АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Таэквандо жекпе-жек өнерінде қол және аяқ соққыларын жетілдірудің әдістемелік негіздері

 

«Таңдап алынған мамандыққа байланысты (спорт түріне, таэквандо) сабақ өткізуден кәсіптік педагогикалық шеберлікті жетілдіру»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

5В010800— мамандығы – Дене шынықтыру және спорт

 

 

МАЗМҰНЫ

 

 

І-тарау. Таэквандо тарихы………………………………………………………………………….3

1.1.Таэквандоның басты әдістері………………………………………………………………….10

1.2. Тұрыстар………………………………………………………………………………………………..14

1.3. Соққы техникасы……………………………………………………………………………………18

1.4. Қозғалыстар……………………………………………………………………………………………22

ІІ-тарау. Дене қыздыру………………………………………………………………………………….31

2.1. Физикалық дайындық…………………………………………………………………………….39

2.2. Психореттегіш жаттығулар…………………………………………………………………….47

2.3. Қазіргі заман Таэквандосының тәсілдері………………………………………………..49

2.4. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Таэквандо спортының даму тарихы…………………………………………………………………………………………………..54

2.5. Жылдың басты жоспарына дайындықтың үлгі-моделі…………………………….57

Қорытынды ………………………………………………………………………………………………….60

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………………………………………61

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-тарау. ТАЭКВАНДОНЫҢ ТАРИХЫ

 

Таэквандо тарихының тамыры жекпе-жек өнерінің жүйесі ретінде тереңде жатыр. Ұрыс өнерінің жетекші эксперттері қоян-қолтық ұрыс жүйесінің отанын ежелгі Үндістан деп есептейді. Б.д.д. шамамен VI-ғасырда Будда монахы қалың сақалды Бодхидхарма (жапонша Да Мо) «Сақалды варвар» Қытайға келеді. Ұзақ уақыт ел аралағаннан кейін Хенань провинциясындағы Шаолинь монастырына тоқтайды, онда ол әрбір тірі жанның кеудесінде Будда табиғатының оянуы туралы өзінің білімін үйретеді. Бодхидхарма Будда әрбір адамда, кез-келген затта болады, оны тек өмірге ояту керек деп тұжырымдайды. Бірақ монахтар негізінен сутра мен киелі кітапты оқуға жүгінді, шындықтан әрі кете берді және жаңа білімге ұмтылмады. Ары қарай аңызда Бодхидхарманың 9 жыл бойы қабырғамен ойласып және өзін-өзі жетілдіру үстінде үңгірде өмір сүргендігі баяндалады. Да Мо ұзақ уақыт қимылсыз отырғаннан қозғалу қабілетінен айрылады, бірақ ол кешенді дене жаттығуларын жасай отырып, жоғалтқанын қалпына келтіреді.

Да Мо монахтардың денсаулығының әлсіздігінен көп сағатты медитацияларға шыдай алмайтындығын байқады, содан кейін «ар хат қолдарының 18 қимылы» атты психофизикалық жаттығулар жүйесін енгізуді шешті (архат — Оңтүстік Үндістандағы Будда пантеонының жартылай бұты). Кешен әдісі монахтардың күші мен рухын ұзақ діни лауазымдарда сутра оқу кезінде және рухани-медитациялық тәжірибе дене жаттығуларымен ауысып жатқанда, сондай-ақ аспан астындағы жолында сенімді қорғаныс құралымен қызмет етуі қатаюға бейімделді.

Бодхидхарма бүгінгі күнге жеткен өйгілі қоян-қолтық ұрыс өнері у-шу жүйесін жасаушы болып саналады. Кейінірек XI-ғасырда: жылан, айдахар, тырна, бағылан және жолбарыс.

Бодхидхарманың Үндістаннан Қытайға әкелген тәсілінің түрлері «Шаолинь кэмпосы» атымен таралды және бірте-бірте қытайшаға айналды.

Монах жекпе-жекшілері туралы сөз Шаолинь монастырынан бүкіл аспан астына аты шыға бастады, артынша сол жерге басқа жақтардан монахтар келе бастады.

Шаруалар соғысы және азаматтық булік кезінде Бодхидхарма орт үстікте қаза болады, ал тірі қалған бірнеше «Бес Баба» Фукиен провинциясында қайта құрылған Оңтүстік Қытайдағы Оңтүстік Шаолиные кетеді.

Осылайша «Шаолинь кэмпосы» ұрыс өнері Империя төріне шығады және ешқандай да құпиялылығын қалдырмады.

607 жылы Суй династиясы заманында Қытай Рюкю архипелагымен жақсы сауда қатынасын жасады. Архипелаг бірнеше ұсақ аралдар тобынан тұрады. Сакисима, Окинава, Токара және Амали аралдары.

Аралдар сызбасы. Окинава — аралдардың ішінде қатты созылып жатқан, көлемі шамамен 1254 шаршы шақырым ең ірі арал. Орта есеппен аралдың ені 10-13 шақырым, ал ұзындығы шамамен 108 — 110 шақырым болады.

Көптеген ірі елді мекендер аралдың оңтүстік бөлігінде топталған. Бұл Наха, Сюри және Томари қалалары. Ең ірі порт-Наха қаласы. Ол аралдың елордасы болып табылады.

Қытайдың жағалауына дейінгі арақашықтық тікелей 600 шақырымнан асады.

Архипелагтың этникалық халқы жапондықтармен туыстас, диалектілерде Рюку деп айтылады.

1372 жылы Окинава әміршісі Сацудо Мин династиясының императорлық ауласынан вассалъды қатыстьшықты мойывдады. Екі ел арасында лауазымды түлғалармен алмасу болды және 1392 жылы Окинавада түрып жатқан Қытай отбасылары Кэмпо аралына өкелінді. 1429 жылы Окинаваның ұлығы Се Ха Си өзінің қол астында аралдарды біріктірді және қарудың барлық түрлерін ұстауға тиым салды, өйткені тұрғындарда қарудың болуы ерте ме, кеш пе қарулы көтеріліске әкелуі мүмкін.

Бұл жоғары атақтылар және өкілеттік шенеуніктерге бола жасалды.

Халық шенеуніктер мен өскерлердің озбырлығынан, сондай-ақ аралдың орманды тауларывда жасырынған қарақшы тобынан қорғансыз болды. Бұл шаралар көптеген шаруалардың қарусыз күйде қоян-қолтық ұрыстан рухтың қатандығын, күш-еркін, жаттығу бұлшықеттердің болаттығын қаруға қарсы қою мақсатында көмек іздеуіне алып келді.

1606 жылы бірнеше мың жауынгерлер самурайлар қолбасшы Симадзудьщ басшылығымен Окинаваға түсірілді. Аралдың қару-жарақсыз тұрғындары қарсы тұра алмады және арал қоршауға алынды, басып алынды. Окинава Жапон империясының протекторатына айналды. Халық алым-салықпен салықтанды, қатыгез дискриманациямен тартылды. Жауап ретінде шаруалар салық жинаушыларды өлтірді, ұсақ самурай қарауылшыларын талқандады.

Сонда 1609 жылы жапон наместнигі қару ұстауға тиым салу туралы екінші қатаң екім шығарды. Суық қаруды жасырған шаруалар, қалалықтар сондай-ақ монахтар өлім жазасына кесілді. Он жыл ішінде әрбір ауылда тек бір ғана үлкен пышақты селоның орталық алаңында байланған аңдар мен балықты кесу үшін қалдыруға келіп жетті. Әл келмейтін салық саясаты мен басып алушылардың озбырлығы ұйымдасқан қарсы шығу ошағының пайда болуына әкелді. Жағалай көтеріліске жете қоймаса да, шектен шыққан самурайлармен соқтығыстар жиі болып тұрды. Окинава халқы құпия қоғамдарға біріге бастады және деревнялар мен селоларда өзін-өзі қорғау одақтарын құрды.

Осылайша екі бағыт дүниеге келді. Біріншісі «Тэ» деп аталды, оны жергілікті аристократтар мен қалалықтар тәжірибеледі. Екіншісінің алғашқьща ешқандай да аты болмады. Тек уақыт өте келе оған «кобудо» деген ат берілді, оны шаруалар мен балықшылар тәжірибеледі.

Сол Окинава-тэ стилі қалаларға бөлінді: Наха-тэ, Сюри-тэ және Томари-тэ. XVII жүзжылдық ағымда мектептер терең астыртын әрекет жасады. Барлық шәкірттер өз қанымен құпияны сақтауға ант берді. Егерде кімде-кім туыстарын жапондық өкілдерге зорлықпен сатып қойса, онда ол сатқынды әшкере өлім жазасы күтіп тұрды. Оны қайықпен теңіздің терең жеріне алып кетіп, жеңіл тілгілеп байланған күйінде суға лақтырған. Қанның иісіне ақулалар жиналады және мысық-тышқан ойынынан кейін қылмыскердің антын жеп қояды.

Окинавалықтардық самурайлармен соқтығысынан кейін өз кәсібінің барлық бірлігінен тіс қаққан тәжірибелі жауынгерлермен араласуға тура келді. Жеңіске деген мүмкіндік үлкен емес, соңца да бұл мүмкіндікті кез-келген құнмен болса да алу керек болды. Осыдан барып Иккэн хисацу принципі жарыққа шықты («бір соққымен сеспей қатыру»).

XVII-XVII ғасырлар арасында «Тэ» және «кобудо» стильдері архипелагтың әйгілі аралдарында қытайлық жекпе-жек жүйесінің фрагменттерімен (то-тэ) бірікті, содан барып «Окинава-тэ» («қытай қолы») деп аталатын әйгілі жаңа өнер дүниеге келді.

«Спорттық» жекпе-жектерде қарсыластар арасында әдетте у-шу нәтижесіне келтіретін.

Қажырлы жаттығулар кезінде қол мен аяқты қирату күш қаруына, айлалы әрі айтқысыз бағдарлама бойынша әрекет ететін қаруға айналдырды.

Ерекше қажырлылық қол мен аяқты шынықтыру үшін жасалды, тек болат қол ғана панцирьді ұра алады немесе самурай шлемін уатады.

Жұдырықты алғашында жай ғана макивареде шынықтырады (сабанмен оралған вертикалды тақтайша), самурай қылыштарына қарсы қорғану құралы ретінде шаруалардың еңбек құралын пайдалану тәжірибесі де осымен қатар іске асырылды. Бірнеше онжылдықта кэмпо шеберлерін дайындау құпия қоғамының аясында және өзін-өзі қорғау одағы қатаң құпия түрде жүріп жатты. Сол кездегі бірде-бір ұстаздардың, бірде-бір мектептердің аттары қалмаған.

XVII ғасыр ортасында бірнеше жыл Қытайда тұрған және сонда цуань-шу, бо-дзюцумен айналысқан, Акатадан шыққан қандай да бір Сақутава отанына оралып, Сюри қаласында Таэквандо-но-Сакугава жеке мектебінің негізін қалағаны белгілі. Бұл «кара» («қытайша») иероглифінің мектеп атауы ретінде қолданылуының бірінші жағдайы еді.

XX ғасырға дейін Окинавада Таэквандо сөзі екі иероглифпен жазылатын: кара сөзінің баламасы «Тян династиясын» басқаруы кезіндегі «Қытай» мағынасын білдіреді, бірақ кейде «Ұлы Қытай» және тэ-«қол» түсінігін беруде кең мағынада да қолданады.

XIX ғасырдың 30 жылдарының басында Сакугаваның шәкірті Сокон Мацумура Серидзи-Рю Гокону Таэквандо мектебін құрды («Шаолинь стиліндегі Таэквандо Отавды қорғау үшін»). Бұл мектеп кейіннен пайда болған Окинавалық стильдер мен мектептердің негізгі өзегі болды.

1871 жыддан бастап Жапония Окинаваға өздерінің заңын және білім жүйесін енгізе бастады, ал корольдіктің өзі автономиялы мемлекеттерден 47-ші империя префектурасына айналдырды.

Бұдан басқа, 1872 жылғы буржуазиялық реформалардың арқасында самурайлар өздерінің күшінен айрылды және басқа сословиялардың құқыларымен теңесті. Осы шаралардың нәтижесінде окинавалықтар мен самурайлар арасындағы соқтығыстар токтатыдды. Бірақ құпия қоғамдар сақталды әрі олардың мүшелері Таэквандомен және кобудомен қажырлы айналысуды жалғастырды Окинавалықтар бұлардан енді ұлттық рухқа күш беретін қайнар көзін көрді.

Осылайша Окинавада жекпе-жек өнерінің астыртын дамуының ұзақ мерзімі бітті.

XVII ғасырдың соңына қарай шақыру пункттеріндегі және бұйрық беру өкілдері тэ жүйесінде айналысып жүрген Окинавалық денесі жақсы шыныққан шақырылдарғандарға көңіл бөлді. Бұл тексерудің қорытындыланған берілгендері Окинаваның кейбір оқу орындарына эксперимент тәртібінде Таэквандоны оқу пәні ретінде енгізу негізделді.

Мемлекеттік мекемелерде Таэквандоні ашық түрде оқытатын ұстаз, ескі Окинава стилі Сюрк-тэ Ясуцуне Итосу болды. Ғажайып техник, жекпе-жекші және тамаша ұстаз Окинаватэның Окинавадағы бастауыш мектебінің оқу бағдарламасына  1900/1  оқу жылынан бастап енгізілді. Ежелгі Окинавалық қоян-қолтық ұрыс мектебін негізгі екі топқа: «Серин-рю» (Сюри-тэ және Томари-тэ стилін өзіне енгізуші) және «Серэй-рю» (Наха-тэ стилі) бөлу жалпыға бірдей қабылданған.

Жалпы айтқаңда, «Серин» және «Серэй» терминдері әртүрлі мағынада қолданыла алады. Қытай стилі «шаолинь-цюань» (монастырь атауы бойынша «жас орман жұдырығы») Окинавада белгілі болған кезде Серин термині де қытайлық сөзінің «Шао-линь» Окинавалық айтылуымен пайда болды, ал Серин-рю атауы «жас орман мектебін» білдіреді. Бірақ бұдан басқа «се» деп оқылатын иероглиф бар, бірақ ол «жас» емес «емен» деген мағынаны білдіреді, мұны өзінің мектебінің аты ретінде Итосу Ясуцунэ қолданған. Оның «Серин-рюі» «еменді орман мектебі» мағынасын білдіреді.

Ал «Серэй» термині «Шаолинь» иероглифінің оқылуының жергілікті вариантын ұсынады және Наха аймағы диалектінде «жас орман» мағынасын білдіретін.

«Кэмпо» термині «цуаньфа» қытай иероглифінің Окинавалық оқылуын білдіреді («жұдырық әдісі» немесе «жұдырық заңы») өте ертеде XV ғасырда Окинавада белгілі болған алғашқы Қытай у-шуының мектебін осы «Кэмпо» сөзімен атаған.

Жапоңдықтарға Таэквандоні таныстырудың алғашқы әрекетін 1886 жылы Жапонияға сапар шеккен Окинавалық шебер Азато Анко жасады. Ол өзінің 59 жаста екеніне қарамай дәстүрлі ұрыс өнерінің көптеген шеберлерін, атап айтсақ Сакудзиро Екояманы, мықты дзюдошы Сайго Сиродан кейінгі Кодокананды жеңген. Бірақ Азатоның бұл тамаша жеңісі айналасындағылардың ешқандай қызығушылығын туғызбады. Екінші әрекетті 1915 жылы Окинавалық дәрігер Читосэ Цуеси жасады, бірақ оның да әрекеті байқалмай өтті. Үшінші өрекет Гитин Фунакоси атымен байланысты. Білім министрлігінің шақыруымен 1917 жылы Гитин Фунакоси Киотоға келеді, онда ол Бутокукайда таныстырылады (ұрыс өнерінің Жапондық одағы).

Жапонияда Таэквандоның таратылуы Осакаға Окинавалық шебер Мотобу Чоки келген 1921 жылы бастадды. «Еуропалық Таэквандоның әкесі» Анри Пле (Франция) айтқандай Мотобу Чокисіз Таэквандо Жапонияда ешқашан танылмас еді, онда жекпе-жек өнерінің ұстаздары Окинавалық «то-тэге» терең қарайтын еді.

Мотобу ұрыс өнерінің өзінің шеберлерімен бірге әйгілі отбасыдан шыққан, отбасылық стиль «Го-тэн-тэ» немесе «Мотобу-тэ» деп аталған және Мотобу Чохеден бастау алған. Мотобу Чоки «Го-тэн-тэден» басқа Серин-рю бағытының бірнеше стилін үйренді. Алып дене күші бар Мотобу өте тез арада Окинаваның ең әйгілі жекпе-жекшілеріне айналды. Ал өзінің айтқысыз қимылдары үшін Чокуға «маймыл» деген ат қойылды. «Кумите» тәжірибесінде Мотобу Чоки стилі қатаң байланысты болды және өзінің мақсаты-нокаутты алға қойды. Осыдан Чокидың тағы бір аты шығады-«тейдзикун» (Окинавадан аударғанда «сеспей қатыратын жұдырық» мағынасы). Мотобу Чоки көрсеткішті шығулары және өз қалауымен ұрысқа шыққысы келгендермен болған жекпе-жегі арқылы өз өнерін насихаттады, Жапонияда Таэквандоны бекітуді бастады және Гитин Фунакосиге баға жетпес көмек көрсетті.

1921 жылы 6-наурызда кронпринц, болашақ император Хирохито Еуропадағы сапарынан келе сала, Окинавалық Таэквандоның жетістігін көзбен көруді қалады. Ол үшін Сюри ғимаратында ката, тамэшивари және кумите ұйымдастырылды. Принц жіңішке денелі болғанымен ұрыс әрекетіне таң қалды. Бұл Таэквандоның тағдырына оң ықпал етті. 1922 жылы көктемде Білім Министрлігі Токиода спорттан алғашқы ұлттық көрмені өткізді. Осы іс-шараны ұйымдастырушылардың шақыруымен Гитин Фунакоси Таэквандоның оқулығының үш томын алып кедді.

Кітаптың гранкалары мен қолжазбалары Токиодағы жер сілкінісі кезінде опат болды, кейіннен жаңа кітап («Дене мен рухты шынықтыру, сондай-ақ Таэквандо арқылы өзін-өзі қорғау» кітабы) жазылды («Рэнтан госин Таэквандо-дзюцу»). Таққа отырған жаңа император-Хирохито Г.Фунакосидың шығармасымен танысып, оның жетістігін жоғары бағалады. Кано Дзигароның (қазіргі дзюдоның әкесі) және кэндоның шебері Накаяма Хакудоның шартымен Фунакоси бірнеше шәкірттерімен Токиода қалады.

19 жасынан Фунакоси бастауыш мектепте ұстаз болады Окинава және Жапон тілдерінен басқа Қытай тілін де еркін меңгерген. Ол поэзиямен (оның лақап аты «сето»-«Емен мен толқын»), философиямен, каллиграфиямен айналысқан тәрбиелі, инабатты адам болған. Шебер Фунакоси 15 жасында Сюри-тэ стилін үйренуді бастаған. Алғашқыда оның ұстазы Азато Анко баласы, содан кейін патриархтың өзі болды. 1890 жылы ол Итосу Ясуцинге оқуға түседі. 1924 жылы Г.Фунакоси Мэйсэй-Дзюкудағы жатақханадан бірінші клубты ашады және насихаттаумен айналысады, астаналық университеттерде Таэквандоны енгізеді.

Кейінгі жылдары Г.Фунакоси өзінің «Таэквандо кехан» кітабын шығарады және сонымен бірге Сетокан-рю стилінің шыққаны туралы хабарлайды.

Сетокан эмблемасына қызыл күн мен аппақ жарты ай белгіленеді, тотемдік рәмізі-оң аяғын көтеріп тұрған жолбарыс және оның үстінде «ке» иероглифі «үйрену» бар.

Дөл осы үйрену қазіргі Таэквандоның мектептерінің, бағыттарының, стильдерінің әр алуандығына қарамай бірыңғай бәрін қамтитын дәстүрдің негізі болады.

Ұрпақтардың ғибратына шебер техникалы құралдан бөлек «Таэквандошіге өсиет» атты үндеуін қалдырды:

-«Бу-додан «бу» иероглифі жазуда қару ұрысын доғаруды рәміздейді. Таэквандо Бу-доға қарайтын болғандықтан, бұл ең алдымен жекпе-жекке шықпас бұрын жақсылап, ойланған жөн және қажетсіз жерде жұдырықты ала жүгіруге болмайтындығын біддіреді.

Жастық-бұл әділдік пен албырттық. Албырттық ұрыс онерімен қыздырынады және қайырымдылыққа, ал кейде зұлымдыққа да құйылып жатады. Егер Таэквандо жолымен дұрыс жүретін болса, онда адамның мінезін жақсартады және ол еділдіктің нағыз қорғаушысы болады. Зұлымдыққа пайдаланылған Таэквандо қоғамдық бастауға және адамға қарсы болуы мүмкін.

Күшке адамдық пен әділдік басым болмаған жағдай жүгінеді. Егер де жұдырықты ойланбай жұмсасаң айналадағыларға деген қарым-қатынасты жоғалтасың және өзіңе нашар қарым-қатынасты тудырасын. Игі рухты бозбала өмір жолының басында өз сөзі мен ісіне байсалды болғаны жөн.

Абыройынды сақтай білу керек, бірақ қатыгез болмауда қажет. Ұрыс өнеріне адамды көтеру жатады. Айналадағы адамдарды ренжітіп, ақылсыз, ойланбастан әрекет етуге болмайды. Шеберлер мен әулиелер кейде қарапайым болып көрінеді, тек өзімсінген ақымақтар өздерінің қандай да бір ұрыс өнерімен айналысатындығын жер-жаханға жар салады». Фунакоши өзінің мектебімен астанада мықты бекітілгенімен, көпшілік ұсынған Бірінші ұстаз болғанымен бірге оның жерлестері, серіктері Таэквандо майданында ұмытлуды ұмытқан жоқ.

Окинавалық шебер Кэнва Мабуни (1893-1957 жж.) Осакада Сито-рю стилінің негізін салды.

Стильдің алғашқы атауы Ханк-рю болды. К.Мабуни тек атын ғана емес, сондай-ақ көне стильдің техникасын Окинавалық басқа стильдермен, тәсілдермен, мықты күшті Наха-тэ стилімен байытты.

Стиль қатаңдығымен күшімен, қимылдардың ішкі концентрациясымен, шапшандығымен, сондай-ақ Сетокан классикалық бастамасымен Окинавалық техниканың көптігімен ерекшеленеді.

Наха-тэның басқа әйгілі шебері Тедзюн Мияги (1888-1953) Годзю-рю стилін жасады («қаттының жұмсақпен сай келуі»).

Т.Мияги қолымен өгіздің жанын тесіп өту қабілетін және аяғымен тақтайшаны теуіп сындыруды игерген. Бұл стиль алдыңғысына қарағанда анғұрлым қатал, биік тұрысты, иілгіш ауысулар және күшті фронтальды соққымен біріккен қарсы блоктар және белсенді қорғанысты.

