АЛТЫНОРДА
Новости Казахстана

Дипломдық жұмыс. Тоғызқұмалақ ойынының тарихы мен қазіргі кездегі даму деңгейінің сипаттамасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

Казақ спорт және туризм академиясы

 

 

 

 

Жұмасағиев Ғабиден

 

ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫНЫҢ ТАРИХЫ МЕН ҚАЗІРГІ  КЕЗДЕГІ ДАМУ ДЕҢГЕЙІНІҢ СИПАТТАМАСЫ

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

 

5В010800- мамандығы – «Дене шыныктыру және спорт»

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2015

 

 

Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі

   Қазақ спорт және туризм академиясы

 

Кәсіби спорт және жекпе-жек факультеті

Ұлттық спорт түрлері кафедрасы

 

«Қорғауға жіберілді»

Кафедра  меңгерушісі

____________Е.М. Мұхитдинов

 

 

                                                           

 

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

 

Тақырыбы: Тоғызқұмалақ ойынының тарихы мен қазіргі  кездегі даму деңгейінің сипаттамасы

 

 

 

5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы

 

                  

Орындаған:                                                                                 Ғ.Жұмасағиев 

Ғылыми жетекшісі:    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2015

МАЗМҰНЫ

 

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР——————————————————4

АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР———————5

КІРІСПЕ ———————————————————————————-6

 

1 ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ – ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫ……………………8

  • Тоғызқұмалақ ойыны туралы жалпы мәлімет,  шығу тарихы…………….8
  • Тоғызқұмалақ ойынының басты ерекшеліктері—————————-13

 

2 ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

2.1 Зерттеу әдістері………………………………………………………………………………..20

2.2 Зерттеуді ұйымдастыру…………………………………………………………………….20

 

3 ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ- ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫН……………………………………..22

3.1  Тоғызқұмалақ ойынының қағидасы, заңдылықтары ………………………..22

3.2  Жарыстар, жарыс жүйелері……………………………………………………………..27

3.3 Жарысқа қатысушының міндеті……………………………………………………….32

3.4 Тоғызқұмалақ ойынының қазіргі кездегі даму  деңгейі……………………..49

3.5 Тоғызқұмалақ –логикалық  ойын, дамыту негіздері————————54

 

ҚОРЫТЫНДЫ……………………………………………………………………………………58

ӘДЕБИЕТТЕР ……………………………………………………………………………………59

 

 

 

 

 

 

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

 

Аталмыш дипломдық жұмыс жазылуы барысында бірқатар мемлекеттік құжаттар негізге алынды.

 

Қазақстан Респбуликасының «Білім туралы» 27 шілде 2007 жылғы №319-III 3ҚР заңы.

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылыми министрлігінің бұйрығымен бекітілген 18 наурыз 2008 жылғы №125 білім алушылардың оқу үлгерімін, аралық және қорытынды аттестациялануын жүргізу ережелері. Жоғары оқу орындарында диплом жұмыстарын орындау ережесі. Негізгі ережелер. 2009.09.01.

 

Қазақстан Республикасының 2011-15жылдарға арналған дене шынықтыру және спорт бойынша Мемлекеттік бағдарламасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

 

Тұздық-тоғызқұмалақ ойынында құмалақ ұтудан басқа ойында бір рет отау ұтып алуға болады. Бұл ережені «тұздық »деп атайды.

Атсырау-тоғызқұмалақ ойынында ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты бірінші тауысып алып ,жүріссіз қалуы «атсырау» деп аталады.

Мәдениет – адамзаттың қоғамдық-тарихи тәжірибе жинақтау барысында түзілген материалдық және рухани құндылықтарының жиынтығы.

Даму – табиғатта, қоғамда және адамның түйсінуінде төменгіден жоғары сатыларға өтудегі қимыл-қозғалыстардың, құбылыстардың, өзгерістердің жалпылама үдерісі .

Дене дайындығы – таңдап алынған спорт түрінің әдістемелік ерекшеліктерінің талаптарына сай жүзеге асырылатын арнайы мамандандырылған үдеріс .

Үйрету – ең алдымен тәрбие берудің білім беру элементтерін меңгеруге арналған педагогикалық үдеріс .

Әдіс – оқыту-тәрбиелеу үдерісінің маңызды міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған педагогикалық іс-шаралардың ауқымды жүйесінің ұйымдастырулығы мен мақсаттылығын қамтамасыз етудің жолы, амалы.

Әдістемелік амал – педагогикалық үдерістің жекелей мәселелеріне таңдаулы ықпал етуге мүмкіндік беретін әдісті  қолданудың жекелей жолы .

Күш – адамның сыртқы кедергілерді жеңе алу қабілеті немесе оған бұлшық ет ширығуы есебінен қарсы тұра алу қабілеті.

Ұлттық мәдениет – халықтың басқа халықтармен өзара байланысы нәтижесінде алынған және өзіндік дамып-жетілуінде (соның ішінде этностық) тіршіліктің барлық салаларында белсенді қолданылатын рухани-өнегелі, материалдық, қоғамдық-саяси, технологиялық, ғылыми, философиялық, этикалық, әсемдік және басқа құндылықтарының барлық тарихи жиынтығы.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Халықтың қайнар ойларынан нәр алып, өскелең ұрпақтың игілігіне жараған, адамзаттың ақыл-ой қабілеттерін дамытуға негізделген рухани құндылықтардың бірі — зияткерлік ойындар. Оның — жеке тұлғаның шығармашылық қасиеттерін дамытып, өзін-өзі қалыптастыруында маңызы зор. Шахмат, тоғызқұмалақ, дойбы және го секілді ойындар — тек қана спорт, өнер, ғалым ғана емес, олар жасөспірімдерді тәрбиелеудің маңызды құралы.

Зерттеу нысаны – тоғызқұмалақ  қазақ дене шынықтыруының этностық педагогикасы ретінде.

Зерттеу мақсаты – тоғызқұмалақ арқылы  қазақ халқының ұлттық дене мәдениетін дәріптеу.

Зерттеу әдістері: ғылыми және ғылыми-әдістемелік әдебиет сараптамасы мен жинақталуы; сауалнама жүргізу;  педагогикалық бақылау.

Зерттеу міндеттері:

  1. Тоғызқұмалақтың қазақ елінің жалпы мәдениет құрылымындағы өзіндік орны.
  2. Тоғызқұмалақтың заманауи даму деңгейін айқындау.

Зерттеудің әдістемелік негізін тарихи-педагогикалық  құбылыстар мен фактілерді зерттеудің жүйелі тәсілі құрайды.

Ғылыми жаңалығы:

  • Тоғызқұмалақтың этностық-педагогикалық мазмұны ашылды;
  • Тоғызқұмалақ негізіндеқазақ халқының дәстүрлі дене шынықтыру құралдарына бүтін әлеуметтік-педагогикалық сараптама жүргізілді.

Дипломдық жұмыстың теориялық маңыздылығы:

— тоғызқұмалақ негізінде қазақ халқының дәстүрлі дене мәдениетінің педагогикалық мазмұнын бүтіндей ұғыну;

— тоғызқұмалақты ұлттық этностық-мәдени, педагогикалық құбылыс ретінде тарихи салада және ары қарай даму мүмкіндіктерін ескере отырып, заманауи мәнге енгізу.

Қазақ халқының дәстүрлі ұлттық ойындарының   теориялық сараптамасы олардың өскелең ұрпақтың дене тәрбиесінің заманауи жүйесін жетілдіруде қолданылуының үлкен болмысты педагогикалық мүмкіндіктерін көрсетеді.

Тәжірибелік маңыздылығы  – алынған нәтижелер тоғызқұмалақтың заманауи теориясы мен тәжірибесін ары қарай жетілдіруге мүмкіндік береді.

 

 

 

 

 

 

 

       1 ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ – ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНЫ

 

       1.1   Тоғызқұмалақ ойыны туралы жалпы мәлімет,   ойынның шығу тарихы

 

Қазіргі кездері дүние жүзінде  зияткерлік ойындарды мектеп бағдарламасына енгізудің бай тәжірибесі қалыптасып келе жатыр. Мәселен, тоғызқұмалақ ойыны Қазақстан Республикасындағы қазақ-түрік лицейлерінің мектеп бағдарламасында орын алған. Жыл сайын тоғызқұмалақпен шұғылданушы жастардың ішінде мектепті алтын белгімен бітірушілердің саны да артып келеді.

Жалпы алғанда зияткерлік ойындар жас ұрпақтың есте сақтау қабілетін арттырып, логикалық және түйсіктік ойлау жүйесін дамытып, оның сабырлығы мен алдына мақсат қою қасиеттерін арттырады. Қиын және анық емес жағдайларда шешім қабылдап, оаған жауап беруге үйретеді. Зияткерлік ойындарда сана-сезімнен басқа, тұлғаның шығармашылық қасиеттері де қатар дамиды. Ол үшін арнайы есептер мен этюдтер пайдаланылады.

Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Археолог-ғалымдарының пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойынын дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зердегілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолдан  Тоғызқұмалақ ойыны бүгінгі күні елімізде өрлеу, өркендеу дәуірін басынан кешіріп отырғанымен, ұлттық ойынның қыр-сыры толықтай ашылған жоқ. Ұлттық мұраның жас ұрпақтың рухани деңгейі мен ойлау жүйесін дамытудағы орны әлі зерделенбей отыр. Ежелгі көшпенділердің тоғызқұмалақты қандай мақсаттар үшін ойлап тапқаны, оның алғашқы қызметтік мәні де айқындалған жоқ. Сондықтан алдағы уақытта ұлттық ойынның беймәлім қырларын, әсіресе, ұсақ заттарды ұстағанда, оның ми қозғалысына әсерін тоғызқұмалақ ойыны арқылы зерттеу жүргізу — уақыт еншісінде.

Француз тілінен аударылғанда «этюд» — зерттеу деген мағынаны білдіреді. Яғни зияткерлік ойындарда этюдті шешу дегеніміз — ізденудің жолы, шығармашылық қабілеттерді дамытудың таптырмас көзі.

Тоғызқұмалақ ойыны да зияткерлік ойындардың күрделі түрі ретінде мұндай композициялық ерекшеліктерден кенде болмаса да, әлі күнге дейін тек этюд жанры ғана дамып отыр.

Тоғызқұмалақ ойындары — жоғарыдағы зияткерлік ойындардың ішінде ең көп тарағаны және түркі халықтарының кқпшілігінде кездеседі. Тоғызқұмалақ секілді ойындар кездерден әр түрлі пішінде Орта Азия және Қазақстаннан бастап, Индия, Кариб аралдары, Египет, Шри Ланка, Солтүстік Африкаға дейінгі аралықтағы жерлерде таралған. Мұндай ойындар — «Калах», «Мангала», «Овари», «Бао», «Жонглак», «Габата», «Енкешуй»,»Вари» және тағы басқа атаулармен көптеген елдерге белгілі болған. Еуропа ғалымдары бұл ойындарға әлемдік зерттеулерде «мангала» деген ат берген. «Мангала» араб тілінен аударғанда «жылжыту», «қозғау» деген мағынаны білдіреді.

Тоғызқұмалақ ойынының ережелері де алғашқы кезде бір ізді болған жоқ. Ұлттық ойынды зерттеген ғалымдардың еңбектерінде бұл ерекшеліктер нақты көрініс тапқан. Тоғызқұмалақ туралы зерттеулер ХІХ ғасырда шетелдік этнограф тарапынан жүргізілді. Бірақ олар тек қана ойынның атауы мен ережелеріне ғана тоқталып, олардың кездесетін өңірлерін айтумен ғана шектелді.

Қазақ халқының ағартушылары Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев тоғызқұмалақ ойынын ерекше мадақтаған, әсіресе Абай бұл ойынды сүйсініп ойнаған. Тоғызқұмалақты ойнау үшін Абайдың ауылына көне ойынның шеберлері мен ойыншылары әдейі жиналады екен. Абай бос уақытында ойынды ұйымдастыру үшін үнемі ойын тақтасын алып жүрген.

Тоғызқұмалақ — 4 мың жылдық тарихы бар, қазіргі уақытта әлемге әйгілі зияткерлік ойындардың ішінде ерекше маңызға ие ата-бабамыздан қалған асыл мұраларымыздың бірі. Республикамыздың әр түкпірінен табылған, тасқа қашалып қалдырылған тоғызқұмалақ тақтасының бейнелері де ойынның өте ертеде пайда болғанынан хабар береді.

Өткен ғасырдың 60-жылдарында Орталық Комитетке ашық хат ұйымдастырып, тоғызқұмалақ ойынының ұрпақ үшін қажет екенін дәлелдеп, араша түскен зиялы қауым өкілдері К.Каукетаев, Р.Абдулдин және осы өнерді серік еткен М.Әуезов пен Қ.Қуанышбаевтар ойынның қазіргі заманға аман-есен жетуіне зор еңбек сіңірді.

Тоғызқұмалақ ойыны республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы, Қырғызстан, Моңғолия, Ресейде, Алтай мен Қаратай-Шеркессия елдерінде ойналады. Қытайда және Еуропа елдерінде ойынды ақпараттық жағынан насихаттап отырған көптеген жанашырлары бар. Американың Нью-Йорк қаласындағы Аляска Университеті Тоғызқұмалақ ойынын зерттеумен айналысып отыр. Қазақстан Республикасында қазір спорт түрі ретінде Тоғызқұмалақ қанатын қеңге жайып, танымал ойын болып дамуда.

Өте қызық әрі терең ойлауды талап ететін халқымыздың даналығын  көрсететін ұлттық ойындардың бірі –тоғызқұмалақ. Халқымызбен бірге жасасып келе жатқан  тоғызқұмалақ ойыны қазір кең тарап, дамып жетіліп келеді (1 сурет).

Көшпелі халықтың өмірінде бүтін сандардың төрт амалын есептеп шығару осы тоғызқұмалақ ойыны арқылы арқылы қалыптасқан. Сондықтан да  бұл ойын «малшы математикасы » деп аталған [1, 2]. Шындығында бұрын далада кездесе кеткен екі малшы осы ойындағы «қазан » мен «отаудың» орнын жерді шұқып оя қойып, дорбаларында жүрген қойдың кепкен 81 құмалағын әр отауға тоғыз-тоғыздан бөліп салып, бірден ойнай беретін болған.Тоғыз құмалақ ойыны қай кезде шығып,қалай қалыптасқаны  қазірше белгісіз.Ал, негізінде ,қазақстан жеріндегі жартастардың немесе төбенің үстіндегі тегіс тастың бетіне

1 сурет – 4 мың жылдық тарихы бар тоғызқұмалақ ойыны

 

ойып салған тоғызқұмалақ тақтасы бейнесінің қазірге дейін сақталуы бұл ойынды халқымыз көне заманда ақ ойнағанын аңғартады. Мәселен, Қаратау қаласына таяу жердегі Ақшұңқыр деген тастөбенің үстіне тоғызқұмалақтың отаулары мен қазандары қашап ойылған.Бұл  тақтаны қай кеэде кім ойып жасағаны әлі белгісіз. Ал жасау мақсаты, әрине, белгілі. Өйткені, малшылар Ақшұңқыр тас жотасынан төңіректегі малды қарай отырып, төбенің үстінде тоғызқұмалақ ойнаған.Тоғызқұмалақ ойынының тақтасы Тарбағатай тауының Сайқан жоталарындағы және Қоржынбай жайлауының етегіндегі жартастарға ойып салынғаны белгілі болып отыр [3, 4, 5].

