек кейбір жағдайларда рұқсат етілді. Өзіне-өзі қол жұмсаудың әдісін өлімге жазаланған адам ғана таңдай алды, бұл жерде у ішкен Сократ та ерекше емес. Биліктің рұқсатынсыз жасалынған өзіне-өзі қол жұмсау өлімнен кейін қатаң жазаланды, Афины мен Фивада өзіне-өзі қол жұмсаушылардың қолын шауып тастап, денесінен бөлек жерлеген. Өз өмірін қиғысы келіп жүрген және оны Платей шайқасында іске асырған спартандық Аристоденнің өліміне тек кінә тағып қойды. Мұнда тағы да бір ерекшелік бар, ол – спартандық заңгер Пикур. Ол Дельфий оракулына кетер алдында қала азаматтарынан ол келгенге дейінтек оның енгізген заңдарымен жүретіндері туралы ант алды. Жаңа заңдарды Оракул мақұлдағаннан кейін, Пикур өзіне аштық жариялап, өз өмірін қиды. Өз берген сөздерінде тұруы үшін Спарта тұрғындары Пикур реформасына сай өмір сүрді.

Афиныда, сонымен қатар гректің басқа қалаларында билік жүргізушілер цикутаның қорын сақтап отырды. Келесі заңға сәйкес: «кімде-кім басқа өмір сүргісі келмесе, оның себептерін ареопагқа айтып, және оның мақұлдамасын алғаннан кейінғ өмірмен қоштасуына болады», — деген. Сонда олар бір тостаған цикутаны ішіп, өмірмен қоштасатын болған.

Пифагор мен оның шәкірттері өзіне-өзі қол жұмсау үйлесушілікке толы әлемге күшті диссонанс алып келеді деп ойлаған. Аристотельдің айтуы бойынша, өлім белгіленген уақытта келеді, ал өзіне-өзі қол жұмсау кедейшіліктен, жауапсыз махаббаттан, жанның және дененің ауыруынан құтқаратын болса да, қорқақтықтың пайда болуынан деп есептеген.

Сократ өзінің «Федон» диалогында бірнеше рет өлімнің өмір алдындағы артықшылығы туралы айтады. Мұндай қорытындыларда бір сұрақ әр уақытта қойылады: «онда неге өзіне-өзі қол жұмсау емес?». Өзіне-өзі қол жұмсау мүмкін емес, өйткені адам өмірі құдайлардың қолында «бұл өмірге сен өзіңнің қалауыңмен келгенің жоқ, және өз еркіңмен кетуіңе ешбір құқың жоқ», — деп жазады. Бірақ, ол өзіне-өзі қол жұмсау құдайлардың үкімімен жасалса, онда ол мақсатты болады деп пайымдаған. Платонның айтуы бойынша, адамға сана қиыншылықтар мен өкініштерге толы өмірді ерлікпен өту үшін беріледі деген.

Стоиктер мен эпикурейліктер үшін өзіне-өзі қол жұмсау тиімді мәселе болған жоқ, кіші Плинийдің ойынша, адамның құдайлар алдындағы артықшылығы осы суицидтің негізінде.

Римнің классикалық заңдар жинағы болып саналатын Юстианның «Дигестасында» «себепсіз» өзіне-өзі қол жұмсау сыналады, өйтені «өз-өзін қимаған адам басқаларды да қимайды». Тарквинияның императоры Триске кезінде, өзіне-өзі қол жұмсаушылардың мәйітін теуіп, жабайы аңдардың қоректенуіне беріліп отырды, ал Андриан кезінде суицид қылмыспен теңдестірілді, ол үшін дүние-мүлкін конфискацияланды, қайғыруға және денені жерлеуге тыйым салынды. Ежелгі Карфагенде өзіне-өзі қол жұмсаған әйелдердің денелерін тырдай шешіндіріп, халық көретіндей етіп көрсетілімге шығаратын болған. Рим императорлары жердегі құдай ретінде саналғаннан кейін, олардың бұйрықтары бойынша қала азаматтарының біреуі өз өмірімен қоштасып отырды. Ең көрнекті мысал ретінде – Сенеканың өлімі. Неронның бұйрығы бойынша, Сенека ваннада жатып, тамырларын кесіп тастады және оның құлдары ұлы философтың соңғы сөздерін жазып отырған уақытта өз өмірімен қоштасты.

Жоғарыда айтылғандардың барлығы, Рим империясының азаматтары туралы айтылды, бұлар империяның құлдарына арналмаған ережелер мен заңдар болатын. Олар үшін басқа заң шығарылды, онда егер құлды сатып алғаннан кейінгі алты ай ішінде ол өз өмірімен қоштасатын болса, саудагер жарамсыз тауарды сатқаны үшін сатып алушының ақшасын түгелдей қайтаруы қажет.

Иудейлер өзіне-өзі қол жұмсағанды теріс бағалап отырды. Алдымен Құдай адамға шешімдер қабылдау мен оларға сүйенудің бостандығын берді. Иудейлер өмірге ұлы құндылық ретінде қарады, кейбір мағынада адам Құдайға қарсылас емес оның жаратушы жұмысын жалғастырушы жолдасы болды. Заңнамада бекітілгендей, өмірдің қадірін түсіну қажет, барлық құбылыстар кезінде өкінбей, құдайдың берген сынағы деп түсіну қажет. Кішкентай көшпелі халық үшін әрбір өмір құнды еді.

Талмудта өзіне-өзі қол жұмсау сотта қарастырылатын және жазаға тартылатын қылмыс ретінде қарастырылды. Бірақ өзіне-өзі қол жұмсаушы қатты ашулану жағдайында ірекет етуі мүмкін, және ол заңмен қудалануға емес, аяушылықты қажет етті. Осыған қарамастан, иудейлердің бірінші патшасы Саул қылыш астына түсіп, өз өмірін қиды. Б.з. 73 жылы Массада және Йотама қорғанының қорғаушылары басқа діни сенімге ауысуынан қорқып, өздеріне-өздері қол жұмсады. Мыңжылдан кейін Йорктегі иудей қауымдастығы зорлықты шоқынуды қаламай, дәл осылай өздерінен бас тартты. 

Орта ғасыр кезеңіндегі үлкен өзгерістер христиан дінінің келуімен басталды. Яғни, оның кең тарауы мен Рим империясының ресми дені болып қабылданғаннан кейінгі кезеңде болды. Оның негізіне «Құдайға Құдайлылық» постулатын алды. Бұл постулаттың негізінде жанды кім берді, сол ғана оны орналастыра алады – яғни Жаратушы деп қарастырылды. Шіркеу өзіне-өзі қол жұмсауға тыйым салды.

452 жылы Арль шіркеуінде өзіне-өзі қол жұмсаушыларды «жындардың ақылсыздығымен» тағбаланған. 533 жылы Орлеан шіркеуі өзіне-өзі қол жұмсағандарды жерлеуден басын тартты, өйткені өзін соттай келе, олар жазалаудан құтылып кетті. 563 жылы Прага шіркеуі өзіне-өзі қол жұмсағандарды жерлеуден және жаназасын шығарудан түпкілікті басын тартты және 693 жылы шіркеу тек өзіне-өзі қол жұмсағандарды ғана емес,осы әрекетке барғандарды да аластап отырды [10, 180-182 б.].

Еуропада өзіне-өзі қол жұмсаушыларға қарсы нағыз күрес басталды. Ағылшын патшасы Эдуард ХІ-нің «Канондарында» өзіне-өзі қол жұмсағандарды ұрылар мен қылмыскерлерге теіестірді. Данияда өзіне-өзі қол жұмсаған адамның мәйітін есіктен шығаруға тыйым салды, ол үшін терезелер бар деп өтті, содан кейін оның мәйітін жанының тозақ отында мәңгілік күйіуі ретінде өртеп отырды. Бордода өзіне-өзі қол жұмсағандарды аяғымен асып, бүкіл халықтың алдында күлкіге қалу үшін жасады. Аббервильде – олардың денесін бетін жерге қаратып бұқамен сүйреді. Қасиетті Людовиктің заңдарында (ХІІІ ғ.) өзіне-өзі қол жұмсаған адамның дүние-мүлкін конфескациялады, егер ол ақсүйек болса, оның елтаңбасын соғып, құлпын бұзып,ал қалғандарын қазынаға аударып отырды.

Өзіне-өзі қол жұмсағандардың көпшілігін екі жолдың торабында көміп отырды, олардың жүрегіне көктерек қазығын соқты, өйткені олардың жаны көкте орын таппай, жерде тірі жандарды қорқытып жүреді деген аңызға сеніп отырды. Өзіне-өзі қол жұмсағаны жайлы әрекетін билік органдары біліп қойса, оның мәйітін жерден қазып алып, барлығына алдында күлкіге қалдырады. Бұл ойлардан Еуропадан біздің көршіміз Ресей де қатты ажыратылмады, І Петрдің әскери су артикулінде айтылғандай: «кімде-кім өзіне қол жұмсаса, онда оның атқа тиелген өлі денесін көшелерден сүйрейді, аяқтарынан асып іліп қояды, осыған қарап басқа адамдар өзіне-өзі қол жұмсауға батылы жетпейді» делінген. Мемлекет тарапынан осындай қатал бақылаудың болуынан өзіне-өзі қол жұмсаушылардың саны азая түсті. Бірақ уақыт өте келе, ренессанс кезеңі келіп, адамгершілік ұғымы пайда бола бастады.

Алғаш болып өзіне-өзі қол жұмсауды басқа жағынан қарастырған, «игілікті құрал» деп жазған Монтень болды. Дэвид Юм 1777 жылы өз еңбегін жазғанына 20 жыл өте келе «О самоубийстве» атты еңбегін жарыққа шығаруға тәуекел етті. Бірақ, кітап бірден тыйым салынған шығармалар қатарына қосылды.

Өзіне-өзі қол жұмсаудың құбылыс ретінде қатынасы өзгере отырып, оны іске асырушылар қылмыскерлер емес, психикалық ауытқуы бар адамдар болып табылады деген көзқарас пайда болды.

Өзіне-өзі қол жұмсауды жазалайтын заңдар да алына бастады. Оны бірінші болып Франция революциясы кезінде Франция жүзеге асырды. АҚШ-та 1881 жылы Нью-Йорк штатының жиналысында өзіне-өзі қол жұмсағандардың әрекеті сәтсіз аяқталғандарға 20 жыл бас бостандығынан айыру заңдастырылды. Ерте кезде ағылшын заңдары бойынша мемлекет өзіне-өзі қол жұмсағандардың сәтсіз әрекетін аяғына дейін жеткізуді талап етсе, 1961 жылға дейін Ұлыбританияда өзіне-өзі қол жұмсау қылмыстық әрекет екендігін белгілі болды, сол үшін 1941 жылдан бастап 1955 жылға дейін 44 956 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Осы проблемаға өзінің көңілін аса бөлген және оны зерттеуде үлкен үлесін қосқан социолог Э. Дюркгеймнің суицид мәселесін зерттеудегі концепциясын төменде қарастырып өтемін.

Өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі, Дюркгеймнің көңілін көптеген себептер бойынша аударды. Э. Дюркгейм өзіне-өзі қол жұмсауды жеке психологиялық мотив екенін жоққа шығарып, әлеуметтік себептерді түсіндіретін фактор ретінде көрсетті: «өзін-өзі өлтіру индивидтің ішкі құрылымынан емес, адамдармен басқарылатын сыртқы фактордың есебінен туады», — деп айтқан [1]. Сондықтан өзіне-өзі қол жұмсау социологтың зерттеуінде жеке құбылыс емес, әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеледі.

Дюркгеймнің пайымдауы бойынша, «өзіне-өзі қол жұмсау проценті әлеуметтік себептерге байланысты және ерікті өнімдердің контингенті қоғамның моральдық ұйымымен анықталады» [11, 287 б.]. Оның айтуынша, бұл ауруды «жеке фактіге» жатқызуға болмайды, өйткені өзіне-өзі қол жұмсау – қазіргі  кезеңдегі ең маңызды мәселелермен теңдей болып отыр. Өзіне-өзі қол жұмсау санының көбеюі мен қазіргі қоғамның жалпы ауыр жағдайы – белгілі бір ортақ себептерге ие. Өзіне-өзі қол жұмсау санының артуы өркениетті қоғамның қайта құруына әкеліп соғады және бұл аурудың қауіпті екендігін дәлелдеуде [11, 390-391б.] .

Э. Дюркгейм өзінің «Самоубийство» атты социологиялық этюдында ресми статистикалық материалдарды көрсетеді. Онда өзіне-өзі қол жұмсау мен оған әсер ететін әртүрлі әлеуметтік факторлар арасындағы байланыс пен тәуелділікті көрсетеді. Әлеуметтік факторлар ретінде – жынысы, отбасы, діні, әлеуметтік мәртебесі, ұлттық және саяси қарым-қатынасы және басқалары. Басқашалай айтқанда, француз социологы өзіне-өзі қол жұмсаудың процентін көптеген әлеуметтік айнымалылардың функциясы ретінде қарастырады.

Сонымен қатар, Дюркгейм өзіне-өзі қол жұмсауға ықпал ететінәлеуметтік факторларды атап көрсеткен. Бұл адамдардың психопатиялық жағдайы, сонымен бірге әртүрлі физикалық факторлар: климат, жыл мезгілі, жасы және т.б. Ұлы әлеуметтанушының айтуы бойынша, олар өзіне-өзі қол жұмсау процентіне әлеуметтік орта жағдайынан өте, жанама ықпал етеді.

Өзіне-өзі қол жұмсаудағы әртүрлі фактордың әсер етуінің нақты анализі Дюркгеймге өзіне-өзі қол жұмсауға қатысты жеке характердегі заңнамалар мен тенденцияларды ашу мен ережелерді тұжырымдауға көмектесті. Мысалы: ерлер арасындағы өзіне –өзі қол жұмсауәйел баласына қарағанда көбірек, жалғызбастылар, жесірлер мен ажырасқандар үйленетіндерге немесе отбасын құрғандарға қарағанда көбірек, католиктермен салыстырғанда протестенттар арасында а кездеседі, азаматтық қарапайм халықа қарағанда әскерде өз борышын өтеушілер арасында да, ауыл тұрғындарымен салыстыратын болсақ, қала тұрғындары арасында және де қыс мезгілімен салыстырғанда жаз айларында өзіне-өзі қол жұмсау көп кездеседі. Мысал ретінде, әлеуметтанушының ерлер мен әйелдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау қатынасына жасаған тұжырымдамасын айта кететін болсақ: «өзіне-өзі қол жұмсау санының әйелдер арасында ерлерге қарағанда аз болатын себебі, ол әйел адамы ерлермен салыстырғанда ұжымдық өмірмен аз соқтығысады және оның жаман немесе жақсы ықпалын аз сезінеді», — деп жазған  [11, 286 б.] .

Э. Дюркгейм өзіне-өзі қол жұмсаудың 4 түрін бөліп көрсетеді: эгоистік, альтруистік, аномиялық және фаталистік.

Біріншісі, яғни эгоистік, жеке индивидтің қоғамнан аластау себебінен туады. Әлеуметтік байланыстың болмауы, қарым-қатынастың үзілуі жалғыздық, маңызсыздық, өмір сүрудегі қайғылы жағдайға алып келеді. Осындай өзіне-өзі қол жұмсаудың себебі ретінде «өқиын қоғам, ұжымдық сенімсіздік, әлеуметтік сағыныштан» туатын аса индивидулизм болуы мүмкін.

Өзіне-өзі қол жұмсаудың екінші бір түрі – бұл альтруистік өзін-өзі өлтіру – жеке қызығушылықтары ортақ бір әлеуметтікке бағынышты, мұнда топтың интеграциясы өте жоғары, өйткені индивид жеке тұлға ретінде өмір сүруін тоқтатады.

Дюркгейм бұл типке ежелгі салт-дәстүрлерді: қарт адамдар мен ауру адамдардың өзіне-өзі қол жұмсауы, күйеулерінің өлімінен кейін әйелдерінің өзін-өзі отқа жандыруы, қожайындарының өлімінен кейін құлдарының өздеріне-өздері қол жұмсауы және т.б. [11, 305 б.] Мұндай өзіне-өзі қол жұмсаудың типін архаикалық қоғамда кеңінен трағаны бәрімізге белгілі.