Медицина докторы Хиронори Оцука (1892-1982) 1939 жылы қазіргі Таэквандоның әйгілі стилі Вадо-рюдің негізін салды («Әлем жолы»)-Бала күнінен классикалық ұрыс өнерімен айналысқан Оцука каратәге дзю-до, айки-до және кен-до тәжірибесін енгізді. Вадо-рю тиімді техникасымен, жұмсақ кету басымдылығымен және шапшаң қатты соққылардың үйлесуіндегі блоктармен ерекшеленеді. Техникалық бөлігі джиу-джитсуден енген, барлық ставка күшпен және қаттылықпен емес, шапшандықпен, иілгіштікпен, айлалы қимылдармен, финттермен және кетумен жасалынады.

1936 жылы «Рюкю Симпо» газетінің ұйымдастыруымен болған Окинавалық Таэквандо шеберлерінің конференциясы жекпе-жек өнерінде рухани бастаманың приоритетін («до») жар салатын Таэквандоның жаңа концепциясын бекітті. Сондай-ақ атауды өзгерту туралы шешім қабылданды: «кара» иероглифы «қытайша» немесе «Тян дәуіріндегі Қытай» мағынасын «кара»-«бос» мағынасына ауыстырылды. Осылайша «қытай қолы» өнері «бос қолдың жолына» айналды.

Дене және психологиялық тренинг өдісін, стратегиясы мен тәсілді философия мен өткеннің моралін қорытындылай келе Фунакоси мен оньщ серіктері өлемге Таэквандоны ашты және әлем оған таңданды. Ежелгі даналардың ұмытылған трактаттары болмыс жұмбағына берілетін кілт өмірдің мәнін айқындайтын ұлы жаңалықпен айтылды. Әлемнің әр еліндегі Таэквандоның миллиондаған табынушылары үшін заңның есте сақталатыны былай айтылатын Сетокан жарғысымен сызба пайда болды:

— «Адамдық мәнді жетілдіруге ұмытлу»;

— «Әділдік жолмен жүруге ұмытлу және оны қорғау»;

— «Өзіңнің   бойында   еңбеккерлік   рухын   және қажырлылықты тәрбиелеу»;

— «Әдептілікті құрметтеу»;

— «Басқыншылықты болдырмау».

II дүниежүзілік согыстың алдында Жапондық Таэквандоның ірі төрт стилі болды: Родзю-рю, Сито-рю, Сетокан және Вадо-рю. Осылар көптеген басқа стильдер мен мектептердің құралуы үшін негіз болды. II дүниежүзілік соғыс Жапондық Таэквандоге ескі мектептерді жаңаша модернизациялауға жетелей отырып, көптеген өзгерістер енгіздірді.

50 жылдардың соңына қарай Таэквандо біржолата бекітілді, ал 60 жылдардан бастап бүкілдүние жүзіне кең түрде тәжірибеленді.

Жоғарыда көрсетілген әйгілі стильдерден басқа келесі стильдер, мектептер, бағыттар да бар: Сето-кай, Сюко-кай, Санкю-кай, Сериндзю-рю Кэнко-кай Таэквандо, Кекусинкай («абсолютты шыңдық қоғамы» немесе «жетілу шьщьша жол»), Сенки-кай, Сэйсин-кай, Хаяси-ха, Тани-ха және т.б.

Жапондық Таэквандо ассоциациясы 1955 жылы негізденді, оның құрметті президенті Г.Фунакоси болды. 1957 жылы өткізілген Таэквандоның бүкілжапондық чемпионатынан бастап осы ежелгі ұрыс өнерінің жаңа спорттық өмірі басталады.

Таэквандоның танымалдылығының өсуімен байланысты әр алуан стильдердің бірігу әрекеті және Таэквандоның олимпиядалық мойындауға қол жеткізу үшін күрес басталды.

1965 жылы Таэквандоның Еуропалық Одағы құрылады (EKU). Президенті болып Жак Делькур (Франция) сайланады. 1966 жылдан бастап Таэквандоден Еуропа чемпионаты жыл сайын өткізіледі.

1969 жылы Ж.Делькур және жапон миллиардері сол кезде Таэквандоның жапондык федерациясын басқарған Сасагава 1970 жылы Токиода болған Таэквандоден 1 әлемдік чемпионатын өткізу туралы келісім-шартқа қол қояды.

Осы чемпионатта 33 елдің өкілдерінің конгресі Таэквандоны ұйымдастырудың дүниежүзілік одағын (WVKO) құру туралы шешімді қабылдайды. Қазіргі уақытта WVKO дүниежүзілік Таэквандо федерациясы WKF болып қайта құрылды.

1976 жылы WVKO құрамынан Сетокан стилінің әйгілі шебері өзінің дәстүрлі жеке Таэквандо ұйымын (ITKF) құрған Нишияма Хидэтаки шықты және олимпиядалық ойындарда Таэквандоны жеке өзін ұсыну құқық үшін күресті бастады. Бұл шебердің беделі мен әсері жоғары болғаны сонша дүниежүзілік Таэквандо екі лагерьге бөлінді. Халықаралық Олимпиядалық комитет Таэквандоны мойындауды екі ұйымның бірігуі шартымен қойды. Нишияма мен Делькур арасындағы келісімге келу 20 жылдан астам уақытқа созылды.

1998 жылы желтоқсанда EKF және WKF президенті Антонио Эспинос (Испания) сайланғаннан кейін Халықаралық олимпиядалық комитет WKF-ты мойындады, Таэквандо 2004 жылы Афиныда өтетін Олимп ойындары бағдарламасына енгізілді.

Таэквандоден жарыс ерлер мен әйелдер арасында екі негізгі бөлім бойынша өткізіледі:

  1. Кумитэ-спортшылардың негізгі тәртіппен соққы беруде жіберілетін байланыс сатысын анықтайтын жекпе-жегі. Спортшылар бірнеше салмақ категориясында жеке және командамен сайысады. Жеңімпаз жинаған ұпайлары бойынша анықталады.
  2. Ката (жапонша «форма»)-дәстүрлі Таэквандо тәсілдерінің техникалық кешені, олардың орындалуы тұрақты критерилермен бағаланады. Жеңімпаз орындалу формасы мен спасына қарай анықталады. Сайыс жеке және командалық түрде өткізіледі.  

 

1.1. Таэквандоның басты әдістері

Таэквандо өнері жүздеген жылдардан бері қалыптасып келе жатыр. Бұл өнердің де аздаған қателіктері бар. Бұл өнерді игеру үшін қиын және ұзақ уақыт кетті.

Таэквандо-бұл ете қатаң метод. Таэквандо өнерін игеру үшін қатаң төртіп және табандылық қажет. Қиын физикалық жаттығуларға әркім төзе бермейді. Физикалық жаттығулар арқылы адамның денсаулығы да нығая түседі.

Таэквандомен айналысатын киелі жер-жаттығу залы (доджо). Жаттығу залына кірерде барлық проблемаларды және уайым-қайғыны ұмыту керек. Барлық ықылас-ынтамен жаттығуға кірісу керек. Залдан тек қана мұғалімінің рұқсатымен шығу керек. Мұғалім Таэквандо әдістерін түсіндіріп жатқан кезде, оқушылардың барлық ой-ықыластары мұғалімде болуы тиіс. Оқушыда Таэквандо өнерін үйренуден басқа ешқандай ой болмауы керек.

Мұғалім мен оқушының арасындағы қарым-қатынас этикетке сай болуы керек. Әрбір жаттығу бас иго арқылы басталады және аяқталады.

Оқушылар басты айла-әдісті үйрену үшін оларға екі ай уақыт беріледі. Бұл уақытта оларды толық үйреніп шығу мүмкін емес. Оқушылар күнбе-күн жаттығу жасап тұруы керек, және барлық ынта-ықыластарын жаттығуға жұмсауы керек.

Егер жаттығу дұрыс жасалмаса және жүргізілмесе онда көздеген мақсатқа жету мүмкін емес. Таэквандо сабақтары ғылымдық салада және физикалық, физиологиялық әдістерге сай болуы керек. Таэквандо сабақтарын оқушы бастапқы кезде қалай түсінсе, ары қарай іс жүзінде де солай орындайды.

Таэквандо өнерінде оқушы өзін-өзі басқара білуі және күш-жігерін игере алуы шарт. Таэквандо өнерінде мына басты қағидаларды ескеру керек:

 

Ауырлық тепе-теңдік

Таэквандо әдіс-айласын игеру үшін физикалық, физиологиялық және психологиялық әдістерді игеру керек. Бұл әдіс-айланы іс жүзінде орындаған кезде ажырату мүмкін емес. Спорт өнерінде үздік формалар осы Таэквандоден шыққан.

Денедегі барлық мүшелер жаттығу жасағанда бір-біріне байланысып тұруы керек. Денедегі үш тұрақты фактор: салмақ, ауырлық орталығы және тепе-теңдік.

Салмақ еденге тікесінен тұрғанда сол жердегі салмақ-салмақ орталығы болып табылады. Алаңның көлемі ұлғайған сайын дене кішірейе береді. Салмақ орталығыны білу үшін аяқты иықпен бірдей қашықтықта ашу керек. Сол кезде салмақ түскен жер-салмақ оралығы болып есептеледі. Мұндай жағдайда барлық салмақ екі аяққа түседі. Салмақты бір қалыпты сақтап тұру үшін және сергіп жүру үшін аяқты ұшымен секіріп жүру керек. Мұндай жағдайда қолды да, аяқты да еркін қимылдатуға болады.

 

Күш, жылдамдық, концентрациясы

Бір ғана күшті игеру спортта көп жетістіктереге жеткізе қоймайды. Күшті дер кезіңде қоддана білу керек. Күшті жай, қатты немесе жылдам жаттығулар бұл ауыр нәрселерді көтергенде қолданылады.

Таэквандо өнерінде жылдамдық үлкен роль атқарады. Жылдамды күш жұмсаудағы басты элементтердің бірі болып есептеледі. Қол және аяқ жылдам қимылдауы тиіс бұлшықеттер мықты болуы тиіс. Бірақ бастапқы кезде өте жылдам қимылдаса аяқ жағында қылжиып қалады. Себебі бастапқьща өте жылдам жасалған жаттығулар бұлшық еттерді шаршатып және босатып тастайды.

Қайтадан контакт болған кезде бұлшықеттер іске кіріседі, және азырақ болса да күш беруі үшін. Бұл периодта күшті салмақ түсіруден және басқарудан бұлшықеттер өте қызу іске кіріседі. Мұны практика жүзінде де көруге болады.

Күшті және жылдамдықты арттыру үшін барлық уақытта және үзбей жаттығып жүру керек. Жиі және үзбей жаттығып жүрген адам өзін-өзі жақсы қорғай алады.

Қарсыласының ішкі ойын және қимыл-қозғалысын бақылап отырады. Бір ғана бағытқа бағытталған соққылар бұлшықеттердің әлсіз болуына әкеп соқтырады. Әр түрлі бағыттарға бағытталған соққылар-қимылдар бұлшық еттердің ширап, күшейіп, нығая түсуіне әсер етеді.

Денедегі барлық жүйелерді сол бағытталған бағытқа жұмсау және бар күш-жігерді сол жаққа бағыттау-жетістіктерге жетелейді.

 

Ритм

Дұрыс орындалған қимыл-қозғалыс Таэквандоде ритмсіз болмайды. Үйренуші үшін ритм-бұл әрбір әдісті үйрену үшін өте қажет, әсіресе басты әдісте (кихон).

Ритм басты формальді жаттығуда («ката») үлкен роль атқарады. Төмендегіше элементтерге басты назар аудару керек: Әртүрлі жылдамдықтар және жәй және баяу қимылдар, күш салу және босаңсу. Дұрыс тыныс алу, психофизикалық жағдайлардың әсері. Бұл талаптар ритмсіз болады.

 

Тыныс алу

Таэквандоде іштен төмен тыныс алу керек. Мұндай тыныс алу көкірек бұлшықеттерін сақтауға мүмкіндік береді жене ол техникалық әдістерді (қимылдарды) орындауға аса қажетті. Сонымен бірге төменгі тыныс алу бірден қарын бұлшықеттерін «кимэ» жұмысының барысында іске кірісуте, сонымен қатар көкірек пен ішті тез тарту, соққы беру жағдайда өзіне үлкен күштілікпен әсер етеді. Жапондықтардың айтуы бойынша адам жаны еркінді және күштің басты беліктерімен бірқалыптылықты қамтамасыз ету қажеттілігін есте сақтау керек. Төменгі тыныс алу ішкі органдардың жұмысын реттейді.

Тыныс алуды бақылау қарынның төменгі бөлігіне көңіл аударып концентрациялау тыныштық пен сенімділікті қамтамасыз ететін жағдай. Қарсыласыңа шабуыл жасамастан бұрын тыныс алу керек, шабуыл жасаған кезде тыныс шығарып «ки-ай» деп айқайлау керек. Тез тыныс шығарып, бұлшықеттердің күшімен (энергиясымен) қарсыластың бетін кайтару керек. Тынысты ішке тартқан кезде бұлшықеттер созылып денесін бос тастайды. Бұл сәт шабуылға қолайсыз. Бір жағынан осы сәтте қарсыласын да тыныс алып, шығарғанын білуің және саған қарай шабуыл жасағанда тыныс алуын бақылау керек.

 

Ес және еркіндік

Жеңіс ең алдымен өз-өзінді жеңуден басталады. Яғни бұл үшін ең алдымен шектен шығып кетпей, ішкі жан дүниеннің тыныштығын сақтау керек. Егер басыңызды қатерге тіге отырсаңыз да бірқалыпты бейқам болуыңыз керек. Сонда ғана сіз жеңіске жете аласың. Егер Сіздің жаныңызда қорқыныш пен ашу буырқанып тұрса, онда Сіздің барлық күш-жігеріңіз қарсыласыңызға өтеді.

Сіздің өміріңізде қандай да бір жағдай болмасын, яғни, Сіздің рухыңыз әрқашан да жоғары дәрежеде болуы керек. Сондықтан Таэквандоде ең қиыны осы. Осының салдарынан сан қилы жылдар өтеді.

Тек осы жағдайда Сіз шеберлікті меңгеріп ішкі тербеліске ие боласыз. Өзін еркін ұстау, тепе-тендікте бола білу кез-келген қарсыласыңды жеңе білудің жолы. Қажырлы еңбек және тұрақты ішкі жұмыс процесінде қарсыластың іс-әрекетін, ойын аңғаруға болады.

 

Арақашықтық соққы кезінде берілген сәт

Арақашықтық ұзындықтың бөлігіне қатысты, соққының бөлігі мен мақсатын білдіреді. Әрбір соққының өзінің бағыты бар. Егер арақашықтық өте үлкен болса-соққының күші жоғалады, осы жерден бір қалыптылық жоғалып, саған қарсы шабуыл жасауға мүмкіндік туады.

Егер арақашықтық өте жақын болса, соққы қатты күшпен келмей, бұл жерде көп қимыл болмайды. Егер Сіз қарсыласыңызға өте жақын тұрсаңыз, оның Сізді ертерек соққыға жығуы мүмкін.

Макиварадан жұмыс барысында соққының қуаты аяқ және қол ұзындығы бойымен жалғасады.

Таэквандоде қарсылаетар әдетте бір-бірінен бір қадам болса да алшақ тұрады, яғни осылай тұрса соққы беру ыңғайлы болады дене қимылының шапшаңдығымен қосымша қимыл жасай алады. Бұл арақашықтықтар тәжірибеде «кумитэ» ретінде қабылданады.

Дұрыс арақашықтық мынадай факторлардан тұрады:

1.Сіздің тұрысыңыз (стойка).

  1. Қолданьюған (орындалған) жаттығулар.
  2. Физикалық мінез-құлықтар сондай-ақ Сіздің қарсыласыңыздың ойы. Егер де сіз қимыл жасайын деп тұрған қарсыласыңыздың жылдамдығы мен қимылын бақылап тұруыңыз қажет. Бұл іс-әрекет сіз қарама-қарсы келе жатқан қарсыласыңыздың белгілі-бір нүктесіне соққы берудегі іс-әрекеті.

Егер қарсыласыңыз өте жақын тұрса, оған күшті соққы беру мүмкін емес, ол үшін сіз артқа немесе жаныңызға қарай жылжып, арақашықтық сақтап, соққы беруге болады.

Соққы беретін кезде өте қажетті үш факторды білуіміз керек. Олар:

  1. Сіздің күшіңіздің сәттілігі.
  2. Сіздің және қарсыласыңыздың арақашықтықтарыңыз.
  3. Қарсыласыңызға шабуыл жасаған кезде оның техникасын бақылау керек.

Тайминг осындай жаттығулары сіздің шабуыл жасайын деп жатқан кездегі сіздің іс-әрекетіңізді былай талдауға болады.

а) Сіздің қарсыласыңыз сізге шабуыл жасауға дайын. Ол сізді соққыға жығатын сәтте, өзіне соққы тиерін ойламайды. Осы уақыт сізге ете қолайлы болып табылады.

ә) Сіздің қарсыласыңыз сізге шабуыл жасаған сәтте көп күш жұмсағандықтан, ары қарай әлсіреп қалады.

б) Сіздің қарсыласыңыз сізге соққы бергеннен кейін бір қадам артқа немесе шетке қарай шегінеді. Осы кезде ол сізге ешқаңдай қарсылық көрсете алмайды.

в) Сіздің қарсыласыңыз 1-соққыға түскеннен кейін келесі соққыға жығуға ат салысасыз.

г) Осы сәтте ол әрекетін тоқтатын күшін жоғалтыл, әлсірейді.

д) Қарсыласыңыз демалып немесе демін шығарған кезде халі нашарлайды.

е) Қарсыласыңыз осы кезде тепе-теңдігін жоғалтып, тұрысын өзгертіп, өзін-өзі қорғайды. Осы кезде сіздің шабуылға шығуыңыз үшін жол ашылады.

Турасы (қорыта айтқанда)

Энергияньщ жоғалуының ең басты себебі осы сіздің күшіңіз қарсыласыңыз нақты бір көздеген нүктесіне тигізу керек.

Сіздің кездеген мақсатыңызға жұдырықпен соққы беру үшін белгілі әдістерді пайдалану керек. Осы әдістер арқылы көздеген мақсатыңызға жете аласыз.

Осы әдісті Таэквандоде былай қолданады. Мысалы: қарсыласыңыздың бетіне ұрған кезде жұдырығыңыз әрқашан бәксенің жанында болып, саусағыңыз жоғары, содан соң жарты айналым жасайсыз (осы кезде саусағыңыз төменге бағыт алады) және үлкен күшпен көздеген нүктеңізге жеткізуіңіз керек. Енді бір жағынан қарасақ осы уақыттағы соққыңыз күйреуші соққы болып келеді.

 

1.2. Тұрыстар

Алғашқы деректерге сүйенсек, қытайда «Бу» сөзі екі мағына-қадам және тұрысты білдіретінін білуге болады. Расында да тәжірибелі спорт шебері қарапайым адамдар үшін түсініксіз шапшаңдықпен бір тұрыстан екіншісіне «қадам жасайды».

Біз өмірімізде бір ғана тұрыс-60-70 см. Тең қадамды білеміз, сол себепті де қозғалғанда кез-келген қалыпсыз жағдайда өте икемсіз Таэквандоның негізгі дұрыс, тиімді техникасын құруда алғашқы дәрежелі маңыздылығын дене мен аяқ атқарады. Дене нығыз болу керек, сонымен бірге тез қимылдау керек. Сондықтан ауырлық нүктесінің тез ауысуын жасайтын саусақтардың, сирақтардың тізенің серпімділігі, сондай-ақ санның бұрылуы арқылы табан әр аяққа салмақ түсіреді. Денені түзу қалыпта ұстау керек, омыртқа бастан аяққа дейін түзу болады. Табан арқылы жасалған параллелограм арқылы өтетін бір тік түзуде бас пен ауырлық нүктесі де болу керек.

Кеуде бұрылған иықпен жазылу керек, бұл диафрагманы босатады және тыныс алуды жеңілдетеді.

Ішін саңдардың ортасына келтіріп, (аз ғана күш жұмсаған іш бұлшықеттерімен) және ауырлық нүктесін төмендету үшін төменге қарай сығымдау керек. Тыныс алу іштен басталады.

Бет босаңсыған күйде болады, ауыз жиырылуы керек. Сілекей секрециясын жеңілдету үшін, көмейдің құрғап қалмауын сақтап қалу үшін тіл жоғары таңдайға жанасу керек. Бұлшықеттерді босаңсыту қажет. Ішкі қуат ки басты түрде ауырлық орталығына көңіл аудару керек. Тыныс алу-ки көзі ретінде терең, түзу болып, кеуденің жоғарғы бөлігінен емес, іш пен диафрагма арқылы өтсді.

Тұрыстар «шабуылдайтын» және «қорғанатын» болып бөлінеді, бұлар «ауыспалы» тұтас қозғалмалы жүйелілікке байланысады. Қозғалысқа үлкен потенциалды тұрыстар болады және айланы шектейтін жағдайдағы жұмысқа арналған тұрыстар болады.

Ең бастысын білген жен: «тұрыс» түсінігі уақытқа қатысты, егер геометриялық параметрлерді алатын болсақ, мысалы, «шабуылдайтын» тұрыс тек соққы беруде қолданылады. Содан кейін не «қорғаныс» түріне, не басқа қимылға ауысады, не алдыңғы қалпына келеді.

Әр түрлі тұрыстарды біріктіретін басты нәрсе-бұл тұрақтылық, кез-келген жағдайда баланстың сақталуы, тұрысты мезетінде таңдау және қолдану, бірдей қалыптасатын жағдайлардың түсінігі, ең ақырында орындалатын тәсілге дене бұлшықеттері арқылы жоғары күшті жұмсау мен қалыптастыруға жағдай жасайды.

Еркін спарринг үшін екі тұрыстың біреуін таңдау мектептен, спортшының дара ерекшеліктерінен: оның күшінен, спарриште қозғалу жылдамдығынан, ұрысты жүргізу әдісіне байланысты.

Біз үйреніп және іске асыру үшін келесі тұрыстарды ұсынамыз:

Тәйджидати (Т бейнелі тұрыс)

Табандар «Т» әрпінің қалпына орналасады (артқы табан біршама ішке қарай бұрылады). Олардың арасы 30 см. Бүкіл дененін салмағы екі аяққа бөлінеді.

Ренодзи-дати (L-бейнелі тұрыс) Табаңдар «L» әрпінің қалпында орналасады, алдыңғы табанның орта сызығымен фронттен артқа жүргізілген сызық артқы аяқтың өкшесінің артқы бөлігінің жанымен өтеді.

Фронтальды бағытта тұрыстың, ені шамамен иық пен санның еніне сәйкес болады. Бүкіл дене былайша бөлінеді: 60-70% алдыңғы аяққа және 30-40% артқы аяққа. Артқы аяқ аз ғана бүгіледі әрі 45% бұрышта шабуыл сызығына сыртқа қарай жазылады.

Арқаны түзу, ал дененің жоғарғы бөлігін жерге перлендикуляр ұстау керек. Кеудені алға қарай түзу жазады немесе ханмига (жартылай фронтальды бағыт) тұру керек. Мұндай жағдайда сан мен иықты 45 градус бұрышта фронтта ұстау керек, тек алға қарай қарау керек. Тұрыс блоктауда және алдыңдағы шабуылға тиімді.