Осындай тарихи деректерге сүйеніп, тоғызқұмалақты көшпелі қазақ халқының өмірімен бірге жасасқан,оның ұлттық ойындарының бірі деп толық айтуға балады.Ойын ойлауды ұштайды, есте сақтау қабілетін, математикалық ойлауды дамытады. Ойынның көптеген тәсілдері бар. Ол ойыншыдан аса төзімділікті, қорғану тактикасын шабуыл жасау әрекеттерімен шебер ұштастырып отыруды талап етеді [6, 7, 8, 9, 10].

Тоғызқұмалақ ойыны әсіресе соғыстан кейінгі жылдары кеңінен дами бастады. Әлемдік өркениеттің дамуына елеусіз үлес қосып, ғажайып құндылықтармен бірге қаншама туындыларды дүниеге әкелген түркі халықтары адамзаттық дамудың көшінен кеш қалып көрген емес. Елбасы атап көрсеткендей: «Тұңғыш рет әлемге өнеге болған ортақ шаңырақ – киіз үйді, темірді, шалбарды, жебені, етікті және өкшені, үзеңгіні ойлап тапты». Сондай-ақ адамзаттың ақыл-ойының жемісі болып табылатын зияткерлік ойындарды ойлап тауып, болашақ ұрпағын ержүректілік, отансүйгіштік сияқты қасиеттермен бірге зиялылыққа, шебер ойлау мен шыдамдылыққа тәрбиелеп баулып отырды. Түркілердің дене тәрбиесі мен ақыл-ой ойындарына қатты мән беріп, дамытып отырғаны жөнінде М.Қашқаридың «Түбі бір түркі тілі» атты еңбегінде де кездеседі. Еңбекте қарастырылатын «қарағұны», «ілекеш», «шөген», «көшүрме» сияқты ойындардың қатарына зияткерлік тоғызқұмалақ ойынын да жатқызуға болады  (2 сурет) [11, 12].

 

2 сурет —  Тоғызқұмалақ – жияткерлік ойыны

 

Тоғызқұмалақ ойынында қандай бағыт таңдау да, болашақ жеңіс үшін нақты жоспар құру да отауларда орналасқан құмалақтар арқылы шешіледі. Ал құмалақтарды отауларда өз қалауыңызша орналастыру үшін қай отаудан бастап жүру немесе қарсы отаудан жауап беру, қай отауда құмалақтарды көп ұстамау және ойында маңызды боп есептелетін тұздыққа ие болу үшін қай отауды таңдау мұның барлығы отаулар жөніндегі толық түсінігіңізге тікелей байланысты [13, 14].

 

  • Тоғызқұмалақ ойынының басты ерекшеліктері

 

Тоғызқұмалақ ойынының өзіне тән басты ерекшелігі –ол аса күрделі жабдықты қажет етпейді. Сондықтан да ертеректе ойыншылар кездескен бетте жерден кішкентай шұңқырлар қазып,  ойын тақтасын дайындай қойған.Барлық құмалақты салатын шұңқырды-қазан,тоғыз-тоғыздан құмалақ салатын шұңқырды-отау деп атаған [15, 16, 17].

Тоғызқұмалақ ойынында қарама-қарсы 2 қатар орналасқан барлығы 18 отау бар. Отаулар екі жаққа тоғыз-тоғыздан бөлінген. Алғашқы кезде әрбір отау «а» әрпінен бастап тоғыз отаудан солдан оңға қарай а, б, в, г, д, е, ж, з, и әріптерімен белгіленген. Бұл отауларға әріптік белгілер қойған Ш. Ыбыраев болатын. Алайда ойынды бұлай белгілеп жазу кезінде қиындық туғызғандықтан, 1974 жылдан бастап әріптік белгіден сандық белгіге көшірілген. Оның авторы – С. Тілеубаев. Ойыншының бірінің тоғыз отауына берілген атау екінші жақтың да отауларының аты болып табылады.  Калах ойынында отауларға реттік нөмірлеу қойылса, ұлттық ойындағы отау аттары ұзақ жылдар ойнаған шебер ойыншылардың тәжірибесіне сүйеніп қойылған. Әрбір отау атын ойлап тапқан ойыншының аты белгісіз болғанымен, бабаларымыздың бұл қойған аттарынан ойынды терең меңгергені байқалады [18].
Тоғызқұмалақ ойынындағы отау аттары қазіргі кезде төмендегіше аталады (1 кесте):

Мұндағы қырғызша аталуының екі нұсқасы да қырғызстандық зерттеушілер Т. Орозобаков пен А. Чылымовтың көрсетуі бойынша беріліп отыр. Белгілі түркітанушы С. Аманжолов отау атаулары және олардың ойын барысындағы қызметі туралы мынадай деректер келтіреді:

«1-отауды «Құйрық» я «Арт» дейді. Себебі, ондағы құмалақтар көпке дейін өзгермей, түгел қалып отырады.

2-отауды «Тектұрмас» дейді. Себебі жүріс көбінесе осы отаудан басталады.

3-отауды «Атөтпес» дейді. Оның себебі, қарсы жақтың аты бұған түспей кете алмайды.

4-отауды «Жаман үй» дейді. Себебі қарсы жақтың адамы бұл жерден үнемі жеп отырады.

1 кесте – Тоғызқұмалақтағы отау атаулары

Отау нөмірлері

Қазақша атауы

Қырғызша атауы

Қарақалпақша атауы

№ 9 отау

маңдай

ооз

куу моюн

маңлай

№ 8 отау

көкмойын

көк моюн

Көк моюн

Көк мойын

№ 7 отау

қандықақпан

эки тишти

эки тишти

қаңлы қақпан

№ 6 отау

белбасар

ак колтук

ак далы

бел басар

№ 5 отау

бел

бел

бел

бел

№ 4 отау

атсыратар

далы

белдин алды

атсыратар

№ 3 отау

атөтпес

текилдек уй

жаман үй

ат өтпес

№ 2 отау

тектұрмас

ат өтпес

ат өтпес

тектурмас

№ 1 отау

Арт

куйрук

куйрук

арт немесе таңлық

5-отауды «Бел» дейді. Бұл екі орталық аса қауіпті емес.

6-отауды «Сары дала» дейді. Себебі бұл жүріске де, «тұздық» алуға да ыңғайлы жер.

7-отауды «Қосан жылаған» дейді. Оның себебі – бұрынғы заманда Қосан деген ойыншыны тағы бір ойыншы дәл осы 7-отауда әлденеше рет «тұздыққа» отырғызыпты, соған ыза болып жылапты-мыс.

8-отауды «Көкмойын» дейді. Себебі мұнда да көптен-көп «тұздық» алынатын көрінеді және бұл жерге көп құмалақ жиналып қала береді.

9-отауды «Аққасқа» дейді. Себебі, бұл шұңқырда құмалақ көп жатады. Ойыншы бұл отаудан өз құмалағын шығарса-ақ, қарсы жақтың отауына түседі, бірден оған аттап түсу ойыншыға пайдалы болмайды. Өзін жауып кетіп барып жүрсе, әрине, тиімді болады» , – дейді.

Ал ұлттық ойындарды зерттеуші Т. Сұлтанбеков: «Отау аттары кездейсоқ қойылмаған. Мәселен, ойынның алды және арты болады. Алды тоғызыншы отау – Маңдай, Арты – бірінші отау.

Екінші отаудың Тектұрмас аталуының себебі – онда құмалақ көп жатпайды. Бұл отау – қарсы жақтың шабуыл объектісінің бірі. Оған көбінесе «тұздық» жасалу қаупі туып отырады (тұздық дегеніміз – отау беру, яғни сол отаудан айырылып қалу).

Үшінші отау – Ат өтпес. Бұлай аталу себебі бұл отаудан – ат, яғни құмалақ ешқашан айырылмайды.

Төртінші отау – Атсыратар (жүрістің, құмалақтың таусылуы). Бұл отаудың атсыратар болып аталуының себебі – ойын аяғы осы отаудан басталғанда, құмалақ тез таусылады. Сол сияқты ойын басында осы алғашқы үш отаудан ойын бастаған ойыншы да жүрісі тарылып, тез атсырауға түседі.
Бесінші отау – Бел. Нағыз орта болғандықтан, бел деп аталады.
Алтыншы отау – Белбасар. Белбасар аталуының себебі – ойын басында бұл отаудың құмалағы қарсы жақтың беліне дәл жетіп жатады.
Жетінші отау – Қандықақпан. Көбінесе есептен жаңылдыратын қауіпті отау. Бұл отаудың «тұздығы» позицияда үлкен осалдық тудырады.
Сегізінші отау – Көкмойын. Қандықақпаннан кейінгі осал жер. Бұдан да «тұздық» беру аса қауіпті. Кейбір ойыншылар бұл отауды алқым деп атайды.
Тоғызыншы отау – Маңдай. Бұл отаудың өзіндік қасиеті басқа отаулардан ерекше, яғни бұдан «тұздық» алынбайды» – дейді .
Қытайдағы зерттеуші Е. Әбілқасымұлы «Асық, бестас, дойбы, тоғыз құмалақ» атты еңбегінде тоғызқұмалақ отауы аттарына мынадай түсінік береді және бұл алдыңғы зерттеушілердің мәліметтермен сәйкес келеді: «Сонымен солдан оңға қарай әр екі жақтың 1-отауы «құйрық» немесе «арт» деп аталады.
Мұның себебі ойын барысында 1-отаудағы аттардың саны көп өзгермей баяғы қалпын сақтап отырады. 2-отау жүріс көбірек басталатындықтан, «тектұрмас» деп аталады. 3-отау қарсы жақтың жүрген аты көбірек түсетіндіктен «ат өтпес» деп аталады. 4-отау әр екі жаққа да тиімсіз деп, аттардың көбірек желінетін жері болғандықтан «жаман үй» немесе «атсыратар» деп аталады. 5-отау тоғыз отаудың дәл ортасы әрі басқа отаулармен салыстырғанда біршама қауіпсіздеу болғандықтан «бел» деп аталады. 6-отау жүріске де әрі ұтысқа да қолайлырақ болғандықтан «сары дала» деп, кейде 5-отау – «белдің» қасында болғандықтан «белбасар» деп те аталады. 7-отау әр екі жақтың да жүрген аттары көбірек келіп түсетіндіктен «қанды қақпан» деп аталады. Кей аңыздарда Қосын атты бір ойыншы басқа бір ойыншымен сайысып, дәл осы «қанды қақпан» аталатын 7-отауда қатарынан бірнеше рет ұтылып, соңында жеңілгеніне намыстанып жылаған екен-міс. Сол себепті 7-отауды кейде «Қосын жылаған» деп те атайды. 8-отау ойын барысында ат көбірек жиналып, ұтысқа тиімдірек келетіндіктен «көкмойын» деп аталады. 9-отау аттары шықпай көбірек сақталатындықтан «көкқасқа» немесе «маңдай» деп аталады» [19, 20, 21, 22, 23, 24, 25, 26].

Сонымен қатар түркі халықтарының зияткерлік ойындарын зерттеуші ғалым М.Шотаев «Таңғажайып тоғызқұмалақ» еңбегінде төмендегідей мәліметтерді ұсынады: «Кентаулық шебер Т.Құдияров тоғызқұмалақты әскери ойынға жатқызып, осы отаулардың орналасу ретіне өзгеше көзқарас ұстанады. Яғни ойындағы 9 отау – белгілі бір мемлекеттің, көшпенділер үшін қағанаттың құрылымы. Мәселен,

№ 1 отау – жаяу әскер. Бұл отаудағы құмалақ бірден жойылып отырады.

№ 2 отау – шекара. Бұл отаудағы құмалақ үнемі шабуылға ұшырайды.

№ 3 отау – қорған. Бұл отаудан аттап өту үшін қосымша күштер /құмалақтар/ керек. Алдындағы қос отауда құмалақ бір-бірден жатса, қорғаннан аттай алмайды.

№ 4 отау – штаб. Артқы және алдыңғы шепті байланыстырады.

№ 5 отау – уәзір орны.

№ 6 отау – мұрагер (ханзада) орны.

№ 7 отау – ханның сарайы.

№ 8 отау – қор-қазына. Барлық дүние-мүлік, байлық осы орында сақталады.

№ 9 отау – халық мекендейтін орын. Бұл отаудан тұздық алынбайды» .
Негізінен отау аттарының мағынасын түсіну үшін ойынның ерекшелігіне мән беруіміз керек. Бұл ерекшеліктер ойын бастамаларына, тұздыққа және атсырауға тікелей байланысты [27].

Жоғарыда көрсетілгендей зерттеушілердің көрсеткен отау атаулары негізінен ұқсас болып келеді. Алайда осы отауларға түсінік бергенде ішінара қарама-қарсы пікірлер де кездеседі. Мысалы № 1 отауды С. Аманжолов пен Е. Әбілқасымұлы «арт» немесе «құйрық» деп аталады, себебі мұндағы құмалақтар көпке дейін таратылмай сақталып отырылады деп көрсетсе, тоғызқұмалақ шебері Т. Құдияров «бұл отаудағы құмалақ бірден жойылып отырады» — дейді. Қазіргі тәжірибе көрсетіп отырғанындай № 1 отаудағы құмалақтар тез таратылып кетеді, себебі бұл қарсыластың кез келген уақытта шабуылға ұшырауы мүмкін бірден-бір отау. Бұл әрине тиісінше ойыншының өз жоспарын еркінен тыс өзгертуіне әкеп соқтырады. Егер ойынды түркілердің әскери танымдық ойыны ретінде қарастырсақ, онда бірінші отауды «сол қанат», тоғызыншы отауды «оң қанат» деп атауға да болады. Бір қызығы, бұл отауды қарақалпақ халқы «таңдық» немесе «таңлық» деп атайды екен. Сөздің түбірі «таң» болғандықтан, бұл жерде уақыт категориясы көрініп тұр. Алғашқы отауды күннің шығуымен, яғни алғашқы уақыт мерзімімен атауы түсінікті [28, 29].

