АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Талдап оқыту әдістемесі

ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Д.А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

 

ДИПЛОМДЫҚ    ЖҰМЫС

 

ТАЛДАП ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

 Алматы — 2010

 «Талдап оқыту әдістемесі» тақырыбында орындалған бітіру жұмысына

 

ПІКІР

Қазіргі кезде оқу үрдісін жоспарлау, алдын- ала талдау жасау, сабаққа қажетті оқу- әдістемелік, дидактикалық оқу материалдарын күнтізбелік тақырыптық үлгі жоспарлауға қатысты даярлау, болжам жасау талдау мәнді. Талдап оқыту әдістемесінің маңыздылығы оқыту әдістемелері, технологияларын байқап көру, талаптарды есепке алу маңызды. Күнтізбелік тақырыптық жоспарда негізгі оқу материалы, көрсетілетін көрнекіліктер, электронды тасымалдағыштар, көрсетулер, пайдаланатын оқу материалдарының үлгілері, үйге барілетін тапсырма тәжірибе негізінде талдану сапалы білім беруге жетелейді. «Талдап оқыту әдістемесінің» көкейкестілігін түсінуге болады.

Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер және қосымшадан тұрады. Кіріспеде анықталған, жоспарланған міндеттер мен мақсат қисынды түрде орындалған. Талдап оқыту әдістемесінің мәні оқу материалын терең түсінуді көздейді.

……………………………… жұмысты зерделеп, зерттеп, жүйелеп, талаптарды ескеріп, сапалы орындап, әдістемелік үлгіде мақсатына жеткендіктен «өте жақсы» деген бағаға лайықты деп ойлаймыз.

 

 

«Талдап оқыту әдістемесі» тақырыбында орындалған бітіру жұмысына

 

ПІКІР

Білім берудегі бәсекелестік мұғалім қабілетіне байланысты, оқушымен бірлесіп оқу білім беру деңгейін сапаландырады, оқушының «оқы, оқы және оқы» талапты түсініп, оқуына қалыптастыру оқыту үрдісін, оның тиімділігін арттыру, жоғары талаптарды жоспарлап жүзеге асыру қажеттігін түсініп, шығармашылықпен еңбек етуде. Оқу- тәрбие жұмыстарында тәрбиелеу, білім беру және дамыту қызметтерінің негізі саналылықта, талдап оқытуда екендігін таңдап алынған дипломдық жұмыстың көкейкестілігін көрсетеді.

Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер және қосымшадан тұрады. Кіріспеде анықталған мақсат пен міндетке қатысты зерделеу, зерттеу, жүйелеу, қорытындылау, ұсыныстар жасалған.

Бітіру жұмысында талдап оқыту әдістемесінің ерекшелігі жоспарлау, тәжірибеге, сабаққа, жаңа сабаққа, танымдық жұмысқа, сынып жұмыстарына, үйге берілетін тапсырмаға талдау жасап, ой елегінен өткізіп, қажетті түзетулер енгізуді анықтап, мақсатына жеткен. Сондықтан жұмысты жоғары бағалауға болады деген ойды білдіремін.

 

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.

Дипломдық жұмыстың сипаттамасы……………………………………………………………

 

I тарау. Талдап оқыту әдістемесінің психологиялық- педагогикалық негіздері…………………………………………………………………………………………………….

1.1. Талдап оқыту әдістемесінің психологиялық- педагогикалық теориясы, мәні……………………………………………………………………………………………………………

1.2. Талдап оқытудың дидактикалық ерекшеліктері…………………………………..

 

II      тарау. Талдап оқыту әдістемесін пайдаланудың дидактикалық негіздемесі……………………………………………………………………………………………….

2.1. Тұтас педагогикалық үрдістегі талдап оқыту әдістемесі………………………

2.2. Талдап оқыту әдістемесін іс- тәжірибеде пайдаланулар……………………….

2.3. Педагогикалық процестегі дидактика мәселелерін талдауға арналған ситуациялар мен тапсырмалар…………………………………………………………………..

Қорытынды………………………………………………………………………………………  

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………………………………………………….

 

КІРІСПЕ

 

Дипломдық жұмыстың сипаттамасы

Жұмыстың көкейкестілігі. Мектеп оқушыларының білім сапасын көтеру бүгінгі таңда өркениетті елдер қатарына қосылудың, бәсекелестікке барынша лайықты болашағымызды тәрбиелеудің басты бағдарына айналып отыр. «Өркениеттің аса маңызды міндеті- адамды ойлай білуге үйрету»- дейді амарикандық ойшыл, өнертапқыш Томас Эдисон айтқандай талдап оқыту терең, тиянақты білім алуға негіз қалайды.

Оқыту үрдісін сапаландыру үшін қажетті ақпараттарды таңдап алу маңызды, сол ақпараттарды қабылдаудың үш деңгейі бар:

  1. Күнделікті тәжірибелік;
  2. Нақты ғылыми;
  3. философиялық, дүние танымдық.

Оқыту мен тәрбиелеудегі күрделі міндеттерді табысты шешудің жолы мұғалімнің біліміне, біліктілігіне, кәсіби шеберлігіне, шығармашылық еңбегіне байланысты. Ұстаз қызметінің мақсаты- өз пәнін жақсы үйретуден гөрі тереңіректе, ол- адамды қалыптастырушы адам, оқутыда талдап түсінікті дәрежеге өзіні- жеткіншектің еңбек ету арқылы жетуін ойластыруда. Талдап оқу әдістемесінің мәні- оқу үрдісінде керекті білімді бақылап, ұғып қана қоймай, түсініп, талдау арқылы білу және оқу материалдарын тұтас байланыстыруында. Сонда ғана оқу тиімді болада, оларды жүйелей білу. Адамның ең бір жетілген құралы- сөз, сөз адам ақыл- ойының ішкі мәдениетінің және тәрбие дәрежесінің көрсеткіші болып табылады. Олай болса, оқу-тәрбие жұмыстарында талдап оқыту, ойлау, үй тапсырмасын орындау, жаңа сабақты түсіндіру,  үй тапсырмасын баяндауда оқу материалдарын жүйелеп, байланыстыру, оқу мен тәжрибе сабақтас ұғым екендігін сезуі, болу есте сақтап мәнін түсінуде атқарар рөлі зор.

«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып көрсе, дүниедегі жақсы- жаманды танидыдағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам біліміді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады»- деген Абайдың он тоғызыншы ұлағатты қара сөзінің мәні үлкен, ол талдау, түсіну, тәжірибе алу, үлгі тұту арқылы әр адам жетіледі деген ойды білдіреді.

Сабақтың мақсаты- баланың басқаға ұқсамайтын қасиетін аша білу, ол үшін талдап оқыту әдістемесін зертделеу, меңгеру қажет, шәкірттың өзіне психологиялық бақылау жасау арқылы білімнің негізін анықтай түсуге, үйретуге ұмтылыс жасалады. Талдап оқыту әдістемесін зерделеудің қажеттілігі мұғалімнің өз сабағын тиянақты білуі керек, ол үшін талдап, терең түсінуі, үздіксіз бақылау жасап, оң жақсы қасиеттерін көріп дамыту қажет.

Талдап оқыту әдістемесінің мәні- баланың ықыласын ояту, қолынан іс келетіндігіне сендіру, сөзі мен ісінің жасанды емес шынайы болу басты шарттардың бірі, әсіресе шәкірттің кемшілігін емес, жеңісін ізде, әр бала табиғаттың құбылысы, сол үшін сыйлауға болады. Сабақ үстіндегі тыныштыққа көп ізденіспен, еңбекпен ғана, талдап оқытуға шәкірттердің ынта- ықыласын тыңдау арқылы жетуге болады.

Сапалы оқыту, саналы тәрбиелеу деген ұлағатты ой бар, сондағы сана деген де бір шырақ. Зиялы тәлімгер, оның отын тұтатса, ізгілік ізгілікке, әдептілік әдемілікке ұласады. Адамдық қасиеттердің жайнаған гүлдей ашылуына да себеп керек. Үлкендер- ойлылар мида жеті шырақ болады деуші еді. Кем дегенде үшеуі жанса- ақылдылық, бесеуі маздаса- ұлылық. Жетеуі бірдей сәуле шашса- пайғамбарлық екен. Бұл теңеудің байыбында, ағартушылық маңызының зор екендігі аңғарылады. Басты түсінік сапалы білім беру, саналы тәрбиелеудің бір амалыы талдап оқыту.

Оқыту- ұзақ үрдіс, ол жеке сабақтардан құралады, ол оқыту үрдісінің негізгі буыны.

Сондықтан әрбір сабақты жақсы өткізу маңызды, оған жан-жақты дайындалу қажет. «Әрі балалардың білім алуға, еңбекке және қоршаған ортаға бейімі, қарым-қатынасы нақ осы кезеңде қаланатынын естен шығармауымыз керек» деді Елбасы 2008 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында. Осыған орай білім алу, еңбекке және қоршаған ортаға белгілі қарым-қатынасын сапаландыру мақсатымен дипломдық жұмыс тақырыбын «Талдап оқыту әдістемесі» деп атағанды жөн көрдік.

Жұмыстың мақсаты: Абай қырық төртінші сөзінде: «Адам баласының ең жаманы- талапсыз» дейді. Ал он жетінші сөзінде: «Адамның адамгершілігі неден құралады дегенде- қайрат, ақыл, жүрек»- үшеуін айтып ғылымға жүгіндіреді. Абай жүрекке бірінші орын береді. Саналы тәрбие және сапалы білім беру амалдарының бірі- талдап оқыту, талдап оқыту әдістемесінің зерделеу, жүзеге асыру- пайдалану.

Зерттеу нысаны: оқу-тәрбие жұмыстарында қолдану амалдарын қарастыру.

Зерттеу пәні: оқыту, тәрбиелеу үрдісінде байқаулар жасау, қорытынды шығару.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

— оқу- тәрбие үрдісінде талдап оқыту әдістемесін зерделеп, ғылыми- педагогикалық негіздері мен мүшелерін анықтап, педагогикалық іс-әрекеттерде байқаулардан өткізіп, мазмұнын жобалау;

— талдап оқыту әдістемесін іс- тәжірибелерде байқаулар арқылы модельдеу;

— талдап оқыту әдістемесінің үлгілерінің байқаулар нәтижелеріне сай ұсыныстар әзірдеп қолданулар жасау.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Бастауыш мектепте талдап оқыту әдістемесін зерделеп, оның мәні мен мазмұнын айқындау.
  2. Бастауыш мектепте талдап оқыту әдістемесі жұмысының күйіне талдау жасау.
  3. талдап оқыту әдістемесін кіші жастағы оқушылармен оқу- тәрбие жұмыстарында пайдаланудың педагогикалық шарттарын анықтау және әдістемесін пайдалану.

Зерттеу көздері: Философтардың, психологтар, педагогтар мен әдіскерлердің, бастауыш мектеп мұғалімдерінің оқыту әдістемелеріне қатысты еңбектері, білім беру саясаты саласындағы нормативтік құжаттар:

— Қазақстан Республикасының Конститутциясы;

—   Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы;

— «Қазақстан- 2030» даму стратегиясы;

— Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдаулары;

— Жалпы білім беретін мектептердің мемлекеттік білім беру стандарты, типтік оқу бағдарламалары, оқу жоспарлары, оқулықтар, оқу құралдары және т.б. құжаттар;

— бастауыш мектептегі білім беруге қатысты ғылыми- әдістемесіне журналдар;

— Бастауыш мектептердің озық іс-тәжірибелік педагогикалық жұмыстар;

Жұмыстың ғылыми жаңалығы және мәнділігі:

— талдап оқыту әдістемесінің педагогикалық негізі, мәні және мазмұны айқындады;

— бастауыш сыныптарда талдап оқыту әдістемесі жұмысының жағдайына талдау жасалынып, оның негізгі бағыттары және жетілдірудің мүмкіндіктері ашып көрсетіледі;

— талдап оқыту әдістемесі жұмысын жүргізудің педагогикалық шарттары анықталды;

— талдап оқыту әдістемесі теориялық тұрғыда негізделіп, байқаулардан өткізілді.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды, пайдаланған әдебиеттерді және қосымшадан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І ТАРАУ. ТАЛДАП ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

 

1.1. Талдап оқыту әдістемесінің психологиялық, педагогикалық теориясы, мәні.

 

Білім беру жүйесі тәуелсіздік жылдары ішінде басқа салалар сияқты түрлі бағдарламаларды жүзеге асыруда. Қоғаммен бірге біріңғай тетік сияқты білім беру жүйесі қалыптасып, дамуда. Солардың ішінде білім беру, оқыту сапасы, саналы түрде, жоспарлы жалғасуда.

Мектеп жұмысының басты мақсаты бастауыш сыныптан саналы тәрбиелеу, сапалы білім беру, ұстаздың өз шәкіртіне бергенне гөрі, берері көп болуы- ең бірінші қажеттілік. Сабақ мазмұндылығы, оның оқушының ынта-ықыласынан туындайды, белсенділігін арттыру мұғалімнің біліміне, біліктілігіне, қабілеттілігіне, үздіксіз білім толықтыру, жауапкершілігіне ұатысты.

Мектеп жұмысының ең басты өлшеуіші- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарт талаптарына мүлтіксіз жүзеге асыру. Жасөспірімдер бойында патриотизм, өз еліне, өз жеріне деген сүйіспеншілікке баулудың маңыздылығы зор.

Жас буынға білім беру- тәрбие мәселесін жетілдіру арқылы нәтижелі болатындығы мәлім. Тәрбие- білім беру жүйесінің басты мақсаты да, құралы да.

Ұлттық білім беру жүйесң тәлім- тәрбие –білім атты схема негізінде қызмет етуі тиіс. Ең басты шарт- білім сапасы болуы міндетті. Білім беру ісіндегі озат тәжірибе барлық жұрттарға ортақ. Озық ойлы ұрпаққа білікті маманға бүкіл әлем мүдделі.

Жалпы, мектептің алтын діңгегі- ұстаз, ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеу, «Қазақстан- 2030» стратегиялық бағдарламада барлық балалардың сапалы білім алуы анық көрсетілген. Тал шыбықтай бала жанын түсіну, елі мен жеріне пайдасы тиетін азаматтық негізін қалап, қалыптастыру мақсат. Терең, тиянақты білім беру ғылыми негізделген оқыту әдістемесін зерделеп, озат педагогикалық технологияларды жан-жақты игеріп, оқыту әдістемесін меңгеру арқылы жүзеге асырылады.

Бүгінгі таңда бастауыш мектеп табалдырығын үмітпен аттаған бүлдіршін- ертеңгі қоғам мүшесі. Сондықтан болашақтың иесі- білім алуға, тәрбиелі болып өсуге келген балаларға алғашқы күннен бастап-ақ Сапалы білім, саналы тәрбие беріп, өміртанудың нәрімен жетілдіру, дамыту, қалыптастыру үшін ең бірінші кезекте психологиялық тұрғыдан жан- жақты зерделеп, олардың ерекшеліктерін есепке алып, оқыту және тәрбиелеуді мәнді, нәтижелі жүргізу үшін педагогикалық тұрғыдан әрбір сабақты оқытуға оқу- әдістемелік тұрғыдан, теориялық, практикалық даярлану, әрине білім, біліктілік, шеберлік пен тәжірибе қажет.

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында: «Бастауыш мектептің негізгі міндеті- баланың жеке басын бастапқы қалыптастыруды қамтамасыз ету, оның қабілеттерін анықтау және дамыту. Осы сатыдағы оқу мен тәрбие оң уәжді қалыптастыруға және оқу қызметін білуге, оқу, жазу санаудың берік дағдыларын үйренуге, тілдік қарым- қатынастың қарапайым тәжірибесіне, өзін- өзі шығармашылық тұрғыдан таныта білуге, мінез- құлықтың мәдениетіне, жеке гигиеналық және өмір салтының негіздеріне бағдарланады, сонысымен кейін негізгі мектептің жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеруге база жасайды»- делінген.

Тұжырымдаманың 4.3.1. бөлігінің талаптарын жауапкершілікпен орындау.

Талдап оқыту әдістемесін зерделеп, білім нәтижесі- әдістемеде деген ойдың мәнділігіне көңіл бөлдік. Бала сезімі көктей гүлдей нәзік, олай болса оларды зерттеп, бақылап жанын түсіну, сыртын білу психологиялық тұрғыдан ойлау, қабылдау, сөйлеу, жазу қабілеттеріне ерекше мән беру негізгі шарттар. Оқушы көңіліне сызат түсірмей, оның әр жауабын мұқият тыңдап, дұрыс жауабын мақұлдап, қатесін өзі түзетуге мүмкіншілік жасау, оқу материалдарын талдауға, біріктіруге, салыстыруға үйрету.

Оқу материалдарын баяндау, жаттығулар, тәжірибе жасау, тапсырмаларды орындау, үй тапсырмасына жауап беру сәттерінде алға жетелейтін, жауап беруге баулитын сұрақтар қойып, мысалдар келтіріп бағыт беру оқушының өзіне деген сенімін арттырады, талдап оқуға өзі қалыптаса бастайды, үлгісін көреді, өтілген оқу материалдарын қайталайды. Сонда ғана бастауыш мектеп оқушысы қолдауды сезіп, қамқорлықты ұғады «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуге балаға» деген үздік ойды ұғады, «талаптыға нұр жауар» деген пікірді өмір тәжірибесінде кездестіріп, өзі оған тікелей себепкер болады.

Қазіргі кезеңде елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік Стандарт Кеңістігіне енуге бет бұрдық. Сондықтан әртүрлі оқыту әдістемелерін, технологияларын, инновациялық элементтерді бастауыш сынып оқушыларының жас мөлшері мен психологиялық ерекшеліктеріне сай таңдап, білім беру жүйесіне енгізудің маңызы зор.

Психологиялық тұрғыдан шәкірттерге жан- жақты бақылау, талдау жасау және оқытудың озық әдістемелерін меңгеріп, таңдау жасай алуы, меңгеруі бойынша талдап оқытумен саналы тәрбие, сапалы білім беретіндігін тәжірибе дәлелді көрсетуде. Оқыту және тәрбие жұмыстарында оқушының психологиясын зерделеп, бақылауда арқылы, ұтымды талдаулармен ерекшеліктерін білу, оқыту барысында педагогикалық әдістерге орынды таңдау жасау оқытудың нәтижелігіне жеткізетін озық әдістемесін жете зерделеп, тыңғылықты меңгеруді қажет етеді. Сонда ғана оқушылардың қисынды ойлауын, қиялын дамытуға, сөз қорын молайтыға ықпал ету үшін, ауызша да, жазбаша да сөйлемдерді дұрыс құрап, айтуға, түсінік беруге, жазуға бағыт беру, көмектесу, бірлесіп талдау жасау, мысалдар келтіру, үлгілерін көрсету, біріне-бірінің жедел көмегін ұйымдастыру, ынтымақтаса еңбек етуге көңіл бөлген жөн. 