 

Кокуцу-дати (артқы тұрыс)

Екі аяқтың өкшесі шамамен бір сызықтың бойында тұрады, дененің салмағы артқы аяққа ауысады (60-70%). Бұл қорғаныс тұрысы деп есептеледі. Санның негізгі қалпы-ханми.

Фудо-дати немесе Сочин-дати (1 сурет. Түбірлі тұрыс) Классикалық ұрыс тұрысы, Киба-дачи мен Дзентуцу-дачи арасындағы аралықтағы қалып. Екі аяқ та бүгіледі, табан 45 градус бұрышқа иіледі, корпус жартылай жазылады.

Тұрыс мықты шабуылды блоктау үшін және шапшаң қарсы шабуылды жүргізуде тиімді болып табылады.

1-сурет

 

Неко-аши-дати (2 сурет. «Мысықтарша» тұрыс) Кез-келген басқа тез қимылға ауысуды немесе қимылдың бағытын ауыстыруды жасайтын ауыспалы тұрыс.

Аяқтың табаны 45 градус бұрышта болады. Алдыңғы аяқ бір табанның аралығындағы артқы өкшемен бір сызықтың бойында. Артқы аяқ дененің 80-90% салмағын көтереді.

Екіншісі алдыңғы аяқтың ұшымен өкшесі жерден көтерілген 10-20 % көтереді.

Хангецу-дати (3 сурет. «Жарты ай» тұрысы) Дзенкуцу-дачи мен санчин-дачи арасындағы тұрыс.

Табанның қалпы Дзенкуцу-дачидегі сияқты, бірақ табаңдардың аралығы қысқарақ. Тіземен ішке қарай иілу әдісі Санчин-дачимен ұқсас. Бұл тұрыс шабуыл үшін де, қорғаныс үшін де қажет.

                                       3-сурет            4-сурет

 

Санчин-дати (5 сурет. «Құмсағат» тұрысы)

Дененің жұмыс істеу принципі Хангецумен бірдей, бірақ тұрыс негізі едәуір төмен, табан иықтың еніне тең болып жазылады, дененің салмағы екі табанға балама түрде үлестірілген. Тізе шамамен 45 градусқа бүгіледі, табанның басы мен тізе ішке қарай иіледі. Окинаваның барлық стилі тыныс катасы Санчинді үйренеді, мұнда атгас тұрыс-негізгі.

Жарысқа дербес вариант ретінде «спорттық тұрыс» қолданылады. «Спорттық тұрыста» дененің салмағы екі аяққа теңдей түседі, аяқтың өкшесі еденнен аз ғана көтеріледі, негізгі салмақ саусақтардың ұшына түседі. Алдыңғы табан тізе шаты жауып тұратындай орналасады. Тұрыстың ені-иықтың енімен, тұрыстың ұзындығы-жекпе-жек барысында теңеседі.

5-сурет

 

Біз ұсынған кез-келген тұрыс шабуыл ретінде де қорғаныс ретінде де қодданылады. Тұрыстардың қорғаныс және шабуылға бөлінуі шартты және ауырлық нүктесінің жағдайымен байланысқан. Көптеген тұрыстарда ауырлық нүктесінің қозғалуынан қорғанудан шабуылға немесе керісінше ауысуға болады.

Кез-келген тұрыс еркін спаррингте қозғалмалы, яғни жекпе-жек барысында туындаған жағдайға байланысты өзгеріп отырады және басқасына ауысуы сирек кездеспейді.

Тәжірибелі спорт шеберлері қарсыластардың күші тең болғанда екеуінің тұрыстың көп түрін, сонымен бірге шабуыл және қарсы шабуыл қимылдарына сәйкес тұрыстың біреуінен екіншісіне ауысуды білетіні жеңеді деп есептеледі.

Міне сондықтан әр түрлі тұрысты (ережені) мұқият үйрену және олардың қозғалуы, бірінен екіншісіне ауысу еркін спарринг үшін өте маңызды.    

 

Негізгі тұрыстардың жаттығу әдісі:

Бір тұрыста ұзақ уақыт (бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін) оның геометриясын өзгертпей тұру.

— Дененің күш жұмсауының изометриялық алмасуы мен геометриясын өзгертпей толық босаңсуы. Күш жұмсау уақыты 6 секундтан аспауы керек.

— Бір тұрысты қабылдау, содан кейін («қадамдау») осымен байланысқан тұрысқа ауысу, ал егер бір орында болса, онда табанды көтермей санның айналуы.

— Дененің барлық бөлігі қимылды бір уақытта бастап және аяқтау керек. Аяқтың өкшелері қимылдың кез-келген нүктесінде шабуылдау үшін еденде тайғанайды.

— Тұрысты үйренуде қорғаныс пен шабуылдың осы тұрысты орындау ыңғайлы болатын тәсілдерін үйренген жөн.

 

 

1.3. Соққы техникасы

Қол, аяқ және дененің басқа да бөліктерімен соққы түрлері жеткілікті. Кептеген ғылыми-танымалы басылымдарда олардың орындалуы мен техникасы өте мұқият көрсетілген. Сондықтан да бұл оқу құралында оларды қайтадан қайталап жазудың қажеті жоқ. Спорттық Таэквандоде қолданылатын соққы түрлері шектеулі. Осыған байланысты біз тек кейбіреулерін ғана ұсынамыз.

 

Қол

Сэйкен-«тура жұдырық». Базалық техникадағы негізгі форма. Жұдырықты дұрыс қолдану үшін келесі нәрселерге сүйенуді ұсынамыз: алақан мен саусақты алға созу, алдымен кішкентай саусақты қатты майыстырып, кейін бірте-бірте қалған саусақтарды майыстыру арқылы алақанды жұдырық етіп түйістіру қажет. Дұрыс жиналған жұдырық өте мықты әрі қатты болу қажет.

Саусақты майыстырып қысқаннан кейін, бірінші қатарда үлкен саусақ майысады және басқаларын күшпен басады. Саусақтар білезіктің үстіңгі бөлігімен сүйір бұрыш жасауы қажет. Жұдырық білектің жалғасы болады. Сонымен бірге сынықты болдырмау үшін білезік майыспауы қажет. Жұдырықтың соққыда қолданылатын нүктелері сұқ және ортаңғы саусақ (кэнто) негізі болып табылады.

 

Тура соққылар

Ои-цуки-бұл қол жұдырығының тура соққысы мен бір уақытта алға жіберілген аяқпен шабуыл. (6,7,8 сурет).

Дзен-куцу қалпы тіреуіш аяқты көтермей, артқа қалдырылған аяқты алға қарай жылдам аустыру. Қозғалатын аяқтың еденге жанасуы кезінде өте қатты соққы жұдырықпен берілуі тиіс. Сонымен бірге жартылай айналу болады, жұдырықтың қозғалу траекториясында тұрақтылықты және соққының дәлдігін арттыруды қамтамасыз етеді.

8-сурет

 

7-сурет

 

6-сурет

 

Бастапқы жағдайда алға жіберілген қол жылдам артқа тартылады, бұл реактивті қозғалыс соққының мықтылығын күшейтеді.

Сол жақтық тұрыстан оң жақтыға ауысудың нәтижесінде мықын 90 градусқа бұрылады, бұл соққы күші болып табылады.

Ои-цукиді орындау техникасында келесі жағдайларды орындау маңызды:

— сымбат ( бастың орналасуы, түзу тік арқа);

— қимылға берілетін алғашқы күш;

— өкшенің ауысуы үйлестігінің дұрыстығы, соққының шешуші фазасында санның айналуы;

— қатты баланс және соққы энергиясын алып тастаудың іргетасы ретінде дұрыс ақырғы тұрыс;

— биомеханикалық және психикалық құрамалардың дәл фокусировкасы.

Гияку-цуки-«кері соққы», негізгі қарсы шабуыл соққысы. Қолмен, немесе бір орында, немесе алға қозғалуда әр түрлі атпен алға жіберілген аяқпен орындалады. (9,10,11,12,13 сурет).

Орындалуы. Хидари-фудо-датидың бастапқы жағдайында сол қол адда болады, оң аяқта тізеден түзулей, ауырлық ортасы алдыңғы аяққа аз ғана жылжиды, дзенкуцу-датихе ауысады.

Мұнымен бірге бір уақытта санның айналуы, сол қолдың артқа бір қырына қарай тартылуы және оң қолдың соққысы басталады. Барлық қимылда бір уақытта аяқталады.

13-сурет

 

12-сурет

 

11-сурет

 

10-сурет

 

9-сурет

 

13-сурет

 

 

Аяқ

Коси-саусақтың негізі.

Куби-өкшенің көтерілуі.

Маи-гери-тура алдындағы фронтальды соққы. Соққының сырты-коси. (14,15,16 сурет)

Орындалуы: Фудо-дати оң табаннан еденнен бірден итеріліп, аяқты созады және тізені барынша көтереді. Соққы беретін аяқтың табаны еденге параллель, қорғаныс аяқ тізеге аз ғана иіледі. Ары қарай жоғары көтерілген аяқтың тізесі жылдам жазылады, ал табан тура траекторияда көзделген нүктеге барады. Аяқтың қысқа мерзімді белгісінен кейін соққының ақырғы бөлігінде ол бірден соққы алдындағы жағдайға тартылады.

16-сурет

 

15-сурет

 

14-сурет

 

 

 

Маваси-гери-алдыңнан көлденең айналып, қатты тиетін соққы. Дзедан, Чудан деңгейі, табанның көтерілуі арқылы орындалады. Әр түрлі тұрыста, бастапқы тұрыстағы алдыңғы және артқы аяқпен ауысуда өткізіледі. (17,18,19 сурет).

Орындалуы: Бастапқы жағдайы-Фудо-дати тізені шетке нақты көтереді, сирақ санға қарай қысылған, ал табан соққы беруге дайын, тура бағытталады. Бір уақытта иінді тізенің қозғалуына қарай қарсы айналдырып, сирақты бүкпей шабуыл сызығына соққы беретін тізені алып шығады. Иық пен жамбастың өзара барынша бұралуы кезінде соққы беретін аяқтың саны мен сирағы шеңбер жасап көтеріледі (айналу ортасы тізе болады), нүктені «сабалап», жылдам өкше мен бөксеге қайтарады, ал жамбастың бір жағы төмендейді.

Одан ары тізе қалыпты жағдайына келеді.

19-сурет

 

18-сурет

 

17-сурет

 

Ура-маваси-гэри-«кері» шеңберлі соққы. Дзедан деңгейі бойынша табанмен орындалады. (20, 21 сурет).

Егер маваси-гэри соққы алдындағы жағдайда қатты бүгілгеннен кейін түзуленетін аяқты түсірсе, ал ура-мавасиде бәрі керісінше: соққының алдывда аяқ жіберілген, ал аяқталған кезенде-өзіне өкшемен соққы бере отырып бірден тез бүгіледі.

Орындалуы: Бастапқы қалпы-Дзию-каме (еркін тік тұру).

20-сурет

 

Оң аяқпен алдында сермеу жасайды, қиғаш бағытта солға жоғарыға қарай аяқ жазылады. Соққы беретін табанды көлденең жағдайда, өкшенің көлденең жазықтықтағы солға-оңға қарай өзіне өкшені шеңберлі қимылдармен қысып, санды бүгетіндерді жұмысқа тез қосу қимылымен бір уақытта дамытады. Сирақты аралықтағы қалыпқа келтіру. Бастапқы тұрысты қабылдау. Маваси-гэри, Ура-маваси сияқты аяқты алға артқа қозғау арқылы орындалады.

21-сурет

 

 

1.4. Қозғалыстар

Жекпе-жек кезде (бос спаррингте) тиімді атыс (қарсы шабуылда) кезінде карсыласына жақындау керек немесе оған тиімсіз арақашықтықта болу керек. Бір тік тұрудан екінші жаққа ауысу, алға жылжу, шегіну, бұрылыстар-жекпе-жектегі ең қауіпті кездер, қарсыласың осы кездерді пайдаланып, шабуыл жасауы мүмкін.

Сондықтан осындай барлық жағдайларды еске алу керек, барлық қозғалыстар шапшаң, элементтерді сақтай отырып істеу керек. Қозғалыс кезінде міндетті түрде мына талаптарды орындау керек:

— қозғалыс кенеттен («қоңыраусыз») және жылдам болуы керек;

— қозғалыстың барлық фазасында абсолюттік қатал баланыстарды сақтау керек;

— дене қозғалысының нақты фиксациялық қалпы сақталуы керек;

— дененің толық салмағын сақтау;

Егер ауырлық орталығы жабдықталған болса, онда бұл жағдайда өткізілген атыс әлсіз болады.

Негізгі қозғалыс бағыты қолданылады: алға, артқа, сол жаққа, оң жаққа, алға-солға, артқа-солға, алға-оңға, артқа-солға.

  1. Алға-артқа қозғалып секіру («челнок») солға-оңға. (22 сурет).

Тұрған бойда («фудо-дати») аяқты алмастырмай орындау. Екі аяқты полдан секіру арқылы бір мезгілде итеру арқылы іске асады. Алға-артқа, солға-оңға қозғалу бағытында.

  1. Тұрған бойда алмасып секіру (сол жақтан оң жаққа немесе керісінше).

Атыстан кету кезінде немесе қарсыласын алмасу кезінде шатастыру үшін қолданылады.

  1. Секірудегі қозғалыста (окури-аши). Жылдам атыс кезінде нәтижелі. Артта тұрған аяқ алға қарай сырғанайды, адда тұрған аяқты итереді. Оны алға қарай итеріп, соның орнына іс жүзінде тұратын сияқты етіп. Сол кезде атысқа айналып кету қаупі бар. Сондықтан окури-ашиды тез орындау керек.

22-сурет

 

  1. Суриком (немесе ери-аси) қозғалысының тәсілі.

Табанды қозғалыс кезінде әр жаққа қою немесе алдыңғы, немесе артқы жақтан басталады (алдыңғы адым, артқы адым, артқы бір адым).

Ара қашықтықты қысқарту үшін сырғымалы адымды алдыңғы аяқпен (алға қарай адым) жасаңдар, дененің салмағы алға өтеді, ал артқы аяқ дененің қозғалысынан кейін жүреді. Керек жағдайда ара қашықтықты үзуге болады. Артқы аяқпен сырғамалы «адым артқа», ал дененің салмағы артқа қарай өтеді, алдыңғы аяқ дененің қозғалысының соңынан жүреді. Оны иығымен итере, таратады, бірақ ілмекке іліне бұрылып есік айқара ашылады және адам алға қарай ұшып түседі.

Ереже бойынша белдемше айналымы немесе иық, немесе бүкіл корпустың айналымы табанның алмасуы арқылы жүзеге асады.

— қарсыластардың алдындағы бос кеңістікті тез қысқарту-бұл өнер ұзақ дайындықты қажет етеді.

Қазіргі Таэквандоге тән нәрсе-ол бір қалыпты қимыл-қозғалыстың жоқтығы. Жеңілдік және жылдамдық қозғалыста ерекше орын алады, қорғаныс және де шабуыл әдістерінде

Қозғалыстың маңызы туралы әйгілі боксер Мұхаммед-Әли былай деп дәлме-дол айтқан еді:

«…қозғалғанда көбелек тәрізді болып, ал шаққанда ара құсап шағу керек!» Бұл боксерларға арнап айтылған сөз, бірақ Таэквандоге де қатысы бар.

Таэквандоның қимыл-қозғалыстары тез және болжауға болмайтындай, сонымен қатар әр ұрыс сайын олардың түрі өзгеріп тұрады. Жоғарыда келтірілген түрлері алға-артқа, оңға-солға қарай орындалуы мүмкін. Бірақ оның әрқайсысының өзінің ерекшелігі бар.

Көптеген қимыл-қозғалыстарға тән нәрсе ол түзу тұру, фудо-дати да, бұл жан-жаққа қимылдауға өте ыңғайлы болады. Бір типті және әртүрлі типті қозғалыстарды түрлендіруге болады, сол арқылы күресте жақсы нәтюкеге қол жеткізуге болады.

Қозғалыстың маңызды түрлерін үйрену үшін, жаттығу үшін, қолды белге қоя тұрып үйренген жөн.

Басты назарды аяқтың қимылы мен тұлғаның дұрыс тұруына аудару керек. Келесі қимылдарды алдыңғы жаттығулардың орындалуының дұрыстығына көз жеткізгесін барьш істеу керек.

Аяқты шынықтыру мақсатында, іштің бұлшықеттерінің тепе-теңдікті сақтау қабілетін арттыруға төменгі сатыдағы қозғалыстарды жаттықтыру пайдалы.

Қозғалысты үйрену және жетілдіруді кихонда да, сондай-ақ қатарда да алға-артқа бес қадам жылжьш істеуге болады. Қозғалысты жетілдіре отырып, әртүрлі әдістерді де өңдеп олардың мақсаты ұру позицияларын жақсарту.

Еркін жекпе-жекте сіздің шабуылыңыздың сапасы мынаған байланысты, қандай жылдамдықпен қарсыласыңызға жақындасаңыз және шабуылдап болған соң қалай тез оның контратакасынан шыға аласыз. «Юруді» және «шығуды» өңдеп үйренгенде мына жаттығуларды пайдаланыңыз. Фудо-датидың екі бастапқы кезеңін пайдаланып, бірден серпіліп, алдыңғы аяқты иілдіріп, алдыңғы қатарда тұрған қолыңызбен қарсыласыңызды» алда тұрған иығын шапалақпен ұрып жіберуге тырысыңыз. Сіздің қарсыласыңыз бірден артқа шегініп жанына қалып, өзіне тидіргісі келмейді. Кезек-кезек бір-біріңізді қуып жүріп, қозғалыста «қайық» болып, екі қолымен кейінірек аяқтармен соққылауға болады.

Одан кейіы қарсыласыңызбен ауысып, бойы мен салмағы әртүрлі және де дененің басқа ерекшелігі бар, бұл қозғалысты биік деңгейге жеткізуге болады.

Ары қарай алақанның орнына, қадағаланьш тұрған жұдырықпен басынан немесе денесін соққылауға болады.

 

Иіліп қашу (каваси-вадза)

Каваси-вадза-бұл техниканы пайдаланғанда, шабуылдан қашу, немесе бұл блокты басқа мүмкіндік жоқ кезде пайдалану немесе блок қоюға басқа уақыт жоқ кезде, немесе тепе-тендікті жоғалтқанда жене оны қайтадан орнына келтіргенде, ал кейде шабуылдауға да болады.

Каваси-вадзада тек қана аяқ пен қол ғана емес, бүкіл дене қозғалыста болады.

Иіліп қашудағы маңызды әдіс техникаларын көрсетіп, пайдалануын келтірейік.

Маэ сбри-ми-артқа денеңмен шалқаю.

Ено-фури-ми-жанына иілу.

Паэ-кабо-ош-алға еңкею.

Тоби-ми-орнында секіру, жоғары секіріп қашу.

Мұнда қарсыластың шабуылынан қашудың мынадай әдістері қолданылады:

Хинери-хан-бан-дененің бұрылуы. Хирами-ми-аяқты ашып тұрып бұрылу, Мавари-ми-аяқты айқастырып бұрылу. Отаси-лан-төменге тізе бүгіп кету. Аси-сабани-аяқты шалыстан алып қашу. Уке-ми-құлап қашу.

Осы келтірілген түрлердің әрқайсысын жақсылап меңгеру керек, себебі оның кез-келгені қарсыластың шабуылынан иіліп қашу, контратакамен бірге жүріп, отыру керек.

 

 

Шалу

Шалу-бұл қарсыласты тепе-теңдік қалпынан шығару мақсатымен жілініпектен шалу соққылары.

Қарсыласты тепе-теңдік қалыптан шығаратын аяқтан соғылатын соққылар Кари-вадза («кесу техникасы») бөліміне жатады және келесі түрге бөлінеді:

— табан астымен берілетін «жойқын» соққылар (Аси-Барай)

— төмеші сүйекте жіліншекпен «шалу» соққысы

а) Айналып соғу (маваси-гари).

б) Осының айналасында 180 градус айналма соққы (кайтэн-гари немесе «айдахардың құйрығы».

Аси-барай табанмен шалу арқылы айналма қозғалыспен орындалады. Табан еденге қарай жазылады. Шалу-соққы жіліншікті-табанды буынмен келесі вариантта орындалады:

— қарсыласының аддыңғы аяғынан өзінің артқы аяғымен, сырттан-ішіне шалу;

— қарсыласының соққысынан қорғанғаннан кейін артқы қорғаныс аяғымен шалу;

Маваси-гари-жіліншекпен «шалу» соққылары былай орындалады:

— бір аяқпен;

— екі аяқпен бір уақытта;

— қарсыласына екі аяғымен соққы беруде қорғаныстағы аяғымен;

— өзінің осін 180 градусқа айналдыру арқылы (кайтэн-гари) Ахиллес сіңірі мен балтырдың бұлшықеттерімен орындалады.

Табанмен шалу тәсілінің екі типін қосуға болады:

Аси-барай-Кайтэн-гари: артқы аяғымен қарсыласының алдыңғы аяғынан сермей шалу, содан кейін бүкіл денесімен төменге түсу, денесін 180 гадусқа бір уақытта бұрып, өзінің жіліншегімен қарсыласының артқы қорғаныс аяғын айналып шалу.

— Маваси-гари-Кайтэн-гари: алдымен қарсыласының алдыңғы аяғына өзінің жіліншегімен соққы береді, содан кейін Кайтэн-гари сияқты орындалады.

— Аси-барай-Маваси-гэри: бір аяқпен сермейді, екінші аяқпен алға қарай қозғала отырып, төменгі сүйекке айналма «шалу» қарсыласының артқы аяғына жасалады.

Шалуды жасауда аса маңыздылар:

  1. Шалуды бастаудың дәл уақытын белгілеп алған жен, яғни қозғалыс дер кезінде болмаса, жағдай тиімсіз болады.
  2. Тәсілді тез және қатты орындау керек, ал егер бұл тәсілдер байланысы болса, онда уақтылы бірге және мықты орындалады.

Әдетте шалулар және басқа да соққылар: аяқ, қолмен берілетін соққылармен, тұрыс алмасуымен, алдау қозғалыстарымен, ұмытлумен және т.б. сәйкес келеді.

 

 

Жаттығу

Татамидегі жекпе-жекте тек қана спортшының мінез-құлқы емес, оның ептілігі, зейіні, тік тұруы және өзінің қарсыласын ойындық айла, жылдамдык пен алысу әрекетінің орындалуының бірегейлігі есебінен жеңіске жету үшін алысуды құрастыра білуі де көрінеді. Осы барлық іскерліктер, дағдылар, дене күшінің әрі психикалық сапалар жаттығу процесінде ұластырылады және тәрбиеленеді.

Спорттық жаттығуға спортшының дене күшінің, техника-тактикалық, моральдік-ерік және теориялық дайындық кіреді.