Өзіне-өзі қол жұмсаудың үшінші түрі – аномиялық. Бұл көбінесе қоғамдық үлкен күйзелістерде, экономикалық кризистерде кездеседі, өйткені мұндай жағдайларда жеке тұлға жаңа әлеуметтік талаптарға, әлеуметтік өзгерістерге бейімделу қабілеттерін жоғалтып, қоғаммен байланысы болмайды. Қоғамның аномиялық жағдайы, Э. Дюркгеймнің түсіндіруі бойынша, нақты тәртіп пен норманың болмауы, ескі құндылықтар иерархиясы құлап, ал жаңасы әлі де қалыптаспағанда, жеке индивидтің моральдық тұрақсыздығын көрсетеді. Қоғамдық құрылым тұрақсызданғанда және бұзылғанда, бір тұлғалар тез көтеріледі, ал екіншілері қоғамдағы өзінің орнын жоғалтады, осыдан келіп қоғамдық теңдік бұзылады да, өзіне-өзі қол жұмсаушылардың саны өсе түседі. Аномиялық өзіне-өзі қол жұмсау, көбінесе саудалық және іскерлік ортада көптеп кездеседі. Ал, бұл жағдайды Дюркгейм келесідегідей түсіндіреді – қатал регламентацияларды сақтамай, моральдық және психологиялық теңсіздікті бұза отырып оңай олжаға ұмтылушылар саны көптеп өседі. Сондықтан, аномиялық өзіне-өзі өлтіру негізінде қоғамдық регламентациясының әлсіреуі немесе жоғалуы, тәртіпсіз, реттелмеген қоғамдық қызмет жатады.

 Аномиялық өзіне-өзі қол жұмсауына қарама-қарсы  және оның ең соңғы түрі – ол фаталистік. Ол жеке тұлға үстінен топтың жағынан бақылаудың күшеюі, «регламентацияның шамадан тыс көп болуы» — индивидтің төзуіне келмейтін жағдайға алып келеді.  «Мұндай өзіне-өзі қол жұмсауды болашағы аяусыз бекітілген, қзығушылықтары қатал тәртіппен шектелген адамдар жасайды» [11, 343 б.].

Олай болса, Дюркгеймнің тұжырымдамалары бойынша, өзіне-өзі қол жұмсау индивидтің әлеуметтік дициплинаға байланысты жасаған саналы және әдейілеп жасаған әрекеті деп тұжырымдасақ та болады [11, 331 б.]

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 II ТАРАУ.   СУИЦИД  — ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЕР РЕТІНДЕ

 

  • Суицидке түсу себептері

 

Өзін-өзі өлтірудің көптеген түрлері, классификациялары бар, бірақ біз олардың кейбірін қарастырамыз.  

  1. Э. Дюркгейм өзінің «Самоубийство» атты социологиялық этюдында өзіне-өзі қол жұмсауға әсер ететін әлеуметтік қоғамның әртүрлі жағдайларын (діни сенім, отбасы, саяси өмір және т.б.) қарастырып өтті. Өзіне-өзі қол жұмсауға септігін тигізетін себептерді де атап өтті және олар: эгоистік, альтрустік, аномиялық және фаталистік болып төртке бөлінеді.

Эгоистік өзіне-өзі қол жұмсау.

Егер тұлғаның жеке «Мені» әлеуметтік «Менге» қарсы тұратын болса, онда өзіне-өзі қол жұмсаудың жекешеленгенін эгоистік деп айтуға болады.

Ұжымдық байланыс, қоғамның бірегейлігі өзіне-өзі қол жұмсауды тоқтатады. Қоғамның бірегейлігі әлсізденгенде, тұлғаның әлеуметтік өмірден алшақтауы және өзінің жеке мақсаттарын қоғамдық игіліктен жоғары қояды.

Дюркгеймнің айтуы бойынша, өзіне-өзі қол жұмсаудың саны қоғамдық күйзелістермен қатар өсе түседі. Өзіне-өзі қол жұмсауға саяси жағдай, сонымен қатар ұлттық соғыстар әсерін тигізеді.

Альтруистік өзіне-өзі қол жұмсау.

Егер адам қоғамнан алшақтатылса, онда оған өз өмірімен қоштасу ойы туады, сонымен қатар қоғам жеке адамның инвидивуалдылығын толығымен жаулап алғанда да оған осындай ойлар келеді. Альтруизм – ол жеке «Меннің» адамға емес, сол адамның ортасына, оның игілігіне бағытталған жағдайда болады.  Альтруистік өзіне-өзі қол жұмсаудың ерекшелігі, ол парыз үшін қолданылады.

Діни көзқарастан басқа альтруистік өзіне-өзі қол жұмсаудың бір ерекшелігі ол, қазіргі кездегі әскердегі жағдай, онда тұлға өз бас пайдасынан бас тартады және жеке жауапкершілігінен айырылады. Барлық еуропалық мемлекеттерде бекітілгендей, әскери адамдардың өзіне-өзі қол жұмсауының бейімділігі азаматтық адамдарға қарағанда басым. Олардың айырмашылығы 25 пен 90% аралығында.

Әскери адамдардың арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың жоғары деңгейін біздің қазақстандық зерттеушілер де көрсетуде. Өзіне-өзі қол жұмсаудың жалпы санының  15%-ы офицерлерге, 6-7%-ы прапорщиктер мен мичмандарға және қалған 78%- ы өзінің әскери борышын өтеуге шақырылғандардың арасында екен. Зерттеушілердің пайымдауы бойынша, өзіне-өзі қол жұмсаудың нағыз саны одан да көп, өйткені әскердегі суицидалдық қызметтің бағыты психологиялық күйзеліс жағдайына түскен офицерлерге көмек көрсетуге емес, қайтыс болғандардың жағдайларын жабуға бағытталған.

Аномиялық өзіне-өзі қол жұмсау.

Қоғам барлық уақытта бір немесе басқа деңгейде тұлғаға әсер етеді, оны басқарады, бағыт-бағдар береді.

Белгілі болғандай, экономикалық күйзеліс өзіне-өзі қол жұмсауға септігін тигізеді. Жалпы алғанда, мемлекеттің экономикалық жағдайы мен өзіне-өзі қол жұмсаудың пайыздық ара қатынасы жалпы заңдылық екені мәлім. Мысалы, банкроттық санының аяқ астынан өсуінің себебі, қаржы саласындағы маңызды өзгертулердің арқасында болғанын білеміз және соның арқасында өзіне-өзі қол жұмсау санының өсуі де байқалады. Еуропадағы 1847 жылы банкроттылықтың 26%-ға, 1854 жылы 37%-ға,  1861 жылы 20%-ға өсуі, өзіне-өзі қол жұмсаудың 17, 8 және 9%-ға өсуіне алып келді. Мемлекеттің игілігі тез көтерілетін бақытты күйзеліс (мысалы, бағаның тез төмендеуі) кезінде де өзіне-өзі қол жұмсауға экономикалық күйзеліс кезеңіндегідей әсер етеді. Бұл ұжымдық құрылыстың күйзеліске ұшырау нәтижесінде болады.

Қандай да бір мақсатқа жете алмайтын мақсатты қуу, адамның өзін наразылық жағдайына алып келеді. Адам көп нәрсеге қолы жетсе, ол одан да көп нәрсені қалайтын болады. Бұл оның қанағатсыздығынан. Қоғам әлеуметтік функцияларды иерархияландырады, және әрбір адам өзіне қажетін табады, сонымен қатар, ол қоғамдағы өзінің жағдайымен келіседі. Қоғамның күтусіз әлеуметтік өзгертулер кезеңінде қоғам уақытша адамға көмек көрсете алмайды, және осының арқасында өзіне-өзі қол жұмсаудың саны өседі.

Фаталистік өзіне-өзі қол жұмсау.

Өзіне-өзі қол жұмсаудың бұл түрі белгілі бір топ жағынан тұрақты және күшті бақылау тенденциясының күшеюінің нәтижесінде болады.

  1. Жоғарыда өзіне-өзі қол жұмсаудың әлеуметтік үлгісі (моделі) көрсетілген болатын. Енді МНИИ псииатриясының қабылдаған В. А. Тихоненконың келтірген типологиясын айта кетейік. Ол мақсаттардың категориясына негізделген және ол суицидтік жағдайға ұқсас өзіне сыртқы зақым келтіруден және нағыз суицидті демонстративті-шантаждық суицидтен айыруға мүмкіндік береді.

Нағыз өзіне-өзі қол жұмсаудың мақсаты — өз өмірін қию. Оның соңғы нәтижесі өлім болып табылады, бірақ өлімді шынымен қажет ететіндігі туралы деңгейі әртүрлі, ол суицидалдық тенденцияны іске асырудағы түрлері мен жағдайларынан көрінеді.

Демонстративті-шантаждық суицидалдық мінез-құлықтың мақсаты өз өмірін қию емес, оны тек демонстрациялауда. Алайда, мұндай демонстрация көп жағдайларда шын мәнінде жағдайларды есепке дұрыс алмағандықтан аяқталған суицидпен ұштасады.

Суицидалдық мінез-құлықтың өзіне зақым келтіруден айырмашылығы – оның өлімге бағытталмағандығында. Оның мақсаты дене мүшесінің бір органына зақым келтірумен ғана шектеледі.

Жоғарыда айтылып кеткендей, өлімге бағытталмаған адам өміріне қауіпті іс-қимылдарды, сәтсіз оқиғаларға жатқызуға болады.

Тихоненко өзінің жұмысында төмендегідей мысалды көрсетеді: адам өзінің иық жағындағы аймағын ұстарамен кесу келесі топтамаларға кіруі мүмкін:

а) егер қан жоғалтудан өлімге алып келеді деген мақсатта жасалынса, бұл нағыз суицид қатарына жатқызады;

ә) егер қоршаған ортаға өлгісі келетіндігін көрсеткісі ғана келген жағдайда, ол демонстративті-шантаждық топқа жатқызылады;

б) егер мақсаты тек өзіне физикалық ауруды  немесе наркотикалық халді көрумен шектелсе, онда ол өзіне зақым келтіруге жатады;

в) сандырақтық ойлардағыдай өзін-өзі кесу қаннан жын-шайтандарды шығару деген ой мақсатында жасалынғандарды – сәтсіз жағдайларға жатқызылады.

  1. Тағы да бір классификацияны қарастырып өту қажет. Ол өзара қатынасы келіспейтін іс-әрекет – суицид – мотивтің жеке мағынасының категориясына негізделген. Тихоненко келесі түрлерін атап өтеді: қарсы шығу, кек, көмекке шақыру, қиыншылықтар мен жазалаулардан қашу, өзін-өзі жазалау, айырылу.

Суицидтік іс-әрекеттің қарсы шығу түрі конфликт жағдайында пайда болады, оның объектісі болған жақ субъектіге агрессиялы және қастық көзқараста, ал өзіне-өзі қол жұмсаудың мағынасы объектіге теріс әсер етуінде. Кек – бұл қарсы шығудың айқын түрі, ол қарсы шығушы ортаға айқын зиянын келтіру. Іс-әрекеттің бұл түрі тұлғаның активті немесе агрессивті позициясын, өзін-өзі бағалауы мен құндылықтарының жоғары деңгейде бағалануынан.

Көмекке шақырудың мағынасы – жағдайды өзгерту мақсатында сырттан көмекті күту.  Осыған қарамастан тұлғаның позициясы пассивті деңгейде.

«Қашу» суицидінің негізгі мәні өзінің құндылықтарына қарсы тұратын тұлғалық және биологиялық өмір сүруіндегі қауіп-қатерде. Өзіне-өзі қол жұмсаудың мағынасы осы қауіп-қатерлерден айырылу мақсатында өз өмірін қию [12].

Өзін-өзі жазалауды тұлғаның жеке ішкі жан дүниесіне қарсы шығу деп түсіндіріледі. Бұл жағдайда «Мен» екі рөлде болады:  «мен — соттаушы» және «мен — сотталушы». Осындай суицидтердің мағынасы «өзіндегі қас жауды жою» және «өз күнәсін өтеу» жағдайларында әртүрлі мағынаға ие.

Жоғарыдағы суицидтердің мақсаты мен қызмет мотивтері бір-бірімен келісілмесе, айырылу суицидінің мотиві мен мақсаттары тығыз байланыста, яғни оның мотиві болып өмір сүруден айрылу болса, мақсаты — өз өмірін қию болады.

Әлеуметтік себептермен тығыз байланыстағы өзіне-өзі қол жұмсаудың басқа түрі – ол  қандай да бір адамдар тобы немесе жеке адамға тәуелді емес қоғамдық жағдайдың қиындай түсу салдарынан, осы қиыншылықтардан құтылудың оңай түрі суицид болып табылады. «Жұмыссыздық пен қажеттілік», «өмір сүрудегі күресте нәтижесіздік пен саңылаусыздық» — бұл өзіне-өзі қол жұмсаудың себептерімен байланысты сөздер. Бізге мәлім болғандай, қоғамның экономикалық күйзелісі суицидке үлкен әсерін тигізеді [13]. Басқа әлеуметтік себептер өмірден ерікті кетуіне жанама әсер етеді. Техникалық дамыған мемлекеттерде өзіне-өзі қол жұмсаудың саны тез өсуде, сонымен қатар ауылдық аймақтарға қарағанда қалалық жерлерде суицид саны екі есеге көп. Жалпы алғанда, ғылыми-техникалық прогрестің дамуы, адамның қоғамнан алшақтау процесінің дамуына әсерін тигізеді.

Өзіне-өзі қол жұмсауына әсерін тигізетін тағы бір құбылыс – ол кейбір мәдени құбылыстар. Мысалы, Гётенің 1774 жылы жарыққа шыққан «Вертері», онда жас Вертердің өмірі мен бақытсыз махаббаты жазылған. Бұл өзіне-өзі қол жұмсаудың эпидемиясын тудырды.

Қоғамның даму кезіндегі басты тенденциялардың бірі, ол өзін-өзі өлтіру мен мемлекеттегі қоғамдық-саяси жағдайдың байланысы және осы жерде қоғамның жағдайының жақсаруы, яғни саясаттың, экономиканың, мәдениеттің жақсаруында суицидтің төмендеуі мен қоғамда күйзелістер басым болғанда және қоғам жағдайының төмен деңгейінде болуы – суицидтің өсуіне алып келеді.

Бұл құбылыс әсіресе дамуында перспективалары жоқ және төменгі деңгейде өмір сүретін қоғамда айқын көрініп отырады. Болашағы жоқ қоғам өзіне-өзі қол жұмсаушылардың нағыз отаны болып табылады.

Қазіргі таңда суицид факторын реттеуші ретінде діннің әсер етуі төменгі деңгейде, ал қоғамдағы өзгерістер өткінші характерді алып отыр, оның нәтижесінде әртүрлі таптар мен әлеуметтік топтар тең емес жағдайда болып отыр. Бұл жағдайлар жастар мен аға буынның суицидалдық мінез-құлыққа бет бұруына өз ықпалын тигізуде.

Бәрімізге белгілі болғандай, аға буын суицидалдық рискіге жақын басты топты құрайды: бүкіләлемде өзіне-өзі қол жұмсаушылардың жас ерекшелік белгісі бойынша осы топтағы әйелдер арасында жай өсе түссе, ерлердің арасында қарқынмен өседі. Бұл оңай түсіндіріледі: ауру мен жалғыздық, өмірлік күштің әлсіреуі мен жан мен дененің жақсы жағдайын жоғалтудың есебінен «әлеуметтік активті кәрілік» барлық адамдарда жағымды эмоцияны туғызбайды. Өкінішке орай, бүгінгі аға буынның жарқын жастық шақтарын ескере түсірулері, көбінесе, өткен өмірлік құндылықтарын жоғалту мен Ұлы Отан соғысы және 30-40-шы жылдары туралы қайғылы шақтары қоғамдық өмірде маңызын жоғалтуда. Кәрілік үлкен өзгерістерді қаламайды және аға буынның консерватизмі қоғамдық өзгерістерге оң эмоциялар бермейді. Сонымен қатар, аға буынның көп бөлігі өз отбасының арасында махаббат, сыйласымдылық және құрметке ие болмауынан бұл әлеуметтік топ осы этап кезінде суицидалдық рискі жоғары топтан шыға алмай отыр.