Баланың физиологиялық дамуы генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының, бұлшық ет көлемінің өсуі арқылы нақты, көрнекті жағдайда өтіп жатады.

Ал оның психикасының, жекелігінің дамуы ше? Сананың дамуы оқытудан ба, әлде әлеуметтік жағдайдан ба? Не табиғи есеюден бе? Бұл сұрақтарға жауап адамның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасын, сыртқы педагогикалық әсерлердің мақсат- міндеттерін анықтайды.

Педагогика тарихында екі түрлі қарама- қайшы пікір орын алып келеді. Бірі- жаратушының күштілігін тұқым қуалаушылық факторды қуаттаса, екіншісі керісінше, барлық нәтижені ортаның әсеріне жатқызады.

Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуіне яғни, танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне, меншіктенуіне байланысты деп қарайды. Бұл- оқу, білім алу деген сөз.

Оқу- адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды талдапты. Біз бұдан ары қарай дамудың алдында жүретін, дамуда шешуші роль атқаратын оқыту жайлы сөз етпекпіз.

«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы- жаңарту процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да  үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың қатысатындығын дәлелдейді.

Олар:

Биологиялық фактор:  Бұл ата-анадан ауысқан, туа біткен және өмір сүру барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құбылысының ерекшелігін білдіретін, бала органимзмнің ортамен қарым- қатынасының нәтижесі.

Әлеуметтік фактор: Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл сондай-ақ баламен қарым- қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез- құлық және ақыл- ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын рухани орта.

Баланың өз белсенділігі: Даму процесіне әсер ететін бұл үшінші күш болып саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары болмасын, ер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы нәтиже бермейді. Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.

Талдап оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің көздеген мақсаттарына жету тек баланың өзінің белсенділігіне байланысты. Осыған орай, бұл жүйенің әдіс- тәсілдері де оқушының оқу белсенділігін ұйымдастыру, қолдап, көмектесіп отыруды көздейді. Бұл жүйемен дәстүрлі оқытуды салыстыру мынадай қорытынды жасауға негіз болады. Дәстүрлі сабақтардың әдістерінің мәні төмендегідей 3 құрамдас бөліктермен анықталады:

  1. Үлгіні көрсету
  2. Түсіндіру
  3. Бақылау, бағалау.

Мұғалім сабақ мазмұнын жақсылап айтып түсіндіріп шығады. Содан соң оны меңгертуге арналған жаттығулар орындалады. Бұдан кейін қалай меңгерілгендігін анықтау мақсатындағы сұрау, бағалау ұйымдастырылады. Әрине, жұмыс әр түрлі болып өткізілуі мүмкін. Мысалы: өзі айтып бермей, үнтаспадан тыңдату, балаға оқыту т.б.

ХХІ ғасырда Елбасы «Қазақстан- 2030» стратегиялық бағдарламасының ерекшелігі мен нәтижелері білімге ерекше көңіл бөлгендігі байқалады. «Дарын» мектептері «Болашақ бағдарламасы», «Үш- тұғырлы тіл», «Физика- математика» бағытындағы жаңа үлгідегі мектептердің пайда болып дамуы. Нәтижелері маңыздылығымен байқалады.

Оқу- тәрбие үрдісіне талдау жасау оқытуда талдау оқыту әдістемесінің мәнділігін байқатады, терең, тиянақты білім беру тәрбиелеуде талдау, талдап алу, байқап көру ұғымдарының өзі:

— біріншіден, философиялық бағытта ой елегінен өткізіліп, оқу материалдары модульдық үлгіде- білім беру философиясы мазмұнына келтірілуде;

— екіншіден, психологиялық бағытта оқу материалдарын жас ерекшелігіне сай келтіру, қабылдау, ойлау, елестету, қиялдау, есте сақтау, көру, есту арқылы түрлі амалдар жасау, талдау, салыстыру, қорытындылау, жалпылау біріктіре білу арқылы оқу материалдарын меңгеру шарттарына өту, келесі қадам ол әрбір оқушының жеке психологиясын, сабаққа даярлығын диагностикалау, болжамдау, түзетулер ендіру;

— үшіншіден, кіші мектеп жасындағы балаларды білімді игеру: әріп тану, оқу, жазу, сауатты жазу, біріктіріп оқу, ескерту, ойлау амалдарын және әрекеттер жасау мүмкіндіктері мен қабілеттерін ұтымды, оңтайлы пайдалану- дидактикалық проблеманы шешу жолы- оқыту әдісін тыңдай білу. Оқыту әдісі- ол шәкірт пен мұғалімнің бірлескен қызметі, оны сабақ беру, оқыту деп атайды. Оқыту әдісі- қойылған мақсатқа жету жолы, ол тәсілдерден- жеке бір реттік әрекеттерден құралады.

Мұғалім оқытудағы мақсатына жету үшін тиімдісін, нәтижелісін таңдап алуға әрекеттер жасайды. Мысалы білім көздері бойынша оқыту әдістерінің кестесіне зейін аударамыз.

1- кесте

Іс- тәжірибелік

Көрнекілік

Сөздік

Кітаппен жұмыс

Бейнеәдіс

Тәжірибелер, жаттығулар, дидактикалық ойындар,

оқу өнімді еңбек,

оқу танымдық жұмыс

Бейнелеу, көрсетулер, оқушылардың бақылаудары, анимациялық фильмдер, мультимедия фильмдер, он-лайн сабақ және т.б.

Түсіндіру, баяндау, әңгіме, әңгімелесі, түсініктеме, нұсқау

Оқу, зерделеу, парақтап көру, жоспар түзу, хрестоматиямен жұмыс, электронды оқулықтарды компьютер арқылы, интерактивті тақтадан көру

Бейнефильмдерді қарап шығу, бейне- материалдарды экраннан көру, электронды «ұстаз» бақылауымен жаттығу, бақылау

 

№1 кестеде көрсетілген білім көздері бойынша оқыту әдістері арқылы талдап оқыту жасау оқу материалдарының терең, тиянақты меңгеруге негіз қалайды. Әрбір аталған әдістер оқытудың барысында таңдап алынады, оның мәні практикалық жұмыстарды талдап оқыту жүзеге асырылады. Оқыту үрдісінің кез келген кезеңінде көрнекілік пайдаланылады, олар бірнеше нұсқада, түрдегі иллюстрациялар алу материалын игеруге тікелей қатысты болғанда мақсатты.

Бірнеше немесе екі белгілері негізінде оқу әдістерін жіктеудің көптеген жолдары қарастырылады. Мысалы, М.И.Махмертовтың қосарлы оқыту әдістерін жіктеу талпынысында оқыту әдістері және білім беру әдістерін үйлестіру көзделді.

2- кесте

Оқыту әдістері

Білім беру әдістері

Ақпараттық хабарлаушы

Орындаушылық

Түсіндіруші

Репродуктивті

Нұсқау- практикалық

Өнімді практикалық

Түсіндіруші- үлгі көрсетуші

Жартылай ізденуші

Үлгі көрсетуші

Ізденушілікті

 

№2 кестеде келтірілген оқыту әдістері нәтижелі болады, егерде әрбір әдіс негізінде талдап оқыту әдістемесі алынатын болса.

Неміс дидактигі Л.Клингберг оқыту ынтымақтастығы формасында үйлестіру әдістерін атап көрсетеді, оны келесі №3  кестеден көреміз.

3- кесте

Монологтық әдістер

Ынтымақтастық формалары

Диалогтық әдістер

Әңгіме,

көрсету,

баяндау

Жеке топтық,

жаппай ұжымдық

Әңгімелесу

Пікір алысу,

сұрақ- жауап

 

Басқада жіктеулер бар, Ю.К.Бабанский оқытудың үш үлкен тобын атайды. Ал ынтымақтастық, оқыту әдістерінің мәні оқытудағы басты ерекшелік оқу материалдарын терең, тиянақты, сапалы түсіндіру амалдарын жасау- талдап оқытуға айналдыру. Талдап оқыту әдістемесі:

— оқыту, оқу теориялық негіздеме жасау;

— іс- тәжірибелік үлгілерін келтіру;

— теориялық және іс-тәжірибелік байланыстарын нақтылау;

— оқу материалдарына қатысты мысалдар келтіру;

— оқу материалдарына байланысты талдауларды бірлесіп жасау;

— монологтық әдістерді, ынтымақтастық формаларын және диалогтық әдістермен мақсатты, ретімен алмастыру, түрлендірулерді нәтижелеріне сай өткізу.

Академик Ю.К.Бабанский ұсынған үш үлкен оқыту әдістерінің тобы аталады, олардың басты мақсаты сапалы білім беру, талдап оқытудың мақсаты оқу материалдарын терең, тиянақты түсіну, олай болса, оқыту, оқу нәтижесін көріп, оқу, оқыту іс- әрекеттерінің арқасында игеру болатындығын көреді.

Оқу- танымдық қызметтерді ұйымдастыру және жүзеге асырудың басты шарты: таңдап оқыту әдістемесін  іске асыру.

4- кесте

Сөздік, көрнекілік, практикалық

Индуктивті және дедуктивті

Репредуктивті және проблемалы ізденушілік

Өзіндік жұмыс әдістері және оқушының мұғаліммен өзіндік жұмысы

 

Бұл аталған әдістер: сөздік, көрнекілік және практикалық талдап оқытудың қажетті элементтері, теориялық түсіндіруде бірінші кезекте сөздік түсіндіру, түсініктеме жасау барысында талдау жасау қажет. Екіншіден жекеден өту амалдары оқу материалдарын ойластыру,т талдау қажет, ол маңызды. Үшіншіден ұжымдық талдау толықтыру, бірнеше нұсқадан қарастыруға ұласады.

Талдап оқыту әдістемесінің келесі амалдары арқылы еңбектері ынталандырылады, олай болса оқу- танымдық қызметінде белсенділікті арттыру тетігі- қарама- қайшылық өз кезегінде қозғаушы күш туындатады, әрине қозғалыс, жылжу жасайды.

5- кесте

Оқушылардың білім алуға қызығушылықтарын ынталандыру және түрткі болу әдістері

Шәкірттердің  білім алуға міндеттіліктері мен жауапкершіліктері ынталандыру және түрткі болу әдістері

 

Оқушылардың білім алуға қызығушылықтарын ынталандыру және түрткі болуға себепкер болатын әдіс- талдап оқыту әдісі:

  1. Оқушы үздіксіз оқуға дағдыланады.
  2. Оқу материалдарын жүйелі оқуға қалыптасады.
  3. Оқу, оқыту, білім алу және тәрбиелеу мақсатты болып еңбек ету- оқу нәтижесіне сай ынталану артады.
  4. Талдап оқу, талдап оқыту- ең бастысы оқу материалдарын тиянақты оқу, жазу, қайталау үйлесімдерін табады.
  5. Талдап оқыту әдістемесі «оқы, оқы және оқы» ережесін жүзеге асырады, оқуға өзі үздіксіз оқумен қалыптасады.
  6. Оқу материалдарын игеріп, есінде тиянақты сақтап, мемлекеттік аралық бақылау тапсыру талдап оқытудың қажеттілігін, білімділігін көрсетеді.
  7. Мемлекеттік грант иегері атағына жетуді көздеу басты мұрат, сол ойды жүзеге асыру амалы- талдап оқыту әдістемесінде.

Талдап оқыту әдістемесін бақылау, байқау және өзін-өзі бақылау жұмыстарында қолдануға болатындығы тәжірибеде көрсетуде. Осы келесі №6 кестеден көруімізге болады.

6- кесте

Бақылау және өзін- өзі бақылау әдістері

Ауызша бақылау және өзін- өзі бақылау әдістері

Жазбаша бақылау және өзін- өзі бақылау әдістері

Практикалық бақылау және өзін- өзі бақылау әдістері

 

Оқытуды, оқуда, оқу- тәрбие жұмыстарында өзіне- өзінің есеп беруі маңызды, жасаған оқу әдебиеттері, еңбек әрекеттері және оның нәтижелеріне талдау жасау білімі, іскерлігі және дағдысы қалыптасады. «Таңертең оянысымен өзіңнен «Мен не істеуге тиіспін?»- деп, кешқұрым, ұйықтар алдында: «Мен не тындырдым?»- деп сұра» деген әйгілі Пифагор (570- 500). Бұл тамаша ойдың көрінісі, талдау жасап, бағалау жасау, жоспарлау оқу- тәрбие, басқада іс- әрекеттерінің жақсаруына, жүйелі жүзеге асуына тікелей, нақты бағыт береді.

Ұлы Абай: «Егерде есті кісілердің қатарында болғың келсе, күнінде бір рет, болмаса жұмасына бір рет, ең болмаса айына бір рет өзіңе өзің бақылау жаса, есеп бер, талдау арқылы қорытынды шығар дейді. Ол жай іс емес, нағыз тәжірибе және оны өзің ақиқат білесің. Талдап оқыту әдістемесінің мәні амалдар арқылы зерделеу, меңгеру, игеру жүзеге асырылады.

Қарастырылған оқытудың әдістері толығымен барлық талаптарды орындай алмайды, сондықтан мақсатқа қатысты түрлендіру, толықтыру және жаңа оқытудың педагогикалық технологияларын зерделеп, инновациялық элементтермен жетілдіру қажет, негізгі мақсат оқу нәтижесін сапаландыру, тиянақты, тыңғылықты, терең білім алуды қамтамасыз ету- талдап оқыту әдістемесін іс- тәжірибеде қолдану.

Мұғалімдер іс- тәжірибелік қызметтерінде педагогикалық үрдісте оқыту әдістерінің барлық жіктелуін үйлестіреді- олар тұрақты түрлендіреді, толықтырады және бірін- бірі дамытады.

Өтілетін тарау модульдік оқыту әдісіне сай күні бұрын жоспарланады. Жалпы жоспардың көрінісі кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды болып келеді. Мысалы, тарауға кіріспе ретінде бір сағаттық сабақ белгіленіп, қайсы тақырыпты қамтитындығын, қандай сұрақтардың төңірегінде қанша уақыт тоқталатынын, ал негізгі бөлімге тараудың көлемі, осы тарауға ажыратылған мемлекеттік бағдарламаның сағат саны мен тақырыптардың күрделілігіне сәйкес тиісті сағат саны белгіленіп, онда қарастырылатын тақырыптарға сай нақты сұрақтар мен уақыттары жоспарланады.

 

Бөлім

Тақырып

Сұрақтар

Уақыт

1

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

Кіріспе

 

 

 

Негізгі бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

1

 

 

 

1

 

 

 

2

 

 

 

3

 

 

 

4

 

 

 

Өтілген тақырыптарға шолу

а)

ә)

б)

 

а)

ә)

б)

 

а)

ә)

б)

 

а)

ә)

б)

 

а)

ә)

б)

 

а)

ә)

б)

10

 

Әрбір тараудың соңында тарауды қорыту, ондағы өтілген тақырыптарды еске түсіріп, қалыптастыру және жүйелеу мақсатында «Өтілген топтарға шолу» айдарымен жарыс сабағын ұйымдастыру көзделген. Модульдық жоспардың қай сатысында болса да дейгейлеп оқыту әдісімен бірге талдау әдісі қолданылады.

Талдау әдісінің ерекшелігі өткен сабақта үйге тапсырма берілген келесі сабақта өтілетін жаңа тақырыпты талдауға дайындалып келу тапсырылады. Жаңа тақырыпты талдау процесінде тек оқушыларды сөйлетіп, өздігінен түсінуіне мүмкіндік беріп отыру керек. Сабақ мақсатына жетіп, материал түгел талданып, оқушыларға толық түсінікті болғанға дейін мұғалім бағыт беруші, ой ашар, ой қозғаушы, ой толғау және сол сұрақтармен шектелуі тиіс. Мұғалім оқушылардың деңгейіне сәйкес сұрақтарды қоя отырып, әрбір оқушының өз деңгей аясында талдауға қатысуын қадағалап отыруы қажет. Өйткені, әрбір оқушы өзінің қабілетінің мүмкіндік шеңберіндегі қойылған сұрақтардың аясында ғана белсенділік таныта алады да, ал белсенділік танытқан оқушы дұрыс нәтиже береді. Сондықтан, үй тапсырмасын сұрағанда, жаңа материалды талдағанда, жаңа сабақты оқушылардың игеру деңгейіне анализ жасағанда және сабаққа қорытынды жасағанда берілетін тапсырмалар немесе кеспелік және тесттік сұрақтар мен ойын элементтері күрделігіне байланысты оқушылардың деңгейіне сай беріледі.

Әр тараудың соңында өткізілетін «Өтілген тақырыптарға шолу» жарыс сабағында оқушыларды екі немесе үш топқа бөліп, күрделігіне қарай үш бағытта яғни үш деңгейде пареллель жарыс ойындары ұйымдастырылады. Мысалы, әр топтан жоғары деңгейдегі бір оқушыдан шақырылып, оларға бірінші бағыттағы яғни жоғары деңгейге арналған тапсырмалар беріледі, ал әр топтық екінші деңгейіндегі оқушыларына екінші бағыттағы тапсырмалар, үшінші деңгейдегі оқушыларына үшінші бағыттағы тапсырмалар беріледі. Уақыты жеткенде үш тапсырмалардың да нәтижесі күні бұрын әзірленген кестеге тіркеліп, қалған жарыс ойындары да осы тәртіпке ұйымдастырылады. Жарыс сабағында компьютерде қайталауға арналған  электронды бағдарламаны пайдаланған өте тиімді. Жарыс ойындары тараудағы өтілген тақырыптарды түгел қамтуы тиіс. Сабақтың бұл түрі де мұғалімнің ұйымдастыруымен және бағыттаушы сұрақтарының көмегімен оқушылардың өздігінен өтілген тақырыптарға шолу жасап, оларды еске түсіріп, оларды талдай отырып, қалыптастыруға және жүйелеуге негізделген.

Сабақтың қай түрі болса да талдау әдісін қолданып, модульдік оқыту әдісі бойынша тақырыпқа қатысты әзірленген сұрақтарды оқушылардың өздігінен талдап, түсінуіне мүмкіндік беру керек. «бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек, өздігінен алатын білімнің ұзақ жолы қысқару үшін баланы осы мақсатқа қарай түзеп отыру керек» деген А.Байтұрсыновтың сөзімен үндесіп жатқан бұл әдіс оқушылардың белсенділігі мен шығармашылық қабілетін, ынталылығы мен қызығушылығын арттырады деп ойлаймыз, оған тәжірибелер дәлелдемелер жасайды.