Жаттығу-күрделі педагогикалық процесс, мұнда жаттықтырушы алдында қазіргі заманғы Таэквандо арқылы қойылған бір ізді, жүйелі өзара байланысқан әрі өзара келісілген міндеттерді шешеді. Жаттығу спортшы үшін алғы жетістіктерге негіз болуы қажет.

Оқу-жатгығу процесінде жаттықтырушының ролі зор. Оның еңбегі жауапкершілікті және көп еңбекті, оның білімі, іскер айласы, мақсаттылығы істің жетістігін шешеді. Ол өзінің педагогикалық еңбегін ұдайы арттырып және де барлық алдыңғы жетістіктерді бойына сіңіріп қана қоймай, сондай-ақ оларды іс жүзінде енгізуі қажет.

Таэквандоның жаттығуы жетілдіру процесі ретінде бір өлшемді даму мен түрлі бағыттылыққа ие екені белгіленген.

Сонымен жоғарғы класты Таэквандокалардың жаттығуы дайындық мерзімі мен кезеңіне байланысты, әрі енді үйренуші картэкалардъщ ғана емсс, сондай-ақ тәжірибелі Таэквандокалардың жаттығуларынан елеулі түрде ерекшеленеді.

Біршама тәжірибелі Таэквандокалардың жаттығуында басты түрде дене күшін арттыру міндеті, содан кейін барып, техникалық және тактикалық дайындық міндеттері шешіледі. Жоғары білікті Таэквандокалардың жаттығуы басты түрде техника-тактикалық іскерлікті, функционалдық мүмкіндіктерді, содан кейін ғана дене күшінің даярлығын, яғни тиісті жоғарғы нәтижелерге қол жеткізуді жүзеге асыруға бағытталған.

Дайындық мерзіміне келер болсақ, оның жалпы дайындық кезеңінде жоғарғы класты Таэквандокалардың техника-тактикалық шеберлігі ретінен де, функционалдық мүмкіндіктерін дамыту ретінен де ерекшеленеді. Егер жалпы дайындық кезеңіндегі басты мақсат-техника-тактикалық тәсілдерді кен, шеңберде меңгеру өрі оларды жетілдіру болса, онда арнайы дайындық кезеңінде тілдірілген техника-такгикалық құралдардың шеңбері тарылады. Бірақ олардың орындалуы әрекеттің жоғарғы деңгейіне жеткізеді.

Бұдан басқа, жаттығудың жалпыдайындық кезеңінде басты түрде оттетін жоғары дәрежеде қолдану (ОЖҚ) деңгейі, ал арнайы дайындық кезеңінде анаэробтық өнімділік мақсаты шешіледі.

 

Техника-тактикалық дайындық

Таэквандо-қимылдардың үйлесімділігіне, арнайы және жалпы даярлыққа, жай және ауыр реакциялардың жұмыс қабілетгілігіне жоғары талап қоятын күрделі спорт түрі.

Таэквандо спортшының психикасына да жоғары талап қояды, секундтың оныншы үлесінде жағдай өзгерсе де, алысудың күрделі сәтінде есті түрде ойлануына міндеттейді.

Спорттың бұл түрінің технкасы әр түрлі, ал тактикалық мүмкіндіктері шексіз. Таэквандоде шабуылдың, қорғаныстың «қарсы алысуы» ұдайы болып отырады және қорғаныс бірінші кезекте шабуылды тойтару үшін жасалады. Жекпе-жектің мәні тек қана соққыны дәл беруде емес, сондай-ақ қарсыласының соққысынан берік әрі дер кезінде қорғана білуінде, қорғанысты пайдаланып қарсы шабуыл жасауында.

Татамидегі жеңіс-көптеген қосылғыштардың жинағы, жаттығуда осылардың әрқайсысы дұрыс таңдалған уақытта жетілдіру керк. Алысуға даярланудың бірде бір звеносы ұмытылмағаны жөн. Кез-келген қарсыласымен алысуға дайын Таэквандоктің шеберлігі осылайша жинақталады.

Таэквандоде қолмен, аяқпен типтік және есептелген көп соққылары бар, бұлардың әрқайсысынан бірнешеден типтік қорғаныс болады. Нәтижесінде жекпе-жектің тек қорғаныс вариантында Таэквандоктің алдында үнемі тиімді әрекеттің қисыны бар сансыз вариантынан біреуін таңдау мәселесі туындайды.

Спорттық дағдылар қозғалғыш есті дамыту заңы бойынша қозғалуына адамның туа біткен қабілеті негізінде шартты рефлекс механизмі арқылы қалыптасатыны белгілі.

Бокстың техникасы мен тактикасын үйрету ортақ әдістің көмегімен, «Үйретудің барлық тиістілері алдымен қарапайым негізгі бастамалардан оқытылуы керек, себебі айналысушылар олар туралы тұтас түсінік алуы тиіс, содан кейін ғана жіберілген қателер мен қателіктердің түзелуімен бұл тәсілдердің күрделенуі болатын» (Я.А. Каменский) кезде жүзеге асырылады, «Бұрынғыларды тынымсыз қайталай отырып және әрбір қайталауда біраз жаңаларды қоса отырып, басқа фактілердің өте үлкен мөлшерін мықты меңгөреді. Мұны ол ешқашан ескінің берік іргетасына жаңаны салмай істей алмайды» (К.Д. Ушинский).

Жаттықтырушы осы принциптерге сүйене отырып, Таэквандоның техникасы мен тактикасының тәсілдері спираль бойынша таралуы әрі бұрын үйретілген тәсілдер біраз уақыттан кейін енді аса күрделі формада қайталануы үшін оқу материалын жасау керек. Оқу-жаттығу материалының осылай жасалуы спортшыларды жеке элементтерге үйретуге, тәсілдерді тұтастай жетілдіруге ғана емес, сондай-ақ алдыңғы сабақтарда жіберілген қателіктерді түзетуге мүмкіндік береді.

Әрбір тәсілді үйретуді түсіндіру мен көрсетуден бастаған жөн. Көрсету нақты әрі дұрыс жасалуы керек.

Үйретілген тәсілді алдынан, артынан және оң жағынан немесе сол жағынан көрсету қажет. Көрсетуді нақты, ықшамды түсініктермен алып бару керек. Әрі спортшылардың ықыласын тәсілді, аса маңызды элементтеріне аудару керек. Мұндай техникалық тәсілді тактикалық жағынан бір уақытта дәлелдеген жен. Яғни қашан және қандай жағдайда қолданылатынын түсіндірген жен.

Жаңа қимылды орындауды Таэквандокке жеңілдету үшін, ұқсастықтарына көңіл аударып, оның бұрын үйретілген материалмен байланысын көрсету қажет.

Таэквандо техникасын үйренуде қимылдың қиындық деңгейіне байланысты оқытудың тұтас, дараланған немесе кешенді әдістерін қолданған жөн. Кешенді және тұтас әдістер жиі қолданылады.

Айналысушылар ең басынан тәсілдерді тұтас орындауы қажет. Егер бүкіл топ немесе көпшілік спортшылар үшін жалпы ортақ қате туындаса, онда сабақты тоқтатып, кемшіліктерді көрсеткен жөн.

Сонымен бірге, қимылдың сол немесе басқа элементін қалай дұрыс орындауды көрсету керек, кейінірек тәсілдің сәтті шықпаған элементін, содан кейін бүкіл тәсілді толығымен дұрыс орындауды ұсынады. Егер де қателер тек кейбір Таэквандоктерде ғана кездессе, онда бүкіл топты жұмыстан тоқтатпай, оларға ғана ескеркен жөн.

Спортшылар Таэквандо техникасын үйрену мен оны жетілдіру кезінде тек сол немесе басқа қимылдарды дұрыс орындап қана қоймай, сондай-ақ өзінің серігіне де қарағаны өте маңызды.

Үйретілген материалға мұндай белсенді, саналы араласу аса нәтижелі оқыту мен жетілдіруге мүмкіндік береді. Таэквандок өзінің қарсыласы жіберген қатені байқап, енді оны өзі болдырмайды.

Тәсілдердің тұтас және дара элементтерін үйренуде айналысушылар бұл тәсілдің мәнін толығымен ұғып, оның мақсаты мен міндетін түсінуі, ең бастысы жекпе-жекте үйренген қимылдарын техникалық жағынан қалай қолдануды білуі керек.

Шабуыл мен қорғану тәсілдерін және қозғалған дағдылардың кезекті бекітілулерін үйрену мынадай кесте бойынша жасалады:

  1. Айналысушылар заддың көлеміне байланысты төртеуден, үшеуден т.с.с. алшақ колоннада can түзегенде алшақ тұрған қатарда қимылды меңгереді.
  2. Бір серігі қорғаныста тұрып, ал екіншісі жаттықтырушысының әмірімен соққы беру кезіндегі екі саптағы қатарда шабуыл тәсілдерін үйрену (кенеттік және күтпегендік элементтері болмайды). Мұндай әдіс-қимылдардың дұрыс орындалуы мен меңгерілуіне мүмкіндік береді.
  3. Бір Таэквандок шабуылдап, ал екіншісі жаттықтырушының әмірінсіз қорғану әрі шабуыл еркін орындалу кезінде екі саптағы қатардағы тәсілді үйрену. Бұл жерде күтпегендік кезіндегі кездесетін кейбір аритмикалық жағдай болуы мүмкін.
  4. Залда Таэквандоктер еркін қозғалған кезінде жұп бойынша тәсілдерді жетілдіру.
  5. Шартты алысуда тәсілдердің бекітілуі.
  6. Дзиу-кумитэ және спаррингте тәсілдердің бекітілуі. Қимылдардың артық күшсіз орындалуына аса көңіл бөлінуі қажет. Бұлшықеттердің уақтылы босаңсуы, болдыру деңгейі мен қимылдардың үйлестігіне тікелей әсер етеді. Көптеген тәсілдердің нақты орындалуы үшін оларды үнемді орындау қажет.

Бұл нәтижеге белгілі қимылға белсенді қатыспайтын бұлшықеттерді босаңсыту, сондай-ақ қимылдық «жұмыс істемейтін» кезінде бұлшықеттерді толығымен босаңсыта отырып жетуге болады.   

Ең әуелден Таэквандоктерді қозғалуға белсенді қатысатын бұлшықеттер тобының жоғарғы күшін және белсенді қатыспайтын бұлшықеттер тобын босаңсытумен үйлестіре білуге үйреткен жен. Осындай мақсатта спортшылардың техника элементтерін үйрену кезінде де, жекпе-жекте үйренген тәсілдерді жетілдіру кезінде де тәсілдерді күш жұмсамай еркін орындауьш жасайды.

Мысалы, сол қолымен «кидзами-цуки-укоси» тікелей соққыны үйрете отырып, айналысушылардың ынтасын осы соққыны бере отырып, оң қолдың бұлшықеттерін босаңсыған күйінде қалдыруға аудару керек, яғни оң қол соққы бергенде қатыспайды.

«Кидзами-цуки» соққысын кезекті жетілдіруде Таэквандоктердің ынтасын жұдырықтау кезінде жұдырықтың және білек бұлшықеттерін жоғары күш жұмсауына, ал қимылға басында қатысқан бұлшықеттер бұл кезде босаңсыйтынына аудару қажет. Ақырында жұдырық өз нүктесіне тиген кезінде қолдың бұлшықеттері толығымен босаңсиды және жұдырық өз қалпына келеді.

Әсіресе спортшылардың алысу жағдайында да бұлшықеттердің босаңсуын сақталуын қадағалап отыру керек. Тәжірибе көрсеткеніндей, алысу кезінде бұлшықеттерін уақтылы босаңсыта білетін Таэквандоктердің күшті аз жұмсай отырып, соққылау және қорғану қимылдарын жылдам орындайды. Ал, бұлшықеттерін уақтылы босаңсыта білмейтіндер бұл қимылдарды күші мен энергиясын артық жұмсай отырып, баяу орындайды.

 

 

ІІ-тарау. ДЕНЕ ҚЫЗДЫРУ

 

Спортшылардың жаттығу барысында және жарыс алдындағы дене қыздырудың мәнісі жалпыға мәлім. Денені жақсы қыздыруда жоғарғы жетістіктер мен рекордтар болмайды. Жарыстардың басталу сәтіне дейін, спорттық күрес жекпе-жектеріндегі үзілістерінде және кез-келген жаттығуларда дене жұмыстарының алдында барлық слортшылар денені қыздырады.

Ол спортшы ағзасының қызметінің мүмкіндіктерін арттырады. Оны алдағы іс-әрекеттерге дайындайды, жоғарғы дәрежедегі жұмыс қабілеттілігі үшін жағдай жасайды.

Дене қыздыру жаттығуларын құрастыруда ғылыми және әдістемелік деректерге, сондай-ақ таддап қорытылған және жеке спорттық тәжірибелерге сүйенген жөн.

Біз жаттықтырушылар мен спортшыларға дене қыздырудың ең тиімді түрлерін жасауға көмек бола алатын ғылыми және әдістемелік ұсыныстарды келтіріп отырмыз.

Бұрын белгілі болғандай, дене қыздыру жұмыстарын жасамаған спортшылар жұмысты бастап қойғаннан кейін біраз уақыт өткенде ғана жоғары жұмыс қабілеттілігіне жеткен. Мысалы ұзын қашықтыққа жүгіргенде, ал кейде оны аяқтап қалғанда жеткен. Жаттығуларды орындауда нәтиже жоғары дәрежеде болмаған және спортшы үшін мүмкін болатын потенциалды деңгейге жетпеген.

Физиологиялық тұрғыда ол былай түсіндіріледі. Адам ағзасы мен жүйелері белгілі-бір қозғалыс екпінділігіне ие және де талап етілетін сол функционалды деңгейде бірден әрекет жасап кете алмайды. Берілген жұмыста қатысатын ағза мүшелері мен жүйелері белгілі-бір уақытқа дейін қыздыру жіберуге, олардың әрдайым талап етілетін ең жоғарғы деңгейіне қызметін көтеру қажет. Органдар мен жүйелердің мұндай қасиетін іске қосылуы деп атайды.

Дене қыздыруда, бұлшықеттердің жұмыс істеуінде заттардың алмасуы бірте-бірте жоғарылайды, қышқылдану, қалпына қайта келу реакциясы күшейеді. Қан құрамында қозғалу жүреді, жүрек-қан тамырлары жолдары жүйесінің, тыныс алу оргаңдарының функционалды күйі өзгереді. Дене қыздыру нәтижесінде қозғалу реакциясының уақыты қысқарады (стартер атылғаннан кейін спринтер лезде жүгіруді ерте бастап жібереді), қимыл немесе іс-әрекет үлкен күшпен, шапшаң, ептілік, шыдамдылық және т.б. үздік техникалық шеберлікпен орындалады.

Бүтіндей бұл өзгерістер ағзаның энергетикалық мүмкіндігін ашады және спортшының жұмыс қабілеттілігінің ерекше артуын қамтамасыз етеді.

Бұлшық еттер қызметінің деңгейі неғұрлым жоғары болса, көрсетілген функционалды өзгерістер соғұрлым энергиясы артады. Спортшы неғұрлым бұлшықеттер күшін, қозғалыс жылдамдығын, шыдамдылығын көбірек көрсеткісі келсе ағза мүшелері мен жүйелерінің қызметі де соғұрлым жоғары деңгейге жетуі тиіс. Бірақ олардың жұмыс қабілеттілігін көтеру үшін бірнеше минуттық уақыттар жұмсалады, Мысалы, қанның минутты көлемі, өкпенің вентиляциясы және оттегіні қажет ету өседі, өзі үшін жоғары деңгейде жұмыс басталғаннан кейін 3-5 минут жетеді.

Ағзаның негізгі жұмыс алдындағы іске қосылуын іске асыру үшін алдын-ала оның функционалды мүмкіндігін арттыру қажет, алдын-ала потенциалды күшін ашу, былайша айтқанда дене қыздыруды пайдаланған жөн.

Спорт тәжірибесінде қабылданған дене қыздыру термині атлет ағзасындағы процестерді өтіп жатқан қалыпты күйден жұмыс қабілетінің артуына дейінгі ауысу уақытында ашпайды. Бірақ бұл термин алдын-ала жасалатын жаттығулардың бағытын жетерліктей табысты көрсетеді және сол үшін спорт тәжірибесінде кең көлемде танытып жүр.

Дене қыздыру-атлеттің ағзаны алдағы жұмысқа дайындау мақсатында орындайтын арнайы жинақталған шынығу жаттығуларының жиынтығы. Әдетте дене қыздыру екі бөлімнен тұрады қыздыру және алдағы іс-әрекетке икемделу.

 

Қыздыру

Дене қыздырудың бірінші бөлімі-қыздыру ағзаның жалпы жұмыс қабілеттілігін басты вегетативты қызметпен күшейту жолы арқылы көтеруі тиіс. Шынығу жаттығуларын орындау барысында дене қызуының жоғарылауы (бұлшықеттердің) әсіресе шапшаң қимылдағанда жұмыс қабілеттілігін арттыру үшін көптеген ерекшелікке ие болады. Дене қызуының жоғарылауы қаңқа бұлшықеттерінщ жұмысының өнімділігін арттырады, ыдырау өнімдерінің толық қышқылдануын қамтамасыз етеді. Көбінесе сүт қышқылдануы, бұлшықеттердің пайдалы іс-әрекеттерін арттырады және олардың шаршауға деген бейімділігін азайтады. Сонымен бірге дене қызуы жоғарылағанда ағзадағы зат алмасу жылдам жүзеге асады, оттегіні қолдану артады. Оны пайдалану пайызы бір уақытта өседі.

Жаттықтыру жаттығуларын орындау аддындағы алдын-ала, қыздыру барысында әсіресе жұмыс атқаратын бұлшықеттердің қызуын көтеру қажет.

Бұлшықет қызуын жоғарылату олардың қан жүгіруінің күшеюіне және оттегімен аса энергиялық қамтамасыздыққа алып келеді.

Бұлшықеттер оттегін көп мөлшерде пайдаланады. Міне осылай тынығу барысында 1/3 оттегін жалпы пайдалану бұлшықетке беріледі. Сондай-ақ ауыр жұмыс істеу кезінде бұлшықет оттегін 10-15 рет артығымен пайдалана алады.

Бұлшықет қызуының артуы салдарынан олардың жабысқақтығы төмендейді және созылғшлтығы артады. Бұл өте шапшаң қимылдардың орындалуына мүмкіндік туғызады.

Дене қызуының көтерілуі тыныс алу қызметіне тыныс алу орталығыньщ қозғыштығын арттырады.

Бұл айтылғандардан қызу жоғарылағанда жүйкеде және жүйке мен бұлшықет аралығында қозғыштықты жүргізу жылдамдығы жоғарылайтынын қосатын болсақ дене қызуы жоғарылауының фактор қажеттілігі дене қыздыру салдарынан болғандығы түсінікті болады.

Қазіргі таңца дене қыздырудың негізгі құралы-бұлшықет жұмысы, шынығу жаттығуларының орындалуы. Бірақ бұл үшін барлық жаттығулар жарай бермейді. Спорт тәжірибесі көрсеткеніндей, бәрінен де атлеттің бүкіл ағзасын іс-әрекетке қосатын ұзақ, бірақ қуаттылығы бойынша біркелкі жұмыс сәйкес келеді. Мұндай жұмыспен бәрінен бұрын қалыпты темпте қозғалу, кейде жеңіл үдету қызметі тиімді. Жеңіл атлеттер, Таэквандотер, гимнастшылар, боксшылар және т.б. көптеген спортшылар үшін жүгіру қолданылады.

Қыздыру жаттығуларынан дене қызуы қандай деңгейде жоғарылауы тиіс? Әр түрлі ұзындыққа жүгіруден кейін дене қызуы жұмысы неғұрлым ұзақ және қарқынды болса, соғұрлым жоғары болады. Ол тек белгілі оптималды деңгейге дейін жетуі тиіс. Қыздырудың қажетті кезеңі тер бөлінуінің басталуынан болып табылады. Шынында, спорттық тәжірибеде қыздыру жұмыстары «тер тамшылары маңдайда жылтырамайынша» жалғаса береді. Мұндай «индикатор» талап етілген қыздырудың жетістігін ұрыс көрсетеді деп біз есептейміз.

Өкінішке орай спортшылардың дене қыздыру кезінде жеткіліксіз қызатынын жиі кездестіреміз.

Қыздыруды жете бағаламаушылық жағдайлары әртүрлі себептермен түсіндіріледі. Кейде «көп дене қыздыру-күшті жоғалту» деп айтады.

Мұндай пікірлер қате әрі зиян. Спорттың барлық динамикалық түрлері үшін тер шыққанша қыздырыну өте қажет.

Қыздырыну жұмыстарының ұзақтығы спортшының едәуір дайындығымен, әсіресе, оның шыдамдылығымен байланысты.

Көп жылдық тәжірибе ұзақ жұмыстарға дағдыланбаған спортшыларда тер бөліну біркелкі темпте үзіліссіз жүгіргенде 8-10 минуттан кейін (1 минут-200м жылдамдық) басталатынын көрсетті.

Бірақ дене қызуынын ұзақтығы ауа температурасына да байланысты. Ыстықта дене қыздыру жүгірулерінің ұзақтығын, дене қыздырудың бірінші бөліміндегі бәрін де азайту керек. Суық ауа райында дене қыздыруды ұзақ жасау орынды.

Киімді де ескерген жөн: киім неғұрлым жылы болса, соғұрлым қыздырудың аз ұзақтығы да талап етіледі.

Спортшылардың қыздыру жұмыстарының қарқындылығы бірдей еместігі белгілі. Ол спорт шеберлерінде жоғары болады да, ал бастауыштарда төмен.

Бірақ қыздыру жұмыстарында қарқындылықты жоғарылатуға беріліп кетпеген жөн. Дене қыздыру жақсы болуы үшін және қан айналу, зат алмасуды, т.б. күшейту үшін бірте-бірте, баяу қыздыру қажет. Өте қатты жұмыс барысында 2-3 минуттан кейін-ақ тер бөліну бастала алады, бірақ спортшының мүмкіндіктері кейінгі айқасуларда немесе жаттығулар кезінде ашылмай қалады.

Қыздыру жұмыстарының ұзақ орындалуы барлық органдар мен жүйелерге, бүкіл денеге әсер етеді. Бірақ бұл қыздыру алдағы жарыстарда немесе жаттығуларда жоғары талаптар көп қойылатын, бұлшықеттердің жұмыс қабілеттілігін арттыру үшін жетіспейтіні де жиі кездеседі. Мысалы Таэквандо жүгіру арқылы жалпы қыздыруға жетеді, бірақ бұл кеуде және қол бұлшықеттерін жеткіліксіз қыздырады. Сондықтан да Таэквандо жүгіруден жеткіліксіз қызатын бұлшықеттер үшін арнайы жинақталған жаттығуларды орындайды.

Спорт түрінің ерекшелігіне сәйкес бірнеше қыздыру жаттығуларын таңдап алады, бұларды бірінен соң бірін, бірнеше реттен орындап отырады. Спортшы жаттықтыру жұмыстарында немесе жарыс алдында орындайтын жаттығуларымен бұлардың ұқсас болғаны жөн.