№ 2 отау тектұрмас деп аталады. Бұл отау да, бірінші отаудағы сияқты, қарсыластың шабуыл обьектісіне тез ұшырайтын болғандықтан, құмалақтар ұзақ уақытқа жинала бермейді. Отаудың бұлай аталуы, біздің ойымызша, тектұрмас отауынан тұздық алынса, бұл отаудың алдындағы бірінші отауда жатқан құмалақтар текке тұрмайды: не қарсыластың шабуылына ұшырап меншігіне айналады, не тұздыққа еріксіз тасталады [30].

№ 3 атөтпес отауының бұлай аталу себебін зерттеушілер «қарсы жақтың аты бұған түспей кете алмайды» (С. Аманжолов), «бұл отаудан ат, яғни құмалақ ешқашан айырылмайды» (Т. Сұлтанбеков) деп түсіндіреді. Бірақ бұл пайымдауларға қарағанда Т. Құдияровтың «бұл отаудан аттап өту үшін қосымша күштер/құмалақтар керек, алдындағы қос отауда құмалақ бір-бірден жатса, «қорғаннан» аттай алмайды» деген тұжырымы әлдеқайда дәлелдірек. Себебі отау атауының өзі айтып тұрғандай жеткілікті мөлшерде аттар болмаса бұл отаудан ат өтпейді. Сондықтан отауды «атжетпес» деп атауға да болады.
№ 8 отау — көкмойын. Көкмойын сөзін С. Аманжолов асау жылқының мойнына құрық салғанда ол шапшып көкке ұмтылып, мойын тұсы тіптен көгеріп ісініп кетеді деп түсіндіреді. Кейбір зерттеушілер тұздықты көкмойын oтауынан алу өте тиімді, себебі құмалақ көп жиналады деп есептеген. Мұндай мәліметтер қытайлық ғалым Е. Әбілқасымұлының еңбегінде де кездеседі. Мойнынан қысылып қылқынған ойыншыны жеңу өте оңай болады деп ойлаған. Отаудың «алқым» деген атауы да бар. Халқымызда «алқымынан алды» деп жатады. Мағынасы – жанын қысты, қыспаққа салды. Сондай-ақ «жаны мұрнының ұшына келді» деген түсінік бар. Ал мұрынның ұшына келместен бұрын «жан алқымға тақалады». Демек көшпенді халықтардың № 8 отауды және ол отаудан алынатын тұздықты маңызды деп есептеуі заңды [31, 32].

Тоғызқұмалақ ойынындағы ерекше отаулардың бірі № 9 маңдай отауы. Отаудың ерекшелігі бұдан тұздық алынбайды. Бұл туралы зерттеуші М. Шотаев: «Қазақы дүниетанымда маңдайың ашық болсын деген ұғым бар. Міне осы түсінік тоғызқұмалақтағы № 9 отаудан тұздық алмау ережесіне жақын келеді. Көнедегі тәжірибелі ойыншылар маңдайдан тұздық алу, ойында ұтылумен пара-пар деп есептеген» – дейді . Отаудың сонымен бірге «аққасқа», «көкқасқа» деген аттары да бар. Мұны екі түрлі пайымдауға болады. Термин адамға да, малға да қатысты қолданылады. «Қасқа» – малдың маңдайында болатын ұзынша келген ақ түсті жолақ. Мал атаулының дене мүшелерінің ең бірінші көрінетін алды маңдайындағы қасқасы болса, отаулардың ең алды маңдай. Сондай-ақ «қасқа бас» деген сөз бар, маңдай шашы жоқ адамға айтылады. Қарапайым түсінік – маңдай шашы жоқ адам қасқа бас болса, тұздығы жоқ отау маңдай деп аталады [33].

Қайсыбір ойын түрінде болмасын кездесетін терминдер мен ережелерін сараптау арқылы сол халықтың дүниетанымын, болмыс-бітімін, қоршаған әлем туралы таным-түйсігін, ең бастысы олардың күнделікті тіршілігін бағамдауға болады. Олай болса біз қарастырып өткен тоғызқұмалақ ойынының бір қырының өзі ертедегі түркі халықтарының тарихына, әдет-ғұрпына бойлай енуімізге мүмкіндік береді. Жылдың наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Қауымдастығының www.9kumalak.com ресми сайты жұмыс жасай бастады.

2 ЗЕРТТЕУ  ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

2.1 Зерттеу әдістері

 

Қазақтардың ұлттық ойындары мазмұнының ғылыми-әдістемелік және педагогикалық негіздемесін зерттеу қағидалы-ғылыми және нақты-әдістемлік мәнді бірқатар ережелерді түзуге мүмкіндік берді.  

Біздің пікірімізше, таңдап алынған тақырып мәселелерінің шешімі қағидалы, орнықты, мазмұнды және қажетті, яғни біршама толық болып табылады.

   Зерттеу барысында ғылыми әдебиеттер сараптамасы, сауалнама жүргізу, сарапашылармен сұхбаттасу сияқты бірқатар әдістер қолданылды.

 

2.2 Зерттеуді ұйымдастыру

 

Ғылыми және ғылыми-әдістемлік әдебиеттер сараптамасы

Қазақ халқының ұлттық ойындары мәселелері бойынша әдеби мәліметтер сараптамасы бірқатар жайттарды анықтауға мүмкіндік берді:

— ұлттық дене мәдениеті салаларыі;

— ұлттық спорт түрлерін, соның ішінде саятшылықты болашақ ұрпақты денелік тәрбиелеуде қолдану мәселелері;

— бағдарламалық материалды және т.б. жүзеге асыруда оқу-шынықтыру қызметін ұйымдастыру.

Сауалнамалық сұрақ-жауап алу

       Сауалнама мақсатты-бағытты болды, сырттай, жеке басылы жүргізілді. Осы жағдайды ескере отырып, сауалнамалар әрбір респондентке жекелей жүргізілді, олар оны өз бетімен толтырды. Сұрақтың ішінде ашықтары да, жабықтары да болды. Олар біршама тиімді нұсқаларын (дене тәрбиесінің құралдарының, түрлерінің және ұйымдастырылуының) келтіру қарастырылды. Сұрақтардың бір бөлігі бақылаулы бағытты болды.

       Ақсақалдармен сұрақ-жауап жүргізу дене тәрбиесі күйіне тікелей бағалама беру, оның құралдарының, жаңа түрлерінің деңгейін анықтау арқылы жүргізілді. Оның көмегімен тұрғындардың қазақтың ұлттық спорт түрлеріне, ұлттық қимыл-қозғалысты спорт түрлеріне және дене жаттығуларына, оларға қойылатын талаптарға деген көзқарасы анықталды.

       Сұхбат алу, егер қандай да бір себептермен сұрақ-жауап жүргізу қиындық туғызып, тиімсіз болса жүргізілді. Оның барысында әңгімелесушілердің қазақтың ұлттық спорт түрлерімен, ұлттық қимыл-қозғалысты ойындар мен дене жаттығуларымен шұғылдану мәні мен түрлері туралы көзқарастары мен пікірлері қарастырылды.

 

3 ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ – ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ

 

3.1 Тоғызқұмалақ ойынының қағидасы, заңдылықтары

 

Ереже тақтада ойналатын зияткерлік ойынға қатысты, әрі ойын барысында кездесетін барлық жағдайды ескере бермейді және ұйымдастыру мәселелерінің барлығын қамти алмайды. Ереженің бабымен толық реттелмейтін жағдайлардың шешімі, ережеде қаралатын ұқсас жағдайлардың негізінде жарыстың Бас төрешілер алқасының жиналысында қабылданады. Ереже төрешілердің қажетті құзіретке ие, ой-білімі жеткілікті және үнемі нақты болатынына сүйенеді.

Тоғызқұмалақ ойынының мәні — адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру, кез-келген жанның ақыл-шыңдау, ми қызметін дамыту және қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.

Тоғызқұмалақ — бабаларымыздың ұрпағына қалдырған баға жетпес сыйы, рухани құндылығы, аманаты. Бұл ойын ең жетілген спорт түрлерінің бірі ретінде адамзатты жаңа шыңдарға жетелейтін ойы кең, рухы биік, саналы тұлғаларды тәрбиелеудің қуатты құралы бола алады.

Заңдылықтары:

— тоғызқұмалақ ережелерін қолданудың бір ізділігін қамтамасыз ету, жарыс өткізу жүйесін бір қалыпқа келтіру;

—  спорттық шеберлікті және зияткерлік қабілетті арттыру;

— ұлттық ойынды халық арасында кеңінен насихаттау және ары қарай дамыту.

Ойыншы ұстанымы

Ар-ұждан — бұл ойыншының басты ішкі адамгершілік қасиеті, оның айбыны, ізгі жаны және таза ары.

  1. Өз отанының адал азаматы болу.
  2. Шығармашыл, өз ойлары мен істерінде дербес, іс-әрекеттері мен ниеттерінде игілікті де парасатты болу.
  3. Қандай жағдайда болмасын сыпайылық пен кішіпейілділік танытып, өзін-өзі ұстай білу, белгіленген қоғамдық тәртіп ережелері мен жеке адамдар қарым-қатынастарының қағидаларын сақтау.

Тоғызқұмалақ сөздігі

— «Тоғызқұмалақ тақтасы» — тең екі бөлікке бөлінген 18 тік отаудан және 2 көлденең қазаннан тұратын арнаулы тақта.

— «Құмалақ» — ойында пайдаланылатын шар пішінді зат.

— «Отау» — тоғызқұмалақ тақтасындағы құмалақтар орналасатын арнайы ұяшық.

— «Қазан» — ұтып алынған құмалақтар салынатын көлденең отау.

— «Бастаушы» — ойында алғашқы жүріс жасайтын ойыншы.

— «Қостаушы» — бастаушыдан кейін жауап жүріс жасайтын ойыншы.

— «Арт» — бірінші отаудың атауы.

— «Тектұрмас» — екінші отаудың атауы.

— «Ат өтпес» — үшінші отаудың атауы.

— «Атсыратар» — төртінші отаудың атауы.

— «Бел» — бесінші отаудың атауы.

— «Белбасар» — алтыншы отаудың атауы.

— «Қандықақпан» — жетінші отаудың атауы.

— «Көкмойын» — сегізінші отаудың атауы.

— «Маңдай» — тоғызыншы отаудың атауы.

— «Тұздық» — қарсыластың жағынан ұтып алынған отау.

— «Атсырау» — ойын соңына қарай жүрістің таусылуы.

— «Тақ сандар» — екі санына қалдықпен бөлінетін сандар.

— «Жұп сандар» — екі санына қалдықсыз бөлінетін сандар.

— «Ашық отау» — тақ санды құмалақтар жатқан отау.

— «Жабық отау» — жұп санды құмалақтар жатқан отау.

— «табысты жүріс» — ұтысқа ие болған жүріс.

— «Табыссыз немесе кезекті жүріс» — ұтысқа ие болмаған жүріс.

— «Диаграмма» — тоғызқұмалақ тақтасының қағазға немесе тақтаға түскен сұлбасы.

Тоғызқұмалақ ойынының ережелері

Тоғызқұмалақ ойынының сипаты. 1. Ойын негізінен екі ойыншының арасында өтеді. ойынды бастайтын ойыншыны — бастаушы, ал оның қарсыласын қостаушы деп атайды. Бастаушы ойыншы жеребе арқылы немесе рейтингтік көрсеткіштер бойынша анықталады. Тоғызқұмалақ ойынында қарсыластар алма-кезек жүрістер жасайды.

  1. Ойын «Тоғызқұмалақ тақтасы» деп аталатын арнаулы тақтада ойналады (1-сурет). Ойында шар тәріздес құмалақтар пайдаланылады. Бұл тақта тең екі бөлікке бөлінген он сегіз тік және екі көлденең отаулардан тұрады. Тең екі бөліктің әрқайсысында 9-дан отау және бір-бірден қазан болады.

Бұл қазанға әр ойыншы ұтып алған құмалақтарын салады. Әр ойыншының қазаны өз бөлігінде емес, қарсыласының жағында орналасады. Отаулардың рет сандары 1-ден 9-ға дейін белгіленіп, солдан оңға қарай орналасқан. Ойын басында әр отауға 9-дан құмалақтар салынады, яғни ойын басталар кезде әр ойыншының жағында 81-ден құмалақтары болып, ойынға жалпы 162 құмалақ қатысады.

  1. Ойын басталар алдындағы құмалақтардың отауларда орналасуы төмендегі диаграммада бейнеленеді.

Ойын мақсаты — ойыншы өз қазанына кемінде 82 құмалақ жинап жеңіске жету.

Жүрістерге түсінік

  1. Жүріс жасау үшін бастаушы ойыншы өз жағындағы отаулардың бірінен бар құмалақтарды қолына алып, біреуін қалдырып, оң жағындағы келесі отаудан бастап (сағат тіліне қарама — қарсы бағытта) таратады. Құмалақтарды тарату ойыншының өз отауларынан кейін қарсыластың отауына жалғасады.
  2. Егер соңғы құмалақ қарсыластың тақ санды құмалағы бар отауына түсіп, оны жұп қылса (2,4,6,8,10,12 және т.с.с), сол отаудағы құмалақтар ұтып алынып, өз қазанынан салынады. Егер соңғы құмалақ қарсыластың отауларының біріне түсіп, оны тақ жасаса немесе соңғы құмалақ қайтадан өз отауларының біріне келіп түссе, бұл жүріссіз табыссыз немесе кезекті жүріс деп есептелінеді. Онда отауда жатқан құмалақтар ұтып алынбайды. Жұп құмалақты отауды «жабық отау», ал құмалағы тақ санды отауды «ашық отау» деп атайды.
  3. Ойын барысында ойыншы отаудағы бір құмалақты келесі отауға жүре алады. Отау бос қалады.
  4. Ойын барысында жүріс кезегінде құмалақтарды қолына алған ойыншы сол отаудан жүруге міндетті. Отауда жатқан құмалақтарды тек қаламсаптың көмегімен түзейді. Қолмен түзеген ойыншыға төрешілер тарапынан ескерту беріледі. Отауда жатқан құмалақтарды ретке келтіру үшін қарсыласында «түзеймін» деп ескерту қажет. Ойыншы отауда жатқан құмалақтарды өзінің жүріс жасайтын уақыты келгенде ғана реттейді.
  5. Жүріс алма-кезек жасалынады. Ойын екі ойыншының бірі 81-ден артық құмалақ жинағанша жалғасады. Ойын екі ойыншының бірі өз қазанына 82 құмалақ жинағанда тоқтатылады.

