АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Таулы аймақтардың бокс жаттығуларына әсерлерін зерттеу

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ..

1 ТАУЛЫ АЙМАҚТАРДЫҢ БОКС ЖАТТЫҒУЛАРЫНА ӘСЕРЛЕРІН ЗЕРТТЕУ  

1.1 Таулы аймақтың адам жұмыс қабілетіне әсер етуі

1.2 Таулы климат жағдайындағы жаттығу жұмыстары.

1.3 Тау климатына бейімделу.

2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

2.1 Зерттеу әдістері

2.2 Зерттеу ұйымдастырылуы..

3 ОРТА ТАУЛЫ АЙМАҚТЫҢ БОКС ӘДІСТЕРІ

3.1 Бокс әдiсiнiң жiктелуi

3.1.1 Ұрысқа қажеттi тұрыс.

3.1.2 Адымдап орын ауыстыру.

3.2 Қорғаныс әдiстерi

3.3 Бокс тәсiлiне оқытудың негiзi әдiстемелiк әдiстемесi

3.3.1  Боксшыны жаттықтыру әдiстемелерi

3.3.4 Боксшыны оқыту және жаттықтыру құралдары..

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

         Зерттеу тақырыбының көкейкескілігі. Әр түрлі елдерде соңғы бірнеше онжылдықта көптеген спорт түрлерінде орта тау биіктігінде (теңіз деңгейінен 1300-2500 м) жаттығуларды өткізу кеңінен қолданылатын тәжірибе. Бұл жағдай спорттық жетістіктердің өсүіне ықпал етеді, себебі мұндай жағдайда спортшылардың ерік, физикалық және әдістік қасиеттерін жетілдіреді.

Орта таулы аймақтарда спортшылардың тиімділігін арттыру үшін бапкердің нақты мақсаты болуы керек:

1)орта таулы аймақта болатын жарысқа дайындық

          2) таулы аймақтарда спорттық жетістіктерді арттыру үшін жаттығулар

3) әр түрлі биіктерде өтетін жарыстарға дайындалу үшін

Сондықтан дайындалу мақсаттарын нақты ажырату керек.

Қазіргі уақытта, теориялық және эксперименттік зерттеулерде осы мәселеге қатысты биомедециналық жұмыстар басымдық алады.

Таулы жерлерде өтетін жаттығу жұмыстары спортшылардың физиологиялық мүмкіндіктерін арттыратүседі. Адам ағзасына ең алдымен тау ауасы қолайлы әсер етеді.

         Біршама төмен тау  ауасы темпаратурасы жағдайында жұмыс істеу қабілеті жоғарылайды, назар аудару мүмкіндігі, қозғалыс дәлдігі мен координациясы, реакция жылдамдығы, жұмыстың бір түрінен екінші түріне ауысу қабілеті жақсара түседі.

         Осыған дейін белгілі болғандай, таулы ауаның гигиеналық сипаттамасы оның физикалық қасиеттеріне байланысты — температура, ылғалдылық, қозғалыс жылдамдығы, атмосфералық қысым, күнрадиациясы; радиобелсенділік, электр жағдайы, химиялық құрамы, механикалық қоспалардың болуы (шаң, ыс, түтін), микрофлора (бактериалдық ластану деңгейі). Жоғарыда санамалап өткен факторлардың әрқайсысы белгілі бір физиологиялық мәнге ие. Теңіз деңгейінен қаншалықты жоғарылаған сайын, ауа таза және адам ағзасына жақсы әсер етеді: тыныс алу, адамның көңіл-күйі, жалпы өзін-өзі сезінуі, тәбеті және ұйқысы жақсара түседі.

         Таулы жерлерде адам ағзасына атмосфера қысымы мен оттегінің парциалды қысымының төмендігі де әсерін тигізеді. Егер қалыпты қысым жағдайында әрбір тыныс алған сайын өкпеге 400-600 см3 ауа кіретін болса, бұл (минутына 16-20 рет тыныс алған жағдайда) 6-8 л көлемді береді, ал қысым төмен болған жағдайда 1500-2000 м биіктікте ішке кіретін ауаның мөлшері сәйкесінше   600-800 см3 және  9-11 л/мин дейін арта түседі. 1500 м жоғары биіктікке бірінші рет шығып тұрған адамның бойында физикалық жұмыс істеу кезінде (аз мөлшерде болса да) гипоксия белгілері көрініс табады – тыныс алу мен жүрек соғуы жылдамдығының артуына негізделетін тау ауруы, бұл жағдайда адамның көңіл-күйі біршама көтеріледі, жылдам қимылдар жасалады, алайда бұл қозғалыстар біршама үйлестірілген, ым-ишара көбейеді, адам тез сөйлей бастайды. Біршама уақыт өткеннен кейін адамның ағзасы жаңа жағдайға бейімделеді (климатизацияланады): гемоглобин мөлшері артады, зат алмасу жоғарылайды және адамның жұмысқа қабілеті толығымен қалпына келеді.

Зерттеу нысанасы: Қазақтың спорт және туризм академиясының кәсіби спорт және жекпе-жек факультеті бокс кафедрасының 5 студенттінің екеуі – спорт шебері, екеуі – спорт шеберлігіне үміткер, біреуі – күрестен бірінші дәрежелі спортшы.

Зерттеу мақсаты: орта таулы аймақтарда жаттығу өткізіп, соның арқасында студенттердің  ерік және физикалық қасиеттерін жетілдіру.

Зерттеу міндеттері: орта таулы аймақта жаттықан студенттердің ерік және физикалық қасиеттерін жетілдіру.

Зерттеу әдістері: Аталған студенттерді орта таулы (теңіз деңгейінен 1300-2500 м) аймаққа шығарып, екі апта ішінде физикалық және әдістік жаттығуларды өткізу. Жаттығулардың бас кезененінде студенттердің физикалық және ерік көрсеткіштерін жазып алу керек. Жаттығу кезені біткен соң көрсеткіштерді салыстыру керек.

Практикалық маңызы: орта таулы аймақтарда бокстан жаттығу өткізуді кең қолданса болады, себебі Алматы қаласы аймағында мұндай аймақтар өте жие кездеседі.

Ғылыми жаңалығы: Таулы жерлердегі жаттығу жұмыстарын үш кезеңге бөліуі және әр кезеңнің сипаттамасын беру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 ТАУЛЫ АЙМАҚТАРДЫҢ БОКС ЖАТТЫҒУЛАРЫНА ӘСЕРЛЕРІН ЗЕРТТЕУ

         Жер жүзінде таулы аймақтарда (1000м – 2500м) миллиондаған адамдар өмір сүреді.  

         Таулы аймақтардың қолжетпейтінтілігі және сұлулығы, жазық жерде тұратын адамдарды әр қашан өзіне тартады, әсіресе үлкен қалаларда тұратын адамдарды қызықтырады.

Орта және жоғары биіктікте спортшылар организмнің тиімділігі төмендеу құбылысымен кездеседі, сонымен қатар жүрек-қан тамырларының жұмысы, тыныс алу, ас қорыту және жүйке жүйелері кейде төмендетіліді.Бұл жағдай әсіресе биіктікте алғашқы күндерде байқалады, сондай-ақ өткір тау ауруы дамиды. Спортшылар жоғарлаған сайын күшті жағымсыз белгілері көтерілді.

Сонымен қатар жергілікті тұрғындар климаттық факторлар өзгерістерін әлдеқайда жеңіл сезеді. Бұл жағдай сарапшыларды бір ойга алып келеді, ол спортшыларды алдын ала жерсіндіру міндеті.

Жазық немесе төмен таулар әдеттегі аудандарына оралғаннан кейін барлық спортшылар, күш көбегенін және тиімділігін артуын сезген.

Таулы аймақтардан оралғаннан кейін спортшылардың жалпы әл-ауқаты жоғарлағаны тұралы көптеген сарапшылар атап өтті.

Сарапшылар байқағандай таулы аймақтарда адам жылдамдығын көтерсе болады екен. Мысалы таулы сумен қатырған мұзда спортшылардың нәтижелері жоғарырақ. Бұл жағдай таулы аумақтарда  көптеген мұз айдындарын салыуна себеп болды [1].

 

1.1 Таулы аймақтың адам жұмыс қабілетіне әсер етуі

 

Адамның жұмыс қабілеті тұралы мәліметтер 1500-3000м биіктікте өзгеше: төзімділік спорт түрлерінде нәтижелер төмендейді, ал жылдамдық спорт түрлерінде нәтижелер өседі.  

 

1 кестеқан құрамында  О2%

Биіктік

Барометрлік қысым

Парциалдық қысым, О2 ауада

О2 ауада%

Қанықтыру О2,

%

0

400

800

1200

1600

2000

2400

2800

3200

3600

4000

760

724,8

690,6

658,0

626,7

596,3

567,1

539,4

512,6

486,9

462,3

159

151

144

137

131

125

118

113

107

102

97

20,96

19,97

19,04

18,14

17,27

16,48

15,64

14,87

14,13

13,49

12,76

98

 

97

 

 

94

 

90

 

 

85

 

        1.2 Таулы климат жағдайындағы жаттығу жұмыстары

 

         Практикалық тәжірибе және жүргізілген ғылыми зерттеулер таулы жерлерде жүргізілген жаттығу жұмыстарының тиімділігін дәлелдеп отыр. Сол себепті дүние жүзінің боксшылары ірі ауқымды жарыстарға дайындалу кезінде өз жаттығуларының біраз бөлігін тауда өткізеді. Бұл, әдетте, жаттығулардың ауыспалы кезеңдерінде не болмаса дайындық кезеңінің алғашқыжартысында жүзеге асырылады, ал жарыстар теңіз деңгейімен салыстырғанда 500-1000 м және одан да жоғары болатын жерлерде өтеді деп жоспарланған жағдайда, жаттыуға жұмыстары үнемі (турнирге дейін) таулы жерлерде өткізіледі[2].

 

1.3 Тау климатына бейімделу

 

         Таулы жерлерде өтетін жаттығу жұмыстары спортшылардың физиологиялық мүмкіндіктерін арттыратүседі. Адам ағзасына ең алдымен тау ауасы қолайлы әсер етеді.

         Біршама төмен тау  ауасы темпаратурасы жағдайында жұмыс істеу қабілеті жоғарылайды, назар аудару мүмкіндігі, қозғалыс дәлдігі мен координациясы, реакция жылдамдығы, жұмыстың бір түрінен екінші түріне ауысу қабілеті жақсара түседі.

         Осыған дейін белгілі болғандай, таулы ауаның гигиеналық сипаттамасы оның физикалық қасиеттеріне байланысты — температура, ылғалдылық, қозғалыс жылдамдығы, атмосфералық қысым, күнрадиациясы; радиобелсенділік, электр жағдайы, химиялық құрамы, механикалық қоспалардың болуы (шаң, ыс, түтін), микрофлора (бактериалдық ластану деңгейі). Жоғарыда санамалап өткен факторлардың әрқайсысы белгілі бір физиологиялық мәнге ие. Теңіз деңгейінен қаншалықты жоғарылаған сайын, ауа таза және адам ағзасына жақсы әсер етеді: тыныс алу, адамның көңіл-күйі, жалпы өзін-өзі сезінуі, тәбеті және ұйқысы жақсара түседі.

         Таулы жерлерде адам ағзасына атмосфера қысымы мен оттегінің парциалды қысымының төмендігі де әсерін тигізеді. Егер қалыпты қысым жағдайында әрбір тыныс алған сайын өкпеге 400-600 см3 ауа кіретін болса, бұл (минутына 16-20 рет тыныс алған жағдайда) 6-8 л көлемді береді, ал қысым төмен болған жағдайда 1500-2000 м биіктікте ішке кіретін ауаның мөлшері сәйкесінше   600-800 см3 және  9-11 л/мин дейін арта түседі. 1500 м жоғары биіктікке бірінші рет шығып тұрған адамның бойында физикалық жұмыс істеу кезінде (аз мөлшерде болса да) гипоксия белгілері көрініс табады – тыныс алу мен жүрек соғуы жылдамдығының артуына негізделетін тау ауруы, бұл жағдайда адамның көңіл-күйі біршама көтеріледі, жылдам қимылдар жасалады, алайда бұл қозғалыстар біршама үйлестірілген, ым-ишара көбейеді, адам тез сөйлей бастайды. Біршама уақыт өткеннен кейін адамның ағзасы жаңа жағдайға бейімделеді (климатизацияланады): гемоглобин мөлшері артады, зат алмасу жоғарылайды және адамның жұмысқа қабілеті толығымен қалпына келеді[3].

         Тау ауасындағы теріс иондар санының көп болуы да адам ағзасына оң әсерін тигізеді. Ауа суды шашқан кезде иондалады (сарқырамалардың жанында, сарқырап ағып жатқан тау өзендерінде). Иондануға уальтракүлгін сәулелер де ықпал етеді. Ауаның иондану деңгейі оның тазалығының криетрийі болып есептеледі. Күн сәулесінің мөлшері көп болған сайын, ауа арқылы таралатын инфекциялық аурулардың да аз болатындығы анықталған. Терінің ультракүлгін сәулелердің ықпалына ұшырауы, ал бұл сәулелер тауда өте көп мөлшерде, оның физиологиялық қасиеттерін жақсартады. Ағзаның биологиялық беріктігін қамтамасыз ету үшін бұл фактордың маңызы өте зор. Климатқа бейімделу кезінде ең алдымен «таулық тәжірибенің» көп ықпалы тиеді: боксшы тау жағдайында неғұрлым көбірек болса және жаттықса, оның жаңа жағдайға бейімделуі де тез жүзеге асырылады.

Екінші фактор ретінде спортшының тұрғылықты мекені мен жаттығу жұмыстары өтеті деп жоспарланып отырған орын арасындағы биіктік айырмашылығы қарастырылады.

         Климаттық жағдайға бейімделу мүмкіндіктеріне әсер ететін үшінші фактор, бұл – жалпы физиологиялық дайындық деңгейі мен арнайы жаттығу көрсеткіштері болып табылады. Боксшы неғұрлым көп жаттыққан болса, тіпті төменгі жер бедері жағдайының өзінде, ол жедел климаттық бейімделу жағдайын да жеңіл әрі тез өткеретін болады[4].

 

 

 

 

2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

2.1 Зерттеу әдістері

 

Әдетте таулы жерлердегі жаттығу жұмыстары дайындықтың ауыспалы кезеңінде немесе оның басында жүргізіледі (20-25 күн). Осы қысқа мерзім аралығында боксшыға жаңа климаттық жағдайға бейімделу және жатығу жұмыстарын жоғары деңгейде өткізу қажет.

         Тауға келгеннен кейінгі екінші күннен бастап ол таулы жолдарға жаяу серуенге шығуға кіріседі, бірте-бірте өз бағытының қашықтығын алшақтата түседі, таулы жер бедерінің неғұрлым күрделі жолдарын таңдайды және қозғалыс қарқынын да бірте-бірте арттыра түседі. Мұндай серуендерді кем дегенде күнара өткізіп тұру қажет, алайда 2-3 сағатта ағза бірқалыпты физикалық жүктемемен де айналысуы тиіс. 

         Таулы жерлердегі жаттығу жұмыстары кезінде, төменлегі секілді, дайындықтың барлық компоненттерін дамыту қажет: физикалық, тактикалық, техникалық және психологиялық. Алайда барлығының үлес салмағы бірдей емес: негізінен арнайы бағыттылық бойынша жүргізілуі тиіс физикалық жаттығуларға басым көңіл бөлінеді (жаттығудың жалпы уақытының 70%).

         Таулы жерлердегі жаттығу жұмыстарын үш кезеңге бөліп қарастыруға болады[5].

         I кезең («жедел» климаттық бейімделу — 4-6 күн). Бұл кезеңде ағзаның бастапқы функционалды бейімделуі қарастырылады, ол ағзаның жаңа климаттық жағдайға бейімделуі және жаттығу құралдарына байланысты болып келеді. Жаттығу жұмыстарына бұл кезде жеңіл еркін жаттығуларды қосқан дұрыс, снарядтармен жүргізілетін жаттығуларды да біршама орындауға болады. Жүгірудің қажеті жоқ (жүрек қан тамыры және тыныс алу жүйесіне күш түсірмеген дұрыс), дұрысы тез жүру, әдетте таңғы жаттығу кезінде.