Кеуде, иық және қол үшін жасалатын жаттығулар бұрылудан, иілуден, айналудан, тартылудан, сығымдалудан (отжимание), қолдың әртүрлі қимылдарынан тұрады.

Әр жаттығу жарыстар немесе жаттығулардағыларға қарағанда аз ғана шапшандықпен орындалады.

Әр жаттығу ешқандай қиындықсыз жеңіл әрі еркін, шамамен 10-15 рет істелінеді. Спортшының жаттыққанына және жаттығу ерекшелігіне қарай қайталау саны өзгеріп отыруы мүмкін. Қайталау санына сондай-ақ қыздыру жұмыстарының ұзақтығымен байланысты факторлар болып саналатын ауа температурасы, киімнің жылылығы, т.б. сақталуы әсер етеді.

Кеуденің, иықтың, қол, аяқ бұлшықеттерін қыздыру үшін әдетте 8-12 жаттығу қолданылады. Жеке ерекшеліктер жаттығу санына және олардың мөлшеріне айтарлықтай өзгерістер әкелетіні айдан анық.

Қандай жүйелілікте бұлшықетті қыздыру жаттығуларымен көбірек айналысу керек?

Тәжірибеде мынадай жүйелілік бақыланады-денедегі бұлшықеттер жоғарыдан төменге, алдымен қол, иық, содан кейін кеуде, жамбас тұсы, аяқ (сан, сирақ, өкше) бойынша бұлшықеттер көп жұмыс істейді. Жапондық спорт шеберлері бұлшықеттердің басқа жүйелілікте дене арқылы өтетін төменнен жоғарыға қарай өкше, тізе буындары, жамбас тұсы, кеуде иық, қол, мойын бұлшық еттерінен, бұлшық еттердің көп жұмыс істеуінен бастау керек екенін жиі ұсынады. Жоғарыдан төмен бұлшық еттердің көп жұмыс істеуі бірнеше рет қатарынан жиі қайталанады. Бірақ бұлшықет жұмыстарында қандай да басқа жолдары қолданылғанмен, бұлшықеттің аз бөлігінен көбіне қарай жүруі керек.

Берілгендердің соңынан жұмыстың негізгі бөлігінде орындалатын бұлшықет иілгіштігін және қимылдарға байланысты буындардың қозғалғыштығын жақсы міндетіне ие болған жаттығулар орындалады. Бұл жаттығулар созылған бұлшықеттердің амплитудасы бойынша бірте-бірте күшейетін, әсіресе спортшының жасалатын қимылдарына белсенді қатысатын бұлшықеттердің қарама-қарсы орындалатын қимыл амплитудасы оңай әрі еркін. Мұндай жаттығулар саны 6-8, әрқайсысы шамамен 13-15 реттен. Керілуде алдын-ала жасалатын жаттығуларсыз, бұлшықеттердің иілгіштігін жақсартпай спортшының буынындағы жылжымалылықты ашу мүмкін еместігі айқын.

Бұдан басқа, көптеген бұлшықет бөліктерінің жұмыс істеу, олардың иілгіштігінің жақсаруы-жарақат алудың ескертудің негізгі шарттарының бірі.

Үлкен амплитудалы қимылдарға бұлшықеттерді және байланыс аппараттарын дайындау бұлшықеттерді қыздыру үшін орындалатын қосымша жаттығулар жолымен іске асырылады.

Қимыл амплитудасын жоғарылататын жаттығуларда дене қыздырудың бірінші бөлімі-қыздыру аяқталады.

Топпен орындалатын жаттығуларда дене қыздырудың бірінші бөлімі әсіресе жаттығудың дайындық кезеңінде қысқа уақытта 10-15 минут ойналатын баскетболмен ауыстырылуына болады. Бірақ мұндай жағдайда артынша 2-3 минут баяу жүгірген жөн.

Жаттықтыру сабақтарында дене қыздырудың бірінші бөлімінің ұзақтығы атлеттің дайындығынан шыққан әдетінен, метеорологиялық шарттарынан және киімнің әр түрлілігіне байланысты 5-10 минут (кейде одан да көп) уақыт аралығында біздің бақылауымызда болады. Бірақ біз дене қыздырудың бірінші бөліміне кемінде 20-25 минут бөліну керек деп есептейміз. Қыздыру жаттығулары үшін аз уақыт тек ыстық күндері және жаңбырлы күндері берілуі мақсатқа лайық.

 

Икемдеу

Денені қыздырудың екінші бөлімі икемдеу-спортшыны жұмыстың негізгі бөлімі алғашқы жаттықтыру жаттығуларының орындалуына дайындау және жұмыстың негізгі бөлімінде басты орынды ерекше иеленетін жаттығуларды орындауға икемдеу керек.

Спортшының бұл физикалық икемделуі алдымен орталық жүйке жүйесінің жұмыс істеуімен байланысты «істелінетін қимыл жүйесі мен орталық жүйке жүйесінің іс-әрекеті арасындағы ең үйлесімді қарым-қатынасты бекіту» (А.Н. Крестовников).

Денені қыздырудың екінші бөлімінде спортшыда бас ми түбірінде қоздыру және тежеу процестері арасындағы үйлесімді қарым-қатынас пайда болуы керек, оған сәйкес келетін жүйке процестерімен байланыстар бекітілді, ал жалпы істелінетін қимылдың динамикалық стереотипы пайда болуы керек.

Бұл тек жүйке үйлесімділік икемдеу ғана емес. Орталықтандырылған жүйке жүйесінің тонусының көтерілуінің және қайталанатын жаттығулардың нәтижесінде берілген қимылға қолданылатын, барлық органдардың шартты түрде жұмыс істеу қабілеті жоғарылайды.

Тағы да маңызды айтылатын нәрсе бұл спортшының істелінетін жұмысқа психологиялық жағынан икемделеді.

Істелінетін қимылдың жаттығуына икемдеу негізгі бөлімдегі бірінші жұмыс сияқты болады. Міне осылай жасалатын қимылдың сипаты денені қыздыруға таңдаған жаттығулармен анықталады, ал қимыл үйлестіруінің ерекшелігінің, жасалатын қимылдың қарқыны мен ырғағының қатаң есептеуінде іске асады.

Мұндай жаттығулар: техника элементтері, базалық тұрыс, жылжу, аяқ және қол арқылы ұру бола алады. Бұл жаттығулар алдымен аз кейін бірте-бірте қарқындылығы көтеріледі.

Денені қыздырудың бірінші және екінші бөлімінің жаттығуларын ықыласпен тандау керек. Денені қыздыруда дұрыс емес таңдалған жаттығулар өз тиімділігін бермей ғана қоймай, сонымен қатар кері нәтижелерге алып келуі ықтимал. Осылайша денені қыздыруға көп күшті қажет ететін: көп мөлшердегі көп жүктен тұратын күштілік жаттығуларды қосуға болмайды. Денені қыздыруда ең бастысы, бірқалыпты әрі бірте-бірте өсетін жүктеуді қысқа мерзімді қуатты жұмыспен ауыстыруға болмайды. И.П.Павлов та «Ж» икемділікке уақыт керек» деп айтқан.

Дене зерттеулері көрсеткеніндей спортшылардың жеңіл қимылдарды орындауда іске қосу процесі салыстырмалы түрде баяу жүреді. Егер спортшы өзінің ең жоғарғы қабілетіне бірқалыпты түрде жетсе, онда оның техникасы мен спорттық нәтижесі тұрақты болады.

Спортшының міндеті-денені қыздырудың арқасында ағзаның жұмыс істеу қабілетін көтеру, алдағы жұмысқа өзін-өзі дайындау, бірақ сонымен бірге жұмыстың негізгі бөліміне немесе жарыстарға өзінің күшін сақтау, Денені қыздыруда үздік біртінділікті қамтамасыз ету үшін бөлек жаттығулар арасында демалуға (1-2 минут) аз ғана үзіліс жасауына болады.

Денені қыздыру үшін дағдылы болғанымен де кез-келген қиын жағдайда еткізілетін қиын жағдайда және қысқа уақыттағы демалу мерзімі өте маңызды (таулы жағдай, ылғалдылық, ауаның ластануы, денсаулықтың нашарлауы және т.б.).

Денені қыздырудың жалпы ұзақтығы 25-30 минуттан аспауы керек. Ыстық ауа райында бұл уақыт ұзақ болмауы керек. Денені қыздырудың екінші бөлімінде ешқандай сыртқы жылу толығымен қимылды алмастыра алмайтынын ескерген жөн. Жақсы дайындалған спортшылар үшін аз уақыттық денені қыздыру жетеді деген пікір бар. Себебі жақсы дайындалған спортшылардың «іске қосылу процесі» тезірек өтеді.

Шынында да іске қосылу тезірек өтеді. Бірақ денені қыздыруды қысқартуға рұқсат етілмейді. Керісінше спортшының шеберлігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым оның денесін қыздыру негізді болуы керек. Сабақтарда істелінетін жұмыс келемі көп болса, бұл жаттығуда денені қыздыру қарқынды және ұзақ болады.

Әр жаттығу жұмысынан ең жақсы нәтиже алу үшін ол орталық жүйке жүйесінің үйлесімді қыздыруында спортшының функционалды және қимыл мүмкіндіктері толығымен ашылғанда жүруі керек. Ал ол денені толық қыздырудың арқасында ғана іске асады. Денені қыздырудың жетіспеуі көп жағдайда жарақат алудың себебі болады.

Негізі, денені қыздыруды орындау үшін дене қыздырудың осы талапарына сай белгілі бір жаттығушылық қажет (жаттығу сипаты, қайталау саны, қарқындылық және т.б.)-бұл жерде әсіресе жалпы төзімділік керек. Көп жағдайда спортшы алғаш рет көп денені қыздыруды қолданғанда оның кері әсер туралы және бұл дене қыздыру оған қолайсыз екені туралы айтады.

Жаңадан бастағаңдарға қысқартылған және жеңілдетілген дене қыздыру жағымды болады. Спортшының дайындығымен бірге оның дене қызуы да өседі.

Жаттығуда спортшы дене қыздыруда үлкен күштен қашпауы керек. Сондай-ақ, бұл олардың дене дамуының жан-жақты болуына үлкен үлес қосады.

 

Жарыс алдында денені қыздыру

Спортшылардың жарыс алдында қолданатын дене қыздыруына ерекше тоқталған жөн. Спортшы дене қыздыруды жарыс алдында жасамай-ақ қойса болады деген пікірді әлі де кездестіруге болады. Сонда да мұндай пікірдің негіздемесі жоқ. Бұл-спортшылардың жеткіліксіз дайындалғандығының, кейде тек өз күшіне сенгендігінің нәтижесі. «Мен дене қыздыруынсыз-ақ жеңіске оңай жетемін»-деп менменсінген, өз күшіне кебірек сенген спортшылар ойлайды, дегенмен олар жеңіліс табады. Алдымен жарыс алдындағы денені, дене қыздыруды жас артық көріп, шаршағаннан кейін мұны орындау керек те емес деген қорытындыға келген спортшылар қатты қателеседі.

Жарыс алдындағы дене қыздырудың маңызы зор екені талассыз, оны спортшылардың бәрі қолданулары тиіс.

Алғашқы жарыстарда, кейін де қолдана алу үшін спортшы дене қыздырудың мазмұнын, мөлшерін және ұзақтығын біліп алғаны жөн. Жаттықтырушы жарыстардың сипаты мен ерекшелігіне сәйкес келетін денені қыздыруды белгілеп құрастыруда спортшыға көмектесуі керек.

Әрине, спортшы дене қыздырудың қиындықтарына шыдай біліп, жақсы дайындалғаны, жаттыққаны қажет. Олай болмаған жағдайда, бұрын белгілі болғандай, жарыс нәтижесі қанағаттанғысыз болады.

Жарыс алдындағы дене қыздырудың мазмұны жаттығу сабақтарындағымен бірдей. Бірақ жарыс алдындағы дене қыздыруды жасаудың өзіндік ерекшелігі болады. Қатысушылар санын біле отырып, спортшы татамиге өзінің алғаш шығатын уақытын анықтайды осыған қарап дене қыздыруды бастауды қарастырады. Жарысқа бұлай кіру өте тиімді:

 

Қыздыру

Біркелкі қуаттылықты ұзақ жаттығулардан және бұлшықеттермен буындардың жұмыс істеуінен болатын қыздырудан тұратын дене қыздырудың бірінші бөлімі жаттығу сабақтарындағы дене қыздырудан еш айырмашылығы жоқ.

Жаттығу сабақтарындағы дене қыздырудан жарыс алдындағы дене қыздырудың айырмашылығы бірқалыпты жүгіру арқылы болады. Әсіресе жұмысқа бірте-бірте тартылу өте маңызды. Жұмыстың ұзақтығы әртүрлі болды. Әр спортшыда ол ең алдымен қыздыру үшін қолданылатын жұмыстың ұзақтығына дайындығымен шартталады.

Спортшы терлемейінше қыздыру жалғаса береді. Бұл үшін бірқалыпты қуаттылықтағы жұмысты орындауда жарысқа шығар алдында 10 минутқа дейін істеу талап етіледі. Қайта-қайта жаттығуларды қайталау арқылы қыздыруды жасау, көп жағдайда мақсатқа лайық емес. Бұл қимылдардың жұқа үйлестіруін әлсіретуі мүмкін.

 

Кеуде мен қол бұлшықеттерін қыздыру үшін жаттығулар

Бұл жаттығулар бұлшықеттердің иілгіштігін, арттырады, буындардағы жылжығыштықты арттырады және омыртқаның иілгіштігін арттырады.

Мұндай жаттығулар еңкею, айналу, иілу, бүгілу, сілтеу, т.б. олар көп бұлшықет күшін бөлуді талап етпегені жөн.

Бұл жаттығулардың саны мен олардың мөлшері жаттығу сабақтарындағыдай болады.

 

Алдағы жұмысқа икемделу

Жаттығу сабақтарындағы сияқты жарыс алдындағы алдағы жұмысқа икемделу жеке немесе бүтіндей орындалатын жұмыс арқылы іске асырылады. Жаттығу сабақтарына қарағанда қимылдың қарқындылығын арттыру үшін орындау керек.

Мұндай әрекет «қыздыруды» өз деңгейінде аяқтауға мүмкіндік береді және бұл жұмыста белсенді жұмыс істеген бұлшықеттерді өте иілгіш етеді.

Денені қыздырудың екінші бөлімі орталық жүйке жүйесінің күш салуды дұрыс бөлу қажет ырғақтың қайта жасалуы және үйлесу қаттылығының сезімін күшейту үшін дайындығы әрі икемделуі аса маңызды. Мұның бәрі психологиялық тұрақтылықты арттырады және спортшының өз күшіне деген сенімінің оянуына көмегін тигізеді.

Денені қыздырудың екінші бөлімі әдетте екі бөлімнен тұрады. Оның біріншісі-техниканың жеке элементтерінің және «байланыс» техникасының қайталап орындалуы. Екіншісі-шапшаң өсіп отыратын тұтас техниканың қайталап орындалуы.

Спортшы техника имитациясынан кейін өз орнында екеніне тағы да көзін жеткізуі керек. Бірақ бұл имитацияның негізгі мақсаты үшін жасалмайды. Ең бастысы, жүйке клеткаларының қозғыштығы артады, іс-әрекеттің динамикалық стереотипін жасайтын жүйке жүйесінің жұмысы күшейеді, орталық жүйке жүйесі бүтіндей алдағы іс-әрекеттерде «іске асырылады».

Бірақ техника имитациясы ең жоғары күшпен орындалмауы керек. Тәжірибеде бірнеше осындай имитациядан кейін жарыста жұмыс қабілеттілігі бірден төмендеуі анықталды. Бұндай жағдайда спортшылар жарысқа дейін-ақ «бәсе»дегендерін айтты.

Ең жоғарғы күшті техникалық әрекеттерден кейін нәтиженің нашарлауын орталық жүйке жүйесінің жұмыс қабілеттігі деңгейінің төмендеуі деп болжауға болады.

Жүйке жүйесінің жоғары қозғылыштығын сипаттайтын спортшының старт алдындағы күйі денені қыздыруда шекті күш салудың орындалуы жеңіл мүмкіндік туғызады. Сонымен бірге бас мидың жүйке клеткаларына сай жоғары талаптар беріледі, олар одан әрі өздерінің жұмыс қабілетінің жоғары деңгейін сақтай алмайды.

Осындай кері әрекет арқылы Таэквандоке жарысқа қатысу алдындағы күшті жаттығуларды орыңдаудың әсер ететіні белгілі.

Бұл тағы да ең жоғары күш салу арқылы орындалатын денені қыздырудың мақсатқа лайық екенін дәлелдейді.

Егер де сиортшы техниканы мықты меңгерген болса, онда оған бірнеше қайталап отырса да жеткілікті. Бірақ кейде әсіресе бекітілмеген дағдылардың әсернен, спортшының қимылдары өзгеріп, бұзылады. Сонда жаттығу кезінде техниканы дұрыстап, қимылдарды қалпына келтіруі қажет. Бұл жағдайда денені қыздыру кезінде техниканы көп рет қайталау қажет екені дұрыс деп табылды.

Спортшылар жарысқа шыққанда шарттармен танысып және керекті қорытындыларды шығаруы қажет. Егер мүмкін болса, шарттармен танысуды алдын-ала істеуі керек,

 

Қайталай дене қыздыру

Жарысқа қатысатын спортшылардың айқасқа 2, 3 және одан да көп шығулары болады. Бұл жағдайда жұмыс қабілетінің жоғары күйін жекпе-жектің бірінен кейін бірінде сақтаған жөн. Мұнда денені қыздыруда артқан дене қызуын сақтаған маңызды.

Жекпе-жек аралығындағы ұзақ емес үзілістердің өзіңде жоғары жұмыс кабілетін және жоғарылаған дене қызуын сақтап қалу үшін тиісті шараларды қолдануды практикалық тәжірибе көрсетеді. Бұл арнайы жаттығу киімдерін кигенде сақталатын жылу арқылы болады. Бірақ бұл жағдайда да дене қызуы бірте-бірте төмендейді. Қызудың төмендеуімен қатар орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы да азаяды және зат алмасу нашарлайды. Амалсыз жасалған үзіліс аддағы уақыттағы жұмысқа психикалық дайындығын да төмендетеді. Осыған байланысты жаттығу барысында ұзақ үзілісте peт бірқалыпты қарайға тәрбиелеу керек. Жекпе-жектер аралығындағы үзілістерде денені қыздыру тек техниканы қайталаулардан тұрады. Күш салуда шектен шықпаған жөн.

Шынында да, ағзаның тіршілік әрекетінің жоғары болуына өз бұлшықет жұмысы және жарысқа қатысуға дайындыққа аз уақыт бөліну керек екені талап етіледі.

 

2.1. Физикалық дайындық

Таэквандо-үлкен және максималды күштіліктің жұмысы. Үлкен физикалық кернеу толық еттің босандыққа күрестің бөлек масштабында болмаса қарсыласты жеңу үшін шығарылған физикалық күш, әлсіреген жұмыстан кейін шығындалған жұмсау. Бұл үшін Таэквандо жалпы жақсы арнайы дайындықпен, физикалық дайындықпен қамтамасыз етілуі керек. Факторлардың арасында Таэквандоаның жетістіктерін анықтайтын, физикалық сапаның биік дәрежесі-бұл ең басты мәселе.

Жалпы және физикалық дайындықтың негізі біріктірілген-бұл жаттығулар әртүрлі мінездемеден құралып, ол анық бағытта кезектеледі.

Дәрістерде жеңіл атлетикалық, гимнастикалық, спорттық жаттығулар және арнайы жаттығулар Таэквандоада қолданылады.

Физикалық сапасынан жетілдіру, бұл күш жылдамдық, шыдамдылық, икемділік және иілгіштік систематикалық болып орындалуы керек, Таэквандоаның дайындығының барысында, әсіресе жалпы дайындықтарда орындалады.

 

Шыдамдылықтың тәрбиесі

Шыдамдылық физикалық Таэквандоаның ең басты сапасы болып келеді.

Таэквандоада шыдамдылық деп-шаршауға қарсы және күресті қарсылығымен жоғары дәрежеде жарыс бойы бір қалыпта ұстану, шаршап қалмай деген Таэквандоаның қабілеті артады. «Шыдамдылықтың» түсінігін «шаршау бөлектеп қарауға болмайды, өйткені шаршау жұмысқа икемділігінің төмен екенін білдіреді:

Қажығандық жұмысқа икемдігігінің төмен болғанын білдіргенімен, онымен бірге ол оның дамуының амалы болып келеді. Сол үшін қажудың ағзаның функционалдық ары қарай жетілдіру керек, мәселе деуге болады.

Суперкомпенсацияның заңы бойынша энергетикалық шығыннан кейін, ол физикалық артылған міндет арқылы болған, функционалдық деңгей бастапқы мөлшермен қайта құралғаннан басқа, одан да асып кетеді.

Сонымен дайындалу процесінде жаттықтырушы қажуды қажетті мәселе, шыдамдылықтың даму барысында деп қарауы керек.

Физиологтардың және психологтардың пікірі бойынша, толық екі шарт қаралуы керек-бірінші деп, физиологиялық мүмкіндіктің жиналуы ағзадағы және екіншіден жігерлердің көрінісі қайратты сапаны мобилизациялау.

Бұны ескере отырып, жаттықтырушы Таэквандоаның жарыстарға дайындалған кезінде ол ең басты эмоционалдық халіне салмақты көңіл аудару керек, өйткені психологиялық керену кезінде күшті эмоционалды бөлінбеген жүгіру 5-6 км бір қалыпты 6,0-дан 4-5 минутқа дейін 1 км керек. Дәрежесі биік болған сайын, шыдамдылықтың жалпы түрі жылдамдылықта биік болуы мүмкін.

2-3 аптада 1 рет, демалыс күндері одан да көп 10-15 км бір қалыпты жүгіруге болады.

Жаздың жылы күндері ашық суда 30 минут жүзумен айналысса болады. Жүгірудің орнына Таэквандоада шыдамдылықты дамыту үшін не істеу керек? Жалпы шыдамдылық бөлінбейтін ұзақ жаттығулардан кейін дамуы керек, мысалы кросс жүгіруі, жүзу. Оларға футболды, баскетболды қосуға болады.

1 емес 2 рет аптасында істеуі керек, адамның денсаулығына байланысты.

  1. Жылжу кезінде соққылардың сериясын жасап жатқанда 10-15 «қосылыстарды» 3-4 күшті және тез соққы болмаса қорғаныс қимылдарын қосу керек. 1,0-1,5 секунд бір қосылыс және оларды жәй қимылдармен ауыстырып отыру керек. Ағзаны қалпына (жәй қимылдармен ауыстырып жүру керек. Жалпы 5-6 осындай серияларды 1-2 минут демалып болған соң істелуі керек.
  2. Секіріп істелінетін жаттығулар кезінде; 10-15 секунд өнімді жұмыс (болмаса 10-15 секіру) 5-6 рет 1-2 минут демалып болған соң қайталау керек.

 

Жылдамдықтың тәрбиесі

Ең басты физикалық сапаның бірі ол жылдамдық, ол Таэквандо жетістігін татамиден анықтайтын жылдамдық. Жылдамдық бұл функционалдық комплекстің қасиетінің бірі сонымен бірге ол жылдамдықтың қимылын және уақытты анықтайды.