Орта буындағы ұрпақ, еңбекке қабілетті тұрғындардың көп бөлігін қосқанда  біздің уақыттағы саяси, экономикалық және мәдени өзгерістер жағдай кезінде бірдей күйде болмайды. Орта буынның қуанышына орай, олардың көбісі өздерінің ойлары мен творцестволық потенциалын іске асыруға немесе жақсы жұмыс істеуіне мүмкіндіктер алды. Бірақ, олардың кейбіреулерінің жұмысы идеал түгілі элементарлы нормадан да төмен. Кейбір жағдайларда бұл еңбекті ұйымдастырудың жетіспеушілігінен, нақты маманға бағытталған субъективті себептерден: не маманның профессионалдылығының төмен деңгейде дайындығы, не өз жұмысының әдісі мен стилінің өзгерткісі келмеуінен, не өз қызметін басқа адамдармен байланыстыра алмауынан және жұмыс шартының жаңа өзгертілімдерге қанағаттанбауынан адамды «әлеуметтік қорғалмаған» топтардың арасына жатқызады. Осының арқасында олар міндетті түрде келесідегідей психологиялық факторлардан: өзінің әлеуметтік және профессионалды болашағына сенімнің жоқтығынан, жұмыстың жаман орындалуы мен қойылған шарттарға сай емес қызмет етуінен, жалақы деңгейі мен өзінің орнына уайымдаудың арқасынан, бастықтар мен ұжымдастарымен болған конфликтілердің теріс эмоцияларынан және т.б. жағдайладан стрестік күйге ұшырайды.  

Басқа жағынан қарастырғанда, өз профессионалды және қоғамдық өмірінің темпін өзгерткендер арасынан да қосымша стрестік жүкке ие болады, біріншіден еңбектің тез қарқындауына байланысты үлкен кернеуінен, екіншіден, олардың жолында кездесетін кейбір кедергілерден: өз мүмкіндіктеріне сенімсіздігі, бәсекелестері алдында құрбан болу қорқынышынан.

Тағы бір орта жастағы буынды стрессогендік факторға алып келетін қазіргі қоғамның барлық салаларында болып жатқан интенсивті өзгерістер өз өмірлік көзқарасы, қондырулары қабылданып, тұрақтанған адамның сол ойлары мен іс-әрекеттерін өзгертуді немесе мүлдем бас тартуды талап етеді. Екінші жағынан, қоғамдық өмірдің жаңа талаптары мамандық немесе білім алудың түрі мен орналасқан жерін таңдауда және т.б. көптеген альтернативаларды туғызады, ол жеке дамуға үлкен мүмкіндіктер алып келеді. Психологтардың зерттеулері көрсеткендей, өз тәрбиесінде немесе нақты өмірлік жағдайларды таңдауда және өзін-өзі анықтауда қиыншылықтарға кездесетін адамдардың көпшілігі суицидтік ниетті жоғарылататын психологиялық қолайсыз жағдайда болады.

Қоғамдық өмірде анықталмағандық қана емес, сонымен қатар жеке өмірі құрылмағаны мен жалғыздық өзіне-өзі қол жұмсауға итермелейді. Өз өміріне қол сұғатындардың арасында жалғызбастылар, ажырасқандар, жарынан айрылғандардың саны көп кездеседі, бірақ отбасылық бақытсыздық өзіне қол жұмсау шешіміне жиі алып келмейді. Мұндай жағдайда ерлер қорғалмағандар деңгейінің көп бөлігін құрайды.

Қартайған немесе ересек жас кезінде өз өмірінен айрылу жасөспірімдердің өмірі енді басталып келе жатқанда өз өмірін қиюмен салыстырғанда, бұл табиғи және антигуманды құбылыс ретінде қаралады.

Суицидтік мінез-құлқы бар жасөспірімдірдің арасындағы мәселелердің бірінші орынды — ата-аналарымен қарым-қатынасы, екінші орынды – мектептегі кедергілер, үшінші орынды — құрбы-құрдастарының арасындағы өзара қатынастағы мәселелер алады [14, 76 б.].

Ата-аналардың балаларымен қарым-қатынасы, өкінішке орай, біздің уақытымызда жасөспірімдер кезігетін қатал сынақтардан сенімді қорғаныс болатын ашық және толық адал қатынаста тұрғызылмайды. Психологтардың қарастыруы бойынша, жастардың көптеген суицид әрекеті ата-аналарының балаларының прблемаларына көңіл аударуы, кіші және аға ұрпақтың арасындағы түсініспеушілікті жоюға әрекеттелген. Отбасының сақталуы мен оның игілігі суицидке үлкен әсерін тигізеді. Ерте некелер (15-19 жас аралығы кезінде) суицид рискін төмендетуден қорғамайды, және бұл ең алдымен белгілі бір мәселелерден құтылу жолы ретінде жасалынатын әрекет, мысалы, ата-аналар отбасындағы төзе алмайтын жағдайлардан құтылу үшін. Бірақ, ол барлық жағдайда сәтті аяқталмайды.

Мектептегі кедергілер әдетте, үлгермеушілікпен немесе сыныппен, мұғалімдермен немесе мектеп әкімшілігімен жаман қарым-қатынаста болуынан кездеседі. Бұл кедергілер өзіне-өзі қол жұмсаудың басты себебі емес, бірақ олар оқушылардың өзін төмен бағалауына, тұлға ретінде маңызсыздығына, қоршаған ортаның теріс әсер етуінен қорғана алмауына және стрестерге қарсы тұра алмауына алып келеді. Құрдастарымен әсіресе, басқа жыныстағы адаммен байланысты мәселенің туындауының негізгі психологиялық түсіндірмесе болып – басқа адамға тәуелділік табылады. Бұл тәуелділік отбасындағы жаман қарым-қатынастың, ата-аналармен әрдайым конфликтілерге түсудің және олармен қатынастың жоқтығының компенсациясы ретінде пайда болады. Бұл жағдайда досымен немесе құрбысымен құрылған қатынас маңызды және эмоционалды қажет, ал ол қатынастың бұзылуы өмір мағынасын жоғалтумен бірдей болады. Кей кездері, жақындарының қолдауының болмауынан «импульсивті және дайындықсыз ситуациялық өзіне-өзі қол жұмсалынады және ол өз өмірін әдейі қимағандықпен байланысты» болады [15].

Өзіне-өзі қол жұмсаудың әрекеттерінің мотивтерінің ішінде жасөспірімдер мен психологтар әртүрлі әдістерін атап көрсетеді: «сенің қандай күйде екендігіңді адамға түсіндіру»  — 40% — ға жуық жағдай; «сенімен жаман қатынаста болған адамды өз істеген ісіне өкіндіру» — 30%; «басқа адамды қандай жақсы көретіндігін көрсету» немесе «басқа адам сені жақсы көретіндігін анықтау» — 25%; «өз шешімінен бас тарту үшін басқа адамға әсерін тигізу» — 25% және «басқа адамның саған көмекке келуіне шақыру»  -18% [16].

Олай болса, суицидтің себептерін төмендегідей классификациялауға болады:

  1. Жеке отбасылық конфликтілер, сонымен қатар отбасылық дау-жанжалдар, ажырасу, ауруға шалдығу, жақын адамдарының өлімі, жалғыздық, сәтсіз махаббат, қоршаған орта тарапынан балағаттау немесе қорлау, жыныстық мүмкіншілігінің жоқтығы;
  2. Денсаулығының жағдайы, сонымен қатар психикалық аурулар, соматикалық аурулар, физикалық кем-тарлық;
  3. Өзіне-өзі қол жұмсаушының антиәлеуметтік іс-әрекетімен байланысты конфликтілер, сонымен қатар қылмыстық жауапкершіліктен қашу, басқа жазалардан немесе ұятқа қалудан қорқу;
  4. Материалды-тұрмыстық қиыншылықтар;
  5. Жұмыспен немесе оқумен байланысты конфликтілер;
  6. Қоғамдық-саяси жағдай;
  7. Тағы да басқа мотивтер.

 

Сонымен қатар, қазіргі кезеңде әртүрлі жас ерекшелігі мен әлеуметтік топтар арасында үйлеспеушілік ұлғаюда, ол мәдени нормалар мен қоғамның әртүрлі топтарының  іс-әрекет эталондарының тез өзгеруінен және моданың қатты әсер етуінен. Жай динамикалық қоғам жағдайында тұлға болып қалыптасқан ата-аналар үшін «еркін ойлайтын» балаларын түсіну қиынға түседі. Екінші жағынан қарағанда, қазіргі кезеңдегі ең жақсы жағдайда болатын ұрпақ – жастар, өйткені олар қоғамның өзгеру тенденциясымен байланысты өздерінің потенциалды мүмкіндіктеріне ие.

 

 

  • Суицид және қоғам

 

Өзіңе-өзің қол салу – Аллаһқа шақырусыз барумен,                                     оның тыныштығын бұзумен бірдей.

Лорд Деннинг

Адамның өмірін қиюына әсер ететін алғашқы себептердің бірі ол әдетте, жақын қоршаған ортасымен байланысты – отбасы, ата-аналары, құрбы-құрдастары. «Өмір сүру немесе сүрмеу» сұрағына жауап беруші әрине ол адамның өзі. Психикалық күйзеліс кезінде оның өзін қалай ұстауы, күрделі өмірлік жағдайлар кезінде кезіккен қиыншылықтарды шешуде қандай таңдау жасайтындығы, психикасын жарақаттайтын жағдайлар кезінде берілмейтіндігі оның тұлғалық күшіне тәуелді. Өзіне-өзі қол жұмсайтын мәселемен байланысты басқа маңызды кезең – уақытша көрініс. Суицидтің себебін іздеу адамның өзінің немесе сол қоғамда тұратын өткен өміріне жиі алып келеді, ал болашақтың айқындалмағандығы немесе түзелмейтіндігі өзін-өзі жоюға деген ұмтылыстың белгісі немесе себебі екені анық.

«Қоғам» — «микросоциум» — «мен» байланысын уақыттық кеңістікте «өткен уақыт» — «қазіргі уақыт» — «болашақ»  адамның қоғамдық даму тарихында аз немесе көп деңгейде аңғаруға болады. Кем дегенде, әлеуметтік себептермен тікелей байланысты өзіне-өзі қол жұмсаудың екі түрі бар.

Бірінші жағдайда, қоғам белгілі бір нақты жағдайларда өзінің мүшелерінен құрбандыққа шалынуын талап етеді және бұл әлеуметтік нормалар қоғамдық ережелердің, абырой мен құрмет кодексінің және мінез-құлық ережелерінің негізінде қаланған. Ежелгі дәуір кезінде өзін қоғамдық қызығушылықтар үшін құдай аттарына құрбандыққа шалу барлық дерлік халықтарда болған. Ашаршылық кезінде қарт адамдар ұрпақтың ары қарай жалғасуы үшін, ұрпақ өмірін сақтап қалу үшін өздеріне-өздері ұол жұмсап отырды, және табиғи апаттар, эпидемиялар, соғыстың тоқтатылуы үшін де жиі адамдар құрбандыққа шалынып отырды [17]. Көптеген ірі мерекелердің: әскери, соғыс әрекеттерінен бастап және қалаларды, қорғандарды және т.б. маңызды объектілерді салумен аяқтай келе адамның өмірі сәттілік алып келеді деп сенді. Мысалы, Жапонияда көпірді салу барысында оның негізіне көпірдің берік болуы үшін және өзен құдайы құрылысшылардың қажырлығына ашуланбасы үшін адам құрбаны «хитобашира» көмілген. Өзіне-өзі қол жұмсауда қоғамда тәртіппен белгіленген «әміршінің» өлімінен кейін әйелінің және құлының өмірден ерікті кетуі міндетті болды. Ол  көптеген елдерде әміршісіне не күйеуіне деген махаббат пен шынайы берілгендікті дәлелдеу болатын. Үндістанда «сати» дәстүрі күйеуінің өлімінен кейін оның денесімен бірге әйелінің денесін өртеу XIX-ғасырға дейін міндетті салт болып табылды. Әйелдердің өзіне-өзі қол жұмсауы өзінің ары мен зорлық және ұят болудан қашу үшін қоғамдық ережелердегі бекітілген болатын. Ер адамдарда өзіне-өзі қол жұмсауды талап ететін ардың басқа кодексі болды.  Олардың маңызды бөлімдерінің бірі – соғыста жеңілгендігі үшін масқаралықты өтеу. Бұған дәлел ретінде 1942 жылда шыққан белгілі сталиндік бұйрық, оның негізі ретінде кеңестік жауынгерлердің  тұтқынға түскен кезде өзіне-өзі қол жұмсауы қажет еді, өйткені тұтқынға тірі түскен адам сатқын болып есептелді.

Өзіне-өзі қол жұмсау қоғам тарихында өзінің арын қайта құру құралы ретінде қорлық пен қаһарға қарсы тұруға бағытталған әдіс ретінде қарастырылады. Қазіргі уақытқа дейін кейбір африка тайпаларында өзінің ар-намысын қорғау мақсатында өзіне-өзі қол жұмсау: қорлыққа ұшыраған адам салт бойынша, үлкен ағаштың жоғарысына мініп, тайпа алдында өкпелеткен адамға өз ашуын шығарып басымен жерге құлауы қажет. Жапонияда, иерархиялық биліктің шектен шығуынан төменгі деңгейде тұрған адамдар қарсылық мағынасында көп жағдайда өздеріне-өздері қол жұмсаған. Көптеген осы суицидтің «қоғамдық қолдауының» ұлттық-дәстүрлі формалары этнографтар мен тарихшылар үшін үлкен жетістік болды, бірақ өткеннің дәстүрлері қазіргі өмірмен сабақтасуда.

     Өзіне-өзі қол жұмсаудың деңгейін анықтайтын және қоғам өмірінің өткені мен қазіргі уақытын байланыстыратын әлеуметтік факторлардың маңыздыларының бірі – дін. Қоғам тарихында өмір үшін күрестің негізінінде діни жаза жатыр.

Ислам өз өмірін қиюды қатал жазалайды және қазіргі уақытқа дейін мұсылман дінін уағыздаушы мемлекеттерде бұл құбылыс кездеспейді деуге де болады. Өзіне-өзі қол жұмсауды Құранда тыйым салынады. Бірақ, екі жақты талқылау өз өмірін қиюға рұқсат береді, және ол жағдайда бұл әрекетті (шахидтер) өзіне-өзі қол жұмсау деп санамайды. Белгілі мағынада шахидтер өзіне-өзі қол жұмсаушылар болып есептелмейді, өйткені оның мақсаты басқа адамның немесе адамдар тобының өлімі болып есептелінеді. Бұл жағдайда шахид Алланың қан майданындағы жауынгер ретінде қарастырылады. Ислам дінінде өзіне-өзі қол жұмсаған адамның жаназасын шығармайтын, ол адамды басқалардан бөлек жерлейтін қағида бар [18, 4б.].Сонда ол о дүниенің де, бұл дүниенің де санатында жоқ болады.

Құран Кәрімнің «Ниса» сүресінде: «Көктегі әрі жердегі нәрселер Алланікі. Сондай-ақ Алла әр нәрсені меңгеруші» делінген. Бұнда адам өзіне қол жұмсағанда өзінің емес Алланың ісіне қол салады деген түсінік тууы керек. Алла өзі берген жанды өзі ғана алуға тиіс. Ал біздің кейбір телеарналар мен газеттер мұны ерлікке балап, насихаттап жатады. Өзіне-өзі қол жұмсаған адам күнәһар. Өзін өлтірсе де, өзгені өлтірсе де ол адамның өмірін қиды. Оның арасында ешқандай айырмасы жоқ. Бірақ, олардың көбісі өзіне қол салуды күнә деп есептемейді. Қисам мен өз жанымды қидым деп ойлайды. Сол өз жанының Алланың жаны екенін ұқпайды. Құдай берген жанды Құдай алуы керек дедік.  Мен тіпті өлім жазасына да қарсымын. Қылмыскерді ешқашан да өлім жазасына кеспеу керек. Біреудің өмірін қиюға ешкімнің құқығы жоқ. Ол тек Аллаһтың ісі.

Иудаизм дінінде де өмірдің Құдай үшін құнды екені белгілі. Сондықтан діншіл еврейлер үшін құдайдан басту, өлім мен қан алмасудан басқа барлық діни заңдарды аттауға рұқсат берілді.

Христиан дінінде де алғашқы христиан-азап шегушілерінен кейін өзіне-өзі қол жұмсау арқылы Жаратушының алдына келуге қатаң тыйым салынды. Православты христиан діні өзіне-өзі қол жұмсауды үлкен күнә деп көреді. Өйткені, өзіне қол жұмсаған адам өлтіру мен үмітін үзу сияқты екі күнәні бірдей істейді және ол тәубе етуіне ерік бермейді. Өзіне-өзі қол жұмсағандарға жерлеу кезінде жаназа айтылмайды. Өзіне-өзі қол жұмсаушылардың жаназасын діни қызметкер марқұмды ақылсыз деп таған жағдайда шығарады. Жалғыз ерекшелік ол есінен ауысқан адамдарға жасалады, өйткені олар ақылынан айрылғандар. Ерте кезде өзіне-өзі қол жұмсаушыларды молалардың сыртында көметін болған. Өзіне-өзі қол жұмсаушылар ана өмірдегі тозақта қорлық көреді. Бірақ, өз өмірін қию туралы Тауратта ешқандай жаза жазылмаған. Бұл қылық өз өмірін қиюшы адам басқа адамды немесе топты қорғау үшін жасалынса, онда ол өзіне-өзі қол жұмсау емес, өзін құрбандық шалу болып есептелінеді. Мұндай адам әулие азап шегушілермен қатар саналады. Бұл Христостың келесі сөздеріне негізделеді: «Кімде-кім өз жанын құрбылары үшін қиятын болса, бұдан асқан махаббат жоқ» (Ин.15,13) [19].