«Тұздық жариялау»

  1. Егер кезекті жүріс жасағанда соңғы құмалақ қарсыластың №9 отауынан басқа 2 құмалағы бар кез келген отауына түссе, қалыптасқан 3 құмалақпен бірге отау да ұтып алынып, «тұздық» жарияланады.
  2. «Тұздық» алынған отауға арнайы тұздық белгісі қойылады. Жүріс жасалған сайын тұздыққа түсетін құмалақ, міндетті түрде «тұздық» жариялаған ойыншының қазанына салынып отырады.
  3. Ойын барысында «тұздық» тек бір рет алынады. Қарсыластың «тұздығы» бар отауының нөмірімен сәйкес келетін отаудан және №9 отаудан «тұздық» алынбайды.
  4. Тұздық алынған отауға құмалақтарды жинауға тыйым салынады.

«Атсырау» жағдайы

  1. Ойын аяқталуға жақындаған сайын ойыншылардың отауларындағы құмалақтар таусыла бастайды. Қай ойыншының жүрістері бірінші таусылып, жүріссіз қалса, сол ойыншы «атсырау» жағдайына түсті деп есептелінеді. «Атсырау» жағдайына түскен ойыншының қарсыласы қосымша жүріс жасап, барлық құмалақтарды өз қазанына салады. Содан кейін ойыншылар ұтып алған құмалақтардың есебін шығарады.
  2. Егер «атсырау» жағдайына түскен ойыншы өз қазанына кемінде 82 құмалақ жинап үлгерсе, жеңіске жетеді. Егер қазандағы құмалақтардың саны 81-ден кем болса жеңіліс табады, ал 81 болса ойын тең аяқталады деп есептелінеді.

Жазып ойнау тәртібі

  1. Ойыншылар әр турдың ойын барысын арнаулы жазу бланкаларына (Жарыс құжаттары. Қосымша 1) толтырып отырады. Жазу бланкаларына жасалған жүрістер анық және сауатты жазылуы тиіс.
  2. Жүрістерді жазу үшін мынадай шартты белгілер қолданылады:

: — табысты жүріс

— табыссыз немесе кезекті жүріс

х — тұздық белгісі

= — тең ойын ұсыну

  1. Жазып ойнаудың 2 түрі қолднанылады: қысқа және толық үлгілері.

Қысқа жазу үлгісінде

— жүрістің реттік саны;

— жүріс жасалатын отаудың нөмірі;

— соңғы құмалақ барып түскен отаудың нөмірі жазылады.

Мысалы:     1. 7:6    (10)      9-8

  1. 6-6 8:7…

Толық жазу үлгісінде

— жүрілетін отаудың нөмірі;

— отаудағы құмалақтар саны;

— соңғы құмалақ түскен отаудың нөмірі;

— ондағы құмалақтар саны көрсетіледі;

— тұздық алынған жағдайда Х белгісі қойылады;

— қос нүкте (:) — табысты жүріс, сызықша (-) — жай жүрісті бейнелейді;

— леп белгісі (!) — күшті жүріс;

— сұрақ белгісі (?) — қате жүріс;

— екі леп белгісі (!!) — өте күшті жүріс;

— екі сұрақ белгісі (??) — өте қате жүріс;

— сұрақ және леп белгісінің қатар келуі (?!) — ойландыратын жүріс.

Мысалы:     1. 79:610             79:610

  1. 510:511 910:912
  2. 111:212 810:814
  3. 231:512 92:13х
  4. 92:114!
  5. Ойыншылар жазу бланкаларында жарыстың атауын, жарыстың өтетін мерзімін, турдың реттік санын, кіммен және қай үстелде ойнағанын, ойын нәтижесін көрсетіп, қолдарын қояды. Ойын барысында жазу бланкалары төреші еркін көре алатын жағдайда жатуы тиіс.
  6. Жазу бланкаларында тең ойынға жасалған ұсынысты екі ойыншы (=) белгісімен белгілейді.
  7. Жазу бланкалары жарысты ұйымдастырушылардың меншігі болып есептелінеді.

 

 

 

3.2  Жарыстар, жарыс жүйелері

 

  1. Жарыс — қатысушылардың шеберлігін шыңдауға және көрсеткен нәтижелері бойынша спорттық атақтар мен дәрежелер алуға мүмкіндік беретін бәсеке.
  2. Жарыстар жекелей, командалық немесе жекелей-командалық сипатта болады. Жекелей жарыстарда нәтижелер әрбір ойыншыға дербес жазылып, әр ойыншы жеке есептен өтеді. Командалық жарыстарда ойыншылардың нәтижелері толығымен командаға жазылып, есептен тек командалар өтеді. Жекелей — командалық жарыстарда ойыншылардың нәтижелері бір уақытта ойыншыға да, командаға да жазылып, қорытындысында ойыншылар да, командалар да есептен өтеді.
  3. Жарыстар келесі санаттар бойынша өткізіледі: Ересектер, Жасөспірімдер, Жастар, Ардагерлер. Бағарламаға ерекше санаттағы қатысушыларға арналған жарыстар да енгізілуі мүмкін: Мүгедектер, Ауыл спортшылары, Оқушылар, Студенттер т.с.с.
  4. Жарысты өткізу жүйелері: айналма, реттелмелі швейцар, олимпиадалық, матч-турнир.

Айналма жүйеде — барлық ойыншылар немесе командалар бр-бірімен кездесіп шығады. Айналма жүйесі жарысқа қатысушылар саны шағын немесе жарысты өткізу мерзімі жеткілікті болғанда қолданылады.

Реттелмелі швейцар жүйесі бойынша жұптау — ойыншылардың немесе командалардың рейтингілеріне сәйкес өткізіледі. Жарысқа қатысушылардың санына байланысты ойын саны кемінде — 5, бірақ 15 турдан аспауы тиіс.

Олимпиадалық жүйе — ойыншы немесе команда жеңіліс сайын қатардан шығып отырады. Бұл жүйені, көбінесе жарысты шектеулі мерзімде өткізгенде қолданады.

Матч-турнир — ойыншылар немесе командалар бір-бірімен бірнеше жеке кездесулер өткізеді.

  1. Келесі жылға арналған жарыстардың күнтізбесі ҚР Тоғызқұмалақ Федерациясының күз мезгіліндегі (қыркүйек-қазан айлары) отырысында талқыланып, Қр Спорт және дене шынықтыру істері агенттігіне бекітуге ұсынылады. Республикалық ресми жарыстар мен турнирлердің күнтізбесі аймақтардың жарысты өткізу жөніндегі тапсырыстары негізінде құрылады.
  2. Қазақстан Республикасының командалық чемпионатында командалардың саны 12 болса айналма жүйемен, 12-ден асса өткен жылғы командалық чемпионаттың нәтижесі бойынша екі топқа бөлініп өткізіледі.
  3. Қазақстан Республикасының жекелей-командалық ресми жарыстарынд (ҚР Кубогі, Универсиада, Спартакиадалар т.б.) командалар саны 10 болса айналма жүйемен, 10-нан асса реттелмелі швейцар жүйесімен өткізіледі.

Жарысты ұйымдастырушылардың міндеті

  1. Қазақстан Республикасында өткізілетін барлық жарыстар Ережеге сәйкес ұйымдастырылады. Республикалық және халықаралық жарыстар ҚР Тоғызқұмалақ Федерациясы және ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінде келісілуі тиіс.
  2. Ұйымдастыру алқасының атқаратын іс-шаралары:

— жарыс ережесін жасап, оны бекіту;

— жарыс алаңын даярлау;

— жарысқа қатысушылар мен төрешілерді орналастыру;

— жарыс өткізуге қажетті құжаттар және құралдармен қамтамасыз ету;

— жарыс бағдарламасын әзірлеу, оны көрнекті жерге ілу;

— жарыс алаңындағы үстелдерге реттін нөмірлер жапсыру;

— жарыстың ашылу және жабылу салтанатын ұйымдастыру;

— марапаттауға әзірлік жасау, дипломдар мен сый-сияпаттар әзірлеу;

— мандат комиссиясының жұмысын жүргізу;

— бұқарамен және БАҚ өкілдерімен жұмыс жүргізу.

  1. Жарыстар бекітілген жарыс ережесіне сәйкес өткізілуі тиіс. Жарыстың ережесіне қойылатын негізгі талап — баптарға түрлі түсінік беру мүмкіндігін болдырмау. Жарыс ережесі жарыстың басталу мерзімінен 1 ай бұрын жіберіледі. жарыс ережесі келесі баптарды қамтиды:

— мақсаты мен міндеттері;

— өткізілетін жері мен мерзімі;

— жарыстың өткізілуіне басшылық ету;

— жарысты өткізу жүйесі және жеңімпаздарды анықтау;

— марапаттау рәсімі;

— қатысушылар мен төрешілерді қабылдау шарттары;

— тапсырыс беру мерзімі.

  1. ҚР ресми жарыстарының жарқағаздарында Қазақстан Республикасының ресми Елтаңбасы мен Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясының таңбасы болуы тиіс.
  2. Ұйымдастыру комитеті жарысты қажет төрешілер санымен қамтиды, Бас төрешілер алқасын тағайындайды және жарыстың төрешілігіне байланысты шығындарға қаражат бөледі. Әр жарыста бас төреші, бас төрешінің орынбасары, бас хатшы, бас хатшының орынбасары, төреші-хатшы және қатардағы төрешілер тағайындалады.
  3. Бас төрешілер алқасы бекітілген талапқа сәйкес жарыс құжаттарымен, жеребе жүргізу үшін компьютермен, кеңсе тауарларымен және басқа да шығын материалдарымен қамтамасыз етілуі тиіс. Жарыс құжаттары:

— жарыстың хаттамасы;

— жарыстың нәтижелер кестесі;

— партияны жазу бланкасы;

— ескерту бланкасы;

— наразылық бланкасы;

— ойыншы анықтамасы;

— төрешілік анықтамасы;

— жарыстың есебі.

  1. Жарыстың алдын ала тапсырысы жарыстың басталу мерзімінен 15 күн бұрын беріледі. Түпкілікті тапсырыс жарысқа келген күні Бас төрешілер алқасына тапсырылуы тиіс.
  2. Ойыншылардың аты-жөні, туған жылы, айы, күні, спорттық атағы, рейтингі, оқу немесе жұмыс орны, жаттықтырушысы көрсетіліп, дәрігердің қолы қойылған түпкілікті тапсырыс (Жарыс құжаттары. Қосымша 2) компьютерлік мәтінде теріліп, конверт ішінде қабылданады. Тапсырыста қаламсаппен түзетулер енгізуге тыйым салынады.
  3. Командалық жарыстардың тапсырысында ойыншылардың жынысы, рейтингі, ойнайтын тақталарының реттік саны (Жарыс құжаттары. Қосымша 3), команда құрамына ауысым үшін ойнайтын қосымша 2 спортшының (1 ер, 1 әйел) тізімі міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
  4. Ресми жарыстарда алғашқы ойынның жеребесі жарыстың басталуынан 5-6 сағат бұрын жүргізіліп, алғашқы ойын түс ауа басталады. Келесі ойынның жеребесі кезекті ойын аяқталғаннан кейін 1 сағаттан кейін өткізіледі. Әр ойынның жеребесіне команда өкілінің немесе жаттықтырушының қатысуына рұқсат беріледі. Әр 1 ойынның арасындағы үзіліс 2 сағаттан кем болмауы тиіс.
  5. Жарысты ұйымдастырушыларжарысты қай тақта түрімен қамтамасыз етсе, жарыс сол тақта түрімен өткізіледі.
  6. Жарыста әр түрлі тақталар болған жағдайда артықшылық төрешілер алқасының ұйғарымымен шешіледі.
  7. Зағип ойыншыларға тақтаны таңдау артықшылығы беріледі. Бір уақытта екі тақтада ойнауға рұқсат етілмейді.
  8. Жарысты ұйымдастырушылар ниет білдірген қатысушылар үшін мәдени іс-шаралар (экскурсияға шығу, мұражайларды аралау, жергілікті театрларға бару, т.б.) өткізеді.
  9. Ұйымдастыру комитеті жарыс қорытындысы бойынша жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін бағалы сыйлықтармен (медальдар, грамоталар) марапаттайды. Жарыс қорытындысы бойынша келесі номинациялармен марапаттауға болады: «Жарыс аруы», «Жігіт сұлтаны», «Ең жас ойыншы», «Тарлан ойыншы», «Жазу бланкасын үлгілі толтырушы». Жыл қорытындысы бойынша «Ең үздік төреші», «Ең үздік ойыншы», «Ең үздік жарысты ұйымдастырушы қала», «Ең үздік жыл Федерациясы», «Ең үздік инновация», «Ең үздік басылым беті», «Ең үздік сайт» номинациялары анықталады.

 

         3.3 Жарысқа қатысушылардың міндеті

 

  1. Жарысқа қатысушы әр спортшы тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидаларын білуі тиіс.
  2. Жарыс барысында ойыншылар төрешілердің Ережеге сай талаптарына толықтай бағынулары тиіс.
  3. Әр бір ойыншы ойынға уақытында келуге міндетті. Кешіккен ойыншыға төреші сағатты қосқаннан кейін ескерту беруге құқылы.
  4. Жарысқа қатысушылар ойын алаңына тек қаламсаппен келулері тиіс. Ойын аяқталғаннан кейін ойыншыға өзінің ойынын көшіріп алуға рұқсат беріледі.
  5. Ойыншылар жазу бланкаларын толық, әрі анық толтыруға міндетті. Егер ойыншы уақыт тапшылығына түссе (ойынға берілген уақыттың аяқталуына 5 минут қалғанда), ол ойыншыға жазу бланкасын толтырмауға рұқсат беріледі. Ойыншы ойын аяқталғаннан кейін қарсыласының жазу бланкасы арқылы өзінің жазбаған жазуларын қалпына келтіреді.
  6. Ойыншыларға жазу бланкаларына қосымша суреттер салуға, бояуға тыйым салынады.
  7. Ойыншыға ойын басталғаннан алғашқы 1 сағаттан кейін басқа ойыншының ойынын тамашалауға рұқсат беріледі. Ойыншы өзінің кезекті жүрісін жасағаннан кейін ғана орнынан тұра алады. Қатарынан екі ойыншының да ойын алаңын тастап кетуіне тыйым салынады.
  8. Жарыс барысында ойыншыларға кез-келген қысқаша жазбаларды, ақпарат көздерін, біреулердің кеңестерін пайдалануға, сонымен бірге команда өкілімен, жаттықтырушылармен тілдесуіне, ымдасуына,, ақыл-кеңес алуына және ойын алаңында ойындарды талдауына тыйым салынады.
  9. Ойыншыға кез-келген тәсілмен қарсыласының ойын бөлуге, мазалуына болмайды. Бұл дәлелсіз өтініштер мен табанды түрде тең ойын ұсынуды да қамтиды.
  10. Ойын барысында ойыншылар ұялы телефондарын өшіруге міндетті. Қосулы телефон анықталған жағдайда ойыншыға жеңіліс жарияланады.
  11. Жарыс өтіп жатқан жарыс алаңына команда өкілдері мен жаттықтырушылар немесе басқа да көрермендер тек қана төрешінің рұқсатымен кіре алады.
  12. Жарыс өтіп жатқан жарыс алаңында команда өкілдері мен жаттықтырушыларға ойын барысы туралы әңгімелесуге және оны талқылауға тыйым салынады.
  13. Әр ойыншы жарыстың соңына дейін қатысуға міндетті. Жарыстың 2 турына себепсіз немесе өтінішсіз қатыспаған ойыншы келесі жеребеден алынады.
  14. Команда өкілдері ойыншыларының киім үлгілеріне ерекше мән бергендері жөн.
  15. Барлық ойыншылар мен команда өкілдері жарыстың ашылу және жабылу салтанатына қатысуға міндетті (Бас төрешілер алқасы басқаша шешпегенде).