         II кезең (5-8 күн). Спортшының жағдайы жақсы болса және медициналық көрсеткіштері ойдағыдай болса, ұстаздың бақылауымен және өзін-өзі бақылай отырып, жаттығу қарқыны мен мөлшерін арттыруға, оларға әр түрлі кедергі тудыру элементтерін қосуға, кедергіге қарсы тұруға арналған жаттығулар жүргізуге, серіктесімен күресуге (бағанда тұрып күресу, үрленген допты қақпақылдау); спорттық ойындармен айналысуға (қысқа таймдармен және ұзық үзіліс жағдайында) болады. Баяу қарқынмен екі-үш раунд снарядтарды ұрып жұмыс істеуге де болады.

Бұл кезеңде күніне бір сағаттан мақсатты түрде жұмыс істеген жөн (таңғы гимнастика жаттығуларын қоса алғанда). Түске дейін спортшылар серуенге шығады (қыста шаңғымен), кешке ойындар ойнайды және арнайы жаттығулар жасайды. Бірінші кезеңдегі секілді, екінші кезеңде де нәтижеге бағытталған жылдамдық-күш жаттығуларын орындаудың қажеті жоқ.

         III кезең. Тауға келгеннен кейін 15 күннен соң басталады. 1,5-2 сағаттан үш мерзімдік немесе 2-3 сағаттан екі мерзімдік жаттығу жұмыстарын жүргізуге болады. Үшінші кезеңде таңғы жаттығу жұмыстарының қарқындылығы мен ұзақтығы арта түседі, олармен қатар жер бедері бірқалыптылау орындармен жеңіл жүгіру және спорттық ойындар жатады. Серуендер біршама зақ, жер бедері орташа күрделілік деңгейінде таңдалады. Мамандандырылған жаттығулар толыққанды дайындық негізіндегі сипатқа ие болады және қорытынды бөлімдерге негізделеді (1,5-2 сағат). Серіктестерімен және арнайы снарядтармен жұмыс істеуге көп көңіл бөлінеді.

         Жаттығуларды түрлендіру шін жазда түнде таза ауа астында ұйықтауға, бивуактар ұйымдастыруға, жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысуға және т.б. жүзеге асыруға болады.

Жүргізілген зерттеу жұмыстары спортшының, оның ішінде боксшының белсенді әрекеті жағдайында орташа биіктіктегі тау жағдайында 7000 ккалға дейін шығынданатындығын көрсетіп отыр. Бұл ағзадағы қышқылдандыру үрдісінің артуымен түсіндіріледі. Рацион жемістерге толы болуы тиіс, майла тағамдар аз болғаны дұрыс және В және С дәрумендеріне бай болуы қажет, себебі тау жағдайында бұларға деген қажеттілік арта түседі (В.С. асаимандар тәулігіне 500 мг дейін аскорбин қышқылын – С дәруменін тұтыну туралы кеңес береді). 

         Белсенді спорт әрекеті жағдайында А, В, В2, РР дәрумендеріне деген қажеттілік те арта түседі. Бұл дәрумендерге сәбіз, қызыл бұрыш, жасыл жуа, сарымсақ өте бай. Шырындар, айран, ұйытқы да пайдалы, бұлар ас қорыту жұмысын жақсартады.

         Спортшылардың таулы климат жағдайына келуі және жаттығуы спорттық шеберлікті жетілдіре түсуге қолайлы жағдай туғызады. Ағзада болып жататын функционалды өзгерістер жалпы көңіл-күйдің жақсаруымен және жұмыс істеу қабілетінің артуымен ерекшеленеді, және бұл өзгерістер боксышының бойында ол өзі тұрақты жаттығып жүрген жерге келгеннен кейін де ұзақ уақытқа дейін сақталады[6].

 

2.2 Зерттеу ұйымдастырылуы

 

Қазақтың спорт және туризм академиясының кәсіби спорт және жекпе-жек факультеті бокс кафедрасының 5 студенттінің екеуі – спорт шебері, екеуі – спорт шеберлігіне үміткер, біреуі – күрестен бірінші дәрежелі спортшы.

Аталған студенттерді Аталған студенттерді орта таулы (теңіз деңгейінен 1300-2500 м) аймаққа шығарып, үш апта ішінде физикалық және әдістік жаттығуларды өткізу. Жаттығулардың бас кезененінде студенттердің физикалық және ерік көрсеткіштерін жазып алу керек.

Жаттығу кезені алдындағы көрсеткіштері.

2-ші кесте 60 метрге жүгіру уақыты

Студенттер

Уақыты(с) 5 жүгүрідің орташасы

1-ші студент

9,15

2-ші студент

9,23

3-ші студент

9,56

4-ші студент

9,57

5-ші студент

10,01

 

Әдетте таулы жерлердегі жаттығу жұмыстары дайындықтың ауыспалы кезеңінде немесе оның басында жүргізіледі (20-25 күн). Осы қысқа мерзім аралығында боксшыға жаңа климаттық жағдайға бейімделу және жатығу жұмыстарын жоғары деңгейде өткізу қажет.

         Тауға келгеннен кейінгі екінші күннен бастап ол таулы жолдарға жаяу серуенге шығуға кіріседі, бірте-бірте өз бағытының қашықтығын алшақтата түседі, таулы жер бедерінің неғұрлым күрделі жолдарын таңдайды және қозғалыс қарқынын да бірте-бірте арттыра түседі. Мұндай серуендерді кем дегенде күнара өткізіп тұру қажет, алайда 2-3 сағатта ағза бірқалыпты физикалық жүктемемен де айналысуы тиіс. 

         Жоғарыда аталып кеткен әдістерге сәйекес жаттығуларды өткізіп болғаннан кейін тағыда физикалық көрсеткіштерін жазып алып салыстыру керек.

Жаттығу кезені аяқталғаннан соң көрсеткіштері.

3-ші кесте 60 метрге жүгіру уақыты

Студенттер

Уақыты(с) 5 жүгүрідің орташасы

1-ші студент

9,07

2-ші студент

9,15

3-ші студент

9,35

4-ші студент

9,42

5-ші студент

9,57

 

Көрсеткіштерді салыстырғаннан соң біз орташа жүгүру уақыты қысқарғанын байқаймыз. Біз қойған мақсатымызға жеттік деп айталамыз.

 

3 ОРТА ТАУЛЫ АЙМАҚТАРДЫҢ БОКС ӘДІСТЕРІ

 

Жоғарғы дәрежедегi боксшыны тәрбиелеу- өте күрделi және жан- жақты дайындықты қажет ететiн еңбек. Жоғары спорттық көрсеткiштерге жету үшiн ең алдымен ұтымды әдiстердi игерiп және қажеттi қимыл дағдыларын қалыптастыру қажет.

 Бокс әдiстерi, бұл – жекпе-жектi табысты жүргiзу үшiн  қажеттi арнаулы аумағы  жинағы. Ол боксшыға әртүрлi сайыс жағдайында қажеттi мақсаттарды жарыс ережесiнiң көлемiнде шешуге мүмкiндiк бередi.

Рингтегi ұрыс кезiнде жағдай үнемi өзгерiп тұрады. Өзгерген ұрыс әрекеттерiне байланысты ұрыста қолданылатын шаралар да өзгерiп отырады. Осындай жағдай да белгiлi бiр нәтижеге жету үшiн боксшы көптеген әдiстер мен амалдар  қолдануы қажет. Бокс әдiстерiнiң дамуы, олардың жалпы санының өзгеруi, ұрыс кезiнде қолданылу жиiлiгi әр түрлi. Мысалы:              

1.Шабуыл және қорғану амалдар  даму жылдамдығының әртүрлiлiгiне (шабуылдау тәсiлдерi iс жүзiнде  қорғану тәсiлдерiнен жылдам дамиды).

  1. Ұрыс ережелерiнiң өзгеруiне (мұндай өзгерiстер шабуыл немесе қорғану амалдардың даму тепе- теңдiгiн орнатуға, жекпе- жектiң сапалы, қызықты өтуiне себебiн тигiзедi);
  2. Ұрыс тәсiлдерiн жетiлдiру, ұрыс әдiстерiнiң дамуына әсер етедi. Мәселен, ұрыс жүргiзу жылдамдығының өсуi қорғану қосылыстарының, соққы тiзбектерiнiң өсуiне себебiн тигiзедi;
  3. Жан-жақты дайындықтың деңгейiн көтеру себептерiне байланысты.

Бокстың көп түрлi әдiстiк тәсiлдерiн жүйелi оқу үшiн оны жiктеу қажет. Жiктеу деп бiрыңғай әдiстер мен iс әрекеттердi олардың ұқсастығына қарай топтастыруды айтады.

Бокстың негiзгi мақсатына сай оның сан алуан әдiстерi екi топқа бөлiнедi:  шабуылдау және қорғану әдiстерi. Бокс әдісінің жіктелуі 6-кестеде көрсетілген.

 

4 кесте – бокс әдісінің жіктелуі

 

3.1 Бокс әдiсiнiң жiктелуi

Тұрыс және қозғалыс

 Ұрыс жүргiзуге қажеттi тұрысты боксшы бiр қимылдан кейiн екiншi қимылға даярлығын жақсарту  үшiн пайдаланады, яғни:

  1. Кез келген тәсiлмен кез келген жаққа орын ауыстырып қозғалу;
  2. Соққыны кез келген уақытта орындау үшiн шабуыл кезiндегi орын ауыстыру қозғалысы боксшының қарсыласына шабуыл жасауға қолайлы орынға ауысуына мүмкiндiк бередi. Ринг iшiнде қозғалғанда сәл бүгiлген аяқтармен дененi ыңғайлы қимыл жасайтындай жағдайда ұстап жүру керек.

 

3.1.1 Ұрысқа қажеттi тұрыс

 

Ұрысқа қажеттi тұрыс дегенiмiз — боксшы денелерiнiң бiрiне-бiрi алдағы болжаған қимыл-әрекеттi орындау үшiн ең ыңғыйлы қалыпта орналасуы және рингтегi қозғалыс кезiнде қолданылатын бастапқы жағдай. Ол боксшыға қорғану үшiн де, соққы беру үшiн де және ауыр соққы беруге арналған қолды ыңғайлы жағдайда ұстап, еппен қозғалуға мүмкiндiк бередi. Боксшының жан- жақты және арнайы дайындығына байланысты тұрыстың үш түрi болады: сол қолмен алға қарап тұру- мұны оңқай боксшылар пайдаланса; оң қол алға қарап тұру- оны солақай боксшылар пайдаланады. Қарсы алдымен тұруды  көбiнесе жақын қашықтықта ұрыс  жүргiзгенде қолданылады. Бұдан басқа дене  мүшелерiнiң орналасуына қарай ашық және жабық; жоғары және төмен тұрыстар бар[32].

Сол қапталмен тұрғанда боксшы денесiнiң сол жағымен қарсыласына бұрылып, сол аяғын бүкiл табанымен тiреп тұрады. Оң аяқ бiр адым артта  және жарты адымдай оң жаққа орналасып, аяқ ұшына тiреледi. Екi аяқтың табаны қатар болып,  дененiң салмағы сәл бүгiлген  екi аяққа бiрдей орналастырылады. Дене сәл алға еңкейiңкi орналасып, бүгiлген сол қол дененiң алдында тұрады. Шынтақ төмен түсiрiлiп, сол қолдың жұдырығы сол иықтың тұсында болады. Жұдырық өзiнiң сырт жағымен жоғары- сыртқа бағытталып ұсталады. Оң қол кеуденiң алдында тұрады. Шынтақ төмен түсiрiлiп, жұдырық иектiң оң жағында iшке бұрылып тұрады.

      Оң қапталмен тұрғанда боксшы оң жағымен алға бұрылып оң қолын, оң аяғын алда ұстайды. Аяқ- қолдың орналасуы сол қапталмен тұрғандағыдай болады.

     Қарсы алдымен тұрғанда боксшы сәл ғана алға оң немесе сол жағымен бұрылып тұрады. Мұндай жағдай кез келген жаққа қозғалуға және тұрысқа көшуге қолайлы.

Боксшы дене құрлысына және психологиялық ерекшелiгiне қарай өзiне тән тұрыс ұстауы мүмкiн, бiрақ та негiзгi талап жоғарыдағыдай сақталады.

    Қарсыластардың ара қашықтығына байланысты тұрыстардың қолданылуы да өзгерiп отырады. Алыс қашықтықта көбiнесе жоғары тұрыстар қолданылады. Бұл жағдайда тiзе сәл ғана бүгiлiп (ортан жiлiк пен асықты жiлiктiң арасындағы бұрыш 150-170°), қорғануға ыңғайлы жағдай туғызылады. Орта және жақын қашықтықтарда аласа тұрыс жиi қолданылады. (тiзенiң бүгiлу бұрышы 120-150°).

3.1.2 Адымдап орын ауыстыру

 

        Адымдап орын ауыстырудың екi түрi бар: дағдылы және қосымша. Дағдылы адыммен орын ауыстыру қосымшадан едәуiр жылдамырақ орындалады.

        Дағдылы адымдау алға және артқа қарай орындалады. Ол көбiнесе қарсыласқа 2-3 адым ара қашықтықта қолданылады. Негiзгi қозғалыстың түрi- ол қосымша адымдап қозғалу. Ол алға, артқа және  оңға-солға адымдап  орындалады.

          Алға адымдап қозғалғанда дене салмағы артқы аяққа ауыстырылмайды. Дененiң жалпы ауырлық ортасы орнында қалады. (бұл қарсыласқа көздеген iс- әрекеттi сездiрмейдi). Сосын артқы аяқ алдынғы аяққа жақындатылып қойылады да, сайыс алдындағы тұрыс өзгермейдi[33].

          Алға қозғалғанда  алдыңғы аяқпен адымдап, артқы аяқ жылжытылып алға қойылып, артқа қозғалғанда артқы аяқ бiрiншi адымдап, алдыңғы аяқ соңынан жылжытылып қойылады. Оңға-солға қозғалғанда алдымен қозғалатын бағытта бiрiншi тұрған аяқ адымдайды (оңға – оң,  солға –сол аяқ).

          Боксшы бұрылыс кезiнде де адымдап қозғалады.

 Ұрыс жүргiзудiң қажеттi шарттарының бiрi – ұрыс алдындағы тұрыс жағдайын қарсыластың қозғалысына  қарай өзгертiп отыру. Бұл жан- жаққа бұрылу арқылы орындалады. Бұрылыс тiрелген аяқтың үстiнде дененi оңға- солға бұрып, сол бағытқа адымдап қозғалумен iске асады. Аяқтардың соңғы жағдайлары ұрыс алдындағы тұрыс кезiндегiдей болады. 

 

3.1.3 Секiрiп орын ауыстыру

 

Секiрiп орын ауыстыру екi түрлi тәсiлмен орындалады:  бiр аяқпен және екi аяқпен бiр мезгiлде итерiлiп қозғалу. Ол алдыға-артқа; оңға-солға қарай орындалады. Ол қосымша адымдап қозғалу сияқты, бiрақ адымдау кезiнде көтерiлу бар. Артқы аяқ алдыңғыға жылжытылып қойылады да, негiзгi тұрыс жайы сақталады. Қозғалыстың бағыты алдыңғы адымға байланысты. Екi аяқпен бiр мезгiлде итерiлiп барып қозғалғанда шамалы ғана қашықтыққа орын ауыстырылады (жарты адым). Бұл соққы беретiн ыңғайлы жайды бағдарлау кезiнде қолданылады.

 

3.1.4 Соққылар

 

Соққылар – бұл шабуылдың негiзгi құралы және боксшының әдiстiк шеберлiгiнiң құрамды бөлiгi. Спортшының шеберлiк деңгейi соққының алуан түрлi қосылыстарын жете меңгеріп, оны сенiмдi және асқан шеберлiкпен орындауынан көрiнедi.