Қазіргі таңда Италия, Испания және Латынамерика елдеріндегі өзіне-өзі қол жұмсаудың ең төмен деңгейінің себебі осы елдердегі католицизмнің өз өмірін қиюды қатал жазалаудың салдарынан.

Индуизм, брахманизм және буддизм діндерінде өзіне-өзі қол жұмсауға тыйым салынбаған. Олар келесі доктринаны ұстанады: адамды өмірге байлайтын ол қиыншылық көрудің себебінен, өз қанынан айрылуға, жаңа өркениеттің соғысы мен варварлығына қарсы протестік акт түрінде будда монахтарының өзін өртеуі діни ережелердің құрамына кіреді.

Синтоизмде өзіне-өзі қол жұмсауға тыйым салынбайды, қайта ол сэппуку түрінде мақұлданады. Сэппуку өзіне-өзі қол жұмсаудың түрі жазалау түріндегі бұйрық немесе самурайдың намысына тиген уақытта самурайдың өз сюзереніне адал екенін көрсету жағдайларында ерікті жасалынып отыратын болған [20, 136 б.].

Чуваштардың өзіне-өзі қол жұмсау дәстүрі «тип шар» (құрғақ қасірет) салтымен байланысты. Жау-қастарының үйінің қақпасынаң алдында асылап өлу, арын таптағаны үшін кек ретінде есептеген.

Массалық өздеріне-өздері қол жұмсауға шақырушы немесе массалық өздеріне-өздері қол жұмсаған ресми діни бірлестіктер көптеген мемлекеттерде соттық тәртіппен қудаланады және құқық қорғау органдарымен десруктивті («Белое братство», «Халық Храмы») деп танып, оны жоюда көмек көрсетеді.

Қоғамда болып өткен ең үлкен массалық өздеріне-өздері қол жұмсаулар, төмендегілер:

  • Б.з. І ғ.-да Массада тауының шыңында 1000 жуық еврейлер римдік құлдыққа қарағанда, өздеріне-өздері қол жұмсауды жөн көрді;
  • XVII-XVIII ғ.ғ.-да ескі дәстүршілердің өздерін-өздері өртеуі;
  • 1945 жылғы капитуляцияның шыққанынан кейін жапондықтардың массалық харакириі (бұл көрсеткіш әртүрлі деректерде 35 000 пен 200 000 адам аралығында көрсетіледі);
  • 1978 жылы Джонстоун қаласында (Гайана) болған «Халық Храмы» сектасының массалық өлімі (912 адам);
  • 1993 жылы «Давидов бұтағы» сектасының 87 адамы өздерін-өздері өртеді.

Осыдан барып, мемлекеттегі діннің әлсіздігі мен діни ережелер өзіне-өзі қол жұмсаумен тығыз байланыста болса, онда суицидалдық әрекеттің пайыздық өлшемі жоғары болады. Әлемдік діннің бірде-біреуі тұрмыстық өзіне-өзі қол жұмсауды игілік іс ретінде қарастырмайды.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта өзіне-өзі қол жұмсаудың әйгілі түрі – Интернет жүйесінде адамдардың бір-бірімен келісіліп осы әрекетке түсуі.

Қазір Интернетте тек «тынымсыз шатпақтау» ғана модада емес, оған қоса, топтық өзіне-өзі қол жұмсауды ұйымдастыру. Бүкіл әлем бойынша ондаған әртүрлі тілдегі сайттар да өмірден кетудің әдістері туралы нұсқаулар беріледі. АҚШ, Жапония, Австралия және Батыс Еуропа елдерінің ішінде Интернеттен алынған насихаттың негізінде топтық өзіне-өзі қол жұмсау жүріп отыр. Мамандардың айтуынша, сайттардың жарнамасы мен философиясы психологиялық сендірудің элементтері негізінде өте жоғары деңгейде құрылған. Нәтижесінде, депрессиялық күйде жүрген адамдар бірге өлу ниетінің ортақ тілін табады.

Осындай сайттардың арқасында, Жапония индустриалды дамығын мемлекеттердің арасында ғана емес, сонымен қатар топтық суицидпен «қайғы тартушы» державалардың арасында да бірінші орынға ие. Сонымен бірге, Күн шығыс мемлекетінде өз өмірімен қоштасу дәстүрлі түрде масқаралық жағдайдан шығудың игілігі ретінде қарастырылады. Жапонияда өзіне-өзі қол жұмсау белгілі бір ережелерге бағынған және өз атауларына ие. Харакири (сэппуку) – «өз ішін кесу» деп аударылады, дәстүрлі суицидтің әйгілі ұлттық түрі. Докуяку дзисацу – у немесе ұйықтататын дәрілердің көмегімен жасалынатын суицид. Дзисю дзисацу – суға батыру. Тоосин дзисацу – биіктіктен құлау.  Егер ерте кезде адамдарды бұл жағдайға банкроттық немесе қарыз итермелесе, қазіргі таңдағы себептерінің бірі  Интернетке қызығу болып отыр.

Өлімнің күні жайлы сайттардан келісіп алып, жапондықтар угар газымен уланып, өмірден өтуде. Арнайы еске түсіру сайттары да құрылған, онда өзіне қол жұмсаған адам қандай себептермен және тәсілдермен өмірден өткені туралы толық жазылады. 2004 жылы 34 сайттың көмегімен өзіне-өзі 34427 адам қол жұмсады, ал 2005 жылы ана өмірге аттанғысы келетіндердің 20 сайты ашылды [21].

Жапония, Ұлыбритания және Австралия мемлекеттерінің билік органдары интернет-провайдерлерді, іздеу жүйелерінің әкімшілігін техникалық деңгейде осы тақырыпта араласу мүмкіншілігі мен өзіне-өзі қол жұмсаудың тәсілдері туралы ақпараттар беретін сайттардың жұмысына қарсы әрекет жасауға шақыруда. Австралияның билік органдары Интернетте осы жайлы ақпараттардың таратылуына үлкен көлемдегі айып пұл төлеу туралы заң шығарды, ол «Бөтен адамдарды суицидке итермелеуі туралы» бабында жазылған. Австралияда мұндай әрекетке шақырғаны үшін айып пұлдың көлемі 550 мың австралия долларына (430 мың АҚШ доллары) дейін сомманы құрайды.

Бірақ Қазақстанда мұндай «жүйелік» суицидтің көрінуі байқалмайды. Оның себебі ретінде, қала тұрғындарының 9,4% -ы ғана Интернетпен қолданады. Ауыл жайлы айтудың  қажеті де жоқ. Қазақстандық веб-сайттарды құрушының айтуы бойынша, біздің виртуалды кеңістігімізде мұндай өзіне-өзі қол жұмсауға бағытталған сайттар болса да, олар бізде әйгілі емес және суицид активті насихатталмайды.

Егер сайттың әйгілілігі туралы сілтемелер болмаса, сайт өзінен-өзі қауіп төндірмейді. Мен ондай қазақстандық сайттарды көргенім жоқ, бірақ олар мүлдем жоқ деп те айта алмаймын. Интернет мейірімсіз және ол әу бастан жансызданған, сондықтан оны қандай да бір қайғыларға айыптау мәнсіз. Егер көп өлімдер пышақтардың көмегімен  жасалынса, онда өндірісті айыптау да мәнсіз.  Оның барлығының себебі ол – адамдар, және тағы да адамдар…

Қазақстан қазіргі таңда суицидтің жоғарғы көрсеткіштері бойынша алдыңғы орындағы мемлекеттердің бестігіне кіреді.

Әлемде жыл сайын өз өмірін қиятындардың саны бір миллион адамды құрайды —  бұл біздің Алматыда тұратын халық санына тең. Олардың 8000 – қазақстандықтар; яғни біздің мемлекетте сағатына бір адам өз еркімен өмірден өтеді.

Қазір өзіне-өзі қол жұмсап өлгендердің саны жағынан Қазақстан дүниежүзі бойыншы көршілес Ресейден кейінгі үшінші орында тұр. 2003 жылы ғана 4361 қазақстандық адам суицидтен өліпті. Ал 2004 жылдың алғашқы бес айының өзінде 1790 жерлесіміз өзіне қол жұсаған. Бұл әрине өте үлкен көрсеткіш. Қазақстандағы суицид құрбандарының көп бөлігін отбасылық міндетті мойнына алған ер адамдар құрайды. Олардың өлімінің себебі – қаржылық қиыншылықтар мен кедейлігіне байланысты екен. Және де жеке тұлғалар арасындағы қақтығыстардың әсерінен әлгіндей тәуекел жасайтындар да көп. Одан кейінгі орында жас жігіттер. Олар көбіне қызғаныштан, махаббаттағы кедергілерден және намыстанудан осындай әрекетке барады екен. Ал әйелдер арасындағы суицидтен мерт болғандардың 22,7 пайызын 15 пен 24 жас аралығындағы бойжеткендер құрайды. Олар некесіз бала тапқандықтан немесе жүкті болғандықтан асылып, у ішіп өлетін көрінеді. Жігіті қашып кеткен, иә болмаса үйленбейтіндігін айтқан. Содан барып әке-шешесінен қорқу, қоғам алдындағы арының кірленуі, жаманаттан қашуы суицидке алып келіп тірейді. Содан барып екі бірдей күнәға батады. Өзін де нәрестесін де өлтіреді. Осы жастағы  суицид құрбандарына айналғандардың көпшілігі ауыл қыздары. Біріншіден, ауылдық жерде ауыраяқтың алдын алу шаралары жасалынбайды. Ал қалалық жерде барлық жағдай жасалынған. Сондай жағдайға кез болып қалған күннің өзінде шығар жол табылады. Оның үстіне ол құпия күйінде сақталынады. Ал ауылда ештеңені жасыру мүмкін емес. Сондықтан да ауылда қыздар арасындағы суицид көп кездеседі. Мұның алдын алу үшінжоғары сыныптарда психологтар мен дәрігерлік кеңес сабағы арнайы өтіліп тұруға тиіс [22, 7-8 б.].

Күн сайын Петропавл қаласында 2-3 адам өз өмірімен қоштасуға себебін табады, және олардың жартысы осы ойды іске асырады.

Оны сандық көрсеткіште көрсететін болсақ: 1997 жылы – 350 адам, 1998 – 279 (мұндай тез төмендеу халықтың кетуіне байланысты), 1999 – 317, олардың 80%-і еңбекке қабілетті. 2007 – 342, 2/3 – ерлер, жылына 6-8 жағдайда 14 жастан 17 жасқа дейінгі балалар.

2005-2007 жылдар аралығында Қазақстанда 18 жасқа толмаған балалардың 1364 өзіне-өзі қол жұмсауға әрекеті тіркелді, оның 887 өліммен аяқталды. 2005 жылы – 261 өлімдік жағдай (391 әрекет), 2006 – 274 (379 әрекет), 2007 – 352 (500 әрекет).

2006 жылдың ортасында бұл мәселе үлкен қатерлердің біріне айналғанда, жасөспірімдік суицидпен ҚР Жоғарғы Прокуратурасы айналыса бастады. «Балалар суициді» тақырыбында арнайы жүргізілді, оның қорытындысында балаларды өзіне-өзі қол жұмсауына итермелейтін себептер анықталды – «баланың күрделі әлеуметтік-психологиялық жағдайы, тұлғалық қарым-қатынасы, оның өміріндегі отбасылық-қоғамдық жағдайы, қолдаудың жоқтығы» және т.б. [23].

Жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың үштен бір әрекеті келесідегідей көрсеткіштік сипатта: бала өлу туралы ниетпен жасамайды, ол тек өзіне үлкендердің назарын аудару мақсатында жасалынады, бірақ бұл қорытындысында өлімге алып келеді. Балалардың өзіне-өзі қол жұмсауының басты себептері: отбасындағы проблемелар, жазалау алдындағы қорқыныш және құрды-құрдастарымен болған конфликт [24].

Тұрақты психикасы жоқ, әсіресе суицидалдық ойға бейім балалардың психологиялық портреті басқа балалардан ажыратылады. Оны анықтауға, және қажетті профилактикалық шараларды қолдануға болады.

Оның бастысы – баланы жалғыздықта қалдырмау. Егер проблемалар үйде болса – мектептегі педагогтар оған көңілін бөлуі қажет, егер мектепте болса – онда балаға ата-аналары қажетті көмек көрсетуі қажет. Баланың кішкентай проблемаларына дер кезінде көңіл аудармаса, ол жағдай қасіретке айналуы да таң қаларлық жағдай емес.

Қазақстан бойынша суицидтен өлгендердің саны жағынан Шығыс Қазақстан облысы бірінші орында тұр. Ол аймақта 2003 жылы 705 адам көз жұмған. Бұл облыс 2004 жылы да алдыңғы орынды иеленген. Сол жылдың алғашқы бес айдың өзінде 290 адам суицид құрбандары болған. Ал, екінші орынды Қарағанды қаласы иеленіп отыр (2003 жылы 564 адам өлген). 2004 жылғы көрсеткіші 243 адамды құрапты. Қостанай облыс үшінші орынды межелеген екен. Ол аймақта 2003 жылы 416 адам өзіне қол жұмсаса, 2004 жылдың бес ай ішінде бұл сан 162-ге жеткен. Бұдан кейінгі орында 340 суицид тіркелімімен Оңтүстік Қазақстан облысы тұр. Оңтүстік Қазақстан облысынан кейінгі орынды Алматы облысы иемденіпті. Екі облыстың 2003 жылғы көрсеткішін тең деуге де болады. Алматы облысы Оңтүстік Қазақстан облысына қарағанда 4-ақ адамға кем. Яғни  336 суицидтік өлім тіркелген. 2004 жылдың алғашқы бес айында Оңтүстікте 150, Алматы облысында 142 адам суицид құрбанына айналыпты. Ақмола облысында сол жылдың бес айы көлемінде 119 адам өзіне–өзі қол жұмсаған. Павлодар мен Батыс Қазақстан облыстарының сандық көрсеткіштерінде айырмашылық жоқ. Павлодарда 277, Батыс Қазақстанда 273 суицидтік оқиға тіркелеген. Ал Ақтөбе облысында 2003 жылы 202 оқиға тіркелсе, бұл көрсеткіш  2004 жылдың бес айының өзінде 109-ды көрсетіп тұр. Атырау облысында керісінше, 2003 жылы 132 адам өз өмірлерін қиса, 2004 жылы бұл көрсеткіш  48 адамды көрсетуде. Қызылорда облысы да осындай жағдайда: 2003 жылы 119 жағдай тіркелсе, 2004 жылы 65 адам ажал құшқан. Жамбыл облысы 164 суицидтік көрсеткішпен Қызылордадан сәл ілгері тұр. Ал енді республика бойынша ең соңғы орынды Маңғыстау облысы алады. Бұл облыста Бұл облыста 2003 жылы 49 адам өзіне өзіне қол салып, о дүниелік болыпты. Бұл да аз сан емес. Бірақ салыстырмалы түрде көп деуге де болмайды. Өйткені бір ғана Алматы қаласының өзінде 2003 жылы 58 адам суицид кесірінен көз жұмған [22, 7-8 б.].

Нақты мысал ретінде, мемлекетімездің басты қаласы – Астананы  қарастырайық. Астанамызда күніне аз дегенде бір адам бұл өмірден өткісі келеді. 2004 жылдың 10 айы ішінде тек астаналық ауруханалардың біреуінің токсикология бөлімінде 333 жолы болмаған өзіне-өзі қол жұмсаушылар емделіп шықты. Астана қаласының суицидтік көрсеткіші Алматы қаласының көреткішімен бір деңгейде десек те болады. 2003 жылы суицидтен Астанада 56 адам көз жұмған [25, 28 б.].

Қазақстандағы өзіне-өзі қол жұмсаудың динамикаларын жылдық кезеңдерге бөліп екі кестеден қарап көрейік.

