МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ …………………………………………………………………………………………….
І- тарау. Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс.
1.1.Білім үрдісіндегі “технология” ұғымы …………………………………………..
1.2. Білім беру саласындағы педагогикалық технологиялар………………….
ІІ – тарау. Тарих сабағындағы қолданылатын оқыту технологиялары.
2.1. Тарихты оқытуда жаңа педагогикалық, ақпараттық технологияларды
қолдану………………………………………………………………………………………..
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінде тарих сабағында
инновациялық әдістерді қолдану жолдары……………………………………
Қорытынды…………………………………………………………………………..
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ………………………………………….
Кіріспе
Диплом жұмысының көкейкестілігі:
Жұмыстың мақсаты:
Жұмыстың міндеті
Жұмыстың әдістері: Бұл жұмысты жазуда Қазақстандық педагогика ғылымындағы, әсіресе оның дидактика саласындағы, сондай-ақ білім мазмұнын іріктеу ұстанымдары; оқытудың ұйымдастыру формалары; оқытудың әдіс — тәсілдері; дүниежүзілік халық ағарту саласында өзгерістер мен жаңа бағыттар ескерілді; мектептерде жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелері, алдыңғы қатарлы озат мұғалімдердің тәжірибелері осы жұмысқа арқау болды. (6)
Тың тақырып бойынша жазылып отырғандықтан бұл дипломдық жұмыстың тарихи әдістемелік сипаты бар, яғни мұнда оқыту теориясы мен әдістемесі мәселелерімен қатар,
Мектептерде пәндерді оқыту тәжірибесінде, сондай-ақ мерзімді педагогикалық баспасөзде ақпараттық технологияны пайдалану, интерактивті әдістер сияқты оқытуды ұйымдастыру мен әдістерінде де жаңашылдық кездеседі. Оқу-әдістемелік мекемелердің, жоғары оқу орындарының кафедраларының, халыққа білім беру саласының облыстық, қалалық, аудандық мекемелері мен облыстық педагог кадрлардың білімін жетілдіру институттарының, ондағы мектептердің қатысуымен жүзеге асырылды.
Жұмыстың құрылымы: Дипломдық іздену жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І-тарауда Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдістегі педагогикалық технологияның ұғымы.
ІІ- тарауда Оңтүстік Қазақстан мектептеріндегі жаңа технологияларды пайдалану жолдары
І — тарау.
- Әлемдік білім жүйесіндегі технологиялық үрдіс.
Әлемдік білім беру жүйесіндегі технологиялық үрдіс. Әлемдік мәдениеттегі технологиялық көзқарастарға тоқталып кетейік. «Технология» ұғымы соңғы кездері ең көп қолданылатын ұғымдардың біріне айналды. Технология ұғымының дидактикалық ұғымдармен байланысы саналуан: оқытудың технологиясы, педагогикалық технология, білім беру технологиясы, тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, даму технологиясы, қалыптасу технологиясы, модульдік технология, топтық оқыту технологиясы т.б. Бұл технологиялардың қайсы түрі болмасын анықтаманы қажет етеді. Технология дегеніміз не? — деген сұраққа немесе технологиямен байланысты жеке ұғымға өз анықтамамызды беруге тырысамыз. Нәтижеде, дәл казіргі кезде білім беру жүйесінде жүріп жатқан процестердің технологиясын түсіндіретін жалпы анықтама жоқ. (7)
Білім беру жүйесі — басқару органдарынан, түрлі типтегі және деңгейдегі білім беру мекемелерінен, жүйенің жұмыс істеуі және дамуын қамтамасыз ететін қаржы қорлары мен материалдық
объектілерден, ғылыми орталықтардан тұратын күрделі құрылым болып табылады. Технологиялық тәсіл білім беру жүйесінің кез-келген саласында (басқару, білім беру, қаржыландыру, мониторинг т.б.) қолданылуы мүмкін. Сондықтан, «білім беру технологиясы» деген сөз тіркесін бірыңғай түсіндіру мүмкін емес. Бұл ұғымды тек қана оқытушы мен оқушы арасындағы арнайы ұйымдастырылған процестерге ғана қатысты қолданады. Егер бұл процесті оқыту процесі деп атайтын болсақ, онда оған технологияның осы салаға арналған жиынтығы жатады. Біздің қарастыратынымыз да технологияның осы түрі.
«Технология» ұғымы грек тілінен енген екі сөзден түрады: «техне»- өнер, шеберлік және «логос» — білім, оқу, ғылым деген мағыналарды білдіреді. Сондықтан, «технология» терминін қазақ тіліне «өнер туралы
ғылым» немесе «шеберлік туралы ғылым» деп аударуға болады. Бұған пәндік саланы сипаттайтын терминді қосамыз да кез-келген нақты технологияның мәнін айқындаймыз.
Білім беру үрдісіндегі «технология» ұғымы
АҚШ пен Батыс Европада XX- ғасырдын екінші жартысынан бастап оқу процесінің технологиясын жасау бағытындағы ізденістер белсенді түрде жүргізіле бастады. 1940-50 жылдары оқыту үрдісіне техникалық құралдардың енуіне байланысты «білім берудің технологиясы» термині кеңінен қолданыла бастады. Кейінірек, 50-60-шы жылдары түрлі техникалық құралдарды қолдану әдістері жөніндегі еңбектердің ықпалымен «педагогикалық технология» деп атала бастады. 60-шы жылдардың ортасында технологиялық әдіс шет
кеңінен талқылана бастады. Бұл істе негізгі екі бағыт көзге түсті. (8) Біріншісі, бұрынғыша технологиялық әдісті техникалық құралдарды қолданумен байланыстырса, екіншісінің көлемінде оқу процесінің өзін ұйымдастырудағы технологиялық әдістер дами бастады да «оқытудың технологиясы» деген термин пайда болды.
60-шы жылдардың аяғы, 70-ші жылдардың бас кезінде көптегсн еддерде (АҚШ, Англия, ФРГ, Франция, Италия, Япония т.б.) оқытудың технологиясын жасау, дамыту жұмыстарымсн айналысатын мекемелер жұмыс жасай бастады. Дегенмен, оқыту үрдісі білім беру үрдісінің бір ғана бөлігі болып табылатындықтан «оқыту технологиясы» терминінің мағыналық аясы өте тар. Мұндай кемшілік «тәрбиенің технологиясы», «дамыту технологиясы», «қалыптастыру технологиясы» ұғымдарына да тән. Қазіргі кезеңде батыста білім беру саласындағы технологияны белгілеу үшін ұғымы қолданылады, оны дәстүр бойынша «білім беру технологиясы»
деп аударып жүрміз. Осы ұғым ғана мейлінше аясы кең, білім берудің түрлі салаларында (басқаруда, материалдық жабдықтауда, қаржыландыруда, біліктілікті арттыруда, кадрлар даярлауда, түрлі оқыту мекемелеріндегі оқыту процесіңде және т.б.) қолданылатын кез келген технологияны сараптай алады. Сондықтан, «білім беру технологиясы» терминін бүкіл білім беру жүйесін технологияландыру заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пәнге (дисциплина) қатысты қолданса дұрыс болар еді. Бірақ, әзірше бұл термин көп жағдайда тек мектеп оқу үрдісі төңірегін сипаттауда ғана қолданылып жүр.
Сондықтан, бұдан әрі қарай «білім беру технологиясы» ұғымын мұғалімдер мен оқушылардың білім берудің жоспарланған мақсаттарына бағытталып арнайы ұйымдастырылған өзара қарым-қатынас процесі технологиясы ретінде қолданамыз. Білім берудін технологиясына — оқытудың техникалық құралдары, білім беруде қолданылатын ақпараттық технологиялар, қашықтан оқыту да жатады. Сондықтан, оларды жеке қарастырған кезде түрлік ерекшелігін атап көрсетуге тиіспіз.
Бұл оқу үрдісінің «педагогикалык үрдіс» деп аталуына байланысты. Әлемдік терминологияның бірегейленуіне байланысты «білім беру технологиясы» үғымына тоқталуға тиіспіз. (9)
Технологияның әдістемесі сырт көзге оқу үрдісіңдегі әдістемелік және технологиялық әдіс-тәсілдерде карама-кайшылық жоқ. Себебі, «оқытудың әдістемесі» үғымы «білім беру технологиясы» үғымынан әлдеқайда кең. Дәлірек айтсақ, әдістеме негізгі үш сұраққа жауап беруге тырысады: не үшін, неге және қалай окыту керек? Ал, технолог болса, мақсат белгілі болып, оған жетудің нақты іс-әрекетін, жолдарын анықтауға келген кезде ғана іске кіріседі. Соңдықтан, технология, негізінен, триаданың үшінші сұрағына ғана жауап береді.
Схема түрінде бұл жағдай төмендегіше сипаттауға болады:
Бір қарағанда, технологиялық әдіс жеке әдістемелер ішінде де дами алар еді деген ой туады. Бірақ, әдістемелік және технологиялық амалдардың мақсаттық ұстанымдары қалыптасқан.
В.Ф.Шаталов, В.К.Дьяченко көптеген қиындықтарға жолықты. Себебі, жаңа жағдайда жүйені жұмыс жасатуда алынған сипаттамалар жеткіліксіз болып отырды. В.Ф. Шаталовтың әдістемелік жүйесі.
Қазіргі кезде оқу-тәрбие процесін үйлестіруге бағытталған және сонымен қатар психологиялық-педагогикалық ғылымды тұтасымен қарқынды дамуға жетелейтін алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің көптеген жетістіктері белгілі. (10)
Осындай кең арналы, жемісті де қызу ізденіс үстіндегі жаңашыл мұғалімдерінің арасында азаматтық және кәсіптік қайрат-жігерін осы заманғы білім беру ісінің ең өзекті, әрі күрделі мәселелерін шешудің кілтін табуға жұмсайтын донецкілік мұғалім Виктор Федорович Шаталовтың есімі айрықша дараланып тұрады. Бұл өзекті мәселелерге: оқушыларға түсетін ауыртпалықты жою, олардын бойында оқуға деген қызығушылықты, белсенділік пен өз бетінше жұмыс істеу қабілетін тәрбиелеу т.б. жатады. (11)
Ерекше әсер қалдыратын нәрсе, бұл мұғалімнің жекелеген әдіс-тәсілдермен эксперимент жасауы емес, қайта олардың толық және жеткілікті түрде, сындарлы бірізділіпен, белгілі бір әдістемелік жүйемен құрылуындағы жетістіктерді көрсете білуге деген ұмтылысы мен мүмкіндігі. Мұны іс-тәжірибесіңде жүзеге асыру жұмыс принциптерінің арақатынасын талқылауға келтіріліп отыр.
Біздіңше В.Ф.Шаталовтын басты еңбегі — оқу ісін оқушылардың өз күшімен басқарудың тиімді жолдарының бірін байқап көруінде. Жасыратыны жоқ, «Оқыту әдісі дегеніміз оқытушының іс-әрекеті мен оқушының іс-әрекетінің бірлігі» деген формулада келтірілген оқушылардың танымдық іс- әрекетіне назар аударылуына қарамастан, мектептегі сабақ кезіндегі нақты оқуға деген белсенділікті В.Ф.Шаталов оқушылардың танымдық іс-әрекетін айтарлықтай қатаң
және сатылы түрде басқарудың мүмкіндігін таба білген. Бұл тұрғыдан алғанда совет психологиясында тұжырымдалған жалпы идеяларды (А.Н. Леонтьев, П.Я.Гальперин, Н.Ф.Талызина және басқалар) шынайы түрде жүзеге асырып және оларды әдістемелік жағынан «нақыштай» білді.
В.Ф.Шаталовтың оқушыларының оқу-әрекетінде қандай нақты формалар бар? Олардың негізгілерін атап өтелік. Жаңа материалды игеру алдымен мүғалімнің көмегімен түсіндіруін тыңдау түрінде өтіледі. Сонан соң мұғалім үлестірген тірек сигналды парақтарды оқып үйреніп және жазып жаттығады. Бұдан кейін оқу материалы бойынша жасалған «тірек сигналдарымен» қызу жұмыс істеу, осындай конспекті құрастыруға байланысты (шамамен 15-20 сабақта бір рет) творчестволық жұмыс орындау және т.б. (12)
В.Ф.Шаталовтың тірек сигналды парақтары өзінің мәні жөнінен П.Я. Гальпериннің оперативті әрекет схемаларына, оқытылатын ұғымдар мен белгілері және олар белгілі бір жүйе бойынша акыл-ой әрекетін сатылы түрде қалыптастыру теориясына сай карточкаларға жазылған жұмысқа жақын. Глобальді, іріленген тақырыптар идеясының өзі «меңгерудің негізгі бірліктері» түрінде жүзеге асырылады (П.Я. Гальперин, Д.Б. Эльконин және басқалар).
Мұғалімнің сұрауы да сол сияқты В.Ф.Шаталов оқушыларынан белсенді әрекеттін жаңа формаларын талап етеді. Сөйлеу практикасын, ең бастысы, оқу материалын — оның жоспары мен негізгі бірліктерінің бірізділігін белсенді түрде қайта жаңғырту практикасын дамытып отыратын меңгерілген материалды жәймен магнитофонға ауызша айту (бір сабақта 20 оқушыға дейін); бұл
жазылғандарды кезектесіп тындау және бағалау — міне осының бәрі белсенді жауап беруге күнделікті дайындықтың кажеттігін тудырды.
Оқушылардың оқу материалындағы білімдердің глобальді, іріленген бірліктерін орындауы (басында мұғалімнін ізінше) және олардың жүйелері мен «байланыстарын» бөліп алу әрі оларды белсенді түрде жазбаша жаңғырту жөнінен оқуға деген белсеңді іс-әрекеті қолма-қол көрініп отырады. Сондай-ақ мұғалімнін күнделікті сабақ сұрау жүйесімен т.б. үнемі ұйымдастырылып жүйесі асырылатын оқушылардың үлгерімін кең түрде бағалау да айқын көрінеді. (13)
Оларды дауыстап оқығанда қиындықтар туа берсін, практикалық жұмыс кезінде кейбіреулері ойдағыдай болмай-ақ койсын — мейлі. Білімді жинақтау процесі, істің ішкі мәнін терең толғау процесі және жүйелі еңбекке белсене араласу жүріп жатады. Бұған қоса бұл арада қаншама бала ауызша жауап береді. Сынып алдында қате жауап беруден оқушы қысылатындай өзінің білімсіздігін жұрт алдында жайып көрсету кімге жағымды? Ал мұнда мүғаліммен бетпе-бет отырып жәймен сабақ айтсын немесе одан да оңайы — магнитофонға жазсын. Нашар оқушы өзінің магнитофонға жазғанын мүғалімнің ешкімге тыңдатпайтынын және жауабымда қандай қателіктер жібергенін ешкімнің естімейтінін жақсы біледі. Бұл өте қарапайым әдістемелік тәсіл өзіне деген сенімділігін қалыптастыруды қажет ететіндерге қаншама рухани күш береді.
Тарихи оқиғаларды, табиғаттағы түрлі өзара байланыстарды неғұрлым терең ұсынып түсінуге және әдеби шығармалардың құрылымын логикалык түрде талдауға, үйретеді.
Жаңа әдістеменің жетекші принциптерінің бірі жариялык принципі. Оқушылардың магнитофонға жазғандарын ашық тындау — сонын кішігірім элементі. (14)
Бір мезгілде бірнеше операцияны орындау: әңгіменің жоспарын есте сақтау, әңгімені өзі айту және өзара байланысты тірек сигналдарының арасындағы абзацтарды толтыруға тиісті материалды ойша қорыту қажеттігі жойылады. Профессор В. В. Давыдовтьң зерттеулері көрсеткендей, бір мезгілде бірнеше ой операцияларын орындау қатты шаршауға немесе бұл операциялардың әрқайсысының ойдағыдай орындалмауына әкеліп соқтырады.
Жаңа терминдермен, есімдермен, даталармен жұмыс істеу жеңілдейді, бұл өз кезегінде күтпеген эффектіге жеткізеді: оқушының сөз сөйлеуіндегі орынсыз қыстырма сөздер іс жүзінде толығымен жойылады. Өзі-ақ айтып тұрғандай бұрын бұл сөздер бір ғана қажеттілік үшін — жаңа сөздер мен тілдік құрылымдар ойлап табуға қажет уақыт өту үшін пайдаланылатын еді.