Боксшының кейбiр жекелей ерекшелiктерiне қарамастан оның шабуылдау  әрекеттерiнде  соққы әдiстерiнiң үлгiсi жатыр. Ол боксшы әдiстерiн дайындаудың негiзi болып табылады.

Соққыны орындауға қойылатын  қажеттi талаптар:

а) Қарсыласы  денесiнiң белгiлi бiр жерiне тигiзу.

ә)Қарсыласының ұрыс жүргiзу қабiлетiн төмендету үшiн соққыны белгiлi күшпен орындау.

Соққы қозғалысының дәлдiгi басқарушы әсерлердiң нәтижесi болып, ол төмендегiлерге байланысты:

   а) Соққы қозғалысының жылдамдығын. Осы жылдамдық неғұрлым жоғары болса, басқарушы әсерлер соғұрлым қиындықпен iске асады. Сондықтан жаттығу кездiнде соққы қозғалысын жоғары жылдамдықпен орындау арқылы баулуға болады.

 ә)Соққы қозғалысының ұзақтығы. Ол неғұрлым қысқа болса, оны басқару соғұрлым қиынға соғады.  Сондықтан дәлдiктi жылдам орындалатын қимылдармен шыңдау керек.

   Соққы күшiн қозғалыстың екiншi заңын пайдалану арқылы анықтауға болады:

                     Fсоқ = __mV0__;

                                    t

m – масса (соққының), V0 – осы массаның тию кезiндегi жылдамдығы,   

t – соғылысқан денелердiң өзара әсер ету уақыты.

    Сонымен, соққы күшiнiң өсуiне әсер ететiндер:

а) Соққы массасының  бiрлiгi. Зерттеулер көрсеткендей соққы  массаның бiрлiгi, боксшының дене массасының  3,2 % -нан тұрады. Оған жұдырықтың (1% дене массасының), бiлектiң (2 % дене массасынан) және иықтың салмағы (0,2 % дене массасынан кiредi). Сондықтан боксшының салмақ дәрежесi неғұрлым ауыр болса, соққы массасы соғұрлым үлкен болады, яғни соққының күшi ұлғаяды.

ә) Соққы массасының қозғалу жылдамдығы. Соққының күшi оның жылдамдығына пропорционал. Соққы кезiнде қолдың жылдамдық қозғалысы спорт шеберлерiнде  4-5 м/сек. Денеге тиер кезде жұдырықтың жылдамдығы өте ұлғаяды (8-10 м/сек).

Соққы массасы жылдамдыққа керi пропорционал: соққы массасының ұлғаюына байланысты оның қозғалу жылдамдығы төмендейдi және керiсiнше. Ауыр салмақты боксшылардың соққы жылдамдығының төмендiгi осыған байланысты. Соққы массасы мен оның жылдамдығын бiрден ұлғайтуға болмайды, сондықтан олардың қолайлы бiрлестiгiн табу қажет.

б) Салмақ дәрежесi. Салмақ дәрежесiнiң өсуiне байланысты соққы массасы өссе, бiр жағынан бұлшық еттiң мүмкiндiгi де жоғарылайды.

в) Боксшының дәрежесi. Жаңадан бастаған боксшының 1 кг дене салмағына   2,25 кг соққы күшi сай келедi, спорт шеберлерiнде 4,00 кг, ал құрама командасының мүшелерiнде 8,20 кг-ға дейiн жетедi. Сондықтан да боксшы өзiнiң мүмкiндiгiн (бұлшық ет күшiн) дұрыс пайдалана бiлуi қажет.

г) Функционалдық сәйкессiздiк. Боксшы соққыны екi қолмен бiрдей жақсы орындай алмайды. Зерттеулерге сүйенсек, оңқай боксшының соққы жүргiзген кездегi, сол қолы оң қолына қарағанда 40 % әлсiздеу болады.

д) Кинематикалық тiзбектiң қаталдығы. Соқтығысушы денелер неғұрлым қаттырақ болса, соққы күшi соғұрлым жоғары болады. Сондықтан да кинематикалық тiзбек “қол” соққы орындаған кезде мүмкiндiгiнше қатаң болуы керек. Ол үшiн қолдың буындарын қатайтып, қозғалысты жауырынның жылжымалылығын пайдаланып орындау қажет.

е) Соққы қозғалысының түрi. Соққы кезiнде соққы массасының кинетикалық энергиясы түгелдей берiлуi, жұдырықтың орталық массасы, бiлек пен иық соққы кезiнде бiр түзудiң (сызықтың) бойында (соққы түзуiнiң) жатуы қажет. Жұдырық маңындағы, шынтақтағы бұрыштар соққы энергиясының берiлуiн нашарлатады.

ж) Соққының түйiскен сәтi соққының күшiне керi пропорционал. Бұл уақыт соққы массасының соңғы жылдамдығына және түйiскен денелер массасының соңғы жылдамдығына байланысты емес, түйiскен денелер массасы өсiп, буын қосылыстары қатаңдығының азаюына байланысты.

Жұдырықтың нысанаға тию уақыты 14 – 18 м.сек, ал бұл уақыт 30 м.сек. уақытқа созылса, онда соққы итеруге айналады.

          Соққылар тұрақты тұрыс жағдайында орындалады. Боксшы ұрыс кезiндегi тұрыс жағдайында негiзгi бұлшық ет топтарын босаңсытуды бiлуi қажет. Бұл жағдай оның қозғалуына және соққыларды орындауына қолайлы болады.

          Соққы қимылдарына дененiң әр түрлi бөлшектерi белгiлi кезекпен қатысады:

 а) Дене өзiнiң тiке осiнен айналу арқылы бұрылып, бiр мезетте алдыңғы немесе артқы аяғымен итерiледi.

          Бұл кезде: а) дененiң бұрылуы соққы беретiн қолға алғашқы жылдамдық бередi; ә) аяқтың итерiлуi денеге бұрылу үшiн қосымша көмек бередi.

ә) Дененiң бұрылған қалпында қол соққысын нысанаға бағыттай бередi. Бұл кезде: а) дененiң бұрылуы соққы беретiн қолдың иығын алға созуға мүмкiндiк бередi; ә) аяқпен итерiлген кезде тiрелген жерден басталатын үдемдiлiк те қолдың жылдамдығына келiп қосылады. Осы күштердiң әсерiнен дененiң салмағы алға қозғалады, ауырлықтың жалпы орталығы (АЖО) да алдыңғы тiрекке қарай ауысады (сондықтан да “дененiң салмағы алдыңғы аяққа ауыстырылады” делiнедi); б) қолдың шынтақ буынының да серпiлiп жазылуы, дене қозғалысымен бiрге жұдырықтың нысанаға тигенге дейiнгi жылдамдығын арттырады.

          Дене мен қолдың қозғалыс  бағыты бiр тұтас беттесiп, механика заңы бойынша жiктелген жұдырықтың күшi мен жылдамдығы төмендейдi.

          Соққы нысанасының жоғарылығы (басқа немесе денеге соғу) соққы қозғалысының өрнегiне ешқандай әсер етпейдi. Ол соққы алдындағы аяқтардың бүгiлуi арқылы басқарылып отырады. Соққыны еңкейiп орындағанда, тепе- теңдiктi аяқтарды алшақ қою арқылы сақтайды.

          Соққыны орындап болған соң боксшы тұрақты қалпын сақтап, қарсыласының қарсы соққыларына дайын болып, ұрыс жүргiзу қабiлетiн оңтайлап ұстауы керек. Барлық жағдайда дененiң алдыңғы тiреуiн алға асырмаған жөн. Соққы жүргiзiлiп болған соң, боксшы өзiнiң алғашқы ұрыс жүргiзу қалпына оралуы қажет. Ол үшiн:

           а) Артқы аяқты алға жақындатып, ұрыс жағдайындағы тұрысқа келiп, жалпы ауырлық орталығын екi тiректiң ортасына келтiру керек.

          ә) Алдыңғы аяқпен итерiлiп, дененi артқа тартып, жалпы ауырлық орталығын екi тiректiң ортасына келтiру керек.

          Аяқтардың дұрыс жұмыс iстеуi боксшының тегеурiндi болып, кез келген уақытта бiр әрекеттен екiншi әрекетке көшуiне мүмкiндiк бередi.

          Соққыны орындаған кезде боксшы қарсылысының қарсы  соққы беретiнiн естен шығармауы тиiс. Ол үшiн бос қолымен иегiн, денесiн жабуы керек.

           Бокстың ережесi бойынша соққылар жұмулы жұдырықпен  арнаулы боксшы қолғабымен (10-12 унция) орындалады.

          Соққы кезiнде жұдырыққа өте көп күш түседi, сондықтан да оны қысып ұстау керек, олай болмаса ол соққы кезiнде дұрыс ұстамағандықтан жарақаттанады. Түйiлген жұдырықтағы қол саусақтарының орналасуы былай болады:

           Саусақтар жұмулы, ұштары алақанға тiрелген, бармақ сұқ қолдың ортасына орналасады. Жұдырықтың тиер жерi алақан сүйектерiнiң басы болып, соққы кезiнде оған тiкелей қысым түседi және қосымша серiппелiк мiндет атқарады.  (3-сур.)

 
   

 1-сурет   

          Соққы жасамас бұрын саусақтар босаң ұсталады. Соққы  алдында оларды қатты қысып, ал тигiзген кезде өте қатайтып ұстау керек. Нысанаға тиген кезде алақан сүйектерiнiң ортаңғы бастары бiрiншi тиетiндей етiп, бiлектi нысанаға перпендикуляр ұстау керек. Жұдырық кәрi жiлiк басының буынында алға қарай сәл бүгiледi. Боксшы алақан сүйектерi буындарындағы байланыс сiңiрлерiн созылудан, үзiлуден сақтау үшiн алдын ала жаттығып, рингке шығар алдында  қолын дәкемен орап алуы керек. Қолды орағанда дәке қолды қатты қыспауы шарт. Алақан ашық тұрғанда қолды қатты қыспай, жұмылған кезде тартып ұстап тұруы керек[34].

          Бокстағы негiзгi соққылардың түрлерi – оң қолмен, сол қолмен орындалатын түзу, қапталдан және астынан (төменнен) соғу. Оны соққы қозғалысының бағытына қарай ажыратады. Ал жалпы соққылардың 12 түрiн ажыратуға болады: оң қолмен түзу; сол қолмен  төменнен. Осы соққылардың бәрi басқа,  денеге бiрдей орындалады.

         Қолдың соққы кезiндегi қозғалыс  ерекшелiктерi алға қойылған мақсатқа байланысты болады, яғни әр түрлi ұрыс жағдайларына қарай өзгередi.

          Күшпен соққан кезде бiз күштен ұтсақ та, жылдамдықтан ұтыламыз. Жылдамдықпен ұрған кезде күштiң көрсеткiшi азайып, жылдамдығы артады. Сондықтан соққыларды қойылған талаптарға байланысты қатты  және жылдам соққы деп бөледi. Соққының күшi мен  жылдамдығының қосылысына байланысты соққылар қатты және қарапайым болып,  олар соққының орындалуына қарай анықталады.

          Ұрыс кезiнде соққылардың үш түрi қолданылады.

Бiрiншi түрi – соққының жылдамдығы да, күшi де аз көрiнедi. Мұндай соққылар өздерiнiң мақсатына байланысты барлау, iздеу соққылары деп аталады.

   Соққылардың екiншi түрi, оның жылдамдығы да, күшi де жоғары (70-75 % Fmax — Vmax), олар ұрыс жүргiзудiң негiзгi құралы.

          Үшiншi түрi дегi соққыларда соққының күшi де,  жылдамдығы да басым болады. Ұрыс кезiнде олар анда-санда кезекпен қолданылады, әсiресе әдiстiк жағынан жақсы дайындалған  кезде қолданылады. Мұндай  жылдам немесе  қатты соққыларды екпiндi (акценттi) деп атайды.

          Соққы қимылдарының құрамында нысанаға дейiнгi ара қашықтық ерекше орын алады. Ұрыс кезiнде нысанаға дейiнгi ара қашықтыққа байланысты соққыларды екi нұсқаға бөлуге болады:

а) ұзын соққылар, олар созылған немесе шынтақ буыны сәл бүгiлген қолмен орындалады (бiлек пен иық арасындағы бұрыш 180-135° ). Мұндай соққылар алыс ара қашықтықта пайдаланылады.

ә) қысқа соққылар бүгулi шынтақпен орындалады (135°). Бұл соққылар көбiнесе жақын қашықтықта пайдаланылады.

          Жоғары дәрежелi спорт шеберлерiнiң әдiстерiнде өздерiне тән ерекшелiктер болады. Мысалы, жұдырықтардың нысанаға тиер кездегi жағдайы, денемен бұрылып, еңкейiп, шалқайып жұмыс iстеуi, аяқтың әр түрлi қозғалыстарына байланысты.

          Соққылардың үлгi әдiстерi өзгерiссiз болып, сол қалпында қалатын әдiс емес. Солардың негiзiнде соққылардың көптеген өзгерген түрiн бокстың үлгi әдiстерiн игерген боксшыларға ұсынуға болады.

 

3.1.5 Тiке соққылар

 

          Тiке (түзу) соққылар сайыста ең көп қолданылады. Тiке соққының  артықшылығы, олардың орындалуы қарапайым және алыстан жылдам, қатты соққы беруге болатындығында. Тiке соққылардың оннан астам түрлерi бар. Мысалы, сол қолмен: жылдам, қатты және қысқа, ұзын соққылар. Оң қолмен де осы соққылар түрi  орындалады.

 

3.1.6 Оң қолмен тiке соғу

 

Соққы ұрыс жағдайындағы тұрыста орындалады. Оңқайлар бұл тұрыста оң қол алыста тұрғандықтан көбiнесе оны қатты соққылар беру үшiн пайдаланады.

Оң  қол алыстан нысанаға дейiн ұзақ жол өтетiндiктен қарсыластар тиiмдi қорғаныс ұйымдастырып үлгередi. Сондықтан да оң қолмен тiке соғу сол қолға қарағанда сирек қолданылады.

          Оң қолмен қатты соққы орындау кезде боксшының денесi тiке осьтен солға қарай бұрылады да, оң аяғы тiреген жерден алға қарай итерiледi. Бұдан соң оң қолдың шынтағы жазылып, жұдырық алға қарай үдеме жылдамдықпен қозғалады. Дененiң бұрылуы мен оң аяқтың итерiлуi бiр уақытта орындалып, оң иық алға  шығады. Дененiң жалпы ауырлық орталығы алдыңғы тiрек алаңының орталығында болса, соққы кезiнде ол алға жылжып, сол аяқтың орнына ауысады. Соққы қимылының соңында боксшы сол аяққа тiрелiп, денесiнiң оң жартысымен қарсыласына алға бұрылып, оң қол алға шығып, түзу нысанаға тиiп тұрады. Осы уақытта сол қол мүмкiн болатын қарсы соққыдан қорғану үшiн бас пен дененi жауып тұрады[35].

          Жақын ара қашықтықтағы соққы да осылай орындалады, бiрақ шынтақ түгел   жазылмастан белгiлi  бiр бұрышты сақтап қалады. Осы сәттiң ең маңыздысы, ол бiлек еттерiнiң шынтақ буынында бiрiгiп бiр қызмет атқаруы (бүгушi және бұлшық еттер).

          Соның нәтижесiнде қол түгел жазылмаса да, соққы жоғарыдағыдай орындалады және күштi болады.

    Нысанаға дейiнгi ара қашықтық созылған қолдың ұзындығынан алыс болған жағдайда алға қарай сәл төмен  енкейiп, оң иығын алға шығарады. Осы қозғалыс нысанаға қарай созылып жетуге мүмкiндiк бередi.