Таэквандоде жылдамдықтың 4 басты түрін белгілейді: революцияның латенттік уақыты, жалғыз қимылдың уақытын қимылдың жиілілігін жылжудың жылдамдығын.

Жылдамдықтың ролі Таэквандоде үлкен. Сөйтіп тез жауап беруден қарсыласқа жауап беруге дайын болуы керек. Сонымен патенттік реакцияның уақытты Таэквандоның тез жауап беруіне байланысты.

Жалғыз қимылдың жылдамдығы шабуыл жасаудың жылдамдығына әсер етеді. Контр шабуыл және қорғаныс қимылдарынан қимылдың жылдамдығынан көтерілуі мынаған байланысты: Таэквандоа соққы қимылдардың тығыздығын құра алатынынан қарсыласқа жақындаған жылдамдығы атакада көп мәселені шешіп, көп жетістіктерге жеткізеді, ал жылдамдық дистанцияның бұзылуы-қорғаныстың жетістігі. Таэквандо жылдамдықтың барлық түріне байланысты, бірақ кейбір жылдамдықтың тәрбиесінің, методикасының сапасын қарап шығу керек. Қимыл әрекетінің екі түрі бар: жәй және күрделі.

Жәй реакциясы-бұл алдын-ала берілген сигналға дайын тұрған алдын-ала білетін қимылдарға жауап.

Күрделі реакцияның көрсеткіші квалификациялы спортшылардың жәй реакциясының көрсеткішіндей болады, өйткені реакция өз қимылынан басқа дайындық қимылдар болып жатады.

Сонымеи байланысты күрделі қимылдар процесінде келесі компоненттерді көрсетуге болады:

  1. Түспалдау реакциясын, дайындықтың уақытынан, назарын аударғанына дейін қорғанылмаған дененің бөлшектеріне болмаса оның пайда болуына, сосын қорғанысқа дайындалып тұрған қимылдарына.
  2. Айырма реакциясы, қарсыластың не істейтін ойын білу әрекеті, жалған қимылдарды шын қимылдардан айырмашылығын білу.
  3. Таңдау реакциясы, таңдау көздерін лайықты етіп қимылдарды жөн көргенді айтады: қорғаныс немесе контр соққы.
  4. Моторды фазасының реакциясы, жауап қайтару қимылының басы, ол қорғаныс ретінде, болмаса соққылардың тигізген сәті.

Бұл компоненттердің біреуін толық дамытпаса, күрделі қимылдардың реакциясының, олай болса Таэквандоаның нәтижесі теріс болып шығады.

Қимылдардың жылжымалысының жылдамдығын жекеше тәрбиелеу керек. Сапаның шарасы болып, жылдамдықты тәрбиелеу кезінде жаттығуларды қолданады, оны максималдық тездікпен істеуге болады. Сонымен техника сондай дәрежеде болу керек. Оны қолданған кезде, жаттығуларды шектелген жылдамдықты игерілген болуы керек, басты жігерлер амалына бағытталмауы керек, ал жылдамдықтың орындалуына.

Жаттығулардың ұзақтығы сондай болу керек, жылдамдықтың ақырында қажудың арқасында төмендемеуі керек болғанша.

  1. Бөлек соққылардың қолмен болмаса аяқпен жасалуы максималды жылдамдықпен жасалуы керек: а) ауаға, б) снарядтарда.

Жаттығу бір серияда жалғыз 8 реттен қайталанады. Соққылардың жылдамдығы төмендегенде жаттығуды тоқтату керек. Сериялардың арасындағы демалыс 1-2 минут болу керек.

  1. Ауаға немесе арнайы снарядтарға соққылардың серияларын орындаған кезде (фушаға, каттарға, макивараларға) максималды жиілікпен орындалады.

Барлығы 5-6 серия 2-5 соққыдан 10 секунд бойы орындалады. Олар 3-4 реттен қайталанып 1-2 минут демалыстан кейін, демалыс кезінде еттер әлсіреп басты жүкті сол орындайды.

  1. Тізбектелген соққылардың 10 соққыдан орындалғаны, болмаса аяқпен 20-секунд демалыста болуы керек.
  2. Теннис добын қолмен соққылаудың орындалуы, ол ұзын резинаға ілінген, басыңның төбесінен ілініп тұрады.
  3. Кезектесіп орындалатын максималды жиілігі 10 секунд бойы бірінші қолмен соққылар, сосын бір жайда жүгіру 20 секунд бойы жасалуы керек. Жалпы жаттығу 3 минут бойы жасалады.
  4. Максималды соққылардың саны қолмен бір жайда төбеге секіру.
  5. Бір жайда тұрып секірген кезде, екі соққыдан басталады, сосын жай санын көбейту керек.
  6. «Көлеңкемен күрес» бұл процесте дара соққылар орындалады, немесе 3-4 соққыдан максималды жылдамдықпен қимылдармен тіркескен. Ол түрлі қорғаныспен шекгелген, ол нақты қарсылас: техникалық немесе «тераповина» биік немесе пәс.

Жаттығуды 2-3 рет 2-3 минуттан әрқайсысы жасалады. Демалыс 2-4 минут.

  1. Әр түрлі қалпынан старттан жүгіру.

Жасалуы: (5-6 рет 10-15 метрден 1-2 минут демалыстан) X 3-4 серия 2-3 минут сайын демалыс.

Бұл жаттығуды бір сигналдан кейін жасалады.

  1. Қырлы жерлерден тез жүгіру және тал бұтақтардан шығып кету.

Сериялардың ауыстырылуы: тез жүгіріп 10 секундттан кейін 1-2 минут жәй жүру жалпы 3-4 рет жасау керек.

  1. Әртүрлі тіректерде артқа-алға немесе оңға-солға, екі, үш, төрт қадам жылжу.

Жаттығу бір қалыпты ауыстырмалы секірулерден бір жайда 10-20 рет қатарынан.

Одан басқа, жазылған методтардан қимылдың жылдамдығының дамуына ауырлатылған жұмыс қолданылады. Ауырлатылған жаттығулар қимылдың анализаторды мобилизациялайды және жұмысқа қосымша функционалдық мөлшерде қатыстырылады. Ауырлатылған қимыл тоқтатылған кезде, ағзада бір уақыттары «із» қалады қосымша мобилизациадан кейін. Осы қалыпта ауырлатылғансыз сол қимылдарды істесек, олар қайда тез істеледі. Осы әдісті қолдана отырып келесі ережелерді білген жөн:

  1. Ауырлатылған жылдамдықты дамыту үшін тек жұмысқа қабілетті, жоғары болу керек.
  2. Ауырлатылған қимылдың құрылысын бұзбауы керек. Қимылдар максималды жылдамдықпен істелуі керек,
  3. Ауырлықпен бірнеше жаттығудан кейін, сол жаттығуды тез темпте ауырлықсыз істеуі керек.

Сонымен бірінші соққыларды бір жайда істеу керек және қолда гантельдермен қимылдар істеу керек, сосын гантельсіз соққыларды қайталау керек.

Келтірілген әдістердің әрқайсысының өз басымдылығы бар және ол кемшіліктерден бос емес. Сол үшін спортсмен қаншалықты дайын болса, спортсменнің деректеріне байланысты, бұл методтардың қолданылуы.

 

Күштің тәрбиесі

Күш-бұл физикалық күш, ол сыртқы қарсылықты емес, оған қарсы етердің көмегімен меңгеріледі.

Күресте Таэквандоаның күші қабілеттерде көрінеді:

  1. Жалғыз соққыларды тез  қолданады  және  тез жылдамдықпен сериялы соққылар: қорғанысты әдістермен жасау.
  2. Өз дененің қимылын тез тоқтату немесе бөлшектерін, қарсыластың қорғаныс күшін қолданған кездері.
  3. Физикалық қарсыласты немесе қарсыластың қысым күресте меңгеру. Таэквандоадағы қимылдардың анализы, оған күш көрсетуін режимдерде, жұмыстың динамикалық мінезі болса, ал ұстаушы немесе жол беруші-статистикалық.

Күшті дамыту үшін арнайы күштің және арнайы дамытушы жаттығулар қолданылады. Арнайы жаттығулардың жарыстық жаттығуларға сай келуі керек. Мысалы итеру немесе лақтыру тастарды ауырлығымен 100-200 грамм. Тіке соққыға сай келуі керек.

Жалпы дамытушы күштік жаттығулар өз құрылысымен көп жерлерде күштік және уақытша күрес жаттығуларының мінездемесімен сәйкес келмейді. Ондай жаттығуларға мысалы, майысу, тартылу жатады. Осы кезде дамыған күш керекті жарыстар үшін арнайы жаттығуларға айналады. Бірақ жалпы дамытатын күштік жаттығулар дайындық процесінде қолдану керек, өйткені жалпы дайындық, басты арнайы дайындық болып келеді. Бұдан басқа жаттығулар мамандардың талаптары бойынша жасалса, ол жалпы «кондиция» болып саналады.

Дұрыс таңдап алынған арнайы күштік жаттығуда пропорционалдық салмақтың дамуын қамтамасыз етеді, еттердің қимылын. Сонымен бірге бір жаттығуды қайталамауға тырысу керек. Жаттықтырушы 4-5 жаттығудың түрін білуі керек, оны 3-4 аптада ауыстырып тұруына болады.

Отжимание. Жатып істеу керек. Ол қолды иықтың тұсына жатып жерге тіреу керек, аяқ ұшына тіреліп, арқа тіке ұсталып жасалады. Алақанға тіреліп істеуте де болады. Бірақ қолдың саусақтарының буындарына отжиманиенің жұдырыққа тіреліп істеген жақсы отжиманиенің санын көбейту керек, 80-100 ретке жеткізу керек. Жаттығу әрине әртүрлі еттердің жұмысының режимінде жасалуы керек, максималды темпте күштік шыдамдылықтың даму барысында; «жарылыс» мінездемесімен, реактивты режимде тез ауысумен, қолдың майыстыруымен ашылуына өту.

Жаттығуларды қиындатуға болады, аяқ пен қолдың орналасуын өзгертуге болады, істеп жатып шапалақ ұрып күрделі қылуға болады, ауырлықты оң қолдан сол қолға ауыстырып тұруға болады.

  1. Бөксе буындарының, денедегі майыстырылуы. Жатып тіреліп, аяқты қатты ашып, белді майыстырып, жамбасты төменірек түсіру керек: қолды, аяқты майыстырмай, тез жамбас буындарда максимумға майысып, артқа қайту керек. 10-20 реттен қайталау керек, жатып істеу керек, бір азғантай уақыт арасында.
  2. Денені бүгіп арқасында жатып отырып қалу қаліне келу. Арқада жатып, қолды бастан айналдырып, бөксе буындарын майыстырып, сонымен бірге қолмен аяққа жеткізіп, қайталау керек.

Жаттығуды бір қалыпты және жай темпте істеу керек «жарылыс» мінездемесімен еттерді босаңқы етіп ұстауға көмек береді. Бұл жаттығуды 2-3 рет бір сонда істеу керек. 50-70 рет болмаса 20-40 сериядан жасау керек. Қайталанған жаттығулар саны 100-200 ретке жетеді.

  1. Денені солға, оңға айналдырып, жатып істеген соң жаттығуды жасаймыз. Арқада жатып қолмен басты ұстап, аяқ сәл бүгілген күйі тізеде: бексе буындарында майысып оңға, солға бұрылып, болмаса білекпек аяқты ұстауы керек.
  2. Арқада жатып аяқты көтеру. Арқада жатып қолды бастың артына созылған: аяқты көтеріп, денені бүкпей бастың үстінен еткізіп түсіру керек, сосын аяқтың ұшымен қолға тиюі керек. Аяқты түзу ұстауға тырысу керек. 10-50 рет істеу керек.
  3. Денені арқада жатып майыстыру. Арқада жатып қолды бастың арт жағынан ұстап аяқ тізеде бүгілген.
  4. Бел ағашқа аяқты көтеру: белағашта қолымызды көтеріп тұрамыз: аяқты белағашқа көтереміз, тіземізді бүкпей 10-15 рет 3-4 әдістемеде қарынның қисық етінің ауырлық пайда болу үшін кейбір әдістемелерде аяқты шетке төбеге көтеру керек, сол және оң иыққа, және айналмалы қимылдар аяқпен сол және оң иыққа дейін.
  5. Аяқты кеудеге бүгіп бір аяқпен секіру, тізені бүгіп және иыққа қарай көтеріп, санап істейміз.

Сол аяқта секіріп сонымен бірге бүгілген оң аяқты иыққа дейін көтереміз, оң аяқты түсіріп жатып, сол аяқта секіруді қайталаймыз.

Осы жаттығуды басқа аяқпен тұрып қайталаймыз.

Сол аяқпен секіре отырып тізеде бүгілген оң аяқты көтеріп шет жақпен иыққа дейін көтереміз; оң аяқты түсіріп жатып, сол аяқта секіруді қайталаймыз.

Сол жаттығуды істеу, бірақ басқа аяқ үшін. Айтылған барлық айналым төрт қимылдан құралғанды бір санағанда істеуге болады. Бір серияда 20-дан 60-қа дейін қайталауға болады. Бір жаттығуда 2-4 сериядан қосып істеуге болады. Осындай секірулерден.

  1. Тізені кеудеге қарай көтеріп екі аяқты көтеріл секіру. Бір серияда 10-20 рет секіріп, бір жерде тұрып бұл жаттьну істеледі. Итерулер тез және қатты болу керек.
  2. Аяқты шетке қарай созып төбеге секіру, қолдың саусағы мен аяқтың ұшына тигізу керек. Жаттығу бір жайда 20-30 рет істелу керек. Қағажытыну тез әрі жылдам болу керек.
  3. Отырып оң сосын сол аяқта секіріп, қарама-қарсы аяқ секірген кезде қатты соғып, қимылмен алға қарай түзуленеді.

Бұл секіруді әр аяқта 10-20 рет бір серияда істеу керек. Қолмен түзу теңелуді қолдап тұрамыз.

  1. Түзу аяқты шетке шпагат етіп төбеге көтереміз, 5-10 рет істелуі керек және біраз жаттығудан кейін аяқтың аралығын жай көбейту керек.
  2. Биікке секіру (теппешек және т.б.) бұл жаттығу қолдың көмегімен аяқпен соққы алып секіреді, 10-20 рет қайталанады. Секірген кезде биіктігін жай көтеру керек.
  3. Тумбадан тереңдікке 70-100 см секіру, келесі кезде төбеге қарай көтеріп. Жерге түзу серпінді болу керек. Бұл жаттығуды 1-2 реттен көп бір аптада істеу керек, ал одан алдын секіріп дайындықтан өту керек.
  4. Қат-қабатты кедергілерден қат-қабатты секірулер. Жерден итеріп, көтеріп секіру тез болу керек және ол біртұтастық қимыл болып істелуі керек. Кедергілердің аралығын тәжірибе жолымен алынады (сіздің бұғанағыңыздың сонымен барып аралығында). Биіктігі жай көбейеді 70-тен 100-ге дейін, ал кедергілердің саны 8-ден 20-ға дейін, ол болса кедергілердің биіктігінен және сіздің дайындығыңыздан байланысты. Мысалы:
  5. 15 рет (секіру биіктігі 70см) X 5-10 серия.
  6. 10 рет секіру (90 см) X 5-10 серия.
  7. 8 рет секіру (1 м) X 5-10 серия.
  8. Кедергілерден секіру (гимнастикалық орындықтардан), алға-артқа, 30, 180, 360 градус бұрылысымен.
  9. Снарядтарды лақтыру (іші толтырылған ауыл допа, ауыр тастар). Екі қолмен алға бастан, бастан төбесіне артқа, алға астынан. Снарядтар 3 кг-нан 7 килограмға дейін ауырлығымен қолданылу керек. Салмағы аз болған сайын, жаттығудың бағыты көбейеді, жылдамдықтың дамуына және «жарылыстың» күшті әсер бар. Лақтырулардың саны жаттығудың есебіне байланысты, жаттығудың саны 10-20 реттен істелінуін айтамыз. Ауыр снарядтардан кейін жеңіл снарядтарды лақтыру керек.

 

Иілгіштің тәрбиесі

Иілгіштік-бұл физикалық қасиет, бұл дәу амплитуда мен қимылдардың істелуі.

Таэквандоде бірінші маңызы бел омыртқасының қимылын, жамбас буынының және иық, білек, тізе буындарының қимылын жүргізеді. Иілгіштік сапалы қажетті жағдайы қимылдардың істелінуінің өткір шабуыл жасалған қимылдардың орындалуы. Мысалы тіке соққының оң жақтағы кеудеге бел омыртқа, жамбас оң жақтағы жамбас буынының, иық және білек буындарының қимылымен байланысты.

Бұл жаттығуларды істеу барысыда мыналарды білген жөн:

  1. Таэквандоа жақсылап қызуы керек (буланудың пайда болғанына дейін).
  2. Иілгіштік күшпен қарсы байланысты және күштік жаттығумен әуестену буындардың қимылының қоршалануына алып келеді. Осы кезде, иілгіштік пен күшті бірге қосып жаттығуды біріктірсек, бірдей жоғарғы дәрежелі осы екі сапасының дамуын көруге болады.
  3. Жаттығу процесінде иілгіштік кезінде мөлшерлі дамуында көздемеу керек, бұл сапасының барысында иілгіштікгі бір шегіне дейін дамыту керек, ол болса өз кезегінде керек қорғаныс және контратаканың істелуін қамтамасыз етуі керек.

 

Созылудың қат-қабаттың әдістемесі

Бұл әдістеме бұлшықеттердің созылуын бұрынғынан көбірек көп жаттығулардан кейін, жай күйінде қимылдардың көбейюі арқылы.

Бірінші кездері спортсмендер аз амгоштудадан жаттығуларды бастайды, кейін 8-12 рет істегеннен кейін көбейе бастайды. Максимумға дейін. Оптималдық жаттығулардың қайталануының шектелуі қимылдың сермелуінің азаюы. Ең тиімді динамикалық жаттығулардың созылуы үшін қолданылатын 10-15 рет қайталанылатын әрқайсысы. Жаттығу барысында бірнеше сериялардың болуы мүмкін, олар басқа жаттығулармен бірге істеліп, аз уақыт демалып істелінуі қажет болады, сонымен қатар күштік жаттығулармен бірге.

Белсенді динамикалық жаттығулар оқулық-жаттығулардың (созылуы) барлық бөліміне кіре береді. Дайындық бөлімінде бұл жатығулар жалпы және арнайы жаттығудың құрама бөлімі болып келеді. Басты бөлімінде бұл сабақта бұндай жаттығуларды бірнеше сериямен істеуі де қажет болады. Оларды басты бағытпен ауыстырып істеуі де қажет. Иілгіштіктің дамуы ең басты мақсаттардың бірі болып саналса, созуды да шоғырландыру керек екінші жартысында ең басты бөлімі, оларды өздерінше «блок» деп бөлсе де болады.

 

Статикалық созылудың әдістемесі

Бұл әдістеме байланысты созылудың мөлшері, соның ұзақтығынан құралған. Біріншіден өзін бос ұстау керек, сосын жаттығуды жасау керек. Ақырғы қалпын ұстау керек 10-15 секундтан бірнеше минутқа дейін.

Статикалық жаттығуларды орындап жатқан кезде, сіңірлер, ет сіңірлері созылады, буындардың қимылын қоршайды. Сосын динамикалық арнайы дайындық жаттығулар барысында, еттер жұмыс істеуге дайын болып тұрады. Статикалық жаттығулардың созылу түрін тағы бір адаммен істеуге болады. Ол дененің майысып қимылдауына көмек береді. Кейбір өзің жасаған жаттығулардағы қиыншылықтарды жеңіл істеуге көмек береді.

 

Ептіліктің тәрбиесі

Ептілік-бұл физикалық сапа, ол Таэквандодо тек тез қимылдар жасауды ғана көздемей, оны күрделі қимылдармен ұрыста қолдануды, дәл және тез, көздейді. Кейбір қимылдардың анық жасалуы: дистанцияны сақтау, қарсыластық соққысынан қашу, соққы, уақытты сақтап, тез және бірден ұтуға тырысуды көздейді.

Сайыс кезінде ептілік уақыттың минимум және сигналдың берілгенінен анықталады, ол атаканың басталуы және қорғану жаттығуының басталуынан, және тез қимылдан ұтуға тырысқанда білінеді.

Ептілік-комплексті болып келеді физикалық сападан, өйткені ол тығыз және көп түрлі байланысты физикалық сапамен, ол тығыз және көп түрлі байланыста физикалық сапамен, ол көбінше содан байланысты болып келеді. Бір-бірінсіз жасалуы өте қиын.

Ең басты ептіліктің ролінде ол жылдамдық өңделудің ағып жатқан деректердің келермек, кинестазия тактильді, және вестибюль анализаторларында ең басты роль ойнайды. Сонымен қатар болатын атаканы біліп дер кезінде қайтарып, дәрежесі өзгерген кезде, ол айқасудың ақырын көрсетеді. Мысалы қарсылар күшін, салмағын оң аяғына аударса олай болса атака оң қолмен жасалады: ал салмағы сол аяқтан оң аяққа өтсе, олай болса атака тек сол қолмен жасалады. Бұл соғыстық икем ең тиімді болып келеді. Өйткені Таэквандоа қорғаныс қолдануға үлгеруі мүмкін, басты атакасының басын ұстаса қарсыласының аяқпен жұмыс істеуінен, сондай қимылдар істейді.

Ептіліктің дамуы жаттығуларды барлық түрі бар серікпен бірге қимыл жасағанда, жаттығуда негізделген техникасын жетілдіру кезінде макиварада, аяқта.

Аяқпен жаттығу жасап жатқан кезде, атака және контратака жасап жатқан кезде, тренер және спортсмен ең басты кезде анық удары ең биік болуы керек, екенін аңду керек. Тек осы кезде бұл жаттығудың түрінде ептілік кезделеді.

Снарядтармен жаттығуларда ең басты атака қимылдары істеледі. Ептілік дамуы бұл түрінде жоғары емес, бірақ оның өсуі мүмкін, Таэквандо ілулі тұрған грушаға жаттықсаң бірнеше ударлардың сериясымен жұмыс істеп жаттықсаң бір жайда немесе қимыл кезінде ударларды беру.

Басты жағдай ептілікті тәрбиелеу кезінде, бұл бір жағынан қиыншылықтың көтерілуі, ал басқа жағынан тұрақты жағдай соғыста қолданатын жаттығуларды ептеп кету. Сонымен бірге бір нәрсенеге назар аудару керек-бұл қимылдың маңызы ептіліктің тәрбиесі болып азяды.

 

2.2. Психореттегіш жаттығулар

Ұзақ уақыттық жаттығулардың нәтижесінде спортшы қимылдың нақты координациясын игереді, бұлшықеттерін нығайтады, соққы беру техникасын жақсартады, жарысқа дайындығы жақсы болады.