Тірек плакаттарын пайдаланып ауызша сабақ айту кезіндегі оқушылардың ынта-ықыласы әдеттегіден жоғары, яғни 88-деп 92%-ке дейін (бақылаудағы кластарда 56—60%) болады. Мұндай жағдайда басқа бір конструкцияны қабылдау өте қиын. Бұл арада түрлі салыстырулардың, бір жағынан оқушыны шаршата түсетін, екінші жағынан ынта-ықыласты әлсірете түсетін ішкі қарама-қайшылықтардың болатыны даусыз.(15)
Оқулықпен жұмыс істеу. Осының бәрі тұтас алғанда материалды түгелдей есте сақтап қалуға қолайлы жағдай тудырады және әр түрлі зерттеулер көрсеткеніндей оқушының сабаққа дайындалу уақыты, егер әңгіме тек теориялық материал туралы болса, 20 минуттан аспайды, ал бұдан да қолайлы жағдайда 10-15 минутпен шектеледі. Сонымен қатар, тірек сигналдары бар көлемді блокты конструкцияларды есте сақтап қалуды мнемоника тәсілдерін қолдана отырып, прозадан, поэзиялық шығармалар-‘ дан үзінділерді немесе спектакль қоярдағы дайындык кезіңдегі диалогтарды
жаттағандағыдай іске асыру керек. Ал енді «Технология» ұғымына тоқталайық. Технология үғымы тар мағынада — бір нақты объектінің технологиясы ретінде, және кең мағынада — ғылым саласы ретінде қарастырылады. Егер, технологияны педагогикалық ғылымдарға қатысты алсақ, онда тікелей дидактиканы карастырамыз:
- Дәстүрлі дидактика — әдістемелік тәсілдерді жинақтауға бағытталған оқытудың теориясын және сондай-ақ, оқушылардың оқу қызметі барысында дағды, білік, білімдерін игеру үрдісін оңтайландыра түсетін окытудың ұйымдастырылған түрлері мен әдістерін жасауды өзінің басты мақсаты ретінде қояды
- Әдетте, дидактиканың пәні — білім берудің мазмұны және оқыту үрдісін ұйымдастыру деп қысқаша көрсетіледі. Толығырақ дидактиканың пәнін былай сипаттауға болады: бұл — оқытудың мақсаттары, мазмұны, зандылықтары, әдістері және принциптері.
Міндеттері:
а) оқыту үрдісін суреттеп түсіндіре отырып оны іске асыру жолдарын көрсету;
б) оқыту үрдісін ұйымдастырудың неғұрлым жетілдірілген модельдерін, жаңа оқыту жүйелері мен технологияларын жасау, ұсыну.
Білім берудің технологиясы педагогикалық пән ретінде дидактикадан кейінгі орынды алады. Оқытудын технологиясын — қолданбалы дидактика десе де болады. Бір сөзбен айтқанда, оқытудың технологиясы — оқыту іс — әрекетінін әдіс-тәсілдері мен құралдарын ұйымдастыру және қолдану теориясы. Сонымен, технологиялық әдіс дидактикалық немесе жеке әдістерден туындамайды, оқу үрдісінің дербес бағыты болып табылады. Қажетті адами, техникалық ресурстарды есепке ала отырып, олардың арасындағы білім беруде неғұрлым жоғары жетістіктерге жету үшін қарым – қатынасты, бүкіл оқыту үрдісін жүйелі түрде жоспарлау, іске асыру, баға-лауға бағыттау әдістері және білімді меңгеру жолдары; материалдарды жобалау және тәсілдерді қолдану арқылы білім беру тиімділігін арттыратын білім беру үрдісінің принциптерін айқындау және тиімді. (16)
Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттары мен қасиеттері. Технология оқу процесімен — оқытушы мен оқушының іс — әрекеттерімен, яғни, құрылымы, құралдары, әдістері жөне түрлерімен тығыз байланысты. Сондықтан, педагогикалық технологияның құрылымына:
концептуалдық негізі;
- оқытудың мазмұндық бөлігі
- оқытудың мақсаттары: жалпы және нақты;
- оқу материалының мазмұны;
- процессуалдық бөлігі немесе технологиялық үрдіс:
- оқу үрдісін ұйымдастыру;
- оқушылардың оқу іс-әрекетінің әдістері мен формалары;
- оқытушынын жұмысының әдістері мен формалары;
- оқушылардын оқу материалын игеруін басқарудағы оқытушының іс- әрекеті;
- оқу үрдісін диагностикалау жатады.
Технологияныц анықтаушы критерийлері:
Концептуалдылық. Әрбір педагогикалық технология оқу мақсаттарына жетудің философиялық, психологиялық, дидактикалық және әлеуметтік-педагогикалық негіздері белгіленген нақты ғылыми концепцияға сүйенуі қажет. (17)
Жүйелілік. Педагогикалық технология әрбір бөлігі өзара тығыз байланыста болатын үрдістің тұтастык логикасымен қамтамасыз етілуі тиіс. Технология басқарылуы тиіс, яғни, мақсат қою, жоспарлар құру, оқу үрдісін
жобалау, әрбір этапқа сай диагностика, нәтижелерді түзету мүмкіндігін беретін әдіс-тәсілдердің көп варианттылығы.
Тиімділік. Қазіргі заманғы технологиялар нөтижелілігі жағынан да, оған кететін шығындар жағынан да тиімді болып, белгілі бір оқыту стандарттарына жетуге кепілдік бере алуы қажет. Технологияның қайта қалпына келтірілуі. Бұл критерий белгілі бір технологияның басқа мекемеде, басқа субъектілермен жүргізіле алуы мүмкіндігін меңзейді.
Ғылымға мықтап енген «педагогикалық технология» ұғымына әртүрлі түсініктеме берілген: Оқыту мен тәрбиелеу құралдарының арнайы формаларының, әдіс-тәсілдерінің, жолдарының жиынтығын
анықтайтын психологиялық-педагогикалық нұсқаулар жиынтығы (Б.Т.Лихачев);
Алдын ала жобаланған оқу-тәрбие процесінің практикада жүйелі әрі бірізді жүзеге асуы (В.П.Беспалько);
Оқытушы мен оқушылар үшін барлық жақсы жағдайлар жасалынғанда оқу процесін жобалау, ұйымдастыру әрі жүзеге асыруда біріккен педагогикалық іс-әрекеттің жан-жақты (ұсақ-түйегіне дейін) ойластырылған моделі (В.М.Монахов);
Педагогикалық мақсатқа жету үшін колданылатын барлық тұлғалык, инструменталдық және әдіснамалық кұралдардың қызмет ету реті мен жүйелі жиынтығы (М.В.Кларин).
Педагогикалық технология-оқу-тәрбие процесінің шығармашылықпен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімділігін, оқыту мен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі (Ш.Т.Таубаева, Б.Т.Барсай);
-Педагогикалық технология- бұл жобалау және берілген технологияны тәжірибеде педагогикалық заңдылықтарды, мақсаттарды, мазмұнын, формасын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен құралдарын қолдану, сонымен қатар кейінгі жаңғырту.(В.И.Андреев)
Дегенмен, барлық анықтамаларға ортақ басты негіз бар, бұл:
«Педагогикалық технологиялар-бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің; оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдама мен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, формалары мен әдістерінің күрделі әрі ашық жүйелері. Мұнда әр позиция басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жасайды.» (М.М.Жанпейісова)(18)
Педагогикалық технологияларға қызығушылық туғаннан 1979ж. АҚШ да педагогикалық коммуникация мен технология Ассоциациясында ресми түрде төмендегідей қабылданды:
«Педагогикалық технология-комплексті, интегративті процесс. Соның ішінде адамдарды, идеяларды, ұйым іс-әрекетінің құралы мен әдіс-тәсілін мәселенің анализі мен шешімін басқару, білімді меңгерудегі барлық аспектілердің орамды болуын іске асырады.» «Педагогикалық технология» ұғымы оқыту мен тәрбиелеу саласында кең қолданылады. Педагогикалық технологияның пайда болуының екі жолы бар. Алғашқысы технологияның теорияда шығуы (В.П.Беспалько, В.В.Давыдов, В.К.Дьяченко, Л.В.Занков, П.Я.Гальперин, Н.В.Кузьмина және т.б.)
Кейінгісі технологияның тәжірибеде шығуы (Е.Н.Ильин, С.Н.Лысенкова, Б.Ф.Шаталов және т.б.)
Педагогикалық технология теориялық педагогика мен практика аралығында орын алып отыр. Педагогикалық технология деп мақсаттар қою, оқу жоспары мен оқу бағдарламасын үнемі жақсартып отырудың, педагогикалық жүйелерді бүтіндей бағалаудың және ол жүйелердің тиімділігі жөніндегі жаңа ақпарат туындауына байланысты жаңа мақсаттар қоюдың тұтас үрдісін айтамыз. (С.Сполдинг, 1969.) Сонымен педагогикалық технология- оқыту үрдісін түгелдей қолдану және бағалау, сол сияқты, білімді адамдар мен техника ресурстарын ескеру арқылы білімді игеру, білім берудің тиімді түріне жету үшін оларды жоспарлаудың жүйелі әдісі ретінде түсіндіріледі. Педагогикалық технология- педагогикалық қолданбалы сипаты бар, бүтіндей алғанда, жалпы дидактика мен педагогиканың практикалық жалғасы. Ол классикалық дидактиканы дамытады, төмендегідей технология ұстанымдарына сүйенеді:
а) технологиялық құрылымдық және азаматтық тұтастығы;
ә) оның диагностикалық мақсаттылығы, аяқталғандық, әлеуметтік және табиғатқа сәйкестілік, барлық үрдістердің қарқынды жүруі (В.Беспалько, 1984.) Шетел зерттеушілері педагогикалық технологияны психология, әлеуметтік философия, басқару және мақсат қою теориясы, техника, қарым-қатынас, аудиовизуалды білім беру және кибернетика элементтерінен тұратын пәнаралық конгломерат ретінде қарастырады. Педагогикалық технология Я.Коменскийдің модулі және жобалаудың ереже-нормасын, білім берудің тиімді жүйесі мен үрдістерін іске асыруды қамтиды. Мектептің әрбір басқышындағы қазіргі оқу жоспарлары мен бағдарламалары үнемі жақсарталуы керек, оларды қисындастыра және байланыстыра отырып алмастыруы керек. Тиімді педагогикалық жүйелерді осы заманғы жағдайда тәжірибелік жұмыстарда жобалап және тексеріп көрудің маңызы зор. Ал, педагогикалық жүйе дегеніміз- белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі. /Селевко Г./
Негізгі педагогикалық технологиялардың сипаттамалары
Педагогикалық технологияның құрылымы мазмұнды және процессуальды компоненттерден тұрады. Мазмұнды компонентті тұжырымдамалық –мақсатқа жету құралдары, оқыту-тәрбиелеу процесінің тиімділігі туралы білімдер жүйесі, диагностикалық- педагогтің кәсіби педагогикалық бет пердесі, тұлғаның дербес ерекшеліктері мен оқушылардың дайындық деңгейі, дидактикалық— оқыту мазмұны, әдістер, әдістемелік тәсілдер; ұйымдастыру формалары; дидактикалық құралдар құрайды. Процессуальды компонент алдын-ала жобаланған оқу-тәрбие процесін практикаға ендіру болып табылып, оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруды, оқу-тәрбие процесін басқаруды көздейді. Педагогикалық технологияның мазмұнын айқындауға В.Ю.Цитюков талпыныс жасайды. Оның ойынша, педагогикалық технология тәрбиеленушіге педагогикалық ықпал етуді ұйымдастыру бойынша мұғалімнің мәнді кәсіби біліктерінің жүйесін айқындайды, педагогикалық іс-әрекетті технологияландыруды саналы ой елегінен өткізу тәсілін ұсынады. Педагогикалық ықпалды педагогикалық технология қамтамсыз ететін болғандықтан, оның мазмұны педагогикалық ықпал ету құралдарынан тұрады: педагогикалық тіл табысу, педагогикалық баға беру, педагогикалық талап, ақпараттық тілдік және демонстрациялық ықпал. Бұл элементтер атқаратын нақты функциялары мен анықталған кілтті операцияларына сай педагогикалық технологиялардың мәнін құрайды, педагогты тәрбие процесінің субьектісі болатын-тәрбиеленушіге ықпал ету үшін қажетті және жеткілікті кәсіби мәнді білікпен қамтамасыз етеді. Бірақ мұнымен педагогикалық технология шектелмейді. Қосымша элементтер- психологиялық климат, топтық іс-әрекет, жасаған қылығына педагогикалық реакция, ортаны ұйымдастыру және т.б. жаопылама немесе жеке сипатқа ие болып, ықпал етудің формаларын түрлендіруді және әрбір мұғалімнің дербестігін сақтауды қамтамасыз ететін әрекеттер қатарына жатады.
Ғылыми зерттеулерге жасалынған талдау бүгінде педагогикалық технологияларды жинақтап, жүйелеп, оның жіктемесін жасауға бірнеше ғалымдар әрекет жасағанын көрсетті (Т.М.Давыденко, Г.К.Селевко). Солардың ішінде педагогика ғылымы мен практикасында белгілі барлық технологияларды неғұрлым жинақтап, жүйелеген Г.К.Селевконың жіктемесі көңіл аударарлық. Зерттеуші ғалым педагогикалық технологияларды былайша жіктейді:
-қолдану деңгейі бойынша: жалпы педагогикалық, дербес әдістемелік (пәндік) және модульдық;
-философиялық негіз бойынша: материалистік, идеалистік, диалектикалық, метафизикалық, ғылыми және діни, гуманистік және антигумандық, антропософиялық және теософиялық, прагматикалық және экзистенциалистік, еркін тәрбие және бағындыру;
-психикалық дамудың жетекші факторы бойынша биогендік, психогендік, социогендік және идеалистік;
-тәжірибені меңгерудің ғылыми тұжырымдамасы бойынша: ассоциативті-рефлекторлы, бихевиористік, гештальт-технологиялар, интериозаторлық дамыту;
-тұлғалық құрылымға бағдарлау бойынша: ақпараттық технологиялар, операциялық, эмоциональды көркем және эмоциональды-адамгершілік, өзін-өзі дамыту технологиялары, эвристикалық және қолданбалы;
-мазмұны мен құрылымының сипатына қарай: оқытатын және тәрбиелейтін, жалпы білім беретін және кәсіби бағдарланған, гуманитарлық және технократтық, әр түрлі салалық, дербес пәндік, сонымен бірге монотехнологиялар, кешендік және кірме технологиялар;
-ұйымдастыру формасы бойынша: сыныптық-сабақтық және альтернативтік, академиялық және клубтық, жеке және топтық, оқытудың ұжымдық тәсілдері, диференциялық оқыту;
-танымдық іс-әрекетті басқару типі бойынша: классикалық лекция, оқытудың техникалық құралдарының көмегімен оқыту, «кеңесші» жүйесі, кітап бойынша оқыту, аз топтардың жүйесі, компьютерлік оқыту, «репетитор» жүйесі, басқару бағдарламасы;
-балаға қатынас жасау бойынша: авторитарлық, дидактикалық-орталықтандырылған, тұлғалық бағдарланған, ізгілікті-тұлғалық, ынтымақтастық технологиясы, еркін тәрбие, эзотериялық;
-басым (үстемдік етуші) әдіс бойынша: догматтық-репродуктивтік, түсіндірмелі-иллюстративтік, дамыта оқыту, проблемалық, ізденгіштік, шығармашылық, бағдарламалық оқыту, диалогтік, ойын, өзін-өзі дамытушы оқыту, ақпараттық,
-оқушылардың категориялары бойынша: бұқаралық технологиялар, оза оқыту, орнын толтыру, виктимиологиялық, қиын балалармен жұмыс істеу технологиялары, дарынды балалармен жұмыс істеу технологиялары.
Бұл жіктеме педагогикалық технологиялардың мақсатын, мазмұнын және түрлерін ажыратуға көмектеседі және оларды атқаратын қызметіне сай пайдалануға негіз болады.