    Жедел соғылған соққы кезiнде боксшы бастапқы қозғалу  қалпын сақтайды. Бiрақ, қолдың қимылы басталған соң  дененiң бұрылуы тоқталады, соққы  тек қол мен иықтың қатысуымен орындалады. Бұл жағдайда соққы жылдам орындалғанымен оның күшi әлсiз болады.                 

 

3.1.7 Сол қолмен тiке соғу

 

Сол  қолмен соққы бастапқы тұрыста орындалып, сол қол жұдырығының нысанаға дейiнгi жолының  аздығына байланысты, сол қолмен тiке соққылар  жылдам және дәл соққылар ретiнде қолданылады.

Күштi соққы берер алдында қолды артқа сермеп барып орындайды. Соққы берер алдында боксшы дененi сәл солға бұрады, сол қолдың жұдырығы нысанадан алыстайды да, соққыға үдеме қозғалыс қосылады. Ары қарай  бiр мезгiлде денесi оңға  бұрылып, артқы аяғымен итерiледi. Сосын сол қолдың шынтағы жазылып соққы нысанаға қарай бағытталады. Бұл кезде дене оңға қарай бұрыла бередi де, сол иық алға шығарылады. Дененiң салмағы алдыңғы аяққа ауыстырылады. Соққы қимылының соңында алдыңғы аяғымен тiреледi де, қарсыласына денесiнiң сол қапталын берiп бұрылады. Соққыны тигiзгенде жұдырық алақанымен төмен немесе оңға бұрылады. Бұл екi жағдай да табиғи, дұрыс және ыңғайлы болады. Ол боксшының  дайындық ерекшелiктерiне байланысты.

           Оң қол бас пен дененi қорғап тұрады. Сол  қолмен қарсыластың басына бағытталған келте соққы қысқа қашықтықтарда қолданылады. Бұл жағдайда жоғарыдағы үрдiс қайталанады: қол толық жазылмайды, шынтақ буынындағы қосылған күштер қатаң соққыға дайындалады. Егер, ара қашықтық алыс болса, онда соққыны алға сәл еңкейiп барып, сол иықты нысанаға жететiндей   алға шығару арқылы жасау керек.

Соққыны жылдамдыққа бағыттағанда боксшы денесiн шамалы буынын жаза отырып, жұдырық нысанаға бағытталады. Дене мен сол иық тоқтап, жалпы ауырлық орталығы бастапқы  қалыпты тұрыстай тiреу орталығына орналасады. Сонымен, соққы бiр ғана қолдың қозғалысымен орындалады. Ол жылдам, бiрақ әлсiздеу болады[36].

 

3.1.8  Қапталдан  ұратын соққылар

 

  • Қапталдан ұратын соққы сайыста жиi қолданылады. Олар қатты және жылдам соққы ретiнде  нәтижелi пайдаланылады. Қарапайым ұқсастығымен топтастырғанда бұл соққының он алты түрi бар.

 

3.1.9 Он қолмен қапталдан  соғу

 

Оңқай боксшыға да, солақай боксшыға да қарсы қапталдан соққылар жиi қолданылады. Қалыпты тұрыс кезiнде оң жұдырық нысанадан алысырақ тұрады. Соққы кезiнде ол нысанаға дейiн едәуiр жол жасайды. Қарсыласы шабуылдаушының ниетiн алдын ала сезiп, әсiресе солақай боксшыға қарсы қажеттi қорғанысты сирек қолданады. Жалпы оң қолдың соққылары қарсыластың қорғанысын ашады.

Оң қолмен алыстан күштi соққы беру тiке соққыға ұқсайды. Алдымен дене өзiнiң тiке осiнен солға қарай бұрылып, сол мезетте оң аяқпен итерiлiп, оң қол iске қосылады. Жұдырық алақанымен iшке бұрылады. Қолдың жазылуымен бiрге боксшы артқы аяғымен итерiлiп, денесiн бұрып, алға оң иығын шығарады. Дененiң ауырлық орталығы алға жылжып, салмағын алдыңғы сол аяққа ауыстырады.       

          Бұрылудың соңында дене алға және сәл төмен берiледi де, сол иық артқа тартылады. Қол түгел жазылмайды, шынтақта ашық доғал бұрыш сақталады. Соққы бiткен кезiнде, боксшы алдыңғы аяғына тiрелiп, денесiнiң оң қапталы қарсыласына бұрылып, сол иығы артқа тартылып, оң иығы алға шығып, алдыңғы тiреудiң шекарасында тұрады. Ал дене сәл алға еңкейiледi, қол сәл бүгулi қалпында нысанаға тиiп тұрады. Сол қол бұл сәтте дененi, иектi қарсы соққыдан қорғап, жауып тұрады.

           Қысқа қашықтықтағы қапталдан соққылар осылай орындалады, онда шынтақ көбiрек бүгiледi.

           Жылдам соққы жасағанда алғашқы қозғалыс қимылдары сақталады. Қолдың нысанаға бағытталған қозғалысынан кейiн дененiң бұрылуы мен аяқтың итерiлуi толық аяқталады, соққы тек қолдың қозғалысымен орындалады. Бiрақ соққы жылдам болғанымен күшi бәсең болады.

           Оң қолмен қапталдан соққы жасаған кездегi жалпы заңдылықтарды ескеруге болады:

а) Шынтақ буынында қарама- қарсы қимылдайтын бұлшық еттердiң қосылысынан қатты соққы тетiгi құралады.

ә) Соққыны орындаған кезде дене массасын сол жаққа ауыстыру  қимылы орындалады. Сонымен бiрге, жалпы ауырлық  орталығын солға жылжытушы реактивтiк күш пайда болады. Мұндай жағдайда бастапқы қалыпты тұрысты тұрақтылық жасау үшiн, алдыңғы осьтегi тiреу алаңдарын ұлғайту қажет. Бұл үшiн аяқтар тiке соққылардан кеңiрек қойылады[37].

 

3.1.10 Сол қолмен қапталдан соғу

 

Бұл соққыны көбiнесе сол қолымен жақсы соғатын боксшы пайдаланады. Бастапқы қалыпты тұрыс жағдайында сол қолдың жұдырығы қарсыласқа жақын орналасады да, соққы қозғалысына ең қысқа жол жасап, ол жылдам,  дәл соққы жасауға мүмкiндiк бередi.

          Алыстан қапталдан қатты соққы орындағанда алдымен сол қолмен сәл сермеу жасайды. Ол үшiн  денесiн солға бұрап, бiр мезгiлде сол аяқпен алға қарай адымдайды.

           Оң аяқ орнында қалады да, тек сол аяқ адымдайды, дененiң басқа бөлiктерi өзгерiссiз қалады. Бұл жағдайда боксшының алғы шептегi тiреу алаңы молаяды.

Жалпы ауырлық орталығы сол аяққа ауысады. Соққы сол аяқпен итерiлiп барып, дененiң бiр мезгiлде оңға бұрылуынан басталады. Сонан соң барып дененiң сол қолы шынтақтын, иықтың жазылуы арқылы қозғалып, сәл ғана доғал бұрыш жасаумен соққы нысанаға жұдырықпен iшке қарай бағытталып тиедi. Соққы қимылының соңында боксшы алдыңғы аяққа тiрелiп, денесiн сол қапталмен қарсыласына ұстап, сол иығын алдыңғы тiректiң шекарасына жеткiзiп, шынтақпен бүгулi қолы нысанаға барып тиедi. Оң қолы денесi мен басын қарсы соққыдан қорғайтындай жағдайда ұсталады.

          Қысқа қашықтықта қапталдан соғатын соққы қысқа орындалады. Орындалу әдiсi ұзын соққыға ұқсас,  тек шынтақ бұрышы шамалы жазылады. Мұнда соққы алдын ала алға ұмтылмай-ақ, дененi сермеу арқылы сәл ғана солға бұрылып барып орындалады.

          Қапталдан соғатын соққыларды жылдам орындағанда соққының негiзгi өрнегi сақталады. Бiрақ алға ұмтылып сол аяқпен адымдамаса да болады. Соққы қимылының басында сол аяқпен итерiлiп, дененiң оңға бұрылуы сақталады. 

       

3.1.11 Төменнен  ұрылатын соққылар

 

         Төменнен ұрылатын соққылар көбiне қысқа ара қашықтықтарда қолданылады. Орындалу түрiне қарай бұл соққыларды қарапайым 16 түрге бөлуге болады. Мысалы, оң қолмен төменнен соққанда ол қатты,  жылдам және қарапайым; кенеттен соғылатын соққылар:  ұзын және  қысқа соққылар деп аталады. Сол қолмен орындалатын соққылар да болады.

 

3.1.12 Оң қолмен төменнен  басқа соғу

 

Қарсыласының алдыңғы қолы кедергi жасайтын сәтте қысқа соққылар жиi қолданылады. Ұрыс кезiнде оң қолдың жұдырығы бiршама жол жүретiн болғандықтан, көбiне қатты соққы ретiнде қолданылады. Оң қолмен басқа төменнен соғу қарсыласымен бетпе-бет тұрғанда және оның оң қолы соққыға кедергi жасамайтын сәтте орындалады. Бұл соққы көбiнесе қарсыласы алға немесе сол жаққа еңкейген сәтте орындалады. Соққыны орындаған кезде дене салмағы оң аяқтан итерiлу арқылы сол аяққа ауыстырылады. Жекпе-жек кезiндегi қысқа соққылар бiр орында тұрып және алға жылжу арқылы аттап та орындалады. Соққыны бiр орында тұрып орындағанда тiзелер сәл бүгiледi, дене оңнан солға қарай бұрылып, оң иық алға шығады, жұдырықтың алақан жағы өзiне қарайды.

          Оң қолмен басқа бағытталған қысқа соққы бiр адым аттап жасалған кезде дененiң барлық салмағы солға аттаған аяққа ауысады. Жұдырықтың  бағыты нысананың орналасу биiктiгiне байланысты.

          Бұл соққы қарсыласының қорғанысын ашып, шабуылға қолайлы жағдай жасау үшiн де қолданылады.

 

3.1.13 Оң қолмен денеге  төменнен соғу

 

Оң қолмен денеге  төменнен соғуды жиi қолдану қиынға соғады.

Себебi, қарсыласының шынтағы соққының  жүзеге асуына мүмкiндiк  бермейдi. Ол үшiн боксшы қарсыласының сол қолын жоғары көтеруiн күтедi. Абайламаса соққы көбiне бүгiлген шынтаққа тиiп саусақтарды жарақаттандырады. Сондықтан да, бұл соққы өте қысқа қашықтықта немесе қарсыласы тiке тұрғанда ғана қолданылады. Бұл – соққы сирек қолданылатын соққы. Орындау әдiсi бұрынғыдай болады.

 

3.1.14 Сол қолмен қарсыласының басына төменнен соғу

 

Сол қолмен басқа төменнен соғу көбiнесе қарсыласы еңкейген кезде пайдаланылады. Бұл соққылар iс жүзiнде қатты соққыларға жатады. Қатты қысқа соққыларды орындау үшiн, алдын ала дайындық қимылдар жасау қажет. Дененiң орта салмағы алдыңғы аяққа ауыстырылады, дене сәл еңкейiп солға бұрылады да, сол қолдың шынтағы артқа бағытталып, жұдырық артқа төмен қарай қозғалады. Ары қарай дене жылдам оңға бұрылып, сол аяқпен итерiлiп, сол иық алға шығарылады. Жұдырық үдемелi қозғалыспен төменнен жоғары алға бағытталады. Жұдырықтың нысанаға тиер кезiнде дене жазылып, жанбас буынының көмегiмен қосымша күш туғызады. Соққы қимылының соңында боксшы сол аяғына тiрелiп тұрады, денесі сол қырымен қарсыласына бұрылып, сол қол бүгулi күйiнде жұдырықпен нысанаға тиедi. Оң қол басты, дененi қарсы соққыдан қорғауға дайын тұрады.

          Сол қолмен төменнен ұзын соққы қарсыласын тiке тұруға мәжбүр ету үшiн қолданылады

          Сол қолмен денеге төменнен соғу ұрыс кезiнде  жиi қолданылады. Бұл соққыларды орындау басқа соққылардан жеңiлдеу. Әр түрлi қашықтықтардан ұзын, қысқа соққылар жасауға болады. Ұзын соққыдан сол қол шынтақ тұрысында жазық бұрыш, ал қысқа соққыда сүйiр бұрыш жасайды.

          Сол қолмен денеге төменнен соққы жасалған кезде арқа, қарын, аяқ және сол қолдың бұлшық еттерi қатаяды. Бұл соққының күшiн арттырады. Бұл соққы шабуылдың алдындағы алдамшы соққы ретiнде де  көп қолданылады. Орындалу әдiсi жоғары соққыдай. Соққыны орнында тұрып та, аттап барып та орындайды[38].

 

3.2 Қорғаныс әдiстерi

 

Боксшының ұрыс алдындағы тұрысы шабуыл кезiнде де, қорғаныс кезiнде де бiрдей болады. Сондықтан бокс әдiсiн үйреткен сәттен бастап- ақ, оның қорғанысты өте жақсы меңгеруiне көп көңiл бөлген керек. Жан-жақты қорғана бiлген боксшы жекпе-жек кезiнде өзiн-өзi сенiмдi сезiнедi. Шабуылда болсын, қорғаныста болсын әр қимылды үнемдi пайдалану боксшының күшiн сақтайды, қорғаныстан шабуылға тез өтуiне мүмкiндiк бередi. Боксшының ара қашықтықты дұрыс сақтай бiлуi де оның шеберлiгiн көрсетедi. Жекпе-жек кезiнде қолданылатын барлық әдiс-айла ара қашықтықты дұрыс пайдалануға байланысты.

          Қорғаныс әдiстерiн дұрыс пайдалана алмау және ара қашықтықты сезiнбеу рингте дөрекi, жат қимылдар жасауға мәжбүр етедi. Ол көрерменге де, төрешiлер қауымына да көңiл толмас әсерi болады.

          Жас боксшыға жекпе-жек кезiнде қорғаныс түрiн үйретерде, ең басты еске алар жайт, шабуылдаушы қарсыласының ойын, оның әрекетiне қарай алдын ала болжау жасау керек. Соққының басталған кезi мен нысанаға тиер уақыты секундтың бөлiктерiндей ғана болады. Сондықтан да қандай соққының басталып, оған қандай қорғанысты пайдалануда  уақыт өте қысқа болғандықтан, жас боксшыға жылдамдықты арттыратын жаттығуларды көбiрек беру қажет. Кез келген қорғаныс әдісі  қарсыластың әр түрлi қимылын жiтi қадағаламаса, ол нәтижесiз болады.

          Дененiң ең осал жерлердi қарсылас үнемi нысанаға алатыны белгiлi. Соққылар дәл тиген қатты соққыдан боксшы нокдаун, нокаут (боксшының сәлғана уақыт, бiраз уақыт жұмыс iстеу қабiлетiнен айрылуы) алады.

  Дененiң ең осал жерi. (4-сурет)

 
   

1-иек; 2-мойынның күре тамыр тұсы; 3-кеуденiң сол жағы (жүрек тұсы);            4- қарынның жоғары жағы (төс асты); 5-оң жақтағы қабырғаның асты жағы (бауыр).

2-сурет

          Боксшы бүкiл жекпе-жек бойы дененiң осы көрсетiлген осал жерлерiн жақсы қорғауы қажет. Сондықтан да ол дененiң осал жерлерiн берiк қорғау үшiн, қолайлы сәттердi пайдаланып, өзiңнiң қажеттi әрекеттерiн iске асырып, қорғаныстан қарсы шабуылға шығу қажет.

Қорғаныс қимылдар негiзiнде оқу- жаттығу кезiнде есте ұстайтын мынадай талаптар бар:

а) Қарсыласыңның шабуыл жасайтын сәтiн алдын ала болжап, оның ары қарай неге ұласатынын бiлу және өз шабуылыңды iске асыру шараларын iздеу.