 

1.2. Талдап оқытудың дидактикалық ерекшеліктері, оқыту түрлері арқылы талдап оқыту

 

Дидактикалық жүйеде тарихқа ізсіз кетпейді, олар трансформацияланады- уақыт талабына сай жаңаланады, дамуға қатысты жетілдіріледі. Бұрынғы оқыту жүйелерінің ұтымды бөліктерін алып «Ұлы дидактика» атты еңбекті Я.А.Коменский жасады, оның элементтерін И.Г.Гербарт дәстүрлі болған дидактикаға айналдырады. Дж. Дьюн дидактикасы дәстүрлі дидактикаға негізделіп, дамуға ие болады. Бұл әрбір теория мен практиканың дамуының жалпы заңдылығы, оқыту үрдістерінде де осылай жалғасуда.

Әрбір  дидактикалық жүйе оқыту үрдісіне өзінің ерекшеліктері және сәйкес технологияларды белгілі оқыту түрін (типін) туындатады. Оқыту түрі (типі)- ол оқу- тәрбие үрдісін ұйымдастырудық жалпы тәсілі. Оқыту түрі оның басты құрамдық құрамдастарына талдау жасау арқылы анықталады.

  1. мұғалім қызметінің сипаты арқылы;
  2. оқушыларды оқыту ерекшеліктерімен;
  3. білімдерін іс- тәжірибеден қолдана білу ерекшелігімен және т.б.

Талдап оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі- теориялық білімнің жетекші рөлі. Бұл принципті балалардың теорияны жаттауы, терминдерді есте сақтауы деп түсінбеген жөн. керісінше, оқыту барысында қарапайым бақылаулар, зерттеулер жасау арқылы, өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру.

1970 жылдардың басынан бастап жүргізген педагогикалық- психологиялық зерттеулер бастауыш класс оқушыларының таным мүмкіндіктері туралы ескі түсініктерді мүлдем өзгертті. Бұл жаста оқушыда ойлаудың эмперикалық түрлерін тірек ете отырып, теориялық ойлауға өте аларлықтай мол әлеумет бар екені дәлелденді. Заттар мен құбылыстардың тек сыртқы қасиеттері ғана емес, ішкі байланыстарын, заңдылықтарын меңгерту олардың танымын тереңдететіндігі анықталды. Бір- екі мысалмен түсіндіре кетейік: дәстүрлі сабақтарымызда жыл мезгілдері туралы сөз еткенде, біз ешқашан жазда жасыл болып жайқалып тұрған ағаш жапырақтарының күз түсе сарғайып, ал қыста мүлдем түсіп қалатындығының неге байланысты екенін тоқталып жатпаймыз. Тек жыл мезгілдерінің сыртқы белгілерін атаумен шеетелеміз. Осы сабақтарда балалардың эмперикалық білімдерін пайдалана отырып, қоршаған орта мен өмір заңдылықтарына көздерін жеткізу, қорытынды жасауға дағдыландыру, олардың танымдық үрдістерін, теориялық ойлауын іске қосатын амал болып табылады.

Талдап оқыту жүйесі дидактикалық принциптерінің ішінде «Оқытудың тәрбиелік мәнінің болуы» жайлы ешнәрсе айтылмайды. Өйткені оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, құқықтылығын қалыптастыру арнайы жарияланбағанымен тұтас асып жатуға ойластырылған.

Бұл жүйенің қағидаларын дұрыс түсініп, жүрегімен қабылдаған әрбір мұғалім өз сабақтарының дамушылық функциясын өз бетінше- ақ арттыра алары сөзсіз.

Л.В.Занков жүйесінде арнайы, жаңадан ойлап табылған әдіс- тәсілі жоқ. Өзіміз қолданып жүрген әдістер жаңа жағдайға бейімдей пайдаланылады. Сондай жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың мәні зор. Мысалы: дәстүрлі сабақтардағы сұрақ- жауап, әңгімелесу әдістері балалардан таныс нәрсені сұрап білуге негізделеді. Ана тілі сабақтарында тақырыптың мазмұны бойынша, қазақ тілі, математикада материалдарды түсінгенін немесе түсінбегенін анықтау мақсатында сұрақ қойылып, жауап алынып жатады. Бір ғана жауабы бар сұраққа жауап та, тек бір сөзді қосып қайта айтып берумен қайтарылады. Мысалы: Балалар қайда барады? Балалар мектепке барады. Немесе, 2-ге 7-ні қосса қанша болады? 2-ге 7-ні қосса 9 болады түріндегі жауаптар. Талдап оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблеманы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре, жауап беруге дағдыланады. Жауаптардың бірнеше вариантта болуы мүмкін екендігі қарастырылады. Мысалы: «Әңгіменің кейіпкері жайлы не айта аласың?» немесе «4» және «5» сандарымен қандай тапсырмалар ойлап табуға болады? Түріндегі сұрақтар.

Көрнекілік т.б. әдістер де осылайша жаңа мақсаттарға сәйкес өзгертіле, күрделендіре пайдаланылады.

Талдап оқыту сабақтарында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөлінеді. Өйткен, талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді. Талдау- бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр баланың көңіл- күйін бақылауға мүмкіндік алады. Интеллект деңгейін анықтай алады. Әсіресе оқу сабақтарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар-ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқты тамаша адамгершілік қасиеттер балалар бойына жұғысты болады.

Сондықтан оқытудың жалпы шама- шарқына оның бірнеше типі бөлінеді:

— түсіндіру- иллюстративті;

— проблемалы;

— бағдармаланған;

— компьютерлі;

— он- лайын- тәсілінде.

Бұл соңғы 2007 жылдың 3 қыркүйегінде Елбасы бір мезгілде 1000 мұғалімнің орнын алмастырып ең озып технология, ең үздік оқыту құралдар арқылы интерактивті тақтаны пайдаланып тәрбие, білім беру, дамыту жасап, бағыт беріп, үлгі- өнеге көрсетті.

Сонымен бірге бірнеше оқыту, оқу, білім беру түрлері бар және олар қолдануда. Қазіргі заманғы мектептерде бірнеше оқыту түрлері қолданылады, олар:

— түсіндіру- иллюстрациялық, оны дәстүрлі- хабарлаушы деп атайды;

— проблемалы оқыту әдісі;

— бағдарламалы оқыту әдісі және соның негізінде дамушы компьютерлік оқыту әдісі.

Аталып өткен әдістері ұтымды, орынды пайдалану дегеніміз- ол сапалы, оқыту- терең, тиянақты білім беру болып табылады.

Оның негізгі оқу материалдарын талдау:

— теориясын нақтылау;

— өтілген оқу материалдарымен байланыстыру;

— алда өтілетін оқу материалдарына қатыстыру;

— интергациялау- ықпалдастыру;

— түсіндіру- иллюстрациялау- дәстүрлі түрде хабарлау қосымша элементтер- инновациялар жасау- арнайы жаңа шығарылған балнэр, плакаттар, электронды оқулықтар, электронды ақпарат- алу материалдарын- мазмұнын тасымалдағыштарды орынды, ретімен оқу- тәрбие үрдісінде пайдалануды баяндау- нәтижесі оқытуда талдау жасау амалдарын пайдалану, талдап оқыту әдістемесін қолдану;

— оқу пәндерінің оқу материалдарына қатысты проблемаларды туындату, оны баяндау, проблеманы қоя білу негізінде бірлесіп қарастыру- талдау жасау, ынтымақтасып шешу іс- әрекеттеріне кірісу, ол таддап оқытуды іс жүзіне асыру болып табылады;

— әрине бағдарламалап оқыту оқу материалдарына алдын-ала бірнеше нұсқада қарастырып, жалпы тәжірибеге негізделген  болуымен құнды, озық тәжірибелермен байланыстырылған, сондықтан талдаулар жүргізілген, олай болса терең, тиянақты білім беру көзделеді;

— оқу материалдарын баяндау, бекіту, пысықтау, қайталау, үйге тапсырма беру, үй тапсырмаларын орындауда компьютерді пайдалану, компьютер көмегімен электронды оқулықтар пайдалану, электронды тасымалдағыштарды қолдану талдаулар арқылы іріктелінген.

Бұл әдіс толықтырылып, түрлендіріп, қайта жаңарып, қатардан қалмай келеді. «ХХІ ғасыр білім мен ғылым ғасыры болады» — деді Елбасы 2009 жылдың 12 қаңтар күні Астанаға тұңғыш Президенттің бірінші ителлектуалдық мектебі ашылуда сөйлеген сөзінде. Олай болса, білім беру, тәрбиелеу, ең басты байлық- адам, біздің болашағымыз- болашақ жастарымыз, талдап оқыту әдістемесі жауапкершілік, қамқорлық жасау арқылы оқуды, есте сақтауды үйренудің жаңа тәсілдерін пайдалануға мән беруге жеткізеді.

Проблемалы оқытудың ерекшелігі қазіргі кезеңде жоғары оқу орындарында кеңәнен қолдап жабушы процестік технологияға жуық, атап айтқанда:

Біріншіден, оқушылардың оқу проблемаларын өздерінің шешулеріне сай қажетті білімдерді өздері іздестіреді, оқиды, жазады, көмек сұрайды, кеңеседі, қайталайды, пысықтайды;

Екіншіден, ең басты талап «оқы, оқы және оқы» ұстанымын жүзеге асырады;

Үшіншіден, іс- әрекеттерге өзі қатысады, ол дегеніміз шығармашылық ойлау және оқушылардың танымдық белсенділігінің көрсеткіштері артады;

Төртіншіден, маңызды мәселе оқыту және тәрбиелеу барысында педагогикалық проблемалар, жағдаяттарды талдау арқылы, ынтымақтаса бірлікте шешу амалдары жасалады;

Бесіншіден, проблемалы оқыту технологиясы бірқатар міндетті кезеңдерді орындау қажеттілігін көрсетеді. Олар:

— зерделенген білімдерден жағдаяттан шығу жолы іздестіру;

— іс- тәжірибеде іскерлік және дағдысын дамыту;

— күрделі проблема, жай проблема мәнін анықтап жүйелей білу, гипотезаларды тексеру, нәтижелері бойынша кері байланыстармен талдап оқыту әдістемесін пайдаланып оқытуды, есте сақтауды үйренуді жаңа тәсілдермен толықтыру. Бастауыш сыныптан оқу материалдарына мән беру, ойлау амалдарын жасай білу, салыстырулар арқылы жақсы мен жаманды ажырату күнделікті оқу сабақтарына жүйелі, жоспарын мерзімінде сапалы даярлау.

Проблемалы тапсырмалар, сұрақтар алдын- ала ойластырылып, оған қайтарылатын жауаптардың нұсқаларын болжау талдап оқытудың маңыздылығын көрсетеді, олар:

— бастауыш сынып оқушыларының білім деңгейі жас ерекшеліктеріне сәйкес және ойлау қызметіне қажеттілігі;

— кіші жастағы оқушылардың білім қоры, іскерлігі, дағдысы және интеллектуалды мүмкіндіктерінің ескерілуі- талдау жасап негіздеме, ұсыныс ендіру.

Проблемалы окыту проблема мәнін баяндау арқылы шешілу амалдары карастырылады, оған бірнеше топқа жіктеу бойынша жарыс үлгісінде, қатарға бөлу, мақсат қиындықтан шығу жауап беру, қажет болса толықтыру, жағу, сурет салу, сызбасын сызу және т.б. оқу,жазу, есептеу жұмыстары жүргізілуімен мәнді.  

  Бастауыш мектептерде проблемалы оқытудың элементтері қолданылады:

— проблемалы сұрақ есебінде беріледі;

— проблеманың мәнін баяндау;

— проблеманы талдау- бірлесіп жұмыс істеу бағытында.

Талдап оқыту әдістемесінің артықшылықтары:

— шығармалық қызмет негізінде білімді іздестіру, зерделенгенін пайдалана білу;

— оқу жұмысына қызығушылық;

— сенімді ойлау қызметін дамыту;

— оқытуды табысты әсерлеуі.

Бағдарламалы оқыту «программа» терминінен шыққан, сабақтастықтан іс-әрекеттер (амалдар) жүйесін білдіреді, оларды орындау жоспарланған нәтижеге жеткізеді. Бағдарламалы оқытудың негізгі мақсаты- оқыту үрдісін басқаруды жақсарту. Бағдарламалы оқыту оқушының әр бір білім алу жолындағы қозғалысын бақылаудың технологиясын жасап, оқу үрдісінде оған дер кезінде көмек береді. 

Бағдарламалы оқыту теориялық тұрғыдан толық зерделеніп, оқу- әдістемелік бағытта іс- тәжірибелермен толықтырылса көптеген қиындықтардан жеңіл арылып, теріс ықпалдар кеміп, әлсіреп, сабаққа ынта- ықылас артып, оқу үрдісін бақылау, басқару жақсарып, талдап оқыту әдістемесі жүзеге асырылады.

Бағдарламалы оқытудың ерекшеліктері:

— оқу материалдары жеке бөліктерге- порцияларға- дозаларға бөлінеді;

— оқу үрдісі оқу материалдарын игеруге қатысты тізбекті қадамдардан тұрады, олар білім бөліктері- мазмұны және ойлау амалдарын орындауды қажет етеді;

— әрбір тізбекті жұмыс бақылаулармен (сұраққа жауап, тапсырманы орындау және т.б.) аяқталады;

— оқушы бақылау тапсырмасын дұрыс орындағанда жаңа материалдық порциясын алады, оқытуда келесі қадамды жасайды;

— тапсырма жауабы қате болса, онда оқушы көмек алады және қосымша түсіндіруге ие болады, талдап оқытудың әдістемесінің мәні осында, келесі оқыту, оқуға өздігінен білім алуға қол жеткізіледі, ол есте ұзақ сақталады, осылай берік, тиянақты білім алынады, оқу материалдары игеріледі;

— әрбір оқушы өз бетінше жұмыс істейді, ол өзінің шамасына қарай қарқынды оқу материалдарын игереді;

— барлық бақылау жұмыстарының тапсырмалардың орындалу нәтижелері тіркеледі, олар оқушылардың өздеріне белгілі болады (ішкері байланысты), педагогқа мәліметтер анық беріледі (сыртқы кері байланыс);

— педагог оқу үрдісін ұйымдастырушы және қиындықтарда көмекші (кеңесші) және жеке шешімдер ынтымақтастық, пікір алысу, талдау жасалады;

— оқу үрдісінде оқытудың техникалық құрамдары кеңінен қолданылады (бағдарламалық оқу құралдары, тренажерлер, бақылаушы қондырғылар, оқыту мәселелерді, матрицалық дидактикалық үлестірмелер және т.б.).

Бағдарламалы оқыту машиналы және машиналы емес тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін.

Арнаулы оқыту бағдарламасымен жабдықталған, іске қосылған қазіргі заманғы компьютерлі білім алу деңгейін анықтап, оқушының білім алуға бейімдеп, міндеттейтіндей мәлімет береді. Мұндай өзіне тапсырма беретін, міндеттейтін бағдарлама адаптивті деп атайды, ал тәуелсіз мәліметтер, бағалаулар жасайды.

Бағдарламалы оқытудық машинасының нұсқасында оқушының танымдық қызметін оқу материалдарын пайдалану маңызды. Оқыту, оқу, есте сақтауды арттыру амалдарының бірі талдап оқыту әдістемесі. Талдап оқытудың дидактикалық ерекшелігі әмбебаптап, кезі келген оқыту әдістеріне тезірек ену, оның байланыстарына зейін аудару, тарихына көңіл бөлу, оқушылармен кері байланыс жасау, оқушылардың пікіріне талдау жүргізу, оңтайлы талдаулар, оларды синтездеу талдап оқытудың әдістемесін жетілдіруге, қорытындылауға жеткізеді. Бастауыш мектепте түсіндіру- иллюстрациялық оқыту қолданылады, атаудың өзі оның мәнін көрсетеді. Бұл оқытудың негізгі әдістемесі- түсіндіруді көрнекілікпен үйлестіру, ұштастыру, байланыстыру, негіздеу арқылы талдап оқытуды жүзеге асыру. Кіші жастағы оқушылардың жетекшісі қызметтерінің түрі- тыңдау, оқу, есте сақтау, зерделенгенде қатесіз қайта жаңғырту. Мұндай оқытуды дәстүрлі оқыту деп атайды, оның тарихи тереңде, уақыт өте жаңарып, жетіліп келеді.

Түсіндіру- иллюстрациялық оқыту әдісінің бірқатар маңызды артықшылықтары бар:

— ол уақытты үнемдейді;

— оқушылар мен мұғалімнің күшін жинақтайды;

— күрделі білімді қабылдауды жеңілдетеді;

— оқу- тәрбие үрдісін басқарудың тиімділігін қамтамасыз етеді;

— соңғысы оқу материалдарына терең, тиянақты талдау жасау, талдап оқыту әдістемесін қосуды есепке алыңыз, міне сондықтан басқарады, бағдарламалы оқулықтың бағдарламалық материалдың, оқу құралының негізінде жасалған сұрақтар мен тапсырмаларды орындау дәрежесіне байланысты оқушының өзі- өзін таниды, өзіне талдау жасайды тиянақты, терең білім алуы үшін өзіне міндеттер қояды, тапсырма береді. Педагог оқушылармен жұмыс бағытын анықтайды, орын алған сәйкессіздіктермен өзі, бірлесіп талдау жасап, талдау, қайталау, пысықтау жүргізіледі.

Бастауыш мектептің мұлімдері бағдарламалы оқытудың элементтері арнайы жасалған, ойластырылып жетілдірілген, жаңартылатын, өзін тәжірибе негізге алынатын, жақсы нәтижелер есепке алынған талдап оқыту әдістемесімен карточка- тапсырмамен жұмыс жүргізіледі. Онда алгоритм бойынша матрицалық үлгіде  ретімен, сабақтастықта жасайды. Карточка – трафареттік үлгілер бағдарламалық жетілдірілген тексеру, жауап алу,жылдам сабақтарда тексерулер жасайды.     

Әрбір оқыту әдістемесінде талдап оқыту мәнді, оқу материалдарын іздеуге ұмтылыс жасатады, ең маңыздысы ынта- ықыласын арттырып, оқу, оқыту, «оқы, оқы және оқы» ережесіне қалыптастырады. Компютерлік оқыту. Компютерлік білім беру Қазақстанда дамып, білім беретін оқу орындары компютерлендіру, компютерлік сауаттылық деңгеиі артуда. Бастауыш мектептен бастап компютерлік білім – информатика өтілуде.  

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жолында міндетті стандартында былай делінген: « арифметика, геометрия, стереометрия негіздері оқытылады. Бастауыш мектептегі математиканың мазмұнына алгебра, логика, ықтымалдықтар теориясы, анализ бен инфарматика элементтерінің енгізілуі оқушыларды келесі деңгеиде неғұрлым күрделірек материалды меңгеруге даиындауға мүмкіндік береді. « Информатика» пәні дербес курс ретінде 4 – сыныптан бастап енгізіледі».