Педагогикалық технология мынадай белгілермен сипатталады: (В.П.Беспалько)
-анықтылық, жүйелі педагогикалық оқыту мақсатын дидактикалық өңдемесі;
-құрылымдылық, реттік, ақпараттық тығыздануы;
-комплексті түрде дидактикалық, техникалық, сонымен қатар компьютерлік, оқытудың құралы мен бақылауын қолдану.
-күшейту, мүмкіндігіне қарай оқыту мен тәрбиелеудің диагностикалық қызметі.
-оқытуды жоғары деңгейлік сапасына кепілдік. Қазіргі кезеңдегі педагогикалық технологиялардың әр түрлілігіне орай дидактикада да жалпы жоспары мен анализі болады. Әрбір технологияларды авторлар мына жағдайда көрсету қажет:
-қолдану деңгейі;
-философиялық негізі;
-білімді меңгерудегі жүргізілетін концепция,
-білім мазмұнының ерекшелік сипаттамасы;
-оқытудың ұйымдастыру формалары;
оқыту әдісінің көптілігін (басым жағы)
-үйретушілердің категориялары;
Педагогикалық технологиялар қолданылу сипатына қарай дәстүрлі және инновациялық болып бөлінеді. Инновация (латын сөзі in-в, novis-жаңа) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді. 1957-1964ж. он жылдық тарихқа американдық білім беру жүйесіндегі инновациялар және өзгерістер кезеңі ретінде енеді.
- Ағылшын ғалымдарының пайымдауынша, жаңалық мәні арнайы қолданған деректерде, дамушы идеяларда, кітаптарда, педагогтардың білімді көтеруді ұйымдастырушыларда, т.с.с.
- Өз зерттеулерінде ағылшын ғалымдары мынадай қорытындыға келеді: «Әр жоғарғы сатыдағы мұғалім әрдайым жаңалықты бастаушы ретінде іс-әрекет жасауы тиіс»-дейді.
- Инновациялық технологияларды қолданып дамыту мәселелерін басқа елдердің педагогтары да қарастырады.
«Инновация» ұғымын әр елде әр түрлі түсінген, кейбір мемлекеттерде (АҚШ, Нидерланды) бұл термин кең тараған, ал Арабия, Жапония тәріздес мемлекеттерде кезіктіру мүмкін емес. Сондықтан әр елде бұл құбылысқа қандай көзқарас қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми-педагогикалық, техникалық, саяси әдебиеттер мен баспа беттерін зерттей келе, Ресейде, шет елдерде, ТМД елдерінде, Қазақстанда «инновация» ұғымына көптеген анықтамалар берілгенін көреміз.
90-жылдардың бас кезінде орыс ғалымдары Днепрова В.И. Золвязинский, Лазераваның еңбектерінде «инновация» ұғымы пайда болады. Олар «инновация» ұғымы білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті деп сипаттайды. М.М.Поташник, А.С.Лоренсов «жаңалық» дегенді құрал ретінде (яғни, жаңа әдіс, жаңа технология) ал, «инновацияны» осы тәсілдерді меңгеру үрдісі деп санайды.
«Инновация-өндірістің және қоғамды басқарудың түрлі салаларына енгізілуі экономикалық тұрғыдан және тиімді және әлеуметтік, экологиялық тұрғыдан маңызды болып табылатын, зияткерлік меншік обьектісі болып табылатын ғылыми және ғылыми техникалық қызметтің нәтижесі ». (қ.р. парл жар 5-6)
Қазақстан мемлекетінде «инновация» ұғымын пайдалану соңғы бес жылдыққа жатады. Ең алғаш «инновация» ұғымы қазақ тілінде анықтаған ғалым профессор Немеребай Нұрахметов. Ол: «Инновация, инновациялық үрдіс деп отырғанымыз білім беру мекемелерінің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі »-деген анықтаманы ұсынады. Инновациялық негізін құраушы ұғымдардың- «инновация», «нововедение», «новшество», «новое» т.б қазақша аудармаларын жасаған, Ы.Алтынсарин атындағы білім проблемаларын ғылыми-зерттеу институты әдіскері К.Құдайбергенова болып табылады. Өз еңбектерінде «инновацияны»-нақты қойылған мақсатқа сай салынған жаңа нәтиже деп есептеп, төмендегідей аудармалар жасаған:
«инновация»-жаңарту
«нововедение»-енген жаңалық
«новое»-жаңа
«новшество»-жаңалық
«инновационный процесс»-жаңарту үрдісі.
Педагогикалық энциклопедияларда төмендегідей анықтамалар берілген: «инновация» сөзі латын тілінен енген-новый, яғни аударғанда «обновление-жаңарту», «новинка-жаңалық», «изменение-өзгеріс» деген мағына береді. Оның мәні- білім беруге және өздігінен білім алуға негізделген қабілеттерді дамытады.
Инновация дегеніміз білім беру, тәрбиелеу жұмысына жаңалықты енгізу, яғни жаңа әдіс-тәсілдерді, амалдарды, құралдарды, жаңа концепцияларды жасап, оларды қолдану деп анықталған.
«Инновация» сөзі-қазіргі уақытта барлық өндіріс, медицина, техника салаларында өте жиі қолданылып жүрген термин. Қазір бұл сөз «жаңа, өзгеру, жаңаша» деген мағынаны білдіреді және дәл қазіргі жаңа заманға да «жаңа, жаңаша өзгерудің» мазмұны терең және анық екендігі белгілі. Бұл әдістеменің негізінде үйренушінің дербес қабілет белсенділігін қалыптастыру, оқыту материалдарын өзінше пайдалану арқылы танымдық белсенділігін арттыру алға шығады. Мұның ерекшеліктері мыналар:
— үйренушінің белсенділік іс-әрекетін дамыту;
— оқыту мен үйретудің өзара үйлесімділігін қалыптастыру;
— үйренушінің танымдық үрдіске белсенді қатысуын анықтау мүмкіндігі;
— көрнекілік құралдарын көбірек пайдалану арқылы сезіміне, қабылдау эмоциясына әсер ету.
Инновация ұғымын ғалымдар әр түрлі түсіндіреді:
- жаңалық, жаңаны енгізу, жаңарту үрдісі.
- өзгеріс
- құрал, әдіс
Т.И.Шамова, П.И.Третьяковалардың еңбегінде «Инновация дегеніміз-жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз-тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісін мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс-тәсілі мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген.
Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация» әр түрлі анықталады. Үлкен энциклопедиялық сөздікте бұл ұғым «жаңаша білім беру» деп түсіндіріледі. (….)
Ал А.И.Кочетов «инновация» ұғымына төмендегідей анықтама береді: «көрсетілген деңгейге апаруды қамтамсыз ететін теориялық, технологиялық және педагогикалық іс-әрекеттің біртұтас бағдарламасы». Алайда Р.Масырова мен Т.Линчевская мұндай анықтамамен келіспейтіндігін білдіреді. Олардың тұжырымдамасында, «Егер баратын деңгей» алдын-ала көрсетілген болса, ло қандай инновация делінген. В.Кваша мен В.Латиннің пікірлері бойынша «инновация» бұл жаңа үлгілердің бағытындағы нақты әрекет, мөлшердің шегінен шығатын кәсіптік іс-әрекеттің жаңа саналы деңгейге көтерілуі болып табылады. Тәжірибелер көрсетіп жүргендей, кез-келген инновация-мөлшерлі іс-әрекеттің шегіне ұмтылуы және одан шығуы. Педагогика ғылымының тарихын саралап талдау көптеген педагогикалық инновациялардың ерте уақыттарда да болғанын көрсетеді. Мысалы, Сократ мектебі-«Қуаныш үйі», К.Д.Ушинский мен Л.Н.Толстойдың ғылыми идеялары және т.б.
Н.Нұрмағамбетов «Инновация» білімінің мазмұнында, әдістемеде, технологияда, оқу-тәрбие жұмыстарының түрлерінде, тәсілдерінде, оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: 1. Жеке түрлері (жеке-дара, бір-бірімен байланыспаған); 2. Модульдік түрі (жеке дара кешені, бір-бірімен байланысқан); 3. Жүйелі түрі (мектепті толық қамтитын).
Ал жалпы инновацияны модификациялық, комбинаторлық, радикалдық деп үш түрге бөлінеді:
Модификациялық инновация- бұл қолда барды дамытумен, түрін өзгертумен айналысу. Комбинатолық инновация- бұрын пайдаланылмаған, белгілі әдістеме элементтерін жаңаша құрастыру. Бұған пәндерді оқытудың қазіргі кездегі әдістемесі дәлел. Радикалдық инновацияға білімге мемлекеттік стандартты енгізу жатады. Мемлекттік стандарт білім беруде, негізінен, мөлшерлерді, параметрлерді, деңгейлік және сапалы оқытудың көрсеткіштерін қалыптастырады. Қазіргі зерттеулер көрсетіп отырғандай, мектептердегі бүгінгі үлгерім көрсеткіші, берілген білім сапасы формализм мен субьективтіліктен әлі арыла алмауда, осыған орай ғалымдар жаңашыл-мұғалімдер бұл мәселелерді шешу бағытында біршама істер атқаруда. Инновация дегеніміз- педагогикалық жүйедегі жаңашылдық.
Инновациялық үрдістің негізі- жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс. Жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материал тәрізді. XVII ғасырда Я.А.Коменскийдің жасаған кластық сабақтық жүйесі А.С.Макаренко және В.А.Сухомлинскийдің іс-тәжірибелері, сондай-ақ В.Ф.Шаталовтың қолданған тірек конспектілері жаңалықтарды, ой-идеяларды өз уақытында да, қазір де қолдануды тиімді деп тауып отыр.
Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалылыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әр түрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әр түрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Инновация мәселелерімен айналысып жүрген бірқатар ғалымдардың еңбектерін, жазған анықтамаларын қарастырып, талдай келе бұл ұғым белгілі уақыт арасында жаңашыл идеяны қайта қарау, жаңалау дегенді білдіреді. Сәл ертерек кездің өзінде белгілі қолданылып жүрген идеялар жаңа бағытта ұсынылса, мұның өзі инновациялы деп аталған. Осыларды негізге ала отырып, инновацияны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «әдістеме», «жаңашылдық», ал инновациялық үрдісті «жаңа әдістеме енгізу құралы» деп ұғатын боламыз.
Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Кейінгі кезеңде ғалымдар өз зерттеулерінде оқу тәрбие ісіне жаңалықтарды енгізіп, тарату мәселесі қарастырды. К.Ангеловский, М.Поташник, В.Я.Ляудис т.б ғалымдар мұғалімнің жаңалыққа қабілеттілігіне ерекше көңіл бөлді. Авторлардың көбі педагогикалық инновацияның негізгі міндеті енгізіліп отырған жаңалықтарды топтау, жіктеу деп санайды. Ол үшін ең бастысы- мектеп жұмысын дамытудың аймағын қарастыру керек дейді. Енгізіліп отырған жаңа әдістеменің ерекше жағын көре білу, түсіне білу және оның басқа әдістемелермен қандай байланысты екенін білу керек.
Жаңаша (инновациялық) оқытудағы басты нәрсе- бұл білім алу және өздігінен блім алу негізінде адам қабілеттерін, икемділіктерін дамыту. Жаңа білім беру парадигмасында тұлғаның қызығушылықтарын қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдылық) те шешуші рөлге ие. Сонымен, инновациялық білім беру өз құрамына жеке тұлғалық көзқарасты, білім алудың мықты негіздерін, кәсіби шеберлікті, екі мәдениеттің (техникалық және гуманитарлық) синтезін, жаңа ақпараттық технологияларды қолдануды біріктіреді.
Бүгінгі таңда П.М.Эрдниевтін дидактикалық бірліктерді шоғырландыру (УДЕ) технологиясы, Д. Б. Эльконин мен В.В. Давыдовтың дамыта окыту технологиясы Ш.А.Амонашвилидің ізгілікті-тұлғалық технологиясы, В.Ф.Шаталовтың оқу материалдарының қаркынды оқыту технологиясы, М.Чошановтың проблемалық модульді оқыту технологиясы, В.М.Монаховтын, В.П. Беспальконың және басқа да көптеген ғалымдардың технологиялары танымал. (19)
Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет деп отырмыз ғой. Ол — оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгертуді талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар талапты канағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар қажет.(20)
Оқытудың басты мақсаты өздігімен білім алып дами алатын жеке тұлғаны калыптастыру. Технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория — Л.С. Выготскийдің «оқыту процесінде оқытушының ақыл-ойының дамуы «актуальды даму» аймағынан «жақын арадағы даму аймағына ауысу» туралы теориясы. Ресей ғылымы В.П. Беспалько бұл деңгейлерді: бірінші деңгей — «міндетті, оқушылық», екінші -алгоритмдік, үшінші — эвристикалық және төртінші — шығармашылық деңгейлердегі қабылдау деп атайды.
1.2. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялардың негізгі сипаттамалары
Бүгінгі күнде педагогикалық технология мәселесі теориялық және ғылыми қолданбалы бағыт тұрғысынан зерттеу арқауы болып отыр. Теориялық тұрғыдан алып қарғанда, педагогикалық технология педагогиканың категориясы ретінде қарастырылады, оның мәні, құрылымы айқындалады; педагогикалық іс-әрекеттің әр түрлі саласындағы(дидактика, тәрбие, білім беруді басқару) педагогикалық технологияның ғылыми негіздері оқып үйреніледі; педагогикалық технологияны жобалаудың әдіснамасы мен теориясы зерттеледі, педагогикалық технология теориясының негіздері ашып көрсетіледі (Н.Е.Щуркова, В.С.Кукушкин т.б.)
Қазақстан Республикасында білім беруді 2005-2010 жылдар аралығында дамыту туралы мемлекеттік бағдарламада жалпы орта білім берудің жаңа мемелекеттік жалпыға бірдей стандарты түлектердің базалық біліктілігі түрінде көрініс беретін, нәтижеге бағытталған ұлттық білім беру мақсаттарының жүйесін айқындайды деп атап көрсетілген. «Бағдарламаны іске асырудың негізгі бағыттары мен тетіктсрі» білім беру мазмұнын білім үстемдігі деңгейінен нәтижеге бағытталған біліктілік деңгейіне көтерудің маңыздылығына ерекше назар аударылады.(21)
Нәтижеге бағытталған оқыту — бұл аяқтаушы нәтижелср (біліктіліктер). Аяктаушы немесе соңғы нәтижелер мектептен жәнс жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейінгі әмір үшін маңызды білім, шеберліктер және бағдарларды білдіреді. Олардың шартты түрде жүйелеп көрсек, төмендегідей біліктіліктер тізімін аламыз:
- қарым-қатынасқа түсе алу қабілеттіліктері;
- әлеуметтік қарым-қатынастарға бейімділік;
- талдау жасай алу қабілеттері;
- проблемаларды шеше алу;
- құндылықтар туралы өзіндік пікір білдіріп шешім шығара білу дағдылары;
- шығармашылық шеберліктерді игеру және өзгелердің шығармашылығын кабылдай білу дағдылары;
- азаматтық жауапкершілік;
- қоршаған әлем өміріне жауапкершілікпен араласу;
- рухани, заттық кұндылықтарды жасай алу және сақтай білу дағдылары;
- ілімнің кұралы ретіндегі технологияларды қолдана алу дағдылары;
- өмірі мен карьерасын жоспарлай алу дағдылары.
Нәтижеге бағытталған білім беру әлеуметтену процесіне қоғамды, түрлі қауымдастықтарды тартуды карастырады. Осы мақсатта аталған проблемамен айналысатын кәсіби қауымдастықтар арасында өзара күш біріктіру үшін қарым-қатынастар орнатып, білім берудің мақсаттары мен нәтижелері турасындағы талқыға бүкіл қоғамды қатыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Өткен жылдардағы дүниежүзілік практикадағы білім беру дамуының бағыттарын талдау — білім беру саласының ашық жүйе ретіндегі дамуының қажеттілігін айқындайтын бірнеше әдістемелік бағдарларды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді:
- білім берудің құндылық мәнін, оның рухани-адамгершілік маңызын көтеру (білім берудің бейбітшілік пен келісім үшін қызмет етуі);
- білім беру ісінің оқушының тұлғасын ұлттық құндылықтарды игеруші және тасымалдаушы ретінде қалыптастыру тұрғысындағы ролін күшейту;
- білім беру мазмұнында әлемнің тұтастығы мен адамның оның бір бөлігі екендігі туралы туралы үғымды қалпына келтіру;
- оқушыларды табиғи әлемді сақтауға және аймақтық жөне жаһандық көлемдегі экологиялық проблемаларды болдырмауға күш салуға бағыттау;
- барлық адамдар үшін сапалы білім алуға және оған жету жолында тең мүмкіндіктермен қамтамасыз етуге жағдайлар жасау;
- білім беру үрдісіне бүкіл коғамды тарту және білім берудің сапасын жақсартуда әлеуметтік тең карым-қатынастар орнату.