ә) Қарсыласының әрекетiне түрлi қорғаныс қимылдарын қарсы қою  арқылы алдын алу керек. Ол үшiн қарама- қарсы соққылардың жолын бөгеу үшiн қолмен қорғану. Бұндай кезде   қарсы соққы беру, қолды қарсы тосу, соққы берген қолды бiр жағына қағу, денемен бұғыну немесе бiр жаққа жалтару арқылы қарсыластың соққысынан кетiп қалу, қарсыласпен жақындаспау үшiн аяқтың көмегiмен оңға, артқа кетiп қалу,  ара қашықтықты алыстату амалдарын орындау қажет.

          Жеке дара соққылардан қорғанатын негiзгi қорғаныс түрлерi төмендегiдей:

     а) Оң қолмен орындалатын тiке соққыларға қорғаныс қарсы соққы, соққыларды алақанмен  сыртқа, iшке қағу бiлекпен   iшке сыртқа қағу, қолдың алақанымен бiлегiн бiрге тосу арқылы, дененiң көмегiмен оңға, солға бұрылып еңкею, артқа шалқаю, төменнен солға, төменнен оңға, төмен сұңгiп- еңкейiп, аяқтың көмегi арқылы солға, оңға және аттап кету арқылы орындалады.

      ә) Сол қолмен орындалатын тiке соққыдан, оң қолмен орындалатын соққыдан қорғанатын барлық қорғаныс түрлерi қолданылады.

      б) Оң қолмен қапталда соғатын соққыдан қарсы соққылар арқылы, сол қолдың бiлегiн тосып, алақанмен және  бiлекпен сыртқа қағып, алақанды қарсы қойып, оңға еңкейiп, артқа шалқайып, төменнен солға қарай сүңгiп, төмен отырыңқырап; алға артқа аттап кетiп қорғанады.

      в) Сол қолмен қапталдан соққыға қарсы оң қолмен орындалатын қорғаныс түрлерi қолданылады, онда қолдың кейбiр қимылдары керiсiнше оң жаққа қарай орындалады.

     г) Оң қолмен төменнен келетiн соққыдан білекті тосып, артқа шалқайып, оңға аттап, артқа кетiп қорғанады.

      д) Төменнен сол қолмен келетiн соққылардан қорғануда жоғарыдағыдай орындалады.

    Бокс қорғанысының барлық түрлерiнде қозғалыстың негiзгi талаптары сақталады:

а) Аяқ жұмысының жылдамдығы, тепе-теңдiктi сақтап, дене қозғалысын оңай орындау.

   ә) Дене жұмысының жылдамдығы, оның кез-келген уақытта қарсыласының соққысынан бұлтаруға дайындығы.

 б) Қарсыласының соққыларын тоқтатып, қарсы соққыға дайындықты жақсартуға бағытталған қол жұмыстарының жылдамдығы[39].

 

3.2.1 Қолмен қорғану

 

Қорғаныстың бұл түрi жиi қолданылады. Дегенмен қорғаныс үшiн, қолды пайдалану боксшының қарсы шабуыл жасауына кедергi жасайды. Сонда да осындай қорғаныс әдісі әсiресе, ұрысты жоғары жылдамдықпен және қысқа қашықтықта жүргiзген кезде өте сенiмдi және қолайлы.

    Қарсыластың соққысын дарытпау үшiн, қолмен төмендегi қорғаныс түрлерiн қолдануға болады.

а) Соққының ең басында. Ол үшiн қарсы соққы немесе қолды қарсы қою қажет.

ә) Соққының ортасында. Бұл жағдайда қолды қағуды қолданған жөн.

б) Соққының соңында. Бұл кезде бiлектi, шынтақты тосқан жөн.

Қорғаныстың ең ұтымды түрi – қарсы соққы.

Қарсы соққы қарсыластың соққысы кезiнде оның шабуылын тоқтату үшiн қолданылады.

          Қарсы соққыларды пайдаланған кезде ескертетiн жайт, соққыны қарсыласының соққысынан бұрын тиетiндей етiп орындалуы керек.

Қолды қарсы қою – бұл бiлектi немесе алақанды соққыға қарсы қойып, оны дамытпау үшiн пайдаланылады.

Қолды тосу – бұл қарсыласының соққысына дененiң қауiпсiз жерлерiн (иық, бiлек; шынтақ, алақан) тосу арқылы орындалады.

Қолды қағу – бұл қарсыласының соққысын iшке, сыртқа қағу арқылы соққының бағытын өзгертiп, соққыны нысанаға тигiзбеу үшiн қолданылады.

Дене қимылы арқылы қорғану ұрысты жүргiзуде кеңiнен қолданылады. Бұл қорғаныстың артықшылығы боксшы қолдарының қарсы шабуылға шығу үшiн үнемi бос болуында. Оның түрлерi жалтару және сүнги қорғану, төмен еңкейiп (сүңгiп) орындайды. Жалтаруды орын ауыстырмай орындайды.

Жалтару – алдыға, солға қарай орындалады. Бұл сәттерде бастың биiктiгi соққының биiктiгiнде немесе одан жоғары болуы мүмкiн.

Сүңгу – көбiнесе басқа қапталдан соғатын соққылардан қорғану үшiн қолданылады. Соққының қай қолмен орындауына байланысты боксшы орнында тұрып, сәл отырып- еңкейiп солға немесе оңға көтерiледi. Аяқтың көмегiмен қорғану бокста өте жиi қолданылады. Бұл қорғаныстың негiзгi түрi, оңға солға, артқа кетiп қалу арқылы  өзiне қолайлы, қарсыласына қолайсыз жағдай туғызу. Қозғалыстың түрлерi әр түрлi[40].

      

3.2.2 Боксшыны жаттықтыру және оқытудағы педагогикалық қағидалар

 

Саналылық пен белсендiлiк қағидалары

Спорттық жекпе-жек түрi сияқты бокс үшiн уақыт тығыздығының ерекшiлiгi қарсыластың iс-әрекетiнiң орындалуымен  сипатталады. Бұл әрекеттiң ерекшелiгi, саналылық және белсендiлiк қағидасын қолдану қажеттiгiне, ұрыстың тәсiлдiк түрлерiн өзгеруiне және саналы таңдауына, әдiстердi орындауға шығармашылықпен жақындау қажеттiгiн туғызады. Бұл қағида боксшының сапасы мен қозғалыс әрекетiнiң орындалуы арасындағы органикалық байланыс негiзiнде құрылған. Саналылық және белсендiлiк қағидалары педагогикалық үрдiсте таратылуы үш бағытта жүредi.

  1. Сабақтың басты мақсаты мен нақты мiндеттерiне саналы қатынас пен тұрақты көзқарасты қалыптастыру; 2. Оқу-жаттығу сабақтары үрдiсiндегi тапсырманы орындау кезiнде саналы талдау мен бақылауды реттеу; 3. Боксшылардың сабаққа ынталылығын, шығармашылық қатынасын тәрбиелеу.

          Басты мiндеттермен қатар, жоғары спорттық көрсеткiштерге жету мiндеттерi-боксшы дайындығының әрбiр кезеңi және сатысындағы мiндеттерi болуi қажет. Жалпы дамытушы және арнайы жаттығуларды үйрету үрдiсiнде боксшы алға қойған мақсатына жаттығуда нақты мiндеттердi алдына қоймаса, ол қимылдарды дұрыс  орындай алмайды. Жаттықтырушы жаңа тәсiлдердi үйреткенде боксшыдан оның ерекшелiктерiн ұрыс тәсiлiнiң жалпы жiктеуiнде қандай орын алатынын және де басқа тәсiлдермен байланысы жөнiндегi бiлiмдi бiлуiн талап етуi керек.

          Тәсiлдi табысты орындау спортшының игерiлетiн жаттығудың күштiк, кеңiстiк, уақытша сипатын саналы бағалай бiлуiне байланысты. Жаттықтырушы өзiнiң шәкiрттерiн белсендiлiкке бiрiншi сабақтан бастап үйретуi қажет. Боксшының белсендiлiгiн егер, ол сабаққа қызықса ғана тәрбиелеуге болады. Шұғылданушылардың белсендiлiгiн көтеру үшiн, жаттықтырушы сабақты көңiлдi өткiзуi керек. Егер, сабақ  бiр қалыпты қызықсыз өтетiн болса, спортшылардың қалпына келу үрдiсi төмендейдi.

          Боксшыны үйретудiң сатысындағы жаттықтырушының негiзгi мiндеттерiнiң бiрi- сабақта өз бетiнше жаттығуға тәрбиелеу. Жаттықтырушы өзiнiң шәкiртiн жалпы дамытушы және арнайы жаттығуды орындаудың санасын өз бетiнше, болған қателiктердi сынмен талдауға үйрету болып табылады. Жоғары бiлiктi боксшылар оқу- жаттығу жиындарына жаттықтырушысыз барады[41]. 

 

3.2.3 Көрнекiлiк қағидалары

 

Көрнекiлiк қағидасының болмысы – бокстың  жаттықтыру және оқыту мiндетiн шешу үшiн спортшының талдамаларын барынша шектеулi қолданумен қорытындыланады. Көрнекiлiк қағидасы сезiммен ұғынған қимыл әрекеттердi игеруге байланысты дағдыланған. Боксшының үйренген қимылдары жөнiнде көрулiк, қимылдық және тағы басқа көрiнiстермен қамтамасыз ету қажеттiгi тұр. Рецептивтi түрлердi ажыратады, олар көрiнiстiк, моторлы және акустикалық (харре). Бұл үш түрдiң барлығы әрбiр адамда бар. Бокс сабағындағы оқыту және жетiлдiрудiң негiзгiсi – жаттығуларды көрсету болып табылады. Жаттықтырушы тәсiлдi нақты көрсетуi керек, ол жарыстық жекпе-жекте қолданылады. Шұғылданушылар қимыл- әрекет жөнiнде толық түсiнiк алғаннан кейiн олардың ойын тәсiлдi орындау әдiсiне байланысты  бөлу керек. Жаттықтырушы тәсiлдердi бiрнеше рет, әр жағынан көрсетедi, өйткенi, шұғылданушылар есiнде сақтауы тиiс.

          Жаңа дағдыларды үйрету кезiнде, әсiресе, жасөспiрiмдермен жұмыста бағыттаушы және дайындық жаттығулары жүйесiнiң негiзгi тапсырмасын жеңiлдететiн, жаттығуларды әдiстемесiн тиiмдi пайдалану керек. Жасөспiрiмдер және жеткiншектердi оқыту үрдiсiнде жаттығуларды көрсету әдiстемi – негiзгi  болып табылады. Сабақтарда үйрету тиiмдiлiгiн көрсету үшiн, жаттықтырушы үйретiлiп жатқан қимылдар жөнiндегi көрнекiлiктердi жиынтық түрiнде пайдалану керек. Бұлар – суреттер, плакаттар, кинограммалар.

                   Боксшыны оқыту және жаттығудың қазiргi тәжiрибесiнде, орындалатын қимылдың кеңiстiктiк, мезгiлдiк, уақытша және күштiк сипаты – саналы қабылдаудың «тездiк» ақпарат тәсiлi ерекше орын алады.

 

3.2.4  Жүйелiлiк  және бiрiздiлiк қағидасы

 

            Бұл қағида спортшы және жаттықтырушыдан бокс негiзiн оқытудың тиiмдiлiгi мен бiрiздiлiгiн оқытуды талап етедi. Оқу-жаттығу сабағында жүйелiлiк және бiрiздiлiк негiзiнде игеру, тек әдiс- тәсiлдiк дағдылар мен iскерлiк көлемiнiң қажеттiлiгi, бокста тәсiлдi игерудiң жан-жақты дамуы мен әмбебаптылығы үшiн қажеттi алғы шарттар пайда болады. Боксшыны үйрету мен жаттығудың үздiксiз жағдайы, боксшы алдындағы материалды игере отырып, жаңа тапсырмаларды игерiп оқу бiрiздiлiгi болып табылады. Әрбiр жаңа тақырып өткен сабақтармен байланысты болуы керек.

   Бокс тәсiлiн оқыту қарапайымнан басталып күрделiге қарай жүргiзiлуi керек. Боксшы алғашқы ұрыс тiрегiн, қорғанысты, тiкелей соққыны және олардан қорғанудың барлық түрiн үйренедi. Содан кейiн қапталдан соққыны және одан қорғану сабағын өтедi. Осылардан кейiн тiке және қапталдан соққының әдiстерiн игередi.

 Өкiнiшке орай, бокстың тәжiрбиесiнде жоғары кәсiби дайындығы мен сауатсыз жаттықтырушылардың оқыту мен жаттықтыруды тездету әдiстерiне жүгiнетiн жағдайлары кездеседi. Нәтижесiнде№ боксшы бокс мектебiнiң негiзiн дұрыс игермейдi. Одан Азиялық және Әлемдiк ауқамдағы спорттық көрсеткiш көрсете алатын, жоғары шеберлiктi боксшы шықпайды[43].

 

3.2.5 Қол жетерлiк және жекелiк қағидасы

 

Қол жетерлiк  және жекелiк қағидасы оқу- жаттығу үрдiсiнде қолайлы жүктеменi таңдау кезiнде боксшылардың жастық және жекелiк, топтық айырмашылығын мiндеттi түрде есепке алуымен қорытындыланады.

           Егер жаттықтырушы шұғылданушының еңбек әрекетiн, оқуын, тұрмыс жағдайын ескерiп, оны жақсы бiлетiн болса, онда ол олардың әрбiрiне сабақ өткiзудi тиiмдi таңдай алады.

          Бокс сабағы адамдарды жас кезiнен қызықтырады. Сондықтан да, жаттықтырушы шұғылданушылардың құрамы және дайындық топтары бойынша әр түрлi қарауы керек. Сабақ барысында дене жүктемесiне лайық және оқу материалын таңдай бiлуi тиiс.

     Жоғары спорттық бiлiктi боксшы үшiн қарапайым саналатын жаттығулар жаңадан бастаған спортшыларға қол жетерлiк емес. Жақсы дайындалған боксшы үлкен жүктеменi жеңiл атқарады, ал жаңадан жаттығып жүрген спортшы бұл жүктеменi атқара алмайды. Егер жоғары спорттық көрсеткiштi керек ететiн жаттықтырушы жаңадан бастап жүрген боксшыға күрделi тәсiлдiк және әдiстiк тапсырмаларды мiндеттi түрде бередi. Мұндай тапсырманы жаңа бастаған боксшы атқара алмайды және күшiн жоғалтады. Онда өз күшiне деген сенiмсiздiк туындайды, сонымен қатар, көптеген жарақат алады. Сондықтан да, жаттықтырушы шұғылданушының мүмкiндiгiн ескерiп, соған лайық тапсырмалар беруi керек. Оқу материалы спортшыларға түсiнiктi болғанда ғана, оны игере алады.

          Қол жетерлiк және жекелiк қағидасы жаттықтырушы топты жинақтау кезiнде жасы бiр келiсi, спорттық өтiлiмi мен дайындығы бiрдей оқушыларды таңдауды талап етедi.

          Оқу- жаттығу топтарын дұрыс жинақтауда бақылау жаттығулары мен тестерi үлкен рол атқарады. Дайындық дәрежесi және бiлiктiлiгi, жас ерекшелiгi есебiмен оқыту мен жаттығудың жалпы заңдылығын сақтап, жаттықтырушы спортшы дайындығын барынша жекелеп, оқу үрдiсiн құрастыруы қажет. Жекеленген дайындықтың маңызы – боксшының жоғары спорттық шеберлiкке талпыну сатысында өседi. Боксшылардың бiр -бiрiнен қимылдық, қызметтiк, психикалық және өз ағзасының басқаша мүмкiндiктерiмен айырықшаланатыны белгiлi. Жастары қатарлас, бiлiктiлiгi, дайындығы бiрдей топта бiрдей   көрсеткiшi бар екi спортшы болмайды. Сондықтан да, жаттықтырушының ең басты мiндетi — әрбiр боксшының жаттығу мен оқыту үрдiсiн қатаң жекелеуi керек.