Дамыған елдерде бастауыш оқытуда компютерді кеңінен қолданылады,  жағымды тиімді  бірнеше он жыл қызмет етіп келеді және оның  тиімділігінің басты бағыттарыи анықталады, солардың ішінде екі маңызды бағыты:

  1. жеке пәндер бойынша: математика, ана тілі, қазақ тілі, шет тілі, орыс тілі – үш тұғырлы қажеттілігі анықталған;
  2. жалпы және арнаулы қабілеттерін дамыту- алға қойылған міндеттерді шешу, өз бетінше ойлау және талдап оқытуды жүзеге асыру.

Сонымен бірге қазіргі кезеңде бастауыш сыныпты бітіруге қатысты мемлекеттік аралық бақылауға даярлану, тестілеуге әзірлік, бағалау, басқару, қазіргі заман талаптарына сай іскерлік, дағдыларды арттыру жұмыстары, бәрін толықтыра, дамыту жасайтын компьютерлік оқыту болып табылады. Компьютерлік оқыту әдістемесіне мән- мағына маңыз береді, болшақты, мүмкіндігі мол.

Қарастырылған материалдарды оқыту- тәрбие үрдісінде қолданылады, олардың қазіргі заманғы бастауыш мектептерде:

— түсіндіру- иллюстрациялық оқыту;

— проблемалы оқыту;

— бағдарламалық оқыту қолданылады.

Олар қойылған мақсатқа байланысты мұғалімдер таңдап, ұтымдылығы есепке алынып қолданылады. Әдетте алда тұрған міндеттерді ең тиімді шеше алатын оқыту әдісі тыңдап алынады. Әрине барлық әдістерге талдап оқыту әдістемесін пайдалану тиімділігін арттыратындығын тәжірибе көрсетеді.

 

 

 

ІІ ТАРАУ. ТАЛДАП ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕСІ

 

2.1. Тұтас педагогикалық үрдістегі талдап оқыту әдістемесі

 

Ұрпақ тәрбиесі- адамзат баласының асыл мұраты. Бүгінгі күндегі бастауыш мектепте білім алушы бүлдіршіндер- ертеңгі қоғамның қозғаушы күштері, болашағымыз. Сондықтан Елбасымыз Н.Назарбаев халқымыздың алдына «ХХІ ғасырды құрушы іскер, өмірге икемделген, жан- жақты, мәдениетті жеке тұлғаны тәрбиелеу керек» деп, жауапты міндет қойып отыр.

Міне, осы себептен бастыуш мектеп кіші жастағы балаларға сапалы білімі, саналы тәрбие беріп, өміртанудың басты шарты тәрбиелеу, білімді азамат тәрбиелеу ең басты шарты еліміздің патриотын тәрбиелеу, міндет жан- жақты жетілген, үйлесімді дамыған- ең басты құндылықты тәрбиелеу, еңбек етуге даярлау.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы міндетті білім беретін стандартына сай білім беру талаптарын өз деңгейінде орындау мақсатымен жаңа нәтижелі технологияларды зерделеп, игеріп оқушының жас мөлшері мен психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес оқыту әдістемесін, технологиясын таңдап, жаңа инновациялық элементтерді ендіріп сабақтарда қолдау арқылы сауатты, жан- жақты тәрбиелеген терең біліміді, білікті маман болу үшін іргетасын қалау жасалады. Сондықтан оқушылардың қисынды ойлуын, қиялын дамытуға, сөз қорын молайтуға ықпалдың тиімділігін сипаттау талдап оқыту әдістемесін жүйелі, жоспарлы жүргізуге тәуелді.

Талдап оқыту әдістемесінің мақсаты:

— оқы, оқы және оқы талабының мәнді, мағыналы жүруін қалыптастырады;

— оқу материалдарын терең, тиянақты білу үшін түбірін, мазмұнын, ережелерімен теорияны түсіну үшін талдап оқу, оқуға үйрету, талдап оқыту әдістемесін дамыту;

— талдап оқыту әдістемесінің мақсаты- талдап түсініп оқуға жету, саралап оқу, зерделеумен игеру- ынта- ықласын арттырып, үздіксіз оқу іскерлігін, дағдысын қалыптастырып, дамыту.

Оқытудың барлық түрлері тиімді болады егерде нәтижесін көздеп, олардың ең оңтаилы, тиімдісі таңдап алынып, оқытудың барлық түрін паидалану барысында талдап, оны жазып, пысықтап, қайталауларда талдап оқып пысықталатын болса.

Талдап оқыту әдістемесінің мақсаты – білімдерінде болатын кемшіліктерді болдырмау, олардың даярлығын арттыру, даярлықтарындағы оң және терістерді « теңестіру», сапаландыру білім алуға қызығушылығын арттыру, үй тапсырмаларын жүйелі орындауға қалыптастыру, сынып жұмыстарын сапалы жасауға дағдыландыру, өз бетінше оқуға ынтасын арттыру.

Талдап оқыту әдістемесі сабақта мазмұнды өзгерту, қиындықтарды реттеу және кеибір тапсырмаларды орындаудың ұзақтығын оңтайландыру, оқушылардың оқуға мүмкіндіктеріне және оқуға даярлығына сәйкес әдістемелік көмек көрсету құралдары, амалдарын ойластыруды жүзеге асыруды міндеттейді.

Талдап оқыту әдістемесі:

— Әрбір сабаққа мақсатына сай оқытудың нақты жобалауы, тікелей жүзеге асыру міндеттері белгілі болады;

— Нақты оқу материалын – сабқтың тақырыбына сай, мазмұнына қатысты, мақсатына орай балалардың жалпы оқу қызметіне даярлығын зерделеу және білу арқылы оқу материалын нақты қабылдау, игеруді есептеу;

— Жаңа сабақтың оқу материалдарын игеруде оқушыларда туындайтын қиындықтарды алдын- ала көру және оған қатысты амалдарды ойластыру;

— Сабақтар жүйесінде топтық және жеке тапсырмалар беруді пайдалану;

— Жекелей және саралап оқытудың тиімділіктеріне тұрақты талдау жасап нәтижелеріне сай ұтымды, қисынды ой көрсету;

— Келесі сабақ  қалай өтіліуі тиісті, оған даярлық анық, айқын болуын білді;

— Талдап оқыту әдістемесінің тиімділігін арттыру әрбір сабақтың тақырыбына сай негізгі оқу материалын, көрсетілетін көрнекіліктерді дидактикалық материалдарды, үйге тапсырмаларды нақты анық білу, үйге берілетін тапсырмаға түсініктеме, оның үлгілерін көрсетудің толық нақты білуі.

— Талдап оқыту әдістемесі – жүйелі түрде пайдалану, оны оқытудың барлық кезеңінде қолдану, оның қорытындыларына талдау және оқушыларды баулу, қалыптастыру.

Егерде талдап оқыту жеке оқушыға қатысты болсын, тапқа байланысты орындалсын, түгел сынып оқушыларына артылсын мақсат оқу материалын терең, тиянақты түсініп, біліп, зерделеп, толықтырып, пысықтап игеріп, қолдана білуге,негізгісі дамытуға жеткізу, қалыптастыру.

Қазіргі заманғы сабақ сапалы болуы үшін жалпы талаптар ішінен келесілерін бөліп қарастырамыз:

  1. Оқу – тәрбие үдерінде ғылымның жаңа табысты жетістіктерін, педагогикалық практиканың озық әдістеме, техналогиа, инновациялық елементтерін паидалану, сабақтың қамтылуын құрылымын оқу – ғылыми — әдістемелік ұсыныс, тәжірибе, оқу – тәрбие үлгісінің заңдылықтары негізінде орынды, оңтайлы етіп орындау.
  2. Барлық дидактикалық ұстанымдар мен ережелердің қатынастарын оңтайландыру.
  3. Оқушылардың өнімді танымдық қызметтері үшін олардың мүддесін, қызығушылықтарын, икемділіктерін, қажеттіліктерін ескеріп қажетті мақсаттарды қамтамасыз ету.
  4. Пән аралық байланыстарды орнату.
  5. Бұрын зерделенген, игерілген білімдер, іскерліктер, дағдылармен байланыстар, оқушының даму деңгейіне сүйену.
  6. Тұлғаның дамуының барлық салаларына шама – шарқылары, себеп – салдарына және белсенділіктеріне қатысты дамыту жасау.
  7. Оқу – тәрбие үдерісінің барлық кезеңінің қисынды жалғасуы.
  8. Оқу – тәрбие қызметінде оқушылардың іс — әрекеттерін психологиялық педагокикалық талаптар негізінде басқару және оңтайлы әдістемелік талаптар, оқу жұмыстарын ғылыми негізде ұйымдастыру, өткізу.
  9. Педагогикалық құралдарды тиімді пайдалану.
  10. Өмірмен, өндіріс қызметімен, оқушының жеке тәжірибесімен байланыстыру.
  11. Іс – тәжірибеде қажетті білім, іскерлік, дағдыларды қалыптастыру, ойлау мен іс — әрекеттердің тиімді тәсілдерін пайдалана білу.
  12. Оқу, оқи білу, тұрақты түрде білімін толықтыруды қалыптастыру.
  13. Әрбір сабақты тыңғылықты диягностикалау, болжамдау, жобалау және жоспарлау.

Сабақ – оқытудың басты формасы, сабақты оқу жоспарының талаптары  жүзге асырылады, оқу бағдарламасын орындайды.

Сыныптың – сабақтың оқыту формасының ХҮІІ ғасырда пайда болып, үш жүз жылдан астам уақыт дамыс келеді, кеңінен таралған және білім берудің негізгі формасы. Оының контурын голландиялық педагог Д.Сия, неміс профессоры И.Штурн сызып, жүйені И.Лойол анықтады, ал теорияның негізін чех педагогы Я.А.Коменский түйіндеді, бұл жүйе әлі жетілдіруде.

Әрбір сабақ үш біріңғай- тұтасқан мақсатқа жетуге бағытталады- олар:

— Оқыту, оқу, оқы, оқы және оқыны жүзеге асыру;

— Тәрбиелеу, сыналы тәрбиленуге жеткізу;

— Дамыту, дамуға қалыптастыру. Осыларды есепке алып, сабақтарға талаптар дидактикалық, тәрбиелік және дамытушылық тұрғыдан нақтыланады. Дидактикалық талаптарға жатады:

— Әрбір сабақтың білім беру міндеттерін анық айқындау;

— Сабақтың ақпараттық орындалуын жетілдіру, әлеуметтік және жеке қажеттіліктерін есепке алып мазмұнын оңтайландыру;

— Танымдық қызметке жаңа технологияларды инновация элементтерін ендіру;

— Оқыту үддесін формаларын, әдістерін, амалдарын ақыл- оймен нәтижелі болуын көздеп түрлендіру, үйлестіру;

— Сабақ құрылымын шығармашылықпен жеткіздіру;

— түрлі ұжымдық қызмет түрлерін оқушылардың өзіндік қызметтерімен үйлестіру;

— Іс жүзінде оқу- тәрбие үддесіне бақылау және басқаруды қамтамасыз етудің шұғыл кері байланысын жүзеге асыру;

— Сабақты өткізудің ғылыми есептелуі және шеберлігі.

Аталған талаптардың мұқият, мүлтіксіз орындалуына талдау жасау, оқытуда талдап оқыту әдістемесі элементтерін ыждахаттылықпен жүргізу талаптар деңгейінен көрініп, нәтижелері жақсаратындығына кепілдеме жасайды.

Сабаққа қойылатын тәрбиелік талаптар:

— оқу материалының, сабақтағы қызметтің тәрбиелік мүмкіндіктерін анықтау, ақиқатына қол жеткізілетін тәрбиелік мақсатты қалыптастыру және қамтылуы;

— оқу жұмысының мақсаты мен мазмұнына туындайтын тәрбие міндеттерінің қамтылуы;

— жалпы адам баласының құндылықтарында балаларды тәрбиелеу, өмірлік қажетті сапаларды: шыдамдылық, ұқыптылық, жауапкершілікті орындаушылық, өз бетінше ойлай, жұмыс жасай білушілік, еңбекшілдік, байқағыштылық, зейінділік, адалдық, ұжымшылдық, әдептілік және т.б. қалыптастыру;

— оқушыларға мұқият назар аударып, оларды түсініп, ойларына зейін қойып, педагогикалық әдептілікті сақтап, балалармен ынтымақтаса оқу- тәрбие жұмыстарын табыстарға жеткізу ниетімен ұйымдастыру, мақсатты қарым- қатынасты жетілдіру, барлық іс- әрекеттерге талдау жасап, жоспарлап жүргізу;

— ізгілікті, ынтымақтасты, жеке бағдарлы тәрбие, жан- дүниесін сезу, түсіну, талдап оқыту- тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу.

Барлық сабақтарды дамытушылық талаптарын тұрақты жүзеге асыратындар:

— балалардың оқу- тәрбие- танымдық қызметтерінде оқуға, қызығушылық, шығармашылық бастамаларына және белсенділіктерін дамытуға оң себептерді қалыптастыру және дамуты;

— оқушылардың дамуын деңгейлерін зерделеу және есепке алу, «олардың жақын арадағы даму аймағын» жобалау;

— болжамдалынған, «оза даму» деңгейінде оқу сабақтарын өткізу, дамуларындағы жаңа сапалы өзгерулерін ынталандыру;

— оқушылардың интеллектуалды, әлеуметтік дамуларында «секірмелі» дамуларын болжамдау, оң өзгерістер болатын, жақсы үмітті, оқу- тәрбие жұмыстарының жақсаруын туындататын оқу сабақтарын талдап оқыту- тәрбиелеу жұмыстарын бірлесіп атқару.

Атап өтілген сабаққа қойылатын басқада талаптар:

— ұйымдастыруды жетілдіру;

— психологиялық ізденістер, тану;

— басқару жұмысын сапаландыру;

— санитарлық- гигиеналық жағдауды жақсарту;

— эстетикалық талғамды арттыру;

— оқу тәрбиелерін безіндіруді жаңа талаптар деңгейіне жеткізу;

— оқушылар, ата- аналар, мектеп тәрбиесін нығайту.

Сонымен, сабақ – мектеп жұмысының басты формасы, олай болса әрбір сабақты өткізу мұқият дайындықты, ғылыи әдістемесін ойластыруды, мақсатқа сай жетілдіру жоспарына тиісті түзетулер жасау. Ол уақыт, ұйымдастырылуы, мәні бойынша аяқталған оқу үддесінің кезең, буын элементттік қатынастағы бөлігі. Сабақ қосымша формалар: үйірме жұмыстар, кеңестер, басқа да сыныптан, мектептен тыс жұмыстар сабақты толықтыра түседі. Әрбір сабақта үш негізгі мақсат орындалады:

— білім беріледі, оқыту жасалады;

— тәрбие жұмыстарын жоспарлап жүргізіп мақсатқа сай міндеттер орындалады;

— әрине дамыту жүргізіледі.

Тұтас педагогикалық үрдістегі талдап оқыту әдістемесінің мақсаты- оқығанды түсіну, мазмұнын есте сақтау, ғылыми пәнге қатысты ережелерді орындау арқылы жазу, есептеу, өздігінен оқу, оқуды, есте сақтаудың, үйренудің нәтижелеріне қатысты қисынды іс-әрекеттер жасау. Тұтас педагогикалық үрдістің басты белгісі оқу арқылы тәрбиелеу, тәрбиелеу бойынша оқыту, оқыту тәрбиелеу, тәрбиелеу оқыту тізбегімен өздігінен оқыту, оқы, оқы және оқы ережесін қалыптастыру, дамытуға ұластыру.  Тұтас педагогикалық үрдістегі талдап оқыту әдістемесінің басты жарты- оқу материалдарын терең түсіну, ережелерді тыңғылықты ұғу, іс- тәжірибеде пайдалана білу, үлгі, мысалдар, жаттығулар, тапсырмаларды мұқият орындау, модельдік оқыту әдістемесін жүзеге асыру- оқу материалын игеру арқылы кезеңге өту, өзгешілік, ерекшелік, сәйкессіздік, түсінбеушілік болған сәттерде талдау жасау, талдап оқу, талдап оқыту амалдары, қайталау, пысықтау, еске түсіру, кеңес алу, өздігінен қайталау жасау, «оқы, оқы және оқы» амалдарын жасау, талдау арқылы өзгеру.

Бастауыш сыныптарда, барлық пәндер бойынша, мысалы, үшінші сынып, қазақ тілі «тіл және сөйлеу» тақырыбында сұрақтарға жауап бер, өлеңді мәнділеп оқы, мәтінді түсініп оқы, өлең мазмұнын қиялыңмен көрсетіп бер, мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқы, сурет бойынша әңгіме құра, компьютердің пайдасы туралы айт— деген тапсырмалар, жаттығулар берілген, оларды әдістемелік тұрғыдан құрастырып, тәжірибе негізінде ғылыми зерттеулер, оқыту әдістемесімен жобалаулар арқылы, талдап оқыту әдістемесіне қатысты оқыту мәнді.

Әсіресе бастауыш сыныптарда мән- мағынасы бар немесе нақты заттың аталуын білдіретін, аз әріптерден тұратын сөзөдерге іріктеу, талдау, таңдау жасап, оларға бірлесіп, мүмкін болса балалар түсініктеме берсе сонда терең, тиянақты игеруге жетуге болады. Сондай-ақ оларды тақтаға жазу, дәптерге жазу, сауатты жазуға, оқуға дағдыландырады.

Бастауыш мектепте оқушыларды келесі төрт кемшіліктің болмауын, оқу кезінде байқалып қалған жағдайларда одан арылу арқылы амалдарын жасау қажет. Оның ең бастысы- артикуляция, яғни дыбыс шығару органдары:

— тіл;

— ерін;

— таңдай;

— жұтқыншақ;

-өңеш арқылы оқылған мәтінді іштей, дыбыссыз айту, талдап, ойлау.

Сөйлем жолымен жылжып бара жатқан көз назарының түсініксіз фраза, сөз, сөйлемге қайта оралуы- регрессия. Бұл, біріншіден: уақытты алады; екіншіден: ол тізбегін үзіп құбылыс қатарын бұзады; үшіншіден: түсініксіз фраза сөз, шартты белгіге және т.б. Сөйлемді немесе абзацты- азат жолды толық оқып, олардың мән- мағынасын нақты ашуға, туындаған ойларға орай қайта араласу- реципация негізді деп саналады; төртіншіден: нені, қалай, қашан, не үшін және тағы осы сияқты оқитындығын анықтайтын икемді, нақты мақсатты стратегиның болмай, талғамсыз оқуда кемшілікке жатады.

Оқуда кездесетін әрі қалыптасқан төмендегідей тәсілдері бар.

Тереңдете, тиянақты оқу- бөліктеріне зейін аударып, талдау жасап, талдап оқыту әдістемесі арқылы бағалау жасалады. Саралаумен, шығармашылық анықтау жасап, оң және теріс сәйкессіздікті білу, мәнін түсіну үшін талдауға жүйелеу терең, тиянақты игеруге жеткізеді.