Стратегиялық міндеттерін шешу ісіне бүкіл қоғамды жұмылдыру, екіншісі — білім беру ісіне қатысушы жақтардың бір-бірі алдындағы өзара міндеттерін айқындауы.
Білім берудің аталған жаңа моделін енгізу жағдайында ұлттық деңгейдегі мақсаттар — болашақ нәтижелер, яғни, түлектердің өзінің азамат, тұлға ретіндегі әлеуметтік ролдерін орындауға деген дайындығын сипаттайтын базалық біліктіліктер түрінде калыптасуы тиіс. Бүкілхалықтық кеңінен талқылау жұмысы қажст. Сонымсн бірге, күтілетін нәтижелердің көпдеңгейлік жүйесін жасақтауда білім беру саласының барлық сатыларын (мектепке дейінгі, бастауыш және орта кәсіби, жоғары білім беру) қамту өте маңызды. Мәселенің бұл түрғыдан шешілуінің мәні — кәсіби қауымның өзара келісуі корытындысында қабылданған болашақ нәтижелердін көп деңгейлі жүйесі бүкіл білім беру процесіне қатысушыларға белгіленген мақсаттарға жетуде бағыт-бағдар ретінде қызмет ететіндігіңде. Білім беру саласы, ашық жүйе ретінде қатысушы. (22)
Нәтижеге бағытталған білім беру моделін іске асыру жұмысын ертерек бастап кеткен шет елдердің тәжірибесіне талдау жасау — бұл жауапкершіліктерді төмендегіше бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
- оқушы өмірде және қоғамда конструктивті роль атқару үшін болашақ нәтижелерге ұмтылуға міндетті;
- оқытушы оқу ісін ұйымдастыру шарты ретінде оқу процесін шығармашылық тұрғыда ұйымдастыруға міндетті;
- ата-ана өз баласының қажетті дәрежеде білім алуына жағдай жасауға міндетті;
- мектеп әрбір оқушының өз даму траекториясын құруына жағдай жасауға міндетті;
- мемлекеттік органдар әлемдік білім беру кеңістігіндегі ағымдарды ескере отырып білім беру жүйесінің сапасы мен оқушылардың
- жетістіктеріне үлттық мониторинг жасаудың негіздерін айқындауға міндетті;
- қоғам күтілетін нәтижелердің жетілдірілуіне, білім беру жүйесі жетістіктерінің ашық түрде жарияланып отыруына жауапты.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:
- білім мазмұны жаңа біліктермен, ақпараттарды қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байланысты;
- ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
- баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жан дүниесінің рухани тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
- мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;
- қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның роліне мән берілуде.
- оқыту технологиясын жетілдірудің психологиялық-педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады;
- есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Білімді қалыптастыру үшін өткен оқиғаның, фактінің бейнесін оқушының көз алдына келтіре отырып, оларда сол оқиға туралы түсінік қалыптастыруымыз керек. (23) Ал тарих пәнінің көптеген пәндерден ерекшелігі – негізінен өте ертедегі фактілерді оқиғаларды баяндайтындығында. Сондықтан әртүрлі тарихты оқытудағы қолданылатын технологиялар оқу мазмұны мен оқушылардың тәжірибесінен сынап қараудың маңызы зор.
Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу
мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Дегенмен , оның мән-мағынасы турал пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте:
«Технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы» делінсе, Б.Т.Лихачев педагогикалық технологияны оқу процесіне белгілі бір мақсат көздей әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал, технологиялық үрдісті нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің (өлшемдердің) белгілі бір жүйесі ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін механикалық құрылымы. (24)
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша, педагогикалық технология – бүкіл оқыту үрдісі мен білімді техникалық және адам ресурсын олардың бір-біріне өзара әсерін, білім берудегі формасын оңайландыру міндеттерін ескере отырып меңеруді жүзеге асырудың жүйелі әдісі. М.В.Кларин «Педагогикалық технология – педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы қолданатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті», — деп анықтайды.
Оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың М.М.Поташник ұсынған критерийлері:
- елдің, аймақтың, қаланың талап-тірегі – мектепке әлеуметтік сұраныс;
мектептің дамуы туралы мемлекттік құжаттар – мемлекеттік сұраныс;
- қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары;
- педагогикалық озат тәжірибе;
- мұғалімдердің, мектеп басшыларының іс-тәжірибесі, интуициясы, шығармашылығы;
- мектептің жұмыс үрдісі мен нәтижелерінің талдамасы.
Бұдан педагогикалық технология таңдау барысында:
- алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сай болуы;
- жүйелілігі;
- тиімділігі т.б. ескерілуі керек деген қорытынды шығады.
Педагогикалық технология оқу үрдісімен, мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның құрылымына мыналар кіреді:
а) тұжырымдық негізі.
ә) оқыту мазмұндық бөлімі:
- оқытудың нақты жәе жалпы мақсаты;
- оқу материалының мазмұны.
б) үрдістік бөлім-технологиялық процесс:
- оқу үрдісін ұйымдастыру;
- оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары;
- мұғалім жұмысының әдістері мен формалары;
- мұғалімнің материалды меңгеруді басқарудағы іс-әрекеті;
- оқу үрдісінің диагностикасы.
Оқу процесі барысындағы тұлға аралык іс-әрекет әлеуметтік кызығушылыктарды (стимул) қозғау арқылы мотивацияны күшейтеді: жеке жауапкершілік сезімі пайда болып, көпшілік алдында жеткен жетістіктер оқушының өз-өзіне сенімі артуына, ұжымда өз позициясын орнықтыруына ықпал етеді.
Оқытудың қазіргі технологиялары еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгіліктендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. (25)
Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде әдебие
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері
(Ш.Т.Таубаева мен Б.Т.Барсай бойынша)
- Ынтымақтастық педагогикасы.
Мақсаты: талап ету педагогикасынан қарым-қатынас педагогикасына өту, балаға ізгілік тұрғысынан қарау мен оқыту мен тәрбиенің бірлігі болып табылады.
Ынтымақтастық педагогикасы тұжырымының ерекшелігі:
мұғалім-оқушы, оқушы-мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да субьект, мұғалім де субьект;
екеуінің бірлік одақта қызмет істеуі, бір-біріне басымдық көрсетпеуі;
жалпы мектеп ұжымының арасында өзара ынтымақ болуы;
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
балаға жеке ізгілік қарым-қатынас;
дидактикалық белсендіруші және дамытушы кешені;
тәрбиелеу тұжырымдамасы;
қоршаған ортаны педагогикаландыру;
- Білім беруді ізгілендіру технологиясы (Ш.А.Амонашвили)
Мақсаты: баланы оның жеке қасиеттерін ашу арқылы азамат етіп тәрбиелеу, жаны мен жүрегіне жылылық ұялату және баланың танымдық күшін қалыптастыру мен біліммен кеңейтуге және тереңдетуге жағдай жасау болып табылады.
Білім беруді ізгілендіру технологиясының тұжырымының ерекшелігі:
ынтымақтастық педагогикасының тұжырымдары;
бала-табиғат пен ғарыштың туындысы, сондықтан ол мықтылық, шексіздік сияқты қасиеттеріне ие;
бала психикасы дамуға, есеюге және еркіндікке құштар.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
Меңгеруге тиіс барлық білік, икемділіктер:
жазу-сөйлеу қарекеті;
математикалық пайымдау, математикалық түсіну;
әсемдікті, әлемдікті сезіну, қабылдау;
өзге тілді меңгеру;
рухани жетілу т.б әдістері;
ізгілік, жеке қарым-қатынас, қарым-қатынас шеберлігі, ата-анамен бірлесіп жұмыс істеу;
оқыту арқылы тәрбиелеу.
- Ойын арқылы оқыту технологиясы
Мақсаты: дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік.
Ойын арқылы оқыту технологиясының тұжырымының ерекшелігі:
Ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастық өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Мазмұнының ерекшелігі-білімдік, танымдық, шығармашылық, репродуктивтік. Әдістері-пәндік, сюжеттік, рөлдік, іскерлік, драмалық, еліктеушілік.
- Проблемалық оқыту технологиясы
Мақсаты: білім, білік, дағдыға ие қылу мен өз бетімен әрекетену әдістерін меңгерту және танымдық, шығармашылық икемдікті дамыту болып табылады.
Тұжырымының ерекшелігі:
білімді меңгеру ішкі себептер негізінде пайда болған басқарылмайтын үрдіс;
бала дүниені тануда адамзат жүріп өткен жолмен жүреді;
бала материалды сезім мүшелері арқылы (көріп, тыңдап) қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;
оқытуда табысқа жетудің шарттары;
оқу-материалында проблема туғызу;
баланың белсенділігі;
оқытудың бала өмірімен, ойынымен, еңбегімен байланысы.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
Белгісіз х-ке байланысты:
Х-мақсат
Х-іс-әрекет обьектісі
Х-қызмет әдісі
Х-іс-әрекетті орындау шарты.
Әдістеменің ерекшелігі: алдын-ала белгіленбеген, кенеттен;
проблемалық мазмұндау;
эвристикалық;
проблемалық демонстрация; зерттеушілік-лабороториялық жұмыс;
проблемалық жан-жақты эксперимент;
мәселені проблемалық шешу;
проблемалық ситуация (ойын түрінде)
5.Тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясы (В.Ф.Шаталов бойынша)
Мақсаты: білім, білік, дағды қалыптастыру мен жеке мәліметтеріне (әлеуметтік) қарамастан, барлық баланы оқыту және оқытуды жеделдету
Тұжырымының ерекшелігі:
үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі қиыншылық, ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану;
жеке бағдарлы қарым-қатынас;
ізгілік (барлық бала талантты);
зорлықсыз, еркімен оқыту;
әр оқушының табысының жариялылығы, түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау;
оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру.
Мазмұнының ерекшелігі:
материал ірі мөлшерде енгізіледі;
материалды блокпен топтау,
оқу материалдарын тірек-схема, тірек конспект түрінде хаттау.
Әдістерінің ерекшелігі:
- теорияны блоктау;
теориялық материалды сыныпта меңгеру;
үйде де өз бетімен жұмыс істеу;
Бірінші қайталау:
конспект (меңгергенін жан-жақты бақылау)
тірек конспектісіе ауызша баяндау
Екінші бақылау:
жалпылау және жүйелеу;
Үшінші бақылау:
өзара бірін-бірі бақылау
- практиканы блоктау
практикалық жұмыс(жаттығу)
есеп шығару
нәтиже
- Түсіндіре басқарып -оза оқыту технологиясы (Лысенкова С.Н.)
Мақсаты: білім, білік, дағдыны меңгерту, барлық баланы табысты оқыту.
Тұжырымының ерекшелігі:
Педагогикалық ынтымақтастық тұжырымдары:
табыс- баланы оқыту арқылы дамытудың басты шарты;
сыныптағы қалыпты жағдай (түсіністік, өзара көмек)
қателікті ескерту, жазғырмау;
оқу материалының бірізділігі, жүйелілігі;
саралау әр оқушыға берілетін тапсырманың қолайлығы;
бірте-бірте толық дербестікке жету;
нашар оқитын оқушыны білгір оқушы арқылы үйрету.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
- а) Болашақ білімінің алғашқы бөлігін алдын-ала енгізу.
ә) жаңа ұғым, түсінікті нақтылау, қолдану.
б) оқу әректі мен ойлау қисынының жылдамдығын дамыту.
- Бағдарламаның кейбір тақырыптарының қиыншылығын жеңу, азайту үшін оза оқыту әдісін қолданады:
қиын тақырып әр сабақ сайын азғантайдан өтіле бастайды;
сабақты пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар қатыстырылады;
1 сыныпта үйге тапсырма берілмейді. Үй тапсырмасы тек әр оқушының мүмкіндігіне қарай(әркім өзі орындай алатын жағдайда ғана) беріледі.
ережелерді құр жаттап алуға жол берілмейді.
баланы жинақылыққа баулу;
ата- анамен қарым-қатынас;
оқудағы сабақтастық
- Деңгейлік саралап оқыту технологиясы
Мақсаты: әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту, оқытуды оқушылардың әр түрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу, ыңғайлау.
Тұжырымының ерекшелігі:
Мықтылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер өзін-өзі сынап қарауға мүмкіндік алып, өзіне сенімсіздіктен арылады. Күшті топтарда оқуға деген ынта артады, білім дәрежесі деңгейлес оқу топтарында оқу жеңілдейді.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
оқу мазмұны мектептің- арнайы мектептер, гимназиялар, лицей, колледж, жеке меншік мектеп сияқты типтерінің;
гимназия, тереңдетіп оқытылатын сыныптардың;
факультатив, әр жастан біріктірілген топтар;
сынып құрамындағы топтар бағдарламалары негізінде жүзеге асады.
- Бағдарламалап оқыту технологиясы (Б.Скинер, Н.Краудер, В.П.Беспалько)
Мақсаты: ғылыми негізде түзілген бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке қасиеттерін ескере отырып оқыту.
Тұжырымының ерекшелігі: оқыту құралдарының (ЭВМ бағдарламаланған оқулық, кино-тренажер т.б.) көмегімен бағдарламаланған оқу материалдарын кадр, файл, адым сияқты оқыту кішкентай бөлігі арқылы логикалық бірізділік пен беріледі.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
- сызықтық бағдарлама;
- тармақталған бағдарлама;
- құрастырылған бағдарлама. Әдісі: блоктық және модульдық оқыту. Блоктық (ақпараттық блок, тестілік-ақпараттық, түзету-ақпараттық, проблемалық). Модульдық (блоктық оқытуды дамыту ретінде), оқушылар модульдерден құрастылылған оқу бағдарламасымен жұмыс істейді. Модульдық оқыту технологиясы уақытты реттеумен оқу материалдық мазмұнында ыңғайлатуға мүмкіндік береді.
- Оқытудың компьютерлік технологиясы
Мақсаты: ақпаратпен жұмыс істей білуді қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты «ақпараттық қоғамға» даярлау.
Тұжырымының ерекшелігі:
оқыту- бұл оқушының компьютермен қатынасы
баланың жеке қасиеттеріне қарай компьютерге бейімдеу.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
- информатика мен есептеу техникасының негізгі ұғымдарын білу;
- компьютерлік техниканың принциптерін білу.
- Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы (П.М.Эрдниев)
Мақсаты: математикалық білімнің оқушының интеллектісін дамыту мен өзін-өзі дамытуының басты шарты ретіндегі тұтастығына қол жеткізу, пәндердің бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз ететін тақырыптардың неғұрлым жетілген жүйесін жасау.
Тұжырымының ерекшелігі:
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру оқытудың төмендегі нақты жолдарын:
- өзара байланысты амал, операция т.б. біріктіре және бір мезгілде қарастыру; 2. есеп құрастыру және шығару үрдісінің бірлігін қамтамасыз ету; 3. деформацияланған жаттығулар әдісін; 4. тура есепті кері есепке және керісінше айналдыру; 5. математикалық білімінің күрделілігіне орай, жүйелі де тиянақты білім беру; 6. берілетін тапсырмаларының баланың ойлау операцияларын меңгеруін, логикасын дамытуға әсерлі болуын ұсынады.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
- бір мезгілде тура және кері амалдар мен операцияларды меңгеру;
- өзара қарама-қарсы ұғымдарды салыстыру;
- тұтас және қарама-қайшы ұғымдарды сәйкестендіру, салыстыру.
- жаттығуларды орындау, есептер шығаруда амалдардың орындалу тәртібін (жұмыс кезеңдерін) реттеу.