Қазақстандағы өзіне-өзі қол жұмсаудың динамикасы

 

Жыл

Өзіне-өзі қол жұмсаудың бірлігі

Өзіне-өзі қол жұмсаудың 100 мың адамға шаққандағы саны

1994

4045

24,7

1995

4728

29,4

1996

4796

30,1

1997

4673

29,6

1-кесте  [26, 53 б.]

 

Қазақстан тұрғындарының кісі қолынан және өзіне-өзі қол жұмсаудан болған өлім көрсеткіші

 

Жыл

Кісі қолынан қаза тапқандар

Өзіне-өзі қол жұмсағандар

100 мың адамға шаққанда

кісі өлтіру

өзін-өзі өлтіру

2000

2514

4505

16,9

30,3

2001

2313

4417

15,6

29,7

2002

1996

4308

13,4

29

2003

2198

4361

14,7

29,3

2004

2413

4414

16,1

29,4

2-кесте [27].

 

Жалпы алғанда 2003 жылы елімізде 4361 адам суицидтен көз жұмған. Оның  3669-ы ерлер болса, 692-сі әйелдер. 15 пен 24 жас аралығындағылар 809 адам; 25 пен 39 жас аралығындағылардан 1471 адам; 40 пен 60 жас аралығындағылардан 1403 ада осы дерттің салдарынан о дүниелік болыпты. Бұл әрине тіркелгендері ғана.

Осы дерттің алдын алуға келгенде бәріміз де шарасызбыз. Қолдан келер қайран жоқ. Біздің мемлекетіміз де бұл мәсееге салғырт қарап отыр. Ал басқа мемлекеттеерде суицид төңірегіндегі зерттеулер әлдеқашан басталып кеткен. Көршілес Ресейде бұл құбылысқа XIX 1882 жылы Санкт–Петербургте          А. Лихачеваның «Самоубийство в Западной Европе и Европейской России» деген кітабы шыққын. Сол кітапта суицидтен өлушіліктің негізгі сегіз себебін көрсетілген:

  1. Жан ауруы. Ақылдан адасушылық, қиялилық, идиотизм, эгоизм.
  2. Маскүнемдік.
  3. Материалдық қиыншылықтар мен сәтсіздіктер. Кедейлік пен жоқшылық алдындағы қорқыныш, қаржылық қиыншылықтар, қарызға бату және құмар ойындарда ұтылу.
  4. Өмірден түңіліс. Отанмен араздық.
  5. Қайғы мен реніш. Отбасылық кикілжің, жақындарын жоғалту.
  6. Денсаулықтың нашарлауы.
  7. Өзіне-өзі қанағаттанбаушылық. Мамандығындағыжағымсыздықтар. Өзі қаламайтын шешімдерден қашу және қорқу.
  8. Сәтсіз махаббат пен некесіз ауыраяқтық.

Өткен ғасырдың 30-70 жылдар аралығындағы СССР-де суицид мәселесі жабық тақырыптардың қатарында болған. Өйткені одан ешкім өліп жатқан жоқ деп есептелген. Ал  1989 жылы әлеуметтік статистика жарияланды. Сол жарияланымға көз салсақ, 1926 жылы орта есеппен әрбір 100 мың адамның  8-і осы суицидтен көз жұмған екен. Ал  1984-85 жылдары бұл көрсеткіш мүлде жоғарылаған. Ол кезде әр 100 мың адамның 30-ы суицид құрбаны болған.

Шетелдік статистикалық мәліметтер бойынша, 1990 жылдардың соңына қарай суицидтен әрбір 100 мың дамның Венгрияда 33-і, Австрияда 22-сі, Германияда  21-і өліп отырған. Ең аз көрсеткіш Грецияда тіркелеген. Ол елде  100 мың кісінің 3-і ғана өлген екен. Дәл осы кездерде қазақстандықтардың  100 мыңның 32-сі суицид құрбаны болған [28, 7-8 б.].

Шведтердің зерттеу мәліметтеріне қарасақ,  15 пен 19 жас арасындағы адамдардың суицид кесірінен өлуі жағынан Ресей бүкіл әлем бойынша бірінші орында тұр. Жалпы Ресей суицид мәселесінде әлемдегі ең қауіпті аймақ болып саналады. Онда жылына  2500 жас жеткіншек өзіне қол салады екен. Екінші орында АҚШ. Оларда жыл сайын  1800 жас суицид құрбанына айналады екен.

Қорыта айтқанда, суицид дерті барлық елде бар. Мұның алдын алу еш мүмкін емес. Дауасыз дерт.

Осы жұмыстың ұзын-ырғасында «суицид деген не, оған адам қандай жағдайда ұрынады» деген сауалдар төңірегінде аз-кем пікір білдіріп, ой қозғадық. Әңгіме барысында айтылғандай бұл ешқандай да тылсым құпия емес. Бұл тек жан ауруының асқынған түрі. Адам өзіне қол салып, ажал алдына барғанда ешқандай да «қара кісінің» жетегімен емес, саналы түрде өзі барады. Әйтпесе неге сол «қара кісі» төрт дүниесі түгел адамдарды жетелемейді?..

«Адамдарды қартайтатын уақыт емес, оқиғалар» демекші барлығының да бір-бір себебі бар. Соның құпиясын ашып, түсіне білу керек.

 

  • Әлемдегі өзін-өзі өлтіру көрсеткіштері

 

Енді осы бүкіл адамзатты шошытып отырған әлеуметтік дерттің әлемдегі көрсеткіштеріне тоқтала кетсек, және де Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының берген деректемелеріне тоқталамыз.

  • Ресми статистика бойынша жылына 1 млн. адам өзіне-өзі қол жұмсайды, соның ішінде:
  • 280 мың қытайлықтар;
  • 60 мың орыс халқы;
  • 30 мың американдықтар;
  • 25 мың жапондықтар;
  • 20 мың француздар;
  • 10 мың украиндықтар.
  • Суицидтің ресми статистикасының мәліметтері нағыз шын мәліметтерден айырмашылығы анық көрінеді (4 есеге жуық), өйткені ресми статистикада суицидтің тек нағыз жағдайлары есептелінеді. Сот эксперттерінің мәлімдемелері бойынша, «бақытсыз жағдайға ұщыраған өлімдердің» көбісі (дәрі-дәрмектің шамадан тыс қоланылуы, жол апаттары, үй төбелерінен байқаусыздан құлаулар және т.б.) шын мәнінде суицидке ұшыраудың жолы болып табылады. Сонымен қатар, ешқандай ұйым суицидтің сәтсіз жағдайларын есепке алмайды, әдетте олар өзіне-өзі қол жұмсауды іске асырған жағдайлардан 10-20 есе көп.
  • Өзіне-өзі қол жұмсаған және де тірі қалған адамдардың төрттен бір бөлігі (24%) ғана денсаулық сақтау ұйымдарында емдеу курстарын қабылдайды.
  • Ерлер арасында аяқталған суицидтің саны әйелдермен салыстырғанда төрт есеге көп. Жасы келе (65-85 жас аралығы) бұл салыстырулар 6-9 есеге көбейеді. Ерлерге қарағанда әйелдер 4 есеге жиі өз-өзіне қол жұмсайды, бірақ олар өлімге аз алып келетін жеңіл әдістерді қолданады.
  • Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы (БДҰ) суицид көрсеткіші бойынша барлық мемлекеттерді үш топқа бөліп қарастырады:
  • өзіне-өзі қол жұмсаудың төмен деңгейі (100 мың адамға жылына 10 адамға дейін) — Гватемала (0,5), Филиппины (0,5), Албания (1,4), Армения (2,3), Греция (4,8). Ал ең төмен көрсеткіш Египет мемлекетінде (0,03);
  • өзіне-өзі қол жұмсаудың орта деңгейі (100 адамға жылына 10 адамнан 20 адамға дейін) – Италия (10,3), Белорусия (16), Австралия, США (11);
  • өзіне-өзі қол жұмсаудың жоғарғы деңгейі (100 адамға жылына 20 адамнан жоғары) – Литва (90,5), Эстония (54,9), Латвия (54), Венгрия (35,9).
  • Ресей көп жылдар бойы өзінің мықты статусын үшінші топта ұстап келе жатыр (36,1). Мәскеуде суицидтік көрсеткіш — 11 құраса, Санкт-Петербургта – 18. Ресейдің кейбір аймақтарында бұл көрсеткіш адам шошырлық деңгейде деп те айтуға болады. Мысалы, 100 мың адамға Корякияда – 133, Комида – 110, Алтайда – 102.
  • Кеңес өкіметі кезеңіндегі суицидалдық динамика Қазан революциясы мен Азаматтық соғыстан кейін бірден жоғары көрсеткіштерді көрсетті. 1926 жылы Мәскеу мен Ленинград қалаларындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың деңгейі 100 мың адамға ерлер арасында 42 және әйелдер арасында 20 деңгейде болды. Одан кейін, екі жоғарғы деңгейлер 1937 және 1947 жылдары болды. 1984 жылы Ресей Венгрия мемлекетінен кейін екінші орынды иемденген болатын, сол жылдардағы көрсеткіш 100 мың адамға 39 адамдық деңгейге көтерілген. Қайта құру кезеңінде өзіне-өзі қол жұмсау деңгейі төмендеді (23 адамға дейін), бірақ 1988 жылдан бастап бұл дерт қайта өсе бастады және 1994 жылы өзіне-өзі қол жұмсағандардың саны екі есеге дейңін көбейді. Бұл мемлекеттегі өлімнің 2,7 %-ін өзін-өзі өдлтірушілер құрағанын көрсетеді.
  • Жастар арасындағы суицид. Соңғы онжылдықта өзіне-өзі қол жұмсаушы жастардың саны 3 есеге көбейді. Суицидтің негізгі себептері: жауапсыз махаббат, ата-аналар мен құрбы-құрдастарының арасындағы келіспеушілік, болашақ алдындағы қорқыныш, жалғыздық. Жыл сайын, 15-19 жас аралығындағы әрбір он екінші жасөспірім өзіне-өзі қол жұмсау шараларын қолданады. Жасөспірімдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың абсолюттік саны бойынша көршілес Ресей бірінші орынды иемденуде [29].
  • Суицидтің 60 %-ы жаз және көктем мезгілдеріне келеді. Дәл осы уақыт аралығында табиғаттың гүлденуі, қайта оянуы мен ішкі жан дүниенің сай келмеуінен осы әрекетке адамдар барады.
  • Өзіне-өзі қол жұмсаушылардың ең басты сырқаты ол – депрессия болып табылады. Депрессиямен ауыратын адамдардың 70 %-нда суицидтік тенденция көрінеді, ал олардың 15 %-ы өзіне-өзі қол жұмсайды. Сондықтан өзіне-өзі қол жұмсаудың мәселесі – депрессия мәселесі болып табылады.
  • Өткен ғасырлардың психиатриясының пайымдануынша, барлық өзіне-өзі қол жұмсаушылардың дерлігі психикалық есі дұрыс емес адамдар. Қазіргі таңда өзіне-өзі қол жұмсағандардың психикалық аурулар туралы пайымдаулар мен зерттеулер бір-бірінен алшақ. Маған ең қызық зерттеулердің бірі болып, Гарвард университеті жүргізген зерттеу болып табылады. Онда өзіне-өзі қол жұмсаған адамдардың жеке ауруы туралы тарихи дерегін дәрігерлерге таратып және де оларға диагноз қоюды талап еткен. Онда кейбір тарихи деректердің кездейсоқ әдісімен таңдалғанын, ондағы адамның өзіне-өзі қол жұмсағаны туралы ақпараттардың алып, оның қайта өңделгенін, қалған мәліметтердің өзгеруінсіз қалғандығын дәрігерлерден жасырып қойған. Диагностика нәтижелерінде келесідегідей айырмашылықтар болған: өзіне-өзі қол жұмсағаны туралы бар мәліметтерде психикалық ауру туралы диагноз 90 %-тік жағдайда, ал қайта өңделген аурулардың мәліметтерінде ол туралы 22 %-нде ғана кездеседі [30].
  • БДҰ өзіне-өзі қол жұмсаудың 800-дей себептерін атап көрсетеді, соның ішінде:
  • 41 %-ы белгісіз;
  • 19 %-ы жазалау алдындағы қорқыныш;
  • 18%-ы ішкі жан дүниесінің ауруы;
  • 18 %-ы үйдегі қайғырулар;
  • 6 %-ы
  • 3 %-ы ақшалай жоғалтулар;
  • 1,4 %-ы өмірден түңілу;
  • 1,2 %-ы физикалық аурулар.

Осындай нақты сандарды көре отырып, әрбір адамның ойына мынадай сұрақ келуі мүмкін:  өзіне-өзі қол жұмсауға белін буған адамның өзі не үшін сол әрекетке түскенін түсіне алмаса, онда осы статистиканы құрушыларға бұл себептер қайдан белгілі? Өзіне-өзі қол жұмсау – көптеген себептерге алып келетін, өз алдында әрбір себеп сол көптеген себептердің негізі болатын соңғы қадам.

Өзіне-өзі қол жұмсаудың себептері әртүрлі жас ерекшеліктерімен ажыратылады – 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің жауапсыз махаббат үшін жасаған суициді жалпы өзіне-өзі қол жұмсау санының жартысын дерлік алып отыр, ал 25 жастан кейінгі оcы себепті суицидке ұшырайтындар аздап кездеседі [47].

  • БДҰ өмірден өтудің 80 түрлі әдістерін қарастырып отыр. Өзіне-өзі қол жұмсаудың әдістері тұрғылықты аймаққа байланысты өзгеріп отырады. Мысалы, Үндістандағы Пенджаб штатында өзіне-өзі қол жұмсаушылардың көп бөлігі поезд астында өлсе, Шри-Ланкадағы өзіне-өзі қол жұмсаудың 91 %-ы инсектицидтерді қолданумен жүзеге асырылады [31].
  • Асылып өлу. Өзіне-өзі қол жұмсаушылардың көбісі өмірден өту үшін осы әдісті таңдайды.
  • Қару-жарақ. АҚШ-та өзіне-өзі қол жұмсаушылардың 60 %-ы оқтан қайтыс болады. Канадада бұл қару-жарақ аз кездесетін болғандықтан суицидтің 30 %-ы болады, ал Австрия мемлекетінде мүлдем қару-жарақты сатпайтын болғандықтан, ондағы көрсеткіш 4 %.
  • Уланып өлу. Дәрі-дәрмектің мөлшерден тыс қолдану себебінің арқасында өзіне-өзі қол жұмсаушылардың 15-18 %-ы қайтыс болады. Қытайда пестицидтерді табу оңай болғандықтан, оларды қолданудың арқасында өзіне-өзі қол жұмсайды екен.
  • Жалғыз адам қайтыс болған көптеген жол-көлік апатынан қайтыс болған адамдардың көбісі суицидке ұшырағандар.

Өзіне-өзі қол жұмсаудың потенциалды қару-жарақтарының тапшылығы суицид деңгейін төмендетеді. Мысалы, Англияда кокс газынан табиғи газға көшкен уақытта өзіне-өзі қол жұмсау деңгейі үш есеге дейін, ал газдың көмегімен өзіне-өзі қол жұмсаушылар  саны жылына 2368-ден 11-ге дейін төмендеді.