Адам барлық мағлұматтарды көру, есту, сезу арналары арқылы қабылдап талдаушыларына берілетін әсерлермен әсерлі, терең, тиянақты қабылдау үшін оқытудың технологиялық құралдарын, плакаттар, электронды тасымалдағыштарды пайдалану қажет. Оқу, жазу, есту талдау амалдарын қабылдау, қорыту тетіктері көру, есту, талдаушыларынан жеке жүйлерімен миға жеткізілуі анық, айқын, көрнекті, түсінікті, қатесіз болуы, талданып, қайталану, бейнеленуімен терең, тиянақты игеруге жеткізеді.

Тұтас педагогикалық үрдістегі талдап оқыту әдістемесі нақты мақсаттағы стратегиямен қисынды заңдылықтарға негізделуі, әрі сәйкес жүргізілуі керек.

Тұтас педагогикалық үрдістегі талдап оқыту әдістемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік жолында міндетті білім беру стандарты талаптарын мүлтіксіз арқылы орындалады.

«Бастауыш білім берудің негізгі мәні- білім алушының даралығын ашу және оқу әрекетін игерту»- делінген білім беру стандартында. Олай болса, білім алушының даралығын ашу – ол әрбір баланың оқу материялдарының, жаңа сабақты, үй тапсырмасын, сынып тапсырмаларын терең,  тиянақты түсінуге жетуі үшін талдап оқыту әдістемесі қажет.

Таңдап оқыту  әдістемесі- оқудың интегралдық алгоритмі деп аталатын бір бағыты бар.

Алгоритм дегеніміз- білім беру, оқыту, оқу мақсатына қатысты іс- әректтер, тиянақты амалдардың орындалуының реті- тізбегі ойластырылып, тәжірибеден өткен, орындалуы есептелінген ережесі. Алгоритм- табиғат және басқа заңдылықтар сияқты толық, ретімен, маусым мезгілдері сияқты жүйелі ауысуы болады, күннің түннің алмасуы Заңды орындалады, олай болса, оқу, жазу, есептеу, есту, даму бәрі ретімен орындалуымен мәнді, маңызды.

Оқудың үш түрі бар:

Біріншісі- артикуляция- оқыған сөзді дыбыс шығарып айту, мұнда жылдамдық төмен.

Екіншісі, оның артикуляциясы жоқ, оқу едәуір жылдамдау, мәтін әжептеуір тиімді игеріледі.

Үшіншісі, ішкі сөздің мүмкіндігінше қысқартылады, оқу жылдамдығы артып, мәтін мағыналы ұғу күшейеді, талдап оқыту әдістемесінің салдарын байқаймыз.

Бастауыш сынып оқушылары ежелеп, буындап, жеке сөздермен түсініктеп оқитындарға бөлінеді. Біліктілігі ең жоғары- түсінікпен оқу, талдап оқыту әдістемесінің салдары. Талдап оқыту әдістемесі бойынша мәтін оқылып, ой елегінен өткізіліп болған соң келесі мәтінге жеке, шешуші сөздерге талдау жасалып, түсініктеме беріліп, жазылуы, оқылуы, айтылу қарастырылады, нәтижесінде терең, тиянақты білім алады, баланың ойы дамиды.

Ой ықыласын жинақтау, оқу материалдарына түсінікті талдау жасау, оған зейінді, зерекпен, өздігінше салыстыру, есіне түсу, ережеге негіздеу, түпкі ойды ұғу және тұжырым жасау. Талдап оқыту әдістемесін түрлі сабақтарда қолдануларға зейін аударайық, мысалы, әдебиет сабағы, сонымен:

Сабақтың тақырыбы: М.Шаханов. Арман.

Сабақтың дидиктикалық мақсаты: М.Шахановтың өмірімен және еңбектерімен қысқаша таныстыра отырып «Арман» өлеңін талдау арқылы ақынның идеясы мен мақсатын түсіндіру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың поэзияға деген көзқарасы мен түсінігін қалыптастыру және құштарлығы мен ізденімпаздығын, шығармашылық қабілетін дамыту. Мәнерлеп оқу дағдысын нығайту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Поэзины талдау процесінде оқушыларды адамгершілікке, имандылыққа және өнер мен отанын сүйюге баулу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақ өту әдісі: Сұқпат, талдау, пікірлесі, сұрақ- жауап, ойын элементтері, сынақ.

Сақтың мазмұны: Білімдік, танымдық.

Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, тесттік және кестелік сұрақтар, көрме…

Сабақтың пән аралық байланысы: Музыка, әдеп, тарих.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Әнұран.

ә) Кезекші арқылы оқушылардың сабаққа қатысуын анықтау.

б) Оқушыларды сабаққа дайындау.

ІІ. Үй тапсырмасы

а) Үй тапсырмасын тексеру, сұрау, тесттік сұрақтар.

ә) Үй тапсырмасын қорыту.

ІІІ. Жаңа сабақ

  1. Ой ашар

         а) М.Шахановтың қысқаша өмір дерегі.

         ә) М.Шахановтың еңбегі.

         б) «Арман» өлеңін мәнерлеп оқу, түсінігін айту.

  1. Ой қозғау

          а) Сұрақтар:

                            1) Дана қария қандай сұрақ қойды?

                            2) Дойылдың арманы не еді?

                            3) Әбудің арманы не еді?

                            4) Қария неліктен Әбу сөзіне риза болды?

                            5) Әбу- Насыр әл- Фараби кім?

                            6) Сендердің армандарың қандай?

         ә) Кейіпкерлерге мінездеме беру.

  1. Ой толғау

         а) Ауыл жылына немесе Сайрам ауданының 75 жылдығына орай бір шумақ өлең шығару.

         ә) «Кім білгір, Кім тапқыр?» ойыны.

  1. Ой түйіндеу

         а) Жаңа сабаққа анализ жасау (кеспе сұрақтарына жауап).

         ә) Жаңа сабақты бекіту («Эстофета» ойыны)

ІҮ. Оқушыларды бағалау.

Ү. Үйге тапсырма.

ҮІ. Жалпы сабақты қорыту.

Сабақтың барысы:

Оқушылармен амандасып болған соң, сабақты еліміздің әнұранымен бастаймыз. Кезекші арқылы оқушылардың сабаққа қатысуын анықтап, сабаққа қажетті оқу құралдары мен тақтаны және оқушыларды сабаққа дайындаймыз.

Өткен сабақта Қ.Мырзалиевтің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі бойынша үйге берілген тапсырманы оқушылардан сұраймыз. Үйде орындап келген шығармаларын тексереміз. Осы сәтті пайдаланып, оқушыларға тестік сұрақтарды үлестіріп, жауап аламыз.

Үй тапсырмасын қорыту мақсатында сұрақ- жауап ұйымдастырамыз.

Жаңа тақырып М. Шахановтың «Арман» өлеңі екендігін жариалап, ой ашар мақсатында оқушылардың өздерінің айтуымен М. Шахановтың қысқаша өмірі және еңбектерімен танысамыз. Оқушыларға М. Шахановтың «Арман» өлеңін мәнерлеп оқып, оның мағынасын түсінуіне мүмкүндік береміз.

Өлеңді оқушылардың өздері пікірлесе отырып,талдау жасауға көмек ретінде ой қозғауға арналған сұрақтарды беріп отырамыз. Өлеңнін мағынасы, автордың идеясы мен айтпақ  болған ойын оқушылар түгел түсінгенше талдауды жалғастырамыз. Осы мақсатта және сабақтың тәрбиелік мақсатын орындау үшін кейіпкерлерге мінездеме берулеріне септігімізді тигізіп отырамыз.

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында «Ауыл жылы» немесе  «Сайрам ауданына 75 жыл» тақырыбына бір шумақ өлең шығару тапсырмасын береміз.

Өтілген тақырыпты оқушылардың игеру сапасын анықтау мақсатында кеспе сұрақтарға жауап аламыз. Жаңа сабақты бекіту, қалыптастыру үшін «Эстафета» ойынын ұймдастырамыз.

Оқушыларды бағалап, үй тапсырмаға Әбу арманы баяндалған шумақтарды жаттау, Әбу – Насыр әл – Фараби жайлы реферат пен «Менің арманым» тақырыбына шығарма жазуды береміз.

Жалпы сабаққа қысқаша қорытынды жасаймыз.

Сабақтың тақырыбы: Өтілген тақырыптарға шолу.

 Сабақтың дидактикалық мақсаты: Өтілген материалдарды еске түсіру, жүйелеу  және қалыптастыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың еңбек сабағы бойынша сауаттылығын, білімге деген құштарлығын, ізденушілігін дамыту.

     Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды сабақ өту процессінде қазақ халқының салт- дәстүріне, туған елі мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, қазақ халқының өнер мұрасынан эстетикалық тәлім- тәрбие алу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.

Сабақтың өту әдісі: талдау, ойын элементтері, пәндік, сынақ, електеушілік.

Сабақтың мазмұны: Білімдік, танымдық.

Сабақтың көрнекілігі: Жарысқа байланысты әртүрлі плакаттар, құрал- саймандар, сөзжұмбақ, тесттік және кеспелік сұрақтар, көрме…

Сабақтың пәнаралық байланысы: Музыка, математика, әдебиет, әдеп, беинелеу.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Кезекші арқылы оқушылардың сабаққа қатысуын анықтау.

ә) Оқушыларды жарыс сабағына дайындау.

б) Жарыс бағдарламасымен таныстыру.

  1. Жарыс сабағын өткізу
  2. Үйге тапсырма.
  3. Жарыс сабағын қорыту.

Сабақтың барысы:

Оқушылармен амандасып болған соң, сабақты еліміздің әнұранымен бастаймыз. Кезекші арқылы оқушылардың сабаққа қатысуын анықтап, сабаққа қажетті оқу құралдарын, тақтаны және оқушыларды сабаққа дайындаймын.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- «Өтілген тақырыптарға шолу». Мақсатымыз- өтілген тақырыптарды еске түсіру, жүйелеу және қалыптастыру.

Сабақты «Жарыс сабақ» түрінде өтеміз.

Өткен сабақтағы берілген тапсырма бойынша сынып оқушылары 2 топқа бөлініп, бірі – «Зергер» деп аталып капитаны — _____________________ сайланса, екінші «Шебер» деп аталып, капитаны -_____________________ сайланған.

Енді, жарыс бағдарламасымен таныстыратын болсақ, қиындығына сәйкес 4 бағытта жүргізіледі.

Бірінші бағыттағы жарыстар қиындығы өте жоғары болып, ең шебер оқушыларға арналып, екінші бағыттағы жарыстар қиындығы жоғары болып, білім деңгейі оқушыларға арналса, үшінші бағыттағы жарыстар қиындығы орталау болып, білім деңгейі орта оқушыларға арналады, төртінші бағыттағы жарыстар жеңілдеу болып, қалған оқушыларды қамтуы тиіс.

 

ғ

І б.

ІІ бағыт

ІІІ бағыт

ІҮ бағыт

 

Кім шебер? Тақтайға бедер өрнек, ою. 30 ми.

«Кім жылдам?» жарысы. Үй макетін құрастыру. 5-мин.

«Кім тапқыр?» еңбек тақырыбында мақал- мәтел жарысы. 4-мин.

1

 

 

Саз балшыққа бедерлеп ою- өрнек салу бойынша жарыс. 10-мин.

Капитандар сайысы:

1. Нақыл сөздер. 3 мин.

2. Ребус. 3 мин.

3. Кеспе бойынша сұрақ- жауап. 3 мин.

 

Тест. 9 мин.

2

 

3

Эскиз сызу. 7 мин.

Бүктеу тәсілі мен ою, қырқу. 6 мин.

4

Сергіту минуты. 3 мин.

5

Композицияға мінездеме беру. 5 мин.

6

 

Эстефеталық жарыс. 5 мин.

7

 

Қорытынды. 2 мин.

     

Әр жарыстың соңында әр топқа 5 баллдық жүйеде баға қойылып отырылады.      

      Міне, жарыстың бағдарламасымен де таныс болдыңыздар. Енді, жарысымызды бастаймыз. Қазір «Кім шебер?» жарысын ұйымдастырамыз. Оған әр топтан бір оқушыдан шығып, берілген тақтайға геометриялық фигураларды бедерлеп ою керек. 30 минут беріледі. Осы жарыс өтіп жатқан сәтте әр топтан тағы да бір оқушыдан шығып, «Кім жылдам?» сайысы бойынша 5 минут ішінде үй матекін құрастыруы қажет. Осы жарыспен қатар қалған оқушыларға еңбек туралы мақал- мәтелдер бойынша «Кім тапқыр?» сайысы ұйымдастырылып, оған 4 минут уақыт беріледі. Осы жарыстардың үшеуінің де нәтижелері бағаланып, тіркеледі.

 Тақтаға екі оқушы шақырылып, саз балшыққа бедерлеп ою- өрнек салу бойынша жарыс ұйымдастырылып, оған 10 минут уақыт беріледі. Капитандардан басқа оқушыларға тест сұрақтары таратылып, оған 9 минут уақыт беріледі. Осы сәтте «Капитандар сайысы» жүрісі жатады. Ол әрқайсысы 3 минуттан тұратын үш түрлі жарыстарды қамтиды. 1- ші «Нақыл сөздер сайысы», 2-ші ребус шешу, 3- ші кеспе бойынша сұрақ- жауап.

Жарыс нәтижелерін есепке алғаннан кейін, эскиз сызу бойынша жарысқа екі оқушы шақырылып, 7 минут уақыт беріледі. Осы уақытта қалған оқушылармен бүктеу тәсілі мен ою қырқу бойынша 6 минуттан тұратын жарыс ұйымдастырылады. Жарыс нәтижелері түгел тіркеледі.

Сергіту минуты. 3 минут.

«Композицияға мінездеме беру» жарысына оқушылар түгел тартылып, 5 минут уақыт беріледі. Қай топтың оқушылары қандай жауап бергеніне қарай бағаланады.

Енді сабақты қалыптастыру, бекіту мақсатында «Эстофета» ойыны ұйымдастырылп, оған да оқушылар түгел тартылып, 5 минут уақыт беріледі.

«Этофета» ойынында бір оқушы қарсы топқа сұрақ қояды. Екінші топтың талапкер оқушысы сұраққа жауап беріп, қарсы топқа сұрақ қояды.

Осылайша белгіленген уақытқа дейін жалғаса «Эстофета» береді.

Үйге тапсырма: Келесі сабаққа осы материалдар бойынша тесттік сынаққа дайындалып келу.

Талдап оқыту әдістемесінің негізгі идеясы оқу материалын тиянақты терең түсіну, нақты байланыстар жасау, иллюстрациялы – түсіндірме әдісін пайдалану.

Қалай болғанда да өзімізге таныс иллюстрациялы- түсіндірме әдісінің қатаң тәртібі сақталынуы керек. Баладан ыждағатпен тыңдап, мүлткісіз орындау ғана талап етіледі.

Талдап оқытуда баланың ізденушілік- зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта- ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей 3 құрамдас бөліктерден тұратын болады.

  1. Оқу мақсаттарының қойылуы.
  2. Оның шешудің жолын бірлесе қарастыру.
  3. шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Бұл үшеуі талдап оқудың Д.Б. Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдында оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ролінде. Шешім табылатын кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытндылауға үйренеді.

Баланың даму процесі, оның қоғамның белсендіде пайдалы мүшесі, азамат ретінде қалыптасуы осы үш фактордың қатысуымен қамтамасыз етіледі.     Ең бастысы осы факторлардың бірде – бірі, қандай да бір кемеліне келген болса да басқа екеуінен ерекшеленіп, жеке әсер ете алмайды. Барлық іс осы үш басты күштің өзара әрекет етуінде. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың ролін, алар орнын анықтаған көрнекті психолок Л.С. Выготский.

        Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек процесс деген көзқарастарды қатты сынға алды. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.

  1. Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
  2. Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.

        Баланың бамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады.

Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады. Бұдан әрі психиканың бүкіл саласының қалыптасуы, адамның белсенді қызметті өрістетуі мүмкін болады. Бұл оқуды- қабюілетін нығайтын жетілдіреді, жаңа дағдыларды игереді, екінші жағынан материалдық және рухани байлықтар жасап, осы арқылы адамзат мәдениетін өз үлесін қосады. Баланың потенциалдық мүмкіндіктері неғұрлым жан- жақты үйлесімді, толығырақ дамыса, есейген кезде, оның қызметі соғұрлым мазмұнды, жан- жақсы, табысты болады.

Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды талдап оқыту сабақтары деп білеміз.

Талдап оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек.

Талдап оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым- қатынас, мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы емес, танымдық іс- әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын талдапты.

Талдап оқытудың Л.В.Занков жасаған жүйесінің ерекшеліктеріне тоқталып өтелік. Бұл жүйе дәстүрлі оқытудан төмендегі ерекшеліктерімен, өзгешеліктері айқындалады;

— оқыту мазмұнындағы өзгешеліктер;

— мақсаттағы айырмашылықтар;

— дидактикалық принциптердегі өзгешеліктер;

— әдіс- тәсілдердегі ерекшеліктер;

— оқытудың өзгеше ұйымдастыру;

— мұғалім еңбегінің нәтижелігін анықтаудың жаңа көрсеткіштері;

— мұғалім мен оқыту арасындағы жаңаша қарым- қатынастар.

Л.В.Занков жүйесіне дәстүрлі оқыту жүйесінен басқаша дидактикалық принциптерге негізделеді. Енді ерекше тоқталуды қажет ететін кейбір принциптердің мәнін аша кетейік.

Жүйедегі бүгінгі күннің өлшемімен қарағанда айрықша көкейкестілігімен ерекшеленетін принцип, жоғары қиындықта оқыту- принципі. Бұл қағида баланың қиындатылған тапсырмаларды орындатуға мүмкіндігінің бар екенін көз жеткізеді.

Дәстүрлі педагогикадағы «оқыту мазмұны баланың жас ерекшеліктеріне сай жеңіл болғанда ғана, оқушылар білім, білік, дағдыны меңгереді» деген қағида төңірегінде. Л.В.Занков бұл анықтаманың көнергендігін, тіпті дұрыс еместігін дәлелдейді. Оқыту жұмысында баланың жас ерекшелігінің ескерілуінің керек екендігін жоққа шығармай, дегенмен әр даму кезіндегі жас ерекшелігінің оқыту барысында өзгеріп, жаңа кескінге алмасып отыратындығы ақиқат екенін еске салады.  Оқыту бұл жағдайда абстрактіден қарапайымға қарай түзіледі деген пікір айтады. Бұған соңғы уақытта көз жеткізе бастаған сияқты.

Бұл принциптердің мақсатына жету үшін дәстүрлі оқулықтардағы жеңіл- желпі тапсырмалар орнына, баланың тапқырлығын, зерделілігін талдатып шығармашылық тапсырмаларды орындау үлкен нәтиже беретіндігіне тәжірибе барысында көзіміз жетті. Ағылшынның философы Б.Шоу адамды қызған сайын ширай түсетін кірпішпен салыстырған екен. Сол сияқты қиындығы бар тапсырмаларды орындау, баланың ақыл-ойын арттырып, шығармашылығын шыңдайды.