- Математиканы оқытудың есеп шығаруға негізделген технологиясы (Р.Г.Хазанкин)
Мақсаты: барлық оқушыны стандарт деңгейінде оқыту, балалардың математикаға қызығуын туғызу және таланттарды тәрбиелеу.
Тұжырымының ерекшелігі:
- математиканы оқыту-есеп шығаруға үйрету; есеп шығаруға үйрету-типтік бірліктерге-типтік есептерді шығаруға үйрету.
- «қиын» және «дарындылармен» жеке жұмыстану; жеке және ұжымдық іс-әрекеттің табиғи байланысы.
- ересек оқушылар мен төменгі сынып оқушыларының қарым-қатынасын орнықтыру;
- сабақ кезіндегі және сабақтан тыс мезгілдегі жұмыс түрлерін байланыстыру
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелілігі:
- есеп шығаруға «кілтін» табу, яғни:
- есептерді әр түрлі әдістермен шығару;
- бірін-бірі тексеру арқылы есептердің шығарылуының дұрыстығына көз жеткізу;
- өз бетінше есептер құрастыру; конкурс, олимпиадаларға қатысу.
- сабақ-консультация дайындалған карточкалар бойынша өткізіледі;
- есептер мазмұнына, шығарылу әдісіне, күрделілігіне қарай іріктеледі;
- әр түрлі карточкалардағы есептерге ұқсас бір есептің шығарылуы көрсетіледі.
- барлық оқушы үшін маңызды мұғалім пікірі бойынша есеп алынады;
- есеп-сабақ
- сыныптан тыс жұмыс математикалық сайыс, математикалық олимпиада; КВН;
- математикалық кеш.
- Өздігінен даму технологиясы (М.Монтессори)
Мақсаты: жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу мен бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі.
Тұжырымының ерекшелігі:
- оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи (жасанды емес) бала өзін-өзі дамытады.
- Монтессори педагогикасының ұраны баланың мұғалімге «мынаны менің өзімнің жасауыма көмектесіп жібер» деуіне жету;
- баланың туғанынан азамат болғанға дейінгі барлық өмірі-оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады.
- жеке және әлеуметтік дамудың бірлігі;
- сезімде жоқ нәрсе ақыл да болмайды.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
- ортаның тәрбиелік рөлі;
- Монтессори материал- баланың өздігінен дамуы мүмкіншілігінің пайда болуына әсер ететін, педагогикалық дайындық ортасының бөлігі.
- Монтессори- материал дүниені танып қабылдаудың психологиялық қаруы, құралы.
- оқытудың бірыңғай бағдарламасы болмайды, әркім табиғат берген даму жолымен жүреді;
- мектепте сабақ болмайды, әр күн жалпы жиыннан басталады;
- жиыннан кейін әркім өз еркімен қалаған жұмысымен айналысады, біреу математика, келесі бәрі әріптер жазумен, т.б. нәтиже талданады.
- баға болмайды, бірақ әр бала өз еңбегіне орай үлкендердің не басқа бала тарапынан бағаланады. Ең бастысы оқушы өзін-өзі бағалайды.
- Дамыта оқыту технологиясы (Л.С.Выготский, Л.В.Занков, В.В.Давыдов)
Мақсаты: бала бойына еркіндік, мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік, еңбексүйгіштік, белсенділік т.б. қасиеттер дамыту. Дамыта оқытудың басты мақсаты: баланы оқыта отырып, жалпы дамыту.
Тұжырымының ерекшелігі:
Оқыту дамытудың алдында жүруі керек; дидактикалық құралдардың дамуға әсері зор.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
- Дамыта оқыту жеке тұлғаның барлық сапаларын тұтас сәйкестікте дамытуға бағытталған; Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгертуші субьект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған лайықты жағдайлар жасалады.
- Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі.
Мақсаты: жеке адамның жоғары дәрежеде дамуы мен жан-жақты гармониялық даму үшін жағдай жасау.
Тұжырымының ерекшелігі:
Дамудың тиімділігі үшін:
- кешенді даму жүйесі негізінде мақсатты даму;
- мазмұнның жүйелілігі мен тұтастығы;
- теориялық білімнің жетекші ролі, жоғары қиындық деңгейінде оқыту, материалды меңгеруде жедел ілгерілеу;
- оқу үрдісін баланың сезінуі;
- оқыту үрдісінің әртүрлілігі, жекелеп оқыту;
- барлық баланың дамуы жолындағы жұмыстар.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
Бастауыш сатыдағы оқыту мазмұны жан-жақтылығымен ерекшелінеді: 1-сыныпта-дүнтетану, 2-сыныпта-география, 3-сыныпта-тарихтан әңгімелер енгізіліп, бейнелеу өнерінен музыкадан, әдеби кітаптар оқуға үйрету; әдептік әліппесі, әсемдік жайлы, еңбек жайлы мағлұматтар беріледі. Танымдық қызығушылыққа негізделген-дидактикалық ойындар, пікірталас, ойды, қиялды ұштайтын есте сақтауға үйрететін әртүрлі әдістер қолданады.
- В.М.Монаховтың технологиясы
Мақсаты: 1. оқытудың тұтас технологиясын жобалау; алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу; мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және құру; 2. оқушылармен жүргізілетін қиындықтың алдын алу жәнетүзету жұмысының жүйесін жасау, жалпы педагогикалық біліктіліктің технологиялық сенімді даму динамикасын жасау; жобаланған технологияны іске асыратын жаңа тәсіл қалыптастыру.
Тұжырымының ерекшелігі:
Технология мұғалімнің бүкіл оқу жылында пайдаланатын әдістемелерді жоспарлауына көмектеседі. Технология жобасындағы негізгі обьект-оқу тақырыптары-дидактикалық модуль. әр пакеттің өзінше қамтитын нақты мәселелері болады.
Мазмұны мен әдістерінің ерекшелігі:
Әдістемелік технология (В.М.Монахов бойынша) оқу үрдісінің методикалық мазмұнын басқару технолдогиясы, оқу үрдісін неғұрлым мақсатты жобалап құру жүйесі. Бұл технология мынадай кезеңдер арқылы жүзеге асады: 1-кезең. «Оқытудың жаңа технологиясының теориялық негіздемесі» пакетін түзу. 2-кезең. «Берілген дидактикалық модуль шеңберіндегі технологиялық жұмыстар» пакетін түзу. 3-кезең. «Берілген дидактикалық модульды жүзеге асырудағы мұғалімнің әдістемелік құралдары.» пакетін түзу. 4-кезең. «Берілген дидактикалық модульды жүзеге асыруда технологиялық ойлардың жүзеге асуының нәтижесін өлшейтін өлшемдер (критерий) мен әдістер» пакетін түзу. 5-кезең. «Оқытудың жаңа технологиясын меңгеру мәдениеті» пакетін түзу.
Модульдік оқыту технологиясы (М.М.Жанпейісова)
Модуль дегеніміз-міндетті түрде оқушының білімі мен біліктерін тексеру элементі бар оқу материалының логикалық аяқталған бөлімі. Модульды құрастырудың негізіне пәннің жұмыс бағдарламасы алынады. Ол көбінесе пәннің тақырыптарына немесе өзара байланысты тақырыптар блогына сәйкес келеді. Бірақ, тақырыптан айырмашылығы-модульде: тапсырма, жұмыс, оқушылардың сабаққа қатысуы, оқушылардың старттық, аралық және қорытынды білім деңгейі-бәрі өлшеніп, бағаланып отырады.
Оқу модулі қайта жаңғыртушы оқу циклы ретінде үш құрамды бөліктен тұрады: кіріспе, сөйлесу және қорытынды.
Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Бұдан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (1-12 минут ішінде)сызба, кесте, т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.
Тақырып мазмұнына (тұтас тақырып немесе тарау бойынша) «өсу» бағытымен-қарапайымнан күрделіге, репродуктивтік тапсырмалардан шығармашылық сипаттағы тапсырмаларға, зерттеушілік қызмет элементтеріне қарай бірнеше рет қайта оралып отыру әр оқушыға оқу материалымен жұмыс істей отырып, өз қабілеттерін, жадын, ынтасын, ойлауын, ауызша және жазбаша тілін дамытуға мүмкіндік береді.Сөйлесу(әңгімелесу) бөлімінде танымдық процесс негізінен, сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы белсенді әрекет етуіне сәйкестендіріп құрылады. Оқытуды ойын түрінде ұйымдастыру және әр түрлі сабақ формаларын (топтық, топтық-жеке және жұппен жұмыс, диспуттар, пікірталастар т.б) қолдану-оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде алғашында оқу материалын қайта жаңғырту және қарапайым білік пен дағдыларды қалыптастыру мақсатында, кейіннен-алынған білімді талдау, бекіту және бағалау мақсатында оқытудың белсенді формалары қолданылады. 3,4-ші сабақтардан бастап оқушыларға стандарт талаптарына сай сараланған тапсырмалар беріледі.
ІІІ-ші деңгей-білім стандарттарының талаптарына сай қарапайым білім мен түсініктер деңгейіндегі тапсырмалар («жеңілдетілген» стандарт), ІІ-ші деңгей-стандарт талаптарына сай алған білімдерін талдау және қолдану деңгейіндегі тапсырмалар («стандартты»), І-ші деңгей тапсырмалары дарындылықтың екі түріне-интеллектуалды және креативті дарынды балаларға арналған шығармашылық пен ізденушілік сипаттағы тапсырмалар («стандарттан жоғары»).
Оқушылар кез-келген деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан күрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындай алу шамасына қарай таңдауға ерікті. Жеңілдетілген деңгей тапсырмаларын орындау білім деңгейі төмен оқушыға кейіннен жоғарырақ деңгей тапсырмаларына көшуге мүмкіндік береді. Тапсырмаларын оқу модулінің орта кезеңінен-ақ орындап болған оқушылар, қалауы бойынша, мұғалімге көмекші бола алады. Олар-кеңесшілер, жүргізушілер, т.б. ролдерді атқара алады.
Сөйлесу бөлімі сабақтарының ұйымдастырылу формасы бойынша әр оқушы өзінің қалай және немен шұғылдануы тиіс, сабақ барысында не істеуі керек екенін біледі, өйткені мұғалім балаларды сабақтың ережелерімен немесе оның құрылысымен және жүру барысымен алдын ала таныстырады.
Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдысын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.
Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант оқу пәнінің ерекшелігіне орай қолданып, оқу модулінің осы бөлімінде беріледі.
Модуль оқушыда өз бетімен еңбектену, оқу-танымдық процесті басқара алу икемділігінің дамуын қамтамасыз етеді. Сонымен, жоғарыда аталғандарды жүйелей отырып, модульдік оқыту технологиясы құрылымының нұсқасы мынадай:
- Балаларды оқу мақсаттарымен таныстыру.
- Сыныпты мазмұны жақын тақырыптар тобы немесе тарау бойынша жасалған жалпы модульмен таныстыру.
- Мұғалімнің оқу материалын қысқаша баяндауы (белгілер жүйесі-сызбалар, кестелер, т.б. негізінде)
- Өзара сөйлесу негізінде оқушылардың танымдық қызметін ұйымдастыру және әрбір оқушының қызмет нәтижесіе әр сабақтабағалап отыру.
- Жалпы тақырыпқа, тарауға («өсу» бағытымен) 4-7 рет қайта оралу негізінде оқу материалын оқып-үйрену.
- Тұтас тақырып бойынша тесілеу.
- Тақырып бойынша қалыпты сынақ (өзіндік жұмыс, бақылау жұмысы, т.б.).
Деңгейлеп оқыту технологиясы (Ж.Қараев)
Деңгейлеп оқыту технологисының мақсаты-әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгеруін қамтамасыз ету. Педагогика ғылымының докторы, Ж.Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Деңгейлік оқытудың ерекшелігі-оқушылардың сабақ барысында бірнеше деңгейде жұмыс жасай алатындығында. Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар-өтілген ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған
Тілдік, грамматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар құрамында мәтіндер, сөзжұмбақ, қызықты грамматика, тестік сұрақтар, іскерлік ойындар мен тренингтер жүйесі қамтылады. Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі. Оқушының алған білімін жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға алынады. Қорытындысында деңгейлік тапсырмалар арқылы жұмыс жасаудың тиімділігі байқалады. Оқушының белсенділігі мен іскерлігі артып, шығармашылыққа ұмтылады. Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді.
Бірінші деңгей тапсырмаларды білімнің минималдық шегі, мемлекеттік стандарт талабына сәйкес бағдарлама мөлшерінен аспайтын, оқушының жас ерекшеліктеріне сай болады. Жеңіл ережелер мен грамматикалық, лексикалық тапсырмалар орындайды. Мәтінмен жұмыс жасайды.
Екінші деңгей тапсырмалары түрленіп, күрделене түседі, сынып бағдарламасына сай лингвистиканың барлық түрлерімен жұмыс істейді. Оқушы өз бетімен керегінше қызмет етеді. Оқу мотивтері қанағаттанарлық дәрежеде. Ықыласы жоғары. Оқушының сөйлеуі, хабарды түсінуі, қабылдауы, жазба жұмыстарын орындау көрсеткіштері міндетті деңгейден әлдеқайда жоғары.
Үшінші деңгей оқушылардың шығармашылыққа деген мотивтердің айқын көрінуімен логикалық ойлау дәрежесінің жоғары болуымен, өз жеке басының белсенділігімен, ісіне талдау жасай білуімен, білімді жаңа жағдайға пайдалануымен сипатталады. Талдау, жинақтау, салыстыру жұмыстарын жүргізеді. Танымдық-іздену (эвристикалық) түрдегі жұмыстарды ізденіп өз бетімен орындайды.
Төртінші деңгей дарынды, ізденімпаз, қабілеті жоғары, талапты балаларға арналады. Оқушыларға мұғалім тек тақырыбын ғана береді, оқушының өзі мақсатын қояды, әдістерін іздейді, нәтижесіне жетеді. Жазба жұмыстарын орындайды.
Деңгейлеп оқыту-оқылатын ақпараттың азаюы арқылы емес, оқушыларға қойылатын талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады.
Деңгейлеп оқытудың ерекшеліктері
- Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін барынша пайдалана отырып білім алуына жағдай жасап, мүмкіндік береді.
- Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға бірдей зейін аударып, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
- Деңгейлеп –саралап оқыту құрылымында білімді игерудің негізгі үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (минималды базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей.
Базалық деңгей-мемлекеттік стандарт бойынша анықталған ең төменгі шек. Сондықтан оны әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Бұл деңгей оқушыға өзінің қызығушылығы мен қабілетін ескере отырып, уақыты мен күшін дұрыс пайдалануына мүмкіндік береді.
- Оқушының жеке тәжірибесіне негізделген оқыту технологиясы тиімді де нәтижелі болу үшін:
жеке тұлға ерекшеліктеріне;
психикалық даму ерекшеліктеріне (есте сақтау, қабілетінің ерекшелігіне, ойлау, қабылдау, зейін ерекшелігіне, өзінің эмоциясын басқара білуне);
пән бойынша білімді игеру деңгейіне, оқушының білімімен іс-әрекет тәсіліне назар аударып, көңіл бөлу керек.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы (Ф.Я.Вассерман)
Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Стил, Куртис С Мередит, Чарльз Темпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады.
Мақсаты-барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету.
«Сын тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұста зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.
Сын тұрғысынан ойлау-сынау емес, шыңдалған ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмыстың дұрыс ұйымдастырылған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен тұрады.
1.Қызығушылықты ояту кезеңі-үйрену процесі бұрынғы білетін жаңа білімді ұйымдастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да Сабақ қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Осы арқылы ойды қозғау, ояту, ми қыртысына тітіркендіргіш арқылы (ойды қозғау) әсер ету жүзегег асырады. Қызығушылықты ояту кезеңінің мақсаты-үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені үйрену енжарлықтан көрі белсенділіктен талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды, яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте ойлауға қадам басуға бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат оны байырғы біліммен ұштастырады.
- Мағынаны тану кезеңі(түсіне білу)-бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауға көмектесетін оқыту стратегиялары бар.