Кенет, миды белгісіз қорқыныш билеп алады: кенеттен жеңілуді, жарысқа шығар алдында қорқыныш пен қырсықтықты сезіну спортшыны психикалық тепе-теңдік күйінен ауытқытады. Ұзақ еңбек нәтижесінде жылдам қимылдарға қол жеткізу, қажырлы жаттығулардың нәтижесінде қимылдар есті күйден андаусыз қимылдарға ауысады, олардың кенеттен уланған санасына қайта ауысады. Бұл біткенін білдіреді. Тамаша координациялар тегістеген, бұлшықеттер қорқып қалған сезіммен шырмалған, ширақ соққылардың орнына ебедейсіз жұлқынулар болады. Бұндай жағдайда жарысқа шығуға деген қорқыныш ұзаққа созылатынын, ұзақ болмаса да спортшының санасында қалып қалатынын, сөйтіп оның сүйікті спортымен қоштасуына алып келетінін алдын ала айтуымызға да болады.

Міне, сондықтан спортшының психикалық жаттығуы басқаға қарағанда маңызды.

Күрес өнерінің моральды-этикалық мақсатының бірі жан мен дене қалпының жетістігі.

«Ұрыс кезінде сенің басың басқа ойлардан еркін, бос болуы қажет»-деп жапон шеберлері өз шәкірттерінен талап стеді.

Бұл талаптар самурайлар арасында кең тараған дзэн-буддизмді оқытумен тығыз байланысты. Толық қол үзушілік күйі ортағасырлық жауынгерлерге дене күшінің ең жоғары сатысына жетуге және өлімнен қорқуды жеңуге көмектесті.

Дзэн-буддизмді үйрену із басарларынан күнделікті медитация-өнерінде аяқты айқастырып, қимылсыз, ешбір ойсыз, ешбір сезімсіз отыруды талап етеді. Бұндай күйде адам болмыстың түсініксіз мәніне жақындайды деп есептеледі.

Қазіргі заманғы медицина медитацияның жүйке жүйесіне жақсы әсер ететіндігін көрсетеді. Дәрігерлер электрондық құрылғылардың көмегімен медитацияға берілген будда монахтарына энцефаллограмманы түсіргенде, оның адамдардың терең ұйқыға берілген кезінде болатынына таңқаларлықтай ұқсайтыны белгілі болған. Осылайша, медициналық көзқарас бойынша буддаларша рухани босаңсуда мидың ұйқысыз тынығатындығын көрсетті.

Күрес өнерінің жапондық шеберлері медитацияның элементтерін ағзаның толық ауысуын, спортшының барлық күшін қолдануға мүмкіндік туғызатынын есептей отырып күнделікті жаттығу тәжірибесіне енгізіп жүр.

Спортшының мынадай келесі қасиеттері болғанда медитативті-тынығу жаттығуларынан нәтиже болуы мүмкін: жүрек тазалығын сақтай білу, өзінен азды талап ету, өзіне қатал өзгелерге кең болу, өнегелі принциптермен жүру. Кімде кім осындай өмір жолымен жүретін болса рухани тепе-теңдікке жетеді, белсенді түрде кедергілерді жеңеді және езінің рухын қатайтады.

А.В. Алексеевтің психобұлшықет жаттығу әдісін ұсынып отырмыз.

ПБЖ әрекетінің механизмі адам ағзасында үнемі болып отыратын психофизиологиялык процестер жүйесіне кіретін негізгі төрт компоненттерді пайдалануға негізделген.

Бірінші компонент-бет, мойын, қол, аяқ, кеуде бұлшықеттерін босаңсыту яғни өзінің қаңқа бұлшықеттерін бір бағыттан шығара білу, жүйке жүйесіне, бас миға бұлшықет арқылы баратын проприоцептивті күш ағымын осындай жолмен азайту және олардың қабілетін төмендету. Қаңқа бұлшықеттерінің мұндай еркін шығарылуы (ал бұлардың біздің бұйрығымызға, күштеуімізге бағынатыны белгілі) бас мидың проприоцептивтік күшінің дене перифериясымен «бастырмалатуын» азайтады,бұл жүйке жүйесін тыныштандырады.

Екінші компонент-барынша жарық, елестетудің шектеулі күшімен, бірақ психикалық күш жұмсамай-ақ өзін-өзі сендіру формуласын елестетуде белсенділік таныту. Егер де менің қолдарым толығымен босаңсыды, жылы қимылсыз формуласы айтылса, онда бұл кезде, елестету жаттығудың нәтижесінде қолдың қимылсыздығын және жылылығын, босаңсығаңдығын сезінуді анық елестету туындауы керек. Мұндай елестету процестерінің мазмұны жаттығушының жене тәжірибесіне байланысты әр алуан бола алады. Мысалы, әйелдерде босаңсыған әрі жылы қолды елестетуі көбінесе ыстық суда кірді жуып болғаннан кейінгі қолдьщ күйімен сәйкес келеді.

Ер кісілерге мұндай нәтижеге жету өздерінің қолдарын мысалы, ыстық булы моншада немесе жағажайда күн сәулесін қабылдау кезін елестету кезінде болады. Жалпы, күтпеген теңеулерді алса болады, тек нәтижесінде денеге арналған қажетті сезіну пайда болғаны жөн.

Үшінші компонент-таңдап алынған белгілі нысанада өзінің күші жұмсалмаған назарын тоқтата білу, ең алдымен өз азғасында және де жеке бөліктерінде. Мысалы, «менің бетім босаңсиды»…, формуласы ойша айтылса, онда бұл кезде айналысушының ойша елестету жиегінде өзінің бетінен басқа ештеңе болмау керек. Содан кейін бұл қажетті нысанада назар бөле білу таз спорт есептерін шешу үшін пайдаланылады.

Төртінші компонент-бас мидың жасушаларына ұйықтамау деңгейінің төмендеуі кезінде өзіне қажетті ауызша формулалармен әсер ете білу. Бұл жерде айтылған сөз және оның ойша елесі шектеуші күшті табады және қызметтерін (мысалы, жүрек-қантамыр жолы, жүйесінің қызметі) реттей алады, бұлардың қалыпты ұйқысыз күйде біздің бұйрығымызға бағынбайтыны белгілі.

Теориялық бөлімді аяқтай келе, өзіне-өзі ауызша формуламен және оларға сәйкес ойша елестетумен бас мидағы ұйқысыздық деңгейін төмендету кезінде психобұлшықет жаттығуын өзін гипноздаудың бір варианты деп есептеуге мүмкіндік беретінін айтуға болады.

 

2.3. Қазіргі заман Таэквандосының тәсілдері

Таэквандо тактикасы-бұл Таэквандоның техника-тактикалық құралдарын спортшылардың күші мен қайратын қарсыласын жеңу үшін татамидс ұтымды пайдалану жоспары.

Таэквандо қаншалықты күш пен қайратқа ие болса да, қарсыласын жеңу үшін әрі жетістікке жету үшін ол үнемі алмасып, кей жағдайда, әр ұстасудың жоспарлы құрылымында дұрыс техника-тактикалық жолдарын ойлауы және табуы керек,

Таэквандо татамиге шығардан алдын өзіне мақсат қояды, ол-қарсыласын жеңу. Бұл үшін ол қарсыласының, өзінің оң және теріс күшті, қайратты қасиеттерінің есебімен қимылдау жоспарын таңдайды, сондай-ақ өзінің және қарсыласының Таэквандоның техникалық және тактикалық құрамдарын игере білу шеберлігін салыстырады.

Қимылдың тандап алынған тактикалық жоспарын татамиде айқасудағы кейбір сәтсіздіктерге бой бермес, батыл әрі қайсарлықпен орындау керек.

Спортшы өзінің бойындағы барлық техника мен тактика құралдарын пайдаланған жөн, бірақ алдына қойылған тактикалық міндетті орындап, жеңіске жету керек.

Әрине, әрбір Таэквандо татамиде айқасудың барлық техника-тактикалық формаларын үйренуге және қолдануға ұмытлады, бірақ күш, моральды-қайрат қасиеттер әрқашан спортшыға бірдей деңгейде Таэквандоның техника мен тактика құралдарын кең ауқымда жақсы меңгеруге және айқасудың барлық белгілі формаларын пайдалануға мүмкіндік бермейді.

Қазіргі заманғы Таэквандоде спортшылар айқасудың олардың күш пен моральдық-қайрат қасиеттері көбірек сәйкес келетін формаларына сүйенеді, мұнда олар қарсыласы алдында үлкен жетістікке ие болады.

Айқасудың жетістігі көбінесе оның тактикалық дұрыс құрылуынан байланысты. Қарсыласына оған тиімсіз болатын және уақтылы қорғана алмайтын ұрыстың тактикалық формасын қолдану өте маңызды.

Айқасудың техника-тактикалық формасын дұрыс тандау және оған Таэквандоның тиімді техника-тактикалық құралдарын пайдалану спортшының жарыстағы жетістігінің маңызды факторы болып табылады.

Ұрысқа тактикалық дайындық негізін Таэквандотің жекпе-жек тактикалық әрекетінің кешені анықтайды.

Бұл кешен неғұрлым кең әрі бай болса, спортшының тактикалық шеберлігі солғұрлым әр түрлі және жоғары болады.

Финт-бұл саққының қол, кеуде, аяқ, бас және көздің қимылдарымен басталуын білдіреді. Таэквандо финттің көмегімен өзінің алысудағы қимылдарының шынайылығын жасырады және онымен қарсыласына қарсы шабуыл әрекетін ұйымдастыруда тактикалық қиындық туғызады, оның атын бөледі, ынтаны өзінің қолына аударады, сондай-ақ тоқтап қалудан құтылады. Сондықтан финттерді ұрыс барысында әрбір спортшы дұрыс қолдана білу керек. Финт өте күшті тактикалық құрал бола алады, бірақ оның тиімділігі тұтастай әрі толығымен оны орындауда шындық пен айқындылықтан байланысты болады.

 

Айла және айланы арттыру

Қазіргі заманғы ұрыс-бұл тек соққы, қорғаныс және қарсы соққы емес. Бұл сондай-ақ шабуыл мен оны дайындайтын түрлі қимылдардың үздіксіз алмасуы.

Айланы арттыру-бұл Таэквандотің татамиде тактикалық міндеттерді орындауға арналған саналы қорғалуы.

Айланы арттыруды финтпен сәйкес қолдана білу қарсыласының ойын бөлуге, қарсы қимылдарды қайтаруды орындауына мәжбүр етеді және оны татамидің бұрышына немссе татамидің сыртына шығып кетуіне алып келеді.

Айланы арттыруға маңызды ынта мен жеткілікті уақыт кезінде спортшылар динамикалық және қозғалмалы Таэквандо көрсететін болады. Басқаша айтқанда қазіргі заманғы ойындық Таэквандо. Ойындық деп атайтын себебіміз, Таэквандо қозғалу есебінен үнемі бұл қашықтықты өзгерту кезіндегі қарсыласына дейінгі аралықтың өзгеру ойынына негізделген.

Егер аралық есептелмеген болса, онда соққы мақсатына жетпейді немесе жай ғана дүмпуге айналады.

Осылайша, айланы арттырудың басты міндеті-соққы бағытына шығу, бұл арқылы Таэквандо қарқынды шабуылды бастай алады. Бұл міндетті Таэквандо енді айланың көмегімен орындайды.

Айла-бір не бірнеше қозғалыстан тұратын өнделген жүйені ұсынады, мұны Таэквандо тек қарсыласына жақындау үшін емес сондай-ақ дәл соққы бағытына ену үшін де қолданады.

Бұвдай тактикалық тәсілдің дәлдігінен бүкіл ұрыс әрекетінің жетістігі байланысты болады, сондықтан да Таэквандо айланың күшімен шабуыл үшін жарыс алаңын жасайды.

Бұдан басқа, айла спортшының алысу барысына қиын жағдайдан көбінесе татамидің бұрышына тақалған кезде шығуына көмектеседі.

 

Алдау қимылы

Алдау қимыл-бұл ұрыстың жеңіс ұпайын жинауға бағытталған емес қарсыласынан шынайы шабуылды жасыратын қимыл.

Алдау қимылы арқылы қарсыласы үшін әдейі айқын, бірақ күш пен энергияны артық жұмсамай жеңіл берілетін соққы немесе соққылар сериясы болады. Бұндай қозғалыс дағдысының міндеті-қарсыласына өзінің қорғаныс әрекетін табысты орындауына сенімін иландыру және оны белсенді алысу әрекетіне арандату.

 

Шақыру

Шакыру-карсыласты қарсы тәсілдердің орындалуына мүмкіндік туғызатын белсенді қимылға итермелейтін Таэквандотің өзінің қарсы қимылына тактикалық дайындық әдісі.

Шақыруды іске асыру үшін құралдар ретінде әдейі ашылу қолданылады. Бұл үшін Таэквандо берсе сол, бірге оң қасын немесе екеуінде түсіреді не бұрып жібереді. Кейбір спортшылар қарсыластарын белсенді ұрыс қимылына шақырғанда шаршау мен шабуылға қабілетсіздікті көрсетеді.

Таэквандо шабуылдың қай түрлік өткізетініне байланысты, ол қарсыласынсыз сәйкес әрекетіне ыңғайлы шақыруды қолданады, жауап қимыл беріле сала өзінің ниетін қарсыласының қимылын басып озып іске асырады.

 

Басып озу

Басып озу тактиканың құралы ретінде Таэквандо өзінің ұрып тәсілін қарсыласының әрекетіне жауап ретінде орындауды бастайды бірақ оны өзінің шапшаңдық пен тәсілдерді орындаудағы жылдамдық есебінен қарсы қимылымен басып озады.

 

Қауіп төндіру

Қауіп төндіру-бұл тек шабуылдың басталуын көрсететін тактикалық қимылдардың кемені ғана емес, сонымен бірге белсенді қимылдарды көрсету арқылы қауіп төндіретін және қарсыласын қорғануға немесе қарсы шабуылдауға мәжбүр еткізетін Таэквандотің барлық қимылы. Тактикалық қимылдардың мұндай тобының құндылығы қарсыласы жалған шабуылға неғұрлым жиі әрі тереңірек әсер етсе, шабуылдау немесе қарсы шабуылдау қимылын жасауда қолайлы жағдай соғұрлым көп жасалады.

Сонымен бірге қорғануды нығайта отырып, қарсыласы көбірек көрсетілетін барлық қорғаныс тактикасын қолданады бұл әрине, оған тек шабуылдаушының кезекті қимылдардың ғана емес, сондай-ақ өзінің қимылын және жағдайды бақылауға мүмкіндік бермейді, бұл жалпы күштену мен тоқтап қалуға және де қорғана отырып кері қайтуына алып келеді.

 

 

Ұрыс барлауы

Таэквандотің тактикалық шеберлігі көбінесе ұрысты жоспарлау мен оны басқара білуімен айқындалады.

Ұрыс барлауы қарсыласының техника-тактикалық жағынан жекпе-жекте күшті және әлсіз жақтарын және оның күшін, психикалық күйін және жігерлі дайындығын білуге арналған.

Ұрыс барлауы-шабуыл, қорғаныс және қарсы шабуыл, сондай-ақ жеке тактикалық құралдардың көмегімен іске асырылады. Бұлардың бәрі бір ғана міндет-қарсыласы жайында мәлімет жинауды, оның басты әдісін білуді орындауға бағытталған.

Ұрыс барлауы айқасудың алдында кез-келген қарсыласқа қарсы қолданылады. Сонымен, Таэквандо таныс емес қарсыласымен кездескенде оның қимылының жылдамдығы қандай екенін, ұрысты қандай соққылармен жүргізетінін, қандай тактиканы ұстанатынын т.б. білуі керек.

Егер де қарсыласы таныс болса, ұрыс барлауы арқылы Таэквандо оның техникасы мен тактикасындағы соңғы кездегі өзгерістерін белгілеу қажет.

Ұрыс барлауының көмегімен жарысқа дайындық процесінде жиналған қарсыласы жайылдағы мәліметтер қорыл толықтыруға болады. Таэквандо барлық мәліметтерді біріктіріп, жекпе-жек жоспарын құрастырады.

Қарсыласы туралы мәліметтер жақсы дайындық үшін және жарыста табысты өнер көрсету үшін маңызды болады. Мәліметтер неғұрлым мол болса, алдағы жекпе-жекке дайындықты жоспарлау жеңіл болады. Қарсыласының еркі мен күшін оның темпераменті мен өжеттігін, жекпе-жекті жүргізу дайындығын білу жарыс алдындағы дайындық барысыңда аса тиімді қарсы әрекеттерді жасауға мүмкіндік береді.

Қарсылас жайында мынадай мәліметтер болу керек:

  1. Жалпы мінездемесі: жасы, спорттық стажы, жоғары спорттық жетістіктері.
  2. Дене дамуы: бойы, солақайма, шыдамдылығы, шапшандығы, ептілігі мен күші.
  3. Техника-тактикалық дайындығы: ең ұнамды шабуылы, қорғалуы мен қарсы шабуылы; айласын арттыра білуі; көбінесе алысудың қаңдай тактикасын ұстанады, айланы, шақыру т.б. қолдана ма?
  4. Психологиялық дайындығы, темпераменті, күшін жұмсай алуы, жекпе-жекті жүргізуде батылдығы мен табандылығы, жеңіске деген жігері.

Тәжірибе көрсеткендей, әрбір Таэквандоті жекпе-жекті жүргізуде өзінің мінез-құлқымен, күші, техникалық, психикалық дайындығының деңгейімен анықталатын жеке тәсілі болу керек.

Осымен байланысты ұрысты шабуыл, қарсы шабуыл немесе қорғаныс тактикасымен құруға болады. Сонымен бірге тәжірибелі Таэквандо қарсыласын «ісі барысында» көріп ұрысты жүргізу тактикасын мысалы, шабуылдан қарсы шабуылға, қорғаныстан шабуылға т.с.с. ауыса отырып өзгертеді. Бұндай ауысулар спортшының дайындығына байланысты. Ол ұрысты жүргізудің мұндай формаларын уақтылы үйрену керек, себебі жекпе-жектің барысына қарай ауыса білу көбінесе жетістікке алып келеді.

Шабуыл ұрысы

Шабуыл ұрысының тактикасы спортшыдан жоғары белсенділікті, ұрысты батыл әрі табанды жүргізе білуді талап етеді. Жекпе-жекті жүргізудің бұндай тәсілі дененің және психикалық дайындығына, сондай-ақ шабуылдаушы құралдардың әр алуандығына негізделеді.

Жекпе-жекті жүргізудің шабуыл тәсілі үздіксіз қысым тәсіліне және эпизодты спуртық шабуыл тәсіліне бөлінеді.

Үздіксіз қысымның тәсілі Таэквандо үнемі ұрыстың жағдайын шиеліністіріп, финттермен алдау қимылын нағыз шабуылмен байланыстырып, біле тұра есті қатерге барыл, қарсыласына қысым көрсетеді, содан кейін өзінің ұнамды тәсілдерін қолданады.

Қарсыласының еркіне қысым көрсетуге және оның денесін шаршатуға бағытталған бұндай тәсіл спортшылар үшін қарсыласын артық күштенуде ұстауға мүмкіндік береді. Шабуыл тәсілі Таэквандоден қарсыласымен тез жақындасуын және табанды шабуылдай білуін талап етеді.

Үздіксіз шабуылдың тек қарсыласын ғана емес, шабуылшыны да әлсірететінін, осы тәсілді ұстанатын Таэквандо бәрінен бұрын үлкен шьщамдылықты, шыныққан күшке ие болу қажет және айланы арттыруда жақсы білуі керек екенін есте сақтаған жөн.

Эпизодты спурттық шабуыл тәсілі Таэквандоның ыңғайлы сәтте қолданылуынан тұрады. Ол шабуылды күтпеген жағдайда, айтарлықтай жылдам шұғыл жылдамдықпен орындайды. Шабуылдар аралығындағы уақытта Таэквандо айла арттыруды көбірек орындайды, алдау қимылдарын жасайды, бұл арқылы қарсыласының ынтасын тарқатады және бір мезгілде оның қырағылығын жояды. Шабуылдың жетістігі көбінесе жылдам жақындаудан, сондай-ақ ұрыс тәсілдері аяқталғаннан кейін аралықты бұзудың тез және дер кезінде болуында.

Эпизодтық спурттық шабуылдар қорғаныс және қарсы шабуыл тәсілдерін шебер және тез орындауы жеткіліксіз Таэквандолер үшін тиісті. Шабуыл тәсілінің екі түрі де спортшыға ынтаны игеруге және ең маңыздысы қарсыласына өзінің күш-еркін мойындауына мүмкіндік береді.

 

Қарсы шабуыл ұрысы

Қарсы шабуыл ұрысының тәсілі Таэквандоның жекпе-жекті қарсы және жауап қарсы шабуылдардан құруына байланысты негізделген. Ұрысты жүргізудің осындай тәсілін ұстанған спортшы үшін тек жылдам қимыл көрсетудің жоғары деңгейі ғана емес сонымен бірге алысу қимылдарын жеткілікті жылдам орындау қажет. Қарсы шабуылдың дайындығы үшін негізгі құралдары қарсыластың шабуыл қимылдарына жете отырып, дәл сәтті кезде күтпеген жағдайда қарсыласынан қарсы шабуылмен озып кетеді. Ұрысты жүргізудің қарсы шабуыл формасы жылдам ұмытлатын спортшыға қарсы тиімді.

 

 

Қорғаныс ұрысы

Қорғаныс ұрыс күту тәсілі бойынша құрылған. Сонымен бірге Таэквандо белсенділік танытпайды, қарсыласы ұрыс тәсілдерін орындауда қате жіберген кезінде оған шабуылдайды немесе қарсы шабуылдайды.

Көптеген жаттықтырушылар ұрыстың күту тәсілінен бас тартады, мұндай тәсіл Таэквандо қарсыласының қимылынан толық тәуелді болады деп дәлелдейді. Мұнымен келіспеуге болмайды, бірақ күту тәсілін толығымен жоққа шығаруға да болмайды. Бұл спортшыға күшін жинау кезінде немесе бұрын қолданылған тәсілдер кері нәтиже бергендегі қысқа уақытта қолданылады.

Күту тәсілі жекпе-жекті басылда қарсыласқа қарсы, ұрысты жүргізу тәсілі белгілі кезде, сондай-ақ ұрыстың алғашқы минуттарында қауіпті спортшыға қарсы өте жиі қолданылады. Мұндай жағдайда спортшы қорғанысқа ауыса отырып, біріншіден қарсыласының белсенді қимылдауы үшін қауіп төндірудің көмегімен анық белсенді әрекетті жасау керек, және екіншіден, қажет кезінде қарсы шабуыл көрсету үшін өте сақ болуы керек.

Мұнымен қоса мынаны білген жөн, ұрысты жүргізудің жүйесі ретінде қорғаныс тәсілі болуы мүмкін жарақаттануға (поражение) алып келеді, сондықтан өте ұқыпты қорғаныс-бұл бәрібір тек қорғаныс.

 

2.4. Оңтүстік Қазақстан облысындағы Таэквандо

спортының даму тарихы

Оңтүстік Қазақстан облысындағы сонымен қатар орталығы Шымкент қаласындағы Таэквандо спортының шығуы және дамуы сол кездегі КСРО құрамына кіретін елдер және Қазақстанның басқа да облыстарындағыдай жасырын топтарда жүргізілді.