 

2.2. Талдап оқыту әдістемесін іс- тәжірибеде пайдаланулар

 

Бастауыш сыныптардан білім берудің тиімді әдістерін қолдану мақсат, ол міндет кіші жастан талаптарға сай білім алуына, ауыз екі сөйлеуін дамыту, ойын жазбаша сауатты жеткізу біліктерін қалыптастыруға, дүниекі сөз немесе математикалық өрнектер арқылы бейнелеп қабылдауға, сондай- ақ танымдық, тәрбиелік, дамытушылық мүмкіндіктерге жеткізетін әдістеме талдап оқыту.

Талдап оқыту әдістемесі озық тәжірибелерде, жаңа педагогикалық технологияларда, инновациялық элементтерде кездесетін, оларға қосымша талап, міндеттерін тереңірек игеруге, тиянақты оқуға, жүйелі зерделеуге  ұмтылыстар тудырумен маңыздылығын байталады. Оқушының тіл байлығын, тіл құбылысын, оның заңдылықтарын біршама бағдарлауға мүмкіндік беретін, әдеби сауаттандырып, шығармашылққа жол ашатын, абстрактылы ойлау элементтерін дамытуға себепкер болатын талдап оқыту әдістемесі екендігін зерделеп, нәтижелер мен тәжірибеген, бақылаулар мен қорытындылаулар жеткізеді. Оқытудың мұндай тиімді әдістерін қолдану білім мазмұнының рөлін күшейтіп, бастауыш сыныптардан бастап ғылым негіздерін нәтижелі зерделеуге дайындық деңгейін арттырады.

Талдап оқыту әдістемесі оқыту барысында тілдік ерекшеліктердің бала ұғымына лайық дәрежеге талдау арқылы жеткізеді, берілген тапсырмаға түсініктеме, үлгісіне талдаулар, өзінің тікелей іс- әрекеттерімен, ережесін, жазылуын, оқуын еске түсіріп, толықтырумен игереді, олар біртіндеп күрделенсе шығармашылықпен ойлауына мүмкіндік беретін байқалады.

Оқулықтағы шартты белгілермен көрсетілген арнайы тапсырмалар оқушының шығармашылығымен жұмыс істеу дағдыларын дамут үшін таддап оқыту әдістемесі пайдалану қажет. Оқу үрдісінің кез келген сәтінде, сабақтың құрылымын элементтерінде сабақтың тақырыбы, мақсаты, сабақтың барысы, жаңа сабақ, сабақты бекіту, үйге тапсырма талабымен талқыланып, түсініктеме беріліп, үлгілері көрсетіліп, алдын- ала даярланған корточкалар- үлестірмелі материалдар орынды пайдалану- ол талдап оқыту әдістемесінің мәні, осыған орай білім нәтижесі- мұғалім мен оқушының бірлескен еңбектерінде, оқытуда тиімді әдістерді қолдануға, әрине жаңа озық технологияларды зерделеп, нәтижелеріне қатысты пайдалануда, электронды оқу материалдарын қолдануда.

Оқушылардың қисынды ойлауын, қиялын дамытуға, сөз қорын молайтуға ықпал ету үшін ауызша да, жазбаша да сөйлемдерді дұрыс құрап, айта білуге, түсініктеме жасауға, өзінше мысал келтіруге, талдаулар жасау, үйрету қажет. Осыған қатысты 4- сыныптың «Қазақ тілі» пәніне арналған «Сөз тіркесі туралы жалпы түсінік» тақырыбы бойынша сабақтың талдамасын ұсынып байқайық.

Сөйлемдегі сөздердің байланыстары туралы оқушылардың түсініктері бар. Осыған сүйене келе, сөз тіркесі таныстырылады. Ондағы мақсат- оқушыларға жай сөз тіркесі мен тұрақты сөз тіркесі арасындағы айырмашылықтарды үйрету. Негізгі мақсат- талдап оқыту әдістемесімен берілген сөз тіркестерінің қандай сөз таптарынан жасалғандығын анықтау, ол үшін оқушылардың талдау, жазбаша, ауызша талдау, түсініктеме беру, ойлау қабілеттерін дамыту. Сөз тіркестеріндегі дауысты дыбыстарға с.к.т.-лық талдау жасап, оқушылардың есте сақтау қабілетін жетілдіру. Еліміздегі халықтар достығы, халықтар ассамблясының орны, мәні татулық, тыныштық, бірлік, қуаттылық, сыйластық, мейірімділік, ізгілікті насихаттау арқылы тәрбие деген тәңір бар, білім деген бақ бар, олар- қуат, даму көздері.

Тренинг және аралас түрде өтетін сабақ түсіндіру, көрнекі құралдар пайдалану, проблемалық сұрақ қою, сұрақ- жауап алу, с.к.т. қолдану, әрине талдап оқыту әдістемесі қамтылады.

Сабақты өту барасында:

— Қазақ тілім, өз тілім, ана тілім,

  Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілімі.

  Қастерлейді ұл- қызың мәңгі сені,

  Болашағым, бақытым дара тілім!-

деп ұлағатты ой салдыратын, талдап қарап ұғатын, тәрбиелік мәні үлкен- барлық тіршіліктің төркіні, түп тамыры- тәрбиеде деген ойды жеткізеді.

Балалар кемеңгер, ғұламалардың, ақын- жазушыларымыздың, ата- бабаларымыздың өнеге мен өсиеттерін, тамаша ойлары мен тәжірибесін біздерге жеткізген туған тіліміз- Қазақ тілі сабағын бастаймыз.

Сабақ барысында үй тапсырмаларын оқушылардың орындаудағы сапалары өздері құраған сөйлемдерін оқып, түсініктеме беруімен сараланады, талдаулар арқылы үздік оқушы көркем, сауатты, мәнді, мазмұнды тілмен баяндап жазған оқушының аты- жөнін атаймыз.

Тапсырма тексерілгеннен кейін өткен сабақты пысықтау жүргізіліп келесі сабақтарға жауап берулері үшін оқылады, тақтаға жазылады:

«Сөз тіркесі дегеніміз не?»

«Сөз жұмыстарының байланысын қалай анықтаймыз?»

Жазылған жазуға қатысты жауап беріліп, жауаптары талданып, сынып талдап оқыту әдістемесі арқылы білімдерін іс- тәжірибеде байқайды, толықтырады.

Жаңа сабақта қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің жай және тұрақты тіркес болып екіге бөлінетіндігі, жай тіркес немес еркін тіркес сөйлем құрау үстінде ұшырасады, ойдың берілуіне қарай құралы өзгере береді. Мысалы, «Алыстан жақсы көреді», мұндағы еркін тіркес- «жақсы көреді». «Жақсы» сөзі бұл сөйлемде пысықтауыш болса, «көреді» сөзі баяндауыш қызметін атқарып тұр. Демек, тіркестегі сөздердің орнына басқа сөздерді ауыстыруға немесе сөз тіркестерінің шегін жылытуға болатын сөз тіркесі еркін тіркес.

Ал тұрақты сөз тіркестері сөйлемде даяр күйінде қолданылады, құрамындағы сөздер өзгермейді. Олар- бұрыннан қалыптасқан, орныққан дайын сөз тізбектері. Сөйлем ішінде бір ғана сұраққа жауап беріп, бір ғана сөйлем мүшесі болады. Мысалы, «Алыстан көрінген көлік көзді ашып, жұмғанша  келді». Осы сөйлемде анықтауыш болып тұрған сөз тізбегі «көзді ашып, жұмғанша». Мағынасы- тез.

Жаңа сабақ түсіндіру сәтінде талдау жасау, саралау, мысал келтіру оқу материалын игеруге, есте сақтауға үлгі болып есептеледі. Педагогикалық қызметтің мәні және құрылымы, және онымен айланысты өнімділік- педагогика ғылымы мен практикалық көкейкесті мәселелерінің бірі. Әдетте шығармашылықпен, шеберлікпен сабақ өтуге даярлану, талдау, талдап оқыту әдістемесін пайдалану, ғылыми талдау маңызды, педагогикалық ойда жайлы талдау- таразылау, саралау болып алмасады.

Педагогикалық еңбекке, педагогикалық даярлыққа, педагогикалық қызметке ғылыми талдау, салыстыру, сапалы және сандық талдау, нәтижесіне сай жүйелі талдау болып, үлкен еңбек бағаланады.

Сабақ түсіндірілген соң, оқушының оқу материалын игеруі бекітіліп, оқушының деңгеійн байқау мақсатымен үлгі мысалдар келтіреді. Айталық «ашық аспан», Ашық- қандай? Сын есім. Аспан- не? Зат есім. «Ашық аспан»- еркін сөз тіркесі. Бұл тіркесті «бұлтты аспан», немесе «көгілдір аспан», «көк аспан» деп ауыстыруға болады. Қалған тіркестер осылай талданады, ауызша айтылады, жазбаша тақтаға жазылады.

Сабақ барысында оқушыларды сергіту үшін басқа жаттығулар орындалады. Бірінші сыңары сын есім, екінші сыңары зат есімнен болатын сөз тіркестерін өзгертпей, етістік қосып, сөйлем құрастырып жазамыз. Мысалы, «суық жел»- суық жел соқты.

Жаттығулар арқылы балалардың оқу материалдары игеру деңгейін анықтау арқылы сабақты бекітеміз. Қандай тұжырымдамаға келгендерін, еркін сөз тіркестерін қалай құрауға болатындығын игеру дәрежесіне сай талдап оқыту әдістемесін бағалаймыз.

Көрнекі құралдар пайдалану жазылған сөйлемде еркін сөз тіркестерінің қандай сөз таптарынан жасалғанын, ал тұрақты сөз тіркестері болса, онда ол қандай мағынаны білдіретініне талдау жасаймыз.

Өз кезегінде, шәкірттерге «Ажыратып айта ғой» ойыны ұсынылады, плакатта жазылған:

— Бұл қол- сенің қолың емес.

— Бұл жұмыс сенің қолың емес.

— Біздің сиыр көзіңе түсті ме?

— Шөп көзіңе түсті ме?

— Кішкентай Берік бөркін аспанға лақтырып ойнап жүр. Емтиханнан жақсы баға алсаң, бөркіңді аспанға лақтырып қуанасың және т.б. сөйлемдерді беру арқылы оқушыларға асты сызылған сөз тіркестеріне назар аудартамыз.

Мақсатымыз- тіркестің қай түрі екенін анықтай білуге баулу, амал- ьалдап оқыту әдістемесімен оқып, қайталап, салыстыру, үлгілерін көру, әдістемесінің мәнін білу, ұғу, түсіну, игеру, пайдалану, толықтыру, дамыту, қорытынды шығару.

Сабақтың қорытындысы ретінде бір топ тұрақты тіркестер айтылады, тәрбие жайлы айтылып сөз тіркестері келтіріледі. Мысалы, бармағын тістеуді- «өкіну», бетінен оты шығуды – «ұялу», құлақ қоюды- «тыңдау», қызыл кеңірдек болуды – «дауласы», түйені түгімен, биені бүгімен жұту – «парақор» деп оқушылар тіркестің мағынасын мүдірмей ашып, талдау арқылы, бір сөзбен дәлме- дәл қайталауға жетуі, оқытудың нәтижесі.

Үйге тапсырма беріледі, 122- жаттығудағы жазылған сөз тіркестерін құрастырып, сөйлем құрау.

Жүйелі талдап оқыту әдістемесі оқушының сабаққа қызығушылығын арттырып, санасына салмақ түсірмей жүйелі, үздіксіз, ізденіп, шығармашылықпен оқуға қалыптастырады. Оқыту үрдісінде жаңа технологияларды пайдалану, оқу материалдарының негізін білу, өздігінен білім алуға қалыптастыру терең, тиянақты білім алуға жеткізеді.

Бастауыш мектепте оқытылатын әрбір пәннің өз ерекшеліктері, дегенмен музыка сабағында да талдап оқыту әдістемесінің берері мол, ең негізгісі дау жасап, терең мән беріп түсіндіріп, кері байланыс жасау, ұтымды сайыс, жарыстар үлгісінде оқытуды ұйымдастыру.

Сабақтың тақырыбы:. Өтілген тақырыптарға шолу.

Сабақтың дидиктикалық мақсаты: Жыл бойы өтілген материалдарды еске түсіру, жүйелеу және қалыптастыру. 

Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың музыкалық сауаттылығын, өнерге деген құштарлығын, ізденушілігін дамыту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды сабақ өту процессінде қазақ халқының салт- дәстүріне, туған елі мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, өз халқының музыкалық мұрасынан эстетикалық тәлім- тәрбие алу.  

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.

Сабақ өту әдісі: Талдау, ойын элементтері, пәндік, сынақ, еліктеушілік.  

Сақтың мазмұны: Білімдік, танымдық.

Сабақтың көрнекілігі: Жарысқа байланысты әртүрлі плакаттар, баян, домбыра, сөзжұмбақ,  тесттік және кестелік сұрақтар, көрме…

Сабақтың пән аралық байланысы: Музыка, математика, әдеп, әдебиет, бейнелеу.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Кезекші арқылы оқушылардың сабаққа қатысуын анықтау.

ә) Оқушыларды жарыс сабағына дайындау.

б) Жарыс бағдарламасымен таныстыру.

ІІ. Жарыс сабағын өткізу.

ІІІ. Үйге тапсырма.

ІҮ.  Жарыс  сабағын қорыту.

Сабақтың барысы:

Оқушылармен амандасып болған соң, сабақты еліміздің әнұранымен бастаймыз. Кезекші арқылы оқушылардың сабаққа қатысуын анықтап, сабаққа қажетті оқу құралдары мен тақтаны және оқушыларды сабаққа дайындаймын.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- «Өтілген тақырыптарға шолу». Мақсатымыз- өтілген тақырыптарды еске түсіру, жүйелі және қалыптастыру.

Сабақты «Жарыс сабақ» түрінде өтеміз.

Өткен сабақтағы берілген тапсырма бойынша сынып оқушылары 2 топқа бөлініп, бірі –«Реприза» деп аталып, капитаны –Уалиханов Айдос сайланса, екіншісі «Вольта» деп аталып, капитаны –Пазылова Алия сайланған.

Енді, жарыстың бағдарламасымен таныстыратын болсақ, жарыс қиындығына сәйкес үш бағытта жүргізіледі. Бірінші  бағыттағы жарыстар қиындау болып, білім деңгейі жоғары оқушыларға арналып, екінші бағыттағы жарыстар қиындығы орта болып , білім деңгейіорта оқушыларға арналса, үшінші бағыттағы жарыстар жеңілдеу болып, қалған оқушыларды қамтуы тиіс.

Жарыс бүкіл сабақ процессінде барлық оқушыларды қамтуы тиіс.

Әр жарыстың  соңында әр топқа 5 балдық жүйеде баға  қойылып отырылады.

Ғ

І бағыт

ІІ бағыт

ІІІ бағыт

1

!Кім тапқыр?» жарысы. Мажор, минор бойынша. 5-мин.

«Нота тану» жарысы. Сөйлем құрау. 5-мин.

«Кім жылдам?» жарысы. Қазақ сазгерлерінің аты- жөнін жазу. 4-мин.

2

Есеп. Тактіге бөлу. 10-мин.

Капитандар сайысы:

1. Күй. 3-мин.

2. Ребус. 3-мин.

3. Карточка бойынша сұрақ- жауап. 3 мин.

Тест. 9 мин.

3

«Акорд құру» жарысы. Тоника, доминанта, субдоминанта бойынша. 5 мин.

1. «Ырғақ табу» жарысы. 2 мин.

2. «Басқыштарды анықтау» барысы. 2 мин.

4

Сергіту минуты. 3 мин

5

Әңгіме мінездеме беру. 7 мин.

6

Эстафеталық жарыс. 5 мин.

7

Қорытынды. 2 мин.

 

Әр жарыстың соңында әр топқа 5 балдық жүйеде баға қойылып отырады.

Міне, жарыстың бағдарламасымен де таныс болдыңыздар. Енді жарысымызды бастаймыз. Қазір «Кім тапқыр?» жарысын ұйымдастырамыз. Оған әр топтан бір оқушыдан шығып, мына плакаттағы жазылған тональдықтарға қарап, мажорлық тональдықтарды бір бағанға, екінші бағанға минорлық тональдықтарды теріп жазу керек. Оған 5 минут уақыт беріледі. Осы жарыс өтіп жатқан сәтте әр топтан тағы да бір оқушыдан шығып, плакаттағы ноталармен байланыстырылап құрылған сөйлемдерді тауып оқуы қажет. Осы жарыспен қатар қалған оқушыларға қазақ сазгерлерінің аты- жөнін жазу жарысы ұйымдастырылып, оған 4 минут уақыт беріледі. Осы жарыстардың үшеуінің де нәтижелері бағаланып, тіркеледі.

Тақтадағы екі оқушы шақырылып, «Ребус» жарысы ұйымдастырылып, оған 10 минут уақыт беріледі. Осы сәтте «Капитандар сайысы» жүріп жатады. Ол, әрқайсысы 3 минуттан тұратын 3 түрлі жарыстарды қамтиды. 1-ші «Күй сайысы»», 2-ші тактіге бөлу бойынша есеп, 3-ші кеспе бойынша сұрақ- жауап. Қалған оқушыларға тест сұрақтары таратылып, оған 9 минут уақыт беріледі.

Жарыс нәтижелерін есепке алғаннан кейін, тоника, доминанта, субдоминанта бойынша «Акорд құру» жарысына екі оқушы шақырылып, 5 минут уақыт беріледі. Осы уақытта қалған оқушылармен бубенчик және честушка аспаптарымен соғылған «ырғақтарды» және «басқыштарды» анықтау бойынша 2 минуттан тұратын 2 жарыс ұйымдастырылады. Жарыс нәтижелері түгел тіркеледі.

Сергіту минуты. 3 минут.

«Әнге мінездеме беру» жарысына оқушылар түгел тартылып, 7 минут уақыт беріледі. Қай топтың оқушылары қандай уақыт бергеніне қарай бағаланады.

Енді сабақты қалыптастыру, бекіту мақсатында «Этафета» ойыны ұйымдастырылып, оған да оқушылар түгел тартылып, 5 минут уақыт беріледі.

Үйге тапсырма: Келесі сабаққа осы материалдар бойынша тесттік сынаққа дайындалып келу.