- Ой толғаныс кезеңі-күнделікті оқыту процесінде оқушының толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарау, баға беру, назардан тыс қалып жасатады. Одан көрі, үйге тапсырма беру, оны түсіндіру, баға қою сияқты шараларға уақыт жіберіп алады. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасында бұл сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Дәл осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда, қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді, яғни нағыз білім шыңына көтеріледі, үлкен әлемге енеді. Сол білім арқылы өзінің өзгергенін сезінеді, өзгеше сенім, тәрбиелік, даналыққа бастау алады. Толғануды тиімді етуге лайықталған «Бес жолды өлең», «Венн диаграмасы», «Еркін жазу», «Семантикалық карта» сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады, олар оқушылардың бір-бірімен ой алмастыруын түйістіруін қамтамасыз етеді. Әр оқушы өз шығармашылығын көрсете алады.
Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасындағы мұғалімнің ролі ол үйрену процесінде оқушыларға серік болып бірге жұмыс жасап, оларға сеніммен қарап өз ойын, ақылын көрсете сөйлеуге қолдау көрсетіп отырады. Бүкіл қайнаған істің ортасында білім (Үйрену) ісін ұйымдастырушы деуге болады.
Жобалап оқыту технологиясы
Бұл жүйені негізіне Дьюи, Торндайк, Лай сынды американдық ғалымдардың идеялары алынған.
Негізгі идеялар:
бала өзі таңдаған іс-әрекетті жоғарғы қызығушылықпен орындайды;
іс-әрекет тек оқу пәнінің саласында ғана құрылмайды;
балада қызығушылықтың пайда болған сәтін қалт жібермеу, соған үйрену;
шынайы оқыту ешқашанда біржақты болмайды, қосымша берілетін мәліметтер де өте маңызды.
Жобалап оқыту жүйесін қалаушылардың негізгі ұраны: «Барлығы өмірден барлығы өмір үшін». Сондықтан олар танымдық процестер жүретін қоршаған ортаны бастапқы зертхана ретінде қарастырады.
Қазіргі кезеңде жобалап оқытудың негізі қаланғандығы туралы айтуға болады.
Н.Г.Чернилова жобалап оқытуға «Базалық технологиялық білімді меңгеру үшін кешенді оқу жобаларын ақпараттық үзілістермен кезектестіріп орындауға негізделген дамыта оқыту»,-деп анықтама берді.
Жобалап оқыту мақсаты:
- Жеткіліксіз білімді әр түрлі ақпарат көздерінен оқушылардың өз бетінше және ықыласпен оқып үйренуіне;
- Танымдық және практикалық міндеттерді шешуге алған білімді пайдалануына;
- Әр түрлі топтарда жұмыс істей отырып коммуникативтік біліктерді игеруге;
- Зерттеу біліктерін проблеманы анықтау, ақпарат жинау, бақылау, тәжірибе жүргізу, талдау, жорамал жасау, қорытындылау дамытуға;
- Жүйелі ойлауды дамытуға жағдай жасау болып табылады.
Жобалап оқытудың бастапқы теориялық ұстанымдары:
Басты назар-оқушыда, оның шығармашылық қабілетінің дамуына ықпал ету.
Оқыту процесі оқу пәнінің логикасына сай емес, оқушы үшін жеке мәні бар іс-әрекет логикасына сай құрылады, бұл оның оқуға деген ынтасын арттырады.
Жоба жасаудағы жеке жұмыс қарқыны әр оқушының өз даму деңгейіне шығуын қамтамасыз етеді.
Оқу жобасын кешенді жасау оқушының негізгі физиологиялық және психологиялық қызметтерінің тепе-тең дамуына септігін тигізеді.
Базалық білімінің терең де саналы меңгерілуі оның әр түрлі жағдайларында әмбебап қолданылуы есебінен қамтамасыз етіледі.
Оқу жобасын жасау процесінде оқушының нақты жағдайларды бастан өткізуі процестердің, құбылыстардың мәніне терең бойлауы, жаңа нысандарды жобалауы-технологияның негізгі мәні.
Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы барысында орта білім берудің жүйелі реформалануы қоғамдық тұрғыдан үлкен маңызға ие. Білім беруді реформалауды жүзеге асырудың және бір маңызды сипаты қазіргі уақыттағы оқыту үрдісін технологияландырудың қажеттігінен туып отыр. Осыған орай, соңғы кезде оқытудың әр түрлі педагогикалық технологиялары жасалып, мектеп өміріне енгізіліп жатыр. Олар мыналар: Лысенкованың алдын ала оқыту, Хазанкиннің есептер шығару, Шаталовтың интенсивті оқыту (тірек сигналдарын пайдалануарқылы), Эрдниевтің ірі блоктан оқыту, мәселелік оқыту, оқытудың белсенді әдісі, т.б.
Ал соңғы жылдары оқытудың модульдік технологиясы мен В.М.Монаховтың, Дьяченконың оқытудың ұжымдық тәсілі, сондай-ақ, профессор Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен дифференциялау және білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру ұстанымдарына негізделген жаңа педагогикалық компьютерлік технологиясы еліміздің көптеген мектептерінде қолданылып жүр.
Мектептерде жүргізіліп жатқан қазіргі тәжірибелік-сынақ жұмыстардың басты міндеті жаңаша оқытудың педагогикалық технологиясын оқыту үрдісіне енгізу болып табылады. Мәселен, Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдовтың бірлесе жасаған «Дамыта оқыту жүйесі» бір-бірімен тығыз байланысты.
ттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология қолданылып жүргендігі мәлім. Қазақстаңда Ж.А.Қараевтың, Ә.Жүнісбектің және т.б. ғалымдардың оқыту технологиялары белсенді түрде қолданылуда.
Жаңа ғасырдың білікті, білімді, ақыл-ойы дамыған азаматын даярлау-бүгінгі күннің талабы. Мемлекетіміздің білім беру жүйесіне ерекше назар аударып отыруы оқыту мазмұнына жаңа бағыт әкелді. Білім беру үрдісінде қолданыс тапқан педагогикалық технологиялар жаңаша сипат алды. Жаңашыл педагог ғалымдар: Ш.А.Амонашвили білім беруді ізгілендіру технологиясында баланың жаны мен жүрегіне жылылық ұялату, танымдық күшін қалыптастыру, дамыту, білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасау мақсатын көздейді. В.Ф.Шаталовтың белгі және сызба үлгілері негізінде қарқынды оқыту технологиясының ерекшелігі: материалдар ірілендіріліп, блоктық түрде тірек сызбалары арқылы беріледі. С.Н.Лысенкованың тірек сигналдарын пайдалана отырып, қарқынды жеделдете оқыту технологиясында оқу материалдарының мазмұнының жүйелілігін сақтау, саралау, тапсырманың әр оқушыға жеткізілуі талап етіледі.
Белгілі ғалым А.Маслоу тұлғаның: қиындыққа дайын болу, қарым-қатынас, таным, сыйластық, қауіпсіздік, шығармашылық, өзін-өзі өзектендірілуі, өзін-өзі бекіту т.б. қажеттілік жүзеге асса, тұлғаның танымдық құрылымының дамитынын, қызығушылығының қалыптасатындығын ескертеді. Егер осы қажеттілік қанағаттандырылса, тұлғаның қызығушылығы оянып, белсенділігі артатыны белгілі. Танымдық үрдісті дамытуда жүйелі білім берудің маңызы зор. Бұл тұрғыда п.ғ.к. Жанпейісова Марал Мәденқызының модульдік оқыту технологиясын оқу үрдісінде енгізудің тиімділігін тәжірибе көрсетіп отыр. В.Ф.Шаталов технологиясында материалдар ірілендіріп, блоктық түрде берілуі модульдік оқыту технологиясына құрылымы мен мазмұны жағынан жақындау. Сонымен қатар соңғы жылдары кеңінен таралып, педагогтар қауымының қолдауын тапқан технологиялардың бірі – Ж.А.Қараевтың «Оқытудың үшөлшемді әдістемелік жүйесі» педагогикалық технологиясы. Аталған технология ең алдымен оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды орындату арқылы олардың өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін, белсенділігі мен іскерлігін арттырады, өз білімін бағалауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұғалімдердің де кәсіби шеберліктерін жетілдіріп, оларды ғылыми ізденіске және шығармашылыққа жетелейді.
ІІ-тарау.
2.1. Білім беру саласындағы инновациялық технологиялар.
Қоғам ілгері дамыған сайын сол қоғамдағы құрып жатқан, оны ілгері дамытатын адамдарға білім, тәрбие беру, олардың интеллектуалдық дәрежесін арттыру мәселелері барған сайын ерекше маңызға ие болатыны белгілі. Ондаған жылдар бойы тоталитарлық жүйе мен коммунистік идеологияның қыспағында болған Кеңес елін былай қойғанда, дүние жүзінің бірқатар елдері соңғы ширек ғасырда өз елдерінде орта білім жүйесін жетілдіру, жаңарту бағытында біраз шараларды жүзеге асырды, заңдар, реформалар қабылдады. Мұндай игілікті іс-шаралар АҚШ, Франция, Греция, Финляндия, Бельгия, Болгария, Венгрия, Дания, Индонезия т.б. елдерде жасалды. Мәселен, Англияда соңғы мектеп реформасы өткен ғасырдың 90 жылдарының орта кезінде қабылданған. Ол бойынша мектеп құрылымы алты жылдық бастауыш, бес жылдық орта сатыдан тұрады. Ал, АҚШ-та орта мектеп құрылымы алты не сегіз жылдық бастауыш және төрт не алты жылдық кіші орта мектептен құралады.
Бірақ та осыларға сәйкес бұл елдерде білімнің мазмұны мен көлемі, оқытудың формалары мен әдіс, тәсілдері де өзгеріске ұшырады. Кеңес елінде 1986 жылы мектеп реформасы қабылданғаны белгілі. Ол реформа мектептің құрылымы мен мазмұнына да, оқыту формалары мен әдістеріне де елеулі өзгерістер жасай алмады. Ондай түбірлі өзгерістердің болмайтыны да белгілі еді. Өйткені кеңестік орта мектепте білім берудің мақсаты мен міндеттері коммунистік идеологияның солақай талаптарына сай өзгеріссіз қала береді. Кеңестік партия мен Кеңес үкіметі өткен ғасырдың 50 жылдарының соңынан бастап мектептің оқу-тәрбие жұмысын жақсартуға бағытталған заңдар, қаулы-қарарлар қабылданғанымен ондағы білім, тәрбие беру төменгі дәрежеде өзгеріссіз қалды. Бұл жағдайда 60 жылдардан бастап-ақ айқын байқалды. Оқыту үрдісін жақсартуға тырысқан жаңашыл мұғалімдер мен жеке педагог-ғалымдардың ұсыныстары ескерілмеді. Ал, ресми орындар – КСРО Оқу министірлігі мен КСРО Педагогикалық ғылымдар академиясының орта білім беру жүйесіндегі елеулі кемшіліктерді көргенмен, бұл жүйеде түбірлі өзгеріс жасау қажеттілігін күн тәртібіне қоюға батылы жетпеді. Тек, 80 жылдардың екінші жартысынан Кеңес елінде басталған жариялылық пен демократияландыру халыққа білім беру, әсіресе орта білім саласында орын алған кемшіліктердің бетін ашуға, оларды болдырмаудың жолын қарастыруға түрткі болды. (26)
Кеңес елінің ең беделді газеті, “Комунистік партияның Орталық Комитетінің органы “Правда” газетіндегі 1988 жылғы 28 шілдедегі Н.Анисин мен О.Матятиннің “Расписание по способностям” деген мақаласында білім беру саласындағы кемшіліктер нақты көрсетіліп, осы саладағы тоқыраудың бірқатар себептері ашылған. Бұл жүйеде жалғандық, формализм, авторитарлық педагогика үстемдік етіп келеді, — дейді. 80 жылдардың аяғына таман Кеңес елі мұғалімдерінің Одақтық съезі өтіп, онда орта мектептерде білім берудің маңызды мәселелері қаралып, оқытуды жақсартуға бағытталған нақты шаралар белгіленді.
80 жылдардың аяғынан 90 жылдардың басынан бастап біздің Республикамызда да орта мектептегі оқу-тәрбие жұмысын қайта құруға, қайткенде оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруге, әсіресе олардың ойлау, таным қазметін дамыта отырып, өздігінше іс-әрекет жасау қабілетін қалыптастыруға бағытталған жаңалықтар, өзгерістер байқала бастады.
Осы салада еңбек етіп жүрген бірқатар ғалымдардың: М.В.Клариннің, Г.М.Құсайыновтың, В.П.Беспальконың, Ж.Қараевтың т.б. еңбектеріне сүйенсек мектеп жағдайындағы педагогикалық технология дегеніміз — өнер, шеберлік, іскерлік, білімді меңгертудің жаңаша жолы (оқытудың ұйымдастырудың жаңаша формалары, әдіс-тәсілдері), оқыту үрдісін ұйымдастырудың, өткізудің жан-жақты ойластырылған педагогикалық қызметтің моделі; оқытуда мақсатты нәтижеге жетудің кепілдік беретін жазбаша үлгі-жоспары, оқыту үрдісінде адамның іс-әрекеті мен техниканың мүмкіндіктерінің барынша тиімді пайдалану т.б.
Айтылған ғылыми ұсыныстар мен тұжырымдарды басшылыққа алған республика мектептерінің мұғалімдері педагогикалық технологияның белгілі бір бағыттарын жүйелі түрде қолдана отырып жақсы нәтижеге жеткен. (27)
Жаңа технологияның жаңа мақсаты бойынша «оқытуды ізгілендіру» қажет деп отырмыз ғой. Ол — оқыту құралдарына деген көзқарасты да өзгертуді талап етеді. Бұл өзгерістер бойынша оқу құралдары оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай құралдар болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар талапты канағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар қажет.(20)
Оқытудың басты мақсаты өздігімен білім алып дами алатын жеке тұлғаны калыптастыру. Технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория — Л.С. Выготскийдің «оқыту процесінде оқытушының ақыл-ойының дамуы «актуальды даму» аймағынан «жақын арадағы даму аймағына ауысу» туралы теориясы. Ресей ғылымы В.П. Беспалько бұл деңгейлерді: бірінші деңгей — «міндетті, оқушылық», екінші -алгоритмдік, үшінші — эвристикалық және төртінші — шығармашылық деңгейлердегі қабылдау деп атайды.
2.1. Оңтүстік Қазақстан облысы мектептері тәжірибесінде қолданылатын жаңа педагогикалық технологиялар
Қызылорда қаласындағы облыстық гимназияның тарихшысы Н.Д.Мусаеваның тәжірибесі де назар аударарлық. Оның іс-тәжірибесінің ерекшелігі модульдік әдіспен оқыту, бірлескен топпен жұмыс істеу, ролдерге бөлініп ойын жүргізу, жекелеп, жұппен және топпен оқыту түрлері, сондай-ақ жобалдар талдау әдістері. Тәжірибеде байқағанымыздай егер дұрыс қолдана білсе бұл әдістер
тек оқушылардың пәнге деген қызығушылығын тудырып қана қоймайды, сонымен қатар, білім мазмұнын терең меңгеруді, өз ойларын ашық ортаға сала алатын азматтық дағдыларды, еркіндікті, өз-өздерінің қаншалықты сол пәнді меңгергендігіне есаеп беруді күнделікті сабақтан себепсіз қалмауды қамтамасыз етеді – дейді мұғалім.
Павлодар қаласындағы N42 М.Әуезов атындағы мектептің мұғалімі Г.Г.Искакова қазақстан тарихын оқытуда жаңа педагогикалық техзнологияларды тиімді қолданып жақсы нәтижеге жеткен. Алдыңғы қатарлы ұстаздардың бірі. Ол өзі қол жеткізген нәтижелерге төмендегі кешенді әрі үнемі қолдануым себеп болды дейді. Олар:
- өтілетін оқу материалын мұқият оқып зерттеп, іріктеу, проблемаларды анықтап оқу міндеттерін тұжырымдап, оларды шешудің ең оңтайлы тәсілдерін қарастыру;
- мұғалім оқушылды білім алуға “сұйремейді”, оларға бағыт береді, сеніммен қарайды, көмектеседі, үйретеді;
- таңдалға оқыту формасы мен әдістері оқушылардың таным белсенділігін арттыратындай болуы керек;
- оқушылардың жеке ерекшеліктерін үнемі ескеріп отыру саралап оқытуды қолдану;
- білімнің, біліктің қалыптасу дәрежесін үнемі бақылап әділ бағалап отыру;
- сабақ кезінде оқушылармен де, оқушылардың өз араларында да ізгілікті, өркениетті, демократиялық қатынасты қалыптастыру;
- мұғалім тарихи ойлаудың өзі жасаған қорытындылар мен берген бағалардың дәлеледігінің үлгісін көрсетуі, ұстамдылықтың,
шыдамдылықтың үлгісі болуы, басқаша көзқарастарға құрметпен қарауы тиіс;
- қазіргі уақытта таным үлгісіндегі оқушылардың орны мен ролі өзгерді, олардың жеке жауапкершілігіне қойылатын талап едәуір өсті т.б..