Командалық жарыстарға қосымша толықтырулар

  1. Жарысқа қатысу жөніндегі тапсырыста қай тақтада ойнайтыны көрсетілген ойыншылар жарыс соңына дейін өз тақталарын өзгерте алмайды.
  2. Жарыс барысында команда өкілдері тапсырыста көрсетілген ойыншылармен екі ойыншыны ауыстыра алады. Ауыстырылған ойыншылар жарысқа қайта қосыла алмайды. Ойыншыларға тақталарының орнын ауыстыруға тыйым салынады.
  3. Жарыс барысында тапсырыста жоқ ойыншының команда құрамында өнер көрсеткені анықталса, тәртіп бұзған командаға қандай нәтиже көрсеткеніне қарамастан, сол ойындағы нәтижесіне жеңіліс жарияланады.
  4. Командалық жарысқа әр облыстың команда құрамы 60 пайыздан аспаса қарастырылмайды.
  5. Команда құрамы толық болмаған жағдайда ойыншылар реттік сан бойынша отырғызылады.
  6. Жарыста әйелдер ерлердің орнына ойнауға құқылы, ал ерлер әйелдердің орнына ойнай алмайды.
  7. Командалық жарыстарда ерлер алдыңғы тақтада ойнауға міндетті.
  8. Жарысты ұйымдастыру алқасы Бас төрешілер алқасы мен жүгіну алқасын құрап, оны бекітеді. Республика көлемінде өтетін барлық ресми жарыстардың Бас төрешілер алқасының құрамы республикалық Тоғызқұмалақ Федерациясымен келісіледі. Бас төрешілер алқасының құрамын ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі бекітеді.
  9. Бас төрешілер алқасының құрамына бас төреші, бас төрешінің орынбасары, бас хатшы, бас хатшының орынбасары және төреші-хатшы кіреді. Қатардағы төрешілердің саны жарыстың дәрежесімен анықталады:

а) ресми, халықаралық және республикалық жарыстарда — 2-3 жұпқа 1 төреші;

б) облыстық, қалалық жарыстарда — 4-5 жұпқа 1 төреші.

  1. Жарыс төрешілерінің басты қағидалары бейтараптық болып, жарыс ережесінің қатаң сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.
  2. Бас төрешілер алқасының міндеттері:

а) жарыстың басталуына дейін:

— жарыс алаңының даярлығын тексеру;

— жарысқа қатысушылардың тапсырыстарын тексеру және тіркеу;

— жарыстың алғашқы ойынының жеребесін өткізу;

— жарыстың коэффицентін есептеп шығару.

б) жарыс аяқталғаннан кейінгі бас төрешілер алқасының міндеттері:

— жарыс қорытындысын шығару және нәтижелерін бекіту;

— кезекті спорттық дәреже орындаған спортшыларға анықтама толтыру;

— төрешілерге анықтама беру;

— жарыс қорытындысы бойынша есеп беру.

  1. Ереженің бабымен толық реттелмейтін жағдайлардың соңғы шешімі ережеде қаралатын ұқсас жағдайлардың негізінде, жарыстың Бас төрешілер алқасының жиналысында дауысы тең болған жағдайда бас төрешінің дауысы шешуші дауыс болып табылады.
  2. Төрешілер қолданатын жаза түрлері:

— бірінші ескерту (ауызша ескерту);

— екінші ескерту (Жазбаша ескерту болып тіркеледі);

—  үшінші ескерту (қатаң ескерту болып тіркеледі). Үшінші рет ескерту алған ойыншының мәселесі Бас төрешілер алқасында қаралады;

— төртінші ескерту (тәртіп бұзған ойыншының команда өкіліне немесе жаттықтырушысына берілген ескерту болып тіркеледі);
— бесінші ескерту (ойыншы жарыстан шығарылады).

  1. Бас төрешілер алқасының қолданатын жаза түрлері:

— ойыншыға жеңіліс жариялау;

— команда өкіліне немесе жаттықтырушысына ескерту беру;

— ойыншыны және команда өкілін немесе жаттықтырушыны жарыстан шығару;

— командалық жарыста тапсырыста көрсетілмеген ойыншы анықталған жағдайда, команданың сол ойындағы нәтижесіне жеңіліс жариялау.

  1. Төрешілерге қолданылатын жаза түрлерін Бас төреші мен жүгіну алқасы біріге отырып шешеді.

Сонымен бірге төреші бас төрешімен ақылдаса отырып, жағдайға байланысты қажет деп тапса:

— қарсыласының қалған уақытын көбейтеді;

— ережені бұзған ойыншының қалған уақытын азайтады.

— төреші берген ескертуді басқа төреші өзгерте алмайды.

  1. Ойын барысында ойыншылар ұялы телефондарын өшіруге міндетті. Қосулы телефон анықталған жағдайда ойыншыға жеңіліс жарияланады.
  2. Егер команда өкілінің немесе жаттықтырушының төрешілер тарапынан алған ескертуі қайталанатын болса, төрешілер оны жарыстың соңына дейін ерекше бақылауға алады. Жарыс барысында ескерту алған адамдардың тізімі бас төрешілер алқасында сақталынып, әр ойыннан кейін хабарланады.
  3. Бас төрешінің міндеттері;

— жарыс алаңын ұйымдастыру алқасымен бірге қабылдауға қатысу;

— мандаттық комиссияның жұмысына қатысу;

— жарыстың барысына басшылық жасау;

— төрешіні тағайындау;

— жарыс бағдарламасын бекіту;

— жеребе өткізуді қадағалау;

— әр ойын күнін қорытындылау және жарыс барысында туындаған даулы мәселелерді шешу;

— жарыстың қорытынды есебін беру.

  1. Бас төреші орынбасарының міндеттері:

— жеребе өткізу;

— төрешілер жұмысына басшылық жасау, олардың міндеттерін белгілеу;

— төрешілерге анықтама толтыру;

— ойыншыларға анықтама толтыру;

— қажет жағдайда бас төрешінің орнын алмастыру.

  1. Бас хатшының міндеттері:

— жарыс бағдарламасын даярлау;

— бақылау сағатын белгілеу және оған бақылау жүргізу;

— нәтиже кестесін толтыру;

— қажет жағдайда бас төреші мен оның орынбасарын алмастыру.

  1. Бас хатшы орынбасарының міндеттері:

— жарысқа келгендерді тіркеу;

— ойын алдында жазу бланкаларын даярлау;

— қатардағы төрешілерден ойын нәтижелерін қабылдау;

— хаттамалар толтыру.

  1. Қатардағы төрешілердің міндеттері:

— жазу бланкаларын тарату;

— ойыншылардың жазу бланкаларын талапқа сай толтыруын қадағалау;

— уақытты бақылау;

— ойын нәтижелерін қабылдау;

— ойын нәтижелерін төреші-хатшыға өткізу;

— жеребе бойынша ойыншылардың жеке дерекнамаларын (табличка) ойын үстелдерінде дұрыс орналастыру.

  1. Әр ойын аяқталғаннан кейін ойналған ойындардың жазулары ойыншылардың көшіріп алуларына ыңғайластырылып, көрнекі жерге қойылады.
  2. Жүгіну алқасының міндеттері:

— жарыстың қабылданған ережеге сай өтуін қадағалау;

— команда өкілінің немесе жаттықтырушының наразылық хаттарын қабылдау;

— Бас төрешілер алқасымен бірге түскен наразылыққа байланысты шешім қабылдау.

  1. Жарыстың Бас төрешісі жарыс барысында тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидалары және жарыс өткізу ережелеріне бағынышты.

 Жеребе өткізу

  1. Жеребе жарысқа қатысуға ниет білдірген команданың немесе жеке спортшылардың тапсырыстары негізінде өткізіледі.
  2. Жарысты ұйымдастырушылар алқасы қатысушылар тарапынанжарысқа қатысу туралы мағлұмат алмаса, төрешілер алқасы алғашқы ойынның жасалған жеребесін жаңартып жасамау еркіндігін қалдыра алады.
  3. Реттелмелі швейцар жүйесімен өтетін жарыстарда қанша ойын ойналатыны (турлар) спортшылардың жалпы санына байланысты анықталады.
  4. Ресми жарыстарда алғашқы ойынның жеребесі жарыстың басталуынан 5 сағат бұрын жүргізілуі тиіс.
  5. Келесі ойынның жеребесі кезекті ойын аяқталғаннан 1 сағаттан кейін өткізіледі. Әр ойынның жеребесіне команда өкілінің немесе жаттықтырушының қатысуына рұқсат беріледі. Әр 1 ойынның арасындағы үзіліс 2 сағаттан кем болмауы тиіс.
  6. Реттелмелі швейцар жүйесімен өтетін жарыстарда дәйекті себептерге байланысты ойналмаған ойындарды кезекті жеребе өткізгенде шартты түрде тең ойын деп есептейді. Кейінге қалдырылған ойындар келесі ойын жеребесі жасалғанға дейін ойналуға тиіс және сол ойын нәтижесі келесі ойын жеребесіне нгізіледі.
  7. Реттелмелі швейцар жүйесімен жұмыс жасау тәртібі:

а) реттелмелі швейцар жүйесінде ойыншыларға рейтингтеріне сәйкес кему бағытында реттік нөмірлер беріледі. Рейтингтері бірдей спортшыларға реттік нөмірлері спорттық атақтары бойынша, одан кейін қазақ тілінің алфавиті бойынша беріледі. Әр ойында ойыншылардың жұптарын анықтау үшін компьютерді пайдаланған жөн (жеребе бағдарламалары);

б) компьютер жоқ жарыстарда алғашқы ойынның жұптарын анықтау үшін жеке карточка бойынша (Қосымша 4) жеребе өткізіледі. Онда жарысқа қатысушыларды тең екі бөлікке бөледі. Жоғары нөмірлі ойыншылар бірінші топты, ортадан төменге дейінгі нөмірлі ойыншылар екінші топты құрайды. Алғашқы ойында бірінші топтың 1 нөмірлі ойыншысыекінші топтың 1 нөмірлі ойыншысымен, 2-сі 2-ші нөмірлі ойыншысымен т.с.с. кездеседі.

Алғашқы ойында ойынды кім бастайтыны бірінші және екінші топтың ойыншыларына кезекпен беріледі, яғни бірінші топтағы 1-ші ойыншы бастаушы, 2-ші ойыншы қостаушы, 3-ші ойыншы бастаушы, 4-ші ойыншы қостаушы т.с.с.

в) келесі ойынның жұптарын анықтау үшін бірдей ұпай жинаған ойыншыларды топтастырып, жұптар в) бабының ережесі бойынша құрылады.

Жеребе жасау кезінде төмендегідей шарттар орындалуы қажет:

— ойыншылардың саны тақ болғанда, (+) ұпайды рейтингі ең төмен ойыншы алады;

— бір ойыншы екі рет бос бола алмайды;

— ойыншылар бір-бірімен екі рет кездеспейді, ал жекелей-командалық жарыстарда бір команданың ойыншылары бір-бірімен кездеспейді;

— егер бірдей ұпай жинаған топтың ойыншысына қарсылас табылмаса, онда ойыншыны «төмен» түсіруге (↓) немесе «жоғары» көтеруге (↑) болады. Жарыс көшбасшылары мен жарыс соңындағы ойыншылардан басқа ойыншыларды қатарынан екі реттен артық «төмен» түсіруге (↓) немесе «жоғары» көтеруге (↑) болмайды;

— ойыншы қатарынан екі рет бір түспен ойнай алады;

— екі ойыншының түстері бірдей болған жағдайда реттік нөмірі кіші ойыншы түсін өзгертеді.

  1. Айналма жүйемен жұмыс жасау тәртібі:

а) айналма жүйесі кезінде командалардың немесе жеке ойыншылардың реттік нөмірі соқыр жеребе арқылы анықталады;

б) ойынның саны мен жұптар арнайы ойын кестесі бойынша анықталады.

 

Ойын нәтижелерін есептеу.

  1. Ойын қарсыластың біреуі өз қазанына 81-ден аса құмалақ жинағанға дейін ойналады.
  2. Ұтысқа ие болған ойыншыға — 1 ұпай, ұтылған ойыншыға — 0 ұпай беріледі. Егер ойын тең аяқталса екі ойыншы да 0,5 ұпайдан алады.
  3. Ойын аяқталған болып есептелінеді, егер:

— ойыншы ұтылғанын мойындаса;

— ойыншы берілген мерзім ішінде тиісті жүрістерді жасап үлгермесе және қазандағы құмалақтардың саны 81-ден кем болса;

— ойыншы ойынды жалғастырудан себепсіз бас тартса;

— ойыншылардың бірі немесе екі ойыншы кезекті ойын басталғаннан кейін 30 минуттан аса кешігіп келсе;

— екі ойыншының бірі өз қазанына 81-ден аса құмалақ жинап үлгерсе.

  1. Егер қарсыластардың бірі ойынға келмесе немесе 30 минуттан аса кешігіп келсе, ойын хаттамасына ойында болған ойыншының тұсына (+), ал келмеген ойыншының тұсына (-) белгісі қойылады. (+) белгісі 1 ұпайға тең.

Бұл белгілердің ерекшелігі спортшыға кезекті спорттық дәрежелер бергенде ескерілмейді.