Педагогикада жалпы жүйе теориясын педагогикалық қызметтерде қолданудың көптеген нұсқалары бар. Ғалым Н.В.Кузьмина педагогикалық жүйе ұғымын ендіріп, құрылымдық құраушыларды қарастырады, онымен бірге педагогикалық қызмет нұсқаушыларының функциясын қоса байланыстырады. Бұл модельдің форматында бес құрамды бөліп анықтайды:

1) педагогикалық ықпал ету субъектісі;

2) педагогикалық әсер ету объектісі;

3) олардың бірлескен қызметі;

4) сақтау мақсаты;

5) педагогикалық коммуникациялар.

Аталған құрамдастар жүйені құрайды, олар бірін- бірі толықтырады. Бұл модельде бес компонент функцияларды атқарады, олар:

1) гностикалық;

2) жобалаушылық;

3) абструктивті;

4) ұйымдастырушылық;

5) коммуникативті.

Белгілі жүйеде талдап оқыту әдістемесі ұтымды қосылып, мән береді. Оған мысал есебінде «Атаның сөзі- ақылдың көзі» тақырыбын қарастырамыз, олай болса, оқу- тәрбие жұмыстарының ықпалын арттыру үшін талдап оқыту, талдап түсіну, талдап пайдалану қажет.

Мұғалімнің қызметінде бірнеше функцияны орындауы шарт, сонымен бірге әрине оқушының белсенділігі, белгілі дәрежеде оқуға ынта- ықыласы қажет. Міне, осы арада оқытудың белгілі әдістемесін жүзеге қосу, асыру туындайды. Мұғалімнің еңбегіне қатысты тұжырымдамада келесі құраушылар атап көрсетіледі:

1) кәсіби, психологиялық және педагогикалық білімдер;

2) кәсіби педагогикалық іскерлік;

3) кәсіби психологиялық позиция және мұғалімнің қойылымы;

4) кәсіби білім, іскерлік және бағдыны игертуге, қамтамасыз етуге әрекеттік және ерекшелігі.

Бұл арада айтылатын пікір теория мен тәжірибе көрсеткендей оқу- тәрбие үрдісінде атап өтілген, құраушылар, құрамдастар қажет, шарт, сонымен бірге жаңа технологиялар, инновациялық элементтер, жаңа он- лайн- тәсілі, оқытудың жаңа технологиялық құрамдарын пайдалану, электронды оқу құралдары, электронды оқулық, басқа да қажетті жаңа плакаттар, талдамалар, зерттеу жұмыстарының әдістемелік ұсыныстары бәріне келесі қосымша бәрін талдау байланыстыру, талдап оқыту әдістемесін пайдалану қажеттігі анық.

Оқытуды ұйымдастыру формасы- оқыту процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғаліммен оқушылардың іс- әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың мақсаты, мазмұны мен әдістері біріңғай жүзеге асады.

Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысының ұйымдастыру тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке- дара, топтық және сынып- сабақтық жүйе. Жекелеп оқыту жүйесі көне және орта ғасырларда пайдаланылды. Мұғалім жеке оқушының орындалған жаттығу жұмыстарын тексеріп, мәтінді оқытып тыңдайтын, қалай оқу керектігін көрсетеді, үй тапсырмаларын орындау амалдарын түсіндіретін, музыкалық құралдармен пайдалануды үйрететін. Дене шынықтыру тәрбиесінен жарыс және бәсеке жұмыстарын ұйымдастыратын, жеке не бірнеше оқушымен әңгіме жүргізу әдістерін қолданатын.

Бұрын қазақ еліндегі молдалардың балаларды оқыту да осы орта ғасырлық оқу жүйесіне өте ұқсас еді. Әр жастағы балалар молданың алдына жүгініп отырып, әр кітаптан оқыған.

Жаңа дәуірде Англияда оқытудың «белл- ланкестер» жүйесі тарады. «Сатылы» немесе «өзара оқыту» түрінің ерекшелігі: бір оқу жолында жас шамалары, білім дәрежелері әртүрлі, құрамы тұрақты емес оқушыларды жылдың қай мезгілінде болмасын оқуға қабылдап отырған. 200- 300 немесе 600- ден астам оқушыны мұғалім сатылып оқытуды ұйымдастырған, түске дейін ересектерді оқытса, түстен кейін олар өз кезегінде жасы кіші оқушыларды өздерінің мұғалімнен алған білімдерін үйретіп отырған.

АҚШ-та ХХ ғасырдың басында «Дальтон жоспары» оқу формасы тұңғыш рет қолданылды. Бұл жүйенің ерекшелігі, оқу жеке дара, әрбір оқушының өз күшімен, белгілі бір бағдарламаларды бөлшектеп оқытуды ұсынды. Мұндай оқытуды ұйымдастыруда мұғалімнің басшылық рөлі төмен болды.

Кеңес мектебінің алғашқы жылдарында оқу ісінде балалардың бірлесіп атқаратын жұмысы ретінде бртгадалық- зертханалық әдіс жүйесі ұсынылды. Бұл әдіс бойынша, оқу сыныптары 3- 4 топқа бөлінеді. Әр топтағы басқаратын бригадирлер өз тобындағы оқушылардың орындаған тапсырмаларын жинақтап, мұғалімге бридага атынан жауап береді. Бригадирдің жауабына қарай, бригадаға оқушылар білімінің бағасы қойылады. Мұндай жағдайда оқушының жеке басының ерекшелігімен санасушылық болмады. Мұғалім тек консультант есебінде ғана жұмыс атқарылды.

Оқытудың кең таралған сынып- сабақ жүйесінің негізін қалаған Ян Анос Коменский болды. Ол өзінен бұрын өткен және ағымдағы педагогикалық тәжірибелерді зерттеп, оқу ісін жүйелі ұйымдастыруды ұсынды.

  1. Оқушыларды сыныпқа жас шамалары мен таным қабілеттері бойынша топтастыру.
  2. Сыныптағы оқушылар құрамының әр кезде тұрақты болуы.
  3. Жеке пәндерді тұрақты оқу кестелері арқылы алма кезек оқыту.
  4. Оқытуды оқу жоспарына, оқу бағдарламалары және оқулықтарға негізделген.
  5. Оқытудың жылдың тұрақты бір мезгілде бастап, аяқтау.
  6. Оқытуды ұйымдастыру тек мұғалімнің басшылығымен жүргізілуі.

Қорыта айтқанда, мұғалім бір мезгілде жас шамалары бірдей, құрамы әр кезде тұрақты оқушылар тобымен жұмыс істейді.

Неміс педагогі И.П.Гербарт сабақтың негізгі төрт кезеңін ұсынды. Мұғалімнің оқу материалын мазмұндау кезеңі, жаңа материалды, өткен материалды байланыстыру кезеңі, сабақты жаттығу әдісімен жүргізу кезеңі және қышқаша қорытынды жасау кезеңі.

Сынып- сабақ формасы оқыту жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы ретінде күні бүгінге дейін өзінің маңызын жойған жоқ. Себебі, ол ең алдымен мұғалімге оқытатын пәннің мазмұнын жүйелі түрде баяндауына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сабақ баланың оқу әрекетінің сыныптан тыс және үйдегі түрлеріне де бағыт- бағдар беріп, жетекшілік ролін атқарады.

Сабақ- оқыту жұмысын ұйымдастырудың басты формасы болғандықтан, ендігі жерде оның атқаратын қызметі мен оқыту процесінде алатын орны ерекше болды. Сабақта оқушыларға білім берумен қатар, олардың рухани- адамгершілік қасиеттері мен ақыл-ой қабілеттерін дамыту мақсаттары көзделеді.

Сабақ- күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым- қатынас жасау және тәрбиелеу міндеттері іске асырылады.

Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі негізгі мәселелерінің бірі- оның түрлері мен құрылымы.

Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмады. Сондықтан, оқыту жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оның топтастырудың мәні орасан зор. Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білуі шарт.

Сабақ классификациясы (жіктелуі)- сабақтарды құрылысы жөнінен топтастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға айрықша маңыз береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми еңбектерде ортақ пікір әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу  жүйесінің қайта құралатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс- тәсілдерінің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.

Сонымен қатар, сабақты жіктеу әрбір пәннің ерекшеліктеріне, оқушылардың жас және таным ерекшеліктерінеде байланысты болып келеді.

Мысалы, И.Н.Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен дидактикалық мақсатына және өткізу әдісіне қарай белгілесе, С.В.Иванов оқу процесін ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов сабақтың негізгі дидактикалық мақсатына қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлерін топтастыру ұстанымдары әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір- біріне өте ұқсас келеді.

Қорыта айтқанда, қазіргі мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ түрлеріне мыналарды жатқызуға болады:

  1. Крісіпе сабағы.
  2. Жаңа білімді хабарлау сабағы.
  3. Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы.
  4. Жаттығу және тәжірибе сабақтары.
  5. Зертханалық сабақ.
  6. Қайталау- қорытыу сабағы.
  7. Оқушылардың білімдерін, біліктіліктері мен дағдыларын тексеру және бақылау сабағы.
  8. Аралас сабақ.
  9. Өздігінен білім алу сабағы.

Сабақты бұлай жіктеу кездейсоқ емес, оның бұлай қалыптасуында белгілі бір заңдылықтары бар. Атап айтсақ, сабақтың мақсатына байланысты мұғалім оқушыларға жаңа білім беруді көздесе, осыған орай «Жаңа білімді хабарлау сабағы» деп аталса, сабақта оқушылардың қабылғана жаңа білімі іс жүзінде пайдалана білу жолын қарастырса, онда ол «Жаттығу немесе практикалық сабақ» деп аталады.

Ал сабақты «Аралас сабақ» түрі оның құрамына байланысты болып келеді.

Мұғалім сабақтар жүйесінде дидактикалық бірнеше мақсаттарды жүзеге асырады. Демек, оқушыларға жаңа білім береді, оны өмірде, практикада пайдалану жолын үйретеді, өткен оқу материалын қайталап, қорытады, сонымен бірге оқушылардың білім көлемі мен сапасын сынап, оны бағалайды. Мұндай жағдайда көпшілік сабақ оның бірнеше элементтері (кезеңдері) арқылы аралас өтеді. Міне, осындай сабақ түрі «Аралас сабақ» деп аталады.

Сонымен сабақ құрылымы деп сабақтың барысында (45 минут) оның құрамды бөліктерінің, кезеңдерінің бір- бірімен ұштасып, белгілі тәртіппен жүзеге асырылуын атайды. Олар мынадай болып келеді:

  1. Сабақты ұйымдастыру бөлімі (сабақтың тақырыбын белгілеп, оның мақсат, міндеттерін тұжырымдау).
  2. Сабақта үй тапсырмасын тексеру.
  3. Жаңа білімді немесе оқу материалын баяндау, түсіндіру.
  4. Жаңа білімді пысықтау, бекіту (ауызша, жазбаша жаттығулар жасау, тәжірибелік және зертханалық жұмыстар жүргізу).
  5. Қорытындылау (оқушылар білімін бағалау), сабақтың аяқталуы.
  6. Үйге тапсырма беру, оны түсіндіру.

Сабақ құрылымын белгілеу оқу жұмысын неғұрлы айқын және дұрыс ұйымдастыру үшін маңызы ерекше. Мұның өзі мұғалімнің сабақ жоспарын құрудағы аса елеулі кезеңі болады.

Жоғарыда баяндағанымыздай сабақтарды топтастыру оның құрылымын белгілеу негізінен дидактикалық мақсат пен міндеттерге және сабақтардың кезеңдеріне байланысты болып келетіндігінде.

Кіріспе сабағының құрылымыны:

  1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат- міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
  2. Жаңа оқу материалын ендіру.
  3. Жаңа білімді пысықтау, бекіту.
  4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.

Кіріспе сабағының ерекшелігі, оқу бағдарламасының жаңа тақырыптарын немесе тарауын оқып үйренуде қолданылады. Мұғалім тараудың немесе тақырыптың оқу- тәрбиелік мәнін ашып береді, алдағы сабақтарда оларды өткізу тәртібін оқушыларға түсіндіреді, ондағы жаңа оқу материалдарының мазмұнын оқып үйренудің тәсілдерін көрсетеді.

Жаңа білімді хабарлау сабағының құрылымы:

  1. сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтық мақсат- міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
  2. Жаңа оқу материалын ендіру.
  3. Жаңа оқу материалын пысықтау, бекіту.
  4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.

Алғашқы тарау немесе тақырыптық кіріспе сабақтарына қатысты мәселелерді шешіп алған жағдайда, ендігі жерде мұғалім ағымдағы әрбір оқу материалын меңгеруге сай сабақтарын жүргізуді ұйымдастырады. Сабақ үстінде жаңа білімдерді баяндау немесе түсіндіру жұмыстары оның өн бойында жүріп отырады. Сондықтанда ол сабақтың негізгі бөлімі болып есептеледі.

Сабақта қойылған мақсатқа сәйкес және оқушылардың жаса ерекшеліктерімен таным қабілеттеріне орайластырып жаңа білімдердің баяндалуына тиісті мөлшерде уақыт бөлінеді.

Жаңа сабақты (білімді) хабарлау барысында мұғалімнің оқу материалын түсіндіруі оқушылардың сабақ үстіндегі өздігінен істейтін жұмыстарымен ұласып отырады.

Білімді, іскерлікті және дағдыны бекіту сабағының құрылымы:

  1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат- міндеттерін түсіндіру. Оқушыларды сабаққа әзірлеу.
  2. Бұрын өтілген оқу материалдар қайталау, пысықтау.
  3. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Түрлі жаттығулар мен практикалық және лабораториялық жұмыстар атқаруы.
  4. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру, түсіндіру.

Жаңа білімді оқушылардың қабылдап, меңгеруі барысында сабақтың пысықтау және бекіту кезеңдеріде белсенді қызмет атқарады. Себебі жаңадан оқып үйренген білімдерді пысықтап отыру әр сабақтың елеулі элементі болып табылады. Алған білімді бекітбейінше, оны сапалы да берік меңгеруі мүмкін емес.

Сондықтан білімді бекіту сабағы өзінің құрылысы жөнінен әр алуан болып келеді.

Мұғалімнің түсіндіру жағдайында оның сөзімен бірге оқушылардың өз бетінше жаттығу істерін және тәжірибелік- зертханалық жұмыстарында тәжірибелер жүргізіп, көрнекі құралдарын көрсету жұмыстары қоса атқарылады.

Оқу жұмысының мұндай алуан түріне қарамастан мұғалімнің сөзі жетекші рөл атқарады.

Мұндай сабақтарда бұрынғы ұғынған оқу материалдарын оқушылардың қаншалықты терең меңгергенін, көлемін, сапасын тексеру жұмыстары да кіреді.

Жаттығу және тәжірибелік сабақтың құрылымы:

  1. Сабақтың басталуын ұйымдастыру. Оқушыларға сабақтың мақсат- міндеттерін түсіндіру. Оларды сабаққа әзірлеу.
  2. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуі. Түрлі жаттығулар мен практикалық және лабораториялық жұмыстарын атқару.
  3. Сабақты қорытындылау, үйге тапсырма беру.

Практикалық сабақ оқушылардың алған теориялық білімдерін практикамен байланыстыру, пысықтау және бекіту мақсатын көздейді.

Зерттеулер, бақылаулар, тәжірибеде, озық тәжірибені зерделеп игеру, нәтижелерін сабақтарда пайдаланулар талдап оқыту әдістемесін пайдалану оқу материалдарының негіздерін сапалы түсінуге, ал түсіну оқуға, өздігінен оқуға, білімін тереңдете түсуге жетелейді, үздіксіз оқу- қалыптастырады.

 

2.3. Педагогикалық процестегі дидактика мәселелерін талдауға арналған ситуациялар мен тапсырмалар

 

№1 ситуация.  Соңғы жылдары жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер ашылып келеді. Мұғалімдер өз тәжірибелерін ортаға салып пікірлесуде. «Өз басым осы пәнді (бізде- қазақ тілі) тереңдете оқытудың мазмұнының екі түрлі бағытта екенін ұғынамын. Біріншісі- күні бұрын дайындалған оқу бағдарламасындағы сабақтар тақырыбын мұғалімнің өзі іс- тәсілдерін пайдалана отырып, жаңа мәліметтермен байыта отырып оқытуы, екіншісі- тереңдетіп оқытылатын класқа қатысты лайықты деген жаңа тақырыптармен қатар бұрышы кезеңдердегі (кластардағы) оқу- бағдарламасында- еленбей қалған, не уақыт аз бөлінген тақырыптарды тауып, қайта оқыту немесе өздігінен жұмыстар арқылы пысықтау болмақ» (Г.К.Нұрғалиева, 1991, 22 б.).

 

Сұрақтар:

  1. Тереңдетіп оқыту дегенді қалай түсінесіз?
  2. Тереңдетіп оқыту өндерінде оқыту әдістерін қолданудың қандай ерекшеліктері бар деп есептейсіз?
  3. Мұғалімдер пікірлері туралы өз ойларыңызды ортаға салыңыз.
  4. Мектеп тәжірибесінен мысал келтіріңіз.

Мақсат: қойылған сұрақтар студенттердің «тереңдетіп оқыту» ұғымына түсініктеме беруін талап етеді. Студенттер теориялық білімдерін оқыған, көрген педагогикалық іс- тәжірибемен ұштастыра отырып кеңейтеді.

 №2 ситуация.  Мұғалімдер қазіргі мектеп, сабақ проблемалары туралы жиі кеңеседі. «Мектеп барлық шәкірттерді математика, физика, химик, географ т.б. етіп шығаратын оқу орны емес. Сондықтан барлық пәндерді оқыту беру теориялық жағынан да, практикалық жағынан да тиімді емес.

Түсінбейтін, қызықпайтын пәндерді зорлап оқыту білінің білімге ықылас- ынтасын жояды, зейініне зиян тигізеді. Соның кесірінен сүйіп оқитын пәніне селқос қарауы мүмкін. Меніңше, мектепте оқытылатын пәндерді үш топқа бөлген жөн. бірінші топ – оқушыларға тиісті пәндер. Екінші топ- ерікті қосымша оқытуға тиісті пәндер, үшінші топ- оқушының өзі таңдап алған сүйікті пәндер- дейді Н.Ердаулетов, Мартөк қазақ орта мектебінің мұғалім әдіскері. Ал Н.Ердаулатовтың пікіріне керісінше мұғалімдерінің және студенттердің бір тобы Ф.В.Шаталовтың Үштіктен қалай құтылдық? Т.б. еңбектеріндегі математика пәнінен нашар үлгерімі бар оқушыларды өз класына алып, өте жақсы оқитындар қатарына қосқан тәжірибесін дәлелдейді. Қазақ мектептері мұғалімдерінің (К.айтқалиева, К.Бітібаева, Р.Жалғасова, Р.Нұртазина, Н.Сарғожаева, А.Пірәлиева т.б.) әр жеке пән бойынша жүргізілген жұмыстары оқушының пәнге қызығуын біртіндетіп дамытуға болатынын көрсетеді,- деген пікірлерде болды (Б.Р.Айтмамбетова, 1991, 22 б.).