 

3.2.6 Спорттық  шеберлiгiн жетiлдiру қағидасы

 

Дағды тармақтылығы мен мықтылығы қағидасы

         Боксшының мықты, тұрақты қимыл дағдысын игеру дәрежесi – оның спорттық шеберлiгi деңгейiнiң негiзгi көсеткiштерiнiң бiрi болып табылады. Жоғары дәрежелi спортшы бiлiктiлiгi  нашар боксшыдан ең басты айырмашылығы, оның әрекетi, қарсыластың жеке ерекшелiктерiне және ұрыстың шиеленiсуiне, жарыстың деңгейiне қарамастан мықты, дұрыс және нақты орындалуымен сипатталады. Сондықтан да, жаттықтырушы шұғылданушылардың оқу материалын нақты қалау игергенiне қарап отыруы тиiс. Дағдының нақтылығын, оның тиiмдiлiгiн төмендетпей жарыс жағдайында тәсiлдердi бiрнеше қайталап орындау деп қарау керек. Бокста тәсiлдердi нақты игеру, оқу- жаттығу тапсырмаларын жүйелi және ұзақ орындау.

          Қозғалыс дағдысы қимылды басқарудың автоматтандырылған тәсiлi, болып спортшы әдiстi санасыз орындауы мүмкiн. Боксшының қимыл дағдысының жиынтығы көп болған сайын, ол өз қимылын бақылай  алмай қалады. Боксшының көңiлi қимылға емес, ұрыстың жағдайы және барысының қорытындысына ауады. Сондықтан да, боксшы әр түрлi тәсiлдiк жағдайда қимылын саналы түрде игеруi керек.

          Дағдының мықтылығы, оның тармақтылығымен тығыз байланысты. Дағды тармақтылығын жетiлдiрудегi ең маңыздысы – оқу-жаттығу сабақтарында, жаттықтыру және боксшы ұрысты өткiзу үрдiсi және тәсiлi бойынша қарсыласты таңдап алуында.

          Боксшы әр түрлi жағдайда тәсiлдердi жетiлдiрiп, дағды тармақтылығына жетуiне болады. Дағды тармақтылығын, дағды фазасының жоғары тұрақтылығын сақтай отырып, өзгерту есебiмен де көтеруге болады. Дағдыны дамытудың жоғары сатысында боксшыда мамандандырылған мүсiндер  пайда болады: соққы сезiмi, уақыт сезiмi және т. б.

          Дағдыны игерудiң мықтылығы және оларды  тәсiлдiк орындау дәрежесi —  қарсыласпен жекпе-жек жағдайында анықталады. Тәсiлдiк және әдiстiк дағдыларды игерудiң ең тиiмдi тәсiлi – шартты және еркiн ұрыс, және де жарыс болып табылады. Жаңа тәсiлдердi үйрету кезiндегi оқу-жаттығу жұмыстары тәжiрибесiнде боксшы дағды қимылдарын дұрыс игермегендiгi байқалған жағдайлар болады. Қимыл дағдысын дұрыс игермеу өте қауiптi, өйткенi, боксшыға дағдыны өзгертуге және дұрыстау өте қиын болады. Спортшылар арасында, «өткендi өзгертуден, жаңа қимылды игеру оңай» деген  нақыл бар. Дағдыны өзгерту үшiн, күрделi стереотиптi бұзу керек. Қимыл дағдысының жаңа түрiн жетiлдiру үрдiсiнде қимылды бiрнеше рет қайталау қажет.

 

3.2.7 Спорттық шеберлiктi жетiлдiру және сәйкестендiру қағидасы

 

          Боксшының спорттық шеберлiгiн тез жетiлдурiде сәйкестендiру қағидасын дұрыс сақтамауға болмайды. Сәйкестендiру қағидасына боксшының жаттығу және жарыс әрекетiн тиiмдi құру мақсатындағы талаптарының кең шеңберi кiредi.

          Жаттықтырушы оқу- жаттығу үрдiсiн боксшының мүмкiндiгiне қарай сәйкестендiрiп, жүктеменiң көлемi мен мазмұнын, жаттығудың сипатын, оқыту әдiстерiн, тәсiлдерiн пайдаланып жоспарлау тиiс. Спортшының жалпы және арнайы дайындығын дамыту кезiнде, оның дене қасиетi бiрдей жоғары деңгейде болмауы керек. Спорттың осы түрiнiң ерекшелiгiне сәйкес, олардың тиiмдi үйлесуi тиiс. Әсiресе, боксшының жалпы және арнайы дене дайындығының арасындағы өзара байланыс маңызды. Жаттықтырушы спортшылармен жұмыс кезiнде бокске керегi биомеханикалық және физиологиялық белгiлерi бойынша, жалпы дене дайындығы құралдарынан жаттығулар барынша қолдануы керек. Олар: спорттық ойындар, ядроны итеру, тартылу мен жұлқу және итерiлу жаттығулары, кросс, жүгiру және т. б.

          Сәйкестендiру қағидасы боксшыдан нақты оқу- жаттығу және жарыс  тапсырмаларын орындау кезiнде психологиялық белгiсiн қалыптастыруды талап етедi[44].

          Боксшының спорттық шеберлiгiн жетiлдiрудегi сәйкестендiру қағидасын сақтау алдындағы жарысқа дайындығы кезiнде маңызды рол атқарады. Бұл жағдайда жаттықтырушы боксшыны дайындағанда жоғары спорттық көрсеткiшке жету үшiн маңызды сәттердi ескеруi керек. Олардың қатарына алдағы жарыстың ерекшелiктерi мен уақытына сәйкестендiрiлген боксшының демалысы мен тамақтануын, жаттығуын жоспарлау мiндеттерi жатады. Боксшының дайындығын оның болашақтағы негiзгi қарсыластарының, жарыстың шиеленiстiгiн және көрермендер реакциясының жекелiгiн ескере отырып құру қажет.

 

3.2.8 Спорттық шеберлiктiң толықтыру (компенсация) қағидасы

 

           Боксшының спорттық шеберлiгiнiң қалпына келу сатысы олардың әдiс- тәсiлдiк тәсiлi, денелiк және психикалық қасиетiнiң пайда болу деңгейi және функциональды мүмкiншiлiктердiң әр түрлiлiгiн игеру көлемi болып табылады. Боксшының мамандандырылған қасиетi мен сапасының алғашқы пайда болуы жоғары деңгейiнде, ортаңғы, ал соңғы өзiнiң дамуында қалады. Боксшының мамандандырылған қасиетi мен сапасының пайда болу деңгейiнiң айырмашылығы көптеген себептерге байланысты, олардың iшiндегi ең маңыздысы спортшының жеке ерекшелiктерi.

          Боксшының спорттық шеберлiгiн жетiлдiру толықтыру қағидасын тарату, жаттықтырушы шәкiртiнiң ерекшелiктерi мен мүмкiншiлiктерiн шығарып ұрыстағы жеке үлгiсi мен стилiн (оның қасиетi мен қабiлетiне сүйенiп) қалыптастыруға өту сәтiнен басталады.

Толықтыру  қағидасы әсiресе, жарыстағы ұрыс кезiнде қажет. Боксшы өзiнiң ұрыстағы қарсыласының ұрыс әдiсi мен тәсiлiн, тәсiлдiк түрлерiн дұрыс таңдадым деп, жекпе-жек барысында жиi жеңiле бастайды. Егер, боксшының дене дайындығы жақсы және жоғары арнайы төзiмдiлiкте болса, онда ол белсендi қимылдың жетпеген қасиетiн толықтырып күрестiң жаңа әдiстiк түрiне көшедi.

 

3.2.9 Спорттық жаттығу қағидалары

Жалпы  және  арнайы дене дайындығы бiрлiгi жетiстiгiнiң қағидасы

Боксшының  арнайы және жалпы дене дайындығы жеткiлiксiз болса, ол жоғары спорттық жетiстiктерге жетпейдi. Бокс – спорттың күрделi үйлестiрiлген түрлерiнiң бiрi. Ол спортшыдан әр түрлi қимыл iскерлiгiн, дағдысын және дене қасиетiн талап етедi. Адам бұрыннан бiлетiн қозғалыс негiзiнде, әрбiр қимыл актiсiн орындай алатыны белгiлi.

                 Жалпы дене дайындығы, әсiресе, боксшының алғашқы кезеңдерiнде, спортшының ары қарай өсу үрдiсiне қажеттi қимылдың дағдысы мен қасиетiнiң пайда болуының әр түрлiлiгiн құруға мүмкiншiлiк бередi. Арнайы жаттығулардың көмегiмен спортшының тиiмдi және жан-жақты дамуына жету мүмкiн емес. Бастаушы боксшыны оқыту үрдiсiнде жаттықтырушы жалпы дене дайындығы құралдарын пайдаланбайды. Ол күрделi үйлесiмдi қимылды орындаумен шектеледi. Боксшының жалпы дене дайындығының жан-жақтылығы деңгейiн анықтауда басты орынды президенттiк сынақ жиынтығының мөлшерiн жинақтау үрдiсi алады. Боксшыдан президенттiк сынақ жиынтығы мөлшерiн дайындауды және тапсыруды талап ете отырып, жаттықтырушы олардан иелiк дамуының жан-жақты базасын құрайды.

                  Жалпы және арнайы дене дайындығы арасындағы өзара белсендiлiгi боксшының спорттық барлық кезеңiндегi шеберлiгiне әсер етедi. Барлық боксшының жалпы дене дайындығының мiндеттерi, мазмұны және бағыттылығының әрбiр кезеңiнiң өзiндiк ерекшелiгi бар.

                 Жаңадан бастаған боксшы үшiн алғашқы кезеңдерiнде жаттықтырушы жалпы дене дайындығының жеке тәсiлдерi мен әр түрлi спорт түрлерiн кеңiнен пайдалануға тырысуы керек. Мысалы; баскетбол ойыны жалпы жылдамдықты, төзiмдiлiктi, ептiлiктi және басқа да қасиеттерге тәрбиелеуге ықпал етiп қана қоймайды, сонымен бiрге, арнайы жылдамдықтың, төзiмдiлiктiң және ептiлiктiң көрсеткiшiн жақсартады.

                 Боксшының спорттық шеберлiгiн және бiлiктiлiгiн өсiруде жалпы дене дайындығы тәсiлiнiң көлемi, мазмұны және бағыттылығы өзгеруi тиiс. Бiрiншiден, арнайы-дайындық жаттығуларының көлемi жалпы дене дайындығы тәсiлiнiң азаюы есебiнен өседi.          

                 

                               3.2.10 Қайталау және үздiксiздiк қағидасы

 

                   Боксшының дайындық кезеңдерi және сатыларында, сабақтағы демалыс үзiлiстерi және жаттығу сабақтарын үйлесiмдi кезектестiрудi қарастырады. Жаттықтырушы боксшының еңбекке қабiлеттiгiн өсiру мен қайта қалпына келтiрудiң жалпы бағыттылығы сабақтары арасындағы үзiлiстердi кепiл ете отырып, оқу- жаттығу үрдiсiн жоспарлауы керек.

          Кезеңдiк, әсiресе, жарыс алдындағы дайындық кезеңiде, жаттықтырушы боксшының демалыс кезiндегi еңбекке қабiлеттiгiн көтеруде және оның ағзасына жоғары талап қоя отырып, сабақ өткiзуi керек. Мұндай «қатал» жаттығуда спортшының ағзасы мен төзiмдiлiгi тәрбиеленедi, қайталау және үздiксiздiк қағидасының негiзгi ерекшелiктерiнiң бiрi-әрбiр келесi сабақ-жаттығудың тиiмдiлiгi.

          Әр түрлi бағыттағы сабақтар: ұрыс тәжiрибесi, әдiс- тәсiлдiк шеберлiгiн жетiлдiру, жалпы дене дайындығы және т. б. Ұрыс тәжiрибесi сабағынан кейiн боксшыға әдiс- тәсiл шеберлiгiн жетiлдiру сабағына қарағанда қалпына келуi үшiн көп уақыт кетедi. Боксшының төзiмдiлiгiн жетiлдiруге бағытталған сабақтан соң жылдамдық қасиетiн тәрбиелеуге бағытталған жаттығуға қарағанда көп уақыт демалыс керек.

          Қайталау және үздiксiздiк қағидасын тарату үшiн жаттықтырушы боксшының жаттығу деңгейiн, жүктеме көлемiн және ерекшелiгiн, сабақ бағыттылығына байланысты демалыс сипаты мен үзiлiсiн әдiстеме бойынша  таңдауы қажет[45].

          Жаттығу сабағы кезiндегi демалыс аралығы әр түрлi болады: 1-ден 20 минутқа дейiн. Мысалы, әдiс- тәсiл шеберлiгiн жетiлдiру бойынша әрбiр 3 минут сабақтан кейiн боксшы 1 минут демалу керек. Егер, боксшы сабақта қиын таңдау спаррингiн өткiзсе, онда демалыс 20 минутқа созылады. Жаттығу сабақтары арасындағы демалыстың үйлесiмдi аралық ұзақтығы 48 сағаттан аспауы керек.

          Демалыстың ұзақтығы ғана емес, сипаты да, боксшының қалпына келуiне әсер етедi. Оның болмысы, боксшы арнайы жаттығу жұмысының үлкен көмегiн жеткiлiктi орындаудан кейiн сылбыр демалмайды, арнайы емес қимыл қозғалысына ауысып, оның жоғары емес қарқындылығын орындайды. Спортшының сылбыр демалысқа қарағанда белсендi демалыста тез қалпына келетiндiгi тәжiрибеде дәлелденген. Боксшының белсендi демалысына жаттықтырушы спорттық ойындарды, жеңiл атлетиканы, жүзудi және т. б. пайдалануы қажет.

          Спортшының психикалық, физиологиялық және қимыл қызметiнен кейiн қалпына келу үрдiсi әр түрлi уақыттағы сипатқа ие. Әдетте, ағзаның жүктеме түспеген мүшелерi мен жүйелерi қалпына келедi. Сондықтан да, жаттықтырушының қайталау және үздiксiз қағидасын таратуының басты жағдайларының бiрi – спортшының бiрiншi болып қалпына келетiн ағзасы қызметiнiң бағытталуындағы және оқу- жаттығу сабағының мазмұны мен бiрiздiлiгiн ғылыми жоспарлауы болып табылады.    

 

3.2.11 Циклдiк  қағидасы

 

Циклдiк қағидасынан оқу- жаттығу үрдiсiнде қойылған мiндетке байланысты боксшының дайындық кезеңi және сатысы, жаттығу сабағының құрылымы мен мазмұнын кезеңдiк, бiрiздiлiк өзгеруi деп түсiнуге болады.

          Боксшының дайындық үрдiсiн дұрыс жоспарлау үшiн әр түрлi бағыттағы сабақты өткiзудiң нақты бiрiздiлiгiн сақтау және сабақ тәсiлiн қатаң тәртiпте жүргiзiмен сипатталады.

          Мысалы, бiлiктi жаттықтырушы боксшының төзiмдiлiгiн,  жылдамдық қасиетiн және жетiлдiру мiндеттерiн ешуақытта бiр сәтте шешпейдi; Егер спортшы осыған дейiн арнай төзiмдiлiктi жетiлдiрсе, шаршаса және т. б. онда ол жаңа әдiс- тәсiл дағдысына өтпейдi. Әр    түрлi бағыттағы жаттығу өткiзуде әдiстемелiк дәлелденген бiрiздiлiктi сақтау қажет. Мысалы, ұрыс тәжiрибесiнен сабақ өткiзер алдында егер, спортшы үлкен көлемде жұмыстан кейiн өз қалпына келмесе, боксшының төзiмдiлiгiн тәрбиелеуге бағытталған жаттығуды өткiзу керек.

          Боксшының сатылы және кезеңдiк дайындығын, әдiстемелiк дәлелденгенiн қайталап және бiрiздiлiк сабағын тәртiптiлеу қажеттiгiнен оқу-жаттығу үрдiсiн циклдi өтедi.