  1. Егер екі ойыншы ойын аяқталғанда қазанына 81-ден құмалақ жинаса, ойын тең аяқталды деп есептелінеді.
  2. Ойын барысында екі ойыншыныңөзара келісімі бойынша ойын тең аяқталуы мүмкін.
  3. Уақыты таусылған, бірақ қазанына 82 және одан да көп құмалақ жинаған ойынша жеңіске жетеді.
  4. Ойыншы тең ойынды тақтада жүріс жасағаннан кейін, сағатын баспай тұрып ұсынады. Ұсынылған тең ойынды әр ойыншы жазу бланкаларында арнайы (=) белгісімен белгілейді.
  5. Ойын барысында ойыншы тең ойынды қарсыласына бір рет қана ұсына алады.
  6. Ойыншы жарыстан шығып кетсе немесе шығарылса:

10.1. Айналма жүйемен өткен жарыстарда:

а) егер ойыншы жалпы ойын санының жартысынан кемін өткізсе, онда оның көрсеткіштері жарыстың нәтижелері кестесінен алынады;

б) егер ойыншы жарыстың жартысынан артық ойын өткізсе, онда оның көрсеткіштері жарыстың нәтижелері кестесінде сақталынады. Тек онымен кездесуге тиісті ойыншыларға (+) белгісі қойылып отырады.

10.2. Реттелмелі швейцар  жүйемен өткен жарыстарда:

а) ойыншының ұпайлары жарыстың нәтижелері кестесінде сақталынып, тек нақты ойналған ойындарының ұпайлары ғана есепке алынады.

Ойын сағаты туралы

  1. Ойын сағаты дегеніміз шектеулі мерзім ішінде жасалған тиесілі жүрістерді бақылауға арналған қос циферблатты сағаттар.
  2. Жарыс барысында ойыншыларға төрешілердің рұқсатымен сапалы ойын сағаттарын таңдау артықшылығы беріледі.
  3. Әр жарыстың ережесінде сол жарыста қолданылатын шектеулі мерзім өлшемдері белгіленеді.
  4. Жарыс барысында әр ойыншыға тиесілі төмендегідей шектеулі уақыт мөлшерлері қолданылады:

а) 2 сағаттан беріледі;

б) 30 жүріске 1 сағат 30 минут және ойынды аяқтауға қосымша 30 минуттан беріледі;

в) 20 жүріске 1 сағат және ойынды аяқтауға қосымша 30 минуттан беріледі;

г) 1 сағат 30 минуттан беріледі;

д) 1 сағаттан беріледі;

е) өзге де мөлшерлер.

  1. Төреші сағатты қостаушы ойыншының оң жағына қояды. Кезекті ойын басталғаны туралы хабарлағанда бастаушы ойыншылардың сағаттары іске қосылады.
  2. Ойыншы кезекті ойын басталғаннан кейін қанша уақыт кешіксе, сол уақыт ойлануға берілген уақыт есебінен есептелінеді. Кезекті ойын басталғаннан кейін 30 минуттан аса кешігіп келген ойыншыға жеңіліс жарияланады.
  3. Ойыншы тақта үстінде кезекті жүрісін жасағаннан кейін өзінің сағатын тоқтатып, қарсыласының сағатын іске қосуы тиіс. Сағатты саусақтың ұшымен ғана іске қосады, оны ұрып іске қосуға тыйым салынады.
  4. Ойыншы сағатты жүріс жасаған қолымен іске қосады.
  5. Ойыншы өзінің кезекті жүрісін жасамай, қарсыласының сағатын іске қоса алмайды.
  6. Ойын барысында ақауы бар сағаттар алмастыруға жатады.
  7. Егер ойын сағатсыз басталып, төреші сағатты кейінірек қоятын болса, онда бақылау сағатында қалған уақытты тең екі бөлікке бөліп қояды. Сағат ойын аяғына қарай қойылса, онда төреші екі ойыншыға да 15 миуттан кем уақыт қоймайды.
  8. Сағат жалаушасын құлатып, қазанына 81-ден кем құмалақ жинаған ойыншы ұтылды деп есептелінеді.
  9. Бақылау сағатындағы жалауша құлағаннан кейін төреші тоқтата тұрып, ойыншылардың тиесілі жүрістерді жасағандарын тексереді.
  10. Ойын соңында екі ойыншының да жалаушалары бір уақытта құлап, кімнің жалаушасы бірінші құлағанын анықтау мүмкін болмаса, онда төреші екі ойыншыға қосымша 5минуттан уақыт бере алады.
  11. Ойыншы төрешіге өтініш білдіру үшін сағатты тоқтатуы мүмкін. Төреші ойыншының өтінішін негізсіз деп тапса, онда сағатты тоқтатқан ойыншыға жаза түрі қолданылады.
  12. Ойыншы тиісті жүрістерді белгіленген уақыт мөлшеріне жеткізбей жасаса, онда қалған уақыт мөлшері ойыншының келесі жүрістер жасау үшін қажет уақыт қорына қосылады.
  13. Ойыншыға ойын уақытының аяқталуына 5 минут қалғанда жазу бланкасын толтырмауға рұқсат беріледі, қатардағы төреші жасаған жүрістерін қадағалайды. Ойыншы өзінің кезекті жүрісін қарсыласы сағат тілін басқаннан кейін ғана жасайды.
  14. Егер ойын барысында сағат төрешінің қателігінен тоқтатылса, онда ойын ары қарай жалғастырылады.
  15. Жарыс төрешілері жарыс барысында туындаған кез-келген даулы мәселелерді мүмкіндігінше бейбіт жолмен шешуге ұмтылғандары абзал.

Ойынды кейінге қалдыру

  1. Жарыстың Бас төрешілер алқасы белгілі себептерге байланысты (маңызды іс-шараларға қатысу, дәрігердің қабылдауында болу,т.б.) ойынды кейінге қалдыруға шешім қабылдай алады.
  2. Егер белгілі себептермен аяқталмай қалған ойынды жарыстың Бас төрешілер алқасы кейінге қалдыру жөнінде шешім қабылдаса, онда жүріс жасайтын ойыншы өзінің жүрісін құпиялы түрде бланкіге жазады.
  3. Төреші екі ойыншының қатысуымен олардың жазу бланкаларын конвертке салып, желімдейді. Жазу Бланкаларында ойыншылардың, сонымен бірге құпия жүріс жасаған ойыншының аты-жөні, құпия жүріске дейінгі тақтадағы жағдай, жүрістің реттік саны, пайдаланылған уақыт мөлшерлері жазылады. Конверттің бүтіндігі мен сақталуына қатардағы төреші жауапты. Төреші конвертті ашпас бұрын оның бүтіндігін екі ойыншыға көрсетуі тиіс.
  4. Ойынды жалғастыру кезінде тақтадағы соңғы жағдай қалпына келтіріліп, сағатта екі ойыншының пайдаланған уақыттары қойылады. Конвертті ашқан төреші құпия жүрісті ауызша оқып, жүріс жасайтын ойыншының сағатын іске қосады. Жүріс жасаушы ойыншы жазылған құпия жүрісті жүруге міндетті.

 Блиц және рапид

  1. Төрешілер блиц және рапид ойындарына қатысушылардың санына байланысты жарысты өткізу жүйесін белгілейді. Қатысушыларды рейтинг көрсеткіштері бойынша арнайы кестеге тіркейді.
  2. Ойын барысында жазу бланкалары толтырылмайды. Бақылау сағаты қостаушы ойыншының оң жағына қойылады.
  3. Блиц ойынында әр ойыншыға 7 минуттан, ал рапидде әр ойыншыға 20 минуттан уақыт беріледі. Қосымша уақыт беру төрешінің құзырында.
  4. Әр жұпқа бір төреші тағайындалады. Төреші екі ойыншының ойынға дайын екенін растағаннан кейін сағатты іске қосады.
  5. Ойыншылар ойын басында құмалақтардың тақтада дұрыс орналасуын тексереді, себебі ойын басталғаннан кейін наразылықтар қабылданбайды.
  6. Ойын барысында ойыншы қолы тиген отаудан жүруге міндетті емес. Ойыншы құмалақтарды реттеп қоюды өз уақыты есебінен жүзеге асырады.
  7. Ойын барысында құмалақтарды шашып алған ойыншы оларды өз уақыты есебінен қалпына келтіреді.
  8. Ойыншының кезекті жүріс жасау кезінде сағатының жалаушасы құласа, ол жүрісті аяғына дейін жасайды.
  9. Сағат тілінің құлағаны жөнінде төреші немесе екі ойыншының бірі ғана айта алады.
  10. Электронды сағаттарда уақыт көрсеткіші 00:0000 (сағат-минут-секунд) болғанда, төреші уақыттың аяқталғаны жөнінде хабар береді.

Наразылық туралы

  1. Команда өкілі немесе жаттықтырушы кезекті ойын аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде жарыстың Бас төрешісінің атына және жүгіну алқасына наразылық хатын түсіре алады.
  2. Нәтижелері көрсетіліп, қолдары қойылған ойындарға байланысты наразылықтар қабылданады, бірақ қаралмайды. Себебі, ойыншылардың жазу бланкаларына қойған қолдары сол ойынның қорытындысын мойындағанын білдіреді.
  3. Келесі ойынның жеребесі жасалғаннан кейін түскен наразылықтар қабылданбайды және қарауға жатпайды.
  4. Наразылық беруші тарап 1000 теңге көлемінде жарна төлеуге міндетті. Жарнасыз наразылықтар қарауға жатпайды.
  5. Наразылық қанағаттандырылған жағдайда жарна қайтарылады, ал кері жағдайда төрешілердің еңбек ақысына беріледі.
  6. Наразылық хаты түскеннен кейін Бас төрешілер алқасы мен жүгіну алқасы жиналыс өткізіп, наразылық бойынша шешім қабылдауға міндетті.
  7. Бас төрешілер алқасы команда өкілін немесе жаттықтырушысын наразылық бойынша қабылдаған шешіммен таныстыруға міндетті.
  8. Бас төрешілер алқасының наразылық бойынша қабылдаған шешімі қайта қарауға жатпайды.
  9. Наразылық хаты түспей, ойын аяқталғаннан кейін ойын бланкасына 30 минут ішінде қол қоймаған ойыншыға ескерту беріледі.

Жеңімпаздарды анықтау

Жарыс жеңімпаздарын анықтау үшін жарысты өткізу жүйесіне байланысты келесі көрсеткіштер кему бағыты бойынша қолданылады.

  1. Айналма жүйесі

а)Жеке сынақта:

  1. ұпайлар саны;
  2. жеке кездесу;
  3. Бергер коэффиценті;
  4. жеңіс саны;
  5. қостаушы болып жеткен жеңіс саны;
  6. қосымша «Шапшаң ойын»;
  7. жеребе

б) Командалық сынақта

  1. ұпайлар саны;
  2. жеке кездесу;
  3. ерлердің 1-тақтасы;
  4. әйелдердің 1-тақтасы;
  5. ерлердің 2-тақтасы;
  6. Реттелмелі швейцар жүйесі

а) Жеке сынақта:

  1. ұпайлар саны;
  2. жеке кездесу; (егер ұпайы тең ойыншылардың арасында өзара кездеспегендері болған жағдайда жеке кездесу құралмайды)
  3. Прогресс коэффиценті;
  4. Бухгольц коэффиценті;
  5. жеңіс саны;
  6. қостаушы болып жеткен жеңіс саны.

б) Командалық сынақта (бетпе-бет кездескенде)

  1. ұпайлар саны;
  2. жеке кездесу;
  3. ерлердің 1-тақтасы;
  4. әйелдердің 1-тақтасы;
  5. ерлердің 2-тақтасы;
  6. әйелдердің 2-тақтасы;
  7. командалық прогресс.
  8. Олимпиадалық жүйе
  9. «Иректі із» бойынша өткізіледі;
  10. ұтылған ойыншы жарыс жолынан шығып қалады;
  11. тең ойнаған жағдайда ұтысқа қостаушы ойыншы ие болады.

Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер бойынша ойыншылардың жағдайдары тең болса, жарыс жеңімпазы Бас төрешілер алқасының шешімімен анықталады.

Бухгольц, Бергер және Прогресс коэффициенттерін есептеу

  1. Бухгольц коэффициенті — швейцар жүйесімен өткізілген жарыстарда бірдей ұпай жинаған ойыншылардың орнын анықтау әдісі.

Есептеу тәсілі

а) Бухгольц коэффициентін ойыншымен кездескен барлық қарсыластарының жинаған ұпайларының қосындысы құрайды. Мәні, ең күшті қарсыластармен (қорытындысында ең көп ұпай жинаған) кездескен ойыншыға жарыстың нәтижесінде жоғарырақ орын беріледі.

б) екі не одан жоғары бірдей ұпай жинаған ойыншылардың Бухгольц коэффициенті бірдей болса, онда әр ойыншының коэффициенттерінен ең аз ұпай жинаған қарсыласының ұпайы шегеріледі. Егер осы айырмадан кейін де Бухгольц коэффициенті (ең аз ұпай жинаған қарсыласын есептемегенде) бірдей болса, онда жоғарыда аталған шегеру тәсілі қолданыла береді. Кейде мұндай тәсілді кескі Бухгольц коэффициенті деп атайды.

  1. Бергер коэффициенті — айналма жүйемен өткізілген жарыстарда бірдей ұпай жинаған ойыншылардың орнын анықтау әдісі.

Есептеу тәсілі

Бергер коэффициентін ойыншыға ұтқан қарсыластарының жинаған ұпайларының қосындысы мен онымен тең түскен қарсыластарының жинаған ұпайлары жиынтығының жартысы құрайды. Бергер коэффициенті ең күшті қарсыластарды (ең көп ұпай жинаған) ұтқан немесе олармен тең түскен ойыншыларда жоғары болады.

  1. Прогресс коэффициенті — швейцар жүйесімен өткізілген жарыстарда бірдей ұпай жинаған ойыншылардың орнын анықтау әдісі.

Прогресс коэффициентін есептегенде ойыншылардың орны ең жоғары көрсеткіш бойынша анықталады.

Есептеу тәсілі

Прогресс коэффициентін ойыншының әр ойында көрсеткен нәтижелері көрсеткіштерінің қосындысы құрайды. Бұл коэффициент жарыстың алғашқы ойындарында ұтылған ойыншыларда төмен болады.