Тапсырма: Пікірталас стратегиясы бойынша осы мәтіндегі байланысты өз ойыңызды білдіріңіз. Бірінші топ- жақтаушы, екінші топ- даттаушы. ереңдетіп оқыту дегенді қалай түсінесіз?

Мақсат: студенттер жаңашыл ұстаздардың тәжірибелермен танысады, салыстырады, тиімді, тиімсіз оқытудың түрлерін, әділ тәсілдерін талдайды. Мұғалімнің еңбектеріндегі шығармашылықтық қабілеттерді дамытудың қажеттілігін түсінеді.  

№3ситуация.  1 класс сабағында ұстаз үстел үстіне екі таяқша қойды, сосын тағы үш таяқша суырып алып, жаңағына қосып, мен не істеп жатырмын – деп оқушыдан сұрайды. Ауыл баласы қулана күлімсіреп, қысылып кейпінен ақырын ғана Ойнап отырсыз ғой,- деп жауап қатты (Ф.Н.Гоноболин, 1951, 58 б.).

Сұрақтар:

  1. Бұл педагогикалық процесс қай жерде өтіп жатыр?
  2. Педагогикалық процесске кімдер қатысып отыр?
  3. Бастауыш класс оқушысының жас ерекшеліктері неде?
  4. Мұғалімнің орнында болсаңыз оқушының жауабын қалай балар едіңіз?
  5. Өзіңіздің пікіріңізді білдірсеңіз.

Мақсат: сұрақтар бірізділікпен қойылып студенттердің бастауыш класс оқушыларының жас ерекшеліктері туралы білімін анықтайды.

№4 ситуация.  Бір сабақтың өзінде оқушыдан екі рет сабақ сұрады, жауабына сай ол екілік бағасын алды. Мұғалім оқушының жер- жебіріне жеткізіп: «Сені екінші жылға қалдырамын, сенің еш нәрсеге қабілетін жоқ», деді. Оқушы дәптерін жыртып, сыныптан шығып кетеді. Осындай жағдайда сіз не істер едіңіз?

Тапсырма: «Жұппен оқу, жұппен талқылау» стратегиясын пайдаланып топтарға, жауаптарға бөлініп мәтінді талқылайды. Ұжым алдына бір жұп шығып жағдаяттың шешімін талқылап айтып береді.

Мақсат: оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін есепке алу туралы дидактикалық принциптің мәнін ашу.

Талдап оқыту әдістемесінің мәні терең иүсіну, тиянақты, саналы, сапалы білім алуға жеткізеді. Талдап оқыту әдістемесі оқуға, оқуға және оқуға қалыптастырады.

Талдап оқу әдістемесіне зерттеулер көрсеткендей оның мәні сапалы білім беруге үлесінің мол екендігінде, сондай оқу әдістемесі «Қазақ тілі» сабағында пайдалану үлгісіне зейін аударайық.  

Сабақтың тақырыбы: Өтілген тақырыптарға шолу.

 Сабақтың дидактикалық мақсаты: Өтілген материалдарды еске түсіру, жүйелеу  және қалыптастыру.

Сабақтың дамытушылық мақсаты: оқушылардың еңбек сабағы бойынша сауаттылығын, білімге деген құштарлығын, ізденушілігін дамыту.

     Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды сабақ өту процессінде қазақ халқының салт- дәстүріне, туған елі мен жеріне құрметпен қарауға тәрбиелеу, қазақ халқының өнер мұрасынан эстетикалық тәлім- тәрбие алу.

Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.

Сабақтың өту әдісі: Сұхбат, талдау, ойын элементтері, пәндік, сынақ, електеушілік.

Сабақтың мазмұны: Білімдік, танымдық.

Сабақтың көрнекілігі: Жарысқа байланысты әртүрлі плакаттар, құрал- саймандар, сөзжұмбақ, тесттік және кеспелік сұрақтар, көрме…

Сабақтың пәнаралық байланысы: Музыка, математика, әдебиет, әдеп, беинелеу.

Сабақтың жоспары:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Кезекші арқылы оқушылардың сабаққа қатысуын анықтау.

ә) Оқушыларды жарыс сабағына дайындау.

б) Жарыс бағдарламасымен таныстыру.

  1. Жарыс сабағын өткізу
  2. Үйге тапсырма.
  3. Жарыс сабағын қорыту.

Сабақтың барысы:

Оқушылармен амандасып болған соң, сабақты еліміздің әнұранымен бастаймыз. Кезекші арқылы оқушылардың сабаққа қатысуын анықтап, сабаққа қажетті оқу құралдарын, тақтаны және оқушыларды сабаққа дайындаймын.

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- «Өтілген тақырыптарға шолу». Мақсатымыз- өтілген тақырыптарды еске түсіру, жүйелеу және қалыптастыру.

Сабақты «Жарыс сабақ» түрінде өтеміз.

Өткен сабақтағы берілген тапсырма бойынша сынып оқушылары 2 топқа бөлініп, бірі – «Білгір» деп аталып капитаны — _____________________ сайланса, екінші «Тілмаш» деп аталып, капитаны -_____________________ сайланған.

Енді, жарыс бағдарламасымен таныстыратын болсақ, қиындығына сәйкес 4 бағытта жүргізіледі.

Бірінші бағыттағы жарыстар қиындығы өте жоғары болып, ең шебер оқушыларға арналып, екінші бағыттағы жарыстар қиындығы жоғары болып, білім деңгейі оқушыларға арналса, үшінші бағыттағы жарыстар қиындығы орталау болып, білім деңгейі орта оқушыларға арналады, төртінші бағыттағы жарыстар жеңілдеу болып, қалған оқушыларды қамтуы тиіс.

     

Ғ

І бағыт

ІІ бағыт

ІІІ бағыт

1

«Кім тапқыр?» жарысы. Мажор, минор бойынша. 5-мин.

«Қарым- қатынас» жарысы. Сөйлем құрау. 5-мин.

«Кім шешен?» жарысы. Қазақ сазгерлерінің аты- жөнін жазу. 4-мин.

2

Есеп. Тактіге бөлу. 10-мин.

Капитандар сайысы:

1. Күй. 3-мин.

2. Ребус. 3-мин.

3. Карточка бойынша сұрақ- жауап. 3 мин.

Тест. 9 мин.

3

Анограмма. 5 мин.

Компьютерде сөздікпен жұмыс

Сөйлемді тәржіме жасау

4

Сергіту минуты. 3 мин

5

Сөз табын талдау. 7 мин.

6

Эстафеталық жарыс. 5 мин.

7

Қорытынды. 2 мин.

 

Әр жарыстың соңында әр топқа 5 баллдық жүйеде баға қойылып отырылады.     

      Міне, жарыстың бағдарламасымен де таныс болдыңыздар. Енді, жарысымызды бастаймыз. Қазір «Кім тапқыр?» жарысын ұйымдастырамыз. Оған әр топтан бір оқушыдан шығып, берілген тақтайға геометриялық фигураларды бедерлеп ою керек. 30 минут беріледі. Осы жарыс өтіп жатқан сәтте әр топтан тағы да бір оқушыдан шығып, «Қарым- қатынас» сайысы бойынша 5 минут ішінде үй матекін құрастыруы қажет. Осы жарыспен қатар қалған оқушыларға еңбек туралы мақал- мәтелдер бойынша «Кім шешен?» сайысы ұйымдастырылып, оған 4 минут уақыт беріледі. Осы жарыстардың үшеуінің де нәтижелері бағаланып, тіркеледі.

 Тақтаға екі оқушы шақырылып, саз балшыққа бедерлеп ою- өрнек салу бойынша жарыс ұйымдастырылып, оған 10 минут уақыт беріледі. Капитандардан басқа оқушыларға тест сұрақтары таратылып, оған 9 минут уақыт беріледі. Осы сәтте «Капитандар сайысы» жүрісі жатады. Ол әрқайсысы 3 минуттан тұратын үш түрлі жарыстарды қамтиды. 1- ші «Жұмбас шешу сайысы», 2-ші ребус шешу, 3- ші кеспе бойынша сұрақ- жауап.

Жарыс нәтижелерін есепке алғаннан кейін, эскиз сызу бойынша жарысқа екі оқушы шақырылып, 7 минут уақыт беріледі. Осы уақытта қалған оқушылармен бүктеу тәсілі мен ою қырқу бойынша 6 минуттан тұратын жарыс ұйымдастырылады. Жарыс нәтижелері түгел тіркеледі.

Сергіту минуты. 3 минут.

«Сөз табына талдау» жарысына оқушылар түгел тартылып, 5 минут уақыт беріледі. Қай топтың оқушылары қандай жауап бергеніне қарай бағаланады.

Енді сабақты қалыптастыру, бекіту мақсатында «Эстофета» ойыны ұйымдастырылп, оған да оқушылар түгел тартылып, 5 минут уақыт беріледі.

«Этофета» ойынында бір оқушы қарсы топқа сұрақ қояды. Екінші топтың талапкер оқушысы сұраққа жауап беріп, қарсы топқа сұрақ қояды.

Осылайша белгіленген уақытқа дейін жалғаса «Эстофета» береді.

Үйге тапсырамы: Келесі сабаққа осы материалдар бойынша тесттік сынаққа дайындалып келу.

Қорытынды: Екі топтың жарыс нәтижесіндегі алған жалпы бағаларын есептеп, жеңімпаздарды жариялау.

Резерв тапсырма.

Оқытуды саналы тәрбие, сапалы білім беруге жеткізетін, әрбір шәкірттің терең, тиянақты білім алуларын қамтамасыз ететін амалдар- әдістер- технологиялар- инновациялық оқыту элементтері іздестірілуде, олар педагогтарға іс- тәжірибелерін жетілдіруде. Олардың бәрінің түпкі мақсатына- нәтижелерге жетудің амалдарының бірі, бірегейі талдап оқыту әдістемесі. Оқыту әдістерін, білім беру технологияларын, инновациялық элементтердің ең басты мақсаты- оқыту көптеген түрлерінің мұратына жету. Талдаулар мен сараптаулар, теория мен практика, зерттеулер мен қорытындылаулар оқыту әдістемелерінің жіктелулері әмбебап болатыны жоқ, өмірдің, оқытудың, тәрбиелеудің, дамытудың, білім берудің бәріне жарайтын ұсыныс жасайтыны жоқ. Шындығында солай, тек сапалы, саналы оқудың қажетті амалы бәрінің негізін, іргетесын, байланыстарын түсіну, тану- ол әзірше талдап оқыту әдістемесі. Тұтас педагогикалық үрдістегі талдап оқыту әдістемесі оқу материалдарын жаңа сабақты түсіндіруде мұқият зейін аудару, барлық ой- ықыласын толық аудару, сабақты бекіту кезінде үлгілеріне көңіл бөліп зеректік- жазып алу, оқығанда асықпай мұқият, ынталы және бірнеше рет оқу, жазу, қайталау, пысықтау қажет. Шығармашылықпен талдап оқу, жазу, үлгілерін көру терең, тиянақты білім алу, есте сақтауды еселеп арттырады.

Талдап оқыту әдістемесі- бұл оқу материалдарын жазу, оқу, қайталау, пысықтау, алгоритм блоктарына сәйкес қайталап айтып беру, жазып шығу.

Талдап оқыту әдістемесі сапалы тиянақты оқу, терең игеруге жеткізеді, егерде:

— тұрақты жаттығу- оқу, жазу, қайталау жасалатын болса;

— оқу материалын талдаумен түсініп меңгерсе, жазумен байқап көрсе;

— алгоритімдік блок- модульдерді ретімен жете меңгеріп, қолданулар жасаса;

— оқу материалын толықтырып, даму жасап, дамыту амал- талдау арқылы өзін- өзі үздіксіз пысықтауға қалыптастыратын болса.

Тұтас педагогикалық үрдістегі талдап оқыту әдістемесінің негізгі мәні- терең, тиянақты білім алуға қол жеткізу амалдары талдап оқуға қалыптасу.

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қазіргі жағдайда кіші жастағы оқушыны оқыту мен тәрбиелеудегі ең тиімді жетілдірудің жолдарының бірі – оқу- тәр бие үрдісінде талдап оқыту әдістемесін пайдалану болып табылады. Қазіргі мектептерде талдап оқыту әдістемесін 1 сыныптан бастап оқыту тиімді, оқу материалдарының талдап оқыту терең, тиянақты түсінуге жеткізіп, оқуға деген ынтасы төмендемейді. «Білім негізі- бастауышта», «Білімнің бесігі- мектеп» деген тұжырымдамалар сол ойдың негізі. Бүгінгі күннің негізгі міндеті- білім беру жүйесін дамыту парадигмасының «баршаға білім берудің- таңдау бойынша юілім беруге» ауысуы болып табылады, сапалы білім беру- талдап оқыту әдістемесімен ол орындалады.

Ол еліміз жарияланған «жалпыға білім беру» моделінен «әр адамға білім беру» моделіне көшуді ойластырған, оның негіздерінің бірі- талдап оқыту әдістемесі болып табылады. Бұл үшін талдап оқыту әдістемесін, оны зерделеп, зерттеп, іс- тәжірибеде нәтижелі болған идеясын, элементтерін оқу- тәрбие үрдісінде пайдалану қажет.

Тадап оқыту әдістемесінің психологиялық- педагогикалық негіздерін, талдап оқыту әдістемесін пайдаланудың дидактикалық негіздемесін: түсіндіру, сендіру, көрсету, үйрету, пысықтау, үлгілерін- жазу, есептеу, талдау, кеңес беру, ынтымақтасы, бірлесе тану, жазу, оқу, тілектес болу, жаттығу, қолдау, мақұлдау, ынталандыру, тәрбиелеу, оқыту, бірлесе оқу, оқуға, талдап оқуға қалыптастыру. Педагогикалық процестегі дидактика мәселелерін талдауға арналған ситуациялар мен тапсырмаларды бірлесе шешу, топтап және жекелей орындаулар арқылы талдаулар арқылы негіздемес жасап, оқу- үйрену- білу- даму- қалыптасу жолдарымен сапалы білім алуға жеткізу.

Маңыздысы, бұл талдап оқыту әдістемесін сабақтардың барлығында тіл және әдебиет, математика және информатика, жаратылыстану, адам және қоғам, өнер және технология, дене шынықтыру- негізгі бес сала оқу пәндерінде пайдалану.

Тәнді шынықтыру, ерік жігерді шыңдап, жүректі ізгілендіру, ақыл- ойды жетілдіру, сана- сезімді теңестіру, тәжірибеге, бүгінгі күнге, әрбір іс-әрекеттерге және оның салдарына талдай білуге үйренсек, білім алу, тәрбиелену, даму мәселелерінің нәтижелі болуына жеткізеді деп үміттеніңіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

 

  1. Назарбаев Н.Ә. «ХХІ ғасыр білім мен ғылым ғасыры болады», Егемен Қазақстан, 13 қаңтар, 2009 жыл.
  2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқының әл- ауқатын арттыру- мемлекеттік саясаттың басты мақсаты (Егемен Қазақстан, 2008 жыл, 7 ақпан).
  3. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан- 2030», «Үкімет жаршысы», Алматы, 1998, 112 б.
  4. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Астана, «Дастан», 2000 ж.
  5. Қазақстан Республикасының Конституциясы. Астана, Елорда, 2008- 56 б.
  6. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, Астана, 2004
  7. Әбиев Ж. Педагогика тарихы. Алматы, Дарын, 2006, 480 б.
  8. Әбиев Ж.Ә., Бабаев С.Б., Құдиярова А.М. Педагогика, Алматы, Дарын, 2004, 448 б.
  9. Бабаев С.Б. Бастауыш мектеп педагогикасы. Алматы, Заң әдебиеті, 2007.
  10. Бабаев С.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика. Алматы, Заң әдебиеті, 2006, 288 б.
  11. Бабаев С.Б. Педагогика. Алматы, Дарын, 2004, 420б.
  12. Губашева С.Б., Отарбай А.Ж. Тәрбие жұмысының әдістемесі. Астана, Ролпанга, 2007, 244 б.
  13. Дайрабаев Е., Дайрабаева А. Педагогика негіздері. Алматы, Қазақ университеті, 2005.
  14. Жанпейісов Х. Педагогикалық дәрі курсы. Нұрлы әлем, 2008.
  15. Қожабаева Б.Е., Төлеубекова Р.К. Педагогика. Алматы, 2003
  16. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика, Астана, 2007, 328 б.
  17. Қоянбаев Р.М., Ыбырайымжанов Қ.Т. Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы. Түркістан, 2005.
  18. Құрманалина Ш.Х., Мұханова Б.Ж., Ғалымова Ә.У., Ильясова Р.К. Педагогика. Астана, Фолиант, 2007, 656 б.
  19. Максакова В.И. Теоретические основы и методика воспитания младших школьников. Гуманитарный издательский центр ВААДОС, М.: 2006, 238 г.
  20. Наурызбай Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. Алматы, Ана тілі., 1995, 496 б.
  21. Латышина Д.М. История педагогики. М., 1998
  22. Подласый И.П. Педагогика. Алматы, 2000
  23. Подласый И.П. Педагогика начальный школы. М., 2007
  24. Сағындықұлы Е. Педагогика, Алматы, 2007.
  25. Сейталиев Қ. Педагогика тарихы. Алматы, Білім., 2008, 416 б.
  26. Сейталиев Қ.Б. Тәрбие теориясы. Алтамы, Мектеп, 1986, 150 б.
  27. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Астана, 2008
  28. Сабиров Т.С. Оқыту теориясының негіздері. Алматы, 2000.
  29. Әбілқасымов А.Е. Қазіргі заманғы сабақ. Алматы, 2000.
  30. Қалыбекова Ә.А., Ысқақов Ж.Ы., Әлсейітов Т.М. Мұғалімдердің педагогикалық сөздігі мен анықтамалары. Алматы, Қазақ университеті, 2002, 287 б.
  31. Ақпанбек Г. Қазақтардың дүниетанымы. Алматы, қазақ университеті, 1989.
  32. Айтмамбетова Б. Жаңашыл педагогтар идеялары мен тәжірибелері. Алматы, 1991.
  33. Әбенбаев С. Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі. Алматы, 1990.
  34. Сабиров Т. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы, 1978.
  35. Кобдикова Ж.У. Оқу процесін технологияландыру. Алматы, 2000.
  36. Қасымбай Ә. Осы заманғы педагогикалық технология. «Қазақстан мектебі» №2, 2001 ж.
  37. Мұқанов И.М. Жас және педагогикалық психология. Алматы, 1982.
  38. Мұқанов М.М. Педагогикалық психология очерктері. Қ.М.Б.А., 1962.
  39. Сабиров Т.С. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері. Алматы, Мектеп, 1978.
  40. Тәжібаев Т. Жалпы психология. Алматы, Қазақ университеті, 1998.
  41. Тұрғынбаев Б.А. Талдап оқыту технологиялары. Алматы, 2000.