Шымкент қаласындағы N23 мектеп-лицейдің мұғалімі О.В.Воронянская бірнеше жыл бойы Қазақстан тарихын оқытуда білім мазмұнына жүйелеу тәсілін жоспарлы, үнемі қолдану арқылы жақсы нәтижеге жеткен.
Осындай жаңа педагогикалық технологияларды тиімді пайдаланушылар қатарына Астана қаласындағы N4 мектеп-гимназия мұғалімі с.Ж.Дүйсеновты, Қызылорда қаласындағы N5 орта мектеп мұғалімі Д.Саханованы, Алматы қаласы мектептерінің тарихшы мұғалімдері Л.С.Моркованы (N10), Г.С:Асанбекованы (N159), Г.Жусанбаеваны (N145), Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Ломоносов атындағы мектеп мұғалімі Ж.М.Пауединованы, Өскемен қаласындағы N34 лицей мектеп мұғалімі Н.Б.Шаронованы т.б. қосуға болады.
О.В.Воронянская өзінің осы тақырыпқа арналған мақаласында “ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстан мәдениеті” деген бес сағатқа арналған тақырыптың мазмұнын жүйелілік-құрылымдық ұстанымды қолдана отырып, қалайша қайта құрғанына және оған оқушылардың белсене қатысқанына нақты мысалдар келтіреді.
Оқу материалын осылайша жүйелілік тұрғысынан құрылымдау тәсілмен оқыту білім мазмұнына жаңаша қарауды, мұғалімнің де, оқушының да шығармашылықпен жұмыс істеуіне әсер етіп, оқушыларды жүйелі ойлау білігін қалыптастыратынын көрсетті. Осы тәсілмен бірнеше сабақ өткеннен кейін-ақ оқушылардың ақыл-ой дамуындағы өзгерістер байқалады. Олар өз ойын еркін айтуға, тарихи оқиғаларға түрліше баға беруге, алған білімдерін өмір шындығымен байланыстыруға, оқиғалар арасындағы байланыстарды ашуға, олардың бастыларын айрырып көрсетуге, алған ақпаратты әр қырынан қарастыруға ынта білдіре бастайды – дейді ол. (28)
Қазақстан тарихын оқытуда жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолданып проблемаларын анықтап, оқу міндеттерін тұжырымдап, оларды шешудің ең оңтайлы тәсілдерін қарастыру керек.
Тарих пәнін оқытудың ақпараттық технологиямен жабдықтауда компьютердің мүмкіндігі көбірек. Оның өзі де күрделі жұмыс, өйткені көп әрі білікті мамандарды қажет етеді, оның үстіне мектептердегі компьютердің бәрі бірдей қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұрған жоқ. 2001 жылдың аяғына қарай “Иллюстрацияланған Қазақстан тарихы” (ежелгі дәуірден ХVІІІ ғасырға дейін) электронды
оқулығы қазақ, орыс тілдерінде дайындалды. Бұл үлкен істің басы ғана. Біздің тарихшы мұғалімдеріміз тарих пәнін оқытуда болатын осы жаңалықтарға біртіндеп өздерін дайындай бергені дұрыс.
Әр заманның өз мінезі, өз талабы бар. Қазіргі болашаққа ұмтылған қадамды – білім экономикасына ұмтылған қадам деуге болады. Бүгінгі дамудың жалғыз жолы – инновациялық жол. Ол – Қазақстанның әлемдік бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіру жолы деген сөз. Бұл дегеніміз – Қазақстан экономикасының ғылыми білімге, инновациялық технологияларға, жоғары білікті өндіргіш күшке негізделуі тиіс дегендік. Атап айтқанда, табиғи ресурстарды жаңаша игеруге, оларды мүмкіндігінше қосымша құн жасауға, жаңа жұмыс оырндарын ашуға, ғылыми ауқымды технологияларды барынша аз енгізуге негізделген, тұлғаның шығармашылық қабілеттілігі мен белсенділігін қажет ететін шикізаттық экономикадан “өңдеуші және өндіруші” экономикаға өту деген сөз.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, “технологиялар индексі” деп аталатын бәсекеге қабілеттілік индексінің бір бөлшегі, әрине, қоғамның инновациялық даму деңгейін, технологиялар трансфертін, ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың дамуын, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге салынатын инвестициялар көлемін және де осы саладағы “Шикізаттық” экономиканың халық тұрмысының “жоқтан бар” ғана болуының факторы екеніне, сонымен қатар ұлттық санаткерлік және адамгершілік әлеуетінің дамуына да кедергі келтіретініне қарсылық білдіру қиын. Демек, мұндай экономика тұтас қоғамдық менталитетке де кері әсерін тигізеді.
Қазақстанның болашағы, әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елінің қатарына кіруі, оның экономикасының инновациялық даму жолына сапалы көшуіне тікелей байланысты. (29) Осыған орай біздің тәуелсіз, жас мемлекетіміздің басты даму бағыттарының бірі – қазіргі білім мен ғылымды барынша дамыту болып табылады.
Біздіңше, ұлттың инновациялық менталитетін қалыптастырудан, яғни мектепке дейінгі мекемелердегі, мектептердегі жоғары оқу орындарындағы білім беру ісінен бастау керек. Әрі-беріден соң бұл Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі жүзеге асар реформалардың стратегиялық мақсаты болуы тиіс.
Сонымен қатар ғылыми-техникалық ілгерілеу мынаны талап етіп отыр: мемлекеттердің, адами-ресурстардың ғылыми-техникалық әлеуетін ғылым
дамуының басым бағытарына жұмылдыруды тездету, ғылым нәтижелерін осы заманғы өндірісте тиімді пайдалану. Ғылыми-технологиялық жаһанданудың негізгі бағыттары – мемлекетаралық ақпаратық алмасуды қамтамасыз ететін технологияларды иегру; технологиялық және әлеуметтік инновацияларды интеграциялайтын жаһандық метатехнологияларды жасап шығару; санаткерлік ресурстардың халықаралық мобилділігін жеделдету; әлемдік ғылыми-технологиялық дамуда ішінара халықаралық реттеу тетіктерін қалыптастыру; әртүрлі мемлекеттердің санаткерлік ресурстарын жинақтайтын интернет-технологиялар мен компанияларды дамыту; әлемдік деңгейде ғылыми-технологиялық кешенді реттеу барысында трансұлттық корпорациялар мен мемлекеттік құрылымдардың өзара әрекеттесуін жүзеге асыру болып табылады.
Жапонияның “Сони” фирмасының президенті Акио Мората ұлттық инновациялық жүйе мен қоғамның ұлттық инновациялық қабілетін, ұлттық инновациялық менталитетін қалыптастырудың маңызына тоқтала келіп былай дейді: “Жапонияның экономикалық қуаттылығының арту себебі, шетелдің маңызды зерттеу нәтижелерін сатып алып отырғанында емес. Оған Жапония үлкен нәтижелерге негізделген өнімді шығару жолын табу арқылы жетіп отыр. Америкада технологияларға деген тапшылық жоқ. Алайда, онда осы технологияларды коммерциялық тұрғыда қолдануға бағытталған шығармашылық белсенділіктің төмендігі байқалады. Менің ойымша, бұл Америкадағы ең ірі проблема. Ал Жапониядағы шығармашылық белсенділік оның ең мықты жағы”.
Бұл мемлекеттің экономикалық басымдығы формуласының нәтижесі, негізгі білімнің, патенттер мен технологиялардың коммерциялық өнімге айналуының көрсеткіші. Мұның барлығын адамдардың инновациялық қызметі мен жоғарғы шығырмашылық белсенділігі қамтамасыз етеді. Осы тұрғыдан келгенде, бай мемлекет дегеніміз – дамыған инновациялық жүйенің жоғары сапасын қамтамасыз еткен мемлекет, яғни ұлттық инновациялық қабілеті деңгейі жоғары ел, ұлттық инновациялық қабілет деңгейі жоғары ел, ұлттық инновациялық менталитетті қалыптастырған мемлекет деген сөз.
Қазақстанның инновациялық экономика бағытындағы жолы – бұл білім экономикасы бағытындағы жол. Мемлекеттің ХХІ ғасырдағы инновациялық дамуындағы орнын анықтайтыны да, міне, осы фактор. Жалпыға мәлім болғандай, қандай жаңалықты, қандай жаңа құбылысты, өмірге енгізбес бұрын, ең әуелі ұғым ретінде айқындап алуға тура келеді.Олай болса сөзіміздің осы тұсында инновациялар, инновациялық үрдіс, инновациялық қызмет деген мәселелерге сипаттама бере кетудің еш артықтығы жоқ.
Әлемдегі инновациялық үрдістердің бәрі кез келген мемлекеттің экономикалық дамуының жоғары деңгейін қаматамасыз етумен бірге, ғылыми-техникалық ілгерілуін де едәуір жылдамдатады. өйткені, мемлекет дамуының негізі болып табылатын инновациялық саясат кез келген бәсекеге қабілетті мемлекеттегі ғылым дамуының бағытын анықтайды. Сондықтан да ғылыми-техникалық үдеріс бүкіл әлемде “инновациялық үдеріс” ұғымымен тығыз байланыста болуды талап етеді. Инновациялық үрдіс жаңа бір өнімнің алынуын білдіреді де, ол идеяның пайда болуынан бастап, оның коммерциялық тұрғыда жүзеге асырылуынадейінгі ұзақ жолды қамти отырып, әр түрлі қарым-қатынастар (өндіру, алмасу, тұтыну) кешенін өз қарамағына алады.
Әрине, инновациялық әлеуетті дамыту мен сақтаудың қажетті, басты талабы ғылым екені мәлім. Бұл ретте инновациялық қызметті жүзеге асырудағы маңызды элемент ғылыми өнімнің коммерциялануы болып табылады. Ғылыми қызмет жаңа техникалық жобаларда, технологияларда, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарда жүзеге асырылады. Трансферт – бұл технологияларды, жоба-конструкторлық құжаттаманы, құрал-жабдықтар мен техниканы өзге заңды немесе жеке тұлғаға беріп, оның меншік құқығын тіркеу.
Технологиялық үрдіс пен жаңа өнімді коммерцияландыру бірқатар құрылымдарды жасауға бағытталған инновациялық қызмет барысында жүзеге асады. Бұл құрылымдарға технопарктер,
инновациялық-технологиялық орталықтар, бизнес инкубаторлары, санаткерлік меншік шағын инновациялық кәсіпорындар, өнімді лицензияландыру мен сертификаттауды қамтамасыз ететін құрылымдар, консалтинг, маркетингтік зерттеу қызметтері жатады. Инновация дамуының басты реттеушісі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, жаңа құқықтық құжаттарды қабылдау болып табылады. (30)
Ұлттық инновациялық қабілет дегеніміз – бұл оның экономикалық өсуі мен отандық тауарлар мен қызмет түрлерінің әлемдік еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ететін жаңа білім мен технологияларды тех жасап, тарату мен пайдалану. Демек, инновациялық қабілет – бұл жалпы қоғамның тыныс-тіршілігін ұйымдастырудың құрылымдық сипаттамасы.
Олай болса инновацияның түпкілікті мақсаты болып табылатын білімді экономикаға көшіру мен коммерцияландырудың механизмдері қалай жасалады инновациялық үрдістегі маңызды түйіннің бірі осы мәселе. Себебі, кез келген ұлы мақсат пен ауқымды жоспардың жүзеге асу тетіктері дұрыс жасалмаса, еткен еңбек, төккен тер далаға кетеді.
Әлемдік және отандық тәжірибеге сүйенсек, технологиялық тарнсферт пен санаткерлік меншікті коммерцияландырудың тиімді мезанизмдерінің бірі технопарктер болып табылады. Технопарктердің қызметі ғалымдардың, өнертапқыштардың, жаңашылдардың мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге бағытталады.(31)
2.2. Жаңа педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие процесінде пайдалану тәжірибелерінен
Оңтүстік Қазақстан облысындағы Арыс, Бәйдібек, Қазығұрт, Мақтаарал, Ордабасы, Отырар, Шардара, Сайрам, Сарыағаш, Созақ, Төлеби, Түлкібас, Кентау, Түркістан аудандарындарында Шымкент қаласында жаңа педагогикалық технологияларды қолданысқа енгізілілген.
Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі кезде қолданысқа енген Ж.Қараевтың дамыта оқыту технологиясы. Дамыта оқыту технологиясының өзгешелегі деңгейлік тапсырмалар арқылы орындалады. Шымкент қаласындағы Т.Тәжібаев атындағы N47 тарихи гуманитарлық мектептің тарих пәні мұғалімі А.Орынбеков өз іс-тәжірибесінде Ж.Қараевтың Дамыта оқыту технологиясын пайдаланып көптеген жетістіктерге қол жеткізді. Республикалық Кіші Ғылым академиясына оқушылар даярлап республика көлемінде танылды. Нәтижесінде оқушылары дипломдармен марапатталды. Тарих пәні мұғалімі А.Орынбеков республикаға өз іс-тәжірибесімен танылған. Тағыда айта кететін болсақ Шымкент қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы N65 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімдері Н.Омарова және А.Торыбаева Ж.Қараевтың дамыта оқыту технологиясымен жұмыс істейді. Жақсы нәтижеге жеткен алдыңғы қатарлы ұстаздардың бірі. Ол өзі қол жеткізген нәтижелерге төмендегілерді кешенді әрі үнемі қолдануым себеп болды дейді. Олар:
- өтілетін оқу материалын мұқият оқып-зерттеп, іріктеу, проблемаларды анықтап, оқу міндеттерін тұжырымдап, оларды шешудің ең оңтайлы тәсілдерін қарастыру;
- мұғалім оқушыларды білім алуға “сүйремейді”, оларға бағыт береді, сеніммен қарайды, көмектеседі, үйретеді;
- таңдалған оқыту формасы мен әдістері оқушылардың таным белсенділігін арттыратындай болуы керек;
- оқушылардың жеке ерекшеліктерін үнемі ескеріп отыру, саралап оқытуды қолдану керек;
- білімнің біліктің қалыптасу дәрежесін үнемі бақылап, әділ бағалап отыру;
- сабақ кезінде оқушылармен де, оқушылардың өз араларында да ізгілікті, өркениетті, демократиялық қатынасты қалыптастыру;
- мұғалім тарихи ойлаудың, өзі жасаған қорытындылар мен берген бағалардың дәлелділігін үлгісін көрсетуі, ұстамдылықтың шыдамдылықтың үлгісі болуы, басқаша көқарастарға құрметпен қаруы тиіс;
- қазіргі уақытта таным үрдісіндегі оқушылардың орны мен ролі өзгереді, олардың жеке жауапкершілігіне қойлатын талап едәуір өсті т.б.
М.Жанпейсованың Модульдік оқыту технологиясы. Бұл технологияның өзгешелігі оқу материалдарын модульге бөліп қарастырады әр модульде үш кезең болады.
І. Кіріспе
ІІ. Диалог
ІІІ. Қорытынды.
Кентау қаласындағы Қазақ-Түрік лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Әпет Құралай өз іс-тәжірибесінде М.Жанпейсованың Модульдік оқыту технологиясын енгізген. Өлкетану бағдарламасы бойынша тарихи зерттеу жұмыстарымен айналысып көптеген жетістіктерге қол жеткізген. Педагогикалық жүйедегі жаңашылдықты тарих пәніне негіздеген. Облыс көлемінде өзінің іс-тәжірбиесімен танылған.