2.12. Жылдық аймақтық рейтингті есептеу жүйесі

Аймақтық рейтинг бір жылда өткен ресми жарыстардың қорытындысы бойынша құрылып, командалық жарыстарда рейтинг бойынша жеребе өткізу үшін пайдаланылады. Аймақ ойыншысының немесе командасының әрбір алған орны үшін төмендегідей шарттар бойынша ұпайлар беріледі:

  1. Қазақстан Республикасының жасөспірімдер чемпионаты

1 жекелей орын — 3 ұпай

2 жекелей орын — 2 ұпай

3 жекелей орын — 1 ұпай

Барлығы 6х (3+2+1) = 36 ұпай

  1. Қазақстан Республикасының Кубогы

1 командалық орын — 12 ұпай

2 командалық орын — 10 ұпай

3 командалық орын — 8 ұпай

4 командалық орын — 6 ұпай

5 командалық орын — 5 ұпай

6 командалық орын — 4 ұпай

7 командалық орын — 3 ұпай

8 командалық орын — 2 ұпай

Барлығы 12+10+8+6+5+4+3+2=50 ұпай

  1. Қазақстан Республикасының Ардагерлер чемпионаты

1 жекелей орын — 3 ұпай

2 жекелей орын — 2 ұпай

3 жекелей орын — 1 ұпай

Барлығы 2х (6+4+2) = 24 ұпай

  1. Қазақстан Республикасының командалық чемпионаты

1 командалық орын — 12 ұпай

2 командалық орын — 10 ұпай

3 командалық орын — 8 ұпай

4 командалық орын — 6 ұпай

5 командалық орын — 5 ұпай

6 командалық орын — 4 ұпай

7 командалық орын — 3 ұпай

8 командалық орын — 2 ұпай

Барлығы 12+10+8+6+5+4+3+2 = 50 ұпай

  1. Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты

1 жекелей орын — 6 ұпай

2 жекелей орын — 4 ұпай

3 жекелей орын — 2 ұпай

Барлығы 2 х (6+4+2) = 24 ұпай

  1. Қазақстан Республикасының жастар чемпионаты

1 жекелей орын — ұпай

2 жекелей орын — 2 ұпай

3 жекелей орын — 1 ұпай

Барлығы 6 х (3+2+1) = 36 ұпай

Жарысқа аймақтың кемінде бір ойыншысы қатысқаны үшін команда есебіне қосымша 1 (бір) ұпай беріледі. Жыл қорытындысы бойынша аймақтардың жинаған ұпайларына сәйкес аймақтық рейтинг кестесі құрылады. Ұпайлары тең командалар қазақ тілінің алфавиті бойынша тізіліп жазылады. Кесте жылдың соңында жыл қорытындысының көрсеткіштерімен алмастырылады.

 

3.4  Тоғызқұмалақ ойынының қазіргі кездегі даму деңгейі

 

Қізіргі таңда республика бойынша қазақтың төл ойыны — тоғызқұмалақпен шұғылданушылардың саны 100 мың адамға жақындады. Тоғызқұмалақпен тек шетелдегі қазақтар ғана емес, сонымен бірге Англия, Франция, Германия, Испания, Чехия, Ресей, Украина, Қытай мемлекеттерінде де жергілікті халықтардың арасында ойнаушылардың саны артуда.

Ресей ғалымдарының ішінде этнограф Н.Пантусов 1906 жылы Қазан қаласында тоғызқұмалақ туралы алғаш мақала жариялады. 1936 жылы Орт Азияда алғаш рет «Тоғызқұмалақ» кітабын жазған түркітанушы С.Аманжолов болды.

Тоғызқұмалақтан 1948 жылы Алматы қаласында өткен бірінші республикалық чемпионатқа 4 адам қатысып, бірінші жеңімпаз ретінде Жамбыл облысының өкілі — Ш.Өтегенов танылды.

Тоғызқұмалақ тақтасындағы отауларға сандық белгі қойылмастан бұрын әріптік белгілер қойылған, оның авторы — Ш.Ыбыраев. 1949 жылы өткен Қазақстан Республикасының ІІ Чемпионатында тоғызқұмалақ тақтасындағы отауларды әріптік белгілеу нотациясы қолданылды. 1974 жылы әріптік белгілеу сандық белгілеуге көшірілді. Авторы — С.Тілеубаев.

1974 жылы Қазақ ССР тоғызқұмалақ федерациясы құрылды. Тоғызқұмалақ ойынының ережесі ретінде С.Аманжолов пен Т.Сұлтанбековтың кітаптарындағы қағидалар алынды. 1990 жылы тоғызқұмалақ Федерациясының президенті болып Н.Жүнісбаев сайланды.

1978 жылы Қазақ ССР-нің ресми чемпионы болған Қостанайлық Д.Поляков «Спорт шебері» ресми атағына да тұңғыш рет ие болды. Оған дейін Қазақ ССР-нің жекелей чемпионаты ашық түрде өткізіліп келген болатын. 1984 жылы Қазақ ССР-нің командалық чемпионаты алғаш рет өткізілді.

1980 жылы Қазақ ССР-нің тоғызқұмалақ федерациясының тапсыруымен тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидаларына Қаратаулық Ә.Ақшораев пен Алматылық Н.Жүнісбаев өзгерістерді енгізді. Ал 1991 жылы Б.Әзімжанов пен М.Таникеев тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидаларына жаңа толықтырулар мен түзетулерді енгізді.

1990 жылы Тоғызқұмалақ Федерациясының І Республикалық Конференциясында Қостанайлық халықаралық дәрежедегі спорт шебері Б.Әзімжановтың ұсынысымен рейтинг — парағы енгізілді. Бірақ бұл жұмыс кейін жүйелі түрде жүргізілмей қалғанымен, 2006 жылы қайта жанданды.

1991 жылдан бері Қазақстан Республикасының жекелей чемпионаты ерлер мен әйелдер арасында бөлек өткізіліп келеді. Оған дейін олар сайысқа бірге түсіп келген болатын. 1991 жылдың чемпиондары Жамбылдық спортшылар — ерлер арасында Қазыбеков Ғани мен әйелдер арасында Өмірзақова Гүлнар болды.

1997 жылдан бастап ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін халықаралық жарыс өткізіліп келеді. Бұл жарысқа Монғолия, Ресей Федерациясы, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің спортшылары қатысуда.

1999 жылы ҚР жекелей чемпионатының үш дүркін жеңімпаздары Б.Әзімжанов пен А.Жақапбаеваға алғаш рет «Халықаралық дәрежелі спорт шебері» спорттық дәрежелері берілді.

2001 жылдан бері ҚР Туризм және спорт министрлігі ҚР ардагерлері, жасөспірімдер мен жастар арасындағы чемпионаттарды бөлек өткізіп келеді.

2006 жылы әр ойыншының жеке дәрежесін (рейтинг) есептеу тәртібі қайта енгізілді. 2007 жылы рейтинг бойынша тұңғыш рет «Спорт шебері» спорттық дәрежесін Қостанайлық Д.Қасенова орындады.

Тоғызқұмалақ тарихында 2006 жылы алғаш рет Лондонда өтетін зияткерлік ойындар олимпиадасының бағдарламасына, кейін 2008 және 2009 жылы Чехияда өтетін дүниежүзілік зияткерлік ойындар олимпиадасының бағдарламасына енді.

2008 жылы Орал қаласында өткен ҚР Президентінің жүлдесі үшін жарыста Халықаралық Тоғызқұмалақ Федерациясы құрылды. Президенті — А.Байменов. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Монғолия, Ресей Федерациясы және Қытай елдері мүше болды.

2008 жылдан тоғызқұмалақ ойыны тіркеліп, www.iggamecenter.com сайтында тоғызқұмалақты онлайн жүйеде ойнайтын бағдарлама жасалды. Сонымен бірге интернетте қазақ, чех, ағылшын, орыс, түрік тілдерінде сайттар ашылып, жұмыс жасалуда.

2010 жылы тоғызқұмалақтан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Серік Ақтаев пен Диана Кенина және бағдарламашы Ернар Шамбаев бірігіп тұңғыш тоғызқұмалақтан компьютер бағдарламасын жасады.

2010 жылдың 1 — 7 қараша аралығында Астана қаласында Тоғызқұмалақтан І Әлем Чемпионаты өтті. Алғашқы Әлем Чемпионатына барлығы 19 мемлекеттен: Антигуа — Барбуда — 2 адам, Әзірбайжан — 1 адам, Германия — 1 адам, АҚШ — 1 адам, Испания — 1 адам, Қазақстан — 6 адам, Қырғызыстан — 6 адам, Қытай — 2 адам, Өзбекстан — 4 адам, Грузия — 1 адам, Монғолия — 6 адам, Түркия — 2 адам, Түркменстан — 2 адам, Ресей (Алтай, Башқұрстан, Қарашай-Шеркесия, Татарстан, Тыва) — 6 адам, Чехия — 1 адам, Швейцария — 1 адам, яғни 43 спортшы, оның ішінде 25 ер, 18 әйел адам қатысты. Классикадан ерлер арасында бірінші Әлем чемпионы Ғалымжан Темірбаев (Қазақстан). Классикадан қыздар арасында бірінші Әлем чемпионы Әсел Далиева (Қазақстан). Блицтен ерлер арасында бірінші әлем чемпионы Ғалымжан Темірбаев (Қазақстан). Блицтен қыздар арасында Әлем чемпионы Әсел Далиева (Қазақстан).

Тоғызқұмалақ федерациясының тапсыруымен тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидаларына өзгерістер енгізіп, жазу жұмысын Қаратаулық А.Ақшораев пен Алматылық Н. Жүнісбаев 1980 жылы ойдағыдай жазып шықты.  1991 жылы белгілі тоғызқұмалақшы Б.Азымжанов пен М.Танекеев  Қазақ тоғызқұмалақ федерациясының  тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидаларына өзгерістер енгізіп,  ойынның кодексін жаңашалап жазып шықты.
       1984 жылдан бастап  командалық чемпионаттар өткізіле бастады .1991 жылға дейін жекелей чемпионатта ерлер мен әйелдер бірге сайысқа түсіп келді. ҚР туризм және спорт Министрлігі 2001 жылдан бастап ҚР ардагерлері, жасөспірімдер мен жастар арасындағы  чемпионаттарын бөлек өткізу ісін жүзеге асырды. Сонымен қатар республика көлемінде 20-дан астам республикалық және халықаралық жарыстар өткізіледі. 1997 жылдан бастап елбасы Н.Ә.Назарбаев  жүлдесі үшін халықаралық жарыс өткізіліп келеді және оған осы жылдар шеңберінде бұл жарысқа моңғолия, ресей, қырғыз, өзбек елдерінің  спортшылары қатысып үлгерді.

2012 жылдың 13-20 шілдер аралығында Пардубице (Чехия) қаласында Тоғызқұмалақтан ІІ Әлем Чемпионаты өтті. ІІ Әлем Чемпионатына 10 мемлекеттен (Германия, АҚШ, Ресей, Швейцария, Түркия, Украина, Латвия, Қырғызстан, Чехия және Қазақстан) 47 спортшы қатысты. Классикадан ерлер арасында Әлем чемпионы Хакімжан Елеусінов (Қазақстан). Классикадан қыздар арасында Әлем чемпионы Әсел Далиева (Қазақстан). Блицтен ерлер арасында Әлем чемпионы Айдос Сейтжан (Қазақстан). Блицтен қыздар арасында Әлем чемпионы Әсел Далиева (Қазақстан). Рапидтен ерлер арасында бірінші Әлем чемпионы Серік Ақтаев (Қазақстан). Рапидтан қыздар арасында бірінші Әлем чемпионы Диана Кенина (Қазақстан).

Бүгінде тоғыз-құмалақ ойынын жастар арасында дәріптеу мақсатында түрлі курстар мен үйірмелер ашылуда. Сондай үйірменің бірін мен Астанадағы оқушылар сарайында көрдім. Өткен ғасырда қазақ даласында ең танымал ойынының бірі осы «қойшылар алгебрасы» атанған тоғызқұмалақ бүгінде жақсы жарнама күтіп тұрған сияқты.

Қазіргі таңда республикада оның жеке қауымдастығы бар, облыс орталықтарында тоғыз-құмалақты үйренемін деушілерге қауымдастықтың бөлімшелері мен үйірмелері ашылған. Бүгінде Қазақстанда осы жұмыстардың ұйытқысы болып отырған танымал бірнеше азаматтар бар. Солардың ішінде тоғыз-құмалақ федерациясының президенті Әлихан Байменов, вице-президенті Сардар Шәріпов пен «Таңғажайып тоғыз-құмалақ» кітабының авторы, тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Мақсат Шотаев деген азаматтардың есімін атау тұрарлық. 1974 жылы тұңғыш рет  Қазақ ССР тоғызқұмалақ федерациясы құрылды. Тоғызқұмалақ ойынының ережесі ретінде С.Аманжолов пен Т.Сұлтанбековтың кітаптарындағы қағидалар алынды.

1990 жылы тоғызқұмалақ Федерациясының президенті болып  Н.Жүнісбаев сайланды. Тоғызқұмалақ әуесқой ойыншыларының Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Федерациясы 2001 жылы құрылды.

Басты мақсат – адамға үйлесімді (гармониялық) тәрбие беру. Мәні кез-келген жанның ақыл ойы шындап, ми қызметін дамытып, қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыру.

2001 жылы 1 сәуір айынан бастап Астана қаласында Шахмат клубы жанынан Тоғызқұмалақ бөлімі ашылды. Оған «4» жаттықтырушы 170-ке жуық оқушылар дайындалады. «1» халықаралық спорт шебері, «3» спорт шебері , «8» спорт шеберлігіне үміткер, «11» I-деңгейлі тоғызқұмалақшылары бар.            Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан бері тоғыз-құмалақ жылдан-жылға дамып келеді. Бұл жерде жаңа құрылған тоғыз-құмалақ федерациясының ықпалы зор болып отыр. Бүгінгі таңда осы қауымдастықтың арқасында елдің түкпір-түкпірінде үйірмелер ашылып, тоғызқұмалақтан жарыстар жиі өткізіліп келеді.

 

3.5  Тоғызқұмалақ –логикалық  ойын, дамыту негіздері

 

Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениетінің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлау өнері. Археолог-ғалымдарының пайымдауынша ойынның пайда болу мерзімі 4000 жыл шамасын қамтиды. Жасөспірім ұрпақтың дене шынықтыру тәрбиесімен қатар, ақыл-ойынын дамуына да зор мән берген бабаларымыз осы ойынды ойлап тауып, зердегілік және зияткерлік даму құралы ретінде қолданған.

Міне, осындай ұлтымыздың ежелден өшпей бүгінгі күнге жетіп, қазір қарқындап дамып отырған құндылығымыздың бірі, ұлттық ойынымыз – тоғызқұмалақ. Бұл халқымыздың тамырын тереңге жайған төл мұрасы. Бұл спорт түрі – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен иық теңестіре алатын, қазақ халқының ежелден келе жатқан рухани, логикалық ойлау өнері.