          Үлкен циклдiң айырмашылығы жиi жылдық және жарты жылдық, аз-микроциклдер, боксшы дайындығының апталық мерзiмiн қамтиды. Соған байланысты жаттығу құрылымы мен мазмұны жыл бойына кезеңмен өзгередi, микроциклдердiң үлкен циклдерден айырмашылығы боксшы дайындығының кезеңдiк және сатылық ерекшелiктерiне байланысты өзгеруi мен   дәрежесi нақтыланады. Алғашқы спорттық қалыпты игеру, жаттығуды дамыту үш фазадан тұрады; (оның нақтылығы мен уақытша күш жұмсауда) Әрбiр жаттығу фазасына сәйкес жаттығу циклi үш кезеңнен тұрады: дайындық, жарыстық және өтпелi, олар микроциклдер, мазмұны бағыттылық және мiндеттерге бөлiнедi. Маңызды айырмашылығы бар боксшы дайындығында кезектi микроцикл және нақты кезең немесе сатыда алдыңғыларды қайталамайды, ал жаттығудың жаңаланған тәсiлi мен әдiсi негiзiнде құралады. Әсiресе, бұл боксшының жарыс алдындағы дайындығындағы арнайы–дайындық сатысының екiншi бөлiмiнде, микроцилдер мазмұнын игеру нәтижесiнде жақсы көрiнедi.

          Бiрiншi «тартылу» арнайы-дайындық сатысы кезiнде боксшы орташа қарқындылықпен орындаған, арнайы, арнайы-дайындықты және жалпы дайындықты жаттығудың үлкен көлемiн орындауға бағытталған микроцикл.

           Екiншi   «соққы» мiндеттерi мен мазмұны, микроциклдер және арнайы төзiмдiлiгiнiң жоғары деңгейiнде құралған және (үлкен қарқындылықпен орындаған)  максималды жүктемеге боксшының ағзасын үйрету. Бұл микроциклде дайындықтың негiзгi тәсiлдерi жұппен әдiс-тәсiлдiк шеберлiктi жетiлдiру,  шартты және еркiн ұрыстар болып табылады.

          Үшiншi «қолданушы» микроцикл жоғары деңгейлi жаттығудағы боксшының жетiстiгi мен күшiн сақтауына бағытталған. Мұндағы дайындықтың негiзгi түрлерiнiң бiрi боксшының серiктеспен, алақанда және құралда жаттықтырушымен, сонымен қатар алдағы жарысқа психологиялық көңiл күйi жұмысын жеке жетiлдiру болып табылады.

     Жарыс алдындағы сатымен салыстыруда спортшы жаттығуының жарыстан кейiнге микроциклдердiң құрылысын, мазмұны және бағыты өзгередi.      

 

3.3  Спорттық шеберлiктi дамытудың бағытталған  күшiн бөлу қағидасы

 

Боксшы нақты қимыл дағдысын игеру мақсатымен кез-келген жаттығуды орындайды. Боксшы дайындығы кезiнде бағытталған күшiн бөлу қағидасын  таратудың маңызды түрлерiнiң бiрi-арнайы қимыл дағдылары және арнайы дене қасиетiн бiр уақытта дамыту. Дағдының пайда болу мықтылығы болымды түрде өседi егер, ол арнайы дене дағдысын жетiлдiрумен бiр уақытта өтсе бұл қағида жеңiл атлетикада, гимнастикада және спорттық басқа да спорттың түрлерiнде кеңiнен пайдаланады. 

          Бокс жылдамдық–күш спорт түрлерi болып табылады. Сондықтанда жаттықтырушы боксшымен дағдыны жетiлдiру кезiнде тиiмдi жылдамдық-күш жағдайды құрайды. Боксшының соққы күшiн тиiмдi жетiлдiру мақсатында спортшының қолдың шынтақ бөлiгi немесе дененiң басқа мүшелерiне бекiтiлген әр түрлi әдiстердi пайдаланады.

           «Көлеңкемен ұрыс» түрiндегi арнайы жаттығулар көмегiмен соққыны орындау кезiндегi оқу-жаттығу жұмысы тәжiрибесiнде жеңiлденген гантелдердiң әр түрiн пайдаланады. Ұрыс тiрегi қалпында боксшының допты, ядро, тасты итере орындауда арнайы дайындық жаттығулары кеңiнен пайдаланады.

           Арнайы және арнайы-дайындық жаттығуларында кәсiби боксшылар күрделенген жағдайда белсендi қолданды. Әлем жеңiмпазы Роки Марчиано судағы соққыны көп уақыт пайдаланды. Кассиус Клей құм салынған қапты пайдаланып, қозғалыс жылдамдығын жетiлдiру үшiн ол қапты арқасына байлап алды.

          Бағытталған күшiн, бөлу қағидасын оқу-жаттығу сабағында тиiмдi пайдаланудың қажеттi шарттарының бiрi әрбiр боксшының салмақ дәрежесi.  

 

3.3.1 Боксшыны  оқыту әдiстемелерi

 

Спортшы бокстың тәсiлiн тиiмдi игере алады, егер ол арнайы қимыл дағдыларын оқыту мен жетiлдiрудiң тиiмдi әдiстерiн пайдалана ғана.

     Оқытудың бүтiндiк әдiстемесiнiң негiзi айырмашылықтарының бiрi, боксшыда үйретiлген қимылдарды жалпы елестете алады және ол қимыл дағдыларын дұрыс игередi. Бүтiндiк әдiсiмен оқыту кезiнде боксшыда кеңiстiктегi тербелiс iзi мен жеке бөлшектердiң өзара қимылының нақты суретiн құрайды. Мысалы: басқа тiкелей сол қолмен соққы берудi үйрету кезiнде бiр мезгiлде қимыл жасау қиын.

          Боксшының бiлiктiлiгi жоғары болған сайын, күрделi қимылмен тәсiлдердi жетiлдiру мен оқыту кезiнде бүтiндiк әдiстеменi ол кеңiнен және тиiмдi қолданады. Бiрақ бүтiндiк әдiс қателiктердi түзеуде жақсы нәтиже бермейдi. Оның себебi, адам өзiнiң көңiлiн 4-6 нысанадан басқаға көңiл бөле алмайды. Сондықтанда боксшы жаңа тәсiлге оқыту үрдiсiнде бiр сәтте жiберген алты қателiктерiнен басқаны есiне сақтай алмайды.

          Жiктеу әдiстемесi боксшының бүтiндiк қозғалыс қимылының жеке бөлiмдерiн оқыту мен жетiлдiруге мүмкiндiк бередi. Егер, спортшы бүтiндiк әдiстеменi пайдалану кезiнде екi соққылы әр түрлi амалдарды тез үйрене алмаса, онда бүтiндiк әрекеттi қарпайым бөлiмдерге бөлу керек- бүйiрден сол соққы және тiкелей оң соққы. Осыдан жаттықтырушы боксшыға  бағыттаушы жаттығулар мен жаттықтыру  тапсырмаларын ұсынады, содан кейiн ғана спортшы әр түрлi бөлiмдi жақсы игередi және ол бүтiндiк әрекеттi игеруге қайта келе алады[46].

          Бөлектенген әдiстеменiң негiзгi шарттары, ол боксшыға барлық қимылға емес, белгiлi бiр бөлiгiне көңiл аударуға мүмкiндiк бередi. Барлық, бөлектенген бөлiктерi орындалатын қимыл сипаты бойынша органикалық бiрлiктi жоғалтпауы керек.

 Бүтiндiк және бөлектенген  әдiстемелердi оқыту тығыз байланысты. Басқа оқыту үрдiсiнде олар кезектесiп пайдаланылады: бүтiндiк және бөлектенген әдiстемелерi спорттың күрделi үйлесiмдi амалды игеруде қайталау жаттығуларын көп пайдаланатындығын зерттеу көрсеттi. Бұл қорытынды қарапайым қимылдарды үйретуде пайдаланбайды.

 

3.3.2 Бокс тәсiлiне оқытудың негiзi әдiстемелiк әдiстемесi

 

Боксты оқыту үрдiсi жүйелендi және бокс тәсiлiн оқыту және жетiлдiрудiң негiзгi әдiстемелiк әдiстерiн дамытылған.

  • Жаттықтырушының бұйрығымен бiр қатарға тұру әдiсiн топтық игеру;
  • Жаттықтырушының бұйрығымен екi қатарға тұру әдiсiн топтық игеру;
  • Жаттықтырушының тапсырмасымен жұппен, залда, алаңда еркiн қозғалу әдiстерiн өз бетiнше үйрену;
  • Қарсыластың әрекетiмен шектеулi нақты тапсырмамен шартты ұрыс;
  • Қолғаппен немесе алақанмен жаттықтырушымен жұмыста әдiстердi жеке үйрену;
  • Кең тәсiл- әдiстерде тапсырмасымен шартты ұрыс;
  • Еркiн ұрыс;

Жаттықтырушы бұйрығымен тәсiлдi топтық оқыту әдiсiн жаңадан бастаған боксшыны оқытудың бiрiншi кезеңiнде пайдаланды. Бұл қағидалар мен қимылды оқытуда пайдаланған дұрыс. Жаңадан бастаған боксшыларға үшiн, қимылды орындаған үйлесiмдi ерекшелiктерге көңiл аударуға жағымды шарттар құрайды.   

 

3.3.3  Боксшыны жаттықтыру әдiстемелерi

 

Жаттығу тәжiрибесiнде боксшыны  дене дайындығын жетiлдiру үшiн бiр қалыпты ауыспалы, қайталау, аралық, ойындық, жарыстың және шеңберлiк әдiстемелерi қолданылады. Олар өзара демалыс сипаты мен аралығы, жаттығу қарқындығы бойынша ерекшеленедi. Бiр қалыпты әдiсте жаттығу уақыт ұзақтығына қатысты қарқындылықпен, орташа, әрдайым орындалады. Жаттығу тәжiрибесiнде түзу әдiстеменi пайдалану мысалдарына боксшының бiр қалыпты қарқындағы кросс, әрдайымды қарқындылықпен секiру жаттығулары кiредi.

     Бокс тәжiрибесiндегi ең негiзгi және тиiмдi әдiстеменiң бiрi ауыспалы. Оған спортшының қарқынды әрекетiн әрдайым өзгерту тиiмдi. Боксшы арнайы және арнайы қарқынмен орындайды.

     Қайталау әдiстеменiң ерекшелiгi бiр сабақтың аясында бiрдей немесе әр түрлi ұзақтықтағы демалысқа арналған үзiлiспен оның  бөлмесiн немесе тәсiлдерiн алып шығады. Мысалы, боксшы сабақ бойы басқа қапталдан сол соққы раундты жетiлдiредi, бiрiншi жаттықтырушымен алақан мен жеке жұмыс жасап, содан кейiн серiкпен жұптасып және құралда осы соққыны аяқтау болады.

     Жаттығудың аралық әдiстеме болмысы жоғары қарқынды жұмыс   демалыс аралығымен қорытындыланады мысалы, арнайы жылдамдық төзiмдiлiгiн жетiлдiру кезiнде, жаттықтырушы 2 минуттық раундты 30 секундтық аралық демалыспен 1 минуттық үзiлiспен бөледi.

     Тапсырма жұппен және құралда 1 минут бойы орындалады, боксшы мұндай қарқынды әрекеттi дамытады, 2 минут раунд жағдайында ол мұндай нәтижеге жете бермейдi. Әдетте аралық әдiстемемен жаттығуды орындауда  боксшының қарқынды әрекетi төмендеп және одан шаршағанның белгiсi байқалғанда ғана қоюға болады.

     Ойын әдiстемесiн пайдаланып жоғары қарқынды жұмыс пен көтерiңкi көңiл күйге жетуге болады. Ол сонымен бiрге, ойлау жылдамдығы мен ептiлiгi басты орын алатын, денелiк және психикалық қасиеттердi шығаруға және тәрбиелеуге көмектеседi.

     Боксшының жаттығуында ең басты орынды спорттық ойындар алады: баскетбол, футбол, қол добы, волейбол және т. б.

     Жарыс әдiстемесi боксшының жоғары жетiстiкке жетудегi күресте қарсыласына негiзделген. Ол сабақты өткiзу барысында пайдаланады, (мысалы, күшке, жылдамдыққа, ептiлiкке жеке жарыс жаттығулары түрiнде, әсiресе, дәрежесiн анықтауда сандық бағалау бар), сонымен бiрге өзiндiк түрi (спорттық жарыстар).

     Жаттығудың айналмалы әдiстемеде боксшы құралмен және онсыз айналмалы қарапайым жаттығуларды бiрiздiлiкпен және ұзақ орындайды. Мұнымен қатар әрбiр жаттығу шұғылданушылардың барынша мүмкiншiлiктерiнiң жартысын қайталайды.

     Әрбiр айналмадан кейiн спортшы 1 мин шамасында демалып, келесi айналманы орындауға кiрiседi. Айналмалы жаттығу шұғылданушылардың дайындық деңгейiне байланысты 30 мин-қа дейiн жалғасады. 4-6 аптадан кейiн, шұғылданушылардың мүмкiншiлiктерi әрбiр жаттығуда көтерiлдi де, соны тексеру мақсатында бақылау өткiзiледi. 

 

3.3.4 Боксшыны оқыту және жаттықтыру құралдары

 

  Боксшыны оқыту және жаттықтырудың негiзгi тәсiлдерi дене жаттығулары болып табылады, олар айырықша белгiлерi бойынша 3 топқа бөлiнедi: арнайы, арнайы дайындық және жалпы дайындық жаттығулары.

Арнайы күрес жаттығулары боксшының шартты, еркiн, жарыс ұрыстарында орындалды. Оған жұппен жұмыс кезiндегi тәсiл және амалдарды жетiлдiру жаттығулары жатады.

  Арнайы дайындық жаттығулар тобы боксшының арнайы соққы, қорғаныс және басқа да әрекеттермен жүйке-жүйелерi күшiн дамыту ерекшелiктерi және ұқсастығымен сипатталады. Олардың қатарына металды таяқпен, балғамен, гүрзiмен, отын жару және т. б. жаттығулары жатады. Арнайы дайындық жаттығуларына гимнастикалық жаттығулар кешенi кiредi.

Арнайы  дайындық жаттығуларына боксшының аналогиялық күрес әрекетiн орындайтын құрылымдағы сипаттағы жаттығулар жатады. Жалпы дайындық жаттығулар тобына боксшының ағзасына жан-жақты әсер ететiн, гимнастикалық жаттығулар, спорттық басқа түрiнiң жаттығулары- жүгiру, секiру, спорттық ойындар, штанга, жүзу және т. б. [48].   

 

3.3.5 Бокс бойынша ғылыми – зерттеу жұмыстары

 

          Бокс дамуының қазіргі сатысындағы ғылыми зерттеу жұмысы үлкен маңызға ие. Боксшының іс-әрекетін жан-жақты зерттеу үшін аралас ғылыми жұмыстар (психология, физиология, биохимия т. б.) және педагогикалық әдістеме зерттеу кешенін пайдаланады.

           Ғылыми-зерттеу жұмыстарын мамандармен жүргiзу бокстың ілімі және тәжiрибесiнiң алдында тұрған мәселелерді тиімді шешеді. Зерттеуді талап ететін мәселелердің қатарына жататындар: боксшының жаттығуы мен спорттық шеберлігі қалыптасуының заңдылығы, бокстағы жарақаттанбаудың алдын алу шаралары, ірі халықаралық жарыстар кезіндегі боксшылардың психикалық тұрақтылық әдістері, бокс әдiсiнiң биомеханикалық шолу, біліктілігі әр түрлі боксшылар әдiсiнiң  тиімділігі  және олардың дәрежесі.

          Ғылыми- зерттеу жұмыстары мамандардың өздерінің зерттеу аясындағы жетістік деңгейінің нәтижесіне қанағаттанбауын басталады. Мысалы, жаттықтырушының шәкірті нашар қозғалады, оның аяқ күші жеткіліксіз дамыған, ол спортшының аяқ күшін тәрбиелеудiң және қозғалысын жетілдірудің қазіргі заманғы әдістемесін нақтылауды қажет етеді. Бұның бәрі жаттықтырушыны ғылыми зерттеудің қажеттілiгiне ой келеді.