  • Уақыты:
  • күннің бірінші жартысы – 32%;
  • екінші жартысында — 44%;
  • түнгі уақытта — 24%.
  • Суицидке жақын этникалық топтар да бар. Мысалы, угро-фин тобының арасында (Удмутрия, Венгрия немесе Финляндия тұрғындары) өзіне-өзі қол жұмсаудың өте жоғарғы деңгейде екені Венгрияның графикасында көрінуде.
  • Әртүрлі мамандықтар арасындағы суицидалдық риск келесідегідей көрінеді: бірінші орында – музыкант мамандығы (8,5 балл); медбикелерде (8,2); тіс дәрігерлерінде (8,2); қаржы мамандарында (7,2); психиатрлар (7,2); кітапханашыларда (3,2) болса, сатушыларда (2,1).
  • Отбасылық жағдай. Статистика бойынша, некеде тұрған тұрғындармен салыстырғанда жалғыз басты азаматтар мен ажырасқандар өздеріне-өздері жиі қол жұмсайды. Өзіне-өзі қол жұмсадың жоғары деңгейі жанындағы жарын немесе жолдасын жоғалтқандардың үлесінде екен, олар өз өмірден үш есеге көп қияды.
  • Қиын топтағы адамдар. Суицид пен әлеуметтік мәртебені жоғалтқандардың «Лир патшасының комплексі» деп аталатындардыңар асында тікелей байланыстылық бар. Мысалы, өзіне-өзі қол жұмсағандардың жоғарғы деңгейі демобилданған офицерлерде, жас әскерлерде, қарауға алынған адамдар арасында, зейнеткерлерде жиі кездеседі. Өзіне-өзі қол жұмсағандардың ең жоғары дейгейі арасында мыналар: нашақорлар, мүгедектер, психикалық аурумен ауыратын адамдар, сонымен қатар маскүнемдер кездеседі. Маскүнемдер барлық аяқталған суицидтің үштен бір бөлігін және барлық өзіне-өзі қол жұмсағандардың төрттен бір бөлігін алады.
  • Өзіне-өзі қол жұмсағандардың 44%-ы арттарынан соңғы хаттар қалдырады екен. Олардың:
  • барлығына — 20%;
  • жақын адамдарына — 12%;
  • бастықтарына — 8%;
  • ешкімге — 4% құрайды.
  • Өзіне-өзі қол жұмсағандардың 60%-ы өмір бойы алкогольді қолданған, бірақ суицид алдында статистикалық көрсеткіштер бойынша, 8% жағдайда алкоголь қолданса, 4% жағдайда наша қолданылады.
  • Материалдық қамтамасыздық:
  • қанағаттанарлық деңгейде – 44%;
  • қанағатсыз деңгейде — 56%;
  • өмір сүру деңгейі мен өзіне-өзі қол жұмсаушылардың саны бір-біріне байланысты емес, өйткені Еуропаның бай және дамыған мемлекеттерінің бірі – Швеция көптеген онжылдықтар бойы суицид саны бойынша алдыңғы қатардағы орындарды алуда.
  • Сексуалды нысана. АҚШ-тағы жүргізілген зерттеулердің мәлімдемелері бойынша, өзіне-өзі қол жұмсау мүмкіншілігін натуралдарға қарағанда өзінің жынысымен қатынасқа түсетіндер 7 есеге көп қолданады.
  • Білім. Білімі жоғарғы деңгейдегі азаматтар суицидке аз бетін бұрады, ал ең қауіпті топ – ол орта білімі толық емес азаматтар болып есептелінеді.
  • Қарым-қатынасы бойынша суицидке түсетін азаматтар:
  • араласатын адамдар тобы көп азаматтар арасында – 24%;
  • санаулы адамдармен қарым-қатынаста болғандар — 60%;
  • қарым-қатынасқа көп түспейтіндер мен тұйық адамдардың -16%-ы ғана суицидке түседі.
  • Суицид санына ықпал ететін бір құбылыс – қоғамдық катаклизм. Мысалы, Берлин қорғанын тұрғызғаннан кейін өзіне-өзі қол жұмсағандардың саны шығыс секторда 25 (!!!) есеге көбейе түсті. Экономикалық кризис тек материалды жағдайға ғана емес, психикалық күйге де өз ықпалын тигізеді. Мұндай жағдай кезінде болашақ анықталмаған болып көрінеді, ал өзіне-өзі қол жұмсау – жалғыз шешім болып табылады.
  • Өзіне-өзі қол жұмсаушылардың 80%-ы өздерінің ниеттерін алдын-ала қоршаған ортасына ескереді.
  • Өз өмірін қиғандардың 6%-ының арасында ата-аналарының бірі өзіне-өзі қол жұмсаған болып табылады.
  • Суицидтің 12% сәтсіз әрекетінен кейін екі жыл көлемінде өзінің ықыласына жетеді. Өз өмірін қиғандардың 80%-ы өмірінде бір рет болса да, осы суицидке бетін бұрған.
  • ХІХ ғасырдаң басынан бастап, бүкіл әлемде суицид статистикасының өсу қарқыны көрінуде.
  • Болжам бойынша, 2020 жылға қарай өзіне-өзі қол жұмсаушылардың саны жылына 1 500 000 адамға жететін болады.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымы 2000 жылды қорытындылай келгенде, Жапониядағы өз өмірін қиюшылардың саны 100 адамға 24,1 адамды құрайтынын айта кеткен. Сол көрсеткіш бойынша, Күншығыс мемлекеті Ресейді алдына шығарды, онда өзіне-өзі қол жұмсаушылардың саны 100 мың адамға 39,4 адамды құрайды. Ал АҚШ-тағы көрсеткіш 100 адамға 10,4 адамды құраған [32].

Өзіне-өзі қол жұмсаушылардың саны бойынша, Ресей соңғы жылдары әлемдегі бірінші орынды алатынын айта кету қажет.  Ресейде 1995 жылдан бастап 2003 жылға дейін өз өмірін 500 мың адам қиды. Статистика бойынша, өзіне-өзі қол жұмсаушылардың 20 әрекетінің біреуі өлімге алып келсе, онда соңғы жылдары 10 млн. адам өз өмірін қиған.

Ресейдегі өзіне-өзі қол жұмсағандардың саны әлемдегі орта көрсеткішпен салыстарғанда 3 есе көп. Әйел адамдарына қарағанда ерлер 6 есе өз өмірімен жиі қоштасады. Өз өмірімен қоштасқандардың жартысынан көбі – 30 жасқа дейінгі жас адамдар. Ресей мемлекеті бойынша, өзіне-өзі жылына 2800 балалар қол жұмсайды.

Бірақ соңғы жылдары Ресейде өз өмірін қиғандардың саны абсолюттік жағынан да, салыстырмалы жағынан да төмендеп келеді. Егер 1992 жылы өз өмірімен қоштасқандар 100 мың адамға 46 адам болса, 1994 жылы 100 мың адамға 42 адам, ал 1999 жылы 100 мың адамға 39,4 адамнан келсе, 2007 жылы 100 мың адамға 36 адамнан келіп, төмендеуде [33].

Бүкіл әлемде жылына өз өмірін қиюшылардың саны 500-600 мың адамды құраса, өзіне-өзі қол жұмсап көрген адамдардың саны бұдан 5-10 есе көп.

Кеңес Өкіметі орнап тұрған уақыттағы 80-жылдардағы өзіне-өзі қол жұмсағандардың ең жоғарғы көрсеткіші (жылына 100 мың адамға 20 адамнан жоғары) Балтық елдерінде көрінді. Орта Азия мемлекеттеріндегі өзіне-өзі қол жұмсаушылардың деңгейі төмен көрсеткіштер қатарына жатады (жылына 100 мың адамға 15 адамнан төмен). Және ең  төменгі көрсеткіш (жылына 100 мың адамға 5-7 адам) Кавказ елдерінде байқалады. Бұл көрсеткіштер             3-кестеде көрсетілген.

 

 

1965

1980

1984

1985

1986

1987

1988

1989

Өзіне-өзі қол жұмсағандардың саны (мың адам)

39,5

71

81,4

68,1

52,6

54,1

55,5

60

Деңгейі (100 мың адамға шаққанда)

17,2

27

29,7

24,6

18,9

19,2

19,5

21

3-кесте [7, 27 б.]

 

Кавказ халқының арасындағы бұл дерттің төмен деңгейі, олардың ұлттық дәстүрінің тұрақтылығы, отбасында кқп баланың болуы, туыстық байланысты ұстану, қарт адамдарды сыйлау әрекеттері өзіне-өзі қол жұмсаудың өсуіне жол бермейді және антисуицидалдық фактор болып табылады.

Өкінішке орай, Қазақстанда мұндай дәстүрлерді урбанизацияның ықпалымен ұмыта бастады, әсіресе соңғы жылдарда туысқандық, әлеуметтік байланыстар ажырауда, кедейшілік көбеюде,  адамды өз қайғыларымен бірге жалғыз қалдыруда.

Кестеден көріп отырғанымыздай, 1965 жылы демократия мен жариялылықтың алғашқы ықпалы ретінде өзіне-өзі қол жұмсаудың төмен деңгейі көрсетілген. Осы ықпалдардың дамуымен қатар, өзіне-өзі қол жұмсаудың деңгейі 1988 жылы өскен. Қайта құру кезінің басталуымен бұл көрсеткіштер төмендеді, бірақ 1988 жылға қарай қайта құрудың тоқырауымен өзіне-өзі қол жұмсаушылардың саны қайта өсе түсті.

Жас-жыныстық ерекшелігіне қарай Кеңес Өкіметіндегі өзіне-өзі қол жұмсаушылардың саны көптеген мемлекеттермен жанасады: ерлердің суицидалдық активтілігінің жоғары коэффициенті (1:3 ара қатынасы); жас ерекшелігіне қарай кішілерден үлкендерге аяқталған өзіне-өзі қол жұмсаушылардың тенденциясы (4-кесте) [7, 28 б].

 

Жас-жыныстық ерекшелігіне қарай өзіне-өзі қол жұмсаушылардың Кеңес Өкіметіндегі жағдайы (100 мың адамға шаққанда)

 

 

Жынысы

Жасы

20 жасқа дейін

20-24

25-29

Ерлер

4,1

22,2

З4,4

Әйелдер

1,5

5,6

5,6

4-кесте

Осыдан барып, біз ерлердің өзіне-өзі қол жұмсауының жиілігін байқаймыз. Шетел зерттеушілерінің анықтаған ерлердің жоғары суицидалдық заңдылығы туралы айта кетейік.

Жүргізілген зерттеулердің көрсеткіштері бойынша, көптеген әлеуметтік құбылыстардың барлығы биологиялық заңдармен тығыз байланысты, оған қоса генетика заңдылығы да. Өйткені, адам Homo sapiens-тің биологиялық түрі болып табылады, оның генінің 99%-ы шимпанзенің геніне ұқсас [34, 227-240 б.]. Генетикамен келісілген биологиялық инстинктер – табындық инстинкт, өз жерін қорғау, ұрпағы жайлы ойлау, бәсекелестік, агрессия, үрей, лидерлік және т.б., тек адамдар арасында ғана емес жануанларда да кездеседі. Генетика заңдары белгілі бір тұлғаның  адамзат популяциясында кездеседі. Мысалы, қандай да бір мамандыққа бейімділігі, лидерлер мен бағынушылар, новаторлар мен орындаушылар, оптимистер мен пессимистер, ішімдікке бейімшілік және т.б. Бұл фактілер адамның іс-әрекетіне табиғи және әлеуметтік факторлардың әсер етуі туралы ғылыми дискуссияларды туғызлы. Жүйелілік принципінен шыға отырып, жалпы жүйелер теориясында тұлғаның іс-әрекетіне сыртқы (әлеуметтік) факторлармен қоса, ішкі (генетикалық) факторлар да әсерін тигізеді деген көзқарас қалыптасты. Е. В. Мирошнисенконың жүргізген зерттеулері бойынша, гомосексуалдылық — 74%- дық, интеллект деңгейі — 68%-дық, және құқықбұзушылыққа бейімшілдік — 53%-дық көрсеткіште тұқымқуалаушылық арқылы беріледі [35, 65-71 б.]. Берілген мәліметтер бойынша, тұлғаның іс-әрекетіне тұқымқуалаушылық 62%, әлеуметтік жағдайлар 38% әсерін тигізеді.

Жүйелілік принципінен шыға отырып, әйелдер мен ерлер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың ара қатынасын анализдеп көрейік. Э. Дюркгеймнің айтып кеткеніндей, «өзіне-өзі қол жұмсаудың табиғаты – ерлерге жақын құбылыс» [11, 53 б.]. Бұл фактіні түсіндіру үшін зерттеушілер ерлердің «биологиялық әлсіздігіне» [36, 35-50 б.] және ерлер роліне түсетін үлкен стрестің негізіне сүйенеді [37, 1555 б.]. Сондықтан бірдей факторлар ерлер мен әйелдердің өзіне-өзі қол жұмсау деңгейіне әртүрлі әсер етеді. Мысалы, неке мен жұмыстың тұрақсыздығы әйелдердің өзіне-өзі қол жұмсауына қарағанда ерлердікіне қатты әсерін тигізеді [38, 1060-1080 б.]. Осы бағыттағы жүргізілген көптеген жұмыстардың санына қарамастан, кейбір аспектілер соңына дейін зерттелмеді, мысалы, ерлер мен әйелдердің өзіне-өзі қол жұмсауының сандық ара қатынасы. Бұл мәселеге өзінің көңілін алғаш аударғандардың бірі Э. Дюркгейм болды. Ол әрбір өз өмірін қиюшы әйелге орта есеппен төрт ер адамнан келеді [11, 53 б.] Қазіргі заманғы әдебиеттерде басқа пропорцияны көрсетеді. Мысалы, А. Г. Амбрумова мен Л. И. Постовалованың көрсетілімдері:  «өзіне-өзі қол жұмсаушылардың төртеуінің үшеуі – ерлер» [39, 58 б.]. Бұл жерде келесі фундаменталдық сұрақ шығады. Неге тек үш немесе төрт саны? Бұл сұраққа біз арнайы ғылыми әдебиеттерден жауап тапқанымыз жоқ, және оның салдарынан зерттеулер жүргізілді.

Алдын-ала бір терминологиялық анықтау жазып алайық. Мазмұнының ыңғайлырақ болу мақсатында өз өмірірін қиған бір әйелге келетін өзіне-өзі қол жұмсаушы ерлердің санын біз ерлердің жоғары суицидалдық индексі деп белгілеп аламыз. Халықаралық библиографиялық көрсеткіштің «Sociological Abstrakts» жүргізген анализі өзіне-өзі қол жұмсаудың берілген аспектісінің жеткіліксіз өңделгенінің негізгі себебін анықтауға көмектесті. Ол осы проблеманы зерттеудегі дисциплинарлық амал. Көп жағдайда, зерттеушілер ерлердің жоғары суицидалдық индексін экономикалық өсу мен құлау кезеңімен [40, 64-71 б.], мемлекеттің модернизациясының деңгейімен [41, 203-216], яғни ерлердің жоғары суицидалдығына әсер ететін сыртқы факторларды іздеді; ерлердің «биологиялық әлсіздігіне» көңілін бөлді [36], яғни ішкі генетикалық факторларды зерттеді.

Жалпы жүйелер теориясының әдіснамасына сүйене отырып, зерттеушілер Бүкіләлемдегі денсаулық сақтау ұйымының (БДҰ) мәліметтерін анализдей отырып [42-44] төмендегілерді анықтады. Біріншіден, 1985-1987 жылдары берілген мәліметтер бойынша, 52 мемлекеттің екеуінде (Кувейт, Мальта) ерлермен салыстырғанда әйел адамдары жиі өздеріне қол жұмсаған. Осылайша, Э. Дюркгеймнің 1831 жылдан бастап 1877 жылға дейінгі Австрияда, Пруссия, Италия, Саксания, Франция және Дания мемлекеттерінде жүргізген анализінің өзіне-өзі қол жұмсау ерлерге жақын екендігі дәлелденіп отыр. Бұл генетикалық факторлар және әйелдермен салыстырғанда ерлердің биоәлеуметтік адаптациясының төмен көрінуі ерлердің жоғары суицидалдығының биологиялық заңнамалығының барлығын дәлелдейді. Екіншіден, әлемнің 46 мемлекеттерінде жүргізілген статистикалық анализ көрсеткендей, өз өмірін қиған бір әйелге орта есеппен 3,128 + 0,266 ерден келеді екен. Бұл алынған мәліметтер А. Г. Амбрумова мен Л. И. Постовалованың мәліметтерімен сәйкестендіріледі және нәтиженің дұрыстығын айқындайды [39]. Жалпы әлемдік деңгейде ерлердің жоғары суицидалдығының орта есебі бар, табиғи генетикалық факторлармен келісілген әйелдер мен ерлердің өзіне-өзі қол жұмсауының орта ара қатынасы 1:3 құрайды. Жоғары суицидалдықтың индексі анализ жүргізілген    мемлекеттерде өзгеріп отырды, мысалы, Мартиникада индекс мөлшері 1,324-ті, Коста-Рикада – 12-ні құрайды. Әйелдер мен ерлердің өзіне-өзі қол жұмсауының ара қатынасының динамикасын анализін талдап көру үшін, келесі 5-кестені қарастырайық:

 

Әйелдер мен ерлердің өзіне-өзі қол жұмсауының ара қатынасының динамикасы*

 

 

мемлекет

1950-1954

1955-1959

1960-1964

1965-1969

1970-1974

1975-1979

1980-1984

Кезеңнің орта есебі

Батыс Еуропа

3,036**

2,955

3,020

2,813

2,703

2,577

2,660

2,823

АҚШ

3,683

3,595

3,140

2,672

2,619

2,898

3,429

3,148

Жапония

1,627

1,593

1,452

1,443

1,435

1,707

2,109

1,623

5-кесте      

* [42-44] бойынша есептелген

** өз өмірін қиған әйелге өзіне-өзі қол жұмсаған ерлердің саны

 

Кестеде көрінгендей, Жапониядағы ерлердің жоғары суицидалдығының орта мағынасы алтын пропорцияның бір санының сан қатарындағы 1,618 санына өте жақын [45]. Батыс Еуропаның орта мағынасы алтын пропорцияның басқа санына (2,618) жақын. Олай болса, ерлердің жоғары суицидалдығының кейбір мағыналары алтын пропорциясына жақын. Осыған байланысты, алтын пропорцияның қатары, әртүрлі функционалдық құрылымдар мен реттеу принциптеріне ие әртүрлі жүйелердің дамуының критикалық деңгейіне сай келеді [45]. Ерлердің жоғары суицидалдығының динамикасын қарастыра отырып, келесіні байқауға болады. Батыс Еуропа мен АҚШ-тың төменгі деңгейінің тұрақсыздығынын алтын пропорцияның (2,618) қатарына жақындала түседі, соңынан оның өсе түсетіндігін байқаймыз. Бұл жағдайда алтын пропорцияның сандарының арасындағы интервалдар ерлердің жоғары суицидалдығының әртүрлі деңгейін көрсететінін негіздеуге болады. Ерлердің жоғары суицидалдығын интервалдарға топтау үшін зерттеушілер келесі процедураларды қолданды. Әртүрлі жалған мәліметтерді жою үшін олар БДҰ-ның жылнамасындағы соңғы 15 жылдың көрсеткіштері берілген 35 мемлекетті таңдап алды [42-44]. Одан кейін, анализденіп жатқан кезеңдегі жоғары суицидалдық индекстің мағыналарын ортақтастырып, уақыттағы орта маңызын шығарды. Алынған мәліметтер алтын пропорцияның сандарын келесідегідей интервалдарға бөліп қарады.