Ойынның шығу тарихы туралы нақты қандай бір дәлме-дәл дерек жоқ. Алайда зерттеуші ғалымдардың пайымдауынша ойын осыдан 4000 жыл бұрын пайда болған деседі. Тоғызқұмалақ көшпелі қазақтың өмірінен көрініс беретін бірден-бір ойын. Себебі ойын көшпенді қазақтың тұрмыс-тіршілігімен және мал шаруашылығы тығыз байланысты. Ерте кезден-ақ халық  жерден арнайы отау қазып, ойын жүрісі үшін малдың құмалақтары немесе қиыршық тастарды пайдаланған. Бұл ойынның алғашқы көріністері болып табылады. Кейін заман ағымына сай арнайы тақталар пайда болып, ойынның өзіндік ережелері беки түсті.

Қазіргі уақытта тоғызқұмалаққа тек қазақтар ғана емес шет ел азаматтары қатты қызығушылық танытып отыр. Әлемнің көптеген елдерінде ұлттық ойынымыз кеңінен насихатталып жатыр. Бұл әлемдік деңгейдегі ойын үлгісіне айналып бара жатыр. Сөзімізге дәлел мәселен, Моңғолияда тоғызқұмалақтан мектептерде арнайы олимпиада өтеді екен. Көршілес Қытай, Қарақалпақстан елдерінде ойынның үлгілері сипатталған арнайы кітаптар, ғылыми еңбектер шығарылған. 2007 жылы Македонияның Охрид қаласында өткен Түркі тілдес халықтардың жастар құрылтайында 40 елден келген 240 делегатқа ұлттық ойыннан арнайы семинар, тренингтер өткізілген. Тоғызқұмалақ алты рет 2006 жылы – Лондонда, 2007, 2008, 2009 және 2010 жылдары – Прага мен Пардубицеде (Чехия), 2010 жылы – Каннда (Франция) дүниежүзілік зияткерлік олимпиада мен фестивальдердің бағдарламасына енді. 2009 жылдың 15 қыркүйегінен бастап ең алғаш рет интернетте тоғызқұмалақ ойыны алғаш рет интернетте тіркеліп, онлайн жүйедегі ойнайтын бағдарламасы жасалды. Бүгінде тоғызқұмалақ тек түркі тілдес халықтар арасында ғана насихатталып жатқан жоқ, Англия, Германия, Чехия, Франция сында әлемнің дамыған елдері де үлкен қызығушылық танытып отыр. Осындай ұлттық мұрамыздың кеңінен насихатталып жатқаны да өз тарапынан оң бағасын, жемісін бере білді. Бұның айғағы 2010 жылдың 1-7 қараша аралығында Елорда төрінде алғаш рет тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты өтті. Алғашқы әлем чемпионатына Англия, Әзірбайжан, Германия, Испания, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Өзбекстан, Латвия, Монғолия, Түркия, Түркменстан, Ресей, Чехия, Швейцария, Украина сияқты елдерден барлығы 50-ге жуық спортшы қатысқан. Сол уақыттан бері тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты әлемнің өзге де елдерінде ұйымдастырылып келеді. Бүгінде бұл ойынға жастар қызығушылығы да бар. Чемпионаттар өз жемісін беріп жатыр. Ұлттық спорт түрлеріне енгізілген бұл ойынға да Самұрық-Қазына Қоры демеушілік жасап келеді. Бастысы жастар қызықса 4 мың жылдан бері тірі ойын әлі де тірі болып қала бермек.

Тоғызқұмалақ шығармашылығы — зияткерлік ойындардың әдіс-тәсілдерге бай, амал-айлаға мол екендігін көрсете алатындықтан, арнайы зерттеуді, талдауды қажетсінеді. Өйткені шығармашылық жанрыбарлық ойындарда кездесе бермейді. Кейбір тоғызқұмалақ тектес ойындарда этюд және есеп жанры да кездесе беруі мүмкін, бірақ олардың мүмкіндігі шектеулі. Бұл шектеулер — тақтаның құрылысына, отаулардың және құмалақтардың санына байланысты орын алады. Мәселен, овари ойынында — 12 отау, 48 шар, калахта 12 отау, 72 шар бар. Бұл ойындарда этюд жанды бай болғанымен, есеп жанрының түрлері мен амал-тәсілдері шарлардың аз болуына байланысты көп болмайды.

Тоғызқұмалақ шығармашылығы деп — ойын соңында тақтада кездесетін ұтысқа немесе тең ойынға жеткізетін, болмаса нақтылы құмалақ санын ұтуға арналған авторлық туындыларды айтамыз. Ойын соңы мен шығармашылық жанрдың айырмашылығы көркемдік деңгейімен қатар, құрылымынан да байқалады. Мәселен, «ойын соңы» деген ұғым екі ойыншының жарыс барысындағы тақтадағы жағдайына байланысты айтылса, шығармашылық жанр деген түсінік жеке тұлғаның құрастырған есеп не этюд жанрына байланысты қолданылады. Сондай-ақ шығармашылық жанрдың өзіндік идеясымен қатар, отаулардағы құмалақтардың орналасу ретіне байланысты тақырыптары болады.

Тоғызқұмалақ этюдтері есептерге қарағанда идеяға бай, тақырыптары сан алуан. Егер есептерде нақты құмалақ санын ұтып алуға негізделетіндіктен, көбінесе комбинация жасауға итермелесе, этюдтерде жүріс ұтудан бастап атсырауға дейінгі аралықтағы барлық амалдар кеңінен пайдаланылады. Этюдті шешу жоғары шеберлік деңгейді талап етеді. Этюдтің жауабын тапқан кездегі эстетикалық сезім, адамның рухани жан-дүниесіне әсер етеді.

Қолдарыңыздағы еңбекте алғаш рет тоғызқұмалақ шығармашылығы есеп және этюд жанры ретінде бөлініп берілді. Олардың нақтылы өзіндік ерекшеліктері арнайы мысалдармен көрсетіліп, тақырыптары мен идеялық ұқсастықтары мен айырмашылықтары назарларыңызға ұсынылды. Тоғызқұмалақ ойынының шығармашылық жанрын қалыптастырған Ә.Ақшораевтың еңбегінің құнды тұстарын сараладық.

Қорыта айтқанда, қазақ халқының әлемдік этноматематикаға қосқан үлесін қарастыру үшін алдағы уақытта мангала ойындары қалыптасқан орталардың өзіндік мәдениеті мен танымын, ұлттық зияткерлік ойындардың ерекшелігін зерттеу керек. Сонда ғана тоғызқұмалақ ойынының ережелерінің әсемдігі, қалыптасу ерекшеліктері, М.Әуезов, Қ.Қуанышбаев бастаған қоғам қайраткерлерінің қоғамдық қызметі мен ойлау жүйесінің ерекшеліктері тек елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде бағасын алатын болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

  1. Зияткерлік ойындар шығармашылығы — кез-келген жанның өзіндік ойлау жүйесін шыңдап, ақыл-ойын жетілдіріп, ми қызметін дамытатын қайнар көздердің бірі. Басшылық қызметте немесе жауапты салаларда да жеке тұлғаның қабылдаған шешімінің көптеген тағдырларға әсер ететінін ескерсек, сана-сезімі жетілген жандардың көбеюі адамзаттың өркендеуі үшін де, кез-келген қоғам үшін де мәнді құбылыс. Сондықтан ақыл-ой шығармашылығымен айналысу, жас ұрпақты зияткерлік ойындарға баулу кезек күттірмес мәселелердің бірі. Ғасырлар бойы қалыптасқан құндылықтардың бірі — зияткерлік ойындарды зерттеу, таныту, дамыту және өркендету ісі де ешқашан маңызын жоймақ емес.
  2. Шетелдерде тоғызқұмалақ тектес ойындар этноматематика ғылымының негізінде зерттелсе, бізде бұл сала әлі күнге қарастырылмаған. Америка, Азия және Еуропа елдерінің ұлттық математика ерекшеліктерін саралағанда олардағы зияткерлік ойындардың дүниетанымдық қасиеттерімен қатар, шығармашылық жанрларына, қалыптасу, даму тарихына да баса назар аудару керек. Тоғызқұмалақ тектес ойындардың даму үрдістерін тарихи тұрғыдан салыстыра зерттеу арқылы ұлттық ойынның өзіндік қырлары мен этноматематикалық көріністерін жан-жақты ашып көрсетуге болады.
  3. «Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әр алуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек» – деп ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы атап өткендей, атадан балаға мирас боп, бүгінге жеткен мәдени құндылығымыздың бір бөлшегі, ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақты бүгінгі тарих бетінен өшірмей, келер өскелең ұрпаққа жеткізу біздің басты – парызымыз. Олай болса ұлттық ойынды тек қана ұлықтап, болашақ та олимпиада ойындарының қатарынан көрейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  • «Тоғызқұмалақ ойынының негізгі қағидалары» М. Ноғайбаев Астана, 2008ж
  • «Қазақтың ұлттық спорт түрлері» М Болғамбаев Алматы, « Қайнар» 1983ж
  • «Қазақтың ұлттық ойындары» С.Тайжанов Алматы 2004 ж
  • «Қазақтың ұлттық ойындары» К.Абишев, Н.Теміров Алматы 2014 ж
  • «Тоғызқұмалақ» Ә.Ақшораев, Н. Жүнісбаев Алматы «Мектеп»1980
  • «Қазақтың ұлттық спорт түрлері» Б. Әзімжанов, М. Танекеев 1991
  • «Таңғажайып тоғызқұмалақ» М.Шотаев 2004 ж
  • «Тоғызқұмалақ» М. Рахимқұлов Алматы 1957 ж
  • «Қазақтың ұлттық ойындары» С.Сағындықов Алматы 1991 ж
  • «Қазақтың ұлттық ойындары» Б. Төтенаев Алматы 1994 ж
  • «Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде пайдалану» Е.Сағындықов Алматы 1993 ж
  • Орозобаков Т., Чылымов А. Тогуз коргоол. – Бишкек, 1997. Орозобаков Т., Чылымов А.
  • «Тоғызқұмалақ. » Аманжолов С.    Алматы, 1936.
  • Сұлтанбеков Т. « Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ » – Алматы: Қазақстан, 1967.
  • Әбілқасымұлы Е. « Асық, бестас, дойбы, тоғыз құмалақ». Үрімші, 2005.
  • Шотаев М., Жұмабаев Н., Ақназаров С. «Таңғажайып тоғызқұмалақ – Түркістан: ХҚТУ баспасы»
  • Шотаев М., «Тоғызқұмалақтың теледидарлық сабақтары» –Астана, 2014.
  • М.Шотаев, С.Ақназаров «Таңғажайып тоғызқұмалақ» –Астана 2015 (үшінші басылым)

19    « Тоғызқұмалақтан  факультативтік сабақтар » Ә.Ақшораев ,М.Ноғайбаев /әдістемелік нұсқау/ Тараз 2009

20 « Тоғызқұмалақ ойынының ережелері»  С.Абдығалиев,

    С. Юровский Астана « Арай » 2006

21 « Тоғызқұмалақ » Ә.Ақшораев Алматы « Қазақстан » 1979

22 « Тоғызқұмалақ қағидасы мен ережесі » /Зияткерлік Тоғызқұмалақ Қауымдастығы/ Астана 2013

23 « Тоғызқұмалақ есептері мен этюдтері» М. Шотаев Астана 2014

24 « 60 сабақтық тоғызқұмалақ ойынының оқулығы» Ә. С. Ақшораев

     Тараз 2004

25 « Тоғызқұмалақ әліппесі » С.Тілеубаев ,С.Бизақов Алматы 2000

26  «Тоғызқұмалақ ойынының ережелері» Ә.Ақшораев Астана 2006

27 Таникеев М.Т. Социология физической культуры и спорта.- Алматы.

     Гылым, 1994,-151с.

28 Пономарев Н.И. Теоретические проблемы физической культуры и спорта в  свете материалов XXVII съезда КПСС // Теория и практика физической   

     культуры.-1986.-№6.- С.5-6.

29 Круглова Л.К. Основы культурологи: Учебник для ВУЗов. — СПб., 1995.-

     220с.

30 Рождественский Ю.В. Введение в культуроведение. — М.: Физкультура и

     спорт, 1985. – С. 38-41.

30  Бальсевич В.К. Онтокинезиология человека. — М.: Теория и практика

     физической культуры, 2000.-С.274.

31 Потапов И.А. Культура здоровья. — Алматы: КазАСТ, 2006.-109с.

32 Дубышева Л.И. Десять лекций по социологии физической культуры и     

      спорта. — М.: Теория и практика физической культуры, 2000.-151с.

33 «Қазақтың ұлттық ойындары»К. Абишев, Н. Теміров Алматы 2014

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Жұмасағиев  Ғабиденнің «Тоғызқұмалақ ойынының тарихы мен қазіргі   кездегі даму деңгейінің сипаттамасы »  тақырыбындағы дипломдық жұмысы бойынша  ғылыми жетекшісінің берген

ПІКІРІ

         Жұмасағиев Ғабиден  өзінің дипломдық жұмысында қазақ халқының ұлттық ойыны  тоғызқұмалақтың  этностық-педагогикалық мазмұнын аша білген.

     Тоғызқұмалақ негізінде қазақ халқының дәстүрлі ұлттық интелектуалды ойындарына  әлеуметтік-педагогикалық сараптама жүргізді. Тоғызқұмалақты ұлттық этностық-мәдени, педагогикалық құбылыс ретінде тарихи салада және ары қарай даму мүмкіндіктерін ескере отырып, заманауи мәнге енгізуге талаптанған. Тоғызқұмалақ ойыны  зияткерлік ойындардың күрделі түрі ретінде  композициялық ерекшеліктерден кенде  еместігін зерттеген.

Тоғызқұмалақты өзге халықтардың  ұлттық ойындарымен салыстыра отырып қарастырған.  Дипломдық жұмысты жазу барысында  Ғабиден ғылыми –әдебиеттерге сараптама жүргізгенде ізденімпаздық қасиетін таныта білген. Зерттеу барысында ойының ақыл ойды дамытатын зияткерлік ойын екеніне ,насихатталуына кеңінен тоқталған. Бұл студенттің өзіндік еңбегі.

      Жанардың дипломдық жұмысы қажетті ғылыми- әдістемелік деңгейде

орындалған зерттеу жұмысы екендігі күмәнсіз.

       Қорыта келе, студент  Жұмасағиев Ғабиденнің «Тоғызқұмалақ ойынының 

тарихы  мен  қазіргі кездегі даму деңгейінің сипаттамасы»    тақырыбында жазған дипломдық  жұмысын қорғауға ұсынамын.  Академиялық бакалавр атағын беруге лайықты дипломдық жұмыс жазды деп есептеймін.

 Жұмысты «өте жақсы» (90 балл) деп бағалаймын.

 

Ғылыми жетекші

Ұлттық спорт түрлері

кафедрасының п.ғ.к., профессор:                                              М.Е. Мұхиддинов