          Ғылыми- зерттеу  жұмыстарының қажетті шарты – бокстың ілімі мен теориясы мәселелері бойынша ашылған жаңалықтар болып табылады.

     Ғылыми жұмыс тәжiрибесiнде зерттеудің нақты тақырыбын қалыптастыратын үш әдісі бар: дедуктивті, индуктивті және кездейсоқтық.

     Дедуктивті әдіс кезінде зерттеуші тақырыпты нақтылайды. Мысалы, ғылыми қызметкер немесе жаттықтырушы спорттағы жылдамдықты жетілдіру әдістерінің тиімділігін, оны нәтижелеудің қажеттілігінен шығарады. Спортшылардың жеке жоспарын талдау, спорттың басқа түрлеріндегі мамандармен әңгімелесу және әдебиеттерді оқу зерттеушіні мынадай қорытындыға келтіреді: бокстың жылдамдық қасиетін тәрбиелеудің қазіргі әдістемелері оны ары қарай зерттеуді қажет етеді.

     Индуктивті әдіс, керісінше жеке сұрақтан нақты  ғылыми жұмысқа көшу. Зерттеушi боксшының соққы күшiн жетiлдiру мiндетiн алға қояды. Тақырыпты қалыптастырудағы кездейсоқтың әдiсi – талдап, қорытуға жоғары қабiлеттiкпен, бақылағыштығымен ерекшеленетiн зерттеушiлер үшiн негiзiнен сипатты. Мысалы, боксшы жақсы бойқыздырыну кейін, жақсы тер шығумен аяқталғанда, өзiнiң жылдамдық қимылының күшейгенін сезiнедi.  

     Ғылыми жұмыстың негiзгi сатысы – экспериментi зерттеу жұмыстары (лабораториялық, модельдi, табиғи зерттеу жұмыстары және т. б.)

     Ғылыми зерттеу алынған мәлiметтердiң нәтижесiмен аяқталады.

     Жасалған ғылыми жұмыстың нәтижесi жарияланып, зерттеушi оларды жаттықтырушы және ғылыми қызметкерлер үшiн семинарлар, симпозиумда, конференцияларда және боксшылар дәрiсiнде айтады.    

 

3.3.4 Iлiмдiк талдау және тәжiрибенi талдап қорыту

 

          Iлiмдiк талдау және тәжiрибенi таңдап қорыту 10-15 жыл бұрын зерттелген сұрақтарға тiкелей және жанама түрде қарастырылатын әдеби мәлiметтердi зерттеумен басталады. Ғылыми ақпараттың ауқымы кең. Сондықтан да қажеттi мәлiметтердi табу өте қиын. Керектi әдебиеттердi   табуға аз уақыт кетiру үшiн библиографиялық көрсеткiш пайдаланылады. Әдебиеттердi оқымас бұрын негiзгi сұрақтар тiзiмiн құрып, жазу үшiн карточкалар дайындайды.

          Зерттеушi тез оқуға дағдылануы қажет. Оқып отырып, қажеттi жерлерiн белгiлеп отыру керек. Қайталап оқығанда белгiленген жердi пысықтап, негiзгi ойларын карточкаға жазады.

          Әдебиеттермен жұмыс құралған библиографиялық тiзiм мен зерттеу тақырыбы бойынша сұрақтарды ғылыми талдаумен аяқталады. Онда зерттеушiнi қызықтыратын барлық сұрақтар белгi бiрiздiлiкпен жүйеленедi. Библиографиялық тiзiм әлiпбе немесе тақырыптық қағида бойынша құралады. Бiрiншi жағдайда жұмыс авторының фамилиясы алынып, әлiпбилiк тәртiппен жазылады. Екiншiден,  жұмыс тақырыптық бөлiм бойынша  орналастырылады (Мысалы, “Бокс әдiсi”, “Бокс тәсiлi”, “Боксшының дене қасиетi” және т. б.), оның iшiнде де әлiпбилiк қағида сақталады.

           Тәжiрибелiк жұмысты зерттей отырып, зерттеушi спорттық жаттығу бойынша құжатты материалдарды талдап қорытады, (спортшының жаттығу күнделiгi және жоспары, сауалнама, сауал парағы, жарыс хаттамалары және есебi, т. б.) жаттықтырушымен, оқушылармен, ғылыми қызметкерлермен, боксшылармен әңгiмелеседi. Спорттық жаттығу бойынша құжаттарды талдау- ғылыми зерттеудiң құнды әдiсi.

          Құжаттық материалдарға, сонымен бiрге, арнайы сұауалнамалар және сауал парағы жатады (олардың бiр- бiрiнен айырмашылығы көлемi жағынан, сауалнамада жауаптар: “ия” немесе “жоқ” деп қысқа айтылады, сауал парағында жауаптар кеңiнен жазылады). Ғылыми зерттеудiң негiзi –тәжiрибе және фактiлер.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

1 Жүргізілген зерттеу жұмыс нәтижелері бойнша, студенттер көрсеткіштерін салыстыры отырып, біз ората тау аймақтарының бокс жаттығуларына орасан зор әсер ететінін білдік, себебі мұндай жағдайда спортшылардың ерік және физикалық қасиеттерін жетілдіреді.

         2   Біршама төмен тау  ауасы темпаратурасы жағдайында жұмыс істеу қабілеті жоғарылайды, назар аудару мүмкіндігі, қозғалыс дәлдігі мен координациясы, реакция жылдамдығы, жұмыстың бір түрінен екінші түріне ауысу қабілеті жақсара түседі.

3 Таулы жерлерде адам ағзасына атмосфера қысымы мен оттегінің парциалды қысымының төмендігі де әсерін тигізеді. Сонымен осы жұмыстың нәтижесі — спортшыларды дайындау кезінде міндетті түрде тау аймағында жаттығу жасау кезеңі болуы тиісті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               

                                                                                                                              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1 Абсалямов Т.М., Красников А.Ф. Тренировка пловцов на высоте 2000-2700 м. — НСВ. — М.: ФиС, 1984, N 5, с. 25.

2 Авазбакиева М.Ф. Показатели сердечно-сосудистой системы и дыхания у спортсменов в условиях высокогорья. — (Ученые записки Казахского ГУ). — Алма-Ата, 1961, т. 41, с. 147-160.

3 Авцын А.П. Введение в географическую патологию. — М.: Медицина, 1972, — 328 с.

4 Агаджанян Н.А., Миррахимов М.М. Горы и резистентность организма. — М.: Наука, 1970, — 184 с.

5 Алипов Д.А. Влияние климата среднегорья Тянь-Шаня на высшую нервную деятельность спортсменов. — В кн.: Акклиматизация и тренировка спортсменов в горной местности. — Алма-Ата, 1965, с. 9-11.

6 Алипов Д.А. Влияние среднегорья Тянь-Шаня на развитие качеств силы и быстроты у спортсменов. — Теория и практика физической культуры, 1965, N 5, с. 30-33.

7 Алипов Д.А. О возможностях использования среднегорья в повышении эффективности спортивной тренировки: Автореф. дис. докт. биол. наук. — Л., 1969, — 36 с.

8 Алипов Д.А. Изменение биоэнергетики спортсмена в начальный период пребывания в среднегорье. — В кн.: Биоэнергетика. -Л., 1973, с. 180-185.

9 Армстронг Г. Авиационная медицина (пер. с англ.). — М.: Иностранная литература, 1954, — 552 с.

10 Артынюк А.А., Брегман И.А., Гандельсман А.Б., Попов С.Н. О физиологических особенностях работы большой интенсивности в условиях среднегорья. — В кн.: Материалы X Всесоюзной конференции по физиологии, морфологии, биомеханике и биохимии мышечной деятельности. — Тбилиси, т. I, 1968, с. 29-30.

11 Байченко И.П. Газообмен в покое и при дозированной мышечной работе на высоте 3000 и 4200 м. — В кн.: Труды Эльбрусской экспедиции АН СССР и ВИЭМ 1934-1935 гг. — М.-Л.: АН СССР, 1936, с. 351-360.

12 Барбашова З.И. Акклиматизация к гипоксии и ее физиологические механизмы. — М.-Л.: АН СССР, 1960, — 216 с.

13 Барбашова З.И., Григорьева Г.И. О связи изменений осмотической резистентности эритроцитов и некоторых биохимических свойств составных элементов крови при адаптации к гипоксии. — В кн.: Материалы III конференции физиологов Средней Азии и Казахстана. — Душанбе, 1966, с. 18-20.

14 Барбашова З.И., Григорьева Г.И., Васильева В.В. О тканевом факторе в адаптации к гипоксии. — Реф. докл. на симпозиумах X съезда всесоюзного физиологического общества им. И.П.Павлова. — М.-Л.: Наука, 1964, т. I, с. 156-157.

15 Бахвалов В.А. Велоспорт в среднегорье (опыт участия велосипедистов в двух Олимпийских неделях в Мехико). — Теория и практика физической культуры, 1967, N 2, с. 50-54.

16 Бейкер П.Т. Адаптивные возможности высокогорных популяций. — В кн.: Биология жителей высокогорья. — М.: Мир, 1981, с. 362-368.

17 Бернштейн А.Д. Человек в условиях среднегорья. — Алма-Ата, изд. Казахстан, 1967, — 218 с.

18 Бидерман Ф. В Ратцебурге думают о Сочимилко. — Спорт за рубежом, 1967, N 4, с. 12-13.

19 Бреслав И.С., Иванов А.С. Дыхание и работоспособность человека в горных условиях. — Алма-Ата: Гылым, 1990, — 181 с.

20 Бускирк Е.Р. Работоспособность уроженцев высокогорья. — В кн.: Биология жителей высокогорья. — М.: Мир, 1981, — 208 с.

21 Вайцеховский С.М. Система подготовки пловцов к Олимпийским играм (теория, методика, практика). — Автореф. дис. докт. пед. наук. — М., 1985, — 48 с.

22 Вайцеховский С.М., Ширковец Е.А., Серафимова Б.С. и др. Тренировка юных пловцов с большим объемом плавания в условиях среднегорья. — Теория и практика физической культуры, 1976, N 6, с. 37-41.

23 Волков Н.И., Иорданская Ф.А., Матвеева Э.А. Изучение работоспособности спортсменов в условиях среднегорья. — Теория и практика физической культуры, 1970, N 7, с. 34-48.

24 Вольнов Н.И., Синельникова Э.М., Христич М.К. Адаптация гребцов на байдарках и каноэ к условиям среднегорья в ранний период акклиматизации. — Теория и практика физической культуры, 1969, N 9, с. 41-45.

25 Воробьев А.Н. Тяжелоатлетический спорт. Очерки по физиологии и спортивной тренировке. — М.: ФиС, 1977, — 255 с.

26 Гандельсман А.Б., Артынюк А.А. Физиологические показатели приспособления спортсменов высших разрядов к двигательной гипоксии при больших нагрузках. — В кн.: Материалы международной научной конференции социалистических стран по проблемам спортивной тренировки. — М., 1967, т. I, с. 63-65.

27 Гандельсман А.Б., Артынюк А.А., Брегман М.А., Попов С.Н. О физиологических особенностях организма при работе большой интенсивности в среднегорье. — Теория и практика физической культуры, 1969, N 3, с. 24-28.

28 Геселевич В.А., Титов Г.Д., Дахновский В.С. и др. Тренировка борцов высокого класса в среднегорье и проблема реакклиматизации в связи с подготовкой в базальных условиях. — В кн.:Среднегорье и проблемы реакклиматизации спортсменов. — М.: ВНИИФК, 1974, с. 76-97.

29 Гиппенрейтер Б.С. Восстановительные процессы при спортивной деятельности. — М.: ФиС, 1966, 58 с.

30 Гиппенрейтер Е.Б. Седьмой международный симпозиум по гипоксии. — Теория и практика физической культуры, 1991, N 10, с. 59.

31 Девяткин В.Д., Фролов А.П., Попов Б.Н. Исследование тренировки женщин в беге на средние дистанции в среднегорье. — В кн.: Материалы Всесоюзного симпозиума. — Алма-Ата, 1974, с. 31-32.

32 Деев В.А., Локтионов С.А., Михнев В.Н. Динамика содержания мочевины и лактата в крови у лыжников-гонщиков при тренировке в условиях среднегорья и в последующий период реадаптации на осеннем этапе подготовительного периода. — В кн.: Использование горных условий на различных этапах спортивного совершенствования. — Алма-Ата, 1982, с. 6-11.

33 Драган И. Краткий обзор проблемы соревнований на высоте более 2000 м. (Зарубежные научные исследования по физической культуре и спорту. Бюллетени NN 4, 5, ВНИИФК). — М., 1975, с. 1-4.

34 Егоров П.И. Влияние пониженного атмосферного давления на кровообращение и морфологию крови. — В кн.: Основы авиационной медицины. — М.: Медгиз, 1939, гл. 5, с. 168.

35 Зациорский В.М., Алешинский С.Ю., Якунин Н.А. Биомеханические основы выносливости. — М.: ФиС, 1982, — 205 с.

36 Зима А.Г. Физиологическая оценка отдыха спортсменов в условиях средне-высокогорья. — В кн.: Использование горных условий на различных этапах спортивного совершенствования. — Алма-Ата, 1982, с. 23-37.

37 Зима А.Г., Иванов А.С., Макагонов А.Н. Физиологические особенности физических упражнений в среднегорье: Учебное пособие. — Алма-Ата, 1982, — 112 с.

38 Иванов А.С., Зима А.Г. Максимум O2 потребления у бегунов в среднегорье и его динамика в период острой адаптации — В кн.: Материалы XI Всесоюзной конференции по физиологии, морфологии, биомеханике и биохимии мышечной деятельности. — Свердловск, 1970, с. 10-12.

  • Бокс. Дегтярев И. П. Оқулық, 1979ж. «Фис», Москва, 1985г.
  • Бокстың даму тарихы. Жарыс ережесi. Касымбеков М. А., Бараев Х. А., Рысбеков Т. Р.  
  • Қазақстандағы дене шынықтыру мен спорттарихы. Таникеев М., Асарбаев А. Алматы 2002ж.
  • Бокс. Бiрiншi курс студенттерiне арналған оқулық. Алматы, 1991. Тулегенов Ж., Габдулов Э.
  • Бокспен оқу жаттығу сабақтарының медико-биологиялық қауiпсiздендiру проблемалары. Оқу құралы. Крутоногий Б.А., Тулегенов Ж.М., Артомонова Л.Л., Габдулов Э.Х., Касымов Д.М. Алматы, 1990.
  • Бокс. Ә. Нұрмаханов. Алматы, 1986. Жоғары және орта оқу орындарына арналған.
  • «Бокс вопросы психологической подготовки боксера» К. Ашляев, Х. Бараев, К. Куттыбаев, Т. Рысбеков (оқу құралы) Алишер баспасы Алматы 2005
  • «Бокс особенности обучения ближнего боя» К. Ашляев, Х. Бараев, К. Куттыбаев, Т. Рысбеков (оқу құралы)  Алишер баспасы  Алматы 2005
  • «Бокс чувство дистанции и особенности технико- тактической подготовки» Х. Бараев, К. Ашляев, К. Куттыбаев, Б. Байкулбаев (оқу құралы) Алишер баспасы  Алматы 2005
  • «Бокс особенности развития выносливости и рекомендации по проведению круговой тренировки» Х. Бараев, К. Ашляев, К. Куттыбаев, Э. Габдулов, М. Юрченко (оқу құралы)  Алишер баспасы   Алматы 2005
  • «Звезды казахстанского ринга» Н. Сафьянов, Б. Цхвирашвили Каржы – Каражат баспасы Алматы 1998 г.
  • Бокс  Романенко М. И. Оқулық   1985 Киев “Вища школа” 
  • «Теория и методика бокса» В. И. Филимонов  Москва «Инсан» 2006 г