Бірінші интервалда (1 – 1,617) екі мемлекет орналасты: Сингапур және Гонконг.

Екінші интервал (1,619 – 2,617) – ерлердің жоғары суицидалдылығының төмен деңгейі. Мұнда: Жапония, Жаңа Зеландия, Австралия, Ирландия, Ұлыбритания, Нидерланды, Италия, Греция, Германия, Дания, Бельгия, Болгария.

Үшінші интервал (2,619 – 4,235) — ерлердің жоғары суицидалдылығының орта деңгейі. Ол Венесуэла, Уругвай, Канада, АҚШ, Чехия, Швейцария, Швеция, Испания, Португалия, Норвегия, Люксембург, Исландия, Венгрия, Франция, Финляндия, Австрия мемлекеттерінде байқалады.

Төртінші интервал (4,237 – 6,853) — ерлердің жоғары суицидалдылығының жоғары деңгейі. Мұнда Чили, Польша, Маврикий орналасқан.

Бесінші интервал (6,855 – 10,09) — ерлердің жоғары суицидалдылығының өте жоғары деңгейі. Ол Коста-Рика мемлекетін сипаттайды.

Жүйелердің жалпы теориясының, жүйеліліктің принципі мен эмпирикалық нәтиженің негізінде ерлердің жоғары суицидалдық заңын тұжырымдауға болады.

Ерлердің жоғары суицидалдық заңы. 1:3 ара қатынасындағы әйелдер мен ерлердің өзіне-өзі қол жұмсауы генетикалық (ішкі) факторлармен келісілген, ал бұл пропорциядан ауытқу әлеуметтік (сыртқы) факторлардың әсерімен кедісіледі.

Жүйеліліктің принциптері мен жалпының бөліктерден басым болуынан және жүйенің жалпы теориясынан шыға отырып, 1:3 ара қатынасындағы әйелдер мен ерлердің өзіне-өзі қол жұмсауын келесідегідей түсіндіруге болады. Адам популяциясындағы жыныстық ара қатынас 50:50 тең екені белгілі. Бала көтеру кезінде қыз балаларға қарағанда ер балалар көп пайда болады, бірақ абортты істетуде ұлдардың саны азая түседі. Ал олардың туулу кезінде балалардың саны 51,5% құрайды [35, 98 б.]. Бұл жерде өлімге аса тап болатын  элементтердің жүйелік принципі орындалады. Осыған орай, 1:3 ара қатынасындағы әйелдер мен ерлердің өзіне-өзі қол жұмсауын популяция деңгейіндегі жыныстардың тепе-теңдігін сақтау үшін ерлер санын азайтудағы жүйелік механизм ретінде қарастырылады. Популяция деңгейіндегі жыныстардың тепе-теңдігін сақтау үшін бұл жүйелік механизм тек адам популяциясына ғана емес, жануарлардың популяциясында да кездеседі. Жүйелердің жалпы теориясына негізделген социумның модульдік теориясынан (СМТ) 1:3 ара қатынасы жүйелер балансының режиміне сәйкестендіріледі.  СМТ-ның бұл орны 1:3 ара қатынасындағы ерлердің жоғары суицидалдылығының тұрақтылығын түсіндіреді.

Ерлердің жоғары суицидалдылық заңының теориялық және тәжірибелік мағынасы, әртүрлі әлеуметтік жүйелердегі ерлердің жоғары суицидалдылығына сыртқы (әлеуметтік) факторлардың әсер етуімен өлшенеді. Бұл мақсатта үшке тең ерлердің жоғары суицидалдылығының биологиялық мағынадан ауытқуын қолдануға болады.

 

  • Суицидті алдын-алудағы әлеуметтік жұмыстың мәні

 

Cуицидті алдын-алу мүмкін емес деп те жатады. Бірақ бұл аурумен күресудің көп те болмаса, аз әдістері бар. Ең алдымен, осы топтағы адамдарды анықтау әлеуметтік жұмыстың мақсаты. Осындай адамдармен жұмыс істей отырып, Қазақстан халықтарының барлығы біле бермейтін ауруды тоқтату, оның өсу тенденциясын баяулату да әлеуметтік жұмыстың міндеті. Бұл аурумен қазіргі таңда психиатрлар мен психологтар жұмыс істеуде десек те болады, бірақ олардың негізгі міндеті осы дертке не үшін түсуі туралы себептерін ғана анықтап қоюмен шектесуде. Осы дертті ойластырып жүрген адаммен әлеуметтік-психологиялық жұмыс жүргізу қажет, оны қайтадан қоғамға кірістіру, бұл аурудан айығуын біз қарастыруымыз қажет. Мемлекетіміздің әлеуметтік саясатының бір бағытын осы дертті алдын-алуға, оның қоғамдағы ролінің өршіп кетпеуіне бағыттауымыз қажет. Қазақстанда ең алдымен, осындай ойды ойластырып жүрген адамдармен жұмыс істеуде әлеуметтік жұмыстың  назарын аударымыз қажет. Бұл ауруды алдын-алуда шетел мемлекеттері барынша күресуде, оның түрлі зерттеу орталықтарын ашуда. Әлемдік деңгейде жұмыс істейтін арнайы мекемелер де жетерлік. Осы жерде шетелдік зерттеу жүргізулердің біреуі тоқталып кеткім келіп отыр.

Жақында ғалымдар жасөспірімдердің миында өзіне-өзі қол жұмсауына әсер ететін ерекше рецепторларды анықтаған. Бұл рецепторлар мен өзіне-өзі қол жұмсаушылығының арасында қатынас толығымен бекітілмесе де, ғалымдардың ойынша, адам миында осындай рецепторлардың болуы өзіне-өзі қол жұмсаудың генетикалық орналасқандығынан көрінеді. Өз өмірін қиған немесе басқа адамның қолынан қаза тапқан жасөспірімдірдің миындағы 30 препараттарды зерттегеуден өткізген. Иллинойс Университетінің (АҚШ) докторы Ганшиам Пандей мен оның әріптестері өзіне-өзі қол жұмсағандардың миында мидың бір клеткасынан екіншісіне берілетін зат – серотониннің жоғары деңгейдегі арнайы рецепторлары басым екенін байқаған. Бәрімізге белгілі болғандай, серотонин адам көңіліне әсер етеді, және серотониндік алмасудың әрбір ауытқуы депрессия немесе қобалжу сияқты түрлі психикалық күйлерге алып келеді.

Генетикалық процестің келісімділігі көрсететіндей, өзіне-өзі қол жұмсаушылық туа біткендігін көрсетуі мүмкін, яғни тұқымқуалаушылықпен берілуі мүмкін. Екінші жағынан, серотониндік рецептордың жоғары деңгейі организмдегі басқа да ауытқушылықтың себебі болуы мүмкін.

Зерттеушілердің айтуынша, осы жаңалықтың негізінде өзіне-өзі қол жұмсауға бейімшілдігін анықтауға болатын, тест құруға болады. Мүмкін, осы жаңалық расында да өз өмірімен қоштасқысы келетін адамдардың санын төмендетуге өз көмегін тигізер.

Қазіргі таңда «Өзіне-өзі қол жұмсауды алдын-алудың халықаралық ассоциясы» жұмыс істеуде, өзіне-өзі қол жұмсауды алдын-алудың қызметтері әлемнің көптеген мемлекеттерінде қызмет атқарады. Бұл медикаментоздық емдеу немесе квалификацияланған кеңесті қажет ететін адамдарға медициналық және әлеуметтік-психологиялық ұйымдастырудың жаңа түрі. Бұл қызметтер халықтың кең тобына біріншіден психологиялық күйзелісті жағдайды шегуші, суицидке қауіпті және стрессогендік факторлардың  ықпалына ұшыраған адамдарға бағытталған [46, 63-67].

Қызметтердің басты принциптерінің бірі – олардың анонимділігі. Адамның жеке, азапты сұрақтары ешкімге жарияланбайды деген сенімнің болуы, клиентпен контактқа түсуді жеңілдетеді. Халықаралық суидицодлогиялық ұйымдардың тағы бір басты принциптерінің бірі – қызмет бөлімдері психиатриялық ұйымның территориясында орналаспауы қажет. Бұл адамның психотерапевтке көрінудің барьерін алып тастауға көмегін тигізеді. Психикалық аурумен ауыратын адамдардың психиатрлық есепке тұруы туралы қорқыныштан босатады.

Бұл қызметтерде психотерапевт мамандарымен қатар еріктілер де жұмыс істей алады. Бұл қызметтердің басты артықшылығы – оның негізгі бөлімдері жеке емес, бір жүйеге бірігіп қызмет етеді. Оның құрылымдық бөлімдері – «сенім телефондары», әлеуметтік-психологиялық көмектің кабинеттері, кризистік станционарлары сабақтастық байланыста болады және орталықпен бақыланып отырады.

Өзіне-өзі қол жұмсауды алдын-алудың негізгі бөлімі ретінде анонимдік телефондық қызмет («сенім телефондары») болып табылады. Ол 1953 жылы Лондондағы шіркеу қызметкері Чад Вараның негізімен құрылған және ол Еуропа мен Америка мемлекеттеріне тез тарады. Телефон қызметінің мақсаты – кризистік күйде жүрген және өзіне-өзі қол жұмсауды ойластырып жүрген адамға көмек көрсету, кризистік жағдайға кезіккен проблемаларды жеңу үшін абонентке дос ретінде кеңес беру. Қызметтің басты принциптері ішінде маңызды рөлді сенімділік, аса құпялылық, көрсеткен көмегі үшін сыйлық сұрау мен қысым көрсетуге тыйым салу алады. Қызмет жұмыскерлерінің принципі – «айыптамау, сынамау және таң қалмау», абонентке дұрыс шешімге келуге көмектесу. Халық арасында «сенім телефондары» туралы ақпараттар беріледі, өзіне-өзі қол жұмсау туралы айтылмайды, және де «депрессия, бақытсыздық және үмітінен айрылған кезде көмек көрсету» жайлы ақпараттар беріледі.

Бірақ, аса әлеуметтік-медикалық проблемалар өздігінен шешіле қоймайды. Суидидологиялық жұмыстың көпжылдық тәжірибесі көрсеткендей, бұл сұрақтардың өзін-өзі жұбату туралы негіздемесі аздап кездеседі. Сондықтан, ғылыми және тәжірибелік бағытта жұмыс істеу қажет.

Өмірге аса қауіпті депрессия, уайым және абыржу жағдайы кезіндегі конструктивті емес-тоқталып қалған характердегі жаман эмоциялармен күрес жүргізудің кейбір әдістерін жүйелеуге болады. Олар:

СЫРЫҢЫЗДЫ АЙТЫҢЫЗ!

Бұл әдісті қасыңызда сізді тыңдайтын және тілектес бір адамның бар кезінде қолдану қажет. Әлеуметтік психологияда мұндай адамды шартты түрде «жилет» деп атау қарастырған. Кездейсоқ адаммен әңгімелесу жақсы жеңілдіктер алып келеді. Бұл жерде анонимдік факторы қызмет етеді. үй жануарлары бар жалғыз адам жиі өз сырларын асыранды жануарларына шығарады.

ХАТ ЖАЗЫҢЫЗ!

Егер сізді тыңдайтын адам болмаса немесе бірінші әдісті қолданғыңыз келмесе, онда өзіңіздің уайымыңыз бен қайғыруларыңызды хат түрінде жазыңыз. Ол хаттың адресатының маңызы жоқ. Сонымен қатар ол хатты біреуге жіберу міндетті емес, егер сіз оны сақтап қоятын болсаңыз, уақыт өте келе оны оқып, анализдеп және кейбір шешімдер қабылдауға ол да бір септігін тигізері анық.

ӨЗІҢІЗГЕ СЫЙЛЫҚ ЖАСАҢЫЗ!

Бұл әдісті  өзіңізге бірнеше сағат немесе бір күн көңіл бөліңіз. Бірақ, әрқашан есте сақтаңыз, өзіңізге «сыйлықты» жиі жасамаңыз, өйткені ондай сыйлықтардың көп жасалуы, өз құндылығын жоғалтады.

БАСҚА АДАМҒА КӨМЕКТЕСІҢІЗ!

Өмірде біреудің көмегін қажет ететін адамдар әрқашан да бар. Өз «энергияңызды» жақыныңызға аударып, сіз тек игілік іс істеп қана қоймай, пассивті-төмен көңіл-күйден шығу үшін шығуға көмегін тигізеді, немесе жақсылық жасау әрқашанда жағымды іс.

ӨЗ ӨКІНІШІҢІЗДІ ҰЙҚЫҒА АЙНАЛДЫРЫҢЫЗ!

Жаман көңіл-күй мен қайғымен қоштасудың ең кең тараған түрі – ол ұйықтап қалу. Демалған ми жаман ойларды проблемаларға байланысты дұрыс шешім қабылдауға және  өмірге деген оптимистік қатынастың пайда болуына көмегін тигізеді. Орыс халқының «утро вечера мудренее» деген мақалы да жайдан-жай айтылмаған. Ұйқыға жатар алдында өзіңізді жаман ойлардан арылуға бағыттаңыз, және таңертең тұрған уақытта барлық жақсылықтарды ойлаңыз.

«ЖАМАН АЙТПАЙ, ЖАҚСЫ ЖОҚ»

Бұл мәтел сіздің ойларыңыз бен әрекетіңіздің негізгі бағыты болып табылсын. Сіздің айналаңыздағы қоршаған барлық жақсылықтарын тізіп, сізді өкінішке алып келген жағдайды анализдеңіз. Барлық іс-әрекеттеріңіз бен күшіңізді өмірдегі жақсылыққа бағыттап, жаман ойлардан арылуға тырысыңыз.  

Біздің мемлекетте өзіне-өзі қол жұмсаушыларға арнайы мекемелер қарастырылмаған, бұл біздің әлемдік деңгейге көтерілген дертті алдын-алудағы әлеуметтік саясаттың дұрыс жүргізілмегендігінен. Мемлекет басшылары осыған айтарлықтай көңіл аудармай жүр. Шетел мемлекеттерінде мұндай мекемелердің немесе қызмет көрсететін ұйымдардың түрлісі жұмыс істейді, ол олардың бұл дертті бағалауының белгісі. Өзіне-өзі қол жұмсаушылар мұндай мекемелерге өзінің ішіндегі барлық сырларын айтып салады, олардан материалдық емес, рухани көмекті қажет салады. Және бұл ұйымдардың басты белгісі – оның анонимдігінде, яғни айтылған проблемалар жайлы сол ұйымның қызметкерлерінен басқа ешкімде естімейді, «айтылған сөз айтылған жерде» деген түсінік қалыптасады. Осындай ұйымдардың бірі біздің көршіміз Ресейде де қарастырылған. Солардың бірі «Суицид» клубы, оның біз қызметін қарастырып көреміз.