Ф.Вассерманның “Биоинформатика және синергетика” технологиясыда кең қолданыста. Бұл технологияның өзгешілігі оза
оқытуға, тереңдетіп оқытуға мүмкіндік туғызады. Шымкент қаласындағы М.Маметова N35 мектептің тарих пәнінің мұғалімі А.Табылдиева өз іс-тәжірибесінде “Биоинформатика және синергетика” технологиясын ендірген. Нәтижесінде оқушылары көптеген жетістіктерге жеткен.
Т.Ғалиевтың тірек схемалар арқылы оқыту технологиясы. Бұл технологияның өзгешілігі сонда қашықтан оқыту бағдарламаларының негізінде модульдік принцип салынады. Түркістан қаласы N14
мектептің тарих пәнінің мұғалімі Нақып Жадыраның іс-тәжірибесінде модульдік технологияны тереңінен оқытады. Облыс көлемінде іс-тәжірибелері таратылған. Сонымен қатар тарих пәні бойынша облыстық семинар өткізген. Облыс көлемінде оқушылары түрлі дәрежелі дипломдармен марапатталған. Әдістеме элементтерін жаңаша құрастырған. Бұған пәндерді оқытуды қазіргі кездегі әдістемесі дәлел.
Ғылыми – зерттеу жұмыстың нәтижесінде Ж.Қараевтың Дамыта оқыту технологиясы. М.Жанпейсованың Модульдік оқыту технологиясы. Т.Ғалиевтың Тірек схемалар арқылы оқыту технологиясы. Ф.Вассерманның “Биоинформатика және синергетика” технологиясы жұмыстарын талдай келе тарих сабағында бұл технологияның маңыздылығы көрсетілді.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері, сондай-ақ, дүниежүзілік практикадағы білім беру дамуының бағыттарын талдау — білім беру саласының ашық жүйе ретіндегі дамуының қажеттілігін айқындайтын бірнеше әдістемелік бағдарларды бөліп қарастыруға мүмкіндік береді: (33)
- өзін-өзі танып білу мен өз мүмкіндіктерін іске асыру жолындағы білім алудың жеке түлғалық мәнін күшейту (үзбей білім алу);
- білім берудің құндылық мәнін, оның рухани-адамгершілік маңызын көтеру (білім берудің бейбітшілік пен келісім үшін қызмет етуі);
- білім беру ісінің окушының тұлғасын үлттық құндылықтарды игеруші және тасымалдаушы ретіуде қалыптастыру тұрғысындағы ролін күшейту (білім беру прогресстің факторы ретінде);
- білім беру мазмұнында әлемнің тұтастығы мен адамның оның бір бөлігі екендігі туралы туралы үғымды қалпына келтіру (әмір мен еңбек үшін білім алу);
- оқушыларды табиғи әлемді сақтауға және аймақтық жөне жаһандық көлемдегі экологиялық проблемаларды болдырмауға күш салуға бағыттау (білім беру — ғаламдық ойлауды қалыптастырудың құралы және шарты ретінде);
Осы түрғыдан алғанда, білім беру ісіне ашық жүйе түріне көшуге мүмкіндік беретін алдын-алу шаралары қажет. Бүл мәселе екі жақты қарастырылуы тиіс. Бірінші міңдет білім берудің тактикалық және стратегиялық міндеттерін шешу ісіне бүкіл қоғамды жұмылдыру, екіншісі — білім беру ісіне қатысушы жақтардың бір-бірі алдындағы өзара міндеттерін айқындау
Қорытынды
ХХІ ғасырда Қазақстан Республикасында білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл үрдіс үнемі өзгеруде. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға шәкірттің білімін, білігі мен дағдысы емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Қазіргі кезеңде педагогика ғылымының бір ерекшелігі – баланың тұлғалық дамуына бағытталған оқыту технологияларын шығаруға ұмтылу. Ал бұның өзі мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктеді. Мұндай міндетті шешу мұғалімдерден мектептерде оқушыларға берілетін ғылым негіздерін олардың болашақ іс-әрекетінің берік негізі әрі тірегі болатындай етіп оқытуды, оқу-тәрбие үрдісін, білім мазмұнын жаңартумен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттырудың, оқытудың жаңа технологиясын меңгеруді, педагогикалық жаңалықтарды тәжірибе батыл енгізуді талап етеді.
Жаңа педагогикалық технологияларды меңгеруі мен оны оқу-тәрбие үрдісіне енгізуі – уақыт талабы. Өйткені жаңа педагогикалық технологияны меңгеру мұғалімдердің іскерлігін, ізденісін туғызып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашса, оқушылардың білім сапасын арттыруға өз үлесін қосады. Бұл талаптарды тарих мұғалімінің тәжірибесін зерттегенде де, қызметін бағалағанда да, сондай-ақ меткептерде тарих пәнінің оқытылу жайымен танысқанда да пайдалану керек.
Республиканың білім беру саласындағы қазіргі заманғы болып жатқан үрдістер мен оның түрлі деңгейлерінің алдында тұрған міндеттер білім берудің жалпы жүйесіндегі оның рөлін, функциялары
мен орнын ой елегінен өткізудің, оны одан әрі дамытуға жаңа көзқарасты тұжырымдаудың қажеттілігін тудырады.
Оқу-тәрбие үрдісінде қазіргі кезеңде қолданылып жүрген оқытудың жаңа технологияларының теориялық негіздері ашылып, оларды пайдаланудың жолдары көрсетілді. Жаңа педагогикалық технологиялардың түрлерімен, міндеттерімен, мақсаттарымен таныстырып, олардың мән-мағынасын ашып, олармен пайдалана білуге үйретеді.
Сондай-ақ оқу құралы жаңаша ойлауына, ізденіске түрткі болып, олардың шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Жаңа педагогикалық технологиялар әлі түбегейлі зерттеуді қажет ететіндіктен, жалғасы болуға тиісті.
Демек, қазіргі уақытта біліктілікті арттыру үрдісіне пәнішілік тар шеңбердегі әдістемелік көмек деп қарап, онда репродуктивті амал әрекетпен шектелу ағаттық болар еді. Білім көтеру – адамның жан жүйесін, ішкі құрылымдарын жаңа деңгейге көтеретін психологиялық үрдіс. Ол тыңдаушының тұлға ретінде дамуына әсер етіп, болмысының өзгеруіне әкелуі, ақырында сол адамның қоғамдық тәжірибеге үлес қосумен аяқталуы тиіс. Бұл орайда біз біліктілікті арттыру жүйесінде жоғарыда тоқталып кеткен дамытушы орта жасауды шығармашылаққа қол жеткізудің шарттарының бірі деп есептейміз. Дамытушылық шығармашылық орта – білімділік үрдістің субъектілерінің және білім мазмұны мен жүйелердің өзара әрекеттесу аймағы.
Біріншіден, дамытушылық шығармашылық орта қалыптасуы үшін оған әсер ететін қайнар көз ретінде оқу үрдісі алынады. Оқыту
үрдісінің мазмұны қажеттілік сұраныстарға қарай өзгермелі, технологиялық жағынан қамтамасыз етілген, субъектінің өзін-өзі дамытуға ықпалы барлығымен сипатталады. Дамытушылық шығармашылық орта өз қызметін тиімді атқарады, егер субъект үшін мәні болса.
Екіншіден, дамытушылық шығармашылық орта өзінен — өзі стихийялы түрде пайда бола салмады, кіріктірілген, жасампаздық педагогикалық әрекет нәтижесінде сол дәрежеге жетеді. Демек мұндай ортаны жасау үшін мақсатты жұмыс жүргізілуі қажет.
Үшіншіден, дамытушылық шығармашылық орта мәнді – құндылықтардың бірлігі мен теориялық технологиялық тұтастықтың болуымен сипатталады. Сондықтан мұндай теориялық технологиялық тұтастықтың болуымен сипатталады. Сондықтан мұндай шығармашылық ортаны жобалауды оның субъектілер үшін эмоциналдық мәнмен толы болуын да ескеру қажет.
Төртіншіден, дамытушылық шығармашылық орта педагогикалық үрдістің ықпалынан өзіндік кіріккен сапаға да ие болуы мүмкін. Ондай сапаға біз субъектілердің әрекеті барысында пайда болатын, оларға позитивті немесе негативті әсер ететін психологиялық климат немесе психологиялық ахуалды жатқыздық.
Бесіншіден, дамытушылық орта жасауда шығарамашылықпен өзін-өзі жетілдірудің әлеуметтік-психологиялық қондырғылардың қалыптасуының механизмдерін қолдану тиімділігін тірек етеміз.
Сипатталып отырған орта — әлеуметтік-мәдени кеңестіктің бір бөлігі, субъектілердің өзара әрекеттесетін аймағы. Мұндай ортаның аспектілері.Инновациялық технологиялар және оны меңгеру жолдары
оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парагмасының негізі қаланып, Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық белгісі де қалыптасып келеді. Мұнда басты мақсат етіп алдымен оқушы тұлғасы мен оның білім алу арқылы өзін-өзі дамытуды көздейді.
“Өзіңді білуің адамгершілікке жеткізеді” деген еді неміс психологі Н.Энкельманн. Осыған байланысты оқытудың инновациялық технологиясы бойынша қазіргі сабақтар тренингтер түрінде де өткізіліп жүр.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:
Жай мұғалім хабарлайды,
Жақсы мұғалім түсіндіреді.
Керемет мұғалім көрсетеді,
Ұлы мұғалім шабыттандырады – дегендей, кез келген диалектикалық даму үдерісі екілді, білім беру жүйесі мамандардан кәсіби икемділік пен ұтқырлықты, сан қырлы шыңғармашылық қызмет пен өзін-өзі басқару, өзін-өзі ұйымдастыру жағдайындағы біліктілікті талап етеді.
Бұл туралы Елбасы биылғы жылы халқымызға арналған Жолдауында «Қазақстанның бүгінгі таңда әлеуметтік экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңінен қадам
басқалы тұрған кезінде білім беру реформасында көрсетілген жас ұрпақтың білімділігі мен біліктілігіне көңіл бөліп, бәсекеге қабілетті осы заманға лайықты жас ұрпақ даярлайды» деген болатын.
Білім саласындағы қазіргі проблемалардың бірі өскелең ұрпақта, өзіндік даму, нәтижеге бағытталған білім беру. Оқушылардың өзін-өзі тануға, дамытылуына жағдай жасау кез келген мұғалімнің қолынан келе бермейді. Тәжірибе көрсеткендей көптеген ұстаздардың санасы бүгінгі күн талабына қарай ояна қоймаған. Оқу процесінде әлі күнге дейін оқушыларға Вербальді монологикалы әсер ету сақталған. Жас ұрпақтың бойында дамуға деген танымдық мақсатын қызметі тек оқушының өзіндік ойлау белсенділігі негізінде ғана іске асады. Ол процесс сабақты инноватикалық тәсілдермен түрлендіргенде ғана жүзеге асады.
Алайда, кез келген білім мекемелеріндегі инноватикалық процесстер түрлі объективті себептерге байланысты бірден пайда болып, іске асып, дамып және өзінің нәтижесін бермейді. Ол үшін оқу процесінің басқару құрылымын модернизациялау қажет. Озық тәжірибені ендіру және қарқындату түрлі инновациялық инициациялауға байланысты. Оңтүстік Қазақстан облысы үшін білім мазмұнының жаңартудағы инновациялық және педагогикалық технологияларды ендіру, мониторинг бағдарламалары мен оқулықтардағы әдістемелік аппаратты эксперттеу күнделікті жағдайға айналды.
Сөзімнің соңында егер мектеп алдында әр баланың қабілетін дамыту сияқты әлеуметтік міндет тұрса, барлық пәндерде жаңа технологияны тиімді пайдалану арқылы білім алушының өз белсенділігін ояту, біліктілікті арттыру жағдайында рефлексивті кері байланыс орнату сияқты мәселелердің орындалуы тиіс дегім келеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
- Т.Т.Тұрлығұл Мектептегі Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003, 5-бет. Н.Ә.Назарбаев. Тарих тағылымдары және қазіргі заман.3-бет Алматы, 1998.(1)
- К.Өстеміров. А.Айтбаева Қазіргі білім беру технологиялары Алматы, 2006, 4-бет. (2)
- К.Өстеміров. А.Айтбаева Қазіргі білім беру технологиялары Алматы, 2006, 7-бет. (3)
- К.Өстеміров. А.Айтбаева Қазіргі білім беру технологиялары Алматы, 2006, 10-бет. (4)
- К.Ж.Бұзаубақова Жаңа педагогикалық технология. Алматы, 2004, 21-бет. (5)
- К.Ж.Бұзаубақова Жаңа педагогикалық технология (оқу-әдістемелік құрал) Алматы, 2005, 5-бет. (6)
- Қ.Әбдіғалиев. Осы заманғы педагогикалық технология. Қазақстан мектебі, 2001. N2. (7)
- Т.Г.Новикова. Экспертиза инновационной деятельности в образовании. Москва, 2006, 12-17 беттер. (8)
- Т.Г.Новикова. Экспертиза инновационной деятельности в образовании. Москва, 2006, 48 — бет. (9)
- Т.Т.Тұрлығұл Мектептегі Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003, 17-бет. (10)
- Ежелгі Қазақстан тарихы. Алматы, 2001, 8 -бет. (11)
- Қ.Әбдіғалиев. Осы заманғы педагогикалық технология. Қазақстан мектебі, 2001. N2. (12)
- Мектепте Қазақстан тарихын оқыту тұжырымдамасы.
Қазақстан тарихы, 1994, N1, 2. (13)
- Н.Ә.Назарбаев. Тарих тағылымдары және қазіргі заман. Алматы, 1998, 16 – бет. (14)
Н.Ә.Назарбаев. Тарих толқынында. Алматы, 1998, 11-бет. (15)
- Т.Сабиров. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. Алматы, 1978, 12-26 беттер. (15)
- М.В.Кларин. Инновационные модели обучения в зарубежных педагогических поисках. Москва, 1994, 7-бет. (16)
- К.Ангеловски. Учителя и инновации. Москва, 1991, 58-бет. (17)
- Н.Р.Юсуфбекова. Общие основы педагогической инноватики. Опыт разработки теории инновационных процессов в образовании. Москва, 1991, 36-бет. (18)
- С.Аспандияров. Қазақстан тарихының очерктері. Алматы, 1994,
- 11-бет. (19)
- М.Асылбеков. Тарих оқулықтарына әділ сын болсын // Қазақстан мектебі, 2001, N2. (20)
- М.В.Кларин. Инновационные модели обучения в зарубежных педагогических поисках. Москва, 1994, 14-бет. (21)
- К.Ангеловски. Учителя и инновации. Москва, 1991, 47-бет. (22)
- К.Ж.Бұзаубақова Жаңа педагогикалық технология (оқу-әдістемелік құрал) Алматы, 2005, 12-16 беттер. (23)
- Қ.Әбдіғалиев. Осы заманғы педагогикалық технология. Қазақстан мектебі, 2001. N2. (24)
- Т.Т.Тұрлығұл Мектептегі Қазақстан тарихын оқытудың теориясы мен әдістемесі. Алматы, 2003, 30-бет. (25)
Г.Д.Ауелбекова. Коллективный способ обучения в учебном процессе. Алматы, 2004, 22-бет (26)
- УстемировК.У., Шаметов Н.Р., Бакиров Р.Т. Современные образовательные технологии технические системы обучения. Алматы, 2006, 14-бет. (27)
- В.В.Гузеев. Методы и организационные формы обучения. Москва, 2001, 17-бет. (28)
- А.Г.Маджуга, А.Б.Саипов, Г.Ж.Мусурманова. Использование тардиционных и активных форм и методов обучения в педагогическом процессе. Шымкент, 2004, 16-бет. (29)
- Анатолий Гин. Приемы педагогической техники.
- Москва, 1999, 11-бет. (30)
- С.Аспандияров. Қазақстан тарихының очерктері. Алматы, 1994,
- 16-бет. (31)
- М.Асылбеков. Тарих оқулықтарына әділ сын болсын //
Қазақстан мектебі, 2001, N2. (32)
- М.В.Кларин. Инновационные модели обучения в зарубежных педагогических поисках. Москва, 1994, 8-бет. (33)