Таэквандо-жат жұрттыққа тән шығыс жекпе-жегінің бір түрі болып практика жүзінде құпияға толы және бүркемеленген түрде болып, сабақтар кей жерлерде кітаптан қарап, кей жерлерде кинофильмдерді пайдалана отырып жүргізілді.

Осы кезенде Шымкент қаласындағы Варшава медицина академиясының түлегі Сергей Боголепов, Алматы медицина академиясының түлегі Андрей Андреев және Вадим Лигайдың жетекшілік етуімен арнайы Таэквандо секциялары пайда болды.

Полынадан келген әйгілі Шотокан стилінің маманы Кшиштов Краш 1979 жылы Шымкент қаласында алғаш рет Халықаралық семинар өткізді.

1980 жылы бірінші рет КСРО астанасы Москва қаласында Олимпиада ойындары өтті. Ал Шымкент қаласындағы Қажымұқан атындағы Орталық стадионда Олимпиада ойындарының ашылу құрметіне спорттық мереке ұйымдастырылды. Мерекені көркемдік бейнелеу бағдарламасында С.Боголепов, А.Андреев, В.Лигайдың 200 тәрбиеленген Таэквандошілері өнер көрсетті.

1984 жылы 17 мамыр күні КСРО Спорткомитетінің «Спорттық қоғамдарда Таэквандоні оқытуға тиым салу» бұйрығы жарық көрді. Сол себепті бүкіл әлемде әйгілі болған бұл спорттың түрі әлем бойынша тек Кеңес Одағында ғана тиым салынды. Ал осы кезде 120 елде Таэквандо даму тапты.

80-жылдардың соңында Кеңес Одағында үлкен өзгеріс; Қайта құру басталды. Таэквандо жаңа «толқын», леп беру кезеңінде қоян-қолтық ұрыс, самбо одан кейін кең көлемді қытай у-шуы түрлерінде секция өткізуден бастау алады.

1989 жылы Облыстық Таэквандо федерациясы құрылды, Президенті болып Темірханов Мұзафар Темірұлы сайланды, директорлыққа атқарушы Абдықұлов Намазбай Андақұлұлы тағайындалды. 1989 жылғы желтоқсан айында қалада бірінші рет Қазақ Химия-Технология институтының спорт кешенінде Таэквандоден қала чемпионаты өтті. Сол кезден бастап осы уақытқа дейін жүйелі түрде қалалық және облыстық чемпионаттар өткізіліп тұрады. Облыстық Федерация қысқа уақыт ішінде үлкен ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар жүргізді, бір қатар жаттықтырушылар Жапондық алдыңғы қатарлы шеберлердің жүргізген Халықаралық семинарларына қатысты. Алғаш рет Шымкент қаласының өкілдері Намазбай Абдықұлов, Магомет Гусейнов, Бақыт Жанқараев СССР Чемпионатына байланысты П.Вергунстонның (Голландия) жетекшілік етуімен (Ростов на Дону қаласы) бүкіл әлемдік жетекшілер семинарына қатысты.

Жаттықтырушылардың ерен еңбегінің арқасында 1991 жылы желтоқсан айында үлкен жетістіктерге жетті.Саратов қаласы өткен жастар арасындағы КСРО біріншілігіне Қазақстан КСРО қтрама командасының сапында үш Шымкенттік Б. Төлеев, Б. Жұмабеков, Д. Смановтар өнер көрсетті. Данияр Сманов бес жекпе-жек еткізіп, бесеуінде де өте жақсы өнер көрсетіп құрама команданың бірінші және соңғы жастар арасындағы чемпионы атанды. Жарыс барысында әйгілі оқиғадан кейін (Беловеж пущасы) КСРО күйреп, Қазақстан басқа мемлекеттер сияқты егемендік алып тәуелсіздік мемлекет болды.

Егемендік алғалы бері түбегейлі өзгерістер пайда болды. Спортшылар Азия Чемпионатына, Кубок және Әлем Чемпионатына қатыса алатын құқыққа иемденді.

1992 жылы М.Т. Темірхановтың шақыруымен Шымкент қаласына Югославиядан Мирослав Кукоч, Ерко Мишкич, Никола Русич келді. Бұлардың жетекшілігімен, өткен семинарға 150-ден астам Қазақстандық Таэквандошілер қатысты.

1993 жылы «Қазақстан Республикасында Таэквандоні дамытқаны үшін» алғашқылардың бірі болып М.Т.Темірханов марапатталды. Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Мұзафар Темірұлы Темірхановтың ықпалымен 1993 жылы Шымкент педагогикалық дене тәрбие институтында «Шығыс жекпе-жегі» кафедрасы ашылды. Бұл мамандандырылған кафедра Таэквандо, таэквандо, кикбоксингтен кәсіби жаттықтырушылар даярлай бастады.

1993 жылы югзде Венера Исабаева Азия Чемпионатында қола жұлдызы атанды, жастар арасында Азияның бірінші чемпионатында (Вьетнам 1994 ж.) құрама команданың сапында Ержан Балабаев, Батырхан Ахметов, Марат Жүніспековтер өнер көрсетті. Е. Балабаев, Б. Ахметов қола жүлдегер атанды. М. Жүніспеков 5-орын алды. 1995 жылы Азия Чемпионатында (Филиппина) Ольга Кудрявцева, күміс жүлдегер аталды, қола медальді Нұрлан Сарылбеков алды, осы жылы Әлем Кубогына (Франция, Сант-Максим) қазақстанның құрама командасында өнер көрсететін Ольга Кудрявцева әлемнің кіші Кубогін жеңіп алды.

Бұл жылдары ерекше жұлдызы жанған таланты спортшы Боранбай Төлеев болды. Боранбай контакті Таэквандоден Қазақстанның Абсолюттік чемпион атағын жеңіп алды. 1995 жылы «Кубок Измира» Халықаралық турнирде өз салмақ категориясында чемпион атанды, 1997 жылы Азия Чемпионатында (Макао), 3-орынға ие болды.

Таэквандо көріністері, әйгілі спорт түрінің бірі болып Қазақстан Республикасының I Спартакиадасының бағдарламасына енді, мұнда чемпион болғандар Шаттық Елеусінов, Бахтияр Тоқсейтов, Меруерт Керишева, күміс жүлдегерлер-Нұрлан Байжанов, Гүлбану Елемес, қола жүлдегерлер-Салтанат Бегімова, Меруерт Арысланова, Айжан Намазбаева, Бақыт Жанқараев, Берік Алмахан, Тимур Абдрахманов. Халықаралық турнирде «Кубок Босфора» (Стамбул қаласы) Шаттық Елеусінов екінші орынға көтерілді. 2001 жылы Азия чемпионатында (Куала-Лампур қаласы Малайзия) қатысқан 23 елдің ішінде Қазақстан құрама командасы бесінші орынды алды. Бахтияр Тоқсейтов күміс медальді жеңіп алды, Ш. Елеусінов (Қажымұқанов) қола медальды жеңіп алды. Облыстың құрама командасы сапында өнер көрсеткен Қазақстан Республикасының чемпиондары, көптеген Халықаралық жарыстардың жеңімпаздары, жүлдегерлері Таэквандо спортының шебері Венера Исабаева, Ольга Кудрявцева. Алтынай Бекмұратова, Зульфия және Наргиза Юнусовалар, Меруерт Керишева, Ержан Балабаев, Батырхан Ахметов, Қанат Өтемісов, Боранбай Төлеев, Сүлеймен Ботаев, Нұрлан Сарыпбеков, Шаттық Қожымұқанов, Данияр Исабаев, Бахтияр Тоқсейтов, Меруерт Арысланова, Салтанат Бегімова, Гүлбану Елемес, Белялов Қайрат және басқалар.

Алматы, Ақтау, Қарағанды қалаларындағыдай Қазақстанның алдыңғы қатар Таэквандошілері болып аталды.

Мықты, күшті, болашағы мол жастар өсіп келеді. Облыстың Таэквандо федерациясымен облыстың Таэквандо Шотокан федерациясы тығыз байланыста, бұл федерацияны Бақыт Жанқараев басқарады, жақсы болашағы бар.

Оңттстік Қазақстандағы Таэквандоның құрылуы мен дамуы жолында Абай Әкімбаев (Абай), Берік Қожақ (Темірлан), Нтрлан Жабаев (Ленгір қаласы), Қыдыр Налібаев (Арыс қаласы), Сакен Ільясов (Кентау қаласы), Магомед Гусейнов (Қара-су), Әлішер Жұмабеков, Борис Алыков, Вадим Лыков, Роман Ниязалиев (Шымкент қаласы) облыстың Таэквандо Шотокан федерациясының президенті Бақыт Жанқараев, облыстың аға жаттықтырушысы Нұрмахан Мелдеханов, Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Халықаралық дәрежедегі төреші Намазбай Абдықұлов және алмаспайтын облыстың Таэквандо федерациясының Президенті п.ғ.к., доцент Мұзафар Темірұлы Темірханов мырзалардың атқарған істері өте мол.

Еліміздегі Таэквандоның дамуына үлкен үлесін қосқанын ескере отырып 2000 жылы ұлттық Таэквандо федерациясы М.Т. Темірхановты, Н.А. Абдықұловты, Н.Мелдехановты «Қазақстан Республикасында Таэквандоні дамытқаны үшін» деген құрметті белгімен марапатталды.

2002 жылы қазан айында XIV Азия ойындарында Шаттық Қажымұқанов күміс медальді жеңіп алды, қараша айында жастар арасында Таэквандо Шотокан (Лас-Вегас, США) Әлем Чемпионатында Асқар Пошымов чемпион атанды.

 

2.5. Жылдың басты жоспарына дайындықтың үлгі-моделі

Таэквандотің жарыстағы жетістігі мен жаттығу процестерінің тиімділігі жаттықтырушы мен спортшының жұмысқа сол уақытта шешуші болып табылатын жаттығудың түрлері мен әдістерін факторларын және бөлшектерін уақтылы енгізу мен ұйымдастыруға қаншалықты шығармашылықпен қатыстығына байланысты болады.

Төменде ұсынылып отырған Таэквандотердің жаттығу жүйесі жаттықтыру процестерінің әр алуан жақтарын кешенді пайдалану принциптеріне негізделген.

Олимпиадаға дайындықтың төрт жылдық циклында күнтізбектік жыл оқу-жаттығу және жарыс процестерін жоспарлау мен ұйымдастырудың негізі болып табылады.

Әрбір күнтізбектік жылда екі басты жарыс көзделеді-бірі-ішкі және екіншісі-халықаралық, жылдың басты халықаралық жарысына шығу ең маңызды болады, мысалы, әлем чемпионаты мен Азия чемпионаты, өйткені осы жерде Таэквандоның елімізде даму және өрлеу деңгейі көрсетіледі.

Таэквандо техника-тактикалық құралы көлемі жағынан функционалды және жүйкеге күш түсетін спорттың ең ауыр түріне жатады.

Сондықтан «Жылдың басты жарыстарына дайындықтың үлгі моделі» негізін жасауда келесі талаптардың шығуы қажет:

  1. Дайындық кезеңінің бастамасына Таэквандо егер қажет болса, тиісті емдік-сауықтыру процедураларын қабылдап үлгеруге міндетті, сондай-ақ алдыңғы жарыстарда жұмсалған дене және жүйке күшін қалпына келтіру керек.
  2. Таэквандо жеңісіне қажет тактика-техникалық, психологиялық және дене күшінің дайындығымен қамтамасыз етеді; бірақ ең бастысы жарыс басталғанға дейін оны «спорттық формаға» келтіру үшін дайындықта осындай ұзақтық, бағыттылық және көлемнің сәйкестігі, күш жұмсаудың интенсивтігі болу керек.
  3. Әрбір жарыстан кейін оған қажетті түзетулерді енгізуге болатындай және дайындықтың соңғы сатысына толық өтейтіндей жаттығудың тұтас жүйесі керек.

Тәжірибе көрсеткендей дайындықтың 10-12 апталық моделі ұтымды жолы болады, бұл ауыспалы (1-2 апта), дайындық (8 апта) және жарыстың (1-2 апта) кезеңдерден тұрады.

Дайындықтың мұндай жүйесі спорттық форманы дамытуды басқару үшін, сондай-ақ тактикалық-техникалық, психикалық, дене күшін және әрекеттік дайындықты жүзеге асыру үшін барлық жағдайын жасайды. Ауыспалы кезең жылдың соңғы жарыстарынан кейін бірден басталады және спортшы ағзасын үлкен дене күшін және психикалық күш жұмсалғаннан, емдік-сауықтыру процедураларын қабылдауды, сондай-ақ дене күшінің сапасының сәйкес деңгейін дұрыс ұстауды қалыптастыруға бағытталған. Ауыспалы кезеңде Таэквандотер спорттық залдағы сабақтардан толығымен босатылады. Олар өздерін жақсы сезіну үшін белсенді тылығуы және спорттың басқа түрлерімен (футбол, баскетбол, жүзу т.б.) айналысуы қажет.

Бұдан бөлек олар дайындық деңгейінің басталуынан алдын дәрігерлік-биологиялық тексеруден өту керек, бұл арқылы жаттықтырушы өзінің шәкіртінің жай-күйін біледі. Дайындық кезеңі екі кезеңнен тұрады: жалпыдайындық және арнайы дайындық. Жалпыдайындық кезеңінде (5 апта) басты түрде техника-тактикалық, күш және қызметтік дайындықтың ең жоғары нәтижесіне жету үшін негіздер жасалады.

Жаттығудың жалпыдайындық негіздері:

  1. Техника-тактикалық құралдар жүгінің толықтырылуы мен жүзеге асырылуы.
  2. Қызметтік мүмкіндіктерінің жалпы деңгейінің жоғарылауы.
  3. Дененің қабілетін дамытудың жан-жақтылығы. Жалпыдайындық кезеңі дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма, сенбі сайын басты түрде техника-тактикалық шеберлікті жетілдіруге және қызметтік мүмкіндіктерін жоғарылатуға бағытталған жаттығулар жүргізілетін апталық циклдардан тұрады. Сабақтың негізгі бөлімінде минуттық айқасулар тынығудың минуттық интервалдарымен алмасатын қайталау әдісі қолданылады.

Жаттығудың жалпыдайындық кезеңінде Таэквандоге екі аптада 1 рет «ашық татами» түріндегі жарысқа қатысады. Мұндай жұмыстарға арнайы дайындық жүргізілмейді, жарыстан бір күн бұрын осындай ұрыс туралы хабарланады.

 

Анаэробтық қабілеттер өте тұрақты

Арнайы жаттыгуды тоқтатқанда да олардың деңгейі тез төмендейтіні белгілі.

Жұмыстың мұндай тәртібінде жаттығуды оқтын-оқтын өткізу қажеттігі осымен туындайды.

Сонымен бірге спортшыларға жақын қалған жарыс шартына жүйелі түрде дайындалуына мүмкіндік беретінін, бұл кратэклердің экстермальды жағдайда мінез-құлқын басқаруда маңызды рөлге ие екендігін білген жөн.

Арнайы дайындық кезеңі (3 апта) кезінде басты түрде «спорттық форманың» жасалуын қолайлы таңдалған күш пен тынығудың көмегімен, жоғары жетістіктерге жету дайындығына бағытталған жаттығу кезінде көлемі мен ынтаның анық байланысынан, сондай-ақ спортшының арнайы дене күші мен психикалық дайындығын одан әрі және үнемі жетілдіруде пайда болады.

Арнайы дайындық кезеңінің негізгі міндеттері:

  1. Арнайы жаттығуды дамыту негізінен анаэробтық мүмкіндіктер.
  2. Техника-тактикалық ұрыс дағдылары мен ұрысты алып бару үшін ептілікті терең меңгеру.
  3. Соққы жылдамдығы, сондай-ақ шапшаңдығы мен қорғаныс соққы әрекетінің жылдамдығын сапалы түрде жақсарту.
  4. Психикалық тұрақтылықты арттыру.

Арнайы-дайындық кезеңіндегі жаттығу жалпыдайындық кезеңіндегі жаттығудан негізінде ерекшеленеді. Онда сабақтың негізгі бөлімінде қайталама-өзгергісі әдіс қолданылады, әрбір жұмыс сериясынан кейін Таэквандотің сағаты минутына 120 соққыға дейін қалыптасуы үшін жұмыс тынығуымен алмастырылады.

Жаттығудың қайталама-өзгергіш әдісі жарыс алдындағы дайындықтың соңғы кезеңінде «жүрек тоқтатылу жиілігін бағдарламалау негізінде жаттығу әдісінің» көмегімен үйлесімді қызметтік күшін белгілеуге мүмкіндік береді.

Бұл әдістің мәні жаттығу күшінің әсерінен немесе басқаша айтқанда дене күшін жұмсаудан болған жүрек тоқтауының жиілігінде көрінетін жедел жаттығу әсер жаттығуда жетекші бастама болуымен байланысты.

Дайындықтың бұл кезеңінде алдағы жарыстың күрделілігінен байланысты көрермендер алдында және жеңісті жариялағанда 3-5 айқасулар өткізіледі. Дайындық кезеңінің жалпыдайындық және арнайы дайындық кезеңдерінде негізгі (басты) ұрыс тәсілдерін терең меңгеру мақсатында Таэквандотің даралық шеберлігі жүйелі жетілдіріледі.

Жарыстық кезең 1-2 аптаға созылады.

Бұл кезеңнің негізгі міндеті спорттық форманы сақтау және оны спорттық жетістіктерде іске асыру болып табылады. Бұл кезеңнің құрылымы күн тізбектен және турнирдің жағдайына байланысты. Негізгі жаттығу қысқартылған бағдарлама бойынша өтеді. Бұған денені қыздырудан және қорытынды бөлімнен басқа бастырмада серігімен жаттығу жартылай еркін ұрыс, табан жаттығуы мен көлеңкемен ұрысты қосады. Жаттығудың ұзақтығы 40-45 минут.

Жарыстық кезеңде үлкен мәнге терең психологиялық дайындық ие болады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Таэквандотің жарыстағы жетістігі мен жаттығу процестерінің тиімділігі жаттықтырушы мен спортшының жұмысқа сол уақытта шешуші болып табылатын жаттығудың түрлері мен әдістерін факторларын және бөлшекгерін уақтылы енгізу мен ұйымдастыруға қаншалықты шығармашылықпен қатыстығына байланысты болады.

Төменде ұсынылып отырған Таэквандотердің жаттығу жүйесі жаттықтыру процестерінің әр алуан жақтарын кешенді пайдалану принциптеріне негізделген.

Олимпиадаға дайындықтың терт жылдық циклында күнтізбектік жыл оқу-жаттығу және жарыс процестерін жоспарлау мен ұйымдастырудың негізі болып табылады.

Әрбір күнтізбектік жылда екі басты жарыс көзделеді-бірі-ішкі және екіншісі-халықаралық, жылдың басты халықаралық жарысына шығу ең маңызды болады, мысалы, әлем чемпионаты мен Азия чемпионаты, өйткені осы жерде Таэквандоның елімізде даму және өрлеу деңгейі көрсетіледі.

Таэквандо техника-тактикалық құралы көлемі жағынан функционалды және жүйкеге күш түсетін спорттың ең ауыр түріне жатады.

Сондықтан «Жылдың басты жарыстарына дайындықтың үлгі моделі» негізін жасауда келесі талаптардың шығуы қажет:

  1. Дайындық кезеңінің бастамасына Таэквандо егер қажет болса, тиісті емдік-сауықтыру процедураларын қабылдап үлгеруге міндетті, сондай-ақ алдыңғы жарыстарда жұмсалған дене және жүйке күшін қалпына келтіру керек.
  2. Таэквандо жеңісіне қажет тактика-техникалық, психологиялық және дене күшінің дайындығымен қамтамасыз етеді; бірақ ең бастысы жарыс басталғанға дейін оны «спорттық формаға» келтіру үшін дайындықта осындай ұзақтық, бағыттылық және көлемнің сәйкестігі, күш жұмсаудың интенсивтігі болу керек.
  3. Әрбір жарыстан кейін оған қажетті түзетулерді енгізуге болатындай және дайындықтың соңғы сатысына толық өтейтіндей жаттығудың тұтас жүйесі керек.

Тәжірибе көрсеткендей дайындықтың 10-12 апталық моделі ұтымды жолы болады, бұл ауыспалы (1-2 апта), дайындық (8 апта) және жарыстың (1-2 апта) кезеңдерден тұрады.

Дайындықтың мұндай жүйесі спорттық форманы дамытуды басқару үшін, сондай-ақ тактикалық-техникалық, психикалық, дене күшін және әрекеттік дайындықты жүзеге асыру үшін барлық жағдайын жасайды. Ауыспалы кезең жылдың соңғы жарыстарынан кейін бірден басталады және спортшы ағзасын үлкен дене күшін және психикалық күш жұмсалғаннан, емдік-сауықтыру процедураларын қабылдауды, сондай-ақ дене күшінің сапасының сәйкес деңгейін дұрыс ұстауды қалыптастыруға бағытталған. Ауыспалы кезеңде Таэквандотер спорттық залдағы сабақтардан толығымен босатылады. Олар өздерін жақсы сезіну үшін белсенді тылығуы және спорттың басқа түрлерімен (футбол, баскетбол, жүзу т.б.) айналысуы қажет.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

  1. Алексеев А.В. Себя преодолеть. Москва «Физкультура и спорт» 1978. -144 с.
  2. Биджиев С.В. Таэквандо. Сетокан. Санкт-Петербург, 1994.-542с; ил.
  3. Вихман В.Д. Школа Таэквандо. Искусство ката /Выпуск 1-2/. Пер. с нем. М., Советский спорт. 1991.
  4. Долин А.А., Попов Г.В. Кэмпо-традиция воинских искусств, -2-е изд.-М.; Наука 1990-429.; ил.
  5. Лапшин С.А. Таэквандо I-П-III т. Донецк: Сталкер, 1996.
  6. Милковский Е. Искусство спортивной борьбы Японии. Минск; «Полымя», 1991.-175с.
  7. Накаяма М. Лучшее Таэквандо. I-XI т. Москва.; «Ладомир». ACT, 1998.
  8. Накаяма М. Динамика Таэквандо. (Пер. с анг. А.Куликова).-М.,: Фаир-Пресс, 1999-304 с.
  9. Тарас А.Е. Боевые искусства. Минск.; Харвест. 1996.-640с.
  10. Протасов В., Клинг А. Таэквандо. Минеральные воды. 1991.-175 с.
  11. Цвелев С.В. Путь Таэквандо. I-II-III т. Москва.: 1992.
  12. Захаров Е. и др. Рукопашный бой: Самоучитель.-М.: «Культура и традиции». 1992-240 с.
  13. Фомин В., Линдер И. Диалог о боевых искусствах Востока. -2-е изд.-М; Молодая гвардия, 1991.-367 с: ил.
  14. Ямагучи Н. Госэй Фундаментальное Таэквандо. (пер. с анг. А.М.Подчеколдина).-М.: Агенство «Фаир», 1998.-224 с; -/Спорт/.