«Суицид» клубы бір ғана жалғыз мақсатпен құрылған – қиын жағдайға түскен адамдарға көмек көрсету. Бұл клубтың қатысушылары екі шекте болады:

Ақ шек – егер сізде басқа адамның тығырық жағдайынан шығуына көмектесетін, күшініңіз, ақылыңыз бен ниетіңіз жетерліктей болған жағдайда сіз осы шектің құрамына кіресіз.

Қара шек – егер қазіргі кезде сіздің жағдайыңыз қиын, тығырықта болса, және өлімнен басқа ешқандай дұрыс шешімді көрмесеңіз онда сіз осы шекте орналасасыз. Сіз қиын жағдайға тап болсаңыз, жалғыздық кейпін киіп жүрсеңіз және қасыңызда сізге көмектесетін адам болмаса – сіз ақ шек адамдарынан көмек сұрай аласыз.

Қазіргі қоғамда суицидті алдын-алудағы «орнықты үлгісі» қарастырылған, онда потенциалдық өзіне-өзі қол жұмсаушы мамандарға өтінішпен бара алады. Суицидтермен психологтар мен психотерапевттерге қарағанда, психиатрлар мен суидицологтар жұмыс істейді. Олардың арсеналдарында – медикаментоздық емдеу әдістерінің кең спектрлері бар. Бұл жерде «емдеу» сөзін қолдану дұрыс емес – оның психотерапиядан айырмашылығы препараттар адамның өзіне-өзі қол жұмсауына септігін тигізетін себептерге әсерін тигізбей, нышандармен, симптомалармен жұмыс істейді.

Егер жыл сайын өз өмірін қиюшылардың саны ресми статистика бойынша 1 000 000 адамды (ресми емес — 4 000 000) құраса, осы суицидті алдын-алудағы қазіргі кездегі үлгі қаншалықты жақсы жұмыс істейді.  «Орнықты үлгінің» мағынасы неде? Ең алғашқы сенім телефондарын құрғаннан бері бірнеше онжылдықтар өтті, және психиатрия өзіне-өзі қол жұмсауды немесе өз өмірін қиюдың себептерін патологияның нәтижесі деп санағаннан бері көп жылдар өте қоймады. Ал психиатрияда кейіннен «толығымен қате» деп танылған әдістер қолданылған болатын. Уақыт өте келе әдістер де ауыса бастады, бірақ Камюдің философиялық негізгі сұрағына бұл ЭСТ, транквилизаторлар және антидепрессанттар қалай жауап береді?

Бірақ адамдар өздерін қазіргі уақыттағы сияқты мыңжылдықтар бұрын өлтіре бастаған, және сол уақыттан бастап олар өздеріне көмектесетін, түсінетін адамдарды іздеген. Егер адам өзін өлтіру жайлы ойлай бастаса, оған өмірдің әртүрлі көрінісі қызық емес. Оған сол кезеңде бір ғана мәселе маңызды – «адам не өмірмен айналысады, не өліммен айналысады». Егер ол өз ойларымен және сезімдерімен шын өмірде немесе Интернетте басқалармен бөлісетін болса, оны ең жақсы деген жағдайда есі ауысқан деп атайды және ол өз адресіне: «жақсыны ойла», «басыңды бос сөзбен қатырма», «күлімсіре», «бұл тақырыптан ауытқып, басқа қандай да бір жақсылық туралы сөйлесейік» деген сөздерді естиді. Бірақ ол қалай музыка, көлік, киім, қыздар немесе ұлдар жайлы сөйлеседі, егер оның ойында бір ғана өзіне-өзі қол жұмсау туралы ой болса және «өмір» мен «өлім» арасындағы таңдауда болса. Және жиі жағдайда, қоршаған ортасынан түсінісушілікті, қолдауды және аяушылықты таппай, ол өлімге басын бұрады.

Клубтың идеясы оп-оңай: әрбір қиын жағдайға ұшыраған, жалғыздық күйін кешіп жүрген және жанында сенетін адамы жоқ адам – өзінің күйін сипаттап, өз жағдайы туралы хатта жазып, оны клубқа жібере алады. Бұл хат қазіргі уақытта клубтың ақ шегіндегі адамдардың электрондық адрестеріне жіберіледі. Одан арғы қатынастың бәрі жобаның интерфейсін қолдануынсыз бір-бірімен жай жазысу ретінде өтеді. Яғни, «Өмір туралы жобаның» интерфейсі көмекті көрсететін ниеті бар, психологиясы тұрақты адамдардың көмекті қажет ететін адамға көмегін көрсету үшін құрылған.

Клубтың есігі тәжірибесі мен білімі өте бағалы мамандар үшін де ашық. Өзіне-өзі қол жұмсаған және бұл әрекеті орындалмай қалған төрт адамның біреуі (24%) денсаулық сақтау жүйесімен қарым-қатынасқа түседі. Бұл жүйелердің  мүлтіксіздігі туралы көп айтуға болады, бір немесе басқа себептермен осы жүйелердің қабылдауына түспеуі үшін оларға жай ғана көмек көрсету қажет. Конфуций айтқандай: «Өмір бойы қараңғылықты лағынеттеуге де болады, осы қараңғылықта жай ғана кішкентай шамды да жағуға болады». Бұл клубта «дәрігер-пациент», «психолог-клиент» сияқты нақты ролдер емес, адамның басқа адамға қол ұшын созу мүмкіншіліктері бар. Және сол адамның көтерілуіне, тығырықтан шығуына кішкентай болса да өз септігін тигізеді.

Біздің мемлекетімізде бұл дертті алдын-алудың ешқандай шаралары қарастырылмай отыр. Және Ішкі Істер Министрлігі де, Жоғары Прокуратура да осы мәселеге салғырт қарап отыр. Денсаулық сақтау Министрлігінде дертті емдейтін ұйымдар болғандығымен, олардың жұмысы дұрыс бағаланбай жатыр. Мемлекетіміздегі әлеуметтік саланың осы бағыттағы шаралары айтарлықтай жүргізілмей отыр және оған аса көңіл бөлу қажет. Мемлекетімізде өзіне-өзі қол жұмсаушыларды анықтау, оларды осы жолдан шығару, оларға әлеуметтік-рухани көмек көрсету ұйымдарын құру қажет және де осы ұйымдардың шын мәнінде барлығын, оның қызметтерін халыққа жеткізу қажет. Бір рет өзіне-өзі қол жұмсаған адам келесі ретте осы тығырықтан шығу жолдарына бетін бұрары анық. Сол үшін ол адамдармен тереңінен емдеу жұмыстарын жүргізу, психологиялық қолдау көрсету бөлімдерін де ұмытпағанымыз жөн.  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 ҚОРЫТЫНДЫ

 

Соңғы кезде әр жерден өзін-өзі өлтірушілер жиілеп барады. Ал Қазақстан халықтың жан басына шаққанда өзіне-өзі қол жұмсаушылардың саны бойынша әлемде төртінші орынды алып отыр, ТМД мемлекеттерінің ішінде екінші орынға ие. Бұл біздің енді дамып келе жатқан мемлекетімізге өте үлкен көрсеткіш.

Көптеген адамдарға кейбіреулердің өмірмен қоштасуына ешқандай себеп те жоқ сияқты көрінеді. Отбасы жағдайы бір қалыпты, жұмысы бар, тұрмысы тәуір адамдардың қайсыбірі ойламаған жерден өз өмірін қияды. Ондайда отбасы мен ағайын-туысқандары неліктен, қалай екенін біле алмай аңырап қала береді.

«Е, байғұсты қара басқан ғой, шамасы» дейтініміз де бар кей-кейде қазақы әдетпен.

Ғылым кейінгі кезеңдерде әлеуметтік үрейді, оның өрбу жолдарын зерттеуге көбірек ден қоя бастады. Әуелде онша мән берілмей, жеңіл-желпі сырқат саналса, енді ол күллі адамзаттың алаңдаушылығын туғызып, бас ауруына айналған. Шындығында оның із-түссіз кете қалатын кесел емес, адамның еңбек ету қабілетін жойып, жанын жегідей жеп, өмірден түңілдіруге дейін апаратын азабы терең ауру. Және қазір кең тараған.

Әрине бастапқы белгілері білінгеннен-ақ дәрігерге көрініп, ауруын ерте анықтатып, тиімді әдістермен емделген жағдайда ондай қайғы-қасіретті орағытып өтуге болар еді. Өкінішке орай емдеу мекемелерінің өзінде де әлеуметтік дерт қаупін жете бағаламаушылық, анық таныла тұрса да, жеткіліксіз емдеу секілді кінәраттар орын алып жүр.

2004 жылы өткен психиатрлар съезіндегі Жарбосынова мен Кудьяровтың баяндамасына сүйенетін болсақ,  Қазақстанда қазіргі уақытқа дейін психиатрлық қызметтердің құрылымдарынан басқа психологиялық стресс күйдегі және күйзелістік жағдайға ұшыраған адамдарға кешенді әлеуметтік-психологиялық көмекті көрсететін арнайы ұйымдар құрылмаған. Мұндай адамдарға медициналық көмек өзіне-өзі қол жұмсаған адамдардың өмірі мен физикалық денсаулығын сақтау мақсатында дәрігерлік көмек бірінші тәуліктермен ғана шектеледі. Және де суициденттердің реадаптациясы мен кейінгі өмірге бейімделушілігі жайлы арнайы бағдарламаларды қарастырмайды.

Жұртшылық арасында психикасы бұзылып, сырқатқа шалдыққандарды қайтадан қатарға қосылмастай көретін теріс түсініктің бар екені де жасырын емес. Нақты өмір ақиқаты болса, одан көп өзгеше. Психотерапевт, психиатр мамандарға мезгілінде қаралып, тиімді ем алған жағдайда науқастардың көпшілігі айығып кетеді.

Қазақстанның бәсекелестікке қабілетті елу елдердің қатарына енеміз деп жатқанымызда бүйірімізден мұндай әлеуметтік аурулардың шығып жатуы оған да өз септігін көрсетіп жатқаны аз емес. Суицидті алдын-алуда мемлекетімізде кешенді ұйымдарды ұйымдастырсақ, басқа да әлеуметтік проблемаларға сияқты шын көңілімізбен қарасақ, бұл біз үлкен жетістіктердің бірі болары анық.

Бұл жерде біз тек психологиялық орталықтардың қызметіне ғана сүйенбей, сол орталықтармен бірлесе жұмыс істейтін әлеуметтік ұйымдарды да қарастыруымыз қажет. Бұл ұйымдарды халық арасында кең таралуына жол беруіміз – біздің басты міндетіміздің бірі. Осындай ұйымдардың қызметі дұрыс бағытта жүргізіліп жатқаны туралы да ұмытпаған жөн.

Азаматтары арасында өзіне-өзі қол жұмсаудан ешбір мемлекет толығымен құтыла алмай отыр. Бірақ ол ауруды дер кезінде емдеп, оларға дұрыс көмек көрсететін болсақ, мүмкін біздің мемлекетіміз әлемдегі төртінші орынға емес, одан да төмен орынға ие болары анық.

Ең бастысы, әрқайсысымыз жанымыздағы құрбы-құрдастарымызды, туыстарымызды және де сүйіктілерімізды бағалайық. Оларға қолымыздан келетін бар көмекті, қолдауды көрсетейік. Сонда, бұл суицид деген әлеуметтік қатерді біз де жеңе аламыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

  1. История социологии в Западной Европе и США, М., 1999.
  2. Коэн А. Исследование проблем социальной дезорганизации и отклоняющегося поведения // Социология сегодня – М.,1965.
  3. Новые направления в социологической теории. – М., 1978.
  4. Аванесов Г. А. Криминология и социальная профилактика. – М., 1980.
  5. Осипова О. С. Девиантное поведение: благо или зло//СоцИс, 1998, № 9.
  6. А. Камю. «Бунтующий человек »., М., Политиздат, 1990.
  7. Актуальные проблемы социологии девиантного поведения и социального контроля. – М., 1992.
  8. Балабанова Е. С. Социально-экономическая зависимость и социальный паразитизм: стратегии «негативной» адаптации / СоцИс, 1999, № 4.
  9. Социально-психологические проблемы отклонений в поведений молодежи — Киев, 1984.
  10. Г. Е. Зборовский. История социологии, М.: «Гардарики», 2004.
  11. Э. Дюркгейм. Самоубийство: Социологический этюд, М., 1994.
  12. Основы социальной работы: Учебник, отв.ред. П.Д. Павленок, М.: Инфра, 2004.
  13. Курпатов А. Самоубийство – безысходность или бесмыслица? – М.,
  14. Социальная работа по профилактике и преодолению насилия, агрессии в молодежной среде, сост. К. Воль, Т. С. Сулимова, — М., 1996
  15. Иващенко Г. Т. и др. Социальная реабилитация дезадаптированных детей в специализированных учреждениях — М.: Наука, 1996.
  16. Сладков Л. А. Плюс-минус жизнь. – М., 1990.
  17. С. В. Тетерский. Введение в социальную работу. М.: Академический Проект, 2004.
  18. Қ. Құттымұратұлы. Құскелді. // Орал өңірі. 2006, 13 сәуір
  19. Щетенко Р. А. Суицид. Христианская точка зрения. – М., 2005.
  20. Ратти О., Уэстбрук А. Тайны древних цивилизации. Самураи. – М.: Эксмо, 2006.
  21. Эрванд М. Обратной дороги нет // Литер. 2006, 9 февраль.
  22. Б. Сарыбай. Дауасыз дерттің құрбандары // Парасат. 2004, № 8.
  23. Нұсқабаев Е. Жастар арасындағы жағымсыз қылықтар // Заң. 2004, № 12.
  24. Братусь Б. С. Аномалии личности, М.: Мысль, 1988.
  25. А. Мамонтов. «Мама, я хочу умереть … Спаси меня, мама!» // ЭкспрессК. 2004, 24 декабря.
  26. Краткий статистический ежегодник Казахстана. 1997. Алматы: 1998.
  27. Қазақстанның қысқаша жылнамасы, 2005. Алматы: 2006.
  28. Р. Сағидуллаева. Суицидтің кейбір психологиялық ерекшеліктері // Мектеп дәрігері. 2002, № 2.
  29. Самоубийство детей// Российский психиатрический журнал. 1998, № 3.
  30. Антонян Ю. М. Преступность и психические аномалии, М.: Наука, 1987.
  31. Сергеев С. Оглянись. – М., 1989.
  32. Дуанабай Ж. Өздігінен өлетіндер неге көбейіп келеді? // Айқын. 2005, 26 шілде.
  33. Теория и методика социальной работы: в 2 ч. / под ред.                     И. Г. Зайнышева. – М.: МГСУ, 1994.
  34. Тетушкин Е. Я. Хронология эволюционной истории человека//Успехи современной биологии. 2000, Т. 120, № 3.
  35. Мирошниченко Е. В. К соотношению биологического и социального в возрастном кризисе 20-24 года // Социально-политическая идентификация в условиях перестройки. М.: ИСАН, 1991.
  36. Boost C. Uber das Geschlechfsverhaltnis beim Menschen und seine Beein-flussung durch Erbgut und Lebensbedingungen // Biol. Rosch. 1988, Vol.26, № 1.
  37. Ford W. L. Success, Stress and Suicide: Some Neglected Cost of Female Emancipation // Social. Abstr. 1980, Vol.28, №
  38. Stafford M. C., Gibbs J. P. Change in the Relation Between Marital Integration and Suicide Rates // Social forces. 1988, Vol. 66, № 4.
  39. Амбрумова А.Г., Постовалова Л. И. Мотивы самоубийств // Социологические исследования. 1987, № 6.
  40. Shunichi A., Katsuyuki M. Suicide in Japan: Socioeconomic Effect on Its Secular and Seasonal Trends // Suicide and Life – Threatening Behavior. 1987, Vol. 17. № 1
  41. Stack S., Danigelis N. Modernization and Sex Diffential in Suicide: 1919-1972 // Comparative Social Research. 1985, № 8.
  42. Статистика Всемирного здоровья 1988. Женева.: ВОЗ, 1989.
  43. Статистика Всемирного здоровья 1989. Женева.: ВОЗ, 1990.
  44. Статистика Всемирного здоровья 1990. Женева.: ВОЗ, 1991.
  45. Сороко Э. М. Структурная гармония систем. Минск.: Наука и техника, 1984.
  46. «Черный феномен» суицида // Фемида. 2002, № 10.
  47. ҚазМУ Хабаршысы, Заң сериясы. 2003, № 3.